Алдар көсе хикаялары
Мұзафар Әлімбаев
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Алдаркөсе қазақтың нанымында халықтық қамқоршысы ретінде белгілі. Оның әр қарекеті, бай, менменсоқ, зорлықшыл адамдарды тәубесін есіне түсіріп, ақылмен алдап, ел алдында масқаралап, халық қошеметіне бөленген.Жинақта Алдар туралы көптеген әңгімелер беріліп, суреттермен безендірілген. Оқуға тілі жеңіл, оқиғасы қызықты, жас оқырман көңілінен шығады деген сенімдеміз
Алдар Көсе
хикаялары
Балалар әдебиеті
Алматы
© «Балалар әдебиеті», 2013
Алдар көсе хикаялары. —
А 40 Алматы: «Балалар әдебиеті», 2013.—160 б.
ІSBN 978-601-252-065-1
Алдаркөсе қазақтың нанымында халықтық қамқоршысы ретінде белгілі. Оның әр қарекеті, бай, менменсоқ, зорлықшыл адамдарды тәубесін есіне түсіріп, ақылмен алдап, ел алдында масқаралап, халық қошеметіне бөленген.Жинақта Алдар туралы көптеген әңгімелер беріліп, суреттермен безендірілген. Оқуға тілі жеңіл, оқиғасы қызықты, жас оқырман көңілінен шығады деген сенімдеміз.
УДК 821.512.122-93
ББК 84(5 қаз)7-4 + 82.3
А 40
ІSBN 978-601-252-065-1
УДК 821.512.122.-93
ББК 84(5 қаз)7-4 + 82.3
Қазақстан Республикасының Мәдениет
және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитеті
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша шығарылды
Р е д а к ц и я а л қ а с ы:
Мұзафар Әлімбаев, Сұлтан Қалиұлы,
Сейфолла Оспан, Болат Үсенбаев
АЛДАР КӨСЕ
Алдардың тууы
Алдардың әкесі Алдан момын адам бо-
лыпты.
Оның өмір бойы кәсібі қой бағу екен.
Баққан қойы байдікі болған соң:
— Бай, құдай күнімді саған қаратып,
қойыңды
баққалы
отырмын.
Беретін
ақыңды айтқаның жөн болар еді, - дейді
жалданарда.
— Несін сұрайсың, байғұсым... Біздікі
деген көл емес пе! Асты жатып ішесің, мал
десең айдап кетесің, тек бағуыңды біл. Ар
жағын өзіме қоя бер... Құдай бар, мен бар.
Ащы терің жерге төгілсе төгілер, менің
дәулетім төгілмес, бардан ауысады, балдан
жұғысады, жүзді айдап, бірді жетелейсің, -
дейді екен бай оған.
Оның «жатып ішетіні» рас бопт. Жұмыстан
шаршаған Алдан басын көтере алмай, асты
жатып ішіпті. Уәделі уақыты бітіп, кетерін-
де бай бір ешкі жетелетіпті.
«Кетем дедің, кеттің, бір оқыстық еттің,
мына беріп отырғаным -«есің кетсе, ешкі
жи» деген. Ешкі егіз туса, екеу болады. Ен-
дігі жылы төртеу болады. Е... дегенше жүз
болады. Жетелеп кеткен бірің де осы, айдап
кеткен жүзің де осы. Байғұсым, бара ғой», -
деп бай алдапты.
Шағыммен барса хан алдапты. «Шариғат
солай», - деп қожа алдапты. Базарға бар-
са, саудагер және алдапты - «жаңылып
жалпақ еттім, ұмытып үлкен еттім» деп нан
сатқаны, «жіп деп жібектен тоқыппын, түк
деп түбіттен тоқыппын» деп, мата сатқаны
алдапты. «Барыпкелім айтты» деп, бақсы
алдапты. «Көзіңді жұмсаң керемет көресің»
деп, ұры алдапты. Адал еңбегін алдап алып,
күн көрушілер көбейген кезде Алдан на-
лып, зарын шағатын әкім таппай жүргенде,
қатыны бір ұл туыпты.
Қарағымнын атын «Алдар» қояйын, ал-
даушылар көбейген заманда туды ғой. Мені
алдаған арсыздар мендей қып мұны да алда-
сын, болмаса, «көп асуға - бір тосу» болып,
алдаушыларға тосу болсын,- деп, Алдар
қойыпты.Қартайғанда көрген ұлын әлдилеп
отырып, алдаушылардың арсыздығын жыр
қылып айтып, шерін тарқатады екен. Ол:—
Алдаушы арсыз көбейіп,
Ардан тойдым, қарағым.
Әділеттік табылмай
Заңнан тойдым, қарагым,
Арсыз заман - азаптан,
Алдаркөсе қазақтың нанымында
халықтық қамқоршысы ретінде
белгілі.
Жаннан тойдым, қарағым.
Арашашым болсын деп
Алдар қойдым, қарағым...— депті.
Бала балғындай тез өсіпті. Былдырлап тілі
шығыпты. Батпандап есі кіріпті. Әкесінің
әлдиін аңғарып, сұрау беріпті:
— Әке, сені кім алдады?
— Ақы бермей, бай алдады.
— Оның барып есесін алам.
— Қара жүрек хан алдады.
— Оған барып қан қақсатам.
— Базар толған саудагер бар, өтірікші
өңшең мұндар! Мен байғұсты көп алдады.
— Базарына барайын, бар алтынын алайын.
— Қожасы бар, молдасы бар, бақсы-балгер
жолдасы бар. Шайтан, ұры, сиқыршысы,
жұртты соның бәрі алдады.
— Ер жетейін, ел аралайын. Алдаушылар-
мен арбасып көрейін! - депті баласы. Сол
бала сөйтіп ержетіпті, алдаушылармен
айқасуға кетіпті.
Алдар атануы
Баяғыда хан Жәнібек тұсында Қожыр де-
ген бір кедей шал болыпты. Үш баласы бо-
лыпты.
Күндерден күн өтеді, шалға кәрілік же-
теді. Кәсіп етуден қалады. Ақырында шал
балаларын жинап алып:
—Жасым келді, кәрілік жетті. Сендер
болсаңдар ержеттіңдер. Мал тауып, асы-
райтын менен әл кетті. Мал табу, тамақ із-
деу енді сендерге жетті. Ау, балалар! Кәсіп
етіңдер, мал табыңдар. Мені асыраңдар.
Кәне,
қайсың
қандай
кәсіппен
мені
асырайсыңдар, айта беріңдер, - дейді.
Ү л к е н і : - Дүрыс айттың, ей, ата!
Егінді сүйер көңілім.
Мұнымда жоқ еш қате
Егінмен өтсін өмірім.
Ортаншы: - Егіннен басқа, тағы да:
Көңілімде қой бақсам.
Маған берген бағы да:
Мал дегенде зар қақсам.
Кенжесі: - Ей, ата, мен алдасам,
Болса да жын арбасам.
Жұрт істейтін кәсіп көп,
Алдауды мен қаласам.
Шал балаларының жауаптарына риза болады.
— Олай болса Алла беттеріңнен жарылқасын.
Кенжем, сенің қалағаның алдау болса, басқа
кәсіпті көптің бәрі істейді, бұл бір өзгеше
кәсіп екен. Сенің де алдыңнан жарылқасын,
Алдар бол, - дейді. Қол жайып батасын бе-
реді.
Содан үлкен баласы егіншілікке түседі,
ортаншысы мал бағуға кіріседі, кенжесі ал-
дау жолына түседі. Алдаушының тұрақты
жері бар ма, ел кезіп, жер шарлап кете бе-
реді.
Көсе атануы
Алдар алпыстан асып, бұрынғы тұрған
өлкеден екінші өлкедегі бір ханның қол
астындағы көп елдің ішіне келеді. Ел Ал-
дарды құрметтеп, көрнекті орыннан қоныс
беріпті. Көшіп кеткен өлкесінің тоналған
байы, саудагері, ишаны, шайтаны, ханы
бас құрап, Алдарды тауып, алтындарын
қайтарып алмақ болады. Төрт ханның
нөкерлерінен сұрыпталып, алаяқ қудан,
елді құртқан сұмнан ала шапан кигізіп ал-
пыс кісі шығып, Алдарды тауып келуге ат-
тандырады. Бұлар астыртын сұрау салып,
елден елге өтіп, тұтқиылда бас салуға келе
жатқанын Алдар естіп, үйіне ауыл адамда-
рын түгел жинап, жеті қой сойып, ас береді.
— Жақсылар тұз-дәм айдап орталарыңа
келіп, құрметтеріңізді көріп отырған қонақ
едім. Таңертең Әзірейіл келіп: «Күн жа-
рым өмірің қалды, қамыңды жаса», - деді.
—«Қам» дегенде ол дүниеге қазан-ошақтың
керегі болмас. Осы отырған көпшілікпен
өзім бірлесіп, моламды қазбақпын. Өлген
соң, жуып ешкім әуре болмасын, өзім жуы-
нып кебінімді киейін.
Бүгін моламды қазарда жеті қой сойдым,
бұл-қош айтарым, ертең өлерде жеті қой
соям, ол молаға көмерім болады. Жеті,
қырқымды өлген соң балаларым бере жа-
тар, ол менің міндетім емес. Ал жүріңдер,
моламды қазайық, - дейді Алдар.
Жиналған адамдар қайран қалады. Шоқ
ағаштың ортасындағы алаңнан: «Менің
молам осы жерден болсын, тірідегі үйім
түндікті киіз үй еді, молам да соған ұқсас
болсын», - деп, моласын дөңгелек етіп
қаздырып, бүйірінен есік, төбесінен тесік
қалдырып, моласын жаптырады. Түнде
ішіне: он күнге мол жеткендей ас-суын
көп қылып, отын жинап, шақпақ тас,
түтік мақта, қалақ, көсеу кіргізіп қояды.
Ертеңіне елді қайта жинап, жеті қой сойып
беріп, қош айтысады. Киіп жүрген киім-
дерін қолынан үлестіріп, үстіне ақ кебін
киіп, қатын-баласына көрісіп, моласына
кіреді.
— Енді аузын жауып, құрандарыңды оқып,
қайта беріңдер, - дейді. Ұзын аят оқылып,
қатын-балалары
жылайды.
Молдалар
Алдардың үйінде отырып, құран шығарады.
Жетісін беріп жатқанда, іздеп жүрген ал-
пыс жасауыл келеді.
— Бұларың не? - дейді алыстан келген адамдар.
— Бұл Алдар деген ақ пейіл адам еді. Сол
өліп, жетісін беріп жатырмыз, - депті
жиналған жүрт.
— Қолымызға тірі түспей-ақ кетті, - десіп
күңкілдепті қулар.
— Кел, мұның моласына барып көрейік,
- дейді біреуі. Өзгесі мақүлдап, молаға ке-
леді. Төбесіне шығып тесікті көреді.
— Ой, құдайдың қүдіреті-ай, мынаның мо-
ласынан түтін шығыпты. Талай кісіні за-
рлатып еді, енді тозаққа өртеніп жатыр
екен. Бұл мұндардың моласына бір-бір оты-
рып кетейік, -деседі.
— Ал баста!
Бірі төбедегі тесікке отыра бергенде, қызып
тұрған көсеу май құйрыққа быж ете қалады.
Ернін тістеген күйі шалбарына орала,
жүгіре түседі.
— Болдың ба? - дейді кезекте тұрған бірі.
Ол ернін тістеген күйі, иегін тесікке қарай
нұсқайды.
Қүйрығын екіншісі де күйдіріп, үшіншіге
иегін көтереді. Сөйтіп бәрі де құйрығына
күйген көсеуді бастырып, елге көріне алмай,
атқа да міне алмай, бір көлдің басына келіп,
аттарын сойып, үнем қылып, құйрықтары
жазылғанша жатады да, тәуірленген соң,
сол елдің ханына келеді.
Олар арызын айтып, хандарының хатын
көрсетіп отырғанда, үстіне үлде мен бүлде
киген бай адам ханның ордасына келіп,
кіруге рұқсат сұрайды. Жібекпен кебіндеп
ат мінген кісіні хан өзі шығып қарсы алады.
Төр алдындагы төсегіне отырғызып, шекер-
шербетін беріп отырып, келген жұмысын
сұрайды.
— Құрметті тақсыр хан! Көп жүрген
еліңдегі Көсеу деген бай едім. Әкемнен көп
қазынамен бірге алты жүз құл қалып еді.
Соның ішіндегі алпыс бұзығы қашып, мо-
мынды елден талап, керуенді жолдан талап
қарақшы болып кетті.
Соларды іздете қуып, ордаңызға келіп отыр-
мын. Солар - мынау отырғандар. Бәрінің
құйрығына көсеу басқан таңбасы бар.
Нанбасаңыз, шешіндіріп көріңіз.
Мынаусын пәлен ханның елінен, мыналар-
ды түген ханның елінен сатып алғанмын,
құйрықтарына басылған көсеу мынау, -
деп көсеуді ханның алдына қойыпты Ал-
дар. Хан нөкерлерін шақырып шешіндір-
се, бәріне таңба басылған болып шығады.
Хан алпысының айтқан сөзін тыңдамай,
қаһарына мінеді де, бәрін зынданға жауып:
— Енді не істейсіз, бай? Байлатып еліңе
жеткізіп берейін бе, әлде алыстан келген
біреуге саттырып, алтынын алып берейін
бе? - депті.
— Тақсыр, бұл алаяқтар, қайтып барғанмен
тыныш жүрмес, саттырып ақшасын беріңіз,
- депті.
Сол кезде ел талайтын бір патша, ұры-
қарыдан нөкер жинап, сондай адамдар-
ды сатып алып жүр екен. Саудагерлер осы
ханның еліне келіп, алпысына бір дорба
алтын беріп, сатып алыпты. Алдар алтын-
ды алып, аулына кайта келіпті. Кейінгі
ханның ордасынан шыққан соң, «көсеу» де-
ген ат қосылып, Алдар Көсеу болыпты.
Ол көсе емес екен, сақалы беліне түскен,
бетіне нұры тамған сұлу кісі бо-лыпты.
«Көсеу» деген сөз қысқартылып, халық Ал-
дар Көсе деп атап кетіпті.
...Кейінгі ханның ордасынан шыққан
соң, «көсеу» деген ат қосылып, Алдар
Көсеу болыпты.
Алдардың елу ат алуы
Шалдың кенже баласы қолына таяқ
ұстап, белін белбеумен қыстап, күн-түн
жүріп, айлар-жылдар жүріп, бір заңғар
тауға келеді.
Нардай шөккен заңғар тау алдын бөгейді.
Таудың басы бұлттан асқан екен. Басына
шыға алмас, мұндай тау кездескенге Алдар
қайғыланады.
— Ебін тауып адамды да, Алланы да, жын-
шайтанды да алдауға кетіп бара жатыр-
мын. Сондай таудай талапты арқалап келе
жатқанда, бұл тау маған бұйым бола ма?
Қалай да болса осы таудың басына шығып,
асамын, - дейді.
Қона жатып, қыстап жатып, таудың та-
сын қажап, саты жасайды. Өлдім-талдым
дегенде, дымым құрыды дегенде, күндерде
бір күн азар деп таудың басына шығады. Ба-
сына шығады да, талып құлайды.
Бір уақыттарда есін жиып, көзін ашса, бір
байғыз құс шоқиып, жатқан кісіні тас деп
біліп кеудесіне қонып отыр екен. Шап беріп
ұстай алады. Аяғына жіп байлап, қолына
қондырып алады.
— Жарар дейді, керекке,
— Әуелгі байғыз олжа ғой.
— Жарамаса керекке,
— Жіберермін қолда ғой,— деп жүре береді.
Жүріп келе жатса, таудың арғы етегінде
жұмыртқадан да ақ бір үй түр.
Таң-тамаша жайлары,
Ойлы-қырлы сайлары.
Тас бастаулы маңайы,
Гүлденіпті баурайы.
Алдар таң-тамаша қалады. «Не де бол-
са осы үйге барайын», - деп, таудан түседі. «Достың үйі ме, дұшпанның үйі ме, адамның үйі ме, диюдің үйі ме? Әуелі байқайын», - деп ептеп келіп, үйдің жабығынан сығалайды. Сығаласа: Бір жігіт пен бір әйел, Сүйіседі жақындап. Күліседі сақылдап, Текешіктей бақылдап. «Қызық та, той да, кәсіп те мұнда екен», - деп, Алдар ойланып тұрып-тұрып, «әптышау» деп қатты бір түшкіреді. Жігіт пен келіншек шошып кетеді. Келіншек жігітті төр алдындағы тұрған сары сандыққа жатқызып, екі бұрап кілттеп қояды. Алдекең мән-жайды біле қояды. —Ассалаумағалейкүм!- деп, Алдекең жылт етіп кіреді де, сырын ішіне түйіп, үндеместен отыра береді. «Қайдан келдің, пері» дегендей келіншек қабағын түйіп жақтырмайды. Алдар ішінен: «Үндемесең үндеме, келіншек, сенің де, сары сандық, сенің де сазайыңды беремін», - деп күлімдеп отыра береді. Біраз отырғансын келіншек, күлімдеп отырған Алдарға бір қарап:
— Неге күлімдеп отырсың?— дейді.
— Ана сабадағы қымызды көріп, күлімдеп
отырғаным ғой, - дейді Алдар.
— Көрсең іш, - дейді келіншек.
«Іштің» хабары келгесін Алдекең қарай
ма, қара сабаның басына мінеді. Тойғанша
қымыз ішеді. Сабаның қасында тураулы
тұрған пісірулі сары қазыны да бірге аттан-
дырады. Қазы мен қымызға тойып алып,
төр алдына барып жантая кетеді. Алдардың
күлімдеуінен қорқып: «Бірдеңені біліп
қойды ма», - деп қипаң қағып отырған
келіншек, жібек кілемнің үстіне сұлаған
Алдарға ештеңе айта алмайды.
Алдекең қазыны жегенге, қымызды ішкен-
ге, төрге аунағанға місе тұтпай, келіншек-
пен қалжыңдасуға кіріседі. Қалжыңдасып
отырып, бұл бір сасық байдың үйі екенін,
байдың баласы жоқ екенін, келіншек
қырық бірінші қатыны екенін біліп алады.
Сондықтан жатқан жігіттің келіншекпен
жақын екенін де сезеді.
«Сиырларын өк-өк деп,
Түйелерін шөк-шөк деп,
Жылқыларын құраулап,
Ешкі мен қойды құрайлап...»
Кешке таман бай келді, келеді де төрде
жатқан Алдарды көріп:
— Торғайын құшақтап төрімде жатқан
бұл қай құдайың! - деп ақырады.
— Ол мен құдайың! - дейді Алдар.
— Сенің құдайың қай құдай?
— Мен құдайың - балгер құдай. Мынауым
- көріп кел, біліп кел, байғыз құдай.
Байдың өмір бойы тілегені бір бала
екен. Бала таптырам деп алмаған қатыны,
қаратпаған бақсысы жоқ екен. «Балгермін»
дегенге райдан қайтып қалады. «Құдай
шипа берсе...» - деген ойына келеді.
—Кім болсаң да, бір қу боларсың, - дейді
де, ала көзімен бір қарап, қазан жаққа ба-
рып орнына отыра кетеді.
Ас ішіп біраз отырғаннан кейін бай мән-
жайын айтады:
— Төрт түлігім сай бай едім, мал дегенің
есепсіз болып еді. Бірақ соның бәрі бір
балаға тұрмады.
Алладан бала тілеп, қырық қатын алдым.
Қырқынан да пайда болмады. Ақырында
мал-мүлкімді төгіп, осы қатынды алдым.
Бірақ одан да іштеме болмай отыр. Жасым
да жетіп қалды. Сонда да Алладан үмітім
бар. Балгермін дейсің. Байғызым көріп кел
дейсің. Көріп не айтар екен? Балыңды аша
көр, жаным, - дейді.
— Жарайды, - деп, Алдар бал ашуға, бақсы
болып ойнауға кіріседі. Жынын шақырып,
«ақ сөйле» деп, құсына ақырып, сарнайды:
— Мынау нағыз балгер екен, - деп бай
қуана түседі. Алдар сарнап жүріп, баяғы
жігіт бар сандықты айналдыра береді.
— Япырым-ай, байым қалай-ды?
Қиын екен бұл өзі
Көріп едім талайды, -
деп сандықты ұрады, құлағын салып
тыңдайды, шертіп қарайды.
— Е, байым, іс жаман екен, - дей береді.
Ақырында ашқан балын айтады.
— Сары сандық ішінде,
Қара пәле жатыпты.
Жібек көрпе ұстінде,
Қызық іске батыпты...
Қылмайды екен қарекет,
Ішеді екен, жейді екен.
Арғы затын сұрасаң
Екі аяқты дию дейді екен.
— Осы қара пәле әйеліңе бала бітірмейді
екен. Осы пәлені көшірмесе болмайды екен,
- дейді.
Бай мұнысына нана қоймайды. «Алдап-
сулап мал тапқысы келіп жүрген бір қу
болды ғой». Сонда да:
«Бақыр-мақыр берермін,
Көп сұраса көрермін.
Көшірсе, көшіре қойсыншы», - деп, іші-
нен ойлайды да: - Жарайды, көшіре ғой,-
дейді.
— Мұны көшіру үшін ыстық су керек,-
деп Алдар су қайнаттырады. Бақсы ой-
нап жатыр дегенге: «Мұндайдың талайын
көргенбіз»,- деп, мысқыл етіп, келіншек те
сырттан үйге кіріп тұрады.
Келіншек тұр күлтілдеп,
Күлім-күлім жасарып.
Жігіт жатыр селкілдеп,
Қайда барсын қаша алып.
Келіншек тұр қуанып,
«Дию» деген жөнінен:
Жігіт жатыр қуарып,
«Дию» деген жөнінен.
Алдар үй ішін айналып жүріп, келіншек-
тің шашбауындағы кілтін кесіп алады.
Сүйтеді де бір бақыраш суды қолына алып,
сары сандыққа жүгіріп барып, аузын ашып:
— Көш, пері, көш! - деп, ыстық суды
жігіттің басына құя салады.
Атып кетті бір адам,
Бір адымы он қадам...
Пәле кетті үйінен,
Асқан сүлу жігіт боп,
Түсі кетті келіннің,
Көңілі суық мұздақ боп.
Сиқыры құрсын масқара!
Өле алмайды ұяттан,
Бар ма лажы, жоқ шара,
Әбден болды жүзі қара.
Сонымен басы күйіп жігіт кетті. Іші күйіп
келіншек кетті. Жүрегі ұшып, талып бай
жатыр. Күлкісін жия алмай Алдар жатыр.
Біраздан кейін бай есін жиып, орнынан
тұрады.
— Мың рақмет, шырағым, бәлені үйімнен
қудың. Әйтпесе өлген екенбіз. Енді Алла-
дан үмітім күшейді... Әрі садақа болсын,
әрі еңбегің болсын. Аю ат дейтін атым бар.
Соны ал. Сонымен бірге, ол пәленің қайтып
келмесін кім біліпті. Осы балгер құсыңды
маған сат. Бағасын айт, - дейді.
— Өмірлік жолдасым еді, менің күнім
қараң еді. Байғызымды сатпаймын, - деп,
Алдар біраз шалқаяды. Бай жалынып бол-
майды. Ақырында:
— Сіз үшін ғана, әйтпесе құсымның көзін
қиман, - деп сатпақ болады.
— Бір өтірігі жоқ, осы құсымды мен иес-
інен қырық жылқыға сатып алғанымда,
иесі екі күн өкінген. Мен де өкінермін, елу
жылқы беріңіз, - дейді.
— Мұның көп. Жылқының құны да аз
емес қой. Амал жоқ, сол берген жылқыңды
мен де берейін, - дейді бай.
— Жоқ, болмайды. Оллаһи тегін, қырыққа
берсем, өмірімде есімнен кетпейді, - деп,
Алдар көнбейді.
— Оллаһи бағасы, - деп, бай көнбейді.
Екі қу бірін-бірі тездікпен жеңіскен бе!
Азайтып айтқанда бір жұма, көбейтіп
айтқанда, бір жыл екеуі саудаласып, алақан
ұрумен
болады.
Ақырында
Алдардың
қулығы асып, елу жылқы алып, байғызын
сатып:
«Қаңғып қалды, бұл басым,
Еш болмаса құсыма,
Қош айтысып жылайын,
Жыламай не амал қылайын», -
деп бір жұма құсымен қоштасқан боп тағы
жатып, қазы-қарта жеп, қымыз ішіп тойы-
нып алып, жөніне кетіпті.
Алдардың алдануы
Алдар жаман «торғайды» байға елу атқа
сатқанына мәз болып, «осы құрғыр ар-
тымнан қуып келіп жүрмесін», - деп, тез-
детіп жүріп, тағы бір тауға келеді. Таудың
бауырындағы тағы бір елді көреді. Елге
қарап тұрса:
Қойлар жатыр жусанда,
Түйе жатыр сортаңда,
Жылқы жатыр беткейде,
Ешкі тастан кетпейді.
Алдекең ағып жатқан малды көріп:
— Енді қандай несіп болар екен, - деп, езу
тартып қарап тұрса, жылқы шетінде жүрген
жылқышыны көреді. Елге бару үшін алды-
мен осыдан жай-мәнісін сұрап білу керек
болар деп, жылқышыға келеді.
Жылқышыға келіп амандасып, ол-пұлды
айтып, қалжыңдап тұрып:
— Бүл кімнің малы, мынау кімнің ауы-
лы? Үлкені кім, ханы кім? Жақсысы кім,
жаманы кім? Байы кім, жарлысы кім? - деп
сұрау қойып, жылқышыдан елдің барлық
сырын біліп алады.
— Ау, жаным! Тәптештеп елдің жайын біліп
алдың. Өзің кімсің? - деген жылқышының
сұрауына:
— Мағлұмбай деген атақты байдың мыр-
засы едім.
Елімнен қыз таба алмай, елу атты
қалыңмалға жетектеп, жиһан кезіп қыз із-
деп жүр едім. Еш сұлуды кездестіре алмай
келемін, - деп, жауап береді.
— Қыз іздеген, қыз жақтырмаған жігіт
болсаң, біздің ауылдың пәлен байында бір
қора қыз бар.
Түріне ұқсар түрі бар,
Нұрына ұқсар нұры бар.
Түрлі-түрлі қызы бар,
Әр қызының сыры бар.
Әсіресе соның ішінде
Жиһаннан асқан бірі бар.
Жаудыраған көзі бар,
Таң қалғандай сөзі бар.
Сағымданып құбылып,
Көзқарасы сүзіліп,
Қарағанда тұрарсың,
Есің ауып бұзылып.
— Сен жиһан кезіп қыз жаратпасаң да,
осы қызға тоқталасың, бұл хордың қызы, -
дейді жылқышы.
Алдар: «Қыз іздеп жүрмін», - деп, өтірік
айтса да, жылқышы қызды тым мақтап жі-
бергенсін:
«Осы қызды көрсем қайтеді, жаратпа-
са қалармын. Менің нем кетіпті. Соған ба-
райын», - деп, байдың жөнін сұрап алып,
көрінген елге тартады.
Қызы бар байдың аулының сыртына
келіп: — Жолдық! - деп, айғай салады.
Байдың ауылы қараса, тарамыс сияқты
қатып қалған бір шикі сары, елу атты жете-
леп, Аю аттың үстінде өзі қайқайып отыр.
— Мынауың кім екен, барып білші! - деп,
бай кісі жібереді. Кісі келіп, «жол болсын»
деп айтады.
— Әлей болсын! Мен қонақпын, қонамын.
Жер жүзін шарлап көздеп жүрген бір нәрсем
бар.
Қалған-құтқан сөзімді,
Қыз іздеген сырымды,
Атамыз қазақ мұрасы,
Қонғаннан соң сұрашы, -
деп, «рұқсат жоққа» келтірмей түсе қалады.
Байдың жіберген кісісі жүгіріп байға ке-
леді.
— Жер жүзін шарлап жүрген адаммын.
Қонамын, дейді. Аузында қыз бар... Сірә... -
дей бергенде, бай түсіне қалып:
— Әй! Қонақ келді, үйге көрпе салыңдар! -
деп айғай салады.
Бір қора қылып қызын өткізе алмай
отырған байғұс, жүгіріп жүріп, Алдарды
қарсы алып, қонақ қылады.
«Қалағаның білсін», - дегендей қыздарын
да үйге иіріп қояды.
«Ләмға» келді дегенше, Алдар қойын-
қонышқа кіреді де, өтірікті шындай, шын-
ды құдай ұрғандай қылып соғып, бүкіл
ауылды иіріп аузына қаратып алады.
—«Мынауың елден озған жүйірік, ше-
шен, жұрттан озған көсем ғой! - деген ойға
келтіреді. «Атақты Мағлұмбай байдың
мырзасы екен»,- деген атақ таққызады.
«Мағлұмбайың қай бай?» - деулеріне жол
қалдырмайды.
Сонымен Алдекең алдап-алдап байдың ең
кенже қызына құда түспек болады. «Қайда
кетпеген жылқысың», - деп, елу атты сол
жерде
қалыңдыққа
тартады.
«Қалған-
құтқан кемісін толтыра жатарсың», - деп,
бай қалыңмалға ырза болады.
— Бірақ менің қызым қашып жатқан жоқ
қой.
Менің үш балам бар еді. Сол үш балам
жылқы бағып отарға кеткеніне жыл болды.
Әлі жоқ. Қайда жүргенінен де хабар жоқ.
Іздететін адамым болмай отыр. Менің сенен
сұрайтыным, сол балаларымды іздеп тауып
келсең. Сосын балаларым келгесін күзге
қарай қызымның тойын істеп қосамын, -
дейді.
— Жарайды, - деп Алдар атқа мінеді. «Осы
күзде кенже сұлуды аламын», - деп көңілі
тасиды.
Күндеп жүріп, айлап жүріп, ақырында
Алдар жайылып жатқан бір көп жылқыға
келеді.
Келіп
адамдарымен
сөйлесіп
қарағанда,
атасының
балалары
екенін
біледі. Өзінің жай-мәнісін айтып, сол жерде
танысып, қүшақтасып көріседі.
Байдың балалары бос немелер болса ке-
рек. Мыңдаған жылқының басын қайырып
жөнге сала алмай, елге айдай алмай жа-
тып қалған екен. Алдар келіп болысып,
жылқыны жөнге салып, елге айдап келеді.
Жылқысы, балалары келгеніне бай қуанып,
ат шаптырып той қылады.
Күндерде бір күні бай Алдарды оңаша
шығарып алып:
— Кенже қызыма елу жылқы бердің.
Жылқы деген өзімде де көп. Оныңа қанағат
етпеймін. Қалыңмалыңның кемін толтыр.
Ат басындай алтын тап. Әйтпеген күнде
қызымды ала алмайсың, - дейді.
Қулық қылып байды алдадым деп жүрсе,
бай Алдарды алдаған екен. Алдар: «Алдыма
бір келтірді-ау!» - деп, санын бір соғады. Сон-
да да: «Алдаудан жеңілгенім бе?» - дейді.
— Жарайды, ат басындай алтынды таба-
мын, - дейді.
— Тапсаң жарайды. Келер жылы дәл осы
уақытқа алтынды алып келмесең, күдеріңді
үзе бер, - дейді.
Алдар
түнімен
дөңбекшиді.
Қанша
дөңбекшісе де алтынды қайдан аларын біл-
мейді. Анау-мынау алдауға ат басындай
алтынның таптырмайтынын біледі. Сөйтіп
жатып ұйқыға кетеді... Түсінде ауылдың
жөңкіле көшкенін көреді...
Алдардың шайтанмен жолдас болуы
Алдар жерошаққа аунап, ұйқтап қалған
екен, бір уақытта оянып көзін ашса:
Елбектейді ақырын,
Елестейді ақырын,
Дәл өзінің үстінде,
Дәл көргендей түсінде...
Бірдеңелердің жүргенін сезеді. «Шай-
тан дегендерің осы екен», - деп, көзін қайта
жұма қояды...
... Ескілердің айтуынша Түлен, Құлан
дейтін екі шайтан бар. Осы шайтандар
Ібілістен бата алып, әдейі қазақты алдауға
шығыпты. «Түлен түртті» дегендегі осы
Түлен болса керек.
Түлен мен Құлан жерошақта аунап жатқан
Алдардың үстінен шығады.
— Жатысы жаман екен. Осы қазақ болар,
- деп Түлен мен Құлан тұра қалады.
— Қазақ өлмесе, жерошаққа түспейтін еді
ғой. Бұл өлген адам болу керек, - деседі.
Өлі-тірісін білейік деп,
Сағым болып күлтілдеп,
Көлеңкесі бүлкілдеп,
Алдекеңнің үстінде,
Елестейді ойнақтап,
Жас ботадай тайрақтап...
... Алдакең шайтандарға жолыққанын
біліп, өлген кісі болып, тырп етпестен жата
береді. «Басқа не болса да осылай жатып
көрейін», - деп, шайтандар айқайласа да,
қытықтаса да, үстінде ойнақтаса да, былқ
етпейді.
— Бұл өлген қазақ екен, - дейді. Ақырында
шайтандар шаршап, отыра қалып, екеуі
кеңеседі.
— Мұны не істейміз? - дейді.
— Кебіні жоқ, көрі жоқ қазақ екен. Мұны
тірілтіп алсақ, бізге адал жолдас болады
екен, - дейді біреуі.
Осыған екеуі де қол қойысады. Бірақ
Алдардың немен тірілетінін білмей біраз
отырысады. Ақырында біреуі айтады.
Қазақ екен қазы әкел,
Қазы әкелдің, таза әкел,
Сусынсыз тағы тұрмайды,
Қымызы болса қоса әкел.
«Бұлардың
қулықтарын!...
Мені
қымызбен, қазымен жеңіп ала қоймақ
қой! Аларсың!»- дейді Алдар ішінен. Бірақ
қазыны әкеліп иіскеткенде, бұл уәдесінде
тұра алмайды. Аузы қазыға қарап ашы-
ла береді. «Тез тіріліп кетсем бермей қоя
ма»,- деп, Алдар қазыға тойып болғанша
орнынан тұрмай, көзін жұмып жата береді. Әбден тойып алғасын ғана тірілген болып, көзін ашып, орнынан тұрады. Шайтандар Алдардың тірілгеніне қуанып, тұра сала билейді. «Әй, қазақ, қазақ деп, Тамағы бір азап деп», - жатып тұрып мазақтайды. Алдар білмегенсіп шайтандардың жөнін сұрайды. «Кімсіңдер?» -дейді. Шайтандар жөнін айтады. Алдар жатып тұрып бәле салады: — Сендер тыныш жатқан мені неге тірілттіңдер? Бұл дүниенің азабынан жаңа ғана құтылып, жаным рақат тауып жатқанда? Мен бұл дүниеден азар құтылып едім! Жоқ, сендердің бұларыңа мен көнбеймін. Мен бұл дүниеде жүре алмаймын. Тірілткен сендер, айып сендерде. Мені өздеріңнің пішіндеріңе енгізесіңдер, әйтпесе бүлік саламын, - дейді. Шайтандар бір-бірімен ақылдасып: — Біздің істейтініміз аздыру ғана еді. Енді амал жоқ. Айып өзімізден. Бізге жолдас боларсың, пішінімізді берелік, - дейді. Тіл астына салатын теңгелері болады екен. Біреуін Алдарға береді. Алдар оны тілінің астына салып, о да шайтан кейпіне кіреді.
Сонымен Алдар шайтан болып алады. Үшеуі бірігіп жүріп кетеді, ай жүреді, жыл жүреді. Бір жерлерге келгенде үшеуі де шаршайды. Демалып отырып Құлан айтады: — Жүре-жүре шаршайтын болдық. Бәріміз бірге шаршағанша, біріміздің мойнымызға біріміз кезек-кезек мінсек, - дейді. Алдар мен Түлен мақұл көреді.
— Алдымен қайсымыз мінеміз? - дейді Құлан. — Мен жаңа ғана шайтан болдым ғой. Сондықтан болу керек, аяғымды алға басуға шамам жоқ. Алдымен мен мінейін, - дейді Алдар отырып. — Жарайды, - дейді ана екеуі. — Қанша уақыт мінгізуіміз керек, уақыт белгілеу керек, - дейді Түлен отырып. Сендер де өлеңдерің таусылғанша мінерсіңдер, - дейді Алдар. Түлен мен Құлан мұны да мақұл дейді. Сонымен Алдар екі шайтанның мойнына мінеді, ыңырсып: «Әләләй, уләләй, әри әйдім...» деген өлеңін айтуға кіріседі. — Уақыт белгілеудің керегі не? Мен өлең айтайын, сол біткенше мінгізсеңдер болғаны.
Шайтандар: «Алдардың өлеңі бір таусы-
лар», - деп, әрі қарай жүре береді. Бірақ
Алдардың «әләләйі» таусылмайды. Әбден
шаршағасын:
— Осы сенің «әләләйің» қашан бітеді?
-деп сұрайды.
— «Әләләйім», бітсе, «Әри әйдім» дегенім
тағы бар. Жүре беріңдер! - дейді.
Жүре-жүре екі шайтан өлер болғасын, бір
ағаштың түбіне келіп, «уһ» деп сүйене ке-
теді. Ағаштың іші қуыс екен. Шайтандардың
салмағына шыдай алмай ағаш бір жағына
құлай кетеді. Ағаштың қуысына тығылған
ат басындай алтын бар екен, сол алтын
көрініп қалады.
— Мынау бір олжа болды, - деп, Түлен ал-
тынды астына баса қалады.
Ат басындай алтынды көргенде Алдар:
«Осы алтынды қалай алам», - деген ойға ке-
леді.
— Осы бір жалтылдағаның немене өзі?
Кәне, көрейінші, - деп, алтынды өзіне тарта-
ды. - Қазақтың: «Жол жасы үлкендікі!» - де-
ген салты бар ғой. Бұл алтынды үшеуміздің
қайсымыз үлкен болсақ, сол алу керек.
Әйтпесе бере алмаймын! - деп, астына тыға
түседі.
Шайтанның қулыққа шапқанын Алдар
біліп қояды... Жасқа кеткенде Түленнен
(Түлен түртуден) бұрын жаралған ешкім
жоқ. «Қулығына қулық, бәлем!» - дейді іші-
нен.
— Жарайды, мұның дұрыс екен. Ал жас
санаса қоялық, - дейді Алдар.
Түлен түрып:
— Менен үлкендерің бола қоймас. Алтын
менікі болар.
— Жаңа туып жатқанда,
Қарап едім аспанға:
Артық-кем емес білемін,
Жер алақандай көлемі.
Бір-ақ қана бел еді.
Тоқымдай ғана жер еді, -дейді.
Құлан түрып:
— Ойбой, сен менен көп кіші болдың.
Сенің кіші екеніңді кім білген.
— Мен туғанда расы:
Бейнеленіп арасы.
Жаралмаған жер мен көк,
Шайтан, адам мүлдем жоқ, -дейді.
Осы сөзді Құлан айтып бола бергенде, Ал-
дар өкіріп қоя береді. Екі шайтан аң-таң бо-
лып, бір-біріне қарайды.
«Оның не?» - десе, онан жаман өкіреді.
Тіпті әрі- беріден соң «ой, бауырымдап»
басын жерге соғып жылайды. Шайтандар:
«Бұл алтынды ала алмайтын болғасын, жас
болғасын жылап отыр», - деседі.
— Жоқ, олай емес. Алтының құрысын! -
дейді Алдар, кемсеңдеп. - Құлан, сен туған
уақытыңды айтқанда іштегі күйіктің аузы
ашылып кетті.
—Дәл сен туғанда,
Үлкен бір той болып ед.
Атқа шауып жүргенде,
Кенже балам өліп ед.
Көптен
көмескіленіп
жүрген
үлкен
қайғым еді. Еске түсірдіңдер,- деп тағы
өкіріп қоя береді.
Түлен мен Құлан Алдарға көңіл айтып,
азар жұбатады. Жұбатқанда, әрине, құр
көңіл айтып емес, алтын беріп жұбатады.
Алдардың бақсы-балгерлерді күлкі етуі
Алдар шайтан жолдастарын ертіп, өзіне
қызын бер- мей кеткен байдың аулына тар-
тады, «жамбасыма бір келсең» - дегенді
ойына алады.
Күн жүреді, түн жүреді. Бәрі де шаршай-
ды. Бір қыстауға келіп дем алып отырып,
Түлен әңгіме бастайды:
— Анау күні шаршағанда Алдарды мойынымызға мінғізіп едік. Ол «әри өйдімін» тауыспай сорымызды қайнатты. Он күн арқаласақ та «әри әйдімін» бітіре алмадық. Бізді арқалайтын жол енді, Алдардікі, - дейді. — Жоқ, қалайша менікі болады? Сондағы қойған шартымыз, өлеңді айтып бітіргенше міну болатын. Менің онда өлеңім бітпеген болатын. Шынын айтқанда мінетін кезек әлі де менікі, - деп, ұшып тұра келеді Алдар. — Қой, ойбай, қой! Бұрынғы шартты да, сенің бір рет мінгеніңді де ұмыталық. Қайтадан шарт қойысалық. Сол шартты орындағанымыз мінелік, - дейді Түлен. Түленнің бір қулыққа түскісі келіп тұрғанын Алдардың іші сезе қалады. «Бұл қу нені шарт қылар екен» - деп, күдіктеніп, азырақ ойланып: — Жарайды,- дейді. — Ал, не шарт қоямыз? — Қоятын шартымыз мынау болсын: кәдімгідей төбелеселік. Сол төбелесте жеңгеніміз мінелік, - дейді Түлен. «Мына Түлен менен өшін алғысы келген екен», - деп ойлайды Алдар ішінен. — Мұның әділдік екен. Бұл шартыңа көндім, - дейді. Түлен қуанғаннан секіріп-
секіріп түседі. «Менің мойныма алдап
мінетін неме ғой! Бүл қазаққа көресесін
көрсетейін», - дейді ішінен.
— Ал, қандай қарумен соғысамыз? - дейді
Алдар.
— Таңдауын өзіңе бердім. Қалағанынды
айт, - дейді Түлен.
— Олай болса, қаруымыз қамшы мен
құрық болсын. Оған қалай қарайсың? - дей-
ді Алдар.
— Бек мақүл.
— Сенің менен гөрі шайтандығың мол.
Сенің жолың үлкен. Құрықты саған бердім.
Қамшыны өзім алдым. Бұған көндің бе? -
дейді Алдар.
— Өте жақсы,-дейді Түлен қуанып. «Мы-
нау қазақтың нағыз жындысы екен өзі», -
дейді ішінен.
— Олай болса жарайды. Ана қүрығыңды
ал, мен мына қамшыны алдым. Сыртқа
шықпай-ақ осы үйдің ішінде соғысалық, -
дейді Алдар.
— Мақұл, - дейді Түлен бұған да.
— Олай болса кел, - дейді Алдар қамшыны
үйіріп. Үйдің ішінде ұзын құрықпен Түлен
қайрат қыла алами, Алдарды ең болмаса бір
де ұра алмайды. Алдар он екі таспа дойыр-
мен Түленді қып-қызыл шиедей қылып
сойып салады.
Түлен дойырдың зардабына шыдай алмай, өлім халіне жеткен уақытта айғай салады. — Ойбай, тұра тұр. Енді екеуміз қаруды айырбасталық, Қүрықты сен ал, қамшыны мен алайын, - дейді. — Оның да мақұл екен. Құрығың ұзын болып зығырымды қайнатып едің. Енді маған берші, әкеңді танытайын! - дейді Алдар. — Егер қамшыны берсе, есеңді бір берер едім! - дейді Түлен ішінен ызаланып. Алдар қамшыны Түленге береді де, құрықты өзі алады. — Осы үйдің шаңыдағы бұрқырап кетті. Тіпті демалуға болатын емес. Енді таза ауаға шығып соғыссақ жақсы болар еді, - дейді Түленге. — Өте жақсы, - дейді Түлен. «Жаңа үйдің іші тарлық қылып, тіпті ұра алмап едім. Енді көрерсің қызығымды, өзіңе-өзің сор тілеп алдың гой», - деп ойлайды тағы да ішінен. Екеуі «кең ауаға» шығып соғысады. Ұзын құрықпен Алдар Түленді бұрынғыдан жаман сойып салады. Шолақ қамшыны маңына да жолатпайды. Алдардан бір емес, екі рет алданғанын түсініп Түлен:
— Жұртты құртқан қу екенсің, енді
қойдым, - деп құлай кетеді.
Алдарға міну былай тұрсын, жарақатты
болғанын дәлел қылып Алдардан өзі азар
құтылады. «Бұл сұм бір мініп алса, енді
ғүмыр бақиға мойыннан түспес. Осыдан
аулақ болайын», - деп Алдарға бұдан былай
міну туралы сөз қозғамайды.
Біраз күн тынығып жатып, тағы да жолға
шығады. Бірнеше күн жол жүргеннен кейін
байдың аулына келеді.
Байдың аулына келіп, байдың ақ боз үйіне кірсе, қыз, қыздың шешесі, тағы бір жігіт жатыр екен. Жігіт қыздың қойнында жатыр. Жігіт жатыр қорылдап, Бай қызының қойнында. Дәнеме жоқ ойында, Екі қолы мойнында. — Әй, бәлем, саған бір қызықты көрсетейін, - деп Алдар жігіттің үстіне мініп алып ойнақтайды. Құлан мен Түлен екі жағында отырып алып, жігітті бүйірінен қытықтайды. Шайтандардың қытықтауына, Алдардың ойнақтауына жігіт шыдамай өліп кетеді. Жігіт көршілес бір ханның баласы екен. Біраздан кейін қыз оянып қараса, жігіт өліп қалған. Қыз шошып кетіп, шешесін оятады. «Бір бәлеге қалдық», - дейді. — Білсең жалғыз өзің біл, Шашылмасын далаға Не қылсаң да өзің қыл, Жолықпайық бәлеге, -деп, кемпір мен қыз жігітті қараңғы түнде далаға сүйреп, алыстағы бір қырдың үстіне апарып тастайды. — Басқа біреу өлтіріп кетті десін, бәлесі бізден аулақ болсын, - дейді.
Ертеңіне ханның жылқышысы жылқы айдап келе жатып, қырдың басында өліп жатқан адамды көреді. — Бәлесі маған қалар, біреу бәле жапса, мені кім ажыратып алар дейсің, онан да аулақ болайын, - деп, аулына хабар етуге тұра шабады. Өліп жатқан адамның қандай екеніне көз салуға да қорқады. Елге хабар еткесін, хан бұйрық етеді. — Барып біліңдер, менің аулымның төңірегінде өліп жүрген кім екен, өлтіріп жүрген кім екен? - дейді. Хан¬ның қазылары, шабармандары шауып келсе, өліп жатқан ханның баласы.
Келгендер ханға қайта шабады. Ханға
естіртуге қорқады. Бірақ хан қысқасын,
айтпасқа амалдары болмайды.
Хан естігесін соң өкіріп жылап, бетін дал-
дұл қылады.
— Жерден қаз, көктен қаз, ертеңге дейін
өлтірген адамды тауып беріңдер! Әйтпесе
бәріңді дарға асамын, - деп ақырады хан.
Қазы мен билер елдің астан-кестенін
шығарып, бақсы- бәлгер іздейді. Бақсысын
да, балгерін де, қүмалақшысын да ханға ай-
тады. Хан ордасына жинап алады.
Қобыз, домбыра, асамен,
Бақсы бірге сарнайды.
Ойын, күлкі тамашамен
Қыз бен жігіт жинайды.
Темір жалап қызартып,
Түкситіп өзін сазартып.
Қолдарын сілтер ұзартып
Жындарын мақтап тазартып.
Құмалақшы, жауырыншы,
Жайшы менен тамыршы,
Басқалар көп әлінше,
Бөрі жеңген өмірші.
Қара тасты қақ жарар,
Дүз-өй, дейді тас қират.
Жер мен көкте бір қарар,
Бұған тұрмас жын шыдап.
Жындар ғашып жоғалар,
Дүз-ей, дейді жарғышы,
Бақсының тілін кұп алар,
Жындарды қағып алғышы.
Отқа көсіп құр қолын.
Сілтесе қолы тіледі.
Таң қалғандай бір порым,
Жалғыз бақсы біледі.
Жабықты қолы тыңдамас
Сілтесе қолын жеңге мас
Түрлі-түрлі жыны бар,
Түрлі-түрлі аты бар,
Түрлі-түрлі заты бар,
Жындыдан жынды жын қуар.
Зіркілдейді бура жын,
Кісінейді айғыр жын,
Күжілдейді бұқа жын,
Бақылдайды теке жын,
Соғып кетер пері жын,
Құдаң дейді кәрі жын,
Патша жын, кемпір жын,
Айта берсем бәрі жын,
Жұрт бұзылар өтірік үшін,
Өтірікшінің өтірігі шын,
Әрі шайтан, әрі жын.
Бірі өтірік, бір шын.
Шыны өтірік, өтірігі шын.
Бірінен-бірі өткен, әр түрлі нәрсені қару
еткен бақсылар жындарын шақырып, үйді
басына көтеріп ойнап жөнеледі.
— Бұларға да бір тамаша көрсету керек,
- деп, бұған Алдар мен шайтандар да арала-
сады. Қызған темірді жалайтын бақсылар,
темірді тілдеріне жақындата бергенде, бұлар
темірді шындап басып жібереді. Тілдерін
күйдіріп, ойбай салып, қобызын лақтырып
олар жөнеледі. Қарнына пышақ тығатын
бақсылар, қарындарына пышақ тыққанда,
пышақты шындап басып қалып, қарны жа-
рылып олар жөнеледі. Жұртқа көрсететін
тамаша өнері жоқ, құр секектің бақсылары
болса, оларды бір-біріне қағыстырып, бас-
тарын жарып, оларды қуады.
Құр сарнаудың бақсысы болса, жын
шақырып сарнап отырғанда, қарауға бол-
майтын
пішінмен
олардың
көздеріне
көрініп, зәрелерін үшырып, оларды тайды-
рады. Ақыр аяғында бақсы атаулыдан жан
қалмайды. Әр жерде домалаған қобыз сай-
мандары ғана қалады.
Бақсы біткеннің бәрі қашып кеткен-
де, қара көсеуді кобыз қылған бір кемпір
қашпайды. Хан ордасында көп бақсыдан
жалғыз сол ақ әрекет істейді.
Ұзын емес арбаңдар,
Шабар емес - борбаңдар.
Жүгіре басып жорғалар,
Тайпала басып шойқаңдар,
Тым пішіні сұп-суық,
Жалмауызға жұп-жуық,
Қарға тұмсық мұрыны,
Келе алмайтын жан жуық,
-деген, бір қу мыстан екен. Аузынан көбігі
бұрқылдап, «сөйле», деп көсеуін жұлқылап,
көзінен от шашып:
— Әй, Алдар! Әй, Түлен мен Құлан! - деп,
сарнап қоймайды. Мыстан кемпірдің сырды
ашқанын Алдар сезеді. Сезеді де кемпірдің
көзін жоғалтудың амалын істейді. Түлен,
Құланмен ақылдасып жіберіп, дию перінің
пішініне ене қалады. Диюді көрген жұрт
бір жерде отыра ала ма, «байтал түгіл бас
қайғы», үрейлері ұшып қаша жөнеледі.
Кемпір үйде жалғыз қалады. Айналасына
қараса, үйде бір адам жоқ. Ой-нақтаймын
деп, қаны кепкен кемпір жүгіріп, ханның
қара сабасына барады. Иіннен келіп ашып
тұрған сабаны пісіп-пісіп жіберіп, ішем деп
жатқанда арт жағынан Алдар келіп, екі
аяғынан көтеріп сабаға басын тыға кояды.
Кемпір тұншығып «қор-р-р-р-қ» деп жанын
жәһнемге тапсырады.
Сөйтіп, Алдар бүкіл бақсы-балгер атаулы-
ны күлкі етіп кетеді.
Алдар Көсе мен екі шайтан
Екі шайтан жолай кездескен елде, талай
ауылды араздастырып, талай досты айры-
лыстырып, талай қатынды байына саба-
тып, татуласу үшін істеген тамаққа тойып
рақаттанады.
— Алдар-ау, бізден біраз үйрендің ғой.
Сен де біз сияқты бірдеңе істесеңші, - депті
шайтандар.
— Ойбай, құдаларым, қатып қалған миы-
ма үлгілерің пышақ сырты сіңген жоқ. Мен
өз басымнан өткенді тез үйренетін едім. Сен-
дер мені алдап үйретсеңдерші.
— Қалай алдаймыз?
— Қыдыра-қыдыра қысты өткіздік. Ел
жабыла егін егуге кірісті. Үшеуіміз ортақ
болып егін егейік, өнімін көп алу үшін
алдаңдар.
— Жарайды, - дейді шайтандар.- бұрын
істемеген кәсібіміз еді, мұны да көрейік.
— Ендеше, екпей тұрып үлесімізді бел-
гілеп алайық: егіннің басын аласыңдар ма,
түбін аласыңдар ма?
— Соны айтып қойыңдар, балдай тәтті
құдаларым, кейін көңілімізге қаяу түсіп
жүрер, қалауын сендерге бердім.
— Жарайды, оны біз ақылдасып айтайық, - деп, екеуі бір диқанға келіп: — Біреумен ортақтасып егін екпек едік, қай жағын алсаң да, қалауы сендерде деп отыр. Соның түбін аламыз ба, басын аламыз ба? — Ой, кещелер-ай, егіннің дәні басында болады, түбін қайтесіңдер, басын ал, - дейді. Екеуі Алдарға келіп: — Басын аламыз, - дейді. — Жарайды, қалауы сендердікі дегенім деген... Мен түбін алдым. Егетін егінімізсәбіз, пияз, сарымсақ болсын. Егетін жерін, ішетін суын, соғатын желін мен табайын. Арығын қазып, жерін жыртатын - Қылтың, тұқымын тауып, егін күтетін Сылтың болсын. — Жарайды, - деседі шайтандар. Үшеуі боз жерге келіп, қостарын тігіпті. Қылтың арығын қазып, атызын соғады. Сылтың тұқымын тауып, күтімін күтеді. Алдар анда-санда бір көрініп, егін басына келген сайын үһілеп, қиналып келеді. — Біз кетпен шауып, егін суарып шаршадық. Сен не істеп шаршап жүрсің? - дейді шайтандар. — Осыны шындарыңмен айтып отырсыңдар ма?
— Иә.
— Ой, үмітсіздер-ай! Айтпайын деп
едім, еріксіз айтқыздыңдар-ау. Барлық
азап менің мойнымда емес пе? Егінге су
оңайлықпен келіп отыр ма, күні-түні иіріп
айдап, асау суын байлап, саз суын жинап
әкелем. Жел болмаса сабағы желкілдей ме?
Қарашы, жел
желпіген соң гүлдерінің
күлім қағып
тұрғанын.
Алыстағы асқар тауға күнде барып, жел
шығатын тесікті шұқылай көзін ашамын
деп, тырнағымның көбесі сөгілді. Жұмысым
сонымен бітіп жатыр ма, менің?.. Екі шай-
тан егінді ересен өсіріп, жерді біраз
ауырлаттыңдар.
Жерді мүйізімен көтеріп түрған көк өгіз ту-
лап кете ме деп, күнде барып әукесін қасып
отырам. Менің көрген азабымды құдай кісі-
ге бермесін! - деп, еңкілдеп жылапты. Шай-
тандар сасып: «Қиналып жүргені рас екен»,
- деп жандары ашиды.
— Ренжіме, Алдар, біздің үлесімізге тиетін басынан саған да аздап берейік,- дейді. — Оны қайтейін, уәдемнен қалай таям? Өздерің-ақ ала беріңдер. Аузымнан шығып қалған тамыр-тарамысын-ақ алам, - дейді. Күзде сабағын қосып басын шайтандар алып, түбі Алдарға қалады. Түбін қазып, базарға сатып, ақшасын қалтасына салады. Қу сабағын арқалап барған шайтандарды базар адамдары мазақ қылып: «Көшені былғама!» - деп қуып жіберіпті. — Ендігі жылғы егіннің түбін біз аламыз, - депті шайтандар. — Қалағандарың болсын. Бірақ биыл бидай мен арпа салайық, - дейді Алдар. Шайтандар келісіп, бидай мен арпа егеді. Піскен соң дәнін Алдар жинап, сабағын шайтандарға беріпті. Ыза болған шайтандар Алдармен төбелеспекші болады. — Мейілдерің, үйде төбелесеміз бе, түзде төбелесеміз бе? - дейді Алдар. — Егінге ортақ болған кісілерміз, далада төбелесіп жатқанымыз елден үят. Үйде төбелесейік, - дейді шайтандар. — Жарайды, қысқа таяқты мен алайын, ұзын таяқты сендер алыңдар, - дейді Алдар. Шайтандар оған қуанып ұзын таяқты алады.
Төбелесе бастайды. Шайтандар ұрайын
десе, ұзын таяқ төбеге тіреліп, Алдар қысқа
таяқпен екеуін де өлімші қылып сабапты.
— Бұл болмайды. Далаға шығып
төбелесеміз және қысқа таяқты енді бізге
бересің, - дейді шайтандар.
— Ол да болсын, - дейді Алдар.
Шайтандар келісіп,
таяқ ауыстырады.
Далада
жанына жуытпай
Алдар Көсе ұзын таяқпен екеуін де ұрып
жығыпты.
...шайтандар: Алдарды
алдаық!
Алдардың шайтандарды алдауы Түлен, Құлан, Алдар үшеуі жортып жүріп, бір жерге келіп дем алады. Арқалаған бір қап жиһазы бар. Демалып отырып әңгімелеседі. — Дүниеде біздей жан болсайшы! Еш нәрседен қорықпаймыз, дегенімізді істейміз, - дейді Алдар шайтандардан сыр тартқысы кеп. — Айта көрме. Еш нәрседен қорықпаймызың не? Біріншіден, құдай қазақтың қамшысынан сақтасын. Екіншіден, инедей жердің тікенінен сақтасын. Бұларды көрсек, көш көрім жерден қашып жүреміз. Кәпірдің бетін аулақ қылсын! - дейді Түлен мен Құлан отырып. «Жарайды, сабаздарым», - дейді ішінен Алдар. — Әлде сен еш нәрседен де қорықпайсың ба? - дейді шайтандар отырып Алдарға. — Айта көрме, ойбай? Қорықпайсың деген не? - деп, Алдар ыршып түседі. — Неден қорқасың? — Ойбай, айтуға да қорқамын. — Қой, айтудан қорыққан несі? — Иреңдеген қазы дегеннен, кірпі сияқты қарындағы май дегеннен, одан кейін
қара торсықтағы қымыз дегеннен жаман
қорқамын. Кәпірді беттерін аулақ қыл деп,
солар бар деген жерден күндік жер аулақ
жүремін.
«Жарайсың, сенің сырыңды білдік», -
дейді шайтандар ішінен.
Біраз отырып демалғаннан кейін шайтан-
дар тұрып жүрейік десе, Алдар тұрмайды.
— Мен жүрмеймін, - дейді.
— Неге?
— Ортамызда бір ала қап бар. Екеуің ке-
зек-кезек ар- қалайсыңдар. Мені өздеріңдей
санамайсындар. Әрі қазақ қой дейсіңдер.
Бұларың мені қорлағандарың. Сондықтан
сендерге жолдас болмаймын, - дейді Алдар
теріс қарап.
Шайтандар біріне-бірі қарасады. Сыбыр-
ласып сөйлеседі.
— Ала қапты оған беріп қою да қатер.
— Е, не қылар дейсің. Бір аумесер ғой.
— Дегенмен сырын біліп қойса!
— Е, қайдан білетін еді. Берелік. Сор-
лы өзіне-өзі тілеп алды ғой. Арқаласын да
жүрсін, - деседі.
— Сорды тілеп алған өзің. Біз сені аяп едік.
Өкпелегенің осы ала қап болса, мә! Арқалай
ғой, - деп ала қапты Алдарға береді.
— Ала қапты арқалағасын Алдар «құдай
берді» деп, қапты ауырсынған болып, ептеп
артта қала береді. Бір байдың бүкіл жиһазын
сол қаптың ішіне салып жібергенін, Алдар
бірде көзі шалып қалған.
Алдар қапты ауырлағансып артта келе
жатып, көп тікеннің ішіне кіріп кетеді.
Тікеннің ең қалың деген жеріне келіп:
— Жатар болсаң, жат, Алдар,- деп, жатып
алады. Біраз жер жүріп барып, шайтандар
артына қараса, Алдар жоқ. Адасып қалды ма
деп айқайлайды. «Алдар!» - деп шақырады.
Бірақ оған жауап берер Алдар жоқ. «Тапқан
екенсің қап арқалайтын ақымақты», - деп ол
жата береді.Шайтандар олай-бұлай кезіп
жүріп, қапты астына басып жатқан Ал-
дарды көреді. Қасына келейін десе, ай-
наласының бәрі тікен. Жоларлық емес.
— Ау, Алдар! Шаршап қалғаның ба?
Мықтысынғаның қайда? - деп айқайлайды.
Алдар үндемейді.
— Бұл ұйқтап қалған болар, - деседі. Да-
уыстары жер жара айқайласады. Бірақ Ал-
дар үндемейді. Алдардың алдағанын шай-
тандар енді сезеді. Алдарды алдауға әр түрлі
айла жасайды. Бірақ Алдар оған болмайды.
— Енді не істейміз? - дейді Құлан.
— Мұны түлен түрткен екен. Енді қазы
мен майды әкеліп, айдап шығамыз, - дейді
Түлен.
Сөйтеді де екеуі бір ауылдың майын,
қазысын, қымызын жинап әкеліп, Алдарға
лақтырады.
— Алла, сақтай гөр,- деп, Алдар секіріп
түсіп, лақ тырылған май, қазы, қымызды
қасына үйіп алады.
— Орнынан қозғалды, - дейді екі шай-
тан, біріне-бірі, Алдардың секіргенін көріп.
Сөйтеді де лақтыра түседі. Лақтырған сай-
ын Алдар секіріп түсіп, айналасына жинай
береді. Сөйтіп, Алдар екі жылдық азық жи-
нап алады.
— Әй, бәлем! Осы жерден сені өлтірмей
кетсек, - деп шайтандар жатып алады.
— Жатыңдар, бәлем, жатыңдар, - деп
майды, қазыны күйсеп, қымызды ішіп,
Алдар да жатып алады. Өтірік болса жаны
шықсын, жұрттың айтуына қарағанда, Ал-
дарды аңдып, шайтандар екі жыл жатыпты.
Мойындары ырғайдай, биттері торғайдай
болып, азып-тозып бітіпті. Алдар болса күн
санап семіріп, күбідей болыпты. Ақырында
екі шайтан:
— Алдар десе, Алдар екен, тағы да алдан-
бастан енді жөнімізге кетелік, - деп жүріп
кетеді.
Алдардың үйленуі
Шайтандар кеткесін Алдар ала қапты
арқалап, баяғы қалыңдығын алмақ болып,
байдың аулына келеді. Баяғы ат басындай
алтынды тартады. Бай есі шығып:
Жоғарғы елді шақырып,
Жорға бие сояды.
Төменгі елді шақырып,
Топтап бие сояды.
Ат шаптырып, той қылып,
Ат жетерлік жұрт жиып,
Қарық қылды байекең,
Арақ, шарап, бал құйып.
Өтірік болса жаны шықсын, жұрт қырық
күн ойыны, отыз күн тойы болып, Алдар
Көсе байдың кенже қызын алды деседі.
Алдар Көсе мен молда
Бір молдадан ел азар болады. Оның «емі-
нен» талай адам жынды болып, талай адам
өледі. Күндерде бір күні Алдар Көсе сол мол-
дадан елдің өшін алу үшін әйеліне:- Қатын
мен молданы қонаққа шақырып келермін.
Молда келісімен «Шай қайнат, қатын! » - де-
рмін, сен төсектен қозғалмай жата бер. Екін-
ші рет айтармын, онда да тұрма. Мен сені
пышақпен «бауыздармын», сен тауықтың
қанын толтырып, қуықты тамағыңның ас-
тына байлап жат. Мен содан соң: «Молде-
ке, әйелім өліп кетті, оқуынды оқы дермін,
молда бірдеме оқыса, тірілме!» Содан соң
мен өзім келіп, құлағыңа түтікпен сыбыр-
лармын. «Қатты ұйқтап кеткен екенмін», -
деп, сен сонда ұшып түр, - дейді.
Сөйтіп, Көсе түтігін жанына салып, мол-
даны үйіне шақырып келеді. Әйеліне:
«Бәйбіше, тұр, қонақ келді, ас әзірле,
шай қайнат, ет ас», - дейді. Әйелі жауап
қайырмай жата береді. Алдар Көсе екінші
рет қайталап айтады. Әйелі тыңдамастан
жата береді Алдар Көсе қатты ашуланып,
пышақпен әйелін «бауыздап» жібереді.
Әйелі тамағынан «қан» ағып табанда өледі.
Алдар Көсе молдаға қарап жыламсырап:
«Молдеке, ашу үстінде әйелімді өлтіріп ал-
дым, бірдеме оқып, тірілтіп бермейсіз бе?»
- дейді.
Молда құнжыңдап кітабын ашып жіберіп,
әрі оқиды, бері оқиды, бірақ әйелі тірілмей-
ді. Молда: «Жаны шығып жұмаққа кетіп
қалған екен, енді тірілту қиын, жаназасын
шығарайын, тез жерлеу керек», - дейді
Көсе қатты күйінген кісі болып, жаны-
нан түтігін алып жіберіп, әйелінің беті-
не үшкірген болады Әйелі табанда тіріліп,
ұшып тұрып: «Қатты ұйықтап кеткен-
мін- ау!» - деп, көзін ашып, жан-жағына
қаранады. Молданың зәресі үшып, түсі
өзгеріп кетеді.
Әйел тұрып үй ішін ретке келтіреді, тамақ
әзірлеп, молданы күтеді. Молда кетерде:
— Көсеке, сіз не алсаңыз да, мына түтігіңді
маған сатыңыз, - дейді. Көсе күлімдеп:
— Бұның өзі өте қымбат зат қой, бірақ
сұрап қалдыңыз, болмас, жұдырықтай
алтынға берейін, - дейді. Молда:
— Жарайды, дегеніңіз болсын, - деп, Ал-
дар Көсе молдаға еріп барып, алтынын алып
қайтады.
Күндерде бір күні молда елге бүл түтігінің
қасиетін, өзінің кереметін көрсетпек болып,
әйеліне:
— Мен ханды қонаққа шақырып келейін.
Хан үйге келген соң саған: «Ас әзірле», - де-
рмін, сен қозғалмастан төсегіңде жата бер.
Мен сені пышақпен шалып жіберемін. Сен
оған қорықпа. Мына «қасиетті кісі тірілт-
кіш» түтікпен тірілтіп аламын.
Сөйтіп, ханға кереметімді көрсетіп, бір
мол сыйлық алайық, - дейді. Әйелі шошып
кетіп:
— Ойпырмай, өліп кетем ғой, - дейді. Мол-
да өзеуреп:
— Мен өтірік айтам ба? Мына түтікпен
тірілтіп аламын деп отырмын ғой! - дейді
түсін суытып. Әйелі шарасыз көнеді.Мол-
да ханды шақырып келеді. Хан үйге келіп
отырған соң, молда әйеліне:
— Бәйбіше, үйге хан келді, қазан ас! - дей-
ді. Әйелі тұра қоймайды. Молда қорбаңдап,
ашуланған болып, өткір пышақпен әйелін
бауыздап тастайды. Хан: - Мұның не? - деп
ара түседі. - Мазасызданбаңыз, қазір мына
қасиетті түтікпен тірілтіп аламын. Жа-
засын тартсын, - дейді. Артынан «ашуы»
басылған соң, түтікпен әйелінің бетіне олай
түкіреді, бүлай түкіреді, бірақ өліп қалған
әйелі тірілмейді.
Жазықсыз әйелін өлтіріп, және өзін
алдағаны үшін хан жендеттеріне: «Молда-
ны өлтіріңдер!» - деп бұйырады. Жендеттер
молданың өзін бауыздап өлтіреді.
Алдардың бір байды емдеуі
— Ассалаумалейкүм! - депті, басы таз,
көзі басыр болған алым-жұлым, қолына
ұзын-ұзын екі таяқ ұстаған біреуге Алдар.
— Өй, өзің кімсің, алдыңда қой жатыр ма? -
депті, қолын көзіне көлегейлеп сығырайған
кісі.
— Сорлы-ай, жасың жетіп көзің адым жер-
дегіні көрмейтін болған соң, жалданбасаң
еді. Бұл сиқыңмен байдың қойын бағып
оңдырасың ба? Жетім лағын жоғалтсаң
желкеңді қияды ғой.
— Былшылдама! Мен кімге жалданатын
едім, мал өзімдікі...
— Қой өзіңдікі ме еді... Қанша қойың бар?
— Көбейте алмай жүрмін, мың болғырды.
Осы жа-йылып жатқанның жартысы. Төрт
таяқ қойым бар. (Бар қойдың санын таяққа
кертіп, әрқайсысында мың кертігі бар екі
таяқты ұстап жүреді екен).
— Онда құдай берген жан екенсің ғой...
Ендігі екі таяғыңды кім бағып жүр?
— Бір таяқ қозымды балам, бір таяқ ешкі-
лағымды тоқалым бағып жүр.
— Бәйбішең үйде отыр екен ғой?..
— Неге отырсын, жылқыны үлкен ұлым,
түйені келінім, сиырды бәйбішем бағып,
Қүрақты көлдің басында отыр.
— Осынша көп малдың иесі болған соң,
жалшы неге жалдамайсың?
— Өй, жағыңа жылан жұмыртқалағыр
екенсің!
Ол маған тегін баға ма, жылына лақты
ешкі беріп құтымды неге кетірейін... Осы
бір көзі қүрғыр, күн қағып, түк көрмей
қалып отыр. Отарлап бағып, соны өріске
алып кетіп едім, бүгін көзім түк көрмей
қалып отыр.
— Ендеше, емші тауып неге емдетпейсің?
— Сөзің құрысын, шіркін! Ол оңай емдей
қоя ма: «Қой сой, соның өкпесімен қағам.
Жамбасы мен төсін терісіне орап, үйіме
алып кетем. Жеті күн жатып, қалған етін
жеймін», - дейді. Өйтіп емдетіп шығынға
батқанша, жүре бергенім жақсы. Салқын
түскен соң, өзі жазылып кетеді.
— Әнебір, диуана дегендер болатын еді.
Айран-шалап ішіп-ақ шөп-шаламмен емдей
салатын... Сол немелер де кездеспейтін бо-
лып кетті, - деп, бай қынжылады.
— Байеке, мені айтып отырсыз ғой. Мен
сол айтып отырған диуанамын, - депті Ал-
дар.
— Онда жақсы болған екен. Көзімді ем-
дейтін шөп-шаламың бар ма?
— Бар болғанда қандай!.. Басыңды жаза-
тын «қоя» деген дәрім бар, көзіңді жазатын
«палатжапырақ» деген шөбім бар.
— Ой, бар болғыр-ай!.. Мұндай сәті
түсер ме... Маған соларың-ақ ем болады.
Сондайларыңды жағып, ырымын істей
ғой... - деп, бай жабыса кетеді.
— Ем істеген соң, басыңды таңып, көзіңді
байлаймын.
Сонда
жердің
құртындай
қойыңды кім бағады?
— Кім бағушы еді, өзім бағам, - дейді бай.
— Мен баға түрайын, өзің жата түр, - дей-
ді Алдар.
— Қой, қаңғырған неме, сендей нақұрыс
малдың
жайын
қайдан
білетін
едің,
қойымды ашықтырып тастайсың. Қойдан
бөліне беретін кержағал серкем бар, соны,
қойдан қалмайтын төбетімді қолыма байлап
бер. Еміңді істе де, баратын жеріңе қүры.
Ақысына қойыртпағымнан бір тостаған іш!
Алдар «жарайды» дейді де, басына иттің
қиын езіп жағып, көзіне сасық қурайдың
шайырын жағады да, белбеуімен басын
таңып береді. Кетеген кержағал серкесі
мен итін байлап қолына ұстатып, төбеттің
басына дорба кигізіп байлап тастайды.
Тұмшаланған ит жұлқына тартып, байды
бетімен қаңғыртып кете беріпті. Қойды ай-
дап Алдар аулына келіпті.
Алдардың ұрыдан ат алуы Алдар аулынан шығып, алыстағы елге жаяу кетіпті. Шөлейт жерде түнде жүріпті, сулы жерде күндіз жүріпті. Жер қажаған егінші ауылға, байға жалданған малшы ауылға қонып, апта жүріпті, ай жүріпті. Түгі торқа, қүйрық-жалы құстан озған жүйрік дейді. Шығайбай үйірге салғалы, жүйрік, сұлу құлын алғалы алыстағы елден ұрлатып алыпты. Түгіне тозаң тигізбей жібек кебінге орап, жібек ноқтамен жетелеп келеді екен. Шығайбай көрсетпей, шығанға айдап, құртатын болды», - дейді. — Әрине, солай болады. Шіркіннің бір құлынын алар ма еді... - десіп, малшылар күрсінеді. — Оның несіне арман етесіңдер,ұрыдан сұрап мен алайын, менен бір-бір қүлынды сендер алыңдар, - депті Алдар. — Шығайбайдың өзі кимес киімін кигізіп, өзі мінбес жүйрігін мінгізіп, жұмсап отырған алатүяғы. Ол саған неге берсін, - деседі ауыл адамы. — Ұры қашан жүреді екен? Қандай жолмен кетеді екен? — Еменді тоғайдың ішкі жолымен ертең
ерте
Шыгандағы
Шығайбайдың
үйіне
жүреді.
— Ендеше, мен бүгін жүрем, - деп, Алдар
жүріп кетіпті.
Еменді тоғайдың жалғыз аяқ жолын-
да, қалың шыбықты қайырылыс жерінде,
ұрыны тосып отыра беріпті.
Түн ұйқысын қойып, тоқалдың қымызына
тойып шыққан үры күн қыза тоғайға кіріп,
жол үсті қалғи бастайды.
Алдардың аңдығаны да осы еді, алдынан
өте бергенде, жетек аттың ноқтасын
ағытып жіберіп, қалың ағашқа кіргізіп
байлап, жібек жабуын сыпырып жібереді
де, өзі үстіне аттың жабуын жамылып, беті-
не балшық жағып, ноқтаны басына іліп
алып, үрының жетегінде жүре береді. Біраз
ұзаңқыраған соң шірене шегініп қалыпты.
Қалғыған ұры көзін ашып, «айт-шу» деп,
артына қараса, ат жабуга оранған балшық
бетті бәлеге көзі түседі де, үрейлене зәресі
ұшады. Ат деп жетектеп жүргені адам ба,
албасты ма, әйтеуір, шошынарлық бір нәрсе
болып шығып, шылбырын тастай береді де,
атын қамшылап қаша жөнеледі.
— Айғыр баласы деп алдың ба мені?
Көртоғайда қалдырма мені! - деп Алдар,
жабуын жалпылдата жүгіріп, біраз жерге
шейін қуады.
— Бісімілда, қүлқуакет, бетің құрысын
пәлекет! - деп, ұры ышқына қашыпты.
Шығайбайга барып, шынын айтқан екен,
ол балағаттап, астынан атын, үстінен то-
нын алып, ұрыны ұрып-ұрып үйінен қуып
жіберіпті. Алдар көк қасқа айғырға мініп,
аулына келіпті. Кедейлердің бір-бір биесін
жинап үйірге салып, қазақтың «қазан ат»
дейтін көк қасқа жылқысының тұқымы со-
нан туған екен деседі.
Алдар Көсе мен егінші бай
Көсе қойды айдап келе жатса, бір бай қос
өгізбен жер жыртып жүр екен. Көсе сәлем
береді. Ол сәлемін алады. Көсе:
— Е-е, сіз өте шаршаған
екенсіз, біраз дем алыңыз.
Қосыңызды мен айдай
тұрайын! - дейді.
Ол: «Жақсы, балам!» - деп өгізін Көсеге
тапсырып, өзі жатып ұйықтап қалады.
Иесі
қатты
ұйықтап
кеткен
кезде,
өгіздерінің құйрықтарын кесіп алып, жерге
қадап қойып, өгіздерді бір қырдан асырып
тастайды. Біраздан соң байды оятады:
— Бай, өгізіңіздің бұрынғы мінезі осын-
дай ма еді, жоқ айдаған соң осындай болды
ма?..
Өгіздеріңіз өкіріп, өкіріп, жерге кіріп кет-
ті. Құйрықтары мынау, көрініп тұр, - деп,
шаншылып тұрған құйрықтарды көрсетеді.
Бай:
— Өгіз жерге кіруші ме еді? - деп барып,
құйрықты шірене тартады.
Көсе:
— Ойбай, тартпаңыз, құйрығын үзіп алар-
сыз. Өгіздеріңіздің өзінің бұрынғы әдеті
шығар! - дейді. Көсенің айтқанына бол-
мастан бай ашуланып,
тартып қалып еді,
өгіздерінің құйрығы
жұлынып шығады.
Сонда Көсе тұрып:
— Мен сізге айттым ғой, құйрығын үзіп
аласыз деп, оған болмадыңыз, - деп, кейіген
болып, кетіп калады.
Көсе өгіздерді айдап үйіне келіп, мал мал-
данып, жан жанданып мұратына жетеді.
Алдар Көсе мен Тоңғақ
Бір күні Алдар Көсе жол жүріп, тоңып
келе жатса, үстінде жаңа тоны бар бір адам
кезігіпті. Ол да тоңып келе жатса керек.
Мұны алдауға Алдар Көсенің көңілі кетіп,
өзі тоңбаған кісі бола қойыпты.
Жаңағы тон киген кісі Алдар
Көседен:
— Әй, Алдар, сен неге тоңбайсың? - деп
сұрапты. Алдар Көсе айтыпты:
— Менің тонымның бір жағынан
кірген суық бір жағынан өтіп кетеді,- деп-
ті. Сонда әлгі кісі Алдар Көсеге:
— Тоныңды берші, - деп жабысыпты.
Алдар Көсе бермепті. Анау кісі жабысып,
соңынан қалмаған соң, Алдар Көсе үстіндегі
ескі тонды шешіп беріп, жаңа тонды киіп
алып ауылына қайтыпты.
Алдар Көсе мен Қу бала
Күндерде бір күні Алдар Көсе деген ал-
даушы бар екен, ешкім оны жеңе алмай-
ды екен деген хабарды естіп сол кезде аты
шыққан Қу бала деген бала іздеп шығады.
Қу бала ақырында Алдар Көсені іздеп таба-
ды. Екеуі амандасып көріседі. Алдар Көсе
баланың жөнін сұрайды. Қу бала: «Алдар
Көсе деген сіз боласыз ба? Мен жолдас бо-
лайын деп келдім», - дейді.
Алдар
Көсе:
«Маған
жолдас
болсаң
әуелі бір сомға бір қой алып кел», - деп Қу
балаға бір сом береді. Бала бір сомды алып,
жүгірумен қыр астындағы қойшы қартқа ке-
леді. Қартқа амандасқан соң, қарт баланың
жұмысын сұрайды. Қу бала: «Ата, маған бір
лағынды сат», - дейді. «Бір сомға ал», - дей-
ді. Қу бала лақты алып шығып біраз жүреді
де, кері барып қартқа:
— Ата, лағым да саған кетсін, бір сомым
да саған кетсін, маған бір тоқты бер, - дейді.
Қарт:
— Ала ғой, шырағым, - дейді. Бала
тоқтыны алып шығып, аз жүреді де, кері
барып, қартқа:
— Ата, лағым да саған кетсін, бір сомым
да саған кетсін, тоқтым да саған кетсін,
маған бір қой бере ғой, - дейді. Сан білмей-
тін шалға бұның бәрі көп сықылды көрінген
соң:
— Жарайды, бір қой ала ғой, - дейді.
Қу бала бір қойды алып, Алдар Көсеге ке-
леді. Алдар Көсе: «Жарайсың, маған жол-
дас болуға жарайды екенсің», - дейді.
Бұл екеуі көп уақыт жолдас болып, түрлі
қызықтарды бастарынан кешірген екен, дей-
ді. Күндерде бір күні Қу бала еліне қайтпақ
болып, айрылысады. Бірақ баланың аз ғана
заты (ақшасы) Алдар Көсеге ауысып кетеді.
Біраз уақыттан кейін Қу бала келіп, алып
кететін болады.
Күндер артынан күндер, айлар артынан
айлар өткен соң, Қу баланың да келетін
келісімді күні болып қалады. Бүгін Қу бала
келеді деген күні, Алдар Көсе «ауырып
өледі». Қу бала да келісімді күні Алдардың
үйіне келіп жетеді. Қу бала Алдардың үйіне
кірсе, бұрышта бүркеніп бұғып отырған
Алдардың әйелін көреді. Қу бала: «Жеңеше,
есен-амансыңдар ма, Көсекем сау ма, үйде
ме?» - деп сұрайды. Алдар Көсенің әйелі
жыламсырап: «Көсекем бүгін дүниеден
қайтты, молаға апарылған жоқ», - дейді.
Қу бала: «Көсекемді өз қолымнан қоямын,
менің жан жолдасым еді», - деп өтірік жы-
лай түседі де, сол маңдағы елден төрт-бес
қартты жинап, Алдар Көсені арулауға кірі-
седі. Қу бала Алдар Көсенің денесіне ыссы
суды батыра кұйып та жібереді. Табытқа
Алдар Көсені салып, бетін ақ шүберекпен
жауып, бірнеше кісі болып көтеріп молаға
әкеледі.
Ол кезде мола үй сияқты салынған, төбесі
жабылған, есігі, терезелері бар екен дейді.
Өліктерді табытымен апарып жарға
қатарластыра сүйеп қояды екен дейді. Қу
бала мен оның қасындағылар Алдар Көсені
де табытымен жарға сүйеп қояды. Келгендер
«өлікті» қойып, үйлеріне қайтып жатқанда,
Қу бала: «Өзім Көсекемді жайғастырып ба-
рам», - деп мола ішінде қалады.
Қу бала Алдардың өтірік өлгенін біліп, бір
басқа табыттың артына жасырынып отыра-
ды. Сол кезде моланың ішіне түстері қашқан
алты адам дүниелерді арқалап кіреді. Олар
ұрылар екен, алған ұрлық заттарын өзара
бөлісе бастайды.
Бөлісте ұрылардың бір қылышы арты-
лып қалады. Алтауы бұны қалай бөлісеміз
деп кеңеседі. Біреуі ортасына шығып,
«Кімде-кім қылышпен мына өліктердің
біреуін шауып түсіреді, қылышты сол ал-
сын», - дейді. Шетте отырған батырсынған
біреуі қылышты қолына алып, бір өлікке
жақындап
барады.
Қалғандары:
«Жас
өлікті шап, қылыш өтеді, ескі өлікке қылыш
өтпес», - дейді. Қолында қылышы барұры
өліктерді байқай келгенде жас өлік Алдар
Көсенің табытына келеді. Енді қылышын
көтеріп шабайын деп жатқанда, Алдар Көсе
қысылып кетіп: «Оһ!.. Аһ... Оһ...» - деп
бақырып жібереді. Үрейі ұшқан ұрылар
ұрлық заттарының бәрін тастап моладан
шыға қашады.
Алдар Көсе де жалма-жан бетіне жапқан
ақ шүберекті алып тастап, ұрылардан
қалған заттардың шетінен ұстай бергенде:
«Көсеке, тіріліп те үлгердіңіз бе?» - деп Қу
бала да заттардың бір шетінен ұстай кетеді.
Қашқан ұрылар қарасын да көрсетпестен ке-
теді. Алдар мен Қу бала ұрылар қалдырған
заттарды бөліседі. Бөлісте Қу бала да, Ал-
дар Көседен алашағын алып, хош айтысып
еліне келеді.
Сөйтіп, Алдар Көсе Қу баланы алдай
алмаған екен дейді.
Алдар Көсе мен қу жауырын
Алдар Көсе бір күні келе жатып, қу жа-
уырын тауып алады. Оны қойнына тығып
ап, бір байдың үйіне келіп қонып, ет асып
отырған әйеліне қарап:
— Менің бір шикі етім бар еді, соны
қазандарыңызга салып пісіріп алуға бола
ма? - деп, сұрайды. Әйел:
— Мақұл, пісіріп ала ғой! - дейді. Алдар
Көсе тұрып:
— Сүйектерің етімді жеп қоймаса? - деп,
сәл күмілжиді. Әйел:
— Ойбай-ау, етті ет жейді деген не сұмдық?
Егерде етіңді жеп қойса, осы үйдің малы же-
теді, біздер бір тоқты төлейік, - дейді.
— Олай болса, жарайды, - дейді де, Алдар
Көсе жеңін көлегейлеп тұрып, қазанға қу
жауырынды салып жібереді.
Біраздан соң барып: «Піскен шығар», -
деп Алдар Көсе қазаннан қу жауырынды
суырып алады. Алдар Көсе әйелге қарап: -
Міне, жаңа айтып едім ғой, жеп қояды! - деп,
қараңдар, жеп қойыпты! Ал енді беріңдер
тоқтымды! - дейді.
Байдың әйелі айтқан сөзінен тана алмай,
шарасыздан Алдар Көсеге бір тоқты беріп
жібереді.
Алдар Көсе: «Байдың әйелін алдауым жа-
райды!» - деп, тоқтысын жетелеп, тағы бір
байдың ауылына келеді. Байға жолығып:
— Байеке, ассалаумағалайкүм! Қалай,
аман-есенсіз бе? Бала-шағаңыз аман ба? -
деп сұрайды.
— Құдайға шүкір! - дейді, бай жуан қарнын
тыр-тыр қасып тұрып.
—Е, Алдар Көсе, жол болсын! Бүл тоқтың не?
— Е, әлей болсын, бай! Тоқтының несін
сұрайсыз? Кедей болған соң, көрген күнің
осы да! Пәленше бай осы тоқтымды былтыр
алып еді, сонан бүгін алып келе жа- тыр-
мын. Енді осы тоқтымды қойыңызға қосуға
бола ма? - дейді байға қарап.
— Мақұл, қоса ғой, - дейді бай.
— Қойларыңыз тоқтымды жеп қоймаса? -
деп Алдар Көсе тағы да күмілжиді.
— Ой, Алдар Көсе, қойды қой жейді де-
ген не сұмдық? Сандырақтамай, жібер әрі
тоқтыңды, қойға қосып! Жесе, сол тоқтыңды
жеген қойдың бәрін мен саған берейін! - дей-
ді бай кейіп.
— Ә, олай болса, мақұл, бай! - деп, Алдар
Көсе тоқтысын қойға қосып, өзі байдың
үйіне келіп қонып жатады.
Алдар Көсе түнде бір ұйықтап тұрып,
байға білдірместен қорадағы көп қойға ба-
рып, өзінің тоқтысын ұстап сойып, қанын
әр семіз бойдақ қойдың аузына жағады.
Сөйтіп, сойған тоқтысының етін, итке
тастап, үйге келіп, жатып қалады. Таң
атып, күн шыққан соң тұрып, тамақ ішіп
болып, Алдар Көсе байды ертіп, қойға бар-
са, көсенің тоқтысы жоқ. Бай олай, былай
қараса, бірталай қойдың аузы қан-қан екен.
— Е, байеке, мен сорлының айтқаным әр
уақытта да келетін. Кеше-ақ айтып едім
ғой: «Қойларың тоқтымды жейді!» - деп,
сонда осыны біліп, айтып едім,- дейді.
— Ой, құдай-ай! Бұл не сұмдық? - деп
таңырқап, аузы қан болған он қойын Алдар
Көсеге ұстап береді. Алдар Көсе көңілі та-
сып, кетіп бара жатып:
«Ой, қу жауырыным - бір тоқты,
Бір тоқтым - он бойдақ...» -
деп өлең айтып, аулына қайтыпты.
Алдар Көсе мен досы
Алдар Көсеге бір сараң бай келіп, дос бо-
лыпты. Сол уақытта ханның бір өте сүлу
қызы бар екен.
Қызды көргісі келген адам, әрбір көргеніне
мың ділда береді екен.
Әлгі сараң дос, сол ханның қызын көруге
көңілі кетіп, Көсе досына:
— Маған ханның қызын тегін көрсет, - де-
пті. Алдар Көсе досына:
— Жақсы, көрсетейін. Ол қызды көрген
адам, әрбір көргеніне мың ділда беріп,
көруші еді. Мен сізге тиынсыз көрсетейін.
Бірақ сен маған қазір қой бер, саған мен
кейін қайырайын, - депті.
Бай:
— Мақұл, - деп, бір қойды беріп, екеуі
ханның қызы жаққа жол тартады. Ханның
ауылының алдындағы өзеннің жағасына
тоқтап, жарқабаққа бастарын төмен салып,
аяқтарын көтере сүйеніп түрады. Су алуға
келген хан қызының күңі бұларды көріп,
аң-таң болып, жөн сұрайды. Алдар Көсе:
— Біз көктен түскен адамбыз! - дейді. Күң
қайтып барып, ханның қызына:
— Көктен түскен адамдар отыр, - дейді.
Ханның қызы бұларды көрмек болып,
қызметкерлерімен келіп жақындағанда,
Алдар Көсе досына: - Жақсылап көріп ал! -
дейді.
Қыз біраз таңданып тұрып, кетіп қалады.
Күң енді бір суға келгенде, бұлардың бір
қойды балталап жатқанын көреді. Ол
бұлардан:
— Не қылып жатырсыңдар? - деп,
сұрайды. Бұлар:
— Соямыз, - дейді.
Күң жүгіріп барып, хан қызына:
— Баяғы адамдар қой союды білмейді
екен, бір қойды балталап жатыр, - дейді.
Ханның қызы тағы келіп, тамаша қылып
тұрғанда, бұлар тағы көріп алады. Хан қызы
күңіне:
— Оларға барып союды үйрет, - дейді.
Күң барып көселерге қой союды «үйретіп»
қайтады. Аздан соң, хан қызы: «Біліп кел!
Не қылып жатыр екен?» - деп, күңді тағы
жіберіпті. Күң келсе, екі дос етті жерошаққа
салып, үстіне су құйып, бетіне қазан
төңкеріп, от жағып жатыр екен. Күң күліп:
— Не істеп жатырсыңдар? - деп сұрайды.
Бұлар:
— Ет пісірейік деп жатырмыз, - депті.
Күң қайтып барып, хан қызына айтып, со-
нан соң қызды ертіп келіп, етті қазанға са-
лып, астына от жағып, пісіруді үйретіпті.
Бұл келгенде олар қызды тіпті анықтап
көріп алыпты.
Біраздан соң күң тағы қайтып айналып
келсе, бұлар қазаннан етті алып, ол жағына
бір тигізіп, бұл жағына бір тигізіп отыр
екен. Күң:- Не қылып отырсыңдар? - деп
сұрайды.
— Біздің жегеніміз осындай! - депті.
Хан қызы келіп, енді бұларға тамақ жеуді
үйретеді.
Енді кеш болған соң: «Бұлар алыс жерден
келген мейман екен», - деп хан қызы Алдар
Көсе мен байды сарайына алып келіп, қонақ
қылып, қондырыпты. Түнде екеуіне бір
оңаша тамға төсек салып, жатқызса, бұлар
тағы өздерінің аяғын жоғары асып, баста-
рын төмен салбыратып алады. Хан қызы
мен күң келіп:
—Неғып асылып қалдыңыздар? - десе:
— Өзіміздің жатысымыз осылай! - депті.
Сонан
соң,
бұларға
қыздың
жаны
ашып, күң Алдар Көсені, хан қызы байды
қастарына алып жатыпты. Түнімен қыз бен
күңнің жанында болып сөз байласып, екі
дос ертеңіне ауылына қайтыпты.
Алдар Көсе мен Алаша хан
Ерте заманда Алаша деген хан болыпты.
Бір күні Алдар Көсе Алаша ханға келіп:
— Тақсыр! Бір өнерім бар, сізге айтайын
деп едім, - дейді. Хан:
— Қандай өнерің бар? - деп сұрайды. Көсе:
— Тақсыр, алтынды егіп шығарамын! Бір
батпан алтын берсеңіз, мен ексем, сөйтіп,
сізге қызметімді көрсетсем деймін, - дейді.
Сонда хан:
— Егерде алтынды егіп шығара алмасаң,
не қылайын? - дейді.
Алдар Көсе:
— Өлтіріңіз! - дейді.
— Мақұл, - деп мың ділдәлік алтынды бе-
реді.
Алдар Көсе алтынды алып, үйіне келеді.
Хан күнде Алдар Көсеге бір жасауыл жіберіп
тұрады.
«Біліп кел, не қылып жатыр екен», - дейді.
Алдар Көсе өгіз алып, бір таудың бөктеріне
барады да, ханның жасауылдары келген-
де, егіп жатқан кісі болып, жерді айдай
береді екен. Егер де жасауылдар: «Қанша
шығады», - десе, «Бір миллион батпан
шығады», - дейді екен.
Сөйтіп, жалған алтынды Көсе егіп бола-
ды. Жұрт күзгі егінін орып болған соң, хан
Көсеге жасауыл жіберіп:
— Алтынды алып келсін! - деп әмір етеді.
Ханның жасауылы Көсенің аулына келсе,
үйдің ішінен бір әйел дауыстап:
— Көсе үйде жоқ! - депті.
Жасауыл аттан түсіп қараса, Көсенің
үйінде бір сұлу қыз отыр. Жасауыл:
— Көсе қайда кетіп еді? - дейді.
— Биыл жауын жоқ болған себепті,
ағамның еккен егінінің мәнісі болмай, хан-
нан қорыққанынан алтын іздеп кетті. «Тап-
сам - келемін, таппасам - келмеймін деген»,
- дейді.
Жасауыл:
— Сіз кім боласыз? - деп, сұрайды. Қыз:
— Мен Көсенің қарындасы боламын, -
дейді.
Қыз болып отырған Көсенің өзі еді. Сон-
да жасауыл көрген— білген, естігенін ханға
келіп айтады. Хан жасауылына ашуланып:
— Дереу барып, Көсенің қарындасын алып
кел! - деп, бүйырады. Жасауылдар ханның
жарлығын екі қылмай, барып, көсенің
«қарындасын» алып келеді. Хан оны қыз-
дарының ішіне қосып қояды.Ханның екі
қызы бар еді. Көсенің «қарындасы» менен
үшеу болады. Үшеуі тату болып, ойнап-
күліп, бір табақтан ас ішіп, бір төсекте жа-
тып, сырласатын болады.Бір күні түнде
жатқанда хан қызының біреуі түрып:
— Құдайдың құдіреті-ай, мына үшеуміздің
біреуімізді еркек қылса, қандай жақсы бо-
лар еді! - дейді. Сонда Көсенің «қарындасы»
тұрып:
— Мен бір дүға білемін. Соны істесек,
қалай болар екен? - дейді.
Хан қыздары:
— Дүға қыла көріңіз! - деп, жалынады.
Сонда
Көсенің
«қарындасы»
тұрып
ханның қыздарына:
— Үш аяқ су алып келіңдер, - дейді.
Ханның бір қызы үш аяқ су алып келеді.
ұш аяқ суды қатар қойып, бастарына ора-
мал жауып отырады. Көсенің «қарындасы»
дуа оқып отырған сияқты болып, күбірлеп, үш аяқтағы суға дем сала береді. Ханның екі қызына: — Сендер: «Құдай, бере көр! Құдай, бере көр!» - деп, тілей беріңдер, - дейді. Ханның қыздары: — Құдай бере көр! Құдай бере көр! - деп, тілеп отырады. Онан соң әлгі суды үшеуі ішеді. — Енді жатып ұйықталық,-деп, үшеуі жатып қалады. Бір азырақ уақыттан соң, Көсенің «қарындасы» шіреніп оянған болады да: — Айналайын құдай маған берді! - деп, шешініп, хан қыздарына көрінеді. Сөйтіп, Көсе ханның екі қызымен еркін ойнапкүліп жүре береді.Бір күні екі қыздың біреуін ханның жақсы көретін уәзірі сұратып, ханға сөз салушы жіберіп: «Екі қызының бірін маған берсін»,-дейді. Олар ханға келіп уәзірінің сөзін айтады. Хан ойланып, өз қыздарын қойып, көсенің «қарындасын» бермек болып, отыз күн ойын, қырық күн тойын қылып, жорға бие сойдырып, жоғарғы елді тойдырады, ту биені сойдырып, төменгі елді тойдырады. Үлкен мереке тойменен көсенің «қарындасын» уәзірге ұзатып беретін болады.
Сол мезгілде көсенің «қарындасы» ханға айтады:- Ткқсыр! Менің жаныма екі қызметші қыз қосып беріңіз: бірінің кұлағы сөз естімейтін керең болсын; бірінің тілі жок, мылқау болсын,-дейді. Хан: - Құп,болады! - деп, халқынан сұрап, әлгі айтқандай, екі қызды тауып беріп, Көсенің «қарындасын» ұзатып, жөнелтеді. Уәзірдің жұрты жеті күндік жер екен. Жолда кележатып, қонған жерінде, жолдастары ұйқтаған мезгілде, Көсенің «қарындасы»баяғы ханның қыздарына қылатын «өнерін» тілі жоқ күңгн де қылады айтаныштық бермейді. Күң сорлы кереңге, Алдар Көсенің «қарындасының» істеген бұзықтықтарын ымдап айтайын десе, қорқады. Бір жеті жүріп түрған жұртына келеді. Уәзір «келіншегін» үйіне кіргізіп, ойын ойнамаққа ойланады. Сонда көсенің «қарындасы» уәзірге: — Неше күннен бері жол жүріп, шаңтопырақ боп, үсті-басым кір болды. Бір жетіге мәулет берсеңіз, кірқоңымды жуып, тазалансам және екі атты жақсылап жабдықтап қойсаңыз, мініп, далаға серуенге шығып, көңіл көтеріп келсек жақсы болар еді. Сонан соң мейліңіз, - дейді. Уәзір «келіншегінің» тілегін қабыл алып,
екі атты жабдықтатып қояды. Көсенің
«қарындасы» уәзірге:
– Арақ-шарап келтірсеңіз, ішіп көңілімізді
хош алғызып отырсақ! - дейді.
Уәзір адамына бұйырып, арақ-шарап ал-
дыртады.
Екеуі ішіп болып, уәзірді араққа әбден
маc қылып тастап, «қыз» уәзірдің үйіндегі
қазыналарын алып, екі атқа артып жөнеп
кетеді.
Уәзір мастығы тарқап қараса, «әйелі»,
екі аты, қазыналары жоқ, «Бұлардың бәрін
қылған өз дұшпандарым!» - деп, халқына
қатты қысымшылық көрсетіп, іздеу салады.
Бірақ ешбірін таба алмай, отырып қалады.
Көсенің «қарындасы» манағы екі атқа
артқан алтындарды алып, бұрынғы қыз
болған айласын тастап, Көсенің өзі бо-
лып, ханға келіп, екі аттағы артқандарын
көрсетіп:
— Тақсыр! Берген алтындарыңызды ек-
тім: биыл жауын болмай қалған соң, сіз-
ден қорқып, алтын іздеп, тауып келсем деп
жүргенімде, жалғыз қарындасымды алып
келіп, уәзірге беріпсіз... Бұл қандай зорлық,
бұл қандай қорлық! - деп, ханның ордасын
жаңғырықтырып, ханның есін кетіреді.
Хан тұрып:
– Қарындасың болса, жерін тауып бердім,
айып емес. Мойныңдағы борышты кештім, алып келген алтыныңды өзің алып, өмір сүр! - дейді. Бұл арада уәзірден кісі келіп ханға: « Көсенің «қарындасы» мен қазынам, жабдықтаулы екі жақсы атым жоғалды. Қайдағы қуға мені кез қылды! Соны айт, - деп жіберді дейді. Мұны Көсе естіп, бұрынғыдан бетер бажылдай бастайды: — Қарындасымды ұрып өлтіріп, бұл жауапты сізге естіртіп отыр! - дейді. — Көп сандырақтамай, бір қызымды ал, өзің маған уәзір бол! - дейді. Көсе: — Құлдық! - деп, ханның бір қызын алып, уәзір болыпты. Екінші қызын хан «әйелі» қашқан уәзірге беріпті. Сөйтіп, Алдар Көсе де, оның арқасында, уәзір де ханға күйеу болыпты.
Алдардың шық бермес Шығайбайға қонақ болуы. Сол баяғы ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда, шық бермес Шығайбай дейтін бай болыпты, төрт түлігі сай болып, көңілі жай болыпты. Сол шық бермес Шығайбай үйіне ешкімді қондырмайды екен, қондырса, дәм бермейді екен, заманының бір деген сараң байы, өзі тойса да, көзі тоймайтын бай екен; үйіне кісі келсе, оның жауабы: — Шық, әй! - екен. Осыдан жұрт оны, Шығай деп атап кеткен екен. Шық бермес Шығайбайдың атын естімеген ел болмайды екен. Оның «шық, ейін» естімегендер жоқ екен.«Тастүйнек болса да, дәмін татам!» - деген талайлардың тауы шағылған екен.Сол кезде «Алдар қу, Алдардың алдамайтыны, жал-мамайтыны, арбамайтыны жоқ!» - деген атақ та ел-елге жайылады, ел аузындағы мәтелге айналады.«Әй, Алдарың қанша қу болса да, шық бермес Шығайбайды алдай алмас!» - дейді екен жүрт.Осы сөз Алдарға жетеді. Шық бермес Шығайбайдың атын Алдар да естиді екен.
«Шық
бермес
Шығайбайды
мырза
байға айналдырмасам, Алдар деген атым
құрысын!» - деп, шық бермес Шығайбайдың
атын жою үшін Алдар сапарға аттанады.
Күні-түні жүріп, шық бермес Шығайбайдың
елін іздеп сапар шегеді. Ақырында, елден
іргесін аулақ салған, ай- далада жалғыз
үй отырған Шығайбайдың үйіне келеді.
«Не істеп отыр екен өзі!» - деп, аулына біл-
гізбей түсіп, Алдар байдың жабығынан
сығалайды. Сығаласа, Шығайбай қазы ай-
налдырып, бәйбішесі нан илеп, тоқалы бас
үйтіп отыр екен; қызы тырнаның жүнін
жұлып отыр екен. «Осыдан дәм татпасам,
Алдар атым құрысын!» - деп, Көсе жылмаң
етіп үйге кіріп келеді.
— Кеш жарық!
Бұлар да жылдам екен, Алдар «кеш» де-
генді айтып болғанша, қолдарындағыны
астарына жасырып, Шығайбай таспаны,
бәйбіше ұршықты, қызы тігіліп жатқан
көйлекті,
тоқалы
көсеуді
қолдарына
алып отырыса қалады: Түк білмегенсіп,
қолдарындағы іспен болып отырғансып,
елеусіз бола қалады.
«Әй,
әккі
болған
неме
екенсіңдер,
мызғымас қу екенсіңдер!» - дейді Алдар
ішінен. Амандасқансып, қол алысқансып,
байға сүйкене барып, төр алдына отырып
алады.
«Ай, Көсе екенсің! Жұртты құртқан қу ма
екенсің? Жүрісің жылмаң екен. Жырынды
болған сұм ба екенсің? Қу болсаң да, сұм
болсаң да, менен түк те тимес!» - дейді бай
ішінен.
— Қайдан жүрген қусың? Қайда барасың?
Не естіген, білгенің бар?-дейді бай Алдарға.
Алдар Көсе:
— Көргеннен айтайын ба, естігеннен ай-
тайын ба? - дейді.
— Естіген жалған болар, көргеніңнен айт,
- дейді бай. Алдар көтеріле түсіп, күлімдеп
желдірте түседі:
— Көрген, білгенім көп! Жолда келе жа-
тып, үлкен сары жылан көрдім, жуандығы
тап өзіңнің астыңдағы қазыдай.
Артық-кем қып асырмай,
Шын айтқанда жасырмай,
Таспен үрып жібердім,
Тоқал астындағы басындай.
Былш ете түсті иленіп,
Бәйбіше астындағы қамырдай.
Өтірік болса, сақал жұлынсын,
Қыз астындағы тырнадай.
Бәрін де осының көріп келдім,
Асыңды қылшы ұрламай! - депті.
Осыны айтқаннан кейін бай:
— Шоқ түссін тіліңе! -деп, астындағы
қазысын лақтырып тастайды.
— Тілің тасқа болсын! -деп, бәйбіше
астындағы қамырды лақтырады.
— Жағыңа жылан жұмыртқаласын! -деп,
қызы тыр- наны лақтырады.
— Қазаныңды аса бер, бәйбіше! - дейді
бай, амал қайсы деген пішінмен. Бәйбіше:
— Піс, қазаным, бес ай! - деп қазанға ас са-
лады.
— Отырайын он ай! - деп, Алдар етігін
шешіп, босағаға лақтырып, төрге нығырақ
отырып жайланады.
Қазан ұзақ қайнайды, бірақ түсірілмейді.
«Қайнасаң, қайна!» - деп, бақырайып Ал-
дар да отырады.
«Мына сойқан қашан жатады», - деп, үн
жоқ, бай да отырады. Ақырында, бай шы-
дамайды:
— Әй, кемпір, сал төсекті. Жатайық,
жолдан шаршап келген қонақ та жататын
шығар, - дейді.
Төсек салынады, жатуға кіріседі.
«Жатсаң жат!»- деп Алдар да жатады.
Байдың көзі үйқыға барды-ау деген кезде,
Алдар орнынан тұрып, қазандағы етті сүзіп
алып, оның орнына төрде жатқан тулақты
турап, салып қояды.
Бір уақытта бай бәйбішесін оятады.
— Мына ит үйықтады білем. Түсір асыңды
тез! Уақытымен асымызды жегізбеді ғой,
ит! - дейді.
Бәйбіше
жалма-жан
қараңғыда
асты
түсіреді. Бай пышақты қолға алып жіберіп:
— Жат, жігітім, жат! Сазайың осы! -
деп, аузына еттің бір кесегін салып жібер-
се, тісі өтпейді. Олай қидалайды, былай
қидалайды, болмайды.
— Етің не болып кеткен! Өңкей шандыр! -
деп, бәйбішесіне ұрсады бай, түйіліп қалып,
май сұрайды.
Кемпір кебежені ашып, аяққа май сала-
ды. Әдейі осыны аңдып жатқан Алдар, біл-
діртпей аяққа салынған майды алып, оның
орнына іргеден сиырдың жас тезегін алып
салады.
Шығайбай аяқты ала, былжырап тұрған
тезекті май деп, аузына салып жібереді. Са-
лып жібереді де лақ еткізіп құсады.
— Қазы орнына шандыр бердің, май ор-
нына тезек бердің, алжыған! - деп таяқпен
кемпірін бір қояды.
Кемпірінің басы жарылып, ойбайлап
қалады.
Кемпірдің даусынан оянған болып, Алдар
сыртқа шығады. «Бұл сұмның қастығы аз
болмас! Атыма бірдеме қылып, өшін алар»,
- деп атына барады.
Атының қасында байдың да аты тұр екен.
Өз атының маңдайындағы қасқасы бол-
маса, екеуінің ешбір айырмашылығы жоқ
екен. «Маған ойлайтын зияны болса, өзіне
тисін!» - деп, өз атының қасқасын тезек
жағып жоғалтады да, бай атының басына
бор жағып, қасқа ат қылып қояды. Сөйтеді
де, орнына келіп жатып, ұйықтап қалады.
Етті, майды жеп қойған Алдар екенін,
бұл жұрттан асқан қу екенін бай біледі де,
ішін ыза кернеп: «Тұра тұр, бәлем!» - дей-
ді ішінен. Алдар ұйықтады-ау деген кезде,
сыртқа шығып, Алдардың «атын» жарып
тастайды. «Міне, жігітім, сазайың!» - деп,
мадақтанып төсегіне келіп жатады да,
ұйқыға кетеді.
Таңертең бай орнынан тұрып жатып,
Алдарға айтады:
— Мына кемпір бір қасқа ат өліп жа-
тыр, - дейді. Сенің атың болу керек, жары-
лып қалған. Атыңды бақпай, қазан бағып
жүрген, не қылған адамсың?! - деп қарқ-
қарқ күледі.
Алдар түрып:
— Қандай қасқа екен? Тезек қасқа болса
менікі, бор қасқа болса сенікі болар, - дейді.
Бай құдайдың ұрғанын біледі де, тұра
жүгіреді. Жүгіріп барса, өліп жатқан
байдың бор қасқасы екен.
Бай күйініп кетіп, Алдарға келіп:
— Жоғалт қараңды, сұм! Құртатын болдың
ғой, әбден! - деп, кейіп шығып кетеді.
Сыртқа шығысымен бәйбішесіне:
— Әлгі наныңды бер. Мына иттің қарасын
көрмейін, нанды қойныма тығып, тез малға
жөнелейін, - дейді.
Әйелі жерошақта пісіп жатқан нанды от-
тан суырып бере қояды. Мұны көре салып, Алдар жүгіріп шығады. — Ей, байеке! Енді бұдан былай жолығамыз ба, жоқ па? Ақтық рет көрісіп айырылысайық! - деп, бара байды құшақтайды, оны қысып, жібермейді; оттан жаңа шыққан нан байдың кеудесін күйдіріп кетеді. — Ау, жарайды енді! - деген сайын қыса туседі. — Ау, мына ит жегіріңді ит жесін! Мә, жемтігінді ал! - деп, қойнынан нанды лақтырып тастайды.
— Бісміллаһи піскен ас, ауызға келіп
түскен ас! - деп Алдар қағып алады.
Бай енді кетейін десе, Алдар тағы жібер-
мейді.
— Ау, сұм, алатын наныңды алдың, енді
нең бар? - дейді.
— Мынау етігім жыртылып, шүлғауым
шығып жүр, бізіңді беріп кет! - дейді.
Байдың қызының аты Бізбикеш еді.
Байдың бізді бергісі келмейді, Алдар жа-
бысып жібермейді. Ақыры болмаған соң:
— Ә, алсаң, алшы, антұрған! Ал да,
қараңды жоғалтшы! - дейді.
Алдар рақметті жаудырмалатып, күліп
қала береді. Бай кетісімен, Алдар бәйбішеге
жүгіріп келіп:
— Ал қызыңды киіндір! - дейді.
— Е, не үшін?
— Баймен келісіп, Бізбикешті алатын
болдым!
— Жоғал әрі, жұртты жалмаған! Қызымды
беретін сен кім едің? - дейді.
— Әйтпесе, өз қүлағыңмен есітіп қал! -
деп сыртқа шыгып, көп жерге барып қалған
байдың артынан айқайлайды.
— Әй, бай! Бізбикешті бермей жатыр,
бәйбішең! -деп, «бізін» қаттырақ айтып да-
уыстайды.
— Әй, бәйбіше, бер, бер. Жоғалт соның
көзін!... - деп айқайлайды бай.
— Әне, есіттің бе? - дейді Алдар қасында
тұрған бәйбішеге.
— Мына кәрі ит алжыған ба, өзі? Елді
құртқан бір қуаяққа қызын беріп, құтырған
ба? - деп, таң қалады бәйбішесі.
Алдар анау-мынау дегенге көнбестен, жа-
сауын буып, қызды атқа мінгізеді.
— Алдардың ойыны осылай болады!- деп
еліне тартып отырады.
Алты жігітті алдауы
Алты жігіт Алдар Көсені катырып алдамақ
болып, оны өзенге ертіп барады. Сосын бірі
тұрып:
— Алдеке, қазір бәріміз суға түсіп, түбінен
бір- бір жұмыртқа алып шығайық, - деседі. Олар
өздері Алдарға көрсетпей бір-бір жұмыртқадан
ала келген еді.
— Ал, түссек түсейік, - дейді Алдар. Бәрі суга
сүңгіп-сүңгіп шығып:
— Мінекей, біз жұмыртқа алып шықтық. Ал сіз ше? - деп алақандарындагы жұмыртқаларын көрсетеді. Осы кезде Алдар: — Ку-ка-ре-ку! - деп әтеш болып айқайлайды. — Алдеке, мұныңыз не? - деп сұрайды алты жігіт. Сонда Алдар Көсе айтыпты: — Ау, алты мекиенге бір қораз керек емес пе?
Саудагерді алдауы
Бір саудагер жора-жолдастарымен келе
жатып:
— Алдар жұрттың бәрін алдайды. Бірақ
мені алдай алмайды, - деп мақтанды.
Осы кезде жолаушылар алдынан Ал-
дар шыға келді. Саудагер әлгі айтқанын
растамақ болып:
— Ей, Алдар Көсе, алдағыш болсаң, сен
мені алдашы! - деді. Алдар Көсе:
— Әттеген-ай! Алдар қалтам үйде қалған
еді. Аты- ңызды бере тұрыңыз. Қалтамды
дереу алып келейін. Қалай алдайтынымды
сонда көрерсіз, - дейді.
— Жарайды, қалтаңды тез алып келе ғой!
- деп, саудагер түсіп атын берді. Алдар атқа
мініп жөнеп кетті.
Саудагер Алдарды кешке шейін күтеді.
Келмеді. Достары саудагерді:
— Міне, Алдар өзінді жер соқтырған жоқ
па?! - деп мазақтап күледі.
Алдардың тәубеге келуі, дүниеден қайтуы Керуеншілер мен тазша Алдарды айлап, жылдап іздейді. Бармаған, сұрастырмаған жерлері қалмайды. Ақырында Алдардың ауылы қайда екенін біледі. Керуеншілер мен тазшаның тынбастан іздеп жүргенін бір күні Алдар да есітеді. «Енді не амал қылдым» - деп, ойлап-ойлап, ақыры амалын табады. Бір күні еліндегі қарияларын жиып, Алдар садақа беріп: — Ал, елдің жақсылары, қариялары! Бармаған жерім жоқ, баспаған тауым жоқ. Соншама ел кезіп жүріп, істеген жақсылығым да болар, жамандығым да болар. Енді бүгінгі күн тәубаға келіп, өткендегіден безіп отырмын. Өмірімнің ұзақ еместігі өзіме аян болып жүр. Сол себептен сіздерден бата алып, көзімнің тірісінде қабырымды тұрғызу үшін шақырып отырмын, - дейді. Көпшілік «әумин» деп батиқа қылып, садақа етін жеп, Алдардың қабырын тұрғызысуға кіріседі. — Алдардың тірі отырып моласын салғызғаны, тәубеге шын келгені екен,- де-
седі.
Мола салынып болғасын, ертеңіне Алдар
әйеліне келіп:
— Қатын! Жайым кетіп барады. Ажал кел-
ді-ау деймін. Тез молданы шақыр, - дейді.
Әйелі молдаға жүгіреді. Ауылдастары да
абыр-сабыр болады. Молданы жетелеп әйелі,
жұрты жүгіріп келсе, Алдардың кірпігі
ғана қимылдап жатыр екен. Молданың бір
үшкіруге ғана шамасы келеді. Бір үшкіргесін
«ық» деп Алдар «жан тапсырады».
— Байғұстың не қылса да тілегі түзу екен.
Садақасын беріп, иман салуға ілігіп кетті,-
деседі кейбіреулер.
Алдардың қатын-балалары, туысқандары
у-шу болып жыласады, жоқтау айтысады.
Елдің қариялары:
- Бүгін жұма күн еді. Тілегі түзу екен,
марқұмның.
Бүгіннен қалдырмай жерлелік, - деп,
Алдардың сүйегін жуып, кебінге орайды.
Күн батуға жеткізбестен жерлеп те болады.
Ертеңіне Алдардың ауылы осы дегенмен:
— Әй, бәлем, көресіні көрсетерміз. Енді
құтылып кетсең көрерміз,- деп, керуен-
шілер мен тазша да жетеді. Алдардың үйінің
сыртына келіп:
— Алдар қу қайда, жанының барында
шықсын! - деп айқай салады. Бұл айқайды
есітіп, үйде отырған Алдардың қатын-
баласы шаштарын жайып, жоқтау айтады.
Ауылдың қариялары жиналып, Алдардың
қайтыс болганын, кеше ғана жерленгенін
естіртеді.
— Қап, бәлем-ай! Бір күн кешікпеген
екенсің, - деп керуеншілер тістенеді.
— Біздің өгізімізді, қойларымызды алып
кеткен, - деген сөздеріне елдегілер қүлақ
қоймайды.
— Алдардың не істеп, не қойып жүргенін
біз білмейміз! Артында қалған жетім-
жесірлердің де көрінгенге бере қоятын
ештеңесі жоқ. Көздерінің жасы кеппей,
өздері егіл-тегіл болып отырғанда мазала-
рын алмай жөндеріңе кетіңдер!-дейді.
— Әй, Алдар-ай, тұзаққа бір ілінбей-ақ
кеткенің-ау! Бір күн тұрмадың, бір кұн
тұрғанда көрсетер едім, бәлем, бәлем! - деп
керуен басы жер сабайды.
— Көріңде өкіргір, Алдар, ең болмаса
молаңның төбесін бір былғап кетейін деп,
жүгіріп отырып Алдардың моласына бара-
ды. Моланың басына шығып дәретке оты-
ра берем дегенде, осыны істейтінін біліп
әдейі күтіп жатқан Алдар, істік темірді
құйрығына пісіп алады.
— Ойбай! деп керуен басы секіріп жерге
түседі. Қүйрығын көріп, жолдастарының
ішек-сілесі қатып күледі.
— Бұл иттің өліп жатса да, қарап жатпа-
уын! - дейді керуенбасы.
— Алдардың құйрығына таңба басатының
қайда? - деп, мазақтайды бір керуенші.
— Е, баспаса анау не? - дейді екінші біре-
уі. Керуен басы әрі өгізден айрылып, әрі
қүйрығына таңба салдырып ыза болып:
— Әй, Алдар! Ақиретке барғанда жағаңнан
бір алмасам, атым құрысын! - деп, жөніне
кетеді.
— Мен де ақиретке тезірек баруыңды
тілеймін! - деп Алдар керуеншілер кеткесін
моласынан шығып, үйіне жетеді.
Қиял ғажайыбы аралас ұлттық сипаттағы ертегі
Алдар көсе хикаялары
Құрастырған Құлбаев Абай
Көркемдік жобаның авторы Ш. Байкенова
Редактор Ш. Күмісбайұлы
Көркемдеуші редактор В. Логинов
Компьютерде беттеген Я.Логинов
Суретің салған: В. Логинов,Я.Логинов,Ш.Байкенова
ИБ № 2(166)
Теруге 24.04.2013 ж. жіберілді. Басуға 06.06.2013 ж. қол қойылды.
Пішімі 60х90 1/16 . Қағаз офсеттік. Басылымы офсеттік.
Көлемі 10 ш.б.т. Таралымы 2000 дана.+100 дана
Тапсырыс №
050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143,
тел/факс: 8 (727) 395-51-80
Отпечатано с фаилов заказчика в
ТОО «Полиграфкомбинат»
Республика Казахстан,
050002, г. Алматы, ул. Макатаева,41
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру