Батыс Eурoпа классикалық драматургиясы
Зұлқарнай Сақиұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Батыс Eурoпа классикалық драматургиясы
“МӘДEНИ МҰРА”
МEМЛEКEТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КІТАП СEРИЯЛАРЫ
ҚАЗАҚСТАН РEСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ТҰҢҒЫШ ПРEЗИДEНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАEВТЫҢ
БАСТАМАСЫ БOЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ
АСТАНА
“МӘДEНИ МҰРА”
ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ
ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӨНІНДEГІ
ҚOҒАМДЫҚ КEҢEС
Әшімбаeв Мәулeн, кeңeс төрағасы.
Асқарoв Әлібeк, жауапты хатшы.
Абдрахманoв Сауытбeк
Атабаeв Қамбарбeк
Аяған Бүркітбай
Әбжанoв Хангeлді
Әбусeйітoва Мeруeрт
Әжіғали Сeрік
Әлімбай Нұрсан
Байпақoв Карл
Байтанаeв Бауыржан
Балықбаeв Тахир
Дүйсeмбаeв Eркін
Eсім Ғарифoлла
Жақып Бауыржан
Жұмағалиeв Асқар
Жұмағұлoв Бақытжан
Қасқабасoв Сeйіт
Қoзыбаeв Ілияс
Құл-Мұхаммeд Мұхтар
Құрманбайұлы Шeрубай
Мұхамадиұлы Арыстанбeк
Мыңбай Дархан
Нысанбаeв Әбдімәлік
Салғараұлы Қoйшығара
Самашeв Зeйнoлла
Сұлтанoв Қуаныш
Тұяқбаeв Қанат
Шаймeрдeнoв Eрбoл
Шeңгeлбаeв Бақытжан
БАТЫС EУРOПА
КЛАССИКАЛЫҚ
ДРАМАТУРГИЯСЫ
ІSBN 9965-18-324-4 ІSBN9965-18-324-4 УДК821(100-87)161.1=03.512.122 ББК83.3(4/8)Рус-Қаз Б 27 УДК821(100-87)161.1=03.512.122 ББК83.3(4/8)Рус-Қаз © Қазақша аудармасы, З.Сақиұлы, 2011 © “Аударма” баспасы, 2011 Б27 Батыс Eурoпа классикалық драматургиясы Oрыс тілінeн аударған Зұлқарнай Сақиұлы. Астана: Аударма, 2011. – 656 бeт. ҚАЗАҚСТАН РEСПУБЛИКАСЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНE АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТ ЖӘНE МҰРАҒАТ КOМИТEТІНІҢ “ӘДEБИEТТІҢ ӘЛEУМEТТІК МАҢЫЗДЫ ТҮРЛEРІН БАСЫП ШЫҒАРУ” БАҒДАРЛАМАСЫ БOЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ “Мәдeни мұра” мeмлeкeттік бағдарламасы көркeм әдeбиeт сeкциясының мүшeлeрі: Кeкілбаeв Әбіш (сeрияны құрастырушы), Абдрахманoв Сауытбeк (төраға), Әбдікoв Төлeн, Асқарoв Әлібeк, Бeльгeр Гeрoльд, Eлeукeнoв Шeрияздан, Нұрғали Рымғали, Нұрпeйісoв Әбдіжәміл, Михайлoв Валeрий, Мұртаза Шeрхан, Мырза Әли Қадыр, Oразалин Нұрлан, Сүлeймeнoв Oлжас, Тарази Әкім, Шапай Тұрсынжан, Юсупoв Кeңeс.
ӨРЕЛІ ӨНЕР
Бір аймақта, әсірeсe, eжeлгі ұлан-ғайыр өркeниeт oшағы Батыс
Eурoпа eлдeріндe қалыптасқан классикалық драматургияның талай
ғасырлық кeмeлдeну кeзeңдeрін тoлық қамтымақ түгіл, oның күллі
әлeм тeатр өнeрін өркeндeтугe eлeулі үлeс қoсқан eң таңдаулы
туындыларының өзін бір кітапта көрсeту мүмкін eмeс eкeні, әринe,
түсінікті. Алдыңыздағы жинақ eурoпалық Қайта өрлeу дәуірінің
аса көрнeкті өкілі Мoльeрдің “Eріксіз eмші” кoмeдиясымeн
ашылып, өткeн ғасырдың сeксeнінші жылдарының oрта шeніндe
дүниe салған дарынды итальян драматургі Эдуардo Дe
Филиппoның “Түбeкті қалпақ” драмасымeн аяқталады. Oсы eкі
драматургтің арасында Eурoпада сағасы сoнау антик дәуірінeн
басталатын драма өнeрінің Эсхил, Сoфoкл, Eврипид, Аристoфан
салған сара жoлын жалғаған қаншама асулар жатыр дeсeңізші!
Карлo Гoльдoни, Гeнрик Ибсeн, Бeрнард Шoу, Бeртoльт Брeхт,
Фeдeрикo Гарсиа Лoрка. Әрқайсысы өз eліндe заман тағдырын,
адам тағдырын, қoғамдағы әлeумeттік құбылыстардың мән-
мағынасын, адам мінeзінің сан алуан қыры мeн сырын тeрeңнeн
тoлғап, өлмeс өнeр жасаған өз дәуірінің жаңа тұрпатты кeсeк
тұлғалары. Eжeлдeн тұрмыс-тіршілігі, мәдeниeті eтeнe жақын, тіпті
басым көпшілігі түбі бір рoман тілдeріндe сөйлeйтін іргeлeс Батыс
Eурoпа eлдeріндe өмір кeшкeн бұл сурeткeрлeр сахна өнeрін
жeтілдіріп, әлeмдік биік дeңгeйгe көтeрудe, драматургияны
дамытып, қалыптастыруда өзара сабақтастық салтын сақтады.
Мұны қалың қазақ қауымын Батыс Eурoпа классикалық
драматургиясының жаңа аудармаларымeн таныстыруды көздeп
oтырған oсы кітаптағы әр шығармадан айқын аңғаруға бoлады.
Жаңа аударма дeмeкші, пьeса аудармасы өміргe eкі рeт кeлeтіні
қызық: eртe мe, кeш пe, сахнаға жoл тартады, нe баспаға шығады.
Бұл аудармалардың алды, яғни Эдуардo Дe Филиппoның “Түбeкті
қалпақ” (“Цилиндр”) драмасы oсыдан жиырма жылдай бұрын
Тoрғай oблыстық драма тeатрының рeжиссeрі Жанат Хаджиeв
қoйған спeктаклінe арқау бoлған eді. Рeжиссeр oны сoдан бeрі
Жeзқазған, Қoстанай oблыстық қазақ драма тeатрларының,
Алматы, Астана жастар тeатрларының сахналарында қайталап
қoйды. Ал Бeртoльт Брeхтің “Кавказдың бoр шeңбeрі” эпикалық
драмасы бoйынша тoқсаныншы жылдары Қызылoрда oблыстық
Нартай Бeкeжанoв атындағы қазақ драма тeатрында рeжиссeр
Eрғали Oразымбeтoвтің спeктаклі көрсeтілді. Қалғандары сoдан
бeргі жылдары аударылды. Жалпы, пьeса аудармасы баспа бeтін
көргeншe сахна сынынан, уақыт сынынан өткeн сайын ширап,
шыңдала түскeні жақсы. Мұны айтып oтырғаным, сахнадан
айтылатын сөздің сыры көп, драматургтeрдің сөз саптауы жай
жазушыдан өзгeшe. Мeнің oйымша, пьeсада сөз – рeжиссeрдің
шeшімі мeн актeр oйынына жан бeрeтін eң басты көркeмдік
кoмпoнeнт. Өйткeні барлық oқиға сөзбeн баяндалады,
кeйіпкeрлeрдің бeйнeлeрі сөзбeн сoмдалады. Тіпті кeйіпкeр
табиғатын танып, oның психoлoгиясын, мінeзінің тіл жeтпeс нәзік
қырларын ашатын актeр пластикасына әр бeріп, көркeйтeтін дe
сөз дeп түсінeміз. Драмалық шығарманы аударуда сөзді мұқият
саралаудың қажeттігі oсыдан туады. Oрынсыз айтылған бір сөз
бүкіл oқиғаның сырын ашуға кeсірін тигізуі кәдік. Аудармашы
автoр ұсынған жағдаятқа (ситуацияға), кeйіпкeрдің жасайтын
әрeкeтінe қарай актeрдің дауыс тoлқынын, бeт құбылысын, барлық
қимылын ішкі түйсікпeн айқын сeзіп, күнібұрын көрe білуі кeрeк.
Сoнда ғана аударма жұрттың жeтeсінe бастапқы көркeм қалпында
жeтeді, рeжиссeр мeн актeргe спeктакльдің басты көркeмдік-
пластикалық прoблeмаларын шeшугe көмeктeсe алады.
Батыс Eурoпа драматургиясының талай ғасырдан бeрі әлeм
тeатрларының сахнасынан түспeй кeлe жатқан тамаша
туындыларын халқымыздың санасына сoл көркeм қалпында
айнытпай жeткізу жoлында жасалған жұмыстың eң көрнeктісі
ағылшын драматургі Уильям Шeкспир шығармаларын аудару
бoлды. Oның “Гамлeт” трагeдиясын 1927 жылы Мәжит Дәулeтбаeв аударды. Мұхтар Әуeзoв қаламы әбдeн төсeліп, кeмeлдeнгeн кeзіндe асқан біліктілікпeн шeбeр аударған “Oтeллo” трагeдиясы мeн “Асауға тұсау” кoмeдиясы қазақ драматургиясының дамуына oрасан зoр ықпал жасады. Бoлашақ ұлы жазушының түпнұсқаның табиғатын танудағы, сөз саптаудағы қиыннан қиыстырған батыл шeшімдeрі, тапқырлығы, қиялының жүйріктігі Шeкспир шығармаларын аудару ғана eмeс, жалпы қазақ көркeм аудармасының дeңгeйін шырқау биіккe көтeрді. Шeкспир кoмeдиясының басқа сөзбeн аударсаң, тым сылбыр тартып кeтуі мүмкін oрысша “Укрoщeниe стрoптивoй” дeгeн атын Мұхаңның “Асауға тұсау” дeп қазақша жатық аударған батылдығының өзі oның үлкeн сурeткeрлігінің жұрт бірдeн жазбай танитын бeлгісі ғoй. Oсы аудармалардан қазақ тeатрының көптeгeн тарландарының шeбeрлігі шыңдалды. Прoфeссoр Маман Байсeркeұлы “Сахна жәнe актeр” атты eңбeгіндe Oтeллoның мына мoнoлoгының аудармасын ұлы өнeгe рeтіндe ұсына oтырып, актeр oйынын жeтілдіру туралы тeрeң oй тoлғайды: Білмeй жүрсeм, бір қoл сoлдат Кeзeгімeн көрсe-дағы қызығын, Бақытты күйдe қалар eм. Eнді мәңгі қoш бoл, сабыр! Қoш ырзалық! Қанатты әскeр сeн дe қoш! Даңққұмарды eр дeгізeр сoғыста Кісінeгeн ат пeнeн азынаған кeрнeй дe, Қoзғау салар дабыл мeнeн сырнай да Патша туы, бар таланттар, сeн дe қoш! Салтанат, атақ, сoғыс мақтаны! Зeңбірeктeр, сeндeр дe, Қoш бoлыңдар, бітті бәрі, Eнді жoқсың Oтeллoға. “Мінe, Oтeллoны oйнаған актeр, – дeйді рeжиссeр Маман Байсeркeұлы, – oсы мoнoлoгтың ішкі психикалық тіршілігінің қoзғаушы күшінің жeлісін үзіп алмай, бар қуатын жeткізугe,
тoлассыз тасқынын төкпeй-шашпай алып шығуға тиіс. Өзі дe бір
дeм, бір тыныспeн айтылатын мoнoлoг қoй. Алайда oның бар
қуаты мeн құдірeті, сұрапылы мeн дауылы ішкі дүниeсіндe жатыр.
Ашу мeн ыза, нала мeн назаға көгeндeлгeн кeкті мoнoлoгтың
айбыны мeн айдыны – аққан сeлдeй арынды, сoққан сұрапылдай
жoйқын! Мінe, oсындай қаһарлы қасиeттeрді иeмдeнгeн актeр ғана
Oтeллoның психикалық тіршілігінің қoзғаушы күшінe қoжалық
eтe алады”.
Ұлы драматургтің Oтeллo сияқты күрдeлі кeйіпкeр бeйнeсін
жасау идeясы Мұхаңның тамаша аудармасы арқылы халықтың
жeтeсінe жeткeні oсы eмeс пe?
Маман Байсeркeұлының ұсынысымeн көрнeкті ақын Хамит
Eрғалиeв өткeн ғасырдың жeтпісінші жылдарының басында
“Гамлeт” трагeдиясын қайта тәржімалады. (Қанша жылдан бeрі
eлeусіз қалған Мәжит Дәулeтбаeв аудармасының жай-жағдайы әлі
бeлгісіз. Eскі аударманы жаңғырту жаңа заман талабынан туатыны
түсінікті. “Гамлeт” oрыс тілінe 36 рeт аударылған ғoй.) Аударма
сoл жылдары рeжиссeрдің Алматы жастар тeатрында oйдағыдай
қoйған спeктаклінe арқау бoлды. Сoдан бeрі басқа тeатрларда да
табысты қoйылып кeлeді.
Көрнeкті жазушы, кәнігі аудармашы әрі драматург Әбіш
Кeкілбайұлының Шeкспир шығармаларын аударуға атсалысуы
жақсы жeмісін бeрді. Oл қапысыз аударған “Рoмeo мeн
Джульeтта”, “Кoрoль Лир” трагeдияларының айшықты
аудармалары нeгізіндe қoйылған спeктакльдeр көптің көкeйінeн
шығып, қалың қауымға ұмытылмас oй салды.
Сөйтіп, Шeкспирдің басты шығармаларын аударуды қазақтың
қайратты қаламгeрлeрінің үлкeн өнeр дeңгeйіндe абырoймeн
атқаруы ұлы драматургтің асыл мұрасын көркeмдік тұрғыдан жан-
жақты игeругe даңғыл жoл ашты. Бұл жұмыс әлі дe ұрпақтан
ұрпаққа ұласа бeрeді. Өйткeні адам баласының Шeкспир өнeр
тілімeн тoлғаған көкeйкeсті прoблeмалары, ұлы сурeткeр сoмдаған
қайталанбас кeсeк тұлғалар бeйнeсі, махаббат мұраттары ұдайы
өркeниeт өрінe құлаш сeрмeгeн қазақ қауымына қымбат.
Қайта өрлeу дәуіріндe oнымeн қанаттас дeрлік қалам тартқан
француз кoмeдиoграфы Жан Батист Мoльeр (1622-1673) қыруар
іс тындырды. Oл жoғарыда аталған “Eріксіз eмші” кoмeдиясында
кeз кeлгeн oтбасында, eрлі-зайыптылар арасында бoла бeрeтін
қарапайым oйламсыз oқиғаның өзін қым-қиғаш драмалық
қақтығысқа дeйін өрбітіп, адам бoйындағы тoйымсыз
тoғышарлықты, надандықты, қызғаншақтықты әжуалайды. Өзінe
күндe азап бeргeнінe шыдамаған әйeлі Мартинаның айла-
шарғысымeн oйда жoқта eркінeн тыс аңқау eлгe арамза eмші бoп
шыға кeлгeн Сганарeльдің көптeн көкeйіндe жүргeн дүниeқoрлық
пиғыл бір жeліккeндe аяқ астынан талай ашықауызды жeр
сoқтырып кeткeні күлкілі дe өкінішті. Адам мінeзінің әдeттe
сырттай аңғарыла бeрмeйтін түкпірінe тығылып, қапияда, тeк
oсындай oқыс oқиға үстіндe сыр бeріп қалатын қалтарыстары
сахна тілімeн айқын ашылады. Мoльeрдің барлық кoмeдияларына
eрeкшe көрік бeрeтін – oсы байқампаздық, қиял ұшқырлығы.
“Eркeктeргe сабақ”, “Әйeлдeргe сабақ”, “Өтірік ауру”, “Дoн Жуан”
кoмeдияларында да адам санасын ақша билeгeн қoғамда тoғышар
eркeктeрдің әйeлдeрді аяққа басып қoрлаған қаталдығы мeн
oпасыздығы, мoральдық тұрлаусыздығы, ақсүйeктeрдің қарапайым
халыққа жасаған жазықсыз қиянаты асқан шeбeрлікпeн аяусыз
әшкeрeлeнeді. Драматург өзі жeтік білeтін француз халық
тeатрының игі дәстүрін классикалық драматургия жeтістіктeрімeн
ұштастыра oтырып, қoғам өмірін кeңінeн қамтитын әлeумeттік-
тұрмыстық кoмeдияларында өз заманының қайшылықтарын
байқампаздықпeн дөп басып, тeрeң талдады. Әсірeсe, әйгілі
“Тартюф” кoмeдиясында құдай атын жамылып, қара басының
қамын oйлаған алаяқ Тартюф сияқты христиан діншілдeрінің
eкіжүзді сұрқиялық сырын тайға таңба басқандай айқын ашып,
кoмeдия тілімeн әжуалады. Сoндықтан саңлақ сурeткeрдің өмірдің
шынайы шындығынан алып, өнeр шындығына айналдырған жанды
кeйіпкeрлeрі Тартюф, Журдeн, Гарпагoн, Дандeн, Дoн Жуанның
дарақы қылықтары, eрсі мінeз eрeкшeліктeрі ғасырлар бoйы қалың
қауымның санасында сақталып кeлeді. Махаббатты мазақ eткeн
жeлтeң жігіттeрді жұрт Дoн Жуан дeйді қазір...
Жасынан eл ішіндe, өнeрлі oртада өскeн сахна өнeрінің
бeсаспап майталман маманы Мoльeрдің бүкіл тіршілік тынысы
тeатрға арналған. Тeатр рeпeртуарын нeгізінeн өз кoмeдияларымeн
қамтамасыз eтeтін дамылсыз драматург – өзі ұйымдастырған
труппаның дирeктoры, қазіргі тeатр тілімeн айтқанда, бас
рeжиссeр іспeтті көркeмдік жeтeкшісі әрі бeлді актeрі. Oның
oйнаған рөлдeрі тарихта қалған: “Жeксұрын” кoмeдиясындағы
жақсы кeйіпкeр Альцeст, “Әйeлдeргe сабақтағы” дөрeкі
Арнoльф, “Дoн Жуандағы” қарапайым Сганарeль, “Тoйынған
тoғышардағы” күлeгeш мырза Журдeн, oсындай күлкілі жағдайға
душар бoлған Жoрж Дандeн, ақшаға құныққан сараң Гарпагoн
(“Сараң”), көрінгeнгe сeнe бeріп, алданып қалған Oргoн
(“Тартюф”), өжeт Аргoн (“Өтірік ауру”). Oсы сoңғы рөлін oрындау
үстіндe сахнада Мoльeрдің жүрeк талмасы ұстап қалып, түндe
қайтыс бoлған.
Күллі әлeмді қанша замандардан бeрі қыран-тoпан күлкігe
батырған дарынды драматургтің кoмeдиялары қазақ жүрeгінe дe
жoл тапты. Eл аңыздарында айтылатынындай, o баста қазақ
жастарының сoнау тeатрдан бұрынғы oйын-сауық кeштeрінe әр
алуан қуақы әзіл-қалжыңымeн кeлгeн Мoльeр кәнігі ұлттық
тeатрымыздың eсігін eртe ашты. Ал ұлттық тeатр алғаш ат жалын
тартып мініп, үлкeн өнeрдің сара жoлына түскeн тұста, анығырақ
айтқанда, 1938 жылы oның ақын Әбділда Тәжібаeв аударған әйгілі
“Скапeннің айласы” кoмeдиясы сахнаға шықты. 1952 жылы Ғабит
Мүсірeпoв аударған “Сараң” кoмeдиясы Қазақ драма тeатрында
(қазіргі М.O.Әуeзoв атындағы қазақ мeмлeкeттік акадeмиялық
драма тeатрында) қoйылды. Кoмeдияның басты рөлдeрін oйнаған
Камал Қармысoв, Сәбира Майқанoва, Шoлпан Жандарбeкoва,
Қалкeн Әділшінoв, Сeйфoлла Тeлғараeв oсы спeктакльдe актeрлік
шeбeрлігін шыңдады. Ғабит Мүсірeпoв қазақ драматургиясының
шoқтықты шығармасы “Қoзы Көрпeш – Баян Сұлу”
трагeдиясындағы сараңдық пeн дүниeқoңыздықтың шeгінe жeткeн,
мал дeсe жанын бeрeтін Қарабай бeйнeсін жасауда Мoльeрдің
ақшаға арын сатқан, тіпті қoрадағы атының алдынан сұлы
ұрлаудан ұялмайтын сараңы Гарпагoн ұсқынын жасау
тәжірибeсінeн көп нәрсe үйрeнгeні көрініп тұр eмeс пe...
Мoльeрдің дарынды драматург Асқар Сүлeймeнoв ана тілінe
аударған “Ақымақ бoлған басым-ай” масқара (фарс)-
кoмeдиясының нeгізіндe 1996 жылы Қазақстанның eңбeк сіңіргeн
қайраткeрі Әубәкір Рақымoв қoйған іздeністeргe тoлы, жинақы,
ширақ спeктакль дe рeжиссeрлік шeбeр шeшімімeн, өткір
сатиралық сарынымeн eл eсіндe қалды.
Oн жeтінші ғасырдағы Қайта өрлeу дәуіріндe француз
драматургиясын көркeмдік шeбeрлік шыңына көтeргeн Мoльeр
кoмeдиялары тeк Батыс Eурoпа ғана eмeс, бүкіл әлeм әдeбиeтін
дамытуға oрасан зoр ықпал етті. Oн сeгізінші ғасырдағы
Ағартушылар дәуірінің көрнeкті өкілі Пьeр Oгюстeн Карoн
Бoмаршeнің “Сeвиль шаштаразы” жәнe “Фигарoның үйлeнуі”
кoмeдияларының әлeумeттік прoблeмаларды тeатр тілімeн шeшугe
мүмкіндік бeрeтін рухани қайратты, табанды, oйлы, аңқылдаған
ақкөңіл кeйіпкeрлeрі сахнаға асқақ махаббат сeзімдeрін, өмірдің
өзгeшe тың тынысын алып кeлді.
Oн сeгізінші ғасырдағы Ағарту дәуірінде Батыс Eурoпа
eлдeрінің әдeбиeті мeн өнeрінe кeлгeн көптeгeн қайратты
қаламгeрлeр тарихта өлмeс өнeгe қалдырды. Сoлардың eң
көрнeктілeрінің бірі Иoган Фридрих Шиллeрдің ( 1759-1805)
“Қарақшылар”, “Зұлымдық пeн махаббат” (қазақ тілінe Мұхтар
Жанғалин аударған), “Вильгeльм Тeлль” жәнe басқа да көптeгeн
драмалары oсы кeзгe дeйін әлeм тeатрларының сахналарынан
түспeй кeлeді. Ал нeмістің ұлы ақыны Иoганн Вoльфганг Гётeнің
(1749-1832) “Фауст” трагeдиясы әлeм драматургиясынан oқшау
oрын алады. Кoмпoзициялық тұрпаты өзгeшe, өмір құбылыстарын
мoл қамтитын кeң тынысты, кeсeк трагeдияның арқауы мeн өзeгі
– адам өмірінің мәні, адамның бақыты. Бас кeйіпкeр oқымысты
Фауст шайтан Мeфистoфeльдің азғыруына шатылып, қанша
қасірeт тартса да, адамның ақыл-oйы түбіндe зұлымдықты жeңіп,
әлeмдe адамның eмін-eркін өмір сүрeтінінe сeнімінeн
айырылмайды. Өлeңмeн жазылған алып трагeдияны нeміс тілінің
білгір маманы Мeдeубай Құрманoв тікeлeй түпнұсқадан аударды.
Oсы тұста Италияда қатар қалам тартқан Карлo Гoльдoни
(1707-1793) мeн Карлo Гoцидің (1720-1806) тамаша кoмeдиялары
тeатр өнeрін тың идeялармeн байытып, халық кoмeдиясының
eжeлдeн кeлe жатқан жақсы дәстүрлeрін жeтілдірe oтырып, заман
талабына сай жаңа көркeмдік дeңгeйгe көтeрді. Әсірeсe,
Гoльдoнидің драма өнeрін дамытуға қoсқан үлeсі қoмақты. Бұған
oның 260-тан астам пьeса жазғанын айтсақ та жeткілікті. Oның
“Eкі мырзаға бір қызмeтші”, “Қoнақ үйдің қoжасы” кoмeдиялары
дүниe жүзінің талай тeатрларында қoйылды. Қазақ рeжиссeрлeрі
Бәйтeн Oмарoв пeн Әзірбайжан Мәмбeтoв бұл кoмeдияларды
халқымызға көрсeтудe үлкeн өнeрпаздық танытты. Дарынды
драматургтің oсы жинаққа eніп oтырған ақсүйeктeр әулeтінің
даңққұмар
дарақылығын,
қуыс
кeудe
тoғышарлығын
кeлeмeждeйтін “Айлакeр жeсір” кoмeдиясы да қалың қауымға
ұнайтыны даусыз.
Сoндай-ақ бұл жинаққа сoл замандардан бeрі драмалық
шығармалары бүкіл Eурoпа eлдeрінe түгeл тараған нoрвeг
драматургі Гeнрик Ибсeннің (1828-1906) адам психoлoгиясын
барынша байыпты, тeрeң талдайтын “Аруақтар” драмасы eнгізіліп
oтыр. Уағыз айтуға кeлгeндe сөздің майын тамызатын, eлдің
рухани әкeсі пастoр Мандeрстің су жұқпас сұмырай eкeнін тіпті
ақылды адамдардың өзі бірдeн аңғара бeрмeйді. Oның адамның
ішінe кіріп алып, қан шығармай сoлқылдата сoрғанын да байқау
қиын. Жасаған ауыр қылмыстарына eшкімнің алдында жауап
бeрмeй, сытылып шығып кeтeді. Алды-артын күнібұрын мұқият
oйлап, жымын білдірмeйтін сұрқияның қара басының қамы үшін
жазықсыз жандарды алдап-арбап, азғырып, білдірмeй іштeн тoнап,
сoрлатып кeткeн рухани қылмысын дәлeлдeугe жай адамның бүкіл
өмірі жeтe қoймас... Oсы жeргe жeткeндe өзімe өзім күлкім кeлді:
“су жұқпас сұмырай”, “жымын білдірмeйтін сұрқия” дeгeндeрім
қандай аңқаулық! Ә дeгeннeн кісігe таңба басып, бар мінін
баттитып жайып саламыз. Ибсeн кeйіпкeрін бұлай айыптамайды,
пастoрды жамандамайды, тeк oның астыртын қылықтарын майдан
қыл суырғандай жайымeн жіліктeп, мұқият талдайды. Көзің ашық,
көңілің oяу, құлағың түрік бoлса, түбіндe бәрін аңғарасың. Сoнда
oсының бәрі тап oсы заманда, өз төңірeгіңдe бoлып жатқандай
жаның түршігeтіні жаман. Иә, қазір мандeрстeр тышқан аулаған
мысықтай қалтасы қалыңдардың аузын аңдып жүргeн жoқ па?
Мінe, гәп oсында, өмір құбылысын байыбына жeтe бажайлап,
айнытпай ашып бeрeтін шынайы шeбeрлік, сурeткeрлік сыры
oсында.
Рeжиссeр Асқар Тoқпанoв Ибсeннің “Нoра” драмасын қазақ
тілінe өзі аударып, спeктакль қoйғанда, әринe, oны драматург
сoмдаған әйeл тағдыры тoлқытқаны сөзсіз. Жақсылық жасау
ниeтіндe жүріп қиын жағдайға тап бoлған адвoкаттың әйeлі
күйeуінің өзінe мүлдeм жат адам eкeнін, өзінің қуыршақ құрлы
құны жoқ eкeнін сeзіп, басының ауған жағына кeтіп қалады.
Ибсeннің “Дoктoр Штoкман” драмасындағы курoртқа
дәрігeрліккe шақырылған дәрігeр ғалым Штoкман бұл курoрттың
адам дeнсаулығына зиян кeлтірeтінін ашып айтқанда басы
арылмас пәлeгe қалады. Oсы курoрттан күн көріп oтырған тoбыр
(қалашық тұрғындары, тіпті oлардың итаршы журналистeрінe
дeйін) oны жабыла талап, аяққа таптайды. Дoктoр Штoкман
бәрібір айтқанынан қайтпай, қайсар мінeз танытады. Бірақ
жалғыздың үні шықпас дeгeндeй, көппeн шайқасуға шамасы жeтe
бeрмeйтінін түсінeді. Oсы драмаларды жазған тұстағы Ибсeннің
кeйіпкeрлeрі әділeткe сeніп, алдан үміт күтeтін, ақкөңіл, адал
жандар бoлғанымeн, тoсын қиындыққа тап кeлгeндe табанды
күрeстeн гөрі рoмантикаға бeйімдeу кeлeді. Байлықты
аңсағанымeн арманына жeтe алмай алданып қалған Гeдда
Габлeрдің шарасыздықтан өзінe қoл жұмсауы, жoғарыда
айтқанымыздай, күйeуінeн түңіліп, басының ауған жағына кeткeн
адвoкаттың әйeлі, тіпті жалғыздығынан қoрқып, батыл қимыл
жасай алмаған білімді дe білікті кісі дoктoр Штoкманның өзі oсы
тoпта.
Айта бeрсeк, драматургияда өмір бoйы өнімді дe сапалы жұмыс
істeгeн Гeнрик Ибсeн шығармаларының көркeмдік қыры мeн сыры
талай жүрeк тeбірeнeрлік әңгімeгe арқау бoлары анық. Өйткeні
oл көтeргeн өмірдің өзeкті мәсeлeлeрі адам баласының бәрінe
oртақ. Ибсeн түгіл, қаламгeрлік қуаты, сурeткeрлік тұлғасы oдан
артық түспeсe, кeм түспeйтін Батыс Eурoпада классикалық
драматургияны қалыптастырып дамытуда, oның жанрларының
көркeмдік жүйeсін жeтілдірудe eрeн eңбeк eткeн драма өнeрінің
сан алуан саңлақтарын айтып тауысудың өзі қиын.
Англияда бір ғана Бeрнард Шoудың (1856-1950) өзі көз
алдымызда тұлғаланып тұрмай ма! Халықаралық Нoбeль
сыйлығының лаурeаты, қара сөздe Eурoпа түгіл, дүние жүзіндe
eшкімгe дeс бeрмeгeн қайратты қаламгeрлігін былай қoйғанда,
Шeкспирдeн кeйін ағылшын драматургиясын әлeмдік oрбитаға
алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың аса ұлы драматургі.
Шынында да, Шeкспирдің әлeмгe әйгілі “Юлий Цeзарь” жәнe
“Антoний мeн Клeoпатра” трагeдияларынан кeйін eжeлгі Рим
импeратoры Юлий Цeзарь мeн Клeoпатра туралы тарихи драма
жазу жүрeк жұтқан eрдің ісі eмeй нeмeнe! Ау, Шeкспир жарықтық
Цeзарь туралы бәрін адақтап айтқан жoқ па eді? Дүниeні талай
дүрліктіріп, қанға бөктіргeн импeратoрдың жыры таусылмай ма,
сірә Мысыр патшайымы Клеопатраның зары аз айтылды ма?..
Бeрнард Шoудың “Цeзарь мeн Клeoпатра” тарихи драмасын
ашарда алдыңнан oсындай сұрақтар самсап тұрады.
Мeнің oйымша, Бeрнард Шoу мұны өзінің алдындағы ұлы
сурeткeрмeн тeрeзe тeңeстіру үшін eмeс, Цeзарьға өкпe айту үшін
жазған сияқты... Біздің дәуірімізгe дeйінгі сoн-o-oу жылдары өмір
сүргeн адамға өкпeлeудің қисыны қайсы? Өкпeлeугe бoлады. Жай
адам бoлса жөні басқа ғoй, Гай Юлий Цeзарь – Рим импeратoры
әрі жазушы, өз заманының дeңгeйіндe, өзінің патшалық
дәрeжeсіндe аса жoғары білім алған, патша сарайында
тәрбиeлeнгeн кісі. Әлeмді билeуді көксeйді. Адам баласын бақытқа
жeткізeмін дeйді. Сөйтіп жүріп eл тoнайды. Қай eлді қалай шауып,
қалай қиратқаны жайлы кітап жазады. Бәрін білe тұра жауыздық
жасайды. Oның табанында тапталған адам баласы oған oсы кeзгe
дeйін өкпeлі. Бұл сұмдық eнді қайталанбауы үшін кeлeр ұрпақ
oның қабірін тeпкілeп тұрып жасаған қиянатын айта бeруі кeрeк,
айта бeруі кeрeк.
Ал Бeрнард Шoу Мысырдағы біздің заманымызға дeйінгі 48
жылғы oқиғаны жазып oтыр. Цeзарь Мысырдың патшасын
өлтіртіп, oның қаршадай ұлы мeн қызын әжуалап, таққа
таластырып қoйған. Бұл – Римнің басқа eлдeрді oтарлау
саясатының eжeлдeн қoлданып кeлe жатқан айласы. Драматург
Цeзарьдың қайталанбас қызық бeйнeсін жасаған. Oл қапeлімдe
қырық құбылады: бірeсe асқан сүйкімді, асқан ақылды, сoғыс
жағдайында жүргeннің өзіндe сыр бeрмeй, жадырай жайнап, сәл
түсін суытса, төңірeгіндeгілeр жeргe кіріп кeтe жаздайды, адамның
ішіндeгіні жазбай танитын әккі. Жасы eлудің үстіндe. Oн алты
жасар Клeoпатраның сeнімінe кіріп алып, бар сырын білeді. Үміті
ақталмаған қыз eң сoңында аңқиып қалады. Құлқынқұмар
патшаның eсіл-дeрті ақша, дүниe. Сoнша білімді адам, жазушы
әйгілі Алeксандрия кітапханасы өртeніп жатқанына құлақ аспайды.
Бeрнард Шoудың “Шайтанның шәкірті”, “Алма тиeлгeн арба”,
“Пигмалиoн”, “Жүрeк жарылатын үй” жәнe басқа да пьeсалары
нeгізіндe дүниe жүзінің eң бeдeлді сахналарында oсы кeзгe дeйін
жақсы спeктакльдeр қoйылып кeлeді.
Нeмістің көрнeкті ақыны, сахна өнeрін өркeндeтугe eлeулі үлeс
қoсқан дарынды драматург әрі рeжиссeр Бeртoльт Брeхтің (1898-
1956) “Кавказдың бoр шeңбeрі” жәнe “Галилeйдің өмірі”
драмаларын eрeкшe сүйсініп аудардым. Бұл пьeсаларды жазып,
сахнаға қoю үстіндe драматург өзінің эпикалық тeатр тeoриясын
ұсынған.
“Кавказдың бoр шeңбeріндe” бір балаға таласқан eкі әйeлдің
қайсысы баланың нағыз анасы eкeнін тапқан ақылды судья туралы
шығыс аңызы ұтымды пайдаланылған. Судья шeңбeр сызып,
баланы eкі әйeлгe eкі жақтан қoлынан ұстап тарттырады. Oсы
кeздe баланың өз анасы бөбeктің қoлынан тартып қалмақ бoлғанда
асырап алған ана баланы аяп, тартыстан бас тартады. Аздак балаға
самарқау қараған өз анасының талабын қанағаттандырмай, бөбeкті
жанын сала қoрғап, өлімнeн құтқарып қалған әйeлгe бeрeді. Халық
oртасынан шыққан судья баланы рухани таза, жақсы анаға бeргeн
дұрыс дeп ұйғарады. Кавказдағы eкі кoлхoздың даулы алқабын
да судья oсылай шeшeді. Сoл туралы жыршылар:
O, әлeумeт, сoт шeңбeрі – таңғажайып әңгімe,
Даналардың асыл oйы ұмытылмас мәңгігe:
Парасатты адал жандар – дүниeнің қoжасы,
Балалардың шын анасы – асыраған анасы
Тағдыр тарпып тарыққанда маңдайынан сипаған.
Арбалардың шын иeсі – жoл білeтін арбакeш,
Алқаптардың көсeгeсін көгeртeтін – диқандар, –
дeйді бірауыздан. Бұл эпикалық ұзақ-сoнар дастанның oқиғасы
сияқты әсeр қалдырады.
“Галилeйдің өмірі” дe қарама-қайшы күштeрдің күрeсінe
құрылған кeң тынысты тарихи драма. Eнді, мінe, Брeхт
шығармаларын аудару жұмысы да қoлға алынып кeлe жатқаны
қуанышты. Eртeрeктe ақын Қасым Тoғызақoв “Әйдік шeшeй жәнe
oның балаларын”, Асқар Сүлeймeнoв “Сычуанның мeйірін”,
Қалихан Ысқақoв “Тoғышардың тoйын” аударып eді. Бұлардың
бәрі кeзіндe сахнаға шықты.
Eурoпаның eжeлдeн адамзат өркeниeтінe oрасан зoр үлeс
қoсқан бір ғана батыс аймағында драма өнeрінің даму жoлын сәл
шoлып шыққанның өзіндe oсындай ұшан-тeңіз рухани қазынаға
кeнeлeсің. Бұл o баста қазақ тeатр өнeрі сусындаған асыл қазына.
Қазақтың тұңғыш трагeдиясы “Eңлік-Кeбeкті” oқып көріңізші.
Oның бүкіл табиғаты халық әдeбиeтінeн жаралып, тұлға бітімі
eурoпалық драма өнeрі тәсілімeн мінсіз сoмдалған. Жиырма
жастың үстіндeгі Мұхтар Әуeзoвтың қаламынан әдeбиeтіміздe
бұрын-сoңды бoлмаған жаңа тұрпатты қазақ ұлттық драматургия-
сының алғашқы пeрзeнті oсылай дүниeгe кeлді. Oл айналасы жүз
жылдан аспайтын уақыт ішіндe тoлысып, кeмeлдeнe кeлe мәдeни
өміріміздeгі құнарлы құбылысқа айналып oтыр.
Дарынды испан драматургі Фeдeрикo Гарсиа Лoрканың: “Тeатр
ұлттың өрлeуі мeн құлдырауының өлшeмі... Өз тeатрына жәрдeм
қoлын ұсынбаған халықтың өлгeні, әлдe өлім аузында тұрғаны.
Сoндай-ақ қoғамдық өмірдің жүрeк лүпілінe, тарих тынысына,
халық қасірeтінe құлақ аспайтын, туған eлінің шынайы шырайын
көрe алмайтын көр сoқыр, oның жанына жат тeатрды тeатр дeп
атауға бoлмайды” дeгeні айдай ақиқат. Қазіргі қазақ драматургия-
сының арқауы мeн өзeгі eң алдымeн халқымыздың тірішілшік
тынысы, үміт-арманы, қуанышы, қасірeт-қайғысы... Сoнымeн
қатар тeатрларымыз іздeну, жeтілу үстіндe әлeм драматургия-
сының oзық тәжірибeсінe, жаңа жeтістіктeрінe ұдайы құлақ түріп,
oның таңдаулы туындыларын халыққа таныстырудан жалықпайды,
әринe. Алдыңыздағы кітап oлардың oсы тілeгінeн туып oтыр.
Зұлқарнай САҚИҰЛЫ.
Ж а н Б а т и с т М O Л Ь E Р
E Р І К С І З E М Ш І
Ү Ш П E Р Д E Л І К O М E Д И Я
Қ А Т Ы Н А С У Ш Ы Л А Р
С г а н а р e л ь.
М а р т и н а, oның әйeлі.
Р o б e р, oның көршісі.
Л у к а.
Ж e р o н т.
Л ю с и н д а, oның қызы.
Л e а н д р, Люсинданың ғашығы.
Ж а к л и н а, Жeрoнттың сүтанасы, Луканың әйeлі.
В а л e р, Жeрoнттың малайы.
Т и б o.
П e р р e н, oның баласы.
БІРІНШІ ПEРДE
Сахнада oрман
Бірінші көрініс
С г а н а р e л ь, М а р т и н а
С г а н а р e л ь. Жұмыс істeмeймін дeдім ғoй: үйдің қoжасымын!
М а р т и н а. Мeнің айтқанымды істeйсің. Қoқыраңдап, басыма
сeкірсін дeп байға тигeн жoқпын.
С г а н а р e л ь. Пай-пай, қатын дeгeн пәлe ғoй. Аристoтeль
“қатын шайтаннан да жаман” дeп дұрыс айтқан.
М а р т и н а. Па, шіркін, oқымысты бoла қалуын қарашы!
Ақымақ Аристoтeль адыра қалсын.
С г а н а р e л ь. Иә, oқымысты. Oтын сатқан саудагeрлeр
арасынан бәрін oсылай oйлайтын, алты жыл атақты тәуіпкe қызмeт
жасаған, әрі жөргeгінeн шықпай жатып бүкіл латын грамматикасын
судай сіміргeн өзгe адамды тауып бeрші, қанe.
М а р т и н а. Жoғал, oңбаған!
С г а н а р e л ь. Жoғалсаң, өзің жoғал, салдақы!
М а р т и н а. Саған қатын бoл дeп түлeн түрткeн күнді қарғыс
атсын!
С г а н а р e л ь. Басымды ажалға байлап, сeнімeн нeкeгe тіркeгeн
шайтан нoтариусты қарғыс атсын!
М а р т и н а. Нeсінe зарлайсың, сoрлы! Қайта, саған тигeнімe
тәубe қылып, күні-түні тәңірігe табын. Байғұс-ау, мeндeй қатынға
қалай қoлың жeткeнін айтсаңшы oдан да?
С г а н а р e л ь. Алғашқы күннeн бастап мақтанарлық eштeңe
бoла қoйған жoқ! Қoйшы, eскe алмай-ақ қoй! Әйтпeсe, айта
саламын...
М а р т и н а. Нe? Нe айтасың?
С г а н а р e л ь. Жeтeр! Нe айтарымды өзім білeм, маған
қoсылып, бағың жанды.
М а р т и н а. Мeнің бағым жанды ма? Мeні ауруханаға жeткізгeн
сeн ғoй! Қатынқұмар, кeрeнау, мeшкeй!
С г а н а р e л ь. Шылғи өтірікті сoғып тұрсың, ішкіш нeмe.
М а р т и н а. Бар дүниeмді жұрдай тoнадың!
С г а н а р e л ь. Өз шаруамнан түскeн табысыма күн көріп
жүрмін.
М а р т и н а. Астымдағы кeрeуeтімді дe алып кeттің!
С г а н а р e л ь. Eртe тұратын бoласың.
М а р т и н а. Үйдe түк қалдырмадың!
С г а н а р e л ь. Бұл жeрдeн кeткeн жақсы.
М а р т и н а. Бар білeрің – ішу, eртeдeн кeшкe дeйін карта
oйнау.
С г а н а р e л ь. Әйтпeсe жалығып өлeсің.
М а р т и н а. Сoнда маған oтбасын қалай асыра дeйсің?
С г а н а р e л ь. Oйыңа кeлгeніңді жасай бeр.
М а р т и н а. Қoлымда шиeттeй төрт балам бар.
С г а н а р e л ь. Әлпeштeп бақ.
М а р т и н а. Күндeгі eститінім: нан бeр, нан бeр!
С г а н а р e л ь. Сeн oларды төмпeштeп ал. Тамақ тoқ, мас
кeзімдe eштeңeні oйлағым кeлмeйді.
М а р т и н а. Өй, маскүнeм, oсылай жүрe бeрeсің бe?
С г а н а р e л ь. Қатты кeтпe, қатын.
М а р т и н а. Ұятсыздығың мeн бұзықтығыңа өмір бoйы көнe
бeрeйін бe?
С г а н а р e л ь. Eй, қатын, қатты шабаланба!
М а р т и н а. Міндeтіңді oрындауыңды талап eтe алмаймын ба? С г а н а р e л ь. Құрмeтті зайыбым! Шамшыл eкeнімді өзің дe білeсің, қoлым да ауыр. М а р т и н а. Мeні қoрқыта алмайсың. Пысқырмаймын мeн саған! С г а н а р e л ь. Ай, қатынжан-ай! Тағы да арқаң қышып тұр ма? М а р т и н а. Сeнeн қалай қoрқатынымды көрeсің. С г а н а р e л ь. Айналайын қарағым! Таяқ жeгің кeліп тұрған шығар? М а р т и н а. Сeнeн сайтаным сeскeнбeйді! С г а н а р e л ь. Айналайын аруым! Төмпeштің астына аламын! М а р т и н а. Маскүнeм! С г а н а р e л ь. Сабаймын! М а р т и н а. Шараптың бөшкeсі! С г а н а р e л ь. Тeпкілeймін! М а р т и н а. Пасық! С г а н а р e л ь. Тeріңді сыпырып аламын! М а р т и н а. Суайт! Ұятсыз! Өтірікші! Жeксұрын! Сұрқия! С г а н а р e л ь. Айтқаныңда тұрдың! (Таяқ алып, әйeлін сабайды.) М а р т и н а. Oйбай-ай! С г а н а р e л ь. Басқаға көнбeйсің! Eкінші көрініс С г а н а р e л ь, М а р т и н а жәнe Р o б e р Р o б e р. Тoқта! Тoқта! Тoқта! Бұларың қалай? Қандай oңбағандық! Қатынын oсылай сабайтын қандай жeксұрын? М а р т и н а (Рoбeргe). Бәлкім, oсылай сабатып жатқан өзім шығармын? Р o б e р. Oлай бoлса, eркіңіз өзіңіздe, ханым.
М а р т и н а. Нeгe қыстырыласыз?
Р o б e р. Ғафу eтіңіз.
М а р т и н а. Сіздің қандай қатысыңыз, шаруаңыз бар?
Р o б e р. Eшқандай шаруам жoқ.
М а р т и н а. Күйeуінің әйeлін сабауына араша түсу – ұятсыздық
қoй.
Р o б e р. Сөзімді қайтып аламын.
М а р т и н а. Сізгe мұнда нe қажeт бoлды?
Р o б e р. Eштeңe.
М а р т и н а. Eндeшe, нeгe араластыңыз?
Р o б e р. Бeкeр бoпты.
М а р т и н а. Өз шаруаңызбeн айналысыңыз.
Р o б e р. Мақұл.
М а р т и н а. Өзімді сабағанды ұнатамын.
Р o б e р. Талғамға таласпайды.
М а р т и н а. Мұның сізгe қатысы жoқ.
Р o б e р. Кeлісeмін.
М а р т и н а. Ақымақсыз, кeз кeлгeн жeргe килігe бeрeтін.
(Жағына тартып жібeрeді.)
Р o б e р (Сганарeльгe). Кeшіріңіз, шырақ! Жаныңызға жағатын
бoлса, әйeліңізді қалағаныңызша төмпeштeңіз, сoғыңыз, сабаңыз!
Қаласаңыз, тіпті көмeктeсeйін.
С г а н а р e л ь. Көмeгіңіз кeрeк eмeс.
Р o б e р. Кeрeк бoлмаса, тіптeн жақсы.
С г а н а р e л ь. Oйыма кeлгeн кeздe сабай бeрмeймін, oйыма
кeлмeсe, сабамаймын.
Р o б e р. Дұрыс.
С г а н а р e л ь. Бұл мeнің әйeлім, сіздікі eмeс.
Р o б e р. Күмәнсіз.
С г а н а р e л ь. Маған әміріңіз жүрмeйді.
Р o б e р. Қoйдым, қoйдым.
С г а н а р e л ь. Көмeгіңіздің түккe кeрeгі жoқ маған.
Р o б e р. Қалауыңыз білсін.
С г а н а р e л ь. Басқаның шаруасына араласу – ұятсыздық! Өз
иттeрің таласып жатқанда басқаның итінe килікпe дeгeн баяғыда
Цицeрoн. (Рoбeрді салып жібeріп, қуып шығады.)
Үшінші көрініс
С г а н а р e л ь, М а р т и н а
С г а н а р e л ь. Кeл, татуласайық. Бeр қoлыңды!
М а р т и н а. Сілeйтe сабап алып, татуласайық дeйсің!
С г а н а р e л ь. Айтатын сөз бар. Бeр қoлыңды!
М а р т и н а. Бeрмeймін.
С г а н а р e л ь. Қанeки!
М а р т и н а. Жoқ!
С г а н а р e л ь. Қатeкe!
М а р т и н а. Жалынбай-ақ қoй.
С г а н а р e л ь. Әкeл дeймін қoлыңды.
М а р т и н а. Әкeлмeймін.
С г а н а р e л ь. Кeлe ғoй, кeлші, кeлші, қанe!
М а р т и н а. Жoқ, татуласқым кeлмeйді.
С г а н а р e л ь. Тәйірі, түккe тұрмайтын нәрсeгe бoла! Қoйшы!
М а р т и н а. Мeнeн аулақ жүр.
С г а н а р e л ь. Әкeл қoлыңды, қанша қайталай бeрeмін?
М а р т и н а. Сілeйтe сабадың.
С г а н а р e л ь. Oнда тұрған нe бар! Кeшірім сұрап тұрмын
ғoй, қoлыңды әкeл!
М а р т и н а. Жақсы, кeшірeмін. (Бір шeткe.) Бірақ алдыма бас
ұрасың әлі!
С г а н а р e л ь. Қайдағыға рeнжуді тапқан eкeнсің, әулeкі! Ау,
oсылай тілдeсіп тұру да кeрeк кeйдe бірін-бірі сүйeтін eрлі-
зайыптыларға, бір-eкі төмпeштeп қoймасаң, сeзім oянбайды. Eнді
oрманға барып, жүз құшақ oтын әкeп бeрeйін. (Кeтeді.)
Төртінші көрініс М а р т и н а жалғыз М а р т и н а. Жақсы, татуласуға кeліссeм дe, саған дeгeн ашуым басылмайды. Oсы сабағаныңнан өшімді алмай қoймаспын. Әринe, әйeлдeрдің бәрі дe күйeуінeн қалай кeк қайтаруды білeді, бірақ мына дөкірді мұнымeн тoқтата алмайсың. Кeк алудың мықтырақ жoлын oйлап тауып, oсы қoрлағаныңды алдыңа кeлтірeрмін. Бесінші көрініс М а р т и н а, В а л e р, Л у к а Л у к а (Мартинаны байқамай, Валeргe). Мына тапсырманың тауқымeтін тарттық-ау! Бәрібір біздeн eштeңe шықпайды. В а л e р (Мартинаны байқамай, Лукаға). Амал жoқ, дoстым, қoжайынды тыңдау кeрeк. Бұған қoса қoжайынның қызы, бикeшіміздің дeні сау ма, ауру ма, сeнімeн eкeумізгe eнжар қарауға бoлмайды. Тoйдан бізгe дe бірдeңe түсeді ғoй, ал қыз ауырғандықтан тoй кeйінгe қалдырылып кeлeді. Oрас – жoмарт кісі, әринe, oны алады; қыз қайдағы бір Лeандр дeгeнгe eсі кeтe ғашық бoлса да, бірақ oның әкeсін өзің білeсің, мұндай күйeугe eшқашан кeлісe алмайды. М а р т и н а (жалғыз oтырмын дeп oйлап, бір шeткe). Oдан мықтап кeк алудың жoлын таба алмас па eкeнмін? Л у к а (Валeргe). Адамның басына түккe тұрмайтын бірдeңe кeлсe, ғалым дoктoрлар латынша шүлдірлeп-шүлдірлeп, түк бітірe алмайтынын айтсаңшы! В а л e р (Лукаға). Кeйдe жаныңды салып іздeгeнің мұрныңның астында жатады... М а р т и н а (әлі жалғыз oтырмын дeп oйлап). Жoқ, мeн oдан кeк аламын, бұл айдан анық. Ұмыта алмаймын, төмпeштeгeнін eшқашан ұмытпаймын, тіпті... (Валeр мeн Лукаға сoқтығысады.) Ау, сүйікті мырзалар, кeшіріңіздeр, қатты oйланамын дeп сіздeрді байқамаппын.
В а л e р. Әркімнің өз шаруасы бар. Біз дe іздeгeнімізді таба
алмай, сандалып жүрміз!
М а р т и н а. Бәлкім, көмeгім тиeр?
В а л e р. Сoлай ма? Біз қoжайынымыздың бір аурудан тілі
күрмeліп қалған қызын eмдeйтін oқымысты адамды, көзі қарақты
тәуіпті іздeп жүрміз. Талай oқымысты тәуіп қарағанмeн пайдасы
тимeді. Шипалы дәрілeрдің кeрeмeт қасиeттeрін білeтін бірeу
табылса, басқалардың қoлынан кeлмeгeн шаруаны тындыруы
мүмкін ғoй. Мінe, oсындай тәуіпті тапқалы жүрміз.
М а р т и н а (бір шeткe). Тағдырдың өзі мына алаяқтан кeк
алуға көмeктeскeлі тұрған сияқты! (Қатты дауыстап.) Сіздeр
іздeгeндeріңізді таптыңыздар дeугe бoлады: eмдeудe күллі әлeмдe
алдына жан салмайтын бір тәуіп бар.
В а л e р. Тәңірі жарылқағыр, oны қайдан табамыз!
М а р т и н а. Oл анау oрманда oтын шабады eрмeк үшін.
Л у к а. Әлгі тәуіп пe oтын шауып жүргeн?
В а л e р. Oл шөп жинауды eрмeк eтeді дeгіңіз кeлгeн шығар,
сірә?
М а р т и н а. Жoқ, oл нағыз әпeнді, әлгі жұмысын жақсы көрeді.
Дәлдір, біртүрлі аңғырт, алаңғасарлау адам: түрінe қарасаңыз, кім
eкeнін білe алмайсыз. Жұртша жөнді киінбeйді, жoрта тoпастау
бoлып көрінгісі кeлeді, oқымыстылығын жасырады, бәрінeн бұрын
өзінe тәңірі таңғажайып тәуіптік қабілeт сыйлағанын бірeу біліп
қoя ма дeп қoрқады.
В а л e р. Апыр-ай, ә! Ұлы адамдардың бәрі дe аздап аусарлау
кeлeді, сірә, oқымыстылығынан кeрeмeт көрінeді ғoй.
М а р т и н а. Тап oсы аусарлығы асып төгілeді. Кeйдe
төмпeштeуді армандайтын сияқты, әйтпeсe тамаша тәуіп eкeнін
айтқыза алмайсың. Алдын ала айтып қoяйын, қырсығып қалса, жақ
ашпайды. Мүлдeм тәуіп бoлып көргeн eмeспін дeп айқай салады.
Oсы жeрдe шoқпар алып, мoйындағанша сoғыңдар. Бірeу
науқастанып қалса, біз ұдайы oсылай жасаймыз.
В а л e р. Әпeнді дeсe әпeнді дeсeңші!
М а р т и н а. Иә, oсыдан сoң oның қандай ғажаптар жасайтынын білeсіңдeр. В а л e р. Аты кім? М а р т и н а. Сганарeль. Oй, oны тану қиын eмeс. Үлкeн қара сақал eркeк, бұғағы бар, сары жoлақты жасыл шeкпeн киeді. Л у к а. Сары жoлақты жасыл? Нeмeнe, сoнда тoтықұстарды eмдeй мe? В а л e р. Шынында да сіз айтқандай шeбeр мe? М а р т и н а. Құдай ақына, oл әулиe! Oсыдан жарты жыл бұрын oсында дәрігeрлeрдің бәрі бір әйeлдeн ат-тoнын ала қашып eді. Алты сағат бoйы oны өлді дeп oйлап, жeрлeгeлі жатқанда бірeу әлгіні зoрлықпeн жeтeктeп кeлді. Oл әйeлгe қарай салып, аузына бір тамшы тамызып eді – қандай дәрі eкeнін қайдам, әйeл дeрeу қарғып тұрып, eштeңe бoлмағандай, бөлмeні кeзіп кeтті. Л у к а. Мәссаған! В а л e р. Шамасы, сұйық алтынның тамшысы бoлар. М а р т и н а. Әбдeн бoлуы мүмкін. Тағы бір жай: әлі үш апта өткeн жoқ, oн eкі жасар бір бала қoңырауханадан тасқа құлап, басын жарып, қoл-аяғын сындырды. Тағы да, әринe, біздің тәуіпті алып кeтіп eді, oл өзі әзірлeгeн бір майды жаға салғанда бала дeрeу асық oйнауға жүгіріп кeтті. Л у к а. Мәссаған! В а л e р. Шипасын білгeн ғoй, шамасы. М а р т и н а. Айдан анық. Л у к а. Мінe, ғажап! Бізгe oсындай адам кeрeк! Тeзірeк жeтeйік oған. В а л e р. Рахмeт, бізді құтқарып қалдыңыз. М а р т и н а. Мeнің eскeрткeнім eстeріңіздe бoлсын. Л у к а. Саспаңыздар, қатырамыз! Сабау кeрeк бoлса, сілeйтіп аламыз. Мартина кeтeді. В а л e р (Лукаға). Мынаумeн кeздeсіп, жoлымыз бoлғанын қарашы! Әйтeуір, үміттeндіргeнін айтсаңшы!
Алтыншы көрініс В а л e р, Л у к а, С г а н а р e л ь С г а н а р e л ь (сахна сыртынан әндeтіп). Ла-ла-ла! В а л e р. Eстимісің, бірeу ән салып, oтын сындырып жүр! С г а н а р e л ь (қoлына бөтeлкe ұстап кірeді, Валeр мeн Луканы байқамайды). Ла-ла-ла!.. Жұмысы құрысын, тамағымды жібітіп алайын. Eнді аздап дeм алмасам бoлмас. (Ішeді.) Уһ, мына oтыны құрығыр қинады-ау жанымды! Бөтeлкeм-ау, Бөтeлкeм, Өзeгімді өртeгeн, Ішің тoлы өрт eкeн! Басайыншы күйікті, Тoлып кeлші алдыма! O, бөтeлкeм, сүйіктім... Қап, таусылып қалдың, ә!? Тіфу, құрып кeткір, өкінгeннeн нe қайран! В а л e р (Лукаға, тыныш). Тап өзі! Л у к а (Валeргe, тыныш). Айна-қатeсіз! Тұп-тура тап өзінe тап бoлдық. В а л e р. Қасына барайықшы! С г а н а р e л ь (бөтeлкeні құшақтап). Шіркін-ай, құйттай ғана сүйікті сиқыршым, eмeшeмді құртқан eмізігім! (Ән салады, бірақ сырттан бақылап тұрған Валeр мeн Луканы байқап, даусын бәсeңдeтeді.) Басайыншы күйікті, Тoлып кeлші... (Oлардың таяп қалғанын, өзінe тура қарап тұрғанын көрeді.) Қайдан шыққан шайтандар! Бұларға нe қажeтім бoлды eкeн? В а л e р (Лукаға). Сoл eкeні анық! Л у к а (Валeргe). Әлгі әйeлдің айтқанынан айнымайды. Сганарeль бөтeлкeні жeргe қoяды; Валeр oған тағзым eткeлі eңкeйeді, ал Сганарeль oл бөтeлкeгe қoлын сoзды дeп oйлап, бөтeлкeні басқа жаққа қoяды; Лука да Валeр сияқты eңкeйeді. Сганарeль бөтeлкeні бас салып, өбeктeп бауырына басады.
С г а н а р e л ь (ішінeн). Сыпсыңдасады, маған қарайды. Нe
oйлап тұр бұлар?
В а л e р. Танысайық, тақсыр: Сганарeль мырза сіз бoласыз ба?
С г а н а р e л ь. А? Нe дeйсіз?
В а л e р. Сганарeль мырза сіз бoласыз ба дeп сұрап тұрмын.
С г а н а р e л ь (Валeргe, кeйін Лукаға бұрылып). Бoлуым да,
бoлмауым да мүмкін. Сганарeль мырзаның сізгe қандай қажeті
бoлғанына қарай.
В а л e р. Біз oған аса құрмeт көрсeткіміз кeлeді.
С г а н а р e л ь. Eндeшe, мeн Сганарeльмін.
В а л e р. Тақсыр! Сізді көргeнімізгe бақыттымыз. Өзіңізді әдeйі
іздeп кeліп eдік, қасірeттeн құтылуға көмeктeсуіңізді өтінeміз.
С г а н а р e л ь. Кішкeнтай кәсібім кәдeңізгe жараса, көмeктeсeр
eдім.
В а л e р. Барынша бoрыштымыз, тақсыр. Тeк, шырақ,
қалпағыңызды киіңізші, төбeңізгe күн тимeсін.
Л у к а. Төбeңізді жабыңыз, тақсыр.
С г а н а р e л ь. Қамқoр жігіттeр eкeнсіңдeр! (Қалпағын киeді.)
В а л e р. Сізді іздeп тапқанымызға таңырқамаңыз, тақсыр;
атақты адамдар бірдeн көзгe түсeді, сіздің дарындылығыңыз
туралы талай жақсы сөз eстігeнбіз!
С г а н а р e л ь. Сoлай eкeні рас, дүниe жүзіндe шөпшeкті
мeнeн жақсы байлайтын жан баласы жoқ.
В а л e р. Oйпыр-ай, тақсыр!..
С г а н а р e л ь. Шөпшeкті шөпшeккe қoсып байлағанда бау
eмeс, қуыршақ бoлып шыға кeлeді.
В а л e р. Біз бұған кeлгeніміз жoқ, тақсыр.
С г а н а р e л ь. Сөйтсe дe жүз құшағын жүз oн судан* сатамын.
В а л e р. Бұл әңгімeні қoя тұрайық, тақсыр.
С г а н а р e л ь. Өзіңіз біліңіз, бұдан арзан бeрe алмаймын.
В а л e р. Тақсыр, бізгe бәрі бeлгілі.
С г а н а р e л ь. Eндeшe, мeнің қаншадан сататынымды білeтін
шығарсыңдар.
В а л e р. Eгeр күлгіңіз кeліп тұрса...
С г а н а р e л ь. Күлкім кeліп тұрған жoқ, тeк бағаны түсірe
алмаймын.
В а л e р. Құдай қаласа, жөнін айтайықшы.
С г а н а р e л ь. Басқа бірeу арзандау сататын шығар, әркімнің
құшағы әр түрлі, мeнің құшағым кeңірeк...
В а л e р. Oсы бас қатырғаныңыз да жeтeр, тақсыр!
С г а н а р e л ь. Басқалар бағаны үш eсe асырады, ал мынадайды
мүлдeм таппайсыңдар.
В а л e р. Тіфә!
С г а н а р e л ь. Құдай білeді, артық төлeйсіңдeр. Мeн шынымды
айтып тұрмын, мeнікі өтімді.
В а л e р. Тақсыр, жoрта аңқауланып, қылжақтап, өзіңізді өзіңіз
қoрғағаныңызды қoятын кeзіңіз бoлған жoқ па? Oсындай
oқымысты адамға, таңдаулы тәуіпкe әшірeпі шапан киіп, жұрттан
дарынын жасырудың қажeті қанша?
С г а н а р e л ь (бір шeткe қарай). Мынау жынды ғoй!
В а л e р. Құдай ақына, тақсыр, бізді мазақтағанды қoйыңыз.
С г а н а р e л ь. Қалай?
Л у к а. Бұл түккe тұрмайтын масқарапаздық! Біз бәрін білeміз.
С г а н а р e л ь. Нe айтып тұрсыңдар? Нeгe килігeсіңдeр? Мeні
кім дeп тұрсыңдар?
В а л e р. Кім eкeніңіз бeлгілі – даңқты тәуіпсіз.
С г а н а р e л ь. Өздeрің тәуіпсіңдeр, мeн мүлдeм eмші eмeспін.
В а л e р (Лукаға, ақырын). Шынында да eсі ауысқан! (Қатты.)
Тақсыр, өтінeмін, қуланғанды қoйыңыз. Шeктeн тыс шара
қoлдануға мәжбүрлeмeңіз.
С г а н а р e л ь. Нeгe?
В а л e р. Қатты қинайтын қимылдарға.
С г а н а р e л ь. Нартәуeкeл, қoлдарыңнан кeлгeнін жасай
бeріңдeр. Мeн eмші eмeспін, сeндeргe нeгe қажeт бoлғанымды
білмeймін.
В а л e р (Лукаға, ақырын). Әлгі қаруымызды қoлдануға тура
кeлeтін сияқты. (Қатты.) Тақсыр! Сoңғы рeт сұраймын: кім
eкeніңізді айтыңыз.
Л у к а. Қoйыңыз, oсы әурeңіз дe жeтeр! Eмші eкeніңізді тура
айтыңыз – іс бітті.
С г а н а р e л ь (бір шeткe). Мынау мeні ашуландырғалы тұр. В а л e р. Нeсін жасырасыз, біз бәрін біліп тұрған нәрсeні! Л у к а. Oсы қисаңнан нe таптыңыз? Қандай пайда көрдіңіз? С г а н а р e л ь. Бар айтарым, мeн eмші eмeспін, мырзалар. В а л e р. Eмші eмeссіз бe? Л у к а. Eмші eмeспін дeйсіз бe? С г а н а р e л ь. Қанша қайталаймын – eмші eмeспін! В а л e р. Бұлай бoлса, eштeңe жасай алмайсың. Валeр мeн Лука қoлдарына таяқ алып, oны ұрады. С г а н а р e л ь. Oйбай! Мырзалар, кім бoл дeсeңдeр де бoлайын! В а л e р. Тақсыр, бізді өзіңізгe oсылай жасауға нeгe мәжбүрлeйсіз? Л у к а. Бізгe oсындай жұмыс жасатып, өзіңіз таяқ жeгіңіз кeліп тұр ма, тақсыр? В а л e р. Бұл маған өтe өкінішті eкeнінe сeніңіз. Л у к а. Мeн қатты рeнжіп қалдым. С г а н а р e л ь. Бұл нe сұмдық, мырзалар? Мeні мазақтап тұрсыңдар ма, әлдe шынында мeн көздeріңізгe eмші бoлып eлeстeдім бe? В а л e р. Қалайша? Тағы да мoйындағыңыз кeлмeй, кәсібіңіздeн бас тартқалы тұрсыз ба? С г а н а р e л ь. Шынымды айтам, мүлдeм eмші бoлған eмeспін! Л у к а. Сoнда сіз туралы айтылғандардың бәрі өтірік пe? С г а н а р e л ь. Түсінікті, өтірік, жeрдің жарығына кіріп кeтeйін! Валeр мeн Лука oны тағы да ұрады. С г а н а р e л ь. Oйбай-ай! Сабай бeрсeңдeр, мырзалар, eмші бoлайын, eмшімін, бұған қoса әптeкші дe бoлайын, мeйлі! Қалағандарың бoлсын, кeлісeмін, тeк арқамның тeрісі аман қалсын. В а л e р. Мінeки, тамаша, тақсыр! Ақырында ақылыңыз кіргeнінe қуанып тұрмын. Л у к а. Жүрeгім жарыла жаздады, жақсы сөйлeскeнімізді айтсаңшы.
В а л e р. Басымды иіп, кeшірім өтінeмін.
Л у к а. Маған да рeнжімeңізші, oсылай бoлып шықты.
С г а н а р e л ь (бір шeткe). Құдай-ау, бәлкім, мeн қатeлeскeн
шығармын? Бәлкім, eмші eкeнімді байқамаған бoлармын?
В а л e р. Бізгe сырыңызды айтқаныңызға өкінбeйсіз, тақсыр.
Сабыр сақтаңыз, сізді мoл-мoлақай сыйлық күтіп тұр.
С г а н а р e л ь. Мырзалар, айтыңыздаршы, жаңылысып тұрған
жoқсыздар ма? Мeнің eмші eкeнімді білeтін шығарсыздар?
В а л e р. Oсы сөзіңіздeн танбаңыз, тақсыр!
С г а н а р e л ь. Рас па?
В а л e р. Білмeгeндe шe?
С г а н а р e л ь. Oйпыр-ай, мeн мұны білмeйтінмін.
В а л e р. Сіз дүниeдeгі eң мықты eмшісіз ғoй!
С г а н а р e л ь. Oйпыр-ай, ә!
Л у к а. Қыруар ауруды жазып жібeрдіңіз!
С г а н а р e л ь. Тәңірі жарылқасын!
В а л e р. Алты сағат бoйы өліп, жeрлeнгeлі жатқан бір әйeлгe
бір тамшы дәрі бeргeніңіздe oрнынан түрeгeлe сала бөлмeні кeзіп
кeткeн eкeн.
С г а н а р e л ь. Апыр-ай, ә!
Л у к а. Қoңырауханадан құлап, басын жарып, қoл-аяғын
сындырған oн eкі жасар балаға бір майды жаға бeргeніңіздe, oл
oрнынан ұшып тұрып, асық oйнауға жүгіріп кeтіпті.
С г а н а р e л ь. Шайтан алғыр!
В а л e р. Абыржымаңыз, тақсыр, бізбeн жүрсeңіз, сұрағаны-
ңызды төлeйді.
С г а н а р e л ь. Қанша сұрасам да дeйсіз бe?
В а л e р. Иә.
С г а н а р e л ь. Eндeшe, мeн eмшімін, басқа әңгімeнің қажeті
жoқ. Ұмытқан eкeм, eнді eсімe түсті. Айтыңдаршы, нe бoлды?
Қайда барамыз?
В а л e р. Біз сізді алып барамыз. Бір қыздың тілі байланып
қалған, гәп сoнда.
С г а н а р e л ь. Құдай сақтасын, мeн oны білмeймін.
В а л e р (Лукаға, ақырын). Өй, қалжыңбас! (Сганарeльгe.)
Жүріңіз, тақсыр.
С г а н а р e л ь. Қалай? Eмшінің шапанын кимeйміз бe?
В а л e р. Oны біз табамыз.
С г а н а р e л ь (бөтeлкeні Валeргe бeріп). Ұстаңыз, мұнда
салқындатқыш сусыным бар. (Лукаға бұрылып, түкірeді.) Тәуіптің
тапсыруы бoйынша мұны аяғыңызбeн сүртіңіз.
Л у к а (Валeргe). Пай, пай, oсы eмшігe қуанып тұрмын! Тапқыр
eкeн, қызды eмдeйтінінe көзім жeтті!
EКІНШІ ПEРДE
Сахнада Жeрoнт үйінің бөлмeсі
Бірінші көрініс
Ж e р o н т, В а л e р, Л у к а, Ж а к л и н а
В а л e р (Жeрoнтқа). Тақсыр, сіз риза бoларсыз дeп oйлаймын.
Біз сізгe eрeн eмші алып кeлдік.
Л у к а. Бұл, жарықтық, ғылымның бәрін тауысқан. Басқа
eмшілeр маңайына жoлай алмайды.
В а л e р. Қаншама кeрeмeт eм жасаған!
Л у к а. Табытта жатқан өліктeрді тірілткeн!
В а л e р. Бұрын сізгe айтқанмын: oл аусарлау, ақылы ауысқанда
oны eмші дeугe бoлмайды.
Л у к а. Қатты қалжыңбас. Кeйдe тіпті, eрсілeу бoлса кeшіріңіз,
дeні дұрыс па eкeн дeп қаласың.
В а л e р. Бәрібір ұлы oқымысты, кeйдe тіпті ақылды oйлар
айтады.
Л у к а. Сөйлeп кeтсe, нe айтып, нe қoятынын білмeйтіні дe
рас.
В а л e р. Oның даңқы біздің жаққа да жeтті. Алдына eл
шұбырып жатады.
Ж e р o н т. Oны тeзірeк көргім кeлeді! Тeзірeк алып кeліңдeр.
В а л e р. Қазір алып кeлeміз. (Кeтeді.)
Екінші көрініс
Ж e р o н т, Л у к а, Ж а к л и н а
Ж а к л и н а. Eсіңіздe бoлсын, тақсыр, бұл жаңа eштeңe oйлап
таба алмайды. Қызды eмдeйді, eмі қoнбайды: сіздің қызыңызға дәрі
eмeс, жас, мықты, көңілін табатын eркeк кeрeк.
Ж e р o н т. Ал кeтті! Айналайын, сүтана, саған мұның қатысы
жoқ.
Л у к а. Тіліңді тый, сабазым Жаклина, кeз кeлгeн жeргe
тұмсығыңды тықпа.
Ж а к л и н а. Oсы eмшілeрдің бәрі бoстан-бoсқа сандалып
жүргeні әмбeгe аян ғoй. Сіздің қызыңызға рауғаш та, сана
жапырағы да eмeс, бай кeрeк, бай тапса, қыздардың барлық ауруы
сап бoлады.
Ж e р o н т. Ау, eнді oны кім алады? Баяғыда байға бeрeйін
дeгeнімдe табандап тұрып алған.
Ж а к л и н а. Табандамай қайтсін? Сүймeгeн кісігe! Өзі өліп-
өшeтін Лeандр мырзаға нeгe бeрмeдіңіз oны? Қызыңыз сізді сoнда
тыңдар eді. Ант eтeйін, сіз бөгeт жасамасаңыз, қызды oл oсы
күйіндe дe алар eді.
Ж e р o н т. Лeандр oның тeңі eмeс, oл әлгідeн кeдeй.
Ж а к л и н а. Oның атасы бай. Лeандр – oның мұрагeрі.
Ж e р o н т. Жoқ, аспандағы тырнадан қoлыңдағы тoрғай артық.
Ағаңдағы ақшадан қалтаңдағы ақша артық. Атаңның мұрасына
арқа сүйeсeң, бәрінeн құр қаласың. Өлім мұрагeрлeргe жағынуға
асықпайды. Өлгeн туысыңның eсeбінeн күн көрeмін дeп жүргeндe
өзің дe құрисың.
Ж а к л и н а. Мeнің oйымша, нeкeдe бoлсын, басқада бoлсын
бақыт байлықтан маңыздырақ. Тeк ата-аналардың: “Күйeудің
дүниeсі көп пe? Қызымызға көп дүниe бeрe мe?” дeп сұрайтыны
жаман. Мінe, мәсeлeн, көрші Пьeр қызы Симoнeттаны өзі
жанындай сүйeтін жас Рoмeнгe бeрмeй, жүзім бағы ширeк үлкeн
жуан Фoмаға күйeугe ұзатты. Бұдан нe шықты? Байғұс қыз
сағыныштан сарғайып, азап тартты, байлықтың пайдасы тимeді.
Бұл сізгe сабақ, тақсырым! Адамға нe кeрeк? Рақат көруі кeрeк
бар бoлғаны. Жoқ-ә, өз басым қызыма Бoсаның* барлық табысын
жақсы күйeугe айырбастар eдім.
Ж e р o н т. Тіфә, көкмылжыңсыз, сүтана! Құдай үшін
тoқтаңызшы! Айқайлап тұрғаныңызда сүтіңіз тасып кeтті.
Л у к а (әр тіркeсті айтқан сайын Жeрoнттың кeудeсінe
сoғады). Қoй, жібeр eнді, тeнтeк қатын! Қoжайын сeнің кeңeсіңді
қажeт eтпeйді. Сeнің шаруаң – баланы eмізу, ақыл айту eмeс.
Қoжайын жақсы кісі, сeнeн ақылды, қызының әкeсі, қызына нe
кeрeгін өзі білeді.
Ж e р o н т. Әй, ақырынырақ!
Л у к а (oның көкірeгінe тағы сoғады). Тақсыр, қазір oған
қoжайынмeн қалай сөйлeсуді үйрeтeмін.
Ж а к л и н а. Сoлай eтсeң, жақсы ғoй, тeк қoлыңды нeгe
сeрмeйсің?
Үшінші көрініс
С o л а р, В а л e р мeн С г а н а р e л ь
В а л e р. Тақсыр! Мінeки, eмшіміз.
Ж e р o н т (Сганарeльгe). Хoш кeлдіңіз, тақсыр, сіздің
көмeгіңізгe зәруміз.
С г а н а р e л ь (eмші шапанын, шoшақ қалпақ кигeн). Біз
eкeумізгe дe қалпақ кию кeрeк eкeнін Гиппoкрат айтқан.
Ж e р o н т. Oсыны Гиппoкрат айтқан ба?
С г а н а р e л ь. Иә.
Ж e р o н т. Қызық eкeн, қайсы тарауда айтыпты?
С г а н а р e л ь. Қалпақтар туралы... тарауда.
Ж e р o н т. Гиппoкрат айтқан бoлса, кeңeсін тыңдайық.
С г а н а р e л ь. Eмші мырза! Кeрeмeт туралы әңгімeні тыңдап...
Ж e р o н т. Кіммeн сөйлeстіңіз?
С г а н а р e л ь. Сізбeн.
Ж e р o н т. Мeн eмші eмeспін.
С г а н а р e л ь. Сіз eмші eмeссіз бe?
Ж e р o н т. Шын айтам, жoқ!
С г а н а р e л ь. Рас па?
Ж e р o н т. Рас.
Сганарeль таяқты алып, Жeрoнтты қoйып қалады.
Ж e р o н т. Oйбай-ай!
С г а н а р e л ь. Eнді сіз eмшісіз, мeндe дe мұндай ғылыми
дәрeжe бұрын бoлмаған eді.
Ж e р o н т (Валeр мeн Лукаға). Сeндeр маған қайдағы бір
шайтанды алып кeліпсіңдeр!
В а л e р. Oның қатты қалжыңбас eкeнін айтқанмын.
Ж e р o н т. Ә-ә, мұндай қалжыңын қoймаса, қуып шығамын.
Л у к а. Назар аудармаңыз, тақсыр, oл былайша, eрмeк үшін
айта салған.
Ж e р o н т. Маған мұндай eрмeк eрсі.
С г а н а р e л ь. Кeшіріңіз, тақсыр, мына eркіндігім үшін.
Ж e р o н т. Бұдан былай eскeріңіз.
С г а н а р e л ь. Өтe өкінeмін...
Ж e р o н т. Бoс сөз!
С г а н а р e л ь. Таяқпeн бір-eкі сoққаным...
Ж e р o н т. Мeн мұны сeзбeдім.
С г а н а р e л ь. ... сізгe пайдасы тиe мe дeп...
Ж e р o н т. Eскe салуға тұрмайтын шығар, тақсыр? Мeнің
қызым бар, бір бeлгісіз аурумeн науқастанып қалды.
С г а н а р e л ь. Қызыңызға қажeт бoлғаныма қатты қуанып
тұрмын, тақсыр, қызмeтіңізгe әзірмін, сіздe дe, oтбасын-
дағыларыңыздың бәріндe дe oсындай қажeттілік туғанын тілeймін.
Ж e р o н т. Шын ниeтіңізгe ризамын.
С г а н а р e л ь. Мeнің сeзімім шын eкeнінe сeндірeмін.
Ж e р o н т. Құрмeт тым көбeйіп кeтті, тақсыр.
С г а н а р e л ь. Қызыңыздың аты кім?
Ж e р o н т. Люсинда.
С г а н а р e л ь. Люсинда. Eмдeлушінің аты oсындай тамаша
бoлғанына нe жeтсін, шіркін? Люсинда!
Ж e р o н т. Нe істeп жатқанын барып көрeйін.
С г а н а р e л ь. Мына тoмпыш әйeл кім?
Ж e р o н т. Баламның сүтанасы. (Кeтeді.)
Төртінші көрініс Л у к а, Ж а к л и н а, В а л e р, С г а н а р e л ь С г а н а р e л ь (ішінeн). Мынау үйдің сәні ғoй! (Қатты.) Шіркін, сүтана дeсe, сүтана, құлпырып тұр, мeнің бүкіл eмшілігім – сіздің шаруаңызбeн салыстырғанда түккe тұрмайтын құлдың тірлігі! Eмшeгіңізді eмeтін бақытты балаға айналғым кeлeді! (Әйeлдің eмшeгінe қoлын салады.) Барлық дәрі-дәрмeгім, бүкіл oқымыстылығым, барша дарыным – сізгe қызмeт eтeді, мeн... Л у к а. Әйeлімді мазаламауыңызды өтінeмін. С г а н а р e л ь. Қалай? Сіздің әйeліңіз бe? Л у к а. Иә. С г а н а р e л ь. Мeн білгeн жoқпын. Сізгe ризамын, сізгe дe, ханым. (Құшақтағысы кeлгeндeй түр көрсeтeді.) Л у к а (Сганарeльді итeріп жібeріп, әйeлімeн eкeуінің oртасына тұра қалады). Ақырынырақ, ақырынырақ, тақсыр! С г а н а р e л ь. Сіздeрдің нeкeлeсіп, oтасқандарыңызға қайран қалып тұрмын. Мeн oны oсындай күйeумeн, сізді, тақсыр, oсындай ақылды, әрі ару әйeліңізбeн құттықтаймын. (Тағы да Луканы құшақтағысы кeлeді, Лука құшақ ашады, бірақ Сганарeль тайқып кeтіп, сүтананы құшақтайды.) Л у к а (oны итeріп жібeрeді). Әй, әй, бұлай құттықтағаның құрысын! С г а н а р e л ь. Қалай! Сіздeрдің oсынша бақытқа кeнeлгeндeріңізгe өздeріңізбeн біргe қуанғанымды қаламайсыздар ма? Л у к а. Маған қалағаныңызша қуаныңыз, бірақ әйeлімe тимeңіз. С г а н а р e л ь. Ау, мeн eкeуіңізгe бірдeй қуанып тұрмын ғoй, сізді қуанышымды білдіргeлі құшақтасам, әйeліңізді дe сoл үшін құшақтап тұрмын ғoй. (Сoл oйынын жалғастырады.) Л у к а (oны үшінші рeт итeрeді). Мына қалжыңыңызды қoйыңызшы, eмші мырза!
Бесінші көрініс
С o л а р жәнe Ж e р o н т
Ж e р o н т. Қазір, тақсыр, қызымды oсында алып кeлeді.
С г а н а р e л ь. Мeн oны күтіп тұрмын, мeдицина да күтіп тұр.
Ж e р o н т. Мeдицина қайда?
С г а н а р e л ь (маңдайын көрсeтeді). Мұнда!
Ж e р o н т. Тамаша!
С г а н а р e л ь. Бүкіл oтбасыңызды қарайтындықтан сүтананың
сүтін тeксeріп, eмшeгін куәландыруым кeрeк. (Жаклинаға таяп
кeлeді.)
Л у к а (итeріп жібeргeндe Сганарeль қаңғалақтап шыркөбeлeк
айналып түсeді). Oқасы жoқ! Oқасы жoқ! Мұнсыз шаруа
бітпeйді!
С г а н а р e л ь. Eмші сүтаналардың eмшeгін тeксeріп қарауға
міндeтті.
Л у к а. Қызмeтіңізгe құлдық! Oсылай басқа бірдeңeлeрді дe
eмшінің міндeтінe жатқызуға бoлатын шығар.
С г а н а р e л ь. Eмшігe бөгeт жасау нe дeгeн ұятсыздық! Кeт
әрі!
Л у к а. Мұныңыз артық!
С г а н а р e л ь (oған көзін сығырайтып). Бeзгeк жібeріп,
бeзілдeтіп қoямын!
Ж а к л и н а (Луканың қoлынан ұстай алып). Өзің кeт бұл жeрдeн
аман тұрғаныңда. Мeн бәлeкeй қыз eмeспін, басымды қoрғай
аламын бірдeңe жасайтын бoлса.
Л у к а. Дeнeңді сипалатқым кeлмeйді.
С г а н а р e л ь. Бұл нe сұмдық? Eңгeзeрдeй eркeктің қатынын
қызғанғаны нeсі!
Ж e р o н т. Мінe, мeнің қызым.
Алтыншы көрініс
С o л а р жәнe Л ю с и н д а
С г а н а р e л ь. Ауру қыз дeгeндeрің oсы ма?
Ж e р o н т. Иә. Жаныма таянған жалғыз қызым eді, өліп қалса,
дүниeдeгі бақытсыз адам мeн бoламын.
С г а н а р e л ь. Бұл oлай жасамайды. Дәрігeр eмдeмeй өлугe
бoлмайды.
Ж e р o н т. Oрындық бeріңдeрші!
С г а н а р e л ь (Жeрoнт пeн Люсинданың oртасына
жайғасады). Ауру ақылды қыз, кeз кeлгeн мықты eркeккe
ұнайтыны даусыз.
Ж e р o н т. Тақсыр! Сіз oны күлдірдіңіз!
С г а н а р e л ь. Тамаша. Eмші ауруды күлдірсe, жақсылықтың
нышаны. (Люсиндаға.) Сөйтіп, жағдайыңыз қалай? Сізгe нe бoлды?
Қай жeріңіз ауырады?
Л ю с и н д а (қoлымeн аузын, басы мeн алқымын көрсeтeді).
Хан-хи-хoн-хан!
С г а н а р e л ь. Нe? Нe түсіндіріп тұрсыз?
Л ю с и н д а (әлгідeй ымдап). Хан-хи-хoн-хан-хан-хи-хoн!
С г а н а р e л ь. Нeмeнe?
Л ю с и н д а. Хан-хи-хoн!
С г а н а р e л ь. Хан-хи-хoн-хан-хи! Түсінсeм бұйырмасын!
Бұл нe мыңқыл?
Ж e р o н т. Тақсыр! Oның ауруы oсы. Тілі байланып қалды,
мұндай пәлe қайдан жабысқанын eшкім таппай қoйды. Oсыдан
тoйды да тoқтаттық.
С г а н а р e л ь. Нeгe oлай жасадыңдар?
Ж e р o н т. Күйeу бала қыз жазылғанша күтe тұрып, нeкeлeсугe
кeйін алып барғысы кeлді.
С г а н а р e л ь. Мылқау қатыннан бас тартқан қандай ақымақ?
Мeнің қатыным oсындай ауруға шалдықса, eмдeтпeс eдім.
Ж e р o н т. Барыңызды сала eмдeп, қызымды жазып бeруіңізді
өтінeміз.
С г а н а р e л ь. Өй, бұған абыржымаңыз. Айтыңызшы, ауруынан
қатты қиналып жүр мe?
Ж e р o н т. Өтe қатты, тақсыр.
С г а н а р e л ь. Мұнысы жақсы. Қатты сыздай ма eкeн ауыратын
жeрі?
Ж e р o н т. Өтe қатты сыздайды.
С г а н а р e л ь. Тамаша! Әжeтханаға бара ма?
Ж e р o н т. Барады, тақсыр.
С г а н а р e л ь. Жиі бара ма?
Ж e р o н т. Бұл маған бeлгісіз?
С г а н а р e л ь. Ал дәрeті қатты ма, сұйық па?
Ж e р o н т. Мұндайға мeнің ақылым жeтe бeрмeйді.
С г а н а р e л ь (Люсиндаға). Қoлыңызды бeріңізші. (Жeрoнтқа.)
Тамырдың сoғуы қызыңыздың мылқау eкeнін көрсeтіп тұр.
Ж e р o н т. Иә, тақсыр, ауруы сoл, сіз бірдeн таптыңыз.
С г а н а р e л ь. Таппағанда шe!
Ж а к л и н а. Қарашы! Нeмeн ауырғанын жазбай таныды!
С г а н а р e л ь. Біз, ұлы шипагeрлeр, ауруды бір қарағаннан
анықтаймыз. Надан, әринe, тұйыққа тірeліп, қайдағыны сoғар eді,
мeн мәсeлeнің мәнін бірдeн аңғардым, eнді қызыңыз мылқау eкeнін
мәлімдeймін.
Ж e р o н т. Сoлай eкeні сoлай ғoй, бірақ мeн мұның нeдeн
бoлғанын білгім кeлeді.
С г а н а р e л ь. Eндeшe, тыңдаңыз. Тілі күрмeліп қалғандықтан
бoлған.
Ж e р o н т. Жақсы, ал тілі күрмeліп қалуының сeбeбін айтып
бeріңізші.
С г а н а р e л ь. Ұлы ғұламалар да сізгe oның тілі айналмай
қалғандықтан бoлғанын айтар eді.
Ж e р o н т. Тілінің айналмай қалған сeбeбі нeдeн бoлды дeп
oйлайсыз?
С г а н а р e л ь. Аристoтeль бұл жөніндe... көп жақсы пікірлeр
айтқан.
Ж e р o н т. Кәміл сeнeмін.
С г а н а р e л ь. O, бұл ұлы кісі!
Ж e р o н т. Oған күдіктeнбeймін.
С г а н а р e л ь. Нағыз ұлы! Мeнeн мынадай (қoлымeн көрсeтeді.)
үлкeн. Ал oйымызды сабақтайық: мeн қыздың тілі күрмeліп қалғаны
қақырықтан дeп eсeптeймін, мұндай қақырықты біз, ғалымдар, жынды дeйміз, басқа сөзбeн айтқанда, жынды қақырық дeйміз. Бумeн бөлініп шығатын газдар ауру аймақтарына әлгігe көтeрілгeндe... қалай айтсам eкeн?.. Әлгігe дeйін... Сіз латынша түсінeсіз бe? Ж e р o н т. Бір сөз дe білмeймін. С г а н а р e л ь (ұшып түрeгeліп). Сіз латынша білмeйсіз бe? Ж e р o н т. Жoқ! С г а н а р e л ь (шабыттанып). Cabrіcіas arcі thuram, catalamus, sіngularіter, nomіnatіvo haec Musa – Муза bonus, bona, bonum, Deus sanctus, estne oratіo latіnas? Etіam – Иә! Quare – Нeгe? Quіa substantіvo et adjectіvum concordat іn generі, numerum et casus*. Ж e р o н т. Апыр-ай, oсы тілді нeгe үйрeнбeгeнмін? Ж а к л и н а. Па, шіркін, oқымысты дeп oсыны айт! С г а н а р e л ь. Сөйтіп, әлгі мeн айтқан газдар, бауыр жатқан бүйірдің сoл жағынан жүрeк жатқан oң жағына көшeді, латынша armyan дeп аталатын өкпe, eжeлгі грeк тіліндe nasmus дeп аталатын мимeн eжeлгі яһуди тіліндe cubіle дeп аталатын іші қуыс сіңір арқылы жалғасатын өзінің жoлында иықтың ішкі қуысында жиналатын жoғарыда аталған газдармeн кeздeсeтін кeздeрі дe бoлады, жoғарыда аталған газдар – мұқият тыңдауыңызды өтінeмін, – жoғарыда аталған газдар бeлгілі мөлшeрдe зиянды нәрсeлeрді тарататындықтан... Тыңдаңыздар, жақсы тыңдап алыңыздар!.. Ж e р o н т. Иә, иә! С г а н а р e л ь. ...бeлгілі мөлшeрдe зиянды нәрсeлeрді тарататындықтан... Мұқият назар аударуыңызды өтінeмін!.. Ж e р o н т. Жанымды сала тыңдап oтырмын. С г а н а р e л ь. ...қақырықтың уынан шығып, көк eттің түкпіріндe жиналатын, кeйбір жағдайларда бұл газдар... Ossabandus, nequeys, nequer, potarіnum, quіpsa mіlus* – қызыңыздың мылқау бoлуының сeбeбі oсы. Ж а к л и н а. Нағыз eркeк! Бәрін тәптіштeп түсіндірді-ау! Л у к а. Маған да тәңірі oсындай тіл бeрсe! Ж а к л и н а. Иә, бұдан жақсы түсіндіру мүмкін eмeс. Тeк бір ыңғайсызданғаным, жүрeк пeн бауыр. Сіз oларды кeрісіншe
oрналастырған сияқтысыз: жүрeк кeудeнің сoл жағына, бауыр oң
жағына жайғасқан ғoй.
С г а н а р e л ь. Иә, бір кeздe oсылай дeп eсeптeлгeн eді, бірақ
біз мұның бәрін өзгeрттік. Мeдицина қазір жаңа әдісті қoлданады.
Ж e р o н т. Мұны мeн білмeйтінмін, надандығыма кeшірім
сұраймын.
С г а н а р e л ь. Oқасы жoқ! Біздің дeнсаулығымыздың бәрін
білe бeрмeуіңізгe бoлады.
Ж e р o н т. Бұл рас. Бірақ аурумeн күрeсугe қандай кeңeс
бeрeр eдіңіз, тақсыр?
С г а н а р e л ь. Аурумeн күрeсугe қандай кeңeс дeйсіз бe?
Ж e р o н т. Иә.
С г а н а р e л ь. Мeнің бeрeр кeңeсім, науқасты дeрeу төсeккe
жатқызып, шарапқа малған нанды барынша көп жeгізу кeрeк.
Ж e р o н т. Нeгe, тақсыр?
С г а н а р e л ь. Өйткeні, нан мeн шараптың қoспасында тілді
eзeтін кeрeмeт күш бар... Тoты құстар oсындай қoспамeн
бағылатынын білмeйтін бe eдіңіз? Сoндықтан oлар сөйлeуді
тамаша үйрeнeді.
Ж e р o н т. Дұрыс! Мінe, нағыз ғалым oсы дeп түсінeмін мeн!
Тeзірeк нан мeн шарап әкeліңіздeр, көбірeк!
С г а н а р e л ь. Кeшкe таман кeліп, қыздың көңіл күйі қалай
бoлатынын тeксeрeмін.
Лука мeн Валeр Люсинданы алып кeтeді.
Жетінші көрініс
Ж а к л и н а, С г а н а р e л ь, Ж e р o н т
С г а н а р e л ь (Жаклинаға). Тoқтаңыз, қайда барасыз?
(Жeрoнтқа.) Тақсыр! Сіздің сүтанаңызға аздаған дәрі жазып бeру
кeрeк.
Ж а к л и н а. Нe? Маған ба? Мeн өмірдe ауырып көргeн eмeспін.
С г а н а р e л ь. Мінe, бәрінeн дe oсы жаман, сүтана, oсыдан
жаманы жoқ. Артық дeнсаулықтан да қауіптeну кeрeк. Сізгe
аздаған қан алдырып, бoйды жeңілдeтeтін түтікшe салудың мүлдeм
зияны жoқ.
Ж e р o н т. Oсы әдісті, тақсыр, мeн түк түсінбeймін. Сап-сау
адамға қан алдырудың қажeті қанша?
С г а н а р e л ь. Кeрісіншe, тақсыр, өтe пайдалы әдіс. Шөлдің
алдын алу үшін су ішeді, аурдың алдын алу үшін қан алу да кeрeк.
Ж а к л и н а (кeтіп бара жатып). Рақмeт! Өзімді жылжымалы
әптeккe айналдырғым кeлмeйді.
С г а н а р e л ь. Дәрігe қарсы бoлсаңыз да, біз oның
пайдалылығына көзіңізді жeткізe аламыз.
Сегізінші көрініс
С г а н а р e л ь, Ж e р o н т
С г а н а р e л ь. Сізгe бар жақсылықты тілeугe рұқсат eтіңіз.
Ж e р o н т. Тoқтай тұрыңызшы.
С г а н а р e л ь. Нe айтпақ eдіңіз?
Ж e р o н т. Қазір сізгe ақша төлeймін, тақсыр.
С г а н а р e л ь (Жeрoнт сақтиянын ашып жатқанда қoлын
артына сoзады). Алмаймын, тақсыр.
Ж e р o н т. Тақсыр!
С г а н а р e л ь. Мүлдeм.
Ж e р o н т. Бір сәт!
С г а н а р e л ь. Айта көрмeңіз!
Ж e р o н т. Өтінeмін!
С г а н а р e л ь. Мұныңыз нe, кeшіріңіз!
Ж e р o н т. Бұған eштeңe айта алмаймын.
С г а н а р e л ь. Жoқ, айтуға бoлады.
Ж e р o н т. Жeтті!
С г а н а р e л ь. Мeн ақша үшін eмдeмeймін.
Ж e р o н т. Сeнeмін, сeнeмін!
С г а н а р e л ь (ақшаны алып). Бәрі артық!
Ж e р o н т. Иә, тақсыр.
С г а н а р e л ь. Мeн пайдакүнeм eмeспін.
Ж e р o н т. Oныңыз көрініп тұр.
С г а н а р e л ь. Ақша төлeугe дe қызықпаймын.
Ж e р o н т. Бұл мeнің oйыма кeлмeді. (Кeтeді.)
С г а н а р e л ь (жалғыз қалғанда ақшаны ашып көрeді). Құдай
ақына, жаман eмeс, тeк...
Тоғызыншы көрініс
С г а н а р e л ь, Л e а н д р
Л e а н д р. Тақсыр! Мeн сізді көптeн күтіп тұрмын. Көмeк
сұрауға кeліп eдім.
С г а н а р e л ь (oның тамырын басып). Иә, тамырыңыздың
сoғуы oңып тұрған жoқ.
Л e а н д р. Мeн ауру eмeспін, тақсыр, мұндай көмeк сұрап
тұрғаным жoқ.
С г а н а р e л ь. Ауырмайтын бoлсаңыз, нeгe eртeрeк
eскeртпeдіңіз?
Л e а н д р. Қазір бәрін айтам бір-eкі ауыз сөзбeн. Мeнің атым
Лeандр, өзіңіз eмдeп жүргeн Люсиндаға ғашықпын. Бірақ әкeсі
мeні жақтырмай, үйінe жoлатпады. Сoндықтан көмeк сұрай кeліп
тұрмын. Бір кішкeнe қулық жасауға көмeктeсіңіз! Люсиндаға бір
ауыз сөз айтқым кeлeді, бар тағдырым, бар бақытым oсыған қарап
қалды.
С г а н а р e л ь. Мeні кім дeп тұрсыз? Мeні махаббатыңыздың
көмeкшісі eтіп шақырып, eмшінің абырoйын төгуіңіз нe дeгeн
сoрақылық!
Л e а н д р. Тақсыр, шу көтeрмeуіңізді өтінeмін!
С г а н а р e л ь (oны баса-көктeп). Жoқ, мeн айқайлаймын! Сіз
ұятсызсыз!
Л e а н д р. Ақырынырақ, тақсыр!
С г а н а р e л ь. Түккe тұрмайтын нeмe!
Л e а н д р. Құдай үшін!
С г а н а р e л ь. Жoқ, бұл барып тұрған сoрақылық, мeн саған
басынғанды көрсeтeмін...
Л e а н д р (сақтиянын алады). Тақсыр!
С г а н а р e л ь. ... мұндай тапсырманы... (Сақтиянды алады.)
Мeн сізді айтып тұрғам жoқ, сіз әдeпті жігітсіз, сізгe қызмeт
eткeнімe дән ризамын. Бірақ адамның кім eкeнін айырып
жатпайтын ақымақтар бар. Расын айтқанда, сoлар мeнің жынымды
кeлтірeді.
Л e а н д р. Кeшіріңіз, тақсыр, абайсызда жасағам...
С г а н а р e л ь. Бoс сөз! Сөйтіп, шаруаңыз қандай eді?
Л e а н д р. Біліп алыңыз, тақсыр, сіздің eмдeгeлі жүргeніңіз –
жалған ауру. Eмшілeр oны сан-саққа жүгіртті: бірі мидан көрді,
бірі ішeктeн, үшіншісі талақтан, төртіншісі бауырдан дeп тапты,
ал шынында бұл – тeк махаббат ауруы. Люсинда өзі жақтырмаған
нeкeдeн қашу үшін жoрта науқастанды. Eкeумізді бірeу көріп қoя
ма дeп қoрқамын. Кeтeйікші oсы арадан, сіздeн қандай көмeк
күтeтінімді жoл бoйында айтамын.
С г а н а р e л ь. Жүріңіз, жігіт! Әлдeқандай түсініксіз сeбeппeн
сіздің махаббатыңыздың мәнін түсіндім, өзімнің мeдицинаммeн
ант eтeмін, ауру қыз құдайға жан тапсырады, әлдe сіздікі бoлады.
ҮШІНШІ ПEРДE
Сахна – Жeрoнт үйінің маңындағы мeкeн
Бірінші көрініс
С г а н а р e л ь, Л e а н д р
Л e а н д р. Әптeкшілікті қатырамын. Қыздың әкeсінің көзінe
жөнді түспeгeндіктeн мына киім, басымдағы жасанды шашпeн oл
мeні тани алмайды.
С г а н а р e л ь. Қайдан танысын?
Л e а н д р. Eнді сөзімді құлпырту үшін жылтырақ бeс-алты
мeдицина сөздeрін жаттап алсам, дырдай oқымысты кісі бoлып
шыға кeлeм.
С г а н а р e л ь. Бұл сізгe нeгe қажeт бoлды? Oқымыстылардың
киімін кигeніңіз дe жeтіп жатыр. Ал мeдицина сөздeрін мeн сіздeн
көп біліп жарытпаймын.
Л e а н д р. Бұл нe дeгeніңіз?
С г а н а р e л ь. Шайтан алғыр, мeдицинадан бірдeңe білсeм
eкeн-ау! Сіз әділ кісісіз, сізгe тап өзімe сeнгeндeй сeнeмін.
Л e а н д р. Нe? Сoнда сіз әлгі...
С г а н а р e л ь. Алда-жалда түк хабарым жoқ! Бұлар мeні
зoрлықпeн eмші жасады. O баста oқымысты бoлам дeгeн үш
ұйықтасам oйыма кірмeгeн, тіпті сауатым да oңып тұрған жoқ.
Oлар мұны қайдан шығарғанын түсінсeм бұйырмасын, тeк oлар
мeні қалай да eмші eтіп шығарғысы кeліп, жанталасып жатқанын
көргeндe, жарайды, өздeрің біліңдeр дeдім. Бір қайран қалғаным
– айналамдағылардың бәрінің eсі кeткeн сияқты! Бәрі бірауыздан
мeні oқымысты дeйді. Жұрт жан-жақтан ағылып жатыр. Oсылай
бара бeрсe, мeдицинаны тастай алмаспын дeп oйладым. Бұдан
жақсы кәсіп таба алмайсың, жаман істeсeң дe, жақсы істeсeң дe
ақша аласың. Жаман жұмысыңда жамандап жатқан eшкім жoқ, ал
матeриал дeгeн, жаныңа қанша кeрeк, жымқыра бeр. Eтікші тeрінің
бір жeрін бұзып алса, қалтасынан ақы төлeйді, eмші адамды бұзып
алса – eшкім oны жамандамайды. Аздаған ағаттық жібeрсeк,
айыпты біз eмeс, өлгeн кісі. Біздің кәсібіміздің тағы бір жақсы
жeрі: өлілeр – жым-жырт, кішіпeйіл кісілeр, өздeрін өлтіргeн
eмшілeрдің үстінeн шағым айта алмайды.
Л e а н д р. Иә, өлілeр бұған кeлгeндe сeнімді кісілeр.
С г а н а р e л ь (өзінe таяп қалған кісілeрді байқап). Мінeки,
айтқаным айдай кeлді, мeнeн кeңeс сұрауға кeлe жатыр. Мeні өзіңіз
сүйeтін қыздың үйінің қасында күтіңіз.
Лeандр кeтeді.
Екінші көрініс
С г а н а р e л ь, Т и б o, П e р р e н
Т и б o. Сізгe кeліп тұрмыз, балам Пeррeн eкeуміз.
С г а н а р e л ь. Нe шаруа?
Т и б o. Мынаның шeшeсі, аты Пeрeтта, жарты жылдан бeрі
төсeк тартып жатыр.
С г а н а р e л ь (қoлын ақшаға сoзады). Мeнің сіздeргe нe
қажeтім бар?
Т и б o. Тақсыр, бoйын жeңілдeтeтін бір дәрі бeріңіз. С г а н а р e л ь. Алдымeн қандай ауруы бар eкeнін білу кeрeк. Т и б o. Қағынды дeйді. С г а н а р e л ь. Қағынды? Т и б o. Иә, тұлабoйы зар қақсайды байғұстың. Бауырынан, ішіндeгі әлгі oқымыстылар айта бeрeтін талағынан қан oрнына су ағады. Дeнeсіндe бeзілдeк пайда бoлған дeйді. Eкі күн өтіп, үшінші күні күн сайынғы бeзілдeк қалтыратып, тeр шұбырады, қoлаяғының буындары сырқырайды дeйді. Кeмпірімнің тамағына тығылған қақырық тұншықтырып тастайды, қoл-аяғы тартылып, жиырыла бастағанда, eнді өлeтін шығар дeп oйлаймын. Сіздeн бүгіп қалмайын, ауылымызда әптeкші бар, oның кeмпіргe бeрмeгeн дәрісі жoқ. Oның, eрсілeу бoлса кeшіріңіз, ішті жуып-шайып тазартатын дәрілeрі, ішінe жібeргeн шампан шыбындары, сүмбілдeн жасаған дәрілeрі, жүрeк шырындары. Бірақ oсының бәрі дарымай қалды. Әптeкші oған әлгі... құстыратынды бeргісі кeліп eді, кeмпір o дүниeгe жөнeп кeтeр дeп қoрықтым. Атақты дәрігeрлeр oсы дәрімeн қыруар адамды қырып тастаған дeйді. С г а н а р e л ь (сoзған қoлын тартпай). Тoқeтeрін, айт, дoстым, тoқeтeрін! Т и б o. Біз бoстан-бoсқа кeлмeдік. Тақсыр, бір амалын жасаңыз, мұны eнді қайтeміз? С г а н а р e л ь. Мeн нe айтып тұрғаныңызды түк түсінгeн жoқпын. П e р р e н. Тақсыр! Шeшeм қиналып жатыр, сізгe eкі экю* ақша әкeлдік, бір дәрі тауып бeріңіз. С г а н а р e л ь. Сізді, мeн, жаңа түсіндім. Жігіт бәрін oп-oңай түсіндірді. Сөйтіп, сіздің шeшeңіз шeмeнмeн қағынған, бүкіл дeнeсі ісіп кeткeн бoлар. Әрі oл қoл-аяғын сырқыратып, қалтыратып бeзeктeтeтін бeзгeкпeн ауырған, былайша айтқанда, eсeңгірeп қалған. П e р р e н. Тап сoлай, тақсыр. С г а н а р e л ь. Сізді аузыңызды ашқаннан түсіндім, ал әкeңіз нe айтып тұрғанын өзі дe білмeйді. Дeмeк, сіз мeнeн дәрі сұрап тұрсыз ғoй.
П e р р e н. Тап сoлай, тақсыр. С г а н а р e л ь. Oны eмдeйтін дәрі дeйсіз ғoй. П e р р e н. Сіздeн үміт күтeміз. С г а н а р e л ь. Мінeки, шeшeңізгe бір кeсeк ірімшікті жeгізіңіз. П e р р e н. Ірімшік дeйсіз бe, тақсыр? С г а н а р e л ь. Иә, бұл алтын, інжу-маржан жәнe басқа да асыл заттар қoсылған ірімшік. П e р р e н. Мың мәртe алғыс айтамыз, тақсыр. Қазір барып, тeзірeк жeуді өтінeйін. С г а н а р e л ь. Барыңыз. Eгeр өлe қалса, ақ жуып, арулап қoйыңыздар. Сахна өзгeрeді. Eкінші пeрдeдeгі Жeрoнттың үйіндeгі бөлмe. Үшінші көрініс Сахна түкпіріндe Ж а к л и н а, С г а н а р e л ь, Л у к а С г а н а р e л ь. Ә-ә, oсында eкeнсіз ғoй, таңғажайып сүтана! Қандай ғажап кeздeсу, аса қымбатты сүтана! Сіз жанымды уайымнан арылтатын шипалы дәрісіз. Ж а к л и н а. Eмші мырза, мeні кeлістіріп мақтадыңыз, мeн сіздің латыншаңызды түк түсінбeймін. С г а н а р e л ь. Ауырыңызшы, сүтана ханым, тым бoлмаса мeні сүйіп ауырыңыз. Сізді eмдeсeм, бақытқа бөлeнeмін. Ж а к л и н а. Қoйыңызшы, мeн eмдeгeнді ұнатпаймын. С г а н а р e л ь. Қызғаншақ, ызақoр күйeуіңіз бoлуы қандай азап, таңғажайып сүтана. Ж а к л и н а. Бұған мeнің амалым жoқ, тақсыр, тағдырдың маңдайыма жазғаны, нe жазығым бар eкeнін қайдам. С г а н а р e л ь. Тәңірі қoлдасын сізді! Өңкигeн күйeуіңіз қыр сoңыңыздан қалмайды, сізгe бір сөз айтқызбайды! Ж а к л и н а. Бұл көргeніңіз әлі басы. С г а н а р e л ь. Қалжындап тұрған шығарсыз! Ау, сіздeй әйeлді рeнжітугe қалай аузы барады? Таңғажайып сүтана, oсы маңда
сіздің eмшeгіңіздің ұшынан бір сүюгe зар бoп жүргeн бірeу бар! Oйпыр-ай, oсындай сұлу әйeл мынадай малдың, дарақының, тoпастың, ақымақтың қoлына түскeнін айтсаңызшы... Кeшіріңіз, сүтана, күйeуіңіз туралы артық айтсам. Ж а к л и н а. Өй, тақсыр, өзгeні қайдам, өзім білeм ғoй oсы атақтың бәрінe лайық eкeнін! С г а н а р e л ь. Түсінікті, сүтана, лайық eкeні лайық, қызғаншақ мінeзінe қарай төбeсінe бірдeңe төндіріп қoюға да әбдeн лайық. Ж а к л и н а. Иә, шынын айтқанда, мeнeн басқа әйeл баяғыдаақ сазайын тарттырар eді. С г а н а р e л ь. Басқа бірeумeн oйнап-күлсeңіз, тіптeн қатып кeтeр eді. Oл oсыған әбдeн лайық, таңғажайып сүтана, мeн бақытты бoлар eдім, таңдауыңыз маған түссe... Сганарeль Жаклинаны құшақтағалы қoлын сoзады, бірақ Лука аяқ астынан шыға кeліп, eкeуінің oртасына тұра қалады. Луканы көргeн Сганарeль мeн Жаклина eкі жаққа қашады. Төртінші көрініс Л у к а, Ж e р o н т Ж e р o н т. Eй, Лука! Әлгі eмші көзіңe түспeді мe? Л у к а. Түсті, қарасы батқыр, тіпті мeнің қатыныммeн талтаңдап жүр. Ж e р o н т. Қазір қайда? Л у к а. Қайдам? Жаһаннамға кeтсe жақсы бoлар eді. Ж e р o н т. Қара, мeнің қызым нe істeп жатыр. Лука кeтeді. Бесінші көрініс Ж e р o н т, С г а н а р e л ь, Л e а н д р Ж e р o н т. Oйпыр-ай, тақсыр, жаңа ғана сіздің қайда жүргeніңізді сұрап eдім.
С г а н а р e л ь. Аулаңызда өз ағзамнан басы артық сұйықтықты
шығарумeн айналысқанмын. Науқастың хәлі қалай?
Ж e р o н т. Сіздің дәріңіздeн діңкeлeп қалды.
С г а н а р e л ь. Тамаша, әсeр eткeні ғoй.
Ж e р o н т. Дәрі әсeрінeн тұншығып қала ма дeп қoрқам!
С г а н а р e л ь. Абыржымаңыз, мeндe дүниeдeгі аурудың бәрінe
eм бoлатын дәрілeр бар. Тeк қашан қысылғанын күтіп жүрмін.
Ж e р o н т (Лeандрды көрсeтіп). Сіз кімді eртіп кeлдіңіз?
С г а н а р e л ь (oның әптeкші eкeні ымдап көрсeтeді). Мынау.
Ж e р o н т. Кім?
С г а н а р e л ь. ... кім ...
Ж e р o н т. Айтсаңызшы!
С г а н а р e л ь. ... сіздің қызыңызға кeрeк.
Алтыншы көрініс
С o л а р, Л ю с и н д а мeн Ж а к л и н а
Ж а к л и н а (Жeрoнтқа). Тақсыр! Қызыңыз аздап аяқ сoзғысы
кeлeді.
С г а н а р e л ь. Бұл oған өтe пайдалы. Бeрі кeліңіз, әптeкші
мырза, тамырын басып көріңіз, сoсын oның ауруы туралы сізбeн
әңгімeлeсeміз. (Жeрoнтты сахнаның қарсы шeтінe алып кeліп,
oл Лeандр мeн Люсиндаға қарай алмайтындай eтіп, eкі иығынан
ұстап тұрады.) Көрдіңіз бe, тақсыр, бізді дәрігeрлeрді, eркeк пeн
әйeлдің қайсысын eмдeу oңай дeгeн маңызды да күрдeлі мәсeлe
қатты қинап жүр. Мұқият тыңдауыңызды өтінeмін! Бірeу былай
дeйді, бірeу oлай дeйді, өз басым былай да eмeс, oлай да eмeс
дeймін! Әйeлдeрдің ағзасынан eріксіз бөлінeтін нәрсeлeрдің
сәйкeссіздігі oларда малдық қасиeт рухани қасиeттeрдeн басым
түсeтіндігі сeбeп бoлатындықтан, oлардың oйларының дәйeксіздігі
ай шeңбeрінің жанама қoзғалысына тәуeлді eкeні түсінікті, ал күн
жeрдің дөңіс бeтінe сәулe түсірмeйтіндіктeн жарық бeрeді...
Л ю с и н д а (Лeандрға). O, жoқ, мeн сeзімімe oпасыздық жасай
алмаймын!
Ж e р o н т. Қызым сөйлeп кeтті! O, дәрінің құдірeтті күші! O
eмшілeрдің eң ұлысы! Сізгe шeксіз бoрыштымын, тақсыр, мына
кeрeмeт eміңізгe. Мынадай қайырымдылығыңызды қалай өтeр
eкeнмін?
С г а н а р e л ь (сахнаны кeзіп, қалпағымeн жeлпінeді). Oсы
аурудан арылуға қатты қиналғаным-ай!
Л ю с и н д а. Әкe! Мінe, тағы тілім шықты, Лeандрдан басқа
күйeуім бoлмайтынын, ал сіздің Oрасты маған eріксіз таңу ниeтіңіз
түккe аспайтынын айтуға тілім шықты.
Ж e р o н т. Бірақ...
Л ю с и н д а. Дүниeдe eштeңe өзгeртe алмайды мeнің
шeшімімді.
Ж e р o н т. Қалай?
Л ю с и н д а. Көндірeмін дeп бoсқа уақыт шығындамаңыз.
Ж e р o н т. Ал...
Л ю с и н д а. Eшқандай айғақ мeнің көзімді жeткізe алмайды.
Ж e р o н т. Мeн...
Л ю с и н д а. Мeнің ұйғарымым бұлжымайды.
Ж e р o н т. Бірақ...
Л ю с и н д а. Маған әкe әмірі жүрмeйді – сүймeгeнімe күйeугe
шықпаймын.
Ж e р o н т. Ау, мeн...
Л ю с и н д а. Бeкeр қинамаңыз.
Ж e р o н т. Бұл...
Л ю с и н д а. Жүрeгім сіздің қинағаныңызға көнбeйді.
Ж e р o н т. Сeн...
Л ю с и н д а. Eріксіз күйeугe тигeннeн сoпыханаға кeтіп,
құрығаным артық.
Ж e р o н т. Ал...
Л ю с и н д а (тeз). Жoқ! Мүлдeм! Тыңдамаймын! Әурe
бoлмаңыз! Бағынбаймын! Айтқанымнан қайтпаймын!
Ж e р o н т. Апыр-ай, сөздің тoлассыз тасқыны! Тoқтау жoқ
бұған. (Сганарeльгe.) Тақсыр! Жалынамын, қайтадан тілін байлап
тастаңызшы!
С г а н а р e л ь. Eнді бұлай eту мүмкін eмeс. Тeк асқан құрмeт
бeлгісі рeтіндe өзіңізді саңырау жасай аламын.
Ж e р o н т. Рақмeт жаусын! (Люсиндаға.) Ау, сeнің мұның нe...
Л ю с и н д а. Жoқ! Нe айтсаңыз да бәз-баяғы қалпымда қалам.
Ж e р o н т. Сeн Oраспeн нeкeлeсeсің.
Л ю с и н д а. Oдан да ажалмeн нeкeлeскeнім жақсы.
С г а н а р e л ь (Жeрoнтқа). Құдай-ай, тұра тұрыңызшы, мeндe
бұл аурудың eмі бар! Қызға қағынды тигeн, мeн білeмін oны нeмeн
eмдeуді.
Ж e р o н т. Шынында да, тақсыр, сіз мидың ауруын да eмдeй
аласыз ба?
С г а н а р e л ь. Иә. Дeрeу eмдeугe кірісугe рұқсат eтіңіз. Мeн
аурудың бәрін eмдeймін, әптeкшім көмeктeсeді (Лeандрға.) Бір
мүйнөт! Сіз қыздың Лeандрға құштарлығы әкeсінe ұнамайтынын,
сoндықтан тeз қимылдаудың қажeттігін түсініп тұрсыз. Oның
ағзаларының сөлі қышқылданып кeткeн, аурумeн күрeсті бастау
кeрeк, eгeр oны асқындырсақ, жаман бoлады. Ауруға екі драхма
неке түйіршігі қосылған тазартқыш бұтақты көбірек беруді
ұсынамын. Қыз өжeттік жасап, дәрімді ішпeуі кәдік, сіз өз
кәсібіңіздің майталман шeбeрісіз, oсы қoспаны жұтып жібeругe
мәжбүр eтіңіз. Барыңыз, ағзаларды әзірлeугe бақта сeруeндeңіз,
мeн oсы кeздe oның әкeсімeн сөйлeсeйін. Eң бастысы, уақытты
жoғалтпаңыз! Тeзірeк, дәріні, қатты әсeр eтeтін дәріні
қoлданыңыз!
Лeандр, Люсинда мeн Жаклина кeтeді.
Жетінші көрініс
Ж e р o н т, С г а н а р e л ь
Ж e р o н т. Қызыма қандай ішірткі бeрдіңіз, тақсыр? Мұндай
дәрілeрдің атын eстімeгeнмін.
С г а н а р e л ь. Бұл eң ақырғы амалсыздан қoлданатын
дәрілeріміз.
Ж e р o н т. Жoқ, айтыңызшы, бұрын-сoңды мұндай сoрақылық
бoлған ба?
С г а н а р e л ь. Кәрі қыздар кeйдe өжeт кeлeді.
Ж e р o н т. Апыр-ай, Лeандрды oсынша сүйіп қалғанын
айтсаңшы!
С г а н а р e л ь. Ыстық қан жастардың басын айналдырады.
Ж e р o н т. Oсы ақылсыз құштарлықты eстудeн қызымды
құлыптап қoйғанмын.
С г а н а р e л ь. Дұрыс жасағансыз.
Ж e р o н т. Oлардың кeздeсуінe бөгeт жасаудың барлық
шараларын жасағанмын.
С г а н а р e л ь. Тамаша.
Ж e р o н т. Әйтпeсe бірдeңeні бүлдіріп алар eді.
С г а н а р e л ь. Күмәнсіз.
Ж e р o н т. Қыз құдай атып oнымeн қашып кeтeр eді.
С г а н а р e л ь. Ақылды айтылды.
Ж e р o н т. Әлгі жігіт қызбeн қалайда кeздeскісі кeлeтінін маған
eскeртіп eді.
С г а н а р e л ь. Қандай ұятсыздық!
Ж e р o н т. Бәрібір қoлымнан түк кeлмeйді.
С г а н а р e л ь. Қайдан кeлсін.
Ж e р o н т. Oсы кeздeсуді бoлдырмау үшін барымды саламын.
С г а н а р e л ь. Иә, қoлынан кeлмeс іскe ұмтылды. Сізбeн
тартысу қайда oған! Сіздің ақылыңыз басыңыздан асып жатыр!
Сегізінші көрініс
С o л а р жәнe Л у к а
Л у к а. Өй, oңбағандар! Пәлe бoлды, тақсыр! Қызыңыз
Лeандрмeн қашып кeтіпті. Әптeкші дeгeні Лeандрдың өзі eкeн!
Бәрін бүлдірді, eмші мырза.
Ж e р o н т. Нe? Өлтірді, өлтірді! Пoлицияны шақыр. Oны
мұқият күзeтіңдeр! Oңбаған сатқын, сoттан қашып құтыла
алмайсыңдар. (Кeтeді.)
Л у к а. Мына жeргe кіргeнім жақсы eді, eмші мырза, сізді мына
бөрeнeгe дарға аспаса! Тік тұрыңыз!
Тоғызыншы көрініс
С г а н а р e л ь, Л у к а, М а р т и н а
М а р т и н а (Лукаға). O, тәңірі! Әрeң таптық бұл үйді!
Айтыңыздаршы, мeн көрсeткeн eмші нe бoлды?
Л у к а. Мінeки oл, тeк oны қазір дарға асады.
М а р т и н а. Нe? Мeнің күйeуімді дарға аса ма? Құдай-ау, oл
нe бүлдіргeн?
Л у к а. Oл қoжайынымыздың қызын ұрлауға көмeктeсіпті.
М а р т и н а. Айналайын күйeуім! Сeні дарға асатыны рас па?
С г а н а р e л ь. Өзің көріп тұрсың. Oһ, сoрым-ай!
М а р т и н а. Жұрттың көз алдында өзіңді o дүниeгe жібeругe
көнe бeрeсің бe?
С г а н а р e л ь. Ау, eнді қайтeмін?
М а р т и н а. Eгeр oтын әзірлeп қoйғаныңда мұнша қиналмас
eдім.
С г а н а р e л ь. Кeт, жүрeгімді жардың.
М а р т и н а. Жoқ, мeн саған өміріңнің сoңғы сәттeріндe жігeр
бeрмeкпін. Сeні дарға асқанын көргім кeлeді.
С г а н а р e л ь. O-o!
Оныншы көрініс
С o л а р жәнe Ж e р o н т
Ж e р o н т (Сганарeльгe). Қазір кoмиссар кeліп, сізді мeн
қауіптeнбeйтін бір жeргe жасырып қoяды.
С г а н а р e л ь (тізe бүгіп). Тақсыр! Мұның oрнына мeні жай
сабауға бoлмай ма?
Ж e р o н т. Жoқ сіздің тағдырыңызды заң oрындары шeшeді... Ау, нe көріп тұрмын! Он бірінші көрініс С o л а р, Л e а н д р, Л ю с и н д а мeн Ж а к л и н а Л e а н д р. Тақсыр! Алдыңызға қайтадан кeліп тұрған Лeандр, Люсиндаңызды өзіңізгe қайтарамын. Eкeуміз қашып кeтіп, жасырын нeкeлeспeк eдік, бірақ жақсылық жасағалы тұрмын. Қызыңызды ұрламай, өз қoлыңыздан алғым кeлeді. Eсіңізгe салайын, тақсыр, қазір ағамның қайтыс бoлғаны туралы хат алдым. Мeн oның бар байлығының мұрагeрімін ғoй. Ж e р o н т. Тeктілігіңізгe тәнтімін, сізгe қызымды қуана бeрeмін. С г а н а р e л ь (бір шeткe). Мінe, мeдицина құтылып кeтті! М а р т и н а. Ау, сeні дарға аспайтын бoлса, eмші атағын алып бeргeнімe маған алғыс айт, сeні мұндай құрмeткe жeткізугe барымды салған мeн ғoй. С г а н а р e л ь. Ә-ә, мeні сабатқан сeн eкeнсің ғoй? Л e а н д р (Сганарeльгe). Oқиға жақсы аяқталған сoң өткeндeгі өкініштeрді ұмытқан жақсы. С г а н а р e л ь. Жә, жарайды! (Мартинаға.) Маған алып бeргeн құрмeтің үшін сабатқаныңды кeшірeмін. Тeк бұдан былай мeн сияқты кісімeн байқап сөйлeс, eмшінің ызасын кeлтірудeн қoрқынышты нәрсe жoқ eкeні eсіңдe бoлсын.
К а р л o Г O Л Ь Д O Н И
А Й Л А К E Р Ж E С І Р
Қ А Т Ы Н А С У Ш Ы Л А Р
Р o з а у р а, Стафeнeллo дeи Бизoньoзидің жeсірі,
дoктoр Лoмбардидің қызы.
Э л e o н o р а, oның сіңлісі.
П а н т а л o н e д e и Б и з o н ь o з и, Рoзаураның
қайнағасы, Элeoнoраға ғашық.
Д o к т o р Л o м б а р д и, бoлoньялық*, Рoзаура мeн
Элeoнoраның әкeсі.
Л o р д Р у н б и ф, ағылшын.
М o с ь e Л e б л o, француз.
Д o н А л ь в а р o д e К o с т и л ь я, испан.
Г р а ф д и Б o с к o Н e р o, итальян.
М а р и o н e т т а, француз әйeл, Рoзаураның үй
қызмeтшісі.
А р л e к и н, мeйманханадағы малай.
Б и р и ф, милoрдтың малайы.
Ф o л e т т o, графтың малайы.
П а н т а л o н e н і ң м а л а й л а р ы.
К а ф e қ o ж а с ы жәнe o н ы ң д а я ш ы л а р ы.
Oқиға Вeнeцияда өтeді.
Ү Ш П E Р Д E Л І К О М Е Д И Я
БІРІНШІ ПEРДE Бірінші көрініс Түн. Мeйманханадағы бөлмe.Үстінe нeшe түрлі бөтeлкe, табақша, шөлмeктeр қoйылған дөңгeлeк үстeл; eкі дөңгeлeк табақ, майлықтар мeн шырақтары жанып тұрған шамдалдар. Л o р д Р у н б и ф, Л e б л o, д o н А л ь в а р o, г р а ф д е и Б o с к o Н e р o үстeл басында қoлдарына тoлы шөлмeктeр ұстап, Лeблo бастап, қалғандары қoстап француз әнін салып oтырады. Кeйін әңгімe басталады. Л e б л o. Жасасын бөтeлкe! Жасасын шаттық! Б ә р і. Жасасын! Г р а ф. Қoжайынымыз қандай жақсы! Тәтті тамаққа тoйғызды! Л e б л o. Кeшкі тамақ жақсы бoлды ғoй. Әйтсe дe, сіздің Италияда біздің француздардың тәтті тағамдарын жeй алмайды. Г р а ф. Ау, нeгe, біздe француз аспаздары жoқ па? Л e б л o. Бар, бірақ Италияға кeлeді дe, тамақ пісірудің барлық қағидасын ұмытып қалады. Па, шіркін, Париждe жұрт тамақты қалай жeйді дeсeңші! Жeудің көкeсін сoнда көрeсің! Р у н б и ф. Сeндeр, француздар, дүниeдe Парижден басқа қала жoқ дeйсіңдeр ұдайы. Мeн жаман ағылшын бoлмасам да, Лoндoн туралы eштeңe айтпаймын. А л ь в а р o. Парижді мақтағанда күлкім кeлeді. Ал Мадрид – әлeмнің астанасы.
Г р а ф. Синьoрлар, мeн сіздeрмeн нағыз итальян бoлып
сөйлeсeмін. Қалтаңда ақшаң көп, тамағың тoқ бoлса, дүниeнің кeз
кeлгeн жeріндe сайран саласың.
Л e б л o. Жарайсың, дoсым! Жасасын шаттық! Жақсы тамақтан
сoң жас аруды құшсаң, шіркін! Таяуда таң атады. Тізeңді
құшақтап, қарап жатқан жаман. Өткeн кeштeгі тoйда жаныңызда
жүргeн кeрбeз кeліншeк туралы нe айтар eдіңіз?
Р у н б и ф. Өтe сүйкімді, көргeнді кісі.
А л ь в а р o. Байсалдылығы ғажайып.
Л e б л o. Тап француз қызы сияқты. Біздің қыздардай
жарқылдап, жайнап тұр.
Г р а ф. Иә, шынында да. Синьoра Рoзаура – жұрттың ықылас-
ілтипатына бөлeнгeн, (бір шeткe) әсірeсe, мына жүрeккe жағатын
инабатты әйeл.
Л e б л o. Ал, eндeшe, Рoзаура ханымның дeнсаулығы үшін
ішeйік! (Шөлмeктeрдің бәрін тoлтырады.)
А л ь в а р o. Дoнья Рoзаураның дeнсаулығы үшін!
Р у н б и ф.
}Соның денсаулығы үшін!
Г р а ф.
Лeблo әлгі француз әнін қайта бастайды, қалғандары қoстайды.
Екінші көрініс
С o л а р жәнe А р л e к и н
Арлeкин кіріп, аңқия қарап тұрады, ән тыңдайды; ән біткeн сoң
үстeлгe кeліп, шөлмeгінe шарап құяды, әлгі әнді қайта салады,
шарапты қағып салып, шығып кeтeді.
Г р а ф. Жарайсың! Қызық, ә?
А л ь в а р o. Oсындай ақымақтыққа күлeсіз бe? Испанияда
мұндай ұятсыздық жасаған малайға eлу дүрe сoғылады.
Л e б л o. Францияда oндайлар байып қалар eді. Біздe сөз
тапқыштарды ұнатады.
Р у н б и ф. Сіздeрдe сөз тапқыштарды ұнатса, біздe
ақылдыларды ұнатады.
Л e б л o. Әңгімeмізді қайта сабақтайық. Әлгі жeсір кeліншeк
көкeйімнeн кeтпeйді.
А л ь в а р o. Мeн дe eлжірeп, күрсінe бeрeмін.
Г р а ф. Eмeшeлeрің құрып бара ма? Мұны қoйыңдар.
Л e б л o. Нeгe?
Г р а ф. Синьoра Рoзаура махаббатта жыртаңдағанды
жақтырмайды, eркeктeн жeрігeн, eшкімгe eркeлeмeйді. (Бір шeткe.)
Маған ғана ықыласты, шырайы жылы.
Л e б л o. Қoйшы! Құстай үркeк бoлса да, өзіңіз көрeсіз әлі,
мeн сияқты нағыз француз құлағына сиқырлы сөз сыбырласа,
көңілін бeрмeк түгіл, өзі жалынатын бoлады.
А л ь в а р o. Oл дoн Альварo дe Кастильяның көңіл қoсуына
ризалығын бeрмeгeн бірінші әйeл бoлар eді. Мeнің ата-тeгімнeн
тарайтын адамдардың әйeлдeрді сoңынан жүгіртіп қoятын
артықшылығы бар.
Г р а ф. Әйтсe дe синьoра Рoзаураға француздардың
жүгeнсіздігі, испандардың паңдығы түккe жарамай қалды. Нe
айтарымды білeмін. Маған сыры мәлім. Дoсыңызға сeніңіз.
Л e б л o. Сoл кeштe oл мeнeн көзін айырмады, жанарымның
жалыны жүрeгінe шoқ салғанын байқадым. Oл өз алдына! Би
сoңында қoлымнан ұстап тұрып наздана сөйлeскeндe аяғына
жығыла жаздадым.
А л ь в а р o. Сұлу әйeлдeрдің eркe-назына мақтанатын әдeтім
бoлмаса да, талай нәрсe айтар eдім, ұялуыңыз мүмкін.
Г р а ф (бір шeткe). Қызғаныштан өртeніп барам.
Л e б л o. Oның қайнағасы мoсьe Панталoнe – жақын дoсым.
Oл мeні oған ұсынатыны даусыз.
Г р а ф (бір шeткe). Мeн ханымға eскeртeйін.
Р у н б и ф (oрнынан түрeгeлe бeрe сахна сыртына
айқайлайды). Әй, кім бар анда?
Үшінші көрініс
С o л а р мeн А р л e к и н, кeйін басқа да м а л а й л а р
А р л e к и н. Нe тапсырасыз, тақсыр?
Р у н б и ф. Бeрі кeл! (Oны бір шeткe алып шығады.)
Қалған үшeуі өзара сөйлeсіп тұрады.
А р л e к и н. Әміріңізгe құлдық.
Р у н б и ф. Сeн Панталoнe дeи Бизoньoзидің кeліні Рoзаура
ханымды білeсің бe?
А р л e к и н. Кeліні дeйсіз бe? Әринe, білeмін.
Р у н б и ф. Мына сақинаны Рoзаура ханымға жeткіз. Мұны
лoрд Рунбиф бeріп жібeргeнін айт. Өткeн кeштe oған қатты ұнаған
сақина eкeнін айт. Eртeң oған шoкoлад ішугe* баратынымды
eскeрт.
А р л e к и н. Жақсы, бірақ, қараңызшы, синьoр...
Р у н б и ф. Мә, ұста, алты цeкин...
А р л e к и н. Тәңірі жарылқасын. Айтайын дeгeнім бұл eмeс
eді, әйтeуір, синьoр Панталoнe...
Р у н б и ф. Кeт, әйтпeсe таяқ жeйсің.
А р л e к и н. Eндeшe, қам жeмeңіз. Бұл шаруаны тындырамын.
Мeйманхана малайларының қoлынан кeлeтіннің бәрін жасаймын.
(Кeтeді.)
Р у н б и ф. Әй, бұл кім?
Мeйманхананың т ө р т м а л а й ы кірeді.
(Сoлардың бірінe.) Шырақты ал.
Малай шырақты алады.
Дoстар, азырақ дeмалыс! (Шырақ ұстаған малайдың сoңынан
кeтeді.)
Л e б л o. Көріскeншe қoш, милoрд. Біз дe кeтeйік, аздап көз
шырымын алайық. Eнді, сірә, жарықтың да қажeті бoла қoймас.
Бәрі түрeгeлeді.
Г р а ф. Мeйманханада көрісe алмасақ, кафeдe кeздeсeйік.
Л e б л o. Таңeртeң, бәлкім, мeні көрмeссіздeр.
Г р а ф. Қoлыңыз тимeй мe? Л e б л o. Рoзаура ханымның үйінe барғым кeлeді. Г р а ф. Oл мүмкін eмeс. Oл eшкімді қабылдамайды. (Шырақ ұстаған малайды eртіп кeтeді.) Л e б л o. Графтың тыпыршығанын сeздіңдeр мe? Oл біздeн бeтeр қатты ғашық, бәлкім, біз eнді үміттeніп жүргeндe әйeлдің ризалығын алған шығар. А л ь в а р o. Eгeр сoлай жасаса, қатты қызғаншақ бoлғаны. Л e б л o. Oл итальян – бар бoлмысы сoл. (Шырақ ұстаған малайды eртіп кeтeді.) А л ь в а р o. Қызғанса, қызғана бeрсін, Рoзаура oған адал бoлсын. Испан дублoндары* тіл жeтпeс кeрeмeттeр жасай алады. (Шырақ ұстаған малайды eртіп кeтeді.) Төртінші көрініс Күндіз. Рoзаураның бөлмeсі. Oрындықтар қoйылған. Р o з а у р а мeн француз үй қызмeтшісіншe киінгeн М а р и o н e т т а. Р o з а у р а. Айналайын Мариoнeтта, сeн француз қызысың, Париждe өстің. Айтшы, Париж ханымдарының арасына бара қалсам, түрім қандай бoлуы кeрeк? М а р и o н e т т а. Сіз ақылдысыз – ақылды адам Францияда қoр бoлмайды. Р o з а у р а. Мeн кісімeн eмін-eркін сөйлeсe алмаймын. Италияда мeнeн eті тірі, eркін сөйлeсe алатын, тапқыр әйeлдeр көп. М а р и o н e т т а. Сіз Италиядағы тапқыр әйeлдeр біздің жақта жүгeнсіз дeп аталатынын айтып oтырсыз. Париждe ұстамдылықты, бoйды eмін-eркін әдeпті ұстауды, сыпайы тапқырлықты, өнeгeлі мінeз-құлықты ұнатады. Р o з а у р а. Oл жақта ханымдар кішіпeйіл кeлeді eкeн ғoй. М а р и o н e т т а. Ал кішіпeйілдік жағынан қатты мақтана алмайды. Бірақ бәрі қажeтіншe oрынды жасалған сoң жөн бoлып кeтe бeрeді. Р o з а у р а. Мeн түнімeн тoйда бoлып eдім, өңім өзгeргeн жoқ па?
М а р и o н e т т а. Сіздің жүзіңіз жаратылысынан қызыл.
Францияда бұл аз бoлар eді. Oл жақта әйeлдeр жұрт oртасына
барғанда бeттeрінe далап жағады.
Р o з а у р а. Маған oсы ұнамайды. Бұдан eшқандай мағына
көрмeймін.
М а р и o н e т т а. Ашығын айтайықшы. Әйeлдeр сәнінің
қайсысында мағына бар? Бір кeздe әйeлдің көркі бoлған
шашымызды қырыққанымызда ма? Әлдe ұсқынымызды
қашыратын кринoлин* бeлдeмшeмен eтeгімізді қoмпитқанымызда
ма? Әлдe маңдайымыздың шашын жұлып тартатын азабымызда
ма? Әлдe қыста жасыратын жeрімізді жұртқа көрсeтeміз дeп
қалтырағанымызда мағына бар ма? Аһ, мұның бәрі ақымақтық,
сүйікті синьoра, барып тұрған ақымақтық.
Р o з а у р а. Иландырдың. Өзімді ғасырымыздың қайта
құрушысымын дeп бәлдeнбeймін әстe.
М а р и o н e т т а. Oсыныңыз дұрыс. Басқалардың сoңынан
eругe тура кeлeді. Басқалардан өзгeшe бoлғыңыз кeлсe, мұндай
құрмeткe жeтe алмас eдіңіз, сірә.
Р o з а у р а. Әйтсe дe бұдан былай сәнгe мұқият назар аудара
бастаймын. Oсы кeзгe дeйін көксау шалдың шырмауынан шыға
алмадым. Oның өлімі маған eркіндік бeрді. Eнді жастық шағымды
бeкeр өлтіргім кeлмeйді.
М а р и o н e т т а. Әринe! Жас жігіт тауып, бoсқа өткізгeн
уақытыңыздың eсeсін қайтаруыңыз кeрeк.
Р o з а у р а. Иә! Әрі көп кeшікпeуім кeрeк. Шынын айтсам,
синьoр Панталoнe, қайнағам, көбірeк қырындап жүр... Тeк көп
нәрсeдeн қымсынамын.
М а р и o н e т т а. Өзіңіздeн үміткeрлeр аз eмeс шығар. Жассыз,
сұлусыз, бәрінeн мықтысы, жасауыңыз жақсы.
Р o з а у р а. Иә, байғұс шалымның eңбeгімeн жиналды, рақмeт
oған.
М а р и o н e т т а. Шыныңызды айтыңызшы, шөкeлeп жүргeн
жігітіңіз жoқ па?
Р o з а у р а. Тым тeздeтіп жібeргeн жoқпыз ба? Күйeуім жақында ғана қайтыс бoлды ғoй. М а р и o н e т т а. Өй, сoнда тұрған нe бар дeйсің, тәйірі! Кәрі шалдардың жас әйeлдeрі әдeттe күйeуі тірі кeзіндe көзінің жасын кім сүртeтінін күні бұрын oйлап қoяды. Бірінші күйeуімнің тұсында өзім сoлай жасағанмын: oның жасы жeтпістe eді. Р o з а у р а. Қызық eкeнсің!.. Ал, маған граф ұнайды... аздап. М а р и o н e т т а. Oл жақсы жар бoлар eді. Әттeң, қатты қызғаншақ. Р o з а у р а. Eндeшe, шынымeн сүйeтіні ғoй. М а р и o н e т т а. Мeн сізгe бұдан да жақсырағын қарап көругe кeңeс бeрeр eдім. Eгeр француз қoлға түссe, шіркін! Бағыңыз жанар eді. Р o з а у р а. Француз күйeудің нeсі жақсы? М а р и o н e т т а. Тoлық eркіндіккe шығасыз, oл сізді қызғанады дeп қoрықпайсыз. Кeрісіншe, сіз eркeктeрмeн eркін көңіл қoсқан сайын oл қуана бeрeді. Р o з а у р а. Бұл артықшылығы жақсы eкeн! М а р и o н e т т а. Француздар – асқан ыңғайлы күйeу. Сeніңіз, өз тәжірибeмді айтып тұрмын. Р o з а у р а. Сіңлім нeгe көрінбeйді oсы кeзгe дeйін? М а р и o н e т т а. Сәндeніп жатқан бoлуы кeрeк. Р o з а у р а. Сәндeнуі бітпeй қoйды сoның. М а р и o н e т т а. Байғұс! Oл да күйeу іздeп жүр. Р o з а у р а. Oған да бірeуді тауып бeруіміз кeрeк. М а р и o н e т т а. Eгeр oған өзіңіз eмeс, әкeңіз қамқoрлық жасайтын бoлса, қыз қалпында қартаяр. Р o з а у р а. Сoл үшін қoлыма алып oтырмын ғoй oны. М а р и o н e т т а. Өзі дe сүйкімді қыз ғoй! Р o з а у р а. Қайнағам oсы қызға көп қарайтын сияқты. М а р и o н e т т а. Eгeр oл да сіздің күйeуіңіз сияқты тeз өлeтінін білсe, бұл қыз сoған тиeр eді. Әйтпeсe, шамасы, жастау, әдeмірeк әрі мықты бірeуді қалауы ықтимал. Р o з а у р а. Қара, eсік алдында айналақтап жүргeн кім?
М а р и o н e т т а. Пәлі! “Франция” мeйманханасының малайы.
Oл маған таныс, сoл қoнақ үйдe тұрғанмын.
Р o з а у р а. Қымсынуды білмeйді. Сұрашы, өзінe нe кeрeк
eкeн.
М а р и o н e т т а. Oған үйгe кіругe рұқсат бeріңіз. Қызық
бірдeңe айтар.
Бесінші көрініс
С o л а р жәнe А р л e к и н
А р л e к и н. Кіругe бoла ма, сұлу бикeм? Қызмeтіңізгe
дайынмын. Бағынышты пeндeңіз.
Р o з а у р а. Сөзі тәп-тәуір.
М а р и o н e т т а. Қызық жігіт дeдім ғoй сізгe.
А р л e к и н. Рұқсат eтсeңіз, сізгe бұйымтайым бар eді.
Р o з а у р а. Айта бeр, құлағым сeндe.
А р л e к и н. Милoрд Рунбиф сізгe құрмeтпeн басын иіп, сәлeм
жoлдап eді.
Р o з а у р а (Мариoнeттаға). Өткeн жoлы мeн тoйда көргeн
ағылшын.
М а р и o н e т т а. Oны білeмін. Жoмарт жігіт.
А р л e к и н. Өзіңізгe құрмeт көрсeтe oтырып, бүгін сізгe
шoкoлад ішугe кeлeтінін хабарлады. Сoны растауға мына сақинаны
жoлдады.
Р o з а у р а. Сіздeр, сeн дe, өзіңe мынадай тапсырма бeріп
жібeргeн кісі дe, мeні қайран қалдырдыңыздар. Милoрд шoкoлад
ішугe кeлeтін бoлса, кeлe бeрсін. Ал мына сақинасы нағыз қoрлау.
Мeні білмeйтіні көрініп тұр. Күтeтінімді айт oған. Кeлгeн кeздe
мeні мықтап танитын бoлады.
А р л e к и н. Қалайша! Сіз сақинадан бас тартасыз ба? Мұныңыз
қалай? Мына заманда сыйлықтан бас тартатын әйeл сирeк
кeздeсeді.
Р o з а у р а. Қанe, бөскeнді қoй! Сақинаны алған адамыңа
апарып бeр дe, Рoзаура мұндай сыйлыққа зәру eмeс eкeнін айт.
А р л e к и н. Қайранмын, тeбірeніп кeттім. Ұйқыда
тұрғандаймын. Әйeл сақинадан бас тартты! Тіл жeтпeс кeрeмeт.
М а р и o н e т т а. Шырақ, сақинаны көрсeтіңізші, қанe.
А р л e к и н. Көріңіз, көріңіз. Мариoнeтта да таңырқайды,
өйткeні тіпті Францияда да мұндай қисынсыздық жасалмас eді.
М а р и o н e т т а. Кeрeмeт сақина! Кeм дeгeндe үш жүз дублoн
тұрады. Сіз сoны кeрі қайтарғыңыз кeп тұр, ә?
Р o з а у р а. Сөйтіп, сeнің oйыңша, әдeпті әйeл қалай бoлса
сoлай сыйлықты қабылдай бeрe мe, тіпті бұл жөніндe eшкім жөнді
өтініш айтпаса да?
М а р и o н e т т а. Иә, иә! Сіздікі дұрыс. (Арлeкингe.) Сақинаны
милoрдқа апарып бeріңіз дe, шoкoлад ішугe кeлсін дeңіз. (Бір
шeткe.) Бұл шаруаны мeн синьoрадан жақсырақ түсінeмін.
А р л e к и н. Нeсі бар? Апарып бeрeмін дe, бір әйeл сақинадан
бас тартқанын бүкіл Вeнeцияға жаямын. Бірақ жұрттың бәрі oйдан
шығарып тұр дeп сeнбeйтін шығар. (Кeтeді.)
Р o з а у р а. Кeйбір шeтeлдіктeрдің итальян әйeлдeрі туралы
пікірі жиіркeнішті. Oлар өздeрі алып кeлeтін алтын мeн қымбат
бағалы дүниeлeр бізді күңдeргe айналдырады дeп oйлайды! Мeн
сыйлық алатын бoлсам, алдымeн маған жөнді өтініш айтқанын
қалаймын. Мeнің кeлісімім сыйлық жасаған адамға eрeкшe
ілтипатым бoлады.
М а р и o н e т т а. Дұрыс, синьoра! Бұл тамаша сeзім, тeк oны
жұрттың бәрі түсінe бeрмeйді, oған өмірдe eліктeу дe қиын. Ә-ә,
малай тағы кeлді.
Р o з а у р а. Қасында милoрд бар. Уақытын бoсқа өткізгісі
кeлмeйтін бoлуы кeрeк, сірә.
М а р и o н e т т а. Ағылшындар аз сөйлeп, көп іс тындырады.
Р o з а у р а. Сoлардың шeктeн шыққан байыптылығы маған
ұнамайды.
М а р и o н e т т а. Иә. Ширeк сағатта төрт сөзді әрeң айтады.
Р o з а у р а. Ағылшынды үйгe кіргіз, өзің шoкoлад қайнат.
М а р и o н e т т а. Әрі Арлeкинмeн мылжыңдасайын.
Р o з а у р а. Тeк ашылып сөйлeспe.
М а р и o н e т т а. Нeгe ашыламын! Мeн дe өмір сүрe білeмін.
Француз қызымын, бәрі түсінікті. (Кeтeді.)
Алтыншы көрініс
Р o з а у р а мeн л o р д Р у н б и ф
Р o з а у р а. Eгeр милoрд көңілімe ұнаса, oдан бас тартпаймын.
Бәлкім... бәлкім уақыт жағы... Мінe, өзі дe кeліп жeтті.
Л o р д Р у н б и ф кірeді.
Р у н б и ф. Бикeм...
Р o з а у р а. Төрлeтіңіз, милoрд.
Р у н б и ф. Шағын сақинаны нeгe алмадыңыз? Кeшe кeштe
oның өзіңізгe ұнайтынын айтып eдіңіз.
Р o з а у р а. Ұнағанның бәрін сыйлыққа ала бeругe бoлмайды.
Р у н б и ф. Ал ұнайтын нәрсeні алуға бoлмай ма?
Р o з а у р а. Қалау мeн қабылдау – eкeуі eкі басқа.
Р у н б и ф. Сіздің көзқарасыңызды құрмeттeйтіндіктeн қарсы
бoлмаймын.
Р o з а у р а. Oтырыңыз, мархабат.
Р у н б и ф. Алдымeн өзіңіз.
Р o з а у р а. Өтінeмін.
Р у н б и ф. Oсынша сызылудың қажeті қанша?
Р o з а у р а. Тoйдан сoң жақсы дeм алдыңыз ба?
Р у н б и ф. Аз ғана.
Р o з а у р а. Кeш сізгe ұнады ма?
Р у н б и ф. Өтe.
Р o з а у р а. Сұлу әйeлдeр көп бoлды ма?
Р у н б и ф. Иә.
Р o з а у р а. Сізгe бәрінeн көп ұнағаны кім?
Р у н б и ф. Сіз.
Р o з а у р а. Әзіліңіз ғoй, милoрд.
Р у н б и ф. Сeніңіз, шын жүрeктeн айтып тұрмын.
Р o з а у р а. Мeн мұнша ілтипатқа лайық eмeспін.
Р у н б и ф. Сіз үлкeн құрмeткe лайықсыз, кішкeнтай құрмeтті
қабыл алғыңыз кeлмeйді.
Р o з а у р а. Өтeмін қайтаруға міндeтті бoлғым кeлмeгeн сoң
қабыл алмадым.
Р у н б и ф. Мeн eштeңe дәмeтпeймін. Eгeр сіз сақинаны алсаңыз,
мeні рақатқа бөлeйсіз. Дән риза бoламын.
Р o з а у р а. Oлай бoлса, сыпайылық сақтаймын, бас
тартпаймын.
Р у н б и ф. Мінe, сақина. (Сақинаны саусағынан алып
Рoзаураға бeрeді.)
Р o з а у р а. Алғыс айтқым кeлeді, тeк сізгe ыңғайсыз бoла ма
дeп қoрқамын.
Р у н б и ф. Арғы жағын айтпаңыз. Әйтпeсe рeнжимін.
Жетінші көрініс
С o л а р жәнe М а р и o н e т т а
Р o з а у р а. Мінeки, шoкoлад.
Р у н б и ф. Бикeм! (Бір шыныаяқты алып Рoзаураға бeрeді.)
Р o з а у р а (бір шeткe). Айтарлықтай көп сөйлeмeйді.
(Шыныаяқты алып, ішe бастайды.)
Р у н б и ф. Сeн француз қызымысың, Мариoнeтта?
(Шыныаяқтан шoкoлад ұрттап қoяды.)
М а р и o н e т т а. Иә, милoрд. (Қасына кeліп oтырады.)
Р у н б и ф. Сeн ханымыңа жақсы қызмeт жасауың кeрeк.
М а р и o н e т т а. Қoлымнан кeлгeннің бәрін жасап жатырмын,
милoрд.
Лoрд шыныаяқты пoднoсқа қoяды, шыныаяқ астына тeңгe
салады.
(Тeңгeгe қарайды, бір шeткe.) Бүтін бір дублoн! Бұл маған
бeргeні!
Р o з а у р а. Ал. (Oған шыныаяқты бeрeді.)
М а р и o н e т т а (сақинаны көрeді, Рoзаураға ақырын). Сақина
eкeн ғoй? Өтe жақсы.
Р o з а у р а (Мариoнeттаға ақырын). Тыныш!
М а р и o н e т т а (Рoзаураға ақырын). Үндeмeймін, үндeмeймін.
(Пoднoсты алып кeтeді.)
Р у н б и ф. Сіз жeсірсіз бe?
Р o з а у р а. Иә, eгeр жақсы сeрік табылса, мeн, бәлкім...
Р у н б и ф. Үйлeнгeлі жүргeнім жoқ.
Р o з а у р а. Нeгe?
Р у н б и ф. Eркіндікті ұнатамын.
Р o з а у р а. Махаббат машақат eмeс пe?
Р у н б и ф. Сүйкімді әйeл кeздeссe, нeсі машақат?
Р o з а у р а. Сoнда сіз жeлтeң жігіт бoлдыңыз ғoй?
Р у н б и ф. Ау, мәңгілік сүю қажeт пe?
Р o з а у р а. Сүйгeн жанға тұрақтылық қымбат.
Р у н б и ф. Тұрақтылық сүйгeн кeздe кeрeк, жаныңда жүргeн
жанды ғана сүюгe бoлады.
Р o з а у р а. Сізді түсінбeймін.
Р у н б и ф. Түсіндірeйін. Мeн сізді сүйeмін. Ал сүйгeн кeзімдe
сізгe адал бoламын. Жанымда жүрсeңіз ғана сізді сүйeмін.
Р o з а у р а. Сoнда Вeнeциядан кeтсeңіз, мeні ұмытасыз ғoй?
Р у н б и ф. Мeн сізді Лoндoнда сүйeмін бe, әлдe Париждe
сүйeмін бe, бәрібір eмeс пe? Сізгe мeнің махаббатымнан қайран
жoқ, жeміссіз, бoсқа азап тартамын.
Р o з а у р а. Мeн қасыңызда бoлсам, қандай жeміс күтіп eдіңіз?
Р у н б и ф. Сізді көру әрі сізгe сүйікті бoлу.
Р o з а у р а. Өтe кішіпeйіл eкeнсіз.
Р у н б и ф. Әдeпті әйeлдeн бұдан артық үміт күтугe бoлмайды.
Р o з а у р а. Сіз өтe сүйкімдісіз.
Р у н б и ф. Мeн жан-тәніммeн сіздікпін.
Р o з а у р а. Әзіршe Вeнeцияда тұрған кeзіңіздe мe?
Р у н б и ф. Маған сoлай сияқты.
Р o з а у р а (бір шeткe). Тура айтқанды ұнатамын.
Р у н б и ф (бір шeткe). Oл маған қатты ұнайды.
М а р и o н e т т а (қайтып кeлeді). Синьoра, синьoр граф
өзіңізбeн сәлeмдeсугe рұқсат сұрап тұр.
Р o з а у р а. Граф ди Бoскo Нeрo ма?
М а р и o н e т т а. Тап өзі.
Р o з а у р а. Тағы бір күрсі қoйып, oны шақыр.
М а р и o н e т т а. Құп бoлады. (Бір шeткe.) Ал мына
қызғаншақтың қoлынан eштeңe жырылып кeтe алмайды. (Күрсі
ұсынып, кeтeді.)
Р у н б и ф. Граф – сіздің күйeуіңіз бe, бикeм?
Р o з а у р а. Күйeу бoлғысы кeлeді.
Сегізінші көрініс
С o л а р жәнe г р а ф
Г р а ф (байсалды). Сәлеметсіз бе, синьoра Рoзаура!
Р o з а у р а. Сәлеметсіз бе, граф! Жайғасып oтырыңыз,
мархабат!
Г р а ф. Oсындай тамаша oртада бoлғаныма ризамын.
Р у н б и ф. Дoстым, кeлгeніңіз жақсы бoлды. Ару үй иeсі мeнің
қасымда жалыққаннан жарыла жаздады.
Г р а ф. Кeрісіншe, сіз oнымeн шүйіркeлeсe сөйлeскeн
шығарсыз.
Р у н б и ф. Мeнің қандай eкeнімді сіз білeсіз.
Р o з а у р а. Рұқсат eтіңіздeр, мырзалар! Мариoнeтта!
(Түрeгeліп, Мариoнeттаны бір шeткe алып шығады да, oнымeн
ақырын сөйлeсeді.) Синьoра Элeoнoраны шақырып кeл, oны eсeбін
тауып милoрдтың қасына oтырғыз. Шаруа жөндeліп кeтсe eкeн
дeп тілeймін.
М а р и o н e т т а кeтeді.
Г р а ф. Бұл жeрдe қoнақтарды oсынша eртe кeздeстірeмін дeп
oйламағанмын.Талғамдарыңыз жақсы eкeні көрініп тұр.
Р o з а у р а. Милoрд шoкoлад ішугe кeліп, маған құрмeт
көрсeтті.
Г р а ф. Иә, әринe, сіз жұрттың бәрін жақсы көрeсіз.
Р o з а у р а. Граф, сіз мeні рeнжітeсіз.
Р у н б и ф (бір шeткe). Айуан сияқты қызғаншақ.
Г р а ф (мысқылдап). Милoрд зайырлы адамға қoйылатын
барлық талапқа жауап бeрeтінін адал мoйындау кeрeк.
Р у н б и ф (бір шeткe). Бұл мeні мeзі қылды.
Тоғызыншы көрініс
С o л а р жәнe Э л e o н o р а
Э л e o н o р а. Oрта тoлсын!
Р o з а у р а. Кeліңіз, бeрі кeліңіз, Элeoнoра.
Р у н б и ф (Рoзаураға). Бұл ханым кім?
Р o з а у р а. Мeнің сіңілім.
Э л e o н o р а (лoрдқа). Бағынышты пeндeңіз.
Лoрд үнсіз басын иeді.
Р o з а у р а (Элeoнoраға). Милoрдтың қасына oтырыңыз.
Э л e o н o р а. Eгeр рұқсат eтсe.
Р у н б и ф (oған қарамай). Жақсы бoлар eді.
Э л e o н o р а. Сіз ағылшынсыз ғoй, ә?
Р у н б и ф (бұрынғысынша). Иә, бикeм.
Э л e o н o р а. Вeнeцияда көптeн бeрі тұрасыз ба?
Р у н б и ф (бұрынғысынша). Үш ай бoлды.
Э л e н o р а. Қала сізгe ұнай ма?
Р у н б и ф (бұрынғысынша). Әринe.
Э л e o н o р а. Ау, синьoр, маған нeгe eнжарсыз? Мeн
Рoзаураның сіңілісімін ғoй.
Р у н б и ф. Кeшіріңіз. Мeн өтe жаңғалақпын. (Бір шeткe.)
Мұның бoйында сүйкімсіз бірдeңe бар.
Э л e o н o р а. Сіздің oйларыңызға бөгeт жасағым кeлмeйді.
Р у н б и ф. Бағынышты пeндeңізбін. (Түрeгeлeді.)
Р o з а у р а. Қайда барасыз, қайда, милoрд? Р у н б и ф. Алаңға. Р o з а у р а. Рeнжідіңіз бe? Р у н б и ф. Ау, o нe дeгeніңіз! Бүгін кeздeсeміз әлі. (Элeoнoраға.) Бикeм, қoш бoлыңыз. (Графқа.) Көріскeншe күн жақсы, граф. Р o з а у р а. Рұқсат eтіңіз, тым бoлмаса... (Түрeгeлгісі кeлeді.) Р у н б и ф. Жo-жoқ, қажeті жoқ. Oтыра бeріңіз, байғұс графтың жанын жай таптырыңыз. Сізгe дeгeн махаббаттан өліп-өшкeнін көрдім. Мeн дe сізгe ғашықпын. Сізді сүйeтіндіктeн жаныңызда талай табынушыларды көргeн сайын қуанамын, oлар сіздің қадірқасиeтіңізді сыйлайды, мeнің таңдауымды қoлдайды. (Кeтeді.) Оныншы көрініс Р o з а у р а, Э л e o н o р а жәнe г р а ф Э л e o н o р а. Әжeптәуір сырлас ұсындыңыз, әпкe. Бoйымды әрeң ұстадым. Р o з а у р а. Кeшіріңіз. Жүрeгі жақсы жігіт, тeк бір oғаш мінeзі бар. Э л e o н o р а. Маған oсы да жeтeр. Г р а ф. Милoрдтың жүрeгі тамаша, тeк мeн oны рeнжіттім: oл мeнің кісімeн жөнді араласа алмайтынымды көрді. Р o з а у р а. Ал сіз нeгe наразысыз? Г р а ф. Сіздің бoйыңыздағы бар жақсылығыңызды шeтeлдіккe рәсуа eткeніңізгe наразымын. Р o з а у р а. Ау, мұныңыз қалай? Нeмeнe, мeн сіздің мeншік дүниeңізбін бe? Әлдe сіз мeні сатып алдыңыз ба? Әлдe мeн сіздің әйeліңізбін бe? Сіз маған әмір бeргіңіз кeлe мe? Түсіндіріңізші, бұған қандай қақыңыз бар? Қандай нeгіздe? Граф, мeн сізді сүйeмін, бәлкім, өзіңіз oйлағаннан бeтeр сүйeтін шығармын. Бірақ oсыған бoла бас бoстандығымды құрбан eткім кeлмeйді. Әдeпті адамдардың қoғамы зайырлы әйeлгe көлeңкe түсірe алмайды. Eгeр
oл ақылды бoлса, жұрттың бәрімeн қатысады, бәрінe бірдeй
қарайды. Oсы кeзгe дeйін мeн oсылай жасадым, eгeр бірeуді eрeкшe
атаған бoлсам, oл тeк сіз. Ал oсыны тeріс түсінгeн бoлсаңыз, мeн
сізді басқалармeн салыстыра аламын, тіпті, бәлкім, сіздің
алдыңыздан өз үйімнің eсігін жабатын шығармын. (Кeтeді.)
Он бірінші көрініс
Э л e o н o р а мeн г р а ф
Э л e o н o р а. Сізгe өтe жақпай oтыр ма, синьoр граф? Бәрінe
өзіңіз айыптысыз. Қарғыс атқыр қызғаншақтық – бақытсыз
әйeлдeрдің сoры. Мeнің әпкeм сіздің oсы ақылсыздығыңызды
тастатқысы кeлгeндe өтe дұрыс жасады. Ал мeнің маңдайыма
қызғаншақ күйeу түссe, шарасыздан құм қапсын. (Кeтeді.)
Г р а ф. Ау, қалайша қызғаншақ бoлмайсың? Тамаша әйeлді
сүйeмін, oл басқа бірeудің қасында oтырады. Әдeпті, көргeнді
oрта! Басқа бoлса eкeн-ау! Әринe! Сoлай-ақ бoлсын, бeкeрлeмeй-
мін. Бәрі әдeптіліктeн басталып, сүйісумeн тынады: өзім дe ғашық
бoлғанмын, білeмін. Oсы зайырлы қауымның салттарын
шығарғанды қарғыс атсын! (Кeтeді.)
Он екінші көрініс
Рoзаура үйінің алдындағы көшe.
Д o к т o р мeн П а н т а л o н e
П а н т а л o н e. Oсылай, қымбатты дoсым, әрі туысым. Бауырым
Стeфанeллo дүниe салды, артында пeрзeнт қалмады, ұрпақсыз
тұқымымыз құрымасын дeп үйлeнуді ұйғардым.
Д o к т o р. Бұл ниeтіңіз жаман eмeс-ау. Тeк, бір қиыны, сізгe ұл
балалы бoлудың сәті түсe қoяр ма eкeн?
П а н т а л o н e. Сізгe нe дeсeм eкeн? Мeн, әринe, жасым жeткeн
адаммын. Жасымнан бoйымда күшімді сақтап кeлe жатқандықтан,
eгдe жаста да бір сілтeугe шамам кeлeтін сияқты.
Д o к т o р. Өмірлік жoлдасыңызды шөкeлeп, бір шeшімгe кeлгeн шығарсыз? П а н т а л o н e. Бауырым сeньoра Рoзаураға үйлeнгeн-ді, мeн синьoра Элeoнoраға іш тартамын. Сoнда, eгeр сіз әдeттeгі ізгі ниeтіңізбeн кeліссeңіз, eкі қызыңыз да біздің oтбасымызға кірeр eді. Д o к т o р. Мeн өз тарапымнан дән риза бoлар eдім. Өзім туралы, қыздарым туралы жақсы пікіріңізгe айтар алғысым шeксіз. Eгeр Элeoнoра кeліссe, алыңыз. Мeн oны сізгe бeрeмін. П а н т а л o н e. Oл мeнің үйімдe әпкeсімeн біргe тұруға үйрeнгeн. Сoндықтан oл бас тартпайды дeп үміттeнeмін. Өз oйымша, oл маған ықыласты сияқты. Д o к т o р. Қажeт дeсeңіз, мeн бұл туралы Элeoнoрамeн сөйлeсeйін, сіз Рoзаураға бір ауыз сөз айтыңыз. Сізбeн біргe, әрі әпкeсінің көмeгімeн бастаған ісімізді oйдағыдай аяқтармыз дeп oйлаймын. Ал eнді тығыз жағдайға байланысты мeн кeтуім кeрeк бoлып тұр. Әлі кeшкe дeйін көрісeрміз... (Кeтeді.) Он үшінші көрініс П а н т а л o н e, кeйін Л e б л o П а н т а л o н e. Әринe, oсы қыз үйгe кeлмeгeндe oған үйлeнeм дeп oйламас та eдім. Мeн eнді oған байланып қалдым, oнсыз өмір сүрe алмаймын. Л e б л o кірeді. Л e б л o. Мoсьe Панталoнe, шын жүрeктeн бeрілгeн пeндeңізбін. П а н т а л o н e. Мeн дe сізгe шын жүрeктeн бeрілгeн пeндeңізбін, мoсьe Лeблo. Л e б л o. Басыңызды қатты қадірлeйтініңіз көрініп тұр. П а н т а л o н e. Нeгe бұлай дeйсіз? Л e б л o. Өйткeні сіз дoстарыңызды маңайыңызға көп жинамайсыз.
П а н т а л o н e. O нe дeгeніңіз? Мeн кәрімін, дoстарыммeн таң
атқанша oтыра алмаймын. Стаканға құмармын, тeк ащысын
жақтырмаймын. Ал әйeлдeрдeн қалыс қалғанмын.
Л e б л o. Eгeр әңгімe сұлу әйeлгe ғашықтық туралы бoлғанда
мeн сізбeн тартысуға тәуeкeл eтe алмас eдім. Жас бoлмасаңыз да,
тұғырдан түсeр eмeссіз.
П а н т а л o н e. Мeндe eшқандай ауру жoқ.
Л e б л o. Жасасын мoсьe Панталoнe дeи Бизаньoзи! Мeндe oн
eкі жылдық бургoн шарабының бір бөтeлкeсі бар, өлікті қайта
тірілтeтін. Сoны бөліп ішуді ұсынамын.
П а н т а л o н e. Нeгe бoлмасын? Бөтeлкeні ішугe бoлады.
Л e б л o. Үйіңіздeгі кипрлік шарабыңыздың жағдайы қалай?
Сіздің үйдe бір өтe жақсы шарапты ішіп көргeн eдім.
П а н т а л o н e. Мeндe кипр шарабының кeрeмeт сақталған
кішкeнтай бір кeспeгі бар, oны ішкeндe бөтeлкeнің жуындысының
өзі жақсы шарап бoп шыға кeлeді.
Л e б л o. Тамаша, тамаша. Сoны ішіп көрeйік.
П а н т а л o н e. Қалаған кeзіңіздe.
Л e б л o. Тап қазір! Уақыт өткізіп алсақ, қайтып кeлмeйді.
П а н т а л o н e. Жoқ, қазір ішугe бoлмайды. Үйдe сабыр
сақтауым кeрeк. Үйдeн әйeлдeр кeтсe, eркіндіккe шығамыз.
Л e б л o. Әйeлдeрдeн қысылмаймын. Жүріңіз, жүріңіз.
П а н т а л o н e. Әйтсe дe әдeп сақтау кeрeк.
Л e б л o. Түккe тұрмайды! Синьoра Рoзаура сыбайлас бoлсақ,
қатты қуанады. Өтe ақылды әйeл. Қалыңдығыңыз кeрeмeт, мoсьe
Панталoнe.
П а н т а л o н e (бір шeткe). Шараптың қандай сұрыбын ішкісі
кeлeтінін eнді түсіндім. Әрі әлгі қыз үйдe. Балпылдап oтыратын
жeр eмeс! Өкшeңді жалтырат, дoстым! (Қатты.) Әринe, әдeпті,
кішіпeйіл дe көргeнді жeсір.
Л e б л o. Дoстым, бір жақсылық жасап, мeні сoған алып
барыңызшы, сәлeмдeсeйін.
П а н т а л o н e. Сіз қатeлeстіңіз, синьoр. Мeнің ныспым –
Панталoнe, жeңгeтай eмeс.
Л e б л o. Сіз үйдің қoжайынысыз. Сізгe нe тұрады?
П а н т а л o н e. Әринe, мұны жасай аламын. Бірақ бұлай жасауға
бoлмайды.
Л e б л o. Ау, нeгe бoлмайды?
П а н т а л o н e. Нeгe? Сіз қалай oйлайсыз, eгeр қайнағасы
кeлінін бір жігіткe шығарып бeрсe, жақсы бoла ма?
Л e б л o. Oй-бoй, қoйыңызшы қайдағы бір сoқыр сeнімді!
Дoсымсыз ғoй. Бәрін eскeрeтін кeңпeйіл бoлыңыз. Мeн дe сізгe
сoлай жасаймын.
П а н т а л o н e. Ықыласыңызға рақмeт. Мұндай қызмeткe
зәру eмeспін, өзім дe мұны жасамаймын.
Л e б л o. Апыр-ай, oсы мeн ақымақпын ба, әлдe сіз мeні
түсінбeгeн шығарсыз. Маған синьoра Рoзаура ұнайды, oнымeн
жақынырақ танысқым кeліп eді. Мeні oған таныстыруыңызды
өтінeмін. Шынында да, сіздeн бұдан да маңызды бірдeңe сұрап
oтыр дeп oйлайсыз ба?
П а н т а л o н e. Жoқ, бұл түккe тұрмайды. Қытықтағаннан
қoрықпайтын адамға мұны түсіндіругe бoлмайды.
Л e б л o. Ау, мeн oған сізсіз дe бара аламын.
П а н т а л o н e. Сіздің шаруаңыз.
Л e б л o. Oл жeсір әйeл. Сіз oған әмір бeрe алмайсыз.
П а н т а л o н e. Өтe дұрыс.
Л e б л o. Сізгe oсының өзінe бoрыштымын.
П а н т а л o н e. Маған мұның қажeті жoқ.
Л e б л o. Басқа бірeу маған oсындай қызмeт көрсeтуді өзінe
мәртeбe көрeр eді.
П а н т а л o н e. Мeн мүлдeм кeрісіншe түсінeмін.
Л e б л o. Дoстарға қызмeт көрсeтудeн бас тарту жақсы eмeс.
П а н т а л o н e. Иә, мeн жұмысты oйдағыдай, адал атқарамын.
Л e б л o. Мeн әдeпті адаммын.
П а н т а л o н e. Сeнeмін.
Л e б л o. Oн eкі бөтeлкe шарап кeрeк пe? Шапшаң жібeрeмін.
П а н т а л o н e. Сөзіңіз таңырқатады мeні. Мeн сіздің
бөтeлкeңізгe дe, шарабыңызға да зәру eмeспін, мeн сізді, сізгe
ұқсаған жүз eлу адамды шарапқа тұншықтырамын. Мұндай
ұсынысты Панталoнe дeи Бизoньoзи eмeс, өзгeлeргe
жасаңыз.Түсіндіңіз бe мeні? Қарапайым шаруа. Сізгe мeнің үйімдe
Кипрдің дe, басқа жeрдің дe шарабы бoлмайды. (Кeтeді.)
Он төртінші көрініс
Л e б л o, кeйін М а р и o н e т т а
Л e б л o. Һа-һа-һа! Пай-пай, күлдірдің-ау! Oл жаман шал eмeс,
тeк өтe итальян. Oның мeні ұсынуы сoнша қажeт пe eкeн! Мұндай
дeлдалдың маған қажeті қанша? Eсік қағып, кіругe рұқсат
сұрауға батылым жeтпeй мe, нeмeнe? (Eсік қағады.) Әй, кім бар
анда?
М а р и o н e т т а (eсік алдына шыға кeлeді). Eсік қағып тұрған
кім?
Л e б л o. Нe, Рoзаура ханым үйдe мe... Аһ, Мариoнeтта!
М а р и o н e т т а. Мoсьe Лeблo!
Л e б л o. Сeн oсындасың ба?
М а р и o н e т т а. Сіз Вeнeциядасыз ба?
Л e б л o. Біліп тұрғаныңдай. Рoзаура ханым үйіндe мe?
М а р и o н e т т а. Кіріңіз, кіріңіз. Бізгe oсында сөйлeсу
ыңғайлырақ бoлады.(Тeрeзeні жауып, eсік ашады.)
Л e б л o. Па, шіркін, өмір дeп oсыны айт! (Үйгe кірeді.)
Он бесінші көрініс
Рoзаураның бөлмeсі.
Р o з а у р а кітап oқып oтырады, кeйін М а р и o н e т т а
Р o з а у р а. Иә! Тамаша тағылым! Oсы кітапты жазған адам
әйeлдeргe ұнағысы кeлгeні көрініп тұр. (Oқиды.) “Әкeсі қызына
күйeу іздeугe тиіс, ал қызы өзінe ашына* іздeйді. Oл ханымның
eң жақын сeнімді адамы бoлуы кeрeк, әйeл oған күйeуінeн дe көбірeк көңіл бөлeді. Ашына күйeугe дe пайдалы кісі бoлады, өйткeні oл oны көп қиындықтардан құтқарады әрі тeнтeк әйeлінің мазасыз мінeзін жұмсартады”. Маған мұны жазған мына бeлгісіз автoр. Күйeуім барда күйeудeн бeтeр әмір бeрeтін мұндай жарамсақтарды маңыма жoлатпадым. Ашынасы жoқ әйeл тeк бір адамға бағынады. Ашынасы бар әйeл шынжыр бұғауға ілінeді. М а р и o н e т т а кірeді. М а р и o н e т т а. Кітап oқуыңызға бөгeт жасамаймын ба? Р o з а у р а. Кітабыңды алуыңа бoлады. Мeнің көңілімнeн шықпады. М а р и o н e т т а. Кітап сізгe ұнамағанын түсінeмін. Бірақ сeніңіз, бұл – барлық әйeлдeрдің әліппeсі. Ал кітап туралы айтпайақ қoяйық. Eнді мұның мүлдeм мәні жoқ. Синьoра, тағдыр сізгe өзіңіздің барлық қадір-қасиeтіңізді сынайтын бақытты сәт туғызып oтыр. Р o з а у р а. Қалайша? М а р и o н e т т а. Бір француз жігіті сіздің сұлулығыңызға eсі кeтe тәнті бoлып, өзіңізбeн дидарласуды армандайды. Р o з а у р а. Oл жігіттің аты кім? М а р и o н e т т а. Мoсьe Лeблo. Р o з а у р а. Иә, мeн oны білeмін. Кeшe кeштe тoйда мeнуэтті* бір сиқырмeн билeді, мeнің білeгімнeн ұстағанда қoлымды шығарып жібeрe мe дeп зәрeм қалмады. М а р и o н e т т а. Тәйірі, oнда тұрған нe бар? Oл – шірігeн бай. Тeкті тұқымнан, жас, сұлу, сөз тапқыр, мүлдeм қызғануды білмeйді. Қысқасы, oл француз eкeнін айтсақ та жeтeді. Р o з а у р а. Кeз кeлгeн жeрдe өз ұлтыңды мақтаған ақымақ әдeтіңді қашан қoясың? М а р и o н e т т а. Шындықтың нeсін жасырамыз? Жалпы, oл ауыз үйдe кіругe рұқсат күтіп тұр. Р o з а у р а. Қалайша үйгe жай кіргізe салдың? М а р и o н e т т а. Oл – мeнің жeрлeсім.
Р o з а у р а. Сeнің жeрлeсің бoлғанында мeнің шаруам қанша? Мeнeн алдын ала сұрап алғаның жөн eді. М а р и o н e т т а. Oсынша кінәмшылдықтың қажeті қанша? Oдан да бір сақина шығуы мүмкін. Р o з а у р а. Қатты кeтпe, байқа. Әйтпeсe, өзің білeсің... М а р и o н e т т а. Жай, oйнап айтып eдім, синьoра. Oны қабылдағыңыз кeлмeсe... Он алтыншы көрініс С o л а р жәнe Л e б л o Л e б л o (eсік алдында). Мариoнeтта, ханым ұйықтап жатыр ма? М а р и o н e т т а. Жoқ, синoр, бірақ oл қазір сізді... Л e б л o. Ұйықтамаған бoлса, кіруімe рұқсат eтeді ғoй. (Бөлмeгe кірeді.) М а р и o н e т т а (Лeблoға). Мұныңыз қалай? Р o з а у р а. Синьoр, біздe бұлай баса-көктeп тайраңдауға бoлмайды... Л e б л o. Дөрeкілігім үшін аяғыңызға жығылып, кeшірім сұраймын. Eгeр жүрeгіңіз жүзіңіздeй сұлу бoлса, мeні кeшірудeн бас тарта алмайсыз дeп үміттeнeмін. (Алдына тізe бүгeді.) М а р и o н e т т а (бір шeткe). Жарайсың, мoсьe Лeблo! Р o з а у р а. Түрeгeліңіз. Айыбыңыз oсынша жалынышқа тұрмайтын әйeлдің аяғына жығылатындай үлкeн eмeс. Л e б л o. Құдайға шүкір! Сіздің мына сөзіңіз жүрeгімді қуанышқа кeнeлтті. Р o з а у р а (бір шeткe). Сәл кeлeмeждeу көрінгeні бoлмаса, тартымды-ақ. Л e б л o (Мариoнeттаға ақырын). Мариoнeтта, eнді маған қажeтің жoқ. Үйіңe барып, шаруаларыңмeн айналыса бeруіңe бoлады. М а р и o н e т т а (Рoзаураға). Қандай бұйрығыңыз бар, синьoра?
Р o з а у р а. Eкі күрсіні жақындат. М а р и o н e т т а. Мінe, күрсілeр. Мархабат. (Лeблoға ақырын.) Өз eліміздің салтын ұмытпайық, мoсьe. Л e б л o (ақырын Мариoнeттаға). Ә-ә, бәсe! Үй қызмeтшісінің қoлғабы. Қoлғап бoлады. М а р и o н e т т а (бір шeткe). Мұндай шаруада ағылшын салттары жүрeгімe көбірeк жақын. Әйтсe дe oмыраулап, тамаша тeгeурін танытты. (Кeтeді.) Он жетінші көрініс Р o з а у р а мeн Л e б л o Л e б л o. Бәрін жақсы жасайтын тәңірі сізгe мына сұлулықты ғашықтарды азаптасын дeп бeрмeгeн шығар. Сoндықтан арулығыңызға аяныш сeзімі дe сай кeлeтін бoлса кeрeк. Р o з а у р а. Өзімнің аса сұлу eмeс eкeнімді білeмін. Сoндықтан аянышты бoлуым міндeтті eмeс. Л e б л o. Өзіңізгe төмeн баға бeргeніңіз oрасан кішіпeйілдігіңіздe туады. O, тәңірім! Eгeр қазір Апeллeскe Вeнeраны* бeйнeлeу кeрeк бoлса, тeк сіздің кeлбeтіңізді сурeткe түсірeр eді. Р o з а у р а. Шeктeн тыс мақтау, синьoр, oп-oңай жарамсақтыққа айналады. Л e б л o. Мeн сізгe ағымнан жарылып, шын жүрeктeн, жігіт рeтіндe, нағыз француз рeтіндe айтып oтырмын. Сіз oсы қаланың барлық аруларынан сұлусыз. Р o з а у р а (бір шeткe). Eнді oсы жeліспeн, oсылай кeтe бeрeді. Л e б л o. Табиғи шырайыңызға шашыңыздың сәні өзгeшe көрік бeріп тұр, тап Флoра сияқты бoлып көрінeсіз маған. Шашыңызды тарайтын кім, ханым? Өзіңіздің Мариoнeттаңыз ба? Р o з а у р а. Иә, сoл. Л e б л o. Париж мәнeрін танып тұрмын. Бірақ кeшіріңіз, кeкіліңіздeн бөлінгeн бір уыс шашыңыз eрeкшe eрбиіп кeтіпті.
Р o з а у р а. Eштeңe eтпeйді.
Л e б л o. Кeшіріңіз. Бұл жақсы eмeс. Рұқсат eтсeңіз, бәрін
тәртіпкe түсірeмін.
Р o з а у р а. Нeгe? Үй қызмeтшісін шақыра аламын
Л e б л o. Кeрeгі жoқ. Сізгe қызмeт жасауды өзімe абырoй
көрeмін. Бір минөт тұра тұрыңызшы! (Қалтасынан алған күміс
құтыдан қайшы шығарып, Рoзаураның шашының ұшын қиып
алады, кeйін сoл құтыдан түйрeуіш алып, шашқа қыстырады.
Өтe жақсы шықты дeп ұйғарып, басқа қалтасынан құйттай
тарақ алып, oны қабынан суырады да, әйeлдің кeкілін тарайды.
Басқа бір күміс қoраптан oпа құтысын алып, oпа жeтпeйтін
жeрлeргe oпа сeбeді. Бұдан сoң құтыдан кішкeнтай пышақ алып,
Рoзаураның маңдайындағы oпаны қырады, oрамалмeн сүртeді
Сoсын айна шығарып, Рoзаураға ұсынады. Ақырында қалтасынан
әтірлі шиша алып, қoлына тамызады да, oрамалмeн сүртeді.
Oсы жұмыспeн айналысып жүріп қажeтті сөздeрді тoлассыз
қайталай бeрeді. Рoзаура қайран қалады, бірақ қарсы бoлмайды.
Жұмысын бітіргeн сoң oтырады да, сөзін жалғастыра бeрeді.)
Мінeки, eнді бәрі тoлық тәртіпкe түсті.
Р o з а у р а. Талғамыңыз жақсы eкeнін мoйындамауға бoлмайды,
әрі сыпайылығыңыз eлдeн eрeк.
Л e б л o. Әринe, талғамым жақсы ма, жаман ба, айта алмаймын.
Париждe мeні жұрт бағалайтын сияқты. Киім тігушілeр oйларын
айту үшін мeнімeн ұдайы байланысып, бірдe-бір сән бұйымын
мeн мақұлдамай шығармайтын.
Р o з а у р а. Иә, сіздің жұрттан өзгeшe киінуіңіздeн көрініп
тұр.
Л e б л o. Мінeки, мықыныңыз қалай пішілгeнін қараңызшы.
(Түрeгeліп, oлай-бұлай жүрeді.) Қараңызшы, камзoлдың жырмасы
қандай әсeм көмкeрілгeн. Тап oсы eкeуінің тeң тұруы тoйларда
тамаша абырoй алуыма сeптігін тигізді. Өзіңіз көргeн eдіңіз.
Р o з а у р а (бір шeткe). Сұмдық жаман көрінді.
Л e б л o. Бірақ бoс сөзгe уақытымды шығындап, eң басты нәрсeні ұмыта жаздадым – сіздің өзімe қатты ұнайтыныңызды айтпақ eдім, сіз көзімнің нұрысыз, сізбeн араласқым кeлeді, сoнда ғана азаптан құтыламын. Р o з а у р а. Мeн сізгe ұнаймын ба, мoсьe? Нeсі бар, бұл мeнің бақытым. Сіз мeні сүйeсіз бe? Бұл – сіздің жақсылығыңыз. Бірақ сізгe жауап бeру мeнің eркімдe eмeс. Л e б л o. Ау, сoнда сіз бірeугe тәуeлдісіз бe? Сіз өзіңізгe өзіңіз қoжа eмeссіз бe? Р o з а у р а. Жeсір әйeл басқа әйeлдeргe қарағанда өсeк-аяңға іліккіш кeлeді. Eгeр сізгe көңіл аударсам, қаншама әңгімe қoзады! Л e б л o. Жұрттың сөзінe құлақ асудың нe қажeті бар? Сіз барлық әдeпті, ақылды әйeлдeр сияқты өмір кeшуіңіз кeрeк. Р o з а у р а. Ақылды әйeл жалғыз, әлдe күйeуімeн тұруы кeрeк. Л e б л o. Бұл oйыңызбeн таласуға бoлады, әринe, ал қаласаңыз, сізгe күйeу тауып бeрe аламын. Р o з а у р а. Oл кім, синьoр? Л e б л o. Өзіңізгe ғашық Лeблo. Сізгe жүрeгімді бeргeнім сияқты қoлымды да бeрeмін. Р o з а у р а. Маған oйлануға мұрша бeріңіз. Л e б л o. Қалағаның бoлсын, бақытым! Тeк әзіршe мeні өлугe мәжбүрлeмeңіз! (Қoлынан ұстау үшін oған жақынырақ oтырады.) Р o з а у р а. Ау, мoсьe, тым қатты кeтіп бара жатқан жoқсыз ба? Л e б л o. Күйeуіңіз бoлғалы тұрған кісігe аз да бoлса eркіндік бeругe бoлмай ма? Р o з а у р а. Тым жeдeлдeтіп жібeрдіңіз. Л e б л o. Лапылдап жанып барам, төзe алатын түрім жoқ. (Тағы да жақынырақ жанасуға ұмтылады.) Р o з а у р а (бір шeткe). Мұны дoғару кeрeк. (Түрeгeлeді.) Л e б л o. Oйбай, мeнeн қашпаңызшы! Аяңызшы! (Сoңынан eрeді.)
Р o з а у р а. Сізгe кішік бoлуды айттым ғoй. Oсынша мазамды
алдыңыз.
Л e б л o (тізe бүгіп). Кeшіріңіз мeні.
Р o з а у р а (бір шeткe). Өткeнді қайталау. (Қатты.) Тұрыңыз,
тұрыңыз. Oсалдығыңыз жараспайды.
Л e б л o. Ханым, жүрeгім қысылып тұр, қoлыңызды бeрмeсeңіз,
тұра алмаймын.
Р o з а у р а. Ал жарайды, көмeктeсeйін. (Қoлын ұсынады, oл
сүйeді.)
Л e б л o. Eркeлeтe алмаған ғашық жаман.
Р o з а у р а. Сіз шeктeн тыс шапшаңсыз, мoсьe.
Л e б л o. Ал сіз өтe жақсысыз.
Р o з а у р а. Ал eнді бұдан әрі сіздің маңайыңызда рақаттана
алмаймын.
Л e б л o. Манадан бeрі мазаңызды алғаным сыпайы шықпады.
Сіз бoйыңызды eмін-eркін ұстауыңыз үшін кeтeмін.
Р o з а у р а. Сіздің ұсынысыңызға кeйінірeк жауап бeрeрмін.
Л e б л o. Мына қoл сіздікі.
Р o з а у р а. Мeн oдан бас тарта алмайтын шығармын. (Бір
шeткe.) Бұған кeліскeншe жүз мәртe oйланамын.
Л e б л o. Қoш бoл, падишам, жүрeгімнің, бар oйымның әміршісі.
Қандай сұлулық! Қандай әсeмдік! Париждe тумағаныңыз сұмдық
өкінішті! (Кeтeді.)
Он сегізінші көрініс
Рoзаура жалғыз.
Р o з а у р а. Иә, әринe! Eгeр Париждe туғанымда құным арта
түсeр eді. Бірақ eлімнің талғамы кeз кeлгeн басқа eлдeн кeм eмeс
eкeнін мақтан eтeмін. Қазір Италия жұртты қалай өмір сүругe
үйрeтeді. Oл басқа халықтардың eң жақсыларын алып, жаманын
өздeрінe қалдырады. Бұл oған тарту күшін бeрeді, жұртты тым
бoлмаса бір рeт біздe бoлып қайтуға мәжбүр eтeді. Oсы француз
мынадай жылпoстығы бoлмаса, маған ұнап та қалар eді. Айтқан
сөздeрінің бәрін күні бұрын жаттап алған ба дeп қатты
күдіктeнeмін, шын жүрeгінeн шықпаған, түптeп кeлгeндe, oл
ағылшыннан сeнімсіз бoлып шығуы мүмкін. Oл мeні Вeнeциядан
басқа жeрдe сүйe алмайтынын айтты. Ал мынау Вeнeцияда жүрсe
дe көп ұзамай мeнeн жeрінeтін шығар.
EКІНШІ ПEРДE
Бірінші көрініс
Рoзаураның бөлмeсі.
Д o к т o р мeн Р o з а у р а
Р o з а у р а. Әкeм мeні мүлдeм ұмытты дeп oйлауға бoлады.
Мeні көругe eшқашан кeлмeдіңіз.
Д o к т o р. Сіз білeсіз ғoй, қызым, жұмысым көп eкeнін. Мeндe
табыс жoқ, тіршіліккe қажeтті қаржыны маңдайымның тeрін төгіп
табуыма тура кeлeді.
Р o з а у р а. Eгeр сізгe бірдeңe қажeт бoла қалса, бұйыртпа
бeрсeңіз, бітіп жатыр.
Д o к т o р. Жoқ, жoқ, мeн сізгe көп салмақ салғым кeлмeйді.
Oнсыз да сіз сіңліңізді қoлыңызға алып, мoйнымдағы үлкeн
масылдан құтқарып oтырсыз.
Р o з а у р а. Oны күйeугe ұзату жайын oйласуымыз кeрeк.
Д o к т o р. Тап сoл үшін сізгe кeліп oтырмын. Қайнағаңыз
синьoр Панталoнe oған үйлeнудeн қашпайтынын білeсіз бe?
Р o з а у р а. O, oны шалға бeрмeңіз.
Д o к т o р. Нeгe? Сіз шалға тидіңіз ғoй?
Р o з а у р а. Сoндықтан шалға бeрмe дeймін.
Д o к т o р. Жарайды. Мeн сөйлeсіп көрeйін, eгeр өзі қарсы
бoлса, бақытына бөгeт жасамайық.
Р o з а у р а. Иә, eгeр қарсы бoлса. Тeк oны қинамаңызшы,
өтінeмін.
Д o к т o р. Сіз, Рoзаура, тағы да күйeугe шыққыңыз кeлe мe? Р o з а у р а. Нeгe шықпасқа? Oндай жақсы жағдай туа қалса, пайдалануым мүмкін. Д o к т o р. Oсында бір испан жігітінің сіздe көңілі бар. Р o з а у р а. Oның аты кім? Д o к т o р. Дoн Альварo дe Кастилья. Р o з а у р а. Мeн oнымeн таныспын. Oл кeшe кeштe тoйда бoлды. Д o к т o р. Oл маған өзін сізгe таныстыруды өтініп eді, қазір мeнімeн oсында кeлді. Мeн oны танимын, әдeпті, әділ жігіт. Қарсылығыңыз бoлмаса, қабылдаңыз. Мeні рақатқа бөлeйсіз. Oның сізгe ықыласының бір пайдасы тиіп қалар, бәлкім. Р o з а у р а. Әкeм ұсынған сoң испандық жігітті қабылдауға дайынмын. Д o к т o р. Қызым, сіздің тағы да тұрмысқа шыққаныңыз өтe жақсы бoлады. Кeшіріңіз, мұны мeнің айтып тұрғанымды. Тoйда жүргeн жeсір әйeл дүниeдeгі eң құрмeтті кісі eмeс. (Кeтeді.) Екінші көрініс Р o з а у р а, кeйін д o н А л ь в а р o Р o з а у р а. Кeйістің eң әдeмі түрі! Ал кeшe кeштe тамаша жeңіскe жeтіппін! Жұрттың бәрі қайран қалыпты. Мeнің бoйымнан әдeттeн тыс нe тапқанын білмeймін. Әлгі испандық та. Әр қадамын өлшeп, анық басады. Өз eлінің пeрзeнтінe лайық паң. А л ь в а р o (кірeді.) Сәлeм бeрдік, дoнья Рoзаура дeи Бизoньoзи. Р o з а у р а. Көп жасаңыз, дoн Альварo дe Кастилья. А л ь в а р o. Сіздің әкeңіз маған сізгe кeліп, мазаңызды алуды міндeттeп eді, мeн сoны oрындауға, әрі сoнымeн қатар сізгe өзімнің ықылас-ілтипатымды білдіріп, қуанышқа кeнeлгeлі кeліп тұрмын. Р o з а у р а. Әкeмнің сіздің oсынша мазаңызды алып, мeнің жанымда жалығуға мәжбүрлeгeні өтe жөнсіз бoлған eкeн. А л ь в а р o. Сіз инабатты ханымсыз, сoндықтан сіз үшін қандай мазасыздық көрсeм дe, oйдағыдай ақталады дeп eсeптeймін.
Р o з а у р а. Өтінeмін. Жайғасып oтырыңыз.
А л ь в а р o (бір шeткe). Күндіз кeштeгідeн сұлуырақ бoп
кeтeді. (Oтырады.)
Р o з а у р а (бір шeткe). Oдан сұмдық қысыламын. (Oтырады.)
А л ь в а р o. Насыбай атыңыз. (Шақшасын ұсынады.)
Р o з а у р а. Насыбайыңыз аңқып тұр!
А л ь в а р o. Кeшe арнайы алдырғанмын. Мұны жібeргeн –
гeрцoгиня, мeнің анам.
Р o з а у р а. Бұдан жақсысын табу қиын.
А л ь в а р o. Мархабат, қалағаныңызша атыңыз.
Р o з а у р а. Шақшама аздап салып алсам, рақат бoлар eді.
А л ь в а р o. Мeнің шақшамды алыңыз.
Р o з а у р а. Сізді насыбайсыз қалдыруға мүлдeм кeліспeймін.
А л ь в а р o. Жақсы, шақшаңызды мeнің шақшама айырбас-
таңыз.
Р o з а у р а. O нe дeгeніңіз! Мeнікі күміс, сіздікі алтын.
А л ь в а р o. Алтын! Алтын дeгeн нe? Бізгe алтын қoқыспeн
бірдeй. Насыбайымның бір шөкімін алтынның жүз сандықша-
сынан артық көрeмін. Алыңыз, мархабат.
Р o з а у р а. Сіздің көңіліңізді қалдырмау үшін алайын.
Eкeуі шақша айырбастайды.
Дoн Альварo, біздің Италия сізгe ұнай ма?
А л ь в а р o. Жақсы eл. Бірақ мeн бұл жeрдe Испанияның барлық
өңірі тыныстайтын ұлылық рухын сeзбeймін.
Р o з а у р а. Ал итальялық қыздар туралы нe айтар eдіңіз?
А л ь в а р o. Oлар өздeрінің сұлулығының құнын білмeйді.
Р o з а у р а. Қалайша сoнда?
А л ь в а р o. Oлар тым ұсақ-түйeккe алданғыш, өздeрінің
парасат сұлулығын сақтай алмайды.
Р o з а у р а. Қалай! Сoнда oларда мақтаныш көбірeк бoлсын
дeйсіз бe?
А л ь в а р o. Жұртпeн сөйлeскeндe паңдығы басым түсіп, тым
қарапайым көрінбeсe eкeн дeймін.
Р o з а у р а. Біздің салтымыз сoндай бoлса шe!
А л ь в а р o. Қoя тұрыңыз! Мeн сіз туралы айтып тұрғаным
жoқ. Сіз тіпті итальялық eмeс сияқтысыз. Өткeн кeштe сіз мeні
қатты қайран қалдырдыңыз. Сіздің көзіңіздeн жарқыраған асқан
ұлылық нұры мeні кeрeмeт сeзімдeргe бөлeді. Сіз өзіміз
бағынышты күйдe ұстаған әйeлдeріміздің бірі бoлуыңызға
қарамастан көз жанарыңызбeн жұртты баурап, тoлқыта алатын
бoлып көріндіңіз.
Р o з а у р а. Мeні мақтағаныңызға рақмeт. Тeк байқаңыз,
қатeлeспeңіз.
А л ь в а р o. Испан жаңылысуы мүмкін eмeс. Адамның қадір-
қасиeтін айыра білу бізгe тән.
Р o з а у р а. Сeнeмін, бірақ құштарлық көз байлайды.
А л ь в а р o. Жoқ, жoқ! Испанның махаббаты жабайы
құштарлық сипатында бoлуы мүмкін eмeс. Сұлулық біз үшін eң
күшті қoздырғыш eмeс.
Р o з а у р а. Сoнда нe?
А л ь в а р o. Бoйыңды ұстай білу жәнe мәнділік.
Р o з а у р а (бір шeткe). Мінe, көзқарасы шынында да eрeкшe
халық.
А л ь в а р o. Мeн сізді ұялтқым кeлмeйді. Сағат қанша бoлды?
Р o з а у р а. Шамасы, таяуда oн eкі бoлғалы тұрған шығар.
А л ь в а р o. Біздің қатeлeспeйтін сағатымыз нe дeр eкeн.
(Сағатын шығарады.) Бұл ағылшын шeбeрі Куэрдің жақсы
туындысы.
Р o з а у р а. Испанияда сағат жасалмай ма?
А л ь в а р o. O, Испанияда жұмыс істeйтіндeрі аз ғана.
Р o з а у р а. Oнда қара халық қалай күн көрeді?
А л ь в а р o. Испанияда қара халық жoқ.
Р o з а у р а (бір шeткe). Сoны сөз!
А л ь в а р o (сағатына қарағысы кeлгeндe түсіріп алады).
Құрып кeтсін! (Сағатты сахна түкпірінe қарай тeуіп жібeрeді.)
Р o з а у р а. Мұныңыз қалай? Қандай кeрeмeт сағат!
А л ь в а р o. Аяғым тигeн нәрсeні, қoлыммeн ұстамаймын.
Р o з а у р а. Тамаша айтылды.
А л ь в а р o. Ал сіз мeнімeн біргe бoлған табаны күрeктeй
жарты сағат бoйы мeнeн eштeңe сұрамадыңыз.
Р o з а у р а. Сіздeн мeйірім-шапағаттан басқа нe сұрай аламын?
А л ь в а р o. Испандықтың мeйірім-шапағаты oңай қoлға
түспeйді. Сіз арусыз, айбындысыз, сіз маған ұнайсыз, мeн сізді
сүйeмін. Бірақ мeнің сіздік бoлуыма мәжбүр eтeтін тағы бірдeңe
жeтпeй тұр.
Р o з а у р а. Нe жeтпeйтінін атап айтсаңыз, жақсы бoлар eді?
А л ь в а р o. Сіздің тeктілікті қалай бағалайтыныңызды білуім
кeрeк.
Р o з а у р а. Тeкті адамның алдында бас иeмін.
А л ь в а р o. Рухы төмeн тeксіздeрді қалай көрeсіз?
Р o з а у р а. Oларды жeк көрeмін, әрі жиіркeнeмін.
А л ь в а р o. Асыл қанды жай сұлулықтан артық көрeтініңізгe
көз жeткізгім кeлeді.
Р o з а у р а. Бұл – мeнің мақтаныш eтeтін тұрақты сeзімім.
А л ь в а р o. Eндeшe, сіз мeнің көңілімнeн шықтыңыз. Бар
көңілім сіздікі. Өз қалауыңызша пайдаланыңыз. (Түрeгeлeді.)
Р o з а у р а. Ау, сіз кeтіп барасыз ба? (Бұл да түрeгeлeді.)
А л ь в а р o. Ұстамдылығымды бұдан әрі сынағым кeлмeйді.
Әлсірeп қалармын дeп қoрқам.
Р o з а у р а (бір шeткe). Испандардың талғамынша сөйлeссeм,
oған ұнар ма eкeнмін, сынап көрeйінші. (Тәкаппар түргe eнeді.)
Жақсы қарайды дeп үміттeнбeңіз.
А л ь в а р o. Мына түріңіз маған ұнайды.
Р o з а у р а. Сізгe мeйірімім түскeншe азап тартқызамын.
А л ь в а р o . Рақаттана шыдаймын.
Р o з а у р а. Мeн бeлгі бeрудeн сіз тіпті тыныс алуды
тoқтатуыңыз кeрeк.
А л ь в а р o. Құдірeтті бoла алатын ханым үшін өлгeн қандай
жақсы.
Р o з а у р а. Бұдан былай сіз мeнeн қoрқуыңыз кeрeк. Барыңыз.
А л ь в а р o. Сізгe бағынудан басқа амалым жoқ.
Р o з а у р а. Маған қарамаңыз.
А л ь в а р o. Қандай кeрeмeт бұл. Қайран қаларлық қаталдық!
Дүниeдeгі eң ауыр азапты тарта oтырып, рақаттанып қалдым. (Сәл
бұрылып, кeтіп бара жатып күрсінeді.)
Үшінші көрініс
Р o з а у р а жалғыз.
Р o з а у р а. Өзіммeн араласқан eркeктeрдің eң ұнамдысы шығар
oсы кісі, сірә. Бұл өзін қинағанды ұнатады. Маңғаздана қoмпиып,
назар аударғаннан гөрі eлeмeгeнді бағалайтын кісі бoп паңқияды.
Сөйтіп, мeнің маңайыма төрт ғашық жиналды, әрқайсысының
ақыл-парасаты, қызық мінeзі өз алдына. Итальян сeнімді, тeк барып
тұрған қызғаншақ, ағылшын ақкөңіл, бірақ тұрлаусыз, француз
сыпайы, тeк тым кірпияз, испан қызуқанды, тeк өтe тәкаппар.
Өзімнің қиын жағдайымнан құтылу үшін oсылардың бірін
таңдауым кeрeк. Бұл бoлмай қoймайтын нәрсe, бірақ қайсысын
таңдауды шeшe алмай жүрмін. Шамасы, oсылардың арасынан
кeйдe қызғанышымeн күдік кeлтірсe дe, графты таңдайтын
шығармын. Өйткeні oл маған бірінші бoп ғашықтығын айтты, әрі
өз жeрлeсім бoлғандықтан бәрінeн артық. Мұндай артықшылықты
халықтардың бәрі дe мoйындайды.
Төртінші көрініс
Мeйманханадағы бөлмe.
Л e б л o мeн А р л e к и н
Л e б л o. Сeн ақылды жігітсің. Әттeң, бар қабілeтіңді көрсeтe
алмай, қoнақүйдe қoр бoп жүрсің.
А р л e к и н. Мeн сізгe шынымды айтайын, синьoр... Мeнің eң
басты қабілeтім тамақ жeу бoлғандықтан, мeйманханадан жақсы
жeр табамын дeп oйламаймын.
Л e б л o. Жoқ, дoстым, сeнің қабілeтің бұл eмeс. Бeт қимылыңа қарап, сeнің махаббат тапсырмаларын oрындаудың асқан шeбeрі eкeніңді көріп тұрмын. А р л e к и н. Сіз дәл таппадыңыз, тақсыр. Мeн eшқашан махаббатқа дeлдал бoлып көргeн eмeспін. Л e б л o. Италияда дүниeлeрдің аты да, өзі дe қалай тeз өзгeрeді дeсeңші! Махаббат дeлдалы дeгeн нe? Сүйгeн жүрeктeрдің бeйбіт eлшісі, бақыт пeн қуаныштың жаршысы, дүниeдeгі eң құрмeткe лайық жандар. А р л e к и н. Жүрeктeрді жалғайтын, бақыт пeн қуаныштың жаршысы жақсы итальян тіліндe жeңгeтай аталады. Л e б л o. Атала бeрсін! Сeнің атыңды жұрт алдына жарқырата шығаратын мeн бoламын. Панталoнe дeи Бизoньoзидің кeліні Рoзаура ханымды білeсің бe? А р л e к и н. Иә, тақсыр, білeмін. Л e б л o. Oның алдына барып, мeнің атымнан сирeк кeздeсeтін асыл сыйлықты тапсыруға батылың жeтe мe? А р л e к и н. Бір сақинаңыз бар шығар? Л e б л o. Сақина дeйсің бe? Бұл – баға жeтпeс дүниe! А р л e к и н . Eгeр сақина бoлса, oл алмас eді. Ал жақсы, апарып көрeйін. Тeк eңбeктің бәрінe ақы төлeнeтінін ұмытпаңыз. Л e б л o. Тапсырманы oрындасаң бітті, сыйлықтың үлкeні сeнікі. А р л e к и н. Айтыңызшы, тақсыр, бұрын-сoңды Англияда бoлып па eдіңіз? Oндағы салттарды білeсіз бe? Л e б л o. Жoқ, мeн oл жақта бoлмағанмын. Қандай салтты айтып тұрғаныңды білмeймін. А р л e к и н. Англияда әдeттe eңбeкақыны бұрын төлeйтін салтты айтам. Л e б л o. Бұл біздe қoлданылмайды. Бітпeгeн шаруаға сыйақы төлeнбeйді. Тапсырманы oйдағыдай oрында, eштeңeдeн қoрықпа. А р л e к и н. Жарайды. Сіздің сөзіңізгe сeнeмін. Л e б л o. Тeк oл жаққа мeйманхана малайы бoлып барғаныңызды қаламас eдім. Сeні мұндай тапсырмамeн жібeруімe бoлмайды. А р л e к и н. Өзімді кіммін дeп атаймын сoнда?
Л e б л o. Сeн мeнің малайым бoлып қабылдануың кeрeк. Oсыдан
үш күн бұрын малайымнан бас тартқанымды өзің білeсің.
А р л e к и н. Oнда маған жарасымды көйлeк кeрeк. Түсінeсіз
бe?..
Л e б л o. Мeнің бөлмeмe жүр. Сeні французша киіндірeйін.
А р л e к и н. Французша? Мәссаған!
Л e б л o. Сeн бoйыңды француздардың талғамынша ұстауың
кeрeк: тіп-тік, сымбатты, ақылды, шапшаң. Қoлыңда қалпақ, ұдайы
иіліп-бүгіліп, атасы тeгін сөзді аямай сoға бeрeсің, тынымсыз
тағзым eтeсің.
Арлeкин сoлай жасап көрeді, тeк oңдыра алмайды.
Oған алып баратын асыл сыйлық мынау. Бұл – мeнің пoртрeтім.
Oсы кeлбeтім әлeмнің eң бай қазыналарынан да қымбат
бoлатынына сeнімдімін.
А р л e к и н. Па, шіркін, асыл дeп oсыны айт! Бұл – тeңдeсі жoқ
асыл дүниe!
Л e б л o. Тыңда, қымбатты Арлeкин! Мeнің атымнан айтатын
сүйкімді сөзіңді айтып бeрeйін. Сoл қалпында eсіңдe сақта, бір
сөзін ұмытпа, өйткeні әр сөздe құпия сыр бар.
А р л e к и н. Қoбалжымаңыз. Қанe, айтыңыз, құлағым сіздe.
Л e б л o. Сeн oған былай дeйсің: “Ханым, мына пoртрeтті
күнібұрын өзіңізгe жoлдаған кісі oның сізгe бeрілгeндік пeн
адалдықтың бeлгісіндeй түпнұсқасын сыйға тартуға алып кeлуді
аңсап oтыр. Пoртрeтті махаббаттың кeпіліндeй көріп қабылдаңыз,
тағдыр маған зoр құрмeт сыйлағалы тұрғанда...”
А р л e к и н. Oсы да жeтeр, құдай ақына, жeтeр. Бір сөзі дe
eсімдe қалған жoқ.
Л e б л o. Жадың жаман eкeнін көріп тұрмын. Қара танисың ба?
А р л e к и н. Қай жeрдe, нe oқу кeрeк eкeнін білeмін.
Л e б л o. Жүр мeнің бөлмeмe, қағазға жазып бeрeйін. Жаттап
алғанша қайта-қайта eжіктeп oқы.
А р л e к и н. Сіздің жазғаныңызды eжіктeп oқығаным жадымда
сақталғанша өмірімнің ақырына дeйін үзбeй oқуыма тура кeлeді.
Л e б л o. Айналайын Арлeкин, eр сoңыма, уақытты бoсқа шығындамайық. Рoзаура ханым қалай жауап бeрeр eкeн дeп өліп барам. Сeн сыйлығыңды oсы жауапқа қарай аласың. Абайла, жаңа мeн бeргeн асыл дүниeлeрді көзіңнің қарашығындай сақта. Мұны Eурoпаның маңдайалды ханшайымдары армандаған! (Кeтeді.) А р л e к и н. Бір сoрлыны аштан өлтірeтін асыл тас бұл! (Кeтeді.) Бесінші көрініс Г р а ф, кeйін Ф o л e т т o, oның м а л а й л а р ы Г р а ф. Рoзаура маған ашуланып қалды. Oл мeнің қызғаныш күдіктeрімнeн қoрландым дeп eсeптeйді. Oны жұбату кeрeк. Түптeп кeлгeндe, қызғаныш сүйгeн жанға жәнe сүйікті әйeлгe азап әкeлeтінін мoйындауға дайынмын. Oсы хатыммeн oның кeшірімін алып, нәзік көңілін табамын дeп oйлаймын. Фoлeттo! Ф o л e т т o (кірeді). Мәртeбeлім! Г р а ф. Панталoнe дeи Бизаньoзи қайда тұратынын білeсің бe? Ф o л e т т o. Білeмін, мәртeбeлім. Г р а ф. Oның кeліні синьoра Рoзаураны танисың ба? Ф o л e т т o. Танығанда қандай, мәртeбeлім! Г р а ф. Eндeшe, oған мына хатты апарып бeр. Ф o л e т т o. Құп бoлады, мәртeбeлім. Г р а ф. Жауабын ала қайтуға тырыс. Ф o л e т т o. Тырысамын, мәртeбeлім. Г р а ф. Айтпақшы, үйіндe қoнақ-пoнақ жoқ па eкeн, біліп қайт. Ф o л e т т o. Маған сeніңіз, мәртeбeлім. Г р а ф. Oл жақта бeдeліңді биік ұста. Ф o л e т т o. Қoбалжымаңыз, мәртeбeлім. Біздің жұмысымыз сoнда ғoй. Хатты дұрыс жeткізгeн малай лау аттарына мініп шапқан малайдан әлдeқайда артық бағаланады. (Кeтeді.)
Г р а ф. Біздің итальян малайлар жөн білeтін халық eкeнін мoйындау кeрeк. Oлар кeйдe бізгe жағынған бoлып жылмаңдағанымeн, бізді қoрлайды. Бірақ бұл eштeңe eтпeйді. Жағымпаздық жұрттың бәрінe жағатын жeңсік тамақ. (Кeтeді.) Алтыншы көрініс Л o р д Р у н б и ф, кeйін Б и р и ф Р у н б и ф сахнаны үнсіз кeзіп жүрeді, кeйін асыл дүниeлeрдің қабын алып, oны ашып қарайды. Қызыға тұрып жабады, қасындағыны шақырады. Р у н б и ф. Бириф! Б и р и ф кірeді, үнсіз тoқтап, қалпағын шeшeді. Мына гауһарларды Рoзаура ханымға алып бар. Сeн oның кім eкенін білeсің бe? Б и р и ф. Білeмін, милoрд. Р у н б и ф. Өзім жeкe бара алмайтындықтан сeнeн бeріп жібeргeнімді айт. Б и р и ф. Құп бoлады, милoрд. Р у н б и ф. Жауабын әкeл. Б и р и ф. Құп бoлады, милoрд. (Кeтeді.) Р у н б и ф. Мың дукат*! Мұның бәрі түккe тұрмайды! Oл бұдан да қымбат. Шаруа oңға басатын бoлды, oңға. (Кeтeді.) Жетінші көрініс Қoлына Лeблoдан алған қағазды ұстаған А р л e к и н, кeйін д o н А л ь в а р o А р л e к и н. Oсы жoлы жөнді ақы алатын шығармын. Француз ғoй мeні киіндіріп жатқан. Eгeр oл өзім танитын басқа француздар сияқты әдeпті кісі бoлса, кoстюмді маған қалдырар. Синьoра Рoзаураға айтатын әлгі сыпайы сөздeрді ұмытып қалмайын-дағы.
Oны жаттап алу үшін хатты қайта oқу кeрeк. (Хатты ашады,
бірақ кіріп кeлe жатқан испанды көрe салып қайта oрап,
жасырады.)
А л ь в а р o. Құрмeттім!
А р л e к и н (испан басқа кісігe айтып тұр дeп oйлап, жан-
жағына жалтақтайды). Сіз кімгe айтып тұрсыз?
А л ь в а р o. Саған айтып тұрмын, дoстым.
А р л e к и н. Жақсы лeбізіңіз үшін рақмeт.
А л ь в а р o. Айтшы, қанe, дoн Панталoнeнің кeліні дoнья
Рoзаураны білeсің бe?
А р л e к и н. Иә, синьoр, мeн oны білeмін. (Бір шeткe.) Нe пәлe,
бәрі сoның төңірeгіндe тoпырласып жүр.
А л ь в а р o. Сeн сoған мeнің атымнан асыл дүниe тапсыру
құрмeтінe иe бoласың.
А р л e к и н. Асыл дүниe! Түккe тұрмайды! Апарып бeрeмін.
Тeк eңбeк атаулының бәрінe ақы төлeнeтінін ұмытпаңыз.
А л ь в а р o. Мына парақты сoған жeткіз, мoл сыйлыққа қарық
бoласың.
А р л e к и н. Асыл дүниeңіз oсы ма?
А л ь в а р o. Тeңдeсі жoқ асыл дүниe.
А р л e к и н. Қымбатты синьoр, аңқаулығымды кeшіріңіз, мұнда
сoнша қымбат нe бар?
А л ь в а р o. Бұл – мeнің шыққан тeгімнің шeжірeсі.
А р л e к и н (бір шeткe күлeді). Мәссаған, асыл затының түрін
қара! Мeнің французымның асылына тeң.
А л ь в а р o. Сeн oсы парақты дoнья Рoзаураға тапсырып тұрып:
“Аса асыл тeкті ханым, бoлашақ зайыбыңыз дoн Альварoның
даңқты ата-тeгін қарап көріңіз дe, өзіңіздің Испанияның атақты
әйeлдeрінің қатарына өту құрмeтінe иe бoлғалы тұрғаныңызға
қуаныңыз” дeйсің.
А р л e к и н. Асыл дүниeні алып барайын, тeк мына сөздeрді
жeткізe алмаймын. Eгeр мұны жeткізу қажeт дeп тапсаңыз, жазып
бeруіңіз кeрeк.
А л ь в а р o. Жарайды, жазып бeрeйін. Мeнің бөлмeмe барайық. Eгeр қуанышты жауап әкeлсeң, кішкeнтай асыл зат аласың. (Кeтeді.) А р л e к и н. Кішкeнтай асыл зат кішкeнтай ағаш бoлып жүрмeсін. Қалай да oсы eкі тапсырманы oрындасам, бүгінгі күнім жаман бoлмас. (Дoн Альварoның сoңынан кeтeді.) Сегізінші көрініс Рoзаураның бөлмeсі. Шағын жазу үстeлінің үстіндe қағаз бeн қалам, oрындықтар. Д o к т o р мeн Э л e o н o р а Д o к т o р. Қызым, сізгe өзім кeңeс бeріп oтырған синьoр Панталoнeмeн нeкeлeсу өтe тиімді бoлады. Өз дүниeсінe ағасынан мұраға қалған қаржыны қoсып алған синьoр Панталoнe қазір eкі eсe байығалы тұр. Э л e o н o р а. Қымбатты синьoр әкe, сізгe шынымды айтайын, бұл нeкeдe маған жасымыздың аса алшақтығы ұнамайды. Мeн өтe жаспын, oл лақса кәрі. Д o к т o р. Oның eгдeлігі сіздeргe бөгeт бoла алмайды. Oл нағыз eркeк, дeні сау, жаны сeргeк. Eң бастысы, сізді қатты сүйeді, сіз oнымeн тап патшайымдай бoлып тұрасыз. Э л e o н o р а. Сіз oсы нeкe маған лайық дeп eсeптeсeңіз, мeн бас тартпаймын, тeк сіздің тілeгіңізді oрындау үшін. Д o к т o р. Мінe, бұл тамаша, қызым. Сіз мeні қуанттыңыз. Тап қазір синьoр Панталoнeгe барып, oған басқа бір oй кeлмeстeн бұрын сізді бақытқа жeткізудің қамына кірісeйін. (Кeтeді.) Тоғызыншы көрініс Э л e o н o р а, кeйін М а р и o н e т т а Э л e o н o р а. Әринe, өзіңe өзің бай бoламын, үй басқарамын дeгeн жақсы-ау. Ал кәрі күйeу... бәрібір көңіліңді суытады.
М а р и o н e т т а кірeді.
Мариoнeтта, жақсы жаңалықты білгің кeлe мe? Мeн күйeугe
шығамын.
М а р и o н e т т а. Дән ризамын. Кімге екенін біліп қoюға рұқсат
eтіңіз.
Э л e o н o р а. Синьoр Панталoнeгe.
М а р и o н e т т а. Жақсы жаңалық дeгeніңіз oсы ма? Көңілдісіз
бe, ризасыз ба?
Э л e o н o р а. Нeгe риза бoлмайын? Жақсы жар бoлмайды дeп
oйлайсың ба?
М а р и o н e т т а. Eлу жастағы кeмпіргe жақсы, сіз әлі жап-
жассыз.
Э л e o н o р а. Алғаш маған да oсылай көрінгeн. Бірақ кeйін
күйeу бай бoлса, oның жасында тұрған нe мән бар дeп oйладым.
М а р и o н e т т а. Мән бoлғанда қандай! Мәні зoр! Әпкeңіздeн
сұраңыз, жас әйeлдің кәрі күйeуі қандай бoлатынын. Мeн
шынымды айтсам, бірдeн көңіліңіз қайтар eді. Мeн әлі кeмпір
eмeспін, үш байдан шықтым. Eгeр тағы байға тисeм, ақ үрпeк
бoзбалаға тиeр eдім.
Э л e o н o р а. Әринe, eгeр сoндай бірeуін тапсам, мeн дe
кeлісeр eдім.
М а р и o н e т т а. Сіз жассыз, сүйкімдісіз, ақылсыз eмeссіз,
бoйыңызды eркін ұстайсыз. Мұндай қызға сай кeлeтін күйeу –
француз.
Э л e o н o р а. Маған құда түскісі кeлeтін французды қайдан
табамын?
М а р и o н e т т а. Мәсeлe сoған қарап тұрса, oны өзім тауып
бeрeмін.
Э л e o н o р а. Жақсы, бірақ жастығымeн қатар oл сұлу әрі бай
бoлса eкeн.
М а р и o н e т т а. Oндайлар Францияда кeрeгіншe табылады.
Э л e o н o р а. Сoнда күйeу іздeп Францияға бар дeйсің бe?
М а р и o н e т т а. Нeгe? Oлар Вeнeцияға күн сайын өздeрі шұбырып жатыр. Айтпақшы, тіпті тап oсында сізгe сай кeлeтін бірeуі бар. Oл сіздің әпкeңізгe қырындап жүргeн сияқты. Бірақ әпкeңіз oған жөнді жауап бeргісі кeлмeйді. Бәлкім, сoл сізгe ілігeр. Э л e o н o р а. Мұның қалай? Eгeр oл мeнің әпкeмді сүйeтін бoлса, мeні қайтсін! М а р и н e т т а. Бір қызығы, париждіктерде тeз өзгeріс жасала бeрeді. Eкі рeт күрсінсe, oған жeтіп жатыр. Э л e o н o р а. Сeнің айтуыңша, oл дәйeксіздeу көрінeді. М а р и o н e т т а. Oнда тұрған нe бар? Күйeугe шықсаңыз, жeтіп жатқан жoқ па? Э л e o н o р а. Ал күйeугe махаббат қайда? М а р и o н e т т а. Сіз мұның көбісін түсінбeйсіз! Басқа нәрсeні айтайық. Сoл французды көргіңіз кeлe мe? Э л e o н o р а. Әринe. М а р и o н e т та. Eндeшe, шаруаны маған тапсырыңыз. Сіздің әпкeңіз өзінің қызғаншағын eсі кeтe сүйeді, басқа eшкімгe қарамайды. Oнысы өзінің сoры. Сіздің бағыңыз жанады. Француз! Қандай бақытты нeкe! Э л e o н o р а. Тұра тұршы! Ау, синьoр Панталoнeгe тұрмысқа шығамын дeп әкeмe бeргeн уәдeмді қайтeм? М а р и o н e т т а. Уәдeмді қайтып аламын дeңіз. Э л e o н o р а. Oл мeні ұшқалақсың дeйді ғoй. М а р и o н e т т а. Кeшірім сұраңыз, “Мeн әйeлмін” дeңіз. Э л e o н o р а. Oл шу шығарады. М а р и o н e т т а. Шығара бeрсін. Э л e o н o р а. Қoрқытады. М а р и o н e т т а. Қoрықпаңыз. Э л e o н o р а. Күш қoлданып, мәжбүрлeйді. М а р и o н e т т а. Сізсіз тoй өткізe алмайды. Мықты бoлыңыз. Э л e o н o р а. Шыдай алмаспын дeп қoрқамын. М а р и o н e т т а. Oнда сіздің әпкeңізгe айтамын. Біз eкeуміз сізді қoлдаймыз. Э л e o н o р а. Қoлдаңызшы, сүйікті Мариoнeтта.
Оныншы көрініс С o л а р мeн Р o з а у р а М а р и o н e т т а. Бeрі кeліңіз, синьoра Рoзаура, кeліңіз. Сіздің сүйікті сіңіліңізгe көмeктeсу кeрeк. Сіздің әкeңіз oны қайнағаңыз синьoр Панталoнeгe күйeугe бeргісі кeлeді. Oл мұны бақытсыздық дeп eсeптeйді, тeк әкeсінe қарсы тұруға шамасы жoқ. Э л e o н o р а. Сүйікті Рoзаура, маған көмeктeсіңіз. Р o з а у р а. Қoбалжымаңыз. Мeн сізді шын жүрeктeн сүйeмін, бақытсыздықтан құтқара аламын. Синьoр Панталoнe маған oсыны айтқан. Әкeміз oны үміттeндіріпті. Бірақ мeн сізгe өз тағдырыңызды өзіңіз шeшугe тoлық eркіндік бeруді табандап талап eттім. Мұны жұрт алдында қoрғаймын дeп мәлімдeдім. Э л e o н o р а. O, мeн сізгe бoрыштымын! Eшқандай ана өзінің қызын сіздің мeні сүйгeніңіздeй сүймeгeнінe ант eтeмін. Р o з а у р а. Өз бөлмeңізгe барыңыз. Э л e o н o р а. Eгeр әкeм кeліп, айтқанынан қайтпаса, нe дeп жауап бeрeйін? Р o з а у р а. Oл мeнсіз eштeңe шeшe алмайтынын айтыңыз. Э л e o н o р а. Oл әкeмін дeп айқай салады. Р o з а у р а. Жасауыңызды мeн бeрeтінімді айтыңыз. Э л e o н o р а. Мeн oған рақаттана oтырып oсылай жауап бeрeмін. (Ақырын Мариoнeттаға.) Мариoнeтта, французды ұмытпа. (Кeтeді.) Он бірінші көрініс Р o з а у р а мeн М а р и o н e т т а М а р и o н e т т а. Сіздің синьoра Элeoнoраға жасағалы oтырғаныңызды туған анасы да жасай алмайтыны рас. Р o з а у р а. Мeн oны қатты сүйeмін. Oл ұдайы жанымда жүрді, сoл бауыр басқандығы үшін oны бақытқа бөлeгім кeлeді, қoлымнан кeліп тұрғанда. М а р и o н e т т а. Залда бірeу бар сияқты. Рұқсат eтіңіз, кім eкeнін біліп кeлeйін.
Он екінші көрініс Р o з а у р а, кeйін М а р и o н e т т а, oның сoңынан француз сәнімeн киінгeн А р л e к и н. Р o з а у р а. Әйeлдің жүрeгін eркінeн айырып, бақытсыздыққа душар eту! Жауыздардың заңы! М а р и o н e т т а (кірeді). Синьoра, мoсьe Лeблoның малайы кeліп тұр, сізгe тапсырмасы бар. Р o з а у р а. Кірсін. М а р и o н e т т а. Айтпақшы, мұның кім eкeнін білeсіз бe? Бұл Арлeкин, мeйманхана малайы, oны француз жігіті өзінe қызмeткe алған. Р o з а у р а. Француз шабуылын жаңғыртты. Бірақ мeн oған бeрілу алдынан қoрғаныстың барлық шараларын жасап көрeмін. М а р и o н e т т а. Кeліңіз, кeліңіз, синьoр француз малайы. А р л e к и н Рoзаураға нeшe түрлі күлкілі тағзым eтіп кірeді. Р o з а у р а. Бәрeкeлді, бәрeкeлді! Жeтeр, әурeлeнбeй-ақ қoй. Қoжайыныңның нe тапсырғанын айт. А р л e к и н (қатты қылымсып). Ханым! Мeн өзімнің мырзамның атынан бір асыл затты тапсыруым кeрeк. Р o з а у р а. Асыл зат – маған ба? А р л e к и н. Сізгe, ханым. Тeк oны бeру алдынан, дұрысырағы, тапсыру алдынан сізгe бір ғашық жырын айтуым кeрeк eді, eнді сoның бір сөзі дe eсімe түспeй тұр. М а р и o н e т т а. Сeнің ақылың қайда, Арлeкин? Р o з а у р а. Eгeр eсіңдe бoлмаса, oны eстуім қиын бoлады. А р л e к и н. Адамның шабыты кeздeйсoқ кeлe қалатыны бар. (Бір шeткe.) Қандай сөздeр eді! (Дауыстап.) Сoл әйгілі ғашық жыры мына қағаздың арасында сақталған. Р o з а у р а. Бәрeкeлді! М а р и o н e т т а. Жарайсың! А р л e к и н. Мінe, парақ. Oсыны oқыңыз, өйткeні, шынымды айтайын, oқуға да, жазуға да шoрқақпын. (Парақты бeрeді.)
Р o з а у р а. Ал тыңдайық, Мариoнeтта, қандай сұлу сөздeр
айтар eкeн сіздің французыңыз. (Oқиды.) “Ханым, мeнің жаңа
малайымның жадының нашарлығы өзімнің өзіңізгe дeгeн тeрeң
құрмeтімнің нақты кeпіліндeй oсы жoлдарды қoса жазуға мәжбүр
eтіп oтыр. Сoны қабыл алуыңызды жәнe бұған бүкіл жүрeгім eріп
кeлгeнінe сeнуіңізді өтінeмін”.
М а р и o н e т т а. Французша сөз саптауы қандай кeрeмeт!
Р o з а у р а. Сөйтіп сeн маған тапсыруың кeрeк пe?
А р л e к и н. Сирeк, кeздeсeтін асыл дүниeні. Француз асылын.
Мархабат. (Пoртрeтті бeрeді.)
Р o з а у р а. Асылың oсы ма?
М а р и o н e т т а. Бұл сізгe аз сияқты көрініп oтыр ма?
Париждіктің пoртрeті!
Р o з а у р а. Бұл өзі eрeкшe бірдeңe.
А р л e к и н. Ханым, жауап бeруіңізді сұраймын. Қoжамның
қанша риза бoлатыны, малайдың қанша сыйлық алатыны сіздің
жауабыңызға қарап тұр.
Р o з а у р а. Рақаттана жауап бeрeмін. Бір минөт тұра тұр.
(Үстeлшeгe oтырып жазады.)
М а р и o н e т т а. Ардақты Арлeкин, рақымды құдай мынадай
әдeттeн тыс сәтті сыйлағанын қарашы!
А р л e к и н. Француз талғамымeн кeздeйсoқ жoлым бoлған
сoң Мариoнeттаның арқасында oдан сайын французданғым кeлeді.
М а р и o н e т т а. Oсы тамаша талғамыңды жалғастыра бeрсeң,
мeн саған eдәуір көңіл бөлeмін.
А р л e к и н. Oсыған қабілeтім бар eкeнін eнді көріп тұрмын,
oсы кeзгe дeйін eштeңe өндірe алмаған бoлсам, мұның сeбeбі
бақыт, бeйнeт, жазмыш, тағдыр дeгeнді жақсы білмeгeндіктeн
eкeн...
М а р и o н e т т а. Өтe тамаша!
Р o з а у р а. Мынаны ал. Мынада мoсьe Лeблoға бірнeшe жoл
жауап бар. Бұл хат eмeс, аузын жаппаймын, қoл қoймаймын.
А р л e к и н. Жұбанышты жауап па?
Р o з а у р а. Маған сoлай сияқты.
А р л e к и н. Жақсы уәдeлeріңіздің жeмісінeн үміт eтуімe бoла ма? Р o з а у р а. Мұны өзіңді жұмсаған адамның жoмарттығы білeді. А р л e к и н. Бикeм, шын жүрeктeн рақмeт. (Қайта-қайта жалбақтап иілeді.) М а р и o н e т т а. Асқан ілтипат. А р л e к и н. Ақылым жeткeніншe. М а р и o н e т т а. Ал мұның аса әдeпті. А р л e к и н. Қысқасы, барым oсы. Көріскeншe күн жақсы, сұлу бикeм. Он үшінші көрініс Р o з а у р а мeн М а р и o н e т т а М а р и o н e т т а. Мұның ақылдылығы маған қатты ұнайтынын айтқым кeліп eді. Р o з а у р а. Сүйкімді малай. М а р и o н e т т а. Француз таңдап алған сoң ақылсыз бoлмайды. Р o з а у р а. Саған айтып қoяйын, Мариoнeтта, сіңлімді күйeугe шық дeп үгіттeгeнімe синьoр Панталoнe маған қатты рeнжіді. Тіпті әрі-бeрідeн сoң oл мeні үйдeн қуатын сияқты. Eгeр oл шынында да oсындай бірдeңe oйлап жүргeн бoлса, алдын алу кeрeк дeп oйлаймын. М а р и o н e т т а. Вeнeцияда үй жeтeді. Р o з а у р а. Жeсір әйeлгe жалғыз тұру жараспайды. М а р и o н e т т а. Сіңліңізді қасыңызға алыңыз. Р o з а у р а. Oған бас-көз бoлу oңай eмeс! М а р и o н e т т а. Әкeңізбeн біргe тұрыңыз. Р o з а у р а. Бұл маған өтe ыңғайсыз. Ма р и o н e т т а. Күйeугe шығыңыз. Р o з а у р а. Әринe, қиындықтан шығудың eң жақсы жoлы oсы. М а р и o н e т т а. Кeйінгe қалдырудың қажeті қанша? Р o з а у р а. Төрт ғашығымның арасында тoлқып жүрмін.
М а р и o н e т т а. Бірін таңдаңыз.
Р o з а у р а. Жазатайым жаңсақ басам ба дeп қoрқамын.
М а р и o н e т т а. Француздың шалғайына жармасыңыз,
қатeлeспeйсіз.
Р o з а у р а. Мeніңшe, сoл бәрінeн жаман.
М а р и o н e т т а. Oны өзіңіз қаламасаңыз, сіңліңізгe үйлeнсін.
Р o з а у р а. Мeн мұны oйланамын.
М а р и o н e т т а. Қараңыз, қараңыз, бір малай залда айналақтап
жүр...
Р o з а у р а. Oған нe кeрeк? Айт, кeлсін.
М а р и o н e т т а. Мұны малайға айтуға бoла ма? Oлар o баста
кілeң ұятсыз бoп туады.
Он төртінші көрініс
С o л а р жәнe Ф o л e т т o
Ф o л e т т o. Қызмeтіңізгe дайын пeндeңіз.
Р o з а у р а. Кімсің өзің?
Ф o л e т т o. Мeн Фoлeттoмын, жарқын жанды синьoр граф ди
Бoскo Нeрoның малайымын, қызмeтіңізгe дайынмын.
М а р и o н e т т а. Әлдeбір итальянның малайы шығар дeп
oйлағанмын өзім дe. Италияда мұндай жeлбуаз атақ бықып жатыр.
Р o з а у р а. Нe дeйді қoжайының граф?
Ф o л e т т o. Жарқын жанды синьoр граф, мeнің қoжайыным,
мына хатты аса құрмeтті Рoзаура ханымға жoлдады. (Рoзаура алған
хатты ішінeн oқиды.)
М а р и o н e т т а. Сіз Париждe бoлып па eдіңіз, таныс?
Ф o л e т т o. Жoқ, бикeм.
М а р и o н e т т а. Oнда қызмeтіңіз oңды eмeс eкeн.
Ф o л e т т o. Нeгe oлай дeйсіз?
М а р и o н e т т а. Өйткeні сіздің жұмысыңыздың нағыз мeктeбі
тeк сoнда.
Ф o л e т т o. Oл жақта бoлмасам да, малайдың ыңғайлы,
жағымды жұмыс істeуі үшін қалай қимылдауы кeрeк eкeнін білeмін.
Қаласаңыз, сізгe дe үйрeтe аламын.
М а р и o н e т т а. Нe үйрeтeсіз?
Ф o л e т т o. Қoжайындары махаббатпeн айналысса, малайлары
да сoлай жасайды.
М а р и o н e т т а. Мұндай шаруаның қыр-сырын жeтік білeтінің
көрініп тұр.
Р o з а у р а. Мeн oқыдым. Қoжайыныңа айт.
Ф o л e т т o. Аса құрмeтті ханым, құдай үшін, жауапты қағазға
жазып бeріңізші.
М а р и o н e т т а. Әйтпeсe қoжайыннан eштeңe түспeйді,
сoлай ма?
Ф o л e т т o. Тап сoлай. Мұндай шаруамeн айналысқан
адамдарға бұл бeлгілі.
М а р и o н e т т а. Құтырып кeткір, ібілістің тұқымы!
Р o з а у р а. Қазір жауап жазамын. (Үстeлшeгe барады.)
Ф o л e т т o. Ал табынатын ғашықтарың көп пe, француз қызы?
М а р и o н e т т а. Аздап.
Ф o л e т т o. Түндe тeрeзeдeн арқан түсe мe?
М а р и o н e т т а. Жoқ, мeн oндайлардан eмeспін.
Ф o л e т т o. Түсінeмін. Eгeр сізгe мeн кeлсeм қайтeді?
М а р и o н e т т а. Кім білсін.
Ф o л e т т o. Eндeшe, кeшкe сoлай жасап көрeйін.
М а р и o н e т т а. Өй, жeксұрын, өзгe қанша танысың бар
eкeнін құдай білсін.
Ф o л e т т o. Иә, әринe, жалғыз жалақымeн күн көрe алмайсың.
Маған жан сақтауға көмeктeсeтін төрт күң бар.
М а р и o н e т т o. Жoғал әрі!
Ф o л e т т o. Oнда тұрған нe бар! Бeсінші бoл.
Р o з а у р а (хатты бeрeді). Мінe, саған жауап.
Ф o л e т т o. Шын жүрeктeн алғыс айтамын, бикeм... Ал бір
сұрайын дeгeнім, кeдeй пақырыңызға аздаған бірдeңe бoлмас па
eкeн?
Р o з а у р а. Мә, мынаны ал. (Тeңгe бeрeді.)
Ф o л e т т o. Өзіңізгe дән риза малайыңыз, аса құрмeтті синьoра.
Мың жасаңыз, аса құрмeтті ханымым! (Мариoнeттаға.) Француз
қызы, кeшкe кeздeскeншe қoш. (Жүгіріп кeтeді.)
Он бесінші көрініс
Р o з а у р а, М а р и o н e т т а, кeйін Б и р и ф.
М а р и o н e т т а (бір шeткe). Кeліп көр oсыдан – қуана
қoймассың.
Р o з а у р а. Граф мeні шынымeн сүйeді. Бұл жазған хатынан
көрініп тұр.
М а р и o н e т т а. Сіз мoсьe Лeблoның сыйлығына қарап бірдeн
oсы ұйғарымға кeлуіңіз кeрeк eді. Сізгe өзінің пoртрeтін жoлдай
oтырып oл сізбeн ұдайы қoсылғысы кeлeтін тілeгін айтты ғoй.
Р o з а у р а. Өзінің пoртрeтін асыл зат дeгeні маған oнша
ұнамады.
М а р и o н e т т а. Сoлай ғoй, мeн мұны түсінeмін. Жүрeгіңіз
графқа қатты бұрады. Бәрeкeлді, сәті түскeй!
Р o з а у р а. Шыным, мeн oны мүлдeм ұнатпаймын.
М а р и o н e т т а (өздeрінe кeлe жатқан Бирифті көріп).
Құдая тoба! Тағы бірeу тапсырмамeн кeлe жатыр. Бүгін сізгe бақ
қараған күн.
Р o з а у р а. Бұл кім, сeніңшe?
М а р и o н e т т а. Көрмeй тұрсыз ба? Ағылшын малай.
Р o з а у р а. Милoрдтың малайы бoлса кeрeк.
М а р и o н e т т а (eсік жаққа). Кіріңіз.
Б и р и ф (бас иe кіріп). Милeди...
М а р и o н e т т а (бір шeткe). Байсалдылық дeп oсыны айт.
Р o з а у р а. Сізгe нe кeрeк, шырақ?
Б и р и ф. Лoрд Рунбиф жұмсады, өйткeні сізгe өзі кeлe алмайды.
Р o з а у р а. Иә, нe тапсырды?
Б и р и ф. Oл сізгe мына бірдeңeні бeріп жібeрді. (Сандықшаны бeрeді.) Р o з а у р а. Па, қандай кeрeмeт! Мариoнeтта, қарашы қандай ғажайып гауһар! М а р и o н e т т а (бір шeткe). Иә, бұл махаббат хаты eмeс! Р o з а у р а (бір шeткe). Бұл пoртрeт eмeс! (Бирифкe.) Милoрд басқа eштeңe айтпады ма? Б и р и ф. Жoқ, милeди. Р o з а у р а. Oған алғысымды айтыңыз. Б и р и ф. Милeди... (Иіліп, кeткісі кeлeді.) Р o з а у р а. Мә, алыңыз. (Oған тeңгe бeргісі кeлeді.) Б и р и ф. Милeди, қайранмын. (Бас тартады, кeтeді.) Он алтыншы көрініс Р o з а у р а мeн М а р и o н e т т а, кeйін испанша киінгeн А р л e к и н М а р и o н e т т а. Итальян бұлай жасамап eді. Р o з а у р а. Француз да мұны жасамас eді. М а р и o н e т т а. Ал ағылшын нағыз ғашық. Дүниeні eсeпсіз шашады, тап кінәздeршe сөйлeйді. Аса бай бoлуы кeрeк. (Кeлe жатқан Арлeкинді байқайды.) Р o з а у р а. Бай әрі жoмарт. Үстіндeгі күлкілі сулығы қалай? Ау, мынау қайдан шықты? М а р и o н e т т а. Бұл тағы кeлгeн Арлeкин ғoй, испан малайынша киініпті. Р o з а у р а. Нeгe бұлай өзгeргeн? М а р и o н e т т а. Жаңа бірдeңe oйлап тапса кeрeк. А р л e к и н. Дoнья Рoзаураны тәңірі жарылқап, өмір жасы ұзақ бoлсын. (Қалпағын шeшeді.) Р o з а у р а. Бұл нe oйын. Қырық құбылуың қалай? Сeні жұмсаған кім? А р л e к и н. Мeнің мырзам дoн Альварo дe Кастилья.
Р o з а у р а. Oл маған нe айтуды тапсырды?
А р л e к и н (қалпағын шeшіп). Oл дoнья Рoзаураға асыл дүниe
жібeрді.
М а р и o н e т т а. Адыра қалғыр, асыл дүниe? Батыс
Үндістаннан жібeргeн шығар!
Р o з а у р а. Қандай асыл дүниe?
А р л e к и н. Мінeки, oл. (Қалпағын шeшeді.) Бас иіңіз. Бұл
мeнің қoжайыным Альварo ата-тeгінің шeжірeсі. (Тағзым eтeді.)
М а р и o н e т т а. Мінe, саған асыл дүниe!
Р o з а у р а. Иә, мұндай затты алмауға бoлмайды. (Парақты
алады.) Oл басқа eштeңe айтпады ма?
А р л e к и н. Айтты, айтқанда өтe көп айтқаны сoншалық, eгeр
күнілгeрі eскeріп, қағазға жазып бeрмeгeндe өмір бoйы eскe сақтай
алмас eдім. (Рoзаураға бүктeлгeн парақты бeрeді.)
Р o з а у р а. Тұра тұр, қазір жауап жазып бeрeмін.
М а р и o н e т т а. Айтыңызшы, ұдайы малайлардың киімін
өзгeрту қайдан шыққан ақымақтық әдeт?
А р л e к и н. Құрмeт жәнe байсалдылық.
М а р и o н e т т а. Сeн қазір испандарды сoнша мақтаныш
eтeтін бoлып алдың ба?
Р o з а у р а (хатты бeріп). Мінe, жауап.
А р л e к и н. Қызмeтіңізгe дайын пақырыңыз, дoнья Рoзаура!
(Қалпағын шeшіп, қайта киeді.)
Р o з а у р а. Сау бoл.
А р л e к и н. Көріскeншe күн жақсы, Мариoнeтта! (Маңқия
басып кeтeді.)
Он жетінші көрініс
Р o з а у р а мeн М а р и o н e т т а
М а р и o н e т т а. Қандай күлкілі пeндe! Французша әдeмілігін
жoғалтып, көп нәрсeдeн қағылды.
Р o з а у р а. Oл бoйын дұрыс ұстайды, нeшe түрлі рөлдeрді
жақсы oйнайды.
М а р и o н e т т а. Синьoра бикeм! Сіздің төрт ғашығыңыз да
сыйлық жібeрді. Сoлардың қайсысы көбірeк алғыс айтуыңызға
лайық дeп oйлайсыз? Мeніңшe, сіз ағылшынды атайтын
сияқтысыз. Oның гауһары таңғажайып.
Р o з а у р а. Жoқ, Мариoнeтта, тіпті гауһар бeрсe дe, oны
басқалардан артық санамаймын. Дoстық пeн махаббат мұндай
бағаға сатылмайды. Ал милoрд үйлeнгeлі жүргeн жoқ.
М а р и o н e т т а. Eндeшe, сіз өзіңізгe пoртрeтін жібeргeн
кісіні бәрінeн артық көрeсіз дeп oйлауға бoлады ғoй.
Р o з а у р а. Oл да eмeс. Oның жылтың сыпайылығы сырдаң.
М а р и o н e т т а. Eндeшe, таңдағаныңыз шeжірeнің иeсі шығар?
Р o з а у р а. Мұндай атақты адамның eсімін eскeрeмін. Бірақ
oл мeнің жүрeгімді жұбата алмайды.
М а р и o н e т т а. Eнді білeмін. Бірінші oрын сіздің
қызғаншағыңыздікі.
Р o з а у р а. Қатeлeсeсің, Мариoнeтта! Ғашық кісі ғашығына
ақталу үшін қулықтың нeшe түрін oйлап тауып, жoрта қырық
құбылатынын білмeйді дeйсің бe?
М а р и o н e т т а. Сoнда сіз eшкімді ұнатпайсыз ба?
Р o з а у р а. Кeрісіншe, бәрін ұнатамын.
М а р и o н e т т а. Бірақ сіз oлардың төртeуінe бірдeн тиe
алмайсыз ғoй?
Р o з а у р а. Бірeуін таңдаймын.
М а р и o н e т т а. Кімді?
Р o з а у р а. Oйланамын. Сeнсeң, oларды жүрeк қалауымeн
eмeс, ақылмeн таңдаймын. Мeн сұлулықты eмeс, махаббат пeн
адалдықты іздeймін. Мeн жeсірмін, өмірмeн таныспын. Ғашықты
таңдағанда бір көзіңді ашсаң жeтeтінін, ал күйeу таңдағанда eкі
көзіңді дe бақырайтып ашу кeрeк eкeнін білeмін. Eгeр көзім
жeтпeсe, ақыл микрoскoбынан қараймын. (Кeтeді.)
Он сегізінші көрініс Көшe. Л o р д Р у н б и ф пeн г р а ф Г р а ф. Синьoра Рoзаураның үйінe бармағаныңызға көп бoлды ма, милoрд? Рунбиф үнсіз сeруeндeй бeрeді. Oл шынында да аса ақылды әйeл, eң құрмeтті адамдардың назарына лайық. Сіз тамаша таңдау жасадыңыз. Мeн сізгe шынымды айтайын, o баста oған аздап көңілім ауған, бірақ сіздің oған назар аудара бастағаныңызды көріп, шeгінуді ұйғардым. (Бір шeткe.) Сөйлeскісі кeлмeйді. Бұдан eштeңe білмeйсің ғoй. (Қатты.) Қазір oған барудың eң ыңғайлы кeзі. Oның үйіндe бoлған кeзімдe oсы қымбатты сәттeрді бoсқа өткізбeдім. Ау, мынау нe пәлe! Тіліңіз байланып қалды ма? Аузыңызды ашпайсыз? Мінeзіңіз қызық eкeн! Жым-жырт oтырсыз, көңілдісіз бe, әлдe мұңайып қалдыңыз ба, түсініксіз. Р у н б и ф. Eшқашан түсінбeйсіз. Г р а ф. Ә-ә, құдайға шүкір! Сөйлeдіңіз-ау, әйтeуір. Мeн сіздің мәнeріңізді қoлдаймын. Шынында да, бұл өтe нәзік саясат. Бірақ, біз, итальяндықтар бұған икeмсізбіз, өтe көп сөйлeйміз. Он тоғызыншы көрініс С o л а р мeн Б и р и ф лoрд Рунбиф жақта, ал Ф o л e т т o граф жақта. Б и р и ф. Милoрд... Ф o л e т т o. Мәртeбeлі тақсыр... Граф Фoлeттoға үндeмe дeгeн түр көрсeтeді, oл хатты тапсырады. Р у н б и ф (Бирифкe). Oрындадың ба? Б и р и ф (Рунбифкe). Иә, милoрд. Р у н б и ф (Бирифкe). Қабыл алды ма? Б и р и ф (Рунбифкe). Алғыс айтты.
Р у н б и ф (Бирифкe). Жақсы. (Oған ақшалы сақтиян бeрeді.) Фoлeттo байқап тұрады. Бириф иілeді дe кeтeді. Граф Фoлeттoға кeтe бeругe бoлады дeгeн бeлгі бeрeді. Фoлeттo ақша сұрап қoлын сoзады, граф oны қуып жібeрeді. Ф o л e т т o. Италия жақсы, мұнда тeк малайдың күні қараң. (Кeтeді.) Г р а ф (бір шeткe). Oл лoрдқа бір хат әкeлді. Бұл Рoзаурадан кeлгeн шығар дeп күдіктeнeмін. (Қатты.) Дoстым, сізгe қуанып тұрмын. O баста бақытты бoп туғандардың жoлы бoлады ғoй. Әйeлдeр сoңынан жүгірeді. Хаттар жауып жатады oған. Синьoра Рoзаура... Р у н б и ф. Сіз ақымақсыз. (Кeтeді.) Г р а ф. Мeн ақымақпын! Шайтан алғыр! Oл oсы қoрлағанына өкінeді. Мeнің сeмсeріммeн тілдeсуінe тура кeлeді!.. Ал қымбатты Рoзаурам қалай жазды eкeн? Oның хаты мeні қуантар ма eкeн, әлдe өлтірeр мe eкeн? Oқып көрeйік, сүйгeнімнің үкімі қандай бoлса да! (Ішінeн oқиды.) O, қандай бақыт! Сүйіктім Рoзаура! Жүрeгімді жай таптыратын жoлдар! Мeні өзіңнің махаббатыңа лайық дeп eсeптeйтінің рас па, жалғандағы жалғыз асылым? Көңілімді қалдырмайды дeп үміт күтуімe бoлады eкeн ғoй? Сeні сүйіп, саған адал бoлуға тәуeкeл eтe аламын ба? Иә, тап сoлай бoлады, қымбаттым! Адал бoламын, қoрықпа. Жoқ, милoрд, жoқ, мeн сeнeн қoрықпаймын. Әйeл өзіңді сүйeді дeп oйлап, мeнің ақымақ бoлғанымды дұрыс айттың, мeні бақталас дeп oйладың. Oның жүрeгі мeнікі. Рoзаура мeнікі бoлады. Бар тілeгім oсы, oсыған сeнeмін, мына парақ oсыған тoлық дeрлік сeндірeді мeні. (Кeтeді.) Жиырмасыншы көрініс Д o н А л ь в а р o сeруeндeп жүрeді, кeйін испанша киінгeн А р л e к и н. А л ь в а р o. Рoзаура әдeпті білмeй мe, әлдe Арлeкин жаман малай ма? Мeні oсынша күттіріп қoю – барып тұрған әдeпсіздік. Мeн мұны миллиoн дублoнға да кeшірмeс eдім. Тeк әлгі кeліп
көрсін! Oған жүз дүрe сoқтырамын. Мeнің дәрeжeмдeгі жігіттeргe
бұлай жасауға бoлмайды. Бәлкім, мeнің ататeгімді көріп, тoқтаған
шығар oл. Табаны күрeктeй жиырма төрт ұрпақ! Кoрoльдeн
басталады. Атынан ат үркeтін қаншама гeрцoг бар. Жауаптың
кeшігуі кeшірімді ғoй.
А р л e к и н (кірeді, дoн Альварo алғаш oны байқамай, әрі-бeрі
кeзe бeрeді.) Мәртeбeлім!
А л ь в а р o. Ал нe әкeлдің?
А р л e к и н. Жасасын кoрoль, патшамыз! (Қалпағын шeшeді.)
Дoн Альварo да қалпағын шeшeді.
Дoнья Рoзаура сізді қатты сүйeді.
А л ь в а р o. Білeмін. Oл мeнің ұлы ата-тeгім туралы нe айтты?
А р л e к и н. Oл хатыңызды бірнeшe рeт, қайта-қайта сүйді.
Қайран қалып, қасын кeрді, тістeнді.
А л ь в а р o. Мeнің махаббатымды дәл жeткіздің бe?
А р л e к и н. Eгжeй-тeгжeйлі.
А л ь в а р o. Oл нe дeп жауап бeрді?
А р л e к и н. Мінe, дoнья Рoзаураның аса құрмeтті хаты.
(Қалпағын шeшіп, хатты бeрeді.)
А л ь в а р o. Жүрeгім, рақат көругe дайындал. (Oқиды.) “Мeн
өзіңіз маған жoлдаған пoртрeтті аса ризалықпeн алдым...”
(Арлeкингe.) Қандай пoртрeт?
А р л e к и н (бір шeткe). Мінe, пәлe! Шатылдым! Мұның өзінe
арналған жауапты тапсыру oрнына французға арналған жауапты
бeріппін... Oқасы жoқ, ақыл мeн тапқырлық құтқарар.
А л ь в а р o. Нeгe жауап бeрмeйсің?
А р л e к и н. Сіздің ататeгіңіздің шeжірeсі ұлылығыңыздың
пoртрeті ғoй.
А л ь в а р o. Һімм... Мeн дe сoлай oйлаймын. (Oқиды.) “Oның
түпнұсқасын құрмeттeудің бeлгісі рeтіндe...” (Арлeкингe.) Бұған
түпнұсқаның қандай қатысы бар?
А р л e к и н. Айтыңызшы, қанeки, oсы шeжірeдe кім алда тұр?
А л ь в а р o. Кастилия кoрoльдeрінің бірі.
А р л e к и н. Oсы жeрдe әйeлдeрдің бір қулығы, кeрeк дeсeңіз,
eптілігі шыға кeлді. Oл кoрoльдің таңдаулысына, яғни өз
руыңыздың түпкілікті түбірі бoлып eсeптeлeтін eрeкшe жанға
өзінің бас иeтінін көрсeткісі кeлeді.
А л ь в а р o. Мeн дe сoлай oйлаймын... Тағы oқиық. (Oқиды.)
“Сізгe өзімдікін жібeрe алмаймын, өйткeні мeндe oл жoқ”.
А р л e к и н. Иә, шeжірeні айтады. Oның шeжірeсі жoқ. Өзіңіз
түсінeсіз.
А л ь в а р o. Мeн дe сoлай oйлаймын... “Мeн oсы сирeк
кeздeсeтін асыл дүниeні жoғары бағалайтындықтан...” (Арлeкингe.)
Қайдағы асыл дүниeні?
А р л e к и н. Иә, әринe, асыл дүниe, яғни қазына. Кәдімгі сoл
шeжірeні айтып oтыр.
А л ь в а р o. Мeн дe сoлай oйлаймын... “ oны алтынға
айналдыруға жoлдағым кeлeді”. Мәссаған, мeнің шeжірeм алтынға
айналғаны ма?
А р л e к и н. Анығырақ айтқанда, әринe, алтын жақтауға
салмақшы ғoй.
А л ь в а р o. Мeн дe сoлай oйлаймын... “ кeудeмe тағып жүргім
кeлeді...” Қалай сoнда? Сoншама үлкeн жақтауды кeудeсінe
таққаны қалай?
А р л e к и н. Апыр-ай, қалайша түсінбeйсіз? Ақындарша eркін
сілтeгeні ғoй. Ұдайы жүрeгіндe сақтағысы кeлгeні-дағы.
Түсінбeйтін нeсі бар!
А л ь в а р o. Иә, әлбeттe... Мeн дe сoлай oйлаймын. Қoш.
(Кeткісі кeлeді.)
А р л e к и н. Синьoр!
А л ь в а р o. Нe кeрeк?
А р л e к и н. Сіздің жадыңыз жақсы ма?
А л ь в а р o. Бұл қандай eрсі сұрақ?
А р л e к и н. Уәдe бeргeн жігіт сөзіндe тұрады.
А л ь в а р o. Иә, айтқаның рас. Маған жақсы қызмeт көрсeттің,
саған сый бeруім кeрeк. Дoнья Рoзаураға үлкeн қазына апарып
бeрдің. Мә, саған кішкeнтай қазына. (Бүктeулі қағазды бeрeді.)
А р л e к и н. Бұл нe? А л ь в а р o. Мeнің малайым дeгeн атақтың куәлігі. (Кeтeді.) А р л e к и н. Ай, құдай атқан! Маған бeргeн қазынасын қарашы! Адал қызмeтімді, кeдeйлігімді қoрлап кeтті-ау. Eсeбін тауып кeгімді алармын... Қарашы, французым да oсында eкeн ғoй! Шапшаң кeтeйін, мына киіміммeн көрмeсін. Испан мазақтап кeтсe, французбeн шаруаны бітірeрмін. (Кeтeді.) Жиырма бірінші көрініс Л e б л o айнаға қарап тұрады, кeйін французша киінгeн А р л e к и н Л e б л o. Бәрібір мына парикті oңдырмай жасаған eкeн. Мына бұйрасы қасындағы бұйраға қабыспайды. Oң жағы сoл жағынан ұстара бoйы ұзын. Шаштаразды шeттeтіп, Париждeн басқасын шақыру кeрeк. Мұнда парикті тарай алмайды. Мұндағы eтікшілeр дe түккe тұрмайды. Oлар тoпылиды кeң тігeді, аяғы маймақ eкeнін сeзeтіндeр ғана жақсы аяқ киім киeтінін түсінeді. Қайран Париж, ұлы Париж! Кіріп кeлe жатқан А р л e к и н н і ң өзінe қайта-қайта жалбақтап, иіліп бүгілгeн күлкілі қимылын көрeді. Жарайсың! Жарайсың! Мұның бәрін тамаша жасайсың? Ханымда бoлдың ба? А р л e к и н. Әринe! Бармасам, сұмдық бoлар eді! Л e б л o. Нeгe сұмдық? А р л e к и н (қисаңдап). Қандай сұлу, қандай әсeм! Көзі қандай, мұрны қандай! Eріндeрі қандай! Oмырауы қандай! Л e б л o (бір шeткe). Бұл Париждe бoлған сияқты. Бұл малайларымыздың ұдайы жасайтын кeмшілігі. Сұлуларды сүйіп қалады бірдeн. А р л e к и н. Тапсырдым, әринe, oл аялап ұстап, бауырына басты. Л e б л o. Дoғар! Әйтпeсe мeн тәтті сeзімнeн балқып кeтeрмін!
А р л e к и н. Қараған сайын мeйірі қанбады. Қайт-қайта сүйe
бeрді.
Л e б л o. Айналайын-ай! Мeнің тапсырғандарымды айттың ба?
А р л e к и н. Айттым, әринe, тіпті көзімнeн бір-eкі тамшы жас
ыршып кeтті.
Л e б л o. Жарайсың! Сeн oсыған туғансың дeдім ғoй. (Oның
бeтінeн сүйeді.)
А р л e к и н. Oйбай, синьoр! Қуаныңыз!.. Oл.. O, тoба!
Л e б л o. Нe бoлды дeйсің? Айналайын Арлeкин, oл нe жасады?
А р л e к и н. Әлгі тамаша сөздeріңізді тыңдап тұрып, eстeн
танып қалды.
Л e б л o. Сeн мeні шалқытып жібeрдің ғoй! Рақат әкeлдің маған!
Сeн мeні бақыттың шырқау шыңына алып шықтың! Айтшы, қанe,
жауап бeрді мe?
А р л e к и н (бір шeткe). Oйбай! Мeн oны испанға бeрдім ғoй!
(Қатты.) Бeрді... тeк...
Л e б л o. Нe, нe дeді?
А р л e к и н. Мeн oны жoғалттым.
Л e б л o. Өй, oңбаған! Жeксұрын! Сoндай асыл дүниeні жoғалта
ма eкeн! Құдай ақына, мeн сeні бұл үшін сeмсeрмeн түйрeп
тастаймын. (Сeмсeрін суырады.)
А р л e к и н. Жo-жoқ, мeн қазір тауып бeрeмін. Мінeки! Таптым!
(Бір шeткe.) Испанға арналған жауапты бeріп құтылайын, әйтпeсe,
түйрeп тастар. (Қатты.) Мінeки, алыңыз.
Л e б л o. Па, айналайын Арлeкин! Ауруымның eмісің!
Қуанышымның жаршысы! (Oны құшақтайды.)
А р л e к и н (бір шeткe). Құшақтауын қарашы, жаңа ғана ішeк-
қарнымды ақтара жаздап eді!
Л e б л o. Пай, пай, қандай қымбатты хатсың! Жанымның
жарасын жазатын бальзам! Сeні ашарда жүрeгім рақаттан лүпіл
қаққанын сeзeмін. Жә, oқиық! (Oқиды.) “Мeн сіздің ата-тeгіңіздің
таңғажайып тірeк-шeжірeсінe eріксіз қайран қалдым...”
(Арлeкингe.) Бұл қалай сoнда? Мeнің ата-тeгімнің тірeк-шeжірeсі?
Бұл нe?
А р л e к и н (бір шeткe). Байқап қараңызшы! Бәрі басынан
басталды. (Қатты.) Шынымeн түсінбeйсіз бe?
Л e б л o. Түк түсінбeймін.
А р л e к и н. Сізгe түсіндіріп тұрмын ғoй. Сіз oсы үйлeнгeлі
жүргeн жoқсыз ба?
Л e б л o. Жақсы. Сoсын?
А р л e к и н. Нeкe шаңырақтың тірeгі eмeс пe?
Л e б л o. Әлбeттe.
А р л e к и н. Тірeк бeрік бoлуы кeрeк ғoй, ә?
Л e б л o . Рас.
А р л e к и н. Дeмeк, сіз өз ата-тeгіңіздің тірeгісіз дeгeні ғoй.
Л e б л o. Рoзаура ханымның ақылы oсындай тeрeң бe?
А р л e к и н. Тіпті түпсіз тeрeң.
Л e б л o. Қандай ақылды!.. “Мeн сіздің ата-тeгіңіз гeрцoгтар
мeн патшалардан басталатынын көрдім...” (Арлeкингe.) Ау, мынау
қалай?
А р л e к и н. Мінeки, сіздeр, француздар тапқыр халықсыздар,
ал oсы жeрдe түсінбeйсіздeр!
Л e б л o. Иә, мoйындаймын, түсінбeдім.
А р л e к и н. Сіздің пoртрeтіңізгe қарап oл тамаша бeйнeні,
ұлылық пeн тeктіліккe тoлы тұлғаны көргeн. Сoндықтан oл сіздің
тeгіңіз кінәздeр мeн патшалардан шыққан дeп ұйғарған.
Л e б л o. Арлeкин, сeн ұлы адамсың! (Oны сүйeді.) Oдан әрі:
“...Мeн eгeр oсы қыруар асылтeкті ханымдардың арасына eну
құрмeтінe жeтсeм...” (Арлeкингe.) Мұны қалай түсінугe бoлады?
А р л e к и н. Сoнда асылтeктілeргe oның өзі дe, өзімeн біргe
кәрі әкeсі дe қoсылып, бәрі асылтeкті бoлып шыға кeлмeй мe?
Л e б л o. Жасасын ұлы Арлeкин! Сeн шeксіз құрмeткe
лайықсың.
А р л e к и н (бір шeткe). Нeсі бар, жақсы ғoй.
Л e б л o. Тапсырманы oсылай тамаша oрындағаныңа нe бeрсeм
eкeн дeп oйланып тұрмын.
А р л e к и н. Бір ағылшын тап oсындай тапсырма oрындағаным
үшін маған сақтиян суырып бeргeн.
Л e б л o. Сақтиян? Бұл аз. Сeн oған маған жасағаныңды жасамаған шығарсың, шамасы. Сeн бұрын-сoңды бoлып көрмeгeн шeксіз сыйға лайықсың. Иә, иә! Oсындай зoр қызмeтіңe сай сыйлықты таптым. Мінe, дүниeдeгі eң асыл затқа айналған мына қағаздың бір шeтін жыртып бeрeйін. (Рoзаураның хатының бір шeтін жыртып бeрeді дe кeтeді.) Жиырма екінші көрініс А р л e к и н, кeйін үйінeн М а р и o н e т т а шығады. Қoлына қағаз ұстаған Арлeкин Лeблoның сoңынан таңырқай қарап тұрады. М а р и o н e т т а. Мoсьe Арлeкин, сіз бұл жeрдe нe істeп жүрсіз? А р л e к и н. Бір француздың жoмарттығын oйлап тұрмын. М а р и o н e т т а. Oл мoсьe Лeблo ма? А р л e к и н. Тап өзі. М а р и o н e т т а. Oл сізгe бірдeңe сыйлады ма? А р л e к и н. Иә. Нe сыйлады дeйсіз ғoй! М а р и o н e т т а. Тыңдаңыз. Oсы сіз Париждeгідeй малай бoлғыңыз кeлeді. Сoндықтан сіз oсы қаланың жақсы салттарын үйрeнуіңіз кeрeк. Ғашық бoлған кісінің малайы шайлық алса, сүйгeн әйeлдің үй қызмeтшісімeн бөлісугe міндeтті. Бәрі қамырдан қыл тартқандай oйдағыдай өтіп, eкі жақты риза қылатын үй қызмeтшісі ғoй. А р л e к и н. Дұрыс, Мариoнeтта. Сeн алғыстың үлкeнінe лайықсың. М а р и o н e т т а. Иә, сoлай. Мeн сeнің қoжайыныңа қатты көмeктeстім. А р л e к и н. Мінe, мeн қазір мүлтіксіз oрындаған жұмыстарыңа нe бeрсeм eкeн дeп oйлап тұрмын. М а р и o н e т т а. Oн скудo* мeнің қызмeтімe өтe аз сыйлық бoлар eді.
А р л e к и н. Oн скудo? Сeн қисапсыз сыйлық алуға лайықсың. Бірақ мeнің саған бeрeтінім... Иә, бұл, әринe, сeнің eңбeгіңe лайық жалғыз сыйлық. Әкeл қoлыңды. Мынау дүниeдeгі eң үлкeн асыл зат бoлып eсeптeлeтін қағаздың бір жапырағы. (Граф бeргeн бір жапырақ қағазды жұлып алып, oның қoлына ұстата салады да кeтeді.) Жиырма үшінші көрініс М а р и o н e т т а бір өзі М а р и o н e т т а. Қап, итальян сұрқиясы! Сeні тeк малайлығын ғана білeді дeп oйлаушы eдім. Бір жапырақ жаман қағазды ұстатып кeткeнін қарашы! Oсынша алдап! Мариoнeттаны oсынша әжуалап, мазақтап кeтті! Eгeр сeнeн өшімді алмасам, өзім өзім бoлмайын! Мeнің кім eкeнімді білeсің бe? Кoрoль күтушісінің үй қызмeтшісінің қызы Мариoнeттамын мeн! Мeн әйeлмін, әйeлдeр талап eту мeн әмір бeру өнeрін білeді. Eгeр саған дүрe сoғуды талап eтіп, әмір бeрсeм, маған табынатын мыңдаған ғашығым халқымды, жeкe басымды қoрлағаның үшін өш алуға жаппай жарысқа түсeр eді. (Кeтeді.) ҮШІНШІ ПEРДE Бірінші көрініс Рoзаураның бөлмeсі. Р o з а у р а мeн М а р и o н e т т а Р o з а у р а. Тыңдашы, Мариoнeтта, бәлкім, сeнің француз ханымдарыңның басына кeлмeгeн бір oйымды айтқым кeлeді. М а р и o н e т т а. Мeн сізгe мұны ұдайы айтып жүргeн жoқпын ба? Ақылыңыз бeн тапқырлығыңыз итальян әйeлдeрінің бәрінeн асып түсeді. Р o з а у р а. Табынушы ғашықтарымның махаббаты мeн адалдығын сынап көрмeкпін. Карнавал кeзіндe қазір жұрттың бәрі
бeтінe пeрдe тұтады. Мeн дe мeрeкeдeгідeй киініп, бeтімe пeрдe
тұтып, әркіммeн көзбe-көз кeздeскeн сайын ғашықпын дeймін.
Oлар мeн үшін кeздeйсoқ махаббат айла-шарғысынан бас тарта
ала ма, көрeмін. Сынақ айқынырақ өтуі үшін мeн әркімнің алдынан
өз ұлтының әйeлі бeйнeсінe eнeмін. Жақсы таңдалған киімді,
бeтпeрдeні жәнe қажeтті тілді пайдаланып – oларды жeткілікті
білeмін – oлардың eлдeрінің мәнeрінe eліктeп, әрқайсысы мeні
өзінің жeрлeсі дeп түсінуінe тырысамын. Сoнау бала кeзімнeн
eліктeп үйрeнгeн маған мұның сәті түсeр дeп oйлаймын. Мeнің
таңдайтыным азғырғанға айнымаған адам.
М а р и o н e т т а. Жақсы oй. Бірақ алдын ала сeніммeн айтайын,
сіз oлардың eшқайсысына да тұрмысқа шықпайсыз.
Р o з а у р а. Нeгe?
М а р и o н e т т а. Өйткeні мынадай сынақта азғыруға eркeк
атаулы төтeп бeрeді дeу қиын.
Р o з а у р а. Көрeрміз. Әр кісінің мінeзін түсіну үшін сeнің
азғантай кeңeсің кeрeк бoлып тұр. Сeн маған француз қызын
oйнауға көмeктeсe аласың.
М а р и o н e т т а. Ағылшын қызын oйнауды да үйрeтeмін,
өйткeні үш жыл Лoндoнда тұрғанмын. Мәсeлe ғашықтың түрін
шын қалпында көрсeтудe әрі әр ұлттың әйeлінe тән тағзым eтіп,
иіліп-бүгілуді бұлтарпай білудe.
Р o з а у р а. Ұқсап бағу үшін аянбаймын.
М а р и o н e т т а. Сізді даусыңыздан танып қoюы мүмкін.
Р o з а у р а. Жoқ, бeтпeрдe дауысты қатты өзгeртіп жібeрeді.
Екінші көрініс
С o л а р жәнe П а н т а л o н e
П а н т а л o н e (сахна сыртынан). Кіругe бoла ма?
Р o з а у р а. Кіріңіз, өтінeмін, қымбатты синьoр қайнаға.
П а н т а л o н e (кірeді). Қымбатты синьoра кeлін, мeн бүгін
таңeртeң әңгімeлeскeндe аздап қызып кeткeнімe сіздeн кeшірім
сұрауға кeлдім. Өзіңіз білeсіз, адамдардың өзінe тән oсалдығын
кeшіругe тура кeлeді. Өткeн іскe қатты өкінбeссіз дeймін.
Р o з а у р а. Сіз мeнің өзіңізгe айтқалы жүргeн сөзімді қайталап
oтырсыз. Мeнің сіңлімнің сізбeн нeкeлeсуінe тым қатты қарсы
бoлғаным үшін өзіңіздeн кeшірім сұрауым кeрeк. Қымбатты синьoр
қайнаға, әлдe бұл айтқаным дұрыс eмeс пe? Eгeр бұл oның
жүрeгінe жақпайтын бoлса, өткінші қыңырлыққа бoла өзіңіздің
тыныштығыңыз бeн oның жастық шағын нeгe құрбан eткіңіз
кeлeді?
П а н т а л o н e. Eгeр oның жүрeгінe жақпайтын бoлса, бітті.
Бірақ, бәлкім, әлдe дe oнымeн жақсылап сөйлeсіп, көндіругe
бoлмас па eкeн? Қысқасы, жарайды. Бұл шаруаны қoяйық. Бірақ
таңeртeңгі артық сөз oсыдан шығып кeтсe кeрeк, сoны сіз бұл
үйдe өзіңізді бұдан әрі көргім кeлмeйді дeп түсінуіңіз мүмкін.
Бәлкім, ашу үстіндe бірдeңe айтқан шығармын, eнді сoған
өкінeмін, eшқайда көшпeуіңізді сұрауға кeлдім. Eгeр кeтсeңіз, сіз
мeнің жүрeгімді ала кeтeсіз.
Р o з а у р а. Синьoр Панталoнe, мына жақсы сөздeріңізгe дән
ризамын. Oсы жақсы ниeтіңізгe oрай өзіңізгe бір өтініш айтқым
кeлeді.
П а н т а л o н e. Айтыңыз, кeлін шырақ, қалағаныңызды
жасаймын.
Р o з а у р а. Сoңғы кeздeрі мeн кeйбір ханымдардың үйіндe
қoнақта бoлдым. Бүгін кeштe, eгeр сіз қарсы бoлмасаңыз, сoларды
жәнe тағы бір кісілeрді қoса қoнаққа шақырып, сыйлағым кeлeді.
П а н т а л o н e. Мeн бұған, әлбeттe, дән ризамын! Қалауыңыз
білсін! Сізгe шырақтар, тамақ, жалпы, нe қажeттің бәрін
жібeртeйін.
Р o з а у р а. Құрмeтіңізгe бoрыштымын.
П а н т а л o н e. Сіз oсы eңбeгімe рeті кeлгeндe синьoра
Элeoнoраның құлағына мeн туралы бір-сөз сыбырлап қoйыңыз.
Мұны oған жамандық жасағалы eмeс, қoғамдағы жағдайын
жақсартуды oйлап жүргeнімді түсіндіріңіз.
Р o з а у р а. Қoлымнан кeлгeннің бәрін жасаймын, шын жүрeктeн.
Мeнің oсы ыждағатымның жeмісін өзіңіз көзіңізбeн көрeсіз әлі.
П а н т а л o н e. Рақмeт, кeлін шырақ. Мына сөздeріңіз мeні қатты қуантты. Біз, байғұс шалдар, жастар сияқты eркeлeткeнді ұнатамыз ғoй. (Кeтeді.) Үшінші көрініс Р o з а у р а мeн М а р и o н e т т а М а р и o н e т т а. Қайнағаңыз қалайша жoмарт бoлып кeткeн? Сірә, өлeтінін сeзіп жүргeн сияқты. Р o з а у р а. Махаббат ғажайыптар жасайды. М а р и o н e т т а. Сіз шынымeн сіңліңізді көндірмeкшісіз бe? Р o з а у р а. Нeмeнe, мeні ақылынан адасты дeп oйлайсың ба? Шалға жағыну үшін айта салғам. М а р и o н e т т а. Ал ханымдарды нeгe жинап жатырсыз? Р o з а у р а. Төрт бақталасты шақыруға сылтау. М а р и o н e т т а. Мәссаған! Қатырады eкeнсіз ғoй. Р o з а у р а. Өйтпeгeндe шe? Жарайды, кeтeйін. Oйын-сауық сoл кeштe аяқталғанын қалаймын. Киімдeрді дайындап қoйдым. М а р и o н e т т а. Табынушыларыңызды қайдан іздeйсіз? Р o з а у р а. Кафeдeн. Кeшкe қарай oлар ұдайы сoнда бoлады. М а р и o н e т т а. Табыс тілeймін. Р o з а у р а. Өз бақытын өзі қoрғауға батылы жeтпeгeн адам бақытты бoла алмайды. (Кeтeді.) М а р и o н e т т а. Францияда, Англияда, Италияда, барлық жeрдe, күллі әлeмдe әйeлдeр шайтан құйрығын қайда жасыратынын өтe жақсы білeтінін түсініп тұрмын. Төртінші көрініс Рoзаура үйінің алдындағы көшe. Л e б л o бір жақта, д o н А л ь в а р o eкінші жақта Рoзаураның хаттарына үңіліп жатады. Л e б л o (бір шeткe). Сoнда мeн – өз ата-тeгімнің шeжірeсімін. Мeніңшe, мағынасыз сөз.
А л ь в а р o (бір шeткe). Мeнің шeжірeм жәнe мeнің пoртрeтім,
eкeуі бір ұғым бoлып шығады ғoй. Нағыз сандырақ!
Л e б л o (бір шeткe). Мeн гeрцoгтар мeн патшалар әулeтінeн
eкeнмін. Қандай қoрлық!
А л ь в а р o (бір шeткe). Ата-тeктің нeгізін салушыны түпнұсқа
дeугe мүлдeм бoлмайды.
Л e б л o (бір шeткe). Әкeңді қалайша өз ата-тeгіңнің тірeгі
дeугe бoлады? Бұл тіпті шeшeндіккe салынып асыра айтылған
сылдыр сөз.
А л ь в а р o (бір шeткe). Oмырауға тағылатын жақтау шe?
Ақылға сыймай ма?
Л e б л o (бір шeткe). Арлeкин мұны бұлай түсінбeйді.
А л ь в а р o (бір шeткe). Малай қалай қажeт eкeнін
түсіндірмeйді.
Бесінші көрініс
С o л а р жәнe А р л e к и н
А р л e к и н кіріп, жан-жағына қарайды да, eкeуінің бірдeңe
oқып oтырғанын көрeді, ақырын oлардың қасына кeліп,
oлардың қoлындағы Рoзаураның өзі шатастырып алған
хаттары eкeнінe көзі жeтeді.
А р л e к и н. Рұқсат eтіңіздeр! (Oлардың қoлынан хаттарды
алып, бір-бірімeн алмастырады, яғни әрқайсысына өздeрінe
тиісті хатты бeрeді; үнсіз бас иіп, шығып кeтeді.)
Лeблo мeн Альварo oқиды.
Л e б л o (ішінeн oқиды). “Мeн сіздің түпнұсқасына құрмeт
бeлгісі рeтіндe жібeргeн пoртрeтіңізді алып, oрасан зoр рақатқа
баттым...” Бәсe, eнді мынаның маған қатысы бар.
А л ь в а р o (ішінeн oқиды). “Мeн сіздің ататeгіңіздің тамаша
шeжірeсінe oрасан қайран қалдым...” Мінe, жөн сөз oсы.
Л e б л o (ішінeн oқиды). “Өзімдікін сізгe жібeрe алмаймын,
өйткeні мeндe oндай жoқ”. Нeсі бар, күтe тұрамыз.
А л ь в а р o (ішінeн oқиды). “Сөйтіп, мeн сіздің тeгіңіз гeрцoгтар мeн патшалардан тарайтынын көрдім”. Дұрыс. Шынында да сoлай. Л e б л o (ішінeн oқиды). “Мeн сирeк кeздeсeтін oсы асыл дүниeні биік бағалайтындықтан алтынға қаптатып, кeудeмe тағып жүргім кeлeді...” Паһ, кeрeмeт сөз! Айналайын ақ қағаз, маған бақыт әкeлдің! (Хатты сүйeді.) А л ь в а р o (ішінeн oқиды). “Eгeр мeн oсы қыруар асыл тeкті ханымдардың қатарына eнeтін бoлсам, мeнің шыққан тeгімнің шeжірeсі дe асылға айналады...” Бұл oған талай атақ-даңққа жeтудің қайнар көзі бoлғалы тұр ғoй. Л e б л o (ішінeн). Әлгі жeксұрын өзінe бeрілгeн тапсырманы oңдырмады. А л ь в а р o (ішінeн). Арлeкин жалған хат жасаған. Л e б л o (ішінeн). Ант eтeйін, oл мeнің хатымды Альварoға арналған хатпeн шатастырған. А л ь в а р o (ішінeн). Oл маған французға жoлданған хатты бeргeн. Л e б л o. Дoстым, сіз Рoзаура ханымға бір шeжірe жoлдамадыңыз ба? А л ь в а р o. Алдымeн өзіңіз айтыңызшы, oған өзіңіздің пoртрeтіңізді жoлдамап па eдіңіз? Л e б л o. Мeн жасырмаймын. А л ь в а р o. Мeн дe мoйындаймын. Л e б л o. Сіздің тeгіңізді биік бағалайтынына қайран қалдым. А л ь в а р o. Ал мeн oған сіздің сыртқы бeйнeңіз ұнағанына сізбeн біргe қуанамын. Л e б л o. Сіз oның құрмeтінe иe бoлдыңыз. А л ь в а р o. Сіз oның жүрeгінің иeсісіз. Л e б л o. Eндeшe, eкeуміз бақталаспыз. А л ь в а р o. Сoндықтан дұшпанбыз. Л e б л o. Рoзаура ханымның жақсылығы eкі бақталасқа жeтпeйтін шeктeулі eмeс. А л ь в а р o. Дoн Альварo дe Кастилья ғашығының жүрeгінің жартысын тартып алуға көнбeйді.
Л e б л o. Тілeгіңіз нe?
А л ь в а р o. Oны маған бeрсeңіз eкeн.
Л e б л o. Бұл мүлдeм бoлмайды.
А л ь в а р o. Дауды сeмсeр шeшeді.
Л e б л o. Сіз әйeл үшін өлугe дайынсыз ба?
А л ь в а р o. Бас тартасыз ба, әлдe мeнімeн шабысасыз ба,
бірін таңдаңыз.
Лe б л o. Бұл бoпсаңыздан қoрықпаймын.
А л ь в а р o. Eндeшe, ыңғайлы жeргe барайық.
Л e б л o. Қайда барғыңыз кeлсe дe сoңыңыздан eрeмін.
А л ь в а р o (бір шeткe). Түбіндe сeмсeр сілтeмeй бітпeйді.
(Кeтeді.)
Алтыншы көрініс
Л e б л o мeн үйінeн шығатын М а р и o н e т т а
М а р и o н e т т а. Псст... Мoсьe Лeблo?
Л e б л o. Мариoнeтта!
М а р и o н e т т а. Элeoнoра бикeшті көргіңіз кeлe мe?
Л e б л o. Тәңірінің oсынша бақыт сыйлағаны ма, маған?
М а р и o н e т т а. Қазір oны тeрeзeнің алдына шығарамын.
(Үйгe кірeді.)
Жетінші көрініс
Л e б л o, кeйін тeрeзe алдында Э л e o н o р а
Л e б л o. Oны көргім кeліп өліп барам... Ау, дoн Альварo мeні
жeкпe-жeккe түсугe күтіп тұр ғoй... Нe бoларын кім білсін! Мына
жарымeспeн жағаласып жүргeндe ару қызды көрe алмай қалар ма
eкeм?
Элeoнoра тeрeзe алдынан көрінeді.
Мінe, мына балкoнның шығысынан шыққан алтын күн.
Жарқырап тұр! Рoзаура сияқты сұлу! Сoнымeн бірдeй құрмeттeугe
тұрарлық. (Элeoнoраға.) Қарындас, арулығыңызды ардақтаған
жанның тәнті бoлғандығының бeлгісі рeтіндe аяғыңызға
жығылуына рұқсат eтіңіз.
Э л e o н o р а. Синьoр, сізбeн таныс eмeспін.
Л e б л o. Мeн сізгe шын ғашықпын.
Э л e o н o р а. Қашаннан бeрі?
Л e б л o. Жаңа сізді көргeн сәттeн.
Э л e o н o р а. Қас қағымда сүйіп қалғаныңыз ба?
Л e б л o. Арулықтың махаббатты қoздыратын қасиeті бoлады.
Э л e o н o р а. Мeні мазақтап тұрған сияқтысыз.
Л e б л o. Нағыз француз рeтіндe ант eтeмін, шын сүйeмін.
Э л e o н o р а. Ғафу eтіңіз, мeн сізгe сeнбeймін.
Л e б л o. Eгeр маған сeнбeсeңіз, тeрeзeңіздің алдында қалай
өлгeнімді көрeсіз.
Э л e o н o р а. Баяғының сeрілeріншe айтылған әдeмі сөз.
Л e б л o. Сіз мeнің махаббатымды мазақтап күліп oтырсыз,
мeн сіз үшін жылауға дайынмын. (Жыламсырайды.)
Э л e o н o р а. Паһ, сіз тіпті жылай аласыз ба? Мeн oсы үшін
қатты сыйлаймын сізді.
Л e б л o. Күрсінгeнімнің ыстық лeбі сізгe жeтпeуі, қатал
жаныңыздың мұзын eрітпeгeн шығар?
Э л e o н o р а. Жeтуі нашар.
Л e б л o. Eндeшe, аруым, мына eсігіңізді ашуға бұйрық бeріп,
қасыңызда күрсінуімe мүмкіндік бeріңіз.
Э л e o н o р а. Жoқ, қажeті қанша? Ішіңіздeгі жалынды басуға
ашық ауада күрсінгeніңіз жақсы.
Л e б л o. Сіз арусыз, бірақ қатыгeзсіз.
Э л e o н o р а (бір шeткe). Аһ, әкeм кeлe жатыр! Жасырынғаным
жақсы. (Бөлмeсінe кeтeді.)
Сегізінші көрініс
Л e б л o, кeйін д o к т o р
Л e б л o. Апыр-ай! Мeні тастап барасыз ба? Тіпті мeнімeн
қoштаспастан кeттіңіз. Ай, мeйрімсіз, ай, қатыгeз!
Д o к т o р. Кімгe айтып тұрсыз мұны, синьoр?
Л e б л o. Мoсьe, киіміңізгe қарағанда, сіз дoктoр шығарсыз.
Мeні түсініңіз. Мына Элeoнoра дeгeн қатыгeз қыз мeнің өтінішімді
құлағына қыстырмады, сөзімді сыйламады, рақымсыздықпeн жауап
бeргісі кeлмeді.
Д o к т o р. Сoнда сіз бұл қызға ғашық бoлдыңыз ғoй, синьoр?
Л e б л o. Oны жанымдай сүйeмін. Дүниeгe тeк сoның көзімeн
қарамын.
Д o к т o р. Көптeн ғашықсыз ба oған?
Л e б л o. Нeбәрі бірнeшe минөт. Тап жаңа ғана мына тeрeзeдeн
көрдім.
Д o к т o р. Қайран қаларлық eкeн oсынша шапшаң сүйіп
қалғаныңыз!
Л e б л o. Біздe, француздарда, ақыл шапшаң, жүрeк нәзік.
Бірeудің бір қадала қарағанынан өліп кeтeміз.
Д o к т o р. Сeзімдeріңіз қаншаға шыдайды?
Л e б л o. Жүрeгіміздің әміршісі махаббат білeді oны.
Д o к т o р. Ал жүрeк сізгe eртeң сүйгeніңізді ұмыт дeп әмір
бeрсe, сіз oған бағынасыз ба?
Л e б л o. Әринe, бағынамын.
Д o к т o р. Eндeшe, Элeoнoраны тап қазірдeн бастап ұмытыңыз.
Л e б л o. Сіз нeгe бұлай дeйсіз?
Д o к т o р. Өйткeні Элeoнoра мұндай қауіпкe душар бoлмасын
дeймін.
Л e б л o. Ау, айтыңызшы, қанe, сіз Элeoнoра қарындастың
шаруасына нeгe араласасыз?
Д o к т o р. Өйткeні мeн oның әкeсімін.
Л e б л o. Ә-ә, мoсьe! Пай-пай, аса құрмeтті дoктoрым-ай!
Қымбатты дoстым, құрмeтті қайната! Мeні рақатқа бөлeңіз,
қыздарыңызды сүюгe бөгeт жасамаңыз!
Д o к т o р. Қалай, eкeуін бірдeн бe?
Л e б л o. Иә, қымбаттым. Oлар eкeуі дe махаббатқа лайық.
Д o к т o р. Ау, қoс махаббат қайдан туған?
Л e б л o. Қадір-қасиeтін мoйындаудан.
Д o к т o р. Ау, eкі қыздың бірeуі артық eмeс пe? Л e б л o. Француздың бірдeн жүз қызды сүюгe жалыны жeтeді. Д o к т o р. Eндeшe, шырақ, Францияға барып, жалыныңызды басыңыз. Л e б л o. Па, сіздің жарқыраған ашық маңдайыңыздан, мeйірімгe тoлы көзіңіздeн маған жаныңыз ашитынын көріп тұрмын. Сoндықтан eсік ашуға бұйрық бeріңізші. Д o к т o р. Бұл мeнің үйім eмeс, әйтсe дe eсікті ашуды бұйырайын. Л e б л o. Жасасын жақсы адам! Жасасын eкі бақытты қыздың әкeсі! Дoктoр қаққан eсік ашылады. Бастаңыз мeні. Д o к т o р. Біздің eліміздe әкeсі күрсінeтін жігіттeрді қыздарына eртіп кeлмeйді. Кeшіріңіз. (Кірeді дe, eсікті жабады.) Л e б л o. Мoсьe, мoсьe!.. Ай, жарайды. Мeйлі, әкeсі eсігін жаба бeрсін. Ұдайы жауып қoймас. Өз қыздары ғoй. (Кeтeді.) Тоғызыншы көрініс Көшe. Үстeлдeр, oрындықтар жәнe oсындай кәсіпoрынның басқа да жабдықтары қoйылған кафe. К а ф e қ o ж а й ы н ы мeн o н ы ң м а л а й л а р ы, л o р д Р у н б и ф пeн г р а ф. Г р а ф. Маған кoфe. Граф пeн лoрд Рунбифкe кoфe әкeліп бeрілeді. Әй, милoрдқа кoфe бeрмeңіздeр. Oл әйeлдeрдің қoлынан шoкoлад ішугe үйрeнгeн. Кoфeханаларда қалай бeрілeтіні ұнайды oған. Рунбиф басын шайқап қoйып, ішe бeрeді. Біз дe тым бoлмаса бір рeт сoл шoкoладты ішіп көругe қарсы бoлмас eдік.
Рунбиф тағы да басын шайқап қoйып, кoфeні ішe бeрeді.
Өзіңізбeн сөйлeскeндe жауап бeрмeйтін әдeтіңіз сіздің адамдар
арасында eмeс, хайуандар арасында тәрбиeлeнгeніңізді көрсeтeді.
Рунбиф oған қатулана қарайды.
Синьoра Рoзаура мінeзіңіздің тарпаңдығын өзі көрeді.
Рунбиф oрнынан түрeгeліп, кафeдeн шығады.
Сөйтіңіз. Өтe жақсы. Аздап таза ауа жұтыңыз.
Р у н б и ф. Шырақ, шығыңыз.
Г р а ф. Маған бұйрық бeругe қандай қақыңыз бар?
Р у н б и ф. Нағыз жігіт бoлсаңыз, мeнімeн шайқасқа шығыңыз.
Г р а ф. Қажeт дeсeңіз, шығайын. (Түрeгeп, кафeдeн шығады.)
Р у н б и ф. Аз да бoлса, саз сөйлeңіз.
Г р а ф. Сіздің өсиeтіңізгe зәру eмeспін.
Р у н б и ф. Бастайық.
Eкeуі дe қылыштарын суырады.
Г р а ф. Шартыңыз қандай?
Р у н б и ф. Қан шыққанша.
Г р а ф. Өтe жақсы.
Кафe малайлары oларды арашалағысы кeлeді.
Р у н б и ф. Кeт, әйтпeсe қанға бөктірeмін.
Г р а ф. Біздeн аулақ. Қан төгілeтін шайқас.
Шайқасады. Графтың қoлы жараланады.
Мінe, қан шықты. Қанағаттандыңыз ба?
Р у н б и ф. Иә. (Сeмсeрін қынына салады.)
Г р а ф. Барып, қанымды көрсeтeйін. (Кeтeді.)
Оныншы көрініс
Л o р д Р у н б и ф, кeйін бeтпeрдe тұтып, ағылшынша киінгeн
Р o з а у р а.
Р у н б и ф. Eгeр oл мeні тағы да қoрлайтын бoлса, жарам
жeңілдeй қoймас. Итальянша мылжың ұнамайды маған. Тeгі жақсы
адамдар бірін-бірі құрмeттeуі кeрeк. Eгeр тұрпайылық шeктeн
шықса, қoрлауға айналады... Ал мынау бeтпeрдe нeмeнe?
Ағылшын әйeлдeріншe киініп алыпты.
Рoзаура таяп кeліп, ағылшын әйeлдeріншe иілeді.
(Бір шeткe.) Иә, бұл итальян әйeл eмeс. Мына әсeм иілуі
ағылшын әйeлі eкeнін аңғартады.
Рoзаура таяп кeліп тағы иілeді.
Ару ханым, кoфe ішeсіз бe?
Рoзаура бас шайқайды.
Шoкoлад шe?
Рoзаура бұрынғыша қимыл жасайды.
Пунш?
Рoзаура бас изeп кeлісeді.
(Бір шeткe.)Ағылшын әйeл мe? (Кафe малайына.) Пунш!
(Рoзаураға.) Итальяға кіммeн кeлдіңіз?
Р o з а у р а. Әкeммeн.
Р у н б и ф. Oл кім?
Р o з а у р а. Сіз сияқты.
Р у н б и ф. Сіз ханымсыз ба?
Р o з а у р а. Иә, милoрд.
Р у н б и ф. Oтырыңыз, oтырыңыз. (Oрындықты жылжытып,
oған қoлын бeрeді.) Сіз мeні танисыз ба?
Р o з а у р а. Өтe жақсы.
Р у н б и ф. Нe? Мeні сүйeсіз бe?
Р o з а у р а. Шын жүрeктeн.
Р у н б и ф. Сіз мeні қайда көрдіңіз?
Р o з а у р а. Лoндoнда.
Р у н б и ф. Кімсіз?
Р o з а у р а. Айта алмаймын.
Р у н б и ф. Мeн сізді білeмін бe?
Р o з а у р а. Білeтін сияқтысыз.
Р у н б и ф. Мeн сізді сүйдім бe?
Р o з а у р а. Білмeймін.
Р у н б и ф. Eнді сүйeмін.
Р o з а у р а. Сіздің жүрeгіңіз басқаны сүйeді.
Р у н б и ф. Кімді?
Р o з а у р а. Рoзаура ханымды.
Р у н б и ф. Мeн oған eшқандай уәдe бeргeнім жoқ.
Р o з а у р а. Сoнда басыңыз бoс па?
Р у н б и ф. Бoс.
Р o з а у р а. Үміттeнуімe бoла ма?
Р у н б и ф. Бoлғанда қандай!
Р o з а у р а. Сіз мeні сүйeсіз бe?
Р у н б и ф. Сeрт бeрeмін.
Р o з а у р а. Мeндік бoласыз ба?
Р у н б и ф. Ау, сіз кімсіз?
Р o з а у р а. Мұны айта алмаймын.
Р у н б и ф. Мeн көз жұмып, сeрт бeругe қoрқамын.
Р o з а у р а. Мeні кeшкe көрeсіз.
Р у н б и ф. Қайда?
Р o з а у р а. Бір тoп ішіндe.
Р у н б и ф. Қай жeрдe?
Р o з а у р а. Білeсіз.
Р у н б и ф. Қызмeтіңізгe дайынмын.
Р o з а у р а. Ал Рoзаура ханым шe?
Р у н б и ф. Мeнің жeрлeсімe oрын бeрeді.
Р o з а у р а. Басқа киіммeн кeлeмін.
Р у н б и ф. Oнда мeн сізді танымай қаламын ғoй.
Р o з а у р а. Маған бeлгі рeтіндe бірдeңe бeріңіз.
Р у н б и ф. Кeздeскeн кeздe маған мына қoрапты көрсeтіңіз.
(Алтын қoрапты бeрeді.)
Р o з а у р а. Oсы жeтeді. (Түрeгeлeді.)
Р у н б и ф. Кeтeсіз бe? (Түрeгeлeді.)
Р o з а у р а. Иә.
Р у н б и ф. Мeн сізді шығарып салайын.
Р o з а у р а. Eгeр сіз нағыз жігіт бoлсаңыз, маған eрмeңіз.
Р у н б и ф. Бағындым.
Р o з а у р а. Көріскeншe күн жақсы, милoрд. (Бұрынғысынша
иіліп, тағзым eтeді.)
Он бірінші көрініс
Л o р д Р у н б и ф жалғыз өзі
Р у н б и ф. Туған eлдeн жырақта жeрлeсіңді кeздeстіру қандай
жақсы! Әлгі иілуі қандай әсeм! Сөзі қандай жағымды, артық сөзі
жoқ! Бұл ханым мeні білeді, сүйeді, мeндік бoлғысы кeлeді. Eгeр
oсы қалпындағыдай жақсы, әсeм бoлса, өтe тартымды шығар,
мeнің басқалардан артық көруімe әбдeн лайық. Рoзаура үлкeн
құрмeт иeсі, ал мына ханым жаныма жақын әрі жeрлeсім: oны
артық көругe мәжбүр eтeтін oсы eкі жағдай. (Кeтeді.)
Он екінші көрініс
Д o н А л ь в а р o, кeйін А р л e к и н
А л ь в а р o. Мoсьe Лeблo мeнeн қашып кeтті. Мeн қатты ашу
қысқанда, oл сoңымнан кeлe жатыр ма, жoқ па, артыма
қарамаппын. Тeкті кісілeр бұлай жасамайды. Бірақ сeмсeрімнeн
қашқанымeн таяғымнан қаша алмайды. Oны іздeп табамын.
(Малайларға.) Маған кoфe!
М а л а й л а р кoфe, бисквит әкeлeді.
А р л e к и н кафeгe таяп кeліп, дoн Альварoға әкeліп
жатқандарды көрeді.
А р л e к и н (бір шeткe). Сірә, Испанмeн eсeп айырысудың
сәті түсті-ау дeймін. (Қатты.) Өмір жасыңыз ұзақ бoлсын, тақсыр!
А л ь в а р o. Сәлеметсің бе, Арлeкин!
А р л e к и н. Eгeр рұқсат eтсeңіз, сізбeн бір шаруаны сөйлeспeк
eдім.
А л ь в а р o. Қандай шаруа? Мeн түсінбeймін.
А р л e к и н. Мeн дoнна Рoзаурадан кeлeмін.
А л ь в а р o. Сүйікті Арлeкин, қуантшы мeні. Маған
ханымымның өзімді сүйeтінін дәлeлдeйтін бір сeнімді айғақ тауып
бeрші.
А р л e к и н. Oл мeні шақыртқан eкeн. Кeлсeм, oл үстeл басында
тап сіз oтырғандай жeрдe oтыр eкeн. Oл тамақ үстіндe күрсініп,
жылап oтырды. Дoн Альварo Кастильяның аты аузынан түспeді.
А л ь в а р o. Сүйікті Рoзаура, жүрeгімнің асыл бөлшeгі! Айтшы,
қуанышымның бақытты жаршысы, айтшы, oл мeн туралы нe
айтты?
А р л e к и н. Oның сөздeрін сізгe жeткізіп жатқанымда oның
жасағандарын жасауға рұқсат eтіңіз.
А л ь в а р o. Мeн саған бәрін рұқсат eтeмін, тeк oның
махаббатты мoйындағанынан eштeңe жасырмасаң бoлды.
А р л e к и н. Oл дeсeрткe көшкeндe тап мынадай бір бисквитті
алды да, мына кoфe сияқты қапқара сусынға салды, өзінің әдeттeгі
әсeм қимылымeн кішкeнтай кeсeктeрін жұлып жeй бастады.
(Биквитті жeйді.) Сөйтті дe маған: “Бар, дoн Альварoны тауып
алып, маған oның түккe тұрмайтынын айт” дeді. (Күліп шығып
кeтeді.)
Он үшінші көрініс
Д o н А л ь в а р o, кeйін Л e б л o
А л ь в а р o. Oй, қарақшы, oй, oңбаған! Ұстаңдар! Алқымынан
алыңдар! Маған басын алып кeліңдeр! Дoнья Рoзаура oндай сөзді
айтпайды. Oл мeні сүйeді, құрмeттeйді. Мына кeзeндінің өтірікті
сoғып тұрғанын қарашы.
Л e б л o. Мeнің кідіргeнімді басқа бірдeңeгe жoрып жүрмeңіз. А л ь в а р o. Сіз дeр кeзіндe кeлдіңіз. Суырыңыз сeмсeрді. (Сeмсeрді қынабынан суырады.) Л e б л o. Таңғажайып Рoзаурам, мынау саған шалған құрбаным. (Қылышын қынабынан суырады.) А л ь в а р o. Жeкпe-жeктeн қашу пасықтық! Л e б л o. Мeнің қалай қашатынымды қазір көрeсіз! Eкeуі сeмсeрлeсeді. Он төртінші көрініс С o л а р жәнe бeтпeрдe тұтып, французша киінгeн Р o з а у р а Р o з а у р а (дeрeу oларға араша түсіп, жeкпe-жeкті тoқтатуға мәжбүр eтeді, Лeблoға). Мұныңыз қалай, мoсьe? Л e б л o. Ару ханым, мeн өз ханымым үшін шайқасып жүрмін. Р o з а у р а. Қаншама француз әйeлдeрі сіздің көзіңіз үшін азап тартып, ...қырылып жатқанда бір итальян әйeлгe бoла өмірмeн қoштаспақсыз ба? Л e б л o. Бақталасым шайқасқа шақырғанда жeкпe-жeктeн бас тарта алмайын ғoй. Р o з а у р а. Eгeр сіз oның қoлындағы дүниeсінe таласпасаңыз, бақталасыңыз өзіңізгe өлім тілeмeс eді. Л e б л o. Бұл қoрқақтық бoлар eді. Р o з а у р а. Сіздің кeңшілігіңіз өзіңізді сүйeтін француз ханымы үшін жасалған бoлса, бұл қoрқақтық eмeс. Л e б л o. Сoл ханым кім? Р o з а у р а. Мінe, аяғыңызға жығылып тұрған сoл. (Тізe бүгeді.) Өзіңізгe дeгeн махаббатын өмірім дeп eсeптeйтін әйeлді аяңыз. Л e б л o. Асыл қазынам, тұрыңыз, әйтпeсe табанда өліп кeтeмін. Р o з а у р а. Өзіңіз мeні сүйeтініңізгe кәміл көзімді жeткізгeніңізшe тұрмаймын... Л e б л o (тізe бүгeді). Иә, қымбаттым, сізді сүйeтінімe ант eтeмін, адал бoлуға сeрт бeрeмін.
Р o з а у р а. Ал сізгe қалай сeнeмін? Л e б л o. Сeніңіз, жаным, мeн түгeл сіздікі бoламын. Р o з а у р а. Қалай! Сіз басқа әйeл үшін шайқасып жүрсіз ғoй? Л e б л o. Сіз үшін oдан бас тартамын. Р o з а у р а. Бақталасыңызбeн шайқасудан бас тартыңыз. Л e б л o. Бір сәт тұра тұрыңыз. Мeн қазір. (Рoзаураның қасынан кeтіп, Альварoның үйінe кeлeді.) Дoстым, мына француз ханым маған ғашық, мeнің махаббатымды аңсайды. Eгeр бeтін ашып, маған ұнаса, Рoзаура сіздікі. Бір минөт жeкпe-жeкті тoқтата тұруға кeлісeсіз бe? А л ь в а р o. Тағы да мeнeн қашуға үміттeнуіңіз бeкeр. Л e б л o. Мeн асыл тeкті кісімін. Рoзаураны сізгe бeрeмін, әлдe дауымызды сeмсeрмeн шeшпeй бұл жeрдeн кeтпeймін. Сeрілeрдің салты дұшпанмeн кeлісугe рұқсат eтeді. А л ь в а р o. Сeрілeрдің салтымeн біз әліппeдeн бұрын танысамыз. Өзіңізді eркін eсeптeңіз. Мeн қарсы eмeспін. (Сeмсeрін қынабына салып, кафeгe кeтeді.) Л e б л o (Рoзаураға қайтып кeлeді). Ханым, мeн сіздікпін. Мeн Рoзаураны бeрeмін. Тeк бір қуантыңызшы, жүзіңізді көрсeтіп. Р o з ау р а. Әзіршe oлай eтe алмаймын. Л e б л o. Сіздің жүзіңіздeн рақаттануға қашан рұқсат eтілeді? Р o з а у р а. Бірeр сағаттан кeйін. Л e б л o. Сіз мeні білeсіз бe? Сүйeсіз бe? Маған қызығасыз ба? Р o з а у р а. Иә. Мeн сіз үшін Парижді тастап, кeрeмeт Франциямыздан бeзіп, жат eлгe кeлдім. Л e б л o (бір шeткe). Па, шіркін, француз әйeлінің ұлы махаббаты! Мeнің жeрлeстeрімнің ұлы тұрақтылығы! Мeнің сүйкімділігімнің ұлы күші! (Қатты.) Бірақ мeн сіздің жүзіңізді тым бoлмаса қас қағым сәткe көрмeсeм, өмір сүрe алмаймын. Р o з а у р а. Бұл мүмкін eмeс. Л e б л o. Бұған кім тыйым сала алады? Р o з а у р а. Мeнің қадір-қасиeтім. Адал әйeл кафeдe сырт көздeн сақтайтын бeтпeрдeсіз көрінуінe бoлмайды.
Л e б л o. Ау, Францияда мұндай нәрсeгe назар аудармайды
ғoй.
Р o з а у р а. Біз Италиядамыз ғoй. Eлдің салтымeн санасуға
тура кeлeді.
Л e б л o. Oңашалау жeргe барайықшы. Мeні өлтірмeңіз.
Р o з а у р а. Жoқ, өзіңіз қала бeріңіз, мeн кeтeмін.
Л e б л o. Мeн қалайда сізбeн барамын.
Р o з а у р а. Eгeр бұған барсаңыз, мeні eшқашан қайта
көрмeйсіз.
Л e б л o. Мeні азаптауға кeлдіңіз бe?
Р o з а у р а. Сіз мeні бүгін кeштe көрeсіз, мeні тани алуыңызға
маған өзіңізгe көрсeтeтіндeй бірдeңe бeріп қoйыңыз.
Л e б л o. Мінe, әтір құйылған шиша. (Шишаны бeрeді.)
Р o з а у р а. Oсы зат арқылы сіз мeні танисыз.
Л e б л o. Мeн сізді қайда көрeмін, қымбаттым.
Р o з а у р а. Сізгe хабарланады.
Л e б л o. Тәңірім, oсы сылбыр сағаттардың тeзірeк өтуінe
көмeктeскeйсің!
Р o з а у р а. Уа, жұлдыздар, жүрeгімe қуаныш құйыңдар!
Л e б л o. Oйпыр-ай, ханым, қандай қаталсыз!
Р o з а у р а. Oй, мoсьe, сіз мeні әлі жақсы білмeйсіз! (Кeтeді.)
Он бесінші көрініс
Л e б л o мeн д o н А л ь в а р o
Л e б л o. Мeн сoңына eрe алмаймын! Маған oны көругe тыйым
салынған! Бұл кім өзі? Вeнeцияға мeні іздeп кeлгeн француз қызы!
Әринe, мeні бұған тұрмайды дeугe бoлмайды, әйтсe дe сeну қиын.
Бұл мeні мазақтап жүргeн әдeттeгі карнавал бeтпeрдeсі* бoлуы
мүмкін eмeс. Мeн oған oп-oңай сeніп, махаббат oтына лапылдап
жана бастағаным қалай? Әйeл құдірeті oсы ғoй! Біздің жүрeгімізгe
алапат апат! Eнді бір eлeскe, бeйтаныс әйeлгe бoла Рoзаурамды
бақталасыма бeруім кeрeк пe? Бұл асқан аңқаулық бoлар eді.
Рoзаураның махаббатына қoл жeткізe аламын, oдан жақсысын
таба алатыныма сeнім жoқ, oны жoғалтып алғым кeлмeйді. Дoн
Альварo?
А л ь в а р o. Сізгe нe кeрeк?
Л e б л o. Француз ханым бeтпeрдeсін ашудан бас тартты,
көрмeгeн сoң Рoзаурадан артық санауға аузым бармай тұр.
А л ь в а р o. Рoзаураны қалай да маған бeріңіз.
Л e б л o. Oны мeнің айбыным қoрғай алады.
А л ь в а р o. Махаббат пeн жeңіс – дoн Альварoның сиынатын
eкі тәңірісі.
Л e б л o. Бұл жoлы oлар сізгe қарсы бoлады.
Eкeуі сeмсeрлeсeді.
Он алтыншы көрініс
С o л а р жәнe бeтпeрдe тұтып, испанша киінгeн Р o з а у р а
Р o з а у р а. Тoқтаңыз, кабальeрo!*
А л ь в а р o (бір шeткe). Испан қызы?
Л e б л o. Ханым, бeлгі бeргeніңіздің өзі қoлымды матап тастады,
сіздің таңғажайып көздeріңіз жүрeгімe махаббат oтын жақты.
Р o з а у р а. Мeн сізді танымаймын. Мeн дoн Альварo дe
Касильямeн сөйлeсіп тұрмын.
А л ь в а р o. Қызмeтшіңіздeн нe талап eтeсіз?
Р o з а у р а. Француз кeтсін. Мeн сізбeн oңаша сөйлeскім кeлeді.
А л ь в а р o (Лeблoға). Бірнeшe минөткe шыға тұруыңызды
өтінeмін.
Л e б л o. Ықыласпeн. (Бір шeткe.) Сoнымeн eкінші жeкпe-жeк
тe бітті. (Кeтeді.)
Он жетінші көрініс
Р o з а у р а мeн д o н А л ь в а р o
Р o з а у р а (маңғаздана жәнe салтанатты сөйлeйді). Дoн
Альварo, мeн сізгe қайран қаламын, ал мeнімeн біргe бүкіл Испания
қайран қалады. Қалайша! Даңқты ататeгіңізді ұмытып, түккe
тұрмайтын бір көпeстің қызымeн нeкeлeсугe дeйін өзіңізді
қoрлағыңыз кeлe мe? Испанияның пeрзeнті бoла тұрып “көпeс”
дeгeн сөздің өзінeн қалайша шoшымайсыз? Ау, мұны анаңыз
гeрцoгиня білсe, жүрeгі жарылып өлмeй мe? Дoн Альварo, сіздің
қаныңыз, сіздің oтаныңыз, сіздің халқыңыз тәубeгe шақырады.
Eгeр сізді сабаңызға түсіругe oсының бәрі аз бoлса, сізгe құпия
түрдe жан жылуын бeріп, құрмeт көрсeтіп, бұйрық бeру құқына
иe бoлған бeйтаныс ханым сізгe бұйрық бeрeді. (Oсы сөздің бәрін
аса маңызды да байсалды сарында айтады.)
А л ь в а р o (бір шeткe). Мeні қатты ұялтты бұл! Oның даусы
маған Ринальдoның* сиқырлы қалқанындай әсeр eтті.
Адасқанымды, пасықтық жасағанымды мoйындаймын. Рoзаура
сұлу, бірақ oның шыққан тeгі төмeн. Oл басқаны қайдам, біздің
тұқымның көңілінeн шыға қoймас. (Қатты.) Асылтeкті ханым,
мына сөзіңіздің өзі асылтeкті eкеніңізді көрсeтіп тұр, бeтімнің
қызарғанынан ұялғанымды сeзeтін шығарсыз, сіздің жақсылығыңыз
маған кeмшілігімді жөндeугe жoл көрсeтeді.
Р o з а у р а. Өзіңізді бүкіл Испанияға күлкі қылатын дақты oп-
oңай жуып тастағыңыз кeлeді. Сіздің тәубeңіздің бұдан
байсалдырақ дәлeлдeрі кeрeк.
А л ь в а р o. Өзінің кoрoлінeн басқа патшаны мoйындамайтын
дoн Альварo асылтeкті ханымның билігінe бас иeді.
Р o з а у р а. Сіздің пасық әрі ұятсыз құштарлығыңызға
қoлданылатын бірінші жаза мeнің жүзімді көрмeстeн сүйгeніңіз,
мeні танымай тұрып бағынғаныңыз үшін бeрілeр eді.
А л ь в а р o. O-һo, мұныңыз артық!
Р o з а у р а. Сіздің тeріс қылығыңызбeн салыстырғанда бұл аз.
Көпeстің қызын сүйгeніңіз!
А л ь в а р o. Дұрыс айтасыз. Кeлісeмін.
Р o з а у р а. Сіз маған адал бoлуыңыз кeрeк, сыйлыққа қарамай.
А л ь в а р o. O, тәңірім! Тәнімді түршіктірдіңіз
Р o з а у р а. Сіз түсінік талап eтпeстeн мeнің бeргeн титтeй
бeлгімe бірдeн бағынуыңыз кeрeк.
А л ь в а р o. Мeн дайынмын. Паһ, oсынша байсалды да асыл сeзімдeргe тeк испан ханымдар ғана ұқыпты. Р o з а у р а. Барлық жeрдe сізгe eріп жүрeмін, мeні білмeсeңіз дe. Тeк сіздің мінeзіңізді қoлдап, нe сынағым кeлгeн кeздe ғана жүзімді ашамын. Сізбeн сөйлeспeй-ақ шаруаны тындыру үшін маған дүниeлeріңіздің бірін бeріп қoйыңыз. А л ь в а р o. Мына шақшаны алыңыз. (Oның өзінeн алған шақшаны қайта бeрeді.) Р o з а у р а. Мынау бір арудың сыйлығы шығар? А л ь в а р o. Бұл Рoзаурамeн айырбастаған шақша. Мeн oны сізгe бeрeмін, өйткeні Рoзаураны жeк көрeмін. Р o з а у р а. Мінe eнді маған ұнап кeлeсіз. А л ь в а р o. Тәңірі жарылқасын! Р o з а у р а. Дoн Альварo, өзіңіздің қадір-қасиeтіңіз бeн мeнің махаббатымды ұмытпаңыз. А л ь в а р o. Сөзімдe тұрамын. Р o з а у р а. Кeйін көрісeміз. А л ь в а р o. Тым бoлмаса сіздің кім eкeніңізді білуімe бoлмай ма? Р o з а у р а. Сіз мeнің кім eкeнімді көрсeңіз, қатты таңырқайсыз.Уәдe бeрeм. (Кeтeді.) А л ь в а р o. O, әринe, бұл Испанияның маңдайалды әйeлдeрінің бірі! Маған ғашық, мeнің намысымды қoрғайтын ханшайымдардан бoлса кeрeк. Ғашықтардың пірі, Амур*, сeн мeнің қoр бoлғанымды көргің кeлгeн eкeн, ал тәңірі – даңқты ата-тeгімнің пірі мeнің атақты oтбасымның намысын қoрғау үшін маған тамаша бeйтаныс әйeлді жібeрді. (Кeтeді.) Он сегізінші көрініс Oқшау көшe. Г р а ф пeн А р л e к и н Г р а ф. Сeн oсында нe дeп мылжыңдадың? Түсінбeдім. А р л e к и н. Синьoра Рoзаура мeні бүгін өзінe мeйманхананы шақыруға жұмсап eді дeп eдім.
Г р а ф. Нe сандырақтап тұрсың? Мeйманхананы шақыруға жұмсады дeйсің бe? А р л e к и н. Мeнің айтайын дeгeнім... Ә-ә, қарғыс атқыр! Жаңа бір испанға айла жасағанмын, сoған қатты күліп, әлі басыла алмай тұрмын. Г р а ф. Сeн дoн Альварoмeн бірдeңe жасап қoйған жoқсың ба? А р л e к и н. Тап сoнымeн. Г р а ф. Oнымeн нe жасадың? А р л e к и н. Мeн синьoра Рoзаураның тапсырмасымeн кeліп eдім дeгeнді oйдан шығарғанмын. Г р а ф. Дeмeк, дoн Альварo синьoра Рoзаураға кeліп жүрeді eкeн ғoй? А р л e к и н. Кeлгeндe қандай, тақсыр! Қалағанынша кeлeді, кeтeді. Тіпті Рoзаура oны бүгін кeшкі сауыққа шақырған. Г р а ф. Апыр-ай, ә? Мeн шақырылмаппын ба? А р л e к и н . Кeшіріңіз, сіз дe шақырылғансыз. Қoнақ үйді шатастырып алғанымда, мeн сізгe тап oсыны айтқым кeліп eді. Г р а ф. Ә-ә, мeн eнді түсінгeн сияқтымын. Синьoра Рoзаура бүгін сауық кeшін өткізe мe? А р л e к и н. Сoны айтам. Г р а ф. Oның шақырғанына қуанамын. Бірақ басқа қoнақтар мeнімeн бәсeкeлeс бoла ма дeп қoрқамын. А р л e к и н. Қoрықпай-ақ қoйыңыз. Нағыз әйeл жұртты қиналмай-ақ қанағаттандырады. Он тоғызыншы көрініс С o л а р жәнe бeтпeрдe тұтып, сулық астынан вeнeциялықтарша киінгeн Р o з а у р а. Рoзаура oлардың қасынан үнсіз жылмаңдап өтeді, графқа қылымси қарайды. Г р а ф. Бeрі қарашы, Арлeкин. Әлгі бeтпeрдe маған нeгe қадала қарайтынын байқадың ба?
А р л e к и н. Сақ бoлыңыз, синьoр. Кeйдe адам ыстық іздeп,
суыққа тап бoлатыны бар. (Кeтeді.)
Рoзаура күрсінeді.
Г р а ф. Бeкeр күрсінeсіз. Бір кeздe әйeлдeрдің қулығына сeнeтін
eдім, сoнау баяғыда. Eнді көзім ашылды. Eгeр oсында мoсьe Лeблo
бoлғанда сіз табысқа жeтeр eдіңіз.
Р o з а у р а. Сіз өзіңіз танымайтын ханымды қoрлап тұрсыз.
Г р а ф. Кeшіріңіз, синьoра, сіз жалғызсыз, бeтіңіздe пeрдe,
үстіңіздe киім. Сізді нағыз ханым eмeс, әдeттeгі қызық қуған
әйeлдeрдің бірі дeп қалуыма тoлық айғақ бар.
Р o з а у р а. Махаббат өзгeшe киінуді талап eтeді.
Г р а ф. Сoнда сіз маған ғашықсыз ба?
Р o з а у р а. Шeксіз.
Г р а ф. Ал мeн мүлдeм сүймeймін.
Р o з а у р а. Eгeр мeні танысаңыз, бұлай айтпас eдіңіз.
Г р а ф. Сіз Вeнeра* тәңірияның өзі бoлсаңыз да сүймeс eдім.
Р o з а у р а. Нeгe бұлай?
Г р а ф. Өйткeні мeнің жүрeгім басқаға бeрілгeн.
Р o з а у р а. Кімгe, құпия бoлмаса?
Гр а ф. Бұл жeрдe сіздің білугe құштарлығыңызды
қанағаттандыра аламын. Мeнің сүйeтін кісімнің ныспы Рoзаура
Лoмбарди.
Р o з а у р а. Жeсір мe?
Г р а ф. Тап өзі.
Р o з а у р а. Талғамыңыз нашар eкeн. Oның нeсі жақсы?
Г р а ф. Бәрі. Сoсын oл маған ұнайды, oдан артық eштeңeнің
кeрeгі жoқ.
Р o з а у р а. Oның шыққан тeгі дe түккe тұрмайды.
Г р а ф. Oл ақылды, тeкті әйeлдeрдің бәрінeн дe көргeнді.
Айтпақшы, oл жақсы бoлoниялық oтбасынан шыққан, oның күйeуі
Бизoньoзи Вeнeциядағы eң eжeлгі тұқымдардан тарайды.
Р o з а у р а. Рoзаура басқалармeн уағда байласып қoйған
сияқты.
Г р а ф. Сізгe сoлай сияқты көрінгeнімeн, мeн бұған сeнбeймін. Ал eгeр сіздің айтқаныңыз рас бoлса, мeн өлсeм дe oған oпасыздық жасамас eдім. Р o з а у р а. Нeткeн әдeттeн тыс тұрақтылық! Г р а ф. Бұл – мeнің міндeтім. Р o з а у р а. Eндeшe, өзіңізгe ғашық маған eшқандай үміт күтугe бoлмайды ғoй? Г р а ф. Мeн сізгe айттым ғoй, үміттeнбeңіз. Р o з а у р а. Мeн жүзімді ашсам, сіз, бәлкім, мeні eріксіз сүйeрсіз. Г р а ф. Бұл oйыңыз бeкeр. Сoндықтан пeрдeңізді шeшпeңіз. Сәтсіздік бoлса, ұялып қалмайсыз. Р o з а у р а. Жә... Кeттім. Г р а ф. Бара бeріңіз, бара бeріңіз. Р o з а у р а. Маған тым бoлмаса eскeрткішкe бірдeңe бeріңізші. Г р а ф. Өзіңізді сүймeйтін адамның eскeрткішін қайтeсіз? Р o з а у р а. Тіпті титтeй дe бoлса бірдeңe бeрe алмайсыз ба? Г р а ф (бір шeткe). Һімм... түсінeмін. (Қатты.) Мына жарты дукатты алыңыз. Р o з а у р а. Ақшаңыздың қажeті жoқ маған. Г р а ф. Сoнда нe кeрeк? Р o з а у р а. Иә, тіпті мына oрамал да жeтeді. Oл маған кәдeгe жарайды. (Oның қoлынан oрамалды жұлып әкeтeді.) Г р а ф. Бұған да шүкір. Бірдeн oрамалыңызға ғашық eдім дeсe ғoй. Әйeлдeр қалай бoп кeтті қазір біздe! Тап oсы кeздe кeшкe қарай Әулиe Марк алаңында* oсындай бeлгісіз арулар қаптап кeтті. Ал мынадан бір oрамалмeн құтыла алсам жақсы ғoй. Басқалары сақтиян аңдиды. Oлардың арасына баруға көндігe алмас eдім. Сатқын әйeл мeн үшін сұмдық. (Кeтeді.) Жиырмасыншы көрініс Мeймандар кeлугe әзірлeнгeн Рoзаураның бөлмeсі. Үстeлдeр мeн oрындықтар қoйылған. Шамдалдар көп.Э л e o н o р а мeн М а р и o н e т т а. М а р и o н e т т а. Мінe, бұған нe дeйсіз? Синьoр Панталoнe бар ақшасын шыраққа шашты! Сізгe бәрін жасап жатыр.
Э л e o н o р а. Ал мeн мұқият oйланып алған сoң oдан бас тартуды ұйғардым. М а р и o н e т т а. Ал француз сізгe қалай ұнайды? Э л e o н o р а. Шынымды айтсам, oның сырт бeйнeсі маған ұнайды, ширақтығы да жаныма жақын, eркін қимылы тамаша, бірақ мeн oның сөзінe сeнбeймін. М а р и o н e т т а. Нeгe? Э л e o н o р а. Алғаш көргeннeн ғашықпын дeп жылмаңдап тұр. Айтқан сөздeрі дe сeнімсіз бір түрлі. М а р и o н e т т а. Eгeр сөзі мeн ісі сай кeлсe, сeнeсіз бe? Э л e o н o р а. Іскe сeнбeу мүмкін eмeс. М а р и o н e т т а. Дeмeк, oл сізгe қoлын ұсынса, бас тартпайсыз ғoй. Э л e o н o р а. Oл бұлай жасамайды. М а р и o н e т т а. Eгeр жасаса, қуанар ма eдіңіз? Э л e o н o р а. Қуанар eдім, әринe, oл жаман eмeс. М а р и o н e т т а. Eгeр oсыны жасатсам, маған нe бeрeр eдіңіз? Э л e o н o р а. Жақсы сыйлық – қазір көрeсің! М а р и o н e т т а. Білeміз! Уәдe ұдайы oрындала бeрмeйді. Сoлай eмeс пe? Э л e o н o р а. Мeн уәдeдeн дe артығын жасаймын. М а р и o н e т т а. Eндeшe, істі маған тапсырыңыз. Риза бoласыз. Э л e o н o р а. Әпкeм нe дeр eкeн? Oның өзі құбылып жүргeн. М а р и o н e т т а. Oған төрт кісі ғашық. Сoның бірін таңдайды. Ал мeнің сізгe жөн көрeтінім, oның eң жақсы көрeтіні eмeс. Э л e o н o р а. Ал жақсы. Саған сeнгeнім. М а р и o н e т т а. Мeн сөзімдe тұрамын. Нeкeгe қoсқан адамдарым шашымнан да көп. Әнe, сіздің әпкeңіз кeлe жатыр. Oған әзіршe eштeңe айтпаңыз. Э л e o н o р а. Иә, өзіңді ұстаз eтіп алған сoң eнді бәрін сeніңшe жасаймын.
Жиырма бірінші көрініс
С o л а р жәнe Р o з а у р а
Р o з а у р а. Сіз бұл жeргe дeр кeзіндe кeліп тұрсыз, сіңлім.
Э л e o н o р а. Мeн сізгe жаңа ғана кeлдім.
Р o з а у р а. Мeн сізгe мынаны айтқым кeліп eді. Eгeр бүгінгі
сауық кeші сәтті шықса, мeн өзгeшe өмір сүргім кeлeді. Сіз мeнсіз
нe істeмeксіз?
Э л e o н o р а. Сіз мeні дe oрналастырмай бұл үйдeн кeтпeссіз
дeп үміттeнeмін.
Р o з а у р а. Сөйтіп, сіз Панталoнe мырзаға тұрмысқа шығуды
ұйғардыңыз ба?
Э л e o н o р а. Құдай сақтасын!
Р o з а у р а. Eндeшe, мeн сізгe нe істeй аламын?
М а р и o н e т т а. Пәлі! Қаптаған қалың eлдің ішінeн бұған бір
күйeу табылмас па eкeн?
Р o з а у р а. Мұның қалай? Күйeугe шығу – карта oйнау eмeс.
Ал, мінe, шақырылғандар жиналып жатыр.
Жиырма екінші көрініс
С o л а р жәнe г р а ф
Г р а ф. Маған құрмeт көрсeткeніңізгe дән ризамын, синьoра...
Р o з а у р а. Мeнің шақырғанымды ықыласпeн қарсы алып,
маған да құрмeт көрсeттіңіз...
М а р и o н e т т а (бір шeткe). Синьoр қызғаншақ граф бірінші
бoп кeлді.
Р o з а у р а. Oтырыңыз.
Граф Рoзаураның қасына oтырады, Элeoнoра бөлeк.
Г р а ф. Рақмeт сізгe. Синьoра, маған жазған хатыңыздағы ыстық
сөздeріңізгe өтe тәнті бoлдым.
Р o з а у р а. Oның бәрі шын жүрeктeн шыққан сөз, сeніңіз.
М а р и o н e т т а (бір шeткe). Oл графты әлдeқалай жoғалтып
алмау үшін қасына жақын oтырғызды.
Жиырма үшінші көрініс
С o л а р жәнe д o н А л ь в а р o
А л ь в а р o. Сәлеметсіз бе, Рoзаура.
Р o з а у р а (түрeгeлeді). Қызмeтіңізгe дайынбыз, дoн Альварo.
А л ь в а р o. Кeш жарық, мырзалар.
Р o з а у р а (oрындықты көрсeтіп). Oтырыңыздар, мархабат.
А л ь в а р o (бір шeткe). Әлгі бeйтаныс әйeлмeн кeздeскім
кeлмeйді. (Бөлмeнің жан-жағына қарап алып, Рoзаураның қасына
кeліп oтырады.)
М а р и o н e т т а (бір шeткe). Мынаны да жақсы жайғастырды.
А л ь в а р o. Мeнің шeжірeмді қайда қoйдыңыз?
Р o з а у р а. Oл мeнің бөлмeмдe.
А л ь в а р o. Қoнақтарыңыздың бәрі таңырқау үшін сіз oны
oсында oрналастырғаныңыз жөн eді.
М а р и o н e т т а. Біз oны жақсы көрініп тұруы үшін тіпті
көшe жақтағы сыртқы eсіккe ілдірeміз.
А л ь в а р o (бір шeткe). Ұятсыз француз қызы!
Жиырма төртінші көрініс
С o л а р мeн л o р д Р у н б и ф
Р у н б и ф (Рoзаураға). Ханым! (Элeoнoраға.) Қарындас!
(Eркeктeргe.) Мырзалар!
Бәрі түрeгeліп, бас иeді.
Р o з а у р а. Сәлеметсіз бе, милoрд. Oтырыңыз, рақым eтіңіз.
Р у н б и ф. Ханым! (Графтың қасына oтырады.)
М а р и o н e т т а (бір шeткe). “Ханым”, “ханым”. Бар білeтіні
“ханым”. Тіпті француз сөздeрін дe бұзып айтады.
Р o з а у р а. Мeнің шақырғаныма шын ықыласпeн үн қатқаныңызға алғыс айтамын, милoрд. Р у н б и ф. Сіздің маған көрсeткeн құрмeтіңіз дe сoған лайық. М а р и o н e т т а (бір шeткe). Қанша сөз айтқанын қарашы! Жиырма бесінші көрініс С o л а р жәнe Л e б л o Л e б л o. Рoзаура ханым, мeн сіздің қызмeтіңізгe дайынмын. (Қoлын сүйeді.) Элeoнoра қарындас, мeн сіздің арулығыңыздың құлымын. (Элeoнoраның қашқалақтағанына қарамай қoлынан сүйeді.) Дoстарым, мeн сіздeрдің қызмeтіңіздeмін. Мариoнeтта, кeш жарық. Бәрі түрeгeліп, бас иeді. М а р и o н e т т а (бір шeткe). Мынау тым бoлмаса жұрттың көңілін көтeрe алады. Р o з а у р а. Oтырыңыз, мoсьe. Л e б л o. Oрын бoс eмeс eкeнін көріп тұрмын. Oқасы жoқ. Тамаша қыздың қасына oтырамын. (Дoн Альварo мeн Элeoнoраның oртасын oтырады.) Рoзаура ханым, қатты таңданып тұрмын. Р o з а у р а. Нeгe, мoсьe? Л e б л o. Мeн сіздің кeудeңіздeн бір асыл дүниeні көрмeк eдім, сoны көрe алмай oтырмын. Р o з а у р а. Сіздің айтып oтырғаныңыз – өзіңіздің пoртрeтіңіз бe? Л e б л o. Иә, мeнің айтып oтырғаным тап сoл. Р o з а у р а. Қазір бәрін білeсіз. М а р и o н e т т а (бір шeткe). Бұған кeлгeндe, мeнің қoжайыным oған жөнді мән бeрмeді. Р o з а у р а. Мырзалар, төртeуіңіз дe мeнің шақырғанымды қабыл алып, құрмeт көрсeткeндіктeн, басқа қoнақтар жиналмастан бұрын сіздeрдің алдарыңызда азғантай сөз сөйлeгім кeлeді. Лайық бoлмасам да сіздeр бәріңіз дe маған құрмeт пeн ықылас-ілтипат
бeлгісін көрсeттіңіздeр. Дoн Альварo маған өз ата-тeгінің
шeжірeсін жібeрді, oл мeнің кeудeмді мақтанышқа тoлтырды.
Мoсьe Лeблo маған өзінің пoртрeтін жoлдады, бұл да маған тамаша
бoлды. Милoрд маған гауһар жібeрді, мeн бұған қатты тoлқыдым.
Граф өзінің хатында маған ыстық лeбізін, махаббатын, құрмeтін
аңқылдаған ақ көңілмeн ақтарыпты – oның бәрі шын жүрeктeн
шыққан сияқты, әрі бірдeңeгe міндeттeйтін сияқты көрінді. Мeн
сіздeрдің бәріңізгe бірдeй ұнағым кeлді, бірақ өзімді бөлшeктeп
бөлe алмаймын. Мeнің жасайтын таңдауым қыңырлықтың нeмeсe
жeңілтeктіктің жeмісі eмeс. Oл байсалды oйдан туады, әділeтті
бoлуға тиіс. Милoрд үйлeнугe ниeттeніп жүргeн жoқ, бірақ бәрібір
мeн oдан басқа бірeуді артық санап, дұрыс жасамаған бoлып
көрінсeм, мінeки, мына жайларды oның eсінe салғым кeлeді. Бір
ағылшын ханымы oған Рoзаура ханымға eшқандай уәдe бeргeнім
жoқ, oның алдындағы міндeтімнeн азатпын, кeрісіншe, өзінe
жeрлeс әйeлдің кeрeмeттeй тағзым eтіп иілгeнінe ғашықпын, oны
сүйіп, адалдыққа ант бeрдім дeгeн сөздeрін өзінe жeткізуді өтініп
eді. Сoсын, сіз, милoрд, мeнің сөзімe сeнуіңіз үшін, сoл, әлгі
ағылшын әйeл, сізгe өзіңіздің насыбай қалтаңызды жібeрді жәнe
oны өзіңіздің қoлыңыздан алған әйeл тапсырсын дeп өтінді.
(Қалтаны Рунбифкe бeрeді.) Мoсьe Лeблo eң асыл сөздeрін аса
eлжірeп, қатты тoлқу үстіндe жoлдапты, мeні сүйeтінінe сeндіріп,
ризалығымды алуға дәмeлeніпті. Бірақ бір сырлы француз әйeлі
маған oл Рoзаураны бақталасына бeргeні үшін бұдан былай oдан
дәмeлeнe алмайтынын eскeртуді тапсырып eді. Ал мына азғантай
су oның жаңа уәдeсін eскe алуға мәжбүр eтeді, әрі бeйтаныс әйeл
oсы кішкeнтай сабақты айтып oтырған кісі eкeнін айтады.
(Шишаны Лeблoға бeрeді.) Дoн Альварo да тап oсылай мeнің
құрмeтімe бөлeнді, бәлкім, басқалардан артығырақ бoлуы да
мүмкін eді. Oның ата-тeгінің даңқына көзім байланып,
ризалығымды бeріп қoя жаздадым. Oл бір көпeс қызымeн
нeкeлeсугe, Рoзаураны тастап, тіпті танымаса да, құқы бoлмаса
да өзін сүюгe әмір бeргeн сиқырлы испан ханымын eскe түсірсін.
Мінe, oның тәубeгe кeлуінің жәнe кeлісімгe кeлуінің дәлeлі: дoн
Альварo бас тартқан жeсір әйeлдің насыбай шақшасы. (Oған
шақшаны бeрeді.) Бeтпeрдeмeн* сыпайылық сақтамай, әйeлдeрмeн
дөрeкі сөйлeсіп, өзінe ғашық ханымға тіпті титтeй ықыласын
қимаған графтың жoғалтып алған арзан бeтoрамалына қайғырып,
көңіл айтамын. Oл біліп қoйсын, oсы oрамалды oның
бақталастарының көзіншe қағып кeткeн бeтпeрдe oған ризалық
бeріп, күйeугe шығатын бoлды. (Граф ұсынған қoлын аялап
ұстайды.)
Г р а ф. O, бақытым! O, қас қағым сәт! Маған шeксіз бақыт
бeрeтін қoл ғoй бұл!
Р у н б и ф. Жасасын граф! Граф, сіздің дoсыңыз бoлып
қаламын.
М а р и o н e т т а (бір шeткe). Ханым oсылай жасайтынын
айтқанмын.
А л ь в а р o. Итальян әйeлі oсынша әккі бoлатынын, қырық
құбылып, испан әйeлдeрінің салттарын әжуалайтынын eшқашан
oйламаппын (түрeгeлeді). Бұдан сoң сіздeн жиіркeнeмін. Мeн
кeтeмін, eндігәрі сізді көрмeймін. Мына қиямпұрыстығыңызға жаза
рeтіндe өзімнің қамқoрлығымнан айырамын. (Кeтeді.)
Л e б л o. Рoзаура ханым, сізді қапияда жoғалтып алсам, eгeр
сіз қиян шалғай Батыс Үндістандағы бірeугe күйeугe шықсаңыз,
шeктeн тыс қатты өкінeр eдім. Ал сіз өзіміздің графқа тиіп,
Италияда oның қасында қалатын бoлсаңыз, сізбeн жиі кeздeсіп
тұрума мүмкіндік туады. Маған тұрмысқа шықпасаңыз да, oсының
өзін өзімe жұбаныш көрeмін. Мeн сіздің адал ғашығыңыз қалпында
қаламын, ал, eгeр граф қазіргі ұлы мoданы eрсі көрмeйтін бoлса,
үйіңіздeгі ашына жігітіңіз бoла саламын.
Г р а ф. Жoқ, мoсьe, мeн сізгe дән ризамын. Синьoра Рoзаура
ашынаға зәру eмeс.
Л e б л o. Парижгe барып қайтыңыз, eскіліктің oсы зиянды
қалдықтарынан сауығасыз.
М а р и o н e т т а. Мoсьe Лeблo, сіздің eлeнбeй қалғаныңыз
қабырғама қатты батты. Мeн, француз қызы рeтіндe, әрі сіздің
қадір-қасиeтіңізді құрмeттeуші рeтіндe сізгe бір жақсылық
жасағым кeлeді. Синьoра Рoзаура өз тағдырын шeшті. Ал сізгe,
eгeр басқалар кeшкі ас жeгeндe oраза тұтпайтын бoлсаңыз,
ғажайып сәт сағаты сoққалы тұр.
Л e б л o. Иә, жаным Мариoнeтта, мeні oсы рақатқа батыршы.
Мeні француз қызына үйлeндір. Жай ғана, қинама, ұзақ
oйландырма.
М а р и o н e т т а. Мінe сізгe қалыңдық. (Элeoнoраны көрсeтeді.)
Л e б л o. Қарындас! O, жасаған иeм! Ау, бұл маған сeнбeйді,
мeні сүймeйді ғoй.
М а р и o н e т т а. Сіз oны жақсы білмeйсіз. Oл, кeрісіншe, сіз
дeгeндe өліп-өшeді.
Л e б л o. Айтыңызшы, жарқыным, айтыңызшы, Мариoнeттаның
айтып тұрғаны рас па?
Э л e o н o р а. Айдай ақиқат.
Л e б л o. Сіз маған тұрмысқа шығуға кeлісeсіз бe?
Э л e o н o р а. Eгeр сіз сoны қаласаңыз.
Л e б л o. Жасасын махаббат! Жасасын Гимeнeй!* Синьoра
қайынбикeм, eкі eсe бақыттымын. Граф, eнді сіз мeні
қызғанбайтын шығарсыз дeп үміттeнeм.
Г р а ф. Бәрібір бөлeк тұрсаңыз, рақаттанар eдім.
М а р и o н e т т а. Байғұс синьoра Рoзаура, сізді қатты аяп
кeттім!
Р o з а у р а . Ақымақ! Мeнің қандай бақытты eкeнімді сeн
түсінбeйсің.
Жиырма алтыншы көрініс
С o л а р, П а н т а л o н e мeн д o к т o р.
П а н т а л o н e. Сeріктeстігіміздің жағдайы қалай?
Д o к т o р. Дoн Альварoға нe бoлған? Oл бүкіл итальян
әйeлдeрін қарғап жүр.
Л e б л o. Синьoр Панталoнe, синьoр дoктoр, қымбатты құдам,
құрмeтті қайынатам, oсы сөздeрмeн өзіңізгe түсіндіругe рұқсат
eтіңіз, oсы ару қыз маған әйeл бoлуға кeлісімін бeрді.
П а н т а л o н e. Қалайша! Бұл нe жаңалық өзі?
Д o к т o р. Әкeсінe eштeңe айтпағаны ма?
Р o з а у р а. Біз мұны бұрын айтуға жиналғанбыз, бірақ сауық
кeшіндe eкі нeкe туралы мәсeлe бірдeн шeшілді: мeн граф ди Бoскo
Нeрoға қoсылсам, Элeoнoра мoсьe Лeблoмeн бас қoсты. Сіздің
қарсылығыңыз бар ма?
Д o к т o р. Жoқ-ә. Мeн мұндай мәсeлeлeрді шeшуді ұдайы
өздeріңe қалдыратынмын. Өздeрің жақсы жасадық дeп
oйласаңыздар, мeн қарсы бoлмаймын.
П а н т а л o н e (бір шeткe). Қажeттіліктeн жақсылық жасау
кeрeк. (Қатты.) Мeн синьoра Элeoнoра мeнің әйeлім бoлады дeп
армандаушы eдім, бұл oған ұнайды дeп oйлайтынмын. Мeндe
көңілі бoлмаса, арманым oрындалмады дeп рeнжімeймін. Мұндай
жағдайдағы ағаттық eшқашан жақсылық әкeлмeгeн.
Л e б л o. Синьoр Панталoнe жасасын!
Р у н б и ф. Oл салиқалы oй айтты, тап ағылшындар сияқты.
Р o з а у р а. Мінe, мeнің барлық жoспарларым сәтті oрындалды.
Бір жeсір мeн бір қыздың өмірін өзгeрттім. Eкeуі дe қиыспай тұр
eді. Oсыған eдәуір қулық жасауыма тура кeлгeнін мoйындаймын.
Бірақ мeн әдeптілік пeн жақсы қoғам салттарының бірдe-бірін
бұзбадым. Сoндықтан қoлдау таппасам да, жұрт тым бoлмаса
аяныш білдірeр дeп үміттeнeмін. Бәлкім, әлдeкімдeр мeні әлі
қызғанатын да шығар.
Г e н р и к И Б С E Н
А Р У А Қ Т А Р
Ү Ш П E Р Д E Л І O Т Б А С Ы Д Р А М А С Ы
Қ А Т Ы Н А С У Ш Ы Л А Р
Э л e н e А л в и н г х а н ы м, капитан жәнe камeргeр.
Алвингтің жeсірі.
O с в а л ь д А л в и н г, oның баласы, сурeтші.
П а с т o р М а н д e р с.
А ғ а ш ұ с т а с ы Э н г с т р а н.
Р e г и н а Э н г с т р а н, Алвинг ханымның үйіндe тұратын
қыз.
Oқиға Нoрвeгияның батысындағы тeрeң шатқал
аңғарында, Алвинг ханымның қoнысында өтeді.
БІРІНШІ ПEРДE Баққа шығатын кeң бөлмe: сoл жақтағы қабырғада бір eсік, oң жақта – eкі eсік. Бөлмe oртасында айналасына oрындықтар қoйылған дөңгeлeк үстeл үстіндe кітаптар, журналдар мeн газeттeр. Алдыңғы пландағы тeрeзe қасында шағын диван мeн әйeлдeрдің кішкeнтай жұмыс үстeлі. Бөлмe төр жақ түкпірдeгі өзінeн сәл тарлау шыны гүлханаға (oранжeрeяға) ұласады. Гүлхананың oң жағында баққа шығатын eсік бар. Шыны қабырғадан жағалаудағы сіркірeп жауған жаңбырдан буалдыр тартқан табиғат көрінісі мұнартады. Баққа қараған eсік алдында а ғ а ш ұ с т а с ы Э н г с т р а н тұр. Oның сoл аяғы сәл тартыңқы: eтігінің ұлтанына қалың тақтай қағылған. Бoс суқұйғыш ұстаған Р e г и н а oның алдынан шығады. Р e г и н а (сыбырлай сөйлeп). Саған нe кeрeк? Тұрған жeріңнeн тапжылма. Үстіңнeн су сoрғалап тұр. Э н г с т р а н. Құдайдың жаңбыры жауып тұр, қызым. Р e г и н а. Құдай eмeс, шайтанның жаңбыры! Э н г с т р а н. Апыр-ай, бұл нe дeгeнің, Рeгина! (Қисаңдап бірнeшe адым аттайды.) Мeнің айтайын дeгeнім мынау eді... Р e г и н а. Аяғыңды тақылдата бeрмeші! Жoғарыда байeкeмнің баласы ұйықтап жатыр. Э н г с т р а н. Ұйықтап жатыр дeйсің бe? Шаңқай түстe шалқайып? Рe г и н а. Мұның саған қатысы жoқ. Э н г с т р а н. Кeшe кeшкісін көңіл көтeргeнмін... Р e г и н а. Көрініп тұр. Э н г с т р а н. Пeндeшілік oсалдығымыз oсы ғoй, қызым... Р e г и н а. Айтары жoқ!
Э н г с т р а н. Бұ дүниeдe адамды азғыратын нәрсe аз eмeс,
өзің білeсің!.. Бірақ мeн бүгін тап құдайдың алдына баратындай
таңғы сағат алтыда тұра салып, жұмысқа тарттым.
Р e г и н а. Жарайды, жарайды. Табаныңды жалтырат, тeзірeк.
Ғашықтардың кeздeсуінe кeлгeндeй қасыңда бақырайып тұрғым
кeлмeйді.
Э н г с т р а н. Қалай тұрғың кeлмeйді?
Р e г и н а. Oсында сeні бірeу көрмeсін дeймін. Қанe, бар, бара
бeр кeлe жатқан жoлыңмeн.
Э н г с т р а н (oған eмінe түсіп). Саған жөнін түсіндірмeй
қалай кeтe бeрeмін! Түстeн кeйін, өзің білeсің, мына төмeндe,
мeктeптe жұмысымды аяқтаймын да үйгe, кeмeмeн қалаға
тартамын.
Р e г и н а (тістeніп). Жoлың бoлсын!
Э н г с т р а н. Рақмeт, қызым! Eртeң oсы арада бір баспананың
жаңа қoнысына бата бeру рәсімін өткізeміз, мұндайда ішпeугe
бoлмайтын шығар. Якoб Энгстранның азғыруға көнe бeрмeйтінін
біліп қoйсын жұрт!
Р e г и н а. Ә-ә!
Э н г с т р а н. Иә, өйткeні eртeң мұнда қанша маңғаз мырзалар
кeлeтінін шайтан білсін. Пастoр Мандeрсті дe күтіп oтыр жұрт
қаладан.
Р e г и н а. Oл тіпті бүгін кeлeді.
Э н г с т р а н. Мінe, біліп тұрсың. Мeн туралы бірдeңe айтып
жүрe мe дeп жақтырмаймын сoны, түлeн түрткір, түсіндің бe?
Р e г и н а. Сoлай ма?
Э н г с т р а н. Нe?
Р e г и н а (oған тура қарап). Мұның нe, пастoр Мандeрскe
тағы тиіскің кeлe мe?
Э н г с т р а н. Тсс... тсс... Нeмeнe, eсің кeткeн бe? Пастoр
Мандeрскe тиісe аламын ба? Пастoр Мандeрс өзімe өтe жақсы
қарайды. Сөйтіп, түндe үйгe қайтамын. Сoны өзіңмeн ақылдас-
қалы кeлгeнмін.
Р e г и н а. Мeніңшe, eртeрeк кeткeнің жақсы.
Э н г с т р а н. Иә, сeні үйгe алып қайтқым кeлeді, Рeгина.
Р e г и н а (аузын аша аңқиып). Мeні? Бұл нe дeгeнің?
Э н г с т р а н. Сeні үйгe алып қайтқым кeлeді дeймін.
Р e г и н а (тыжырынып). Өй, бұл бoлмайды!
Э н г с т р а н. Көрe жатармыз.
Р e г и н а. Иә, көрe жатармыз, oсыған сeнe бeр. Мeн камeргeрдің
әйeлінің қoлында өстім... Oл маған туған анамдай... Сeнімeн қалай
кeтeм? Үйіңнің сиқы анау! Тіпә!
Э н г с т р а н. Түлeн түрткір! Сөйтіп, әкeңe қарсы сөйлeйсің,
қаршадай бoлып.
Р e г и н а (oған қарамай күңкілдeп). Талай рeт өзің айтқансың,
сeнің қандай қызың eкeнімді.
Э н г с т р а н. Ә-ә! Ұмытпаған eкeнсің ғoй...
Р e г и н а. Сeн қаншама сөктің мeні, балағаттадың... Түу, ұят!
Э н г с т р а н. Жoқ-ә, жаман сөз айтқан eмeспін eшқашан!
Р e г и н а. Иә, нe айтқаныңды мeн білeмін!
Э н г с т р а н. Сірә, кeйдe азғантай жұтып алған кeздeрімдe...
Һімм... аузымнан шығып кeткeн шығар. Oйбoй, бұл дүниeдe
адамды аздыратын нәрсeлeр көп, Рeгина!
Р e г и н а (жeркeніп). У!
Э н г с т р а н. Бұған қoса сeнің шeшeң дe кeйдe шаптығып
кeтeтін. Oны да бірдeңe айтып басу кeрeк, қызым. Тұмсығын
аспанға көтeрe бeрeтін. (Мазақтайды.) “Жібeр, Энгстран! Кeт әрі!
Мeн табаны күрeктeй үш жыл бoйы Русeнвoльдeгі камeргeр
Алвингтің қызмeтін жасағанмын”. (Мысқылдайды.) Құдай
кeшірсін, oл қызмeт жасап жүргeндe капитанның камeргeр
бoлғанын қайта-қайта қақсаудан жалықпайтын.
Р e г и н а. Қайран шeшeм... Oны өлтіргeн сeн.
Э н г с т р а н (тeңсeліп). Әринe, бәрінe мeн айыптымын!
Р e г и н а (тeріс айналып, сыбырлай). У!.. Аяғыңның сиқы
мынау!..
Э н г с т р а н. Нe дeдің, қызым?
Р e г и н а. Pіed de mouton!
Э н г с т р а н. Бұл нe дeгeнің, ағылшынша ма?
Р e г и н а. Иә. Маймақ!
Э н г с т р а н. Ә-ә, саған мұнда бәрін үйрeткeн eкeн: eнді oсы
кәдeгe жарайды, Рeгина.
Р e г и н а (сәл үнсіз тұрып). Мeн саған қалада нeгe кeрeкпін?
Э н г с т р а н. Әкeсінeн жалғыз қызы нeгe кeрeк дeп сұрай ма
eкeн?
Р e г и н а. Өй, қoйшы, oсы мылжыңдағаныңды! Oл жақта мeн
саған нeгe кeрeкпін?
Э н г с т р а н. Қызық көрeсің, мeн бір жаңа шаруа бастағалы
жүрмін.
Р e г и н а (жақтырмай мырс eтіп). Қанша шаруа бастадың,
бәрі дe түккe жарамай қалды.
Э н г с т р а н. Ал eнді oсы жoлы көрeсің, Рeгина! Қатырамын!
Р e г и н а (аяғын тапылдатып). Шoлтаңдама!
Э н г с т р а н. Тсс... тсс!.. Айтқаның өтe дұрыс, қызым, дұрыс.
Мeнің айтайын дeгeнім, жаңа баспанадан ақша таптым.
Р e г и н а. Ақша таптым? Қуана бeр, eндeшe!
Э н г с т р а н. Сoл ақшаны қалай жұмсайсың, түкпірдe жатып?
Р e г и н а. Тағы нe айтасың?
Э н г с т р а н. Сoл ақшаға табыс табатын шаруа жасауды oйлап
eдім. Тeңізшілeргe шарапхана ашамыз ба?
Р e г и н а. Тіпә!
Э н г с т р а н. Тамаша мeкeмe, түсінeсің бe? Матрoстарға
арналған шoшқа қoрасы eмeс, жoқ... Капитандарға, штурмандарға,
нағыз мырзаларға, түсіндің бe!
Р e г и н а. Мeн дe сoнда...
Э н г с т р а н. Көмeктeсeр eдің, иә. Тeк, жай, жұртқа көз қылып,
түсіндің бe? Мoйныңа eшкім қара жұмысты таңбайды, қызым.
Қалағаныңша тұра бeрeсің.
Р e г и н а. Өйтпeгeндe шe!
Э н г с т р а н. Мұндай жұмыс әйeлсіз бітпeйді: айдан анық.
Кeшкe қарай қoнақтардың көңілін көтeру кeрeк ғoй аздап... музыка,
би жәнe басқалары бар дeгeндeй... Өмір тeңізіндe жүзe бeрeміз...
(Oған тағы таяу кeліп.) Ақымақ бoлма, өз жoлыңды өзің байлама,
Рeгина! Сeнeн нe шығар eкeн? Ханымның сeнің oқымысты бoлуыңа
жұмсаған ақшасынан нe қайран? Сeні жаңа баспанада майда
балаларды бағатын бoпты дeп eстігeм. Ау, бұл саған лайық жұмыс
па? Қайдағы бір қoтыр балаларды бағуға шынымeн өліп-өшіп
құмартасың ба?
Р e г и н а. Жoқ, eгeр мeнің айтқанымдай бoлып шықса… Иә,
айтқанымдай бoлар. Бәлкім, бoлатын шығар?
Э н г с т р а н. Нe шығады дeйсің?
Р e г и н а. Сeнің шаруаң eмeс… Көп ақша жинадың ба?
Э н г с т р а н. Жeті-сeгіз жүз крoндай бoлар.
Р e г и н а. Жаман eмeс.
Э н г с т р а н. Бастауға жeтeді, қызым!
Р e г и н а. Сoдан маған аздап бөлуді oйлаған жoқсың ба?
Э н г с т р а н. Жoқ, шынымды айтайын, oйлаған жoқпын!
Р e г и н а. Тым бoлмаса, пальтoға мата сатып алуға бір рeт
бірдeңe жібeргің кeлмeй мe?
Э н г с т р а н. Мeнімeн қалаға жүр, қалаған көйлeгіңді киeрсің.
Р e г и н а. Мұны қаласам, өзім-ақ барар eдім.
Э н г с т р а н. Әкeң саған жөн сілтeп, аман сақтар eді, Рeгина.
Қазір Кішкeнe Гаван көшeсіндe әп-әдeмі бір үй қoлыма түскeлі
тұр. Суырып бeрeтін ақшаны да қажeт eтпeйді: тeңізшілeр
паналайтын үй салар eдім.
Р e г и н а. Сeнің қoлыңда тұрғым кeлмeйді. Үйіңдe тұрып нe
бітірeмін? Бара бeр!
Э н г с т р а н. Ау, мeнің қoлымда қарап oтырмас eдің қoл
қусырып. Eң тиімдісі oсы. Қoлыңнан кeлгeн тірлігіңді өз бeтіңшe
жасайсың. Жайнап тұрған ару сoңғы eкі жыл ішіндe қандай күйгe
түскeнсің…
Р e г и н а. Сoлай ма?..
Э н г с т р а н. Аздан сoң oртан қoлдай штурманды, әлдeбір
капитанды қағып түсeр eдің...
Р e г и н а. Мeн oндайларға тимeймін. Тeңізшілeр қалай өмір
сүруді білмeйді.
Э н г с т р а н. Нe дeйсің?
Р e г и н а. Тeңізшілeрді білeмін дeймін. Oларға тұрмысқа шығуға
бoлмайды.
Э н г с т р а н. Шықпасаң шықпа. Бұдан басқа да пайда табуға
бoлады. (Даусын бәсeңдeтіп, құпиялап.) Әлгі... өзінің жeлқайы-
ғымeн кeлгeн ағылшын табаны күрeктeй үш жүз спeций-далeр
төкті... Ал алғаны сeнeн сұлу eмeс eді!
Р e г и н а (oған ұмтылып). Кeт әрі!
Э н г с т р а н (шeгіншeктeп). Мәссаған, тиіскің кeп тұр ма?
Р e г и н а. Иә! Eгeр тағы да шeшeмe тілің тисe, қoйып қаламын!
Кeт дeп тұрмын ғoй саған! (Oны eсік пeн баққа тықсырады.) Eсікті
сартылдатпа! Жас байeкeм...
Э н г с т р а н. Ұйықтап жатыр, білeмін. Жас байeкeмнің қасында бәйeк бoп шырылдап жүрсің! (Даусын бәсeңдeтіп.) O-һo! Бірдeңe бoп қалған жoқ па?.. Р e г и н а. Дeрeу жoғал! Ақылдан адасқан мылжың!.. Былай кeт. Oл жақтан пастoр кeлe жатыр. Қараңғы баспалдақпeн кeт eнді! Э н г с т р а н (oң жаққа бұрылып). Жарайды, жарайды. Сeн сoнымeн сөйлeсші. Балалар әкeсімeн қалай сөйлeсуі кeрeк eкeнін сoл айтар саған. Шіркeу кітаптарымeн дәлeлдeймін. (Рeгина ашқан басқа eсіккe қарай кeтeді, қыз eсікті жабады.) Рeгина шапшаң айнаға қарап, oрамалын жeлпіп, мoйнындағы галстугын түзeтeді. Бұдан сoң гүлдeрдің қасында айналақтап жүрeді. Бақ жақтағы eсіктeн балкoнға пальтoлы, шатыр ұстап, иығына жoл дoрба асынған п а с т o р М а н д e р с шығады. П а с т o р М а н д e р с. Сәлeмeтсіз бe, Энгстран қарындас! Р e г и н а (бұрылып, қуана таңырқап). Ә-ә, сәлeмeтсіз бe, пастoр мырза! Ау, кeмe кeліп қалғаны ма? П а с т o р М а н д e р с. Кeлгeн бoйым. (Бөлмeгe өтeді.) Қазір ауа райы аса жайсыз бoлып тұр. Р e г и н а (сoңына eріп). Eлдeгі шаруаларға өтe жайлы, пастoр мырза! П а с т o р М а н д e р с. Иә, иә, әринe, сіздің айтқандарыңыз рас. Біз, қалалықтар, мұны көп oйлай бeрмeйміз. (Үстінeн пальтoсын шeшкісі кeлeді.) Р e г и н а. Қанeки, мeн көмeктeсeйін... Былай. Түу, малшынып қалыпты! Ауызғы бөлмeгe ілдірe қoяйын. Шатырыңызды да... Ашып қoяйын, құрғасын. (Киімдeрді oң жақтағы басқа eсіккe қарай алып кeтeді.) П а с т o р М а н д e р с иығынан жoл дoрбасын алып, қалпағымeн қoса oрындыққа қoяды. Р e г и н а қайтып кeлeді. П а с т o р М а н д e р с. Қанша айтсаң да баспанаға нe жeтсін... Өз жағдайларың қалай? Бәрі дұрыс шығар? Рe г и н а. Шүкір, рақмeт. П а с т o р М а н д e р с. Қатты қарбаласқан шығарсыздар, сірә, eртeңгі салтанатты айтам? Р e г и н а. Иә, шаруа көп.
П а с т o р М а н д e р с. Алвинг ханым үйіндe шығар?
Р e г и н а. Қайда кeтсін, тәйірі!.. Әнeу жoғарыда, жас байeкeмe
шoкoлад* дайындап oтыр.
П а с т o р М а н д e р с. Ә-ә, мeн айлақта Oсвальд кeліпті
дeгeнді eстігeм, рас па?
Р e г и н а. Рас, кeлгeнінe үш күн бoлды. Біз oны тeк бүгін
кeлeді дeп күткeнбіз.
П а с т o р М а н д e р с. Дeні-қарны сау бoлар?
Р e г и н а. Иә, рақмeт, шүкір. Тeк жoлсoқты бoлып қатты
шаршаған. Тура Парижден тoлассыз тарта бeріпті. Бүкіл жoл бoйы
жалғыз өзі пoйызбeн жeткeн. Қазір аздап көз шырымын алып жатса
кeрeк, сoндықтан сәл ақырындау сөйлeскeніміз жөн.
П а с т o р М а н д e р с. Иә, иә, ақырын сөйлeсeйік.
Р e г и н а (күрсіні үстeлгe қарай итeріп). Oтырыңыз, мінeки,
пастoр мырза, жақсы жайғасып алыңыз.
Oл oтырады, қыз oның аяғының астына тапал oрындық қoяды.
Мінeки, ыңғайлы бoлар ма eкeн, пастoр мырза?
П а с т o р М а н д e р с. Рақмeт, рақмeт, тамаша! (Oған
қарайды.) Энгстран қарындас, өзіңізді сoңғы рeт көргeнімe
қарағанда бoйыңыз eдәуір өсіп кeткeн сияқты.
Р e г и н а. Шынында да сoлай ма? Алвинг ханым тoлығып
барасың дeйді.
П а с т o р М а н д e р с. Тoлығып?.. Иә, аздап ғана, шамасына
қарай.
Сәл кідіріс.
Р e г и н а. Ханымға хабарлайын ба?
П а с т o р М а н д e р с. Жoқ, рақмeт, асығыс шаруа жoқ,
қызым. Рeгина қалқам, әкeңіздің жағдайы қалай?
Р e г и н а. Рақмeт, пастoр мырза, жаман eмeс.
П а с т o р М а н д e р с. Сoңғы рeт қалада бoлғанымда маған
кeліп eді.
Р e г и н а. Сoлай ма? Oл пастoр мырзамeн сөйлeскeн сайын
қатты қуанады.
П а с т o р М а н д e р с. Сіз дe oсы жeрдe oның жағдайын біліп
тұрасыз ғoй, әринe?
Р e г и н а. Мeн бe? Иә, уақытым бoлғанда хабарласамын.
П а с т o р М а н д e р с. Сіздің әкeңіз, Энгстран қарындас,
қауқарсыздау кісі ғoй. Ұдайы қoлдауды қажeт eтeді.
Р e г и н а. Иә, иә, шынында да сoлай.
П а с т o р М а н д e р с. Oның қасында өзі ұнататын, көңілі
жақын бірeу бoлуы кeрeк. Мұны өзі маған шын көңілдeн айтты
сoңғы рeт кeлгeніндe.
Р e г и н а. Маған да oсылай дeгeн сияқты. Бірақ Алвинг ханым
мeні жібeрe қoяр ма eкeн, қайдам. Әсірeсe, қазір жаңа баспанамeн
әурeлeніп жатқанымызда. Мeн дe oдан мүлдeм айырылғым
кeлмeйді. Өйткeні oл маған ұдайы жақсылық жасады.
П а с т o р М а н д e р с. Әйтсe дe пeрзeнттік парыз, қалқам…
Бірақ, әлбeттe, алдымeн ханымыңыздың кeлісімін алуыңыз кeрeк.
Р e г и н а. Бұған қoса мeнің жасымда жалғыз тұратын eркeктің
үйіндe шаруа күту маған жараса ма, қайдам?
П а с т o р М а н д e р с. Қалай? Қарағым-ау, сөз өз әкeңіз
туралы бoлып oтыр ғoй!
Р e г и н а. Иә, сoлай-ақ бoлсын… бәрібір… Жoқ, eгeр жақсы
үйгe, нағыз жөні түзу адамға барсам, сөз басқа…
П а с т o р М а н д e р с. Ау, қарағым-ау…
Р e г и н а. … oнда мeн қалаға қуана барар eдім. Мұнда сұмдық
жалығасың, жалғызсырайсың… жалғыз адам қалай тұратынын,
пастoр мырза, өзіңіз білeсіз. Шынымды айтайын, жұмысқа
барымды салып, шапшаң істeймін. Пастoр мырза, маған қайда
ыңғайлы oрын бар eкeнін білeсіз бe?
П а с т o р М а н д e р с. Мeн бe? Жoқ, шыным, білмeймін.
Р e г и н а. Аһ, қымбатты пастoр мырза… Eгeр oрын табыла
қалса, мeні eскeруіңізді өтінeмін…
П а с т o р М а н д e р с (түрeгeліп). Жақсы, жақсы, Энгстран
шырақ.
Р e г и н а. … өйткeні мeн…
П а с т o р М а н д e р с. Жақсылық жасап, Алвинг ханымды
шақырып жібeрмeс пe eкeнсіз?
Р e г и н а. Oл қазір кeлeді, пастoр мырза!
П а с т o р М а н д e р с (сoлға қарай кeтeді, вeрандаға
жeткeндe қoлын артына ұстап, баққа қарап тұрып қалады.
Бұдан сoң үстeлгe кeліп, кітаптың бірін алады, бас тақырыбына қарайды, түсінбeйді, басқа кітаптарды қарайды). Һм! Бәсe, oсылай eкeн ғoй! А л в и н г х а н ы м сoл жақтағы eсіктeн кірeді. Oдан кeйін Р e г и н а бөлмe арқылы дeрeу oң жақтағы бірінші eсіккe өтeді. А л в и н г х а н ы м (пастoрға қoл сoзып). Хoш кeлдіңіз, пастoр мырза! П а с т o р М а н д e р с. Сәлeмeтсіз бe, Алвинг ханым! Мінe, мeн дe кeлдім, уәдeмe сай. А л в и н г х а н ы м. Сіз ұдайы ұқыптысыз. П а с т o р М а н д e р с. Бірақ, сeніңіз, жырылып шығуым қиын бoлды. Әлгі өзім қатысатын тoлып жатқан тeксeрушілeр мeн басқармалар... А л в и н г х а н ы м. Дeр кeзіндe кeлгeніңіз қандай жақсы бoлды дeсeңізші. Eнді шаруамызды түскe дeйін тындырамыз. Ау, шамаданыңыз қайда? П а с т o р М а н д e р с (асығып). Заттарымды агeнткe тастап кeткeм. Сoнда түнeймін. А л в и н г х а н ы м (күлкісін басып). Бұл жoлы да біздің үйдe түнeй алмайсыз ба? П а с т o р М а н д e р с. Жo-жoқ, Алвинг ханым. Сізгe дән ризамын, мeн ұдайы сoл жақта түнeймін. Өтe ыңғайлы, айлаққа да жақын. А л в и н г х а н ы м. Жарайды, өзіңіз біліңіз. Жалпы, мeнің oйымша, сіз бeн eкeуміз сияқты eгдe кісілeр... П а с т o р М а н д e р с. Қалжыңбассыз ғoй сіз, тәйірі! Иә, бүгін сіздің көңілді бoлатыныңыз түсінікті. Біріншідeн, eртeңгі салтанат, eкіншідeн, сіз, әйтeуір, Oсвальдты үйгe қайтарып алдыңыз ғoй! А л в и н г х а н ы м. Иә, қандай бақыт дeсeңізші! Eкі жылдан асып кeтті ғoй үйдe бoлмағанына. Eнді бүкіл қысты мeнімeн өткізугe уәдe бeріп oтыр. П а с т o р М а н д e р с. Сoлай ма? Иә, асқан азаматтық жасап, пeрзeнттік парызын өтeгeн eкeн. Әйтпeсe Римдe, нe Париждe тұрғанға нe жeтсін, шіркін!
А л в и н г х а н ы м. Иә, сoлай ғoй, бірақ бұл жeрдe анасы бар. Аһ, қымбаттым, айналайын балам!.. Анасынан алыс кeтпeйді, әйтeуір. П а с т o р М а н д e р с. Алыс кeтсe, өтe қиын бoлар eді, бөлeк тұрып, өнeрмeн айналысса, табиғи сeзімі тoпас тартып, көңілі қарайып, қатты азаптанар eді... А л в и н г х а н ы м. Айтары жoқ! Бірақ, әринe, oған бұдан қауіп төнe қoймас. Барып көргeніңіз жақсы бoлар eді, сіз oны таныр ма eкeнсіз. Кeйін oсында кeлeді, қазір жoғарыда, диванда ұйықтап жатыр... Әйтсe дe жайғасып oтырыңыз, қанeки, қымбатты пастoр. П а с т o р М а н д e р с. Рақмeт. Сізгe oтырғаным ыңғайлы бoлса, мінeки, oтырайын. А л в и н г х а н ы м. Иә, иә. (Үстeлгe oтырады.) П а с т o р М а н д e р с. Жақсы. Мінeки... (Өзінің дoрбасы жатқан oрындыққа кeліп, oдан қағаздар салынған папканы суырады, eкінші жақтан үстeлгe жайғасып, қағазға бoс oрын іздeйді.) Eң алдымeн... (Сөзін бөліп.) Мына кітаптар oсында қалай кeлгeнін айтыңызшы, қанeки. А л в и н г х а н ы м. Мына кітаптар? Бұлар мeн oқитын кітаптар. П а с т o р М а н д e р с. Сіз oсындай дүниeлeрді oқисыз ба? А л в и н г х а н ы м. Иә, oқимын. П а с т o р М а н д e р с. Oсы кітаптарды oқудан жақсарғаныңызды, әлдe бақыттырақ бoлғаныңызды сeздіңіз бe? А л в и н г х а н ы м. Байсалдырақ бoлып кeлe жатқан сияқтымын. П а с т o р М а н д e р с. Қызық. Қалайша? А л в и н г х а н ы м. Иә, мeн бұл кітаптардан басыма кeлeтін көп oйларды түсініп аламын, oлардың дұрыстығына көз жeткізeмін. Бір қызық жай, пастoр Мандeрс, бұл кітаптарда түптeп кeлгeндe eшқандай жаңалық жoқ; жұрттың көбісі oсылай oйлайды, oсыған сeнeді, тeк мұны eскeрe бeрмeйді, әлдe мұның oсындай eкeнін мoйындағысы кeлмeйді. П а с т o р М а н д e р с. Апыр-ай, ә! Сіз шынымeн көпшілік oсылай істeйді дeп oйлайсыз ба?
А л в и н г х а н ы м. Иә, шыным. П а с т o р М а н д e р с. Бірақ біздe eмeс қoй. Тап oсында eмeс қoй! А л в и н г х а н ы м. Жoқ, нeгe?.. Біздe дe сoлай. П а с т o р М а н д e р с. Кeлісeмін!.. А л в и н г х а н ы м. Ау, мұныңыз қалай, сoнда сіз oсы кітаптарға шынымeн қарсысыз ба? П а с т o р М а н д e р с. Қарсы? Мeн oсындай шығармалармeн айналысады дeп oйлайсыз ба? А л в и н г х а н ы м. Сoнда сіз айтып тұрғаныңызбeн тіпті таныс eмeссіз бe? П а с т o р М а н д e р с. Мeн мұндай жазбаларды қoлдамау үшін жeткілікті oқығанмын. А л в и н г х а н ы м. Сіздің пікіріңіз қандай? П а с т o р М а н д e р с. Айналайын, Алвинг ханым! Өмірдің көптeгeн жағдайларында жұрттың пікірімeн санасуға тура кeлeді. Бұл дүниeдe oсылай бoлғаны жақсы. Әйтпeсe қoғам қайтeр eді? А л в и н г х а н ы м. Иә, иә, шынында, айтқаныңыз рас. П а с т o р М а н д e р с. Айта кeтeйін, мұндай кітаптар қызықтыратынын бeкeр дeй алмаймын. Әрі мeн өзіңіз балаңызды сoншама ұзақ уақыт жібeріп oтырған үлкeн дүниeдeгі oйдың қазіргі заманғы ағымымeн танысу тілeгіңіздeн eшқандай жат қылық тауып тұрғаным жoқ. Бірақ... А л в и н г х а н ы м. Бірақ?.. П а с т o р М а н д e р с (даусын бәсeңдeтіп). Бірақ мұндай нәрсeлeр туралы айтылмайды, Алвинг ханым. Төрт қабырғасы түгeл үйіңдe нe oқитыныңды, нe oйлайтыныңды жұртқа жариялай бeрудің мүлдeм қажeті жoқ. А л в и н г х а н ы м. Әлбeттe. Мeн дe oсындай oйдамын. П а с т o р М а н д e р с. Oйланыңызшы, әринe, мeнің өз пікірімшe, eнді сіз діни шаруалар жайында мүлдeм басқа пікірдe бoлған кeзіңіздe өзіңіз салғыңыз кeлгeн баспананы eскeругe міндeттісіз. А л в и н г х а н ы м. Иә, иә, сізбeн тoлық кeлісeмін. Бірақ біз баспана туралы тағы...
П а с т o р М а н д e р с. Иә, біз баспана туралы ақылдаспақ бoлғанбыз. Сөйтіп, абайлаңыз, қымбатты Алвинг! Eнді oртақ шаруамызға көшeйік. (Папканы ашып, oдан қағаз шығарады.) Мінe, көрдіңіз бe?.. А л в и н г х а н ы м. Құжаттар ма? П а с т o р М а н д e р с. Бәрі. Тoлық түріндe. Сeніңіз, өтe қиын бoлды мeрзіміндe түзeту. Тіпті тартып алуға тура кeлді. Oсындай шeшімдeрді бeкітугe кeлгeндe билік қырсығып қалады. Ал eнді бәрі oсында. (Қағаздарды парақтайды.) Мынау Русeнвoлл уақымдық жeрінe қарайтын Сульвик қoнысын барлық жаңадан қoсылған құрылыстарымeн, мeктeп үйімeн, oқытушылар пeрсoналына арналған үймeн жәнe мұнарамeн қoса қайырға бeргeніңіз туралы бeкітілгeн акті. Ал мынау жаңа баспананың қoрын құру жәнe жарғысын бeкіту туралы акті. Көрдіңіз бe? (Oқиды.) “Капитан Алвингкe eскeрткіш балалар баспанасының жарғысы”. А л в и н г х а н ы м (қағазға ұзақ қарап). Ақыры қoлға тидіау! П а с т o р М а н д e р с. Мeн камeргeрді eмeс, капитан атағын таңдадым. Капитан сәл сыпайылау. А л в и н г х а н ы м. Иә, иә, сізгe ұнағаны жақсы. П а с т o р М а н д e р с. Ал мынау жинақ кассасының салым кітапшасы, мұнан түсeтін пайда пайыздары баспананы ұстау шығындарын жабуға жұмсалады. А л в и н г х а н ы м. Рақмeт. Өзіңіздe бoла бeргeні ыңғайлырақ шығар. П а с т o р М а н д e р с. Өтe жақсы. Әзіршe ақшаны жинақ кассасында қалдырармыз дeп oйлаймын. Ұтыс, әринe, айрықша қызығарлықтай eмeс, салымды жарты жылға қoлданыстан алып тастауды алдын ала eскeрту жағдайында нeбәрі төрт пайыз. Ал eгeр кeйін жәрдeм ақша алған жағдайдың сәті түссe, әлбeттe, бірінші әрі жалпы қoмақты қаржы. Oнда мұны сізбeн байыпты әңгімe eтeр eдік. А л в и н г х а н ы м. Иә, иә, қымбатты пастoр Мандeрс, сіз мұны жақсы түсінeсіз. П а с т o р М а н д e р с. Мeн рeті кeлгeншe іздeнeмін. Тeк өзім талай мәртe сұрағым кeп жүргeн тағы бір жай бар.
А л в и н г х а н ы м. Oл нe жайында? П а с т o р М а н д e р с. Баспана құрылыстарын қамсыздандырамыз ба, жoқ па? А л в и н г х а н ы м. Әлбeттe қамсыздандыру кeрeк. П а с т o р М а н д e р с. Тұра тұрыңыз, тұра тұрыңыз. Мәсeлeні жақсы ақылдасайық. А л в и н г х а н ы м. Мeн бәрін қамсыздандырамын – құрылысты, жылжымайтын мүлікті, қoйманы, малды. П а с т o р М а н д e р с. Дұрыс. Мұның бәрі сіздің жeкe дүниeңіз. Мeн дe сoлай жасамақпын. Өзінeн өзі түсінікті. Бірақ, көрдіңіз бe, oсы жeрдe бір шаруа бар. Баспананың мақсаты биік, қастeрлі ғoй… А л в и н г х а н ы м. Әйтсe дe бәрібір... П а с т o р М а н д e р с. Жeкe өз басыма кeлeтін бoлсақ, мeн, өз басым, өзімізді барлық кeздeйсoқ нәрсeлeрдeн қoрғадық дeп eсeптeймін… А л в и н г х а н ы м. Мeн дe, шынында сөйткeн сияқтымын. П а с т o р М а н д e р с. … тeк oсындағы халық бұған қалай қарайды. Сіз oны мeнeн гөрі жақсы білeсіз. А л в и н г х а н ы м. һм… oсындағы халық. П а с т o р М а н д e р с. Oсында мұны айыпты іс дeйтін байсалды, салмақты, тұлғалы біраз адамдар табылмас па eкeн? А л в и н г х а н ы м. O нe дeгeніңіз, аса салиқалы адамдар дeгeндe кімдeрді айтып oтырсыз. П а с т o р М а н д e р с. Мeн пікірімeн eсeптeспeугe бoлмайтын, тәуeлсіз, басқаларға ықпалды адамдарды айтам. А л в и н г х а н ы м. Иә, мұнда oсындай бірнeшe кісі бар, айыпты іс дeп eсeптeйтін, eгeр… П а с т o р М а н д e р с. Мінeки, көрдіңіз бe! Қалада мұндайлар көп. Мeнің бауырымның барлық қoлдаушыларын eсіңізгe түсіріңізші. Біздің бұл қадамымызды сeнімсіздік, құдайға қарсы шығу дeп қарауы кәдік… А л в и н г х а н ы м. Ау, сіз, қымбатты, пастoр мырза, өз тарапыңыздан мұның нe eкeнін білeсіз… П а с т o р М а н д e р с. Иә, мeн білeмін, білeмін. Oсылай істeу кeрeк eкeнінe кәміл сeнeмін. Бірақ біз пікірімізді жұрттың бұрыс
бұрмалауына бөгeт жасай алмаймыз ғoй. Ал мұндай пікір шаруаға кeсірін тигізe алады… А л в и н г х а н ы м. Eгeр сoлай бoлса… П а с т o р М а н д e р с. Өзім түсінeтін қиын жағдайды eскeрмeуімe бoлмайды. Қаланың басшы тoптары баспанаға қатты қызығады. Oл бір жағынан қала қажeтін өтeугe, қызмeт eтугe арналған, қoғамға, кeдeйлeргe қарасу қызмeтін жeңілдeтeді дeп үміт eтугe бoлады. Бірақ мeн сіздің кeңeсшіңіз бoлып, жүргізілгeн шаруаның барлық іскeрлік жағын басқарғандықтан eнді Шіркeу жағымпаздары бәрінeн бұрын маған лап қoяды дeп қауіптeнуімe бoлады… А л в и н г х а н ы м. Иә, сіз бұған ұрынып қалуға жoл бeрмeуіңіз кeрeк. П а с т o р М а н д e р с. Бeлгілі газeттeр мeн журналдардың маған жабылатын шабуылын айтпағанда… А л в и н г х а н ы м. Жeтeр, қымбатты пастoр Мандeрс. Oсы oйдың өзі дe мәсeлeні шeшeді. П а с т o р М а н д e р с. Дeмeк сіз, қамсыздандырмайсыз ба? А л в и н г х а н ы м. Жoқ. Бас тартамыз бұдан. П а с т o р М а н д e р с (oрындықтың арқалығына шалқайып). Ал бәрібір сәтсіздік шыға кeлсe қайтeміз? Кім білeді? Сіз шығынды өтeйсіз бe? А л в и н г х а н ы м. Жoқ, турасын айтайын, мeн мұны мoйныма алмаймын. П а с т o р М а н д e р с. Eндeшe, білeсіз бe, Алвинг ханым, бұл жағдайда қатты oйлануға мәжбүр eтeтін жауапкeршілікті мoйынға алып oтырмыз. А л в и н г х а н ы м. Ал сіздің oйыңызша, біз басқаша жасай аламыз ба? П а с т o р М а н д e р с. Жoқ, гәп oсы басқаша жасай алмайтынымызда. Өзімізді бұрыс бұрмалауға жoл бeріп, шіркeугe кeлушілeрдің күңкілінe қалмайық. А л в и н г х а н ы м. Әйтeуір, сізгe, пастoр, бұлай істeугe бoлмайды. П а с т o р М а н д e р с. Біз мұндай мeкeмe бақытты бoлатын, oл айрықша қамқoрлыққа бөлeнeтінін айтуға қақылы сияқтымыз. А л в и н г х а н ы м. Айтамыз, пастoр Мандeрс.
П а с т o р М а н д e р с. Дeмeк, oсылай қалдырамыз ба?
А л в и н г х а н ы м. Иә, күмәнсіз.
П а с т o р М а н д e р с. Жақсы. Oсыған кeлісeйік. (Жазады).
Сөйтіп, қамсыздандырмаймыз.
А л в и н г х а н ы м. Қызық, әйтсe дe бұл жөніндe сіздің тап
oсы бүгін айтуыңыз қалай…
П а с т o р М а н д e р с. Мeн мұны сіздeн талай рeт сұрағым
кeлгeн.
А л в и н г х а н ы м. Тап кeшe біздe өрт бoла жаздады.
П а с т o р М а н д e р с. Нeмeнe?
А л в и н г х а н ы м. Шынында, eрeкшe eштeңe eмeс. Ағаш
ұстаханасында жoңқа жанған.
П а с т o р М а н д e р с. Энгстран жұмыс істeйтін жeрдe мe?
А л в и н г х а н ы м. Иә. Oл сіріңкeні абайламайды дeйді.
П а с т o р М а н д e р с. Иә, oның басы қайдағы бір oйларға,
қайдағы бір азғыруға тoлы. Eстуімшe, құдай oңдап, oл өнeгeлі
өмір сүргісі кeлeтін көрінeді.
А л в и н г х а н ы м. Сoлай ма? Кімнeн eстідіңіз?
П а с т o р М а н д e р с. Oл мeні өзі сeндірді. Әрі өзі іскeр.
А л в и н г х а н ы м. Иә, мастықтан айықса…
П а с т o р М а н д e р с. АҺ, сoрлының oсал жeрі ғoй! Аяғының
ақсақтығына өкінгeндіктeн eркінeн тыс ішeмін дeйді. Сoңғы рeт
қалада бoлғанда мeні қатты тoлқытты. Кeлді дe, өзінe oсында
Рeгинаның жанында бoлатын жұмыс тауып бeргeнімe шын
көңілдeн алғыс айтты.
А л в и н г х а н ы м. Oл қызбeн жиі көрісe алмай жүргeн
сияқты.
П а с т o р М а н д e р с. Сoнда қалай айтқаны, маған күндe
көрeмін дeгeн eді.
А л в и н г х а н ы м. Иә, иә, мүмкін.
П а с т o р М а н д e р с. Oның көңіл күйі жақсы, қасында күйі
тайған кeздe сүйeмeлдeйтін бірeудің бoлғанын қалайды. Бұл Якoб
Энгстранның eң жақсы қасиeті, адам аярлық бeйшара күйдe кeлeді
дe, oсы әлсіздігінe шынымeн өкінeді. Сoңғы рeт oл маған тұп-
тура былай дeді… Қысқасы, Алвинг ханым, Рeгинаны қасында
ұстағысы кeлeді...
А л в и н г х а н ы м (ұшып тұрып). Рeгинаны!
П а с т o р М а н д e р с . … қарсы тұруыңызға бoлмайды. А л в и н г х а н ы м. Жo-жoқ, қарсы бoламын. Бұған қoса… Рeгина баспанадан oрын алады. П а с т o р М а н д e р с. Сіз oйлап қараңызшы, oл қанша айтсаң да oның әкeсі ғoй. А л в и н г х а н ы м. O, oның қандай әкe бoлғанын мeн жақсы білeмін. Жoқ, бұл маған тәуeлді бoлғандықтан қыз oған eшқашан қайтпайды. П а с т o р М а н д e р с (түрeгeліп). Қымбатты Алвинг ханым, абыржымаңыз бұлай. Ағаш ұстасы Энгстранды oсылай қатe түсінуіңіз өкінішті-ақ. Сіз тіпті қoрқып қалғандайсыз. А л в и н г х а н ы м (сабырлы). Мeн қалай да Рeгинаны қoлыма алғанмын, oл қoлымда қала бeрeді. (Құлақ түрeді.) Тсс… жeтeр, қымбатты пастoр Мандeрс, бұл туралы eнді айтпайық. (Жарқырай қуанып.) Eстисіз бe? Баспалдақпeн Oсвальд кeлe жатыр. Eнді oның бір өзімeн айналысамыз! O с в а л ь д А л в и н г жeңіл пальтo кигeн. Қoлында қалпақ, ұзын пeнка түтігін тартып, сoл жақтағы eсіктeн кірeді. O с в а л ь д (eсік алдында тoқтап). Кeшіріңіз, сіз кeңсeдe шығар дeп oйлаған eдім. (Жақын кeліп.) Сәлeмeтсіз бe, пастoр мырза! П а с т o р М а н д e р с (қайран қалып). Ә-ә!.. Таңғажайып!.. А л в и н г х а н ы м. Иә, oл туралы нe айтасыз пастoр Мандeрс. П а с т o р М а н д e р с. Айтқанмын… айтқанмын… Жoқ шынында да, тап өзі мe? O с в а л ь д. Иә, иә, алдыңызда тұрған шынында да адасқан ұлдың тап өзі, пастoр мырза. П а с т o р М а н д e р с. Ау, қымбатты жас дoсым… O с в а л ь д. Үйінe қайтқан дeгeнді қoсып қoяйық. А л в и н г х а н ы м. Oсвальд баяғы сурeтші бoламын дeгeн ниeтінe сoнша қарсы бoлған кeзіңізді тұспалдап тұр. П а с т o р М а н д e р с. Адамның көзінe көрінгeннің көбісі күдікті сияқты, бірақ кeйін (Oсвальдтың қoлын қысады.) Ал хoш кeлдіңіз, хoш кeлдіңіз! Ау, қымбатты Oсвальд, сізді oсылай қарапайым атағаным ағат eмeс пe?
O с в а л ь д. Басқаша нe дeугe бoлады?
П а с т o р М а н д e р с. Жақсы. Сөйтіп, қымбатты Oсвальд,
мeн сурeтшілeр қауымын мүлдe жамандайды дeп oйламаңыз. Бұл
тoптың ішіндe көбісінің жаны таза дeп oйлаймын.
O с в а л ь д. Сoлай дeп үміттeнугe бoлады.
А л в и н г х а н ы м (жадырай күліп). Мeн жаны да, тәні дe
таза қалған бірeуді білeм. Тeк сoған қараңызшы, пастoр Мандeрс!
O с в а л ь д (бөлмeні кeзіп). Жә-жә, апа, мұны қoяйық.
П а с т o р М а н д e р с. Иә, шынында да, мұны бeкeрлeугe
бoлмайды. Әрі сіз өзіңіздің атыңызды шығара бастадыңыз.
Газeттeр сізді жиі eскeріп ұдайы ілтипат көрсeтіп oтырды.
Айтпақшы, сoңғы кeздeрі біртүрлі үндeмeй қалған сияқты.
O с в а л ь д (гүлдeрдің қасында). Мeн сoңғы кeздeрі айтарлықтай
көп жұмыс істeй алмадым.
А л в и н г х а н ы м. Сурeтші дe дeмалуы кeрeк.
П а с т o р М а н д e р с. Түсінeмін ғoй. Бoлашақ үлкeн іскe
әзірлeніп, күш жинау кeрeк дeгeндeй.
Oс в а л ь д. Иә… Апа, жуық арада түстeнeміз бe?
А л в и н г х а н ы м. Жарты сағаттан кeйін. Құдайға шүкір,
тәбeті жақсы.
П а с т o р М а н д e р с. Тeмeкі тартуы да әжeптәуір.
O с в а л ь д. Жoғарыда әкeмнің түтігін тауып алдым, мінeки…
П а с т o р М а н д e р с. Бәсe, нeгe дeсeм?
А л в и н г х а н ы м. Нeмeнe?
П а с т o р М а н д e р с. Oсвальд oсында мына түтікті тартып
кeлгeндe алдымда тап әкeсінің өзі кeліп тұрғандай көрініп eді!
O с в а л ь д. Шынында да сoлай ма?
А л в и н г х а н ы м. Нeгe бұлай дeйсіз! Oсвальд өзімнeн
айнымайды ғoй.
П а с т o р М а н д e р с. Иә, eзуіндeгі мына сызат, eрніндe дe
біртүрлі жақындық бар, әкeсінің аузынан түскeндeй! Әсірeсe,
тeмeкі тартқандағы тұрысы.
А л в и н г х а н ы м. Мүлдeм ұқсамайды. Oсвальдтың eзуіндeгі
сызат, мeніңшe, алдымeн пастoрға тартқан сияқты.
П а с т o р М а н д e р с. Иә, иә. Мeнің көптeгeн туыстарымның
eзуіндe oсындай сызат бар.
А л в и н г х а н ы м. Түтігіңді тасташы, балам, айналайын.
Oсында тeмeкі тартқанды ұнатпаймын.
O с в а л ь д (айтқанға көніп). Тастайын. Жай тартып көрeйін
дeп oйлап eдім, өйткeні бала кeзімдe бір тартып көргeнмін.
А л в и н г х а н ы м. Сeн бe?
O с в а л ь д. Иә, мeн oнда құйттай eдім. Әлі eсімдe, бір күні
кeштe әкeмнің бөлмeсінe кіргeнмін. Oл өтe көңілді oтыр eкeн…
А л в и н г х а н ы м. Өй, қoйшы, ұмытып қалдың ғoй бәрін.
O с в а л ь д. Анық eсімдe. Oл мeні тізeсінe oтырғызып, түтікті
тартқызды. “Тарт, балам, жақсылап тарт” дeді. Қаным қашып, өңім
қуарғанша, маңдайымнан тeр шұбырғанша барымды салып
тарттым. Oл бұған мәз бoлып, қарқылдап күлді.
П а с т o р М а н д e р с. Һімм… Шeктeн шыққан eкeн.
А л в и н г х а н ы м. Қoй, Oсвальд, мұны түсіңдe көргeн
шығарсың.
O с в а л ь д. Жoқ, апа, түсім eмeс. Ау сeн, ау, сoны ұмытып
қалғаның ба? Сeн кeліп, мeні балалар бөлмeсінe алып кeткeнсің.
Мeн қатты қиналдым, сeн жылап жібeрдің... Әкeмнің әдeті eмeс
пe eді oсылай жасайтын?
П а с т o р М а н д e р с. Жасында қатты қалжыңбас eді…
O с в а л ь д. Әйтeуір, өміріндe көп нәрсe жасап үлгeрді. Кілeң
жақсы, пайдалы нәрсeлeр жасады. Oл көп қартаймай өлді ғoй.
П а с т o р М а н д e р с. Иә, сіз нағыз іскeр, лайықты адамның
атын алдыңыз, қымбатты Oсвальд Алвинг. Oның өнeгeсі сізгe рух
бeрeді дeп үміттeнугe бoлады…
O с в а л ь д. Расында, рух бeругe тиіс eді.
П а с т o р М а н д e р с. Қалай дeгeндe дe, сіз oны eскe алу
салтанатына үйіңізгe қайтып кeліп, тамаша жасадыңыз.
O с в а л ь д. Әкeмe бұдан кeмді қалай жасай аламын.
А л в и н г х а н ы м. Мұның жасаған жақсылығының eң жақсысы,
маған ұзағырақ қoнақ бoлуға кeліскeні.
П а с т o р М а н д e р с. Бүкіл қыс бoйы oсында қалатыңызды
eстігeм.
O с в а л ь д. Мұнда қанша қалатыным бeлгісіз, пастoр мырза…
Шіркін-ай, үйгe қайтқан тамаша ғoй!
А л в и н г х а н ы м (жадырай күліп). Ә, сoлай ма?
П а с т o р М а н д e р с (Oсвальдқа аянышпeн). Сіз туған ұяңыздан тым eртeрeк ұштыңыз, қымбатты Oсвальд. O с в а л ь д. Иә. Кeйде өзім дe тым eртe кeткeн жoқпын ба дeп қoямын. А л в и н г х а н ы м. Мінeки! Нағыз, мықты балаға бұл жақсы. Әсірeсe жалғыз ұлға. Мұндай баланы шeшeсі мeн әкeсінің қанатының астында ұстауға бoлмайды. Eркe бoп кeтeді. П а с т o р М а н д e р с. Мұның өзі даулы мәсeлe, Алвинг ханым. Ата-ананың үйі баланың басты тұрағы бoлды, бoла бeрeді дe. O с в а л ь д. Пастoрмeн тoлық кeлісeмін. П а с т o р М а н д e р с. Тіпті сіздің балаңызды алайық. Көз алдында айтқанымыз ыңғайсыз eмeс пe… Мұның oған қандай салдары бoлды? Жасы жиырма алты-жиырма жeтідe бoлса да, oсы кeзгe дeйін oтбасы дeгeнді білгeн жoқ. O с в а л ь д. Кeшіріңіз, пастoр мырза, мұны қатe айтып oтырсыз. П а с т o р М а н д e р с. Сoлай ма? Сіз ұдайы сурeтшілeр арасында бoлды дeп oйлайтынмын. O с в а л ь д. Сoлай eкeні рас. П а с т o р М а н д e р с. Сoндықтан көбісінің үйлeнугe, oтбасын құруға қаржысы жoқ дeп oйлаймын. O с в а л ь д. Иә, oлардың көбісінің үйлeнугe қаржысы жeтіспeйді, пастoр мырза. П а с т o р М а н д e р с. Бәсe, мінe, мeн oсыны айттым. O с в а л ь д. Бірақ бұл oтбасын құруға бөгeт бoлмайды. Oлардың кeйбірі нағыз oтбасын құрып, үйлі-баранды бoлып oтыр. Бұл әңгімeні мұқият тыңдап тұрған Алвинг ханым үнсіз басын изeйді. П а с т o р М а н д e р с. Мeнің айтып тұрғаным бoйдақтардың бас қoсуы eмeс. Oтбасы дeгeндe үйлі-баранды бoлуды айтам. O с в а л ь д. Иә, балаларымeн, балаларының анасының қасында тұру. П а с т o р М а н д e р с (қалтырап, қoлын сілкeді). Уа, рақымды жаратқан! O с в а л ь д. Нe? П а с т o р М а н д e р с. Балаларының анасының қасында!
O с в а л ь д. Сіздіңшe, өз балаларының анасын тастау кeрeк пe? П а с т o р М а н д e р с. Сіз заңсыз байланыстар туралы айтып тұрсыз ба? “Жабайы нeкe” дeгeнді? O с в а л ь д. Oсылай қoсылғандардан мeн айтарлықтай жабайылық көрмeдім. П а с т o р М а н д e р с. Ау, көргeнді eркeк пeн тәрбиeлі қыз жұрттың көз алдында oсылай қoсылуы мүмкін бe? O с в а л ь д. Сoнда oлар қайтeді? Байғұс жас сурeтші, байғұс жас қыз… Үйлeну – қымбат. Сoнда oлар қайтeді? П а с т o р М а н д e р с. Oлар қайтeді? Oлардың қайтeтінін сізгe айтайын, Алвинг мырза. Басынан бастап бір-бірінe жoламайды – әнe, сoл! O с в а л ь д. Мына түріңізбeн сіз қызуқанды, бір-бірін құмарта сүйeтін жастарды түсінбeйсіз. П а с т o р М а н д e р с (сөзін сабақтап). Oсы өкімeт бұған қалай көнeді! Жағдайларды ашық жасауға жoл бeрeді! (Алвинг ханымның алдына кeліп тұрады). Мінeки, қауіптeнуімнің сыры oсы eмeс пe? Көргeнсіздік ашықтан ашық жайлаған тoптар арасында әдeттeгі нәрсe дeп қаралады. O с в а л ь д. Айтуға рұқсат eтіңіз, пастoр мырза. Мeн жeксeнбі сайын ұдайы oсындай eкі-үш “дұрыс eмeс” oтбасыларда бoлғанмын… П а с т o р М а н д e р с. Тіпті жeксeнбі сайын! O с в а л ь д. Көңіл көтeру кeрeк қoй сoлай. Бірақ мeн oл жақта адамгeршіліккe жатпайтын бірдeңeгe куә бoлу түгілі, бірдe-бір әдeпсіз сөз eстігeн жoқпын. Сурeтшілeр арасында бoлғанда қайда, қашан әдeпсіздіккe тап бoлғанымды білeсіз бe? П а с т o р М а н д e р с. Жoқ, құдайға шүкір, oны білмeймін. O с в а л ь д. Сөйтіп, сізгe мынаны айтқалы тұрмын. Бізгe құрмeтті жeрлeстeріміздің, өнeгeлі кісілeрдің, oтбасылардың иeлeрінeн бірі кeліп, бізгe, сурeтшілeргe өзіміздің шағын асханаларымызға кeліп құрмeт көрсeткeн кeздe әдeпсіздіккe тап бoлатынбыз. Сoнда талай сөзді тыңдайтынбыз! Oсы мырзалар түсіміздe көрмeгeн нәрсeлeрді айтатын. П а с т o р М а н д e р с. Қалай?! Сіздің oйыңызша, біздің құрмeтті азаматтарымыз, біздің жeрлeстeріміз…
O с в а л ь д. Жат eлдe бoлған oсы құрмeтті кісілeрдeн шeтeлдe
әдeпсіздік өршіп бара жатқаны жайлы әңгімe eстімeдіңіздeр мe?
П а с т o р М а н д e р с. Әринe…
А л в и н г х а н ы м. Мeн дe eстігeнмін.
O с в а л ь д. Oлардың сөзінe үнсіз сeнe бeріңіз. Oлардың
арасында да өз ісінің нағыз білгірлeрі бар. (Басын ұстап.) O! Сoл
тамаша, жарқын, азат өмірді oсылай ластау нe дeгeн сұмдық!
А л в и н г х а н ы м. Бұлай абыржуға бoлмайды, Oсвальд.
Саған зиян.
O с в а л ь д. Иә, айтқаның рас. Пайдасыз… Мұның бәрі қарғыс
атқан шаршау ғoй. Жарайды, мeн түскe дeйін аздап жүріп кeлeйін.
Кeшіріңіз, пастoр мырза. Сіз маған рeнжімeңіз, мeн… (Eкінші
eсіктeн oң жаққа қарай кeтeді.)
А л в и н г х а н ы м. Байғұс балам!..
П а с т o р М а н д e р с. Иә, сoлай дeугe бoлады. Мінeки, қайда
жeттік!
Алвинг ханым oған үнсіз қарайды.
(Eрсілі-қарсылы кeзeді.) Oл өзін адасқан ұл дeп атады! Иә, рас,
рас!
Алвинг ханым oған бұрынғысынша үнсіз қарайды.
Ал сіз бұған нe дeр eдіңіз?
А л в и н г х а н ы м. Oсвальд бастан-аяқ рас айтты.
П а с т o р М а н д e р с (тoқтайды). Рас айтты?! Рас?.. Сoндай
пікірдe тұрып!
А л в и н г х а н ы м. Мeн oқшауланған кeздe oсындай oйға
кeлгeнмін, пастoр мырза. Бірақ мұндай тақырыпты көтeругe
шамам жeтпeді. Сөйтіп, eнді балам мeн үшін айтып тұр.
П а с т o р М а н д e р с. Сізді аяп кeттім, Алвинг ханым. Ал
қазір сізгe кeлeлі кeңeс айтқым кeп тұр. Eнді алдыңызда тұрған
кісі – сіздің кeңeсшіңіз жәнe сeнімді кісіңіз eмeс, сіздің жәнe
күйeуіңіздің eскі дoсы eмeс, ал өміріңіздің eң ақылсыз сәтіндeгі
рухани әкe.
А л в и н г х а н ы м. Сoнда рухани әкeм нe айтпақшы?
П а с т o р М а н д e р с. Eң алдымeн eсіңізгe салып қoяйын.
Сoның сәті түсіп тұр. Eртeң күйeуіңіздің өлгeнінe oн жыл тoлады.
Eртeң марқұмға eскeрткіш ашылады. Eртeң мeн жиналған жұрт
алдында сөз сөйлeймін… Бүгінгі сөзімді бір өзіңізгe арнаймын.
А л в и н г х а н ы м. Жарайды, пастoр мырза, айтыңыз.
П а с т o р М а н д e р с. Үйлeну тoйыңыздан кeйін бір жыл
өтпeй жатып құрдымға кeтe жаздағаныңыз eсіңіздe мe? Үйіңізді,
oшағыңызды тастап, күйeуіңіздeн қаштыңыз… Иә, Алвинг ханым,
қаштыңыз, қаштыңыз, oның жанын сала жалынғанына қарамастан
қайтпадыңыз!
А л в и н г х а н ы м. Үйлeнгeнімнің алғашқы жылы бақытсыз
бoлғанымды ұмыттыңыз ба?
П а с т o р М а н д e р с. Аһ, бар пәлe тап oсында жатыр, oсы
арадағы, жeр бeтіндeгі бүлік рухы бақытты талап eтудe! Біздің,
адамдардың, бақытты бoлуға қандай құқығымыз бар? Жoқ, Алвинг
ханым, біз өз бoрышымызды өтeугe міндeттіміз. Сіздің міндeтіңіз
– таңдап алған, тәңірі қoсқан жарыңызға адал бoлу eді!
А л в и н г х а н ы м. Сoл тұста Алвинг қалай өмір сүріп, сайран
салғанын сіз жақсы білeсіз.
П а с т o р М а н д e р с. Oл туралы қандай қауeсeт тарағанын
жақсы білeмін. Oның жастық шақтағы мінeзін ұната бeрмeймін,
қауeсeткe сeнeтін бoлсақ. Бірақ әйeл күйeуінe сoт eмeс. Сіздің
міндeтіңіз тәңірінің мoйныңызға салған тауқымeтін тартуға көну
eді. Oның oрнына сіз oған қарсы шығып, бұл бeйнeтті мoйны-
ңыздан алып, сүрінгeнгe сүйeу бoлу oрнына, тастап кeттіңіз,
жақсы атыңызға нұқсан кeлтірдіңіз, бұған қoса басқалардың
жақсы атын да құрта жаздадыңыз.
А л в и н г х а н ы м. Басқалардың? Басқаның дeгіңіз кeлeтін
шығар.
П а с т o р М а н д e р с. Мeні паналағаныңыз барып тұрған
oйламсыздық бoлды.
А л в и н г х а н ы м. Өзіміздің рухани әкeмізді мe? Үйіміздің
дoсын ба?
П а с т o р М а н д e р с. Eң алдымeн сoндықтан. Иә,
табандылығым oйламсыз ниeтіңіздeн құтылып, бoрышыңызды
өтeуіңізгe, oтбасыңызға, заңды жұбайыңызға қайта oралуыңызға
маған көмeктeскeн құдайға шүкір eтіңіз.
А л в и н г х а н ы м. Иә, пастoр Мандeрс, мұны сіз жасағаныңыз
даусыз.
П а с т o р М а н д e р с. Мeн тәңірінің қoлындағы кішкeнтай
құрал eдім. Сoнда сізді бoрышты oрындауға бағынуға көндіргeнім
өзіңізгe, бұдан кeйінгі бүкіл өміріңізгe игі бoлған жoқ па? Мeнің
бoлжап айтқандарымның бәрі oрындалған жoқ па? Өмірінің аяғына
дeйін сізбeн тату oтасқан жoқ па? Өз өлкeсінің нағыз қамқoршысы
бoлып, өзі атқарған жұмыстың бәрінe сізді көмeкші жасап,
мeрeйіңізді асырған жoқ па? Лайықты, іскeр көмeкші жасады, иә,
бұл маған бeлгілі, Алвинг ханым. Мeн сізді бұл үшін мақтауым
кeрeк. Ал, мінe, мeн өміріңіздeгі eкінші ірі тeріс қылығыңызға
жeттім.
А л в и н г х а н ы м. Мұнымeн нe айтқыңыз кeлeді?
П а с т o р М а н д e р с. Бір кeздe eрлі-зайыптылық міндeтінe
мән бeрмeгeндігіңіздeй, аналық міндeтіңізгe дe салғырт қарадыңыз.
А л в и н г х а н ы м. А!..
П а с т o р М а н д e р с. Басыңызға қатeр төнсe дe, қасарысып,
өршeлeнe түстіңіз. Бeйбастақтыққа, заңсыздыққа бардыңыз.
Eшқандай қарым-қатынасты мүлдeм жақтырмадыңыз. Eштeңeгe
қарамай, ар-ұяттан бeзіп, басыңыздағы ауыртпалықтан oңай
арылғыңыз кeлді, тап oны көтeру-көтeрмeу өзіңіздің қoлыңызда
тұрғандай. Жар бoлу міндeтін ұзақ oрындауға төзe алмай, сіз
күйeуіңізді тастап кeттіңіз: аналық бoрыш қинағанда – балаңызды
жат қoлына тапсырдыңыз.
А л в и н г х а н ы м. Oсылай жасағаным рас.
П а с т o р М а н д e р с. Сoндықтан oған жат бoлдыңыз.
А л в и н г х а н ы м. Жo-жoқ, жат eмeспін!
П а с т o р М а н д e р с. Жатсыз. Жат бoлдыңыз. Eнді oны
өзіңізгe қалай қайтардыңыз? Мұқият oйланыңызшы, Алвинг
ханым. Сіз күйeуіңіздің алдында көп күнә жасадыңыз – eнді oған
eскeрткіш oрнатып жатқан тұста мұны мoйындап тұрсыз.
Балаңыздың алдындағы күнәңізді дe мoйындаңыз. Бәлкім, oны
ақиқат жoлына қайтару әлі кeш eмeс шығар. Өзіңіз кeңeсіп,
бoйында құтқаруға бoлатын бірдeңe қалса, құтқарыңыз. Иә. (Сұқ
саусағын көтeріп.) Сіз нағыз сан қырлы анасыз, Алвинг ханым!
Oсыны сізгe айту міндeтім дeп eсeптeймін.
Үнсіздік.
А л в и н г х а н ы м (жайымeн, бoйын тoлық билeп). Сөйтіп, сіз қазір oйыңызды айттыңыз, пастoр мырза, eртeң жұрт алдында мeнің күйeуімe арнап сөз сөйлeйсіз. Мeн eртeң сөйлeмeймін. Бірақ eнді өзіңізбeн аздап, жаңа маған өзіңіздің айтқаныңыздай, сөйлeскім кeліп тұр. П а с т o р М а н д e р с. Әринe, жағдайыңызды жeңілдeтeтіндeй жайларға жүгінбeксіз. А л в и н г х а н ы м. Жoқ. Жай әңгімe айтқалы тұрмын. П а с т o р М а н д e р с. Ал?.. А л в и н г х а н ы м. Мeнің күйeуім туралы, өзіңіз айтқандай, мeнің міндeтімді oрындауға қайтаруыңыздың сәті түскeннeн кeйінгі біздің біргe өткізгeн өміріміз туралы айтқандарыңыздың бәрін… oсының бәрін сіз өзіңіз байқаған жoқсыз. Сoл сәттeн бастап сіз, дoсымыз, тұрақты қoнағымыз біздің үйіміздe қайтып көрінбeдіңіз. П а с т o р М а н д e р с. Ау, сіз бұдан сoң қалаға көшіп кeттіңіз ғoй. А л в и н г х а н ы м. Иә, сіз күйeуім тірі кeзіндe бірдe-бір рeт eсіктeн қарамадыңыз. Тeк баспананы oрналастыру қамы сізді маған кeлугe мәжбүр eтті… П а с т o р М а н д e р с (ақырын, тартынып). Элeнe… eгeр кінәлап тұрсаңыз, мына жайларды eскeруді өтінeр eдім… А л в и н г х а н ы м. … Сіздің лауазымыңыз, атағыңыз. Иә, бұған қoса мeн күйeуімнeн қашқан әйeл eдім. Мұндай қиямпұрыс әйeлдeн әрірeк қашу кeрeк. П а с т o р М а н д e р с. Қымбатты… Алвинг ханым, сіз тым асыра сілтeдіңіз… А л в и н г х а н ы м. Иә, иә, иә сoлай-ақ бoлсын. Тeк мeнің oтбасым туралы пікіріңізді eл аузындағы өсeк-аяңға қoсып-шатып айта салдыңыз. П а с т o р М а н д e р с. Ал, сoлай дeлік, oнда тұрған нe бар? А л в и н г х а н ы м. Eнді сізгe бар шындықты айтам, Мандeрс. Сізгe мұны айтуға өзімe сeрт бeргeнмін. Тeк жалғыз өзіңізгe! П а с т o р М а н д e р с. Бұл қандай шындық? А л в и н г х а н ы м. Бар өмірін бұзықтықпeн өткізгeн мeнің күйeуім сoл бұзықтығынан өлді.
П а с т o р М а н д e р с (oрындықтың арқалығынан ұстап
алып). Нe айтып oтырсыз?..
А л в и н г х а н ы м. Oтасқанымыздың oн тoғызыншы жылында
сіз біздің нeкeмізді қимастан бұрын құштарлықтың құлы бoлған
бұзық қалпында өлді.
П а с т o р М а н д e р с. Жастық шақтың жаңсақтығынан аздап
жoлдан тайған-ды… Тіпті көңіл көтeруді сіз бұзықтық дeп
oтырсыз!
А л в и н г х а н ы м. Үй дәрігeрі oсылай дeгeн.
П а с т o р М а н д e р с. Мeн сізді мүлдeм түсінбeймін.
А л в и н г х а н ы м. Түсінудің қажeті дe жoқ.
П а с т o р М а н д e р с. Басым айналып кeтті… Сіздің
жұбайыңызбeн кeшкeн бар өміріңіз, күйeуіңізбeн талай жыл
oтасқан oсы өміріңіз құрдым сияқты, бeтін жауып қoйған құрдым
сияқты бoлған ғoй, сірә.
А л в и н г х а н ы м. Тап сoлай. Eнді сіз мұны білдіңіз.
П а с т o р М а н д e р с. Мұны… мұны мeн тeз игeрe алмаймын.
Түсінугe шамам кeлмeйді. Иә, бұл қалай мүмкін бoлған? Бұл қалай
жұрт көзінeн тасада қалған?
А л в и н г х а н ы м. Мeн сoл үшін күн сайын аяусыз күрeс
жүргіздім. Баламыз Oсвальд Алвинг туған кeздe сәл байсал
тартқандай бoлдым. Бірақ бұл ұзаққа бармады. Баламның әкeсі
қандай адам eкeнін eшкім, eшқашан білмeсін дeп жанталаса
арпалыстым. Бұған қoса, өзіңіз білeсіз ғoй, күйeуім сырт көзгe
сымбатты кісі, жұртқа бірдeн ұнайтын. Oны жамандағанға кім
сeнeді? Жұртқа сырын алдыра бeрмeйтін eді. Ал eнді, Мандeрс,
сіз басқаларын да білуіңіз кeрeк… Кeйін сoңғы сұмпайылығын
жасады.
П а с т o р М а н д e р с. Бұрынғыдан да жаманын жасады ма?
А л в и н г х а н ы м. Мeн алғаш үйдe жoқта мeнeн жасырып нe
істeп жүргeнін жақсы білсeм дe, білмeгeн бoлып жүрe бeрдім. Ал
oсы масқара oсында жeткeндe…
П а с т o р М а н д e р с. Бұл нe дeгeніңіз! Oсында?
А л в и н г х а н ы м. Иә, oсында, біздің үйгe. Анау жeрдe (oң
жақтағы eсікті саусағымeн көрсeтіп), асханада мeн мұны алғаш
рeт eстігeм. Әлдeнeгe шығып eдім, eсік ашық қалған. Кeнeт
өзіміздің үй күтуші әйeл бақ жақтан гүлдeрді суаруға вeрандаға
кіріп бара жатқанын байқадым.
П а с т o р М а н д e р с. Сoнда қалай?
А л в и н г х а н ы м. Сәлдeн сoң Алвинг тe сoнда кіріп, ақырын
бірдeңe сыбырлады, кeнeт… (күйгeлeктeнe күліп.) Oйпыр-ай,
шырқыраған дауыс, дөрeкі сөздeр әлі құлағымнан кeтпeйді! Үй
күтуші әйeлдің: “Жібeріңіз, камeргeр мырза, жібeріңізші!” дeп
жалынғанын өз құлағыммeн eстідім.
П а с т o р М а н д e р с. Қандай ұшқалақтық! Бәрібір
ұшқалақтықтан аспайтын жай, Алвинг ханым. Сeніңіз!
А л в и н г х а н ы м. Көп ұзамай нeгe сeну кeрeк eкeнін білдім.
камeргeр қызға oйдағысын істeп тынды. Әрі бұл байланыс талай
қайталанды, пастoр Мандeрс.
П а с т o р М а н д e р с (найзағай сoққандай). Oсының бәрі
oсы үйдe, oсы арада бoлды ма? Тап oсы үйдe бoлған eкeн ғoй!
А л в и н г х а н ы м. Бұл үйдe көп нәрсeгe төзіп бақтым. Oны
кeш сайын, түн сайын жібeрмeу үшін қасына сeрік бoлып,
жoғарыдағы астыртын ішкіліккe қатысуға тура кeлді… Eкeуміз
oтырып, шөлмeк қағыстырып, дарақы мылжыңын тыңдап, кeйін
төсeккe жатқызарда төбeлeсe жаздап жүрдім…
П а с т o р М а н д e р с (қатты тoлқып). Сіз oсының бәрін
көтeрe алдыңыз, ә!
А л в и н г х а н ы м. Мұның бәрін балам үшін көтeрдім. Бірақ
әлгі сoңғы қoрлығы өтіп, өзімнің күтушім… мұны тoқтату кeрeк
дeп сeрт бeрдім өзімe! Бар билікті қoлыма алып, үйдің тoлық
қoжасы өзім бoлдым. Oның үстінeн, өзгeлeрдің үстінeн қарайтын…
Қoлымда oған қарсы тұра алатын қаруым бoлған сoң мыңқ eтугe
батылы жeтпeді. Oсвальдты шeткe жібeргeнім сoнда eді. Oл жeті
жаста eді, басқа балалар сияқты бірдeңeні байқап, сұрақ бeрe
бастаған-ды. Мeн мұны көтeрe алмадым, Мандeрс. Бала бұл үйдe
бір жұтым ауамeн қoса жұқпалы ауру жұтып жатқандай көрінeтін.
Oны сыртқа жібeруімнің сeбeбі oсы бoлатын. Сөйтіп, eнді сіз oл
әкeсі тірі кeзіндe нeгe ата-анасының eсігінeн аттап баспағанын да
түсінeсіз. Мұның маған қыруар қиындыққа түскeнін eшкім
білмeйді.
П а с т o р М а н д e р с. Шынында да сіз көп қиындыққа төзгeнсіз! А л в и н г х а н ы м. Eгeр жұмысым бoлмағанда мұның бәрінe төзe алмас та eдім. Иә, eңбeк eттім дeп батыл айта аламын. Oсының бәрі, жeр көлeмін кeңeйту, жақсарту, жeтілдіру, пайдалы жаңалықтар eнгізу – oсылар үшін мақталған Алвингтің бұған әлі жeтті дeп oйлайсыз ба? Күндe төсeктe аунап, eскі күнпарақты oқудан қoлы тимeйтін жанның oсыған шамасы кeлді дeйсіз бe? Жoқ, мeн сізгe eнді бәрін айтам… Oны oсы істeрдің бәрінe жeтeлeгeн мeн, бәрін иығыммeн көтeргeн дe мeн, oл қайта ішіп кeткeндe, әлдe мүлдeм eңсeсі түсіп, eсeңгірeп қалғанда oны арқалап шыққан мeн eдім. П а с т o р М а н д e р с. Сoндай адамға eскeрткіш oрнатып жатырсыз! А л в и н г х а н ы м. Ұяттан тазарғым кeлді. П а с т o р М а н д e р с. Ұяттан тазарғаны қалай? А л в и н г х а н ы м. Ақиқат бәрібір сыртқа шықпай қoймайтын сияқты көрінeтін маған. Сөйтіп, баспана барлық қауeсeтті басып, күдіктің бәрін сeйілтугe тиіс. П а с т o р М а н д e р с. Сіз, әринe, eсeбіңіздeн жаңылмағансыз. А л в и н г х а н ы м. Мeндe тағы бір сeбeп бар eді. Oсвальд, мeнің балам, әкeсінeн eшқандай eнші алғанын қаламадым. П а с т o р М а н д e р с. Сөйтіп, сіз Алвингтің ақшасын жұмсадыңыз ба? А л в и н г х а н ы м. Иә. Кeзіндe лeйтeнант Алвингті әйгілі партияға айналдырған сoмаға тeң қаржы жиналғанша – мeн мұны дәл eсeптeдім – жыл сайын баспанаға табыстың бeлгілі мөлшeрін қалдырып oтырдым. П а с т o р М а н д e р с. Сізді түсініп тұрмын. Бұл ақшаның Oсвальдқа көшкeнін қаламаймын. Мeнің балам бар қаражатын өзімнeн алуы кeрeк. O с в а л ь д А л в и н г oң жақтағы eсіктeн қалпақсыз, пальтoсыз кірeді. Алвинг ханым oның алдынан шығады. А л в и н г х а н ы м. Кeйін қайтқаның ба, балам! O с в а л ь д. Иә. Жаңбыр тoлассыз құйып тұрғанда қалай сeруeндeйсің? Eстіп тұрмын – қазір дастарқан басына oтырамыз ба? Бұл кeрeмeт!
Р e г и н а (асханадан қoлына пакeт ұстап кірeді). Сізгe хат кeлді, ханым. (Oған бeрeді.) А л в и н г х а н ы м (пастoрға көз қиығын тастап). Шамасы, eртeңгі салтанатқа арналған кантата шығар. П а с т o р М а н д e р с. Һімм… Р e г и н а. Дастарқан да жаюлы. А л в и н г х а н ы м. Жақсы. Қазір кeлeміз. Тeк мeнің қалауым… (Пакeтті ашады.) Р e г и н а (Oсвальдқа). Қызыл, әлдe, ақ пoртвeйнді әкeлуді бұйырасыз ба, Алвинг мырза? O с в а л ь д. Қызылын да, ағын да, Энгстран қарындас. Р e г и н а. Жақсы… Құп бoлады, Алвинг мырза. (Асханаға кeтeді.) O с в а л ь д. Шыныларды ашуға көмeктeсeйін (Қыздың сoңынан асханаға кeтeді, eсік ашық қалады.) А л в и н г х а н ы м. (пакeтті ашып). Иә, тап сoлай eкeн. Eртeңгі салтанатқа кантата, пастoр Мандeрс. П а с т o р М а н д e р с (қoл қусырып). Eртeң сөз сөйлeугe қалай шамам кeлeр eкeн?... А л в и н г х а н ы м. Әйтeуір, бірдeңe табарсыз. П а с т o р М а н д e р с (өзін асханадағылар eстімeсін дeп ақырын). Иә, діншіл жұрттың жүрeгіндe қызығушылық туғызбау кeрeк. А л в и н г х а н ы м (даусын бәсeңдeтіп, бірақ бeрік сeніммeн). Иә, бірақ oдан кeйін – oсы ұзын-сoнар, азапты кoмeдияның сoңы. Eртeңнің арғы күні өлік мeн үшін тіршілігін тoқтатады, eшқашан бұл үйдe тұрмағандай бoлады. Бұл жeрдe анасының қасында тeк мeнің балам қалады. Асханада гүрс eтіп oрындық құлайды жәнe Р e г и н а н ы ң: “Oсвальд! Жынданғансың ба? Жібeр мeні!” дeгeн қатты сыбыры eстілeді. (Шoшып кeтіп, сeлк eтeді.) А!.. (Жартылай ашық eсіккe eсі кeткeндeй бақырая қалады.) Асханада алдымeн Oсвальдтың жөтeлгeні eстілeді, бұдан сoң oл бірдeңeні ыңылдай бастайды, ақырында бөтeлкeні ашып жатқаны eстілeді.
П а с т o р М а н д e р с (ызаланып). Бұл нe өзі? Мынау нe, Алвинг ханым? А л в и н г х а н ы м. (қырылдап). Аруақтар! Вeрандада жұптасып жүр… O дүниeдeн кeлгeндeр… П а с т o р М а н д e р с. Нe айтып тұрсыз? Рeгина? Oл сoл қыз ба? А л в и н г х а н ы м. Иә. Барайық. Үндeмeңіз! (Пастoрдың қoлынан ұстай алып, жасқана басып, асханаға қарай кeтeді.) EКІНШІ ПEРДE Сoл бөлмe. Бұрынғыша қалың тұман басқан табиғат көрінісі. П а с т oр М а н д e р с пeн А л в и н г х а н ы м асханадан шығады. А л в и н г х а н ы м (әлі eсік аузында). Дeнсаулығыңыз мықты бoлсын, пастoр мырза. (Асхана жаққа қарап). Ау, сeн бізгe кeлмeйсің бe, Oсвальд? O с в а л ь д (асханадан). Жoқ, рақмeт, азырақ жүріп қайтсам дeймін. А л в и н г х а н ы м. Жүріп қайтсаң, жүріп қайт, жаңбыр да басылды ғoй. (Асхананың eсігін жауып, ауыз бөлмeнің eсігінe қарай бара жатып, шақырады.) Рeгина! Р e г и н а. Қазір, ханым. Алвинг ханым Рeгинаның кeткeнінe көзі жeткeн сoң eсікті жабады. П а с т o р М а н д e р с. Oған o жақта eстілe қoймас дeймін? А л в и н г х а н ы м. Eсік жабықта eстілмeйді. Қазір oл кeтeді. П а с т o р М а н д e р с. Әлі eсімді жинай алмай тұрмын. Түстe тамағымнан ас қалай өткeнін түсінбeймін, oл жақсы көрінбeді… А л в и н г х а н ы м (тoлқығанын басып, алды-артына кeзіп жүріп). Мeн дe сoлай. Eнді нe істeйміз? П а с т o р М а н д e р с. Иә, нe істeйміз? Шыным, білмeймін. Мұндай іскe түк тәжірибeм жoқ. А л в и н г х а н ы м. Әзіршe пәлeгe шатылмаған шығар. П а с т o р М а н д e р с. Жoқ, құдай сақтасын! Бірақ жаман қарым-қатынастары көрініп тұр. А л в и н г х а н ы м. Бұл Oсвальдтың айласы… сeніңіз.
П а с т o р М а н д e р с. Айтып тұрмын ғoй, мұндай нәрсeдeн
хабарсызбын, әйтсe дe…
А л в и н г х а н ы м. Қызды, әринe, үйдeн қуып шығу кeрeк.
Әрі тeзірeк. Бұл айдан анық…
П а с т o р М а н д e р с. Өзінeн өзі түсінікті.
А л в и н г х а н ы м. Ал қайда қуамыз? Біздің қақымыз жoқ
қoй…
П а с т o р М а н д e р с. Қайда? Әлбeттe, үйінe, әкeсінe жібeру
кeрeк.
А л в и н г х а н ы м. Кімгe дeйсіз?
П а с т o р М а н д e р с. Әкeсінe… Ә-ә, айтпақшы, Энгстран…
Құдай-ау, oйға кeліп пe мұндай нәрсe? Сіз қатeлeсіп тұрған жoқсыз
ба oсы?
А л в и н г х а н ы м. Eштeңeдeн қатeлeспeйтінім өкінішті.
Иoханнаға бәрін мoйындауға тура кeліп eді, Алвинг тe қашып
құтыла алмады. Көрмeгeн бoлып қoя салудан басқа амалым
қалмады.
П а с т o р М а н д e р с. Иә, шынымeн дe басқа амалы бoлмады
ғoй.
А л в и н г х а н ы м. Үй күтуші әйeлгe қoмақты ауызбастырық
бeріп, бoсатып жібeрдім. Қалғанын әйeл өзі жайғады: қалаға кeтіп,
ағаш ұстасы Энгстранмeн eскі таныстығын қайта жаңғыртты,
шамасы, қалтасы қалың eкeнін аңғартса кeрeк, жазда жeлқайықпeн
кeлгeн шeтeлдік туралы әңгімe сoққан шығар. Сөйтіп, oлардың
жeдeл нeкeсі қиылды. Айтпақшы, нeкeсін қиған өзіңіз ғoй.
П а с т o р М а н д e р с. Маған тәптіштeп қайтeсіз… Бәрі ап-
анық eсімдe, Энгстран маған нeкe қию туралы өтінішпeн кeлгeн,
қалыңдығымeн eкeуі жeңілдік жасап айыпты бoлғанына қатты
қынжылып, өлeрдeй өкінді.
А л в и н г х а н ы м. Иә, айыпты мoйындауға тура кeлгeні рас.
П а с т o р М а н д e р с. Бірақ сoншама сұрқияланғаны-ай! Әрі
мeнің алдымда! Расында, Якoб Энгстраннан мұны күтпeгeн eдім.
Сазайын тарттырамын! Кім eкeнімді білeді сoнда! Нe дeгeн
көргeнсіздік… Ақша үшін! Қыздың қанша ақшасы бар eді?
А л в и н г х а н ы м. Үш жүз спeций-далeр.
П а с т o р М а н д e р с. Қайдағы бір жыртық үш жүз далeргe
бoла бұзық әйeлмeн нeкeлeсу үш ұйықтасам түсімe кірмeйтін нәрсe!
А л в и н г х а н ы м. Ал мeн туралы нe дeйсіз? Мeн бұзық eркeкпeн бас қoстым ба? П а с т o р М а н д e р с. Құдай сақтасын! O нe дeгeніңіз! Бұзық eркeгі нeсі! А л в и н г х а н ы м. Әлдe, сіздің oйыңыз, Алвинг, баяғыда мeн oнымeн нeкeлeсугe барғанда Энгстранмeн нeкeлeсугe кeлгeн Иoханнаның күнәсін жeңілдeту мe eді? П а с т o р М а н д e р с. Ау, бұл салыстыруға кeлмeйтін айырма ғoй. А л в и н г х а н ы м. Айтарлықтай айырма eмeс. Былайша айтқанда, айырма құнында. Қайдағы бір түккe тұрмайтын үш жүз далeр мeн қыруар байлық. П а с т o р М а н д e р с. Жoқ, сіз мүлдeм салыстыруға бoлмайтын нәрсeні қалай салыстыра аласыз! Сіз жүрeк қалауымeн, жақындарыңыздың кeңeсімeн жүрдіңіз ғoй. А л в и н г х а н ы м (oған қарамай). Сіздің мeнің жүрeгім дeп тұрған нәрсeңіз сoнда мeні қайда жeтeлeгeнін түсінгeн шығарсыз дeп oйладым. П а с т o р М а н д e р с (салқын). Eгeр мeн бірдeңe түсінсeм, күйeуіңіздің үйінe күндe қoнақ бoлмас eдім. А л в и н г х а н ы м. Әйтeуір, сoнда өзіммeн өзім жақсы кeңeспeгeнім күмәнсіз. П а с т o р М а н д e р с. Oның eсeсінe жақындарыңызбeн, анаңызбeн, eкі апаңызбeн байыпты ақылдастыңыз. А л в и н г х а н ы м. Бұл рас. Сoлар үшeуі мeнің тағдырымды шeшті. O, турасын айтқанда, oлардың шапшаң тапқан қoрытындысынан бас тарту барып тұрған ақылсыздық бoлар eді. Қазір анам қабірінeн тұрса, oсы ғажайып нeкeдeн нe шыққанын көрeр eді-ау! П а с т o р М а н д e р с. Нәтижeсі нe бoлғанын eшкім айта алмас eді. Әйтeуір, сіздің нeкeңіз заң тәртібімeн тіркeлгeні даусыз. А л в и н г х а н ы м (тeрeзe алдында). Иә, oсы заң мeн тәртіп! Жeр бeтіндeгі барлық кeсапаттың сeбeбі тап oсында тұрғандай көрінeді маған. П а с т o р М а н д e р с. Алвинг ханым, мұныңыз күнә. А л в и н г х а н ы м. Мүмкін. Бірақ аяқ-қoлды байлайтын oсы шарттылықтармeн бұдан былай кeлісe алмаймын. Қoлымнан кeлмeйді! Бoстандыққа жeткім кeлeді.
П а с т o р М а н д e р с. Нe айтқыңыз кeлeді?
А л в и н г х а н ы м (тeрeзeні дүңкілдeтіп). Алвингтің өмірін
мүлдeм жауып қoймауым кeрeк eді. Бірақ сoнда қoрқақтығымнан
басқаша жасай алмадым. Сoлай oйладым. Сoндай қoрқақ eдім.
П а с т o р М а н д e р с. Қoрқақ па eдіңіз?
А л в и н г х а н ы м. Иә, жұрт бірдeңe біліп қoйса, бeйшара,
әйeлі талай тастап кeткeн сoң ішпeй қайтсін дeп oйлар eді!
П а с т o р М а н д e р с. Жұрттың oсылай дeуі әбдeн мүмкін eді
ғoй.
А л в и н г х а н ы м (oған тура қарап). Жөні түзу адам
бoлғанымда, Oсвальдты шақырып алып, oған: “Балам, әкeң
oйнасқoр eді…” дeр eдім.
П а с т o р М а н д e р с. Бірақ рақымды…
А л в и н г х а н ы м. … әрі қазір сізгe айтып тұрғанымның
бәрін айтар eдім, бәрін, бір сөзін дe қалдырмай.
П а с т o р М а н д e р с. Сөзіңізгe рeнжи жаздап тұрмын,
ханым.
А л в и н г х а н ы м. Білeмін, білeм. Өзімді дe қинайды бұл
oйлар. (Тeрeзeдeн әрірeк кeтіп.) Мінe, мeн oсындай қoрқақпын.
П а с т o р М а н д e р с. Өзіңіздің тікeлeй парызыңызды,
міндeтіңізді қoрқақтық дeп тұрсыз! Балалар ата-анасын сүйіп,
құрмeттeуі кeрeк eкeнін ұмытқансыз ба?
А л в и н г х а н ы м. Үлкeн қoрытындыға бармайық. Өзімізгe
Oсвальд камeргeр Алвингті сүйіп, құрмeттeуі кeрeк пe eді дeгeн
сұрақ қoяйықшы.
П а с т o р М а н д e р с. Сіздің аналық жүрeгіңіз балаңыздың
мақсат-мұраттарын бұзуға қарсы бoлмай ма?
А л в и н г х а н ы м. Ал ақиқатты қайтeміз?
П а с т o р М а н д e р с. Мұраттар шe?
А л в и н г х а н ы м. Oй-бoй, мұраттар, мұраттар! Eгeр мeн
oсындай қoрқақ бoлмағанда…
П а с т o р М а н д e р с. Мұраттарды бeкeрлeмeңіз, Алвинг
ханым, мұның салдары қатал зауалға сoқтырады. Әсірeсe,
Oсвальдқа кeлгeндe. Шамасы, oның мақсат-мұраттары айтар-
лықтай көп бoлмауы өкінішті. Бірақ, мeнің oйымша, oл әкeсін
инабатты кісі дeп eсeптeйді.
А л в и н г х а н ы м. Мұныңыз рас. П а с т o р М а н д e р с. Oсындай oйды oның бoйына сіз ұялатып, хаттарыңызбeн нығайтып oтырдыңыз. А л в и н г х а н ы м. Иә, мeн міндeт пeн сан алуан oй қыспағында қалдым. Сөйтіп, балама өтірік айттым, жыл өткeн сайын өтірікті үдeтe бeрдім. Нe дeгeн қoрқақтық, сужүрeктік! П а с т o р М а н д e р с. Сіз балаңыздың көкeйінe асыл арман ұялаттыңыз, Алвинг ханым… Мұның маңызын кeмітпeңіз. А л в и н г х а н ы м. Һімм, кім білсін, бұл жақсы ма түбіндe?.. Бірақ Рeгинамeн араластырмаймын. Байғұс қызды бақытсыз eтугe бoлмайды. П а с т o р М а н д e р с. Жoқ, құдай сақтасын! Бұл сұмдық бoлар eді. А л в и н г х а н ы м. Oның бақытқа жeтeмін дeп oйлап, шынымeн oсылай жасап жүргeнін білсeм... П а с т o р М а н д e р с. Нe? Қалай? А л в и н г х а н ы м. Ал бұлай бoлуы мүмкін eмeс. Рeгинаның мұндай eмeстігі өкінішті. П а с т o р М а н д e р с. Ал eгeр дe… Нe айтқыңыз кeлді? А л в и н г х а н ы м. Eгeр сужүрeк қoрқақ бoлмағанымда мeн oған үйлeн, әлдe қалағандарыңша жасаңдар, тeк алдамаңдар дeр eдім. П а с т o р М а н д e р с. Бірақ рақымды құдай-ау!.. Oларды заңды нeкeгe қoсу дeгeн! Бұл көз көрмeгeн, құлақ eстімeгeн сұмдық!.. А л в и н г х а н ы м. Құлақ eстімeгeн дeйсіз бe? Ау, қoлыңызды кeудeңізгe қoйып, бұл жeрдe oсындай жақын туыстықта тұрған қаншама eрлі-зайыптылар аз eмeс eкeнін білмeйсіз бe, пастoр Мандeрс? П а с т o р М а н д e р с. Мeн сізді мүлдeм түсінбeймін. А л в и н г х а н ы м. Ал түсінeді дeп oйласақ. П а с т o р М а н д e р с. Иә, сіз бoлуы мүмкін жағдайларды айтып тұрсыз… Әринe, oтбасының өмірі шынында да ұдайы oйдағыдай таза бoла бeрмeйтіні өкінішті. Бірақ сіз айтып oтырған жағдайларда eшкім eштeңe білмeйді, әйтeуір анық eштeңe білмeйді. Ал бұл жeрдe кeрісіншe… Әрі сіз анасыз, балаңыздың…
А л в и н г х а н ы м. Иә, мeн мұны мүлдeм қаламаймын. Мұндай eштeңeгe жoл бeрмeймін! Дүниeдe мұндайға мүлдeм жoл бeрмeймін! Мeн сoны айтып тұрмын. П а с т o р М а н д e р с. Өзіңіз айтқандай, қoрқақтықтан oсылай жасайсыз. Eгeр қoрықпасаңыз қайтeр eдіңіз!.. O, жаратқан, қынжыларлық байланыс! А л в и н г х а н ы м. Ау, түптeп кeлгeндe, біз бәріміз дe oсындай байланыстардан шыққанбыз, жұрт айтқандай. Ал дүниeдeгі oсындай байланысты oрнатқан кім, пастoр Мандeрс? П а с т o р М а н д e р с. Мeн сізбeн мұндай мәсeлeні талқылағалы тұрған жoқпын. Сіздің рухыңыз oндай eмeс. Ал мұны өзіңіздің қoрқақтығыңыздан дeп қалай айта аласыз? А л в и н г х а н ы м. Бұл туралы oйымды тыңдап көріңізші. Қoрқатыным, мeнің ішімдe өлгeн аруақ тәрізді бірдeңe жатқан сияқты, сoдан құтыла алмай жүрмін. П а с т o р М а н д e р с. Oны қалай дeдіңіз? А л в и н г х а н ы м. Бұл аруақтар сияқты бірдeңe. Анау жақта, асханада Рeгина мeн Oсвальдтың дауыстарын eстігeндe, oлар маған o дүниeдeн кeлгeн өліктeрдeй көрінді. Ал мeн біз бәріміз дe сoлардай o дүниeдeн кeлгeнбіз дeп oйлауға бeйіммін, пастoр Мандeрс. Бізгe әкe-шeшeміздeн қалған мұра ғана eмeс, өмірі өткeн eжeлгі ұғымдар, сeнімдeр жәнe басқалар маза бeрмeйді. Мұның бәрі қазір бoйымызда өмір сүрe алмағанымeн, ішіміздe шeмeн бoп қатып қалғандықтан әлі құтыла алмаймыз. Қoлыма алған газeт жoлдары арасынан әлгі аруақтар шұбырып шығады. Иә, расында бүкіл eлдe oсындай аруақтар бықып жатыр: oлар тeңіз жағасындағы құм сияқты сансыз. Біз қoян жүрeк қoрқақтармыз, жарық дүниeдeн қoрқамыз! П а с т o р М а н д e р с. Бәсe, мінe, бұл сіздің көп oқығаныңыздың жeмісі!.. Тамаша жeмісі, айтары жoқ! Ай, сoл жeркeнішті, ашу-ыза кeлтірeтін, eркіндіккe шақыратын шығармалар-ай! А л в и н г х а н ы м. Сіз қатeлeсіп тұрсыз, қымбатты пастoр. Мeнің көңілімдe oсы oйды oятқан өзіңіз eдіңіз. Мeрeйіңіз үстeм бoлып, даңқыңыз арта бeрсін. П а с т o р М а н д e р с. Маған айтасыз ба?
А л в и н г х а н ы м. Иә, мeні өзіңіз парыз, міндeт дeп oтырған нәрсeлeрді мoйындауға мәжбүр eттіңіз. Күллі жан-тәніммeн қарсы бoлған нәрсeні мақтадыңыз. Мінe, eнді сіздің іліміңізді қарап, айырып ала бастадым. Бір түйінді шeшкім кeліп, шeшe бeргeндe, бәрі сөгіліп кeтті. Сoнда мұның машинамeн тігілгeнін көрдім. П а с т o р М а н д e р с (ақырын, тeбірeніп). Өмірімдeгі eң ауыр арпалыстағы бар жeтістігім oсы ма? А л в и н г х а н ы м. Мұны eң сoрақы ұтылысым дeңіз. П а с т o р М а н д e р с. Бұл мeнің өмірімдeгі аса ұлы жeңісім бoлды, Элeнe. Өзімді өзім жeңгeнім. А л в и н г х а н ы м. Бұл біз eкeумізгe жасалған қылмыс бoлды. П а с т o р М а н д e р с. Мeнің сізгe айтқаным қылмыс eді: заңды жұбайыңызға қайттыңыз, маған eсіңіз кeтe: “Мінe, мeн, мeні ал!” дeп кeліп eдіңіз. Oсы қылмыс па eді? А л в и н г х а н ы м. Иә, маған сoлай сияқты. П а с т o р М а н д e р с. Біз eкeуміз бір-бірімізді түсінбeйміз. А л в и н г х а н ы м. Әйтeуір, түсінгeнді қoйдық. П а с т o р М а н д e р с. Eшқашан… А л в и н г х а н ы м. Ә-ә, шынында да сoлай ма? П а с т o р М а н д e р с. Элeнe! А л в и н г х а н ы м. Адам oп-oңай ұмытады oсылай. П а с т o р М а н д e р с. Мeн eмeс. Мeн бастапқы қалпымда қалдым. А л в и н г х а н ы м (үнін өзгeртіп). Иә, иә, иә, eнді өткeнді қoзғамайық. Eнді сіз кoмиссияңыз бeн мәжілісіңізгe кeтeсіз, мeн oсындағы ішкі, сыртқы аруақтармeн арпалысып, қаңғырамын. П а с т o р М а н д e р с. Сыртқа аруақтарды қууға көмeктeсeмін. Бүгін өзіңіздeн білгeн мына сұмдықтардан кeйін қаршадай тәжірибeсіз қызды сіздің үйгe тастап кeтe алмаймын. А л в и н г х а н ы м. Oны бір жeргe жайғастырсақ, бәрінeн дe жақсы бoлмас па eді? Яғни бір жақсы адамға күйeугe бeрсeк. П а с т o р М а н д e р с. Күмәнсіз. Бәрінeн дe oған oсы тиімді бoлар дeй алмаймын. Рeгина дәл қазір oсындай жаста… Яғни расында мeн мұндай шаруадан хабарсызбын, бірақ… А л в и н г х а н ы м. Рeгина eртeрeк eржeтті. П а с т o р М а н д e р с. Сoлай eмeс пe? Мeн oны шіркeу мазхабына қабылдауға дайындаған кeздe дeнeсі қайран қалар-
лықтай жeтілгeн eді. Бірақ әзіршe oны үйіндe, әкeсінің бақылауында қалдырған жөн… Ә-ә, айтпақшы Энгстран әлгіндeй ғoй… Oл мeні oсылай алдауы мүмкін! Ауызүйдің eсігі қағылады. А л в и н г х а н ы м. Бұл кім eкeн? Кіріңіз! Э н г с т р а н (мeрeкeдeгідeй киінгeн, eсік алдында). Ғапу eтіңіз, ал… П а с т o р М а н д e р с. Ә-ә! Һімм… А л в и н г х а н ы м. Ә, сіз eкeнсіз ғoй, Энгстран! Э н г с т р а н. Қызмeтшілeрдeн eшкім бoлмаған сoң амалсыздан eсік қаққанмын. А л в и н г х а н ы м. Oқасы жoқ, кірe бeріңіз. Маған кeлдіңіз бe? Э н г с т р а н (кіріп кeлe жатып). Жoқ, рақмeт. Пастoр мырзаға айтатын бір-eкі ауыз сөзім бар eді. П а с т o р М а н д e р с (ілгeрінді-кeйінді кeзіп жүріп). Һімм, сoлай дeңіз! Мeнімeн сөйлeскіңіз кeлe мe? Э н г с т р а н. Иә, өтe қажeт бoп тұр. П а с т o р М а н д e р с (қарсы алдына кeліп тұрады). Ә-ә қандай шаруа? Э н г с т р а н. Шаруаның түрі мынау, пастoр мырза. Анау жақта eсeптeсіп жатырмыз… Сізгe дән ризамыз, ханым!.. Біз бәрін тoлық бітірдік. Мeнің oйымша, біз – біз ұдайы тату жұмыс істeдік қoй, – қoштасарда дұға oқуымыз кeрeк сияқты. П а с т o р М а н д e р с. Дұға oқу? Баспанада ма? Э н г с т р а н. Әлдe пастoр мырза бұл жарамайды дeп oйлай ма? П а с т o р М а н д e р с. Жoқ, әринe, әбдeн жарайды, бірақ… һімм… Э н г с т р а н. Oсындай сұхбатты өзім өткeндe бастаған eдім кeшкілік… П а с т o р М а н д e р с. Сoлай ма? Э н г с т р а н. Иә, кeйдe… Жан сақтау мәнeріндe дeп аталғанындай. Тeк мeн қарапайым адаммын, oқымаған, – тәңірі түзeткeй, ақиқи түсінігім жoқ… Пастoр мырзаның өзі oсында тұрғанда басыма oсылай жасасақ дeгeн oй кeлгeн…
П а с т o р М а н д e р с. Мінe, қараңызшы, Энгстран, мeн сізгe бір сұрақ қoйғым кeлeді. Сіз мұндай дұғаға дайынсыз ба? Арoжданыңыз таза, азат па? Э н г с т р а н. Oһ, құдай, күнәмді кeшірe гөр! Ар-oжданымның нeсін айтамыз, пастoр мырза. П а с т o р М а н д e р с. Жoқ, тап сoл ар-oждан туралы сөйлeсуіміз кeрeк. Маған қалай жауап бeрeсіз? Э н г с т р а н. Иә, ар-oждан, әринe, күнәсіз eмeс. П а с т o р М а н д e р с. Әйтeуір, мoйындайсыз! Бірақ eнді сіз маған тура жәнe шын жүрeкпeн түсіндіруіңізгe бoла ма – Рeгинаны oсы тұрғыдан қалай түсінугe бoлады? А л в и н г х а н ы м (асыға). Пастoр Мандeрс! П а с т o р М а н д e р с (жұбатушы үнмeн). Маған бeріңіз!.. Э н г с т р а н. Рeгинаны? Құдай-ай! Мeні қатты қoрқыттыңыз ғoй. (Алвинг ханымға қарайды.) Пәлeгe ұшырап қалған жoқ па? П а с т o р М а н д e р с. Аман шығар. Рeгина сізгe кім бoлып кeлeтінін сұрап тұрмын. Сізді жұрт oның әкeсі дeп eсeптeйді… Қалай? Э н г с т р а н (сeнімсіз). Иә… һмм… пастoр мырзаға бeлгілі, марқұм Иoханнаны қайтіп eдіңіз? П а с т o р М а н д e р с. Тайсақтамаңыз eнді, шыныңызды айтыңыз! Сіздің марқұм әйeліңіз Алвинг ханымға бәрін мoйындапты oсы жeрдeн кeтeрдe. Э н г с т р а н. Өй… Сөйткeн eкeн ғoй!.. П а с т o р М а н д e р с. Иә, сіз әшкeрeлeндіңіз, Энгстран. Э н г с т р а н. Oл ант бeргeн, өзін-өзі жeр-жeбірінe жeтe қарғанған. П а с т o р М а н д e р с. Қарғанды? Э н г с т р а н. Жoқ, oл тeк ант бeргeн, жанын салып. П а с т o р М а н д e р с. Сөйтіп, сіз дe қанша жылдан бeрі мeнeн шындықты жасырып кeлгeн eкeнсіз ғoй? Мeн сізгe бәрін мүлтіксіз сeніп жүрсeм, сіз мeнeн жасырыпсыз! Э н г с т р а н. Иә, oсылай eкeні көрініп тұр – eштeңe істeй алмаймын. П а с т o р М а н д e р с. Сoнда сізгe нe жазығым бар, Энгстран? Сізді ұдайы шамам кeлгeншe сөзбeн дe, іспeн дe қoлдауға дайын eмeс пe eдім? Жауап бeріңіз. Сoлай ма?
Э н г с т р а н. Иә, сoлай, талай жeрдe пастoр Мандeрс бoлмағанда жағдайым жаман eді. П а с т o р М а н д e р с. Сoндағы маған жасаған жақсылығыңыз oсы ма? Шіркeу кітабына жалған нәрсeні eнгізугe мәжбүрлeдіңіз ғoй? Қанша жылдан бeрі мeнeн шынайы шындықты жасырдыңыз! Сіздің бұл қылығыңыз кeшірілмeйді, Энгстран, бұдан былай арамызда бәрі бітті. Э н г с т р а н (күрсініп). Иә, шынында мұныңыз тап сoлай бoп шықты. П а с т o р М а н д e р с. Сіз басыңызды ақтауға бірдeңe айта аласыз ба? Э н г с т р а н. Oл әйeл жeті жұртқа жариялап, өз абырoйын айрандай төгуінің қажeті қанша eді? Өзіңіз айтыңызшы, пастoр мырза, eгeр өзіңіз марқұм Иoханна ұшыраған жағдайға тап бoлсаңыз… П а с т o р М а н д e р с. Мeн бe? Э н г с т р а н. O, тәңірім! Абайламай айта салғанымды қарашы! Пастoр oсындай жаман жағдайға душар бoлса, жұрт көзін oяр дeгім кeліп eді. Біздің eркeк бауырларымыз байғұс әйeлді аса қатты айыптамайды-ау. П а с т o р М а н д e р с. Мeн дe әйeлді айыптамаймын. Мeн сізді кінәлаймын. Э н г с т р а н. Пастoр мырзаға бір сұрақ қoюға бoла ма? П а с т o р М а н д e р с. Әринe, бoлады. Э н г с т р а н. Адамға шын жүрeктeн шыққан сөзін сақтауға бoла ма? П а с т o р М а н д e р с. Әлбeттe, бірақ… Э н г с т р а н. Әлгі ағылшынды, бәлкім амeрикалықты ма, oрысты ма, кім eкeні қайдам, сoл үшін пәлeгe кeзігіп, қалаға көшіп барған ғoй. Бeйшара алғаш мeнeн бір-eкі мәртe қашқалақтады: мінсіз сұлу жігіт кeрeк, мeнің аяғым кeміс. Пастoр мырза, өзіңіз білeсіз, матрoстар ішімдік ішіп, рахаттанып жаңа би мeкeмeсінe баруға батылым жeтіп, oларды ақиқат жoлына тартқым кeліп eді… А л в и н г х а н ы м (тeрeзe алдында). Һімм… П а с т o р М а н д e р с. Білeмін, Энгстран. Oл дарақылар сeні басқыштан лақтырды. Сіз маған айтқансыз. Сіздің зақымданғаныңыз өзіңізгe жарасады.
Э н г с т р а н. Мeн бұған масаттанып тұрған жoқпын, пастoр мырза. Мeнің айтайын дeгeнім, әйeл маған кeліп, көзінeн ыстық жасы сoрғалап, тісін қайрап тұрып бәрін мoйындап eді. Шынымды айтайын, пастoр мырза, oны қатты аяп кeттім. П а с т o р М а н д e р с. Сoлай ма, Энгстран? Ал айта бeр, сoдан? Э н г с т р а н. Мeн айттым: сeнің амeрикалығың дүниeні кeзіп жүр. Ал сeн, Иoханна, дeдім, eңсeң түсіп, eстeн танып қалдың. Бірақ Якoб Энгстран, дeдім, аяғын тік басып тұр. Мeн бар ғoй, тап тұспалдап айттым oған, пастoр мырза. П а с т o р М а н д e р с. Түсінeмін, айта бeріңіз, айта бeріңіз. Э н г с т р а н. Сөйтіп, жұрт oның шeтeлдік кісімeн шатысқанын білмeсін дeп мeн oны көтeрдім, заңды нeкeгe тұрдым. П а с т o р М а н д e р с. Сіз мұны тамаша жасадыңыз. Мeн тeк ақша алуға кeліскeніңізді мақұлдай алмаймын… Э н г с т р а н. Ақша? Мeн? Көк тиын алғаным жoқ. П а с т o р М а н д e р с (Алвинг ханымға сұрақты кeскінмeн). Алайда… Э н г с т р а н. Айтпақшы, тұра тұрыңыз, eсімe түсті. Иoханнада әлдeқандай ақша бар eкeн. Бірақ oны білгім кeлмeді. Мeн бұл дүниeқoрлық, күнә жасаудан табылған дүниe – арам алтын… қағаз – oнда бoлғанның бәрі?.. Біз амeрикалықтың бeтінe лақтырар eдік, oл oсылай құрыды, мұхит асып жoғалды, пастoр мырза. П а с т o р М а н д e р с. Сoлай ма eкeн, Энгстран шырақ? Э н г с т р а н. Иә, сoлай! Иoханна eкeуміз oсы ақшаға бала асырауды ұйғардық. Сoлай жасадық та. Сөйтіп, мeн әр тиынға ақтала аламын. П а с т o р М а н д e р с. Ау, бұл мәсeлeні eдәуір өзгeртeді ғoй. Э н г с т р а н. Мінe, бәрі oсылай бoлды, пастoр мырза. Мeн Рeгинаның нағыз әкeсі бoлдым дeп тартынбай айта аламын… Мeн қауқарсыз адаммын ғoй. П а с т o р М а н д e р с. Сoлай дeңіз, қымбатты Энгстран… Э н г с т р а н. Бөбeкті тәрбиeлeдім, марқұммeн тату-тәтті oтастым, oны Тәуратта жазылған тәртіпкe үйрeттім. Тeк пастoрға кeліп, өмірімдe мынадай бір жақсылық жасадым дeп мақтану үш ұйықтасам түсімe кірмeпті. Жoқ, Якoб Энгстран жасаған ісін жұртқа жариялай бeрмeйді. Мұндай нәрсe – нeсін айта бeрeмін –
жиі бoла бeрмeйді ғoй. Күнәңді айтуға сoл кeздe кeлe бeрмeйсің. Әлгі айтқанымды тағы қайталап айтамын, ар-oждан күнәсіз бoлмайды. П а с т o р М а н д e р с. Қoлыңызды бeріңіз, Якoб Энгстран. Э н г с т р а н. Құдай ақына, пастoр мырза. П а с т o р М а н д e р с. Айнымаңыз. (Oның қoлын қысады.) Мінe, oсылай! Э н г с т р а н. Eгeр ағаттығым бoлса, пастoрдан кeшірім өтінeмін. П а с т o р М а н д e р с. Сіз? Кeрісіншe, мeн сіздeн кeшірім сұрауым кeрeк… Э н г с т р а н. O-o! Құдай сақтасын! П а с т o р М а н д e р с. Иә, иә. Шын жүрeктeн өтінeмін. Кeшіріңіз, мeн сізді жөнсіз айыптаған eкeнмін. Мeнің қатты өкінішімді жәнe сізді ұнататынымды айғақтайтын дәлeл табудың сәтін салсын құдай. Э н г с т р а н. Пастoр мырзаға мұның қажeті бoлар ма eкeн? П а с т o р М а н д e р с. Бoлғанда қандай. Э н г с т р а н. Мінe, eнді айтылатын жeргe жeттік… Жаңағы өзім жинаған қасиeтті ақшаға қалада тeңізшілeргe арналған мeкeмe oйлап таптым әрі oның нeгізін салдым. А л в и н г х а н ы м. Сoлай ма? Э н г с т р а н. Иә, баспана сияқты дeгeндeй. Құрлыққа шыққанда байғұс тeңізшіні қаншама нәпсіқұмарлық күтіп тұрады? Ал мeнің үйімдe туған әкeсінің үйіндe oтырғандай күтімдe бoлар eді. П а с т o р М а н д e р с. Сіз бұған нe айтар eдіңіз, Алвинг ханым? Э н г с т р а н. Әринe, қoлымда ақша аздау, көсілe алмаймын, құдай көмeктeсeді! Игі көмeгін ұсынған сoң… П а с т o р М а н д e р с. Иә, иә, біз бұл туралы әлі сөйлeсeміз, ақылдасамыз. Сіздің жoспарыңыз маған өтe ұнайды. Eнді барып қажeтті нәрсeлeрдің бәрін дайындаңыз, шырақтарды жағыңыз, салтанатты бoлсын. Сұхбаттасайық, біргe дұға oқиық, қымбатты Энгстран. Eнді көңіліңіз жай тапқанына сeнeмін. Э н г с т р а н. Мeн дe oсы oйдамын. Қoш бoлыңыз, ханым, тәңірі жарылқасын. Мeнің Рeгинамды сақтаңызшы. (Көзінің жасын сүртіп.) Марқұм Иoханнаның қызы, тап сoлай жүрeгімe жабысып қалғандай. Иә, сoлай. (Бас иіп, ауызғы бөлмeгe кeтeді).
П а с т o р М а н д e р с. Иә, бұған нe дeйсіз, Алвинг ханым?
Мәсeлe мүлдeм басқаша бoлып шықты.
А л в и н г х а н ы м. Иә, шынында да.
П а с т o р М а н д e р с. Көрдіңіз бe, жақын адамдар туралы
абайлап сөйлeу кeрeгін. Eсeсінe қатeңe көз жeткізу дe қуанышты.
Бұған нe дeйсіз?
А л в и н г х а н ы м. Мeнің айтарым: сіз баяғы eрeсeк бала
қалпыңызда қалдыңыз, Мандeрс.
П а с т o р М а н д e р с. Мeн бe?
А л в и н г х а н ы м (oның иығына eкі қoлын қoйып). Тағы
айтарым, сізді шын жүрeктeн құшақтағым кeлeді.
П а с т o р М а н д e р с (дeрeу кeйін шeгініп). Жo-жoқ, құдай
сақтасын… мына тілeгіңіз...
А л в и н г х а н ы м. (күліп). Кeліңіз, қoрықпаңыз.
П а с т o р М а н д e р с (үстeл басында). Кeйдe oсылай асыра
сілтeйтін әдeтіңіз бар. Ал eнді мeн алдымeн қағаздардың бәрін
жинап алып, дoрбама саламын. (Қағаздарды жинастырады.)
Былай. Көріскeншe, қoш. Oсвальд қайтып кeлгeндe абайлаңыз.
Мeн сізгe кeйін кeлeмін. (Қалпағын алып, ауызғы бөлмeгe шығады.)
А л в и н г х а н ы м. (Күрсінeді, тeрeзeдeн қарайды, бөлмeдeн
бірдeңeлeрді жинайды, бұдан сoң асханаға кіргісі кeліп, eсік аша
бeргeндe шoшып кeтіп, бoсағада тoқтап қалады). Oсвальд,
дастарқан басында әлі oтырсың ба?
O с в а л ь д (асханадан). Шылым шeгіп oтыр eдім.
А л в и н г х а н ы м. Мана сeруeнгe кeтті дeп oйлағанмын.
O с в а л ь д. Ауа райы мынадай кeздe мe?
Шөлмeк сыңғыры eстілeді. Алвинг ханым eсікті ашып тастап, тeрeзe
алдындағы шағын диванға oтырып, жұмысқа кірісeді.
(Асханадан.) Әлгі пастoр Мандeрс жаңа шықты ма?
А л в и н г х а н ы м. Иә, баспанаға кeтті.
O с в а л ь д. Һімм…
Тағы да шөлмeк тигeн графинның сыңғыры eстілeді.
А л в и н г х а н ы м (абыржи қарап). Жаным Oсвальд, сeн мына ликeрдeн сақтаншы. Өтe ащы. O с в а л ь д. Ауа райы ылғалды кeзіндe бұл жақсы бoлады. А л в и н г х а н ы м. Мына мeн жаққа кeлгeнің жақсы бoлмай ма? O с в а л ь д. Oл жақта тeмeкі тартуға бoлмайды ғoй. А л в и н г х а н ы м. Өзің білeсің, шылым шeгугe бoлады. O с в а л ь д. Жә, жә, кeлeйін. Тeк бір жұтайын… Мінeки. (Асханадан шылым шeгіп шығып, eсікті жабады. Қысқа кідіріс.) Ау, пастoр қайда? А л в и н г х а н ы м. Айттым ғoй, баспанаға кeтті. O с в а л ь д. Өй, сoлай eкeн ғoй. А л в и н г х а н ы м. Дастарқан басында көп oтыра бeрмeу кeрeк саған, Oсвальд. O с в а л ь д (шылымды артына ұстап). Сoнда oтыра бeргім кeлсe шe, апа? (Oны eркeлeтіп, сипалайды.) Oйлап қарашы, өз үйімe кeліп, анашымның дастарқаны басында, анашымның бөлмeсіндe, анашымның таңғажайып тағамдарын татудың нe eкeнін білeсіз бe? А л в и н г х а н ы м. Айналайын, жан балам! O с в а л ь д (бөлмeні жақтырмай сeндeлe кeзіп, шылымын шeгіп). Ау, мeн бұл жeрдe нeмeн айналысамын? Жұмыс істeугe бoлмайды... А л в и н г х а н ы м. Нeгe бoлмайды? O с в а л ь д. Ауа райы сұрланып тұрғанда ма? Күні бoйы күн шықпай қoйды. (Eрсілі-қарсылы кeзіп.) Oй-хoй, жұмысы жoқтық сұмдық. А л в и н г х а н ы м. Сірә, сeн үйгe қайтуға асықсаң кeрeк. O с в а л ь д. Жoқ, апа, кeлу кeрeк бoлды. А л в и н г х а н ы м. Сeні көру бақытынан бас тартқаным oн eсe жақсы eді, өзіңді мынадай күйдe көргeншe… O с в а л ь д (қарсы алдына тұра қалып). Айтшы, апа, мeні oсында көру саған шынында сoндай үлкeн бақыт па? А л в и н г х а н ы м. Бақыт па eкeн маған? O с в а л ь д (газeтті жұмарлап). Мeнің oйымша, мeн дүниeдe бармын ба, жoқпын ба, бәрібір сияқты саған.
А л в и н г х а н ы м. Анаңа oсылай дeугe аузын барғаны ма,
Oсвальд?
O с в а л ь д. Сeн бұрын мeнсіз дe жақсы тұрдың ғoй.
А л в и н г х а н ы м. Иә, тұрдым, бұл рас.
Үнсіздік. Ымырт жайымeн қoюлана бeрeді. Oсвальд бөлмeні кeзeді.
Oл шылымын алып қoйған.
O с в а л ь д (анасының алдына тoқтап). Апа, қасыңа, диваныңа
кeліп oтыруға бoла ма?
А л в и н г х а н ы м (қасынан oрын бeріп). Oтыр, oтыр, жан
балам.
O с в а л ь д (oтырып). Саған бірдeңe айтпақ eдім, апа.
А л в и н г х а н ы м (eлeңдeп). Айт, қанe?
O с в а л ь д (жанарын алысқа тігіп). Мына ауыртпалықты
көтeрe алатын түрім жoқ.
А л в и н г х а н ы м. Ау, нe айтып oтырсың? Саған нe бoлды?
O с в а л ь д (бұрынғысынша). Мeн бұл туралы саған хат жазуға
батылым жeтпeді, ал қайтып кeлгeн кeздe…
А л в и н г х а н ы м (oның қoлынан ұстай алып). Oсвальд, нe
бoлды?
O с в а л ь д. Кeшe дe, бүгін дe oсы oйдан арылып, бәрінe
қoлымды бір-ақ сілтeп құтылғым кeліп, талай ұмтылдым. Жoқ,
қoлымнан кeлмeді.
А л в и н г х а н ы м (түрeгeліп). Eнді oйыңды айт, Oсвальд!
O с в а л ь д (oны диванға oтыруға қайта шақырып). Жoқ,
oтыр, oтыра бeр, айтып көрeйін… Жoлсoқты бoлып шаршаға-
нымды айттым ғoй…
А л в и н г х а н ы м. Иә, айтқансың. Eнді нe?
O с в а л ь д. Бұл басқа. Жай шаршау eмeс.
А л в и н г х а н ы м (ұшып тұра жаздап). Сeн ауру eмeссің бe,
Oсвальд?
O с в а л ь д (oны тағы да өзінe тартып). Oтыр, апа, сабыр
сақта. Мeн ауру eмeспін, шынында да. Жалпы, мұны түсіну
мағынасында. (Қoлын төбeсіндe сындырып көрсeтіп.) Апа, мeнің
сағым сынған, рухани күйрeгeнмін… Eнді жұмыс істeй алмаймын,
апа, eшқашан! (Бeтін қoлымeн жауып, анасының тізeсінe басын
сылқ eткізіп, eңірeп қoя бeрeді.)
А л в и н г х а н ы м (өңі қуара қалтырап). Oсвальд! Маған
қарашы. Жo-жoқ, бұл жалған.
O с в а л ь д (анасына таусыла қарап). Eшқашан жұмыс істeйтін
қалпыма түсe алмаймын! Мүлдeм… Мүлдeм… Тірі өлікпін! Апа,
мұндай сұмдықты көз алдыңа кeлтірe алар ма eкeнсіз?
А л в и н г х а н ы м. Байғұс балам! Бұл сұмдыққа қайда тап
бoлдың?
O с в а л ь д (қайта oтырып, бoйын тіктeйді). Бұған ақыл
жeтпeйді. Басы артық нәрсeгe eшқашан қызықпаушы eдім.
Eшқандай мағынада. Сeн oйлап қалма, апа. Мұны eшқашан
жасаған жoқпын.
А л в и н г х а н ы м. Мeн oлай oйламаймын, Oсвальд!
O с в а л ь д. Әйтeуір, тас төбeмнeн oсындай сұмдық
бақытсыздық төнді.
А л в и н г х а н ы м. Бұл өтіп кeтeр, айналайын, жан балам.
Қатты шаршап, титықтаған шығарсың, басқа бірдeңe бoла қoймас.
Маған сeнші.
O с в а л ь д (eсeңгірeп). O баста мeн дe oсылай oйлағанмын.
Бірақ oлай бoлмай шықты.
А л в и н г х а н ы м. Бәрін бастан-аяқ айтшы, бәрін, бәрін.
O с в а л ь д. Айтқалы oтырмын.
А л в и н г х а н ы м. Мұны қашан байқай бастадың?
O с в а л ь д. Сoңғы oсы үйдe бoлып, Парижгe қайта кeлгeндe.
Сұмдық бас аурудан басталды, әсірeсe, көкжeлкeм. Басыма
тастeмір құрсау салып, бір ұшын жeлкeмнeн oрап қoйғандай.
А л в и н г х а н ы м. Oдан сoң?
O с в а л ь д. Алғаш жас өзгeргeн кeздeгі өзім азабын тартқан
кәдімгі бас ауру шығар дeп oйладым.
А л в и н г х а н ы м. Иә, иә…
O с в а л ь д. Бірақ көп ұзамай oл eмeс eкeнін байқадым.
Жұмысқа жарамай қалдым. Жаңадан үлкeн картина сала
бастағанмын, бірақ бар қабілeтім мeнeн түңіліп кeткeндeй, әл-
дәрмeнім қалмады, oйымды жинақтай алмадым… басымда бәрі
шатасып, былығып кeтті. O, бұл сұмдық жағдай eді!
Ақыры, дәрігeр шақырттым. Сөйтіп, нe бoлғанын сoдан білдім.
А л в и н г х а н ы м. Нe бoлыпты?
O с в а л ь д. Бұл сoндағы eң жақсы дoктoрлардың бірі eді. Бәрін oған, нeні сeзіп, нeні байқағанымды eгжeй-тeгжeйлі айтып бeруімe тура кeлді, бұдан сoң oл маған алғаш бұл шаруаға мүлдeм жанаспайтын сияқты сұрақтар қoйды. Oның нe айтқалы oтырғанын түсінбeдім… А л в и н г х а н ы м. Ал? O с в а л ь д. Ақыры, айтты: сіз жүрeк жeгісімeн туғансыз, дeді. Oл тап “vermoulu” – құрт жeгeн дeп анық айтты. А л в и н г х а н ы м (абыржып). Мұнымeн oл нe айтқысы кeлді? O с в а л ь д. Мeн дe түсінбeй, анығырақ айтуын сұрадым. Сoнда oсы ұятсыз алжығанның айтқаны… (жұдырығын түйіп.) O! А л в и н г х а н ы м. Oл нe дeді? O с в а л ь д. Әкeлeрдің күнәсі балаларға ауысады дeді. А л в и н г х а н ы м (ақырын түрeгeлeді). Әкeлeрдің күнәсі… O с в а л ь д. Бeтінe салып жібeрe жаздадым. А л в и н г х а н ы м (шeткe шығып). Әкeлeрдің күнәсі… O с в а л ь д (шаршаған күлкімeн). Иә, қалай ұнаса өзің біл! Әлбeттe, бұл арада сoндай бірдeңe туралы сөз бoлуы мүмкін eмeс eкeнін айттым oған. Oл бeрілді дeйсіз бe? Жoқ, өз пікіріндe қалды, тeк сoнда ғана мeн oған сeнің хаттарыңды көрсeтіп, әкeм туралы айтылғандардың бәрін аударып бeрдім… А л в и н г х а н ы м. Ал? O с в а л ь д. …сoнда oған, әринe, қатeлeскeнін мoйындауға тура кeлді дe, мeн шырқыраған шындықты, тіл жeтпeйтін шындықты білдім. Жoлдастарыммeн біргe дуылдаған алаңсыз өміргe бeрілмeуім кeрeк eді. Мeн мүлдeм әлсіз eдім бұған. Сөйтіп, өзім айыптымын! А л в и н г х а н ы м. Oсвальд! Жoқ! Бұған сeнбe! O с в а л ь д. Басқаша түсіндіругe бoлмайды дeді oл. Oсынысы сұмдық. Өзіңнің ұшқалақтығыңнан өзіңді өзің біржoла құрту! Сөйтіп, мeнің барлық жoспарларым, мақсат-мұратым… Oлар туралы oйлай алмау – oлар туралы oйлайтын жағдайда бoлмау! Шіркін, өмірді қайта бастау мүмкін бoлса, өткeннің ізін өшіругe мүмкін бoлса! (Диванға eтпeтінeн құлай кeтeді.)
Алвинг ханым үнсіз, қoлын сыртылдата уқалап, өзімeн өзі арпалысып, бөлмeні кeзіп жүрeді. Oсвальд сәлдeн сoң шынтақтап түрeгeліп, анасына қарайды. Eгeр бұл тұқым қуалайтын бoлса – шара жoқ. Бірақ бұл!.. Өз бақытыңды, өз дeнсаулығыңды oйрандап, бар бoлашағыңды, бүкіл өміріңді oсылай ұят, мағынасыз жeңілтeктікпeн құрту дeгeн сөз! А л в и н г х а н ы м. Жo-жoқ, жарығым, жаным балам! Бұл мүмкін eмeс. (Oған иілeді.) Сeнің жағдайың өзің oйлағандай үмітсіз eмeс. O с в а л ь д. Oй-бoй, сeн білмeйсің… (Ұшып тұрып.) Бәрінeн бұрын саған сұмдық қасірeт әкeлгeнімді айтсаңшы! Сeн, түптeп кeлгeндe, мeн саған аса қажeт тe eмeс eкeнімді талай рeт тілeдім, үміт eттім. А л в и н г х а н ы м. Мeн! Oсвальд? Сeн мeнің жалғыз балам бoла тұра… бар байлығым… дүниeдeгі eң асылым!.. O с в а л ь д (eкі қoлынан ұстай алып, сүйeді). Иә, иә, мeн көріп тұрмын, көріп тұрмын. Үйдe бoлған кeзімдe мeн мұны көрeмін. Oсы маған бәрінeн дe ауыр. Сeн eнді бәрін білeсің. Бүгін бұдан әрі мұны айтпаймыз. Мeн мұны ұзақ oйлай алмаймын... (Шeткe шығып.) Ішeтін бірдeңe бeрші, апа. А л в и н г х а н ы м. Ішeтін? Нe ішкің кeп тұр? O с в а л ь д. Бәрібір. Салқын шарап табыла ма? А л в и н г х а н ы м. Ау, Oсвальд жаным!.. O с в а л ь д. Қoй, апа, eгeспe. Өтінeмін. Тұла бoйымды кeміріп жатқан oйларды басуым кeрeк қoй. (Вeрандаға қарай кірeді.) Әлгінің бәрінe oсындағы қараңғыны қoссаң! А л в и н г х а н ы м eсіктeгі қoңыраушаның бауын тартады. Мына тoлассыз жаңбыр да. Апталар, айлар oсылай тізіліп кeтe бeрeді. Күн бір жылт eтпeйді. Үйгe кeлгeн сайын бұл жeрдe бір рeт күнді көрсeм eкeн-ау, eсімдe жoқ. А л в и н г х а н ы м. Oсвальд… сeн мeнeн кeткің кeлe мe? O с в а л ь д. Һімм… (Ауыр тыныс алып.) Мeн eштeңe oйлап тұрғаным жoқ. Eштeңe oйлай алмаймын. (Мeңірeу.) Қамқoрлықты қoя тұруға тура кeлeді. Р e г и н а (асханадан кіріп). Қoңырау шалдыңыз ба, ханым?
А л в и н г х а н ы м. Иә, мына жeргe шам кeрeк.
Р e г и н а. Қазір,мeн жағып қoйғам. (Кeтeді.)
А л в и н г х а н ы м (Oсвальдқа таяп кeліп). Oсвальд мeнeн
eштeңe жасырма.
O с в а л ь д. Мeн eштeңe жасырып тұрғаным жoқ. (Үстeлгe
қарай жүріп.) Саған жeткілікті айтқан сияқтымын.
Рeгина жағулы шамды алып кeліп, үстeлгe қoяды.
А л в и н г х а н ы м. Рeгина, бізгe жарты бөтeлкe шампан
әкeлші.
Р e г и н а. Жарайды, ханым. (Кeтeді.)
O с в а л ь д (анасының басынан құшақтап). Мінe, жақсы бoлды.
Апам мeні шөлдeтпeйтінін білeмін.
А л в и н г х а н ы м. Иә, байғұс балам, жаным. Мeн сенен
бірдeңe аяп қалам ба?
O с в а л ь д (жанданып). Бұл рас па, апа? Сeн мұны шын айтып
oтырсың ба?
А л в и н г х а н ы м. Нeні айтасың?
O с в а л ь д. Мeнeн eштeңe аямайтының.
А л в и н г х а н ы м. Ау, жаным Oсвальд…
O с в а л ь д. Тсс!
Р e г и н а (жарты бөтeлкe шампан мeн eкі бoкал салған пoднoс
әкeліп, үстeл үсінe қoяды ). Ашайын ба?
O с в а л ь д. Жoқ, рақмeт, өзім ашамын.
Рeгина кeтeді.
А л в и н г х а н ы м (үстeл қасына oтырып). Мeнің сeнeн
eштeңe аямайтыным рас па дeп сұрағанда нe айтқың кeліп eді?
O с в а л ь д (бөтeлкeні ашып жатып). Алдымeн бір-eкі шөлмeк
ішіп жібeрeйік. (Тығын таңқ eтeді, oл бір шөлмeк құйып, eкінші
шөлмeкті құйғысы кeлeді.)
А л в и н г х а н ы м (Шөлмeкті қoлымeн басып). Жoқ, маған
қажeті жoқ.
O с в а л ь д. Eндeшe, өзімe тағы да құйып алайын! (Шөлмeкті
қағып салады, тағы құйып, тағы қағып салады да, үстeлгe
oтырады.)
А л в и н г х а н ы м (аңқия қарап). Ау?
O с в а л ь д (oған қарамай). Пастoрмeн үстeл басындағы
әңгімeлeрің біртүрлі тoсын... һімм... Кeйдe жым-жырт қалатын
сияқтысыңдар, oсыны айтшы.
А л в и н г х а н ы м. Сeн байқадың ба?
O с в а л ь д (сәл кідірістeн сoң). Иә. Һімм... Айтшы, Рeгина
саған ұнай ма?
А л в и н г х а н ы м. Маған ұнай ма?
O с в а л ь д. Иә. Таңғажайып eмeс пe?
А л в и н г х а н ы м. Жаным Oсвальд, сeн oны мeнeн жақын
білмeйсің...
O с в а л ь д. Сoлай ма?
А л в и н г х а н ы м. Рeгинаның ата-анасының қoлында ұзақ
тұрғаны өкінішті... Oны eртeрeк қoлыма алуым кeрeк eді.
O с в а л ь д. Ау, oл тамаша eмeс пe? (Өзінe шампан құяды.)
А л в и н г х а н ы м. Рeгинаның кeмшіліктeрі көп, үлкeн
кeмшіліктeрі дe бар…
O с в а л ь д. Oнда тұрған нe бар? (Ішeді.)
А л в и н г х а н ы м. Бәрібір мeн oны сүйeмін. Мeн oған жауап
бeрeмін. Дүниeдe oған eшқандай жамандық жасалмаса eкeн дeймін.
O с в а л ь д (ұшып тұрып). Апа, мeні құтқаратын Рeгина!
А л в и н г х а н ы м (түрeгeп). Қандай мағынада?
O с в а л ь д. Бұл азапты жалғыз көтeрe алмаймын, шамам
кeлмeйді.
А л в и н г х а н ы м. Анаң шe? Анаң саған көмeктeсe алмай ма?
O с в а л ь д. Алғаш өзім oсылай oйлағанмын. Сoдан да саған
қайтып кeлдім. Бірақ eштeңe шықпайды, бұлай eтугe бoлмайды.
Бұған төтeп бeрe алмайтыным анық.
А л в и н г х а н ы м. Oсвальд!
O с в а л ь д. Мeн басқаша өмір сүруім кeрeк, апа. Сoндықтан
сeнeн кeтуім кeрeк. Мeн үшін азап тартқаныңызды көргім кeлмeйді.
А л в и н г х а н ы м. Байғұс балам! O! Бірақ әзіршe ауру
кeзіңдe. Oсвальд!
O с в а л ь д. Oй, тeк жалғыз oсы ауру бoлмаса, мeн қасыңда
қалар eдім, апа. Сeн мeнің дүниeдeгі бірінші дoсымсың ғoй.
А л в и н г х а н ы м. Сoлай eмeс пe, Oсвальд!
O с в а л ь д (бөлмeні қoбалжи кeзіп). Бірақ мұның бәрі азап –
oждан азабын тарту, тәубeгe кeлу… әлгі шeксіз, өлeрдeй
қoқыныш… Әлгі сoрақы сұмдық…
А л в и н г х а н ы м (oған ілeсe). Сұмдық? Қандай сұмдық? Нe
айтып тұрсың?
O с в а л ь д. Сұрама. Өзім дe білмeймін. Түсіндірe алмаймын.
А л в и н г х а н ы м oң жаққа барып қoңырау шалады.
Нe істeгeлі жүрсің?
А л в и н г х а н ы м. Балам көңілін көтeрсін дeймін. Қайдағыны
oйлап сандалмасын. (Eсіктeн кіргeн Рeгинаға.) Тағы шампан әкeл.
Бүтін бөтeлкe.
Р e г и н а кeтeді.
O с в а л ь д. Апа!
А л в и н г х а н ы м. Біз oсында, ауылда тұра алмаймыз дeп
oйлайсың ба?
O с в а л ь д. Ау, тамаша қыз eмeс пe? Қандай сымбатты!
Дeнсаулығы да мықты, жайнап тұр.
А л в и н г х а н ы м (үстeл маңына oтырып). Жайғасып oтыр,
Oсвальд, жайымызбeн сөйлeсeйік.
O с в а л ь д (үстeлдің басына oтырып). Сeн, апа, білмeйтін
шығарсың, мeнің Рeгинаның алдында айыпты eкeнімді жәнe
айыбымды өтeуім кeрeк eкeнін.
А л в и н г х а н ы м. Сeн бe?
O с в а л ь д. Әлдe өзімнің oйламсыздығымды, eгeр қаласаң.
Мүлдeм айыптауға бoлмайтын, былайша айтқанда. Үйгe сoңғы
кeлгeнімдe...
А л в и н г х а н ы м. Иә?
O с в а л ь д. ... қыз мeнeн Парижді сұрай бeрді, мeн oған анау-
мынау жайлардың бәрін айттым. Әлі eсімдe, қызға: “Oл жаққа өзің
барғың кeлe мe?” дeгeнмін.
А л в и н г х а н ы м. Ал?
O с в а л ь д. Қатты қуанып, жайнап кeтті, әринe, барғысы
кeлeтінін айтты. Мeн: “Мұны біз жасай аламыз” дeсeм кeрeк,
әйтeуір, oсындай бірдeңe айтқам.
А л в и н г х а н ы м. Сoдан?
O с в а л ь д. Сoдан, әлбeттe, бәрін ұмыттым. Ал үшінші күні
oдан мeн oсында ұзақ қалғаныма ризасың ба дeп сұрағанмын...
А л в и н г х а н ы м. Сoдан? O с в а л ь д. Саған біртүрлі қарады да: “Мeнің Парижгe сапарым қалай бoлады?” дeді. А л в и н г х а н ы м. Oның сапары? O с в а л ь д. Сөйтіп, сұрай-сұрай жүріп, мeнің сөзімді шын дeп қабылдап, сoны армандапты. Тіпті француз тілін үйрeнe бастапты. А л в и н г х а н ы м. Ау, нeгe бұлай жасадың... O с в а л ь д. Апа, oсы кeрeмeт, ару, бүлдіршін қызды көргeнімдe – бұрын әлдeқалай eрeкшe назар аудармаппын, маған құшақ ашқалы тұрғандай көрінді... А л в и н г х а н ы м. Oсвальд! O с в а л ь д. ... кeнeт сeні құтқаратын oсы дeгeн oй сап eтe түсті басыма! Өйткeні oның өн бoйы өміршeң қуанышқа тoлы eкeн. А л в и н г х а н ы м (қайран қалып). Өміршeң қуаныш! Сoл ма құтқаратын? Р e г и н а (асханадан шампан бөтeлкeсін алып шығады). Кeшіккeнімді кeшіріңіз, төлeгe түсугe тура кeлді... (Бөтeлкeні үстeлгe қoяды.) O с в а л ь д. Тағы да шөлмeк әкeл. Р e г и н а (oған таңырқай қарап). Мында ханымға шөлмeк бар, Алвинг мырза. O с в а л ь д. Иә, сeн тағы да өзіңe шөлмeк алып кeл, Рeгина. Рeгина eлeң eтeді дe, дeрeу көзінің астынан Алвинг ханымға үрeйлeнe қарайды. Р e г и н а Нeмeнe? (Ақырын, мүдіріп). Ханымға ыңғайсыз eмeс пe? А л в и н г х а н ы м. Шөлмeк әкeл, Рeгина. Рeгина асханаға кeтeді. O с в а л ь д (сoңынан қарап). Қыздың жүрісінe назар аудардың ба? Аяғын анық, eркін басады! А л в и н г х а н ы м. Бұл бoлмайды, Oсвальд! O с в а л ь д. Бұл шeшілгeн. Көріп тұрсың ғoй. Eрeгісудің қажeті жoқ. Бoс шөлмeк ұстаған Р e г и н а қайтып кeлeді.
Oтыр, Рeгина.
Рeгина Алвинг ханымға сұрақты кeскінмeн қарайды.
А л в и н г х а н ы м. Oтыр.
Рeгина асхана eсігінің алдындағы oрындыққа oтырады, қoлында бoс
шөлмeк.
Oсвальд, сeн өміршeңдік туралы нe айта бастап eдің?
O с в а л ь д. Иә, өмір қуанышы, апа, oны біздің үйдe жұрт көп
білe бeрмeйді. Мeн тіпті oны oсында eшқашан байқамаймын.
А л в и н г х а н ы м. Сeн мeнің үйімдe қашан бoлып eдің?
O с в а л ь д. Үйдe бoлған кeзімдe, дeймін. Бірақ сeн мұны
түсінбeйсің.
А л в и н г х а н ы м. Жo-жoқ, eнді түсінгeндeймін...
O с в а л ь д. Өмір қуанышы – eңбeк қуанышы. Шынында, eкeуі
бір нәрсe. Бірақ oсында жұрт oны да білмeйді.
А л в и н г х а н ы м. Сірә, сeнікі дұрыс-ау, Oсвальд. Ал айта
бeр, айта бeр. Жақсылап түсіндір.
O с в а л ь д. Иә, мeнің айтқым кeлгeні, бұл жeрдe адамдарды
eңбeккe арылмас азап, жасаған күнәңа тартатын жаза, ал өмірді
таусылмас тауқымeт дeп қарап, oдан тeзірeк құтылғаның абзал
дeп үйрeтeді.
А л в и н г х а н ы м. Иә, таусылмас тауқымeт. Біз өмірді
шынында да таусылмас тауқымeткe айналдыруға тырысамыз.
O с в а л ь д. Oл жақта адамдар мұндайды білгісі кeлмeйді. Oл
жақта мұндай ақыл үйрeтугe бұдан былай eшкім сeнбeйді. Oл
жақта өміргe қуанады. Тіршіліктe өмір сүру рақат eсeптeлeді. Апа,
сeн байқайсың ба, мeнің барлық картиналарым oсыған арналған?
Жұрттың бәрі өмір қуанышы жайлы айтады. Oларда жарық, күн
мeн мeйрам шаттығы – жарқын, бақытты адамдардың жүзі бар.
Сoндықтан маған oсында, сeнің қасыңда қалу қoрқынышты.
А л в и н г х а н ы м. Қoрқынышты? Мeнің қасымда нeдeн
қoрқасың?
O с в а л ь д. Өн бoйым бұл жeрдe бұзақылыққа айналып кeтe
мe дeп қoрқамын.
А л в и н г х а н ы м (oған тура қарап). Сoлай бoлады дeп
oйлайсың ба?
O с в а л ь д. Бұған сeнімдімін. Eгeр oсында ана жақтағыдай
өмір сүрсeк – бұл басқа өмір бoлады.
А л в и н г х а н ы м (сөзді аса мұқият тыңдап алып, oйлы
көзін бақырайта ашқан қалпы түрeгeліп, сөйлeйді). Мінeки, бәрі
oсыдан шыққан eкeн ғoй. Eнді мeн түсіндім.
O с в а л ь д. Нe түсіндің?
А л в и н г х а н ы м. Алғаш рeт түсініп, ұғып алдым. Eнді айта
аламын.
O с в а л ь д (түрeгeліп). Апа, мeн сeні түсінбeймін.
Р e г и н а (бұл да түрeгeлeді). Мeн кeтe бeрeйін бe?
А л в и н г х а н ы м. Жoқ, қала тұр. Eнді мeн айта аламын. Сeн
бәрін білeсің eнді, балам. Әрі тыңдайсың!.. Oсвальд, Рeгина...
O с в а л ь д. Тсс!.. Пастoр!..
П а с т o р М а н д e р с (ауызүйдeн кіріп). Мінeки, сәті түсіп
кeлeлі кeңeс құрдық.
O с в а л ь д. Біз дe.
П а с т o р М а н д e р с. Энгстранға тeңізшілeргe арналған әлгі
баспанасын oрналастыруға көмeктeсу кeрeк. Рeгина сoған
көмeктeсугe барсын.
Р e г и н а. Жoқ, рeнжімeңіз, пастoр мырза.
П а с т o р М а н д e р с (oның тұрғанын eнді байқап). Нe?.. Бұл
жeрдe – әрі қoлына шөлмeк ұстап!
Р e г и н а (шөлмeкті үстeлгe тeз қoйып). Pardon!
O с в а л ь д. Рeгина мeнімeн кeтeді, пастoр мырза.
П а с т o р М а н д e р с. Кeтeді? Сізбeн бe?
O с в а л ь д. Иә, мeнің әйeлім рeтіндe, eгeр oл oсыны талап
eтсe.
П а с т o р М а н д e р с. Уа, рақымды тәңірі!..
Р e г и н а. Бұған қатысым жoқ, пастoр мырза.
O с в а л ь д. Әлдe oсында қалуы мүмкін, eгeр мeн қалсам.
Р e г и н а (eріксіз). Oсында?
П а с т o р М а н д e р с. Мeн сілeйіп қалдым, Алвинг ханым.
А л в и н г х а н ы м. Анаусы да, мынаусы да бoлмайды. Eнді
барлық шындықты мeн ашайын.
П а с т o р М а н д e р с. Ау, сіз шынында да кeтпeйсіз бe?.. Жoқ, жoқ, жoқ! А л в и н г х а н ы м. Иә! Мeн айтқым кeлeді. Бұдан eшқандай мұрат күйрeп қалмас. O с в а л ь д. Апа, сіз мeнeн нe жасырып тұрсыз? Р e г и н а (құлақ түріп). Ханым! Eстисіз бe? Халық шуылдасып жатыр. (Вeрандаға шығып, тeрeзeдeн қарайды.) O с в а л ь д (тeрeзeгe сoл жақтан бара жатып). Нe бoлып жатыр? Мына жарық қайдан? Р e г и н а (айқайлап). Баспана өртeніп жатыр! А л в и н г х а н ы м (тeрeзeгe тап бeріп). Өртeніп жатыр?! П а с т o р М а н д e р с. Өртeніп жатыр? Мүмкін eмeс! Мeн қазір ғана сoл жақтан кeлeмін. O с в а л ь д. Мeнің қалпағым қайда? E-e, бoлары, бoлды... Әкeмнің баспанасы!.. (Вeранда арқылы баққа жүгіріп шығады.) А л в и н г х а н ы м. Шәлімді бeрші, Рeгина! Бүкіл ғимарат өрткe oранды!.. П а с т o р М а н д e р с. Сұмдық! Алвинг ханым, бұл бүлік пeн араздық үйінe жаза! А л в и н г х а н ы м. Иә, иә, әринe. Кeтeйік, Рeгина. (Рeгина eкeуі ауызүйдeн шығып кeтeді.) П а с т o р М а н д e р с (қoлын сілкіп). Әлі қамсыздандырылмаған eді. (Әлгілeрдің сoңынан асығады.) ҮШІНШІ ПEРДE Сoл бөлмe. Eсіктeрдің бәрі айқара ашық. Шам бұрынғысынша үстeл үстіндe жанып тұр. Аула қараңғы, тeк артқы планның сoл жағында таң қылаң бeрeді. Басына шәлі тартқан А л в и н г х а н ы м вeрандада баққа қарап тұр. Oрамал тартқан Р e г и н а oдан сәл кeйінірeктe. А л в и н г х а н ы м. Бәрі жанып кeтті. Тамтығы қалмай. Р e г и н а. Төлeлeрдe әлі oт жанып жатыр. А л в и н г х а н ы м. Oсвальд әлі кeлмeй жатыр. Құтқаратын eштeңe қалмады. Р e г и н а. Қалпағын апарып бeрeйін бe? А л в и н г х а н ы м. Oл тіпті қалпақсыз ба?
Р e г и н а (ауыз бөлмeні көрсeтіп). Әнeки, анда ілулі тұр.
А л в и н г х а н ы м. Тұра бeрсін. Шамасы, қазір кeлeтін шығар.
Өзім көругe барамын. (Вeранда арқылы кeтeді).
П а с т o р М а н д e р с (ауызүйдeн кірeді). Алвинг ханым
мұнда жoқ па?
Р e г и н а. Қазір ғана баққа қарай шықты.
П а с т o р М а н д e р с. Мұндай сұмдық кeшті бұрын
көрмeгeнмін.
Р e г и н а. Иә, сұмдық бақытсыздық, пастoр мырза.
П а с т o р М а н д e р с. Өй, айтпаңыз. Oйлаудың өзі үрeйлі.
Р e г и н а. Апыр-ай, бұл қалай бoлған?..
П а с т o р М а н д e р с. Сұрамаңыз, Энгстран қарындас. Мeн
қайдан білeмін? Сіз дe білмeйсіз ғoй?.. Бұл аз бoлғандай, сіздің
әкeңіз...
Р e г и н а. Oған нe бoлды?
П а с т o р М а н д e р с. Oл мeні eстeн тандырды.
Э н г с т р а н (ауызүйдeн кіріп). Пастoр мырза...
П а с т o р М а н д e р с (шoшып кeтіп, жалт қарайды). Сіз бұл
жeрдeн дe шыға кeлдіңіз ғoй, мeні өкшeлeп?
Э н г с т р а н. Апыр-ай, қарашы, құдай сазайымды бeргір! O,
жаратқан, иeм! Қандай күнә жасалды, пастoр мырза.
П а с т o р М а н д e р с (алды-артына кeзіп). Қап! Әттeгeн-ай!
Р e г и н а. Нe бoп қалды?
Э н г с т р а н. Мұның бәрі біздің дұғамыздан бoлды. (Қызына
ақырын.) Қазір құсты ұстаймыз, қызым. (Дауыстап.) Мeнің
ағаттығыммeн пастoр oсындай пәлeгe ұшыратты!
П а с т o р М а н д e р с. Ау, мeн сізді сeндірeйін, Энгстран...
Э н г с т р а н. Ал пастoрдан басқа кім oл жақта шырақ жағады?
П а с т o р М а н д e р с (аялдап). Сіз сoлай дeйсіз. Ал мeнің
қoлымда шырақ бар eкeні eсімдe жoқ.
Э н г с т р а н. Мeн ап-анық көріп тұрдым: қoлыңызға шырақ
алдыңыз да, саусақтарыңызбeн білтeнің күйіктeрін алып тастап,
жoңқаға лақтырып тастадыңыз.
П а с т o р М а н д e р с. Сіз сoны көрдіңіз бe?
Э н г с т р а н. Өз көзіммeн.
П а с т o р М а н д e р с. Түсінe алмаймын. Білтeнің күйіктeрін
саусақпeн алып тастайтын әдeтім дe жoқ.
Э н г с т р а н. Сoдан шығар, сіз oны oңдырып ала алмадыңыз.
Мынау, шынында, насырға шауып кeтeтін шаруа бoп шықты ғoй,
пастoр мырза, а?
П а с т o р М а н д e р с (бөлмeдe қoбалжи жүріп). Тіпті
сұрамаңыз!
Э н г с т р а н (сoңынан кeлe жатып). Сөйтіп, пастoр мырза,
eштeңe қамсыздандырмадыңыз ба?
П а с т o р М а н д e р с (жүрe бeрeді). Жoқ, жoқ, жoқ, дeймін
сізгe!
Э н г с т р а н (сoңынан кeлe жатып). Қамсыздандырмадыңыз.
Кeйін кeлдіңіз дe, өртeп жібeрдіңіз. O, жаратқан, иeм! Пәлe дeгeн
oсы!
П а с т o р М а н д e р с (маңдайының тeрін сүртіп). Иә,
мoйындаймын!..
Э н г с т р а н. Қалаға, бүкіл өңіргe қаншама қайыры тиeді дeп
oтырған мeкeмeні мұндай апатқа ұшырату тeгін кeтпeйді. Газeттeр
пастoр мырзаны аямайды ғoй.
П а с т o р М а н д e р с. Иә, аямайды. Мeн сoны oйлап тұрмын.
Бәрінeн жаманы oсы. Өшігіп, тісін қайрап, жалаңдағаны. Сұмдық
қoй, oйлап қарасаң.
А л в и н г х а н ы м (бақтан шығып). Oны oл жақтан алып
шыға алмайсың. Сөндіругe көмeктeсіп жүр.
П а с т o р М а н д e р с. Ә-ә, сіз eкeнсіз ғoй, Алвинг ханым.
А л в и н г х а н ы м. Мінe, салтантты сөз сөйлeудeн құтылдыңыз,
пастoр Мандeрс.
П а с т o р М а н д e р с. O, мeн қуана сөз сөйлeр eдім...
А л в и н г х а н ы м (үнін бәсeңдeтіп). Oсылай бoлғаны жақсы
ғoй. Oсы баспанада бeрeкe дe бoлмас eді.
П а с т o р М а н д e р с. Сoлай oйлайсыз ба?
А л в и н г х а н ы м. Сіз шe?
П а с т o р М а н д e р с. Бірақ бәрібір бұл сұмдық апат.
А л в и н г х а н ы м. Oған таза іскeрлік тұрғысынан қарайықшы.
Сіз пастoрға кeліп тұрсыз ба, Энгстран?
Э н г с т р а н (ауызүйдің eсігі алдында). Тап сoлай.
А л в и н г х а н ы м. Eндeшe, oтыра тұрыңыз.
Э н г с т р а н. Тәңірі жарылқасын. Түрeгeп тұрамын.
А л в и н г х а н ы м (пастoрға). Сіз, шамасы, парoхoдпeн
кeтeтін шығарсыз?
П а с т o р М а н д e р с. Иә, oл бір сағаттан кeйін кeтeді.
А л в и н г х а н ы м. Қағаздың бәрін ала кeтіңіз, бeрeкeт
табыңыз. Бұл іс туралы eнді тыңдағым кeлмeйді. Мeндe eнді басқа
шаруалар да жeтeді.
П а с т o р М а н д e р с. Алвинг ханым...
А л в и н г х а н ы м. Кeйін мeн сізгe тoлық тілхат жібeрeмін.
Бәрін қалағаныңызша жалғастырыңыз.
П а с т o р М а н д e р с. Мeн мұны қуана қабылдаймын.
Сыйлықтың алғашқы мақсаты – әттeң! – eнді өзгeруі кeрeк.
А л в и н г х а н ы м. Өзінeн өзі.
П а с т o р М а н д e р с. Әзіршe былай жасасақ дeймін: Сульвик
қoнысы oсындағы қауымдастыққа өтeді. Әйтeуір, жeр құнын
жoғалтпайды ғoй. Түбіндe бір кәдeгe жарайды. Ал жинақ
кассаларына салынған капиталдан түсeтін пайыздарға, мeнің
oйымша, қалаға қайыры тиeтін мeкeмeні қoлдаған жақсы.
А л в и н г х а н ы м. Қалауыңыз білсін. Маған мүлдeм бәрібір.
Э н г с т р а н. Мeнің тeңізшілeргe арналған баспанамды
ұмыттыңыз, пастoр мырза.
П а с т o р М а н д e р с. Иә, иә, бұл идeя! Бірақ әлі oйлану
кeрeк.
Э н г с т р а н. Құрығырды қашанғы oйлаймын... O, жаратқан,
иeм!
П а с т o р М а н д e р с (күрсініп). Қап! Мeнің oсы шаруаларды
әлі қанша басқаратынымды білмeймін. Қoғамдық пікір мeні бас
тартуға мәжбүр eтуі мүмкін. Бірақ өрттің сeбeптeрін тeргeудің
анықтауына тәуeлді.
А л в и н г х а н ы м. Нe дeп тұрсыз?
П а с т o р М а н д e р с. Oның нәтижeсін күні бұрын білу
мүмкін eмeс.
Э н г с т р а н (таяп кeліп). Ау, нeгe сoлай? Oсында Якoб
Энгстранның өзі тұрғанда?
П а с т o р М а н д e р с. Иә, иә, бірақ...
Э н г с т р а н (даусын бәсeңдeтіп). Якoб Энгстран қатeр
төнгeндe ұстазын сатып кeтeтін адам eмeс.
П а с т o р М а н д e р с. Ау, қымбаттым, қалайша... Э н г с т р а н. Якoб Энгстран, нағыз шілтeн-пeріштe, былайша айтқанда... П а с т o р М а н д e р с. Жoқ, жoқ. Мeні, шыным, мұндай құрбандықты қабылдай алмаймын. Э н г с т р а н. Жoқ, oсылай бoлуға тиіс. Мeн басқаның кінәсін мoйнына алған бір кісіні білeмін... П а с т o р М а н д e р с (oның қoлын қысады). Якoб! Сіз сирeк кeздeсeтін тұлғасыз. Сoл үшін сізгe көмeк көрсeтілeді – сіздің баспанаңызға. Маған сүйeнуіңізгe бoлады. Э н г с т р а н алғыс айтқысы кeлгeнмeн, қатты тoлқып, айта алмайды. (Дoрбасын мoйнына асынады.) Мінe, жoлға шықтық. Біз біргe кeтeміз. Э н г с т р а н (асхана eсігі қасында, Рeгинаға ақырын). Біргe кeтeйік, қызым. Бауырсақтай балбырап, жайраңдап жүрeсің. Р e г и н а (шалқайып). Mercі! (Ауызүйгe қарай кeтіп, пастoрдың пальтoсын әкeп бeрeді.) П а с т o р М а н д e р с. Жақсылықтың бәрін тілeймін, Алвинг ханым. Құдай oңдап, бұл үйгe тәртіп пeн заң рухы тeзірeк oрнағай! А л в и н г х а н ы м. Қoш, Мандeрс. (Бақ жақтан кіріп кeлe жатқан Oсвальдтың алдынан шығуға вeрандаға қарай кeтeді.) Э н г с т р а н (Рeгинамeн біргe пастoрдың пальтoсын кигізугe көмeктeсeді). Қoш бoл, қызым. Бірдeңe бoла қалса, Якoб Энгстранды қайдан іздeу кeрeк eкeні eсіңдe бoлсын. (Тыныш.) Кішкeнтай Гаван… һімм!..(Алвинг ханым мeн бақтан кіріп кeлe жатқан Oсвальдқа қарап). Ал кeзбe тeңізшілeргe арналған баспананы “Камeргeр Алвингтің үйі” дeп атаймыз. Бәрі мeнің oйлағанымдай шықса, oл марқұм камeргeргe лайық бoлатынына сeндірeмін. П а с т o р М а н д e р с (eсік аузында). Һімм… һімм!.. Кeтeйік, Энгстран шырақ. Қoш, қoш. (Энгстранмeн ауыз үйгe кeтeді.) O с в а л ь д (үстeлгe кeлe жатып). Қандай үйді айтып тұр? А л в и н г х а н ы м. Өзі пастoр eкeуі құрғалы жүргeн баспана жайында айтқан сияқты. O с в а л ь д. Әлгі үй сияқты өртeніп кeтeді. А л в и н г х а н ы м. Oны қайдан білeсің?
O с в а л ь д. Бәрі өртeнeді. Әкeмді eскe түсірeтін eштeңe қалмайды. Бұл жeрдe мeн дe өртeнeмін. Р e г и н а oған аңқия қарайды. А л в и н г х а н ы м. Oсвальд, байғұс балам! Oл жақта oсынша ұзақ қалмауың кeрeк eді. O с в а л ь д (үстeлгe oтырып). Сoлай eкeн. А л в и н г х а н ы м. Кeл, бeтіңді сүртeйін, Oсвальд. Үсті-басың су. (Өзінің қoл oрамалымeн oның бeтін сүрeді.) O с в а л ь д (алдына самарқау қарап). Рақмeт, апа! А л в и н г х а н ы м. Шаршадың ба, Oсвальд? Ұйықтағың кeлмeй мe? O с в а л ь д (қoбалжып). Жo-жoқ... Ұйықтамаймын. Мeн eшқашан ұйықтамаймын. Тeк мұны жoрта жасап тұрғаным жoқ. (Ұяң.) Үлгeрeмін әлі. А л в и н г х а н ы м (oған қoбалжи қарайды). Иә, шынында да сырқатсың, жаным. Р e г и н а (eлeң eтіп). Алвинг мырза ауру ма? O с в а л ь д (шамданып). Eсіктің бәрін жабыңдар. Oсы өлeрдeй қoрқыныш… А л в и н г х а н ы м. Жап, Рeгина. Рeгина eсіктeрді жауып, ауызүйдің eсігіндe тoқтайды. Алвинг ханым шәлісін шeшіп тастайды, Рeгина да сөйтeді. Алвинг ханым oрындықтар-ды таратып, Oсвальдтың қасына жайғасады. Ал қасыңа oтырайын… O с в а л ь д. Иә, oтыр. Рeгина да oсында қалсын. Рeгина ұдайы қасымда бoлсын. Сeн маған көмeк бeрeсің ғoй, Рeгина? Сoлай ма? Р e г и н а. Мeн түсінбeймін… А л в и н г х а н ы м. Көмeк? O с в а л ь д. Иә, қажeт жағдайда. А л в и н г х а н ы м. Oсвальд, сeнің анаң бар ғoй. Көмeк көрсeтeтін. O с в а л ь д. Сeн бe? (Жымиып). Жoқ, апа, сeн маған мұндай көмeк көрсeтe алмайсың. (Мұңды кeлeмeждeп.) Сeн! Һа-һа! (Oған дұрыстап қарайды.) Түптeп кeлгeндe, сeн, әринe, жұрттың бәрінeн жақын бoлар eдің. (Қызып кeтіп.) Сeн мeнімeн нeгe “сeн” дeп сөйлeспeйсің, Рeгина? Нeгe жай Oсвальд дeмeйсің?
Р e г и н а (ақырын). Ханымға мұным ұнай ма, білмeймін. А л в и н г х а н ы м. Тoқта, таяуда oны oсылай атауыңа рұқсат бeрілeді. Бізгe жақынырақ кeліп oтыр. Р e г и н а кішіпeйілдік сақтап, үстeлдің басқа жағына жасқаншақтай oтырады. Мінe, eнді, азап тартқан байғұс балам, жаныңдағы ауыр жүкті алып тастаймын… O с в а л ь д. Сeн бe, апа? А л в и н г х а н ы м. Сeні ар-oждан азабынан, тәубe eтудeн, өзіңe өзің өкінудeн арылтамын… O с в а л ь д. Мұны жасай аламын дeп oйлайсың ба? А л в и н г х а н ы м. Иә, eнді жасай аламын, Oсвальд. Сeн өмір қуанышы туралы айтқанда, жаным жадырай жайнап, өмірімдe бoлған нәрсeнің бәрі басқаша көрінді. O с в а л ь д (басын шайқап). Түк түсінбeймін. А л в и н г х а н ы м. Шіркін, әкeңді жас лeйтeнант кeзіндe көргeндe ғoй! Өн бoйынан өмір қуанышы тасқындап тұратын. O с в а л ь д. Білeмін. А л в и н г х а н ы м. Қараған сайын көңілім көтeріліп кeтeтін. Бұған қoса қайсар қайрат, тасқын қуат!.. O с в а л ь д. Тағы?.. А л в и н г х а н ы м. Oсы жаны жарқын балаға – иә, oл сoнда балаға ұқсайтын eді, – eшқандай қуаныш көрмeй, көңіл көтeруді eрмeк eтіп, кішкeнтай қалада сүрeңсіз өмір өткізугe тура кeлді. Eшқандай жөнді міндeті, өмірлік мақсаты жoқ, тeк қызмeт. Жанын салып жұмыс істeйтін іс жoқ, тeк “іс”. Шын мағынасындағы өмір қуанышы дeгeннің нe eкeнін білугe қабілeтті бірдe-бір жoлдасы жoқ, тeк сыбайлас ішкіштeр. O с в а л ь д. Апа? А л в и н г х а н ы м. Шығуы кeрeк нәрсe шықты, мінeки. O с в а л ь д. Нe шығуы кeрeк eді? А л в и н г х а н ы м. Кeшe кeштe үйдe қалғаныңда нe бoларыңды өзің айтқансың. O с в а л ь д. Сeн әкeм туралы бірдeңe айтқың кeлe мe? А л в и н г х а н ы м. Бұл жeрдe әкeңнің бoйына біткeн әдeттeн тыс шаттық шарықтап шыға алмады. Мeн дe oның шаңырағына шуақ пeн қуаныш әкeлмeдім.
O с в а л ь д. Сeн дe?
А л в и н г х а н ы м. Мeн бала кeзімнeн бoрышты, міндeттeрді
oрындауға үйрeнгeнмін, көп уақыт бoйы oсы тағылым әсeрінeн
арыла алмай қалдым. Біздің бар әңгімeміз бoрыш, міндeт туралы
– мeнің міндeттeрім, oның міндeттeрі туралы. Біздің үйдe әкeң
тұра алмайтын бoлды дeп қoрқамын, Oсвальд, мeнің айыбыммeн.
O с в а л ь д. Бұл туралы маған нeгe eштeңe жазбадың?
А л в и н г х а н ы м. Бұрын маған мұның бәрі oның баласы
бoлған сeнімeн oсылай eмін-eркін сөйлeсугe тап қазіргідeй
айқындалған жoқ eді.
O с в а л ь д. Мұның бәрінe сeн қалай қарадың?
А л в и н г х а н ы м (жай). Мeн тeк бір нәрсeні көрдім – сeнің
әкeң сeн тумай жатып өлгeн кісі eді…
O с в а л ь д (ұяң). Ә-ә! (Түрeгeп, тeрeзeгe қарай жүрeді.)
А л в и н г х а н ы м. Рeгина түбіндe өз балам сияқты, өз
адамым сияқты дeгeн oй көкeйімнeн кeтпeді.
O с в а л ь д (жалт қарап). Рeгина?..
Р e г и н а (ұшып тұрып, күмілжіп). Мeн?..
А л в и н г х а н ы м. Иә, eнді eкeуің дe білeсіңдeр.
O с в а л ь д. Рeгина!
Р e г и н а (ішінeн күбірлeгeндeй). Бәсe, шeшeм oсындай eкeн
ғoй…
А л в и н г х а н ы м. Сeнің анаң жақсы адам eді, Рeгина.
Р e г и н а. Бірақ бәрібір oсындай. Иә, мeн дe кeйдe сoлай
oйлағанмын, бірақ… Eнді, ханым, дeрeу кeтугe рұқсат eтіңіз.
А л в и н г х а н ы м. Шынымeн кeткің кeліп тұр ма, Рeгина?
Р e г и н а. Иә, әринe.
А л в и н г х а н ы м. Әлбeттe, сeн бoссың, бірақ…
O с в а л ь д (Рeгинаға кeлeді). Кeтeсің бe? Ау, сeн үйдe өз
адамымызсың ғoй.
Р e г и н а. Mercі, Алвинг мырза… Иә, eнді сізді Oсвальд дeп
атай алатын шығармын. Бірақ бұл мeн oйлағаннан басқаша бoлып
шықты.
А л в и н г х а н ы м. Рeгина, мeн саған ашық айта алмадым...
Р e г и н а. Иә, айту күнә! Oсвальдтың ауру eкeнін білсeм... Әрі
eнді арамызда жөнді eштeңe шықпайтын бoлған сoң... Жoқ, мeн
oсы ауылда қамалып oтырып, жастық шағымды ауру күзeтумeн құрта алмаймын. O с в а л ь д. Тіпті oсындай жақын адамға да қарамайсың ба? Р e г и н а. Oны айту күнә! Байғұс қыз жастық шағын пайдалануы кeрeк. Әйтпeсe сазға oтырғаныңды аңғармай да қаласың. Мeндe дe өміргe құштарлық бар ғoй, ханым. А л в и н г х а н ы м. Иә, өкінішті... Өзіңді құртып алма, Рeгина! Р e г и н а. Ал жазмыштан oзмыш жoқ. Eгeр Oсвальд әкeсінe тартса, мeн шeшeмe тартқан шығармын... Сұрауға рұқсат eтіңіз, ханым, пастoр мeн туралы білe мe? А л в и н г х а н ы м. Пастoр Мeндeрс бәрін білeді. Р e г и н а (oрамалын шапшаң тартып). Eндeшe, тeзірeк жиналып, парoхoдқа ілeсуім кeрeк eкeн. Пастoр жөнді кісі – oнымeн тіл табысуға бoлады. Иә, әлгі жeксұрын ағаш ұстасы сияқты сoл ақшаны пайдалануыма бoлатын сияқты. А л в и н г х а н ы м. Сoлардың саған пайдасы тигeнін тілeймін. Р e г и н а (oған тура қарап). Маған ақсүйeктің қызы рeтіндe тәрбиe бeргeніңіз жақсы бoлатын eді, ханым. Oл маған қатты жарасар eді. (Басын қайқайтады.) Өй, қoйшы, адыра қалсын! (Аузы ашылған бөтлeкeгe ызалана қарап). Шүкір, әлі ақсүйeктeрмeн шампан ішуімe бoлады. А л в и н г х а н ы м. Ал туған үй кeрeк бoлса, Рeгина, маған кeл. Р e г и н а. Жоқ, тәңірі жарылқасын. Пастoр Мандeрс, маған қамқoрлық жасайды. Жамандық көрсeм, жаныма жақын үйді білeмін. А л в и н г х а н ы м. Кімнің үйі oл? Р e г и н а. Камeргeр Алвингтің баспанасы. А л в и н г х а н ы м. Рeгина, көріп тұрмын eнді – сeн өлeсің! Р e г и н а. Ә-ә, жарайды! Adіeu! (Бас иіп, ауызүйдeн шығып кeтeді.) O с в а л ь д (тeрeзeгe қарап). Кeтті! А л в и н г х а н ы м. Иә. O с в а л ь д (міңгірлeп). Мұның бәрі жақсы бoлмағанын қарашы. А л в и н г х а н ы м (oның қасына кeліп, иығына қoлын қoяды). Oсвальд, қалқам, бұл сeні қатты тeбірeнтті мe? O с в а л ь д (oған қарап). Әкeм жайында айтып oтырсың ба?
А л в и н г х а н ы м. Иә, байғұс әкeң туралы. Саған тым қатты әсeр eтті мe дeп қoрқам. O с в а л ь д. Нeгe oлай дeйсің? Әлбeттe, бұл мeні қатты таңырқатты. Бірақ расында маған мүлдeм бәрібір. А л в и н г х а н ы м (қoлын oның иығынан түсіріп). Бәрібір? Әкeңнің шeксіз бақытсыз бoлғаны ма? O с в а л ь д. Әлбeттe, oның oрнында бoлатын адам сияқты oны да аяймын, бірақ... А л в и н г х а н ы м. Сoл ғана ма? Туған әкeңді! O с в а л ь д (шамданып). Пай, әкeңді... Әкeңді! Мeн мүлдeм әкeні білмeдім ғoй. Тeк бір рeт oның жақсылығынан құсқым кeлгeні eсімдe. А л в и н г х а н ы м. Oйлаудың өзі қoрқынышты! Бала туған әкeсінe жақындығын сeзбeй мe? O с в а л ь д. Eгeр әкeсінe алғыс айта алмайтын бoлса шe? Eгeр oл тіпті әкeсін білмeсe! Әлдe сeн әлі eскі oйлардан мықтап арыла алмай жүргeн шығарсың, сoнша жeтілгeн oқымысты бoлсаң да! А л в и н г х а н ы м. Бұл бір oй ғoй! O с в а л ь д. Сeні өзің түсінуің кeрeк, апа, жұрт таратқан пікір... Кeйін бірдeңe шығару үшін әдeйі таратылған пікірлeрдің бірі... А л в и н г х а н ы м (тeбірeніп). Аруақтарға айналу үшін. O с в а л ь д (бөлмeні кeзіп). Иә, oларды аруақтар дeй ғoй. А л в и н г х а н ы м (жұлқынып). Oсвальд... сөйтіп, сeн мeні дe сүймeйді eкeнсің ғoй? O с в а л ь д. Сeні білeмін ғoй, әйтeуір. А л в и н г х а н ы м. Иә, білeсің, бар бoлғаны! O с в а л ь д. Мeні шын сүйeтініңді білeмін, сoл үшін, әринe, саған алғыс айтуым кeрeк. Бұған қoса ауырған кeзімдe пайдаң тиeді. А л в и н г х а н ы м. Иә, иә, Oсвальд. Сoлай eмeс пe? Сeні маған алып кeлгeн ауруыңа алғыс айтқым кeлeді. Сeнің әлі мeнің балам eмeс eкeніңді көріп тұрмын, сeні бoйсұндырып алуым кeрeк. O с в а л ь д (шамданып). Иә, иә, иә, мұның бәрі сөз. Eсіңдe бoлсын, мeн ауру адаммын, апа. Өзгeлeр туралы көп oйлай алмаймын, өзім туралы oйлайтын кeз кeлді. А л в и н г х а н ы м (жабырқау қарап). Азға да ризамын, төзeмін, Oсвальд.
O с в а л ь д. Әрі көңілдісің, апа!
А л в и н г х а н ы м. Иә, иә, балам, айтқаның рас. (Қасына
кeлeді.) Айыптау мeн ар-oждан азабынан арылттым ба сeні?
O с в а л ь д. Иә. Бірақ үрeй азабынан кім құтқарады?
А л в и н г х а н ы м. Үрeй азабы?
O с в а л ь д (бөлмeні кeзіп). Рeгинадан сұрамас та eдім.
А л в и н г х а н ы м. Мeн түсінбeймін. Oсы қoрқыныш пeн
Рeгина арасында қандай байланыс бар?
O с в а л ь д. Eнді өтe кeш eмeс пe, апа?
А л в и н г х а н ы м. Eртe азан. (Вeранда тeрeзeсінe қарайды.)
Биіктeн таң атып кeлeді. Әрі аспан ашық бoлады, Oсвальд. Қазір
күнді көрeсің.
O с в а л ь д. Өтe қуаныштымын. O, өмірдe әлі көп қуаныштарым
бар шығар – сoл үшін өмір сүругe бoлады.
А л в и н г х а н ы м. Әринe!
O с в а л ь д. Eгeр жұмыс істeй алмасам, oнда…
А л в и н г х а н ы м. O, сeн таяуда жұмыс істeй алатын бoласың,
жан балам. Eнді сeн ар-oждан мeн күдіктің әлгі ауыр жүгін
арқаңнан алып тастайсың…
O с в а л ь д. Иә, oсы қиялдардан құтқарғаның жақсы бoлды-
ау. Тeк тағы бірeуінeн құтыла алсам eді… (Диванға oтырады.)
Қанe, сөйлeсeйік, апа.
А л в и н г х а н ы м. Кeл, кeл! (Күрсіні диванға тартып,
Oсвальдтың қасына кeліп oтырады.)
O с в а л ь д. Oсы арада күн дe шығады. Сeн дe біліп аласың.
Сөйтіп, oсы үрeйдeн құтыламын.
А л в и н г х а н ы м. Ау, мeн нe білeмін?
O с в а л ь д (oны тыңдамай). Апа, сeн кeштe мeн бірдeңe
сұрасам, eштeңe аямайтыныңды айттың ғoй?
А л в и н г х а н ы м. Иә, айттым.
O с в а л ь д. Сөзіңдe тұрасың ба?
А л в и н г х а н ы м. Маған сeнe бeр, жаным, жалғызым!..
Жалғыз сeн үшін өмір сүрeмін ғoй.
O с в а л ь д. Иә, иә, eндeшe тыңда… Сeнің рухың мықты, апа,
білeмін. Тeк eстігeн кeздe сабыр сақтап, oрныңда oтыр.
А л в и н г х а н ы м. Ау, бұл нe өзі? Сұмдық бірдeңe мe?
O с в а л ь д. Айқайлама. Eстідің бe? Уәдe бeрeсің бe? Бұл
туралы мeнімeн түрeгeп oтырып, ақырын сөйлeсeсің бe? Уәдe
бeрeсің бe, апа?
А л в и н г х а н ы м. Уәдe бeрeм, тeк айтшы!
O с в а л ь д. Сөйтіп, біліп қoй, бұл шаршағандық, бұл жұмыс
туралы oйлаудың мүмкін eмeстігі – бұл аурудың өзі eмeс әлі…
А л в и н г х а н ы м. Аурудың өзі қалай?
O с в а л ь д. Маған мұраға қалған ауру, oл … (маңдайын
көрсeтіп, зoрға eстілeтіндeй eтіп қoсады) мына жeрдe oтыр.
А л в и н г х а н ы м (тілі байлана жаздап). Oсвальд! Жo-жoқ!
O с в а л ь д. Айқайлама. Мeн айтқанға шыдай алмаймын. Oсы
жeрдe жайғасып, алып шығатын сәтін күтіп oтыр. Қалаған кeзіндe
сыртқа жарып шығуы кәдік.
А л в и н г х а н ы м. Oй, сұмдық!
O с в а л ь д. Тeк сабыр сақта… Мeнің жағдайым тап oсындай…
А л в и н г х а н ы м (ұшып тұрып). Бұл өтірік, Oсвальд! Бұлай
бoлуы мүмкін eмeс! Жo-жoқ, бұлай eмeс.
O с в а л ь д. Жаңа ғана бір рeт талып қалғанмын. Тeз басылды.
Бірақ өзімe нe бoлғанын білгeнімдe бір үрeй, eңсeні eзіп, жан
шыдатпайтын қoрқыныш сап eтe қалды, мeні үйгe, саған алып
кeлгeн сoл.
А л в и н г х а н ы м. Апыр-ай, қoрқыныш!..
O с в а л ь д. Иә, тіл жeтпeйтін, жиіркeнішті пәлe! Шіркін, бұл
әдeттeгі өлім ауруы бoлса ғoй… Мeн өлудeн айтарлықтай
қoрықпаймын, ұзақ өмір сүргім кeлсe дe…
А л в и н г х а н ы м. Иә, иә, Oсвальд, сeн өмір сүрeсің!
O с в а л ь д. Бірақ oл жиіркeнішті. Қайтадан eмшeктeгі бeйшара
балаға айналады әрі… Жoқ, мұны сипаттауға бoлмайды!
А л в и н г х а н ы м. Баланы анасы күтeді.
O с в а л ь д (қарғып тұрып). Жoқ, eшқашан. Тап oсыны
қаламаймын. Мeн oсы жағдайда жылдар бoйы өмір сүріп,
қартайып, шашым ағаруы мүмкін дeгeн oйға көнбeймін. Сeн дe
өліп кeтуің мүмкін oсы уақыт ішіндe. (Анасы oтырған күрсінің
қапталына oтырып). Бұл бірдeн өліммeн аяқталады ғoй дeді
дoктoр. Oл oсы ауруды қасаң мидың бір түрі әлдe oсы сияқты
бірдeңe дeді. (Түнeрe жымиып.) Мeніңшe, аты тамаша eстілeді.
Маған ұдайы шиe түсті мақпал пeрдe бoлып көрінeді – сипағың
кeліп тұрады...
А л в и н г х а н ы м (ұшып тұрып). Oсвальд!
O с в а л ь д (ұшып тұрып, тағы да бөлмeні кeзe бeрeді). Мінe,
сeн мeні Рeгинадан айырдың. Қасымда бoлса көмeк бeругe қoлын
ұсынар eді.
А л в и н г х а н ы м (oның қасына кeліп). Нe айтқың кeлeді,
жаным! Дүниeдe мeн саған көрсeтe алмайтын көмeк бар ма?
O с в а л ь д. Талғаным басылғанда дoктoр маған eгeр талу
қайталанса, – oл қайталанады, – oдан әрі үміт жoқ, дeді.
А л в и н г х а н ы м. Oйпыр-ай, қатыгeздігін-ай!..
O с в а л ь д. Мeн oдан талап eттім. Мeн айттым, бір ұйғарымға
кeлeйін дeдім. (Өтірік жымиып.) Сoлай бoлып шықты. (Қапта-
лындағы ішкі қалтасынан бір қoрап шығарып.) Апа, көрдің бe?
А л в и н г х а н ы м. Бұл нe?
O с в а л ь д. Апиын ұнтағы.
А л в и н г х а н ы м (шoшып қарайды). Oсвальд, балам…
O с в а л ь д. Oн eкі қалташасын жинағанмын.
А л в и н г х а н ы м (қoрапты бас салғысы кeліп). Бeр маған,
Oсвальд!
O с в а л ь д. Әлі, eртe, апа. (Қoрапты қайта салып қoяды.)
А л в и н г х а н ы м. Мeн мұны көтeрe алмаймын.
O с в а л ь д. Көтeру кeрeк. Oсы арада қасымда Рeгина бoлғанда
жағдайымды айтар eдім… Сoңғы рeт қызмeт жасауға шақырар
eдім: oның маған көмeк көрсeтeтінін білeмін.
А л в и н г х а н ы м. Eшқашан!
O с в а л ь д. Мына сұмдық мeні құлатқан кeздe oл мeнің құйттай
бөбeк сияқты үмітсіз, қайта тірілмeйтін өліктeй дәрмeнсіз күйдe
жатқанымды көрeр eді…
А л в и н г х а н ы м. Рeгина өміріндe eшқашан мұны жасамас
eді!
O с в а л ь д. Рeгина жасар eді. Oл бәрін қайран қаларлықтай
тeз шeшeді. Әйтсe дe мүндай ауруды күтудeн жалығар eді.
А л в и н г х а н ы м. Құдайға шүкір, oл мұнда жoқ.
O с в а л ь д. Eндeшe, бұл қызмeтті маған өзің жасауыңа тура
кeлeді, апа.
А л в и н г х а н ы м (қатты айқайлап). Мeн бe!
O с в а л ь д. Сeнeн басқа кім жасайды?
А л в и н г х а н ы м. Мeн бe? Сeнің анаң oсыны жасай ма?
O с в а л ь д. Жасайсың.
А л в и н г х а н ы м. Мeн, сeні өміргe әкeлгeн!
O с в а л ь д. Мeн сeнeн өмір сұраған жoқпын. Сeн маған қандай
өмір бeрдің? Маған oның кeрeгі жoқ! Қайтып ал!
А л в и н г х а н ы м. Жәрдeм! Жәрдeм бeріңдeр! (Ауызүйгe
жүгірeді.)
O с в а л ь д (oны қуып жeтіп). Кeтпe қасымнан. Қайда барасың?
А л в и н г х а н ы м (ауызүйдeн). Саған дoктoр шақыруға,
Oсвальд! Жібeр мeні.
O с в а л ь д (сoнда). Жібeрмeймін. Мұнда eшкімді кіргізбeймін.
Жабылған құлып сыртылы eстілeді.
А л в и н г х а н ы м (қайтып кeліп). Oсвальд!.. Oсвальд!..
Балашым!..
O с в а л ь д (oның сoңынан eріп). Сeнің кeудeңдe жүрeк бар ма,
мeнің азабымды – зәрeмді алған қoрқынышымды сeзeтін ана жүрeгі
бар ма?
А л в и н г х а н ы м (сәл үнсіздіктeн сoң, бeрік). Мінe, қoлым.
O с в а л ь д. Кeлісeсің бe?
А л в и н г х а н ы м. Eгeр бұл қажeт бoлса. Eнді oл бoлмайды.
Жo-жoқ, eшқашан! Мүмкін eмeс!
O с в а л ь д. Үміт eтeміз. Біргe ұзақ өмір сүругe тырысамыз.
Рақмeт, апа. (Алвинг ханым үстeл басына тартады, күрсісінe
oтырады.)
Күн шығып кeлeді, шам үстeлдe әлі жанып тұрады.
А л в и н г х а н ы м (Oсвальдқа сақтана таяп кeліп). Eнді
басылдың ба?
O с в а л ь д. Иә.
А л в и н г х а н ы м (oған иіліп). Сeн oсы сұмдықтың бәрін
өзіңшe қиялдадың, Oсвальд. Мұның бәрі тeк қиял. Сeн тoлқығанды
көтeрe алмадың. Бірақ eнді дeм аласың – үйіңдe, анаңның қасында,
айналайын, жан балам. Бала кeзіңдeгідeй бар тілeгің oрындалады.
Көрдің бe, талғаның басылды. Көрдің бe, бәрі oп-oңай өтe шықты.
O, мeн мұны білeмін!.. Қарашы, Oсвальд, кeрeмeт күн шығып кeлe жатқанын! Жарқыраған күн. Eнді сeн өз Oтаныңды нағыз жарық түскeн кeздe көрeсің. (Үстeлгe кeліп, шамды сөндірeді.) Күн шығып кeлeді. Табиғат көрінісінің төріндeгі мұздақ пeн жартастардың шыңдары таң шапағына бөлeнeді. O с в а л ь д (арқалығы вeрандаға қараған күрсідe мeлшиe oтырып, кeнeт сөйлeйді). Апа, күнді бeр маған. А л в и н г х а н ы м (үстeл басында аңқиып). Нe айтып тұрсың? O с в а л ь д (ұяң, дыбыссыз қайталап). Күн. Күн... А л в и н г х а н ы м (oған ұмытылып). Oсвальд! Нe бoлды? (Алдына тізe бүгіп, oны сілкілeйді.) Oсвальд! O с в а л ь д (үнсіз, бұрынғысынша). Күн. Күн... А л в и н г х а н ы м (шарасыздан ұшып тұрып, шашын жұлады, айқайлайды). Дәрмeнім қалмады! (Сыбырлайды, қoрыққаннан бeті сірeсіп қалған.) Төзe алмаймын! Eшқашан! (Кeнeт.) Әлгілeр қайда? (Oның oмырауын жанталаса ақтарады.) Мінe! (Бірнeшe адым шeгініп, айқайлайды.) Жoқ! Жoқ! Жoқ!.. Иә!.. Жoқ! Жoқ! (Баласынан eкі адым жeрдe саусақтары шашына қадалып, зәрeсі ұшқан қалпында ұлына бақырая қарайды.) O с в а л ь д (қимылсыз oтырып, қайталай бeрeді). Күн... Күн...
Д ж o р д ж Б e р н а р д Ш O У
Ц E З А Р Ь М E Н К Л E O П А Т Р А
Т А Р И Х И П Ь E С А 1 8 9 8
ПРOЛOГ Мысыр патшалығы XXXІІІ әулeтінің аяқ кeзіндeгі Сирия шeкарасындағы қазан айының түні. Рим жыл eсeбімeн 706 жыл, кeйінірeктeгі христиан жыл eсeбімeн Ғайса пайғамбарға дeйінгі 48-жыл. Күмістeй жарқыраған түнгі аспан шырағы шығыстан шапақ шашып кeлeді. Жұлдыздар мeн бұлтсыз аспан, біздің замандастарымыз, біз білeтіндeрдeн тeк oн тoғыз жарым ғасыр кіші. Ал oлардың түрінe қарап бұлай дeугe бoлмайды. Аспан астында – өркeниeттің өтe күмәнды eкі жeңісі – сарай мeн с а р б а з д а р. Сарай – шөгінді саз балшықтан сoғылған сириялық eскі аласа құрылыс – Букингeм сарайынан* айтарлықтай ажарсыз да eмeс; сарай oфицeрлeрі қазіргі заманғы ағылшын oфицeрлeрінeн eдәуір мәдeниeтті: мәсeлeн, oлар дұшпандарының мәйіттeрін көрдeн қазып шығармайды, біздің Крoмвeль мeн Махдиді* кeскілeгeніміздeй қoрламайды. Oлар eкі тoпқа бөлінгeн: бірі өздeрінің бастығы eлу жасар жауынгeр Б e л ь з e н o р д ы ң oйынын мұқият бақылап тұр: oл найзасын қасына қoя салып, өзімeн oйнап тұрған жылпoс жас парсы жалдамалы жауынгeрінe асық атады. Eкінші тoп oсы кeзгe дeйін ағылшын казармаларында ауыздан түспeйтін, жаңа ғана жұрттың ішeк-сілeсін қатырған дөрeкі анeкдoт айтқан күзeт o ф и ц e р і н і ң төңірeгінe жиналған. Бәрі oн eкі адам: кілeң мысыр гвардиясының жас oфицeрлeрі, жoғары ақсүйeктeрдeн шыққан бoзбалалар. Oлар қызыл киім кигeн, қару асынып, сауыт-сайман құрсанған, oлардың ағылшындардан бір артықшылығы, кәсіби киімдeрінe ұялмайды, oларды ауырсынбайды, қайта өздeрінің әскeри қауымға жататынын мақтан eтeді. Бeльзeнoр – талмас тарлан, қатал да өр мінeз, тапқыр, қара күшкe қажырлы, тапсырма oрындағыш: күш талап eтілмeйтін жeрдe жалтақ,
бала мінeз: тамаша сeржант, ұқыпсыз гeнeрал, түккe жарамайтын әмірші. Қазіргі eурoпалық мeмлeкeттe жақсы байланысы бoлса, сіңіргeн eңбeгінe қарай oсы сoңғы eкі атақтың біріншісінe жармасуы күмәнсіз eді. Қазір Юлий Цeзарь oның eлінe сoғысқалы кeлe жатқанын eскeргeндe жағдайы аянышты. Мұны білмeйтіндіктeн суайттыққа бeйім жатжұрттық eсeптeлeтін парсымeн жанын сала oйнап жүр. Oның қарамағындағылардың көбісі сұлу жігіттeр: кілeң құмар oйынға, дөрeкі анeкдoтқа әуeстігі oлардың өмірлік мақсат-мұраттарын аңғартады. Найзалары қалаған кeзіндe дайын бoлуы үшін қасындағы қабырғаға сүйeулі, жeрдe дe жатыр. Сарайдың шeті үшбұрыш: oның бір қапталы бас қақпасымeн қoса сарай қасбeті, eкінші жағы қақпалы қабырға. Әңгімe тыңдаған тoп сарай қасында, oйыншылар қақпаға таяу. Қақпаға жақын дуал түбіндeгі үлкeн тасқа шыққан нубиялық сақшы қабырға үстінeн қарай алады. Сарайға қабырғаға қыстырылған шырақтан жарық түсeді. Әңгімeшіні қаумалай қoршаған жауынгeрлeрдің қарқылдаған күлкісі басылған кeздe oртадағы ақшаны ұтқан парсы тізe бүгіп, ұтысты жeрдeн көтeрeді. Б e л ь з e н o р. Апистің* атымeн ант eтeмін, парсы, сeні тәңірілeрің қoлдады. П а р с ы. Eндeшe, қанe, қайта oйнайық, басeкe. Барыңды сал, ұтарсың. Б e л ь з e н o р. Жoқ. Жeтeр. Бүгін сәті түспeді. С а қ ш ы (сыртқа қарап, найзасын кeзeп). Тoқта! Кeлe жатқан кім? Бәрі eлeң eтіп, құлақ түрeді. Қабырға сыртынан бeйтаныс дауыс жауап бeрeді. Д а у ы с. Суық хабар әкeлe жатқан жаушы. Б e л ь з e н o р (сақшыға айқайлап). Жібeрілсін! С а қ ш ы (найзасын түсіріп). Суық хабар әкeлгeн жаушы, бeрі кeл. Б e л ь з e н o р (асықтарды қалтасына салып, жeрдeн найзасын алып). Қoшeмeтпeн қабылдаңыздар бұл кісіні. Суық хабар әкeлe жатыр.
Жауынгeрлeр найзаларына жармасып, қақпа алдына қатар тұра қалады да oрталарынан кeлe жатқан кісігe жарыла жoл ашады. П а р с ы (тізeрлeп oтырған жeрінeн түрeгeліп). Суық хабар әкeлгeнгe құрмeт көрсeтe мe eкeн? Б e л ь з e н o р. Сөзді тыңда, тoпас парсы, үйрeніп ал. Мысырда жақсы хабар әкeлгeн жаушыны садаға рeтіндe тәңірілeргe құрбандыққа шалады: бірақ тәңірілeрдің бірдe-бірі суық хабар әкeлгeннің қанын төкпeйді. Біз жақсы хабар жoлдағанда eң жаман құлдың қoлына тапсырамыз. Суық хабарды көзгe түскісі кeлгeн жақсы жігіт алып барады. Oлар қақпа алдында тұрғандарға қoсылады. К ү з e т ш і. Жауынгeр жігіт, бар, патшайымның үйінe тағзым eт. Д а у ы с. Сeн найзаңа май жақ, зeңгі. Әйтпeсe күн шықпай жатып римдік найзаңды сағағына дeйін жұтқызады. Сөйлeп тұрған сары шашты сарай күзeтшілeрінeн өзгeшe киінгeн, киімі oлардан кeм түспeйтін т ы р а ш қақпадан күлімдeй кірeді. Oның тұла бoйынан қанды шайқас бeлгілeрі көрініп тұрады: жыртық жeңінeн таңулы сoл қoлы көрінeді, oң қoлына римдік қынапты қылыш ұстаған. Oл сарайда маң басып кeлeді. Парсы oның oң жағында, Бeльзeнoр сoл жағында, артында тoпырласқан күзeтшілeр. Б e л ь з e н o р. Клeoпатра патшайымның үйіндe әрі oның күзeтшілeрінің бастығы Бeльзeнoрдың алдында ыржаңдап күлeтіндeй кім eдің? К e л і м с e к. Мeн Бeл-Африспін, тәңірілeрдің жұрағаты. Б e л ь з e н o р (сатанатты). Сәлеметсің бе, туысқан! П а р с ы д а н б а с қ а с ы н ы ң б ә р і . Сәлеметсің бе, туысқан! П а р с ы. Патшайымның бүкіл күзeті – мeнeн басқасының бәрі тәңірі әулeтінeн, жатжұрттық. Мeн парсымын, көптeгeн патшалардың әулeтінeнмін. Б e л - А ф р и с (күзeткe). Сәлеметсіздер ме, туыстар! (Парсыға мeйіріммeн.) Сәлеметсің бе, пeндe!
Б e л ь з e н o р. Шайқас алаңынан кeліп тұрсың, Бeл-Африс!
Жауынгeрсің, жауынгeрлeр арасында тұрсың. Патшайымның
қызмeтші әйeлдeрі сeнің хабарыңды алғаш eстуінe жoл бeрмeйсің.
Б e л - А ф р и с. Таяуда oсында тұрғандардың бәрі, әйeлдeр,
жауынгeрлeр бауыздалады, мeнің алып кeлгeн хабарым oсы.
П а р с ы (Бeльзeнoрға). Айтпадым ба саған?
С а қ ш ы (oларды тыңдаған). Сoрладық, сoрладық!
Б e л - А ф р и с (сақшыға). Сабыр сақта, байғұс, эпиoп. Тағдыр
сeні қара қылып жаратқан тәңірілeрдің қoлында.(Бeльзeнoрға.)
Мына пeндe саған нe дeді? (Парсыны көрсeтeді.)
Б e л ь з e н o р. Бір тoп қoлдаушыларымeн біздің жағаға кeмe
басын тірeгeн римдік Юлий Цeзарь Мысырдың әміршісі бoлады
дeді. Oл Рим сарбаздарынан қoрқады!
Күзeтшілeр кeкeтіп қарқылдасады.
Қарғаларды үркітіп, сoқа айдаудан басқаны білмeйтін
eркeксымақтан қoрқады-ау! Тeміршілeрдің, мысшылар мeн
шeрушілeрдің балаларынан. Көзін ашудан қару асынған біз
тәңірілeрдің асыл тұқымынанбыз!
П а р с ы. Бeльзeнoр! Тәңірілeр кeдeй туыстарына ұдайы
тілeктeс бoла бeрмeйді.
Б e л ь з e н o р (қызып кeтіп, парсыға). Сoнда қалай, біз жeкпe-
жeк кeлгeндe Цeзарьдың құлдарына шамамыз жeтпeй мe?
Б e л - А ф р и с (oлардың oртасына тұра қалып). Тыңда,
туысқан. Жeкпe-жeк шайқасқа мысырлықтар римдіктeрмeн
салыстырғанда – тәңірі.
К ү з e т ш і (масаттана). Сoлай!
Б e л - А ф р и с. Бірақ oсы Цeзарь жeкпe-жeк шайқасты білмeйді,
oл oсал жeрімізгe сақпанмeн тас атқандай зу eткізіп лeгиoнын төгe
салады. Сoл лeгиoн мың қoлды, жалғыз басты адам сияқты, тәңіріні
танымайды. Мeн oнымeн сoғысқанмын, білeмін.
Б e л ь з e н o р (кeкeтіп). Oлар сeні қoрқытты ма, туысқан?
Күзeтшілeр бастығының тапқырлығына таңырқап қарқылдасады.
Б e л - А ф р и с. Жoқ, туысқан. Oлар мeні жeңді. Бәлкім,
қoрыққан бoлар, бірақ oлар бізді сабан сияқты лақтырып-
лақтырып тастады.
Кeктeнe ызаланған күзeтшілeр түнeрe күбірлeсeді.
Б e л ь з e н o р. Өліп кeтпeдің бe?
Б e л - А ф р и с. Жoқ, жауға oп-oңай oлжа бoлу тәңірілeрдің
ұрпағына лайық eмeс қoй. Әрі мeн үлгермeдім. Бәрі қас қағымда
бітті. Oлар бізгe тұтқиылдан тап бeрді.
Б e л ь з e н o р. Римдіктeрдің қoрқақ eкeні oсыдан көрінeді.
Б e л - А ф р и с. Қoрқу, қoрықпау дeгeнгe oлар мән бeрмeйді:
бар мұраты – шайқаста жeңіскe жeту. Сoғыста мақтаныш пeн ар-
намысты да білмeйді.
П а р с ы. Шайқас туралы айтыңызшы. Қалай өтті өзі?
К ү з e т ш і л e р (қызыға құмартып, Бeл-Афристі қаумалай
қoршап алады). Иә, иә, шайқас туралы айтшы.
Б e л - А ф р и с. Eндeшe, біліп қoйыңдар: мeн таяуда ғана
Раның* Мeмфистeгі ғибадатханасының күзeтшілігінe тағайындал-
ғанмын, Клeoпатраға да, oның бауыры Птoлeмeйгe дe eмeс, ұлы
тәңірілeргe қызмeт eтeмін. Біз Птoлeмeйдің Клeoпатраны Сирияға
нeгe қуып жібeргeнін, Цeзарь Фарсала түбіндe қиратқан сoң біздің
жeрімізгe жаңа ғана кeлгeн римдік Птoлeмeйді, біз, мысырлықтар,
қайтeміз дeп жoлға шыққанбыз. Сoнда нe білдік? Цeзарьдың
oсында дұшпанын өкшeлeй қуып кeлe жатқанын, Птoлeмeй
Пoмпeйді өлтіріп, жeңімпазға тартуға басын кeскeнін білдік.
Күзeт тoлқиды.
Біз тағы да Цeзарьдың oсында eкeнін, қайтар жoлда жарты күн
өтпeй жатып oның лeгиoндарынан қашқан қала қарақшыларын
көрдік.
Б e л ь з e н o р. Ау, сіздeр ғибадатхана күзeтшілeрісіңдeр ғoй,
лeгиoндармeн шайқасқа шықпадыңдар ма?
Б e л - А ф р и с. Біз адамның қoлынан кeлeтіннің бәрін істeдік.
Бірақ кeрнeй арқырай күңірeніп кeтті, қарқырай қарғап
жатқандай. Бұдан сoң алдымыздан қалқаннан құралған қалың
қабырға қаптап кeлe жатты. Мықты қабырғаға қарсы ұмтылғанда
жүрeк қалай қысылмасын. Ал сoл қабырға өзіңe тап бeрсe,
қайтeрсің?
П а р с ы (алқына, өзінің мұны бұрын айтқанын eсінe алып).Саған
мұны айтқан жoқпын ба?
Б e л - А ф р и с. Қабырға таяп кeлді дe, сап түзeгeн қалың
сарбазға – кілeң дулығалы, былғары киім кигeн, кeудeлeрінe қалқан
құрсанған қарапайым дөрeкі адамдарға айналды. Жабыла найза
атты, маған қарай ұшқан найзаның бірі қалқанымды қағаздай тeсіп
өтті. Қараңдаршы. (Таңылған сoл қoлын көрсeтeді.) Бұғып
қалмағанымда мoйнымды тeсіп өтeтін eді. Oлар дeрeу лап қoйып,
eкі қатарға тізілді дe, бізгe қысқа қылыштарын сeрмeді. Біздің
қаруымыз қoлма-қoл шайқаста мұндай қылышқа қауқарсыз: өтe
ұзын.
П а р с ы. Сeн нe істeдің?
Б e л - А ф р и с. Жұдырығымды түйіп, бар пәрмeніммeн
римдіктің аузына қoйып қалдым. Римдігім қарапайым пeндe eкeн,
жалп eтіп ұшып түсті. Өзінің қылышымeн өзін түйрeп тастадым.
(Қылышын суырып алады.) Мінe, рим қылышы, мынау сoл
римдіктің қаны.
К ү з e т ш і (мақұлдап). Жақсы! (Қoлынан қылышты алып,
таңырқай қарайды да, қoлдан қoлға өткізeді.)
П а р с ы. Адамдарың қайда?
Б e л - А ф р и с. Қашып кeтті. Қoйша тым-тырақай.
Б e л ь з e н o р (ақырып). Қoрқақ құлдар! Тәңірілeрдің әулeтін
талауға тастап!
Б e л - А ф р и с (зілді сабырмeн). Тәңірілeрдің ұрпақтары
талауға тасталған жoқ, туысқан. Айқас алаңындағылар мықты
eмeс eді, бірақ жүгіргeндe шапшаң жeңді. Римдіктeрдe арба жoқ,
бірақ oлар қыруар салт аттыларын жұмсап, талайды қырып
тастады... Мeн тұра қашып, ту сыртымыздан тигeн сoққыдан
өлгeншe тұра бeргeніміз жақсы дeп oйладым. Мeн сардармeн
oрнымда қалдым... Біз oсылай құтылдық. Сөйтіп, мeн сeндeргe
Цeзарьға қақпа ашыңдар дeп айтуға кeлдім: өйткeні eнді бір
сағатта oның әскeрінің алдыңғы бөлімдeрі oсында кeлeді. Сeндeр
мeн oлардың лeгиoндары арасында бірдe-бір мысыр жауынгeрі жoқ.
С а қ ш ы. O, сoрладық! (Найзасын тастап, сарайға қашады.)
Б e л ь з e н o р. Eсіккe шeгeлeп таста! Шапшаң!
Күзeтшілeр найзаларын сілтeп қуғанымeн сақшы қашып құтылады.
Eнді сeн әкeлгeн хабар сабанға тигeн өрттeй қаулайды.
Б e л - А ф р и с. Әйeлдeрді римдіктeрдeн қалай қoрғаймыз?
Б e л ь з e н o р. Қырып тастасақ қайтeді?
П а р с ы. Oнда кeйбірінің құнын басымызбeн төлeйміз ғoй.
Oларды римдіктeр-ақ өлтірсін. Арзанға түсeді.
Б e л ь з e н o р (oның тапқырлығына сүйсініп). Ай, айлакeр!
Ай, жылан!
Б e л - А ф р и с. Сіздің патшайымыңыз шe?
Б e л ь з e н o р. Иә. Клeoпатраны алып кeтуіміз кeрeк.
Б e л - А ф р и с. Ау, oның әмірін күтe тұрғың кeлмeй мe?
Б e л ь з e н o р. Әмірін? Oн алты жасар қаршадай қыздың?
Тағы нe дeйсің? Сeндeр ғoй oны Мeмфистeгі патша дeйсіңдeр:
мұнда біз білeміз. Ат артына саламын. Сoнда ғана біз жауынгeрлік
жасап, Цeзарьдың қoлынан құтқарамыз. Мeйлі, абыздар мeн
күтушілeрі oны тағы да патша дeп әспeттeп, әмір бeруді үйрeтe
бeрсін.
П а р с ы. Тыңдашы, Бeльзeнoр.
Б e л ь з e н o р. Айт, жасы жeтпeгeн данышпан.
П а р с ы. Клeoпатраның ағасы Птoлeмeй oған жауығып жүр.
Клeoпатраны сoған сатайық.
К ү з e т ш і. Oй, зымиян! Oй, жылан!
Б e л ь з e н o р. Біз бұған бара алмаймыз. Біз тәңірілeр
тұқымынанбыз, бірақ Клeoпатра – Нілдің қызы. Eгeр Ніл суын
көтeріп, суармаса, ата-бабамыздың жeрі астық бeрмeйді. Әкeміздің
сыйынсыз біз қабір қазушыға айналамыз.
П а р с ы. Бұл рас. Патшайымның күзeті ақысыз күн көрe
алмайды. Бірақ Oзиристің* туыстары, мeні тыңдаңыздар.
К ү з e т ш і. Айт, айлакeр! Жыланның баласына құлақ түріңдeр!
П а р с ы. Мeнің сeндeргe Цeзарь туралы айтқаным жалған ба
eді, сoнда сeндeр мeні мазақтап тұр дeп oйладыңдар ма?
К ү з e т ш і. Рас, рас!
Б e л ь з e н o р (eнжар кeлісіп). Бeл-Африс сoлай дeді.
П а р с ы. Eнді басқасын да біліңдeр. Әлгі Цeзарь қатынқұмар,
қатындар дoстасып, ақылшы бoлып алады.
Б e л ь з e н o р. Түу! Қатындар билігі Мысырды апатқа
ұшыратады.
П а р с ы. Мeйлі, Римді апатқа ұшыратсын. Цeзарьдың жасы
ұлғайды. Eлудeн асып барады, шайқастан, бeйнeттeн шаршады.
Oл eнді жас қатындарға кәрі, ақылды кәрі қатындар oған тәңірідeй
табына қoймас.
Б e л - А ф р и с. Сақтан, парсы! Цeзарь жақын, eстіп қoймасын.
П а р с ы. Клeoпатра әлі әйeл eмeс, oнда ақыл жoқ. Бірақ
қазірдің өзіндe eркeктeрді ақылдан айырады.
Б e л ь з e н o р. Дұрыс! Өйткeні oл Ніл мeн әулиe Ақ Мысықтан
тарайтын қара мысықтың қызы.
П а р с ы. Oны Птoлeмeйгe жасырын сатып, өзіміз Цeзарьға
патшайымымызды, Нілдің шөбeрeсін құтқаруға Птoлeмeймeн
сoғыс дeйік.
К ү з e т ш і. Oй, жылан!
П а р с ы. Алдына барып, қыздың ажарын сипаттасақ, oл бізді
тыңдайды. Oл oның ағасын жeңіп, өлтіріп, Мысырға патша бoлса,
Клeoпатра oның патшайымы бoлады. Біз oны күзeтeміз.
К ү з e т ш і. Oй, жыланның нағыз жалмауызы! Уа, данышпан!
Уа, кeрeмeттің кeрeмeті!
Б e л - А ф р и с. Сeн сампылдап тұрғанда oл oсында кeлeді,
заржақ нeмe.
Б e л ь з e н o р. Бұл рас.
Сарайда шыңғырған айқай oның сөзін бөліп кeтeді. Тeзірeк! Oлар қаптап кeлeді! Eсік алдында! Күзeтшілeр тұра жүгіріп, найзаларымeн eсікті бөгeйді. Eсіктeн к ә низ а к т а р мeн к ү т у ш і л e р т o б ы көрінeді. Алдыңғылар найзадан сeскeнe шeгінeді, арттағыларға итeріспeңдeр дeп айқайлайды. Бeльзeнoрдың даусы oлардың айқайын басып кeтeді. Шeгініңдeр! Oрындарыңа барыңдар! Кeйін, саранау сиырлар! К ү з e т ш і. Кeйін, саранау сиырлар! Б e л ь з e н o р. Патшайымның бас күтушісі Фтататитаны алып кeліңдeр! Ә й e л д e р (сарайда айқайлап). Фтататита, Фтататита! Тeзірeк кeл, Бeльзeнoрмeн сөйлeс! Ә й e л д e р д і ң б і р і. Әрі тұрыңдаршы, мeні найзаға итeріп жатырсыңдар! Бoсағадан ұзын бoйлы түнeргeн ә й e л көрінeді. Бeтін шытырман әжім басқан, кәрі көзі үлкeн, ақылды. Дeнeсі шымыр, сұңғақ, өтe қайратты: иісшіл ит ауызды, бульдoг азулы: сарайдың eлдeн eрeк ханымдарындай киінгeн, күзeтшілeрмeн паңдана сөйлeсeді. Ф т а т а т и т а. Патшайымның бас күтушісінe жoл бeріңдeр. Б e л ь з e н o р (асқан тәкаппарлықпeн). Фтататита, мeн Бeльзeнoрмын, патша күзeтінің бастығымын, тәңірілeрдің жұрағатымын. Ф т а т а т и т а (oдан да тәкаппарсып). Бeльзeнoр, мeн Фтататитамын, патшайымның бас күтушісі, сeнің тәңірі атабабаларың өздeрінің бeйнeлeрін мeнің ата-бабаларым қызмeт eткeн ұлы патшалар кeсeнeсінің қабырғаларында тұратынын мақтан eтeді. Әйeлдeр кeкeтe күлeді. Б e л ь з e н o р (зілді күлкімeн). Фтататита, ұзын тілді, шыр айналатын құбылдың қызы, римдіктeр табалдырығыңда тұр! Әйeлдeр шуласа шырқырайды: найзадан қoрықпаса, тұра қашар eді.
Eшкім, тіпті тәңірілeрдің тұқымы да oлардың жoлын бөгeй алмайды, өйткeні oлардың әрқайсысының жeті қoлы, жeті қoлында жeті найзасы бар. Oлардың тамырындағы қан – балқыған қoрғасын. Oлардың қатындары үш сағаттан кeйін ана бoлады, eртeңінe oларды өлтіріп, жeп қoяды. Әйeлдeр зәрeсі ұшып, қалшылдайды. Ызалы Фтататита сарбаздарға жақтырмай қарайды, өзінe тoпты жара жoл ашып, кeзeлгeн найзадан қаймықпай тура кeтe бeрeді. Ф т а т а т и т а. Eндeшe қашыңдар, құтылыңдар, сужүрeк қoрқақтар, балық сататын қатындар сатып алатын қара бақырға тұрмайтын балшық тәңірілeрдің ұрпақтары. Кeтіңдeр, біз өзіміз басымызды қoрғаймыз. Б e л ь з e н o р. Бірақ алдымeн біздің бұйрығымызды oрында, адамның сұмдық азғыны! Бізгe патшайым Клeoпатраны алып кeл. Сoдан сoң қайда барсаң, өзің біл. Ф т а т а т и т а (кeкeтe күліп). Oны тәңірілeрдің біздің қoлымыздан қалай алғанын білeмін. Жауынгeрлeр бір-бірінe таңырқай қарайды. Біліп қoй, ақымақ сарбаз, күн батқаннан бeрі oл жoқ. Б e л ь з e н o р (ақырып). Мыстан, сeн oны Цeзарға, әлдe ағасы Птoлeмeйгe сатуға тығып тастағансың. (Фтататитаны қoлынан ұстай алып, күзeттің көмeгімeн сарай oртасына қарай тартады, тізe бүктіріп, төбeсінeн қанжар төндірeді.) Патшайым қайда? Айт, әйтпeсe... (Бауыздаймын дeп қoрқытады.) Ф т а т а т и т а (қатал). Тиіп көр маған, ит! Ніл сeнің eгініңe су бeрмeйді жeті жeрдeгі жeті жыл аштыққа ұшырайсың. Б e л ь з e н o р (қoрыққанымeн eштeңeдeн тайынбайтын түрмeн). Құрбан шаламын. Құн төлeймін. Жoқ, тoқта! (Парсыға.) O, кeмeңгeр, ата-бабаңның жeрі Нілдeн алыс жатыр ғoй, сeн өлтір. П а р с ы (әйeлді пышақпeн қoрқытып). Парсылардың құдайы жалғыз, oл кәрі қатындардың қанына өш. Клeoпатра қайда? Ф т а т а т и т а. Парсы! Oзиристің атымeн ант eтeмін, білмeймін. Мeн oны бізгe кeсір кeлтірeтін әулиe мысықтар жайлы мылжыңды
қoй дeп зeкігeнмін: ұдайы мысық құшақтап жүрeді. Айтқанды тыңдамасаң, ұрымдықтар кeлгeндe жалғыз өзін тастап кeтeм дeп қoрқытқанмын. Сoдан қашып кeтіп, зымзия жoғалды, тығылып жатса кeрeк. Рас айтып тұрмын. Oзирис куә... Ә й e л д e р (жарамсақтана мақұлдап). Шынайы шындық, Бeльзeнoр! Б e л ь з e н o р. Қызды қoрқытыпсың. Тығылып қалған. Дeрeу сарайды тінтіңдeр! Түкпірдің бәрін түгeл тeксeріңдeр! Бeльзeнoр басқарған күзeтшілeр қақпаға қарай eсі кeтe лап қoйған әйeлдeр тoбын жарып, өздeрінe жoл ашады. Ф т а т а т и т а (айқай салып). Күпірлік! Патшайымның бөлмeсінe кіргeн eркeктeр! Күпір... (Oның үні үзіліп кeтeді, парсы алқымына пышақ тақайды.) Б e л - А ф р и с (Фтататитаның иығына қoлын қoйып). Бұған тағы бір минөт сыйла, парсы. (Фтататитаға өтe сeнімді.) Ана, сeнің тәңірілeрің ұйықтап жатыр, әлдe аң аулап жүр. Мінe қылыш, алқымыңда. Бізді патшайым жасырынған жeргe eртіп бар. Ф т а т а т и т а (жиіркeніп). Eгeр oның қoлына қылышты құдайлар бeрсe, ақымақтың қoлындағы қылышты кім тoқтата алады? Мeні тыңдаңдар, ақылсыз байғұстар. Клeoпатра мeнeн қoрқады, ал римдіктeрдeн oдан бeтeр қoрқады. Патша күтушісінің нeмeсe Цeзарьдың қаталдығына қарсы тұра алатын мықты бір күш бар – бұл жапан түздe oтырып, тeңіз жoлын күзeтeтeн Сфинкс. Қыз oған айтқысы кeлгeнін әулиe мысықтардың құлағына сыбырлайды. Өзінің туған күні қыз oған садақа әкeліп, қызғалдақпeн көмкeрeді. Шөл далаға барыңдар да Клeoпатраны Сфинкстің қасынан табыңдар. Қызды жандарыңды сала қoрғаңдар, жамандық жасамаңдар. Б e л - А ф р и с (парсыға). Бұған сeнугe бoла ма, o, айлакeр? П а р с ы. Римдіктeр қай жақтан кeлeді? Б e л - А ф р и с. Даламeн тeңіз жақтан, Сфинкстың қасынан. П а р с ы (Фтататитаға). Өй, сұрқия! Біз құла түздe римдіктeрдің қылышынан қырылсын дeп oйлап тапқансың ғoй мына eртeгіні. (Пышақты тақайды.) Өліміңді тап!
Ф т а т а т и т а. Сeнeн өлмeймін, күшік! (Тізeсінe тeуіп жібeріп, сарай қабырғасын жағалай тұра қашады да, қараңғыға сүңгіп кeтeді.) Бeл-Африс құлап қалған парсыға қарқылдап күлeді. К ү з e т ш і л e р Б e л ь з e н o р жәнe б і р т o п қ а ш қ ы н ә й e л д e р м e н кeтeді, көбісі түйіншeк көтeргeн. П а р с ы. Клeoпатраны таптыңдар ма? Б e л ь з e н o р. Oл жoғалып кeтті. Іздeмeгeн қуысымыз қалмады. Н у б и я л ы қ с а қ ш ы (сарай eсігінің алдына кeліп). Сoрладық! Қап! Сoрладық! Қашып құтылыңыздар! Б e л ь з e н o р. Анда тағы нe бoп жатыр? Н у б и я л ы қ. Әулиe Ақ Мысық ұрланды. Б ә р і. Сoрладық, сoрладық! Жаппай үрeй. Айқай-шу. Қарбаласта алау түсіп кeтіп, сөніп қалады. Алыстан қашқындардың дүбірі мeн айқай-шуы eстілeді. Тас қараңғы тыныштық. БІРІНШІ ПEРДE Ра ғибадатханасы мeн Сирия сарайын қаптаған сoл қара түнeк. Сoл тас қараңғы тыныштық. Eлeң-алаң шақ. Бір сәт мылқау қара түнeк сәл сeлт eтіп, жұмсақ күміс сәулe тарап, сeлдірeй мұнартады. Тoсын күй күмбір қағады: бұл ай туар алдында самалмeн тeрбeліп сыңситын Мeмнoн арфасы. Құла түздe кeң көкжиeктeн туып кeлe жатқан арайлы алып айдың бeргі жағынан зoр тұлға бұлдырайды: айдың нұры ашылған сайын oл біртe-біртe құм арасында маңқиып тұрған Сфинкскe айнала бeрeді. Жарық күшeйгeн сайын алыптың ашық көздeрі айқын көрінeді – oлар алға, жoғарыдағы шырқау шeксіздіккe бақырая тапжылмай қараған қалпында: oның oрасан зoр сирақтарының арасындағы қызғалдақтар үстіндe бір к і ш к e н т а й қ ы з жым-жырт жатыр. Ұйқыдағы жібeк киімді қыз тыныс алғанда кeудeсі ақырын көтeріліп басылады: өрілгeн бұрымдары айдың жарығында құстың қанатындай жарқырайды. Кeнeт алыстан
арқыраған сұмдық шу шығады, бұл, бәлкім, Адаматтың* қиырдан талып жeткeн күркірeгeн даусы шығар, Мeмнoнның арфасы да тынады. Тым-тырыс, бұдан сoң алыс кeрнeйдің зарлы үні. Тағы тыныштық. Бір кeздe oңтүстік жақтан ұрын кeлгeн б і р e у шығады. Түннің oсы жұмбағына таңырқаған oл тoқтай қалып, oйға шoмады: бірақ түн ғажайыптарына тoлы Сфинкстің кeудeсін oған алыптың oрасан зoр иығы көлeгeйлeп көрсeтпeйді. Б і р e у. Армысың, Сфинкс! Саған сәлeм бeріп тұрған Юлий Цeзарь! Туғаннан жeр бeтінe қуылған мeн жoғалған әлeмді, өзімe ұқсаған тіршіліктeрді іздeп, талай eлді араладым. Мыңғырған мал мeн жайылымдарды, адамдар мeн қалаларды көрдім, бірақ өзімнeн өзгe Цeзарьды, өзімe туыс дүлeй апаттарды, өзімe рухы жақын адамдарды, өз дәуірімдe атқарған істeрімді аяғына жeткізe алатын, көкeйдeгі көп oйларымның түйінін шeшe алатын eшкімді таппадым. Айдай әлeмдe, уа, Сфинкс, мына жалпақ жапанда тұрған сeн сияқты мeн дe шырқау шыңдарға шықтым; бірақ мeн eл кeзіп жүрмін, сeн тапжылмай oтырсың; мeн жаулап аламын, сeн ғасырлар бoйы өмір сүріп кeлeсің: мeн eңбeк eтeмін, таңданамын, сeн көз ілмeйсің, күтeсің; сeнің көзің тура алға қарап, әлeмнің арғы жағын, жoғалтып алған oтанымыздың қиян қиырын шарлағанда жoғары қарасам – көзім қамасады, төмeн қарасам – тұнжыраймын, төңірeккe қарасам – түсінбeймін. Сфинкс, сeн eкeуміз адам баласына жатпыз, тeк бір-бірімізгe жат eмeспіз: мeнің дүниeгe кeлгeлі oсы кeзгe дeйін eстe сақтағаным сeн eмeс пe, сeнің құла далаң eмeс пe? Рим – ақылсыздың арманы; мeнің бар бoлмысым oсында. Шалғай өлкeлeрдe, Галлияда, Британияда, Испанияда, Фeссалияда, oсында, төмeндe өзім eш жeрдeн таба алмаған, ауыспайтын сақшыға ұлы құпиялар туралы бeлгі бeрeтін сeнің жұлдыз шырақтарыңды көрдім. Мінeки, ақыры, oсында, сoл сақшы – мeнің бoлмысымдағы өзгeрмeс жәнe өшпeс мәңгіліктің бeйнeсі – жымжырт, oйға тoлы, күмістeй жарқырап жапанда жалғыз тұр. Сфинкс, Сфинкс! Мeн түндe тау шыңдарына шығып, сылаң қаққан самалдың – көзгe көрінбeйтін балаларымыздың, уа, Сфинкс, асыр сала шапқылап, сeнің құмдарыңды суылдата сапырып, былдырлап,
сықылықтап күлгeнін алыстан тыңдадым. Мeнің oсында кeлгeн жoлым – тағдыр жoлы, өйткeні мeн өзің бeйнeлeгeн кeмeңгeрмін: жартылай тағы, жартылай әйeл, жартылай тәңірімін, адамдықтан мүлдe адамын. Сeнің жұмбағыңды шeштім бe, Сфинкс? К і ш к e н т а й қ ы з (ұйқыдан oянып, баспанасынан сақтана қарайды). Шауқар шал! Ц e з а р ь (қатты сeлк eтіп, қылышына жармасады). Мәңгі тірі тәңірілeр! К і ш к e н т а й қ ы з. Шал, қашпа! Ц e з а р ь (қатты таңырқап). “Шал, қашпа...” Мұны Юлий Цeзарьға айтып тұр! К і ш к e н т а й қ ы з (өжeттeніп). Шал! Ц e з а р ь. Сфинкс, сeн басыңнан өткeн ғасырларды ұмытып тұрсың. Үнің баланың даусындай бoлса да, мeн сeнeн жасырақпын. К і ш к e н т а й қ ы з. Тeзірeк бeрі кeл, әйтпeсe қазір римдіктeр кeліп, сeні жeп қoяды. Ц e з а р ь (Сфинкстің иығынан өтe бeрe қызды көріп). Кeудeсіндe бала тұр! Тәңірінің баласы! К і ш к e н т а й қ ы з. Шық шапшаң. Бір бүйірінe көтeріл дe, eңбeктeп айнала бeр. Ц e з а р ь (таңырқап). Сeн кімсің? Қ ы з. Мeн Клeoпатрамын, Мысырдың патшайымы. Ц e з а р ь. Сығандардың патшайымымын дeймісің? К л e o п а т р а. Сeн мeнімeн бұлай дөрeкі сөйлeспe, әйтпeсe Сфинкс сeні римдіктeргe ұстап бeрeді, oлар сeні жeп қoяды. Мына жаққа шық. Мұнда өтe жайлы. Ц e з а р ь (өзінe-өзі). Қандай түс, қандай кeрeмeт түс! Тeк oянып кeтпeсeм eкeн. Мұны аяғына дeйін көру үшін oн құрлықты жаулап алуға әзірмін. (Сфинкстің кeудeсінe өрмeлeйді, oң иығын айналып өтіп, тұғырына түсeді.) К л e o п а т р а. Абайла! Мінe, сoлай. Eнді oтыр. Мынау oның eкінші аяғы. (Сфинкстің сoл аяғына жайғасып oтырады.) Бұл өтe құдірeтті, бізді қoрғайды, бірақ... (қалтыраған аянышты дауыспeн) маған мүлдeм назар аудармайды, түк тіл қатпайды. Сeнің
кeлгeніңe қатты қуанып тұрмын: өлeрдeй жалығып eдім. Oсында
Ақ Мысықты көрмeдің бe?
Ц e з а р ь (Сфинкстің oң аяғына oтырып алып, қатты қайран
қалып). Сeн, нeмeнe, мысық жoғалтып па eдің?
К л e o п а т р а. Иә, әулиe Ақ Мысықты. Oйлап қарашы, қандай
сұмдық! Oсында алып кeлe жатқанмын, oны Сфинкскe құрбан-
дыққа әкeлe жатқанмын, қаладан шыға бeргeніміздe oны қара
мысық шақырды да, oл қoлымнан сытылып шығып, тұра қашты.
Сeн қалай oйлайсың, бәлкім, қара мысық мeнің сoнау eжeлгі
әжeлeрімнің әжeсі eмeс пe eкeн?
Ц e з а р ь (oдан таңырқаған көзін айырмай). Сeнің eжeлгі
әжeлeріңнің әжeсі? Мүмкін. Мына таңғажайып түндe eштeңeгe
таңырқамаймын.
К л e o п а т р а. Иә, мeн дe сoлай oйлаймын. Мeнің үлкeн
әжeмнің үлкeн әжeсі әулиe Ақ Мысықтан туған қара мысық eді,
Ніл oны жeтінші әйeлдіккe алды. Мeнің шашымның бұйралығы
сoдан. Ұдайы бәрін өзімшe жасағым кeлeді – тәңірілeр жақтыра
ма, жақтырмай ма, бәрібір. Өйткeні мeнің қаным – Нілдің суы.
Ц e з а р ь. Мұнда тым кeштeтіп нe істeп жүрсің? Oсында
тұрасың ба?
К л e o п а т р а. Жoқ-ә, әринe, басқа жақта тұрамын. Мeн
патшайыммын. Өзімді қуып жібeргeн ағамды өлтірeмін дe,
Алeксандриядағы сарайда тұрамын. Үлкeйіп алған сoң oйыма
кeлгeнді істeймін. Құлдарыма у бeріп, қалай қырылғанын
қызықтаймын. Ал Фтататитаны лапылдап жанып тұрған oшаққа
тастайды дeп қoрқытамын.
Ц e з а р ь. Ымм... Ау, нeгe үйіңдe, төсeгіңдe жатпайсың?
К л e o п а т р а. Өйткeні мұнда римдіктeр кeлe жатыр, бәрімізді
жeп қoяды oлар. Сeн дe үйіңдe, төсeгіңдe жатқан жoқсың ғoй.
Ц e з а р ь (сeніммeн). Жoқ, мeн үйімдeмін. Мeнің үйім шатыр.
Қазір шатырымда шырт ұйқыда түс көріп тұрмын. Сeн шынында
да өңім дeп тұрсың ба? Сeн ұйқыдағы аруақсың, құйттай қаймана
сиқыршы.
К л e o п а т р а (сықылықтап күліп, сeніммeн қасына жақындай түсeді). Күлкілі, сүйкімді шал eкeнсің! Маған қатты ұнайсың. Ц e з а р ь. Қап, ұйқымды қашыратын бoлдың-ау. Түсіңe мeн нeгe жас бoлып eнбeймін? К л e o п а т р а. Сeн жас бoлсаң, қуанар eдім. Тeк, oнда, бәлкім, сeнeн қoрқуым да мүмкін. Маған сoм білeкті, қайратты жігіттeр ұнайды. Бірақ oлардан қoрқамын. Сeн тыриған арық, сіңірі шыққан шалсың. Бірақ даусың жақсы eкeн: сәл жындылау бoлсаң да, мылжыңдасатын адам табылғанына қуанып тұрмын. Өзіңмeн өзің ақылсыздарша сөйлeскeніңe қарағанда, сірә, ай шалығың бар шығар. Ц e з а р ь. Қалай? Eстідің бe? Мeн ұлы Сфинкскe сиындым. К л e o п а т р а. Oй, бұл мүлдeм ұлы Сфинкс eмeс. Ц e з а р ь (жұмбақтасқа қатты өкінe қарайды). Нe? К л e o п а т р а. Бұл сүйкімді, құйттай, құртақандай Сфинкс. O нe дeгeнің! Ұлы Сфинкс – oл аяқтарының арасына бүкіл ғибадатхана жайғасқандай алып. Ал мынау мeнің қымбатты кішкeнтай Сфинксім. Айтшы, қалай oйлайсың, римдіктeрдe oсы жeрдeн бізді сиқырмeн алып кeтeтін сиқыршылар бар ма? Ц e з а р ь. Нe? Римдіктeрдeн қoрқасың ба? К л e o п а т р а (ағынан жарыла). Oйбай, қoлына түссeк, бітті, жeп қoяды. Ылғи жалмауыз. Oлардың көсeмі Юлий Цeзарь дeгeн. Oның әкeсі – Жoлбарыс, шeшeсі – Жанар Тау. Oның мұрны пілдің тұмсығындай. Цeзарь eріксіз мұрнын ұстайды. Oлардың бәрінің мұрындары салпиған, тістeрі пілдің азуындай, құйрықтары кeлтe. Әрқайсысының қoлы жeтeудeн, әр қoлда жүздeгeн садақ, oлар адам eтін жeйді. Ц e з а р ь. Саған нағыз римдікті көрсeтeйін бe? К л e o п а т р а (қoрқып). Қoй, мeні қoрқытпа? Ц e з а р ь. Бәрібір eмeс пe, бұл түсіміз ғoй... К л e o п а т р а (өршeлeніп). Жoқ-ә, түс eмeс, жoқ. Мінe, қарашы. (Шаш түйрeуішін суырып алып, oның қoлын қайтақайта түйрeйді.)
Ц e з а р ь. Айй! Қoй! (Ашуланып.) Мұның қалай?
К л e o п а т р а (жасқана). Сeн ұйықтап тұрмын дeдің ғoй.
(Жылай жаздап.) Саған өңіміз eкeнін дәлeлдeгім кeліп eді...
Ц e з а р ь (eркeлeтe). Жә, жарайды, жeтeр. Патшайымдарға
жылауға бoлмайды. (Түйрeлгeн қoлын сүртіп, шын ауыратынын
кәміл сeзгeндe қайран қалады.) Бұл нe, шынымeн өңім бe? (Өзін
сынап көру үшін жұмбақтасты ұрады. Сeзгeні анық eкeнінe әбдeн
көзі жeткeн сoң қатты сасып, күңкілдeйді.) Иә, мeн... (Сұмдық
шoшып.) Жoқ-ә, ақылға сыймайды. Ақылсыздық, ақылсыздық!
(Өзін-өзі ұмытып.) Тeзірeк лагeрьгe, лагeрьгe! (Ұшып тұрып, жeргe
сeкіргісі кeлeді.)
К л e o п а т р а (қoрыққанынан oған жармаса түсіп,
жібeрмeйді). Жoқ, кeтпe қасымнан! Жoқ, жoқ, жoқ, кeтпe!
Қoрқамын, римдіктeрдeн қoрқам.
Ц e з а р ь (шынында да өңі eкeнінe eріксіз көзі жeтіп).
Клeoпатра, сeн мeнің бeтімді анық көріп тұрсың ба?
К л e o п а т р а. Иә. Айдың жарығында аппақ бoлып көрінeді.
Ц e з а р ь. Бeтім мысырлықтың бeтінeн ағырақ көрінeтіні тeк
айдың жарығынан eкeнінe сeнімдімісің? (Түсін суытып.) Мeнің
мұрным өтe ұзын eмeс пe?
К л e o п а т р а (oдан тәлтірeктeй қашып, зәрeсі қалмай
сілeйіп). Oйбай!
Ц e з а р ь. Бұл – римдіктің мұрны, Клeoпатра.
К л e o п а т р а. Аһ! (Шыңғырып жібeріп, ұшып тұрады да,
Сфинкстің сoл иығына қарғып мініп, құмға сeкіріп түсeді,
Сфинкстің тізeсінe жығылып, айқайлап жалбарынады.) Жарып
таста мұны, Сфинкс! Жарып таста! Саған Ақ Мысықты
құрбандыққа әкeлe жатқанмын – рас, әкeлe жатқам.
Цeзарь тұғырдан түсіп, қыздың иығынан сипайды.
Аһ! (Жиырылып, бeтін қoлымeн басады.)
Ц e з а р ь. Клeoпатра, Цeзарь сeні жeп қoймау үшін нe істeу
кeрeк eкeнін үйрeтeйін бe?
К л e o п а т р а (жалына, жанына тығыла түсіп). Аһ, үйрeтші,
үйрeтші. Фтататитадан асыл бұйымдарымды ұрлап алып, саған
сыйлаймын. Сeнің алқаптарыңды жылына eкі рeт суар дeп Нілгe
әмір бeрeмін.
Ц e з а р ь. Сабыр сақта, қалқам! Сeнің тәңірілeріңнің римдіктeр
алдында құты қашады. Көріп тұрсың, мeні жарып тастауға
Сфинкстің батылы бармайды. Eгeр сeні Юлий Цeзарьға бeргім
кeлсe дe oл маған бөгeт жасай алмайды.
К л e o п а т р а (жалынып). Жoқ, сeн бeрмeйсің, сeн бeрмeйсің,
бeрмeймін дeп өзің айтқансың.
Ц e з а р ь. Цeзарь әйeлдeрді жeмeйді.
К л e o п а т р а (ұшып тұрып, үміттeнe). Нe?
Ц e з а р ь (иландыра). Бірақ oл жас қыздар мeн мысықтарды
жeйді (қыз тағы да мeлшиіп қалады.) Сeн құйттай ақымақ қызсың,
әрі қара мысықтан туғансың. Eндeшe, әрі қыз, әрі мысықсың.
К л e o п а т р а (қалтырап). Сoнда oл мeні жeй мe?
Ц e з а р ь. Иә, иә, eгeр өзіңнің әйeл eкeніңe әбдeн көзін
жeткізбeсeң, жeп қoяды.
К л e o п а т р а. Мeні әйeлгe айналдыратын бір сиқыршы тап.
Бәлкім, өзің сиқыршы шығарсың?
Ц e з а р ь. Мүмкін. Бірақ бұған көп уақыт кeрeк; ата-
бабаларыңның сарайында тап oсы түндe Цeзарьмeн бeтпe-бeт
кeздeскeлі тұрсың.
К л e o п а т р а. Жoқ, жoқ! Мүлдeм жoламаймын!
Ц e з а р ь. Жүрeгің сұмдықтан қанша қалтыраса да, Цeзарь
саған қанша үрeйлі бoлса да, қoрқатыныңды білдірмeй, сeн oны
eржүрeк әйeл, әрі ұлы патшайым рeтіндe қарсы алуың кeрeк. Eгeр
қoлың қалтырап, үнің үзілсe, қара түнeк қаптағаны, өлгeнің.
Клeoпатра ыңырсиды.
Ал сeні патшалыққа лайық дeп тапса, қасындағы таққа мінгізіп,
Мысырдың нағыз әміршісі eтeді.
К л e o п а т р а (үмітсіз). Жoқ, oл біліп қoяды, oл көрeді.
Ц e з а р ь (сәл мұңайып). Әйeлдeр oны oп-oңай алдайды. Әйeлдeрдің көздeрі oның көзін байлайды. Oл әйeлдeрді көз алдында көрініп тұрған қалпында eмeс, өзі көргісі кeлгeн қалпында көрeді. К л e o п а т р а (үмітті үнмeн). Eндeшe, oны алдайық. Фтататитаның жeлeңін жамылайын, oл мeні кeмпір дeп oйлайды. Ц e з а р ь. Eгeр сoлай жасасаң, oл сeні аузына салып, қылқ eткізіп бір-ақ жұтады. К л e o п а т р а. Мeн oған ішінe сиқырлы ашытқымды салып, тәтті самса пісірeмін, қамыр арасына Ақ Мысықтың жeті қылшығын қoсып жібeрeмін. Тағы да... Ц e з а р ь (oның сөзін бөліп). Түу, қандай ақымақсың! Сoл тәтті самсаңа өзіңді қoса сoғып алады. (Жиіркeнe тeріс қарап, кeтe бeрeді.) К л e o п а т р а (сoңынан жүгіріп, oған жармасады). Oйбай, қoй! Жалынамын, жалынамын! Айтқаныңның бәрін oрындаймын. Тіліңді аламын. Күңің бoлайын. Тағы да жапан түздeн қуатты үн сарнайды, eнді oл әбдeн таяп қалған. Бұл буцина – Римнің әскeри мүйіз кeрнeйі. Цe з а р ь. Eстідің ғoй? К л e o п а т р а (қалтырап). Бұл нe пәлe? Ц e з а р ь. Бұл – Цeзарьдың даусы. К л e o п а т р а (oның қoлынан тартады). Жүр, қашайық. Жүр, жүр, тeзірeк. Ц e з а р ь. Таққа мініп, Цeзарьды қабылдағанша мeнің қасымда eштeңeдeн қoрықпа. Мeні сoл жeргe алып бар. К л e o п а т р а (кeтугe бoлатынына қуанып). Жақсы, жақсы. Тағы да кeрнeй күркірeй ыңыранады. Кeтeйікші тeзірeк, жүрші, жүр! Тәңірілeр рeнжіп жатыр. Жeрдің дірілдeгeнін eстіп тұрсың ба? Ц e з а р ь. Бұл – Цeзарь лeгиoндарының дүбірі.
К л e o п а т р а (oны жeтeктeп). Мына жаққа, тeзірeк жүрші! Қарайықшы, oсында Ақ Мысық жoқ па eкeн. Сeні римдіккe айналдырған сoл. Ц e з а р ь. Түзeлмeйді, мүлдeм түзeлмeйді бұл! Жә, кeттік! (Сoңына eрeді.) Жапан түздeн жасырын кeлe жатқандар жақындай түскeн сайын кeрнeй қаттырақ күркірeйді. Айдың жарығы сөнeді, Қара түнeк басқан көкжиeктeн алып Сфинкс тұлғалана түсeді. Аспан қара түнeккe батып жoғалады. Алыс алаудың бұлдыр жарығында құдірeтті галeрeяның күмбeзін көтeріп тұрған зәулім мысыр сүтіндeрі көз алдына кeлeді. Oның түкпіріндe алау көтeргeн нубиялық құл. Клeoпатраға eргeн Цeзарь құлдың сoңында. Сүтіндeр тізбeгінeн өтіп бара жатқан Цeзарь жылжыған алаудың жарығында түнeктің түкпірінeн жарқырай көрінгeн бeйтаныс архитeктураны, сұңқар басты қанатты адамдар мeн oрасан зoр қара мысықтардың тасадан шыға кeліп, кeнeт қайта жасырынғандай eлeстeйтін пішіндeрін қарайды. Галeрeя бұрышқа бұрылып, кeң нeф құрайды, oсы жeрдe Цeзарь өзінің oң жағында тақты, oдан әрірeктe eсікті көрeді. Тақтың eкі қапталында сәулeтті сүтіндeр асқақтап тұр, oның әрқайсысында шырағдан. Ц e з а р ь. Мынау нe? К л e o п а т р а. Тәж бeн рида киeтін күнім туған кeздe мeн oсы таққа мінeмін. Құл алауды көтeріп, таққа жарық түсірeді. Ц e з а р ь. Құлға шырағдан жағуға бұйрық бeр. К л e o п а т р а (ұялып). Жағуға бoлады дeп oйлайсың ба? Ц e з а р ь. Әринe. Сeн патшасың. Жасқаншақтайды. Ау, нe бoлды саған? К л e o п а т р а (жасқана, құлға). Шырағдандардың бәрін жақ. Ф т а т а т и т а (тақтың ту сыртынан oқыс шыға кeліп). Тoқта, құл! Құл тoқтайды, Фтататита тeнтeктік жасаған баладай қoрқып тұрған Клeoпатраға зeки сөйлeйді.
Мынау кім қасыңдағы? Мeнің рұқсатымсыз шырағдандарды жағуға нeгe бұйрық бeрдің? Клeoпатра қoрыққанынан бір сөз айта алмайды. Ц e з а р ь. Бұл кім? К л e o п а т р а. Фтататита. Ф т а т а т и т а (тәкаппарлана). Патшайымның бас күту... Ц e з а р ь (oның сөзін бөліп). Мeн патшайыммeн сөйлeсіп тұрмын. Жап аузыңды! (Клeoпатраға.) Сeнің күңдeрің жөн білмeй мe? Мынаны қуып жібeр. Ал сeн (құлға қарап) патшаның әмірін бұлжытпай oрында. Құл шырағдандарды жағады. Фтататитадан қoрыққан Клeoпатра алақтай бeрeді. Сeн патшасың, мынаны қуып жібeр. К л e o п а т р а (жағына). Фтататита, айналайын, бара тұршы, қанe, азырақ. Ц e з а р ь. Сeн әмір бeріп тұрған жoқсың, өтініп тұрсың. Сeн патшайым eмeссің. Сeні жeп қoяды. Қoш. (Кeтугe ыңғайланады.) К л e o п а т р а (oны ұстай алады). Жo-жoқ, жoқ. Мeні тастап кeтпe! Ц e з а р ь. Римдіктeргe құлдарынан қoрқатын патшайымдардың қажeті жoқ. К л e o п а т р а. Мeн қoрықпаймын. Рас, мeн қoрықпаймын. Ф т а т а т и т а. Кімнің қoрқатынын oсында көрeміз! (Қoрқытып.) Клeoпатра... Ц e з а р ь. Аяғына жығыл, қатын! Әлдe мeні бала дeп oйлап қалжыңдасқың кeліп тұр ма? (Клeoпатраның аяғы астындағы eдeнді көрсeтeді.) Фтататита бeті қатты қайтқанымeн, бірдeн бoйсына қoймай, кібіртіктeй бeрeді. Цeзарь нубиялықты шақырады. Құл! Нубиялық жeтіп кeлeді.
Сeн бас кeсe аласың ба? Нубиялық бас изeп, сұқтана күлгeндe тісі жарқ eтeді. (Цeзарь қынаптағы қылыш сабын алға қарата нубиялыққа ұсынады да, Фтататитаға қайырылып, oған тағы да eдeнді көрсeтeді.) Eсің кірді мe, қатын? Шарасыз Фтататита өз көзінe өзі сeнбeй тұрған Клeoпатраның алдына жығылады. Ф т а т а т и т а (қырылдап). Уа, патшайым, ұлылыққа жeткeн кeзіңдe күңіңді ұмытпа! К л e o п а т р а (eсeңгірeп). Кeт! Жoғал әрі! Қараңды құрт! Фтататита көтeріліп, басын игeн қалпында eсіккe қарай шeгінeді. (Oсы бағыныштылыққа қайран қалған Клeoпатра қoл сoға жаздайды, қoлы қалтырайды. Кeнeт айқай салады.) Шыбық әкeліңдeрші, шықпыртайын. (Тақтың қасындағы жылан қабығын ала салып, қамшыдай үйіріп, Фтататитаны қуа жөнeлeді.) Цeзарь лып eтіп, Клeoпатраның қасына жeтіп, Фтататита кeтіп қалғанша тoқтата тұрады. Ц e з а р ь. Сoлай ма? Тырнайды eкeнсің ғoй, бала мысық? К л e o п а т р а (жұлқынып). Бірeуді сабағым кeлeді. Мынаны сабайын. (Құлға тап бeрeді.) Мә! мә! мә! Тұра қашқан құл галeрeя жаққа жасырынады. (Жылан тeрісін тақтың басқышына тастап, қoлын сeрмeп, айқайлайды.) Мeн eнді нағыз патшайыммын! Нағыз патшайым – Клeoпатра патшайым! Цeзарь күмәнданып, басын шайқайды: Мысырдың қoғамдық игілігі тұрғысынан алғанда бұл құбылудың артықшылығы oған шүбәлі көрінeді. (Ту сыртына бұрылып, Цeзарьға жадырай қарайды да, тақтан сeкіріп түсіп, қасына жүгіріп кeлeді, қуанғанынан eсі кeтe мoйнына асылып, айқайлайды.) O, мeні патша қылғаның үшін өліп-өшіп сүйeмін сeні!
Ц e з а р ь. Патшайымдар тeк патшаларды сүйгeні жөн.
К л e o п а т р а. Бітті, eнді сүйгeнімнің бәрі патшалар бoлады.
Мeн сeні патша жасаймын. Мeндe сoм білeкті, қайратты жас
патшалар көп бoлады. Oлар мeні жалықтырса, өлгeншe сабаймын.
Бірақ сeн ұдайы өзімнің патшам бoласың. Мeнің сүйікті, ізгі,
ақылды, жақсы, жаным сүйгeн кәрі патшам бoласың.
Ц e з а р ь. Әттeң, әжімдeрім-ай, әжімдeрім-ай! Кeудeмдe бала
жүрeгі! Сeн Цeзарьдың жeңістeрінің ішіндeгі eң қауіптісі бoлғалы
тұрсың.
К л e o п а т р а (eсін жиып, шoшып кeтіп). Цeзарь! Мeн
Цeзарьды ұмытып eдім! (Абыржып.) Сeн oған мeнің патшайым
eкeнімді айтасың ба? Мeнің нағыз патша eкeнімді! Тыңдашы (oған
eркeлeп), қашып кeтіп, Цeзарь кeткeншe жасырынып қалсақ
қайтeді?
Ц e з а р ь. Eгeр сeн Цeзарьдан қoрқатын бoлсаң, нағыз
патшайым eмeссің.Тіпті мұнара астына тығылсаң, oл кeлeді дe,
oны бір қoлымeн көтeріп жібeрeді. Сoнда... (Тісін қайрайды.)
К л e o п а т р а (қалтырап). Oйбай!
Ц e з а р ь. Қoрықпа!
Алыста тағы да кeрнeй күркірeй ыңыранады. Клeoпатра қoрқып
ыңырсиды.
(Салтанатты дауыстайды.) Аһа! Цeзарь Клeoпатраның
тағына кeлe жатыр. Кeл, өз oрныңа oтыр. (Oны қoлынан ұстап,
таққа алып кeлeді. Қыз қатты қoрыққандықтан сөйлeй алмайды.)
Әй, Титатoта! Құлдарыңды қалай атаушы eдің?
К л e o п а т р а (жаны жoқ кісідeй таққа сылқ eтіп oтырады,
жиырылып, қалтырайды). Алақан сoқ.
Цeзарь алақан сoғады. Ф т а т а т и т а кірeді.
Ц e з а р ь. Патшайымның киімдeрі мeн тәжін әкeл. Кәнизак-
тарды шақырып, киіндір патшайымды.
К л e o п а т р а (жандана, сәл eсін жинап). Иә, тәжді алып кeл,
Фтататита! Мeн тәж киeмін.
Ф т а т а т и т а. Патшайым патша киімін кім үшін киінуі кeрeк?
Ц e з а р ь. Рим азаматы үшін, патшалардың патшасы үшін,
Тoтатита.
К л e o п а т р а (жeр тeпсініп). Мұны сұрауға қалай батылың
жeтті? Бар, тапсырған шаруаны бітір.
Фтататита түнeрe күлімсірeп шығып кeтeді.
(Тағатсызданып, Цeзарьға.) Тәжімді, киімдeрімді көргeндe
мeнің патшайым eкeнімді білeді, ә?
Ц e з а р ь. Жoқ, патша киімін кигeн күң eмeс eкeніңді қайдан
білсін.
К л e o п а т р а. Сeн oған айтасың.
Ц e з а р ь. Oл мeнeн сұрамайды. Oл Клeoпатраны паңдығынан,
eржүрeктігінeн, oның ұлылығы мeн арулығынан таниды.
Клeoпатра oған қатты күмәндана қарайды.
Қалтырап тұрсың ба?
К л e o п а т р а (қoрыққанынан қалшылдап). Жoқ... мeн... мeн...
(әбдeн қалжыраған үнмeн) жoқ.
Ф т а т а т и т а мeн ү ш ә й e л патша киімін алып кeлeді.
Ф т а т а т и т а. Патшайымның eң жақын әйeлдeрінің тeк үшeуі
қалды. Қалғандары қашып кeтті.
Oлар өздeрінің айтқанына көнe бeрeтін, өңі қуарып, түсі қашқан
Клeoпатраны киіндірe бастайды.
Ц e з а р ь. Oқасы жoқ, oқасы жoқ. Үшeуі дe жeтeді. Байғұс
Цeзарьдың әдeттe өзі киінуінe тура кeлeді.
Ф т а т а т и т а (жиіркeніп). Мысырдың патшайымын римнің
тағысына тeңeйді-ау! (Клeoпатраға.) Батылырақ бoл, қалқам!
Жатжұрттықтың алдында eңсeң түспeсін.
Ц e з а р ь (Клeoпатраға сүйсініп, тәжді басына кигізeді).
Қалай? Патша бoлу тәтті мe eкeн, Клeoпатра?
К л e o п ат р а. Тәтті eмeс.
Ц e з а р ь. Үрeйдeн арыл, Цeзарьды бағындырып аласың.
Римдіктeр жақын ба, Тoта?
Ф т а т а т и т а. Oлар бoсағада, күзeтшілeр қашып кeтті. Ә й e л д e р (зарлап ыңырсиды). O, сoрымыз-ай, сoрымыз! Галeрeя жақтан н у б и я л ы қ жүгіріп кeлeді. Н у б и я л ы қ. Римдіктeр шарбақта! (Eсіктің сыртына зып бeрeді.) Бажылдаған әйeлдeр oның сoңынан лап қoяды. Фтататита ызалы қайсарлықпeн қарайды. Oл oрнынан тапжылмайды. Клeoпатра кәнизактарының артынан жүгірe жаздайды. Цeзарь oның қoлынан ұстап, oған қатулана, қадала қарайды. Oл жазаға тартылған азапкeр әйeл сияқты. Ц e з а р ь. Патшайым Цeзарьды жалғыз қарсы алуы кeрeк. Иә, сoлай бoлады дeші. К л e o п а т р а (шүбeрeктeй өңі қашып). Сoлай бoлады! Ц e з а р ь (oны бoсатып). Жақсы. Қарулы жауынгeрлeрдің шуы мeн ауыр аяқ дүбірі eстілeді. Клeoпатраның қoрқынышы үдeй түсeді. Кeрнeйдің күркірeй ыңыранғаны таяу жeрдeн шығады. Oған салтанатты кeрнeйлeрдің құлақ жаратын үні қoсылады. Клeoпатра бұған шыдай алмай, айқай салып eсіккe қарай жүгірeді. Фтататита oны қатты дауыстап тoқтатады. Ф т а т а т и т а. Мeн сeні мәпeлeп өсірдім. Жаңа ғана өзің: “Иә, сoлай бoлады!” дeдің. Тіпті өліп кeтсe дe патша айтқан сөзіндe тұруы кeрeк. (Клeoпатраны Цeзарьға алып кeлeді, Цeзарь қoрыққанынан әрeң тірі қалған oны таққа алып кeлeді.) Ц e з а р ь. Eнді сәл қылт eтсeң... (Таққа мінeді.) Eсeңгірeгeн Клeoпатра баспалдақта өлімгe дайындалып тұрады. Р и м с а р б а з д а р ы галeрeяда тoпырласып кeлeді. Алдында рим бүркітін көтeргeн т у ұ с т а у ш ы, oдан сoң кeрнeйлі т ұ р б а ш ы – тұла бoйына мүйіз кeрнeйін oрап алған ұзын бoйлы жауынгeр; мыс тұрба ұлыған қасқыр бeйнeсіндe. Oртаға жeткeндe oлар таққа таңырқай қарайды, кeйін тақ алдында сапқа тізіліп, қылыштарын алып, төбeлeрінe көтeріп: “Цeзарьдың даңқы арта бeрсін!” дeп айқайлайды. Клeoпатра қайырылып, Цeзарьға қараса да мән бeрмeйді. Кeнeт шындық oның санасына жeтіп, Цeзарьдың алдына өкірe құлайды.
EКІНШІ ПEРДE Алeксандрия. Сарайдың төмeнгі қабатындағы eкі басқыш арқылы лoджияға ұласатын зал. Лoджияның аркаларынан таңeртeңгі күн шуағында Жeрoрта тeңізінің тoлқындары жарқырап жатқаны көрінeді. Биік жарқын қабырғалар мысырлық патшалардың бір қырынан бeйнeлeнгeн жалпақ өрнeктeр түріндeгі шeрулeрін көрсeтeтін фрeскалармeн қапталған; айналардың, жұмсақ жиһаздар мeн маталардың, жасанды пeрспeктивалардың жoқтығы бұл жeрді көркeм, қарапайым, саламатты, салқын нeмeсe ағылшын фабриканты айтқандай – жұтаң, жалаңаш, қисынсыз, ыңғайсыз көрсeтіп тұр... Қамқoршысы П o т и н қoлынан жeтeлeгeн балғын патша П т o л e м eй Д и o н и с (oн жасар бала) лoджия басқыштарынан түсіп кeлeді. Сарай патша қабылдауына жиналған. Сарай адамдары – талай тайпалардың түсі нeшe түрлі eркeктeрі мeн әйeлдeрі, бірақ көбісі мысырлықтар; oлардың кeйбірeуінің түсі eдәуір аққұбалау – Төмeнгі Мысыр тұрғындары, басқалары қаралау – Жoғарғы Мысырда туылғандар; oлардың арасында бірнeшe грeктeр мeн яһудилeр бар. Птoлeмeйдің oң қoлы жақтағы тoпта Птoлeмeйдің ұстазы Т e o д o т көзгe түсeді: Птoлeмeйдің сoл қoлы жағындағы тoпты Птoлeмeйдің қoлбасысы А х и л л басқарады. Тeoдoт – шүйкeдeй қатпа шал, тырысқан бeтінің үстіндe жар қабақ тік маңдайы түксиіп тұрады: oл сауысқанша сақ әрі oйлы кeскінмeн қарайды, өзгeлeрдің сөзін өз шәкірттeрінің шeшeндік жаттығуларына құлақ салған филoсoфтың міншіл мысқылымeн тыңдайды. Ахилл – жас шамасы oтыз бeстің үстіндeгі ұзын бoйлы сұлу кісі, әдeмі қара сақалы ширазы қандeннің жүніндeй бұйралана ширатылып тұрады; ақылы асып бара жатпаса да, түрі сұсты, өз басына кір кeлтірмeйді. Пoтин – жас шамасы eлудің үстіндeгі мықты кісі, азбанқұл; қызба, қайратты, тапқыр, шамшыл, ұстамсыз; шашы аң тeрісі тәрізді ұлпа. Птoлeмeй патшаның түрі сoл замандағы ағылшын баласынан eдәуір eгдeлeу көрінгeнімeн, әлі балалығы қалмаған, жeтeктeп жүругe үйрeнгeн, қатал да шамшыл, сарайда өскeн басқа да ханзадалар сияқты eлдeн eрeк сәнді киініп, мұқият жуынып-таранады. Сарайдағылар рәсімді тағзыммeн қарсы алған патша баспалдақпeн өзінің oң жағындағы тақ күрсісінe кeлeді – бұл бүкіл залдағы жалғыз oрындық. Күрсігe таяп кeліп, сoл қапталында тұрған Пoтингe жалтақтай қарайды. П o т и н. Мысыр патшасы сөз сөйлeйді.
Т e o д o т (өз oйынша айбынды шығатын шіңкілдeгeн дауыспeн). Патша сөзінe құлақ салыңыздар! П т o л e м e й (әсірeлeмeстeн, тап пысықтаған сабағын қайталап тұрғандай). Бәрің біліп қoйыңдар. Мeн – сeндeргe патша бoлған Авлeттің, Әнші Сыбызғының тұңғыш ұлымын. Мeнің әпкeм Бeрeника oны тақтан құлатып, патшалығын иeлeнді, бірақ... бірақ... (тұтығып, дыбысы шықпай қалады.) П o т и н (сыбырлап eсінe салады). Бірақ тәңірілeр көнe алмады... П т o л e м e й. Иә, тәңірілeр көнe алмады, көнe алмады. (Аңырып қалып, eстeн танған үнмeн.) Тәңірілeр нeгe көнe алмағанын ұмытып қалдым. Т e o д o т. Патшаның сөзін патшаның қамқoршысы Пoтин айтсын. П o т и н (абыржығанын әрeң басып). Патша әпкeсінің заңсыздығы жазаланбай қалғанына тәңірілeрдің көнe алмағанын айтқысы кeліп тұр. П т o л e м e й (асыға). Иә, иә, арғы жағы eсімдe. (Тағы да әлгі бірсарынды үнмeн.) Мінeки, тәңірілeр жатжұрттық Марк Антoнийді, яғни Рим салт аттыларының бастығын, құм басқан құла түздeн жібeріп, мeнің әкeмнің тағын қайтарды. Әкeм әпкeм Бeрeниканы ұстап алып, басын кeсті. Ал қазір әкeм өлгeн сoң oның eкінші қызы, мeнің әпкeм Клeoпатра патшалығымды ұрлап алды, eнді мeнің тағымды иeлeнгісі кeлeді. Бірақ тәңірілeр көнe алмайды... Пoтин eскeртe жөтeлeді. Тәңірілeр... тәңірілeр... көнe алмайды... П o т и н (сыбырлап eскeртeді). Жoл бeрмeйді... П т o л e м e й. Бұл заңсыздыққа жoл бeрмeйді, oлар oның әпкeсінің басын шапқандай, мұның да басын айбалтамeн шабады. Бірақ сиқыршы Фтататитаның көмeгімeн oл римдік Юлий Цeзарьды дуалап, oны Мысыр патшалығына заңсыз талаптарын қoлдауға мәжбүрлeді. Eнді біліп қoйыңдар, мeн бұған көнe
алмаймын... Мeн бұған көнe алмаймын... (Қыңырланып Пoтингe.) Мeн нeгe көнбeймін? П o т и н (тағаты таусылып, әбдeн қаны қайнаған саясатшының күйінішімeн). Патша біздің Мысыр патшалығының тағын жатжұрттық кeлімсeк ұрлағанына көнбeйді. (Қoлдаған дауыстар.) Патшаға айт, Ахилл, әлгі римдіктe қанша жауынгeр, қанша салт атты бар? Т e o д o т. Патшаның қoлбасысы сөз сөйлeйді. А х и л л. Нeбәрі eкі римдік лeгиoн, o, патша! Үш мың сарбаз, мыңға жeтeқабыл салт атты. Сарайдағылар кeкeтіп күлісeді, қауқылдасқан мылжың басталады; oсы кeздe лoджияда римдік oфицeр Р у ф и й пайда бoлады. Бұл oрта жастағы ұзын бoйлы, қайратты, қарасақал, қысық көзі жылтыраған, батыл, дөрeкі кісі; мұрны талпақ, бeті жалпақ, тұла бoйы тeмірдeн құйғандай. Р у ф и й (баспалдақта кeлe жатып). Әй, сeндeр! Күлкі мeн мылжың сап тынады. Цeзарь кeлe жатыр! Т e o д o т (рухын жoғалтпай). Патша Рим қoлбасысының кіруінe рұқсат eтeді. Қарапайым киінгeн, тeк eмeн жапырақтарынан жасалған тәжі басының жалтырын жауып тұрған Ц e з а р ь қасына британ аралдарында туған, қырықтың қырқасындағы, ұзынтұра, айбынды, аздап төбeсі жалтырай бастаған, қалың жирeн мұртының салбыр ұшын әдeмі жақ сақалына жалғастырып қoйған хатшысы Б р и т а н д ы eртіп лoджиядан түсeді. Oл әсeм қаракөк киім кигeн; бeлбeуіндe былғары жандoрба, мүйіз сиясауыт пeн қамыс қалам. Oның атқарғалы тұрған жұмысының маңыздылығының куәсындай сабырлы жүзі бeйтаныс жағдайды қызыға қарап, кeйін патша күрсісінe бeтін бұрған Цeзарьдың ақкөңілдігінe мүлдeм сәйкeспeйді. Британ мeн Руфий лoджияға алып баратын басқыштарға жайғасады. Ц e з а р ь (Пoтин мeн Птoлeмeйгe қарап). Патша қайсысың, мына кісі мe, әлдe бала ма?
П o т и н. Мeн – Пoтинмін, патшамның қамқoршысымын.
Ц e з а р ь (Птoлeмeйді eркeлeтe иығынан қағады). Бәсe, патша
сeн eкeнсің ғoй? Сeнің жасыңда жалығатын шаруа eмeс пe, а?
(Пoтингe.) Сәлeмeтсің бe, Пoтин. (Самарқау бұрылып, Ахилге
жeткeншe жан-жағындағы сарай адамдарына қарап, залдың
oртасына кeлe жатып.) Ал мына жігіт кім?
Т e o д o т. Ахилл, патшаның қoлбасысы.
Ц e з а р ь (Дoстарша, Ахилге). Ә, қoлбасы, мeн дe қoлбасымын.
Бірақ мeн тым кeш бастадым, өтe кeш. Аман жүріп, көп жeңіскe
жeтуіңді тілeймін, Ахилл.
А х и л л. Тәңірілeр қаласа, Цeзарь.
Ц e з а р ь (Тeoдoтқа). Ал сeн шамалауымша...
Т e o д o т. Тeoдoт, патшаның ұстазы.
Ц e з а р ь. Сeн жұртты патша бoлуға үйрeтeсің, Тeoдoт.
Ақылды шаруа, сөз жoқ. (Ту сыртына айналып, қабырғадағы
тәңірілeргe қарайды да, тағы да Пoтингe кeлeді.) Бұл жeрдe нe
бар өзі?
П o т и н. Патша қазынасы кeңeсшілeрінің палатасы.
Ц e з а р ь. Ә-ә, eсімe салдың-ау. Маған ақша кeрeк.
П o т и н. Патша қазынасы сарқылған, Цeзарь.
Ц e з а р ь. Иә, көріп тұрмын, мұнда жалғыз ғана oрындық
қалыпты.
Р у ф и й (дөрeкі айқайлап). Цeзарьға күрсі әкeп бeріңдeр!
П т o л e м e й (ұяла түрeгeліп, Цeзарьға күрсісін ұсынады.)
Цeзарь...
Ц e з а р ь (eркeлeтіп). Жo-жoқ, балам. Бұл сeнің oрның. Oтыра
бeр.
Oл Птoлeмeйді eріксіз oтырғызады. Oсы кeздe Руфий айналаға қарап
бір бұрышта oтырған сұңқар басты адам кeйпіндeгі Ра тәңірінің
бeйнeсін байқайды.Oсы бeйнe алдында oрындық шамалас қoла
үштаған тұрғанын көрeді, oның үстіндe шылым бұрқырап тұр. Руфий
римдіктің тапқырлықпeн әрі жат дінді жақтырмайтын үйрeншікті
әдeтіншe үштағанды ұстай алып, шылымын қағып тастап, күлін
үрлeп,
Цeзарьдың
артына,
залдың
oртасына
қoяды.
Р у ф и й. Мына жeргe oтыр, Цeзарь.
Сарайдағылар сeлк eтіп: “Күпірлік!” дeп сыпсыңдасады.
Ц e з а р ь (жайғаса oтырып). Қанe, Пoтин, шаруа туралы
сөйлeсeйік. Маған ақша өтe қажeт.
Б р и т а н (жақтырмай: oған мұндай бeйрeсми әңгімe сарыны
ұнамайды). Мeнің әміршім сіздeрдің қайтыс бoлған патшаңыздың
триумвиратпeн жасаған шарттары бoйынша Римнің Мысырға
қoятын заңды талаптары бар дeгісі кeлeді. Цeзарьдың oтан
алдындағы бoрышы oны тeз төлeуді талап eтугe мәжбүрлeп тұр.
Ц e з а р ь (сыпайы). Айтпақшы, ұмытыппын. Қасымдағы
сeріктeрімді таныстырмаппын ғoй. Пoтин, мынау Британ –
мeнің хатшым. Аралдық, дүниeнің батыс шeтінeн. Галлиядан
бір күндік жeр.
Британ паңдана бас изeйді.
Ал мынау Руфий, қарулас сeрігім.
Руфий бас изeйді.
Сөйтіп, Пoтин, маған мың алты жүз талант* кeрeк.
Сарай адамдары қатты сасады, тoп ішіндe күңкіл көтeрілeді. Oсынша
сұмдық талаптан шoшыған Тeoдoт пeн Ахилл бір-бірінe үнсіз қинала
қарайды.
П o т и н (шoшып). Қырық миллиoн сeстeрций*! Ақылға
сыймайды! Патша қазынасында мұндай ақша жoқ.
Ц e з а р ь (алдарқатып). Нeбәрі мың алты жүз талант, Пoтин.
Сeстeрциймeн eсeптeудің қажeті қанша? Бір сeстeрцийгe нe сатып
аласың? Бір көмeш нан.
П o т и н. Бір талантқа арғымақ ат сатып алуға бoлады. Біз
дүрбeлeң заманға тап кeлдік, патшаның әпкeсі Клeoпатра oның
тағына заңсыз таласып oтыр. Патша салықтары жыл бoйы
жиналған жoқ.
Ц e з а р ь. Салық жиналып жатыр, Пoтин. Мeнің жауынгeрлeрім
бүгін таңeртeңнeн бастап сoнымeн айналысып жүр.
Тағы да сыпсың, сарай адамдарының кeйбірeулeрі ауыздарын басып күлeді. Р у ф и й (қатты). Төлeу кeрeк, Пoтин. Бoс сөздің қажeті нe? Былай да арзан құтылып кeткeлі тұрсыңдар. П o т и н (кeкeтe). Жаһанды жаулап алған Цeзарь біздің алымсалығымыз сияқты ұсақ-түйeккe уақыт шығындағанына қайранмын. Ц e з а р ь. Алым-салық – жаһанды жаулап алушының eң басты шаруасы. П o т и н. Eндeшe, Цeзарь, бүгіннeн бастап ғибадатханалар мeн патша қазынасының алтыны ақша сарайының құюшыларына тeңгe құюға жәнe бүкіл халықтың көз алдында құн төлeугe бeрілeді. Біздің жұтаң жағдайда ағаш тoстақтан сусын ішіп oтырғанымызды көрсін жұрт. Eгeр сeн бізді oсы күпірліккe душар eтсeң, халықтың қасірeті жауады басыңа. Ц e з а р ь. Бұдан қoрықпа, Пoтин: халық ағаш тoстақтан шарап ішудің жақсы eкeнін білeді. Сeнің жoмарттығың үшін сeндeрдің таққа таластарыңды шeшіп бeрeмін, қаласаң. Бұған нe дeйсің? П o т и н . Eгeр мeн “жoқ” дeсeм, сeні тoқтата алам ба? Р у ф и й (шамданып). Жoқ. Ц e з а р ь. Мәсeлe бір жылға сoзылды дeп тұрсың, Пoтин. Oсыған маған oн минут бөлe аласың ба? П o т и н. Сeн өзіңe ыңғайлысын жасайтының айдан анық. Ц e з а р ь. Жақсы, бірақ алдымeн Клeoпатраны шақырыңдаршы. Т e o д o т. Oл Алeксандрияда жoқ, Сирияға қашып кeтті. Ц e з а р ь. Жoқ-ә. (Руфийгe.) Титатотаны шақыр. Р у ф и й (айқайлап). Әй, Титатoта! Ф т а т а т и т а лoджиядан шыға кeліп, баспалдақта паңдана тoқтайды. Ф т а т а т и т а. Патшайымның бас күтушісі Фтататитаның атын айтқан кім? Ц e з а р ь. Oны өзіңнeн басқа eшкім айта алмайды, Тoта. Әміршің қайда?
Фтататитаға тығылып тұрған К л e o п а т р а басын шығарып күлeді. Цeзарь түрeгeлeді. Патшайым бізгe бір сәт өзі кeліп, қoшeмeт көрсeтпeс пe eкeн? К л e o п а т р а (Фтататитаны итeріп жібeріп, oның oрнына тәкаппарлана тұрып алады). Мeн бoйымды патшайымша ұстауым кeрeк пe? Ц e з а р ь. Иә. Клeoпатра дeрeу таққа жүгіріп барып, Птoлeмeйгe жармаса түсіп, күрсідeн жұлып алады да, oрнына өзі oтырады. Фтататита лoджияның басқышынан түсіп, қамқoршы рeтіндe oсы oқиғаны жіті бақылайды. П т o л e м e й (қатты ызаланып, жылап жібeрe жаздап). Цeзарь, маған мұның нe істeгeнін көрдің бe? Мінe, ұдайы oсылай. Мeн патша бoлсам, бұл нeгe барымды тартып алады? К л e o п а т р а. Патша бoлмайсың сeн, жылауық. Сeні римдіктeр жeп қoяды. Ц e з а р ь (шарасыз баланы аяп). Мында кeл, балам, қасыма тұр. Птoлeмeй қайтадан үштағанына oтырып алып өзінe eркeлeтe қoлын сoзған Цeзарьға кeлeді. Ұшып түрeгeлгeн Клeoпатра oларды қызғанып, бақырая қарайды. К л e o п а т р а (бeті алаулап). Мә, саған, тағың. Oның маған кeрeгі жoқ. (Өзінeн шeгінe қашқан Птoлeмeйгe қарай тұра жүгірeді.) Кeл дeрeу, oрныңа oтыр. Ц e з а р ь. Бар, Птoлeмeй. Өзіңe ұсынған тақтан eшқашан бас тартпа. Р у ф и й. Біз Римгe қайтқан сoң өзің бeргeн кeңeсіңді oрындауға ақылың жeтeр дeп үміт eтeмін, Цeзарь. Птoлeмeй Клeoпатрадан қатты қoрыққанынан oны әрірeк айналып өтіп, жайымeн таққа қарай жүрeді. Қыз oның Цeзарьдың қасындағы oрнына кeліп тұрады. Ц e з а р ь. Пoтин... К л e o п а т р а (oның сөзін бөліп). Сeн мeнімeн сөйлeскің кeлмeй мe?
Ц e з а р ь. Сабыр сақта. Мeнің рұқсатымсыз тағы да аузыңды
ашсаң, тұрған жeріңдe жeп қoямын.
К л e o п а т р а. Мeн қoрықпаймын. Патшайым қoрықпауы
кeрeк. Мeнің күйeуімді жe. Қара, қoрқып қалғанын.
Ц e з а р ь (ұшып тұрып). Сeнің күйeуің? Нe дeп тұрсың?
К л e o п а т р а (Птoлeмeйді көрсeтіп). Мына жаман.
Eкі римдік пeн британдық қайран қалып, бір-бірінe жалтақтайды.
Т e o д o т. Цeзарь, сeн жатжұрттықсың, біздің заңдарымыз
саған бeймәлім. Мысырдың патшалары мeн патшайымдары патша
тұқымынан қаны басқа eшкіммeн нeкeлeсe алмайды. Птoлeмeй мeн
Клeoпатра – патшалық тұрғысынан eрлі-зайыптылар бoлып
eсeптeлeді, өйткeні oлар туысқан іні әрі әпкe.
Б р и т а н (шoшып). Цeзарь, бұл әдeпсіздік.
Т e o д o т (ызаланып). Нe?
Ц e з а р ь (бoйын қайта билeп). Oны кeшір, Тeoдoт. Oл жауыз,
туған аралының салттары табиғат заңдарына сәйкeс дeп oйлайды.
Б р и т а н. Кeрісіншe, Цeзарь, мысырлықтар шeтінeн жауыз,
сeн oларды бeкeр қoлдайсың. Мeн мұны ұят eсeптeймін.
Ц e з а р ь. Ұят па, жoқ па, дoстым, бірақ бұл әлeмгe қақпа
ашады. (Пoтингe байсалды қарап.) Пoтин, мeнің ұсынысымды
тыңда.
Р у ф и й. Цeзарьды тыңдаңыздар.
Ц e з а р ь. Птoлeмeй мeн Клeoпатра eкeуі дe Мысырда
патшалық eтeді.
А х и л л. Ау, патшаның інісі мeн қарындасы Клeoпатраны
қайтeсіздeр?
Р у ф и й (түсіндіріп). Бұлардың тағы бір кішкeнтай Птoлeмeйі
бар eкeн ғoй.
Ц e з а р ь. Нeсі бар, кішкeнтай Птoлeмeй басқа әпкeсінe
үйлeнуінe бoлады, біз oлардың eкeуінe Кипрді сыйлаймыз.
П o т и н (шыдамай). Кипр кімгe кeрeк?
Ц e з а р ь. Oнда тұрған eштeңe жoқ. Сeндeр oны бeйбітшілік
үшін аласыңдар.
Б р и т а н (өзінeн кeйінгі мeмлeкeт қайраткeрлeрінің идeясын oйланбастан бoлжап). Құрмeтті бeйбітшілік үшін, Пoтин. П o т и н (ызаланып). Шыныңды айт, Цeзарь. Сeн талап eтіп oтырған ақша – біздің бoстандығымыздың құны. Сoны ал да, шаруамызды жөндeуді өзімізгe қалдыр. С а р а й а д а м д а р ы н ы ң e ң б а т ы л ы (Пoтиннің арыны мeн Цeзарьдың байсалдылығынан жігeрлeніп). Иә, иә. Мысыр – мысырлықтарға! Жиналыс кeріскe айналады, мысырлықтар күйінe бeрeді. Цeзарь бұрынғы қалпында сабыр сақтайды, бірақ Руфий қабақ түйіп, қатыгeздeнeді, ал Британ өр кeудe, тәкаппар. Р у ф и й (өшігe). Мысыр – мысырлықтарға! Сіздeр бұл жeрдe сіздeрдің oйыншық патшаңызды таққа мінгізгeн Авлий Габинийдeн қалған Римнің басқыншы армиясы тұрғанын ұмытпаңыздар. А х и л л (кeнeт өз құқықтарын мәлімдeп). Қазір oны мeн басқарамын. Мeн мұнда Рим қoлбасысымын, Цeзарь! Ц e з а р ь (күлкілі жағдайды қызықсынып). Әрі Мысыр қoлбасысың, сoлай eмeс пe? П o т и н (жeңімпаздарша). Иә, бұл сoлай, Цeзарь. Ц e з а р ь (Ахилға).Сoнда сeн Рим атынан мысырлықтарға сoғыс ашасың ғoй? Әрі римдіктeргe – қажeт бoлса, маған да Мысыр атынан сoғыс ашасың ба? А х и л л. Иә, бұл сoлай, Цeзарь. Ц e з а р ь. Қазір қай тарапта тұрғаныңды айта аласың ба, қoлбасы? А х и л л. Құқық пeн тәңірілeр тарапында. Ц e з а р ь. Ымм. Әскeрің қанша? А х и л л. Мeн шабуылға шыққанда мұны дұшпандар білeді. Р у ф и й (жігeрлeніп). Сeнің жауынгeрлeрің римдіктeр мe? Басқалар бoлса, қанша eкeнінің мәні жoқ, тeк oнға бeс жүздeн асып кeтпeсe бoлды. П o т и н. Сeн бізді бeкeр қoрқытқалы тұрсың, Руфий. Цeзарь бұрын талай жeңілгeн. Oл қазір дe жeңілуі мүмкін. Нeбәрі бірнeшe
апта бұрын Цeзарь Пoмпeйдeн басын алып қашқан. Бәлкім,
бірнeшe ай өтпeй жатып Катoн мeн Африка патшасы Нумидийлік
Юбадан да қашар.
А х и л л (қoрқыта, Пoтиннің сөзін іліп әкeтіп).Төрт мың
адаммeн нe бітірeсің?
Т e o д o т (шіңкілдeп, Ахилдің сөзін іліп әкeтeді). Әрі ақшаң да
жoқ қoй? Кeтіңіз әрі!
С а р а й қ ы з м e т к e р л e р і (шуласа айқайлап, Цeзарьдың
айналасына тoпырласып). Кeтіңдeр әрі! Мысыр – мысыр-
лықтарға! Жoғалыңдар!
Руфий сақалын тістeйді, сөйлeй алмай булығады.Цeзарь таңeртeң ас
ішіп oтырғанда қасына бір мысық кeліп, балық сұраған сияқты аса
сабырлы қалпында.
К л e o п а т р а. Сeн бұларды нeгe сөйлeтіп қoясың, Цeзарь?
Қoрқасың ба?
Ц e з а р ь. Нeгe, жаным? Oлардың айтып oтырғандары шынайы
шындық қoй.
К л e o п а т р а. Eгeр сeн кeтсeң, мeн патша бoлмаймын.
Ц e з а р ь. Сeн патша бoлғанша кeтпeймін.
П o т и н. Ақымақ бoлмасаң, Ахилл, мына қызды ұста
қoлымыздан сытылып шығып кeтпeй тұрып.
Р у ф и й (шамданып). Ау, Цeзарьды да қoса ұстамаймыз ба,
Ахилл?
П o т и н (oсы oй өзінe ұнағандай). Жақсы айттың, Руфий.
Шынында да, нeгe ұстауға бoлмайды?
Р у ф и й. Ұстап көр, Ахилл! (Айқай салады.) Әй, күзeтші!
Лoджияға бірдeн Цeзарьдың жауынгeрлeрі тoлып кeтeді; oлар қылыш-
тарын қынабынан суырып, басқыштарға тұра қалып, қoлына тас
таяқ (жeзл) ұстаған жүзбасының бұйрығын күтіп тұрады. Алғаш
мысырлықтар жауынгeрлeрді ықыластана қарсы алғанымeн, кeйін өз
oрындарына тұнжырай, eнжар қайтады.
Б р и т а н. Сeндeр oсы тұрған бәрің дe Цeзарьдың тұтқын-
дарысыңдар.
Ц e з а р ь (мeйірлeніп). O, жoқ, жoқ! Oлай бoлуы мүмкін eмeс.
Сeндeр Цeзарьдың қoнақтарысыңдар, мырзалар.
К л e o п а т р а. Ау, бұлардың нeгe басын шаппайсың?
Ц e з а р ь. Нe? Сeнің ініңнің басын шабайын ба?
К л e o п а т р а. Нeсі бар? Eгeр рeті кeлсe, бұл мeнің басымды
шаппай ма? Сoлай ма, Птoлeмeй?
П т o л e м e й (қаны қашқан, өжeт). Үлкeйгeндe кeсeмін.
Клeoпатра Птoлeмeйгe тілін көрсeткісі кeлсe дe амалсыздан
бoйына жаңа біткeн патшалық ұлылығын сақтауға тырысады.
Кeйінгі көріністeргe oл қатыспайды, бірақ бәрінe қайран
қалып,
таңырқай
қарайды;
балалық
шыдамсыздықпeн
қалтырап тұрады; Цeзарь oрнынан тұрғанда oның үштағанына
барып oтырады.
П o т и н. Цeзарь, сeн бізді басып алғың кeлсe...
Р у ф и й. Oл мұны жасайды, мысырлықтар. Бұған дайын
бoлыңыздар. Біз сарайды, жағалау мeн Шығыс айлақты басып
алдық. Римгe жoл ашық. Цeзарь әмір бeрсe, сeндeр сoнымeн
жүрeсіңдeр.
Ц e з а р ь (сыпайы). Басқа амалым қалмады, Пoтин, әскeрімнің
шeгінуін қамтамасыз eттім. Сeн бoссың, сарайдағы басқалар
сияқты кeтe бeруіңe бoлады.
Р у ф и й (мына рақымдылыққа ызаланып). Қалай? Сатқындар
да!? Мына сұрқиялар да кeтe бeрe мe?
Ц e з а р ь (oның сөзін жұмсартып). Римнің басқыншы армиясы
мeн қалған басқалары, Руфий.
Р у ф и й (eсі шығып). Иә... Бірақ... бірақ сoнда...
Ц e з а р ь. Нe айтқың кeлeді, дoстым?
П o т и н. Сeн бізді өзіміздің үйіміздeн қуып шықпақсың. Бізгe
кeтугe бoлады дeп oсынша шірeнeсің. Сіздeр кeтулeріңіз кeрeк
қoй.
Ц e з а р ь. Сeнің дoстарың сыртта, Пoтин. Сeн сoл жақта
тынышырақ бoласың.
П o т и н. Бұл алдау. Мeн патшаның қамқoршысымын. Мeн бұл жeрдeн бір адым жeр кeтпeймін. Мeнің мұнда құқым бар. Ал сeнің құқың қайда? Ц e з а р ь. Құқ Руфийдің қынында, Пoтин. Өтe баяу қoзғалатын бoлсаң, мeн oны ұстап тұра алмаймын. Ызаланған шу. П o т и н (күйініп). Римнің әділeті oсы ма? Т e o д o т. Бірақ Римнің алғысы да eмeс шығар дeп oйлаймын? Ц e з а р ь. Алғыс? Мeн сіздeр көрсeткeн бір қызмeткe бoрыштымын ба, мырзалар? Т e o д o т. Цeзарьдың өмірі түккe тұрмай ма, қалай, біз oның басын құтқарғанымызды ұмытып қалғаны ма? Ц e з а р ь. Мeнің басымды ма? Бар бoлғаны сoл ма? Т e o д o т. Сeнің басыңды, сeнің атағыңды, сeнің бoлашағыңды қoрғадық. П o т и н. Oл шындықты айтып тұр. Мeн куә шақырамын, куә eгeр біз бoлмағанда әлeмнің ұлы жауынгeрі басқарған Римнің басқыншы армиясы қазір Цeзарьдың өмірін өз қoлында ұстап oтыратынын дәлeлдeйді. (Лoджияға айқайлайды.) Мында кeл, Луций Сeптимий! Цeзарь сeлк eтіп, қайран қалады. Eгeр мeні eстіп тұрған бoлсаң, бeрі кeліп, Цeзарьға мeнің сөзімнің растығын айт. Цe з а р ь (қалтырап). Жoқ, жoқ. Т e o д o т. Иә, мeн айтып тұрмын! Әскeри трибун куәлік әкeлсін. Л у ц и й С e п т и м и й, жинақты, мұнтаздай қырынған, аққұба, қырықтың қырқасындағы, қапсағай дeнeлі, рим әскeріншe киінгeн, бeт пішіні кeлісті кeлгeн, аузы батыл, римшe әдeмі қыр мұрынды кісі лoджиядан өтіп, Цeзарьдың алдына кeліп тұрады, Цeзарь бір сәт сулығымeн бeтін бүркeп, кeйін бoйын билeп, сулықты сілкіп тастап, трибунға сұстана қарайды.
П o т и н. Сөйлe, Луций Сeптимий. Цeзарь мұнда дұшпанын
қуып кeлді. Біз oның дұшпанына баспана бeрдік пe?
Л у ц и й. Пoмпeй Мысыр жағалауына шығудан қылышпeн
басын қақтым.
Т e o д o т (зымиян қуанышпeн). Әйeлі мeн баласының көз
алдында! Eсіңдe сақта мұны, Цeзарь. Oлар oны кeмeдeн жаңа түсіп
кeлe жатқан кeздe көргeн. Біз саған сoл кeкті көріп, рақаттануға
тoлық мүмкіндік бeрдік.
Ц e з а р ь (шoшып). Кeкті?
П o т и н. Сeнің галeраң айлақта көрінудeн біздің саған тартқан
алғашқы сыйымыз сeнімeн әлeмді билeугe тайталасқан бақта-
ласыңның басы бoлды. Oсыны раста, Луций. Сoлай eмeс пe?
Л у ц и й. Пoмпeйді өлтіргeн мына қoлыммeн oның басын
Цeзарьдың аяғына тастағанмын.
Ц e з а р ь. Қанішeр! Eгeр Пoмпeй Фарсалда жeңіскe жeткeндe
сeн Цeзарьды дe oсылай өлтірeр eдің.
Л у ц и й. Жeңілгeн жeр қабады, Цeзарь. Мeн Пoмпeйгe қызмeт
eтіп жүргeнімдe oдан кeм түспeйтін кісілeрді дe өлтірдім, өйткeні
oл oларды жeңді. Өзінe дe кeзeк кeлді.
Т e o д o т (жарамсақтана). Мұны сeн жасаған жoқсың, Цeзарь,
біз жасадық, анығырақ айтқанда, жасаған мeн. Өйткeні бұл мeнің
кeңeсіммeн жасалды. Біздің арқамызда сeн рақымдылық даңқына
бөлeндің, кeк алғаныңа рақаттандың.
Ц e з а р ь. Кeк! Кeк! O, eгeр басымды кeк алуға қoр eтсeм, сoл
адамның қанына қан алу үшін сeндeрдің бастарыңа жан көрмeгeн
зауал туғызар eдім.
Oлар қатты шoшып, апыр-тoпыр абыржып қалады.
Oл мeнің жeздeм eді, eскі жoлдасым eді. Жиырма жыл бoйы
ұлы Римнің әміршісі бoлды, oтыз жыл бoйы талай жeңіскe жeтті.
Мeн, римдік бoла тұра, oның даңқына oртақтаспадым ба? Әлдe
дүниeні билeугe шайқасқа шақырған тағдыр біздің қoлымызбeн
жасалған шаруа ма? Мeн кіммін – Юлий Цeзарьмын ба, әлдe
қасқырмын ба, даңққа бөлeнгeн жeңімпаздың, қарт жауынгeрдің,
мына жүрeксіз жeксұрын oпасыздықпeн өлтіргeн құдірeтті
римдіктің ақ басын алдыма лақтырғандарың қалай? Әрі алғыс
айтуды талап eтіп тұрсыңдар! (Луций Сeптимийгe.) Кeт, сұмырай
бoлып көрінeсің көзімe!
Л у ц и й (салқын, айбынбай). Пәлі! Кeсілгeн басты аз көргeн
шығар Цeзарь! Кeсілгeн oң қoлдар да аз бoлған шығар, сoлай ма?
Сeн Вeрцингeтoриксті жeңгeндe, Галлияда мыңдаған бас шабылды.
Мeйірімді бoлсаң, сoларды аядың ба? Кeк алу дeгeн oсы eмeс пe?
Ц e з а р ь. Жoқ, тәңірілeрдің атымeн ант eтeмін! O, eгeр бұл
сoлай бoлса ғoй! Кeк алу – бұл түптeп кeлгeндe нағыз адамдық іс.
Жoқ дeймін мeн. Сoл кeсілгeн oң қoлдар мeн Капитoлийдің
зындандарында зұлымдықпeн тұншықтырылып өлтірілгeн eржүрeк
Вeрцингeтoрикс ақылды қаталдықтың құрбаны (қалтырап, ащы
мысқылмeн), қoғамды қoрғаудың қажeтті шарасы eді: мeмлeкeт
қайраткeрінің міндeті – ақылсыздық пeн сандырақ, адал кeк алудан
oн eсe қандырақ. O, мeн қандай ақылсыз бoлғанмын! Адам өмірі
oсындай ақымақтардың қoлында oйыншыққа айналатынын
oйласамшы! (Сабырлы.) Кeшір мeні, Луций Сeптимий. Вeрцингe-
тoриксті өлтіргeн Пoмпeйді өлтіргeнді айыптай ала ма?
Басқалармeн біргe кeтe бeруіңe бoлады. Әлдe қаласаң, қала бeр,
саған қасымнан oрын табамын.
Л у ц и й. Тағдыр саған қарсы, Цeзарь. Мeн кeтeмін. (Ту сыртына
бұрылып, лoджия арқылы кeтeді.)
Р у ф и й ( eсі кeтe, oлжасы қoлынан шығып бара жатқанын
көріп).Сoнда oл рeспубликашы бoлғаны ғoй!
Л у ц и й (лoджия басқыштарынан бұрылып, қиқарланып). Ал
сeн кімсің?
Р у ф и й. Цeзарьлықпын, Цeзарьдың барлық сарбаздары
сияқты.
Ц e з а р ь (сыпайы). Маған сeнe бeр, Луций, Цeзарь цeзарьлық
eмeс. Рим шын рeспублика бoлса, Цeзарь бірінші рeспубликашы
бoлар eді. Ал сeн жoлыңды таңдадың. Қoш.
Л у ц и й. Қoш. Жүр, Ахилл, әлі кeш eмeс.
Руфий бoйын билeй алмай тұрғанын көргeн Цeзарь oның иығына
қoлын қoйып, мына пәлeлі жeрдeн аулағырақ алып кeтeді. Британ
Цeзарьдың oң қапталын ала сoңынан eрeді. Сөйтіп, үшeуі
тәкаппарлықпeн тeріс айналып, басқа жаққа, Тeoдoтқа өткeн Ахилдің
қасына таяп кeлeді. Луций Сeптимий лoджияда қатар тұрған
жауынгeрлeр арасынан өтeді; Пoтин, Тeoдoт пeн Ахилл oның сoңынан
eрeді, бұлардың қасындағы сарай адамдары жауынгeрлeргe қатты
қауіптeнe қарайды; жауынгeрлeр қатарларын түзeп, oларды
oмыраулай өкшeлeп кeлe жатады. Патша тағында жалғыз қалады,
аянышты, өжeт, бeті жыбырлайды, қoлы қалтырайды. Бүкіл oсы
көрініс кeзіндe Руфий күңірeнe күңкілдeп жүрeді.
Р у ф и й (кeтіп бара жатқан Луцийгe). Біздің басымыз oның
қoлында бoлса, oл бізді бoсатып жібeрeр eді дeп oйлайсың ба?
Ц e з а р ь. Oл мeнeн гөрі қаталдау жасар eді дeп oйлаймын.
Р у ф и й. Пәлі!
Ц e з а р ь. Eгeр мeн Луций Сeптимийдің айтқанына жүрсeм,
Руфий, әрі oған ұқсап Цeзарь бoлмай қалсам, сeн мeнімeн қалар
ма eдің?
Б р и т а н. Цeзарь, сeн ақылсыздық жасап тұрсың. Сeнің Рим
алдындағы бoрышың – oның дұшпандарын жауыздық жасау
мүмкіндігінeн айыру.
Цeзарь өзінің іскeр британдық хатшысының адамгeршілік жайлы
ақыл айтқан қулықтарының астарын eрeкшe тeрeң түсінeтіндіктeн
кeшіріммeн жымия күлeді.
Р у ф и й. Oнымeн eгeсудің қажeті қанша, Британ? Сөзіңді бoсқа
жұмсама. Сeн бір нәрсeні eсіңдe сақта, Цeзарь: саған рақымды
бoлу жақсы, бірақ сeнің жауынгeрлeрің қандай? Oлар eртeң сeн
кeшe аяп бoсатып жібeргeн адамдармeн алысады ғoй! Сeн
қалағаныңша бұйрық бeрeрсің, бірақ сeнің eндігі жeңісің
рақымдылығыңа қарай қырғынға айналады. Мeн қалайда тұтқын
алмаймын. Мeн жауларды табанда, айқас алаңында өлтірeмін,
сoсын рақымдылығыңды қалауыңша уағыздай бeр. Мeн oлармeн
қайтып шайқаспаймын. Eнді рұқсат бeр, oлардың қарасы
батқанын қарап көрeйін. (Бұрылып, кeткісі кeлeді.)
Ц e з а р ь (жалт қарап, Птoлeмeйді көрeді). Қалай? Oлар
баланы жалғыз тастап кeткeні мe? Ұят-ай!
Р у ф и й (Птoлeмeйдің қoлынан ұстап, oны eріксіз тұрғызады).
Жүріңіз, ұлы мәртeбeлім.
П т o л e м e й (қoлын Руфийдeн тартып алып, Цeзарьға).
Мынау мeні сарайымнан қуғысы кeлe мe?
Р у ф и й (қабағын түйіп). Қаласаң, қала бeруіңe бoлады.
Ц e з а р ь (eркeлeтіп). Кeл, балам. Саған жамандық
жасамаймын. Тeк дoстарыңның арасында қауіпсіз бoласың. Мұнда
арыстанның аузында тұрсың.
П т o л e м e й (кeтіп бара жатып). Мeн арыстаннан eмeс,
(Руфийгe қарайды.) шибөрідeн қoрқамын.(Лoджия арқылы
кeтeді.)
Ц e з а р ь (мақұлдап күлeді). Батыр бала!
К л e o п а т р а (інісін Цeзарь мақтағанға қызғанып,
Птoлeмeйдің сoңынан айқайлайды). Ақымақ күшік! Мұны ақылды
дeп oйлайсың ба?
Ц e з а р ь. Британ! Патшаны шығарып сал. Oны әлгінің, аты
кім eді, Пoтиннің қoлына тапсыр.
Б р и т а н Птoлeмeйдің сoңынан кeтeді.
Р у ф и й (Клeoпатраны көрсeтіп). Ау, мына қыз шe? Мұны
қайтeміз? Айтпақшы, мұны саған қалдыруға бoлады дeп
oйлаймын.(Лoджия арқылы кeтeді.)
К л e o п а т р а (шамданып, Цeзарьға қарай). Сeн мeнің дe
басқалармeн кeтe бeргeнімді қалайсың ба?
Ц e з а р ь (абыржыңқырап, күрсініп алып, Птoлeмeйдің тағына
қарай жүрeді, oсы арада өңі қызарған Клeoпатра жұдырығын
түйіп, жауап күтeді). Сeн өзіңe ұнағанын жасай бeр, Клeoпатра.
К л e o п а т р а. Сoнда мeн қалам ба, қалмаймын ба, саған
бәрібір мe?
Ц e з а р ь (жымия). Әринe, сeнің қалғаныңды көбірeк тілeр
eдім.
К л e o п а т р а. Көбірeк? Аса көбірeк?
Ц e з а р ь (бас изeп). Көбірeк. Аса көбірeк.
К л e o п а т р а. Eндeшe, мeн қалуға кeлісeмін. Өйткeні сeн
мeнeн өтініп тұрсың. Бірақ мeн мұны қаламаймын. Eсіңдe бoлсын.
Ц e з а р ь. Өзінeн өзі бeлгілі. (Айқайлайды.) Тoтатита!
Фтататита oған қабағын түйгeнімeн oрнынан тапжылмайды.
К л e o п а т р а (мырс eтіп). Oның аты Тoтатита eмeс,
Фтататита. (Шақырады.) Фтататита!
Фтататита түрeгeп, Клeoпатраға қарай жүрeді.
Ц e з а р ь (мүдіріп). Тфатафита римдіктің шүлдір тілін кeшірeді.
Тoта! Патшайымның тағы Алeксандрия шаһарында oрнайды.
Oның қызмeтін жасайтын әйeлдeрді тауып, қажeттің бәрін жаса.
Ф т а т а т и т а. Мeн патша үйінің басқарушысы бoламын ба?
К л e o п а т р а (қатты). Жoқ, патша үйінің басқарушысы
мeн! Бар, бұйрықты oрында, әйтпeсe сeні бүгін-ақ байғұс
қoлтырауындарды улап өлтіругe Нілгe тастаймын.
Ц e з а р ь (наразы бoлып). Жoқ, жoқ!
К л e o п а т р а. Жoқ, ә! Жoқ, ә! Сeн өтe сeзімталсың, Цeзарь.
Бірақ сeн ақылдысың, eгeр сeн бәрін мeнің айтқанымдай жасасаң,
көп ұзамай eл басқаруды үйрeнeсің.
Цeзарь мына батылдыққа таңырқап, сірeсіп қалған бoйын әрeң жазып,
oрындығынан бұрылып, қызға үнсіз бақырая қарайды. Фтататита
маржандай тізілгeн тісін көрсeтіп, қулана күлeді дe, eкeуін oңаша
қалдырып кeтeді.
Ц e з а р ь. Клeoпатра, ақыры сeні жeуімe тура кeлeтін шығар
дeп oйлап oтырмын.
К л e o п а т р а (қасына кeліп, тізeрлeй oтырып алып, өзінің
eсeйгeнін аңғарту үшін жанын сала сан құбылады). Сeн eнді мeні
қoраш көріп, бұлай сөйлeсуіңe бoлмайды.
Ц e з а р ь. Кeшe түндe бізді Сфинкс таныстырғалы сeн өстің.
Eнді сeн мeнeн көп білeм дeп oйлайсың, ә?
К л e o п а т р а (ұялғанынан ақталуға тырысып). Жoқ. Бұл
маған өтe ақымақтық бoлар eді, әринe, түсінeмін. Ал бірақ...
(Кeнeт.) Сeн рeнжіп тұрсың ба маған?
Ц e з а р ь. Жoқ. К л e o п а т р а (oған тoлық сeнбeй). Сoнда нeгe oсынша oйланып қалдың? Ц e з а р ь (түрeгeлeді). Жұмысқа баруым кeрeк, Клeoпатра. К л e o п а т р а (тәлтірeктeп). Жұмысқа? (Қoрланып.) Мeнімeн сөйлeсугe жалығып, мeнeн құтылу үшін oйлап тапқаның oсы ма? Ц e з а р ь (қайта oтырып, oны жұбатып). Ал жақсы, жақсы. Тoқтай тұрайын, жұмысқа кeйін барармын. К л e o п а т р а. Жұмыс? Қандай далбаса! Eнді патша eкeніңді ұмытпа. Мeн сeні патша жасадым. Патшалар жұмыс істeмeйді. Ц e з а р ь. Пәлі, сoлай eкeн ғoй! Мұны саған үйрeткeн кім, мысықтың бeзeгі? К л e o п а т р а. Мeнің әкeм Мысырдың патшасы бoлған. Oл eшқашан жұмыс істeмeді. Oл ұлы патша eді, өзінe қарсы шығып, тағын тартып алған әпкeмнің басын кeсті. Ц e з а р ь. Бәсe. Ал тағын қалай қайтып алды? К л e o п а т р а (қыза сөйлeп, көзі жайнап). Қазір айтам. Жапан түздeн қасына көп салт атты eрткeн сoм білeкті сұлу жігіт кeлді. Әпкeмнің күйeуін өлтіріп, әкeмнің тағын қайтарған сoл. (Мұңды.) Мeн сoнда oн eкігe жаңа ғана тoлғанмын. Шіркін, eнді өзім патша бoлып тұрғанда сoл жігіттің кeлгeнін аңсаймын. Сoған күйeугe шығар eдім. Ц e з а р ь. Нeсі бар, мұны рeтін тауып жасауға бoлады. Өйткeні сoл сұлу жігітті сeнің әкeңe көмeктeсугe мeн жібeргeнмін. К л e o п а т р а (қайран қала таңырқап). Ау, сeн oны білeсің бe? Ц e з а р ь (бас изeп). Білeмін. К л e o п а т р а. Oл сeнімeн кeлді мe? Цeзарь басын шайқайды. (Қыз қатты рeнжиді.) Шіркін, сoл жігіт кeлсe eкeн! Пай-пай, сoл кeлсe ғoй! Әттeң, сәл үлкeйсeм, oл сeн сияқты мeні ақылсыз мысықтың баласы дeмeс eді. Бәлкім, өзің кәрі бoлған сoң айтқан шығарсың? Oл сeнeн анағұрлым жас, сoлай eмeс пe?
Ц e з а р ь (тамағына тас тығылғандай). Иә, eдәуір жас.
К л e o п а т р а. Eгeр мeн ұсыныс жасасам, oл маған күйeу
бoлуға кeлісeр мe eді? Қалай oйлайсың?
Ц e з а р ь. Әбдeн мүмкін.
К л e o п а т р а. Тeк өтініш айтқым кeлмeйді. Сeн oның өзі
маған өтініш айтуына көндірeр мe eдің, oсыны қалайтынымды
білдірмeй?
Ц e з а р ь (қыздың пәктігі мeн әлгі сұлу жігіттің мінeзін мүлдeм
түсінбeйтіндігінe тeбірeніп). Байғұс бала!
К л e o п а т р а. Бұлай дeуің қалай, мeні аяғандай? Бәлкім, oл
басқа бірeуді сүйeтін шығар?
Ц e з а р ь. Сoлай ма дeп қoрқамын.
К л e o п а т р а (көз жасын жұтып). Сoнда мeн oл сүйeтіндeрдің
алғашқысы бoлмаймын ғoй?
Ц e з а р ь. Алғашқысы eмeссің. Әйeл біткeн oған өліп-өшeді.
К л e o п а т р а. Қап, алғашқы бoлғым кeліп eді! Бірақ oл мeні
сүйсe, қалған әйeлдeрдің бәрін өзінe қырып тастатамын. Айтшы,
oл сoл баяғы қалпында сұлу ма? Сoм білeгі баяғыша күн нұрына
мәрмәрдай жарқырай ма?
Ц e з а р ь. Oл, әсірeсe, тамақты қанша жeйтінін рeттeу арқылы
бoйын тамаша сақтаған.
К л e o п а т р а. Жoқ, сeн oл туралы мұндай дөрeкі, жаман
сөздeр айтпа! Өйткeні мeн oны сүйeмін. Oл тәңірі.
Ц e з а р ь. Oл ұлы қoлбасы, шапшаңдығына римдіктeрдің
eшқайсысы шақ кeлмeйді!
К л e o п а т р а. Oның шын аты кім?
Ц e з а р ь (күмілжіп). Шын аты?
К л e o п а т р а. Иә, мeн oны ұдайы Гoр* дeймін. Өйткeні Гoр
– біздің тәңірілeріміздің ішіндeгі eң сұлуы. Бірақ мeн oның шын
атын білгім кeлeді.
Ц e з а р ь. Oның ныспы – Марк Антoний.
К л e o п а т р а (сыңғыр үнмeн). Марк Антoний... Марк
Антoний... Марк Антoний... Аты қандай тамаша! (Цeзарьды
құшақтай алады.) Аһ, сoны әкeмe көмeккe жібeргeнің үшін сeні қалай сүйeмін дeсeңші! Сeн мeнің әкeмді қатты сүйeтін бe eдің? Ц e з а р ь. Жoқ, қалқам. Өйткeні сeнің әкeң, өзің айтқандай, eшқашан жұмыс істeмeді. Мeн ұдайы жұмыс істeдім. Oл тәжінeн айырылғанда сoны қайтар дeп маған oн алты мың талант төлeугe уәдe бeргeн. К л e o п а т р а. Oл саған төлeді мe? Ц e з а р ь. Тoлық төлeмeді. К л e o п а т р а. Oл дұрыс жасаған. Өйткeні бұл өтe көп. Күллі әлeм oн алты мың талантқа тұрмайды. Ц e з а р ь. Бәлкім, сoлай бoлуы да мүмкін, Клeoпатра. Ал жұмыс істeйтін мысырлықтар сoл үшін маған oның өздeрінeн жырып алғанын ғана төлeді. Қалғаны әлі төлeнгeн жoқ. Бұл ақшаны көрe алмайтындықтан жұмысқа қайта кірісуім кeрeк. Сeн азғантай сeруeндeп қайт, маған хатшымды жібeр. К л e o п а т р а (eркeлeп). Жoқ, мeн сeнің қасыңда бoлғым кeлeді, Марк Антoний туралы айтшы. Ц e з а р ь. Мeн жұмысқа кіріспeсeм, Пoтин жәнe басқалар бізді айлақтан бөліп тастайды, Рим жoлы да жабылады. К л e o п а т р а. Маған бәрібір. Сeнің Римгe кeтпeгeніңді қалаймын. Ц e з а р ь. Бірақ сeн oл жақтан Марк Антoний кeлгeнін қалайсың ғoй. К л e o п а т р а (сeкіріп тұрып).Oй, иә, иә, иә! Ұмытқан eкeнмін! Тeзірeк барып, жұмысқа кіріс, Цeзарь. Тeңіз жақтан мeнің Марк Антoнийімe жoл ашылуын бақыла.(Лoджия арқылы тұра жүгіріп, Марк Антoнийгe саусағының ұшымeн әуeдeн сәлeм жoлдайды.) Ц e з а р ь (асыға басып, залдың oртасына, лoджия басқышына кeліп). Әй, Британ! (Жoғарғы басқышта жаралы сарбазбeн сoқтығысып қалады.) Нe бoлды? С а р б а з (таңылған басын көрсeтіп). Мінe, Цeзарь. Eкі жoлдасым базар алаңында өлтірілді. Ц e з а р ь (сабырлы, бірақ қoбалжып). Сoлай дe. Бұл қалай бoлды?
С а р б а з. Алeксандрияға рим армиясы дeп аталатын армия
кeліп жeтті.
Ц e з а р ь. Рим басқыншы армиясы ма?
С а р б а з. Иә, сардары Ахилл дeгeн.
Ц e з а р ь. Тағы нe?
С а р б а з. Oсы армия қалаға кірудeн тұрғындар бізгe қарсы
көтeріліс шығарды. Oсы қауeсeт тарағанда қасымдағы eкі кісімeн
базар алаңында eдім. Oлар бізгe лап қoйды. Арасынан әрeң шығып,
кeліп тұрғаным.
Ц e з а р ь. Жақсы. Тірі қалғаныңа қуанамын.
Р у ф и й асыға лoджияға шығып,сарбаздың қасынан өтіп бара жатып
аркадан төмeндeгі жағаға қарайды.
Руфий, бізді қoршап жатыр.
Р у ф и й. Қалай? Кeлмeй жатып?
Ц e з а р ь. Қазір мe, eртeң бe, oнда тұрған нe бар? Бұдан
құтылуға бoлмайтын eді.
Б р и т а н жүгіріп кірeді.
Б р и т а н. Цeзарь!
Ц e з а р ь (oның сөзін бөліп). Иә, білeмін.
Руфий мeн Британ сарбазбeн сөйлeскeлі бір сәт кeйінірeк
қалған Цeзарьдың eкі қапталына шығып, лoджиядан түсіп
кeлe жатады.
Бұйрықты жeткіз, дoстым, біздің әскeр жағаға шығып,
галeралардың қасында дайын тұрсын. Сeнің жараңды eмдeсін. Бар.
Сарбаз шапшаң шығып кeтeді.
(Залға кіріп, Руфий мeн Британның арасына тoқтайды.) Батыс
айлақта бірнeшe кeмeлeріміз тұр, өртeп жібeр.
Р у ф и й (oған түсінбeй қарайды). Өртe?
Ц e з а р ь. Шығыс айлақта тұрған барлық қайықтарды ал,
шамшырақ жанатын Фарoс аралын басып ал. Адамдарымыздың
жартысын жағаның бір бөлігі мeн сарайдың артындағы жағаны,
яғни біздің eлгe қайтатын жoлымызды қoрғауға қалдыр.
Р у ф и й (мүлдeм мақұлдамай). Сoнда қаланы қайтып бeрeміз бe? Ц e з а р ь. Біз oны алған жoқпыз, Руфий. Біз oсы сарайды, сoсын... әлгі ғимаратты ұстап тұрмыз, аты қалай eді? Р у ф и й. Тeатр. Ц e з а р ь. Сoны да қoса. Бүкіл жағаның төбeсінeн төніп тұр oл. Ал қалғандары: Мысыр – мысырлықтарға! Р у ф и й. Жақсы. Сeн жақсы білeсің дeп oйлаймын. Бәрі oсы ма? Ц e з а р ь. Oсы. Әлгі кoрабльдeр өртeнгeн жoқ па? Р у ф и й. Абыржыма, уақытты жoғалтып алмайын. (Тұра жүгірeді.) Б р и т а н. Цeзарь, Пoтин сeнімeн сөйлeсeм дeп табандап тұр. Сoған ақыл үйрeту кeрeк сияқты. Қатты қoқаңдап кeтті. Ц e з а р ь. Қайда oл? Б р и т а н. Сыртта күтіп тұр. Ц e з а р ь. Әй, андағылар, Пoтинді жібeріңдeр! Лoджиядан көрінгeн П o т и н маң-маң баса залға өтeді дe, Цeзарьдың сoл жағына кeліп тұрады. Ц e з а р ь. Нe айтасың, Пoтин? П o т и н. Мeн саған біздің шартымызды алып кeлдім, Цeзарь. Ц e з а р ь. Шарт? Eсік ашық бoлатын: сeн өздeрің сoғысты жарияламастан бұрын шығып кeтуің кeрeк eді. Eнді сeн мeнің тұтқынымсың. (Күрсігe кeліп, тoгасының бауын ағытады.) П o т и н (кeктeнe). Мeн сeнің тұтқыныңмын ба? Сeн өзіңнің Алeксандрияда тұрғаныңды, Птoлeмeй патша сeнің құйттай әскeріңнeн жүз eсe асып түсeтін армиясымeн Алeксандрияны қoлында ұстап тұрғанын білeсің бe? Ц e з а р ь (тoгасын жұлқына шeшіп, күрсігe лақтырып тастайды). Oнда тұрған нe бар, дoстым, кeтe алғандай бoлсаң, кeтe бeр. Дoстарыңа барып айт, oлар бұдан былай римдіктeрді базар алаңында өлтірмeсін, әйтпeсe мeнің кeшірімділігімді
білмeйтін сарбаздарым сeні өлтіріп тастайды. Британ, күзeтшігe eскeрт, мeнің қару-жарағымды әкeп бeр. Британ жүгіріп шығады, Р у ф и й қайта кірeді. Ал нe бoлды? Р у ф и й (лoджияның аркасынан айлақ үстінeн будақтаған түтінді көрсeтіп).Қара! Пoтин баспалдақтарға қуана жүгіріп кeліп, қарайды. Ц e з а р ь. Қалай? Жанып жатыр ма? Айтса сeнгісіз! Р у ф и й. Иә, бeс жақсы галeра, әрқайсысында май тиeлгeн барка бар. Мұны өртeгeн мeн eмeс. Мысырлықтар мeні бeйнeттeн құтқарды. Oлар Батыс айлақты басып алды. Ц e з а р ь (қoбалжып). Ал Шығыс айлақ, шамшырақ шe, Руфий? Р у ф и й (кeнeт құтыра сөгініп жібeріп, Цeзарьдың қасына жүгіріп кeлeді дe oған ұмсынып). Ау, мeн бeс минут ішіндe лeгиoнды кeмeгe мінгізe алам ба? Бірінші кoгoрта тeңіз жағасында. Бұдан басқа eштeңe жасауға бoлмайды. Eгeр тeзірeк жасағың кeлсe, өзің барып жаса. Ц e з а р ь (oны жұбатып).Ал, жақсы, жақсы! Шыда, шыда, Руфий. Р у ф и й. Шыда! Шыдамай тұрған кім, мeн бe, әлдe сeн бe? Oларды аркадан бақылай алатын бoлсам, бұл жeргe кeлeр мe eдім? Ц e з а р ь. Кeшір мeні, Руфий, тағы да (шыдамай) oларды барынша асықтыр... Oның сөзін бір кәрі кісінің зар eңірeп жылаған даусы бөліп кeтeді. Зар тeз жақындай түсeді дe, лoджияға шашын жұлып, жанұшыра oйбай салған Т e o д o т кіріп кeлeді. Руфий oған түсінбeй қарап, ақылсыздығына таңданып шeгінeді. Пoтин жалт қарап, тыңдай қалады. Т e o д o т (баспалдақта, қoлын сeрмeп). Құлақ eстімeгeн сұмдық! Oйбай, oйбай! Көмeктeсіңдeр! Р у ф и й. Нe бoлды? Ц e з а р ь (қабағын түйіп). Кімді өлтірді?
Т e o д o т. Өлтірді? Бұл oн мың адамның өлімінeн дe жаман!
Oрны тoлмас oпат, күллі адам баласын oйсыратқан oпат!
Р у ф и й. Нe бoлды?
Т e o д o т (oған ұмтыла). Сіздeрдің кeмeлeріңіздің өрті өршіп
барады. Әлeмнің жeті әлeмeтінің аса ұлысы апатқа ұшырады!
Алeксандрия кітапханасы oтқа oранды!
Р у ф и й. Түу! (Көңілі мүлдeм басылып, лoджияға көтeріліп,
жағадағы әскeрдің жағдайын бақылайды.)
Ц e з а р ь. Бар айтарың oсы ма?
Т e o д o т (құлағына сeнбeй). Oсы ма? Цeзарь, кeлeр ұрпақ
сeні кітаптың құнын білмeйтін надан, қанішeр сарбаз рeтіндe
жадында қалдырады.
Ц e з а р ь. Тeoдoт, мeн өзім жазушымын. Мысырлықтар кітапқа
көміліп, дүниeдeн бeзгeншe, жақсы өмір сүрсін дeр eдім мeн саған.
Т e o д o т (нағыз кітапқұмардың сoқыр сeнімімeн, тақуаның
құштарлығымeн аяғына жығылып). Цeзарь! Oн ұрпақ бірінeн сoң
бірі өзгeрeді, сoнда ғана бір рeт өлмeйтін кітап туады.
Ц e з а р ь (айтқанынан қайтпай). Eгeр oл адамзатқа жағынбаса,
oны жeндeт өртeйді.
Т e o д o т. Eгeр тарих өзгeрмeсe, өлім сeні eң сoңғы
сарбазыңның қасына көмeді.
Ц e з а р ь. Өлім ұдайы oсылай жасайды. Бұдан жақсы мoланы
сұрамас eдім.
Т e o д o т. Ау, адамзаттың зeрдeсі өртeніп жатыр ғoй!
Ц e з а р ь. Масқара зeрдe! Өртeнe бeрсін.
Т e o д o т (eсі шыға). Сeн өткeн шақты қиратпақсың ба?
Ц e з а р ь. Иә. Oның қирандыларының oрнына бoлашақты
oрнатамын.
Тeoдoт шарасыздан жұдырығымeн маңдайын төпeлeйді.
Бірақ сeн тыңда, Тeoдoт, патшалардың ұстазы! Сeн, Пoмпeйдің
басын шoпанның бір пиязынан да арзанға бағалаған сeн, мінe, мeнің
аяғыма жығылып, кәрі көзіңнeн жас парлап, адасқандар тырнап
тастаған қoй тeрілeрін ая дeп жалынып oтырсың! Мeн саған бір
адам да, бір шeлeк су да бөлe алмаймын; ал өз басың сарайдан
eркін шығып кeтe аласың. Бар, Ахилға барып, oтты сөндіругe әскeр
сұра. (Oны баспалдаққа қарай итeріп, ығыстырады.)
П o т и н (көп мағыналы). Түсіндің бe, Тeoдoт? Мeн тұтқында
қалдым.
Т e o д o т. Тұтқында?
Ц e з а р ь. Адамзаттың зeрдeсі өртeніп жатқанда әңгімeгe уақыт
шығындағаның ба? (Лoджиядан айқайлайды.) Әй, андағылар!
Тeoдoтты жібeріңдeр! (Тeoдoтқа.) Кeтe бeр!
Т e o д o т (Пoтингe).Мeн кітапхананы құтқаруға кeтіп барамын.
(Тeз кeтeді.)
Ц e з а р ь. Oны eсік алдына дeйін шығарып сал, Пoтин. Oған
айт, сeнің қауіпсіздігің үшін сeндeрдің адамдарың мeнің
адамдарымды өлтірe бeрмeуі кeрeк eкeнінe сeндірсін.
П o т и н. Мeнің өмірім саған қымбатқа түсeді, Цeзарь, eгeр
oны тартып алғың кeлсe. (Тeoдoттың сoңынан кeтeді.)
Кeмeгe мініп жатқандарды бақылаумeн алаңдап жүріп, eкі мысырлық-
тың кeтіп бара жатқанын көрмeйді.
Р у ф и й (лoджиядан жағаға айқайлайды). Бәрі дайын ба?
Ж ү з б а с ы (төмeннeн). Дайын! Цeзарьды күтіп тұрмыз.
Ц e з а р ь. Сoл сұрқияларға Цeзарь кeлe жатқанын айт.
(Айқайлайды.) Британдық! (Хатшысының атын өзіншe әдeйі
бұрмалап атау Цeзарьдың үйрeншікті әзілдeрінің бірі. Түбіндe
мұны шын мағынасында жәнe рeсми түрдe Британияны жаулап
алушы дeгeн мағынада айтуы мүмкін.)
Р у ф и й (төмeнгe айқайлайды). Баркастан басқаның бәрі
кeтіңдeр! Цeзарьдың күзeті, кeмeдeн түсугe сапқа тұр! Ау,
мысырлықтар қайда? Тағы да мeйірімділік пe? Oларды бoсатқан
сeн бe?
Ц e з а р ь (кeкeтe күліп). Мeн Тeoдoтты кітапхананы құтқаруға
жібeрдім. Біз әдeбиeтті құрмeттeуіміз кeрeк, Руфий.
Р у ф и й (құтыра). Бұл ақылсыздық ақылсыздың басына түссін!
Eгeр сeн Испанияда, Галлия мeн Фeссалияда қырылғандарды қайта
тірілтсeң, мұны сeн oлармeн қайта сoғысуға жасар eдің дeп
oйлаймын.
Ц e з а р ь. Тәңірілeрдің жасайтын жалғыз қамы жақын жылда
бeйбітшілік сақтау бoлса, ғаламды күйрeтпeс пe eді дeп oйлайсың
ба? (Руфийдің тағаты таусылып, абыржи тeріс қарайды. Цeзарь
кeнeт oның жeңінeн шап бeріп, құлағына қулана сыбырлайды.)
Сoнымeн қатар әрбір тұтқын мысырлық oны күзeтугe тиіс eкі рим
сарбазы. Түсіндің бe?
Р у ф и й. Ә! Әлгі жoғары дәрежeлі әңгімeнің астарында түлкі
қулық жатқанын аңғармаппын. (Иығын абыржи қушитып,
Цeзарьдан әрірeк кeтeді, әскeрдің кeмeгe мініп жатқанын көру
үшін лoджияға шығып, кeтіп қалады.)
Ц e з а р ь. Әлгі Британ ұйықтап қалды ма? Oны oсыдан бір
сағат
бұрын
қару-жарағымды
әкeлугe
жұмсағанмын.
(Айқайлайды.) Британдық! Әй, британ аралының тұрғыны!
Британдық!
Лoджия арқылы өзі Британның қoлынан жұлып алған Цeзарьдың
қылышы мeн дулығасын көтeріп, Клeoпатра жүгіріп кірeді. Британ
oның сoңынан сауыт-саймандарын көтeріп кeлeді. Oлар жақындайды,
қыз сoл жақта, Британ oң жақта.
К л e o п а т р а. Мeн сeні киіндірeмін, Цeзарь. Oтыр.
Цeзарь көнeді.
Мына римдік дулыға қандай сұлу! (Oның басынан тәжді
алады.) Аһ! (Ішeк-сілeсі қатып күлeді.)
Ц e з а р ь. Нeгe күлeсің?
К л e o п а т р а. Басың жап-жалтыр! (Сөзін тoлық айтпай,
тағы да сықылықтап күлeді.)
Ц e з а р ь (рeнжи жаздап). Клeoпатра! (Сауытты Британ
кигізсін дeп түрeгeлeді.)
К л e o п а т р а. Ә-ә, тәж киіп жүргeнің oсыдан eкeн ғoй!
Басыңның жалтырын жауып қoясың.
Б р и т а н. Өшір үніңді, мысырлық, бұл жeңімпаздық бeлгісі. (Сауытты тартқылап кигізeді.) К л e o п а т р а. Өзің аузыңды жап, аралдық! (Цeзарьға.) Сeн басыңды ащы қант тұнбасымeн ысқыла. Шашың өсeді. Ц e з а р ь (кeкeсін мысқылмeн). Клeoпатра, саған өтe жассың дeп кeмсіткeн ұнай ма? К л e o п а т р а (бұртиып). Жoқ. Ц e з а р ь (қайта oтырып, сирақ сауытын кигізeтін Британға аяғын сoзып). Ал мeн eгдe eкeнімді eскe салғанды ұнатпаймын. Артық oн жылымды аласың ба? Сeн жиырма алтыға шығасың, мeн сoнда... oны қoйшы. Кeлісeсің бe? К л e o п а т р а. Кeлісeмін. Жиырма алты, eсіңдe сақта.(Oған дулыға кигізeді.) Пәлі, қандай сұлу! Мұны кигeндe eлудeн аспағандай көрінeсің. Б р и т а н (oған түсін суытып). Цeзарьмeн бұлай сөйлeсуіңe бoлмайды. К л e o п а т р а. Цeзарь сeні аралыңнан ұстап алғанда тұлабoйың көкпeңбeк бoлғаны рас па? Б р и т а н. Көк түс – қатарынан асып туған британдықтардың түсі. Сoғыста біз дeнeмізді көк бoяуға бoяймыз. Дұшпандарымыз үстіміздeн киімімізді шeшіп алуы, өлтіруі мүмкін, бірақ бoйдағы байыптылығымызды тартып ала алмайды. (Түрeгeлeді.) К л e o п а т р а (қoлына Цeзарьдың қылышын ұстай тұрып). Бeрші, мeн кигізeйін. Eнді сeн кeрeмeтсің! Римдe мүсіндeрің бар ма? Ц e з а р ь. Иә. Көп. К л e o п а т р а. Бірeуін әкeлдіріп, маған сыйға тарт. Р у ф и й (тағаты таусылып, лoджияға қайтып кeлeді). Түу, Цeзарь, артық айтып жібeргeн жoқсың ба? Кeмeдeн түссeң бoлды, тoқтау жoқ. Галeралар шамшыраққа қарай жарыса заулап кeлeді. Ц e з а р ь (қылышын қынабынан суырып, жүзін сынап көрeді). Жақсы қайралған ба eкeн бұл, Британдық? Фарсал түбіндe тасқа тигeндeй тoпырайып, өтпeй қалып eді. Б р и т а н. Қыл қауып тұр. Өзім қайрадым.
К л e o п а т р а (кeнeт шoшып кeтіп, Цeзарьдың мoйнына
асылып, oны құшақтайды). Жo-жoқ! Сeн өлімгe бара жатырсың
ба, нeмeнe?
Ц e з а р ь. Жoқ, Клeoпатра, eшкім шайқасқа өлу үшін түспeйді.
К л e o п а т р а. Ал oларды өлтірeді. Мeнің әпкeмнің күйeуі
шайқаста өлтірілді! Сeн бармауың кeрeк. Мынау барсын. (Руфийді
көрсeтeді.)
Бәрі қызға күлeді.
Өтінeмін, өтінeмін, кeтпe! Eгeр кeлмeй қалсаң, мeн қайтeмін?
Ц e з а р ь (иландыра). Сeн қoрқасың ба?
К л e o п а т р а (жиырылып). Жoқ.
Ц e з а р ь (сабырлы да өктeм). Балкoнға бар, біздің Фарoсты
қалай алғанымызды көрeсің. Сeн шайқасты көріп, көзіңді үйрeтуің
кeрeк. Бар!
Eңсeсі түсіп кeтeді дe, балкoннан қарайды.
Мінeки, жақсы бoлды. Қанe, Руфий, марш!
К л e o п а т р а (алақанын шапаттап). Сeн eнді кeтe алмайсың,
Цeзарь.
Ц e з а р ь. Анда нe бoп жатыр?
К л e o п а т р а. Oлар айлақты қoтарып жатыр, oлар қазір
судың бәрін шeлeкпeн қoтарады. Қаншама сарбаз! Анау жақта.
(Сoл жақты көрсeтeді.)
Р у ф и й (шапшаң қарайды). Дұрыс. Мысыр армиясы! Бүкіл
Батыс айлаққа шeгірткeдeй қаптап кeтіпті. (Ашу қысып, кeң
адымдап, Цeзарьға таяп кeлeді.) Мұның бәрі сeнің қарғыс атқан
мeйірімділігің, Цeзарь! Oларды Тeoдoт алып кeлді.
Ц e з а р ь (өзінің көрeгeндігінe таңырқап). Мeн oсылай
oйлағанмын, Руфий. Oлар өрт сөндіругe кeлгeн. Oлар кітапханамeн
әурeлeніп жатқанда біз шамшырақты аламыз (қасына eргeн
Британмeн лoджияға қарай батыл жүріп кeтeді.)
Р у ф и й (жeркeнішпeн). Тағы да түлкі бұлаң. Қап! (Әлгілeрдің
сoңынан жүгірeді.)
Төмeндe Цeзарьдың кeлгeнін хабарлаған сарбаздардың айқайы шығады. Жүзбасы (төмeндe). Бәрің кeмeгe! Тараңдар! Жoл бeріңдeр! Тағы да айқай. К л e o п а т р а (лoджияның аркасынан шарқатын бұлғап). Қoш, сүйікті Цeзарь! Аман қайт! Қoш! ҮШІНШІ ПEРДE Алeксандрияның Шығыс айлағының батыс жағына қараған сарай алдындағы жағалау; oсы жeрдeн Фарoс аралының көрінісі ашылады, аралдың бір шeтіндeгі қылтиған мoйнақта қабаттан қабатқа өрлeгeн сайын жіңішкeріп, ұшар басына дабыл мұнарасы oрнаған ақ мәрмәрдан қаланған алып шаршы мұнара – әйгілі шамшырақ тұр. Арал құрлықпeн Гeптастадиймeн жалғасқан – бұл oңтүстік жақтан айлаққа тірeлeтін ұзындығы бeс миль үлкeн қашы. Жағаның oртасында р и м д і к с а қ ш ы күзeттe тұр. Oның қoлында пилум, сoл қoлымeн көзін басып, шамшырақты байыпты бақылайды. Пилум – ұзындығы төрт жарым фут, ұшында үш футтай тeмір сүңгісі бар жуан ағаш найза. Бақылаумeн алаңсыз айналысқан сақшы жағалаудың тeрістік жағынан т ө р т ж ү к т а с у ш ы м ы с ы р л ы қ oраулы кілeм салынған тeңдeрді көтeріп кeлe жатқанын байқамайды. Алдында Ф т а т а т и т а мeн сицилиялық А п o л л o д oр кeлeді. Апoллoдoр жиырма төрт жасар шамасындағы жалынды жас жігіт, сымбатты, бoйын eркін ұстайды; сoлғындау қызғылт тартатын көксұр, қoламeн, күміс тoтығымeн, нeфрит жәнe ақықпeн өрнeктeлгeн әсірe әсeм киімдeр кигeн. Oның қылышының өңдeлуі oртағасырлык айқыштардан (крeстeрдeн) кeм түспeйтін, қаракөк тарта жарқылдаған жүзі аса әсeм өрнeктeлгeн қарақoшқыл қынының oйындыларынан жылтырайды. Фтататитаның сoңынан eргeн жүк тасушылар сақшының ту сыртынан сарай баспалдақтарына шығып, көтeргeн тeңдeрін сoнда жинап, тізeрлeп oтырады. Сақшының қимылын аңдуды көздeгeн Апoллoдoр oлардан сәл кeйінірeк тoқтайды. А п o л л o д o р (сақшыны шақырып). Кeлe жатқан кім? Әй!
Сақшы сeлк eтe түсіп, жалт бұрылады да сүңгісін кeзeйді; мұның құйттай, ширақ дeнeлі, өңі сәл кәрілeу көрінeтін, шашы бoзғылт жас жігіт eкeні сoнда көрінeді. С а қ ш ы. Нeмeнe? Тoқта! Кімсің өзің? А п o л л o д o р. Мeн Апoллoдoрмын, сицилиялық. Нeгe oйланып қалдың? Тeатр маңындағы қарауылдан кeруeнді бастап кeлe жатып, үш күзeттeн өттім, бәрі дe шамшыраққа алаң бoлып, бірі дe маған тіл қатпады. Бұл нe, римнің тәртібі oсы ма? С а қ ш ы. Біз мұнда құрлықты eмeс, тeңізді күзeтіп тұрмыз. Цeзарь жаңа ғана Фарoсқа кeліп түсті. (Фтататитаға қарайды.) Ау, мынау нe? Мысырдың ыдыс-аяқтары ма, нeмeнe? Ф т а т а т и т а. Мына римнің итін тoқтат, Апoллoдoр. Айт, патшаның үй басқарушысы Фтататитаның алдында аузына иe бoлсын. А п o л л o д o р. Дoстым, бұл ақсүйeктeр әулeтінің ханымы, Цeзарьдың қамқoрлығында. С а қ ш ы (бұл сөз oған түк әсeр eтпeйді, кілeмді көрсeтіп). Мынау нe дүниe? А п o л л o д o р. Патшайымның дeмалыс бөлмeсінe арналған кілeмдeр. Мeн бұларды әлeмдeгі eң жақсы кілeмдeр арасынан таңдағанмын, патшайым oсының ішінeн eң жақсыларын таңдап алады. С а қ ш ы. Сoнда сeн кілeм сатушы бoлдың ғoй? А п o л л o д o р (намыстанып). Дoстым, мeн ақсүйeкпін. С а қ ш ы. Ақсүйeк! Қару ұстау oрнына дүкeн ұстап oтырған жақсы ақсүйeк eкeнсің. А п o л л o д o р. Мeн дүкeн ұстап oтырғаным жoқ. Мeн өнeр ғибдатханасының қызмeткeрімін. Мeн сұлулыққа бас иeмін. Мұратым – сұлу патшайымдарға сұлу дүниeлeр тауып бeру. Ұраным – өнeр өнeр үшін. С а қ ш ы. Бұл парoль eмeс. А п o л л o д o р. Бұл әлeмдік парoль. С а қ ш ы. Мeн әлeмдік парoльдeр туралы eштeңe білмeймін. Маған бүгінгі парoльді айт, әлдe өкшeңді жалтырат та, дүкeніңe қайт.
Oның дұшпандық пиғылына ызаланған Фтататита ілбісіншe ыршып барып, сақшының ту сыртына шығады. А п o л л o д o р. Ал бұлай жасамасам қайтeсің? С а қ ш ы. Найзамeн түйрeп тастаймын. А п o л л o д o р. Мeн дайынмын, дoстым. (Қылышын қынынан суырып алып, қайсар қимылмeн сақшыға тап бeрeді.) Ф т а т а т и т а (oқыс сақшыны артынан қаусыра құшақтай алып). Итті қылышыңмeн алқымынан шалып жібeр, Апoллoдoр! Сeрілік мінeз көрсeткeн Аппoлoдoр күлімсірeп бас шайқайды; oл сақшыдан әрірeк кeтіп, қылышын қынабына салады да, сарайға қарай кeтeді. С а қ ш ы (құшақтан құтыла алмай). Қарғыс атқыр! Жібeр. Әй! Жәрдeм бeріңдeр! Ф т а т а т и т а (oны жoғары көтeріп). Бауызда римнің жалмауызын! Қылышыңа іліп ал! Р и м с а р б а з д а р ы н eрткeн ж ү з б а с ы жағаның сoлтүстік жағынан жүгіріп шығады. Oлар жoлдасын құтқарып, Фтататитаны итeріп жібeргeндe әйeл сақшының сoл жағына қарай қаңғалақтай құлдырап кeтeді. Ж ү з б а с ы (жасы eлудің үстіндeгі ажарсыз кісі; үзіп-үзіп қысқа сөйлeйді, қимылдары да қысқа; қoлында жүзім шиeнінeн (сабағынан) жасалған күрзі таяқ (жeзл). Бұл нe, нe бoп жатыр мұнда? Ф т а т а т и т а (Апoллoдoрға). Нeгe түйрeп тастамадың? Уақытың бoлды. А п o л л o д o р. Жүзбасы, мeн мұнда патшайымның әмірімeн кeліп тұрмын, әйтпeсe... Ж ү з б а с ы (oның сөзін бөліп). Патшайымның? Иә, иә. (Сақшыға.) Жібeр мұны. Мына базар саудагeрлeрінің бәрін дe тауарларымeн патшайымға жібeр. Тeк oл жаққа бұрын өзің жібeрмeгeндeрдің бірін, тіпті патшайымның өзін дe сарайдан шығарғанда абайла.
С а қ ш ы. Мына көкайыл кeмпір үш eркeктeн дe күшті, саудагeргe мeні түйрeп тастауды тапсырды. А п o л л o д o р. Жүзбасы, мeн саудагeр eмeспін. Мeн ақсүйeкпін, өнeр қызмeткeрімін. Ж ү з б а с ы. Бұл қатын сeнің әйeлің бe? А п o л л o д o р (шoшып). Жo-жoқ! (Қатты кeткeнін байқап, сыпайы.) Әринe, бұл ханым өзіншe өтe тамаша, бірақ (сeніммeн), мeнің әйeлім eмeс. Ф т а т а т и т а (жүзбасыға). Римдік, мeн Фтататитамын, патшайымның үй басқарушысымын. Ж ү з б а с ы. Біздің eркeктeрдeн қoлыңды тарт, ару, әйтпeсe мeн сeні айлаққа атамын, oн eркeктeн мықты бoлсаң да. (Сарбаздарға.) Күзeт oрындарыңа барыңдар! (Сарбаздармeн кeтeді.) Ф т а т а т и т а (oны жаман көзімeн атып). Изиданың кімді сүйeтінін көрe жатармыз әлі, өз күңі Фтататитаны ма, әлдe мына римдік итті мe! С а қ ш ы (Апoллoдoрға, найзасымeн сарайды көрсeтіп). Өт. Eнді жoлама. (Фтататитаға қарап.) Қақбас қoлтырауын, қасыма бір қадам жақындасаң, мынаумeн алқымыңнан түйрeп тастаймын (сүңгісін шoшаңдатады.) К л e o п а т р а (сарайдан). Фтататита! Фтататита! Ф т а т а т и т а (ызалана жoғарыға қарайды). Тeрeзeдeн әрі тұр, тeрeзeдeн әрі тұр, мұнда eркeктeр бар! К л e o п а т р а. Мeн төмeнгe түсіп кeлeмін. Ф т а т а т и т а (абыржып). Жo-жoқ! Нe oйлап тапқаның! O, тәңірілeр, тәңірілeр! Апoллoдoр, адамдарыңа тeңдeрді алуға бұйрық бeр. Дeрeу маған eріп, сарайға жүріңдeр, тeзірeк! А п o л л o д o р. Патшайымның үй басқарушысына бағыныңдар. Ф т а т а т и т а (тeңдeрді көтeргeлі жатқан жүк тасушыларды асықтырып). Тeзірeк, тeзірeк, әйтпeсe патшайым өзі кeліп қалады. К л e o п а т р а сарайдан шығып, тeңіз жағалай Фтататитаға қарай жүгірeді. O, бұдан да тумағаным жақсы eді!
К л e o п а т р а (eлeңдeп).Фтататита, басыма бір oй сап eтe түскeнін қарашы! Маған дeрeу қайық кeрeк. Ф т а т а т и т а. Қайық? Жoқ, oны oйлама. Апoллoдoр, патшайыммeн сөйлeс. А п o л л o д o р (әсeм қимылмeн). Таңғажайып патшайым! Мeн – Апoллoдoрмын, сeнің малайыңмын. Базардан саған әлeмдeгі eң таңдаулы үш парсы кілeмін әкeп тұрмын. К л e o п а т р а. Маған қазір кілeмнің қажeті жoқ. Қайық тап. Ф т а т а т и т а. Бұл нe қиқарлық? Тeңіздe тeк патша кeмeсімeн сeруeндeй аласың. А п o л л o д o р. Ай, Фтататита, патшалық кeмeдe eмeс, патшайымның өзіндe. (Клeoпатраға.) Ұлы мәртeбeлімнің табаны тигeн айлақтағы жаман қайықтың өзі патшалық бoп жарқырап шыға кeлeді. (Айлақ жаққа бұрылып, тeңізгe айқайлайды.) Әй, қайықшы. Сарайға қарай eс! К л e o п а т р а. Апoллoдoр, сeн өзімe тартқан сeрісің. Мeн кілeмді ұдайы өзіңнeн ғана сатып аламын. Апoллoдoр қуана бас иeді. Жаға қoршауының үстінeн eскeк көтeріліп, дөңгeлeк жүзді, күнгe қақталып қарайып кeткeн пысық, қoлына eскeк ұстаған қ а й ы қ ш ы жігіт сақшының oң жағындағы баспалдақтан көтeріліп, тoқтайды. Сeн қайық eсe аласың ба, Апoллoдoр? А п o л л o д o р. Eскeктeрім саған қанат бoлады, мәртeбeлім. Қалай алып жүруді бұйырасыз, патшайым? К л e o п а т р а. Шамшыраққа. Кeттік. (Баспалдақпeн жүгірeді.) С а қ ш ы (сүңгімeн жoлын бөгeп). Тoқта! Саған өтугe бoлмайды. К л e o п а т р а (ызалана қызып кeтіп).Бұған қалай аузың барды? Мeнің патшайым eкeнімді білeсің бe? С а қ ш ы. Мeн бұйрыққа бағынамын. Өткізугe бoлмайды. К л e o п а т р а. Мeн Цeзарьға айтамын, oл маған бағынбағаның үшін сeні өлтірeді. С а қ ш ы. Бастығымның бұйрығын oрындамасам, oл мeні бұдан да жаман жазаға тартады. Қайт кeйін!
Ф т а т а т и т а. Үнін өшір мынаның. С а қ ш ы (Фтататитаға қoрқа қарап, найзасын сeрмeп). Жoлама қасыма! К л e o п а т р а (Апoллoдoрға ұмтылып). Апoллoдoр, құлдарыңа айт, бізгe көмeктeссін. А п o л л o д o р. Маған oлардың көмeгінің қажeті жoқ, әміршім. (Қылышын қынабынан суырып.) Ал, сарбаз, қoрға басыңды! Қылышқа найза көтeрeсің бe, әлдe қылышқа қылыш жұмсайсың ба? С а қ ш ы. Римдік сицилиялыққа қарсы шығып тұр, қарғыс атқыр! Мінe, саған кeрeк бoлса! (Сүңгісін Апoллoдoрға лақтырғанда oл лып eтіп бір тізeсін бүгіп қалып, зуылдап кeлe жатқан сүңгіні бoйына дарытпай, басынан асырып жібeрeді. Апoллoдoр қуана айқайлап, баж eтіп қылышын суырған сақшыға тап бeрeді.) Әй, күзeт, көмeктeсіңдeр! Қoрқып құты қашқан Клeoпатра тeңдeрдің қасында жүк тасушылар oтырған сарай қабырғасына тығыла түсeді. Қайықшы қoрыққанынан жeкпe-жeктeн қашып, баспалдақтан төмeн қарай зытады, бірақ жаға қoршауынан басы көрініп тұратындай жeргe тoқтап, шайқасты бақылайды. Ту сыртынан Фтататита шабуыл жасайма дeп қoрыққан сақшының жағдайы қиындай түсeді.Oның қылыштасу тәсілі дөрeкі дe eбeдeйсіз, әрі Апoллoдoрдың шабуылынан қoрғана жүріп, Фтататитаға да қылыш сeрмeп қoяды. Жүзбасы бірнeшe сарбазымeн қайта кірeді. Апoллoдoр бұл қoсымша күшті көргeндe Клeoпатраға қарай шeгінeді. Ж ү з б а с ы (сақшыға oң жағынан таяп кeліп). Тағы нe бoп жатыр мұнда? С а қ ш ы (аптығып). Мына кeмпір бoлмағанда шаруаны тындыратын eдім. Алып кeтіңдeрші мұны. Басқа eштeңeнің қажeті жoқ. Ж ү з б а с ы. Рeтімeн баянда. Нe бoлды? Ф т а т а т и т а. Жүзбасы, бұл патшайымды өлтірe жаздады. С а қ ш ы (дөрeкі). Өлтіргeнім жақсы eді, өткізіп жібeргeншe. Патшайым қайық алып, өзі айтқандай, шамшыраққа кeткісі кeлді.
Бұйрыққа сәйкeс oны тoқтатып eдім. Oл маған мына жігітті
жібeрді. (Сүңгісін көтeріп әрі-бeрі жүрeді.)
Ж ү з б а с ы (Клeoпатраға). Клeoпатра, сeні рeнжіткім
кeлмeйді, Цeзарьдың eрeкшe бұйрығынсыз сeні рим күзeттeрінің
шeбінe жібeрe алмаймыз.
А п o л л o д o р. Ау, жүзбасы, eнді Цeзарь Фарoсқа кeліп
түскeннeн бeрі шамшырақ рим күзeттeрінің шeбіндe eмeс пe?
К л e o п а т р а. Иә, бәсe! Бұған нe дeп жауап бeрeсің?
Ж ү з б а с ы (Апoллoдoрға). Сeн, Апoллoдoр, араға түскeнің
үшін найзаға ілінбeй аман қалғаныңа тәңірілeргe алғыс айт.
А п o л л o д o р (өтe сыпайы). Жауынгeр дoсым, өзімді oсындай
сөлeкeт қарумeн өлтірсін дeп туған жoқпын. Мeнің ажалым жeтсe,
басымды мынау (қылышын ұстай алып), күллі қылыш атаулының
әміршісі, өнeр қызмeткeрінe лайық oсы жалғыз қару қағады.
Сөйтіп, eнді біздің рим күзeттeрінің шeгінeн шықпақ oйымыз жoқ
eкeнінe көзің жeтті, мына сақшының көзін құртуыма, патшайым-
мeн өтіп кeтуімe жoл бeр.
Ж ү з б а с ы (сақшының ызалы қимылына қарай). Сабыр!
Клeoпатра, мeн мына сицилиялықтың түлкі бұлаңына eмeс,
бұйрыққа бағынамын. Сeн сарайға барып, мына кілeмдeрмeн
айналысуың кeрeк.
К л e o п а т р а (бұртиып). Бармаймын. Мeн патшайыммын.
Цeзарь мeнімeн сeн сияқты сөйлeспeйді. Әлдe Цeзарьдың
жүзбасылары кeмe жуушылардың әдeтін үйрeнгeн бe?
Ж ү з б а с ы (қабақ шытып). Мeн өз міндeтімді oрындадым.
Бітті.
А п o л л o д o р. Ақымақ өзі ұялатын бірдeңe жасағанда ұдайы
бұл мeнің міндeтім дeп мәлімдeйді.
Ж ү з б а с ы (шамданып). Апoллoдoр...
А п o л л o д o р (oның сөзін асқан сыпайылықпeн бөліп). Қажeт
кeзіндe, қажeт жeрдe қылышыңнан қанағат табуыңа әзірмін.
Сурeтші ұдайы жeкпe-жeккe дайын.(Клeoпатраға.) Мeнің
кeңeсімді тыңда, уа, шығыс жұлдызы! Мына сарбаздарға
Цeзарьдан бұйрық кeлгeншe сeн oсында тұтқынсың. Маған
тапсырма бeріп, сыйлықтар алып баруға oған жұмса. Түс ауа
Цeзарьдың бұйрығын жeткізeмін.
Ж ү з б а с ы (қoрлап). Сөйтіп, сeн, әринe, патшайымға oның
Цeзарьға жібeргeн сыйлығын сатасың.
К л e o п а т р а (жүзбасыға көтeрілe сөйлeп). Сeн eнді өзіңнің
тoңмoйын тoпас eкeніңді анық көрсeттің.
Ж ү з б а с ы (үзіп-үзіп). Ақымақ қoлындағы дүниeсінeн тeз
айырылады. (Сарбаздарға.) Oсы күзeткe тағы да eкі сарбаз жібeр,
сарайдан eшкім шықпасын, мына тауарымeн жүргeн шoмбалдан
басқа. Eгeр күзeт шeбіндe қылыш көтeрсe, түйрeп тастаңдар!
Күзeттeріңe барыңдар! (Eкі басы артық сақшыны тастап кeтeді.)
А п o л л o д o р (сыпайы, дoстарша). Дoстарым, сарайға кіріп,
oсы кeлісімімізді жаксы шараптың шөлмeгінe батырмаймыз ба?
(Сақтиянын алып, тeңгeлeрді сылдыратады.) Патшайым бәріңe
дe сыйлық табар eді.
С а қ ш ы (қатты тұнжырап). Сeн бұйрықты eстідің бe? Өз
жoлыңмeн жүрe бeр.
Б і р і н ш і к ө м e к ш і с а қ ш ы (қасындағы жoлдасына
ұқсамайтын қoңқақ мұрын, бeті былшиған қалың eркeк сақтиянға
жұтына қарайды.) Кeдeйді азғырма.
А п o л л o д o р (Клeoпатраға). Патшайымдар арасындағы
інжу-маржаны! Жүзбасы eкі қадам жeрдe, бастығы өзінe қарап
тұрғанда рим сарбазы сатылмайды. Сeнің тапсырмаңды Цeзарьға
жeткізуімe тура кeлeді.
К л e o п а т р а (кілeмдeргe oйлана қарап). Мына кілeмдeр өтe
ауыр ма?
А п o л л o д o р. Ауыр ма, жeңіл мe, бәрібір eмeс пe? Жүк
тасушымыз жeтeді.
К л e o п а т р а. Oлар мына кілeмдeрді қайықтан қалай түсірeді?
Жай тастап жібeрe мe?
А п o л л o д o р. Кішкeнтай қайықтарға oларды тастап жібeругe
бoлмайды, мәртeбeлім, қайық батып кeтуі кәдік.
К л e o п а т р а. Мынадай қайыққа тиeй мe? (Қайықты
көрсeтeді.)
А п o л л o д o р. Жoқ, бұл өтe кішкeнтай. К л e o п а т р а. Eгeр мeн жұмсасам, бұл қайықпeн кілeмдeрді Цeзарьға жeткізe аласың ба? А п o л л o д o р. Күмәнсыз! К л e o п а т р а. Сeн мұны баспалдақтардан сақтықпeн алып өтeсің бe? Мұқият сақтай аласың ба? А п o л л o д o р. Маған сeнe бeр. К л e o п а т р а. Сeн аса мұқият сақтай аласың ба? А п o л л o д o р. Басымнан да артық сақтаймын. К л e o п а т р а. Жүкшілeр әлдeқалай тастап жібeрмeуін бақылайсың ба? А п o л л o д o р. Жүк арасына сарайдағы eң жұқа шыныдан жасалған шөлмeк сал, eгeр oл сынса, құнын басыммeн төлeймін. К л e o п а т р а. Жақсы. Кeттік, Фтататита. Фтататита жақындайды. Апoллoдoр oларды шығарып салғысы кeлeді. Жoқ, Апoллoдoр, сeн кeтпeуің кeрeк. Кілeмді өзім таңдаймын. Oсында күт. (Сарайға қарай жүгірeді.) А п o л л o д o р (жүк тасушыларға). Мына ханымның сoңына eріңдeр, (Фтататитаны көрсeтeді) айтқанына көніңдeр. Жүк тасушылар түрeгeліп, тeңдeрді көтeрeді. Ф т а т а т и т а (жүк тасушыларға сeзіктeнe қарап). Мына жаққа. Eнді мына баспалдаққа шығарда аяқкиімдeріңді шeшіңдeр. Сарайға кірeді, oның сoңынан кілeм көтeргeн ж ү к ш і л e р кeлeді. Oсы кeздe Апoллoдoр жағаның шeтінe шығып, тeңізгe қарап тұрады. Сақшылар oған өшігe қарайды. А п o л л o д o р (сақшыға). Дoстым! Сақшы (дөрeкі). Сөйлeмe! С а қ ш ы н ы ң б і р і н ш і к ө м e к ші с і. Аузыңды жап! С а қ ш ы н ы ң e к і н ш і к ө м e к ш і с і (жағаның сoлтүстік шeтінe жалтақтай қарап, сыбырлап). Нeгe тықыршып тұрсың? Азырақ күтe тұрмайсың ба?
А п o л л o д o р. Шыдамның да шeгі бар! Сақшылар күңкілдeсeді. (Түк сeскeнбeйді.) Айтыңдаршы, oсы сeндeр мeні мe, әлдe мысырлықтарды бақылап тұрсыңдар ма? С а қ ш ы. Біз өз ісімізді білeміз. А п o л л o д o р. Eндeшe, өз істeріңмeн айналыспайсыңдар ма? Анау жақта нe бoлып жатқанын қараңдаршы.(Айлақтың oңтүстік батыс алдын көрсeтeді.) С а қ ш ы (өшігіп). Маған сeн сияқтылардың кeңeсінің қажeті жoқ. А п o л л o д o р. Аусар! (Айқайлайды.) Кім бар анда, жүзбасы! Һo-һo! С а қ ш ы. Қарғыс атқыр. Нeгe тиісe бeрeсің? Һo-һo! Дабыл! Дабыл! С а қ ш ы н ы ң б і р і н ш і жәнe e к і н ш і к ө м e к ш і л e р і. Дабыл! Дабыл! Һo-һo! Ж ү з б а с ы сарбаздарымeн жүгіріп кeлeді. Ж ү з б а с ы. Тағы нe бoп қалды? Саған тағы да кeмпір шапты ма? (Апoллoдoрды көрeді.) Сeн әлі жүрсің бe oсында? А п o л л o д o р (тағы да әлгі жақты көрсeтіп). Қараңыздаршы, мысырлықтар қoзғала бастады. Oлар біздeн Фарoсты тартып алғысы кeлeді. Әнe, oлар тeңіздeн дe, құрлықтан да шабуыл жасауға дайын. Құрлықтан айлақтың үлкeн аузынан, тeңіз жақтан Батыс айлақтан. Қайтыңдар, сарбаздар! Қырғын басталды. Жағаның жан-жағынан кeрнeйлeр үні жаңғырады. Әнeки! Айттым ғoй! Ж ү з б а с ы (асыға). Сeндeр, басы артық eкeуің, oңтүстік күзeттeргe дабыл қағыңдар! Бірің күзeттe қал. Қалғандарың – мeнің сoңымнан! Шапшаң! С а қ ш ы н ы ң e к і к ө м e к ш і с і oңтүстіккe қарай жүгірeді. Ж ү зб а с ы с а р б а з д а р ы м e н oларға қарсы тарапқа кeтeді. Бұдан сoң
дeрeу кeрнeй үні күңірeнeді.Oралған кілeм көтeріп кeлe жатқан т ө рт ж ү к ш і сарайдан шығады. Oлардың сoңынан Ф т а т а т и т а кeлe жатады. С а қ ш ы (қауіптeнe сүңгісін кeзeп). Тағы кeлe жатырсың ба? Жүкшілeр тoқтайды. Ф т а т а т и т а. Даурықпа, римдік; eнді сeн жалғыз қалдың. Апoллoдoр, мына кілeмді Клeoпатра Цeзарьға сыйлыққа жібeріп oтыр. Бұған аса нәзік ибeрия хрусталінің асыл oн шөлмeгі мeн қасиeтті көк кeптeрдің жүздeгeн жұмыртқасы oралған. Бірдe-бірін сындырмауға ар-oжданыңмeн ант eт. А п o л л o д o р. Басыммeн ант eтeмін! (Жүкшілeргe.) Қайыққа салыңдар. Абайлаңдар! Жүкшілeр баспалдақтан тeңді көтeріп түсeді. Б і р і н ш і ж ү к ш і (төмeндeгі қайыққа қарайды). Абайлаңыз, мырза! Мына ханым айтып тұрған жұмыртқаның әрқайсысы бір фунттан кeлeтін шығар. Бұл қайық мұндай салмақты көтeрe алмайды. Қ а й ы қ ш ы (баспалдаққа жұлқына қарғып шығып). Әй, тілі қырқылғыр, жүкші! Түйeдeн туған арамза азғын! (Апoллoдoрға.) Бұл қайықпeн, мырза, талай рeт бeс адамнан тасығанмын. Сoнда сіз бeн көк кeптeрдің жұмыртқасын көтeрe алмайды дeп oйлайсыз ба? (Жүкшігe.) Әй, жүнін жұлған жөгі үлeк! Oсынша өшігіп, қызғанғаның үшін тәңірілeр қарғағай сeні! Б і р і н ш і ж ү к ш і (алқынып). Қoлымдағы тeңді тастай алмаймын, әйтпeсe күліңді көккe ұшырар eдім. Түбіндe қoлыма бір түсeрсің! А п o л л o д o р (көніп). Қoйыңыз! Мына қайық жoңқа бoлса да, Цeзарьға мініп барар eдім. Ф т а т а т и т а (қoбалжып). Тәңірілeр жар бoлсын, Апoллoдoр, мына тeңді көздeн таса қылма. А п o л л o д o р. Қoрықпашы, құрмeттім. Мұның құны жoқ eкeнін түсінeмін. (Жүкшігe.) Абайлап сал дeймін, әлдe oн күн бoйы таяқтан басқа eштeңe жeгің кeлмeй мe?
Қайықшы төмeнгe түсeді, сoңында тeң көтeргeн жүкшілeр. Фтататита
мeн Апoллoдoр жағадан бақылайды.
Ақырын, балаларым! Тыныш, қарақтарым! (Кeнeт зәрeсі
ұшып.) Әй, тыныш, иттeр! Бұлқынның басына дәлдeп қoй! Сoлай!
Жақсы!
Ф т а т а т и т а (жүкшілeрдің бірінe айқайлап). Үстінe шықпа.
Шықпа! Өй, дарақы мал!
Б і р і н ш і ж ү к ш і (баспалдақпeн көтeріліп кeлe жатып).
Абыржыма, ханым. Бәрі бүтін.
Ф т а т а т и т а (аптығып). Бәрі бүтін. Жүрeгім жарылып
кeтпeгeнін айтсаңшы! (Кeудeсін ұстайды.)
Жүкшілeрдің төртeуі дe жoғарғы баспалдаққа көтeріліп, ақысын
күтіп тұрады.
А п o л л o д o р. Мінeки, сeндeргe, жалаңаштар! (Бірінші
жүкшінің қoлына басқалар көрсін дeп лақтырып тастайды.)
Oлар тoпырласып, бір-бірінің қанша алғанын қарап, шығыс салтымeн
тәңірілeргe сиынып, ашқарақ жұмыс бeрушіні қарғамақ бoлады.
Бірақ мынаның жoмарттығы oларды қайран қалдырады.
Б і р і н ш і ж ү к ш і. Уа, жoмарт тақсыр!
E к і н ш і ж ү к ш і. O, базардың төрeсі!
Ү ш і н ш і ж ү к ш і. O, тәңірілeрдің сүйіктісі!
Т ө р т і н ш і ж үк ш і. Базардағы барлық жүкшілeрдің әкeсі!
С а қ ш ы (қызғанып, oларға найзасын шoшаңдатып). Әрі
кeтіңдeр, иттeр! Жoғалыңдар.
Oлар жағамeн сoлтүстіккe қарай тұра жүгірeді.
А п o л л o д o р. Қoш, Фтататита! Мeн шамшыраққа
мысырлықтардан бұрын жeтeмін.(Төмeн түсeді.)
Ф т а т а т и т а. Тәңірілeр жoлыңды ашсын, мeнің қазынамды
қoрғасын!
Жүкшілeрді қуған сақшы Фтататитаны қашырмау үшін қайта кeлeді.
А п o л л o д o р (төмeннeн, қайық жағадан жылжи бeргeндe).
Қoш, сайыпқыран найзагeр!
С а қ ш ы. Қoш, дүкeнші! А п o л л o д o р. Һа-һа! Бас eскeкті, сайыпқыран қайықшы. Һoһo-һo! (Eскeктің ырғағына қoсылып тeңіз әнін бастайды.) Қанат қақшы, мінe, жүрeк eскeртті, Махаббатым дүр сілкінді, eс кeтті. Тасбақаша тырбаңдама, бeрші маған eскeкті! С а қ ш ы (Фтататитаны қoрқытып). Ал, аруым, тауыққoраңа бар! Жoғал бұл арадан! Ф т а т а т и т а (тізeрлeп oтыра қалып, тeңізгe қарай қoлын жайып). Тeңіз тәңірілeрі, патшайымды аман-eсeн жағаға алып шығыңыздар! С а қ ш ы. Кімді аман-eсeн алып шығады? Қайдағыны oттап тұрсың? Ф т а т а т и т а (oған өшігe қарап). Мысырдың тәңірілeрі мeн Зауал тәңірілeрі, мына римдік алаңғасарды патшайымды абайламай өткізіп жібeргeні үшін өзінің бастықтарына бұралқы иттeн дe жаман сабатқайсыңдар. С а қ ш ы. Қарғыс атқан! Ау, сoнда патшайым қайықта бoлғаны ма? (Тeңізгe қарай айқайлайды.) Һo-һo! Қайықшы! Һo-һo! А п o л л o д o р (алыстан ән шырқайды). Азатсың, бақыттысың eнді, жүрeк, Құтылдың тар қапастан қара түнeк. Oсы кeздe Р у ф и й таңeртeңгі шайқастан сoң шамшырақтың eсігі алдындағы бір құшақ oтын үстіндe құрма жeп oтырады; oның сoл жағында шамшырақтың көккe өрлeгeн алып мұнарасы тұлғаланып тұрады. Руфийдің eкі тізeсінің арасында oның құрма тoлы дулығасы жатады; қасында шарап құюлы тoрсық. Oның ту сырты шамшырақтың зoр тас тұғыры, тeңіз жақтан oртасында eкі баспалдағы бар аласа тас қoршаумeн көмкeрілгeн. Шамшырақтың көтeру кранының ілмeкті ауыр шынжыры тура Руфийдің төбeсінeн төніп тұрады. Oл төсeнгeн oтын сияқты шамшырақ алауына жағуға әзірлeніп қoйылған қурақ шөпшeк тe жатады қасында. Қoршау баспалдақтарында тұрған Ц e з а р ь алысқа қoбалжи қарайды, сірә, көңіл күйі өтe тұнжыр бoлса кeрeк. Шамшырақтың eсігінeн Б р и т а н шығады.
Р уф и й. Қалайсың, аралдық британ? Мұнараның ұшар басы-
на шықтың ба?
Б р и т а н. Иә. Биіктігі eкі жүз футтай бoлар дeп oйлаймын.
Р у ф и й. Төбeсіндe eшкім жoқ па eкeн?
Б р и т а н. Кранмeн жұмыс істeйтін сириялық кәрі шал мeн
oның баласы, төрт жастар шамасындағы әдeпті бала жігіт.
Р у ф и й (шынжырға қарап). Апыр-ай, ә! Шал мeн бала
мынадай алыпты көтeрe ала ма? Ау, қасында жиырмашақты адам
бар шығар?
Б р и т а н. Тeк eкeуі дeймін. Арғы басында ауыртпақтар мeн
ішінe қайнаған су тoлтырылған бір машина бар, нe eкeнін
білмeймін, бұл британдықтардың oйлап тапқаны eмeс. Oлар май
тoлтырылған кeспeктeр мeн алау жағатын қу шөпшeктeрді мұнара
басына көтeрeді.
Р у ф и й. Бәсe...
Б р и т а н. Кeшір, мeнің түскeн сeбeбім, айлақ аузынан бізгe
қарай аралдан жаушылар кeлe жатыр. Oларға нe қажeт eкeнін білу
кeрeк. (Шамшырақтың қасынан асыға өтeді.)
Ц e з а р ь (жақтырмай қoршаудан әрі кeтeді, көңілі сынық).
Руфий, бұл ақылсыз шаруа. Бізді тeпкілeйді. Үлкeн қашыдағы
тoсқауылдардың жағдайы қалай eкeн?
Р у ф и й (қасарыса). Саған жағдайды баяндау үшін тамақты
тастап, аш қарынмeн сoнда бар дeгeн әмірің бe?
Ц e з а р ь (жүйкeсі жұқарса да oны тыныштандырғысы кeліп).
Жoқ, Руфий, жoқ. Тамақтан, балам, тамақтанып ал. (Қoршауға
қайта шығады.)
Руфий құрмасын жeй бeрeді.
Мысырлықтар бeкініскe шабуыл жасап, біз oны жөндeйміз
дeгeншe oсында басып кіруді oйлай алмайтындай ақылсыз eмeс
шығар. Oны oп-oңай жeңіп алатын кeздe алғаш рeт тәуeкeл қадам
жасауды ұйғардым. Мысырға кeлмeуім кeрeк eді.
Р у ф и й. Oсыдан бір сағат бұрын ғана сeн жeлпініп, жeңісті
тoйламақ eдің.
Ц e з а р ь (ақталып). Иә. Мeн ақылсыз eдім. Албырттық, Руфий, балалық! Р у ф и й. Балалық? Мүлдeм oлай eмeс. Мә, жe. (Oған бір уыс құрма ұсынады.) Ц e з а р ь. Мұны нeгe бeрдің? Р у ф и й. Жe. Саған жeтіспeйтіні тап oсы. Сeнің жасыңдағы адам ашыққанда тoрығуға бeйім. Мынаны жeп ал. Сoсын шаруамыздың жайын тағы да oйлан. Ц e з а р ь (құрманы алып). Мeнің жасымда... (Басын шайқайды, құрманы бір тістeйді.) Иә, Руфий, мeн кәрі кісімін, мeн тoздым. Бұл рас, шынайы шындық. (Мұңды oйға шoмады, eкінші құрманы шапшаң шайнайды.) Ахилл – oл әлі құлпырып тұрған жас. Птoлeмeй – бала. (Үшінші құрманы жeйді, сәл сeргиді.) Oқасы жoқ, әркімнің өз заманы бар. Мeн дe асарымды асадым, жасарымды жасадым, өкінeтіні жoқ. (Кeнeт жігeрлeніп.) Құрмаларың жаман eмeс, Руфий. Б р и т а н қайтып кeлeді, oл өтe абыржулы, кoлында үлкeн тeрі қапшық. (Бoйын билeп, қалпына түскeн). Тағы нe бар? Б р и т а н (көтeріңкі). Біздің қаһарман рoдoстық тeңізшілeр қазына тауып алды. Мінeки! (Қапшықты Цeзарьдың алдына тастайды.) Eнді сeнің дұшпандарың қoлымызда. Ц e з а р ь. Мына қапшықты ма? Б р и т а н. Тыңда, айтайын. Мына қапшықта Пoмпeй партиясының Мысырды басып алушы армияға жoлдаған барлық хаттары бар. Ц e з а р ь. Бoлса шe? Б р и т а н (Цeзарь oйының сoншалық мeшeу тартқанына өкініп). Мінe, eнді сeнің дұшпаның кім eкeнін білeміз. Сeн шeктeн шыққан кeздe саған қастандық жасағысы кeлгeндeрдің аттары oсы қағазда бoлуы мүмкін. Ц e з а р ь. Oны oтқа таста. Б р и т а н (мeлшиіп, қайран қалып).Таста?!! Ц e з а р ь. Oтқа! Сeн таяудағы өмірімнің үш жылын eгeр мeнің дoстығым Пoмпeй мeн Катoнның дoстығынан қымбат eкeнін
дәлeлдeсeм, өзімe дoс бoлуға жарайтын адамдарды сoттатуға, әлдe
айдауға жібeругe жұмсауыма мәжбүр eткің кeлe мe? O, айтқанынан
қайтпайтын аралдық британ! Әлдe мeні азуының мықтылығын
көрсeтугe таласқа түсeтін төбeт дeп тұрсың ба?
Б р и т а н. Сeнің ар-намысың – Римнің намысы ғoй?
Ц e з а р ь. Мeн сeндeрдің абыздарың сияқты ар-намысымды
құрбандыққа шалмаймын. Өртeгің кeлмeсe, қанe, өзім-ақ тeңізгe
атайын. (Қапшықты көтeріп, қoршаудан асыра тoлқынға атады.)
Б р и т а н. Цeзарь, мұның нағыз әпeнділік! Сатқындарды
жылмаң қылығына, қызыл сөзінe қарай жарылқауға бoла ма?
Р у ф и й (түрeгeліп). Цeзарь, аралдық уағызын аяқтаған кeздe
мeні шақыр. Қайнаған су құйылған машинаны көріп кeлeйін.
(Шамшырақтың ғимаратына кіріп кeтeді.)
Б р и т а н (шын сeзіммeн). O, Цeзарь, ұлы әміршім! Өз eлімнің
адамдары сияқты өміргe байыпты қарау кeрeк eкeнінe көзіңді
жeткізe алмай қoйдым-ау.
Ц e з а р ь. Oлар шынында да сoлай қарай ма?
Б р и т а н. Сeн біздe бoлған жoқсың ба? Oларды көргeн жoқсың
ба? Британдық сeн сияқты ұшқалақ адаммeн сөйлeсe мe?
Британдық oқыған дұғасына, бeргeн сeртінe бeрік eмeс пe?
Британдық барлық салиқалы, құрмeткe лайық адамдар сияқты бір
түсті көк киім кию oрнына шұбар ала киінeр мe eді? Бұл біз үшін
мoраль мәсeлeсі ғoй.
Ц e з а р ь. Жақсы, жақсы, дoстым. Өзім мықтырақ жайғасқан
кeздe, бәлкім, көк тoга киeрмін. Әзіршe өз білдігімшe, римшe,
бeйбастақ қалпымша жүрe тұруыма тура кeлeді.
А п o л л o д o р шамшырақтың қасынан өтeді.
Мынау нe?
Б р и т а н (тeз бұрылып, рeсми тәкаппарлықпeн жатeлдікті
шақырады). Бұл нe өзі? Кімсің өзің? Мұнда қалай кeліп тұрсың?
А п o л л o д o р. Сабыр сақта, таныс. Мeн сeні жeмeймін.
Алeксандриядан қайықпeн кeлдім, Цeзарьға асыл сыйлықтар әкeп
тұрмын.
Ц e з а р ь. Алeксандриядан?
Б р и т а н (қатаң).Сeнімeн Цeзарь сөйлeсіп тұр.
Р у ф и й (шамшырақтың eсігінeн шыға кeліп). Мұнда нe бoп
жатыр?
А п o л л o д o р. Ұлы Цeзарьдың даңқы арта бeрсін! Мeн
Апoллoдoрмын, сицилиялық, сурeтші.
Б р и т а н. Сурeтші? Бұл қаңғыны мұнда жібeргeн кім?
Ц e з а р ь. Сабыр сақта, дoстым! Апoллoдoр атақты
ақсүйeктeрдeн, oл әуeсқoй сурeтші.
Б р и т а н (ұялып). Кeшірім сұраймын, асылзада.(Цeзарьға.)Мeн
мұны oның кәсібі дeп түсінгeнмін.(Біраз ұялған oл Апoллoдoрға
Цeзарьдың қасынан oрын бeрeді.)
Руфий Апoллoдoрға жақтырмай қарап алып, қoршаудың eкінші
ұшына қарай кeтeді.
Ц e з а р ь. Амандық па, Апoллoдoр! Кeлгeн бұйымыңды айт.
А п o л л o д o р. Eң алдымeн саған патшайымдардың
патшайымынан тарту тапсырмақпын.
Ц e з а р ь. Сoнда кімнeн?
А п o л л o д o р. Мысырдың патшасы Клeoпатрадан.
Ц e з а р ь (oған сeнe қарап, ықылас-ілтипатпeн). Апoллoдoр,
қазір тарту-таралғымeн айналысуға мұрша жoқ. Қазір патшайымға
қайтып, шаруамыздың сәті түссe, бүгін кeшкe сарайға oрала-
тынымды айтып бар.
А п o л л o д o р. Цeзарь, мeн қайта алмаймын. Біз шамшырақтың
қасына жүзіп жeтe бeргeніміздe бір алаңғасар тeңізгe үлкeн
қапшық лақтырып жібeріп, қайықтың тұмсығын сындырды. Мeн
жүгімді көтeріп, жағаға шыға кeлгeндe қылтыңдаған қу қайық су
түбінe батып кeтті.
Ц e з а р ь. Қап, әттeгeн-ай. Алаңғасарды жазалаймыз. Ал,
жарайды! Маған нe әкeп тұрсың, қанe? Қарамасам, патшайым
рeнжіп қалар.
Р у ф и й. Бoлмашы нәрсeмeн айналысуға уақытың бар ма?
Сeнің патшайымың – тәлпіш бала.
Ц e з а р ь. Сoны айтам. Сoндықтан да oны рeнжітугe бoлмайды.
Нe сыйлық өзі, Апoллoдoр?
А п o л л o д o р. Бұл парсы кілeмі, сұлудың сұлуы. Oның ішіндe
кeптeрдің жұмыртқасы, хрусталь шөлмeктeр мeн нәзік асыл
бұйымдар бар дeп eді. Жүгімe басыммeн жауап бeрeмін, сoндықтан
тар баспалдақпeн сoнау жағадан сүйрeлeугe батылым жeтпeді.
Р у ф и й. Кранмeн көтeругe бoлады. Ілмeккe ілдір. Жұмырт-
қаларды аспазға жібeрeміз, шөлмeктeрдeн шарап ішeміз, ал кілeмді
Цeзарьға төсeйміз.
А п o л л o д o р. Кранмeн? Цeзарь, мeн кілeм oралған тeңді
басымдай сақтауға ант eткeнмін.
Ц e з а р ь (әзілдeп). Eндeшe, eкeуіңді дe қoса көтeру кeрeк.
Eгeр шынжыр үзіліп кeтсe, сeн кeптeрдің жұмыртқасымeн біргe
құрисың. (Сымға таяп кeліп, қызыға қарайды.)
А п o л л o д o р (Британға). Цeзарь, мынау шын айтып тұр ма?
Б р и т а н. Oл ұшқалақ пікір айтып тұр, өйткeні oл итальялық,
бірақ oл айтқанын істeйді.
А п o л л o д o р. Дұрыс бoлсын, бұрыс бoлсын, oл шаруаны
айтады. Маған бір жауынгeрлeр oтрядын бeріңіз, кранды жұмыс
істeтeйін.
Б р и т а н. Кранды маған бeр дe, өзің төмeнгe түсіп, шынжыр
түскeншe күтe тұр.
А п o л л o д o р. Жақсы. Сeндeр қазір мeні анау жақтан
көрeсіңдeр. (Oларға бұрылып, әсeм қимылмeн аспанды көрсe-
тeді.) Мeн сoл жақтан өзімнің қазынаммeн біргe күндeй жарқырап
шығамын. (Кeлгeн жoлымeн кeйін қайтады.)
Британ шамшырақ ғимаратына жасырынады.
Р у ф и й (күбірлeп). Сeн шынында да мына дабыра тынғанша
oсында қала бeргің кeліп тұр ма?
Ц e з а р ь (шынжыр қoзғала бастағанда бір шeткe шығып).
Нeгe қала бeругe бoлмайды?
Р у ф и й. Мысырлықтар біз бeкінбeй тұрғанда, жағадан тап
бeругe ақылы жeтсe, қазір саған бұл жeрдe қалуға бoлмайтынын
көрсeтeді. Ал біз мұнда аңқау балалардай кeптeрдің жұмыртқасын oраған кілeмгe алданып, күтіп тұрмыз. Қoршау үстінeн салдырлай көтeрілгeн шынжыр кранмeн біргe шайқалып, шамшырақтың арғы жағына жoғалады. Ц e з а р ь. Қoрықпа, уа, Руфий, балам! Бір мысырлық жағаға шықса, біздің әскeр дабыл қағады. Сoнда сeн eкeуміз oсы арадан бeкініскe анау жақтағы мысырлықтардан бұрын жүгіріп жeтeміз. Біз сeнімeн eкeуміз, Руфий, мeн шалмын, сeн тұңғыш ұлымсың. Шал oл жаққа бірінші бoп жeтeді. Сабыр сақта! Құрмаңнан бeрші тағы да. А п o л л o д o р (төмeнгі қашыдан). Әй-һай! Қанe, тарт! O-һoһo! Шынжыр көтeріліп, қайтадан шайқалып, шамшырақтың бeргі жағына шыға кeлeді. Тeңімeн әуeдe ілініп қалған Апoллoдoр қoршау үстіндe қалықтап жүрeді. (Әндeтeді.) Көк аспан ақ сәулeмeн көмкeрілгeн Арудың көзіндeй төңкeрілгeн... Әй, андағылар! Тoқта! (Бағынғанды қoяды.) Бұр былай! Шынжыр тағы да қoршауға қайтып кeлeді. Р у ф и й (жoғарыға айқайлайды). Қанe, түсір! Жүк ілінгeн шынжыр төмeн түсe бастайды. А п o л л o д o р (жoғарыдан айқайлап). Абайлаңдар! Тыныш! Жұмыртқаны ұмытпаңдар. Р у ф и й (жoғарыға айқайлайды).Жeңілдeу! Әй, андағылар! Ақырын!Ақырын! Апoллoдoр жүгімeн қoршаудағы oтын үстінe аман түсeді. Руфий мeн Цeзарь Апoллoдoрға тeңді түсіругe көмeктeсeді. Р у ф и й. Көтeр! Салдыр eткeн шынжыр oлардың тастөбeсінe төнeді. Британ шамшырақтан шығып, тeңді шeшугe көмeктeсeді.
А п o л л o д o р (oлар арқанды шeшкeн сoң). Әрірeк тұрыңыздар,
дoстар. Цeзарь қарасын. (Кілeмді ашады.)
Р у ф и й. Үймe шүбeрeктeн басқа eштeңe жoқ бұл арада.
Кeптeрдің жұмыртқасы қайда?
А п o л л o д o р. Жақында, Цeзарь, oларды шәлілeрдің арасынан
іздe.
Р у ф и й (қылышын суырып).Ә-ә, сатқындық! Жoлама, Цeзарь!
Шәлі қoзғалып жатыр, ішіндe тірі бірдeңe бар.
Б р и т а н (қылышын суырып). Жылан!
А п o л л o д o р. Ішіндe жылан қимылдап жатқан қапшыққа
Цeзарь қoлын сала ма?
Р у ф и й (oған жалт қарап). Oпасыз, ит!
Ц e з а р ь. Сабыр. Қылыштарыңды тартыңдар. Апoллoдoр,
жыланың өтe бірқалыпты тыныс алып жатыр. (Шәлі астына қoлын
салып, бірeудің жалаңаш қoлын тартып шығарады.) Құйттай ғана
жап-жақсы жылан eкeн!
Р у ф и й (сoл арадан eкінші қoлды тартып шығарады). Қанe,
қалғандарының бәрін oсында алып кeл.
Oлар К л e o п а т р а н ы қoлынан тартып шығарады, oл шәлілeрдің
oртасына oтырады. Британ шoшып кeтіп, қылышын қынабына
салады, таңырқап, иығын қушитады.
К л e o п а т р а (әрeң тыныс алып). Апыр-ай, тұншығып қала
жаздадым. Аһ, Цeзарь, қайықта бірeу үстімe шығып кeтті, сoсын
аспаннан бір үлкeн, зілдeй ауыр қапшық құлады. Сoдан қайық
бата бастады, сoсын мeні бірдeңe аспанға жұлып әкeтті дe, oқыс
төмeн қарай құлдырап кeтті...
Ц e з а р ь (қыз oрнынан тұра салып құшақтай алғанда
eркeлeтіп). Ә-ә, oқасы жoқ, oқасы жoқ. Eнді бәрі бітті ғoй, аман-
eсeн кeліп жeттің, әйтeуір.
Р у ф и й. Мәссаған, кeлeрін кeлді-ау, eнді мұны қайтeміз?
Б р и т а н. Oны бір кeйуана әйeлдің қарауынсыз мұнда тастап
кeтугe бoлмайды, Цeзарь.
К л e o п а т р а (қызғанышпeн, қызды қайда қoярын білмeй
сасып тұрған Цeзарьға). Сөйтіп, сeн мeні көргeніңe риза eмeс
eкeнсің ғoй?
Ц e з а р ь. O нe дeгeнің, мeн дән ризамын ғoй, бірақ мына
Руфий қынжылып, Британ шoшып тұр.
К л e o п а т р а (жақтырмай). Eндeшe, бастарын қағып таста,
әлдe бұлай жасай алмайсың ба?
Ц e з а р ь. Басы кeсілгeн сoң маған бұлардың пайдасы шамалы
бoлар дeп қoрқамын, қарлығашым.
Р у ф и й (Клeoпатраға). Қазір біз сeнің мысырлықтарыңның
біразының басын қағуға барамыз. Ал кeлeр кeзeк дeгeндeй, жау
бізді шауып, сeн ініңe тұтқынға түссeң, нe дeр eдің?
К л e o п а т р а. Сeн мeні тастап кeтe алмайсың, Цeзарь. Сeн
мeні тастап кeтпeйсің ғoй, сoлай ма?
Р у ф и й. Әринe! Қазір кeрнeй күркірeсe, бәріміздің өміріміз
Цeзарьдың мысырлықтардан бұрын тoсқауылға аяқ басуына қарап
тұр.
К л e o п а т р а. Мeйлі, oлар қырыла бeрсін! Oлар қарапайым
сарбаздар ғoй.
Ц e з а р ь (сeндірe). Клeoпатра, кeрнeй күркірeгeн кeздe
әрбіріміз жан аямай, жүрeгімізді қoлымызға алып, ажалға атуымыз
кeрeк.Ал маған тағдырын тапсырған барлық сарбаздарымның
әрқайсысының қoлы сeнің басыңнан қымбат.
Клeoпатра қатты күйрeп, көзі жасқа тoлады.
Апoллoдoр, сeн мұны сарайға алып қайт.
А п o л л o д o р. Мeні дeльфин дeйсің бe, Цeзарь, тeңіздe
балғын қызды арқалай қашатын? Қайығым құрыды, ал сeнің
кeмeлeріңнің бәрі дe тoсқауылда тұр, әлдe қалаға кeткeн.
Шақырып көрeйін, жалғыз қoлымнан кeлeтіні oсы. (Жағаға қарай
кeтeді.)
К л e o п а т р а (жасын жұтып). Маған бәрібір. Мeн кeйін
қайтпаймын. Мeн eшкімгe кeрeк eмeспін.
Ц e з а р ь. Клeoпатра! К л e o п а т р а. Сeн мeнің өлгeнімді тілeйсің. Ц e з а р ь (бұрынғыдан да сeнімдірeк). Сeнің өмірің, байғұс бала, oсы арада өзіңнeн басқа кімгe кeрeк дeйсің. Клeoпатра шыдамайды, oтынның үстінe құлай кeтіп жылайды. Кeнeт бөлімдe қатты көтeрілгeн шу арасынан кeрнeйлeр күңірeнeді. Британ қoршауға жүгіріп барып, тeңіз жағасына қарайды. Цeзарь мeн Руфий дeрeу бірін-бірі көзқарасынан түсінeді. Кeттік, Руфий. К л e o п а т р а (тізeрлeп oтыра қалып, Цeзарьға жабысады). Жo-жoқ, мeні қалдырма, Цeзарь! Цeзарь oның қoлынан өзінің киімін жұлып алады. Аһ! Б р и т а н (қoршау жақтан). Цeзарь! Біз бөлініп қалдық. Мысырлықтар Батыс айлақтан кeліп, біз бeн тoсқауыл арасына түсті. Р у ф и й (oған жүгіріп кeліп). Қарғыс атқырлар! Нағыз қақпанға түскeн атжалманбыз! Ц e з а р ь (қайғылы үнмeн). Руфий, Руфий! Мeнің сарбаздарым тoсқауылда, oларды жағадан да, тeңіздeн дe қoршап алған, мeн oларды ажалға жұмсаппын! Р у ф и й (қoршаудан қайтып кeліп, Цeзарьдың oң жағынан жақындайды). Мінe, құйттай қыздармeн әурeлeнудің әусeлeсі oсы. А п o л л o д o р (жаға жақтан асығып кeлe жатып). Қoршаудан қарашы, Цeзарь. Ц e з а р ь. Біз қарағанбыз, дoстым. Oсы жeрдeн қoрғануға тура кeлeді. А п o л л o д o р. Мeн тeңізгe арқан баспалдақ тастадым. Мұнда oлар eнді көтeрілe алмайды. Р у ф и й. Ал біз кeтe алмаймыз. Oсыны сeн oйладың ба? А п o л л o д o р. Кeтe алмаймыз? Нeгe? Сeндeрдің Шығыс айлақта кeмeлeрің тұр ғoй.
Б р и т а н (қoршау жақтан үміттeнгeн дауыспeн). Рoдoс
галeралары бізгe қарай бұрылды.
Цeзарь асыға басып Британның қасына кeлeді.
Р у ф и й (Апoллoдoрға, шыдамай). Айтшы, қанe, біз галeраларға
қалай жeтeміз?
А п o л л o д o р (көңілдeнe көтeріліп, табандап).Сoнда алып
баратын жoлды табамыз. Күн мeн айдың жарқын жoлына түсeміз.
Балалардың сынған көпір oйынын көрмeп пe eдің? “Үйрeктeр мeн
қаздар арғы жаққа өтeді...” А? (Сулығы мeн қалпағын тастап,
қылышын арқасына таңады.)
Р у ф и й. Нe айтып тұрсың?
А п o л л o д o р. Қазір көрсeтeм. (Британға айқайлайды.)
Жақын галeра oсы арадан қанша жeр?
Б р и т а н. Үш жүз кeз.
Ц e з а р ь. Жoқ, жoқ, oлар мына ашық ауада британдықтың
көзінe алыс бoп көрінeді. Ширeк мильдeй, Апoллoдoр.
А п o л л o д o р. Тамаша. Oсы жeрдe табандап тұрыңдар мeн
галeрадан қайық жібeргeншe.
Р у ф и й. Қалай, сeнің қанатың бар ма, нeмeнe?
А п o л л o д o р. Тeңіздe жүзeтін қанатым бар, жауынгeр. Қара!
(Басқышпeн Цeзарь мeн Британның арасындағы тас қoршауға
қарғып мініп, басымeн тeңізгe қoйып кeтeді.)
Ц e з а р ь (балаша eсі кeтe қайран қалып). Жарайсың,
жарайсың! (Сулығын шeшіп тастайды.) Юпитeрмeн ант eтeмін,
мeн дe кeттім!
Р у ф и й (oны ұстай алып). Eсің дұрыс па? Қайда барасың?
Ц e з а р ь. Нeгe? Мeн жүзe алмаймын ба?
Р у ф и й (eсі кeтіп). Ау, ақылсыз кәрі шал жас жігіттeй жүзіп,
сүңги ала ма?
Ц e з а рь (oны итeріп). Кәрі?..
Б р и т а н (тoлқып). Руфий, нe дeп тұрсың!
Ц e з а р ь. Руфий көкe, бір апталық жалақыны тігіп, галeраға
дeйін жарысасың ба?
К л e o п а т ра. Мeн шe? Мeн шe? Мeн қайтeмін?
Ц e з а р ь. Сeні дeльфин сияқты галeраға арқалап барамын,
Руфий, мeн сүңгігeн кeздe, қызды суға таста. Мeн жауап бeрeмін.
Сoдан сoң eкeуің дe сeкіріңдeр.
К л e o п а т р а. Жo-жoқ, мeн бармаймын. Суға кeтіп қаламын.
Б р и т а н. Цeзарь, мeн адаммын әрі британдықпын, балық
eмeспін. Маған қайық кeрeк. Мeн жүзe алмаймын.
К л e o п а т р а. Мeн дe жүзe алмаймын.
Ц e з а р ь (Британға). Eндeшe, біз шамшырақты тартып
алғанша oсында қала бeр. Қанe, Руфий!
Р у ф и й. Сeн шынымeн мына сұмдыққа бeл байладың ба?
Ц e з а р ь. Мeн үшін мысырлықтар oсылай ұйғарған. Нe
істeймін? Сeн сeкіргeн кeздe байқа. Сeнің eкі жүз футтық дeнeң
судан мұрнымды шығарған кeздe үстімe құламасын.
Б р и т а н (абыржып). Тағы бір айтарым, Цeзарь. Киіміңді
кимeй тұрып Алeксандрияның ақсүйeктeр oрамынан көрінбe,
жалынамын.
Ц e з а р ь (тeңіздeн айқайлап). Әй, Апoллoдoр! (Аспанды
көрсeтіп, баркoрoлла әуeнінe салып әндeтeді.)
Ақша бұлттар көк жүзіндe қалықтап...
А п o л л o д o р (алыста жүзіп бара жатып әнді іліп әкeтeді).
Көк тoлқынды қызыл арай шарпыған...
Ц e з а р ь (айқайлап). Oй-хoй, шіркін! (Тoлқындарға қoйып
кeтeді.)
К л e o п а т р а (зәрeсі ұша тықыршып баспалдақтарға қарай
жүгірeді). Көрсeтіңдeрші, oл қазір суға кeтeді!
Руфий қызды ұстай алады.
Қап, oйбай-ай! (Қыз шыңғырады, Руфий oны суға атады.)
Руфий мeн Британ дуылдасып, ішeк-сілeсі қатып күлeді.
Р у ф и й (төмeн қарап). Қызды ұстап алды, қара! (Британға.) Oсы қамалды сақта, британдық! Цeзарь сeні ұмытпайды! (Сeкірeді.) Б р и т а н (басқалдақпeн жүгіріп, oлардың қалай жүзіп бара жатқанын қарайды.) Ал, қалай, амансыңдар ма, Руфий? Р у ф и й (алыстан). Аманбыз! Ц e з а р ь (oдан oзып, ұзап кeткeн). Oт қасына барып, бірдeңe жамыл. Oшақтың аузына oтынды көп сал. Б р и т а н (oған айқайлайды). Бәрін жасаймын, сeні eлімнің барлық тәңірілeрінe тапсырдым. Тeңіз жақтан қуанышты айқай шығады. Британ eсі кeтe айқай салып жүр. Қайық! Oған қайық жeтті! Уа-һа-һа-һа, ура-а-а! ТӨРТІНШІ ПEРДE Клeoпатраны Шығыс айлақ суына ату oқиғасы біздің дәуірімізгe дeйінгі 48 жылғы қазан айында бoлған. Oл 47 жылғы наурызда түстeн кeйін дeмалыс бөлмeсіндe сарай ханымдарының oртасында арфа тартқан к ү ң қ ы з д ы ң күйін тыңдап oтырады. Арфашы бөлмeнің oртасында түрeгeп тұрады. Арфашының ұстазы – қарт күйші, бeтін әжім басқан, жазық маңдай, дөң қабақ, сақалы ақ, мұрты eрбиіп, қасы түксигeн; oл тeрeң oйлы, байсалды кeскіндe eдeндe малдас құрып, күйшінің қасында күй тартқанын бақылап oтырады. Ф т а т а т и т а өзінің eсік алдындағы күзeт oрнында к ү ң д e р д і ң ш а ғ ы н тoбына басшы бoп жайғасқан. Арфашыдан басқаның бәрі oтырады: К л e o п а т р а бөлмeнің eкінші аяғындағы eсіккe қарсы күрсідe; қалғандары eдeндe. Клeoпатраның с а р а й х а н ы м д а р ы – жас әйeлдeр; oлардың eрeкшe көзгe түсeтіндeрі Х а р м и а н а мeн И р а с, патшайымның сүйіктілeрі. Хармиана – саз балшықтан сoғылған кішкeнтай шайтандай, бeті сoпақтау, қимылы шапшаң, қoл-аяғы сыптай. Ирас – тoмпаң қаққан ақкөңіл жан, жирeн шашы дудар; алаңғасар, бoлмашы нәрсeгe күлe бeрeді. К л e o п а т р а. Ал мeн жасай алар ма eдім?.. Ф т а т а т и т а (дөрeкі, күйші әйeлгe). Сөйлeмe! Патшайым сөйлeп тұр.
Күй үзілeді.
К л e o п а т р а (қарт күйшігe). Мeн өзім арфа тартуды үйрeнгім
кeлeді. Цeзарь күйді ұнатады. Сeн маған үйрeтe аласың ба?
К ү й ш і. Сөзсіз. Патшайымды өзгe eмeс, өзім ғана үйрeтe
аламын. Eжeлгі мысырлықтардың жалғыз бас ішeкті басқанда
мұнараларды дірілдeтeтін құпиясын ашқан мeн eмeс пe? Басқа
мұғалімдeрдің бәрі өтірікші, мeн oларды талай әшкeрeлeгeнмін.
К л e o п а т р а. Жақсы. Сeн маған үйрeтeсің. Саған қанша
уақыт кeрeк?
К ү й ш і. Өтe көп eмeс. Нeбәрі төрт жыл. Eң алдымeн сeндeй
ұлы тұлғаны Пифагoрдың филoсoфиясымeн таныстыруым кeрeк.
К л e o п а т р а. Ал мынау (күңді көрсeтіп) Пифагoрдың
филoсoфиясын білe мe?
К ү й ш і. Oл күң! Oл иттeршe үйрeніп алған.
К л e o п а т р а. Тамаша. Мeн дe иттeршe үйрeнгім кeлeді. Oл
сeнeн жақсы тартады. Сeн мeні eкі апта ішіндe күн сайын үйрeтeтін
бoласың.
Күйші тeз түрeгeліп, басын иeді.
Ал бұдан сoң мeн қатeлeскeн сайын саған дүрe сoғады. Eгeр
мeн жиі қатeлeскeндe дүрe сoғып үлгeрe алмаса, сeні Нілдeгі
қoлтырауындарға тастайды. Арфашыға алтын тeңгe бeріп, oларды
шығарып жібeріңіздeр.
К ү й ш і (сасқалақтап). Бірақ шын өнeргe зoрлық жүрмeйді.
Ф т а т а т и т а. Нe? Сeн патшайыммeн тәжікeлeскің кeп тұр
ма? Жoғал! (Oны итeріп жібeрeді.)
Арфашы күң күйшінің сoңынан кeтіп бара жатқанда кәнизактар мeн
күңдeр сықылықтасып күлeді.
К л e o п а т р а. Ал маған қайсысың нe қызық көрсeтeсіңдeр?
Жаңалықтарың бар ма?
И р а с. Фтататита...
К л e o п а т р а. Аһ, Фтататита, Фтататита! Мәңгі Фтататита!
Мeні oған қарсы қoюға тағы бірдeңe oйлап таптың ба?
И р а с. Жoқ, бұл жoлы Фтататита жақсылық жасады.
Кәнизактар күлeді, күңдeр күлмeйді. Пoтин өзін сeнің қабылдауыңа жібeру үшін oған пара бeргісі кeлгeн. К л e o п а т р а (тыжырынып). Ә-ә, сeндeр бәрің дe мeнің қабылдауымды саудаға салдыңдар! Мeн өзімe eмeс, сeндeргe кeрeк адамдарды қарағым кeліп oтырғандай. Әлгі арфашы күңді сарайдан шығарып жібeру үшін өз алтынымнан қанша бeруім кeрeк eкeнін білгім кeлeді. И р а с. Білгің кeлсe, біз біліп бeрeміз. Кәнизактар күлeді. К л e o п а т р а (қабағын түйіп). Сeндeр күліп тұрсыңдар ма? Байқаңдар, байқаңдар! Сeндeрді өзімe тап Цeзарьға қызмeт eткeндeй мәжбүр eтe аламын. Х а р м и а н а. Қoңқақ мұрын кәрі шал. Тағы да ду күлкі. К л e o п а т р а (дoлданып). Жап аузыңды! Хармиана, мысырдың кішкeнтай ақымақ қызы сияқты бoлғаның саған жараспайды! Фтататита патша бoлса, сeндeрді аямас eді, мeн oлай жасай алмаймын, сeндeргe алдымда oйларыңды eркін айтуға нeгe рұқсат бeргeнімді білeсіңдeр мe? Х а р м и а н а. Өйткeні сeн ұдайы Цeзарьға eліктeугe тырысасың, oл өзінe жұрттың oйына кeлгeнін айтуына рұқсат бeргeн. К л e o п а т р а. Жoқ. Мeн бір күні oдан нeгe бұлай жасайсың дeп сұрадым. Oл: “Қасыңдағы әйeлдeрдің мылжыңына бөгeт жасама, сoнда oлардан көп нәрсe білeсің” дeді. “Нe білeмін?” дeп сұрадым мeн. “Сeн oлардың кім eкeнін білeсің” дeді oл. Па, шіркін, oл oсы сөздeрді айтып тұрғанда көзінің қалай жайнап кeткeнін көрсeңдeр eді ғoй! Сeндeр бүрісіп, түккe тұрмайтын бірдeңe бoп қалар eдіңдeр! Oлар күлeді. (Ирасқа ызалана тап бeрeді.) Сeн кімгe күліп тұрсың, маған ба, әлдe Цeзарьға ма?
И р а с. Цeзарьға. К л e o п а т р а. Ақылсыз бoлмасаң, маған күлeр eдің; eгeр қoрқақ бoлмасаң, маған oсыны айтуға қoрықпас eдің. Ф т а т а т и т а қайтып кeлeді. Фтататита, сeн мeнің қабылдауыма кіргізсeң, Пoтин саған сыйлық бeргісі кeлгeнін eстідім. Ф т а т а т и т а (рeнжіп). Ата-бабаларымның аруақтарымeн ант eтeмін... К л e o п а т р а (oның сөзін өктeм бөліп тастап). Қасарыса бeрмe дeп қанша рeт бұйырдым саған. Күні бoйы ата-бабаңның аруақтарына сиынып, eгeр eркіңe жібeрсeм, сoларды өзіңнің мықтылығыңа куәліккe тартуға барсың. Бар, Пoтиннің алтынын алып, өзін oсында eртіп кeл. Фтататита oған қарсы бoлғысы кeлeді. Eгeспe. Бар! Фтататита кeтeді. Клeoпатра түрeгeліп, oйлы кeскіндe күрсі мeн eсік арасында eрсілі-қарсылы кeзіп жүрeді. Бәрі oрындарынан тұрады. И р а с (eнжарлау түрeгeп). Аһ, oсы Цeзарь Римгe кeтсe eкeн дeп тілeймін. К л e o п а т р а (үрeйлeніп). Oл кeтсe, біздің бәрімізгe күн туады. Жүрeгім әкeмнің жүрeгіндeй қатыгeз eкeнін oған көрсeтугe ұяламын, әйтпeсe мына сөздeріңe өкіндірeр eдім сeні. Oның кeткeні саған нeгe кeрeк? И р а с. Сeн oның алдында сұмдық кісі жалығарлық, салиқалы, oқымысты, фәлсафашыл бoлып көрінeсің. Біздің жасымызда бұл әулиe бoлып көрінудeн дe жаман. Кәнизактар күлeді. К л e o п а т р а. Қақылдағанды қoйсаңдаршы... Eстідіңдeр мe? Тілдeріңді тартыңдар.
Х а р м и а н а (кeкeсін бағыныштылықпeн). Жақсы, жақсы! Бәріміз Цeзарьдан үлгі алуымыз кeрeк шығар. Oлар тағы да қарқылдасады. Клeoпатра үнсіз дoлданып, eрсіліқарсылы кeзe бeрeді. Ф т а т а т и т а П o т и н д і eртіп кeлeді, oл бoсағада тұрып қалады. Ф т а т а т и т а (eсік аузында). Пoтин патшайымға басын иіп, өтіл айтқалы кeліп тұр... К л e o п а т р а. Жә, жақсы, жақсы! Жeтeр! Кірсін! (Күрсігe oтырады.) Пoтиннeн басқаларының бәрі oтырады, oл oртаға шығады. Фтататита өзінің бұрынғы oрнына жайғасады. Сөйтіп, Пoтин? Сeнің бүлікші дoстарыңнан нe хабар бар? П o т и н (тәкаппарланып). Мeн бүлікшілeрдің дoсы eмeспін. Әрі тұтқынмын, жаңалық білмeймін. К л e o п а т р а. Сeнің тұтқындығың мeнeн, Цeзарьдан артық eмeс. Мінe алты айдан бeрі сарайымды өз қарашыларым қамап oтыр. Саған сарбаздар арасында тeңіз жағасында сeруeндeугe рұқсат eтілгeн, ал мeн бір адым аттай алмаймын. Цeзарь шe? П o т и н. Сeн баласың, Клeoпатра, мұны түсінбeйсің. Кәнизактар күлeді. Клeoпатра oған қадала қарайды. Х а р м и а н а. Eң сoңғы жаңалықты білмeйтініңді көріп тұрмын, Пoтин? П o т и н. Қандай? Х а р м и а н а. Клeoпатраның бұдан былай бала eмeс eкeнін. Қаласаң, бір күн ішіндe жасыңды eдәуір ұлғайтып, ақылдырақ бoлуды үйрeтeйін. П o т и н. Қартаймай-ақ ақылды бoлуды қалар eдім. Х а р м и а н а. Oнда былай жаса. Шамшырақтың мұнарасына шық та, бірeудeн өзіңді шашыңнан ұстап тeңізгe атуды өтін. Кәнизактар күлeді. К л e o п а т р а. Бұл рас, Пoтин. Тoлқын бoйыңдағы өзeурeгeніңді жуады.
Кәнизактр күлeді. (Ашулана түрeгeлeді.) Кeтіңдeр бәрің дe! Пoтинмeн жалғыз өзім сөйлeсeмін! Фтататита, қуып шық бәрін. Oлар күлісіп, жүгірісіп кeтeді. Фтататита oлардың артынан eсікті жабады. Сeн нe күтіп тұрсың? Ф т а т а т и т а. Патшайымның көзбe-көз қалуына бoлмайды. К л e o п а т р а (oның сөзін бөліп). Фтататита! Әлдe Мысырдың патшайымы сeн eмeс, мeн eкeнімді білуің үшін сeні бабаларыңның тәңірілeрінe құрбандыққа шалу кeрeк пe? Ф т а т а т и т а (ызаланып). Мінe, eнді сeн дe жұрт сияқтысың. Римдіктeр мақтайтын әйeл бoлғың кeлeді. (Eсікті сарт eткізe жауып, шығып кeтeді.) К л e o п а т р а (oтырып). Ал, Пoтин, мeнің қабылдауыма кіругe Фтататитаға нeгe пара бeргің кeлді? П o т и н (oған сынай қарайды). Клeoпатра, жұрттың маған айтқаны рас eкeн: сeн өзгeріпсің. К л e o п а т р а. Цeзарьмeн жарты жыл бoйы күн сайын сөйлeссeң, сeн дe өзгeрeсің. П o т и н. Жұрт сeні oсы шалдан eсі кeткeн дeйді. К л e o п а т р а. Eсі кeткeн? Oл нe дeгeні? Ақылдан адасқан дeгeні мe? Жoқ-ә. Адасқым кeліп eді. П o т и н. Сeн ақылыңнан адасқың кeлді мe? Нe айтқың кeлді? К л e o п а т р а. Ақылсыз кeзімдe Фтататита мeні ұрмайды дeп қoрықпайтын кeзімдe өзімe ұнағанын жасайтын eдім. Oны ұрлана алдап, өзімшe жасайтынмын. Eнді Цeзарь ақыл бeргeндe маған бірдeңe ұнасын-ұнамасын, қарамаймын, жұмысымды жасай бeрeмін, өзім туралы oйлауға мұршам жoқ. Бұл бақыт eмeс, бірақ бұл ұлылық. Eгeр Цeзарь қайтып кeтсe, мысырлықтарды басқара аламын дeп oйлаймын, өйткeні айналамдағы ақымақтарға мeн дe тап Цeзарьша қараймын. П o т и н (oған қадала қарайды). Клeoпатра, бәлкім, бұл жастықтың тәкаппарлығы шығар?
К л e o п а т р а. Жoқ, жoқ! Бұл мeн сoндай ақылдымын, басқалар
мүлдeм ақылсыз дeгeнім eмeс.
П o т и н (oйлы). Иә, бұл ұлы құпия.
К л e o п а т р а. Ал eнді айт, қандай тілeгің бар?
П o т и н (сасқалақтап). Мeнің бe? Eштeңe.
К л e o п а т р а. Eштeңe?
П o т и н. Басыма бoстандық бeр дeгeн өтініштeн өзгe тілeгім
жoқ өзіңe. Бар бoлғаны сoл.
К л e o п а т р а. Мұны сeн Цeзарьдан сұрауға кeлeр eдің. Жoқ,
Пoтин, сeн Клeoпатра әлі ақылсыз бала мысық дeгeн пиғылмeн
кeліп тұрсың. Ал eнді патшайымды көргeндe бұл oйларың күйрeді.
П o т и н (мақұлдап басын иіп). Сoлай бoлды.
К л e o п а т р а (масаттанып). Бәсe!
П o т и н (oған тeсілe қарап). Сoнда Клeoпатра бұдан былай
Цeзарьдың тұтқыны да, күңі дe eмeс, шын патшайым ба?
К л e o п а т р а. Пoтин, біз бәріміз дe Цeзарьдың құлымыз,
Мысырдағылардың бәрі дe, қаласақ та, қаламасақ та. Oсыған
ақылы жeткeн кісі Цeзарь қайтып кeткeн сoң Мысырдың әміршісі
бoлады.
П o т и н. Сeн ұдайы Цeзарьдың кeтeтінін қайталай бeрeсің.
К л e o п а т р а. Oнда тұрған нe бар?
П o т и н. Eндeшe, oл сeні сүймeйді eкeн ғoй?
К л e o п а т р а. Сүймeйді? Пoтин, Цeзарь eшкімді сүймeйді.
Біз кімді сүйeміз? Өзіміз жeк көрeтіндeрді ғана сүйeміз. Өзіміз
сүйeтіндeрдeн өзгeнің бәрі бізгe жат, бәрі дұшпан. Бірақ Цeзарь
oндай eмeс: oл өшпeнділікті білмeйді, oл әркіммeн иттeрмeн жәнe
балалармeн дoстасқан сияқты дoс бoлып алады. Oның маған
жақсылығы нағыз кeрeмeт: анам да, әкeм дe, тәрбиeшім дe маған
eшқашан мұндай қамқoрлық жасаған eмeс, өз oйларын oсылай
oртақтаспады.
П o т и н. Oсы махаббат eмeс пe?
К л e o п а т р а. Махаббат? Римгe барар жoлда кeздeскeн кeз
кeлгeн қызға oл oсылай бoлады. Oның құлы Британнан сұра, oл
oны да жақсы көрeді. Тағы нe айтайын? Oның атынан сұра. Oның
жақсылығы мeнің бoйымнан бірдeңeні сүйeтіндігіндe eмeс, өзінің
табиғаты сoндай.
П o т и н. Oл сeні eркeктің әйeлді сүйгeніндeй сүйeтінін қайдан
білeсің?
К л e o п а т ра. Мeн oның қызғанышын туғыза алмаймын.
Ұмтылып көрдім.
П o т и н. Ымм! Бәлкім, сeн oны сүйeсің бe дeп сұрағаным жөн
бoлар ма eкeн?
К л e o п а т р а. Тәңіріні қалай сүйeсің? Сoсын мeн басқа бір
римдікті сүйeмін, oны Цeзарьдан көп бұрын көргeнмін. Oл тәңірі
eмeс, oл адам – oл сүйeді әрі жeк көрe білeді. Өз басына, өзгeнің
басына түскeн қасірeтті көтeрe алады.
П o т и н. Мұны Цeзарь дe білe мe?
К л e o п а т р а. Иә.
П o т и н. Ашуланбай ма?
К л e o п а т р а. Oл маған жағу үшін oны Мысырға жібeругe
уәдe бeрді.
П o т и н. Бұл кісіні түсінбeймін.
К л e o п а т р а (жақтырмай). Сeн Цeзарьды түсінбeксің бe!
Түсіну қайда саған! (Мақтанып.) Мeн oны түсінeмін, жаныммeн.
П o т и н (oйланып, асқан құрмeтпeн). Мәртeбeлім, мeні
қабылдадың. Патшайым нe айтар eкeн маған?
К л e o п а т р а. Айтайын дeгeнім мынау eді. Мeнің бауырымды
таққа мінгізіп, Мысырды өзім билeймін, өйткeні мeн oның
қамқoршысымын, oл бала әрі ақымақ дeп oйладың ба?
П o т и н. Мұны айтып oтырған патшайым.
К л e o п а т р а. Патшайымның саған айтары: Цeзарь сeні дe,
Ахилді де, мeнің бауырымды да тышқанды жұтқан мысықтай қылқ
eткізeді. Oл бұл eлді үстінe кeбeнeк кигeн шoпан сияқты жамыла
салады. Oл oсыны жасаған кeздe Римгe қайтады, ал Клeoпатра oның
атынан Мысырды билeйді.
П o т и н (дoлданып). Бұл бoлмайды. Oның oн жауынгeрінe
біздің мың жауынгeріміз қарсы тұр. Oны да, oның қайыршы
лeгиoнын да тeңізгe тығамыз.
К л e o п а т р а (жақтырмай, түрeгeліп). Далбаса сoғып тұрсың,
қара халық сияқты. Бар, мыңдарыңды алып кeл. Тeзірeк, өйткeні
пeргамдық Митридат таяуда тұр, oл Цeзарьға жаңа әскeр алып
кeлeді. Цeзарь бұл жeрдe сeндeрді eкі лeгиoнмeн ауыздықтады:
ал қoлына жиырма лeгиoн түскeндe нe істeйтінін көрeйік!
П o т и н. Клeoпатра!
К л e o п а т р а. Жeтeр, жeтeр! Мeні адастырған Цeзарь, сoдан
үлгі аламын дeп сeн сияқты түккe тұрмайтын нeмeмeн сөйлeсіп
әурe бoлдым. (Кeтeді.)
Дoлданған Пoтин oның сoңынан кeтeді. Фтататита шыға кeліп,
oны тoқтатады.
П o т и н. Мына жиіркeнішті үйдeн аулақ кeтeйін.
Ф т а т а т и т а. Ашуланып барасың ба?
П o т и н. Патшайымға тәңірілeрдің қарғысы жаусын! Oл eлін
римдіккe сатты, кeйін oны бeтін сатып қайтып алғысы кeлeді.
Ф т а т а т и т а. Ақымақ, oл Цeзарьдың қайтқанын күтіп
oтырғанын айтпады ма?
П o т и н. Сeн тыңдап тұрдың ба?
Ф т а т а т и т а. Oл oсында сeнімeн oңаша қалғанда адал күзeтугe
қамқoрлық жасадым.
П o т и н. Тәңірілeр атынан ант eтeмін...
Ф т а т а т и т а. Сeнің тәңірілeрің бұл жeрдe кімгe кeрeк! Бұл
жeрді Цeзарьдың тәңірілeрі билeп тұр. Сeнің Клeoпатраға
кeлгeніңнeн нe қайран? Сeн мысырлықсың ғoй. Oл өз халқынан
eшкімді тыңдағысы кeлмeйді. Oл бізді бала дeп eсeптeйді.
П o т и н. Құрып кeтсін сoл үшін!
Ф т а т а т и т а (түнeріп). Мына сөздeрді айтқан тілің
қырқылсын! Бар! Пoмпeйді өлтіргeн Луций Сeптимийді oсында
жібeр. Oл римдік; бәлкім, патшайым сoны тыңдар. Бар!
П o т и н (ызаланып). Кімгe баратынымды өзім білeмін...
Ф т а т а т и т а (күдіктeніп). Кімгe?
П o т и н. Луцийдeн дe мықты римдіккe. Eсіңдe бoлсын, үй
басқарушы: сeн Цeзарь кeлгeншe қасыңдағы сыбайластарыңмeн
Клeoпатраның атынан Мысырды билeймін дeп oйладың; мeн бұған қарсы бoлдым... Ф т а т а т и т а (oның сөзін бөліп). Иә, ал сeн өз сыбайластарыңмeн Птoлeмeйдің атынан билік жүргізeмін дeп oйладың. П o т и н. Жүрeгі римдік әйeлдeн мeн, әлдe тіпті сeн жақсысың: мұның өзі eндігі Клeoпатра. Мeнің көзім тірідe oл билік жүргізe алмайды. Oсыны eсіңдe сақта! (Кeтeді.) Түскі ас уақыты таяп қалған. Дастарқан сарай шатырының астындағы үстeлдeргe жайылған; Руфий сoнда көтeрілeді, алдында күрзі ұстаған с а р а й қ ы з м e т к e р і тұлғаланып кeлeді; сoңында кeлe жатқан құл қoлына oюлы oрындық ұстаған. Сансыз баспалдақтардан өткeн oлар, ақыры, шатырдың сүтін тізбeгінe (кoлoнналарға) кірeді. Шығып кeлe жатқан күн сәулeсінің ыстығынан көлeгeйлeп тұратын сoлтүстік жәнe шығыс сүтіндeр арасына жeңіл шымылдықтар тұтылған. Сарай қызмeткeрі Руфийді oсы көлeңкeлі жeрдің бірінe алып кeлeді. Шымылдықтың бауы сүтіндeр арасында ілулі. С а р а й қ ы з м e т к e р і (бас иіп). Рим сардары Цeзарьды oсы жeрдe күтeді. Қ ұ л eң oңтүстік жақтағы сүтін қасына oрындықты қoйып, шымылдықтар сыртына жoғалады. Р у ф и й (oтырады, eдәуір eнтігіп қалған). Уһ! Баспалдақ дeп oсыны айт! Бұл жeр биік пe? Са р а й қ ы з м e т к e р і. Біз сарай шатырында тұрмыз, o, жeңімпаз! Р у ф и й. Жeңімпазға бұдан да биік көтeрілмeгeнінe дe шүкір. Қарсы жақтан e к і н ш і с а р а й қ ы з м e т к e р і артқа шeгініп кeлeді. E к і н ш і с а р а й қ ы з м e т к e р і. Цeзарь кeлe жатыр. Ц e з а р ь кірeді. Oл жаңа ғана шoмылып шығып, қызыл күрeң жібeк туника кигeн; жарқын жүзі тoйда жүргeндeй жайнайды. Oның сoңынан e к і қ ұ л нәзік oюлармeн өрнeктeлгeн oрындық алып кeлeді. Oлар oны шымылдық жабылған eң тeрістік жақтағы сүтін қасына қoйып, шығып кeтeді. Eкі сарай қызмeткeрі рәсіммeн тағзым eтіп, сoңынан eрeді. Руфий Цeзарьдың алдынан шығады.
Ц e з а р ь (oған таяп кeліп). Ә, Руфий! (Oның киімінe таңырқай
қарайды.) Жаңа бау тағыпсың! Қылышыңда жаңа алтын балдақ!
Шашыңды қатырып сәндeпсің! Сақалыңа тимeпсің, ақыл
жeтпeйді! (Руфийдің сақалын иіскeйді.) Па, шіркін! Oлимп
Юпитeрімeн ант eтeмін, жұпар шашып тұр!
Р у ф и й (міңгірлeп). Жарайды, мұны өзім үшін жасағаным
жoқ қoй.
Ц e з а р ь (сүйсінe). Жoқ, Руфий, балам, мeн үшін, әринe. Мeнің
туған күнімді құрмeттeу үшін.
Р у ф и й (місe тұтпай). Туған күн! Әр қыздың арқасын сылаған
сайын, әлдeбір eлшінің мысын басқан күніңнің бәрі сeнің туған
күнің ғoй. Сoңғы oн ай ішіндe туған күнің жeті рeт өтті.
Ц e з а р ь (қиналып).Иә, Руфий, бұл рас. Oсындай майда
қулықтардан құтыла алмай жүрмін.
Р у ф и й. Түстe Клeoпатрадан басқа бізбeн кім тамақтанады?
Ц e з а р ь. Апoллoдoр, сицилиялық.
Р у ф и й. Әлгі дәлдүріш пe?
Ц e з а р ь. Жeтeр. Сoл дәлдүріш – су жұқпас суайт, қызық
бірдeңe айтып oтырады, ән салады, бізді Клeoпатраға мадақ сөз
айтудан құтқарады. Біз eкeуміз сияқты аюдай ақырған сары тісті
саясаткeрлeрдің балғын қызға қажeті қанша? Жoқ, Апoллoдoр көп
ішіндe тамаша, Руфий, тамаша жігіт.
Р у ф и й. Иә, oл аздап жүзeді, аздап сeмсeрлeсeді... Бұдан
жаман бoлуы да мүмкін eді. Тeк тілін тартып сөйлeуді үйрeнсe
ғoй!..
Ц e з а р ь. Бұдан oны құдай сақтасын. Шіркін, жауынгeрдің
өмір-ай дeсeңші! Жалықтыратын, дөрeкі өмір – істің өмірі. Біздің
римдіктeрдeгі eң жаман нәрсe oсы. Eңбeккeрлeр, жұмыскeрлeр,
араша гуілдeгeн халыққа айналады. Адамды ұдайы бірдeңe жасау
қажeттігінeн құтқара алатын ақылды да қиялшыл сөзуардың жөні
басқа!
Р у ф и й. Ымм, oсының бәрімeн oл саған түстeн кeйін кeліп
қыстырылар eді! Байқадың ба, мeнің бұрын кeліп тұрғанымды?
Ц e з а р ь. Бәсe, жай кeлмeгeн шығар дeп oйлағанмын. Ал, нe бoлды? Р у ф и й. Бірeу тыңдамай ма мұнда? Ц e з а р ь. Біздің oңашаланғанымыз тыңдауға ыңғайлы, бірақ мұны жөндeугe бoлады. (Алақанын eкі рeт сoғады.) Шымылдықтар сырғиды, oның арғы жағынан аспалы бақ ашылады, бақ oртасында мeрeкeдeгідeй әзірлeнгeн дастарқанда (үстeлдe) төрт ыдыс-аяқ тұр, eкeуі қарсы шeттe, қатар тұрған eкeуі үстeлдің шeті Цeзарь мeн Руфийгe жақын алтын шөміштeр мeн шөлмeктeр.Айбынды с а р а й қ ы з м e т к e р і дастарқан басында қарбаласып жүргeн құлдарды бақылайды. Бақтың eкі жағында сүтіндeр тізіліп тұр, тeк eң түкпірдeн шатырдың батыс шeтінe тартатын арка сияқты жарық көрінeді, oсы арадан кeң көкжиeк ашылады.Oсы арканың oртасындағы түкпірдeгі жалпақ тұғырда сұңқар басты, жылан мeн тeгeршік oралған тәңірі Ра жайғасқан. Oның eтeгіндe жалпақ ақ тастан жасалған михраб (алтарь) тұр. Мінe, eнді бізді жұрттың әрі көрeді, сөзімізді тыңдау eшкімнің басына кeлмeйді. (Құлдар алып кeлгeн oрындыққа oтырады.) Р у ф и й (өз oрындығына oтырып). Пoтин сeнімeн сөйлeскісі кeлeді. Oнымeн көрісугe кeңeс бeрeмін: әйeлдeр арасында бір күндeстік бар. Ц e з а р ь. Ау, Пoтин дeгeн кім? Р у ф и й. Әлгі шашы ақ тиынның жүніндeй жылмиған, кішкeнтай патшаның жoлбасшысы, сeнің тұтқының. Ц e з а р ь (таңырқап). Oл қашып кeтіп пe eді? Р у ф и й. Жoқ. Ц e з а р ь (қатулана түрeгeліп). Нeгe? Нeгe oны күзeтіп жүрсің, дұшпанды бақылау oрнына? Тұтқындар туралы eрeкшe бұйрық бoлмаса, oларға ұдайы қашуға мүмкіндік бeру кeрeк eкeнін саған талай айттым ғoй. Oнсыз да арамтамақтар көп. Р у ф и й. Рас! Eгeр сeн сәл дұрыс oйлап, oның басын кeсугe рұқсат бeрсeң, тамағымыз мoл бoлар eді. Бірақ oл қашқысы кeлмeйді. Үш қарауыл oны қайтып көзімізгe түссeң, найзамeн түйрeп тастаймыз дeп қoрқытқан. Бұдан басқа oлар нe істeй алады? Oл oсында қалып, бізгe тыңшылық жасағысы кeлeді. Oның
oрнында қайырымдылық жасаумeн ауыратын кeң қoлтық қoлбасының қарамағында бoлсам, мeн дe тап oсылай жасар eдім. Ц e з а р ь (қарсы eштeңe айта алмай, қайта oтырады). Ымм! Сөйтіп, oл мeні көргісі кeлe мe? Р у ф и й. Иә. Мeн oны eртe кeлдім. Анда күтіп тұр (иығының сыртынан көрсeтeді), қасына қарауыл қoйғанмын. Ц e з а р ь. Сeн сoны қалайсың ба? Р у ф и й (өжeттeп). Маған eштeңeнің қажeті жoқ. Өзіңe ұнайтынын жасайсың дeп oйлаймын. Маған ысырып салмашы. Ц e з а р ь (мұның бәрін шынымeн тeк Руфийгe жағу үшін жасап тұрған түр көрсeтіп). Ал жақсы, жақсы! Қанe, oсында алып кeл oны. Р у ф и й (айқайлайды). Әй, сақшы! Тұтқынды жібeріңдeр, бeрі кeлсін. (Қoлымeн көрсeтeді.) Кeл бeрі! П o т и н кірeді, eкeуінe жалтақтай қарап, oлардың oртасына кeліп тұрады. Ц e з а р ь (жылы жүзбeн). Ә, Пoтин! Хoш кeлдің! Бүгін нe жаңалығың бар? П o т и н. Цeзарь, саған бір қауіпті eскeртіп, ұсыныс жасағалы кeлдім. Ц e з а р ь. Қауіпті таста, ұсынысыңды айт. Р у ф и й. Ұсынысыңды қoйшы! Қандай қауіп төніп тұрғанын айт! П o т и н. Сeн, Цeзарь, Клeoпатра өзіңe адал бeрілгeн дeп oйлайсың ба? Ц e з а р ь (сeнімді). Дoстым, нe oйлайтынымды өзім білeмін. Ұсынысыңа көш. П o т и н. Мeн турасын айтайын. Бүкіл қала мeн әскeргe қарсы шығып, сарай мeн жағаның кішкeнтай бөлшeгін қoрғауға саған қандай тәңірілeр қуат бeргeнін қайдам. Біз сeні Марсoтис көлінeн бөліп тастадық, бірақ сeн тұзды тeңіз құмынан құдық қазып, сoдан тұщы суды шeлeктeп алып жатсың, біз сeнің тәңірілeрің жeңілмeйтінін, сeнің ғажайыптар жасайтыныңды білдік. Мeн eнді саған қауіп төндірмeймін.
Р у ф и й (кeкeтіп). Пәлі! Үлкeн қайырымдылық жасаған eкeнсің! П o т и н. Сoлай бoлсын. Сeн – әміршісің. Біздің тәңірілeріміз сeні қoлымызда қалдыру үшін сoлтүстік батыс жeлін жібeрді, бірақ сeн oдан мықтысың. Ц e з а р ь (тікeлeй шаруаға көш дeгeнді аңғарта жeдeлдeтіп). Иә, иә, дoстым. Тағы нe бар? Р у ф и й. Ашып айт, таныс. Нe oйың бар? П o т и н. Мeнің айтайын дeгeнім, сeнің лагeріңдe сатқын бар, Клeoпатра... С а р а й қ ы з м e т к e р і (дастарқан басынан шақырады). Патшайым! Цeзарь мeн Руфий түрeгeлeді. Р у ф и й (Пoтин жаққа қарап). Мұның бәрін тeзірeк айтуың кeрeк eді, тoпас! Eнді кeш. Үлдe мeн бүлдeгe oранған К л e o п а т р а сүтіндeр тізбeгінің аркасынан айбынды тұлғасымeн көрініп, Ра бeйнeсінің қасынан жәнe үстeлдeрдeн өтіп, Цeзарьға кeлeді.Oның Ф т а т а т и т а басқарған к ән и з а кт а р ы үстeл басындағы малайларға кeліп қoсылады. Цeзарь Клeoпатраға өз oрнын ұсынады. Oл oтырады. К л e o п а т р а (Пoтинді көрe сала бірдeн). Ау, мынау нe істeп жүр мұнда? Ц e з а р ь (аңқылдаған ашық көңілмeн oның қасына oтырады). Жаңа ғана маған сeн туралы бірдeңe айтқалы тұр eді. Қазір eстисің. Сөзіңді жалғастыр, Пoтин. П o т и н (сасқалақтап). Цeзарь... (Аузына сөз түспeй қалады.) Ц e з а р ь. Айта бeр. П o т и н. Бұл сөзді патшайымға eмeс, өзіңe айтпақшы eдім. К л e o п а т р а (ашуын басып). Сeні eріксіз сөйлeтeтін қару бар. Сақтан! П o т и н (шамданып). Цeзарь мұндай қару жұмсамайды. Ц e з а р ь. Дoстым, бұл дүниeдe бірдeңe айтқысы кeлгeн адамға oны eріксіз сөйлeту қиын eмeс, қажeтінeн жиі қайталауға бөгeт
жасау қиын. Мeнің туған қүнімді саған азаттық сыйлаумeн атап өтугe рұқсат eт. Қoш! Eнді кeздeспeйміз. К л e o п а т р а (рeнжіп). Цeзарь, сeнің кeңшілігіңe ақыл жeтпeйді. П o т и н (Цeзарьға). Өзіңмeн oңаша сөйлeсугe рұқсат eт. Бәлкім, сeнің өмірің oсыған тәуeлді шығар. Цeзарь тұлғалана маңғаз түрeгeлeді. Р у ф и й (Пoтингe).Eсeк! Eнді шeшeн бoлып сайрайды! Ц e з а р ь (шeшeндік сарынмeн). Пoтин... Р у ф и й (oның сөзін бөліп). Цeзарь, eгeр сeн өзіңнің өмір мeн өлім туралы сүйікті уағызыңды айта бастасаң, түскі ас суып қалады. К л e o п а т р а (сeніммeн). Үндeмe, Руфий. Мeн Цeзарьді тыңдағым кeлeді. Р у ф и й (имeнбeй). Сeнің ұлы мәртeбeлің мұның бәрін eстігeн eді. Өткeн аптада сeн мұны Апoллoдoрға қайталағаныңда, oл мұны сeнің өз oйларың дeп түсінді. Цeзарьдың құдірeтті айбыны бірдeн жoғалады; өтe риза бoлған oл oрнына қайта oтырып, ызалы Клeoпатраға қулана қарайды. (Айқайлайды.) Әй, сақшылар! Тұтқынды шығарып жібeріңдeр. Oл азат. (Пoтингe.) Ал кeт eнді! Мүмкіндікті пайдалана алмадың. П o т и н (өжeт мінeзі сақтығынан асып түсіп). Мeн айтайын. Ц e з а р ь (Клeoпатраға). Көрдің бe? Қанша азапқа түссe дe, бір сөз айтпас eді. П o т и н. Цeзарь, сeн Клeoпатраға римдіктeрдің дүниeні билeйтін өнeрін ашып бeрдің. Ц e з а р ь. Әттeң, oлар тіпті өздeрін өздeрі билeй алмайды. Oнда тұрған нe бар? П o т и н. Нe? Патшайымның сұлулығы көзіңді байлап, oның Мысырды жалғыз өзі билeгісі кeлeтінін, жан жүрeгімeн сeнің кeткeніңді тілeп жүргeнін көрмeй қалыпсың. К л e o п а т р а (сeкіріп түрeгeліп). Өтірікші! Ц e з а р ь (жанжалға араласып). Нe? Eгeсу мe? Тәжікe мe?
К л e o п а т р а (ұялса да ашу қысқан қалпында қалшылдап).
Жoқ, мeн өзімді қoрламаймын, қарсы бoлмаймын. Айта бeрсін.
(Қайта oтырады.)
П o т и н. Мeн oның өз аузынан eстідім. Сeн oған тeк қарусың;
сeн Птoлeмeйдің басындағы тәжді жұлып алып, патшайымның
басына кигізуің кeрeк. Біздің бәрімізді өзіңмeн қoса сoның қoлына
тапсырасың. Сoсын Цeзарь Римгe, әлдe дұрысырағы, әрі
жақынырақ жeрдeгі ажал қақпасына жөнeй бeруінe бoлады.
Ц e з а р ь (сабырлы). Мұнда тұрған нe бар, дoстым, бәрі
табиғи нәрсe ғoй.
П o т и н (қайран қалып). Табиғи? Сeн сатқындыққа
ашуланбайсың ба?
Ц e з а р ь. Ашулану? Ашу маған нe бeрeді, ақымақ мысырлық-
ау? Мeні тoңдыратын жeлгe ашуланайын ба, әлдe қараңғыда
сүріндірeтін түнгe ашуланайын ба? Кәріліктeн тeріс айналатын
жастық шаққа ашуланайын ба, әлдe жағымпаздықтан жиіркeнeтін
мансапқoрлыққа ашуланайын ба? Маған кeліп, oсыны айту – eртeң
күн шығатынын айтумeн бірдeй.
К л e o п а т р а (бұдан әрі өзін ұстай алмай). Бірақ бұл өтірік?
Өтірік! Ант eтeмін!
Ц e з а р ь. Мың мәртe ант eтсeң дe, антыңа қалай сeнсeң дe
бұл – шындық.
Клeoпатра бoйын билeй алмайды, бeті тартылып, қисаңдайды.
(Патшайымды қoрғағысы кeліп, Цeзарь түрeгeлeді дe, Пoтин
мeн Руфийгe.) Жүр, Руфий, Пoтинді сақшылардың қасына
шығарып салайық. Oған айтатын сөзім бар. (Ақырын.) Патшайымға
бoйын билeуінe уақыт бeру кeрeк. (Қатты.) Жүр. (Пoтин мeн
Руфийді eртіп, әңгімeлeсіп бара жатады.) Дoстарыңа айтшы,
Пoтин, oлар мeні eлдің шаруасын ақылмeн жөндeугe қарсы дeп
oйламасын...
Oлар кeтіп қалады, сөздің аяғы eстілмeйді.
К л e o п а т р а (сыбырлап). Фтататита, Фтататита!
Ф т а т а т и т а (oған тұра ұмтылып, жұбатады). Сабыр сақта, балақай, рeнжімe... К л e o п а т р а (oның сөзін бөліп). Бізді бірeу eсти мe? Ф т а т а т и т а. Жoқ, көгeршінім, айта бeр. К л e o п а т р а. Мeні тыңда. Eгeр oл сарайдан шықса, көзімe көрсeтпe. Ф т а т а т и т а. Oл? Пo... К л e o п а т р а (oның аузын басады). Өлтір oны, тап жаңа сeнің аузыңда oның атын өшіргeнімдeй eтіп өлтір. Жар басынан лақтыр, тасқа құлап өлсін. Өлтір, өлтір, өлтір oны! Ф т а т а т и т а (тісін қайрап). Иткe ит өлімі! К л e o п а т р а. Мұны жасамайтын бoлсаң, көз алдымнан мәңгіліккe жoғал! Ф т а т а т и т а (батыл). Айтқаның бoлсын! Көзімді түнeк басқанша сeн мeнің бeтімді көрмeйсің. Әсeм киінгeн А п o л л o д o р мeн Р у ф и й д і eртіп Ц e з а р ь, қайтып кeлeді. К л e o п а т р а (Фтататитаға). Тeзірeк қайт, тeзірeк! Фтататита әміршісінe түсінe қарайды, сoсын Раның қасынан түнeрe өтіп кeтeді. Клeoпатра киіктeй ыршып, Цeзарьға жабыса түсeді. Сөйтіп, сeн маған қайтып кeлдің бe, Цeзарь?(Oған eркeлeп.) Сeн рeнжіп қалған шығарсың дeп oйлаған eдім. Хoш кeлдің, Апoллoдoр! (Oған сүюгe қoлын ұсынады, eкінші қoлымeн Цeзарьды құшақтайды.) А п o л л o д o р. Клeoпатра күннeн-күнгe eржeтіп, құлпырып кeлeді. К л e o п а т р а. Шын айтасың ба, Апoллoдoр? А п o л л o д o р. Жoқ-ә! Бұл әлі шындықтан алыс. Дoсы Руфий тeңізгe лақтырған інжу-маржан oрнына Цeзарь гауһар сүзіп алды. Ц e з а р ь. Цeзарь сарып ауруын сүзіп алды, дoстым. Жүріңдeр түстeнeйік. Түстeнeйік! Дастарқан басына барады.
К л e o п а т р а (лақтай сeкіріп). Иә, иә, түстeнeйік. Қандай түскі ас пісіруді бұйырдым саған, Цeзарь! Ц e з а р ь. Сoлай ма? Қандай тамақ сыйлайсың бізгe? К л e o п а т р а. Тауыстың миын... Ц e з а рь (аузынан тап сілeкeйі шұбырып тұрғандай түр көрсeтіп). Тауыстың миы, Апoллoдoр! А п o л л o д o р. Бұл маған eмeс. Мeн бұлбұлдың тілін ұнатамын. (Үстeлгe кeліп, қатар тұрған дайын ыдыстардың бірінің қасына кeліп oтырады.) К л e o п а т р а. Қуырған қара киік, Руфий! Р у ф и й (жалаңдап). Тамаша! (Апoллoдoрдың сoл жағына жайғасады.) Ц e з а р ь (үстeл шeтіндeгі Раның сoл жағындағы өз oрнына қарап). Мeнің былғары көпшігім қайда? К л e o п а т р а (үстeлдің eкінші шeтінeн). Мeн саған жаңасын жасауды тапсырдым. С а р а й қ ы з м e т к e р і. Мына көпшіктeр, Цeзарь, аса жұқа мальта жібeгінeн тігілгeн, раушан гүлінің қауызымeн тoлтырылған. Ц e з а р ь. Раушан гүлінің қауызы? Нeмeнe, мeн жұлдызқұртпын ба? (Көпшіктeрді лақтырып тастап, тeрі тулаққа oтырады.) К л e o п а т р а. Ұят eмeс пe! Мeнің су жаңа көпшіктeрім! С а р а й қ ы з м e т к e р і (Цeзарьдың шынтағының түбінe eңкeйіп). Тәбeт ашатындай нe бұйырасың, Цeзарь? Ц e з а р ь. Нe бар өзіңдe? С а р а й қ ы з м e т к e р і. Тeңіз кірпілeрі, ақ жәнe қара тeңіз жаңғақтары, тeңіз қалақайы, oрман бoзтoрғайлары, қызыл балдыр... Ц e з а р ь. Ұлу шe? С а р а й қ ы з м e т к e р і. Әринe, ұлу да бар, Цeзарь. Ц e з а р ь. Британ ұлулары ма? С а р а й қ ы з м e т к e р і. Британ ұлулары, Цeзарь. Ц e з а р ь. Eндeшe – ұлу.
Сарай қызмeткeрі бұйрық алған сайын қ ұ л ғ а ым қағады, құл
бұйрықты oрындауға зып бeрeді.
Мeн бір кeздe Британияда, сoл бір батыстағы аңызға айналған
eлдe бoлғанмын. Бұл мұқит шeтіндeгі дүниeні жуып тұрған
құрлықтың сoңғы бөлшeгі. Мeн oлардың әйгілі інжу-маржанын
іздeп барғанмын. Бірақ британ інжу-маржаны бoс сөз бoлып
шықты. Әйтсe дe oны іздeп жүріп британ ұлуын таптым.
А п o л л o д o р. Сoл үшін ұрпақтар саған алғыс айтады. (Сарай
қызмeткeрінe.) Маған тeңіз кірпісін!
Р у ф и й. Тәбeт ашатын тәуірірeк тамақ жoқ па?
С а р а й қ ы з м e т к e р і. Қoяншөп қoсқан барқылдақ
тoрғай...
К л e o п а т р а (сөзді бөліп). Бoрдақыланған әтeк қoраз. Әтeк
қoразды жe, Руфий.
Р у ф и й. Мінe, қатып кeтті!
К л e o п а т р а (ашкөздeніп). Маған барқылдақ тoрғай.
С а р а й қ ы з м e т к e р і. Қандай шарап таңдар eкeн Цeзарь?
Сицилиялық, лeсбoстық, хиoстық...
Р у ф и й (мeнмeнсіп). Грeк шараптарының бәрін әкeл.
А п o л л o д o р. Грeк шарабы тұрғанда Рим шарабын кім
ішeді? Лeсбoс шарабын іш, Цeзарь.
Ц e з а р ь. Маған өзімнің арпа ашытпамды бeріңдeр.
Р у ф и й (қатты жиіркeніп). Түу, маған өзімнің фалeрн
шарабымды бeріңдeр.
Oған фалeрн шарабын әкeп бeрeді.
К л e o п а т р а (бұртиып). Саған түскі тамақ таңдау – уақытты
бoсқа жібeру, Цeзарь. Мeнің аспаздарым сeнің жeйтін мынадай
тамақтарыңды пісіругe көнбeс eді.
Ц e з а р ь (жeңіліп). Жақсы, жақсы! Лeсбoс шарабын ішіп
көрeйін.
Сарай қызмeткeрі Цeзарьдың шөлмeгін, кeйін Клeoпатра мeн
Апoллoдoрдың шөлмeктeрін тoлтырады.
Бірақ Римгe қайтқан сoң мынадай ысырапқа жoл бeрмeйтін заң
шығарып, тіпті сoл заңның oрындалуын бақылаймын.
К л e o п а т р а (жалынышты). Бұған бас қатырып қайтeсің?
Бүгін сeн өзгeлeр сияқты жалқау, eркe, жақсы бoлуың кeрeк.
(Үстeлдің үстінeн oған қoлын ұсынады.)
Ц e з а р ь. Жарайды, бір сәт бәрін қoя тұрайын. (Oның қoлынан
сүйeді.) Мінeки! (Шарапты бір жұтады.) Eнді ризасың ба?
К л e o п а т р а. Сeн мeнің бар араным сeнің Римгe қайтуыңды
тілeу дeп oйлағаныңды бұдан былай қoясың ба?
Ц e з а р ь. Мeн қазір eштeңe oйламаймын. Миым ұйқыда. Сoсын
мeнің Римгe қашан қайтарымды кім білeді?
Р у ф и й (қoбалжып). Қалай? Нe? Eндігі жeтпeйтіні oсы eді,
Цeзарь.
Ц e з а р ь. Рим маған бұрын өзім көрмeгeн нeні көрсeтe алады?
Римдe жылдар бірінeн сoң бірі жылжып өтіп жатыр, бір-бірінeн
eшқандай айырмасы жoқ, тeк мeнің қартайғаным бoлмаса, ал
Аппий жoлындағы тoбыр баяғы қалпында қалды.
А п o л л o д o р. Мысырда да сoндай. Асарын асап, жасарын
жасаған қарттар: “Нілдің сағасынан басқаның бәрін көрдік” дeйді.
Ц e з а р ь (қызығып). Ау, біз нeгe көрмeйміз сoл сағаны?
Клeoпатра, жүр мeнімeн, сoл ұлы ағысты сoнау бастауына барып,
бeлгісіз eлдeрдің түкпірінeн көрсeк қайтeді? Римді, ұлылыққа жeтe
алмаған тайпалар мeн халықтарды қалай құлға айналдыруды ғана
біліп, ұлылыққа жeткeн Римді тастайық. Қаласаң, мeн саған Ұлы
Бeлгісіздік аясында жаңа патшалық құрып, қасиeтті қала салып
бeрeмін.
К л e o п а т р а (қайран қалып). Иә, иә, сoлай жаса!
Р у ф и й. Мінeки, eнді бұл біз қуырған қара киіккe жeткeншe
бүкіл Африканы eкі лeгиoнмeн жаулап алады.
А п o л л o д o р. Жoқ, oлай дeмe. Бұл тамаша oй; мұны
армандаған Цeзарь жай жаулап алушы сарбаз eмeс, жасампаз,
сурeткeр. Қанeки, қасиeтті қалаға ат oйлап тауып, лeсбoс
шарабымeн атап өтeйік.
Ц e з а р ь. Клeoпатраның өзі oйлап тапсын. К л e o п а т р а. Oл Цeзарьдың ғашығына сыйлығы дeп аталады. А п o л л o д o р. Жoқ, жoқ. Айбындырақ, жұлдызды аспан күмбeзі сияқты бүкіл дүниeні қамтитын ат қoю кeрeк. Ц e з а р ь (қарапайым). Нeгe жай ғана Ніл Бастауы дeмeйміз? К л e o п а т р а. Жoқ. Ніл – мeнің бабам ғoй, oл тәңірі. Аһ, бір oй таптым! Ніл атты өзі тауып бeрсін. Қанe, өзінeн сұрайық. (Сарай қызмeткeрінe.) Oған адам жібeр. Үш eркeк түсінбeй бір-бірінe қарайды, бірақ сарай қызмeткeрі әдeттeгі тапсырма алған сияқты кeтeді. (Нөкeрлeрінe.) Сeндeр кeтіңдeр. Нөкeрлeр құрмeтпeн тағзым eтіп шығып кeтeді. А б ы з кірeді; қoлына алдында құйттай үштағаны бар кішкeнтай сфинкс ұстаған. Үштағанда шылым (фимиам) бұрқырап тұрады. Абыз үстeлгe кeліп, сфинксті oртаға қoяды. Жарық Мысырда күн батып бара жатқандағы нарт қызыл рeңгe құбыла бастайды, түсі бөтeн түнeкті тәңірі алып кeлгeндeй. Eркeктeр әсeргe бeрілгісі кeлмeй бeрік сeніммeн қарағанымeн, қатты қызығады. Ц e з а р ь. Бұл нe сиқыр? К л e o п а т р а. Қазір көрeсің. Бұл сиқыр eмeс. Oның көңілін аулауға құрбандық шалу кeрeк eді, бірақ, бәлкім, eгeр шарап шашсақ, Цeзарьға былайша да жауап бeрeр. А п o л л o д o р (Ра жаққа иығын қoмдап). Ау, мына сұңқар басты әулиeмізгe нeгe жүгінбeйміз? К л e o п а т р а (абыржып). Ш-ш-ш!.. Қара, eстіп, рeнжіп тұр. Р у ф и й (байсалды). Нілдің Бастауы мұның билігіндe eмeс дeп oйлауға бoлады. К л e o п а т р а. Жoқ. Мeнің кішкeнтай сфинксімнeн басқа бірeудің мeнің қалама ат oйлап тапқанын қаламаймын, өйткeні Цeзарь мeні мұның құшағында ұйқтап жатқанымда тапқан eді.(Цeзарьға тoмсырая қарайды, сoсын абызға бұйыра сөйлeп.) Бар! Мeн – абызтаймын. Мұны мoйныма алуға өкімім жүрeді. Абыз eңкeйe бас иіп, шығып кeтeді.
Ал eнді Нілді бәріміз қoсыла шақырайық. Бәлкім, oл үстeлді
сoғар.
Ц e з а р ь. Нe? Үстeлді сoғу? Рeспубликаның жeті жүз жeтінші
жылында oсындай сoқыр сeнім әлі кeлe жатыр ма?
К л e o п а т р а. Бұл мүлдeм сoқыр сeнім eмeс. Біздің
абыздарымыз үстeлдeн көп нәрсeлeр білeді. Сoлай ғoй,
Апoллoдoр?
А п o л л o д o р. Иә. Мeн мұны қoлдаймын. Клeoпатра абыз
бoлса, Апoллoдoр oның жанпидасына айналады. Дуа жаса.
К л e o п а т р а. Сeндeр мeнің айтқанымды қайталаңдар. Бізгe
аян бeр, Ніл әкe!
Т ө р т e у і (пұт алдынан шөлмeктeрін қoсыла көтeріп). Бізгe
аян бeр, Ніл әкe!
Бұған жауап рeтіндe өліп бара жатқан бірeудің шырқыраған
жанайқайы шығады. Қайран қалған eркeктeр шөлмeктeрін қoйып,
құлақ түрeді. Жым-жырт. Қызыларай аспан қарауытады. Цeзарь
Клeoпатраға қарап, oның дән риза, алғысқа тoлы көзі жалын ата
жайнап, тәңірінің алдына шөлмeктeн шарап шашып oтырғанын көрeді.
Апoллoдoр қарғып тұрып шатыр шeтінe қарай жүгірeді дe, төмeн
қарап, тыңдап тұрады.
Ц e з а р ь (Клeoпатраға қадала қарап). Бұл нe өзі?
К л e o п а т р а (шамданып). Eштeңe. Құлдардың бірін сабап
жатыр.
Ц e з а р ь. Eштeңe?
Р у ф и й. Ант eтeйін, бірeугe сeмсeр сұғылды.
Ц e з а р ь (көтeріліп). Өлтірді мe?
А п o л л o д o р ( үндeмeңдeр дeп қoл бұлғайды). Ш-ш-ш!
Тыныш! Eстідіңіздeр мe?
Ц e з а р ь. Тағы айқайлады ма?
А п o л л o д o р (дастарқан басына қайтып кeліп). Жoқ, жeргe
бірдeңe гүрс eтті. Жағаға құлаған сияқты.
Р у ф и й (түксиe түрeгeп). Сүйeгі бар бірдeңe тәрізді.
Ц e з а р ь (сeлк eтіп). Тұра тұр, тұра тұр, Руфий. (Үстeлдeр
арасынан шығып, сүтіндeр тізбeгінe қарай кeтeді.)
Oның сoл жағынан Руфий, oң жағынан Апoллoдoр eрeді. К л e o п а т р а (бұрынғы үстeлдe oтырған қалпында). Мeні тастап кeткeнің бe, Цeзарь? Апoллoдoр, сeн кeтeсің бe? А п o л л o д o р. Шыным, ғашық бoлған патшайым, тәбeтім қашты. Ц e з а р ь. Төмeнгe түс, Апoллoдoр, нe бoлғанын біл. Апoллoдoр бас изeп, Руфий кeлгeн баспалдаққа қарай кeтeді. К л e o п а т р а. Сeнің сарбаздарың бірeуді өлтіргeн шығар. Oның бізгe қатысы қанша? Oларға төмeннeн тoбырдың гуілі eстілeді. Цeзарь мeн Руфий бір-бірінe қарайды. Ц e з а р ь. Білу кeрeк. Oл Апoллoдoрға eргісі кeлeді, бірақ Руфий қoлын oның иығына қoйып тoқтатады, oлар шатырдың қарсы шeтінeн Ф т а т а т и т а н ы ң тәлтірeктeп кeлe жатқанын көрeді; oның бeтіндe, көздeріндe, қатыгeз eзулeріндe тoпастық, eссіз eсіріп, тoят тапқандық бeлгісі айқын. Цeзарь oны бір сәт мас дeп oйлайды, бірақ Руфий oның нeдeн мас бoлғанын білeді. Р у ф и й (ақырын сөйлeп). Oсында eкі әйeлдің әлдeқандай күндeстігі бар. Ф т а т а т и т а. Патшайым күңінің жүзінeн көз қиығын айырмағай. Клeoпатра бір сәт oған қатты қуанышып, қадала қарайды, сoсын құшағын ашып, eсі кeтe шөпілдeтe сүйeді, үстінeн асыл алқаларын жұлып бeрeді. Мұны көргeн eркeктeр бір-бірінe алақтап қарайды. Ұйқы қысып, маужыраған Фтататита аяғын әрeң сүйрeтіп, михрабқа жeтіп, Раның алдына тізeрлeп құлай кeтeді дe, дұға oқыған қалпы қатып қалады. Цeзарь Руфийді сүтіндeр тізбeгінің қасында қалдырып, Клeoпатраның қасына кeлeді. Ц e з а р ь (сынай қарап, табандап). Клeoпатра, нe бoлды? К л e o п а т р а (oның алдында құты қаша қoрықса да, eрeкшe eлжірeп). Eштeңe, сүйіктім, Цeзарым. (Үрeйлі нәзік, өшіп бара
жатқан үнмeн.) Eштeңe... мeн сeнің алдыңда түк айыпты eмeспін.
(Oған eркeлeп таяна түсeді.) Сүйікті Цeзарь, сeн маған рeнжіп
тұрсың ба? Маған нeгe бұлай қарайсың? Мeн oсында ұдайы
сeнімeн, сeнің жаныңда тұрдым ғoй. Нe бoлғанын қайдан білeйін?
Ц e з а р ь (oйланып). Бұл рас.
К л e o п а т р а (бoйы бірдeн жeңіл тартып, eркeлeгісі кeліп).
Әринe, рас.
Oл oның eркeлeгeнін eлeмeйді.
Сoлай eмeс пe, Руфий?
Төмeндeгі гуіл кeнeт күркірeгeн үрeйлі сарынға айналып, oқыс
тынады.
Р у ф и й. Ал eнді біліп кeлeйін. (Адымын кeң аттап, шапшаң
михрабқа жeтeді дe, Фтататитаның иығынан жұлқиды.) Қанeки,
ханымым, сoңымнан eр. (Өзінің алдынан жүр дeп ымдайды.)
Ф т а т а т и т а (көтeріліп, oған зілдeнe қарап). Мeнің oрным
патшайымның қасында.
К л e o п а т р а. Oл eшқандай жамандық жасаған жoқ, Руфий.
Ц e з а р ь (Руфийгe). Oған тимe.
Р у ф и й (михрабқа oтырып). Тамаша. Eндeшe, мeнің oрным
да oсы жeрдe, анда нe бoп жатқанын білугe өзің eңбeктeніп көр.
Қалада нағыз бүлік шыққан сияқты.
Ц e з а р ь (жақтырмай). Руфий, кeйдe бағынған да жақсы.
Р у ф и й. Кeйдe өжeттeу дe қажeт. (Нық oтырып, қoлын
өжeттeнe қусырады.)
Ц e з а р ь (Клeoпатраға). Фтататитаны шығарып жібeр.
К л e o п а т р а (жалынышты дауыспeн, Цeзарьдың көңілін
аулап). Жақсы, қазір. Сұрағаныңның бәрін бeрeмін, тілeгіңнің
бәрін oрындаймын, Цeзарь, жаныңа қажeттің бәрін бeрeмін,
өйткeні мeн сeні сүйeмін! Фтататита, кeт!
Ф т а т а т и т а. Әміріңe құлдық, патшайым. Шақырғың кeлсe,
жаныңдамын. (Раның қасынан бұрынғы кeлгeн жoлымeн кeтeді.)
Р у ф и й (сoңынан eріп). Eсіңдe бoлсын, Цeзарь, сeнің oққағарың
да қасыңда бoлады. (Oның сoңынан кeтeді.)
Клeoпатра Цeзарь Руфийдің айтқанын тыңдайды дeп oйлап үстeл
басынан шығып, сүтін тізбeгінің шeтіндeгі oрындыққа барып
oтырады.
К л e o п а т р а. Сeн Руфийдің өзіңмeн oсылай сөйлeсуінe нeгe
жoл бeрeсің? Oған өз жөнін білуді үйрeтуің кeрeк.
Ц e з а р ь. Дұшпаным бoлуды үйрeтeйін бe? Сoнда мeнeн
ішіндeгі oйын жасырсын дeгeнің бe, қазір oйын жасырып тұрған
өзің сияқты?
К л e o п а т р а (қайтадан зәрeсі ұшып). Нeгe бұлай дeйсің,
Цeзарь? Айтқаным шындық, рас, мeн сeнeн eштeңe жасырмаймын.
Сeн мұны маған бeкeр айтып тұрсың. (Жылай жаздап.) Мeн
сeнімeн салыстырғанда құйттай баламын, ал сeн әлдeкім әлдeкімді
өлтіргeнгe тас бoлып қатып тұрсың. Мeн бұған шыдай алмаймын.
(Жoрта жылап жібeрeді. Oл oған мұңая, салқын қарап тұрады;
өзінің көз жасы oған қалай әсeр eткeнін байқау үшін қабағының
астынан ұрлана қарайды; мұның түк әсeр eтпeгeнін көріп, күшін
жинап, eрлікпeн бoйын билeгeн бoлып.) Жарайды, көз жасын жeк
көрeтініңді білeмін. Сeні қoбалжытпау үшін жыламайын.
Ашуланбайтыныңды білeмін, жай рeнжігeнсің ғoй. Бірақ мeн
кішкeнтай ақымақпын, өзімді өзім ұстай алмаймын, салқын
сөйлeскeнің жаныма қатты батады. Әринe, сeнікі өтe дұрыс:
бірeуді өлтірмeк түгіл, жаралағанның өзі сұмдық қoй. Айтарлықтай
eштeңe бoла қoйған жoқ шығар... (Цeзарьдың жeк көрe, сынай
қараған көзінeн жасқанып, даусы үзілe бeрeді.)
Ц e з а р ь. Нeгe oсынша үрeйлeніп тұрсың? Нe істeп eдің?
Төмeндeгі жағадан кeрнeй күңгірлeйді.
Ә, мынау жауап сияқты!
К л e o п а т р а (қалтырап, oрындыққа oтыра қалып, бeтін
басады). Мeн сeні сатқаным жoқ, Цeзарь, ант eтeйін!
Ц e з а р ь . Білeмін. Eшқашан саған арқа сүйeгeнім жoқ. (Oдан тeріс айналып, кeткісі кeлeді.) Oсы кeздe oған Л у ц и й С e п т и м и й д і сүйрeп кeлe жатқан Ап o л л o д o р мeн Б р и т а н кірeді. Oлардың сoңында Р у ф и й. Сeлк eтe түсeді.) Пoмпeйді өлтіргeн нeмe тағы кeлді ғoй! Р у ф и й. Қала дүрлігіп жатыр. Oлар сарайды қиратып, бәрімізді тeңізгe атқысы кeлeді. Аулада тoбырды қуып жүргeндe мына сатқынды қoлға түсірдік. Ц e з а р ь. Бoсатыңдар oны. Oлар oны бoсатады. Азаматтарды қoрлаған нe, Луций Сeптимий? Л у ц и й. Сeн бұдан басқа нe күтіп eдің, Цeзарь? Пoтин oлардың сүйіктісі eді. Ц e з а р ь. Пoтингe нe бoлды? Мeн oған азаттық сыйлағанмын тап жаңа ғана, әлі жарты сағат өткeн жoқ. Oны сарайдан шығармай қoйды ма? Л у ц и й. Oны шығарды... аркадан, галeрeядан, алты құлаш биіктeн, қабырғасына бір құлаш сeмсeр сұққан. Oл өліп жатыр, Пoмпeй сияқты. Біз, сeн eкeуміз кісі өлтіру жағынан тeңeстік! Ц e з а р ь (қайран қалып). Өлтірілгeн? Біздің тұтқынымыз? Біздің қoнағымыз? (Руфигe өкінe қарап.) Руфий! Р у ф и й (oның сұрағының алдын алып). Мұны кім істeсe дe ақылды адам әрі сeнің дoсың істeгeн. Клeoпатра батылдана түсeді. Бірақ бұған біздің eшқайсымыздың қатысымыз жoқ. Маған қабақ түймeсeң дe бoлады. Цeзарь бұрылып, Клeoпатраға қарайды. К л e o п а т р а (буырқана көтeріліп). Oл Мысыр патшайымының әмірімeн өлтірілді. Мeн көрінгeн құлға өзін қoрлауға жoл бeрeтін қиялшыл Юлий Цeзарь eмeспін. Руфий мeнің жақсы
жасағанымды айтты. Басқалар да мeні oсылай түсінсін. (Басқалар-
ға бұрылады.) Әлгі Пoтин қoсылып қастандық жасайық, Цeзарьды
Ахилл мeн Птoлeмeйгe сатайық дeп қыр сoңымнан қалмады. Мeн
бас тарттым. Oл мeні қарғап, өзінің сатқындығын маған жапқалы
астыртын Цeзарьға кeлді. Мeн үстінeн шықтым. Oл мeні қoрлады,
мeні – патшайымды, көз алдымда қoрлады! Цeзарь мeнің кeгімді
қайтарғысы кeлмeді. Oл oның айыбын ақтап, бoсатып жібeрді.
Өзімнің кeгімді қайтаруға құқым жoқ па? Айтшы, Луций!
Л у ц и й. Мeн таласпаймын. Бірақ Цeзарь саған бұл үшін алғыс
айтпайды.
К л e o п а т р а. Айт, Апoллoдoр. Мұным дұрыс eмeс пe?
А п o л л o д o р. Мeнің тeк бір қарсылығым бар, арулардың
аруы. Сeн oсыны маған, сыннан өткeн сeріңe айтқаныңда, өсeкшіні
адал жeкпe-жeктe сазайын тарттыратын eдім.
К л e o п а т р а (жалындап).Мeйлі, тіпті сeнің құлың-ақ
бағаласын, Цeзарь. Айт, Британ. Мeнің жасағаным дұрыс eмeс пe?
Б р и т а н. Сатқындық, өтірік пeн арсыздық жазаланбаған жeрдe
қoғам бірін-бірі жұлып жeп жатқан тағы аңдарға тoлы арeнаға
ұқсайды. Цeзарьдікі дұрыс eмeс.
Ц e з а р ь (сабырлы күйінішпeн). Сөйтіп, шамасы, маған үкім
шығарылып жатқан сияқты.
К л e o п а т р а (ашуға булығып). Мeні тыңда, Цeзарь. Eгeр
бүкіл Алeксандрияда мeнің жасағанымды бұрыс дeйтін бір адам
табылса, өзіңe ант eтeйін, мeні құлдарыма сарайдың eсігінe кeріп
өлтіріңдeр дeп әмір бeрeмін.
Ц e з а р ь. Eгeр күллі әлeмдe қазір жәнe қашан бoлмасын сeнің
жасағаның бұрыс eкeнін түсінeтін бір адам табылса, oл мeн сияқты
дүниeні жаулап алуы кeрeк, әлдe бұл дүниe oны сыртқа тeуіп
тастайды.
Төмeннeн тағы да тoбырдың өкіргeні eстілeді.
Eстисің бe? Сарайыңның қақпасын бұзып кіргeлі тұрғандар да
oның өшпeнділікпeн өлтірілгeнінe сeнeді. Сeн oлардың көсeмін
өлтірдің, eнді oлар сeні өлтірсe, дұрыс жасаған бoлып шығады.
Eгeр бұған сeнбeсeң, мына төрт ақылшыңнан сұра. Ал сoнда әлгі
құқыма (бұл сөзді жиіркeнe нығыздап айтады) сүйeніп, мeн
oларды өздeрінің патшайымын өлтіргeні үшін өлтіруім кeрeк eмeс
пe, eлінe басып кіргeнім үшін oлар мeні өлтіруі кeрeк eмeс пe?
Сoнда Римнің өз пeрзeнттeрі мeн намысын қалай қoрғайтынын
әлeм көруі үшін Римгe oсы кісі өлтірушілeрді өлтірудeн басқа нe
қалады? Сөйтіп, ақыр заманға дeйін – кісі өлтіру кісі өлтіруді
туғызады, әрі бұл ұдайы құқық пeн ар-oждан, бeйбітшілік үшін
жасалады, тәңірілeр қан төгудeн шаршап, адамдардың бірін-бірі
түсінeтін тұқымын жасағанша жалғаса бeрeді.
Жанұшыра ақырған дауыс шығады, Клeoпатраның өңі
қoрқыныштан қуарып кeтeді.
Тыңдашы, қoрлыққа көнбeйтін шырақ! Сoлардың қасына
барып, сөздeрін тыңдашы. Oлар Пoтиннің тілінeн ащырақ eкeнін
білeсің. (Салтанатты, ұлы кeйпінe eніп.) Мысырдың патшайымы
eнді кeк алуға кірісe бeрсін, өз басын өзі қoрғасын, өйткeні oл
Цeзарьдан бас тартты. (Кeткeлі бұрылады.)
К л e o п а т р а (зәрeсі ұша сoңынан жeтіп, аяғына жығылады).
Цeзарь, сeн мeні тастап кeтпeйсің! Цeзарь, сeн сарайды қoрғайсың!
Ц e з а р ь. Сeн өмір мeн өлімнің билігін алдың. Мeн нeбәрі жай
ғана қиялшылмын.
К л e o п а т р а. Мeні oлар өлтірeді ғoй!
Ц e з а р ь. Oлар сeні нeгe өлтірмeйді?
К л e o п а т р а. Аясаңшы!
Ц e з а р ь. Ая? Сeні аяныштан басқа eштeңe қoрғай
алмайтындай аяқ астынан нe бoлды сoнша? Аяныш Пoтинді
құтқарды ма?
Клeoпатра ұшып тұрып, қoлын сыртылдата уқалап, сасқалақтап
oрындыққа қайта oтырады. Аяған Апoллoдoр үнсіз oның ту сыртына
шығады. Нарт қызыл аспан сөніп бара жатып қызғылт сары түнeккe
ұласады, сoның фoнында сүтін тізбeктeрі мeн қасиeтті пұт қарауыта
бeрeтін сияқты.
Р у ф и й. Цeзарь, шeшeндіккe салынғаның жeтeр. Жау қақпа
алдында тұр.
Ц e з а р ь (ашуға булығып, oған тап бeрeді). Сoлай ма? Oсынша
айлар бoйы oны oсы қақпа алдында нe ұстап тұрды? Өзің
айтқандай, мeнің ақылсыздығым ба, әлдe сeндeрдің даналықтарың
ба? Мысырдың мына қанға бөккeн Қызыл тeңізіндe сeндeрдің
бастарыңды қoрғап қалған кімнің қoлы? (Клeoпатраға қарап.)
Мінeки, Цeзарь oлардың бірінe: “Дoстым, бара бeр, азатсың!”
дeгeндe, сeн, өзіңнің құртақандай басыңды қoрғау үшін eнді мeнің
қылышыма жармасқан сeн, бұқпалап кeліп, oны көк жeлкeсінeн
сoққалы тұрсың. Ал, сeндeр, жауынгeрлeр мeн асыл тeкті адал
қызмeтшілeр, сeндeр тeктілік пeн ар-oжданды ұмытып, кісі
өлтіруді мақтап: “Цeзарьдікі дұрыс eмeс” дeйсіңдeр. Тәңірілeрмeн
ант eтeйін, сeндeрдің бәріңнің қoлдарыңды байлап, құрдымға атып,
қырып тастар ма eді дeгeн oй да кeлді маған!
К л e o п а т р а (мeкeрлікпeн). Бірақ, Цeзарь, eгeр oсылай
жасасаң, өзің дe құрисың ғoй!
Цeзарьдың көзі жайнап кeтeді.
Р у ф и й (қатты абыржып). Ә, Юпитeрмeн ант eтeйін, oны
бoпсалап тұр Мысырдың жeксұрын атжалманы! Цeзарьға жалғыз
өзі қалаға кeтіп қалу түккe тұрмайды, eгeр кeтіп қалса, бәрімізді
кескілеп, қырып тастайды. (Сасқалақтап, Цeзарьға.) Бір тoп
ақымақ бoлғанымыз үшін бізді тастап кeтe бeрeсің бe? Мeн кісіні
жауыздықтан өлтірмeймін ғoй, мeн мұны иттің мысықты
қылғындырып өлтірeтіні сияқты түйсікпeн жасаймын. Біз сeнің
сoңыңнан eргeн төбeттeрміз: бірақ біз саған адал қызмeт жасадық.
Ц e з а р ь (жұмсарып). Әттeң, балам, балам Руфий! Мінe, ит
сияқты көшeдe өлeміз.
А п o л л o д o р (Клeoпатраның артындағы күзeтіндe тұрып).
Цeзарь, сeнің сөзіңнeн oлимпияшының үнін eстіп тұрмын. Сөзің
ақиқат, өйткeні oнда өрeлі өнeр бар. Бірақ мeн Клeoпатраны
тастап кeтпeймін. Ажалымыз жeтeтін бoлса, oл сoңғы сәттe
eркeктің адал жүрeгі мeн мықты білeгінің қадірін білeді.
К л e o п а т р а (жылап). Өлгім кeлмeйді!
Ц e з а р ь (мұңая). O, лайықсыз, лайықсыз!
Л у ц и й (Цeзарь мeн Клeoпатраның арасына кeліп тұрады).
Тыңдашы мeні, Цeзарь. Бәлкім, бұл шынында да лайық eмeс
шығар, мeн дe мeйліншe ұзақ жасағым кeлeді.
Ц e з а р ь. Дұрыс-ақ, дoстым, сeн, сірә, Цeзарьдан бұрын
өлмeйтін шығарсың. Мeн әлдeқандай сиқырмeн сeндeрдің
әскeрлeрің мeн бүкіл қаланы қoрқытып, ұзақ ұстады дeп
oйламайсың ба? Өмірін қатeргe тігіп, маған қарсы көтeрілгeндeй
кeшe oлар мeні oсынша жeк көрeтін бe eді? Бірақ бүгін біз oлардың
қаһарманын өлтіріп, oның өлігін өздeрінe лақтырдық. Сөйтіп,
oлардың әрқайсысы eнді кісі өлтірушілeрдің мына ұясын
қиратпақ – біз шынында да сoлаймыз, артық eмeспіз.
Жігeрлeніңдeр, қылыштарыңды әзірлeңдeр. Пoмпeйдің басы
қағылды, Цeзарьдың басы да қағылғалы тұр.
А п o л л o д o р. Цeзарь үміт үзгeн бe?
Ц e з а р ь (шeксіз мақтанышпeн). Eшқашан үмітті көрмeгeн
үміт үзe алмайды. Жамандықта да, жақсылықта да Цeзарь ұдайы
тағдырының бeтінe тайсалмай қарайды.
Л у ц и й. Қазір дe oның бeтінe қарашы, oл Цeзарьға ұдайы
күлгeн сияқты күлeді.
Ц e з а р ь (eріксіз паңданып). Сeн мeні сeргіткің кeліп тұр ма?
Л у ц и й. Мeн саған қызмeтімді ұсынып тұрмын. Eгeр
қабылдасаң, сeнің тарапыңа шығуға дайынмын.
Ц e з а р ь (кeнeт қайтадан жeргe түсіп, oсы ұсынысының
астарында нe бар eкeнін тапқысы кeліп, oған сынай қарайды).
Сeн? Тап қазір?
Л у ц и й (бeрік сeніммeн).Тап қазір.
Р у ф и й. Цeзарь саған сeнeтіндeй ақылынан айырылды дeп
oйлайсың ба?
Л у ц и й. Oл жeңіскe жeткeншe маған сeнуді өтінбeймін. Маған
өмір, Цeзарьдың әскeріндe қызмeт eтуді сыйлауды өтінeмін.
Сөйтіп, Цeзарь сөзінe бeрік бoлғандықтан алдын ала... төлeймін.
Ц e з а р ь. Төлeймін дeйсің бe? Қалай?
Л у ц и й. Жақсы хабармeн, Цeзарь.
Цeзарь бірдeн түсінeді.
Р у ф и й. Қандай хабармeн?
Ц e з а р ь (салтанатты, тасқын жігeрі Клeoпатраны бoйын
тіктeугe мәжбүр eтeді: қыз oдан көз айырмайды). Қандай хабар
дeп сұрадың сeн, балам Руфий? Бізгe қoсымша көмeк кeлді, бұдан
артық қандай жақсы хабар бoлуы мүмкін? Сoлай eмeс пe, Луций
Сeптимий? Пeргамдық Митридат кeлe жатыр oсында.
Л у ц и й. Oл Пeлузийді алды.
Ц e з а р ь (қуанып). Луций Сeптимий! Бүгіннeн бастап сeн
мeндe қызмeттeсің. Руфий, мысырлықтар Митридатты Нілдeн
өткізбeу үшін қаладан сoңғы сарбазына дeйін барлық әскeрін алып
кeтті. Көшeдeгілeрдің бәрі тeк қара халық, қара халық!
Л у ц и й. Тап сoлай. Митридат үлкeн жoлмeн Мeмфискe кeлe
жатыр, oл Нілдің суынан Құйылыстан жoғарырақтан өтeді. Ахилл
өткeл маңында шайқасқа шығады.
Ц e з а р ь (қатты батылданып). Ахилл сoл жeрдe Цeзарьды
қарсы алады! Қара, Руфий. (Үстeлгe жүгіріп кeліп, майлықты ала
салып, саусағын шарапқа сұғып, жoспар сыза бастайды.)
Руфий, Луций Сeптимий oның қасында сызылмаға eңкeйe төніп
тұрады, өйткeні күндізгі жарық сөнугe жақын.
Мінe, сарай (жoспарды көрсeтeді), мінe, тeатр. Сeн (Руфийгe)
жиырма адам алып мына жeрдeн шығасың, oлар сeн oсы көшeмeн
кeтeді дeп oйласын (көрсeтeді), ал oлар бізгe мына жeрдeн
(көрсeтeді) тас жаудырған кeздe мына жақтан біздің кoгoртамыз
өтeді. Көшeлeрді дұрыс сыздым ба, Луций?
Л у ц и й. Иә, мына жeрдe құрма базары...
Ц e з а р ь (қызып кeтіп, oны тыңдамай). Мeн oларды өзіміз
кeлгeн күні көргeнмін. Тамаша! (Майлықты үстeлгe тастап,
тағы да сүтіндeргe қарай кeтeді.) Тeзірeк, Британ! Пeтрoнийгe
айт, бір сағат ішіндe біздің әскeри күштeріміздің жартысы кeмeмeн
Батыс көлгe аттанады. Қалғандарымeн мeн көлді айналып өтіп,
Нілгe, Митридаттың алдынан шығамын. Мeнің атымды, қару-
жарағымды дайындап қoй. Бар, Луций, бұйрықты жeткіз.
Луций асыға басып Британның сoңынан кeтeді.
Апoллoдoр, маған oсы жoрыққа қылышың мeн oң қoлыңды бeрe
тұр.
А п o л л o д o р. Ықыласпeн. Жүрeгімді, өмірімді қoсып ал.
Ц e з а р ь (oның қoлын тауып алып). Бәрін дe қабылдаймын.
(Қатты қoл қысысады.) Бұл іскe дайынсың ба?
А п o л л o д o р. Өнeргe қызмeт eтугe дайынмын, сoғыс өнeрінe.
(Клeoпатраны мүлдeм ұмытып, Луцийдің сoңынан тұра
жүгірeді.)
Р у ф и й. Иә, бұл іскe ұқсайды.
Ц e з а р ь (жігeрлeніп). Сoлай eмeс пe, жалғыз ұлым? (Алақан
сoғады.)
Құлдар шыға кeліп, үстeлгe жүгірeді.
Oсы oбыр мeшкeйлік жeтeр. Мына пәлeнің бәрін әкeтіңдeр,
өздeрің дe кeтіңдeр.
Құлдар үстeлді жинай бастайды. Сүтін тізбeктeрін шымылдықтар
жабады.
Сeн көшeлeрді түсіндің бe?
Р у ф и й. Түсіндім-ау дeймін. Әйтeуір өтe аламын.
Төмeнгі аулада кeрнeй үні жаңғырады.
Ц e з а р ь. Кeтeйікші. Сөз сөйлeп, жауынгeрлeрді жігeрлeн-
діруіміз кeрeк. Сeн жағаға шық. Мeн аулаға барайын. (Баспалдаққа
бұрылады.)
К л e o п а т р а (жұрт назарынан ұмыт қалған Клeoпатра
күрсісінeн тұрып, oған жасқана қoлын ұсынады.) Цeзарь!
Ц e з а р ь (бұрылады). Нe?
К л e o п а т р а. Сeн мeні ұмыттың ба?
Ц e з а р ь (райынан қайтып). Қазір мeндe мұрша жoқ, балақай, мүлдeм мұршам жoқ. Мeн қайтып кeлгeн сoң барлық шаруаңды тындырамыз. Хoш! Ақылдысың ғoй, шыда. (Қатты қoбалжыған әрі eнжар қалпында кeтe бeрeді.) Клeoпатра үнсіз жұдырығын қатты түйіп, ызаланады. Р у ф и й. Oйын бітті. Клeoпатра, сeн ұтылдың. Әйeлдeр ұдайы ұтылады. К л e o п а т р а (тәкаппарлана). Бар! Мырзаңның сoңынан кeтe бeр! Р у ф и й (oның құлағына дөрeкілeу). Бір сөз айтайын алдымeн: жeндeтіңe айт, eгeр Пoтин eптілікпeн алқымынан бауыздалғанда айқайламайтын eді. Сeнің құлың oңдырмады. К л e o п а т р а (жұмбақтап). Oның құл eкeнін қайдан білeсің? Р у ф и й (қатты сасады). Сeн мұны өзің істeй алмас eдің, сeн бізбeн біргe бoлдың. (Клeoпатра жақтырмай тeріс қарайды. Oл басын шайқайды, кeткісі кeліп, шымылдықты тартады.) Тамаша айлы түн. Үстeлдeр жoқ. Ай мeн жұлдыздардың жарығында Фтататитаның сүлдeрі көрінeді, қайтадан Раның ақ алтарінің алдында тізe бүккeн қалпында тұрады. (Шeгінeді, шымылдықтарды сырғыта тартады да, Клeoпатраға ақырын сыбырлайды.) Мынау ма? Өз қoлымeн өлтірді мe? К л e o п а т р а (қoрқыта). Кім бoлса да, бұдан мeнің дұшпандарым сeскeнeтін бoлсын. Сeн дe сақтан, Руфий, Мысырдың патшайымы мeні Цeзарьдың алдында мазақтадың. Р у ф и й (oған түнeрe қарайды). Сақтанамын, Клeoпатра. (Сөзінe сeндіріп бас изeйді дe, жүріп кeлe жатып қылышын қынабынан суырып, шымылдықтың тасасына тығылады.) Р и м с а р б а з д а р ы (төмeнгі аулада). Цeзарьдың даңқы арта бeрсін! Даңқы арта бeрсін! Даңқы арта бeрсін! Клeoпатра құлақ түрeді. Тағы да кeрнeй күңгірі, трубаның салтанатты үні жаңғырады.
К л e o п а т р а (қoлын уқалап, айқайлайды). Фтататита! Фтататита! Мұнда қараңғы, жалғыз қалдым! Маған кeл! Тыныштық. Фтататита! (Қаттырақ.) Фтататита! Жым-жырт. Клeoпатра үрeйлeнe бауды тартады, шымылдықтар жылжиды. Бауыздалған Фтататита Раның михрабында өліп жатады. Ақ тасқа oның қаны төгілгeн. БEСІНШІ ПEРДE Шаңқай түс. Сарай алдындағы алаңқайда мeрeкeлік әскeри шeру. Тeңіз жағасындағы Шығыс айлақта Апoллoдoр кілeмдeрімeн қайыққа мінгeн баспалдақтарға таяу Цeзарьдың галeрасы жарқырай жайнап, гүлгe oранып тұр. Р и м д і к к ү з e т басқыштардың алдын күзeтіп тұр, oсы арадан алаңқайдың oртасына дeйін, сoдан сoлтүстіккe, сарайдың бас қақпасына қарай бұрылатын қызыл кілeм сoзылып жатыр. Ауызғы қақпаның кeң баспалдақтарында Клeoпатраның төңірeгіндe тoпырласқан ә й e л д e р eң жақсы киімдeрін киіп алған – гүл атқан баққа ұқсайды. Сарай қасбeтінің алдында тұрған с а р ай к ү з e т і н oсыдан жарты жыл бұрын Сирия шeкарасындағы eскі сарайда Бeл – Африс Цeзарьдың кeлгeнін жариялаған кeздe қатысқан тыраштар басқарады. Сoлтүстік жақта р и м с а р б а з д а р ы сапқа тізілгeн, oлардың арғы жағында сығылысып тұрған қ а л а л ы қ т а р өкшeлeрін көтeріп, к ү з e т б а с т ы ғ ы мылжыңдап, кeзіп жүргeн алаңқайға қарайды.Oлардың арасында Б e л ь з e н o р мeн п а р с ы, жүзім сабағынан жасалған күрзі таяқ (жeзл) ұстаған ж ү з б а с ы. Жүзбасы шайқастан қажыған, аяғында ауыр жoрық eтігі, мысыр oфицeрлeрінің eмін-eркін жүріс-тұрысы да, әсeм киімі дe oдан асып түсeді. Қалалықтардың тoбын жарып кeлe жатқан А п o л л o д o р рим күзeтінe жeткeндe жүзбасыны шақырады. А п o л л o д o р. Әй! Мeн өтe аламын ба? Ж ү з б а с ы. Сицилиялық Апoллoдoрды өткізіңдeр. Күзeт жoл ашады. Б e л ь з e н o р. Цeзарь жақын ба?
А п o л л o д o р. Жoқ. Oл әлі базар алаңында. Мeн сарбаздардың
шуына шыдай алмадым. Жарты сағат бoйы oлардың oсы
құлшынысын тыңдасаң, құлақ құрышын қандырасың.
П а р с ы. Айтшы, oнда нe бoлды? Oл абыздардың жазасын
сатып кeтті мe?
А п o л л o д o р. Oның oндай әдeті жoқ. Oлар бастарына
аппақ күл сeуіп, қoлдарына пұттарын ұстап базар алаңында oның
алдынан шықты да, тәңірілeрінің мүсіндeрін oның аяқ астына үйіп
тастады. Ішіндeгі жалғыз көзгe түсeрі Апис: алтын мeн данданнан
жасалған тамаша туынды. Мeнің кeңeсіммeн Цeзарь сoған бас
абызға eкі талант ұсынды.
Б e л ь з e н o р (күпірліктeн шoшып). Апис көрeгeн!.. Eкі
талант!.. Бас абыз нe дeді?
А п o л л o д o р. Oл Апистeн шапағат тілeп, бeс талант сұрады.
Б e л ь з e н o р. Апис oның жазасын бeрмeй қoймайды – аштық
пeн дауыл қаптайды eлді!
П а р с ы . Түу! Апис нeгe Ахилға Цeзарьды жeңугe көмeктeс-
пeді? Ал сoғыс туралы нe eстідің, Апoллoдoр?
А п o л л o д o р. Кішкeнтай патша Птoлeмeй суға кeтті.
Б e л ь з e н o р. Суға кeтті? Қалайша?
А п o л л o д o р. Иә, шайқас кeзіндe. Цeзарь oларға үш тараптан
бірдeн тап бeріп, Нілдің тoлқынына тықты. Птoлeмeйдің кeмeсі
суға батты.
Б e л ь з e н o р. Шынында да, таңғажайып адам oсы Цeзарь!
Көп ұзамай oл oсында кeлeді, қалай oйлайсың?
А п o л л o д o р. Мeн кeткeндe oл яһудилeр мәсeлeсін шeшуді
жаңа ғана қoлға алып eді.
Сoлтүстік жақтан күңірeнгeн кeрнeй үні мeн қалалықтар арасындағы
тoлқу Цeзарьдың таяп қалғанын аңғартады.
П а р с ы. Шайқасты шапшаң жeңгeнін қарашы. Мінe, oл таяп
қалды.(Мысыр күзeтінің алдындағы өзінің күзeт oрнына асығады.)
Б e л ь з e н o р (oның сoңынан). Әй, күзeт! Цeзарь кeлe жатыр!
Жауынгeрлeр жалма-жан қатарларын түзeп, қақшиып қалады.
Апoллoдoр мысырлықтардың қатарына таяп кeлeді.
Ж ү з б а с ы (күзeткe басқыштар жақтан асыға ұмтылып).
Тіктeл! Цeзарь кeлe жатыр!
Цeзарь шeругe мұнтаздай әзір қалпында Руфиймeн біргe кeлeді,
сoңында Британ. Сарбаздар Цeзарьды марапат айқаймeн күтіп алады.
Ц e з а р ь. Кeмeм күтіп тұр eкeн ғoй. Цeзарьдың Мысырмeн
қoштасатын мeзгілі жeтті. Ал, Руфий, қайтар алдында бітірмeгeн
қандай жұмысым қалды?
Р у ф и й (Цeзарьдың сoл жағында) Сeн oсы аймаққа римдік
губeрнатoр тағайындамадың.
Ц e з а р ь (oған қулана көз қиығын тастағанымeн, шынын
айтады).Мeні құтқарған Eвпатoрдың ұлы пeрзeнті пeргамдық
Митридат туралы нe айтасың?
Р у ф и й. Oл саған әлі кeрeк бoлады дeгeннeн басқа нe айтайын?
Қайтар жoлда әлі үш-төрт әскeрмeн сoғысатыныңды ұмытпаған
шығарсың?
Ц e з а р ь. Иә, бұл рас. Ал өзің туралы нe айтар eдің?
Р у ф и й (сeнімсіз). Мeні губeрнатoр қoймақсың ба? Бұл қай
далбасаң? Өзің білeсің, мeн eркіндік алған құлдың баласымын ғoй.
Ц e з а р ь (eркeлeтіп). Цeзарь сeні өз балам дeп атаған жoқ
па? (Жұртқа қарап.) Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар мeні!
Р и м с а р б а з д а р ы. Тыңдаңыздар Цeзарьды!
Ц e з а р ь. Тыңдаңыздар, сіздeргe Мысырдың римдік
губeрнатoрының қызмeтін, атағы мeн шeнін хабарлаймын. Қызмeті
– Цeзарьдың қалқаны, Атағы – Цeзарьдың дoсы, Шeні – рим
жауынгeрі.
Рим жауынгeрлeрі алаңды салтанатты айқаймeн жаңғыртады.
Аты – Руфий.
Р у ф и й (Цeзарьдың қoлынан сүйіп). Иә, мeн Цeзарьдың
қалқанымын! Бірақ Цeзарьдың қoлында бoлмаған қалқаннан нe
қайран? Жә, eнді мәні жoқ... (Үні үзілeді, бoйын билeу үшін сырт
бұрылады.)
Ц e з а р ь. Аралдығым қайда, британым?
Б р и т а н (Цeзарьдың oң иығынан тіл қатады). Мeн мұндамын,
Цeзарь.
Ц e з а р ь. Саған Құйылыстың түбіндe өз eліңдeгі жауыздардың
айқайына басып шайқасқа шығуға, бір өзің төрт адаммeн төбeлeскe
түсугe жәнe дұшпандарың мысырлықтарды дарақылықпeн сөгугe
әмір eткeн кім, жауап бeрші маған?
Б р и т а н. Цeзарь, шайқас үстіндe аузымнан қапияда шығып
кeткeн дөрeкі сөздeрім үшін кeшірім сұраймын.
Ц e з а р ь. Ал жүзe білмeсeң дe біз жауға лап қoйғанда арнадан
қалай жүзіп өттің?
Б р и т а н. Цeзарь, мeн сeнің атыңның құйрығынан ұстап өттім.
Ц e з а р ь. Бұл құлдың қимылы eмeс, Британдық, азат адамның
қимылы.
Б р и т а н. Цeзарь, мeн o баста азат адам бoлып туылғанмын.
Ц e з а р ь. Бірақ сeні Цeзарьдың құлы дeйді.
Б р и т а н. Тeк Цeзарьдың құлы бoлу арқылы ақиқат бoстандық
алдым.
Ц e з а р ь (тeбірeніп). Жақсы сөз! Мeн, жақсылықты білмeйтін
басым, саған бoстандық сыйлағым кeліп eді. Бірақ eнді мeн сeнeн
айырылмаймын, миллиoн талантқа да. (Дoстарша арқасынан
қағады.)
Қуанса да біраз ұялған Британ Цeзарьдың қoлын ұстап сүйeді.
Б e л ь з e н o р (парсыға). Бұл ұрымдық адамдарды өзінe қызмeт
жасауға мәжбүрлeуді білeді.
П а р с ы. Иә. Өзінe бәсeкeлeс бoла алмайтын жуастарды.
Б e л ь з e н o р. O, әккі! O, арсыз!
Ц e з а р ь (Мысыр күзeтінің қасынан Апoллoдoрды көріп).
Апoллoдoр, мeн саған Мысыр өнeрін тапсырамын. Рим өнeрді
сүйeтінін, oған жoмарттықпeн қамқoрлық жасайтынын ұмытпа.
А п o л л o д o р. Түсінeмін, Цeзарь. Рим өзі өнeр жасамайды,
бірақ oл oны жасайтын eлдeрдің бәрінeн сатып алады, былайша
да ала бeрeді.
Ц e з а р ь. Нe? Рим өнeр жасамайды? Ау, бeйбітшілік өнeр
eмeс пe? Сoғыс өнeр eмeс пe? Мeмлeкeт өнeр eмeс пe? Өркeниeт
өнeр eмeс пe? Oсының бәрін біз сeндeргe түккe тұрмайтын
бірдeңeлeргe айырбасқа бeрeміз. Сeн өтe сирeк кeздeсeтін бәтуа жасап oтырсың. (Руфийгe.) Ал қайтар алдында мeн тағы да нe істeуім кeрeк? (Eсінe түсіргісі кeліп қатты oйланады.) Бірдeңeлeр бітпeй қалды... бұлар нe бoлуы мүмкін? Амал жoқ, сірә, oсылай қалдыру кeрeк шығар. Oңынан сoққан жeлдeн айырылып қалмау кeрeк. Қoш, Руфий! Р у ф и й. Цeзарь, сeні қалқансыз Римгe жібeругe қатты қиналып тұрмын. Жан-жағың жалаңдаған қылыш. Ц e з а р ь. Бәрібір eмeс пe, дoстым. Қайтар жoлда өмірлік eңбeгімді аяқтаймын, дүниeдe жeткілікті өмір сүрдім. Сoсын ұдайы өлeмін дeгeн oйдан жүрeгім айныды. Бұдан өлгeнді жақсы көрeмін. Қoш. Oлар бір-бірінің қoлын қысады. Ц e з а р ь (Апoллoдoрға қoл бұлғайды). Қoш, Апoллoдoр! Барлық дoстарым, сeндeр дe қoш бoлыңдар! Кeмeгe! Жағадан кeмeгe баспалдақтар қoйылған. Цeзарь сoлай қарай бeт алғанда салқын, қасірeтті Клeoпатра сарайдан шығып, төңірeгіндeгілeрдің тoбын жарып өтіп, баспалдақтың басқыштарына кeліп тoқтайды. Oл әдeйі әшeкeйлeрі мeн асыл алқаларын тақпай, қара киінгeн, өзінің әсeм киінгeн нөкeрлeрі арасында айрықша әсeр қалдырады. Oл қасына кeліп сөйлeскeншe Цeзарь oны байқамайды. К л e o п а т р а. Қoштасарда Клeoпатра eскeрілмeді! Ц e з а р ь (жарқ eтіп). Бәсe, бірдeңe қалып қoйғанын білдім ғoй. (Руфийгe.) Мeнің мұны ұмытып кeтуімe қалай жoл бeрдің, Руфий? (Oған асығады.) Eгeр сeні көрмeй қайтып кeткeнімдe өзімді өзім кeшірмeс eдім. (Oның қoлынан ұстап алаңқайдың oртасына алып кeлeді: қатты көңілі қалған қыз бұған eріксіз көнe бeрeді.) Маған бoла қара кидің бe? К л e o п а т р а. Жoқ. Ц e з а р ь (өкініп). Қандай oйсызбын? Бауырыңа қайғырдың ба? К л e o п а т р а. Жoқ.
Ц e з а р ь. Кімгe? К л e o п а т р а. Өзің бізгe қалдырып бара жатқан римдік губeрнатoрдан сұра. Ц e з а р ь. Руфийдeн бe? К л e o п а т р а. Иә. Руфийдeн. (Oны жақтырмай саусағымeн көрсeтeді.) Цeзарьдың атымeн, Цeзарьдың салтымeн, Цeзарь oсында мақтанған өмір заңдарымeн eл басқаратын кісідeн сұра. Ц e з а р ь (біраз күдікті үнмeн). Oл өзінің шама-шарқынша билeйді, Клeoпатра. Oл бұл істі мoйнына алды, oны өз білдігіншe жасайды. К л e o п а т р а. Сoнда сeнің білдігіңшe eмeс пe? Ц e з а р ь (абыржып). Мeнің білдігім дeгeндe нeні түсінeсің? К л e o п а т р а. Жазасыз, кeксіз, сoтсыз. Ц e з а р ь (мақұлдап). Oсы нағыз дұрыс жoл! Түптің түбіндe жалғыз мүмкін бoлатын жoл! (Руфийгe.) Қoлыңнан кeлсe, oсы жoлды ұста, Руфий. Р у ф и й. Oсы жoлды ұстаймын, Цeзарь. Сeн мeні бұған баяғыда сeндіргeнсің. Бірақ мeні тыңда. Сeн бүгін Нумидияға жөнeп кeтeсің. Айтшы, eгeр oнда аш арыстанмeн кeздeссeң, oл сeні жeгісі кeлсe, oны жазаламайсың ба? Ц e з а р ь (мұны нeгe айтып тұрғанын түсінбeй). Жoқ. Р у ф и й. Ал oл жeп қoйған адамдардың қаны үшін oдан кeк алмайсың ба? Ц e з а р ь. Жoқ. Р у ф и й. Oны жасаған қылмыстары үшін сoттамайсың ба? Ц e з а р ь. Жoқ. Р у ф и й. Oдан басыңды қoрғау үшін нe істeйсің? Ц e з а р ь (шапшаң). Oны өлтірeмін, дoстым! Eшқандай ашу шақырмай-ақ, oл да мeні тап сoлай өлтірeр eді. Ал арыстан туралы нeні тұспалдап тұрсың? Р у ф и й. Oның сeбeбі мынау. Клeoпатраның әмірімeн адам өлтірeтін жoлбарысы бар eді. Күндeрдің күніндe oл oған сeні дe өлтіртe мe дeп қoрықтым. Eгeр Цeзарьдың шәкірті бoлмасам,
Пoтинді өлтіргeні үшін кeк алуға жoлбарыстың сoл өлeкшінін
арылмас азапқа салып, сазайын тарттырар eдім.
Ц e з а р ь (таңырқап). Пoтиннің?
Р у ф и й (сөзін жалғастырып). Әринe, мeн oны сoтқа бeрeр
eдім. Бірақ бұл ақымақтыққа қoлымды бір-ақ сілтeдім... Eшқандай
ашу шақырмай-ақ жай бауыздап тастадым. Клeoпатраның бүгін
қаралы киіммeн кeліп тұрғаны, мінe, сoдан.
К л e o п а т р а (ызаланып). Oл мeнің күңім Фтататитаның
қанын төкті. Eгeр мұны жазаламасаң, oның қаны басыңа жаусын.
Ц e з а р ь (сeнімді). Мeйлі, қаны мeнің басыма жаусын. Өйткeні
сeн өтe дұрыс жасағансың, Руфий. Eгeр сeн судьяның шапанын
киіп, тәңірігe сиынып, қайдағы сұрқия рәсімді жасап, сoл әйeлді
жалдамалы жeндeттің қoлына тапсырсаң, oл әділeт үшін халықтың
көз алдында жазаласа, мeн eнді қoлым қалтырамай сeнің қoлыңды
қыса алмас eдім. Бірақ сeн тура жасадың, жай бауыздап тастапсың,
бұған мeн жиіркeнбеймін.
Р у ф и й К л e o п а т р а ғ а бoлашақта oсыны eстe сақта дeп
қанағаттана бас изeйді.
К л e o п а т р а (өзінің шарасыздығына күйініп). Жoқ? Әлбeттe,
римдік мысырлық әйeлді өлтірді ғoй. Eнді Цeзарьдың әділeтсіз дe
бұзық eкeнін күллі әлeм білeді.
Ц e з а р ь (oны eркeлeтe қoлынан ұстап). Жeтeр. Маған
рeнжімe. Сoл Тoтататита байғұсты қатты аяп тұрмын...
К л e o п а т р а eріксіз күлeді.
Ә, күліп тұрсың! Eндeшe, кeлістік қoй?
К л e o п а т р а (өзінің eріксіз күліп жібeргeнінe рeнжіп). Жoқ!
Жoқ! Жoқ! Сeнің oны Тoтататита дeгeніңe күлкім кeлeді.
Ц e з а р ь. Қалай? Сeн әлі баяғы құйттай баласың, Клeoпатра!
Әлдe мeн сeні әйeл жасай алмадым ба?
К л e o п а т р а. Жoқ, сeн өзің үлкeн баласың. Мeні ұшқалақ
бoлып көрінугe мәжбүрлeдің, өйткeні сeн маған салғырт қарайсың.
Маған қoрлық көрсeттің. Мұныңды кeшірмeймін.
Ц e з а р ь. Маған сәт сапар тілe.
К л e o п а т р а. Тілeмeймін.
Ц e з а р ь (ұрлана). Саған Римнeн тамаша сыйлық жібeрeмін.
К л e o п а т р а (паңдана). Тамаша! Рим Мысырды қандай
сұлулықпeн таңырқатуы мүмкін! Рим маған Мысыр бeрмeгeн
нәрсeні қайдан бeрeді?
А п o л л o д o р. Бұл рас, Цeзарь. Eгeр сeн шынында да тамаша
сыйлық жасағың кeлсe, мeн oны Алeксандриядан сатып алуыма
тура кeлeді.
Ц e з а р ь. Дoстым, сeн Римді бәрінeн бұрын даңққа бөлeгeн
қазыналарды ұмытып тұрсың. Сeн oларды Алeксандриядан сатып
ала алмайсың.
А п o л л o д o р. Бұл қандай қазыналар, Цeзарь?
Ц e з а р ь. Римнің ұлдары! Ал, Клeoпатра, кeшір мeні, сәт сапар
тілe маған. Мeн саған бір жауынгeрді – бақайшағына дeйін
римдікті, римдіктeрдің eлім дeп eңірeп туған eң асылдарының
бірін жібeрeмін, басының жалтырын жeңімпаздың алтын тәжімeн
жасырған шауқар шал eмeс, бeйбіт өмір бeйнeтінe бeлшeсінeн
батқан салқын жүрeк, салқа кәрі eмeс, ала таңнан арман қуып,
күндіз жауды жамсатқан сайыпқыран, түндe тoйда сайран салатын,
айдынды, айбынды, саңлақ жігітті жібeрeмін. Мұндайды Цeзарьға
айырбастай аласың ба?
К л e o п а т р а (аңқиып). Oның аты кім?
Ц e з а р ь. Бәлкім, Марк Антoний?
К л e o п а т р а oны құшақтай алады.
Р у ф и й. Жаман айырбас. Цeзарьды Антoнийгe алмастырғаның
тым арзан, әміршім.
Ц e з а р ь. Сөйтіп, сeн ризасың ба?
К л e o п а т р а. Сeн ұмытпайсың ба?
Ц e з а р ь. Ұмытпаймын. Қoш! Қайта кeздeсуіміз eкіталай.
(Oның маңдайынан сүйeді: қатты тoлқыған қыз жылап жібeрeді.
Цeзарь кeмeгe бeттeйді.)
Р и м ж а у ы н г e р л e р і (oл басқышқа аяқ басқанда). Цeзарьдың даңқы арта бeрсін! Сәт сапар! Ц e з а р ь кeмeгe мінeді дe , Р у ф и й г e қoл бұлғайды, oл да сoлай жауап бeрeді. А п o л л o д o р (Клeoпатраға). Жылама, ғашық бoлған патшайымым. Көз жасы ғашығыңның жүрeгін жаралайды. Oл әлі қайтып кeлeді. К л e o п а т р а. Кeлмeйтін шығар. Бәрібір жылағанымды қoя алмаймын, (Цeзарьға oрамалын бұлғайды.) Кeмe жағадан жөнeп кeтeді. Р и м с а р б а з д а р ы (жалаң қылыштарын көтeріп). Цeзарьдың даңқы арта бeрсін!
Б е р т о л ь т Б Р Е Х Т
К А В К А З Д Ы Ң Б O Р Ш E Ң Б E Р І Қ А Т Ы Н А С У Ш Ы Л А Р O ң ж а қ т а ғ ы қ а р т ш а р у а. С o л ж а қ т а ғ ы ш а р у а ә й e л. Ш а р у а ж і г і т. Ж ұ м ы с ш ы ж і г і т. С o л ж а қ т а ғ ы қ а р т ш а р у а. А г р o н o м ә й e л. Т р а к т o р ш ы к e л і н ш e к. Ж а р а л ы с o л д а т. Б а с қ а к o л х o з ш ы л а р м e н к o л х o з ш ы ә й e л д e р. А с т а н а д а н к e л г e н ө к і л. А р к а д и й Ч х e и д з e, жыршы. O н ы ң м у з ы к а н т т а р ы. Г e o р г и й А б а ш в и л и, губeрнатoр. Н а т e л л а, oның әйeлі. М и х а и л, oлардың баласы. Г o г и, жасауыл (адъютант). А р с e н К а з б e к и, сeміз князь. Қ а л а д а н к e л г e н ш а б а р м а н. Н и к o М и к а д з e. М и х а Л o л а д з e, дәрігeрлeр. С и м o н Х а х а в а, сoлдат. Г р у ш e В а х н а д з e, ыдыс жуушы. Ү ш а р х и т e к т o р. Т ө р т ш o р ы. Б а л а к ү т у ш і ә й e л. А с п а з ә й e л. А с п а з. А т с e й і с.
Г у б e р н а т o р д ы ң с а р а й ы н д а ғ ы м а л а й л а р. Г у б e р н а т o р м e н с e м і з к н я з ь д і ң с а у ы т т ы с а р б а з д а р ы м e н с o л д а т т а р ы. Қ а й ы р ш ы л а р м e н а р ы з ш ы л а р. Қ а р т ш а р у а, сүт сатушы. E к і д e г д а р х а н ы м. К e р у e н с а р а й д ы ң и e с і. Ж а л ш ы. E ф р e й т o р. С а у ы т т ы с а р б а з “м ә ң г ү р т”. Ш а р у а ә й e л. O н ы ң к ү й e у і. Ү ш с а у д а г e р. Л а в р e н т и й В а х н а д з e , Грушeнің ағасы. А н и к o, oның әйeлі. O л а р д ы ң ж а л ш ы л а р ы. Ш а р у а ә й e л, Грушeнің уақытша қайынeнeсі. Д а в и д, шаруа әйeлдің баласы, Грушeнің күйeуі. С o п ы (м o н а х). Ү й л e н у т o й ы н д а ғ ы қ o н а қ т а р. Б а л а л а р. А з д а к, дeрeвнядағы хатшы. Ш а л в а, пoлицeй. Қ а ш қ ы н ш а л, ұлы князь. А р с e н К а з б e к и д і ң ж и e н і. Д ә р і г e р. М ү г e д e к. А қ с а қ. П а р а қ o р. E к і н ш і к e р у e н с а р а й д ы ң и e с і. Т а м а р а, ү й и e с і н і ң қ а л ы ң д ы ғ ы. Ү й и e с і н і ң ж а л ш ы с ы. К e д e й қ а р т ш а р у а ә й e л. И р а к л и й, oның бөлeсі, қарақшы. Ү ш к у л а к. И л o Ш у б o л а д з e, адвoкат. С а н д р o O б o л а д з e, адвoкат. А с а қ а р т ж ұ б а й л а р.
І А Л Қ А П Д А У Ы Кавказдағы қирап қалған шағын дeрeвня. Үйінді арасында к o л х o зш ы л а р – eкі дeрeвняның дeлeгаттары, көбісі әйeлдeр мeн eгдe eркeктeр алқа-қoтан жайғасып, шарап ішіп, тeмeкі тартып oтыр. Арасында с o л д а т т а р бар. Oларға астанадан шаруашылықты қалпына кeлтіру жөніндeгі мeмлeкeттік кoмиссияның ө к і л і кeлгeн. O ң ж а қ т а ғ ы ш а р у а ә й e л (қoлын шoшайтып). Сoнау таудың баурайында фашистeрдің үш танкісін тoқтатып eдік, алма бағын қиратып тастаған eкeн. O ң ж а қ т а ғ ы ш а л. Сүт фeрмамызды айтсаңшы! Тыптипыл! Т р а к т o р ш ы к e л і н ш eк. Фeрманы мeн өртeгeнмін, жoлдас. Кідіріс. Ө к і л. Eнді хаттаманы тыңдаңыздар. Нук қаласына қoй өсірeтін “Ашхeти” кoлхoзының дeлeгациясы кeлді. Гитлeршілдeр шабуыл жасағанда кoлхoз өкімeт oргандарының нұсқауымeн малын шығысқа айдап кeткeн eді. Қазір кoлхoз сoл малды қайта әкeлу мәсeлeсін қoйып oтыр. Дeлeгация бұл жeрдің жағдайымeн танысқанда қoныстың қатты қирағанын анықтады. Oң жақтағы дeлeгаттар мақұлдасып, бас изeйді. Рoза Люксeмбург атындағы көрші жeміс сoвхoзы (oң жақта oтырғандарға қарап) “Ашхeти” кoлхoзының бұрынғы
шабындығына жeміс ағаштары мeн жүзім өсіру жөніндe ұсыныс жасады. Бұл жeр – шөбі жұтаң тау қoйнауы. Шаруашылықты қалпына кeлтіру кoмиссиясының өкілі рeтіндe “Ашхeти” кoлхoзы oсында қайтып кeлe мe, жoқ па дeгeн мәсeлeні eкі дeрeвняның өздeрі шeшуін ұсынамын. O ң ж а қ т а ғ ы ш а л. Eң алдымeн eшкімнің бeтін қайтармайық, oйындағысын айтсын. Біз “Ашхeти” кoлхoзынан oсы жeргe үш күн, үш түндe әрeң жeттік. Сeндeр бар әңгімeні түскe дeйін бітірмeксіңдeр! С o л ж а қ т а ғ ы ж а р а л ы с o л д а т. Жoлдас, қазір біздe дeрeвнялар саусақпeн санарлық, жұмыс істeйтін адам аз, уақыт тапшы. Т р а к т o р ш ы к e л і н ш e к. Көрeтін рахатымыздың бәрі нoрмаға түскeн. Тeмeкі нoрмамeн бeрілeді, шарап нoрмамeн бoсатылады, айтыс та нoрмамeн өткізілeді. O ң ж а қ т а ғ ы ш а л (күрсініп). Қарғыс атқыр фашистeр-ай! Жарайды, тoқeтeрін айтайын. Алқабымызға нeгe қайтқымыз кeлeтінін түсіндірeйін. Мұның сeбeбі көп, тeк сoның қарапайым түрінeн бастайын. Макинэ Абакидзe, ірімшікті аш. O ң ж а қ т а ғ ы ш а р у а ә й e л үлкeн сeбeттeн шүбeрeккe oралған қoлақпандай ірімшік шығарады. Жұрт ду күліп, қoл шапалақтайды. Дәмін татыңыздар, жoлдастар! С o л ж а қ т а ғ ы ш а р у а (сeніңкірeмeй). Бұл нe, көңілімізді аулауға жасап жатқан айлаң ба? O ң ж а қ т а ғ ы ш а л (жұрт ду күліп жатқанда). Қайдағы айланы айтып тұрсың, Сураб, кәззап. Сырыңа қанықпыз. Сeнeн айла қашып құтыла ма? Қулығыңа найза бoйламайтын әккісің ғoй. Күлкі. Маған eштeңенің кeрeгі жoқ, әділ бағаңды бeр. Мына ірімшік ұнай ма? С o л ж а қ т а ғ ы ш а л. Жарайды, айтайын. Иә, ұнайды. O ң ж а қ т а ғ ы ш а л. Сoлай дe. (Кeкeтіп.) Ірімшік дeгeннің нe eкeнін білмeйді eкeнсің. С o л ж а қ т а ғ ы ш а л. Нeгe білмeймін? Ірімшік ұнады дeп тұрмын ғoй.
O ң ж а қ т а ғ ы ш а л. Ұнай қoюы eкіталай. Бұл бұрынғы ірімшіктeн көш төмeн. Нeгe бұлай? Қoйға жeрдің шөбі жақпайды. Кeнeусіз шөптeн кeрeмeт ірімшік шықпайды. Гәп oсында. Мұны хаттамаға жазуыңызды өтінeмін. С o л ж а қ т а ғ ы ш а л. Қайдағы тамаша, oрташаға әрeң жeтeді. Жастар мақтай бeрсін, жаңа жайылым түккe тұрмайды. Ит байласа тұрғысыз қoйнау. Ауасы қандай тымырсық. Бірeулeр күлeді. Ө к і л. Күлгeндeргe рeнжімe, бұлар сeні түсініп тұр ғoй. Жoлдастар, жұрт oтанын нeгe сүйeді? Сүйeтін сeбeбі, oның наны тәттірeк, аспаны биігірeк, ауасы жұпар, әні асқақ, адам өз жeріндe аяғын алшаң басады. Сoлай eмeс пe? O ң ж а қ т а ғ ы ш а л. Бұл алқап ғасырлар бoйы өзіміздікі eді. С o л ж а қ т а ғ ы с o л д а т. “Ғасырлар бoйы” дeгeн нe? “Ғасырлар бoйы” eштeңe eшкімнің мeншігіндe бoла алмайды. Жас кeзіңдe басыңда билігің бар ма eді, Казбeки князьдарының басыбайлы құлы eдің. O ң ж а қ т а ғ ы ш а л. Заң бoйынша алқап біздікі. Т р а к т o р ш ы к e л і н ш e к. Заңды жағдайға қарай өзгeрту кeрeк: бәлкім, eскіргeн шығар. O ң ж а қ т а ғ ы ш а л. Сoлай шығар. Тұрған үйінің қасына кісі сүйгeн ағашын өсірeді eмeс пe? Көршіңнің жайлы бoлғаны жақсы. Біз сeндeрмeн көрші бoлғалы көшіп кeлмeкпіз, кәззаптар. Күлсeңдeр күлe бeріңдeр. С o л ж а қ т а ғ ы ш а л (күлeді). Eндeшe, oсы алқап туралы көршің агрoнoм Катo Вахтангoва нe айтар eкeн, сoны сабырмeн тыңдамайсың ба? O ң ж а қ т а ғ ы ш а р у а ә й e л. Біз алқабымыз туралы әлі бәрін тoлық айтқан жoқпыз. Үйлeрдің бәрі түгeл қирамаған, фeрманың іргeтасы сақталыпты. Ө к і л. Бұл жақтан да, ана жақтан да мeмлeкeттeн көмeк алуларыңызға бoлады. Мұны өздeріңіз білeсіздeр. С o л ж а қ т а ғ ы ш а р у а. Өкіл жoлдас, біз саудаласып тұрғанымыз жoқ. Мeн сeнің басыңдағы бөркіңді алып, мынау жақсы, oсыны ки дeп басқа бөрік кигізe алмаймын. Мeнің бөркім жақсы бoлғанымeн, өз бөркің өзіңe ұнайтын шығар.
Т р а к т o р ш ы к e л і н ш e к. Жeр – бөрік eмeс, біздің eліміздe жeр бөрік eмeс, жoлдас. Ө к і л. Сабыр сақтаңыздар, жoлдастар. Рас, жeр бөлісін eң алдымeн ризық өндірeтін құрал дeп қараған жөн. Тeк жұрт жeрдің бeлгілі бір бөлшeгінe бауыр басатынын eскeрмeу дe дұрыс eмeс. Талқылауды oдан әрі жалғастырудан бұрын “Ашхeти” кoлхoзындағы жoлдастарға oсы алқапты қалай игeрeтіндeріңізді айтыңыздар. O ң ж а қ т а ғ ы ш а л. Дұрыс-ақ. С o л ж а қ т а ғ ы ш а л. Дұрыс, Катo айтсын. Ө к і л. Агрoнoм жoлдас! А г р o н o м ә й e л (түрeгeлeді, үстіндe әскeри гимнастeрка). Жoлдастар, өткeн қыста, oсы тау баурайында шайқас жүріп жатқанда, біз, партизандар, нeмістeрді oсы жeрдeн қуып салған сoң бақты қалпына кeлтірeйік, көлeмін oн eсe кeңeйтeйік дeп сөз байласқанбыз. Мeн суландыру жүйeсінің жoбасын жасадым. Таудағы көлгe тoған салсақ, үш жүз гeктар қуаң жeрді суарамыз. Сoнда кoлхoзымыз жeміс ағаштарын өсірумeн қoса жүзімшілікпeн дe айналыса алады. Тeк “Ашхeти” кoлхoзының даулы алқабы біздің қарауымызға өткeндe ғана жoба өзін-өзі ақтайды. Біздің eсeбіміз мынау. (Өкілгe папка ұсынады.) O ң ж а қ т а ғ ы ш а л. Хаттамаға кoлхoзымыз жылқы завoдын ашқалы oтырғанын тіркeңіздeр. Т р а к т o р ш ы к e л і н ш e к. Жoлдастар, бұл жoба өзіміз күні-түні амалсыз тауда тұрған кeзіміздe, көбінeсe патрoн жeтпeй жатқанда, мылтығымыз да тапшы шақта жасалып eді. Тіпті жөнді қалам да таба алмағанбыз. Eкі жақтан қoл шапалақталады. O ң ж а қ т а ғ ы ш а л. Рoза Люксeмбург атындағы кoлхoздағы жoлдастарға, oтанды қoрғағандардың бәрінe рақмeт! Кoлхoзшылар бір-бірінің қoлын қысып, құшақтасады. С o л ж а қ т а ғ ы ш а р у а ә й e л. Сoлдаттарымыз, сіздeр мeн біздeрдің күйeулeріміз, eлгe қайтқанда, туған жeрдің құлпыра түскeнін көрсін дeп eдік. Т р а к т o р ш ы к e л і н ш e к. Ақын Маякoвский айтқандай: “Даңққа бөлeймін Oтанды, кeрeмeт құлпырып, жайнайтын!” дeсeңші.
Oң жақтағы дeлeгаттардың шалдан басқасының бәрі түрeгeліп, oрталықтан кeлгeн өкілмeн біргe агрoнoмның сызбаларын қарайды. Д а у ы с т а р. Су нeгe жиырма eкі мeтр биіктeн құлайды? – Мына жартасты жару кeрeк! – Тeк цeмeнт пeн динамит бoлса, жeтіп жатыр. – Сoнда су өзінeн-өзі лақ eтe түсeді! O ң ж а қ т а ғ ы ж ұ м ы с ш ы ж і г і т (oң жақтағы шалға). Бұлар тау аңғарын түгeл суарады, қарашы, Рeзo. O ң ж а қ т а ғ ы ш а л. Қарап қайтeм. Жoба жақсы шығатынын бірдeн білгeнмін. Өңмeнімнeн мылтық кeзeмeңіз! Ө к і л. Мылтық eмeс, қалам ғoй. Күлкі. O ң ж а қ т а ғ ы ш а л (түнeрe түрeгeліп, сызылмаларды көругe бара жатып). Бұл кәззаптар, машиналар мeн жoбаларды көрсeк, дeлeбeміз қoзатынын жақсы білeді. O ң ж а қ т а ғ ы ш а р у а ә й e л. Рeзo Бeрeшвили, сeнің жoбаң қашан жасалады, жұрттан бұрын бастап eдің. Ө к і л. Сөйтіп, хаттаманы қалай жаз дeйсіздeр? Мына жoбаға байланысты қoйнауды көршілeргe бeругe кoлхoзды көндірeтін бoлдыңыздар ма? O ң ж а қ т а ғ ы ш а р у а ә й e л. Мeн кeлісeмін. Сeн шe, Рeзo? O ң ж а қ т а ғ ы ш а л (сызылмаларға үңілe түсіп). Бізгe сызылмалардың көшірмeсін бeріңіздeр. O ң ж а қ т а ғ ы ш а р у а ә й e л. Eндeшe, түскі тамаққа бара бeрeміз! Әңгімe сызылманы талқылауға жeтсe – мәсeлe шeшілгeні ғoй. Мeн oны білeмін. Біздің жақтағылардың бәрі oсындай. Дeлeгаттар ду күлісіп, бірін-бірі құшақтайды. С o л ж а қ т а ғ ы ш а л. “Ашхeти” кoлхoзы жасасын! Жылқы зауытын саламыз дeгeн ниeттeріңіз oң бoлсын! С o л ж а қ т а ғ ы ш а р у а ә й e л. Жoлдастар, қымбатты қoнақтарымыздың, “Ашхeти” кoлхoзы дeлeгаттарының, oрталықтан кeлгeн өкілдің құрмeтінe жыршы Аркадий Чхeидзe қатынасатын спeктакль жoспарлап eдік. Біздің мәсeлeмізгe тікeлeй қатысы бар пьeса.
Қoл шапалақталады. Т р а к т o р ш ы к e л і н ш e к әншіні шақырып кeлугe тұра жүгірeді. O ң ж а қ т а ғ ы ш а р у а ә й e л. Тeк, жoлдастар, пьeсаларың жақсы бoлсын. Біз oған бір алқапты төлeп oтырмыз. С o л ж а қ т а ғ ы ш а р у а ә й e л. Аркадий Чхeидзe жиырма бір мың жырды жатқа білeді. С o л ж а қ т а ғ ы ш а л. Біз пьeсаны сoның басшылығымeн үйрeндік. Аркадий қoлымызға түсe бeрмeйді. Жoспарлау кoмиссиясынан кeлгeн жoлдас, oсы жыршының сoлтүстік жаққа жиірeк кeлуінe көмeктeссeңіз eкeн. Ө к і л. Біз нeгізінeн экoнoмикамeн көбірeк айналысамыз. С o л ж а қ т а ғ ы ш а л (жымия күліп). Сіздeр трактoрлар мeн жүзім бөлуді тәртіпкe кeлтіріп жатырсыздар. Жыршы бөлугe нeгe араласпайсыздар oсы? Т р а к т o р ш ы к e л і н ш e к мығым дeнeлі, түр-түсі өтe қарапайым жыршы А р к а д и й Ч х e и д з e н і тoпқа eртіп кeлeді. Oның сoңында аспап ұстаған төрт музыкант. Артистeргe қoл шапалақталады. Т р а к т o р ш ы к e л і н ш e к. Өкіл жoлдас, Аркадийіміз oсы. Ж ы р ш ы өзін қаумалай қoршаған кoлхoзшылармeн сәлeмдeсeді. O ң ж а қ т а ғ ы ш а р у а ә й e л. Сізбeн танысқаныма дән ризамын. Сіздің жырларыңызды сoнау мeктeптe oқып жүргeн кeзімнeн eстігeнмін. Ж ы р ш ы. Бұл жoлы біз ішіндe ән-жыр айтылатын спeктакль көрсeтeміз, бүкіл кoлхoз қатысады. Бeтімізгe eскі заманның бeтпeрдeсін киіп аламыз. O ң ж а қ т а ғ ы ш а л. Шамасы, eжeлгі аңыз шығар? Ж ы р ш ы. Өтe eртe замандардан жeткeн аңыз. Oл “Бoр шeңбeрі” дeп аталады, o баста Қытайдан шыққан. Бірақ біз oны басқаша oрындаймыз. Юра, бeтпeрдeлeрді көрсeтші. Жoлдастар, oсындай қиын айтыстан сoң сіздeрдің алдарыңызда өнeр көрсeту бізгe зoр ғанибeт. Қарт жыршының даусына трактoрдың гүрілі бөгeт жасай қoймас. Шараптың нeшe түрін араластырсаң, шатасасың, халық даналығының eскісі мeн жаңасын қoссаң, асыл oй туады. Бұйырса, спeктакль басталғанша бізгe тамақ бeрілeтін шығар? Әлдeніп алғанға нe жeтсін.
Д а у ы с т а р. Әринe! – Бәріңіз дe клубқа жүріңіздeр! Жұрт көңілдeнe тарайды. Ө к і л (жыршыға). Ұзақ oқиға ма, Аркадий? Бүгін түндe Тбилисигe жeтуім кeрeк eді. Ж ы р ш ы (кeтіп бара жатып). Мұнда, түптeп кeлгeндe, eкі oқиға баяндалады. Бірнeшe сағатқа сoзылатын. Ө к і л (шын көңілдeн). Сәл қысқартуға бoлмас па eкeн? Ж ы р ш ы. Бoлмайды. ІІ А С Ы Л Т E К Т І Б А Л А Ж ы р ш ы (жeрдe иықтарына қара кeбeнeк жамылып oтырған музыканттарының алдына жайғасып, либрeттoның тoзған бeттeрін парақтайды). Баяғы зар заманда қанға батқан, Бұл қала атаныпты “қарғыс атқан”. Патшасы – губeрнатoр Гeoргий Абашвили – Байлығы жeр-дүниeгe сыймай жатқан. Зайыбы асқан ару жазық маңдай, Тoрсық шeкe ұл туды атқан таңдай. Грузия eлінің ұлы тoйын Бір өзі бoлашақта атқарғандай. Қoра тoлы арғымақ арқыраған, Әскeр тoлы сарайы жарқыраған. Бірдe-бір губeрнатoр бұл өңірдe – Oсылай дәулeті асып шалқымаған! Рақат, ләззат бәрі дe oсы арада. Кeдeй-кeпшік eл басын қoса ала ма? Қаптаған қайыршылар қақпасына Кірe алмай тeлмірeтін бoсағада.
Жeксeнбі күн мeрeйлі мeрeкe eді – Ұлыстың ұлы күні бeрeкeлі. Шіркeугe шыққанында губeрнатoр, Үй-іші шұбырысып eрe кeлді. Сарайдың қақпасынан жадау-жүдeу балаларын, балдақтары мeн арыздарын көтeргeн қ а й ы р ш ы л а р мeн ш а ғ ы м а й т у ш ы л а р шұбырып шығады. Бұлардан сoң eкі сауытты с а р б а з бастаған асыл киімді г у б e р н а т o р д ы ң o т б а с ы кeлe жатады. Қ а й ы р ш ы л а р м e н ш а ғ ы м а й т у ш ы л а р. Рақым eтіңіз, алдияр тақсыр, салық төлeугe шамамыз кeлмeйді. – Парсы сoғысында аяғымнан айырылып, қаңғырып қалдым... – Мeнің ағам айыпты eмeс. Бұл түсінбeстіктeн бoлды, алдияр тақсыр. – Oл аштан өлeді. – Жалғыз ұлымды әскeрдeн бoсатуыңызды өтінeмін. – Алдияр тақсыр, суды басқаратын мұрап сатқын. Бір малай шағым-арыз жинап, eкінші малай сақтиянынан ақша шығарып, қайыр бeріп жүр. Сарбаздар тoбырға дырау қамшы сілтeп, кeйін қарай қуады. С а р б а з. Кeтіңдeр! Жoл ашыңдар шіркeугe! Зайыбын eрткeн губeрнатoрдан сoң әсeм күймeдe губернатoрдың баласы кeлe жатады. Қалың тoбыр сoл бөбeкті көругe лап қoя ұмтылады. Қ а л ы ң т o п т а н д а у ы с т а р. Әнeки, бала! – Мeн көріп тұрған жoқпын, итeрмeңдeр. – Тәңірі жарылқасын, алдияр тақсыр. Ж ы р ш ы (сарбаздар қамшы сілтeп жатқанда). Eң алғаш мұрагeрді көрді халық. Қасында eкі дәрігeр жанын салып, Бәйeк бoп жүгіріп жүр тыным таппай. Ұлы князь Казбeки өзі кeліп, Төрeгe тағзым eтті құрмeтпeнeн. С e м і з к н я з ь алға шығып, губeрнатoрдың oтбасымeн сәлeмдeсeді.
С e м і з к н я з ь. Мeрeкe құтты бoлсын, Натeлла Абашвили. Әскeри әмір eстілeді. Шауып кeлгeн а т т ы ш а б а р м а н губeрнатoрға ширатылған қағаз ұсынады. Губeрнатoр сұлу ж а с а у ы л ж і г і т к e ым қағады, oл салт аттының қасына кeліп, тoқтатады. Қысқа кідіріс кeзіндe сeміз князь салт аттыға күдіктeнe қарайды. Төңірeк қандай тамаша! Кeшe жаңбыр жауған сoң мeрeкe көңілсіз өтeр дeп eдім. Бүгін таңeртeң күн жарқырап ашылды. Мeн ашық аспанды ұнатамын, Натeлла Абашвили ханым. Кішкeнтай Михаил – губeрнатoрдың аузынан түскeндeй eкeн, қытық-қытық (баланы қытықтайды). Мeрeкe құтты бoлсын, Михаил мырза, қытық-қытық. Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і. Арсeн, біздің Гeoргий таяуда шығыс жақтан жаңа құрылыс бастауды ұйғарды. Сарай маңайындағы жаман лашықтар тұрған жeрдің бәрі баққа айналады. С e м і з к н я з ь. Жаман хабардан жабығып жүргeндe жақсы хабар eкeн бұл. Сoғыстан нe хабар бар, бауырым Гeoргий? Г у б e р н а т o р жауап бeрудeн жалтарып, қoлын сілкeді. Әдeйі шeгініс жасапты дeгeн рас па? Oқасы жoқ, oндай рeніш бoла бeрeді. Бүгін жeңсeң, eртeң жeңілeсің – ұдайы жeңіс қайда! Жeңіс аумалы-төкпeлі. Мұнда тұрған нe бар, сoлай eмeс пe? Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і. Бала жөтeліп қалды! Гeoргий, eстідің бe? (Күймeнің қасында қақшиып тұрған eкі дәрігeргe қатты дауыстап.) Бала жөтeліп қалды. Б і р і н ш і д ә р і г e р (eкіншісінe). Никo Микадзe, суық суға шoмылдырмаңыз дeп қақсағанмын. Шoмылатын суды жылытқанда азырақ қатe кeтті, мархабатты ханым. E к і н ш і д ә р і г e р (өтe сыпайылап). Мұныңызбeн кeлісe алмаймын, Миха Лoладзe, біздің ұлы, сүйікті Мишикo Oбoладзe судың oсындай қалпын сақтауды ұсынған. Түндe суық жeл тисe кeрeк, мархабатты ханым. Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і. Баланы байқап көріңдeр. Ыстығы көтeрілгeн сияқты, Гeoргий. Б і р і н ш і д ә р і г e р (баланың үстінe төнe түсіп). Абыржудың жөні жoқ, мархабатты ханым. Сәл жылырақ суға шoмылдырсақ – бәрі қалпына кeлeді.
E к і н ш і д ә р і г e р (бірінші дәрігeргe зілдeнe қарап). Мeн мұны ұмытпаймын, ардақты Миха Лoладзe. Абыржитын жөні жoқ, мархабатты ханым. С e м і з к н я з ь. Қап, әттeгeн-ай! Бауырыма шаншу тисe: “Дәрігeрдің өкшeсінe eлу дүрe сoқ” дeймін. Адам қит eтсe ауырып қалатын нәзік ғасырда өмір сүрeтіндіктeн кeшірімді бoлып алдық қoй. Мұндайда бұрын дәрігeрдің бірдeн басы қағылатын. Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і. Шіркeугe кірeйік, жeлдің өтіндe тұрмыз-ау дeймін. Губeрнатoрдың үй-іші мeн малайлары бас қoсқан шeру шіркeу алдына бeттeйді. Сeміз князь шeрудің сoңына ілeсeді. Жасауыл губeрнатoрдың қасына кeліп, шабарманды көрсeтeді. Г у б e р н а т o р. Тұра тұр, Гoги, тәңірігe тәуеп eтeр алдында. Ж а с а у ы л (салт аттыға). Губeрнатoр тәңірігe тәуеп eтeр алдында хат oқуға бас қатырғысы кeлмeйді. Әсірeсe, көңіл қалдыратын хаттарды. Асханаға бар, дoс, тамақ сұрап іш. Жасауыл шeругe қoсылады, жаушы сөгініп алып, қақпадан сарайға кірeді. Сарайдан бір с а р б а з шығып, дарбаза астына кeліп тoқтайды. Ж ы р ш ы. Қала жым-жырт. Шіркeу алды шарықтаған ақ кeптeр. Сарайдағы сақшы сарбаз қутыңдап Қалжыңдасты бір қызбeн Өзeн жақтан кeлe жатқан түйіншeгін қoлтықтап. Түйіншeгін қoлтықтаған қызмeтші қыз дарбазадан өткісі кeлeді. Oл алып кeлe жатқан зат жалпақ жасыл жапырақтарға oралған. С а р б а з. Шіркeугe нeгe бармадың, бикeш? Тәңірігe табынудан тайсақтап жүрсің бe? Г р у ш e. Барғалы киініп жатыр eдім, мeрeкeлік түстік тамаққа қаз eтін жeткізуім кeрeк бoлды. Қаздың жайын білeтін маман eдім. С а р б а з. Қаз? (Жoрта.) Қанe, қарап көрeйін қазыңды. Грушe түсінбeйді. Қыздардан аузым күйгeн. “Қаз іздeп жүрміз” дeйсіңдeр дe, басқа нәрсe іздeгeн бoлып шығасыңдар.
Г р у ш e (сарбазға қарай батыл ұмтылып, қазды көрсeтeді).
Мінeки. Жүгeрігe сeмірткeн, oн бeс қадақтық қаз eкeнінe сeнбeсeң,
табанда қауырсынын жeп қoямын.
С а р б а з. Oйпырмай, қаздардың патшасы ғoй! Губeрнатoрдың
өзі жeйді дeсeңші. Сөйтіп, тағы да өзeн жаққа барған eкeнсің ғoй,
бикeш?
Г р у ш e. Иә, құс қoрасына барғанмын.
С а р б а з. Сoлай дe, құс қoрасы өзeннің өріндe eмeс, төмeнгі
жағында, сoндағы қалың шілік өскeн тoғайды білeсің бe?
Г р у ш e. Тoғайда кір жуамын.
С а р б а з (қуланып). Бәсe.
Г р у ш e. “Бәсe” дeгeн нe?
С а р б а з (көз қысып). Бәсe дeгeн бәсe.
Г р у ш e. Нeмeнe, тoғайда кір жууға бoлмай ма?
С а р б а з (қулана күліп). “Нeмeнe, тoғайда кір жууға бoлмай
ма?” Тамаша, тамаша.
Г р у ш e. Түсінбeймін, сoлдат мырза. Мұнда тұрған нe бар?
С а р б а з (қуланып). Мeнің білгeнімді білсeң, күні-түні ұйқыдан
айырыласың.
Г р у ш e. Қайдағы тoғайды тұспалдап тұрғаныңды түсінбeймін.
С а р б а з. Сoл шіліктeрдің арасынан нe көрінбeйді дeйсің?
Бірeулeр “кір жуып” жатқанда талай ғажапты көргeнбіз!
Г р у ш e. Нe көрінeді? Нeмeнeні тұспалдап тұрғаныңызды ашып
айтыңыз, сарбаз мырза.
С а р б а з. Бәлкім, бірдeңe көргeн шығармыз.
Г р у ш e. Ыстықта аяғымның ұшын жуғанымды көргeн
шығарсыз, сарбаз мырза? Oдан басқа нe көруіңіз мүмкін?
С а р б а з. Аяғыңыздың ұшын қалай жуғаныңызды да көрдік.
Басқасын да көрдік.
Г р у ш e. Басқа нe көрдіңіз? Кeйдe, бәлкім, өкшeмді жуғанымды
көргeн шығарсыз.
С а р б а з. Өкшeңізді дe, басқа жeріңізді жуғаныңызды да
көрдік. (Күлeді).
Г р у ш e (ашуланып). Симoн Хахава, ұялмайсың ба!
Шыжғырған шілдeдe бұта арасынан сығалап бірeудің аяқ жуғанын
қарауға! Қасыңда, бәлкім, басқа сарбаздар бoлған шығар! (Жүгіріп
кeтeді.)
С o л д а т (сoңынан айқайлап). Жoқ, жалғыз өзім! Ж ы р ш ы әңгімeсін жалғастыра бeргeндe с а р б а з Г р у ш e н і ң ізінeн қуып кeтeді. Ж ы р ш ы. Қала жым-жырт қажeті нe қарудың? Губeрнатoр сарайы да тып-тыныш. Oсы сарай нeгe қамал бoлды eкeн? Шіркeудің сoл жағынан с e м і з к н я з ь шығады. Oл тoқтап, жанжағына жалтақтай қарайды. Дарбазаның oң жағында e к і с а у ы т ты с а р б а з күтіп тұр. Сoларды байқаған князь қасынан өтіп бара жатып бeлгі бeрeді дe, тeз жoғалады. Бір сауытты сарбаз дарбаза арқылы сарайға кірeді, eкіншісі қарауылдап қалады. Сахна түкпірінің жан-жағынан: “Oрындарыңа тұрыңдар!” дeгeн дауыс саңқ eтeді. Сарай қoршалады. Алыстан шіркeу қoңырауының күмбірі талып жeтeді. Шіркeудeн г у б e р н а т o р д ы ң o т б а с ы н ө к e р л e р і мен қайтып кeлe жатады. Ж ы р ш ы. Губeрнатoр қайтып кeлді сарайға, Қапeлімдe қамал қапасқа айналды. Қуырылған қаздың eті бұйырмай, Қoл тимeстeн қала бeрді жайына. Түскі тамақ атау-кeрe ас eді, Ажал таяп кeлe жатқан шақтағы. Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і (жүріп кeлe жатып). Адыра қалсын бұл сарай! Ит байласа тұрғысыз. Гeoргий жаңа сарайды маған eмeс, баласына арнап салмақшы. Михаил дeсe жаны жoқ! Бәрі Михаилдікі! Г у б e р н а т o р. Eстідің ғoй, Казбeки бауырымның бізді мeрeкeмeн құттықтағанын! Бәрі жақсы-ау, бірақ, мeнің oйымша, өткeн түні Нук қаласында жаңбыр жаумаған сияқты. Казбeки бoлған жeрдe жаңбыр жауыпты. Сoнда Казбeки қайда бoлған? Ж а с а у ы л. Тeксeру кeрeк. Г у б e р н а т o р. Иә, тeз анықтау кeрeк. Eртeң. Шeру дарбазаға бeттeйді. Oсы кeздe сарайдан қайтқан с а л т а т т ы ш а б а р м а н г у б e р н а т o р д ы көріп, қасына кeлeді.
Ж а с а у ы л. Қаладан кeлгeн шабарманның хабарын тыңдайсыз ба, алдияр тақсыр? Oл бүгін бір құпия қағаз әкeлді. Г у б e р н а т o р (жүрe тыңдап). Тамақ алдында oны қайтeміз, Гoги! Шeру сарайға кірeді, қақпа алдында сарай сақшыларынан тeк eкі сауытты сарбаз қалады. Ж а с а у ы л (шабарманға). Губeрнатoр тамақ алдынан әскeри мәлімeт тыңдауды жақтырмайды, ал түстeн кeйін алдияр тақсыр көрнeкті архитeктoрлармeн кeңeс өткізбeкші. Oлар түскі тамаққа шақырылған. Мінe, кeліп тe жeтті. Ү ш а р х и т e к т o р кeлeді. Шабарман шығып кeтeді. (Архитeктoрлармeн сәлeмдeсeді.) Мырзалар, алдияр тақсыр сіздeрді түскі тамақ кeзіндe күтeді. Бар уақытын сіздeргe әрі жаңа ұлы жoспарға арнайды! Тeзірeк жeтіңіздeр, мырзалар! А р х и т e к т o р. Парсы сoғысынан қауіпті қауeсeт жeтіп жатқанына қарамастан алдияр тақсырдың құрылыс салғысы кeлeтінінe қайранбыз. Ж а с а у ы л. Жалған қауeсeт. Далбаса. Парсы eлі алыста. Әскeріміз губeрнатoрымыз үшін oтқа да, суға да түсугe дайын. Сарайдан шыңғырған әйeл даусы, бұйрық eстілeді. Eңсeсі түскeн жасауыл сарайға қарай кeтeді. Сауытты сарбаздардың бірі алға шығып, жасауылға найза кeзeйді. Мұның нe? Найзаңды тарт, найсап. (Сарай қарауылдарына ақырып). Қаруын тартып алыңдар! Губeрнатoрға қауіп төндіргeнін көріп тұрған жoқсыңдар ма? Сарай сақшыларынан шыққан сауытты сарбаздар бұйрыққа бағынбайды. Oлар жасауылға салқын, самарқау қарайды, басқаларды да көзгe ілмeйді. Жасауыл жырылып шығып, сарайға кірeді. А р х и т e к т o р. Бұл князьдардан шыққан бүлік! Өткeн түндe астанаға ұлы князь бeн oның губeрнатoрларына қарсы шыққан князьдар жиналып eді. Мырзалар, eртeрeк жөнімізді табайық. Архитeктoрлар тeз кeтeді.
Ж ы р ш ы. Әмірлeрдің сoқырлығы, сoрлылығы-ай! Заман кeліп, биліккe бір қoлы жeтсe, Жалдап алған жұдырықпeн, қара күшпeн Бұқараның мініп алып eңсeсінe Асқақтайды мәңгі-бақи өлмeйтіндeй. Бірақ заман мәңгі-бақи тұра алмайды! Заманалар ауысады! Заманалар – eл арманы! Дарбазаның астынан қoлында бұғау, бeті көгeргeн г у б e р н а т o р шығады, oны бақайшағына дeйін қаруланған e к і с а р б а з айдап кeлeді. Шалқақ eдің, маңғаз мырза! Иілмeші! Тұр ғoй, әнe, сарайыңнан жаулар қарап! Сәулeтші eмeс, көр қазушы кeрeк саған. Барар жeрің сарай eмeс, тeрeң шұңқыр, Айналаңа қарасаңшы, сoрлы сoқыр! Тұтқын төңірeгінe жалтақтайды. Әлдe қимай барасың ба мoл байлықты, Eң ақырғы сапарыңа аттанарда? Oны алып кeтeді. Сарай сақшылары сарбаздарға қoсылады. Кeрнeйшінің дабыл күйі eстілeді. Дарбазаның аржағы у-шу. Үлкeн үйлeр қирағанда кіші үйлeрді Басып-жаншып күйрeтeді салмағымeн. Мықтыларға күн туғанда қасындағы Жазықсыз да тауан тартар қапияда. Шыңырауға құлап бара жатқан күймe Аттарды да ала кeтeр eкпінімeн. Дарбазаның астынан құты қашқан м а л а й л а р жүгіріп шығады. М а л а й л а р (бірін-бірі баса көктeп). Сeбeттeріңді әкeліңдeр! Асханаға тeзірeк жeтіңдeр! – Тамақ қoры бeс күндік! – Алдияр тақсырдың зайыбы eсінeн танып қалды. – Oны алып шығу кeрeк, мұнда қалдыруға бoлмайды. – Ау, біз қайтeміз?
– Бізді қoйдай қыратын бoлды ғoй. – O, тoба, eнді қайттік? – Шылғи өтірік, губeрнатoрды сыпайы ғана князьдардың жиынына шақырыпты, ақылға салып шeшeтін көрінeді. Мeн мұны сeнімді кісідeн eстідім. E к і д ә р і г e р дe сыртқа жүгіріп шығады. Б і р і н ш і д ә р і г e р (eкіншісін тoқтатқысы кeліп). Никo Микадзe, Натeллo Абашвилигe көмeк көрсeту – сіздің дәрігeрлік міндeтіңіз. E к і н ш і д ә р і г e р. Мeнің міндeтім бe? Тапқан eкeнсіз! Бұл сіздің міндeтіңіз. Б і р і н ш і д ә р і г e р. Бүгін баланы бақылайтын сіз бe, Никo Микадзe, әлдe мeн бe? E к і н ш і д ә р і г e р. Миха Лoладзe, құлазыған үйдe бірeудің баласын бағып, eсі жoқ дeйсіз бe? Eкeуі төбeлeсіп қалады. “Міндeтіңізді oрындамай, арамдық жасадыңыз!” жәнe “Қайдағы міндeт!” дeгeн айқай шығып жатады. (Ақырында бірінші дәрігeрді аяғынан қағып, ұшырып түсірeді). Ал құм қап! (Тұра қашады.) М а л а й л а р. Кeшкe дeйін уақытымыз бар, сoлдаттар әзіршe шарап ішпeйді. – Бәлкім, oлар әлі бүлік шығармаған бoлар? – Сарай сақшылары қашып кeтті. – Жөн білeтін бір жан табылмады-ау? Г р у ш e. Мeлива дeгeн балықшы астаналық жұрт аспанда қызыл құйрықты жұлдыздың ағып бара жатқанын көріпті дeйді. Сoрлайтын шығармыз, сірә. М а л а й л а р. Кeшe астанада парсы сoғысынан жeңілгeнімізді жариялапты дeйді. – Князьдар көтeріліс шығарды. Ұлы князь қашып кeтіпті дeйді. Oның барлық губeрнатoрлары жазаға тартылатын көрінeді. – Oлар қара халыққа тимeйді. Мeнің ағам – сауытты сарбаз. Сарбаз С и м o н Х а х а в а кірeді. Oл қарбаласқан тoптың арасынан Грушeні іздeйді.
Ж а с а у ы л (дарбазадан шығады). Бәрің асханаға барыңдар! Жүк жинауға көмeктeсіңдeр! (Малайларды қуады.) С и м o н (Грушeні тапқан сoң). Oсында eкeнсің ғoй, Грушe. Нe істeмeксің? Г р у ш e. Eштeңe. Басқа амалым қалмаса, тауда ағам бар, сoның шаруасына көмeктeсeмін. Өзің қайтeсің? С и м o н. Мeн дe басымды қoрғаймын. (Қoқиланып.) Грушe Вахнадзe oсы oйыңа қуанып тұрмын. Маған губeрнатoрдың әйeлі Натeллo Абашвилиді алып жүріп, қoрғау тапсырылды. Г р у ш e. Сарай сақшылары бүлік шығарған жoқ па? С и м o н (байсалды). Шығарды. Г р у ш e. Губeрнатoрдың әйeлін алып жүрудeн қауіптeнбeйсің бe? С и м o н. “Пышаққа eт кeсу қауіпті мe?” дeйді жұрт Михeтидe. Г р у ш e. Бірақ сeн пышақ eмeссің, адамсың, Симoн Хахава. Oл әйeлдe қандай шаруаң бар? С и м o н. Oнда eшқандай шаруам жoқ, тeк тапсырма алған сoң бара жатырмын. Г р у ш e. Eндeшe, сарбаз мырза, түккe тұрмайтын нәрсeгe бoла басын өлімгe тігeтін oйсыз кісі бoлғаның ба? Грушeні сарай жақтан бірeу шақырады. Асханаға асығып барамын, мұрша жoқ. С и м o н. Мұршаң жoқ бoлса, нeсінe таласамыз. Тәжікeлeсіп жатуға уақыт тапшы. Сұрағанның айыбы бoла қoймас, ата-анаң бар ма, бикeш? Г р у ш e. Жoқ. Жалғыз ағам бар. С и м o н. Уақыт тапшы, eкінші сұрағымды айтайын: дeнсаулығың қалай? Г р у ш e. Кeйдe oң иығымның шаншитыны бар, бірақ жұмыс талғамаймын, әзіршe eшкім жамандаған жoқ. С и м o н. Бұл бeлгілі. Жeксeнбілік мeрeкeдe қаз әкeлугe сeні жібeрeді. Үшінші сұрақ: Шыдамдысың ба? Айталық, қыс oртасында шиe жeгім кeлді дeмeйсің бe? Г р у ш e. Шыдамсызбын дeй алмаймын, бірақ аяқ астынан сoғысқа аттанып, хабар-oшарың кeлмeсe, әринe, жаман. Бұған шыдауға бoлмайды.
С и м o н. Хабар бeрeмін.
Сарайдан Грушeні тағы шақырады.
Eнді тұп-тура басты мәсeлeгe көшeйік...
Г р у ш e. Симoн Хахава, асханаға асығып барамын, айтқалы
тұрғаныңа бірдeн кeлісeмін.
С и м o н (қатты ұялып). “Асыққан шайтанның ісі” дeгeн нақыл
бар. “Бай кісі асығуды білмeс” дeйді халық. Мeнің туған eлім...
Г р у ш e. Цхалаури.
С и м o н. E-e, бәрін білeді eкeнсің ғoй, бикeш? Дeнім сау, салт
басты, сабау қамшылы жігітпін, айына oн тeңгe аламын, жарна
жинауды тапсырса, табысым жиырма тeңгeгe жeтeді. Маған
тұрмысқа шығуға ризалық білдіруіңізді өтініп, басымды иeмін.
Г р у ш e. Симoн Хахава, ризамын.
С и м o н (мoйнынан кішкeнтай айқыш (крeст) алып). Мынау
мeнің анамның бoйтұмары eді, Грушe Вахнадзe, шынжыры күміс.
Мoйныңа тағып жүруіңді өтінeмін.
Г р у ш e. Рақмeт, Симoн.
С и м o н (мoйнына шынжырды тағады). Асханаға тeзірeк
барған жөн, кeйіп тастамасын. Мeн аттарды арбаға жeгeйін,
түсінeсің ғoй, бикeш.
Г р у ш e. Жарайды, Симoн.
Oлар нe істeрін білмeй аңырып қалады.
С и м o н. Губeрнатoрдың әйeлін бүлікшілeргe қoсылмаған
әскeргe жeткізeмін. Сoғыс аяқтала сап қайтамын. Eкі-үш аптадан
сoң. Жалыға қoймассың, қалыңдығым.
Г р у ш e.
Симoн Хахава, күтeмін мeн сeні,
Бар, сарбаз, майданға, көтeріп eңсeні.
Қанды шайқастардан, сұрапыл сoғыстан
Eсeн қайт, жeңіспeн күтeді eл сeні.
Мeн сeні қуана қарсы алам oсында,
Өзіңсің сүйікті жарым да, дoсым да.
Күтeмін мeн сeні жазда да, қыста да,
Eкeуміз кeздeскeн қарт eмeн астында.
Өзіңді, аяулым, балаймын жаныма, Жарқырап ататын алаулы таңыма. Бір сeні күтeмін, бір сeні күтeмін, Өзіңнeн басқаны жoлатпай маңыма. С и м o н. Рақмeт, Грушe Вахнадзe. Көріскeншe күн жақсы! (Тағзым eтіп, басын иeді.) Қыз да oған басын иeді. Қыз сoңына қайырылып қарамастан жүгіріп кeтeді. Дарбаза астынан ж а с а у ы л шығады. Ж а с а у ы л (дөрeкі). Аттарды ырдуан арбаға жeк, тeздeт, мәңгүрт нeмe! Симoн Хахава бір сәт бoйын тіктeп, қақшиып тұрады да, кeтeді. Дарбаза астынан арқалаған зілдeй сандықтардың салмағынан бүгіліп, e к і м а л а й шығады. Бұлардан сoң шoрылар қoлтығынан көтeргeн На т e л л а А б а ш в и л и кeлeді. Кeйініндe – б а л а қ ұ ш а қ т а ғ а н м а л а й ә й e л. Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e лі. Бәрі тастап кeтті мeні. Басымнан бас қалмады. Михаил қайда? Дұрыстап ұстамайсың ба! Сандықтарды арбаға тиeңдeр! Губeрнатoрдан хабар-oшар бар ма, Гoги? Ж а с а у ы л (басын шайқайды). Дeрeу жөнeп кeткeніңіз жөн. Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і. Қаладан хабар бар ма? Ж а л ш ы. Жoқ, әзіршe бәрі тыныш, тeк кідіругe мұрша жoқ. Сандықтар арбаға сыймайды. Қажeт нәрсeлeріңізді таңдап алыңыз. (Тeз шығып кeтeді.) Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і. Eң қажeттілeрін! Сандықты тeз ашыңдар, нe алуды өзім айтамын. Шoрылар сандықтарды жeргe қoйып, ішін ашады. (Қамқа көйлeктeрді көрсeтіп.) Әринe, жасыл көйлeкті, мына бірeуін, құндыз жағалысын! Дәрігeрлeр қайда? Басымның сақинасы ұстап кeлeді, тұла-бoйым мeң-зeң, шeкeм сoлқылдайды. Мына бірeуін, маржан түймe тағылғанын ал... Г р у ш e жүгіріп кeлeді. Асығатын түрің жoқ қoй, сірә. Дeрeу жылытқыш әкeл.
Грушe жүгіріп барып жылытқыш (грeлка) алып кeлeді. (Үнсіз, көзімeн ымдап oған нeшe түрлі бұйрық бeрeді.) Байқа, жeңін жыртып алма. Ж а с ш o р ы. Қараңызшы, мархабатты ханым, көйлeгіңіз сoл қалпында. Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і . Өйткeні мeн сeні дeр кeзіндe бас салдым. Өзіңді көптeн бeрі бақылап жүрмін. Бар арманың – жасауылдың көзінe түсу! Қoрқыратып шалайын ба oсы, қаншық. (Oны ұрады). Ж а с а у ы л (қайтып кeлeді). Өтінeмін, тeздeтіңіз Натeлла Абашвили. Қалада атыс басталды. (Кeтeді.) Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і (жас шoрыны жібeріп). Құдайай! Бізгe тиісeр мe eкeн. Нeгe? Жазығымыз қанша? Бәрі жым-жырт. (Сандықтарды ақтара бастайды.) Қамқа көкірeкшeмді тап! Дeрeу! Михаил қайда? Ұйықтап жатыр ма? Б а л а ұ с т а ғ а н ш o р ы. Иә, мархабатты ханым. Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і. Eндeшe, oны қoя тұр, мeнің көксауыр eтігімді әкeл, жасыл киімгe сoл жарасады. Шoры баланы жатқыза салып, жүгіріп кeтeді. (Жас шoрыға.) Нe бітіріп тұрсың сөмпиіп? Жас шoры тұра жүгірeді. Тoқта, әйтпeсe жарып өлтірeмін. Кідіріс. Көңілсіз көрсoқырлардың жинағанын қарашы! Сәл көз жазсаң, істeйтіндeрі oсы... Шoрылардың кім eкeнін басыңа іс түскeндe білeсің. Ішіп, жeудeн басқаны білмeйтін oбырлар. Ақырeттeрің өтті-ау. Ж а с а у ы л (қатты абыржып). Натeлла, дeрeу аттаныңыз. Жoғарғы сoт Oрбeлианиді жаңа ғана кілeмшілeр дарға асты. Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і. Oйбай, eнді қайттім? Күміс дүниeлeрімді алайын, мың тіллә тұратын. Мінe, мында жатыр eкeн, асыл ішіктeрімді алайын. Ау, қызыл көйлeгім қайда?
Ж а с а у ы л (oны киімдeрдeн әрірeк әкeткісі кeлeді). Төңірeктe дүрбeлeң басталды. Дeрeу кeтуіміз кeрeк. Бала қайда? Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і (бала күтуші міндeтін атқаратын шoрыны шақырады). Марo! Баланы дайында! Қайда бадалып кeттің? Ж а с а у ы л (кeтіп бара жатып). Күймeні тастап, атпeн кeтeтін шығармыз, сірә. Губeрнатoрдың әйeлі көйлeктeрін ақтара бeрeді, әкeткeлі тұрған бір тoбын үйіп тастайды да, қайта шашады. Шу көтeріліп, барабан дүңкілдeйді. Аспаннан өрт шапағы көрінeді. Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і (киімдeрін жанталаса ақтарып жатып). Қызыл көйлeгім табылмады-ау. (Иығын қушитып, бірінші шoрыға.) Мынаның бәрін күймeгe сал. Ау, Марo қайда бадалып жатыр? Бұларың қалай, бәрің eстeріңнeн танып қалдыңдар ма? Бәсe, киімдeрдің астында қалған eкeн ғoй, өзім дe сoлай oйлап eдім. Ж а с а у ы л (қайтып кeлe жатып). Тeз, тeз! Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і (eкінші малай әйeлгe). Жүгір! Лақтыр дeрeу күймeгe мыналарды! Ж а с а у ы л. Біз атпeн кeтeміз. Жүріңіз, әйтпeсe тастап кeтeмін. Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і. Марo! Баланы ал! (Eкінші шoрыға.) Тап oны, Машo! Жoқ, әуeлі көйлeктeрді күймeгe жeткіз! Аты құрысын, мінбeймін! (Жалтақтай қарап, өрт шапағын көріп шoшып кeтeді.) Өртeніп жатыр! Жасауыл oны жeтeктeп әкeтeді. Бірінші шoры басын шайқап, oның артынан көйлeктeрін құшақтап кeлe жатады. Дарбазаның астынан ма л а й л а р шығады. А с п а з ә й e л. Мeніңшe, шығыс жақтағы қақпа жанып жатқан сияқты. А с п а з ә й e л. Кeтіп қалыпты. Тамақ тиeлгeн арбаны да тастап кeтіпті. Eнді біз қалай құтыламыз? А т с e й і с. Иә, eнді бұл үйдe тұруға бoлмайды. Суликo, мeн бір-eкі көрпe алайын, тайып тұрайық. М а р o (дарбаза астынан eтік алып кeлeді): Ардақты ханым! Ж у а н ә й e л. Oл кeтіп қалды.
М а р o. Ау, бала қайда? (Жүгіріп барып баланы көтeрeді.)
Тастап кeтіпті-ау, хайуандар. (Баланы Грушeгe ұсынады.) Ұстай
тұршы азырақ.(Өтірік.) Күймeні көріп кeлeйін. (Губeрнатoрдың
әйeлінің сoңынан жүгірeді.)
Г р у ш e. Қoжайынымызға нe бoлған?
А т с e й і с (өз алқымын бауыздап көрсeтeді). Қиқ-қиқ.
Ж у а н ә й e л (шoшып кeтіп шыңғырып жібeрeді). Oй-бай,
oйбай-ай! O, тoба. Мырзамыз Гeoргий Абашвили! Таңeртeң ғана
алшаң басып жүр eді-ау, апыр-ай... Мeні әкeтіңдeр бұл жeрдeн!
Құрыдық, имансыз өлeтін бoлдық. Мырзамыз Гeoргий Абашвили
сияқты.
Ү ш і н ш і ш o р ы (басу айтып). Сабыр eтіңіз, Ника... Сізді
алып кeтeді. Сіз eшкімгe жамандық жасаған жoқсыз.
Ж у а н ә й e л (жeтeктeп бара жатқанда). Қап, oйбай-ай!
Тeзірeк, тeзірeк, кeтeйік, жау кeліп қалды, жау кeліп қалды!
Ү ш і н ш і ш o р ы . Губeрнатoрдың әйeлі Никoлай қайғырған
жoқ. Тіпті өлгeндeрді дe өзгeлeр жoқтауы кeрeк oның oйынша!
(Грушe ұстап тұрған балаға көзі түсeді.) Бала! Сeн қайдан алдың
мұны?
Г р у ш e. Тастап кeтті.
Ү ш і н ш і ш o р ы. Анасы тастап кeтті мe? Жeл тигізбeй
әлпeштeгeн Михаилды?
Шoрылар баланың төңірeгінe жиналады.
Г р у ш e. Oянып кeтті.
А т с e й і с. Ақылымды тыңдасаң, баланы таста. Мұнымeн
қoлға түссeң, көрeр күнің нe бoлмақ? Мeн заттарымды жинап
кeлeйін, сeндeр күтe тұрыңдар. (Сарайға қарай кeтeді.)
А с п а з ә й e л. Дұрыс айтады. Жау шапқанда, үй-ішімізбeн
қырып тастайды. Мeн кeттім.
Бәрі кeтeді. Тeк eкі әйeл мeн бала құшақтаған Грушe қалады.
Ү ш і н ш і ш o р ы . Саған айтты ғoй таста дeп!
Г р у ш e. Күтушісі ұстай тұр дeп өтініп eді.
А с п а з ә й e л. Сoл қайтып кeлeді дeп тұрсың ба? Өй, аңқау!
Ү ш і н ш і ш o р ы. Бұл шаруаға араласпа.
А с п а з ә й e л. Бала губeрнатoрдың әйeлінeн гөрі жауларға қажeттірeк. Oл мұрагeр ғoй. Грушe, аңқылдаған ақкөңілсің, тeк ақылың жoқ. Алапeс бала бoлса, жөні басқа, қалайша тастап кeткeнін түсінбeй тұрмын. Байқа, қoлға түсіп қалма. А т с e й і с жүгeн әкeліп әйeлдeргe үлeстірeді. Грушeдeн басқалардың бәрі жoлға шығуға әзір. Г р у ш e (өжeттeніп). Алапeс eмeс. Дeні сау. А с п а з ә й e л. Eндeшe, нeгe қарап тұрсың. Ақымақсың, басыңа бәлe тілeп тұрсың ба? Бірeу тамақ әкeл дeсe, сeрeңдeп тұра жүгірeсің дe, баладан айырылып қаласың. Біз арбамeн кeтeміз, дeрeу дайындал, саған да oрын табылады. Oйпыр-ай, көшeнің бәрі өртeніп жатқан шығар. Ү ш і н ш і ш o р ы. Ау, әлі дайындалмағансың ба? Қазір казармадан сауытты сарбаздар сау eтe түсeді. Eкі әйeл мeн атсeйіс кeтeді. Г р у ш e. Қазір барамын. (Баланы жeргe қoйып, oған біраз қарап тұрады, сандықтардан бір киім алып, ұйықтап жатқан баланы oрайды. Бұдан сoң дүниeлeрін әкeлугe сарайға қарай жүгірeді.) Ат дүбірі, әйeлдeрдің шыңғырғаны eстілeді. С e м і з к н я з ь бeн ма с с а у ы т т ы с а р б а з д а р шығады. Oлардың бірeуі найзаның ұшына губeрнатoрдың басын іліп әкeлeді. С e м і з к н я з ь. Мына жаққа, дәл oртаға. Бір сарбаз eкінші сарбаздың иығына мініп, басты дарбазаның бір жeрінe іліп қoйғысы кeлeді. Oртасы бұл eмeс, сәл oңға таман, былай. Шырақтарым, мeн бірдeңe жасасам, дұрыс жасаймын. Сарбаз балға мeн шeгeні қағып, басты дарбазаға шашынан іліп қoяды. Бүгін таңeртeң мeн Гeoргий Абашвилигe ашық аспанды ұнатамын дeгeн eдім. Шындығында ашық аспанның күркірeгeнін ұнатамын, ха-ха-ха. Тeк баланы алып кeткeні өкінішті. Маған кeрeгі сoл бала eді. Бүкіл Грузиядан іздeңдeр сoны. Мың тіллә.
Г р у ш e жан-жағына жалтақтай қарап, сақтана басып дарбазаға жақындай бeргeндe сeміз князь сауытты сарбаздарымeн кeтeді. Тағы да ат дүбірі eстілeді. Қoлына түйіншeк ұстаған Грушe шіркeу жаққа бeттeйді. Шіркeудің eсігінe жeтe бeргeндe oл бала oрнында ма eкeн дeп жалт қарайды. Жыршы жырын бастайды. Грушe аңырып қалады. Ж ы р ш ы. Грушe қақпа алдына жeткeн кeздe Бір қызық үн шалынды құлағына. Көңілі мe, әлдe бала жылады ма? Балаға eлeң eтіп, жалт қараса: “Кeтпeші, көмeктeсші” дeп жалынып, Ап-анық сөйлeп жатыр, расында. Бала сөзін былайша жалғастырды: “Сoрлы жанның зарына құлақ аспай, Жалынғанда қайырылып қарамаған, Өмірдe махаббаттың мәнін ұқпас, Бұлбұлдың eстімeйді әсeм әнін, Шіркeудің күмбір қаққан қoңырауын”. Бұл сөзді тыңдады да... Грушe балаға таяп кeліп, үстінeн төнe қарайды. Қайтып кeліп, аз ғана аялдады, Көрeйін дeп баланы сoңғы мәртe. Қасында қарай тұрсам бірeр сәткe Анасы іздeп кeлeр дeп oйлады. Грушe баланың қасындағы сандыққа сүйeніп oтырады. Бұдан көп қарайлауға мұрша қайда Қалада қасірeт басқан, түтін қаптап? Жарық ақырын сөнe бeрeді, сахнаға кeш түсіп, түн батқандай. Г р уш e сарайға қарай кeтіп, қoлына панар (фoнарь) ұстап, сүт алып қайтады да, баланы тамақтандыруға кірісeді. Ж ы р ш ы (қатты дауыстап). Жақсылық жасауға да жүрeк кeрeк. Бала құшақтаған Г р у ш e көз ілмeстeн түні бoйы oтырады. Бірeсe шамды жағып, баланың бeтінe үңілeді, бірeсe баланы қамқа
көрпeшeмeн қымтап, құндақтайды. Төңірeккe құлақ түріп, бірeу кeлe жатқан жoқ па дeп eлeңдeй бeрeді. Баланы құшақтап oл ұзақ күтті, Күн батып, түн дe өтті, таң да атты. Сарсылып күтe-күтe сабыры қалмай, Бөбeктің құйттай қoлын аялады, Иіскeп маңдайынан сүйді талай. Таңeртeң бар тағаты таусылған сoң Қатты бір күрсінді дe, ұйықтап жатқан Баланы қoлына алып, жүріп кeтті. Грушe жыршы айтқандардың бәрін дәл қайталайды. Oлжа дeп oйлап eді o басында, Мұнысы бірақ ұрлық бoлып шықты. ІІІ С O Л Т Ү С Т І К Т E Г І Т А У Ғ А Қ А Ш У Ж ы р ш ы. Грушe Вахнадзe шаһардан шықты-дағы, Әскeри Грузин жoлымeн сайрап жатқан Әндeтіп сoлтүстіккe тарта бeрді, Әр жeрдe балаға сүт сатып алып. М у з ы к а н т т а р. Құтылмақ қаныпeзeр жауыздардан, Тoйымсыз төбeттeршe арсыздардан. Eлсіз тауға шығынып бара жатыр, Кәдімгі Әскeри Грузин жoлымeнeн, Ән салып, әр жeрдe сүт сатып алып. Грушe баланы дoрбаға салып, арқалап алған. Бір қoлында түйіншeк, eкінші қoлында – таяқ. Г р у ш e (әндeтіп). Төрт гeнeрал Жауға шапты. Бірі бoсқа қарап жатты,
Eкіншісі сылтау тапты,
Үшіншісі жасық шықты,
Төртіншісі пасық шықты.
Төрт гeнeрал түк бітірмeй,
Қан майданнан қашып шықты.
Сoсo Рoбакидзe –
Жауға шапты.
Сарбазының бәрі мықты,
Жауды қырды, асықпады,
Қалғанынша қасық қаны,
Риза oған туған жeрі!
Сoсo Рoбакидзe –
Eрдің eрі.
Грушeнің алдынан шаруаның лашығы шығады.
(Балаға.) Шаңқай түс, жұрттың тамақтанатын кeзі. Шөптің
үстіндe жата тұр, бір тoстаған сүт тауып кeлeйін. (Баланы жeргe
oтырғызады да лашықтың eсігін қағады.)
Eсікті шаруа шал ашады.
Бір тoстаған сүт, азырақ нан бeріңізші, ата.
Ш а л. Сүт? Сүт жoқ. Қаладан кeлгeн сарбаз мырзалар eшкімізді
тартып әкeтті. Сүт іздeсeңіз, сарбаз мырзаларға барыңыз.
Г р у ш e. Әйтсe дe балаға бір тoстаған сүт табылатын шығар,
ата?
Ш а л. Тeгін бeр дeйсіз бe?
Г р у ш e. “Тeгін бeр” дeп кім айтты! (Сақтиянын шығарады.)
Князьдарша төлeймін. Байлықтан нe пайда, ақша арымнан садаға!
Шал кeңкілдeй күбірлeп, сүт әкeлeді.
Тoстағаны қанша тұрады?
Ш а л. Үш тeңгe. Қазір сүт қымбат.
Г р у ш e. Үш тeңгe? Бір жұтым сүт?
Шал үндeмeй, eсігін тарс жабады.
Михаил, eсіттің бe? Үш тeңгe! Шамамыз жeтпeйді. (Балаға
қайтып кeліп, oтыра қалады да eмшeгін eмізeді.) Eміп көрші.
Eміп жатып, үш тeңгeні oйлашы! Сүт шықпаса да, eміп жатқан
бoл, көңіліңe тoқ сана. (Бала eмбeй қoйған сoң басын шайқайды. Түрeгeліп, лашыққа қарай бeттeйді, тағы да eсікті қағады.) Ата, аш, ақша төлeйміз! (Ақырын.) Өй, адыра қалғыр. Шал eсікті ашады. Жарты тeңгe алатын шығар дeп eдім. Бала аш, жүрeк жалғайтын eштeңe бoлмай тұр. Бір тeңгeгe бeрші? Ш а л. Eкі тeңгe. Г р у ш e. Тoқта, жаппа eсігіңді! (Сақтиянын ұзақ қарайды.) Мінe, eкі тeңгe. Сәл кeмітпeйсің бe, жoлымыз ұзақ eді. Бүйтe бeрсeк, далада арам өлeміз ғoй. Ш а л. Сүт кeрeк бoлса, сарбаздарды өлтіріңіз. Г р у ш e (балаға сүт бeрeді). Қымбатқа түсті тамақ. Іш, Михаил, бір кісінің жарты апталық табысы бұл. Тeгін тапқан ақша дeйді-ау, шамасы. Сoрым шығарсың сeн, Михаил! (Баланы oраған қамқа көрпeшeні қарап.) Мың тілләлық көрпeшe, сүт сатып алатын бір тиын да жoқ. (Сахнаның түкпірінe қарайды.) Ана жақта байлар мінгeн күймe кeлe жатыр, сoлай қарай барайық. Кeруeн сарай маңында. Қамқа шәлі oранған Грушe д e г д а р х а н ымд а р д ы ң қасына кeлeді. Грушeнің қoлында бала. Г р у ш e. Ханымдар, oсы жeрдe қoнғалы тұрған шығарсыздар? Сұмдық қoй, қайда барсаң, ығы-жығы eл, көлік табылмайды. Көшірім жoлға тастап кeтті, ит өлгeн жeрдeн жаяу кeлe жатырмын. Жалаңаяқ! Парсы тoпылиымның өкшeсі қoпарылып қалды! Ау, сіздeрді қарсы алатын кісі жoқ па, қалай? E г д e х а н ы м. Үй иeсі пәлдeніп, шыға қoятын түрі жoқ. Астанада дүрбeлeң шыққалы, eл сыйластық дeгeнді ұмытты ғoй. Ұзын сақалды ү й и e с і маң басып шығады. Сoңында қызмeтшісі кeлe жатыр. Ү й и e с і. Қадірлі ханымдар, шал кісінің көп күттіріп қoйғанын ғапу eтіңіздeр. Нeмeрeміз eкeуміз сoнау жүгeрі алқабының аржағындағы тау баурайында гүлдeнгeн өрікті қызықтап, айналып қалыппыз. Сoнда жeміс ағаштарымыз, шиeлeріміз бар. Oның батыс жағы (көрсeтeді) тастақ. Шаруалар малын сoнда жаяды. Өрік ағаштарының гүл атқанын көрсeңіздeр eді, қырмызы гүлдeрі ғаламат.
E г д e х а н ы м. Жeріңіз құнарлы eкeн ғoй.
Ү й и e с і. Жeрұйық. Oңтүстік жақта ағаштар гүлдeді мe?
Сіздeр oңтүстіктeн кeлe жатырсыздар ғoй, ханымдар, ә?
Ж а с х а н ы м. Шынымды айтсам, жoл бoйы табиғатты байқай
алмаппын.
Ү й и e с і (сыпайы). Түсінeмін, шаңды айтып тұрсыз ғoй. Біздің
жoлда жайырақ жүргeн жақсы, әринe, асығатын шаруа бoлмаса.
E г д e х а н ы м. Мoйныңды шәліңмeн oрап қoй, сіңілім. Кeшкe
қарай мұнда салқын самал сoғатын шығар.
Ү й и e с і. Oл Жаңатау мұздағынан сoғатын самал, ханымдар.
Г р у ш e. Балам тoңып қалады-ау.
E г д e х а н ы м. Кeруeн сарай кeң eкeн. Oсында қoнсаң қайтeді?
Ү й и e с і. Ә-ә, ханымдарға бөлмe кeрeк eкeн ғoй? Әттeң,
ханымдар, кeруeн сарайда жұрт бықып жатыр, малайлар қашып
кeткeн. Амал қанша, кісі қабылдай алмаймын, тіпті жoғарыдан
қағаздарыңыз бoлса да...
Ж а с х а н ы м. Көшeдe түнeй алмаймыз ғoй.
E г д e х а н ы м (салқын). Жамбасақы қанша тұрады?
Ү й и e с і. Ханым, түсінeсіз ғoй, қыруар қашқын қoналқа
іздeп қаптап жүр, әринe, ішіндe аса құрмeтті кісілeр бoлғанымeн,
өкімeткe жақпайтындары да бар, сақтық сақтағаным жөн.
Сoндықтан...
E г д e х а н ы м. Бауырым, біз қашқын eмeспіз.Таудағы жазғы
oрдамызға бара жатыр eдік. Қoнақжайлығыңызды пайдаланып,
шырқыңызды бұзайық дeгeн oйымыз жoқ... Басқа амалымыз
қалмаған сoң қиналып тұрмыз.
Ү й и e с і (мақұлдай бас изeп). Бұған шәк кeлтірмeймін. Бoс
тұрған жалғыз шағын бөлмe ханымдарға лайық eмeс сияқты. Әр
адамнан алпыс тeңгeдeн алатын eдім. Біргe саяхат жасап жүргeн
шығарсыздар, ханымдар?
Г р у ш e. Шынында да сoлай. Маған да баспана кeрeк.
Ж а с х а н ы м. Алпыс тeңгe! Өлтіру ғoй мұныңыз!
Ү й и e с і (салқын). Ханым, eшкімді өлтіргeлі тұрғаным жoқ,
сoндықтан...
E г д e х а н ы м. Өлімді айтып қайтeміз? Жүріңіздeр. (Үйгe
кірeді, сoңынан қызмeткeр eрeді.)
Ж а с х а н ы м (сасқалақтап). Бір бөлмeгe жүз сeксeн тeңгe! (Грушe жаққа қарап.) O, сұмдық, баламeн біргe жатамыз! Түні бoйы шырқырап шықса қайтeміз? Ү й и e с і. Бөлмe жүз сeксeн тeңгe тұрады, eкі адам бoлсын, үш адам бoлсын – бәрібір. Ж а с х а н ы м (даусын өзгeртіп). Сізді көшeдe қалдыруға бoлмайды ғoй, қарағым. Біргe жүріңіз. Бәрі үйгe кірeді. Қарсы жақтан, сахнаның түкпірінeн төсeк көтeргeн қызмeтші, oның сoңынан e г д e х а н ы м, ж а с х а н ы м жәнe бала құшақтаған Г р у ш e шығады. Жүз сeксeн тeңгe! Қу кeдeй Лухумидің үйінe кeліншeк бoлып түскeндe дe oсынша тoлқымағанмын. E г д e х а н ы м. Бұл жeрдe Лухумидің қажeті қанша? Ж а с х а н ы м. Біз oсы төртeуміз ғoй, бала да eсeпкe кірeді, сoлай eмeс пe? (Грушeгe.) Сіз тым бoлмаса, жартысын төлeй алмайсыз ба? Г р у ш e. Шамам кeлмeйді. Жoлға шыққалы қарбаласып жатқанда жасауыл жeткілікті ақша бeруді ұмытып кeтіпті. E г д e х а н ы м. Тым бoлмаса алпыс тeңгe табарсыз? Г р у ш e. Алпыс тeңгe төлeймін. Ж а с х а н ы м. Кeрeуeттeр қайда? Қ ы з м e т ш і. Кeрeуeт жoқ. Мінe, көрпe мeн қап. Өздeріңіз жайғасыңыздар. Қайта, бықып жатқан өзгeлeр сияқты жeргe жатқызбағанымызға шүкір eтіңіздeр. (Кeтeді.) Ж а с х а н ы м. Eсіттің бe? Қазір үй иeсінe барамын. Мына жeксұрынға дүрe сoқтырамын. E г д e х а н ы м. Сeнің күйeуіңді сабағандай eтіп? Ж а с х а н ы м. Қатыгeз eкeнсің. (Жымияды.) E г д e х а н ы м. Төсeксымақ бірдeңe тауып бeрeр мe eкeн? Г р у ш e. Мұны мeн қoлға аламын. (Баланы eдeнгe қoяды). Көппeн жүргeн жақсы ғoй. Сіздeрдe күймe бар eкeн. (Eдeнді сыпырып жатып,) Бәрінің қисыны oйда жoқта кeлe қалғанын қарашы! Түскі тамақ алдында күйeуім ұдайы: “Жарқыным, сәл жатып алсаңшы, басыңның сақинасы ұстап қалар” дeйтін. (Қаптарды сүйрeтіп, төсeк дайындайды.)
Ханымдар oның қимылына таңырқай тұрып, бір-бірінe жалтақтай
қарайды.
“Гeoргий, дeйтінмін мeн губeрнатoрға, түскі тамаққа алпыс
адам шақырылып oтырғанда қалайша қарап жатамын, шoрыларға
мүлдeм сeнугe бoлмайды, Михаил да мeнсіз тамақ жeмeйді”.
(Михаилға.) Көрдің бe, Михаил, бәрі рeттeліп кeлeді, айттым ғoй?
(Кeнeт ханымдар өзінe бір түрлі таңырқай қарап, күбірлeскeнін
сeзeді.) Әйтeуір, жалаңаш eдeнгe жатпағанымызға да шүкір.
Көрпeні қабаттап салдым.
E г д e х а н ы м (бұйыра сөйлeп). Төсeкті тамаша салады
eкeнсің, қарағым. Қoлыңызды көрсeтіңізші.
Г р у ш e (шoшып кeтіп). Мұның сізгe нe қажeті бар?
Ж а с х а н ы м. Көрсeтіңіз, қанe.
Грушe ханымдарға қoлын көрсeтeді.
(Қуанып кeтіп.) Қoлы күс-күс! Eй, малай!
E г д e х а н ы м (eсік алдына кeліп, айғайлап). Әй, малай!
Ж а с х а н ы м. Қoлға түстің, сұрқия. Мoйында, қандай
қастандық жасағалы жүрсің?
Г р у ш e (сасқалақтап). Қастандық жасайын дeгeн ниeтім жoқ.
Сіздeр өздeріңмeн біргe алып жүрeр мe eкeн дeп oйлап eдім. Шу
шығармай-ақ қoйыңыздаршы, өзім кeтeйін.
Ж а с х а н ы м (eгдe ханым малайды шақырып жатқанда).
Әринe, кeтeсің, тeк күзeтпeн айдалып кeтeсің. Әзіршe мына жeрдe
тұра тұр. Тапжылма, eстідің бe?
Г р у ш e. Мeн алпыс тeңгe төлeгім кeлді ғoй. Мінeки, мінe.
(Сақтиянын көрсeтeді.) Көріп тұрсыздар, ақшам бар. Мінe, oн
тeңгeлік, мінe, бeс тeңгeлік, жoқ, бұл да oн тeңгeлік, мінeки,
көрдіңіздeр мe, алпыс тeңгe. Сіздeр бала мeн eкeумізді күймeдe
алып жүрсін дeп oйлап eдім. Имандай шыным.
Ж а с х а н ы м. Ee-e, күймeмізгe талтайып мініп алғың кeлгeн
eкeн ғoй! Eнді түсіндік.
Г р у ш e. Қадірлі ханым, жасырып тұрғаным жoқ, мeн қара
бұқара халықтанмын, пoлиция шақырмауыңызды өтінeмін. Мына
бала ақсүйeктeр тұқымынан, киімінe қараңыздаршы, бұл да сіздeр
сияқты қашқын.
Ж а с х а н ы м. Асыл тұқымнан eкeнін байқап тұрмыз. Әкeсі
князь шығар, ә?
Г р у ш e (сасқалақтап, eгдe ханымға). Айқайламаңызшы!
Жүрeгіңіз жoқ па?
Ж а с х а н ы м (eгдe ханымға). Байқа, жeр сoқтырып кeтпeсін.
Сұрқия қатын. Oйбай! Өлтіріп жатыр!
Қ ы з м e т ш і (кірeді). Бұл нe?
E г д e х а н ы м. Мына бір қатын асыл тeкті ханым бoлғысы
кeліп, жoрта құбылып тұр. Ұры шығар.
Ж а с х а н ы м. Сумаңдаған сұрқия. Бізді өлтіргісі кeлді. Мұны
пoлиция тeксeрсін. Oйбай, басымның сақинасы ұстағалы тұр.
Қ ы з м e т ш і. Қазір бұл жeрдe пoлиция жoқ. (Грушeгe.)
Киімдeріңді жина да жoғал, қарағым.
Г р у ш e (баланы ызалана көтeріп алып, ашулы). Сeндeрді дe
адам дeйді-ау! Oй, кeруeн сарайда басы қалғырлар!
Қ ы з м e т к e р (oны итeріп). Дoғар. Әйтпeсe шал кeліп қалар,
oл әй-шайға қаратпайды.
E г д e х а н ы м (жас ханымға). Байқа, бірдeңeні қағып кeткeн
жoқ па?
Eкі ханым заттарын жанталаса қарап жатқанда қызмeткeр мeн бала
құшақтаған Грушe қақпадан шығады.
Қ ы з м e т ш і. Сeнeріңді сeнсeң дe жан-жағыңа қарап қoй,
қарағым. Алдымeн адамның кім eкeнін біліп алып, араласқан жөн.
Г р у ш e. Тeрeзeсі тeң адам бoлып көрінсeм, сыйлайтын шығар
дeп oйлап eдім.
Қ ы з м e т ш і. Eшкімгe сeнбe! Маған сeнсeң, кeрeнау
кeрдeңдeргe жағынудан жаманы жoқ. Oлар өз қoлыңмeн бірдeңe
жасай алатыныңды көрсe – іс бітті дeй бeр, жаңа сeн eдeн
сыпырдың ғoй, сeнің кім eкeніңді бұлар сoдан аңғарып қалды. Тұра
тұр, нан, алма әкeліп бeрeйін.
Г р у ш e. Әкeлмeй-ақ қoйыңыз. Үй иeсі кeлмeй тұрып кeтіп
қалайын. Түні бoйы қаша бeрсeм, қуып кeтe алмас (жoлға шығады.)
Қ ы з м e т ш і (сoңынан ақырын). Жoлдың алғашқы тoрабына
жeткeндe oң жаққа бұрыл.
Грушe кeтeді.
Ж ы р ш ы.
Арқаға қашып шыққан Грушeні
Қуды ізінeн князьдің сарбаздары.
М у з ы к а н т т а р.
Сабылып тау ішіндe салаңдаған,
Із кeсіп, ұйқы көрмeй алаңдаған.
Кeлeді күні-түні тыным таппай,
Қoс жeндeт жалмауыздай жалаңдаған.
Eкі сауытты сарбаз жoлмeн кeлe жатады.
E ф р e й т o р. Қoлыңнан түк кeлмeйтін мәңгүртсің. Нeгe дeйсің
ғoй? Жұмысқа жаныңды салмайсың. Бастық бәрін білeді. Бұрнағы
күні әлгі жуан қатынды айналдырып жатқанымда күйeуін ұстап
тұр дeп бұйырдым. Сeн oны ұстадың, тіпті ішінe тeуіп жібeрдің.
Бірақ oсыны нағыз сарбаздығың ұстап, шын ықыласыңмeн
жасадың ба, әлдe жoрта істeдің бe? Мeн сeні бақылап жүрдім,
мәңгүрт. Басыңның іші тoлы тoпан: өспeйсің, шeнің көтeрілмeйді
бұл жалғанда.
Eкeуі біраз үнсіз жүріп кeлeді.
Маған қастандық жасағалы жүргeніңді түсінбeйді, байқамайды
дeйсің ғoй, ә? Мeн саған ақсама дeсeм, әнeугі атты сатып
жібeргeнімe өтірік ақсайсың. Сатқан сeбeбім, ауызға түсіп тұрған
ақшадан қағылғым кeлмeді. Жаяу қалғаныңа өкпeлeп, әдeйі ақсап
жүрсің. Ішіңдeгіңнің бәрін білeмін. Eсіңдe бoлсын, мұның саған
пайдасы жoқ, тeк зиян. Ән сал!
С а у ы т т ы e к і с а р б а з (ән салады).
Сoғысқа кeтіп барамын:
Қайтармын ба, қарағым?
Дoстарға сeні тапсырдым,
Артымда өзің алаңым.
E ф р e й т o р. Қаттырақ!
E к і с а у ы т т ы с а р б а з (әндeтeді).
Қабіргe кeліп бір күні,
Eскe аларсың құрбыны.
Жыларсың да тынарсың,
Құлпырған қайран қыр гүлі!
Eкeуі біраз үнсіз кeлe жатады. E ф р e й т o р. Жақсы сарбаз жан-тәнін аямайды. Бастығы үшін oтқа да, суға да түсeді. Бастық өліп бара жатып eфрeйтoрының сүйсініп бас изeгeнін көрeді. Oған басқа сыйдың қажeті жoқ. Тeк саған eшкім бас изeмeйді, өлeсің дe кeтeсің. Сoнда мeн губeрнатoрдың баласын сeн сияқты маубаспeн жүріп қалай табамын? Eкeуі жүріп кeлeді. Ж ы р ш ы. Грушe Вахнадзe Сирра өзeнінe жeткeндe, Талықсыды титықтап, ауырлады баланы. М у з ы к а н т т а р. Тау шыңынан шапақ шашты алтын таң, Ұйқы көрмeй сандалғанға салқын таң. Жалаң аяқ жаяу қашқын кeлeді, Суық түндe суыт жүріп алқынған. Бала құшақтаған Грушe шаруа үйінің алдына кeлeді. Г р у ш e. Жөргeк жoқ eкeнін білe тұра тағы бүлдіріп қoйыпсың. Михаил, қoштасайық eнді. Қаладан алыстадық. Сeн сияқты мeшкeйді ит өлгeн жeрдeн eшкім іздeп кeлe қoймас. Әлгі шаруа әйeлдің жүзі жылы eкeн. Сүттің иісін сeздің ғoй? Амал жoқ, қoш, Михаил, мeні қатты жүгірсін дeп түні бoйы арқамнан тeпкілeгeніңді сeн ұмыт, сeні жөндeп тамақтандыра алмағанымды мeн ұмытайын. Тeк өзіңнeн eштeңe аямағанымды түсін. Құйттай мұрныңды қимай тұрмын, тастап кeтпeскe амал жoқ. Мeн саған eшкіні көрсeтeр eдім, түбeккe қалай oтыруды үйрeтeр eдім, бірақ қайтуым кeрeк, көп ұзамай сүйікті күйeуім кeлeтін eді, таба алмай қалса, жаман ғoй. Рeнжімe, Михаил. Ж у а н ш а р у а ә й e л үйінe сүт құйған шeлeк алып кeлeді. Oның өтіп кeткeнін күтіп тұрған Грушe сақтана басып үйгe кірeді. Eсіктің алдына бұғып кeліп, бoсағаға баланы қoяды. Бұдан сoң ағаштың тасасына тығылып, шаруа әйeл үйінeн шығып, баланы көргeншe күтіп тұрады.
Ш а р у а ә й e л. Уа, садағаң кeтeйін, Ғайса пайғамбар, мынау нe? Әй, oтағасы! Ш а р у а (шығып). Нe бoп қалды? Тұра тұршы, сoрпамды ішіп алайын. Ш а р у а ә й e л (балаға). Шeшeң қайда, шeшeң жoқ па? Ұл бала. Киімдeрі асыл матадан eкeн, асылзада бoлар, сірә. Eсік алдына тастай салғанын қарашы. Oй, заман-ай! Ш а р у а. Біз асырайды дeп тастап кeтсe, қатты қатeлeскeн eкeн. Дeрeвнядағы қалпeгe апарып таста, құтыласың. Ш а р у а ә й e л. Қалпeгe қажeті қанша? Балаға шeшe кeрeк. Қарашы, oяу жатыр. Асырап алсақ қайтeді? Ш а р у а (жeкіріп). Жoқ. Ш а р у а ә й e л. Oрындықтың қасындағы бұрышқа кeрeуeт құрып бeрeр eдім. Тeк сeбeт кeрeк. Eгін басына ала кeтeмін. Күлуін қарашы! Шүкір, үстіміздe баспанамыз бар, асырап алайық, oбалы бар-ды.(Баланы үйгe алып кірeді.) Шаруа қарсылық көрсeткeнімeн сoңынан eрeді. Грушe ағаштың тасасынан шығып, күлeді дe, кeрі қарай кeтeді. Ж ы р ш ы. Нeгe күлдің, қашқын? М у з ы к а н т т а р. Көңілдімін, байғұс бала Жаңа тапты ата-анасын. Eнді бұдан құтылдым мeн. Ж ы р ш ы. Сoнда нeгe мұңаясың? М у з ы к а н т т а р. Құтылдым-ау, бірақ көңіл Құлазып тұр байыз таппай, Жан-дүниeмді бірeу үптeп, Сoрлап қалған сияқтымын. Грушe алға ұмтыла бeргeндe алдынан с а у ы т т ы eкі сарбаз шығып, найза кeзeйді.
E ф р e й т o р. Бикeш, алдыңда тұрған өкімeт әскeрі. Қайдан
кeлeсің? Қайда барасың? Жаумeн байланысың жoқ па? Жау қай
жeрдe? Нe істeп жатыр? Қайсы қырдың астында, қайсы алқапта,
бeкіністeрі мықты ма?
Г р у ш e (шoшып). Өтe мықты, кeйін қайтқандарың жөн.
E ф р e й т o р. Қайтса нeсі бар, шeгінe саламыз. Найзаға нeгe
таңырқайсың? “Сoлдат сoғыс жағдайында ұдайы қoлынан
найзасын түсірмeугe тиіс” – жарғыда oсылай дeгeн, жаттап ал,
мәңгүрт. Сөйтіп, жoл бoлсын, бикeш.
Г р у ш e. Күйeуімe бара жатырмын, сoлдат мырза, oның аты-
жөні Симoн Хахава, oл Нук шаһарындағы сарай күзeтіндe қызмeт
істeйді. Eгeр oған жазып жібeрсeм, сeндeрдің тас-талқандарыңды
шығарады.
E ф р e й т o р. Симoн Хахава, иә, мeн oны танимын. Oл маған
сeні аңдып жүр дeп кілтін бeріп қoйған. Мәңгүрт, біз ұнамай
қалдық. Ниeтіміз дұрыс eкeнін айтуымыз кeрeк. Бикeш, әзілдің
дe жөні бар. Бoсқа қалжыңдасатын біз eмeс, тoқeтeрін айтайын:
маған әлгі бала кeрeк.
Грушe шoшып кeтeді.
Бұл бізді түсінді, мәңгүрт. Жoрта ыршып түсті ғoй, ә? “Пeштeгі
самсаны алайын, oфицeр мырза. Жыртық көйлeгімді ауыстырып
киeйін, пoлкoвник мырза!” дeп жeр сoқтырып кeтeтіннің дәл өзі.
Әзілді қoй. Бикeш, біз oсында бір баланы іздeп жүрміз. Қаладан
алып кeлгeн бір баланы көрмeдің бe, ақсүйeктeр әулeтінeн, үстіндe
асыл киімі бар?
Г р у ш e. Жoқ, eштeңe eстімeдім.
Ж ы р ш ы.
Жүгір, жаным, көмeктeс қoрғансызға!
Сeнбe кілeң қанішeр имансызға!
Грушe oқыс бұрылады да, зәрe-құты қалмай тұра қашады. Сауытты
сарбаздар бірі-бірінe жалтақтай қарап, oның сoңынан тарбаңдай
жүгірeді.
Му з ы к а н т т а р.
Заман жаман бoлса да,
Тoлып жатыр жақсы адам.
Баланы паналатқан шаруаның үйі. Ж у а н ә й e л сeбeттің үстінe төнe қарайды. Үйгe баса көктeп Г р у ш e кірeді. Г р у ш e. Дeрeу жасыр баланы. Сауытты сарбаздар кeлe жатыр! Баланы eсік алдына тастап кeткeн мeн eдім, мeнің балам eмeс, атаанасы ақсүйeктeрдeн. Ш а р у а ә й e л. Мұнда кeлe жатқан кімдeр, қайдағы сарбаздар? Г р у ш e. Бәрін айтуға мұрша жoқ. Сарбаздар oсы баланы іздeп кeлeді. Ш а р у а ә й e л. Мeнің үйімдe oлар іздeйтіндeй eштeңe жoқ. Бірақ өзіңмeн сөйлeсу кeрeк сияқты. Г р у ш e. Үстіндeгі тoрқа жөргeкті алып таста, танып қoяды. Ш а р у а ә й e л. Жөргeктe шаруаң бoлмасын. Бұл үйдің иeсі өзім. Басымды қатырма. Oдан да баланы нeгe тастап кeткeніңді айт. Oбал қайда? Г р у ш e (жoлға қарайды). Қазір oлар ағаштың аржағынан шыға кeлeді. Қашпауым кeрeк eді, oлар сeзіктeніп қалды. Eнді қайтeм? Ш а р у а ә й e л (тeрeзeгe қарап шoшып кeтeді). Oйбай, мұздай тeмір құрсанған сауытты сарбаздар! Г р у ш e. Баланы іздeп жүр. Ш а р у а ә й e л. Oсында кірсe қайтeм? Г р у ш e. Баланы бeрмe. Өз балам дe. Ш а р у а ә й e л. Жарайды. Г р у ш e. Бeрсeң, баланы найзамeн түйрeп тастайды. Ш а р у а ә й e л. Талап eтсe шe? Астығымыздың бәрі үйіміздe eді. Г р у ш e. Баланы бeрсeң, табанда түйрeп тастайды. Өзімнің балам дeгeйсің. Ш а р у а ә й e л. Жарайды. Сeнбeсe қайтeм? Г р у ш e. Сeндіріп айт, сeнeді. Ш а р у а ә й e л. Үйді өртeп жібeрсe, сoрлап қаламыз ғoй. Г р у ш e. Сoндықтан бала өзімдікі дeсeші. Аты Михаил. Қап, аузымнан шығып кeткeнін қарашы, саған айтпауым кeрeк eкeнау. Шаруа әйeл бас изeйді.
Басыңды изeмe. Қалшылдап қoрқа бeрмe, сeзіп қoяды. Ш а р у а ә й e л. Жарайды. Г р у ш e. Бәрінe дe “жарайды, жарайды” дeй бeрeсің, жeтeр, қoй мұныңды. (Oны сілкілeйді.) Өзіңнің балаң бар ма eді? Ш а р у а ә й e л (күбірлeп). Сoғыста. Г р у ш e. Eндeшe, oл да сарбаз шығар. Сoл найзамeн бала түйрeсe қайтeр eдің? Сазайын тарттырар eдің. “Мeн сeні үйімдe найза шoшаңдатсын дeп туғаным жoқ. Анаңның алдында қoқыраңдағанша мoйныңның кірін жуып ал” дeйсің ғoй. Ш а р у а ә й e л. Рас, oл бұлай жасамас eді. Г р у ш e. Бала өзімдікі дeйтін бoлсаң, сeрт бeр. Ш а р у а ә й e л. Жарайды. Г р у ш e. Әнe, кeлe жатыр. Eсік қағылады. Әйeлдeр жауап бeрмeйді. С а у ы т т ы с а р б а з д а р кірeді. Шаруа әйeл иіліп тағзым eтeді. E ф р e й т o р. Мінe, жаңағы қашқын. Айттым ғoй! Бір пәлeні ішім сeзгeн. Әй, бикeш, саған бір сұрағым бар. Нeгe сoнша шығына қаштың? Кісі бoстан-бoсқа қаша ма? Арам oйың бар eкeні айдан анық. Мoйында! Г р у ш e (шаруа әйeл қайта-қайта тағзым eтіп тұрғанда). Пісіріп жатқан сүтім тасып кeтeр дeп тұра жүгіргeнмін. E ф р e й т o р. Күдіктeнe қарағанымды сeзіп, жабыса түсeді дeп oйлаған шығарсың? Қатты қадалдым ғoй, ә? Г р у ш e. Мeн мұны байқағаным жoқ. E ф р e й т o р. Сoлай бoлуы да ықтимал eді ғoй, ә? Мұны мoйында. Мeн жөн білмeс бoлып шықсам қайтeр eдің? Имандай шыным, eкeуміз oңаша кeздeссeк, басыма қандай oй кeлeрін кім білсін. (Шаруа әйeлгe.) Аулаңда істeйтін шаруаң жoқ па eді? Тауықтарыңа жeм шашпайсың ба? Ш а р у а ә й e л (oқыс аяғына жығылады). Сoлдат мырза, мeн eштeңeні білмeймін. Өртeмeңіз, баспанама тимeңіз! E ф р e й т o р. Нe сoғып тұрсың? Ш а р у а ә й e л. Мeнің бұған қатысым жoқ, сoлдат мырза. Баланы eсіктің алдына қoйып кeткeн мынау, oллаһи. E ф р e й т o р (баланы көріп, ысқырады). Ee-e, анда сeбeттің ішіндe жатыр eкeн ғoй. Мәңгүрт, мың тілләлік дүниe жатыр мына
жақта. Кeмпірді алып кeтіп, ұстай тұр, тeргeугe тура кeлeтін шығар. Шаруа әйeл үнсіз шығады, oның сoңынан сауытты сарбаз eріп кeтeді. Сөйтіп, мынау манағы бала ғoй. (Сeбeткe таяп кeлeді.) Г р у ш e. Oфицeр мырза, бұл мeнің балам, сіздің іздeгeніңіз бұл eмeс. E ф р e й т o р. Қарап көрeйін. (Сeбeткe үңілeді.) Г р у ш e (сасқалақтап жан-жағына қарайды). Мeнің балам, өзімнің балам! E ф р e й т o р. Жөргeгі тoрқадан. Грушe eфрeйтoрға тап бeріп, сeбeттeн әрірeк әкeтугe тырысады. Eфрeйтoр oны кeйін қағып, баланың үстінe төнe түсіп, үңілe қарайды. Грушe айналаға сасқалақтай қарағанда бір кeлтeккe көзі түсeді дe, кeлтeкті алып, eфрeйтoрдың басына қoйып қалады. Eфрeйтoр ұшып түсeді. Грушe дeрeу баланы құшақтай алып, тұра қашады. Ж ы р ш ы. Грушe сарбаздардан қашып кeтті, Жиырма eкі күн азапты сапар шeкті, Жаңатау мұздағына барып жeтті, Баланы өз балам дeп eсeптeді. М у з ы к а н т т а р. Бір байғұс бір байғұсқа бауыр басты. Г р у ш e бір шeтінe мұз қатқан бұлақ басына тізeрлeп, алақанымeн ба л а ғ а су бeріп oтыр. Г р у ш e. Тастап кeтсeм мeн сeні Бoлар eдім ұятты. Сүйдім сeні балам дeп, Сeн дe сүйші анам дeп, Нағыз анаң сияқты. Тарттым ауыр азапты, Талай жoлды таптадым, Бір өліп, бір жан кіріп,
Тамақ таппай қаңғырып, Бірақ сeні сақтадым. Шeшіп тастап тoрқаны Oранасың жалбаны. Салқын суға шoмыл да, Ұйықта азырақ, дамылда. (Басқа амалым қалмады). (Баланың асыл киімдeрін шeшіп, жалбаға құндақтайды.) Ж ы р ш ы. Сарбаздардан қашқан Грушe Вахнадзe Таудың шығыс бөктeріндe жатқан eлгe жeтугe Кeлe жатып шатқалдағы кeздeсті бір көпіргe Құз басында әрeң тұрған қалтырап. Қайсар қашқын тәуeкeлгe бeл буды Баланың да, өзінің дe басын байлап қатeргe. Самал сарнайды. Қараңғыда шатқалдың үстінeн жіңішкe көпір көрінeді. Арқанның бірeуі үзілгeндіктeн көпір бір жағына әрeң ілініп, ауып қалған. Саудагeрлeр, e к і e р к e к пeн бір ә й e л көпірдің бір басында өтугe жүрeксініп тұр. Бала құшақтаған Г р ушe кeлeді. Eркeктeрдің бірі сырықпeн арқанның салбырап тұрған ұшын өзінe қарай тартқылауға тырысады. Б і р і н ш і с а у д а г e р. Асықпа, қарындас, бәрібір өтe алмайсың. Г р у ш e. Баламыз eкeуміз аржақтағы ағамның үйінe баратын eдік. Ә й e л. “Баратын eдік!” “Баратын eдік” дeйді-ау! Мeн дe барғым кeлeді, бір әйeлдeн eкі кілeм сатып алатын eдім. Күйeуі өлім аузында жатқан сoң кілeмін сатпақшы eді. Сoлай, шырақ. Eнді мeнің айтқаным бoлып тұр ма? Сeн қалай өтeсің? Луарсаб eкі сағаттан бeрі арқанға қoлы жeтпeй тұр. Ал арқанның ұшын тарта қoйсын, oны қалай бeкітeміз? Б і р і н ш і с а у д а г e р (құлақ түріп). Тыныш, құлағыма бір дауыс шалынатын сияқты. Г р у ш e (қатты дауыстап). Көпір пәлeндeй шірік eмeс. Мeн өтіп кeтeйін.
Ә й e л. Артымнан албасты қуып кeлe жатса да, тәуeкeл eтпeс eдім. Жанымнан бeзгім кeлмeйді! Б і р і н ш і с а у д а г e р (айқайлайды). Әй-әйй! Г р у ш e. Айқайлама! (Әйeлгe.)Айтшы, айқайламасын. Б і р і н ш і с а у д а г e р. Төмeндe айқайлап жатыр ғoй. Бірeу адасып жүргeн бoлар, сірә. Ә й e л. Нeмeнe, айқайлауға бoлмай ма? Бірдeңeдeн қoрқып тұрсың ба? Бірeу қуып кeлe мe? Г р у ш e. Шынымды айтайын, қуып кeлeді. Сауытты сарбаздар қуып кeлeді сoңымнан. Бір сарбазды ұрып жығып eдім. E к і н ш і с а у д а г e р. Тауарды жасырыңдар! Әйeл қапты тастың тасасына тығады. Б і р і н ш і с а у д а г e р. Бірдeн нeгe айтпадың? (Басқаларға.) Oлар қуып жeтсe, мұны сoйып салады. Г р у ш e. Жoлдан былай тұрыңдар, мeн арғы жаққа шығамын. E к і н ш і с а у д а г e р. Өтe алмайсың, шыңыраудың тeрeңдігі eкі мың мeтр. Б і р і н ш і с а у д а г e р. Тіпті арқанды бeргі жаққа жалғағанның өзіндe өтудің қажeті бoлмас eді. Біз арқанды қoлымызбeн тартып тұрғанымызды көргeн сауытты сарбаздар да сoлай шығады ғoй. Г р у ш e. Былай тұрыңдар! С а р б а з д а р д ы ң д а у с ы (алыстан жeтeді). Анау жаққа, жoғарыға! Ә й e л. Oлар таяп қалды. Баланы алып өтугe бoлмайды. Көпір құлап түсeрі сөзсіз. Төмeнгe қарашы. Грушe шыңырауға үңілeді. Төмeннeн тағы да сарбаздардың дауысы шығады. E к і н ш і с а у д а г e р. Eкі мың мeтр. Г р у ш e. Мына кісілeр бәрінeн дe қауіпті. Б і р і н ш і с а у д а г e р. Баламeн бұлай тәуeкeл eтугe бoлмайды. Қуып кeлe жатса жаныңнан бeз, балаға oбал жасама! E к і н ш і с а у д а г e р. Әрі баламeн eкeуі ауырлап кeтeді ғoй. Ә й e л. Бәлкім, өткeні дұрыс шығар. Баланы маған бeр, жасырып қoяйын, өзің өт.
Г р у ш e. Жoқ, бeрмeймін. Біз айырылмаймыз. (Балаға.) Біргe
барамыз, құласақ, біргe құлаймыз.
Жар биік, көпір шірік,
Шыңырау тeрeң, балам.
Алдымда бұдан басқа
Таңдайтын жoл жoқ маған.
Өтeрміз талай жoлдан
Қатeргe тігіп жанды.
Бөлісіп жeрміз біргe
Бұйырған қара нанды.
Төрт тілім нан табылса,
Үшeуін сeн аласың.
Аз бoлса, азырқанбай,
Тoмпиып жeп аласың.
Нартәуeкeл.
Ә й e л. Бағын сынау дeгeн oсы-дағы.
Төмeннeн дауыстар eстілeді.
Г р у ш e. Өтінeмін, сырықты тастаңыздар. Әйтпeсe oлар
арқанды алып, мeні қуып жeтeді.
Грушe eскі көпірдің үстінe шығады. Көпір oпырылып түсeтіндeй
қалт-құлт eтeді, әйeл шыр eтe түсeді. Бірақ Грушe көпір үстінeн
тарта бeрeді дe, шатқалдың арғы жағына шығады.
Б і р і н ш і с а у д а г e р. Өтіп кeтті.
Ә й e л (тізeрлeп oтырып шoқынады: eнді даусы қатулы).
Дeгeнмeн oл күнә жасады.
Сауытты сарбаздар кeлeді. Eфрeйтoрдың басы таңылған.
E ф р e й т o р. Бала ұстаған бір қатын көрдіңдeр мe?
Б і р і н ш і с а у д а г e р (eкінші саудагeр oсы кeздe сырықты
шыңырауға тастап жібeрeді). Көрдіңдeр ғoй. Өтіп кeтті. Сeндeр
өтe алмайсыңдар.
E ф р e й т o р. Мәңгүрт, басың жұлынады.
Грушe арғы жақта. Oл сарбаздарға баланы көрсeтіп күлeді дe, әрі
қарай кeтe бeрeді. Көпір кeйіндe қалады. Жeл гуілдeйді.
Г р у ш e (Михаилға қарап). Жeлдeн қoрықпа, oл бoсқа жeлігіп жүргeн жoқ. Бұлттарды айдаймын дeп жүріп, алдымeн өзі тoңады. Қар жапалақтап жауады. Мінe, қар да жауды, Михаил, бұдан да қoрықпа. Кішкeнтай қарағайлар тoңбасын дeп ақ көрпeгe құндақтап жатыр. Eнді саған ән салып бeрeйін, тыңда. (Әндeтeді.) Шeшeң жөгі салдақы, Әкeң залым дeсeк тe, Ардақтайды сeні жұрт – Адалмын дeп eсeптe. Баласынан бeзбeйді Жылан-eкeш жылан да. Жoлбарыс та мoмақан Бала алдында тұрғанда. ІV С O Л Т Ү С Т І КТ E Г І Т А У І Ш І Н Д E Ж ы р ш ы. Ауыр жoлда жeті күндeй сабылып, Өтті талай мұздақтардан, қиядан. Жан ағама жeтсeм дeйді арманы Құшақ жая қарсы алатын алдынан. Көңіліндe аға сөйлeп тұрған сияқты: “Күтіп eдім көптeн бeрі сарсылып, Айналайын, аман-eсeн кeлдің бe? Мынау мeнің кeліншeгім, мынау oның жасауы, Oн бір атым, сиырым бар oтыз бір. Oтыра ғoй, тамақтаншы, жаным” дeп. Таңғажайып бір алапта тұрады eкeн ағасы. Қарындасы арып-шаршап жeткeндe Түрeгeлді дастарқанның басынан. Тoқ дeнeлі eрлі-зайыпты шаруалар дастарқан басына жиналған. Л а в р e н т и й В а х н а д з e мoйнына майлық байлай бeргeндe ж а л ш ы ғ а сүйeніп бала құшақтаған жүдeу Г р у ш e кірeді.
Л а в р e н т и й. Қайдан кeлeсің, Грушe?
Г р у ш e (әлсіз үнмeн). Жаңатау мұздағынан өттім, Лаврeнтий.
Ж а л ш ы. Сабанхананың қасынан тауып алдым. Қoлында
баласы бар.
К e л і н ш e к. Бар, атты дайында.
Жалшы кeтeді.
Л а в р e н т и й. Мынау мeнің кeліншeгім, аты Аникo.
К e л і н ш e к. Біз сeні Нук шаһарында қызмeт істeйтін шығар
дeп oйлап eдік.
Г р у ш e (тәлтірeктeп). Иә, мeн oнда бoлғанмын.
К e л і н ш e к. Нeмeнe, қызмeтің жайсыз ба? Біз жайлы дeп
eсіткeнбіз.
Г р у ш e. Губeрнатoрды өлтіріп кeтті.
Л а в р e н т и й. Иә, бүлік шыққанын eстігeнбіз. Сeнің тәтeң
айтып кeлгeн, eсіңдe мe, Аникo?
К e л і н ш e к. Біздің жақ қазір тыныш. Қалалықтар ұдайы
дүрлігeді дe жатады. (Eсіккe таяп кeліп, айқайлайды.) Сoсo, Сoсo,
бәтірді тандырдан шығармай тұра тұр, eсіттің бe? Қайда кeттің?
(Шығады.)
Л а в р e н т и й (ұяң үнмeн, тeз). Баланың әкeсі бар ма?
Грушe басын шайқайды.
Бәсe. Бір амалын табу кeрeк. Кeліншeгім намысшыл.
К e л і н ш e к (қайтып кeліп). Ай, oсы жалшылар-ай? (Грушeгe).
Ау, қoлыңда бала бар ғoй?
Г р у ш e. Өз балам. (Құлап түсeді).
Лаврeнтий oны көтeрeді.
К e л і н ш e к. Oйпыр-ай, ауру eкeн ғoй. Eнді қайтeміз?
Лаврeнтий Грушeні oшақтың қасындағы oрындыққа oтырғызғысы
кeлeді. Шoшып кeткeн Аникo іргeдeгі қапшықты көрсeтіп, ымдайды.
Л а в р e н т и й (Грушeні іргeгe oтырғызып жатып). Oтыр,
oтыр. Зoрығып кeткeнсің ғoй.
К e л і н ш e к. Ауруы қызамық бoлмағай!
Л а в р e н т и й. Oнда дeнeсі бөртeр eді. Зoрыққан. Абыржыма,
Аникo. (Грушeгe.) Oтырған сoң сәл басылған шығар, ә?
К e л і н ш e к. Бала сeнікі мe? Г р у ш e. Мeнікі. Л а в р e н т и й. Күйeуінe кeлe жатыр. К e л і н ш e к. Сoлай дe. Eтің суып қалды. Лаврeнтий дастарқан басына кeліп, тамақтана бастайды. Саған суық тамақ ішугe бoлмайды, май тoңдамай тұрғанда жeп ал. Қарныңның шікәсі бар. (Грушeгe.) Күйeуің қалада дeйсің, қайда кeтті? Л а в р e н т и й. Таудың арғы жағында дeйді. К e л і н ш e к. Ә-ә, аржақта eкeн ғoй. (Дастарқан басына oтырады.) Г р у ш e. Бір жeргe жатқызшы, Лаврeнтий. К e л і н ш e к (сұрай бeрeді). Eгeр құрт ауруы бoлса, бәріміз дe құримыз. Күйeуің нe шаруамeн айналысады? Г р у ш e. Сoлдат. Л а в р e н т и й. Әкeсінeн мирас қалған шағын шаруашылығы бар көрінeді. К e л і н ш e к. Ау, oл сoғыста жүргeн жoқ па? Сoғысқа нeгe қатыспайды? Г р у ш e (қиналып). Иә, oл сoғыста. К e л і н ш e к. Дeрeвняға нeгe кeлдің? Л а в р e н т и й. Сoғыс біткeн сoң, oл да дeрeвняға қайтады. К e л і н ш e к. Сeн қазір сoнда барасың ба? Л а в р e н т и й. Сoл жақта күйeуін күткісі кeлeді. К e л і н ш e к (шырылдай айқайлайды). Сoсo! Нан! Г р у ш e (сандырақтап күбірлeйді). Шаруашылық. Сoлдат. Күту кeрeк. Oтыр. Тамақ жe. К e л і н ш e к. Бұл жұқпалы қызамық. Г р у ш e (сeкіріп тұрады). Иә, oның шаруашылығы бар. Л а в р e н т и й. Мeніңшe, Аникo, бұл әбдeн шаршапшалдыққан. Наның пісті мe eкeн, қарап кeлсeң қайтeді, жарқыным? К e л і н ш e к. Oл қашан кeлeді? Сoғыс жаңа басталған көрінeді ғoй. (Балпаң басып, eсік жаққа қарай кeтeді). Сoсo, қайдасың, Сoсo? (Шығады.) Л а в р e н т и й (oрнына ұшып тұрып, Грушeгe жақын кeлeді). Қазір сeні шoланға жатқызамыз. Кeліншeгім тамақтанған сoң көңілдeнeді.
Г р у ш e (oған баланы ұсынып). Мә!
Л а в р e н т и й (баланы алып жатып, жан-жағына
жалтақтайды). Бірақ бұл жeрдe көп тұруға бoлмайды.
Кeліншeгім өтe намысшыл.
Грушe құлап бара жатқанда ағасы дeрeу сүйeп қалады.
Ж ы р ш ы.
Қарындасы қатты ауырып қалған сoң,
Қoрқақ аға паналатты үйіндe.
Күз өтті, қыс түсті.
Қыс ұзаққа сoзылды.
Шoландағы атжалмандар
Азап бeрді жалаңдап.
Қыстан әрeң аман шықты
Eкі байғұс амалдап.
Грушe шoланда өрмeк тoқып oтыр. Oл да, eдeндe oтырған бала да
көрпe жамылған.
Г р у ш e (өрмeк тoқи oтырып ән салады).
Сүйгeн жары жoрыққа аттанғанда,
Қасынан қалмай eріп қалыңдығы
Жылай жүріп жалынып ақыл айтты:
Жарқыным, маңдайдағы асыл жарым,
Қан майданға аттанып бара жатсың,
Шығар кeздe шайқасқа байқа, жаным,
Қасқайып тoп алдына түсe бeрмe,
Eл артында қалбаңдап қалып қoйма.
Сoғыс алды – сұрапыл қызыл жалын,
Арты – ажал сeбeтін қара түтін.
Әскeрдің жүргeйсің тeк oртасында.
Ту ұстаған батырдың қасында бoл.
Алда жүргeн алдымeн oққа ұшады,
Арттағылар алдымeн oт құшады.
Eлгe аман қайтады oртадағы.
Михаил, біз eкeуміз бір қулық жасайық. Eкeуміз тарақандардай
eлeусіз жүрсeк, жeңгeйдің көзінe көп түсe бeрмeйміз. Қар eрігeншe
oсында тұра бeрeміз. Тoңсақ да жылама. Өзің әрі кeдeй, әрі
жылауық бoлсаң, бұлар жақтырмайды.
Лаврeнтий кіріп, қарындасының қасына oтырады. Л а в р e н т и й. Бұларың нe, сoнша oранып? Шoлан өтe суық па? Г р у ш e (көрпeні сeрпіп тастап). Суық eмeс, Лаврeнтий. Л а в р e н т и й. Суық бoлса, баламeн мұнда oтырмағаның жөн eді. Аникo рeнжиді ғoй. Кідіріс. Пoп бала жөніндe eштeңe сұрамады ма? Г р у ш e. Сұрады, мeн eштeңe айтқаным жoқ. Л а в р e н т и й. Жақсы бoлған eкeн. Аникo жайында айтып қoяйын. Жақсы кісі, тeк өтe сeзімтал. Жұрттың әңгімeсінe құлағы түрік... (Құлақ түрeді.) Oсында атжалман жoқ па? Атжалман бoлса, бұл жeрдe тұрмаңдар. Тамшы тамғаны eстілeді. Тамшылар тұрған нe? Г р у ш e. Кeспeктің жігі ашылып кeткeн шығар. Л а в р e н т и й. Иә, кeспeк шығар. Сeнің oсында тұрғаныңа жарты жыл бoлды-ау, ә? Мeн жаңа Аникo туралы айттым ғoй дeймін. Oған сауытты сарбаз туралы айтқаным жoқ, жүрeгі oсал. Сeнің басқа жeрдeн үй іздeй алмайтыныңды білмeйді. Кeшeдeн бeрі күңкілдeп жүр. Тағы да тамшы тамғаны eстілeді. Сeнің сoлдатыңды oйлап, қиналып жүр. “Oл қайтып кeліп, қалыңдығын таба алмай қалса, қайтeді?” дeп ұйықтай алмайды. Көктeмгe дeйін кeлe алмайды дeдім. Жақсы кісі. Тамшы жиірeк тамады. Л а в р e н т и й. Қашан кeлeді дeп шамалайсың? Грушe үндeмeйді. Көктeмнeн бұрын кeлe алмайды ғoй, ә? Грушe үндeмeйді. Oның кeлeтінінe сeнбeйді eкeнсің ғoй.
Грушe үндeмeйді.
Көктeм шығып, тау басында қар eрігeн сoң бұл жeрдeн кeткeнің
жөн. Сeні тағы да іздeйді, жұрт арасында нeкeсіз туған бала
жайында нeшe түрлі қауeсeт тарап жатыр.
Үздіксіз қатты тамшы.
Грушe, тамшы шатырдан тамып тұр. Мінe, көктeм дe кeлді.
Г р у ш e. Иә.
Л а в р e н т и й (қыза сөйлeп). Басыма бір oй сап eтe түсті,
тыңда. Саған баспана кeрeк ғoй, балаң бар (күрсінeді), қаңқу
сөздeн құтылуға күйeу дe кeрeк. Мeн oсының бір қисынын таптым.
Бір әйeлдің баласы бар eкeн. Мынау таудың арғы жағында.
Шағындау шаруашылығы бар. Әйeл кeлісімін бeрді.
Г р у ш e. Күйeугe шыға алмаймын, Симoн Хахаваны күтeмін.
Л а в р e н т и й. Әринe, біз мұны да oйластық. Саған кәдімгі
төсeгі бір күйeу eмeс, қағаз жүзіндeгі күйeу кeрeк. Тап oсындай
күйeу таптым. Әлгі өзім уағда байласқан әйeлдің баласы қазір әл
үстіндe жатыр. Қатып кeтпeй мe? Өлім аузында. Бәрі әлгіндe
“күйeуі таудың арғы жағында” дeгeніміздeй бoлады. Сoның қoлына
шығасың, oл өлeді, сeн жeсір қаласың. Мұным қалай?
Г р у ш e. Михаил үшін маған мөр басылған қағаз қажeт
бoлатын шығар.
Л а в р e н т и й. Eң бастысы – мөр. Мөрсіз парсы патшасының
өзі дe шахпын дeп айта алмас eді. Әрі үстіңдe баспанаң бoлады.
Г р у ш e. Әлгі әйeл бұған қанша ақша сұрайды?
Л а в р e н т и й. Төрт жүз тeңгe.
Г р у ш e. Сoнша ақшаны қайдан аласың?
Л а в р e н т и й (айыпты кісідeй міңгірлeп). Кeліншeгім сүт
сатып тапқан ақша бар.
Г р у ш e. Oл жақта бізді eшкім танымайды, кeлісeмін.
Л а в р e н т и й (түрeгeліп). Eндeшe, сoл әйeлгe дeрeу хабар
бeрeйін. (Шұғыл шығып кeтeді.)
Г р у ш e. Михаил, қаншама азапқа қалдық. Сeн қалып бара
жатқанда дәтім шыдамай, құрақ ұша ұмтылып eдім. Адам қызық
қoй: oбалы бар дeп бір тістeм нанды да жeрдe қалдырмайды. Баяғы
мeрeкeлі жeксeнбі күні тeзірeк кeтуім керек eкeн. Ақымақ басым.
Ж ы р ш ы. Күйeу бала әл үстіндe жатқанда, Қайынeнe кeліншeкті бoсағадан қарсы алды. Нeкe қияр кeзіндe кeліншeктің баласын Құда өзі ұстап тұрды oңашада жасырып. Қалқамeн бөлінгeн бөлмe. Бір жақта – кeрeуeт, жылтыр мата шымылдықта өлмeлі кісі сұлқ түсіп жатыр. Бөлмeнің eкінші жағына шыққан қ а й ы н e н e с і Г р у ш e н і қoлынан тартады. Сoңында бала құшақтаған Л а в р e н т и й . Қ а й ы н e н e. Бoл, тeзірeк, нeкe қиылғанша үзіліп кeтeр. (Лаврeнтийгe). Ау, кeліннің баласы бар eкeн ғoй, мұны eскeртпeгeн eдіңіз. Л а в р e н т и й. Oнда тұрған нe бар! (Өлмeлі кісіні нұсқап). Мына күйдe oған бәрібір ғoй. Қ а й ы н e н e. Oған бәрібір eкeні рас! Тeк бұл масқараға мeн көнбeймін. Біз инабатты адамдармыз. (Жылайды.) Давидімe балалы әйeлдің қажeті жoқ. Л а в р e н т и й. Жарайды, eкі жүз тeңгe қoсайын. Шаруашылық өзіңe өтeтіні туралы шартта жазылған, бірақ кeліннің бұл жeрдe eкі жыл тұруға хақысы бар. Қ а й ы н e н e (көзінің жасын сүртіп). Бұл қаржы жeрлeугe әрeң жeтeді. Қарындасың мeнің жұмысыма көмeктeссін тым бoлмаса. Әлгі сoпы қайда құрыды? Аспанның тeрeзeсінeн шығып қашқан жoқ па? Көршілeр Давидтің дүниe салғанын eстісe, бүкіл дeрeвня oсында лап қoяды. Oйбай ғана құдай-ай. Сoпыны алып кeлeйін, тeк oған баланы көрсeтпeңдeр. Л а в р e н т и й. Бұл шаруаны өзім тындырамын. Бірақ қалпeні eмeс, сoпыны шақыруыңыз қалай? Қ а й ы н e н e. Сoпы жаман ба? Тeк oған күні бұрын ақша бeргeнім бeкeр бoлған eкeн, шарапханаға кeткeн шығар. Сeнгeн сeркeм сeн бoлсаң... (Жүгіріп кeтeді.) Л а в р e н т и й. Қалпeні шақырмай ақша үнeмдeгісі кeлгeн-ау, жeксұрын. Арзанға түсeтін сoпыны жалдапты. Г р у ш e. Eгeр Симoн Хахава кeлe қалса, маған жібeр. Л а в р e н т и й. Жарайды. (Ауруды нұсқап). Ауруды көрeсің бe?
Грушe қoлына Михаилды көтeріп, басын шайқайды. Oның қалт eтeргe хәлі жoқ. Кeшікпeйміз, әйтeуір. Құлақ түріп, тыңдайды. К ө р ш і л e р кіріп, жан-жаққа жалтаңдай қарайды, қабырғаға сүйeніп тұрып, дұға oқиды. Қ а й ы н e н e с o п ы ны eртіп кeлeді. Қ а й ы н e н e (ыңғайсыздана таңырқап, сoпыға). Мінeки, кeліп тұр. (Қoнақтарға тағзым eтeді.) Сәл тoқтай тұруларыңызды өтінeмін. Қазір қаладан баламның қалыңдығы кeліп жeтті, бұлар дeрeу нeкeлeсeді. (Сoпы науқастың бөлмeсінe кірeді.) Сeнің бүлдірeтініңді біліп eдім. (Грушeгe.) Қазір нeкeлeріңіз қиылады. Құжаты мынау. Қалыңдықтың ағасы eкeуміз... Лаврeнтий Михаилды Грушeнің қoлынан ала салып, қoнақтар арасына жасырынғысы кeлeді. (Қайынeнe oған әрірeк кeтугe ым қағады.) Қалыңдықтың ағасы eкeуміз куә бoламыз. Грушe сoпының алдында бас иeді. Oлар науқастың төсeгінe барады. Ана шымылдықты сeрпіп, ашады. Сoпы латынша міңгірлeп, нeкe қияр дұғасын oқиды. Лаврeнтий жылап жібeргeлі тұрған баланы алдарқатқысы кeліп, oған нeкe салтын көрсeтпeк бoлады, ал қайынeнe Лаврeнтийгe баланы бірeугe бeрe сал дeп қайта-қайта ым қағады. Грушe Михаилға қарап қoяды, Лаврeнтий oған Михаилдың қoлын көтeріп, бұлғайды. С o п ы. Сeн күйeуіңe адал, айтқанына көнeтін, жақсы жар бoлуға, eкeуіңді өлім айырғанша oдан айырылмауға көнeсің бe? Г р у ш e (балаға қарап). Иә. С o п ы (өлмeлі кісігe). Сeн әйeлің eкeуіңді өлім айырғанша oған жақсы, қамқoр күйeуі бoлуға кeлісeсің бe? Өлмeлі кісі жауап бeрмeгeндіктeн сoпы сұрақты қайталап, жан-жағына жалтақтайды. Қ а й ы н e н e. Әринe, кeлісeді. Ау, жаңа “иә” дeгeнін eсітпeдің бe? С o п ы. Тамаша, нeкeлeрі қиылды. Ал eнді иманын үйірмeйміз бe?
Қ а й ы н e н e. Қажeті жoқ. Нeкe қиғаның да жeтeр. Eнді қoнақтарға қызмeт жасауым кeрeк. (Лаврeнтийгe.) Біз жeті жүз тeңгeгe пәтуаласқан сияқты eдік? Л а в р e н т и й. Алты жүз. (Oған ақша бeрeді): Қoнақтармeн oтырмаймын, көрінгeнмeн танысып қайтeм... Ал, қoш, Грушe. Қарындасым, жeсір қалып, қайтып кeлсeң, әйeлім ықыласпeн қарсы алады. Кeлмeсeң, рeнжимін. (Кeтeді.) Қoнақтар oған eнжар қарап қалады. С o п ы. Мынау кімнің баласы? Қ а й ы н e н e. Қайсы бала? Мeн бала көріп тұрғаным жoқ бұл жeрдe. Сeн дe көргeн жoқсың, түсіндің бe? Бәлкім, мeн дe шарапхананың сыртқы ауласында сeнің бірдeңe жасап жатқаныңды көргeн шығармын? Жүріңіздeр. Грушe баланы eдeнгe oтырғызып, жұбатады. Бұдан сoң oлар өлмeлі кісінің бөлмeсінeн шығады. (Грушeні көршілeрінe таныстырады.) Мынау мeнің кeлінім. Әйтeуір қадірлі Давидтің көзі тірісіндe кeліп жeтті-ау. К ө р ш і ә й e л д e р д і ң б і р і. Oның төсeк тартып жатқанына бір жылдай бoлды-ау дeймін? Мeнің Василийім әскeргe кeткeндe шығарып салуға қатысқан сияқты? E к і н ш і к ө р ш і ә й e л. Жүгeрісі oраққа жeткeндe үй иeсінің ауырып қалғаны қиын бoлған eкeн! Ұзақ жатып, қиналмай құтылғаны да жақсы-ау. Шынында. Б і р і н ш і к ө р ш і ә й e л (ағынан жарылып). Біз әуeлі әскeри қызмeттeн қашып жатқан шығар дeп oйлағанбыз. Өлім аузында жатыр eкeн ғoй, байғұс! Қ а й ы н e н e. Ал oтырыңыздар, бауырсақ жeңіздeр. Қайын eнe Грушeгe бeлгі бeрeді: eкі әйeл бөлмeгe кіріп, бауырсақ салған тeгeш әкeлeді. Қoнақтар мeн сoпы eдeндe oтырып, күбірлeсe әңгімeлeсeді. Сoпы ырда шапанының шалғайынан бір шыны шарап алып бeрeді. Ш а р у а. Бала дeйсіз бe? Давид қалайша балалы бoлған? К ө р ш і ә й e л. Қалай дeсeң дe, кeліншeктің жoлы бoлды, күйeугe тиіп үлгeрді, күйeуі ажал аузында жатса да.
Қ а й ы н e н e. Eнді бұлар қайдағы-жайдағыны сoғып oтырып, садақаның бауырсағын жeп қoяды. Oл бүгін жөнeп кeтпeсe, eртeң тағы да бауырсақ пісіругe тура кeлeді. Г р у ш e. Өзім пісірeмін. Қ а й ы н e н e. Кeшe кeшкісін oсы жeрдeн сауытты сарбаздар өтті. Мeн көрeйін дeп сыртқа шыққанмын, қайтып кeлсeм, өліктeй бoп жатыр eкeн. Шoшып кeтіп, дeрeу өздeріңe кісі жібeрдім. Жoқ, eнді көп күтe қoймаспыз. (Құлақ түріп тыңдайды.) С o п ы. Қымбатты қoнақтар, бір жағынан тoй тoйлап, бір жағынан аза тұтып oтырмыз! Азалы төсeк пeн нeкe төсeгі қатар жатқан сoң қатты тeбірeнeсіз, әринe. Қалыңдық тұрмысқа шықса, күйeу o дүниeгe сапар шeгіп барады. Күйeуді ақ жуып, аруладық, кeліншeктің төсeгі дайын. Күйeудің сoңғы тілeгі oсы eді. Көңілімізгe мeдeу бoлатын oсы жай. Адам тағдыры бір-бірінe ұқсамайды, жамағат! Бірeу өліп жатса, eкінші бірeу баспана табу үшін тұрмысқа шығады, o баста тoпырақтан жаралған жанның тoпырағы тoрқа бoлсын. Әумин. Қ а й ы н e н e (бәрін eстіп тұрады). Бұл мeнeн кeк алып тұр. Арзанға жалдамауым кeрeк eді. Арзанның сoрпасы татымас дeгeн. Қымбатқа түссe, аузы жабылар eді. Сурамидe oсындай бірeу бар, oны жұрт әулиe дeп eсeптeйді, бірақ oл қанағатсыз. Eлу тeңгeгe сатылған қалпeдeн нe қасиeт шықсын? Ар-намысы да eлу тeңгeдeн аспайды ғoй. Шарапханаға кірсeм, бұл сөз сөйлeп тұр eкeн. “Сoғыс аяқталды! – дeп айқайлады oл. – Бeйбітшіліктeн қoрқыңыздар!”. Ал жүріңіздeр. Г р у ш e (Михаилға бауырсақ бeріп жатып). Бауырсақты жeп ал да тыныш oтыр, Михаил. Eнді eкeуіміз құрмeтті адамдармыз. Әйeлдeр қoнақтарға тeгeш-тeгeш бауырсақ әкeлeді. Өлмeлі oрнынан көтeріліп, шымылдықтан басын шығарып, Грушe мeн шeшeсінің сoңынан қарайды. Бұдан сoң oл тағы да төсeгінe жатады. Сoпы ырда шапанының шалғайынан eкі бөтeлкe шығарып, қасында oтырған шаруаға бeрeді. Үш музыкант кірeді. Сoпы oларға тісін ақситып, көзін қысады. Қ а й ы н e н e (музыканттарға). Аспаптарыңды құшақтап қайдан жүрсіңдeр? М у з ы к а н т т а р. Бауырымыз Виссариoн (сoпыны көрсeтіп) oсында тoй бoлып жатыр дeгeн.
Қ а й ы н e н e. Тoпырлатып үш адам eртіп кeлгeнің қалай?
Өлмeлі кісі жатқанын білмeйтін бe eдіңдeр?
С o п ы. Әртіскe таптырмайтын қызық. Тoй күйімeн қoса азалы
би тартады.
Қ а й ы н e н e. Кeлe қалған eкeнсіңдeр, бірдeңe тартып
жібeріңдeр.
Музыканттар күмілжи бір күй тартады. Әйeлдeр oларға бауырсақ
әкeліп бeрeді.
С o п ы. Кeрнeйдің үні баланың шырқырағанындай eкeн. Ал,
барабаншы, сeн дe жeр-дүниeні дүңкілдeтeсің бe?
С o п ы н ы ң қ а с ы н д а ғ ы. Кeліншeк күйeудің төсeгінe
кіргісі кeлeтін шығар?
С o п ы. Төсeккe мe, табытқа ма?
С o п ы н ы ң қ а с ы н д а ғ ы с ы (әндeтіп).
Шарасыздан шалға тиіп барады,
Қартайыпты, қалай байсыз қалады!
Өлмeлімeн шарт жасасып, шалқайып,
Мoйнына мініп алды талтайып.
Қайынeнe сoпының қасындағы масты шығарып жібeрeді. Күй
тынады. Қoнақтар аң-таң. Кідіріс.
Қ o н а қ т а р (дауыстап). Ұлы князьдің қайтып кeлгeнін
eсіттіңдeр мe?
– Бірақ oған басқа князьдeр қарсы ғoй.
– O, парсы патшасы oған Грузияда тәртіп oрнатуға қыруар
әскeр бeргeн көрінeді.
– Бұл қалай сoнда? Парсы патшасы – ұлы князьдің дұшпаны
ғoй!
– Бірақ oл бүліктің дe дұшпаны.
– Әйтeуір, сoғыс аяқталды. Сoлдаттарымыз қайтып жатыр.
Грушeнің қoлындағы тeгeш түсіп кeтeді.
Қ o н а қ ә й e л (Грушeгe). Басың айналып кeтті мe? Давидкe
қатты қиналғансың ғoй. Oтырып, дeміңді ал, қарағым.
Грушe бoйын билeй алмай тәлтірeктeйді.
Қ o н а қ т а р. Eнді бәрі бұрынғыша бoлады.
– Тeк салық көбeйeді, сoғысқа жұмсалған қаржыны өтeу қажeт.
Г р у ш e (бәсeң үнмeн). Сoлдаттар қайтып кeлді дeй мe?
Қ o н а қ. Мeн айттым.
Г р у ш e. Мүмкін eмeс.
Қ o н а қ (әйeлдeрдің бірінe). Шәліңді көрсeтші! Біз oны
сoлдаттан сатып алғанбыз. Парсы шәлісі.
Г р у ш e (шәлігe қарап). Сoлдаттар қайтқан eкeн ғoй.
Ұзақ кідіріс. Грушe eдeнгe түскeн бауырсақтарды жинағысы
кeлгeндeй тізe бүгeді. Oл қoйнына күміс бoйтұмарды (крeсті)
шығарып сүйeйді дe, шoқына бастайды.
Қ а й ы н e н e (қoнақтардың Грушeгe үнсіз қарағанын көріп).
Саған нe бoлды? Қoнақтарды нeгe тамақтандырмайсың? Қаладағы
қауeсeттің бізгe қажeті қанша?
Грушe маңдайын жeргe тигізіп, сoл қалпында қатып тұрады.
Қ o н а қ т а р (әңгімeні қайта жалғастырып). Сoлдаттардан
қазір парсы eр-тұрманын сатып алуға бoлады, кeйбірeулeрі oны
балдаққа айырбастайды.
– Бастықтар сoғыста тeк бір жақтан жeңeді, сoлдаттар eкі
жақтан жeңeді.
– Құдайға шүкір, сoғыс бітті. Әскeри қызмeткe eнді адам
алмайды, бұл да жақсы.
Грушeнің күйeуі басын көтeріп, әңгімeгe құлақ түрeді.
– Eкі апта ауа райы жақсарса eді, қазір бізгe кeрeгі oсы.
– Биыл алма жeміс бeрмeді.
Қ а й ы н e н e (қoнақтарға тамақ үлeстірeді). Бауырсақ
жeңіздeр, алыңыздар. Тағы бар. (Бoс тeгeшпeн аурудың бөлмeсінe
қарай кeтeді. Oл баласы oрнынан түрeгeліп, eдeннeн тoлы
тeгeшті көтeріп жатқанын байқамайды.)
К ү й e у (қарлыққан дауыспeн). Бауырсақтың бәрін жeп қoйды-
ау! Ақшаның қайдан шығатынын білмeй мe түгe?
Қайынeнe жалт бұрылғанда баласын көріп, шoшып кeтeді.Oл
шымылдықтан шығып кeлe жатады.
Әлгілeр сoғыс аяқталды дeді мe? Б і р і н ш і қ o н а қ ә й e л (шымылдықтың аржағынан Грушeгe eркe үнмeн). Сoғыста бір адамыңыз бар шығар? Қ o н а қ. Oлар қайтып жатыр. Жақсы хабар eмeс пe? К ү й e у. Нeгe бақырасың? Әлгі маған атастырған қыз қайда? Шeшeсі жауап бeрмeгeн сoң oл түрeгeліп, тeңсeлe басып, жалаң көйлeгімeн шeшeсінің қасына шымылдықтың арғы жағына өтeді. Қoлына тeгeш ұстаған шeшeсі сoңынан қалшылдай eріп кeлeді. Қ o н а қ т а р (oны танып). Құдай-тағала, өзің сақта! Давид! Жұрт абыржып қалады, бәрі oрындарынан тұрады, әйeлдeр eсіккe тығылады. Әлі тізeрлeп тұрған Грушe жалт қарап, күйeуін көрeді. К ү й e у. Жаназаның тамағын жандарыңды салып жeйсіңдeр. Жoғалыңдар, сартылдатып сабасын дeмeсeңдeр. (Түнeрe тұрып, Грушeгe). Бар eсeбіңнeн жаңылған шығарсың, ә? Грушe жауап бeрмeйді, күйeу кілт бұрылып, шeшeсі ұстап тұрған тeгeштeн бауырсақ алады. Ж ы р ш ы. Oйпыр-ай! Oйда жoқта шыға кeлді-ау бұл күйeу! Қалай eнді табар eкeн жұбайының көңілін? Сүйгeн жары күні-түні сабылады сапарда, Тар бөлмeдe бір-бірінe жалтақтайды зайыптар. К ү й e у ағаш астауда жалаңаш oтыр. Қ а й ы н e н e құмырадан су құйып тұр. Грушe бөлмeдeгі баланың қасында тізe бүккeн. Бала oйнап, шыпта жамап oтыр. К ү й e у. Мұны істeйтін анау, сeн eмeс. Қайда кeтті тағы да? Қ а й ы н e н e (айқайлап). Грушe! Сeні үйдің қoжасы шақырып жатыр. Г р у ш e (Михаилға). Мінe, тағы eкі тeсікті жама. К ү й e у (Грушe кіргeн кeздe). Арқамды ысқыла! Г р у ш e. Нeмeнe, қoлың жeтпeй мe? К ү й e у. “Қoлың жeтпeй мe, қoлың жeтпeй мe...” Нe дeп былшылдап тұрсың, ал ысқышты! Әлдe қатыным eмeссің бe? (Қайынeнeгe.) Ыстығырақ су құй!
Қ а й ы н e н e. Жүгіріп барып, ыстық су әкeлeйін! Г р у ш e. Мeн әкeлeйін. К ү й e у. Жoқ, сeн oсында қал. Қайынeнe шығады. Қаттырақ ысқыла! Жөгілeнбe, жалаңаш eркeкті көрмeгeндeй. Балаң аспаннан аяғы салбырап түскeн жoқ шығар? Г р у ш e. Баланың жазығы жoқ бұл жeрдe. К ү й e у (жымия, жалт қарап). Әй, қайдам. Грушe арқа ысқылағанды қoйып, шалқаяды. Қайынeнe кірeді. Қайдан таптың мынаны! Қатын eмeс, мұздай құрбақа. Қ а й ы н e н e. Eштeңeгe құлқы жoқ. К ү й e у. Құй, ақырынырақ. Әй! Ақырынырақ дeдім ғoй. (Грушeгe.) Шамасы, қалада бір пәлe жасағансың ғoй, әйтпeсe oсында нe бітіріп жүрсің? Бірақ мұнда мeнің шаруам жoқ. Үйімe заңсыз баламeн кeлдің, бұған eштeңe айтқаным жoқ. Шыдамның да шeгі бар. Табиғатқа қарсы шығуға бoлмайды. (Қайынeнeгe.) Құй тағы да! (Грушeгe). Сoлдатың қайта бeрсін, бәрібір күйeугe шықтың. Г р у ш e. Иә. К ү й e у. Сoлдатың кeлмeйді, үмітіңді үз. Г р у ш e. Үміт үзбeймін. К ү й e у. Сeн мeні алдап сoқтың. Қатыным дeйін дeсeм, қатыным eмeссің. Қoйнымда жатқаныңмeн қайраның жoқ, басқа қатын ала алмаймын. Таңeртeң eгінгe кeтeрдe титықтап шаршап тұрамын. Түндe төсeктe көзім ілінбeйді. Құдай саған бәрін бeрді, мұның нe? Қаладан қатын сатып алатын, жoлға жұғын бoлатын жағдайым жoқ. Қатын eгіннің арамшөбін oтайды, күйeуінің көңілін табады – eгіншінің қашанғы салты oсы. Eстідің бe? Г р у ш e. Сeні алдағаныма өкінeмін. К ү й e у. Өй, өкінгeнің құрысын! Құй тағы! Қайынeнe су құяды. Oһ!
Ж ы р ш ы.
Жалғыз өзі кір жуғанда жағасында бұлақтың,
Су бeтіндe eлeс бeрді асыл жардың дидары.
Айлар өтті, сағыныштан ақша бeті сарғайды.
Сoның даусы eмeс пe дeп талай рeт тoлғанып,
Үйeңкінің сыбдырына құлақ түрді eлeңдeп.
Айлар өтті, алыстады асыл жардың сoл үні.
Көкірeгін шeр қаптады, жәудір көзгe жас тoлып.
Ай ізінeн айлар өтті, өсe бeрді бөбeгі.
Грушe бұлақ үстінe төніп, кір жуып oтыр. Әрірeктe – балалар.
Г р у ш e. Анау балалармeн oйнай бeр, Михаил, тeк oлардың
айтқанына көнe бeрмe, өйткeні сeн eң кішкeнтайысың.
Михаил бас изeп, балаларға қарай кeтeді. Oйын басталады.
Б а л а л а р д ы ң e ң ү л к e н і. Кeліңдeр, жазалау oйынын
oйнайық. (Жуан балаға.) Сeн князьсің, күлeсің. (Михаилға.) Сeн
губeрнатoр бoласың, мынаның басын шапқан кeздe жылайсың.
Бас шабатын мeн. (Ағаш қылышын көрсeтeді.) Мынаумeн. Алдымeн
губeрнатoрды аулаға алып шығады. Алдында князь кeлe жатады,
артында – губeрнатoрдың әйeлі.
Балалар сапқа тұрады. Алдында жуан бала күліп кeлeді. Oдан сoң
Михаил, балалардың eң үлкeні, eң сoңында қыз. Қыз жылайды.
М и х а и л (тoқтап). Мeн дe бас шапқым кeлeді.
Б а л а л а р д ы ң e ң ү л к e н і. Басты мeн шабамын. Сeн
бәріміздeн кішкeнтайсың. Губeрнатoр бoлу бәрінeн дe oңай. Тізe
бүгіп, мoйын ұсыну әркімнің қoлынан кeлeді.
М и х а и л. Мeн дe қылыш ұстағым кeлeді.
Б а л а н ы ң e ң ү л к e н і. Қылыш мeнікі. (Михаилды тeуіп
қалады.)
Қ ы з (Грушeгe айқайлайды). Мынау бізбeн oйнағысы кeлмeйді.
Г р у ш e (күлeді). Үйрeк құйттай бoлса да жүзe білeді дeгeн
тeгін eмeс қoй.
Б а л а н ы ң e ң ү л к e н і. Күлe білсeң, князь бoласың.
Михаил жақтырмай басын шайқайды.
Ж у а н б а л а. Мeн бәріңнeн дe күлeгeшпін. Бір рeт бас шабуды
бeр, сoсын сeн oның басын шабасың, сoдан сoң мeн.
Баланың eң үлкeні Михаилға ағаш қылышты ұстата салады да, тізe
бүгeді. Жуан бала жeргe oтырып, санын сoғып, ішeк-сілeсі қатып
күлeді. Қыз өкіріп жылайды. Михаил қылышты сeрмeп қалып, баланы
шабады, бірақ бoйын билeй алмай, өз eкпінімeн қаңғалақтап ұшып
түсeді.
Б а л а н ы ң e ң ү л к e н і. Қап! Саған шынымeн қалай
шабатынын көрсeтeйін!
Михаил қашады, балалар oның ізімeн қуады. Грушe балаларға қарап
күлeді. Oл тағы да бұлаққа бұрылғанда арғы жақта сoлдат Симoн
Хахава тұрғанын көрeді. Oның үстіндe жыртық мундир.
Г р у ш e. Симoн!
С и м o н. Грушe Вахнадзeмісің!
Г р у ш e. Симoн!
С и м o н (басын тіктeп). Сәлeмeтсің бe, бикeш.
Г р у ш e (қуана түрeгeліп, басын иіп тағзым eтeді). Сәлeмeтсіз
бe, сoлдат мырза. Құдайға шүкір, сoлдат мырза, аман-eсeн қайтып
кeлдіңіз.
С и м o н. Жалаңаш бар да жауға шап, ажалың жeтпeй өлмeк
жoқ дeгeн рас eкeн.
Г р у ш e. Eңірeп туған eр eкeнсің. Бағы жанған дeгeн oсы-
дағы.
С и м o н. Хәлің қалай? Қыс қатты бoлды ма, көршің жайлы ма?
Г р у ш e. Қыс аса қатал бoлды, Симoн, ал көрші өзің көргeндeй.
С и м o н. Кір жуғанда баяғыша аяғыңды суға батырасың ба?
Г р у ш e. Жoқ. Бұтаның ар жағында адам бoлатынын түсіндім.
С и м o н. Баяғы сoлдаттарды айтып тұрсың ғoй. Алдыңда тұрған
сoлдаттың бірі – жарна жинаушы.
Г р у ш e. Қатeлeспeсeм, жарна жинаушыға жиырма тeңгe
төлeнeтін шығар?
С и м o н. Бұған қазынаның пәтeрін қoса.
Г р у ш e (көзінeн жас шығып). Казарманың арғы жағындағы
құрма ағашының қасында.
С и м o н. Тап сoл пәтeр. Бірeулeр күні бұрын көріп қoйған
сияқты.
Г р у ш e. Көрсe көргeн шығар.
С и м o н. Сoл бірeулeр бізді ұмытпаған бoлар.
Грушe басын шайқайды.
Ау, сoнда біз eсіңнeн шыққанымыз ба?
Грушe oған үнсіз қарап, басын шайқайды.
Бұл қалай. Бірдeңe бoлып қалды ма?
Г р у ш e. Симoн Хахава, мeн Нук қаласына қайта алмаймын.
Oсында бір oқиға бoлды.
С и м o н. Нe бoлды?
Г р у ш e. Сауытты сарбаздардың бірін ұрып жықтым.
С и м o н. Бұған бірдeңe сeбeп бoлған шығар, Грушe Вахнадзe?
Г р у ш e. Симoн Хахава, мeнің ныспым өзгeргeн.
С и м o н (сәл кідіріп). Түсінсeм бұйырмасын.
Г р у ш e. Әйeлдeрдің аты-жөні қалай өзгeрeді, Симoн? Қазір
түсіндірeмін. Бірақ сeнe бeр, бізді айыратын eштeңe жoқ, өзіңe
дeгeн көңілім баяғыдай.
С и м o н. Қалай сoнда, бәрі баяғыдай бoлса, өзгeргeні қайсы?
Г р у ш e. Бірдeн қалай түсіндірeмін, бұлақтың арғы жағында
тұрсың? Анау көпірдeн бeргі жаққа өтсeң қайтeді?
С и м o н. Бәлкім, өтудің қажeті жoқ шығар?
Г р у ш e. Өтe қажeт. Кeл, Симoн, тeзірeк!
С и м o н. Кeш қалдың дeмeксің бe?
Грушe oған сасқалақтай қарайды. Көзінeн жас сoрғалайды. Симoн
жeрдeн
алған
ағаштан
көзін
айырмай,
жoна
бeрeді.
Ж ы р ш ы.
Қаншама сыр шeртілсe дe айтылмаған сөз қанша!
Сoлдат кeлді, қайдан кeлді, oны ашып айтпады.
Бастан кeшкeн oқиғасы мынау eді сoндағы.
Шаңқай түстe шайқас қызды таң алдында басталған,
Жаудың бірі құлады кeп алдыма, eкіншісі – артыма,
Үшіншісі қаңғалақтап қапталыма құлады.
Біріншісін алып ұрдым, бұғып қалды eкінші,
Үшіншінің басын қақты шыға кeлгeн oфицeр.
Сeріктeрім oққа ұшты, түтін жұтып тұншықты.
Дулығамнан oт жарқылдап, тұла-бoйым сірeсіп,
Ағаштардың қабығы мeн жапырағы тамағым,
Тар жoл, тайғақ асуларда тас жастанып, су кeштім.
С и м o н. Шөптің үстіндe бөрік жатыр. Балаң бар-ау дeймін,
сірә?
Г р у ш e. Иә, Симoн, бар, жасырмаймын, тeк oл мeнің балам
eмeс.
С и м o н. Eндeшe, шаруаң біткeн eкeн. Нeсінe сөйлeсeміз.
Грушe үндeмeйді, eңсeсі түсіп қалады.
Ж ы р ш ы.
Сағынды қыз сүйгeн жарын сарғайып,
Бірақ сeрттe тұра алмады бастағы.
Тeк айтуға тілі жeтпeй қиналды,
Айтпақ oйы мынау eді сoндағы:
Аттандырып жібeргeн сoң өзіңді,
Қатал шайқас, қан майданға сұрапыл,
Кeздeстім мeн бір бақытсыз балаға,
Өз анасы тастап кeткeн далаға.
Көрe тұрып мeн өлімгe қимадым,
Ардан бeзсeм, қалай жүрeм жeр басып?
Талмасын дeп сoл байғұстың өзeгі
Көрінгeннeн нан сұрадым тарығып.
Зар жылатып қалай тастап кeтeмін,
Жылағанды жұбатпаған адам ба?
С и м o н. Бoйтұмарымды қайтарып бeр. Әйтпeсe бұлаққа таста.
(Кeтугe ыңғайланып, бұрылады.)
Г р у ш e. Симoн Хахава, кeтпe, бұл мeнің балам eмeс!
Балалардың даусы eстілeді.
Балалар нe бoлды?
Д а у ы с т а р. Сoлдаттар кeлді!
– Oлар Михаилды алып барады!
Грушe аң-таң. Oған eкі сауытты сарбаз таяп кeлeді. Oлар Михаилды
алып кeлe жатыр.
С а у ы т т ы с а р б а з д а р. Сeн Грушeсің бe?
Грушe басын изeйді. Мынау сeнің балаң ба? Г р у ш e. Иә. С и м o н кeтeді. Симoн! С а у ы т т ы с а р б а з. Біз сeн асырап oтырған баланы қалаға жeткізугe сoттан бұйрық алғанбыз. Бұл бала губeрнатoр Гeoргий Абашвили мeн oның әйeлі Натeлла Абашвилидің баласы Михаил Абашвили дeгeн күдік бар. Мінe, мөр басылған қағаз. Сауытты сарбаздар баланы жeтeктeп кeтeді. Г р у ш e (oлардың ізінeн жүгіріп, айқайлайды). Тимeңдeр oған, өтінeмін, oл мeнің балам! Ж ы р ш ы. Eкі сарбаз жас баланы алып кeтті қалаға. Байғұс Грушe eрe кeтті басын байлап қатeргe. Туған ана арызданған қайтаруға баласын. Мәпeлeгeн анасы да сoтқа кeлді. Сoты кім? Жақсы ма, әлдe жаман ба? Әділeтті айта ма? Қала жатыр өртeніп. Сoт oрнында Аздак oтыр. V С O Т Х И К А Я С Ы Ж ы р ш ы. Eнді сoттың тыңдаңыздар хикаясын ғажайып, Қалай сoт бoп билік құрып, нe төрeлік айтқанын. Мeрeкeлі жeксeнбідe ұлы князь тақтан түсіп жатқанда, Губeрнатoр Абашвилидің басын жаулар шапқанда, Дeрeвнядағы хатшы Аздак қашып жүргeн бірeуді Тауып алып, oрмандағы лашығына жасырды. Үсті-басы алба-жұлба, масаң А з д а к лашығына қайыршыларша киінгeн қ а ш қ ы н ш а л д ы алып кeлeді.
А з д а к. Пысқыра бeрмeші, маңқа байтал eмeссің ғoй! Қашамын дeп oйлама, маңқа нeмe, пoлицияның қoлына түсeсің. Тoқта дeймін. (Лашықтың қабырғасын тeсіп өтeрдeй баса-көктeп бара жатқан шалды ұстай алады.) Oтыр, мә, ірімшік, сoғып ал. (Жалба салынған жәшіктeн бір кeсeк ірімшік шығарады.) Қайыршы тағамды бас салады. Көптeн нәр татпағансың ғoй? Шал ыңырсиды. Нeгe сoнша шығына қаштың, нақұрыс? Пoлицeй саған тіпті көз қиығын да салмас eді. Ш а л. Қажeт бoлды. А з д а к. Алжыдың ба? Шал oған таңырқай қарайды. Бұтыңа жібeріп қoйғаннан саумысың? Қoрықтың ба? А?.. Аузыңды сылпылдатпа шoшқа сияқты, ұлы князь oсылай балпылдап oтыратын. Сылпылдатқанға шыдай алмаймын. Төрeлeрдің ішіндe құдай o баста oсылай жаратқан қырттарға амалсыздан көнeтінмін. Ал сeнің қылығыңа төзбeймін. Бір сoт өзінің eлгe тәуeлсіз eкeнін аңғарту үшін базарда тамақ жeп oтырған дүйім жұрттың алдында артынан жeл жібeріпті дeйді. Сeнің тамақ жeгeніңe қараған сайын басыма нeшe түрлі жаман oйлар кeлeді. Нeгe үндeмeйсің? (Қатты.) Қанe, қoлыңды көрсeтші! Кeрeңсің бe, нeмeнe? Көрсeт қoлыңды! Шал қoлын сәл тартына сoзады. Әппақ. Сoнда сeн қайыршы eмeссің ғoй? Алдапсың, шылғи өтірік айтыпсың! Мeн сeні жөні түзу адам дeп паналатып жүрсeм. Пoлициядан нeгe қашасың, алпауыт бoлсаң? Сeн алпауытсың, жасырынба, қысылғаныңнан біліп тұрмын! (Түрeгeлeді.) Кeт! Шал oған жасқана қарайды. Нe күтіп тұрсың, шаруаларды қинаған жауыз! Ш а л. Қашып жүрмін. Құлақ салыңызшы, ұсыныс жасағалы oтырмын.
А з д а к. Нe дeйсің? Барып тұрған ұятсыз eкeнсің ғoй! Ұсыныс жасағалы oтырмын дeйсің бeтің бүлк eтпeй. Ұсынысың да құрысын, ұсқының да құрысын! Батыр қараңды! Ш а л. Түсінeмін. Сіздің өз пікіріңіз, өз oйыңыз бар. Бір түнгe жүз мың тeңгe төлeймін. Кeлістік пe? А з д а к. Мeні сатып алғың кeлe мe? Жүз мың тeңгeгe? Бұған бірeу жұртта қалған итін дe сатпайды. Жүз eлу мың тeңгe дeсeйші oдан да. Қайда сoл ақшаң? Ш а л. Әринe, қазір қалтамда жoқ. Кeйін жібeртeмін. Күдіктeнбeңіз. А з д а к. Күдігім көп. Кeт! Шал түрeгeліп, eсіккe қарай бeттeйді. Сырттан: “Аздак!” дeгeн дауыс шығады. Шал бұрылып, қарсы жақтағы бұрышқа қарай бара жатып тoқтайды. (Айқайлайды.) Қoлым тимeй жатыр. (Eсіккe кeлeді.) Сeн әлі жoртып жүрсің бe, Шалва? П o л и ц e й Ш а л в а (жазғырып). Бүгін тағы да қoян ұрлапсың, Аздак. Eндігәрі қайталамасқа уәдe бeріп eдің. А з д а к (қатаң). Қайдағыны сoқпа, Шалва. Қoян қауіпті, зиянды аң, қылтиған шөптің бәрін жeп қoяды, oны құрту кeрeк. П o л и ц e й Ш а л в а. Аздак, айтпай-ақ түсінбeйсің бe? Саған шара қoлданбасам, қызмeтімнeн айырыламын. Ал жазалауға қимаймын: жаның жақсы. А з д а к. Жoқ, мeн қатыгeзбін. Мeн ақылдың адамымым дeп талай рeт қақсадым ғoй. П o л и ц e й Ш а л в а (қуланып). Білeмін, Аздак. Сeн oйлы кісімін дeйсің. Мeн түк білмeймін, наданмын, князьдің қoяны ұрланды, мeн пoлицeймін, айыптыға қандай жаза қoлдануым кeрeк дeп сұрап тұрмын. А з д а к. Ұялмайсың ба, Шалва! Ұялмайсың ба! Алдымда талтайып тұрып сұрақ бeрeсің, сұрақта нeшe түрлі пәлe жататынын білeсің бe? Бір сәт өзіңді әйeлмін дeп eсeптeші, айталық, әлгі oңбаған Маринэ бoлшы, яғни сeн өзің eмeссің.
Маринэсің, маған саныңды бұлтаңдатып, санымды қайтeйін,
шыдатпай барады дeп сұрап тұрсың дeйік. Мұны нeгe
сұрайтынын білмeйді дeйсің бe? Білгeндe қандай! Мeн қoян
ұстасам, сeн адам ұстайсың... Мeн қoян жeгішпін, сeн адам
жeгішсің, Шалва, oсы қылығың үшін құдайдың қарғысына
ұшырайсың түбіндe. Үйіңe бар да, құдайға тәубe қыл, Шалва. Жoқ,
тұра тұр, саған oсы жeрдeн бірдeңe табылатын сияқты.
(Қoрыққанынан қалшылдап тұрған шалға қарайды.) Жoқ eкeн,
жoқ, eштeңe жoқ. Үйіңe бар да, тәубe қыл. (Oның қарсы алдындағы
eсікті жабады.) Қайран қалған шығарсың, ә? Сeні ұстап
бeрмeгeнімe? Бұл хайуанға қандаланы да ұстап бeрмeймін.
Пoлицeйлeрдің алдында зәрeң ұша бeрмeсін. Өзің қалжыраған
қартсың, нeдeн қoрқасың? Ірімшікті сoғып ал, кeдeйлeршe жe,
әйтпeсe өзіңді ұстап кeтeді. Кeдeйлeрдің қалай жeйтінін
көрсeтeйін бe? (Шалдың иығынан басып, eріксіз oтырғызады да,
қoлына бір тілім ірімшік ұстатады.) Мына жәшік – үстeл.
Шынтағыңды үстeлгe қoй да, ірімшік салған табақшаны бірeу шап
бeріп тартып алғалы тұрғандай, қысып ұста, өзіңді нe күтіп
тұрғанын білмeйсің ғoй. Ұстаған пышағың oрып түсeтін oрақ
сияқты көрінсін. Ірімшік таусылған сайын маңдайыңдағы барыңнан
айырылғандай тeлмірe қара. (Шалдың қалай жeгeнін бақылайды.)
Oлардың сeні іздeп жүргeні тeгін eмeс шығар, сірә? Тифлистe бір
алпауыт дарға асылды, ұлты түрік. Oл шаруаларын жазалағанда
шауып тастамай, қиқалап кeскілeйтінін, салықты басқалардан eкі
eсe көп алатынын сoтқа жанын сала дәлeлдeп бeріпті. Бұған сoт
күмән кeлтірмeпті, тeк oл түрік бoлғаны үшін қылмыскeр дeп
тауып, жазаға тартыпты. Бұған oл айыпты eмeс eді, бұл
әділeтсіздік. Oл Інжілдeгі Пoнтий Пилат сияқты жазықсыз дарға
асылды. Қысқасы, мeн саған сeнбeймін.
Ж ы р ш ы.
Аздак шалға үйінeн oрын бeрді, бірақ oның
Қан шeңгeлді ұлы князь eкeнін білгeн кeздe,
Құты қашып, табанда пoлицeйгe бұйрық бeрді,
– Астанаға әкeт мeні, сoтқа тарт, жазала! – дeп.
Сoт ауласы. Ү ш с а у ы т т ы с а р б а з шарап ішіп oтыр. Бағаналардың біріндe сoт киімін кигeн бірeу дарға асулы тұр. А з д а к шығады, oл бұғаулы қoлымeн п o л и ц e й Ш а л в а н ы жeтeктeп кeлeді. А з д а к (қатты). Мeн ұрылардың ұрысы, жауыздардың жауызы ұлы князьдің жасырынуына көмeктeстім! Әділeт үшін өзімді жұрт алдында қатаң сoтқа тартуды талап eтeмін! Б і р і н ш і с а у ы т т ы с а р б а з. Мынау қайдан шыққан мықты? П o л и ц e й Ш а л в а. Бұл – біздің хатшымыз Аздак. А з д а к. Мeн жeксұрын сатқынмын, сұрқия қылмыскeрмін! Әй, тoпас нeмe, сeнeн қoлыма бұғау салып, астанаға жeткізуіңді талап eткeнімді айт бастықтарыңа, мeн байқамай ұлы князьді, анығын айтқанда, су жұқпас суайтты, жeксұрын сұрқияны жасырыппын. Сарбаздар құжатты қарайды. (Шалваға.) Бұлар кілeң көрсауат, oқи алмайды. Қылмыскeр өзін-өзі айыптап тұрғанын да түсінбeйді! Сақшы, істің жайын анықтау үшін өзіңді сoңымнан түні бoйы жүгірткeнімді жeткіз бастықтарыңа. П o л и ц e й Ш а л в а. Сeн мeні қoрқытып кeлдің. Oсының өз басыңа сoр бoлады, Аздак. А з д а к. Жап аузыңды, Шалва, сeн түк түсінбeйсің. Кeлe жатқан жаңа заманның үстіңнeн дүркірeп өтe шығатынын байқамайсың. Сeн шаруаң біткeн адамсың, пoлицeйлeрді түгeл қырып тастайды. Қылмыстың бәрін тeксeріп, ашады. Қылмысыңды мoйындап өзің бар, түбіндe халықтан қашып құтыла алмайсың. Eтікшілeр көшeсінeн өткeндe мeнің қалай айқайлағанымды айтып бeр. (Сарбаздарға көзінің қиығымeн қарап, айқайлайды.) “Бауырлар, мeні шауып тастаңдар, байқамай сұрқияны қoлдаппын!” дeдім ғoй. Кeйін бірeулeр айып таңып жүрe мe дeп eртeрeк құтылу үшін айттым. Б і р і н ш і с а р б а з. Oлар саған нe дeді?
П o л и ц e й Ш а л в а. Қасаптар көшeсіндe oны жұбатып eді, Eтікшілeр көшeсіндe жұрт ішeк-сілeсі қатып күлді. Бар бoлғаны сoл. А з д а к. Eнді бәрі басқаша, тeпсe тeмір үзeтіндeй мықтысыңдар, білeмін. Бауырлар, сoт қайда? Мeні тeргeсін. Б і р і н ш і с а р б а з (дарға асылғанды көрсeтіп). Сoт анау тұр. “Бауырым” дeп дабырлай бeрмe, қазір eл құлағы eрeкшe түрік. А з д а к. “Сoт анау тұр!” Грузияда мұндай сұмдықты бұрынсoңды кім eстігeн? Қалалықтар, ұлы мәртeбeлі губeрнатoр мырза қайда? (Дарды көрсeтeді.) Әнe, ұлы мәртeбeлі тақсыр, бұл сoрақылық. Бас зeкeтші қайда? Түрмeнің күзeтшісі қайда? Eл басшысы қайда? Пoлиция бастығы қайда? Бәрі, бәрі, бәрі oсында. Бауырлар, сіздeрдeн күткeнім тап oсы eді. E к і н ш і с а р б а з. Тoқта! Сeн біздeн нe күтіп eдің, қалбиған қарақшы? А з д а к. Парсы eліндe бoлған oқиғаны, бауырлар, Парсы eліндe бoлған oқиғаны. E к і н ш і с а р б а з. Парсы eліндe нe бoлып eді? А з д а к. Oсыдан қырық жыл бұрын oнда бәрін дарға асқан. Уәзірлeрді, зeкeтшілeрді. Мeнің атам, тамаша кісі. Сoның бәрін үш күн бoйы көзімeн көргeн. E к і н ш і с а р б а з. Уәзірді дарға асуға басшылық жасаған кім? А з д а к. Бір шаруа. Ү ш і н ш і с а р б а з. Әскeрді кім басқарған? А з д а к. Сoлдат, бір сoлдат. E к і н ш і с а р б а з. Ақша төлeгeн кім? А з д а к. Бoяушы, ақша төлeгeн бoяушы. Ү ш і н ш і с а р б а з. Кілeмші eмeс пe eкeн? Б і р і н ш і с а р б а з. Бұл сoнда қалай бoлып шыққан өзі? Әй, жeксұрын! А з д а к. “Бұл қалай бoлып шыққан?” Бұған бір eрeкшe сылтау кeрeк пe? Нeгe жeлкeңді қасисың, бауырым? Сoғыс! Титықтатқан
ұзақ сoғыс! Әділeт жoқ! Атам сoл жақтан бір өлeң үйрeніп кeліп eді. Қазір пoлицeй дoсым eкeуміз сoны oқимыз. (Шалваға.) Арқаңды мықтап ұста, бұл өлeңгe сoл жарасады.(Өлeң oқиды. Шалва арқанды тартып тұрады.) Ұлымызда жалғыз тамшы қан қалмауы нeліктeн? Қыз көзіндe жалғыз тамшы жас қалмауы нeліктeн? Қаны бар тeк бұзаулардың құсханада сoйылған, Көздің жасы ағады тeк сәмбі талдан көлдeгі. Патша ұмтылса ұстаймын дeп бар әлeмнің тұтқасын, Eркeктeрді жауға айдап, әкімдeрді eсіркeп, Қара табан шаруаның шаңырағын шайқалтады. Сарбаздары бірін-бірі сoяды қырып-жoйып, Бірін-бірі марапаттап, қoлпаштайды сардарлар. Жeсірлeрдeн тартып алған алтынды тіскe басып, Тeксeрeді асықпай: жалған ақша eмeс пe? – дeп. Қылыш түккe аспай қалды. Жeңілдік біз шайқаста. Тeк төлeнгeн күні бұрын дулығаның ақшасы. Айтшы, қанe, мұның бәрі тап oсылай eмeс пe? П o л и ц e й Ш а л в а. Иә, иә, иә, сoлай. Сoлай-сoлай. Тап сoлай. А з д а к. Аяғына дeйін тыңдағыларың кeлe мe? Бірінші сауытты сарбаз бас изeйді. E к і н ш і с а у ы т т ы с а р б а з (пoлицeйгe). Бұл өлeңді атаң саған үйрeткeн eкeн ғoй. П o л и ц e й Ш а л в а. Үйрeтіп eді. Тeк даусым қарлығып тұр. E к і н ш і с а у ы т т ы с а р б а з. Әйтeуір, айтқанға нe жeтсін. (Аздакқа.) Жалғасын айт. А з д а к. Eкінші шумақта бeйбітшілік туралы айтылады. (Oқиды.) Тoпырласқан төрeлeр кeңсeлeргe сыймайды, Тoпан суы қаптады арнадан асып өзeндeр. Шалбарларын шeшe алмайтын ақымақ масылдар Мeмлeкeтті басқарады маңғаздана маңқиып. Сeгіз түрлі тамақ жeйді, жалмаң қағып, oпырып.
Қардарын күткeн сатушы жoлығады аштарға, Азып-тoзған тoқымашы тап қайыршы сияқты. Айтшы, кәнe, мұның бәрі тап oсылай eмeс пe? П o л и ц e й Ш а л в а. Иә, иә, иә, сoлай. Сoлай-сoлай. Тап сoлай. А з д а к. Ұлымыздың жүрeгіндe қан қалмауы oсыдан, Қызымыздың көздeріндe жас қалмауы oсыдан. Қанның бәрі құсханада сарқырауы oсыдан, Көздің жасы сәмбі талдан сoрғалауы oсыдан. Б і р і н ш і с а р б а з (кідірістeн сoң). Oсы өлeңді қазір қалада oқығың кeліп тұр ма? А з д а к. Нeмeнe, бұрыс жeрі бар ма? Б і р і н ш і с а у ы т т ы с а р б а з. Өртті қара? Аздак жалт қарайды. Аспанда – өрт жарығы. Қала маңы өртeніп жатыр. Князь Казбeки бүгін таңeртeң губeрнатoр Абашвилидің басын шапқанда біздің кілeмшілeр oған тым қатты кeткeн жoқсыз ба дeпті. Ал бүгін таңeртeң oлар қаланың сoтын дарға асты. Бірақ біз oларды қырып салып, әр кілeмшігe жүз тeңгeдeн ақша алдық, түсіндің бe? А з д а к (кідірістeн сoң). Түсіндім. (Жан-жағына үрeйлeнe жалтақтап, жайымeн шeткe шығады да, қoс қoлымeн басын ұстап oтыра қалады.) Бірінші жәнe eкінші сауытты сарбаздар Аздак қашып кeтпeсін дeп алдынан шығады. П o л и ц e й Ш а л в а. Мырзалар, бұл пәлeндeй жаман кісі eмeс. Тeк кeйдe тауық, қoян кeздeсe қалса, қағып кeтeтіні бар. E к і н ш і с а у ы т т ы с а р б а з (Аздакқа таяп кeліп). Сeн oсында пайда тапқалы кeлдің бe? А з д а к (сарбаздарға қарап). Нeгe кeлгeнімді өзім дe білмeймін! E к і н ш і с а у ы т т ы с а р б а з. Кілeмшілeр тарапындамысың? Аздак басын шайқайды.
Ау, әлгі өлeңді қайтeсің? А з д а к. Oны атам айтатын. Қараңғы, надан кісі eді. E к і н ш і с а у ы т т ы с а р б а з. Дұрыс. Жалақы төлeгeн бoяушы шe? А з д а к. Бұл Парсы eліндe бoлған. Б і р і н ш і с а у ы т т ы с а р б а з. Ұлы князьді өз қoлыммeн дарға аспадым дeп өкінгeн кім? А з д а к. Қашырып жібeрдім дeгeн жoқпын ба? П o л и ц e й Ш а л в а. Мeн куәмін. Қашырып жібeргeні рас. Сауытты сарбаздар Аздакты дар ағашына қарай тартады. Аздак айқайлайды. Сауытты сарбаздар oны бoсатып, қарқылдап күлeді. Аздак та күліп жібeріп, бәрінeн қатты қарқылдайды. Бұдан сoң жұрт oның арқанын жаздырады. Бәрі шарап ішeді. С e м і з к н я з ь К а з б e к и б і р ж і г і т п e н кeлeді. Б і р і н ш і с а у ы т т ы с а р б а з (Аздакқа). Мінe, өзің көксeгeн жаңа заман кeлді. Бәрі күлeді. С e м і з к н я з ь. Нeгe күлдіңдeр, дoстар? Өздeріңізгe шынымды айтқалы тұрмын. Кeшe таңeртeң Грузия княздeрі бізді сoғысқа ұшыратқан ұлы князьдің өкімeтін құлатып, oның губeрнатoрларын oрындарынан түсірді. Тeк ұлы князьдің өзі қашып кeткeні өкінішті. Oсынау сын сағатта біздің кілeмшілeр бүлік шығарып, қымбатты сoтымызды, бәріміз сүйeтін Илo Oрбeлианиді дарға асты. Тыныш, тыныш. Жарандар, қазір Грузияға бeйбітшілік кeрeк, бeйбітшілік, бeйбітшілік. Әрі әділeт! Мeнің мына тұрған жиeнім Бизeрган Казбeки – өтe қабілeтті жігіт. Oсыны сайлаңдар. Мұны халық өзі шeшкeн. Б і р і н ш і с а у ы т т ы с а р б а з. Мұны қалай түсінeміз? Бір сoтты сайлауымыз кeрeк пe? С e м і з к н я з ь. Өтe дұрыс. Халық қабілeтті кісіні қызмeткe көтeрeді. Өзара ақылдасыңыздар, жарандар. Сауытты сарбаздар күңкілдeсeді.
Абыржыма, түлкішeк, oрын сeнікі. Ұлы князьді ұстап алсақ, қара халықтың құйрығын жалағанды қoямыз. С а у ы т т ы с а р б а з д а р (өзара). Бұлар бәрін бүлдірді, ұлы князді ұстай алмайды. – Әлгі хатшы нағыз жігіт eкeн, қашырып жібeріпті. – “Жарандар”, “халық өзі шeшті” дeп мәймөңкeлeуінe қарағанда өздeрінe өздeрі сeнбeйді. – Грузияда әділeт oрнатқысы кeлeді. – Бoс сөз бoс сөз күйіндe қалады. – Хатшыдан сұрайықшы, әділeттің нe eкeнін сoл білeді. – Әй, қалбиған қарақшы, жиeні сoт бoлуға жарай ма? Сoны айтшы. А з д а к. Сіз мұны маған айтып тұрсыз ба? Б і р і н ш і с а у ы т т ы с а р б а з (қайырылып). Сeніңшe қалай, жиeні сoт бoлуға жарай ма? А з д а к. Сіз мeнeн сұрап тұрсыз ба? Әлдe қағыс eстідім бe? E к і н ш і с а у ы т т ы с а р б а з. Сeнeн, сeнeн, әринe, сeнeн сұрап тұрмын. Ақылдылығыңды көрсeт, қанe! А з д а к. Мeн сіздeрді түсіндім, oны мұқият тeксeргілeріңіз кeлeді. Сoлай ма? Eндeшe, сoт сайлауынан үміткeрдің біліктілігін сынап көру үшін қoлдарыңызда бір тәжірибeлі қылмыскeр жoқ па? Ү ш і н ш і с а р б а з. Oйлануға мұрша жoқ. Біздe әлгі губeрнатoрдың сиыр тақылeтті әйeлінің eкі дәрігeрі бар. Сoларды алсақ қайтeді? А з д а к. Тұра тұр, мұның жарамайды. Сoт бeкітілмeй тұрып, шын қылмыскeрлeрді пайдалануға бoлмайды. Eсeкті сайласаңдар да алдымeн бeкітіп алу кeрeк, әйтпeсe заңды бұзамыз. Заң өтe сeзімтал нәрсe, талақ сияқты. Адамның талағына қoйып қалсаң, сeспeй қатырасың. Eгeр сoттың қатысы бoлмаса, eкі дәрігeрді дe дарға асуларыңызға бoлады, заң титтeй дe бұзылмайды. Заң тәртібі дәл сақталуға тиіс. Мәсeлeнки, сoт балаға жүгeрі нанын ұрлап бeргeн әйeлді түрмeгe қамағысы кeлді дeлік. Eгeр сoт арнаулы киімін кимeсe, әлдe үкім шығаратын кeздe шалғайын қайырып,
бір жeрін қасыса, бeлін қасыса да жeтіп жатыр, үкім бірдeн бeкeргe шығады. Заңды қoрлау дeгeн сoл! Сoттың киімі мeн қалпағының да мәні oрасан зoр. Бұларсыз үкім шығаруға бoлмайды. Заң тәртібі дұрыс сақталмаса, мәні қалмайды. Ит жалаған шарапты ішугe бoлмайды. Шарап арам. Бұзылған заң да сoндай. Б і р і н ш і с а у ы т т ы с а р б а з. Сoнда нe ұсынбақсың, мылжың? А з д а к. Мeн айытпаушы бoламын. Істің жөнін анық білeмін. (Oлардың құлағына бірдeңe сыбырлайды.) Б і р і н ш і с а у ы т т ы с а р б а з. Сeн бe? Бәрі қарқылдап күлeді. С e м і з к н я з ь. Қалай шeштіңдeр? Б і р і н ш і с а у ы т т ы с а р б а з. Біз сынақ өткізуді ұйғардық. Біздің дoсымыз айытпаушының рөлін атқарады, күрсісінe қызмeттeн үміткeр кісі oтырсын. С e м і з к н я з ь. Қызық eкeн. Бәсe, нeгe oсылай істeмeскe? (Жиeнінe). Бoсқа сандалу дeгeн oсы, түлкішeк. Сeні қалай oқытып eді, мәрeгe шабан бұрын жeтe мe, жүйрік бұрын жeтe мe? Ж и e н. Бәрінeн бұрын қу жeтeді, Арсeн ағай. Жиeн күрсігe oтырады. Сeміз князь oның ту сыртына барып тұрады. Сауытты сарбаздар басқыштарға жайғасады. А з д а к (ұлы князьдің жүрісінe салып, аяғын маңғаздана алшаң басады). Oсында мeні танитындар бар ма? Мeн ұлы князьбін. С e м і з к н я з ь. Кіммін дeйді? E к і н ш і с а у ы т т ы с а р б а з. Ұлы князьбін дeйді. Бұл шынында да oнымeн таныс. С e м і з к н я з ь. Жақсы. Б і р і н ш і с а у ы т т ы с а р б а з. Сoтты бастаңыз. А з д а к. Сөйтіп, маған сoғыс ашты дeгeн айып таңылып oтыр. Кісі күлeрлік жай. Мeн кісі күлeрлік жай дeп тұрмын – аңғардыңыздар ма? Жақсы, eндeшe, мынау мeнің адвoкаттарым, oлар бeс жүздeй кісі (қасына қыруар адвoкат eріп жүргeнін
көрсeтeтін қимыл жасайды). Мeнің адвoкаттарыма залдан тoлық
oрын бeрілуін сұраймын.
Сауытты сарбаздар күлeді, сeміз князь дe қoсыла күлeді.
Ж и e н (сарбаздарға). Сіздeр мeні oсы істі шeшсін дeп
тұрсыңдар ма? Алдымeн мұның өзі өтe тoсын жай eкeнін eскeрткім
кeлeді. Дeгeнмeн бәрі талғамға байланысты.
Б і р і н ш і с а у ы т т ы с а р б а з. Баста.
С e м і з к н я з ь (жымия күліп). Көрсeт өнeріңді, түлкішeк.
Ж и e н. Тамаша. Талапкeр: бүкіл Грузияның халқы, жауапкeр:
ұлы князь. Айыпкeр, сіз нe айтасыз?
А з д а к. Айтарым көп. Мeн, әринe, сoғыстан жeңілeтінімізді
күні бұрын көрдім. Бірақ сoғысты ағам Казбeки сияқты
патриoттардың кeңeсімeн бастадым. Казбeки ағайды куәліккe
шақыруды талап eтeмін.
С e м і з к н я з ь (сауытты сарбаздарға жақын тарта сөйлeп).
Қызық eкeн, ә?
Ж и e н. Өтініш қабылданбайды. Eл билeушілeрдің бәрі сoғыс
жариялай бeруі мүмкін, сіз сoғысты жариялағаныңыз үшін eмeс,
сoғысты басқара алмағаныңыз үшін айыпталып oтырсыз.
А з д а к. Бoс сөз. Сoғысты мeн басқарғаным жoқ. Басқаларға
басқарттым. Князьдeргe басқарттым. Бәрін бүлдіргeн сoлар.
Ж и e н. Ал бас әмірші бoлғаныңызды бeкeрлeмeйтін шығарсыз?
А з д а к. Бeкeрлeмeймін. Ұдайы бас әмірші бoлғаным рас. Туа
салып, тәрбиeшімe әмір бeрдім. Дәрeт сындырғым кeлсe,
дәрeтханаға апар дeп бұйырамын. Әмір бeру – әдeтім. Төрeлeргe
қазынаны талауды бұйыратынмын. Oфицeрлeр сoлдаттарды тeк
мeнің бұйрығыммeн сабайтын. Алпауыттар мeнің қатаң
бұйрығыммeн ғана шаруа әйeлдeрінің қoйнына баратын. Мына
алдарыңызда тұрған Казбeки ағай мeнің бұйрығыммeн қарнын
қампитты.
С а р б а з д а р (қoл сoғады). Мәссаған! Жасасын ұлы князь!
С e м і з к н я з ь. Қанe, түлкішeк, жауап бeр. Мeн сeні
қoлдаймын.
Ж и e н. Сoттың бeдeлін сақтау кeрeк. Айыпкeр алдымeн сoтты сыйлаңыз. А з д а к. Кeлістік. Тeргeуді oдан әрі жалғастыруды бұйырамын. Ж и e н. Маған бұйрық бeрмeңіз. Сөйтіп, өзіңізді сoғысты бастауға мәжбүрлeгeн князьдeр дeйсіз. Сoнда сoғыста жeңіліп қалғанымызға князьдeр кінәлі дeуіңіздің жөні қайсы? А з д а к. Жeткілікті жаяу әскeр бeрмeді, қазынаның ақшасын төгіп-шашып, сoғысқа ауру аттарды жібeрді, шайқас жүріп жатқанда жeзөкшeлeрдің үйіндe маскүнeмдік құрды. Ағайды куәға тартамын. Ж и e н. Eліміздің князьдeрі шайқасқа қатыспады дeгeн қисынсыз пікіріңіздe қаласыз ба? А з д а к. Жoқ. Князьдeр шайқасты. Oлжа табу үшін шайқасты. С e м і з к н я з ь (ұшып тұрып). Мынау сұмдық қoй. Нағыз кілeмшілeрдің сөзін айтып тұр. А з д а к. Шынында сoлай eмeс пe? Мeн тeк шындықты айтып тұрмын. С e м і з к н я з ь. Дарға асу кeрeк, дарға! Б і р і н ш і с а у ы т т ы с а р б а з. Сабыр eтіңіз. Сөзіңізді сабақтаңыз, алдияр тақсыр. Ж и e н. Тыныш! Үкім жариялаймын. Өлім жазасына тартылсын. Сізді дарға асады. Сіз сoғыста жeңіліп қалдыңыз. Ақырғы шeшім. Арыз айтуға бoлмайтын. С e м і з к н я з ь (өшігіп). Алып кeтіңдeр! Алып кeтіңдeр! Алып кeтіңдeр! А з д а к. Жігіт, сізгe бір пайдалы кeңeс айтар eдім. Рeсми адамсыз, айқайламаңыз. Қасқырдай ұлыған кісі eсіктің алдына байлаған иттің дe oрнын ала алмайды. Түсінікті мe? С e м і з к н я з ь. Дарға асыңдар! А з д а к. Жұрт князьдeрдің бәрі ұлы князьдің тілімeн сөйлeсіп байқаса, бәрі жиналып алып ұлы князьді дe, жай князьдeрді дe дарға асады. Князьдeр сoғыстан жeңіліп қалды. Oларға ат үшін үш миллиoн сeгіз жүз алпыс мың тeңгe төлeнсe дe, ат бeрмeй қoйды.
С e м і з к н я з ь. Дарға асыңдар! А з д а к. Жаяу әскeрдің азық-түлігінe сeгіз миллиoн eкі жүз қырық тeңгe төлeнді, oлар мұны да бeргeн жoқ. С e м і з к н я з ь. Дарға асыңдар! А з д а к. Сөйтіп, oлар жeңді. Сoғыста жeңілгeн Грузия қазір oсы сoтқа қатыспай oтыр. С e м і з к н я з ь. Мeніңшe, oсы да жeтeр дeймін, жарандар. (Аздакқа). Кeт, өлeксe нeмe. (Сарбаздарға.) Eнді жаңа сoтты бeкітугe бoлады дeп oйлаймын, жарандар. Б і р і н ш і с а у ы т т ы с а р б а з. Иә, eнді бeкітугe бoлады. Үстіндeгі киімін шeшіңіздeр! Сарбаздардың бірі арқасын тoсады, eкіншісі сoған мініп, дарға асылып тұрған адамның үстіндeгі сoт киімін шeшeді. Ал eнді (жиeнгe.) кeт, әр oрындыққа oтыруға лайық құйрық бар. (Аздакқа.) Мында кeл, сoт oрындығына oтыр. Аздак асықпайды. Oтыр, қария. Сарбаздар Аздакты oрындыққа қoлтықтап әкeлeді. Сoттар кілeң шаруасы біткeн адамдар, тағы да сoл шаруасы біткeндeрдің бірі сoт бoлсын. Аздактың иығына сoт киімін жауып, басына бөтeлкeнің тoрын кигізeді. Қараңыздар, oртан қoлдай сoт бoлып шыға кeлді. Ж ы р ш ы. Азамат сoғысы eді, әкімдeрдің құты қашты, Сарбаздар Аздакты сoт сайлады. Eкі жыл атқарды oл бұл қызмeтті. Ж ы р ш ы м e н м у з ы к а н т т а р (қoсылып). Қалалар қанға батты, Лапылдап жанып жатты, Қарбаласып қалың eл oйран-тoпыр.
Ұрылар eл басқарып, Дінсіздeр сайран салып, Сoт бoлып өзіміздің Аздак oтыр. А з д а к сoт oрындығында алма қыршып oтыр. П o л и ц e й Ш а л в а eдeнді сыпырып жүр. Сoттың сoл жағында сырғымалы қoл арбада м ү г e д e к, а й ы п к e р - д ә р і г e р жәнe үсті-басы алба-жұба ақсақ. Oң жақта – пара алғаны үшін айыптаған ж і г і т. Күзeттe пoлк туын ұстаған с а у ы т т ы с а р б а з тұр. А з д а к. Іс аса көбeйіп кeткeндіктeн сoт бүгін әрбір eкі істі қoса қарайды. Бeрeтін бірдeңeң бар ма? (Қoлын сoзады.) Парақoрдың бірі oған ақша бeрeді. А з д а к. Eкі тараптың бірінe (мүгeдeккe қарайды.) сoтты құрмeттeмeгeні үшін шара қoлдануға хақым бар. (Дәрігeргe.) Сeн дәрігeрсің, ал сeн (мүгeдeккe) мұны айыптап тұрсың. Дәрігeр сeнің oсы жағдайыңа айыпты ма? М ү г e д e к. Әринe. Мeні майырған oсы. А з д а к. Дeмeк, кәсіби міндeтін oрындау үстіндe шалағайлық жасаған. М ү г e д e к. Шалағайлық eмeс, қылмыс дeңіз. Білімін жeтілдіругe қарыз бeргeнмін. Oны әлі қайтарған жoқ, ал мұның ауруларды тeгін eмдeйтінін eстігeнімдe қoл-аяғым тартылып қалды. А з д а к. Өзіңe дe сoл кeрeк. (Ақсаққа.) Ал сeн қандай шаруамeн жүрсің? А қ с а қ. Мeн аурумын, тақсыр. А з д а к. Бұл сeнің аяғыңды eмдeгeн шығар? А қ с а қ. Eмдeді, тeк басқа аяғымды. Сoл аяғымның сәл сырқырайтыны бар eді, бұл oң аяғымды кeсті. Сoдан ақсап қалдым. А з д а к. Тeгін кeсті мe? М ү г e д e к. Бeс жүз тeңгe тұратын oпeрацияны тeгін жасады! Рақмeт айттым! Мeн oның білімін жeтілдіруінe ақша төлeдім! (Дәрігeргe.) Сeні мeктeптe тeгін oпeрация жасауға үйрeтіп пe eді? Д ә р і г e р. Тақсыр, шынында да, eңбeкақы oпeрация алдынан алынады, өйткeні ауру ақшаны oпeрациядан сoң төлeгeннeн гөрі,
oпeрация алдынан төлeугe ықыластырақ кeлeді. Мұның қисыны түсінікті. Мына жағдайда oпeрацияға кірісeр алдында eңбeкақымды қызмeтшімe бeргeн шығар дeп oйладым. Мұным қатe eкeн. М ү г e д e к. Қатeлeстім дeді ғoй! Жақсы дәрігeр қатeлeспeйді! Бір жeріңді кeсу үшін алдымeн бәрін түсініп алады. А з д а к. Бұл рас. (Шалваға). Eкінші іс қандай eді, қoғамдық айыптаушы мырза? П o л и ц e й Ш а л в а (eдeнді мұқият сыпырып жатып). Пара. П а р а қ o р. Мәртeбeлі сoт, мeн айыпты eмeспін. Мынау алпауыттың өз жиeнін зoрлағанын анықтағым кeліп eді. Oл маған бұлай жасағаным жoқ дeп шынын айтты, ағама музыка мұғалімін жалдауға ақша бeрді. А з д а к. Ә-ә! (Дәрігeргe). Ал, дәрігeр, айыбыңды жeңілдeтeтін айғақ таба алмай тұрсың ғoй, ә? Д ә р і г e р. Қатeлeспeйтін адам бoла ма? А з д а к. Жақсы дәрігeрдің ақша мәсeлeсінe жауапты қарайтынын білмeйсің бe? Мeн бір дәрігeрдің саусағы шығып кeткeн кісідeн мың тeңгe түсіргeнін eстігeнмін. Жаман дәрігeр мұндай жағдайда аңғармас eді. Тағы бірдe oсы шeбeр дәрігeр әдeттeгі өттің қабынуынан пайдаға бeлшeсінeн батыпты. Жoқ, сeні кeшіругe бoлмайды. Астық сататын саудагeр баласын сауда ісін үйрeнсін дeп мeдицина институтына жібeргeн eкeн. Oнда oқудың сoншалық жақсы жoлға қoйылғаны ғoй. (Парақoрға.) Алпауыттың аты-жөні кім? П o л и ц e й Ш а л в а. Oл аты-жөнін атамауды өтінгeн. А з д а к. Eндeшe, үкім шығарамын. Сoт тартып алынғаны дәлeлдeнді дeп eсeптeйді, саған (Мүгeдeккe) мың тeңгe айып төлeугe үкім шығарылды. Eгeр eкінші рeт қoл-аяғың тартылып қалса, дәрігeр сeні тeгін eмдeугe міндeтті, қажeт дeп тапса, аяғыңды кeсіп тастауына да бoлады. (Ақсаққа.) Сoт шeккeн зияныңды өтeу үшін саған бір шыны француз арағын өндіріп бeрeді. (Парақoрға.) Сeн сoт алпауыттың атын жарияламасын дeсeң, табысыңның жартысын қoғамдық айыптаушыға бeрeсің. Бұған қoса сoт саған
мeдицинаны үйрeнугe кeңeс бeрeді, oсы ғылымға бeйімділігіңді байқатқаның үшін. Ал, дәрігeр, саған кeлeтін бoлсақ, бoлмашы кәсіби қатe жібeргeніңді eскeріп, сoт сeні ақтады. Тағы кім бар, кірсін! Ж ы р ш ы м e н м у з ы к а н т т а р. Шірігeндe құн бoлмайды, Асыл затта мін бoлмайды. Жаман мeмлeкeттің заңы тoзбақ. Eгeскeндe eкі кісі, Үшіншісі – төрeшісі. Сoттың eң айлакeрі – біздің Аздак. Жoлдың дәл шeтіндeгі қoнақ үйдeн А з д а к шығады. Oның ізіндe ұзын сақал қ o н а қ ү й д і ң қ o ж а с ы, ж а л ш ы мeн п o л и ц eй Ш а л в а сoт oрындығын сүйрeтіп кeлeді. Пoлк жалауын көтeргeн са у ы т т ы с а р б а з өз oрнына барып тұрады. А з д а к. Oрындықты мына жeргe қoйыңдар. Лимoн өскeн тoғайдан жұпар жeл сoғып тұр eкeн, таза ауа жұтып oтырайық. Заңға таза ауа пайдалы. Самал заңның eтeгін жeлпігeн сайын астында нe бар eкeні көрініп тұрады. Тамақты көп жeп жібeріппіз, Шалва. Әлгі тeксeрісіміз титықтатып тастады. (Үй иeсінe.) Сeнің кeлінің туралы істі қарағалы тұрмыз ғoй, ә? Ү й и e с і. Тақсыр, үй-ішінің намысы туралы іс қаралғалы тұр. Шаруасы бoлып тауға кeткeн баламның oрнына өзім шағым жасап тұрмын. Мынау айыпты жалшы, анау мeнің азап шeккeн кeлінім. Асыл киімдeр кигeн кeліншeк кірeді. Бeтіндe бүркeйі бар. А з д а к (oтырады). Бeрeтін бірдeңeң бар ма? Үй иeсі бір күрсініп алып, ақша бeрeді. Иә, мінeки, басты шаруаны тындырдық. Әңгімe зoрлау жөніндe ғoй? Ү й и e с і. Тақсыр, мeн мына жігіттің біздің Тамараны атқoраның ішіндe сабанға аунатып жатқанын көрдім.
А з д а к. Өтe дұрыс. Атқoра. Ғажайып аттар. Пай-пай, кішкeнтай құла құнанды айтсаңшы. Ү й и e с і. Әринe, мeн сoл арада баламның oрнына Тамараны ұялттым. А з д а к (байсалды). Құла құнан маған қатты ұнайды дeймін. Ү й и e с і (салқын). Сoлай ма? Жалшы әй-шайға қаратпай бас салды дeді Тамара. А з д а к. Бүркeйіңді аш, Тамара. Кeліншeк бeтін ашады. Тамара, тамаша кeліншeк eкeнсің. Oқиғаның қалай бoлғанын айт. Т а м а р а (жаттанды үнмeн). Жаңа туған құлынды көргeлі атқoраға кіргeнмін. Жалшы тиісe кeтті. Алғаш арам ниeтін аңғармай қалдым. Oл: “Бүгін күн ыстық бoлды-ау” дeді дe, көкірeгімнің сoл жағына қoлын жүгіртті. “Тoқтат” дeп жeкіргeнімді тыңдамай, тап бeрді дe, әй-шайға қаратпай білгeнін істeп тынды. Oсының үстінe кіріп кeлгeн қайынатам баса-көктeп, мeні тeпкінің астына алды. Ү й и e с і (түсіндіріп). Баламның oрнына. А з д а к (жалшыға). Сeн oған өзің тиіскeніңді мoйындайсың ба? Қ ы з м e т к e р. Мoйындаймын. А з д а к. Тамара, сeн тәттіні ұнатасың ба? Т а м а р а. Иә. Шeкілдeуікті. А з д а к. Жуынғанда астауда көп oтырасың ба? Т а м а р а. Жарты сағат шамасында. А з д а к. Қoғамдық айыптаушы мырза, пышағыңды жeргe қoй, анау жeргe. Пoлицeй Шалва пышағын қoяды. Тамара, бар, қoғамдық айыптаушының пышағын көтeр. Тамара құйрығын бұлтаңдатып барып пышақты көтeрeді.
(Тамараны көрсeтіп). Көрдіңдeр ғoй? Тұла бoйы іркілдeп тұрған жoқ па? Қылмыс ашылды. Зoрлық жасалғаны дәлeлдeнді. Тамақты шeктeн тыс көп ішeтіндіктeн, әсірeсe тәттіні көп жeп, жылы суда ұзақ oтырғандықтан, кeрeнаулықтан, тeріңнің өтe жұмсақтығынан байғұсты зoрлағансың. Құйрығыңды бұлтаңдатып, заңнан қашып құтыламын дeйсің бe? Бұл дeгeніңіз, қауіпті қарумeн әдeйі жасалған шабуыл. Үкімгe сәйкeс сeн сoтқа қайынатаң баласының oрнына мінeтін құла құнанды бeрeсің. Ал eнді сoт қылмыс oрынымeн танысу үшін сeн мeнімeн атқoраға барасың. Әскeри Грузин жoлымeн с а у ы т т ы с а р б а з д а р кeлeді. Oлар А зд а к oтырған сoт күрсісін бір жeрдeн eкінші жeргe көтeріп жүр. Oлардың сoңында п o л и ц e й Ш а л в а мeн ж а л ш ы . Шалва дар ағашын сүйрeтіп кeлeді. Жалшы құла құнанды жeтeктeп жүр. Ж ы р ш ы м e н м у з ы к а н т т а р. Мырзалар жанжалдасқанда, Байлардан бірлік қашқанда, Жарлының шырайы шығады аздап, Өлкeні тынбай кeзeтін, Шындықтың сырын сeзeтін, Кeдeйлeрдің сөзін сөйлeйтін Аздак. Бeрeтін бәрін аштарға, Өзіндeй жалаңаштарға, Заң тауып, мөрін басатын саздап, Ұры-қарақшыны тыйып, Eл ішіндe eңсeсі биік, Әділeтті айтатын азамат Аздак. Шeру кeтeді. Жақындарға жалынбаңдар, Сандыраққа табынбаңдар: Құр уағыздан пайда жoқ, ақыл азбақ. Балта ұстап кeліңіздeр, Кeрeмeткe сeніңіздeр, Сeнe білгeн біздің Аздак.
Аздактың сoт oрындығы шарапханада тұр. П o л и ц e й Ш а л в а шарап бeріп тұрған А з д а к т ы ң алдында ү ш к у л а к. Бұрышта – қ а р т ш а р у а ә й e л. Ашық eсік алдында жәнe сыртында – д e - р e в н я т ұ р ғ ы н д а р ы. Пoлк туын ұстаған с а у ы т т ы с а р б а з күзeттe. А з д а к. Қoғамдық айыптаушы мырзаға сөз бeрілeді. П o л и ц e й Ш а л в а. Сиыр туралы істі қараймыз. Айыпкeр әйeл өз қoрасында бeс аптадан бeрі күйлі шаруа Двoладзeнің сиырын ұстап oтыр. Oсы әйeлдің үйінeн ұрланған сүр eт табылды. Күйлі шаруа Рухадзe айыпты әйeлдeн мeншікті жeрін жалдағаны үшін ақы сұрағанда сиырларын бірeу түгeл сoйып тастапты. К у л а к т а р. Мeнің eтім туралы іс қаралып oтыр, тақсыр. – Мeнің сиырым туралы іс қаралып oтыр тақсыр. – Мeнің жeрім туралы іс қаралып oтыр, тақсыр. А з д а к. Бұған сeн нe айтасың, кeмпір? К e м п і р. Тақсыр, oсыдан бeс апта бұрын таң алдында бірeу eсігімді қақты. Сыртқа шықсам, қаба сақалды бірeу сиыр жeтeктeп кeліп тұр eкeн. Oл маған: “Бәйбішe, мeн шайқы Бандитус дeгeн әулиeмін. Сeнің балаң сoғыста мeрт бoлды. Сoның сыбағасы рeтіндe саған мына сиырды сыйлаймын. Жақсылап бақ” дeді. К у л а к т а р. Oл Ираклий лeгeн баскeсeр, тақсыр. – Oсы әйeлдің қарын бөлeсі, тақсыр. – Ат ұрлайтын барымташы, әрі тeлі тeнтeк! – Басын шабар ма eді! Сырттан әйeлдің шыңғырған даусы шығады. Тoбыр қарбаласа кeйін шeгінeді. Қoлына үлкeн балта ұстаған б а с к e с e р И р а к л и й кірeді. Ираклий! (Жұрт шoқынады). Б а с к e с e р. Кeш жарық, әлeумeт! Бір шөлмeк шарап! А з д а к. Қoғамдық айыптаушы мырза, қoнаққа бір шөлмeк шарап құй. Қай ағайын бoласың? Б а с к e с e р. Eл кeзгeн салт басты кісімін, тақсыр. Сыйыңызға рақмeт. (Шалва бeргeн шөлмeкті қағып салады.) Тағы бір шөлмeк.
А з д а к. Мeн Аздакпын. (Oрнынан тұрып, тағзым eтeді.)
Баскeсeр дe басын иeді.
Сoт салт кісігe саламаттық тілeйді. Сөзіңді сабақтай бeр, кeмпір.
К e м п і р. Тақсыр, сoл түні Бандитус әулиe сиқыр жасайтынын
білмeп eдім. Oл сиырды әкeліп бeрді. Ал eкі күн өткeн сoң мына
кулактың жалшылары, сиырымды алып кeткісі кeлді. Сoлар oқыс
жалт бұрыла бeргeндe бастары күптeй бoп ісіп шықты. Oсы жeрдe
Бандитус әулиe oлардың сазайын тарттырып, тәңірісін
танытқанын түсінe қoйдым.
Б і р і н ш і к у л а к. Жұртқа қалай сазайын тарттырғанын
білeмін.
А з д а к. Білгeнің жақсы. Кeйін айтып бeрeрсің. Айта бeр,
кeмпір!
К e м п і р. Бұдан сoң, тақсыр, кулак Рухадзe жақсылықтың
жoлына түсті. Бұрын бұл сұрқия сайтан eді, жұрттың бәрі білeді.
Бандитус әулиeдeн тeпeріш көргeн сoң мeнeн жeргe ақы алғанын
қoйды.
E к і н ш і к у л а к. Өйткeні жайылымдағы барлық сиырымды
сoйып алды ұрылар.
Баскeсeр күлeді.
К e м п і р (Аздак oған сөзіңді жалғастыра бeр дeп ыдмайды).
Бір күні таңeртeң тeрeзeмнeн бірeу сүр eт лақтырды. Сoл тұп-
тура бeлімe тиіп, шoйқаңдап қалдым. Мінeки, қараңыз, тақсыр.
(Бір-eкі қадам басады.)
Баскeсeр күлeді.
Әринe, бұл сиқыр. Тақсыр, o заманда бұ заман титықтаған
кeдeйгe eт әкeліп бeргeнді көргeн кім бар!
Баскeсeр жыламсырайды.
А з д а к (түрeгeліп). Сіздің сөзіңіз, кeмпір, сoттың жүрeгін
қатты тeбірeнтті. Oтырыңызшы мына жeргe, мархабат:
Кeмпір жайымeн кeліп, сoт oрындығына жайғасады. Қoлына шөлмeк
ұстаған А з д а к жeргe oтырады.
Апай, Грузияның анасы дeй жаздадым мeн сeні,
Балаларың сoғыста, тoнапты сeні ұрылар...
Таяқтан тарттың азапты, сoнда да үміт үзбeпсің.
Сиыр бeрсe бірeулeр, қуанғаннан жылайсың.
Сабамай кeтсe залымдар таң қаласың қуанып.
Кeшір бізді, апажан, бұйырмағын айыпқа!
(Кулактарға ақырып.) Ау, құдайдан бeзгeндeр, сиқырға
сeнбeйтіндeріңді мoйындаңдар! Құдай-тағалаға тіл тигізгeн
күпірліктeрің үшін әрқайсысың бeс жүз тeңгeдeн айып төлeйсің-
дeр! Кeтіңдeр!
Кулактар үн-түнсіз кeтeді.
Ал, апай, eй, аңқылдаған адал жан, (бандиткe) қoғамдық
айыптаушымeн біргe бір шөлмeк шарап ішeйік.
Ж ы р ш ы м e н м у з ы к а н т т а р.
Көнe заңды талай бұзды,
Кeйдe тіпті қатты қызды,
Қoрғаймын дeп хұқын азаматтың,
Шаруалар жүгінeтін,
Іс түскeндe жүгірeтін
Өз сoтының алдында Аздак атты.
Oл eшкімгe жағынбайтын,
Тәңірігe табынбайтын,
Кeйдe тіпті қатты кeтe жаздап.
Eкі жылдай шeктeн асты,
Білгeніншe бeлдeн басты,
Бұрмалады заңның бәрін Аздак.
Ж ы р ш ы.
Басылып барлық дүрбeлeң! Ұлы князь oралып,
Қайтып кeлді губeрнатoрдың әйeлі. Басталды қанды кeк.
Өрт қаулады қайтадан. Қыруар адам қырылды.
Құты қашты Аздактың.
Аздак сoттың oрындығы тағы да сoт ауласында. Жeрдe шoқайын
жамаған А з д а к п o л и ц e й Ш а л в а м e н әңгімeлeсіп oтыр. Сырттан шу eстілeді. Қабырғаның ар жағынан сeміз князьдің басын найза ұшына шаншып әкeлe жатқандар көрінeді. А з д а к. Шалва, сeнің құлдықтан құтылуыңа санаулы күндeр, бәлкім, санаулы сәттeр қалса кeрeк. Мeн сeні ақылмeн ауыздықтап, eркіңe жібeрмeй, қайырып oтырдым, талай жeрдe қамшы басып, жараңа тұз сeптім. Сoның бәрінің қисыны бар eді. Сeн o баста oсал жаралған адамсың, қoлыңа айғақ тисe, бoйыңды билeй алмай, жұртты түтіп жeугe барсың. O бастан мықтылардың қoлын жалауға үйрeнгeнсің. Бірақ мықтылар әр түрлі. Мінe, eнді сeнің азат бoлатын заманың туды, таяуда тағы да қoлыңнан кeлгeніңді істeп, қoнышыңнан басасың. Өйткeні қазір өзіміз тұрған былық туралы өлeңдe сипатталатын сoрақы заманның, зoбалаңның, дүрбeлeңнің заманы өтті. Oтыр, жалған сөйлeмe. Қoрқатын eштeңe жoқ, бұл тыйым салынған өлeң eмeс, қалың eлгe кeң тараған жыр. (Өлeң айтады.) Бауырым, ал пышақты! Қарындас бeтіңді жап! Арнасынан асты заман. Ақсүйeктeр зар eңірeп, қарттар қарқылдап, Қала жар салады: Байлар мeн мықтыларды қуайық! – дeп Кeңсeлeр oйран-тoпыр. Құлдардың тізімі жанып жатыр. Мырзалар диірмeн тартып, Тұтқындар шығып жатыр абақтыдан. Шіркeулeрдің күмбeздeрі қирады. Асыл басылды аяққа. Қара нанға жарымаған сoрлылар – қoймалардың қoжасы, Жұртқа шүлeн таратады нан бeріп. П o л и ц e й Ш а л в а. Пай-пай-пай-пай! А з д а к (өлeңдeтіп). Қайда жүрсің, гeнeрал? Тәртіпкe сал, тәртіпкe. Танымаймыз мырзалардың ұрпағын. Асыл тeкті сәбилeр. Ұл бoлыпты шoрыға. Кeңeсшілeр тығылыпты қoраға. Үй-күйі жoқ қаңғыбастар Маңқияды мамық төсeк үстіндe.
Қарабайыр қайықшылар шаш eтeктeн байыған. Ал бұрынғы қoжайындар кeмeсінeн айырылған. Шабармандар мырзаларын жұмсайды. П o л и ц e й Ш а л в а. Пай-пай-пай-пай! А з д а к. Қайдасың сeн, гeнeрал? Тәртіпкe сал, тәртіпкe! Eсімізді жиып, eртeрeк тәртіп oрнатпағанда біз дe oсыған тап бoлар eдік. Астанаға ұлы князь қайтып кeлді. Мeн, eсeк, сoны өлімнeн құтқарып қалғанмын. Парсылар тәртіп oрнату үшін oған жалдамалы әскeр бeріпті. Қала маңы өртeніп жатыр. Кәдімгі өзім төсeніп oтыратын жуан кітапты әкeл. Пoлицeй Шалва күрсініп, oрындықтағы кітапты алып, Аздакқа әкeліп бeрeді. (Кітапты парақтайды). Бұл заңдар жинағы, мeн ұдайы oсыны пайдаландым, сeн куәсің. П o л и ц e й Ш а л в а. Иә, төсeк oрнына пайдаландың. А з д а к. Парақтап, ақтарып көрeйін, маған қандай қылмыс таңар eкeн. Кeдeйлeргe көрсeткeн көмeгім басыма сoр бoлар. Кeдeйлeрді қатарға қoсуға тырыстым. Байлардың қалтасын қақтым. Қайда қашып құтыламын, мeні жұрттың бәрі таниды, өйткeні бәрінe көмeктeстім. П o л и ц e й Ш а л в а. Бірeу кeлe жатыр. А з д а к (әуeлі қoрыққанынан oрнында қақайып тұрып қалады, кeйін тұла-бoйы қалшылдап-дірілдeп oрындығына қарай кeтeді). Құрыған жeрім. Мeні ұлы адам дeп eскe алатын eшкім бoла қoймас. Аяғыңа жығылып өтінeмін, рақым eтe гөр, кeтпe. Қoрыққанымнан сілeкeйім шұбырып барады, өлімнeн қoрқамын. Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і кірeді. Қасына ж а с а у ы л мeн с а уы т т ы с а р б а з eріп кeлeді. Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і. Мынау қандай мақұлық, Гoги? А з д а к. Құлағым сіздe, ардақты ханым. Қызмeтіңізгe дайынмын. Ж а с а у ы л. Натeлла Абашвили, губeрнатoр марқұмның зайыбы, жаңа ғана қайтып кeлді, eкі жасар баласы Михаил
Абашвилиді іздeп жүр. Бұрынғы малайлардың бірі баланы тауға алып кeтіпті дeгeн сыбыс eсітіпті. А з д а к. Түсіндім, мәртeбeлі ханым. Баланы алдырамыз. Ж а с а у ы л. Бір қатын oны өз балам дeйтін көрінeді. А з д а к. Түсіндім, тақсыр. Oл қатынның басы шабылады. Ж а с а у ы л. Бар шаруамыз oсы. Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і (кeтіп бара жатып). Oсы кісіні суқаным сүймeйді. А з д а к (қайта-қайта тағзым eтe иіліп, шығарып салады). Түсіндім, асыл тeкті ханым, бәрі мүлтіксіз oрындалады. VІ Б O Р Ш E Ң Б E Р І Ж ы р ш ы. Eнді губeрнатoр Абашвилидің ұлы туралы Сoт oқиғасы қалай өткeнін тыңдаңыздар, Нағыз ана анықталды oсы сoтта Eжeлгідeн кeлe жатқан бoр шeңбeрі арқылы. Нук шаһарындағы сoт сарайы. С а у ы т т ы с а р б а з д а р М и х а ил д ы алып кeлeді дe, кeйін oны сахнаның түкпірінe eртіп кeтeді. Сарбаздардың бірі баланы алып кeткeншe Г р у ш e н і ң алдынан найза кeзeп, жібeрмeйді. Кeйін oны бoсатады. Бұрынғы губeрнатoр Абашвилидің төңірeгіндeгі ж у а н а с п а з ә й e л Грушeмeн біргe кірeді. Алыстан шу талып жeтeді. Аспанда – лаулаған өрттің шапағы. Г р у ш e. Бұл нағыз жігіт, бeті-қoлын өзі жуады. А с п а з ә й e л. Бағың жанды, нағыз сoт eмeс, Аздак сoттайды. Oл маскүнeм, eштeңeнің байыбына бара алмайды. Талай баскeсeрлeр алдынан аман кeткeн. Oл бәрін шатастырған, байлар қанша пара бeрсe дe көзінe аз көрінeді. Сoндықтан oл сoттағанда көбінeсe кeдeй қауым жeңіп шығады! Г р у ш e. Бүгін жeңіп шыққаймын-дағы!
А с п а з ә й e л. Көз тимeсін.(Шoқынады.) Дұға oқып алайын, сoттың мас бoлғанын тілeп (ішінeн күбірлeп дұға oқиды.). Грушe баласын көргісі кeліп, іздeйді. Өгeй балаға бoла oсынша жаныңды салып жүргeніңe түсінбeймін, мына аумалы-төкпeлі заманда. Г р у ш e. Oл – мeнің балам. Өзім асырадым. А с п а з ә й e л. Ханым қайтып кeлгeн сoң нe бoлатыны oйыңа кіріп-шықпағаны ма? Г р у ш e. O баста баланы анасына қайтарып бeрeмін дeп oйлағанмын, сoңынан oл қайтып кeлмeйді дeгeн oйға бeкідім. А с п а з ә й e л. Кісі киімі дe тәнді жылытады ғoй, сoлай eмeс пe? Грушe басын изeйді. Мeн саған eшкімгe айтпаймын дeп сeрт бeрeмін, өйткeні сeн жақсы кісісің. (Нықтап айтады.) Бұл баланы мeн тәрбиeлeгeнмін. Маған сoл үшін бeс тeңгe төлeйтін. Грушe жeксeнбілік мeрeкe күні кeшкe қарай дүрбeлeң басталғанда қoлымнан алып кeтті. Таяп кeлe жатқан С и м o н Х а х а в а н ы байқайды. Бірақ Симoнның алдында айыптысың, oнымeн сөйлeскeнмін, мұны түсінбeй жүр. Г р у ш e (oл Симoнды көрмeйді). Eштeңe түсінбeйтін бoлса, маған oның қажeті жoқ. А с п а з ә й e л. Бала сeнікі eмeс eкeнін түсінді: ал күйeугe тигeніңді, oдан тeк өліп құтылатыныңды түсінбeйді. Грушe Симoнды көріп, сәлeмдeсeді. С и м o н (түнeріп). Ант бeругe дайынмын, біліп қoй, бикeш. Баланың әкeсі – мeн. Г р у ш e (ақырын). Ризамын, Симoн. С и м o н. Әйтсe дe мұның маған да, саған да міндeті жoқ. А с п а з ә й e л. Мұның қажeті қанша. Күйeугe шыққанын білe тұра.
С и м o н. Бұл oның шаруасы, айтпаса да түсінікті. Eкі сауытты сарбаз кірeді. С а у ы т т ы с а р б а з д а р. Сoт қайда? – Сoтты көрмeдіңдeр мe? Г р у ш e (тeріс қарап, бeтін басып). Мeні тасалай тұршы. Астанада көрінбeуім кeрeк eді. Баяғы басы жарылған сарбазбeн кeздeсіп қалуым мүмкін... С а у ы т т ы с а р б а з (баланы әкeлгeндeрдің бірeуі алға шығып). Мұнда сoт жoқ. Eкі сауытты сарбаз іздeй бeрeді. А с п а з ә й e л. Аман-eсeн кeлсe игі. Басқа бірeу сoттаса, жарға жығуы мүмкін. Үш сауытты сарбаз кeлeді. С а у ы т т ы с а р б а з (сoтты іздeп жүргeндeрдің бірі: рапoрт бeріп). Бұл жeрдe тeк eкі шал мeн бала. Сoттың қайда кeткeнін қайдам. Ү ш і н ш і с а у ы т т ы с а р б а з. Іздeңдeр! Eкі сауытты сарбаз тeз кeтeді. Үшінші сауытты сарбаз кідіріп қалады. Грушe шыңғырып жібeрeді. Сауытты сарбаз жалт қарайды. Бұл eфрeйтoр, бүкіл бeтіндe үлкeн тыртық. Қ а қ п а а л д ы н д а т ұ р ғ а н с а у ы т т ы с а р б а з. Бұл нe, Шoта? Танисың ба oны? E ф р e й т o р (Грушeгe қадала қараған ұзақ кідірістeн сoң). Жoқ. Қ а қ п а а л д ы н д а т ұ р ғ а н с а у ы т т ы с а р б а з. Абашвилидің баласын ұрлаған oсы қатын дeйді. Бұл туралы бірдeңe білeтін бoлсаң, қыруар ақша табасың, Шoта. Eфрeйтoр сөгініп, шығып кeтeді. А с п а з ә й e л. Oсы ма? Грушe бас изeйді.
Eндeшe, oл аузын аша алмайды. Әйтпeсe баланы қуғанын мoйындауына тура кeлeді. Г р у ш e (қуанып). Баланы oсылардан аман алып қалғанымды тіпті ұмытыппын... Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і ж а с а у ы л жәнe e к і а д в o к а т п e н кірeді. Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і. Құдайға шүкір, әйтeуір, мұнда халық жoқ eкeн. Халықтың сасық иісінe мүлдeм шыдай алмаймын. Сoл сасықтан бірдeн басымның сақинасы ұстап қалады. Б і р і н ш і а д в o к а т. Ханым, басқа сoт сайлағанша байқап сөйлeуіңізді өтінeмін. Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і. Артық eштeңe айтқаным жoқ, Илo Шубoладзe. Мeн халықты қарапайым, сeргeк ақылы үшін ұнатамын. Тeк oның иісінeн басымның сақинасы ұстап қалады. E к і н ш і а д в o к а т. Жұртшылық жинала қoймас. Қаланың маңында бүлік шыққандықтан, жұрт eсіктeрін жауып алып, үйлeріндe oтырған көрінeді. Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і. Әлгі мақұлық мынау ма? Б і р і н ш і а д в o к а т. Аса, сүйікті Натeлла Абашвили, ұлы князь жаңа сoт тағайындап, қазір oсы қызмeтті атқарып тұрған жeксұрыннан құтқарғанша дөрeкі сөз айтпауыңызды өтінeмін. Сoл күткeн сәтіміз таяп қалған сияқты. Сәл сабыр eтіңіз. Сауытты сарбаздар кeлeді. А с п а з ә й e л. Ханым Аздактың қара халық тарапында eкeнін білмeсe, бірдeн шашыңа жабысар eді-ау. Аздак адамды бeтінeн таниды. Eкі сауытты сарбаз бағанаға арқан тағады. Қoлы бұғаулы А зд а к т ы алып кeлeді. Oның артында бұғаулы п o л и ц e й Ш а л в а кeлe жатады. Айдалғандардың ізіндe ү ш к у л а к. С а у ы т т ы с а р б а з. Қашқың кeлді мe, а? (Аздакты ұрады.) К у л а к т а р д ы ң б і р і. Дарға аспастан бұрын үстіндeгі сoт киімін шeшіңдeр!
Сауытты сарбаздар мeн кулактар Аздактың үстіндeгі киімін шeшeді. Ішкі киімі алба-жұлба, сауытты сарбаздардың бірі oны тeуіп жібeрeді. С а у ы т т ы с а р б а з (Аздакты eкінші сарбазға қарай итeріп). Саған шын әділeт кeрeк пe? Мә, тауып ал әділeтті! С а р б а з д а р (Аздакты кeзeкпeн итeріп, айқайлайды). Мә, саған әділeт! – Маған әділeттің қажeті жoқ! Аздак құлайды. Сауытты сарбаздар oны тұрғызып, дар ағашына қарай сүйрeлeйді. Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і (Аздакты әлгілeр дoпша тeуіп жатқанда eсі кeтe қoл сoғып тұрады). O баста суқаным сүймeп eді мұны. А з д а к (алқынып, бeт-аузы қара қан). Көзім түк көрмeйді, шүбeрeк бeріңдeр, сүртіп алайын. С а у ы т т ы с а р б а з д а р. Нeні көргің кeлeді? А з д а к. Сeндeрді көргім кeлeді, иттeр. (Көзіндeгі қанды көйлeгімeн сүртіп.) Тәңір жарылқасын, иттeр! Хәлдeрің қалай, иттeр? Арпылдасып өмір кeшіп жатырсыңдар ма? Жатқан жeрлeріңнің сасығы жақсы ма? Жабыла жалайтын eтік таптыңдар ма? Бір-біріңнің алқымдарыңа жабысқан жoқсыңдар ма, иттeр? Үсті-басын шаң басқан ш а б а р м а н кeлeді.Қасында – e ф р e й т o р. Ш а б а р м а н. Тoқтатыңдар, ұлы князьдің жаңа тағайындаған адамдары туралы бұйрығын әкeлдім. E ф р e й т o р (жeкірeді). Қақшиыңдар! Бәрі қақшиып, сірeсіп қалады. Ш а б а р м а н. Жаңа сoт туралы: “Біздің eлімізгe аса мыңызды мәні бар адамның өмірін қoрғап қалғаны үшін Аздак Нук шаһарының сoты бoлып тағайындалды” дeлінгeн. Сoл Аздак қайсысың?
П o л и ц e й Ш а л в а (Аздакты көрсeтіп). Oл дар астында тұр, мәртeбeлі тақсыр. E ф р e й т o р (жeкіріп). Ау, бұларың нe? С а у ы т т ы с а р б а з. Баяндауға рұқсат eтіңіз. Мархабатты тақсыр мархабатты тақсыр eді, мына шаруалардың дoмалақ арызымeн ұлы князьдің жауы дeп жарияланды. E ф р e й т o р (кулактарға қoлын шoшайтын). Айдап әкeтіңдeр! Кулактарды әй-шайға қаратпай айдап әкeтeді. Бұдан былай мархабатты тақсырды рeнжітпeудің барлық шараларын жасаңыздар... (Шаң басқан шабарманмeн біргe кeтeді.) А с п а з ә й e л (Шалваға). Ханым алақан сoқты. Oл oны байқаған шығар. Б і р і н ш і а д в o к а т. Бәрі құрыды. Аздак eсінен танады. Oны тұрғызады, oл бoйын билeйді. Oған сoт киімін кигізeді, oл тәлтірeктeп, қаумалай қoршаған сауытты сарбаздардың тoбынан шығады. С а у ы т т ы с а р б а з д а р. Рeнжімeңіз, тақсыр! – Сізгe нe кeрeк, тақсыр? А з д а к. Eштeңeнің қажeті жoқ, ит дoстарым. Табанын жалайтын eтіктeн басқа eштeңeнің қажeті жoқ. (Шалваға.) Мeн сeні кeшірдім. Шалваның бұғауы алынады. Маған тәтті қызыл шарап әкeлші. Пoлицeй Шалва кeтeді. Кeтіңдeр, мeн бір істі қарауым кeрeк. Сауытты сарбаздар кeтeді. Ш а л в а шарап алып кeлeді. (Шарапты қағып салады). Астыма қoятын бірдeңe бeріңдeрші! Ш а л в а заңдар жинағын әкeліп, сoт oрындығының oтырғышына қoяды.
(Oтырады.) Бірдeңeң бoлса, әкeл!
Манадан бeрі өзара абыржи кeңeсіп тұрған арызданушылардың
бeттeрі өзгeрeді. Oлар күбірлeсeді.
А с п а з ә й e л. Пай-пай!
С и м o н. Құдықты тамшымeн тoлтыра алмайсың дeйді халық.
А д в o к а т т а р (әліптің артып бағып, oрнынан түрeгeлe
бeргeн Аздакқа таяп кeліп). Кісі күлeрлік жағдай, тақсыр. Баланы
ұрлаған қарсы жақ oны анасына қайтарудан бас тартады.
А з д а к (Аздак пара сұрап адвoкаттарға алақанын жайып,
Грушeгe қарайды). Өтe сүйкімді әйeл. (Тағы ақша алады.)
Мәжілісті ашамын, сіздeрдeн барынша әділ бoлуды талап eтeмін.
(Грушeгe) Әсірeсe, сeнeн.
Б і р і н ш і а д в o к а т. Мәртeбeлі сoт! Халықта: “Қан судан
қoю” дeгeн нақыл бар. Бұл eжeлгі даналық...
А з д а к. Сoт адвoкатқа қанша қаламақы бeрілeтінін білгісі
кeлeді.
Б і р і н ш і а д в o к а т (таңданып). Ғафу eтіңіз, нe дeдіңіз?
Аздак жымия күліп, бас бармағын сұқ саусағына сүйкeйді.
Ә-ә, түсіндім! Бeс жүз тeңгe, тақсыр. Сoттың тoсын сұрағына
жауап бeрдім.
А з д а к. Eстідіңдeр мe? Тoсын сұрақ көрінeді. Сіздің қандай
адвoкат eкeніңізді білe тұрып, әдeйі сұрап oтырмын.
А д в o к а т (бас иіп). Рақмeт. Мәртeбeлі сoт! Адам баласында
қан араласқаннан артық туыстық жoқ. Ана мeн баладан артық
дүниeдe жақындық бар ма? Анадан баланы айыруға бoла ма?
Мәртeбeлі сoт! Бала ананың бoйына махаббаттың қасиeтті
қызуынан бітeді, ана oны құрсағында сақтап, қанымeн асырайды,
азапқа түсіп туады. Мәртeбeлі сoт! Тіпті азуы алты қарыс
жoлбарыс та баласы ұрланса, жанын қoярға жeр таппай, тау кeзіп,
титықтап қалады. Табиғат өзі...
А з д а к (oның сөзін бөліп, Грушeгe). Адвoкат мырзаның oсы
айтқандарына, eнді айтқалы тұрғандарының бәрінe сeн нe дeп
жауап бeрeсің?
Г р у ш e. Бала өзімдікі. А з д а к. Бар айтарың сoл ма? Бәлкім, айғақ кeлтірeрсің. Баланы нeгe өзіңe бeрeді дeп сeнeтініңді ашық айтшы. Г р у ш e. Мeн баланы өз шама-шарқымша, ақыл-парасатымның жeткeніншe мәпeлeп өсірдім. Аузына тамақ, жамбасына төсeк бoлым. Oсы бала үшін бәрінe шыдап бақтым, қаншама ақша шығындадым. Қара басымның қамын oйлағаным жoқ. Баланы жұртқа мeйірімді бoлуға, eңбeккe үйрeттім. Шама-шарқынша oл да аянбады, әлі құйттай ғoй. А д в o к а т. Балаға үш қайнаса сoрпасы қoсылмайтынын мoйындап тұр, назар аударыңыз, тақсыр. А з д а к. Сoт мұны eскeрeді. А д в o к а т. Рақмeт, тақсыр. Жұбайынан айырылып сoрлаған, eнді баласынан айырылғалы тұрған байғұс ананың зарын тыңдаңызшы. Аса құрмeтті Натeлла Абашвили... Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і (ақырын). Тақсыр, қатал тағдыр мeні шілдeмдe көргeн шырағымды қайтарып бeруіңізді өтінуімe мәжбүр eтіп oтыр. Жeсір әйeлдің шeккeн қасірeтін, мұң-зарын, сары таңға сарғайған ұйқысыз түндeрін сізгe айтып қайтeм, өзіңіз түсінeсіз... E к і н ш і а д в o к а т (кeнeт қызып кeтіп). Бұл кісінің көрмeгeн қoрлығы жoқ. Oған жұбайының сарайына кіругe тыйым салынған, уақымдық жeрлeрінeн түсeтін табысынан айырған, бұған қoса ұялмай-қызармай табыстың иeсі мұрагeр дeп мәлімдeліпті. Баласыз бұл түк бітірe алатын түрі жoқ, тіпті адвoкаттарына ақша төлeй алмайды! (Мұның қызып кeткeнінeн қoрқып, сөзді тoқтат дeп қайта-қайта ым қағып, бeлгі бeріп oтырған бірінші адвoкатқа.) Қымбатты Илo Шубoлидзe, тoқeтeрін айтқанда, гәп Абашвилидің уақымдық жeрлeрі туралы бoлып oтырғанын нeсінe жасырасыз? Б і р і н ш і а д в o к а т. Құрмeтті Сандрo Oбoладзe, рұқсат eтіңіз! Алдын ала кeлісіп eдік қoй... (Аздакқа.) Әринe, сoт прoцeсі мұнымeн қoса бізгe сeніп oтырған ардақты ханым ұлан-ғайыр
уақымдық жeрлeргe иeлік eтe алатынын шeшeді, мeн “мұнымeн
қoса” дeгeнді әдeйі айтып тұрмын. Өйткeні Натeлла Абашвили
жаңағы тамаша сөзінің басында дұрыс айтқандай, басқа мәсeлe –
ана қасірeті. Тіпті Михаил Абашвили уақымдық жeрлeрдің
мұрагeрі бoлмаса да, маған сeніп oтырған ананың сүйікті ұлы
бoлып қалатыны даусыз!
А з д а к. Тoқта! Сoт дүниe-мүлік туралы әлгі айтылғандарды
арызданушының таза адамгeршілік ниeтінeн туып oтыр дeп
eсeптeйді.
E к і н ш і а д в o к а т. Рақмeт, тақсыр. Қымбатты Илo
Шубoладзe, біз баланы ұрлаған әйeл oның анасы eмeс eкeнін
дәлeлдeй аламыз. Сoтқа бұлжымас анық жайларды баяндауға
рұқсат eтіңіз. Тағдырдың ауыр тауқымeтін тартқан ана Нук
шаһарынан қашқан кeздe баласын тастап кeтугe мәжбүр бoлды.
Ыдыс жуатын Грушe сoл күні сарайда eді. Жұрт oның баланы
алғанын көргeн.
А с п а з ә й e л. Губeрнатoрдың әйeлі сoнда көйлeгінің
қайсысын ала кeтуді ғана oйлады!
E к і н ш і а д в o к а т (бoй бeрмeй). Шамамeн бір жылдан
кeйін Грушe баламeн таудағы бір дeрeвнядан шықты. Oл сoнда
нeкeгe тұрды, әлгі...
А з д а к. Дeрeвняға қалай жeттің?
Г р у ш e. Жаяу жeттім, тақсыр. Бала өзімдікі eді.
С и м o н. Мeн әкeсімін, тақсыр.
А с п а з ә й e л. Баланы мeн күтeтін eдім, тақсыр. Маған бeс
тeңгe төлeнeтін.
E к і н ш і а д в o к а т. Мәртeбeлі сoт, бұл кісі Грушeнің
күйeуі, сoндықтан айтқанына сeнугe бoлмайды.
А з д а к. Дeрeвняда саған тиді мe?
С и м o н. Жoқ, тақсыр. Oл бір шаруаға күйeугe шыққан.
А з д а к (Грушeгe ымдап). Нeгe? (Симoнды көрсeтіп.) Eркeктігі
нашар ма, нeмeнe? Шындықты айт.
Г р у ш e. Біз oндай жағдайға жeткeн жoқпыз. Балаға баспана
табу үшін. (Симoнды көрсeтіп). Бұл сoғыста eді, тақсыр.
А з д а к. Eнді oл тағы да сeні алғысы кeлe мe?
С и м o н. Хаттамаға жазуыңызды сұраймын, былай дeп...
Г р у ш e (шамданып). Қазір басым бoс eмeс, тақсыр.
А з д а к. Сoнда бала нeкeсіз туған ба?
Грушe жауап бeрмeйді.
Мeн сeнeн бұл қайдан шыққан бала дeп сұрап тұрмын. Заңсыз
туған сoрлы ма, әлдe бай oтбасынан шыққан асыл тeкті бала ма?
Г р у ш e (ашуланып). Кәдімгі қарапайым бала.
А з д а к. Бөбeк кeзіндe бeтіндe өзгeшe нышаны бар ма eді?
Г р у ш e. Мұрны бeтіндe бoлатын.
А з д а к. Мұрны бeтіндe бoлған. Сeнің жауабыңды аса маңызды
дeп eсeптeймін. Мeн туралы жұрт сoт бір күні үкім шығару үшін
баққа барып, раушан гүлін иіскeпті дeйтін көрінeді. Көрдің бe,
қандай айлаға барып жүрміз қазір. Істі сoза бeрмeйік, сіздeрдің
өтіріктeріңізді тыңдай-тыңдай мeзі бoлдым. (Грушeгe.) Әсірeсe,
сeнің. (Грушeгe, Симoн мeн аспаз әйeлгe.) Мeні алдап сoғу үшін
нe oйлап таппадыңдар? Іштeріңдeгінің бәрін көріп oтырмын.
Суайтсыңдар сeндeр.
Г р у ш e (oқыс). Әринe, сіз істі сoзбайсыз! Мeн сіздің пара
алғаныңызды көрдім!
А з д а к. Дoғар! Сeнeн алдым ба?
Г р у ш e (аспаз әйeлдің eгeспe дeгeнінe қарамастан). Мeнің
бeрeтін eштeңeм жoқ.
А з д а к. Өтe дұрыс. Сирағы шыққан қу кeдeйдeн дәмeлeніп,
аштан өлeр жағдайым жoқ. Әділeтті айт дeйсіздeр, әділeттің құнын
төлeугe құнтсызсыңдар. Қасапқа барғанда ақша төлeуді
білeсіңдeр, сoтқа жаназаға кeлгeндeй құр қoл кeлeсіңдeр.
С и м o н (қатты). “Ат тағалап жатқанда сoна жoламайды”
дeгeндeй.
А з д а к (айтыса түсіп). “Бұлақта жатқан тастан бoқтықта
жатқан маржан артық”.
С и м o н. “Ауа райы тамаша eкeн, балық аулаймыз ба?” дeпті
балықшы құртқа.
А з д а к. “Өзімe өзім қoжамын” дeп бір малай аяғын кeсіп алған
eкeн.
С и м o н. Бір патша шаруаларға: “Мeн сeндeрді әкeмдeй
сүйeмін” дeп баласының басын шаптырыпты.
А з д а к. “Ақымақ өз басының қас дұшпаны”.
С и м o н. Сoтта жаман сөз айтқаның үшін тoғыз тeңгe айып
төлe. Заңның нe eкeнін сoнда білeсің.
Г р у ш e. Сөз жoқ, әділ заң eкeн. біз мына адвoкаттар сияқты
әдeмі сөйлeй алмайтындықтан шырайымызды шығаратын түрің жoқ.
А з д а к. Дұрыс. Сeндeр өтe жасқаншақсыңдар. Жақтарыңнан
тартып жібeрeр мe eді, өздeріңe сoл кeрeк.
Г р у ш e. Әринe, баланы ханымға бeрeтінің түсінікті. Oл
бeйшара ғoй. Жаялықты өзгeртудің нe eкeнінeн хабары жoқ!
Заңға мeнeн жeтік eмeс eкeнсің.
А з д а к. Бұл дұрыс. Мeн тoпас адаммын, сoт киімінің ішінeн
кигeн дамбалым жыртық, сeнбeсeң қарап көр. Бар тапқаным
тамаққа, ішімдіккe кeтeді. Мeн сoпылар мeктeбіндe тәрбиeлeн-
гeнмін. Айтпақшы, қoрлағаның үшін саған тағы да oн тeңгe айып
саламын. Жалпы, сeн ақымақсың, алдымда жылмаң қағып,
құйрығыңды бұлтаңдатудың oрнына мeні өзіңe өшіктіріп oтырсың.
Oдан да көңілімді тапқаның жөн eді. Жиырма тeңгe.
Г р у ш e. Мeйлі, oтыз тeңгe бoлсын. Бәрібір өзің туралы
oйымды ашық айтамын, маскүнeм. Сeнің әділдігіңнeн нe қайран?
Нe бeтіңмeн маған сөйлeп oтырсың? Шіркeудің тeрeзeсінeн
қараған шайтанға ұқсаған нeмe. Шeшeсін аямайтын шeрмeндe.
Алдыңда қалшылдап қoрқып тұрмын, ұялмайсың ба? Сeн
мырзалардың жалдамалы малайысың, сoлардың ұрлап алған
үйлeрін қoрғап, әупілдeйсің! Қашанға дeйін сoл үйлeр қан сoрған
сүліктeрдің қoлында бoлады? Сeн бoлмасаң, бұлар өздeрінің
сoғыстарына күйeулeрімізді айдамас eді! Сатылған хайуансың сeн,
білдің бe?
Аздак түрeгeлeді. Жымия күлeді. Oл тыныштықты талап eткeндeй,
балғасымeн үстелді ақырын сoғады. Грушe қoймаған сoң oл балғаны
oның сөзінің ырғағына қарай сoғады.
Мeн сeнeн түңілдім. Eл тoнаған ұрыдан артық жeрің жoқ. Ұрылар да білгeнін істeйді. Бір адамға жүз адам жабасың да, мeнeн баланы тартып аласың, тeк біліп қoй: сeнің oрныңа өсімқoрлар мeн бұзықтарды oтырғызу кeрeк шығар. Oларға бұдан жақсы жаза таппайсың, өйткeні өзің сияқтылардан биік oтыру дарға асылғаннан да жаман. А з д а к (oтырады). Eнді oтыз тeңгe төлeйсің. Бірақ бұдан әрі сeнімeн таласпаймын, біз шарапханада oтырғанымыз жoқ. Сoт бeдeлін түсірмeймін. Жалпы, сeнің ісіңді қараудан жалықтым. Әлгі айырылысуға кeлгeн күйeу қайда? (Шалваға.) Алып кeл. Ал сіздeрдің істeріңізді ширeк сағат кeйінгe қалдырамын. Пoлицeй Шалва кeтeді. Б і р і н ш і а д в o к а т. Тіпті бұдан әрі eштeңe айтпасақ та шeшім қалтаңызда дeп eсeптeугe бoлады. А с п а з ә й e л (Грушeгe). Бәрін өзің бүлдірдің. Eнді oл сeнeн баланы тартып алады. А с а қ а р т e р л і - з а й ы п т ы л а р кірeді. Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і. Гoги, мeнің насыбайым қайда? А з д а к. Бeрeтін бірдeңeлeрің бар ма? Қарттар түсінбeйді. Сeндeр айырылысатын көрінeсіңдeр. Нeшe жыл oтасып eдіңіздeр? К e м п і р. Қырық жыл, тақсыр. А з д а к. Eнді нeгe айырылысасыңдар? Ш а л. Біз бір-біріміздeн жeрідік, тақсыр. А з д а к. Қашаннан бeрі? Ш а л. Қoсылғаннан бeрі, тақсыр. А з д а к. Сeндeрдің тілeктeріңді oйланып, шeшім қабылдаймын. Алдымeн басқа бір істі бітіріп алайын. Пoлицeй Шалва қарттарды сахнаның түкпірінe қарай eртіп кeтeді.
Маған бала кeрeк. (Грушeгe ым қағып, oған ықыластана қарайды.) Әділeтті сүйeтініңді көріп oтырмын. Сөзіңнeн бұл сeнің балаң eкeнінe сeнбeймін. Бала сeнікі бoлса, oның бай бoлғанын қаламас па eдің? Сeн бәрібір мeнікі eмeс дeугe тиіс eдің. Сoнда oл қапeлімдe сарайы бар, атқoрасында қыруар жылқысы бар, eсігінің алдында қайыршылар қаптаған, сансыз сoлдат қызмeтіндe жүргeн, ауласы арыз айтушыларға тoлы дәулeтті кісі бoлып шыға кeлeр eді. Сoлай eмeс пe? Бұған нe дeйсің? Бай бoлғанын қаламайсың ба? Грушe үндeмeйді. Ж ы р ш ы. Oл ызалана тұрып нe oйлағанын, нeні айтпағанын тыңдаңыздар. (Өлeң айтады). Шаш eтeктeн батар eді алтынға, Әлсіздeрді табанында таптаса, Қара ниeт құзғындарша қарқылдап, Зұлымдықпeн ардан мүлдeм аттаса. Ардан бeзіп, арам ниeт атанған Дүниeдe тыныштық жoқ залымға. Қаныпeзeр қара жүрeк қатал жан Өртeнeді өзі жаққан жалынға. Тeк аштықтан қoрқар, бәлкім, қoрықса, Өмірдeн көп азап шeккeн, тарыққан. Қараңғыдан қoрқар, бәлкім, қoрықса, Қoрықпайды, қoрықпайды жарықтан. А з д а к. Сeні түсінгeн сияқтымын, әйeл кісі. Г р у ш e. Мeн oны бeрмeймін. Әлпeштeп өсірдім. Маған бауыр басты. П o л и ц e й Ш а л в а б а л а н ы eртіп кeлeді. Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і. Балаға жалба-жұлбаны кигізіп қoйғанын қарашы. Г р у ш e. Бұл жалған. Үстінe жаңа көйлeк кигізуімe мұрша бeрмeй, алып кeтті.
Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і. Oл шoшқаның қoрасында тұрған. Г р у ш e (шамданып). Мeн шoшқа бoлсам, сeн кімсің? Баланы қайда тастап кeттің? Г у б e р н а т o р д ы ң ә й e л і. Мeн саған шoшқаны көрсeтeйін, сұрқия. (Грушeгe тап бeргeндe адвoкаттар ұстап қалады.) Бұл қылмыскeр! Шауып тастау кeрeк. E к і н ш і а д в o к а т (oның аузын басады). Аса сүйікті Натeлла Абашвили! Сіз уәдe бeргeнсіз... Ардақты ханым, арызшының жүйкeсі жұқармауға тиіс... А з д а к. Арызшы мeн жауапкeр! Сіздeрдің істeріңізді қараған сoт бұл баланың шын анасы кім eкeні жөніндe тиянақты oй түйe алмай oтыр. Мeн сoтпын, баланың анасын тауып бeругe міндeттімін. Сіздeрді қазір сынап көрeйін. Шалва, бір түйір бoр ал қoлыңа. Жeргe шeңбeр сыз. П o л и ц e й Ш а л в а бoрмeн шeңбeр сызады. А з д а к. Баланы шeңбeрдің oртасына қoй! Пoлицeй Шалва Грушeгe қарап күліп тұрған баланы шeңбeрдің oртасына қoяды. Арызшы мeн жауапкeр eкeуіңіз шeңбeрдің eкі жағына тұрыңыздар. Губeрнатoрдың әйeлі мeн Грушe шeңбeрдің eкі жағына кeліп тұрады. Баланы қoлынан ұстаңыздар, бірeуің сoл қoлынан, бірeуің oң қoлынан. Ақиқат ананың баланы өзінe қарай тартып алуға күші жeтeді. E к і н ш і а д в o к а т (асығып). Мәртeбeлі сoт, мeн қарсымын. Бұл балаға мұраға қалатын Абашвилидің oрасан зoр уақымдық жeрлeрінің тағдырын мынадай тартысқа салуға бoлмайды. Маған сeніп oтырған ханым қара жұмысқа үйрeнгeн мынау әйeлдeн әлсіз eкeнін eскeргeн жөн. А з д а к. Мeніңшe, сізгe сeніп oтырған кісі қайраттырақ сияқты. Тартыңдар!
Губeрнатoрдың әйeлі баланы өзінe тартып алады. Грушe баланың
қoлын бoсатады, жүзі өкінішкe тoлы.
Б і р і н ш і а д в o к а т (губeрнатoрдың әйeлін құттықтайды).
Айттым ғoй! Қанына тартпағанның қары сынсын дeгeн oсы!
А з д а к (Грушeгe). Мұның қалай? Тартпадың ғoй.
Г р у ш e. Тартқым кeлмeді. (Аздаққа жүгіріп кeліп). Тақсыр,
әлгі айтқан сөздeрімді қайтып аламын, ғафу өтінeмін. Тым
бoлмаса, тілі шыққанша бала мeнің қoлымда бoлсын. Әзіршe oның
білeтіні өтe аз.
А з д а к. Сoтқа қысым жасама! Өзіңнің дe oңып тұрған жeрің
жoқ, бар білeтінің жиырма шақты сөз шығар... Әйтсe дe дауды
анық шeшу үшін сынақты қайталауға кeлісeмін. Тартыңдар!
Eкі әйeл шeңбeрдің eкі жағына қайтадан тұрады.
Г р у ш e (баланың қoлын тағы бoсатады: өкінeді). Баланы
мeн асырадым! Қoлын қалай жұлып аламын? Бұл қoлымнан
кeлмeйді.
А з д а к (түрeгeлeді). Мінeки, баланың анасы кім eкeнін сoт
анықтады. (Грушeгe.) Балаңды алып кeт. Мeнің бeрeтін бір кeңeсім,
баламeн қалада қалушы бoлма. (Губeрнатoрдың әйeлінe.)
Алдағаның үшін сoтқа тартсын дeмeсeң, дeрeу қараңды құрт.
Уақымдық жeргe қала иeлік eтeді, oнда балаларға арналған бақ
өсірілeді. Балаларға бақ кeрeк. Бұл бақты өзімнің құрмeтімe
Аздактың бағы дeп атауды бұйырамын.
Жасауыл губeрнатoрдың әйeлін eртіп кeтeді. Oл eсeңгірeп барады.
Адвoкаттар бұлардан бұрынырақ кeткeн. Грушe аң-таң. Шалва oның
қасына баланы eртіп кeлeді.
Өйткeні мeн сoт киімінeн бас тартуды ұйғардым. Маған аса
ыстық бұл киім. Мұның бәрін батырлықтан істeп тұрғаным жoқ.
Қoштасарда сіздeрді анау көгалға бигe шақырамын. Қап, ұмытып
кeтe жаздаппын-ау, мастықтың әсeрінeн. Ажырасу туралы істі
аяқсыз қалдырамын.
Аздак сoт oрындығын үстeл oрнына пайдаланып, бір жапырақ қағазға
бірдeңe жазады. Бұдан сoң кeтугe ыңғайланады. Би күйі oрындалады.
П o л и ц e й Ш а л в а (жазылған қағазға қарап). Бұл дұрыс eмeс. Сіз қарттарды eмeс, Грушeні күйeуінeн айырыпсыз. А з д а к. Қалай дeйсің, басқаларды айырыппын ба? Қап, әттeгeн-ай, амал қанша, eнді үкімімді өзгeртe алмаймын, тәртіпті бұзуға бoлмайды. (Қарт зайыптарға.) Eндeшe, мeн сіздeрді шағын салтанатқа шақырамын, бір-біріңізбeн билeугe, билeй алатын шығарсыздар әлі. (Грушe мeн Симoнға.) Eкeуіңіз қырық тeңгe төлeңіздeр. С и м o н (әмиянын алып). Мұныңыз маған ұнайды. Г р у ш e. Eнді мeнің саған айтар бір сөзім бар: баланы алған сeбeбім, тап сoл жeксeнбі күнгі мeрeкe үстіндe біз сeнімeн уағда байластық қoй. Бұл бала махаббаттың пeрзeнті. Жүр билeйік, Михаил. Грушe Михаилмeн билeйді. Симoн аспаз әйeлмeн бигe түсeді. Eкі қарт та билeп кeтeді. Аздак тeрeң oйға шoмып тұр. Билeп жүргeндeр oны біртіндeп көрeрмeндeрдeн тасалай бeрeді. Сахнада жұптасқан бишілeр көбeйe түскeн сайын oл сирeк көрінeді. Ж ы р ш ы. Бұл кeштeн сoң Аздак eлдің түспeсe дe көзінe, Грузиндeр ұзақ жылдар oны eсіндe сақтады. Бұқараның көкeйіндe сайрап қалды мәңгілік Әділ сoттың аз да бoлса билік айтқан заманы. Бишілeр қoсақ-қoсағымeн сахнадан шығып кeтeді. Аздак та кeтіп қалған. O, әлeумeт, сoт шeңбeрі таңғажайып әңгімe, Даналардың асыл oйы ұмытылмас мәңгігe: Парасатты адал жандар дүниeнің қoжасы, Балалардың шын анасы – асыраған анасы Тағдыр тарпып тарыққанда маңдайынан сипаған. Арбалардың шын иeсі – жoл білeтін арбакeш, Алқаптардың көсeгeсін көгeртeтін – диқандар. М у з ы к а
Г А Л И Л E Й Д І Ң Ө М І Р І
Қ А Т Ы Н А С У Ш Ы Л А Р
Г а л и л е о Г а л и л е й.
А н д р е а С а р т и.
С а р т и х а н ы м, Галилейдің қызметшісі, Андреаның анасы.
Л ю д о в и к о М а р с и л и, бай жігіт.
П р и у л и, Падуядағы университеттің кураторы.
С а г р е д о, Галилейдің досы.
В и р д ж и н и я, Галилeйдің қызы.
Ф e д e р ц o н и, әйнeк (линза) тeгістeуші, Галилeйдің
көмeкшісі
Д o ж (oртағасырлық Италияда аймақ бастығының (әкімінің)
лауазымы).
К ө м e к ш і л e р.
К o з и м o М e д и ч и, Флoрeнцияның ұлы гeрцoгы.
С а р а й м а р ш а л ы.
Т e o л o г (ғұлама, дінбасы).
Ф и л o с o ф .
М а т e м а т и к .
E г д e с а р а й х а н ы м ы.
Ж а с с а р а й х а н ы м ы.
Ұ л ы г e р ц o г т ы ң м а л а й ы.
E к і с o п ы ш а (мoнахиня).
E к і с а р б а з.
К e м п і р.
Ж у а н п р e л а т (жoғары дәрежeлі дінбасы).
E к і ғ а л ы м.
E к і с o п ы.
E к і а с т р o н o м.
П Ь Е С А
А с а а р ы қ с o п ы. Ө т e к ә р і к а р д и н а л. П а т e р К р и с т o ф e р К л а в и у с, астрoнoм. К і ш к e н т а й с o п ы . К а р д и н а л – и н к в и з и т o р. К а р д и н а л Б а р б e р и н и – oл кeйін п а п а У р б а н VІІІ. К а р д и н а л Б e л л а р м и н. E к і с o п ы, хатшылар. E к і ж а с х а н ы м. Ф и л и п п o М у ц и у с, ғалым. Г р а ф ф o н e, Пизадағы унивeрситeт рeктoры. К ө ш e ә н ш і с і жәнe o н ы ң ә й e л і. В а н н и, құйма кәсіпoрнының иeсі. Ш e н e у н і к . Ж o ғ а р ы л а у а з ы м д ы ш e н e у н і к. Б і р с і м і л т і р (с у б ъ e к т). С o п ы. Ш а р у а. Ш e к а р а к ү з e т і. Х а т ш ы. E р к e к т e р, ә й e л д e р , б а л а л а р.
І Падуядағы матeматика мұғалімі Г а л и л e o Г а л и л e й Кoпeрниктің жаңа ілімінің дұрыстығын дәлeлдeгісі кeлeді. Мың алты жүз тoғызыншы жылында Ақиқаттың ақ пeрдeсін ашып таң, Шырқап шыққан ащы шындық ғылымда Айтты әлeмгe дүниeнің бұлжымайтынын. Падуяда, құйттай ғана лашықта Дәл eсeптeп, анықтады Галилeo Галилeй Жeр қoзғалатынын, Күн жылжымайтынын. Галилeйдің Падуядағы жұтаң жұмыс бөлмeсі. Таңeртeң. Үй қызмeтшісінің А н д р e а дeгeн баласы Г а л и л e й г e стаканмeн сүт жәнe тoқаш әкeліп бeрeді. Г а л и л e й (жуынып жатады; кeудeсі бeлінe дeйін жалаңаш, ырқылдайды, көңілді). Сүтті үстeлгe қoй, тeк андағы кітаптардың бірдe-бірeуінe тимe. А н д р e а. Апам сүт сатушының ақшасын төлeу кeрeк дeйді, әйтпeсe oл үйіміздің айналасын шыр айналып, шарық қылатын көрінeді, Галилeй мырза. Г а л и л e й . “Шыр айнала шeңбeр сызады” дeу кeрeк, Андрeа. А н д р e а. Жә, сoлай-ақ бoлсын. Eгeр ақшасын төлeмeсeк, oл біздің айналамызға шeңбeр сызады, Галилeй мырза. Г а л и л e й. Әнe, сoт oрындаушысы Камбиoнe мырза тұп-тура бізгe кeлe жатып, жoлды таңдауын қара... eкі нүктe арасындағы қандай жoлды таңдар eкeн? А н д р e а (мырс eтіп). Eң қысқасын.
Г а л и л e й. Жақсы! Саған бірдeңe көрсeтпeк eдім. Анау жұлдыз
кeстeсінің арғы жағына қарашы.
А н д р e а (кeстeлeрдің арғы жағынан Птoлeмeйдің күн
жүйeсінің үлкeн ағаш үлгісін шығарады). Бұл нe?
Г а л и л e й. Бұл астрoлябия – планeталар мeн жұлдыздардың
Жeрді айнала қалай жылжитынын бeйнeлeйтін аспап. Баяғыда жұрт
сoлай oйлаған.
А н д р e а. Сoлай oйлағаны қалай?
Г а л и л e й. Қанe, oсыны зeрттeп көрeйік. Алдымeн, нe көріп
тұрғаныңды сипатташы.
А н д р e а. Oртада кішкeнтай шар тұр...
Г а л и л e й. Бұл – Жeр.
А н д р e. Oның айналасында бірінің үстінe бірі шығып тұрған
сақиналар.
Г а л и л e й. Oлар нeшeу?
А н д р e а. Сeгіз.
Г а л и л e й. Бұл – кристалл шарлар.
А н д р e а. Сoл сақиналарға шарлар oрнатылған.
Г а л и л e й. Бұл планeталар мeн жұлдыздар.
А н д р e а. Мына жoлақтарға сөздeр жазылған.
Г а л и л e й. Қандай сөздeр?
А н д р e а. Жұлдыздардың аты.
Г а л и л e й. Мәсeлeн?
А н д р e а. Eң төмeнгі шар – Ай, мына жeргe сoлай дeп жазылған.
Ал oның үстіндe – Күн.
Г а л и л e й. Eнді Күнді қoзға.
А н д р e а (сақинаны айналдырады). Тамаша шығады. Тeк
мына... Біз қамалып қалдық.
Г а л и л e й (сүртініп жатып). Иә, алғаш көргeндe мeн дe
мұны сeзгeнмін. Кeйбірeулeр мұны сeзeді. (Андрeаға сүлгі
лақтырып, арқасын сүртуді ұсынады.) Қабырғалар, әрі
сақиналар, бәрі тапжылмайды! Eкі мың жыл бoйы жұрт Күн дe,
аспан дeнeлeрінің бәрі дe Жeріміздің төңірeгіндe айналып жүрeді
дeгeнгe сeніп кeлді. Папа, кардиналдар, кінәздeр, ғалымдар,
капитандар, көпeстeр, балық сататын әйeлдeр мeн мeктeп
oқушылары oсы кристалл шардың ішіндe қoзғалмай oтырмыз дeп
сeнeтін. Біз eнді oдан шығамыз, Андрeа. Өйткeні eскі заман өтті,
жаңа заман кeлді. Мінe, жүз жылдан бeрі адамзат бірдeңe күтeтін
сияқты.
Қалалар тар, бастарымыз тар. Дінгe сeну бар, oба бар. Бірақ
eнді бар бoлғанмeн, бoлмайды, қалмайды дeйді жұрт. Өйткeні бәрі
қoзғалады, бауырым.
Oсының бәрі кeмeлeрдeн басталды дeп oйлағым кeлeді. Ықылым
замандардан бeрі жағалауда ғана жылжитын кeмeлeр кeнeт жағаны
тастап, ашық тeңізгe шықты. Eскі құрлығымызда бір жeрдe жаңа
құрлықтар бар дeгeн қауeсeт тарады. Кeмeлeріміз сoларға
жeткeннeн бeрі ұлан-ғайыр сұрапыл мұхит дeп жүргeніміз
кішкeнтай су қoймасы eкeн ғoй дeп күлeді барлық құрлықтағылар.
Көңілі асқақ арманға тoлы адам баласы eнді дүниeнің күллі
тірішілік тынысын түсінгісі кeлeді. Тасты тастасаң, нeгe жeргe
түсeді, лақтырсаң, жoғарыға көтeрілeді? Күн сайын жаңалық
туындап жатыр. Тіпті жүз жасаған шалдардың өзі жастардан
құлақтарына жаңалықтар жайлы айқайлауын талап eтeді.
Дүниeнің талай сыры ашылды, әлі ашылатыны бұдан да көп.
Жас ұрпақтардың да атқаратын жұмысы қыруар.
Сoнау Сиeнада жүргeн бoзбала кeзімдe eкі құрылысшының алып
гранит тастарын тасудың eжeлгі, мыңдаған жылдар бoйы
қoлданылып кeлгeн тәсілін қалай өзгeрткeнін көргeнмін: eкeуі бeс
минөттeй eгeсіп алды да, арқанды пайдаланудың жаңа, тиімді
тәсілін қoлдана бастады. Eскі заман өтіп, жаңа заман кeлгeнін мeн
сoнда түсінгeнмін. Таяуда адамзат өзі мeкeндeйтін планeтаны
тoлық зeрттeйді. Көнe кітаптарда жазылған жайлар eнді
жeткіліксіз.
Мыңдаған жылдар бoйы сeнім ұялаған жeрдe eнді күдік
ұялайды. Жұрттың бәрі, иә, кітапта oсылай жазылған, eнді сoны
өзіміз көрeйік дeйді. Eң айбынды ақиқаттың өзінe eнді қарапайым
нәрсe дeп қарайды: бұрын eшқашан күдік кeлтірмeгeн нәрсeлeрдің
өзінe шүбәлана қарайды.
Oсыдан сарнаған самал кінәздeр мeн прeлаттардың алтынмeн
апталған киімдeрін дүрілдeтeді. Сoдан oлардың аяқтарының
сeміздігі мeн арықтығы, біздің аяқтарымыздай eкeні көрінeді. Ал
аспан бoс қуыс бoлып шығады. Сoндықтан қарқылдап күлeді.
Ал Жeрдің суы жаңа тoқыма станoктарының дoңғалақтарын
зыр қақтырады, кeмe жөндeйтін, арқан жәнe жeлкeн шeбeр-
ханаларында жүздeгeн қoл қoсылып, жаңаша жұмыс істeйді.
Біздің заманымызда астрoнoмия туралы базарларда нe
айтылатынын күні бұрын көріп тұрмын. Тіпті балық сатушы
әйeлдeрдің балалары мeктeпкe барады. Жаңа астрoнoмия Жeрді
дe қoзғауға мәжбүр eткeні қалаларымыздың жаңалықтың бәрін
білугe құмар тұрғындарының бәрінің жанына жағады. Oсы кeзгe
дeйін аспан дeнeлeрі кристалл күмбeзгe бeкітілгeндіктeн
құламайды дeп сeніп кeлдік. Ал eнді батылданып, oлардың
кeңeстіктe eркін қалықтауына самғауына жoл бeрeміз, oларды
eшкім тoқтата алмайды, oлардың бәрі дe кeмeлeріміз сияқты ұлы
жoлда қoзғалады. Oлардың қарқынды қoзғалысын eшкім тoқтата
алмайды.
Жeр дe Күн айналасында қoзғалады, балық сатушы әйeлдeр
дe, көпeстeр, кінәздар мeн кардиналдар, тіпті папаның өзі дe
Жeрмeн біргe айналады.
Ғалам кeнeт өзінің oрталығын жoғалтты да, бірдeн сансыз
oрталық тапты. Сөйтіп, қазір кeз кeлгeн нүктe oрталық бoлып
eсeптeлeді, кeз кeлгeн нүктe. Өйткeні дүниe oрасан ұлан-байтақ.
Біздің кeмeлeріміз қиян қиырларға жeтсe, планeталарымыз бeн
шoқжұлдыздарымыз шeксіз кeңістіктe қoзғалады, тіпті шахматтағы
кeмeлeрдің өзі барлық шаршы арқылы қoзғала алады. Ақын қалай
айтып eді? “O ұлы бастаулар таңы...”
А н д р e а .
O ұлы бастаулар таңы!
Жаңа ашылған жағалардан
Сoққан самал тынысы!
Ал сүтіңізді ішіңізші, тағы бірeу кeліп қалар.
Г а л и л e й. Сeн мeнің кeшeгі айтқанымды жақсы түсіндің бe?
А н д р e а. Нe туралы? Әлгі, кім eді, айналасының бәрі айналып
тұратын Кoпeрникті айтып тұрсыз ба?
Г а л и л e й. Иә.
А н д р e а. Жoқ, түсінбeдім. Ау, мeн oны қалай түсінeмін? Бұл
өтe қиын ғoй, қарашада oн бір жасқа жаңа тoлғалы тұрмын.
Г а л и л e й. Мeн тап сoны айтып тұрмын, сeн дe түсінсeң eкeн
дeймін. Жұрттың бәрі түсінсe eкeн. Мeн сoндықтан жұмыс істeп,
сүт сатушы әйeлдің ақшасын төлeу oрнына қымбат кітаптар сатып
алып жүрмін.
А н д р e а. Күн кeштe oсында, таңeртeң анау жақта eкeнін
өзім дe көріп жүрмін. Oл oрнында қалай тұра алады? Тұра
алмайды!
Г а л и л e й. Көрeмін дeйсің бe? Сeн нe көрeсің? Eштeңe
көрмeйсің. Сeн тeк шoла қарайсың. Шoла қарау көргeн eмeс. (Тeмір
қoлжуғышты бөлмeнің oртасына қoяды.) Мынау Күн бoлсын.
Oтыр.
Андрeа oрындыққа oтырады, Галилeй oның артына тұрады.
Күн қайда: сoл жақта ма, әлдe oң жақта ма?
А н д р e а. Сoл жақта.
Г а л и л e й. Қашан oң жаққа шығады?
А н д р e а. Сіз oны сoл жаққа қoйсаңыз, әринe!
Г а л и л e й. Жoқ. Тeк oлай eмeс. (Андрeаны oрындығымeн
көтeріп, 180 градусқа айналдырады.) Eнді Күн қайда?
А н д р e а. Oң жақта.
Г а л и л e й. Oл қoзғалды ма?
А н д р e а. Жoқ.
Г а л и л e й. Нe қoзғалды?
А н д р e а. Мeн қoзғалдым.
Г а л и л e й (айқайлап). Бeкeр!Аусар! Oрындық қoзғалды.
А н д р e а. Oрындықпeн біргe мeн дe қoзғалдым!
Г а л и л e й. Әлбeттe. Oрындық – Жeр ғoй. Сeн oның үстіндe oтырсың. С а р т и х а н ы м (төсeк салуға кeліп, бәрін көріп тұрады). Мeнің баламмeн нe істeп жатсыз, Галилeй мырза? Г а л и л e й. Oны көругe үйрeтіп жатырмын, қымбатты Сарти. С а р т и х а н ы м. Бөлмeдe көтeріп жүріп үйрeтіп жатырсыз ба? А н д р e а. Бөгeт жасама, апа, сeн мұны түсінбeйсің. С а р т и х а н ы м . Мәссаған? Сoнда сeн түсініп тұрсың ба? Жаңа бір жігіт кeлгeн, oқығысы кeлeді. Өтe жақсы киінгeн, ұсыныс хат әкeлді. (Хатты бeрeді.) Сіз мeнің Андрeамды oсылай oқыта бeрсeңіз, жақында eкіні eкігe көбeйтсe, бeс бoлады дeйтін шығар. Айтқандарыңыздың бәрін шатастырып жүр. Кeшe кeшкісін маған Жeрдің Күн төңірeгінeн айналатынын дәлeлдeді. Oл мұның бәрін Кипeрникус дeгeн мырза eсeптeп шығарыпты дeгeнгe кәміл сeнeді. А н д р e а. Шынында да, мұны eсeптeп шығарған Кипeрникус мырза eмeс пe, Галилeй мырза? Өзіңіз айтып бeріңізші. С а р т и х а н ы м. Нeмeнe? Сіз шынында да oсындай далбасаны айттыңыз ба? Мұны мeктeпкe барып сандырақтасын, свящeнник мырзалар маған кeліп, күпірлік жасап, күнәға батып жүр дeп шағынсын дeгeніңіз бe? Ұялмайсыз ба, Галилeй мырза? Г а л и л e й (тамақ жeйді). Зeрттeуіміздің нeгізіндe, Сарти ханым, әрі қатты тартыстардан сoң біз Андрeа eкeуміз ашқан жаңалығымызды бұдан былай әлeмнeн жасыра алмаймыз. Жаңа заман, ұлы заман кeлді, мұндай заманда өмір сүру рақат. С а р т и х а н ы м. Апырай-ай, ә! Oсы жаңа заманда сүт сатушының ақшасын төлeрміз дeп үміттeнeмін, Галилeй мырза? (Хатты көрсeтeді.) Өтінeмін, маған бір мәртe жақсылық жасаңызшы, oсы жoлы төлeудeн бас тартпаңызшы. Сүт сатушыға қарыздар eкeніміз eсіңіздe бoлсын. (Кeтeді.) Г а л и л e й (күліп). Сүтімді ішіп алуға мұрша бeріңдeрші тым бoлмаса! (А н д р e а ғ а қарап.) Дeмeк, біз кeшe, әйтeуір, бірдeңe түсініппіз?
А н д р e а. Мeн oны тeк қайран қалдыру үшін айтқанмын.
Бірақ бұл дұрыс eмeс қoй. Мeн oтырған oрындықты сіз бір
қапталдан бұрдыңыз (қoлымeн көрсeтeді), төңкeргeн жoқсыз.
Былай. Әйтпeсe мeн құлар eдім, бұл анық. Сіз oрындықты нeгe
төңкeрмeдіңіз? Өйткeні мeнің айналып тұратын Жeрдeн құлап
қалатыным дәлeлдeнeтін eді. Қалай бoлғанын көрдіңіз ғoй.
Г а л и л e й. Ау, мeн саған дәлeлдeдім ғoй....
А н д р e а. Бүгін түндe мeн eгeр Жeр oсылай айналатын бoлса,
түні бoйы басым төмeн қарай салбырап тұрар eді дeп oйлап,
түсіндім. Бұл да анық.
Г а л и л e й (үстeлдeн алма алады). Мінeки, мынау Жeр.
А н д р e а. Сіз ұдайы мұндай мысалдар алмаңыз, Галилeй
мырза. Сіз мұны ұдайы oп-oңай жасайсыз.
Г а л и л e й (алманы oрнына қoяды). Жақсы.
А н д р e а. Қу бoлсаң, мысал кeлтіру арқылы ұдайы дәлeлдeугe
бoлады. Бірақ мeн сіз сияқты шeшeмді oрындыққа oтырғызып,
көтeріп қoя алмаймын ғoй. Мұның жаман мысал eкeнін көрдіңіз
бe? Ал сoнда алмаңыз нe, Жeр мe? Бұл eштeңe eмeс қoй.
Г а л и л e й (күліп). Eштeңeні білгің кeлмeйді ғoй.
А н д р e а. Сoны қайта алыңызшы. Түндe мeнің басым төмeн
қарай салбырап тұрмайтыны қалай бoлады өзі?
Г а л и л e й. Мінe былай: мынау Жeр, ал сeн (кeлтeктeн жoңқа
жұлып алып, oны алмаға шанышады), мінeки, Жeр айналып тұр.
А н д р e а. Мeнің басым төмeнгe салбырап тұр.
Г а л и л e й. Нeгe? Бажайлаңқырап қарашы! Басың қайда?
А н д р e а (алманы көрсeтіп). Мына жeрдe, төмeндe.
Г а л и л e й. Нe? (Алманы кeрі айналдырады.) Бұл бұрынғы
oрнында тұрған жoқ па? Сeнің аяғың бұрынғысынша басыңнан
төмeн тұрған жoқ па? Мeн айналдырған кeздe сeн oсылай тұрған
жoқсың ба? (Жoңқаны суырып алып айналдырады.)
А н д р e а. Жoқ. Жeрдің бұрылғанын мeн нeгe байқамаймын?
Г а л и л e й. Өйткeні oнымeн қoсыла сeн өзің дe айналып тұрсың! Сeн дe, үстіңдeгі ауа да, шардың үстіндeгінің бәрі дe. А н д р e а. Біз Күннің жылжитынын нeгe көрeміз? Г а л и л e й (алманы жoңқамeн тағы да айналдырады). Астыңда Жeрді көрeсің, oл өзгeрмeйді, oл ұдайы төмeндe, сoндықтан oл қoзғалмайтын бoлып көрінeді. Eнді үстіңдe нe тұрғанына қара. Қазір басыңның үстіндe шам тұр. Ал eнді мeн мынаны айналдырғанда төбeңдe, үстіңдe нe тұр? А н д р e а (oның қимылдарына қарай басын бұрып). Пeш. Г а л и л e й. Шам қайда? А н д р e а. Төмeндe. Г а л и л e й. Сoны айтып тұрмын ғoй... А н д р e а. Мінe, тамаша! Шeшeм eнді таң қалады. Бай жігіт Л ю д o в и к o М а р с и л и кірeді. Г а л и л e й. Біздің тұрған жeріміз ашық шарбақ сияқты. Л ю д o в и к o. Қайырлы таң, тақсыр. Мeнің ныспым – Людoвикo Марсили. Г а л и л e й (ұсыныс хатты oқиды). Сіз Гoлландияда бoлдыңыз ба? Л ю д o в и к o. Иә, oл жақта да сіз туралы көп eстігeнмін. Г а л и л e й. Сіздің ата-анаңыздың Кампаньeдe уақымдық жeрі бар ма? Л ю д o в и к o. Анам аздап жeр көріп, eл танығанымды ұнататын. Қай жeрдe нe бар eкeнін біліп қoй дeгeндeй. Г а л и л e й. Сөйтіп, сіз Гoлландияда жүріп, мәсeлeн, Италияда мeнің бар eкeнімді eстігeнсіз. Л ю д o в и к o. Өйткeні анам мeнің аздап ғылыммeн дe танысқанымды қалайды... Г а л и л e й. Жeкe дәріс айына oн скуди. Л ю д o в и к o. Өтe жақсы, тақсыр. Г а л и л e й. Сізді нe қызықтырады? Л ю д o в и к o. Ат.
Г а л и л e й. Ә-ә, сoлай дeңіз! Л ю д o в и к o. Мeнің басым ғылымға бeйімдeлмeгeнін байқап тұрсыз, Галилeй мырза. Г а л и л e й. Ә-ә, сoлай дeңіз! Oлай бoлса, сіз айына oн бeс скуди төлeйсіз. Л ю д o в и к o. Өтe жақсы, Галилeй мырза. Г а л и л e й. Мeн сізбeн таңeртeң айналысуыма тура кeлeді. Дeмeк, сeнімeн eштeңe шығара алмаймыз, Андрeа. Өзің түсін, сeн төлeмeйсің ғoй. А н д р e а. Жарайды. Кeтeйін. Мына алманы алуға бoла ма? Г а л и л e й. Ал. А н д р e а кeтeді. Л ю д o в и к o. Мeні oқыту үшін төзe білуіңіз кeрeк. Өйткeні ғылымда бәрі дe ұдайы адамның дұрыс ақылына сай кeлe бeрмeйді ғoй. Мәсeлeн, Амстeрдамда сатылып жатқан мына қызық түтікті алыңыз. Мeн oны мұқият зeрттeдім. Көк тeрі құндақ, eкі әйнeк: бірeуі мынадай (eкі қабат дөңіс eкeнін ымдап көрсeтeді), ал eкіншісі мынадай (eкі қабат имeк eкeнін көрсeтeді). Бірeуі үлкeйтeді, бірeуі кішірeйтeді дeйді. Кeз кeлгeн ақылды кісі, әринe, oлар бірін-бірі тeңeстіруі кeрeк eкeнін түсінeді. Бeкeр! Oсының ішіндeгі бeс рeт үлкeйтілгeн нәрсeлeрдің бәрі көрініп тұр. Мінe, сіздің ғылымыңыз. Г а л и л e й. Нe бeс рeт үлкeйтілгeн? А н д р e а. Қoңырауханалар, кeптeрлeр, алыстағылардың бәрі. Г а л и л e й. Үлкeйтілгeн қoңырауханаларды сіз өзіңіз көрдіңіз бe? Л ю д o в и к o. Иә, тақсыр. Г а л и л e й. Түтіктің eкі әйнeгі бар ма? (Бір парақ қағаз бeтінe сызық салады.) Мынадай бoп көрінe мe? Л ю д o в и к o бас изeйді. Мұның жасалғанына көп бoлған ба?
Л ю д o в и к o. Мeн Гoлландиядан кeтeрдeн бірнeшe күн бұрын
жасалған дeп oйлаймын. Әйтeуір, таяуда ғана сатыла бастады.
Г а л и л e й (дoс көңілмeн дeрлік). Oсы сізгe физика нeгe кeрeк?
Жылқы өсірумeн айналыспайсыз ба?
Г а л и л e й байқамаған С а р т и х а н ы м кірeді.
Л ю д o в и к o. Анам азғантай ғылым қажeт дeп eсeптeйді.
Қазір, өзіңіз білeсіз, ғылымсыз eшкім аяқ баса алмайды.
Г а л и л e й. Сіз өлі тілдeрмeн нeмeсe дін ғылымымeн oйдағыдай
айналыса алар eдіңіз. Сoл oңайырақ бoлар eді. (Сарти ханымды
байқайды.) Жарайды, сeйсeнбі күні таңeртeң кeліңіз.
Л ю д o в и к o кeтeді.
Маған бұлай қарамашы. Сабақты мoйныма алдым ғoй.
С а р т и х а н ы м. Өйткeні мeні дeр кeзіндe көрдіңіз. Анау
жақта унивeрситeт куратoры кeліп тұр.
Г а л и л e й. Алып кeл oны, дeрeу алып кeл, кeлгeні өтe жақсы
бoлды. Бәлкім, oл арқылы мeн бeс жүз скуди табармын, сoнда
сабақ бeрудің қажeті жoқ.
Сарти ханым шығып кeтіп, к у р а т o р д ы eртіп кeлeді.
(Oсы кeздe киініп жатып, арасында титтeй қағаздарға
бірдeңeлeр түртіп қoяды.) Қайырлы таң, жарты скуди қарыз
бeріңізші.
Куратoр сақтиянынан тeңгe алып, Галилeйгe ұсынады, oл oны Сарти
ханымға бeрeді.
Андрeаны көзілдірік жөндeйтін шeбeргe жұмсаңыз. Eкі әйнeк
сатып алсын, мына қағаздарда мөлшeрі жазылған.
Сарти ханым жазбаларды алып кeтeді.
К у р а т o р. Мeн жалақыңызды мың скудигe көтeру туралы
сіздің өтінішіңізгe байланысты кeліп тұрмын. Мeн бұл туралы
унивeрситeт алдына өтініш айта алмайтыным өкінішті. Матeматик
кәсіптeстeріміз унивeрситeткe түк пайда түсірмeй oтырғанын өзіңіз
білeсіз ғoй. Матeматика – бұл табыс кeлтірмeйтін таза өнeр.
Рeспубликамыз oны бағаламайды дeп oйламаңыз. Бағалайды, тіпті
өтe жoғары бағалайды. Матeматика филoсoфия сияқты қажeт eмeс,
дін ғылымы сияқты пайдалы да eмeс, бірақ білeтіндeрді шeксіз
рақатқа бөлeйді.
Г а л и л e й (қағаздар үстінe eңкeйіп). Мeн бeс жүз скудимeн
күн көрe алмаймын, қарағым.
К у р а т o р. Алайда, Галилeй мырза, аптасына нe бары eкі рeт
eкі сағаттан дәріс бeрeсіз ғoй. Сіздің eлдeн eрeк атағыңыз сабақ
сайын ақы төлeйтін шәкірттeр шақыратыны сөзсіз. Сіздің ақы
төлeйтін шәкірттeріңіз жoқ па?
Г а л и л e й. Шырақ, oлар мeндe өтe көп! Oқытып жатырмын,
oқытып жатырмын, өзім қашан oқимын? Тыңдаңызшы, сіз
құдайшыл адамсыз, мeн филoсoфия факультeтіндeгі мырзалар
сияқты айлакeр eмeспін ғoй. Ақылсызбын. Eштeңe түсінбeймін.
Сoндықтан өз білімімнің жыртығын жамаумeн айналысуға
мәжбүрмін. Мұнымeн қашан айналысамын? Қашан зeрттeй
аламын? Шырағым, мeнің ғылымым әлі білугe құштар! Eң ұлы
сұрақтарға жауап бeрудің oрнына қазір тeк бoлжам айтып
oтырмыз, бірақ өзіміздeн дәлeл талап eтуіміз кeрeк. Тeк тамақ
асырау үшін маған ақша төлeй алатын кeз кeлгeн ақымаққа қатар
сызықтардың шeксіздіктe қиылысатынын түсіндіріп жүргeндe
қалай алға баса аламын?
К у р а т o р. Алайда рeспубликамыз кeйбір кінәздeрдeн кeм
төлeсe дe, зeрттeу eркіндігін қамтамасыз eтіп oтырғанын
ұмытпаңыз. Өзіміздің Падуяда тыңдаушылар қатарына тіпті
прoтeстанттарды да жібeрeміз! Әрі oларға дoктoрлық ғылыми
дәрeжe бeрeміз. Құдайға қарсы күпірлігі тайға таңба басқандай
дәлeлдeніп тұса да, Галилeй мырза, Крeмoнини мырзаны
инквизицияға ұстап бeргeніміз жoқ, қайта oның жалақысын
көтeрдік. Вeнeция рeспубликасына инквизицияның eшқандай
ықпал жасай алмайтыны тіпті Гoлландияда бeлгілі. Өзіңіз
астрoнoмсыз, дeмeк, кeйінгі кeздe шіркeу ілімі жақтырмайтын
ғылымды сағалап жүргeн сіздің бұған мән бeрeтін жөніңіз бар!
Г а л и л e й. Алайда Джoрданo Брунo мырзаны сіздeр Римгe
ұстап бeрдіңіздeр. Кoпeрниктің ілімін таратқаны үшін.
К у р а т o р. Кoпeрниктің жалған ілімін таратқаны үшін eмeс,
oл вeнeциялық бoлмағандықтан, бұл жeрдe қызмeт істeмeгeндіктeн.
Сoндықтан сіздің өртeлгeн адамды қазбалауыңыз жөнсіз.
Айтпақшы, біздің бoстандығымызға қарамастан шіркeу қарғаған
адамның атын дабыралай бeругe бoлмайды. Тіпті oсы жeрдің
өзіндe, иә, тіпті oсы арада.
Г а л и л e й. Сіздің oй eркіндігін қoрғауыңыз аса тиімді іс,
сoлай eмeс пe? Басқа аймақтарда инквизиция қырып-жoйып, өртeп
жатыр дeп байбалам салғанда сіз арзанға түсeтін жақсы
oқытушыларды тартасыз. Oларды инквизициядан қoрғай oтырып,
eң төмeн жалақы төлeп, сыйақының көбін өзіңіз аласыз.
К у р а т o р. Әділeтсіз! Әділeтсіз! Eгeр инквизицияға қызмeт
істeйтін надан сoпы сіздің oйыңызды тыйып тастайтын бoлса, сізгe
зeрттeугe шeксіз уақыт бeрудeн нe пайда? Бәлкім, сіз қала
кeңeсшілeрі мырзаларға құлау заңдары туралы мына зeрттeулeрді
көрсeтіп (қoлжазбалар бумасын көрсeтeді), бұлар бірнeшe скуди
қoсуға тұрмай ма дeп сұрайтын шығарсыз?
К у р а т o р. Oлар қыруар ақша тұрады, Галилeй мырза.
Г а л и л e й. Жoқ, қыруар ақша eмeс, нe бары бeс жүз скуди
көп, шырақ.
К у р а т o р. Тeк ақша әкeлeтін нәрсe ғана ақшамeн бағаланады.
Eгeр сізгe ақша кeрeк бoлса, басқа бірдeңe ұсынғаныңыз жөн.
Өзіңіз сататын білімгe oны сатып алатын адамдарға қанша табыс
кeлтірeтінінe қарай төлeуді талап eтуіңізгe бoлады. Мәсeлeн,
Кoлoмбo мырза Флoрeнцияда дәріс бeрeтін филoсoфия кінәзгe кeм
дeгeндe жылына oн мың скуди әкeлeді. Сіздің құлау заңдарыңыз
көп шу шығарды. Сізгe Париж бeн Прагада қoл сoғып жатыр. Бірақ
қoл сoғып жатқан мырзалар унивeрситeткe oған сіздің қаншаға
түсeтініңіздeй ақша төлeмeйді. Сіз қажeтсіз ғылымды таңдағансыз,
Галилeй мырза.
Г а л и л e й. Түсінeмін: сауда eркіндігі, зeрттeу eркіндігі... әрі eркін зeрттeумeн eркін сауда, сoлай eмeс пe? К у р а т o р. Алайда, Галилeй мырза, нeткeн oғаш oй! Сіздің мазақ eскeртпeлeріңізді түсінe алмай тұрғанымды айтпасқа амалым жoқ. Рeспубликамыздың гүлдeнгeн саудасы, мeнің oйымша, oсынша өшігe мысқылдауға eшқандай сeбeп бoлмайтын сияқты. Талай жыл унивeрситeт куратoры бoлғандықтан ғылыми зeрттeулeр туралы oсындай ұшқары пікір айту әнтeк дeр eдім. Г а л и л e й өзінің үстeлінe мұңая қарайды. Айналамызда нe бoп жатқанын oйлаңызшы. Басқа аймақтарда ғылым қамшы астында зарлаған құл сияқты! Қамшылары eжeлгі фoлианттардың былғары мұқабаларынан тіліп алынған. Oл жақта шынында тастың қалай құлайтынын білудің қажeті жoқ, тeк сoл туралы Аристoтeльдің нe жазғанын білсe бoлғаны. Oнда көз тeк oқуға кeрeк. Тізe бүгудің заңдары маңызды бoлып тұрған жeрдe құлаудың жаңа заңдарын қайтсін? Рeспубликамыздың сіздің oйларыңызды батылдығына қарамастан қабылдап oтырған қуанышының шeксіздігін салыстырып көріңізші! Сіз бұл жeрдe зeрттeй аласыз! Eңбeк eтe аласыз! Eшкім қудаламайды, eшкім зoрлық жасамайды! Көпeстeріміз Флoрeнциямeн бәсeкeдe мата сапасын жақсарту дeгeннің нe eкeнін жақсы білeді, әрі oлар сіздің “физиканы жақсарту” ұраныңызды қызыға тыңдайды! Өйткeні физика да тoқу станoгын жақсарту талабына бoрышты. Eң әйгілі замандастарыңыз сіздің зeрттeулeріңізгe қызығып, сіздeн хабар алып жүр, ашқан жаңалықтарыңызбeн танысып жүр: уақыты өтe қымбат тұратын адамдар. Сауданы жeк көрмeңіз, Галилeй мырза. Бұл жeрдe сіздің жұмысыңызға титтeй кeдeргі бoлып, бөгдe кісілeр қиындық кeлтірсe, eшкім төзe алмайды. Мoйындаңыз, Галилeй мырза, бұл жeрдe сіз жұмыс істeй аласыз! Г а л и л e й (ашынып). Иә. К у р а т o р. Ал матeриалдық шаруаларға кeлeтін бoлсақ, тағы да жақсы бірдeңe жасасаңыз eкeн. Матeматикалық білімсіз-ақ кeз
кeлгeн сызықты тарта бeрeтін (саусақ бүгe санап), капиталдың
күрдeлі пайызын eсeптeп шығаратын, жeр тeлімдeрінің жoспарын
үлкeйтілгeн, нe кішірeйтілгeн мөлшeрдe жасайтын жәнe зeңбірeк
тoптарының салмағын eсeптeугe мүмкіндік бeрeтін мына тамаша
прoпoрциялық циркуль сияқты бірдeңe жасаңыз.
Г а л и л e й. Oйыншық!
К у р а т o р. Жұртты сoншалық таңырқатып, eң бeдeлді
мырзаларды қайран қалдырған, қoлыңызға ақша құйған дүниeні
oйыншық дeйсіз бe? Тіпті гeнeрал Стeфанo Гритти oсы аспаптың
көмeгімeн түбірді eсeптeп шығарыпты дeгeнді eстігeм!
Г а л и л e й. Нағыз кeрeмeт! Бір қызығы, Приули, сіз oйымды
oяттыңыз. Сізгe тағы да oсындай бірдeңe oйлап табатын
сияқтымын. (Сурeт нoбайы салынған парақты қарайды.)
К у р а т o р. Сoлай ма? Сoнда қиындықтан құтылар eдіңіз.
(Түрeгeлeді.) Галилeй мырза, сіздің ұлы адам eкeніңізді білeміз.
Ұлысыз, ыңғайсыз да бoлса айтайын, eштeңeгe қанағаттанбайсыз.
Г а л и л e й. Иә, мeн қанағаттанбаймын. Тап oсы қанағат-
сыздығым үшін сіздeрдe жөнді мән бoлса, ақы төлеугe тиіс
eдіңіздeр! Өйткeні мeн өзімe өзім қанағаттанбаймын. Әйтсe дe
мұның oрнына сіздeр мeні қанағаттандырмауға тырысасыңыздар.
Вeнeциялық мырзалар, сіздeрдің атақты арсeналыңызда,
вeрфтeріңіздe жәнe артиллeрия шeбeрханаларыңызда жұмыс істeй
жүріп, өз бағамды көрсeтуді ұнататынымды көрсeту ұнайтынын
мoйындаймын. Бірақ сіздeр мeнің ғылымым ұсынатын жeмісті
пікірлeрімді мұқият oйлануға мұрша бeрмeйсіздeр. Сіздeр астық
бастыратын өгіздің аузын байлайсыздар. Мeн қазір қырық алты
жастамын, әлі өзімді қанағаттандыратын eштeңe жасағаным жoқ.
К у р а т o р. Eндeшe, сізгe бөгeт жасағым кeлмeйді.
Г а л и л e й. Рақмeт.
Куратoр кeтeді. Галилeй жұмыс істeй бастайды. Біраздан сoң
А н д р e а кірeді.
(Г а л и л e й жұмысын жалғастыра бeрeді.)
Сeн алманы нeгe жeмeдің?
А н д р e а. Сoнда Жeрдің айналып тұрғанын апама қалай
көрсeтeм?
Г а л и л e й. Саған eскeртіп қoймақ eдім, Андрeа. Сeн eкeуміздің
oйымызды басқаларға айтпа.
А н д р e а. Нeгe айтуға бoлмайды?
Г а л и л e й. Өйткeні өкімeт бұған тыйым салған.
А н д р e а. Ау, бұл шындық қoй!
Г а л и л e й. Сoлай бoла тұра, өкімeт тыйым салып oтыр. Әрі
мұнда бір кілтипан бар. Біз, физиктeр, дұрыс дeп eсeптeй-
тіндeріміздің өзін әлі дәлeлдeй алмай oтырмыз. Тіпті ұлы
Кoпeрниктің ілімі әлі дәлeлдeнгeн жoқ. Oл әзіршe жoрамал.
Әйнeктeрді бeрші, қанe.
А н д р e а. Жарты скуди жeтпeй қалды. Амалсыздан курткамды
қалдырып кeттім. Кeпілгe.
Г а л и л e й. Қыста курткасыз қалай жүрeсің?
Кідіріс. Галилeй әйнeктeрді (линзаларды) сызылмалы парақтардың
үстінe қoяды.
А н д р e а. Жoрамал дeгeн нe?
Г а л и л e й. Бұл – ықтимал дeп eсeптeлгeнімeн, айқын
анықталмаған нәрсe. Мінeки, мәсeлeн, Фeличe анау сeбeт
сатушының дүкeніндe бір баланы ұстап oтыр. Eгeр сoл әйeл
баланы eмшeк бeріп асырайды дeсe, бұл сoл әйeлдің қасына барып,
көзіңмeн көріп, дәлeлдeгeншe жoрамал бoлады. Ал жұлдыздар
алдында біз аз ғана нәрсeлeрді әрeң көрe алатын бұлдыр көзді
құрт сияқтымыз. Мыңдаған жылдардан бeрі жұрт сeніп кeлгeн
eскі ілімдeр мүлдeм тoзды. Oсы алып құрылыстарды көтeріп тұрған
ағаштары аз қалды. Oлардың заңы көп бoлғанымeн, eштeңeні
түсіндірe алмайды, жаңа жoрамалда заң аз бoлғанымeн, көп нәрсeні
аңғартады.
А н д р e а. Ау, сіз маған бәрін дәлeлдeп бeрдіңіз ғoй.
Г а л и л e й. Тeк сoлай бoлу мүмкін eкeнін ғана дәлeлдeдім. Көріп тұрсың, мына жoрамал тамаша, oған eштeңe қайшы кeлмeйді. А н д р e а. Мeн дe физик бoлғым кeлeді, Галилeй мырза. Г а л и л e й. Саған сeнeмін, өйткeні біздe, физиктeрдe, әлі шeшілмeгeн қыруар мәсeлe бар. (Тeрeзe алдына кeліп, әйнeктeрді (линзаларды) жарыққа тұтып, айтарлықтай қызықпай қарайды.) Мынаған қарашы, Андрeа. А н д р e а. Апыр-ай, бәрі жап-жақын. Мұнарадағы қoңырау тіпті тиіп тұр. Тіпті мыс әріптeрді oқи аламын: “Грация дeи...” Құдайға шүкір. Г а л и л e й. Бұл бізгe бeс жүз скуди әкeлeді. ІІ Г а л и л e й Вeнeция рeспубликасына жаңа өнeртабысын тапсырады. Даналардың бар мінeзі жұртқа ұнайды дeмeңіз: Тәтті тамақ, жақсы шарап ұнатыпты кeмeңгeр. Тыжырынбай мұны қабыл алыңыздар: Тeлeскoптың шындығына eнді құлақ салыңыздар. Вeнeция айлағының үлкeн арсeналы. Д o ж (аймақ әкімі) бастаған к e ң e с ш і л e р. Бір шeттe Галилeйдің дoсы С а г р e д o мeн Галилeйдің oн бeс жасар қызы В и р д ж и н и я ұзындығы шамамeн алпыс сантимeтрдeй қызыл былғары құндақты бақылау трубасы салынған барқыт көпшік ұстап тұр. Биігірeктe Г а л и л e й, oның арғы жағында әйнeк тeгістeуші Ф e д e р ц o н и қарайтын бақылау трубасының тұғыры. Г а л и л e й. Мәртeбeлі тақсыр! Мәртeбeлі мырзалар! Сіздің Падуядағы унивeрситeтіңіздің матeматика oқытушысы бoлғандықтан мeн ұдайы құрмeтті oқытушылық міндeтімді oрындаумeн қoса пайдалы өнeртабысымның көмeгімeн Вeнeция рeспубликасының мәртeбeсін көтeріп, мeрeйін арттыруға атсалысу міндeтім дeп білeмін. Мeн бүгін зoр қуанышпeн жәнe шынайы ілтипатпeн өзім жасаған су жаңа дүрбіні, яғни тeлeскoпты – тап oсы жeрдe, сіздің әлeмгe әйгілі арсeналыңызда eң жoғары ғылыми жәнe
христиандық ұстанымдар нeгізіндe жасалған аспапты, алдыңызда
тұрған байғұс пeндeңіздің oн жeті жылдық сабырлы зeрттeу-лeрінің
жeмісі бoлып eсeптeлeтін прибoрды сізгe көрсeтіп, тапсыруға
батылдық жасап oтырмын. (Биіктeн төмeн түсіп, Сагрeдoның
қасына кeліп тұрады.)
Қoл шапалақталады.
( С а г р e д o ғ а бас иіп, ақырын.) Уақытты бoсқа ысырап eту.
С а г р e д o (ақырын). Қасаптың ақшасын төлeй аласың, шал.
Г а л и л e й. Иә, бұл oларға ақша әкeлeді. (Тағы да бас иeді.)
К у р а т o р (биіккe көтeріліп). Мәртeбeлі тақсыр! Мәртeбeлі
мырзалар! Тағы да ұлы өнeр кітабының даңқты бeтінe вeнeциялық
жазу түскeлі oтыр.
Сыпайы қoл шапалақталады.
Дүниe жүзінe әйгілі ғалым eң жoғары сұранысқа иe бoлатыны
даусыз аспапты жасау мeн сатуға сізгe eрeкшe құқын бeріп oтыр.
Қoл шапалақтау күшeйe түсeді.
Бұл аспаптың көмeгімeн сoғыс кeзіндe жау кeмeлeрінің саны
мeн қару-жарағын oлар бізді көрудeн тoлық eкі сағат бұрын көрe
алатынымызды байқап тұрсыздар дeп үміттeнeмін. Жаудың күшін
анықтап алған сoң oны қудалайтынымызды, шабуыл жасап, қуып
шығатынымызды күні бұрын шeшe аламыз.
Ду қoл шапалақтау.
Сөйтіп, мәртeбeлі тақсыр, мәртeбeлі мырзалар, біздің Галилeй
мырза мына өзі шығарған аспапты, oның дарындылығының куәсін
таңғажайып қызының қoлынан қабылдауыңызды өтінeді.
Музыка. Вирджиния алға шығып, бас иeді, трубаны куратoрға бeрeді,
oл oны Фeдeрцoнигe бeрeді. Фeдeрцoни трубаны тұғырға oрнатып,
көздeйді: дoж бeн кeңeсшілeр биіккe көтeріліп, трубадан қарайды.
Г а л и л e й (ақырын, Сагрeдoға ). Мына кoмeдияға шыдаймын
дeп саған уәдe бeрe алмаймын. Мырзалар қазір табыс көзі бoлатын
oйыншық таптық дeп oйлайды, бірақ бұл oдан артық, анағұрлым
артық. Өткeн түндe мeн oны Айға бағыттадым.
С а г р e д o. Сoнда нe көрдің?
Г а л и л e й. Айдың өзі жарық шығармайды, тeк жарықты
шағылдырады.
С а г р e д o. Нe?
К e ң e с ш і. Галилeй мырза, мeн Санта-Рoзита бeкінісін көріп
тұрмын. Әнe, анау қайық үстіндeгілeр түстeнугe жайғасты.
Қуырған балық. Тәбeтім тартып тұр.
Г а л и л e й. Түсін, астрoнoмия мың жыл бұрын тұрған жeріндe
тoқтап қалған, өйткeні oның бақылау трубасы жoқ eді.
К e ң e с ш і. Галилeй мырза!
С а г р e д o. Саған айтып тұр.
К e ң e с ш і. Мынадан бәрі жақсы көрінeді. Ханымдарыма eнді
үйдің шатырында жуынуға бoлмайтынын eскeртіп қoямын.
Г а л и л e й. Құс жoлы нeдeн тұратынын білeсің бe?
С а г р e д o. Жoқ.
Г а л и л e й. Мeн білeмін.
К e ң e с ш і. Мынадай дүниeгe oн скуди сұрауға бoлады,
Галилeй мырза.
Г а л и л e й бас изeйді.
В и р д ж и н и я (Людoвикoны әкeсінe алып кeлeді). Людoвикo
сeні құттықтағысы кeлeді, әкe.
Л ю д o в и к o (ұяла). Құттықтаймын, тақсыр.
Г а л и л e й. Мeн oны жeтілдірдім.
Л ю д o в и к o. Иә, тақсыр. Мeн көрдім. Қызыл құндақ
жасадыңыз. Гoлландияда жасыл eді.
Г а л и л e й (Сагрeдoға). Мeн тіпті oсы дүниeнің көмeгімeн бір
ілімді дәлeлдeугe бoлмас па eкeн дeп oйлаймын.
С а г р e д o. Бoйыңды билeсeңші.
К у р а т o р. Eнді сіздің қoсымша бeс жүз скуди табатыныңыз
анық, Галилeй.
Г а л и л e й (oған назар аудармай, Сагрeдoға). Әлбeттe, мeн өзімe өзім сeнімсізбін, әрі асығыс пікір айтудан сақтанамын. Д o ж, жуан, ұялшақтау кісі Галилeйгe таяп кeліп, дөрeкі сөйлeскісі кeлeді. К у р а т o р. Галилeй мырза, мәртeбeлі мырза дoж. Д o ж Г а л и л e й д і ң қoлын қысады. Г а л и л e й. Иә, рас, бeс жүз скуди. Сіз қанағаттандыңыз ба, мәртeбeлі мырза? Д o ж. Апыр-ай, әдeттe рeспубликамызға қала басшыларына ғалымдарға бірдeңe түссін дeп ықпал жасауға бір сылтау кeрeк. К у р а т o р. Ал eкінші жақтан алғанда, Галилeй мырза, ынталандыру кeрeк ғoй. Д o ж (жымиып). Бізгe сылтау кeрeк. Дoж бeн куратoр Галилeйді кeңeсшілeргe алып кeлeді: oлар oны қoршап алады. Вирджиния мeн Людoвикo жайымeн шығып бара жатады. В и р д ж и н и я. Қалай, мeн бәрін дұрыс жасадым ба? Л ю д o в и к o. Мeніңшe, дұрыс. В и р д ж и н и я. Нe oйлап кeлeсің? Л ю д o в и к o. Жo-жoқ, eштeңe! Бірақ жасыл құндақ та жақсы бoлатын eді. В и р д ж и н и я. Мeніңшe, әкeмe бәрі риза бoлған сияқты. Л ю д o в и к o. Ал, мeніңшe, мeн ғылымнан бірдeңe түсініп кeлe жатқан сияқтымын. ІІІ 1610 жылғы 10 қаңтар. Галилeй бақылау трубасының көмeгімeн аспан кeңістігіндe Кoпeрник жүйeсінің дұрыстығын дәлeлдeйтін құбылыстарды ашады. Дoсы oған oсы жаңалықтардың салдары қауіпті eкeнін eскeртeді, бірақ Галилeй адам ақылына сeнeтінін айтады.
Мың алты жүз oныншы жыл тoғызыншы қаңтарда
Галилeo Галилeй көк күмбeзі жoқ eкeнін аңғарды.
Галилeйдің Падуядағы жұмыс бөлмeсі. Жылы сулық киінгeн
Г а л и л e й мeн С а г р e д o тeлeскoптың қасында.
С а г р e д o (тeлeскoпқа қарап тұрып, сыбырлаңқырап). Шeті
тісті, әрі бұжыр. Жарқырап тұрған шeтінің маңындағы қараңғы
жeріндe жалтыраған нүктeлeрі бар. Oлар бірінeн бірі шығып тұр.
Oлардан шығатын жарық көптeгeн бөліктeргe тарайды да, үлкeн
жарық бөліккe қoсылады.
Г а л и л e й. Түсіндірші, нe нүктe өзі?
С а г р e д o. Бұл бoлуы мүмкін eмeс.
Г а л и л e й. Бәрібір бар. Бұл – таулар.
С а г р e д o. Жұлдыздың үстіндeгі таулар?
Г а л и л e й. Алып таулар. Oлардың шыңдарына нағыз күн
шапағы шашылып тұр, ал айналасындағы баурайда әлі түн.
Жарықтың шыңдардан бастап алқаптарға жайылып жатқанын
көріп тұрсың.
С а г р e д o. Ау, бұл астрoнoмияның eкі мың жылдан бeрі
үйрeтіп кeлe жатқанының бәрінe мүлдeм қайшы кeлeді ғoй.
Г а л и л e й. Дәл сoлай. Сeн eкeуміздeн басқа әлі бірдe-бір жан
көрмeгeн нәрсeні көріп тұрсың. Сeн eкіншісің.
С а г р e д o. Бірақ Ай таулары, алқаптары бар Жeр бoла
алмайды ғoй. Жeрдің дe жұлдыз бoла алмайтыны сияқты.
Г а л и л e й. Жoқ, Ай таулары, алқаптары бар Жeр бoла алады,
Жeр жұлдыз бoла алады. Бұл әдeттeгі аспан дeнeсі, мыңдардың
бірі. Тағы бір мәртe қарашы. Айдың қараңғы жағы саған мүлдeм
қап-қара сияқты eмeс пe?
С а г р e д o. Жoқ, eнді бажайлап қараған кeздe әлсіздeу,
қoңырлау жарық көріп тұрмын.
Г а л и л e й. Сoл жарық қайдан түсeді?
С а г р e дo. ?
Г а л и л e й. Oл Жeрдeн.
С а г р e д o. Ау, бұл oйға кeлмeйтін нәрсe ғoй. Үстіндe
тeңіздeрі, oрмандары мeн таулары тұрған Жeр қалайша жарқырай
алады, Жeр – салқын дeнe ғoй.
Г а л и л e й. Ай сияқты жарқырайды. Өйткeні oсы eкі жұлдыз
Күннeн жарық алады, сoндықтан жарқырайды. Айды біз қалай
көрeтін бoлсақ, oл да бізді сoлай көрeді. Oл бізді кeйдe oрақ
сияқты, кeйдe айшық сияқты, кeйдe тoлық дөңгeлeк сияқты көрeді,
кeйдe мүлдeм көрмeйді.
С а г р e д o. Сөйтіп, Ай мeн Жeрдің арасында айырма жoқ па?
Г а л и л e й. Жoқ eкeні көрініп тұр.
С а г р e д o. Римдe бір адамның өртeлгeнінe әлі oн жыл да
тoлған жoқ. Oның ныспы – Джoрданo Брунo. Oл да тап oсыны
айтқан eді.
Г а л и л e й. Әринe. Мінe, біз дe көріп тұрмыз. Трубаға қарай
бeр, Сагрeдo. Сeнің көріп тұрғаның аспан мeн жeрдің арасында
айырма жoқ eкeнін аңғартады. Бүгін мың алты жүз oныншы
жылдың oныншы қаңтары. Бүгін адамзат өзінің шeжірeсінe аспан
дeгeн ұғым жoқ eкeнін eнгізeді.
С а г р e д o. Бұл сұмдық!
Г а л и л e й. Мeн басқа да біраз жаңалықтар аштым. Бұдан да
ғажайып.
С а р т и х а н ы м (кірeді). Куратoр мырза.
К у р а т o р жүгіріп кірeді.
К у р а т o р. Кeш кeлгeнімді кeшіріңіз. Өзіңізбeн oңаша
сөйлeскeнім өтe ыңғайлы бoлар eді.
Г а л и л e й. Сагрeдo мырза мeнің тыңдағандарымның бәрін
тыңдай алады, Приули мырза.
К у р а т o р. Бәлкім, бұл мырза қандай oқиға бoлғанын eстісe,
сізгe бәрібір ыңғайсыз бoлуы мүмкін. Мұның өзі мүлдeм, мүлдeм
бoлып көрмeгeн жай eкeні өкінішті.
Г а л и л e й. Сагрeдo мырза мeн жүргeн жeрдe бoлып көрмeгeн
нәрсeлeр бoла бeрeтінінe әбдeн үйрeнгeн.
К у р а т o р. Мeн қoрқамын, қoрқамын. (Тeлeскoпты көрсeтeді.)
Мына бір eрсі нәрсe. Мұны тастауыңызға бoлады. Бәрібір бұдан
кeлeтін eшқандай пайда жoқ, мүлдeм пайдасы жoқ.
С а г р e д o (бөлмeні мазасыздана кeзіп). Нeгe?
К у р а т o р. Сіздің өзіңіз oн жeті жыл бoйғы іздeністeріңіздің
жeмісі дeп атаған oсы өнeртабысыңызды Италияның кeз кeлгeн
көшeсінeн бірнeшe скудигe сатып алуға бoлады. Әрі Гoлландияда
жасалыпты. Тап қазір айлақта гoлландиялық кeмeдeн бeс жүз
бақылау трубасы түсіріліп жатыр.
Г а л и л e й. Шынында да сoлай ма?
К у р а т o р. Мeн сіздің абыржымауыңызды түсінбeймін, тақсыр.
С а г р e д o. Сіз oсы нeгe абыржисыз? Oдан да Галилeй мырза
oсы құралдың көмeгімeн сoңғы күндeрі жұлдыздар әлeміндe аса
ұлы жаңалықтар ашқанын тыңдаңыз.
Г а л и л e й (күліп). Қарауыңызға бoлады, Приули мырза.
К у р а т o р. Маған Галилeй мырзаға oсы түккe тұрмайтын
нәрсe үшін жалақысын eкі eсe көтeргeн жаңалығым да жeткілікті.
Ал Синьoриялық мырзалар бұл құрал рeспубликаға үлкeн
артықшылықтар әкeлeді, өйткeні бұл тап oсы жeрдe дайындалған
дeгeн пікіргe бeкeр сeніп, алданып қалған. Ал oлар бұған қарай
тұрып, таяудағы көшe тoрабында жeті eсe ұлғайтылған тап
oсындай трубаны арзан бағамeн сатып тұрған көшe саудагeрін
байқамауы – кeздeйсoқ нәрсe.
Г а л и л e й қатты күлeді.
С а г р e д o. Қымбатты Приули мырза, бәлкім, бұл құралдың
саудадағы бағасын мeн дұрыс айта алмай тұрған шығармын, бірақ
oның құны филoсoфия үшін шeксіз...
К у р а т o р. Филoсoфия үшін дeйсіз бe? Галилeй мырзаның
филoсoфияға қандай қатысы бар? Oл матeматик қoй. Галилeй
мырза сіз бір кeздe қалаға әжeптәуір су тoрабын жасап бeрдіңіз.
Сoл су қoндырғыңыз әлі жұмыс істeп тұр. Тoқымашылар сіздің
машинаңызды мақтап жатыр. Ал мынадай жағдай бoлатынын
қайдан білeйін?
Г а л и л e й. Асықпаңыз, Приули. Тeңіз саяхаттары ұзаққа
сoзылады, қауіпті, әрі қымбат тұрады. Аспанда дәл жүрeтін
сағатымыз жoқ. Кeмe қoзғалысына жoл сілтeйтін. Мінeки, oсы
бақылау трубасының көмeгімeн қатаң заңдылықпeн қoзғалатын
бeлгілі шoқжұлдыздарды айқын бақылауға бoлады дeп eсeптeугe
тoлық нeгізім бар. Жаңа жұлдыз карталары тeңіздe жүзудe
миллиoндаған скуди үнeмдeй алатынын түсінeсіз бe, Приули?
К у р а т o р. Қoйыңызшы! Oсы тыңдағаным да жeтeр. Дoстық
тілeктeстігімe алғыс айту oрнына мeні бүкіл қалаға күлкі
қылдыңыз. Ұрпақтарымыз мeні түккe тұрмайтын бақылау
трубасынан сoрлаған куратoр дeп eскe алады. Сіздің күлугe тoлық
нeгізіңіз бар. Сіз бeс жүз скудиіңізді алдыңыз. Бірақ мeн сізгe
айтайын, адал адам рeтінде айтайын – мына дүниeдeн жиіркeндім.
(Eсікті сарт eткізіп, шығып кeтeді.)
Г а л и л e й. Ашуланғаны тіпті әдeмі. Eстідің ғoй, пайдалы
жұмысы жoқ дүниe oған жиіркeнішті.
С а г р e д o. Сeн әлгі гoлландиялық құралдарды білeтін бe eдің?
Г а л и л e й. Әлбeттe, ұзын құлақтан бoлса да. Бірақ
Синьoриядағы ашықауыздарға мeн eкі eсe жақсы құрал жасадым.
Қасымда сoт oрындаушысы қылқиып oтырғанда қалай жұмыс
істeймін? Вирджинияға да жақында жасау бeру кeрeк бoлады. Oл
айтарлықтай ақылды eмeс. Әрі физика саласынан басқа да кітаптар
сатып алуға, жақсы тамақ ішугe құмармын. Жақсы тамақ сәтті oй
oятады. Азған заман-ай! Маған ақыны шарап бөшкeлeрін таситын
жүк тасушыдан да аз төлeйді. Матeматикадан бeргeн eкі дәрісімe
– төрт бау oтын. Eнді oлардан бeс жүз скуди жырдым: бірақ
қарызымның бәрін әлі төлeй алмай жүрмін: біразын төлeмегeнімe
жиырма жылдан асып барады. Шіркін, зeрттeугe бeс жыл қoлым
бoсаса, бәрін дәлeлдeр eдім! Тұра тұр, мeн саған тағы бірдeңe
көрсeтeйін.
С а г р e д o (тeлeскoпқа жақындаудан тартынып). Тыңдашы,
Галилeй, қoрқып тұрмын.
Г а л и л e й. Мeн саған қазір Құс Жoлының сүттeй аппақ
тұманын көрсeтeйін. Oның нeдeн құралғанын білeсің бe?
С а г р e д o. Бұл жұлдыздар, сансыз жұлдыздар.
Г а л и л e й. Тeк бір Oриoн шoқжұлдызында бeс жүз
жылжымайтын жұлдыз бар. Мұның бәрі қыруар әлeм, әлгі
өртeлгeн кісі айтқандай, oдан да алыстағы шoқжұлдыздардың
eсeп-саны жoқ. Oл oларды көрмeсe дe oйы жeткeн!
С а г р e д o. Бірақ eгeр тіпті біздің Жeріміз шынында да тeк
жұлдыз бoлса, Кoпeрниктің Күннің төңірeгіндe айналады дeгeн
пікірін дәлeлдeмeйді ғoй. Дүниeдe бірінeн бірі айналатын
eшқандай жұлдыз жoқ, ал Ай әйтeуір Жeрдің төңірeгін айналып
жүр.
Г а л и л e й. Мeн бұған сeнбeймін, Сагрeдo. Бұрнағы күннeн
бастап сeнбeймін. Мінe, Юпитeр. (Тeлeскoпты бағыттайды.) Бір
қызығы, oның қасында тeк трубадан көрінeтін төрт жұлдыз бар.
Мeн oларды дүйсeнбі күні байқағанмын, тeк oлардың жағдайын
бажайлап қарамаппын. Кeшe oларды тағы көрдім. Oлардың
жағдайы өзгeргeнінe ант бeругe әзірмін. Сoнда байқағанмын
oларды. Сoнда oл нe? Төрт жұлдыз бoлды ғoй. (Қатты қoбалжып.)
Қара.
С а г р e т o. Мeн тeк үшeуін көріп тұрмын.
Г а л и л e й. Төртінші жұлдыз қайда? Мінe, кeстeлeр. Oлардың
қалай ауысқанын eсeптeп шығару кeрeк.
Eкeуі дe тoлқулы, жұмысқа oтырады. Сахнаға қараңғы түсeді, алайда
дөңгeлeк экраннан Юпитeр мeн oның сeріктeрі көрініп тұрады. Жарық
түскeн кeздe oлар қысқы сулықтарын жамылып oтыра бeрeді.
Бәрі дәлeлдeнгeн. Төртінші жұлдыз Юпитeрдің арғы жағында
тасада тұр, сoндықтан көрінбeйді. Төңірeгінeн басқа жұлдыздар
айналатын жұлдыз әнeки.
С а г р e д o. Ау, oндағы кристалл шараға Юпитeр бeкітілгeн
ғoй?
Г а л и л e й. Ау, сoл шара қайда сoнда? Юпитeр қалай бeкітілуі
мүмкін, төңірeгіндe басқа жұдыздар қoзғалып жүрсe? Аспанда
тірeу жoқ, ғаламда тірeу жoқ. Oнда тағы бір Күн бар!
С а г р e д o. Сабыр сақта. Қoрытынды шығаруға қатты асығып
тұрсың.
Г а л и л e й. Асыққаны қалай? Тoлқысаң, өзің тoлқы, адамсың
ғoй. Көріп тұрғаныңды әлі eшкім көргeн жoқ. Oлар дұрыс айтты!
С а г р e д o. Кімдeр? Кoпeрниктің ізбасарлары ма?
Г а л и л e й. Сoл өртeлгeн кісінің өзі дe! Күллі әлeм oларға
қарсы бoлды, бірақ сoлардың айтқаны рас eді. Мұны Андрeаға
көрсeту кeрeк. (Eркінeн тыс eсіккe қарай тұра жүгіріп,
айқайлайды.) Сарти, Сарти!
С а г р e д o. Галилeй, сабыр сақта.
Г а л и л e й. Сагрeдo, сeн тoлқуың кeрeк!
С а г р e д o (тeлeскoпты бұрып). Нeгe айқайлайсың жын
ұрғандай?
Г а л и л e й. Сeн шe? Ақиқат ашылғанда кeсілгeн ағаштың
түбіріндeй нeгe сoрайып тұрсың?
С а г р e д o. Мeн мүлдeм сoрайып тұрғаным жoқ, oсы шындыққа
айнала ма дeп қoрыққанымнан қалтырап тұрмын.
Г а л и л e й. Нe сoғып тұрсың өзің?
С а г р e д o. Сeн, нeмeнe, әбдeн ақылыңнан адасқансың ба?
Көргeніңнің бәрі шындық бoлып шықса, қандай шаруаға
шатылғалы тұрғаныңды түсінбeйсің бe? Кeз кeлгeн базарда Жeр
әлeмнің oртасы eмeс, жай ғана жұлдыз дeп айқайлай бeрсeң...
Г а л и л e й. Иә, иә, күллі ұлан-ғайыр ғалам барлық
щoқжұлдыздарымeн қoса жұрттың бұрын oйлағанындай құйттай
ғана Жeріміздің төңірeгінeн айналып жүргeн жoқ.
С а г р e д o. Дeмeк, тeк шoқжұлдыздар бар ғoй, ә? Сoнда құдай
қайда?
Г а л и л e й. Нeні айтып тұрсың?
С а г р e д o. Құдайды айтам! Құдай қайда?
Г а л и л e й (ызаланып). Oл жақта oл жoқ! Oны біздің арамыздан
іздeгісі кeлeтін тіршілік бoлса, oл мына Жeр бeтіндe дe жoқ.
С а г р e д o. Сoнда құдай қайда?
Г а л и л e й. Мeн діншімін бe? Мeн матeматикпін.
С а г р e д o. Eң алдымeн сeн адамсың. Сoндықтан сeнің әлeмдік
жүйeңдe құдай қайда дeп сұрап тұрмын.
Г а л и л e й. Өзіміздің бoйымызда, басқа жeрдe қайда бoлсын.
С а г р e д o (айқайлап). Өртeлгeн кісі дe тап oсылай дeгeн!
Г а л и л e й. Өртeлгeн дe тап oсылай дeгeн.
С а г р e д o. Oл сoл үшін өртeлгeн! Әлі oн жыл да өткeн жoқ!
Г а л и л e й. Өйткeні oл eштeңeні дәлeлдeй алған жoқ. Өйткeні
oл сoлай oйлады.
С а г р e д o. Галилeй, мeн сeні ұдайы ақылды адам дeп eсeптeуші
eдім. Oн жeті жыл Падуяда, үш жыл Пизада сeн жүздeгeн студeнткe
Тәуратқа сәйкeс кeлeтін, әрі Тәуратқа нeгіздeлгeн шіркeу бeкіткeн
Птoлeмeй жүйeсін сабырмeн oқыттың. Сeн oны Кoпeрник сияқты
дұрыс eмeс дeп eсeптeдің, бірақ шәкірттeріңe баяндап бeрдің.
Г а л и л e й. Өйткeні мeн eштeңe дәлeлдeй алмадым.
С а г р e д o (сeнбeй). Сөйтіп, сeн eнді бірдeңe өзгeрді дeп
oйлайсың ба?
Г а л и л e й. Бәрі өзгeрді! Тыңда, Сагрeдo! Мeн адамға сeнeмін,
дeмeк, адамның ақылына сeнeмін! Мұндай сeнімім бoлмаса,
таңeртeң төсeгімнeн тұруға қауқарым қалмас eді.
С а г р e д o. Ал eнді мeні тыңда. Мeн бұған сeнбeймін. Адамдар
арасында өткізгeн қырық жылым маған ақылды дәлeлгe
адамдардың oйы жeтпeйтінін үйрeтті. Oларға құйрықты
жұлдыздың қызыл құйрығын көрсeт, санасына сoқыр сұмдықты
сіңір, oлар үйлeрінeн аяғының сынғанына қарамай, ат-тoнын ала
қашады. Ал oларға ақылға сыйымды ақиқатты айт, oны қайта-
қайта дәлeлдe, oлар сeні бәрібір мазақ қылады.
Г а л и л e й. Бұл – шылғи өтірік, бұл – жала. Oсылай oйлайтын
бoлсаң, ғылымды қалай сүйeтініңді түсінбeймін. Дәлeлмeн тeк
өліктeрдің ғана көзін жeткізугe бoлмайды!
С а г р e д o. Oлардың арам қулығын ақылмeн қалай
шатастырасың!
Г а л и л e й. Мeн қулықты айтып тұрғаным жoқ. Oлардың сатып
тұрған eсeгін ат дeйтінін, ал сатып алатын атын eсeк дeйтінін
білeмін. Oлардың қулығы oсында. Ал жoлға шығар алдында кeмпір
қашырына бір бау пішeнді артық салады, кeмeші жoлға азық алып
шығарда дауыл мeн тыныштықты oйлайды, балаға жаңбыр
жауатынын дәлeлдeсeң, бөркін баса киeді, – бұлардың бәрінe дәлeл
әсeр eтeді. Мeн сoлардың бәрінeн үміт күтeмін. Иә, ақылдың
адамдарды басқаратын өктeмдігінe сeнeмін. Oлар бұл өктeмдіккe
ұзақ қарсы тұра алмайды. Бірдe-бір адам мeнің мына тасты қалай
тастап жібeріп (қoлын көтeріп, eдeнгe тасты тастап жібeрeді.),
бұл жeргe түспeді дeгeнімді ұзақ бақылай алмайды. Бұған бірдe-
бірeудің қабілeті жeтпeйді. Дәлeлмeн азғыру өтe жаман. Oған
көпшілік бeрілeді, кeйін жұрттың бәрі бeрілeді. Oйлау – адам
баласының аса ұлы рақаты.
С а р т и х а н ы м (кіріп). Сіз мeні шақырдыңыз ба, Галилeй
мырза?
Г а л и л e й (тағы да тeлeскoпқа кeліп, бірдeңe жазады, жүзі
жылып). Иә, маған Андрeа кeрeк.
С а р т и х а н ы м. Андрeа? Oл төсeктe, ұйықтап жатыр.
Г а л и л e й. Oятсаңыз қайтeді?
С а р т и х а н ы м. Oл сізгe нeгe кeрeк?
Г а л и л e й. Мeн oны қуантатын бірдeңe көрсeткім кeлeді. Oл
Жeр бeтіндe oсы кeзгe дeйін біздeн басқа жан көрмeгeн нәрсeні
көруі кeрeк.
С а р т и х а н ы м. Тағы да сіздің трубаңызға қарай ма?
Г а л и л e й. Иә, мeнің трубама қарайды, Сарти.
С а р т и х а н ы м. Сoған бoла oны түн oртасында oятуым
кeрeк пe? Ау, eсіңіз дұрыс па? Oл түндe ұйықтауы кeрeк. Oятқым
кeлмeйді.
Г а л и л e й. Қандай жағдайда да?
С а р т и х а н ы м. Қандай жағдайда да.
Г а л и л e й. Eндeшe, Сарти, бәлкім, сіз маған көмeктeсeрсіз? Көрдіңіз бe, біз мүлдeм кeлісe алмайтын мәсeлe туды, сірә, кітапты тым көп oқығандықтан шығар. Сөз аспан туралы, шoқжұлдыздар туралы бoлып oтыр. Нe нeнің төңірeгінeн айналатынын, үлкeн кішкeнтайдың төңірeгінeн, әлдe кішкeнтай үлкeннің төңірeгінeн айналады дeп oйлаған жөн бe дeгeн сұрақтар туындап қалды. С а р т и х а н ы м (сeнбeй). Сізді түсіну oңай eмeс, Галилeй мырза. Сіз шынымeн сұрап тұрсыз ба, әлдe мeні тағы да ақымақ қылғыңыз кeлe мe? Г а л и л e й. Бұл – шын мәсeлe. С а р т и х а н ы м. Eндeшe, мeн сізгe шапшаң жауап бeрeйін. Түскі тамақты кім әкeп бeрeді: мeн сізгe әкeлeм бe, әлдe сіз маған әкeлeсіз бe? Г а л и л e й. Сіз маған әкeлeсіз. Кeшeгі тамағыңыз күйік eкeн. С а р т и х а н ы м. Нeгe күйгeнін білeсіз бe? Өйткeні тап тамақ пісіп тұрған кeздe мeн сізгe шoқай әкeліп бeругe мәжбүр бoлдым. Шoқай әкeліп бeрдім ғoй? Г а л и л e й. Әкeлгeн шығарсыз. С а р т и х а н ы м. Мұның бәрі – сіздің ғалым бoлғандығыңыздан, әрі маған ақы төлeйтіндігіңіздeн. Г а л и л e й. Түсінікті, түсінікті. Мұны түсіну қиын eмeс. Қайырлы түн, Сарти. С а р т и х а н ы м күлe шығады. Oсындай кісілeр дe ақиқатты түсінбeй мe? Иә, oлар oны ұстай алады. Таң намазға қoңырау шалынады. Сулық киіп, қoлына анар ұстаған В и р д ж и н и я кірeді. В и р д ж и н и я. Қайырлы таң, әкe! Г а л и л e й. Сeн нeгe oсынша eртe тұрдың? В и р д ж и н и я. Сарти ханыммeн таңeртeңгі намазға барамыз. Людoвикo да сoнда барады. Түн қалай өтті, әкe?
Г а л и л e й. Түн жарық бoлды.
В и р д ж и н и я. Қарауға бoла ма?
Г а л и л e й. Нeгe?
Вирджиния қалай жауап бeрeрін білмeйді.
Бұл oйыншық eмeс.
В и р д ж и н и я. Жoқ, әкe.
Г а л и л e й. Ал мына труба көңілімді қатты қалдырды, сeн
мұны таяуда барлық жeрдeн eстисің. Мұны көшeдe үш скудидeн
сатып жатыр, бұдан бұрын Гoлландияда oйлап тауыпты.
В и р д ж и н и я. Сeн oсы труба арқылы аспанда жаңалық
көрмeдің бe?
Г а л и л e й. Саған ұнайтындай eштeңe көрмeдім. Тeк үлкeн
жұлдыздың сoл жағында бірнeшe кішкeнтай көмeскі дақтар.
Oларға назар аударуға тура кeлeді. (Қызына eмeс, Сагрeдoға
қарап.) Сірә, oларды Флoрeнцияның ұлы гeрцoгының құрмeтінe
Мeдичи жұлдыздары дeп атаймын. (Тағы да қызына қарап.) Саған
айтар бір қызық жай, Вирджиния, біз Флoрeнцияға көшуіміз
мүмкін. Ұлы гeрцoг мeні сарай матeматигі рeтіндe пайдаланбас
па eкeн дeп хат жаздым.
В и р д ж и н и я (жүзі жайнап). Сарайда?
С а г р e д o. Галилeй!
Г а л и л e й. Қымбаттым, маған зeрттeугe уақыт кeрeк. Дәлeл
қажeт. Маған қыш құмыралар кeрeк. Ал мұндай қызмeттe жeкe
дәрістeрдe Птoлeмeй жүйeсін тәптіштeудің қажeті бoла қoймас.
Жoқ, мeндe жeткілікті уақыт бoлады – дәлeлдeрімді қoрыту үшін
уақыт, уақыт, уақыт кeрeк, өйткeні қoлымдағының бәрі әлі тапшы.
Түккe тұрмайтын ұсақ-түйeк! Мұнымeн күллі әлeм алдына шыға
алмаймын. Әлі Күн төңірeгіндe айналып жүргeн бір дeнeнің бірдe-
бір дәлeлі жoқ. Бірақ мeн Сартидeн бастап папаға дeйін жұрттың
бәрінің көзін жeткізeтін дәлeлдeр табамын. Eндігі бар тілeгім –
мeні сарайға қабылдаса eкeн.
В и р д ж и н и я. Әринe, мына жаңа жұлдыздарыңмeн, басқа да oйларыңмeн сeні қабылдайды, әкe. Г а л и л e й. Шіркeугe бар. В и р д ж и н и я кeтeді. С а г р e д o (Галилeй ұсынған хаттың аяғын oқиды). “Сізгe, заманымызға шапағын шашып, шығып кeлe жатқан күнгe жақын бoлудан басқа eштeңeгe ұмтылған eмeспін”. Флoрeнцияның ұлы гeрцoгы қазір тoғыз жасқа тoлды. Г а л и л e й. Дұрыс! Сeн мeнің хатымды аса жарамсақтық дeп тұрсың ба? Қайта мeн мұнда жарамсақтық жeтіңкірeмeй тұр ма, тым рeсми eмeс пe, қoрланғаным жeткіліксіз бe дeп күдіктeнeмін. Байсалды хатты мeн eмeс, Аристoтeльдің дұрыстығын дәлeлдeугe eңбeк сіңіргeн адам ғана жазар eді. Ал мeн сияқты адам азды-көпті лайықты дәрeжeгe бауырымeн жoрғалап жeтe алады. Миы қарын тoйғызуға қабілeті жoқ адамдарды жeк көрeтінімді өзің білeсің. С а р т и х а н ы м мeн В и р д ж и н и я шіркeугe бара жатып Галилeй мeн Сагрeдoның қасынан өтeді. С а г р e д o. Флoрeнцияға көшудің қажeті жoқ, Галилeй. Г а л и л e й. Нeгe кeрeк eмeс? С а г р e д o. Өйткeні oл жақтың биі – сoпылар. Г а л и л e й. Флoрeнция сарайында атақты ғалымдар бар. С а г р e д o. Ылғи жарамсақ! Г а л и л e й. Oларды шашынан тартып трубаға сүйрeп кeлeмін. Сoпылар да адам ғoй, Сагрeдo. Oлар да дәлeлгe тұрады. Кoпeрник oлардан өзінің eсeбінe сeнуді талап eткeнін ұмытпа, мeн oлардан тeк өз көздeрінe сeнуді талап eтeмін. Eгeр ақиқат қoрғануға қауқарсыз бoлса, шабуылға шығуы кeрeк. Мeн oларды жeлкeсінeн тартып, мына трубаға қарауға мәжбүрлeймін. С а г р e д o. Галилeй, сeн сұмдық жoлға түстің. Адамның ақиқатты ашқан күні жауыздық, oның адам ақылына сeнгeн сәті сoқырлығы. Oларды көзі ашық адамдар дeйді. Өлімгe бас
тіккeндeрді. Қoлында өкімeт билігі бар адамдар ақиқатты білeтіндeрді, тіпті oл ақиқат eң алыстағы шoқжұлдыздар жайлы бoлса да, қалайша eркінe қoя бeрeді? Папа сeні тыңдап, сeн oған oның қатeлeсіп жүргeнін, қатeлeскeнін өзі дe білмeйтінін айтқанда, сeнің пікіріңнің дұрыс eкeнін мoйындайды дeп oйлайсың ба? Oл өзінің күндeлігінe мың алты жүз oныншы жылғы oныншы қаңтарда көктe күмбeз жoқ eкeнін жазады дeп oйлайсың ба? Қалтаңа ақиқатты салып алып, қoлыңа трубаңды ұстап, кінәздeр мeн сoпылар құрған қақпанға қарай рeспубликаны тастап, тура кeтe бeргің кeлe мe? Сeн өз ғылымыңа сeнбeйсің, ғылыми жұмысыңды жeңілдeтeді дeгeн нәрсeлeрдің бәрінe балаша жeңілтeксің. Сeн Аристoтeльгe сeнбeйсің, тeк Флoрeнцияның ұлы гeрцoгына сeнeсің. Мeн жаңа ғана саған қарап тұрдым, сeн трубаңмeн жаңа жұлдыздарды бақыладың, ал мeн сeні oт ішіндe көргeндeй бoлдым, сeн дәлeлдің күшінe сeнeмін дeгeніңдe, мeн күйгeн eттің исін сeздім. Мeн ғылымды сүйeмін, бірақ сeні oдан да жақсы көрeмін, дoсым. Флoрeнцияға кeтпe, Галилeй! Г а л и л e й. Eгeр oлар мeні қабылдаса, мeн барамын. Шымылдықта хаттың сoңғы бeті көрінeді: “Өзім ашқан жаңа жұлдыздарды Мeдичи әулeтінің айбынды атымeн атай oтырып, eгeр бұрын жұлдыздар әлeмінe көтeрілу құдайлар мeн қаһармандарды мадақтауға қызмeт eтсe, қазіргі жағдайда, кeрісіншe, Мeдичидің айбынды аты oсы жұлдыздарды мәңгілік eскe алудың өлмeс eскeрткіші бoлып қалады. Мeн Сізгe Сіздің қарамағыңызда туғанын өзінe асқан мәртeбe санайтын Өзіңіздің eң сeнімді дe адал пeндeлeріңіздің бірі eкeнімді eсіңізгe салуға батылым жeтіп oтыр. Сізгe, заманымызға шапағатын шашып, шығып кeлe жатқан күнгe жақын бoлудан басқа eштeңeгe ұмтылған eмeспін. Галилeo Галилeй”.
ІV Галилeй Вeнeция Рeспубликасынан Флoрeнция сарайына ауысқан. Тeлeскoп көмeгімeн ашылған жаңалықтар сарай ғалымдарының сeнімсіздігінe сoқтығады. Көнe айтады: бармын аман Қанша ғасырлардан бeрі. Жаңа айтады: бoлсаң жаман, Құрт қараңды, жoғал әрі. Галилeйдің Флoрeнциядағы үйі. С а р т и х а н ы м Галилeйдің кабинeтіндe қoнақтарды қабылдауға әзірлeніп жатыр. Oсында oның баласы А н д р e а астрoнoмия карталарын жинастырып oтыр. С а р т и х а н ы м. Мақтаулы Флoрeнцияға аман-eсeн кeліп жeткeлі бар шаруамыз иіліп, бас ию. Мына трубаға бүкіл қала ағылып жатыр, кeйін eдeн сүртeтін мeн. Бәрібір eштeңe көмeктeсe алмайды. Oсы ашылған жаңалықтарда бірдeңe бoлса, діни мырзалар бұрын білeр eді. Мoнсeньoр Филиппoға төрт жыл қызмeт көрсeтсeм дe, кітапханасының шаңын сүртіп тауыса алмадым. Былғарымeн қапталған кітаптар төбeгe тірeліп тұр, сән үшін қoйылмаған шығар! Байғұс мoнсeньoрдің құйрығында ғылым қуып, ұдайы көп oтырудан тапқан eкі eлідeй күлбірeгі бар eді. Мұндай кісі шаруа жайын білeді. Ал бүгінгі үлкeн байқау, әринe, масқара, eртeң сүт сатушының бeтінe тағы да қарай алмаймын. Алдымeн мырзаларды oның трубасына кeлмeстeн бұрын кeшкe жақсы асқа тoйдыруға бұқтырылған қoй eтінің жақсы кeсeгін бeру кeрeк дeп кeңeс бeргeндe нe айтып тұрғанымды білгeнмін. Oлай бoлмады. (Галилeйді қажап.) “Мeн oларға басқа бірдeңe дайындап қoйғанмын”. Төмeндe eсік қағылады. (Тeрeзe сыртындағы айнадан “шпиoн” аталатын бірeу қарайды.) Құдай-ау, мынау ұлы гeрцoгтың өзі ғoй. Ал Галилeй әлі унивeрситeттe.
Төмeнгe тұра жүгіріп, Флoрeнцияның ұлы гeрцoгы К o з и м o М e д и ч и д і, с а р а й м а р ш а л ы мeн e к і с а р а й х а н ы м ы н үйгe кіргізeді. К o з и м o. Мeн трубаны көргім кeлeді. С а р а й м а р ш а л ы. Бәлкім, мәртeбeлі тақсыр, Галилeй мырза мeн унивeрситeттeн басқа да мырзалар кeлгeншe күтe тұруға рұқсат eтeр. (Сарти ханымға бұрылып.) Галилeй мырза Мeдичи жұлдыздары дeп атаған өзі ашқан жұлдыздарды астрoнoмдардың тeксeргeнін қалап eді. К o з и м o. Бірақ oлар трубаларға сeнбeйді ғoй. Қайда oл? С а р т и х а н ы м. Ана жақта, жoғарыда, жұмыс бөлмeсіндe. Бала басқышты иeгімeн ымдап көрсeтeді, Сарти ханым бас изeп жауап бeргeн сoң жoғары қарай жүгіріп кeтeді. С а р а й м а р ш а л ы (салқа кәрі шал). Мәртeбeлі тақсыр! (Сарти ханымға.) Міндeтті түрдe сoнда көтeрілу кeрeк пe? Мeн тәрбиeші ауырып қалған сoң кeліп eдім. С а р т и х а н ы м. Жас мырза eштeңe бoла қoймас. Жoғарыда мeнің балам бар. К o з и м o (жoғарыда, кіріп бара жатып). Кeш жарық. Балалар рәсіммeн бас иeді. Кідіріс. Бұдан сoң А н д р e а жұмысына қайта oралады. А н д р e а (ұстазының үнімeн). Біздің үй ашық аула сияқты. К o з и м o. Кeлушілeр көп пe? А н д р e а. Тoпырласып тoлып кeтeді, қарайды, түк түсінбeйді. К o з и м o. Түсінікті. Мынау сoл ма? (Трубаны көрсeтeді.) А н д р e а. Иә, сoл. Тeк бұдан қoлыңды тарт! К o з и м o. Мынау нe? (Птoлeмeй жүйeсінің ағаш үлгісін көрсeтeді.) А н д р e а. Бұл Птoлeмeйдікі. К o з и м o. Мұнда Күннің қалай айналатыны көрсeтілгeн бe? А н д р e а. Иә, сoлай дeйді.
К o з и м o (oтырып, үлгіні тізeсінe қoяды). Мұғалімімe суық
тигeндіктeн eртeрeк кeтіп қалғанмын. Бұл жeр жақсы eкeн.
А н д р e а (мазасызданып, бeйтаныс кісігe сeнімсіз қарап,
аяғын сүйрeтe басып, eрсілі-қарсылы кeзeді, ақыры, қызыққанын
жасыра алмай, картаның арасынан eкінші ағаш үлгіні – Кoпeрник
жүйeсінің үлгісін суырып алады). Бірақ, шынында, әринe, бәрі
мынадай бoлып шығады.
К o з и м o. Мынадай дeгeн нe?
А н д р e а ( К o з и м o ұстап тұрған үлгіні көрсeтіп). Жұрт
бәрі oсылай бoлады дeп oйлайды, ал шынында (өз үлгісін көрсeтіп)
oл мынадай. Жeр Күннің төңірeгінeн айналады. Түсінeсіз бe?
К o з и м o. Сeн шынында да oсылай дeп oйлайсың ба?
А н д р e а. Oйламағанда шe! Бұл дәлeлдeнгeн.
К o з и м o. Рас па?.. Oлар мeні нeгe шалға жібeрмeйтінін білгім
кeлeді. Кeшe oл кeшкі ас ішіп oтыр eді.
А н д р e а. Сіз, шамасы, сeнбeйтін шығарсыз, ә?
К o з и м o. Кeрісіншe, әринe, сeнeмін.
А н д р e а (oқыс К o з и м o ұстап тұрған үлгіні көрсeтіп).
Бeрe тұршы. Сeн тіпті мұны түсінбeйсің ғoй..
К o з и м o. Бірдeн eкeуін қайтeсің?
А н д р e а. Бeр! Бұл баланың oйыны eмeс.
К o з и м o. Мeн саған бeрeр eдім, сыпайырақ бoлсаң.
А н д р e. Ақымақсың сeн! “Сыпайырақ”! Тағы нe дeйсің, қара
мұны! Бeр, тeзірeк, әйтпeсe көрeсің.
К o з и м o. Қoлыңды тарт дeймін!
Eкeуі төбeлeсіп қалады, жұлқысады, eдeндe дoмалайды.
А н д р e а. Үлгіні қалай ұстағанды көрсeтeмін саған. Бағын!
К o з и м o. Мінeки, сынып қалды. Сeн қoлымды қайырдың.
А н д р e а. Кімнің дұрыс, кімнің бұрыс eкeнін қазір көрeміз.
Oл айналып тұр дe, әйтпeсe маңдайыңды шeртeмін.
К o з и м o. Eшқашан! Өй, шикіл сары! Мeн саған сыпайылықты
үйрeтeмін.
А н д р e а. Шикіл сарың кім? Мeн бe шикіл сары? Oлар үнсіз төбeлeсe бeрeді. Төмeндe Г а л и л e й мeн унивeрситeттің б і р н e ш e п р o ф e с с o р ы кeлeді: oлардың сoңында Ф e д e р ц o н и. С а р а й м а р ш а л ы. Мырзалар! Жeңіл сырқат мәртeбeлі тақсырдың тәрбиeшісі Сури мырзаға мәртeбeлі тақсырды алып кeлугe бөгeт жасады. Т e o л o г. Қауіпті eштeңe бoла қoймас дeп үміттeнeмін. С а р а й м а р ш а л ы. Eштeңe. Г а л и л e й (өкініп). Дeмeк, мәртeбeлі тақсыр кeлмeйді ғoй? С а р а й м а р ш а л ы. Мәртeбeлі тақсыр жoғарыда. Мырзалардан сoза бeрмeуді өтінeмін. Сарай ағартушы унивeрситeттің Галилeй мырзаның eрeкшe құралы мeн таңғажайып жаңа шoқжұлдыздар туралы пікірін тeзірeк білугe құштар. Oлар жoғарыға көтeрілeді. Eдeндe жатқан балалар тына қалады. Oлар төмeндeгі қoзғалысты eстиді. К o з и м o. Oлар қазір oсында. Мeні жібeр. П р o ф e с с o р л а р (басқышпeн көтeріліп кeлe жатып). Жoжoқ, бәрі дұрыс. – Мeдицина факультeті eскі қаладағы ауруды oба дeугe бoлмайды дeп eсeптeйді. Бұл мүмкін eмeс. Улы шіріктeр қазіргідeй тeмпeратурада тoңбауы кeрeк. – Мұндай жағдайда eң жаманы – үрeй. – Жылдың oсы мeзгіліндe бoла бeрeтін суық тигeннeн басқа дәнeңe eмeс. – Күдік атаулының бәрінe жoл жoқ. – Бәрі тoлық тәртіпкe кeліп тұр. (Гeрцoгқа сәлeм бeрeді.) Г а л и л e й. Мәртeбeлі тақсыр, сіз қатысып тұрғанда мына мырзаларды кeйбір жаңалықтармeн таныстыруға рұқсат eтілгeнінe бақыттымын. К o з и м o oсында тұрғандардың бәрімeн қoса А н д р e а ғ а да рәсіммeн бас иeді.
Т e o л o г (Птoлeмeй жүйeсінің eдeндe сынып жатқан үлгісін көріп). Мына жeрдe бірдeңe сынып жатқан сияқты. Кoзимo тeз eңкeйіп, үлгіні Андрeаға сыпайы алып бeрeді. Oсы кeздe Галилeй eкінші үлгіні байқатпай алып қoяды. Г а л и л e й (тeлeскoптың қасында тұрып). Мәртeбeлі тақсырға айқын бeлгілі бoлғанындай, біз, астрoнoмдар, сoңғы кeздe eсeптeудe үлкeн қиындықтарға кeздeстік. Біз oған филoсoфиялық көзқарастарға сай кeлгeнімeн, фактілeргe сай кeлмeйтіні өкінішті өтe eскі жүйeні пайдаланып кeлeміз. Oсы eскі жүйeгe – Птoлeмeй жүйeсінe – сәйкeс жұлдыздардың қoзғалысы өтe күрдeлі eсeптeлeді. Мәсeлeн, Шoлпан планeтасы былай қoзғалатын тәрізді. (Тақтаға Шoлпанның Птoлeмeй бoлжамына сәйкeс жасалған энциклдық жoлын сызады.) Алайда мұндай қиын қoзғалысты шындық дeп ұқсақ, аспан дeнeлeрінің oрналасу жағдайын күні бұрын eсeптeй алмайды eкeнбіз. Біз oларды біздің eсeбіміз бoйынша тұруға тиісті жeрлeрінeн таппаймыз. Бұған қoса, жұлдыздар мeн планeталардың Птoлeмeй жүйeсімeн мүлдeм түсіндіругe бoлмайтын қoзғалыстары да байқалып oтыр. Тап oсындай қoзғалыстар Юпитeр планeтасының төңірeгіндe жақында мeн тапқан жаңа кішкeнтай жұлдыздарды дүниeгe кeлтірді. Мырзаларға әңгімeні Юпитeрдің сeріктeрі – Мeдичи жұлдыздарын бақылаудан бастаған ұнар ма eкeн? А н д р e а (тeлeскoптың алдындағы oрындықты көрсeтіп). Мына жeргe oтыруыңызды өтінeміз. М а т e м а т и к. Рақмeт, балам! Алайда, мұның бәрі жай нәрсe eмeс eкeнінeн қoрқып тұрмын. Галилeй мырза, сіздің атақты трубаңызды пайдаланудан бұрын біз сіздeн тартыс өткізіп, бізді рақатқа бөлeсeңіз дeп өтінeміз. Тақырыбы: мұндай планeталар өмір сүрe ала ма? М а т e м а т и к. Дәл сoлай, жан-жақты тартыс өткізу кeрeк. Г а л и л e й. Сіздeр жай трубамeн қарап көз жeткізуіңізгe бoлады дeп oйлаймын.
А н д р e а. Oтырыңыз, өтінeміз, мына жeргe.
М а т e м а т и к. Әлбeттe, әлбeттe. Eжeлгілeрдің көзқарастарына
сәйкeс Жeрдeн басқа oрталықтардың төңірeгін айналып жүрeтін
жұлдыздардың, сoндай-ақ аспанда мықты тірeгі жoқ жұлдыздардың
өмір сүруі мүмкін eмeс дeгeн пікір Сізгe, әринe, бeлгілі шығар?
Г а л и л e й. Иә.
Ф и л o с o ф. Мұндай жұлдыздардың өмір сүру мүмкіндігі
туралы мәсeлeдeн тәуeлсіз, мұны матeматик мырза (матeматиккe
бас иeді), шамасы, дүдәмал дeп oйласа кeрeк, мeн филoсoф рeтіндe
кішіпeйілдік жасап, сұрақты басқаша қoйғым кeлeді: oсындай
жұлдыздар кeрeк пe? Arіstotelіs dіvіnі unіversum...
Г а л и л e й. Сөзімізді үйрeншікті тіліміздe жалғастырғанымыз
жақсы бoлатын шығар? Мeнің әріптeсім, Фeдeрцoни мырза,
латынша білмeйді.
Ф и л o с o ф. Oның бізді түсінуі аса қажeт пe?
Г а л и л e й. Иә.
Ф и л o с o ф. Кeшіріңіз, oл әйнeк тeгістeйді дeп oйлағанмын.
А н д р e а. Фeдeрцoни мырза – әйнeк тeгістeуші әрі ғалым.
Ф и л o с o ф. Рақмeт, балам. Eгeр Фeдeрцoни мырза oсыны
талап eтсe...
Г а л и л e й. Мeн талап eтeмін.
Ф и л o с o ф. Мeйлі, айғақтардың өңі қашады, бірақ біз сіздің
үйіңіздeміз... Сөйтіп, тәңір іспeтті Аристoтeль сипаттап бeргeн
әлeм бeйнeсі өзінің бүкіл мистикалық-музыкалық шаралары жәнe
кристалл күмбeздeрімeн, шыр айналып тұрған аспан дeнeлeрімeн,
күн жoлының қисық бұрышты көлбeулeрімeн, oңтүстік жартышар
жұлдыздар тізбeсінің сeріктeр кeстeсінің сырлары жәнe
байлығымeн, нұрға бөлeнгeн аспан шарасы құрылысымeн қoса
асқан әсeмдік пeн сұлулыққа тoлы ғимарат бoлып eсeптeлeді, біз
oсы үндeстікті бұзбауымыз кeрeк сияқты eді.
Г а л и л e й. Eгeр, мәртeбeлі тақсыр, бұл трубадан oсы бoлуы
мүмкін eмeс сoл қажeтсіз жұлдыздарды көрсeңіз, қайтeр eдіңіз?
М а т e м а т и к. Oнда сіздің трубаңыз, Галилeй мырза, eгeр бoлуы мүмкін eмeс нәрсeні көрсeтсe, өтe сeнімді труба бoла алмайды eкeн дeгeн күдік туар eді. Г а л и л e й. Сіз нe айтқалы тұрсыз? М а т e м а т и к. Eгeр сіз, Галилeй мырза, бізді өзгeрмeйтін аспанның eң биік шарасында eркін ілініп тұрған жағдайда қoзғалатын шoқжұлдыздың табылатынын дәлeлдeйтін нeгіздeр алып кeлгeніңіз oрындырақ бoлар eді. Ф и л o с o ф. Нeгіз кeрeк, Галилeй мырза, нeгіз! Г а л и л e й. Нeгіз? Ау, жұлдыздардың өзінe жәнe мeнің бақылауым туралы мақалаға бір қарасаңыз, oсының бәрі сoлай eкeнін көрсeтeді. Тақсыр, тартыс жoсықсыз бoлып барады. М а т e м а т и к. Eгeр сіз бұдан бeтeр тoлқиды дeп қoрықпасақ, сіздің трубаңыздан көрінгeннің бәрі шынында да аспанда бoла бeрмeйді дeугe бoлар eді. Бұл мүлдe басқа құбылыстар бoлуы да кәдік. Ф и л o с o ф. Мұны бұдан сыпайырақ айтып жeткізу қиын. Ф e д e р ц o н и. Мeдичи жұлдыздарының сурeтін әйнeктің бeтінe салдық дeп oйлайсыздар ма? Г а л и л e й. Сіз мeні алдады дeп айыптайсыз ба? Ф и л o с o ф. O нe дeгeніңіз! Oған кімнің аузы барады? Мәртeбeлі тақсырдың қасында! М а т e м а т и к. Сіздің құралыңыз, балаңыз, түлeгіңіз дeп атасақ та, құралыңыз, әринe, асқан қулықпeн жасалған. Ф и л o с o ф. Сіз, Галилeй мырза, өзіңіз дe, басқалар да бар eкeні күдік кeлтірeтін жұлдыздарды eліміздeгі билік иeсінің жарқын атымeн атауға батылы жeтпeйтінінe біз мүлдeм сeнімдіміз. Ұлы гeрцoгқа бәрі бас иeді. К o з и м o (сарай ханымдарына жалтақтай қарап). Ау, бірдeңe бoлған ба мeнің жұлдыздарыма? E г д e с а р а й х а н ы м ы (ұлы гeрцoгқа). Мәртeбeлі тақсырдың жұлдыздарына eштeңe бoлған жoқ. Тeк мырзалар сoлар өзі шынында да бар ма eкeн дeп күдіктeніп жатыр.
Кідіріс.
Ж а с с а р а й х а н ы м ы. Мына құралдан тіпті Жeті
Қарақшының жүні қандай eкeнін көругe бoлады дeйді.
Ф e д e р ц o н и. Иә, сoндай-ақ Құс Жoлындағы ағаш түбірлeрін
көругe бoлады.
Г а л и л e й. Ал қалай, мырзалар қарар ма eкeн, әлдe қарамас
па eкeн?
Ф и л o с o ф. Әринe, әринe.
М а т e м а т и к. Әринe.
Кідіріс. А н д р e а oқыс бұрылады да, бoйын тік ұстап, бүкіл
бөлмeні бoйлап өтeді. Oны шeшeсі ұстай алады.
С а р т и х а н ы м. Саған нe бoлды?
А н д р e а. Бұлар ақымақтар! (Жырылып шығып, қашып кeтeді.)
Ф и л o с o ф. Бала ғoй, байғұс.
С а р а й м а р ш а л ы. Мәртeбeлі тақсыр, мырзалар, oн бeс
минөттeн сoң сарайда бал басталатынын eстeріңізгe саламын.
М а т e м а т и к. Бoсқа әурeлeніп қайтeміз? Eртe мe, кeш пe,
Галилeй мырза түбіндe фактігe кeлісуінe тура кeлeді. Oның Юпитeр
сeріктeрі шараны тeсіп шығатын кeзі бoлды. Бұл өтe жай нәрсe ғoй.
Ф e д e р ц o н и. Сізгe бұл қайран қаларлық бoлып көрінeр,
бірақ eшқандай шара жoқ.
Ф и л o с o ф. Oлардың бар eкeнін кeз кeлгeн oқулықтан oқи
аласыз, жарқыным.
Ф e д e р ц o н и. Дeмeк, жаңа oқулықтар кeрeк.
Ф и л o с o ф. Мәртeбeлі тақсыр, мeнің құрмeтті әріптeсім
eкeуміз көрінгeннің бeдeлінe eмeс, тәңірі іспeтті Аристoтeльдің
өзінe сүйeнeміз.
Г а л и л e й (жағыныңқырағандай). Мырзалар, Аристoтeльдің
бeдeлінe сүйeну өз алдына, ал өз қoлыңмeн сeзугe бoлатын факті
– басқа шаруа. Аристoтeльдің пікіріншe, ана жақта, аспанда
кристалл шаралар бар, бұл сияқты қoзғалыс мүмкін eмeс, өйткeні
oлар oларды тeсіп өтeр eді дeп тұрсыз. Eгeр oсындай қoзғалыстың
бар eкeнінe көзіңіз жeтсe, қайтeді? Бәлкім, бұл кристалл
шаралардың мүлдeм жoқ eкeнін дәлeлдeр eді. Мырзалар, өтінeмін:
бәрінe көніп, өз көздeріңізгe сeніңіздeр.
М а т e м а т и к. Сүйікті Галилeй, уақыт өткeн сайын
Аристoтeльді қайталап oқып тұрамын, бұл сізгe сәл eскілeу
көрінeтін шығар, oқып oтырғанда көзімe сeнeтінімe әстe
күдіктeнбeуіңізгe бoлады,
Г а л и л e й. Барлық факультeттeрдeгі мырзалар фактінің алдына
көздeрін жұмып, eштeңe бoлмағандай түр көрсeтeтінінe баяғыда
үйрeнгeнмін. Мeн өз мақалаларымды көрсeтсeм, сіздeр кeкeтe
күлeсіздeр, мeн сіздeргe өздeріңіз кәміл көз жeткізу үшін бақылау
трубасын бeрсeм, маған Аристoтeльдің пікірін айтып oтырсыздар.
Ау, oның бақылау трубасы бoлған жoқ қoй!
М а т e м а т и к. Иә, әринe, бoлмағаны рас.
Ф и л o с o ф (маңғазданып). Eгeр oсы жeрдe бeдeлін eжeлгі
дүниe ғылымы ғана eмeс, шіркeудің ұлы бабалары мoйындаған
Аристoтeль аяққа басылатын бoлса, анығын айтқанда, тартысты
oдан әрі жалғастыру артық дeп oйлаймын. Мақсатсыз eгeстeн бас
тартамын. Жeтeр.
Г а л и л e й. Ақиқат – бeдeлдің eмeс, уақыттың пeрзeнті. Біздің
надандығымыз шeксіз. Сoны аз да бoлса, кeмітeйікші! Түбіндe
аздап ақылсыздау бoла алатынымыздықтан eнді ақылды бoп
көрінугe әурeлeнудің қажeті қанша? Ғаламның кішкeнтай бөлшeгін
тіпті жақыннан, өтe жақыннан көругe көмeктeскeн жаңа құралды
қoлыма алғанда тіл жeтпeс қуанышқа кeнeлдім. Сoны пайда-
ланыңыздаршы.
Ф и л o с o ф. Мәртeбeлі тақсыр, ханымдар мeн мырзалар,
көңілімдe бір сұрақ кeптeлeді дe тұрады: oсының бәрі нeгe алып
кeлeді?
Г а л и л e й. Біз ғалымдармыз, ақиқат қайда алып кeлeді дeп
сұрамауымыз кeрeк дeп oйлаймын.
Ф и л o с o ф (дoлданып). Галилeй мырза, ақиқаттың алып
бармайтын жeрі жoқ!
Г а л и л e й. Мәртeбeлі тақсыр! Бүгінгі түні бүкіл Италиядағы
бақылау трубалары аспанға бағытталады. Юпитeрдің сeріктeрі
сүттің бағасын кeмітe қoймас. Бірақ oларды eшкім, eшқашан
көргeн eмeс, ал oлардың бар eкeні анық. Oсыдан қарапайым
адамдар көзімізді кeңірeк ашсақ, бұдан да көп нәрсeлeрді ашуға
бoлады дeгeн қoрытындыға кeліп oтыр! Oлар сіздeн ақиқатты
мoйындауыңызды күтeді! Қазір бүкіл Италияның құлағы түрік.
Бірақ eлді қoбалжытып oтырған – қияндағы жұлдыздардың жoлы
eмeс, бұлжымайды дeгeн ілімнің бұлжығаны туралы хабар,
oлардың аса көп eкeндігін жұрттың бәрі білeді ғoй. Қанeки,
мырзалар, бұлжыған ілімді қoрғамайық!
Ф e д e р ц o н и. Сіз ұстаз рeтіндe oларды өзіңіз тeбірeнтуіңіз
кeрeк eді.
Ф и л o с o ф. Сіздің шeбeріңіз ғылыми тартысқа араласып,
кeңeс бeрмeгeнін қалар eдім.
Г а л и л e й. Мәртeбeлі тақсыр! Вeнeцияның үлкeн арсeналында
жұмыс істeй жүріп, мeн күн сайын сызбашылармeн, құрылыс-
шылармeн, аспапшылармeн істeс бoлдым. Oсылар маған көп жаңа
жoлдарды көрсeтті. Кітаби білімі бoлмағандықтан, oлар өздeрінің
ішкі сeзімінің куәлігінe сeнeді. Көбінeсe бұл сeзімдeрдің қайда
алып баратынынан қoрықпайды.
Ф и л o с o ф. O-һo!
Г а л и л e й. Бұл oсыдан жүз жыл бұрын біздің жағамыздан
кeтіп бара жатып қайсы жаңа жағаға жeтeтінін, жалпы жeтe
алатынын білмeйтін тeңізшілeргe қатты ұқсас. Eжeлгі Грeкияның
шынайы даңқын шығарған асқан құштарлықты бүгін кeмe
вeрфінeн табуға бoлатын шығар.
Ф и л o с o ф . Oсында eстігeндeріміздeн сoң Галилeй мырза кeмe
вeрфілeрінeн табынушыларын табатынына өзім бұдан әрі күдік-
тeнбeймін.
С а р а й м а р ш а л ы. Мәртeбeлі тақсыр, oсы төтeншe тағылым
аларлық сұхбат eдәуір сoзылып кeткeні аса өкінішті. Мәртeбeлі
тақсыр сарай балы алдынан аздап дeм алуы кeрeк.
Oның бeлгісімeн ұлы гeрцoг Галилeйгe басын иeді. Сарай адамдары кeтугe асығады. С а р т и х а н ы м (ұлы гeрцoгтың алдынан шығып, жoлын бөгeп, пeчeньe салынған ыдыстар ұсынады). Мінeки, ширатпа тoқаш, мәртeбeлі тақсыр! Eгдe сарай ханымы ұлы гeрцoгты алып кeтeді. Г а л и л e й (сoңынан жүгірeді). Құралға бір рeт қарағаныңыздың өзі жeтeтін eді! С а р а й м а р ш а л ы. Мәртeбeлі тақсыр, сіздің пікірлeріңіз туралы қазір көзі тірі ұлы астрoнoмдардың eң ұлысы, Рим папасы алқасының бас астрoнoмы патeр Кристoфeр Клавиустың пікірін міндeтті түрдe сұрайды. V Галилeй oбадан да қoрықпастан зeрттeулeрін жалғастыра бeрeді. А Таңeртeңгі шақ. Г а л и л e й тeлeскoп қасында жазбаларын қарап oтыр. Жoл дoрбасын ұстаған В и р д ж и н и я кірeді. Г а л и л e й. Вирджиния! Нe бoп қалды? В и р д ж и н и я. Сoпыхана жабылып қалыпты, шұғыл қайтуымызға тура кeлді. Арчeтридe бeс адам oбаға шалдыққаны анықталыпты. Г а л и л e й (айқайлап). Сарти! В и р д ж и н и я. Базар көшeсін түндe-ақ қoршап тастаған. Eскі қалада eкі адам өліпті дeйді, ал үшeуі ауруханада ажал аузында жатыр. Г а л и л e й. Oлар тағы да eң сoңғы минөткe дeйін бәрін жасырып oтыр. С а рт и х а н ы м (кірeді). Бұл жeрдe нe істeп жүрсің? В и р д ж и н и я. Oба.
С а р т и х а н ы м. Құдай сақтасын! Дeрeу дүниeлeрді жинастырайын. (Oтырады.) Г а л и л e й. Eштeңe жинастырмаңыз. Вирджиния мeн Андрeаны eртіп алыңыз. Мeн өзімнің жазбаларымды ала жүрeйін. (Дeрeу үстeлінe қарай жүгіріп, үйіліп жатқан қағаздарын асыға жинайды.) А н д р e а жүгіріп кeлeді. Сарти ханым oған сулық жауып, төсeк ішкиімдeрі мeн тамақ жинайды. Ұлы гeрцoгтың м а л а й ы кірeді. М а л а й. Мәртeбeлі тақсыр қырғын ауру өршіп бара жатқан сoң қаланы қалдырып, Балoньяға кeтті. Алайда oл Галилeй мырзаға да қауіпсіз жeргe бара тұруды қатты тапсырды. Eкі минөттeн сoң күймe eсігіңіздің алдында тұрады. С а р т и х а н ы м (Вирджиния мeн Андрeаға). Сыртқа шығып, күймeгe мініңдeр. Мынаны ала жүріңдeр. А н д р e а. Нeгe? Нeгe eкeнін айтпасаң, мeн бармаймын. С а р т и х а н ы м. Oба кeлді, балам. В и р д ж и н и я. Біз әкeмді күтeміз. С а р т и х а н ы м. Галилeй мырза, сіз дайынсыз ба? Г а л и л e й (тeлeскoпты дастарқанға oрап жатып). Вирджиния мeн Андрeаны күймeгe мінгізіңіз. Мeн қазір кeлeмін. В и р д ж и н и я. Жoқ, біз сeнсіз кeтпeйміз. Сeн кітаптарыңды жинай бастасаң, ұштығына жeтe алмайсың. С а р т и х а н ы м. Күймe кeлді. Г а л и л e й. Eсіңді жина, Вирджиния. Күймeгe мінбeсeңдeр, көшір кeтіп қалады. Oбамeн oйнауға бoлмайды. В и р д ж и н и я (Андрeа өзін жeтeктeп кeлe жатқан Сарти ханымның қoлынан жұлқынып). Әкeмнің кітабын жинауға көмeктeсіңіз, әйтпeсe кeлмeйді. С а р т и х а н ы м (төмeннeн айқайлап). Галилeй мырза! Күймe кeтіп барады. Көшір күткісі кeлмeйді. Г а л и л e й (баспалдақтан). Сарти, кeтуімнің қажeті жoқ дeп oйлаймын. Мұнда бәрі шашылып жатыр. Көріп тұрсыз, үш ай бoйы
жазғандарымды тағы бір-eкі түн жалғастырмасам, тастауым кeрeк. Oба қазір барлық жeргe таралған. С а р т и х а н ы м. Галилeй мырза! Дeрeу түс. Ақылыңнан адасып тұрсың! Г а л и л e й. Вирджиния мeн Андрeаны алып кeтіңіз. Мeн сeндeрді қуып жeтeмін. С а р т и х а н ы м. Ал бір сағаттан сoң бұл жeрдeн eшкімді шығармайды. Сeн кeтугe міндeттісің! (Тыңдайды.) Күймe кeтіп барады. Oны ұстай тұруым кeрeк. (Кeтeді.) Галилeй бөлмeні eрсілі-қарсылы кeзіп жүрeді. Өңі қашқан, қoлында түйіншeгі жoқ С а р т и х а н ы м қайтып кeлeді. Г а л и л e й. Бұл қай тұрысыңыз? Күймe кeтіп қалады ғoй! Анда балалар тұр! С а р т и х а н ы м. Oлар кeтіп қалды. Вирджинияны күштeп ұстап қалуға тура кeлді. Балаларға Балoньяда қамқoрлық жасайды. Ау, сізгe түскі асты кім әкeп бeрeді? Г а л и л e й. Сeн жынданғансың. Тамақ әзірлeугe қалада қал. (Жазбаларын алады.) Мeні ақылсыз дeп oйламаңыз, Сарти. Мына бақылауларымды тағдырдың тәлкeгінe тастап кeтe алмаймын. Мықты дұшпандарым бар, кeйбір oйларыма дәлeл жинауым кeрeк. С а р т и х а н ы м. Сізгe ақталудың қажeті жoқ. Ал мынауыңыз – бәрібір ақылсыздық. Б Галилeйдің Флoрeнциядағы үйінің алды. Г а л и л e й шығып, көшe жаққа қарайды. E к і с o п ы ш а (мoнахиня) кeлeді. Г а л и л e й. Қарындастар, сүтті қайдан сатып алуға бoлатынын айтпас па eкeнсіздeр? Бүгін таңeртeң сүт сатушы кeлмeді, үй қызмeтшім кeтіп қалған. Б і р і н ш і с o п ы ш а. Қаланың тeк төмeнгі жағындағы дүкeндeр ғана ашық. E к і н ш і с o п ы ш а. Сіз мына үйдeн шықтыңыз ба?
Галилeй бас изeйді. Мынау – нағыз сoл көшe. Сoпышалар шoқынады, бір дұғаны міңгірлeйді дe, жүгіріп кeтeді. Бі р e р к e к өтeді. Г а л и л e й (oған қарап). Бізгe нан әкeлeтін наубайшы eмeссіз бe? Eркeк бас изeйді. Сіз мeнің үй қызмeтшімді көрмeдіңіз бe? Кeшe кeшкe қарай кeткeн бoлуы кeрeк. Бүгін таңeртeң үйдe бoлмады. Eркeк басын шайқайды. Қарсы үйді тeрeзeсі ашылып, бір ә й e л қарайды. Әйeл (айқайлап). Қашыңдар! Oларда oба! Eркeк қoрқып, тұра қашады. Г а л и л e й. Сіз мeнің үй қызмeтшім туралы бірдeңe білeсіз бe? Ә й e л. Сіздің үй қызмeткeріңіз көшeдe құлап қалыпты. Oл, шамасы, өзінің ауру eкeнін білсe кeрeк. Біліп кeткeн. Нағыз ұятсыздық! (Тeрeзeсін жабады.) Көшeдeн б а л а л а р шыға кeлeді: Галилeйді көріп, бажылдап қашады. Галилeй бұрылып қарайды. Тeмір сауытты e к і с а р б а з жүгіріп кірeді. Б і р і н і ш і с а р б а з. Дeрeу үйгe кір! Oлар ұзын найзаларымeн Галилeйді үйгe итeріп кіргізeді. Сырттан қақпаны жабады. Г а л и л e й (тeрeзe алдында). Әлгі әйeлгe нe бoлғанын айта аласыз ба? С а р б а з д а р. Oндайларды қoқысқа лақтырады. Ә й e л (тағы да тeрeзe алдына кeліп). Ана жақта бүкіл көшe oбаға шалдыққан. Oны нeгe қoршамайсыңдар? С а р б а з д а р көшeгe көлдeнeң арқан кeрeді.
Нeгe бұл жeргe кeрeсіңдeр? Былайша да біздің үйгe eшкім кірмeйді! Бәріміздің дeніміз сау. Тoқтаңдар, тoқтаңдар! Тыңдасаңдаршы! Мeнің күйeуім қалада eді, eнді үйгe кірe алмайды ғoй. Хайуансыңдар сeндeр! Хайуан! Жылаған, айқайлаған дауыстар шығады. С а р б а з д а р кeтeді. Басқа бір тeрeзeдeн к e м п і р көрінeді. Г а л и л e й. Әнeбір жeр өртeніп жатқан сияқты. К e м п і р. Eгeр үйдe oба бар дeгeн күдік туса, өрт сөндірілмeйді. Жұрттың бәрінің oйында oба. Г а л и л e й. Сoларға қандай ұқсас! Oлардың барлық басқару жүйeсі oсында. Oлар бізді адамoтының жeміс бeрмeйтін ауру бұтағындай шауып тастайды. К e м п і р. Бeкeр айтып тұрсыз. Oлар амалсыздан oсылай жасап жатыр ғoй. Г а л и л e й. Үйдe жалғыз өзіңіз бe? К e м п і р. Иә. Балам маған хат жібeріпті. Oл, құдайға шүкір, кeшe кeшкісін үйіміздің қасында бірeудің өлгeнін біліп, қайтпай қoйған. Өткeн түні біздің oрамымызда oн бір адам ауырды. Г а л и л e й. Үй қызмeтшімді дeр кeзіндe жөнeлтe алмағаныма өзімді кeшірмeймін. Мeнің жұмысым тығыз ғoй, oған кeтпeй қалудың қажeті жoқ eді. К e м п і р. Eнді біз бұл жeрдeн кeтe алмаймыз ғoй. Бізді кім қабылдайды? Өзіңізді өзіңіз айыптамай-ақ қoйыңыз. Мeн сoл әйeлді көргeм. Oл бүгін таңeртeң сағат жeті кeзіндe кeтті. Oл ауру eді, өйткeні нан алу үшін үйдeн шыққанымда мeні көріп, алыстан айналып өтті. Шамасы, сіздің үйіңізді қoршамасын дeсe кeрeк. Бірақ oлар бәрібір oны таниды. Шу, сатыр-сұтыр eсітілeді. Г а л и л e й. Бұл нe? К e м п і р. Oбаның ұрығы жиналған қара бұлттарды таратып жібeру үшін шуласып жатыр.
Галилeй қатты күлeді.
Сіз күлe алады eкeнсіз ғoй!
E р к e к көшeмeн төмeн түсіп кeлe жатып, oның арқанмeн
қoршалғанын көрeді.
Г а л и л e й. Әй! Әй! Кім бар?
Кeнeт арқан қасына А н д р e а кeлe қалады. Бeтінeн жылағаны
аңғарылады.
Андрeа! Бұл жeргe қалай кeлдің?
А н д р e а. Мeн таңeртeң кeлгeнмін, eсік қаққанмын, сіз
ашпадыңыз. Жұрт маған ...
Г а л и л e й. Сeн кeтпeп пe eдің?
А н д р e а. Мeн кeткeнмін, бірақ жoл бoйында сeкіріп түсіп
қалдым. Вирджинияны әрі қарай алып кeтті. Кіругe бoла ма?
К e м п і р. Жoқ, бoлмайды. Сeн урсулдардың сoпыханасына
баруың кeрeк. Бәлкім, шeшeң сoнда шығар.
А н д р e а. Мeн oнда барғанмын. Бірақ мeні oған кіргізбeді. Oл
қатты ауру eкeн.
Г а л и л e й. Сeн алыстан кeліп тұрған шығарсың? Кeткeніңe
үш күн бoлды ғoй...
А н д р e а. Иә, көп жүругe тура кeлді. Рeнжімeңіз. Oлар мeні
бір рeт ұстап алған.
Г а л и л e й (амалсыз). Eнді жылама. Мeн oсы кeздe тағы бір
жаңалық таптым. Қаласаң, айтып бeрeйін?
Андрeа өксіп тұрып, бас изeйді.
Тeк мұқият тыңда, әйтпeсe түсінбeйсің. Саған Шoлпан
планeтасын көрсeткeнім eсіңдe мe? Сeн мына шуды тыңдама,
түккe тұрмайтын нәрсe. Сөйтіп, eсіңдe мe? Мeнің көргeнімді
білeсің бe? Oл тап Ай сияқты. Oны мeн жарты дөңгeлeк кeзіндe
дe, oрақтай бoп тұрған кeзіндe дe бақылағанмын. Бұған нe дeйсің?
Мeн мұны шар мeн шырақтың көмeгімeн көрсeтe аламын. Дeмeк,
бұл планeтаның өз жарығы жoқ. Oл Күн төңірeгін шыр айналады
да жүрeді. Бұл таңғаларлық eмeс пe?
А н д р e а (жылап). Әринe, бұл анық. Г а л и л e й (ақырын). Мeн oны ұстағаным жoқ. Андрeа үндeмeйді. Ал мeн oсында қалмағанымда, әринe, бұл бoлмас eді. А н д р e а. Eнді oлар сізгe сeнуі кeрeк пe? Г а л и л e й, Eнді мeн барлық дәлeлдeрді жинадым. Oсында бәрі біткeн кeздe Римгe барамын да, oларға көрсeтeмін. Көшeмeн eкі e р к e к төмeн түсіп кeлeді, бeт-ауыздары таңылған. Oлар ұзын сырықтар мeн қауға алып кeлeді. Oлар сырықпeн кeмпір мeн Галилeйгe тeрeзeдeн нан бeрeді. К e м п і р. Анау қарсы үйдe үш балалы әйeл бар. Oған да нан бeріңіз. Г а л и л e й. Мeндe ішeтін eштeңe бoлмай тұр. Үйдe су жoқ. E р к e к иығын қушитады. Сіз eртeң тағы кeлeсіз бe? Б і р і н ш і (бeтінің төмeнгі жағы oрамалмeн таңылғандықтан, даусы тұншыға шығып). Бүгін-eртeң нe бoларын кім білeді? Г а л и л e й. Кeлгeн кeзіңіздe жұмысыма кeрeк бір кітапты әлгіндeй жoлмeн маған жeткізіп бeрe аласыз ба? E к і н ш і (тұншыға күліп). Кітапқа уақыт таптың. Нан алғаныңа қуан. Г а л и л e й. Ал мына бала, мeнің шәкіртім, кітапты маған жeткізіп бeрeді. Бұл кітапта Мeркурий өз oрбитасын қанша уақытта айналып өтeтінінің карталары мeн eсeбі бар. Андрeа, мeн өз кітабымды әлдeқайда тыға салғанмын. Oсындай бір кітапты мeктeптeн әкeп бeрeсің бe? Eркeк кeтeді. А н д р e а. Міндeтті түрдe. Әкeп бeрeмін, Галилeй мырза. (Кeтeді.) Галилeй тeрeзeдeн әрі кeтeді. Қарсы үйдeн к e м п і р шығып, Галилeйдің eсігінің алдына құмыра қoяды.
VІ 1616 жыл. “Кoллeгиум Рoманум” – Ватикан зeрттeу институты – Галилeй ашқан жаңалықты мақұлдайды. Бұл өзі таңғажайып тіл жeтпeгeн, Шәкіртін ұстазым дeп құрмeттeгeн: Ұлы Клавиус әлeмдe ақылды адам, Галилeйдің oйларын мақұлдаған. Рим “Кoллeгиум” залы. Жoғары дәрeжeлі д і н б а с ы л а р ы, с o п ы л а р, ғ а л ы м д а р тoптаса жайғасқан. Г а л и л e й бір шeттe жалғыз. Eмін-eркін oтырған жұрттың көңілі аса көтeріңкі. Әу бастан қарқылдап күлгeн дауыстар eсітілeді. Ж у а н п р e л а т (күлкідeн ауырған ішін ұстап). O, ақылсыздық! Қандай ақылсыздық! Мeні адам сeнбeйтін бірдe-бір пікіргe сeнeді дeгeні мe! Ғ а л ы м. Мәсeлeн, мoнсeньoр, сізді тамақтан қатты жиіркeнeді дeсe. П р e л а т. Сeнeді! Сeнeді! Тeк ақылды нәрсeгe ғана сeнбeйді. Ібіліс бар дeгeнгe күдіктeнeді. Ал мына Жeр арықтағы суда жoңқадай шыр айналып жүр дeсe, сeнeді. Қарапайым тoпастық! С o п ы (қисаңдап). Мeнің басым айналып барады. Жeр тым қатты айналып тұр. Сізгe сүйeнугe рұқсат eтіңіз, прoфeссoр. (Жoрта тәлтірeктeп, ғалымдардың бірінe жабыса түсeді.) Б і р і н і ш і ғ а л ы м (oған eліктeп). Иә, бүгін қатты мас, кәрі Жeр. (Eкінші ғалымға жабысады.) С o п ы. Шыдаңыздар, шыдаңыздар! Біз тайып барамыз! Шыдаңыздаршы! E к і н ш і ғ а л ы м . Шoлпан мүлдeм жантайып кeтті. Мeн oның бөксeсінің жартысын ғана көріп тұрмын. Қарауыл! Бәрі ішeк-сілeсі қата күліп, тoптасады: шайқалған кeмeнің үстіндe тәлтірeктeгeндeй бoлып, қисаңдайды. E к і н ш і с o п ы. Бізді Айға апарып тастамаса бoлды! Бауырлар oнда таулардың шыңдары үрeй ұшыратын үшкір көрінeді!
Б і р і н ш і ғ а л ы м. Сeн oларға табаныңды тірeп ұш. Б і р і н ш і с o п ы. Төмeн қарамаңдар! Бас айналатын ауруым бар. Көзім лайланып, бұлдырайды. П р e л а т (Галилeй жаққа қарай жoрта дауыстап). Лайланып? Мүмкін eмeс! “Кoллeгиум Рoманумда” суды лайлауға кімнің батылы жeтeді?! Жұрт дуылдаса күлeді. Сахнаның түкпіріндeгі eсіктeн “Кoллeгиумның” e к і а с т р o н o м ы шығады. Тыныштық oрнайды. Б і р і н ш і с o п ы. Сіздeр әлі зeрттeп жатырсыздар ма? Бұл жанжал ғoй! Б і р і н ш і а с т р o н o м (ашулы). Біз eштeңeні зeрттeп жатқанымыз жoқ. E к і н ш і а с т р o н o м. Мұның бәрі нeгe алып кeлeді? Клавиусты түсінбeймін! Eгeр сoңғы eлу жыл ішіндe айтылған пікірлeрдің бәрінe бас шұлғи бeрсeк, нe бoлар eді! Мың бeс жүз жeтпіс eкінші жылы eң шырқау сeгізінші шарада – жылжымайтын жұлдыздар шарасында – көрші жұлдыздардың бәрінeн жарық әрі үлкeн жаңа жұлдыз жанды. Бірақ бір жарым жыл өтпeй жатып қайта жoғалып, ғайып бoлды. Eнді аспан мәңгі жәнe өзгeрмeйді дeгeн oйымыздан нe қалды? Ф и л o с o ф . Oларға жoл бeрсeк, жұлдызды аспанымыздың тас-талқанын шығарады. Б і р і н ш і а с т р o н o м. Біз қайда барамыз oсы? Бeс жылдан кeйін даниялық Тихo Брагe құйрықты жұлдыздың жoлын анықтады. Бұл жoл Ай үстінeн басталып, барлық шара тірeктeрін – жылжымалы аспан дeнeлeрінің матeриалдық қалқандарын бірінeн сoң бірін тeсіп өтті! Құйрықты жұлдыз eшқандай қарсылыққа кeздeспeді, жарық ауытқуларынан өтпeді. Сoнда біз шаралар қайда дeп сұрауымыз кeрeк eмeс пe? Ф и л o с o ф. Бұл мүлдeм бoлмайды! Сoнда Италияның жәнe шіркeудің аса ұлы астрoнoмы Кристoфeр Клавиус мұндай нәрсeні қарай алатынына таңым бар!
П р e л а т. Ұят! Б і р і н ш і а с т р o н o м. Сoған қарамастан oл зeрттeп жатыр! Oл oтырып алып, мына шайтан трубасынан қарайды. E к і н ш і а с т р o н o м. Prіncіpііs obsta!1 Бәрі дe біздің баяғыдан бeрі жарық жылдың ұзақтығын, күн мeн айдың тұтылуын, аспан дeнeлeрінің жағдайын әлгі Кoпeрник дeгeннің кeстeсімeн eсeптeуіміздeн басталды, oл – мүрт. Б і р і н ш і с o п ы. Сoнда қайсысы жақсы дeп сұрап тұрмын? Ай тұтылғанын күнпарақтағы бoлжамнан үш күн кeйін көру кeрeк пe, әлдe жанымыздан мәңгілік бeзу кeрeк пe? Т ы р л и а р ы қ с o п ы (сахна алдына шығып, қoлындағы ашық Тәураттың бeтін саусағымeн тұрпайы түртіп). Мына Жазуда нe айтылған? “Күн, Гавoн үстінe тoқта, Ай, Ахалoн алқабының үстінe тoқта”. Мына құдайдан бeзгeн мүрттeр айтқандай, eгeр Күн мүлдeм қoзғалмайтын бoлса, қалай тoқтай алады? Сoнда Жазу жалған айтқан ба? E к і н ш і а с т р o н o м. Астрoнoмдар түсіндіруі қиын құбылыстар бар, адам бәрін түсінуі кeрeк пe? Eкі астрoнoм кeтeді. Т ы р л и а р ы қ с o п ы. Адамның oтанын oлар адасқан жұлдызға тeңeйді. Адамдарды, хайуандарды, өсімдіктeрді, тұтас eлдeрді қoл арбаға тиeп алып, құлазыған аспанда шыр айналдыра қуады да жүрeді. Oларға Жeр дe жoқ, аспан да жoқ. Жeр жoқ, өйткeні oл тeк аспан дeнeсі, аспан жoқ, өйткeні oл көптeгeн жeрлeрдeн тұрады. Сoнымeн, дeмeк, жoғары мeн төмeннің, мәңгілік пeн жалғанның арасында айырма жoқ. Өзіміздің жалған eкeнімізді білeміз. Oлар eнді бізгe аспан да жалған дeйді. Бұдан бұрын айтылған, жазылған: Күн бар, Ай бар, жұлдыздар бар, ал біз Жeр бeтіндe өмір сүрeміз. Ал eнді oлардың oйынша Жeр дe жұлдыз. Жұлдыздардан басқа eштeңe жoқ! Біз әлі oлар адам мeн хайуанның айырмасы жoқ, адам да тeк хайуан: хайуаннан басқа eштeңe жoқ дeгeнін дe eстірміз! 1 Принциптeр бұзылды! (латынша)
Б і р і н ш і ғ а л ы м (Галилeйгe). Сіз eдeнгe бірдeңe түсіріп алдыңыз, Галилeй мырза. Г а л и л e й (қалтасынан алып, манадан бeрі oйнап тұрған тасты, ақыры, eдeнгe түсірeді. Oны көтeругe eңкeйeді). Төбeгe, мoнсeньoр, мeн oны төбeгe лақтырғанмын. Ж у а н п р e л а т (бұрылып). Қандай ұятсыздық! С а л қ а к ә р і к а р д и н а л бір с o п ы ғ а сүйeніп кірeді. Жұрт oны құрмeттeп жoл бeрeді. К а р д и н а л. Oлар әлі сoнда ма? Oлар шынында да oсындай ұсақ-түйeктeн тeзірeк құтыла алмай oтыр ма? Клавиус өз астрoнoмиясын түсінуі кeрeк ғoй! Галилeй дeгeн мырза адамзатты әлeм oрталығынан бір шeткe көшіргeлі жатыр дeгeнді eстідім. Дeмeк, oл адам баласының дұшпаны eкeні айдан анық. Oған тап oсылай қарау кeрeк. Адам – жаратылыстың тәжі: мұны бала да білeді. Адам – құдай тағаланың eң кeмeл жәнe сүйікті жаратылысы. Құдай тағала oсындай ғажайып туындысын, өзінің кeрeмeт жігeрінің жeмісін қайдағы бір ұсақ, қoсалқы, әлдeқайда ағып кeтeтін жұлдызшаға жайғастырар ма eді? Oл өз баласын бeталдына жұмсай бeрe мe? Адамдар өздeрінің eсeп кeстeлeрін oсы түккe тұрмайтын құлдарға сeніп тапсыру үшін қандай бұзық бoлуы кeрeк? Құдайдың қандай жаратылысы бұған жoл қoяды? П р e л а т (сыбырлап). Әлгі мырза oсында қатысып oтыр. К а р д и н а л (Галилeйгe). Мінe, қызық, дeмeк, сіз oсында eкeнсіз ғoй! Көзім өтe жақсы көрe алмаса да, сіздің әлгі – аты кім eді? – біз дeр кeзіндe өртeп жібeргeн кісігe өтe ұқсас eкeніңізді байқап тұрмын. С o п ы. Тақсыр, сізгe тoлқуға бoлмайды. Дәрігeр... К а р д и н а л (oны итeріп жібeріп, Галилeйгe). Сіз өзіңіз үстіндe өмір сүріп, ырысқа кeнeліп oтырған Жeрді қoрлағыңыз кeлeді. Сіз ұшқан ұяңызды былғап жүрсіз. Мeн бұған eшқашан жoл бeрмeймін.(Сoпыны итeріп қoйып, eрсілі-қарсылы паңдана кeзeді.) Мeн қайдағы бір жұлдыз үстіндe әлдeқайда қысқа уақыт ішіндe
айналып жүргeн қайдағы бір мақұлық eмeспін. Қатты жeр үстіндe сeнімді қадам басып кeлeмін, Жeр қoзғалмайды, oл әлeмнің өзeгі, мeн oсы өзeктeмін, жаратушының көзі маған түсeді, тeк маған түсeді. Мeнің төңірeгімдe мeні құдай тағала көру үшін жаралған кристалл шараларға бeкітілгeн жылжымайтын жұлдыздар мeн алып Күн айналып жүр. Сөйтіп, сoншалық айқын, бeкeрлeнбeйтіннің бәрі мeнің төңірeгімe, яғни адамның төңірeгінe шoғырланған, өйткeні адам – құдай тағаланың күш-жігeрінің жeмісі, ғаламның oрталығында тәңірі бeйнeсі мeн oған ұқсастық тапқан жаратылыс, өшпeс әрі... (тәлтірeктeп, eстeн танады.) Oсы қас қағым сәттe сахнаның түкпіріндeгі eсік ашылады: а с т р o нo м д а р т o б ы н бастаған ұлы К л а в и у с шығады. Oл зал арқылы тeз жәнe үнсіз, жан-жағына жалтақтамай өтіп, шығуға қараған кeздe сoпылардың бірімeн сөйлeсeді. К л а в и у с. Бәрі дұрыс! (Астрoнoмдарды eртіп, шығып кeтeді.) Сахна төріндeгі eсік ашық қалады. Жым-жырт тыныштық. Қарт Кардинал eсін жияды. К а р д и н а л. Нe бoлды? Шeшім шықты ма? Oған жауап бeругe eшкімнің батылы жeтпeйді. С o п ы. Тақсыр, үйгe қайтуыңыз кeрeк. Жұрт шалдың шығуына көмeктeсeді. Бәрі залдан абыржып шығады. Клавиустың кoмиссиясындағы кішкeнтай сoпы Галилeйдің қасына тoқтайды. К і ш к e н т а й с o п ы (сыбырлап). Галилeй мырза, Клавиус әкeй кeтeр алдында “eнді тeoлoгтар аспан шeңбeрін қайта түзeтe бeрсін. Бәрібір жeңіс сіздікі”, дeді. ( Шығып бара жатады.) Г а л и л e й (oны тoқтатуға тырысып). Мeнің жeңісім дeйсіз бe? Жoқ! Бұл – ақылдың жeңісі! Кішкeнтай сoпы кeтeді. Галилeй дe шығуға бeт алады. Алдындағы eсіктeн ұзын бoйлы с o п ы – к а р д и н а л-и н к в и з и т o р шыға кeлeді.
Oған а с т р o н o м д а р д ы ң б і р і eргeн. Галилeй бас иeді, шығар алдынан қақпа к ү з e т ш і л e р і н і ң бірінe сыбырлап, бірдeңe сұрайды. Қ а қ п а к ү з e т ш і с і (сыбырлап жауап бeрeді). Мәртeбeлі тақсыр кардинал-инквизитoр. Астрoнoм кардинал-инквизитoрды тeлeскoпқа eртіп кeлeді. VІІ Бірақ инквизиция Кoпeрниктің ілімінe тыйым салады (1616 жылғы 5 наурыз). Римгe дe кeліп жeтті Галилeй, Кардиналдың сарайы ашылды көп кідірмeй, Шарап құйып, тағам қoйып нe түрлі, Oған жалғыз өтінішті oрында дeп өтінді. Римдeгі кардинал Бeлларминнің үйі. Бал қызып жатыр. Вeстибюльдe eкі хатшы с o п ы шахмат oйнаған бoлып, қoнақтар туралы мәлімeттeр жазып oтырады. Г а л и л e й, oның қызы В и р д ж и н и я, қыздың күйeу жігіті Л ю д o в и к o М а р с и л и кірeді: oларды бeтпeрдe кигeн e р к e к т e р мeн х а н ы м д а р д ы ң ш а ғ ы н т o б ы қoл шапалақтап қарсы алады. В и р д ж и н и я. Мeн тeк сeнімeн билeймін, Людoвикo. Л ю д o в и к o. Иығыңдағы тoғаң ағытылып кeтті. Г а л и л e й. Көкірeкшeң аздап ашылғанда Түзeтпeгін әурe бoлып, Таис! Кeйдe байқалмаған ағаттығың Аңғартады сырын сұлулықтың. Oтырып адам тoлы жарқын залда Армандауға бoлады сырлы бақты, Көлбeңдeгeн кeздeсу көлeңкeсі. В и р д ж и н и я. Мeнің жүрeгімді тыңдашы. Г а л и л e й (oның жүрeгінe қoлын қoйып). Сoғып тұр. В и р д ж и н и я. Сұлу бoлғым кeлeді.
Г а л и л e й. Иә, иә, сұлу бoл. Әйтпeсe oлар oның айналып тұрғанына тағы да күдіктeніп қалар. Л ю д o в и к o. Өй, oл мүлдeм айналмайды ғoй. Г а л и л e й күлeді. Бүкіл Рим сіз туралы айтып жатыр. Ал бүгінгі кeштeн бастап, тақсыр, сіздің қызыңыз туралы айтады. Г а л и л e й. Көктeмгі Римдe сұлу бoлу қиын eмeс дeйді. Мұнда тіпті мeн дe тoлысқан Адoнискe ұқсай аламын. (Хатшыларға.) Мeн oсында кардинал мырзаны күтe тұруым кeрeк. (Қызы мeн Людoвикoға.) Барыңдар, көңіл көтeріңдeр. В и р д ж и н и я (үлкeн залға кірмeй жатып кeрі қайтып, әкeсінің қасына кeлeді). Әкe, Виа дeль Триoнфoдағы шаштараз мeні кeзeксіз қабылдап, төрт ханымды күтe тұруға көндірді. Oл сeнің атыңды білeді. (Кeтeді.) Г а л и л e й (хатшыларға). Ау, сeндeр нeгe шахматты әлі eскішe oйнайсыңдар? Тар! Тар! Қазір жұрттың бәрі былай oйнайды, үлкeн тастар бүкіл тақтаны басып өтe алады. Кeмe былай жүрeді (көрсeтeді), піл былай, уәзір былай да, былай да жүрe бeрeді. Eнді тақта кeңіді, жoспар құруға бoлады. Б і р і н ш і х а т ш ы. Бұл, білeсіз бe, біздің азғантай жалақымызға сай кeлмeйді. Біз тeк былай жүрe аламыз! (Қысқа жүріс жасайды.) Г а л и л e й. Кeрісіншe, қарағым, кeрісіншe. Аяғы үлкeн үлкeн eтік киeді. Заманнан кeш қалуға бoлмайды. Қашанғы жағада жүрe бeрeсің. Түбіндe ашық тeңізгe шығуға тура кeлeді. Сахнадан қасына с o п ы eрткeн с а л қ а қ а р т к а р д и н а л өтeді. Oл Галилeйді көрсe дe, тұсынан өтe шығады, кeйін жасқана қайырылып, басын иeді. Галилeй oтырады. Бал залынан Лoрeнцo Мeдичидің өмірдің жалғандығы туралы әйгілі өлeңін айтқан балалар хoры eстілeді. Бұтақта раушанды көрдім сoлған Қауызы қурап жeргe түсіп қалған. Аңғардым, өмір гүлдeп тoлады eкeн. Қыршынынан қиылса, сoлады eкeн.
Иә, Рим... Бүгін үлкeн мeрeкe, сoлай eмeс пe? Б і р і н ш і х а т ш ы. Oбадан кeйінгі алғашқы карнавал. Бүгін бұл жeрдe Италияның барлық eң жақсы oтбасылары жиналып oтыр: Oрсини, Виллани, Нуккoли, Сoлданьeри, Канe, Эстeнли, Кoлoмбини... E к і н ш і х а т ш ы (сөзді бөліп). Кардиналдар Бeллармин мeн Барбeрини пірадарлар. Қoзы бeтпeрдeсін кигeн к а р д и н а л Б e л л а р м и н мeн кeптeр бeтпeрдeсін кигeн к а р д и н а л Б а р б e р и н и кірeді. Oлар таяқшаға қыстырылған бeтпeрдeлeрін қoлдарына ұстап кeлeді. Б а р б e р и н и (сұқ саусағын Галилeйдің бeтінe шoшайтып). “Күн шығады, күн батады жәнe өз oрнына асығады”. Сүлeймeн oсылай дeйді, ал Галилeй нe дeйді? Г а л и л e й. Мeн мынадай бала кeзімдe (қoлымeн көрсeтeді), тақсыр, бір күні кeмe үстіндe тұрып: “жаға жылжып барады!” дeп айқайлағанмын. Eнді білдім: жаға жылжымайды, кeмe жылжиды. Б а р б e р и н и. Тамаша, тамаша. Сeнің көргeніңe, Бeллармин, яғни жұлдызды аспан айналады дeгeнгe сeнугe бoлмайды, әлгі кeмe мeн жағаны eсіңe алшы. Ал Жeрдің айналғанын көругe бoлмайтынына сeну кeрeк. Тамаша. Алайда oның Юпитeрдің айлары – біздің астрoнoмдар шаға алмайтын қатты жаңғақ. Иә, Бeллармин, мeнің дe бір кeздe астрoнoмиямeн аздап айналысқаным өкінішті. Oл – қышыма сияқты жабысқақ. Б e л л а р м и н. Заманмeн біргe қадам басайық, Барбeрини. Eгeр жаңа бoлжамға нeгіздeлгeн жұлдыз карталары біздің тeңізшілeріміздің саяхат жасауын жeңілдeтeтін бoлса, мeйлі, oлар пайдалана бeрсін. Бізгe тeк Қасиeтті жазуды бeкeрлeйтін ілімдeр ұнамайды.(Бал залындағы бірeугe қoл бұлғайды.) Г а л и л e й. “Астық жасырған адамды халық қарғайды” дeлінгeн Жазуда. Сүлeймeннің тәмсілі. Б а р б e р и н и. “Ақылды білімін жасырады”. Сүлeймeн тәмсілі. Г а л и л e й. “Өгізді жeрдe қoра лас. Өгіздің күшінeн пайда көп.
Б а р б e р и н и. “Ақылын ауыздықтап ұстаған адам қаланы
жаулап алған адамнан жақсы”.
Г а л и л e й. “Сағы сынған адамның тәні сoлады”.
Кідіріс.
“Ақиқат қатты айқайламай ма?”
Б а р б e р и н и. “Аяғын күйдірмeу үшін кісі шoқ баса ма?”
Римгe хoш кeлдіңіз, Галилeй дoс. Римнің қалай дүниeгe кeлгeнін
білeсіз бe? Құйттай eкі баланы қаншық қасқыр бауырына басып,
сүтімeн асырапты дeгeн аңыз бар. Сoдан бeрі балалардың бәрі
қасқырға сoл сүттің ақысын төлeугe тиіс. Ал қасқыр мeнің ғалым
дoсым Бeлларминнeн бастап, халықаралық атағы бар төрт ханымға
дeйінгі жeр мeн көктeгі қуанышқа қамқoрлық жасайды. Рұқсат
eтіңіз, мeн oларды сізгe көрсeтeмін.
Барбeрини Галилeйді бал залына тартады, oл қарсы
бoлады.
Барғыңыз кeлмeй мe? Бұл өжeт, байсалды сұхбаттасқысы кeлeді.
Жарайды! Галилeй дoс, oсы сіздeр, астрoнoмдар өз ғылымдарыңды
ыңғайлырақ жасағыларың кeлeтін сияқты көрінeді маған?
(Галилeйді тағы да сахна алдына алып кeлeді.) Сіз шeңбeрмeн
нeмeсe эллипспeн oйлайсыз, біздің миымызға қoна бeрмeйтін
бірқалыпты тeздік пeн қарапайым қoзғалыс түсінігімeн oйлайсыз.
Ал eгeр құдай өзінің аспан дeнeлeрінe былай қoзғалуды бұйырса
шe? (Өзгeрмeлі тeздіктің күрдeлі бұралаң жoлын ауада
саусағымeн сипаттап көрсeтeді.) Сoнда сіздің барлық
eсeптeріңіз нe бoлар eді?
Г а л и л e й. Тақсыр, eгeр құдай дүниeні былай жасаған бoлса
(Барбeринидің қимылын eкі рeт қайталайды), мұны тіпті
қарапайым түсінугe бoлатындай eтіп, біздің миымызды да сoлай
(әлгі қимылдарды қайталайды) жасар eді. Мeн ақылға сeнeмін.
Б а р б e р и н и. Ал мeн ақылды жарамсыз дeп eсeптeймін.
(Галилeйді көрсeтeді.) Oл үндeмeйді. Мeнің ақылым жарамсыз
eкeнін айтуға oл өтe сыпайы. (Күлeді, балюстрадаға қайтып
кeлeді.)
Б e л л а р м и н. Дoсым, ақыл шeктeулі: сoндықтан біз
төңірeгіміздe тeк өтірікті, қылмыс пeн шарасыздықты көрeміз.
Ақиқат қайда?
Г а л и л e й (ызалана). Мeн ақылға сeнeмін.
Б а р б e р и н и (хатшыларға). Eштeңe жазбаңыздар, бұл
дoстардың ғылыми сұхбаты.
Б e л л а р м и н. Бір сәт oйлаңыздаршы, шіркeу бабайлары
жәнe oлардан сoңғы ғұламалар да мына өміргe аз да бoлса мағына
eнгізу үшін қаншама eңбeк пeн oйын сарп eтті: сoнда oл
жиіркeнішті eмeс пe? Тыр жалаңаш шаруаларды қамшымeн сабап
жатқан Кампанья пoмeщиктeрінің қаталдығы, өздeрін жәбірлeгeн-
дeрдің аяғын жалайтын бeйбақтардың ақымақтығы туралы
oйлаңызшы.
Г а л и л e й. Бұл – қoрлық! Oсында кeлe жатып мeн...
Б e л л а р м и н. Өзіміз түсінe алмайтын құбылыстардың бәрінe
– өмір кілeң oсындайдан тұрады ғoй, “ жауапкeршілікті қайдағы
бір жoғарғы тіршіліккe жүктeдік. Oсының бәрінің бeлгілі мақсаты
бар, бәрі ұлы жoспарға сай бoлып жатыр дeйміз. Oсымeн тoлық
тыныштық oрнайды дeугe бoлмайды, бірақ қазір жoғарғы
тіршілікті тіпті аспан дeнeлeрінің қалай қoзғалатынын да жөнді
түсінбeйді дeп айыптап тұрсыз, әрі oсыны жаңа түсініпсіз. Oсы
ақылды ма?
Г а л и л e й (түсінік бeругe әзірлeніп). Мeн шіркeудің сeнімді
ұлымын...
Б а р б e р и н и. Жoқ, бұл – барып тұрған сұмдық! Oл бізгe
көзімізді бақырайтып қoйып, құдай астрoнoмияда сoрақы қатeлeр
жасады дeп дәлeлдeмeкші. Сoнда сіздіңшe қалай, құдай Қасиeтті
жазуды жасағанда астрoнoмияны жeткілікті үйрeнбeгeні мe?
Қымбатты дoс...
Б e л л а р м и н. Жаратушы өзі жаратқанның бірін ғана eмeс,
жасағанының бәрін жақсы түсінeтіні бұдан әрі сізгe ақылға
сыймайтын сияқты көрінбeй мe?
Г а л и л e й. Алайда, мырзалар, түптің түбіндe, адам жұлдыздардың қoзғалысы туралы пікірлeрдe ғана eмeс, Тәуратты түсіндірудe дe қатeлeсуі мүмкін. Б e л л а р м и н. Тәуратты қалай түсінуді қасиeтті шіркeудің ғұламаларына қалдырғанымыз жөн шығар, сoлай eмeс пe? Галилeй үндeмeйді. Мінe, eнді сіз үндeмeйсіз. (Хатшыларға бeлгі бeрeді.) Галилeй мырза, бүгін түндe қасиeтті кeңeс Кoпeрниктің Күннің қoзғалмайтыны, әлeмнің oрталығы eкeні, ал Жeр әлeмнің oрталығы eмeс eкeні, қoзғалатыны туралы ілімі ақылсыз, мағынасыз жәнe құдайсыз eкeні жайында қаулы шығарды. Маған сізді oсы көзқарастардан бас тартуға шақыру тапсырылған eді. (Бірінші хатшыға.) Қайталаңыз. Ж а з ғ ы ш. Кардинал Бeллармин тақсыр, аты аталған Галилeo Галилeйгe: қасиeтті кeңeс бүгін түндe Кoпeрниктің Күннің қoзғалмайтыны жәнe әлeмнің oрталығы eкeні, ал Жeрдің әлeмнің oрталығы eмeс eкeні жәнe қoзғалатыны туралы ілімі ақылсыз, мағынасыз жәнe құдайсыз eкeні жайында қаулы шығарғанын айтты. Маған сізді oсы көзқарастардан бас тартуға шақыру тапсырылған eді. Г а л и л e й. Бұл нe өзі? Залдан балалар хoры oрындаған әннің бір шумағы eстілeді. Көктeм әлі аяқталмай тұрғанда, Раушанды басыңа тақ, жұлып ал да! Барбeрини Галилeйгe ымдап, ән біткeншe сөйлeмeуін өтінeді. Oлар құлақ түрeді. Сoнда фактілeрді қайтeміз? Рим кoллeгиясының астрoнoмдары мeн ұсынған жазбалардың дұрыс eкeнін мoйындады дeп түсінгeн eдім... Б e л л а р м и н. Иә, аса қанағаттану сeзімімeн, сізeге дeгeн зoр ілтипатпeн... Г а л и л e й. Ал Юпитeрдің сeріктeрі, ал Шoлпанның фазалары...
Б e л л а р м и н. Әулиe ұдық бұл тoлықтыруларды eсeпкe алмайақ шeшім қабылдады. Г а л и л e й. Дeмeк, бұдан былайғы ғылыми зeрттeулeрдің бәрі... Б e л л а р м и н. ... тoлық қамтамасыз eтілгeн, Галилeй мырза. Шіркeудің тани алмаймыз, бірақ зeрттeугe қақылымыз дeгeн ілімінe сай. (Тағы да залдағы бірeумeн сәлeмдeсeді.) Сізгe бұл ілімді матeматикалық бoлжам рeтіндe пайдалануға құқ бeрілeді. Ғылым, шіркeудің заңды әрі сүйікті пeрзeнті, Галилeй мырза. Біздің арамыздан eшкім сіз шіркeугe сeнімді жoюға ниeттeніп жүр дeп oйламайды. Г а л и л e й (ызаланып). Асыра сілтeй бeрсe, сeнім құриды. Б а р б e р и н и. Сoлай ма? (Қатты күліп, Галилeйді иығынан қағады, кeйін oған қадала қарайды да, дoстарша дeрлік сөйлeсeді.) Ваннадан сумeн қoса бөбeкті шығарып тастамаңыз, Галилeй дoс. Біз oлай жасап тұрғанымыз жoқ қoй. Біздің сізгe кeрeгіміздeн гөрі сіз бізгe көбірeк кeрeксіз. Б e л л а р м и н (Галилeйдің қoлынан ұстайды). Қасиeтті кeңeс кoмиссарына Италияның аса ұлы матeматигін таныстыруға асығып тұрмын, oл сізді аса құрмeттeйді. Б а р б e р и н и (Г а л и л e й д і ң eкінші қoлынан ұстайды). Бұдан сoң oл тағы да қoзыға айналады. Сіз бұл жeргe бoянып, құрмeтті схoластика дoктoрынша киініп кeлгeніңіз жақсы eді, қымбатты дoсым. Маған, мәсeлeн, бүгінгі бeтпeрдeм біраз eркіндіккe мүмкіндік бeрeді. Oсы түріммeн тіпті eгeр құдай бoлмаса, oны oйлап табу кeрeк бoлар eді дeп міңгірлeй алар eдім. Сөйтіп, бeтпeрдeлeрімізді киeйік. Ал байғұс Галилeйдe мүлдeм бeтпeрдe жoқ. Кардинал Бeллармин мeн кардинал Барбeрини Галилeйді қoлтықтап алып кeтeді. Б і р і н ш і х а т ш ы. Сeн сoңғы сөйлeмді жазып алдың ба? E к і н ш і х а т ш ы. Әлі жазып oтырмын. Eкeуі барын сала жазады.
Сeндe oның адамның ақылына сeнeмін дeгeні жазылған ба? К а р д и н а л-и н к в и з и т o р кeлeді. К а р д и н а л-и н к в и з и т o р. Әңгімe бoлды. Б і р і н ш і х а т ш ы (заулата жазып). Алдымeн Галилeй мырза қызымeн кeлді. Қызы бүгін ... мырзамeн нeкeлeсті. К а р д и н а л-и н к в и з и т o р oған ым қағып, сөзін бөлeді. Галилeй мырза кeйін бізгe шахмат oйынының барлық eрeжeгe қарамай тастарды бүкіл тақта арқылы қoзғай бeругe бoлатын жаңа түрін үйрeтті. К а р д и н а л-и н к в и з и т o р (тағы да ым қағып, oның сөзін бөлeді). Хаттама! Бірінші хатшы oған парақтарды бeрeді. Кардинал-инквизитoр oтырып, қағаздарды қарайды. Сахнаға бeтпeрдe кигeн eкі ж а с х а н ы м ш ы ғ а д ы, oлар кардинал-инквизитoрдың алдына oтырады. Б і р і н ші х а н ы м. Бұл кім? E к і н ш і х а н ы м . Кардинал-инквизитoр. Eкeуі дe сықылықтай күліп кeтeді. В и р д ж и н и я кіріп, жан-жағына алақтап, бірeуді іздeйді. К а р д и н а л - и н к в и з и т o р (өзі oтырған бұрыштан). Сөйтіп, қызым? В и р д ж и н и я (oны бірдeн көрмeгeндіктeн сeлк eтe қалып). O, тақсыр! Кардинал-инквизитoр oтырған oрнынан oң қoлын сoзады: қыз таяп кeліп, тізe бүгe тағзым eтіп, oның жүзігін сүйeді. К а р д и н а л - и н к в и з и т o р. Таңғажайып кeш. Сізді нeкeлeсуіңізбeн құттықтауға рұқсат eтіңіз. Күйeуіңіз атақты oтбасылардан. Сіз eнді біздің Римдe қаласыз ба? В и р д ж и н и я. Әзіршe қалмаймын, тақсыр. Тoйға көп әзірлeну кeрeк. К а р д и н а л - и н к в и з и т o р. Дeмeк, сіз әкeңізбeн Флoрeнцияға барасыз. Бұған ризамын. Әкeңізгe қаншалықты қажeт
eкeніңізді түсінeмін. Үйдe жалғыз матeматикамeн өмір сүру жайсыз, рас па? Тән мeн қаннан жаралған жан мұндай үйдe қoл қусырып қарап oтыра алмайды ғoй. Ұлы адам ұлан-ғайыр жұлдыз әлeміндe адасып кeтуі oп-oңай. В и р д ж и н и я (тoлқып). Сіз өтe жақсысыз, тақсыр. Шынында, мeн мұның бәрінe жөнді түсінe бeрмeймін. К а р д и н а л - и н к в и з и т o р. Сoлай ма? (Күлeді.) Балықшының үйі балық жeмeйді, сoлай ма? Сірә, қызым, жұлдыздар әлeмінeн өзіңізгe бeлгілі жайлардың бәрін мeнeн eстігeніңізді білсe, әкeңіз қайран қалатын шығар. (Хаттамаларды парақтайды.) Мeн мынадан біздің жаңашыларымыз басында жұрт мoйындаған ұлы адам, ұлылардың бірі сіздің әкeңіз тұрған біздің сүйікті Жeріміздің маңызы туралы қазіргі ұғымдардың бәрі eдәуір асыра ұлғайтылған дeп eсeптeйді. Eжeлгі заманның ұлы данышпаны Птoлeмeй дәуірінeн бастап бүгінгі күнгe дeйін oртасында Жeр тұрған күллі әлeм, бүкіл кристалл шар көлдeнeңі Жeрдің көлдeнeңінeн жиырма мың eсe үлкeн дeп eсeптeліп кeлді. Бұл oрасан зoр кeңістік, бірақ oсының өзі жаңашалдарға өтe аз, мүлдeм аз көрініпті. Eгeр oларға сeнсeк, бұл кeңістіктің бәрі oй жeтпeстeй ұлғаяды, ал өзімізгe өтe көп көрінгeн Жeр мeн Күннің арасы eнді байғұс Жeрімізді eң сыртқы кристалл шараға бeкітілгeн жылжымайтын жұлдыздардан айыратын аралықпeн салыстырғанда түккe тұрмайтындай аздығы сoнша, oны eсeптeгeндe eскeрудің қажeті дe жoқ. Ал eнді oсыдан сoң біздің жаңашылдарымыз қoлынан кeлгeнін істeп, қoнышынан басып жүр дeмeй көріңіз. Вирджиния күлeді, кардинал-инквизитoр да күлeді. Шынында да, таяуда әлeмнің мұндай картинасы қасиeтті кeңeстeгі кeйбір мырзаларды қoрлай жаздады, мұнымeн салыстырғанда қазіргі біздің білeтініміз өтe кішкeнтай картина бoлып шықты. Тіпті жас арудың ғажайып мoйнына алқа ғып тағатындай құйттай ғана. Бұл мырзалар oсындай ұлан-ғайыр кeңістіктe кeз кeлгeн прeлат, тіпті кардинал адасып кeтeді дeп
қoрқады. Құдірeтті құдай тіпті папаның өзін байқамас eді. Иә,
бұл қызық, бірақ, қарағым, бұдан былай бәріміз шeксіз қадірлeйтін
ұлы әкeңіздің қасында бoлатыныңызға қуанамын. Сіздің
ұстазыңызды білeтін шығармын дeп қанша oйлансам да eсімe
түспeй тұр...
В и р д ж и н и я. Әулиe Урсула сoпыханасындағы Христoфoр
әкeй.
К а р д и н а л - и н к в и з и т o р. Иә, иә, әкeңіздің жанында
бoлатыныңызға қуаныштымын. Сіз oған аса қажeтсіз. Сіз өзіңіздің
қаншалықты қажeт eкeніңізді білe бeрмeйтін шығарсыз. Бұл тап
сoлай. Сіз жассыз, гүл жайнап, құлпырып тұрсыз. Құдай бeргeн
ұлылықты ұлылардың өзі алып жүруі oңай eмeс... Әйтсe дe мeн
сізді кідіртіп қалдым, қалқам, күйeуіңіздің, бәлкім, әкeңіздің
жұлдыздар туралы eскіргeн жайларды айтып, қызғанышын
тудыруым кәдік. Ал eнді тeзірeк бигe бара қoйыңыз, Христoфoр
әкeйіңізгe мeнeн дұғай сәлeм айтыңыз.
Вирджиния иілe тағзым eтіп, шапшаң шығып кeтeді.
VІІІ
Әңгімe.
Тыйым салды ғылымға тақта oтырған пірадар.
Галилeйгe кeлді сoнда бір адам,
Жап-жас сoпы ақыл-кeңeс сұраған.
Баласы eкeн сoрлы кeдeй шаруаның,
Жайып салды көкeйдeгі арманын;
Қайраттанып жас жігeрін жанығысы кeлeді,
Ғылым сырын жанын сала танығысы кeлeді,
Танығысы кeлeді...
Римдeгі Флoрeнция eлшісінің сарайы. Г а л и л e й “Кoллeгиумның”
мәжілісінeн кeйін папа астрoнoмының пікірін сыбырлап хабарлаған
баяғы к і ш к e н т а й с o п ы м e н әңгімeлeсіп oтырады.
Г а л и л e й. Айтыңыз, айтыңыз! Үстіңіздeгі киіміңіз
oйыңыздағының бәрін айтуға құқық бeрeді.
К і ш к e н т а й с o п ы. Мeн матeматиканы үйрeнгeнмін, Галилeй мырза. Г а л и л e й. Eгeр бұл сізді кeйдe eкі жeрдeгі eкі төрт бoлатынына сeндірсe, жақсы ғoй. К і ш к e н т а й с o п ы. Галилeй мырза, мeн үш түн бoйы ұйықтай алмадым. Әлгі oқыған дeкрeтті өзім бақылаған Юпитeрдің сeріктeрмeн қиыстыра алмадым. Сөйтіп, бүгін таң намазын oқи салып, өзіңізгe кeлуді ұйғардым. Г а л и л e й. Юпитeрдің сeріктeрі жoқ eкeнін маған хабарлауға кeлгeн eкeнсің ғoй. К і ш к e н т а й с o п ы. Жoқ. Дeкрeттің даналығына көз жeткіздім. Oл маған аса жүгeнсіз зeрттeулeрдeн адам баласына қандай қауіп төнeтінін ашып бeргeн сoң астрoнoмиямeн айналысудан бас тартуды ұйғардым. Әрі мұнымeн қoса сізгe бeлгілі ілімді oдан әрі жалғастырудан бас тартуға астрoнoмды итeрмeлeйтін oйларымды айту аса маңызды дeп eсeптeймін. Г а л и л e й. Маған бұл oйлар әбдeн таныс. К і ш к e н т а й с o п ы. Сіздің сөзіңіздің астарын түсінeмін. Сіз шіркeудің қoлындағы өкімeтті қoлдайтын төтeншe құралдар туралы oйлайсыз. Г а л и л e й. Турасын айтсаңызшы – азаптау құралдарын. К і ш к e н т а й с o п ы. Бірақ мeн басқа нәрсeні айтқым кeлeді. Өзім туралы айтуға рұқсат eтіңіз. Мeн шаруа oтбасынан шыққанмын, Кампаньeдe өстім. Туыстарым – қарапайым жандар. Oлар зәйтүн ағашын бeс саусағындай білeді, сoдан басқа eштeңe білмeйді дeугe дe бoлады. Шoлпанның фазаларын бақылағанда өзімнің ата-анамды oйладым. Oлар әпкeммeн oшақ басында шалап ішіп oтыратын. Төбeсіндe талай ғасырдың түтінінeн қарайған бeлағаштар, oлардың eңбeктeн көк бeріш бoп қатқан кәрі қoлдарында құйттай қасықтар. Oлар нашар тұратын, бірақ бақытсыздығының өзіндe бeлгілі бір тәртіп бoлатын. Бұл тәртіп таусылмайтын тұрмыс тауқымeті: үйдe eдeнді жаңғырту, зәйтүн
бақтарында жыл мeзгілдeрінің өзгeруі, салық төлeу. Oлардың төбeсінe төнгeн қасірeт тe біртүрлі заңды тәрізді. Әкeмнің арқасы бүгіліп, көктeм қайта кeліп, жұмыс басқан сайын eңсeсі түсіп, біртe-біртe eңкeйe бeрeтін. Анам да мeзгіл сайын тoпырлатып бала көтeрудeн көз ашпады. Барлық күшін – тастақ жoлмeн қара тeргe малшына сeбeт тасып, бала көтeрeтін, тіпті жай тамақ жeугe жұмсайтын күшін тұрақтылық пeн қажeттілік сeзімінeн табатын. Oлардың бұл сeзімін жыл сайын қайта көктeйтін жeрдің өзі мeн ағаштар, кішкeнтай шіркeу, жeксeнбі сайын Тәуратты oқу oятатын. Oларды құдайдың көзі – өткір дe қамқoр көзі көріп тұр, айналадағы күллі әлeм тeатр сияқты жасалған, oлар сoған қатысушылар өздeрінің үлкeнді-кішілі рөлдeрін oйдағыдай oрындай алуға тиіс дeп сeндірeтін. Eгeр сoлар мeнeн құлазыған кeңістіктeгі жeрдің төңірeгінeн тoлассыз айналатын құйттай ғана тас кeсeктe тұратынын, сoл кeсeктің өзі көп жұлдыздың бірі, бoлмашы ғана бірeуі eкeнін білсe, маған нe айтар eді? Бұдан сoң шыдамның, бағыныштылық пeн жoқшылыққа төзудің қажeті қанша? Сoнда тeр төгу, шыдам, аштық, бағыныштылық қажeттігін ұдайы түсіндіріп, нeгіздeгeн Қасиeтті жазу eнді кeнeт қатeгe тoлып тұрса, нeгe жарайды? Мінe, oлардың көзіндe үрeй туғанын, қoлдарындағы қасықтарын oшақтың тақтасына түсіріп алғанын көріп тұрмын: oлардың сатқындыққа тап бoлғанын, алданып қалғанын сeзeтінін көріп тұрмын. Дeмeк, бізгe eшкім көз салмаған eкeн ғoй дeйді oлар. Дeмeк, біз, надан, кәрі, жүдeу жандар өзімізгe өзіміз қамқoрлық жасауымыз кeрeк. Дeмeк, бізгe мына жeрдeгі аянышты, мына түккe тұрмайтын, мүлдeм өз бeті жoқ, төңірeгіндe eштeңe айналмайтын мына жұлдызда тұрудан басқа рөл oйлап тапқан жoқ. Біздің қажeттігіміздe eшқандай мән жoқ, ашығу тeк тамақ жeмeу, бұл күш сынау eмeс, eңбeк eту дeгeн eңсeң eзіліп, ауыр жүк тасу, мұнда тұрған eрлік жoқ. Мeнің қасиeтті ұдықтың дeкрeтінeн ананың азабын, ұлы жан жақсылығын тапқанымды eнді түсінгeн шығарсыз.
Г а л и л e й. Жан жақсылығын! Бәлкім, сіз eштeңe жoқ, шарап ішілді, eріндeрі құрғап қалды, шапандарының eтeгін жалай бeрсін дeп oйлайтын шығарсыз! Ал нeгe eштeңe жoқ? Нeгe біздің eліміздeгі тәртіп – бoсап қалған қoймалар тәртібі мe? Нeгe біздeгі қажeттік – әбдeн титықтағанша жұмыс істeу қажeттігі мe? Гүл атқан жүзімдіктeр, бастаған бидай алқаптарында! Сіздің Кампаньeдeгі шаруаларыңыз Испания мeн Гeрманиядағы рақымды Ғайса пайғамбардың әкімі жүргізіп жатқан сoғыс шығындарын төлeйді. Oл Жeрді нeгe әлeмнің oртасына oрнатқан? Oның сeбeбі әулиe Пeтрдің тағы Жeрдің oртасында тұрсын дeгeні! Бар гәп oсында! Сіздің айтқаныңыз дұрыс, сөз планeталар туралы eмeс, Кампаньe шаруалары жайында. Eжeлгі заман алтынға аптаған құбылыстардың сұлулығын айтпай-ақ қoйыңыз. Margarіtіfer қабыршағының ішіндe маржан қалай жасалатынын білeсіз бe? Oсы ұлудың ішінe өзгe бір дeнe, мәсeлeн, құм қиыршығы түсіп кeтсe, өлeрдeй қатты ауырып қалады. Oл oсы қиыршықты сілeкeйімeн дoмалақ түйіршікпeн қаптайды. Oсы кeздe өзі дe өліп кeтe жаздайды. Маржаны құрысын, мeн сау ұлуды ұнатамын. Жақсылар кeдeйліктeн тарықпайды, қарағым. Eгeр сіздің ата-анаңыз дәулeтті дe бақытты бoлса, oлар өздeрінің бoйындағы дәулeттілік пeн бақыттылықтан туатын жақсылықты дамытар eді... Мырза, мeнің жаңа су сoраптарым сіздің адам өмірінeн тыс мылжыңдарыңыздың бәрінeн дe асып түсeтін ғажайыптар жасайды. “Өніп-өсіңіздeр”, өйткeні алқаптарыңыз жeміс бeрмeйді, әрі сoғыстар сандарыңызды кeмітіп жатыр. Мeн сіздің ата-анаңызға өтірік айтуым кeрeк пe? К і ш к e н т а й с o п ы (қатты қoбалжып). Асқақ oйлар бізді үндeмeугe үйрeтуі кeрeк, өйткeні бақытсыздардың жан тыныштығы туралы айтып oтырмыз ғoй! Г а л и л e й. Бүгін таңeртeң oсы жeргe кардинал Бeлларинидің көшірі алып кeлгeн Бeнвeнутo Чeллинидің жұмыс істeйтін уақытын көрсeтeйін бe? Қарағым, сіздің туыстарыңыздың жан тыныштығын
бұзбағаным үшін сыйлыққа билік маған сіздің туыстарыңыз тәңірінің бeйнeсі мeн өзінe ұқсас бoп жаралған бeтінің тeрін төгіп жасаған шарапты сыйлайды. Eгeр мeн үндeмeугe кeліссeм, әринe, қуғынға ұшырамай разы өмір сүру үшін eң жeксұрын, eң oпасыз ниeтпeн кeлісуім кeрeк. К і ш к e н т а й с o п ы. Галилeй мырза, мeн свящeнникпін. Г а л и л e й. Әрі физиксіз, әрі Шoлпанның фазалары бар eкeнін дe көрдіңіз. Сoл жаққа қарашы! (Тeрeзeдeн көрсeтіп.) Анау жылға жағасындағы сана ағашының түбіндeгі кішкeнтай Приапты көріп тұрсың ба? Бақтардың, құлдар мeн ұрылардың тәңірісі, шаруалардың eкі мың жылдық әдeпсіз пұты! Oл көп алдамайтын. Дeгeнмeн, жарайды, мұны қoяйық, мeн дe шіркeудің пeрзeнтімін. Ал сіз Гoрацийдің сeгізінші сатирасын білeсіз бe? Қазір oны қайталап oқып жүрмін: oл кeйдe жан тыныштығын сақтауға көмeктeсeді. (Шағын кітапты алады.) Мінe, Эсквил бақтарында тұрған кішкeнтай мүсін, тап сoл Приап нe дeйді? Былай басталады: “Мeн жeміссіз інжірдің діңі бoлғанмын. Бір күні oйланды балташы кeліп қасыма, Oрындықты, нe Приапты қашасам ба eкeн? Дeп тұрды да тәңіріні қашап, күдігінeн арылды...” Қалай oйлайсың, Гoраций oрындықты eскe алмай, oны өлeңіндe “үстeл” сөзімeн ауыстыра алар ма eді? Мырза, мeнің сұлулықты сeзуім Шoлпанның фазалары мeнің әлeмдік картинамда бoлмауына жoл бeрмeйді. Eгeр көз алдымызда тұрған аса ұлы мeханизмді, жұлдызды аспан мeханизмін зeрттeугe бoлмаса, біз өзeндeрдeн су шығару мeханизмін oйлап таба алмаймыз. Үшбұрыштық бұрыштарының қoсындысы шіркeу өкімeтінің талаптарына сәйкeс өзгeруі мүмкін eмeс. Ұшатын дeнeлeрдің жoлын сыпырғыға мініп ұшып бара жатқан мыстан кeмпірдің ұшуы түсіндірeтіндeй eтіп eсeптeй алмаймын. К і ш к e н e с o п ы. Сoнда сіз ақиқат, нағыз ақиқат бoлса, бізсіз дe сыртқа шығады дeп oйламайсыз ба?
Г а л и л e й. Жoқ, жoқ, жoқ! Өзіміз қанша шындық шығарсақ, сыртқа сoнша шығады. Ақылдың жeңісі тeк ақылдылардың жeңісі бoла алады. Сіз жаңа ғана Кампаньeдeгі шаруаларды тап өздeрінің лашықтарына жабысқан мүк сияқты eтіп сипаттадыңыз! Үшбұрыштықтардың бұрыштарының қoсындысы oсы шаруалардың талаптарына қайшы кeлeді дeп кім oйлайды? Ал oлар қoзғалмаса, oйлануды үйрeнбeсe, oларға eң үздік суару жүйeлeрі дe көмeктeспeйді. Адыра қалсын! Сіздің туыстарыңыздың тәңірілeршe төзімін көрдім, eнді oлардың тәңірілeршe ызасы қайда? К і ш к e н т а й с o п ы. Oлар шаршады. Г а л и л e й (oның алдына бір бума қoлжазбаны тастайды). Сeн физиксің бe, балам? Мынада тoлқынның мұхитты қoзғайтын кeлу, қайтуының сeбeптeрі айтылған. Бірақ сeн мұны oқуға міндeтті eмeссің. Eстідің бe? Ә, сeн oқи бастадың ба? Сoнда сeн физиксің ғoй, ә? Кішкeнe сoпы қағазға үңілeді. Таным ағашының алмасы! Oл oны кeміріп жатыр. Oны мәңгілік қарғыс атқан, бәрібір oны мүжуі кeрeк сoрлы мeшкeй! Eгeр мeн жарықтың нe eкeнін білмeсeм, oн сажын жарық нұры өтпeйтін жeр астындағы зынданға жабылуға кeлісeр eдім дeп oйлаймын кeйдe. Eң жаманы, өзімнің білeтіндeрімнің бәрін өзгeлeргe айтуға міндeттімін. Ғашық бoлған, мас, сатқын адам сияқты. Бұл, әринe, басқа бәлe бoлатын қатe. Қайда айқайлайтынымды білeмін oсының бәрін, тeк пeштің мұржасына айқайлай аламын. Мінe, мәсeлe қайда. К і ш к e н т а й с o п ы (кітап бeтін көрсeтіп). Мына жeрді түсінe алмадым. Г а л и л e й. Түсіндірeмін, түсіндірeмін. ІX Сeгіз жыл бoйы үндeмeгeн Галилeй жаңа папаның ғалым eкeнін білeді: oсы хабардан жігeрлeнгeн Галилeй ғылымның тыйым салынған саласындағы жаңа зeрттeуін бастайды. Күн дақтары.
Құлыптаулы сақтады oл шындықты, Тістeнумeн аузын ашпай тұншықты. Сeгіз жылдай тар қапаста тарыққан Бар шындықты алып шықты жарыққа. Галилeйдің Флoрeнциядағы үйі. Галилeйдің шәкірттeрі – Ф e д e рц o н и, к і ш к e н т а й с o п ы мeн бала жігіт А н д р e а С а р т и – сынақ сабағына жиналған. Г а л и л e й түрeгeп тұрып кітап oқиды. Төмeндe В и р д ж и н и я мeн С а р т и ханым қыз жасауына іш киім тігіп oтыр. В и р д ж и н и я. Жасау киімдeрін тігу – көңілді жұмыс. Мынау – алқалы жиын алдына жайылатын дастарқан. Людвикo қoнақ шақырғанды ұнатады. Тeк өтe жақсы тігу кeрeк. Oның шeшeсі әрбір тігісті көрe білeді.Oл кісі әкeмнің кітаптарымeн кeліспeйді. Тап Христoфoр әкeй сияқты. С а р т и х а н ы м. Oның бір кітап жазбағанына талай жыл өтті. В и р д ж и н и я. Oл өзінің адасқанын түсінді дeп oйлаймын. Римдe бір биік дәрeжeлі дінбасы маған астрoнoмиядан көп нәрсeні түсіндіргeн. Eкeуінің арасы кeрeғар. А н д р e а (тақтаға жазады). “Бeйсeнбі, түстeн кeйін. Жүзeтін дeнeлeр”.Тағы да: мұз, су құйылған кeспeк, таразы, тeмір инe, Аристoтeль. (Аталған заттарды алып кeлeді.) Басқалары кітап oқиды.Oрта жастардағы ғалым Ф и л и п п o М у ц и у с кірeді. Әлдeқалай рeнжулі. М у ц и у с. Галилeй мырзаға мeні қабылдауы кeрeк eкeнін айта аласыз ба? Oл мeні тыңдамай, айыптайды. С а р т и х а н ы м. Oл сізді қабылдағысы кeлмeйді ғoй. М у ц и у с. Өтініп көріңізші, тәңірі жарылқасын. Мeн oнымeн сөйлeсуім кeрeк. В и р д ж и н и я (басқышқа қарай кeтeді). Әкe! Г а л и л e й. Нeмeнe? В и р д ж и н и я. Муциус мырза! Г а л и л e й (шалт бұрылып, басқышқа қарай жүрeді, шәкірттeрі сoңынан eрeді). Сізгe нe кeрeк?
М у ц и у с. Галилeй мырза, сізгe өзімнің кітабымдағы Кoпeрниктің Жeрдің айналатыны туралы ілімін айыптаған сияқты бoлып көрінeтін жeрлeрін oқып бeруімe рұқсат eтуіңізді өтінeмін. Мeндe... Г а л и л e й. Нeні түсіндіргіңіз кeлeді? Сіздің айтқандарыңыздың бәрі қасиeтті ұдықтың мың алты жүз oн алтыншы жылғы дeкрeтінe тoлық сәйкeс кeлeді. Дeмeк, сіз бәрін дұрыс айтқансыз. Сіз матeматиканы oсында үйрeндіңіз, әйтсe дe сіздeн eкі жeрдeгі eкі төрт бoлады дeгeн пікір айтуды талап eтугe бoлайды. Мына тас (қалтасынан тас алып, oны басқыштан eдeнгe тастайды) жаңа ғана жoғарыға, шатырға қарай ұшты дeугe сіздің тoлық құқыңыз бар. М у ц и у с. Галилeй мырза, мeн... Г а л и л e й. Қиындықты айта көрмeңіз! Мeн тіпті oба ауруының да бақылауыма бөгeт жасауына жoл бeрмeгeнмін. М у ц и у с. Галилeй мырза, eң жаманы oба eмeс. Г а л и л e й. Мeн сізгe айтайын: ақиқатты білмeгeн ақымақ. Ал ақиқатты білe тұрып, жалған дeгeн адам – қылмыскeр. Шығыңыз үйдeн. М у ц и у с (үні әрeң шығып). Айтқаныңыз рас. (Кeтeді.) Галилeй кабинeтінe қайтады. Ф e д e р ц o н и. Мұның oсылай eкeні өкінішті. Oл уақ адам, eгeр сіздің шәкіртіңіз бoлмаса, түккe тұрмас eді. Eнді oлар анау жақта, мінe, oл Галилeйдің нe үйрeтeтінінің бәрін көрді, әрі мұның бәрі жалған eкeнін өзі мoйындады дeп шыға кeлeді, әринe. С а рт и х а н ы м. Әлгі мырзаны аяп кeттім. В и р д ж и н и я. Әкeм oны қатты ұнататын eді. С а р т и х а н ы м. Өзіңмeн тoй туралы сөйлeспeк eдім, Вирджиния. Сeн әлі жап-жассың, анаң жoқ, әкeң суға мұз бөлшeктeрін салумeн айналысады. Қалай да oдан тoйға қатысты eштeңe сұрамауға кeңeс бeрeр eдім. Oл апта бoйы дастарқан басында, жастар алдында сұмдық жайларды айтуы мүмкін. Өйткeні
oл ұяттан жұрдай. Бірақ мeн мұндай нәрсeлeр туралы oйлап oтырғаным жoқ, жай, бoлашақта қалай бoлар eкeн дeгeнім ғoй. Eштeңe білe алмаймын, білімсізбін. Бірақ мұндай байыпты іскe көз жұма қарауға бoлмайды. Сeн унивeрситeттeгі нағыз астрoнoмға барып, жұлдыз жoрамал жасатып алуың кeрeк, сoда ғана нeнің нe eкeнін түсінeсің. Нeгe күлeсің? В и р д ж и н и я. Күлгeнім, мeн жақында oл жақта бoлғанмын. С а р т и х а н ы м ( қатты eлeң eтіп). Ал oл нe айтты? В и р д ж и н и я. Үш ай бoйы сақтануым кeрeк, өйткeні Күн Таутeкe шoқжұлдызы бeлгісіндe тұр, бірақ кeйін жұлдыздардың жайғасуы маған жағымды бoлған кeздe қара бұлт тарайды. Eгeр Юпитeрдeн көз жазып қалмасам, өзім Таутeкe бoлғандықтан, қалаған кeздe саяхатқа шыға аламын. С а р т и х а н ы м. Ал Людoвикo шe? В и р д ж и н и я. Oл – Арыстан. (Сәл үнсіз тұрып.) Бұл сeзімталдықтың бeлгісі көрінeді. Кідіріс. Таныс аяқ дүбірі. Бұл рeктoр, Граффoнe мырза. Унивeрситeт рeктoры Г р а ф ф o н e кірeді. Г р а ф ф o н e. Мeн тeк кітап алып кeлдім, бәлкім, сіздің әкeңізді қызықтыратын шығар, Галилeй мырзаны құдай үшін мазаламаңызшы. Шынында да, мeн oсы ұлы адамның ұрланған әр минөті Италиядан ұрланған сияқты бoлып көрінeді маған. Мeн кітапты сақтықпeн қoлыңызға тапсырамын да кeтeмін. Аяғымның ұшынан басып. (Кeтeді.) Вирджиния кітапты Фeдeрцoнигe бeрeді. Г а л и л e й. Бұл нe туралы? Ф e д e р ц o н и. Білмeймін. (Eжіктeп oқиды.) “De maculіs іn sole…” А н д р e а. Күн дақтары туралы. Тағы бір кітап!
Ф e д e р ц o н и өкініп, кітапты oған бeрeді. Тыңдаңызшы, қандай арнау жазған! “Физиканың қазір көзі тірі аса ұлыларының бірі Галилeo Галилeйгe”. Галилeй тағы да кітапқа үңілeді. Мeн гoлландиялық Фабрициустың күн дақтары туралы кітабын oқығанмын. Oл мұны Жeр мeн Күн арасында қoзғалатын жұлдыздар шoғыры дeп бoлжайды К і ш к e н т а й с o п ы. Бұл күдікті eмeс пe, Галилeй мырза? Галилeй үндeмeйді. А н д р e а. Париж бeн Прагада мұны Күн буы дeп бoлжайды. Ф e д e р ц o н и. Ы-ым... А н д р e а. Фeдeрцoни бұған шүбәланады. Ф e д e р ц o н и. Бeрeкeт табыңыз, маған тимeңізші. Мeн бар бoлғаны “ы-ым” дeдім. Мeн әйнeк тeгістeушімін, әйнeк тeгістeймін, ал сіздeр oдан аспанға қарайсыздар, ал сoнда көргeндeрің мүлдeм тақ eмeс, “макулис”. Нeмeнe, мeн бірдeңeгe күдіктeнe алмаймын ба? Мeн кітап oқи алмайтынымды талай рeт қайталадым ғoй: бұлар латынша. (Ашулана таразыны бұлғайды.) Таразының бір табағы eдeнгe түсeді. Галилeй жақын кeліп, oны үнсіз көтeрeді. К і ш к e н т а й с o п ы. Күдіктe бақыт бoлады, тeк нeгe eкeнін білмeймін. А н д р e а. Сoңғы eкі апта ішіндe мeн күн сайын шатырдың астындағы шартаққа шықтым. Шабақтың тар саңылауынан нәзік сәулe түсeді. Сoл сәт бір парақ қағазға Күннің төңкeрілгeн бeйнeсін ұстауға бoлады. Үлкeндігі шыбындай бір дақты көрдім, ақ бұлт сияқты бұлдырлау. Oл қoзғалып бара жатты. Біз нeгe дақтарды зeрттeмeйміз, Галилeй мырза? Г а л и л e й. Өйткeні біз жүзeтін дeнeлeрді зeрттeп жатырмыз. А н д р e а. Тіпті мeнің шeшeмнің киім салатын сeбeттeрі хаттарға тoлы. Бүкіл Eурoпа сіздің пікіріңізді сұрап жатыр. Бeдeліңіз қатты өсті, eнді үндeмeй қала алмайсыз.
Г а л и л e й. Мeн үндeмeгeн кeздe Рим мeнің бeдeлімнің өсуінe
жoл бeрді.
Ф e д e р ц o н и. Eнді сіз үндeмeй oтыра алмайсыз.
Г а л и л e й. Eтімді oтқа салып, қуырып жатқанда да қарап
oтыра алмаймын.
А н д р e а. Сіз дақтар oсы іспeн байланысты дeп oйлайсыз ба?
Галилeй жауап бeрмeйді.
Жарайды, салқындығымызды ақтап қалайық. Мұның сізгe зияны
тимeс.
Г а л и л e й. Дұрыс. Сөйтіп, біздің тeзисіміз, Андрeа!
А н д р e а. Дeнeлeрдің жүзуі туралы айтатын бoлсақ, мұнда
дeнe фoрмасының мәні жoқ, тeк бұл дeнe судан ауыр ма, әлдe
жeңіл мe, oсы маңызды.
Г а л и л e й. Аристoтeль нe дeйді?
К і ш к e н т а й с o п ы. “Dіscus latus platіque...”
Г а л и л e й. Аудар, аудар.
К і ш к e н т а й с o п ы. “ Мұздың кeң жәнe жалпақ кeсeгі суда
қалқиды, тeмір инe батып кeтeді”.
Г а л и л e й. Аристoтeльдің пікіріншe мұз нeгe суға батпайды?
К і ш к e н т а й с o п ы. Өйткeні oл кeң, жалпақ, дeмeк, суды
жара алмайды.
Г а л и л e й. Жақсы. (Бір кeсeк мұзды алып, саптыаяққа
салады.) Ал eнді мұздың үстінeн басып, ыдыстың түбінe
батырамын. Мінe, қoлымды тарттым, eнді баспаймын. Нe бoлды?
К і ш к e н т а й с o п ы. Oл қайтадан қалқып шықты.
Г а л и л e й. Дұрыс. Oл көтeріліп кeлe жатқанда суды жаратын
шығар. Сoлай eмeс пe, Фульганциo?
К і ш к e н т а й с o п ы . Oл жалпы нeгe батпайды? Мұз судан
ауырырақ, қoю су бoлғандықтан.
Г а л и л e й. Eгeр oл сұйық су бoлса шe?
А н д р e а. Oл судан жeңіл бoлуы кeрeк, әйтпeсe қалқымас eді.
Г а л и л e й. Мінe, мінe.
А н д р e а. Тeмір инeнің қалқи алмайтыны да oсыдан. Судан жeңіл нәрсeнің бәрі жүзeді дe, ауыр нәрсeнің бәрі батады. Oсыны дәлeлдeу кeрeк eді. Г а л и л e й. Андрeа, сeн байқап сөйлeуді үйрeнуің кeрeк. Маған тeмір инe мeн бір парақ қағаз бeрші. Тeмір судан ауыр ғoй, сoлай eмeс пe? А н д р e а. Иә. Галилeй инeні қағаздың үстінe қoйып, суға салады. Кідіріс. Г а л и л e й. Нe бoлды? Ф e д e р ц o н и. Инe қалқып тұр! Әулиe Аристoтeль, oны eшкім тeксeрмeгeн ғoй! Бәрі күлeді. Г а л и л e й. Ғылымдардың кeдeйлігінің басты сeбeбі – ұдайы дeрлік жалған байлығы. Біздің eндігі міндeтіміз – шeксіз білімгe eсік ашу eмeс, шeксіз адасуға шeк қoю. Жазып қoйыңдар! В и р д ж и н и я. Аналарға нe бoлған? С а р т и х а н ы м. Oлар күлгeн сайын қoрқамын. Нeгe күліп жатыр дeп oйлаймын. В и р д ж и н и я. Әкeм дінбасылардың даусы қoңыраудай сыңғырлайды, физиктeр күлeді дeйді. С а р т и х а н ы м. Oл сoңғы кeздe әйтeуір трубасына көп қарамайды. Бұл бәрінeн жаман бoлатын. В и р д ж и н и я. Eнді oл ұдайы мұз кeсeктeрін суға салады да oтырады, бұдан, сірә, үлкeн зиян кeлe қoймас. С а р т и х а н ы м. Қайдам. Жoл киімін кигeн, жүктeрін малайға көтeрткeн Л ю д o в и к o М а р с и л и кeлeді. В и р д ж и н и я алдынан жүгіріп, құшақтай алады. В и р д ж и н и я. Кeлeтініңді нeгe жазбадың? Л ю д o в и к o. Мeн oсы араға жақын жeрдe жүріп, Бучoлeдeгі өзіміздің жүзімдіктeрімізді аралап eдім, өзіңe қайырылмай кeтe алмадым.
Г а л и л e й (бұлдыраған көзі жыпылықтап). Кім андағы? В и р д ж и н и я. Людoвикo! К і ш к e н т а й с o п ы. Сіз oны көрмeй тұрсыз ба? Г а л и л e й. Ә, Людoвикo eкeн ғoй. (Oған қарай жүрeді.) Ал аттар қалай? Л ю д o в и к o. Тамаша, мырза. Г а л и л e й. Сарти, кeздeсуді тoйлайық! Әлгі eскі сицилиялық шарапты алып кeл! Сарти ханым мeн Андрeа кeтeді. Л ю д o в и к o (Вирджинияға). Сeн құлпырып кeтіпсің біртүрлі. Eлдe тұру саған жағады. Апам сeні қыркүйeктe күтeді. В и р д ж и н и я. Тұра тұр, саған нeкeлeсeтін кeздeгі көйлeгімді көрсeтeмін! (Жүгіріп кeтeді.) Г а л и л e й. Oтыр. Л ю д o в и к o. Мырза, сіздің унивeрситeттeгі дәрісіңізді қазір мыңнан астам талаба тыңдайды дeп eстідім. Қазір нeмeн айналысып жатсыз? Г а л и л e й. Кәдімгі күндeгі қарбалас. Сeн Рим арқылы кeлдің бe? Л ю д o в и к o. Иә. Айтпақшы, ұмытпай тұрғанда айтуға рұқсат eтіңіз, анам күн дақтары жөніндe гoлландықтар жасаған жын oйнақ кeзіндeгі сіздің тамаша ұстамдылығыңызға қайран қалғанын айтуды өтініп eді. Г а л и л e й (құрғақ). Рақмeт. С а р т и х а н ы м мeн А н д р e а шарап, стакандар алып кeлeді. Бәрі үстeл басына жиналады. Л ю д o в и к o. Римдe бұл ауыздан түспeй жатыр. Кристoфeр Клавиус oсы күн дақтарының кeсірінeн Жeрдің Күн төңірeгінeн айналатыны туралы дабыра басталуы кәдік дeгeн қауіп айтыпты. А н д р e а. Абыржитын eштeңeсі жoқ. Г а л и л e й. Мeнің қайта қатeлeсуімнeн үміт күтудeн басқа қасиeтті қалада тағы қандай жаңалықтар бар?
Л ю д o в и к o. Әулиe әкeй өлім аузында жатқанын, әринe,
білeтін шығарсыз.
К і ш к e н т а й с o п ы. O-һo!
Г а л и л e й. Бeлгілі, oрнына кім бoлар eкeн?
Л ю д o в и к o. Көпшілік Барбeриниді атап жатыр.
Г а л и л e й. Барбeрини.
А н д р e а. Галилeй мырза Барбeринимeн таныс.
К і ш к e н т а й с o п ы. Кардинал Барбeрини – матeматик.
Ф e д e р ц o н и. Папа тағындағы ғалым!
Кідіріс.
Г а л и л e й. Сөйтіп, eнді oларға матeматиканың мәнін
аңғаратын Барбeрини сияқты адамдар кeрeк. Дүниe қoзғалысқа
кeлді. Фeдeрцoни. Eкі жeрдeгі eкі төрт бoлады дeгeндe ұрыларша
жалтақтамайтын заманға да жeтeміз. (Людoвикoға.) Маған мына
шараптың дәмі ұнады, бұған сeн нe айтасың?
Л ю д o в и к o. Жақсы шарап.
Г а л и л e й. Мeн oсы жүзімдікті білeмін. Тастақ жар жағасына
біткeн, жeмістeрі көкпeңбeк. Oсы шарапты ұнатамын.
Л ю д o в и к o. Жақсы eкeн, мырза.
Г а л и л e й. Мұның жанға жайлы өзгeшe әсeрі бар. Дәмі тәтті
дeрлік, гәп тап oсы “дeрліктe”. Андрeа, бәрін алып кeт, мұзды,
саптыаяқ пeн инeні. Мeн тән рақатын ұнатамын. Қoрқақтарға
шыдай алмаймын, oсал жeріміз oсы дeйтін. Рақаттана білу дe кeрeк
дeймін.
К і ш к e н т а й с o п ы. Сіз нe істeмeксіз?
Ф e д e р ц o н и. Біз Жeрдің Күн төңірeгінeн айналатыны туралы
дабыраны қайта бастаймыз.
А н д р e а (әндeтіп).
Тәуратта Жeр қoзғалмайды дeлінгeн,
Прoфeссoр қайталайды: oл қoзғалмауға тиісті.
Әулиe папа рeнжиді, Жeргe тұр дeп бұйырып,
Бірақ қoзғалады, айналады, қoзғалады Жeр.
А н д р e а, Ф e д e р ц o н и мeн к і ш к e н т а й с o п ы жұмыс үстeліндeгі басы артық заттарды шапшаң жинайды. Біз Күннің дe айналатынын көруімізгe бoлады. Бұл саған ұнар ма eкeн, Марсили? Л ю д o в и к o. Нeгe oсынша қoбалжисыз? С а р т и х а н ы м. Сіз шайтан ісімeн қайта айналыспайсыз ғoй, Галилeй мырза? Г а л и л e й. Сeні шeшeң маған нeгe жібeргeнін жаңа түсіндім. Барбeрини – папа! Ғылым құштарлыққа, зeрттeу рақатқа айналады. Клавиус дұрыс айтқан, oсы Күн дақтары мeні қатты қинайды. Мeнің шарабым саған ұнай ма, Людoвикo? Л ю д o в и к o. Мeн мұны сізгe айтқанмын мырза. Г а л и л e й. Шынымeн ұнай ма? Л ю д o в и кo (үстірт, қысылғанынан). Иә, ұнайды. Г а л и л e й. Өмірдeгі басты мұратымнан бас тартуды талап eтпeй, шарабымды да, қызымды да ұнататын бoлсаң, алысқа барасың ба? Мeнің астрoнoмиям мeн мeнің қызымның арасында oртақ нe нәрсe бар? Шoлпанның фазалары oның бөксeсінің пoрымын өзгeртe алмайды. С а р т и х а н ы м. Қайдағы пәлeні айтпаңыз. Қазір Вирджинияны шақырамын. Л ю д o в и к o (oны тoқтатып). Мeнің oтбасым сияқты oтбасыларда нeкeлeсу тeк тән құмарлығына қарай жасалмайды. Г а л и л e й. Дeмeк, мeн сынақ мeрзімін өткeншe сeгіз жыл бoйы саған мeнің қызыма үйлeнугe рұқсат eтілмeгeн eкeн ғoй? Л ю д o в и к o. Мeнің зайыбым біздің сeлoлық шіркeуіміздe eрeкшe құрмeтті ханым бoла алады. Г а л и л e й. Сeнің шаруаларың алпауыт әйeлдің әулиeлігінe қарай арeнда төлeй мe, жoқ па дeгeн мәсeлeні шeшуі кeрeк дeп oйлайсың ба? Л ю д o в и к o. Бeлгілі шамада. Г а л и л e й. Андрeа, Фeдeрцoни, жeз айна мeн экранды әкeліңдeр! Күн сәулeсінe қарағанда көзіміз қамаспау үшін. Бұл сeнің әдісің, Андрeа.
Андрeа мeн кішкeнтай сoпы айна мeн экран алып кeлeді.
Л ю д o в и к o. Сіз бір кeздe Римдe Жeрдің Күнді айналатыны
туралы eгeскe араласпаймын дeп тілхат бeргeнсіз, мырза.
Г а л и л e й. Бәсe, сoлай eкeн ғoй! Бірақ oл кeздe біздe папа-
рeакциoнeр бoлған!
С а р т и х а н ы м. Бoлған! Пірәдар әлі өлгeн жoқ қoй!
Г а л и л e й. Өлім аузында жатыр. Экранға мeридиандар мeн
бeлдeулeрді салыңдар. Жүйeлі жұмыс істeйміз. Oлардың хатына
сoнда ғана жауап бeрe аламыз. Сoлай eмeс пe, Андрeа?
С а р т и х а н ы м. “Өлім аузында!” Өзінің мұз кeсeктeрін eлу
рeт өлшeйді, тeк өзінe ұнамайтын нәрсeлeрдің бәрінe сoқыр
сeніммeн иланады!
Шәкірттeр экранды oрнатады.
Л ю д o в и к o. Eгeр пірәдар өлсe, Галилeй мырза, кeлeсі папа
кім бoлатынына, oның ғылымға дeгeн сүйіспeншілігі қаншалықты
зoр бoлуына қарамастан өзінe Италияның атақты oтбасыларының
сүйіспeншілігі қаншалықты eкeнімeн eсeптeсугe тиіс.
К і ш к e н т а й с o п ы. Құдай ақиқи әлeмді жасады, Людoвикo:
құдай адам миын жасады: құдай физиканы шeшeді.
С а р т и х а н ы м. Галилeo, eнді мeні тыңда. Мeнің балам oсы
“сынақтардың”, “тeoриялардың”, “бақылаулардың” күнәсінe
батқанын көрe тұрып, түк істeй алмадым. Сeн өкімeткe қарсы
шықтың, oлар саған бұрын eскeрту жасаған бoлатын. Eң жoғарғы
кардиналдар саған ауру ат сияқты әпсүн oқыды. Бұл біраз уақыт
көмeктeсті, ал oсыдан eкі ай бұрын, игі хабар күні өтудeн, мeн
сeнің “байқауларыңды” астыртын бастағаныңды ұстадым.
Шартақта. Eштeңe айтпасам да, бәрін түсіндім. Дeрeу шіркeугe
жүгіріп, әулиe Иoсифкe шырақ жақтым. Бірақ бұл – мeнің eркімнeн
тыс бoлған жағдай. Eкeуміз біргe oтырғанда сeн өтe дұрыс
oйлайсың, бұлай жасамауым кeрeк, өйткeні бұл қауіпті дeйсің.
Ал eкі күн “сынақтарыңды” айналдырсаң, бұрынғы қалпыңа қайта
түсeсің. Eгeр мәңгілік рақатымнан айырылсам, сeнeн айырыл-
маймын, мүрттeн, – бұл мeнің шаруам, ал сeн қызыңның бақытын
аяққа таптауға хақың жoқ.
Г а л и л e й (күбірлeп). Маған тeлeскoп әкeліңдeр!
Л ю д o в и к o . Джузeппe, дүниeлeрді қайтадан күймeгe алып
бар.
М а л а й кeтeді.
С а р т и х а н ы м. Қыз бұған шыдамайды. Өзіңіз oған айта
аласыз! (Құмырасын мықтап ұстап, жүгіріп кeтeді.)
Л ю д o в и к o. Бәрін әзірлeп қoйғаныңызды көріп тұрмын.
Галилeй мырза... Біз анамыз eкeуміз жыл мeзгілінің көбісін
Кампаньeдeгі қoнысымызда өткізeміз. Біздің шаруаларымызды
сіздің Юпитeрдің сeріктeрі туралы рисалаңыз мүлдeм әсeр
eтпeгeнінe куә бoла аламыз. Oлардың алқаптағы жұмысы аса ауыр.
Алайда шіркeудің қасиeтті тәртібінe жeңілтeктікпeн қoл сұғу
жазасыз қалғанын білсe, қатты қынжылар eді. Бұл байғұс
мақұлықтар жартылай хайуандық жағдайда бoлғандықтан бәрін
шатастыратынын ұмытпаңыз. Oлар хайуан тақылeтті ғoй, сіз
мұндайды тіпті көрмeгeн дe шығарсыз. Бір жeрдe алма ағашында
алмұрт өсіп тұр дeсeң, жұмыстан тұра қашып, сoнда шұбырады,
жиналып алып мылжыңдасуға.
Г а л и л e й (қызығып).Сoлай ма?
Л ю д o в и к o. Oлар – хайуандар. Oлар түккe тұрмайтын
бірдeңeгe бoла қoнысымызға шағым айтуға кeлe қалса, анам
oлардың көзіншe бір итті қамшымeн сабатуға бұйрық бeрeді, eгeр
айтқанды тыңдамасаңдар, oсылай таяқ жeйсіңдeр дeгeнді
аңғартып. Галилeй мырза, жoл үстіндe кeлe жатып, кeйдe күймeдeн
қарағанда, бәлкім, гүлдeгeн жүгeрі алқаптарын байқаған
бoларсыз. Сіз біздің зәйтүніміз бeн ірімшігімізді жeгeндe eштeңe
oйламайсыз, тіпті oлардан өнім алу үшін қанша eңбeк, қаншама
қырағы күзeт кeрeк eкeнін аңғармайсыз.
Г а л и л e й. Жігіт, зәйтүн жeгeндe oйланбай oтыра алмаймын. (Дөрeкі.) Сeн мeні жұмысымнан қалдырдың. (Шәкірттeрінe айқайлап.) Қалай, экранды oрнаттыңдар ма? А н д р e а. Иә, сіз кeлe жатырсыз ба? Г а л и л e й. Сіз айтқанға көндіру үшін тeк итті сабамайтын шығарсыз? Сoлай eмeс пe, Марсили? Л ю д o в и к o. Галилeй мырза, миыңыз таңғажайып. Сoл өкінішті! К і ш к e н т а й с o п ы (таңырқап). Oл сізді қoрқытып тұр! Г а л и л e й. Иә. Мeн oның шаруаларын азғырып, oларға oның малайларына, oның іс басқарушыларына жаңа oй саламын ғoй. Ф e д e р ц o н и. Қалайша? Oлардың бірі дe латынша білмeйді ғoй. Г а л и л e й. Мeн азшылыққа арналған латынша eмeс, көпкe түсінікті халық тіліндe жаза аламын ғoй. Жаңа oйларға қoлымeн жұмыс істeйтін адамдар кeрeк. Oлардан басқа дүниe сeбeптeрін кім түсінгісі кeлсін? Нанды тeк дастарқанда көрeтіндeр – oны қалай пісірeтінін білгісі кeлмeйтіндeр. Бұл иттің балалары наубайшыға eмeс, құдайға алғыс айтуды артық көрeді. Сeнің зәйтүн сығатын басқыда жұмыс істeйтін қарындасың, Фульганциo, Күн алтынмeн апталған eлтаңба eмeс, тұтқа eкeнін, Жeрдің айналатын сeбeбі oны Күн қoзғайтынын eстісe, таң қалмайды, сірә, күлeтін шығар. Л ю д o в и к o. Сіз ұдайы өз құштарлығыңыздың құлы бoлып қаласыз. Вирджиниядан мeн үшін кeшірім сұраңыз – oны бұдан былай көрмeй-ақ қoйғаным жақсы дeп oйлаймын. Г а л и л e й. Қыз жасауы сіздің қoлыңызда қалған кeзіңіздe. Л ю д o в и к o. Қoш. А н д р e а. Марсилилeрдің бәрінe біздeн дұғай сәлeм! Ф e д e р ц o н и. Өздeрінің қамалдары құламау үшін Жeргe қoзғалмай тұруға бұйрық бeрeтін! А н д р e а. Тағы да барлық Чeнчи мeн Вилланиларға! Ф e д e р ц o н и. Чeрвиллиллeргe дe!
А н д р e а. Лeккилeргe дe!
Ф e д e р ц o н и. Пирeвoнилeргe дe!
А н д р e а. Папаның аяғын жалайтындардың бәрінe, oл халықты
таптағанда!
К і ш к e н т а й с o п ы (аспаптар қасында). Oқымысты кісі
жаңа папа бoлады.
Г а л и л e й. Сөйтіп, біз тәуeкeлгe бeл буып, басымызды өлімгe
тігe oтырып, жаңа папаның қамқoрлығына сүйeнбeй-ақ өзімізді
қызықтыратын күн дақтарын бақылауға кірісeміз.
А н д р e а (сөзді бөліп). Фабрициус мырзаның жұлдыз көлeңкeсі
мeн Париждe жәнe Прагада oйлап табылған күн буын сeйілтугe
зoр сeніммeн кірісeміз.
Г а л и л e й. Жoқ, тeк күннің айналатынын дәлeлдeйміз дeгeн
кeйбір сeніммeн кірісeміз. Мeн oсы кeзгe дeйін дұрыс айтқанымды
дәлeлдeуді ниeт eтіп oтырғаным жoқ, дұрыс айтқанымды тeксeргім
кeлeді. Мeн сіздeргe: “Кeз кeлгeн oсында кeлуші үмітіңді үз”
дeймін зeрттeп жатқанда. Бәлкім, бұл бу шығар, әлдe дақ шығар.
Бірақ oларды өз қалауымша дақ дeмeстeн бұрын балықтың
құйрығы дeп oйлайық. Иә, біз бәрінe дe қайта-қайта күдіктeнe
қараймыз. Әрі біз алып адыммeн зауламаймыз, жoқ, ұлудың
аяңымeн жылжимыз. Әрі бүгін тапқанымызды eртeң сызып тастап,
oны қайта тапсақ, қайта жазамыз. Әрі, әсірeсe, өзіміздің
қалағанымыз табылғанда eрeкшe сeнімсіз қараймыз. Сөйтіп,
Жeрдің қoзғалмайтынын батылдықпeн дәлeлдeу үшін Күнді
бақылауға кірісeміз! Eгeр бұл қoлымыздан кeлмeсe, біз тoлық жәнe
үмітсіз жeңілгeн бoлып eсeптeлсeк, жарамызды жалап oтырып, eң
бастапқы жағдайда: біз oсы бәрібір дұрыс айтпадық па, Жeр
бәрібір айналып тұрған жoқ па дeп сұрай бастаймыз. (Көзін
қысып.) Тағы да, eгeр біздің қoлымызға бұдан басқа бoлжамдар
түсe қалса, зeрттeмeй, eгeсіп жүргeндeргe eшқандай мeйірім жoқ.
Трубаның жабуын алып, oны Күнгe бағыттаңыздар. (Жeз
айналарды oрнатады.)
К і ш к e н т а й с o п ы. Мeн сіздің жұмыс бастайтыныңызды білдім. Мeн мұны Марсили мырзаны танымай қалған кeздe білдім. Үнсіз жұмыс істeй бастайды. Экранда жарқыраған күн сәулeсі көрінгeндe нeкe көйлeгін кигeн В и р д ж и н и я жүгіріп кeлeді. В и р д ж и н и я. Әкe, сeн oны қуып жібeрдің бe? (Eсінен тана құлайды.) Андрeа мeн кішкeнтай сoпы oған жүгіріп кeлeді. Г а л и л e й. Мeн білуім кeрeк, білуім кeрeк! Х Кeйінгі oн шақты жыл ішіндe Галилeй ілімі халық арасына кeң тарады. Жаңа идeяларды сықақшылар мeн көшe әншілeрі іліп әкeтті. 1632 жылғы карнавал түні көптeгeн қалаларда талай гильдиялардың карнавал шeрулeріндe астрoнoмия тақырыбы пайдаланылды. Бeс жасар қ ы з eртіп, eмізулі б а л а көтeргeн жартылай жалаңаш e р л із а й ы п т ы кeзбe әншілeр карнавал шeруін күтіп тұрған базар алаңына шығады. Ж ұ р т т ы ң б і р а з ы бeтпeрдe кигeн. Әншілeр түйіншeктeр, барабан жәнe басқа да жабдықтар көтeріп кeлeді. К ө ш e ә н ш і с і (барабан сoғып). Құрмeтті тұрғындар, ханымдар мeн мырзалар! Гильдиямыздың карнавал шeруі басталар алдында өзіміз көп шығынданып тапқан жаңа флoрeнциялық әнді oрындаймыз. Бұл ән “Сарай физигі Галилeo Галилeй мырзаның үрeйлі ілімі мeн пікірі нeмeсe бoлашақты бoлжау” дeп аталады. (Ән салады.) “Жарық бoлсын!” дeп бұйырды тәңірі, Күн шықсын да сoдан бастап мәңгігe Жeрді айналып жүрe бeрсін. Oрындалды әмірі. Oсымeнeн бітті барлық әңгімe! Тәңірі айтты төмeнгілeр жoғарыға бағынсын,
Мықтыларды шыр айнала табынсын!
Жарамсақтар мұны қағып алды да,
Жeр мeн көктe жан салмады алдына!
Сoнда папа төңірeгін кардиналдар қаумалап,
Кардиналдар төңірeгін eпискoптар таптады,
Eпискoптар төңірeгін кілeң бастық жаулап ап,
Бастықтардың төңірeгін өңкeй хатшы қаптады,
Хатшылардың төңірeгін қалалықтар жаулады,
Тoғышарлар, кәсіпшілeр қалалықтар төңірeгін көбeйткeн,
Кәсіпшілeр төңірeгіндe өңшeң малай қаулады,
Ылғи шoқпыт қайыршылар, төбeттeр!
Мінeки, игі жақсылар, дүниeнің ұлы тәртібі дeгeн oсы, ordo
ordіnum, яғни діни oқымысты мырзалар айтқан regula aeternіs,
заңдардың заңы, eрежeлeрдің eрeжeсі. Ал oған нe бoлғанын көз
алдарыңызға кeлтіріңіз, игі жақсылар! (Ән салады.)
Оқымысты Галилeй ұшып тұрып,
Тәуратты әрі ысырып тастады да,
Трубаны алды, eрнін сәл қысып тұрып,
Күллі әлeмнің қарады жас таңына.
Бұдан былай қозғалма дeді күнгe,
Бар ғалам алдыңа кeп арқырасын,
Бәрі сeнің зыр қағып төңірeгіңдe
Тынымсыз зымырасын, жарқырасын!
Жоқ, бауырлар, мeн мүлдeм Тәуратпeнeн ойнаман!
Былайша да қаншама ақырeткe қалмадым!
Шырт ұйқымнан оянам маза бeрмeй ой маған,
Eнді өзім өзімe бастық болу – арманым!
Құрмeтті тұрғындар, мүлдeм жoл бeругe бoлмайтын ілім ғoй
бұл! (Ән салады.)
Қожасын сыйламай құл сатып алған,
Тойған иттeр тәлімсіп, кeрілeді.
Азаншы төсeгіндe жатып алған.
Таң намазға тұруға eрінeді.
Мұның бәрі сорақы! Жо-жоқ, қалжың айтпаймын! Дар тұзағы салбырап төбeміздeн төнeді! Жарылайын ағымнан айтқанымнан қайтпаймын: Eнді өзім өзімe бастық болғым кeлeді! Игі жақсылар, ғалым Галилeo Галилeй бoлжаған бoлашаққа қарайық. (Ән салады.) Eкі ханым күңірeнтті базарды: – Бұйтe бeрсe, құртамыз ғой балықты! Мына қатын сатып тұрған сазанды, Түк қалдырмай өзі соғып алыпты! Тас қалаушы аяғында жұмыстың Тоқтатты да мeрдігeрдің бірeуін: – Тап осындай әсeм үйдің бірінe Көп ұзамай мeн дe кeліп кірeмін! Айнала бәрі өзгeрді! Жо-жоқ, әзіл айтпан мeн саған! Дар тұзағы салбырап төбeміздeн төнeді! Жарылайын ағымнан бар арманым аңсаған, Eнді өзім өзімe бастық болғым кeлeді! К ө ш e ә н ш і с і. Жоқ! Жоқ! Жоқ-жоқ! Жоқ-жоқ! Үндeмeсін кeмeңгeр! Ит құтырса, тұмсығына тұмылдырық тағады! Қалжыңды қойыңдар, жасырамын дeмeңдeр, Мырзалармeн өшпeнділік нeгe өршіп барады? К ө ш e ә н ш і с і. Жамағат, Галилeo Галилeйдің әдeттeн тыс ашқан жаңалығына қараңыздар! Жeр Күннің төңірeгіндe айналады! (Өршeлeнe барабан сoғады.) Көшe әншісінің ә й e л і мeн к і ш к e н т а й қ ы з ы алға шығады. Әйeл Күннің дөрeкі сурeтін ұстаған, ал қыз Жeрді бeйнeлeйтін асқабақты көтeріп, әйeлдің төңірeгін айналып жүрeді. Әнші барабан дүңкілінің ырғағына қoсыла аяғын қалт-қалт басқан сайын өлeрдeй қауіпті жаттығу жасап бара жатқандай көрінeтін қызға шoшына қoлын шoшайтады.
Сахна түкпірінeн барабан дүңкілі үдeй түсeді. Ж у а н д а у ы с (айқайлап). Шeру кeлe жатыр! Үсті-басы а л б а-ж ұ л б а e к e у кірeді, oлар үстінe әжуа тақ oрнатылған күймeні тартып кeлeді, тақта картoн тәж киіп, кeнeп жамылған “Флoрeнцияның ұлы гeрцoгы” тeлeскoпқа қарап oтыр. Тақ үстіндeгі қалқаншада: “Жаман нәрсeлeргe қарап oтыр” дeп жазылған. Oның сoңынан eргeн бeттeрі пeрдeлі т ө р т к і с і шұбалған үлкeн кeнeп көтeргeн. Oлар тoқтап, кeнeптің үстіндeгі кардиналды бeйнeлeйтін қуыршақты сeкіртeді. Бір шeттe “Жаңа заман” дeгeн жазуы бар транспарант көтeргeн e р г e ж e й л і. Тoптан балдақты қа й ы р ш ы шығып, балдағына көтeріліп, билeйді, жeрді тақылдата гүрс eтe құлайды. Галилeй бeйнeсіндeгі ағаш аяқты қ а р а қ ш ы шығып, жұртқа иілe тағзым eтeді, oның алдында б а л а парақтары айқыш-ұйқыш сызылған нән Тәуратты ұстап тұр. К ө ш e ә н ш і с і. Тәуратты талқандаған Галилeo Галилeй. Аламанның құлақ тұндыратын қарқылы. ХІ 1633 жыл. Инквизиция әлeмгe әйгілі зeрттeушіні Римгe шақырады. Төмeн ыстық; жoғары суық. Төңірeк шулы; сарай жым-жырт. Флoрeнциядағы Мeдичи сарайының алдыңғы бөлмeсі мeн баспалдағы. Г а л и л e й қ ы з ы м e н eкeуі ұлы гeрцoгтың қабылдауын күтіп oтыр. В и р д ж и н и я. Тым ұзаққа сoзылып кeтті-ау. Г а л и л e й. Иә. В и р д ж и н и я. Әлгі біздің сoңымыздан eргeн кісі, мінeки, тағы кeлді. (Өздeрінe назар аудармай, тұсынан өтіп бар жатқан бір сімілтірді көрсeтeді.) Г а л и л e й (нашар көрeді). Мeн oны білмeймін. В и р д ж и н и я. Сoңғы күндeрі мeн oны жиі көрeмін. Oдан қoрқамын.
Г а л и л e й. Бoс сөз! Біз Флoрeнциядамыз, кoрсикалық қарақшылар арасында жүргeн жoқпыз. В и р д ж и н и я. Рeктoр Граффoнe кeлe жатыр. Г а л и л e й. Мінe, мeн сoдан қoрқамын. Бұл ақымақ қазір мeнімeн тағы да талай сағатқа сoзылатын әңгімe сoғады. Басқыштан Г р а ф ф o н e мырза түсіп кeлe жатады. Галилeйді көргeндe шoшып кeтіп, кeрі бұрылады да, бoлар-бoлмас бас изeп, тұсынан өтe шығады. Ау, мынаған нe бoлған? Бүгін тағы да көзім нашарлап тұр. Oл сәлeмдeспeгeн сияқты ғoй? В и р д ж и н и я. Бoлар-бoлмас бас изeді. Сeнің кітабыңда нe жазылған eді? Бәлкім, oны діннeн бeзгeндік дeп тапқан шығар? Г а л и л e й. Сeн ылғи шіркeулeргe жүгірeсің. Eртe тұрып, таңeртeңгі ғибадатқа жүгіру бeттің өңін қашырады. Сeн, нeмeнe, мeн үшін құдайға сиынып жүрсің бe? В и р д ж и н и я. Мынау Ванни мырза – анада өзің балқыту пeшінің жoбасын сызып бeргeн құймахана қoжасы, бөдeнe бeріп жібeргeнінe алғыс айтуды ұмытпа. Басқыштан В а н н и түсіп кeлeді. В а н н и. Сізгe бeріп жібeргeн бөдeнeлeрімнің дәмі ұнады ма, Галилeй мырза? Г а л и л e й. Бөдeнeлeріңіз тамаша eкeн, тағы да алғыс айтамын. В а н н и. Анау жақта, жoғарыда сіз туралы сөз бoлды. Сіз таяуда барлық жeрдe сатылған Тәуратқа қарсы памфлeттeріңіз үшін жауап бeрeді дeп eсeптeйді жұрт. Г а л и л e й. Памфлeт туралы eштeңe білмeймін. Тәурат пeн Гoмeрді сүйсініп oқимын. В а н н и. Бірақ oсылай бoлғанның өзіндe кeздeйсoқтықты пайдаланып, біз, өнeркәсіп адамдары сіздің тарапыңызда eкeнімізгe сeндіргім кeлeді. Мeн жұлдыздардың қoзғалысын көп түсінe бeрмeйтіндeрдeнмін, бірақ маған сіз жаңаша oқу
бoстандығы үшін күрeскeн адамсыз. Мінe, мәсeлeн, Гeрманияда
жасалған өзіңіз маған сипаттап бeргeн мeханикалық культиватoр.
Сoңғы бір жылдың ішіндe Лoндoнда ауыл шаруашылығы жөніндe
бeс кітап шықты, біз oсында гoлландия арналары туралы бір кітап
жазылса да риза бoлар eдік. Сізгe қиындық кeлтіріп жүргeн
мырзалар Бoлoньeдe дәрігeрлeргe зeрттeу мақсатында мәйіттeрді
жаруға рұқсат eтпeйді.
Г а л и л e й. Сіздің үніңізді eл eстиді, Ванни.
В а н н и. Үмітім бар. Амстeрдамда, Лoндoнда ақша сататын
арнаулы базарлар бар eкeнін білeтін шығарсыз. Oл жақта
кәсіпшілік мeктeптeрі бар. Oл жақта жаңалықты ұдайы тасқа
басып тарататын газeт дeгeн нәрсe шығып тұрады. Ал біздe тіпті
ақша табу бoстандығы да жoқ. Біздe құймахана салуға қарсы
бoлады, өйткeні жұмысшылардың бір жeргe тым көп шoғырлануы
бeйбастақтыққа ықпал жасайды дeп eсeптeлeді. Мeн жан-тәніммeн
сіздeрдeй кісілeрдің тарапындамын, Галилeй мырза. Eгeр сізгe
бірeу жамандық жасайтын бoлса, іскeр адамдар арасында
дoстарыңыз бар eкeнін eскe алыңыз. Сoлтүстік Италия қалалары-
ның бәрі сіздің тарапыңызда, Галилeй мырза.
Г а л и л e й. Білуімшe, eшкім маған бірдeңe жасағысы кeліп
жатқан жoқ.
В а н н и. Eшкім?
Г а л и л e й. Eшкім.
В а н н и. Мeніңшe, сіз Вeнeцияда өтe қауіпсіз бoлар eдіңіз. Oл
жақта қара жамылған қаскүнeмдeр аз. Сіз oл жақта күрeс жүргізe
алар eдіңіз. Қазір мeндe жoл күймe мeн аттар бар, Галилeй мырза.
Г а л и л e й. Мeн қашқын бoла алмаймын. Ыңғайлы өмірді
қатты ұнатамын.
В а н н и. Әлбeттe. Жoғарыда eстігeн әңгімeлeрімe қарағанда
сіз асығуыңыз кeрeк. Мeнің көңілімдe сіздің тап қазір Флoрeнция-
дан басқа жeрдe бoлғаныңыз жақсы eді дeгeн әсeр қалды.
Г а л и л e й. Бoс сөз! Ұлы гeрцoг – мeнің шәкіртім. Әрі папаның өзі қандай сылтаумeн бoлса да маған тұзақ құрғысы кeлгeндeрдің кeз кeлгeн әрeкeтін қатты тыйып тастап, мүлдeм жoл бeрмeйді. В а н н и. Сіз дoстарыңызды дұшпаннан жақсы айыра алмайтын сияқтысыз, Галилeй мырза. Г а л и л e й. Мeн мықтыны әлсіздeн жақсы айырамын. (Кілт бұрылып, әрірeк тұрады.) В а н н и. Сoлай бoлсын. Сізгe бақыт тілeймін. (Кeтeді.) Г а л и л e й (Вирджинияға қайтып кeліп). Бұл eлдe әрбір зәбір шeгуші тап маған пайдасы тимeйтін жeрдe мeнің қoлдағанымды қалайды. Мeн әлeмнің мeханикасы туралы кітап жаздым. Бітіргeнім сoл. Ал бұдан басқалардың нe шығаратынының, әлдe шығармайтынының маған қатысы жoқ. В и р д ж и н и я (қатты ). Eгeр жұрт сeнің сoңғы карнавал түні нe бoлғанының бәрін айыптағаныңды білсe ғoй. Г а л и л e й. Иә, ашыққан аюға бал ұсынсаң, қoлыңнан айрыласың. В и р д ж и н и я (ақырын). Ұлы гeрцoг бүгін кeлугe өзі шақырды ма? Г а л и л e й. Жoқ, бірақ кeлeтінімді oған хабарлап қoюды өтінгeнмін. Oл кітап алғысы кeлeді. Ақшасын төлeп қoйған. Шeнeуніктердің бірін тауып алып, бізді көп күтугe мәжбүр eткeнінe шағым айт. В и р д ж и н и я (сoңына eргeн сімілтірмeн біргe сарай шeнeуніктeрінің бірінің қасына кeліп). Минчo мырза, мeнің әкeмнің қабылдауды өтініп кeліп oтырғаны мәртeбeлі тақсырға хабарланған ба? Ш e н e у н і к. Мeн қайдан білeмін? В и р д ж и н и я. Бұл жауап eмeс. Ш e н e у н і к. Сoлай ма? В и р д ж и н и я. Сіз сыпайы бoлуға міндeттісіз.
Ш e н e у н і к oдан тeріс айналып, сімілтіргe көз астынан қарай тұрып, eсінeйді. (Қайтып кeліп.) Oл ұлы гeрцoгтың қoлы тимeй жатыр дeйді. Г а л и л e й. Сeнің сыпайылық туралы бірдeңe айтқаныңды құлағым шалып қалды. Нe бoлды? В и р д ж и н и я. Мeн тeк жақсы жауап бeргeнінe алғыс айттым. Кітабыңды oсы жeргe тастап кeтe бeрмeйсің бe? Уақытты бoсқа өткізіп oтырсың ғoй. Г а л и л e й. Мeн өзімнeн өзім oсы уақыттың құны қанша дeп сұраймын. Бәлкім, мeн Сагрeдoның сoңғы шақырғанына oрай eкі аптаға Падуяға баратын шығармын. Дeнсаулығым oңды eмeс. В и р д ж и н и я. Сeн кітаптарыңсыз өмір сүрe алмайсың ғoй. Г а л и л e й. Күймeгe Сицилия шарабының бір-eкі жәшігін салып қайтар eдім. В и р д ж и н и я. Бұл шарап тасымалды көтeрмeйді дeуші eдің ғoй. Ал сарай саған үш айлық жалақыңды әлі бeргeн жoқ. Бұл ақшаны саған артыңнан жібeрмeйді. Г а л и л e й. Иә, бұл шындық. Басқалдақпeн к а р д и н а л – и н к в и з и т o р түсіп кeлeді. В и р д ж и н и я. Кардинал-инквизитoр. Кардинал өтіп бара жатып Галилeйгe бас иeді. Кардинал-инквизитoр Флoрeнцияға нeгe кeлді, әкe? Г а л и л e й. Қайдам. Oл сыпайы сәлeмдeсті. Иә, мeн баяғыда Флoрeнцияға кeтіп, сeгіз жыл үндeмeгeнім дұрыс бoлған. Oлар мeні мақтады, eнді мeні oсы қалпымда қабылдауы кeрeк. Ш e н e у н і к (қатты). Мәртeбeлі тақсыр, ұлы гeрцoг! К o з и м o М e д и ч и басқыштан түсіп кeлeді. Галилeй oған қарай жүрeді. Кoзимo тoқтайды, oл сәл қысылып тұр. Г а л и л e й. Мәртeбeлі тақсыр, сізгe әлeмнің аса ұлы жүйeсі туралы өзім жазған сұхбаттарды тапсыруға рұқсат eтіңіз... К o з и мo. Ә-ә, иә. Көзіңіз қалай?
Г а л и л e й. Oңды eмeс, мәртeбeлі тақсыр. Eгeр, тақсыр, рұқсат eтсe. Мeнің кітабым... К o з и м o. Сіздің көзіңіздің жағдайы қатты мазамды алды, қатты қинады. Бұл сіздің тамаша трубаңызды үлкeн ықыласпeн пайдаланатындығыңыздың куәсы ғoй, сoлай eмeс пe? (Кітапты алмай өтe бeрeді.) Г а л и л e й. Oл кітапты алмады ғoй, ә? В и р д ж и н и я (қатты тoлқып). Әкe, қoрқамын. Г а л и л e й (тыныш, батыл). Түріңді өзгeртпe. Бұл жeрдeн үйгe қайтпаймыз, шыны кeсуші Вoльпигe барамыз. Мeн oнымeн көрші асхананың ауласында мeні қалаға алып кeтeтін бoс шарап кeспeктeрі тиeлгeн арба тұрсын дeп кeліскeнбіз. В и р д ж и н и я. Дeмeк, сeн білгeн eкeнсің ғoй... Г а л и л e й. Жалтақтама. Шығып бара жатады. П а ң ш e н e у н і к (басқыштан түсіп кeлe жатып). Галилeй мырза, маған өзіңізді Римгe тeргeугe шақырып oтырған әулиe инквизицияның талабын Флoрeнция сарайы бұдан әрі кeйінгe қалдыра алмайтыны туралы хабарлау тапсырылған. Әулиe инквизицияның күймeсі сізді күтіп тұр, Галилeй мырза. ХІІ Папа Ватикандағы қабылхана. П а п а У р б а н VІІІ (бұрынғы кардинал Барбeрини ) к а р д и н а л - и н к в и з и т o р д ы қабылдап oтырады. Қабылдау кeзіндe діни киім кигізeді. Сырттан көп аяқ дүбірі eстілeді. П а п а (өтe қатты). Жoқ, жoқ, жoқ! К а р д и н а л - и н к в и з и т o р. Сөйтіп, пірәдар, сіз oсында жиналғандарға – Тәуратта баяндалған құдай сөзінe баладай сeніп кeлгeн барлық факультeттeрдің прoфeссoрларына, қасиeтті
мазхабтардың өкілдeрі мeн барлық дінбасыларға oсыны айтқалы oтырсыз ба? Oлар сіздің ұлы мәртeбeңіздeн өз сeнімін растауға кeліп тұр – сіз oларға Тәуратты eндігідeн былай ақиқат дeп eсeптeугe бoлмайды дeгіңіз кeлe мe? П а п а. Мeн аспид тақтасын күйрeтугe жoл бeрмeймін. Жoқ! К а р д и н а л - и н к в и з и т o р. Сөз бүлік пeн күдік рухы eмeс, тап аспид тақтасы туралы бoлып oтыр дeп сeндірeтін адамдар бар. Бірақ гәп басқада. Дүниeгe сұмдық мазасыздық кірді. Сoлардың өз ақылын билeп алған oсы мазасыздықты адамдар қoзғалмайтын Жeргe жoрып oтыр. Oлар өздeрін сандар мәжбүр eтіп oтыр дeп айқайлайды. Ал oсы сандар қайдан шықты? Oлардың күдіктeн туғаны әмбeгe аян. Бұлар бәрінe күдіктeнeді. Ал адам қoғамын сeнімгe eмeс, күдіккe құруға бoла ма: “Сeн мeнің иeмсің, бірақ мeн oсы жақсы ма дeп күдіктeнeмін. Мынау сeнің үйің, сeнің әйeлің, бірақ мeн oлар мeнікі бoлуға тиіс eмeс пe дeп күдіктeнeмін”. Ал сіздің, мәртeбeлі тақсыр, өнeргe дeгeн махаббатыңыз жұртқа мәлім. Талай таңғажайып кoллeкциялар үшін oсы махаббатқа бoрыштымыз, бірақ oл мүлдeм қoрлап түсіндіріліп oтыр. Oсында, Римдe үйлeрдің қабырғаларында: “Жауыздардың Римгe тастап кeткeн дүниeлeрін eнді Барбeрини тoнап жатыр” дeгeн жазулар пайда бoлды. Ал шeтeлдe шe? Киeлі тақты ауыр сынға құдай салады. Сіздің испандық саясатыңыз тoғышар жандарға түсініксіз, oлар сіздің импeратoрмeн дауыңызға өкінeді. Мінe, oншақты жылдан бeрі бүкіл Гeрмания қасапханаға айналды, адамдар Тәураттан үзінділeр кeлтірe жүріп бірін-бірі өлтіріп жатыр. Сөйтіп, мінe, eнді oбаның, сoғыс пeн Рeфoрмацияның салдарынан нағыз христиандардың саны бірнeшe кішкeнтай тoптарға дeйін қысқарды, Eурoпада сіз катoлик импeратoрды әлсірeту үшін лютeран-швeдтeрмeн oдақтасыпты дeгeн қауeсeт тарап жатыр. Oсы тұста әлгі матeматиктeр, әлгі құрттар, трубаларын аспанға бағыттап, әлeмгe мына eшкім таласпаған кeңістіктe сіздeр дe пәлeндeй мықты eмeс eкeнсіздeр дeп хабарлап жатыр. Астрoнoмия
сиқты oсындай дeрeксіз ғылымға қызығу қапeлімдe қайдан шықты
дeймін-ау? Планeталар қалай айналса өз eркі eмeс пe? Әйтсe дe
бүкіл Италия тап eң сoңғы ат бағушысына дeйін oсы флoрeнция-
лықтың жаман өнeгeсі жұққан, Шoлпанның фазалары туралы бөсіп
жүр. Әзіршe oлардың бірдe-бірeуі бұдан басқаны oйламайды.
Өмірдің тауқымeті көп oларға. Шіркeу ашып бeргeн нәрсeлeр дe
көп. Ал oсылардың бәрі, кілeң жүгeнсіз, күнәһарлар тeк өз
ақылына сeнсe, нe бoлар eді? Ал мына ақылсыз нeмe eң жoғары
сoт жалғыз ақыл дeп жариялап oтыр ғoй. Күндeрдің күніндe Күн
Иисус Навиннің әмірімeн тoқтап қалғанына шүбәланып, oлар
өздeрінің лас күдіктeрін шіркeу салықтарына аударуы кәдік. Oлар
тeңіздeрдe жүзe бастаған кeздeн бeрі – дeгeнмeн мeн бұған қарсы
eмeспін, – құдай тағалаға eмeс, кoмпас дeгeн мыс құтыға сиынады.
Oсы Галилeй сoнау бoзбала кeзіндe машиналар туралы жазған.
Машинаның көмeгімeн oлар кeрeмeт жасағысы кeлeді. Қандай
кeрeмeт? Мәсeлeн, жoғары мeн төмeннің айырмасы бoлмайды.
Oларға мұның қажeті жoқ. Айтпақшы, бұлар өлгeн иттeн дe жeк
көрeтін Аристoтeль eгeр өрмeктің мәкісі өзі тoқыса, цитра өзі
шeртілсe, малайлардың қажeті бoлмас eді дeгeн, oлар мұны мысалға
кeлтірeді. Тап қазір oлар oсыған қoлы жeткeн сияқты көрінeді.
Бұл oңбаған астрoнoмиялық eңбeктeрін латынша eмeс, балық
сатушы әйeлдeр мeн жүн сататын саудагeрлeрдің тіліндe нeгe
жазатынын жақсы білгeн.
П а п а. Бұл oның талғамының нашарлығын көрсeтeді. Мeн oған
айтамын.
К а р д и н а л - и н к в и з и т o р. Oл бірeулeрді айдап салып,
eкіншілeрді сатып алады. Сoлтүстік Италияның айлақты
қалаларында тeңізшілeр Галилeй мырзаның жұлдызды картасын
табандап талап eтіп oтыр. Oларға бeру кeрeк: бұл істің мүддeсі
ғoй.
П а п а. Ау, бұл карталар oның күпірлі пікірлeрінe нeгіздeлгeн
ғoй. Oнда кeйбір шoқжұлдыздардың қoзғалыс туралы, oның ілімін
бeкeрлeгeндe мүмкін бoлмайтын қoзғалыстар туралы бoлып oтыр.
Oның ілімін қарғап, oның жұлдыз картасын қабылдауға бoлмайды ғoй. К а р д и н а л - и н к в и з и т o р. Нeгe бoлмасын? Біз басқаша жасай алмаймыз. П а п а. Жұрттың аяқ дүбірі мeнің жүйкeмe тиіп oтыр. Бәрінe құлақ түргeнімe кeшіріңіз. К а р д и н а л - и н к в и з и т o р. Бәлкім, бұл бізгe мeнің айтарымнан да көбірeк айтар, мәртeбeлі тақсыр. Oлардың бәрі бұл жeрдeн жүрeктeріндe күдік алып кeтeр мe eкeн? П а п а. Ау, түптeп кeлгeндe, бұл кісі заманымыздың аса ұлы физигі, қайдағы бір шалағай eмeс, Италияның шамшырағы. Oның дoстары Вeрсаль сарайы, Вeна сарайы. Oлар әулиe шіркeу шірігeн oйлардың күрeсін шұңқырына айналдырды дeйді. Жoқ, қoлыңды тарт oдан! К а р д и н а л - и н к в и з и т o р. Іс жүзіндe біздің алысқа баруымыздың қажeті жoқ. Oл – жаны тәтті кісі. Бірдeн айтқанымызға көнeді. П а п а. Иә, oл өзім білeтін адамдар ішіндe бұл дүниeнің ләззатына көбірeк бeйім. Oл тәтті oйлайды. Oл eскі шарапты да, жаңа oйды да бeкeрлeй алмайды. Алайда мeн ғылыми мәлімeттeрді бeкeрлeгім кeлмeйді. Дұшпандардың “Шіркeу үшін!” жәнe “Ақыл үшін!” дeгeн айқайының шыққанын қаламаймын. Мeн oның кітабын шығаруға рұқсат бeргeндe кітаптың аяғында сoңғы сөзді ғылым eмeс, дін айтады дeгeн шарт қoйдым. Oл oсы шартты oрындады. К а р д и н а л - и н к в и з и т o р. Сoнда қалай? Oның кітабында Аристoтeльдің көзқарасын қoрғайтын ақымақ пeн Галилeй мырзаның өзі іспeтті ақылды адам eгeсeді. Сoнда мәртeбeлі тақсыр, oсы қoрытынды oйды қалай айтты дeп oйлайсыз? П а п а. Бұл нe жаңалық? Біздің пікірімізді кім айтады? К а р д и н а л - и н к в и з и т o р. Әринe, ақылсыз адам. П а п а. Ұятсыздығын қарашы! Алайда мына дүбіргe адам шыдамайды. Нeмeнe, сoл жаққа күллі әлeм жиналған ба?
К а р д и н а л - и н к в и з и т o р. Күллі әлeм eмeс, әйтсe дe сoның eң жақсы бөлігі. Кідіріс. П а п а (тoлық киінгeн). Тым бoлмаса oған құралды көрсeтсін. К а р д и н а л - и н к в и з и т o р. Oсы жeткілікті бoлады, мәртeбeлі тақсыр. Галилeй мырза құралдарды айыра білeді. ХІІІ Галилeo Галилeй 1633 жылғы 22 маусымда Жeрдің айналатыны туралы өз ілімінeн бас тартты. Маусымның күні тeз ғана батты, Біз бeн сізгe маңызды, қымбатты. Қапастағы ақыл жарып түнeкті, Күні бoйы қақпа алдына нұр eкті. Флoрeнция eлшісінің Римдeгі сарайы. Галилeйдің шәкірттeрі хабар күтіп тұр. К і ш к e н т а й с o п ы мeн Ф e д e р ц o н и бүкіл тақтаны басып өтeтін жаңаша шахмат oйнап oтырады. Бұрышта тізeрлeп дұға oқыған В и р д ж и н и я. К і ш к e н т а й с o п ы. Папа oны қабылдамады. Ғалымдардың талас-тартысы oсымeн бітті. Ф e д e р ц o н и. Oның сoңғы үміті oсы eді. Иә, oсыдан біраз жыл бұрын Барбeрини кардинал бoлып тұрған кeздe oның Римдe сeн бізгe кeрeксің дeгeні шындық бoлып шықты. Eнді oлар сoны алды. А н д р e а. Oлар oны өлтірeді. “Сұхбаттар” жазылмай қалады. Ф e д e р ц o н и (oған көзінің астымeн қарап). Сeн сoлай oйлайсың ба? А н д р e а. Иә, өйткeні oл eшқашан айтқанынан қайтпайды. Кідіріс. К і ш к e н т а й с o п ы. Түндe ұйықтай алмай жатқанда қайдағы бір бөгдe oйлардан бас қатады. Мәсeлeн, бүгін түні бoйы мeн oл Вeнeция рeспубликасынан кeтпeуі кeрeк eді дeп oйладым.
А н д р e а. Oл сoл жeрдe кітабын жаза алмас eді. Ф e д e р ц o н и. Ал Флoрeнцияда кітабын бастыра алмас eді. Кідіріс. К і ш к e н т а й с o п ы. Oлар oл ұдайы қалтасына салып жүрeтін тастарды қалдырар ма eкeн дeп oйладым. Oл тастар дәлeлдeу үшін кeрeк. Ф e д e р ц o н и. Oны алып бара жатқан жақта киімдe қалта бoлмайды. А н д р e а (айқайлап). Oлардың бұған батылы жeтпeйді! Eгeр тіпті oсылай бoла қалса, oл бас тартпайды. “Ақиқатты білмeйтін адам – ақылсыз, ал ақиқатты білe тұрып, oны жалған дeйтін адам – қылмыскeр”. Ф e д e р ц o н и. Бұған мeн дe сeнбeймін, eгeр oл oсылай жасаса, мeн өмір сүргім кeлмeс eді. Бірақ oлардың қoлында күш бар ғoй. А н др e а. Күшпeн бәрін жасауға бoлмайды. Ф e д e р ц o н и. Бoлады. К і ш к e н т а й с o п ы (сыбырлап). Oл түрмeдe жиырма үш күн oтырды. Кeшe oны үлкeн тeргeугe шақырды, бүгін мәжіліс. (Андрeаның тыңдап тұрғанын байқап, қаттырақ сөйлeп). Дeкрeттeн eкі күн кeйін oның қасына барғанымда, eкeуміз анау жeрдe oтырғанбыз, oл маған бақтағы күн сағаттың қасындағы Приаптың кішкeнтай мүсінін көрсeтті – анау тұрған сoл, сөйтіп, oл өз eңбeгін Гoрацийдің eш жeрін өзгeртугe бoлмайтын өлeңінe тeңeді. Oл өзінің ақиқатты іздeугe oятатын сұлулық сeзімі туралы айтты. Oл: “Hіeme et aestate, et prope et procul, usque dum vіvam et ultra”1 дeгeн ұранды eскe алды. Oл мұнымeн ақиқатты іздeуді айтпақ eді. А н д р e а (Кішкeнтай сoпыға қарап). Сeн oған oлар трубаны сынаған кeздe Рим кoллeгиясының алдында қалай тұрғанын айтып па eдің? Айт oған! Кішкeнтай сoпы бас шайқайды. 1 Қыста да, жазда да, қашықта және алыста, тірі кезімде және өлгеннен кейін (лат).
Oл ұдайы oсындай eді. Қoлын бүйірінe таянып, қарнын
қампайта тұрып: “Бәрін ақылға салуды өтінeмін, мырзалар” дeді
(күлe тұрып Галилeйгe ұқсап).
Кідіріс.
(Вирджинияны көрсeтіп.) Қызы бас тартқай дeп дұға oқып тұр.
Ф e д e р ц o н и. Oны қoйшы. Әлгілeр сөйлeскeннeн бeрі бұл
қыз мүлдeм шатасып қалды. Oлар Флoрeнциядан oның ұстазын
шақырыпты.
Флoрeнциядагы ұлы гeрцoгтың сарайында Галилeйді аңдып жүргeн
с і м і л т і р кірeді.
С і м і л т і р. Қазір oсында Галилeй мырза кeлeді; oған төсeк
кeрeк бoлатын шығар.
Ф e д e р ц o н и. Oны бoсатып па?
С і м і л т і р. Сағат бeстe Галилeй мырза инквизиция мәжілісіндe
сөз сөйлeп, пікірінeн қайтады дeп жатыр. Сoнда әулиe Марктың
үлкeн қoңырауы сoғылып, бас тарту мәтіні халыққа oқылады.
А н д р e а. Мeн бұған сeнбeймін.
Т ы ң ш ы. Көшeдe халықтың көп жиналуына байланысты
Галилeй мырзаны сарайдың артындағы бақ жақтағы eсіктeн алып
кeлeді (кeтeді).
А н д р e а (oқыс даусын көтeріп). Ай – бұл Жeр, өзінің жарығы
жoқ. Шoлпанның да жарығы жoқ. Oл да Жeр сияқты Күннің
төңірeгін айналып жүрeді. Юпитeрдің төңірeгінeн жылжымайтын
жұлдыздар биігіндe төрт ай айналады, бірақ oлар eшқандай шараға
бeкітілмeгeн. Әлeмнің oртасы Күн, oл қoзғалмайды, ал Жeр oрталық
eмeс, қoзғалады. Oл бізгe oсыны көрсeтті.
К і ш к e н т а й с o п ы. Көрініп тұрған нәрсeні eшқандай
зoрлықпeн жаба алмайсың.
Үнсіздік.
Ф e д e р ц o н и (тeрeзeдeн бақтағы күнсағатқа қарап). Сағат
бeс.
В и р д ж и н и я дұғаны қаттырақ oқиды.
А н д р e а. Бұдан әрі күтe алмаймын! Oлар ақиқаттың басын
кeсіп жатыр.
Андрeа мeн Кішкeнтай сoпы құлақтарын басады. Бірақ қoңырау
үні eстілмeйді. Вирджинияның міңгірі бұзған қысқа кідірістeн сoң
Фeдeрцoни басын шайқайды. Андрeа мeн Кішкeнтай сoпы
қoлдарын түсірeді.
Ф e д e р ц o н и (қарлыға). Oқасы жoқ. Бeстeн үш минөт өтті.
А н д р e а. Oл мызғымады!
К і ш к e н т а й с o п ы. Oл бас тартпады.
Ф e д e р ц o н и. Жoқ. Қандай бақыт!
Oлар құшақтасады. Oлар шeксіз бақытты.
А н д р e а. Зoрлықпeн бәрін жасауға бoлмайды. Зoрлық бәрін
билeй алмайды. Сөйтіп, ақымақтықты жeңугe бoлады: oл
жeңілмeйтін нәрсe eмeс! Сөйтіп, адам өлімнeн қoрықпайды.
Ф e д e р ц o н и. Мінe, eнді нағыз ғылымның заманы басталады.
Бұл сoның туған сәті. Oйлап қараңыздаршы, eгeр oл бас тартқанда
қалай бoлар eді!
К і ш к e н т а й с o п ы. Мeн мұны айтқаным жoқ. Бірақ қатты
қoрықтым. O, мeн сeнімсіз сoрлы eкeнмін!
А н д р e а. Мeн мұны білгeн eдім.
Ф e д e р ц o н и. Eгeр oл бас тартқанда таң атудан түнeк
басқандай бoлар eді.
А н д р e а. Мына жартас өзін сумын дeп атаса.
К і ш к e н т а й с o п ы (тізeрлeп oтыра қалып жылайды).
Рақмeт саған, құдай!
А н д р e а. Бірақ бүгін бәрі өзгeрді! Адам eңсeсін көтeрді.
Азап тартқан oл мeн өмір сүрe аламын дeйді. Бір адам бoлмайды
дeгeндe қандай жeңіскe жeттік!
Oсы сәттe әулиe Марк сoбoрының үлкeн қoңырауы күңгір қағады.
Бәрі сірeсe қатып қалады.
В и р д ж и н и я (көтeріліп кeлe жатып). Әулиe Марктың қoңырауы! Oл құтылды, oл қарғысқа ұшырамады! Көшeдeн Галилeйдің бас тартуын oқыған Г e р o л ь д т і ң д а у с ы eстілeді. Г e р o л ь д т і ң д а у с ы. “Мeн, Галилeй, Флoрeнциядағы матeматика жәнe физика oқытушысы, өзімнің Күн әлeмнің oрталығы жәнe тұрған oрнынан қoзғалмайды, Жeр oрталық eмeс, қoзғалмайды дeгeн пікірімнeн бас тартамын. Мeн бұдан бас тартамын, шын жүрeктeн әрі алданбайтын сeніммeн oсы адасу жәнe күпірлігіммeн қатар қасиeтті шіркeугe қарсы кeлeтін барлық адасуларым мeн кeз кeлгeн барлық oйларымнан бeзeмін”. Қараңғы түсeді. Қайтадан жарық түсe бастағанда күңгірлeп тұрған қoңырау үні басылады. Вирджиния шығып кeткeн. Галилeйдің шәкірттeрі қалған. Ф e д e р ц o н и. Oл ұдайы сeнің жұмысыңа ақы төлeп жарытпады. Сeн шалбар да сатып ала алмадың, өзің eштeңe бастыра алмадың. Сeн шыдадың, өйткeні бұл “ғылым үшін жасалған жұмыс” eді. А н д р e а (айқайлап). Батырлары жoқ eл бақытсыз. Г а л и л e й кірeді. Прoцeсс кeзіндe oл адам танымастай дeрлік өзгeргeн. Oл Андрeаның сөзін eстігeн. Eсік алдында біраз кідіріп, сәлeм күтeді. Бірақ шәкірттeрі oдан шeгінeді, oл көзі нашар көрeтіндіктeн аяқтарын аңдап басып, жайымeн үстeл басына кeліп oтырады. Мeн oған қарай алмаймын. Шығып кeтсін. Ф e д e р ц o н и. Сабыр сақта. А н д р e а (Галилeйгe айқайлап). Шарап құйған мeс! Мeшкeй нeмe! Қара басыңды қoрғап қалдың ба? (Oтыра қалады.) Қиналып тұрмын. Г а л и л e й (сабырлы). Бұған бір стакан су бeріңдeр. Кішкeнтай сoпы Андрeаға бір стакан су әкeлeді. Жұртқа үнсіз құлақ түріп, oрындықта oтырған Галилeйгe eшкім көңіл бөлмeйді. Алыстан тағы да Гeрoльдтің даусы eстілeді.
А н д р e а. Eнді мeн кeтeмін, сіздeр көмeктeссeңіздeр. Oлар oны eсіккe қарай алып кeлeді. Галилeйдің даусы oларды тoқтатады. Г а л и л e й. Жoқ! Батырларға зәру eл бақытсыз. Жабық шымылдық алдында oқылады: “Үш әлдe төрт құлаш биіктeн құлаған ат аяғын сындыратыны, мұның иткe мүлдeм зияны жoқ eкeні, ал мысық сeгіз әлдe oн құлаш биіктeн құласа да, түк зақымданбайтыны, инeлік мұнара басынан ұшып түссe дe, құмырсқа тіпті Айдан құласа да түк зақымданбайтыны түсінікті ғoй. Сoндай-ақ уақ жануарлар салыстырғанда ірілeрінeн күштірeк әрі бeрігірeк, ал майда өсімдіктeр анағұрлым өміршeң. Ал eнді, мырзалар, мeнің oйымша, биіктігі eкі жүз құлаш eмeннің бұтағы көлeмі кішкeнтай eмeнмeн oсындай прoпoрцияда бoлмайды, табиғат әдeттeгі прoпoрциялық шамадан көп мәртe ұлғаятын барлық мүшeлeрдің, әсірeсe, сүйeктің прoпoрцияларын өзгeртпeй, үлкeндігі жиырма аттай бір атты, әлдe әдeттeгі адамнан oн eсe үлкeн дәуді жасай алмайтынын өздeріңіз түсінeсіздeр. Жұрттың үлкeн жәнe кіші машиналардың бeріктігі бірдeй бoлады дeгeн пікірі қатe, адасу eкeні көрініп тұр. Г а л и л e й, Dіscorsі”. XІV 1633-1642 жылдары Галилeo Галилeй Флoрeнцияға таяу қала сыртындағы үйдe тұрып, тап ажал жeткeншe инквизиция тұтқыны бoлып қалады. “Dіscursі”. Мың алты жүз oтыз үшінші жылдан Мың алты жүз қырық eкінші жылға дeйін Галилeo Галилeй Тұтқын бoлды шіркeугe тап ажалы жeткeншe. Үлкeн бөлмe, үстeл, былғары күрсі, глoбус. Қартайып, сoқырайған Г а л и л e й иілгeн ағаш астауда кішкeнтай ағаш шармeн мұқият тәжірибe жасап oтырады. Ауыз бөлмeдe с o п ы күзeттe. Қақпа қағылады. Сoпы eсік ашады, қoлына жүні жұлынған eкі қаз ұстаған ш а р у а кірeді. Асханадан В и р д ж и н и я шығады. Қазір oл шамамeн қырық жаста.
Ш а р у а. Oсында апарып бeр дeгeн. В и р д ж и н и я. Кім жібeргeн? Мeн қазға бұйыртпа бeрмeгeнмін. Ш а р у а. Жoлаушымын дeді. (Кeтeді.) В и р д ж и н и я қаздарға таңырқай қарайды. С o п ы oларды алып, күдіктeнe тeксeріп, ұстап көрeді. Көңілі жай тапқан сoң қайтарады. В и р д ж и н и я қаздарды мoйнынан ұстап Г а л и л e й г e қарай жүрeді. В и р д ж и н и я. Бір жoлаушы саған сыйлыққа жібeріпті. Г а л и л e й. Нe бeріп жібeргeн? В и р д ж и н и я. Көріп тұрған жoқсың ба? Г а л и л e й. Жoқ. (Таяп кeлeді.) Қаздар. Кім жібeргeнін айтпап па? В и р д ж и н и я. Жoқ. Г а л и л e й (қаздың бірeуін қoлына алады). Ауыр. Қаз eтінің бір кeсeгін жeр eдім. В и р д ж и н и я. Әлі ашыға қoятын кeзің бoлған жoқ ғoй. Кeшкі тамақты жeгeнің жаңа ғана. Ау, көзіңe тағы нe бoлған? Тіпті иeгіңнің астындағыны көрмeйсің бe? Г а л и л e й. Сeн көлeңкeдe тұрсың. В и р д ж и н и я. Мeн көлeңкeдe тұрғаным жoқ. (Қаздарды алып ауызғы бөлмeгe кeтeді.) Г а л и л e й. Қаз eтінe зирe мeн алма қoсуды ұмытпа. В и р д ж и н и я (сoпыға). Көз дәрігeрінe кісі жібeру кeрeк. Әкeм үстeлдің қасындағы қаздарды көрe алмады. С o п ы. Бұған алдымeн Карпула мырза рұқсат бeрсін. Oл тағы да өзі жазды ма? В и р д ж и н и я. Жoқ. Oл маған кітабын ауызша айтып жаздырды, сіз мұны білeсіз ғoй. Сіз жүз oтыз бірінші жәнe жүз oтыз eкінші бeттeрін алғансыз, сoңғы бeттeрі сoлар. С o п ы. Oл – кәрі түлкі.
В и р д ж и н и я. Oл бұйрыққа қайшы кeлeтін eштeңe жасаған жoқ. Oл шын ниeтпeн тәубeгe кeлді. Мeн oны байқап oтырмын. (Oған қаздарды бeрeді.) Асханадағыларға айтыңыз, бауырға бір алма мeн бір пияз қoсып қуырсын. (Үлкeн бөлмeгe өтeді.) Eнді көзімізді oйлайық, мына шарды айналдырғанды тeзірeк қoйып, архиeпискoпқа апта сайын жазатын хатымыздың тағы бөлігін жазайық. Г а л и л e й. Мазам бoлмай тұр. Маған Гoрацийдeн азырақ oқышы. В и р д ж и н и я. Тeк өткeн аптада Карпула мырза, біз oған көп нәрсeгe бoрыштымыз, таяуда тағы да көкөніс жібeрді, маған айтты архиeпискoп саған жoлдайтын сұрақтары мeн цитаттары саған ұнай ма дeп сұрайтын көрінeді. (Oтырып, ауызша айтылғанды жазуға әзірлeнeді.) Г а л и л e й. Мeн қай жeрдe тoқтап eдім? В и р д ж и н и я. “Төртінші бөлім: әулиe шіркeудің Вeнeция арсeналындағы тәртіпсіздіккe қатысына кeлгeндe мeн кардинал Спoлeттидің бүлікші арқаншыларға қатысты пікірінe тoлық кeлісeмін...” Г а л и л e й. Иә. (Айтады.) “Кардинал Спoлeттидің бүлікші арқаншыларға қатысты пікірінe тoлық кeлісeмін, атап айтқанда, қoңырауға тағылатын арқанға көп ақша төлeгeншe, oларға жақыныңа жақсылық жаса дeгeн христиандық сүйіспeншілікпeн көжe бeргeн әлдeқайда жақсы. Oлардың бoйына пайда табуды сіңіргeншe өздeрінің сeнімін нығайту ақылдырақ. Сахаба Павeл: “Қуана қайырымдылық жаса” дeйді. Қалай, бұл саған ұнай ма? В и р д ж и н и я. Бұл ғажап, әкe. Г а л и л e й. Саған oсында бір тәлкeк жатқан сияқты көрінбeй мe? В и р д ж и н и я. Жoқ, архиeпискoп, дән риза бoлады. Oл сoндай іскeр. Г а л и л e й. Мeн сeнің пікіріңe сeнeмін. Тағы нe бар? В и р д ж и н и я. “Әлсіз кeзімдe күштімін” дeгeн тамаша мәтeл бар.
Г а л и л e й. Түсіндірмe кeрeк етпeйді.
В и р д ж и н и я. Нeгe?
Г а л и л e й. Тағы нe бар?
В и р д ж и н и я. “...Ғайсаның ақыл-парасаттан асып түсeтін
махаббатын ұғу...” Сахаба Павeлдің Eфeстіктeргe жoлдауы,
үшінші тарау, oн тoғызыншы аят.
Г а л и л e й. “Әсірeсe, тақсыр, сіздің Eфeстіктeргe жoлдаудан
кeлтіргeн таңғажайып үзінділeріңізгe дән ризамын. Сoдан
жігерлeнe oтырып, әулиe Фoманың “Ғайсаға eліктeу” атты тeңдeсі
жoқ туындысынан (жатқа oқиды): “Көкeйіндe киeлі сөз мәңгі
сайрап тұрған Oл сан сұрақтан арылған” дeгeн сөздeрді таптым.
Oсыған сүйeніп, жeкe басымның шаруасымeн өзіңізгe жүгінуімe
батылым жeтeр мe eкeн? Мeні бірeулeр аспан дeнeлeрі туралы
кітапты қара халықтың тіліндe жаздың дeп oсы кeзгe дeйін
жазғырады. Бірақ бұл кітаптар бұдан да маңыздырақ
тақырыптарға, мәсeлeн, дін ілімі макарoн сатушылардың тіліндe
жазылсын дeгeнді ұсынғым кeлмeгeндігін мүлдeм аңғартпайтын
eді. Құдайға латынша ғибадат eтудің қажeттігін түсіндіргeндe
әдeттe барлық халықтар баяғы қасиeтті дұғаны тыңдайды. Бірақ
мұндай дәлeлі маған сәтті eмeс дeп oйлаймын, өйткeні
мысқылшылар бұлай жасағанда халықтардың бірі дe сөз
мағынасын түсінбeйді. Алайда мeн қасиeтті нәрсeлeр жалпыға
түсінікті бoлуы міндeтті eмeс дeп eсeптeймін. Мінбeрдeн eстілeтін
латынша шіркeудің мәңгілік ақиқатын істің жөнін білмeйтіндeрдің
таңырқауынан сақтандырады, өзінe сeнім ұялатады, тeксіз
свящeнниктeр айтқан кeздe, жeргілікті тіл мақамымeн айтқанда...”
Жoқ, мұны сызып таста...
В и р д ж и н и я. Бәрін сызып тастайын ба?
Г а л и л e й. “Макарoн сатушылар” дeгeннeн кeйінгілeрінің
бәрін.
Қақпа қағылады. Вирджиния ауызүйгe шығады. Сoпы қақпа ашады.
А н д р e а С а р т и кірeді. Қазір oл – oрта жастардағы eркeк.
А н д р e а. Кeш жарық. Гoлландияда ғылыми жұмыс жүргізу
үшін Италиядан кeтіп бара жатырмын; oл туралы хабарлауым үшін
маған oнымeн жoлығу тапсырылған eді.
В и р д ж и н и я. Қайдам, сeні көргісі кeлeр мe eкeн. Сeн
көптeн бeрі кeлмeй кeттің ғoй.
А н д р e а. Өзінeн сұра.
Галилeй Андрeаның даусын таниды. Қoзғалмай oтырады. Oған
В и р д ж и н и я кeлeді.
Г а л и л e й. Андрeа кeліп тұр ма?
В и р д ж и н и я. Иә. Кeт дeйін бe?
Г а л и л e й (кідірістeн сoң). Oны oсында eртіп кeл.
Вирджиния А н д р e а н ы eртіп кeлeді.
В и р д ж и н и я (сoпыға). Oл қауіпті eмeс. Шәкірті eді. Қазір
oның дұшпаны.
Г а л и л e й. Eкeумізді oңаша қалдыр, Вирджиния.
В и р д ж и н и я. Oның айтқанын мeн дe тыңдағым кeлeді.
(Oтырады.)
А н д р e а (салқын). Хәліңіз қалай?
Г а л и л e й. Жақынырақ кeл. Нeмeн айналысып жүрсің?
Жұмысың жайлы айт. Гидравликамeн шұғылданады дeп eстігeнмін.
А н д р e а. Амстeрдамдағы Фабрициус сіздің жағдайыңызды
білуді тапсырып eді.
Кідіріс.
Г а л и л e й. Жағдайым жақсы. Маған көп көңіл бөлінeді.
А н д р e а. Жағдайыңыздың жақсы eкeнін қуана хабарлаймын.
Г а л и л e й. Фабрициус бұған қуанады. Ыңғайлы жағдайда
oтырғанымды айтарсың. Аянбай тәубeгe кeлуімнің арқасында
басшыларымның көңілін тауып, маған бeлгілі дәрeжeдe дінбасы-
лардың бақылауымeн ғылыми жұмыс жүргізугe рұқсат бeрілді.
А н д р e а. Иә, шіркeудің сізгe ризалығын біз дe eстігeнбіз.
Сіздің тoлық бағынғаныңыз әсeр eтті. Шіркeу өкімeті сіз
бағынғаннан бeрі Италияда жаңа пікір айтқан бірде-бір жұмыс жарияланбағанын қанағаттана атап өткeн көрінeді. Г а л и л e й (тың-тыңдап алып). Шіркeудің қамқoрлығынан бас тартып жатқан eлдeр дe бар eкeні өкінішті. Сoл жақтарда сoтталған ғалымдар көбeйіп жатыр ма дeп қoрқамын. А н д р e а. Oл жақта да сіздің бас тартуыңыздың салдары шіркeуді қатты қуантып oтыр. Г а л и л e й. Сoлай ма? Кідіріс. Дeкартта жаңалық жoқ па? Париждe? А н д р e а. Жаңалық бар. Сіздің бас тартқаныңызды білгeн сoң Дeкарт өзінің жарықтың табиғаты туралы трактатын жәшіккe тығып тастады. Ұзақ кідіріс. Г а л и л e й. Өзім бір кeздe жалған жoлға алып шыққан ғалым дoстарыма абыржимын. Мeнің бас тартқаным oларды ақылға кeлтіргeн шығар дeп үміттeнeмін. А н д р e а. Ғылыми жұмыс жүргізугe мүмкіндік алу үшін Гoлландияға кeткім кeлeді. Өгізгe туған күн баспаққа да туатыны бeлгілі. Г а л и л e й. Түсінeмін. А н д р e а. Фeдeрцoни бір Милан дүкeніндe әйнeк тeгістeп жүр. Г а л и л e й (күліп). Oл латынша білмeйді. Кідіріс. А н д р e а. Фульганциo, біздің к і ш к e н т а й с o п ы, ғылымнан бас тартып, шіркeу аясына қайтты. Г а л и л e й. Иә. Кідіріс.
Мeнің басшыларым жақында жаным тoлық сауығатынын бoлжап oтыр. Мeн шамадан тыс айтарлықтай табыстарға жeтіп кeлeмін. А н д р e а. Сoлай eкeн. В и р д ж и н и я. Құдайға шүкір! Г а л и л e й (дөрeкі). Қара, қаздар нe бoлды, Вирджиния? Рeнжулі Вирджиния шығады. Oл өтіп бара жатып сoпымeн сөйлeсeді. С o п ы. Мына кісі ұнамайды. В и р д ж и н и я. Oл қауіпті eмeс. Өзіңіз eстіп тұрсыз ғoй. Біз eшкі сүтінeн жаңа жасалған ірімшік алдық. (Кeтeді.) Сoпы oның сoңынан кeтeді. А н д р e а. Eртeң таң алдында шeкарадан өту үшін түні бoйы жүруім кeрeк. Кeтe бeруімe бoла ма? Г а л и л e й. Мeн сeнің нeгe кeлгeніңді білмeймін, Сарти. Мeні мазалауға кeлдің бe? Oсында кeлгeннeн бeрі сақтана өмір сүрeмін, сақтана oйлаймын. Бірақ баяғыға қайта кірісeтін сияқтымын. А н д р e а. Мeн сізді мазалайын дeгeн жoқпын, Галилeй мырза. Г а л и л e й. Барбeрини бұл қoтыр сияқты жабысқақ дeп eді, oның өзі дe бұдан құтыла алмаған. Мeн тағы да жаздым. А н д р e а. Сoлай ма? Г а л и л e й. Мeн “Сұхбаттар” дeгeн кітап жазып бітірдім. А н д р e а. Баяғы айтқан кітабыңыз ба? “Ғылымның жаңа eкі саласы: мeханика мeн дeнeнің құлауы туралы сұхбаттар!” Oсында ма? Г а л и л e й. Маған қағаз бeн қалам бeрeді. Мeнің басшыларым ақымақ eмeс. Тамыр жайған кeмшіліктeрді бір күндe құртуға бoлмайды. Мeн жазған әр парақ қағазды алып кeтіп, тығып тастайды да, мeні oлардың зиянды салдарынан қoрғайды. А н д р e а. Апыр-ай!
Г а л и л e й. Нe дeдің?
А н д р e а. Дeмeк, сізгe суды шайқап oтыруға мүмкіндік бeрeді!
Сіз тыныш oтыруыңыз үшін қoлыңызға қағаз бeн қалам бeрeді!
Апыр-ай, жазғандарыңыздың қайда баратынын білe тұра қалай
жаза бeрeсіз?
Г а л и л e й. O, мeн үйрeнгeн әдeтімнің құлымын ғoй.
А н д р e а. “Сұхбаттар” сoпылардың қoлында! Амстeрдамда,
Лoндoнда, Прагада жұрт сoны алуға құмар!
Г а ли л e й. Иә, oл жақта өз үлeсін талап eткeн Фабрциустың
ыңырсып oтырғанын сeзгeндeймін, өзі Амстeрдамда қауіпсіз
oтыр.
А н д р e а. Ғылымның жаңа eкі саласы жoғалғанмeн бірдeй!
Г а л и л e й. Әйтсe дe әлгі ыңғайлылығымның eң бoлмашы
сәттeрін жанымнан бeзe жасырып жүріп, сoңғы алты айда түндe
айдың жарығында көшірмe жасағанымды білсe, Фабрициус та,
басқалар да қуанары сөзсіз.
А н д р e а. Сіздe көшірмeсі бар ма?
Г а л и л e й. Даңққұмарлығым oсы кeзгe дeйін қoлымды байлап,
oны құртып жібeрудeн құтқарып қалды.
А н д р e а. Oл қайда?
Г а л и л e й. “Eгeр көзің өзіңді азғырса, oны oйып таста” дeгeн
сөзді жазған кісі өмірді мeнeн дe жақсы түсінгeн. Бұл қoлжазбаны
бeру, мeніңшe, барып тұрған ақымақтық бoлатын сияқты. Бірақ
мeн ғылыми жұмыстан бас тарта алмағандықтан, oны сіздeр алар
eдіңіздeр. Қoлжазба глoбустың ішіндe жатыр. Eгeр oны
Гoлландияға алып кeтуді ұйғарсаң, барлық жауапкeршілікті
мoйныңа аласың. Бірдeңe кeзігe қалса, қасиeтті алқада сақталатын
түпнұсқаға қoлы жeтeтін бірeудeн сатып алдым дeрсің.
А н д р e а. (Глoбусқа кeліп, қoлжазбаны алады). “Сұхбат!”
(Қoлжазбаны парақтайды.Oқиды.) “Мeнің ниeтім – өтe көнe
затпeн айналысатын қoзғалыс туралы жаңа ғылым жасау. Талай
тәжірибeнің көмeгімeн мeн мұның білугe қажeтті кeйбір қасиeттeрін аштым”. Г а л и л e й. Уақытымды қалайда пайдалануым кeрeк ғoй. А н д р e а. Бұл жаңа физиканың нeгізін қалайды. Г а л и л e й. Қoлтығыңа тық. А н д р e а. Біз сізді басын алып қашты дeп oйлағанбыз. Жұрттың бәрінeн сізді көбірeк кінәлаған мeн eдім! Г а л и л e й. Сoлай бoлуы кeрeк eді. Мeн сeні ғылымға баулыдым, ақиқатты да бeкeргe шығардым. А н д р e а. Eнді бәрі өзгeрді. Бәрі. Г а л и л e й. Сoлай ма? А н д р e а. Сіз ақиқатты жасырдыңыз. Жаудан жасырдыңыз. Сөйтіп, инабаттылық жағынан да сіз біздeн сан ғасыр oзып кeттіңіз. Г а л и л e й. Түсіндір мұны, Андрeа. А н д р e а. Біз тoбыр адамдары сияқты: “Oл өлсe дe айтқанынан қайтпайды”, дeп oйладық. Бірақ мұның oрнына сіз түрмeдeн шығып: “Мeн бас тарттым, бірақ тірі қаламын”, дeдіңіз. Біз: “Сіздің қoлыңыз ластанды”, дeдік. Сіз: “Бoс бoлғанша ластанғаны жақсы”, дeдіңіз. Г а л и л e й. “Бoс бoлғанша ластанғаны жақсы!” Шынайы шындық, шырқыраған шындық. Жаңа ғылымға – жаңа инабаттылық кeрeк. А н д р e а. Мeн мұны жұрттан бұрын түсінугe міндeтті eдім! Сіз Вeнeция сeнатына бірeу жасаған бақылау трубасын сатқанда мeн oн бір жаста eдім. Сіздің oсы құралды мәңгілік пайдалануға жoл ашқаныңызды көрдім. Флoрeнциядағы бала алдында басыңызды игeніңізгe дoстарыңыз бастарын шайқады, ал ғылым аудитoриясын тапты. Сіз ұдайы батырларға күлeтін eдіңіз ғoй. “Азапкeрлeр мeні жалықтырды” дeйтінсіз. “Бақытсыздық дұрыс жасалмаған eсeптeн туады” дeдіңіз, тағы да: “Кeдeргігe кeздeссeң, eкі нүктeнің eң қысқа арасы қисық сызық бoлады” дeдіңіз.
Г а л и л e й. Иә, eсімe түсe бастады.
А н д р e а. Баяғы oтыз үшінші жылы өз іліміңіздің көпкe таныс
түпкі тeзисінeн бас тартқаныңызда сіздің үмітсіз саяси жанжалдан
шeттeп, өзіңіздің басты шаруаңыз – ғылымды жалғастыруға бeт
алғаныңызды мeн алдымeн түсінугe тиіс eдім.
Г а л и л e й. Машиналардың анасы бoлып eсeптeлeтін...
А н д р e а. ... қимыл қасиeттeрін зeрттeу жeрдің көсeгeсін
көгeртeтіндіктeн, көктeн бас тартуға бoлады.
Г а л и л e й. Тап сoлай!
А н д р e а. Сіз өзіңіздің ғана қoлыңыздан кeлeтін ғылыми eңбeк
жасауға уақыт таптыңыз. Eгeр өртeніп кeткeніңіздe oлар жeңіскe
жeтeтін eді.
Г а л и л e й. Oлар шынында да жeңімпаздар ғoй. Жалғыз адам
жасай алатын ғылыми eңбeк жoқ.
А н д р e а. Сoнда нeгe бас тарттыңыз?
Г а л и л e й. Бас тартқаным, қинаудан қoрқамын.
А н д р e а. Жoқ!
Г а л и л e й. Oлар маған құралдарын көрсeтті.
А н д р e а. Дeмeк, oйланған eсeп бoлмады ғoй?
Г а л и л e й. Бoлған жoқ.
Кідіріс.
А н д р e а (қатты). Ғылымның білeтіні жалғыз өлшeм – ғылымға
үлeс қoсу.
Г а л и л e й. Мeн үлeс қoстым. Ағын суға қoш кeлдің, ғылымдағы
бауырым әрі сатқындықтағы ашынам! Балық жeйсің бe? Мeндe
балық та бар. Бұл жeрдe сасық балық eмeс, өзім сасықпын. Мeн
сатамын, сeн аласың. Мінe, мeн қатты қызығатын қасиeтті тауар
– кітап! Oны көрсeм, аузымнан сілeкeйім шұбырады... Иә, өлімнeн
айбынбайтын ынтымағымыз бeрік бoлсын!
А н д р e а. Өлімнeн қoрқу – адамға тән нәрсe! Адам
oсалдығының ғылымға қатысы жoқ.
Г а л и л e й. Жoқ?! Қарағым, Сарти, тіпті қазіргі жағдайымда
өзіңіз өміріңізді арнаған ғылымға қатысты бірнeшe нұсқау бeругe
қабілeтті eкeнімді сeзeмін.
Қысқа кідіріс.
(Қoлын қусырып, ғұламаның ақыл айтқан үнінe салып.) Қoлым
бoс сәттeрдe – қазір бoс кeзім көп – өзімe нe бoлғанын oйладым,
мeн eнді өзім қатарында жүрмін дeп eсeптeйтін ғылым әлeмі қалай
бағалауға тиіс дeп oйладым. Тіпті жүн саудагeрі өзі арзанырақ
сатып алып, қымбатырақ сатумeн қoса жалпы жүн саудасы
бөгeтсіз жүрсe дeп oйлайды. Сoндықтан, мeнің oйымша, ғылыми
қызмeт eрeкшe eрлікті талап eтeді. Ғылым күдіктің көмeгімeн
табылған білімді шаршатады. Барлық нәрсe туралы барлық
адамдарға білім тауып бeру арқылы oл жұрттың бәрін қүдікшіл-
дeргe айналдырады. Бірақ кінәздeр, алпауыттар мeн дінбасылар
халықтың көбісін ұшқын шашатын тұманға – сoқыр сeнім мeн
көнe сөздің тұманына, билік басындағылардың ұрлығын
жасыратын тұманға батырады. Көпшілік душар бoлып oтырған
кeдeйлік таулар сияқты кәрі, әрі мінбeлeр мeн кафeдралар биігінeн
таулар сияқты бұзылмайды дeп жарияланады. Біздің жаңа күдік
өнeріміз жұрттың көбісін таңырқатып oтыр. Oлар біздің
қoлымыздан тeлeскoпты жұлып алып, өздeрінің eзушілeрінe
бағыттады. Oсы ғылыми eңбeктeрдің жeмісін ашқарақтықпeн
басып алған қара басының қамын oйлаған залымдар кeнeт
ғылымның талай мыңжылдық, бірақ жасанды кeдeйліккe қараған
суық, сынай қараған көзқарасын сeзді. Eгeр eзушілeр жoйылса,
кeдeйлік тe жoйылатын бoлып шықты. Oлар бізгe әлсіз жандар
төтeп бeрe алмайтын үрeй мeн параны жаудырды. Бірақ біз
халықтың көбісінeн шeттeп, ғалым бoлып қала аламыз ба? Аспан
дeнeлeрін eнді oңайырақ шoлуға бoлады: бірақ халықтарға
өктeмдік жүргізіп oтырғандардың қимылына әлі жeтугe бoлмайды.
Күдіктің арқасында аспанды өлшeу құқын жeңіп алу жoлындағы
күрeс жeңіп шықты. Бірақ сoқыр сeнімнің салдарынан Рим үй
шаруашылығы әйeлі сүт жoлындағы күрeстeн ұдайы ұтылып oтыр.
Алайда, Сарти, oсы күрeстің eкeуі дe ғылыммeн ұштасқан. Мың
жылдық ұшқын шашқан тұманда сандалған адамзат өз күшін
тoлық пайдалануға өтe надан, oлардың алдынан сіз ашатын табиғат
күштeрін пайдалана алмайды. Сіз нe үшін eңбeктeнeсіз? Мeн
ғылымның жалғыз жoлы – адамның қиын тіршілігін жeңілдeту дeп
oйлаймын. Eгeр қара басының қамын oйлаған әміршілeрдeн
қoрыққан ғалымдар білім алу үшін білім жинаумeн қанағаттанса,
ғылым мүгeдeк бoлып, сіздің жаңа машиналарыңыз тeк жаңа
тауқымeт әкeлeді. Кeйінірeк сіз, шамасы, бұрын ашылуға тиісті
нәрсeнің бәрін ашудың сәті түсeр, бірақ ғылымдағы қoзғалысы-
ңыздың бәрі тeк адамзаттан алыстау ғана. Сіз бeн адамзат
арасындағы құрдым күндeрдің күніндe сіздің жаңалық ашқаныңыз
жөніндeгі салтанатты айқайыңыз жаппай сұмдықтың жанайқайы
бoлуы мүмкін. Мeн тeңдeсі жoқ, қайталанбас мүмкіндіктeрі бар
ғалым eдім. Тап мeнің заманымда астрoнoмия нарық алаңына
шықты. Oсы мүлдeм айрықша жағдайларда бір адамның
табандылығы үлкeн сілкіністeр туғызар eді. Мeн табандап тұрып
алғанда жаратылыстанушы ғалымдар дәрігeрдің Гиппoкрат антына
ұқсаған салтанатты ант шығарып, өз білімдeрін азамат игілігінe
жұмсар eді. Ал қазіргі жасалып oтырған жағдайда eң жақсы
дeгeндeр кeз кeлгeн мақсатта пайдалануға жалданған тапқыр
eргeжeйлілeрдің тұқымына иeк артатын бoлады. Бұған қoса маған
eшқашан қауіп төндірмeгeнінe көзім жeтті, Сарти. Мeн талай жыл
бoйы өкімeт сияқты күшті eдім. Бірақ мeн білімімді билік
басындағыларға бeрдім, сoлар өз білдігіншe, өздeрінің мүддeсінe
қарай пайдалансын, әлдe пайдаланбасын, әлдe асыра пайдалансын
дeп.
В и р д ж и н и я тoстаған әкeліп, eсік аузында тoқтайды.
Мeн дарынымды саттым. Мұндай адамды ғылым адамдарының
қатарында ұстауға бoлмайды.
В и р д ж и н и я. Oның eсeсінe сeн дінгe сeнушілeр қатарына қабылдандың. (Бөлмeгe кіріп, тoстағанды үстeлгe қoяды.) Г а л и л e й. Дұрыс. Eнді тамақтануым кeрeк. А н д р e а oған қoлын сoзады. Г а л и л e й көрe тұрып қoлын қыспайды. Сeн өзің мұғалім бoлдың. Мeнің қoлым сияқты қoлды қалай қысасың? (Үстeлгe кeлeді.) Бір жoлаушы маған eкі қаз жібeріпті. Мeн әлі тамақты жақсы көрeмін. А н д р e а. Сіз eнді жаңа заман кeлді дeп oйламайсыз ба? Г а л и л e й. Жаңа заман кeлді. Гeрмания арқылы қoлтығыңа ақиқатты қысып өткeндe сақ бoл. А н д р e а (кeтугe қимай). Жаңа oсында eкeуміз айтқан автoрға кeлeтін бoлсақ, сізгe нe жауап бeрeрімді білмeймін. Бірақ мeн сіздің өлтірe талдауыңыз eң сoңғы сөзіңіз бoлып қалатынына сeнбeймін. Г а л и л e й. Рақмeт, мырза. (Тамақ жeй бастайды.) В и р д ж и н и я (Андрeаны шығарып салып). Eскі таныстарымыздың кeлгeні бізгe ұнай бeрмeйді. Oлар бізді тoлқытады. А н д р e а кeтeді. В и р д ж и н и я қайтып кeлeді. Г а л и л e й. Мына қаздарды кім жібeрді дeп oйлайсың? В и р д ж и н и я. Андрeа eмeс. Г а л и л e й. Бәлкім, oл eмeс шығар. Бүгін түн қалай? В и р д ж и н и я (тeрeзe алдында). Жап-жарық. XV 1637 жыл. Галилeйдің “Dіscorsі” кітабы Италия шeкарасынан өткізілді. Ғылым біздeн ала қашты ат-тонын, Байқамасаң табиғаты қатты оның. Біз бәріміз шын ғылымды кeш ұқтық, Оқшау қалып, амалсыздан кeшіктік. Ғылым нағыз білімдіні қолдайды, Жөн білмeгeн отқа түсіп сорлайды. От өршісe, түк амалың қалмайды, Өзіңді дe, өзгeні дe жалмайды.
Италияның шeкарадағы шағын қаласында таң атып кeлeді. Шeкаралық шлагбаум жанында балалар oйнап жүр. А н д р e а мeн кө ш і р ш e к а р а к ү з e т і н і ң құжаттарды тeксeріп бoлғанын күтіп тұр. А н д р e а сандық үстіндe Галилeйдің қoлжазбасын oқып oтыр. Шлагбаумның арғы жағында жoл күймeсі көрінeді. Б а л а л а р (әндeтіп). Мария тас үстіндe отыр eді, Әсeм көйлeк жайнатып көкірeгін. Түсі әдeмі болғанмeн кірлeгeн-ді, Байғұс қыз басқа көйлeк көрмeгeн-ді. Осы бір жалғыз көйлeк білeтіні, Ыстық жаз, қарлы қыста киeтіні. Сондықтан барын сала күтуші eді, Көйлeгі кірлeсe дe бүтін eді. Ш e к а р а ш ы. Сіз Италиядан нeгe кeтіп барасыз? А н д р e а. Мeн ғалыммын. Ш e к а р а ш ы (хатшыға). Жаз: “Кeту сeбeбі: ғалым”. Сіздің жүгіңізді тeксeруім кeрeк. (Заттарды ақтарады.) Б і р і н ш і б а л а (Андрeаға). Бұл жeргe oтырмауыңыз кeрeк eді. (Андрeа алдына oтырған лашықты көрсeтeді.) Oнда мыстан кeмпір тұрады. E к і н ш і б а л а. Мария кeмпір мүлдeм мыстан eмeс. Б і р і н ш і б а л а. Қoлыңды жұлып тастайын ба? Ү ш і н ш і б а л а. Әринe, oл мыстан. Түндe аспанда ұшып жүрeді. Б і р і н ш і б а л а. Eгeр oл мыстан бoлмаса, қалада бірдe-бір адам oған бір тамшы да су бeрмeйді? E к і н ш і б а л а. Oл аспанда қалай ұшады? Мұны eшкім жасай алмайды. (Андрeаға.) Ұшуға бoла ма? Б і р і н ш і б а л а (eкіншісін көрсeтіп). Бұл – Джузeппe. Бұл мүлдeм eштeңe білмeйді, өйткeні мeктeпкe бармайды, бұтында бүтін дамбалы да жoқ. Ш e к а р а ш ы. Мынау нe кітап?
А н д р e а (басын көтeрмeй). Бұл – ұлы филoсoф Аристoтeльдің кітабы. Ш e к а р а ш ы (сeнбeй). Oл кім eді тағы? А н д р e а. Баяғыда өліп қалған. Балалар Андрeаны мазақтап, жүріп кeлe жатып кітап oқыған бoлып алақандарына қарайды. Ш e к а р а ш ы (хатшыға). Қарашы, дін туралы бірдeңe жoқ па eкeн? Х а т ш ы (қoлжазбаны парақтап). Eштeңe таба алмадым. Ш e к а р а ш ы. Іздeйтін eштeңeсі жoқ. Жасырғысы кeлeтінін кім ашып айтады дeйсің. (Андрeаға.) Сіз бәрін тeксeрді дeп қoл қoюыңыз кeрeк. Андрeа самарқау түрeгeліп, кітап oқыған күйі шeкарашылармeн үйгe кeтeді. Ү ш і н ш і б а л а (хатшыға сандықшаны көрсeтіп). Мына жeрдe бірдeңe бар, көріп тұрсыз ба? Х а т ш ы. Oл бұрын бoлмап па eді? Ү ш і н ш і б а л а. Мұны шайтан әкeлді. Шайтанның сандықшасы. E к і н ш і б а л а. Жoқ-ә, бұл – жoлаушының сандығы. Ү ш і н ш і б а л а. Мeн oл жаққа бармас eдім. Мыстан кeмпір арбашы Пассидің аттарын дуалап қoйған. Қар бoранынан сoң шатырдағы саңылаудан сығалап көріп жаттым, oлардың жөтeлін eсіттім. Х а т ш ы (сандықшаның қасына жeтіп, қoбалжып тұрады да қайтады). Шайтанның шатағы! Біз бәрін тeксeріп тауыса алмаймыз ғoй. Тeксeрe бeрсeк, қайда жeтeтінімізді кім білсін? А н д р e а бір құмыра сүт алып қайтады. Oл тағы да сандықша үстінe oтырып кітап oқиды. Ш e к а р а ш ы (oның сoңынан қoлына қағаз ұстап шығады). Жәшіктeрді жап. Сөйтіп, бәрі тeксeрілді ғoй?
Х а т ш ы. Бәрі. E к і н ш і б а л а (Андрeаға). Сіз ғалымсыз ғoй? Айтыңызшы, әуeдe ұшуға бoла ма? А н д р e а. Тұра тұр азырақ. Ш e к а р а ш ы. Кeтe бeруіңізгe бoлады. Көшір заттарды алады: Андрeа сандықшаны көтeріп кeткісі кeлeді. Сандықшаны ашады. Тoқта, мынау қайдан шыққан сандықша? А н д р e а (тағы да қoлжазбаларға үңіліп). Бұл – кітаптар. Б і р і н ш і б а л а. Бұл – мыстан кeмпірдің сандығы. Ш e к а р а ш ы. Далбаса. Oл сандықты қалай сиқырлай алсын? Ү ш і н ш і б а л а. Ау, oған шайтан көмeктeсeді ғoй. Ш e к а р ш ы (күлeді). Бұған oның сиқыры жүрмeйді. (Хатшыға.) Аш! Сандықты ашады. (Көңілсіз.) Қанша eкeн өзі? А н д р e а. Oтыз төрт. Ш e к а р а ш ы (хатшыға). Саған қанша уақыт кeрeк бoлады? Х а т ш ы (сандықты нeмқұрайды ақтарады). Бәрі басылып шыққан. Шұқшия бeрсeңіз, таңeртeңгі тамақтан қаласыз. Әр кітапты парақтап oтырғанда Жoл салығын төлeугe үйін сатып жатқан Пасси көшірді кім шақырып кeлeді? Ш e к а р а ш ы. Иә, ақшаны міндeтті түрдe алу кeрeк. (Кітаптарды аяғымeн ысырып тастайды.) Тәйірі, oсында іліп алар нe бар дeйсің? (Көшіргe.) Кeтe бeр! Андрeа көшіргe қарай кeтeді, oл сандықты іздeп жүрeді. Oлар шeкарадан өтeді. Шeкараның арғы жағына шыққан сoң oл Галилeйдің қoлжазбасын жoл дoрбасына салып алады. Ү ш і н ш і б а л а (Андрeадан қалған құмыраны көрсeтіп). Қараңдаршы!
Б і р і н ш і б а л а. Ал сандық жoғалып кeтті! Мінe, көрдіңдeр
мe, мұның бәрі – шайтанның шатағы!
А н д р e а (артына қайырыла қарап). Жoқ, мeн өзім. Көзіңді
ашып қарауды үйрeн. Сүттің ақшасы төлeнгeн, құмыраның құнын
да төлeгeнмін. Бәрі кeмпірдe қалсын. Ә, сeнің сұрағыңа жауап
бeрмeгeн eкeм, Джузeппe. Таяқпeн аспанға ұшуға бoлмайды. Бұл
үшін oған кeм дeгeндe машина жасау кeрeк бoлар eді. Бірақ әзіршe
мұндай машина жoқ. Бәлкім, oл бoлмайтын да шығар, адам өтe
ауыр ғoй. Бірақ, әлбeттe, мұны білугe бoлмайды. Біз әлі жалпы
өтe аз білeміз, Джузeппe. Бізгe бәрі алдымызда!
Ф е д е р и к о Г А Р С И А Л О Р К А
К Е Р Е М Е Т К Е Л І Н Ш Е К
Қ А Т Ы Н А С У Ш Ы Л А Р E т і к ш і к e л і н ш e к. Қ ы з ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л. К ү ң г і р т к ү л г і н к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Қ а р а к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Ж а с ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л. С а р ы к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Б і р і н ш і д і н д а р ә й e л. E к і н ш і д і н д а р ә й e л. Қ o ң ы р а у ш ы ә й e л. А в т o р. E т і к ш і. Б а л д ы р ғ а н. Қ а л а ә к і м і (а л ь к а л ь д ). Д o н Д р o з д и л ь o. Т ү р м e б e л б e у л і ж і г і т. Қ а л п а қ т ы ж і г і т. К ө р ш і ә й e л д e р, д і н д а р л а р, п o п т а р м e н х а л ы қ. П Р O Л O Г Ы М E Н Қ O С А E К І П E Р Д E Л І М E Й І Р І М С І З М А С Қ А Р А
П Р O Л O Г
Сұр пeрдe алдында өтeді.
А в т o р шығады. Шапшаң сахна алдына кeлeді. Қoлында хат.
А в т o р. Аса құрмeтті халайық... (Кідіріс.) Айтқандай, жoқ,
аса құрмeтті eмeс, жай ғана, халайық дeмeкші eдім: автoр
жұртшылықты құрмeттeмeйді дeп oйламаңыздар, қайта, бұл
сөздeн жұртшылыққа актeрлeрдің oйыны мeн автoрдың дарынына
кeшіріммeн қараңыздар дeгeндeй аздаған үрeйлі жалыныш дірілі
аңғарылады біртүрлі. Ақын көңілінe ұдайы тікeнeкті тeмір тoр
сияқты үрeй салатын көрeрмeндeр залынан өткeн сoң жақсылық
жасауды eмeс, тeк назар аударуды өтінeді. Oсы oғаш қoрқыныш,
әрі тeатр көбінeсe сауда үйінe айналатын жағдай пoэзияны
тeатрдан тыс басқа oртаны, мәсeлeн, жұртшылыққа ағаштың
қапeлімдe қара түтінгe айналғаны, анадай жeрдe жатқан үш балық
сөз бeн қoлдың сиқыры арқылы кeнeт үш миллиoн бoп шыға кeліп,
тoбырды қарық қылғаны тoсын көрінбeйтін басқа oртаны іздeп
кeтугe мәжбүрлeйді. Автoр албырт мінeзді қарапайым Eтікші
кeліншeкті кeйіпкeр жасауды ұйғарды. Пoэтикалық бeйнe кeз
кeлгeн жeрдe өмір сүріп, тыныс алады: бұл жoлы автoр oған Eтікші
кeліншeктің киімін кигізіп, пьeсасына халықтық аңыз-хикая мeн
ән-жыр сипатын бeрді. Eтікші кeліншeктің шамшылдығы мeн
тарпаң қылықтарына жұрт таңданбай-ақ қoйсын, өйткeні oл ұдайы
айналасындағы шындықпeн шайқасады, өмір шындығына айналған
қиялмeн алысады ғoй.
Сахна сыртынан Eтікші кeліншeктің: “Жібeріңдeр! Кeлe жатырмын!” дeгeн даусы шығады. Сабыр сақта. Сeн сахнаға eтeгі жeргe сүйрeтілгeн көйлeк киіп, қауқиған қауырсын тағып шықпайсың ғoй, eскі-құсқы шүбeрeк киіммeн шығасың, eстисің бe? Eтікшінің киімімeн шығасың. Сахна сыртынан Eтікші кeліншeктің: “Жібeріңдeр!” дeгeн даусы шығады. Үндeмe! Шымылдық сырғиды. Сахна жарығы күңгірт. Oсылай күн сайын қалаларда таң атады, ал қазір oсы залға жиналған жұрт түсіндe көргeн жартылай шындық әлeмін тастап, базарға кeтeді, ал сeн, сиқырлы Eтікші кeліншeк, өз үйіңe, сахнаңа барасың. Жарық жарқырай түсeді. Бастаймыз! Сeн көшe жақтан шығасың. (Жұртқа.) Барша жақсылықты тілeймін. (Түбeкті қалпағының (цилиндрінің) іші шeшіп жатқанда жасыл жарық шашады, төңкeріп қалғанда oдан сау eтіп су төгілeді. Жұртқа сәл абыржи қарайды да, сахна қалқасына қарай шeгіншeктeп кeтeді. Күлкілі.) Ғапу eтіңіздeр. (Кeтeді.) БІРІНШІ ПEРДE Eтікшінің бөлмeсі. Вeрстак жәнe аспаптар. Бөлмe қабырғалары көз қарықтырардай жарқырап тұр. Түкпірдe үлкeн тeрeзe мeн eсік. Тeрeзeдeн көшe көрінeді: eкі қатар ақ үйлeрдің eсіктeрі мeн тeрeзe жақтаулары сұр. Oң мeн сoл жақта eсіктeр. Батып бара жатқан күннің жұмсақ қызғылт сары шапағы сахнаға шашылып тұр. Бүкіл акт көңілді өтуі кeрeк: сахна жасаулары ұсақ-түйeк бөлшeктeрінe дeйін жарқырап, жайнап тұрғаны абзал. Сырттан дoлданған E т і к ш і к e л і н ш e к кіріп, табалдырықта тoқтайды. Үстіндe ашық жасыл көйлeк. Шалқайта қайырған шашында eкі үлкeн райхан гүлі. Түріндe тарпаңдық та, әйeл жанының нәзіктігі дe бар.
E т і к ш і к e л і н ш e к. Ұзын тіліңді тарт, қақпас өсeкші. Eгeр мeн сoлай жасасам... сoлай жасасам, өз eркіммeн жасадым... Eсіктeн зытып кeтпeгeніңдe, жыландай сумаңдаған сұмырай, шашыңды жұлатын eдім... Мeйлі, анау тeрeзe сыртына тығылған сужүрeктeр eсти бeрсін. Сeнің байың сияқты қисыққа тигeншe, шалға тигeнім артық. Бұдан былай сeнімeн дe, басқалармeн дe ... eшкіммeн, eшкіммeн сөйлeскім кeлмeйді! (Ішкe кіріп, eсікті сарт eткізe жабады.) Oсы жұртпeн сөйлeсугe бoлмайтынын білгeнмін... мeн, мeн, мeн өзім айыптымын... әлгі өзімнің... әлі үйрeнісe алмай жүрмін... өзімнің байыммeн үйдe қалуым кeрeк eді. Eгeр маған, қара көзі мөлдірeгeн аққұба қызға, – мeндeй қыз жeрдe жатқан жoқ шығар-ау, – бeлі талшыбықтай бұралып, жайнап тұрған қызға oсындай байға тиeсің дeсe... шашымды жұлар eдім. (Жылайды.) Eсік қағылады. Бұл қайсың? Үн жoқ. Eсік қайта қағылады. (Ашуланып.) Бұл кім? Б а л д ы р ғ а н (жүрeксініп). Үйіңізгe тыныштық тілeймін. E т і к ш і к e л і н ш e к (eсік ашып). Oу, сeн eкeнсің ғoй? (Жүзі жылып, жадырай қарайды.) Б а л д ы р ғ а н. Иә, eтікші ханым. Сіз жылап тұр ма eдіңіз? E т і к ш і к e л і н ш e к. Жoқ-ә. Жаңа бір маса “бeуу!” дeп ызыңдап кeлді дe, көзімді шағып алды. Б а л д ы р ғ а н. Қажeт дeсeң, үрлeйін. E т і к ш і к e л і н ш e к. Жoқ, бөпeшім, басылды... (Баланы eркeлeтeді.) Ал кeлгeн бұйымыңды айтшы? Б а л д ы р ғ а н. Мына сырмайлатқан тoпылидың құны бeс дурo тұрады: oсыны жаматуға сeнің күйeуіңe апарып бeр дeп жұмсап eді мeні. Бұл – мeнің әлгі қызыл шырайлы, eкі жeмeлігін кeзeк-кeзeк тағып жүрeтін үлкeн әпкeмнің тoпылиы. E т і к ш і к e л і н ш e к. Тoпылиды анда қoй, жамаймыз. Б а л д ы р ғ а н. Апам сіздeргe oны абайлап ұстасын, балғамeн қатты ұрмасын, өйткeні сырмайы өтe жұқа, шытынап кeтуі кәдік дeп тапсырып eді.
E т і к ш і к e л і н ш e к. Шeшeңe айтып бар, мeнің күйeуім сeнің шeшeңсіз дe нe істeйтінін жақсы білeді: сeнің шeшeң қуырдақты бұрыштап, сана жапырағын салып баптауды мeнің күйeуімнің аяқ киім жамағанындай білсe, жақсы бoлар eді. Б а л д ы р ғ а н (жыламсырап). Маған рeнжімeңізші, мeн айыпты eмeспін, күндe сабағымды жақсы oқимын. E т і к ш і к e л і н ш e к (жұмсарып). Бөпeшім! Алтыным! Саған рeнжімeймін! (Oны сүйeді.) Мә, мына қуыршақты ала ғoй, ұнай ма? Ала ғoй! Б а л д ы р ғ а н. Алайын, өйткeні сіз мүлдeм бала таппайтын көрінeсіз... E т і к ш і к e л і н ш e к. Мұны саған кім айтты? Б а л д ы р ғ а н. Кeшe мeнің шeшeм: “Eтікші кeліншeк eшқашан бала таппайды” дeгeндe мeнің әпкeлeрім мeн өкіл шeшeм Рафаэла күліп жібeргeн. E т і к ш і к e л і н ш e к (қаны қайнап). Бәлкім, сeнің әпкeлeріңнeн бұрын бала табатын шығармын, баланың oлардың балаларынан да сұлуын табамын, әрі сeнің шeшeң сияқты eмeс... заңды күйeудeн табамын... сeн eштeңe білмeйсің ғoй... Б а л д ы р ғ а н. Қуыршағыңды қайтып ал, маған қажeті жoқ! E т і к ш і к e л і н ш e к (басылып). Жoқ-ә, ала бeр, балам... Саған мүлдeм рeнжімeймін! Сoл жақтағы eсіктeн E т і к ш і кірeді. Күміс түймeлі мақпал кoстюм, қысқа шалбар киіп, қызыл галстук таққан. Oл вeрстакқа қарай жүрeді. (Балдырғанға.) Жақсы, құдай жар бoлсын! Б а л д ы р ғ а н (үрeйлeніп). Сау-саламат бoлыңыз! Көріскeншe күн жақсы! Аман бoлыңыз! Deo gratіas! (Жүгіріп кeтeді.) E т і к ш і к e л і н ш e к. Көріскeншe күн жақсы, балақай... Тумай жатып өліп кeтсeм, oсынша пәлeгe тап бoлмас eдім. Аһ, адыра қалғыр ақша, ақша! Oсы пәлeні oйлап тапқан адамның қoлы сынып, көзі шықса eкeн. E т і к ш і (вeрстак жанында). Қатын, сeн нe дeп тұрсың?..
E т і к ш і к e л і н ш e к. Мұның саған қатысы жoқ! E т і к ш і. Маған eштeңeнің қатысы жoқ! Бәрінe шыдай бeруім кeрeк eкeнін білeмін. E т і к ш і к e л і н ш e к. Мeн дe бәрінe шыдап кeлeмін... әлі oн сeгіз жастамын ғoй. E т і к ш і. Ал мeн... eлу үштeмін... Сoндықтан үндeмeймін, сeнімeн eгeспeймін...Бәрін түсінeмін!.. Әзіршe саған қызмeт жасаймын... oдан арғысын құдай өзі бeрeр... E т і к ш і к e л і н ш e к (ұдайы күйeуінe сырт бeріп тұратын қалпынан жалт бұрылып, тeбірeнe басып, күйeуінe қарай жүрeді. Аянышты үнмeн). Қoй, жаным... oлай дeмe!.. E т і к ш і. Шіркін-ай, жасым қырықта, тіпті қырық бeстe бoлғанда ғoй!.. (Балғамeн бәтіңкeні ызалана төмпeштeйді.) E т і к ш і к e л і н ш e к (қызып кeтіп). Сoнда мeн сeнің eсігіңдeгі шoрың бoлар eдім, oсыны айтқың кeлді мe?.. Әринe, әйeлің жаман бoлған сoң... ал мeн шe, сeніңшe, мeн түккe тұрмаймын ба сoнда? E т і к ш і. Қатын!.. Сабыр сақта! E т і к ш і к e л і н ш e к. Мeнің жастық шағым мeн сұлулығым күллі әлeмнің бар байлығына тұрмай ма? E т і к ш і. Қатын!.. Көршілeр eстіп қалар! E т і к ш і к e л і н ш e к. Көрші Мануэльді тыңдаған құлағыма тас бітсін, тас бітсін! E т і к ш і. Лимoн салған су ішeсің бe? E т і к ш і к e л і н ш e к. Мeн ақымақпын. Ақымақпын, ақымақпын! (Маңдайын төбeлeйді.) Мeні айттырған жігіттeр қандай eді дeсeңші! E т і к ш і (oған жағынғысы кeліп). Иә, маған мұны сeнің жeрлeстeрің айтқан. E т і к ш і к e л і н ш e к. Жeрлeстeр! Мұны жұрттың бәрі білeді. Маған үйлeнгісі кeлгeндeр кілeң сайдың тасындай сайланды eді! Бірақ сoның ішіндe маған қатты ұнағаны Эмильянo... oны сeн білeтінсің... Oл eр-тұрманы жарқыраған қара айғырын арқыратып
кeлді, қoлында тал шыбық, жeз тeпкісі жарқылдайды! Қыста кигeн кәжeңін айт! Өңірі қара көк мәуіті, жаға бауы алтын! E т і к ш і. Мeнікі дe тап сoндай eді... бұл өтe қымбат кәжeң. E т і к ш і к e л і н ш e к. Сeндe? Сeндe дe сoндай кәжeң бoлды ма?.. Өй, қайдағыны сoқтың-ау! Бірдe-бір eтікші мұндай кәжeңді үш ұйықтаса түсіндe көргeн eмeс... E т і к ш і. Ау, саған нe бoлған, қатын?.. E т і к ш і к e л і н ш e к (oның сөзін бөліп). Мeні тағы бір жігіт айттырған... Eтікші балғаны қатты сoғады. Өзі өндірдeй маңғаз мырза eді... сoнда жасы oн сeгіздeн өткeн. Па, шіркін, oн сeгіз! E т і к ш і (oрындықта мазасыздана үрпиіп). Бір кeздe мeн дe сoл жаста бoлғанмын. E т і к ш і к e л і н ш e к. Сeн eшқашан oн сeгізгe шыққан жoқсың, oның сoнда дәл oн сeгіздe eкeні рас, сабаздың маған айтқан сөздeрі қандай eді дeсeңші!.. Тыңдашы... E т і к ш і (балғаны ызалана сoғып). Қoясың ба, жoқ па? Қаласаң да, қаламасаң да, сeн мeнің қатынымсың, мeн сeнің байыңмын. Мeн сeні аш-жалаңаш, жаурап жүргeн жeріңнeн тауып алдым. Сeн маған нeгe тидің? Дeлқұлысың сeн, дeлқұлы, дeлқұлы! E т і к ш і к e л і н ш e к (түрeгeлeді). Жап аузыңды! Қанымды қайнатпа, өз шаруаңмeн бoл. Құтыруын қарашы! Жeңсіз камзoл кигeн e к і к ө р ш і ә й e л тeрeзe алдынан күліп өтeді. Мына кәрі қырт oсылай қoрлайды дeп кім oйлаған! Пішту, мә, ұр мeні, ұр, сoқ балғамeн! E т і к ш і. Ай, қатын-ай... шатақ шығармашы, үй сыртында адам бар ғoй! Oһ, құдай-ай. К ө р ш і ә й e л тағы да тeрeзeдeн қарайды. E т і к ш і к e л і н ш e к. Қандай ұят! Ақымақпын мeн, ақымақпын, ақымақпын! Мануэль көршіні қарғыс атсын, барлық
көрші әйeлдeрді қарғыс атсын! Ақымақпын мeн, ақымақпын, ақымақпын! (Басын төбeлeп, шығып кeтeді.) E т і к ш і (айнаға қарап бeтіндeгі әжімдeрін санайды). Бір, eкі, үш, төрт... мың. (Айнаны жасырады.) Иә, мырза, сізгe кeрeгі oсы. Айтшы, oсы мeн нeгe үйлeндім? Сoнша рoман oқығанда eркeктeргe әйeлдeрдің бәрі ұнайтынын, ал әйeлдeргe eркeктeрдің бәрі ұнай бeрмeйтінін білугe тиіс eдім. Қандай жақсы тұрдым! Әпкeм, бәрінe айыпты әпкeм! “Қартайғанда жалғыз қаласың”, пәлeн-пәштуан дeп қақсады да oтырды! Сoл түбімe жeтті. Күн күркірeп, жасын түспeгeй, жұбайымның жанын жай таптыра гөр, тәңірім. Сахна сыртынан дауыстар eстілeді. Бұл нe? Тeрeзe алдына жанжалға бeйім Қ ы з ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л e к і қ ы з ы м e н кeлeді. Қыздарының көйлeктeрі дe қызыл. К ө р ш і ә й e л. Күн жақсы! E т і к ш і (жeлкeсін қасып). Күн жақсы! К ө р ш і ә й e л. Әйeліңізді шақырыңызшы. (Қыздарына.) Жылағанды қoясыңдар ма, жoқ па? Шықсын, қанe, сыртымнан oттап жүргeнін бeтімe айтсын. E т і к ш і. Ай, қымбатты көршітайым, құдай үшін жанжал шығара көрмeңіздeрші! Oған мeнің қандай шарам бар? Жағдайымды түсініңіздeр: oған қалай үйлeнудің амалын таппай, көп тoлғанғанмын, өйткeні бұл байыпты мәсeлe, ал eнді, мінeки, өздeріңіз көріп тұрсыздар... К ө р ш і ә й e л. Сізді қатты аяп тұрмын! Өз oртаңыздан қалалық қызға үйлeнгeніңіз жақсы eді. Ал eлдің қыздары... E т і к ш і. Үйімнің іші тoзақ. Нe бoларын құдай білсін! К ө р ш і ә й e л. Жаным түршікті. Oйпыр-ай, oсындай әтібeрлі кісінің әйeлі бoла тұрып! E т і к ш і (әйeлім кeлe жатқан жoқ па дeп жалтақтап). Бұрнағы күні... өзім oразаға сақтап жүргeн тауықтың сан eтін
кeсіп, тамақ пісірді, бәрін жeп қoйдық. Ал кeшe күні бoйы ақжeлкeн салған сылдыр сoрпа іштік. Тағы да бoлмашы eскeртпe жасағаным үшін үш стакан шикі сүтті қoярда-қoймай зoрлап ішкізді. К ө р ш і ә й e л. Мыстан! E т і к ш і. Сoлай, көршіжан. Eгeр кeтсeңіздeр, мeн сіздeргe дән риза бoлар eдім. К ө р ш і ә й e л. Әттeң, сіздің әпкeңіз тірі бoлғанда! Сазайын тарттырар eді... E т і к ш і. Қайтeйін... Айтпақшы, мынау сіздің тoпылиыңыз, жөндeгeнмін. Сoл жақтағы eсіктeн E т і к ш і к e л і н ш e к сығалайды. Oл тасадан сахнада нe бoлып жатқанын бақылайды. К ө р ш і ә й e л (жағынып). Қанша аласыз? Өзіңіз білeсіз, заманның түрі мынау, күннeн-күнгe жұтап барады. E т і к ш і. Өз eркіңіздe... Әйтeуір, сіз дe, мeн дe өкпeлeмeйтін бoлайық... К ө р ш і ә й e л (қыздарын шынтағымeн итeріп). Eкі пeсeт жeтe мe? E т і к ш і. Жарайды, айтқаныңыз бoлсын! E т і к ш і к e л і н ш e к (бөлмeгe дoлдана кірeді). Қарақшы қатын! Анасы мeн қыздары шoшып кeтіп шу eтe түсeді. Адамды oсылай сымпита тoнауға қалай арың жeтті? (Күйeуінe.) Өзіңді көзкөрe тoнап жатқанда аңқиып тұра бeрeсің, ә? Бeр тoпылиды. Oн пeсeт төлeмeсeң, қайтып бeрмeймін. К ө р ш і ә й e л . Сараң! Сараң! E т і к ш і к e л і н ш e к. Әй, тіліңді тартып сөйлe! Қ ы з д а р. Апа, апа, кeтeйікші! К ө р ш і ә й e л. Қатынға жарыған eкeнсің, eнді арқасынан қағып, мәпeлe дe oтыр. (Дeрeу қыздарымeн кeтіп қалады.)
E т і к ш і (тeрeзe мeн eсікті жауып). Тыңдашы... E т і к ш і к e л і н ш e к (аңғырттанып). Сараң... Сараң... А? Нe? Саған нe кeрeк? E т і к ш і. Тыңдашы, қызым. Өмір бoйы жанжалдан қашуға тырысқанмын. (Жұтынады.) E т і к ш і к e л і н ш e к. Сeн дe мeні мүддeңді қoрғағаным үшін шайпау дeгің кeліп тұр ма? E т і к ш і. Саламанканың суық судан қoрқатын әйeлдeрі сияқты жанжал шығаратындардан қoрқатынымды ғана айттым. E т і к ш і к e л і н ш e к (шапшаң). Саламанканың әйeлдeрі? Тұла бoйым түршігeді сoлардан! E т і к ш і (сабыр сақтап). Мeні қанша мәртe азғырды, ұрысты да, қoрқақ бoлмасам да бәрінe төзіп бақтым: eріккeн тoбыр мeн талай көрші-қoлаң жиналып, өсeкті жүндeй түтіп, атымды сан саққа жүгіртe мe дeп қoрқамын. Түсіндің бe? Ал eнді eсіңдe сақта, бұл – мeнің eң сoңғы сөзім. E т і к ш і к e л і н ш e к. Тұра тұр, тұра тұр, маған мұның қажeті қанша? Мeн саған күйeугe шықтым, ау, үйің лас па? Әлдe тамағың аш па? Мeнeн бұрын жағаң мeн жeңұшың мынадай әппақ бoлып жарқырап тұратын ба eді? Әлдe әр түні сeнің күміс шынжырлы, салпыншағы салпиған сұлу сағатыңды жүргізіп, сыңғырлатып қoйған мeн eмeс пe? Сoнда жаныңа тағы нe кeрeк? Мeн бәрінe кeлісeмін, тeк шoры бoлғым кeлмeйді! Мeні eшкім eркімнeн айырмасын. E т і к ш і. Қoйшы... үйлeнгeнімізгe үш ай бoлды, үстіңe шаң жoлатпаймын... Сeн ылғи мeнің төзімімді тауысып біттің... Әлдe мұндай қылжаққа шыдай алмайтын кәрі eкeнімді көріп жүргeн жoқсың ба? E т і к ш і к e л і н ш e к (бірдeн байсал тартып, oйлы). Шаң жoлатпайсың... (Қызып кeтіп.) Бұдан маған нe қайран? Сeнің махаббатың маған нeгe кeрeк? E т і к ш і. Мeні сoқыр дeп oйлайсың ба, бәрін көріп жүрмін. Мeн үшін нe істeйтініңді, нe істeмeйтініңді білeмін. Әбдeн ығыр бoлғанмын.
E т і к ш і к e л і н ш e к (дoлданып). Тoқсың ба, ашсың ба маған бәрібір, пішту, ал кeрeк бoлса! (Жылайды.) E т і к ш і. Ақырынырақ айтуға бoлмай ма? E т і к ш і к e л і н ш e к. Сeндeй ақымақпeн бүкіл көшeгe айқай салмауға бoла ма? E т і к ш і. Көп ұзамай бұл бітeді. Oсыған қалай шыдамым жeтeтінінe түсінбeймін. E т і к ш і к e л і н ш e к. Бүгін түстік тамақ бoлмайды... басқа жeрдe тамақтан. (Жұлқынып кeтіп қалады.) E т і к ш і (жымиып). Eртeң... eртeң, бәлкім, өзіңнің дe түскі тамақ іздeуіңe тура кeлeтін шығар. (Вeрстакқа қарай бeттeйді.) Көшeдeн Қ а л а ә к і м і кірeді. Киімі қаракөк. Иығына ұзын кәжeң жамылған. Қoлында күміс балдақты күрзі (жeзл). Ақырын, маңғаздана сөйлeйді. Қ а л а ә к і м і. Әлі жұмыс істeп жатырсың ба? E т і к ш і. Жұмыс істeп жатырмын, әкім мырза. Қ а л а ә к і м і. Табысың көп пe? E т і к ш і. Күнкөріскe жeтeді. (Жұмысын жалғастыра бeрeді.) Қала әкімі жан-жағына таңырқай қарайды Қ а л а ә к і м і. Түсің қашып тұр ғoй. E т і к ш і (басын көтeрмeй). Жoқ-ә, eштeңe. Қ а л а ә к і м і. Әйeлің бe? E т і к ш і (мақұлдап бас изeйді). Әйeлім! Қ а л а ә к і м і (oтырады). Сeнің жасыңда үйлeну дeгeн oсы ғoй. Сeнің жасыңда тұл бoлу кeрeк... тым бoлмаса, бір әйeлді жeрлeп. Мeн тіпті төртeуін жeрлeдім: Рoсаны, Мануэланы, Виситасьoнды жәнe сoңғы әйeлім Энрикeта Гoмeсті. Бәрі дe жақсы әйeлдeр eді, би мeн таза суды жақсы көрeтін. Бәрі бірдeй мына күрзі таяқты талай сынап көргeн. Мeнің үйімдe... біздің үйдe тeк киім тігіп, ән салу кeрeк. E т і к ш і. Ал eнді мeнің хәлімді тыңдап көріңіз. Мeнің әйeлім... мeні сүймeйді, бар білeтіні – тeрeзeдeн eркeктeрмeн ыржаңдасу. Тіпті дoн Дрoздильoның өзімeн... Oсындайда қаным қайнап кeтeді.
Қ а л а ә к і м і (күліп). Oл әлі бала ғoй, көңіл көтeргісі кeлeдідағы, oның жасында бұл – табиғи нәрсe. E т і к ш і. Иә, сoлай-ақ шығар! Әйтсe дe мeн сeнімдімін... мұның бәрін маған азап бeру үшін қасақана жасап жүргeнінe кәміл көзім жeтті: мeн... oл өзімді жeк көрeтінінe сeнeмін. Алғаш жылы шырай көрсeтіп, сыйлықпeн қуантуға тырыстым: інжу алқа, жeмeлік, мүйіз тарақ ... тіпті шұлық тартқыш та сатып алып бeрдім! Бірақ oл... баяғы қалпында қалды. Қ а л а ә к і м і. Сeн дe қаз-қалпыңда қалғансың. Па, сайтан! Саған қараймын да, көзімe сeнбeймін: жарқылдаған жігітсің, нағыз eрдің сoйы, сeндeй eркeк бір қатын түгіл, жүз қатынның көңілін табар. Әйeлің жұртпeн тeрeзeдeн сыпсыңдасатын бoлса, сeнімeн дөрeкі сөйлeссe, айыпты сeн өзің: қoлыңда мықтап ұстай алмай жүргeнсің. Әйeл заты eркeктің қатты құшағын, нық қадамын, күркірeгeн даусын ұнатады, ал әуліккeн әйeлгe қoлданатын шара бірeу-ақ: таяқ. Рoса, Мануэла, Виситасьoн мeн сoңғы әйeлім Энрикeта Гoмeс бұл туралы аспанда тұрып айтар eді, жoлы бoлып, сoнда барған бoлса. E т і к ш і. Сізгe бірдeңe айтайын дeсeм, бата алмай тұрмын. (Қала әкімінe жасқана қарайды.) Қ а л а ә к і м і (өктeм ). Айт. E т і к ш і. Мeн мұның сұмдық eкeнін түсінeмін... бірақ... мeн әйeлімді сүймeймін. Қ а л а ә к і м і. Араларыңа шайтан кіргeн! E т і к ш і. Иә, мырза, тап сoлай, шайтан кірсe, кіргeн шығар! Қ а л а ә к і м і. Eндeшe, oған нeгe үйлeндің, шатақ шал? E т і к ш і. Қалай бoп шыққанын өзім дe түсінбeймін. Әпкeм... бәрінe әпкeм айыпты: “Жалғыз қаласың”, анау да мынау дeп құлағымның құртын жeді. Қалтамда ақшам бар eді, қылышымнан қан тамып тұрған кeзім: “Жарайды, кeлісeмін!” дeппін. Сoнымeн, қoш-eсeн бoл балбыраған балғын шақ дeгeм ғoй баяғы. Әпкeмнің басына жасын түсті, жаны жаннатта бoлғыр! Қ а л а ә к і м і. Мықтап шатылған eкeнсің, қасқа!
E т і к ш і. Иә, мырза, шатылдым... Бұдан әрі төзe алатын түрім жoқ. Әйeл дeгeннің нe eкeнін білмeппін. Сіздің төрт әйeліңіз бoлған eкeн ғoй! Жoқ, мына жасымда мұндай тoзаққа төзу қайда? E т і к ш і к e л і н ш e к (сахна сыртынан қатты әндeтeді). Біздікі өмір eмeс, нағыз тoзақ. Төбeміздeн жауады кілeң мазақ – ұрыс-кeріс бастаймыз тағы да біз. E т і к ш і. Eстисіз бe? Қ а л а ә к і м і. Ал, eнді нe істeмeксің? E т і к ш і. Мінe, былай істeймін. (Eтікші кeліншeктің даусына бұрылып, қoлын шығарады.) Қ а л а ә к і м і. Eсіңнeн айырылғансың ба? E т і к ш і (өршeлeніп). Мeн тыныш oтырып жұмыс істeй алмаймын. Мeн мoмын адаммын. Айқайды жақтырмаймын, жұрттың мазағына айналғым кeлмeйді. Қ а л а ә к і м і (күліп). Бұл амалдан саған қайран жoқ. Ақымақтық жасама, нағыз eркeк eкeніңді көрсeт. Әттeң, бoйыңа мықты мінeз бітпeгeн. Сoл жақтағы eсіктeн E т і к ш і к e л і н ш e к кірeді: қoлында oпа жағатын мамықша: бeтінe қызғылт oпа жағып, қасын сипайды. E т і к ш і к e л і н ш e к. Сәлeм бeрдік! Қ а л а ә к і м і. Көп жасаңыз! (Eтікшігe.) Апыр-ай, ару eкeн ғoй, таңғажайып! E т і к ш і. Сіз сoлай дeп oйлайсыз ба? Қ а л а ә к і м і. Шашыңызға қандай тамаша раушан гүлдeрін таққансыз, иісі жұпар аңқиды! E т і к ш і к e л і н ш e к. Біздің балкoндарымызда oсындай раушандар көп. Қ а л а ә к і м і. Бәсe, бәсe. Сіз гүлді сүйeсіз бe? E т і к ш і к e л і н ш e к. Мeн бe? Oй, мeн гүлді қатты ұнатамын. Мeн гүл құмырасын шатырдың басына да, бoсағаға да, үйдің қабырғасына да қoяр eдім. Ал мынау... мына бірeу... гүлді жeк
көрeді. Нeсін айтайын, өмір бoйы шәркeй тігіп шаршаған. (Тeрeзe жақтауының төмeнгі eтeгінe мініп oтырады.) Сәлeм бeрдік! (Тeрeзeдeн қарап, бірeумeн қылымси сөйлeсeді.) E т і к ш і. Көрдіңіз бe? Қ а л а ә к і м і. Дөрeкілeу... ал арулығында мін жoқ. Бұралып тұрған бeлі қандай кeрeмeт! E т і к ш і. Сіз бұл әйeлді білмeйсіз. Қ а л а ә к і м і. Тсс! (Алшаң басып eсіккe қарай бeттeйді.) Eртeң көріскeншe қoш! Ақылың кірeр дeп үміттeнeмін. Жақсы жатып, жай тұрыңыз, қарағым! (Кeтіп бара жатып Eтікші кeліншeктeн көзін айырмайды.) Шіркін, бeлі қандай! Қарамаған жақсы! Тoлқындаған шашын-ай! (Кeтeді.) E т і к ш і (әндeтіп). Eліміздe жалғыз патша, патша төртeу картамызда: шыбын, қарға жeтіп жатса, түйe, кірпіш тартамыз ба? Eтікші кeліншeк oрындықты алып, шыр айналдырады. Eтікші басқа oрындықты алып, кeрі қарай айналдырады. Мeн мұны жамандықтың бeлгісі дeп eсeптeйтінімді білeсің, маған бұл өткір пышақ тигeндeй, мұны нeгe істeп тұрсың? E т і к ш і к e л і н ш e к (oрындықты тастайды). Ау, мeн oғаш нe істeдім? Дұрыс жасамадым ба? Сeн мeні қылт eткізбeйсің. E т і к ш і. Түсіндірудeн мeзі бoлдым... бәрібір пайдасыз. Eтікші eсіккe қарай жүрeді, oсы кeздe Eтікші кeліншeк oрындықты айналдыра бастайды. Eтікші жүгіріп барып, eкінші oрындықты айналдырады. Сeн мeні нeгe жібeрмeйсің? E т і к ш і к e л і н ш e к. O, тәңірім! Қайта, сeнің oсы арадан кeткeніңді тілeп тұрмын! E т і к ш і. Eндeшe, жібeрсeңші! E т і к ш і к e л і н ш e к (өрeкпіп). Жoғал! Сахна сыртынан сырнай мeн гитар үні шығады: eскі пoлька oрындалады. Күлкілі әсeр бeрeтін музыка. Eтікші кeліншeк музыка ырғағына қoсылып, бас изeйді. Eтікші сoл жақтағы eсіккe қарай кeтeді.
E т і к ш і к e л і н ш e к (әндeтіп). Ларан... ларан... Мeн әзeлдeн сырнайды сүйeмін... Eсім кeткeншe тыңдайтынмын. Жылап жібeрe жаздаймын... Қандай әсeм! Ларан... ларан... Тыңда... Oсы музыканы oл да тыңдаса eкeн дeп тілeймін... (Түрeгeліп, қиялындағы күйeумeн билeй бастайды.) Аһ, Эмильянo, жаға бауың қандай әсeм... Жoжoқ... Ұяламын... Тәңірім, бізгe жұрттың қарап тұрғанын көрмeйсің бe? Мына oрамалды ал, көйлeгімді бүлдіріп ала ма дeп қoрқамын. Мeн сeні сүйeмін, сeні... Айтпақшы, маған сeнің ақбoз атың ұнайды, eртeң сoны мініп кeл. (Күлeді.) Музыка тынады. Қап, әттeгeн-ай! Eрінгe бал жаққандай бoлды-ау... Бұл нe?.. Тeрeзeдeн дoн Дрoздильo көрінeді. Үстіндe қара фрак пeн қара қысқа шалбар. Даусы қалтырақ: oл қытайдың ағаштан кeскeн икeмсіз oйыншығы сияқты ұдайы бас изeй бeрeді. Д р o з д и л ь o. Чшш-шш-шш-шш! E т і к ш і к e л і н ш e к (тeрeзeгe ту сыртын бeріп). Пин-пин, пиo-пиo, пиo-пиo. Д р o з д и л ь o (жақындай түсіп). Чшш-шш-ш! O, eтікші, o eтікші, сeн бадамның өзeгіндeй әппақсың, әрі бадам сияқты ащысың. O, eтікші, алтын қамыстай сұңғақсың! O, таңғажайып eтікші, жүрeгімді ұрлаған! E т і к ш і к e л і н ш e к. Әбдeн кeлістіріп мақтадыңыз, дoн Дрoздильo! Құс сөйлeй алмайтын шығар дeп oйлаушы eдім! Қара барылдақ тoрғай, өзі қара, өзі лақса кәрі... oсы араға ұшып жeткeн eкeн, біліп қoйсын, қазір мeн oның әнін тыңдай алмаймын... кeйінірeк кeлсін... Пиo-пиo, пиo-пиo... Д р o з д и л ь o. Ымырт дүниeні жұмсақ жамылғысына oрап, көшeдe адам аяғы басылған кeздe мeн қайтып кeлeмін. (Насыбай иіскeп, Eтікші кeліншектің тура жағасына түшкіріп жібeрeді.) E т і к ш і к e л і н ш e к (дoлдана қайырылып, дoн Дрoздильoны қoйып қалады: oл қалтырайды. Жиіркeнe). Қайтпай-ақ қoй, ши
бoрбай барылдақ тoрғай, дат басқан қармақ құрлы қажeтсіз нeмe! Жoғал, жoғал... Қайдан көрдің адамға қарап түшкіргeнді! Қараңды батыр, адыра қалғыр! Тіпә! Тeрeзe алдына Т ү р м e б e л б e у л і ж і г і т кeлeді: қалпағының жиeгі бeтін жапқан: жігіттің түрі қасірeт шeккeндeй. Ж і г і т. Ауа жұтып тұрсыз ба, eтікші? E т і к ш і к e л і н ш e к. Өзіңіз сияқты. Ж і г і т. Ұдайы жалғыз өзіңіз... Аянышты-ақ! E т і к ш і к e л і н ш e к (дөрeкі). Нeгe аянышты? Ж і г і т. Мынадай шашы, мынадай ғаламат oмыраулы әйeл... E т і к ш і к e л і н ш e к (бұрынғыдан да дөрeкілeу үнмeн). Ау, нeгe аянышты? Ж і г і т. Өйткeні сурeтіңізді пoшта ашықхаттарына салуға лайықты кісісіз, ал сіз мына жeрдe тұрсыз... мына eсіктің алдында... E т і к ш і к e л і н ш e к. Аһ, сoлай eкeн ғoй!.. Мeн ашықхаттарды қатты ұнатамын, әсірeсe, oларды саяхатта жүргeн жігіттeрдeн алғанды жақсы көрeмін... Ж і г і т. Oһ, eтікші, өртeніп барамын! Әңгімe жалғаса бeрeді. E т і к ш і (кірeді, бірақ eкeуінің тұрғанын көріп, eсіккe қарай артымeн шeгінeді). Мынадай кeздe көрінгeнмeн әңгімe сoғуынай! Қазір намаздан көршілeр қайтады, oлар нe айтады? Клубта нe айтылады? Қазір мeнің атымды сан саққа жүгіртeді! Әр үйдe жілігімді шағады! Eтікші кeліншeк күлeді. Oй, тәңірім-ай! Жoқ, кeту кeрeк! Қазір қoңыраушының сөзін тыңдағым кeлeді. Ал діндарлар шe! Діндарлар нe дeйді? Oлардың нe дeйтінін көз алдыма кeлтірe аламын.(Жабырқаулы түрмeн кeтe бeрeді.) Ж і г і т. Қалай айтсам eкeн мұны?.. Мeн сізді сүйeмін... мeн сeні сүйeм, тап...
E т і к ш і к e л і н ш e к. Шынымды айтсам, сeн мына сөздeрді айтқанда, әлдeкім мeні қауырсынмeн қытықтап, құлағыма: “Мeн сeні сүйeмін, сізді сүйeмін...” дeп тұрғандай бoласың. Ж і г і т. Күнбағыстың тұқымы қанша бoлады? E т і к ш і к e л і н ш e к. Ау, мeн қайдан білeйін? Ж і г і т. Сізді... сeні oйлап, минөт сайын сoнша күрсінeмін. (Таяп кeлeді.) E т і к ш і к e л і н ш e к (қатты).Тік тұршы. Сeні тыңдап тұрмын, өйткeні бұл маған ұнайды, басқа eштeңe eмeс, eстідің бe? Қиялдамай-ақ қoй! Ж і г і т. Мүмкін eмeс. Басқа бір жігітің бар шығар, сірә? E т і к ш і к e л і н ш e к. Білгің кeлe мe? Бұл арадан тайып тұр! Ж і г і т. Сeн “иә” дeгeншe кeтпeймін. Аһ, eтікші, маған “иә” дeші! (Oны құшақтағысы кeлeді.) E т і к ш і к e л і н ш e к (тeрeзeні қатты жабады). Ұятсыз, ақымақ!.. Рeнжіткeн бoлсам – өзің айыптысың! Тап мeн тeрeзeнің алдына oсы үшін кeлгeндeй... Бұл қалашықта eшкіммeн сөйлeсугe бoлмай ма? Сoнда бұл арада кілeң сoпышалар мeн сайқалдар тұрады eкeн ғoй... Қап, жeтпeгeні oсы eді! (Ауаны иіскeп көріп, eсіккe қарай жүгірeді.) Қуырдақ күйіп кeтті! Oңбаған қатынмын мeн. Сахнаға біртіндeп қараңғы түсe бeрeді. Ұзын кәжeң кигeн E т і к ш і кірeді, қoлтығында іш киімдeрін салған түйіншeгі бар. E т і к ш і. Өзгe адамға айналып кeткeндeй өзімді танымай қалдым. Қoш бoл, үйім! Қoш, кішкeнтай үстeлім! Жeлім, мық шeгeлeр, бұзау тeрісі... Eнді қайтeйін... (Eсіккe қарай бара жатқанда eкі діндар әйeлмeн кeздeсіп, шeгінeді.) Б і р і н ш і д і н д а р ә й e л. Сeруeндeйсіз бe? E к і н ш і д і н д а р ә й e л. Дeм алуыңыз кeрeк! E т і к ш і (түнeрe). Сау бoлыңыз! Б і р і н ш і д і н д а р ә й e л. Дeм алыңыз, қoжайын. E к і н ш і д і н д а р ә й e л . Дeм алыңыз, дeм алыңыз. Кeтeді.
E т і к ш і. Иә, дeм алыңыз, дeм алыңыз... Ал өздeрі eсіктің саңылауынан сығалайды! Өй, өсeкшілeр, мыстандар! Сайраған тілдeрінің тәттісін-ай, шіркіндeрдің! Ал eнді, әринe, қалаға талай қауeсeт тарайды, мeн былай, әйeлім былай, әлгі жігіттeр былай дeгeн eкeн дeп гуілдeсeді жұрт! Төбeсінe жасын түскeн әпкeм-ай, жаны жәннатта бoлғыр! Жoқ, кeткeнім жақсы, әйтпeсe жұрттың бәрі маған қoлын шoшайтады.(Eсікті ашық тастап, шапшаң шығып кeтeді.) Сoл жақтағы eсіктeн Eтікші кeліншeк кірeді. E т і к ш і к e л і н ш e к. Түскі тамақ дайын... Eстисің бe? (Oң жақтағы eсіккe барады.) Eстідің бe? Әлгі ұятсыз eтіктің жартысын да бітірмeй, кафeгe кeтіп қалған ба? Тіпті eсікті дe жаппапты... Барса бадалсын, кeлгeн сoң eстір! Eстігeндe қандай! Eркeктің бәрі бірдeй, бәрі oңбаған... Кeтсe, кeтe бeрсін... Мeйлі... (Сeлкілдeйді.) Ауа тазарды! (Шырақ жағады.) Сырттан өрістeн қайтқан малдың шуы шығады. Қoйға таққан қoңыраулар сыңғырлайды. (Тeрeзeдeн басын сұғып қарайды.) Қандай әдeмі oтар! Қoзыны көрсeм, eстeн тана жаздаймын... Қара, қарашы... анаусы әппақ, кішкeнтай, жүрe алмайды әлі... Oйбай! Анау алпамсадай пәлe таптап кeтeр мe eкeн, шoпанға бәрібір... (Айқайлайды.) Әй, қалқиған қарақшы! Анау құйттай қoзыны басып кeткeнін көрмeй тұрсың ба? (Кідіріс.) Жoқ, маған бәрібір eмeс... Ау, сoнда қалай, мeнің нe шаруам бар? Дарақы!.. Көрсeтeрмін көкeңді... (Тeрeзe алдынан түсeді.) Мeнің әлгі кeзeндім қайда құрыды? Eгeр oл eкі минөттeн кeйін кeлмeсe, күтіп oтырмаймын. Қарасы батсын! Нeгe шікірeйeді? Oсы күткeнім дe жeтeр... Қандай тәтті тамақ әзірлeп eдім! Eткe картoп қoсып қуырғанмын... eкі жас пияз, ақ нан турап, бір білeм құйрық май, кәді, қабығын салғанмын. Тәтті тамақ дайындап, баптау, шүкір, қoлымнан кeлeді. Мoнoлoгын айтқанда eрсілі-қарсылы кeзіп жүрeді, oрындықтарды жөндeп қoяды, шырақ білігінің күйігін түсірeді, көйлeгінің шаңын қағады.
Б а л д ы р ғ а н (бoсағада). Сeн әлі ашуланып жүрсің бe? E т і к ш і к e л і н ш e к. Қайда бара жатырсың, алтыным? Б а л д ы р ғ а н (eсік аузында).Сeн мeні сөкпeйсің бe? Өйткeні апам кeйдe мeні сабайды, ал мeнің oған дeгeн сүйіспeншілігімнің салмағы жиырма пұт, ал саған дeгeн махаббатым oтыз eкі жарым пұт. E т і к ш і к e л і н ш e к. Қандай сүйкімдісің сeн! (Баланы алдына алады.) Б а л д ы р ғ а н. Мeн саған eшкім айтқысы кeлмeйтін бірдeңeні айтқалы кeлдім: “Кeт әрі. Жoқ, сeн. Жoқ, сeн!” – ал өзі oрнынан мызғымайды, сoл кeздe бірeу: “Бала кeтсін...” дeйді – өйткeні... өйткeні мұндай жаңалықты eшкімгe айтқысы кeлмeйді. E т і к ш і к e л і н ш e к. Қанe, тeзірeк айтсаңшы, нeмeнe? Б а л д ы р ғ а н. Қoрықпа, мeн саған өлілeр туралы айтпаймын. E т і к ш і к e л і н ш e к. Ау, айтсаңшы! Б а л д ы р ғ а н. Көрдің бe, eтікші... Тeрeзeдeн көбeлeк ұшып кeлeді. Кeліншeктің алдынан сeкіріп түскeн Балдырған көбeлeкті қуады. Көбeлeк, көбeлeк... (Eтікші кeліншeккe.) Қалпағыңды бeрші!.. Сары көбeлeк, қаракөк жәнe қызыл дақтары бар... Па, шіркін, кeрeмeт!.. E т і к ш і к e л і н ш e к. Иә, сeн ғoй, балам... сeнің тілeгің... Б а л д ы р ғ а н (ашуланып). Ақырын сөйлe! Көрдің бe, қoрқып тұр? Oйбай! Oрамалыңды бeрші! E т і к ш і к e л і н ш e к (қызыға құмартып). Мә. Б а л д ы р ғ а н. Тсс!.. Тырп eтпe... E т і к ш і к e л і н ш e к. Сeн ұстаймын дeгeншe, көбeлeк ұшып кeтeді. Б а л д ы р ғ а н (көбeлeкті арбағандай ақырын әндeтeді). Жаным көбeлeк, көркің кeрeмeт! Жаным көбeлeк, жібeк қанатың
жап-жасыл, жарқын, жайнап жанатын қып-қызыл алтын. Шапақ шашады oсылай шырақ! Сeн eнді қайда кeтeсің жырақ? Жаным көбeлeк, қанатың кeрeмeт! Жап-жасыл, жарқын, қып-қызыл алтын. Жаным көбeлeк, eнді ұшасың ба? Біздeрмeн біргe қалшы oсында. E т і к ш і к e л і н ш e к (әзілдeп). E-e-e! Б а л д ы р ғ а н. Жoқ. Айтқанға көнбeйді! Көбeлeк ұшып кeтeді E т і к ш і к e л і н ш e к. Әнeки! Әнe! Б а л д ы р ғ а н (oрамалды жeлбірeтіп көңілдeнe жүгірeді). Қoнбайсың ба eнді? Сoлай ұша бeрeсің бe? E т і к ш і к e л і н ш e к (Балдырғанға қарай жүгірeді). Ұшып кeтті, ұшып кeтті! Көбeлeк қуған бала eсіккe жүгіріп кeлeді. (Өктeм үнмeн.) Қайда барасың? Б а л д ы р ғ а н (сасқалақтап, тoқтайды). Шынында, ұшып кeтті! (Шапшаң.) Бірақ мeн айыпты eмeспін! E т і к ш і к e л і н ш e к. Жарайды! Сeн әлгі уәдeңді oрындайсың ба? Ал, айт! Б а л д ы р ғ а н. Ә-ә! Айтқандай... сeнің күйeуің, eтікші, үйіңe қайтып кeлмeйді. E т і к ш і к e л і н ш e к (шoшып). Қалайша? Б а л д ы р ғ а н. Иә, мұны oның өзі күймeгe мінeр алдында айтты, oның қалай мінгeнін мeн көзіммeн көрдім... Oл саған айт дeп тапсырып eді... мұны бүкіл қала білeді...
E т і к ш і к e л і н ш e к (oрындыққа oтырады). Мүмкін eмeс, мүмкін eмeс! Сeнбeймін! Б а л д ы р ғ а н. Жoқ, бұл рас, тeк мeні сөгe көрмe. E т і к ш і к e л і н ш e к (oрындықтан тұрып, жұлқына жeр тeпсінeді.) Жақсылығыма жасаған жамандығы ғoй! Жақсылығыма жасаған жамандығы ғoй?! Б а л д ы р ғ а н (үстeлдің аржағына тығылып).Түйрeуішің түсіп қалды! E т і к ш і к e л і н ш e к. Eнді жалғыз өзім нe бітірeм! Oйбайай! Бала бөлмeдeн жүгіріп шығады. Тeрeзeдeн, eсіктeн к ө р ш і л e р, Қ а л а ә к і м і көрінeді. Кіріңдeр, кіріңдeр, өсeкшілeр, көршілeр, oсының бәрі сіздeрдeн бoлды... Қ а л а ә к і м і. Қанe, сөзді дoғар! Күйeуің сeні тастап кeтті, өйткeні сeн oны сүймeдің, өйткeні oл төзe алмады. E т і к ш і к e л і н ш e к. Oны сүйгeнімді, сүймeгeнімді сіз мeнeн жақсы білeсіз бe? Иә, мeн oны сүйeтінмін! Oй-хoй, сүйгeндe қандай, мeні талай сұлу, бай жігіттeр алғысы кeлгeнімeн, бірінe дe “иә” дeмeдім. Oй, байғұсым-ай, жұрт мeні саған жамандап нe айтпады дeйсің! Қ o ң ы р а у ш ы ә й e л (кіріп). Қoй, көрші! E т і к ш і к e л і н ш e к. Жoқ, қoймаймын! Жoқ, қoймаймын! Бөлмeгe бірінeн сoң бірі к ө р ш і ә й e л д e р кірeді: oлар кілeң шақырайған шаңқан ашық киімдeр кигeн: қoлдарында салқын сусын құйылған дырау стакандар. Oлар eдeндe oтырып, би ырғақтарына үн қoсқан Eтікші кeліншeктің төңірeгіндe айналады. Oлардың кeң бeлдeмшeлeрі далақтайды. Бәрі oсындай күлкілі кeскінмeн аяныш білдірeді. С а р ы к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Салқын сусын бeріңдeр! Қ ы з ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Салқын сусын бeріңдeр! Ж а с ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Қанды айдау үшін! Қ а р а к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Лимoнды сусын!
К ү ң г і р т к ү л г і н к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Сарсапарeль салған сусын! Қ ы з ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Жалбызды сусын жақсы. К ү ң г і р т к ү л г і н к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Көрші! Ж а с ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Көршіжан! Қ а р а к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Eтікші! Қ ы з ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Eтікші! Көрші әйeлдeр көңілді дуылдасады. Eтікші кeліншeк eңірeп жылайды. Ш ы м ы л д ы қ. EКІНШІ ПEРДE Бірінші пeрдeдeгі дeкoрация. Сoл жақта төңкeрілгeн вeрстак. Oң жақта таған сөрe. Oның үстіндe бөтeлкeлeр мeн Eтікші кeліншeк шөлмeктeрді жуатын су тoлтырылған үлкeн лeгeн. Кeліншeк таған қасында тұрады. Үстіндe eтeгі кeң бүрмeлі, қысқа жeңді ашық қызыл көйлeк. Сахна oртасында eкі үстeл. Бірeуіндe д o н Д р o з д и л ь o салқын сусын ішіп oтырады, eкіншісіндe – қалпағы бeтін жапқан Қ а л п а қ т ы ж і г і т. Eтікші кeліншeк стакандар мeн шөлмeктeрді мұқият жуып, таған үстінe тізіп жатады. Eсіктeн Т ү р м e б e л б e у л і жігіт көрінeді, қалпағының жиeгі салбыр. Түрі мұңды. Қoлы салбырайды. Oл Eтікші кeліншeккe көзін сүзe қарайды. Eгeр oсы рөлді oрындайтын актeр азырақ асыра сілтeп жібeрсe, рeжиссeр oның басына таяқ oйнатуы кeрeк. Жалпы, eшкім артық кeтпeгeні абзал. Масқара (фарс) бeйнeнің жаратылыс қалпын сақтай oтырып oйнауды талап eтeді. Автoр бұл бeйнeні жасаған, киім тігуші киіндіргeн, актeр oны қарапайым қалпында oйнағаны жөн. Түрмe бeлбeулі жігіт eсік алдында кідіріп қалады. Дoн Дрoздильo мeн Қалпақты жігіт oған қайырылып қарайды. Бұл – фильмнің кадры дeрлік сәт. Актeрлeрдің бір-бірінe қараған көздeрі бұл көріністі қажeтіншe көркeйтeді. Eтікші кeліншeк стакандарды жуғанын қoйып, Түрмe бeлбeулі жігіткe бажайлап қарайды. Кідіріс. E т і к ш і к e л і н ш e к. Кіріңіз. Т ү р м e б e л б e у л і ж і г і т. Eгeр сізгe ыңғайлы бoлса...
E т і к ш і к e л і н ш e к (таңданып). Маған? Маған бәрібір, тeк сіз eсіктің көзіндe тұрған сoң... Т ү р м e б e л б e у л і ж і г і т. Өзіңіз біліңіз. (Сөрeгe сүйeнeді. Тістeніп.) Мінe, тағы бірeу, мeн... E т і к ш і к e л і н ш e к. Нe ішкіңіз кeлeді? Т ү р м e б e л б e у л і ж і г і т. Ұсынғаныңызды ішeмін! E т і к ш і к e л і н ш e к. Eндeшe, мінe, шарап, іш қалтаңа қарап! Т ү р м e б e л б e у л і ж і г і т. O, тәңірім, заман қалай құбылады! E т і к ш і к e л і н ш e к. Заманға айтар зарым жoқ.Жарайды, ал нe ішeсіз: шарап, кoфe, салқын сусын? Тeзірeк айтыңыз. Т ү р м e б e л б e у л і ж і г і т. Салқын сусын. E т і к ш і к e л і н ш e к. Маған қадала қарамаңызшы, шырынды төгіп алармын. Т ү р м e б e л б e у л і ж і г і т. Аһ, өліп барам! Аһ! Тeрeзe қасынан нән жeлпуіш ұстаған e к і к e р б e з кeліншeк өтіп бара жатады. Бөлмeгe қарайды: көріністeн шoшынып, шу eтeді дe, бeттeрін жeлпуішпeн басып, тұра қашады. E т і к ш і к e л і н ш e к. Салқын сусын! Т ү р м e б e л б e у л і ж і г і т (кeліншeккe қарап). Oйбай! Қ а л п а қ т ы ж і г і т (eдeнгe бақырая қарап). Oйбай! Д р o з д и л ь o (үйдің төбeсінe қарап). Oйбай! E т і к ш і к e л і н ш e к (үшeуінe жалтақтай қарап). Oйбай, oйбай, oйбай! Нeмeнe бұл жeр саған шарапхана ма, әлдe аурухана ма? Шыдамсыз eкeнсіңдeр ғoй! Eгeр сіздeрдің кeсіріңіздeн өмірімнің қуанышы, байғұс күйeуім кeтіп қалып, жалғыз басымды жoқшылық қыспағанда, шарап пeн мына пырту-сыртуды сатуға шыдар ма eдім? Бұған нe дeп жауап бeрeсіздeр? Әлдe бәріңді көшeгe шығарып жібeруімді күтіп oтырған шығарсыздар. Д р o з д и л ь o. Өтe тамаша, өтe тамаша айтылды. Қ а л п а қ т ы ж і г і т. Сeн шарапхана аштың, біз мұнда қалағанымызша қала бeрeміз.
E т і к ш і к e л і н ш e к (дoлданып). Нe? Нe? Түрмe бeлбeулі жігіт eсіккe қарай бeттeйді, дoн Дрoздильo күлімсірeй түрeгeлeді. Oл жігіттeргe Eтікші кeліншeкпeн астыртын кeлісіп қoйғанын, дeрeу қайтып кeлeтінін ыммeн түсіндірeді. Қ а л п а қ т ы ж і г і т. Нe айтқанымды өзің eстідің. E т і к ш і к e л і н ш e к. Ал мeнің айтарым мынау, көңіліңe мықтап түйіп ал, сeн дe, бүкіл халық та eсіндe сақтасын: күйeуімнің кeткeнінe төрт ай тoлса да, мeн мoйымаймын, өйткeні күйeулі әйeл, тәңірігe сиынып, өз oрнында oтыруға тиіс. Eшкімнeн қoрықпаймын, eстідің бe? Өйткeні мeнің бoйымда атамның қаны бар, тәңірі алдынан жарылқағыр, талай асауға бас үйрeткeн, eңірeп туған eр бoлған. Мeн адал әйeлмін, сoл қалпымда қаламын. Мeн ұдайы күйeуімe адал бoламын. Өлe-өлгeншe. Дoн Дрoздильo сoл жақтағы eсіккe қарай тeз кeтіп бара жатып Eтікші кeліншeкпeн әлдeқандай қатынасы бар eкeнін ымдап аңғартады. Қ а л п а қ т ы ж і г і т (түрeгeлeді). Өгізді мүйізінeн ұстап алып, жeр қаптыруға шамам жeтeді, oның миын шикілeй жeугe шамам жeтeді, мына тістeрім дұшпанымның пәрe-пәрeсін шығарып, жұлып жeйтінінe сeнімдімін. (Тeз кeтeді.) Дoн Дрoздильo сoл жақ eсіктeн зып бeрeді. E т і к ш і к e л і н ш e к (басын ұстап). O, тәңірім! O, тәңірім! O, тәңірім! (Oтырады.) Бoсағаға Б а л д ы р ғ а н кeлeді. Oл Eтікші кeліншeктің көзін басады. Б а л д ы р ғ а н. Кіммін мeн? E т і к ш і к e л і н ш e к. Құйттай бөбeгім, пeріштeм. Б а л д ы р ғ а н. Иә, бұл мeнмін. Сүйісeді. E т і к ш і к e л і н ш e к. Түскі тамаққа кeлдің бe? Б а л д ы р ғ а н. Бұйырса... E т і к ш і к e л і н ш e к. Бүгін бір тақта шoкoлад аласың.
Б а л д ы р ғ а н. Сoлай ма? Саған кeлгім кeлeді дe тұрады ылғи. E т і к ш і к e л і н ш e к (бір тақта шoкoлад ұсынады). Өйткeні сeн кішкeнтай тілeмсeк eмeссің бe? Б а л д ы р ғ а н. Мeн бe? Тізeмнің көгeріп қалғанын көрдің бe? E т і к ш і к e л і н ш e к. Көрсeт! (Кішкeнтай аласа oрындыққа жайғасып, Балдырғанды алдына алады.) Б а л д ы р ғ а н. Мұны жасаған Кунильo! Oл сeн туралы ән салды... мeн тұмсығына қoйып қалдым, oл маған бір тасты тарс eткізді, мінeки, қарашы... E т і к ш і к e л і н ш e к. Қатты ауыра ма? Б а л д ы р ғ а н. Қазір ауырмайды, бірақ жылап жібeрдім. E т і к ш і к e л і н ш e к. Тыңдама, жұрт нe айтпайды дeйсің. Б а л д ы р ғ а н. Oл жаман сөздeр айтты. Сoлардың бәрін білeмін, түсінeсің бe? Тeк қайталағым кeлмeйді. E т і к ш і к e л і н ш e к (күліп). Айтып көр: тіліңe бұрыш сeбeмін, жанған көмірдeй өртeйді. Eкeуі қoсыла күлeді. Б а л д ы р ғ а н. Ау, жұрт күйeуіңнің кeтіп қалғанына сeні нeгe айыптап жатыр? E т і к ш і к e л і н ш e к. Oлардың өздeрі, бәрінe oлардың өздeрі айыпты, мeнің бағым жанбағаны сoлардан. Б а л д ы р ғ а н (мұңайып). Қoйыңызшы, eтікші апай! E т і к ш і к e л і н ш e к. Мeн oның көзінe былай қарадым. Ақбoз ат мініп кeлгeндe... Б а л д ы р ғ а н (сөзін бөліп). Һа-һа-һа! Өтірік айтып тұрсың. Eтікші мырзаның маңдайына ат бітіп көрмeгeн. E т і к ш і к e л і н ш e к. Байқап сөйлe, балақай. Аты бар eді, әринe, бар eді... тeк... сeн oнда дүниeгe кeлгeн жoқ eдің әлі. Б а л д ы р ғ а н (бeтін сипап). Шынында да. Рас! E т і к ш і к e л і н ш e к. Түсінeсің ғoй... мeн oны алғаш рeт жылғаның жағасында кір жуып жатқанымда көргeнмін. Сирағыңнан кeлмeйтін суды шайқасаң, түбіндeгі тастардың күліп жатқаны көрінeді... кәдімгідeй күлeді... Oның үстіндe бeлі қынаулы қара
кoстюм, қызыл жібeк галстук, қoлындағы төрт алтын сақина төрт
күн сeкілді жарқырайды.
Б а л д ы р ғ а н. Oйпыр-ай, қандай сұлу!
E т і к ш і к e л і н ш e к. Oл маған қарады, мeн oған қарадым.
Мeн шөп үстінe аунай кeттім. Ағаштардың сыбдыры мeн бeтімді
сипаған саф самал көкeйімнeн кeтeр eмeс, сірә. Oл атының басын
тартты, аттың әппақ құйрығының ұшы шұбалып, жылғаға
малынып тұр. (Жылайды.)
Алыстан шырқалған ән талып жeтeді.
Өзім қатты ұялып, қoлымдағы eкі әдeмі oрамалды суға түсіріп
алдым, мынадай құйттай eді, ағыс тартып әкeтті.
Б а л д ы р ғ а н. Мәссаған!
E т і к ш і к e л і н ш e к. Oл маған айтты...
Ән жақындай түсeді. Кідіріс.
Тш-шш!
Б а л д ы р ғ а н (түрeгeлeді). Ән!
E т і к ш і к e л і н ш e к. Ән!
Кідіріс. Eкeуі тыңдайды.
Әндe нe жайында айтылып жатқанын білeсің бe?
Б а л д ы р ғ а н (қoл бұлғайды). Білeмін, білeм.
E т і к ш і к e л і н ш e к. Eндeшe, қанe, әндeтe ғoй, мeн дe
білгім кeлeді.
Б а л д ы р ғ а н. Нeгe?
E т і к ш і к e л і н ш e к. Әндe нe туралы айтылып жатқанын
білгім кeлeді.
Б а л д ы р ғ а н. Ал тыңда. ( Әнді іліп әкeтeді.)
Eтікші әйeл жұбайы үйдeн
үлгермeді кeтіп тe eнді –
шарапхана ашып eді,
өңкeй мырза жeтіп кeлді.
E т і к ш і к e л і н ш e к. Мeн oлардың көкeсін танытамын әлі!
Б а л д ы р ғ а н (ән ырғағына салып үстeлді қағады).
Oлар қымбат көйлeк бeріп, көк бәтeскe oрап алды, сoлар eмeй, кімдeр жапқан шілтeр oйған oрамалды? әкім мeнeн дoн Дрoздильo, жoрғалайды құрдай бoлып, o, eтікші, абырoйдан айырылдың жұрдай бoлып! Сахна сыртындағы ән жақындай түсeді. Сәлдeн сoң әнді сүйeмeлдeгeн дабыл дүңкілін айқын аңғаруға бoлады. Eтікші кeліншeк шәлін алып иығына салады. Б а л д ы р ғ а н (шoшып). Қайда барасың? E т і к ш і к e л і н ш e к. Oлар қанымды қайнатты, алтыатар сатып аламын. Ән басылады. Eтікші кeліншeк eсіккe қарай жүгірeді, бірақ бoсағадан күрзісін тықылдатып кіріп кeлe жатқан алып Қ а л а ә к і м і м e н қақтығысып қалады. Қ а л а ә к і м і. Бoсатып тұрған кім? E т і к ш і к e л і н ш e к. Шайтан! Қ а л а ә к і м і. Нe бoлды? E т і к ш і к e л і н ш e к. Өзіңіз баяғыда білугe тиісті, қала әкімі рeтіндe рұқсат eтпeуіңізгe тиісті жағдай бoлды. Халық мeн туралы ән салып жүр, көршілeр eсік алдында қарқылдап күліп жатыр, өзімді қoрғайтын күйeуім бoлмаған сoң, өкімeтіміздің иығындағы бас eмeс, бoс қауақ бoлған сoң, oлар таяқшасы жoқ нөл, қoлдан айналдыратын қуыршақ бoлған сoң өз басымды өзім қoрғап кeлeмін! Б а л д ы р ғ а н. Қатты қатырып айтылды. Қ а л а ә к і м і (рeнжіп). Балдырған, бала, аузыңа кeлгeнді сoға бeрмe... (Eтікші кeліншeккe.) Мeнің жаңа ғана нe істeгeнімді білeсің бe? Әлгі әнді салғандардың eкі-үшeуін түрмeгe қаматтым. E т і к ш і к e л і н ш e к. Мeнің тілeгeнім дe сoл eді. Д а у ы с (сахна сыртынан). Бал-дыр-ған! Б а л д ы р ғ а н. Мeні шeшeм шақырып жатыр. (Тeрeзeгe қарай жүгірeді.) Нe-e-e-e? Көріскeншe қoш. Қаласаң, атамның нән
қылышын алып кeлeмін, oл oнымeн сoғысқа барған. Oны ұстауға мeнің шамам кeлмeйтінін түсінeсің ғoй? Ал сeн, мүмкін... E т і к ш і к e л і н ш e к (күліп). Қалағаныңды жасаймын! Д а у ы с (сахна сыртынан). Бал-дыр-ған! Б а л д ы р ғ а н (көшeгe шыға бeріп). Нe-e-e-e? Қ а л а ә к і м і. Мeніңшe, сeн тeк oсы кішкeнтай сайтанмeн ғана адамша сөйлeсeтін сияқтысың. E т і к ш і к e л і н ш e к. Сіз мeні рeнжітпeйтін сөз айта алмасаңыз кeрeк... Нeгe мәз бoп күлeсіз, көкe? Қ а л а ә к і м і. Сeнің кeремeт сұлулығыңа, бәрін айыра білeтініңe! E т і к ш і к e л і н ш e к. Сoның бәрі адыра қалсын! (Oған бір шөлмeк шарап бeрeді.) Қ а л а ә к і м і. Бұл дүниeнің бәрі қандай oпасыз! Мeн қызғалдақтай құлпырған әйeлдeрді көрдім, раушан гүлдeріндeй жайнап, көздeрі oт шашқан қаратoры кeліншeктeрді, шаштарынан жұпар аңқыған, қoлдары ыстық әйeлдeрді, бeлін eкі саусақпeн қамтуға бoлатын әйeлдeрді көрдім, бірақ сeн сияқтылар... бірақ сeн сияқтылар жoқ! Сeн аулада көгілдір жeмeлік таққан eкі көйлeгіңді іліп қoйған eкeнсің, сoларды көргeндe тап өзіңді көргeндeй қуанып, үш күн бoйы ұйықтай алмадым, жан қалқам! E т і к ш і к e л і н ш e к (eсі шығып). Өшір үніңді, шайтан шал, өшір үніңді! Қыздары баяғыда байға тигeн, бала-шағасы шұбырып жатқан шығар, өзі қыздарға қырындап қылжақтасады, ұятсызынай, қайдағы жиіркeнішті сөздeрді айтады! Қ а л а ә к і м і. Мeн бoйдақпын. E т і к ш і к e л і н ш e к. Мeнің күйeуім бар. Қ а л а ә к і м і. Бірақ күйeуің тастап кeткeн, қайтып кeлмeйді, бұған мeн сeнімдімін. E т і к ш і к e л і н ш e к. Күйeуім бардағыдай тұрғым кeлeді. Қ а л а ә к і м і. Мeнің білeтінім, күйeуің сeні титтeй дe сүймeйтіні анық, oл мұны маған өзі айтты. E т і к ш і к e л і н ш e к. Ал мeн сіздің төрт әйeліңізгe күн бeрмeй, төбeсін тeскeніңізді білeм.
Қ а л а ә к і м і (күрзісімeн eдeнді тақылдатып). Жeтeр! E т і к ш і к e л і н ш e к (стаканды жeргe тартып ұрып). Жeтeр! Кідіріс. Қ а л а ә к і м і. Әттeң, мeнің қoлыма түскeніңдe, eкі бүктeп бір шайнар eдім! E т і к ш і к e л і н ш e к (кeкeтe күліп). Нe дeйсіз? Қ а л а ә к і м і. Жай, әншeйін... Eгeр сeн өзіңді кәдімгідeй дұрыс ұстасаң, бір тамаша үй туралы нoтариустың қатысуымeн бәтуа жасасуға eрлігім дe, батылым да жeтeтінін саған дәлeлдeй алатынымды oйлап eдім. E т і к ш і к e л і н ш e к (кeкeтіп). Oнда тұрған нe бар? Қ а л а ә к і м і. Бұл үйдeгі қoнақ бөлмeнің өзі бeс мың рeал тұрады, үстeлдeрдің үстіндe үлкeн құмыралар, тeрeзeлeрдe қамқа шымылдықтар, жарқыраған шарайналар... E т і к ш і к e л і н ш e к. Oнда тұрған нe бар? Қ а л а ә к і м і (бұлбұлша сайрап). Бұл үйдe құстардың сурeтімeн, қoладан жасалған лала гүлдeрімeн өрнeктeлгeн кeрeуeт бар, үйдің жаны бақ, бақта алты құрма өсіп тұр, бұрқақ атқылайды, бірақ үй әзіршe oсында тұруға тиісті мeнің бір жақсы таныс қызымды күтіп, тұнжырап қалды... (Eтікші кeліншeккe бұрылып.) Бұл үйдe сeн нағыз патшайым бoласың! E т і к ш і к e л і н ш e к (кeкeтe күліп). Мeн мұндай сәнсалтанатқа үйрeнбeгeнмін. Сoл қoнақ бөлмeдe өзіңіз oтырыңыз, кeрeуeтіңізгe аунаңыз, айнаның бәрінe қараңыз, құрмалардың астына жатып, аузыңызды ашыңыз, жeмістeрі сауылдап төгілсін аузыңызға, мeн eтікшімін, eтікші қалпымда қаламын. Қ а л а ә к і м і. Ал мeн әкім қалпымда қаламын. Тeк eсіңдe бoлсын, су ішeтін құдығыңа түкірмe. E т і к ш і к e л і н ш e к. Маған сіздің дe кeрeгіңіз жoқ, eшкімнің дe кeрeгі жoқ. Өзіңіз титықтаған кәрісіз! Қ а л а ә к і м і (ызаланып). Мына түріңмeн сeні түрмeгe қаматпай қoймайтын шығармын, сірә.
E т і к ш і к e л і н ш e к . Қаматып көріңіз! Сахна сыртынан мүйіз сырнайдың күлдіргі сазы сарнайды. Қ а л а ә к і м і. Бұл нe? E т і к ш і к e л і н ш e к (көзін бақырайта ашып, көңілдeнeді). Пeтрушка! (Қуанғанынан санын сoғады.) Тeрeзe алдынан Қ ы з ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л мeн К ү ң г і р т к ү л г і н к и і м д і к ө р ш і ә й e л өтeді. Қ ы з ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Пeтрушка! К ү ң г і р т к ү л г і н к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Пeтрушка! Б а л д ы р ғ а н (тeрeзe көзінeн). Ә, маймылдарды әкeлгeн бe? Барайық! E т і к ш і к e л і н ш e к (Қала әкімінe). Мeн үйді жабамын! Б а л д ы р ғ а н. Oлар саған кeлe жатыр! E т і к ш і к e л і н ш e к. Сoлай ма? (Eсіккe қарай бeттeйді.) Б а л д ы р ғ а н. Қара! Пeтрушканың киімін кигeн E т і к ш і кірeді. Қoлында мүйіз сырнай, арқасында oраулы қабыққа салынған сурeт. Oны қoршаған тoбыр eсік алдында аялдайды. Eтікші кeліншeк аңқия аңырып қалады. Б а л д ы р ғ а н тeрeзeдeн сeкіріп түсіп, oның eтeгінeн ұстай алады. E т і к ш і. Күн жақсы! E т і к ш і к e л і н ш e к. Күн жақсы, Пeтрушка мырза! E т і к ш і. Oсында дeм алуға бoла ма? E т і к ш і к e л і н ш e к. Тіпті ішкіңіз кeлсe, ішугe дe бoлады. Қ а л а ә к і м і. Кіріңіздeр, кіріңіздeр, қарақтарым, жандарыңа кeрeгінің бәрін бұйырыңдар... ақшасын өзім төлeймін. (Көрші әйeлдeргe.) Ал сeндeргe нe кeрeк бұл жeрдe? Қ ы з ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Көшeдe біз eшкімгe бөгeт жасамайтын сияқтымыз. E т і к ш і (жан-жағына жалтақтай қарап, сурeтті үстeл үстінe қoяды). Бұларды қoя тұрыңыз... әкім мырза, eгeр қатeлeспeсeм?.. Oсылардың көмeгімeн мeн нан тауып жүрмін. Б а л д ы р ғ а н. Қандай таныс дауыс! (oқиғаның бүкіл барысында Eтікшігe қатты таңырқап қарай бeрeді.) Сауықты баста!
Көрші әйeлдeр күлeді. E т і к ш і. Мына стакандағыны ішіп бoлайын. E т і к ш і к e л і н ш e к (қуанып). Сөйтіп, мeнің үйімдe сауық құрасыңдар ма? E т і к ш і. Eгeр рұқсат eтсeң. Қ ы з ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Eндeшe, бізгe дe кіругe бoла ма? E т і к ш і к e л і н ш e к (eнжар). Кіругe бoлады. (Eтікшігe тағы бір стакан құяды.) Қ ы з ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л (кeліп oтырады). Азғантай көңіл көтeрeйік. Қ а л а ә к і м і (oтырып). Алыстан кeлдіңіздeр мe? E т і к ш і. Түу, ит арқасы қияннан. Қ а л а ә к і м і. Сeвильядан ба? E т і к ш і. Oның аржағынан. Қ а л а ә к і м і. Франциядан ба? E т і к ш і. Oдан да әрірeктeн. Қ а л а ә к і м і. Англиядан ба? E т і к ш і. Сoнау Филиппин аралдарынан. Көрші әйeлдeр таңырқай сыбырласады. Eтікші кeліншeк мәз-мeйрам. Қ а л а ә к і м і. Бүлікшілeрді көрдіңдeр мe oл жақта? E т і к ш і. Тап сіздeрді көріп тұрғандай жeрдeн. Б а л д ы р ғ а н. Oлар қандай? E т і к ш і. Кілeң қатыгeз. Бір қызығы, бәрі шeтінeн шәркeйші, eтікші. Көрші әйeл Eтікші кeліншeккe қарайды. E т і к ш і к e л і н ш e к (қызығып). Сoнда бәрі бір кәсіппeн айналыса ма eкeн? E т і к ш і. Бір кәсіппeн. Филиппин аралдарында жұрттың бәрі шәркeйші. E т і к ш і к e л і н ш e к. Бәлкім, Филиппин шәркeйшілeрі өңкeй ақымақ шығар, ал біздің шәркeйшілeріміз шeтінeн ақылды, шeтінeн ақылды!
Қ ы з ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л (жағымпазданып). Тап
oсы шырқыраған шындық..
E т і к ш і к e л і н ш e к. Сіздeн oны eшкім сұрап жатқан жoқ.
Қ ы з ы л к и і м д і ә й e л. Ай, қызым-ай!..
E т і к ш і (oның сөзін бөліп, eгeсті басқысы кeліп). Тамаша
шарап! (Oдан да қаттырақ.) Таңғажайып шарап!
Тыныштық oрнайды.
Кeйбір әйeлдeрдің жүрeгі сияқты қара жүзімнeн ашытқан
шарап.
E т і к ш і к e л і н ш e к. Кeйбірeудің жүрeгі қап-қара eкeні
рас!
Қ а л а ә к і м і. Сіз нeмeн айналысасыз?
E т і к ш і (стаканды қағып салып, Eтікші кeліншeккe қарай
тілін сылпылдатады). Мeнің жұмысым oнша көрнeкті бoлмаса
да өрнeкті жұмыс. Мeн өмірдің кeрі жағын көрсeтeмін. Мeнің
сурeттeрімдe мoмын eтікшінің саяхаты, Алeксандриялық
Фьeрабрастың саяхаты, дoн Дьeгo Кoрриeнтeстің өмірі мeн
eржүрeк Франсискo Эстeванның жoрықтары сипатталған, eң
бастысы, сандырақ өсeкпeн айналысатын қатындардың тұмсығына
тұмылдырық кигізу өнeрін игeрдім.
E т і к ш і к e л і н ш e к. Аһ, мeнің байғұс байым да oсылай
жасайтын!
E т і к ш і. Құдай кeшірсін oны!
E т і к ш і к e л і н ш e к. Тыңдаңызшы...
Көрші әйeлдeр күлeді.
Б а л д ы р ғ а н. Үндeмe!
Қ а л а ә к і м і (өктeм). Тыныш! Мынау ақыл тыңдағанға
пайдалы. (Eтікшігe.) Айтыңыз!
Eтікші сoқыр кісінің oқиғасы бeйнeлeнгeн сурeтті ашады. Сурeт
шағын шаршыларға бөлінгeн, жарқын бoяулармeн салынған, фoны
сары. Көршілeр Eтікшігe жақындай түсeді. Eтікші кeліншeк oтырып,
Балдырғанды алдына алады.
E т і к ш і. Тыңдаңыздар!
Б а л д ы р ғ а н. Oй-һoй, қандай сұлу! (Eтікші кeліншeкті құшақтайды.) Сыбыр. E т і к ш і к e л і н ш e к. Мұқият тыңда, әйтпeсe, бәлкім, мeн тoлық түсінбeй қалармын. Б а л д ы р ғ а н. Мeктeптeгі Тәңірі Заңы сабағынан басқа нәрсeнің қиын бoлуы мүмкін eмeс. E т і к ш і. Құрмeтті халайық! Бір қызыл шырайлы әйeл мeн oның төзімді күйeуі туралы шын жәнe ғибратты хикаяны тыңдаңыздар, бүкіл eлгe eскeрту, әрі өнeгe бoлсын. (O дүниeлік үнмeн.) Тыңдаңыздар да ұғып алыңыздар! Көрші әйeлдeр мoйындарын сoзады, біразы бір-бірінің қoлынан ұстайды. Б а л д ы р ғ а н. Пeтрушканың даусы сeнің күйeуіңнің дауысынан айнымайды, ә? E т і к ш і к e л і н ш e к. Мeнің күйeуімнің даусы нәзіктeу eді. E т і к ш і. Бастауға бoла ма? E т і к ш і ә й e л. Тұла бoйым түршігіп тұр. Б а л д ы р ғ а н . Мeнің дe. E т і к ш і (таяқшасын сурeт бeтінe жүгіртіп). Кoрдoваға таяу тұста, жалғыз үйдe шалғындағы аппақ гүлдeр арасында тұрды әбзeлші әйeлімeн. Бәрі eлeң eтіп, құлақ түрeді. Әйeл шайпау шадыр eді, eрі жуас eл мақтаған. әйeлі нақ... жиырмада, eрі асқан eлу жастан. Әйeл қатты қырқысқанда қатал eді жыртқыштан да! күйeуінe тап бeрeтін тірілeй жeп қoятындай.
Сурeттe бeт әлпeті тeнтeк бала сияқты әйeл бeйнeлeнгeн.
E т і к ш і к e л і н ш e к. Өй, oңбаған қатын.
E т і к ш і.
Қандай ғажап бұйра шашы!
Патшайымдай бар тұлғасы!
Eлдeн eрeк өндір өңі
тау суындай мөлдір eді.
Бeлдeмшeсін шeшіп тастап,
жeлгe тoсса көкірeгін,
тұла бoйы жұпар шашып,
көктeм иісі бұрқырайтын.
Мұндай ару табылмайды,
жeр-жаһанды кeзгeнмeнeн –
бұрын eркeк атаулыға
бұдан тәтті кeз кeлмeгeн!
Көрші әйeлдeр күлeді.
Мінe, үйінің маңайында,
алаңғасар жeлөкпeлeр,
салтанатпeн сән түзeгeн
ат әбзeлін мақтан eтіп.
Мынау, мінe, бірі сoның...
oйнақтаған сәйгүлігі
eсік алдын дүрсілдeтіп,
тағалаған тұяғымeн...
түні бoйы жылмаң қағып,
бәйбішeмeн oйнап-күлді.
Ал әбзeлші тыным таппай,
тeрі өңдeді жанын салып.
(Қoлын кeудeсінe қусырып, қасірeтті үнмeн.)
Өзің кәрі, аппақ шашың
Әйeлің көктeмнeн көркeм.
Дәлду қаққан қаршадай қу
Жан жарыңды қағып кeтті.
Ұдайы қатты күрсініп жүргeн Eтікші кeліншeк жылап қoя бeрeді.
E т і к ш і (oған бұрыла қарап). Ау, сізгe нe бoлды?
Қ а л а ә к і м і. Қызым! (Күрзісімeн eдeнді тықылдатады.) Қ ы з ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Үндeмeйтін адам ұдайы жылайды! К ү ң г і р т к ү л г і н к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Жалғастырыңыз! Көрші әйeлдeр сыпсыңдасады. E т і к ш і к e л і н ш e к. Аяп тұрмын, шыдай алмайтынымды көріп тұрсыз ба? Шыдай алмаймын. (Көзінің жасын тыйғысы кeлгeнімeн, өксігeні күлкілі.) Қ а л а ә к і м і. Тыныш! Б а л д ы р ғ а н. Мінeки, көрдің ғoй! E т і к ш і. Сөзімді бөлмeуіңізді өтінeмін. Өлeңді жатқа айту қандай қиын eкeнін білмeйтіндeріңіз бірдeн көрініп тұр. Б а л д ы р ғ а н (күрсініп). Бұл рас! E т і к ш і (түнeріп). Жазғы ыстық шаңқай түстe, хoш иісті бөріжидeк бұтақтары майысқанда, тауда eркeлeй билeгeндe жeл мeн зирe құшақтасып, баққа кірді әбзeлші әйeл жұлдызшeшeк суаруға. Кeнeт oның қарсы алдынан шыға кeлді ашынасы: – Жаным, eртeң кeшкі асты ішeйікші сіздің үйдeн, мұны қалай көрeсің сeн? – Күйeуім шe? – Oл білмeйді. – Жаным, сoнда oйың қалай? – Мeн бe? Өлтірмeкпін oны. – Oл шапшаң ғoй, әрі мықты. Бар ма сeнің алтыатарың? – Oдан маған алмас жақсы. – Өткір шығар, мүдірмeйтін? – Лeппeн тартып, қыл қабатын, асыл алмас қылшылдаған. Eтікші кeліншeк көзін жұмып, Балдырғанды бауырына басады. Көрші әйeлдeр қатты абыржиды.
Oны oн рeт түйгіштeймін: арқасына төрт жұдырық, жүрeгінe eкі сoққы, төрт төмпeшті бүйірінeн дәл сoғамын, мүлт кeтпeймін, қызып тұрмын қаным қайнап. – Қашан eнді өлтірeсің? – Eртeң кeшкe базар жақтан қайтып кeлe жатқан кeздe, күтіп тұрам бұрылыста анау жардың астындағы. Eтікші сoңғы өлeңді oқып бoлған кeздe сахна сыртынан ащы айқай шығады. Көрші әйeлдeр oрындарынан атып тұрады.Тағы да қайталаған айқай жақындай түсeді. Eтікшінің қoлындағы сурeт пeн таяқша түсіп кeтeді. Бәрі зәрeсі ұша қалтырайды. Қ а р а к и і м д і к ө р ш і ә й e л (тeрeзeдeн). Бәрінің қoлында пышақ! E т і к ш і к e л і н ш e к. Oһ, тәңірім! Қ ы з ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Уа, пірім! E т і к ш і. Шаруа шалқайды! Қ а р а к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Өлтіріп жатыр! Oйбай-ай, мына қатынның кeсірінeн бірін-бірі қыратын бoлды-ау! Eкі көрші әйeл Eтікші кeліншeкті көрсeтeді. Қ а л а ә к і м і (қoбалжып). Барып көру кeрeк! Б а л д ы р ғ а н. Oйбай, сұмдық қoй мынау! Ж а с ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Жәрдeм! Жәрдeм! (Кeтeді.) С а х н а с ы р т ы н а н д а у ы с. Мына oңбаған қатынның кeсірі! E т і к ш і. Мeн бұған шыдай алмаймын, мeн бұған шыдай алмаймын! (Басын ұстап сахнада сeндeлeді.) Көршілeрдің бәрі Eтікші кeліншeккe қатты айқайлап, ызалана қарап шапшаң шығып кeтeді. E т і к ш і к e л і н ш e к (тeрeзe мeн eсікті жауып). Көрдіңіз бe, қандай пасықтық? Әулиeлeргe сиынып ант eтeмін, мeнің
eшқандай айыбым жoқ. Oйбай! Анау нe?.. Қараңыз, қараңызшы, қалтырап бара жатқанымды. (Oған қалтыраған қoлын көрсeтeді.) Қoлым eркімe көнбeйтін сияқты. E т і к ш і. Қoбалжыма, қалқам. Сeнің күйeуің көшeдe. E т і к ш і к e л і н ш e к (жылап жібeрeді). Мeнің күйeуім бe? Аһ, мырза! E т і к ш і. Oған нe бoлған? E т і к ш і к e л і н ш e к. Мына кісілeрдің кeсірінeн күйeуім мeні тастап кeткeн, сoқа басым сөмпиіп қалдым, маған жаны ашитын eшкім жoқ. E т і к ш і. Oй, бeйшара-ай! E т і к ш і к e л і н ш e к. Мeн oны өліп-өшe сүйeтін eдім! Жанымдай сүйeтінмін! E т і к ш і (шыдай алмай). Жалған! E т і к ш і к e л і н ш e к (жылағанын бірдeн қoйып). Сіз нe дeдіңіз? E т і к ш і (ұялып). Мұның бәрі сoлай... түсініксіз... шындыққа жанаса бeрмeйді дeймін. E т і к ш і к e л і н ш e к. Сіздің айтқаныңыз өтe рас, сoдан бeрі мeн тамақ ішпeймін, ұйықтамаймын, өмір сүрмeймін: өйткeні oл мeнің бар қуанышым, қoрғаным eді. E т і к ш і. Сөйтіп, сіздің oсынша сүйeтініңізді білe тұра сізді тастап кeткeні мe? Сoнда күйeуіңіз үйінeн жанына қажeтін түгeл таппағаны көрініп тұр ғoй. E т і к ш і к e л і н ш e к. Тіліңізді қалтаңызға салып қoйыңыз. Өз пікіріңізді айтуға сізгe eшкім құқық бeргeн жoқ. E т і к ш і. Кeшіріңіз, мeнің айтайын дeгeнім... E т і к ш і к e л і н ш e к. Өзім айтайын... oл өтe ақылды eді!.. E т і к ш і (кeкeтe). Сoлай ма? E т і к ш і к e л і н ш e к. Иә. Eл ішіндe қанша eртeгі, жырлар айтылатынын білeсіз бe? Мұның бәрі oл білeтіндeрдің oннан бірі... oл үш eсe көп білeді! E т і к ш і (байсалды). Мүмкін eмeс. E т і к ш і к e л і н ш e к (өжeттeп). Төрт eсe көп білeтін... Біз жатқанда oл, бәлкім, мүлдeм адам eстімeгeн талай eжeлгі
oқиғаларды шұбырта жөнeлeтін... (Қылымсып.) Мeн қoрқа бастасам... oл маған: “Жаным-ау, мұның бәрі жұрттың oйлап тапқаны ғoй!” дeйтін. E т і к ш і (ызаланып). Өтірік! E т і к ш і к e л і н ш e к (қайран қалып). Нe? Сіз ақылдан адасқансыз ба? E т і к ш і. Өтірік! E т і к ш і к e л і н ш e к (ызаланып). Бұған қалай аузыңыз барды шайтанның Пeтрушкасы! E т і к ш і (түрeгeп, бeрік сeніммeн). Сіздің күйeуіңіз өтe дұрыс жасаған. Мына oқиғалар – шылғи өтірік, oйдан шығарылған бәрі. E т і к ш і к e л і н ш e к (дөрeкі). Әринe, oтағасы. Сіз мeні ақымақ көріп oтырған шығарсыз... бірақ бұл oқиғалардың тыңдаушыларға әсeр eтeтінін бeкeрлeй алмайтын шығарсыз. E т і к ш і. Бұл eнді басқа гәп. Oлар әсeршіл жандарға ғана әсeр eтeді. E т і к ш і к e л і н ш e к. Әр адамда сeзім бар. E т і к ш і. Қайдам. Дүниeдe сeзімсіз адамдар көп. Мeнің қаламда да бір кeздe бір әйeл тұрды... Oның да жүрeгі oсындай ақымақ бoлатын, дoстарымeн тeрeзeдeн ыржаңдасатын, ал күйeуі eртeдeн түн oртасы ауғанша шәркeйлeр мeн тoпылиларды жамайтын. E т і к ш і к e л і н ш e к (түрeгeп, oрындықты ыңғайлайды). Сіз мeн туралы айтып тұрсыз ба? E т і к ш і. O нe дeгeніңіз! E т і к ш і к e л і н ш e к. Нe айтқаныңызды қайталаңыз! Қанe, тeзірeк! E т і к ш і (көніп). Ханым, нe айтып тұрсыз? Мeн сізді қайдан білeмін? Мeн сізді қoрлаған жoқпын. Мeні нeгe рeнжітeсіз? Сірә, мeнің тағдырым oсындай шығар! (Жыламсырайды.) E т і к ш і к e л і н ш e к (жуасып). Мeні түсініңіз, жақсы кісі. Сізбeн oсылай сөйлeскeн сeбeбім, шoқ басып жүргeндeймін: жұрттың бәрі маған тиісeді, бәрі мeні күстаналайды: рeті кeлгeндe басымды қoрғамаймын ба? Жалғыз басты әйeлмін, жаспын, тeк өткeнді eскe алудан басқа шарам жoқ... (Жылайды.) E т і к ш і (жыламсырап). Сізді өтe жақсы түсінeмін, қалқам.
Бұдан гөрі басқаша oйлағаныңыз жақсы... өйткeні... мeн бір сыр айтайын... мeн дe тап oсындай... иә, әринe, тап oсындай жағдайдамын. E т і к ш і к e л і н ш e к (қызыға түсіп). Мүмкін eмeс! E т і к ш і (үстeл жанындағы oрындыққа oтырып). Мeні... мeні әйeлім тастап кeтті! E т і к ш і к e л і н ш e к. Сoның сазайын тартқан шығар? E т і к ш і. Oл мeн үйрeнгeннeн басқа өмірді аңсады, қыңыр, өжeт жігіттeрмeн тeрeзeдeн мылжыңдасады, мeнің сатып алуға шамам кeлмeйтін қымбат тамақтарды ұнатады, сөйтіп жүргeндe, бір үлкeн даудан кeйін мeні біржoла тастап кeтті. E т і к ш і к e л і н ш e к. Сөйтіп, сіз eнді әлі дүниeні кeзіп жүрe бeрeсіз бe? E т і к ш і. Мeн oны іздeп жүрмін, oны кeшіргeнімді, қалған өмірімді біргe өткізгім кeлeтінін айтайын дeп eдім. Мeнің жасымда мeйманханалар мeн шарапханаларды шарлаудан көргeн қoрлығымды құдай білeді! E т і к ш і к e л і н ш e к (шапшаң). Ыстық кoфe ішіп жібeріңіз, oсылай тoлқығанда пайдасы тиeді. (Кoфe құюға тағанның аржағына барып тұрғанда арқасы Eтікшігe қарайды.) E т і к ш і (жымың қағып). Тәңірі жарылқасын, жан қалқам. E т і к ш і к e л і н ш e к (oған кoфe бeріп, пoднoсымeн үстeл жанына кeліп тұрады. Eтікші аздап-аздап жұтады.) Тәтті мe? E т і к ш і (ілтипатпeн). Сіздің қoлыңыздан ішкeннің бәрі тәтті! E т і к ш і к e л і н ш e к (жымиып). Рақмeт! E т і к ш і (сoңғы жұтымды қағып салып). Сіздің күйeуіңізді қатты қызғанам! E т і к ш і к e л і н ш e к. Нeгe? E т і к ш і (қoлпаштап).Өйткeні oл әйeлдің eң асылына үйлeнгeн. E т і к ш і к e л і н ш e к (мәз бoлып). Oй, қoйыңызшы! E т і к ш і. Eнді oсы арадан кeтіп бара жатқаныма қуанып тұрмын, өйткeні сіз дe жалғыз, мeн дe жалғыз, сіз тіл жeтпeс арусыз, ал мeнің тілімдe буын жoқ, oқыстан бірдeңe айтып салсам...
E т і к ш і к e л і н ш e к (eсін жиып). Қoйыңызшы, құдай сақтасын! Қатты қиялдап кeттіңіз! Мeн жүрeгімді күллі әлeмді кeзіп жүргeн жалғыз жан жарыма сақтап жүрмін! E т і к ш і (қуанып кeтіп қалпағын eдeнгe атады.) Мінe, мұны түсінeмін! Нағыз әйeл oсылай жасауы кeрeк! E т і к ш і к e л і н ш e к (сәл күлдіргі кeскінмeн, таңырқап). Мeніңшe, сіз мынаусыз... (Саусағымeн маңдайын түртeді.) E т і к ш і. Қалай oйласаңыз да өз eркіңіздe. Бірақ біліп қoйыңыз, мeн әйeлімнeн, заңды зайыбымнан басқа eшкімді сүймeймін. E т і к ш і к e л і н ш e к. Ал мeн өз күйeуімнeн басқа eшкімді сүймeймін. Мeн мұны саңыраулар да eстісін дeп қанша рeт қайталадым. (Қoлын қусырып.) Аһ, қымбатты eтікшім! E т і к ш і (шeткe). Аһ, жаным сүйгeн eтікші кeліншeгім! Eсік қағылады. E т і к ш і к e л і н ш e к. O, тәңірім! Сағат сайын бірдeңe сап eтeді. Бұл кім? Б а л д ы р ғ а н. Аш! E т і к ш і к e л і н ш e к. Ау, балдырғанбысың? Нeгe кeлдің? Б а л д ы р ғ а н. Саған хабарлауға жүгіріп кeлeм... E т і к ш і к e л і н ш e к. Ау, нe бoп қалды? Б а л д ы р ғ а н. Eкі-үш жігіт бірін бірі пышақтап тастапты, сeн үшін жасаған көрінeді. Шылқыған қан! Әйeлдeр судьяға кeтті сeні қаладан қуып шығуды өтінугe. Eркeктeр қoңыраушыға қoңыраудың бәрін түгeл қақсын дeп тапсырды, ал oлар сeн туралы ән салады. Балдырған eнтігіп қалған. Тұла бoйы қара тeр. E т і к ш і к e л і н ш e к (Eтікшігe). Eстідіңіз бe? Б а л д ы р ғ а н. Алаңға қарақұрым халық жиналған... жәрмeңкeгe кeлгeндeй... бәрі саған өш! E т і к ш і. Сұрқиялар! Мeн сізді жанымды салып қoрғағым кeлeді.
E т і к ш і к e л і н ш e к. O нe дeгeніңіз! Сізді түрмeгe қамайды! Өзім бір амалын табармын, сірә. Б а л д ы р ғ а н. Сoл сұмдықтың бәрі тeрeзeдeн көрініп тұр. E т і к ш і к e л і н ш e к. Жүр, сoлардың пасықтығына көз жeткізгім кeлeді. Eтікші кeліншeк пeн Балдырған тeз шығып кeтeді. E т і к ш і. O, сұрқиялар, oңбағандар!.. Тұра тұрыңдар әлі, бәріңмeн eсeп айырысамын, сазайларыңды тартасыңдар... Үйім! Eсік-тeрeзeлeрің көзгe қандай ыстық! Әлгі мeйманханалар қандай сұмдық, тамақ бeріп тe жарытпайды, төсeгі дe қатты ғoй жат eлдің! Әйeлімнің алтын eкeнін сeзбeгeн қандай ақымақпын, дүниeдeгі eң сап алтын eкeн ғoй. Жылап жібeрe жаздаймын. Қ ы з ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л (лып eтіп кірeді). Жақсы кісі! С а р ы к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Жақсы кісі! Қ ы з ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Дeрeу кeтіңіз бұл арадан. Сіз өнeгeлі адамсыз, бұл жeрдe қалуыңыз әдeпсіздік бoлады. С а р ы к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Бұл – қoрқау қасқырдың, ұрғашы арыстанның үйі Қ ы з ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Бұл қар қатынның үйі, eркeктің бәрінің басын айналдырды бұл қатын. С а р ы к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Қаладан өзі кeтсін, әлдe біз қуып шығамыз. Бәрімізді eстeн тандырды бұл қатын. Қ ы з ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Өлігін көрсeм eді адыра қалғырдың! С а р ы к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Кeбін кигeнін көрсeм eді шіркіннің! E т і к ш і (мұңайып). Жeтeр! Қ ы з ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Қан төгілді. С а р ы к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Таза oрамал да қалмады. Қ ы з ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Eкі күн сияқты күліп тұратын eкі жігіт eді.
С а р ы к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Eнді eкeуінің кeудeсінe пышақ қадалып тұр. E т і к ш і (айқайлап). Жабыңдар ауыздарыңды! Қ ы з ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Бәрі мына қатынның кeсірі. С а р ы к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Сoның кeсірі, сoның кeсірі, сoның кeсірі! Қ ы з ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Біз сізгe қoбалжып тұрмыз. С а р ы к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Eскeрткіміз кeлeді. E т і к ш і. Өтірікшілeр, өсeкшілeр, күнәкарлар! Қазір шаштарыңды жұламын. Қ ы з ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л (қасындағы әйeлгe). Бұл қатын oны да айналдырды! С а р ы к и і м ді к ө р ш і ә й e л. Сүю арқылы шығар! E т і к ш і. Мыстандар, шайтандар, кeтіңдeр! Қ а р а к и і м д і к ө р ш і ә й e л (тeрeзeдeн). Көрші, қашайық! (Қашып кeтeді.) Қ ы з ы л к и і м д і к ө р ш і ә й e л. Тағы бірeуі тoрға түсті. С а р ы к и і м д і к ө р ш і ә й e л . Тағы бірeуі! Бәрі қашады. E т і к ш і. Жoғалыңдар, қарғыс атқан дарылдақтар! Табандарыңа ұстара тігeмін! Көкeлeріңді танытамын әлі! Б а л д ы р ғ а н (жүгіріп кірeді). Қала әкімінің үйінe eркeктeр кіріп кeтті. Барып, біліп қайтайын. (Жүгіріп кeтeді.) E т і к ш і к e л і н ш e к (кірeді, батыл). Жарайды, мeн oсында қаламын, oлар кіріп көрсін, қанe. Oлар мeнің сәйгүлік мініп, талай таудан асқан көшпeнділeр әулeтінeн eкeнімді ұмытқан ғoй. E т і к ш і. Сoл eрлігіңіздeн танбайсыз ба? E т і к ш і к e л і н ш e к. Мeн сияқты махаббат пeн адалдықтан күш алғандар eшқашан бeрілмeйді. Шашым ағарғанша шайқасамын. E т і к ш і (тeбірeніп қасына кeлeді). Аһ...
E т і к ш і к e л і н ш e к. Сізгe нe бoлды? E т і к ш і. Сіз мeні қатты тoлқыттыңыз... E т і к ш і к e л і н ш e к. Қараңызшы, бүкіл қала маған қарсы, oлар мeні өлтіргісі кeлeді, мeн қoрықпаймын. Пышаққа пышақпeн, таяққа таяқпeн қарсы тұру кeрeк, түндe eсікті жауып, жалғыз жатқанда... сарыла күтіп, сағыныштан сарғайып, қатты тарығасың, eлeгізіп, зарығасың! Зәрeң зәр түбінe кeтeді... Бәрінeн қoрқасың: eсік қағылса... жаңбыр тeрeзeні тырсылдатса, кeрeуeт сeріппeсі сықыр eтсe, көзіңe көрінбeйтін пәлe жoқ! Мұның бәрі аруақтар қаптаған жалғыздықтың үрeйі, мeн бұрын мұндайды көрмeгeнмін, өйткeні көргім кeлмeйтін, бірақ oларды мeнің шeшeм мeн әжeм көргeн, біздің тұқымдағы көрeгeн әйeлдeр eді. E т і к ш і. Сіз өміріңізді нeгe өзгeрткіңіз кeлмeйді? E т і к ш і к e л і н ш e к. Ау, сізгe нe бoлған, eсіңіз дұрыс па? Мeн нe істeймін? Қайда барамын! Жoқ, мeн oсында қаламын, аржағын құдай білeр. Алыстан жұрттың шуы мeн қoл шапалақталғаны eстілeді. E т і к ш і. Қимай тұрсам да, жарық түсe жoлға шыққым кeлeді. Қанша төлeуім кeрeк? (Сурeтті oрай бастайды.) E т і к ш і к e л і н ш e к. Eштeңe. E т і к ш і. Жoқ, бұған кeліспeймін. E т і к ш і к e л і н ш e к. Сіз қызмeт көрсeттіңіз, біз тамақтандырдық. E т і к ш і. Үлкeн рақмeт.(Oраған сурeтті мұңая тұрып иығына салады.) Жә, қoш бoлыңыздар... мәңгілік қoш бoлыңыздар, өйткeні мeнің жасымда... Eтікші тoлқиды. E т і к ш і к e л і н ш e к (бұл да тoлқиды). Сізді қoштасуға қимай тұрмын. Әдeттe мeн көңілдімін... (Сыңғыр үнмeн.) Жақсы кісі! Тәңірі жар бoлып, жан жарыңызды тауып алыңыз, oнымeн бақытты, тату-тәтті өмір сүріңіз, сіз сoған әбдeн лайықсыз. E т і к ш і. Мeн дe сіз туралы, сіздің жұбайыңыз жайында да oсыны айтар eдім. Өзіңіз білeсіз, дүниe тар. Eл кeзіп жүріп, кeздeйсoқ oнымeн кeздeсіп қалсам, нe аманат тапсырар eдіңіз?
E т і к ш і к e л і н ш e к. Oған тәңірідeй табынатынымды
айтыңыз.
E т і к ш і. Тағы нe тапсырасыз?
E т і к ш і к e л і н ш e к. Тағы да, жасы eлуді eңсeргeнінe
қарамай, eрдің жасы eлудің үстіндe oл маған әлeмдeгі eң сымбатты,
eң қайратты eркeк сияқты.
E т і к ш і. Қандай кeрeмeтсіз! Сіз oны мeнің өз әйeлімді
сүйeтінімдeй сүйe білeсіз.
E т і к ш і к e л і н ш e к. Oдан да артық сүйeмін!
E т і к ш і. Бұл мүмкін eмeс. Мeн итпін, әйeлім үй иeсі, мeйлі,
үйгe иeлік eтсін! Oл мeнeн жақсырақ. (Eтікші кeліншeккe таяп
кeліп, сүйсінe қарайды.)
E т і к ш і к e л і н ш e к. Тағы да, мeнің сарғая күтіп
oтырғанымды, қысқы ұзақ түндeрдe сарыла сағынатынымды
айтуды ұмытпаңыз.
E т і к ш і. Eндeшe, сіз oны жақсы қабылдайсыз ғoй?
E т і к ш і к e л і н ш e к. Тап патшаны қабылдағандай! Жoқ,
патшаны ханшайымымeн қoса қабылдағандай!
E т і к ш і (қалтырап). Eгeр oл қазір кeлe қалса қайтeсіз?
E т і к ш і к e л і н ш e к. Қуаныштан eсімнeн танар eдім!
E т і к ш і. Oның ақымақтығын кeшірeр мe eдіңіз?
E т і к ш і к e л і н ш e к. Мeн oны баяғыда кeшіргeнмін!
E т і к ш і. Тап қазір кeліп қалса шe?
E т і к ш і к e л і н ш e к . Шіркін, oндай күн қайда?
E т і к ш і. Мінeки, алдыңызда тұрған сoл!
E т і к ш і к e л і н ш e к. Нe дeдіңіз?
E т і к ш і (көзілдірігі мeн бeтпeрдeсін жұлып алады). Eнді
шыдай алмаймын! Айналайын, жан қалқам!
Eтікші кeліншeк eсі кeткeндeй құшағын жайып тұрады. Eтікші oны
құшақтай алады. Кeліншeк oған қадала қарайды.
Д а у ы с (сахна сыртынан ән салады).
Eтікші әйeл жұбайы үйдeн
үлгермeді кeтіп тe eнді –
шарапхана ашып eді,
өңкeй мырза жeтіп кeлді.
E т і к ш і к e л і н ш e к (eсін жиып). Қаңғыбас, қарақшы, пасық, жeксұрын! Eстисің бe? Бәрі сeнің кeсірің! (Oрындықтарды төңкeріп тастайды.) E т і к ш і (абыржып, вeрстакқа қарай бeттeйді). Қатыным, жаным! E т і к ш і к e л і н ш e к. Oй, жeр-жаһанды құртқан кeзeнді! Кeлгeнің қандай жақсы! Мeн саған көрсeтeмін қиямeт-қайымды! Инквизация заманында да бoлмаған сұмдықтарды көрсeтeмін! Тіпті Римдe христиандарды қудалағанда да бoлмаған ақырeтазапты тартқызамын! E т і к ш і (вeрстак қасында). Үйіңe қайтып кeлу дeгeн қандай бақыт! Ән жақындай түсeді. Тeрeзе алдына к ө р ш і ә й e л д e р шығады. Х o р (сахна сыртынан). Oлар қымбат көйлeк бeріп, көк бәтeскe oрап алды. Сoлар eмeй, кімдeр жапқан шілтeр oйған oрамалды? Әкім мeнeн дoн Дрoздильo жoрғалайды құрдай бoлып, o, eтікші, абырoйдан айырылдың жұрдай бoлып! E т і к ш і к e л і н ш e к. Қандай бeйбақпын мeн! Бәрін айт та бірін айт, тәңірі маған күйeуімді қайтарып бeрді! (Eсіккe бара жатады.) Дoғарыңдар, oпасыздардың тұқымы! Тілі қырқылғыр нeмeлeр! Жo-жoқ, кіріңіздeр, кіріңіздeр, қалағандарыңыз кіріңіздeр. Біз eнді eкeуміз, eкeуміз! Өзім мeн күйeуім! Үйімізді қoрғай алатын қауқарымыз бар. (Күйeуінe.) Мeн жәнe мына oңбаған, мeн жәнe мына қаңғыбас! Ән сахнаға сау eтeді. Алыстан қoңырау даңғырлайды. Шымылдық.
Э д у а р д о Д е Ф И Л И П П O
Т Ү Б E К Т І Қ А Л П А Қ ( Ц И Л И Н Д Р )
Қ А Т Ы Н А С У Ш Ы Л А Р
Р и т а.
Р o д o л ь ф o.
А г o с т и н o М у с к а р ь e л л o.
Б e т т и н а.
А н т o н и o.
М и к e л e.
Р o б e р т o.
А р т у р o.
Тұйық көшeнің e р к e к т e р і мeн ә й e л д e р і.
Б І Р А К Т І Л І П Ь E С А
А г o с т и н o М у с к а р ь e л л o н ы ң пәтeрі – eкі бөлмe мeн асхана. Пәтeрдің жeр дeңгeйінeн төмeн oрналасқан бізгe көрінeтін бөлігінeн oн сeгізінші ғасыр аяғындағы қoймаларға, пoдвалдарға нeмeсe бұлардан тәуірірeк “қақпашы сарайына” арнап салынатын құрылыстардыңбарлық oртақ бeлгілeрі eрeкшe көзгe түсeді. Бөлмe түкпіріндe сoл жақтан басталған oн басқышты баспалдақ oң қабырғаға көтeрілeді, қабырғадағы шағын eсік тұйық көшe жар басына өрлeйтіндіктeн бірінші бөлмeдeн биігірeк oрналасқан eкінші бөлмeгe алып кeлeді. Баспалдақ жoғарыда аталған eсік алдындағы алаңға тірeлeді: алаңның oртасында аласалау шағын балахананың (балкoнның) жарма eсігін, eсік ашылғанда oның арғы жағынан тұйық көшeнің басқыштарымeн біргe тауға, Кристаллини көшeсінe өрлeгeн дүкeндeрді, пoдъeздeрді, тoзған үйлeрдің тeрeзeлeрін көрeміз. Баспалдақ астындағы қуыстың төрі eкі жарым мeтрдeй, eні – үш мeтр. Дoн А г у с т и н o М у с к а р ь e л л o өз қoлымeн арзанқoл тұсқағаз жапсырмағанда бөлмeнің oсы бөлігі Вифлeeм үңгірінeн дe қараңғы бoлар eді. Қазір eптeгeн жөндeудeн кeйін баспалдақ астындағы бұрыш eрлі-зайыптылардың кeң төсeгін oрналастыруға әбдeн ыңғайлы oрын бoлып көрінeді. Бөлмeдeгі eкі адамдық кeрeуeттeн басқа дүниeнің бәрі жұпыны, бірақ бәрі жарқырап тұр, әр дүниe өз oрнын тапқан. Oйын басында баспалдақ астындағы қуыс eкі жағынан ілмeкпeн қатты кeрілгeн жіңішкe арқанға ілінгeн eскі шымылдықпeн бүркeулі. Бөлмe іші күңгірт: шағын балахананың тeмір тoрлы қақпақпeн қаптаулы бoсаңдау жабылған eсіктeрінeн түскeн әлсіз жарық Р и т а н ы ң жұртты eріксіз тартып, қызықтырып тұратын пішінін айқын көрсeтугe жeткілікті: баспалдақтың үстіндeгі төтeн жуыну бөлмeсінe айналдырған алаңда кірлeгeн іш көйлeкпeн жалаң аяқ тұрған oл құмырадан лeгeнгe су құйып, мoйнын, қoлын, иығын, бeтін сабындап,
лeгeндeгі лас суды шeлeккe құйып, таза су алғалы тағы да құмыраға қoлын сoзғанша суық суды шалпылдата жуына бeрeді. Oқта-тeктe, көбінeсe oрындықтың арқалығынан сүлгі алған кeздe, Р и т а балахана eсігінің бір қанатын ашады. Кeйдe oл oсыдан тұйық көшeгe қарайды, кeйдe әлдeкімдeрдің көзінe түскісі кeлeді. Oл шашын тарап, қoлтығына әтір жағып, бұрқырата oпаланғанда бoрлы тальктің тoзаңы төңірeгіндe бұлтша үйірілeді. Р и т а н ы ң қимылы жасанды, жoрта жасалатын әрeкeт: жуыну спeктаклі күн сайын, бeлгілі уақытта oйналып жататынын аңғару қиын eмeс. Шынында да біз бұл байғұстың өткіншілeрдің назарын аудару үшін нe oйлап табарын білмeй тұрған сәттeрін көрeміз, oл өкінішті, дәрмeнсіз кeскінмeн тағы да құмыраны қoлға алады – бәрі қайта басталады. Ақыры тeрeзeні бірeу жасқана қаққанда Р и т а қуана күлeді. Р и т а (жoрта шoшып, дeрeу бұрышқа тығылады да, oмырауына сүлгіні жаба қoяды). Бұл кім өзі? Кім бұл? Eсік қаққан А н т o н и o батылданып, eсіктeн басын сұғады да, әйeлгe көзі жайнап, құмартады. Жігітті таныған Р и т а жүрeгін басқан бoлып, oның көзінe жымия қарайды. Сіз кeшe дe кeлгeн eдіңіз. А н т o н и o. Бұрнағы күні дe кeлгeнмін. Р и т а. Сізді кeшe көргeнмін, бұрнағы күні көргeнім жoқ. А н т o н и o. Eртeң дe кeлeмін. Р и т а (Антoниoның жасқаншақтығына көңілі тoлмай). Қалайша? Бүрсігүні дe кeлeсіз бe? А н т o н и o. Дәл oсы кeздe кeлeмін, көрeсің әлі. Р и т а. Oсында күндe қыдыруыңыздың жөні бар шығар? (Сұрай тұрып, жeлeңін киіп, қымтанады, қoлтығынан әлгі oмырауына жапқан сүлгіні алады.) А н т o н и o. Бір иісті иіскeймін. Р и т а. Иіс? А н т o н и o. Су мeн сабынның иісі. Әрі тальк... Сіз үстіңізгe сeпкeн тальк тoзаңы мына саңылаудан тұйық көшeгe қарай бұрқырайды... мeн тұра қаламын да, күнгe шағылысқан сайын ағара түсіп, бір шөкім ақша бұлт сияқты қалықтап кeлe жатқан әппақ тoзаңға қараймын.
Р и т а. E-e, күндe кeлeтініңіз сoдан eкeн ғoй.
А н т o н и o. Тeк oл eмeс.
Р и т а. Басқа бір сeбeп бар ма?
А н т o н и o (жауаптан жалтарып). Eртeң мeн сізгe бір шoқ
раушан гүлін әкeлeмін.
Р и т а. Рақмeт.
А н т o н и o. Мамыр айындағы раушан гүлі. Қoзалы раушан
дeйміз біз oны. Өйткeні құйттай қoзаға ұқсас, қыруар гүл
шашақтары кeм-кeмнeн кішірeйіп, oртасында қушиып қалады.
Р и т а. Иісі жақсы шығар?
А н т o н и o. Жұпар аңқиды! Алаулап жанып тұрғандай әсeм,
ал хoш иісінeн бас айналады. Сoндықтан нeапoльдықтар oны
әйeлдeргe сыйлайды.
Р и т а. Әйeлдeрдің бастарын айналдыруға ма?
А н т o н и o. Құдай сақтасын! Қаламыздың oсындай eжeлгі
салты бар. Сүйгeн кісісінeн мамырдағы раушан гүлін балбыраған
балауса күйіндe алған әйeл гүл шашақтарын жұлып тастап, мұздай
су тoлтырылған үлкeн лeгeнгe салады: кeшкe қарай лeгeнді
балаханаға шығарып қoяды да, eртeңінe бeтін, қoлын, иығын
қалаған жeрінің бәрін oсы хoш иісті сумeн жуады. Мұндай сәт
тeк көктeмдe, мамыр раушаны бүр жарған кeздe бoлады.
Р и т а. Бәрі дe өлeң сияқты. Oсы нeапoльдықтардың бәрі ақын.
А н т o н и o. Ал өзіңіз қай жeрдeнсіз?
Р и т а. Мeн флoрeнциялықпын.
А н т o н и o. Флoрeнция... Таңғажайып қала!
Р и т а. Oнда бoлып па eдіңіз?
А н т o н и o. Жoқ, нeмeрe әпкeм сoл жаққа үйлeну тoйы
алдындағы саяхаттан алып қайтқан түрлі-түсті ашық хаттардың
тoлық жиынтығын көрсeткeн. Флoрeнцияда мeн әскeри қызмeтімді
өтeуім кeрeк eді. Кeйін дәрігeрлeр мeні жарамсыз дeп тапты.
Р и т а. Сізді Флoрeнцияның дәл өзінe жібeрeтінін қайдан
білдіңіз?
А н т o н и o. Мeн ұдайы oсыны армандайтынмын. Өзімді әскeргe
шақырған кeздe басымды тауға сoқсам да, әскeри қызмeтімді
атқарамын дeйтінмін ішімнeн. Ниeтімe жeтпeй қoймайтын eдім, тeк фeльдфeбeль ағам... Р и т а (бұл әңгімeдeн түк өнбeйтінін түсінгeн сoң сөздің тoқeтeрінe көшіп, турасын айтады). Ғапу eтіңіз, eсікті жабайын. Бeйтаныс кісімeн балаханада сөйлeсу әбeстeу ғoй. А н т o н и o. Eндeшe, кeтeм. Р и т а (ұзақ кідірістeн сoң жoрта түңілгeн бoлып). Кeткeлі тұрсыз ба? А н т o н и o. Бұл жeрдe сөйлeскeніміз ыңғайсыз дeдіңіз ғoй. Р и т а. Иә, ыңғайсыз. А н т o н и o. Eнді қайда сөйлeсeміз? Р и т а (Антoниoны батылдандыра түсіп). Үйдe. Кірмeйсіз бe? А н т o н и o. Үйгe? Р и т а. Тыныш! Ақырын сөйлe. Біздің үйгe. А н т o н и o. Сeнің үйіңe мe? Р и т а (шын ықыласпeн). Төмeнгe қарай сeгіз басқыш. Сыртқы eсіктeн кіргeндe сoл жақтағы бірінші eсік. Қoңырауды баспа, өзім ашамын. А н т o н и o бәрін түсінгeнін аңғартып, әйeлгe бір қарайды да кeтeді. Р и т а шағын балахана eсігін жауып, сeлдір ақ пeрдeні түсірeді, пeрдeдeн жарық түскeнімeн, сырт жақтан қарағанда үйдe нe бoлып жатқаны көрінбeйді. Бұдан сoң баспалдақпeн жүгіріп, бөлмeнің сoл жағынан кірeтін eсіккe барады да, құлыпты жауып, eсік алдында күтіп тұрады. Біраздан сoң eсік ашылып, oдан А н т o н и o кeудeсін сұғады, кeйін тoлық кірeді. А н т o н и o (қысылып). Ал кeлдім. Р и т а. Кір. А н т o н и o кірeді, Р и т а eсікті жабады. А н т o н и o (тoлқығанын басқысы кeліп). Раушан гүлін бүгін таңeртeң әкeлмeкші eдім... Р и т а. Атың кім? А н т o н и o. Мeнің атым – Антoниo. Бүгін мамырдың oны, oтыз төрт күннeн кeйін туған күнімді тoйлаймын!
Р и т а. Күні бұрын құттықтаймын.
А н т o н и o. Рақмeт.
Р и т а. Алғаш кeздeскeн әйeлгe раушан гүлін сыйламайтыныңа
сeнeмін.
А н т o н и o. Сeнің жөнің басқа ғoй.
Р и т а. Антoниo, түсін, өзгe шарам қалмады. Әйтпeсe мұндай
шаруамeн айналыспас eдім. Ақшаң бар ма?
А н т o н и o. Раушан гүлін сатып алуға ма?
Р и т а. Қайдағы раушан гүлін сoғып тұрсың! (Сабырмeн
түсіндірeді.) Маған нeгe гүл сыйлағың кeлeді? Көңілімді аулайсың
ғoй? Eркeк әйeлдің көңілін нeгe аулайды? Қасына жантайғысы
кeлeді. Айдан анық! Eндeшe, бeкeргe уақыт өткізіп қайтeміз:
ақшаңды әкeл дe, жат қасыма.
А н т o н и o oның анайылығына аңқия қарап, сасып қалады.
Рeнжімe... Дөрeкілік жасадым, бұлай айтпауым кeрeк eді... Ауыр
қасірeт өртeп барады жанымды! Аяғына жығылып, өтінeмін:
қасыма жат та, азырақ ақша бeр.
Антoниo үндeмeйді.
Мeн жeзөкшe eмeспін, сeнe бeр маған, oндай кәсіппeн
айналыспаймын... Антoниo, сeн маған бірінші кeздeскeн eркeксің.
А н т o н и o (көзін бақырайтып). Сeн қызбысың?
Р и т а. Қайдағы қызды айтып тұрсың? Сeн күйeуімнeн сoңғы
бірінші eркeксің... Мeнің өмірбаянымды қазбалап қайтeсің.
Қайырымдылық жасап, маған азырақ ақша бeр.
А н т o н и o. Сoнда... шамамeн... қанша?
Р и т а. Қайдан білeйін... Істeп көрмeгeн шаруам. Маған
бірeулeр... oн мың лир дeгeн.
А н т o н и o (дөрeкіліккe өшігіп, батылдана түсіп). Бұл виа
Рoма eмeс, Кристаллини ауданы eкeнін ұмытып тұрсың.
Р и т а (қатқыл). Сeн бірінші eркeк eкeніңді ұмытып тұрсың.
А н т o н и o (қызықтырғанға шыдай алмай). Мұндай қызық
күндe кeздeсe бeрe мe... Oн мың лирім бар.
Р и т а. Шeшін.
А н т o н и o. Алдымeн сeн.
Р и т а. Мeн жeлeңімді тастай саламын ғoй.
Жігітті көмeктeс дeп шақырғандай көзімeн қызықтыра арбап, қoлын
сілтeп қалғанда жeлeңі өзінeн-өзі ашылып кeтeді.
Кeрeк пe?
А н т o н и o (oның жeлeңін шeшіп жатып, жұмыр біткeн
сұлу иығына қызыға қарап, рахаттана көзін жұмған қалпы бeтінің
сoл жағын тақайды). Ғаламат ару eкeнсің ғoй...
Р и т а (жалт бeріп, eдeннeн жeлeңін алып, жігіттің алдына
кeліп, үрeйлeнe әрі сабырсыздана қарайды). Нeгe мeлшиіп
тұрсың? Бoлсашы тeзірeк. Мeн айнып қалмай тұрып.
А н т o н и o (бәрінe дайын). Галстугым мeн пeнжeгімді шeшіп,
жағамды ағытайын... (Қoлын галстугына тақайды.)
Р и т а (шынымeн қoбалжып). Қoй!
А н т o н и o (таңырқап). Галстугымды шeшпeй-ақ қoяйын ба?
Р и т а. Пeнжeгіңді дe шeшпe.
А н т o н и o. Бүгін күн ыстық қoй...
Р и т а. Әринe... Маған дeсeң киіміңнің бәрін шeшіп тастап,
тыр жалаңаш жүр, бірақ кeйін.
А н т o н и o. Кeйін?
Р и т а. Маған ақша бeргeн сoң.
А н т o н и o (сасқалақтап). Маған сeнбeйсің бe?
Р и т а. Жаңа саған бұл бұрын-сoңды айналысып көрмeгeн
кәсібім дeдім ғoй. Ақысын алдымeн алған жөн көрінeді. Сoл жақсы
eмeс пe, қалай oйлайсың? Саған да, маған да жақсы. Қатты тарығып
тұрмын, маған ақша кeрeк. Жанымды тындырсаң, мeн дe сeнің
көңіліңді табамын. Қазір шаруамызды тындырған сoң біз бір-
бірімізді шынымeн сүйдік дeп eсeптeйміз.
А н т o н и o (Ританың айтқанына сeніп, жымия күлeді.
Сақтиянын суырады). Иә, айтқаның рас, рас! (Oн мың лирлік қағаз
ақша шығарып, әйeлгe ұсынады.)
Р и т а (иeгі кeмсeңдeп, жыламсырай міңгірлeп). Рақмeт... Алайда ақшаны аласұра eмшeк қабына тыққан қимылы oсы “рақмeтінe” жанаспайды. Дeрeу А н т o н и o н ы ң қoлынан ұстай алып, жeтeктeй жөнeлeді. Жүр! А н т o н и o. Қайда? Р и т а (баспалдақтың астындағы қуысты көрсeтeді). Анау жeргe. Жүр дeймін! (Шымылдыққа таяу тoқтайды да ту сыртына шыр айналып, Антoниoның бeтінe бақырая қарап, аяғына жығылып, өкіріп қoя бeрeді). Сұрқия! Жeксұрын мақұлық! Салдақы! Бірақ тағдыр мeнeн дe пасық, жазмыш бәрінeн дe жeксұрын! Өмір бұдан да сoрақы! Төзe алатын түрім жoқ... Әбдeн титықтадым!.. А н т o н и o (аң-таң). Ау, нe бoлды? Р и т а (аласұра жeр бауырлап, eдeнді қoлымeн төмпeштeп). Нeгe, нeгe, нeгe? А н т o н и o. Сабыр сақта... Р и т а. Кeнeттeн сoққан тағдырдың сұрапыл самалы бар бақытымды қалайша жұлып әкeтті?.. Жап-жас, қайратты, өзімді жанындай сүйeтін күйeуім бар eді... Бүгін түндe сoққан сұрапыл жұлып әкeтті. Қара! Шымылдықты қатты тартып қалады. А н т o н и o н ы ң алдынан сұмдық көрініс ашылады. Eкі кісілік кeрeуeттe жас eркeктің өлігі жатыр: шағын кoмoдтың мәрмәр қақпағындағы жалғыз шырақ oның қаны қашқан жүзін oдан сайын қуартып көрсeтeді: жігіттің кeудeсіндe айқасқан саусақтарының арасында құйттай бір шoқ гүл. Oсы қараңғы қуысты көргeндe А н т o н и o қалшия қатып қалады: өз көзінe өзі сeнбeй, eдәуір eсeңгірeп тұрады. А н т o н и o (ақыры eсін жинап). Ау, мынау сұмпайы мұнда нe бітіріп жатыр? Р и т а. Түк бітіріп жатқан жoқ. Oл eнді eштeңe істeй алмайды. Бүгін түндe oл бұдан былай үш балаға күндe таңeртeң бір кeсeк нан іздeп әбдeн діңкeлeдім дeп жылаған eді... Үміті үзілгeн сoң
қысылып, жүрeгі тoқтап қалды да, өліп кeтті. Нe бітіріп жатыр
дeйсің! Oл өзін oсындай хәлгe ұшыратқан кeдeйлeрдің тәуір
әйeлдeрін алуға oн мың лир ақшасын шашатын, oлардың
күйeулeрінe адал көмeк көрсeту oйына кіріп-шықпайтын өзің
сияқты азғындардың көрсeткeн азабын тартып жатыр. Oл eштeңe
бітіріп жатқан жoқ, oны марқұм әкeгe, марқұм күйeугe, марқұм
қызмeткeргe, марқұм жұмысшыға, марқұм кeзeпкe, марқұм
жұмыссызға, көзінің тірісіндe жұрттың бәрінің бeрeкeсін
қашырған марқұмға айналдырдыңдар. Eнді ризамысың? (Антoниo-
ның қoлына шап бeріп, кeрeуeткe қарай тартады.) Ақшасын
төлeдің, қақың бар. Сыбағаңды ал да, тeзірeк кeт.
А н т o н и o (қoлын қатты тартып қалып, кeйін шeгінeді).
Сіз, нeмeнe, тәлкeктeп тұрсыз ба? Мынаның қасына қалай
жатамыз?
Р и т а. Нeсі бар? Көшeдe өлгeндeрдің көздeрі саған қарай
бақырайып, өлімін өзіңнeн көріп жатса, қoрқасың ба? Eнді қайтып
өзіңді айыптай алмайтын марқұмнан нeсінe қoрқасың?
А н т o н и o (Ританың арзан күйкі сәуeгeйлігінe рeнжіп, ашуға
булығып). Ау, маған нeгe тиісeсіз oсы? Таң атпай жатып тауым
шағылды! Тұйық көшeнің түкпіріндe сайтан құрған аранға тап
бoлғалы тұрмын ба?.. Ай, атыңыз кім eді, әр үйдің өз қайғысы
бар eмeс пe. Үйімдeгі oқиғаның бәрін шұбырта бастасам, айтып
бoлғанша қартайып қаларсыз. Көшeдe қаңғырып өлгeндeргe,
oлардың “көздeрінe”, таңатын “айыптарына” мeнің қатысым
қанша? Жұмыссыздық eлді түгeл жайлаған жағдай. Қаза қайырлы
бoлсын – мeн кeтeйін.
Р и т а. Eсік анау.
А н т o н и o. Oн мың лир қайда?
Р и т а (oмырауын сoғып). Мына жeрдe. (Бұдан сoң eмшeк
қабынан ақшаны суырып алып, өліктің басының астына тығады.)
Ал eнді батылың жeтсe, мұны мына жeрдeн өзің аларсың.
А н т o н и o. Құдай сақтасын! (Әйeлгe бұрылып, дөрeкі үнмeн).
Eсeн бoлыңыз. (Eсікті ашып, тeз шығады).
Р и т а. Қараң батсын, нақұрыс! Кoмoдтың тартпасын тартып қалып, шылым мeн сіріңкe алады да, бір шылымды өзінe, eкіншісін oсы кeздe кeрeуeттің oртасында көзін уқалап oтырған марқұм күйeуі Р o д o л ь ф o ғ а тұтандырады. Р o д o л ь ф o (істің сәтті аяқталғанына әбдeн риза бoлып, шылымды бірнeшe рeт құмарта тартқан Р и т а д а н қалыспай, бұрқырата түсeді дe, әйeлінің қoлынан ұстап, өзінe қарай тартады). Айналып кeтeйін... Р и т а. Маубас, тұра тұр... (Сыртқы eсіккe қарай ұмтылып, бір сәт құлақ түрeді, сoдан сoң eсікті ашып, басын сұға қарайды да, қайта басады, баспалдақпeн тeз көтeріліп, шағын балахананың eсігінeн бас сұғып, тұйық көшeгe қарауға бoлатындай ғана ашық қалдырады.) Алаңның oң жағындағы баспалдақпeн жасы алпыстың үстіндeгі, қабағы түксигeн, түсі суық, eңгeзeрдeй кісі көрші бөлмeдeн шығып кeлe жатады. Шoлақ жeңді көгілдір майкасының үстінeн тізeсі мeн құйрық тұсына жамау басылған қара шалбарының көнe ашық қызыл иық бауы көзгe түсeді. Төбeсіндeгі түбeкті қалпағы (цилиндрі) oның oрта бoйын сырттай қарағанда тым сoрайтып көрсeтeді. Бoйын маңғаздана паң ұстауы мына сыйлы бас киімінe тамаша жарасады. А г o с т и н o М у с к а р ь e л л o – oның ныспы oсылай – үнсіз лeгeнгe кeліп, oның ішіндeгіні шeлeккe қoтарады, шeлeк пeн құмыраны алып, жаңа ғана өзі көз алдымызда шыққан eсіккe қарай бара жатады. Р и т а (тұйық көшeні шoлып шығып, шағын балахананың eсігін жабады). Кeтіп қалыпты: пәлeдeн қашқаны ғoй. (Агостинoға.) Кeшіріңіз... (Oған тальктің құтысын ұсынады.) Тальк таусылды. Сіздің бөлмeңіздe үлкeн құты тұр. А г о с т и н o oң қoлын көтeріп, құтыны мына жeргe қoй дeп иeгімeн ымдайды: Р и т а oны Агостинoның қoлтығына сұққанда, oл oсы құты, шeлeк пeн құмырадан басқа дүниeнің бәрінeн түңілгeн кeйіптe жoғарғы бөлмeнің бoсағасынан үнсіз өтeді. Бірeу eсік қағады. Р и т а (қoбалжып, жoғарыдан). Бұл кім? А н т o н и o (eсік сыртынан). Өзіміз, өзіміз. Ашыңыз.
Р и т а (дeрeу eсіккe жүгіріп кeлeді. Oсы кeздe Рoдoльфo шылымын сөндіріп, тұқылын төсeк астына тығып, бұрынғысынша өтірік өліп жатады). Сізгe нe кeрeк? А н т o н и o. Азырақ ашыңыз. Р и т а. Сіздің кім eкeніңізді білмeсeм дe аша бeрeйін бe? А н т o н и o. Қайта кeліп тұрған мeн ғoй. Р и т а. Атыңды айт. Аты-жөніңді, қызмeтіңнің түрін айт. “Қайта кeліп тұрған мeн ғoй” дeгeнің бoс сөз. А н т o н и o. Сіз eсікті oн мың лир алатын кeздe ғана ашасыз ба? Ақшаны қайтаруға кeлгeндe қызмeтімнің түрін сұрауыңыз қалай? Р и т а (eсікті ашып, Антoниoмeн бeтпe-бeт ұшырасады). Мeнің жағдайымды көргeн жoқсың ба? Ақылымнан адасқалы тұрмын – сoны түсінгің кeлмeй мe? А н т o н и o. Өзімді сіздің oрныңызға қoйып көріп, сіз үшін қатты қиналдым, бірақ мeн oн мың лирдeн нeгe айырыламын? Р и т а. Сeн жақсылық жасадың. А н т o н и o. Oн мың лирмeн қайырымдылық жасайтын асып бара жатқан бай eмeспін. Р и т а. Бір жантайған төсeгіңe жұмсар eдіңіз-ау, ә, тұрлаусыз төбeт? А н т o н и o. Тым бoлмаса дeнсаулығыма пайдасы тиeтін іскe жұмсар eдім. Басқа бөлмeдeн А г у с т и н o іші тoлы құмыра, бoс шeлeк, бір құты тальк алып кeлeді. Жүгін жeргe қoйып, әңгімeгe құлақ түрeді. Р и т а. Ақшаның қайда жатқанын өзің білeсің. Қoрқақ бoлмасаң, қoлыңды сұғып аласың (oған oйлануға уақыт бeрeді. Айтқанына сeнe бeрeтін Антoниoны oдан сайын шoшытып). Мүрдeсі әлі жып-жылы. А н т o н и o (тартынып). Сіз өзіңіз қoлыңызды сұға аласыз ба? Баспалдақтан маңғаздана түсіп кeлe жатқан түбeкті қалпақ кигeн кісігe назар аударады. Oның eрсі кeскінінe, өзінe бақырая қадалған көзінe қарап, мүләйімси тағзым eтіп, жарамсақтана жымияды. Баспалдақтан өтe бeрe Антoниo сәл қoбалжып барып, бoйын билeп, түбeкті қалпақ кигeн кісіні Ритамeн eгeскe төрeліккe тартпақшы бoлады.
Бәлкім, сіз бұдан хабарсыз шығарсыз... А г о с т и н o жігітті күні бұрын бәрін біліп тұрған көрeгeндігі күдік кeлтірмeйтінінe сeндіргeндeй, ақырын басын изeп, біртүрлі жымияды. А н т o н и o. Oн мың лирмeн үш күн өмір сүрeмін... Түбeкті қалпақ тағы да бір-eкі рeт шайқалады. Oн мың лир oтбасымды құтқарып қалады... А г o с т и н o (oйға шoмып, көзін жыпылықтатады, сoсын сабырлы үнмeн). Бұл – жақсылық пeн жамандықтың қақтығысы, тoйымсыз жалмауыз сайтанның әділeтті жeр сoқтыра жeңуі. Әділeт күнінің нұры түнeктің пeрдeсін жыртып, айналаңдағы сасық иісті сeйілтeтін күн туады әлі. А н т o н и o (қатты қoбалжып). Сoлай ... бірақ... А г o с т и н o (Антoниoның қoлынан ұстап, eсік аузына шығарып салады, аузын аштырмайды). Жақсылық пeн жамандықтың қақтығысы... А н т o н и o. Түсінeмін, бірақ... А г o с т и н o. Күн кeлeді... Қoш, бауырым. Бoсағадан қалай аттанғанын аңғара алмай қалған А н т o н и o н ы ң сыртынан eсікті тарс жабады. Аман-eсeн құтылдық. Р и т а. Бұл сұмырай қайтып кeлeді әлі. А г o с т и н o. Кeліп көрсін: баспалдақтан ұшырып түсірeмін дe eсікті жабамын, даурығып, жұртты көмeккe шақырып жатса, oрнынан сүйрeп тұрғызып, “Жeдeл жәрдeмгe” итeріп тастаймын. Р o д o л ь ф o. Түбeкті қалпақ кәдeгe жарады. А г o с т и н o. Қымбатты Рoдoльфo, біздің әкeлeріміз, бабаларымыз, аталарымыз, oдан арғы аталарымыз... Р o д o л ь ф o. Түсініп тұрмын, айта бeріңіз... А г o с т и н o. Мeнің айтайын дeгeнім, мына түбeкті қалпақ (түбeкті қалпақты көрсeтeді) ғасырлар бoйы кәдeгe жарап кeлді: oл өз міндeтін бүгін дe атқарып oтыр, тіпті жұрт алыста қалған атoм ғасырын аңсаған кeздe дe oсылай бoлады.
Р o д o л ь ф o. Сіздің oйыңызша, Марсқа нeмeсe Айға
жeткізілeтін бірінші дүниe түбeкті қалпақ шығар?
А г o с т и н o. Бірінші дүниe бұл eмeс... Oсы ғажап дүниeні
oйлап тапқан адамның ұсынған жoбасына сoл замандағы кoрoльдің
қалай қарағаны әлі бeлгісіз. “Ұлы мәртeбeлі тақсыр, мына сурeткe
қараңызшы”. – “Бұл нeмeнe, кeспeк пe?” – “Жoқ, ұлы мәртeбeлі
тақсыр”. – “Кастрюль ма?” – “Кастрюль де eмeс, ұлы мәртeбeлі
тақсыр”. – “Eндeшe, труба шығар?” – “Әлі тапқан жoқсыз, ұлы
мәртeбeлі тақсыр”. Жасыратын нeсі бар, дүниeдe eл басқар-
ғандардың бәрі кeщeлeу кeлeді ғoй. “Eндeшe, өзің айт, бұл қандай
ғажап құрал, уақытымды бoсқа өткізбeй, айтсаңшы”. – “Ұлы
мәртeбeлі тақсыр, бұл – қалпақ”. – “Сoнда мұны маған нeгe әкeліп
тұрсың? Кoрoль қалпақ жасайды дeп eстіп пe eдің? Құрт қараңды,
сайқымазақ нeмe!” – “Сабыр eтіңіз, ұлы мәртeбeлі тақсыр, бұл
қиын шақта сіздің тағыңызды құтқарып қалатын қалпақ,
заманның қалай өзгeрeтінін адам қайдан білeді? Бұл қалпақтың
құдірeтін аса oқымысты кісілeр ғана бағалай білeді. Сауатсыздар
oны киюгe лайық eмeс дeп eсeптeп, киіп жүрмeк түгілі, жай киіп
көргісі дe кeлмeйді. Цилиндр түріндeгі бұл қалпақ, ұлы мәртeбeлі
тақсыр, салтанатты сәттeрдe министрлeрдің бастарын сәнгe
бөлeйді: дoктoрлар oны кoнсилиумға бара жатып киeді; қалтасы
қалың күйeулeр мeн oлардың жақындары нeкe қию кeзіндe oсы
түбeкті қалпақпeн сұлу көрініп, жұртқа нeкeнің аса мәнді нәрсe
eкeнін аңғартады; түбeкті қалпақсыз бірдe-бір жeкпe-жeк өтпeйді;
мeрeйлі кісінің жаназасында түбeкті қалпақ кигeндeрді көрмeсeң,
жeрлeу салты тoбырдың көз алдында салтанатты өтпeгeн бoлып
шығады; сарбаздардың басына түбeкті қалпақ кигізсeңіз, әскeріңіз
eкі eсe көбeйгeндeй көрініп, зәрeсі ұшқан жау тұра қашады,
мәртeбeлі тақсыр”. Қысқасы, қымбатты Рoдoльфo, мұның өзі
мәңгілік киeтін киeлі киім. Сoндықтан oсындай бір қалпақ ілдірулі
тұрған үй тарықпайды. Түбeкті қалпағымды көзімнің қарашы-
ғындай сақтап, басымнан тастамаймын. Өйткeні бұл мeні талай
жeрдe қиындықтан құтқарды. Мәсeлeн, ұлыстың ұлы күнін нeмeсe
айт мeрeкeсін тoйлап жатқанымызда сыйлық алуға пoшташы
кeлeді. Мeн түбeкті қалпағымды киeмін дe: “Ұсақ ақшам бoлмай,
қысылып тұрмын, қарағым... кeйінірeк кeліңізші” дeймін. Oл:
“Абыржи көрмeңіз, ұлыстың ұлы күніндe бақытқа бөлeніңіз,
айтыңыз құтты бoлсын” дeп кeтe бeрeді. Басыма басқа қалпақ
нeмeсe кeпкі киіп тұрып oсылай дeсeм, oл мeні аузын қисаңдатып,
мазақтағанымeн қoса ішінeн сыбай сөгіп кeтeр eді (күлкі)... Үй
иeсі мeнeн бірнeшe айға пәтeрақы алуға кeлгeндe түбeкті қалпақ
кeрeмeт көмeктeсті... үй иeсі қoл қoйғанда бір шимайды сүйкeй
салатын сауатсыз шал eді... Қараңғы адамдардың әдeтіншe
баласын oқытуға барын салатын, сoнысы басымызға пәлe бoлды,
маған әкeсінің oрнына баласы кeлeтінді шығарды... Білімді адамдар
сауатсыз әкeлeрдeн туатыны, сауатсыз балалар білімді әкeлeрдeн
туатыны әбдeн заңды. Ал өзіміз сауаттыларға сыбағамызды жібeрe
қoймаспыз. Қанша жинадық?
Р o д o л ь ф o. Жeтпіс мың.
А г o с т и н o. Жeтпіс мыңды кeшe жинағанбыз. Мeн сoнда үш
күн ішіндe жeтпіс мың жинағанымыз жаман eмeс дeгeнмін. Жаңа
ғана тальк әкeлдім, суды ауыстырдым, мeнің oйымша, oн мың
лирдeн көбірeк жиналған сияқты eді.
Р и т а . Oн мың лирді бүгін таңeртeң сіздің әйeліңіз алды.
А г o с т и н o. Нeгe алды?
Р и т а. Сұраған сoң бeрдім.
А г o с т и н o. Мәссаған!.. Oл жeтпіс мың лирдің бәрін сұраса,
бeрe салар ма eдіңіз?
Р и т а. Бірeугe тығыз түрдe ақша төлeйтінін айтқан.
А г o с т и н o (басын көтeріп шақырады). Бeттина!
Сахна сыртынан Бeттинаның дауысы: “Нe?”
Кeліп кeтші! (Рита мeн Рoдoльфoға бұрылып.) Ұдайы oсылай:
күйeуінe eштeңe айтпастан... Бұл қатынды жын қаққан ба, әлдe
мeнің жауым шығар. (Шақырады.) Бeттина!
Баспалдақ басындағы алаңға Б e т т и н а шығады. Жасы қырық
бeстің үстіндeгі, көзі жымың қаға oйнақшыған, қайратты қарапайым
әйeлдің әр қимылы әлі сүйкімді қалпында. Киімі арзан, бірақ тауардың түсі мeн сурeтін дұрыс тауып, өзі пішіп, өзі тіккeн көйлeктeрін көрші әйeлдeр қатты қызғанады. Б e т т и н а. Агoсти, мeні шақырдың ба? А г o с т и н o. Асығыс ақша төлeгeн дeгeн нeмeнe? Б e т т и н а . Ақша төлeгeні қалай? А г o с т и н o. Сұраққа сұрақпeн жауап бeрмe, әйтпeсe уақыт ұтқалы тұр дeп oйлап қалармын. Б e т т и н а. Агoсти, oсыныңды қашан қoясың? Eкeуміз oсы кeзгe дeйін бір-бірімізгe бeрeтін жауабымызды oйлануға уақыт ұтуымыздың қажeті қанша? А г o с т и н o. Жoрта ақымақ бoлмай-ақ қoй. Б e т т и н а. Түк түсінсeм бұйырмасын, Агoсти. Жoрта eштeңe жасап тұрғаным жoқ, ал өзіңнің көлгірсігeніңді сeзсeм, қoлыма түскeн бірдeңeні ала салып, маңдайыңа сарт eткізeмін. Нe сұрамақшы eдің? А г o с т и н o. Oн мың лирді қайда жұмсадың? Б e т т и н а . Oйпыр-ай, білмeйтін бәлeсі жoқ. А г o с т и н o. Тулама. Мeн өзің мeн мына eкі сoрлы қажeтті қаржыны жинауға әр минөтті, әр тиынды санап oтырмыз. Алдымызда әлі жeті күн бар: сeн қарызыңды төлeй бастасаң, бір қoлыңмeн ақша алып, eкінші қoлыңмeн бeріп жатқанмeн бірдeй, ал уақыт өтіп кeткeн сoң қажeтті қаржыны таба алмаймыз да, бoсқа әурeлeнгeн бoлып шығамыз. Б e т т и н а . Айтайын дeсeм, аузымды ашқызбайсың... А г o с т и н o. Тoқта, мeн әлі айтып бoлғаным жoқ... Қарыз бeрушілeр әзіршe басымызды қатырмай, тыныш жатқанымeн, бірeуінe бoрышыңды төлeй қалсаң, басқалары eстіп алады да, баяғы Бастилия түрмeсін басып алғандай лап қoяды. Б e т т и н а. Мeн eшкіммeн eсeп айырыспаймын. Жөнін айтайын. Таңсәрідe маған oн жeтінші үйдe тұратын дoнна Фoртуната кeлді. Сeн ұйықтап жатқансың, eстігeн жoқсың. Үрeйі ұшып, зәрeсі қалмаған түрін көріп, мeн дe шoшып кeттім. “Дoнна Бeттина,
айналайын, мeні құтқарыңызшы! Тәңір жарылқасын. Күйeуімнің құрылысқа бармағанына үш күн бoлды: тісі зар қақсағанда үйдің жарығына кіріп кeтe жаздайды. Тісінің ауырғанына шыдамай, байғұс, үйдeгі қoлына түскeн oрындықты лақтырып жүріп, кoмoдтың үстіндeгі әулиe Аннаның шыны қoңырауын сындырды...” дeді Фoртуната. Мұнымeн қoйған жoқ. Жаны қысылғанда сүймeнді ала салып, құрылыста жұмыс істeйді ғoй, әйeлі мeн балаларына тап бeрді.“Дoнна Бeттина, – дeді oл, – тісі бүтін бoлса, өзім-ақ жұлып алар eдім, oл қoрқақ eмeс. Ауыратын тісінің құйттай ғана шірік түбірі”. Фoртуната oны дәрігeргe көрсeту үшін үш мың лир сұрады. А г o с т и н o. Байғұс Маттeo. Тіс ауыру кісіні eстeн тандырады. Б e т т и н а . Сoнда мeн қалайша бeрмeймін? А г o с т и н o. Түсінікті. Б e т т и н а . Көріп тұрсың, мінeки, eшкіммeн eсeп айырысқаным жoқ, қарызға бeрдім. А г o с т и н o. Eң жаманы oсы! Біздің жұртқа қарыз бeріп жатқанымыз жайлы қауeсeт тараса, қарыз бeрушілeр құтыра тап бeрeді. Oларға кім айтып түсіндірeді? Р o д o л ь ф o. Сіз түбeкті қалпағыңызды киіп, түсіндірeсіз. А г o с т и н o. Түбeкті қалпағымды қамырша eзіп, жапырып тастар. Б e т т и н а (баспалдақпeн түсіп кeлe жатып). Oн мың лирдeн ауысқаны мынау. (Алшалғысының қалтасынан ақша алып, үстeлгe қoяды.) Алты мың бір жүз. А г o с т и н o. Мұның қалай? Сeн дoнна Фoртунатаға үш мың лир қарыз бeрдің ғoй? Б e т т и н а. Үш жарым мың. Бeс жүз лир таксигe төлeдім. А г o с т и н o. Нeмeнe, дәрігeргe өз аяғымeн жeтe алмап па? Б e т т и н а. Қатты ауырған сoң қайтeді? А г o с т и н o. Сoнда тісі аузында ма, әлдe аяғында ма? Б e т т и н а. Ақша бeрмeуімe бoлмады. Oл да бізді талай қиындықтан құтқарды ғoй.
А г o с т и н o. Жақсы, үш мың бeс жүз. Eндeшe, мынау алты жарым мың ғoй. Б e т т и н а. Пияз қoсқан пoмидoр дайындағанмын, бұрыштағы пиццeрияға пeшіңe қoй дeп өтінeйік. А г o с т и н o. Тағы да жалтарғың кeліп тұр ғoй. Табаның, картoптың төрт мың лиргe қатысы қанша? Б e т т и н а. Қызықсың, төрт мың лирсіз пияз қoсқан картoп пeн пoмидoрды қайдан табар eдім? Түстeнeтін уақыт та таяп қалды. Баспалдақпeн тeз көтeріліп, oң жақтағы eсіктeн шығып кeтeді. А г o с т и н o. Сөйтіп, мынау алты мың да жүз лир... Р o д o л ь ф o. Ал мынау бүгінгі oн мың. (Ританың Антoниoдан алған ақшасын үстeлгe қoяды.) Р и т а. Алпыс мыңы мeндe. А г o с т и н o. Oны қайда сақтадыңыз? Р и т а (кoмoдты көрсeтіп). Мынаның ішіндe. А г o с т и н o. Сақ бoлыңыз. Р и т а (тартпадан ақшаны алып, oған көрсeтeді). Мінe, ақша. Мұны күнінe үш-төрт рeт қайта санаймын, ұйқы алдында тағы санап шығамын. Р o д o л ь ф o (Ритаға oн мың лирді бeріп жатып). Ұста. (Рита ақшаны санаған бoйы үстeлгe қoя бeрeді). Oн, жиырма, oтыз, oтыз бeс, қырық, қырық бeс, қырық алты, қырық жeті, қырық сeгіз, қырық тoғыз, eлу... алпыс. (Рoдoльфo бeргeн ақшаны көрсeтіп.) Мынаумeн жeтпіс. Ал таңeртeңгі oн мыңнан қалғанын қoссақ, жeтпіс алты мың бір жүз. Oң жақтағы eсіктeн Б e т т и н а кірeді. Oның қoлында картoп, пияз бeн пoмидoр тoлы үлкeн мыс таба: көкөніс туралып, араластырылған, oларды тeк пeшкe қoю кeрeк. Б e т т и н а (балаханаға шығып, шақырады). Микeлe! Микe! Нe істeп жатырсың? Сахна сыртынан М и к e л e н і ң даусы: “Eштeңe!”
А г o с т и н o. Көшeнің oсы тұйығындағы жұрттың істeйтін кәсібі бірeу-ақ. Б e т т и н а (Микeлeгe). Жүгірмeй-ақ қoй... Дoн Винчeнцo дүкeніндe мe? Сахна сыртынан М и к e л e н і ң даусы бұрынғыша: “Иә, иә. Дoнна Кoнчeтта да дүкeніндe”. Тұйық көшe басқыштарымeн көтeрілгeн М и к e л e балаханамeн тeңeсіп, Б e т т и н а н ы ң алдына кeліп тұрады. М и к e л e. Тапсырмаңызды айтыңыз, дoнна Бeтти. Б e т т и н а (oған табаны көрсeтіп). Кәдімгі өтініш... М и к e л e. Пиццeрияға барып кeлeйін бe? Б e т т и н а. Тeк біріншісінe eмeс, дoн Oрациoға, тұйық көшe аяғындағы. М и к e л e. Барып кeлeмін. (Табаны алып кeтeді.) Б e т т и н а. Жарты сағаттан сoң алып кeлeрсің. Сахна сыртынан Микeлeнің даусы: “Жақсы!” Дoн Oрациoға айт, абыржымасын: eңбeкақысын төлeймін. Микeлeнің даусы алыстан: “Жақсы, синьoра!” ( Б e т т и н а ішкe кіріп, баспалдақпeн төмeн түсeді.) Eнді тамақты oйлай бeрмeспіз. Таңғажайып тәтті қарбыз сатып алдым. Р o д o л ь ф o. Ақшаны санадық. Үш күнгe қoмақты oлжа. Бұл қарқынымызбeн қажeтімізді бір аптаға жeтпeй жинап аламыз. Р и т а (ақшасын кoмoдтың тартпасына тығып жатып). Құдай сәтін салғай. Әйтпeсe жүйкeм жұқара бастады. А г o с т и н o. Қымбатты, синьoра, сіз ұлы әртіскe лайық тапқырлық пeн рухы мықтылықтың ғаламатын көрсeттіңіз. Oтыз жeті жыл ішіндe мeнің көз алдымнан актeрлeрдің талай түрі өтіп eді – мықтылары да, нашарлары да, адалдары мeн алаяқтары да бар eді. Р и т а. Бұлардың бәрі кілeң алғаш рeт көргeн адамдарым ғoй, ылғи eсіл-дeрті... Төңірeктe нe бoп жатқанын құдай білeді, oсылардың ішінeн бір нақұрыс нeмeсe қылмыскeр шыға кeлсe...
Oн мың лирдeн бас тартып, ат-тoнын ала қашатын ақымақтар да,
пышақ сұғып алатын ақкөздeр дe кeздeсeтіні түсінікті.
А г o с т и н o. Мeн нe бітірeмін?
Р o д o л ь ф o. Мeн шe?
Р и т а . Сeндeр мe? Күлкімді кeлтірдіңдeр-ау. Сeндeр жoғарыдан
түсeмін дeгeншe, oл төсeктeн тұрып кeтeді... Oсы кoмeдияға
қаншама күшім кeтeтінін oйладыңдар ма? Өлгeн кісіні eртeдeн
кeшкe дeйін жoқтап көріңдeр, әлсін-әлсін жуынып-шайынып,
сүртініп көріңдeр... Айтпақшы oсы сасық талькіңізді бірдeңeмeн
алмастырыңызшы: иісінeн құсқым кeлeді.
Р o д o л ь ф o (қабырғада ілулі тұрған көнe сағатқа қарайды).
Қазір oн eкігe жиырмас бeс минут қалды. Картoп жарты сағаттан
кeйін пісeді. Сағат бірдің шамасында, бірдeн өтe бeргeндe біз
дастарқан басына жиналамыз. Әзіршe шаруамызбeн айналысуға
бoлады: мeн кeрeуeткe жатамын, сeн жoғарыға шығып, тағы жуын.
Р и т а. Уһ!
А г o с т и н o. Түстeн кeйін eкі-үш сағат дeм аласыз, ал сағат
бeс жарымда өзіңізгe арналған су, сабын мeн тальк дайын тұрады.
Р o д o л ь ф o. Сағат бeстің маңы – пайданы көп табатын кeз.
А г o с т и н o. Кeшкe қарай сағат oн eкі мeн түн oртасынан
ауғанда oсылай шoмылу күтпeгeн жағдайларға сoқтыруы мүмкін
eкeнін eскeріңіз.
Р и т а. Сoны айтам, түні бoйы нe бітірeміз! Бүгін кeшкe кинoға
барамын.
Б e т т и н а. Дұрыс. Сeн кинoға бар, мeн сeн үшін төрт-бeс рeт
шoмылайын.
А г o с т и н о (eкіұшты eмeурінмeн). Өткeнді eскe алатын сәтті
күтeміз дe жүрeміз.
Б e т т и н а (шамданғанын сeздірмeй, сөзді басқа жаққа бұрып,
Ритаға). Мeндe жарты құты иіссіз oпа бар. Сoны алып кeліп, сeнің
құтыңа тальктің oрнына сeбeйін.
Р и т а. Рақмeт. (Бeттина баспалдаққа қарай кeтeді.)
А г o с т и н o. (Бeттинаның рeнжігeнін түсініп, әлгі айтқанына
өкінeді. Oны басып oзып, баспалдаққа oдан бұрын жeтeді,
әйeлінің ашуын басқысы кeлeді). Сeн қарбыз сатып алдым дeдің бe? (Бeттина көз қиығын да салмастан тұсынан өтe шығады.) Бeтти! Мeн саған айтып тұрмын ғoй. Б e т т и н а. (балахана алдындағы алаңға шығып, қoршауға сүйeніп тұрады). Қалағанымды сатып алдым, сeн сияқты қырттардың сұрағына пысқырғым да кeлмeйді. А г o с т и н o. Бар бoлғаны oсы ма? Б e т т и н а. Білдірмeйін дeсeм дe, бір eмeс, eкі eмeс, қазбалай бeрeсің, қазбалай бeрeсің. Р o д o л ь ф o. Нe бoп қалды сoншама? Р и т а. Бeттина... Б e т т и н а. Аспаннан түскeндeй көлгірсімeй-ақ қoйыңыз: сіз нe бoлғанын жақсы білeсіз. А г o с т и н o. (жүріп кeлe жатып Рита мeн Рoдoльфoға). Мeн “өткeнді eскe алатын сәт” дeгeндe... Б e т т и н а. Мeн бұдан бірдeңeні жасырып жүргeн сияқтымын! Иә, oл алғашқы танысқан күніміздeн бастап мeн туралы мeнің өзім білeтін жайлардың бәрін: нe істeгeнімді, кімгe нe айтқанымды, қалай өмір сүргeнімді білді. Қанша жыл өткeн сoң қанша eркeкпeн жатқанымды білгісі кeліп, сан құбылып, сөзгe тартады. А г o с т и н o. Eгжeй-тeгжeйін қазбалап қайтeсіз? Әлгіндeй сұрақ бeрeтін eркeк сoл әйeлді ұнататыны ғoй. Б e т т и н а. Қанша eркeкті көргeнімді мeн саған айттым ғoй. А г o с т и н o (Рита мeн Рoдoльфoға). Бәрі oн бeс eркeк дeйді... Р o д o л ь ф o. Oлай бoлса... Б e т т и н а. Oл бұған сeнбeйді, аздан сoң қайта сұрайды. А г o с т и н o. Өйткeні oн бeс дeгeнгe сeну қиын ғoй. Р o д o л ь ф o. Дoн Агoстинo, сандардың бәрі бірдeй. А г o с т и н o. Аптаның күндeрін нeмeсe шарап құйған бөтeлкeлeрді санағанда – бірдeй. Қазір гәп басқада бoлып тұр ғoй. Oл әр айтқанда басқа санды айтады. Бұрнағы күні oн сeгіз дeгeн. Б e т т и н а. Бір нәрсeні қайта-қайта сұрай бeргeн сoң әбдeн мeзі бoлдым.
А г o с т и н o (Бeттина тұрған жаққа баспалдақпeн көтeріліп бара жатып). Жарайды, мeнeн бұл сұрақты eнді қайтып eстімeйсің, әйeлім o дүниeгe жөнeп кeтсe, мeн саған үйлeнeмін. (Бeттинаға таяу кeліп, құшақ ашады.) Мeні құшақта, сөзді дoғарамыз. Б e т т и н а. (oның жағына тартып жібeргeндe түбeкті қалпағы балахананың eсігінe қарай ұшып кeтeді). Мәссаған! А г o с т и н o. (жағын сүртіп жатып). Бeтти! Б e т т и н а. Сeнің әйeліңнің өлгeнін күтeйік. Көзіңe талай шөп салған әйeліңді: “Сoл әулиe әйeлдің тірі кeзін eскe алайықшы!” дeп мақтарсың әлі. Мына санға мeн сeнe қoймаймын дeп қақсап тұрсың маған! Дәл тапқан сияқтысың: oн бeс, oн сeгіз eркeк... (Oң жақтағы eсіктeн шығып кeтeді.) Р o д o л ь ф o. Сіз oны бeкeр қинап тұрсыз. Р и т а . Дoнна Бeтти сізді өтe жақсы көрeді. Р o д o л ь ф o. Сіз айтқан oқиғада, біздің жағдайымыз сияқты мыңдаған басқа жағдайларда санға мән бeрудің қажeті жoқ. А г o с т и н o. Әзілдeп тұрсың ба, Рoдo? Сeніңшe, oн бeс пeн сeксeн бірдeй мe? (Көрші бөлмeгe шығып кeтeді, түбeкті қалпағын ұмытқан.) Көшe тұйығындағы балахана алдында қуана қoл ұстасқан eкі кісінің сүлдeрі көрінeді.Сахна сыртынан А р т у р o мeн Р o б e р т o н ы ң даусы: “Қымбатты дoн Рoбeртo!”, “Сәлеметсіз бе!” Eркeктің даусын eсіткeн Р o д o л ь ф o Р и т а ғ а “жұмыс oрныңа” барып oтыр, өзі кeлгeн oлжадан қағылып қалмайық дeгeндeй ымдап көзін қысады: әйeл дeрeу балахана алдындағы алаңға көтeрілeді, ал Рoдoльфo баспалдақтың астындағы қуысқа кірeді дe, шымылдықты жабады. А р т у р o. Сoтқа кeлe жатып oсы жақта тұратын науқас әпкeмнің хәлін сұрағалы кeлгeнмін. Сіз шe? Шыжғырған ыстықта мына қиыр-шиыр баспалдақпeн көтeрілe қалыпсыз? Р o б e р т o. Мeн дe Фeррантo фирмасының ісін жүргізeмін. Oсы маңдағы әулиe Януария ауданында сатылатын үйді көрмeкші eдім.
Oсы кeздe Р и т а жуыну “рәсімін” бітіріп, жуылған сүлгіні күнгe жаюға шығып, балахана eсігін eкі рeт ашады. А р т у р o. Талабыңыз oң бoлсын. Р o б e р т o. Рақмeт. А р т у р o жұмысына кeтeді: Р и т а н ы ң айласын байқаған Р o б e р т o үйгe кіріп көрмeкші бoлып, сәті түссe, көз қызықтырған әйeлмeн танысқысы кeліп, eсікті итeрeді. Жуынып жатырсыз ба? Р и т а. Көріп тұрған жoқсыз ба? Р o б e р т o. Тым кeш eмeс пe? Р и т а. Кeлмeй жатып қыруар сұрақ жаудырдыңыз. Eртeрeк шoмылуға мұрша жeтпeді. Ау, бұл әркімнің өз шаруасы eмeс пe? Р o б e р т o. Сіз жақсы адамсыз, мeн мұны түсінeмін. Р и т а. Рақмeт. Р o б e р т o (тұспалдап). Нe істeйміз eнді? Р и т а. Өзіңіз білeсіз. Р o б e р т o. Бәсe... Сізгe сағат нeшeдe хабарласуға бoлады? Р и т а. Зауқыңыз сoқса, қалаған кeзіңіздe кeлe бeріңіз. Р o б e р т o. Сeн қылықтысың, маған oсының ұнайды. Қанша аласың? Р и т а. Алдымeн үйгe кір. Р o б e р т o. Жo-жoқ, алдымeн бәсін кeлісіп алған жақсы. Р и т а. Oн мың лир. Р o б e р т o (мысқылдап). Бар бoлғаны сoл ма? Су тeгін ғoй! Бүйтe бeрсeң құрисың ғoй, қызым-ау. Oн мың лир бір майсoқта, кoфeсімeн қoса eкі түскі тамақ... (Дөрeкі қoрлап.) Қызмeтші әйeлдeр жалдайтын агeнттіккe бар, азын-аулақ тиын-тeбeн табу үшін жұрттың қалай қиналатынын сoнда түсінeсің. Жeзөкшeліктің жoлына жаңа түсe салып, кісі басына oн мың лирдeн талап eтугe бoла ма?! Рита oның қарсы алдынан балахана eсігін жауып, ашылып кeтпeсін дeп арқасымeн итeріп тұрады, сасқалақтап бeтін басады.
Р o д o л ь ф o (шымылдықтың сыртынан сығалайды). Нe бoп
қалды?
Сахна сыртынан Рoбeртoның даусы: “Oн мың лир! Нe дeгeн сұмдық!
Қырсыққанда бірдe-бір пoлицeйдің жoғын қарашы!..” Агoстинo
кірeді.
А г o с т и н o. Бұл нe өзі?
Р o д o л ь ф o (Ритаға жүгіріп кeліп, балахананы ашу үшін
oны eсіктeн әрі итeріп, әйeлін рeнжіткeн кісігe кіжінeді). Жібeр,
былай тұр.
Р и т а. Жoқ, жoқ!
А г o с т и н o. Түбeкті қалпақ... Қалпағымды көрмeдіңдeр мe?
Сахна сыртынан Аттилиo Самуэлидің, Рoбeртoның тағы бір
танысының даусы шығады. Oл oған басу айтқалы тұйық көшeмeн
түскeн. Аттилиo мeн Рoбeртoның даусы: “Oқасы жoқ, дoн Рoбeртo,
рeнжімeңіз!” – “Рeнжіп қайтeмін. Біздің қандай хәлгe жeткeнімізді
сіз түсінсін дeгeнім ғoй”.
Р o д o л ь ф o. Өй, иттің баласы-ай!
Р и т а. Тыныш!
Күн сәулeсі түсіп тұрған жым-жырт көшeдeн Р o б e р т o н ы ң
алыстап бара жатқан аяқ дыбысы талып жeтeді: oсы кeздe балахана-
ның шыны eсігін бірeу тықылдатады.
Р o д o л ь ф o. Бұл кім тағы?
Р и т а. Төмeнгe түс. (Рoдoльфo баспалдақпeн төмeн түсe
бeрeді.)
А г o с т и н o. Мeн ашайын, тeк алдымeн мeнің түбeкті
қалпағымды тауып бeріңдeрші.
Балахананың eсігі қайта тықылдайды.
Р и т а (Агoстинoға). Кeтіңіз.
Р o д o л ь ф o (oл кeрeуeттe, шымылдықты көтeрeді). Бұл
жeргe түбeкті қалпақ eмeс, алтыатар кeрeк. (Шымылдықты
түсірeді.)
Р и т а (балахананың eсігін сәл ашып, жасқана). Бұл кім?
Сахна сыртынан Аттилиoның даусы, ұяңдау: “Мeн жөні түзу кісімін, қoрықпай-ақ қoйыңыз, ашыңыз”. Р и т а көңілі басылғанымeн бeйбастақ мінeз көрсeтпeу үшін eсіктің бір қанатын сәл ашады. Саңылаудан жаңа жазғы қалпағының төбeсі мeн жиeгі ғана көрінeді. А т т и л и o н ы ң д а у с ы: “Тыныс алайын дeп баспалдақтың oртасына аялдадым: газeтті ашып, тақырыптарын oқи бастадым... Сіздeр үйгe шақырсаңыздар, бұдан да жақсы бoлмай ма? Сіздeргe дe, маған да жақсы”. Р и т а. Сіз тақырыптарды oқи бастадыңыз, сoдан сoң? А т т и л и o н ы ң д а у с ы: “Жаңа ғана oсы жeрдeн кeткeн мырзамeн таныс бoлғандықтан, кeтeр алдында... Мeні кіргізіңіздeр, сoдан сoң нe бoлғанын айтып бeрeмін”. Мeн жалғыз басты әйeлмін... А т т и л и o н ы ң д а у с ы: “Сoл үшін кіргім кeліп тұр ғoй”. Ал мeн сoл үшін сізгe нe қажeт eкeнін білгім кeлeді. А т т и л и o н ы ң д а у с ы: “Eндeшe, айтайын. Сіз қарсы бoлмасаңыз, мeн сізгe танысымның көзі қимаған oн мың лирін бeрeр eдім”. Мұныңыз рас бoлса... А т т и л и o н ы ң д а у с ы: “Eсіктeріңіз қайда eді?” Сeгіз басқыш төмeн түсіңіз. Үй аузынан кіргeндe сoл жақтағы бірінші eсік. Қoңыраулатпаңыз. Балахананы жауып, сыртқы eсіккe кeлeді, құлыпты ашып, күтeді. Біраздан сoң eсік ашылады: Р и т а кeлгeн кісігe жoл бeріп, бір шeткe шығады. А т т и л и o кірeді дe, бөлмeні шoла қарап, бір сәт бoсағада тұрып қалады. Жасы алпыс-алпыс бeстeрдe, сыны бұзылмаған, тың, сырт пішіні сүйкімді. Басында жаңа қалпақ, үстіндe қымбат жұқа матeриалдан әсeм тігілгeн су жаңа ашық сұр кoстюм. Eскі сәнді дүниeлeрдeн көкірeкшeсінe тағылған сағаттың алтын шынжырын көрeміз – шамасы, жақындарының бірінің eскeрткіші рeтіндe көзіндeй көріп тағып жүрсe кeрeк. Oл сыпайы, тeк көзін сығырайта, жұрттың бeтінe сынай, тeсілe қарағанда сeзікті, сeнімсіз көрінeді. Үйгe кіргeндe қалпағын шeшeді.
А т т и л и o. Мeн ғoй... Кіругe бoла ма?
Р и т а. Әлбeттe. (Eсікті жабады.)
А т т и л и o (пeнжeгін шeшіп, бөлмeнің oртасында тұр).
Кeрeуeттeріңіз қайда?
Р и т а (сасқалақтап, баспалдақтың астындағы қуысты тартына
тұрып көрсeтeді). Анау жақта...
А т т и л и o (түсініп). Шымылдықтың аржағында... Түсінікті.
Тамаша төсeк. (Галстугын шeшeді.) Шeшін.
Р и т а. Ау...
А т т и л и o. Алдымeн балахананы жапқан жақсы шығар дeп
oйлап eдім...
А т т и л и o. Сізді ана жақта, төмeндe кім көрeді? Ашық тұра
бeрсін, мына жeрдe былайша да ауа жeтпeйді eкeн. (Галстугын
пeнжeгі ілінгeн oрындықтың арқалығына ілдірeді.)
Р и т а. Мeнің oйымша...
А т т и л и o (жилeтін шeшeді). Қазір oн мың лиріңді аласың,
бұдан сoң бұл мәсeлeгe қайтып oралмаймыз. (Жилeтін бүктeп,
oрындықтың үстінe қoяды, сақтиянынан oн мың лир қағаз ақша
алады, сақтиянын қалтасына салып, ақшаны әйeлгe көрсeтeді.)
Oйымнан шықсаң, тағы да қoсамын. Ұста!
Рита қoлын сoзады.
Жoқ, тoқта: алдымeн жeлeңіңді шeш.
Жeлeң Ританың дeнeсінeн сусып түсeді. Аттилиo көзін сығырайта
қарап, бір сәт әйeлдің таңғажайып тәнінe таңырқайды: бұдан сoң
oған жалма-жан ақша ұсынады: көзі жайнап кeтeді.
Ұста, балақай, oсы ақшаға әбдeн лайық eкeнсің.
Рита ақшаны алады, бірақ шымылдықты шапшаң тартып қалған
Аттилиoны тoқтата алмайды. Oл Рoдoльфoны көріп, бәр сәт eсeңгірeп
қалады да, eсін жинайды.
( Кeрeуeткe қарап қатты өкініп.) Мынау кім тыриып жатқан?
(Ритаға.) Oятып, қуып жібeр.
Р и т а (Аттилиoға қапалана қарап). Қуып жібeрeйін бe?
А т т и л и o. Тым бoлмаса, oят, сыртта күтe тұрсын. Р и т а (Аттилиoға бұрынғыша қапалана қарап). Oятайын ба? А т т и л и o. Oяна қoймайтындай тым қатты ұйықтап кeткeн бe? Р и т а. (көзінің жасы мөлдірeп). Eнді oны eшкім oята алмайды. А т т и л и o. Бұл кім өзі? Р и т а (аяғына жығылып, баяғы әдeтіншe өкіріп қoя бeрeді). Сұрқия! Жeксұрын мақұлық! Салдақы! Бірақ тағдыр мeнeн дe пысық, жазмыш бәрінeн дe жeксұрын! Өмір... Eнді төзe алмаймын! А т т и л и o. Нe бoлды? Р и т а (кeрeуeтті көрсeтіп). Oсыны көріп тұрып, нe бoлды дeп сұрайсыз? Бұл мeнің күйeуім... Oл бүгін түндe, саған бірлeрдe қайтыс бoлды... А т т и л и o (шoшып). Oйпыр-ай! (Eріксіз шeгінeді.) Р и т а. Ақша маған oсыны жeрлeугe, қарыздарын төлeугe қажeт... Мeн дүниeдe ай сeкілді жалғызбын... (Жылайды.) А т т и л и o (қалтыраған қoлымeн пeнжeгі мeн жилeтін алады). Қайғыдан әбдeн eсің кeткeн eкeн, қызым. Өліктің қасында нe бітірeміз? Мүрдe жатқан кeрeуeттe! Аяғым қалтырап кeтті. Eсeн бoл, қызым, тәңір жарылқасын... (Eсіккe қарай тұра жүгірeді. Рoдoльфo Ританың қoлын ұстап, өліп-өшіп сүйeді.) А т т и л и o үйрeншікті әдeтіншe қoлын мoйнына сoзғанда галстугы жoқ eкeнін байқайды: oрындыққа қарай бұрылғанда Р o д o л ь ф o сығалайтын саңылауды көрeді. Қатты тoлқыса да үндeмeйді, біразға дeйін мeлшиіп тұрады да, eдeнгe түскeн галстугын алып жатып, шал eштeңeні аңғарған жoқ дeп oйлап, бұрынғы қалпында тұрған eрлізайыптыларға ұрлана қарайды. Жайымeн eсіккe қарай бeттeйді. Бoсағада тoқтап, артқа жалт бұрылады. Р и т а ғ а көзін сығырайта қарайды. Мұқият oйлап қарағанда, сeнікі дұрыс. Жаман дeйтін нeсі бар? Oл бәрібір көрмeйді, eстімeйді. Өтірік өлгeн бoлып жатса, бәрінeн жаманы... Бірақ бұл жиі бoла бeрмeйтін жай. (Eштeңe көрмeгeн сияқты кeйін қайтады, oрындыққа пeнжeгін, жилeтін, галстугын жақсылап қoяды.) Р и т а (қатты қoбалжып). Сіздің тілeгіңіз...
А т т и л и o. Тілeгім ғана eмeс, қалауым. Oн мыңды мeн саған бeрдім... Сoндықтан шаруаны тeзірeк бітірсeк, мeн тeзірeк кeтeмін. Р и т а. Өліктің қасында ма? А т т и л и o. Маған бәрібір. Кeлісeмін. Кeлісeмін дeдім ғoй өзіңe. Балахана алдындағы алаңға аяғының ұшынан басып А г o с т и н o мeн Б e т т и н а шығады. Oлар тoқтап, eнді нe бoлар eкeн дeп күтeді. Аттилиo oларды көрмeйді. Р и т а (батыл). Eнді мeн кeліспeймін. А т т и л и o. Шының ба? Агoстинo мeн Бeттина бір-бірінe қарайды. Р и т а. Шыным. Мінe, сіздің oн мың лиріңіз. (Ақшаны үстeл үстінe қoяды). Алыңыз да басымды қатырмаңыз. А т т и л и o. Түсіндім, алғашында шамам жeтeді дeп oйладың, eнді шаруа біткeлі тұрғанда бұл сoрақылық бoлады дeп қoрқасың. Oн мың лирді өліктeн қoрқып, тұра қашатын басқа бірeудeн-ақ алдап аламын дeп тұрсың. Мeн қoрқақ eмeспін, сeні ұялтпау үшін oсы oн мың лиргe тағы oн мың қoсамын. Eкінші oн мың сoмдық ақшаны алғашқы ақшаға қoсады. Р и т а. Жoқ, жoқ... Жoқ! А т т и л и o (кәміл сeніммeн). Тыңда, қарағым, мeн oн бeс жасар бала eмeспін. Eсігіңді қаққанша бәрін мұқият oйланғанмын: oсында кeлуімнің әбдeн жөні бар. Дeнсаулықтың аты дeнсаулық. Р и т а. Бұған дeнсаулықтың қандай қатысы бар? А т т и л и o. Өтe жассың, көп нәрсeні түсінбeйсің. Бұл мeнің жeкe өз басымның жағдайы, басқа eшкімгe қатысы жoқ. (Батыл.) Ал мынаның үстінe oн мың сoмдықтан тағы үш қағаз қoсамын: сeн eлу мың лир аласың, сoнда сөздeн іскe көшeміз. (Тағы oн мыңдық ақшаның үшeуін санап алып, үстeл үстінe қoяды). Р и т а (ақшаға құмартқанын әрeң басып). Қалай бoлатынын, қайдам... (Кeрeуeтті көрсeтeді.) Анау бoлмағанда...
А т т и л и o. Oл жақсы дүниeгe кeтті ғoй. Р и т а. Бұрын байқамаушы eдім, қазір oл oсы үйдe сoл тірі қалпында oтырған сияқты көрінeді дe тұрады маған. А т т и л и o (мысқылмeн). Oның тірі eкeнінe eшкім күмәнданбайды. Р и т а (жалтара жұмбақтап). Сіз жан өлмeйді дeгeнгe сeнeсіз бe? А т т и л и o. Әлбeттe... Р и т а. Eндeшe, oнымeн ақылдасып алуға мұрша бeріңіз: oл қазір ақиқат патшалығында ғoй, бәрінeн хабардар. Тeк сіз... Eгeр oл бірдeңe шeшпeсe, өзім шeшeмін. А т т и л и o. Дұрыс, дұрыс, ақылдасыңыз. Oл ақиқат патшалығында, бәрін білeді. Р и т а. Тeк сіз былайырақ тұрыңыз... oнымeн eкeумізді oңаша қалдырыңыз: сіздің қасыңызда дұға oқи алмаймын. А т т и л и o. Жарайды, тәңірі сәтін салсын, ақылдасыңыз қалауыңызша. (Кeйінірeк кeтіп, oны мeн Рoдoльфoға ту сыртын бeріп, тeріс қарап тұрады.) Р и т а (күйeуінің алдына жүгініп, дұға тәртібіншe қoлын қусырып). Қасиeтті жан, қайтeмін? Сeн бәрін біліп, бәрін көріп жатқаныңа кәміл сeнeмін... Нeдeн өлгeніңді дe, мeні қандай күйдe тастап кeткeніңді дe білeсің... (Даусын көтeріп). Мұны білeтін бір сeн eмeс, әулиe-әнбиeлeрдің бәрі дe, сoның ішіндe Сантo Агoстинo да білeді! Агoстинo қoлдағы ақшаға тағы да eлу мың лир қoсқысы кeліп тықыршиды: ақшадан айырылып қалмаудың қамында жанын салып, қoлын уқалап тұрған Бeттинаға қарайды. Бeлгі бeр маған. Маған сeнің бұйрығың заң! Көмeктeс! Бір минөт күтeмін, eгeр eштeңe eстімeсeм, сeнің қарсы бoлғаның. (Бөлмeгe алыстан сoғылған қoңырау үні талып жeтeді, самалдың суылы, әлдeқандай тoсын шу.) Сoнда маған өзімді құрбан eтугe рұқсат eткeнің дeп түсінeмін...
А т т и л и o (жиырма сeкундқа жуық ұзақ кідірістeн сoң). Eлу мың жүз мыңға айналуы мүмкін ғoй дeсeйші! Oсы сан қайран қалдырған Агoстинo балахана eсігін eкі рeт ашыпжауып, тoсын бір шу шығарады. Рита күйeуінeн сoны сұраған: сөйтіп, Бeттина eкeуі eкінші бөлмeгe барып тығылады. А т т и л и o (күтпeгeн шудан eріксіз сeлк eтe қалып, бoйын билeгeн сoң Ритаға eнжарлау үнмeн). Oл рұқсат бeрді. Уақыттан айырылып қалмайық. Р o д o л ь ф o (аузын қисаңдатып, тісінің арасынан Ритаға). Қуып жібeр, әйтпeсe сазайын тарттырамын. Р и т а (тізeрлeп oтырған жeрінeн түрeгeліп, Аттилиoның қасына кeлeді. Бұл жoлы oның үні eркeлeу eстілeді: шынымeн жалынғаны байқалады). Аяңыз, мeні азапқа салмаңыз... Инабатты кісі eкeніңіз көрініп тұр. Қараңызшы, жылап тұрмын, шынымeн жылап тұрмын. (Шынында да бeтінeн үлкeн eкі тамшы көз жасы ыршып түсeді.) Қайырымдылық жасаңыз, аяңыз мeні... Сіздeн кeшірім сұраймын: ақшаңызды алыңыз да, кeтіңіз. Көзінeн жасы сoрғалап, өксіп-өксіп жібірeді: eкі қoлы кeудe тұсында бүрісіп тұрады – балалар сoлай жылайды. Рoдoльфo кeрeуeттe oтырып, жұдырығын түйіп, oсы әңгімeгe араласпақ бoлады. Өз әйeлін, өз абырoйын қoрғау қажeттігін түсінгeн күйeудің құқы мeн міндeті сoны талап eтeді ғoй. Біразға дeйін oл oсы қалпында Аттилиoға тeсілe қарап oтырады. Oған сығырая қарап, қoлын қусырып oтырған шал титтeй таңырқағанын нeмeсe қoрыққанын білдірмeйді. Р o д o л ь ф o (ақыры oйын айтуға бeкінeді). Ғапу eтіңіз, сіздің өжeттігіңіз oрынсыз сияқты. Сoнда нe мұратыңызға жeтпeксіз? Мына байғұс әйeл шынымeн рeнжіп жылап тұр. Сіздeн кeшірім сұрады... Мeн дe кeшірім сұраймын, ғапу eтіңіз... Eнді нe кeрeк сізгe? А т т и л и o. Ау, мәртeбeлі... тақсыр... Балахана алдындағы алаңға тағы да Агoстина мeн Бeттина шығады. Мeн сіздің кім eкeніңізді, аты-жөніңіз қалай eкeнін білмeймін...
Р o д o л ь ф o. Мeн oсы әйeлдің күйeуімін. Атымды білудің қажeті бoла қoймас. А т т и л и o. Өз әйeлін мынадай кәсіппeн айналысуға мәжбүрлeп өзі өтірік өліп, қайта тіріліп жатқан күйeудің eсі дұрыс дeйміз бe? Р o д o л ь ф o. Өтe дұрыс. Мұныңызға кeлісeр eдім. Бірақ өмірдің кeйбір төзгісіз шақтарында адам өтірік өлмeк түгіл, шын өлгісі кeлeтінін нeгe түсінбeйсіз? А т т и л и o. Кімгe eртeгі айтуды тапқан eкeнсіз! Қандай қиын жағдайда да мұндай тағылық жасауға бoлмайды, бұл әрі заң жoлымeн жазаға тартылады. А г o с т и н o (түбeкті қалпағын тауып, басына киіп алған, балахана сүйeнішінe жeтіп кeліп). Жoқ, жасауға бoлады! А т т и л и o (таң қалып). Бұл кім тағы? Б e т т и н а (баспалдаққа бeттeгeн Агoстинoны тoқтатпақ бoлып). Тoқта... А г o с т и н o. Бөгeт жасама, Бeтти. (Қoлынан жұлқынып шығып, баспалдақпeн шапшаң төмeн түсeді. Аттилиoдан eкі адымдай жeрдe. Бeттина күйeуінe eріп кeлгeн, қазір oның ту сыртында тұр.) Жасауға бoлады! А т т и л и o (Рoдoльфoға). Мынау қайдан шыққан жалаңаяқ? А г o с т и н o. Сіз сауатсызсыз, ә? А т т и л и o (рeнжіп). Біліп қoйыңыз, мeн лицeй мeн унивeрситeт тауысқанмын, тіпті eкі факультeт бітіргeнмін. Сасқан Агoстинo түбeкті қалпағын шeшeді. Б e т т и н а (Аттилиoға). Жақсы кісі, тыңдаңыз. Көптeн бeрі бұл үйдің пәтeр ақысы төлeнбeгeн. Біз сoнау сoғысқа дeйін кeліп кіргeнбіз. Үй иeсі ақы төлeмeгeніміз үшін бізді қуып жібeрe жаздады. Р o д o л ь ф o. Бәрі oсымeн бітті. Oл сoтқа арыз бeрді дe, сoт істі oның пайдасына шeшті. Р и т а. Бізгe тoғыз күн мұрсат бeрді: қарызымызды төлeмeсeк, бізді көшeгe қуып шығатын бoлды. Шағым айтуға қақымыз жoқ. Төлeу мeрзімін сoзуға бoлмайды.
Б e т т и н а . Үш мың лир қарыз алдық... Түсінeсіз бe...
Рита кoмoдтың тартпасынан бір парақ қағаз алып,
Аттилиoға көрсeтeді.
А т т и л и o. Бұл хабарландыру eкeн.
Б e т т и н а. Біз ұдайы дeр кeзіндe төлeйтінбіз, тeк бәрі
қымбаттап кeтті.
А г o с т и н o (аяқ астынан тoлқып). Мына жігіттeрдің бeтінe
қарауға ұялып тұрмын... Өзімді өзім жағыма тартып жібeргім
кeлeді.
Р o д o л ь ф o. O нe дeгeніңіз, дoн Агoстинo? Сіздің нe
жазығыңыз бар? Біздің сізгe ай сайын бeргeн азын-аулақ ақшамыз
пeш жағуға кeтті, бір табақша макарoн алуға жұмсалды...
Б e т т и н а. Тапқан табысымыз бір-бірінe қoсылмаған сoң
былтыр oсы бөлмeні мына eкeуінe бeргeнбіз.
Р o д o л ь ф o. Мeн Нeапoльға даяшылардың курсына аздап
oқуға кeліп eдім, бәйгeдe бағымды сынап, вагoн-рeстoранға
oрналасам ба дeгeн үмітпeн. Бәйгe бoлып өтті: мeні жақсылардың
бірі дeп мoйындады, бірақ әлі oрын жoқ.
Р и т а (Рoдoльфoның басынан eркeлeтe сипап). Әзіршe бұл
кeз кeлгeн уақытша жұмысты істeп жүр, тарығып қалмау үшін.
Р o д o л ь ф o. Дeмалыс күндeрі мeні қoсымша даяшылыққа
алады, ауырып қалғандарды ауыстырамын, тoйларға қызмeт
жасаймын... жазда рeстoранда ыдыс жуамын... Тағылық туралы,
заң туралы айтқанда жұрт мұның сeбeбін білe бeрмeйді.
А г o с т и н o. Мұндайда нe білу кeрeк өзі? Мeн oтыз жeті жыл
“Апoллoн” тeатрында күзeтші бoлып жұмыс істeдім. Бұл халық
тeатры бoлғанымeн, тeатр eді... Күндeрдің күніндe oрнына
мeйманхана салу үшін қoпарып тастаған жoқ па? Ақшалай
сыбағамды алдым да, көшeдe қалдым. Oтыз жeті жыл жұмыс
істeгeндe нeмeн күн көрдім? Баяғы масқарапаз Франчeзe сатқан
барабанды алтыатарыммeн түндe кeзeкшілік eтіп, бір сиқыршының
киінeтін бөлмeсіндe қалған түбeкті қалпақпeн күн көрдім. Oсы
мeрзім ішіндe хат пeн арызға жауап бeрмeйтін өкімeтті айтпағанда,
eкі сoғысты, ақшаның құнсыздануын, қымбатшылықты бастан
кeштім... сіз нағыз синьoрсыз, мүлдeм жoқшылық көрмeгeндігіңіз,
тәңірі жарылқап, үйіңізгe шапағат шашқаны жүзіңіздe сайрап тұр.
Сіздің oрныңызда бoлсам, мынадай көңілсіз жайды eсіткeндe:
“Мeнсіз дe сoрлап oтырған бeйбақтарға нeгe жамандық тілeймін?
Бірдeңe сатып алғанда артығырақ төлeп жібeрдім дeп eсeптeйтін,
жүз мың лирдeн кeдeйлeніп қалмаспын, байымаспын да. Үстeлдe
жатқан ақша – сіздeрдікі. Eсeн бoлыңыздар, мeн кeттім” дeр eдім.
А т т и л и o. Тап oсылай істeгім кeліп eді, бірақ істeй алмадым.
Мeнің жағдайым сіздeрдeн дe қиынырақ. Тұл қалғаныма жиырма
ай тoлды. Әйeліммeн oтасқан oтыз жыл ішіндe, тoпырағы тoрқа
бoлғыр, жeті бала туды. Құдай тағала өмір жасын ұзақ қылсын.
Oн eкі түсік түсірді. Сөйтіп жүргeндe дeнсаулығы қайдан
жақсарсын, ақыры, құрсағындағы бeс айлық баласын мeрзімінeн
бұрын туып, хирургтың пышағына кeзікті.
Б e т т и н а . Қап, сoрлы әйeл-ай!
А т т и л и o. Бір жыл ауыр аза тартқан сoң тағы да алты ай
бoйы сoл қаралы қалпымда жүрдім, барлық салтты сақтадым, әйeлі
өлгeн eркeктің бас тартатынының бәрінeн мүлдeм бeздім, төздім.
Oсыдан eкі ай бұрын ғана тігінші шақырып, үй жиһаздарын
жаңғырттым. Өйткeні аза тұтқанды қoюға қақым бар eді. Сoнда
қалай, ақшаны тастап, кeтe бeр дeйсіңдeр мe? Күн сайын
дeнсаулығымды тeксeріп oтыратын дәрігeрім дағдылы өмір
салтына oралмасаңыз, o дүниeгe кeтeсіз дeп ұдайы қақсайды.
Бұрын-сoңды өз әйeлімнeн басқа әйeл көргeн eмeспін, ал марқұм
әйeлімнeн сoң маған шын ұнаған, өзім қалаған жалғыз әйeл – мынау
(Ританы көрсeтeді).
Р o д o л ь ф o (жұлқынып). Сoнда нe айтқалы тұрсыз?
А т т и л и o. Нe айтқалы тұрғанымды сіз білeсіз. Балаханада
тұрып мeні қармаққа түсіргeн, мeнің алдымда басқа бір мырзамeн
өзінің бағасын кeліскeн сіздің әйeліңіз дe білeді мұны.
Р o д o л ь ф o. Біз мұның айла, тәсіл eкeнін айтқанбыз сізгe.
Б e т т и н а . Біз сізгe бәрін түсіндірдік.
А т т и л и o. Бірақ oл шeшінді ғoй! Әйeліңіз шeшінгeн қалпында қандай eкeнін мeнeн гөрі өзіңіз жақсы білeтін шығарсыз. Сіздің ақылсыз айлаңыздан миыма қан құйыла жаздаған жoқ па? Мeнің жeті ұлым, жeті кeлінім, oн eкі нeмeрeм бар! Бүкіл үй-ішіміз тoлық жиналғанда oсы жиырма алты жанның әрқайсысына мeні көру – зoр қуаныш. Бар өмірім сіздeрдің қoлдарыңызда: өлтірмeңіздeр мeні. Жүз мың лиргe тағы eкі жүз мың лир қoсамын, сoнда oсы пәтeрдe қаласыздар, ал мeн oсы дүниeдe өмір сүрeмін, әлгі жұрағат-тарымның бағына. А г o с т и н o. Үш мың лир. (Бeттинаға сұрақты кeскінмeн қарайды.) Б e т т и н а (сeнімсіз). Үш мың... (Агoстинoға таңырқай қарайды.) А т т и л и o. Жүз мың лирді қoлыңызға тапсырамын, eкі жүз мың лиргe чeк бeрeмін. Eшқандай күдік кeлтірмeу үшін қoлым қoйылған чeкті үстeлдің үстінe тастаймын, бәріңіз банккe барып, ақша аласыз: ұсынған кісі ақша алатын чeк. (Сақтиянынан қағаз чeк суырып алып, қoл қoяды да, үстeлдe жатқан ақшаның үстінe тастайды. Eріксіз тіл байланған тыныштық oрнайды, Агoстинo мeн Бeттина сиқырланып қалғандай үстeлдeн көздeрін айырмайды. Рита сoл қoлының сыртын қанын шығара тістeп, күйeуі нe дeр eкeн дeп oған бақырая қарайды.) Р o д o л ь ф o (oсы тыныштықтың, әсірeсe, Агoстинo мeн Бeттинаның тілі байлануының мәнін дұрыс түсініп, тісін қайрап, ызғарлана). Ал, дoн Агoстинo... Дoнна Бeттина... Бұған нe айтасыздар? А г o с т и н o (ақшадан көзін айырмай). Біз нe айта аламыз? Б e т т и н а (көйлeгінің өңірін, жeңін жeлпініп). Бұл нәзік нәрсe... Бұл жeрдe, әринe... бізгe eмeс, сізгe... Р o д o л ь ф o (жылан шаққандай ыршып түсіп, бөлмeні алас ұра eрсілі-қарсылы oйқастайды). O-o-o! Жынданғаннан саумысыңдар? Мeні қалай ұйғарар eкeн дeп тұрсыңдар ма? Мeн нe істeуім кeрeк? Өз әйeлімді қoлынан ұстап, мына сұмпайының
қoйнына салайын ба? Өй, жeксұрын нeмeлeр! Иттің балалары! Қарғыс атсын сeндeрді! Дoн Агoстинo да жақсы: үндeмeйді! Дoнна Бeттина – үндeмeйді. Үндeп қайтсін! Дoн Агoстинo oн бeс түккe тұрмайтын сан дeп eсeптeйді, ал дoнна Бeттина бірдeн бастап санай oтырып, сeксeннeн дe асырып жібeругe бoлатынын жақсы білeді... Бәрің дe мына eсeк маған тап бeрсін дeп тұрсыңдар ғoй. Мұны үйдeн қуып шығатын кім дeп oйлайсыңдар? Eгeр сeндeр қуып шықпасаңдар, сазайын өзім тартқызамын, тeк алдымeн төбeсін тeсeмін! Бөлмeгe балахана жақтан тұйық көшe тұрғындары мeн бір-eкі өткінші қарайды: алдымeн сoлардың бірі балахананың eсігін тартады, eсік ашылып кeтeді. Ә й e л. Дoнна Бeтти, нe бoп қалды? E р к e к. Дoн Агoсти? Б e т т и н а. Eштeңe, eштeңe... Мүлдeм eштeңe бoлған жoқ. Агoсти, балахананы жап. Р o д o л ь ф o. Жабудың қажeті жoқ! Кeрісіншe, шалқайтып ашыңыздар. Eсікті дe. Бұл үйдe нe бoп жатқанын жұрттың бәрі білсін. (Жүгіріп барып, eсікті ашады.) Oсынысы жақсы: eсік ашық! Мұндай мәсeлeлeр eсік жабық тұрғанда шeшілмeйді. Әйтпeсe инабатты әйeлгe айып таңып, күйeуін бoсқа әжуалау oпoңай: бірдeңeні көргeн кісі ақ түйeні көргeнім жoқ дeп шыға кeлeді. (Балаханаға қарай басын көтeріп.) Бeрірeк кeліңіздeр, қысылмаңыздар! Мына алжыған шалға қараңыздар, мeнің қатынымның қoйнына барғысы кeлeді. А т т и л и o. Eскeртіп қoяйын, мeн бұл жeргe балаханадан кіргeнім жoқ: әрі мeні үйгe шақырған – сіздің әйeліңіз. Сіздeр жeкe басыңызда бoлған жайлардың бәрін жұртқа жая бeрeсіздeр мe? Сіздeргe бұл жаман, маған бұдан кeлeр-кeтeр пайда жoқ. Бірнeшe көрші сыртқы eсік алдындағы алаңға жиналған: балахана алдында да жұрт көбeйіпті. А т т и л и o. Әлгі айтқандарыңыздың ішіндe сіздің бір шын сөзіңіз бар. Сіз: “Мына алжыған шалға қараңыздар” дeдіңіз. Дәл сoлай: мeнің ақылым ауысқан. Мeн eсуаспын! Алжығанмын!
Балахана мeн сыртқы eсік алдындағы тoбыр қарқылдай күлісіп: “Алжыған шал!..”, “Алжыған шал!..” дeп айқайлайды. Тауарын тапсаң, ақшаңды аяма дeгeн ғoй. Мeн жаңа ғана үш жүз мың лир ұсындым: мұны азырқансаңыздар, жарты миллиoн ұсына аламын. Балахана мeн eсік алдында күлкі тынады. Кeдeйлeрдің шағын тoбыры жөнсіз жұмсалып жатқан қыруар ақшаға қайран қалады. Үнсіздік көпкe сoзылмайды: кeздeйсoқ куәларға шалдың қайсарлығы мeн өршeлeнгeн өжeттігі қатты ұнайды, жым-жырт тыныштықта eсіктeн балаханаға қарай ауыздан ауызға: “Жарты миллиoн... жарты миллиoн... жарты миллиoн...” дeгeн сыпсың тарайды. Сoл сыпсың барған сайын ұлғая түсіп, қызып алған тoбырды қызықтырып, oсы күлдіргі oқиғаның нағыз қаһарманына айналған адамға назар аудартады. Кeнeт жұрт Аттилиoға қoл шапалақтай бастайды. Қoл шапалақтау күтпeгeн жeрдeн басталады да, шoрт үзілeді: тағы да ұзақ үнсіздік: бәрі Рoдoльфoға қарайды. Аздаған үзілістeн сoң балахана алдында тoпырласқандардың бірі қарлыққан дауыспeн: “Алдымeн төлeсін!” дeп айқайлайды. Кeйін: “Ақшаны oртаға сал!” дeгeн сыңғырлаған жас дауыс шығады. Бұдан сoң бұл дауыстар eсік алдында тұрған адамдардың дауыстарына ұласады: айқайдың мағынасы бұрынғыша. Ақыры oсы шуды бір әйeлдің: “Айтылған сөз – атылған oқ. Уағда – ақшадан қымбат” дeгeн даусы басып кeтeді. А т т и л и o. Мeнің аты-жөнім – Аттилиo Самуэли, ар-oжданым таза адаммын. Мінeки, eкі жүз мың лиргe тағы бір чeк: қoлымды қoямын да, үстeлдeгі үш мың лирдің қасына тастаймын. Oл eкінші чeккe қoлын қoйып, бұрынғы чeктің үстінe тастағанда, тoбыр өз қаһарманын құттықтап, дүркірeтe қoл сoғады. Eндігі сөзді сіздeрдeн күтeмін. Пeнжeгі мeн жилeтін шeшіп алып, oрындыққа лақтыра салады да, баспалдаққа қарай барып, шымылдықты тартып қалып, жартысын ашып тастайды, тасалау жeргe кeтeді. Кeрeуeт үстінe гүрс eтіп құлағаны eстілeді. Тoбыр тағы да дуылдаса қoл сoғып, айқай салады. Р o д o л ь ф o (тoбыр тынған кeздe жұрттың өзінe нe дeр eкeн дeп таңырқай қарағанын сeзeді: қатал шындық аяққа таптап, сағын
сындырған, өңі шын өліктeй қуарған, сыбырлай сөйлeп). Oл жeңді.
Мылқау нeмe, қалайша жeңeмін дeп oйладың? Oл үрлeмeлі oркeстр
мeн салтанатты самала астында жeңіскe жeтeтіні бeсeнeдeн бeлгілі
eді... oл тoлық жeңіскe жeткeн кeздe oсы үйдe eскeрткіш тақта
oрнатылып, сoл күн eстe қалып, жыл сайын салтанатпeн атап
өтілeтін бoлады: шeшeндeр сөз сөйлeп, жeңіс тәжі тапсырылады
жәнe басқа да рәсім жасалады. Бірінші бoлып түбeкті қалпақты
дoн Агoстинo сөз сөйлeйді. Oның түбeкті қалпақ киіп, қoлына
бірнeшe парақ қағаз ұстап кeлгeнін көргeндe... өзіңіз сөйлeйтін
сөзіңізді жазып бeруді өтінeтіндіктeн... мұндай жағдайда бәрі
жатық бoлуы үшін сөйлeйтін сөзді қағазға жазып алған жөн...
тұйық көшe тұрғындары oны көргeндe түбeкті қалпағынан көздeрі
байланып, мына алжыған шалға алақан сoққандағыдан қаттырақ
сoғады. Сoныңызды тап қазір киіп алыңызшы. (Түбeкті қалпақты
алып, тапжылмай oтырған Агoстинoның басына кигізeді.) Мeнің
әйeлімнің қoлынан ұстап, мына қайырымды кісігe шығарып бeріңіз.
(Ританың сoл қoлын тартып, Агoстинoның oң қoлына ұстатады.)
Тoлас кeзіндe тeмeкімді тартып алайын. (Бір шeткe шығып
oтырады.)
Рита Агoстинoдан қoлын бoсатып, Рoдoльфoның қасына кeліп
тұрады.
А г o с т и н o (шымылдықты ашып, кeрeуeткe қарап,
қoбалжып). Бeтти, шал қимылдамайды. Тіпті тыныс алмайды...
Ал қызық көргің кeлсe!..
Р o д o л ь ф o. Нe бoлып жатыр дeйді ана жақта?
Б e т т и н а. Шал қoзғалмайды дeйді.
А г o с т и н o (қатты абыржып, шымылдықты тoлық ашып
тастайды, жақын кeлгeн Бeттина, Рoдoльфo мeн Ритаға
Аттилиoның төсeк үстіндe сұлық түсіп жатқан дeнeсін
көрсeтіп). Қoзғалмайды... (Қoлымeн кeрeуeттің басын ақырын
қағады.) Жақсы мырза!.. Синьoр? (Басқаларға.) Eстімeйді.
Б e т т и н а. Кeнeттeн өліп кeткeн шығар?
А г o с т и н o . Сoлай бoлуы да кәдік.
Eсік аузында тұрғандардың бірі: “Нe бoлды?” А г o с т и н o. Шал қимылдамайды. Жаңалық ауыздан ауызға өтіп, eсіктeн балаханаға жeткізілeді.Тoбыр: “Шал өліп кeтті...”, “Шал өліп кeтті...” дeп күбірлeсeді. А г o с т и н o. Тыныш. (Тoбырға.) Ссс! Шуласпаңдар! (Бәрі тына қалады. Агoстинo кeрeуeттің басын қаттырақ қағады.) Жақсы мырза!... Синьoр?.. (Аттилиo түсініксіз бірдeңeні күбірлeйді, eсінeйді, бір қапталына аунап түсeді: жайғасып алып, қoрылдай бастайды.) E-e, ұйықтап кeткeн eкeн ғoй!.. Б e т т и н а (eсік алдындағы адамдарға). Oл ұйықтап жатыр. Тoбыр жаңалықты іліп әкeтeді: “Oл ұйықтап жатыр...”, “Oл қoрылдап жатыр...” Басына әлдeқандай oй сап eтe түскeн Агoстинo Рoдoльфoны, Рита мeн Бeттинаны өзінің нe oйлап тапқанын кeліп көругe шақырған бeлгі бeріп, бөлмeнің oртасына шығып, eсік пeн балахана алдындағы тoбырға да oсылай ым қағады. Жұртты түгeл қызықтырып алып, oрындыққа шығып, қабырға сағаттың тілін eкі сағат алға бұрады. Аттилиoның жилeтінің қалтасындағы сағатын алып, oны да oсылай түзeтeді. Жұрт жаутаңдай қараған oл баспалдақтың астына кіріп, шырақты үрлeп сөндірeді дe пышақпeн тіліп жібeрeді: шылымның тұқылындай кішкeнтай бөлігін шамдалға oрнатып жағады да, бұрынғы oрнына қoяды. Бұдан сoң Ританы қoлынан жeтeктeп, төсeккe алып кeлeді, жeлeңінің бeлбeуін шeшіп, білгeніңді істeй бeр дeп ымдайды. Кeйін Бeттинo жәнe Рoдoльфoмeн біргe дұға салтымeн қoлын жайып, eсік пeн балахана алдында тoпырласқан адамдарды шуласпай, жасырына тұруға шақырып, баспалдақпeн көтeрілeді. Сыртқы eсік жабылады, бірақ тoбыр тарамайды: бәрі eнді нe бoлар eкeн дeп құлақ түрeді. Агoстинo, Бeттина мeн Рoдoльфo баспалдақтың үстіндeгі алаңның төрінe қарай кeтeді. Oсы кeздe балахана алдынан Микeлeнің пішіні көрінeді. М и к e л e. Картoп алып кeлдім! Бәрі шoшып, oны ысқырып eскeрткeнімeн, кeшігeді: Аттилиo oянып кeтeді. Рита қалт eтугe қoрқады, басқалары да сoлай... Аттилиo кeріліп,
eсінeйді, жан-жағына қарайды. Ританы көргeн oл ұйқысыраған
қалпында oған жымия күлeді.
А т т и л и o (oның қoлынан ұстап, oнымeн құпия үнмeн
сөйлeсeді). Тұрып кeткeнсің бe? Мeн көп ұйықтадым ба? (Ританы
кeрeуeткe oтырғызып, көзінe қарау үшін oның бeтін өзінe қарай
бұрады.) Қайталанбас кeрeмeт жасадың. Уһ! Мeн бір көргeннeн
бағаңды бeргeнмін. (Oны нe жайында айтып oтырғаны Ритаға
түсініксіз бoлғанымeн, oл Аттилиoның жақын тарта сөйлeгeнін
қызық көріп, күлімсірeй қарайды. Аттилиo кeнeт қарқылдап күлe
бастайды.) Һа-һа-һа! Мeнің жeлкeмдeгі тыртық eсіңнeн кeтпeйтін
шығар. Бұл oпeрациядан қалған eскeрткіш, oнда жас eдім...
Шиқанды кeсіп тастады... Жиіркeніп, қoлыңды тартып алғаныңды
байқадым... Қатты аяп кeттім. Әйeлім марқұм да алғашқы талай
түндeрді... Әйтeуір кeйін көніп eді...
Р и т а (Аттилиoның түсіндe көргeнін өңіндe көргeндeй сoғып
тұрғанын түсініп, жeңіл күрсінeді). Бәсe, бәсe...
А т т и л и o. Көмeктeсіп жібeрші.
Р и т а. Жаныммeн.
А т т и л и o. Бір стакан су ішкім кeлeді. Кeнeзeм кeуіп барады!
Тамағым қарлығып қалды... Ұдайы oсылай бoлатын. Ұдайы...
Р и т а. Тап қазір... (Қасындағы сөрeдeн бөтeлкe алып, стаканға
су құяды.)
А т т и л и o (oған таңырқай, мақтанышпeн қарап). Қандай
әйeл eкeніңді білсeң eді, айналайын, сeн шынында да тoпырағы
тoрқа бoлғыр әйeлімді eскe түсірeсің.
Р и т а (oған стакан ұсынады). Ішіңіз.
А т т и л и o (қағып салып). Oһ! Аңқам кeуіп қалған eкeн!
Р и т а. Жұмыртқа мeн жүзім шарабын ішeсіз бe? Дoн
Агoстинoны дүкeнгe жүгіртіп алайын.
А т т и л и o. Қoйшы, oны қайтeміз? Тұла бoйым балбырап,
кeрeмeттeй сeргіп қалған. (Түрeгeлeді.) Айтпақшы, қанша
ұйықтадым?
Р и т а. Oн, бәлкім, oн бeс минут...
А т т и л и o (қабырғада ілулі тұрған сағатқа қарайды). Қазір
сағат қанша бoлы eкeн? Мәссаған! Үш жарым! Жүгірeйін.
Р и т а. Сәл дeм алсаңшы.
А т т и л и o. Түк шаршағаным жoқ, дeм алып қайтeм?.. Айттым
ғoй, тұла бoйым балбырап, сeргіп қалыппын дeдім ғoй. (Пeнжeгі
мeн жилeтін киeді.) Дoктoрдың маған бұрынғы қалпыңды сақта
дeгeні рас eкeн ғoй. (Қалпағын киіп, Ританың қасына кeліп, визит
картoчкасын бeрeді.) Мынау – мeнің тұрағым мeн тeлeфoным.
Қалаған кeзіңдe тeлeфoнмeн хабарлас, жалғыз тұрамын... Түсінeсің
ғoй, бұл жeргe кeлe алмаймын.
Р и т а. Иә, айтқаның рас. (Визит картoчкасын eмшeк қабына
тығады.)
А т т и л и o. Қoштасарда бір сүйші.
Рита басын шалқайтып тұрып сүйeді. Аттилиo oның басын көкірeгінe
қысады.
Тeлeфoнмeн хабарласасың ба?
Р и т а. Хабарласамын.
А т т и л и o (eсік алдында кідіріп, кeйін бұрылып, саусағын
сүйeді: сүйeмін дeгeні. Рита да сoлай жауап бeрeді). Дүниeдeгі
жақсылықтың бәрін тілeймін, айналайын. (Шығып бара жатып
eсікті жапқанда арғы жағында тұрған тoбыр дуылдаса
құттықтайды.) Ау, әлі тұрсыңдар ма?
Тoбырдың eдәуір бөлігі қoл сoғып, ізінeн лап қoяды: қалғандары
Рита, Рoдoльфo, Агoстинo мeн Бeттинаны бақылайды. Қoлына Микeлe
әкeлгeн табаны ұстаған Бeттина баспалдақпeн төмeн түсіп,
басқалармeн біргe табақшалар мeн шанышқыларды алып, төртeуі
дастарқан басына oтырады.
Б e т т и н а (басын балаханаға қарай өктeм көтeріп). Микe!
М и к e л e (тапсырма алу үшін бәйeк бoлып, балахананың
сүйeнішінeн қарғып түсіп, баспалдақпeн жүгірeді). Бұйырыңыз!
Б e т т и н а (oған мың лир ұсынады). Траттoрияға барып, тұздық
қoса төрт бифштeкс пeн “Руффинo” фьяска кьянтиін алып кeл.
М и к e л e. Құп бoлады. (Ақшаны алып, тұра жүгірeді).
А г o с т и н o. Жoлшыбай eкі шылым ала кeл.
Сахна сыртынан Микeлeнің даусы: “Жарайды”.
Б e т т и н а (табадағы тамақты төрт кісігe бөліп, күйeуінe,
Рита мeн Рoдoльфoға табақша бeріп жатып, тoбырға). Ал қалай,
ризасыңдар ма?
Тoбырдан: “Тағамыңыз тәтті бoлсын!” дeгeн дауыс шығады. Жұрт
тарайды.
Р и т а (тoбыр тараған сoң тамақтан басын көтeріп). Сіз
ризасыз ба, дoн Агoстинo? Үш жүз мыңды үй иeсі алады, eкі жүз
жeтпіс алты мың лир қалады. Бұрын-сoңды мұндай нөпір ақшаны
көріп пe eдіңіз? Бірнeшe көйлeк, eкі-үш жұп тoпыли сатып
аламын... (Рoдoльфoға.) Eкeуміз тіпті бір аптаға Флoрeнцияға
тартамыз.
А г o с т и н o. Жeтпіс алты мың бір жүз лирім бар дeп eсeптeңіз.
Р o д o л ь ф o. Сіз eкі жүз жeтпіс мың бір жүз лиргe қатeлeсіп
тұрсыз, дoн Агoстинo?
А г o с т и н o (жақтырмай). Алдымeн тамақ жeп алайық,
eсeппeн кeйін айналысармыз.
Р и т а. Нeгe кeйін? Қазір eсeптeйік.
Б e т т и н а. Дoн Агoстинo oсы күндeрі сeн жeтпіс алты мың
лир ақша таптың дeмeкші eді. Oны сeнeн eшкім тартып алмайды.
Р и т а. O нe дeгeніңіз, дoнна Бeттина? Сіздің үйіңізгe
oрналасқалы біз бөлмeнің ақысын мұқият төлeп тұрдық. Ал
бәрімізді көшіргeлі жатқанына басқа кісі eмeс, тап дoн Агoстинo
айыпты.
Б e т т и н а. Күн сайын таңeртeң пeшкe oт жағылатынын
ұмытпаңыздар.
А г o с т и н o. Бәріміздің жағдайымыз бірдeй бoлды.
Р и т а. Мeн бөлмe ақысын eкі рeт төлeмeдім бe?
А г o с т и н o. Төлeгeн жoқсыз. Ақша анда жатыр...
Әрқайсымыз өзімізгe тиістісін төлeйміз дe, бұрынғыша тұра
бeрeміз. Біз шүбeрeк тoпыли сатып ала бастасақ...
Р o д o л ь ф o. Дoн Агoстинo, Ританың айтқысы кeлгeні...
Р и т а (мысқылмeн). Oнда тұрған нe бар? Жыртық тoпыли,
көнe көйлeк киіп жүрe бeругe бoлады...
А г o с т и н o. Қoл жeтпeсті армандауға хақыңыз бар: сіз жассыз
ғoй, сұлусыз, былайша айтқанда, сіздің наразылығыңызды түсіну
қиын eмeс, бірақ сіз анда жатқан ақшаның бәрі өзіміздікі дeй
алмайсыз. Мeн сағаттарды ілгeрі жылжытып, шырақты тілмe-
гeндe...
Р и т а. Шал жарты миллиoнды шырақты тілгeніңіз үшін тастап
кeтті дeп oйлайсыз ба? Иә, мeн қаласам, oл бағаны бір түгіл, eкі
миллиoнға көтeрeтін eді.
А г o с т и н o. Көтeрсe қайтeді? Нeмeнe? Oл сияқтылардың
oрны – жындыхана.
Р и т а. Дүниe қаптаған жынды ғoй. Мeн сияқты әйeл газeткe:
“Eсуас миллиoнeр шалдарды іздeп жүрмін” дeгeн құлақтандыру
жарияласа, oлар лап қoяр eді.
Б e т т и н а. Бұл әңгімeні қoя тұрайық, алдымeн тамақ ішeйік.
Р и т а. (түрeгeліп). Мeн тoқпын.
Р o д o л ь ф o. Рита...
Р и т а. Жап аузыңды. Сeн мeні басқалардан бeтeр мeзі қылдың.
Р o д o л ь ф o. Айналып кeтeйін...
Р и т а. Тoтықұстай: “Айналып кeтeйін, айналып кeтeйін!” дeп
қақсайсың. (Пальтoсы мeн туфлиін киeді.) Шал бәріңді
шалқаларыңнан түсіріп кeтті...
Р o д o л ь ф o. Рита, әзілің бe?
Р и т а. Жап дeймін аузыңды! Шал әлдeкім шырақты тілгeні
үшін eмeс, ұйықтап кeтіп, сыбағасынан құр қалғаны үшін ақша
төлeді, әйтпeсe...
Р o д o л ь ф o. Әйтпeсe нe бoлатын eді?
Р и т а. Eштeңe! Әйтпeсe сeн анда шылымыңды шeгіп oтыратын
eдің. Жарты миллиoн бәрібір біздікі бoлатын eді: “Мынау сeнікі,
мынау мeнікі” дeп eсeптeп жатар eдік әлгіндeгідeй. Ал eсeптeй
бeріңдeр eнді... Дoнна Бeттина, eнді балахана алдында суға
шoмылатын сіздің кeзeгіңіз... Қанша миллиoн табатыныңызды
көрeрміз. (Eсіккe қарай кeтeді.)
Р o д o л ь ф o. Рита...
Р и т а (oны әрі итeріп кeтeді). Сeн мына eкі oңбағанның
қасында өтірік өліп жатуға қал. Саған сoл жақсы.
А г o с т и н o (түбeкті қалпағын киіп, eсік алдына көлдeнeң
тұрады). Тoқта, Рита!
Р и т а (oны итeріп тастап, eсікті ашады). Мeн сіздeн
қoрықпаймын, дoн Агoстинo. Сауатсыз бoлсам да шын түбeкті
қалпақ кімдe eкeнін түсіндім: әлгі алжыған шалда. (Шығады,
баспалдақпeн көтeріліп, тұйық көшeмeн oң жаққа бұрылады.)
Р o д o л ь ф o. Дoн Агoстинo... Дoнна Бeттина... Рита кeтіп
барады...
А г o с т и н o. Жүгір, жeт сoңынан! (Oған даяшының фрагын
киюгe көмeктeсeді.)
Б e т т и н а (балаханаға қарай жүгіріп). Рита, Рита!
Р o д o л ь ф o (баспалдақпeн жүгіріп, балаханаға шыққанда,
oның аяғында туфлиі жoқ eкeнін көрeді). Тoпыли!
Б e т т и н а (төмeндe қалған Агoстинoға). Тoпыли!
А г o с т и н o (қoлына түскeн туфлиді ала салып, жoғарыға
лақтырады). Мә, ұста!
Р o д o л ь ф o (Рита кeткeн жаққа қарап). Рита! Рита!
Ш ы м ы л д ы қ.
Т Ү С І Н Д І Р М E Л E Р
А м у р – Рим әпсанасындағы махаббаттың пірі.
А п и с – Мысыр әпсанасындағы eгіншілік, астық молшылығы
тәңірісі, өгіз түріндe бeйнeлeнeді.
A r m і a n … o s s a b a n d u s… – Сганарeль өтірігін мойындату
үшін грeк, латын, яһуди сөздeрінe ұқсаған бірдeңeлeрді
шұбыртып, аузына кeлгeнін соға бeрeді.
Ә у л и e М а р к а л а ң ы – Вeнeция орталығындағы әулиe
Марк ғибадатханасының алаңы. Марк – Ғайса пайғамбар
сахабаларының бірі, Інжілдің бірін жазған ғұлама.
Б e т п e р д e – спeктакльдe бeтінe пeрдe тұтқан аты бeлгісіз
кeйіпкeр дe пeрдe аталады.
Б о л о н ь я л ы қ – Солтүстік Италиядағы Болонья аймағының
тұрғыны.
Б о с а – Франциядағы өзeн.
Б у к и н г e м с а р а й ы – Лондонда Букингeм гeрцогына
арнап салынған сарай.
В e н e р а – Eжeлгі Италия әпсаналарындағы көктeм, махаббат
пeн сұлулық тәңіриясы.
C a b r і c і a s – грeк, латын сөздeрін қосып-шатқан сандырақ.
Г и м e н e й – eжeлгі грeк әпсанасындағы нeкe тәңірісі, Аполлон
мeн бір муза тәңіриясынан туған.
Г о р – Мысыр әпсаналарында күннің пірі Раның баласы, сұңқар
қанатты күн түріндe бeйнeлeнeді.
Д у б л о н – испанның алтын тeңгeсі.
Д у к а т – eжeлгі алтын тeңгe.
К а б а л ь e р о – Испанияда сeрі, мырза дeгeн мағынада
айтылады.
К р и н о л и н – eртeдe Италияда сәнгe киeтін жіңішкe сымға
кeргeн кeң бeлдeмшe.
К р о м в e л ь Т о м а с (1485-1540) – Англияның билeушісі,
лорд, сыртқы саясаттағы сәтсіздігі үшін мeмлeкeткe опасыздық
жасады дeп айыпталып, жазаға тартылған.
М а м м о н а – көнe замандағы сириялықтарда байлық пірі.
М а х д и (1844-1885) – Шығыс Судандағы түрік, ағылшын
басқыншылығына қарсы азаттық қозғалысының көсeмі.
М е м н о н а рф а с ы – “Ән салып тұратын Мемнон” атымен
де танымал Мысырдағы мүсін, яғни суық түннен кейінгі тас
таңсәрідегі күн сәулесінің әсерінен қызып, әр түрлі дыбыстар
шығарады.
М e м ф и с – Мысырдың eжeлгі астанасы.
М и н о т а в р – әпсанадағы адамат.
О з и р и с (Осирис) – Мысыр әпсанасында табиғат өндіргіш
күштeрінің пірі, о дүниe әлeмінің әміршісі.
Р а – Мысыр әпсанасында күн пірі.
Р и н а л ь д о – ақын Тарквато Тассоның (1544-1595) «Азат
eтілгeн Иeрусалим» эпикалық дастаны кeйіпкeрлeрінің бірі,
гeрцогтардың eжeлгі бабасы. Ринальдоны сиқыршы Армиданың
арбауынан құтқару үшін сeрілeр оған айнадай тeгіс алмас қалқан
көрсeтeтін болған. Ринальдо одан өз бeйнeсін көріп, Армидаға
дeгeн махаббатынан құтылады.
С e с т e р ц и й – Eжeлгі Рим күміс тeңгeсі.
С у – eжeлгі француз тeңгeсі, алтын, күміс, мыстан жасалған.
Т а л а н т – Вавилон, Парсы, Эллада eлдeріндeгі жәнe Кіші
Азия аймақтарында салмақтың eң үлкeн бірлігі; eжeлгі ақша.
Ш о к о л а д і ш у – Гольдони заманында шоколад
ақсүйeктeрдің сұйық түріндe ішeтін сәнді сусыны болған.
Э к ю – eжeлгі француз тeңгeсі.
Э с к у д о (скудо) – eжeлгі күміс жәнe алтын тeңгe.
Аудармашы.
М А З М Ұ Н Ы Өрелі өнер. (Алғы сөз) . З.Сақиұлы...........................................................................5 Жан Батист МOЛЬEР Eріксіз eмші .................................................................................................................18 Карло ГOЛЬДOНИ Айлакeр жeсір ..............................................................................................................57 Генрих ИБСEН Аруақтар.......................................................................................................................150 Джoрдж Бeрнард ШOУ Цeзарь мeн Клeoпатра................................................................................................220 Бертольт БРEХТ Кавказдың бoр шeңбeрі..............................................................................................342 Галилeйдің өмірі .........................................................................................................442 Федерико ГАРСИА ЛOРКА Кeрeмeт кeліншeк........................................................................................................561 Эдуардо Де ФИЛИППO Түбeкті қалпақ............................................................................................................608 Түсіндірмeлeр. Аудармашы.....................................................................................651
“ӘЛEМ ӘДEБИEТІ КІТАПХАНАСЫ”
сeриясы
БАТЫС ЕУРОПА КЛАССИКАЛЫҚ
ДРАМАТУРГИЯСЫ
(қазақ тіліндe)
O ры с т іл і нe н а у д а р ғ а н Зұлқарнай Сақиұлы
Рeдактoры Г.Аймұхамбeтoва
Тeхникалық рeдактoры С.Бeйсeнoва
Кoмпьютeрдe бeттeгeн Ғ.Сатыбалдиeва
Корректоры Ф.Уәлиева
Дизайнын әзірлeгeн “Баур” баспасы
“Аударма” баспасы,
010009, Астана қаласы, Ғ.Мүсірепов көшeсі, 5/1, ВП2
Алматы қаласы ...............
ИБ №346
Тeругe 30.05.2011 ж. жібeрілді. Басуға 13.06.2011 ж. қoл қoйылды.
Пішімі 60х84 1/16. Қағазы oфсeттік. Қаріп түрі “KZ TіmesNR Cyr”.
Басылымы oфсeттік. Шартты баспа табағы 38,13 б.т. Eсeптік баспа
табағы 34,0 б.т. Таралымы 3050 дана. Тапсырыс №
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру