TELEGEI

Home

Ақсүйектер. Пьеса

Мұхтар Әуезов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ақсүйектер. Пьеса

Қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы XX ғасырдың қайталанбас құбылысына айналды. М.Әуезов шығармаларында халықтың тыныс-тіршілігін, арман-мақсатын, тарихи болмысы мен бүгінгі келбетін көрсетіп берді. Алғашқы жылдары жазылған көркем туындыларында елдің тұрмыс-т...

Үш актылы пьеса

(Аударма. Н.Погодиннен)

Қатысатын адамдар

Громов.
Н а ч а л ь н и к .
Т ә р б и е ш і .
Б о т к и н

Ш е р к е у ш і и н ж е н е р .
К о с т я - к а п и т а н
Соня.
Лимон.

Митя.
Д а м а - Н ю р к а
Б е р е т
А л е ш а

Ц ы г а н
Т а ң б а л ы ә й е л
Н и н к а
Т а м а р а

К а р а с ь
П е т и н
Пыжов
Д у ш е ч к а

Т р е б у ш к а
Б а р ф о л е м е й
Д и я к и н.
Саша.

Қ ұ л а қ қ а т ы н .
П е п е л а.
Махно.
К о м е н д а н т .

Д ә р і г е р.
С а д о в с к и й д і ң ш е ш е с і.
М а р г а р и т а И в а н о в н а - Садовскийдің хатшысы.
С ы з ы қ с ы з у ш ы.

П а р о х о д к а п и т а н ы .
П о в а р .
З а в х о з .
Д е с я т н и к .

Үй т а з а л а у ш ы э й е л .
С а н и т а р .
Қ а р а у ы л.
Е к і н ш і қ а р а у ы л .

Т і з і м ш і.

І АКТ

Бірінші эпизод

Күн лайсаң, қамаудағылар шығады.
Қ а р а у ы л. Көңілден, көңілден!
А л е ш а. Кәдімгі лайсаң күн.

Ц ы г а н . Жаным - ау, аспанға қарасаңшы, тастай, тылсымдай ғой. Жерін көрші қойыртпақ. Сүйел, басқан беттей. Цыган - ау, сені қайда айдап салды? Не үшін? Екі-ақ ат үшін бе? Не деген аспан!.. Өзі ұры... К а р а с ь . Осы шетте он жыл... Бірақ өлтірмей, жылдар созылатын ұзақ өлімге бұйырды.

А л е ш а. Кәдімгі лайсаң дүние.
Қ а р а у ы л. Көңілден, көңілден!

К а р а с ь . Жер ақ... қар да қар... Желі мынау ышқына, ышқына соғады. (Садовскийге.) Осы қай губерния?

С а д о в с к и й . Карелия.
К а р а с ь . Карелия, естіген емен.
Д и я к и н. Қадірімнен мәлім, бірақ кітап сөзіне қарағанда сұм жер...
А л е ш а . Кәдімгі қарлы боран, одан зоры да болады.

К а р а с ь . Осы шетте он жыл... Бірақ өлтірмей, жылдар созылатын ұзақ өлімге бұйырды. (Көрінбей кетеді.) Б е р е т (шыға бере). Румба рахат би, румба менің арманым... Румба келген испаннан, румбаны билей қалғаным... Қандай бұйым, береді екен. Петровка Кузнецкийдің бұрышы. Жасыл от жандыр, жолдан өтпекпін...

Л и м о н. Рақым етіңіз! Міне, мұнда. (Ұрлайды.) Б е р е т . Айырбас, айырбас: жақсы шулки, құйма қант, сап күмістей әже дұғалығы — крестьянның жаңа дамбалы, Павел Бурс сағаты да бар... Л и м о н (ұрланған нәрселерді қарап). Інжіл. (Попқа.) Гражданин, мынадан айрылмаңыз, сіздің товар, сізге алтын ғой. Берет, отынды берші.

Б е р е т . Рақым етіңіз! Лимон.
Л и м о н . Әрқашан маған сүйен.
Б е р е т . Шәк қылма.
Л и м о н . Буре... іші толы шойын...

Б е р е т . Мынау мәзір ме? Одесса ғой.
К о м е н д а н т . Садовский Юрий Николаевич! Инженер!..
С а д о в с к и й . Ия.
К о м е н д а н т . Начальникке жүріңіз.

Б е р е т (Садовскийге). Сіз маған шляпаңызды сатпайсыз ба?
С а д о в с к и й . Жоқ.

Б е р е т . Құдай ұрсын сізге шляпа жараспайды. (Ананың шляпасын алып өзі киіп ап.) Мен Петр үшін туғанмын.

С а д о в с к и й . Қойыңыз қалжақты.
Л и м о н . Сыйлаңыз шляпаңызды. Аяйсыз ба?

Б е р е т (шляпамен сәнденіп жүріп). Мені көріңізші өзіңіз. Сұр қалпақтың астынан мынандай көз, түн қиялыңдай. Қысқасы, шляпа менікі.

С а д о в с к и й . Бұл не бұл? Мен қарсымын.

Л и м о н . Не дейсің? Әр құдай таптаған адам кімге қарсысың, бізге қарсымысың? Қара, бізге қарсы.

С а д о в с к и й . Бұ не бұл?
К о м е н д а н т . Немене? Ну? Иесі кім?
Л и м о н . Берет, бер шляпаның шляпасын.

Б е р е т . Гражданин комендант, бұл кісіде жүрек жоқ — өкпе-бауыр колбасасы ғана бар.

К о м е н д а н т . Сөйлеме.
Л и м о н . Ал шошыдық, қалтырадық, сөйлемедік.
К о м е н д а н т . Инженер Садовский сіз бе?
С а д о в с к и й . Ия, мен...

К о м е н д а н т . Менімен начальникке жүріңіз.
С а д о в с к и й . Жүрейін, жүрейін.

К а п и т а н . Ғафу өтінем, бұл портсигар менің ата мұрам. (Жұртта үн жоқ.) Сіздер әлде танымай тұрсыздар ма мені?

Л и м о н . Таныдым.

К а п и т а н . А, таныдыңдар ма, бек жақсы. Менің ойымша біз мұнда уақытты онша жаман өткізбеспіз. (Сырылып.) Лимон, маған сүйен.

Т і з і м ш і. Бәрі түгел ме?
Қ а р а у ы л. Түгел.
Т і з і м ш і. Ал кірісейік. Фамилиясы, өз аты, әкесі, статьясы.
Қ ұ л а қ қ а т ы н . Әрмен әрі.

С а н и т а р . Қонақтарды алғашқы сыйға шақырамын. Нәрселеріңізді алып маған еріңіздер, граждандар. (Жұрт шыға береді.) К а п и т а н (Соняға). Соня! Соня! Осы сізсіз бе, жоқ көлеңкеңіз бе? Сіз бұл курортқа қалайша соқтыңыз?

С о н я. Дәл өзіңіз соқтық.

К а п и т а н . Ханымдар, өтінемін, жоғалыңыздар. (Әйелдер кеткен соң Соняны дос адамша құшақтап, оның перчаткалы қолын қысып.) Есенсіз бе, Соня, қай жерде ұстады?

С о н я. Қырымда. Сені ше, Костя?

К а п и т а н . Батумда. Турцияға беттеп ек, міні енді Финляндия шегіне келдім... Асау өмір.

С о н я. Бұл жер жаман, Костя, өте жаман.
К а п и т а н . Ойың не, Соня.
С о н я . Қашам.
К а п и т а н . Қашық қой... Мурманка... тоғай... қиын.

С о н я. Білемін.
Кеңседен Громов пен Садовский шығады.
Г р о м о в . Қазір ат келеді.
С а д о в с к и й (қалталарын қарап). Менің портсигарымды ұрлап әкетіпті.

Г р о м о в . Байқаңыз. Бұл детдом емес, сіз жеке бөлме аласыз. Айтпақшы, сіздің ісіңіз қандай еді? С а д о в с к и й . Менің ешбір ісім жоқ еді. Істі болған институтта бірге оқыған жолдастарым еді. Солар ұсталып мойнына алды да, мені қоса әкетті.

Г р о м о в . Инженер Боткинді білесіз бе?

С а д о в с к и й . Жоқ. Ә, Боткин, ие білем, ол менің институттағы ескі жолдасым еді. Г р о м о в . О да осында. Біздің қандай құрылыс жасап жатқанымызды білесіз бе, жоқ па?

С а д о в с к и й . Естігем... Түрмеде.
Г р о м о в . Ондағы, жаман мағлұмат қой. Қазір іс басына барамыз.
С а д о в с к и й . Құп.

Г р о м о в . Мұнда гидротехникке жұмыс көп. Жартасты шауып, тосқауыл қойып дарияны бұрып сап, теңіздерін теңселтеміз; менің учаскемдегі істі бүгін қолға алыңыз.

С а д о в с к и й . Бұл қалайша?

Г р о м о в . Кәдімгі инженер, құрылысты қолға алыңыз. Сіз белгілі гидротехниксіз.Тартыңыз, папиросыңыз бар ма? С а д о в с к и й . Сіз көп сый жасайсыз. Мен тіпті түсінбеймін. Мен мұнда он жылға айдалған кісімін. Қамаудағы адаммын. Қылмыстымын.

Г р о м о в . Бізде қамау уақытын көп қысқартуға болатынын естіп пе едіңіз?
С а д о в с к и й . Оны да естігенмін.
Г р о м о в . Ал қосымша уақыт алатыны тағы да болады.
С а д о в с к и й . Ол қалай?

Г р о м о в . Жаңа қылмыс болса, әрине, он жылға тағы он жыл жамалады, жүріңіз іске кірісейік.

С а д о в с к и й (иіле). Жақсы. Бұйырыңыз.
Г р о м о в . Ертең сіз бұйыратын боласыз.
С а д о в с к и й . Құп. (Бұлар кетеді.)

К а п и т а н . Ең бір жек көретінім осылар... чекистер, ромбылар... жұмысқа жеге ме?

С о н я . Тегісінен жегеді.
К а п и т а н . Осылар осы немене шұқып жатыр дейді.
С о н я . Әлденендей бір, Беломор - канал дейді.
К а п и т а н . Не қылмақшы?

С о н я . Білмеймін.

К а п и т а н (қарқылдап күліп). Тамаша, жұмыс істейтін кісі мен болам. Мен Костя -капитан совет үкіметінің күнделік жұмысшысы болам... Сонька, сен бұлардың социализмін құрысуға жазылдың ба, жоқ па?

С о н я. Мен бе?.. Жазылдым...

К а п и т а н . Бәсе, біздің ақсүйектер мәлім ғой. Дұрыс, Соня намысымызды жіберме. Сонька, байқа, қасымда бол. Өлмейміз, жуликтер бірлесу қажет.

Т і з і м ш і. Жазылмаған бар ма, жоқ па?
С о н я . Костя, ұмытпа... Біргеміз.

К а п и т а н . Люкс Манжурия, қайта сапар. (Соня кетеді.) Тізім бе! Мені қай фамилиямен соттады екен осы? Гребесков?.. Жоқ. Иван Иваныч Палтников... Ол Ярославтағы кесім. Барлық өмірбаяным шатасқан. Бірақ не парқы бар? Өз әкемнің фамилиясымен Костя Дорохов болып жазылайын. Он жыл қамау... Және төрт рет үйлену...

Т і з і м ш і. Гармошка, үніңді өшір...

К а п и т а н . Бұл ұжмаққа жазатын сізсіз бе? Өзі тегін бе екен, жоқ гербовой мауқы керек пе? Бала, осы сізбен бір жерде іштім - ау мен! Сіз Ленинград - Тифлис жолының вагон ресторанына бастық едіңіз. Сіз де мұнда екенсіз ғой.

Т і з і м ш і. Тап-таза бес жылым бар.

К а п и т а н . Қалыңызды түсінем. Өмір ол құбылған ойын ғой. Сонымен жазыңыз. Фамилиям былық.

Екінші эпизод

К а п и т а н . Аман ба, жорталар?!
С а ш а (орнынан). Кет әрі, тұқымыңды ұрайын.

К а п и т а н (шебер түрде таңданып). Әй, бұ қайсының? А, сізсіз бе сүйдеген?

Т р е б у ш к а (әндетеді). Қаныммен сүймеймін...

К а п и т а н . Есіңізді жиған соң, келіп ғафу өтініңіз... Аман ба, жорталар?

К ө п д а у ы с. Капитан! Костя!.. Капитан!.. Капитан!..
Д а у ы с т а р. Аман ба, хозяин?
К а п и т а н . Мен тәрбиелі, биязы, таза адамды сүйемін. Дұрыс па, Лимон?

Л и м о н . Біз тәрбиелі, биязы және өле-өлгенше өзіміздің адамды сүйеміз, шешін, капитан.

Ц ы г а н . Бұл капитан не қылған адам? Айнала қазайын.

Л и м о н . Оның әдеті сол. Абақтыға да банкаға да хозяин бола кіреді. Ұмытпа, атағы капитан. Берет пайда болады.

Б е р е т . Капитан, менің сағатымды ұрлаған қай оңбаған.
Л и м о н . Ал менікін ұрлаған жынды, құнсыз, сүмелек ит кім?
Б е р е т (жуасып). Қысқасы, сенің ұсынысың не?
Л и м о н . Шарт бұзылсын. Сағатыңды өзің ал да, менікін өзіме қайыр.

Б е р е т . Сағатың не? Мен сыпайы адам.
Л и м о н . Әйтпесе текке қан төгіледі.

К а п и т а н . Лимон, сен кесек ұрысың. Бірақ панасыздар менің көз алдымда біріңді -бірің ұрлауың не? Мағынасыз жұмыс. Б е р е т . Еркектер, келіндер тура айтысайық. Біреу Лимонның сағатын ұрлапты. Мәзір ме еді?

Л и м о н . Мәзір.
Б е р е т . Бұл жолдасқа қиғаш қарау.
К а п и т а н . Үгіт пе! Тамаша, сіздерге үміт керек пе?
Т р е б у ш к а . Ханым, мұның бәрі түк емес...

К а п и т а н . Іш пысты. Карта бар ма?
Л и м о н . Бар.
Ц ы г а н . Не ойнайсың, не тігесің?

К а п и т а н (Цыганға). Мен сенің етігіңді тігемін. Әй, мына етікті кімнің ұтқысы келеді? Л и м о н . Костя, таста... Бұл біздің кісі, жарамайды. (Маргарита Ивановна мен комендант кіреді.) М а р г а р и т а . Жақсысыз ба. Бізге қандай мамандар келгенін сіз білесіз бе?

К о м е н д а н т . Иә, мамандар - ақ.

М а р г а р и т а И в а н о в н а .Сіз технический управлениеге мағлұмат беріңіз.

К о м е н д а н т . Жарайды. Жүріңіз екінші бараққа барайық. Екеуі кетеді. К а п и т а н . Осы бір серуендеп жүрген қыз кім? Осы өзі маған ұнайды. Кім өзі? С а ш а (алдында Костядан жығылып қалған, енді жағына). Ол жас қыз технический управлениенің іс жүргізушісі, аты Маргарита Ивановна. К а п и т а н . Мен сол жас қызды банкеге қоям. Кімнің ұтқысы келеді! Маргарита Ивановнаны. Ал, Маргарита Ивановнаға менімен кім ойнайды?

Л и м о н . Ал, мен бастым қызға қарай.
К а п и т а н . Не тігесің?
Л и м о н . Төлеуі табылды.
С а ш а . Зеке. Келіп қалды.

А л е ш а . Қыстың бір суық күнінде.. (Карта жасырылады).
З а в х о з . Әкел картаны, шығар картаны. (Шу басылады).
Л и м о н . Сен қайдан шықтың? Ол, дүниеден бе?

К о м е н д а н т . Қорқытпа. Жігіттер, мен өзім де қамаудағы адам. Беріңдер картаны.

Л и м о н . Ізде.
К о м е н д а н т (іздеп). Маған айтқаны кәні, жұтып қойдыңдар ма, немене?

Л и м о н . Ақымақсың, тәлкек еткен ғой. Біз картаны қайда ойнайтынын да білмейміз. К о м е н д а н т . Мені де үйтіп оңай көрме. Мен өзім де... (Іздейді.) Жоқ па, сонымен. Мен үйтіп... К а п и т а н (бұған). Гражданин ғафу өтініңіз. (Үн жоқ.) Мен сізге мәслихат етем — ғафу өтініңіз. (Үн жоқ) Мен үшінші рет...

Т р е б у ш к а . Ханым, мен сүймеймін...
К о м е н д а н т . Ғафу өтінем. (Кетеді. Күлкі.)

К а п и т а н . Біз оның көйлегіне, тоқымаларына, чулкидеріне, барлық кәкір-шүкірлеріне ойнаймыз, ең ақырында оның махаббатын қоямыз. Кім ұтқызса, сол қызды тіріде алып келеді. Байлау сол ма?

Л и м о н . Тұрақты байлау сол.
К а п и т а н . Таза ойын ғой.
Л и м о н . Даусыз.
К а п и т а н . Пальто!

Л и м о н . Және!
К а п и т а н . Және пальто...
Л и м о н . Болды. Пальто сіздікі. (Күрсіну, тынышсыздық.)
К а п и т а н . Қалпағы.

Л и м о н . Бастым. Және, және қалпақ сіздікі.
Ц ы г а н . Капитан еңсерді. Капитанға мәз қойдық.
Б е р е т . Мәз қоюға бола ма?
Л и м о н . Ақырын.

К а п и т а н . Банкеге қыз қойылды.
Л и м о н . Бастым. Және, және болды. (Үн жоқ.)
Ц ы г а н . Үш... жеті... он бір. (Тегіс күрсіну.) Капитан!

Л и м о н . Қыз сіздікі. (Топ ішінен тер басқан будыраған жүзбен атып шығады.)

С а ш а (мәз болып). Көзі тірі қатынды ойынға салады. Бұл неткен адамдар?

Үшінші эпизод

К о м е н д а н т . Жолдас Громов.
Г р о м о в . Не айтасыз, гражданин комендант.
К о м е н д а н т . Таңертеңгі поезбен начальник кепті.
Г р о м о в . Қазір қайда екен?

К о м е н д а н т . Стансадағы агент аппаратпен мәлім етті: "шықты, қарсы алыңдар" дейді. Біз міне күтіп тұрмыз.

Г р о м о в . Тағы не бар?

К о м е н д а н т . Тағы бір хабар, ұрылар технический управлениенің қызметкері Маргарита Ивановнаны картаға ұтқызыпты.

Г р о м о в . Ер жұрт, кімдер екен?

К о м е н д а н т . Естуіміз ұтқызушы жаңа келген топтың адамдары. Өздерінің айтуынша бұнда бұлардың құдайы кепті. Кесектер, қасқыр ұры дейді. Атағын жасырады. Сырлары берік. Г р о м о в . Бірен - сараңды мобилизовать етіп міндет тапсырыңыз. Тәрбие бөлімін хабарландырыңыз. Тағы не бар?

К о м е н д а н т . Басқа оқиға жоқ.

Г р о м о в . Жақсы... Әй, комендант, комендант осыны - ақ қоздыра алмай қойдым. Қамаудағы адам. Әмір жүргізуден қорғанады. М а р г а р и т а И в а н о в н а . Гражданин начальник, мені картаға ұтқызыпты.

Г р о м о в . Отырыңыз.
М а р г а р и т а И в а н о в н а . Бұл даусыз анық.
Г р о м о в . Бекер демеймін, отырыңыз.

М а р г а р и т а И в а н о в н а . Жоқ, сіз әлде сенбейтін шығарсыз. Бандиттер кеше мені картаға ұтқызыпты. Сонымен кеше кешке клуб жанында мені бір жігіттер шетке қағып пұшпақта, жолға, батпаққа қарай қақ байлады. Біреуі менің аузымды баспақ болды. Ал екіншісі... Бірақ мен айқай салған соң, үн қатпай тайып кетті.

Н а ч а л ь н и к . Сәлемет пе, жолдас Громов? Айта беріңіз. М а р г а р и т а И в а н о в н а . Мен қамауда – ақ болайын, бірақ пана қайда, зорлық қой! Г р о м о в . Комендант! (Маргарита Ивановнаға.) Мен сізге, бөгелмей жұмысқа баруға бұйырамын. Кеш сайын клубқа барыңыз. Бірақ шығарып салушылар болмасын. Барыңыз,

жыламаңыз.
К о м е н д а н т . Әзірмін, жолдас начальник.
Г р о м о в . Жеті сетке.
К о м е н д а н т . Кімге?

Г р о м о в . Сізге.
К о м е н д а н т . Қазірден бе?
Г р о м о в . Ертеңнен.
М а р г а р и т а И в а н о в н а . Рақмет. (Кетеді.)

Г р о м о в (начальникке). Бұл торксиннің кассасынан отыз мың соққан кісі. (Комендантқа) Мынау қағазды тиісті орнына тапсырыңыз. "Басқа оқиға болған жоқ". Өзің қандай чекист болып ең? Огоротын басқарып пе едің әлде? Жеті сөтке, барыңыз, қимылдаңыз. Н а ч а л ь н и к . Бұл қалай, Громов, сенде карта базары ашылған ба? Ойын үлкен ғой.

Г р о м о в . Сіз маған ылғи зиянкестерді жібересіз, өңшең гүлді, нәрлі.
Н а ч а л ь н и к . Іскеріне қарай аспабы, бағалай біл.
Г р о м о в . Бағалаймын.
Н а ч а л ь н и к . Бұл мырзаларды қалай түзер екенсің, қызығыңды көрейік.

Г р о м о в . Ә, түзеу қажет.
Н а ч а л ь н и к . Каналды да қазу қажет.
Г р о м о в . Каналды да қазу қажет.

Н а ч а л ь н и к . Әрқашан, бізді мұнда неге жібергенін ұмытпау керек. Бағытыңды ұмытсаң құладым деп біл.

Г р о м о в . Мен сүйеу болатын жігіттерді екшеп алдым.
Н а ч а л ь н и к . Көп пе?

Г р о м о в . Әлі көп емес. Бірақ көбейді. Менде салт жөніндегі қылмыстылар аз. Мүмкін болса соны төгіңкіреңіз.

Н а ч а л ь н и к . Төгеміз. Талантты адамдар бар.
Г р о м о в . Соны беріңіз.
Н а ч а л ь н и к . Көмек бер дейсің, ә? Өз адамыңды танисың ғой?
Г р о м о в . Іздеймін, көтеремін, бет берем.

Н а ч а л ь н и к . Мұның дұрыс, жолдас Громов. Ну, инженерлеріңді әкел. Қандай халық. Мен әлі көргем жоқ. Г р о м о в . Инженерлер... тым құрыса осы тұста болыссаңыз етті. Кімді жіберіп отырсыз? Инженер деген таза праволы контрреволюция емес пе? Комендант! Мен мың банданы темірші қып шығара алам. Бірақ бір. Комендант кіреді.

К о м е н д а н т . Әзірмін, жолдас начальник.
Г р о м о в . Инженерлерді жиыңызшы.
К о м е н д а н т . Мақұл.
Н а ч а л ь н и к . Немене сен жылай бересің, Громов? Қажуың ба, неменең?

Г р о м о в . Кейде көп түйіннен бас қаңғиды.

Н а ч а л ь н и к . Бас қаңғығанда маған кел. Громов, мұның сөз емес. Маған мұндай сөз жақпайды, жолдас Громов.

Г р о м о в . Менікі жолдас көргендік еді.

Н а ч а л ь н и к . Маған бұл түрдегі жолдастық сөз де жақпайды. Егер жолдас Громовтың шамасы бала бақшасында қана болса, біз мұнда жібермес едік. 22-сі күні главный управлениеге келуге бұйырам. Таңертең менің пәтеріме келерсің, шайға.

Г р о м о в . Мақұл.
К о м е н д а н т . Зиянкестер әзір.
Г р о м о в . Инженер Иванов — шіркеу салғыш маман. Бұзық, қазына жегіш.
Н а ч а л ь н и к . Отырыңыз. (Боткин шляпасын алады.)

Г р о м о в (начальникке). Инженер Боткин.
Н а ч а л ь н и к . Киіміңіз мезгіліне лайықсыз екен.
Б о т к и н . Мен кабинет қызметкерімін.

Г р о м о в . Ғалым, тапқыр... өнерлі дворян, контрреволюционер және зиянкес.

Н а ч а л ь н и к (Боткинге). Отырыңыз.
С а д о в с к и й . Есенсіздер ме?

Г р о м о в (начальникке). Инженер, Садовский — ірі маман және ірі зиянкес. Бұнда келгенде де ашық саботаждан бастады.

Н а ч а л ь н и к . Бәріңіз жиылдыңыз ба?
С а д о в с к и й . Бәріміз.

Н а ч а л ь н и к . Сіздер, участкелеріңіздің орасан артта қалғанын байқайсыздар ма, жоқ па? Көрмейсіздер ғой. Сводка оқымайсыздар. Бұнда жиылған өңшең ірі инженерсіздер. Аппарат мығым, оны жақсы білесіздер, отырыңыздар. Неғып олқылықта қалып отырсыздар? Бұл тура істен қашу ғой. Бұл саботаж. Мен үш сұраққа дәл жауап тілеймін. Б о т к и н . Менің қолымда материалдарым жоқ. (Жымиып.) Соны алып келуге рұқсат етіңіз.

Н а ч а л ь н и к . Пожалуйста, бірақ тезірек.
Б о т к и н . Құп.
Ш е р к е у ш і и н ж е н е р . Мен де барып, қарап келуім керек еді.

Г р о м о в . Пожалуйста, жалғыз-ақ тез қайтыңыз. Сіздің де барып келетініңіз бар шығар, солай ма?

С а д о в с к и й . Ие.
Г р о м о в . Ашық жұмыс.
Н а ч а л ь н и к . Сөз байласқалы кетісті.
Г р о м о в . Шімірікпейді тегіс.

Н а ч а л ь н и к . А, сен бүлінбе. Біз оларды ұстадық, отырғыздық, он жылдан бердік... Енді не тілейсің олардан? Бірақ қандай бағалы адамдар. Маған ұнайды. Ерлікпен үндемейді. Істері батым. Осындай азаматтармен өз өндірісіңді мезгілінде орындамасаң мойыныңды жұлып алам. Садовский, Боткин үшін тура өзің жауаптысың. Г р о м о в . Мен жұмысшы, қызыл әскер, чекист бола тұрып, маған, біреу, жұмысшы табынын жауларының тағдыры үшін жауап бересің десе, үш ұйықтасам да ойыма алмас ем. Айтса сенбес те ем.

Н а ч а л ь н и к . Сонымен ойлан, ұғын да іске бас, жолдас Громов.
Г р о м о в . Мақұл.

Төртінші эпизод

Құлақ қатын кеп ән салады.
Қ ұ л а қ қ а т ы н . Ермен басты жол - жорығын, сәулем жүрген сапардың.
Н и н к а . Әндетесің тәте!
Қ ұ л а қ қ а т ы н . Әндетем.

Н и н к а . Но әндет.
Қ ұ л а қ қ а т ы н . Көде менен мүк басты, сәулеммен серуен етке жерлерді.
Н и н к а. Сүйтіп, әндетсін. Ал қайда қонақтайсың?
Қ ұ л а қ к а т ы н . Мен қонақтаған кісі.

Н и н к а. Ендеше отыр.
Қ ұ л а қ қ а т ы н . Ермен басты... сүйгенімнің аяғын.
Н и н к а. Тәте, а, тәте. Сен колхозға неге өрт салдың осы.
Қ ұ л а қ қ а т ы н . Ақымақ сұрауыңа жауабым жоқ.

Н и н к а. Әлде өрт салғаныңа өкінесің бе?
Қ ұ л а қ қ а т ы н . Өкінемін, бәрі өртенбеді.
Н и н к а. Колхоз жанбай қалды ма?
Қ ұ л а қ қ а т ы н . Жанбады.

Н и н к а. Бірақ сен жандың ба?
Қ ұ л а қ қ а т ы н . Әрине, мен жандым.

Т а ң б а л ы ә й е л (кіріп). Нинка, мың рет айттым ғой, кісіні ұрғың келсе жымия бер деп, қытықтайын ба осы.

П е п е л а. Я, рақман раһим, я, тәубе...

Т а ң б а л ы ә й е л . Нинка, сен балапансың. Адамша түкіру де қолыңнан келмейді. Сен кісіден титтей қан да шығара алмайсың. Н и н к а. Қапа болмаңыз. Бұрын екі рет сотты болғам, үшіншіде Ташкенттен бес жыл алдым. Т а ң б а л ы ә й е л . Қарашы зорын, Магдалина ғой өзі, екі рет сотты, 5 жыл. Соня, мен шошыдым, қорықтым мынадан.

Н и н к а. Тілесем егескен кісіні жарып та тастайым.
Т а ң б а л ы ә й е л . Шіркін жазықсыз балалық - ай. Қайтіп жарар едің?
Н и н к а. Адамша... ашуланар едім де, салар ем кеп.
Т а ң б а л ы ә й е л . Әне, ақымақсың.

Н и н к а. Өзің...
Т а ң б а л ы ә й е л . Қайта айтшы.
Н и н к а. Өзім білем.
Т а ң б а л ы ә й е л . Байқа, көрпені қабымасаң қытықтаймын.

Н и н к а . Соня, осы неге мені күн ұзын қинайды?

Т а ң б а л ы ә й е л . Мен адам қылайын деймін, ақымақ. Сенің өмірің алдында. Тында, тоқып ал, ашулану керек емес. Біреуге қылмақ болсаң... Ұқтың ба, өй жануар... немене көзіңді жалп-жұлп қағасың... Мысалы мен сені буындырып өлтірем десем, сені ашуландырмай - ақ өлтірем де қоям. Ақырын моп-момын болып жымиып тұрамын да, пәледен де ап - аман шығам. Жап аузыңды, жыми.

Н и н к а. Пожалуйста...

Т а ң б а л ы ә й е л . Адам қылам сүйтіп. Келші ақымағым. Бір сүйейін. Жақсы көрем, балапаным...

Б а р л ы ғ ы. А - а, Дама - Нюрка...
Н и н к а. Бонжур!
Д а м а - Н ю р к а . Ал, қыздар, бір романс айтыңдаршы.
Б а р л ы ғ ы (джаз). Ермен басты... (Жырлайды.)

Д а м а - Н ю р к а . Еһ, бір заманда болған еді... Италия пароходтарынан алушы едім. Одесса, туған жер, (Пепелаға) дұға қыл. С о н я. А мен ше... Мәскеуде менің әдемі ішігім болушы еді. Нюрка мына бір түймемді қада. Мен сол ішігімді әп иінге айырбастадым. Нюрка, тілеуің берсін, қада түймемді. Екі – ақ жыл өмірім қалды, содан соң бір аяқ әпиінді ішемін де өлем. П е п е л а (әндетіп). Ия, көрім, ия, тәубе. (Соня теуіп қалады, Пепела сырғып бара жатып әндете береді.) С о н я. Таңертең газетте жарнама шығады. Бақшада, скамияда, қар үстінде өліп жатыр екен. Таңертең тауып алып өліктер мекеніне апардық деп жазады. (Орындықты лақтырып.) Жоғал... оһ, дерт. Тіпті қандала да жоқ. Тазалық сақтайды, Дама - Нюрка, айтшы, осында неге тазалық сақтайды, Дама - Нюрка, айтшы, осында неге тазалық сақтайды.

Д а м а - Н ю р к а . О не дегеніңіз. Гигиена.

С о н я (айғайлап). Немене, неме керек гигиена? Өлікке музыка керек пе? Жалған бәрі. Бала күнімнен білем. Мен жетімдер үйінде көк кереуетте жататынмын. Бұршаққа жалаңаш тіземізбен отырғызатын. Он төрт жасымда мадам Аглая қатын болуды үйретті. Мен жиренемін.

Б а р л ы ғ ы. Соня! Соня!

Соня. Бала күнімнен бері осы бір тап-таза төсеніштер. Бәрі де жалған. Түзеу, тәрбиелеу, қайта тудыру газеттері... Кімді алдамақшы сволочьтар. Абақты болған соң абақты. Салапки, не қылған сөз?..

Т а ң б а л ы ә й е л . Сонька, зеке!
Н и н к а . Начальниктер, чекистер.
Н а ч а л ь н и к . Көнбейтіндер ме?
Г р о м о в . Көнбейтіндер.

С о н я . Тағы да сөздің майын тамызар деп едім. Кәтіржанның жаны желіммен жамалмайды, шырақтар.

Н а ч а л ь н и к . Мен сенің жайынды естігем. Өзің жас екенсің - ау.
С о н я. О да ретіне қарай...
Н а ч а л ь н и к . Өмір сүрудің ретін айтам.
С о н я . Кіммен?

Н а ч а л ь н и к . Ерсің.
С о н я . Жасырмаймын.
Н а ч а л ь н и к . Жұмысқа отказ бергелі екі ай болды ма?
С о н я. Қателесесіз, мен отказ бергелі он бес жыл болды.

Н а ч а л ь н и к (темекі тұтатып ап). Тартасың ғой, әрине.

С о н я. Ну, ну, ну жамбастама, мен ұры, мен бандит. Совет жандарлары бізбен шылым шекпейді.

Н а ч а л ь н и к . Рас, сөзге дауа жоқ, сен ұрысың. Кесігің неше жыл?
С о н я . Қоңырауға шейін.
Н а ч а л ь н и к . Ниетің қашу ғой.
С о н я . Мәслихатыңа қарай...

Н а ч а л ь н и к . Керек емес. Бәрібір ұстаймыз.
С о н я . Ия, сендердің істерің мығым.
Н а ч а л ь н и к . Нанды текке жемейміз.
С о н я . Көрініп тұр.

Н а ч а л ь н и к . Жасырмаймыз. Сен тарт, шылымың жоқ қой. Қаңсып отырсың ғой. Тарт.

С о н я . Рахмет.
Н а ч а л ь н и к . Әкең жұмысшы ма еді? Крестьян бе еді?
С о н я . Жұмысшы.
Н а ч а л ь н и к . Темірші ме.

С о н я . Шойын жолшы. Бір апатта қаза тапты.

Н а ч а л ь н и к . Түсінікті... менің әкем де жұмысшы еді. Құрт аурудан өлді. Бәрі де түсінікті. Қош әзірше. С о н я. Не түсінікті оған? Менікі де жұмысшы еді дегені несі? Нюрка, құдай үшін түсіндір, не айтты әлгі маған? Нюрка, сен бәрін білесің. Сен жеңгесің ғой.

Т а м а р а . Соня, Соня!
Д а м а - Н ю р к а . Тамара.
Т а ң б а л ы ә й е л (Нинкаға). Бұлар шатасқандар, құлақ қойма, жүр.
С о н я (Нинкаға). Нинка, отыр үйде.

П е п е л а. Я карим... я карим...
С о н я . Доғар, буындырамын.

Т а ң б а л ы ә й е л . Сонька, сен аурусың. (Пепеланы көрсетіп.) Мына, мына әулиеден де жамансың. (Кетеді.) Д а м а - Н ю р к а (Соняға). Былай кетейік, мына бір бекзада корольге арнап бал ашып берейін бе, сізге.

С о н я . Аш...

Д а м а - Н ю р к а (картаны береді). Жаңағы әскери жігітке ашыңыз. Сізге ойда жоқ қызық шығар мекен, жоқ құр ғана құмар тарқату мекен? Ойланыңызшы? С о н я. Ойлансам сенің қуыс қурай құрым санаң жоқ, аулақ кетші. Кетіңдерші менен, жоғалыңдаршы. Білмеймін бұл не...

Д а м а - Н ю р к а . Сонечка, құдай ақы, сен у ішіп өлесің. (Кетеді.) С о н я . Нинка, бері келші. Жүгір, Костя, капитанды шақыр, Соня арақ сұрайды деші. Таппаса пойыздың астына құлап өледі де, шыным. Айт осыны, жанымды шырмайын.

Бесінші эпизод

С а д о в с к и й . Құдай-ау, неткен батпақ? Сонымен кімнен дейсіз? К а п и т а н . Мен туралы естімеуің ғажап екен. Мен геологпын. Достарым былғады. Папирос сыйлаңызшы.

С а д о в с к и й . Айыпқа бұйырмаңыз, фамилияңыз кім?
К а п и т а н . Валентин Иванович Берік.
С а д о в с к и й . Садовский.
К а п и т а н . Естімеген ем. Жәшігіңізді мен ұстай тұрайын, беріңіз.

С а д о в с к и й . Міне енді, мен сізге папирос бере аламын. К а п и т а н . Посылка. Кітап қой. (Садовскийге жәшігін беріп, папирос алып жатады.) Жақсы екен.

С а д о в с к и й . Не жұмыста екенсіз, коллега?
К а п и т а н . Кендерді зерттеймін, асыл тас іздеймін.
С а д о в с к и й . Міні.

К а п и т а н . Мен сізді шығарып салайын, қарсы болмайсыз ба? Әйтпесе тым лайсаң, батпақ. Іш пысады. Жалғыздық.

С а д о в с к и й . Сіз де еріксіз адамсыз ғой.
К а п и т а н . Ия, солай... Оңға қарай басыңыз, енді солға, оңға.

С а д о в с к и й . Қалайша? Сіз геологсыз. Осы жуликтермен шын бірге істедіңіз бе? Рас-ау, айтпақшы әкеліңізші, посылкамды, мен өзім алып жүрейін. Геолог!.. Гражданин Берк!.. Қайда әлгі. Анамнан келген посылка. Тоқта... Оңбағандар, сендерге кісен керек, каторгы керек. Қамшы, дүре керек.

К а п и т а н . Бапты закуске, достың сыйы.
С о н я. Ойнайсың, байқа.

К а п и т а н . Жәй, уақ-түйек. Сүрлеген колбаса. Азық-түлік бөлімі, қабыл алдық. Мынау не мәселе? Әйелінің суреті. Кісі өміріне қол сұқпаймын, бірақ неғып мұнша қартайып қалған. (Суретті қарап оқып.) "Менің Юрочкама, анасынан". Ана, шеше, туған ана.

С о н я . Немене, Костя! Аурумысың?

К а п и т а н . Соня, менің де анам бар ғой. (Шіміргіп.) Сол менің әжем өзінің азын-аулақ дәмін жіберіп, оның сыйына әлдеқандай сволочь қол тигізсе қайтер ем?.. Менің өз заңым бар. Адал ұрымын. Соня, түсіндің бе?

С о н я. Түсіндім, Костя, бірақ мынадағы папиросты қара.

К а п и т а н . Не дейсің? Әлдеқандай Юрочка папирос тартады да, біз махоркесіз отырамыз. Ал, папиросын.

С о н я. Костя, менің анам жоқ, сүрленген колбасасын алайын ба? К а п и т а н . Айтарсың, зиянкестер колбаса жейді... Ал барлық азық-түлік бөлімін. Мен қарын үшін қол көтеремін, кім қарсы? Тамақ бізге де, анаңыздың суреті сізге. Жылы дамбал. Еһ, Соня, ананың қолынан келген. Кемпірдің суреті мен барлық тоқымасын өзіне апарып берем. Соня, ішейік. С о н я . Арақ, жаман іш жүргізгіш қой, мың шақырым кезсең де әпиін жоқ. Комендант кіреді.

К а п и т а н . Зеке. Бастық, айтыңызшы, Садовский қайда тұрады?
К о м е н д а н т . Потапова, сіздің баракта отыруыңыз керек.
С о н я. Мен тыныс алуға шықтым. Өкпем нашар.
К о м е н д а н т . Начальникке барыңыз.

С о н я . Қайсысына?
К о м е н д а н т . Барған соң көресіз.
С о н я. Ендеше бетімді опалайын.
К о м е н д а н т . Керек емес.

С о н я . Ақырма. Әдеп қайда?
К о м е н д а н т . Но, барыңыз, барыңыз.
К а п и т а н . Бастық, айтыңызшы, Садовский қайда тұрады?
К о м е н д а н т . Оны не қыласыз?

К а п и т а н . Менің жақын туысқаным еді.
К о м е н д а н т . Иә, қайтпек ең?

К а п и т а н . Екеуіміздің фамилиямыз ұқсас болғандықтан оның анасы, менің тәтем жіберген посылканы маған әкеп беріпті.

К о м е н д а н т . Сіз мамандар тобынан ба? Инженерсіз бе?

К а п и т а н . Жоқ мен летчикпін. Арктиканы бағындырушы — Шухновский шебердің досы болғам. К о м е н д а н т . А, Шухновский, ендеше Садовский оң қолдағы бірінші үйде тұрады.

К а п и т а н (чест беріп). Рақмет.

Алтыншы эпизод

Громов кабинеті. Начальник, Соня.
Н а ч а л ь н и к . Кел, Соня, адамша сөз қатысайық.
С о н я . Қай баптан?

Н а ч а л ь н и к . Сен мені совет жандаралы дедің. Рас, бұрынғы шендерге жалғастырсақ, мен толық жандаралмын. Бірақ туысымызға қарасақ, сен екеуіміз қаны бір, жақынбыз. Ал сенің осындай болуыңа кім кінәлі?

С о н я . Ия, ия, мен бір ұры. Мен бір өлексе.
Н а ч а л ь н и к . Тыныштал. Ұры екеніңді мен өзім де білем ғой.

С о н я. Біз сендерге өшпіз. Біз қасқырмыз. (Күледі, көзінде жас. Бірақ шарасыз.) Бізді түсініп керек емес. Со, сол... түсінбей-ақ қойындар. Біз біткен кісі, ештемені тілемейміз, өздеріңе өшпіз. Маңдайымыздан сипамаңдар, маған суыңыз да қажет емес. Қайта у бер де, қыр бізді. Улат мені, бірақ қинама. Н а ч а л ь н и к . Ақымақ. Сомадай болсаң да әлі ақымақсың. Кімді қорқытасың өзің? Кімге ақырасың? Шығарма үніңді. Қаршадай қыз. Мен өмірлік каторгіге кесілгенде сен емізік еміп жүргенсің. Мен колеткімен жүріп, колеткімен ұйықтайтын. Басыма қап кигізіп тұншықтыратын надзирательдер. Сол кім үшін деп білесің? Үндеме... Сүрт жасыңды, қояншық. Сен айыпты емессің, білемін... Сенімен адам тіл қатып тұр, бала емес. Атың Соня дейсің бе?

С о н я . Соня.

Н а ч а л ь н и к . Соня... Неғып мұнша бұзған сені, уақ емес, бәрі де кетеді. Садовскийдің үйінде. Капитан посылканы ұстап әндете кіреді, амандасады. Садовский бұл кіргенде посылканы көріп орнынан тұрады.

К а п и т а н . Пожалуйста, күдіктенбеңіз. Тізімімен тексеріңіз.
С а д о в с к и й . Иә, иә бәрі орнында ғой. Рақмет.

К а п и т а н (тұрып). Тынышсыздық келтірдім, ғафу етіңіз. Бір оқыс қапа, жаңылыс.

С а д о в с к и й . Әлде, кім екеніңізді енді айтарсыз?
К а п и т а н . Менің кәсібім тым көп.
С а д о в с к и й . Қалай, қалайша?

К а п и т а н . Қалайша? Көрмедіңіз бе, артық сөзді жек көрем, мұнда анаңыздың суреті мен хаты бар. Кісі өміріне қол сұққым келмейді.

С а д о в с к и й . Рақмет.

К а п и т а н . Тоқыма да бар. Қалғанына жауапты емеспіз. Қиыр шет қой, өзіңіз білесіз.

С а д о в с к и й . Иә, иә, әрине.
К а п и т а н . Азық-түлік магазині алыста.
С а д о в с к и й . Ұрлап, тонап алып, енді тәлкек қыласыз.

К а п и т а н . А, сіз назарысыз ба?.. Ұрлығым таза емес пе? Онда таза түрде талап та ала алам.

С а д о в с к и й . Кетіңіз, мен айғайлаймын.

К а п и т а н . Бекер етесіз, ішіңізден шарап ағып жүрмесін. Сау болыңыз, тағы айтам — сау болыңыз.

С а д о в с к и й . Өзіңіз де сау болыңыз.

К а п и т а н . Е, бәсе! (Кетеді.) Громов кабинеті. Начальник, Соня, үй тазалаушы әйел.

Үй т а з а л а у ш ы ә й е л . Не бұйырасыз?
Н а ч а л ь н и к . Шай әкеліңіз.
С о н я. Мүмкін болса қою болсын.
Үй т а з а л а у ш ы ә й е л . Жарайды. (Кетеді.)

Н а ч а л ь н и к . Ну, Соня, айт, өмірбаяныңды.

С о н я . Несін айтайын. Менің өмірім біреудің түсіне кірсе, шошып оянар еді... Иә, иә, мен ұрымын, мен өлексе.

Н а ч а л ь н и к . Мен тергеп отырғам жоқ.
С о н я. Түсінемін.
Н а ч а л ь н и к . Талауға да қатыстың ба? Өзің де таладың ғой?
С о н я. Құру ұстап та таладық...

Н а ч а л ь н и к . Кісі де өлтірдің бе?
С о н я (іркілместен). Иә, әрине.
Үй т а з а л а у ш ы ә й е л . Міне, қою шай. Садовскийдің бөлмесінде.

С а д о в с к и й (посылканы ақтарып шешесінің суретін алып, жазуын оқып, сүйеді). "Менің Юрочкама анасынан ескерткіш". Сорлы анам, көремін бе, жоқ па? Үй т а з а л а у ш ы ә й е л . Есенсіз бе, мені еденіңізді жууға жіберіп еді.

С а д о в с к и й . А, Виктор!
Б о т к и н . Бала күндегі досым. Сіз, Юрий Садовский оңбағансыз.
С а д о в с к и й . Тыңдаңыз, ана жақтан бастаңыз.
Үй т а з а л а у ш ы ә й е л . Жәрәйді.

Б о т к и н . Садовский, сіз қаншаға сатылдыңыз? Ойынды қойыңыз. Сізді келер -келместен бас инженер сайлайды. Мәжілісте даурыға сөйлейсіз. Сіз қызулы өндірісші болыпсыз. Жағынасыз. Мен сені жаққа ұрғалы келдім... С а д о в с к и й (үй тазалаушы әйелге). Ана жақтан жу... мен өндірісшімін бе? Мен қызулы ма? Витя, ол былық, сандалу, жалған. Ол елес, досым.

Б о т к и н . Ол, міні.
С а д о в с к и й . Есіңді жи. Сөз емес. Ұмытқансың ба?

Б о т к и н . Білмеймін. Садовский, мен қиналамын. Мен білуші ем ғой сені... Білемін. Осы сен Юркамысың. Жаным, Юрка... түсінші, мен жарты жыл бойы тұңғиық тамын. Дүниені көрмеймін, уақытты сезбеймін. Бұл өмір — құбыжық.

С а д о в с к и й . Құбыжық па?
Б о т к и н . Құбыжық.
С а д о в с к и й . Шешемнің посылкасы.

Б о т к и н . А, менің үй ішім де жоқ... Бір әйел бар еді... ол бір жағым... өзім қуыс кеуде.

С а д о в с к и й . Тамақ жейік. Не деген?..

Б о т к и н . Менде үн жоқ. Инженерлері бір қаңғырғандар, әне бір шіркеуші тура бұзық. Мынау қай газет? А, "Түзеуші". (Оқиды.) "Инженер" Боткинге ағаш шлюздің жоспары "тапсырылады". Рас, тапсырылады.

С а д о в с к и й . Жоспарлайсың ба?
Б о т к и н . Жоспарлаймын.

С а д о в с к и й . Еріккеннің салдары. Мағынасыз талап. Мыңдаған адамның өмірін күл ету. Б о т к и н . Олай емес... Адамды капитал ластан тазартады. Бұлардың қиялы күн нұрыңдай жарқын ғой. Міні, "Түзеуші" дейді. Қиялдарының бар жиыны осында ғой. Ойлашы Садовский, неткен есуастық сені мен мені қайта тудырады. Ә, іш пыстырады, санасыздық. Начальник пен Соня. Үй тазалаушы әйел босаған стакандарды алып өтеді.

Н а ч а л ь н и к . Жоқ, сен маған анық, тура, берік уәде бер!
С о н я. Уәде бермеймін...Тачкені бәрібір тасымаймын... істей алмаймын.
Н а ч а л ь н и к . Тоқта, тыңда.

С о н я. Жыл бойы айтсаңыз да, бәрібір. Бұл бір бос шығын. Ешуақытта істегем жоқ, істемеймін.

Н а ч а л ь н и к . Сен үлкеннің тілін ал, өмірді мен сенен артық білем.
С о н я. Әй, білмеймін... Қаны, айтыңызшы.

Н а ч а л ь н и к . Айтшы, сен кімді талаймын дейсің? Талайтының кім ғой дейсің?

С о н я . Кәдімгі таза жұрт ше...
Н а ч а л ь н и к . Олар кім, айтшы.
С о н я . Онда не ақым бар? (Үй тазалаушы әйел шеткерек жерде.)

Үй т а з а л а у ш ы ә й е л . Үш ромбы тағып ап, бір салдақымен үш сағат сөйлескені несі? Мемлекетке одан да жаңағы шай қымбат қой... С о н я (тұрып сілкініп). Бұ не? Шын ба, жаным - ау? Маған сіз шын – ақ қол создыңыз ғой. Жақсы, рақмет баршасына да. Ендеше уәде бердім, берік уәде. Арақ ішпеймін. Жұмысқа шығам, үйренем. Қош болыңыз.

К а п и т а н . Соня!
С о н я . Костя!

К а п и т а н . Тосып тұрмын. Бірге ішейік. Закуска қайда? (Үн жоқ) Сонька, сені мыналар... Соня, сені ренжітті ме, әлде!

С о н я . Жоқ.
К а п и т а н . Ендеше ішейік.
С о н я . Костя, мен ішпеймін.
К а п и т а н . Соня, саған не болды, аурусың ба?

С о н я . Костя, мен серт бердім. Өздігімнен, шыныммен бердім. Түсіндің бе мені? К а п и т а н (кейін басып). Жақсы адамдар көз алдымда бітіп барады. Жердің нәрі жойылады. (Скрипкашыны тоқтатып.) Осылардың мені қайта тудырғанын бір тамашаласам екен...

Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ

ІІ АКТ

Бірінші эпизод

Тоғай іші, каналдың арнасы. Дама - Нюрка мен Соня тачкеде жүр. Қолында арасы бар Диякин шығады, қасында поп Барфолемей.

Д и я к и н. Ал, бастайық, қазірет Барфолемей! Имандым, дұға қылыңыз. Барфолемей. Пәлеге сабыр әкелген қазірет Дәуітті еске алайық. Айналамызда зинахорлар неткен көп.

Д и я к и н. Зинахорлар көп.
Барфолемей. Қадым замандағы сияқты, бұл күнде де шетінен сұлу.
Д и я к и н. Ия, сұлу қатындар көп. (Жұмысқа кіріседі.)
Тамара. Соня, поп маған көз қысады. Үш сомның шетін шығарады, құзғын!

Барфолемей. Кадимдегі пел қаумын һәләк еткен бұзықтық мұнда да толық.
Д и я к и н. Ия, ойнас көп шығар.

Барфолемей. Сұбықан, ойнас қыла мекен? Таңбалы әйел. Жаңа әулие, байқа, сақалың жұлынып жүрмесін. Громов. Тачкені қалай айдауды үйретсеңдер. Бос қиналып жүр ғой өздері. Және жұмыс киімін бергізіңіздер.

Садовский. Ей, туған.
Карась. Иә, ваше благородие.
Садовский. Ана әйелдерге тачкені ұстауды үйрет.
Карась. Иә, мақұл, бикештер, начальник сендерге үйрет дейді.

С о н я. Үйрет.

Карась. Ия, құдірет, сендерді не үшін азаптайды. Араларында гимназисткелер де бар, о?

Соня. Тура гимназиядан алды, үйрет.

Карась. Тозақ күн ғой, шет мемлекеттер білмейді... Білсе соғысар еді. Бастық қайсының! (Дама-Нюркаға.) Қалқатайым, жалаңаш қолыңмен ұстайтын болсаң ұялмай, әуелі алақаныңа түкіріп ал. Онша көп бүгілме. Әйтпесе машықтанбағандықтан барлық он екі мүшең, жұлын тұта сап ауырады да, ұйқыдан да, тыныштықтан да айрыласың. Тозақтың азабы ғой. Дама - Нюрка (жылап). Таза әуеде еңбек дейді, жарыс дейді. Осы ма еңбегі? Мынау дерт қой.

С о н я. Оттама енді. Громов келеді.
Громов. Ну?
Соня. Мынау не оттап зар қақсайды?

Громов (Карасьқа). Сен кім едің! Карась (жүресінен отыра қалып). Ғафу етіңіз.

Громов (ашулы). Тұр. (Карась атып тұрады.) Сен кімсің?
Карась. Құлақпын... Курскийдің құлағы.

Громов. Немене сен, өмір бойы құлақ боп қалғаның ба? Бар, ойлан. Үгітті доғар, ұқтың ба.

Карась. Ой... ойланайын. (Шегініп, басын шұлғып жоғалады.) Громов (әйелдерге). Қиын ба? (Соняның тачкесін алып қалай ұстауды көрсетеді.) Дұрысы осылай, тәсілі бар. Түсіндің бе? Жүкті мына араға сал. Ұстайтын жағың жеңіл болсын. Сонда салмақ түспейді. Сүйемелеп отырсаң болады. Тақтайына құм себіңдер.

С о н я. Түсіндім.

Громов. Уайымды қойыңдар, қыздар, пайда жоқ. Біздің отанымызда жұмысты бәрібір істейсің. Сендермен шартымыз таза. Біз өз уәдемізді орындаймыз. Сендер де орындаңдар. Ал қолайлы киім бергізу — біздің міндет.

Дама - Нюрка. Бәрі де тәтті түндегі түстей өтер де кетер.
Громов. Дұрыс - ақ. (Кетеді.)

Таңбалы әйел. Ей, сен офицер, қолыма бостандығымды ғана берші, аржағын көрермін. (Тачкені ұстайды.) Ал өмір путевкесі, артист Баталов сәулетайым, тарт... Соня. Жөнел, әйтпесе жеті қат көгіңе құдайыңды тіркеп, бәрінді қоса боқтармын.

Н и н к а. Қазірет, патиқа!.. Әлде жайша бата бересің.
Громов. Гражданин, мұнда келші.
Д и я к и н. Мен бе? (Жақындайды.) Не.
Громов. Дәрежең қандай еді, гражданин?

Д и я к и н. Диякин едім.
Громов. Басқа кісімен одақтас бол.
Диякин. Үйте алмаймын.
Громов. Неге?

Диякин. Қазірет екеуміздің маһалламыз бір еді. Бірге сотталып, бірге айдалдық, бірге өлеміз. Громов. Бәрекелде - ай, сізден жақсы қызметкер шығар еді. Сіздей бізде үлкен паек алады, үй ішімен хат жазысуға да рұқсат алады. Д и я к и н (сақалын сипап, Барфолемейге қарап). Ал, келіңіз қазірет Барфолемей, келіңіз. Тіпті өзі Крыловтың мысалы болып барады ғой. "Аққу, шаян, шортан" дегендей.

Барфолемей. Ә, ә! Құлқының үлкен паекке тартты ма?

Д и я к и н. Пайғамбарым да тірлігінде ішіп, жеуді ұмытпаған.
Барфолемей. Кеткенің бе?
Д и я к и н. Енді қайтейін.
Барфолемей. Оңбағансың сен.

Д и я к и н. Шынын айтқанда, қазірет, сіз арам тамақсыз.
Барфолемей (шоқындырып). Тәңірім бетіңнен жарылқасын.

Капитан. Соня, сен жынданып бе едің? Соня, кім болғансың, қайдасың. Соня, ойланшы. Бетің су, қолың қап-қара.

С о н я. Әй, кетіңдерші әрі...

Екінші эпизод

Садовский (макетті қарап). Сұлу істелген ұлы жұмыс. Қашан үлгіргенсің?
Боткин. Ұйқы қашты. Түндер ұзақ.

Садовский. Бәсе, Боткин шайға неге бір келмейді десем, тіпті шынымды айтайын, Ақ теңіздің қор тапты ма деп ем. Бұл, сүйтсем, Эдиссон бопты. Мақтарлық іс. Беріктігің, түрің тап оқу бітіріп шыққан күндей. Жасырмаймын, ірі іс, өте ірі... Табыс. Инженерлігіңді құттықтаймын. Шыным — тіпті қызғанамын. Ерекше ақыл... Ер шеберсің, итім. Мұндай іске Нобель бәйгесі беріледі. Боткин. Мәслихат берші, қайтейін? Сырын аштым, байладым. Енді не етпек керек?

Садовский. Қазаншының еркінде!
Боткин. Осының іс болғанын көрсем деймін.
Садовский. Әрине.
Боткин. Юрий, бұл үніңді қой, ойың не, көзге айт.

Садовский. Мен Боткиннің маған кеп, жақтан ұрмақ болғанын, "қаншаға сатылдың, ит болдың" дегенін еске алып тұрмын. Солай еді-ау, ә? Көзге айтсақ, көзге.

Боткин. Оның жөні бір басқа. Мен бояуыңды өзгерттің бе деп едім. Ал мен... Садовский. Сенікі елес еді... Мен көз алдымда чекистердің бұйрығымен сен істеген тамаша істі көріп отырмын. Боткин. Мен инженермін, өзінің дұғалығынан басқа түкті білмейтін әлдеқандай поп емеспін. Түсінесің бе бұны? Істің көрнектісін сүйемін. Ойласам өнер табамын. Толғанбай, ізденбей, өнер таппай өткізген өмірді ит жесін. Онда өзім - ақ атылып өлем. Сенбейсің бе?

Садовский. Сенемін, бірақ инженер бол, құл болма.
Боткин. Өртейін бе мынаны? Солай ма? Айтшы барыңды.
Садовский. Басқа табарың болмаса, тіпті сүйт.

Боткин. Садовский, сен не айтып тұрғаныңды түсінесің бе, мынаның ұлы табыс екені көріп отырсың. Сен екеуміз жабайық күйіне кетіп барамыз, қаңғымайық. Садовский. Еркін тіршілікте сен қаңғуды айтпаушы ең, тілегеніңді істеуші ең. Боткин. Еркіндікте мен түк істеуші ем, енді сол бос жүріс қажытты. Миы, ойым қарсы. Босқа келешекке дәмеленуден шаршадым. Енді тұңғиыққа кете алмаймын.

Садовский. Тура, артты ұмытып — кешірім алғалы жүрмін десеңші.
Боткин. Ақымақ.
Садовский. Қош, туған. (Кете бастайды.)
Боткин. Юрий...

Садовский. Орыс оқығаны — өзінің қорлығын бүркейтін сұлу сөзді әрқашан таба алатын. Құл бол, Боткин. Қызыл мансап та мақтанмен қарынға азық бере алады. Бетің түзу. (Кетеді.) Боткин (терезені ашып.) Ал сол айтқаны шын болса қайттым. Мен қорқақтардай өзіме -өзім жалған айтып жүрсем ше? Кешірім істеген болсам не болғаны?

Соня. Химик, екі папирос сыйлаңызшы.
Боткин. Химигің не?

Соня. Терезеден көріп ем, түн бойы отырасыз, жаңа тұз таппақсыз ғой. Мен де түн бойы тұз мәнін ойлаймын. Түн қысқарады, өмір онан да қысқара түседі. Еһ, уайым... (Кете береді.)

Боткин. Алыңыз, қанша керек?
П е п е л а. Досым, тажалдың ісіне қол тигізбе.
С о н я (уайымды). Құдай-ау, осы сен кімсің?
П е п е л а. Мен таза сәуегеймін. Соня. Тәйт, қыртпай.

П е п е л а. Мен әулие Пепела.
Соня. Мен тіке сабаймын сені. Ұқтың ба? Төпелеймін.
П е п е л а. Саба мені, саба.
Соня. Мертіктірермін сені.

Пепела. Мертіктір, сіңлім, мертіктір, мен сені таспен... сүйтіп құдайдың алдына тартармын. С о н я. Ә, сен сондайсың ба, ендеше ме (Соняны Митя ұстай алады.) Неге соңымнан қалмайды. Мен үшін кімге жалбарынады? (Митяға.) Сен кімсің? (Танып.) Митя бұл не? (Пепела дағдылы мін салып, кете барады.) Митя. Тыныштал. Ол қыз, дін жөнінде екі пионерді өлтірген. Тыныштал. Соня, қарашы көкке. Ай жарық. Жүр серуендейік. С о н я (босанып ап). Митя жаным, капитанды жұмысқа көндір. Егер капитан істесе, мен де істеймін, ұқтың ба, Митя? Енді төзімім бітті. Жанымды жаралады. Митя. Саған ант берейін — Костя-капитан адам болады. (Кетіседі. Боткин үстелге кеп, телефонды алып.) Боткин. Енді төзімім бітті. Жанымды жаралады. Жолдас Громовтың пәтерін... Гражданин начальник, қазір мені қабыл алуыңызды сұраймын... Сөйлеп тұрған инженер Боткин.

Үшінші эпизод. Рур.

Рур қатаң тәртіптің ротасы. Терезе, тебе тақтайдың аз астында, биікте, жұрт нарда. Бұл арада лагерь ішінде қылмыс істегендер отырады. Қазір де капитан, Лимон және солар тобы. Берет (әндетеді). Иығың неге түседі... Часовой. Доғар, бұл рур — қатаң тәртіп орны, демалыс үйі емес. Берет. Отырдық, отырған соң, сүйтіп, отырамыз. Картаны, бәрібір нені тіксем де ойнаймын. Ұрлықты (әндетеді) істеймін, бұзамын да жарамын. Ә н і. Жыл қаза ма, жиырма ма? Жұмысым жоқ, туғаным, тіпті ойыма алмаймын. Ыбырайым, жұмысқа жоқ, шырайым. Часовой. Тоқтат, бұл рур, қатаң тәртіп орны. Капитан. Қажама нервімді, жоғал. (Лимонға.) Мені ұстатқан кім? Карта ойнайды деп кім айтты? Әлде маған жер шұқы деп үгіттеп жүрген Митька ма? Лимон. Картаға қыз тігуіміз керек емес еді. Жазықсыз қылжақ үшін шатасуымыз жалко...

Берет. Костя, келші, жұмысқа шығайық. Капитан. Атама.
Берет. Костя, ойланшы, сүйтсек мынадан шығарады ғой.
Капитан. Мен бұл қуысты өртеймін. Не өлем, не қашып кетем.
Цыган (Алешаға). Неге дөңбекшисің, шайтан? Онсыз да тар.

Алеша (ойнап). Қайда жатырмыз? Требушка. Сонда жатырмыз. Алеша. Түсімде... Душечка. Алеша, түске сенбе. (Тынышталады). Лимон. Костя, басты қатерге салма, қашқанда мені ала кет.

Капитан. Сытыламыз.

Лимон. Костя, мен сенімен жүрсем өлмеймін. Бірақ, өзім де саған бір өнер көрсетем.

Капитан. Көрсет.

Лимон. Ол қынама. Қандай дүм тоғай болсын, жеті түнде де адаспаймыз. Өзін ұрлап ап ем, жеті тінтуден өттім, тапқызбадым.

Капитан. Сендей адамға миллион жылдық тіршілік берер ем.

Лимон. Үйткені, мен өз ісіме артиспін. Пушкин айтпап па еді "Мен өзіме ескерткіш орнаттым, дұға қылыңдар сұмдар, Пушкинді қайтып көрмейсіңдер" деп. Мынау рурда біз текке өлеміз. Біз емес, паразиттер жасайды, үйткені біз ақсүйектер.

Капитан. Оның рас.
Митя. Аман ба, Костя?
Алеша. Аман бол...

Митя. Менің ойымша жұмысқа көнетін уақыттарың, әрине, болды. Рурда отырған деген не? Капитан. Митя, бұ сіз қайдан шыққан марксист боласыз? Сіз атақты бандит едіңіз. Міне енді, мәңгі бұзылыпсыз.

М и т я. Костя, қырланғанды қой, тыңда.
Капитан. Митя, мен сол жер шұқиды деп шыныңызбен ойлайсыз ба? Мен?
Митя. Жалған айтасың, Костя, істейсің.

Капитан. Митя, сіз бір-екі тетіктен айрылыпсыз. (Маңдайын қағып.) Митя, сіздің медалыңыз бар-ау! Сіз ферғауынсыз ғой.

М и т я. Бұл ударниктің значогі.
Капитан. Оның өмірге не мағынасы бар?

Митя. Кесігім он жыл еді, енді алтыға түсті. (Капитанға книжкесін ұсынады.) Көр, міні. (Капитан оқиды.) Каналды қазамын да босанамын. Капитан (книжкені қайта беріп). Мен ішін ұрамын да қашамын.

М и т я. Сені ұстап ап қайта әкетеді, а мен азат граждан боп кете барам. Капитан. Митя, жөнелсеңіз. Осы сөздер құлағымды сасытты. Өтінемін, Митя, менен аулақ кет.

Митя (шегініп). Тыңда, капитан...
Капитан. Біз бір кезде қабақпен ұғысатынбыз.
Митя. Қош. (Кетеді.)
Капитан (жалғыз). Сволочь... Сөзінің ұтымдысын қарашы.

Лимон. Зеке.
Капитан. Мен үйде жоқпын.
Лимон. Хозяин үйде жоқ.
Митя. Қой, Костя, қойдың ба енді?

Капитан. Жуликтер, тұрыңдар төсектен. (Жуликтер бар жақтан жүгіріп кеп капитанды қоршайды.) Қырандар, маған қайсының қосыласыңдар — қол көтер. Анаған кім көтереді? Сіз ұтылдыңыз. М и т я. Сен кім болдың Костя, байқа. (Капитанды қып салған суретті көрсетіп.) Мынау саған арналған.

Капитан. Мен суретке қарамаймын.
М и т я. Қырланбай тоқта, оқы.

Капитан. Үгіт менің көзіме жәйсіз тиеді. (Плакатқа қарап.) Мұны кім салды. Мен білем, кім екенін. Қайда пышақ?

Пантомима

Капитан. Әкетіңдер мынаны. Бұл сатылған.
М и т я. Костя, сен жұмыс қылам деп уәде беріп пе едің?
Капитан. Тағы, тағы кеп жанымды тырнадыңыз ба?
М и т я. Досым, мен де бұзық ем ғой.

Капитан. Мен бұзықпын, бұзық боп қалам. Түзелгім келмейді, мен кісі өлтіргішпін.

М и т я. Ал несін айтасың?

Капитан. Мен жұмыс істемеймін. Істемеймін. Кетіңіз... Бәрінді пышақтаймын... Өзімді де жарам... кет. (Екінші біреуіне.) Кет... (Жалғыз.) Спирттен бір ғана жұтып, көрге кірсем екен.

С о н я. Костя, саған не болды? (Айнала қарап.) Шақыр дәрігерді.
Капитан. Бұлар қан көрмей маған жабысуын қоймайды. Егер енді мен...
С о н я (қатаң). Сен мені білемісің?
Капитан. Сені білемін.

С о н я. Маған сенесің бе?
Капитан. Саған сенем.
С о н я. Ендеше қазір сен ақымақсың.
Капитан (таңданып). Қойшы.

Соня (дәрігерге). Таңа беріңіз... Қорықпаңыз. (Дәрігер капитанның қолындағы пышаққа нұсқайды. Соня пышақты алады.) Таңа беріңіз. Мен білсем, мұнда қарайтын дәнеңе жоқ.

Капитан. Дәрігер, айтыңызшы, осы бір каналды қайдан тапты осылар?
Д ә р і г е р. Сабыр.
Капитан. Дәрігер, сіздің әлде бір тамшы қалыңыз жоқ па?
Д ә р і г е р. Қазір тамызамын.

Капитан. Тамызғаны несі? Барыңыз, дәрігер, пожалуйста, барыңыз. Бұларға жуликтердің жұмыс істегені неге керек?

Төртінші эпизод

Громов кабинеті. Шлюздің макеті стол үстінде. Боткин соны айналдырып жүр. Боткин. Дворян, ақсүйек, зиянкес болсам да менен проект сұрады. Нормалар өзгерген. Айналаң қым-қуыт, сен жас күшіктей түк ұқпайсың.

Садовский. Енді сені жақтан ұрсақ жауапқа да тартылармыз.
Громов кіреді.

Громов. Құтты болсын айтам. Сіздің проектіңіз Ленинградта сыннан өтті, міні...

Боткин. Мүмкін бе?
Громов. Пожалуйста, аурусыз ба? Әлде тұмау ма?
Садовский. Жоқ.
Громов (Садовскийге). Инженер, су сабасына қашан түседі?

Садовский. Әуе райы біледі де.
Громов. Сүйтіп, сіз білмейсіз бе?
Садовский. Мен метеоролог емеспін.

Громов. А, мен кім? (Үн жоқ) Инженер Боткиннің шлюзіне қанша ағаш керек екенін білдіңіз бе?

Садовский. Шамалауға болады.
Громов. Кешіккенсіз.
Садовский. Жаңа іс қой.
Громов. Маған ше? (Үн жоқ) Ағашты қайдан алатынды білесіз бе?

Садовский. Осы маң шығар.

Громов. Сүйтіп, қанша ағаш керегін, қайдан алатыңды, қашан ағызатынды да білмейсіз. Онда сізбен сөйлесетін сөзім жоқ. Ағаш ағызуға сіз барасыз.

Боткин. Кіммен?

Громов. Ұрылармен. Күлесіз бе? Проект проект болсын. Бірақ бір жұмада су кемиді. Ағаш болса әзір, жоғарыда бір аралда жатыр. Керек саны маған мәлім. Бірақ қандайы керек екенін менен сіз жақсы білесіз. Осы бүгін жөнелесіз.

Боткин. Бір жұма дейсің бе? Онда үлгерерміз...
Тәрбиеші. Бұйрығыңыздың бәрі орындалады, жолдас начальник.
Громов (Митяға). Иттер отыртып кетіп жүрмес пе?
М и т я. Түк етпейді. Мынандай әзірліктен соң, түк етпейді.

Громов (Боткинге). Сіз мына кісіні білесіз бе?
Боткин. Танысқанымыз жоқ, бірақ естігем: жуликтерді түзеуші маман ғой.
Громов. Отыр. Бұл адамның өмірбаяны граф Монте Кристонікіндей.
М и т я. Графты қойшы! Әшейін ғана жулик.

Громов. Сен Ростовта банкіні талағаныңды айтшы.
М и т я. Өткен іс қой.
Громов. Айт, ұялма.

Митя. Баяғы сол күндіз, маскі киіп, банкіге кірдік: "жат" деп әмір қылдым. Отырғандар тегіс жата қалды. Жай қызметкер ғой бәрі, әртүрлі кооператившілер маскеден өлердей қорқады. Қолымда бір-ақ қана бұзылған браунинг бар, тіпті қорықпаса сыя сауыттың өзімен-ақ ұрып жығар еді. Бопса. Громов. А, сендермен бір үлкен жыртқыш бірге барады. Айтпақшы, Костя, капитанды келтіріңдерші. Жалғыз кірсін. Комендантқа айтыңдар, екі қарауылшының аспабын әкелсін. Және Петин мен Пыжовты тез жіберіңіздер, уақыт тар... Көрдіңіз бе? тамаша сүңгуір, басына баға жетпейді. Епронға әзірлеп жүрмін.

Боткин. Шын - ақ істей ме? Сену қиын-ақ.
Громов. Неге? Сіз де істеп жүрсіз ғой.
Боткин. Мен ұры емеспін ғой.
Громов. А, ол зиянкес емес қой.

Боткин. Бәлки, дұрыс шығар. Петин мен Пыжов.
Громов. Сендер қызыл әскерде болдыңдар ғой?

Капитан. Атып таста, апар да бітір. Громов. Өмір оқ үшін дейсің бе? Арзан желік. Жастықты 21-ге саласың. Қырланған боласың. Қуаныш, намыс, дос, отан дегеннен түк жоқ. Былғаныш, арақ, жезөкше... а, сенде қайрат, қажыр да, ақыл, талант та бар. Капитан. Қояйық, начальник. Сұрағыңызды беріңіз. Громов. Отыр. Сен ағаш ағызатын экспедицияның начальнигі боп сайландың. Мынау шлюздерге ағаш керек. Су қайтқанша ағашты ағызып алмасақ, жер болғанымыз. Комендант саған сенеді. Жағалатып, сипалайтын тук те жоқ. Доктор, сіз экспедиция начальнигінің қарамағында боласыз. Уақыт кетпесін, барып, керек затты түгендеп алыңдар. Сүйтіп, осы бүгін жөнеліңіздер. Болды...

Бесінші эпизод

Ағаш ағызуға кетерде.

Завхоз. Алыңыз... атыңыз кім? Бір жәшік темекі. Бұл жақта байлық. Неменесін ұстайсыз. Сәндеп ораған. Міне, бұл пұл десеңіз пұл - ақ емес пе, "Мостроптікі". Айтпақшы "Мостроптың" барлық басқармасы осында отыр... Бұншалық сенбейтін адамды көргенім осы. Капитан. Ей, сар сүйек завхоз. Сенімен істес адамның бәрі мендей болса, көп балалардың әкелері айдалмас еді, үйлерінде отырар еді. Сіз ұрлықта істемеген болар едіңіз.

Завхоз. Е, рас, айтасың, ал, тағдыр, қол қой.

Капитан. Тоқтаңыз, пысықай Испания емес. Мен сылдыр күйге сенбеймін. Екі баланы шақырып ем, әне солар келе жатыр. Түсіндіңіз бе?

Лимон. Түсіндім.
Алеша. О не, Костя? Кісі жинап жүргенің не, сенің?
Лимон. Бұ не запас?
Берет. Сырыңды ашшы.

Капитан. Қазір ашам. (Жәшікке шығып сақтана.) Паек алғыларың келе ме?
Берет. Бұ не сұрау?
Лимон (айқайлап). Жұмыс қой. Ә?

Капитан. Сендер менімен таласпақсыңдар? Сендер сөзге ұмытшақсыңдар. (Лимон шегінеді.) Балалар, мен былшылды сүймеймін. Маған сенесіңдер ме?

Лимон. Саған бәріміз де сенеміз.

Капитан. Мен сендерді жақсы көрем, балалар, ойлансам, жаным ашиды. Денсаулықтарың қымбат қой, жойылып барады. Сендерге таза ауа мен өзен бойының серуені қажет. Бірақ сендер тәжірибелі адамсыңдар. Бұл ара больница емес. Егер сендерге қараңғы іс істесем талқанымды шығарасыңдар, білемін. Ғұрып пен намыс — езгілік жұмыс. Бізге әмірші жоқ. Бұл істің жалғыз иесі менмін. Түсіндіңіздер ме? Білсем деймін, сіздерге қолдарыңызды көтеру қиын болмас па екен? (Тым-тырыс).

А л е ш а. Әзірмін, капитан.

Капитан. Крейсерге рақым етіңіздер. Старосталар темекіге список түсір. Обед бір қазаннан, а, темекі әркімнің бас - басына. Немене, сіздер ме? Әлде құлақсыздар ма? Жүкті ертегінің перісіндей көз жұмғанша тиеулеріңізді сұраймын. Айну, алдау, уа мен бармаймын. Сізді неге маған қосты? Начальникпісіз?

Боткин. Досым, мен де өзіндей қамаудағы адам. Менің, ешбір правом жоқ.
Капитан. Ендеше неге барасыз?
Боткин. Сіз ше?
Капитан. Жұмысқа.

Боткин. Мен де соған. Мен ағашты өзім тандап алам.

Капитан. Егер бірдеңеңізді ұрласа ренжімеңіз, маған айтыңыз. Бәрін де қайырып береді. Кемеге мініңіз. (Боткин кетеді.)

Тәрбиеші. Ей, Дорохов. Оқып ал... көп жәйді түсінесің. (Кітаптар береді.)
Капитан. Менің пайдаланатыным ақ қағаз, жазулы жауып қой.
Тәрбиеші. Шыныңды айт, оқымайсың ба?
Капитан. Ашық айтам, оқымаймын.

Тәрбиеші. Өзіме бер. (Кітаптарды алып, бір газетті бітіріп қарап.) А, мына мақаланы не қылсаң да оқы. Не істейтініңді қазір ұғасың. Громовтың бұйрығы.

Капитан. Оқиын, шын айтам.
Тәрбиеші. Ал.
Капитан. Жалғыз-ақ, үгіттеме мені. Оған шыдамаймын.
Тәрбиеші. Ал, мақтанып қайтуларыңызды тілеймін.

Капитан. Егер менің орныма бір тал түгім ғана қайтса, онда шешеме хат салыңыз. Білсем екен, бірінші свистокты неге бермейсіз?

Пароход капитаны. Асығыс жоқ.

Капитан. Капитан, сіз бұл суға шомылғалы көп болды ма? (Жымиып). Менің жігіттерім жас, сізді шомылдыра алады. Капитан (газетін сілкіп тұрып), мен мемлекет тапсырмасын орындамақпын. Шомылғыңыз келмесе екінші свистокгы беріңіз.

Пароход капитаны. Мені қорқытпауыңызды сұраймын.

Капитан. Капитан, менің өкінерім жоқ. Қаны, қыбыр етпей тұрып, жөнелтіңіз пароходты. Ал енді бір тал түгіңіз шығын болмайды.

Пароход капитаны. Но, пассажир, но, бандит!

Алтыншы эпизод

Ағаш ағызатын өзен жағасы, тоғай елсіз. Капитанның тобы. Ортасында өзі, мұңайғандық, панасыздық уайымы бар. Цыган. Асланы лай су тәрізді... Боп-боз. Алеша. Кәдімгі шет аспаны. Цыган. Жері ше?

А л е ш а. Кәдімгі шет жер.
Цыган. Кәдімгі, кәдімгі... Осы сен неден жаралғансың?
Берет. Келдік! Арасан курорты той.
Алеша. Кәдімгі, шеттегі курорт.

Лимон. Мұнда енді, әрине, ұрлайтын дәнеңе де жоқ. Тыныштық.
Капитан. Дәрігер, білсем екен, мына халықтың ішінде ауруы бар ма, осы.
Д ә р і г е p. Бәрі де сау.

Капитан (барлығына). Ендеше не бар? Ойларың не, уайымды жоюға бұйырамын. Маған шаштаразы керек. Повар керек. Ас пен шаштаразы болмаса, адам су түбіне балтадай батады. Шатыр тігіндер, бастаңдар тіршілікті. А, тіршілік рақат, әзіл ғой, бозбалалар. Цыган, тік шатырды. Ужин... иісі Финляндияның шегіне білінсін. (Шаштаразға.) Мына ұйқы басқан ұсқындарға адам пішінін беріңіз. (Душечкаға.) Қолыңызды көрсетіңізші, жарықтық. Түсінікті. Өнерлі қол. Барып, ағаш тасыңыз. Ұялмаңыз, бәрі өзіміз ғой. Жарықтығым, барыңыз. Боткин (жүгіріп кеп). Бұлары несі? Ағаштың ылғи ұсағын алады. Менің шлюзіме жарамайды ғой. Үлкен ағашты алғысы келмейді. Капитан. Абыржымаңыз, бала той. Бала емес пе бұлар. Өмірде жұмыс қып көрмеген ғой. Әлі бәрін де алады. Адамға еппен келу керек қой... Жоқ, булай істеу түкке тұрмайды. Бұл іс емес, құр еліктеу. (Жүгіріп өтіп бара жатқан Лимонға.) Әй, бәйге боз. Маған, бұрын драма жазушы болған біреу керек.

Лимон. Мұнда ондай жоқ қой.

Капитан. Қап. (Боткинге.) Бұ қандай жұрттың ортасына түстім? Әлде сіз драматург болған шығарсыз?

Боткин. Жоқ, болған емен.
Капитан. Сіз үндеу сөз жаза аласыз ба?
Боткин. Жоқ, жаза алмаймын.

Капитан. Құдай-ау, маған қалай тартқансыз. Ал ендеше барыңыз. Бірдемені соқалау керек. Жолдас жорталар, жолдас шпана, жолдас сұмдар, бұрынғы жуликтер! Жоқ, мына жуликтер жұмыс істемейді. Бәрі бірін-бірі қостайды. Жұлқы мына жұмысты, мақтанып қайтамыз. Жасасын Беломор канал! Ура! Аз боп жатыр. Жұмыс қылмайтын тамақ жоқ. Сезесіңдер. Факт... Осы чекистердің басқаша емі болады деуші еді-ау. Олар адамды жік-жікке бөледі. Бірақ сөз бе екен? Мен чекист емеспін ғой. Менің туған ортам мынау бандиттер ғой. Жұмыстан қашқанға тамақта, темекі де, етік те жоқ. Ол бұл ұжмақта Хауа анадан айрылған адамдай сандалады. Түсінікті ме? Бүлінбеңдер?.. Саша, сал суретті. Тезінен. Болмаса мойныңды үзем. Білсем екен, сіз биші әйел емессіз бе?

Берет. Менің бауым.

Капитан. Сіз мұнда "Балет биін" билемек пе? Сіз әлде биші Гельцер ханымсыз ба?

Берет. Жоқ, мен оның өнерін сүюшімін.

Капитан. Білсем екен, сіз саясат адамы емессіз бе? Әлде бітім конференциясына келген бе едіңіз? Әлде сізге ақ перчатка керек шығар?

Лимон. Біздің сүйетініміз гражданин Бизеннің тақпақтары. (Әндетеді.) Капитан. Алеша, сіз тақ он бес минут отырдыңыз — сіз қиялға берілгіш адамсыз. Алеша, бұл жер сізге кітапхана емес.

А л е ш а. А, өзің істеп жүрсің бе? Начальник болғансып!
Капитан. Алеша, сіз менімен ұрыспақсыз ба?
А л е ш а. Қойшы, капитан, ескі машығыңды... үйтіп ісіміз оңбайды.
Капитан. Алеша, сіз аңқау жігітсіз.

А л е ш а. Ойлан, капитан. (Кетеді.)
Боткин. Жолдас начальник. Өздері тамаша халық. Істері өндіп барады.
Капитан. Бұлар дүлдүл емес пе. Аттың құлағында ойнайтын сайтандар ғой.

Жетінші эпизод

Садовский баяндамасы.

Громов. Отырыңыз, Юрий Николаевич, солай ма еді? Садовский. Иә, бір кезде солай атаушы еді. Громов. Ағаш келіп жатыр, Юрий Николаевич. Ғажап па? Қалай ойлайсыз? Бұ қайдан келіп жатыр? Әлде тәңір жібере ме?

Садовский. Инженер Боткин ағызып жатыр.

Громов. Біздің инженерлер қалай ағаш ағызады, тырысады. Осы үшін бір тартайықшы. Ал өзендер қалай, Юрий Николаевич, су азая ма?

Садовский. Иә.

Громов. Мен сіздің баяндамаңызбен таныстым, инженер Садовский, қосарыңыз бар ма, жоқ па?

Садовский. Баяндамада мен барды айттым.
Громов. Айттыңыз ба, құр тердіңіз бе?
Садовский. Олай деуге де болар.
Громов. Құлаттыңыз... Олай деуге бола ма?..

Садовский. Мен, айыптағыш сөздерге үйрендім ғой. Атуға бұйырылып ем, егер өлім жазасын айдауға түсірген кешірімді қата десеңіз, мен сіздің әміріңізде, еркіңіз білсін. Громов. Біз сотта отырғанымыз жоқ. Совет үкіметінің тапсыруы бойынша канал қазып жатырмыз. А, сіз бұған әлі күнге сенбейсіз.

Садовский. Сіз екеуміздің туысымыз екі басқа ғой.

Громов. Сол себепті сіз маған қалжақ доклад жазасыз. Инженер, сізді менің түсінетінімді көптен бері білесіз. Қалжақты қояйық. Доклад... қағаз... мың жарымдай шет жұрттың сөзі... Громов тук түсінбейді. Жоқ. Шет тілге тығыла алмайсыз, Юрий Николаевич, ұятқа ұшырайсыз. Мен барлық инженерді жиямын да, өзімнің шешуімді қосып, оқып берем. Сонда сіз мазақ боласыз. Сүйтіп не білмей жаздым, не әдейі жаздым деп біреуін мойынға аласыз. Түсіндіңіз бе? Сіз, мемлекетті билеп жүрген надан, шалағай адамдар дейсіз ғой. Сіз айналадан ешнәрсені көрмейсіз. Білімді адам болсаңыз да біз каналды неге қазамыз, сізге кешірімді неге береміз, қолыңызға үлкен істі неге табыс қыламыз, және мен чекист сізбен неменеге сөйлесем - осының бәрін де түсінбейсіз. Қайта маған қалжақ доклад жазасыз. Өзін тіпті латын тілімен жазасыз... Әлде сіз әйел ауруының дәрігерісіз бе? Тіпті бәрі де уайым болмас еді. Бірақ сіз дәуірден қалып барасыз, өмірде бір өлі жан боп барасыз... Садовский. Осы әңгіме де начальник пен қамаудағы адамның арасын белгілейтін программаға қосыла ма? Громов. Большевиктердің әрқашан программамен іс қылатыны сізге мәлім. Инженер, ерік өзіңізде.

Капитан. Экспедиция ісін тамам етті.
Громов. Білемін, сенің еңбегің үшін, кесігіңнен бір жылың кеміді.
Капитан. Мақұл.

Громов. Отыр. Мұнда рапорт жаз. Жалғыз-ақ, ұры сөздерін қоспа. (Садовскийге.) Не айтасыз, инженер? Садовский. Мен, мен докладымды өзім жойдым. Мүмкін болса, бұл оқиғаны ұмытыңыз. Қазір бар мәселені екі-ақ бет қып жазып берем. Громов. Отырыңыз, жазыңыз. Бірақ шет тілдер болмасын. (Капитанға.) Сені атақты күйші дейді ғой.

Капитан. Бұрын тартушы ем... Вагнер сарынын.

Громов. Мәскеуден баян жаздырып алдырам. (Садовскийге.) Бірнәрсе айтпақсыз ба? Садовский. Зор өтінішім. Артымда анам қап еді. Жалғыз еді, соны осында алғызуыма бола ма?

Громов. Бір-екі күнде жауабын аласыз. (Шығады.)
Садовский. Осы сіз кімсіз? Айтыңызшы.
Капитан. Мен — Костя - капитан ғой.
Садовский. Сіз кемешісіз бе?

Капитан. Мен ұрымын.
Садовский. Ашық сөйлесейікші.
Капитан. Пожалуйста.
Садовский. Сіз, міні, ұрысыз... Ренжімеңіз.

Капитан. Ренжімейтін болғаныма 18 жыл болды.

Садовский. Ұры, сіз айтыңызшы осы, жұмысқа қалайша шықтыңыз? Қайтіп осылай өзгердіңіз?

Капитан. Менен сұрайтыныңыз не? Мен Достоевский ме екем?
Садовский. Ұғыныңызшы, маған өте қажет. Бірақ сіз түк ұқпайсыз.

Капитан. Мен сіздің жүрегіңіздің соғуын байқасам, өзіңіз түк ұқпайсыз. Чекистер әр адамның алдына баспалдақ қояды да: көтеріл, өрле, неғұрлым биіктесең солғұрлым өмір сұлулана береді дейді. Бір сатыда сіз жақсы киім аласыз, екіншіде азық, содан ударниктік басқышы бар, сүйте - сүйте сіз тіпті лагерьде отырғаныңызды да ұмытасыз. Сізге әйеліңізді алдыруға рұқсат береді. Сонымен тағы бір саты бар, оған жеткенде барлық он жылдық кесіміңіз бір-ақ өшіріліп, ұйқыда көрген түстей айыға салатыны да болады. (Садовский сөйлемек болады.) Жоқ, тұра тұрыңыз, бірақ чекистер сіздің көтерілуге бекінген, бекінбегеніңізге қарап отырмайды. Олар біздің мінезімізді біледі. Біреуіне бет нұсқаса, екіншісіне айдаушы болады, үшіншісі — мысалы сіз болсаңыз, екі-үш рет түймештеп қойса, сонда жаңағы басқышпен сіз жүрегіңіз лүпілдеп соғып өзіңіз де жөнелесіз.

Садовский. Сіз мұны оқып алдыңыз ба? Осының бәрін қайдан білдіңіз? Капитан. Менің біраз көңілсіз оқиғаларым болған еді және тегінде ұры өмірді суреттей алмайтын болса онда ұры болмай тіс дәрігері болғаны абзал. Мен тағы бір жайды білем. Сыр. Егер сіз, ең жоғарғы сатыға шығып ап, зәуі сайтан содан төмен құдисаңыз, иланыңыз, ол өте қайғылы сапар болады.

Садовский. Рас, рас, сіздің сөзіңіздің көбі шын.

Капитан. Мен Достоевский емеспін, бірақ тетігін түсінемін. Бұл баланың әдемі берік қаламы бар екен-ау, бапкер.

Садовский. Сіз не дедіңіз?
Капитан. Жай, көңілдің бір өз күйі.

Сегізінші эпизод

Костяның барагы.
Громов. Адал еңбектерің үшін бәріңе де үш айдан шегердік.

Д а у ы с т а p. Көтер начальникті! Громов. Тоқтаңдар. Ал дамбалға тас тасуға барасыңдар ма?

Д а у ы с т а р. Барамыз.

Громов. Ендеше көтере беріңдер. (Көтеріседі.) Тоқта, моншаға неге бармайсыздар? Тазалық комиссиясы қайда? Душечка. Біз. Громов. Бит бассын ба? Штраф керек пе? Душечка. Моншаға әзірміз, гражданин начальник. Громов. Ендеше бөгелме.

Душечка. Мақұл бөгелмейміз. Сен қайдан шықтың?

Махно. А, сен өзіңнің көкірекшеңді көрсетші. Д ә р і г е р. Тезінен мынаны моншаға жіберіңдер, бөгелмесін.

Душечка. Бас аяқты.

Тоғызыншы эпизод

Үстелдер.

Соня. Костя, сенің жайың газетке жазылыпты. Сен еңбек геройсың. Қазір біз сенің тойынды тойлаймыз. Костя. Ол жаңсақ басылған... Өмірімдегі бір көңілсіз қателесу. Соня, ұрының адал сертін берейін. Мынау шпана істесе істесін, бірақ мен мүлде жоқпын.

С о н я (шаршағандай). Сүйтіп, айтар сөз де жоқ па?
Капитан. Жоқ.
С о н я. Бақыл бол.
Капитан. Неге?

Соня. Мен, осы жалған геройды социалдық жарысқа шақыра кеп едім.
Капитан. Сіз қалай айттыңыз? Көзіме бұлдыр көрінесіз - ау.
С о н я. Осындай сүттікті газетке жазып... Түсінбеймін.
Капитан. А, сіз қызғанамын.

С о н я. Сен үшін басқалар істеген. А, сен мансапқор - нахалсың.
Капитан. Соня, мен әйелді ұрмаймын, таптайтын.
С о н я. Жарысқа түс!
Капитан. Түстім.

С о н я. Жүз он!
Капитан. Жүз жиырма!
Соня. Жүз елу!
Капитан. Екі жүз!

С о н я. Қабыл алдым!
Капитан. Пожалуйста!

Ш Ы М Ы Д Ы Қ

ІІІ АКТ

Бірінші эпизод

Десятник. Социалды құрылыстың қорытындысын жариялаймын. Шамалағанда.
Капитан. Ей, Ескендер Зұлқарнайын, тездетсең қайтеді.

Десятник. Шамалағанда, шамалаған әйелдер бригадасы - жүз елу процент толтырған, а сендер... Капитан. Сіз қаны азайған жансыз. Бала күніңізде балық майын бермепті ғой. Иістеніп кетпесе едіңіз.

Десятник. Қалжыңды қойсақ нетеді?
Капитан. Қалжыңға сіз қол емессіз?

Десятник. Шамалағанда, әйелдер бригадасы жүз елу процент толтырған, а сендердікі (капитанға) жүз жиырма.

Дама - Нюрка. Қарауыл! Талады мына ұятсыз.
Н и н к а. Туды ұрлады.
Таңбалы әйел. Үр өзін.
Дама - Нюрка. Өй, сүмелек ит.

Таңбалы әйел. Үндемей үр.
Дама - Нюрка. Өй, у жеген.
Таңбалы әйел. Бер, тұмсықтан.

Дама - Нюрка. Көнің құрғыр, ит жемес, сайтанның сапалағы бұл, туға біздің қалай жеткенімізді білемісің сен? Қатырайын ба, осы?

Берет. Ханым, бұныңыз өрескел ғой. Ханым, мен сізге сенемін.
С о н я. Бұл өлексе. Тастандар оны.
Берет. Менікі қалжың ғой, ханым.
Дама - Нюрка. Кет, исінді мүңкітпей. Жолдастар, ура!

Берет (Соняға анадайдан). Өлексе... а, сенің өз атың кім? Біз ниет қылсақ мұндай туды жиналып аламыз.

Б а р л ы ғ ы. Ура! Ура!
Капитан. Мен осында неге отырмын, ойымша өзім Стенка Разин босам керек.

Ана. Сен маған не айтасың? Неменеге иландырмақ боласың? Каторгының аты каторгы. Оған құдай қарғаған жерді әдейі тандап алады.

Алеша. Сіздің іздегеніңіз кім, апай?
А н а. Іздегенім балам.
Алеша. Еһ, апай, мұнда бала көп қой. Қайда екен өзі?
Ана. Лагерьде.

Алеша. Еһ, апай, лагерь үлкен ғой. Фамилиясы кім? Ана. Бұрын инженер болған. А н а (нәрселеріне ұмтылып). Қатыржан, бандит өңшең. Капитан. Митя, не болғанын көремісің. Митя. Мен саған ойлан дегем. Өзің істеуің керек. Капитан. Біздің жуликтерден коммуна шыға ма?

Митя. Көзін өткізбе.

Капитан. Бақасыңызды доғарыңыз. Бұрынғы ұрылардан коммуна құрастырамын. Түсінікті ме? Ішкілік үшін арадан аластаймыз. Таңбалаймыз. Осы шартқа алдымен өзім көнем. Ұрлық үшін арадан аластаймыз, таңбалаймыз. Тәшкені мен өзім ұстаймын. Есте тұтыңыз. Менің фамилиям Дорохов — ұры аттың бәрі жойылады, сонымен шырақтарым, менің атым Константин Константинович.

Алеша. Алексей Егорович.
Капитан. Константин Константинович.
Саша. Александр Христофорович.
Капитан. Константин Константинович.

Лимон. Мен бұл көрініске сенбеймін.
Капитан. Әй, Берет, адамша атыңыз кім?
Берет. Коля.
Капитан. Коля... Константин Константинович.

Берет. Николай Васильевич.

Капитан. Жаным - ау, Гогольмін де. Коля, біздің баракқа тәрбиешіні шақырыңыз. Біз коммуна жасайтын болдық, соған ережелерін айтып, кеңес бересің де. Жолдастар, барыңыздар, ойланыңыздар, бұл өмірлеріңіздегі үлкен іс болады. Көп сөздің не керегі бар?

Громов. Сіз жолаушысыз ба?
А н а. Иә.
Громов. Балаңызға келдіңіз бе?
А н а. Иә.

Громов. Фамилияңыз кім?
А н а. Садовская.
Громов. Менің машинаммен апарып салыңдар.
Комендант. Машинамен? Мақұл. Маған еріңіз.

Маргарита Ивановна. Қиыр түстікке қалай ұштыңыз, соны айтыңызшы. Капитан. Мен көп ұштым. Бірақ ұшқан сайын отыра бердім. Бүгін енді отырмайтын боп ұшармын деп шамалаймын. Әлде бұл биіктен де құлармын, ондай күн болса сіз маған достың майда қолын ұсыныңыз. Мен сізге ғашық болдым, Маргарита Ивановна. Жүректі қақ жарғандай бір кезде ұшырасып ғашық болдым.

Маргарита Ивановна. Сіз жұмбақпен сөйлейсіз.

Капитан. Өткеннің тұманын сүйесіз бе, жоқ келешектің таңын сүйесіз бе? Осыныма жауап беріңізші?

Маргарита Ивановна. Келешекті сүйем, әрине.

Капитан (құшақтап сүйіп). Біздің болашағымыз үшін! Өмір аспанына самғау үшін!

Маргарита Ивановна. Сіз менің жаным, өмірімнің ең бір бақытты бір кеші осы.
Капитан. Несін айтасыз, сөз қажет емес.

Екінші эпизод

Громов. Комендант, кемпір қайда? Комендант. Кетті. Громов. Сіз анаңызбен көрістіңіз бе?

Садовский. Қашан? Тоқтаңыз... шешем осында ма?

Комендант. Начальник, мен шешесін көлікке мінгізіп жібердім. Машина, не ғой деп ем...

Громов. Сіз чекист емессіз.

Садовский. Уақа емес, не етпеңіз... көрісеміз ғой... Громов. Сіз түсінбейсіз, инженер.

(Комендантша.) Бір айға қара жұмысқа барасыз. (Комендант кетеді.) Ана. Анда апарды, мұнда апарды, әлі баламды тапқам жоқ. Осынысы бір тыныш жер екен. Отырайын да, тосайын.

Садовский. Мен тыңдап тұрмын.
А н а. Юрочка...
Садовский. Қайда жүр әлгі Боткин.
Ана. Юрочка.

Садовский. Апа - ау, мұнда қайтіп келдің? Иә, иә... Мұнда не істеп жүрсің?
А н а. Білмеймін.

Садовский. Көпірді салды дейсің бе? Жақсы! А н а. Юрочка, осы сенбісің?.. Уақа емес, уақ емес. Ол бос емес, жұмыс, жұмыс. (Қоңырау.) Садовский. Иә, иә, солай. А н а. Аман сау, аяғында етік, жұмыстың начальнигі.

Садовский. Александров бригадасын тез жіберіңіздер.
Ана. Начальник.

Садовский. Алло, Громовтың нұсқауын күтемін. А, сіз біздің. Иә солай... Қазір, жазып алайын, апа, ұста. А н а. Ұстауды қойшы, Юрочка, мен саған өзің сүйетін, майға пісірген алма салған самса әкелдім, Юрочка, келші бетіңнен сүйейін.

Үшінші эпизод

Капитан. Коммуна, ә? Қызыл тулы коллектив, ә? Өндірісшілер. (Үн жоқ.) Дәуірлейміз. Факт. Тұр, жолдастарыңа жауап бер, кеше жұмысқа шықпадың, поселкадан арақ алыпсың, қайда болдың?

Берет. Бозбаланың бір келіншекпен жүргісі келіпті.
Цыган. Бір жолға кешіріледі.

Берет. Мұнда ақымағың жоқ. Бірінші жол... (Ашуланып.) Мен барып стансаны талап астын - үстіне шығарып, талқандасам да, сонан соң бірінші жол деп шарт жаза тілесем. С а ш а. Біз нәзік бойжеткенбіз... Солай ма? Нәзіктік күйректік... солай ма? Кім деп білесіңдер? Председатель сөйлесін.

Капитан. Жолдастар, дауысқа саламыз ба?
Берет. Сал, дауысқа.
Капитан. Коммунадан шығару жайын дауысқа қоямыз.

А л е ш а (ақырын). Қиыр бір шеттен... Қатыным келген енді. Мен оған жаңа өмірге кірістік деп жазып ем... жолдастар, бауырлар, адамсыздар ғой... Қиыр шеттен қатыным келді. Мен оған жаңа өмірге кірістік деп жазып ем.

Капитан. Серт ше?
А л е ш а. Ударниктің адал сөзімен серт етем...

Капитан. Жолдасқа адамша қарау жөнін дауысқа қоямын. (Жұрттың бәрі әуелі қолдарын түсіріп, артынан қайта көтеріп алысады.)

А л е ш а. Коммуна, ә?

Капитан. Жаңа өмір, ә. Ойнап көр. (Өзінің ерекше сырлы бір күйін ойнай жөнеліп, кенеттен тоқтай қалады. Баянның бір тілі үзіліп жерге түседі.) Бір жансыз сволочь істеген екен мына баянды. Жүріңдер, үйге қайтайық, достар. Ал ертең плотинада іс қайнайды.

Садовский. Ну қалай, Константин Константинович.

Капитан. Мынау менің өмірімдегі ең соңғы ұрлығым еді, алыңызшы осыны. Ал ертең плотинада біз өнер алдын көрсетеміз.

Садовский. Қандай кісі еді, қандай адам болып келеді.

Төртінші эпизод

Садовскийдің конторы.

Капитан. Есенсіз бе, Маргарита Ивановна. (Анау болар-болмас бас изеген сияқты.) Менің басыма қайғы түсті, бір-екі тамшы желім беріңізші. (Үн жоқ) Сіз мені ұмытып қалғансыз ба? Маргарита Ивановна. Мен сіздің қаныпезердің бірі, ұры екеніңізді білмеппін. Сіз мені, жақсы адамның, жас қызын қор еттіңіз... Қор еттіңіз. Ұшқыш... деп сендім, неткен масқара... Сіз қаныпезердің бірі, ұры... (Сызықшаға.) Не болдым, Макс. Капитан (жымияды). Сонда да, бикеш, екі тамшы желім беріңізші. (Үн жоқ) Мен қайғымын, бикеш. Баянымның бір тілі түсіп қалды. Маргарита Ивановна. Макс, біз жұрттың бәріне желім бере бермейміз деңіз, ана гражданинге. М а к с. Гражданин бұл жер Мәскеу емес. Сатып та, ұрлап та ала алмаймыз, түсінесіз той.

Маргарита Ивановна. Мен болдым, Макс.
Макс. Жүрейін. (Олар кетеді.)

Капитан. ЕҺ, бикеш, сіз неткен құнсыз, сұм едіңіз, бикеш! Күлкі ғой. Мен ескі ұры, коммунаға председатель — атақты ударникпін, дүниеге даңқы шыққан істің қайраткері болыппын. Қандай сұлу тәрбие алдым. Өле-өлгенше алғыс айтам сіздерге. Уралаңдар. (Ақырындау.) Ура! (Сыбырлап.) Ура. (Еңіреп қоя береді.)

Бесінші эпизод

Соня. Костя қайда? Берет. Білмейміз. Садовский. Дорохов қайда? Берет. Босқа іздейсіңдер. Садовский. Неге? Соня {Беретке). Капитан құлады ма? Берет (Соняға). Сүйткен болар, көктем... жол кепті... капитан қашқан...

Садовский. Кім айтты? Берет. Мен айтам.
Соня. Егер Костя біздің туды былғаған болса, антым міні, оны мен өлтірем.
Боткин. Не болды?

Садовский. Мыналар Костя қашты дейді. Боткин. Граждандар, мүмкін, ал, достарың шынымен.

Алеша. Онда бұның бәрі жалған, керегі жоқ. Мен көнбеймін. (Жығыла кетеді.) Соня. Костя - капитан үшін... Бір тамшы терімізге татымайтын сволочь үшін қайта басамыз ба? Бұзықтар мекеніне, абақтыға мәңгі қорлыққа қайта кетеміз бе? А л е ш а. Ал, Костя неге бізді сатты. Біз оған сеніп ек... Одан үлгі алып ек. Оны сүюші ек. Соня. Жоқ. Костя өлді. А, біз тірі қаламыз. Осы ұсынысты кім қостайды? Қол көтеріңдер.

Алтыншы эпизод

Түн. Каналдың елсіз бір шеті. Капитан мен Лимон киімдерін бастарына байлайды. Лимон. Түн емес, қарақат қой. Ал, Костя, каналдан өтіп ап қашамыз ғой. (Капитан үндемейді.) Костя, таста, бәріміздің де барарымыз сол ғой. Ешкіміне сенбе, ұрының жанын арзан ойыншық ету ғой. Үмітті қой, жүзейік, капитан.

Капитан. Еһ, бикеш, сіз неткен құнсыз, сұм едіңіз, бикеш!

Лимон. Жүзейік ілгері. Жүзейік, капитан, әйтпесе бұл жерде тағы екінші кесік кеседі саған. Сенің ісінді мен білем ғой.

Капитан. Менің ісімді ешкім білмейді.

Лимон. Қойшы, Костя, сен өзіңді коммунаның бастығымын деп ойлап ең, саған ұрысың дейді. Жүзейік, капитан. Біз Ленинградта үш гастроль береміз де, Сухумға тартып, гүл иіскеп жүреміз әшейін. Қайттың ба? Аздың ба? Қой, соңғы банкеңді! Бақыл бол, капитан. Капитан (ыңыранып). Неліктен осының бәрі, неліктен? Еһ, бикеш, сіз неткен құнсыз, сұм едіңіз, бикеш!

Жетінші эпизод

Кеш. Громовтың пәтері.

Громов. Немене бір тамшы желім табылмады ма? Тәрбиеші. Білмеймін міне, оқыңыз. Громов. "Мен сіздің қаныпезердің бірі, ұры екеніңізді білмедім". Осыны істеген кім? Тәрбиеші. Маргарита Ивановна. Громов. Маргарита Ивановнаны он бес күнге әреске ал! (Телефон.) Иә... А, барасың ба?.. баяғы капитан жайы. Әлгі Дорохов туралы. Немене, қиналма, қиналма деп! Мен мұнда неге отырмын. Ол адамдарды маған тапсырды. Мыңдар, мыңдар — ол сан той, нөлдер ғой, мыналар — адам. Громов (есік қағады). Тұра тұр, Варя. Қашқаның рас па?

Капитан. Иә. Громов. Қайда қаштың?
Капитан. Сіздерге қарай.
Громов. Мына суың не?
Капитан. Каналда, өмір үшін алыстым.

Громов. Кіммен?
Капитан. Әлгі мені еркіндікке бастаған адаммен.
Громов. Сөйле.

Капитан. Сіз маған тамаша баян сыйладыңыз. Сол баянымның бір тілі түсіп қап, ол менің өмірлік қуанышымның мәселесі, соған желім сұрай барып ем, маған...

Громов. Одан арғысын мен білемін.

Капитан. Гражданин начальник, менің өмірімді түсініңізші. Және айтыңызшы, мен су түбіне кеткен мәңгі бұзық мәңгілік, ұрымын ба?

Громов. Зарланба, сопы қыздардың институты емес.
Тәрбиеші. Әкетейік пе?
Громов. Жоқ, былай. Жазадан азат, баяны өзіне қайтарылсын, желім берілсін.

Сегізінші эпизод

Уақиғаға қатынасушылардың барлығы.

Громов. Юрий Николаевич, сізбен және Виктор Михайлович сізбенен де, менің біраз сөйлесуім керек.

А н а. Мен бөгет етпеймін бе?
Громов. Жоқ, бөгет етпейсіз.
Садовский. Иә.

Громов. Сізге сөйлеуге тура келеді. Митингі болады. Мен сіздерді алдын ала хабарландыра келдім. Сіздер мен біз көп істедік. Бастан көпті кешірдік. Мәскеуден радиомен хабар келді. Юрий Николаевич, сіз және Виктор Михайлович, сіз де бұдан былай лагерьдің есебінен шығасыздар, сіздер мезгілден бұрын босатылыпсыздар. Онан соң, Боткинге және сізге де үкімет орден сыйлапты. А н а. Бәсе, менің балам сол уақиғаға араласқан жоқ деп, мен ұдайы айтушы ем. Громов. Мен ерте білдірейін дедім, әйтпесе митингте жариялайды... Біз нервный халықпыз ғой, бастан көпті кешірдік...

Садовский. Кетпеңіз. (Анасына.) Апа, шыға тұршы.
А н а. Жоқ, енді мен бәрін тыңдаймын.

Садовский. Жақсы. Гражданин Громов, мен сізге бірнеше рет хат қып жаза бастасам да, ойдағыдай шықпады. Мен қорқып, шатасып, сізді де, өзімді де алдаған уақыттарым болды. Тамырын құртайын енді, мен нағыз зиянкес, нағыз қылмысты адам болғанмын.

Ана. Юрий, сен не айтып тұрсың?
Громов. Иә.
Садовский. Сүйткен маған орден.
Громов. Иә.

Ана. Немене, сен өзіңе жала жауып? Жолдас Громов, сенбеңіз бұған. Сандырақтайды әшейін. Өзі осында жылап, маған сенбейді деп тұн ұзын.

Садовский. Қойшы, апа.
А н а. Жоқ, бұл шын болғандықтан қоя алмаймын.

Садовский. Боткин, бері келіңіз. Осында, каналда жүріп ағаш, шлюздердің проектерін жой, көзін жоғалт деп, мен саған айттым ғой, Боткин, ә?

А н а. Жынданған екен мынау.
Садовский. Боткин?
Боткин. Не демеуші еді...
Садовский. Сен менің жауым деп айттым ба, жоқ па?

Боткин. О, несі екен?
Ана. Бәсе, әне, о несі екен?

Садовский. Бұл дарақылану емес. Ол менің арыла ал май келген жүгім еді. Егер жазып білдіру керек болса, мен толық етіп дәл атап, жазып та бере аламын. Громов. Керек емес. А, біз оның бәрі білетінбіз. Бұл жерге сіз, шын жалынды қызметкер болып келген болсаңыз, ол ғажап болар еді. Онда бәлки біз сізге сенбес те едік. Шынында біз сізді соттадық, айдадық, жазаладық... Біз ертегіге сенбейміз. Бәрі де білуші ек. Бірақ ол күйлер сізге де, бізге де өткен күй боп қалды. Құттықтаймын, жолдас Садовский, құттықтаймын сізді, жолдас Боткин. Ана. Табысыңдар, сүйісіңдер, жоқ тоқта, кешірім сұра. Анаңнан жасырғансың, анаңнан жасырғансың. Тізеңмен тұрып кешірім сұра. Әйтпесе шықпыртамын сені. Жаман неме.

Громов. Дорохов!
Капитан. Мен.

Громов. Мен митингіде саған сөз беремін. Айтарыңды дария ал. Өзіңді қалай өзгерттің, жарық дүниең неден басталады, бізсіз тіршілік не боп көрінеді? Осының бәрін халыққа толық қып дос бейілмен, шыныңмен айтып бер. Чекистерді мақтама. Адамды қайта тудыратын өмірді айт. Трибунаға саспай шық. Сөйлегенде әрбір сөзің жұртқа қымбат болатын болсын. Ал саспа, ойлан, жалғыз қала тұр. Капитан. Мен осы сөзді нақ жарты жыл ойлағам. Сөзім гармонның тілінде тұрған әндей әп-әзір тұр, жолдас Громов. Менің айтар сөзім аз ба? Шертіп бір көрейін, бәлем, ер көрмеген кәрі қызға, шейін еңіресін.

Громов. Қой, сыр ақтарма.
Капитан. Оны білмеймін.
Громов. Менің ойымды ұқтың ба?
Капитан. Бағаладым.

Громов. Жолдастар, Сталин атындағы Беломор каналдың бітуіне арналған ең соңғы митингі ашық деп жариялаймын. Сөз Юрий Николаевич Садовскийге беріледі. Садовский. Митингте алғаш сөйлеуім осы еді, қиын боп тұр. Бірақ барды айту керек. Осында, маған зор шындықтай болып, үш нәрсенің сыры ашылды. Бірінші— адам баласына білімді еңбегі, жалғыз социализм уағында ғана таза, толық нағыз пайда келтіре алады екен. Екінші— коллектив ортасы жеке адамды жақсыға айналдырып, көркейтіп көтереді екен. Үшінші — адам қайта туып, жаңғырып, өмірге екінші рет қайта қосыла алады екен. Мен бұл арадан, жас отанымның жас адамы болып шыққалы тұрмын. Және сол отаным үшін енді өмірді құрбан етуге әзірмін. Барды айтайын дегенім осы еді.

Громов. Сөз Соня Потаповаға беріледі.

С о н я. Әлгіде сіз... Әлгіде маған Громов, қарындасым деп... мемлекет маған орден жіберді деп... Әлгіде қарындасым деп...

Громов. Айт, айта түс...
Соня. Түсініңдерші.
Капитан. Соня, сіз жыладыңыз ба, әлсіз әйел деген сол деңіз...
Соня. Мен барымды айттым сіздерге...

Громов. Сөз Константин Константинович Дороховқа беріледі.
Капитан. Мен бір кісіден кейін сөйлейін, рұқсат беріңізші.

Громов. Шешен әзір емес екен. Мен бұрын дегеннің өзі болғандарды шығарам, рапорт беріңдер, тынышталыңдар...

Берет. Мен шашымды да басқа түрлі тарайтын болдым.

Алеша (өлеңдетіп). Мен рақымсыз бандит едім, әрине... Ел таладым, еңбекті де сүймедім, қара түндей болған еді өмірім, каналға сол әкелген еді, әрине, өткен өтті, жаман түстей сазарып. Міне тұрмын, туғандай боп тазарып. Еңбекпенен өмір кешіп жыр айтам, қуаныштан жас тамады бозарып. Әрине, мен қойдым.

Громов. Ал, Дорохов.

Капитан. Әлде бір шақта, бала күнімде бір залда скрипка үнін естіп ем, скрипкашы ақ манжеті бар, ақылсыз еврей еді. Мен: басында оны босқа туған жан деп, ата-ананың бір қаталдығы деп қана тауып ем... Бірақ сол бала скрипкаға көзін салған жерде, мен оны сұлу суреттерге бөленіп кеткендей көрдім. Мен сондай бөгде адамның еңіреуін көп білемін. Чекистерді мақтайын демеймін. Бірақ олар менің өз жанымның шегіне смычок тауып берді. Сондықтан мен сіздерге баян етейін. Ғафу етіңіздер... Бір минут... көріп тұрсыздар жылайын деген ойым жоқ еді. Келіңіздер, бұны бір-бірімізден жасырайық...

Громов. Музыка, енді бізге жылаусыз бір күй тартыңыз.

ШЫМЫЛДЫҚ

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙