TELEGEI

Home

Бабалар сөзі 28 том

Серікбай Қосан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі 28 том

«Бабалар сөзі» сериясының 28-томына «Қожеке», «Арғынбектің жыры», «Үркін-қорқын», «Кешубай—Жәмила», «Ер Бұлан», «Уаң бала», «Он сегіз», «Қан кешу», «Нүптебектің асы», «Сәтбек», «Шейітсай», «Сақари» атты тарихи дастандар енді.

Астана
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының
кітап сериялары

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың
бастамасы бойынша шығарылды

Тасмағамбетов И.Н., бас редактор
Тәжин М.М., бас редактордың орынбасары
Тәуекел С.Т., жауапты хатшы
Әбділдин Ж.М.

Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Зиманов С.З.
Кәлетаев Д.А.

Кекілбаев Ә.
Кенжеғозин М.Б.
Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.

Қосыбаев Е.М.
Құл-Мұхаммед М.А.
Мағауин М.М.
Мәмбеев С.А.

Нұрпейісов Ә.К.
Нысанбаев Ә.Н.
Рахмадиев Е.Р.
Сұлтанов Қ.С.

Сүлейменов О.О.
Хұсайынов К.Ш.
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының

кітап сериялары
Бас редакциясының алқасы

28том

БАБАЛАР

СӨЗІ

жүз томдық
Қытайдағы қазақ
фольклоры
Тарихи жырлар

ББК 82.3 (5 Каз) Б12 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С. (төраға), Қорабай С. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г. (жауапты хатшы), Әзібаева Б., Егеубаев А., Күзембаева С., Қирабаев С., Мамыраев Б. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Қосан С. (жауапты редактор), Қасқабасов С., Нарымбетов Ә., Ісмақова А. Қытайдағы қазақ фольклоры үлгілерін жинастырған: Егеубаев О. Томды жүйелеп, ғылыми қосымшаларын дайындаған: Қосан С. филология ғылымдарының кандидаты, Ақан А. (жауапты шығарушы), Егеубаев О.

Б12 Бабалар сөзі: Жүз томдық.—Астана: «Фолиант», 2006. Т. 28: Тарихи жырлар.—2006.—376 бет.

ІSBN 9965-35-105-8 «Бабалар сөзі» сериясының 28-томына «Қожеке», «Арғынбектің жыры», «Үркін-қорқын», «Кешубай—Жәмила», «Ер Бұлан», «Уаң бала», «Он сегіз», «Қан кешу», «Нүптебектің асы», «Сәтбек», «Шейітсай», «Сақари» атты тарихи дастандар енді. Б 00(05)—06

ББК 82.3 (5 Қаз)
ІSBN 9965-35-105-8 (т. 28)
© Әдебиет және өнер институты, 2006

ІSBN 9965-619-60-3

© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2006

Құрастырушылардан
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемле­
кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланатын
«Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жария­

лау жұмысын жалғастыруда.
Серияның жарық көрген жиырма жеті томы ұлттық
фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып са­
налатын дастан жанрына арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге

дейін хикаялық дастандардың он бір томы, діни дастандардың
жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы және тари­
хи жырлардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Қазақ
халқының

қымбат
қазынасы—фольклор
жинақтарының
жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман

қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, дастандық
эпос үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
ОҒК және ӘӨИ Қолжазба қорларында сақталған көптеген
фольклор мәтіндері ғылыми тұрғыдан сараланып, баспаға

әзірлену үстінде.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның
28-томы Қытайдағы қазақ фольклорының кезекті жинағы—
тарихи жырларға арналып отыр. Бұл томға «Қожеке»,

«Арғынбектің жыры», «Үркін-қорқын», «Кешубай—Жәмила»,
«Ер Бұлан», «Уаң бала», «Он сегіз», «Қан кешу», «Нүптебектің
асы», «Сәтбек», «Шейітсай», «Сақари» атты тарихи жырлар
енді. Бұл шығармалардың көпшілігінде Шығыс Түркістан

өлкесін мекендейтін аз ұлттардың, әсіресе қазақ халқының
жергілікті Гоминдаң үкіметі мен ішкі қытай экспансиясы­
на қарсы бас көтеру әрекеттері жыр арқауы болған. Тарихи
жырларда күші басым ата жауымен арыстанша арпалысып,

ұлтының азаттығы мен ұрпағының болашағы үшін жанын

 тарихи  жырлар қиған Ақыт қажы, Оспан батыр, Демежан, Шәріпқан, Есімқан, Ырысқан, Қалман т.б. қазақ азаматтарының ерлікке толы өмірі шындыққа сай, көркем тілмен өріледі. Бір айта кетерлігі, бұл томға кірген жырлардың біреуін сол өлкенің тумасы, үрімжілік белгілі қазақ ақыны, марқұм Таңжарық Жолдыұлы жырлағаны мәлім («Нүптебектің асы»). Әйткенмен, аталған шығарманың негізгі оқиғасы бұрыннан халық арасында айтылып келгендігі және ақын шығармаларының бұрын Шыңжаңда басылған «Қазақ қиссалары» атты фольклорлық жинақта жарияланғандығы ескеріліп, «Бабалар сөзі» сериясының аясында жарық көріп жатқан Қытайдағы қазақ фольклоры үлгілерінің қатарына шартты түрде қосылып отыр. Мәтіндерді жинап, баспаға дайындаған Қытай мемлекеті­ нің мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, ҚХР фольклор­ танушылар қоғамының мүшесі—Оразанбай Егеубаев. «Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес аталған том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесе­ тін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, жырлардың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді. Томның көлемі—23,5 б.т.

М Ә Т І Н Д Е Р

Бұл аймақ Іле, Текес, Күнес деген,
Уақыттың шаңына да ілеспеген.
Сонау бір бай мен болыс заманында,
Күні жоқ жоқшылықпен күреспеген.

Қағынған ұры-қары ол заманда,
Үмітін ел ертеңгі ойлаған ба?
Барымта, қуа қашқан, сойылдасқан,
Дау шығып жаудан түскен олжадан да.

Сан шығып, сор-азапқа сан бататын,
Соңында жортуылдың шаң жататын.
Іңірден іргені жау торуылдап,
«Аллалап» кірпік ілмей таң да ататын.

Басынан сұм заманда азап өткен,
Тағдырдан бола алмаған қазақ өктем.
Әлді мен әулекіні әуектетіп,
Әлсізді келемеждеп мазақ еткен.

Рақымсыз тағдыр буып тұншықтырды,
Кедейді келсаппенен тұмсыққа ұрды.
Айналған адам жаны ойыншыққа,
Болмайтын жеңіл бұйым ұршық құрлы.

Кім көрді игілік пен ғанибетті,
Кімді кім қан қақсатты, зар илетті?
Борақтай ішігіне бай оранса,
Тітіреп күркеде аяз қариды етті.

Қожеке

тарихи  жырлар
Өзіне өз ортасын олқысына,
Буынып өз сүйікті шолпысына.
Сұлулар жібек шашын желге шашып,

Құздан ұшқан құрбан боп қор қысымға.
Сай туып сонау зарлы заманына,
Дем беріп домбырамен жаралыға.
Қожеке «Ел азасы» күйін шерткен,

Құйып ап домбыраның шанағына.
Қайғының ауыр еді нарқы неткен,
Күйшінің құдіреті арқалы еткен.
Халықтың мұң мен зарын сол заманда,

Қожеке өз күйіне арқау еткен.
Қыстаудағы қырсық
Шыққан шақ шақырайып күн төбеге,
Қайырылмай қиратылған күркеге де.

Бетке алып ауыл жақты зымырады,
Шабдар тай шоқ кекілі күлтелене.
Жайың не жан ұшыра шырылдаған?
Шыдамай жер құйқасы шымырлаған.

Тау-тас қоса жаңғырып шулағандай:
«Айта кет уақиғаның шынын маған!»
Тұнжырап Тұзкөл жым-жырт ойға батқан,
Иірсу ірікті бойын ойдағы аққан.

Шалкөде бар ашуын шақырғандай,
Айғайтас сап жатқандай «ойбай, аттан!»
Ауылдың түгел сыртта жас-кәрісі,
Қалған жоқ үйде қалыс босқа кісі.

Аңырған кемпір-шалды ойда жоқта
Толқытты бір сойқанның басталысы.
«Бір пәле боп қалды ма осы маңда?
Салды ма тағдыр құрық осыған да?

қожеке
Әйтпесе, жол жөнекей бала неме
Әлде бір құбыжықтан шошыған ба?»
Асығыс, тез хабарлау жайды-ақ біліп,

Құтылған шабдар тайға жайдақ мініп.
Жапанды жаңғырықтырған даусын басып,
Өксіп кеп айтты бала жайды аптығып.
«Анталап әумесерлер қаптап кетті,

Ат ойнатып, күркені таптап кетті.
Шат-шәлекей, ойрандап барлығын да,
Сойылдар соқтығысып шақ-шақ етті!
Байлап ап Шалтабай мен Сағатбекті,

Қалғанын қанжоса ғып сабап кетті!
Өзінің тасымақ боп қыстауына,
Салынған шөмелені санап кетті.
Қыл арқанмен тамақты бунап кетті,

Ат қазығын суырып, тулап кетті!
Шалғыларды тасқа ұрып қабыстырып,
Сабын түгел балталап турап кетті.
Көп жылқы жойқын селдей топыр-ағын,

Жаздырмай топырлатып, шоқырағын.
Егіннің көгі тұрмақ, тоз-тоз қылды
Айдаудың қазып қара топырағын.
«Қаш, құтыл, ауылға тек тірі жетті!»

Айтуға ғана ағаның тілі жетті.
«Қыстатпаймын, қыстауын өртеңдер!» деп,
Бұжыр бет, бұқа мойын гүж-гүж етті.
Шауып шығып, бір қарап үлгіріп ем,

Артымда айғай-сүрен үндерінен:
«Жоям! деп барқылдаған болыс даусы,
Бара-бар кәрі төбеттің үргенімен.

тарихи  жырлар
Білмедім, не боп жатыр ендігісін,
Билік жоқ мал мен бақтың кемдігі үшін.
Шарасыз шалдар қалды сең соққандай,

Алысар қауқар қайда теңдік үшін!
«Болысқа барайын деп төресінген,
Көрейін жазмыштағы көресімнен.
Жұтқыш болса мені де жұтып қойсын,

Түйілмей бітеу өтсем өңешінен».
Деп келген қарияға салқын жүзді,
Сәлем алмай, ата-тек салтын бұзды.
Сан жықтырып, дүрелеп Шалтабайды,

Көзінше қарияның сан тұрғызды.
«Бетінен алғаны» үшін болысыңды,
Сағатбек соққы тиіп қолы сынды.
Қамшы алып қарияға зіркілдеді,

«Аудар» деп менен аулақ қонысыңды!
«Жер-су түгел менікі, дауың бар ма!
Өлгендерін көміп кет, сауыңды ал да.
Қай малың бар қу кедей қыс қысылар?

Жұтасаң үзігіңнің бауын жалма!
Бітпеген иттен өзге түкті пұшпақ,
Айтпаса түсінбейтін түпті нұсқап.
Зиянкес қызыл тобық тобырларды

Жүре алман жұрт ішінде жүк қып ұстап.
Айғыздап егін салып, жер тырнаған,
Бүлдірген мал өрісін дертің жаман!
Түбіме жетеді ақыр, қанын ішем,

Ақылгөй күйшің қайда? Келтір маған!
Дуана жалғыз атты, домбыралы,
Болыс боп қай қазақты оңдырады.
Алдыма құл мен құтан шықпақшы ма,

Аяздай арқамды сол тоңдырады.

қожеке
Тірідей көмем көрін қазып тұрып,
Немесе қағам жерге қазық қылып.
«Ұсталып тапсырылсын Қожеке!»—деп

Жарлығын дәл осылай жазыпты ұлық.
Ұқтырам ояз тұрмақ жандаралға,
Өзімнен өзге батыр жан бара ма?
Құтқарар құдіретті ием де сол,

Әзірейіл тақалса жанды аларға!
Дақ салман ата-бабам сүйегіне,
Сенемін әруақ мені сүйеуіне.
Егін менен шөп тұрғай, бір түп ши мен

Зар қылам қоныстың бір сүйеміне!»
Кәрі Бура осылай бұрқылдады,
Тәуір-ақ жынын бүркіп ұртындағы.
«Үзе бер бұл өңірден күдеріңді,

Деп жүрме, артта көшкен жұртым қалды!»
«А, Құдай, ерік бердің жауызыңа,
Қараттың бар сорлыны ауызыңа.
Қаһарың қайтқаны ма, бар әлемді

Сиғызар жалғыз тары қауызына.
Болыстың тоқтау салмай асқанына,
Болайын өз пендеңнен сасқаныңа!
Жаратқан жер-суыңды алып қойды,

Жүрмегей енді қол сап аспаныңа!
Жасқанып сұмның айла-мекерінен,
Бұғасың енді шықпай бекер іннен.
Бір шара осы бастан істемесең,

Өзіңді қуары хақ мекеніңнен.
Қартайып, қаусай бітіп алжыдың ба?
Батады аш-арыққа «қалжыңың» да.
Жердегі жуандарға билік тиіп,

Халықтың қарық боп жүр қан-жынына.

тарихи  жырлар
Батырттың у тырнағын елге іріңнің,
Қамалды қуысына ел бір іннің.
Өзің әлсіз, байларың жауыз болды,

Сенеміз рақымына енді кімнің?!»
Шалтабай жан шыдамай күйіп кеткен,
Жоқшылық қой сорлыны күйікті еткен.
Құдайға да ренішін айтып салды

Жуандарға бақ-дәулет үйіп-төккен.
«Суырам уытыңды тіліңдегі!
Демесең жоным әлі тілінбеді.
Шұрқырап қош айтысар кезі келді,

Зәу-затың, өлгені мен тірілері!
Төзбейтін күпірлік қып тағат-ұғым,
Кім еді Құдайға мін тағатұғын?!
Жоғалтамын Тәңірден садақалап,

Кімің бар артыңда іздеп табатұғын.
Құмбел мен Қоғалысаз, Ақбастауды,
Бұйырам бөтен таптап, ат баспауды.
Және де жау боп туған Қожекенің

Жазды ұлық басын дереу ап тастауды.
Шартас пен Шарнауаның шырқар басын,
Тиекті, Көктекшелі, сырт арнасын.
Назардың төрт ұлының ұрпақтары

Шымылдық, Қарағайдан шырпы алмасын.
Жабысқан сайтан болып сау басына,
Түсе алман құл-құтанның саудасына!
Болыстық басыбайлы үзілмеген,

Аумақ па қайыршының саудасына!
Шақпай қазан-ошағын, ыңыршағын
Тынбайтын қан қарайған қыңыр шағым.
Ұшырам, орнын өртеп, күлін көкке,

Азаймақ тұқымы оның қырылса кім?»

қожеке
Өртеніп орны бітсін, тіпті қыстау,
Өмірі өрт тисе оның өмірі қысқа-ау.
Орныңда халық бір жақ, болыс бір жақ,

Күнәсіз күйші жаны дауға түсті-ау.
«Жарлығын жандаралдың оқып өт!» деп,
Қағазды қаудырлатты өкіректеп.
Долданған өгіз қаны дүлей неме,

Өзінше өнерліге өлім етпек.
Есірік, ерлік берген күшті «құдай»
Сойылшы содырлардың ұшқанын-ай!
Айдалған тірі бойдағы әзір ана

Болыстың аяғына түсті құлай.
Іс болды дөкейіңді қаймықтырар,
Шашатын көпке топырақ қай мықты бар!
Лап қойды отырған жұрт болыс жаққа,

Ал, қане, алпауытты қайда ықтырар.
Қамшылар үсті-үстіне жауып қалып,
Қалғанда халық кегі анықталып.
Түгелбай—қадірменді бас қария

Айғайлап: «Жаман ырым, жауықпалық!»
Ағытып сөз тиегін шешен тілді,
«Жеріне жеткізе алсам көп тілегін.
Деймісің бас алсаң да, кесем тілді».

Әділін айтып жүрген жайды ұқтырып,
Дес бермей шал біткенді шайлықтырып,
Сөндіріп үміт отын болыс пен би,
Көңілді қобалжытты, айнытты ұлық.

Қусырып қос өкпеден жұртты қыстап,
Құрық сап қолда барын құрттың ұстап.
Салыққа иттен басқа берері жоқ,
Сол қалды өзің айтқан «түкті пұшпақ».

тарихи  жырлар
Жазықсыз жаза кесіп қыршын ерге,
Айдаттың естіп-білмес бір Сібірге.
Ұрда-жық ұры, содыр жинағаның

Басқан жерің пәле өрген, қырсық елге.
О, жұтқыш, кедей етін кесіп жейтін,
Басыңнан асып түсіп кесір-кейпің.
Елде жоқ сұмдық мынау—«мекен өртеу»

Ол заман, бұл заманда кешірмейтін!
Кек кетіп, титықтаған аш-арыққа
Ара-жікті біржола ашайық па?
Көзіңше мал-жаныңды бөліске сап,

Өкіртіп дарға өзіңді асайық па?
Әуекі ісіп-кепкен делбесіне,
Сенеді жарылқар деп ел несіне?
Қауымның мал талайтын пиғылы жоқ,

Сонда да сала жүрсін енді есіне!
Қол артар жан ашитын бауырға ел шын,
Мені де азар болса «жауым» дерсің!
Неліктен Қожекеге шар салудың,

Жауабын мына дана қауым берсін!
Айырылу күйден халық шер шеккені!
Көзінен тасаланып ең шеткері.
Қожеке қоныс аумай тұрса алдында,

Патшаның тегін қоймас шен-шекпені.
Құлқынға салып тынар адал басын,
Шебер ғой қыбын тапқыш амалға сұм.
Қастерлі, өнерлі ұлан азаматқа

Жат сұғы жазатайым қадалмасын!
Шартарап күймен сұлу күмбірлесін!
Ерке жел еппен желпіп гүлді үрлесін.
Құлпырып Қарқара мен Шалкөдеміз,

Қызарсын, жасылдансын, күлгінденсін!

қожеке
Күнде тартпай әлегін сергелдеңнің,
Қожекені ұстатпас сенгенмен кім?
Арғы бетке көшсін ол, уа, халайық!

Көшіріп сал, тілегім—сендерден мың!»
Болыс бұғып тоқырау жайдан қалды,
Төкеңнен жұрт ақ-әділ жайды аңғарды.
Шашаусыз ықыласпен ұйып қалды,

Мақұлдап сол заманғы пайғамбарды.
Шалтабай
Сазарып құлдық ұрмай болыс-биге,
Жаны таза, баспаған борыш күйге.

Айдалып «итжеккенге» бір-ақ кетті,
Кідірмей Орынбор мен Омскіге.
Қалды ана, зар еңіреп қалды қосақ,
Ортайып думанды орта қалды босап.

Күй болып қос ішектерден құлақтарға
Туған жер, өскен елде қалды осы ат!
«Аяздай батып арқама-ай,
Қинауға салды әрқалай.

Қой ішінде марқам-ай,
Ел ішінде қалқам-ай.
Елге қашан қайтады-ай,
Айдалып кеткен Шалтабай!

Төлімді төкті шайқап-ай,
Өтем бе қайғы арқалай!
Өкініш менен тарқамай,
Жұртым бұған не айтады-ай.

Елге қашан қайтады-ай,
Айдалып кеткен Шалтабай?!
«Итжеккені» қай пәле-ай,
Қия-құз, шұңғыл, сай-сала-ай.

тарихи  жырлар
Тайып кетсең байқамай,
Шықпайсың одан қайталай.
Омбы қар, оппа, қайқаң-ай,

Жамылған жапан айқара-ай.
Жұртым бұған не айтады-ай,
Елге қашан қайтады-ай,
Айдалып кеткен Шалтабай?!

Толғайын оны жай жатпай,
«Қырсыбыры» қай жақта-ай?
Таң атпайтын сай жақта-ай.
Ел қалды күн мен ай жақта-ай,

Қалуға әл жоқ айдатпай.
Аяулы есіл Шалтабай,
Қайтады елге қай уақытта-ай?
Күн шықпайтын қараңғы,

Білмейтін ауыл, қалаңды.
Арсыл да гүрсіл таланды,
Өргізген жыртқыш—бар аңды.
Орманы жыныс—жаман-ды,

Түтеніп жыртып жараңды.
Жұртым бұған не айтады-ай,
Елге қашан қайтады-ай,
Арманда кеткен Шалтабай?!

Ойсырап қалды-ау ортам-ай,
Опынып кетті-ау ол талай.
Сапары жырақ, жол тар-ай.
Удай өртеп қолқаны-ай.

Оралады екен ол қалай?
Көрер ме екем ой, тәуба-ай?
Жер шеті кетті-ау, қорқам-ай».
Сөз емес құр домбыра сабалаған,

Санатқа күйшің оны санамаған.
Жаныңның жаз шуағын жарқ еткізер,
Тәтті күй, неткен ынтық саған адам!

қожеке
Күй баурап, қайғы қаулап, жұрт тым-тырыс,
Қалқыған көшпей көкте бұлт тым-тырыс.
Жел соқпай, бұлақ ақпай, орман қалғып,

Тау алған ауыр демін күрт күрсініп.
Тиек пе, пернесі ме, ішегі ме,
Шанақ па, жылап жатқан іші егіле?
Кернеген кеуде толы қасірет пе,

У нәрін уақыттың іше біле?
Майысқақ сүйрік саусақ перне басып,
Бере ме бар арманын пендеге ашып!?
Зарлауық жан біткендей домбыраға,

Дегендей «Мейірімге мен де ғашық».
Әлдебір алдағыны сезе ме іші,
Келген бе елге елжірер кезек ісі?
Қу ағаш, қос ішекке тіл бітіре,

Күйшінің бүгін бөлек кезенесі.
Құйқылжып «Күй шақыртқы» құжырланды,
Сарыны «саңқ» еткізіп құзыңды алды.
Тарыққан тар заманнан табиғаттың,

Тапқандай жан рахат құзырланды.
Құйқылжып «Күй шақыртқы» құжырланды,
Елітіп ес-ақылды бұзып-жарды.
Қайдағы қайғылы елес:—Жау кеп қалды?

Ұрда-жық, қуып ұста бұзылғанды.
Ит өліп, жылқы шұрқырап, қыз ұрланды,
Қой үрікті, қасқыр жарды қызыл нарды.
Сел ағызды, күркені дауыл жықты,

У да шу құлақта өстіп ызың қалды!
Тірілтіп тіл зергері «Жиреншені»,
Ғасырлап ғаламат күй, жиды ел сені.
Қозғалмай қорқып қалған қозғалсын жұрт,

Алдырды сазға дәрмен, күйге еңсені.

тарихи  жырлар
Күй бірде мақауланып, міңгірледі,
Тұтылып әр тартқанда мың бір демі.
Ілезде тарпаң ат боп шыға келіп,

Алысып азаматқа міндірмеді.
Буырқанып бұлт жетті жауыныңды ап,
Шайқалтты бәйтеректі дауыл ырғап.
Секілді қаралы үйге бір топ адам,

Алыстан ат қойғандай «бауырымдап!»
Біресе күңірентіп «Көрұғлын»,
Еске сап ежелгі елес күні мұңын.
Толғақтан талықсыған жас аруды,

Қиын-ақ көрге тірі көмеді ұғым.
Күй бірде күмілжіп кеп тұйықталды,
Кеудеге кереметтей ұйып қалды.
Еңкейіп еңкілдеді кейбір шалдар,

Кемсеңдеп кемпірлер кеп сүйіп те алды.
Кемсеңдеп кемпірлер беттен сүйіп те алды,
Қожеке қомданып бір иықтанды.
Шалқытып «Шалқайманы» жөнелгенде,

Болыстың сұры қашты сұйып қаны.
Әкесі болыс сұмның көп жыл бұрын,
Өзі де көбік кеуде көк жындының.
Қасық талқан талғажау нақ Шығайбай,

Көмердей бірге өзімен көрге ұн жұғын.
Бір сай бар аталатын «Жылан орда»,
Көш жолы осы сайға құлағанда.
Баласын қозы айдаған жылан шағып,

Жалшы ана зар илеген жылап онда.
Шалқақ төс «асыранды аю» қорбаңдаған:
«Беріп пе ең мал табысып қолдан маған.
Қазық аяқ, қара сирақ жүгірмегің,

Неге өзі мақұлықтан қорғанбаған?

қожеке
Тимеңдер өшіккіш жау ызаланса,
Таяқ тиіп бір жерін сыза қалса.
Малды шауып қырады қаптап келіп,

Көш жылжып бұл арадан ұзағанша.
Көшті айда! Әулие ме балаң малдан,
Құл тұрмақ, ажал ата-бабамды алған?!
Ісікті іркілдетіп артып жүрмен,

Таста осында, өлсе өлер қараң қалған».
Бейнетке аза қосып азапталған,
Жалшы ана жан кешуге аз-ақ қалған.
Осы күй ұланына ескерткіштей,

Бір уақыт сейілетін азапты арман.
Еңкейтіп, шалықтатпай жүгіндірген,
Ел сөйтіп өз өнерінен жұбын білген.
Әрқашан «Шалқаймадан» шаттық алып,

Арқаның азайтатын «жүгін» бірден.
Сойқанды соны істемек—білсе нені,
Дандайсып дәулетіне бұл сенеді.
«Шалқайма» өңменіне шаншу болған,

Күйшіге кектенудің бір себебі.
Аңқылдап күй тығыны ағытылды,
Қобырап қозғалған жұрт тағы тынды.
Тынысын кедей-кепшік кең алысып,

Күй-шоқпар шонжарларға танытылды.
Күй және қой-қозы боп жамырады,
Жан-жүйе жақын сезіп жадырады.
Құлақтан жүйкелерге жүгіргенін,

Қапысыз қан тамырмен жан ұғады.
Күй көкте қыран болып саңқылдады,
Кәдімгі мұзбалақтың салтындағы.
Қымсынбай қызуменен қияға ұшып,

Тәкаппар тау лебімен салқындады.

тарихи  жырлар
Аспанда аққу боп күй сұңқылдады,
Сұңқылды сұлу сылдыр су тыңдады.
Мамыражай, маңғаз сипап қайқы қанат,

Сұлу төс, сұңғақ мойын сусылдады.
Құз зарын түйсік анық түстеп жатты,
Табиғат өз тірлігін істеп жатты.
Көлде үйрек, көкте лашын, өрісте мал,

Айнала алуан-алуан түс жан-жақты.
Саз тілін сана-саңлау танып жатты,
Өңірге алқы-моншақ тағып жатты.
Немесе қасықтағы бал созылып,

Таңдайға тамсандырып тамып жатты.
Кейбіреу өліп естен танып жатты,
Ел көшіп таңылшағын таңып жатты.
Ор қоян шоқақ қағып қырдан қашқан,

Ақ құйрық жымға кіріп, таңын жапты.
Қыранның қиядан жемді ілгені,
Сарбаздың саңлақ атпен желдіргені.
Дүбірді төңкеріліп аспан тыңдап,

Сүйініп сұлық жатып жер білгені.
Шымылдық келін түсіп желбіреді,
Кешкі отты кемпір жаққан жел де үрледі.
Шабынған екі бура қаңтардағы,

Беймәлім қай-қайсына жеңдіргені.
Керіліп керуен кетті қара жолда,
Байқашы сағым—ой ма, қане, жон ба?
Ақ көбік ауызынан ақтарғаны,

Сор тері сорғалаған қара жорға.
Жерде қап орман, тау-тас, арналары,
Күй қанат ап ұшты, жан аңғарады.
Көлбеңдеп көкте көңіл қырдан асса,

Аңырап анадайда аң қалады.

қожеке
Ертеңгі естен шығып ұлықтары,
Қиянға қиял кетті ұрып тағы.
Ілесіп күйдің күшті жетегіне,

Өзді-өзін әркім қашан ұмытқалы.
Тауда өскен тау қазағы, тау саңлағы,
Тұлғасы тұрып қалған тау салмағы.
Шарықтап шарлап оймен, домбырамен,

Қаулаған қасіретті тауыса алмады.
Күй тоқтап, ел қобалжып бақты ақырын,
Құлазып қалар жері тап-тақырын.
Сезіп тұр, қимай іштей егіледі,

Тағдырдың аяп тәлкек, қақпақылын.
«Қарыз ем, қадірменді жұртым саған!
Тапжылтпас тағдыр-бұғау жұлқынса адам.
Жабысқан иығымнан түсер емес

Жұқалтаң, жұлым етек, жұпы шапан.
Құйын ғой өмір, шіркін, шыр айналып,
Күтерміз алдағысын шыдай барып.
Ағайын, ат ізін сал, мұңаймалық,

Сары табын сағыныштың шырайға алып.
Азды көп ұнамадық, ұнадық па,
Қадірін ұнар болсақ ұғалық та?!
Ақ бата қасиетті Төкем берген

Санамда сақталсын тек дұғалыққа.
Құшақтарын абысын-ажын ашты,
Қоштасып әзер-зорға ажырасты.
Жып-жинақ жұпыны көш жөнеп кеткен,

Әнеки, үркердей боп белден асты.
Ерулік
Жабырқап жан кейіткен қапалықтан,
Жазуын Жаратқанның қатал ұққан.

тарихи  жырлар
Салтыңнан садағамын, сабырлы елім,
Қамығу, шаттануды қатар ұққан.
Ағаяз, Жырғалаң мен Қапсалаңның

Арасын думандатып қаншама күн.
Ерулік ауылдары кезек берді,
Жалаңтөс, Бұтақара, Қасқараудың.
Қызайда қыздар сылқым, жігіт манап,

Сауықпен тұрмыс тоңын жібіткен-ақ.
Ұғымтал көргенге де, естігенге,
Бөлісіп қаға қойғыш жіліктеп ап.
Келеді келін кербез кермаралдай,

Ән құмар, думан шықса кенде қалмай.
Шырқаса жылқышының жыры тасып,
Жүрмеген көкірегін кернеп алмай.
Теңізбай, Тойымбайлар топқа бастық,

Ұмыт қап ұйықтап тұру, тоқ пен аштық.
Ән мен күй, жыр мен биді салды ортаға,
Басталды өнердегі бақталастық.
Сап жатты салтанатты елдігіне,

«Байсалды болсын!» айтып ендігі ірге.
Құлағы келтірілген домбырамен,
Күйшіге кезек тиді енді бірден.
Сарнатып саз түрлерін бебеулетті,

Он саусақ ішек ырқын бөгеуге епті.
Соңынан соны бір саз баурап алып,
Еркіңді күй бесікке бөлеулі етті.
Қаққанда Құрманғазы «Сарыарқасын»,

Қоздырған тыңдағанның сан арқасын.
Досына домбырадан бал жұтқызып,
Ұйытқан өнерімен ел ортасын.

қожеке
Даланы даңғаза қып сарын алған,
Жалт беріп ғайып болған сағым алдан.
Алдамшы қуғанға да, қашқанға да,

Ақыры бір соқтырған санын арман.
Көп жылқы жосып шыққан қорым жақтан,
Арқада қазақ көшіп-қонып жатқан.
Немесе елге тиген шапқыншыға,

Қаптатып жер қайысқан қолын жапқан.
Жазуға маңдайдағы қарсылық па?
Бүгежек бола бермек қанша ұлыққа.
Саз болып салғыласып тым болмаса,

Қалсын да қарап өлмей қамшы ұрып та.
Жатыр ма нәлет айтып тағдырына,
Зарығып неге өзек талды мына?
Тынышын іштей алды тыңдаған жұрт,

Таңырқап «Сарыарқаның» тағлымына.
Жыли ма болыс пенен биге ішің,
Абзал ғой айтып өтпек білгенді шын.
Қызайға қиырдағы қызыр құмар,

Жеткізді Құрманғазы бір белгісін.
Теңізбай:

—Досым, ісің көпке арналды,

Баптаумен керексінбе көп талғамды.
Мініс ат жігітіне сай болған жөн,
Жылқыдан жүгендеп мін Көктарланды.
Тойымбай:

—Дұрыс айттың, Теңіз құрбым,

Көрсету сый мен құрмет тең ізгі ұлдың.
Қош келген нағашы жұрт, өнерлі ұлан,
Кейбіреу деп жүрмесін неміз, бұл кім?!
Теперіш-тепкі көріп тар түнектен,

Арылмай заман жүгі—тауқыметтен.

тарихи  жырлар
Сияқты Жаратушы бағымызға
Әдейлеп осы жанды тарту еткен.
Мен берем сорпа-сулық, сойыс-соғым,

Азамат, енді арылар қырсық-сорың!
Балалар бәсіреге ен сап алсын,
Көрерміз бара-тұра істің соңын.
Жұт жылғы жауыздық

Сары аяз сақылдатып ақпаныңды,
Ақ боран аласұра атқа мінді.
Аламан алқын-жұлқын түнек басып,
Ашуы табиғаттың ақтарылды.

Жыл еді жылан шығып, жылқы кірген,
Бүрсеңдеп малшылар жүр жыртық ілген.
Ішер ас, жылы киім, жем-шөбі жоқ,
Кедейдің кетіп қалды сұрқы бірден.

Бұл орап жабуланды тау шыңдары,
Қымтана түсті ақ тонын қаусырмалы.
Тағынған мұздан моншақ қарағайдың,
Сауыс боп өне-бойы саусылдады.

Түссейші тым құрыса қар жұқарақта!
Жым-жылас төмпешік те, шоқанақ та.
Ауылға елік-ешкі келгіштеді,
Мақұлық енді қайтсін, жұтамақ па?

Күн таудан асарында құлақтанды,
Кешкі аяз шым еткізіп құлақты алды.
Бұтада қонақтаған торғай тоңып,
Топ етіп бұзаушықтай құлап қалды.

Тұяғы арық сиыр сыртылдайды,
Күзде едің бітеу бүйрек, сыртың майлы.
Сауысқан жауыр атты тұштаңдатып,
Соған мәз шықылықтап, жырқылдайды.

қожеке
Тағдырға өкпелеудің орны бар ма,
Созылса қыс аяғы оңдырар ма?
Көкегің де көкиіп тұрып алса,

Көміліп жатпақ ой-қыр омбы қарға.
Көп жылдан боп көрмеген қысы қатты,
Буаз мал суық сорып қысырапты.
Жарқабақ жағалауға қатқан мұздан

Тереңге суатың да түсіп ақты.
Созылып жуан қалды жіңішкеріп,
Бұт артар қаңғыл әзер мініс беріп.
Бір кезде ұзап барып мамыр туды,

Тек сонда қалды бір сәт тыныс кеңіп.
Керіліп керегенің сағанағы,
Жұрт алдын қауіпке енді санамады.
Тасынып қи сасыған қыстауынан,

Көктеуге көше қонған сағадағы.
«Қалыпты мал жұрнағы, шүкіршілік!
Өкіну өткен іске—күпіршілік!»
Қайғырған қатындарға басу айтты,

Жұлым үйден қаусаған шал бүкір шығып.
Күн бата өршеленіп дауыл шіркін,
Кетіріп жаңа қонған ауыл шырқын.
Сіңірі сыртқа шыққан шаруаға,

Ойпырым-ай, тағы төнді-ау ауыр бір сын.
Толассыз қарлы жаңбыр сіркіреді,
Бір қойып, ал біресе іркіледі.
Уық пен шаңырақты шықырлатып,

Долы жел туырлықты сілкіледі.
Таппаған ықтар қуыс бір ыңғайлы,
Таласып тасада иттер ырылдайды.
Ымыртта желмен қоса ұли шулап,

Кім білсін не сұмдықты ырымдайды.

тарихи  жырлар
Сел-жауын шелектеді, екіленді,
Іш тартып қоңыр саулық мекіренді.
Тас қараңғы, қой ығып, Ақтөс қыңсып,

Шапқыншы хабарлауға екі келді.
Кеудесі шал-кемпірдің сырылдайды,
От бықсып, шаласы да сырылмайды.
Күңіренген бүкір шалдың айтары да:

«Жаратқан тағы нені шығындайды?!»
Таң алды, өкіріп жел ышқынады,
Ағашты ағашқа үйкеп ысқылады.
«Батыл бол, тажал төніп келіп қалды!»

Дегендей сақтандырып ысқырады.
Ауылдан ит атаулы безіп кетті,
Бұл қауіп адамды да сезікті етті.
Кептеліп жүрек тулап кеңірдекке,

Дыбыссыз үрей үйді ежіктетті.
Үрпиіп, үрейленіп дала тұрды,
Анталап, алып сабыр-тағатыңды.
Ауылға тарсылдатып жетіп келіп,

Мылтықтар үсті-үстіне тағы атылды.
Қалған шақ жарық түсіп, күн шыққалы,
Суқаны ұшқан халық үн шықпады.
Қаперсіз момақандар ұйқы қашып,

Шаққа тұр іштей тынып тұншыққалы.
Шықпаған жемірлікпен бише атағы,
Күзет тұр, сыртқа тосын «үй шатағы»
Артына қолын байлап, сүйреп шығып,

Кідіртпей ап жөнелді күйші атаны.
Айрылып құлазыды ел ақылшыдан,
«Таусылды-ақ, енді қайттік, тақыр шыдам?!»
Қайрылып қатын-бала, халайыққа:

«Күмән жоқ, ақталамын, ақыр шығам!»

қожеке
«Сабыр ет, болған істің артын бақ!
Зұлымдық жатпайды әсте ақылыңды ап,
Кеңірдегі кетпеннің ұңғысындай,

Қымс етсе шыға келер ақы бұлдап!»
Қарғыспен шығарып сап жендетіңді,
Өксігін зорға басып жел де тынды.
Өңірін Торғын шешей жаспен жуып,

«Жаңбырдың» бір кезегі селдетілді.
«Бара ма,—дегендей-ақ,—жау қуалап?»
Басардай арттан келіп тау домалап.
Шеріктер үрейленіп суып кетті,

Қамшыны үсті-үстіне жаудырмалап.
«Тайдырып бастан ерік-дәуренімді,
Сұм тағдыр азабы ауыр әуреге ілді.
Қыл құрлы қиянатым жоқ-ақ еді,

Аң-таңмын неге өшікті, жау не білді?
Уа, қош бол, сүйікті өлкем—Текесім!
Кім білген ажырар шақ ерте-кешін.
Білдірмей бір-ақ күнде құрық салар,

Сұм жалған тым опасыз, келте екенсің.
Көпірі сен аман бол Селкілдектің,
Соңғы рет мүмкін, міне, селкілдеттім.
Үш Құштай, Аттыңтауы сен де аман бол,

Не мерт боп, не заман кеп серпілмекпін!
Болдырып жанары өшті тарлан көктің,
«Жануар, сен де ақыры арманда өттің!
Мұрсам жоқ қарайлауға, кешір мені,

Тұңғиық болашағы алған беттің!
Қанатым шалқи ұшқан шақтардағы,
Пәниде екеуімізді бақ шалмады.
Қош енді тұмарланған, жан серігім,

Кездесу нәсіп болғай махшардағы.

тарихи  жырлар
Болмады-ау, жылдағыдай жалы берік,
Көктарлан көзге елестеп тағы келіп.
Оқ болмаса құтылып кетер едім,

Үлгірмей мына сұмдар шаңыма еріп.
Көрсетіп құқай түрін қай-қайдағы,
Сілейте сілкіледі, қақпайлады.
Тарланқап, Сарбуыршынның кезеңінде,

Тұтқынды жаяулатып апта айдады.
Екі қол екі жаққа қанжығадан
Керіп байлап, хал бітіп қалжыраған,
Сүлдесі сүйретіліп кете берді,

Егіліп жас орнына қан жылаған.
Қасірет қамалы
Кешкі ымырт, кеткен тастап қаланы аптап,
Іріңдей іркілдеген қара батпақ.

Көшеде көлкіп жатыр қойыртпақ боп,
Аяқты ала алмастай қадам аттап.
Қалыпты батпақ обып кебісті алып,
Құлағы көше шуын еміс шалып.

Зіл батпан екі аяғы қара санмен,
Мең-зең боп келбеті де келісті анық.
Тотықты қызыл шырай күнсіп-жүдеп,
Тиылған тер сарқылып шүмек-шүмек.

Ми батпақ, митың жүру аяқталды,
Күні-түн тынықпастан жолға түнеп.
Тажалдай, тұра тарпа бассалардай,
Осыдан бір пәлекет басталардай.

Тар көше зор қамалға тұйықталды,
Жер түбі құрдымға әкеп тастағандай.
Бұл да бір долы күш пе қасарысқан,
Есерсоқ шаш орнына бас алысқан.

қожеке
Қос бірдей босағада тұғырда отыр,
Айбармен атылардай тас арыстан.
Осы ма басып жегіш қара дұспан,

Мүсін қып тастан қалай қашады ұстаң.
Жоқ әлде, тірі арыстан тас боп қатқан,
Басынан еркіндігі қашан ұшқан?
Тұрса да мылтық та алмай, сойыл да алмай,

Алапат күшті мүмкін дойыр қандай.
Қасірет қамалының қақпасына,
Қалт етпей күзетуге қойылғандай.
Қаптаған қара қақпа қаңылтырмен,

Тақтайын әдеттен де қалың тілген.
Қашаннан қанағатсыз обып жатқан,
Халықтың тер аралас қанын кірмен.
Қаншаның қаны судай жосылғаны,

Қаншаның жон терісі осылғаны.
Беймәлім кіріптар боп кірген жанның,
Үйірге некен-саяқ қосылғаны.
Сықырлап сыңар ғана қақпа ашылды,

Түрменің түбін көздер жаққа ашылды.
«Тез жүр» деп зіркілдеген әскерлердің,
Даусынан әлгі ойлар сап басылды.
Сықситып ұзын залға шырақ жақты,

Біреулер қарғыс төгіп жылап жатты.
Адам қолы тұрғызған тар тозаққа,
Итере сап есікті бір-ақ жапты.
Бейне көр, көзін ашса тас қараңғы,

Сезінді ес жия бұл масқараны.
Қозғалуға дәрмен жоқ, ыңыранды,
Таба алмай тіл қатуға басқа адамды.

тарихи  жырлар
Тосыннан біреу қолы сипаланды:
«Сабыр ет, су берейін, үй қараңғы!
Күні-түн қозғамадым, тынықсын деп,

Қойсаңшы тежеуі жоқ ұйқы—арманды!
Дәрменсіз тұяқ серіппей жаттың сұлық,
Астыңа тоқым төсеп, жаптым тұлып.
Аузыңа неше мәрте су тамыздым,

Кенезең кеппесін деп дымың құрып».
Ыдысты сусын жұтып қайта берді,
Сөйлеуге күрмелген тіл қайта келді.
«Кім едің жау жерінде мархабатты,

Бір сенен тапқандаймын тайпалы елді?!»
«Тұтқынмын, затым—моңғұл, Сандыңжаппын,
Сарғайып бұл қапаста сан күн жаттым.
Құр емес, әр ұлтыңнан табылады,

Түрмеде ұрпағы бар барлық жақтың.
Амал не, басқа түссе мүсәпірлік,
Түрменің заңы құрсын—құса тірлік.
Дүренің зардабынан зорға тұрғам,

Орнымнан үш күн жатқан үш ұмтылып.
Бар пәле басыма үйіп қоқсығыңды,
Қинады айтпадың деп жоқ «шынымды».
Соққыдан қалған күні күңіренем,

Ермек қып дос серігім—топшырымды.
Шанағы қайың безі, тиегі арша,
Қоңырау—қос ішегі қол тие қалса.
Алма кезек сөз беріп бір топшырға,

Табысты туа таныс сый адамша.
Күй сарнап моңғұлша да, қазақша да,
Қырандай қыр серуенде—азатшада.
Булығып тар қапаста қайта оралып,

Күңіренді түрмелік сор—азапшада.

қожеке
Сандыңжап көпті білер бір сұңғыла,
Жасы да Қожекемен бір тұрғыда.
Айтқанда арғы-бергі әңгімеден,

Қандырар айыз, құлақ құрышыңды да.
Отаным—байтақ Жоңғар, құба дара,
Ауылым арасында бура дала.
Бас қосып моңғұл-қазақ араласқан,

Іргесі тату бопты бұл арада.
Жаз—жайлап, қыс—қыстаған киіз үймен,
Оюлы үзік, кебеже мүйіздеген.
Шақырысып ерулік, сауық-сайран,

Балалар қадірменді сый үзбеген.
Тентегін киіз үйде-ақ түзетіскен,
Терісті ел ішінде-ақ күзетіскен.
Шаруасы да шайқалмай, жұрт та бейғам,

Жыл жылжып, ай аттанып, күз өтіскен.
Арнаға тағдыр ағын құйды құнсыз,
Пендеге пенде болдық күн жоқ мұңсыз.
Орнатқан адамға адам түрмені ойлап,

Бұл тозақ Құдайдың да бұйрығынсыз.
Бірде бұйрық жазмышқа төзгенсініп,
Бірде алып ыстық жасты көзден сығып.
Осылай екі ғаріп жата берді,

Кезегімен әңгіме-сөзді енші ғып.
Ауылдағы азғындар
Дүңгеннің дүмше молда Шиғазысы,
Қазымыр, халқы безген беймазасы.

Домбыра—Мүңкір-Нәңкір күрзісі боп,
Шошитын айтылардай күйде азасы.
Жинап ап атқа мінер зәңгілерін,
Әулеті—қызыл өңеш әңгілерін.

тарихи  жырлар
Көңілге көлеңкелі қобалжу сап,
Басқаша бетін бұрды әңгіменің.
Мешіттің түкпірінде, жұрттан аулақ,

Сұхбатты Өкірешпен алды баурап:
«Бермейміз жұрт атынан ақтаманы,
Бірі өлсін, маған десе, бірі сау қап!»
Болады күйіңді ұғып қай тілде адам,

Аят пен хадисте ешбір айтылмаған.
Дуана, шайхы-бұрқы бұзық шығар,
Қайсың бар түзіктігін айқындаған?
Ақтауға тати қояр айтулы адам,

Дей алман бұл беттен жоқ қайту маған!
Түсінсем бұйырмасын күйің бейне—
Ит шауып, құйын соққан, тай тулаған.
Бермейді ұшыр, пітір, зекетті де,

Өзімді күймен талай кекетті де.
Ол барда қожа-молда қағыс қалып,
Қылғиды той төрінде жеке етті де.
Налиды арзымасқа ел несіне,

Қайрылмай кетсін ары келмесіне?!
Ораза, намаз, зекет—кешпес парыз,
Күй—харам «Құдай» деген пендесіне.
Ескертем, Алла атынан тиым салам,

Абзалы—астамдықтан тиым салам.
Шайтанның шариғатсыз жолын қусам,
Қылкөпір хисалаты қиын саған!»
Көпіріп екі езуі қажы кетті,

Тәуап қып Құранға әуел тәжім етті.
«Былтыр жаз хан салығы жиналарда,
Ісектеп іріктеліп бажыға өтті.

қожеке
Білдей-ақ біздің әлгі ұл—шабарман-ды,
Бас салып, шығарыпты сабарманды.
Анталап тамам тобыр бермей қапты,

Салыққа санап алға салар малды.
Жұлып ап аттан ұлды жаққа ұрыпты,
Қылышын екі бөліп лақтырыпты.
О заман, бұ заманда көрген бар ма,

Заңға бұл оспадарсыз жат қылықты?
Түсе алмас ел көзіне «масқарадай»,
Жарытып аузына ас та ала алмай.
Бүйір ғана бүлкілдеп, бүркенді де,

Бір ай жатты төсектен бас ала алмай.
Атынан күллі мүмін—мұсылманның,
Ұлыққа арызды да ұсынғанмын.
Сазайын тартқызса екен сөйтіп қайта,

Ел бұзар есі ауысқан бұзылғанның.
Қожеке жүрекке өстіп жара салған,
Мұным жәй жала емес жаба салған.
Қатырар домбыраша қу ағаш қып

Әумиін! Қаһарлы ием қаласа Аллам!»
Тұқыртып, тежеп ынтық, титығыңды,
Ел күткен үмітті үзді, типыл қылды.
Түбегейлі түңілтіп тастамаққа,

Пытынақор ушықтырды бұл пиғылды.
«Сұлуға сұқтанудың әлегі екен,
Жемістің пейіштегі дәнегі екен»—
Деп естіп қытай екеш қытайың да

Көрмей-ақ Көкшегірден дәмелі екен.
«Тұрғанда ұлық солай қырына алып,
Несіне салдақы үшін қырылалық?
Құдаласса буддаға шоқындырар,

Қожеке көнбей көрсін тірі қалып?

тарихи  жырлар
Мәнжу ма, хұң хузы ма, сайтан білсін,
Мен емес оны түстеп айтар кісің.
Шоқ-шоқ, бәлем, Торғынға сауап болды,

Есемді Тәңір Ием қайтарды шын.
Көрсем-ау, қаралыда Торғыныңды,
Қырқына сояр жалғыз торы құлынды.
Әйтпесе, қызын беріп құтылады,

Әйтеуір мықтап тұрып торға ілінді.
Батпаса шымбайына неге асқынам,
Есігін елден ерек кері аштырам?!
Айтқаным келмей қалса шыққаны жөн,

Қажының қатыны атым жер астынан.
Орақ тілді, керіауыз кесепатты,
Шындыққа шімірікпей кесек атты.
Зәрі бетке шапшыған бұл тозақы,

Тақап жатты ерте де, кеш те «апатты».
Сұрақта
Қаз-қатар омырауы мыс түймелі,
Қақалмай қалай отыр ысқа үйдегі?

Көгере көкжөтелден булығады,
Бүктеліп ұстағандай іш түйнегі.
Қоңырсып апиын ба, нашасы ма,
Қор-қор тұр үстелінің тасасында.

Қасына қатар қойған сүйектеулі,
Жез өкше, күміс тұтқа асасы да.
Қалқайып қалқан құлақ шегеліктен,
Орсиып қос қасқа тіс жеке біткен.

Дорба ауыз, дүрдік ерін, таңқы танау,
Шықшытқа екі езуі жете іліккен.
Дөкір күш дүйім жұртпен тірескен сан,
Сойқандатқан мейлің өл, тірі естен тан.

қожеке
Иыққа айқастыра қайыс салып,
Көк сіңір сірі боп қатып сірескен паң.
Тәңірдей табындыра бір басына,

Тұтқыннан тұңғыш алмақ «тілге асыға».
«Жүгінт,—деп,—қарсы алдыма»,—

жарлық берді
Жендет пен аудармашы-тілмашына.

—Бейкүнә айыптайды адамды кім,

Бір салмақ түсіп отыр саған бүгін.
Шу дегенде-ақ қылмысыңды жасырмасаң,
Байқалар үкіметке адалдығың.
Ойлама, «Мен қылмыскер емеспін!»—деп,

Қорқытып ұрып-соғу емес міндет.
Шыжғырып шыбыныңды қинамай-ақ,
Отырмын жайбарақат кеңескім кеп.
Білгейсің бұл қадірін кеңшіліктің!

Тұтқын деп отырғам жоқ кемсініп тым.
Алдымен адалдыққа жүгінбесең,
Түбіне салу оңай кеңсіріктің.
Айтып бер ақтарыла батыл маған,

Тұрғанда тоның да аман, атың да аман.
Күйзеліп бір сен үшін жатқан шығар,
Ел-жұртың, артыңдағы қатын-балаң.
Текке жүрсең, тегінде тұтылмайсың,

Шыныңды айтсаң, өмірден ұтылмайсың.
Бұл—саған жанашырлық ескерткенім,
Бүкпей айтып, аман-сау құтылғайсың!
Не таптың жастай тартқан домбырадан,

Құлағын құйқылжытып он бұраған.
Ел жинап не мақсатпен күй тартасың,
Бар ма оның қызығары сондық адам!

тарихи  жырлар
Сырғақтау жүрісіңді дейді сұйық,
Пәлелік пікірің бар, ойың тұйық.
Ел бұзып домбыраңмен жүрсің білем,

Тыңдайтын себебі оны жұрттың ұйып.
Мұндайды біз қастандық ұйым дейміз,
Қара дауыл шақырған құйын дейміз.
Үкіметке апат боп соқтығатын,

Сен тартатын сиқырлы күйің дейміз.
Домбыраң неге зарлы безілдейді,
Көмескі бізге мәні сезілмейді.
Алдымен осыныма жауап берші,

Нені аңсап, нені тілеп, нені іздейді?

—Аталы албан-қызай арқалы елмін,

Ен жайлап, кең қыстайтын шалқар елмін.
Ежелден күй бар жерде қазақ та бар,
Қандырып ел мейірін тарта бердім.
Мен білмен ұйымыңды, құйыныңды,

Әлгі айтқан сырғақ жүріс сұйығыңды.
Қорлықтан қолымызға ақау түскен,
Сондықтан қазағымның күй мұңлы.
Себепсіз, тақсыр, неге алқынасың,

Тасынып сапырыла сарқыласың.
Ұлықтың бойына ауыр мін емес пе?
Айтқандық елдің әдет-салтына сын.
Естімен бұл тәлкекті ендігәрі,

Емеспін өнер үшін мен күнәлі.
Тежеуге сауық-сайран, ән мен күйді,
Жеткен жоқ қара күштің теңдігі әлі.

—Қаймықпай маған қалай тіксінесің,

Ендеше құтың қашып шықсын есің.
Өзіңнің отбасыңды ойлап әсте,
Рақым күтіп маңдайың жіпсімесін.

қожеке
Жан батып жауап алмас дейді—мықты.
Байлатып бажымгерді ұрып жықты.
Ауылға алты көш жер жақындауға

Сескеніп шабарман да бұғып ықты.
Бар малың сай-салаға жасырғаның,
Бұл жөн бе бізге қулық асырғаның.
Бажыға құнан қой мен өгіз қимай,

Мұның қай үкіметті басынғаның.
Қылмысың жатса да зіл бастан асып,
Бейғамсың, бейне саған аспан ашық.
Мойныңа кезегімен қойылады,

Сен қолыңмен істеген басқа қастық.

—Қорлыққа кім ашынбас қан қызатын,

Еткенде шер көкірек жанды зақым.
Осы да әділет пе байқұстардың,
Басына заман ақыр салғызатын.
Жалғыз ат мал дегенде маңдайында,

Сауын жоқ ағартатын таңдайын да.
Қоңыр құрым күркеде қосағымен,
Көре өткізген мезгілдік таңды, айын да.
Күн көрген жанын жалдап жалқы ұлан,

Ірікпейтін ықыласын халық мұнан.
Күмәнсіз адал еді, ешбіреудің
Ап көрмеген шаужай, не алқымынан.
Шабарман жалғыз атын белдеуінен

Сұрау жоқ беруі, не бермеуінен.
Шешіп ап, жақындаған жалтаң жанды
Сұлатты бір-ақ ұрып келдеуірмен.
Үйден шыға жармасқан шылбырдағы,

Сол-ақ екен сұм қылыш сыңғырлады.
Екіқабат келіннің жарылып жатып,
Жетті көкке Құдайға шыңғырғаны.

тарихи  жырлар
Күллі халық күңіренді, жан шошыды,
Ана, сәби жайрады қан жосылды.
Қанжарды жұрт лақтырды шыңырауға,

Шабарманға шамалы қамшы осылды.
Жарлы көнбес жалаңаш кісі аштыққа,
Тағаттықпен төздік бұл қысастыққа.
Қан-қарыз екі бірдей жүктеп кеткен

Қанішер қажыға біз тіс аштық па?
Бұғып өттік—кереңбіз, мылқаумыз деп,
Дат айтпадық шерліміз, сырқаумыз деп.
Мұқатуға құныққан момын жұртты,

Ойланбай-ақ ол үшін сылтау да іздеп.
Сұрату бар кісі өлсе құнды ұлыққа,
Еңсе езілді-ау, жігерді құм қылып та.
Әлі жеткен әр жерде соғып алар,

Адам деген бөдене, бұлдырық па?!
Қаңғып қалды сорлының түтіні өшіп,
Деп пе едің өшіксең біржола мұқым өшік.
Үзілді үміт ұрпағы іште кетіп,

Қатын қайда үй болар тұқым өсіп.
Біз де бердік арызды қажы берген,
Қажы ма екен жинайтын бажыны елден.
Азғын туған найсаптың есігінде,

Ғұмырлық құл—құм-сірке қажып өлген.
Мәңгі бақи құзыр қып құлдық ұрып,
Өліп жатыр өлсе де құл бұғынып.
Тегіңе тартпай, ей, тақсыр, әділет шеш,

Екі адамдық басы ашық құнды бұрып!

—Жетер, доғар жеке дау—сандырақты!

Ести-ести сасытқан сан құлақты.
Опынуға татымас ондай жанжал,
Қай бұтаға сауысқан саңғымаған.

қожеке
Не өнеді жанталастан құр алқынып,
Жүрмесін кісі өлтіріп құн артынып.
Әйтеуір көрер көзге күмәндісің,

Қай құдай қойды сені бұралқы қып.
Жегенде биің жүздеп, болысың мың,
Күн көрген қолтығында орысыңның.
Жеріңді ақ патша егер тартып алса,

Кінәлі келімсекке ол үшін кім.
Мен емес, сені өріске патша қылған,
Өз байың мен ақ патша тақсырыңнан.
Орындамақ ойменен жүрсің бе әлде,

Бізге қас құпияңды тапсырылған?

—Кім бәсі, өзі сүмелек келімсектің?

Біле тұра шындықты кейін серіптің.
Өз атын өзі ұдай қайталағыш,
О, тақсыр, көкек құстың кебін шерттің.
Тайқып өлсем келе ме басыма өрен,

Өлсем де түп шындықты айтып өлем?!
Өзің айтқан бұралқы «келімсекті»
Халқымның ата-жауы, қасы көрем!
Қисынсыз қиянатқа күйсін бе адам,

Зердені шежіре ашып күй шыңдаған.
Сонау Құмыл Баркөл мен аратұрық,
Бері қарай қонысы еді үйсін бабам.
Жер аттары қазақтың өз тілімен,

Аталып айғақ боп тұр сөз түрінен.
Өзеуреп Еженханнан бері қарай,
Сұқтанып келе жатырсың көз тігумен.
Жиені ұлы үйсіннің жалпақ қызай,

Оның да шер таласын тарқатқызбай.
Тағдыр дауыл тартылып апшымызды,
Бірге қуып келеді жан тапқызбай.

тарихи  жырлар
Кірлеттің киелі су, құт даламды,
Қорғаштап келген еді әр қадамды.
Тарылтқан ел тынысын шеңгеліңнен,

Бұл күнде Құдай менен будда қалды.

—Емессің шақырылған сыйлы қонақ,

Айттым ғой күнәң бар деп алғаш жолы-ақ.
Болмаса үкіметке қастандығың,
Аласың не себептен керуен тонап.
Дәлелсіз жала жапқан жай сөз деме,

Таппай қоймас іздеуші қай кезде де.
Әскерлерге тиісті қару-жарақ,
Үкімет бізге бөлген шай, кездеме.
Асуы Дағыты мен Нараттың,

Ішінде Жұлдыз таудың қабатының.
Сол таудың ұрымтал бір шұңғылында
Өтірік пе керуен тонап алатының?
Шеріктің еш біреуін қашырмапсың,

Тіл шығармай бәрінің басын апсың.
Әскері қару-жарақ керуен толы
Шыңбейді, қайда апарып жасырмақсың?
Не дәлелмен ағыңа сендіресің,

Арамдыққа алдымен сен кіресің?!
Бастығы өзің бұзылғанның, қарақшының,
Әйтпесе, қылмыстыны сен білесің!
Айтақсыз иттер үріп есірмейді,

Қылышсыз қылша мойын кесілмейді.
Қарақшы қабынса да, қағынса да
Бастықсыз ешбір іске шешінбейді.
Күмән көп шартараптан әлбетте,

Кеп түсіп жатыр құнды мәлімет те.
Киелі үкіметтің құрығы ұзын,
Ашылып келеді әлі-ақ бәрі ретке!

қожеке

—Қой, тақсыр, басың да аман, қазынаң да,

Онсыз да тартқанымыз аз лаң ба?
Қарғыс оғы қадалған жан-жараңнан
Дейсің-ау: «Қан ұрттасам, жазылам ба?»
Жоқ, тақсыр, бұл дертіңе ем қонбайды,

Шерменде боп шіруің—жеткен шағың.
Аңдасаң алған бетің енді оңбайды.
Айықпады аспан да сұр бұлттан,
Судай болып ағылды қып-қызыл қан.

Зымияндық, зиянкес алуан түрлі
Шыққан заман суайт та, сұм да ұлықтан.
Ұлық:

—Қазбалай мұншама түп-тұқиянды,

Көзімді мынау қалай шоқи алды?
Хан басыммен қараша салғыласып,
Теңсінбейді ордамды—құт ұямды.
Ақыры шыдап өлімге қиған басын,

Байқайын, темір болса, қиналмасын.
Керек болса шаяндай улы тілмен,
Көмейіне қорытып құй қорғасын!
Ашылар ажалының кілті, міне,

Іліндір жанын әкеп кірпігіне.
Бес жүз дүре, тырнаққа ине сұғу.
Және-және шарам жоқ іркілуге!
Кертолғау

Сүйреп әкеп тастаған сыз еденге,
Ұстап шаншу жауырын, тізеден де.
Жаңылып жаңа зорға жиған естен
Танады талмаусырап лезінде.

Үңіліп үрей сұмдық ожырайды,
Үзіліп үміт дәме қожырайды.

тарихи  жырлар
Ширап кеп тарқатылып ой арқауы
Жүнше қайта босайды, божырайды.
Санасы кіресілі, шығасылы,

Сездіріп алдан қауіп шығасыны.
Серпілді бір сәт сезім баяуқырап,
Адасқан ақыл-ойы—шын асылы.
Сипап көрді көнектей қас-қабақты,

Маңдайы қамшы тиіп қасқалапты.
Тұла бойы тұлыптай күп боп кетіп,
Дүмпуден дүре сау жер тастамапты.
Тырнақтың ине сұққан көбесі ірің,

Тірідей көрген бәрін көресінің.
Қыздырып табанына басқан темір
Құйқасын шымырлатты төбесінің.
Тепкіден бел-омыртқа жігі іріпті,

Ет босап, бүкіл дене жінігіпті.
Сау қалған күмбірлеген өзек қана,
Зардабы буындарға жүгіріпті.
Құйылды Сандыңжаптың сұр түсіне,

Дос жанына бір терең сыр түсіре.
Домбыраны нұсқады иегімен,
Жақ суалып, ойылған ұрт ішіне.
«Қайдасың, қажу білмес ұждан-жігер»

Қайраттан, борша үгіліп, болма ынжық ер!
Үкім айт қиналыстан қиянатқа,
Аңырап қос ішекті қозғап жібер!
Қасірет жанды жеген күл-қоқыстың,

Шарпыған шала бықсып күнде от ұшқын.
Тегінде теңдіктен бір дәмелі едім,
Дүние дұмын маған бұрды оқыс тым.

қожеке
Мыңымен жеке алысып миғұланың,
Демеп ем жүйкемді езіп не қыламын.
Діттеген деңгейіме жетпей жатып,

Желкені жер ортада қидырамын.
Әттең, менің аңқылдақ аңғал басым,
Көп екен әлі ешнәрсе аңғармасым.
Асау тағдыр аса ағып арнасынан,

Тастады ма қу жапан-аңғарға шын?!
Иығын жаба алмадым аш-арықтың,
Білсемші елдің досы, қасы анық кім.
Сан соқпақ, шимай шатақ ырық бермей,

Жығарын жарға бір күн нашар ұқтым.
Сүт судай молықпады, айран көлдей,
Өмірден өтіп келем жайнап күлмей.
Тобырлар тойынбайды дәл сол үшін,

Біткенім бе, алысып майданда өлмей?
Тұлдыр жоқ үзік өмір туырылықта,
Шаншылған шаңырағың құр уыққа.
Иреңдеп жылан өрген іргең бейне,

Мал емес, борсық жортпа, суыр бұқпа.
Ағыттым шер-шеменнің ескі ілгішін.
Уа, менің дана жұртым—ес білгішім!
Қапаста құсалықпен кері толғаған,

Бұл сазын жан түкпірдің естірмісің!
Кепілдегі кеш
Тілмаш:

—Қара су, тұзсыз наны абақтының,

Амал не тұрғаннан соң қарап күнің.
Шыққаным әдейілеп кепілге алып,
Бермек боп өзіңізге тамақ бүгін.

тарихи  жырлар
Май палау, қанттап шайын құйып отыр,
Түнеріп біздің сабаз тұйық отыр.
Ас батудың орнына у жұтқандай,

Мазасыз іші оттай күйіп отыр.
Ас—арқау, алыңыз тез, қорынбаңыз,
Іш жиып бізден жатқа жорынбаңыз.
Амал не, сіздің жайға түсінсек те,

Пендеміз, біз де дүрдің қолындамыз.
Қинаудың қияметін көп көрдіңіз,
Сұрақтың сұрқиясын өткердіңіз.
Ойлайық оңашада екеуара

Азаптан аман шығар өткелді біз.
Өмірде үш мәрте ерге нәубет келер,
Қадірлеп ұстай білген дәулет көрер.
Қылшаймас қыңырлықтың қырсығы ауыр,

Азабын өзі тұрмақ, әулет көрер.
Кетпестей тұрсаң да естен, жатсаң да естен,
Сан алуан сапырылысқан астаң-кестең.
Шарасын шаруамыздың шайқап талай,

Біздің де қилы қыспақ бастан кешкен.
Естіп пе ең Садыр атты қанұрықты,
Кеудесін кернеп ыстық қаны ұрыпты.
Мерт болған қорлықпенен мұқатам деп,

Құдайдан бір жас кіші хан-ұлықты.
Ыдырап бір заманда алты шәрі,
Халықтың кетіп бірлік, салты-сәні.
Біріне жеті қожа шәрі жетпей,

Қырғын боп қызыл қанға малтысады.
Қан сасып қаншама жыл Қашқария,
Сиыспас жеті қожа—Қашқария.
Түбінде айла тауып бәрін жеңген,

Піріміз—Аппақ қожа бас кәрия.

қожеке
Дау бар ма, бақ дарыса Тәңіріме?
Пекиннің Хан Ши патша әміріне.
Шарттасып мыңдап шерік—көмек әкеп,

Шықпас қып жауын тыққан қабіріне.
Шеріктің бодауына Шамсинұрың,
Алды да құдіретті Хан Ши мұның.
Тәж киіп, таққа отырып Аппақ қожа,

Билеген шашу қылмай барша ұйғырды.
Хан Ши хан сұлу сүйіп, құрақ ұшты,
Қытаймен қожа сөйтіп құда түсті.
Мәртебелі күйеудің сүйеуімен,

Хан болған Аппақ қожа—бұ да күшті.
Қыз кейде қырық пәледен құтқарады,
Ол барда бар ағаттық құпталады.
Кәдеге қыз жараса айып па екен,

Қыз тұрмақ, «ат аунаса түк қалады».
Ұстасып ұлықпенен не табамыз,
Қытай да адам, бауыр ғой, ет ағамыз.
Жүгінсек адалдықпен ымдаушыға

Тек сонда ырысты өмір ете аламыз.
Тұрғанда Құдай иіп, аңсары ауып,
Жәй қызға қызықпайды таңса да ұлық.
Қожеке көкке қолың жеткелі тұр,

Ойла артын, келіспесең, қанша қауіп!
Еркіңде, көксе мыңды, көксе бірді,
Халқыңыз қасіретке көп шегілді.
Басыңа бақыт құсы қонсын десең,

Ұлыққа қиыңыз қыз Көкшегірді!
Қожеке:

—Мұның қай есуастық тантығаның,

Шамшинұр салып кеткен салты мәлім.

тарихи  жырлар
Әйелдің сүттей аппақ жан сезімін,
Бойтұмардай қалдырған артына арын.
Түсіндім көмейіңнен аужайыңды,

Ұстатпан әлі ешкімге шаужайымды.
Қорқаудың ниет-сыры маған аян
Болмайды дұшпан мейір, жау қайырлы.
Хан Шидей қатыгез бес жендетті де

Шамшинұр Шен-панайға шендетті ме?
Алтын тақ пен тәжісін тырнаққа алмай,
Өкінтті озбыр сұмды шерлі етті де.
Дарытпай паң тәніне арам етті,

Оны болмыс ұжданды адам етті.
Кір жуытпай кісілік намысына,
Мөп-мөлдір таза күйде ала кетті.
Қанжарды ұрды өзіне—қақ жүрекке,

Ми суып, тамыр тоқтап, солды өкпе.
Тәлім ал қайта осы асқақ жаннан,
Сатылып тойғаныңа алжып өтпе!
Бермейді ел өжетті күнде өсіре,

Тап қылар тағдыр ақыр күндесіне.
Тапжылмай өз орнында қалып өлмей,
Адам боп қастерленбек құң несіне.
Жалғамақ әлін арам тамақ кімнің?!

Арбамақ ойын аяр қабақ кімнің?
Меншікті қапасыма барып жатам,
Есігін аштырғын, жүр, абақтының!
Соңғы саздар

Ұлық:

—Ашпасаң тілмашыма оң қабағың,

Десем де тілегіңді оңғарамын.

қожеке
Толтырмас тақымына сонша кім ең?
Мұның—ұлы басымды қорлағаның!
Табанда-ақ тәмамдаймын шын сырыңды,

Көптің бірі—көкпарлық шыбыныңды.
Қимасаң, сен өлдің не—шыбын өлді,
Қолдан түсті, кенет бір шыны сынды.
Екі жол, жағар жағы қай тарабың?

Келе ме ризық өмір қайталағың?
Енді бірі—сонда да қызыңды алам,
Өзіңді Құдайыңа қайтарамын!
Қожеке:

—Жоқ, тақсыр, сенен медет тілемедім,

Аспан ба, тастап жібер тілегенің.
Үй-ішім мен ұрпаққа у жұтқызып,
Қайтіп қана күнде мың тірі өлемін.
Тыңдап сатқын сен тектес тілмашыңды,

Мұз да қатты жүрекке, тіл де ашылды.
Аузы түкті хайуанға перзент беріп,
Ұжмаққа шығармаймын бір басымды.
Ар—асыл, дақ шалмайтын, ескірмейтін,

Есекке айт «ақылыңды» ес білмейтін.
Арынан жан садаға әдетім бар,
Доңызға тұнығымды кештірмеймін.
Таппаған табансыз қып қазақ ұлды,

Шеге алман тірі қорлық-азабыңды.
Көрмеген құқайы жоқ есіл елім,
Көп болса тағы тартар аза-мұңды.
Ақ тудым, адал өтсем, ақ өлемін,

Дей алман, тағы туып, тағы өлемін.
Халықым тұл қалдырмайды домбырамды,
Жалғайды келесі ұрпақ аға өнерін!»

тарихи  жырлар
Көстеңдеп темір көсеу от көседі,
Жайнатып жерге жедел шоқ төседі.
Бас-қасында қаздайып басқарып тұр,

Қара жүрек әмірші—сот та осы еді.
Жалаңаш бел бөкседен шоққа қарып,
Желкеден жендет төнген шоқпар алып.
Екі иықтан екі сұм басып отыр,

Мезгіл тұр соңғы демді шотқа қағып.
Қошқыл түтін қоңырсып будақтады,
Құйын оны ширатты, шумақтады.
«Домбыра ұстат, өзара күйін тартсын!»—

Деді ұлық, өзгелерін шулатпады.
Он саусақ от ішінде жалын шалқып,
Жатса да сай-сүйекті, жанын шарпып.
Жиды соңғы қуат пен сабырлықты,

Намысқа жат сескенсе, жалынса артық.
Түнерген өртенгендей сұрқы-ажары,
Дегбір таппай бала да жұрт азалы.
Бұлқынған жендеттердің бұғауында,

Ұлына арналған күй—«Нұрқазары».
«Қош бол, елім, өркенде, дін аман бол!
Қарт ата-ана, әз аға, іні аман бол!
Жарлы менен жалшыға жанашыр бол,

Қасқа қатал түйіліп бір адам бол!
Қауашақ ашылмаған, гүл бүршігім,
Көкшегір—құлыншағым, бүлдіршінім.
Араны айдаһардай алпауыт тұр,

Оба ма, ертең, әлде күн бүрсігүн?»
Мұңы ортақ, шаттығы ортақ жамағатым,
Болса егер, кешіре гөр және ағатым.
Пәк күйде қатер төнген Көкшегірім

Сенерім келешекке аманатым.

қожеке
Бұл ғажап жаһаннам ба, о, қай ғажап!
Шыжылдап отқа түспек оңай азап.
Ортаңда ойнақ салып орғып өткен

О, қош бол, мені білген «ноғай-қазақ».
Қос сарнау: «Теңізбайға», «Тойымбайға»
Өтеді ең ақыры «тойым» қайда—
Білмедім, ақыреттік ерте болдым,

Сайрандар бұрынғыдай ойын қайда?
Қош, достар, Теңізбай да, Тойымбай да,
Тәңір-ау, қайғыны адам мойындай ма!?
Ел-жұртты, домбыраны өгейсітпе,

Тірлік ет, жылқыны жай, қойыңды айда!
Бебеулеп қиналған күй ыңыранды,
Есіркеп, самал шайқап ығына алды.
Лап етіп қол домбыра кетті жанып,

Құлақта қос ішектің «дыңы» қалды.
Паң ұстап кеудесін тұр «пақыр ұлық»,
Сонда да іште арамдық жатыр ұлып.
Көзіне күй құдірет елестеді,

Нұр-сағым жөнелгендей атып-ұрып.
Ышқынып күйзелген күй ырғатылды,
Қамалдан қаша беріп қорға атылды.
Дала, орман, тау менен тас құшаққа алды,

Әлдилеп күй-данышпан, жыр-батыры.
Жетім күй шошып бейне жерден жеріп,
Әкетті көкке шырқап жел дем беріп.
Қара күйік шейітке қарыздар боп,

Қалды қамал, зорлық-шерменделік.
Сарқылды-ау сабаз жанның асқар ары,
Бұл үшін тау қаралы, тас қаралы.
Табиғат дәті бармай қиналып тұр,

Айтуға мына сұмдық масқараны.

тарихи  жырлар
Іле іркілді бата алмай Балқашынан,
Балқаш жатып тулады шалқасынан.
Ашумен аударылған нән толқындар,

Жоқтау ұқты жағаның жартасынан.
Жел жайды Жетісу мен Жеменейге,
Апыр-ау, міскінді ешкім жебемей ме?!
Панасынан айырылған пақыр күйге,

Тұрақ жоқтай көк өгей, жер өгей ме?
Толғантты Жұлдыз дағы Торғауытты,
Торғауыт күйден күшті толғау ұқты.
Ұқты олар қасіретті қапталдан кеп,

Қазақ тағы у ұрттап, сор қауыпты.
Күңіренді Аттың тауы, Көксу, Құштай,
Бермейтін бет әлпеті көп суға ұқсай.
Көлкілдеп көбіктеніп тұрып қалды,

Көлбеді көтеріліп көк бу да ұшпай.
Қаңғырды қара балақ қаңғалақтап,
Құс лағып, қонағынан қалды алақтап.
Қырандай қиялданып қияда жүр,

Тұғырға дәл қонудан жаңғалақтап.
Кеудесін кәрі мұзарт күркілдетті,
Сапырды құздан бұрқ-сарқ «күркілдекті».
Хантәңір қапалықтан қатып-семген,

Томсарып содан бері бір күлмепті.
Шалкөде, Іле басы дүр сілкінді,
Дегендей «Қорлыққа сап тұрсың кімді?»
Теңселіп терең ойда Айғай тас тұр,

Қапшағай тар өзегін күрсіндірді.
Шайқалтты дауыл да аза ауыл үстін,
Көрген жоқ ондай естен ауып ешкім.
Кеткен жоқ көкіректен әлі табы,

Аһ ұрса-ақ атқылайды ауыр ұшқын.

қожеке
Нұрқаның зары:
Дегендей алдың тыныш, артың тыныш,
Алаңсыз, аяулы жан, ал тыншыңыз!

Бірақ та қасқағымдай өте шыққан,
Осында бесінші жаз, алтыншы қыс.
Соңғы қыс—жұттың қысы, қаралы да,
«Ұлықтың іліктірген қаламына».

Өртегіш тірі айдап кеп адамды отқа
Тап қылған қасіреттің қаламына,
«Әлден-ақ төске қарғып, басқа ыршыды,
Қаймықпас әкесіндей, қасқыр сынды.

Қимаса бақиына бірге кетсін,
«Жоғалт!» деп дарға астыртты жас қыршынды.
Айғайдан «Әке, қош!» деп дар ағаштан,
Шатырлап, сынып құлап бара ма аспан?!

Ең соңғы шерткен күйі от ішінде,
Әкелік соңғы мейір балаға ашқан.
«Түгел боп кем-кетігі тұрмысының»,
Қарық боп қанға бөгіп тұрды сұмың.

Әкенің жанарында қалды сурет—
Дар ағаш, тұла бойы тұңғышының.
Көпсінген көрер күнін оған дағы,
Опасыз мезгіл шіркін оны алды.

Артынан әкесінің іздеп шығып,
Ауылға Нұрқа сөйтіп оралмады.
Оралды күй мұңында жоқтауы боп,
Кек күші керген садақ оқтаулы боп.

Шоқ-жалын дар ағаштан әке-бала,
Ауылға аза жетті от-дауыл боп.
Аза-мұң тұншықтырды ауыл үстін,
Көрген жоқ ондай естен ауып ешкім.

тарихи  жырлар
Кеткен жоқ жүректерден зардабы әлі,
Аһ ұрса-ақ, атқылайды ауыр ұшқын!
Оңдыра ма қырық пышақ қиян-кескін,

Сен қисапсыз қинауда қиял кештің.
Содыр мінез соқтыққыш сол тұстағы
Емес еді заманнан қияңқы ешкім.
Айналдым алған адал мұратыңнан,

Ұмытылмай ұрпақтарға ұнатылған.
Күй болып көкіректен тасқындаған,
Екшеткен елдің зары, мұңы ақылдан.
Қасқайып әлі қарап тұрғандайсың,

Өнерде өзің шыққан заңғарыңнан.

«Бисмилла» деп қолыма алдым қалам,
Анық ақын емеспін салдырлаған.
Көңілшек мінезім бар жігіт едім
Шамаша құрбы сыйлап жалбыраған.

Артықша оқуым көп молда емеспін,
Аз ғана хаттығым бар тандырмаған.
Білгенді хатқа жазып, құрбыларым,
Жан едім кісі көңілін қалдырмаған.

Орамды сөзге жүйрік жорға емеспін,
Тозаңды аяғына шалдырмаған.
Созымды сөз табатын өнерім жоқ,
Айғайлап топ ішінде даңғырлаған.

Мырзалар күпілдеген толып жатыр,
Өңешін босқа созып қаңғырлаған.
Жігіт жоқ іші-сырты бірдей таза,
Жарқырақ пияладай саңғырлаған.

Әншейін мирас болсын деп жазамын,
Туып жүр бұл уақытта әрбір заман.
Бай баласы мырзалар малға айналды,
Ойнаған жас баладай балдырлаған.

Талапсыз, бекер жүрген жас мырзалар,
Жүректі бір қуантып жандырмаған.
Аңызсыз адамдар да жоқ емес қой,
Айылды босқа шауып шандырлаған.

Ойласақ осы күнде заман басқа,
Заманға лайық біткен адам басқа.
Замана қалай болса солай болып,
Шара жоқ жігіт адам жаралмасқа.

Арғынбектің жыры

тарихи  жырлар
Алды дария, арты жар заман болды,
Әр халық ойлайды ақыл қамалмасқа.
Аралап дүние жүзін көрмесем де,

Айтайын білгенімді замандасқа.
Аз оқып, көпті көріп ғибрат алған,
Ғұсуси парасатты амалдасқа.
Білімнің қадірін пенде көрсе керек,

Керек болса іздесең таба алмас та.
Ғылым, хикмет иесі адамдар бар,
Әр уақыт оныменен арандаспа.
Бір хикмет бар шығар ойлағанда,

Басқа ұрып кетсе де жамандаспа.
Сахарада жан сақтаған атам қазақ,
Заманы осы күнде болды ғажап.
Әр халық ғылым оқып көзін ашты,

Қылады басқа жұртлар бізді мазақ.
Біреудің күнкөргіштік малы болса,
Мықтымыз күн көруге соны қажап.
Бұл күнге біраз жылда зар боламыз,

Қайран ел, заманымыз қалды-ау аз-ақ!
«Байқұс-ау нені көріп жүр?» демеңіз,
Дәм қарыздан құтылайын, елім—абақ.
Бұл күнде дүние жүзі теңселіп тұр,

Өрт шалып келе жатыр бізді қамап.
Көп екен аузын ашқан айдаһарлар,
Тамсанып келе жатыр бізге қарап.
Бұл күнде дүние жүзі қозғалып тұр,

Әр халық ғылым іздеп кетті тарап.

Тараған үш жүз болып қазақ ата,
«Жалаңаш баба» деген берді бата.
Есіл, Нұра, Еділ, Жайық өзендерін
Мекендеп жүрген екен дәмін тата.

Кіші жүз—жағалбайлы, шекті, жаппас,
Сол жерде орын салып қалды жата.
«Алтай тау, Арқа деген кең жер бар» деп,
Орта жүз көксеп тұрды көзін сата.

арғынбектің  жыры
Ұлы жүз—үйсін деген ол да төмен,
Ерлікпен шығарды атын жарқырата.
Ғалия, данышпанлар, түзетіңлер,

Сөзімде артық-ауыс болса қата.
Шежіре, шешендерден ұққаным бар,
Аралап көрмесем де дәмін тата.
«Сырдария» деген жер малға жайлы,

Құлындатып өсірген туған тайды.
Баласы орта жүздің сонда тұрды,
Бұрынғылар көрді ғой осындайды.
Иін бүтін, ішкен ас—тоқ заман ғой,

Айырып білмейтұғын жарлы-байды.
Орта жүз—арғын, найман, уақ, керей,
Өткен заман күнде той, күнде мерей.
Атақты қоңырат, қыпшақ өскен халық,

Заман ғой тоятұғын ішпей-жемей.
Қамқор боп бір-біріне жаны ашиды,
Жоқ болса білдірмейді, бәлен демей.
Сыймайды орта жүздің малы жерге,

Жер керек мал бағатын қалың елге.
Адамы орта жүздің ақылдасты:
«Кетелік Арқа деген сары белге».
Ел бастап жер табатын асылдар бар,

Ұқсайды жан баспаған сары белге.
Ақылын сол заманда береді жұрт,
Саспайтын, қорықпайтын—батыр ерге.
Құдайым, асыл ерге нұр жаудырсын,

Тарлықтан шығаратын жұртты кеңге.
Ерлер бар жарқыратып ту ұстаған,
Әулие адамдар бар дін ұстаған.
Бір Құдайға сиынған батырлар бар,

Дұшпанын қарсы келген қылыштаған.
Ел үшін қара басын құрбан етіп,
Жауларын қарсы келген жұмарлаған.

тарихи  жырлар
Байлар көп берекелі, тартпайтұғын,
Дәулетін еш аямай тыныстаған.
Тілеулес жұрт адамы бірыңғай боп,

Күндестік бір-біріне қылыспаған.
Орал тау, Еділ, Жайық болар басы,
Қатарлас болады Ордың Қарағашы.
Қара ағаш сол заманда моңғұл жері,

Көп екен жер туралы тайталасы.
Шүйгін жер қалмақ, қазақ мекен еткен,
Симайды төрт түлікке сай-саласы.
Ар жағы Қара теңіз деген жер бар—

Моңғұл, татар мекені айналасы.
Көңілдері жоғары соғып кетіп,
Орта жүздің бұрылды басы қайта.
Әр халық мекен алып орнықпаған,

Дарыған батырлық бар кәрі-жаста.
Сол күндегі адамның тілегі бір,
Болмайды ұмытпайтын көңілде кір.
Ағайын екі кісі араз болса,

«Табыстырып қоялық, бәрің де жүр».
Сол күндегі адамды «надан» дейміз,
Сырты надан болса да көңілі нұр.
Ораза мен намазға рас жалқау,

Ақ пейіл, халал жүрек, Құдайға құл.
Адамның іш дүниесі таза болса,
Дұғасы қабыл болады—сонда мақбұл.
«Алхамало белниет» деген хадис,

Ижабат ықыласпен болады біл.
«Иләһи халу бикум» деген хадис.
Сол күнде Россия кеңімеген,
Алдап алып жүреді ебіменен.

Параход, шойын жолдар салынбаған.
Артықша жүре алмайды түбіменен.
Хайлашыл Катерина қатын патша,
Салдырған Петірборды еліменен.

арғынбектің  жыры
Соғыспай әрбір жұртты қаратады,
Ақылын қосып алып теңіменен.
Білдірмей қандай жанды алдап қояр,

Әйтеуір пайдаланар жөніменен.
Молайтқан жер мен суды осы қатын,
Сонда да еш нәрсесі кемімеген.
Түркістан, перғауындар өзі патша,

Ханы бар моңғұл, татар—бәрі басқа.
Молдалар мағынасын парасат қыл,
Әр істі ықыласпен қылсаңыздар,
Боласың рахматқа сонда уасыл.

Сенеді «Құдай» десе айтқан сөзге,
Жас алар қорыққаннан екі көзге.
Біреуге біреу қастық ойламайды,
Ақ пейілдің жері көп онан өзге.

Бір адам жұрт ішінде қисық болса,
Салады жұрт жиылып оны тезге.
Алжыған шал өлсе де от басында,
Жиылып отырады көп қасында.

Ағады дариядай көздің жасы,
Мархабат таппаған соң тоқтасын ба?!
Атақты жұрт иесі ер өлсе де,
Бұл күнде шын қайғырып жоқтасын ба?!

Жоғалса бір адамның жалғыз тайы,
Табады тегіс қарап жарлы-байы.
Адамға адам жаны ашымайды,
Құрбылар, бұл заманның кетті жайы.

Осы күнгі жандарда береке жоқ,
Бұрынғы қайран заман, өтті-ау айы.
Біреуге зиян-зәбір болмасын деп,
Мейірбан адамшылық көптің ойы.

Мал айтып сойса дағы ат шаптырып,
Күнде базар таусылмас жиын-тойы.
Жанашыр бір-біріне болғаннан соң,
Әркімнің тұрар басында абыройы.

тарихи  жырлар
Қадірлі үлкен үйдің сандық кілті,
Жұртта қалса тоқтайды көшкен ұлты.
Қанша кісі, бозбала шауып барып,

Тауып алып келетін ескі құрды.
Ала көз, қырын қабақ ғұрпында жоқ,
Баққаны күнде сауық, ойын-күлкі.
Бұл күндегі адамның іші кірлі,

Жыланша жылтырайды бекер сырты.
Адамның кір болған соң жүрегінде,
Аз болар қабылдығы тілегінде.
Өз жанындай көретін мейірбандық,

Бұл заманда табылмас біреуі де.
«Қалайшадан табылар адамшылық?»
Деген ақыл болмай тұр билерінде.
Береке мен ақылы құралады,

Жұрт болып ел ақтарға кірерінде.
Бытырап арық қойдай жүрміз тозып,
Алалық, қаскүнемдік дерті қозып.
Бір адамның айрандық малы болса,

Сөйлейді өзі жеке жұрттан озып.
Адамға ашымайды адам жаны,
Біреудің жауға кетсе жиған малы.
Мырзалар, оқып ғибрат алыңыздар,

Осындай жұртымыздың кетті-ау сәні.
Өзіне-өзі дардай көрінеді,
Біреудің күн көретін болса дәні.
Оқу менен өнерден жан қалады,

Шаппайды жауға қарсы малдың саны.
Ойлайтын осы күнде қалмады адам,
«Қалай болар,—дейтұғын,—жұрттың қамы».
Аңша орғып бетіменен жүрген қазақ,

Паналап тау арасын өтті тағы.
Атаға бала жаны ашымайды,
Қайғырып қамын ойлап жасымайды.
Бола ма бүйтіп жүрсе адамшылық,

Арқасын бала атаның қасымайды.

арғынбектің  жыры
«Ағайынның жоқ малын қарас» десе,
Болатындай көреді басыбайлы.
Үлгі, тиым, береке болмаған соң,

Жақсылар елін қайтіп асырайды?!
Адамдардың бәрі де шоқ ұстап жүр,
Желге тисе өрт болып шашырайды.
Білім жоқ мырзалардың көбі надан,

Атқандай көңіл ашпас насыбайды.
Атадан біржолата бала кетер,
Бейшара, бір қайрылмай дала кетер.
Бауыры бірге туған рақымы жоқ,

Айрылып інісінен аға кетер.
Әкесі кедей болса ұл қарамас,
Жатса да аштан өліп бір қарамас.
Жақсылар, бұл мінезді тыймасаңыз,

Жаман ғой түбімізге, тым жарамас.
Жанашыр жақынынан болмаған соң,
Бұл қазақ отырады кімге аралас?!
Кедейін тастап кетер бай ағайын,

Алып жүр көтергендей қай ағайың?
Шұбырып қайда барса кезіп жүрер,
Төрт түлігі қолында сай ағайын.
Бірге туған бауырлас жұртта қалып,

Ертіп кетер түс таныс жай ағайын.
Большевик партиясы мұнан шыққан,
Мархабат ойлаңыздар, әй, ағайын!
Көзіме жақсы-жаман не көрінер,

Қалам ап ел-жұртымды аралайын.
Ешкімге қайыры жоқ надандарды
Құрбылар, адамдыққа санамаймын.
Жазайын қорынбастан сөз анығын,

Сиынып бір Құдайға паналайын.
Сөзіме «роман» деп ат қойған соң,
Әр істі өз атынша шамалайын.

тарихи  жырлар
Құдайға сенген адам құстай ұшар,
Жігітті надандық байлап, қатты тұсар.
Қолыма қалам алып сөз ойлансам,

Көрініп талай мінез бойды қысар.
«Талапты ер тау кеседі» деген мақал,
Ер жігіт тәуекелге ерте басар.
Гауһар тас су түбінде тат болмайды,

Оқыған данышпандар соған ұқсар.
Бір сөз бар нақылият бұрынғыдан:
«Білгендер қиссалардан,—деген,—ұғар».
Әр түрлі халықтардан ғибрат алсақ,

Білгенді жариялап хатқа салсақ.
Ағалар, біз пақырды сөкпеңіздер,
Арық қой секілденіп жұртта қалсақ.
Көз ашып, жас мырзалар, оқысаңыз,

Қарағым, ұғар едің тілің тамсап.
Бар болса жұртымызда шын талапкер,
Қайғырып отырмас ек босқа шаршап.
Ұлық пен бай баласы өнер тапса,

Айғайлап айтар едік жұртқа жар сап.
Ұшқан құс жан-жағынан өте алмайтын,
Кезікті алдымыздан қиын тар шат.
«Құл алдында құрулы талқы» деген,

Бұл ғадет оңдырмайды-ау, қайда барсақ.
Үкі тағып бұлғақтап, ел қыдырып,
Мырзалар, баспаңыздар босқа талтақ.
Оқу оқып, өнер тап, қарақтарым,

Қашаған ат секілді болма жалтақ.
Бір күні кез боп қалсақ айдын көлге,
Қайықсыз өте алмаймыз қолмен малтап.
«Заманы қалай болса бөрік солай»,

Ертерек ақыл ойлап, енді жан тап.
Мырзалар, ойламаңыз: «Өлең ғой деп,
Хат жазған қалам алып өнер ғой» деп.
Заманның ыңғайына қарағанда,

Ойлаңдар әртүрліні көрем ғой деп.

арғынбектің  жыры
«Жау қарасын көрмей қаш» деген мақал,
Біліңіз, жақындасам «адам ғой» деп.
Қараңыз дүние жүзі қандай болды?

Әр сөзді естіп-көріп келем ғой, деп,
Көңіл соқыр болса да, көзім бар ғой,
Рас-ақ, осы көзге сенем ғой, деп.
Ынтымақ, қолда қару болмаған соң,

Не деген жарлығына көнем ғой, деп.
Ноқталап сүйреген соң кім қалады,
Бас ауырса жетекке көнем ғой, деп.
Ойлаңдар ата-бабаң айтқан ақыл:

«Кеш қалсаң ес кетеді» деген ғой, деп.
Ағалар, көзбен қарап байқасаңыз,
Мың қойды жалғыз қасқыр жеген ғой, деп.
Иншалла, осы сөзім жұртқа қызмет,

Ойлаңдар мағынасын терең ғой, деп.
Келе ме ойласаңыз ажал айтып,
Кетер ме «қой!» десеңіз кейін қайтып?!
Заман да ойласаңыз сол секілді,

Жүрмелік қам ойламай, көңіл байытып.
Білмейді хикметтің ешкім сырын,
Неше жыл жолдас болып, мехнат тарттық.
Хүкіметке жолдас болған адамдардың,

Ақылы әрқашанда болады артық.
Сенбейді заманаға кейбір жандар,
Бір күні ақ түйедей кетер тарпып.
Хабар жоқ еш нәрседен болма ғапыл,

Надандық күн-күн сайын келеді артып.
Ілгері заман үшін болар пайда,
Жас күнде оқып қалсаң, ерте қарпып.
«Пәленшекең ауылының әйелдері—

Сұлу» деп күн өткізбе, босқа тантып.
Жұрт едік кең далада малды баққан,
Мал сүтін тамақ қылып жанды баққан.
Бір адам жұрт қамына ақыл айтса,

«Мынауым тыңдады!» деп санды қаққан.
Ол адам, ол заманның бірі де жоқ,

тарихи  жырлар
Тарылған заман келді қанды қақпан.
Шығарып алатұғын досың бар ма,
Жабысып, тістей қатып қалды қақпан.

Анталап арғы жақтан, бергі жақтан,
Әркім тамақ табуға салды қақпан.
Көзіміз күнде бәрін көріп тұр ғой,
Нақақтан жала жауып, зар жылатқан.

Жас қозыдай үйшікке қамап алып,
Телміртіп қараңғы үйде жаудыратқан,
Жазықсыз қамап алып қысым жасап,
Сүйегін талай ердің саудыратқан.

Соларға үйіп-төгіп тыға берсек,
Көрінер өзімізге осы мақтан.
«Қайтіп жұрт бола аламыз?» деп ойламаймыз,
Қайғысыз күліп-ойнап босқа жатқан.

Николай, Манжу хандар кетті қайда,
Неше мың жыл орын алған алтын тақтан?
Мысалы бұрынғының келген жоқ па,
Айырылды талай жандар қалың бақтан.

Адам өзі бұзылса бағы кетер,
Бағы толық, мырзалар, енді сақтан.
Құранда, хадислерде оқылып тұр:
«Пендеге қылған ісің—зауал Хақтан».

Заманды бұрынғыдай демеңіздер,
Сөзіме құлақ салып, елеңіздер.
Күн бұрын ақылдасып, бас құраңдар,
Өткенге қайғы-уайым жемеңіздер.

Билік қолда тұрғанда ұмтылыңыз,
Күн болды шара тауып, себеп іздер.
Көз ашып ояныңыз, абақ—жұртым,
Күні бүгін жүргенің ескі ғұрпың.

Берекелі ғұрыптан тағы жоқпыз,
Баяғыдай қайда әзіл, ойын-күлкің?
Бытырап әрбір жерде көшіп-қонып,
Орынсыз шығын болды жиған мүлкің.

Татулық, жанашырлық, мархабат жоқ,
Жыланша жылтырайды бекер сыртың.

арғынбектің  жыры
Арамдық жүрегіңе қонғаннан соң,
Бірі май, біреуі қан болады ұртың.
Бас қосып, ақыл құрап жиналыңыз,

Заманның көріп тұрсың әрбір қылпын.
Мырзалар, заман халін ойласаңыз,
Жауға қарсы шықпайды қой мен жылқың.
Пікірлі, ақыл тапқыш, епті озады,

Бос қалар бой түзеген талай сылқым.
«Жау қайда? Жар астында!» деген сөз бар,
Құдай аман сақтасын жұрттың ғұрпын.
Таң атып, басқа жұртқа күн шығады,

Біздің ел сәуле көрмей тұншығады.
Қолыма қалам алып сөз ойлансам,
Азырақ біз пақырдан сыр шығады.
Осыны ойлап-білген жігіт бар ма?

Әр түрлі заманадан қыр шығады.
Халыққа ғибрат үшін таратуға,
Арғынбек пақырыңыз қымсынады.
Талапты бай баласы, мырзаларға:

«Қарағым, оқышы» деп ұсынады.
Қамалып биік жарға қалса жұртың,
Айырып сонда сүйреп кім шығады?
Сонда сүйреп шығарар ұлық кісі,

Ақылды, көңілі ояу, тұнық кісі.
Халқына «Мынадай!» деп жол көрсеткен,
Жұрт ұстаған ерлердің біліктісі.
Ел түзеп, идаятқа басшы болған,

Ұлықтың ақыл тапқан қылықтысы.
Сасқанда жол табады білген кісі,
Кең күнде ақыл ойлап жүрген кісі.
Бір іске жарамайды, таршылықта

«Надандық қор қылар» деп күлген кісі.
Құтылады ақылын тапқан кісі,
Иіріп елін қойдай баққан кісі.
Жау қолында қор болып кете берер,

Қайғысыз, қам ойламай жатқан кісі.

тарихи  жырлар
Күн бұрын қолда қару болмаған соң,
Әр іске бір ұмтылар сасқан кісі.
Жалқаулық, жадағайлық, жаман ғадет,

Ерте ойлап құтылады қашқан кісі.
Мырзалар, жас кезіңде надан қалма,
Болады оқып-біліп жастан кісі.
Әр уақытта артына белгі тастар,

Қай жерде біліммен көз ашқан кісі.
Я, Алла, есіне сал мырзалардың,
Білмеген соң белгілі құр қаларың.
Абақ ел көзін ашып оянбаса,

Қиябет кезігіп тұр сырғанарың.
Сіздерге заман міндет болды, байлар,
Жауға қорған болмайды малдан айбар.
Аяма малыңызды халал жолға,

Балаңыз надан болса көзі жайнар.
Түк білмей, жаутаң қағып қарап тұрса,
Қор болып зығырданың сонда қайнар.
Сенбеңіз, аяқты мал таусылады,

Неше байлар жоқ болған толған сайлар.
Алланың өзі берген халал малын,
Берген зекет жоқ болса, жауың шайнар.
Өнерлі, білімділер мыңды жығар,

Не секілді тұлпардан озды тайлар.
Құдайым малды берді: «Бағып жүр,—деп,
Кеңшілік құдіретімді танып жүр,—деп.
Сіздерге малдан зекет парыз қылдым,

Әміріме қарсы келмей, танып жүр,—деп.
Берген халал малымды арамдамай,
Әрқашан мені есіңе алып жүр,—деп.
Ұстай бер дүние, ақырет, керегіңе,

Парыз қылдым қажыға барып жүр,—деп.
Зекетсіз мал бұйырар дінсіздерге,
Қор болып талай байлар арып жүр,—деп.
Әржақты ақыл, пікір ойлаңыздар,

Босқа Алла жаратқан жоқ—шауып жүр» деп.

арғынбектің  жыры
Жалшы алыңдар малыңды бағатұғын,
Ерінбей аңдып, бағып-қағатұғын.
Балаларды босатып оқуға бер,

Өнер тауып жұртқа олжа салатұғын.
Ойласаңыз, мырзалар, заман келді,
Надан кісі қор болып қалатұғын.
Мырзаларды, әкесі қор қылмаңдар,

Оқу оқып жасында өнер табатұғын.
Ат мініп, ыржың қағып, ел қыдырып,
Заман жоқ бұрынғыдай шабатұғын.
Енді қамдан, мырзалар, жатпаңыздар,

Жігіт болсаң айтқанға нанатұғын.
«Жағаласса жан қалар» деп еді ғой,
Күн болды жау жағадан алатұғын.
Азуы алты қарыс жолбарыстар,

Әр жерден табылып тұр қабатұғын.
Бас қосып, ақыл құрап қамданыңдар,
Заһарлы айдаһар көп шағатұғын.
Түсіне шыдамайтын аюлар бар,

От болып екі көзі жанатұғын.
Анық байқап ұғыңдар, айыптамай,
Сөзім сол естеріңе салатұғын.
Заһары ауызынан шығып тұрған,

Байқамасаң қабан көп шалатұғын.
Мырзалар, бекер-босқа тастамаңыз,
«Тәтті сөз емес қой,—деп,—қанатұғын».
Аралап дүние жүзін жаңа жеттім,

Үлкен той болып жатыр баратұғын.
Ұлықтар, ел-жұртыңды жиыңыздар,
Тентек пенен тебізді тиыңыздар.
«Ақыл айтып пендемді түзеп тұр» деп,

Артықша Құдай берген миыңыз бар.
«Тақсыр!» деп жанның бәрі тік тұратын,
Салтанат, абырой-бақыт, сыйыңыз бар.
Әр жерге мектеп салып, бала оқытып,

Тамырын надандықтың қиыңыздар.
«Хан түзелмей, халқы да түзелмейді»,
Деген сөз, барлық басшы, ұғыңыздар.

тарихи  жырлар
Сіздерді Алла жаратты елге бас қып.
Гауһардай жарқыратып, асыл тас қып.
Аттарыңыз хандарға мағлұм болды,

Құдайым атақ берді сонша бас қып.
«Әділдікпен құрғатып жіберер» деп,
Алдыңызға бармақпыз көзді жас қып.
Жұртыңызды аралаңыз атқа мініп,

Өстіңіз жас күніңнен таққа мініп.
Арам менен алалды тексеріңіз,
Ел кетті арамдықты жатқа біліп.
Алалды табанына салып алып,

Төсеп алды астына мақтан қылып.
Әр жерге жұрттарыңыз тозып кетті,
«Пәлен жер» деп өкпесін созып кетті.
Мал қуып, барымталап, ұрлап-қарлап,

Осындай пәлекеттер қозып кетті.
Арамға тыйымшылық болмаған соң,
Жақсыдан жаман адам озып кетті.
Ұры болып тегіс атқа мініп кетті,

Әр адам өз білгенін қылып кетті.
Япырым-ау, бұл не деген заман болды,
Шетінен жамандыққа жылып кетті!
Адасып айдалада қалды момын,

Мойнына жырындылар іліп кетті.
Ұлық қайда, ол қайда, мекен қайда?
Бытырап, бет-бетімен жүріп кетті.
Бөрі етектен алғанда, жау жағадан,

Бір адам жоқ мал жоқтап, дауламаған.
Нақақтан бір-біріне пәле салып,
Адамды малдан оңай саудалаған.
Бірін-бірі қиратып, мал тарттырып,

Адам бар ма шығынға аунамаған?
Мұнан да белгілі жау өзі жақсы,
Ел бар ма бірін-бірі жауламаған?
Бір адам бұзақылық «өнер» тапса,

арғынбектің  жыры
Көтеріп барлық адам қаумалаған.
Қиыр жайлап, шет қонып жүрген жерде,
Кісі бар ма көз жасы сауламаған?

Осындай жұрт болдық па, ойлаңыздар,
Мархабат, әм әділдік ойламаған.
Ұрлық-қарлық көбейіп, басқан-тұрған,
Адам бар ма, байқасаң, зарламаған?

«Ұрлық, зорлық қылмаңыз, бұқаралар,»—
Деп айтып, хүкмет жоқ жармалаған.
Кетеді қалам алсам қайғы жеңіп,
Кім айтар, осы ақылды жайлы көріп.

Жазамын замандағы хабарларды,
Мырзалар оқи ма екен, сыйлы көріп.
Салайын ерте күнде естеріңе,
Күн бұрын, ағаларым, хабар беріп.

Ойламай «қалайша?» деп қалмаңыздар,
Сөзімді осы жазған зиян көріп.
Көзі ашық, көңілі ояу асылдарға
Сөйледім бұл сөзімді тура көріп.

Білгендер жазғанымды миға салар,
Қапия, ғажап емес, қалар көріп.
Орта жүздің Сырдариядан аууы
Сөзімді бастап едім ішкі жерден,

Таратып шығарайын төменгі елден.
Оқысын ғибрат алып жас мырзалар,
Хат біліп, қара танып, ғылым көрген.
Мен пақыр білгенімше аямастан,

Әрбірін мағлұм әйлап хатқа терген.
Жастарға бір мінәжат болар ма деп,
Ерінбей уақыт тауып жазып берген.
Орта жүз—арғын, найман, қоңырат, қыпшақ,

Сайланып уақ, керей мылтық ұстап.
Сол күнде моңғұл, қазақ араласып,
Сілтейді бір-біріне қару нұсқап.
Күнде топ, күнде жиын—жау заманы,

тарихи  жырлар
Жүрмейді жігіт саспай, жайлап-қыстап.
Адамның көңілі ауған соң тоқталар ма,
Мекендеп тұруына болмайды еш бап.

Атысты қазақ, қалмақ жиылысып,
Қаптады қалың әскер құйылысып.
Сол соғыста қазақты қалмақ жеңіп,
Жаушылық тоқтамаған тиылысып.

Ол күнде бұл орта жүз Сыр бойында,
Жүреді өткен істер кім ойында?!
Айтқанынан қайтпайтын ерлер бар ғой,
Қайырылып қарамайтын—тоңмойын да.

Бір беттеген жағынан қайрылмайды,
Бойтұмар бір атқа алған бар қойнында.
«Кең жерге елді бастап кетелік,—деп,
Алтай тау, Сарыарқаға жетелік,—деп,

Орта жүз баталасып көшіп кетті
Сіберски жеріне өтелік,—деп.
Артымызға неше мың шерік салып,
Осындай сақтықпенен көшелік», деп.

Арғыннан ер Қазыбай бастап елді:
Жақсы деп тұрып қалды Семейтауды.
Өскенбай жаңа талап жігіт екен,
Аянбай көрсететін омырауды.

Келген жердің бәрі де моңғұл екен,
Шауып, қырып шығады тосқан жауды.
Ақмола, Торғай, Семей барды арғын,
Оңтүстігі Ақ шәулі, Қоңыр шәулі.

Қазақтан он миллион Томен тұрған,
Қараған Россияға шынжыр баулы.
Өскенбай, қажы Құнанбай, мырза Ыбырай—
Абайдың жаннан асқан білімін-ай!

Затың қазақ болған соң амал бар ма,
Арманда зарлап өттің, дүлдүлім-ай?!

арғынбектің  жыры
Ғаламға үлгі жайып сөз тараттың,
Атыңыз бақи қалды, бұлбұлым-ай.
Низамия болмаған атаң қазақ,

Табылмас енді ойласақ бір күнің-ай.
Құданың әмірі болып қайтып келсең,
Жабырлап айтар еді ел мұңын-ай.
Жадағай кең далада өскен қазақ,

Құдайым келтіре ме сендей ұлды-ай?!
Уақта би бар екен Жарқын деген,
«Кең жерге шығып қалсын халқым» деген.
Берекелі орта жүзге бір жақсы адам,

«Рақымет айтып жүрсін халқым» деген.
Атақты қажы Тыныбай, болыс Нұрке,
Ерлер еді «жұрт танып қалсын» деген.
Жаранлар, Арғынбектің бұл талабы—

Балалар оқып, құлақ салсын деген.
Ағалар, аз өсиет білгенімше,
Ғибрат әр біреуден алсын деген.
Ашамайлы, сыбан, керей қалды тұрып,

Жақсы жер осы екен деп мойын бұрып.
Бақ қонған Шоқбатарға тұқымынан,
Қараған бір кісіге мойын бұрып.
Тағы да «абақ керей» деп қосамыз,

Анықтап айырмайды көңіл беріп.
Ұғыңыз, жас мырзалар, қарақтарым,
Берейін білгенімді дайын қылып.
Ер Шақабай бейіті Қызылжар су бойында,

Ат шаптырған бұл мырза Семей тұрып.
Ұрпағы Өр Алтайға—мұнда келген,
Ізғұтты, Жарқынбайлар ерлік қылып.
Қабанбай батыр болған наймандағы,

Тұсында тең болмаған қай жан дағы.
Әулие шарапаттау адам екен,
Атағын алты алашқа жайған дағы.
Қызыр келіп, бақ қонған тұқымына,

Затына Құдай берген қайрандағы.

тарихи  жырлар
Зор дәулет ұрпағынан үзілмеген,
Осындай берекенің айланбағы.
Қожақұл, Әли, Жаппас, ер Әділбек,

Өнері кітап болар Сайрандағы.
Сүлеймен, Қанағаттың заманында,
Малы асып қаракерей қайдан дағы.
Аягөз, Омскіге келді найман,

Атағын ер Тоқабай көпке жайған.
Дәулеті Жылқыайдардың жұрттан асып,
Дәм тартып келіп шықты әлдеқайдан.
Арқаға жігін жазбай келіп шықты,

Ер бола ма, ойласаң, сөзден тайған?!
Уағдасы, қаулысы—бәрі бірдей,
Бейне зәмзәм суындай жүрек шайған.
Қайратты, алал жүрек асылдар бар,

Кем емес жарқыраған толған айдан.
Сол күнде толысып тұрған қазақ халқы,
Айырып білінбейді жарлы байдан.
Байжігіт Тарбағатай шықты тауға,

Өскен ел қандай қиын омырауға.
Мәметек, Есенгелді, Бұрынбеттер,
Қорықпайды бар десе де қандай жауға.
Қай жерге барса дағы моңғұл екен,

Құтылып аман келсе жаны сауға.
Бозбала күндіз-түні ат үстінде,
Жер шалып, үйде отырмай, көңіл аула.
Елдің бетін қайырған атың болса,

Атыңа мін, бозбала, бар да, жаула!
«Жер үшін өлсек шейіт боламыз,—деп,
Тартынба!» деп қыздырар осы дауға.
Бұл матай Қалбатауға келіп шықты,

Шоңай деген батыры асқан мықты.
Жер екен шөбі шүйгін, малға жайлы,
Орнығып сонша халық мекен етті.
Арып-шаршап көп жерге көшкен халық,

Тынығып жол бейнетін сонда ұмытты.

арғынбектің  жыры
«Бір жағы тау, бір жағы дала екен» деп,
Атқа мініп аралап, көріп ұқты.
Жүрген жердің бәрі де моңғұл екен,

Сескеніп, қазақ ұлтын көріп, ықты.
Тау ішін аралады ергенекті,
Атағы талай алыс жерге жетті.
Алтыбай, Ақтанберді батырлар бар,

Көкжарлы, Сары Жомарт асыл текті.
Алтай тау сұлу қыздай жасанып тұр,
Қойнына құшақтайды сонша көпті.
Моншағын үзіп алсаң таусылмайды,

Мырзалар дәмін татса әрбір епті.
«Аспан—ата, жер—ана» дегендейін,
Бұл Арқа талай өскен елге жетті.
Қожанбет Сарытауға шықты келіп,

Ақ найман жатып алды Шиді көріп.
Шақыртты би Сырымбет деген кісі,
Арт жағын орнықтырып, жиып-теріп.
Алтай мен Тарбағатай тұстас жерлер,

Тұрады бір-біріне хабар беріп.
Сол күнде тыныш тұрмас қазақ-моңғұл,
Қайратты ерлері бар өңкей дүлдүл.
Төреден хан Абылай деген кісі,

Атақты, жұрт билеген асқан бұлбұл.
Содан бері екі жүз жылдан асты,
Мырзалар, анық ұғып, ескеріп жүр.
Құр босқа жүргенменен іс бітпейді,

Ерінбей мұндай сөзге мойныңды бұр.
Дөртуыл Көкпектіге келіп жетті,
Сол жерді біраз жылдай мекен етті.
Есенгелді, Солтангелді—екі мырза,

Бірі бай, бірі батыр асыл текті.
Ақбарақ пен ақболат деген таптар,
Тарбағатай тауына шығып кетті.

тарихи  жырлар
Шәуешек ұлығына қарап қалып,
Өмірі бүгінге шек сол жерде өтті.
Қара Ертісті мекен етті көп дөртуыл,

Ноғай, Сағал, Сегізбай, Назар бұлбұл.
Би Нұқатай, Бөтеке, бай Тоқсаба,
Дөртуыл беріп еді түгел шылбыр.
Мәз Ботабай, Жансары, Бөкі мырза,

Қалды ғой бәрінен де дүние құрғыр.
Бикебай, Шөкет, Қалт, Көпен, Атқұл,
Әділет жұрт ұстаған өңкей мәшһүр.
Болыс Қытай, Тақырбас, би Тосқынбай,

Аттарын түгендейін хатқа бір-бір.
Білінген алты алашқа қажы Жапабай,
Сөйлесем таусылмайтын мәселе тұр.
Рақыметлік би Жорықбай, Халық, Қазым,

Ұстайтын сөзге берік темір шынжыр.
Бекмұқамет, Ақымет, Иса, Әубәкір,
Сайраған сандуғаштай өңкей бұлбұл.
Ақыметжан, Рақымжан, мырза Өмірбек,

Тілеулес ғазизларым бәрі дүлдүл.
Есентай, Мұқан, Боқай, Дуан ханлар,
Арғынбек ойлағанда-ай сағынып жүр.
Жылында сағындым деп хат жазады:

«Бұл қалай, молда Арғынбек, жүргенің құр?»
Осылар дөртуылдың жақсылары—
Кіреді көз көргенде көңілге нұр.
Абақ керей Ертісті келген өрлеп,

«Табылар жоғартыннан жақсы жер» деп.
Россия патшасына қолын қойып,
Аз ауыл найман ішін қалды жерлеп.
Кішкене тау, Сауырды мекендейді,

«Бұл жерден кетерміз,—деп,—қайта сермеп».
Атақты би—Жақсыбай жантекейден,
Жол айтып хан сиязда салған өрнек.
Жансұлтан деген төре болыс болып,

Ілтимас, Шамел, Ақбай жұртына ермек.

арғынбектің  жыры
Жұптыбай, би Ысқасын, қажы Қазақбай
Оятқан ақылымен жұртты тербеп.
Жәке мырза, Өсер, Лақ аз жыл қарап,

Атақты ерлер болды-ау асқан манап.
Қадірлі найманға да болып тұрды,
Дөртуыл, байжігіттер—бәрі жанап,
Он жеті жыл орысқа қарап тұрып,

Қарта мен алман берді анық санап.
Қытайға онан кейін өтіп шықты:
«Ауданы жоғары,—деп,—елім—абақ».
Абақтың орнындағы ұлықтары,

Шақырды жүрегіне бірін балап.
Жұртбай мырза, қара Оспан, Бапы, Сары—
Бәрі де болмасын деп қырын қабақ.
Ласты жер арасы кірент болып,

Там жастанып, үй салған өлшеп-тамап.
Абақтан ер Жәнібек батыр шыққан,
Дұшпанының талай жерде туын жыққан.
Халықты батыр менен бай бастайды,

Жауларын қарсыласқан жерге тыққан.
Тең болып аз ғана ауыл қалың елге,
Именіп бәрі дағы төмен бұққан.
Рухына құран оқып бағыштамай,

Ұрпағы не болады соны ұмытқан?!
Қарызы сол ерлердің көпке бірдей,
Әр уақыт дұға қылар еске тұтқан.
Орта жүзге ілінген асыл еді,

Беттеген дұшпандары қойдай ыққан.
Ерінбей хат-қаламға жазыңыздар,
Ерлердің, жігіт болсаң, атын ұққан.
Ұқсын деп жас мырзалар сөз жазамын,

Менің де алғаным жоқ артық жұрттан.
Алтайға келіп шықты абақ керей,
Тілеулес бір-біріне жағад керей.
Сол кезде Ертіс, Алтай толған моңғұл,

Жігітке береке мен талап бермей.

тарихи  жырлар
Алтай жайлап, Ертісті келіп қыстап,
Моңғұлды қағып-соғып жүрді нұсқап.
Бозбала күндіз-түні ат үстінде,

Тамаша қару-жарақ, мылтық ұстап.
Қазақтың жау алатын заманы еді,
Атағы көтерілген осы тұста-ақ.
Бұл абақ орта жүздің серкесі екен,

Аз ауыл ішіндегі еркесі екен.
Ағайын-бауырлары Томен қалған,
Бөлініп шығып кеткен келтесі екен.
«Қайнағасы—уақ» деп бір сөз айтар,

Бір бұқаға таласқан жеңгесі екен.
Жағалап Алтай тауға келген абақ,
Мекендеп жер қызығын көрген абақ.
Ел болып он екі тап ақыл қосып,

Құдайым өзі бақыт берген екен.
Бір кісіден туғандай ақыл қосып,
Бір Құдайға паналап сенген абақ.
Хан сайлап, өз ішінен ұлық сайлап,

Іргесін осылайша көмген абақ.
Абақ керейдің төре шақыруы
Шыңғысханның Әбілпейіс жұрағаты,
Бейжіңнен уаң болып шыққан аты.

Сол күнде тілмен айтып болар емес,
Ақсүйек төрелердің салтанаты.
Жетім бала қазаққа хан болады,
Бар я жоқ болса дағы ғадалаты.

Абақ ел басын қосып ақылдасты,
Бірігіп қайдағысы жақындасты.
«Қоямыз ортамызға төре қылып,
Табайық бір ақсүйек—асыл тасты.

Төресіз ел болмайды» деп бағалап,
Бәрі де бұл кеңесті мақұлдасты.
Ақ сақалды мырзалар, білімділер,

арғынбектің  жыры
Жиылды халық болып, бастап істі.
Сол кезде Әбілпейіс Томен жатыр,
Сайланып жолға шықты би мен батыр.

Қанша мал, қанша жетім—тарту алып,
Осылайша төре іздеп келе жатыр.
Жол жүріп жарқыраған сайлауыттар.
Базар боп түскен жері құрған шатыр.

Осылайша мән-жайын айтқаннан соң,
Хан-төре «Жарайды» деп көрді мақұл.
Бар екен бір ханымы Тұмар деген,
«Төреге қазақ халқы құмар» деген.

Үш баласы бар екен бір өзінде,
Алып бар, төре болып тұрар деген.
Нәсілді балалары—асыл еді,
Береке жұртқа пайда қылар деген.

Көгадай, әм Жабағы, Сәмен төре,
Сіздерге төрелікке ұнар деген.
Көшіріп алып келді улап-шулап,
Мақтанып іздеп барған ерлер дулап.

Қондырды әкеп Байтүбек деген жерге,
«Тынығып жатыңыздар—аунап-қунап».
Шүйіншілеп, шапқылап жиылды жұрт,
«Халқыңыз келіп тұр,—деп,—аттай булап».

Ат шаптырып той қылды абақ керей,
Бозбала ат үстінде жүрді зулап.
Абақ елі күндіз заулап келіп жатыр,
Айдап кеп қанша малды беріп жатыр.

Үй тіккен ақ төбедей орда қылып,
Қызықты жас төрелер көріп жатыр.
Берген соң Құдай бақыт сүйегіне,
Төрелер жас құлындай еміп жатыр.

«Ханымыз ішімізден табылды» деп,
Базар боп абақ керей, кеңіп жатыр.
Жиылды он екі абақ ұлы-кіші,
Іздеген мақсаттары жазы-қысы,

тарихи  жырлар
Ұлықтап Көгадайды хан көтерді,
Басына келіп қонды бақыт құсы.
Бақ, мансап ұрпағынан үзілмеген,

Қабыл боп ақ ниетпен қылған ісі.
Мырзалар, осы ғибрат, ұғыңыздар,
Осындай келіп қонған бақтың құсы.
«Алдияр, құтты болсын тақытыңыз!

Мүбәрәк болсын,—деді,—бақытыңыз!
Бабаңыз хан Шыңғыстың бағын берсін,
Берекелі болсын,—деп,—уақытыңыз!»
Тұрғызды осылайша ұлық сайлап,

Мысалы сүт бетінде болды қаймақ.
Абақтың үштен бірін төлеңгіт қып,
Жабырлап қызмет қылды тұрған аймақ.
«Уәзірді енді ханға қоялық» деп,

Жамағат ақылдасты кеңес әйлап.
Қарадан төрт кісіні қойды сайлап,
«Сөзіңді бұрмаймыз» деп уағда байлап.
Көкен, Бопан, Құлынбек, Бейсенбі би,

Жарқырап туған айдай шықты жайнап.
Ақылды, бек данышпан ерлер еді,
Суындай тас бастаудың тұрған қайнап.
Жантекейде Шәу деген би бар екен,

Данышпан өзі жүйрік ділмар екен.
Ақ жүрек, жұртты бірдей көретұғын,
Халінше Құдай деген діндар екен.
Қай жерде ұлы кеңес тілеу болса,

Батагөй халық сүйген бір кәрі екен.
Мұстажап, әддә қуат болса керек,
Батаны сол жарықтық қылған екен.
«Әумиін» деп қол жайып он екі абақ,

Шуылдап бәрі жылап тұрған екен.
Шәудің батасы:
Я, Құдай, өзің оңда құл батасын,
Кеше көр кеңшілікпен сөз қатасын.

арғынбектің  жыры
Құдіретің жетпейтін ісің бар ма,
Ғаріп, мұқтаж пендеңді жырғатасың.
Жұрт едің көшіп жүрген біраз ауыл,

Жан-жақтан соғып тұрған күнде дауыл.
Ей, Алла, рухымызға береке бер,
Бір кісіден туғандай тәтті бауыр.
Ер өліп, ыдыс бұзған іс болса да,

Көрсетпе бір-біріне сөзін ауыр.
Он екі абақ елімді ала қылма,
Досқа күлкі, дұшпанға таба қылма.
Әділ қыл төре менен билерімді,

Қиянат жасамаған қара қылға.
Қандай іске жұмылып ұмтылғанда,
Көзін жас, көкірегін сәна қылма.
Ашуларын ақылы жеңіп тұрсын,

Көңілін бір-біріне жара қылма!
Төрт жардың заманындай болып өтті,
Мал-басқа бәрі дағы толып өтті.
Періште «Әумиін!» деген уақыт екен,

Рухына бақыт, мансап қонып өтті.
Төрт би—төре атанып күні бүгін,
Жар болып, әруақ жебеп, шоңып өтті.
Абаққа рухыменен тиянақ боп,

Жаны ашып, халқын аяп қорып өтті.
Қолдай гөр әруағың нағашы атам,
Ботақара, Шүйіншәлі баласы атам.
Періштелер батаңа «Әумиін!» деген,

Дұғаңыз болған екен тамаша атам.
Қызынан туып едім Сарық шалдың,
Батаңды сонда жұртқа беріп салдың.
Жайың жаннат, рухыңды шат қылсын Алла,

Аты мағлұм ерлерді теріп салдым.
Бұл абақ осылайша ел болыпты,
Ниеті бір Құдайға жөн болыпты.

тарихи  жырлар
Қалың ну орта жүздің таптарымен,
Әр ауыл шетте жүрген тең болыпты.
Әр жұрттан іздеп келіп, көрші сіңсе,

Ешкімді бөтенсінбес кең болыпты.
«Төрт би—төре заманы» берекелі,
Айтқаны жерде қалмай ем болыпты.
Қожамжар деген төре батыр шығып,

Абаққа асқар сары бел болыпты.
Абақ керей аз ауыл тарап жүрген,
Үйрек ұшып, қаз қонған көл болыпты.
Сол уақытта туған екен—бақыт жылы,

Сағадат заман екен анықтап біл.
Мүбәрак хазірет атаң нәсіп қылған,
Абағым, бұл халге де шүкірлік қыл.
Құдайым бұл Алтайға дәмін жазған,

Жер мен көкке тірелген бәйтерек тұр.
Тараған жер жүзіне кереметі,
Жаранлар, әруағын ескеріп жүр.
Абаққа әуел бастан тұрақ болған,

Топырағы көзге сүрме ұлық-ақ бір.
Көгадай абақ елден бір бата алды,
Бейжіңге ханға барып гүң таңба алды.
Қарадан төрт жақсыны басшы қылып,

Керейді осылайша жолға салды.
Төре Оспан, Жұртбай мырза, Байпақ, Сары,
Нашын би, ер қара Оспан кетті бәрі.
Қарадан хан боп туған бейсі Мәміш,

Болған соң кім қалады дүние пәни?!
Закің төре, Жәке би, Өсер, Лақ,
Өрдегі Мұрындық пен өтті Тары.
Беделқан, зәңгі Шотай, мырза Уәли,

Толымды ерлер еді жұрттың нәрі.
Он екі абақ еліне осы күнде
Дұғагөй болып тұрған Өміш кәрі.
Алтайда Буыршынды мекен етіп,

Аумаған неше атадан қоныстары.
Дұғагөй гүң Биғажы тұрған кәрі,
Тақсырдың абағына сөзі дәрі.

арғынбектің  жыры
Амбы Қылыш, Әбілмәжін—жас мырзалар,
Бұлардың енді туды замандары.
Үрімжі мектебінде Махмұт бейсі,

Өнертап жақсылардың балалары.
Ақсақал осы күнде амбы Жақып,
Азайып бара жатыр ескі-кәрі.
Талапты қолындағы Оспан бала,

Жиырмасыншы ғасырдың адамдары.
Дұғагөй, әм тиянақ халиялар,
Сәлемет тұрған күнде жұрттың нәрі.
Түркістан өтіп кетті жас күнінде,

Жаннатқа ие болған бас күйінде.
Құдайым абырой, бақыт берсін Кәкен бала,
Атадан жетім қалды жас күнінде.
Жанымқан қайратты боп шықты жастан,

Именер жігіт емес әуел бастан.
Бұл күнде атақтының бірі боп тұр,
Қай жаққа бұрылса да салмақ басқан.
Талапты, жау жүректі, қайтпайтұғын,

Азулы ұлықтармен жағаласқан.
Құдайым өмір берсін жас талапкер—
Ақыл жастан шығады, асыл тастан.
Жігіттің бақ жұлдызы тураланса,

Оң келер олқысына қарамастан.
Бұл уақыт көтеріліп аты шығып,
Замандас артылып тұр шамаластан.
Жігітке бақыт қонып, оңға айланса,

Ойласаң жан бола ма онан асқан!?
Болса да қандай дана құрбыларым,
Бақытсызы еш кетер, жарамастан.
Бұл күнде бақтың орнын өнер алды,

Бұл заман өнер-ғылым араласқан.
Мәукетай көрер көзге толық еді,
Байсалды, толық адам болып еді.
Болған соң дүние пәни, арманы көп,

Кісілік өз басына қонып еді.

тарихи  жырлар
Қапталбай, бір бай кісі хатшы—зұрған,
Жасынан Тәкең ертіп атшы қылған.
Жақсыға қылған еңбек зая болмас,

Керейге таныстырып мәлім қылған.
Бұл күнде Халықбайдың тиянағы,
Құдайым өз тұсында бақты қылған.
Жол көріп, бала күннен атқа мініп,

Есепті бір кемітпей қатты қылған.
«Абақтың атқа мінген азаматын,
Қалдырмай жазайын» деп ойлап бәрін,
Айтылған бұл кеңесім жыр да болса,

Қалмасын аты шықпай көңілі жарым.
Минго заманында абақтың ел билеген ұлықтары
Жүн уаң—Әлен төре абақтағы,
Жас бейсі Қанапия талаптағы.

Сағидолла, Засық бейсі жаңа талап,
Орындағы мырзалар манап тағы.
Жау жүрек, жас талапкер Шақаң мырза,
Хүкмет ұлығы—Шыңжаңның сабақтағы.

Тиянақ бұл өрдегі—тәйжі Жапар,
Ескі заң берекелі санақтағы.
Абақтың бәрі түгел жазылады,
Болса да көрінбеген қабаттағы.

«Азиятский Алтай керей» деп атанып,
Халықтар тұрған мұндай санаттағы.
Кейінгі жас балалар білу үшін,
Арғынбек жазып берер санап тағы.

Жігіт боп Бұлан мырза жастан шыққан,
Именіп бала емес қой төмен бұққан.
Жасынан талаптанып, атқа мініп,
Талпынып жақсылардың сөзін ұққан.

Әділсіз—озбырлыққа қарсы тұрып,
Халқы да туралығын көрді ұғынып.

арғынбектің  жыры
Амал не, жастай дүние салғаннан соң,
Құдайым жарылқасын, иман беріп.
Бақ қонған бір үкірдай Сәлімбақы,

Атақты орын еді ескі құттан.
Зәңгі Тобай, үкірдай Иманбайлар,
Жандар еді әр керей қадір тұтқан.
Керейдің бір баласы болып еді,

Жоқ еді заманында сөзге жыққан.
Зәңгі Шотай баласы залың Жапар,
Жолдас болып қалмай жүрген әр ұлықтан.
Жұмағұл деген бала атқа мінді,

Жазайын ол да болмас—жасты ұмытқан.
Баршындап келіп қалды қажы көкең,
Қанағат мырза деген баласы екен.
«Қайратты егеу алмас асыл» дейді,

Заманның осы күнде бәрі бөтен.
Қажынәби бала үкірдай қазыбектен,
Орнына ағасының атқа мінген.
Салмақты, сарбаздықтың бейнесі бар,

Халықтың өмірінен шықпас бөтен.
Қарағұл өзі залың, өзі иыңжаң,
Кәртейгенде қызметке талап қылған.
Мәмиладар Кенбайдың баласы екен,

Ақшаға ұлық зәңгі болып тұрған.
Жаннатқа қажы Қылышбай толған кісі,
Тиянақ жұртқа тағы болған кісі.
Баласы Киікшінің залың Шақпақ,

Молда боп тағы әруақ қонған кісі.
Залың Әз дүңше еді талаптанған,
Табылар жаза берсек молдан кісі.
Молдақан қажы Жарқай баласы екен,

Өзі үкірдай, талапты—данасы екен.
Оқыған парасатлы, тәрбиелі,
Жігіттің қағидалы сарасы екен.

тарихи  жырлар
Қажы Тоқбай баласы—мырза Долда,
Жайылып аты шыққан әрбір жолда.
Талапты құрбысынан асқан жігіт,

Дәулет бар Құдай берген тағы да онда.
Адамға ақыл—пана, дәулет серік,
Бірдей боп бұл екеуі тұрды сонда.
Жігітке мұнан артық жолдас бар ма,

Тең болып тұрғаннан соң оң мен солда.
Бұршақбай бір үкірдай тайлақтағы,
Тұратын асыл жігіт жайнап тағы.
Қайратты, өзі мықты болғаннан соң,

Бірде ысып, бірде суып, қайнап тағы.
Ашуы жеңіп кеткен заманында,
Керей де сау қалмайды аймақтағы.
Ақылы ашуымен—бәрі де сай,

Тастайды ебін тауып жайғап тағы.
Құйқабай бір үкірдай ожықтағы,
Кетеді жарысқанда озып тағы.
«Байтайлақ» деп айғайлап шыға келсе,

Қайраты қалыңдайды қозып тағы.
Абақтың атқа мінген азаматын,
Жазайын тілекке қол созып тағы.
Шыбардың асылдары—бәрі кетті,

Мырзабек көп жасаған кәрі кетті.
Миләдиден бері қарай дәулет қонған,
Әуелі бақыттының басы—дабы кетті.
Үкірдай Мәйті, молда Рақай, қажы Қымбыл,

Жақсылар таусылған соң сәні кетті.
Көкенай тәйжі деген бір жас бала,
Ақылшы қариялардың зары өтті.
Келеді жігіт болып аты шығып,

Керейдің бір орны боп бағы жетті.
Қобдада Жота үкірдай сабаз кісі,
Жұртын ойлап, халықтың қамын жепті.
Амбы төре, үкірдай Мейрамбай, залың Оспан,

Аз ауыл абақ елге тілеу қосқан.

арғынбектің  жыры
Жасынан Оспан мырза мықты кісі,
Тартынып аянбаған қас пен достан.
Үкірдай Қалибек пен зәңгі Тоқбай,

Қайратты жас жігіттер жанған шоқтай.
Талапты, өзі шешен, жау жүректі,
Сөздері өткір еді атқан оқтай.
Тоқбай да жүйрік туған жігіт еді,

Сөзіне қалушы еді әркім тоқтай.
Жар болды екі ханның арасында,
Қашалы сырлы тамның жағасында.
Тұңкелі, Түйеқұйрық күзеулері,

Алқабек, Білезіктің саласында.
Құда, тамыр деген боп араласып,
Керейдің жеп кетеді қабасын да.
Сапалы, тамашалы, жері шалғын,

Өзеннің отырады ағашында.
Көрмеген жат елдерден жапа-жауыр,
Мықтылық төрт үркінші баласында.
Жайлауы—Алтай, бас жағы—Бұғы мүйіз,

Қыстауы—Қызылқайың арасында.
Көрнеу қашқан бозбала құтылады,
Талапты, жас жігіттер, барасың ба?
Қарақат, бүлдіргенің майысып тұр,

Қайтесің, жиып-теріп аласың ба?
Бәрі де іздегеннің табылады,
Олжадан көрнеу тұрған қаласың ба?
Сауырда тәйжі Қабыл—жатыр меркіт,

Баймолда білгіш болды керейді ертіп.
Құдайым жақсыларға өмір берсін,
Бақытты әр заманда өрге серпіп.
Данышпан молда Бәкең асыл жігіт,

Дап-дайын машинадай тұрған елпіп.
Төменде болыс Қызай, Қазақбай қажы,
Тұрады бәйге атындай жұртты желпіп.
Бақ қонған құлсарыда кәрі Сартжан,

Ертеде пысық болған өрге серпіп.

тарихи  жырлар
Үкірдайлық орын күткен мырза Әділқан,
Сынаптай майда жігіт тұрған көлкіп.
Баласы Құлсарының осы күнде

Тұрған ел бақ-дәулеті түгел өршіп.
Сауырда аты шыққан ер Дәмежан,
Бетіне ешкім түзу қарамаған.
Ақырда ағла шаһит болып өтті,

Жер бар ма аты шығып тарамаған?!
Бір зерек өткен күнде жазған екен,
Оқылып найман-керей аралаған.
Құдайдың бақыт берген заманында,

Ұлық боп қанша жаннан ағалаған.
Адам қарап тұрғандай жігіт еді,
Бір басын мың кісіге бағалаған.
Мамырбек төре болып байлығы асқан,

Ұстасып Көбен мырза қарсыласқан.
Бұл дағы ер кісі екен заманында,
Қайтпаған атқан оғы қара тастан.
Жантекей аяғында жеңіп шығып,

Есепсіз алтын, күміс босқа шашқан.
Көксеген дөртуылдың үкірдайы,
Бір зерек жігіт еді бала жастан.
Қызылбала Ысқақ деген жігіт еді,

Тырысып әркімменен жағаласқан.
Қызыр түнеп, бақ қонған жақсылыққа,
Күшікбай, Еңсе, Таңғыт әуел бастан.
Ілігдай Көнсадақтан жапа шықты,

Аз елден кісі туып баса шықты.
Темірхан зәңгі болып тұрды уақтан,
Ер еді жасымайтын тым салмақты.
Толымды, өзі жүйрік сабаз болып,

Жасынан атын жұртқа шаша шыққан.
Қайсы керей болса да тастамайды,
Жарқырап, бетін түзеп аса шыққан.
Атақты молда Ақымет болды бұлбұл,

Әркімді қызыл тілмен баса шықты.

арғынбектің  жыры
Молдалық, ақындыққа жан салмаған,
Қақ жарып абағынан аса шықты.
«Шын ақылға зорлық жоқ» деген сөз бар,

Жолын тауып әркімді баса шықты.
Өрдегі Жұртбай күнде дәулетті бай,
Баласы осы күнде зәңгі Іркітбай.
Толымды құрбысындай тәуір жігіт,

Бір елдің басты адамы ақылға сай.
Баласы Қымыран бидің Жүніс деген,
Санға қосып жазғаным болды осылай.
Құлтайболат Сейсеке болды залың,

Инауатты адам еді жұртқа мәлім.
Аз атаның бәрі де қосылады,
Жантекей жаралғанда бағы қалың.
Санағанда қосамыз бір керейге,

Ұлы кәрі біледі осы мәнін.
Баласы Сейсекенің залың Шоқай,
Байқайтын тәуір жігіт көптің заңын.
Ертіске талап етіп мешіт салды,

Құдай аман сақтасын жігіт жанын.
Қай жерге белгі салып, тырманып жүр,
Ойлайтын азаматтар заман халін.
Діні жоқ, ұяты жоқ, әділі жоқ,

Қай жер барсаң жемқорға қарағаның.
«Өзімдікі» дей алмай өз малыңды,
Мініп алып жөнелер жарағанын.
Болғанда үш байжігіт, алты жұмық,

Ботабай түу басынан болған ұлық.
Құт Шиенбай, би Сасан, батыр Кенже,
Жаралған ерлер еді бағы тұнық.
Отыншы, Бөкес, Төкес, қажы Құрбан,

Сөйлесем ұзап кетер кеңес қылып.
Мұнымен Тарбағатай тұрсын тоқтап,
Сөзімді ұзатпайын бәрін жоқтап.

тарихи  жырлар
Абақты бір түгендеп тамамдайын,
Алтайға өте жөнелді қара соқпақ.
Абаққа аты шыққан Ақыт молда,

Тараған жазған хаты оң мен солға.
Басылып Еуропада кітаптары,
Оқылып, алды қазақ қолдан-қолға.
Абақты халықтарға таныстырған,

Сөздері матпуғатқа барған жолда.
Үш қитға жерін түгел аралаған,
Жүрген жер жаратады сондай жорға.
Бұл күнде имам, қазы абақ елге,

Атағы шыққан кісі талай жерге.
Бурылтоғай, Тұрғынға мешіт салған,
«Халқыма орын болып қалсын» дерге.
«Құдайым ғұмыр берсін!» деп тілеймін,

Осындай меллат қадам болған ерге.
Тақуа, өзі діндар, диянатлы,
Дәулет, бақ бір басына ұялапты.
Жас күнінен шариғатқа белін байлап,

Ешкімге ойламаған қиянатты.
Қай жерде өлең-тойға әуес болып,
Азырақ бала күнде қиялапты.
Алланың пендесіне рахматы көп,

Тәубе түбін бекітсе тиянақты.
Бақырай өтіп кетті тәйжі болып,
Азырақ өмір сүрді жайлы болып.
Жаңжұңға екі бала барып еді,

Ақай жас, тағы да өтті қайғы болып.
Толғамды, өзі момын, қияпатлы,
Жасқа толса тұрғандай сыйлы болып.
Әдемі жігіт еді—молда Ләтіп,

Тәйжі болып атанды үйде жатып.
Есіл жас ат қойған соң тоқтамады,
Тілеулес, дос-жарларға қайғы батып.

арғынбектің  жыры
Ақай мен Құлиды жаңжұң көріп,
«Манфаң болып тұр,—деді,—ақыл серік».
Құли мырза хатқа зерек жігіт еді,

Бар керей қолдап кетті бата беріп.
Алтайға тәйжі Құли мағлұм болған,
Бір жігіт талабына бақыт қонған.
Түзелді Машан ісі қаяуы жоқ,

Ел еді заманында бағы толған.
Ақсақал төрт молқыда Додан қажы,
Сөз айтып тоқтататын ескі жолдан.
Би Қайрақан, Шыбышер залың еді,

Жасынан жол таныған кәрі жорғаң.
Ақайдан бір жас бала қалып еді,
Шешесі жаңжұңға ертіп барып еді.
Бадығұл ханым тәйжі болып шықты,

Хүкімет мархабат көз салып еді.
Қалым деген жігітті манфаң сайлап,
Қасына жолдас қылып алып еді.
Баласы кәмелетке толғанынша,

Анасы осы орында қалып еді.
Үрімжінің мұңқа шомтаң мектебінде
Пайда көп білім орнында жатқанында.
Қытайдың тілін біліп, хатын оқып,

Жарқырап таң секілді атқанында.
Шәріпқан Жеңісқанов төре бала,
Жас та болса ақылы көптен дана.
Хүкімет мархабат көз салғаннан соң,

Ұмтылды көп баланы қасына ала.
Халқына патша болған ханзадалар,
Саяси сауиядан түсті сана.
Абақтың әр орнының баласы бар,

Жастарға тілек берсін Хақ Тағала.
Асылдан шығып еді Зия тәйжі,
Турашыл, ашық-жарқын, жұртқа жайлы.
Біткен соң рыздығың бұл дүниеден,

тарихи  жырлар
«Жақсы» деп алды-артына қаратпайды.
Баласы Кәкең бейсі Бұхат мырза,
Отырсаң ата орнында халқың риза.

Рухынан үзілмеген асыл ерлер,
Құдайым өмір берсін ұрпақтарға.
Жасынан Халел тәйжі атқа мінді,
Атағын бұл баланың әркім білді.

«Бір орын» деп бар керей бата беріп,
«Қарақас бала» демей, ие қылды.
Жол көрген өзі зерек жігіт еді,
Ақтеке ақылдас боп қатар жүрді.

Бітімші, Тілеулі би, Кене жәдік,
Бәрі де жұртқа басшы болып тұрды.
Өзі құрбы жігіттің алды болып,
Халықтың осы күнде көңілі тынды.

Болғанда Теке қажы, Сүке залың,
Дулаттың болып еді бағы қалың.
Тоқтабай үкірдай боп дүние салды,
Атақты жігіт еді жұртқа мәлім.

Үкірдай Зейнел деген бір жас бала—
Орнына қойып еді табылғанын.
Би Иса жүйрік еді моңғұл тілге,
Жігіт еді жаттығы жоқ кім де кімге.

Торғауыттың уаңына дүңше болған,
Қазақтан Мәми бейсі барған күнде.
Жалбағайдың жазайын балаларын,
Жылыбай мықты болған қара нарын.

Залың Кешіл, зәңгі Омар, Зада мырза,
Баяндап рухыменен жаздым бәрін.
Білгенше қалдырмайын адам атын,
Абақтың атқа мінген азаматын.

Болғанда біреу құйрық, біреу қанат,
Біледі оқығандар сөздің салтын.

арғынбектің  жыры
Жота қажы, Бітімші, өтті Тырқай,
Баласы Жылқышының ер Сүгірбай.
Серікбай, қажы Тайтас, Додан мырза,

Уа, дариға, өлімнен кім құтылғай?!
Буратай асыл еді аздан шыққан,
Жақсылар есте жүрсін еш ұмытылмай.
Өскенбай қажы, Мұқажан, Үрістем залың,

Қоя ма ажал алмай жанның бәрін.
Үкірдай Қабдырахман жастай кетті,
Ажал марқұм қылады жігіт жанын.
Үкірдай Барлам мырза, қажы Лайық,

Талапты ерлер еді бағы қалың.
Бақ қонған жігіт еді қажы Әлібай,
Тауап қып Бейтуллаға барғанын-ай.
Баласы еріп барған—Сыдық мырза,

Дүниеде кім тауысар арманын-ай.
Омбыда Батыр қажы дүние салып,
Қажы Сыдық Ертіс кеп қалғанын-ай.
Қызығын ел-жұртына қимаған соң,

Дүниенің мұнан білші жалғанын-ай.
Әке-бала екеуі бір жолда өтті,
Алланың кім бұзады пәрменін-ай.
Тілеубай залың болып аты шықты,

Атікбай ерте айналған мал қамына-ай.
Талапты болып өсті қажы Ербала,
Есіл ер жастай дүние салғанын-ай.
Бақ қонған өзі зерек жігіт еді,

Сағынып жылады жұрт саңлағын-ай.
Мүсәпір Әуес бидің баласы еді,
Бір туған Ноғайбайдың ағасы еді.
Жиырма тоғыз жасында дүние салды,

Өзі құрбы жігіттің сарасы еді.
Балаға Әуең мырза көп зарыққан,
Адамның өзі теңдес данасы еді.

тарихи  жырлар
Тәйжі Жапар, Ноғайбай залың еді,
Бақыты құрбысынан қалың еді.
Аз айтып, көп айтсақ та—бәрі бірдей,

Абаққа орындары мәлім еді.
Зәңгі Ишаш Атшұғылбай немересі,
Бақ қонған бір атақты алып еді.
Баласы Қоқаяқтың Айдар зәңгі,

Жақсыны бала күннен танып еді.
Шақабайды танығандай көп жазбайын,
Көзіміз бала күннен қанық еді.
Абақты түгендеуге мойын қойып,

Арғынбек қолға қалам алып еді.
Талабы балалардың бос қалмасын,
«Білгенін аямас» деп танып еді.
Әрқашан, қарақтарым, дұғада бол,

Хал келсе бұл ниетім анық еді.
Буратай асыл еді аздан шыққан,
Жасынан би-төренің сөзін ұққан.
Жүректі, қорықпайтын, жүйрік еді,

Бой тартып жігіт емес төмен бұққан.
Қолбаңды қиыстырып қолына алып,
Ұлық боп, көтеріліп билеп-тұтқан.
Оқыған бір данышпан адам екен,

Белдемше шариғаттың жолын ұққан.
Тәйжі Қабдолла баласы Буратайдың,
Шолпаны қасындағы туған айдың.
Молда Қобдаш, Қабимолла—пірәдарлар,

Мысалы жүрісіндей жорға тайдың.
Зинолла, Қайбар деген жас мырзалар,
Мәнісін білуші еді әрбір жайдың.
Бұл күнде рухына бақ қонып тұр,

Пендеге рақымы көп бір Құдайдың.
Атанды үкірдай боп Біләл бала,
Жастарға ғұмыр берсін Хақ Тағала.
Зәңгі Уәли, Киікбай, Тайкескендер

Байыпты, кең ойлайтын өзі дана.

арғынбектің  жыры
Абақтың атқа мінген адамдарын,
Абайлап жаздым хатқа есіме ала.
Қаламнан бірлі-жарлы қалған шығар,

Балалар, сөкпеңіздер болса шала.
Сөйлесе қажы Зуқа сөзге қандай?!
Толымды қарағанда көзге маңдай.
Молдалық, әм жомарттық, адамшылық,

Табылар бір өзінен ойлағанда-ай.
«Пәлен» деп айтатұғын мінезі жоқ,
Бір басына мін тауып қоймағандай.
Мүбәда қолына алып жұрт ұстаса,

Қай жерге делегат боп сайлағандай.
Бір хикмет бар шығар ойлағанда,
Кісі ғой адам қарап тоймағандай.
Жазған соң түгендейін абақ елді,

Бұл сөзді оқығандар көрер енді.
Әруағы жақсылардың жебеп жүрсін,
Арғынбек қалған елге тағы келді.
Ителіден Орымбай, шықты Молтақ,

Дамолла Сәбит шықты жұртқа жол сап.
Жасынан талаптанып атқа мініп,
Торым батыр болмаған ешбір қорқақ.
Баласы Бақырбай—екеуі де қажы болды,

Емес қой ойласаңыз сөзге шорқақ.
Молтақ би болған екен бақты кісі,
Байсалды қажы Жапар жақсы кісі.
Бұл күнде ителіге ұлық болды,

Мінезі толғамалы бапты кісі.
Боранбай өзі оқыған майда жігіт,
Жүрегі парасатлы, нақты кісі.
Тілеулес тіршілікте адамға адам,

Жазылсын бәрі түгел атты кісі.
Кетейін осы тұста Қобдаға асып,
Тәйжі Ақтышқақ мырзаға амандасып.

тарихи  жырлар
Бақ қонған жігіт еді тұқымынан,
Атағын Барлам мырза жұртқа шашып.
Шүйіншәлі өзіне-өзі қарап,

Барлаштың кетіп еді бағы асып.
Дәулетше сайрап тұрған сандуғаштай,
Сөйлейді қам қалдырмай сөзін ашып.
Арсалаң мықты, қайсар, сабаз еді,

Кететін қысылғанда салмақ басып.
Уатқан орнындағы мырза жігіт,
Дәулетке мақтанбаған көңілі тасып.
Ақсақал зәңгі Қоша, залың Ұлжік,

Жылмысбай сөйлегенде кетер жылжып.
Көксеген құрбысында мықты жігіт,
Сөйлесе отырмайды босқа мылжып.
Әркімнің кісілігі өз табында,

Бұл турада намысқа жүр ілігіп.
Аз ауыл—молқы Қошақ бай болып тұр,
Бас-аяғы біп-бірдей сай болып тұр.
Қажы Оразбек, Нажымен, мырза Ақымет,

Берекелі, басшылары жай болып тұр.
Жанпейіс деген кісі малға толып,
Жарқырап, бақыт қонып, ай болып тұр.
Молдалар Алтай беттен барып қалса,

Жегені шірік құйрық—май болып тұр.
Қой-қозы ала берсе, ол да керек,
Батаға беретіні тай болып тұр.
Сырбазға күні-түні тойып алып,

Таң атса көксегені шай болып тұр.
Арғынбек құмарланып жете алмай жүр,
Танысы жоқ, жалғыз белден өте алмай жүр.
Үйренген тақсырлардың жолын тосып,

Қасына жолдас болып кете алмай жүр.
Аз ауыл шұбарайғыр тоғыз-ақ таптан,
Би, қажы біткен Қобдадан мекен тапқан.
Жота үкірдай, залың Үміт—басшылары,

Орнығып осы күнде сонда жатқан.

арғынбектің  жыры
Көлкетай өзі жүйрік адам еді,
Қай керей болса дағы сөзі жаққан.
Көкенай заманында аты шығып,

Тұсында аямаған мал мен бақтан.
Жау жоқ боп, жадағайда тұрса халық,
Жігіттер, ойласаңдар жалғыз мақтан.
Аз ауыл ителіден қажы-зәңгі,

Қобданы мекендеген өзі малды.
«Ителі» десек дағы момын ауыл,
Жерлесіп көп заманнан тұрып қалды.
Халыққа онан ары дәулет бар ма,

Тыныш боп асыраса мал мен жанды.
Шеруші арғы бетте қалың жатыр,
Бақатқа Қызыр қонып дарып жатыр.
Қымызы, аты менен киімі сай,

Бірін-бірі күнде жаулап алып жатыр.
Қобданың жұмысы жоқ, жері дала,
Біреуі өліп, біреуі талап жатыр.
Алтайда—асыл жерде жатсаң дағы,

Жазушы әбден біліп-қанып жатыр.
Қиюбай молда, Қылаң мырза, тәйжі Дөрбітқан,
Бәрі де қияметке барып жатыр.
Дәлелқан, Қабдылақат—жас ұлықтар,

Атқа мініп жұрттарын танып жатыр.
Тілеуберді молда деген имам кісі,
Жасынан той тоқтатып, тыйған кісі.
Хазірет атаң Ешенге қол тапсырып,

Азығын ұзақ жолға жиған кісі.
Сандалбай қажы парасатты, құтты адам,
Ерлікке қара басын қиған кісі.
Саспайтын, қорықпайтын—бір асыл ер,

Мақтауға қандай десе сыйған кісі.
Әуелден аты шыққан Ақтай, Бозтай,
Әрбір керей бірігіп жүрді жақтай.
Ер болып Жылқышы би заманында,

тарихи  жырлар
Жауласты жәдікпенен әмір таппай.
Бақ қонып заманында Сүгірбайға,
Сөйлейді найман, керей бәрі мақтай.

Жас өтті, рахматлық, қайран асыл,
Ажалдың кім қалады дәмін татпай?!
Айдынды артық болып, аты шығып,
Әр адам ұстасуға тұрды батпай.

Ар жағы орысқа да қайрат қылып,
Талпынды құлаш жайып, босқа жатпай.
Келейін енді Бұлғын басыменен,
Асайын Алтай кезең тасыменен.

Төре-лама таныс болған адам еді,
Өр керейдің бар кәрі-жасыменен.
Тілеулес моңғұл-қазақ, жері бірге,
Отырған көрші болып ауылыменен.

Болғанда торғауыттан төре Ламжа,
Мағлұм барып келген Зұңтұң ханға.
Қазақ пенен торғауыт араласып,
Пайдасы тиген жігіт талай жанға.

Айтқаны, өтердегі қылған ісі,
Алланың өзі білер ішкі бетін.
Бұрхан бұзып, «Алла» деп өтті дейді,
Қайтіп жазбай қоялық осы хақын.

Құранда пазылы майшау, омаяшы,
Рахматы кімге салса соған жақын.
Аз елді қалай жазса солай кетер,
Ғажап емес мұхаллет болса пенде.

Мұсылман баласы да жүріп жүр ғой,
Жақсы-жаман болса да әрбір заңда.
Атақты үкірдай боп тұр Баянбай,
Тиянақ өрдегі елге бұл Баянбай.

Әр түрлі халықтардың жолын біліп,
Сөйлейді орын тауып, тіпті аянбай.
Ойлайтын түптен тартып бір данышпан,
Тоқтайды сөзін ешкім сынай алмай.

арғынбектің  жыры
Қытайға, керейге де анықталды,
«Молқының тоқтауы» деп құл Баянбай.
Атадан ерлік қонған Дөнен мырза,

Жауабын егескенге тұр даярлай.
Жүректі, тәуекелшіл—мықты жігіт,
Қалмайды ұстасқанға бір таянбай.
Салмағын салсам деген жуандарға,

Қайратын көрсетеді шыдай алмай.
Белін байлап, деп айтып ұстасады:
«Адамды кім алады, Құдай алмай?!»
Рахматлық қажы Жеңсікбай дүние салды,

Бір қайсар адам еді ақылға сай.
Өр керейге имам болған қажы Солтан,
Адам қарап тұрғандай өзі шолпан.
Осындай ғазиздарды нәсіп еткен,

Құл атаң арманың жоқ, толды ортаң.
Бір таптан көп адамдар қажы болды,
Қабыл болсын сауаптан алған қолқаң.
Молда атанған адамда арман бар ма,

Сүйікті халқыңызға сондай болсаң.
Артыңда дұға қылып тұрса халық,
Бір күні дәргар баққа барып қонсаң.
Орнында молда Мүптай деген бала,

Саламат өмір берсін Хақ Тағала.
«Атасының жолы,—деп жұрт көтерді,—
Жас жігіт парасатты, өзі дана».
Қажылыққа қарамайын молда Жағыпар,

Тілеулес, көңілі дос болған аға.
Бұлғынды мекендеген мырза Балқаш,
Шет жерде әркімменен болған айқас.
Қара көк атасынан үзілмеген,

Осал жігіт емес қой, белі қайқаш.
Абаққа қорған болған батыр Көбеш,
Аталас ағайынмен қылған егес.
Асылбек деген ұлы шаһит болды,

Дайында болып еді ұлы кеңес.

тарихи  жырлар
Көз көрген адамдардың талайы бар,
Еш адам бұл сөзімді бөтен көрмес.
Жас талап Байқаш мырза орын басқан,

Жігіт жоқ құрбысында мұнан асқан.
Өзі де әм сөзі де бек толымды,
Мінезі көрінбейді ешбір сасқан.
Жантайлақ мықты, қайсар жігіт еді,

Білінген жұртқа атағы бала жастан.
Ақылдас бір батырдың балалары,
Артылған өзі құрбы шамаластан.
Баркөлде бір үкірдай мырза Әліп,

Жарқырап шыққан жігіт бағы жанып.
Бұл күнде Кәдірбектің балалары,
Малы көп, жерге сыймай, Қыдыр дарып.
Алтайдан аз малымен барған елдер,

Байиды әрбіреуі сонда барып.
Жәдібектен би Қайырбай шаңзұң болды,
Қытай, қазақ—бәрі де атын танып.
«Махымет дамолла» деп атқа ілінді,

Алтайдан молда Дөңтай барып қалып.
Секелден Сыдық шаңия, Жәукіш қажы,
Кәртейгенде қажы болып анықталып.
Жігіттер, қайда болса Алла берер,

«Байыр едік барсақ» деп зарықпалық.
Армансыз өрге жүрген абақ керей,
Мал сыймай көшіп-қонып шалықтадық.
Салықшы зәңгі шықты жастабаннан,

Атақты кісі озады басқа жаннан.
Халықты басшы адамдар тоздырады,
Әр жерге бір сүйретіп тастағаннан.
Ат қойған «Қоймашы» деп өр Шақабай,

Атын тура атамай мақтағаннан.
Аз ауыл Ғали зәңгі Бұлғында тұр,
Алдыңғы көңіл қайтып баспағаннан.
Толымды Қойбағарда ауыл боп жүр,

Аталы елден ірге-жігін ашпағаннан.

арғынбектің  жыры
Бұл күнде Қотыраттың бір баласы,
Алман-ақы шығыннан қашпағаннан.
Жақсыбай саудагер боп аты ілінді,

Жол тауып бала күннен саспағаннан.
Мырзалар, ойлап, байқап қараңыздар,
Болады оқып-біліп жастан адам.
Талпынып, талаптанып, жан аямай.

Ерінбей ғылым жолын басқан адам.
Оқумен, өнерменен атақ алар,
Қай жерде надандығын ашқан адам.
Жастабаннан Кендірлікте батыр Ақбай,

Атақты жүйрік кісі жазған хаттай.
Шербізнай сиязда сайрайтұғын,
Тұрады найман дағы сөзге батпай.
Аз ауыл болса дағы көппенен тең,

Әрқашанда сөйлемейді орнын таппай.
Әр жерде аты шыққан алымды адам,
Тәрбиелеп елдерін тұрған баптай.
Нарындағы жастабанды айтып берсем,

Жақсыбай іздеп кетер үйде жатпай.
Алтайдан бір жігітті қаңғыртам деп,
Буыршын елін жазуға қойдым батпай.
Осындай түгендедім абақ елін,

Қай жерде аты шыққан саналы ерін.
Бұрын-соңғы демей баяндадым,
Жүлде алған, шаңға ілескен қаракерін.
Абақтың бірталайы Қобда жатыр,

Аяғы—Тарбағатай сонда жатыр.
Орыс жағы Алқабек, Білезікте,
Қалың ел Алтайдағы жолда жатыр.
Алтайдың басқа жағы Бұлғын, Шіңгіл.

Бәйтік тау, алды Баркөл—сонда жатыр.
Нарынкір, Талбай, Тасбұлақ, Құмыл жері,
Даласы қалың борбас—сорда жатыр.
Шиху, Манас, Дағай-Шөгей, Ерентауы,

Оңтүстік орталығы Боғда жатыр.

тарихи  жырлар
Абақтың бас-аяғы жылдық жол жер,
Япырым-ай, осы қандай болған ақыл.
Бастарын неше жылда бір қоспайды,

Қалайша күш қосуға болған мақұл?
Ұлықтар, ойлаңыздар осы арасын,
Осы қалай көкірекке қонған ақыл?
Абақтың жас талапты мырзалары,

Найманды көп айтпайын мұнан ары.
Қарағым, оқығандар, дұғада бол,
Пенденің, қайда жүрсе, Алла жары.
Осылай он екі абақ аяқтасын,

Қолдасын әруақлары, баршалары.
Құдайым аз парасат, ғылым берген,
Бірдей боп жаралмайды жанның бәрі.
Ерлерді өткен-кеткен кеңес қылдым,

Аяма батаңызды, ұлы кәрі.
Абаққа он жасымнан қостым тілеу,
Бетіме қараған жоқ бірде-біреу.
Рақымет жұрт адамы қадір көрген.

Тұрмайтұғын пақырмын түкке тіреу.
Атқа мінген ерлерге еркелеумен,
Болған жоқ ешбірінен көңілім жүдеу.
Осымен сөз аяғы тамам болсын,

Сөзіме ойланыңыз көңілге елеу.

Әуелі жаралыпты қазақ затым,
Айтайын он екі ру абақ атын.
Жеті атаның біреуі—ғайып Молқы,
Ұлымын Бортан қажы, Сейітқан—атым.

Қапияда мекеннен ауған керей,
Айтайын бастан кешкен мехнатын.
Алтайда он екі ру абақ едік,
Данышпан төрт орынға қарап едік,

Ажы гүң, ер Қожамжар заманы жоқ,
Дубанды жұрт сұраған пана көрдік.
Нақақтан адамды ұстап қоймаған соң,
Сауғалап шыбын жанды ауған едік.

Бисмилла сөз сөйлейін қалам сайлап,
Сұм дүние бір жалын-шоқ сөнген жайнап.
Мингонның жиырма бесі деген жылы,
Ұлтынан тозды керей, ауыл-аймақ.

Бұрынғы кәрі Жиягжұн заманында,
Теңселген бұқарасы гүл-гүл жайнап.
Кез болып Жың Шоурынның заманына,
Ұсталды талай маңғаз соры қайнап.

Гансуге әуел ауды бір сексен үй,
Серкесі жол бастаған Адубай би.
Сыжуда Жұңжияң мен Малойжия,
Әуелі қылып еді қазаққа сый.

Сыжуда біразырақ төңкеріс боп,
Көрсетті абақ елге не түрлі күй.
Үркін—қорқын

тарихи  жырлар
Қазаққа жаулық қылған таңғыт кәпір,
Тіккені төртбұрыш үй—қарашатыр.
Ежелден мордар халқы исламға қас,

Болған соң жәһіл атты дініне ғапыл.
Жауынгер халық екен таңғыт қолық,
Болған соң ғаділетсіз тұрған ұлық.
Доланда, Саха менен Дахыбада,

Нақақтан мазлұмды тұрған қырып.
Мабуфаң Чиңхай өлке падишасы,
Жушылияң Ланжоу қала корольдасы.
Айрылып өз жұртынан келгеннен соң,

Қалмады қайран елдің еш бағасы.
Қанаттас Тоқаң шықты қасқа белге,
Дәулетпен бірге жүріп басқа жерге.
Лажсыз өз жұртынан кеткеннен соң,

Жолықты қайран керей арам терге.
Нұрғали ажыратып шықты үкірдай,
Мұқаділ теңдес тұрған өзіне сай.
Рақымды, ақпейіл адам еді,

Махшарда жарылқасын Жаппар Құдай!
Бошжан да кісі-ақ еді еске құтпан,
Айымбет асып туған талай жұрттан.
Махшарда қисап күні тексерсе Хақ,

Есілдің Мабу залым ұрқын құртқан.
Толықсып шыққан керей әрбір жұрттан,
Айырылып мал-мүлкінен келдік сырттан.
Баласы Жақия молда Қамза зүңгуан,

Әм тәйжі Ланжоу барды Салахиттан.
Арада ауған керей әр тараптан,
Өміртай, Еренғайып Бабу жақтан.
Қарадан хан боп туған Қасым батыр,

Туы еді ер жігіттің тірі шақта.

үркін-қорқын
Өткен іс ойлағанға бәрі де арман,
Ешкімге опа бермес мына жалған.
Абақ ел мекенінен тозбас еді,

Ғаділділік Шың дубаннан тисе жардам.
Таңғыт пен қазақ халқы болды жаулас,
Жік түсті екі араға барымталас.
Мал қуды Елісқан да тоқтай алмай,

Өлтіріп туған бауырын қылған соң қас.
Таңғыттан қазақ алды бірталай мал,
Қанша күн бітім болмай, жұрт болды сал.
Қорлыққа енді қазақ төзе алмады,

Талайға күй көрсеткен ол бір көкжал.
Мабуфаң Чиңхай Сыңға хүкім қылды,
Таусылмас бәрін терсем өткен күнді.
Халужияң Шарғыдағы Сары Ұяң боп,

Қазаққа мал қайтар деп бітім қылды.
Елісқан айтты сонда:—Ұқсаң жаным,
Болған соң ғаділетсіз кетер сәнің.
Патшаның әмірі деп мал қайтарсақ,

Сұрақсыз қоямыз ба адам қанын?
Дүңген айтты:—Көнсең сол, көнбесең қой,
Елісқан, Қожақын мен ойлаған ой.
Ағалар, не боламыз демеңіздер,

Болады істің арты бір жиын-той.
Сабырбай залың шықты бұл бір тұстан,
Талпынған жасынан-ақ бала Құсман.
Батыр Қойшы, Сәуітай, Ыдырыш молда,

Ақылы бірталай ел қосылысқан.
Дәлібай Дәулетұлы Долан шиан да,
Лажсыз душар болды Сары Ұяңға.
Рақымды сөзге жатық жігіт еді,

Мархабат ойлағаны талай жанға.

тарихи  жырлар
Бұзылды біраз керей Долан шианнан,
Бір нәубет өтпей қалмас қандай жаннан.
Әр себепке бір мүсибат деген осы,

Басталды Елісқан мен Фулұйжиаңнан.
Таңғыт пен қазақ халқы болды өшті,
Елісқан Мабуфаңмен сөзге егесті.
Бір қоныс шеткер жерден табамыз деп,

Аз керей Долан шианнан үдере көшті.
Ойлады бөлек қоныс табамыз деп,
Отырсақ кетеді екен бағамыз деп.
Қатын менен баланы оңашалап,

Қолықты кісі өлтірген шабамыз деп.
Аз керей елден шыққан жеке дара,
Қолыққа қол салыпты бара сала.
Үкірдай Омар сонда оққа ұшып,

Артында шулап қалды жетім бала.
Доланнан Мабуфаңға хабар жетті,
«Шеткерлеп Чиңхай сыңды қазақ кетті.
Сыжуда Малужияңға хабар беріп,

Фулұйжиаң бес жүз ермен барсын!»—депті.
Фулұйжиаң кернейлетіп шықты жолға,
Жүрсін деп моңғұл, таңғыт қалың қолға.
«Қазақтан елшілікке жүресің» деп,

Лажсыз сегіз кісі ерді зорға.
Мұқаділ, Атшыбай мен Ескендірлер,
Арасын ойлағанға бірталай жер.
Ұйрхын, Тула, Сұрдан көктей өтіп,

Қазақты сөзбен алдап аламыз дер.
Садымнан моңғұл, таңғыт бәрі де ерген,
Қазаққа мал алдырып қорлық көрген.
Өзенін Момынғолдың көктей өтіп,

Бойына Алтын шоге жетіп келген.

үркін-қорқын
Барған ел тоқтап қапты бір-екі ай жаз,
Бойлары Алтын шоге былқылдақ саз.
Пендеге ғаріпшілік сонда түсті,

Қор болды өр серпіген өңшең маңғаз.
Фулұйжиаң сонда қуып жеткен екен,
Қорлыққа бар еркегі кеткен екен.
Ор қазып, төңірегін қарауылдап,

Көп әскер қоршап апты сыртын бекем.
Былайша қарауылдап әскер жатты,
Алдынан Елісқанның жазды хатты.
Көшіріп зияпатпен алып кел деп,

Жуши да осылайша жарлық айтты.
Хат салып:—Бері қазақ келсін,—депті,
Бет келіп тура жауап берсін,—депті,
Құдай бір, Кәлам-Құран шындығы хақ,

Қасым жоқ, шариғатқа сенсін,—депті.
Қазақ боп тауда жатып қылды кеңес,
Жан шықса дүние бізге керек емес.
Кейбіреулер айтады «барайық» деп,

Құралды қалың әскер осал емес.
Дүңген айтты:—Керегі жоқ бір қисық жол,
Қол қойып Мабуфаңға бұқара бол.
Қас қылсақ, бір Аллаға тапсырғыл деп,

Құранға мөрді басып, алысты қол.
Шатырға қазақ саулап түсті келіп,
Жайраңдап дүңген жатыр жауап беріп:

—Елісқан, өткен істің керегі жоқ,

Патшаның баласысың ақыл серік.
Былайша тоқтау қылды сөзін жайғап,
Бастаған бір сапарға Құдай айдап.
Ертеңінде шақыртып Елісқанды,

Кісендеп үш кісімен алды байлап.

тарихи  жырлар
Фулұйжиаң ғайыт сөзін сонда бұзды,
Ұстап ап басшыларды қойдай тізді.
«Бұзған соң Құран сөзін амал жоқ» деп,

Жанынан күллі қазақ үміт үзді.
Елді айдап, әскер тартты барабанын,
Жылқының алды тізіп жарағанын.
Құранға қол қойып ап, ант аттап,

Қараңыз мұсылманды талағанын.
Елді айдап Момынғолды құлдай көшті,
Ақыл қып соңғы қазақ көп кеңесті.
Әскерге тәуекел деп қол қояйық,

Ақырда тағдыр, ажал бар ғой десті.
Садымда топ жыңғылға қонды барып,
Айдауда қатын-бала болды ғаріп.
Фулұйжиаң сонда жұртқа әмір қылды:

«Әкелсін елден таңдап үш қыз алып!»
Бұл ісі мұсылманға ұнамады,
Зорлыққа енді қазақ шыдамады.
«Ей, Алла, бір өзіңе тәуекел» деп,

Жиылып ақша қаржы құралады.
Дәрет ап, ақыретін киінеді,
Тәуекел бір Аллаға сиынады.
Оқып ап жаназасын әмин деп,

Әскерге шатырдағы құйылады.
Сойылдап шатырды кеп алды басып,
Ажалсыз құтылыпты кейін қашып.
Қылмаса зұлыматтық қайтер еді,

Құранға қол қойып ап қаны тасып.
Қожақын ойлап тұрды сонда әр іс,
Пәниден о да кетті-ау асыл құрыш.
Абаққа Қадір Алла қуат берсе,

Тамаша көрсетейін бұған бір іс.

үркін-қорқын
Қожақын жең мылтығын қолына алып,
Алдына жүгіреді от боп жанып.
Құдайым өзі медет бергеннен соң,

Әскерін Фулұйжиаң мен салды қырып.
Аңғабай, Мінән менен кірді басып,
Кісенде Елісқанды ала қашып.
Мінәннің сүбесінен қылыш тиіп,

Қылған соң сақтап қалды Алла нәсіп.
Сиынған қазақ халқы Алла Хаққа,
Сары Ұяң жатқан екен залың жақта.
Жұмаштап Фулұйжиаңды алғаннан соң,

Таң ата қазақ қашты әр тарапқа.
Халужиаң малын айдап Шарғы кеткен,
Оңбас деп біздің дүңген арман еткен.
Құралып моңғұл, таңғыт, дүңген менен,

Қазақты құм ішінде қуып жеткен.
Қожақын жалғыз өзі салды ұрыс,
Мылтық жоқ қазақ елде, қолда қылыш.
Бір Алла, өзің медет әйламасаң,

Сұм дүние баяны жоқ бір көрген түс.
Саламат бірталай ел шықты тауға,
Мал-мүлкі түгел қалды дұшпан-жауда.
Маңғаздар не секілді сандалып жүр,

Бір күнде ақсұңқардай алтын бауда.
Ел үркіп Алтын шоге қонды барып,
Таршылық, қатын-бала болды ғаріп.
Үндістан тарапына тартпақ болды,

Арттағы жаралыны жиып алып.
Бұл керей жолмен тартып бара тұрсын,
Фулұйжиаң топ жыңғылда қала тұрсын.
Долан, Саха қазағы төңкеріс боп,

Азырақ сөз қылайын оның ғұрпын.

тарихи  жырлар
Кәріде Базарқұлдан тәйжі Зәйіп,
Баласы неше атаның қанат жайып.
Өлгенін Фулұйжиаңның естіген соң,

Көңілге сәна түсті алмағайып.
Бұл қалай болады деп қалды таңға,
Кеселі тие ме деп барша жанға.
Солтаншәріп, Ырғайбай, Дүзбай болып,

Еңкейді ителі атаң Гұңхы шианға.
Молқыда тәйжі Алпыс, би Шерікбай,
Әрбір ел тап-табымен болды ыңғай.
Әбдірақ, Кәлпе менен Әжік байлар,

Бәрі де адам еді ақылға сай.
Қарақастан Дәуітбай, Жылқышылар,
Қанаттас жұрт ішінде тұрды бұлар.
Сиынсақ бір өзіңе ғасы пенде,

Әр істі құдіретімен Алла қылар.
Төкеңнің өз ұрқынан тәйжі Иұсып,
Жасынан дегдар туған болып пысық.
Шетке шыққан сарбастың биі болып,

Орнына қона қалды құстай ұшып.
Баласы Кәбибайдың шиаңзұң Тоқай,
Қошуыт теңдес туған о дағы сай.
Япырым-ай, заман қандай болар екен,

Құлыңа медет бергіл Қадір Алла-ай?!
Мабуфаң сонда бізге қылды жала,
Сақадай бересің деп сексен бала.
Елісқан әскерімді кетті қырып,

Қазағым, бетіңді бұр, бері қара.
Қазаққа жан сақта деп берген мылтық,
Бір себеп Елісқаннан болған қырсық.
«Жарақты қолындағы берсін» депті,

Бұзық деп айтпағанмен түсін жыртып.

үркін-қорқын
Жұрт болып ақылдасты бәрі тамам,
Жушидің ойлап тұрсақ түрі жаман.
Бет қойып Үндістанға аумақ болдық,

Бір бұйрық неге жазса Тәңірім салған.
Дүңгеннен қауіп қылып керей қашты,
Бүлініп ителі атаң жігін ашты.
«Құтылар, қашқан жаудан» деген сөз бар,

Байладық бір сапарға ғазиз басты.
Сахадан көшті керей ал бұзылып,
Тыныш кетпей көлде жатқан малға ұрынып.
Біреу айтқан ақылға біреу көнбей,

Желденіп алғаннан соң бір бүлініп.
Өрледік онан көшіп Момынғолға,
Ласағазушы жүрген қара жолға.
Пендеге айтқан емес Тәңірім сырын,

Бастады, амал бар ма, қалың сорға!
Ел көшіп Алтын шоге қонды барып,
Қан құсты ауа тиіп қанша халық,
Қажышы біраз дүңген кезіккен соң,

Басшылар қоя берді аз пұл алып.
Ел көшіп бір қарлы тау тағы асты,
Ыс тиіп күндіз-түні өліс басты.
Ауадан өлім басып кеткеннен соң,

Халайық бұл қалай деп жаман састы.
Үш мың үйдей қазақ еді сонда кеткен,
Кемшілік ғаріптерге кебін-кетпен.
Бір көш жер Жетіобаға қалған шақта,

Шаңдатып қалың дүңген қуып жеткен.
Керейдің алды кеткен кезең асып,
Кейі салт жүгін тастап кетті қашып.
Ыстамбұл, Бөшжан, Ғали ауылдарын,

Көп әскер қуып келіп алды басып.

тарихи  жырлар
Ел кетті Жетіобадан Құм өзенге,
Алдымыз қалың Тибет жол кезеңде.
Елін-жерін бәрін де біле алмаймыз,

Қиыр жер қандай қиын көрмегенге.
Кеңесті қазақ қайта барамыз деп,
Дүңгенді шама келсе аламыз деп.
Егерде қайтып дүңген кеткен болса,

Жүк болса жұртта қалған аламыз деп.
Жөнелді бірталай ел дүңген жаққа,
Шабылған жалаңаш ел әр тарапта.
Бір ұшық жабысқан соң амал бар ма,

Жолықты қайта барып ғаламатқа.
Жабыла дүңген қуды көрген жерден,
Тырмысып қазақ қашты қарсы өрден.
Тұрғыдан Қамза, Құсман оқ атқанда,

Дүңгеннен екі кісі қабат өлген.
Аштық пен қиын болды жалаңаштық,
Баласы мұсылманның қылды қастық.
Жиырма үймен Құсайын да кетіп еді,

Жоннан кеп қосылар деп алаңдастық.

Ежелден шеткерілеген қиыр жайлап,
Дүңгеннің осындайлық заңын ойлап.
Алыстан құлақ түріп естіп тұрсақ,
Духанның алыпты деп малын жайғап.

Тиянақ ақыл серік болар еді,
Қосылса осы жоннан Құдай айдап.
Жондаған біраз керей жапан түзді,
Бетке алып көшіп едік қоңыр күзді.

Көп болып көбік құсып өлген адам,
Жанынан бірталай жан үміт үзді.
Бет қойдық Ласа жаққа жонды жондап,
Отын жоқ, тезек тердік түйе қомдап.

үркін-қорқын
Пендеге ғаріпшілік сонда түсті,
Соққан жел қыбыладан күнде азынап.
Жүре алмай жаяу-жалпы жолда қалған,

Бір бұйрық Тәңірім жазса неге салған.
Оңғарсын ғаріптердің алдын Алла,
Таусылмас жаза берсем бәрі де арман.
Пәниден бақи жайға бәрі кетті,

Тоқай шиаңзұң, Сүлеймен қажы да өтті.
Секей шаңия, Сейітқан—бәрі науқас,
Аурудан сандалып жүр Әлменбеті.
Сөйлесем бастан-аяқ таусылмайды,

Жазайын теріп-теріп асыл текті.
Әркімнің Алла қойған орыны бар,
Қалайын бір тербетіп қара көкті.
Жылқышы о да науқас қарақастан,

Ду болып күндіз-түні өлім басқан.
Жер қатты, күні суық көмілмейді,
От өртеп, жер жібітіп жанталасқан.
Қарасаң жонда қалған біткен малдар,

Көмілмей қалып жатыр өлген жандар.
Ғаріптің жетім-жесір қисабы жоқ,
Тірідей қалып жатыр кемпір-шалдар.
Кейбіреу есеңгіреп, жарылып жүр,

Боялып түйе үстінде қызыл қандар.
Бар еді Әлеумет деп өзім інім,
Дүңгенге қалың қолмен кеткен бұрын.
Атысып жалғыз қалды десіп келді,

Хабар жоқ, біле алмадым өлі-тірісін.
Жолменен жонды жондап көштік бір ай,
Құлыңның жолын оңғар, Жаппар Құдай.
Алдыңғы кеткен елдің ізін басып,

Тибетке ым қағармыз сұрай-сұрай.

тарихи  жырлар
Айдаған бір бұйрық бар өлмегенге,
Жері ұзақ болдық сарсаң көрмегенге.
Жол жүріп ай неше күн шұбырынды боп,

Көлденең барып түстік бір өзенге.
Үш жүздей тибет келіп сұрады дат,
Мінгені парыменен қаракер ат.
Үш кісі Елісқаннан хабар келді,

Ел-жұртты естіген соң қылмай тағат.
Нақшаға тоқтатыпты барған елді,
Қазаққа құрал бер деп хабар келді.
«Мылтық берсең, жол берем» дегеннен соң,

Жұрт болып бір жүз қанша құрал берді.
Тоқтатып бір ай жаттық бермеді жол,
Жоқ болды уағда сөз, алысқан қол.
Жүз жылқы, екі мың қой алып кетіп,

Тибетке бас кеселдің болғаны сол.
Ласадан ашылмады жолдың шарты,
Жиылды сол араға елдің арты.
Күн сайын жұрттың халі нашарласып,

Таусылып бара жатыр малдың тарпы.
Әскері тибет жұрттың жиылған көп,
Бән болдық, Елісқаннан еш хабар жоқ.
Бет қойып қыбылаға көшпек болдық,

Жойытты айдап салды жиылған көп.
Жөнелді қыбылаға көлденең жол,
Тибетке енді қазақ қойысты қол.
Алдына кез болғанын айдап еді,

Кенелді енді қазақ «дәулетке» мол.
Қысқасы жондай көштік тамам бір қыс,
Ағалар, бастан кешкен осындай іс.
Зуылдап соққан боран тыным алмай,

Болмады жанға рахат бір күн тыныш.

үркін-қорқын
Жүре алмай жаяу-жалпы жонда жатқан,
Мал қуып кейбіреуі пайда тапқан.
Азырақ көрген жерден терістірдім,

Ысырсам орынынан болар мақтан.
Үш құлақ шөптің көбі біткен сары,
Қисапсыз тоқтаған көл жонның бәрі.
Саржазық, қарлы-қарлы төбесі бар,

Бір көштен алыс емес аралары.
Қыбылаға жонды жондап қыстай көштік,
Біле алмай «Үндістан жақ қалай?» дестік.
Жаз шығып жерге көк шөп ілінгенде,

Көлденең бір өзенге барып түстік.
Көк жазық теңселіп тұр мидай дала,
Былқылдақ қалың жасаң, сай мен сала.
Жерінде өскен малдың қисабы жоқ,

Айдады жүзден жылқы жетім бала.
Тізеден қалың жасаң былқылдаған,
Көк теңбіл өңшең жорға сылқылдаған.
Бейнеті қыстай тартқан естен кетіп,

Жылқыға бір байыды барған адам.
Мал тапқан жортуылдан өңшең батыр,
Құймалы ер, кілем тоқым, қолда шатыр.
Қыс болса, қыстан апат табамыз деп,

Жөнелді Үндістанға опыр-топыр.
Бет алып қыбыла жаққа онан кеттік,
Басына көк өзеннің әрең жеттік.
Құралды жүздей тибет қарсы шығып,

Қашқан соң бір белеңнен қуып жеттік.
Тибеттен атысам деп бесеу өлді,
Басқасы аса қашты бір белеңді.
Тіріде бет қайтпаған арыстан-ай,

Қожақын көргеннен соң оқтай төнді.

тарихи  жырлар
Жол тарттық онан көшіп бірнеше күн,
Адамда жерден ауған болмайды сын.
Бір үлкен жыңғылды өзен қона қалсақ,

Ласадан әскер кепті сол күні түн.
Көрмедік сондай басым қалың жауды,
Теп-тегіс мінген аты қоңыраулы.
Ерте кеп үш жүз әскер аулын басып,

Елісқан жаяу қашып қырға салды.
Атысып оны дағы салдық айдап,
Отызы оққа ұшып қалды жайрап.
Басым жау қисабы жоқ көргеннен соң,

Өлімнен тартынбадық басты байлап.
Екі адам шейіт болды бізден және,
Құрбандар—Нұрпіке мен Кәпел бала.
Пәниден бақи жайға олар кетті,

Жазуда бұйрық солай Хақ Тағала.
Мал іздеп зәңгі Деле бұрын жүрген,
Құралып жиырма кісі қасына ерген.
Бір адам жау шапты деп іздеп келді,

Мысалы хан шерік деп іздеп келген.
Өліпті Деле бастық сегіз кісі,
Кигені сары дейді жаудың түсі.
Ладақтан бізге айдаған әскері екен,

Әскердің шетке айдаған бір жынысы.
Бір тибет қағаз алып бізге келген,
Бір адам тірі ұстапты барған елден.
«Үндістан шекарасында әскер едік,

Мұсылман әулетіміз мұнда келген.
Оқ тиіп адамдарың зая болды,
Қапыда жауап бермей қашқан жерден».
Кейбіреуі айтады барамыз деп,

Бармасқа қайдан орын табамыз деп.

үркін-қорқын
Керейден ақылдасып үшеу жүрдік,
Жұрт үшін барып хабар аламыз деп.
Бір кісі қазыбектен шықты Мардан,

Болған соң тәуекел деп жұрттан парман.
Жәдіктен Байдолланы жолдасқа алып,
Сейітхан мына пақыр бірге барған.
Асығып жылдам жүрдік түн-түнетіп,

Ертесі түске жақын келдік жетіп.
Нор қара бір топ адам көрінеді,
Ойладық бұл қалай деп қауіп етіп.
Ойлаймыз бұл қалай деп біздің пақыр,

Жаяулап өңшең сандал келе жатыр.
Қолына ақ ту алған ұзын бойлы,
Көк киген ортасында бар бір батыр.
Әлгі адам жақын келіп сәлем берді,

Сөйлемей өзгелері кейін тұрды.
«Ризаһи тикраһи саламат» деп,
Бізді ертіп шатырына алып жүрді.
Сөйлесіп нәсіліңіз қайдан дестік,

Бар екен сарттан дүңше ал сөйлестік.
«Паһималап мухажирлар сөз сұрайын,
Әсілі патшаңыз кім, мен ұғайын?»
Патшамыз Жаң иуанжаң түбі жұңго,

Деуші еді саясаты Жұңхуа миңго.
Шыңдубан Шиңжиаңға кеп зұлматлық қып,
Нақақтан кетті атылып бірталай би.
Хилаплық жол шығарды шариғаттан,

Қапаста ғұламалар бәрі жатқан.
Мазһабым имам Ағзам, затым—түрік,
Мекенім сол өр Алтай уәлаяттан.
Үш жылдай жапан түзде кезіп жүріп,

Мінеки, жайым осы сізді тапқан.

тарихи  жырлар
Неше жыл мехнатта біз болдық зар,
Бастаған рахман ием Қадір Жаппар.
Ұқсаңыз жайым осы мұсылманмын,

Қанеки, өз жайыңыздан берші хабар.

—Мухажир келдіңіздер әлде қайдан,

Пендеге ризық таппақ осындайдан.
Сіздерді иншалла қор қылмайды,
Үндістан күллі мүмін қанат жайған.
Мұсылман өз нәсілім Межірсайып,

Ладақта қарауылмыз тұрған жайып.
Ішкеріде патшамыздың әмірі осы,
Жарлықтан шыға алмаушы ек жолдан тайып.
Сұрасаң шаһарымыз Кашмир атты,

Болады падишамыз инду затты.
Ғабдолла шайқы Махмұт деп айтады,
Мұсылман бір адам бар шарапатты.
Келіпсің жапа шегіп бірталай жер,

Толды ғой естіген соң ішіме шер.
Патшаның анық атын сұрасаңыз,
Мәржәп жұрт билеген Һарисым дер.
Ой жағы Пышауырдың Бәнжап дейді.

Алдыңда жеті айлық жол бармақ дейді.
Жерінде дін исламнан бейтүлмәл көп,
Жидырған мүсәпірге арнап дейді.
Өтсеңіз осы жолмен жабдығың бер,

Және де сиыр сойып жемеңіздер.
Жемейді сиыр етін инду халқы,
Жұртына қылған жарлық осылай дер.
Бір жол бар малға жайлы он бес күндік,

Басшымыз қайда барсаң бірге жүрдік.
Егерде Ладақ жолын сұрасаңыз,
Шөбі жоқ, жері қиын, тар-тар мұңлық.

үркін-қорқын
Сонан соң енді жүрдік қайта қайтып,
Жіберді осылай деп жауап айтып.
Жан қалса үлкен олжа бізге сол деп,

Жөнелді Кашмир жаққа керей тартып.
Ладақ пен Кашмир жаққа жүрдік жолға,
Таршылық, жерде шөп жоқ баққан малға.
Отын, шөп қалың елге бәрі сату,

Қаражат қиын болды берген жемге.
Бір айдай керей жүріп Кашмир барды,
Тізімдеп бойымызды метрге алды.
Әлде де барар жолың ілгері деп,

Бір қиыр қарағайлы жолға салды.
Күнде шу жолға сыймай жиылған көп,
Қисап жоқ бір қалыпта көктеген шөп.
Бір қия дария судың жағасына,

Иіріп шалың берді тоқтатып кеп.
Мұзапарабат деген тұрдық жерге,
Бал мен шай, ұн мен шекер бәрін берді.
Сол жерге жедді айында тоқтатып ед,

Қазаққа енді қайта пәле келді.
Дерт жүрді неше түрлі арасына,
Сол келген біздің қазақ баласына.
Барғанда қуанып ек «я, құдайлап»,

Жеттік деп мұсылманның панасына.
Белім деп кейі жатыр күйретіліп,
Тізе деп кейі жатыр сүйретіліп.
Япырам-ау, бұ не деген сұмдық күн деп,

Жүдеді дені саулар іштей тынып.
Кейбіреу сап-сау тұрып сандырақтап,
Сөйлейді құтырғандай көзі алақтап.
Кешікпей бұ дүниеден тез кетеді,

Байлаймыз бірнеше күн оны сақтап.

тарихи  жырлар
Аузынан кей адамның ағады қан,
О дағы біреу емес, бірталай жан.
Кешікпей ауырған жан тез кеткен соң,

Қорықтық болады деп қандай заман.
Аспатал жүргізіп тұр дохтырхана,
Не түрлі дәрі-дәрмек берген және.
Әртүрлі дәрі-дәрмек себеп болмай,

Алдырған әр шаһардан, неше қала.
Ел зары
Айналайын, бар Құдай,
Құлыңды сақта қор қылмай.

Күйзелмей қайтсін ғаріп ел,
Күн болған соң осындай.
Дүние өтер соққан жел,
Көздің жасы болды сел.

Айдынды шалқар көл едік,
Қағырлаған болдық шөл.
Талайын опат таптырған,
Мүрдеге толды-ау құба бел.

Қанымыз мұнда төгілді-ау,
Мұзапар деген апатта.
Ем дәрісін беріп тұр,
Дохтыр қарап сағатқа.

Тамтығымыз ел болып,
Қосылар ма екен санаққа.
Күндіз-түні күңіреніп,
Қалмады сабыр, тағат та.

Күнімізді көрейік,
Өлсек те қаңғып әр жақта.
Енді патша қоя бер,
Жұртыңа бізді тарат та.

Қашанда бір жан аманат,
Ажал деген қармаққа.

үркін-қорқын
Бізге жоқ енді мекен жер,
Ішке толды-ау қайғы-шер.
Жасаған Алла, бар Құдай,

Өзің медет бере гөр!
Отырған жер де тар болды-ау,
Өзенге жақын жар болды-ау.
Қамаудан шығар шара жоқ,

Осындайлық мән болды-ау.
Қырылған адам қойдай боп,
Бұ не деген заң болды.
Билік іздеп тағы да,

Екі патша қан болды.
Он екі уәзір тағы да,
Елін хаттап сал болды.
Жөнсал байға қарамай,

Қатын кербез, паң болды.
Тұл қатын кетіп бойлаған,
Билік тиіп сойлаған.
Намыс көріп ұлтының,

Іші оттай қайнаған.
Шетке шығар шара жоқ,
Қоршаған шерік аймағы.
Жүздей әскер күзетші,

Қолында құрал-сайманы.
Неке жолы—еркіндік,
Тез оралар салымы.
Бір табақ күріш тойы бар,

Жүз теңге болды қалыңы.
Патшасы Кашмир Маражай,
Осындай халге қойғаны.
Тағат қылған кей қатын,

Орынынан таймады.

тарихи  жырлар
Дүниенің бәрі сатулы,
Көбінде тиын қалмады.
Сөйтіп жүріп тағы да,

Бірін-бірі арбады.
Не секілді маңғаздар,
Сәнаменен сарғайды,
Сонда да ойлап сағындық,

Өрбіген мекен Алтайды!!!
Жыладық Нұр Мұхаммед пайғамбарға,
Қалды деп біраз үмбет қайғы-зарда.
Дариға-ай, шапағатыңнан айналайын,

Дұғаға қол көтеріп жайғандарға.
Біреуі шаһариардың Әбубәкір,
Пәниден ғасы болған біз бір пақыр.
Қылмасаң, Рахым Ием, өзің жәрдем,

Зарығып ғаріп құлың бара жатыр.
Біреуі шаһариардың молда Оспан,
Құранда—нұр иесі қосылысқан.
Қылмасаң, Рахым Ием, өзің жәрдем,

Зар болдық мұнда келіп қапылыстан.
Біреуі шаһариардың әділ Омар
Қиналса, ғасы пенде Хаққа жылар.
Сүйікті шаһариардың біреуі едің,

Ей, Алла-ай, күнің бар ма рақым қылар?!
Және де жалынамыз ер Әли шер,
Айрылдық мекеніміз бірталай жер.
Сүйікті шаһариардың құрметі үшін,

Пендеге қысылғанда рақымың бер!
Және де Каһап пенен Асқа Бипыл,
Бұл дәурен теңселгелі бірталай жыл.
Алла досты Мұхаммед—хақ пайғамбар,

Солардың құрметі үшін рақым қыл.

үркін-қорқын
Және де жалбарамын Мұса Кәрім,
Інісі әм пайғамбар Нәби Кәрім.
Пенде қып жаратып ең, Хақ Тағала,

Қалайша төктің бізге қайғы зарын.
Және де жалбарамын Абыл, Қабыл,
Атамыз жаннат тұрды бір бес жүз жыл.
Әулие, әнбиалар құрметі үшін,

Ей, Алла, ғарібіңе рақым қыл.
Әрмия, Зәкария, Мәрия, Ғайса,
Шамұғын келеді Ғайса осылайша.
Әрәшәт, Һарон менен Зұлқарнайын,

Дүниеден опа тапты олар қанша?!
Жаһанға Қызыр, Ілияс аты шыққан,
Жүністі дариядан балық жұтқан.
Хараби, Жүніс пенен хакім Лұқпан,

Рақым қыл құрметі үшін, Ізім Сұбхан.
Зынданға Жүсіп Сыдық түсті байып,
Зылиха махаббатқа көркі лайық.
Қылмасаң, Рахым Ием, өзің жәрдем,

Бүгін тірі ертең жоқ болды ғайып.
Дүниеден төрт пайғамбар тірі кеткен,
Екеуі көкте, екеуі жерде дескен.
Жердегі Қызыр менен Ілиястар,

Жалғанда еш пендеге көрінбеген.
Көктегі бірі—Ғайса, бірі—Ыдырыс,
Тірідей ол Ыдырыс көрген бейіш.
Болғанда ғибадаттың сауабымен,

Кітаптан осылай деп естідік біз.
Төрт имам, төрт шаһариар, төрт мүәһәп,
Данышпан неше алуан жаратқан Хақ.
Жаралған жын мен пері неше түрлі,

Құдіретпен жетістірген не түрлі Хақ.

тарихи  жырлар
Жағыпар батыр өтті Сейіт, Сыдық,
Пенденің халі нашар Аллаға анық.
Қылмасаң рахмат, Ием, өзің Жаппар,

Жалғанда не көрмейді пенде ғаріп?!
Дәуітке Забұр атты кітап енген,
Бір Алла, ғажап емес, рақым етсең.
Күн мен ай раушан берген жер-далаға,

Шамшырақ күндіз-түні сай мен салаң,
Жол беріп мағриб пен машриққа,
Шек болмас құдіретіңде, Хақ Тағалам.
Хадиша, Әлгүпірә, Бибәтима,

Жалбарып жад қыламын бәрін тамам.
Қылмасаң өзің рақым, өзің жәрдем,
Білмедік не болғанын мына заман?!
Хасен менен Хұсайын шаһизада,

Ойласақ кімдер қалды бұл жалғанда?
Адамзат бейнет көрмей рахат көрмес—
Зар болған бір жұтым су Кербалада.
Жылайды мұсылмандар бізбен бірге,

Қисап жоқ қырылған жан күндіз, түнде.
Түбінде ілінбесек некен-саяқ,
Бір кеткен салындымыз су түбіне.
Имамдар сонда айтады ғарібім-ай,

Пендесін неге жазса Жаппар Құдай.
Бет қойған дін исламға шейітсіңдер,
Болады ғарасат күн көңілің жай.
Қисап жоқ жаны ашытып келіп тұрған,

Жәрдемін қолдан келген беріп тұрған.
Шіренген не секілді тәкаппар жоқ,
Құрметтеп қолыңды ұстап өліп тұрған.
Ғабдолла шайхы Мұхаммед о да келіп,

Кашмирдің патшасына ақыл серік.
Алланың әміріне шара жоқ деп,

үркін-қорқын
Қазақтың көп қайғырды түрін көріп.
Бір сауап таршылыққа болып қалар,
Жияйын мұсылманды қағаз беріп.

Біз үшін дін мұсылман сандалып жүр,
Исламның әруағына ұрып құлдық.
Кашмир мен Пакистанның шекарасы,
Әсіләмқан Солтанзада сол арасы.

Теңгені қисабы жоқ төгіп тұрды,
Исламның жарқыраған гауһар тасы.
Жұрт болдық қысылғанда сонда делдал,
Таусылып бара жатыр бас пенен мал.

Не өлтір, не қоя бер, жол босат деп,
Елісқан сақшылармен қылды жанжал.
Кашмирден үш жүз әскер келді жетіп,
Жөнелді Елісқан да қауіп етіп.

Шекара ойлағанға бір-ақ кезең,
Жұртына Қабиболла бардық жетіп.
Шаһары Әсіламқан, Қабиболла,
Жұртынан дін ислам деп жүрдік жолға.

Мұрдаттың қол астына қор қылғанша,
Мұсылман алмаймысың бізді қолға?
Сұрақты Әсіламқанға қойды мұндай,
Қояды Мұзапарабатқа сізді төрт ай.

Бері қарай төрт айдан соң жүргізбекші,
Патша уағда берген жұртқа осылай.
Жұрт болып ертіп келді Елісқанды,
Ұлықтар тоқтал қылды осы мәнді.

Біраз күн сабыр қылып тұрсаңыздар,
Жібермек Азараға барша жанды.
Сиынып тоқтап тұрдық бір Құдайға,
Ғаламға шайхы Махмұт хабар жайды.

Сәлем де Ясша Ғұсыман, Ғалиханға,

тарихи  жырлар
Жерінде жүмлә мүмин барша жанға.
Кашмирде аз мүсәпір зар жылайды,
Қалмады тағатымыз қысылғанда.

Сәлем де Хайдарабат қаласына,
Қарашы ақылының данасына.
Екі орта Жұңгоменен шекаралас,
Мұхиттың теңіз-дария жағасына.

Және де жаздым сәлем Гран-Чинге,
Сұм дүние бірде бүге, бірде шіге.
Параход одан ары мұхит-дария,
Жарандар, паһимласаң жерді шене.

Және де жаздым сәлем Манифорға,
Осындай қор болар ма ислам жолда.
Мұрдаттың қол астына қор қылғанша,
Дін мұсылман бізді қолға алмайсың ба?

Бәрі де құлақ естіп, көрілген көз,
Бейнеттің бәрін терсем таусылмас сөз.
Телефон—жүйрік хабар жерінде бар,
Жылдық жерден келеді сағаттан тез.

Бопалдың тәуабына жазды хатты,
Тұл қатын ақылы асқан жұрттан дана.
Естісек бұқарасы нақ мұсылман,
Ерте-кеш оқығаны ғамад-сәна.

Және де сәлем жаздым Пышауырға,
Билеген жұрт бастығы тауап биге.
Мухажир екі мыңдай мүсәпірлер,
Кашмирде түсіп жатыр мұндай күйге.

Ханфордың сәлем жаздым зиялысына,
Себепкер әркім өзі бір басына.
«Муминин ихуатун» деген аят,
Қараңдар қамқор болған жолдасына.

үркін-қорқын
Анифордың сәлем жаздым сұлтанына,
Падиша қолы жеткен жұрт санына.
Қанша жан опат тауып өліп жатыр,

Себеп жоқ Хақтан өзге бір жанына.
Ахбарда Калькутта мен Дамбай жағы,
Күншығыс ұзақ шаһар шалғайдағы.
Бір себеп Құдай үшін істейік деп,

Естіген дін мұсылман оңтайланды.
Сәлемдерін Наубадхарын Науап,
Құтқарсақ мухажирді үлкен сауап.
Ислам боп екі мың адам азат қылсақ,

Қылғандай Бейтуллаға болар тауап.
Тауының арғы ішінде Жағыстан бар,
Патшамен хилап қылып алысқандар.
Жаратқан неше алуан жан Жаппар ғалам,

Ішінде неше түрлі данышпан бар.
Хабарлап шайхы Махмұд келді қайтып,
Бар жұртқа барлық ислам сәлем айтып.
Біз үшін дін исламдар тартты зарлық,

Алтынның қадірі жоқ қолда барлық.
Кашмирдің кірентінде төрт ай тұрып,
Бәнжапқа көшеді деп келді жарлық.
Топ болған қалың науқас қайғы-зарда,

Ылаулап екі жүздей өгіз арба.
Көлік жоқ және отыздай машинамен,
Кірелеп темір есік жерге апарды.
Арбада қалың науқас көп қиналды,

Талайы тәсілім етті ғазиз жанды.
Жерінен темір қақпа өте шықсақ,
Ар жағы күллі сүнни мұсылман-ды.
Кірентте барған қазақ бір күн қонды,

Таң атса-ақ Азараға жүрмек болды.

тарихи  жырлар
Таң атып бамдат намаз уағында,
Үш жүздей алдымыздан көңке келді.
Шаһарда үш жүз көңке бізге келген,

Сақшылар оның жайын мағлұм еткен.
Шаһары Хайдараға жеті айлық жол,
Ғалиқан, патша Ғұсман жәрдем еткен.
Шығарды одан кейін автобусқа,

Кез болдық ислам халқы асыл затқа.
Құрметтеп мың қанша адам қарсы шығып,
Сана оқып, шулап тұрды Алла Хаққа.
Шығарды онан кейін Анифорға,

Жүрген құл қор бола ма түзу жолда.
Құрметтеп бес мың адам қарсы алып тұр,
Теңселіп тұрды сонда оң мен солға.
Тоқтатты онан кейін Тырнауаға,

Күн ыстық, науқас қалың, кетті баға.
Қайратты ақыл серік жігіт еді,
Қожақын қайтыс болды сол арада.
Бір жақтан күн шыжып тұр аспан қайнап,

Апарған біз пақырды Құдай айдап.
Тірідей еті шіріп құрттап жатыр,
Зарлайды шипа таппай көзі жайнап.
Тоқтатты Тырнауаға екі жылдай,

Үміт жоқ, құр зар болдық біздер мұндай.
Не сынды әлеуетті серке сандар,
Науқастан бұралып жүр тартқан сымдай.
Қыс болса екі ай ғана болар салқын,

Пәле көп айтып болмас оның қалпын.
Күн ысып бірдің айы жері көктеп,
Қайтадан індет басқан қазақ халқын.

үркін-қорқын
Ыстықтан ауа жақпай қайғы тартты,
Дәптерлеп адам санын қойдай бақты.
Салқын жер уәлаяттан қоныс сұрап,

Жұмыла жұрт гормонтқа арыз айтты.
Бұл хабар гормонтқа барып жеткен,
Жүргізген саясатын ғаділетпен.
Тоқтатпай мүсәпірді қоя бер деп,

Бәнжапқа, барлық жұртқа әмір еткен.
Ойладық барлық жұртқа барайық деп,
Хабарды падишаға салайық деп.
Көңілге жаққан жерден қоныс сұрап,

Бермесе өз алдында қалайық деп.
Елісқан ақылдасты тәйжі Ғұсман,
Табымен әрбір керей әрбір тұстан.
Он екі ру—он екі уәзір болып,

Екі жыл дәптер ұстап тұрған тұстан.
Мухажир Үндістанның жерін көрсін,
Жиырма төрт қанша король елін көрсін.
Аралап сүйген жерден қоныс алып,

Әлі де өлім, тағдыр Хақтан білсін.
Бірталай жұрт сөйлесіп жүрмек болды,
Қанша адам жер шалуға дайын тұрды.
Біреуі жантекейден Мардан шықты,

Жәдіктен Сауытбайды дәптерге ілді.
Баласы Бүркітбайдың Қали бала,
Ие боп өз ұрқына тұра қалды.
Шалыңға барша қазақ қолын қойды,

Қабылбек Суяфаңнан уәзір болды.
Айырылған үйірінен біраз керей,
Қайтейік, заманымыз мұндай болды.
Ғұсман ақылдасты тәйжі Алпыс,

Үш жылдай шалың алдық жаз бенен қыс.

тарихи  жырлар
Қарақастан Дәуітбай және жүрді,
Ағалар, бастан кешкен осындай іс.
Рақадыл, Қошуыт пен зүңгуан Қамза,

Түскен соң сапар шектік мұндай заңға.
Қайратты, ақыл-есі жаннан бөлек,
Мінезі машинадай барша жанға.
Сарбастан уәзір Ғұмар барған еді,

Басшы боп аз сарбасқа қалған еді.
Пәниден бақи жайға о да кетті,
Тақуа дін жолына адам еді.
Бір бала Ешен Сейіт уақ жақтан,

Сауытбай адам еді дәулет баққан.
Керейдің біреуінен мен де жүрдім,
Шежіре болмасам да судыр қаққан.
Патшадан тоғыз кісі басшыға ерді,

Деридет, Ханбағадұр қарсы келді.
Пойызға «ей, Алла!» деп түсіп алып,
Жөнелдік көреміз деп талай жерді.
Зымырап темір жолмен құстай ұштық,

Байқасақ оның да іші оттай ыстық.
Лауырфнди, Тохылаһодан көктей өтіп,
Делидің шаһарына барып түстік.
Сөйлескен аспанменен темір көпір,

Пойыздан түсіп жатыр опыр-топыр.
Зулаған ұшқан құстай пойыз көлік,
Үстінде мамық көрпе мың жан отыр.
Салдырған Жиһаншаның мешіті тұр,

Жамағат, бек тамаша мойныңды бұр.
Қарасаң бас-аяғы көз жетпейді,
Ақ тастан жіксіз қойған қаласы тұр.

үркін-қорқын
Жаратқан не түрлі жан Жаппар ғалам,
Мүміннің неше алуан данасы тұр.
Сөйлейді Мухажирден бір түріктік,

Ішінде біздей мұңлы сәнасы тұр.
Жиһанша бұл қаланы салған екен,
Шаһарды көргеміз жоқ мұндай көркем.
Мешіттің сарайында жеті қабір,

Әулеті шаһи Жиһан баласы екен.
Шаһары пері салған бек тамаша,
Әулеті Мұғсарымызға қалған екен.
Мешіті дін исламға мирасқор боп,

Пайтақты Англия алған екен.
Төрт жерден төрт муазин азан айтар,
Еш нәрсе ойлағанда келмейді пар.
Түн болса тас меруерттен шам жанады,

Не түрлі сән жаратқан Қадір Жаппар.
Үш түрлі жолбарыс бар бек тамаша,
Бірі көк, бірі жасыл, бірі қара.
Мінезі қойдай қоңыр, өзі маңғаз,

Осындай жан жаратқан Хақ Тағала.
Біз көрдік сол мешіттен ол мүбәрак,
Көрген соң тұра алмадық аттай жарап.
Екі Құран, мұрты менен кебісі тұр,

Қуандық жеттік пе деп, я, Құдайлап.
Салауат айттық сонда шуылдасып,
Еңіредік ғаріп көңіл жүрген жасып.
Мүшәріп сана оқысаң жарылқайды деп,

Жұрт көрді кереметін жабырласып.
Пайтақты Мұғыл патша жүз қабат үй,
Сайраған хикметпен не түрлі ән-күй.
Ұшқан құс—айроплан қисабы жоқ,

Топ-топ боп кеңес құрған науап пен би.

тарихи  жырлар
Мініп ап шойын жолмен құстай ұштық,
Мұпалға бесінші күн барып түстік.
Мысалы дүниені қарап тұрсақ,

Аңғары әлгі жерден тағы да ыссықтық.
Сай-сала құрма, жеміс пісіп тұрған,
Дірілдеп тоты құстар ұшып тұрған.
Мысалы маймылдары қойдан қалың,

Ән салып шуылдайды әлгі антұрған.
Жолбарыс, ішінде піл, бұғы-марал,
Қисап жоқ қаптап жүрген көк сиырлар.
Айуанат өріп жүрген есебі жоқ,

Қылмайды адамзатқа титтей залал.
Не түрлі жаратылған құс, жануар,
Кеудесі төбет иттей жыланы бар.
Жиюлы сансыз патша зеңбірегі,

Бұл дәурен бастан кешкен бір күн қалар.
Шаһары атты адамға бір күншілік,
Мұсылман қылып тұрған көп құлшылық.
Салған соң Алла басқа амал бар ма,

Мүсәпір сапар жолда тартар мұңлық.
Жөнелдік онан ары Еренабат,
Тұрмайды пойыз көлік жалғыз сағат.
Ішінде әр шаһардың махамы бар,

Адамы ауысатын титтей тағат—
Жер екен хадыс дауан күнмен талас.
Тоқтамай пойыз көлік келе жатыр,
Исламның зияпаты балдай татыр.

Уақиға бастан кешкен таусылмайды,
Қағазға бәрін сызсам болады жыр.
Шаһар бар неше алуан қабат-қабат,
Қалың қол үнді, мүмін жан-жамағат.

үркін-қорқын
Бір дария Жылым дейтін көз жетпейді,
Пойызға мөлшер болды жалғыз сағат.
Әр нәрсе дүние кезген көреді екен,

Тауынан Жетідария келеді екен.
Жетідария тауынан жеті өзен боп,
Басынан Гималайдың өреді екен.
Ойладық бес күннен соң қайтамыз деп,

Ел-жұртқа жердің жөнін айтамыз деп.
Әуелі падишаның әмірі сол,
Құп көрсең қай шаһарға барасың деп.
Тіріде бір бұйрық бар кімде-кімге,

Зырқырар пойыз тұрмас күндіз-түнде.
Жеті айлық жолды басып пойызбенен,
Ел-жұртқа қайтып келдік жеті күнде.
Адасқан аз керейміз некен-саяқ,

Табылса қалмас сөз жоқ бұдан аяп.
Көрген жер, басқан шаһар бірін қоймай,
Ел-жұртқа бәрін айттық бастан-аяқ.
Тәуекел, Қамза, Ғұсман барам деді,

Сауытбай, Қабылбектер қалам деді.
Не көлік, ішіп-жейтін қаражат жоқ,
Тарқауға қандай болар заман деді.
Рақадыл, Қошуыт пен Дәуітбайлар,

Ішінде қара молда Сейітқан бар.
Қаражат, ішіп-жем мен бәрі тапшы,
Тау жаққа тарқасақ деп ақыл ойлар.
Ежелден дәмдес жүрген қазақ халқым,

Еңірейді туысқандай бәрі жақын.
Қанша күн сол орынды араладық,
Ел-жұрттың ақтайық деп жолдас хақын.

тарихи  жырлар
Нақтабат, Пышауыр мен және Суат,
Қай жерден күн көреміз жаяу шуап.
Айрылып қойдай шулап қалып жатыр,

Ұрқы бар әр керейдің он екі тап.
Шуылдап айрыларда көп жыласты,
Төгісіп көздерінен қанды жасты.
«Пәниде көре алмасақ ғаріп жолдас,

Көрейік қиямет күн»,—деп жыласты.
Сал болды неше күндей күн-түнімен,
Жылаған жер күңіренді үніменен.
Ей, Алла, әділіңмен жаратып ең,

Құдай-ау, қор қылдың ба шыныменен?!
Жыластық жеті күндей күн менен түн,
Болып тұр бұзылғандай жаһан бүтін.
«Қош, қош!» деп екі жаққа айырылғанда,

Қайғылы көкіректен шықты түтін.
Айрылып бір-бірінен егілген ел,
Көз жасы қойынына төгілген сел.
Қайғырып қатын-бала жүре алмайды,

Айрылған әрбір жаққа болды кесел.
Қайысбай, Ілияз кетті Аптабатқа,
Рақаділ шыбарайғыр осы топта.
Елісқан ел ішінен бұрын кеткен,

Перуот Мұзаһиден деген жаққа.
Бет қойып кейін қарай қайта көштік,
Ей Алла, ғарібіңді өзің сақта!
Аурудан жүре алмайды қатын-бала,

Дария көпір салған темір қақпа.
Бөлініп жарым керей Бопал кетті,
Жері ұзақ жеті айлық жол қиыр шет-ті.
Жетелеп жалғыз тайын жаяу шуап,

Қалған ел тауға таман жүріп кетті.

үркін-қорқын
Екі ара Пышауырмен және Суат,
Қай жерден күн көреміз жаяу шуап.
Әрқашан таудың жері салқын ғой деп,

Алла деп жанталастық дәтке қуат.
Тіріде не көрмейді пенде ғаріп,
Көтерген жаяу астық қала барып.
Бір қабат астымызда салған тоқым,

Жатамыз шыларжыннан төсек салып.
Дәм айдап бір бөлім ел мұнда келген,
Кетіп тұр әркім келіп кейінгі елден.
Қолымда екі жылқы, бір балам бар,

Перзентім дүниеде жалғыз сүйген.
Суатта жалғыз балам болды науқас,
Пәниден жарық берген бір сәби жас.
Науқастың түрі жөнсал болғаннан соң,

Көзімнен тиылмады төгілген жас.
Отырдық бірнеше күн Суат барып,
Жалғанда не көрмейді пенде ғаріп?!
Алладан тағдыр ажал болғаннан соң,

Шыбын жан тәсілім етті опат тауып.
Қара молданың баласын жоқтауы:
Қайранда жалғыз, қарғам-ай,
Шыбыным отыр, халым жоқ.

Қылайын кімді тиянақ,
Артыңда құйрық-жалың жоқ.
Өртеніп от боп қайғырам,
Қолымнан келер амал жоқ.

Артықша болған затыңды
Қиямет махшар болғанда,
Қосар ма Алла пақырды.
Лайық көріп қойып ем,

Жағыпарсыдық атыңды.

тарихи  жырлар
Су сепкендей басылды,
Сұм жүрегім алқынған.
Жаяу қаңғып жүргенде,

Дәулетім еді-ай шалқыған!
Бір күн дүнием жоғалды,
Ұрылар ұрлап оны алды.
Ақырын Құдай оңдасын,

Қу жаннан басқа не қалды?!
Кейінде бар жалғыз тай,
Біріне-бірі сайма-сай.
Қарығымыз тарқар ма,

Неліктен болдық сормаңдай.
Алла басқа салған соң,
Біздер болдық осындай.
Шуадық аш-жалаңаш жонды жондап,

Бір Алла, бастамасаң өзің оңлап.
Кейінде екі, кейінде бір жылқы бар,
Қос арқан екі жалғыз түйе қомдап.
Ыс та бар, Тибет жері соққан боран,

Ауырса қосылмайды ыңқ еткен жан.
Халымыз жолға шықсақ не болады,
Зар болып мына күнге соқпалық сан.
Алдымен бұрын жүрді Қасен батыр,

Панамыз басымызда тіккен шатыр.
Көңбай мен Тұрбай молда, Сабиқолла,
Науқас боп бір жағынан бара жатыр.
Науқастан бола алмадық деніміз сау,

Алдымыз бұлдыраған бір қарлы тау.
Кез-келген жолаушыны тонайтұғын,
Ортада жағыр деген бір үлкен жау.
Айтушы ем жігіттерге ақыл салып,

Тарпымыз отыз үйдей, біз де ғаріп.

үркін-қорқын
Тибетке лайықсыз іс қылмаңыздар,
Етпеңдер емен-жарқын азық алып.
Тибеттің жолға шықтық жерін шеттеп,

Ойлаймыз ауқат қылсақ бұдан ептеп.
Жан бағып байқамасақ шекарадан,
Саламат өте қиын бұдан өтпек.
Сұм нәпсі дәндей-дәндей талайды алды,

Күп болып талай маңғаз жатып қалды.
«Әр асқанға бір тосқан» деген бар ғой,
Бір екі қолғанатқа адам алдық.
Тәуекел жүрмек болдық Хаққа жылап,

Отырған жердің жөнін алдық сұрап.
Шекара Білік деген жер бар дейді,
Қағаздап жер жөніне түрдік құлақ.
Бір жүздей мөлшеріміз адам едік,

Болар деп заман қандай қайғы жедік.
Қисапсыз қыбыла жақтан жау кез келді,
Көлденең бір қарлы тау асып едік.
Соғысты дұшпан келіп бір күн, бір түн,

Тыныштық жоқ неше күндей үркін-қорқын.
Адамға көрмеген жер қандай қиын,
Қарлы тау биік құзар жерлері шың.
Пендеге бір тағдыр бар жалғыз Хақтан,

Болған жоқ аманшылық екі жақтан.
Қарсы ұрған қандай іске Ғалымжан да,
Шейіт боп бұ дүниеден опат тапқан.
Ғалымжан жолды тосып бұрын қалған,

Қасына он бір кісі жолдас алған.
Ісіне Құдіреттің бар ма шара,
Соғысқан он кісімен мың қанша жан.

тарихи  жырлар
Біз көштік, қайран сабаз, кейін қалған,
Ешкімге опа қылмас мына жалған!
Кеудеден шейіт оғы дендеп тиіп,

Айтыпты қиналғанда арыз-арман.
«Денелеп оқ кеудеден өтті,—депті,
Бұл басқа тағдыр ажал жетті,—депті.
Аға-інім, дұғай жұртқа көп-көп сәлем,

Ініме—Сейітқанға дұғай сәлем.
Алладан бұйрық болды мұндай заман,
Дұғадан Құран оқып тастамасын,
Пәниден көшер болды жалғыз ағаң.

Ойлаушы ем, әттең шейіт болам ба деп,
Дұшпаннан тартынбаушы ем жиылған көп.
Пәниден өткен ғұмырды зая қылмай,
Белгі алып Тәңір алдына барам ба деп.

Сейітқан жүруші еді гүл-гүл жайнап,
Ақылдан адаспасын мені ойлап.
Кеңнен толғап, ақылмен амалдасын,
Иен жер бәрі де би ауыл-аймақ.

Айтушы ең сөзің тартпай шапшаңырақ,
Жүруші ең құрметіңді Хақтан тілеп.
Кейбіреуі сөзге келмей сөз қайырса,
Сәнамен сарғаясың қатты жүдеп.

Дәм айдап шығып едік бір отыз үй,
Боларсың бас-басыңа бәрің де би.
Бірліктен шама келсе айрылмаңдар,
Иен жер дұшпан қалың көрсетер күй.

Тиянақ артта қалған бір белгі жоқ,
Баяғы мен кеткен соң өрт алған үй».
Болғанда он екі күн хабар келді,
Ғалымжан жаудан шейіт болды деді.

Ерлікпен дұшпан жауды қылды дал-дал,
Дүниеде торға түскен нелер сандал.

үркін-қорқын
Дұшпанын әбден алып болған шақта,
Бір қатер кез келтірді Қадір Жаппар.
Қара молданың ағасын жоқтауы:

Сәлемде келді атымен,
Айтқан арыз, датымен.
Тиянақ қорған кеткен соң,
Сұм көңіл болды жермен тең.

Бет қайтпаған тіріде,
Дұшпанын көрсе аянып.
Жапанда жалғыз қалыпты,
Қызыл қанға боялып.

Қолдан келер шара жоқ,
Ішім оттай өртеніп.
Артында зарлап мен қалдым,
Бүйірімді таянып.

Ғалымжан кетті бел асып,
Ұлтынан жалғыз адасып.
Құрбылары еңіреді,
Сыйласып жүрген жанасып.

Менің қылған жәрдемім,
Құран оқып зарладым.
Дәм түгесе кім қалар,
Бұйрығынан Алланың.

Әркім өстіп өтпей ме,
Бекер ғой мына жалғаның.
Шоңбай мен о да өлді Тұрбай молда,
Әуелі дүние салды Сабиқолла.

Шет жерде, дос-дұшпанның арасында,
Бәрі де қайрат қылған оң мен солға.
Шоңбай да жігіт еді ақылы дана,
Кішіні бірдей көрген, үлкенді аға.

Руы секел, Жаукіш қажы немересі,
Артық боп осы рудан туған және.

тарихи  жырлар
Салған соң Алла басқа амал бар ма?
Артында зарлап қалды жалғыз бала.
Тағдырдың уақыты солай болғаннан соң,

Ісіне Құдіреттің шара бар ма?!
Қызыеке, Қапан менен о да кетті,
Қайшын мен Ажар бала о да өтті.
Сәбилер ұшқан құстай кетіп жатыр,

Күйіктен ата-анасын зар еңіретті.
Құба жон қаңғып жүрміз арттағы адам,
Жазуда бұйрық солай Хақ Тағалам.
Пәниден бақи жайға бәрі кетті,

Бір өзің оңғармасаң бар ма шарам.
Қыс өтіп көктем кірді жазғытұрым,
Бет қойып оңтүстікке жүрдік қырын.
Бір түнде жазғытұрым жау кеп басты,

Жазайын ғаріптердің көрген күнін.
Бір күні жазғытұрым жау кеп басты,
Қапыда, таң сәріде олар қашты.
«Қашқан жауға қатын би» деген сөз бар,

Артынан кәпір жүһіт қойдық атты.
Тұрғыдан оқ атыпты батыр Қасен,
Дұшпан жау қара көріп болды бәсең.
Екі адам бізден және шейіт болды,

Болған соң уақыт сондай Құдіреттен.
Оқ тиіп Төлегенге жатқан жерден,
Тойлыбай жаралы боп бізге келген.
Әмиін туған бауыры шейіт болып,

Күйреліп молда Ахмет қатты еңіреген.
Тойлыбай жаралы боп жаяу жетті,
Бар малды тибет келіп алып кетті.
Көшетін қолымызда хал-дәрмен жоқ,

Ғаріпшілік қалған жұртқа тағы да өтті.

үркін-қорқын
Шуласты, мына заман қандай болды,
Табылса бір сарлық та нардай болды.
Ғаріптер жетім-жесір жаяу шуап,

Екі көз қан аралас жасқа толды.
Ғаріптердің зары:
Адамда санат қалмады,
Жез қармақтай иіліп.

Тәуекел деп көрелік,
Дұшпан шықсы килігіп.
Қазақтың ескі жұртына,
Бір тоқтаймыз ұйлығып.

Былтыр қонған жұрты бар,
Көшкен заңды сирылып.
Әңгіме қып сөйлейміз,
Барлық адам ұйлығып.

Сағынып ел жүргенде,
Көрінбейді көзіңе.
Әңгіме қып сөйлейміз,
Ел деп айтар сөзін де.

Үш жылдай сапар жүрдік азып-тозып,
Бір күні қонған қазақ жұртын көрдік.
Іздеген ел көргендей бек жырғасып,
Сол жерге бір күн қондық ұйқы қанып.

Қазақтан белгі қапты жалғыз бейіт,
Оқыдық дұға, Құран оған келіп.
Мысалы, бір басшы адам ойлап тұрсақ,
Аңғарын межелейміз оймен біліп.

Көп сүйек тау жағында саудыраған,
Қара көз жан шығарда жаудыраған.
Алладан тағдыр ажал болғаннан соң,
Бірталай бұл пәниден жан құлаған.

тарихи  жырлар
Қара тау көрініп тұр осы тұста,
Көлік жоқ, жаяуладық алып тұсқа.
Шөбі бар тау жағының жері жайлы,

Болмайды-ау ел таппасақ осы қыста.
Жүргенмен бірнеше күн жете алмадық,
Көлденең қағыр жерден өте алмадық.
Көлік жоқ жер шалуға амал бар ма,

Көлденең бір тауға кеп қыстап қалдық.
Батыр Қасен, Сейітқан мен екі адамды,
Көпшілік жер шалуға ыңғайладық.
Жер шалып олар барған Қызыл тасқа,

Көзіне жан көрінбес аңнан басқа.
Сол жерге қойған екен бір топ бейіт,
Оқысты дұға, Құран бет сипаса.
Бейітке бір топ аттың ізі кепті,

Өкше ізі келген дейді Батыс жақтан.
Бет қойып бір топ адам кеттік жүріп,
Сыйынып бір Алланың салғанына.
Ертесі өзен бойын құлдай салдық,

Екі сарт жар астынан тауып алдық.
«Тіл бергенге жол берер» деген сөз бар,
Жабылып бір топ қазақ араға алдық.
Балалар қуанғаннан күлімдейді,

Екі сарт қорыққаннан дірілдейді.
Шетте жатқан ғаріптер топ көрмеген,
Болар деп заман қандай қайғы жейді.
Қорықпай, ей, бейшара, сөйлеші сөз,

Тиіспейтін мүсәпірге мұсылман біз.
Ел-жұрттан айрылғалы сегіз жыл боп,
Адасқан ғаріптерміз бір жапан түз.
Сөйлейді Темірлік деп жердің аты,

Отырған мекен қылып қазақ халқы.

үркін-қорқын
Қазір де қол астында сексен үй бар,
Құсайын тәйжі дейді бидің аты.
Былайда, күн шығыста Қанамбар бар,

Бірталай қазақ елден адамдар бар.
Бастығы «Бес дадүйжаң» деп айтады,
Қазақтан жолаушылап барған жандар.
Адубай, Салахитан, тәйжі Ғұсман,

Салт атқа төрт күндік жер осы тұстан.
Жәнәбіл, Қабдыл дейді бізге айтысы,
Іледен шарқи шығып, уәлаяттан.
Ой жақтан жарқырайды дария су,

Жер жүзін тұманданып қаптаған бу.
Хабарын қазақ елдің естіген соң,
Ат қойдық «иә, құдайлап» енді шу-шу.
Асықтық ат сабылтып ентелетіп,

Түс болмай Темірлікке келдік жетіп.
Абақтың әруағына мың шүкірлік,
Тұс-тұстан сәлемдесіп келді жетіп.
Ауылына Мұса ағаңның келіп түстік,

Сұрасып амандықты сусын іштік.
Сөйлесіп ат үстінен Сүленбайға,
Ауылы би тәйжінің қайда дестік?
Көк атты көлденеңдеп біреу келді,

Қарасаң айнымай тұр Қамза өңді.
Қамзаның баласы екен бізге келген,
Мөлтілдеп екі көзі оқтай төнді.
Қайғырып жылап тұрып жауап берген.

Индудан хабар сұрап қалған елден.
Ата-ана, қалған елдің халін сұрап,
Күйзеліп Ризабек еңіреген.

тарихи  жырлар
Тұс-тұстан жабырласып амандастық,
Көп адам сырттан келді тәйжі, бастық.
Бар екен Мағзұмбай, молда Ақанай

Жиылып бастан-аяқ хал сұрастық.
Ескіден Иманғали молдекең жүр,
Көрген іс бәрін терсем болады жыр.
Баян қып Чиңхай Сыңның төңкерісін,

Бейнетті сізден қатты біздер көрдік.
Кісі екен Мұқай ағаң дәулет баққан,
Тәйжі де әділдікпен жұртқа жаққан.
Мінезі Әмет, Құрмет қойдан қоңыр,

Дәулеттің арқасында ардақтатқан.
Қам жүйжаң Қаттал зұрған баласы екен,
Қалжыңға Кармания тамаша екен.
Рушия, Бұлғария жастау бала,

Майжер де құрбысының сарасы екен.
Ел-жұртқа көшіп келдік, көлік алдық,
Сегіз жылда елді көрдік өліп-талып.
Үш жылдай жапан түзде тарттық бейнет,

Жақсылық көрместей боп болып ғаріп.
Әзірше сөз аяғы болсын тамам,
Осындай үркін-қорқын өткен заман.
Санақтың қырық алтыншы жыл күзі бопты,

Қағазда Сейітқаннан аз сөз қалған.

Сын бар ма ер жігітте болса кедей,
Қысқа жіп күрмеуіне жүрсе келмей.
Батырлық пен байлықтың керегі не?
Ел-жұртына пайдасы жүрсе тимей!

Аяғын Сырдария мекен еткен,
Белгісіз қайдан келіп қоныс еткен.
Болыпты Әйтік атты бір бай керей,
Байлық пен салтанаты асқан шектен.

Мал біткен Әйтекеңе мың сан қара,
Көтеріп бақыт берген Хақ Тағала.
Дәулетке кең болғанмен, балаға кем,
Көргені төрт қатыннан жалғыз бала.

Баланың Кешубай деп қойған атын,
Кем қылды жалғыздықпен қолғанатын.
Үйреніп әр түрлі өнер жас күнінен,
Данышпан өзі молда, болған ақын.

Кешудің жұрт таңғалар келбетіне,
Ұқсайды падишаның жендетіне.
Орыс, ноғай тіліне бірдей жүйрік,
Зейіні жететіндей жер бетіне.

Өнері асып тұрды өзі тұстан,
Ақылды әрі зерек болды жастан.
Не қиын мәселеге жауап тауып,
Ақылдың бітіп жатқан көзін ашқан.

Кешубай—Жәмила

тарихи  жырлар
Ел серкесі болардай Кешу бағлан,
Жете алмай өз теңдесі қылған арман.
Анасы мұны тапқан қандай жан деп,

Орыс, ноғай тамсанып қалған қайран.
Қылығы қыздан артық бір қырмызы,
Жүрген жерде жақсылық қылған ісі.
Әйтеуір патша Құдай ғұмыр берсін,

Қазақтың болды Кешу бір жұлдызы.
Ел-жұртқа болды Кешу берген бақтай,
Жарасқан төр алдында алтын тақтай.
Қосылып ен дәулеті зейін-оймен,

Келеді шаужайынан адам қақпай.
Екі айтпас, айтса берік ол сөзінде,
Қас батыр, ат басындай жүрегі де.
Басынан кісі сөзін асырмайтын,

Мырзаның тәуекелшіл мінезі де.
Кешудің ноғай, орыс білген атын,
Қарадан хан болардай асыл затын.
Ірбіттен бері қарай почта салып,

Асырған Россияда салтанатын.
Сайрандап Петірборға талай барған,
Кезуге дүниені қылған арман.
Атаның асқан дәулет арқасында,

Қыз таңдап қырық дуаннан қатын алған.
Қызы еді Атбасарда—Мұқан төре,
Байлықпен ақ күмістен салған өре.
Падиша, ханзададан болмаса да,

Жомарт еді даңқы бар бүкіл елге.
Гүлжәмила—қызы еді осы байдың,
Біріне ұқсағандай күн мен айдың.
Аспанның астында жоқ ондай сұлу,

Асқаны жер бетінде сұлулардың.

кешубай—жәмила
Көрген жан Жәмиланы қайран қалған,
Сұлулықта атағы жерді жарған.
Атағын алты айшылық жерден естіп,

Кешубай Жәмиланы кеп айттырған.
Екі асыл бірін-бірі жаратыпты,
Құда боп той табағын таратыпты.
Алтын-күміс қалыңмал сансыз беріп,

Жәмила Кешуге асыл жар болыпты.
Кешудің асыл жарға көңілі толды,
Дәулетке сай бақыт боп орда толды.
Жақсының үйі түссе, күйі түсіп,

Ойлайды алыс-жақын, оң мен солды.
Кешудің атын білген ноғай, орыс,
Омскі, Керекуде қылған қоныс.
Артылып ақыл-пікір, зейінімен,

Сайланып он сегізде болған болыс.
Ішінен он бес болыс болған шолпан,
Жақсыға жерде қалмас салған қолқаң.
Төрт жылда болыстықты ада қылып,

Сайланды жиырма екіде аға сұлтан.
Мырзаға ер Кешубай қонған әруақ,
Халықтың ақ сүтінде болды қаймақ.
Орыстар қазақ жерін тартып алып,

Болыпты шөпті жерге қала салмақ.
Шұбырып арт-артынан келіп басты,
Тас қалап, кірпіш жиып, арық ашты.
Сұлтаным, мынаған бір ақыл тап деп,

Бар қазақ Кешубайды келіп тапты.
Кешубай мұны көріп тұра алмады,
Зорлыққа көрнеу қылған шыдамады.
Жігіттен атқа мінер жинап алып,

Орысты быт-шыт қылып қуалады.

тарихи  жырлар
Өмірін жұрты үшін оққа байлап,
Орысты талас жерден шығарды айдап.
Тіресті үйезбенен даулы болып,

Жаны ашып қарындасқа қаны қайнап.
Атағы Кешубайдың кеткен асып,
Үйез бен жандарал жүр тісін басып.
Жол таппай жазалауға хайла іздеп,

Уыттанып Кешуменен жүр арбасып.
Жақпай жүр үйез бенен жандаралға,
Жіберді қағаз айдап Петірборға.
Қағазын Ақ патшасы қабыл алып,

Жібермек адам сайлап Кешубайға.
Омбыға падишадан қағаз кетті,
Мұндай іс болмасын деп түбі текті.
«Осы жыл йүн-йүл айларында

Арнаулы бір уәзір барады!» депті.
«Барады сенімді бір уәзірім,
Жерді аралап, біледі елдің сырын.
Қайтарма көшіп барған орыстарды,

Қазақтан жер әперер мың шақырым!»
Орнатып татулықты жерді бөлмек,
Қазаққа бұқарам деп сенім бермек.
Көрсетіп тістің ағын, тіл жасырып,

Орысқа көшіп барған орын бермек.
Кешубай падишаның білер сырын,
Кезігіп көрмесе де бұрын түрін.
Жақсылық бізге сірә келмейді деп,

Айырған өз көңілінде жалған-шынын.
Патша ойы ғадыл емес бізге сірә,
Ауызда «Боламын деп саған пана!»
Бұқара керек емес, жерге құмар,

Әділетсіз низам бар жүрген қырда.

кешубай—жәмила
Кешуге жандарал мен үйез қастан,
Жүреді ер Кешубай ойға алмастан.
Қайғы мен қатеріңе ығар емес,

Басына құласа да тау мен аспан.
Ер жігіт бұл қайғыға қарасын ба,
Бұл істің ойлаған жоқ шарасын да.
Орыстың «баска» деген мейрамында,

Кешу келді Кереку қаласына.
Шығыпты базарына үйез үйден,
Мейрамда арақ ішіп көңілденген.
Шоқшиған жирен сақал, күміс маңдай,

Шіләпә едірейтіп қырлап киген.
Базардың о шетінде келе жатыр,
Өзі мас, орысшалап бірдеңе айтып.
Жалт қарап Кешубайды тани кетті,

Кілт тоқтап тұра қалды көзін сатып.
Боқтады Кешубайды қолын сілтеп,
«Сабаки, иұптұбұймайт, Кешубай,—деп.
Орыстың ойлағанын істетпейсің,

Базарда неғып жүрсің, кімді іздеп?»
Үйез тұр Кешубайды әлі боқтап,
Орысшалап әр түрлі иянаттап.
Ажалы айдап, шайтаны қысып тұр ма,

Қан базарда ит орыс хайуанша оттап.
Кешудің үйезнайға келді ашуы,
Орыстың батып кетті боқтық сөзі.
Боқтық түгіл басынан сөз аспаған,

Жөн емес боқтық естіп жай тұруы.
Орыстың «майт» дегені шешесін боқтағаны,
Кәпірдің өтіп кетті-ау оттағаны.
Опырма алтыатары жанында еді,

Қызартып екі көзін оқтады оны.

тарихи  жырлар
Басқа орыс Кешубайға батқаны жоқ,
Үйезнайдан басқасын атқаны жоқ.
Үйезді қан базарда тастады атып,

Пәледен артындағы қорыққаны жоқ.
Демеңдер келеді деп пәле қайдан,
Мырзаны біразырақ қырсық шалған.
Атқан оқ қос өкпеден өтіп кетіп,

Үйезнай қан базарда дүние салған.
Жақсылық тұра бермес үнемі қолда,
Жамандық жақсылықтың тұр артында.
Көз түсіп, я болмаса тіл тиді ме,

Бір ұшық жабысты әйтеу Кешубайға.
Атты, өлтірді, жөніне жүріп кетті,
Болса да қорыққаны жоқ арты текті.
«Ол боқтады, мен аттым, несі теріс?»

Айтам деп қайда барсам бұл себепті.
Тағдырға сабыр қылып қайда тұрған,
Шырағың бір күн сөнер мың күн жанған.
Үйезді мейрам күні атып тастап,

Қауіпсіз үйге қайтты Кешу қыран.
Көрген шошып, естіген аң-таң қалған,
Жандарал мен судиа кеңес құрған.
Кешубай үйезді атып өлтірді деп,

Соғыпты Ақ патшаға телеграм.
Қалай әмір қылсаң да біз таяр деп,
Соғылды Керекуде жандаралдан.
Жер бермей орыстарды айдап салды,

Бұл Кешу бар қазақтан болды жуан.
Ақ патша қаны қайнап ашуланды,
Сұмдық деп бұл не деген қайран қалды.
Тал түсте үйезді атып өлтіргенін

Жазаға кешірілмес лайықтады.

кешубай—жәмила
Үйезнай бұқара емес, асыл заты,
Патшаның ең сенімді қолғанаты.
Қанша жыл шығыстағы елді билеп,

Көрсетіп зор қызмет шыққан аты.
Тек жан емес Омбының үйезнайы,
Көп жылдан падишаға сенімді әрі.
Шығысқа сол арқылы жүргізілген,

Патшаның жарлығы мен низамдары.
Кешубай өлтіріпті жалғыз оқпен,
Жуан, мықты қазақ деп мынау неткен.
Ұсталсын тез арада, қалмасын деп,

Айда деп Сахалинге бұйрық еткен.
Осындай бұйрық етті байлансын деп,
Бұл жұмыс тез арада жайлансын деп.
Темірден аяқ-қолға кісен салып,

Он күнде Сахалинге айдалсын деп.
Мұхиттың жан бармайтын аралында,
Мықтының қаны сонда қайнасын деп.
Арыстан, жолбарыс пен ашулы аю,

Біреуі азулының шайнасын деп.
Бірі сүйреп, біреуі жұла қашып,
Жүргендер жемтік іздеп қайдасың деп.
Егерде бұл бұйрығым екі болса,

Жандарал менен қарғыс табасың деп.
Патшасы, міне, осындай әмір қылған,
Пенде жоқ патшаның сөзін бұзған.
Қай күні шаңдатып кеп бассалар деп,

Басына Кешубайдың түсті тұман.
Мұхиттың арасында бір арал бар,
Ол жерде әр ашулы хайуандар бар.
Сол аралға апарып тастағанда,

Қорлықпен өлетұғын қылмыстылар.

тарихи  жырлар
Көк мұхит көз жетпейтін кенересі,
Көрінбес судан басқа жер елесі.
Атпай, шаппай сол жерге тастайтұғын,

Қарсылық патшамен болса егесі.
Зарланып қорлықпенен өлсін дейтін,
Осындай патшасының ережесі.
Қарысып бармайтұғын шама қайда,

Қозса да ел-жұртының делебесі.
Жүз салдат бір күн түнде алды байлап,
Кісендеп алып кетті жаяу айдап.
Сап қойды Керекуде абақтыға,

Мырзаның жалғыз түнде соры қайнап.
Он күндей абақтыда тұра тұрмақ,
Жүз салдат әуел таңдап дайындамақ.
Әмірін патшасының екі қылмай,

Қорлықпен Сахалинге айдап бармақ.
Ақыры жұмысының мұндай болды,
Кім бұған арандасып тосар жолды.
Құдай ісі, патшаның әмірі деп,

Табанда орындалмақ не бұйрығы.
Абақты тастан салған керегесі,
Көк шойыннан құйылған кенересі.
Адам түгіл жармасқан шыбын таяр,

Қаланған жылтыр, майда дөдегесі.
Жылтырап жарық түсер түңіліктен,
Шала-шарпы сәуле бар әрең жеткен.
Ызың еткен дыбыс жоқ, жым-жырт маңы,

Жан түгіл, көлеңке жоқ елең еткен.
Көкте жоқ, я болмаса жерде дыбыс,
Мұрын жарып, қолқа атар сасық иіс.
Шықпақ тұрғай даланы көре алмайсың,

Сиіп-тышқан ішінде барлық жұмыс.

кешубай—жәмила
Қатқан қара бөлкесін әйтеу жейсің,
Кешкі ме, таңертең бе не білмейсің.
Қара су тұзсыз берер сусыныңа,

Қайнаған ба, әлде жоқ, не білесің?
Астыңда шегелеген екі тақтай,
Ұйқы жоқ, құр жатасың кірпік қақпай.
Бір ауыз тіл қататын жан табылмай,

Дүлейдей отырасың бір тіл қатпай.
Күндізі ме, түні ме айыра алмай,
Сыйынып жата беру жалғыз Хаққа-ай.
Әуелде бұлай жазған тағдыр ма екен,

Көнесің де шыдайсың, басқа не екен?
Кешудің таңдап алған асыл жары,
Бір күні Жәмила іздеп келген екен.
Ісіне бір Алланың бар ма айла,

Меккеде асыл құдық, зәмзәм айла.
Кешудің бұл қайғыда жатқанында
Барыпты амандаса Гүлжәмила.
Төрт қара ат пәуескеге парлап жеккен,

Әр түрлі қоңырау тағып әсемдеткен.
Кереку абақтының алдына кеп,
Сабырлы, салтанатпен келіп түскен.
Жәміштен жаралған жоқ ұрғашы асып,

Қауіпті қадам баспас асып-сасып.
Байының бұл қайғыда жатқанында,
Сыр беріп жүрмейді екен жанға шашып.
Көркіне Жәмиланың жұрт таңғалған,

Пері ме, перизат па мынау адам?!
Көрсек те жер бетінен талай сұлу,
Мұндай боп туа ма екен заты адамнан?
Қарасаң ту сыртынан ерттеулі аттай,

Көзінің жарқ еткені шам-шырақтай.

тарихи  жырлар
Ажары жай оғындай жалтылдайды,
Кеуделі, жіңішке бел—тал сырықтай.
Орман ішік, жібек салы жарасып тұр,

Таң қалып тамам салдат қарасып тұр.
Жез құймалы көк сауыр мәсі-кебіс,
Тірсектен түскен шашпен таласып тұр.
Ақша маңдай, қиғаш қас, қара көзі,

Нұр шашып қыр мұрынды бидай өңге.
Теп-тегіс кірсіз тісі ақ меруерттей,
Тіздіргендей шебердің шеберіне.
Оймақ ауыз, жұқа ерін бал тамғандай,

Буындай сары алтынның лебізі де.
Шіркін-ай, жары екен деп қандай жанның,
Жардан арман жоқ шығар мұны алғанның.
Өзі бақыт, өзі мал, өзі дүние,

Не керек бұдан артық қандай сәннің?!
Алды-арты абақтының қалың шерік,
Қарайды Жәмилаға көзін сүзіп.
«Жарайды, кіруіңе рұқсат!» деп,

Бастығы абақтының берген ерік.
Келеді айдай балқып нұрын шашып,
Жай ғана қарапайым толқи басып.
Күзеткен абақтыны алты салдат,

Жәмішті кіргізеді есік ашып.
Келгенін Кешу білді асыл жарын,
Әдеппен амандасты, сөзі шағын.
Орнынан көре сала атып тұрды,

Көргенде екі жасар құлыншағын.
Дүниеде естен кетпес осындайың,
Еркі бар не қылса да бір Құдайдың.
Жалғыздан жалғыз туған екі жасар

Бар еді жалғыз ұлы Кешубайдың.

кешубай—жәмила
Мұндай пәле болар ма ой сезбеген,
Дүниеде естісе де көз көрмеген.
Баласын екі жасар қолына алып,

Кешубай сонда біраз сөз сөйлеген:

—Ертеде ақыл құрдым бекер жатпай,

Безейін қайғыменен тіл мен жақты-ай.
Атаның ен дәулеті арқасында,
Ержеттім маңдайымнан адам қақпай.
Жал жығылса сән болмас шын жүйрікте,

Бір күнде шұлғушы едім арғымақтай.
Ет қатты, қымыз ашты дейтін басым,
Орыстың қара наны балдай тәтті-ай.
Сар таңда түніменен ойласам да,

Жатырмын бұл қайғыға ақыл таппай.
Назданып құс төсекте шіренуші ем,
Қайтейін, жамбасыма батты-ау тақтай.
Жәмила, жиырма екіде қалдың, жарым,

Уақытсыз ерте сөндің шам-шырағым.
Осынша кең дүниені тар деуші едім,
Қамалдым қараңғы үйге атпай таңым.
Жәмила, амандаса келдің жаңа,

Кешуден, көріп тұрсың, кетті-ау баға.
Бір сөзі бір жамбылық Кешубайдың,
Жан қалды кеудесінде титтей ғана.
Күте тұр кемпір-шалды мен кеткен соң,

Бар еді жолдас хақың біраз ғана.
Алтын менен күмістен зіннат беріп,
Қатарлап көп қара атқа шектім шана.
Қызығы дүниенің шолақ екен,

Жәмила, өткен істі ойлап қара!
Баласы Әйтекеңнің—мен Кешубай,
Болам деп ойламаушы ем мен де осындай.
Жүз жамбы, бес жүз жылқы беріп алған,

тарихи  жырлар
Жатырмын өзіңе де бір қосылмай.
Апарып Сахалинге тастайд дейді,
Қайтейін шыбын жаннан мен шошынбай.

Атадан жапа-жалғыз тудым дара,
Артымда інім болмады, алдымда аға.
Егерде екеу болып біреу қалсақ,
Дүниеден кетпес едім мен арманда.

Жалғыз ұлым—көңілімде бар демеуім,
Жал-құйрығым артымда осы ғана.
Сөйледім қайғы мені меңдеткен соң,
Күте гөр ата-анаңды мен кеткен соң.

Көңіліңе тоқтау түсіп медеу болар,
Жалғызым осы менің ержеткен соң.
Ақылы ұрғашының көзінде деп,
Не ойларсың қайғы сені тербеткен соң.

Хан сақтар халық алдында қасиетін,
Қатында қадір болмас ер кеткен соң.
Ат жүгірмес жұбайсыз дегені анық,
Келіспес орман ішік жең кеткен соң.

Қалайын арыздасып, қалқам, саған,
Алласы айыруға көз жеткен соң.
Бір күнде топтан асып кидім торқа,
Тоқпышақ жұрттан таңдап міндім жорға.

Ірбіттен бері қарай серуен салып,
Байлықпен сегіз бардым Петірборға.
Өзгесін айта беріп мен қайтейін,
Темірден кісен салды-ау аяқ-қолға.

Тоқпақтай алдыға сап томпылдатып,
Айдады әскер жаяу қара жолда.
Артыңа өткен дәурен қарамадың,
Қайрылып қош айтуға жарамадың.

Атам мен әжем сорлы күнде өледі-ау,
Қазақтың көрсе мендей балаларын.
Айдамақ алты күнде Сахалинге,
Қаласың иен-тегін енді бәрің.

кешубай—жәмила
Әкелді бейнет айдап, ажал қуып,
Неғушы ем ит орыстың қалаларын.
Болғанда ғарасат күн жолығармыз,

Аман бол, Гүлжәмила, асыл жарым!
Сөзіне салып тұрды Жәміш құлақ,
Мұңаймай ұрғашыша босап жылап.

—Бір елі қайғың төмен түсті ме екен,

Сөйледің өткен істен біразырақ.
Баладай байыбы жоқ айтқан сөзің,
Ақылдан айырылдың ба, Кешу шырақ?!
Қолыңмен қылдың, мойныңмен көтерсеңші,

Басыңа түссе дағы аспан құлап.
«Қалмайды асыл пышақ қын түбінде»,
Ежелден емес ең ғой ақылға олақ.
Орыстан көп пайғамбар ренжіген,

Жазмыш солай жаратқан Тәңірім ұнап.
Қайығы Нұх пайғамбар суға батқан,
Діні қатты кәпір деп қарғыс атқан.
Қып еді қандай күнә Зәкария,

Орыстар төбесінен ара тартқан.
Кетерсің Сахалинге, я қаларсың,
Қош, енді кезігейін Тассуаттан!
Қош айтып Жәміш кетті, қайғырмады,

Бұл істі қиын іс деп қайырмады.
Жөнелді пәуескемен қоңыраулатып,
Сырты мықты, ішінен зар жылады.
Жәмила үйге жетті кешке таман,

Хал сұрап мырзасынан есен-аман.
Құрбы-құрдас жиылды амандасып,
Жәмила сарайына барған заман.
Бәріне жылы ұшырай хал-жайды айтты,

Кеңесті бір іс бар деп алда тұрған.

—Құрбысың жайшылықта жарқылдайтын,

Ауызбен достық айтсаң сарқылмайтын.

тарихи  жырлар
Қиын іс Кешубайға түскен кезде,
Дос қайда, жанын қиып тартынбайтын?!
Сынармын достығыңды алты күнде,

Пәледе досың жатыр аршылмайтын.
Басыңа бұдан бұрын іс түскен жоқ,
Бәрің де бас асаусың жаншылмайтын.
Ойлайсың қандай ақыл қырық манабым,

Ақылды кездеріңіз қалшылдайтын.
Тар жолды, тайғақ асу алдарыңда,
Кез жетті достығыңды бір сынайтын.
Құрбылар, Кешубайды сән қылушы ең,

Қолға алып қараңғыда шам қылушы ең.
Кешубай қатарыңда жүрген кезде,
Айтсаңшы қайсы бірің қам қылушы ең?
Ақылдан жауап күтіп сандалғанда,

Мақтанып саушылықта даң қылушы ең.
Әкетті қатарыңнан тірі байлап,
Торпақтай томпылдатып жаяу айдап.
Бір ақыл табыңыздар тұжырымды,

Ол жатыр абақтыда көзі жайнап.
Алтыншы күн айдамақ Сахалинге,
Азулы хайуандарға жем қып салмақ.
Әмірі патшасының осылай деп,

Ағлан қып шығарыпты әтей айдап.
Айырып Тассуаттан біз аламыз,
Жол тосып, тәуекел деп белді байлап.
Бірі жоқ қырық достан кейін қалар,

Ат-азық, қару-жарақ шықпақ сайлап.
Аямай мал мен басты Кешубайдан,
Барлығы қырылса да болды бармақ.
Бұл істі ақылдасып бітіреді,

Сойыл-шоқпар, ат-азық күтінеді.
Жолынан тосып, тартып аламыз деп,
«Ә» десіп алақанға түкіреді.

кешубай—жәмила
Кеңеспен сол күн таңды атырады,
Қорқар деп бұқарадан жасырады.
Бұл хабар ел аузына тарап кетсе,

Қорқысып жұмысынан шатылады.
Мырзаны жолдан тосып аламыз деп,
Қолдарын қызыл қанға матырады.
Береке мен бірліктің міні бар ма,

Бірлікпен қара тұман ашылады.
Мақалы бұрынғының қандай анық,
Ант ұрар уәде сөзден қалса танып.
Екі күндік алдынан тосамыз деп,

Үш күнде жүріп кетті түнді жар ғып.
Бір ұрғашы, қырық еркек Тассуаттан,
Тосып тұр қарауылдап жолды бағып.
Қырық жігіт бәрі мықты, бәрі балуан,

Қамшыгер, көкпаршы мен шоқпаршыдан.
Әрбірі жекпе-жекте он кісілік,
Ер жүрек, сом денелі, алып қолдан.
Еске алып бұрынғы өткен батырларды,

Қолда деп Бөгембай мен Қабанбайдан.
Қазақта сахарада ту көтерген,
Ер Жәнібек, үлгі алып Абылай ханнан.
Жәмила жеңілденген шалбар киіп,

Төбеге шоқпардай қып шашын түйіп.
Бейнесі қас батырдан төмен емес,
Жауырынды, шалқақ төс, бойы тіп-тік.
Түн жастап бұлар барды Тассуатқа,

Көз тігіп, қарауылдап жүр жан-жаққа.
Иен жер жан жүрмейтін қысы-жазы,
Сарылып күтіп тұрды ен аулақта.
Шығарып абақтыдан Кешубайды,

Артына көк арбаның мықтап таңды.
Он арбаға жиырма ат таңдап жегіп,
Ал жүр деп дүңгірлетті барабанды.

тарихи  жырлар
Салдаттар дағдыланған ұғып тәртіп,
Бұйрық берсе қайраты кетеді артып.
Қаладан жүздей салдат айдап шықты,

Салтанат, неше түрлі музик тартып.
Екі күн қонбай, түспей суыт жүрген,
Алыс жол, арба аяңы зеріктірген.
Сусыз жол, тау жиегі арба жүрер,

Мал да, адам да аңызғақ шөліркеген.
Тау жолы тар, күдірлі, ойлы-шұңқыр,
Дүрсілдеп ағаш арба салдыр-күлдір.
Шаң басқан, арба соққан сары түсті,

Салдаттар иықтасып отыр қыңыр.
Түс ауа Тассуатқа жетеміз деп,
Дамылдап, тынығып ап кетеміз деп.
Сахалин одан әрі отыз күндік,

Өлмесек әйтеу бір күн жетеміз деп.
Екі күн күтті жолды қырық бірі,
Жүрер жолы осы деп келер жері.
Алыстан андыз-андыз боп созылып,

Арбаны келе жатқан көрді бірі.
Барлығы көрді арбаны келе жатқан,

—Дайындал, тиеміз деп өкпе тұстан.

Біріміз үштен ұрып жығар болсақ,
Тірі жан құтылмайды бізден қашқан.
Беріктеп ат айылын мықтап тартсақ,
Бір-бір салар сойылды баптап алсақ.

Көз өткір, қол да шапшаң, әрекет тез,
Бұқпалап ә дегенше бір-ақ бассақ.
Жәмила айтты: Тоқтаңдар, құрбыларым,
Тасып тұр қайраттарың, маған мәлім.

Тал түсте бадырайтып басып алу—
Әдіс емес, күш екен ойлағаның.

кешубай—жәмила
Жазық жер бет алдымыз—мидай дала,
Мылтықтан оқ жаудырар көре сала.
«Байтал түгіл, бас қайғы» сонда болып,

Жан сақтар жер таппаспыз паналауға.
Мылтықтан тәлім алған олар әскер,
Патшаның жауға арнаған бәрі қаскер.
Бұршақтай бесатардан оқ жаудырса,

Арам өлім болады бізге бекер.
Дейді екен: «Батыр аңғал, балуан аптық»,
Қарбалас іс қылмайық сасқалақтық.
От шашар бесатардан безектетіп,

Мылтыққа әдеттенген қолы жатық.
Дүр етіп тұра шапсақ біз айғайлап,
Қол қусырып ол тұрмас ағатайлап.
Олар да толып жатқан жасанды жау,

Тіл құтқармай қырмай ма оқпен сабап.
Олар барып түседі Тассуатқа,
Түспей жүріп кете алмас әрі ұзаққа.
Бел шешіп, тамақтанып көсіледі,

Жиылып мажаурасып күншуаққа.
Тәуекел деп сол кезде аттанайық,
Құрбылар, бұл ақылым болса лайық.
Көрсетпей тобымызды, сыр білдірмей,

Көз жазбай сабыр қылып бақылайық!
Күш — тентек қазан бұзар, ақыл — аға,
Ақылды әйел бола ма мұндай дана.
Баспалап Тассуатқа бармақ болды,

Көз тігіп салдаттардың қимылына.
Құрбылар ұнай кетті бұл ақылға,
Сенімді ақыл тоқтайды жалғыз қылға.
Әйел патша болуға лайық деп,

Болар деп еркек болса жұртқа тұтқа.

тарихи  жырлар
Салдырлап әскер жетті Тассуатқа,
Тірі жан жоқ деп ойлады бізден басқа.
Ел көшіп, керуен жүріп тұрмаған соң,

Төңірек жым-жырт екен сол уақытта.
Салдатты басқарады жүздің бірі,
Төменде жетекшісі онның бірі.
Дем алып, тамақ ішіп жүреміз деп,

Қысқаша бұйрық қылды командирі.
Қалада ереже мен тәртіп керек,
Жау десе түсі суық жүрер сергек.
Далада иен-тегін тәртіп босап,

Еркіндік бұқарадан емес бөлек.
Қойған жоқ күзетші де әтей арнап,
Бұл жерде жау тұра ма қойсаң байлап.
Арбадан атты шешіп қоя берді,

Су ішіп, шөп жесін деп аунап-қунап.
Мылтық-сайман қойғаны қойған жерде,
Кейбірі арбада тұр ілген жерде.
Бел шешіп, бетін жуып, бой сергітті,

Сақтық, сергек есте жоқ осы кезде.
От жағып, қазан асып ішкен тамақ,
Папирос тартып, тағы да ішкен арақ.
Мәз-мәйрам болып жатыр ойда түк жоқ,

Тынығып, ұйықтап аздап демін алмақ.
Түн қатып өткен түні ұйықтамаған,
Арба соққан денесі салдыраған.
Ас ішіп, арақ ішіп буын босап,

Көзде ұйқы, дене ауыр маужыраған.
Біреулер ұйықтамақ боп көлеңкелеп,
Біреулер жүр қалжыңдап, келекелеп.
Бірі ілгері болса да, бірі кейін,

Әйтеуір жықты бәрін ұйқы меңдеп.

кешубай—жәмила
Еш пенде көрінбейді жүріп жүрген,
Қимастай тәтті ұйқыға бәрі кірген.
Ат қайда, мылтық қайда—бәрі иесіз,

Өңінде, түсінде жоқ жау бар деген.
Баспалап қырық бірі тұрды көріп,
Салдаттың әр қимылын көзбен теріп.
Білдірмей жатқан жерге барып алып,

Сойылдап әкетпекші бөліп-бөліп.
Жәмила, міне, осындай бұйрық етті,
Білдірмей аралыққа кіріп кетті.
Үшке-төртке бөлініп, оңды-солды,

Орысты ұйқылы ояу дүрсілдетті.
Ат қайда, мылтық қайда, қылыш қайда,
Іздеу түгіл ойлауға шама қайда?!
Сойыл-шоқпар жарқылдап ойнап баста,

Дәрмен жоқ таса іздейтін шыбын жанға.
Жәмила мінген ұшқыр елпек атты,
Ыңғайлап қолға шоқпар, қылыш апты.
Оңға келсе шоқпармен салып өтіп,

Қарсыласса қылышпен қия шапты.
Тірі жан көрінбейді қарсы келген,
Қайраты артып Жәмила еркектерден.
Қан толып екі көзге көрмей қапты,

Көзге түскен адамды жау деп білген.
Ақырып достарына тұра ұмтылды,
Абайсыз кейбіріне шоқпар тиді.
Еркіне жіберген жоқ ұстай алып,

—Жәмила, болдың ба деп бүгін жынды?

—Жәмила, не қылғаның аш көзіңді,

Жаусырап қырамысың енді бізді.
Жауың түгел қырылды, біз аманбыз,
Одағай жаратпаймыз мінезіңді.

тарихи  жырлар
Жәмила тұра қалды көзін ашып,
Жау қырылып түгепті, достары асып.

—Достарым, кешіріңдер, ісім ағат,

Ашумен көрмей қаппын асып-сасып.
Ә дегенше жусапты жауы күйреп,
Далдаға өліктерін жиды сүйреп.
Бірлі-жарым шала жан қалғандарын,

Қылыш шауып, найзамен жатыр түйреп.

—Обалың патшаңа, жүз салдатым,

Бұйрықпен сен істедің бізге батым.
Жарлығын падишаңның атқарам деп,
Айрылдың жалғыз жаннан азаматым.
Ойнасын төрт аяғың төбесіне,

Сендерді құрбан қылған егесіне.
Өз қылғанын өзіне біз де қылдық,
Жан тәтті, аянамыз біз несіне?!
Салдатын падишаның қырып болды,

Ойлаған ісін істеп көңілі толды.
Арбадан Кешубайды шешіп алып,
Ортаға ап қуанысты өңшең жолды.
Ажалдан адал досты алды айырып,

Олжа осы біз іздеген көп сағынып.
Жымыңдап іштерінен күліп кетті,
Жоғалтып көп іздеп ек деп сарылып.
Жәмила айтты:—Бұл жерде тұрмайық,—деп,

Достарды елге барып сыйлайық,—деп.
Кеш жастап, түн жамылып кеткен жақсы,
Қызығып олжа нәрсе жинайық,—деп.
Қырық екі боп түн қатып жүріп кетті,

Жау өлігін әр жерге жиып кетті.
Мылтық, қылыш, қанжарын отқа өртеп,
Бір сабақ жіп те алмай қиып кетті.

кешубай—жәмила
Бұл істі тірі пенде білмесін деп,
Бейсауат жүрісті ешкім көрмесін деп.
Таралып елден-елге әңгіме боп,

Сары ізге шөп салынып жүрмесін деп.
Дүбірсіз түн жамылып жүріп кетті,
Еліне кеп тарасып сіңіп кетті.
Кешубай абақтыдан шықты деген,

Бұл хабар ел ішіне тарап кетті.
Ел-жұрт кеп амандасты Кешубайға,
Сабаздың көңілі орнығып жүр жайына.
Шын асыл су түбінде шірімейді,

«Ісі ақтың—Құдайы жақ» осындайда.
Бір айдай аралықта уақыт өткен,
Хабар жоқ Сахалиннен әскер кеткен.
Кешікті бұлар неге хабар жоқ деп,

Жандарал жолды бағып сабыры кеткен.
Бір адам пошта тасып келе жатқан,
Жолы сол өтетұғын Тассуаттан.
Бір хикмет жаман іс бопты екен деп,

Таныс-біліс көргенге сыр қып айтқан.
Ауыздан-ауызға бұл таралыпты,
Бір адам жандаралға хабар қыпты.
Не көрдің, білгеніңді айтып бер деп,

Поштакешті жандарал шақырыпты.

—Өткенде пошта сүйреп Тассуаттан,

Оншақты арба көрдім қирап жатқан.
Бұлар кім, не болды деп жетіп келсем,
Көп нәрсе көзге түсті жайрап жатқан.
Бір иіс мұрын жарып қолқамды атты,

Қаптапты сасық иіс Тассуатты.
Қарасам өлген адам топ-топ жатқан,
Әлдеқашан жемтік боп шіріп қапты.

тарихи  жырлар
Кигені салдат киім, сары шекпен,
Үш-төрттен әр жыраға үйіп кеткен.
Байқасам түрлеріне орыс екен,

Шошып кеттім сұмдық деп мынау неткен?!
Саны көп көрінеді қарамадым,
Бір жүз бе, екі жүз бе, санамадым.
Сескеніп аял болмай жүріп кеттім,

Міне, осы көргендерім, жандаралым!
Маңынан тірі пенде көре алмадым,
Із-тоз жоқ бейсауат іс сезе алмадым.
Үш күн өтті, мінеки, содан бері,

Өтірік айтып, жынымды шайнамадым.
Отыз салдат жіберді дереу баптап,
Түнімен хабар алып кел деп нақтап.
Шарлаушы әскер ертеңі қайтып келді,

Рас деп поштакештің сөзін жақтап.
Жандарал өзі кетті көру үшін,
Көзбен көріп, бұл іске сену үшін.
Омбыда осындай бір іс болды деп,

Патшаға анық хабар беру үшін.
Жандарал өзі барып, шалып келді,
Көзбен көріп, салдатын танып келді.
Жер емес жау жүретін иен дала,

Өлгені жүз салдаттың анық деді.
Әкеткен Кешубайды арбаға артып,
Апарып Сахалинге келмек қайтып.
Жау келіп, жасын түсіп, у ішкендей,

Жүз әскер қырылыпты Тәңір атып.
Жүз салдат бір-ақ жерде қырылыпты,
Өлігі оннан, бестен жиылыпты.
Жау келіп жар астынан басқан болса,

Кешубай қайтіп тірі құтылыпты.

кешубай—жәмила
Байлаудан босанды екен қолы қайтіп,
Өзі жалғыз, құралсыз қырды қайтіп?!
Қарумен тәлім алған жүз шерігім,

Тұрды ма қол қусырып, иман айтып.
Егерде жау кеп тисе алыс жерден,
Хабар жоқ ел ішінен бізге келген.
Ғаламат Тассуаттың өзінде ме,

Бұрын-соң онда неге естілмеген?
Құдай ісі ме екен, ол адам ісі,
Тіл құтылмай, жүз салдат өлген несі?
Апат келсе бәріне бірдей тимей,

Кешубай сау-саламат кеткен несі?
Ақыл жетіп біле алмай қалдым таңға,
Із-тоз жоқ бөтен-бастақ жан-жағында.
Ат-азық, қару-жарақ дүниесінен,

Бір сабақ жіпке тимей, қалған сонда.
Ұстасақ Кешубайды қолдан келер,
Айғақ жоқ бірақ оған ыспат берер.
Өз халқының атақты хан мен бегі,

Шығыста бүкіл қазақ ел бүлінер.
Жатқан жылан құйрығын алсақ басып,
Таппайық өзімізге пәле іс бекер.
Сыр болды шешілмейтін бұл бір жұмбақ,

Ойлауға бұдан ары ақылым шақ.
Жолдайын падишаға көргенімді,
Таразыға сап көрсін өзі бірақ.
Патшаға тағы соқты телеграм,

Бір сұмдық іс келді деп Кешубайдан.
Не қылсаңыз бір жайын өзіңіз тап,
Басқару қиын бізге мұндай адам.
Патшаға телеграм барып жеткен,

Ашу кернеп сарайына сыймай кеткен.

тарихи  жырлар
Үйезді атып, орысты жүзден қырған,
Неткен қазақ бұл өзі туған өктем.
Бір хайла не қылсаң да табыңдар деп,

Шақырып уәзірлерін бұйрық еткен.
Шақырып уәзірлердің жиды бәрін,
Мазмұнын баян етті шын хабардың.
Тұтқыннан қашып шығып жалғыз қазақ,

Жүз салдатты қалайша қырғындаған.
Өлтірген үйезді атып қан базарда,
Сол үшін айдатылған Сахалинге.
Мінеки, жүз салдатты жалғыз қырды,

Айласы артық қазақ тірі жанда.
Қылмыстыда кісен бар салған мықтап,
Арбаға таңып қойған сіреп, нықтап.
Арқанды үзіп, кісенді шағып тастап,

Қырыпты жүз салдатты бірақ жастап.
Жүз салдат қойдай жатыр арам өлген,
Бір төбе сасыған ет боп шіріген.
У жегендей сілейіп қырылыпты,

Намыс деп қынжыламын бұл не деген?!
Қамыс па, қурай ма екен сол жүз шерік,
Жарық па, шартық па екен өңшең өлік.
Құр қол жаннан қырылып бәрі бірдей,

Қай жерін құралданған салдат делік?!
Әулие ме, пері ме жүрген жандап,
Адам емес, шайтан ба жүрген алдап.
Жапырылған қамыстай қиратыпты,

Екі басты жылан ба жүрген арбап?
Арқанды тас байлаулы қалай шешкен,
Сом кісен аяқ-қолда, қалай кескен
Оқ атып, қылыш шауып тәлім алған,

Салдаттар қырылуы не себептен?

кешубай—жәмила
Құмырсқа ма, қоңыз ба жүз салдатым,
Бір оқ та ата алмаған қылып батым.
Қол қусырып тұрды ма басын иіп,

Төздірді жан беруге қалай дәтін?
Жау келіп басқа жақтан қырғаны жоқ,
Ол жақтан жау келетін ыңғайы жоқ.
Алып жүрген тұтқынның қылған ісі,

Тұтқыннан басқа жанның қалғаны жоқ.
Іс екен бір құпия біз білмейтін,
Ол адам жай кісі емес көзге ілмейтін.
Батыр ма, балуан ба, әулие ме,

Әйтеу бір қасиет бар сездірмейтін.
Падиша—кәрі сайқал баспас қадам,
Үзінді ойлар, алыстан көңілі жаман.
Үйез бен жүз салдаттың кешті құнын,

Деп «соғыста өлмей ме мың сан адам?»
Россия бір зор ел жатқан тасып,
Жері кең, байлығы мол елден асып.
Алыстан, ары таманнан ойлағанда,

Көп жері дүниенің бізге мәнсұп.
Азырақ зиян болды, іздемейік,
Ел ішінде болған іс біз демейік.
Батыр, балуан, әулие, пері, жын ба,

Болса да құдіретті тергемейік.
Шығарып өткен істі салауатқа,
Батыр деп жандаралдық шен берейік.
Бұқараң деп орысты көшіп барған,

Еліңнің қатарынан жер бер дейік.
Осы әдіс ойлап көрсем болар дұрыс,
Болса да керегі жоқ бұл іс бұрыс.
Бір-бірлеп арт-артынан бара берсе,

Иелеп барлық жерін кетпей ме орыс.

тарихи  жырлар
Әмірі—падишаның айтқан сөзі,
Басқаның жарамайды пәлен деуі.
Шақыртпақ көремін деп Кешубайды,

Бір мықты белгіледі уәзірді.
Жіберген сенімді бір уәзірін,
Жерді көріп, тексер деп елдің сырын.
Бұйрық ап патшадан жүріп кетті

Көрмеген қазақ жерін бұдан бұрын.
Омбыға қонбай, түспей уәзір жүрген,
Таза ауа, кең қонысты елді көрген.
Омбының жандаралын қасына алып,

«Кешубай қайдасың?» деп іздеп келген.
Уәзір келіп түсті көп сәулетті,
Кешубай да істеді сый-құрметті.
Қаймығып уәзір де көп сөйлемей:

«Шақырды ұлы патша сізді»,—депті.
Қайраты асып қатардан, даңқы шыққан,
Атағы елден асып шетке шыққан.
Батырын бұқараның ертіп кел деп,

Жіберді әтей арнап ту алыстан.
Кешубай именген жоқ бармаймын деп,
Барайын шақырса да жалмаймын деп.
Ел үшін, жерім үшін арыз айтып

Алдына сыбағасын арнаймын деп.
Сайланып салтанатпен жүріп кетті,
Қасына екі мықты жігіт ертті.
Перінің су билеген патшасындай,

Жолында көрген жанды қайран етті.
Көрмеген ақ патшаны, сірә, бұрын,
Білетін сұрқиялық естіп сырын.
Сөзіне сөзді тауып, басып айтып,

Сыр алдырмай сөйлейін деді қырын.

кешубай—жәмила
Уәзір бастап кірді сарайына,
Патшаның жақынырақ тақ алдына.
Жасы асқан адам екен елулерден,

Кірбеңдеп әжім түскен шырайына.
Тар самай, биік қабақ, қыртыс маңдай,
Қасқа бас жылтыр, тайғақ жұмыртқадай.
Самай, құлақ, желкеде селдір шашы,

Жалтырайды қаңтарда ақ қыраудай.
Ақ сары сопақ жүзін басқан әжім,
Маңдайдан тура түскен имек мұрын.
Ақ бурыл, селдір сақал, сирек мұртты,

Сұқтайды оты сөнген көкшіл көзін.
Қарайды Кешубайға тікірейіп,
Ақ кірпік, қасы ұзын едірейіп.
Тыртысса тарамыстай өз сөзінде,

Қатаңдығы жүзінен тұр білініп.
Қарайды Кешубайға көзін түре,
Тамсанып таңқалғандай сәулетіне.
Тік дене, еңселі бой, кең иықты,

Ақ бөрте, бидай өңді келбетіне.
Шығыста патша жүріп көрген емес,
Жай сырын елдің сұрап білген емес.
Естіген қазақ деген халық бар деп,

Бірі іздеп падишаны көрген емес.
Патша сөз сөйлейді мұртын сылап:

— Кешубай, сенбісің деп қысқа сұрап.

Жерге сыймай қалдың ба жалғыз өзің,
Бүлдірдің елді неге тайша тулап?
Мейрамда атып өлтірдің үйезнайды,
Күнәсіз адамды ату жарамайды.

Өлтірдің жүз салдатты жалғыз күнде,
Дедің бе иесі жоқ сұрамайды?

тарихи  жырлар
Кешубай, сонша неге болдың өктем,
Елді, жерді бүлдірдің не себептен?
Қарусыз жалғыз өзің айдалада,

Жүз салдатқа қалайша күшің жеткен?
Біз сені қимай тұрмыз жазалауға,
Мынадай сәулетіңмен мазалауға.
Көшу, қону низамда белгіленген,

Алауыздық тудырма бұқараға.
Кешубай былай деді жалтармастан,
Жалынып-жалбарынып, жалпаймастан:

— Орыстың ойлағанын істетем деп,

Үйезнай бар қазаққа болды қастан.
Базарда келе жатсам үйез көрді,
Тоқтай қап, иянаттап боқтай берді.
Жай жүрген бұқараны сонша боқтап,

Үйезнай басынады неге бізді?
Өлтірдім үйезді атып боқтаған соң,
Адам тұрып хайуанша оттаған соң.
Өзін адам, басқаны мал деп санап,

Сол ісі көңіліме жақпаған соң.
Қан базарда боқтайды үйез неге,
Падиша, ойлап қара, күнә кімде?
Абақтыға жаптырып айыпсызды,

Айдайды Сахалинге мені неге?
Тассуатта демалып жатқан шерік,
Мені де аямады сусын беріп.
Тамақ та жоқ, су да жоқ — таңулымын,

Осыған шыдамадым ашу керіп.
Жұлынып түрегелдім бір-ақ қарғып,
Арқанды үзіп, кісенді кеттім шағып.
Көздемей тиген жерден ұра бердім,

Арбаның бір дәртесін жұлып алып.

кешубай—жәмила
Қорлыққа шыдамадым жаным күйген,
Қамыстай жапырылды тарта тиген.
Обалың падишаға, сауап маған,

Күнәсіз мендей жанды тентіреткен.
Осының бәрін, міне, мен істедім,
Өз қылғанын өзіне деп істедім.
Күнә жоқ менен басқа бұқарада,

Саған қате, өзіме жөн істедім.
Осыны мен істедім жалғыз жүріп,
Кек алдым өз қылғанын өзіне қып.
Аптығып артық та айтқан, кем де айтқам жоқ,

Басыма тастасаң да тауды жұлып.
Күнәсізбін, жазаңа көне алмаймын,
Ісім тура, бірін теріс дей алмаймын.
Қара іске қадам баспай қарысамын,

Зорлықпен итерсең де бара алмаймын!
Патша тыңдап тұрып ойға кетті,
Сөзі өткір айтса қайтпас мынау мықты.
Жалғыз тал сіріңкеден от кетеді,

Егессе мынау қояр елге өртті.
Патша бола қалды тым байсалды,
Көңіліне бүккен ойға қайта оралды.
Қорқытқаннан алдаған тиімді деп,

Батыры жалпақ елдің деп-ақ салды.

— Жарайды, қылған ісің дұрыс емес,

Жазалауға лайық бұрыс емес.
Тентектің бірі дұрыс, бірі бұрыс,
Жамандықтан жақсылық теріс емес.
Кешубай көрейік деп сені алдырдық,

Шаһизада сәулетіңе біз таңғалдық.
Шығыста орыс, қазақ батыры деп,
Сыйлыққа шен беремін жандаралдық.

тарихи  жырлар
Жаза орнына шен бердім, сыйлығым сол,
Көңілі кең, патшаның мейірі мол.
Еліңе көп сәлем айт падишадан,

Ол жерде падишаның оң қолы бол.
Мақтадым, сыйлық бердім алып келіп,
Дидарын падишаның келдің көріп.
Мақтай бер падишаны елге жайып,

Құрметпен қайтарды деп шенді беріп.
Үйез бен жүз әскерге құн алмаймыз,
Әзірге ішкі істі тілге алмаймыз.
Орыс, қазақ ордасы—патшалығым,

Сырт бүтін, ішкі егесті кек алмаймыз.
Патшаға бұдан кейін қарсы шықпа,
Жау келсе алыс жерден үйде бұқпа.
Орыс, қазақ тең біздің бұқарамыз,

Оң-сол деп атын атап, айдар тақпа.
Айта жүр низамнан сөз жүрген жерде,
Мақтай жүр падишаны барлық елге.
Құдайдан соң падиша панамыз деп,

Жарлығын орындасын сіздің ел де!
Патша ойлайды: қазаққа құрдым қақпан,
Мен ойлаймын: қақпанды құр шаптырам.
Үйез бен жандаралды шенге алмаймын,

Шен алсам жандаралдық бұл патшадан.
Батыр боп шен алдым деп падишадан,
Жарлығы падишаның деп атқарам.
Елді сақта, жеріңді қорға деген,

Орысты қайта қуам көшіп барған.
Патша мені алдайтын тапқан әдіс,
Ол әдіс маған болды үлкен табыс.
Шен алдым жерді қорғап батырлық деп,

Орысты бастырмаймын жалғыз қарыс.

кешубай—жәмила
Мөр басты сыйлығыңды алайын деп,
Қайтадан еліме сау барайын деп.
Мақтанып үйез бенен жандаралға,

Ырылдаса тұмсықтан қағайын деп.
Патша ойлар: қолыма қондырдым деп,
Асауым тулап-тулап болдырдың деп.
Мен ойлаймын: қақпанды біліп алдым,

Жемін ап, құр шаптырып қояйын деп...
Көп жатпай Петірбордан кетті жүріп,
Таң емес, бұрын неше келген жүріп.
Омбының үйезі мен жандаралға,

Кезікті шенді тағып іздеп келіп.
Мақтанғаны емес ол, көрінгені,
Алшақтама мен де бар деген жері.
Ойланба тістеймін деп бұдан кейін,

Есіңде болсын мынау дегендері.
Кешудің ат-атағы кетті шығып,
Үйез бен жүз солдатты бір-ақ қырып.
Алдында ақ патшаның жүлде алып,

Айтыста сан орысты сөзбен жығып.
Бұл хабар елден-елге кетті тарап,
Батыр деп сыйлық берген патша қалап.
Сүйеніп патша берген атағына,

Орысты тағы ары таман шығарды айдап.
Үйез бенен жандарал кектенбеді,
Кектенсе де бұрынғыдай беттемеді.
Шақырып патша өзі сыйлық берген,

Қиын іс Кешубайды шектемегі.
Сонымен ер Кешубай жатты жайға,
Бағынбай үйез бенен жандаралға.
Патша да өз ісіне өзі өкінді,

Амалсыз жарлықты екі қайталауға.

тарихи  жырлар
Падиша қайта жарлық бергені жоқ,
Кешубай падишаға ергені жоқ.
Өзі батыр, өзі хан болып тұрып,

Орысқа бір адым жер бергені жоқ.
Кешубай күшті болды сол заманда,
Күшке күш, қорлыққа әдіс ой мен қырда.
Орысқа бағына ма, табына ма,

Кейінгі іс қалды деген ұрпақтарға.
Байлау жоқ—тоқтамады мынау жалған,
Кім түгетер арманын көңілге алған.
Арман көп, ақыл артық, өмір қысқа,

Кешубай сексен бесте дүние салған.
Іс қалса ертек болар батырлардан,
Сөз қалса жыр болады ақындардан.
Жарандар аз болды деп сөге көрме,

Ертек бұл бізге қалған Кешубайдан.
Адам бір дүниеге келген қонақ,
Көп көріп, көп білуге өмір шолақ.
Жатталып елден-елге тарап жүрген,

Қиссасы Кешубайдың осы ғана-ақ.

А������������������������������

һ ұрып шерлі дүние жатпады ма,
Адамзат қапалыққа батпады ма!
Әлемге тап тажалы қожа болып,
Арды ұстап шаштан сүйреп сатпады ма!

Қиядан қыран ұшып аса алмаған,
Арулар жыр мен шерін баса алмаған.
Буалдыр түн түнекті дауыл соғып,
Сергітіп әсте бір кез аша алмаған.

Шыңдардың басын орап қара бұлт,
Кесіліп адамзаттан бақытты үміт.
Тұрған кез түнектердің арасынан,
Жас Бұлан жүріп кетті, міне, суыт.

Туғандай көкжиектен жасыл белес,
Туғандай ой соңынан бұлдыр елес.
Әйтеуір жас қаһарман көп ойланды,
Шақырып тұрғандай-ақ үлкен күрес.

Бір мезет сұсты қабақ түйіледі,
Кім үшін мұнша неге күйінеді?!
Жайдары жарқылдаған мінезінен,
Ақ жарқын ер тұлғасы көрінеді.

Ол өзі он сегізге келген биыл,
Ер мүсін елден ерек бітімі ұйыл.
Қараторы, келте мұрын, кең иықты,
Сом біткен он саусағы неткен дөйір.

Ер Бұлан

тарихи  жырлар
Қара көз, өткір, өжет жап-жас бала,
Дейсіз-ау «мұны тапқан қандай ана?!».
Анасы асыл қымбат адам еді,

Тапқаны жалғыз осы Бұлан ғана.
Қыстың бір суық кезі, түн де айсыз,
Көшпенді ел, күйі төмен, көбі малсыз.
Қалидың қара қосы соның бірі,

Қыстаған осы қоспен бұл да амалсыз.
Ауырып көптен бері жатып қалған,
Қалидың ойында бар жалғыз арман.
Ат жалын жалғыз ұлым тартса деуші ед,

Жете алмай арманына дүние салған.
Мінеки, өтіпті он жыл одан бері,
Зая боп кетті ананың талай тері.
Мұқанның қойын жайып қақыға алған,

Бұланның жан серігі Құлагері.
Мұқанның есігінде ата да өлген,
Талай жыл теперішті ана көрген.
Бірақ мына баладан сескенем деп,

Мұқан бай аз болымсыз қақы берген.
Тапқанын көптен бері жиып-теріп,
Бір құлын сатып алды, барын беріп.
Кер құлын тай болғаннан көзге түсті,

Жүйрік деп бағалайды әркім көріп.
Кер құлын, міне, бүгін болды құнан,
Қадірлі ед ауылына ерке Бұлан.
Аң аулап кер құнанмен жортып жүрсе,

Ұқсайды түлеп ұшқан бейне қыран.
Сол кезде Сәмен төре дәурен сүрген,
Ұрқы боп Көгадайдың тәжін киген.
Он екі абақ Сәменнің жемі болып,

Не десе жарлығына құлдай көнген.

ер  бұлан
Май басып Сәмен төре жатты шәйлап,
Әр жылы ру басы ұлық сайлап.
Халықты қан қақсатып алман жиып,

Барушы еді ұлықтары малын айдап.
Сәменге қол беріпті Ғұзан тәжі,
Төреге өтед дейді оның назы.
Ғұзанға қатты намыс болып жүрген,

Өткен жыл тарту еткен малдың азы.
Биыл жаз елден бұрын қамданыпты,
Төреге барамын деп жар салыпты.
Ерекше бедел сатып алу үшін,

Қалдырмай түтін басы мал салыпты.
Жинады Ғұзан малын күз басында,
Он адам алмақ болды жолдасына.
Біреу баптап жүйрігін тағаласа,

Біреулер мінді мақпал жорғасына.
Құлагер осы кезде дөнен болған,
Құнанда қасқыр соғып ерен болған.
Болса да дәулеті жоқ жалғыз жетім,

Бұлан да қалмаушы еді өлең-тойдан.
Жас Бұлан жай оғындай жайраңдаған,
Күні жоқ елдің жайын ойланбаған.
Жауларға зілді көзбен қараушы еді,

Бейкүнә жұртты осынша ойрандаған.
Ол естіп бір сұмдық сөз жүретұғын,
Қатулы қабағын ол түйетұғын.
«Төренің көк төбеті адаммен тең»

Дегенге ашу кернеп күйетұғын.
Табақтас итпен биыл кім болады,
Осы істі Бұлан іштей ойланады.
Дәл биыл мен табақтас болайын деп,

Баруды Ғұзанға айтып ұйғарады.

тарихи  жырлар
Досы бар әкесінің Ақай деген,
Ақаң да жас Бұланның қамын жеген.
Міне, осы Ақаң шалға ақыл салып,

Жас Бұлан ат терлетіп әтей келген.

—Мен келдім, ата, сізден ақыл сұрап,

Барады ел намысы мені қинап.
Төренің көк төбетін өлтіремін,
Осыған ақыл берші терең ойлап.

—Әй, балам, жұғыспағын бұл пәлеге,

Жетпей тұр осы күнде жұрт пәреге.
Сұм, жауыз шырқыратып қаныңды ішер,
Ойлаймын қолдан келмес деп дәнеңе.

—Жоқ, ата, ықылас қыл, мені жібер,

Бар кезде айқасайын бойда жігер.
Қарсы келсе ханнан да сескенбеймін,
Пәреқор, жемтік жегіш төре түгіл.
Көнбесін бұл баланың шал да білді,

Кім болжап байқай алмақ алда күнді.
Ұстасын қиын-қыстау кезеңде деп,
Жонынан бір терінің қамшы тілді.
Қатырған тобылғыға берді шаптап,

Алтындай сары жезбен сабын қаптап.
Ата дос ақыл айтып жас балаға,
Керқұла тағаланды әбден баптап.
Түс ауа бұл ауылдан үйге қайтты,

Қиялын ойындағы анаға айтты.
Жалғызы айға шапқан арыстан ғой,
Ал сонда дейсіздер ме ана қайтті?
Ананың кетті ғажап жаны шошып,

Жылады жапа жалғыз ұлын құшып.

—Жеткенде жаңа ғана тас түлегім,

Кетпек пе ең желді күні қолдан ұшып?!

ер  бұлан
Құлыным, аса қайрат басыңа енбек,
Табасың ит өлтіріп артық ермек.
Егер сен бұл сапармен кетіп қалсаң,

Жоқ маған енді қайтып сені көрмек.
Тас түлек түлеп ұшып көкке шықса,
Сұм жыртқыш көк қасқырды жерге тықса.
Немесе жер мықтысы қаһарман боп,

Таудай ғып ел алдында дәуді жықса.
Сүйініш, күйініштер бұлдыр үміт,
Қой, балам, қызбалықтан ойды суыт.
Іліксең бір пәлеге әлдеқалай,

Мыналар жібермей ме мені қуып.

—Ана, мен сенен тудым өзім үшін,

Өлуге разымын елім үшін.
Кедейге итін қосып тамақ берген,
Төреге мұздады әбден менің ішім.
Сондықтан кеш сүтіңді, бер батаңды,

Анашым, келмей қалсам кеш қатамды.
Жоғалсам зым-зия боп батқан күндей,
Табарсың нағашымды—Сейіт атамды.
Елі үшін ері қалай күйінбесін,

Ер туса елі қалай сүйінбесін.
Баланың тоқтамасын біліп ана,
Қадады құлын тонның төрт түймесін.
Бекіді ит сазайын берейін деп.

Не болса бұл жолымда көрейін деп.
Жалынды бала жігіт Ғұзанға кеп,
Атшы боп малыңды айдап ерейін деп.
Ғұзанның әрең-пәрең басы изелді,

Білгендер бала сырын көп күйзелді.
«Қарағым, сақ бол» деген қарттың сөзі,
Қыранның құсбегіндей боп меңзелді.

тарихи  жырлар
Алтай—аға болғанда, Қобық—құрбы,
Салқын Сауыр ежелден бізге сыйлы.
Жазда жайлау болғанда, қыста қыстау,

Жер жаннаты осындай сегіз қырлы.
Шалшықайда кең шалқып төре жатты,
Малмен жөңкіп Ғұзандар келе жатты.
Алдынан төлеңгіттер шыққан кезде,

Тәжілер жүрді ақырын тежеп атты.
Ұлықтар Ақордаға таяулады,
Жүрістер барған сайын баяулады.
Көк төбет көрінгенде барлық адам,

Ізетпен аттан түсіп жаяулады.
Түспеді Бұлан ғана Құлагерден,
Қарбалас мал айдасып жүре берген.
Атпен келген адамды жұлу үшін,

Ұмтылды көк төбет те көрген жерден.
Құлагер бір жымпиып қарап еді,
Бата алмай көк төбет те қала берді.
Ұлықтар қатты абыржып күбірлесті,

Бұл жетім тап қылад деп пәлеге енді.
Көрген соң семіз атан, құр аттарын,
Төрелер күтіп алды қонақтарын.
Төренің өркөкірек еркелері,

Ұстап жүр жүйріктердің ұнатқанын.
Қонақтар қонақ үйде үш күн жатты,
Бәрі де кісімсіді инауатты.
Төртінші күн төренің өз үйінен,

Бөленіп сый-құрметке тағам татты.
Жас Бұлан отыр еді ең аяқта,
Төреге кім көнбейді бұл алапта.
Мыртиған шоқша сақал төременен,

Қарады Ғұзан тәжі бір табаққа.

ер  бұлан
Екіден қонақтарға табақ тартты,
Жендеттер орындап жүр барлық шартты.
Ең соңғы табақты алып келе жатып,

Бір нұсқап қалды бірі есік жақты.
Бұл кезде Бұлан ғана дара қалды,
Жанына көк төбет те бара қалды.
Жендеттер «екеуің» деп нұсқағанда,

Тартынбай көк төбет те аяқ салды.
Бұланның күткені де осы сағат,
Ашуы келіп қалды қылмай тағат.
Тізенің астындағы қамшыны алып,

Сілейте дәл тұмсыққа бір-ақ қағад.
Қаңқ етіп қалды төбет үйдей болып,
Қорықты қонақтар да бүрдей болып.
Төрелер, төлеңгіттер үнсіз қалып,

Шошыды ханышалар қудай болып.
Көтеріп сонда басын мыртық төре,
«Шығар» дейд төлеңгітке бұйрық бере.
Тап берді ұстағалы жас Бұланға,

Жалақшы босағадан екі неме.
Адам деп екеуіне қарамады,
Олар да батып қолын сала алмады.
Сабырлы, сарбаз ерді дәл осындай,

Көрмеген осы төре жаралғалы.
Төренің кәрі көзі тайып кетті,
Өзінің жендеттерін айыпты етті.

—Ол емес, ананы,—деп итін нұсқап,

Ақымақ болдыңдар,—деп қатты сөкті.
Іс болды ердің күшін сынағандай,
Бір итті екі жендет шығара алмай.
Жас Бұлан атып еді асықтай ғып,

Гүрс етті таудың тасы құлағандай.

тарихи  жырлар
Шошыды төрде отырған би менен бек:
«Япырым-ай, мұның күші не деген» деп.
Басқалар абыржысып отырғанда,

Ол әбден бөгіп алды тамағын жеп.
Жеңу қиын болар деп дүлей күшті,
Қу түлкі бейнесіне төре түсті.
«Бері кел» деп шақырып табағына,

Ұсынып өз қолымен қымыз ішті.
Көк иттің даңқы шыққан осы маңға,
Жон жүнін тікірейтіп тірі жанға.
Егер біреу бұл маңнан атпен өтсе,

Алып соғып бояйтын қызыл қанға.
Төренің қолындағы қырық жендет,
Қасқырдай аптығатын қойған жемдеп.
Бәріне қара қатын жарлық шашып,

Жонына қойғандай боп күбі теңдеп.
Төренің қатынын ел «уаң» дейді,
Қарсы келсең жылқыңды қуам дейді.
Қылдан тайсаң қанды атқа атыңды алып,

Тоқсан қамшы дүрені ұрам дейді.
Бірақ бүгін тап болған дүлей батыр,
Әйтеуір бергеніңді қылғып жатыр.
Ежелгі айдаһардың кәрі ордасы,

Осындай бір қорлыққа көніпті ақыр.
Қайтамыз деп қонақтар дайындалды,
Бір-бір шапан бәрі де сыйлыққа алды.
Төренің назары ауып жас Бұланға,

Тәжісінен түс салып сұрап алды.
Сонымен күндер өтті, айлар өтті,
Жер бетін қоңыр салқын самал өпті.
Қатыгез, қарашыбар мыртық төре,

Шақырып ер Бұланды «балам» депті.

ер  бұлан
Болғандай жалғыз түнде мейірімді,
Болғандай жалғыз түнде қайырымды.

—Ұнатқан киіміңді ки тіккізіп,

Ер-тоқым, жөндетіп ал айылыңды.
Жылқыдан өзің таңдап мін біреуін,
Мінсең де мырзекеңнің сұр бедеуін.
Бір кегім кетіп еді арғы бетте,

Осыны қайтаратын сен—медеуім.
Торғауыт Қалдыр деген арғы бетте,
Ап кетті жүз жылқымды тектен-текке.
Болар деп жүз жылқыма осы бодау,

Көңілім түсіп еді Теңбілкөкке.
Теңбілкөк кермесінде байланады,
Ширығып түні бойы айланады.
Барасың Ұзынсаймен тіке түсіп,

Дегенде Бұлан бір жайт аңғарады.
Білетін Ұзынсайдың бір кеселін,
Әй, залым, бар екен деп өз есебің.
Деп Бұлан өз-өзінен күбірлейді,

Тәуекел дәу де болса белдесермін.
Ұрлығы ұлықтардың сұралмаған,
Қиқу сап жылқыны ашық қуа алмаған.
Бөлінген шекараның кездері еді,

Сұмдығын бақ күндестер қоя алмаған.
Бөріге байлағандай жалғыз лақ,
Бұланға мына сапар ауыр сынақ.
Төренің көп жылқысын көзіне ілмей,

Ер салды Құлагерге сылап-сипап.
Таласып күн төрінен жолға шықты,
Жолдасы Ақаң берген жалғыз мықты.
Изетіп Құлагерді белден асқан,

Күн нұры көкжиекті барып құшты.

тарихи  жырлар
Дәл сәске мөлшерінде тағы бір күн,
Кезікті қоңыр белден жалғыз жүргін.
Қой көзді, жирен сақал, құла ат мінген,

Құбақан киімінің бәрі күлгін.
Көзге оңай ілікпейтін бейнесі бар,
Іліксең сенен бұрын ол да сынар.
Ешкімнен дәу де болса тайынбайтын,

Өзіне-өзі сенген біреу шығар.
Деп Бұлан оған келіп сәлем берді,
Құлагер алға тартып елеңдеді.

Жол-жөнін білмейтұғын адам едім,
Алыстан жолаушылап келем деді.

—Білмесең тоқта, балам, осы жерге,

Ат белін суытайық мына белге.
Бар дейді Ұзынсайда пәле қасқыр,
Тараған аңыз болып біздің елге.
Бұл сайдан жалғыз адам, сірә, жүрмес,

Жүргендер тірі қайтып елге келмес.
Әйтеуір бір ғажайып пәлесі бар,
Өлгендер қайтіп өлді, ешкім білмес.
Екеу жүрсе бұл пәле көрінбейді,

Тау іші Ұзынсайдың гуілдейді.

—Онда мен жүрем,—дейді Бұлан,—жалғыз,

Кәрі оған: —Жалғыз жүру қиын,—дейді.
Еріксіз Бұлан жалғыз кетті құлдап,
Сескенді бір мезетте жүрек тулап.
Бір тастың жапсарынан әлдеқалай,

Қым-қуыт дауыс шықты улап-шулап.
Ақ төс, қара бір қасқыр жетті қуып,
Көрмеген қара қасқыр өзі туып.
Қаптады шүйе бөрі тұс-тұсынан,

Мөлшері тіпті қалың жүзге жуық.

ер  бұлан
Бұлан да бұл жауыздан тайынбады,
Сайысқа не де болса дайындалды.
Қара қасқыр биіктен атылғанда,

Сілтеді қамшыны әйтеу, жаны қалды.
Бүктеліп түсті сұмның есі кетіп,
Қаптады шүйе бөрі қың-шың етіп.
Дырауын үйіргенде қаһары кеп,

Тырмысып тауға таман берді зытып.
Құлагер басын шайқап есінеді,
Сұм итке сонша қатты өшігеді.
Тізгінді жұла тартып ырық бермей,

Қорымды құмалақтай көшіреді.
Тігіліп тас төбеге қос құлағы,
Жендетке жетіп барып осқырады.
Адам жеп дәндеп алған жыртқыш сұмдар,

Дәрмен кетіп тек қана қыңсылады.
Әрең-пәрең түгетті түске жақын,
Ерін ап, көлеңкеге байлады атын.
Сол кезде бағанағы шал да келді,

—Қарағым, кім еді,—деп,—сенің атың?

—Мен едім бір атадан жалғыз туған

Қалидың баласымын атым—Бұлан.
Болсам да өзім кедей, жалғыз жетім,
Ел үшін өкінбеймін жанды қиям.

—Уа, балам, атаң сені ер қып баққан,

Анаңа мың бір алғыс сені тапқан.
Талайды зар илетіп, етін жеген,
Сұмырай жауыз қасқыр ана жатқан.
Қарағым, елден туған ер екенсің,

Жігіттің жанып тұрған гүлі екенсің.
Кезеңде қиын-қыстау жолдас болар—
Ерлердің нағыз өжет бірі екенсің.

тарихи  жырлар
Мен дағы кезегенмін елден шыққан,
Кеткенмін жапа шегіп зұлымдықтан.
Көмекті қолдан келген етер едім,

Бауырым, енді сенің жөніңді ұқсам.

—Ата, мен тұтқын жанмын өзі келген,

Төреден кек алам деп ұлыққа ерген.
Кедейдің етін жейтін көк төбеттің,
Сазайын өткен жылы мықтап бергем.
Төренің содан бері пендесімін,

Әрдайым күзетемін түнде есігін.
Қызғаншақ, қара ниет сол төренің,
Бұл жақта білесіз бе күндесі кім?
Торғауыт жауым дейді Қалдыр деген,

Дауы бар жүз жылқымды алды деген.
Әкел деп Теңбілкөгін бұйрық етті,
Бар ма ойы әлде мені қаңғыр деген?

—Алыстан атыңды естіп сүйінгенбіз,

Төренің қылығынан түңілгенбіз.
Қанды балақ зұлымнан жапа шеккен,
Кедейлер бір емес пе жүрегіміз.
Аламыз Теңбілкөкті, бұйым емес,

Күзеті Қалдырлардың қиын емес.
Төренің Теңбілкөкке жұмсағаны,
Қарағым, ойлан, бұл іс тегін емес.
Теңбілкөк өзі жүйрік, жорға дейді,

Қалдырдың жалғыз қызы Долға дейді.
Сол сұлу күзетеді күні-түні,
Шынжырлы жібек арқан қолда дейді.
Қалдыр да қалыспайды төреңізден,

Сан мықты іздеп келіп күдер үзген.
Қолында қырық жендет ұрысы бар,
Бәрі де қуаяқтар жерді кезген.

ер  бұлан
Теңбілкөк от еткенде біледі екен,
Қырандай қылт еткенді іледі екен.
Жылқының шып-шырғысын шығармастан,

Бір иіскеп бөтен ізбен жүреді екен.
Қалдырдың болса дағы барлық малы,
Орнаған Теңбілкөкке оның бәрі.
Кетсең де үш күн бұрын жетеді екен.

Бұрқ етіп шыға қалса оның шаңы.
Долға қыз сұлу екен сылаңдаған,
Еркелеп ауылына бұлаңдаған.
Келеді қасымызға осы бикеш,

Күй төксек сыбызғыдан шығандаған.
Екеуі осылайша құрған ақыл,
Ылажсыз ұры болды-ау Бұлан батыр.
Қарт жырау сыбызғымен жырлағанда,

Қасына Долға қыз келеді ақыр.

—Біз қондық ауылыңызға болып көрші,

Бикешжан, сыбызғы үнін естіп көрші.
Жаға ма көңіліңізге осы күйім,
Болған соң ерке, сұлу баға берші.
Деп кәрі сыбызғысын шаңырқатты,

Моңғұлдың бір топ қызын таңырқатты.
Сол кезде зыр жүгіріп біздің Бұлан,
Кермеден Теңбілкөкті барып тапты.
Көк тұлпар осқырады шеке қарап,

Жалында жалбырайды жасыл қадақ.
Жер тартып пысқырады жалын төгіп,
Алдашы тұрғандай-ақ сұғын қадап.
Бұланға жүгіреді ауызын ашып,

Секілді арыстандай, айбар шашып.
Шылбырды ірке тартып бір мезетте,
Ер Бұлан құлағынан алды басып.

тарихи  жырлар
Құлақтан Теңбілкөкке кетті мініп,
Шуылдап төрт көз иттер жатыр үріп.
Үш рет үкі болып дыбыстады,

Зып етті кәрі дос та оны біліп.
Шапқан ат ілеспейді жорғасына,
Бұланның көңілі толды жолдасына.
Сайыпқыран кәрі дос қол созбады,

Бұланның бүгінгі алған олжасына.
Сырғытып ауылына Бұлан жетті,
Әншейін мыртық төре қарап өтті.

—Алыстан атағына жығылыппын,

Жылқы екен сымпыс құйрық жаман,—депті.

Жөткеді жануарды бір қиырға,
Алмады ер еңбегін бір тиынға.
Бірақ ол бір шонжарға тарту болмақ,
Шығар ма жарты жармақ бос шығынға.

Түнеріп аспан әлем бұлттанған,
Кезінде Бұлан жалғыз ұйықтаған.
Маңында шыр айналып Құлагер жүр,
Жануар бөтен пенде жуытпаған.

Жылы емес, суық емес қоңыр салқын,
Түс ауып кеткен тіпті, кешке жақын.
Кезінде бір ебедейсіз егес шықты,
Екеу тұр жекпе-жекте тежеп атын.

Біреуі өктем сөйлеп ентелеген,
Келшілеп жекпе-жекке күркіреген.
Біреуі сол баяғы Бұлан екен,
Желөкпе дырду сөзді көзге ілмеген.

Кезінде бай менен бақ дәурен сүрген.
Айғай-шу, қорлық-қинау қанға сіңген.
«Сен қайтіп менен қайыс жұлып алдың,
Қу кедей жалғыз шолақ тайға мінген,

ер  бұлан
Деп тұрған мырзекейі төресінің,
Көп дейді менен әлі көретінің.
Атыңды астыңдағы тартып алып,

Жүз қамшы дүре дейді беретінім».
Сөз қызып, егес туды, ел жиылып,
Ер бұлан жас қырандай тұр түйіліп.
Қатулы қабағымен алға шығып,

Қайысты жерде жатқан алды да іліп:

—Кел!—деді,—еркек болсаң, жекпе-жекке,

Сөйлеме артық сөзді тектен-текке.
Ат ойын сайысында қайыс берген,
Жігітті біздің қазақ жігіт деп пе!?
Осындай түскен Бұлан сан арысқа,

Жатылған лақ артып ол қайысқа.
Әдеткі ойын-сауық, думан емес,
Пәле тұр қиян-кескі бұл сайыста.
Екі ердің ерегескен біреуі өлер,

Кез жетті екі білек күшке сенер.
Құлагер ауыздығын шақырлатты,
Жылқы еді қиын-қыстау кезде мінер.
Алдында дәудей қара жорға мінген,

Тағынып үкілі шоқ пүліш киген.
Төренің өркөкірек мырзекейі,
Қайыстан айырылғанда пысып-күйген.
Ол бұрын тартқанда басқалармен,

Сайысты аяқтайтын масқарамен.
Өтірік айырылғансып жіберетін,
Тең бе екен біздің Бұлан басқалармен.
Егеспен екі мықты қайта түсті,

Сөйтсе де мына жөйіт өте күшті.
Сарт та сұрт екі дию айқасқандай,
Қыртысы қара жердің аспанға ұшты.

тарихи  жырлар
Түйедей қара арғымақ секіреді,
Мырзекей жұла тартып ентігеді.
Қайысты тақымына басып алып,

Күшімді енді менің көрші дейді.
Кигені құба шекпен құлын жарғақ,
Бұлан тұр аспай-саспай күшін парлап.
Қызынса белділер кеп мырзекейге,

Бұланға көзін тікті халық та аңдап.
«Тарт!»—деді мырзекейге медет беріп,
Мес қарын қара сақал біреу келіп.
Жалт беріп қарап қойды біздің Бұлан,

Ер еді-ау өзіне-өзі алған сеніп.
«Сәт!» деді жаяулардың арасынан,
Дауысы бұрын шығып даяшыдан.
Соңғы айқас мезетінде естіп қалды,

Бір ыстық, жылы дауыс жанашырдан.
Кәрі-жас екеуіне елеңдеді,
Еліне танылғандай ел еңбегі.
Бүктеді торғайдай қып дәу серіні,

Ер Бұлан, міне, осындай ерен де еді.

«Ұста, ұста! Өлді, өлді!»—деп шуылдады,
Көпкешек істің мәні ұғылмады.
Қаумалап қалың адам мырзекені,
Біреу ол, біреу бұл деп дуылдады.

Қайысты алған кезде ірке тартып,
Бірінен біреуінің қаруы артық.
Мырзекей аттан ауып түсіп еді,
Осыған қара қатын жатыр тантып.

Зып етті қас қағымда Бұлан тағы,
Сағымдай қырқаларда қалды шаңы.
Таласып батар күнмен ғайып болды,
Не болмақ, шіркін елдің, болашағы!?

ер  бұлан
Құс ұшып кер далада бұлдырағын,
Су ағып құзар таудан сылдыраған.
Ел пана, жері қоныс бола алмаған,

Дүние-ай, азаматқа бұл бір заман!
Көсіліп талай-талай кері тақыр,
Бұлдырап қас-қағымда қалып жатыр.
Бір кезде ақ бас Алтай қолын созып,

Жамылып арқасына аппақ шатыр.
Көргендей шылауышын анасының,
Көргендей кең тұлғалы жанашырын.
Сол кезде шаңырқатып әнге басты,

Ішінен тарқатқандай шер-ашуын.
Орғытып ор қояндай Құлагерді,
Түс ауа қара Ертіске Бұлан келді.
Тау жарып, тас ағызған асау өзен,

Жатқанын дүлей болып енді көрді.
Күн туды екіталай ер басына,
Ол сенді астындағы жолдасына.
Әйтсе де судың күші өте жойқын,

Сыйынды ол анасының көз жасына.
Сағынған Ертісінен қанып ішіп,
Құлагер торғайдай боп кетті түсіп.
Қайырып үзеңгісін байлады да,

Жалғыз жан кете барды жанын құшып.
Алды да бір пысқырып кетті дүзіп,
Долы өзен домалатты төмен сүзіп.
Бір шығып, бір көміліп кетіп барад,

Адамдай отқа түскен жаннан безіп.
Құлагер сырқырайды жел қайықтай,
Дүзгенде жұмырланды дәл балықтай.
Салынды найзалайды қайшыласқан,

Байқастап Бұлан дағы жүр дарытпай.

тарихи  жырлар
Құлагер қалжырайды кейде батып,
Жас батыр су ішінде қалад сасып.
Жылқымен өту мүмкін емес еді,

Қара Ертіс кеткен кезде мұндай тасып.
Бір кезде жарқабаққа жақындады,
Көріп пе ең дәл осындай асыл малды.
Тұрғанда қара толқын таудай болып,

Уа, ғажап, Құлагердің атылғаны.
Басында Қара Ертістің қалың орман,
Бұланға қойнын ашып болды қорған.
Ақ басты Алатаудың алқабына,

Құраулап бие байлап ел де қонған.
Аралап қалың орман арасында,
Дем алып кербез қайың саясында.
Шөлдесе, ақ қайыңның сүтін жұтып,

Ертістің қармақ салды жағасында.
Жүр жігіт табиғаттың жемісін жеп,
Аңсады бір көруге анасын тек.
Ну орман құзар шыңның арасынан,

Тұп-тұнық мөлдір аспан көрінді көк.
Жарқ етіп жағып кетті жұлдыз шырақ,
Маңғаз тау, кербез жота жатты сұлап.
Түн қатып ауылына келсе Бұлан,

Сорлы ана қара қоста отыр жылап.
Албырт жас абайсызда болып босқын,
Кіре алмай сыртында тұр қара қостың.
Абайлап айналаға көзін салды,

Аужайын байқайын деп қас пен достың.
Болған соң анажанын әбден көріп,
Еркелеп «апажан!» деп келді кіріп.
Анасы «қарғам!» деген жалғыз сөзбен,

Үн-түнсіз осы жерде қалды тынып.

ер  бұлан
Күңіренткен тау мен тасты ана зарлап,
Көл болып көздің жасы жүрген парлап.
Сорлы ана тілге келмей кетті ме деп,

Бұлан тұр қалдым ба деп әбден сорлап.
Ышқынып бір мезетте есін жиып,
Жалғызын аймалады құшып-сүйіп.
Көргенде жалғыз ұлды шіркін ана,

Ақ еділ омырауы кетіпті иіп.
Баса алмай ана мауқын еңіреді,
Кеп қалды дабырды естіп көршілері.
Біріне-бірі барып сүйіншілеп,

Асығып бірін-бірі «жүршілейді».
Айлы кеш, жайлау көркі қандай әсем,
Қу тікей шалдар келді бәрі шешен.
«Қарағым, шықтың ба,—деп сұрап жатыр,

Аузынан арыстанның аман-есен?»
Құрметпен жауап қатып бәріне де,
Кішіпейіл балаға да, кәріге де.
«Бір кесел пәле тауып қашып жүрмін,

Қол үзіп кеткенім жоқ ада-күде».
Мұңайды қарияның басы изеліп,
Қорқушы еді төлеңгіттен жұрт күйзеліп.
Абыржып іштей ойлап Бұлан жүрді,

Тапқандай бұл пәлені өзі ізденіп.
Басында Көкіліктің жазық қоныс,
Төреге дайындаған би мен болыс.
Сәнді көш тізбектеліп бөлек жүріп,

Айдаушы ед малды кейін көштен алыс.
Жиылды келесі күн малдың арты,
Ұқсамайды басқаларға мұның салты.
Ауылға шаң мен тозаң жуытпайтын,

Орнатқан қара қатын үлкен шарты.

тарихи  жырлар
Төренің төлеңгіті қырық екен,
Бәрі де сыртқа шықса ұлық екен.
Асынып қанды қанжар белдеріне,

Жүрісі елден бөлек суық екен.
Бәрі де бұйрық алып күнделікті,
Атарман-шабарман боп күн көріпті.
Бір бөтен хабар әкеп соның бірі,

Ойпырым-ай, төре қатты күйзеліпті.

—Сұр бедеу бүгін түнде жоғалыпты,

Салыпты жалғыз жаяу бұғалықты.
Ұрлаған сырттан біреу бейнесі бар,
Сабақтап жылқышы ізін шығарыпты.
Бейсауыт жалғыз қалмақ сиыр мінген,

Жүргенін кеше кеште бәрі көрген.
Дәл осы қауіпті адам секілденед,
Ешкім жоқ бұл адамның сырын білген.

—Қап!—деді төре сонда санын салып,

Басын шайқап өкінді қапы қалып.
Доржы деген қалмақтың ұрысы еді,
Дәндеген залым еді талайды алып.
Сиырдың қара тілі еді астындағы,

Доржының осы емес пе асқынғаны.
Аты қалсын атақты жылпос ұры,
Тең келмес бұл залымға қасқыр дағы.
Деді де шыр айналып жарлық шашты,

Секілді қу барақтай даусы да ашты.
Бұланға қос қылышты екеу кетті,
Іс болса олай-бұлай шабад басты.
Ілікті сорлы жігіт тағы да ауға,

Шақырды салмақ болып қарсы жауға.

—Доржыға абайсызда кегім кетті,

Ақжалын әкел,—деді,—етіп сауға.

ер  бұлан
Жаз өтіп тағы келді қыраулы қыс,
Кез болды шіркін ерге осындай іс.
Шүйлігіп жас қырандай жортып жүрді,

Болса да қарлы бұрқақ, тұманды кеш.
Қоналқа Бұлан келді бүркеу талға,
Жылқышы отардағы қалың малға.
Болған соң қасқыр қатты, шығын ауыр,

Жылқыны күзетеді ұзақ таңға.
Жиылып жылқышылар күзетеді ,
Барлығы бір қасқырды сөз етеді.
Аттан түспей тұрады сартылдасып,

Жантайсаң жамбасыңнан сыз өтеді.

—Тұрады күзетшілер дабыл қағып,

Қояды айналаға от та жағып.
Бір көкжал ағып келіп әкетеді,
Иыққа бір жылқыны сала салып.
Қуғыншы жетіп барса тастай салад,

Ақырып қуғыншыға қайта шабад.
Бұл сұмды ешкім батып ұра алмады,
Тек қана қала беред айтып нала.
Мұны естіп Бұлан іштей жымыңдады,

Басқалар бұл қалай деп сыбырлады.
Еткенше аяң-пұяң іңір түсіп,
Тағы да әкетті деп шуылдады.
Ішінде қуғыншының Бұлан кетті,

Атақты сол көкжалға бұрын жетті.
Көтеріп бір биені қашқан екен,
Сілейте дәл тұмсыққа қағып өтті.
Әзіл-қалжың боп қалды айғай тынып,

Түңілген талай мықты әр күн қуып.
Келгенде көкжал бөрі қанжығада,
Есекең алғыс айтты алдан шығып.

тарихи  жырлар

—Уа, балам, ер екенсің елден шыққан,

Жауыңды ерегессең жерге тыққан.
Бөрінің сырттаны еді осы көкжал,
Ер едің ежелден-ақ сен бір сырттан.
Бұл сөзім кейінгіге болсын аңыз,

Бір сырттан қолыңдағы қамшың нағыз.
Жылқының сырттаны еді Құлагерің,
Кез болды үш сырттанға бөрі жалғыз.
Таниды көрмесе де атыңды ел,

Қарағым, мұршаң болса кейін бір кел.
Есентай елді жиып таныстырды,
«Ұлыңды ер Бұландай көзіңмен көр».
Деп кәрі баулығандай жас қыранды,

Әлпештеп еркелетті ер Бұланды.
Алынып жыртқыш жауыз, көкжал бөрі,
Тыныш жатып күзетшілер, жұрт қуанды.
Кеткелі Бұлан жалғыз айдан асты,

Ойлады кейінгі жұрт шіркін жасты.
Ауылын Доржы төре сырттай бағып,
Паналап отыр Бұлан жапсар тасты.
Доржының Ақжал айғыр сетері еді,

Моңғұлдар бір сетерсіз бекер еді.
Байланған сенбі сайын жасыл қадақ,
Дегендей, «жалы қайтіп көтереді».
Тартқанда сыбызғыны Доржы үйінен,

Үйірді Ақжал сетер шырқ үйірген.
Тартса егер «Жорға аюдың қайтқан күйін»,
Бөлініп шыға шабад қайта үйірден.
Қаңтарда қарлы бұрқақ, түнде суық,

Ақжалдың қысырағын шықты қуып.
Айдатпай Ақжал айғыр бүлік салды,
Көрмеген мұндай жылқы өзі туып.

ер  бұлан
Жылқыға жуытпады шыр айналып,
Ер Бұлан атты құрық оңтайланып.
Ақырып арыстандай шапса дағы,

Ерттелді Ақжал айғыр шыр айналып.
Сұр бедеу салаңдайды бір бүйірде,
Қосылған жазда келіп осы үйірге.
Ала аяқ сұр қасқа боп өзгеріпті,

Жануар жүргені жоқ сол күйінде.
Соғып тұр қарлы бұрқақ әлі тынбай,
Шырқалды сыбызғы үні ауыл тұрмай.
Зым-зия көк сетердің дыбысы жоқ,

Тұра ма, Жоржы енді елін жимай?!
Кеп қалды ә дегенше ел жиылып,
Аттанды Көк Тәңірге бек сиынып.
Үйірге бөтен адам жолатпаушы ед,

Кетті ме көк сетері шын қуылып.
Ойлашы, оған Доржы қайдан сенер?
Мейлі, ол ұрланғанмен қайтып келер.
Ол сірә, тірі адамға ұстатпайды,

Дәл оны дәу болса да қалай мінер?
Деді де атқа қонды өзі жалғыз
Ілесе шапты бір топ андыз-андыз.
Өткен соң шегарадан қуған жылқы,

Із қапты шегарада айғыз-айғыз.
Көрген соң жайбырлаған айқын ізді,
Қарасын Доржы батыр көптен үзді.
Сол кезде қуғыншының кеп қалғанын,

Ер Бұлан дөп еткеннен байқап сезді.
Басына бір төбенің шығып алып,
Доржы төре тымағын қолына алып.
Шақырды сыбызғымен көк сетерді,

Құбылтып неше бунақ күйге салып.

тарихи  жырлар
Ұмтылды тәуекел деп Бұлан сонда,
Дауылдан тайсалмады оң мен солға.
Ақжалдың жалы бірақ жауып алып,

Бұланның басты ғажап ісі де оңға.
Көк сетер қайтты деді мені көріп,
Жиылды соңғылар да түгел келіп.
«Осылай болса керек, ха-ха-ха»,—деп,

Қуанып Доржы төре кетті күліп.
Ақжалдың жалы ғажап ұзын еді,
Басылып аяғына үзіледі.
Желгенде желге қарсы ақ желектей,

Көрікті сондай әсем қызық еді.
Көк тұйғын тигендей-ақ жас шөжеге,
Ер Бұлан келтіріпті дәл межеге.
Жабысып жал астымен сырқыратып,

Барады қағып өтіп дәл тізеге.
Он адам қуғыншының бәрі батыр,
Әр жерде аттан ауып құлап жатыр.
Он атты қысыраққа қосып алып,

Ер Бұлан ең соңында кетіпті ақыр.
Жылқыны қораға әкеп жаба салып,
Ер Бұлан түсті сонау қосқа барып.

—Қарағым, келдің бе аман, денің сау ма?—

Деп жатыр бір ақсақал құшаққа алып.
Баяндап қарияға көргендерін,
Ер Бұлан айтты барлық жүрген жерін.
Шал дағы сағынғандай сырлас досын,

Ақтарды бүкпесі жоқ ішкі шерін.
Төренің малайы еді Қабай атты,
Дәулеті жоқ болса да инабатты.
Қаумалап Қабекеңді халық отыр,

Қадірлі адам еді жұрағатты.

ер  бұлан
Бұланға қамқоршы еді баяғыдан,
«Қорқып ем осы жолы қарағымнан.
Жүргенде елдің шеті жау бетінде,

Ит пен құс алды ма деп балағыңнан».
Сартылдап түсті кәрі мол кеңеске,
Боз тарлан шыққандай боп бір белеске.
Түйіліп қос қабағы тоқтай қалды,

Дап-дайын тұрғандай боп зор күреске.
Қайқайды қара төске төре көшіп,
Жәдігөй тағы бір сөз отыр естіп.
Шығыпты арғы беттен бір керемет,

Шаң жұқпас Алқарар жүйрік десіп.
Осыған тамсанады саңы ауып,
Елеңдейд әлденеден етіп қауіп.
Көлгірси Ер Бұланға жарлық етті:

—Ер болсаң, әкелші,—деп,—соны тауып!

Бұл сөзді Қабекеңе баяндады,
Көруші ед атасындай бұл қормалды.

—Түбіңе осы мыртық жетеді-ау,—деп,

Қария Бұлан жайлы көп ойланды.
Амал не, бұйырғанын атқарады,
Қорлыққа салды осындай жас баланы.
Жол жөнін Қабекеңнен біліп алып,

Тағы да бөтен елге аттанады.
Болса да қараңғы түн—тас қараңғы,
Серіннің ауылын кеп баспалады.
Келгенде жылқы өрістеп дәл қасына,

Кеш болып шапақ сөніп қас қарайды.
Қырғидай Қарагерді кетті қағып,
Қаптады қуғыншылар аттан салып.
Құлагер бір жымиып атылғанда,

Лезде-ақ болып кетті көзден ғайып.

тарихи  жырлар
Бек болған Серін атты арғы бетте,
Әйгілі адам екен ертеректе.
Көруші ед Қарагерін жаннан артық,

Ұрланып кетті бүгін қиыр шетке.
Ер салды Қарагерге таңға таяу,
Соғып тұр салқын, тәтті жел де баяу.
Қарагер сағымдай боп зытып келед,

Жануар бабында екен—еті жарау.
Ер еді ол өзіне-өзі алған сеніп,
Құлагер құстай ұшад соңынан еріп.
Жеткенде Аққабаның аяғына,

Сескенді бір сұмдық іс Бұлан көріп.
Шығарып бейіттен бір әруақты,
Сары аю айбар шегіп бажылдапты.
Сүйеніп қабырғада әруақ тұр,

Жыртылып кебіндері жалбырлапты.
Бұланның ашуы кеп қалшылдады,
Жыртқыштан қорқып Бұлан тартынбады.
Тұрғанда әккі жыртқыш айбар шегіп,

Ер Бұлан еппен барып жақындады.
Жеткенде иек артып кілтең жерге,
Ер Бұлан қамшы басты құлагерге.
Аюды қас қағымда қағып өтті,

Тірелді тұмсығы оның қара жерге.
Түсірді бір салғанда сары аюды,
Тұр екен тәлкек етіп бір аруды.
Жыртқыштан айырып ап әруақты,

Жерлейтін таба алмады ол қаруды.
Ашумен аю жаққа басты қадам,
Сұм итке қарамапты бағанадан.
Сүйретіп былай таман шыққан кезде,

Сау етіп шыға келді бір топ адам.

ер  бұлан
Қой айдап, қымыз артқан умақ-шумақ,
Келеді жылап-сықтап улап-шулап.
Қайғылы жан азалы жырын айтқан,

Ер Бұлан тұра қалды оны тыңдап.
Уа, сұмдық, бұлар тіпті кетті жылап,
Жығылды кейбіреуі аттан құлап.
Ішінде бір сұңғыла кәрия адам

Мән-жайды ер Бұланнан жатыр сұрап.
Оларға істің жайын баяндады,
Ел үшін бұдан әсте аянбады.
Талай жыл көр қопарған осы сұмды,

Еш адам жөнін тауып ала алмады.
Қадірмен бір кәрінің келіні еді,
Қайтыс боп кеше ғана қойып еді.
Осы бір жыртқыш аңнан қауіп қылып,

Қоюға қорған салып келіп еді.
Ел-жұрты алғыс айтып Бұланына,
Қуанып осындай ер туғанына.
Ер Бұлан аңыз болып ел аузында,

Таралған ерлігі оның бар ауылға.
Кермеге Қарагер ат тұр байланып,
Түлкінің күшігіндей шыр айналып.
Ағаштың саясында мыртық отыр,

Жәдігөй отыр екен нені ойланып?
Шаңқылдап қара қатын ордасында,
Сумаңдап бір төлеңгіт жүр қасында.
Сумақай Кәріш деген жалақшы еді,

Бір өсек айтып келген сол қатынға.
Кермеге Қарагер ат байланғалы,
Кәріштің қастық еді ойлағаны.
«Жанынан Сәнияштың нақ көрдім» деп,

Бұланға нақақ пәле байланғаны.

тарихи  жырлар
«Орданы басынды деп мына кедей,
Болмай ма төрге өрлеген жаман керей.
Кес басын, жоғалт көзін бұл жетімнің,

Төремен бола ала ма қара бірдей?!»
Жиылды төлеңгіт те, бәрі тегіс,
Басталды Бұлан жайлы айтыс-керіс.
Бақ күндес ала аяқтар шеттерінен,

Бұланның ісін етті бәрін теріс.
«Ойлап ем жоғалтуды баяғыдан.
Қаңғырып жүрген қуды аяғынан,»–
Деп мыртық бір кекетіп сөз бастады,

Алғандай арамдығы тамағынан.
«Ояуда, сірә, бұған күш жетпейді,
Болсаң да бірер дүзді беттетпейді.
Далада жатқан кезде шырт ұйқыда,

Шандырмай Құлагерге кім ептейді?»
Дегенде Кәріш ұшып түрегелді,
Бас иіп тақсыр мен деп төреге енді.
Жанына қу жылпостан үшін қосып,

Төртеу қып қарақшыны қоя берді.
Сұмырай өстіп қастық дайындады,
Қан құйлы әдетімен арындады.
Шандырма тірі жанға деді бірақ,

Кәріш те бұл сұмдықтан тайынбады.
Бөріге құрбандық қып байласа да,
Келмеске талай рет айдаса да.
От шашып жанарынан тұрушы еді,

Батырдың семсеріндей әрқашанда.
Тағы да Бұлан сонау қосқа түскен,
Дүние-ай, ұмытыла ма Бұлан естен?!
Ежелгі дағдысынша дөнен қойдың

Етін жеп, сорпа суын жалғыз ішкен.

ер  бұлан
Өзіне тартқан Бұлан бозбаланы,
Жабықтан сығалатып қыз баланы.
Көргенде қалың жастың қошеметін,

Кәріштер іштен қатты қызғанады.
Шырқаушы ед сыбызғыны Бұлан сонда,
Сілтеуші ед домбыраны оң мен солға.
Осы бір жалғыз жанға іші күйіп,

Қызғанып тұрушы еді қарап орда.
Сәнияш келуші еді қыздарға еріп,
Жүруші ед жастарменен ойнап-күліп.
Қараға төре қызы құмартты деп,

Сөз етті төлеңгіттер сырттай сөгіп.
Арасы қыз-жігіттің ол бір тілсім,
Жастардың ішкі сырын кімдер білсін.
Көруге Ер Бұланды қызы құмар,

Бұл іске мейлі жансын, мейлі күйсін!
Ай жүрсе аттың белін суытпайтын,
Бойына дәу болса да тоғытпайтын.
Басына бір дараның шығып алып,

Ер Бұлан апта жатып ұйықтайтын.
Кең сайдың басы дара тұйықтаған,
Ер Бұлан соған барып ұйықтаған.
Баспалап Кәріш келіп екі-үш рет,

Осқырып Құлагері жуытпаған.
Одан соң қысырақты келіпті айдап,
Жіберді бір асауға арқан байлап.
Үстіне Құлагердің жабу салып,

Сұм жауыз Құлагерді кетіпті алдап.
Құлагер жалын төгіп кісінеді,
Жер тарпып қара жерді көшіреді.
Шу асау қас-қағымда алып кетті,

Ұйқыда жатқанында есіл ерді.

тарихи  жырлар
Аза етіп қаралы сай күркіреді,
Қайғыдан жараланғандай көкірегі.
Айырылып қапияда қаһарманнан,

Бейкүнә қанды қалай кешіреді?
Шың басы иіліпті жерге тиіп,
Қарағай қамығыпты қара киіп.
Қабекең айырылдым деп асылымнан,

Қоныстап құлпытасын қойды жиып.
Ел естіп Ер Бұланын еңіреді,
Зарланып ақ шашты ана егіледі.
Қаскүнем, қараниет сол төреден,

Жыландай жиіркеніп түңіледі.
Малайын қара қатын «нөкер» дейтін,
Дәретке барғанда да «көтер» дейтін.
Күс аяқ, қара табан сол байқұстар,

Бұланды қадір тұтып еркелейтін.
Сан малай көшке ілеспей қалды жұртта,
Талайлар жаяу-жалпы кетті сыртқа.
Қабекең қам көңілмен былай деді:

«Кедейге бақыт-сәуле бар ма, жоқ па?»
Тұғырдан түскендей боп кәрі тарлан,
Ішінде жатыр ердің үлкен арман.
Кеңкілдеп Ер Бұланды ойлап жылай берді:

Ер тумас дәл өзіңдей, айхай, жалған!

Қағазға бисмилла деп жазамын хат,
Айыпқа ала көрме, көп жамағат.
Жігіттер, тіршілікте азық сайла,
Дүние өте шығар жалғыз сағат.

Көрсеңдер қайғы-қасірет сабыр сақта,
Не естіп, не көрмейді тірі адамзат.
Берейін балаларға өлең жазып,
Көргенім жақсы-жаман көңілге нақ.

Жазатын өлең тауып шежіре емес,
Заманның тарлығына айтамын дат.
Қоймасын қойған жерден кім алмайды,
Мысалы, қойып кеткен біз азамат.

Өмірді еппен жүріп өткізбесек,
Заманың тарайып тұр бек қабағат.
Бүгін көрген таң да жоқ болып кетті,
Секілді қатындаймыз екіқабат.

Берейін көргенімді хатқа салып,
Ағалар, айыптамай, берсең рұқсат.
Тараған төмен жақтан керей елі,
Гүң, төре, тәйжі, үкірдай—сары белі.

Таралып төмен жақтан өрлей көшіп,
Тоқталған Шиңжиаң еді мекен-жері.
Бұл жерге тағы тұрмай қашып-пысып,
Гансуге барып қазақ мекендеді.

«Сұрап тұрған мұсылман патшасы» деп,
Қалған ел соған таман жетем деді.
Бұл жерде тұрғанменен дубан алар,
Не болса да дүңгенге кетем деді.

Уаң бала

тарихи  жырлар
Ол күнде ұшып жүрген құспенен тең,
Шиңжиаңды мекен қылып не етем деді.
Сонымен өрлей көшіп Гансу келген,

Бытырап шығып жатыр әрбір жерден.
Қашанда қазақ байқұс тиыш жүре ме,
Ұрлығын қыла бастап келген жерден.
Осындай аз мұсылман ел келдік деп,

Жушиға басшы адамдар хабар берген.
Мұсылман қарындасым келіпті деп,
Өзінше мабуфаң да қабыл көрген.
Азып-тозып келдіңдер, жан сақта деп,

Қазаққа азын-аулақ шиалың берген.
Біз тұрайық бірігіп деп айтса да,
Жасырын көз қарауы қырын келген.
Сонымен бірнеше жыл сонда тұрдық,

Жушидың әміріне мойын бұрдық.
Мұсылман деп ауып барған аз қазаққа,
Жушидан келіп жатты қатаң бұйрық.
Әділ билік болмаған соң ел тұра ма,

Қазақтар кетіп жатты істеп ұрлық.
Деп едік тоямыз біз есті жиып,
Сондықтан мекен жерді кеттік қиып.
Бөрі аузынан тап болдық жолбарысқа,

Жан сақтар енді бұл ел қайда сиып?
Бұрынғыдай байимыз деген едік,
Төрт түлік тұқымынан бәрін жиып.
Биліктен не яки қазақтан ба,

Өзіне жаулық қылды қайта тиіп.
Сонымен бұл өңірден қайта көшті,
Қазақтың қаулап тұрған бағы да өшті.
Дүңген боп бұл арада тұрғаннан да,

Былайғы Үндістанға барсақ депті.
Бар еді біраз ауыл Қобы жақта,
Қазақтар қашып жатыр әр тарапқа.

уаң  бала
Қырылып, қашып-пысып тозып кетті,
Құдайым кез қылған соң мұндай баққа.
Басшымыз қарап тұрған кәрі уаң-ды.

Көреді тірі пенде әр алуанды.
Мұсылман деп келгенде мұндай болды,
Қай жақтан ел көреді атқан таңды.
Қай жерде қазақ қалмай кетіп жатыр,

Қуған шерік артынан жетіп жатыр.
Біткен ауыл быт-шыт боп тозып кетті,
Біздің ел Баянғолида әлі жатыр.
Жиылып басшы адамдар ақылдасты,

Сөздерін бір-бірінің мақұлдасты.
Қосылмай жүрген біраз ел бар дейді,
Бәрі де кәрі уаңға жақындасты.
«Отырсақ та, көшсек те, бердік сізге»,

Не болса да Айекең білсін депті.
Біз келдік мұсылман деп осы жерге,
Айтайын жауабымды мен сіздерге.
Кеткен ел бара берсін жер-су тауып,

Жылжымай жатсақ керек осы жерде.
Сөйтсе де, көп жамағат, өздерің біл,
Қашқанмен қарсы болар ислам дінге.
Бар ақылды басында бергеннен соң,

Басқа жұрт болмай қалды пәлен дерге.
Сарұяң жіберіпті бес кісі елші,
Шақырушы кәрі уаңға сонда келді.
Жамағат, Сарұяңға біз барайық,

Жауабын Сарұяңның аңғарайық.
Жауабы Сарұяңның жақсы болса,
Тәуекел, жатып Хаққа жалбарайық!
Жөнелді Сарұяңға мұны айтып,

Жолғасты көңілдегі мұңын айтып.
Қасында Сарұяңның өзі қалып,

тарихи  жырлар
Жолдасын жөнелткізді елге қайтып.
Доланға не болса да барайық деп,
Жіберген Жұмақаннан сәлем айтып.

Жатыр ек күзеулік жұрт Байынғолида,
Ат, түйе, мылтық, сайман дайын қолда.
Қай жаққа кетем десе еркі өзінде,
Түспей ме құс жаңылып жайған торға.

Доланға өз еркімен бармайтын жер,
Жамағат, қараңыздар қалың сорға.
Тіріні дәм, өліні топырақ айдап,
Өзіміз барып түстік қазған орға.

Бір үй қалмай тез келсін дегеннен соң,
Барлық үй көшпек болды әрең зорға.
Келместен өзі сонда жатып алған,
Артта қалған ел-жұртты тартып алған.

Не болса да уаң тілін алайық деп,
Үйді жығып, түйеге жүк артып алған.
Жолменен өрлей көшіп сауылдаған,
Бөктерін Байынғолидың бауырлаған.

Түйені тіркеп алып түсті жолға,
Жүк бар ма көтере алмай ауырлаған.
Сонымен ара қонып шықтық белге,
Доланға ара қонып жетер жерге.

Барған елдің жиды деп ат-түйесін,
Бұл хабар жетіп барды кейінгі елге.
Сонда жұрт ақылдасты кетіп қалсақ,
Қолда көлік тұрғанда жетіп алсақ.

Барған соң ат-түйені алар жинап,
Құр бекер қор болармыз жаяу қалсақ.
Жиналып сонда билер қосты ақыл,
Бір уаңнан басқасы дейді мақұл.

Тәуекел жөнелейік осы жерден,
Осыдан былай бассақ болар ғапыл.

уаң  бала
Айекең сонда деді: «Ей, жарандар,
Сөзіме құлақ салып бері қараңдар.
Егерде тұра қашып көшер болсаң,

Құтылып кетесіңдер ірі-қараң бар.
Артыңда кедей-кепшік түгел қалад,
Қалған соң қуған шерік соларды алад.
Көрген соң бұл қазақты жау аяй ма,

Обалы сорлылардың бізде қалад.
Көз жасы мүсәпірдің тиіп кетсе,
Сенің де құтылатын не шараң бар?
Байлар, сендер кедейге қарассаңдар,

Түйені бөліп артып санассаңдар.
Кедейге ат пен азық бөліп беріп,
Аллаға тәуекел қып бір қашсаңдар.
Тағы бер бір жүз кісі маған жинап,

Алайын тілдеріңді мен де сыйлап.
Елуін алдыға, елуін артқа салып,
Сонан соң жөнелейік «я, құдайлап».
Осыны қылсаң, жұртым, тез кетейік,

Алайық Сарұяңды әзір байлап».
Бірі айтпады бұл ақылды қыламын деп,
Қорғаушы боп алды-артта тұрамын деп.
Кедейге ат пен азық бөліп беріп,

Мойнымды жоқ-жітікке бұрамын деп.
Жұрт айтты: «Бұл ақылды ала алмаймыз,
Ат-түйе қолдан бөліп бере алмаймыз.
Не болса да көрерміз жұртпен бірдей,

Мал бөл деген ақылға ере алмаймыз».
Құптамады бұл ақылды ешбіреуі,
Уаңның ойлағаны жұрт тілеуі.
Тамсанып бұл ақылға біреуі ермей,

Таңертең Доланшанға ел шуады.

тарихи  жырлар
Сонымен Доланшанға бардық жетіп,
Апарды патша Құдай тентіретіп.
Мойынға салған мырыш, астыда ат,

Өркешін атандардың дірілдетіп.
Доланның келіп қондық жағасына,
Біз қалдық дұспандардың табасына.
Келдік деп біраз ауыл осы жерге,

Доланның барып кірдік қаласына.
Бірін қоймай ат-түйені алды жиып,
Тастады баршамызды жұртқа үйіп.
Қолдан орай кеткен соң амал бар ма,

Өкініп ел шулады қатты күйіп.
Түйе алғанда жылаған байлар болды,
Тығылған топ-топ түйе сайлар толды.
Түйені тығып қойған бірін қоймай,

Доланға бәрін жинап айдар болды.
Көзінен қатындардың аққан жасы,
Тау бастау лайланбас қайнар болды.
Әуелі ат, онан соң түйені алды,

Үй басы жалғыз-жарым бие қалды.
Дүңген іштен болғанда, таңғыт сырттан,
Қазақты құртуына ыңғайланды.
Баласын тағы да алды елді жинап,

Келген соң күтіп жатыр қатты «сыйлап».
Құландай орғып жүрген қайран қазақ,
Жалғыз күн сазға түсіп қалды құйлап.
Қылығы мұнан басқа толып жатыр,

Қағазға мүмкін емес бәрін сызбақ.
Қазақтан жұма сайын бір мін тауып,
Алады әр күн жиып кілем, сырмақ.
Арызды қанша айтқанмен бірі алмайды,

Сөзіңді майдаласаң қанша сырлап.
Дүңгенге қол бергеннен таусылмады,
Тауысты сырттан келіп таңғыт ұрлап.

уаң  бала
Күміс ер мен қойда жоқ алған есеп,
Не десе мойнымызды тұрдық төсеп.

—Анада ат, мынада мырыш бар,—деп,

Қаптады арамызға қалың өсек.
Мұсылман қып жаратқан, неміз асар,
Байлаулы бұзаудаймыз біз бір нашар.
Өз қылғанын келтіріп өз алдына,

Құдай-ау, күнің бар ма ашу басар?
Айекең соныменен тұрды сұрап,
Тасындық екі-бірден сиыр құрап.
Әлгі қалған бір-жарым тай-тулақты,

Бітірді сырттан келіп таңғыт ұрлап.
Мылтық тағы жиылды аздан кейін,
Не десе де алуға тұрды бейім,
Бермейтін бір лақты сараң байлар,

Ұйқалаумен қандырды әбден иін.
Сонан бері қанша алса таусылмаған,
Не деген қалың дәулет, мал мен бұйым.
Солайша бір-екі жыл қылдық мекен,

Тірі адам әр түрлі істі көреді екен.
Пендені рыздықсыз жаратқан жоқ,
Құдайым өзі кәсіп береді екен.
Үшінші жыл кәрі уаң болды науқас,

Ажалға тура келген дауа болмас.
Өмірден татар дәмің таусылса егер,
Деміңді бір аларға шама болмас.
Науқасы кәрі уаңның қатаңданды,

Жұртына арыз-арман айта алмады.
Құдайға жанын қи деп тілегенмен,
Бұйрықтан тура келген аса алмады.
Ішінде оразаның дүние салды,

Ел-жұрты артындағы иен қалды.

тарихи  жырлар
Айрылып жалғыз шырақ—ұлығынан,
Қалған жұрт ақыл таппай көп сандалды.
Бидахмет Чиңхайда оқуда еді,

Оны сұрап қазақтан арыз барды.
Жушидан барып сұрап алайық деп,
Ақсақал екі-үш кісі ертіп алды.
Сонымен ол адамдар Чиңхай барған,

Ақсақал жеткізіпті арыз-арман.
Қазақтың уаңы өліп осы күнде,
Артында бұқарасы иен қалған.
Орнына әкесінің қоямыз деп,

Баланы Бидахмет сұрап алған.
Баланы барғандары келді алып,
Алдына бұл баланы қойды халық.
Отырды әкесінің сырмағына,

Ұлыққа қарсы сөйлер қайраттанып.
«Аса қайрат басқа еңбек» деген рас,
Ақырда арманда өтті дүние салып.
Қандай қиын іс болса жұрт қысылған,

Шіркін-ай, беруші еді ақыл тауып.
Ұлықпен сөз сөйлесер бір мүдірмей,
Қиынға қарсы тұрған гүл-гүл жанып.
Көрер көзге жап-жас бір бала болған,

Ілініп ел аузына дана болған.
Елінен жақсылығын аямайтын,
Жетімге ас, жесірге пана болған.
Оқу, қайрат, ақыл, сабыр—бәрі де бар,

Доландағы жігіттерге аға болған.
Доланның неше түрлі адамы бар,
Ішінде жүйрігі де, шабан да бар.
Жақсыны аздан шыққан көре алмайтын,

Қазақтың бір осындай жаманы бар.

уаң  бала
Баланы бір жүз үйге қып қойды бас,
Қалды ғой, қанша айтқанмен, атадан жас.
Әулие қандай асқан болғанымен,

Соңынан жұрт түскен соң ісі оңалмас.
Шықты деп жетім бала ел алдына,
Күндеді жақын-алыс сайланып қас.
Бұл бала артық болып шықты жастан,

От шығады нақ текті асыл тастан.
Жасынан жолды танып, тілді біліп,
Дүңгеннің ұлығымен қарсыласқан.
Таршылық, жаяушылық бәрін көрдік,

Әр нәрсе өтеді екен ғаріп бастан.
«Өлетін бала пысық болар» деген,
Жүр екен өмірі өтіп тоқтамастан.
Қояндай ел қашса да үйін тастап,

Сонда да тұрып алды қозғалмастан.
Сырттан ұры келсе де болар тарлық,
Күн сайын шықты ұлықтан ауыр жарлық.
Бір мал сырттан қосылмас, ала берер,

Көбейді күннен-күнге аш пен арық.
Қағазға бәрін жазбақ мүмкін емес,
Өтті ғой басымыздан талай зарлық!
Ат мініп, мылтық асып жұртпен бірдей,

Құдай-ау, шығар ма екен біздің қарық?
Әйтеуір сайлап алған бұл уаң бала,
Ақылға жас та болса еді-ау дана.
Ағайын, алыс-жақын аңдыған соң,

Көңілі бұл баланың болды ала.
Жүрекке биылғы жыл қайғы түсті,
Ісіне Құдіреттің бар ма шара.
Бір айдай Шианжаң сулап қойып еді,

Көңіліне түсіп кетті ауыр сәна.
Баланың жүрегіне түсті түйін,
Жасынан дүңген жаншып берген сыйын.
Дұспаннан көңіліне қауіп кірсе,

тарихи  жырлар
Бәрінен сары уайым осы қиын.
Таяғы бұл залымның еске түссе,
Керегі жоқ деуші еді мал мен бұйым.

Тарлығы бұл заманның ойға келсе,
Айналады деуші еді баста миым.
Дұспан боп алыс-жақын аңдыған соң,
Бір күні сөйтіп жүріп шығар шиім.

Ойына солар түсіп, кетпек болды,
Мал-мүлкін, түгел тастап тіккен үйін.
Қуаныш, Нұрахмет ақылдасты,
Сөздерін бір-бірінің мақұлдасты.

Тәуекел, не болса да кетейік деп,
Көшіп кеп бір-біріне жақындасты.
Қуаныш:—Сөз айтайын, Нұрахмет,
Ойлай жүр іш пен тыста бірге қасты.

Басымда күнәм жоқ деп бейғам жүріп,
Жалғыз күн қор қылмасын ғазиз басты.
Сонымен кетпек болды оншақты үй,

—Отырмай, Сәдібақас, оқ-дәрі жи.

Естісе, дүңген залым мені ұстайды,
Ешкіммен ақылдаспай аузыңды тый.
Ішінде бірінші айдың жүрмек болды,
Аңдыған жаулар естіп, дүрмек болды.

Өсек пенен күмәні тым көбейіп,
Аз тұрса қараңғы үйге кірмек болды.
Жайылды мына өсек, жөнелейік,
Несіне бұл араға бөгелейік.

Салады аз кідірсек қараңғы үйге,
Тәуекел, не болса да қырда өлейік.
Қуаныш, Нұрахмет еді мықты,
Көрмеген Бидахмет жаушылықты.

Тағдырға сабыр болмас деген Алла,
Жазуын ақырында солай қыпты.

уаң  бала
Ел-жұртын кетпек болды түгел тастап,
Жиыпты қару-жарақ, оқ-дәрі, аспап.
Үлкендер ақыл айтса бірін алмай,

Ажалға жүрген екен Тәңір бастап.
Сонымен бейсенбі күн жолға түсті,
Көреді тірі пенде әрбір істі.
Пәрмені бір Алланың болғаннан соң,

Ағайын, ел-жұртынан айрылысты.
«Бейкүнәмін, Алла!» деп жүріп кетті,
Алыс емес, арада бір күн өтті.
Шұбырып өңкей жаяу келе жатса,

Аң қараған екі дүңген, Шай кезікті.
Шыққан соң елден бөлек жолдас керек.
Тас байлап дүңгенменен алып кетті,
Бір түн, түс жарым бұлар жүріп.

Сарлықтың кезеңіне барып жетті.
Ел-жұрттан айырылғанын сонда біліп,
Басына заман ақыр түсіп кетті.
Қайран ел, аға-бауыр қалды-ау кейін,

Деп есіл жас мұң шегіп еңірепті.
Ол жерден қарауылда дүрбі салған,
Қуғыншы бола ма деп ізді шалған.
Ол күні қуған адам көрінбепті,

Құдай-ау, құтқар деді қайғы-зардан.
Елді тастап, жалғыз өзі шыққанында,
Жас бала қатты жылап, қылады арман.
Бидахмет келіп Сарлық кезеңіне,

Сағыныштың оты кетіп өзегіне.
Артына қарап былай зар қылады,
Қоштасып туып-өскен өз еліне:
Я, Құдай, рақым қыл,

Айырылдым елімнен.

тарихи  жырлар
Ел-жұртыма еркелеп,
Ойнақтап өскен жерімнен.
Бұзылып кетті көңілім,

Көз салсам Сарлық белінен.
Сәлем айтсам жетер ме,
Доланның соққан желінен.
Жалғыз қаштым айрылып,

Құрбы-құрдас бәрінен.
Тоқтай алмай қорықтым,
Дұспандардың зәрінен.
Еш нәрсесін алғам жоқ,

Сақтай көр, патша кәрінен.
Өлсем, Алла, иман бер,
Сайтанның сақтап кәрінен.
Бұрын да қайғы көп көрдім,

Чиңхай атты шәріден.
Өтірік, өсек қосылып,
Сол қинады бәрінен.
Салдым дүрбі Сарлықтан,

Айрылдым ел-жұрт, халықтан.
Кейінгі жаққа қарайлап,
Екі көзім талыққан.
Құтқар, Алла, пана боп,

Қайғы-қасірет зарлықтан.
Әруағың, әкем, қолдай көр,
Шыдамай қаштым тарлықтан.
Шошып қаштым жан үшін,

Ұстайды деген жарлықтан.
Елімді тастап мен кеттім,
Қол үзіп байлық-барлықтан.
Соның бәрін ойласам,

Жылаумен көзім қарлыққан.
Жаман қатын, жас бала,
Құтқар, Құдай, пана боп,
Аш-жалаңаш, арықтан.

Қызыр, Ілияс, қолдай көр,
Мен бір ғаріп тарыққан.

уаң  бала
Алланың досы Мұхаммед,
Сиынсын деген зарыққан.
Ер жігітке жәрдемші,

Медет бер күллі халықтан.
Әкемнің қолда әруағы,
Аллаға жаның қатысқан.
Жалғанда арман қылмаймын,

Ажалым жетсе атыстан.
Әуреге салдым басымды-ай,
Қабылда көз жасымды-ай.
Қайран әкем бар болса,

Қаңғырар ма едім осындай?
Осылай деп жылапты,
Көзінің жасын бұлапты.
Елге қайтып барсам деп,

Анасынан сұрапты.
«Өз алдыңа шуай бер,
Берсін Алла қуатты,
Жылама,—деп,—қарағым»,

Анасы келіп уатты.
Қайтып елге барайын,
Құрбыны жиып алайын.
Құрбы-достар көп болса,

Көтерілер талайым.
Хабар алып елімнен,
Көрмейін Долан маңайын.
Зар жылатты анасын,

Өзінің біліп шамасын.
Ойнақтаған құлыным,
Жалғыз қайтіп барасың.
Көрмеп пе едің, қарағым,

Ағайынның аласын?
Осылай деп зар жылап,
Жібермепті баласын.

тарихи  жырлар
Сонда уаң баланың шешесі Биғайша былай жырлаған екен:
Жолға бастым мынадай,
Ел-жұртым, бол қош-аман!

Артымда қалып барасың,
Құдай қосқан қосағым.
Қорғалайтын паналап,
Болмады бізде дос адам.

Жаяу-жалпы келеміз,
Аяқсыз жылан құсаған.
Жетімдерді сақтай көр,
Қайғы-қасірет, құсадан.

Жеткізбесең пана боп,
Жылқыдаймыз тұсаған.
Әруағыңды пана қып,
Алып қашты жетімің.

Қиын боп тұр бәрінен,
Қалаған жерге жетуім.
Мінейін десем көлік жоқ,
Кетіп тұр жаман кетеуім.

Басына іс түскен соң,
Алып қаштым төртеуін.
Алдыда талай тосақ бар,
Қалай болар өтерім.

Алдыңғы қазақ—айшылық,
Екіталай жетерім.
Алып қаштым төрт бала,
Жабысқан өсек, көп жала.

Доланнан іздеп таппадым
Қорғалайтын бір пана.
Нұрахмет, Қуаныш
Бізге ерді бейшара.

Қашады деген өсектен,
Олар да емес тап-таза.
Қашпайын десем Доланнан,
Кетірді дүңген бек маза.

уаң  бала
Бермесең, Алла, қуатты,
Құтылар бізде жоқ шара.
Әруағың бізге пана бол,

Басып келдім құла бел.
Басқа түсіп қиындық,
Парықсыз қаштым оң мен сол.
Сапар жүрдім алысқа,

Аллаға етіп тәуекел.
Осыдан соң «Я, Алла!» деп кетті жүріп,
Ойында ешнәрсе жоқ, ойнап-күліп.
Кешке дейін ешнәрсе көрмеген соң,

Болар деп ойламапты ешбір бүлік.
Сонымен ары жүріп кезең асқан,
Болған соң ойламапты басы жастан.
Солайда да тауменен жүрейік деп,

Қасындағы жолдасымен ақылдасқан.
Нұрахмет, Қуаныш қумас дейді,
Сиырлар тасырқайды қара тастан.
Жолдастары бірлікке мұны айтқан соң,

Жас бала шыға алмады ақылдастан.
Сонымен «Я, Алла!» деп тура салды,
Дүние өтейін деп ғаріп бастан.
Жан-жағы бәрі де тау, арасы жол,

Болмаса бір жағына қайрылмастан.
Сол жерде бір бесеуі бөлініпті,
Болмаса жүре бермей айырылмастан.
Бар еді аң қараған үш-төрт адам,

Соларды тапсақ депті бәрін тамам.
Болар деп ойламапты арты мұндай,
Құтылып кеткендей-ақ жаудан аман.
Төртеуін тауып алып келеміз деп,

Бесеуі жөнеліпті соған таман.
Бұлар сонда жазықпен жүрген саулап,
Екпіні амандықта оттай қаулап.

тарихи  жырлар
Жас бала Бидахмет жол көрмеген,
Қуаныш, Нұрахмет жүрген баулып.
Ешнәрсе алғамыз жоқ, жолымыз ақ,

Дүңгендер не қылады бізді жаулап.
Сәдібақас тауменен жүрсек депті,
Болмапты Нұрахмет омыраулап.
Тіпті де біз білмейік, сіз бір сарбас,

Далаға түсіп кеттік адам бармас.
Қуғыншы артымыздан келер болса,
Адамға паналайтын жер табылмас.
Сіздерге еріп шықтық «Я, Құдай!» деп,

Айтпайық тіпті саған жол былай деп.
Болсаң да қанша мықты теріс жүрдің,
Жүрмесін қатын-бала соры қайнап.
Бұл жолды не болса да сізге бердік,

Біз ергенді білейік «я, құдайлап».
Мұны айтып Сәдібақас жүріп кетті,
Таудан түсіп жазыққа барып жетті.
Құтылып жаудан ұзап кеткендей боп,

Бұларды патша Құдай тентіретті.
Жазықпен қатын-бала түсті жолға,
Түспей ме құс жаңылып жайған торға.
Жолдастары тауменен жүрмеген соң,

Бидахмет, Биғайша ерді зорға.
Қан түртіп, ажал айдап барған жері,
Күңіреніп кейін қалды тіккен орда.
Естіп шән қуғызады әскер жинап,

Алып кел қайда барса жанын қинап.
Артынан әскер қуып жетті дейді,
«Сақта» деп жұрт шулады «я, құдайлап».
Жөнелді әскер сонда ізін шалып,

Қуады бір топ ізді тауып алып.
Онысы тұз қазған қытай екен,

уаң  бала
Сөйлесті оларменен жақын барып.
Егер де тұра қуса ізіменен,
Аман боп қалар ма еді бала ғаріп?!

Ізімен қуғыншылар тез жөнелді,
Төтелеп нақтылы ізін тауып алды.
Ізімен бұлар саулап қуып жетті,
Алыс емес екі күн, үш түн өтті.

Баранын жақын келіп көргеннен соң,
Талайы көтеріліп шу-шу етті.
Қараса, жау таянып қапты басып,
Көрген соң өңшең жаяу қалды сасып.

Қашқанмен құтылармыз біз өзіміз,
Қалады қатын-бала зар жыласып.
Одан да атысайық, тәуекел деп,
Аямай қан шыққанша қамшыласып.

Айтайын жауабымды, ей, ағайлар,
Жоқ екен титтей де жер біз паналар.
Өзімізді қорғап біз қашып кетсек,
Қатын-бала обалы бізге қалар.

Семианы бермейік сірә өлмей,
Бір жанды аямалық қолдан бермей.
Арманда болдым шіркін қапияда,
Атысатын жерімнің оңы келмей.

Қалыпты тым таянып жауың жақын,
Ойламас мына кәпір Тәңір хақын.
Қатын менен баланы берсек керек,
Әуелі Хақтың беріп аманатын.

Құдайым кетсек өліп, иман берсін,
Қайтеміз бұл өмірдің салтанатын.
Бар екен жалғыз төбе бет панасын,
Жау қоршап алып алған айналасын.

Шөліндей Кербаланың жаққа түсіп,
Ісіне Құдіреттің таң қаласың.

тарихи  жырлар
Қатын-бала деп зарлап дүние салды,
Көрсетпес қашып кетсе маң-қарасын.
Жүгіріп бір төбеге бұлар шыққан,

Қор болды қайран ерлер жаяулықтан.
Қарсыласып өлемін осы жерде,
Тілеуім—шейіт болу жалғыз Хақтан.
Жасқап ат, ей, ағайлар, адам атпай,

Мылтықтан ары қашар, бері батпай.
Өзінен бұрын атып кісі өлтірсек,
Күнәлі біз боламыз қияметте-ай.
Үшеуі бір төбеде қылды атыс,

Жоқ екен панасын жер титтей батыс.
Әскерді атуға да қимай жатыр,
Адамы Доланшаның бәрі таныс.
Көп адам қоршап келіп алды араға,

Қалыпты қатын-бала бір далада.
Әуелі оларды әтей жасқап атқан,
Әйтеуір қаша ма деп Норқараға.
Оқтарын атып жатыр өлшеп, санап,

Жақындап келіп қалды жау да таяп.
Болмады жасқағанға мына кәпір,
Атыңдар енді дәлдеп анық қадап.
Алдымен Қи Губужаң жақындаған,

Әскерлер барған сайын тақымдаған.
Атпаңдар тірі ұстап алайық деп,
Әскерге Қи Губужаң айқайлаған.
Қалыпты Қи Губужаң жақындасып,

Келеді тоқтамастан қаны тасып.
Жақындап қалғаннан соң Нұрахмет,
Мылтықпен дәлдеп тұрып қалды басып.

уаң  бала
Атайын Қи Гу залым бастығыңды,
Көрмедім неше жылда-ай достығыңды.
Әйтеуір құтылмастай болды заман,

Жатайын мен де алып жастығымды.
Мұны айтып ол Бужаңды атты бастан,
Оқ қайтпас тура келсе қара тастан.
Алдындағы жауларды атып жатыр,

Артынан шыққан жауға қарамастан.
Бір кәпір арт жағынан қалды басып,
Жалғыз ғой деп аяй ма жаны ашып.
Оқ тиіп Нұрахмет дүние салды,

Құдайым қылды сонда ажал нәсіп.
Өлген соң бастықтары қатуланды,
Мылтықтың жауған қардай астына алды.
Қашқанын олай-бұлай бірін қоймай,

Қатын-бала—бәрін де қырып салды.
Өзгесін түгел қырып болғаннан соң,
Бидахмет, Қуанышты араға алды.
Атысты көп әскермен бұл екеуі,

Оқ тиіп Қуаныш та жараланды.
Қасындағы екеуі бірдей өліп,
Жас бала бір төбеде жалғыз қалды.
Атысты зыр жүгіріп жалғыз өзі,

Алаңдап жалғыздықтан екі көзі.
Жүгіріп кешке дейін атыс қылып,
Төбені шаңдақ қылды басқан ізі.
Жан-жағын жалғыз ердің алған қоршап,

Атысып көп әскермен болды шаршап.
Қызыққаның мен болсам бердім басты,
Аллаға қанымыз ақ—қайда барсақ!
Бұйрықтан Алла жазған аса ма адам?

Қатын менен бала деп қаша алмаған.

тарихи  жырлар
Жан-жағын қоршап келіп ұстап алды,
Есіл ер көпке топырақ шаша алмаған.
Қуаныш, Бидахмет түсті қолға,

Ұстады көптігімен әрең зорға.
Бір басы жүз кісілік қайран ерлер,
Түспей ме құс жаңылып ақыр торға.
Ұстап ап қояндай қып бауыздапты,

Шаһид қып, ақырын, Алла, өзің оңда!
Екеуін көптігімен алған ұстап,
Басқасын онан бұрын қойған тыштап.
Қуаныш бейшараны көп азаптап,

Пышақпен бауыздады қатты қыстап.
Хақ Тағала махфузда жазған солай,
Ей, Алла, иман бер, деп жайған құшақ.
Бір өзі жүз кісілік қайран арыс,

Ажалға себеп болды кездік пышақ.
Қырылған қырық шілтен кер далада,
Жандары жәннат болсын солар құсап.
Айдады сонда уаңның қолын байлап,

Қаптатты жан-жағынан найза сайлап.
Келіп тұрған өлімнен қорықпады,
Айтысып залымдармен тұрды сайрап.
Өсектен басқа ешбір күнәміз жоқ,

Бұларды алып шыққан ажал айдап.
Өлтірер деп жаулардан тайсанбайды,
Басына Тәңірім берген сондай қайрат.
Өліктің басын түзеп, топырақ салды,

Шіркін-ай, неткен бекзат, бәрін жайғап.
Байлаумен шешесіне топырақ салды,
Тұрса да атамын деп мылтық сайлап.
Атар деп мынау мені қорықпайды,

Тілейді иман бер, деп, я, Құдайлап.
Өлімнен қалған қатын-балаларды,
Әскерлер бәрін жиып келді айдап.
Қасына бауырларын шақырып ап,

Ақылмен жылама деп берді қайрат.

уаң  бала
Қалған ел мен қасында балаларға,
Бәріне арыз айтты оттай жайнап.
Дүңгеннің еш нәрсесін алғаным жоқ,

Мендей етіп бұларды бір күн зарлат!
Сұрапты сонда сұрақ неге қаштың?
Доланды көрмеймін деп қадам бастың.
Күнәсі көп адамдай тұра қашып,

Ақырында мұнда кеп қаның шаштың.

—Мен қаштым Доланшаннан жанымды алып,

Арызым жетпеген соң Чиңхай барып.
Тәуекел, кетейін деп қашып едім,
Өтірік пен өсекке қапаланып.
Кісі өлтіріп, малыңды алғаным жоқ,

Аллаға өлсем дағы ісім жарық.
Алғам жоқ мен сендерден жалғыз тиын,
Күнінде таңда махшар болар жиын.
Амал не қайырымға келмей кеттім,

Жауыздыққа нажағайдай берсем сыйын.
Әйтеуір, дүниеде бір өлім бар,
Бәрінен жетімдерге болды қиын.
Залымдар, әкеңді мен өлтіргем жоқ,

Келгенің мені іздеп дүние-боқ.
Қасында мыналардың атып таста,
Ісім—ақ, ол дүниеде көңілім тоқ.
Зарлайды кейінгі елге сәлем айтып,

Не шара, қорыққанмен басын тартып.
Қиямет күндерінде жолығайық,
Депті ол сүйікті еліне сәлем айтып.

—Естірсің, ел-жұртым, менің түрім,

Көрмеген жаушылықты мұнан бұрын.
Ел-жұртым, аға-ініге көп-көп сәлем,
Салыңдар жетімдерге көзің қырың.

тарихи  жырлар
Далада ит пен құсқа жем болды деп,
Бәрінен кетпес таңба осы қиын.
Қош болыңдар кейінгі қалған халқым,

Әкеммен дәмдес болған алыс-жақын.
Болды деп арты мұндай Әйембеттің,
Дұспанның табасына қалды-ау артым!
Баласына қош айтуы:

Айналайын, қарағым,
Бәрің келші алдыма.
Жаратқан Жаппар Құдайым,
Мұндай күйге салдың ба?!

Обалдарың, жетімдер,
Қыл мойнымда қалды ма?
Айырылып шеше, ағадан,
Жылаумен көзің талды ма?

Бір Алладан рақым—
Кейінгі қалған зарлыма.
Кәпір залым қазаққа,
Қылмаған ісің қалды ма?!

Айналайын, бауырым,
Артымда қалып барасың.
Аман сақта, Жасаған,
Екі көзім қарасын.

Тірі болсаң, қарағым,
Ел-жұртқа қайтып барасың.
Дұғай сәлем бәріне,
Қалғандарға қарасын.

Жетімдерге пана қып,
Қоймады-ау, шіркін, анасын!
Шақыртып Шанжаң алғанда,
Жамбылға алып барғанда,

Шошыды қатты сұм жүрек,
Қараңғы үйге салғанда.
«Неден болса қауібің,

уаң  бала
Қатерің содан» деген сөз
Рас екен жалғанда.
Тең атысып қырылмай,

Кеттім-ау, шіркін, арманда!
Басында өлім ойда жоқ,
Көзінің жасын тыя алмай.
Бауырларға жаны ашып,

Жетімдерді қия алмай.
Бетінен сүйіп бәрінің,
Тапсырдым, деді, бір Алла-ай.
Жаудыраған бауырды,

Тұрды көзі қия алмай.
Тірілерін көргенде,
Жылаудан есін жия алмай.
Қарай берді жапақтап,

Жауға шара қыла алмай.
Бауыры сонда зарлайды,
Аяғын басып тұра алмай.
Қой, шырағым, сабыр қыл,

Болмас іске зарланбай.
Екі көзің жаудырап,
Жауда қалдың, қарғам-ай.
Жақсы-жаман деместен,

Қырды дүңген талғамай.
Жетім қып елді тулатқан,
Баяны жоқ жалған-ай.
Әуел солай жазылған,

Бір Алланың пәрмені-ай!
Бауыры қоса жылады,
Көзінің жасын бұлады.
Ағасы зарлап тұрғанда,

Ол қайтіп сабыр қылады?!
Бірге туған аға едің,
Жас та болса дана едің.
Қайратың асып жаныңнан,

Жанған оттай шала едің.

тарихи  жырлар
Бағаласам бір басың,
Жүз кісіге пар едің.
Арманда болып кеттің-ау,

Қарадан шыққан хан едің.
Шыққаныңнан, ағажан,
Шаһиттілікке зар едің.
Көп айтқанмен шара жоқ,

Күтейік Алла парманын.
Жаяушылық қор қылып,
Тістеулі кетті-ау бармағың.
Болмаса тәнің көмілмей,

Түсіп тұр бізге салмағың.
Әмірі болып ажалдың,
Мен де бірге бармадым.
Құр зар болып жүргенше,

Қасыңда неге қалмадым.
Келтіріп ісін алдына,
Таусылар ма екен арманым?!
Бұйрық болды осылай,

Шаһиттілерге қосыл-ай.
Бізді бүйтіп зарлатқан,
Залыңдар, бір күн тосыл-ай!
Бәрін қайтіп қырды екен,

Обалынан шошымай?!
Рақым етіп, қалғанның
Көрсін Алла жасын-ай.
Тілегенін қабыл қып,

Берсін бақыт басына-ай.
Шаһиттерді мұндағы,
Қосайын, алсын қасына-ай.
Оларда енді арман жоқ,

Өлмей—тірі қалған жоқ.
Осынша қырып нақақтан,
Ешнәрсесін алған жоқ.
Тәңірім алдында мәлім ғой,

Тез-ақ өтер жалған—боқ!

уаң  бала
Айналайын, ағажан,
Басыңнан дәурен өтті ме?
Жауға тастап біздерді,

Шын дүниеге кеттің бе?
Махфузда жазып Жасаған,
Жылаумен күнім өтті ме?
Жан сақтайтын пана жоқ,

Көз сатып жауға кеттім бе?!
Қан төккен залым дұшпандар,
Ісіміз—ақ, жалған жоқ.
Бұрынғы өткен талайлар,

Опа тауып қалған жоқ.
Орны болсын ұжымақтан,
Басқа айтар арман жоқ!
Қоштасып бауырлармен болды тамам,

Қалмады арыз-арман айтылмаған.
Атамын деп мылтықпен кезегенде,
Басына сонда түсті ақырзаман.
Иманын бала ғаріп айтты зарлап,

Жаныма ілінді деп темір қармақ.
Өлтірген Құсайынды қанды қолдар,
Құдайым бұл залымды қойған арнап.
Залымдар асылзатты атты бастан,

Қанына мұсылманның қарамастан.
Бір атқаннан жөнелді иман айтып,
Кетіпті көп қиналмай тіл тартпастан.
Өлтірді сондайларды қайтіп қиып,

Болса да көңілдері қара тастан.
Елін шауып кеткендей қырып жатыр,
Жылаған көз жасына қарамастан.
Нақақтан жанын алып қашып еді,

Ел-жері, мал-мүлкіне қарамастан.
Осылай көп адамдар дүние салды,
Далада көмілместен тәні қалды.
Бастығын алғаннан соң тоқтасашы,

тарихи  жырлар
Қыратын қатын-бала несін алды?!
Бұл дүние ондайларға қандай қызық,
Бида уаңның мал-мүлкін талап алды.

Қалған қатын-баланы олжаға алып,
Барлық басты кесіп ап қайта салды.
Құдайым осылайша берген қаза,
Қор қылып бұл залымдар алған маза.

Бір Алла рахматыңмен өзің оңда,
Қылғаннан зорлық-зомбылық өзі таза.
Сонымен уаң бала кетті өтіп,
Қи Гу де бірге өлді қаза жетіп.

Жемтігін Қи Гудің өңгеріп ап,
Доланның қаласына келді жетіп.
Бір патшаны әскермен жойғандай боп,
Қоқаңдап келді олар екпіндетіп.

Дәм тартып кез келтірді Долан Шианға,
Қара жүрек көңілі, қатты жанға.
Қылығының барлығын жазғаным жоқ,
Әр жерден жаза салдым анда-санда.

Сақтаған бұл қиссаны Нәби—атым,
Болады теріс таңба—ата затым.
Оқыған, естігендер, сөге көрме,
Болса да жақсы-жаман жазған хатым.

Бейуаздар осылайша қор қылған соң,
Шығарып жалынымды айтқан датым.
Ықылас ұнатқандар бара берсін,
Тыңдаушы бұл қиссаны, жамағатым.

Он сегіз
Айдыным, өскен өлкем, алтын айым,
Алшы бір құшағыңа тартылайын.
Жазылып жазығыңдай жайып құлаш,

Ашылып аспаныңдай жарқырайын.
Қияңда қырандайын қалқып ұшып,
Төсіңде бұлағыңдай сарқырайын.
Тұлпарын өлең сөздің өрге салып,

Жүлдегер жүйрігіңдей алқынбайын.
Талпынып, талаптымен бірге кетпей,
Қалайша артқа қарап тартынайын.
Өзің үшін барымды қотарайын,

Ақтарылып ақыры сарқылайын.
Жаратып жаңа дастан бұрынғыңнан,
Болуға жыршы құсың талпынайын.
Мөлшері екі ғасыр бұрынғы өткен,

Бір істі дастан етіп қалдырайын.
Аптыққан қайраттының сол заманда,
Болыпты шабуылға шарты дайын.
Әр істі асқындырған біледі жұрт,

Озбырдың мал шабатын салты-жайын.
Қазақтың төрт түлік мал болған жаны,
Сондықтан ойлайтыны малдың жайы.
Көре алмай сол мал үшін бірін-бірі,

Әр елдің болды күндес би мен ханы.
Мал қуып, ел шабысып күндес билер,
Кететін соныменен елдің сәні.
Таласбай ажы гүңнің заманында ,

тарихи  жырлар
Қожырда бір төгілген адам қаны.
Сол себеп болғаны шын қан төгістің,
Сабақтап қуып келсек түпкі мәні.

Билердің кикілжіңін асқындырып,
Боқының болды себеп асқынғаны.
Кез емес жоқты жазып ерігетін,
Кез емес шындықты айтпай зерігетін.

Тау еді соны жатқан сонан бері,
Жыр болып келді кезі терілетін.
Аз кезі жаудан-жұттан қалып аман,
Елі де сүйінетін жеріне тым.

Есімін еске алғанда қариялар,
«Уа, шіркін, Қожыр-Сауыр!» делінетін.
Аңыздың жүлгесінен адаспайын,
Алдымен жер сипаты берілетін.

Дуылдап жиын-тойдай бүкіл аймақ,
Әр сайда желі тартып, бие байлап.
Құлпырып жазды күні көк кілемдей,
Көзіңнің жауын алар гүл-гүл жайнап.

Көсілген кең алқапқа көз тұнады,
Жылқышы қиқу салып жылқыны айдап.
Қожыр мен Қотанашы—жер төресі.
Қойнында неше түрлі құстар сайрап.

Қос өткел Асанбектің кезеңі мен
Жазығы Таласбайдың малға қайнап.
Жайлауы Теке Сұлтан дейді бәрін,
Аз ғана ел жүретұғын жазда жайлап.

Ел жайлап талай жылдар келіп еді,
Тартуын табиғаттың көріп еді.
Мөлдіреп моншақтайын қарақаты,
Тау толы таңқурай мен өрік болды.

Сар бұйрат сала-сала сайлары да,
Жосылған арқар менен елік еді.
Ит тұмсығы өтпейтін қалың ағаш,
Қамалдай алынбайтын берік еді.

он  сегіз
Сақтатып күні бұрын жаудан аман,
Әрдайым сөз болатын жақсы-жаман.
Бір жағын ну орманның қоныс қылып,

Сондықтан отыратын шатқа таман.
Жандыға жол бермейтін қалың бадам,
Ол жаққа баса алмайсың жалғыз қадам.
Қайың-тал атты әскердей иін тіреп,

Жол тауып шыға алмаған ешбір адам.
Бозбала топ құрасып, қару сайлап,
Жататын жарау атты талға байлап.
Жасанып келген жау да тең түсе алмай,

Қалатын ойран болып өзі жайрап.
Қонысы бұл ауылдың малға берік,
Сұғынып суға таман алған еніп.
Бөлініп үш текшеге отыратын,

Бір жағын жыныс орман талға беріп.
Алаңсыз кәрі мен жас, үлкен-кіші,
Мал бағып жатыр бейғам елдің іші.
«Қожырға шапқыншылық жасаймын» деп,

Жасанған Боқы батыр қысы-жазы.
Алтайдан Арқалық пен Боқы бастап,
Жау болып аттаныпты бес жүз кісі.
Осы жолы ойран қылып қайтамыз деп,

Шығыпты Ажы гүңнің жойқын күші.
Бұл жолға Ажы төре жар салыпты.
Жарлығын бай мен манап қарсы алыпты.
Еліңнің намысы үшін бірге бол деп,

Қалдырмай қосып берген Арқалықты.
Көп көрген егде батыр осындайды,
Айтуға өз пікірін тосылмайды.
Жазықсыз ел шабуға болмайды деп,

Ол бұған түбірінен қосылмайды.

тарихи  жырлар
Арқалық: «Ұқ сөзімді, Боқы,—дейді,
Ерліктен менен сабақ оқы,— дейді.
Қабанбай, Жәнібектің жосыны бар,

Соны сен көңіліңе тоқы»,— дейді.
Қаншама айтса дағы мұны батыр,
Сөзіне Боқы көнбей келе жатыр.
Шығам деп Ажы гүңнің үдесінен

Адамды жиып алып іске татыр.
Боқының соңына ерген ілбұйдалап,
Бәрі де бай баласы ылғи манап.
Жау малын аядың деп Арқалықпен,

Осылар келе жатыр қырғи қабақ.
Боқы да көнбейтін жан ол ешкімге,
Келеді дау созылып он үш күнге.
Батырлар қол бастаған екі ұдай боп,

Келеді келісе алмай жол үстінде.
Қожырды тынбаймын деп қырып келмей,
Келеді Боқы батыр ырық бермей.
Амалсыз Арқалық та келеді бір,

Шарасыз ендігі істі жүріп көрмей.
Келеді түнделетіп жолды басып,
Қалың қол жер қайысты Сауырды асып
Жеткенде Қожырға, Көкмойнаққа,

Қуанып шат болысты судай тасып.
Аз ғана Боқы сөйлеп арсаңдады,

—Шабамын осы беті барсам дағы.

Тынықсын ат пен адам бүгін жатып,
Құтылмас таңда шауып алсам дағы.
Алыңдар бәрің дағы аттың ерін,
Осы ара тынығатын сәтті жерің.

Көксеген Көкмойнаққа келдің, міне,
Саяда кептіріңдер аттың терін.

он  сегіз
Қарауыл қолдарына қару сайлап,
Отырсын таса жерге атты байлап.
Қалың ел хабарланса біреу көріп,

Құралып күш қылады ауыл-аймақ.
Бұл маңнан тірі пенде жүрер болса,
Алдыма әкеліңдер тірі байлап.
Қаңсытып қарауылын әр төбеге,

Құрттай боп құжынаған жатты қайнап.
Жұртына беріп әмір батыр ерің,
Өзі де тынығуға шешті белін.
Отырып оннан-бестен бозбалалар,

Соқтырды әңгіменің қара желін.
Шалқыған шалсүрейлер мұнан да көп,
Алам деп шабындыда жақсы келін.
Боқтанып Боқы жатыр төбедей боп,

Таң атса қыламын деп телім-телім.
Алтайдан даңқын естіп қатын болмай,
Көрейін Ажы шыққан Қожыр елін.
Алған соң биік-биік тұрғы жалды,

Қарауыл айналаға көзін салды.
Өтетін ортасынан ұзын жолмен,
Соқтыртып бір салт атты келіп қалды.
Аты мен адамынан жылт көрінбей,

Жау жатыр жамылып ап бөрік талды.
Салт атты ортасына келген кезде,
Қамалап тұс-тұсынан ұстап алды.
Жау алып жан-жағынан шығар жолды,

Амалсыз жалғыз адам тұтқын болды.
Қуысқа Боқы жатқан алып келді,
Самсыған көрді бұдан қалың қолды.
Кісідей жан көрмеген жабырласып,

Аясы бір алқаптың лықа толды.
Бірі атып, бірі қағып қалың есер,
Айтады шаншу сөздер оңды-солды.

тарихи  жырлар
Келеді Боқысы да, өзгесі де,
Шіркіннің қарашы деп кезбесіне.
Жүгіртіп тоғыз саққа қылды мазақ,

Қапыда кез болғандай жездесіне.
Тұтқын да салып істі зердесіне,
Бекіді жауға намыс бермесіне.
Қай елсің, қайдан жүрсің дегендерге,

Айтуға мына жауап келді есіне.

— Мен батыр, қол бастаған ірі емеспін,

Әруақты батырлардың бірі емеспін.
Шығып ем құс қуалап ауылымнан,
Мал іздеп, ел торыған ұры емеспін.
Мекенді осы Қожыр жерлеріміз,

Қарашы, төмен отыр елдеріміз.
Жол болсын ел екенсің бір аумақты,
Қай жерден келесіздер өздеріңіз?
Ойлады сонда Боқы бір амалды,

Пішінмен момынсынған сына қалды.
Айтылған әжуа сөз бағанадан,
Боқының шектеуімен тына қалды.
Ол дереу кілт өзгеріп көлкектеді,

—Жігітім, аз сырласып көрсек,—деді.

Білгізіп ой-мақсатын Сартқараға ,
Осыған жігітшілік көрсет,—деді.
Біз келдік бүгін түсте жеріңізге,
Мынандай бір тілек бар еріңізде.

Алтайдан шығып едім бес жүз қолмен,
Таң ата тимекшіміз еліңізге.
Осыны оңатына келтір дейміз,
Сен бізге көмек қылсаң өлтірмейміз.

Алатын түнде тиіп жолын көрсет,
Кетейік жылқыны айдап ел тұрмай біз.

он  сегіз
Көнбесең жетер тағы билігіміз,
Жөн біліп өздігіңнен илігіңіз.
Алтайға ала кетем тұра алмасаң,

Айырым олжа-тарту сыйлығыңыз,—
Деп Боқы Сартқараға бір қарады,
Орнынан жауап күтіп ырғалады.
Тұтқынға қолға түскен күш көрсетіп,

Көнбеске көндірем деп шырғалады.
Ол емес намыссыз ер жаны қорқақ,
Кісі емес кідіретін сөзге шорқақ.
Күрмелмей, күмілжімей айтты кескін,

Ер еді ел ісіне туған ортақ.

—Мен ондай жауыма бас ие алмаймын,

Мал-басын туған елдің қия алмаймын.
Шауып ал күшің жетсе өзің барып,
Алтайдың намысына күйе алмаймын.
Сатылып дұшпаныма жаннан қорқып,

Жау болып өз еліме тие алмаймын.
Алтайға көшке ілескен иттей болып,
Олжа деп өз мүлкімді жия алмаймын.
Сартқара осыны айтып тұрды жарқын,

Айырды туған ел мен жаудың парқын.
Боқыдан жалақтаған селт етпеді,
Есіл ер туадан-ақ сүйген халқын.
Ер еді саспайтұғын жаны салқын,

Өзінің өзгертпейді тұрған қалпын.
«Шауып ал шамаң жетсе» деген сөзі,
Боқыға шаншу болып тиді, бәлкім.
Боқы да ісіп-кеуіп кетті қайнап,

Булығып сөйлей алмай тілін шайнап.

—Қарашы, қанды қолдың тұқымының,

Өлімге тұрғанын,—деп,—басты байлап!

тарихи  жырлар

—Құтылып қандай адам бізден қашпақ?

Сендейді найзаға іліп, қанын шашпақ.
Тапталар табанымда сенің елің,
Алтайдың алып келдім қолын бастап.
Танып ал менің атым—Боқы батыр,

Кетемін таба қылып жерге жастап.
Ел үшін туған неме сен бе едің,—деп,
Найзамен Сартқараны қалды жасқап.
«Бейбастақ қаңғылестеп кезуін» деп,

Боқтанып ақырады Боқы саспақ.
Сартқара мөлимеді басын иіп,
Айтарын ол да аузына тұрған жиып.
Боқының боқтығынан екі есе ғып,

Жіберді шиқанына тиіп-тиіп.

—Не керек маған сенің «боқылығың?»,

Кеудеңді ұрып тұрған соқыр ұғым.
Найзаға бас иетін құлдық ұрып,
Менің жоқ дұшпаныма сопылығым.
Тілімін, туған елдің ақылымын,

Қорғауға ел намысын қақылымын.
Елімнің теңгермеймін итіне де,
Алтайдың сен секілді мақұлығын.
Қамадың адамыңның көптігімен,

Ұсталдым адамымның жоқтығымен.
Бейбастақ жүресің деп тергейтұғын,
Қай жерде намысыңа соқтығып ем.
Еліме еркек болсаң, аттап басшы,

Боқының бітсе бәрі боқтығымен.
Аузыңа бас теріңді қаптар едім,
Талайлар тау соғады шоқтығымен.
Амал не, тұтқын болдым жалғыз өзім,

Жалғыздың жалған деме айтқан сөзін.
Найзаңды қоқаңдатып мақтанасың,

он  сегіз
Көтеріп Боқымын деп өзіңді-өзің.
Ел үшін өліп кетсем арманым жоқ,
Жауыма бас имейтін осы кезім!

Сартқара осыны айтып тұрды қатты,
Боқыға айтқан сөзі жаман батты.
Сөзіне Сартқараның шыдай алмай,
Булығып сонда Боқы жалаң қақты.

Алдымен саған найза қадаймын деп,
Жүректен аямай-ақ найза сапты.
Иместен жауға басын батыр жігіт,
Сол жерде жау қолынан қаза тапты.

Ал, міне, мейлі кетіс, мейлі келіс
Өлтіріп бір бейуазды болды керіс.
Арқау ғып Арқалықты біраз адам,
Боқының қан төгуін қылды теріс.

Арқалық тағы да айтты ақыл сала:

—Сөзіме түсін менің, Боқы бала.

Тал түсте кірем дейсің айқай салып,
Жер емес кіре беріс жазық дала.
Тілді алсаң тиіселік таңға жақын.
Іңірде жер шалайық алдын ала,

Бұл жердің жері қиын болса керек,
Қайтайық қан төгіспей түзу ғана.
Арқалық айтып отыр бәрін теріп,
Жиылған дүйім жұртқа ақыл беріп.

—Жүргенім бір бұл емес жортуылда,

Осы жұрт алдырмайды жері берік.
Қамалап қалың ауыл арасында,
Жүрмесін қатын-бала итше кезіп.
Жер шалып түніменен көрем дейді,

Екі адам аты мықты болсын серік.
Көп адам оның сөзін жөн деседі,
Кім оған тосу болып шендеседі.
Саркідір, Сымдыла, Қарғұлақтар,

тарихи  жырлар
Сөзіне Арқалықтың көн деседі.
Бір жағын Боқы бастап, бозбалалар
Бейғам ел— күші бізден кем деседі.

Қалуы қан жамылып айдан-ашық,
Боқының қайратына сен, деседі.
Таң ата жүре-жүре елге жетті,
Ақыры екі жағы бірлік етті.

Қасына екі мықты жолдас ертіп,
Арқалық ақшам бата жүріп кетті.
Іңірде елдің ішін неше айналып,
Қолайсыз боларына көзі жетті.

Ауылдың айбынынан ішін тартып,
Болғанда түн ортасы қайтып кетті.
Туралап келген ізбен қосын тапты,
Ат қойып, көз ілдіріп, жатып қапты.

Селт етіп ұйқысынан түрегелді,
Мінекей таң да сызып атып қапты.
Басталды Арқалықтан тағы ақыл,
Келтіріп нелер теңеу, жақсы нақыл.

—Ояндым бір түс көріп қатты шошып,

Болады бұл жорықтың түбі ғапыл.
Түсімде қырғын болды жаман қатты,
Қызыл қан жер жүзінде сел боп ақты.
Айырылып ат-тонынан біздің адам,

Малшынып белшесінен қанға батты.
Шошимын, жігіттерім, осы түстен,
Бұл жолы осы ауылдың мерейі үстем.
Жаудырап жау қолында жатпаңыздар,

Айналып балапандай итке түскен.
Ауылын алты айналып көрдім жерін
Біз, сірә, ала алмаймыз мұның елін.
Жатқандай «келсең, кел» деп сақадай сай,

Ел екен бас-аяғы жиын-терін.

он  сегіз
Өте сақ сұңғыла екен ескілері,
Арқанда, белдеуде тұр бестілері.
Қызының қой күзеткен дауысы да,

Құлаққа төбет иттей естіледі.
Ұйқы жоқ қой күзеткен баласында,
Шатқалдың жатыр жылқы саласында.
Жер екен өте қиын ұңғыл-шұңғыл,

Ұйлығып қамаласың барасың да,
Жеріне жылқы салған бара алмайсың,
Барсаң да жалғыз тайын ала алмайсың.
Жылқының алар жолы ауыл үсті,

Басқа жол шығатұғын таба алмайсың.
Жол біреу басқа қайда бұрыласың,
Еріксіз сол ауылға ұрынасың.
Ауылда ойран-асыр болса соғыс,

Мал түгіл жол таба алмай қырыласың.
Жылқының жері берік салатұғын,
Жер емес түнде тиіп алатұғын.
Жазыққа таң атқан соң айдап шығып,

Ел екен қой секілді бағатұғын
Ішінде қалың талдың болса майдан,
Жаяуға атпен қайтіп килігесің.
Арқалық айтты бұл жол ұзақ кеңес,

Жігіттер, ойланыңдар ойын емес.
Осыған сонша құмар болатұғын,
Қан жұтқан арамызда жоқ қой егес.
Мен өзім тура қайтам кескін,— деді,

Бұл елді ала алмайды ешкім,— деді.
Келуің екіталай кесіп айтсам,
Барғаның дүниеден көштің,— деді.
Болады бұл сайыстың арты жаман,

Көресің өлмегенің кейін таман.

тарихи  жырлар
Өлсең де, обалың жоқ енді менде,
Шыққалы аз айтпадым, Боқы, саған.
Мал емес жаннан үміт қылатының,

Шығыңдар қобалжымай енді маған.
Ілесіп Арқалыққа екі жүзі,
Бұл жерден қайтпақ болды есен-аман.
Жартысы болды қайтпақ үміт үзіп,

Жартысы Боқы бастап алды қызып.
«Өлсең де обалың жоқ» деген сөзге,
Шамданды Боқы батыр өңін бұзып.

—Мен емес орта жолдан қайтатын ер,

Кешсем де белуардан қанды жүзіп.
Түссе де әуе айналып, аспан құлап,
Кеселін осы жолдың көрдім төзіп.
Ер дейміз сені жауды мықтайтұғын,

Сөз айттың тозғын-тонау ұқпайтұғын.
Қайта бер қайтатының абыржымай,
Арыстың намысына шықпайтұғын.
Көріңдер шаба алмасам ит болайын,

Боқының жауы болмас жықпайтұғын.
Самсыған сары қолмен не тұр екен,
Аз елдің басын қанға тықпайтұғын.
Айтыңдар көріп жүрсің ерлігімді,

Мен емес алған беттен ықтайтұғын.
«Дау жоқ» деп үш жүз кісі үн қосады,
Боқының мияты аз ба құптайтұғын.
Аттыға жасайды деп жаяу қысым,

Жұртым-ау, өзі бүгін ояумысың?
Шыңғыртып шұбар атпен ілгенімде,
Найзамның ұшынан тап аяулысын.
Қорқақ ел талға кіріп, сай бекінген,

Жан күйттеп мал семіртіп, май кекірген.
Жас берен Боқы деген атым барда,
Олжасыз елді көрем қай бетімнен?!

он  сегіз
Бар болса намыстарың ілес маған,
Көрсетіп көздеріңе шаңын қағам.
Бата алмай қайтып келді дегізгенше,

Осыған дегенімді істеп бағам.
Жылқысын қорасынан шықсын қуып,
Бөлініп үш текшеге үш жүз адам.
Қырайын сол тоғайға өзін қамап,

Артымнан аттамастай жалғыз қадам.
Істеймін дегенімді, сірә, бұған,
Шөктіріп ауылына қара тұман.
Моладай аңыратып ақ ордасын,

Қызын қатын, қатынын отын қылам.

Ауылын жүйрік атпен жүнше сабап,
Жылқысын айдап шықсам бар ма кінәм?!
Тал түсте тап осының тарпын құртып,
Жетіп алып сөзіме бірақ тынам.

Тоқтатып осы арадан мажыраны,
Бөлініп екі батыр ажырады.
Адамның көбі қалып Боқы жақта,
Бір кетті Арқалықпен азырағы.

Көк шалғын самал шығып тербетіле,
Өрісті келтіріп тұр келбетіне.
Бүгін де тамылжыған таң сызылып,
Келеді күн шашырап жер бетіне.

Жылқышы жылдам атпен сырқыратып
Жылқысын күндегідей кең өріске,
Бүгін де айдап барды шұрқыратып.
Ер салды жылқышылар жетегіне,

Күреңнің күнде құмар секегіне.
Екеуі жылқы алдына озып барып,
Төскейдің түсе қалды етегіне.
Алған ба жау дыбысын сезіндіріп,

Бір іске тұратындай тез үлгіріп.

тарихи  жырлар
Аттарын шылбырынан ұстай жатып,
Қисайды жылқышылар көз ілдіріп.
Белінде ұзын шылбыр қыстырылған,

Ат білді жау дыбысын ысқырынан.
Селт етіп Боды, Бортан түрегелді,
Аттардың дүбірінен пысқырынған.

Қараса жау келеді көзін ашып,
Міністі аттарына асып-сасып.
Сатырлап сар даланы көк түтін ғып,
Келеді қамшы үстіне қамшы басып.

Бұлар да жылбуырын жанның тезі,
Жылқыны жинап алды осы кезі.
Шығыстан қапалақтап жауған қардай,
Найзадан көрінбейді күннің көзі.

Әп-сәтте келіп қалды жау да жуық,
Келеді тым-ақ қатты түсі суық.
Бұлар да жөнелісті дүркіретіп,
Ауылға аттан салып жылқы қуып.

Мына жау кімге тағат қылдырады,
Бұлар да сағымдайын бұлдырады.
Бөлініп үш текшеге жаудың қолы,
Ойысып жылқы артынан құлдырады.

Ауыл да жатыр еді сапырылып,
Үстіне жылқы түсті жапырылып.
Артынан умақ-шумақ жау да түсті,
Айғай-шу, ұран-сүрен шақырылып.

Ұмтылды біреу жаяу, біреу жайдақ,
Ұстаған біреу шоқпар, біреу сайғақ.
Қалмады қатын-бала, қыз бен қырқын,
Түп-түгел қотарылды ауыл-аймақ.

он  сегіз
Бұл жаудың таба қылмай таласына,
Тоғайдың кірді жылқы саласына.
Жылқыны қайта қуып шығамыз деп,

Артынан жау да кірді арасына.
«Өліспей-беріспе» деп бұл ауылдың,
Ұмтылды төресі де, қарасы да.
«������������������������������������

Тоғайда той төбесін қыламыз» деп,
Жүгірді кәрісі де, баласы да.
Ызасы бәрінің де қайнады іште,
Шынында шыдайды кім мына күшке?

Бұл елдің қадірменді бір апасы—
Келіпті жасы биыл сексен үшке.
Сабыр жоқ басқа жанда мұнан өңге,
Асықпай ел апасы шықты дөңге.

Қолында толы шелек саумалы бар,
Қарайды ол тоғайдағы дүрбелеңге.
Тоғайға жаудың қолы кіріп кетті,
Ауыл да іркес-тіркес келіп жетті.

Қайырып қақ жартысын көп жылқының,
Жау дағы жанталасып бұрды бетті.
Жау жағы бастырмалап қайырады,
Жаяулар жанталасып айырады.

Сауырдан шаншығанда көк найзаны,
Тулаған ту биелер майырылады.
Жау қолы әлденеше қайталады,
Ауыл жақ кейін қуып қайтарады.

Толқынып арлы-берлі қалың жылқы,
Көк орман сең соққандай шайқалады.
Сығылып бір қысаңға бәрі келді,
Бояды қызыл қанға қара жерді.

Каусатып қалың талды отын қылып,
Ашыққа жүздей жылқы шыға берді.

тарихи  жырлар
Көп жылқы жаяу дендеп, кейін кетті,
Аз жылқы жау алдында бейім кетті.
Алдына шу дегенде жылқы түспей,

Жау қолын қара басып кейіндетті.
Ізімен жылқы шыққан талды жығып,
Жаудың да бір бөлімі кетті шығып.
Қалғаны қан төгісіп жата тұрсын,

Келейік кеткен малдан хабар ұғып.
Шыққан жау жылқыны айдап жырымдайды,
Ауылға жылқы қашып қырындайды.
Отырған дөң басында ел апасы,

«���������������������������������������
Кел құтым, кел құтым» деп құрулайды.
Ауылдың шыға беріс алды тепсең,
Тепсеңде құрулайды әлгі сексен.

Кемпірді білді жылқы даусынан,
Мал дағы бауыр басар еңбек етсең.
Кетпеді елдің жауға алал мүлкі,
Кісінеп сол тепсеңді басты жылқы.

Жылқыны шығара алмай сол тепсеңнен,
Жау қолы жазық жерде болды күлкі.
Келген жау тек қайтсын ба ай қаңғырып,
Тепсеңді жылқы қуды майдан қылып.

Сол кемпір аққа малып шылауышын,
Басынан үйіреді айналдырып.
Шұрқырап сол тепсеңді айналады,

�����������������������������������

ау қолы дамыл бермей найзалады.
Айналып сол кемпірді жүздей жылқы,
Қамалып жіпсіз-торсыз байланады.
Иесін дауысынан білді малы,

Тұрған жоқ кемпір оқып бір дұғаны,
Мінеки, осындайдан айтты қазақ,
Есті деп жылқы малы, тілді ұғады.

он  сегіз
Құт жирен дейтін бие— малдың басы,
Кәртейіп жануардың келген жасы.
Сол кемпір құлынынан баққан, сауған,

Кетіпті бауыр басып мал анасы.
Жылқыны жау қырғанда қанын шашып,
Сол бие бұл кемпірге келген қашып.
Артынан шыққан жылқы қалмай бірге,

Шұрқырап сол тепсеңді тұрды басып.
Хайуанда жылқы сезгір, тіл біледі,
Білгенін осындайда білдіреді.
Тоғайда ат қойысқан бозбалалар,

Олар да жылқы артынан үлгіреді.
Боратып ат тұяғы қара тасты,
Алды кеп жау қолымен араласты.
Топырлап төртеу-бесеу аттан ұшып,

Қалғаны белдесе алмай тұра қашты.
Таласбай қуғандарға: —Тоқта, - деді,
Қашқанын ұстамаңдар оққа, - деді.
Өлтірмей бағынғанын тірі байлап,

Кешу қыл қарсылығы жоққа, - деді.
Аямай айқасқанын өлтіре соқ,
Тығыңдар басы-көзін боққа, - деді.
Белдесер жаудың күші арт жағында,

Кіріңдер жылдам барып топқа, - деді.
Жау алған жас жігіттер судай тасып,
Еселеп үсті-үстіне қайраты асып.
Тоғайға тобын жазбай ат қойысып,

Бір жағын айғай-шудың кірді басып.
Қысаңның ауыл алып шығар жолын,
Тоғайға қамап апты жаудың қолын.
Аяғы жол бермейді тұйық, әңгек,

Қалың тал орман алған оңды-солын.

тарихи  жырлар
Қысаңда атты, жаяу араласты,
Жұлқысты, найзаласты, жағаласты.
Майданда алды кетіп арты қалып,

Жаудың қолы әлсіреп қара басты.
Жаяудың байқалады қолы күшті,
Талайлар ат үстінен мұрттай ұшты.
Қысаңда қысылысып атты-жаяу,

Бұл соғыс барған сайын үдей түсті.
Біреуді біреу ұрып анталайды,
Шоқпардың тиген жері қанталайды.
Біреуді ат сүйретіп тепкілесе,

Біреуді ат үстінде балталайды.
Көлшіктің біреу жатыр батпағында,
Атының сыпырылып арт жағында.
Қорымнан қатын-бала тас боратып,

Біреу тұр тәтетайлап ақпа құмда.
Екі жақ бірін-бірі жатыр қырып,
Талайға бүйірінен найза кіріп.
Аттыны жаяу жағы дендеңкіреп,

Кейбірін түсіреді таспен ұрып.
Талайлар қан жоса боп жайрап жатты,
Талайлар шынын айтып сайрап жатты.
Тепкілеп басқа-көзге аударып ап,

Талайын «тақсырлатып» байлап жатты.
Найзамды Сартқараңмен қандағам деп,
Айғайлап бір батыр жүр шұбар атты.
Жаяулар жан аямай іс қылады,

Ығысып атты жағы қыстығады.
Алдырмай алды-артынан орағанға,
Жалғыз-ақ шұбар атты күш қылады.
Боқы да кейде шауып, кейде баяу,

Әттең деп ел көңілі болды қаяу.

он  сегіз
Артына найза сілтеп байқамады,
Алдында доға терек тұрды таяу,
Астынан сол теректің ат өткенде

Көтінен сыпырылып қалды жаяу.
Ұмтылды бір топ жаяу қарпығалы,
Тұрғызбай сол орнынан тарпығалы.
Бастырмай шыға берді жүре шайқап,

Қайраты бірталайдан артық әлі.
Айқасып ілгерледі ақырынып,
Ығысып алдынан ел жапырылып,
Теректің далдасында Байжан батыр

Тосып тұр айбалта ұстап жасырынып.
Байжан да батыр адам әлеуетті,
Боқының жолын тосып қару етті.
Тұсынан қамшы салым өткенінде,

Мықынынан айбалта мен салып өтті.
Балтасы тиді қатты денеге тік,
Боқы да құлап түсті серең етіп.
Жігіттің айласы артық, мерейі үстем,

Орайы оңай жерден келе кетіп.
Басып ед бағанадан азу тісін,
Жиып-ақ ұрған екен қару күшін.
Ыңырсып шалқасынан жатыр Боқы,

Ышқырып дем ала алмай соғып ішін.
Бұл дағы өз елінде әлді жігіт,
Боқыны бір-ақ ұрып салды жығып.
Баласын Сартқараның шақырып ап,

Найзасын, басқа теуіп, алды жұлып.

—Көр,—деді,—көзіңді ашып,—Байжан батыр,

Астында арыстай боп Боқы жатыр.

—Баласы Сартқараның қанын алар,

Танып ал өлеріңде, сендей пақыр

тарихи  жырлар
«Өлтір» деп өз қолыңмен бұл бұзықты,
Баланы кеудесіне мінгізіпті.
Қолына пышақ беріп жас баланың,

Боқыны естен қалғысыз қылғызыпты.
Жау қашты Боқыдан соң үміт үзіп,
Майданда тұра алмады жаны төзіп.
Тарихта жан шықпаған бітеу еді,

Үйірі Қысырақтың шықты бұзып.
Артынан Қысырақтың жау да шықты,
Тырмысып тасты бұзып, талды сүзіп.
Ауылға айдап жатыр тұтқындарды,

Көгендеп қатын-бала қойша тізіп.
Кірген жау тізе қосып бал жаласып,
Тоз-тоз боп бағытынан қалды адасып.
Кейбірі атын тастап қысылғанда,

Тығылып жаны қалды талға қашып.
Манағы менменсіген мықтылар да,
Мысықтай мықшың қағып бұқты жарға.
Асырып алты қырды келеміз деп,

Қалың ел жауды қуып шықты жалға.
Боқыны жығып беріп жалды қара,
Соғысты қашқан жаумен салды бара.
Ел кетті маңайынан жауды қуып,

Боқының кеудесінде қалды бала.
Балаға мұны өлтіру болды күш-ақ,
Аяусыз өз әлінше салды пышақ.
Әлден соң өлі жандай өңі түсіп,

Жайылып екі жақта қалды құшақ.
Астынан езу қалды жырылдыра,
Үстінен үстеп қойды мұрынды да.
Шиедей шимайлады бет-ауызын,

Бас қалды бір жағына бұрылдыра.

он  сегіз
Бұл бала кісі өлтіріп көріп пе еді,
Боқы да болған шығар өліп деді.
Аз тұрып маңайында байқап еді,

Аяғын жатқан бойдан серіппеді.
Ол бұрын істемеген жаман қылық,
Жатыр деп ойламады амал қылып.
Бәлемді мықтадым деп кете барды,

Бітіріп шаруасын тамам қылып.
Армансыз өлтірдім деп қарабетті,
Дал болып өз алдына бала кетті.
Сықситып баладан соң көзін ашып,

Боқы да өлмесіне талап етті.
Бір жағы қалған екен қатты күйреп,
Орнынан тұра алмайды бойын билеп.
Бір терең иірімге жан көрмейтін,

Жан дәрмен жетіп алды санын сүйреп.
Жатты ол иірімге малындыра,
Соқтырып жаралы бас, қарынды да.
Қасында тұрған кісі көре алмайды,

Иірім бүркеніп тұр салындыға.
Сол жерде кешке дейін жатқан екен,
Күн дағы ұясына батқан екен.
Боқыны суға түскен көріп жатып,

Түнде кеп бір жолдасы тапқан екен.
Бұл жігіт келген мана жолды бастап,
Ойлапты сау қайтуын әуел баста-ақ.
Тоғайға келген беті тығылыпты,

Тар жерде босқа өлім деп жағаласпақ.
Шағылдан қарап жатқан кешке дейін,
Ат-тонын бір бітеуге тығып тастап.
Боқыны тірі жатқан көріп жатып,

Келіпті әкетуге түнге жастап�.

тарихи  жырлар
Шалдырмай бұл екеуін жанға бөтен,
Болыпты екі сөтке тал да мекен.
Алтайға сол әкетіп осы арадан,

Боқы да бір өлімнен қалған екен.
Тоғайда қалды жылқы ыққан беті,
Алғашқы айғай-шудан бұққан беті.
Үйірі Қысырақтың обыр тұяқ,

Кетіпті жау алдында шыққан беті.
Жылқыға болды қорған жер де бекем,
Ес қатты қысылғанда елге мекен.
Тірідей тұтқын болып отыз бесі,

Майданда алпыс-жетпісі өлген екен.
Бейуаздың тыныш жатқан елі, міне,
Бұл жаудың берді төтеп желігіне.
Аясы бір шатқалдың қан сасыды,

Бада боп ат пен адам өлігіне.
Тиген жау қырамыз деп бекіп іште,
Қамалды кіріп кетіп бекініске.
Бір қайтып Арқалықпен кетпедік деп,

Талайы тап болыпты өкінішке.
Тиген жау кете алмады талап елді,
Мал-басы аман елдің қала берді.
Ап-сабы басылыпты бұл соғыстың,

Бір мезет қан сасытып қара жерді.
Тұтқынға жұрт жиылып айтты сөзін,

—Жау болып жазықсызға тиген өзің.

Бәріңе қара жауып күйдірмейік,
Боқыда деп білеміз істің көзін.
Жаныңның қалғанына қылып шүкір,
Ішіңе кек сақтамай қайтасыңдар.

Бұл маңнан ұрлық-қарлық істемеуге,
Бір-бірден түгел сенім айтасыңдар.

он  сегіз
Мойындап халық алдында міндеріңді,
Ойлаңдар тіршілікті күндеріңді.
Халықтан ғапу тілеп басыңды иіп,

Қанеки, білдіріңдер үндеріңді.
Тұтқынның бір жартысы үн қатады:

—Аламыз бұл қатаны мойнымызға.

Армансыз жасанып кеп болдық тұтқын,
Бұл елге енді жау боп кім батады?
Дәулет мас біз бір елдің жастарымыз,
Көрмеген ыстық-суық бастарымыз.

Кеудеде бір шыбын жан қалса болды,
Сіздерден тілемейміз басқаны біз,
Екінші, ұрлық-қарлық істемеуге,
Ант қылып, куә берсін жас жанымыз.

Тұтқынның тапсырмаған қалмады ісі,
Келді дейд Арқалықтың көрген түсі.
Ант беріп ауызынан айтып сенім,
Тұтқынның босатылды он жетісі.

Қалғаны ант-сенім білгізбеді,
Өлсек те, тірілсек те бірміз деді.
Ішінен өктем шығып мұртты қара,

—Бопсаны талай көріп жүрміз,—деді.

—Жуан тап, менің артым мықты, деді,

Барғаннан хабарымды ұқты, деді.
Қанымды қайырады тіпті сенен,
Ендігі іздеп мені шықты, деді.
Кім өлмес қиын болса өлдік, деді,

Бәй тігіп басымызды келдік, деді.
Ант беріп алжасқандар қайта берсін,
Жаудан өлсек шейітпіз—ерлік, деді.
Мен жауыңмын майданда тұрам деді,

Босасам қайта келіп қырам деді.

тарихи  жырлар
Үш атам түзде жүріп жаудан өлген,
Мен өлсем—ата жолым, мұрам деді.
Ішінде мұртты қара айтты мұны,

Бәрінің сол сарында шығады үні.
Қой-қоймен бағанадан әрең тұрған,
Шақабай өзі білді ендігіні.
Бұл дағы бір қанішер діні қатты,

Көзі оның түкті көрмей тұнып апты.
Ырқына жібермей ел қойып еді,
Ол мына қарсы сөзден орай тапты.
Амалсыз жұрт бөгеліп тұрып қалды,

Шақабай екі қолын қанға малды.
Қарамай күн ұзасын деген сөзге,
Бәрінің сол орында басын алды.
Шақабай бұл да Боқы өз елінде,

Бермеді жұрттың соңғы кезегін де.
Қойыпты он сегізін бір-ақ жерге,
Әлі бар Асанбектің кезеңінде.
Осындай сол қысаңда төгілді қан,

Себепсіз қаза бопты көптеген жан.
Алапат жұртқа келген бұл апаттың,
Зардабы төртті-бесті-ақ кісіге тән.

Қан кешу
Хат жаздым ақ қағазға сия сарқып,
Тілім мен саусағыма міндет артып.
Көрсеттім «қан кешкен» деп өр Алтайды,

Күңіренген күйзелісін күйік тартып.
Сөйлесем жауыздықтың қылықтарын,
Естіп ап түршігерсің қызып қаның!
Есімқан төңкерісін ескертейін,

Баяндап айпасам да тізіп бәрін.
Басынса момын елді қуыршақтар,
Бас ұрды Шыңшысайға ұрыншақтар.
Жыбырлап жаяу тәйни жыланша өріп,

Сатылып Гоминдаңға беріп ақпар.
Қолданса дубан зұлым айла-тәсіл,
Жолында жауыздардың табады ақыл.
Жиангер құйыршығы елде бар деп,

Орнатты Алтайға әкеп заман ақыр.
Алтайдың бастығы еді Шақаң дутың,
Отанын сүюші еді, ел мен жұртын.
Бар жерде мектеп ашып, бала оқытып,

Айдаған надандықтың қара бұлтын.
Бар еді керейімде нелер саңлақ,
Түгендеп айтпасам да бірден талдап.
Бұларға әр сылтаумен жала жауып,

Сандаған ел жақсысын кетті жалмап.

тарихи  жырлар
Деп соқты «ым-жымы бір жиангермен,
Құпия тілдескен»—деп алдыңғы елмен.
Мылтығын тығып жүрген бұзық деді,

Алтайда адам ұстап әрбір жерден.
Мәселен сол ұйымда бар Қарақұл,
Көгенбай, Сәлімбақи, Қақыш, Қабыл.
Қажынәби, Әбілмәжін, Әз, Әбет деп,

Жазықсыз жала жауып қақты дабыл.
Алдымен Манкей, Қалел, Дөненді алды,
Баянбай, Байқадам мен Бөкейқанды.
Қалғанын Үрімжіде «құрылтай» деп,

Шақырып әр аймақтан алып барды.
Сұраққа тартты оларды бірден санап,
Жаламен өтірікті жүндей сабап.
Шынжианның қазағының басшысы деп,

Бас салып Баймолланы қойды қамап.
Аяулы әндігердің бәрі кетті,
Халықтың құты қашып, сәні кетті.
«Мылтықты адақтау» деп қимыл жүріп,

Талайды тарпа бас сап зар илетті.
Кезенген кекті азулы күндер өтті,
Жүрегін жұрттың түгел тітіретті.
Шіңгілден он екі адам тағы алды деп,

Еліне Көктоғайдың хабар жетті.
Есімқан елмен іштей ақылдасты,
Әубәкір, Шағалаққа қосып басты.
«Ақыттан аяп жанды қайтпексіз?» деп,

Сенімді адамдармен көп сырласты.
Есімқан іштей сайлап амалдарын,
Санап жүр бірден таңдап адамдарын.
Етікпен су кешетін күн туды деп,

Білмеді қандай бағдар таба аларын.

қан  кешу
Еңсеген ел білетін палуан жігіт,
Дайын жүр кек алуды арман қылып.
Сіләмнің Оспаны да жүректі еді,

Соғыста серік болар жәрдем қылып.
Әубәкір, Баттал менен Қобдабайлар,
Кек кернеп, жауыздыққа тісін қайрар.
Дүзелбай, Бағжол да мерген еді,

Түспейтін оғы жерге жауды жайпар.
Тартымды Зейнел, Қапас жігіт еді,
Есімқан таңдап бәрін ертіп еді.
Кектеніп жауға халық бір ниетпен,

Атой сап майдандасу ел тілегі.
Нақақтан қара жауып қаралаған,
Тәйни көп елдің ішін аралаған.
Жамандап қит еткенді қолға алдырып,

Жүрегін момын елдің жаралаған.
Құпия Гұңанжұймен ақылдасқан,
Жағынып жанын сала жақындасқан.
Жоспар қып алмақшы екен сексен адам,

Кезекпен топқа бөліп бір-бір бастан.
Алдында алдауменен Қалманды алған,
Есімқан қырда жүріп білмей қалған.
Шұй шиянжаң «тамырым» деп шақырып ап,

Жол тосып Сарсүмбеге айдап барған.
Ол кезде Қалман албырт не біледі,
Шұй сұмды «тамырым» деп сеніп еді.
Сақшы емес, өзіміздің Шұй шиянжаң деп,

Көңіліне шүбә қылмай келіп еді.
Шұй зұлым, күлкек қағып қарқылдады,
Ақ көңіл адам болып аңқылдады.
Мылтықты адақтауға сізге сенем,

Бар-жоғын Көктоғайдың халқындағы.

тарихи  жырлар

—Ей, шиянжаң, жұмысты сұрадыңыз,

Болған кепіл Құдай мен Құранымыз.
Қалған жоқ ел қолында сынық темір,
Гұңанжұй сенбесе де, сіз наныңыз.

—Жарайды, қасам берер жұмыс емес,

Әншейін айта салған жайын кеңес.
«Мылтық» деп елді қыспай аяқтасақ,
Дегенді қатты ойлаймын ертелі-кеш.
Осылай Қалманды алып жолға салды,

Далайқан, Жапан еді жолдастары.
Бір адам «жоқ қараған» тағы ілесіп,
Деп күзде сақшыдан бір ат жоғалды.
Жол басып, сан қырқаның үстін кертіп,

Дөңіне Қара түнек келіп жетіп.
Бірінші шайын ұрттай бергенінде,
Бір тәйни топ әскерді келді ертіп.
Әй-шәй жоқ келген әскер алды байлап,

Келіпті көзірлерін іштей сайлап.
Мүсәпір бағанағы ат қараған,
Қолыңды тез көтер деп тұр айғайлап.
Осы күні Ақытты да алған қолға,

Жоспарлап бірін үйде, бірін жолда.
Есімқан екеуін де сезбей қалып,
Әрең жүр кекті ашуы кернеп бойда.
Гұңанжұй Далайқаннан қағаз жазып,

Кетті деп Ақыт, Қалман заңнан азып.
Қалған ел бір араға жиын тұрсын,
Ауданнан ұқтырад деп адам барып.
Есімқан келген хаттың бетін ашты,

Қапы қап бұл жауызға азу басты.
Күн сайын ебін тауып ала берсе,
Езгімен құл етпей ме қалған жасты.

қан  кешу
Деді де елге жарлық бұйырыпты,
Ел түгел үрпиісіп жиылыпты.
Ақытты әкеткен жау он-ақ адам,

Тәуекел айқасам деп түйіліпті.
Шағалақ, Шәшті шалдар салды тоқтау,
Болар деп заңға томпақ адам топтау.
Соғыссыз бейбіт жолмен қоя берер,

Алтай боп арыз жазып салсақ жоқтау.
Ақаңнан ешкім безіп тұрғаны жоқ,
Алтай боп ақыл кеңес құрғаны жоқ.
Бірігіп он екі абақ жұмылмаса,

Қолыңнан не келеді аз ғана топ.
Қалың қол жәдік пенен жантекейде,
Екеуі тең емес пе бар керейге.
Болмаса осылармен ақыл қоссақ,

Біздікін сонда бұлар жөн демей ме?
Соларға ақыл салмай Бөке кеткен,
Әліп те ауа көшіп, жеке кеткен.
Сиырдың бүйрегіндей бөлшектеніп,

Әркімге олжаланып есе кеткен.

Көршілес қыстаубай мен меркітке айтпай,
Аз адам дүрлігеміз не себептен?!
Темірдің қолымызда сынығы жоқ,
Кетпей ме жасақты жау қырып шеттен.

Жігіттер бұл ақылға иланбады,
Зая боп шалдар сөзі бұлданбады.
«Өлер өгіз балтадан тайынбайды»
Артық деп өлгеніміз бұдан дағы.

Айырылып қажысынан қалған жылап,
Топтасты молқы біткен басын құрап.
Дабашал, Ақпеке би, Сәлде зәңгі,
Дүңгені, шамғұн менен келді бір-ақ.

тарихи  жырлар
Ителіден Боранбай тәйжісімен,
Жемсары, Мақа молла қазысымен.
Сіргебай, Ақмоллалар жігіті сай,

Ақылын қосып жатыр әдісімен.
Шарлады үш ауданда сымсыз сыбыр,
Әркімнің аузын аңдып тәйнилер жүр.
Ноғайбай, Есімқан мен Солтыкен би,

Сарыбай Қақыштар боп бірікті тіл.
Керейдің ел бастаған ері кетті,
Қазақтың қалғанынан сенім кетті.
Шәріпқан, Баймолла мен Бұқат бейсі,

Ақылдың алтынындай кені кетті.
Бөге мен Зуқа батыр, Әліп, Қасым,
Абақтың арқа сүйер белі кетті.
Әкім мен жас Асылбек, Далай мерген,

Солардың көңілінде сыры кетті.
Ал бүгін елдің көрген күні мынау,
Езгіден туып өтер күнде жылау.
Әкетсе жұрт басшысын қылмысты деп,

Қалғанын құртып жатыр алман-ылау.
Еркекке, әйел емес, келді толғақ,
Тағдырдың айту қиын алдын болжап.
Қашанда халық алмас қамал болмас,

Шабайық жауға қарсы елді қозғап.
Байқасаң ел жақсысын құртып болды.
Құртудың түп сылтауы мылтық болды.
Қалдырмай ел қолына сынық темір,

Жиғанын шашып түгел тінтіп болды.
Аймақтың бір уииуаны келген екен,
Қасына Шұй шианжаң да ерген екен.
Он адам сап-сары ала құрал асып,

Күшіне сол тажалдың сенген екен.

қан  кешу
Сарноғай мешітте тұр айғай салып,
Ішіне бұқараны қамап алып.
Шұй шианжаң жиын ашып зекіріп тұр,

Құранды лақтырып айбарланып.
Сөздері аяқталмай жарым күнде,
Шалдардың төзбей кетті жаны мүлде.
Жібереді кейбіреуі «сұйық дәрет»,

Құдайдың мешіт үйі болып түрме.
Қор санап шианжаң қырдың қазақтарын,
Көрсетіп көңіліндегі мазақтарын.
Төкті әтей жайнамазға бұрқыратып,

Ұрттап ап, сілке салып арақтарын.
Бұл қорлық Есімқанға кетті батып,
Кетті ашу тұла бойын қалшылдатып.
Қапысын қалай ғана табамын деп,

Тістеніп әрең отыр басы қатып.
Шақырып Керім, Жақып Есімқанды,
Оңаша бір ауылға алып барды.

—Жинапсың сексен жігіт қаруланған,

Алмақ боп жолдан тартып Ақыт шалды.
Есімқан:—Сексен жігіт жидым, рас,
Жаттық деп айта алмаймыз біз жым-жылас.
Деді де сексен адам жазып берді,

Толтырып бір қағазға жарым құлаш.
Айтам деп мақсатымды ыңғайланды,

—Ал айт,—деп Жақып бейғам тыңдай қалды

Сарт еткен дәл жүректен жұмырықтан,
Жақып сұм ұшып түсіп тұрмай қалды.
Керімнің келтірместен атуға әлін,
Қолынан тартып алды жан құралын.

Екеуін е дегенше байлап тастап,
Бастады батырлықтың тырнақалдын.

тарихи  жырлар
Кешікпей келіп жатыр ел жиылып,
Тізімнен өз аттарын көрді біліп.
Сатқын деп әркім бетке бір түкіріп,

Салуға бекінді жұрт қанды бүлік.
Үйіне Оқан зәңгі қонды шианжаң,
Ішінен бар сұмдығын ойлап барған.
Қолға алып осы жолы сексен адам,

Ерекше сыйланбақ боп Шың Дубаннан.
Жақыптар сіңірмек боп ерекше еңбек,
Ел жата Есімқанды айдап келмек.
Көзеулі уағында келмеген соң,

Тықыршып әрең отыр шианжаң жендет.
«������������������������������������������
Оларды біліп кел, - деп, - неге айланды�»
Шыдамай жұмсады оған қамиланды.

Ауылды қоршап жатқан Есімқандар,
Оны да тырп еткізбей байлап алды.
Есімқан елпегінен екі жігіт—
Жіберген шианжаңдарға күтуші қып.

Қонақтар көзі ұйқыға барған кезде,
Хабарын жеткізбекші қайта шығып.
Тәбітай итін өзі айландырып,
Соғымның өкпе-бауырын жат деп жұлып.

Байпақшаң баспалаған батырларға,
Арсылдап кетпесін деп Ақтөс үріп.
Күтуші хабар берді жаза баспай,
Батырлар кірді есіктен шықырлатпай.

«Бұл кім?»—деп маңдайшаға оқ шығарды,
Шұй залым отыр екен кірпік қақпай.
Атылды Еңсегендер арыстандай,
Шұй шианжаң зәресі ұшты оқ ата алмай.

Тағдырды балта, сойыл басқарып жүр,
«Қонақтар» қолға түсті бірі қалмай.

қан  кешу
Біреуі тығылыпты күпі жапқан,
Сол еді жайнамазға арақ шашқан.
Есімқан табанымен басып тұрып,

Оқанның төрінде оны қорқыратқан.
Бәйбіше көзі шығып шарасынан,
Таба алмай бір кебісін аласұрған.
Жарықтық, сыңар аяқ қақсанып жүр,

«Лә иләһа илла Алла» айтып иман.
Бел көріп өр керейі Есімқанды,
Белбеуге түйіп халық шыбын жанды.
Шың дубан:—Мұны бұзған жиангерлер,

Жиангер құйыршығы,—деп жар салды.
Есімқан қузау салып тәйнилерге,
Тәйнилер түсті бәлем әбігерге.
Кешірім сұрап көбі тәуба қылды,

Кепіл боп жақындары әркімдерге.
Осының біреуі еді Сүлеймен де,
«Көз-құлақ» болғаны бар жүріп елде.
Танып ап елдің кегін Егей батыр,

Арнады шыбын жанын ел мен жерге.
Еске алсам егілемін асыл атын,
Шеп бұзар шерушінің асыл затын.
Соғысқа арнап Аллам жаратқандай,

Айқаста арыстандай атылатын.
Есімқан ойлаған ед сынайын деп,
Қашанғы бұған шүбә қылайын деп.
Сүлеймен айтты оған:—Жауға жібер,

Бақылап, бар жағдайын ұғайын,—деп.
Сүлеймен осы сертпен барып келді,
Үш мылтық жаудан ұрлап алып келді.
Тұрғанда сынық темір қолға түспей,

Ерлігін ел мен жұрты анық көрді.

тарихи  жырлар
Аттанды ел Көктоғайдың қаласына,
Ажалға ашынған жұрт қарасын ба!?
Мойнына ақтық байлап, жаназа оқып,

Қатын мен араздасып баласына.
Оқ бүркіп алдырмады жаулар мығым,
Олар да әбден көрген дайындығын.
Мәуия, Сәтіш батыр оққа ұшып,

Халықтың ауырлатты қайғы-мұңын.
Жалғанның күйігі екен тірі қалған,
Тірідей жапырақтап жанын алған.
Жайраңдап кеше жүрген қайран ерлер,

Кетті ғой әр көңілге тастап арман.
Сүлеймен кекпен мініп ақ боз атты,
Киіп ап ақтан киім жауға шапты.
Бірі деп «жын-перінің» жіп таға алмай,

Көрген жау зәресі ұшып таң қалыпты.
Сығылып көп айналып қарамайды,
Қолымен нысанасын шамалайды.
Жапырып жаудың бетін қайтармаса,

Есепке ерлігім деп санамайды.
Тағы бар көзге түскен Мұса мерген,
Жантекей жігіттері оған ерген.
Мысалға қарсы беттеп келген жаулар,

Қалпақтай қатарынан ұша берген.
Атысты Жаушоқыда салған жолда,
Бір күнде жетпіс мылтық түскен олжа.
Тәшкей, Түркістандар құрбан болып,

Қалың жау есесіне батты сорға.
Тартқызып ауыр шығын жауларына,
Атысты қан көпіршіп жеті сөтке.
Әруағын Жәнібектің арқа тұтып,

Айқасты үш мың жаумен жекпе-жекке.

қан  кешу
Шіңгілде Гоминдаңның бір лияны бар,
Ырысбек лианжаңы оның тұрған мұндар.
Көмекке үш мың әскер келмекші екен,

Қазақты құрту үшін болып құмар.
Бұларды жою үшін Мұса кетті,
Тірі ұстау ойында боп Ырысбекті.
Әскерін бірден атып қырса дағы,

Ырысбек тірі қолға ілінбепті.
Қосады күнде басын өңшең батыр,
Жинақтап тәжірибесін іске татыр.
Құс ұйқы болған әбден қырағы ерлер,

Тұлға етіп Есімқанға қосады ақыл.
Қалың жау қаптап жатыр саны ұлғайып,
Халыққа жазығы жоқ тағып айып.
Жерден оқ, көктен бомбы қарша борап,

Даланы тұмандатты тұрған айық.
Қылышкер атты әскері бөлек шапқан,
Шыға кеп тұтқиылдан ат ойнатқан.
Бастаған «сары атты орыс» келді шауып,

Қылышын көкке сермеп жарқылдатқан.
Кішкене бала дейтін батыр жігіт,
Айқасты шоқпарменен басына ұрып.
Орыстың омыртқасын опырғанда,

Кетіпті сол иығын қылыш тіліп.
Жау өліп, батырымыз жараланды,
Шабылған иығынан қансырады.
Ұрпаққа ерлік ісі өнеге боп,

Өшпейтін құрбандықтың ізі қалды.
Сүлеймен, Мұсалар жүр екі шетте,
Оспан да кеп қосылған кеше кеште.
Қолына шоқпар алған өңшең ерлер,

Жауларды жығып жатыр жанап кетсе.

тарихи  жырлар
Айқасты қар бетінде жығылғандар,
Сүлеймен қарақұстан ұрылғандар.
Ертоқымы бауырында жау аттары,

Қан сасып бұл шайқаста қырылғандар.
Аспанда айроплан күрілдеген,
Даусынан жер жаңғырып дірілдеген.
Мергендер қанша көздеп атса дағы,

Тиген оқ дарығаны білінбеген.
Қалмады атты әскерлі жауда тыныс,
Бастаған батты қанға жалдама орыс.
«Қазақты қылышпенен қырып берем»,

Деп берген серті шықты болмай дұрыс.
Халықтың қаһар күші шықты мығым,
Көрсетті атты айқаста мықтылығын.
Гоминдаң «құйыршық» деп көзге ілмеп ед,

Көтеріліс құдіретін ұқты бүгін.
Мінгені Ноғайбайдың қоңыр сары,
Осы атпен жарасушы ед шалдың сәні.
Нұқаңды жайшылықта кім сынаған,

Ойнар деп жау басына шоқпарлары.
Ноғайбай, Зетелбай мен Дағыстандар,
Жаулармен жан аямай сайысқандар.
Елі үшін жанын қиып құрбан болды

Солар ед қанға қолын малысқандыр.
Ырысқан әкесіне жылап отыр,
Қайырына елге бақыт сұрап отыр.
Бәріне Ақтеке би ақыл айтып,

Қайратқа қалың елін шыңап отыр:

—Есімқан, Ырысқанды ел танысын,

Жауларға жібермеген ел намысын.
Ажалдың оғы тиіп өлсе арман жоқ,
Керейдің алды жаулар белді арысын.

қан  кешу
Екеуің берекемен елді баста,
Болмайды бағынбайтын кәрі-жаста.
Салмағын қалың елдің көтеріңдер,

Салған соң амалсыздан Құдай басқа.
Екі жас мақұл көріп түрегелді,
Ежелден сүйіп өскен жүрегі елді.
«Ақаңның ақылымен ел бастаймыз»

Деп бидің амандығын тілеп еді.
Әр күні бомбылайды төрт самолиот,
Бір жақтан пилимоттар қосарлап оқ.
Шошынған қатын-бала тау-таста жүр,

Шуылдап қол ұстасып, болып топ-топ.
Қалпында қалып жатыр асқан қазан,
Қарғалар жемтік іздеп айтады азан.
Әр күні оннан-бестен адам жерлеп,

Молла жүр қолы тимей жаназадан.
Бір күні бір самолиот келді жалғыз,
Тасаға ел тығылды болып андыз.
Бомбы емес, будасымен қағаз шашты,

Қайтсын деп «сары атты орыс, соған зармыз».
Үш күндей осыны айтып қағаз жауды,
Қаптады үндеу хаты дала-тауды.
«Сары атты орысты әкеп тірі берсе,—

Деп жазған,—тоқтатамыз бомбылауды».
Ешкімнен оған жауап берілмейді,
Адамша орысы да көмілмейді.
Қимаса дубан өзі іздеп барсын,

Тозақтың орнын алып төріндегі.
Мұны айтып көшпек болдық Қалқа жаққа,
Шақырып моңғұлдарды ынтымаққа.
Жіберген төрт елшісін өлтіріпті,

Қарашы қырсық шалып қайтқан баққа.

тарихи  жырлар
Барып ек халықшыл деп пана тілеп,
Жұңго мен көрші тұрған арасы деп.
Шекара бұздыңдар деп айдап салды,

Өлсең де өз жеріңе барасың деп.
Заңсыз ғой шекараны бұзғанымыз,
Не көрсек салт көрейік қу жанымыз.
Бағынсын қатын-бала Гоминдаңға,

Обал ғой ертіп жүріп қырғанымыз.
Кетті ерлер Бәйтік тауын бетке алып,
Айырылу барлық жанның есін алып.
Аз ғана кәрі-құртаң елде қалды,

Көрінбек көбі жетім-жесір болып.
«Қояндай табысар ма қанжығадан»,
Деп ел-жұрт уайымдап зар жылаған.
Бұл күнді білсе ешкім тумас еді,

Тапты деп сорлы ұрпағын нағып анаң!
Шіңгілге айдап келді шуылдатып,
Малдарын талап сойып, итін атып.
Зорлық пен зомбылығын еркінше істеп,

Қаптатып тәйнилерін тың-тыңдатып.
Көшірді Көртоғайдың елін бөліп,
Алынды ел теперішке телімделіп.
Қайран ел, қан жылаумен күнің өтті-ау!

«Ішкенің ірің, жегенің желім» болып.
Ілескен Ырысқанға жетті жүз қол,
Ішінде батырлар бар табатын жол.
Шың дубан әскер күшін төгіп жатыр,

Құрдым деп «жерге қақпан, аспанға тор».
Сүлеймен, Оспан менен Мұса мерген,
Бұларға жау шақ келмес қарсы келген.
Нұрпейіс, Раушан мен Қорқынбайлар,

Жері жоқ қарауылды жауға берген.

қан  кешу
Калейге Қымбыл-Қалел елі сенген,
Ақтайлақ, Қали, Мекер төтеп берген.
Алдажар, Есен, Қалан, Жұпай молла,

Жау десе жандар емес жатып көрген.
Төбеге төніп ұшып айроплан,
Жер дүңкіп жарылатын бомбысынан.
Үріккен қойдай болып жетеу келед,

Шұбырып белден асып арт-артынан.
Жерден де оқ атылад көкке қарап,
Мергендер қарауылды көздей қадап.
Оқ па әлде, қарғысы ма бейуаздардың,

Кейбірі қашады өзін түтінге орап.
Тажалдар жерге көзін сатқандай боп,
Қуанып іздегенін тапқандай боп.
Ақаңды жеті жерден жаралады,

Қазақтың айбар тауын шаққандай боп.
Бәйтіктің тау-даласы қанға бөкті,
Гоминдаң бояп-ақ жүр жер мен көкті.
Ерлікпен жас батырлар шайқас жасап,

Қоршаудың сан қыспағын жарып өтті.
Қалқа да Гоминдаңға көмек берді,
Моңғұлдан бір лиан әскер бөлек келді.
Осыған он бес адам Мұса барып,

Қырық үштен бірін тірі жөнелтпеді.
Соңында қалған екен бір жаралы,
Шықпапты бір пәле үшін оның жаны.
«Ағатай! Мұсылман ем»,—дегенді айтып,

Атыпты алдап тұрып ол Мұсаны.
Шаймұрат деген жігіт тағы құрбан,
Мұқитқан, Макер,Талғат жараланды.
Арманда Мұса батыр шаһит болып,

Қазақтың қасіреттен сағы сынған.

тарихи  жырлар
Гоминдаң тағы басты бір жағынан,
Таусылмай батырлардың қырғынынан.
Ұйқы, шөл, аштықпенен қалжыратып,

Уақыт жоқ тыныстауға мұрса қылған.
Белгісіз кімдер қалып, кім өлгені,
Шайқастан кейін әркім түгенделді.
Қажақын құдасымен екеуі жоқ,

Таппадық кеше кеште жүрген еді.
Қоңырхан, Асыл, Қымбыл, Ілиқандар,
Олармен қостас болып жүрген Қамбар.
Екі рет жауды етекке қуып түскен,

Батырда Зейнел, Қапас, және Оспан бар.
Жүргендей қуып-ойнап тамашалап,
Жауларды жүрген екен жүндей сабап.
Бұлардың әрекетін білгеннен соң,

Алыпты жаулар қоршап ішке қамап.
Оқ тиіп Қапсадыққа жараланды,
Қалың жау шебін жайып араға алды.
Шайқаған автоматын ұстап сонда,

Оғына жаудың атқан қарамады.
Осылай жаудың шебін бұзып кетті,
Өлігін өр-ылдиға тізіп кетті.
Оқпенен жаудың тобын баудай турап,

Жүргендей тартпа сілтеп жүзіп шөпті.
Бәйтікте ат тойғызған аз ғана күн,
Табиғат аямаған қазына-бағын.
Тіленді жауға кеткен елдің бағын,

«Тәңірім салса екен—деп,—оң қабағын».
Аттанды тәуекел деп Алтай беттеп,
«Көк келген ат көзінен» кезде жетпек.
Жаралы Калей батыр, Қапсадықтар,

Түйеге өбектетіп артқан ептеп.

қан  кешу
Ақыттың мешітіне келіп түсті,
Сағынып Бурылтоғай суын ішті.
Елестеп қажы атаңның жүрген жері,

Жігіттер шер-шемен боп күрсіністі.
Жасаңға бауырын төсеп еруледі,
Шомылып мөлдір суға жеңілдеді.
Жас төгіп, зираттарға аят оқып,

Торғайдай тозып кетті елің деді.
Сөйткенше қарауылдан хабар келді,
Дүрбіміз деп алыстан адам көрді.
Батырлар қарауылды бұрын алып,

Деп жатыр жау болса егер «арам өлді».
Екпіні аттарының ширақ бәрі,
Көрінді мылтығының сирақтары.
Сүкең бар, шеруші атаң адамы екен,

Көрісті құшақтасып жылап бәрі.
Сүлеймен көпшілікке сәлем берді,
Бөлініп бірнеше айда әрең көрді.
Шетінен құрбандарға көңіл айтып,

Шешендер сұлу сөзбен тәлім берді.
Жау жатыр Ақтастының жарығында,
Салсам деп сарбаздарды азуына.
Сарбастау, Такілінің бәрі де жау,

Потай сап, акоп қазған адырына.
Айтты ма сау есіне аян еніп?!
Кетті ме көк перісі хабар беріп!
Сүлеймен « Жау жетті» деп тұра шауып,

Оқ атты жау қимылын бұрын көріп.
Жамсатты елу-алпыс келгендерін,
Түсірді бұрын атып мергендерін.
Қалғаны қайта қашты қайырыла алмай,

Амалсыз жолға тастап өлгендерін.

тарихи  жырлар
Болған соң кім тоқтасын қанды жанжал,
Арт жақтан қаптап кетті соң қалғандар.
Осы жол ерлігімен түсті көзге,

Көкіман, Сейітқазы, Самырқандар.
Қашқанды батыр ерлер қуып атқан,
Жауларды байқамапты бұғып жатқан.
Нұрпейіс, Қалел, Қымбыл—үш батырдан,

Айырылды құрбан етіп біздің жақтан.
Үркінбай, Қапсадықтар болды құрбан,
Жарасы ауыр болып түйеге артқан,
«Топырақ қайдан тартса, дене сонда»

Деп бәрін қара жерге құшақтатқан.
Есімқан Арал жаққа өтпек болды,
Оспан да бірге ілесіп кетпек болды.
Сол күні Калей батыр қайтыс болып,

Сүйегін мекенге артып жетпек болды.
Сүйекті артқан еді он бір адам,
Қарашы, Құдай жолын оңғармаған.
Нұрғазы, Серғазы, мен Ибат, Дағыс,

Раушан, Қалиды жау оққа ұстаған.
Қосылды қозғалғандар елге барып,
Қашан да ел мен жерсіз пенде ғаріп.
Естіртті соғыстағы құрбандарды

Көңілін талайлардың шерге малып.
Артылып қасіреттің тоғанағы,
Көз жасы жетімдердің домалады.
Қанға-қан қашан дағы ашу басар,

Кектенді жауға халық онан әрі.
Соғыстың ойнағандай Ертіс басы,
Бейуазға пана болған тау мен тасы.
Жаз бойы Ақбұлақтан жауды өрлетпей,

Бекініс болды елге жар-бұтасы.

қан  кешу
Бұл жақта Ырысқан мен Сүлеймен бар,
Табатын атыс болса ершімді амал.
Айқаста нажағайдай жылдамдықпен

Жауларды жан таптырмай қырып салар.
Жау жаққа кетті десе Сүкең батыр,
Салар деп қалың жауға заманақыр.
Алаңсыз қалғандары болады екен,

Алтайдың орманы боп алтын шатыр.
Ақылдан кем болмаған Ырысқан да,
Алашпен бірдей әділ туысқанға.
Шеруші Кәдірбай бар ақылшы екен

Кем түспес тапқырлығы қылыштан да.
Есімқан, Оспандар бар Арал жақта,
Жеткізген ақылдарын бар абаққа.
Көктоғай, Сарсүмбенің жолын кесіп,

Жөткеген азық-қорын аңдымаққа.
Оспандар Гоминдаңның тосып жолын,
Тарықса, асулардан алып орын.
Атысып Оспан жалғыз түсіріпті,

Жау жақтан тоқсан түйе азық-қорын.
Қаратып жау қолынан қарақасты,
Шоқыға Жәнібектің туын асты.
Қарақасты үкірдай Зейнел бастап,

Алты жүз адаммен кеп о да ұласты.
Ол барып атой салып Сарбұлаққа,
«Аттан!» деп қыстаубай мен меркіт жаққа.
Сарыбай, Қақыштардың елін әкеп,

Сығалап сарбаздарын қосты сапқа.
Қосылып Арал менен Ертіс басы,
Жаз бойы жауларменен болды айқасы.
Көктоғай шұңқырында қалған елді,

Құтқару мақсаты боп бір таласы.

тарихи  жырлар
Жоқ еді қан төгуді ел көксеген,
Күн боды-ау, қанды тырнақ шеңбектеген.
Қолында Көктоғайдың Жаужұнжаңның,

Он адам қылышталып қорлықта өлген.
Көп қалып жау қолында қатын-бала,
Батырлар жүрегіне салған жара.
Оспан мен Сүлейменге серік болған,

Сымағұл, Жұпар, Келес, Сайып бала.
Қасейін, Зейнел, Қапас, Самырқан мен
Насиық батырлар бар жеке дара.
Соғысты көрмек түгіл ойлау да азап,

Сөйлесем естігенге бұл бір ғажап.
Шың дубан оқпен елді билей алмай,
Елді алдап, бейбіт сөзбен сертін жазад.
Жанымқан, Бұқат бейсі, Рақатпен,

Алтайға жібереді саясатпен.
Атасы Чиу Сылиңді бірге қосып,
Келіссөз өткізбекші біздің жақпен.
Депті елге: «Өткен істі кешіреміз,

Қан төгіп соғысамыз несіне біз.
Түрмеде жатқандарды қайтарумен,
Мансабын кейбірінің өсіреміз».
Дегенді келгендерден естіп алып,

Соғысты тоқтатайық десті халық.
Күндерді бейбітшілік аңсады жұрт,
Бел шешіп ұйықтамаған бес күн анық.
«Сендірсін Шың дубанның анты бізді,

Қоямыз оған мына шартымызды:
Кісі ұстап, өткен істер қузалмасын,
Етпесін аяқасты салтымызды.
Шәріпқан бастап тұтқындар түгел қайтсын,

Риза етіп қан жылаған халқымызды.

қан  кешу
Мәдени мұра—Ақыттың кітаптарын,
Әкеткен зорлықпенен бұлап бәрін.
Әкеліп қайта берсе қолымызға,

Аспанға атар халық тымақтарын».
Баянбай, Байқадам мен Ақыт, Дөнен,
Аяулы әндігерлер ел көксеген.
«Ауырып доғдыр көріп жатыр» депті,

Шың дубан сендірмек боп күлкектеген.
Пәниде кімді алдамас сиқыр жалған,
Түлкідей бұлаң қаққан алдамшы арман.
«Шың дубан кейін келед» дегенменен,

Қорлықпен қайран ерлер өліп болған.
Арманда қолға алынса керегі не,
Айырылдық қапылыста арыстаннан.
Дубанның доғдырлары емдейміз деп,

У беріп оның да алдап жанын алған.
Түрмеден қайтып келген Қалел, Қалман,
Ел бастап екінші рет ұран салған.

Қуүй мен Таратының арасында,
Аткөпір жау өлігі толып қалған.
Қалың ел күшейген соң жасақтанып,
Қай жерде жау көрінсе басад барып.

«Жеңімпаз, ақиықпыз» деген пиғыл
Билеп ап, көп жігіттер масаттанып.
Тағдырдың бір бұйрығы оқылғандай,
Құдайдың қырсық жазған соты бардай.

Самырқан, батыр Сүкең шаһит болды,
Ортадан ел тіреуін опырғандай.
Сөлтіген залың өлді бес адаммен,
Тау мен тас боялғандай қызыл қанмен.

Сыдыков орыс батыр жаралы боп,
Дарада бекініпті екі адаммен.

тарихи  жырлар
Соғысқан арпалысқан ала жаздай,
Жүрген ел ынтымақпен тобын жазбай.
Қайғысы Сүлейменнің елге батты,

Айрылған басшысынан қоңыр қаздай.
Жеңіске ел сенімі бұлдырады,
Қалың ел бағдар таппай тұнжырады.
Қырылмай Шың дубанға бағынсақ деп,

Мәуе, шаң, құттыбайлар ыдырады.
Есімқан, Оспан, Шәри, Қалел, Қалан,
Осылар қайтпаймыз деп қатуланған.
Қатын мен балаларын елге тастап,

Бағынбай дала түнеп, тау жастанған.
Чиузұңжұн Шың дубанның қайын атасы,
Алтайды болды алдайтын «айла тасы».
Жатып ап Сарысүмбенің қаласында,

Деп жұмсап Жанымқанды «елдің басы».
Жанымқан дін ұстаған Мекке барып,
Хадисын Пайғамбардың жаттап алып.
Кеудеге Құран ұрып елді алдады,

Кеңшілік етіледі деп қазір анық.
Қарақас мектебінде жиын ашып,
«Кішпейіл қажы» болып көңілі ашық.
«Чиу Сылиң сіздерменен бір көріспек,

Қайтыңдар Сарсүмбеден амандасып.
Дубанға ауыз талап айтыңыздар,
Бетеке, өзіменен көп сырласып,
Сіздерге айроплан алып келдік,

Көкке ұшып сайрандайтын көңіл ашып.
Барлығың мен барам деп таласпаңдар,
Жекелік сайранымен санаспаңдар.
Төменде мен шақырған адамдарға,

Жанбасып отыр ма деп қараспаңдар:
Есімқан, Рахат, Шәри, Боранбай бар,

қан  кешу
Ыбырайқан, Қақаш, Зейнел, Нақшытайлар,
Кәріппай, Кәрім, Қалел, Қалман, Құмар,
Сүлеймен, Оспан, Сарыбай, Сағатайлар».

Аяққы төртеуінің аты аталған—
Сылтау қып бұл жиынға келмей қалған.
Оспан мен Сүлеймендер үйге жатпай,
Ауқымға аужай түйіп құлақ салған.

От алып айроплан гүрілдеді,
Сұмдықпен Жәкең қажы күлімдеді.
Жердегі көп қазаққа қол бұлғаған,
Тағдырдың жабық сыры білінбеді.

Менің де кек орнатып жас жаныма,
Өзек боп өкінішті дастаныма.
Сұмдықшыл айроплан ұшып кетті,
Мәз болып оңай олжа тапқанына.

Көп санды есілдерді көре алмадық,
Жеңісті жетегіне ере алмадық.
Сұм жалған аңқау елді алдап соғып,
Қоштасып қолымыздан көме алмадық.

Сұмдық көп айта берсе жіпке тізіп,
Оқиға біреуінен бірі қызық.
Бір жылда ел басынан кешкен істі,
Қалдырдым «Қан кешу» деп хатқа тізіп.

Нүптебектің асы
Сөйлейін аз әңгіме қызық кептен,
Палуан, батыр, не байлар өтіп кеткен.
Ханзада, хан тұқымы падиша да,

Біткен соң уақыт күні солар да өткен.
Тұсында асып-тасып дәурендеген,
Әлемге жаман аты білінбеген.
Сөйлейін біразырақ хикаядан,

Қызыл тіл, қаусырма жақ сүрінбеген.
Қолда қалам, бес саусақ жорғаласа,
Жел сөзге Құдай берген ерінбегем.
Кешегі өтіп кеткен замандарда,

Күнестен бір бай шыққан дүрілдеген.
Ол байдың туысы көп, дәулеті асқан,
Белдімен не секілді жағаласқан.
Болыс, манфаң, аға, інісі бәрі мықты,

Аузынан сөйлегенде отын шашқан.
Еш адам қаһарланса қарсы келмес,
Аты зор атасының әуел бастан.
Атақты бай, дәулетті болғандықтан,

Олардың содан бері даңқы асқан.
Күнеске малы сыймай, құртша қайнап,
Жылқысы он екі мың Жұлдыз асқан.
Күнестің екі бетін қойлары алып,

Көрген жан: «неткен бай» деп таңырқасқан.
Сиыры Қарабура отар барып,
Жұт болса жұтамайды бұзылса аспан.
Малдары одан асып Нылқы барып,

Қыстауды алушы еді сонау қастан.

нүптебектің  асы
Түйесі Қарабура қорымында,
Көшкенде атан түйе зорығуда.
Қыс болса жолаушылар қорқушы еді:

«Сақта,—деп,—бурасына жолығуға».
Бес төбе, Қарабура, Сарымсақты,
Мекендеп отыратын ауылы да.
Жер сауырын ел сауыры алушы еді,

Бүтін ел осылардың қауымында.
Әкесі Нүптебектің Сасан болыс
Айналған бүкіл қызай сауырына.
Сасанның балалары бәрі болыс,

Тартады бүкіл елді бауырына.
Ақ үйлер шағаладай оюлы, әсем,
Әтір май үйге иіс жағылуда.
Тіреулі алты бақан сырлы, ойма,

Қыздары кәмшат бөрік, сұлу тұлға.
Шолпысы иығынан жерге түсіп,
Қолаң шаш ұқсайтындай қызыл нұрға.
Түйреуіш, жеңгелері теңге тағып,

Жақұттай жарқырайды шықса қырға.
Шылауыш, кимешектер тым кестелі,
Аяғын әзер басар оң мен солға.
Кигені ноқа шапан бейне құндыз,

Сол күндер қосылатын ойын, дуға!
Нүптебек Телқараға зауыт салған,
Кім бұны ойлап бұрын есіне алған?!
Зауыттан іркес-тіркес мәскеп шығып,

Бір жылда неше мың сом пайда қылған.
Опайке, құрым шықты сонда көктеп,
Қыс кезі, соғым тері алды көп-көп.
Жаз болса ірі қара терісі деп,

Алатын ел аралап тағы ептеп.
Қой тері, ешкі тері қалмайтұғын,
«Шығар,—деп,—құрым шапан және етік»,
Өнерлі неше жерден шебері бар,

Біреуі біреуінің ісін зерттеп.

тарихи  жырлар
Етікші, машинашы, ағашшы көп,
Адам жоқ айтатұғын оған «тек!» деп.
Әр жерде магазині тағы да бар,

Әртүрлі асыл бұйым қойған тіктеп.
Несие малға сатып саудагері,
Бақалшы қоржындарын нығап, кептеп.
Темекі, әтір, сабын, ине, тебен,

Бақалшы ел аралап жүгін жүктеп.
Жиятын шабарманы несиені,
Жаз болса ала қағаз—дәптер түптеп.
Жолығып несиелі: «Кімсің?» десе,

Айтады: «Пұл иесі Нүптебек» деп.
Бұл байдың енді жазам ауылдарын,
Ағайын, бірге туған бауырларын.
Сыйынып өтіп кеткен әруақтарға,

Толықтап, өткен істен жаңылмайын.
Сасанның бәйбішесі төрт ұл тапқан,
Бай болды төртеуі де бала жастан.
Мансабын әкесінің Қасеке алып,

Қасеке өліп, Тергеусіз жарлық шашқан.
Баласы Тергеусіздің Мақсұт болыс,
Қалиакбар үшеуі бірге туыс.
Сасанның тоқалынан үшеу екен—

Нүптебек, Жайырбек, Еркіш болыс.
Әркімге бақ қонса егер оңай екен,
Бақ тайса Қызыр қашып, соғады екен.
Армансыз бұл жалғаннан өткен бар ма?!

Дүние аума-төкпе солай екен.
Ұрпағы ақырында не боп кетті?
Бұл дүние солардан да өтіп кетті.
Азырақ Нүптебектен сөз сөйлейін,

Құлақ сап, естігендер, тыңда кепті.
Нүптебек елден асқан бай болыпты,
Кемтіксіз төрт түлігі сай болыпты.

нүптебектің  асы
Қызы екен Құдайменде бәйбішесі,
Қаламқас Қазине деп жары бопты.
Мұнан соң екі қатын тағы да алған,

Өтті ғой солардан да мына жалған.
Біреу бай, біреу батыр болғанменен,
Осындай қайсібірі сөз боп қалған.
Кейбіреу бай-патша болғанменен,

Зар болып бір нәресте қылар арман.
Біреуге бақ берсе де, бас бермейді,
Ең қызық арт жағында ұрпақ қалған.
Жиырма бірінші жыл сол Нүптебек,

Жалғаннан бақи жайға дүние салған.
Ауырып төртінші айда Бестөбеде,
Дариға-ай, ойлап бір іс ойына алған.
Малдан зекет, қолдан қайыр берейін деп,

Жиып ап барлық елге ақыл салған.
Жүріпті қапы қалып, дүние қуып,
Жетіпті ажал рақымсыз, міне, жалған.
«Жетім, жесір, ғаріпті жиып бер»,—деп,

Болысбек Имамақынды қасына алған:

—Жатырмын бұл дүниеден көңіл қалып,

Басымнан өтер ме екен қайран заман.
Айтайын иман, арыз тілім келсе,
Молдеке, жақын отыр бері таман.
Берейін малдан зекет, қайырымды,

Бұл сөзім ұнайды ғой, молда, саған.
Болысбек сонда отырып берді жауап:
«Болысым, махшар күні болар сауап.
Малың көп, қазынаң көп, байлық мынау,

Шақырып аш, арыққа қолдан тарат.
«Сауда бер садақаны» деген сөз бар,
Жатырсың-ақ қиылып, жаның аяп»—
Дегенде төрт тай мата алғызып кеп,

Нашарға үлестірді бірден санап.
Жүз қойға бірден қойды есеп қылып,
Жылқы, сиыр, қой берді оған жанап.
Ажал келсе дүние бекер екен,

тарихи  жырлар
Қалған жоқ еткен қайыр арашалап.
Дүниеден өтіп кетті солар дағы,
Қылса да қанша қайыр жанын аяп.

Тура келсе дүниеге қарамайды,
Жан үшін көрген емес малын аяп.
Ақыры бұйрықты күн біткеннен соң,
Жөнелді іштен оқып қанша аят!

Жылады аға, іні, баласы да,
Жыртылған соң шапанның жағасы да.
Ойланып біраз олар отырды да,
Бегімбет хабар айтты баласына.

«Нүптебек қайтыс болды» дегеннен соң,
Естіген түгел келді, баласы да.
Бестөбе төбесіне жиылған жұрт,
Қаптады құмырсқадай арасына.

Біреуге біреу тоқтау айтып жатыр,
Біреу келіп, біреулер қайтып жатыр.
Тоқтатып жылағанды кейбір жүйрік:
«Алланың бұйрығы,—деп,—әуел ақыр».

Дүйім жұрт естіген соң жиылды көп,
Мақсұтқа тоқтау айтты Бататар кеп:
«Кеудеден жан кеткен соң тірілмейді
Одан да барлық жұртты хабарла!» деп.

Содан соң хабар кетті төңірекке,
Хат жазып кісі кетті айтып көпке.
«Марқұмның үшінші күн намазы» деп,
Алыста құда-жегжат кетіп шетке.

Тосты елді хабар айтқан екі күндей,
Естілді өлген хабар соққан желдей.
Күндіз-түн тыным алмай келіп жатты,
Кейбіреу әрең жетті аты желмей.

Келіпті хабар естіп қасқа-жайсаң,
Ішінде шалдар да жүр маң-маң басқан.

нүптебектің  асы
Алды-артын тосып елдің, жақсыларын,
Сүйекті шығаруға ақылдасқан.
«Сүйекке отыз адам түссін десті,

Деседі қазынасы елден асқан».
Кейбірі: «Елу адам түссін дейді,
Бай бар ма дәулеті зор мұнан асқан.»
Хатшылар қағаз, қалам қолға алады,

Қаламы дамыл таппай жорғалады.
«Алдына құндыз ішік, арты шапан,
Болсын»—деп отыз адам доғарады.
Отызы әр рудан түсті санап,

Отырған барлық адам көрді қарап.
Көтертіп Сатыбалды алып келді,
Он ішік, он бес шапан кілемге орап.
Елу жылқы, елу сиыр, екі жүз қой,

Беруге бідияға қойды қамап.
Жігіттер шұрқыратып айдап келді,
Қалмаған Нүптебектің малын аяп.
Молдалар Кәлам Шәріп, аят оқып,

Болған соң әкетісті малды талап.
Жерледі Бестөбеге Нүптебекті,
Ханзада—артық десіп қаракөкті.
Жалпы жұрт қолдарынан топырақ сап:

«Аман жат, көкжалым!»—деп қайтып кетті.
Қазақта тап осындай жандар бар ма,
Болғанмен осындай боп арындар ма?!
Болады байлық қандай мұнан артық,

Салдырған неше орынға жаңзылар да.
Көшкенде жүз түйеге тоғанақтап,
Артарлық қант, науат, шайы бар ма?!
Жігіттер жетелейтін көшкен сайын,

Теңдейтін алтын, күміс қанша нарға.
Сары жез мұрындығы түйелердің,
Гауһар тас көз орнатқан алтын құйма.
Жүретін әйелдері өз сәнімен,

тарихи  жырлар
Желпуіш, қолда шатыр, тегіс жорға.
Ер-тоқым күмістенген—әшекейлі,
Қыздары түгелімен еркек шора.

Еткен жоқ дүние опа соларға да,
Жабылған бір-ақ күнде семіп тұлға.
Жинаған алтын-күміс қайда қалды,
Араша бола алмады шыбын жанға.

Естеместің Мақсұтқа айтқаны:
Жетісі Нүптебектің болған күні,
Зиратқа атын ерттеп барған күні
«Ағаңа шын күйінсең,—деді Естемес,—

Ат шаптыр жыл нәзірін берген күні.
Нүптебек қандай еді елге сауыр,
Артында даңқы қалсын болып мұра.
Малдан ал ашуыңды ағаң үшін,

Қайрат ет, сабыр қылып, Мақаң мырза!
Қазақтың ас беретін салт-санасы,
Қызайдың ат шаптырған қай баласы?!
Шақырып қазақ, қалмақ, қытайды да,

Ас жөнелт, ол—қазақтың сұңғыласы».
Дарубай, Тілеуберді, Мазақ болыс,
Бата берді ақсарбасқа кәрі-жасы.
Жиылды бегімбеттің жанаттары,

Дербістің Алпысбайдай саңлақтары.
Кірді кеп Нүптебектің ордасына,
Месқарын маң-маң басқан аяқтары.
Самаурын шай құйылып, қымыз келді,

Сары қазы, күріш басып, табақтары.
Молдалар шарт жүгініп құран оқып,
Қирағат құйқылжыды аяттары.
Дастарқан жиылған соң тамақ ішіп,

Мақсұттың елге мынау сұхбаттары:
«Ат шаптырам, не дейсің жиылған жұрт,
Нүкеңнің қандай еді санаттары?!»

нүптебектің  асы
Қосылды Алпысбай да ұнатқалы,
Қымыз берді Жайырбекті жұбатқалы.
Келген соң сөз бірлікке жиылып жұрт,

Байлықтың ақпақ болды бұлақтары.
Естемес сонда тұрып былай деді:
«Жиылар түгелімен қызай,—деді,
Асына ат шаптырған Тойекеден

Даңқыңды асырса екен Құдай»,—деді.
Мақсұттың сөзі:
«Қанеки, олай болса жиылған көп,
Кеңесте елімізден бір ауыл жоқ.

Келмеді шақырсам да басымды иіп,
Ер өліп, өкпе сатар дәнеңе жоқ.
Есбердің қандай іс бар көңілінде,
Нүптебек ағасы еді тірлігінде.

Туыс ек игілік-сақау бірге туған,
Жауласқан іс өтпеген өмірінде».
Болыстар Жайырбекке: «Інім,—деді,
Мақсұттың сөзі бөтен білінбеді.

Бұл іске қатынаспаса туыстарың,
Жұмыстың арты болар қиын,—деді.
Баралық шақыруға екі болыс,
Бұл істі артқа тартпау мұһим»,—деді.

Дарубай Естемеске «жүріңіз» деп,
Баруға Есберлерге киінді енді.
Аттанып жүріп кетті Әбікенге,
Мықтысы Әбікеннің өңкей биге.

Үйіне Ұлтуғанның барып түсіп,
Шақырған хабар кетті барлық елге.
«Еліңнің берекесін тілеп келдік,
Барлығың келіңіздер зәңгі үйіне!»

«Келіпті екі болыс» деген сөзді,
Естіді түгел адам бірден-бірге.

тарихи  жырлар
Аттанып естіген соң ел келісті,
Көрісті сәлемдесіп, қол берісті.
Ұзаққа ұзартпай-ақ сөз аяғын,

Білдірді көпшілікке келген істі.
Сөйледі сонда Есбер басын шұлғып,
Орнынан көтеріліп, сөзін жұлқып:
«Нүптебек өлгенінде қайда қалды,

Адам деп шақырмаған бізді ел қып?!»
Сөз бастап Есбер отыр қудай жайқап,
Сөз бермей жан адамға басын шайқап:
«Өліспей беріспейтін жұмыс бар,—деп—

Ойлаңдар, ақылшылар, артын байқап.»
Бір дауды ол осылай бастап отыр,
Артына үлкен қулық тастап отыр.
Он мың қой мойынында қарызы бар,

Қулығы елге мәлім, осы ақыр.
«Кеңеске бара алмаймыз, қайтыңыздар,
Аудармай осы сөзді айтыңыздар.
Қанша айтсаң да біздің ел бара алмайды,

Бармайды, елде қандай ақыңыз бар?!»
Сөз өтпей қайтып кетті екі болыс,
Тоқтасын осы араға барған жұмыс,
Көнбеді қанша айтса да Есбер зәңгі,

Кеңеске шақырғаны көпке дұрыс.
«Есберің шайқақтатқан бұл неткен қу,
Сөйлесе тоқтамады бір аққан су.
Сауын жаз, ел хабарла нәзіріңе,

Мықты бол өзіңе-өзің беліңді бу!
Бүлдіріп елдің ішін кете алмайды,
Болады ел болған соң осындай қу.
Шақырдың: «Берекеге келмін!»,—дедің,

Көреміз қаптатқанын ол қызыл су.»

нүптебектің  асы
Сөйледі Мақсұт сөзін сырғанатпай:

–Жарамас енді отыру хат таратпай.

Қағаз ал, қолдарыңа қалам, сауыт,
Қалмасын хабарсыз ел ат жаратпай.
Естісін Іледегі барлық қазақ,
Қалмасын көңілге алған қытай, қалмақ.

Қалмасын ұйғыр, дүңген келер жылы,
Күнесте Нүптебектің асы болмақ.
Жүз жылқы алдыңғы аттың бас бәйгесі,
Жазылған осылайша хат белгісі.

Жүзден қой, жүз опайке онан соңғы,—
Мұндайлы ұлы дүбір ас берілсе,
Келмейді естіген жан қай көргісі.
Бұл асты ел естіді: «Баралық!»—деп,

Тамаша барып сайран салалық,—деп.
Ат қосып бәйгесіне, сойысын жеп,
Олжаны Құдай берсе алалық», деп.
Бұл қисса осы арада тұра тұрсын,

Тыңдаушым біразырақ мойын бұрсын.
Кейінгі жалғасынан сөз сөйлейін,
Жамағат қандырарлық құлақ құрышын.
Бұл асқа Мақсұт бекем белін буды,

Әруаққа ақсарбасын айтып сойды.
Кеңесіп жалғастырды оймен ойды.
Олқы деп бас бәйгеге және қосты,
Тағы да жүз былғары, жүзден қойды.

Екінші ат бәйгесін де толықтырып,
Оған да тағы қосты елу қойды.
«Үшінші ат жиырма бестен елу болсын,
Қызай, сама, дос-дұшпан көзбен көрсін.

Төртінші ат жүз опайке беріледі,
Ат озып, кім алса да баққа сенсін.

тарихи  жырлар
Бесінші ат бір жамбы мен он сиыр деп,
Барлығың естіңіздер отырған көп.
Алтыншы ат бір түйемен тоғыз болсын,

Көпшілік осы айтқаным болар ма дөп!»
Жайырбек көпке салды мына сөзін:
Жиырма бес атқа бәйге берілерін.
Жетінші ат бәйгесіне жеті қара,

Аяғы бір ат болып, тоқтатты өзін.
Болыстар бұл сөзді естіп алды қағаз,
Сасанның ел-жұртына көңілі мәз.
Жетінші ай жиырмасы—жайлау үсті,

Ас өтпек Күнес басы—Шапқыда сөз.
Жетінші ай жиырма үші ат шабады,
Тұс-тұсқа аз болмапты тарар қағаз.
Қызай, албан, қырғызға хат тарады,

Жақын тұсқа әрине, тез барады.
Хан уаң Жұлдыздағы торғауытқа,
Бұған да шақырылған хат барады.
Текестен қалмақ, шаһар зұрған сұмын,

Қастағы арбын сұмын ал хабарды.
Сарбұлақ, Сайрамдағы шеру елге,
Жіберді бір адамды оған дағы.
Кеңесте Әуелханның өзі де бар,

Самаға жазған хатты өзі алады.
Хат кетті әрбір жерге үзілмеді,
Хабарсыз қалған сыбыс білінбеді.
«Асына Нүптебектің барамыз»,—деп,

Ат баптап естіген ел дүрілдеді.
Меймандар шақырылған келе берсін,
Қызығын кейінгі істің көре берсін.
Тез көшті Сасан аулы жайлауына,

Келер деп шақырылған қызай, үйсін.
Дағыты ауызына барып қонды,
Бұл істі көрмеген жан қайдан білсін?!

нүптебектің  асы
Естіген бүтін қызай бұл хабарды,
Жаудырды құда-жекжат бата оқырды.
Бата оқып, ат терлетіп келіп жатыр,

Адам көп, басып жатты сол ауылды.
Елу үй ауашалап тіккен бөлек,
Сәйгүлік жігіттері жасауылды.
Күтуші жас жігіттер әйелімен,

Лық толып бары сонда ата ұлы.
Ет асып, мейман күтіп сылаңдаған,
Самауыр шәй қайнатып қылаңдаған.
Көтеріп екі-екіден дастарқанды,

Бал, шекер, қант, науат, май салынған.
Әр үйге неше жерден бие байлап,
Күрсілдеп қара саба тұр құйылған.
Сауыншы жігіттер жүр көнек алып,

Дауысына сауған сүттің жер ұйыған.
Сабадан қымыз құйса тегенеге,
«Үйрек, қаз» шолпылдайды ұшып-қонған.
Шұрқырап қайта сүңгіп саба аузына,

Көрген жан: «Қызық-ай!» деп қайран қалған.
Сырлатып алуан түрлі қаз, үйректі,
Өткен жаз өнершіге ол жасатқан.
Ақ күміс тегенеге қымыз толса,

Сары ожау—алтын ескек бұлаңдаған.
Күміс құйма, саптаяқпен қымыз ішіп,
Отырған үлкен-кіші түгел тойған.
Оқырман жалған емес осы сөзім,

Сол кезде он сегізде менің өзім.
Осынау Нүптебектің ас тойында,
Не алуан тамашаны көрді көзім.
Не көрсе сол қызықтан қашпаған күн,

Үш жүз үй асқа тігіп тастаған күн.
Хан уаң бес жүз қолмен келді жетіп,
Ас тойы Нүптебектің басталған күн.
Байлатқан үш жүз бие бұған алып,

Жатысты өздерінше ән-күй салып.

тарихи  жырлар
Шақыртқан барлық шонжар келген күні,
Күреден тұңлиң келді сырнай шалып.
Мұның да бес жүз әскер қорғаушысы,

Оны да күтіп алды барша халық.
Жігімет Сахардағы ол да келді,
Мойнына палуанның арқан тағып.
Арбын сұмын, зұрған сұмын—бұл да келді,

«Қазақша бата оқыр» деп атқа шауып.
Бұлардың палуанына бір үй берді,
Түрлі тағам, күніне бір қой сойып.
Жатқаны мамық төсек, кілем жапқан,

Ұйқыдан бас көтермей, қарны тойып.
Басы бар жылқы астаудай, өңі сұрлы,
Көрген жан бұл палуаннан қылды қауіп.
Осымен палуан қалмақ тұра тұрсын,

Оқушым жалғасына көңіл бөлсін.
Көргенді жас күндері жаздым бүгін,
Жазбасам оны ұрпақ қайдан білсін?!
Басталып жерошақтан ат та шапты,

Тамаша ойын болды әр тарапты.
Дара ойын, жорға салған, әскер ойын,
Әр алуан не қызықтар болып жатты.
Әу баста дүркіретіп құнан шапты,

Оразхан құнаны кеп пайда тапты.
Артынан ат шаптырып қанша жүйрік,
Жайырбек Аққұйрығы келіп қапты.
Сонан соң жорға салған ойын болды,

Жорғалар келіп жатыр оңды-солды.
Торғауыт жорғалары бәйге бермей,
Сыйлыққа барлығының жаны толды.
Екі әскер көрсетті өнер мұнан кейін,

Әр болыс тосып тұрды өз елдерін.
Би билеп ат бауырынан шыр айналып,
Көрсетті әрбір түрлі қызық-ойын.

нүптебектің  асы
Артынан палуан түсті сол арада,
Топтасып әрбір руы өз алдына.
Палуандар ретімен күш көрсетті,

Ер жігіт қайраты асқан құр қала ма?!
Палуандар алысқанда,
Арпақ-тұрпақ жұлысқанда,
Бірі ығып, бірі жығып,

Айналды іс қиынға.
Күш жеткені әлсізін
Көрмей жатыр бұйымға,
Жыққаны мен жығылған,

Санасаңыз жиырма.
Қалмақ жақтан бір адам
Айғай салды бақырып:
«Палуан болса бұл жаққа

Келсін!»—дейді ақырып.
Басы үлкен қазандай,
Ақырады азандай,
Екі қолы шынжырлы,

Сөзі астам, ажалдай!
Қорқытқандай басқаны,
Уыстап топырақ шашады.
Сайқымазақ еткендей,

Үдеп-үдеп тасады.
«Палуан болсаң, кел,—дейді,
Көрсетейін мен,—дейді.
Белдесуге шықпасаң,

Бәйгемді әкеп бер,—дейді.
Мойынын бұрап жұламын,
Болса шықсын ер»,—дейді.
Көк бұқадай өкіріп,

Басы-көзі терлейді.
Байлаулы тұр қазықта,
Қасына ешкім келмейді.
Көріп тұр елдің данасы,

Үлкені мен баласы.

тарихи  жырлар
«Палуан жоқ па шығатын,
Аралап елді қарашы!»
Болыстар жүр аралап,

Палуандар отыр паналап.
Әбілданы көрген соң,
Шақырды Мақсұт аралап.
«Әбілда, келші інім-ай,

Кімдікі намыс білдің бе-ай?
Менмендеген палуанды,
Көрмеуші едің бұйымдай.
Мұқтаж етіп анаған,

Қоясың ба күнім-ай!
Шоңсынып тұрған бәлемді,
Ұшыршы бір жұлындай!»
Әбілданы көрген соң,

Қызай, албан жиылды-ай.
Қолын жайып үлкендер,
Бата берді шуылдай.
Шешінді сонда Әбілда,

Әруақтарға сыйынды-ай.
Ықыласын сыйлап ел-жұрттың,
Сыбанып жеңін түрінді-ай!
Аппақ қардай денесі,

Тоқпақтай бұлшық жебесі.
Атасы қандай жан екен,
Тапқан қандай енесі?
Киімін шешіп алысты,

Ел қозғалмай қалысты.
Бүркелген соң ақ шапан,
Атына Мақсұт жабысты.
Ақ боз ат тұр тік шапшып,

Майданға қарай шабысты.
Жұлқынып тұрған жотада,
Қоршалап алған ортада

нүптебектің  асы
Әбілданы көрген соң,
Әлгі палуан ақырып,
Жұлқынды қазық қопара.

Екі жігіт жетелеп,
Әкелді оны ортаға.
Шынжырын алып қолынан,
Арқанын алып мойнынан,

Қоя берді жазғанды,
Бақытын сұрап алдынан.
Жетіп келді қасына,
Топырақ шашып басына.

Алпауыттай дәу қара,
Көзін жауып шашы да.
Анадай келіп тұрысты.
Толғап мойын бұрысты.

Ызалы көзбен атысып,
Бірін-бірі сынасты.
Біріне-бірі жақындап,
Ұстаспай жұдырық ұрысты.

Екі дәу жолбарыстай жұлқыласты,
Тіресіп иықтарын, сүзіп басты.
Тигізбей денесіне қолдарын да,
Қағысып аяқпенен көп алысты.

Ұстаспай осылайша алысты кеп,
Жұлқысып арыстандай қағысты кеп.
Әдіс-айла сан алуан істетіп боп,
Бір кезде жұдырықпен соғысты кеп.

Анау ұрды Әбілданың бүйірінен,
Шыққандай болды Әбілда иірімнен.
Әбілда түйіп кетті балық еттен,
Күш кетті сонда дәудің иінінен.

Шап берді мойын түптен оны бұрап,
Әбілда дөңгелетті үйірумен.

тарихи  жырлар
Көтеріп алып ұрды шарқ еткізіп,
Қарғадай тұйғын тепкен барқ еткізіп.
Кеткендей жерге еніп сонда болды,

Табанын күнге қарай жарқ еткізіп.
Әбілда атып тұрды бір нығарлап,
Жыққанын куәсіне бастан аттап.
Мақсұт жүр қуаныштан «а, құдайлап»,

Жолды алып сыйлығымен қос қабаттап.
Сыйлықты Мақаң тартты ұлықтарға,
Сыйлады мың теңгені берді оларға.
Палуанның өз бәйгесі бір ат еді,

Оны алып, тапты олжа Әбілда да.
Жылады анау егіліп,
Көзінен жасы төгіліп.
Астамсып келген батырың,

Жүрген екен жаңылып.
Өліктей жатты созылып,
Бетінен ары төгіліп,
«Асқанға тосқан» дегендей,

Ақыры қалды жеңіліп.
Жігіметтің сынып атағы,
Ешкіммен болмай шатағы,
Палуанына ыза боп,

Құсаға терең батады.
Қарамай ойын артына,
Міністі тегіс атына.
Жығылғанын ар көріп,

Жөнелді қайтып артына.
Жеңісін Әбілданың көзбен көріп,
Қуанды жиылған жұрт аттай желіп.
Тұрпаңнан дар ойыны келген екен,

Ойысты барша халық соған толып.

нүптебектің  асы
Бір шанжы қолына алып жүрмек болды,
Шулаған ел ішінде дүрмек болды.
Арқанның биіктігі қырық метр,

Кезді ол сол арқанды оңды-солды.
Шаншылып төбесімен жерге үңілді,
Мынаның өмірінен ел түңілді.
Қарайды күлген елдің күлкісіне,

Жайраңдап оның өзі тым көңілді.
«Мұнан ұшса өлді» деп қарап қалды,
Ілініп өкшеменен салақтады.
«Өлмеген несі қалды, енді өлді!»—деп,

Халықтың екі көзі алақтады.
Әлі бар мұның тағы тамашасы,
Қызыл киген, қып-қызыл сақал-шашы.
Қырқылжың, қырма сақал адам екен,

Отыздың іштерінде жас шамасы.
Бір жазым мін таппайсың сүйегінен,
Толқыған күміс шыбық білегінен.
Босатып екі қолын жібергенде,

Лып етіп ілінеді иегінен.
Осындай таңғажайып өнер деген,
Қажырлы келеді екен өршілдерден.
Осымен дар ойыны болып тамам,

Кезекке ат бәйгесі сөзі келген.
Ертесі ат шаптырды ойға келіп,
Мақсұтта басқаратын болып ерік.
«Сыйлығы дау-дамайсыз таралсын»—деп,

Ұстады ат бәйгесін Уаң ұлық.
«Ат қосып орта жолда жүрмесін»,—деп,
Шығады ат айдауға жігіт қырық.
Жөнелді сәйгүліктер тобын жазбай,

Балалар жарасымды үйрек-қаздай.

тарихи  жырлар
Бәйгелер еліреді ала қашып,
Жараған қақтөс болып ала жаздай.
Сол түні таң атқанша жылдай болды,

Жазығы Шалкөденің құмдай болды.
Шұбырған сорабынан санағанда,
Мөлшермен аттың саны мыңдай болды.
Жеткенде Мұқамия тоғанына,

Орманды өзен бойы Қоғалыға.
Келеді: «Айда, айда, шу!» ұран салып,
Кей бала аттың сырын ұғады да.
Бақтарын кейбіреулер сынасып жүр,

Кейбіреу: «Ат қайсы?»—деп сұрасып жүр.
Кейбіреу: «Аман ба екен, балалар?»—деп,
Кейбірі: «Сақтай көр!»—деп жыласып жүр.
Бөлініп келе жатыр бір топ қараң,

Келеді топтан озып жалғыз баран.
Қарасақ тағы Еркінбек Ақтабаны,
Не қызық өтіп кетті-ау сол бір заман!
Екінші ат көрінеді қылаң болып,

Бексейіттен айқай шықты ұран болып.
Ел қаптап ат көрсетпей қара нөпір,
Шаң қаптап қара түнек тұман болып.
Танылды Нүсіп манфаң бурыл аты,

Осындай болады екен істің сәті.
Бурыл мен Төбелкерге қаптаған ел,
Бексейіттің ұрандаған өңкей қарты.
Үшінші, төртінші ат та келіп жетті,

Мұндайда ұран салу елдің салты.
Бесінші ат Жайырбектің Бесқұйрығы,
Болады құдай берсе жол бұйрығы.
«Таласпа Тәңір берсе» деген сөз бар,

Сасанда ылғи саңлақ ат жүйрігі.

нүптебектің  асы
Алтыншы ат Әуелханның көк сұр аты,
Бұл дағы бөтен емес—өз жұраты.
Жетінші ат Оразханның Сарқызылы,

Сасанның Оразхан да бір қанаты.
Талай ел аты келмей қапаланды,
Қуанып Мақсұт болыс арқаланды.
Беріпті Құдай бұған аямай-ақ,

Бергенін қараңдаршы мал мен бақты.
Жинапты осынша мал, сонша дәулет,
Бәйгеде тағы болды маңдай алды.
Алдыңғы жеті бәйге өзінде қап,

Көре алмай бәйгесіздер іштен жанды.
«Атымыз жерімізде еді күлік,
Әкелдік бұл бәйгеге қанша жүйрік.
Мақсұттың тағы бізден асқаны-ай!»—деп,

Нақысбек қапаланды іші күйіп.
Бұл асты жиналған ел көзбен көрген,
Талайдың үміттенген аты өлген.
Бұрлығып талай саңлақ жолда қалып,

Сенімі селге кеткен көптен сенген.
Сексен ат өлді дейді асқа келіп,
Көрмедік мұндай сұмдық жасқа келіп.
Қызыры бұл сасанның оңай емес,

Бақ-дәулет қонғаннан соң басқа келіп.
Келген ел өздерінше кеңеседі,
Сасанмен қандай адам теңеседі?
Бәйгені озған аттар үлескен соң,

Қайтуға енді халық жөнеседі.
Ас тарар ақырғы кез келді жуық,
Сыпырып үзік-киіз, ши-туырлық.
Музыка-сырнай тартып шеріктері,

Аттанды елден бұрын тұңлиң ұлық.

тарихи  жырлар
Манаптар манаурасты әрең тұрып,
Орнынан жабырласа киім киіп.
Қош айтты Нүптебектің қауымына,

Қол алып, кеуде басып, еңсе иіп.
Ас тарап сол күн түсте найза түсті,
Ақ торғын, қара шашақ, үшкір ұшты.
Ақ жайлау әсемденген ақ боз үйден

Жабықтан тұл жиылды төрт бұрышты.
Не қалды? Тіккен үйдің жұрты қалды,
Кемірген сүйек-саяқ иті қалды.
Қан сасып қаралы ауыл көк жайлауы,

Сүреңсіз күңіренген сиқы қалды.
Жұлдызға хан уаң да жөнеседі,
Тарихтан бұл айтылған кеңес еді.
Ас беріп шақырған соң келген бұлар,

Болмаса бірін-бірі көрмес еді.
Көрген көз көрген іске қалыс еді,
Бұл аста артта қалса, намыс еді.
Сол аста Нүптебектің қыздары айтқан,

Мынау бір қыз-келіншек дауысы еді:
Бисмилла,—деп әуелі,
Бастайын сөздің самалын.
Әкемізден айрылып,

Қандай болды-ау заманым?!
Айдын-асқар тауым-ай,
Отырмын құрып амалым.
Жылады деп сөкпе, жұрт,

Алыс-жақын ағайын.
Ханекем көшті бақиға,
Іздесем қайдан табайын?!
Тор жорғаның үстіне,

Алтын кілем жабайын.
Әкемді жоқтап ел-жұртым,
Зиратына барайын.
Артыңда қалды шашылып,

нүптебектің  асы
Қазына, жиған сарайың.
Оһ, дариға-ай,
Асылым, әке, жасыдым!

Бисмилла сөздің басында,
Еркелеуші ем қасыңда.
Асылдан басқа кигізбей,
Нөкер қостың қасыма.

Бақиға көштің, әкем-ай,
Қырық жеті жасыңда.
Жеті атаңнан үзілмей,
Дәулет қонған басыңа.

Жоқтамай қайтіп отырам,
Әкемдей қормал асылға?!
Оһ, дариға-ай,
Әспетті әкем, жас кеттің!

Асылым, әкем, ақылым,
Күйінді алыс-жақының.
Дәулет бітіп жасыңда,
Даңқыңды жұрттан асырдың.

Бұйрықты күннің біткені-ай,
Татар дәм мен тұзыңның.
Әкемді бізден айырып,
Қара жер бетін жасырдың.

Мың тоғыз жүз жиырма
Бірінші жыл ғасырдың.
Дариядай аққан көңілім,
Бір-ақ күнде басылдың.

Оһ, дариға-ай,
Айдыным әкем, айрылдым!
Осымен сөз аяғын етем тамам,
Кісендеп, шынжырлаған мынау заман.

Көргеннен көрмеген күн жақсы болсын,
Оқыңдар, кейінгі жас, болсаң аман.

Әлді тұрып әлсізге қылар зорлық,
Қолыңнан тартып алса, ол бір қорлық.
Дүние-ай тұрағы жоқ шыр айналған,
Тұрмасын жалған қолда болжап болдық.

Мықты жүр ойлағанын қолмен істеп,
Тастан темір шығарып, кірпіш тіктеп.
Өз қолында болса да қанағат жоқ,
Кеңейтпек ол іргесін зорлық қылып.

Батыстан орыс шықты өрлей көшіп,
Сүйретіп көк арбасын, жерді кесіп.
Қазақтың қыстау, жайлау, көктеулігін,
Келеді кеміріп жеп, бөліп-пішіп.

Қазақтың кең даласын басып алмақ,
Бағын деп боданға алып, мөрін баспақ.
Сайланған салдаты бар сан мыңдаған,
Көнбесең бесатардан оғын шашпақ.

Әуелде ойы арам деп тектемеген,
Кең құрсақ қазақ елі кет демеген.
Ақыры өз жерінен шыққанда айдап,
Ел тамсанды «қорлық деп бұл не деген?!»

Зорлыққа көнбейміз деп қазақ шықты,
Белдесіп айқасып жүр талай мықты.
Күштіге көмегі көп әлі келмей,
Әлсіз ел амалсыздан кейін ықты.

Сәтбек

сәтбек
Бір қисса сөз сөйлейін сол заманнан,
Анадан өлмей қалмас туған адам.
Мекені Қызылжардың ар жағында,

Өсіпті жалғыз жігіт бір ұядан.
Аты екен ол жігіттің Сәтбек мырза,
Көрген жан құрметіне болады риза.
Жігіттер, басы жұмыр не бар дене,

Кез қылған бір пәлеге Жаппар Құда.
Алыпты Сәтбек мырза екі қатын,
Тіл жетіп, айтып болмас салтанатын.
Қас қылған тоғыз жауын бірдей қырып,

Патшаға аузы барып айтқан дәтін.
Жеккені парлап шана қаракерге,
Не бермес талаптанса саналы ерге.
Берген соң мал мен басты бір Құдайым,

Қондырған екі ауыл қып екі жерге.
Сәтбектің талабына ел таңғалды,
Өзі де маңызды жан, тым байсалды.
Аямай Құдай дәулет бергеннен соң,

Тоқалға Орал таудан орын салды.
Отыз күн бәйбішеде тұрады екен,
Отыз күн тоқалында тұрады екен.
Кермеге қос қоңырды қатар байлап,

Сейілді екі ортада құрады екен.
Үш ұлы бәйбішенің, бір қызы бар,
Дүние-ай, үшбу жалған жан-жағы тар.
Аты екен сол қызының Бәтіш сұлу,

Көрген жан оған ынтық болады зар.
Тоқалдың да бірнеше баласы бар,
Екі қатын болған соң арасы тар.
Осы бір кенеріне кең дүние,

Жақсылық пен жамандық таласы бар.

тарихи  жырлар
Жүреді Сәтбек мырза күліп, ойнап,
Жаманға алыс, жақынмен көңіл аулап.
Ауылында бәйбішенің бір ай жатып,

Соғымын сойдырыпты әбден жайлап.
Ауылында бәйбішенің бір ай жатты,
Алланың нәсіп қылған дәмін татты.
Соғымын тоқалының сойдырмаққа,

Пар жегіп қос қарагер соған тартты.
Келеді қос қоңырды ентелетіп,
Түс ауа жетемін деп үміт етіп.
Сәскеде бір шай ішіп шығып еді,

Болғанда кіші бесін келді жетіп.
Тоқалға аттан түсе амандасты,
«Ағалап» балалары жабырласты.
Кіргізіп есік ашып әдемі үйге,

Жасаулы дайын тұрған шайдан ішті.
Алаңсыз жүрген адам көңілі жай,
Жүрегі тулады аттай, япырым-ай!
Өзіне не болғанын өзі білмей,

Төңкерді бір шыны да шай іше алмай.
Ер Сәтбек сыртқа шықты шыдай алмай,
Қия ма ерді қатын құдай алмай?

—Сағынып, бір ай жатып келген, мырзам,

Не болды бүгін сізге аунай алмай?
Сондағы тоқалына айтқан сөзі,
Ішіп-жеп айырмайды екі көзді:

—Бір сұмдықтың болғанын көңілім білді,

Бар ма екен бір дұшпанның құрған тезі?
Ойлады қайта ауылға барайын деп,
Қолыма бар қаруды алайын деп.

—Жегіп бер малшыларым кошеуамды,

Қайталай түнделетіп салайын деп.

сәтбек
Құдайым артық көрген Сәтбек ерді,
Әр істі жақсы-жаман көзі көрді.
Айтқанын мырзасының екі қылмай,

Қос боз ат кошеуаға шегіп берді.
Алыпты алтыатарын, қанжарымен,
Алла деп жалғыз жүрді сайманымен.
Болғанда түн ортасы—мезгілі дәл,

Келеді екі ақбоздың пәрменімен.
Қораға Сәтбек мырза келеді енді,
Байлаулы тоғыз атты көреді енді.
Сайлаған қару-жарақ, түсі суық,

Келгенін бір дұшпанның сезеді енді.
Айналып малшысының үйіне енді,
Білейін не сұмдық деп мынау сырды.
Дыбыс жоқ үй ішінде, тас қараңғы,

Кесілген он екі бас көзі көрді.
Көрді де, жаны ұшты бұл сұмдықты,
Шам алып өз үйіне кіріп кетті.
Есікті бар пәрменмен ашып қалса,

Бәйбіше мен үш ұлын өлтіріпті.
Қайта кеп қонақ үйге көзін салған,
Тентектің заманы ғой мынау жалған.
Шай ішіп самаурынмен отыр екен,

Бәтішті тоғыз адам ортаға алған.
Көрді де Сәтбектің де ұшты жаны,
Қалмады бұрынғыдай ердің сәні.
«Отарлап екі жаққа ой бөлмесем,

Көрдім бе мен де осындай оқиғаны.
Басымды алып қашып жөнелмейін,
Кісідей жол таба алмай бөгелмейін.
Басымды алып қашсам намыс болар,

Не көрсем Бәтішіммен бір көрейін».

тарихи  жырлар
Қорада күзетші жоқ олар қойған,
Ойында қорқыныш жоқ көңілі толған.
Көркіне Бәтішжанның қайран қалып,

Айрылып отыр бәрі ақыл-ойдан.
Қараса түгел орыс түрлеріне,
Бірінің бірі көнбес тілдеріне.
Жас қызға жаңа өспірім көңілі ауып,

Қиыспай отырыпты бір-біріне.
Қайта кеп тоғыз атты шешіп алды,
Сұмдық деп бұл не деген қайран қалды.
Қалсын деп дұшпан жаяу ең болмаса,

Аттарын бұрма талға айдап салды.
Ойлады біраз сабыр қылайын деп,
Оларды ат көздеуге шығады деп.
Шыққанын босағада аңдып тұрып,

Желкеден қиып түсіп тұрайын деп.
Соны ойлап ауыз үйге кіріп тұрды,
Көңілін Бәтіш үшін бұрып тұрды.
Өлсем де айла, қайрат қылайын деп,

Қолына алмас қылыш алып тұрды.
Басшысы тоғызының кәпір Жармақ,
Бір-бірден ат көздеуге болды бармақ.
Қолға алып өткір қылыш аңдып Сәтбек,

Қол кезек ұрайын деп тұрды арнап.
Бір-бірлеп ат көздеуге шығып жатыр,
Желкеден бар күшімен ұрып жатыр.
Мөлшері сегіз болды кесілген бас,

Қалыпты енді жалғыз Жармақ кәпір.
Шықпаған енді жалғыз Жармақ қалды,
Ойламас сол уақытта бас пен малды.
Бекініп түгел типыл қиратуға,

Қолына ақ алмасын тағы да алды.

сәтбек
Есіктің қиюынан сығалады,
Қауіп жоқ сырттағы істі кім ұғады.
Бұлар неге кешікті, келмеді деп,

Шығуға ол да сыртқа ырғалады.
Серендей көрінеді бойы биік,
Қарайды есік жаққа мойын бұрып.
Тыңдайды құлақ салып сырттан дыбыс,

Бір хабар келе ме деп көзін сүзіп.
Ат көздеуден бір хабар келмеді деп,
Болмаса аттар жоқ деп келмеді деп.
Бұл жұмбақ шешілмейтін сыр болды оған,

Келеді өзім барып көрейін деп.
Келеді ыңыранып Жармақ кәпір,
Құдайға сиынып тұр Сәтбек батыр.
Аямай ақ алмаспен кетті салып,

Жан қалмас қорыққанмен бұдан ақыр.
Барады ер Сәтбектің іші күйіп,
Әркімнің шыққан тауы болсын биік.
Сол қолын ақ алмасы алып түсті,

Дәл тимей желкесінен, жаза тиіп.
Сол қолын қиып түсті, оң қол қалды,
Шап беріп қабырғадан ұстай алды.
Көтеріп бір қолымен үйіріп жүр,

Байқасаң көп адамнан мынау әлді.
Асты-үсті ыстық үйдің түгел тақтай,
Барады оны үйіріп жел қаңбақтай.
Алысып халі келмей жүргенінде,

Айтты атын аспандағы жалғыз Хаққа-ай.
Байлаулы қорасында бір иті бар,
Босанса болысар деп қылады зар.
Алыстан даусын естіп жұлынады,

Мойнында темір арқан шынжыры бар.

тарихи  жырлар
Алысып жыға алмады Жармақ итті,
Болар ма күші басым мұндай мықты.
Жыға алмай жағаласып жүргенінде,

Бәтіші даусын естіп шам ап шықты.
Барады қысып Жармақ Сәтбек ерді,
Ағызды қысқан сайын қара терді.
Жыға алмай жағаласып жүргенінде,

Әлгі итін Бәтіш барып қоя берді.
Кетірді қара төбет кәпір сәнін,
Жіберді жаһаннамға оның жанын.
Қылтасын келе сала қиып түсті,

Сақтауы, міне, осындай бір Алланың.
Жығылды малғұн сұлап Тәңір атып,
Саусағы Сәтбек ерге кетті батып.
Жанына құдайдан соң болды себеп,

Қара иті отыз сомға алған сатып.
Тағдырдан ажал келсе адам қалмас,
Ажал жетіп келгенде жан бұға алмас.
Пайдасы тиді оған осы жолы,

Ірбіттен жүз теңгеге алған алмас.
Сол жерде демін алып біраз тұрды,
Алланың салғанына мойын бұрды.
Пар шеккен екі ақбоз ат кошеуамен,

Бәтішті кіші ауылға алып жүрді.
Бекітіп тамам үйдің қақпаларын,
Жөнелді иен тастап сонда бәрін.
Болғанда таң мезгілі, жұлдыз сөніп,

Кез қылды бір пәлеге тағы кәрім.
Тоқалы шықты алдынан панар жағып,
Жалғызым не болды деп зар-зар қағып.
Алдынан жүгіре шығып сұрағанда,

Екен деп Бәтіш ауру берді жауап.

сәтбек
Жан-жаққа түніменен адам кетті,
Үйез бен судияға хабар жетті.
«Сәтбекті жау өлтірді!» деген дүбір,

Бір күнде жер мен көкті күңірентті.
Таңертең үйез бенен судия келген,
Жанына би мен болыс ере келген.
Жалғаншы, өтірікші бұл қалай деп,

Сәтбекті өлі деген тірі көрген.
Сәтбек айтты: Жақсы кепсің, ұлықтарым,
Алдыңда дайын тұр ғой жұмыстарың.
Басымда қатты қиын жұмысым бар,

Бір ақыл табыңыздар ұғып бәрің.
Басыма түсті менің заман ақыр,
Түбінде бір жаман іс бола ма ақыр.
Не дейсің мына іске, әй, ұлықтар,

Бір ауыл түгел өліп, қан боп жатыр.
Және де өліп жатыр тоғыз орыс,
Шошиды оны көріп би мен болыс.
Қайратқа жалғыз қылған жұрт сүйсініп,

Жарайды, бәрекелді, дейді дұрыс.
Билер айтты: Өлгендер жата тұрсын,
Бір адам жандаралға хабар қылсын.
Қолында низамы бар елге жайған,

Өзі келіп айырсын оң-бұрысын.
Сол күні кісі кетті жандаралға,
Бұл хабар тез тарады оң мен солға.
Ат-азық, қару-жарақ жиып жатыр,

Бар қазақ саламыз деп жанды ортаға.
Жандарал мұны көріп кәрін төкті,
Қазақ деп бұл не деген туған мықты.
Бір орысқа он қазақ құнын кесем,

Тез әкел, тергейміз деп бұйырыпты.

тарихи  жырлар
Сайлатып аттандырды жүз он орыс,
Күштінің қылған ісі бәрі дұрыс.
Қарсыласса қалдырмай қырып тастау,

Бұл әмір низамына емес бұрыс.
Сайланып жүз он орыс жолға шықты,
Асынған қанжар, мылтық, бәрі мықты.
Суыт жүріп кеп тапты Сәтбек ерді,

Қабағын қарс жапқан бәрі уытты.
Ас ішпей үш күн, үш түн Сәтбек жатты,
Қайғысы үш ұлының жанға батты.
Қайғының қасіретінде жатқанында,

Бір күні жүз он орыс байлап апты.
Бүкіл ел мұны көріп атқа мінді,
Шақырып әр түрлі ұран, жасақ жиды.
Жанға жан, төгеміз деп қанға қанды,

Малдарын Құдай үшін айтып сойды.

—Болмасын,—деді Сәтбек арты жаман,

Әзірше арандаспа, халқым, маған.
Тексерер алып барып азар болса,
Соқтықпа жанған отқа жарқылдаған.
Келеді жүз он солдат жаяу айдап,

Тақтай қып екі қолын артқа байлап.
Алдына Ақ патшаның айдап барып,
Низамға салыстырып жазаламақ.
Алдына Ақ патшаның айдап барды,

Шеккізіп жол азабын қинап барды.
Болғанмен басты кеспек, тіл кеспек жоқ,
Кек қайнап, қызыл тілі сайрап барды.
Ақ патша сарайында отыр қырын,

Қазақтан кім көрді екен оның түрін.

—Айт!—деді,—қылмысыңның бірін қоймай,

Жазықсыз сонша адамды неге қырдың?

сәтбек
Айт деді бастан-аяқ қылғаныңды,
Білмейсің жаза басып тұрғаныңды.
Сұраусыз орыс жоқ деп ойладың ба,

Аямай ел-жұртың мен туғаныңды.
Естуім, олар біздің шарлаушымыз,
Қорғайтын ел мен жерді арнаушымыз.
Сегізін бастығымен бір-ақ қырдың,

Бітпестей ауыр қайғы бұл ісіңіз.
Олар бір бейбіт әскер жайын жүрген,
Сен, сірә, кімсің өзің жалғыз жүрген?
Қарсылық патшаға қылған ісің,

Бұзақы тентекпісің ел бүлдірген?
Айтып бер қылмысыңды бір-бір бастан,
Неліктен патшаға кегің тасқан.
Сөйлемей енді сенің амалың жоқ,

Жер пана болмас саған, ұшсаң аспан!
Ер Сәтбек жауап берді көзі жайнап,
Өшпестей көкіректе кегі қайнап.
Үш ауыз арыз айтып қарап тұрды,

Тұрса да мылтық кезеп, қылыш сайлап.
Сөйлейді майыстырып орыс тілмен,
Жасынан өнер қуып, закон білген.

—Жіберіп қырғыншы мен қарақшыны,

Халықты жайын жатқан кім бүлдірген?
Қырған кім әуелі елді, білемісің,
Сенбесең бірге жүріп көремісің?
Бұл іске бола алмаймыз біз жығынды,

Қазақ деп бізді сыртқа тебемісің?
Біз бейбіт халық едік жүрген жайын,
Қастық жоқ бізде ешкімге тұрған дайын.
Әділдік қылсаң егер шындық мынау,

Сен тыңда, мен сөйлейін істің мәнін.

тарихи  жырлар
Сол күні сол ауылға барып едім,
Келгенін сол дұшпанның біліп едім.
Өзі қырып салған соң, мен де қырдым,

Өзіне өз қылғанын қылып едім.
Өлтірген олар сол күн он алты адам,
Бір ауыл, үш ұл менің қатын-балам.
Жоқ еді алты аласы, бес бересі,

Тексеріп, әділдік қыл, болмай шабан.
Бар еді жалғыз қызым жаннан артық,
Олжалап әкетіпті олар тартып.
Үш ұл мен өлтіріпті қатынымды,

Жалғанда қорлық бар ма бұдан артық?!
Азапқа көне алмадым тірі көрген,
Кім шыдар мұндай іске басқа келген?!
Желкеден алдыңғы үйде қырқып тұрдым,

Орысты ат көздеуге бірден келген.
Тоғызын өлтіріппін нақ сол жерде,
Қалған жоқ сол арада тірі пенде.
Өзіне өз қылғанын сөйтіп қылдым,

Мінеки, өтірік жоқ сенгендерге.
Қорлыққа олар салған көне алмадым,
Почтасын жандаралдың тонамадым.
Қидым мен жанға жанды, қанға қанды,

Ешкімнен «бұл қалай?» деп сұрамадым.
Өзіне өз қылғанын қылғаным сол,
Өлтірген әуел адам ол қанды қол.
Бар болса әділдігің айыра көр,

Патшасың неше атаңнан ақылың мол.
Шарлаушы бұдан кейін жібермесең,
Қазақты басқа жұрттан кем көрмесең.
Қайтарып жер мен суын өздеріне,

Зорлықпен жерімізді бүлдірмесең.

сәтбек
Тарыдай қылмысым жоқ, арым таза,
Әділдік болмас маған берсең жаза.
Бұзылып аймақ елім атқа мінсе,

Қозғалса мазаң кетер кең сахара.
Ақ патша жандаралмен дүкен құрған,
Шындыққа көзі жетті анық тұрған.
Жалтарды жазалаудан хайла тауып,

Мынадай әдіс тапты ол антұрған:
«Тарланы сахараның, жолбарысы,
Кең тұсау, ұзын арқан ең жақсысы.
Жай сипап сауырынан жүгендемек,

Не болар бірер істің тайталасы?
Әзірше қате демей қылған ісін,
Бұйырсам қандай жаза жетер күшім.
Шошынса жік түседі орысыма,

Қонысым, іргем кеңіп ілгерілесін.
Бұл халық сахарада анау жатқан,
Жері кең, байлығы мол иен жатқан.
Низамға салыстырса жаза жоқ деп,

Әділ деп мені еліне қылар мақтан».

—Жаза жоқ,—патша айтты,—қайтасың деп,

Айдалып қорлық көрдің, қасірет жеп.
Шен берем жеті ғалам аласың ба,
Еліңе патша үшін қызмет істеп?

—Мен сенен,—деді Сәтбек,—шен алмаймын,

Елді айдап саған жағып сандалмаймын.
Ат жаман «бодан» деген басыбайлы,
Сен үшін жаман атақ таға алмаймын!
Ел үшін жазаласаң тұрмын даяр,

Мен емес қызмет істеп жанын аяр.
Сырғытып елін айдап, жерін алсаң,
Падиша бүйте берсе кімге жағар.

тарихи  жырлар
Падиша, онда сені кім жағалар?
Шуағың қалмас ықтап, ел саялар.
Шен алсам қызмет істеп падишадан,

Боданға шатылған деп жұрт табалар.
Шеніңді жеті ғалам мен алмаймын,
Алдаған құр сөзіңе сене алмаймын.
Сен үшін жан сауғалап қызмет қылып,

Боданға елді сатып бере алмаймын.
Көнбесін ер Сәтбектің патша білді,
Ойлады бұл қиын деп сөзі зілді.
Жұрты бар қатал тисем, қарсы шығар,

«Әзірше еліңе қайт!» деп бұйырды.
Ер Сәтбек аман келді үйге қайтып,
Кетсе де асқар таудай қайғы артып.
Тайсалмай ақ патшаның қарсы алдында,

Егесіп тіркескенін берді айтып.
Сәтбектің ерлігіне елі қайран,
Тиді деп қалың елге үлкен пайдаң.
Орысты жарым қарыс бастырмаймыз,

Бар халық сахарада болсақ та ойран.
Бар қазақ осылай деп уәделесті,
Береке-бірлік құрып болмақ күшті.
Көнерді қайғы тозып, бақыт таймай,

Ер Сәтбек мұратына сөйтіп жетті.

Шейітсай
Замана мың құбылып өтеді екен,
Бақ тайса, бастан дәулет кетеді екен.
Ынсапсыз арам ниет кей пенделер,

Түбіне бір-бірінің жетеді екен.
Біреудің несібесін біреу алып,
Орынсыз олжа көріп өтеді екен.
Байлығы асқан сайын кейбіреудің,

Араны айдаһар боп кетеді екен.
Болмаса ар мен ұят адамзатта,
Құтырған аш қасқырдан бетер екен.
Кезіксе қанды қолға кейбір момын,

Ажалы айдан бұрын жетеді екен.
Кей адам тастан қатты болғаны үшін,
Мыңғырып төрт түлік мал бітеді екен.
Қабылбай соның бірі осы өңірде,

Он мың қой, мыңдап жылқы біткен екен.
Әйелі Қабылбайдың Жаңыл еді,
Отызында Айгүлді көрген екен.
Ай десе ауызы бар, күн десе көз,

Оятқан түнде тербеп шолпан екен.
Қаламмен сызғандай ғып қара қасы,
Кірпігі мөлдір қара ұзын екен.
Ақ тісі інжу-маржан секілденіп,

Бұрымы толқып жерді сызады екен.
Маңдайы жарқырайды айдай болып,
Алмадай екі беті қызыл екен.
Аш белі тал шыбықтай бұратылып,

Қаймақтай үлбіреген ерні екен.
Сөзі бал, тілі шекер әрі әдіпті,

тарихи  жырлар
Күлкісі қоңыраудай сыңғырлы екен.
Керім иық, жазық маңдай, қыр мұрынды,
Көз тартар таңырқарлық мүсінді екен.

Салалы он саусағы өрім талдай,
Жаралған қолы шүлен ашық екен.
Қабылбай тастан қатты болғанымен,
Айгүлдің жомарттығы артық екен.

Қабылдың ұлы да осы, қызы да осы,
Айгүлге малдың еркін берген екен.
Айгүлдің сұлулығын көзі көріп,
Қанжарқан деген адам ғашық екен.

Төрт тоқал, бәйбішемен бес әйел бар,
Жасы да орта жастан асқан екен.
Малы көп Қанжарқанның шіріген бай,
Жалайыр деген елдің болысы екен.

Іленің терістігі жайлау, көктеу,
Сайрамкөл, Ортақсары қонысы екен.
Әнжандық өзбек қызы бәйбішесі,
Қонысы бәбішенің Әнжантекше.

Жайласа Сайрам төрін төрт тоқалы,
Бәйбіше сәл олардан тұрды ерекше.
Арасан, Ортақсары күнгей беті,
Малдары Қанжарқанның қыстайды екен.

Бәйбіше теріскейге бие байлап,
Қымызды қысы-жазы ішеді екен.
Әнжаннан туыстары саяхаттап,
Жайлауда апайына келеді екен.

«Әнжандық қаптап кетті» деп қазақтар,
«Әнжанның Көктекшесі» деген екен.
«Көк» сөзі кейінірек түсіп қалып,
Аталып «Әнжантекше» кеткен екен.

Он тоғызыншы ғасырдың басқы шені,
Мұндағы ел шабын көрмей өткен екен.
Тіл-жақты жалайырдың Қанжарқаны,
Қарулы атты әскері үш мың екен.

Тарайтын арғысы үйсін, жалайырдан,
Түтіні Қанжарқанның бес мың екен.

шейітсай
Қабылбай Қанжарқанның билігінде,
Қанжардың нағашы жақ жұрты екен.
Қанжарқан зор денелі, сақалды адам,

Жететін құлағына мұртты екен.
Жаз киіп қымқап шапан оқалаған,
Қыстағы бас киімі құндыз екен.
Жүргізген бес мың түтін жалайырға,

Қанжардың үкімі еркін өтеді екен.
Жалайыр тұтасымен басын иіп,
Қанжарды үлкен-кіші күтеді екен.
Сауатсыз, оқымаған, малмен күшті,

Дөрекі, сөзі кесек адам екен.
Міне, осы Қанжарқанның заманында,
Қабылбайда бір жалшы болған екен.
Ғазиза бәйбішесі жалшы адамның,

Толғанша сазандай ұл туған екен.
Балаға көңілі тойып ерлі-зайып,
Берікбол деп бала атын қойған екен.
Берікбол Айгүлменен бір жыл туып,

Екеуі жылы жылдас құрдас екен.
Қой жылы қос қозыдай екі төлдің,
Жаралған жаны бірге сырлас екен.
Жасынан ойнап-күліп тайға мініп,

Көрмесе бірін-бірі тұрмас екен.
Берікбол сахарада жылқы жайып,
Үйіне бір жеті де қонбайды екен.
Су қуып, соны қуып кетсе әйтеуір,

Ерғали қасына ерген жолдасы екен.
Екеуі қысы-жазы мал соңында,
Жасырмас ішкі сырын мұңдас екен.
Бас қосса, сөз етісіп қайдағыны,

Бірлікте ақыл-кеңес құрған екен.
Ауылға түс мезетте ас ішуге,
Әр тәулік бір оралып тұрады екен.
Берікболдың жолын тосып Айгүл сұлу,

Алдынан оның қарсы шығады екен.
Жігіт те аттан түсіп, тоқтай қалып,
Еріксіз солай мойын бұрады екен.
Ол тіпті арғымағын байлағанша,

тарихи  жырлар
Айгүл кеп ат шылбырын алады екен.
Көл жайлау, Әнжантекше, ну самырсын,
Аттарын талға әкеліп байлайды екен.

Берікбол аң-таң болып Айгүл қызға,
Не үшін атты алғанын сұрайды екен.

—Берікбол, өмірімнің қожасысың,

Атыңды мен байласам болмай ма екен?!
Ғашықтық махаббатым барады артып,
Көрсем де күнде қырық тоймайды екем.
Құшақтап мойынынан Берікболдың,

Солқылдап Айгүл сонда жылайды екен.
Ауызы сөзге келмей өксіп-өксіп,
Көл қылып көздің жасын бұлайды екен.
Айгүлдің көзіндегі жасын сүртіп.

Берікбол «не болды?» деп сұрайды екен.

—Екеуміз аман-есен бет көрістік,

Апырау, бұл қылғаның қалай, көкем?
Жолыңа жаным құрбан, сертім осы,
Бір басты өзің үшін арнап өтем.
Суық сөз естідің бе кейбіреуден,

Жоқ менің көңілімде ешбір секем.
Айгүлжан, жылай берме босқа егіліп,
Естіген хабарыңды айтсаң екен.
Айгүлдің сонда шығып ащы үні,

Құшақтап Берікболды қысты бекем:

—Қанжарқан тоқалдыққа алам депті,

Қорыққаннан «мақұл» депті менің әкем.
Айыпқа бұйырмашы жылады деп,
Көзімнен жас парлатпай енді қайтем?!
Мұңымды тыңдайтұғын тек өзіңсің,

Бұл жөнді кімге айтам сенен бөтен.
Өз қызын шалға бермек менің әкем,
Жаралған сорлы болып бір жан екем.
Жасымнан ойнап-күлген ғашық жарым,

Мен сенен тірі айрылып қалай кетем.
Төл едік бір жыл туған, Берікболым,
Мен үшін мына қорлық өлім екен.
Қанжарқан елшілері келіп кетті,

Барғанда ел етекке тойым екен.

шейітсай
Сол үшін сенен ақыл сұрайын деп,
Отырған сені тосып жолым екен.
Тауында аңшы сенген киік жатпас,

Жіберген жарын жатқа жігіт пе екен?!
Түсуге ел жайлаудан таяп қалды,
Байлайық бір қимылға белді бекем.
Тығып қой осы тауға азық-түлік,

Осылай өз ойымды баян етем.
Жар болып саған бір күн қызмет етсем,
Армансыз бұл жалғаннан болып өтем.

—Айгүл-ау, мына сөзің рас болса,

Бұл өзі ойламаған сұмдық екен.
Екеуіміз қол ұстасып жан бағайық,
Жан баспас тау шатқалын етіп мекен.
Бейсенбі ел көшеді тауды асып,

Жылқыны сәрсенбі айдап мен де кетем.
Күзектен осы тауға оралуға,
Алдымен Алла атымен уағда етем.
Тығайық азық-түлік, қазан-аяқ,

Жамылғы, төсеніш бар бұдан бөтен.
Жол азық жеткілікті, жағдай болса,
Барлықта нағашым бар, соған кетем.
Ел көшті жайлауынан күзеуіне,

Түйеге жүгін артты Қабылекең.
Білмейді Берікбол мен Айгүл ісін,
Түскен жоқ ойларына ешбір секем.
Ел көшіп күзеуіне барып қонды,

Қанжарға қызын бермек Қабылекең.
«Жоқ іздеп кеттім» деді Берікбол да,
Қоржынмен қыз киімін алған екен.
Киіммен бірге орап алтын-күміс,

Айгүл де жетер затын салған екен.
Бес күнде оралам деп Айгүлге айтып,
Берікбол уағдасын берген екен.
Толғанда уағдалы бес күн мезгіл,

Берікбол қос атпенен жеткен екен.
Бел байлап тәуекелге екі ғашық,
Түн қата тауды бетке ап жүріп кеткен.
Түн жүріп, күндіз жатып бекіністеп,

тарихи  жырлар
Бойына Ортақсары келіп жеткен.
Көшкенде тығып кеткен азық-түлік,
Қаз-қалпы сол орнында тұрған екен.

От жағып, шай қайнатып Айгүл сұлу,
Жарына тұңғыш шайын құйған екен.
Ал енді ерлі-зайып болдық десіп,
Некені «алдым, тидім» қиған екен.

Кешегі қара тұман қасіретін,
Жүректен екеуі де қуған екен.
Балауса махаббаттың балғын дәмін,
Қосылып екі ғашық татқан екен.

Ну орман, самырсынның арасында,
Сайрандап қызыққа еркін батқан екен.
Ал енді ауыл жақтан сөз қозғайық,
Қабылдың ауылы шу: «аттан!» екен.

Таң атып, күн шыққанша қызды іздесе,
Із-түзсіз ғайып болып кеткен екен.
Бұл маңнан іздестіріп түк таба алмай,
Ақыры Қанжарқанға шапқан екен:

—Ұрланған қызды берсін,—деп адам сап,

Күдігім осы ауыл жақта,—деген.

—Бөтен із ауылыма келгені жоқ,

Қанжарқан салттан аттап лаққан екен.
Берем деп Айгүлімді айтқаным бар,
Үн-түнсіз қызды неге ұрлайды екен.
Той жасап, ел шақырып, ат шаптырып,

Баламды өз қолымнан бермей ме екем?!
Қызымды қолыма сал ей, Қанжарқан,
Қабылды ашу-ыза кернейді екен.
Білмеймін анау-мынау былжырақты,—

Деп Қабыл Қанжарқанға төнген екен.
Қанжарқан қылышты алып сөзге келмей,
Қабылды қақ маңдайдан шапқан екен.
Ажалы Қанжарқаннан Қабылдың боп,

Боялып қызыл қанға батқан екен.

—Қақпастың сөзін қара айтып тұрған,

Кісісін тәлкек етер тапқан екен.
Қашырып қатынымды қоя беріп,

шейітсай
Жал тауып маған жала жаппақ екен.
Жиналсын үш жүз әскер, қызды тапсын,
Ол неме көкте ме екен, жерде ме екен?!

Осы елде кім бар, кім жоқ анықталсын,
Менімен жағаласар кім бар екен?!
Әскерлер бес күн шауып хабар тапты,
Берікбол жылқы баққан сол жоқ екен.

Ұстады Ерғалиды білесің деп,
Дүрелеп сексен қамшы құйрық еттен.
Айтпапты «өлтірсең де білмеймін» деп,
Ер жігіт досы үшін күйгендіктен.

Осылай тұс-тұс жаққа сұрау салып,
Зорлық қып әр-әркімге бұрау салып.
«Ит-құсқа Берікболды жем қыламыз,
Қайда,—деп,—Айгүл сайқал?!» сапты қауіп.

Жайлауға Ортақсары іздеп келді,
Алыстан шығып жатқан түтін көрді.
Аяңдап, аңди басып, суға келіп,
Екі аттың ар жаққа өткен ізін көрді.

Майбасар деген адам былай деді:

—Дәл осы Берікбол мен Айгүл болды.

Қоршайық төңіректі білдірместен,
Ұстайық жатқан жерден дереу,—деді.
Қоршады елу адам төңірегін,
Екеуін ұйықтап жатқан көрген екен.

Біреуі қатқан ырғай шоқпарменен,
Туралап Берікболды ұрған екен.
Бір аунап, шөп шеңгелдеп, шөге түсіп,
Берікбол тілге келмей өлген екен.

Шырылдап Айгүл сұлу қолды болып,
Қуғыншы байлап алып жүрген екен.
«Ағалар, мұсылмансың бәрің дағы,
Берікболды көмулерің жөн» дейді екен.

Бір тілегім болсын деп қиылса да,
Сөзіне ешкім көңіл бөлмейді екен.

тарихи  жырлар
Жалынып-жалбарынып Айгүл жылап,
Түйедей ботасы өлген боздайды екен.
Бастаған елу адам отағасы,

Қаныпезер, қара ниет қастай екен.
Мырс етіп кекеп күліп «ит жесін!» деп,
Көмбестен Берікболды тастайды екен.
Көмілмей ашық қалды осы шейіт,

Ғайыптан бір ит келіп сақтайды екен.
Басына тырнап үйіп топырақты,
Сонымен бетін жауып тастайды екен.
Қызды алып елу әскер Талды әкелді,

Өлер деп суға қарғып ұқпайды екен.
Өзені Ортақсары ағынды су,
Осыған Айгүл өзін тастайды екен.
Жабылып қуып жүріп улап-шулап,

Шақырым жерден барып ұстайды екен.
Жан шығып, әлдеқашан өліп қалған,
Кезеңге оны көміп тастайды екен.
Ерғали жарақаты сауыққан соң,

Сүйегін Берікболдың жоқтайды екен.
Сол жатқан орынынан қозғалмапты,
Бір қара ит Берікболды сақтайды екен.
Еркелеп Ерғалиға қыңсылайды,

Хайуан да адам үшін жылайды екен.
Ерғали «жан досым!» деп айғай салып,
Еңіреп дауыс айтып зарлайды екен.
Арқалап алып барып бір қуысқа,

Қалқа ғып аузына тас қалайды екен.
Бір қонып екеуіне Құран оқып,
Аманат осы сайға арнайды екен.
Батыста Айгүл жатыр жерлігінде,

Берікбол бір қуысты алған екен.
Екі жас өз жауынан шейіт болған,
Ел мұны «Шейітсай» деп атап кеткен.
Берікбол бір жалшының баласы еді,

Жалайыр, қазақ ұлты келу тегі,

шейітсай
Ғасырды бір ораған осы шейіт,
Сартап боп сол үңгірде жатыр әлі.
Ауыздан-ауызға аңыз болып келген,

Бұл іске бір жүз қырық жылдан асты.
Жарықтық ақалақшы Мыңжан атам,
Тарихын Шейітсайдың қалдырыпты.
Үй толы тыңдаған жұрт құлақ түре,

Ағызды жанашырлық көзден жасты.
Мен мұны қисса қылып жазып шығып,
Атама «мінеки» деп ұсынғамын.
«Жарайсың, ғұмырлы бол, келінім-ай»—деп,

Батасын алғандығым болсын мәлім.
Мың тоғыз жүз қырық алтыншы жыл

көк жайлауда,
Мелшіктің аузында тәмамдадым.
Міне, бұл Шейітсайдың шежіресі,
Жұтты ақыр екі жасты ел егесі.

Дәм бітер ертелі-кеш десек тағы,
Озбыр күш талайды өстіп зар еңіретті.
Қазіргі ғашықтардың арманы не,
Бұрынғылар сорлады өліп бекер.

Шакура қисса қылып айтқан мұны,
Бар болса қатесін жұрт түзеп кетер.

Әуелі сөз сөйлейін Сақаридан,
Жігітке өнер алды аузын тыйған.
Бейнетті бастан өткен мен айтайын,
Бір мәмбет келген екен құдай ұрған.

Бір мәмбет жон сауырды өрт боп шалды,
Жанына Әлім ерді қосып алды.
Құдайдың оңдамасын сонда білдім,
Жаңдарын серігімен жинап алды.

Жаңдарын тасқа басып дүре салды,
Әлімнің оттағанын қабыл алды.
Болған соң кәпір өктем амал бар ма,
Қорқытып қолымыздан қағаз алды.

Тағы да сөз сұрайды Тыныбайдан,
Жаныма қаза жетсе бір Құдайдан.
Ісіне Құдіреттің амал бар ма,
Қалдырып үміт кетті, шыбын жаннан.

Бақыртып Тыныбайға дүре салды,
Қамалап қалың шерік қолына алды.
Біреуі желкесінен басып жатты,
«Қайтем—деп,—әттең, жұртым», ойбай салды.

Қорыққаннан дүңгенді көрдік дейді,
Үш кісі бір қоржынды бөлдік дейді.
Құдайдың оңдамасын сонда білдім,
Жартысын Сақариға бердік дейді.

Сақари

сақари
«Алғаның Тыныбайға қайда?—деді,
Іздегенің қартайғанша пайда,—деді.
Қоймаған қартайғанша жамандықты,

Кісендеп, кендірменен байла»,—деді.
Қолымды кендірменен қойды байлап,
Өтті ғой қызыл тілім мұнда сайрап.
Қосылды бір кісіге екі кісі,

Үш кісі бір кісіге болды айғақ.
Кісендеп, кендірменен байлады ғой,
Қамбаймен Буыршынға айдады ғой.
Бойына Шалшықбайдың бір түнетіп,

Қайықтан қойдай қылып айдады ғой.
Алдымнан кәпір шықты бізге қарап,
Аштықтан қатпа болдық біз де жарап.
Түбіне қараңғы үйдің отырғызып,

Қолына шән алды-ғой бізді санап.
Біздерге қиын болды қашып кету,
Ойладық осы күн деп ажал жету.
Ісіне Құдіреттің амал бар ма?

Ілінді қол-аяққа бір бекіту.
Шынжырлап аяғына кісен салды,
Түймені, тымақ бауын, кесіп алды.
Етікті аяқтағы шешіп алып,

Шеріктер өзі біліп киіп алды.
Қолымды темірменен шегелеген,
Қызыл тіл қорыққан соң не демеген.
Бір уақыт аштық деген тағы жетті,

Кәпірлер жеген астан «мә» демеген.
Әкеліп темірлеген үйге салды,
Құдайым бізді мұндай күйге салды.
Қандала мен бүргесі қалың екен,

Жау болып ол да бізден кегін алды.

тарихи  жырлар
Түбі екен абақтының кесік ағаш,
Түбінде құрып қойған тескен ағаш.
Кеш болса ол тесікке аяқ салып,

Көзіңнен таң атқанша ағады жас.
Ол ағаш аяғыма жаман батты,
Шыбын жан мұны көріп састы қатты.
Ағашта таң атқанша шуылдаймыз,

Бір кәпір таң атқан соң аузын ашты.
Бір кәпір, бірі дүңген бізді баққан,
Шақырып есік ашып, үйді жапқан.
Білмейтін қазақ тілін екеуі де,

Арқаның қышығанын қолмен тапқан.
Құдайым түсірді ғой темір торға,
Болды ғой күнде суық біздің сорға.
Жүретін ойнап-күліп заманым-ай,

Кісені аяқтағы қылды жорға.
Кешке бір, таңертең бір сигізеді,
Бұл жағдайды еліме кім білгізеді.
Кісен бар аяғымда, жүре алмасам,

Қамшылап «қарғып жүр» деп зіркілдейді.
Қорегім жалғыз шыны болды бидай,
Жатқам жоқ Буыршынның тамын қимай.
Сарыауру үстімізге болды қонақ,

Қақтығып абақтыға жатсақ сыймай.
Барады жүрегімді бидай тесіп,
Тырнағым, шаш-сақалым кетті өсіп.
Айтайын қайсы бірін уайым қып,

Барады қол-аяқты темір кесіп.
Қозғалар болмады ғой бізде шама,
Достарым күйінетін қылар таба.
Үрпитіп шашымызды қоя берді,

Құдай-ау, тас...қ кесіп қыз қыла ма?

сақари
Еркін қып жатқыза ма тектен-текке,
Әкеліп салып қойды көп бейнетке.
Тұңғиық қара суға түсіп кеттік,

Шығамыз қайдан барып, Әлім серке.
Әлім ер кәпір көрсе бас ұрады,
Жаз болды бізді тынбай асырады.
«Жан бергенге, дән берген» деген осы,

Тамақты етегімен жасырады.
Ауырып Тыныбайдың қаны қашқан,
Үйіне сәлем айтып арыздасқан.
Білерсіз осы сөзді көңіл қойып,

Ауру кәпірменен араласқан.
Иманға мұның аузы болған епті,
Ел жұртын арыз айтып еңіретті.
Бейсенбінің кешінде дүниеден,

Пәниге сәлем айтып өтіп кетті.
Болды ғой осылайша менің жайым,
Қойды ғой еңіретіп бір Құдайым.
Кісіге бауыр деген барады өтіп,

Жылайды Жеңісбай мен Айшатайым.
Күніміз жылауменен өтер ме екен,
Айығып бастан тұман кетер ме екен?!
Сайрайды абақтыда қызыл тілім,

Арызым екі уаңға жетер ме екен.
Алдияр құлдық айттым шын уаңға,
Қайтпайды жұрттың бағы сөз тұрғанда.
Нақақтан мұндай қатты мехнат көрдім,

Кегенде шарапаттың жоқтығы ма?
Сәлем де торғауытта Козеинге,
Қазақтың торғауытпен төрі бірге.
Тұтқыннан құтылатын күн бола ма?

Тұтқыннан құтқарудың жолын ізде.

тарихи  жырлар
Алдияр, құлдық айттым төремізге,
Біз барып алтын жүзін көреміз бе?
Кәпірден қорыққан соң оттай берді,

Бір ауыз өтірікпен өлеміз бе?
Тақсыр-ау, қағаз беріп, бізді сұрат,
Сіздерден өтірігім болды-ау ұят.
Қаракөк атаңыздан үзілмеген,

Көреміз Құдайдан соң сізді қуат.
Сәлем де бейсі төре Сағдоллаға,
Керейге залың төре болған аға.
Сегізден екеу өліп, алтау қалды,

Жылайды құба тамда алты бала.
Сәлем де және тағы Көксегенге,
Бұл кәпір салам дейді елді жөнге.
Кәпір өктем болған соң амал бар ма?

Ұрады сансыз таяқ көнбегенге.
Сәлем де Торайғыр мен Оспан биге,
Қамалды сіздің кісі бізбен бірге.
Керейден бақ қайтатын шақ болды ма?

Шуылдайды он бір кісің қараңғы үйде.
Сәлем де меркіттегі Қабыл биге,
Тілеуің қазыбекпен еді бірге.
Әруағы кәрі бидің қолдаушы еді,

Құдайым жолықтырды мұндай күйге.
Сәлем де Бапшы менен Тыштықбайға,
Жапар залың, Ошың мен Қибатайға.
Жүретін ойнап-күліп қайран құрбым,

Көзіме көрінбейді Мардан қайда?
Сәлем де жәдіктегі Өміш ерге,
Салды ғой бізді кәпір қазбай көрге.
Дұғагөй керейдегі пірім едің,

Бере көр ақыл тауып жас билерге.

сақари
Сәлем де қазыбектегі Бұлан биге,
Салды ғой кәпір бізді қараңғы үйге.
Бойында Буыршынның көрінбейсіз,

Кәпірді тонасып па ең, бізбен бірге?!
Қарсылық сізге қылып болмадым ба,
Жасымнан жамандықты қоймадым ба?!
Қазыбектің тоқтысына таласушы ең,

Болмаса бір тоқтыдай болмадым ба?!
Қисықтық сізге қылған жерім бар ма,
Құдайым жолықтырды пейілі тарға?!
Ақтығым бір Құдайға мәлім еді,

Ұрлаған бір елтірі жерім бар ма?
Барады бастан өтіп мына жалған,
Айтпаса, көкіректе кетеді арман.
Кісі басы есеппен бидай тиеп,

Алмай ма бидайымнан бұлан алман.
Сәлем де Жақып тәйжі амбымызға,
Кәпірден бізді сұрап алдыңыз ба?
Алуға бізді сұрап келіп едің.

Қара құстай, жемге айналып қалдыңыз ба?
Сәлем де Бұршақбай мен Жанымқанға,
Көрсетті қатты азап шыбын жанға.
Сәлем де және дағы Қанапияға,

Құт қонған атаңызға еді дана.
Сәлем де Баттал, Оспан ағамызға,
Осыдан аман-есен барамыз ба?
Кәпірден қорқып, Құдайдан ұялмай-ақ,

Жап-жақын пәле жаптық ағамызға.
Сәлем де кәрі әке-шешемізге,
Жалғаннан ажал жетпей кетеміз бе.
Ажалдан адам қашып құтылмайды,

Барамыз аман болсақ елімізге.

тарихи  жырлар
Сәлем де рақымет Бурақанға,
Ауылда үлкен-кіші, тірі жанға.
Ажалдан адам қашып құтылмайды,

Барамыз аман болсақ, иншалла.
Мақтанып биің мен деп келіп едің,
Бес ат, бір түйе ақыға беріп едің.
Бастан қылған қадетің осы болып,

Кәпірге шегелетіп кетіп едің.
Бес ауыз сәлем жаздым Сауырыма,
Ағайын Сауырдағы бауырыма.
Маған сәлем айтпады демеңіздер,

Барып жөнін айтармын ауылыма.
Болды-ғой осылайша жазған хатым,
Жоқ шығар ағайынға жаманатым.
Қор болды жаламенен нақақ басым,

Ұры болды Сақари деген атым.
Алланың рақымына ұсынам қол,
Ашылар мен ғаріпке қай жақтан жол.
Дариға-ай, жарық жерге қашан шығам,

Алдыма ада болып құрылған тор.
Бейнетке шыдай алмай мен жатырмын,
Қайтейін көп болған соң маңдайда сор.
Пендеңе, кеңдік-тарлық бір өзіңде,

Иләһи қыла көрме пендеңді қор.
Сайрандап бостандықта жүруші едім,
Құрбымен құрша ойнап күлуші едім.
Болды ғой мына пәле қазылған ор,

Аяққа тұсау болып қылды ғой қор.
Бейнеттің бастан кешкен бәрі де аян,
Алланың жазуынан шықпас адам.
Көпшілік, аз болды деп айып етпе,

Сонымен бұл жазғаным болды тамам.

Ғ Ы Л Ы М И

Қ О С Ы М Ш А Л А Р

Томға енген мәтіндерге түсініктеме

ҚОЖЕКЕ

Жырдың бас кейіпкері Қожеке өмірде болған, Жетісу,
Қытайдағы Іле өңірінің қазақтарына кең танылған дәулескер
күйші. Жергілікті болыс-билердің қудалауына түскен Қожеке
шекараның арғы бетіне өтіп, сондағы туыстарын паналайды.

Бірақ озбыр күш, өктем билік ақыры жазықсыз күйші мен
оның ұлы Нұрқаны дарға асып өлтіреді.
Шығармада қаншама түрме азабын көріп, сан рет таяққа
жығылса да рухы сынбаған, жігері жасымаған Қожекенің

өр тұлғасы шынайы бейнеленген. Оның «Ел азасы», «Күй
шақыртқы», «Жиренше», «Көрұғлы», «Шалқайма», «Сары­
арқа» секілді өзінің, халықтың және Құрманғазының күй­
лерін орындаған сәттері жырда ерекше әсерлі өрілгенін аңғара­

мыз. Бұл тұста жыршының поэма шебері Ілияс Жансүгіровтің
«Күй», «Күйші» сынды шығармаларымен таныстығы айқын
көрінеді. Аталған туындылардың өн бойында Жетісу-Іле
аймағына тән тілдік, стильдік ұқсастықтардың болуы заңды

құбылыс деп түсінген ләзім.
Қожекенің күй аңыздары ел арасына кең тараған. Жырлау­
шысы—ақын Таупиық Жексенбайұлы. Ол кісіден Іле аймағы,
Текес ауданының қазағы Ошақбай Қайранбайұлы көшіріп ал­

ған. Алғаш 1992 жылы «Текес ауданының қисса-дастан­дары»ат­
ты халық әдебиеті үлгілерінің жинағында жарық көрген.
Томға әзірленген мәтін аталған нұсқадан алынды.
С. Қосан

тарихи  жырлар

АРҒЫНБЕКТІҢ ЖЫРЫ

Қытайдағы қазақ арасында аты шыққан белгілі ақын най­
ман Арғынбек Апашпайұлы (1883-1946) жырлаған. Қашан
шығарылғаны беймәлім.

Талапты жасөспірім Сұлтан бала,

Атасының қолында шолпан бала.

Қарағым, бұл кітапты топта оқып жүр,

Сөз асылын білетін болсаң дана,—деген арнау
өлеңмен ақын Сұлтан есімді балаға табыс еткен. «Орта жүздің
Сырдариядан аууы», «Арғынбектің романы», «Төре шақырған»
және «Жыд роман», «Жыл роман» деген атпен де Алтай,

Еренқабырға өңірлеріне кең таралған. «Жыд», «Жыл» сөздері
қағаздан қағазға көшіру барысында төте жазудың «р» әрпін
жаңсақ оқудан туындаған болуы мүмкін. Нұсқаларда жергі­
лікті жыршылардың өз ортасының талап-тілегіне сай аздап

бейім­деуі байқалады. Сондай-ақ жырдың көлемінде айырмашы­
лықтар болғанымен, мазмұнында үлкен алшақтық жоқ. Құмыл
аймағы, Баркөл ауданындағы Кәбен Буратайұлы 1932 жылы
«Арғынбектің жырын» жаттап алып ел ішіне таратқан. Ол кісі­

ден 1988 жылы Қасымхан Мешітбайұлы қағазға түсірген. Жыр
мәтіні тұңғыш рет 1992 жылы «Мұра» журналының 2-санында
жарияланған. 1993 жылы «Баркөл ауданының қисса-дастанда­
ры» жинағына енген. Бұл томға соңғы нұсқа алынды.

С. Қосан,
А. Ақан

ҮРКІН-ҚОРҚЫН

Ел арасына «Үндістан», «Тас керейінің тарихы» де­
ген тақырыппен де таралған. Жыр сюжетіне ХХ ғасырдың
алғашқы жартысында Шыңжаң өлкесінен Чиңхай, Тибет,
Үндістан, Кашмир өңірлеріне ауған қазақтардың бастан кеш­

кен шытырман оқиғалары арқау болған. Жыр мазмұнына
қарағанда Қобы, Такламакан, Тибет сияқты ауа-райы қатал,
шөлейт, таулы өңірлерден көп азап шегіп, Үндістан асқан
абақ-керейлердің көшінде Сейітқан жыршының өзі де болған.

Осы сапарда ол ағасы Ғалымжаннан және бірқатар тума-туыс­

ғылыми  қосымшалар
тарынан айрылады. Шығармада қиын-қыстау кезеңде ел­
ден ауған қандастарына қамқорлық, жолбасшылық жасаған
көптеген халық көсемдері мен батырларының есімдері атала­

ды. «Аттың жалы, түйенің қомында» жүріп Қашқардан Каш­
мирге дейінгі жат елдердің үстімен қиян-кескі шайқастар
арқылы өткен ержүрек адамдардың тағдыры кейінгі ұрпаққа
үлкен өнеге екендігі даусыз.

Қытай қазақтарының арасында жырдың үш нұсқасы бел­
гілі. Бұл нұсқаны жергілікті ақын Сейітқан Бортан қажыұлы
1940 жылдары жырлаған. Ол кісінің лақап аты—Қара мол­
ла екен. Қолжазбасы 1958 жылғы саяси науқанда өртеп жі­

берілген. Сейітқан Көкбайұлы, Серікбай Қамзаұлы сынды
ел азаматтары бұрын жаттағандары бойынша еске түсіріп,
қағазға қайта түсірген. Олардан Шәмен Исаұлы мен Мүбәрак
Ыбырайұлы 1991 жылы көшіріп алып, «Үркін-қорқын» деген

атпен «Қаба ауданының қисса-дастандары» жинағының 2-то­
мында жариялаған. Бұл томға осы нұсқа алынды.

С. Қосан

КЕШУБАЙ—ЖӘМИЛА

Шығармаға орыс патшасының қазақ даласын отарлауына
қарсы тұрған Кешубайдың ерлігі, оның жары Гүлжәмиланың
тапқырлығы мен жарына деген адал махаббаты арқау болған.
Бұл жырдың «Ер Кешубай» деп аталатын бір нұсқасы

ӘӨИ-дің Қолжазба қорында сақтаулы (Ш.1050). Отыз жылдан
астам өмірі атамекен топырағынан шет жерде, Қытайда өткен
Әрімжан Жанұзақұлы (1878-1945) жырлаған бұл жырдың
қысқаша мазмұны төмендегідей:

Кешубай мен ояз арасында Ересей деген жер үшін талас
туып, дау Кешубайдың пайдасына шешіледі. Кек сақтаған
ояз Кешубайды қорлайды. Кешубай қорлыққа шыдамай ояз­
ды өлтіреді. Абақтыға қамалған Кешубайды айдауға апара

жатқан жерінен жары Гүлжәмила патша әскерімен соғысып,
Кешубайды босатып алады. Кешубай патшаның құзырына
қарамайтын Жиделібайсынға көшеді. Патша Кешубайдың
ерлігіне сүйсініп, кешірім сұрап, еліне қайтарады. Кешубай

еліне оралып төре болады.

тарихи  жырлар Көріп отырғанымыздай, Ә.Жанұзақұлы нұсқасында Ке­ шубай мен ояз арасында Ересей деген жер үшін дау туып, ол Кешубайдың пайдасына шешілгендігі нақты айтыл­ са, Ш. Сұлтанбайұлы нұсқасында мұндай нақтылық жоқ. Сондай-ақ Ш.Сұлтанбайұлы нұсқасында бас кейіпкердің Жиделібайсынға көшіп кететіндігі туралы айтылмайды. Төлеу Көбдіков жырлаған «Кешубай қиссасы» деп атала­ тын екінші нұсқа ОҒК-да сақтаулы (Ш.688). Мұнда Кешубай атақты қыпшақ Ыбырайдың інісі Ысқақ бидің Гүлжәмила де­ ген қызын алады. Сондай-ақ Кешубай оязды емес, бір байдың баласын абайсызда атып салады. Кешубайға алты жыл үкім кесіп, Үркітке жер айдайды. Гүлжәмила қасына төрт жігіт алып, сегіз ат жеккен күймемен тұтқындардың артынан ілесе жүріп отырады. Бір күні қонған жерде күзетшілерді арақпен әбден сыйлап, мас қылып, күйеуін ұрлап алып кетеді. Олар қыпшақ Ыбырайға барып паналайды. Ол патша үкіметінен Кешубайға кешірім әпереді. Жыр сюжетінде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Томға ұсынылып отырған жырды 1980 жылдардың бас жағында жаңғырта жырлап қағаз бетіне түсірген және қолжазба көшірмесін «Мұра» журналының жауапты редак­ торы О.Егеубаевқа табыс еткен—Шерияздан Сұлтанбайұлы. Бейжің «Ұлттар» баспасынан 1985 жылы шыққан «Қазақ қиссаларының» ІV томында («Кешубай—Жәмила» 136-187беттер) жарияланған. Оның алдында «Кешубай» деген атпен «Мұра» журналының 1983 жылғы 4-санында және «Қаба ауданының қисса-дастандары» кітабында жарияланған. Бұл томға Бейжің «Ұлттар» баспасынан шыққан «Қазақ қиссаларының» ІV томына берілген нұсқа алынды. Қазақстанда алғаш жарияланып отыр. А. Ақан ЕР БҰЛАН Бұл шығармада тарихта болған адамдар мен жер-су атау­ лары кездескенімен, негізінен, халық қиялынан туындаған шығармаға көбірек ұқсайды. Себебі, қаһармандық эпостардағы бас кейіпкерлер секілді Ер Бұланның да бір үйдің жалғыз ба­ ласы болуы, жас күнінде сатып алған құлыны тұлпар болып

ғылыми  қосымшалар өсуі, жас та болса әділетсіздікке жаны төзбей, күштілерден есе қайтаруды мақсат етуі—болашақ батырдың тұлғасын қалыптастырудың дәстүрлі тәсілі. Оның алғашқы батырлығы сол уақытта атағы шартарапқа жайылып тұрған Сәмен төренің жаннан артық көретін, тіпті адаммен табақтас болып жүрген көк төбетін өлтіруден басталады. Кейіпкер бұл төбетті кездейсоқ өлтірмейді. Ер Бұлан төренің астамсыған тәкаппарлығы мен озбырлығына, қара халықты басынғанына ызаланып, әдейілеп барып итін өлтіріп, оның мысын басуды көздейді. Дегенмен сол итті өлтіргені үшін өзі төреге кіріптар болып, оның барымта­ шысына айналады. Қаһармандық эпостардағы бас кейіпкерлердің бес қаруы сай болса, Ер Бұланның қолында әкесінің досы арнайы әзірлеген тобылғы сапты қамшы ғана бар. Сол қамшымен кейіпкер та­ лай жауын жер жастандырады. Жырдың соңында Ер Бұлан жаламен қапыда өлтіріледі. Бұл арада ер жігіттің бір өзі құнан қойдың етін жеп алып, көп күндік ұйқыға кетуі және осын­ дай жағдайда жау қолынан қаза болуы «Қобыланды», «Әділ сұлтан», «Алпамыс» т.б. эпостық жырлар мен ертегілерде жиі кезігетін тұрақты мотив. Ел арасына аңыз, жыр қалпында кең тараған нұсқаларды жинап, бір ізге түсірген жергілікті әдебиет жанашыры Қызыр Алдажарұлы. «Ер Бұлан» жыры алғаш рет «Мұра» журналының 1982 жылғы 1-санында жарияланса, О.Егеубаев құрастырған «Қазақ қиссаларының» 4-кітабында (Бейжің «Ұлттар» баспа­ сы) екінші рет жарық көрген. Бұл томға осы нұсқа алынды. С. Қосан, А. Ақан УАҢ БАЛА Шығарманың сюжеті ХХ ғасырдың бас шенінде Қытайдың батысындағы Шыңжаң өлкесінен ішкі Гансу өлкесіне жергілік­ ті жердегі қысымнан босып барған қазақтардың бастан кешкен оқиғаларына құрылған. Жырда панасыз елдің тұрақтаған же­ рінде жергілікті билік пен сол өңірді мекен еткен таңғұттардан көрген қорлығы, шарасыз аянышты халі суреттеледі. Билік өкілдерінің сансыз салығы мен таңғұттардың ұрлығының нәтижесінде жұтап, дағдарған халықтың басшысы

тарихи  жырлар
кәрі уаң Әйембет қайтыс болып, ел иесіз қалады. Қиындықтан
шығар жолды іздеген жұрт Әйембеттің Шиңхайда оқып жүрген
баласы Бидахметті алдырып өздеріне басшы сайлайды. Білі­

мі мен өжеттігінің арқасында биліктегілермен тең дәрежеде
сөйлесіп, халқының мүддесін қорғаудан шаршамаған жас
уаңды айналасындағылар күндей бастайды. Маңындағылардың
сатқындығынан сескенген ол елден қашамын деп жау қолынан

қаза табады. Өшіккен жау оның ағайындарын да түгел қырғынға
ұшыратады.
Халық арасына ауызша және көшірме түрінде кең таралған
бұл жырды 1940 жылдарда жырлаған Нәби Тұрсынбайұлы де­

ген ақын адам. Дінге беріктігіне орай «Нәби сопы» деген аты­
мен де елге мәлім. Жырды баласы Нұролла Нәбиұлы сақтаған.
Қолжазбасынан Құмыл аймағы, Баркөл ауданындағы Тәпей
Қайысқанұлы көшіріп алған. 1993 жылы осы ауданның «Қисса-

дастандар жинағында» тұңғыш рет жарық көрген.
Бұл томға мәтін фольклор жанашыры О. Егеубаевтың жеке
қорынан алынып әзірленді.
А. Ақан

ОН СЕГІЗ

Жыр сюжетіне арқау болған оқиға шамамен екі ғасыр
бұрын Алтай тауының күнгей бетіндегі «Қожыр-Сауыр» дей­
тін өңірде орын алған. Мұндай қанды оқиғаның орын алу се­
бебін жыршы:

Қазақтың төрт түлік мал болған жаны,

Сондықтан ойлайтыны малдың жайы.

…Таласбай ажы гүңнің заманында ,

Қожырда бір төгілген адам қаны.

Сол себеп болғаны шын қан төгістің,

Сабақтап қуып келсек түпкі мәні—деп
түсіндіреді.
Мәселен, Қожыр елінен жылқы алуға Ажы төренің әмірімен
Боқы батыр бастаған бес жүз кісі аттанады. Арқалық батыр

бастаған топ Боқының ел шабуға деген мақсатына ашық қарсы
болғанымен, төренің үдесінен шығуды ғана ойлаған бірбеткей
Боқы алған бетінен қайтпайды.

ғылыми  қосымшалар
Әрине, көшпелі елдің тұрмысында барымтаның жиі орын
алып отырғаны белгілі. Барымтаға қарымтаның болатыны да
түсінікті жайт. Дастанда кейіпкерлердің түсінік-пайымы, мі­

нез-құлқы шебер сипатталған. Жырдың тарихилық сипаты тіл­
дік тұрғыдан да, оқиғаның шынайы бейнеленуінен де байқалып
тұр. Сонымен бірге Боқы батырдың өмірде анық болғаны дау­
сыз.

Осы оқиғаның бас кейіпкеріне арналған тағы бір жыр «Боқы
батыр» деп аталған. Шығармада ауыз әдебиеті үлгісінен гөрі
жазба әдебиет стиліне тән белгілер басым. Мұны жыршының
табиғатты суреттеуге көбірек ден қоюынан байқауға болады.

Сондай-ақ мұнда көне сөздер мен өзге тілдік элементтер де
жоққа тән. Ел аузында «Боқы бұзық», «Қысаңдағы қырғын»
т.б. атаумен жырланып келген дастанды Қабден Балықшыұлы
мен Дәлелбек Қиянатұлы жинап, 2000 жылы жарық көрген

«Қазақ қиссаларының» 18-томына (Бейжің «Ұлттар» баспасы)
енгізген.
Бұл томға осы кітаптағы нұсқа алынды.
С. Қосан,  А. Ақан

ҚАН КЕШУ

Бұл—Қытайға қараған Шығыс Алтай қазақтарының ХХ-
ғасырдың алғашқы жартысында бастарынан өткен азапты
оқиғаларын суреттейтін тарихи жырлардың бірі. «Қан кеш­
кен өр Алтай» деп те айтылады. Ел ішінде ауызша да, жазбаша

жолмен де кең тараған жырды 1946 жылдың шамасында жер­
гілікті ақын Мөнен Ақытұлы шығарғаны туралы мәлімет бар.
Белгілі қаламгер О. Егеубаевтың жазуына қарағанда, жырдың
осы нұсқасын ел арасынан жинап, жадында сақтаушылардың

бірі—Жажын Жақашұлы. Бұл нұсқа алғаш рет 1990 жылы сол
кісіден жазылып алынып, 1992 жылы «Бурылтоғай ауданының
қисса-дастандары» атты ауыз әдебиеті үлгілерінің жинағына
енгізілген.

Тарихи жырда әсіресе, Ырысқан, Шәріпқан, Есімқан,
Қалел, Қалман, Қапас, Сүлеймен, Самарқан, Оспан т.б. жер­
гілікті қазақ батырларының Гоминдаң үкіметінің қанқұйлы
жендеттерімен өткізген сұрапыл әрі жанкешті шайқастары шы­

найы суреттелген. Шығармада қытай отаршылдарының озбыр

тарихи  жырлар
саясатының кесірінен абақтыға жабылған Баянбай, Байқадам,
Ақыт, Дөнен сынды қазақ азаматтарының тағдыр-талайынан
дерек берілген. Мұнда сөз болған Ақыт қажы Үлімжіұлы Ал­

тай қазақтарынан шыққан оқыған, білімдар, дін иесі—ғұлама
адам. Өткен ғасырдың басында Ақыт өз өлкесінде мешіт ашып,
бала оқытқан. Оның кейбір қисса-дастандары Қазан қаласының
баспаханаларында жарық көргені де мәлім. Жырда халықтың

Ақыт қажы мұрасына деген құрмет-ынтасы былайша бейнелен­
ген:

«Мәдени мұра—Ақыттың кітаптарын,

Әкеткен зорлықпенен бұлап бәрін.

Әкеліп қайта берсе қолымызға,

Аспанға атар халық тымақтарын...»
Ақырында халық көтерілісі жергілікті Жанымхан қажы се­
кілді сатқындардың кесірінен жеңіліс тауып, бас көтерер ер-аза­
маттар опасыздықпен өлтірілгенін көреміз. Жасы жеткен Ақыт

қажы мен бірқатар қайраткерлер түрме дәрігерлерінің алдап,
қастандықпен дәрі орнына у беруінен қаза болады. Міне, осы
тектес дәуір оқиғалары, жат жерде ел еркіндігі үшін күресіп,
қапыда кеткен асыл жандардың өмірі туралы құнды дерек­

тер «Қан кешу» туындысының тарихи-әлеуметтік маңызын
арттыра түседі. Жырдың мәтіні Қазақстанда бұрын-соңды
жарияланбаған.
Бұл томға мәтін «Бурылтоғай ауданының қисса-дастанда­

ры» (1992) жинағынан алынып, әзірленді.
С. Қосан

НҮПТЕБЕКТІҢ АСЫ

Бұл да тарихи оқиғаның ізімен жырланған халықтық мұра.
Шығарманың бас кейіпкері Нүптебек—ХІХ ғасырдың соңы мен
ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, 1921 жылы өмірден өткен
адам. Бір жылдан соң балалары мен туыстары жиылып үлкен

ас береді. Шынында «найман-қызайдың сауырына айналған»
Сасан болыс та, оның ұлы Нүптебек те ел-жұртына аса бе­
делді, қадірменді, әрі өте дәулетті, мыңғыртып мал айдаған,

ғылыми  қосымшалар
мәнзілдеп зауыт, сарай салдырған белгілі байдың бірі болған
сияқты. Міне, осындай әйгілі әулеттің аймаққа сауын айтып,
әкелеріне арналған дүбірлі де нәзірлі асына Қытай өлкесінің

тұс-тұсынан көп қонақ келеді. Олардың арасында ішкі Қытай,
Тұрфан, Шыңжаң аймағының шенеу­ніктері, торғауыт, дүңген,
қалмақ ұлықтары, сондай-ақ исі қазақтың жақсы-жайсаңдары
да жетерлік. Ең ғажабы, талайларды тамсандырып, қызық-ду­

маны мен даңқы, сән-салтанаты естіген жандардың таңдайын
қақтырған ғажайып жиын­да осы «астың» оқиғасын жырға
қосып, кейінгі ұрпаққа зор өнеге қалдырған ақын Таңжарық
Жолдыұлы да болған. Жырдағы:

Оқырман жалған емес осы сөзім,

Сол кезде он сегізде менің өзім.

Осынау Нүптебектің ас тойында,

Не алуан тамашаны көрді көзім,—дейтін Таң­жа­
рық сөздері де осыған дәлел. Сондай-ақ ақынның жыр соңында:

Осымен сөз аяғын етем тамам,

Кісендеп, шынжырлаған мынау заман,—де­
геніне қарағанда, «Нүптебектің асы» түрме қабырғасында
шығарылғанға ұқсайды. Таңжарық шығармаларын жина­
стырып, жариялаумен және зерттеумен тікелей айналысқан

фольк­лоршы-қаламгер О. Егеубаевтың жазуынша, ел арасында
аталған жырдың бірнеше нұсқасы таралған.
Тарихи оқиғаға қатысқан кейіпкерлердің жұрт ішіндегі бе­
делі ғана емес, сөз болған астың өн бойында өтетін қазақтың

ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып көріністері, жалпы Қытайдағы
өзге де ұлттардың этнографиялық тұрмыс үлгілерінің шебер
бейнеленуі, шығарма ақпаратының молдығы мен тіл шұрайы—
туындыны халықтық мұрамен етене жақындастырады.

«Нүптебектің асы» алғаш 1995 және 2001 жылдары «Үрімжі-
Шыңжаң халық баспасынан» жарыққа шыққан «Таңжарық
Жолдыұлының таңдамалы шығармаларының» 3 томдық
және 2 томдық жыр жинақтарына енгізілген болатын. Содан

соң 2002 жылы Қазақстанның елордасы—Астанада басылым
көрген «Таңжарық шығармаларының толық жинағы» атты екі
томдықтың 2-кітабында жарияланды (2-22-беттер). Томға осы
нұсқа («Елорда» баспасы, 2002 ж.) ұсынылып отыр.

С. Қосан

тарихи  жырлар

СӘТБЕК

Бұл жыр—өткен ғасырдағы қазақ даласында кең тараған
халықтық туындылардың бірі. Мұнда шығарманың сюжетіне
орыс отаршыларының зорлығына қарсы тұрған қызылжарлық
Сәтбек батырдың іс-әрекеттері арқау болған.

Тарихи жырлардың санатына жататын бұл жәдігердің бір­
неше нұсқалары ел арасынан жазылып алынып, бұрынғы ҰҒА
ОҒК және ӘӨИ қолжазба қорларына тапсырылған. Олардың
арасында Күсембек Байғұттыұлы, Әуелбек Қоңыратбайұлы,

Зарықбай Елмағамбетұлы (Ш.353,ОҒК), Жұматай Мәдиұлы
(Ш.301,ӘӨИ) жинаған нұсқалар «Сәтбек батыр» жырының не­
гізгі варианттары болып табылады. Сондай-ақ 1946-жылы Қазақ
КСР-і ҰҒА Тіл және әдебиет институты ұйымдастырған Семей

экспедициясы кезінде табылған «Мырза Сәтбек батыр» жыры
да аталған материалдардың мазмұнын түгелдей қайталайды.
Бұл қатарға ОҒК қорындағы № 939, 1722 және ӘӨИ Қолжазба
орталығындағы № 263, 766-бумаларда сақталған «Сәтбек ба­

тыр» жырының халықтық варианттарын қосуға болады.
Жалпы бұлардың көпшілігінің авторы да, жыршысы мен
шығарушысы да белгісіз. Тек қана Қарағанды облысынан
табылған нұсқада қолжазбаны өткізуші Зарықбай деген азамат

аталған жырды өзінің Мұстафа атты ақмолалық колхозшының
жырлауынан жазып алғанын мәлімдейді.
Сонымен бірге «Сәтбек батыр» жырының бірнеше нұсқасы
Қытайдағы қазақтар арасына кең тараған. Бұлардың айтушы­

лары Үрімжі аймағының белгілі қиссашы, жыршысы Шерияз­
дан Сұлтанбайұлы мен жеменейлік Қасым Тілеукеұлы.
Бір назар аударарлық нәрсе, Қазақстан мен көрші Қытай
мемлекетінде қоныстанған қалың қазақ ішінде ертеден ай­

тылып, ауыздан ауызға көшіп келе жатқанына қарамастан,
«Сәтбек батыр» жыры нұсқаларының сюжеттік құрылымы
мен мазмұнында пәлендей айырмашылық жоқ. Оқиғаның же­
лісі мен ондағы кейіпкерлердің есімдері де өзгеріске ұшырай

қоймағаны байқалады. Әрине, кейбір қолжазбаларда орыс
князін—«патша» ретінде бейнелейтін нұсқаларын, яки бол­
маса керекулік нұсқада (жинаушы Мәдиев Жұматай) Сәтбек
батырға көмектесетін пошташы Паромскийді айтпағанда,

шығармадағы
негізгі
эпизодтар
барынша

тұрақтанып,

ғылыми  қосымшалар канондық мәтінге жақындай түскен. Сондай-ақ әрбір жырлаушының жыр кіріспесіндегі «әлеуметке арнауы» осы айтылған нұсқалардың бірден-бір ерекшелігі болып табылары даусыз. Қытайдағы қазақтар жырлаған «Сәтбек батыр» үлгілерінің тілі аса көркем, шұрайлы оралымдар мен қанатты сөздерге бай. Мұраны төте араб әліпбиінен қазіргі әріпке көшіріп, баспаға әзірлеген—ҚХР-ге еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, фольк­ лоршы, профессор Оразанбай Егеубаев. Библиографиясы: Қисса-и Сәтбек батыр. Бастырушы— Ақылбек Сабалұлы. Қазан, 1909 ж; Сәтбек батыр. Құрастырушы—Шерияздан Сұлтанбайұлы // Қазақ қиссалары, 4-том. Бейжің «Ұлттар» баспасы, 1985, 188208-беттер. Сәтбек. Баспаға ұсынған—Апақай Қалиұлы // Жеменей ауданының қисса-дастандары, 2-том, 1991 жыл. Бұл томға «Сәтбек батыр» жырының Шерияздан Сұлтанбайұлы нұсқасы ұсынылып отыр. С. Қосан ШЕЙІТСАЙ Жыр оқиғасы шамамен ХІХ ғасырдың бас жағында өткен. Халық арасында аңыз түрінде тарап, ауыздан ауызға көшіп келген оқиғаны өзінің қайынатасы, жергілікті елдің беделді кісісі Мыңжан ақсақалдан естіп, 1946 жылы қиссаға айналды­ рушы—Шыңжаңдағы қазіргі Бұратола Моңғұл автономиялы облысының жергілікті тұрғыны Шакура деген әйел. Жырдың соңындағы:

Қазіргі ғашықтардың арманы не,

Бұрынғылар сорлады өліп бекер.

Шакура қисса қылып айтқан мұны,

Бар болса қатесін жұрт түзеп кетер,—деген жол­
дар да осы мәліметтерді растай түседі.
Жырдың сюжеті онша күрделі емес. Оның үстіне жыр­
шы-ақынның да таланты жоғары деңгейде еместігі білініп

тұр. Шакураның көбінесе «өтеді екен», «кетеді екен», «жетеді
екен», «бітеді екен» тәрізді жаттанды ұйқастарға көбірек орын

тарихи  жырлар
беріп, жиі-жиі қайталауға жол беруі де осыны аңғартады. Алай­
да жырды таратушылар шығарманың көркемдігінен гөрі баба­
лардан қалған аңыз мұраны—ғашықтар трагедиясын кейінгі

ұрпаққа жеткізуді басты мұрат тұтқан. Сонау бір қатал заманда
Айгүл мен Берікбол сынды екі жастың өз дәуірінің қаныпезер
билеушісі Қанжарқанның қолынан айуандықпен қаза болған
жер кейін «Шейітсай» атанып кеткен. Жырдың аты да осы

қайғылы оқиға болған мекенге байланыстырыла қойылған.
Аталған
туындының
мәтінін

есте
сақтап,
халыққа
жеткізушінің бірі—осы өңірдің тұрғыны Омар Можманов.

Жырдың бұл нұсқасы 1988 жылы Қытайда шығатын «Мұра»
журналының 2-санында тұңғыш рет жарық көрсе, 2001 жылы
«Қазақ қиссаларының» 18-кітабына (Бейжің «Ұлттар» баспа­
сы) енгізілді. Бұл жинақта жыр «Берікбол мен Айгүл» деген

атаумен жарияланды.
Қытайдағы қазақ фольклорының кезекті томына бұл жәдігер
«Шейітсай» нұсқасында ұсынылып отыр.
С. Қосан

САҚАРИ

Жыр сюжеті нақты өмірде болған тарихи оқиғаға құрылған.
Шығарманың оқиғалық желісі қарапайым. Мұнда, негізінен,
Сақари атты кісінің жазықсыз абақтыға қамалып, жергілікті
қытай өкіметінің жендеттерінен, түрме бастықтарынан көрген

қорлығы, зорлық-зомбылықтары айтылады. Айтылу мәнеріне,
жырдың стиліне қарап, оны автобиографиялық шығармалар
қатарына жатқызуға болар еді. Өйткені оқиға тарихи жырдың
бас кейіпкері Сақаридың өз атынан әңгімеленіп, бастан-

аяқ монолог түрінде баяндалған. Сонымен бірге сюжеттің
жұтаңдығы, құрылымының қарапайымдығы, мәтін көлемінің
шағындығы оны тарихи жырдан гөрі тарихи толғау, өлеңдерге
жақындатады.

Жоғарыдағы айтылған кемшілік-ерекшеліктеріне қара­
мас­тан, жырдың ел арасына кең тараған алты нұсқасы мәлім.
«Сақаридың» бір нұсқасын қиссашы Нұрсәби Қақырықұлынан
жазып алушы—ақын Жұмажан Әбілғазыұлы. Жырдың осы ва­

рианты 1991 жылы «Жеменей ауданының қисса дастандары»

ғылыми  қосымшалар
жинағының 2-кітабында жарияланған. Халық мұрасының жа­
нашыры, Қытайдағы қазақ фольклорының таңдаулы үлгілерін
жинап, баспаға әзірлеген О. Егеубаевтың мәліметіне қарағанда,

«Сақари» жыры Қытайда тұратын қарт қаламгер Асқар
Татанайұлының «Тарихи дерек, келелі кеңес» атты кітабында
жарық көрген.
Бұл томға Нұрсәби нұсқасы (1991 ж.) алынып отыр.

С. Қосан

Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер Алла (Аллаһ)—ислам дінінде бүкіл ғарышты, тіршілік дүниесін және қиямет қайымды жаратушы, баршаға бірдей, жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі. Құран Кәрімде айтылғандай: «Ол Алла біреу-ақ, Алла мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес»*. Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Алла Тағала әлемді, жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол адамдардың тағдыры—жазмышты белгілейді. Қияметте Алла барлық өлгендерді тірілтеді де, пәнидегі істерін таразы­ лап, біреулерін—жұмаққа, енді біреулерін—тозаққа жібере­ ді. Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мезгіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед [с.а.с.]**—Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен жиыр­ ма үш жылда толық түсті. Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілген­ дікті білдіруге болады Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырым­ дылығын т.б.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары), Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық * Құран Кәрім. 112—«Ихлас» сүресі. ** с.а.с.—салла Аллаһу аләйһи уас салам: «Алланың жарылқауы мен қолдауы пайғамбарымыз Мұхаммедке» деген тілек сөздің қысқартылған түрі. Хазірет Мұхаммедтің атына жалғаса айтылады, жазылады.

ғылыми  қосымшалар (жаратушы), Шариф (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі), Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді) т.б. Алланың атын зікір ету рәсімі Аллаһу акбар, Әлхамдулилаһи, Сұбхан Алла сөздерін отыз үш реттен айтып, тәсбих тастарын санамалау арқылы жүзеге асады. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы—1845 жылы қазіргі Шы­ ғыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жай­лауын­да дүниеге келіп, 1904 жылы Шыңғыстауда қайтыс болған. Бейіті Жидебай қыстауында. Қазақ халқының ұлы ақыны, философ, ағартушы, композитор. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салу­ шы. Абыл, Қабыл—дін аңыздары бойынша, Адам атаның алғашқы ұрпақтары. Абылай, Әбілмансұр (1711-1781)—ұлы мемлекет қайрат­ кері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз Жәнібек, Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Тарихи деректер, аңыз-жырларда Абылай хан үш жүздің әміршісі ретінде ардақталады. Қазақ халқының жадында Абылай хан қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы ретінде сақталып келеді. Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақов (1866, ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Алтай аймағы, Көктоғай ауд.—1940, Үрімжі)—ақын. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. Араб, парсы, түрік, орыс, моңғол тілдерін білген. 1907 жылы Меккеге барған. 1912 жылы керей еліне қазы сайланған соң мешіт, медресе салдырған. 1939 жылы Гоминьдаң өкіметі тұтқынға алып, мешітін талқандап, кітаптарын өртеген. Ақыт қажының өзін 1940 жылы түрмеде азаптап өлтірген. 1891—1914 жылдары Санкт-Петербург, Қазан баспалары­ нан Ақыттың «Жиһанша», «Сейпілмәлік—Бәдіғұлжамал», «Абият ғақидия», «Сейітбаттал ғазы», «Ишан Махмұд» атала­ тын кітаптары жарық көрген. Оның кітаптары «А.Алтайский» деген бүркеншік атпен «Айқап» журналына да жарияланып тұрған. Ақыт өлеңді көбінесе насихат, ғақлия түрінде жазған. Әбубәкір—Мұхаммед [с.а.с.] қайтыс болғаннан кейін тағайындалған алғашқы халифа. Ол құрайыш руынан шыққан, Меккедегі ықпалды саудагерлердің бірі еді. Мұхаммед [с.а.с.] исламға кіруге шақырғанда руластары мен үлкендердің арасы­ нан бірінші болып мұсылман болды.

тарихи  жырлар
Әбубәкір—Расул Алланың «төрт шаһариар» аты бе­
рілген сенімді серіктерінің бірі. Мұхаммед [с.а.с.] қайтыс
болғаннан кейінгі дүрбелеңге толы қиын кезеңде Әбубәкір

араб-мұсылмандардың басын біріктіре білді. Өзі халифат­
ты басқарған жылдары Мұхаммед пайғамбарға [с.а.с.] түскен
Құран аяттарының жинағын құрастырды.
Әзірейіл—діни ұғым бойынша, Аллаға жақын періште­лердің

бірі, жан алғыш періштенің есімі. Адамды жаратар алдында
Алла жердің әр тұсынан саз әкелуге періштелерін жұмсайды.
Жер оларға қарсылық көрсетеді. Жәбірейіл де, Мекайыл мен
Ысрапыл да жерден бір шөкім саз үзіп ала алмайды. Бұл ша­

руаны Әзірейіл ғана атқара алған, осы қаталдығы үшін ол жан
алғыш бас періште болып тағайындалған. Адамға ажал мезеті
жеткен кезде Алла Тағаланың жанында өсіп тұрған ағаштан
әлгі адамның есімі жазылған жапырақ үзіліп түседі. Әзірейіл

қырық күн мерзім ішінде сол адамның жанын алуға тиіс.
Әли—Оспаннан
кейін
билік

басына
келген
төртінші
әділетті халифа. Хазірет Әли—Мұхаммед пайғамбардың «төрт

шаһариар» аты берілген сенімді серіктерінің бірі, немере інісі,
әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу баласы. Мұсылман
елдерінің ауыз әдебиетінде Әли—орасан алып күш иесі. Жау­
лары Әлидің айғайынан-ақ өліп, талып қалатын болған-мыс.

Фольклорлық туындыларда оның зұлпықар�����������������
, қамқам, самсам
деген үш қылышы болғаны айтылады. Әлидің есімі көптеген
шығыс шығармаларында, оның ішінде діни дастандарда жиі

ұшырасады. Әдетте, хазірет Әли сол дастандардың басты
кейіпкері,
жеңілмейтін
батыр,

халықтың
қамқоршысы,
мұсылмандардың қорғаны, бетке ұстар қаһарманы ретінде
көрінеді. Дастандарда Әли өткен замандарда атақты Рүстемнің

өзі жеңе алмаған жауларды жеңген деп дәріптелген.
Хазірет Әлидің атына «Шаһимардан», «Қайдар», «Арыслан»,
«Шері», «Мұртаза» сияқты бірнеше теңеу, эпитеттер тіркесіп
отырады. Әлидің астындағы аты Дүлдүл де ауыз әдебиеті

үлгілерінде кең тараған ұшқыр, жүйрік, ақылды пырақ-аттың
нышанына айналған.
Әли ұрпақтары мен оның жақтаушылары кейін шииттік
ағымның көсемдеріне айналды. Олардың ұрпақтары қазіргі

Иран, Ирак және Орта Азияның кейбір аймақтарында өмір
сүреді.

ғылыми  қосымшалар
Бибәтима (Фатима)—Мұхаммед пайғамбардың қызы,
төртінші халифа Әлидің әйелі, Хасен мен Хұсайынның анасы,
мұсылман әлемінде ерекше қадір тұтатын тұлға. Пайғамбар

қаза болғанда қасында болып, әкесін арулап көмген, аза тұтқан
адал перзенті де осы Фатима хазірет. Бұл кісі тек халал жар,
Расул Алланың қызы ретінде ғана емес, Әли қайтыс болғаннан
кейін мұсылмандардың басын қосуға, шариғат істерін одан әрі

дамытуға біраз еңбек сіңірген дін қайраткері. Фатимаға табы­
ну, шамасы, Х-ХІІ ғасырларда, содан тарайтын әл-фатимийун
әулиетінің ықпалы күшеюіне байланысты туып, қалыптасса
керек. Фатима—шииттердің діни хикаяларының ең басты

қаһармандарының бірі. Көптеген мұсылман елдерінде алақанды
белгілейтін ежелгі нысана «Фатиманың қолы» деген атақ алған.
Оның небір үмітсіз ауруларға да ем қондырып, дәру дарытатын
қасиеті бар деп саналған.

Қазақ әйелдері басқа мұсылман қыздары секілді Фатима­
ны өздеріне қамқоршы—пір, қолдаушы—қыдыр деп санаған.
Көбінесе, оны Бибі Фатима деп атайды.
Бөгембай

Ақшаұлы—(шамамен
1680-1778)
Қаратау
бөктеріндегі Бөген өзенінің бойында туып, Ақмола облысы

Ерейментау ауданы, Қоржынкөл көлінің маңында қайтыс
болған. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы
азаттық күресі тарихында ерекше рөл атқарған батыр.
Арғын-қанжығалы руынан шыққан, қазақ әскерінің бас

қолбасыларының бірі.
Ғайса (Иса, Исус, Ғайса, Ғиса, Айса)—Иса Мәсіхтің есімі
христиан дініндегі сияқты, исламда да ілтипатпен еске алына­
ды. Құранда Иса пайғамбарға біраз орын берілген, оның анасы

Мәрия хазіретке арналған сүре бар. Алайда Ислам қағидасы
бойынша, Иса (а.с.)—бар болғаны Алланың сүйікті құлы, «кі­
тап түсірілген» төрт пайғамбардың бірі. Христиандар Исаны
Құдайдың ұлы деп есептейді, оның өзін Құдай дәрежесінде

дәріптеп, оған құлшылық жасайды.
Кейбір дін зерттеушілері (әсіресе еуропалықтар) Мұхаммед
пайғамбардың христиандарға жылы ықыласпен қарағанын айта­
ды. Шариғат зерттеушілері болса, Исаны «Мұхаммедтің дүниеге

келерін алдын ала білген» және Аллаға шын жүрегімен беріл­
ген хақшыл Пайғамбар ретінде мойындайды. Ислам ғалымдары
«Иса Құдай емес, оған еруші жұрт адасты» деп санайды.

тарихи  жырлар
Дәуіт— пайғамбар, Сүлеймен пайғамбардың әкесі.
Жәнібек—Жәнібек Бердәулетұлы 1792 жылы Қалба тау­ын­
да қайтыс болған—батыр, шешен. Қабанбай, Бөгембай т.б. ба­

тырлармен тізе қоса отырып, жоңғар шапқыншылығына қарсы
соғыстың аяғына дейін қатысады. 1731 жылы кіші жүз ханы
Әбілқайыр Ресей империясының бодандығын қабылдаған кез­
де Жәнібек керей тайпасын бастап, Сыр бойынан үдере көшіп,

Қалба тауына келіп қоныстанады. 1760 жылы Жәнібек батыр
абақ керей руын Алтай тауының қазіргі Шыңжаң өлкесіне
қарасты байырғы мекеніне апарып орналастырады.
Жүніс—пайғамбар, сондай-ақ «сахиб әл-хут және зун­

нун» деп аталады, Құранның бір сүресі оның атымен аталған.
Аңыздарға қарағанда, Жүністің Ирактың солтүстігіндегі Най­
науада бір құдайға сиынушылықты уағыздауы сәтсіз болған
көрінеді. Ол өз ісінің қиыншылықтарына шыдай алмай, кеме­

ге жасырын тығылып, қашуды ойлайды. Бірақ кеме орнынан
қозғала қоймайды, ол кемеде қашқынның бар екендігінің бел­
гісі еді. Жеребе көрсеткендей, бар кінә Жүністе болғандықтан,
оны теңізге тастайды. Суда үлкен балық Жүністі жұтып қояды.

Киттің құрсағында аман қалған Жүніс Алла Тағалаға сенімсіз­
дік білдірген кінәсін мойындап жалбарынады да, аман қалады.
Жағада қалып, әбден жүдеген Жүністі шөл далада бөкен
қоректендіреді. Құранда Жүністің есімі бірден аталмайды,

оның алдында сахиб әл-хут, зуннун сияқты суреттеме ескертпе­
лер аталады. Әңгіменің сипаты, яғни әңгіме желісінің қысқаша
баяндалуы бұл хикаяның тыңдаушыларға өте танымал екенді­
гін көрсетеді. Бұл жөнінде Құранда берілген ерекше түсініктеме

де куә бола алады. Бұл аңыз тікелей Мұхаммедті шыдамдылық
танытуға үгіттейтін нақты мысал ретінде пайдаланылады,
яғни «құдіреттің шешімін күте тұр, киттің серігі сияқты болып
жүрме!» дегенге саяды.

Қазіргі кезде Иракта, Мосул қаласының қасындағы көне
Найнауа қалдықтарында орналасқан Жүністің «қасиетті» бейі­
ті кең танымал болып отыр.
Жүсіп—Зылиха—Шығыс халықтарының «Жүсіп—Зыли­

ха» атты әдеби-фольклорлық туындыларының кейіпкерлері.
Зәкария—Құран кейіпкері, тақуалардың бірі, Жақияның
әкесі, Інжілдегі Зәкария. Мәриямның тәрбиеші қамқоршысы
болған.

ғылыми  қосымшалар
Зұлқарнайын [б.д.д. 356-323]—Македонияның атышулы
патшасы Александр Македонский. Ол туралы ертегі, аңыз,
әңгімелер Шығыс пен Батыс халықтары фольклорында кең

тараған. Сондай-ақ оған біраз әдеби шығармалар арналған.
Солардың ішінде шығыс классиктері (Низами, Фердауси,
Абай т.б.) поэмаларының орны ерекше. Солардың басым
көпшілігінде Ескендір Зұлқарнайын әрі батыр, әрі кемеңгер

қолбасшы, әділетшіл, құдіреті күшті, қасиетті адам деп бей­
неленеді.
Катерина, Екатерина ІІ (1729-1796)—Ресей империясы­
ның билеушісі. Неміс ақсүйегінің отбасында дүниеге келген.

1745 жылы Ресей патшасының мұрагері Петр ІІІ-ге тұрмысқа
шығады. Петр ІІІ таққа отырғаннан кейін князь Г.Г.Орловтың
көмегімен сарай гвардиясына төңкеріс ұйымдастырып, күйеуін
тақтан тайдырады. Баласы Павел жас болғандықтан, таққа өзі

отырады.
Көкжал
Барақ
(Барақ

Шүрекұлы)—Шамамен

ХVІІ

ғасырдың соңы—ХVІІІ ғасырдың ортасында өмір сүрген
батыр. Найман руының ергенекті—көкжарлы аталығынан.
«Көкжал Барақ» деген атпен үш жүзге мәшһүр болған тұлға.
Қабанбай қолының бір қанатын—көкжарлы—сарыжомарт

руларынан құралған сарбаздарды бастап шығыстағы Ертістің
оң жағалауын Алтай тауларына қарай кететін кең алқапты
қалмақтардан тазартуға қатысқан. Аягөз жазығы, Алакөл
жағалауы, Шыңғыстау, Тарбағатай баурайында жоңғарларға

қарсы ұрыстарда ерлігімен көзге түскен.
Қабанбай
Қожақұлұлы
(1692-���

1770��
)—дарабоз
�������
батыр.

Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық
күресінде ерекше ерлік көрсетіп, талантты қолбасшы ретінде
аты шыққан.
Құнанбай Өскенбайұлы, Құнанбай қажы (1804, бұрынғы

Семей облысы, Шыңғыстау, Ақшоқы қыстауы—1886, сонда)—
би, аға сұлтан. Ұлы Абайдың әкесі, көрнекті қоғам қайраткері.
Қыдыр баба (Хызыр)—көптеген шығыс халықтарының,
сондай-ақ қазақтардың да мифтерінде, фольклорында, діни

аңыз­да­рында жиі кездесетін, аты аңызға айналған архаикалық
образ.
Оның генезисі, тұлғалық сипаты өте күрделі, әлі толық
зерттеліп айқындалмаған. Бір ғалымдар Қыдыр бейнесін көне

тарихи  жырлар
архаикалық түсінік, көзқарастармен байланыстырып зерттесе,
кейбір ғалымдар—тек ислам ықпалымен пайда болған деп
түсіндіреді. Қыдыр туралы әрбір халықтың ғасырлар бойы

ұстанып келе жатқан түсінігі бар.
Қазақ фольклорында Қыдыр баба ������������������
[Хызыр]—����������
ел аралап

жүрген ақ киімді ақсақал кейпіндегі әулие, адамға қамқоршы,
бақыт, дәулет беруші, әр түрлі қиындықтардан қорғаушы.
Қырық шілтен—Мифологиялық түсінік бойынша, адамды
қолдап жүретін, бірақ көзге көрінбейтін рух, қыдыр.

Мәрия, Мәриям—Құранда есімі аталған күнәсіз, пәк адам,
Иса пайғамбардың анасы. Мұсылмандар Мәриямды әулиелер
тарихындағы ең үздік тақуа әйелдердің бірі, жұмақтағы
әйелдердің басшысы деп есептейді.

Мұса—Құранда есімі аталатын пайғамбар, Алла Тағала­
дан кітап жіберілген төрт пайғамбардың бірі. Інжіл бойынша—
Моисей.
Аңыз бойынша, Мұса (а.с.)—Алла Тағаламен тілдескен

Адам атадан соңғы жүздескен бірінші пайғамбар.
Алғаш рет Алла Тағала Мұса (а.с.)-ға Мысыр маңында «от»
болып көрінеді. Оны перғауынға (фараон—Мысыр патшасының
атағы, титулы) өзінің елшісі етіп жіберетінін, перғауын елінде

бір Алланың жолын уағыздауы тиісті екенін білдіреді, көмекші
етіп, оның бауыры Харонды қосады.
Алла Мұсаға «Өз халқыңды Мысырдан түн жамылып алып
шық» деп бұйырады. Мұса таяқ сермеп қалғанда теңіз қақ жа­

рылып, ашылады. Израилдықтар сол жолмен өтіп шығады.
Перғауын мен оның қалың қолы жеткен кезде теңіз тұтасып
кетеді де, олар суға батып өледі. Тек күнәсін мойнына алған
перғауын ғана кешірім алып аман қалады. Мұса өз халқын бас­

тап, шөл далаға шығады. Сол жерде таяғының құдіретімен он
екі бұлақтың көзін ашады. Алла Тағала оның тілегін қабыл
алып, адамдарына азық береді.
Мұса Алла Тағаламен екінші рет Синай тауында кездесе­

ді. Алла Тағаламен сөйлескендіктен, Мұса пайғамбарды Мұса
Кәлим (Алламен тілдесуші) деп дәріптеген.
Мұхаммед [Мұхаммед ибн Абдулла Әбул Қасым]—ис­
лам дінінің және болашақ араб халифатының негізін салушы,

тарихи тұлға. Мұсылмандардың сенімі бойынша, ол—Алла

ғылыми  қосымшалар Тағаланың адамдарды тура жолға салу үшін жіберген Елшісі, ең соңғы пайғамбар. 570* жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Пайғам­бардың әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге келместен екі ай бұрын қайтыс болған. Ал анасы Әмина Расул Алла алты жасқа толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа [с.а.с.] алғашында сүт ана­ сы Халиманың, онан соң атасы Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің тәрбиесінде болған. Алла Тағаланың алғашқы бұйрық, жарлықтары [уахи] рама­ зан айында хазірет Мұхаммед Меккеден үш шақырым жердегі Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні таң алдында түскен. Мұхаммед [с.а.с.] Алланы, яғни бір Құдайға табынатын дін— исламды 610 жылы 40 жасында уағыздай бастайды. Мұхаммед [с.а.с.] ислам дінін жария еткенде арабтардың ба­ сым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар ислам дініне қарсылық білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан б.д. 622 жылы Мұхаммед [с.а.с.] өзінің жақтастарымен бірге Меккеден Мәдине қаласына қоныс аударады. Бұл жыл ислам жыл санауының басы деп есептеледі. Оның арабша атауы—«хижра», яғни «қоныс ау­ дару» деген сөз. Мұхаммед Мұстафа [с.а.с.] бин Абдулла 633 жылы Мәдине қаласында қайтыс болды. Мұхаммед пайғамбардың «Мұстафа» (таза, нұрлы, сипатты), «Расул» (елші), «Хабибулла» (Алланың сүйіктісі), «Сағидулла» (Алланың көмекшісі) т.б. эпитет есімдері бар. Николай ІІ (Николай Александрович Романов) (1868-����� 1918)— Ресейдің соңғы императоры. Александр ІІІ-нің үлкен ұлы. Нұх—����������������������������������������������� пайғамбар. Құран Кәрімде оның аты 43 рет атала­ ды және 71-сүре осы Нұх пайғамбар мен оның әулеттеріне арналған. Дүние жүзі халықтарының көбінде Нұхтың есімі «топан су оқиғасымен» байланысты айтылады. Аңыз бойынша, жер бетін топан су қаптағанда Нұх пайғамбар оны Алланың жәрдемімен алдын ала сезіп, алып кеме-күпшекті жасайды да, күнәсіз адам­ дар мен жан-жануарлардың әр түрінен жұптан алып, әлгі ке­ * Кейбір деректерде Мұхаммед пайғамбардың туған жылы 571 жыл деп көрсетіліп жүр. Зерттеушілер әлі бір пікірге келмегендіктен, біз қалыптасқан пікірді ұстандық.

тарихи  жырлар меге мінгізеді, осы кемеге мінген тіршілік иелері апаттан аман қалып, өмір қайта жалғасады. Омар—Әбубәкір өлгеннен кейін (634 ж.) мұсылман қауымына басшылық жасаған екінші әділетті халифа, исламның алғашқы кезеңіндегі ірі дін қайраткерлерінің бірі. Омар хазі­ рет Мұхаммед пен Әбубәкір Сыдықтан соң мұсылмандықты одан әрі насихаттап, оны араб елдерінен тысқары өлкелерде таратуға көп күш жұмсады. Омар хазірет басшы болған он жыл ішінде ислам діні Ирак, Сирия, Египет және Ливия жерлеріне орнықты. Омар халифа тұсында араб-мұсылман иеліктерінде дінге негізделген әкімшілік хұқықтың тәртіптері және алым-салық жүйесі құрылды. Ол сондай-ақ мемлекеттегі шариғат жолының үлесін күшейту мақсатында өзінің халифа лауазымына «Әмір әл-му­ минин» дәрежесін қосты. 638 жылы хазірет Омардың сахабалары Иерусалимді тізе бүктіріп, қаладағы қасиетті Сүлеймен храмының ішінде на­ маз оқыды. ����������������������������������������������� V���������������������������������������������� ІІ ғасырдың аяқ шенінде үмийа халифасы Әбд әлМәлік хазірет Омар намаз оқыған жерге «Куббат ас-сахара» деп аталатын күмбез тұрғызды. Оспан (Осман)—араб-мұсылман тарихындағы үшінші әділетті халифа. Ол—Мұхаммед пайғамбардың жолын ұстаған алғашқы сахаба-серіктерінің бірі, Расул Аллаға шын берілген үмийа әулетінен шыққан бай саудагер. Хазірет Оспан әуелі Пайғамбардың қызы Ұрқияға, ол қайтыс болған соң Расулдың екінші қызы Үммігүлсімге үйленген. Сол себепті мұсылмандар Оспанға Зун Нурайн (екі шамшырақтың иесі) деген құрметті атақ берген. Хадиша—Мұхаммед пайғамбардың сүйікті әйелі. Хазірет Хадиша ана Мекке маңындағы христиан әулетінде дүниеге келген. Әкесі Хууайлид секілді жастайынан саудагерлікпен шұғылданып, араб қалаларының көбінде болады. 595 жылы Мұхаммед пайғамбарға тұрмысқа шығады. Бұл кезде ол қырық жаста екен. Хадиша мен Пайғамбардың некесін қиғандардың бірі—оның немере ағасы Уарақа ибн Нәупіл. Хазірет Хадишаның бұрынғы күйеуінен екі ұл, бір қызы бар еді. Соған қарамастан, Мұхаммед пен Хадишаның арасындағы жарасты махаббат­ ты жұрт аңыз қып айтады. Хадиша Мұхаммедті қоршаған

ғылыми  қосымшалар адамдардың ортасында бірінші болып оның пайғамбарлығына сеніп, жаңа дін—ислам жолындағы күрестің өте-мөте қиын алғашқы кезеңінен бастап-ақ, Мұхаммедті қолдауға күш-жі­ герін де, қаражатын да аяған жоқ. Мұхаммед те Хадишаны қатты сыйлап, зор құрмет тұтты. Хадишамен бірге өткізген жи­ ырма бес жыл ғұмырында басқа бірде-бір әйелге үйленбеуі осы сыйластықтың белгісі болса керек. Хазірет Мұхаммедпен некелескеннен кейін Хадиша ана тағы да екі ұл, төрт қыз табады. Екі жасында қайтыс болған үлкен ұлының есімі Қасым еді. Ежелгі араб дәстүрі бойын­ ша, Мұхаммед Әбул-Қасым (Қасымның әкесі) деген құрметті атқа ие болды. Екінші ұлы Абдаллах та сәби кезінде дүниеден қайтты. Ал Зейнеп, Ұрқия, Үммігүлсім және Фатима деген төрт қызының тек соңғысы ғана оның ұрпағын жалғастырушы бол­ ды. Хакім Лұқпан—ол туралы исламға дейінгі араб хикая­ ларында біраз аңыздар сақталған. Құран Кәрімде Лұқпанға 31-сүре арналған. Мұнда Лұқпан «бір Құдайлық» бағытын насихаттаған, Алла Тағалаға шын берілген данышпан адам ретінде аталады. Лұқпанның арабша аты—Лұқман әл-хаким, яғни хәкім Лұқпан. Лұқпан—ақыл иесі, көріпкел, емші делі­ ніп, оның есімі көптеген Шығыс халықтарының ертегі, жыр, аңыздарында құрметпен әңгімеленген. Қазақ арасында да «Лұқпан хәкім айтыпты» дейтін бірсыпыра сөздер бар. Хасен—Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатимадан туған, Әли ибн Әбу Тәлибтің ұлы, шииттердің екінші имамы. Әли 661 жылы қаза тапқаннан кейін Хасен Иракта халифа болып жарияланды. Әкесімен бірге, басқа бауырлары секілді, ол да ислам болашағының беріктігі үшін күрескен тарихи тұлға. Ислам елдері, әсіресе шииттер аса қадірлейтін дін қайраткері. Олар Хұсайын сияқты, Хасенді де «ұлы азап шегуші������ » ����� деп санады. Хасан ибн Әли 669 жылы Мәдинеде қайтыс болды. Кейбір аңыз-деректерге қарағанда, оған қарсыласы халиф Мағауия адамдары қастандық жасап, у берген. ������� Хұсайын—Мұхаммедтің қызы Фатимадан туған Әли ибн Әбу Тәлибтің кіші баласы, шииттердің үшінші имамы. Діни әңгімелерде Хұсайынның есімі Хасенмен бірге аталады. 669 жылы Хасен өлгеннен кейін Әли ұрпақтарына басшылық ете­ ді.

тарихи  жырлар
Алайда 680 жылы халифа Мағауия қайтыс болғаннан соң,
Иракта үмийалықтарға қарсылық күшейеді. Осы кезде куфалық
халифа Иазидтың белсенділігі де арта түсті. Оның адамдары

Хұсайынның немере інісі Мүслімді дарға асып өлтіреді. Куфаға
келе жатқан Хұсайын қайғылы хабарды естісе де, сапарын
жалғастыра береді. Оның Кербала шөлінде ат суытқанын біл­
ген Иазид Хұсайынға қарсы төрт мың әскерін қарсы аттанды­

рады. 680 жылдың 10-қазанында күші басым жаумен ерлікпен
айқасқан Хұсайын жолдастарымен бірге ұрыс даласында шейіт
болады.
Имам Хұсайын қайтыс болғаннан кейін Кербала шииттер та­

бынатын қасиетті орынға айналады. Ал оның өлген күнін бар­
ша шиит қауымы аза тұтып, құрметпен еске алады.
Һарон Рашид [763–809]—Аббас әулетінен шыққан бесін­
ші халиф. Һарон Рашид тұсында арабтардың ұзақ уақытқа

созылған Византияға қарсы күресі одан әрі жалғастырылды,
сонымен бірге халифатта ауыл шаруашылығы, қолөнер, сау­
да және мәдениет едәуір дамыды. Сондықтан болар, тарихи
тұлға—Һарон Рашид есімі халық аузында аңыз-әңгіме мен ер­

тегі-жырға айналып кетті. Шығыс халықтары ертегілері мен
аңыздарында ол әділ билеуші, халық қамқоршысы бейнесінде
суреттеледі.
Шыңғыс хан (өз аты—Тэмуджин, Темучин) (1155–1227)—

моңғол ханы, тарихтағы тұңғыш біртұтас моңғол империя­
сын құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет
қайраткері.
Ыдырыс—Құран Кәрімде аты аталған пайғамбарлардың

бірі. Ол туралы «Мәриям» сүресінде (56-аят) және «Әнбие»
сүресінде (85-аят) екі мәрте сөз болған. 9�������������������

X�������������������

І������������������

V �����������������

ғасырда дүниеге
келген Бурханаддин Рағбузидің «Қиссаул әнбиесінде» Ыдырыс
пайғамбар жайында қызықты хикаялар берілген. Сондай-ақ
пайғамбарлар өмірі туралы көптеген діни кітаптарда ол туралы

мәліметтер айтылады.
Ілияс (Илияс, Илья)—көне иудей, христиан аңыздарында
Ілиястың есімі әулие ретінде аталады. Оның аты ежелгі иудей
құдайларының бірінен шықан дейтін пікір де бар. Исламда

Ілияс пайғамбардан гөрі әулиеге жақын.
Түркі халықтарында Ілиястың есімі Қыдыр әулиемен бай­
ланыстырылып, «Қыдыр-Ілияс» деп те атала береді. Кейде

ғылыми  қосымшалар
оны «Қызыр» деп атайды. Қазақ фольклорында Ілиястың есімі
жиі ұшырасады. Әдетте, ол адамдарға Қыдыр әулие (ақсақал)
түрінде көрініп, әр түрлі қиындықтардан қорғап жүреді. Кейде

Ілиястың жанында «шілтендері», яғни қырық көмекшісі еріп
жүреді. Олар ғайыптан пайда болып, фольклорлық шығарманың
басты кейіпкеріне (әсіресе батырлық жырлар мен ертегілерде)
қол ұшын береді. Қазақтар «Қыдыр дарып, бақ қонсын» деп ба­

таласады. «Қырықтың бірі—Қыдыр» деген мақал да бар.

Ағла /а/—биік, жоғары Ағлан /а/—жария, жарнама, афиша Азиятский /о/—азиялық Айроплан /о/—аэроплан Акоп /о/—окоп; жаяу әскерге арналған ор—бекініс. Ақалақшы—шамамен мың түтінге билік жүргізетін мансап Ақырет—өлген адамды орайтын ақ мата, кебін Алхамало белниет �������������������������������� (Алхамало—араб тіліндегі «Әлхам­ дулилла» сөзінің өзгерген түрі)—Аллаға мадақ ниетпен Амбы /қыт./—мансап атауы. Арбын /моңғ./—он Ашты /ж/—ащы Әйлау /т/—жасау, істеу Әнбиа /а/—пайғамбарлар Әндігер /ж/—қадірлі, құрметті Әңгек—жыра Әтей /ж/—әдейі Бада /ж/—шашылып жату Бамдат намаз—таң намазы Баска —пасха Бейтүлмәл /а/—қазына үйі Бән болу /қыт./—топ болу, топтасу Бейсі /моңғ./—лауазым, билік атауы Бейтулла /а/— Құдай үйі; әдетте Қағба мағынасын береді Бисмилла /а/—Алланың атымен. Мұсылмандар әрбір игі істі, әрекетті осы сөзбен бастайды. Бірдің айы—наурыз Жаппар /а/—құдіретті, күшті; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі * Басқа тілдерден енген сөздердің бірнеше мағынасы болуы мүмкін, сондық­ тан мәтін мазмұнына байланысты беріп тұрған мағынасын ғана сөз етеміз. Сөздік*

ғылыми  қосымшалар
Бідия—садақаның бір түрі
Гормонт—аймақ дәрежелі орын
Гүң /мәнжу/—шен, билік атауы

Ғайыт /а/—негізгі, өзекті, басты
Ғалия /а/—ең жоғары, ең үздік
Ғамад-сәна (Хамду сәна сөзінің өзгерген түрі ) /а/—Аллаға
мадақ айту.

Ғапыл /а/—қапы қалу, білмеу, байқамау, сезбеу, аңқаулық
Ғарасат—о дүниеде адамдарды жазалайтын күні жинала­
тын орын
Ғасы /а/—күнәһар

Ғұсуси /а/—әсіресе
Дадүйжаң /қыт./ —үлкен отрядтың бастығы
Даргар /п/—мекен, орын
Диянатлы /а/—діншіл, тақуа

Доғдыр /о/—дәрігер
Дубан /қыт./—әскери-әкімшілік шен
Дутың /қыт./—өлке бастығы
Дүзу /ж/—жүзу

Дүңше—тілмаш, аудармашы
Ершімді—келісті, келбетті, өнерлі
Жағыр—қара нәсілді тайпаның аты
Жаңжұн /қыт./—генерал

Жаңзы /қыт./—қыстақ
Жәһіл /а/—надан, оқымаған, білімсіз
Жедді /а/—желтоқсан айының арабша аты
Жиангер, жиһангер /п/—жаулаушы, агрессор

Жуши /қыт./—төраға
Жұңхуа миңго /қыт./— Қытай мемлекеті
Жүйжаң /қыт./—мекеме бастығы
Жүмлә /а/—бәрі, барлығы

Жүн уаң /қыт./— әскер басшы
Жылбуырын —жылпос, пысық
Забұр—���������������������������������
Алладан түскен төрт кітаптың бірі

Закон /о/—заң
Залың /мәнжу/—ауыл әкімі дәрежелі мансап атауы
Зәңгі /мәнжу/—шен атауы, жүзден мыңға дейінгі үйді басқарады
Зүңгуан /қыт./—бас қолбасшы

Зұрған /моңғ./—алты

тарихи  жырлар
Зіннат /а/—әшекей, кесте, өрнек
Идаят /а/—жарық, нұр
Ижабат /а/— жауап; орындау; келісім

Иләһи /а/—Құдайым
Инауат—инабат
Инду—үнділік
Иншалла /а/—[ин шаа Алла: ин—егер, шаа—қалау] Алла

қаласа, Алла ұнатса
Иуанжаң /қыт./— мемлекет басшысы
Иыңжаң /қыт./—батальон командирі
Иянат—қиянат

Кәуір, кәпір /а/— пұтқа табынған; шындықты мойын­
дамаған; ислам дінін ұстанушылар Аллаға сенбеген бүкіл
мұсылман еместерді кәпір деп атаған.
Кәлам /а/—әңгіме, гәп, сөз

Кәлам Құран/а/—Құран сөзі
Кәлам шәріп /а/—қасиетті сөз
Колбар жылан /ж/—улы жылан
Командир /о/—әскери басшы

Көңке—машина, көлік
Корольда—патша, король, билеуші
Кірент—шалғай; өңір
Қадір /а/—құдіретті, күшті; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі

Қамилан /қыт./—аудармашы
Қатқуыр /моңғ./—жорықта ала жүретін кішігірім басқалқа
Қитға /а/—бөлік, бөлім
Қолық — Тибеттегі бір ұлт

Ламбүк—матаның түрі
Лә иләһа илла Алла, Мұхаммед расул Алла /а/—Алла­дан
басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед Оның елшісі, бұл—мұсылман­дарда
иман білдіретін куәлік сөз.

Лиян /қыт/— жасақ
Лиян жаң /қыт./—жасақ басшысы
Мағриб /а/—батыс
Мазлұм /а/—әділетсіздікке тап болған, қиянатқа ұшыраған

Мақбұл /а/—қабылданған, келісілген; барынша мүмкін;
жағымды
Манфаң /мәнжу/—мансап атауы
Матпуғат /а/—баспа, баспахана

ғылыми  қосымшалар
Машриқ /а/—шығыс
Махам /а/— мекен, тұрақ
Махфуз /а/—сақталған, жадында ұсталған; тағдыр,

пешене; Құран Кәрім бойынша, адамдардың тағдыры жазылып
тұрған орын; Лаухул Махфуз [лаух /а/—тақта]—Құранның
85—«Буруж» сүресінің 22-аятында көрсетілгендей Жерде
болған және болашақта болатындардың бәрі жазылған, барлық

қасиетті кітаптардың түп негізін сақтаған жазба, тақта.
Махшар /а/—адамдардың о дүниеде жаза күніне жинала­
тын орны.
Мәнжу—Қытайдағы ұлт; манчжурь

Мәнсұп /а/—тиесілі, лайықты
Мәскеп /ж/—былғарының бір түрі
Меллат /а/—ұлт, қауым
Миләди /а/—Иса пайғамбардың туғанынан бастап есепте­

летін жыл санағы.
Моңғұл /ж/—моңғол
Муазин /а/—азаншы
Мухажир �����������������������������

/а/—жер аударушы; эммигрант�
Мұхаллет болу /а/—күнәдан тазару
Мұңқа шұмтаң /қыт./—«Моңғол-қазақ мекені» деген
сөздің қысқартылған түрі

Мұрасым /а/—рәсім, салтанат
Мұрдат /а/—дінсіз
Мұстажап /а/—елену, ескерілу
Мұһим /а/—маңызды

Мүбәда /а/—егер де, алда-жалда
Мүминин ихуатун /а/—бауырлас мұсылмандар
Мүмін /а/—мұсылман
Мүңкір-Нәңкір— о дүниеде, қабір ішінде адамнан сұрақ-

жауап алатын періштелер.
Мүшәріп /а/—құрметті, ғазиз
Мүсибат /а/—апат, ауыртпалық
Науап /а/—орынбасар, депутат

Нәби /а/—пайғамбар
Низам /а/—заң, қағида
Опайке—бұзау терісінен өңделген былғары
Пайтақ /п/—астана, орталық

Паһим /а/—түсіну, пайымдау

тарихи  жырлар
Пилимот /о/—пулемет
Потай—қарумен оқ атып қорғануға арнап салынған
мұнаралы бекініс

Пысу /ж/—пісу
Расул /а/—елші
Раушан /п/—жарық, нұр
Рахман /а/—аса қамқор; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі

Рахмат /а/—рақым, мейірім
Сабаки /о/—ит
Салдат /о/—жауынгер
Самолиот /о/—ұшақ

Саңы ауу/ж/—аңсары ауу
Сауия—сана, ес
Сәна—қайғы; тілек-өтінішті білдіретін—шы, -ші орнына
қолданылатын жұрнақ: бар-сәна [баршы].

Семиа /о/—отбасы
Сердеме—сандалу, сергелдеңге түсу
Сетер—бәсіре
Сипыр /о/—сан

Судиа /о/—судья
Сұбхан �����
Алла /а/—Аллаға мадақ! (Құран Кәрімде бұл мадақ
93 мәрте кездеседі)

Сұмын /моңғ./—Қытайдың Юань хандығы кезінде аудан
дәрежелі әкімшілік бірлік осылай аталған. Цинь хандығы за­
манында ол ауыл дәрежесіне өзгерген.
Тағала /а/ —бәрінен жоғары, ұлық; Алла Тағаланың 99

есімінің бірі
Тарпы—көлем, мөлшер
Таяр /ж/—даяр
Тәйжі /мәнжу/—мансап атауы; мың үйдің басшысы

Тәйни —тыңшы, жансыз
Тәңір /т/—Құдай
Тебіз—қыңыр, қияңқы
Төрелама—моңғол дін мансаптысы

Тұңлиң /қыт./—қолбасшы
Уаң /қыт./—хан, патша, төре, пір
Уасыл /а/—келу, жету
Уинуан /қыт./—жора, алқа

Ұйыл—мығым, шымыр
Үйез /о/—уезд

ғылыми  қосымшалар
Үйезнай /о/—уездной
Үкірдай /мәнжу/—болыс дәрежелі лауазым атауы
Хадис /а/—әңгіме; хикая; Мұхаммед пайғамбардың айтқан

қасиетті сөздері, өсиеттері.
Хақ /а/—шындық, күмәнсіз, ақиқат; Алла Тағаланың 99
есімінің бірі.
Халал /а/—шариғат заңы бойынша ұлықсат берілген; таза,

адал; некелеп алған; жарамды
Халия /а/—қымбатты, әсем; тәтті
Харам /а/—шариғат бойынша тыйым салынған, яғни ішіп-
жеуге, қолдануға жарамайтын нәрсе [Құран Кәрімде бұл түсінік

71 жерде қолданылған]; заңсыз, таза емес
Хикмет /а/—керемет, ғажайып; дана сөз
Хилап /а/—қарсы, опасыз, қиғаш
Хисабат /а/—есеп, нәтиже

Хұң хузы / қыт./ —қызыл сақал
Шалың /қыт./—бұйрық, жарлық
Шандыру—әшкере болу, сездіру, сыр алдыру
Шанжы / қыт./—сырық

Шаңзұң /қыт./—ауыл бастығы
Шаңия /қыт./ —қыстақ бастығы
Шариғат /а/—заң, хартия
Шаһариар—[шаһар /п/—төрт, жар /т/—жар,серік]—

Мұхаммед пайғамбардың төрт серігі: Әбубәкір, Омар, Оспан,
Әли. Кейде төрт жар, төрт шәрі деп те айтылады. Араб хали­
фатын билеген бұл төрт әділетті халифа тарихта «ал-хулафа ар-
рашидун» деген атпен белгілі болған.

Шаһид /а/—шейіт, дін жолында жан беру
Шән /қыт./—аудан әкімі
Шиаңзұң /қыт./—ауыл бастығынан жоғарылау мансап
Шиалың беру /қыт/—көмек беру, қамқорлық қылу

Шиянжаң /қыт./—аудан әкімі
Шөгел—тындырымды, пысық
Шүйе бөрі /ж/—шибөрі, шиебөрі
Шыларжын—шөп төсеніш

Шіләпә /о/—шляпа
Ізім /а/—азим (ұлы) сөзінің фонетикалық өзгеріске түскен
түрі
Эра /о/—дәуір

Жер-су атаулары Алатау—1) Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Феде­ рациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жеті­ су Алатауы, Іле Алатауы т.б. жатады. 2) Жетісу және Іле Алатауының халық ұғымындағы жалпылама атауы. Алтай—Алтай тау жүйесі—Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Алтай солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін жан-жаққа таралған. Арқа—Жайық пен Ертіс өзендері аралығында созылып жатқан ұлан-ғайыр шөлді, қыратты, таулы, сулы да нулы өңірлер, яғни еліміздің терістік өлкесі «Арқа», «Сарыарқа» деп аталады. Атбасар—іргетасы 1846-жылы қаланған. Астана қаласы­ нан солт.-батысқа қарай 232 шм. Жерде, Жабай өзенінің (Есіл өзенінің бір саласы) оң жағалауына орналасқан. Бабу—Гансу өлкесіне қарасты жер аты Бетпақдала—Қазақстанның орталық бөлігіндегі кең байтақ аймақты алып жатқан шөлді өңір. Батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен, шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзенінің аңғарымен, солтүстігінде Сарыарқамен шектеле­ ді. Гималай—Жер бетіндегі аса биік тау жүйесі. Тибет тау­ лы қыраты (солт.) мен Үнді-Ганг жазығы (оңт.) аралығында. Үндістан, Қытай, Непал, Пакистан және Бутан мемлекеттері аумағында орналасқан. Еділ, Волга (ежелгі атауы Ра, орта ғасырларда Итил)— Еуропадағы ең үлкен өзен. Еділ өзені бастауын Валдай қыратынан алып, Каспий теңізіне құяды.

ғылыми  қосымшалар
Ертіс—Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен. Обь
өзенінің сол саласы. Қазақстан жерінде Шығыс Қазақстан,
Павлодар облыстары арқылы ағады. Бастауын Алтай (Қытай)

сілемдерінен (Найрамдалы тауынан) алады. Зайсан көліне дей­
інгі бөлігі—Қара Ертіс, көлден төмен қарай Ақ Ертіс немесе Ер­
тіс деп аталады.
Есіл—Ертіс өзенінің сол жақ саласы. Қазақстанның

Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және
Ресейдің Түмен, Омбы облыстары жерінен өтеді. Сарыарқаның
солтүстік бөлігіндегі Нияз тауының батыс беткейінен баста­
лып, Омбы облысындағы Усть-Ишим селосының тұсында Ертіс

өзеніне құяды.
Жайық—Каспий алабындағы өзен. Оңтүстік Орал тауы
және Каспий ойпаты, Ресей Федерациясының Башқұртстан
Рес­публикасы, Челябі, Орынбор және Қазақстанның Батыс Қа­

зақ­стан, Атырау облыстары жерінен ағып, Атырау қала­сының
тұсында Каспий теңізіне құяды.
Кашмир—Азиядағы Гималай мен Тибет таулары тоғысқан
тұста орналасқан тарихи өлке.

Кербала—Ирактағы қала, шииттердің қасиетті жері. Бұл
жерде 680 жылы 10-қазанда үшінші шиит имамы Хұсайын
әскерімен қаза тапқан атақты ��������������������������������
«Кербала соғысы» болған. Әлидің

ұлы Хұсайынның мазары да осында.
Қазан—Ресей
Федерациясы
құрамындағы

Татарстан
автономиясының орталығы, Еділдің сол жағасында орналасқан
қала.
Қаратау—Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік батысындағы

тау жотасы. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда об­
лыстары аумағында орналасқан.
Қобда—Моңғолиядағы өзендердің бірі; сондағы қалашық
пен аймақ атауы.

Мекке—мұсылмандардың қасиетті қаласы. Онда бас ме­
шіт әл-Мәсжид әл-Харам мен Қағба орналасқан. Исламның
негізін қалаушы Мұхаммед (с.а.с.) осы қалада дүниеге кел­
ген. Мұхаммед (с.а.с.) Меккеден кеткенімен Мәдинедегі жаңа

құлшылық ету үйін Қағбаға қарама-қарсы қойған жоқ, қайта
оның есігін соған қаратты (Құбыла). Мұсылмандардың Мекке­
ні 630 ж. жаулап алуы оның діни орталық ретіндегі айрықша
жағдайын қалпына келтіріп қана қоймай, одан да жоғары

тарихи  жырлар дәрежеге көтере түсті. Меккеге барып тауап ету исламның бес парызының бірі болып саналады. Моңғолия—Орталық Азиядағы мемлекет. Ресеймен және Қытаймен шектеседі. Астанасы—Улан-Батор. Нақша—Қытайдағы Сизаңға қарасты жер аты Омбы (Омск)—Ресейдің Қазақстанмен шектесетін ірі қалаларының бірі. Орал—Орал облысының орталығы, қала. Негізі 1613 жылы қаланған. Жайық өзенінің жағасында, оған Шаған өзенінің құйған жеріне таяу орналасқан. Орынбор—қала, 1920-22 жылдары Қазақ автономиялық республикасының астанасы болды. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында қазақ интеллигенциясының едәуір бөлігі Орынбордың оқу орындарында оқып, білім алды. Пакистан Ислам Республикасы—оңтүстік Азиядағы мем­ лекет. Оңтүстік батысында Иранмен, батысында және солтүстік батысында Ауғанстанмен, солтүстік шығысында Қытаймен, шығысында Үндістанмен шектеседі. Оңтүстігі Араб теңізіне ұласады. Астанасы—Исламабад. ���������������������������� Мемлекет ретінде 1947 жылы құрылған. Пекин, Бейжің (қыт.—солтүстік астана деген сөз)—Қытай Халық Республикасының астанасы. Ұлы Қытай жазығында, Юндинхэ өзенінің алабында орналасқан. Пышауыр, Пешавар—Пакистандағы қала. Солтүстік Батыс шекаралық провинцияның әкімшілік орталығы. Бара өзенінің бойында орналасқан. Сахалин—Азияның шығыс жағалауындағы арал. Ресейдің Сахалин облысының құрамына кіреді. Жағалауы Охота және Жапон теңіздерімен шайылады. Семей—Ертіс өзенінің жағасында орналасқан қала. Іргесі ХVІ ғасырда қаланған қаланың алғашқы атауы Жетішатыр, кейін «Алаш қаласы» деп те аталды (ХХ ғ.). Сырдария—Орта Азиядағы ірі өзен. Қарадария мен Нарын өзендерінің Ферғана қазан шұңқырының шығыс бөлігіндегі қосылған жерінен бастап Сырдария аталынып Арал теңізіне құяды. Сібір—Азияның Орал таулары мен Тынық мұхит жағалауының және Солтүстік Мұзды мұхит жағалауы мен Моңғолия шекарасы, Сарыарқа етегі аралығындағы бөлігі.

ғылыми  қосымшалар
Тәшкен—қала, Өзбекстанның астанасы. Шыршық өзенінің
аңғарында, теңіз деңгейінен 440-480 метр биіктіктегі шұратта
орналасқан.

Тибет—ҚХР құрамындағы автономиялы аудан. Солтүс­
тігінде Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданымен, солтүстік
шығысында Сычуань провинциясымен, оңтүстік батысында
Непалмен, Оңтүстігінде Бирмамен шектеседі.

Торғай—ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы бекініс.
ХІХ ғасырдың 40-жылдары феодалдық монархиялық қозға­
лыс­пен күрес барысында қазақ даласының ең түкпірінен
бекініс пунктін салуға шешім қабылданды. Торғай облысының

құрылуына байланысты 1868 жылы Торғай қала атанды.
Тянь-Шань (қыт. Аспанмен тілдескен тау)—Орта және
Орталық Азиядағы тау жүйесі. Тян-Шаньның батыс бөлігі
Қырғызстанда, солтүстік және батыс жоталары Қазақстанда,

оңтүстік батыс сілемдері Өзбекстан мен Тәжікстанда, шығыс
жағы Қытайда. Ұзындығы 2450 шақырым.
Уфа—қала.
Башқұртстан

Республикасының
астанасы.
Ағидель өзенінің бойында орналасқан.
Үрімжі—Қытайдағы қала. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық

ауданының
әкімшілік
орталығы.
Үрімші

шұратында
орналасқан.
Үндістан—Азияның
оңтүстік-шығысында

орналасқан
мемлекет. Астанасы—Дели қаласы. Мемлекеттік тілі—хинди.
Шәуешек,
(Дачэн)

Тарбағатай—Қытайдағы
қала.
Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында.
Іле—Қазақстан (Алматы облысы) мен Қытай жеріндегі өзен.

Шығыс Тянь-Шаньнан басталып, Балқаш көліне құяды.

Томға енген дастандарды жырлаушы,
айтушы һәм жинаушылар туралы
мәлімет
Арғынбек

Апашбайұлы
(1883-1946)—әкесі
ескіше
сауат­ты, шешесі Әйен ана ақын адам болған. Арғынбектің

алғашқы сауаты 7 жасында Сейіт Мұстафа деген араб мол­
дасынан ашылады. Онан кейін Жақия атты молдадан, татар
оқымыстыларынан діни, пәни білімдерді қатар алады. 14 жа­
сынан бастап өлең шығара бастайды. «Қалам алып Арғынбек»,

«Жер—адамның анасы», «Жігіт сол», «Жақсы-жаман», «На­
сихат», «Бұл күнде түрлі-түрлі заман басқа», «Мұса мерген»,
«Зәтелбайға», «Бір заман» қатарлы көптеген өлең, толғау,
дастандары ел арасына ауызша, жазбаша түрде кең тарала­

ды. «Мәуліт жыры», «Мұхаммедтің мұғжизасы» секілді араб,
парсы шығармаларынан нәзираланған қисса-дастандары ел-
жұрттың ықыласына бөленеді.
Бейсенғали Садықанұлы (1911–2000)—алғашында ауыл

молдасынан оқып араб тілінде сауат ашқан. Кейін төте жазуда
Қараоба орталау мектебін тауысқан. Қаршадайынан зерек-зер­
делі, өлең, әңгімеқұмар болған. Ұлы аталарының бірі—ақын,
тарихшы Маусымбай сияқты ел арасындағы тілді-жақты, бі­

лімді адамдарды жағаттаған. Олардан тәрбие алған. Әсіресе
шежірелік, шешендік сөздер мен қисса-дастандарды көкірегіне
көп тоқып, мол жаттаған. Ел алдында нәшіне келтіріп орын­
дауды, домбыраға қосып ән айтып, қисса-дастан орындауды

дағдыға айналдырған. Жастайынан айтысқа түскен. Өлең-
жыр, қисса-дастан шығаруға бой ұрған. Ат жалын тартып мі­
ніп ауыл-қыстақтағы ел басқару жұмыстарына араласқаннан
кейін де, «көнелікке бой ұрды» деп он бес жыл бойы бақылауда

дене еңбегінде болса да, ел мұрасын ардақтауын төмендетпеген.
Фольклорлық қыруар материал топтаған. Оларды алуан амал­

ғылыми  қосымшалар
да жасырып сақтаған. Қытайдағы саяси жағдай оңалып,
азаматтық құқығы қалпына келгеннен кейін «Шалғын»,
«Мұра» сияқты мерзімді басылымдарда жиырмадан астам ауыз

әдебиеті шығармалары мен өзі жырлаған өлең, дастан, қисса,
өлеңмен жазылған шежіре жариялаған. Алғашқы мәтінін өзі
жазып, кейін Зейнолла деген жазушымен бірлесіп Қабанбай ба­
тыр туралы тарихи роман жариялаған. Өз ауданы—Дөрбілжін

аудандық мәдениет отауының мәдени мұра қорына мың
шумаққа таяу (904) өлең-жыр, неше ондаған аңыз-ертегі, 183
тармақ мақал-мәтел тапсырған.
Жұмажан Әбілғазыұлы—1935-жылы Алтай аймағы, Же­

меней ауданында дүниеге келген. Институт бітірген соң Жеме­
ней аудандық мәдениет мекемесінің қызметкері болған. Фольк­
лор мұраларын жинаушы, зерттеуші әрі жазба ақын. Өлең,
толғау, дастандары баспадан шыққан. «Мұхаммед—Қанапия»,

«Түсіпхан», «Арқалық», «Ер Кешубай», «Жиенбай батыр»,
«Демежан», «Сақари», «Рамазанның қиссасы», «Мұңлы қыз»
қатарлы халық мұраларын ел аузынан жазып алып жүйелеген.
1991 жылы Іле халық баспасынан жарық көрген «Жеменей ау­

даны қисса-дастандары» атты екі жинақтың бас редакторы мін­
детін атқарған. ШҰАР фольклоршылар қоғамының және жазу­
шылар одағының мүшесі.
Шерияздан Сұлтанбайұлы—1933 жылы 20-желтоқсанда

Алтай аймағының Сарысүмбе қаласында туып, 2005 жылдың
желтоқсанында Үрімжі қаласында қайтыс болған.
Шерияздан орта мектепті туған қаласында бітіреді. 1952-
1954 жылдары Үрімжі кооператив кадрлар курсында, 1955,

1956 жылдары ШҰАР партия мектебінде оқыды. 1962 жылға
дейін ШҰАР кооператив мектебі мен қазына институтында
оқытушы болып қызмет істейді. 1963 жылдан бастап зейнетке
шыққанға дейін Шыңжаң жергілікті жеміс-жидек серіктесті­

гінде бөлім меңгерушісі, серіктестік бастығының орынбасары
міндетін атқарған.
Шериязданның
әкесі

Сұлтанбай
жыршы,
қиссагер-
әңгімешіл, шежіреші, тарихшы адам болған. Бала Шерияздан

жастайынан әке жолын қуған. Қисса-дастан, эпос жаттаған.
Өз ұлтының тарихына, шежіресіне, әсіресе батырлар өмірінің
ертек, аңыздарына ерекше құмартқан. Олар жөніндегі та­
рихи кітаптарды құныға іздеп оқып, есте сақтаған. Өлеңмен

тарихи  жырлар
жазылғандарын жаттап алуды, ұққандарын, жаттағандарын
ел алдында әңгімелеуді, әндетіп айтуды, өзі қисса-дастандар­
ды құрастыруды дағдыға айналдырған. «Абылай», «Бөгенбай

батыр», «Кешубай», «Еспенбет», «Ер Тарғын», «Қобыланды»,
«Ер Тәуке», «Сәтбек», «Қыз Жібек», «Қалқаман—Мамыр»
сияқты эпос-жырларды мәнерлеп жаңғырта жырлаған. Олар­
ды «Шалғын», «Мұра», «Алтай аясы», «Қазақ қиссалары»,

«Қазақтың ғашықтық жырлары» сияқты басылымдарда әр кез­
дері жариялаған.
ШҰАР фольклоршылар қоғамының, Қытай Халық Респу­
бликасы фольклоршылар қоғамының мүшесі болған.

ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР

ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
/а/—араб
/моңғ./—моңғол

/о/—орыс
/п/—парсы
/тат./—татар
/т/—түркі

/қыт./—қытай
/ж/—жергілікті сөз
/солт./—солтүстік
/оңт./—оңтүстік

Пайдаланылған әдебиеттер Зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық жинақтар, сөздіктер 1.  Құран Кәрім: қазақша мағына және түсінігі. Аударған Халифа Алтай.—Мәдине, Сауд Арабиясы, 1991. 2.  Азибаева Б. Казахский дастанный эпос.—Алматы: Ғы­ лым, 1998.� 3.  Әуезов М. Әр жылдар ойлары.—Алматы: ҚМКӘБ, 1959. 4.  Батырлар жыры. Құрастырғандар: М. Ғұмарова, О.Нұрмағамбетова, Т. Сыдықов, Б. Уахатов.—Алматы: Жа­ зушы, 1964. 5.  Бердібаев Р. Қазақ эпосы.—Алматы, Ғылым, 1982. 6.  Қазақ әдебиеті тарихы 1 т., 1-кітап.—Алматы, 1960. 7.  Қазақ қиссалары. 4-т. Бейжің «Ұлттар» баспасы, 1985. 8.  Қазақ қиссалары. 4-т. Бейжің «Ұлттар» баспасы, 2000. 9.  Қазақ қиссалары. 18-т. Бейжің «Ұлттар» баспасы, 2000. 10.  Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 8-т.— Алматы: Үш Қиян, 2005. 11.  Қазақ совет энциклопедиясы. 10-т.—Алматы, 1977. 12.  Қасқабасов С. Жаназық. Таңдамалы.—Астана: Аудар­ ма, 2002. 13.  Мұқанов С. Халық мұрасы. Алматы: Қазақстан, 1974. 14.  Таңжарық шығармаларының толық жинағы. 2-т.— Астана, 2002. 15.  Арабско-русский словарь. Составитель Х. К. Баранов.— М., 1968. 16.  Древнетюркский словарь.—Л: Наука, 1969. 17.  Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Құрастыру­шы­ лар: Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.— Алматы: Дайк-Пресс, 2001.

тарихи  жырлар 18.  Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 19.  Персидско-русский словарь. Под ред. Ю. А. Рубинчика.

І-ІІ т.—М., 1970. 20.  Турецко-русский словарь. Под ред. Т. Е. Рыбальченко.—

М.: Русский язык Медиа, 2005.

РЕЗЮМЕ

Институт литературы и искусства им. М.О.Ауэзова Мини­
стерства образования и науки РК продолжает работу по подго­
товке и изданию очередных томов Свода казахского фольклора
«Бабалар сөзі», выполняемого в рамках государственной про­

граммы «Мәдени мұра»(«Культурное наследие»).
По состоянию на сегодняшний день Институтом подготов­
лено и издано 28 томов фольклорных текстов, в том числе:
одиннадцать томов новеллистических дастанов, семь томов ре­

лигиозно-нравственного содержания, один том исторических
поэм, восемь томов дастанов романического (любовного) содер­
жания.
Предлагаемый вниманию читателей 28-том Свода включа­

ет в себя фольклор казахов, проживающих в Китае. В настоя­
щее время там проживают около полутора миллиона казахов.
Волею судьбы оказавшиеся на чужбине, они сохранили свой
язык, обычаи и фольклор. В репертуаре тамошних сказителей

сохранились почти все сюжеты общеказахского эпического,
сказочного, песенного и др. творчества. Наряду с ними встре­
чаются сюжеты, возникшие в других историко-социальных
условиях.

Данный том включает в себя поэмы (жыр) историческо­
го содержания, это такие произведения, как: «Қожеке»,
«Арғынбектің жыры», «Үркін-қорқын», «Кешубай—Жәмила»,
«Ер Бұлан», «Уаң бала», «Он сегіз», «Қан кешу», «Нүптебектің

асы», «Сәтбек», «Шейітсай», «Сақари».
Сюжеты некоторых из них восходят к произведениям на­
родной литературы, другая же часть их сложена по следам ре­
гиональных легенд и предании. Всего планируется подготовка

тарихи  жырлар
и издание нескольких томов образцов фольклора казахов, про­
живающих в Китае.
В соответствии с принципами издания «Бабалар сөзі» том

снабжен научными приложениями, которые включают в себя:
сведения о публикуемых текстах; краткий историко-фолькло­
ристический и текстологический анализ их; данные о истори­
ческих и религиозных деятелях, имена которых встречаются в

текстах; словарь китайских, древнетюркских, арабских и пер­
сидских слов, терминов и понятий религиозного характера, а
также географических названий; сведения о сказителях, соби­
рателях и публикаторах; список использованной литературы;

резюме на русском и английском языках.
Тексты, печатаемые в данном сборнике в свое время издава­
лись в Китае. При этом они, к сожалению, подверглись в опреде­
ленной степени редакции, литературной обработке. Это проис­

ходило, по всей вероятности, как на стадии записи текстов от
исполнителей, так и в процессе переписки рукописей (возможно
неоднократной), а также и в ходе подготовки текстов к изданию.
Вместе с тем в них сохранены особенности фольклора казахской

диаспоры Китая.
В Казахстане большинство текстов данного тома публикуют­
ся впервые.
Объем тома—23,5 п.л.

Summary M.O. Auezov Іnstіtute of Lіterature and Arts, Mіnіstry of Ed­ ucatіon, Republіc of Kazakhstan іs contіnuіng actіvіtіes on pre­ paratіon and publіshіng of the volumes of hundred volume serіes «Babalar sozy» іn the frame of the State program «Medenі Mura» («Cultural herіtage»). By present tіme the Іnstіtute staff have prepared and publіshed 28 volumes of folklore texts іncludіng: eleven volumes of novelіs­ tіc dastans, seven volumes of relіgіous-moral content, one volume of hіstorіcal poems, eіght volumes of romantіc (love) dastans. The proposed 28th volume іncludes folklore of Kazakh people who lіve іn Chіna. About mіllіon and a half Kazakh people lіve іn Chіna. Hіstorіcally іt happened so that Kazakh people have left to Chіna, lіved there and preserved theіr natіve language, customs and folklore. The repertoіre of the narrators have preserved alm­ ost all plots of common Kazakh epіc, tale, song and other creatіve work. Alongsіde wіth them there the plots that have orіgіnated іn new condіtіons, іn dіfferent hіstorіcal-socіal envіronment. Thіs volume іncludes hіstorіcal poems (zhyr)such as «Kozhe­ ke», «Argynbektіn zhyrі», «Urkіn-korkіn», «Keshubay-Zhamіla», «Er Bulan», «Uan bala», «On segіz», «Kan keshu», «Nuptebektіn asy», «Satbek», «Sheіtsaі», «Sakarі». Some of theіr plots are based on regіonal legends and tales. Іn total іt іs planned to prepare and publіsh several volumes of the sa­ mples of folklore works of Kazakh people lіvіng іn Chіna. Accordіng to the prіncіples of the edіtіon «Babalar sozі» the vo­ lume has scіentіfіc supplements whіch іnclude the followіng: data on publіshed texts and theіr versіons; brіef hіstorіcfolklore and textologіc analysіs of the texts; data on hіstorіcal and relіgіous fіg­ ures whose names are mentіoned іn the texts; vocabulary of the old

тарихи  жырлар Turkіc , Arabіc and Persіan words, terms, notіons and geographіc names; data on narrators of folk tales, collectors and publіshers; lіst of used lіterature; summary іn Russіan and Englіsh. Texts publіshed іn thіs volume have been publіshed іn Chіna. Regretfully they have been subject to edіtіng and lіterary proce­ ssіng. Possіbly thіs happened both on the stage of recordіng texts from the narrators and іn the process of re-wrіtіng of the manuscr­ іpts (possіbly several tіmes) as well as durіng preparatіon of the te­ xts for publіshіng. However they have preserved the peculіarіtіes of the folklore of Kazakh people who lіve іn Chіna. Іn Kazakhstan all texts of thіs volume are beіng publіshed for the fіrst tіme. Volume іncludes 23,5 p.p.

Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................ 5 Мәтіндер Қожеке .............................................................................. 9 Арғынбектің жыры ........................................................... 55 Үркін-қорқын ..................................................................101 Кешубай—Жәмила ..........................................................143 Ер Бұлан .........................................................................175 Уаң бала ..........................................................................205 Он сегіз ...........................................................................231 Қан кешу .........................................................................255 Нүптебектің асы ..............................................................278 Сәтбек .............................................................................300 Шейітсай .........................................................................313 Сақари ............................................................................322 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме .....................................331 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер ...................344 Сөздік ..............................................................................356 Жер-су атаулары ...............................................................362 Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет .......................................366 Шартты қысқартулар ........................................................368 Пайдаланылған әдебиеттер .................................................369 Резюме ............................................................................371 Summary ..........................................................................373

Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 28 том ИСТОРИЧЕСКИЕ ПОЭМЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М. О. Ауэзова Шығаруға жауапты Р. Қ. Тұрлынова Редакторы Ұ. С. Тілегенова Техникалық редакторы Г. Бектібаева Компьютерде терген Г. Тұрлықожаева Компьютерде беттеген М. О. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген �������������� «������������� Баур��������� » �������� баспасы ИБ № 2139 Теруге 07.02.06 жіберілді. Басуға 17.02.06 қол қойылды. Пішіні 60х901/16 . Қаріп түрі ����������������������������������������������� «���������������������������������������������� Мектептік������������������������������������� ». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 23,5. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс № . «Фолиант» баспасы 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1 «Фолиант» баспаханасында басылды 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙