TELEGEI

Home

Баянғали Әлімжановтың шығармалары 3-том

Баянғали Әлімжанов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Баянғали Әлімжановтың шығармалары 3-том

Бұл кітапқа қай жанрда қалам тербесе де өзіндік қолтаңбасы мен оқшау мәнері айқын аңғарылып тұратын қаламгердің прозалық туындылары топтастырылды. Автор шығармаларында өмір шындығын, қоғам бейнесін шынайы әрі көркем кестелейді, күлдіре отырып күрсіндіреді һәм ойландырады. Алуан түрлі тағдырлар, ақ пен қараның бітіспес айқасы, сан түрлі өмір сынақтары шынайы бейнеленген көркемдік қуаты күшті жазбал

Әлімжанов Б. Шығармалары. Әңгімелер мен повестер. – Астана: Фолиант, 2015. ІSBN 978-601-302-125-6 Т.3. Күлкімен көмкерілген ой. – 336 б. ІSBN 978-601-302-128-7 Бұл кітапқа қай жанрда қалам тербесе де өзіндік қолтаңбасы мен оқ­ шау мәнері айқын аңғарылып тұратын қаламгердің прозалық туынды­ лары топтастырылды. Автор шығармаларында өмір шындығын, қоғам бейнесін шынайы әрі көркем кестелейді, күлдіре отырып күрсіндіреді һәм ойландырады. Алуан түрлі тағдырлар, ақ пен қараның бітіспес айқа­сы, сан түрлі өмір сынақтары шынайы бейнеленген көркемдік қуаты күшті жазбалар ешкімді бейжай қалдырмасы анық. Кеудесіндегі сыр толы сандығын қалам арқылы жайып салатын ақын жүрек лүпілі ақтарылып қана қоймай, саналарға қозғау салып, ақын мен адамзат арасындағы алтын көпірді туындыларымен жалғайды. Жинақ талғамы биік оқырманға, ұлтын сүйетін, жұртын қадірлейтін ұрпаққа арналған. ІSВN 978-601-302-125-6 жалпы © Әлімжанов Б., 2015 © «Фолиант» баспасы, 2015 ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5 Қаз)-5 ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5 Қаз) - 5 Ә 55 Ә 55 ІSВN 978-601-302-128-7 (Т.3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді

АУЫЛ ХИКАЯЛАРЫ

(1990-1999 жж.)

БОС БӨШКЕ

Ауылдың асханасына үлкен темір бөшке әкелген бөшкедей
жігіт анадайда кетіп бара жатқан құрдасына бір ысқырды да,
ол келгенше «бөшке әкелдім» деп даңғыр-даңғыр етіп, алты
бүйрөшке, екі кесе компотпен «жуғызып» та үлгерді.

Екеулеп бөшкені түсіргесін кетуге оқталған.

– Есіктің алдына домалата сап кете бересің бе, ей? Тым

болмаса жаңағы жеген алты бүйрешкеңнің жартысын ақтап,
кіргізіп беріп кетпейсің бе? – деп қажады құрдасы.

– Маған ешкім өйт деген жоқ, – деді мынау сасқалақтап. –

Апарып тастай сал деген. Айтса бірсәрі, айтпағасын ұят қой...
Жүр, одан да сені үйіңе апарып тастай салайын.
Күздің қара суығында бос бөшке елдің зәресін ала гуілдеп,
асхананың алдында бір түнеп шықты. Тамақ ішуге келгендер

оны әрі-бері айналдырып, кейбіреуі бір теуіп көріп, айналып
өте берді.
Ертеңіне асхананың бас ханымы совхоз директорының
орын­басарына телефон соқты. «Осылай да осылай, бөшкені

кіргізіп, орнатып беріңіз». Орынбасар қазақша құлаққағыстың
күні бая­ғыда өткендігін, соны әлі күнге білмей жүрген адамға
асхананы бас­қартудан бастарту керек шығар деп кәдімгідей
көсіле толғап барып, қазақшаны қойып, қағазша ғарыз

қылмаса, күні қараң екендігін ұғындырды.
Арыз қолына тиген соң, арқаны кеңге салудың күні өт­
кенін жадына мықтап тоқып алған орынбасар бұл мәселені
жылдам шешуге кірісті. Бастыққа кіріп, бос бөшкенің бір күн

босқа тұруының өзі баз біреулердің босаңдығын көрсететінін

дәлелдеді. «Бос нәрсенің бәрі толтырылуға тиіс», – деп,
директор арызға қол қойып берді.
Орынбасар телефонды бір сағат бұрап-бұрап, прорабты таба
алмаған соң, «бұлайша канторда отыра берсем, бюрократтар

қата­рына қосылып кетермін» деп, құрылысқа балпаңдап өзі
келді.
Прораб бос бөшкені бос орынға орналастырып, су толтыруға
құрылысшылардың қолы бос еместігін, жылына жиырма

пәтер салуға жанталасып жатқанда, бос бөшкеге босқа уақыт
кетірудің өзі бос әуре екендігін достық әзілмен түсіндіріп-ақ
көріп еді, еңбегі босқа кетті.

– Бос сөзді доғар! – деді орынбасар. – Басқа-басқа, бостан-

босқа басты ауыртпайық. Арыз бар, бұйрық бар, бітті, орындау
керек. Әлде сен директорға да бағынбайсың ба?
Орынбасар әдетінше оп-оңай жерден одақтас тауып алып,
әжептәуір бола қалды.

– Директорға бәріміз де бағынамыз ғой, бірақ бос бөшкеге

бо­ла ол кісінің онсыз да бос емес басын босқа ауыртып қайте­
міз? – деп, прораб та жоқ жерден жол тауып кетті. – Қатындар
да қызық, күнде тамақ ішіп жатқан пәленбай адамның бір-
екеуіне қойғызып алмай ма? Әйтпесе өздері -ақ...

– Жоқ, болмайды, – деді орынбасар. – Ол заңсыздық! Қазір

барлық жерде хозрашшот. Бос бөшке тамақ ішетіндердің де,
қатындардың да есебіне кірмейді. Екіншіден, бірдеңе істелген
соң, оған бірдеңе төленуі керек қой. Бос бөшкені орнына
қойғаны үшін біз кімге төлейміз? Далада жатқан дүние жоқ,

дабай, кісіңді бөл де, нәрәтіңді жаз!
Прораб шарт ете түсті. Екеуі ерегесіп тарады.

– Мына прорабың бізді онша тыңдағысы келмейді ғой

деймін, – деп, орынбасар бос бөшке туралы бос мәлімдемесін
нақты мағынаға толтыра аяқтағанда, директор қаһарына мінді.

– Әкел бері... прорабты!

Өстіп бос бөшкенің даңғыр-дұңғыры күшеюге айналды.
Орынба­сар бастаған бір топ адам жан-жақтан жабыла іздеп,
прорабты зорға тауып, директорға әрең әкелді. Олардың
әңгімелері бос бөшкені таяқпен ұрғанмен бірдей болды.

Ақыры, босқа ерегесе берсе, өзінің босап қалатынын түсінген
прораб жақсылықпен көне қойды.

Ертеңіне ол директорға көңілді келіп: «Түнде біреулер
бөшкені тесіп кетіпті. Шұрқ-шұрқ. Сваркілемесе түкке жа­
рамайды енді. Әкелген бетте кіргізе салатын кісілер ғой», –
деді ызалы қуанышын жасыра алмай. «Балалар ғой. Брюс

Лиді көріп-көріп, темір тесіп жаттығып жүрген», – десті
біреулер. «Саусағымен темір тесетін Брюс Ли емес, Брюс
Лай деген басқа әртіс», – деп, екіншілері оларды түзетіп еді,
күңфу мен каратэнің айналасында дау бұрқ ете түсті. Әйтеуір,

ешқайсысының бұл күрестерді жөнді білмейтіні абырой бол­
ды. У-шу болып, танланцюань, кекусинкай, дзю-дзюцу, дзюдо,
нят-нам, силат, хапкидо, айкидоны айыздары қанғанша
айтып-айтып, бір білгіш бұның бәрінің түп-тамыры үндінің

каларипляту деген күресі екеніне тоқталып, ақырында тікелей
таэквондоға түскенде тіпті құтырып кетті.
Сөзге таласып-тармасқандары сондай, тыпыр-тыпыр етіп,
тебісіп қала жаздады. Тыпырлатқан – Мұстафа Өзтүрік.

– Табанды жігіт деп соны айт!

– Біз қалай білмей келгенбіз?

– Неге?

– Дүниені табанымен таңғалдырған тарлан өзіне жабылған

тоғыз каратэшіні бір тепкенде талдырып тастапты.

– Тепкіш екен. Тоғызы түгілі, тоқсанына да бой бермейтін

шығар!

– Сүйтеді, бүйтеді, – десті. «Өзін бір тебеген айғырмен

тебістіріп көрер ме еді?!» – деп қиялдағандар да болды.

– Айтқандайын, ол Көкшетауға келіпті ғой!

– Е-е, келсе немене... Сенің темір бөшкеңді сол теуіп, тесіп

кетіп пе?

– Жоға, оны қайтсін ол. Жазда рас келіпті. Обкомда

отырғанда, ЦК-ның бір адамы, өзі дәу дейді, «бір әдісіңді
көрсетші!» деп қоймапты. Содан Мұстафа ақырды дейді.
Ақырғанда жұрттың бәрі жапырылып жата қала жаздады
дейді. Не істегенін ешкім де байқамай қалыпты, қанша көз

алмай аңдыса да. Ал әлгі дәуің допша домалап кетті дейді.

– Ұр деп несі бар енді? Сол керек оған.

– Жәй ақырын ұрған ғой, әйтпесе бос бөшке құсап тесілетін

де қалатын еді.

– Әй, кім тесті екен, ә? – десіп, қайтадан бөшкеге көшті.

– Кім болса да осал емес, Мұстафаға қосып қоятын екен өзін.

– Жоға, қол-аяғымен темір бөшкені тесетін адам жоқ

ауылда. Біреу темірмен ұрып, әдейі істеген ғой.

– Жарайды, бос сөз бөшке болмайды. Тез оңдап, орнына

қойын­дар...
Таңертең орынбасар директорға алқынып келіп:

– Бөшкені біреу алып кетіпті! – деді.

– Қалай?

– Солай! Кеше күні бойы әуре болып, тесігін бекітіп,

қатырып қойған жігіттер. Таңертең орнатамыз деп кеткенбіз,
келсек жоқ.

– Іздеңдер! – деп зілденді директор.

«Апырмай, жаман бөшкеге дейін жоғалатын заман туғасын
қай­тесің?» – деп, қайран ауыл алды-артына бір қарап, етек-
жеңін қым­тауды тағы да бір ойлап қойды...

– Табуын таптық-ау, – деді директорға екі күннен кейін

орынба­сар. – Бірақ бүйтіп табылғаны бар болсын!

– Е-е?! Неге?

– Қып-қызыл шатақ! – Қызыл шырайлы орынбасар бұл

жолы бозғылттау еді. – Шермәш Қаматай алыпты!

– Жетістірдің!

Шәрмәш Қаматай алса шаруа қиын: ол – бірінші хатшының
қайнағасы. Кайнағамен ойнаманың нақ өзі. Қиқуы күшті
қияңқы кісі, күйеу баласын арқаланып, бас-көзге қарамай,
белден басып жүре береді. Көбінесе шермәштің қойқаңдаулары

мен қиқаңдауларын «жындыға сот жоқ» деген қағидаға
сыйғызып, бәрі де одан аулағырақ жүруге тырысатын.

– Енді қайттік?

Орынбасардың орағыта сөйлегені директордың денсаулығы­
на жаман әсер етті. Қайдағы бір Қаматай көпшіліктің бөшке­
сін бұлар­дың көзін бақырайтып тұрып тартып алып, қорасына
орнатып қойса, бұлар оны қайтаруға қаймықса, көпшілік не

дейді? Қайнағалығы өзіне, кім-кімге қайнаға болмай жатыр?
Оу, біріншінің қайнағасы бүкіл ауданның қайнағасы емес қой.
Неге сонша басынады елді? Кайнағаға деген ызасы ақырындап
оны тайраңдатып қойған күйеу балаға қарай ауып, ішінен:

«Әй, осыларды-ай! – деп барып басылды. – Қой, болмас!»

– Селсебет екеуің Қаматайға барып түсіндіріңдер. Ұят

болады, қайтарсын! – деді қатқыл үнмен.

Шермәш Қаматай жаңа бөшкесінің жанында шемішке ша­
ғып отыр екен, екеуіне екі уыс шемішке берді де:

– Осы тойғандарыңмен барыңдар! – деді. Орынбасар орынды

сөйлеп келе жатыр еді, Қаматай бөшкеден бір ожау су алып,
сүйсіне сімірді де:

– Уһ! Оңды болды ғой! – деп, бөшкені алақанымен қағып-

қағып қойды. Екеуінің дымы құрып қайқайды.
Келесі топқа да төтеп берді шермәш Қаматай. «Жазығым
суға толтырғаным ба? Төбелессеңдер де бермеймін!» – деп,
күрегіне сүйеніп тұрып алды. Бос бөшке болса болды, оны оқ-

дәріге толтыра салу кісілерге оп-оңай ғой. Іс насырға шабуға
айналды. Орынбасар орағытып, прораб туралап, қалайда
бөшкені алатындарын, алмай қоймайтындарын, үкімет, заң
бар екенін үйіп-төгіп ұғындыруға кірісіп еді, шермәш Қаматай

күрегімен темір бөшкені бір перді.

– Пәлен күн бостан-босқа далада жатқан нәрсе енді керек

боп қалды ма, ей?!

– Далада жата ма, қорада жата ма, қоғам мүлкінде неңіз

бар? Ұрлап әкеліп отырсыз әрі-беріден соң.
Кеңселіктер еңселеніп, ентелеуге айналып еді, шермәш
Қаматай қыңған жоқ.

– Қалай әкелгенімде жұмыстарың болмасын! Қоғамшыл

болсаң, ие бол уағында. Мен де қоғамның мүшесімін. Бөшке
менің қорамда тұр ма, енді менікі. Қазір демократия – сендерден
ешкім де қорықпайды. Жақсылықпен кете қойыңдар. Әйтпесе
қора-қопсымды, үй-мүлкімді сендерден қорғай бастаймын!

Қаны қайнап кеткен шермәш Қаматай күрегін ыңғайлай
бастаған соң, кеңселіктер кеңесуге де үлгермей шегіншектей
берді...
Кеңсеге келген соң бәрі бірауыздан:

– Енді шегінетін жер жоқ. Принцип! – десті де, прокурорға

телефон соқты.
Бұл кезде шермәш Қаматай телефонмен қарындасына
айқайды салып жатқан...
Содан кейін тыныш болды. Біраз уақыттан соң асханаға

басқа бөшке әкеліп, орынбасар өз қолымен орнатты. Шермәш
Қаматай су ішкен сайын: «Қазір демократия – қалғанын
ұрғаным бар!» – деп шырт-шырт түкіріп, бөшкесін алақаны­
мен қағып-қағып қоятын көрінеді.

1990 жыл

ЖЫНДЫ ҚАРАТАЙДЫҢ ҚАСІРЕТІ Шермәш Қаматайдың бөшке қуған бастықтарды шемішке­ дей шаққаны сан-саққа жүгіріп, шартарапқа жайылды. Жағы талмай, жалықпай жарысқан желауыздардың жүйріктері: «Қаматай қаны қайнағанда қарындасымен қоса райком күйеу баласын да өкіртіп алыпты. Содан кейін райком барлығын бұрап-бұрап, мыштай қылыпты. Ер ғой Қаматай! «Күрекпен қуғаны дұрыс болған. Е-е, «Отан от басынан басталады», бәлем, төресымақтарға сол керек!» – десіп, оны әділет жолындағы күрескер, ел қорғаған батыр, бас­тық­тардың бастығы, ауданның қожайыны деп шығарған. Дүң­кілдеген дақпырт шермәш Қаматайды дөңкитіп, құтырта түсті. Кейбіреулер көлігінен түсіп сәлем бергенге семіргені сондай, бастық көрсе, боқ­тағысы келіп тұратын болды. Шәрмәш Қаматайдың хан көтерілгені жынды Қаратайдың қанын көтерді. «Осы елдің бетке ұстар тентегі, ең жындысы өзім, менен асқан қияңқы, менен өткен жынды жоқ!» – деп, тал түсте телпегін аспанға атып жүрген сабазың сабасына түсе алмай сақылдады. Бұл тұрғанда Қаматайлар да жындымын дейді-ау ұялмай! Әйтеуір, шермәш аты бар демесең, бұның жанында ол қой аузынан шөп алмайтын момын емес пе? Баяғыда... бөртіп жүрген бозбала кездері... Тассудың бір сақа тентегі Қаматайды «айналайындап» қоймады. Маяның түбінде ішіп тұрған, топ болып. «Үй, айналайын сол... әлгі кімнің баласымын де... Көткеншек жүргенінде аузыңа түкіріп едім... Әкең екеуміз ішіп отырғанбыз... иә... Міне... аумай өзіме тартыпсың! Кел, менің түкірігім үшін алып қояйық!» – дегенде, осы Қаматайың қып-қызыл боп, дымын шығаруға шамасы келмей қағып салған. Сонда оның намысын жыртып, Тассудың тентегін Тереңқұдыққа қарай қуып тастаған Қаратай еді ғой. «Әп-әдемі баланың аузына түкіріп, неге бұзасың, ей?!» – деп, әкесіндей кісінің әкесін танытып жібергені аңызға айналмап па еді?! Қаматайың қалқиып тұруға жараған, әйтеуір, қа­ сында... Енді, міне... бүкіл елді шулатып... Адамның бағы көтерілейін десе, оп-оңай екен ғой, ә?! – Менен де өткен жынды ма, ей, шынымен?! Арқырап, сарқырап, ақыры бір керемет ақыл тапты Қаратай. «Менің жыным оның жынының енесін ұрып жібереді.

Барайын да, жынын қағып алайын. Көрсін көпшілік... кімнің кім екенін!» Шермәш Қаматай екі баласымен қызыл арақ ішіп отыр екен, жынды Қаратайды қабағы ісіңкіреп қарсы алды. Қаратай Қаматайдың қол ұшын қысыңқырап жіберіп, отырар-отырмастан төбелесті бастап кетуді бір ойлаған. Бірақ мыналардың күшті боп тұрғандарын байқады да, өзін-өзі басты. – Айдап жібер! – деді Қаматай, айғыр стақанды толтыра құйып. – Қаматай басыңмен сасық қызылға қор болып отыр екенсің ғой! – деп қағытты бұл, Қаратай басымен қағып салғаны ештеңе емес­тей. – Қазір ақ-қызыл дейтін заман қайда! Қолға түскенін қыр­ тыл­датпай іше беру керек қой! – Қаматай қодырайды. – Осының өзін райпатребсайузды боқтап-боқтап, зорға алсам... – Өз төрінде өзі талтайып отырып-ап... қарай гөр мынаны! Қашаннан бері менің бетіме қарап сөйлейтін боп қалғансың, ей? – Е, е, сен кім едің сонша, бетіңе қарап сөйлемейтін? Сен түгілі, сенен зорлардың бетін тіліп жібергенбіз – оны бүкіл ел біледі. Менен асқан ерлігің болса айт, қане, әйтпесе қоя ғой жақсылықпен. Бұрынғы-бұрынғы, ал қазір менің жолым үлкен... сенен! Қаратайдың қаны қайнап кетіп, Қаматайды кеңірдектен ала түсу­ге оқтала бергенде, оның екі баласы екі иығынан басып отырғызып қойды. – Қазір ол – нөмір бірінші! Сен қалдың, шал, ренжіме! – Саған екінші де жарап жатыр. Оған да жете алмай жүргендер бар, – деп кішісі қосарланды. Қаратай қызылды қан ішкендей тұншығып отырып ішті. Өзі сияқты жынды болмаған балаларын аямай боқтады ішінен. Жынды болса ғой, ертіп келіп сөйлесер еді мыналармен... – Бір кезде арағымды тасып жүруші едің, енді өзіңше кісі боп қалған екенсің? – деді біраздасын. – Бір кез, мір кезді қайтесің? Әр нәрсе өз уағында, – деп, Қаматай тағы қағып тастады. – Неменеңе мәз боласың, ол кезде де қиратқаның шамалы ғой. Ал қазір тіпті қалдың... Түнеукүні

опырабләйіштарың құлыптың экранын кесіп алыпты ғой...
мәшнесіне салуға. Сонда қайда қалдың, ер болсаң?!

– Е, е, онда нем бар? Экраның әйбәт көрінеді, мәшнәнің ішін

сәндеуге...

– Уот, сенің осы қалғаның қалған! Бетон бет бастығың

бір ауыл­дың қызықтап отырған нәрсесін кесіп алады. Сен
онда нем бар дей­сің. Елдің бетіне түкіргенмен бірдей ғой, ей!
Сенің орныңда мен бол­сам, опырабләйішті сол экранға орап,
президентке салып жіберер едім – мынадай самодурларыңды

жөнде деп!
Қаратай қайнаған қанына тұншығып, тырп ете алмай біраз
отыр­ды. Дәл қазір Қаматайды екі баласымен бірге бауыздап,
опыраб­ләйішті мәшнәсімен қоса өртеп жіберуге бар еді.

Қаматайдың үлкені қызылдан құя бергенде жарылды
Қаратай.

– Қысқарт! Мен – Қаратаймын! Жындылардың ең зорымын!

Менен өткен жынды жоқ!
Құлаштай-құлаштай соқты үстелді. Стақандар секіріп-
секіріп кетті, шоршыған шөлмекті Қаматай іліп алып, ішінде
қалғанын аузынан қылқылдатып сіміріп салды да, Қаратайдың

бетіне қарап:

– Уһ! Менен асқан жеріңде айтарсың! – деді. Бір-бірінің

түгін қоймай боқтап, қырылысып қала жаздаған екеуін екі
жігіт зорға айырып, жынды Қаратайдан әзер дегенде құтылды.
Құтырынған Қаратайдың құлағынан Қаматайдың: «Менен
асқан жерінде айтарсың!» деген сөзі кетпей қойды. «Жалғанда

не көп – жынды көп, бірақ өзімнен асқаны жоқ, мен – бәрінің
бастығымын!» деп, баяғысын малданып жүргенде алданып
жүрген екен ғой бұл. Бақса, басқалар босқа қарап жатпай,
бас-басына бастық боп кетіпті. Атағы жер жарып, жалына қол

апартпай, адыраңдап отырған Қаматайың анау. Енді не қалды
Қаратайға? Бір-ақ мақсат, бір-ақ арман – қайткенде де барлық
жұрттан жындылығын асыру!
«Асырамын! Асырмай қоймаймын!» – деп, қалш-қалш еткен

Қаратай әуелде дүниені төңкеретін болған. Түн ортасы ауа тал­
қандаудан талқылауға түсіп, бір түйінге табан тірей алмай,
таң алдында талықсып барып бір-ақ тынды. Түсінде қиратып
шықты. Айықпас ауруы осыдан басталды – жындылығын

қалай асырмақ? Ауызға бәрі оңай, ал жеме-жемге келгенде
қайтпек керек?
Аяқ астынан бұл сұрақ Қаратай өмірінің өзегіне айналды.
«Мүмкін, мен осы үшін өмір сүріп келген шығармын! – деп

ойлады ол өне бойы дір-дір етіп, таңертеңгі шайын зорға ішіп
отырғанда. – Сондықтан асып-саспай, әбден өлшеп-пішіп
барып, бір-ақ кесуім ке­рек!»
Өмірінің енді табылған мәнін мәңгілік өнеге, мәңгілік өлшем

ғып қалдырмақ болды адамзатқа. Ол үшін опырабләйішті
канторында атып тастауды бір ойлады. Бірақ бүкіл адамзатқа
өнеге қылуға опырабләйіш олқы соқты. Ол түгілі деректірің
де дым емес қой. Иә, басқа жұрт президент, премьерлерді

атып жатқанда, Қаратай басымен опырабләйіш, деректір атып
жүргені ұят қой тіпті. Уот, егер опырабләйіштан бастап, бүкіл
бастық атаулыны тізіп қойып: «Пәленбай жыл бойы халықты
алдап, басынып, қанын сорып кел­гендерің үшін!» деп,

қалпақтай түсірсе, Қаматайың да, басқасы да далада қалар еді.
Ойхой, оған опырма мылтығының оғы жетер ме, «мә, ата ғой,
Қаратай, өзімізге де сол керек» деп, олар қарап тұрар ма?
Баяғыда осы елде бір Досжан деген кісі өтіпті. Кісі өлтірген

екен. Әлгіні бүкіл ел боп жабылып, ұстамақ болады. Қолында
қылышы бар, қорасын жауып бекініп алыпты. Жұрт қораны
бұзуға айналады. Ауылнай: » Әй, өзің беріл, әйтпесе мен
қораға түсемін де, сені ұстап аламын», – дейді... «Түсіп көр,

өлтіремін», – дейді бұл. Ақыры ауылнай қораның ішіне секіріп
түседі. Екеуі екі бұрышта аңдысып тұрды дейді. «Мен сені
қазір ұстап аламын», – дейді ауылнай. «Осыдан жақындап
көр, басыңды кесіп аламын», – дейді Досжан. «Мә, кесіп алшы

қане, көрейін сені», – деп ауылнай жетіп барғанда, кесіп алды
дейді. Содан жұрт қораны қиратып, әлгіні ұстайды. Сотта
сұрапты: «Әй, бұрынғың бұрынғы, жазықсыздан жазықсыз
ауылнайдың басын неге кестің?» Сонда: «Мен кеспе деген

басты кескен Досжан емеспін бе, өзі кес деп тұрғанда, қалай
кеспеймін?!» – деп, күңіреніп кете барды дейді. «Өйтіп келіп
тұрса, бір-бірлеп алып тастай беретін бастар көп қой», – деп
күрсініп қойды жынды Қаратай. Бірақ оған кім көнсін, тиісіп

көрші, қып-қызыл майдан, төңкеріс болсын аяғы, онымен
немді қиратып, кімнен аспақсың қазір?! Ары-бері ойланып,

ақырында кісі ату жағынан жұрттан асып түсе алмасына көзі
жеткесін, райынан қайтты.
«Жарайды, бұны қойдың дейік, бірақ жындылықтың
түрі көп емес пе?!» деп жол айырығында тұрған ертегінің

батырларындай буырқанды, шылымын бұрқ-бұрқ еткізіп.
Қиналған жері де осы еді. Жындылықтың көкесі не сонда?
Егер жер жер болғалы, ел ел болғалы ешкімнің қолынан
келмеген, қолынан келмек түгілі, үш ұйықтаса түсіне кірмеген

жындылықтың
көкесін
көрсетсе,
көпшілікке

Қаратай
Қаратайлығын ақтар еді. Иә, ақыры кіріскесін сөйту керек,
әйтпесе ауыл арасының Қаматайы кімге дәрі? Одан асып түсу
сөз боп па Қаратайға? Бірақ, әйтеуір, қасымдағылардан ассам

болды, ағайын мен ауылдастарым өзімнен артып кетпесе екен
дейтін анау-мынау жаман қазақ емес, атышулы жынды Қара­
тай ғой бұл. Бұған бүкіл әлемнің алдын әкел – басқа әңгіме жоқ!
Ал бүкіл әлемнің алды, ең жындысы болу үшін не істеуі

керек?! Күзгі салқынмен жабысқан сырқат сұрақтың дауасын
жынды Қаратай көктемнің көк салпағына дейін жанын қоярға
жер таппай жүріп іздеді. Аман-сауында пенсияға шығып
алғаны оңды болған екен, әйтеуір, үйде ғой. Қақаған қыста

сықыр-сықыр етіп мал жайлап жүріп, жер жүзін шарлап кетеді,
әбден қияли боп алды. Мұндайда өзінің не істеп, не койғанын
білмей де қалған кездері бар. Құдық басынан көршісінің
сиырын қуып әкеліп қорасына байлап қойып, жұртты бір

әуре қылған. Байқамай шатастырды деуге келмейді, бұныкі
ала, оныкі қызыл. «Алпысқа келгеннен ақыл сұраймыз ба
десек, әлден алжып жатыр ғой», – десіп, ауыл боп күлген.
Бұның басындағы ұлы ақылдан бейхабар болғасын қайтсін,

байғұстар. «Атың шықпаса, жер өрте» деуші еді... Жер өртеп
кімнен аспақ, дүниенің жартысы жанып жатқанда? Онша көп
ойлана бермейтін кісі ой түбіне бір түссе, шығуы қиын екен –
омыртқада, жиын-тойда ойнап-күліп, рахаттанып ет жеуден де

қалды. «Қазы-қартаға қасқырдай шабатын қайран Қаратай,
енді мұндай халге жеттің бе?» дегенді айтпаса да, көздерінен
байқатып, ауылдастары мүсіркейтін. Бірақ оны елең ғып
жатқан Қаратай ма, тіпті: «Бір жерің ауырып жүрген жоқ

па?» – деп, асты-үстіне түсіп, бәйек болған әйеліне де тіс
жарған жоқ. Ән­шейінде әп-сәтте жайлай салатын малдың

соңында күн ұзаққа жүріп алатынды шығарды. «Осы боқтан
шыға алмай қалдым ғой, әйтпесе көрер едім», – деп қайнап-
қайнап, әрең басылатын. Бір күні өстіп боқ күреп жатқанында
ала бұқалақ артқы аяғын сілкіп қалып, Қаратайдың санына

сарт еткізді. Санын сипап-сипап тұрды да, Қаратай айғайлап
боқтап, ала бұқалақты іштен бір тепті. Жұлқынып-жұлқынып,
босай алмаған бұқалақ аяғын тағы серпіп-серпіп жібергенде,
Қаратайдың екінші санына тиді. «Тіземе тисе қайтесің, ей?»

– деп, күйіп кеткен Қаратай да бұқалақты сирағынан теуіп-

теуіп жіберді. Сол-ақ екен, орғып-орғып кеткен ала бұқалақ
бас жібін ағашымен қоса жұлып алды да, өкіріп, иесіне тұра
ұмтылды. Аласа, тар қораның ішінде жындылықтан әлем
чемпиондығына кандидат, алпыс бір жасар Қаратай мен бір

жарым жасар ала бұқалақтың айқасы басталды. Анда-санда
кино, телевизордан көргені бар, ауыл балаларының күнде
асыр салып тебісіп жатқандарын қызықтағаны бар, жынды
Қаратай қол-аяғын тарбитып тұра қалып, ала бұқалақты екі

мүйіздің арасынан алақанның қырымен «қи, ә!» деп перді
бар пәрменімен. Жұрт кинода «қи, ә!» дегенде, қиып түсуші
еді, ала бұқалақтың қылы да қисайған жоқ, «саған не болған,
ей?» дегендей мөңіреп қойды. Қаратайдың «қи, ә-сі» қиып

түспегенімен, «ә-ә-ә» болды, әйтеуір, өмір бойы күрек ұстап,
әрі омыртқада жілік соғып жүрген қол ғой, сынбай-шықпай
аман қалды. Қолын сілкіп-сілкіп алды да, ала бұқалақты қақ
маңдайдан қайқайтып тұрып тепкен­де, аяғы тайыңқырап

тиіп, өз екпінімен оның үстіне шығып кетті. Анау мойнын
бұра көтеріп қалғанда мүйізіне ілініп, далбаң-далбаң етіп
тұрды біраз. Амалы құрып, аунап, домалап, аласұрған Қара­
тай өкіріп-секірген ала бұқалақтың құлағына салды-ау ауызды

бір кезде... Қыршып алуға тісі өтпей, долданып, аузына толған
қанды жүнді бір түкіріп тастады... Не керек, аянбай алысып-
алысып, ақы­ры оттыққа байлап, «уһ» деп, қол-аяғы дірілдеп
отырғанда көр­шісінің: «Осы сенің кейде ақылың шығып

кетеді», – дейтіні есіне түсті. Рас-ay, әйтпесе ала бұқалақты
тірідей жұтып жіберсе де, жұрттың қылпығы қисаяр ма?
Алқынып отырып, ақылын түген­деді: түгендеп-түгендеп «Ала
бұқалаққа әлің келмей жүріп, әлемнің алды болған ненді

алған?» деп өзінің түгін қоймады.

«О-о, айналайын, ауылдың жынды Қаратайы, келе ғой, оза
ғой бәрімізден, – деп, әлем алдын беріп, қарап тұрар саған.
Жанталасып, жынданып жатқан дүние жолына көлденең кеп
қалсаң, жалмап, жойып жіберуден де тартынбайды-ау, ә? Иә

десейші, жалғандағы жындылық атаулының бар жақсысын
қолы жеткендер бөліп алып, бізге тек жаман-жұман, кәкір-
шүкірі ғана қалғаны ма? – Апырмай, бейшара адамдар­-
дың жыңдылығы да бейшара болады екен ғой!» Жынды Қа­

ратай қараңғы түскенше қозғалмастан қиға қарап, қиялға
батып отырды. Қиялында қиғылықты салып-ақ бақты,
бәрібір адам­заттың жындылықтарынан асып түсетін ештеңе
таба алмады. Бірақ бір керемет жаңалық ашты. Оу, тарихты

жасаушылардың бә­рі – жынды, бүкіл адамзаттың тарихы
жынданудың тарихы екен ғой! Қай уақта болсын, қай жақта
болсын, байғұс адам баласы қайтсем басқалардан жынымды
асырамын, қуып жетіп, басып озамын деп ақкөбік болып,

қаңды көбік жұтып жатқаны... Солардың алды неге болмайды
Қаратай? Кімнен кем, несі жетіспейді, ә?!
Қаны қайнап кеткен Қаратай: «Қысқарт, мен – Қаратаймын!
Менен өткен жынды жоқ!» – деп, оқша атылып, ала бұқалақты

әукесінен ала бергенде, есінен танып, етпетінен құлады...
Біраздан соң қора жақтың әдеттен тыс тыныштығынан секем
алған әйелі аяғын ұшынан басып келіп, сығалап, серейіп
жатқан күйеуін көргенде, ойбайды салды. Іңірде үрейлері

ұшқан үйдегілер улап-шулап, Қаратайды көтеріп әкеліп,
төсекке жатқызды: жиналып қалған маңайдағылар оның мас
емес екенін білген соң аң-таң болып, бастарын шайқай-шайқай
тарасты...

Сол жығылғаннан Қаратайдың төсек тартып қалғаны
елге біраз әңгіме болды. «Құдай сақтаған екен байғұсты,
өйтпесе боқ басында қалды деген сол!» – десті момындар.
«Жынды неменің осы жатқаны жатқан шығар!» – деп, ауа

жайылғандар да аз болған жоқ. Өзі туралы жұрттың не дейтінін
жорамалдағанымен, онша мән берген жоқ Қаратай. Оның
ойы да, ауруы да басқа еді: дәрігерлер ары-бері айналдырып,
ауруын анықтай алмай, ақыр аяғында өздерінің басы айналып:

«Сізге де, бізге де тыныштық керек», – деген ақылға келді.

Бірақ Қаратайға қайдағы тыныштық, жатып алып әлемнің
ар­ғы-бергі алдыңғы қатарлы жындыларымен жағаласумен
болды. Көңілін сұрап келгендерге сыр бермегенімен, қашанғы
шыда­сын? Өзі де жарылайын деп жатқанда, көңілі жақын екі

туысы келе қалып, жынды Қаратай жанын жайып салды. Ана
екеуі не күлерін, не жыларын білмей састы.

– Әй, Қареке, бері қара – сен жеңдің! – деді біреуі біразда­

сын.– Сен астың бәрінен! Иә, иә, өзің ойлашы... Бұрынғы-соңғы
жындылардың ішінде «қайтсем жындылығымды асыра­мын»
деп қиналғаны бол­маған шығар, бәрі де дұрыс істеп жүрмін
деп ойлаған шығар... Ал енді «қайтсем жұрттан жындылы­

ғым­ды асырамын!» деп, жынданып кете жаздағаннан асқан
жындылық бола ма?

– Иә, сенен өткен жынды жоқ! – деп, қосарланды екінші

туысы.
Жынды Қаратай қарғып тұрып, қос туысын қалай құшақтай
алғанын сезбей де қалды. Үшеуі де жылап жіберді: Қаратай
бейнетінің ақталғанына ақ адал жасын төксе, ана екеуі неге

жылағандарын өздері де білген жоқ...
1990 жыл

ДЕФИЦИТ

Дүниеде не көп – дефицит көп. Жоқ нәрсенің бәрі –
дефицит, дефициттің бәрі жоқ, ал қазір жоқтан басқа ештеңе
жоқ, қысқасы, бар деген сөздің өзі – дефицит. Дефицитті
зәру, қат деп қазақшаламақ болдық, бірақ одан дефицит

жойылып кеткен жоқ, қазақтың көбі дефицит немесе деписит
деп тақ-тақ етеді. Өйткені аяғында иті бар ғой – депис-ит –
сол қызықтырады бізді. Ызасы өткенді «ит» дейтін әдеті ғой
қазақтың... Сондықтан әп-әдемі сөздерімізді қор қылып, итпен

ит болмай-ақ, деписит дей берейік те. Сол итің құтырған сайын,
біз де құтырып барамыз. Дүкенге бірдеме түсе қалса, көзіміз
қызарып, қолымыз ұзарып, қырылыса кететініміз рас қой
енді. Деписит көбейгелі оңды болды, төбелесуге төселіп алдық,

спорттың керегі жоқ, кезекке тұра қалсаң болды, қан таратып,

рахаттанып шыға­сың – денсаулыққа пайдалы бәрінен. Әсіресе
пошта қатын әбден мәстүр боп алды – кунфудың киносына
түсірсең де болады. Алғашқы кезде көйлегі жыртылып, көзі
көгеріп дегендей, бейшара боп жүретін. Қазір ол келе жатқанда

кезектегілер қақ жарылып, жол беріп тұра­ды. Ондай дәрежем
болмағанымен, мен де қара жаяу емеспін: біреуді-біреу біліп
болмайтын жанталаста байқамағансып нұқып қалып, шұқып
қалып, көтергенсіп түртіп қалып талай таныстарымнан өшімді

алып жүрмін. Ерегіскен кісімді аңдып жүріп, кезекке бірге
тұрамын да, нәрсе алмасам да, өшімді алып шығамын. Неше
түрлі қызық болды ғой! Өткенде шлангіге таластық. Өліп-
талып, қолыма іліккенін алып шығып, қарасам... қыр-қыр

етіп көршім тұр қасымда. Сөйтсем, шлангі деп, кеңірдегін
ұстап шығыппын ғой. «Кеңірдегіңе неге ие болмайсың, ей?
Суырылып кетсе ғой, жайдан-жай сотталып кететін едім... Сен
иттің кесірінен деписиттен құр қалдым!» – деп, кеңірдегін ары

қарай итеріңкіреп, нығыздап бердім. Кеңірдек ештеңе емес,
кейде одан зоры да түсе береді қолыңа. Әсіресе әйелдермен
тұрғанда қиын. Әйтеуір, бір жақсысы, ондай кезде ешкім кек
қылмайды – «кезектегінің бәрі кешірімді» деген жазылмаған

заң бар. Өкімет тарихы мен өшірет тарихы біте қайнасып кеткен
кеңес елінің келбеті танылатын кезек хикаяларын кітапқа
жазып, киноға түсірсе бар ғой, не бір тамашаға батар едік.
Әттең, не керек, қаншама деписит оқиға, қаншама сөз байлығы

із-тозсыз желге ұшып кетіп жатыр! Бір жолғы жанталаста
пошта қатынның лепшігін жұлып алып шыққаным бар.
(Пошта меңгерушісін осылай атап кеткенбіз, жалпы, ауылда
үшкөл қатын, лөктір қатын, дегіш қатын, жегіш қатын, монша

қатын деген сияқты, қанша қатын болса, сонша ат қоя салу оп-
оңай). Үндемей қып-қызыл боп кеткен, кешке күйеуі келіп тұр
касемсотпен. «Біржолата дамбалын неге сыпырып алмайсың,
ей, сен ит!» – деп, ентелеп, гүрілдетіп-гүрілдетіп қояды. «Саспа,

құрдас, осы бетпен кете берсек, біріміздің дамбалымызды
біріміз тартып киеміз. Одан да бері кел, лепшікті лепілдетіп,
емшекті емдеп жіберейік», – деп, тракторынан көтеріп түсіріп,
бір пашкі махоркі, бір бөтелке өзім қайнатқан беріп, зорға

құтылдым. «Жарайды... бірақ дамбалды байқа... кешпеймін»,

– деп, касемсотымен қоса қисалаңдап кетті үйіне...

Бірақ бәрімізден көрші келін мықты боп тұр. Дүкенге нәрсе
түскен бетте атасын әп-әдемі ғып киіндіріп, қара сөмкесін
қолына ұстатып, жолға сап қоя береді. Атасы әп-әдемі боп
кеп тұрғасын, жұрт ішінен ұнатпаса да, жабыла сәлем беріп,

«алыңыз, алыңыз» дейді. Әне, ақылды келіндер атасын
солай қадірлеп ұстайды, өйткені осы күні ең басты деписит –
ардагер шалдар. Баяғыда, шешем қайтқан соң, әкемді бағуды
қиынсынып әрі әйелімнің де еркелігі күшейе бастаған соң,

амалын тауып, аудандағы ағама қарай аударып жіберіп едім.
Енді ептеп-септеп қайтарып алайын десем, қайда-а, ағам мен
жеңгем деписит шалдан айрылар емес. Оңашада үгіттеп көрсем:
«Әй, қалада жұма сайын өкімет бізге, әйтеуір, бірдеме беріп

тұрады. Ауылда ол да жоқ... Соны балдарға әперіп тұрайын
да», – деп күледі әкем. Дүкенге нәрсе келген сайын әйелім
екеуміз айқасып аламыз, «теп-тегін талон шалды қолдан берген
сен... сен» десіп. Ата-енемді балдыздарымның өздері бөлісе

алмай жатыр. Амал жоқ, өздеріне керексізді кезексіз әперіп
қала ма деп, ауылдың шалдарын әке-көкелеп жүргеніміз...
Өстіп жүргенде «Дүкенге түрлі-түсті телевизор түсті,
біреу, тек қа­на ветерандарға» деген хабар дүңк ете түсті.

Жата қалып жан­таластық: шалдардың бәрінде телевизор
бар: қанағатшыл кәрілер түрлі-түстіге теңгесін қия қоймас:
ақырындап айналдырып көрсек, бізге алып берулері де әбден
мүмкін-ау. Содан, айда шап! Айналайын Қабекең екі сөзге

келген жоқ, «Сендер көрмегенде кім көреді ол телебезірді» деп
киіне бастады. Ішіме жағып кетсе де, келіні естіп қояр ма екен
деп зәрем ұшып барады...
* * *

Қабекеңді қолтықтап алып, канторға қарай бұрқыратып
келе жатыр едім, бүйірден Әбекеңді алдына салып аңқытып
пошта қатын шыға келгенде, ішек-қарныма дейін боран аралап
өткендей болды. Боран қалтыратқан қос қыран қапталдаса

бергенде қақтығысып қала жаздап барып, қалбалақтап құ­
шақтаса кетті.

– Иә, борандатып қайда тарттың? – деді Әбекең.

– Алға! – Қабекең канторға қарай қолын сермеді. – Осы да

боран, осы да аяз ба? Баяғы қырық бірдің қысын айт суық деп!
2-0047

Самбырлаған екі шал соғыстың сары аязын еске алып алға
тартқанда, пошта қатын екеуміз сыр бермей соңдарынан
сүмеңдей бердік. «Қайсымыз алар екенбіз?» деген ұры ой
сумаң-сумаң етеді. Әбекеңнің ақылынан айқайы бұрын

жүреді; қияңқы шал кеңсеге күн сайын болмағанмен, екі-үш
күнде бір соғып, қан таратып қайтады. Өзінің де сұрамайтыны
жоқ – машинадан бастап машинаның доңғалағына беретін жел­
ге дейін сұрайды. «Ау, ақсақал-ау, мәшинәңіз жөн-ақ, желіңіз­

ге жол болсын! Өзіңіз-ақ даладан ала бермейсіз бе?!» – деп күйеді
кеңселіктер. «Жоқ, онда қадірі болмайды. Сендер берулерің
керек... заң бойынша. Бетеранға көмектес деген заң бар ма?
Бар. Міне, мына кітапта бәрі жазылған! Сендер дым біл­

мейсің­дер, мә! – деп, қолтығынан тастамайтын қаулы-қарар
толы қа­лың қызыл кітаппен столды соғады дүрсілдетіп. –
Әйда, айтқанды істеңдер! Әйтпесе жабылып сапқозды жеп
жатқандарыңды жоғарыға жазып жіберемін! Баратын жеріме

барамын!» – деп, қиғылықты салып-салып, ақырында жел
құшақтап шығады. Беті қайтып, қаны қайнағанда: «Бұларды
ма... бұларды шеттерінен ату керек!» – деп, ауылды басына
көтеретіні де бар. Одан гөрі орынсыз мазаны алмайтын Қабекең

қадірлі. Бірақ асауды жуасытып, жуасты жындандыратын
кеңестің кеңсесі рейхстагты алған батырларға да алдырмайтын
тас қамал ғой, қайдам... Талай таулары шағылса да, басқа
баратын жерлері болмаған соң, айналып осында келетін

ақсақалдар ат басын селсебетке тірегенде, боран ойлармен
арпалысқан пошта қатын екеуміз де құйрық тістесе кіре бердік.
Селсебет бізге сөлкебайкөзденіп қарады. Дүние қымбаттап,
де­писит көбейгелі, селсебет пен дүкенші де қымбаттап, нағыз

деписитке айналған. Өздері бұрын қырбай сияқты еді, осы
күні әмпай: енді қайтсін, бірі – талон, бірі – табар. Жоқшылық
пен жер-көктің жүлігіне жем болып, жүдеп-жадаған ауылды
жонып жеу үшін ауыз біріктірмей бола ма? Нәрсе келген

сайын бір көтеріліп қалатын бұлардың құны арақ пен шылым
түскенде тіпті аспандап кетеді. Жұрт құлдық ұрып, құрақ
ұшқан сайын сызданып, бұлданып бітеді. Содан болу керек,
ауылдың бір жындылары бір жолы жалынып-жалпайып

сұрап алған жартыларын қағып салысымен, бос бөтелкемен
селсебетті бастан беріпті. Әйтеуір, селсебеттің де басы бос емес

екен, (бірге ішкен көрінеді) ертеңгі бас жазумен бәрі жазылып
кетіпті. Енді, міне, телевизормен бірге бірталай кісінің тізімі
мен тізгіні қолына тиіп, терісі тарылыңқырап отырғанда,
амалсыздан шалдардың ұзақ-сонар жағдайларын жалықпай

тыңдады. «Осы бетеран деген бір бәле болды» дегенін талай
естіп едім.

– Жарайды... ақылдасып көрейік... Түстен кейін келіңіздер,

– деді-ау бір кезде. Сөйдеді де, пошта қатын екеумізге көзін

қысып, ыржаң етті...

– Ал, балдар, көрдіңдер ғой енді... Телебезір біреу, сендер

екеу­сіңдер. Бірің алсаң, бірің ренжіме!

– Иә, дүние жолдас болмайды, таласу дұрыс емес! Әңгіме

сыйластықта! – деп, екі шал үйлеріне қарай тартты. «Дұрыс,
дұрыс», – деп пошта қатын екеуміз ала көзбен бір атыстық...
* * *
Шалдардың телевизорды бізге әперейін деп жатқанын

естігенде бүкіл ауылдың ашу-ызасы қайнап шыға келді.
«Өздерің алсаңдар, әңгіме жоқ. Айдаладағы біреуге неге
әпересіңдер?», «Олар немене, бізден артық па?», «Дабай,
қойыңдар, оңдайды. Алсаңдар алыңдар, әйтпесе кімнің кезегі

келсе, соған беріңдер!», «Нөлүштің орыстары сататын арақтың
талоны құсап... Ұят емес пе?» – деп салды қи­ғылықты. Үйлеріне
тығылған шалдарды келіндері: «Немене, сбетной телебезір
біздің сбетімізге келмей ме?» – деп, одан сайын қуырса керек,

әйтеуір, өздері алатын боп, бостан-босқа борбайлаған пошта
қатын екеуміз айдалада қалдық.
Келіндер кіріскен соң іс насырға шабуға айналды. Әуелде
жағдай айтысып, жылы сөйлескен екі шал, жеме-жемге кел­

генде бір-біріне жол беруге көнбеді. Бірінші күні кешке
дейін кеңседе кеңесіп-кеңесіп, келіспесе де керіспей тараған
қариялар келесі күні қаһарға міне бастады.

– Жоқ, неге сен алуың керек? – деді Қабекең.

– Немене, тек қана сен ала беруің керек пе? – деді Әбекең.

– Әй, жетеді енді... Осы сенің-ақ ызаң өтті. Алып жатсың,

алып жатсың, бір тойдым демейсің...

– Не алып қиратыппын?!

– Е, е, мен қайдан білейін. Әйтеуір, кантордан шықпайсың...

– Білмесең, қыртылдатпай жайыңа жүр! – деді күйіп кеткен

Әбекең.

– Қыртылдатпасаң, қыртылдатпа! Мен неге жайыма жүруім

керек?
Ары қарай кетті ағытылып. Үймелеп, кимелеген жұрт
тар кеңсені талқандап жіберердей. Әп-әдемі сіресіп отырған
селсебет сылқ ете түсті.

– Далаға шығып сөйлесейікші... кең жерге...

Сыртқа шыққан соң айқай-шу басылудың орнына үдеп кетті.
Қызылкеңірдек болған екі шалдың бастарынан бу бұрқырап,
малақайлары желпілдеді.
Айқайдан үндері өшуге айналғанда Әбекең: «За Сталина!» –

деп салды қолды жағаға. Қанша момын болса да, Қабекең де
тірі жан ғой, жармаса кетті. Жұрт талып қалғандай тым-
тырыс, тек балалар ғана арыстандай ақырған атайларды айна­
ла атой салып, емін-еркін тамашалап, кейде «киай» деп тебісіп

қояды, «төбелесуді бізден үйреніңдер» дегендей. Алқымдасып-
алқымдасып алқынған шалдардың әлі құруға айналғанда,
ақылдары кірді білем, арашаның ырымы жасалған бойда қоя
қойды.

– Ұят-ай! Қайтіп ел боламыз? – деді үлкендердің біреуі.

Елдікті айтқан кезде егескендердің еңселері түсіп-ақ кетті.

– Иә, ел болмаймыз біз! – деп, тағы бір шал қосарланды.

– Немене, елдік телебезірді мынаған беруіме қарап қап па?

Жұрт «шіркін-ай, иә» десіп, Қабекеңді қостады.

– Айта қойшы, ал, ел болу үшін не істеу керектігін? – деп,

Әбекең әлгі сөзді бастаған шалды бастырмалата жөнелді.

– Ел болу үшін... телебезірді маған беру керек!

– Өйткен елдіктің енесін... – деді екі шал қосарлана. Аяқ

астынан әңгіме елдік, әлемдік деңгейге көтеріліп кетті де,
Америка, Москва, Алматы, Көкшетау, Степнякты сыпыра
сықпыртып шыққан жұрт кәдімгідей рахаттанып, ел болу үшін
кісі басы бір-бір сбетной телебезір болу керек деген шешімге

келді. Бірақ әлемнің де, елдіктің де алыс екендігі естеріне
түскенде, бір-бір күрсініп алып, алдарындағы асқар таудай
мәселені шешуге кірісті. Қайда, шешілер емес! Бүкіл ауылдың
тіршілігі бір телебезірге тіреліп қалғандай, басқа дүниенің

бәрі ұмытылған, у-шу. Жақ-жақ болған жанкүйерлер де, «қай
жеңгенің менікілер» де шалдарды ымыраға келуге үгіттеді
аяғында.

– Ақыры ерегескесін алмай қоймаймын! – деді Қабекең

қарауытып.

– Шегінетін жер жоқ, артымда – келін! – деді Әбекең қалш-

қалш етіп...
Суық сорған жұрт қараңғыда күбір-күбір етісіп, «әй, қу
дүние-ай!» десіп, үйді-үйіне бүрсеңдеп бара жатты...
* * *

Ұлы айқайдың үшінші күні селсебеттің басы күшті істеп
кетті. Телебезірді дүкеншімен қоса директордың кең кабинеті­
не алдырып, жұртты сонда жинады. Еліріңкіреп біз тұрмыз,
дәл ортада ала тайдай бүлдірген телевизорың тұр тымпиып.

Қорабының өзі қандай әдемі! Не бөле алмай, не біреуге бере
алмай бастары қатқан бастықтар «өздерің біліңдершіге» көшті.
Өздері білуге тиісті екі шал «жоқ, өздерің бөліп беріңдер» деп
қадалып қатты да қалды. Бір баланы екі әйелге бөліп берген

даналар қайда, біз қайда, тұрмыз бәріміз дал болып.

– Осы... шалдардың да үлкен-кішісі болмаушы ма еді? Сол

үлкені алсын да... жусын, – деп күңк етті бір жуғыш.

– Түйдей құрдаспыз... Ит жылы, боқ қатқанда туыппыз, –

деді Қабекең.

– Әй, осы мен туғанда онша қата қоймаса керек, – деді

Әбекең.

– Е-е, бәсе, кейде иісің шығып қалатыны сол екен ғой!

Жұрт ду күліп барып, бықсытпай қоя қойды.

– Жасы үлкені болмаса, жолы үлкені алсын! – деді жібі

түзулеу бір жігіт.
Содан, ал салыстыр шалдарды. Әуелі, әдеттегідей, алған
атақ-дәрежелерін салыстырдық, орден, медальдан бастап,
совхоз берген құрмет грамоталарына дейін бірдей болып

шықты. Айтпақшы, Қабекеңнің Мәскеуден алған мақтау
қағазын Әбекең:

– СССР – далой, оның награды да негоднәй, – деп жаратпай

тастады. Қабекең қайтсін, Горбачевті бір сықпыртты да

қойды... Соғыста да бірге болған: шабуылға бірге шығып, қатар
жүгіріп келе жатқанда, бір снаряд дәл орталарына жарылып,
бірдей екі жарықшақ бірінің оң жақ, бірінің сол жақ шекесіне
тиген.

– Әйтеуір, құдай сақтаған! – десті жұрт бастарын шайқап.

– Телебезірге таласу үшін тірі қалғанбыз ғой, – деп күрсінді

бір снарядты қақ бөліскен қос батыр...
Содан соғысты қойып, жұмыстарын салыстырдық, мұнда да
көрген бейнеттері бірдей екен. Мал баққан, шөп шапқан, егін
еккен, ауылдағы ауыр жұмыстың бәрін істеген.

– Әй, мен бұдан жоғары қызметте істегем, – деді Әбекең, ана

бір жылы помбіргәдір болғанын еске алып.

– Айқайдан басқа не қиратып едің сонда? Тіпті бар ғой,

соның үшін телебезірді мен алуым керек!

– Қалай?!

– Солай! Жаман да болса бастық атың бар екен, бұй­

рақыраттарға қосу керек сені. Ал мен болсам нағыз қаратабан
бейнеткермін!
Жұрт ду күлгенімен, жаңа тап күресін бастауға ерініп:
«Қо­йыңыздар, екеуіңіздің де еңбектеріңіз адал» – десіп, тағы

да теңестіріп, екі шалды одан әрі салмақтап-салмақтап, әрі
өлшеп, бері өлшеп, әбден бастары қатты.

– Апырмай, біреуден біреудің бір жері артық, не кем болушы

еді...

– Енді қайттік?

– Салыстыратын жері болмаса, жеребе тастау керек!

Жеребеге делебесі қозған жұрт тиын лақтырамыз ба,
таяқ ұс­таймыз ба, жоқ әлде сіріңке суырамыз ба десіп, біраз
жерге барып-барып, ақыры мұндай мыңжылдық бөліске
қағаз жасырған лайық деп тапты. Әп-сәтте селсебет бір жаңа

дәптерді қақ айырып, бір бетіне «Әбекең», бір бетіне «Қабекең»
деп жазып, бір қойшының тоса берген тымағына шиыршықтап
тастай салды.

– Дұрыс емес, – деді біреу. – Біз Әбекең мен Қабекеңді емес,

телевизорды бөлейік деп тұрмыз ғой. Сондықтан телевизор деп
жазу керек.

– Бәрібір емес пе? Әбекең шықса, телевизор Әбекеңдікі,

Қабекең шықса, Қабекеңдікі!

Селсебет өз сөзіне мөр басқандай үстелін жұдырығымен
нығыздап-нығыздап қойды.

– Сонда Қабекеңе – Әбекең, Әбекеңе – Қабекең шықса

кайтеміз?
Жұрттың шашына дейін толқып, жыбыр-жыбыр етті. Қы­
быр-жыбыр мен күбір-күбірден зәрезап болып қалған селсебет
секеңдеп, тағы бір жаңа дәптерді дар еткізіп, сүй­кектете салды.

Енді бастай бергенде:

– Осыдан маған шықпаса, жеребелеріңе көнбеймін! – деп

Қабекеңнің келіні шыға келді.

– Қалайша?

– Солайша! Жеребе салған соң маған шығуы керек, ал маған

шықпаса, ондай жеребенің керегі не?

– Е-е, сен кім едің әй, сонша?! – деп мына жақтан Әбекеңнің

келіні шықты.

– Мен – менмін! Ал, не қыласың?

– Мен де менмін! Сен маған не қыласың?

– Әй, барыңдар далаға!

Селсебеттің бұл сөзі келіндерді сап тыйды, боранда
қорбаңдап жұлысып жатуға екеуі де ерінген болу керек.

– Ал, болсаңдар бастайық!

Қағаз тығылған тымаққа алдымен Әбекең тап берді. Біресе
бі­реуін, біресе біреуін ұстап, әбден әлекке түсіп, ақыры біреуін
алып, қолы қалт-қалт етіп, әрең дегенде ашты да: «Ура! Перет!» –
деп телевизорды бас салып, сүйіп-сүйіп алды. Жұрт бірі күліп,

бірі күрсініп, әйтеуір, даудың біткеніне мәз. «Жу-жу» деп
Әбекеңді алқымынан ап жатқандар да бар. «Жуам, жуам,
селсебет тауып берсе, бір жәшікпен жуам!» – деп, Әбекең жуан
уәдесін үйіп-төгіп еді:

– Дабай, шалды көкке лақтырайық!

– Телевизорымен бірге! – десті көңілденіп кеткен кең­

көмейлер. Көңілшектеулері көздерін сүртуге ыңғайланды.
Бірақ бұл жоспарды жәшігімен қоса быт-шыт қылды Қабекең.

– Әй, мында келіңдер! – Қойшының тымағында қалған

екінші қағазды Қабекең бағанадан бері қарт сығалағандай
сығып-ақ баққан екен, енді жұртқа жайып көрсетті – телебезір!
Сөйтсек, сасқан селсебет екі қағазға да телевизор деп тартып
жіберіпті. «Ой! Түу!» – деп, әуелде қолды бір-бір сілтедік.

– Кімді мазақ қыласың, ей, сен?! Қырандай шаңқ етіп, барыстай атылған пошта қатын селсебетті алқымынан ала жаздады. Шегіншектеп, бас сауғалаған селсебет: – Б-б-байқамай қалыппын! – деді. – Осы сенің бірдеңені байқап, байыптап істейтін күнің бола ма? – Байқамай істедім деп өтірік айтпа, Совет өкіметі бәрін де байқап, әдейі істейді! – десіп, ашу-ызаны ақтара бастағанымызда, көтеріліс атаулының жергілікті үкіметті өлтіруден басталатынын білетін болу керек, үрейі ұшқан селсебет: – Ay, ағайындар, байқамай қалғаным рас! Міне, міне! – деп мандатын ұстап тұрып, ант-су ішті. Мандатқа қазір кім нанбақ, күлдік те қойдық. «Жарайды, құрсын, өзі мынаны бөліп берші!» – деп едік: «Ойбай, үстіне өзімнің телевизорымды қосып берейін, бұл пәледен құтқарыңдар!» – деп өзімізге жабысты. Бәріміз де құтылғанша асығып, қайтадан жеребе сал­ мақшы едік, шалдар көнбеді. Біріне берсе бірі пәле деп, тізгінді қариялардың өздеріне ұстатқан бастықтар енді дүние бөлетін комиссия мүшелері түгел жиналған соң, дауысқа салып шешетін болды. Сөйтіп теле­визорды дүкенге дейін көзімізбен ұзатып салып қайттық үйімізге. * * * Ертеңіне «түнде дүкенге ұры түсіп, түк қоймай тонап кетіпті» де­ген хабар бүкіл ауылды дүрліктірді. Шұбырып жеттік. Милиционер жуытпайды дүкенге. «Бітті сәбізі, кетті телевизор», – деп күледі. Содан не керек, телевизорға қатысы бардың бәрін тергеп шықты. Хаттап, шоттап, папкаға салды. Ауыл да қарап жатпай, өзінше іздестіріп, біресе анадан, біресе мынадан көрді. «Қап! – деп қоямыз, басымыз қосылған жерде. – Қорабының өзі қандай еді!», «Өй, қойыңдаршы, қайта оңды болды – аш құлақтан, тиыш құлақ!» – дегендер де аз емес. Әбекең мен Қабекең әуелде бір-бірінен көрсе керек. Дүрдиісіп жүргендерінде ауылдың бір үлкені омыртқаға шақырып, сол

үйде жұрт екеуін татуластырыпты. «Ұят болды! Араға бір
шайтан жүрді ғой... Алла сақтасын!» – десіп, қайран шалдар
құшақтасып, кемсеңдеп алыпты. «Осыдан сол телебезір табылса,
саған берем!» – депті тебіренген Әбекең. «Жоқ, сен ал!» – депті

Қабекең. «Мен алам, мен алам деп алысып едіңдер, енді сен ал,
сен ал деп салысар ма екенсіңдер?» – деп әзілдеп үлкендер бір
рахаттана күлсе керек... «Қой, құрсын, керегі жоқ, табылмай-
ақ қойсын», – десіпті аяғында...

1991 жыл

МЕН ҚАЛАЙ ҚАЙТА ҚҰРЫЛДЫМ?

Мектепті бітірген соң журналист боламын деген шешімге
келдім. «Ол үшін қазірден бастап газетке мақала жазып
тұруың керек», – деп ақыл берді білетіндер. Аудандық газеттің
редакциясында мені ұзын бойлы, көзілдірікті ағай жылы

жүзбен қарсы алды. Бұл кісіні сыртынан білетінмін, өте білімді,
беделді азамат деп жұрт аңыз қылып, өзінен кәдімгідей ығып
жүретін.
Ағай менің «Біздің класс» деген торкөз дәптердің екі бетіне

жазылған тұңғыш мақаламды күлімсірей оқып шықты. Онда
мен біздің кластың тәртіпті, түгел жақсы оқитын класс екенін
шамам келгенше сипаттаған едім. Әсіресе комсорг қыздың
жақсылықтары жарты беттен де асыңқырап кетіпті. Жазып

отырғанда оның мейірлі көздері көз алдымда елестеп тұрса
қайтейін.

– Сенің мына комсоргың шынында жақсы екен, – деп

жымиды ағай. Біліп қойған екен деп, мен жаман қысылдым.–
Қысылма, талабыңнан айналайын, інім. Журналист дегенің –
әрқашанда әді­лет­тің жаршысы, кемшілік атаулыны аяусыз
сынап, түбірімен жой­ғанша тынбайтын айбынды жауынгер, –

деп бетіме тіктеп қарады. Оның сөзінің маған әсер еткені
соншалықты, қолма-қол бүкіл кем­шіліктің көзін жойып жі­
бергім келді.

– Бірақ мынадай мақтау мақаламен алысқа бара алмай­

сың. Қазір бізге сын керек. Сондықтан айналаңнан байқаған
иттіктің бәрін бізге жазып жібер, – деп, қолымды қысты.

Редакциядағы ағайдың өзі қолымды қысқанға төбем көкке
жете жаздады. Кәдімгідей қоқиланып, айналама «қайсыңды
сынап, жо­йып жіберейін« деген ниетпен қаһарлана қарап
қоямын. Бірақ же­лім шығып, желігім басылғаннан кейін

байыптасам, жазатын ештеңе­нің реті жоқ сияқты. Ренжіп,
үйге келсем, тақырып табыла кетті. Апам күйіп-пісіп жүр
екен. Тауықтар басқа жерге жұмыртқалаған ба әлде біреулер
ұрлап әкеткен бе, көршінің огородына түскен бе, әйтеуір,

сондай бірдеңе. Менің тауықтарға жыным келді. Алдым да
жаздым. Осылай да осылай, біздің үйдің тауықтары уақытында
жемін жемейді, қорасына кірмейді, айдалаға жұмыртқалайды,
қысқасы, тіл алмайтын оңбаған тауықтардың иттігін түбірімен

жою керек дедім.
Үш күннен кейін мақалам газетке басылды. Кластастарым
құт­тықтап, қызықтап жатыр. Комсорг күлімсірей қарады.
Тіпті көрші кластың көз де салмайтын кербездері жұмсақ

жанарларына жұмбақ ұялата қарап өтті. Мақалада «тауық«
дегеннен басқа бірде-бір менің сөзім жоқ екендігін олар қайдан
білсін. Бәрінен де тәртіпсіз тауықтарға ұрсып-ұрсып келіп,
аяғында: «Бұл тауықтарды тез арада қайта құру керек» дегені

қатып кеткен екен...
Мәз-мәйрам боп үйге келгенімде, тракторшы ағайым кө­
ңілімді су сепкендей басып тастады.

– Иә, бала, сонда тауықтарды қалай қайта құрмақсың? Ойнап

айтсаң да ойлап айтпайсың ба? – деп, күректей алақанымен
арқамнан дүңк-дүңк қақты. – Немене, сендерге қайта құру
ойыншық па?
Ағама ренжіп қалдым. Булығып ішім қазандай қайнады.

Ертеңіне мектепке келе жатсам, редакциядағы ағай жолыға
кетті.

– Мақалаңды көрдің бе, бала? Молодец, кеселді кемшілікті

дер кезінде байқап, өте қажет жұмыртқаны айдалаға табатын
тауықтар­ды тәртіпке салу мәселесін өткір қозғапсың. Жазуға
бейімің бар екен, түбі сенен мықты журналист шығады. Оу,
өзіңнің күйің жоқ қой...

Meн шынымды айтып едім, редакциядағы ағай қуанып
кетті.

– Е-е, міне, тақырыптың өзі өмірден туады деген осы.

Тікелей өзіңе тиіскенде, аяушы болма. Әйтпесе журналисте

бедел болмайды. Бізге қазір өткір сын керек. Ағаң туралы
жазып жібер, – деді.
Алдым да жаздым. Озат тракторшы ағамның адал еңбегін
мақтап-мақтап келіп, аяғында өзімді мінегенін айттым.

Екі күннен кейін мақалам жарқ ете түсті. Озат тракторшыдан
түк қалмапты. Оның орнында дүлейлеу біреу тұр. «Кемшілікті
сынауға қарсы, қайта құруды дұрыс түсінбейтін ағайды
тез арада қайта құру керек», – деп аяқталыпты мақала.

Кластастарым: «Жүз киліні ойыншық қылып көтеретін алыпты
қорықпай сынап жүрген қандай батырсың?» – деп қолпаштап
жатыр. Комсорг кыз бетімнен сүйіп алды. Кербездердің бір-
екеуі қолымды қысты.

Үйдегілер түнере қарсы алды. Әке-шешем жаман ұрысты.
Ағай тіл қатқан жоқ. Жеңгем қазақша мақалдағанда қа­
риялардың өзін қайран қалдыратын белорусь қызы еді.
«Қияңқы қайным-ау, дұрыс жазыпсың, бірақ ағаңды

қалай қайта құруым керектігін де жаза салмадың ба?» –
деді әзілдеп. «Күлгенде тіпті әдемі болып кете­сің», – деп
еркелететін шешем ауыз үйде жүріп бұл сөзін естіп қойып, ала
көзімен бір қарап өтті...

Редакциядағы ағай мектептің алдында мені күтіп тұр екен.
Мұңымды шақтым.

– Осылай боларын білгенмін, – деді ол құшырланып. –

Журналист үшін ең басты керек қасиет – бастаған нәрсені
аяғына дейін жеткізіп, нәтиже шығару. Түпкілікті жеңіп
шыққанша күресу керек. Айтқаныңнан қайтпау, бетіңе
келгенді енді қайтып беттемейтіндей қылу – міндет. Газет

ғаламат күш болса, ол біздің қолда. Сондықтан... – деп, күрсіне
дем алды. – Әке-шешең туралы жазып жібер.
Бұнысы қиын болды. Бірақ редакциядағы ағайды білімді,
беделді азамат деп аңыз қылып, ығып жүретіндердің ішінде

әке-шешем де бар болатын. Ондай кісінің айтқанын істемеу
күнә ғой.
Ертеңіне мақалам жарқ ете түсті. Әке-шешеме деген махаб­
батымның, алғыс сезімімнің ізі де жоқ. Осылай да осылай,

өткенде ағамды сынап едім, сол үшін жер-жебіріме жетті,
сынды дұрыс қабылдамау, сынағаны үшін қудалау өз алдына,

бұл – тамыр-таныстық, туысқаншылдықтың айқын көрінісі,
семья мүддесін қоғам мүддесінен жоғары қоюшылық та осында
деген сияқты пәленің бәрін үйіп-төгіп келіп, мақала: «Белорусь
келініне күн көрсетпейтін ұлтшыл, ескіліктің қалдығы әке-

шешемді қайта құру керек», – деп аяқталыпты.
Кластастарым шошына қарады маған. Кербездер қасымнан
мұ­рындарын шүйіріп өте шықты. Комсорг қыздың жанарына
мұң тұ­ныпты.

Үйге келсем – ойран-асыр, әке-шешем бұлқан-талқан,
жеңгемнің көзі бұлаудай. Ағам желкемнен бүріп алып:

– Әй, сен бізді қыратын шығарсың? Мына сенің өзіңді қайта

құру керек! – деп, жон арқамнан қамшымен екі тартқанда ғана
мен өз қатемді түсіндім.
Содан былай редакциядағы ағайды көрсем, көше айналып
қаша­тын болдым. Көп ұзамай жұмыстағы өрескел қателіктері

үшін (оның ішінде біздің тауықтар да бар деседі жұрт) оны
қызметінен алыпты. Бірақ мен қайтып редакцияға жолаған
жоқпын. Кім боларымды білмеймін. Бәрінен де комсорг
қыздың мейірлі қара көздеріне тұнған мұң қабырғама қатты

батты. «Біздің класс» деген мақалам басылғанда, кұрып қал­
ғыр тауықтар болмағанда, тіл табысып кетер ме едік, кім біл­
сін? Әйтеуір, құрып кетпей тұрғанымда қайта құрылғаныма
куанамын.

1988 жыл

ТҮСІМЕ КІРГІЗІП АЛАМЫН...

Бұл хикая түсіме әйелім кіргеннен басталды. Шынашағы
майысып шай құйып отыр екен. Мұндай қою шайды өмірі
ішіп көрмеген қайран басым, сораптап тартып жатырмын,
тартып жатырмын, шөлім қанар емес. «Сонша борылдатып

не көрінді, ей? Жайлап іш, атауыңды!» – деп айқай салатын
кезі екінші кесенің ортасы еді ғой, неғып үндемей қалған?» –
деп таңданып қоямын. «Бір нәрсенің басы қылтиған жоқ па
екен?» – деп бетіне ұрлана көз жүгіртсем, жүзінен нұр төгіліп,

менің шай ішкеніме сүйсініп, мейіріммен қарайды екен.

Өзіне қарағанымды байқап қалып: «Өзіңіз бусанып, бал-бұл
жанып, нұрланып отырсыз. Варенье салып ішесіз бе әлде тағы
да шай демдейін бе?» – дейді қиылып. Мен кекетіп отыр екен
деп, аяқ астынан шамданады екем деймін: «Немене, өмірімде

бір рахаттана шай ішкен екенмін, соны да көре қалдың ба?
Әйел дегенің ерінің қас-қабағына қарап, керегін айтқызбай
істер болар...» – деппін сызданып. «Ғафу етіңіз, отағасы...
Мен... әншейін... еркелеп... Мінекейіңіз... Сүті көптеу емес

пе өзі?» дей бергенінде... шошып ояндым... Әйелім: «Сүтке
бармағансың ба әлі?» – деп жұлмалап жатыр екен. Қайтейін,
сүттей ұйып жатқан жерімнен сүт құйып жатқан жерге қарай
даңғырлай жөнелдім...

Әйелімнің алғысын ала қояйын деп алқынып-ақ жетіп едім,
қайда-а!

– Сүтің сұп-сұйық қой, – деп, суық қарады, қаймағын

мен жалап қойғандай. Түсімдегідей тікірейгім келіп, бетіне
қарап едім, тізем дірілдеп кетті. Сүт пісіру де, қою шай беру
де қаперінде жоқ, ернін шүртитіп алып, боянып отыр: пәле
іздеп, найза кірпіктерін жалақтатып-жалақтатып қояды. «Aш

пәледен қаш пәле», суыңқы­рап қалған сылдыр судан екі кесесін
сіміре салып, сүтке тиген мысықтай болып кете бардым...
Жолшыбай түндегі түсімді сағындым. Осы күні жақсы
түс дегеніңіз де сиреп кетті ғой. Онсыз да шаршап, ренжіп

ұйықтасаң, әйелің түсіңе кіріп алады да, өңіңдегісі аздай,
езгілейді келіп. Булығып, буыныңнан әл кетіп, қорғана да
алмай қорланып оянсаң: «Не көрінді ей, қыр-қыр етіп, кісінің
зәресін алып?» – деп түсіңдегісі аздай, тағы безілдейді. Шіркін,

ылғи жақсы түс көріп, әйелің ер басыңды қадірлеп, майысып
тұрса ғой... Жақсы түс көргенде адам бір жасап қалады, жалпы.
Жорғалап жүргендер ұшып жүреді, қорғалап жүргендер ісіп
жүреді, жол қарап жүргендер ішіп жүреді. Неге ылғи жақсы

түс көрмейді екенбіз осы, ә?
Кенет керемет бір жаңалық аштым, адамның қолынан бәрі
келгенде, өз түсін өзі билеп, қалаған түсін көру келмей ме?
Келгенде қандай! Жаңалық ашпау керек, ашқаннан кейін оны

жүзеге асыру керек. Мен енді үнемі жақсы түс көруге тиіспін!
Осыған өзімді-өзім иландырып, өз түсімді өзім билеуге күш
салдым...

Жұмысқа келісімен бастық шақыртып алды да, жоғарыға
беретін есебіне қатысты бір қағаздарды түске дейін дайын
қылуды бұйырды. Өзі де бір миды ашытып, іш пыстыратын
көп жұмыс еді, кірісе бергенімде орынбасар шақыртты. Ол да

бір қағаздарды түске дейін дайындап беруімді «өтінді». Терлеп-
тепшіп бастықтың тапсырмасымен отырғанымды түсіндіріп-
ақ бақтым.

– Немене, саған басекеңнен басқа кісі кісі емес пе? Көзіңнің

еті өсіп, желік бітейін деген екен саған да. Қаңғып жүрген
жеріңнен жұмысқа алып, адам қылған мен едім, енді сөзімді
жерге тастайын деген екенсің! «Тұрмыс жағдайы қиын»
деп, саған үй бергізейін деп отырсам... Байқа, бала, ағаңның

көңілі бір қалса, қайтып жібіместей болып қатып қалады, –
деп орынбасар ойып жіберердей қарады. Амал жоқ, көндім,
көнгенде де ренжімеуін өтініп, кешірім сұрап кішірейіп тұрып
көндім.

Бөлмеме келіп күйіп-пісіп отырсам, бөлім бастығы кірді
күлімсіреп. Бірдеңеге жұмсардағы әдеті, жымиып, жұмсар­
тып алып жұмсағанда, жалтаратын жерің қалмайды. Қазір
де алды-артымды бірдей орап, мәймөңкелеп-мәймөңкелеп,

бастықтардың тікелей өзіне тапсырған тығыз жұмысын
менің мойныма аудара салды. Басқа кезде шұлғи беретінмін
(қайтейін, күнім үшін әлди ғой), бірақ дәл қазір бұл жұмысына
мұршам жоқтығын түсіндірдім. Күлкісі күлге айналды.

– Сонда немене, анау екі дүмнің жанында менің дым

болмағаным ба? Тіпті бар ғой, тікелей бастық – менің
келісімімсіз олардың саған тапсырма беруге де хақысы жоқ.
Мейлі, өзімсінгені шығар, айтқандарын істейсің бе, жоқ па,
оны өзің білесің, өздеріне айт. Ол сыйластыққа қатысты шаруа

ғана. Ал тікелей бастығыңның нұсқауын, яғни бөлімнің
жұмысын тез, уақтылы әрі сапалы атқа­ру – тікелей міндетің.
Сол үшін жалақы алып жүрсің ғой, айналайын!
Өстіп бір оқсатып алды да, одан зорына көшті.

– Әйтпесе оқыған адамбыз, керісіп істеген жұмыс жұмыс

бола ма, бөлімнің жұмысын істегім келмейді, бөлім бастығының
айтқанын тыңдағым келмейді деп арызыңды жазып бере ғой.
Бұл да жанды жерімнен ұстады. Ешкіні апа, текені
жезде деп жүріп, зорға орналасқан жұмыстан шығып кете

алмайтынымды, үй алғанша неге болса да көнетінімді біліп
айтып тұрған немеге күлімсіреп, бас шұлғып құтылдым.
Сол бас шұлғыған күйімде қалғып кетіппін, қалғыған
бойда керемет түс көріппін. Үш бастық бір-бірімен керемет

жарасып, достық жағдайда менің қамымды жеп отыр
екен. «Өзін қағазбасты қылып жібердік, осы бір керексіз
қағаздардан құтылайықшы» деп маған жүктеген қағаздарды
қоқыс жәшігіне лақтырыпты басекең. «Үй бермесек болмас,

пәтерден пәтерге қаңғып, азып-тозып жүрген адам үлкен
нәрселер жөнінде қайтіп ойланады? Күйкі тірлік жанын жеп,
ұсақталып, жүнжіп кетеді ғой, бейшара. Әнеугүні «Пәтерде
тұрам, өлшеймін бәрін пәтермен...» деп өлең айтып отырған.

Өзі де әбден езіліп біткен екен, одан сайын езе бермей, еңсесін
көтерейік» деп қолма-қол ордер жазып беріпті... Бір қарасам
кең, жаңа үйдің балконында шылым тартып тұр екенмін.
Бұрын өлімсіреп, көмірдің құны туралы қиналатын әйелім

күлімсіреп, өмірдің мәні туралы әде­мі ойлар толғайды екен
деймін. Ақыры екеуміз Арал мен Балқаш­ты қорғау қорына
ақша аудару жөнінде дауласыппыз, мен елу сом аударайық
десем, «жоқ, жүз елу сом аударайық, бір көйлекті кем кисем

кем болып қалмаспын. Табиғат біздің анамыз ғой, анамыздан
немізді аяймыз?» дейді екен айналайын әйелім...
Қуанғанымнан... оянып кетіппін. Алдым толған қағаз,
зәремді алып бозараң-бозараң етеді. Оянғаныма өкінсем де,

амал не, шетінен кеміре бастадым. Өліп-талып бітіріп, басекеңе
кірейін десем, секретарша сұлу әйел ернін шүйіріп, «жоқ»
дейді. Басекең жоқ па, жоқ әлде кіруге рұқсат жоқ па, ал енді
тауып көр? «Мен қайдан білейін? Соны да сөз деп!... Фу, сен

екенсің ғой...» – деп кергіп, қатардағы қызметкерлерді адам
қатарына қоспайтын кесір мінезіне кіжініп жүруші ем, «қап
бәлем, сені ме? деп бөлмеме қайтып келдім де, қалғи қойдым.
Содан әлгі сұлу келіншекті түсіме кіргізіп алып, ой бір...

ғақлият сөздерді айттым дейсің. Кәдімгідей ұялып, майысып
тұрып, мәдениетті болуға уәде берді.
Басекең шақырта қоймаған соң, түстен кейін тағы да
бардым.

– А-а? Бұл не? – деп мен әкелген қағаздарға таңдана қарады.

Мән-жайын баяндадым.

– Ә, иә, жарайды, жарайды... Бірақ бекер әуре болғансың, баға­на жоғарыдан збандап, ауызша сұрап алған бұл ақпарларды. Но, дегенмен саған да рахмет, – деп көз майымды тауысып толтырған аппақ, жып-жылтыр қағаздарды умаждапумаждап қоқыс жәшігіне тастай салды... Орынбасар: – Тілімді алар ма екен деп әдейі сынап едім, ауызша-ақ бітіретін шаруа ғой, – деп кеңкілдеп күліп алды да, алғысын жаудырып, үйдің есігінен тағы бір сығалатып қойды... Бөлім бастығы ептеп ұялыңқырағанын байқатпауға тырысып, «жақсы, жақсы, жұмысты осылай істеу керек», – деп алғысын ай­тып, қағаздарды тартпасына тыға салды... Мен ешқайсысына да ләм-мим деген жоқпын. Бөлмеме келдім де басымды столға сүйей салдым. Түс көріппін. Түсімде үш бастықтың үшеуі де бағанағы қағаздар салынған қоқыс жәшігіне отырып алып, қолдарына сыпырғыш ұстап, тозаққа қарай ұшып бара жатыр екен... Содан былай ұйықтағым келеді де тұрады. Бар арманым да, қолымнан келетіні де – тезірек жата қалып түс көру. Бір нәрсеге қиналсам, ренжісем болды, ұйықтай саламын да, ғажайып әлемге сүңгіп кетемін. Тіпті таңертең біреуден теперіш көрсем, кешке дейін тосуға төзімім жетпей, түскі тамаққа да бармастан бөлмені іле салып, түсіме кіргізіп аламын да, білгенімді істеймін. Тіршіліктегі бар бітіретінім, таңертең және кешке дүкенге жүгіру, жуыну, тамақ ішу, жұмысқа барып келу... сосын... сосын... жатып алып түс көру... Қайсыбірін айтайын, көрмегенім жоқ... «Өткен өмір көрген түстей» деп отырады ғой қариялар. Ал менің өмірім көрген түстерім-ау деймін. Өң мен түсті айырудан қалдым... Бір күні жұмыста тәртіп мәселесіне байланысты жиналыс болды. Әркім сыбағасын алып жатқанда маужыраңқырап отыр едім, маған да кезек келіп қалыпты. Оңдырмады. Бастықтан бастап бәрі соймай іреді. Сондағы таққан айыптары не дейсіздер ғой? «Жұмыста да, қоғамдық өмірде де белсенділік танытпай, ылғи маужырап, ұйқылы-ояу жүреді. Бұны сілкілеп ояту керек!» – деді. Күйіп кеттім де, столды бір пердім. – Біреудің ұйқысында шаруаларың болмасын! Қолдарыңнан келсе, сендер де мен құсап ұйықтап, мен құсап керемет түс көріп алыңдар!

Барлығы да абдырап, қозғалақтап кетті.

– Мынаның дені сау ма?

– Түсі несі?

– Иә, иә, дәл солай! Түс көру бостандығы бар ма, жоқ па,

жолдастар, ә?
Бұған дау айта алмады. Өздері де түсінде қайдағы-жай­
дағыны тамашалап жүрген немелер, тамсана қарады маған.

– Олай болса, қазір маған кісімсігендеріңе жол болсын.

Ойбай-ау, басеке-ау, өзіңізше көсемсіп отырсыз, түсімде
қолыма су құйып, қызмет қылып: «Орныма таласатын түрі
бар, орынбасардың үстінен арыз жазып жіберші» деп жалынып
тұр едіңіз ғой. Ал сіз, орынбасар жолдас: «Бір жарты қойсаң,

сыйлық бергіземін, мың сом берсең, үй әперемін. Ал бастықты
құртуға көмектессең, тегін әперемін» демеп пе едіңіз?
Талып қала жаздады. Естері кіргенде болды қызықтың
көкесі. Кеңірдектері жыртылғанша айқайласып: «Қашан

сүйттім?», «Қа­шан сүйдедім?» деп ышқына өздерінің ақтығын
дәлелдеп бақты. Орынбасар мен басекең ала көздерімен бір
атысып өтті. Мен қыңған жоқпын.

– Сен неменеге дәусінесің? – дедім бөлім бастығына. –

Түсімде: «Бұдан былай түнде мас болып келгенімді қояйын.
Тек қана жұмысыма айта көрме, тізерлеп жүріп пол жуайын,
сен қыдырып кеткенде кіріңді жуып, киіміңді үтіктеп қояйын,
әйтеуір елге масқара қыла көрме» деп әйеліңе жалынып,

жылап жатқан «жайсаң» едің ғой. Ал сен немене алтын
партсигарыңды жылтыңдатасың? Түсімде мына... кімнің
үйінің қоқыс жәшігін ақтарып, қалдық тартып жүр едің...
Ал мынаған не жоқ? Екі беті қып-қызыл боп алып, күнде ет

жеп жүргенін білдіргісі келіп тісін шұқудан танбайтын мына
жемпазды айтамын... Ет сұрап қайдағы бір қоймашының
алдында мөлиіп тұр едің ғой түсімде... «Бір қауым елге жақсы
болып көріну үшін оңашада біреуге жалынып-жалпайғанның

айыбы жоқ» дедің-ау ишшо. Солай жігіттер, жақсылықпен қоя
қойыңдар, әйтпесе... әйтпесе бәріңді де түсіме кіргізіп аламын!
Үрейлері ұшып кетті. Орныма отырғаным сол еді, қалғып ке­
тіппін. Түсімде мені сынағандардың бәрі: «Мені түсіңе кіргізе

көрме, мен жақсы адаммын ғой» деп жалынып жатыр екен...
Әрі қарай айтарлықтай қызығы жоқ. Жұрттың намысына
3-0047

тиетін түстер көргенім үшін маған сөгіс жарияланды,
бұйрықта «лайықсыз қылығы үшін» деп жазыпты. Жұмыстан
шығарғылары келіп еді, ондай заң таба алмай, мыстары
құрыды. Басекең мен орынбасар бірін-бірі қонаққа шақыруын

қойды. Кезегім келгенімен, маған үй берілетін түрі жоқ.
Әйелім «үй қайда?» деп айқайлап қояды. Бірақ оған қайғырып
жатқан мен де жоқ. Түсімде хан сарайындай кең үйде қыздай
сызылған әйеліммен көсіліп жатамын, одан артық не керек

маған? Тіршілігім жаман емес, өңімде түс көремін, түсімдегінің
бәрі өңім сияқты, керемет! Жаманды жақсартамын деп
жанымды ауыртып, біреулермен жүз шайысып, жүйкемді
тоздырып жатпаймын, жата қалып түсіме кіргізіп аламын

да, қалағанымша жөндей беремін. Түсім – менің қорғаным:
дүниенің жұмбақтары, саясаттың құйтырқылары, тарих пен
тағдырдың қатпарлары, өмірдің небір мәселелері алдымнан
шыға келсе, түсіме кіргізіп аламын – бітті, бәрі де оп-оңай,

қалағанымдай шешімін табады. Жұмыстағылардың да, аса
жалпақтап кетпегенімен, менімен жақсы болуға тырысатынын
аңғарамын. Кейбір кергігендеріне «Бүгін түсімде сені көрдім.
Түсімде...» десем болды, түсі қашып, қалтырап-ақ қалады.

Бірталайының түс кезінде бөлмелерін іліп алып жүргендерін де
байқадым – түс көргілері келген-дағы. Бірақ мендей рахаттану
қайда, бет-ауыздары мыж-мыж болып шығып жатқаны.
Дегенмен түс көру ауруына шалдықты біразы...

Ал мен болсам, өң мен түстің арасында шалықтап, қалықтап
жүріп жатырмын. Еш нәрсеге бас ауыртпаймын, ең бастысы
осы емес пе?
1987 жыл

ДӘУ ЖЕҢГЕЙДІҢ ҚЫТЫҒЫ

«Ай сайын алдын ала екі жүз теңгеден төлеп тұрмасаңдар,
жарықты мүлде сөндіріп тастаймыз», – деп энергетиктер
алқымнан алғанда, үш-төрт ай қараңғы үйге қамалып, әбден
запыс боп қалған біз жаман қысылдық. Ауылды адақтап

шықтым: ешкімде бір тиын жоқ. Дәу жеңгейде төрт жүз теңге
алашағым бар еді, амалсыз соны сұрамаққа бекіндім. Ол кісі

жалпақ елге даңқы жайылған көкперінің дәп өзі; қытығына
тигенді тапап жібереді. Күйеуі парторг болып жүрген кезінде
комсорг қызды қолоймақ қылғысы келіпті: пенденің бойына
шыр біте бастаса, шаты айырылғанша шапқылайтын әдеті емес

пе, аймалаудың алдында шаймалағанды жөн көріп, жұмысты,
жиналысты сылтауратып анда-мында апарады: шүу деген
бетте сыпайылап сыр тартқан сырбазың біртіндеп батылданып,
бөген болған тай құсап сүйкене бастағанда, есті қыз сұғанақ

серінің тілем­сек тұмсығынан шертіп-шертіп жіберіп: «Апиын
іштіңіз бе, наша тарттыңыз ба, ағасы, мұныңыз қалай?
Жақсылықпен қоймасаңыз, жеңгейге айтып, ұшықтатып
аламын», – дегенде, байғұсың бөгелек тиген бестідей басын

шұлғи-шұлғи безіп кетіпті. Бірақ бір қопаңдап қалғасын қиын
ғой, тымпыңдап жүріп түртпектей беріпті. Ақыры мықынына
маңайлатпай, мөңкіген қызды: «Саяси сауаты ойдағы­дай емес,
партия жұмысына жарамайды» деп жамандап-жамандап, шы­

ғарттырып жібереді. Тыштаңдаған неменің мазағына көнбеген
ержүрек қыз сол заматта дәу жеңгейге барлық сырды жайып
салыпты...
Содан дәу жеңгеміз дауылдатып жетті дейді канторға.

Ауылдың екінші-үшінші дәрежелі ұрысқақтары мен әуесқой
пы­сылдақтары шабуылшының шашбауын көтеріп, қоса шұ­
бырыпты. Жиналыстың үстіне кіріп келген дәу жеңгей: «Әй! –
депті күйеуіне. – Аяншақ біргәдірдің қызында қай атаңның

құны бар еді, ә?!» Қорыққанын білдірмеуге тырысқан парторг:
«Сен бұл жерге араласпа! Мен оған партиялық басшылық
жасап, саяси спераға баулып жіберейін десем... жақсылықты
білмейді!» – дейді қоқырайып. «Лақ текедей бақылдаған неме!

Бір қыздың етегіне қарап қалған партияңның да, сенің де
аузыңа с...» – деп, оймышталған орындығын ойып жіберердей
боп отырған етжеңді еркегін жағасынан жұлқи орнынан жұлып
алыпты. Жұлып алыпты да, бүкіл совхоз коммунистерінің

көзінше қайқайтып тұрып құйрықтан бір теуіп, алдына салып
айдап әкетіпті... Аяғы біраз айғай-шу болып барып басылған...
Міне, осындай қаһарманға «қарызымды қайтар» деуге дәтің
бара ма, сипақтап, сыналап жеткіздім-ау, әйтеуір. Бір-ақ тарпи

ма деп едім, жоқ: «Таңертең ауданға апара қойсаң, сәбезден
атаңның пенсиясын сұрап көрейік», – деп жайылып түсті.
Қарға адым жердегі ауданға барып-келу де оңай емес; бензин
жоқ. Анау жоқ, мынау жоқ: сол күні бір бастықтың үйіне жем

апару керек екен, завгарға жағдайды айтып шықтым-ау ақыры гүрілдеп. Ауылдың ортасына келе бергенде бота тірсек бір бикеш екі шелегін билетіп, жолымыздан өте шықты. «Тоқта! – деді дәу жеңгей. – Қайтар ана сылаңдаған салдақыны!» Тоқтап, қызға үйтіп-бүйтіп зорға түсіндірдім. Шелегін суға толтырып үлгірген қыз «ништяк» деп, әп-әдемі күлді де, жолдан кайта өтті. Сол-ақ екен, дәу жеңгей жетті айқайлап. «Әй, қарағым, алдымнан бір өткенде екі өттің-ау! Бос шелекпен бір кестің, суыңмен екі кестің жолымды! Жақсылықпен қайтадан аша ғой!» «Апай, кешіріңіз. Былай өт дедіңіз, өттім... Енді не істе дейсіз маған?» «Жоқ, әуелі суыңмен былай өтесің, сосын суыңды төгіп, бос шелегіңмен қайта былай өтесің...» «Ну, сіз де... Онда тұрған не бар?!» «Бәрі сонда тұр! Басты қатырмай өтемісің, жоқ па?» Үп-үлкен кісінің мұнысына айран-асыр болған қыз салғыласпай бұрылып жүре бергені сол еді, дәу жеңгей бас салып, қарынан мытыған күйі шелек-мелегімен жолдың ар жағына бір-ақ шығарды. «Төк суыңды!» «Да вы что?!» – деп шыр-шыр етіп шамырқанған қыздың қарсылығы қанын қайнатса керек, дәу жеңгей екі шелек суды қыздың үстіне ақтара салып, әуелі шелектерін лақтырды да, сусу болған сұлуды жолдың мына жағына сүйрелеп тастады. «Көргенсіз неме, саған сол керек!» – деп әбден тілдеп, кәбеңкеге әрең-әрең сыйды-ау бір кезде. Ойда жоқта шомылған қыз судан шыққан шортандай шоршып қала берді... Енді ауылдан шыға бергенімізде, бір қара мысық қарсы алдымыз­да қасқиып тұр екен. Әдейі бізді мазақ қылғандай аузын қисаңдата «мияу» деп бір-ақ тартты. Тіксініп қалғанымды білдірмей жүре беріп едім, түсі бұзылып кеткен дәу жеңгей: «Тоқта! Ана мысықты ұстап әкеліп, жолымызды аш!» – деді. Үй-үйді аралап, қора-қопсының қуыс-қуысынан ал ізде – жоқ. «Жолымызды ашпасаң, ешқайда бармаймын!» – деп жеңгей отыр тұлданып. «Құдайдың жазуы қара мысыққа қарап қалған жоқ шығар», – деп, жол бойындағы бір үйдің мысығын сұрап алдым да, жеңгейге алыстан көрсетіп, жолдың жиегіне төбесінен бір түйіп отырғызып қойдым. Машинамды гүр еткізіп қозғала бергенде, әлгі мысық бізге қарап жымың еткендей болды да, құйрығын бір бұлғап, тартып отырды. «Қумай-ақ қой, – деді жеңгей. – Манағы мысық қап-қара еді. Мынау қоңырлау. Қалай келсе, солай кетті, ақшаңды алғың келсе, дәл өзін тауып әкел!»

Жарықтық Шерлок Холмстың бір пайдасы тиді-ау: әлгі
маңайдың балаларын жинап жіберіп, «осылай да осылай, қара
мысықты тауып берсеңдер, ақшамды аламын, содан кейін
бәріңе сағыз әперемін!» деп едім, біраздан соң балақайлар ала

қайлап, бір қап-қара мысықты ойбайлатып алып келді. Дәу
жеңгеміз бір-бірлеп тексеріп: «Міне, мына иттің баласы!» –
деп, жазбай таныды. Мысық мысық болғалы естімеген қорлық
сөзді елең қылмай пырылдаған қара мысықты балаларға

мықтап ұстатып, жолымызды ашқызып, заулап кеттік...
Намазғұл төбесінен аса бергенде, ала таяқтарын аспанға
тіреген екі көкала қасқа көлденең тартып тұр екен. Қағаз­
дарымды қараған болды да, «ауылдың далбайымен мәймөң­

келеп тұрамыз ба?» десе керек, арқан керген құдаларым құсап,
кәде дәметкендерін жасырмай, тікесінен бір-ақ басты.

– Бензин бар?!

– Ойбай, бар болса сіздерден аяймыз ба?.. Бермей жүрген

нәрсе емес... Ұяттау болды енді... Барып қайтуға жетер-жет­
пес... әрең-әрең...

– А-а, солай ма?

– Жұт келген бе сендерге? Аққұла жылайсыңдар да жү­

ресіңдер... жоқ, жоқ деп... Жарайды, көрейік онда... нең бар,
нең жоқ екенін...
Бәлеге қалдым. Машинамның түгін қоймай тексере баста­
ды. Әбден сүйреткі қылып, сілікпемді шығарып, енді артқы

жағын айналдыра бергенде, жеңгейім жетті-ау жалаулап.
«Гәй! – дегенде үшеуміз де жалт қарадық. – Әп-әдемі нәрсенің
тып-тыныш тұрған артын шұқуға неге осынша құмарсындар, ә?!
Диюдай долы қатынның дауысынан шошып кеткен екеуі

«смир­ноға» бейімделіп, тіпті біреуі қолын шекесіне апара
жаздап барып, естерін жиды.
«Жеңгей, бұл тексеріс... Міне, ләмпішкесі жанбайды... Зна­
шит, жүруге болмайды...» «Қалай... жүруге болмайды? Сонда

не­мене, сендерге бола жолымнан қалуым керек пе менің?»
«Сізде жұмысымыз жоқ! Бізде де жұмысыңыз болмасын! –
Жыны ұстап кеткен жол қожасының дөкейлеуі бір-ақ кесіп-
пішті. – Ал, жігітім, әкел прабаны!»

Амал не, немқұрайлау созған қолына ұстата бердім. Сол
сәтте дәу жеңгейдің қолы оқ жыландай шап етіп, прабаны
жұлып алды. Әуелде абдырап қалған жігіттер: «Ау, жеңгей,

жақсылықпен қойыңыз. Арты жаман болады, әйтпесе!» – деп
дүрдиіп шыға келді. «Иә, ал, қоймағанда не қыласың?» – Дәу
жеңгеміз бүйірін таянып, талтайып тұра қалғанда, таудай боп
кетеді екен. «Қойыңыз енді... Әкеліңіз бері! Біздікі зәкөн!»

Жігіттер шындап ұмтыла бергенде, талтайып тұрған дәу
жеңгей кең көйлегінің етегін көтерді де: «Міне, сендерге зә­
көн!» – деп прабамды дамбалының ішіне сүңгітіп кеп жіберді.
Үлкен, қалың көк дамбал екен, бірталай дүние сыятын түрі

бар. – Mә, алыңдар! – Етегін түрген күйі шіреніп, ауын қағып
тұр. – Алып көріңдер, кәне, жол торыған көк төбеттер!
Әуелі сақылдап күлдім-ау деймін. Ана екеуінің көзі аларып,
шегіншектеп бара жатқаны есімде. «Алыңдар деймін, мә! –

деп ақырған дәу жеңгей екі санын жарқ-жұрқ еткізе алшаң­
дап, екеуін қуыңқырап қояды. Заң күшті ме, сан күшті ме
білмеймін, әйтеуір, екі батыр жанталаса матасекілдеріне міне
қашты. Олардың аузы-мұрындарын толтыра шаптығып дәу

жеңгей тұр...
«Кеттік, әй!» – деді бір кезде...
Жол бойы үкіметті де, өзгелерді де өкіртті-ау. Менде үн
жоқ...

Ауданға жеткен соң алдымен әлгі жем сұратқан басекеңнің
үйіне барып, табан ақы, маңдай терімізді тегіннен-тегін төгіп
бердік. Тапқан-таянғаны ұстағанның қолында, тістегеннің
аузында кетіп жатқан ауыл сорламағанда, кім сорлайды,

салбырап сәбезге келдік. Сеңдей соғылысқан сақа кісілер
есіктің аузында сығылысып-ақ тұр екен, мұзжарғыш кемедей
кимелеген дәу жеңгей де майырылды. Айлап-жылдап ақша
көрмей әбден ашынған жұрт дәу жеңгей түгілі, оның әкесі

келсе де елең қылатын емес: арғы-бергі бастық атаулыны
айыздары қанғанша сыбап, білектерін сыбанып-ақ тұр.
Бір ғажабы, булары бұрқырап, белсеніп тұрған батырлар
сәбездің бастығына кірерде сып-сыпайы сызыла қалады да,

жүндері жығылып, жіптіктей боп шығады. Кезегі келгенде
кеудесін кере дем алып, кесірлене кірді жеңешем. Сілтідей
тынған жұрт тың тыңдап тұр. Асықтай ғана сәбез келіншекті
прабамның артынан жіберер ме екен, қайтер екен деп, мен

тұрмын тықыршып. Әуелде ақырындап басталған әңгіменің
аяғы айғайға айнала бергенде, дәу жеңгейдің дөкір туысын
шынашақтай бастықтың шаңқылы пышақ кескендей тиды.

«Егер сіз бүйтетін болсаңыз, ақша түскен күнде де сізге
бергізбей қоямын!» Жоқшылықты дәу жеңгей де жеңе алмады:
сәбезден сәбізі бітіп шықты. Бар бітіргені, бастыққа естіртпей
аузын толтыра бір боқтады.

Содан бір туысының үйіне барып, амандығын білдік. Шай
іштік. Өзі дөкей кісі, жол соққаны бар, ашуланғаны бар,
бір самауырды тауысуға айналды. Қара суға түсіп отыр. Ол
терлеген сайын былғары қабы жұп-жұқа прабамды уайымдап

жаным шығып барады. Уһ, не керек, ауылға қайттық-ау ақыры.
Үйінің алдына келген соң: «Әй, мә, прабаң, енді өзің ие бол!» –
деп суырып берді. Аларымды да, алмасымды да білмеймін. «Өй,
ал, мә!» – деп тықақтайды дәу жеңгей. Амал не, саусағымның

ұшымен іліп ап, әйнектің алдына тастай салдым.
«Ал, шырағым, мен болмасам әлгілер прабаңды сыпырып
алатын еді ғой, ә?» Дәу жеңгей бетіме бажырая қарағанда,
үндемей бас изедім.

«Сыпырып алып, ысқыртып ыштрап салатын еді ғой, ә?»
Тағы бас изедім. «Кемі бес жүз теңге ғой, ә?» «Иә, иә...»
«Олай болса, мендегі төрт жүз теңгені соған жатқыз. Ар
жағындағы жүз теңгені сенен сұрамай-ақ қояйын. Ишшо,

қанша әуре-сарсаң болар едің... Бөтен кісі емеспіз, оның бәрін
есептей беріп қайтеміз? Осымен екеуміз квитпіз, айналайын!
Солай ма, солай емес пе?!» – деп, суық көздерімен өн бойымды
мұздатып жібергенде, «ра-ра-рахмет!» – деп қала бердім...

Сымпиып үйге келдім. Әйтеуір, сбеттің жоғы оңды
болды, әйтпесе әйелім тоққа тығып жіберетін еді. Содан не
керек, қараңғылықта өлмес күнімізді көріп, амалдап жүріп
жатырмыз... Әйеліме жалынып жүріп, прабамды сабындатып,

әбден жудырттым да, бардачоктың түбіне тығып тастадым.
Арада біраз уақыт өткен соң, тағы ГАИ тоқтатты. Баяғы
жігіттер екен... Зәрем кетті... Прабамды ұсына бергенімде:
«Ә-ә, сен бе едің? Аулақ, айналайын, өзің де аулақ, прабаң да

аулақ!»– деп, ішек-сілелері қатқанша күліп шығарып салды.
1997 жыл
Автордан: Бұл әңгімелер 1987-2000 жылдары респуб­
ликалық басы­лымдарда, 2000 жылы Омбы қаласынан

шыққан «Жынды Қа­ратайдың қасіреті» атты кітапта
жарияланған.

ҚИҚЫМАТТЫҢ ХИКАЯЛАРЫ

(1982 жыл)

ӨЗІМЕ ӨЗІМ КҮЛЕЙІН

Бүгін де қаңсып ояндым. Төртінші кеседен кейін жан кірейін
деді – жарықтық мұздай су мың да бір ем ғой. «Басым сынып
барады» деп, пәлені тақап қоятындарға таңым бар осы. Сірә,
бұл жұта сала жапырыла кететін жұқалтаңдардың немесе енді

ауыздана бастаған балапандардың сөзі. Әйтпесе шекемнің
аздап шытынағаны болмаса, шүкір, басқа жаманшылықтың
ауылы алыс сияқты. Таңертең жұрт «аһылап-үһілеп» сүлдесін
сүйретіп жүргенде, өзіміз, тіпә-тіпә, құлпырып, қарқ-қарқ

күліп отырамыз. Әсіресе ұйқыны бел ортадан үзіп тастап,
суық суға қанып алған соң балконда темекі тартып тұрып,
ойға шомғанды жақсы көремін. Ішің бір босап, бойыңды буған
жыннан арылып, тазарғандай боласың. Таңғы тыныштықта

аздап айналыңқырап тұрған басыңа ғажап ойлар келетіні
бар. Рас, бірдеңені бүлдіріп қойған күні қиындау, өз-өзіңнен
қуыстанып, әйеліңнен бастап бүкіл әлемнен кешірім сұрауға
дайындалып, кешегі тірлігіңе ішің удай ашиды. Жаныңды

қинамай, жағдайыңды түсініп, екі ауыз сөзге келмей арқаңнан
қағып: «Ондай-ондай болады, батыр» деп кеңк-кеңк күліп
жүре беретін жайсаңдар қайда-а! «Сонша басынатын мені
кім деп едің?» деп тепсінетіндер, «Мені қойшы, елден ұят,

масқара» деп жерлейтіндер, «Әліңе қарамайсың ба?» деп
мораль оқитындар көбейді қазір. Ақыры соттаспайтын болған
соң сағыздай созып, жүйкеңе тимесе қайтеді екен? Өзімнен
кешірім сұрауға әлі ешкім себеп таба алмай жүр, алда-жалда

біреу-міреу
бас иіп келе қалса, басын жазып беріп, төбеме
көтерер едім. Бірақ мен баратындардың қолынан ондай ірілік
келмейді. Кешірмесе қирататындай-ақ, соның кешіріміне

қарап қалғандай-ақ керілетіні көзіме елестегенде, жыным
келеді. «Қолмен істегенді мойынмен көтер», «Өткенге өкінбе»
деген ақылды мақалдарға сүйеніп, жұба­насың, әйтеуір...

...Содан көрпені тас бүркеніп жата қалсаң, бір мұздай
тер шы­ғады дейсің... Артынша маужырап та кетесің. Сегіз
жарымда оянсаң, аздап айығасың. Қиқымат (азан шақырып
қойған аты – Хикмет, Қиқымат деп кеткен өзіміз) тәсілмен

жуынып-қырынып, жарты құты әтірді үстіңе құйып жіберіп,
таксимен тура тоғызда кеңсеге тып ете қалсаң, дүние орнына
келді дей бер.
Бірақ бұл әркімнің қолынан келе бермейді. Ол үшін

Қиқымат болу керек. Бізге сол тоғыз жарымда түзу барсақ
та абырой. Иектің тұқылдары тікірейіп, көздің қызарғаны,
костюм-шалбардың мы­жыл­ғаны түк емес, әйтеуір, түймелері
орнында болса жарай береді.

Бүгін ойымнан Қиқымат шықпай қойды. Шылымымды
бұрқы­ратып қойып, тып-тыныш қалаға ұзақ қарадым. Ел
бейбіт ұйқыда. Бұрын-соңды ойыма келмеген, назарым аумаған
нәрселер жаныма маза бермей, құлқын сәріден құлазып мен

тұрмын.
Кеше Қиқыматтың үйіне барғанымды білемін. Әуелде сасып
қалғандай көрініп еді, жоқ, артынша жайылып жүре берді.

– Уай, батыр, жол болсын... жоғары шық!

Әдетімше еркінсіп, лепіре бастап едім, Қиқымат: «Тс-с», –
деді. Жұмбақ кейіппен ортаңғы өлмесіне бастады. Төргі үйден
дар-дар күлкі, көңілді дауыстар естіледі.

– Уай, сен де мені іздеп келеді екенсің ғой, – деп мәз боп

жүр. Келісімен досымды қуантқаныма разы боп, жиі келіп
тұрмайтыныма өкініп қалдым.

– Үйде бір қонақтар бар, – деп іле-шала бастырмалата

жөнелді. – Әншейін... бір мәліштер, бізге кампан боп жа­
рытпайды. Солардың ортасынан сені көргім келмейді осы.

– Менің оларды көргім келеді. Былай... – Бүлінейін дегенімді

қапысыз аңдай қойса керек, Қиқымат киіп кетті.

– Қайтесің соларды. Өзіміз бір оңаша отырайықшы. Екеуміз

бас жазбағалы, тойыс, қоспағалы көп болды ғой. Ау, бәйбіше,
тезірек жасап жібер, батыр асығып отыр, солай ма?
Асығып отырмасам да: «Менің шөлімді тез басудың қамы
шығар» деп мақұлдай бердім.

– Мен қазір...

Қиқымат тез оралды. Іле-шала бір табақ ет келді. Екі ста­
қа­ны мен жарты бөтелке ақаң да сап түзеп тұра қалғанда,

Қиқымат: «Бәйбіше, – деді. – Бұның келіспейді. Айында-
жылында үйге осындай асылдың сынығы келіп қалады екен.
Сарқыт ішетін кім деп ең оны? Әпкел, батырдың өз сыбағасы
бар...»

Заматта бәйбішесі мөлдіретіп бүтінін жеткізді. Менің
көңілім босап, көзіме жас келсін...

– Сені Құрекең іздеп жатыр, – деді бәйбішесі. Қиқымат тез

барып келді.

– Оның кім, ей?

– Осындағы бір... Ал, тамақ ал...

Бір уақта қарасам, Қиқымат екеуміз құшақтасып отырмыз.
Оған ұзақ әңгіме айтып жатқаным есімде, бірақ не айтқанымды
білмеймін.

– Ал, батыр, асығыс екенсің. Бір-бірімізді түсінеміз ғой.

Қонбайтын қонаққа жол-жоба үшін жат деп жабыса беретін
жылтырың мен емес. Асықпай, әйекеңді ертіп бір келсейші,
аунап-қунап жататын. Сенен айырылып, аналарға барғым да
келмей тұр, бірақ, амал не, қонақ деген аты бар ғой. Ал, жақсы,

үй-ішіңе сәлем айт.
Екеуміз сүйісіп қоштастық.
Содан үйге келдім. Әйеліме Қиқыматтың сыйын айтып күм­
пілдедім.

– Өңкей бір мәліштер қонаққа келген екен, оларына қосып

құнымды кетірмей, сыбағамды жеке тартты...
Әлгінде әйелім де бірге оянды. Үн-түнсіз кешегі киімдерімді
алып келіпті. Қарап едім... Түсім қарауытып кетсе керек,
әйелім кекете күлді. Өңірінде бір түйме жоқ, жеңім зорға ілініп

тұр. Шалбардың халі одан да мүшкіл. Қиқымат үйіне келерде
екі-үш жігітпен ерегісіп қалып, шырқыратып қуып едім.

– Е, ештеңе емес, өзім аман келсем болды емес пе саған? –

деп, қобалжығанымды білдірмеуге тырысып, дүрдиіп, сыртқы
жүнімді қампайттым. Бірақ асүйге өте бергеңде айнаға көзім
түсіп еді, жүдеп қалдым. Сақал-мұртым тікірейіп тұрғанын
қойшы, бір көз жұмық... Көгеріңкіреп кетіпті.

– Ұялсаңшы, – деді әйелім. – Кеше Қиқымат өліп-өшіп

сыйлады деп мәз боласың. Сыйласа, сыйлаған шығар, бірақ
сенен
құтылғанша
асыққан.

Әнеугүні
бастығын
қонақ
қыламыз деп отырған, Кұрекең дегені сол. Мына түріңмен сені

көрсетуге, жолдасым деуге намыс­танды да. Тіпті бүлдірер деп
қорқып, алдап-сулап шығарып салған ғой. Соған да мәзсің.
Өзіңе жараса ма осы?
Мен сыр бермегенсіп, оның сөзін жүре тыңдадым. Бірақ

жүрегім аунап түсті. «Солай екен-ау, ә? Осы әйелдердің
де басына кейде жақсы ақыл келетін сияқты. Анда-санда
солардың да сөзіне құлақ асқаннан зиян жоқ па деймін...
Балконда тұрып, будақ-будақ түтінді бұрқыраттым келіп.

Бірінші рет кешірім сұраудан гөрі кеңірек ойландым.
...Әкем жуас, жасықтау адам, бірақ мен ес білгелі атам мен
әжем­нің бауырында өстім. Әке-шешемді аға-тәте дейтінмін.
Әлі күнге сөздерін құлаққа қыстыра бермейтінім де содан.

Атам ауыл түгілі ауданға белгілі балуан еді. Немерелерінің
ішін­дегі ең кенжесі бол­ған соң ба әлде ешкімге есе жібермейтін­
дігімді танығандықтан ба, әйтеуір, мені бәрінен бөлектеп хан
көтеретін. Атамның айтқан әң­гімелерінен көкейімде өшпес

із қалдырғаны, менің жетінші атам Қарасай жаужүрек батыр
болыпты. Бір ұрғанда бұқаны құлатады екен. Құлатады
демекші, баяғыда жігіттермен бәстесіп, Тасқараның етке
өткізгелі торпағын тұмсыққа бір періп, талдырып тастағаным

бар. Батырдың тұқымы екеніме содан бері ешкімнің күмәні
жоқ. Шүбәлануға хақысы да жоқ. Күмәнданып көрсінші...
Атам ертегілерді, батырлар жырын, шежірені жатқа білуші
еді. Ауылдың шалдарын: «Түк білмейтін дүңгәна өңкей», – деп

сықпыртып алып, маған мақамдап айтып отыратын. «Ұғып ал,
құлыным. Атаң Қарасай сондай болған. Әкең жасық. Бірақ
тегіміз асыл екенін сен ұмытпа», – деп батырлық моральды
санама сіңіретін.

Бірде Қиқыматқа осыны сыр қылып айтып едім: «Ой, оның
күні өткен. Қазір заман басқа. Ондай болсаң далада қаласың
ғой...» – деді.
Ақыры, Қиқымат күлемін деп қашып құтылған.

... Бала кездегі кейбір үзік-үзік суреттер де әлі күнге көз
алдымнан кетпейді.
Ауылдың шетінде кетіп бара жатқан Жаппарханды атамның
дауыстап шақырып алғаны бар. Анау көлдей ғып сәлем

берді. «Ассалаумағалейкум!» «Уағалайкумассалам!» Сәлемін
молынан алды атам. «Шырағым, бие байлағандарыңа да біраз
болды. Ана сужүрек әкең сабасын жалғыз сарқып жатыр ма?
Қымызға неге шақырмайды мына мені?»

Жаппархан жалтақтап, үйме-жүйме сылтау айтты. «Әкең,
әлі қақшаңдап, билікті берген жоқ па саған? Сәлемімді толық
жеткіз. Қарасай батырдың тұқымы құлағыңды... деп айтты
де. Өзің үйге жүр. Қымыз ішіп кет. Жарықтық, дәру ғой, –

деді атам сақалын сипап. – Әй, шырағым, қымыз өзімізде де
жетеді. Әйтеуір, өздеріңдей балдар сыйлап, сәлем беріп, дәмге
шақырса, бір жасап қаламыз. Ана әкеңнің есіне салып қой,
баяғыда... сен барсың ба, жоқсың ба ол кезде?..» «Қай жылы?» –

деді Жаппархан жай отырмай. «Әлгі мамырда май боран соғып,
ауылдың бір қора қойы қырылып қалатын жылы... Қалқоздын
қара бұқасы құтырып, ауылды түгел тырқыратып қусын.
Сонан сенің әкең тірсегі дірілдеп, қаша алмай, анау үйдің

бұрышына тығылады. Аузынан көбігі бұрқырап, өкірген бұқа
дәл үстінен түсіпті. Мен үйде ұйықтап жатыр едім, әйтпесе
жаман бұқадан қашам ба, бір кезде бәйбішем жұлқылап, зорға
оятты. «Өлтіріп жатыр» дегесін, Қарасай атамнан қалған ақ

қанжарымды ала жүгірдім. Жетсем, әкеңді бұқа мүйізіне
іліп алыпты. Сондағы шыңғырған даусы әлі құлағымда. Бұқа
өкіріп, тақала бергенімде өзіме ұмтылсын. Бұлт етіп бүйіріне
шықтым да, ішін жарып жібердім... Соңынан қарасақ, әкең

қайбір жарып көріп еді, көн шалбары қаудырлап жүретін,
бұқаның мүйізі сол көн шалбардан денесіне дарымапты. Несін
ай­тасың, Қарасай атамыздың киелі қанжары жаман әкеңнің
жанын алып қалған сөйтіп...»

Мен атама сүйсініп, қызыға қарадым.
Ертесіне Жаппархан үйі бізді қымызға шақырды. Атам,
әжем үшеуміз бардық. Қариялар қауқылдасып, ұзақ-сонар
әңгімеге кетті. Қымыз келді. Әуелі атама, әжеме ұсынды.

Әжем маған өз ыдысынан ішкізбек бола бергенде, атам:
«Әйелдің сарқытын ішпейді менің ботам», – деп зекіді. Маған
шай кесеге құйып беріп еді, атам тағы жақтырмады. «Менің
құлынымның жолы үлкен. Атамыздың сыбағасын құй оған.

Сарқыты сендерге қалсын...»
...Тағы бірде ауылда той болды. Атаммен бірге бардым.
Шалдар төр үйде, ағамның қатарлары ортаңғы үйде отырған.
Мен ағаларыма бардым. Табақ тартылысымен қызып алған

Жаппархан бүйректі тұтасымен аузына атып ұрды. Менен
басқа бала жоқ, өзіме тиеді ғой деп тұрғам. Шыдай алмай:

«Бүйректі бер», – деп жабыса кеттім. Жаппархан итеріп
қалғанда, ұшып түстім. Жасық ағам үн-түнсіз отыр. Қолыма
іліккен кесемен періп жібердім. Шекесі қанаған Жаппархан:
«Қайтеді-ей!» –деп тұра бергенде, атамның күркіреген даусы

естілді. «Уай, менің балама тиіп жатқан қайсың?!» Анау жым
болды. «Бүйрегімді жеп қойды. Мен басын жардым», – дедім
атама.
Шалдар ду күлді. «Әй, балаң шермәш болады». «Жайыңа

отыр, – деп кесіп тастады атам. – Шермәш деп қаныпезерді
айтады. Менің балам асылдың сынығы, Қарасай атасы сияқты
батыр болады. Ақыл көп өзінде, жолды білуін көрмейсіңдер
ме? Баламдікі жөн, бүйректі неге жейді ол ит? Әй, – деді

Жаппарханның әкесіне – балаңды тый, әйтпесе аттың
бауырынан өткіземін. Жол-жоба үйретпей, жастарды бұзатын
осы сендерсіңдер...»
Бір күні есік алдында ойнап жүр едім, атам шақырды. «Ал,

батыр, үйдің артында ана қисық ауыздың шермәші бір топ
баланы бұзып, шылым тартып, карта ойнап отыр. Сен шатырға
шық та төбесінен...»
Мен түсініңкіремей бөгеліп қалдым. «Шаптыр!» – деді атам.

Мен күмілжідім. «Үлкен болса да жеңілме. Қуса, қорқақтар
құсап тұра қашпай, қарасайлап қарсы ұмтыл. Зәресі ұшады».
Лып етіп шатырға шығып, әлгінің тақыр басын тауып алу
оп-оңай болды. «Жаңбыр жауып кетті ғой», – деп әлгі басын

көтерді де, маған қарап қатты да қалды. Тура маңдайдан
құлдилатып мен тұрмын. «Қап, бәлем...» – деп, сатымен маған
қарай өрмелеп, лезде төбеге шықты. Қарасайлап тұра ұмтылып
едім... ғажап... тайып отырды. Артыма бұрылсам, таяғын

көтеріп атам келе жатыр екен...
Бұрын осы бір оқиғалар есіме түскен сайын мәз болып
күлуші едім. Бүгін күле алмадым. «Батыр, батыр» дегенге
бөсе беріппін. «Tіcқағар тентек» дегенге телпегімді аспанға

атыппын. «Жеке тіршілігім – өзімдікі, не істесем де өз еркім»
деп жүріп, «Өлшемді өмірді өлшеусіз шашыппын-ау» деген
ой тығырығына тірелдім. «Ұсақ-түйек, күнделікті күйбең
дейміз, соның өзі өмір емес пе? Тірлігім қандай, достарым кім,

өзім кіммін?» деген сауал сумаң етіп, алдымнан аяқ астынан
шыға келді. Өмірімде бірінші рет басыма келген ой жанымды

жегідей жеді. Осы уақытқа дейін ішіппін, ісініппін, ісіріппін,
содан шыққан қарағайдай мүйізім кәне? Кенет бүкіл тірлігіме
күлдім. Өз кемшілігіңе өзің күле білу де ерлік. Ал, нар тәуекел,
Қиқымат екеуміздің басымыздан кешкендерімізді сіздерге

айтып берейін...

ШАЙТАН КӨБЕЛЕК

– Әй... – деп қалдым таңертең шай құя берген әйеліме. Ішіп

жүргендегі дағдымен байқамай басып жіберіппін. Іле-шала
түзелдім, –... еке.

– Әйекесі несі, тағы?

– Әйел дегеннің ерке түрі ғой. Қиқымат бәйбішесін «қатеке»

дейді.
Арақты қойып, абыройлы бола бастағалы айбардан айы­
рылып барамын ба, әйтеуір, әйекеме жалтақтап, шөлмектесімді
оққа байлап жібердім.

– Сөйтіп те еркелетеді екен. Бұған да шүкір.

Өткен күндер ойына оралды ма, күрсініп қойды.
Әңгімені ауырлатпай, беріден қайырғым келіп:

– Басымды... – Айтып үлгергенімше, бас, өңеш дегеннен

қатты шошитын әйекем тағы да арыға кетті.

– Жазғың кеп тұр ма?

– Кеше арақ беріп ауыртқандай, – дедім момақан бұртиып,

өкпелеген сыңаймен. – Бір идея кернеп барады. Сен, былай,
қыдырып қайтсаңшы. Мен есік-терезенің тесігін бітеп, қатыра
қояйын. Қыс болса келе жатыр.
Әйекем жайраңдап, жөнеп берді. Мен саймандарымды

сайлап, ескі киізімді тілімдеп, іске кірісіп кеттім.

– Бәсе, таңертеңнен шекем шытынап еді, сенің үйде,

әйеліңнің түзде болуына көрінген екен. – Ыржиып Қиқымат
кірді. – Сендерді тату боп қапты дегенді естіп, құттықтағалы
келдім.
Қысылтаяңда екі ақ, төрт қызыл сыйып кететін кішігірім

коймадай қойнынан «Вермутын» суырды. «Бүгін бір тойып
ішейін, сосын қойдым. Аузыма алсам, батырдың тұқымы болмай

кетейін», – деп қызып отырып, қара басып қалса да, құрғыр,
мөлт-мөлт етіп көзді тартып барады.

– Қанты аз, тәуірі, – дейді желіктіріп. Бөтелкені қолыма

алып, «емк 0, 8 л. креп. 19°» деген жазуды көріп, көмейім бүлк
ете қалды. Терлеп те кетсем керек.

– Туһ, қиналып, қор болып-ақ жүр екенсің ғой. Түнеугүні

көзімді қысамын келіп, аяғыңды басамын келіп, бәрібір
аузыңнан қағынып, бөсіп-ақ жібергенің... Уақасы жоқ,
қазір Қарасай батырдың заманы емес. Уәдеде тұрмау моды.
Айтқанын емес, айтпағанын істейді ақылдылар.

Өзімді ақымақтар санатына қосқым келмесе де: «Айттым –
бітті» деп төс қағып жүргесін, әлі де жібіңкіремей тыртысып
тұрмын. Қиқымат қиқылдап күліп, арқамнан қақты.

– Сенің ер екеніңді ел біледі. Есіңде ме, өткен қыста: «Балаң

сәлем бермеді» деп, Кәкеңді қонақтарымен қоса тырқыратып
куғаның? Сондағы сенің Кәкеңнің денсаулығы үшін тост
сөйлеп, жүз грамм ішіп: «Кәке, мен сізді жақсы көремін, бірақ
жаңа: «Баласына маған сәлем беруді үйретпеген итті сабамасам,

батырдың тұқымы болмай кетейін» деп ант ішіп қойып едім,
сөзімді жұтсам кім болғаным», – деп періп жібергеніңді ел
аңыз қылады. Ал әнеугүнгі сөзің... Онда сен ызу болатынсың...
Так что, адам емессің...

Менің көзім еріксіз ежірейіп, еденде жатқан жұмыр бас
балғаға түсіп кетсе керек, Қиқымат қипақтады.

– Тойыс, сау емессің. Сау еместі санатқа қосу қате. Бітті.

Қиқымат қуысты үңгіп барады. Әлі де қарысып, рай
танытпадым.

– Иә, арақ зиян дейді ғой... Бірақ анда-санда... Осындай са­

ғынысып көріскенде... Тұнжыр тіршіліктен тойғанда... Кеше
сен қойсаң, бүгін мен қойсам, бүрсігүні анау қойса, дүние не
болады? Көңілділер қатары сиреп, ортасы ойсырап қалмай ма? –
Ол осылай бір көсіліп, қайта орағытты. – «Арақты қойсаң,

төбеме көтерермін» деп қатекең айтпап па еді? Айтқан.
Талай жыл бойы айтқан. Төбесіне көтермек түгілі, төбесін де
көрсетпей кетті емес пе?

– Енді... ол... әйел ғой.

– Тфу! Мейлі... Бірақ арақ қойып, адам болғанда мүйіз

шықты ма? Тесік тығындап... Сенен ылубой алқаш артық.
Мына сен құсап біреудің қабағына қарап жатпайды, қалаған

жеріне қисая кетіп демалады. Сенбі күні құрымын қолтықтап
қамауда отырмайды.
Менің тісім шықырлады. Топсамның босап, қаусап баpa
жатқанын сезе қойған Қиқымат:

– Бол, одан да келіп қалмай тұрғанда мынаны...

«Атамның аруағы кеше гөр», – деп, тартып-тартып жібердім.

– Ал, енді сен кідіре тұр, мен тез қағып тастайын. Шеге

салынған қорапшаны ақтара бергенімде, ішінде бір шайтан
көбелек жүр екен. Езе салайын деп әрі басамын, бері басамын,
қуыс-қуысқа тығылып, құтылып кетеді. Күйгелектеніп,
балғамен періп қалғанымда, қисық шегенің бірі шоршып келіп

шекеме тиді. Даусым қатты шықса керек, Қиқымат жетті
аптығып.

– Туһ, қатының кеп қалған екен десем... Не болды?

– Мына бір шайтан көбелекті қарашы...

Қиқымат рақаттанып күліп алды.

– Әй, шайтан көбелек деген көбелек бола ма екен? Бұл

кәдімгі күйе көбелек.

– Ондай көбелекті білмеймін, ал мынаның шайтан көбелек

екені анық.

– Туһ, сен де бір қасарыссаң, болмайсың. Бұны қазақша

көбелек дейді.

– Күлетін дәңеңе жоқ. Көбелектің түрі аз ба? Шайтан көбелек

– көбелектің бір түрі. Ақаңның да түрі көп қой. Ақ, қызыл деп

бө­лінетінін былай қойғанда, портвейн, вермут, рубин деп кете
бе­ретінін, олардың айырмасын менен жақсы білесің.

– Көбелекке теңеп, қызылды қорлама, – деп бір сүріндірді

Қиқымат. Сөйтті де «Вермуттың» тағы біреуін суырды. – Ішіп
отырып қарт ойнасаң, қолың шығады, әнгімелессең, сөзің
жарасады.
Екінші бөтелкеден кейін есептен жаңылдық. Отырып әңгіме­

лесеміз, дүкенге бара жатып әңгімелесеміз. Бәрібір әңгімеміз
жарас­пады. Қан да қызды, дау да қызды. Қиқымат қояр емес.

– Көбелек деген бар, шайтан көбелек деген жоқ.

– Бар, – дедім мен қасарысып. – Менің бала кезімде болған.

Енді құрып қап па? Жын ұрғандай ошақтағы отқа құлай беретін
қоңыр көбелекті біздің ауылда шайтан көбелек дейді. Біздің
елді түгел өтірікші деп көрші, кәне? Бала кезімізде жүйрік

боламыз деп, шайтан көбелекті езіп, табанға жағатынбыз.
Баяғыдан қалған аңыз бар. Атамыз Қарасай ұшып бара жатқан
шайтан көбелекті көздеп жаттыққан.

– Атаңның мергендігіне шүбәм жоқ, көбелекке тигізе

алмаса, батыр бола ма?

– Көбелек емес, шайтан көбелек! Жай көбелекті атып оны

жын қағып па? Жай көбелекті жай сен атасың. «Шайтан мен
көбелекті бір жебемен» деген сөз содан қалған», – деп соғып
жібердім.
Өлеңге жүгінгесін, Қиқымат мылқиып қалды. Оны жеңіп

алғасын:

– Қап, мына шаруа жайына қалды-ау! – деп өкіндім.

Жүні жығылып қалған шөлмектесім қайтадан бас көтеріп
шыға келді.

– Сенің мына түріңе қарап, батырдың тұқымы екеніңе

күмәнда­нам. Суреті бар ма өзінің? Салыстыратын.

– Жетінші атаңды ателье-люкске апарып, художественный

фотоға түсірген сен ғанасың ғой. Негативінен көбейтіп,
жұрағатыңа таратпайсың ба?

– Жоға... Сурет-пуретті қойшы. Асылдың сынығы екендігің

көрініп тұр ғой, бірақ Қарасай батыр шайтан көбелек
атып келгеннен кейін батыршасына... тойыс, бәйбішесіне
абияснителный жазбаған шығар...
Ол қиқылдап күлді. Менің қаным басыма шапты.

Мен басылғанша, әйекем келді аптығып. Не тындырғанымды
кө­руге асығып, алқынып қапты.
Есіктің сол қалпы тұрғанын көрді де:

– Әуелі балконнан бастағаның жөн болған екен, – деп төрге

озды. Қолын төсеп жіберіп:

– Үреді ғой, – деді.

– Өзің үресің!

Жалт қарады да, шатақ іздеп шатынаған көзімнен танып
қойып, бұрқ ете түсті.

– Үрген керек болса, мен саған үргенді көрсетейін.

– Итке ит өлімі! – деп ақыра ұмтылдым. Ол Қиқыматтың

тасасына тығылды.

– Әйелді зәбірлеуге болмайды, – деп араға түсіп, Қиқыматым

құ­тырсын.
4-0047

Кеңірдегінен алдым да, есікке қарай атып жібердім.
Қуып жетіп, құйрықтан қайқайтып тұрып бір тептім.
...Ал енді бас мынау... Ана бөлмеде теріс қарап жатқан
әйекем анау. Өкпелеп кеткен Қиқымат тағы бар. Сараңдығы

жоқ сабаз еді, татуласпау обал...

ПӨТЕПКІ

Қиқымат аппақ төсекте белуарынан мамыққа көміліп отыр
екен. Үсті-басы тап-таза, шашы да, бет-аузы да орнында. Сақал-
мұртының тұқылдары да тікірейіп тұрған жоқ. Бұрыштағы
айнадан өз түрімді көріп, біртүрлі қорынып, қысылыңқырап

қалдым.
Әйелі аңқылдап қарсы алды, кеше күйеуі арақ ішіп, қеш
келген үйге ұқсамайды.

– Бас қалай, Қақа? – дедім желпініңкіреп. Бастың орнына

басқа сөз түсе жаздап, абырой болғанда тіс арасында қалды. –
Кеше...
Қиқымат:

– Тс-с, – деді. Жорта жөткірініп, даусын көтерді. – Уай!

Кешегі шаруаны аяқсыз қалдыруға болмайды. Шеті көрінген
екен, шап бер де айырылма. Әйтпесе... Пөтепкіні потносқа сап
әкеп беретін заман қайда?
Мен аң-таңмын. «Пөтепкісі несі? Түнде менімен шайтан

көбелекке таласып, ақыры таяқ жеп кеткен Қиқыматым ба,
басқа ма?»

– Бәйбіше, менің киімдерімді әкелші, кешегі мәселемен тағы

бір жолығатын кісілер бар еді...
Әйелі заматта су жаңа қара костюм, ақ көйлек, галстукты
алып жетті.

– Әлде сұр кремпленіңді киесің бе? – дейді майысып.

– Пейіліңнен айналайын... Бірақ қайнағамды қарсы алуға

бара жатқан жоқпын ғой. – Қиқымат разы болған кейіппен
кеңк-кеңк күлді. Сосын сәл өзгеріп, жұмбақ кейіппен: –
Мұндай киіммен ондай жерге баруға болмайды. Көзге бірден
түсесің, раз, ішіп-жегесін байқамай былғап аласың, два. Лықия

тоюға... тойыс, тойғызуға лапсан да жарай береді...

Қиқымат қапыда кетті-ау деп қорқып қалып едім, жоқ,
әйелі жайраңдап, қалағанын жеткізді.

– Жолың болсын! Әйтеуір, құлап қалма! – болды бар

айтқаны. Шәкіртін мәпелеп, рингке шығарып сап тұрған
жаттықтырушы сияқты...
Кафеге келгесін кешегі айыбымды жуып-шаяйын деген
ниетпен елпілдей бастап едім, Қиқымат:

– Сен қопаңдама. Қалтаңның түбінде жатқан мыж-мыж

жыртық бес теңгең қай тесігіңді тығындайды. Біздікінің қызыл
қағаздарын қаужаңдайық, – деді. Жонданып шыға келіпті:

– Қақа, былай... – Бастай бергенімде, ол киіп кетті:

– Әй, сен осымен нешінші рет менен кешірім сұрап отырсың?

Мен күмілжідім.

– Менің де есімде жоқ. Іздеп келгенің де жетеді. Көпірте

беріп қайтесің?

– Япырмай, енді, кеңірдегіңнен алғаным...

– Түк те емес. Аздап тамағым түйнеп тұр, қанша айтқанмен

батыр­дың тұқымысың ғой, қолыңның табы қалған да.

– Құйрықтатқаным қиын болды, – деп тікесінен тарттым...

– Уақасы жоқ. Асыл тұқымның аяғынан аяғанда, ол

құйрықты қасқырға тартқызамын ба?

– Өзімізді құйрықтан тебу – көп адамның орындалмайтын

арманы!
Тілімді кеш тістедім. Әдет болғасын осы. Аузыма арақ
тимесе де, бөтелкеден иә рюмкадан су ішсем болды, қағынып
шыға келемін. Бірақ Қиқыматым қиқаятын емес.

– Сендер тебуге, біз тебілуге жаратылған соң солай болады

да, – деп кеңк-кеңк күледі.
Екеуміз де жіпсіп, кең отырдық.

– Кеше сөзімді бұзғаным бекер болды.

– Уай, сен де! Бөтелке бәтуаға ғана жарайды. Арақта ант

жүрмейді, қызуда қағида болмайды. Ішіп отырғанда айтарыңды
айтып қал, бәрін араққа жауып құтыласың. Ертең мақшарға
барғанда... – Қи­қымат мұңайып, күрсініп салды. – «Ішкендегі
істің бәріне сен емес, ақаң жауап береді» деп еді біздің ауылдың

молдасы, бас жазып отырғанымызда. Ертеректе диуанамен
боза ішіпті, содан қалған сөз дейтін. Шиша атаулы сен үшін

шыңғырып жатса, жанынды қинап қайтесің? Кел, одан да
аталарымыз үшін алып жіберейік.

– Астапыралла! – Мен жағамды ұстадым.

– Ә, солай ма? Онда мүжіле берме. Басқа – басқа, бұған серт

жүрмейді. Ал, алып қой...

– Бірақ бекер іштім кеше, тағы да басты қатыратын болды, –

дедім жүздетіп жіберіп. – Осы сенің не сиқырың бар? Кеше
ғой, сен де іштің, мен де іштім. Біздің үйде қырғиқабақ соғыс,
сіздің үйде жайма-шуақ. Мен таңертең оянсам, еденде киімшең
жатыр екем, ал сен боз биенің сүтіне шомылғандай балбырап

отырсың.

– Оның себебі көп қой. Осы сен ішіп келгенде не сылтау

айтасың? Кіммен іштім дейсің?

– Е-е, сенімен, жолдастарыммен...

– Жетісіпсің! Сенің қайбір оңған жолдасың бар еді? Оны

естігесін каны тасымаса, қатын бола ма? Ал мен өмірі олай
деген емеспін. Қараптан-қарап абыройымды айрандай төгіп
не көрініпті! Атақтылар аз ба? Соның бірімен танысып, төс
қағысып келдім деп бір желпініп қоям. «Сіздің үйдегі келін

үшін деп көтерді» деп бастырмалатам ізін суытпай. Кітабын
оқып, кинодан көріп жүрген қадірлілер сыртынан мақтағанын
естігесін қатекем қалай кеңіп жүре бергенін білмей де қалады.

– Әй, біздікі сол қадірлілеріңмен қоса қаңғытып жіберуден

та­йынбайды.

– Жоқ, кілтін таба білу керек. Жолдастарыңмен қызып,

бөсіп қайттың ба, мейлі, бірақ үйіңе жақындай бергенде
желге қарап бес-он минут бөгел. Өзіңе-өзің кел. Жын қуғандай,
сегізінші этажға жүгіріп шықпай, маң-маң басып көтеріл.
Қатекең қабағын түйіп қар­сы алса, сен жұмсақ жымиып,

бетінен сүй. Бірақ құныңды кетіріп, елпілдеп те кетпе.

– Әй, білмеймін. Мен ішкен жүз грамм жынын шақырады,

әйтеуір.

– Өзіңнен, бәрі өзіңнен. Антұрған-ау, есіңе алшы, бір

түзу келдің бе? Жын қаққандай жетесің. Көзің қанталап:
«Пәленшені бүйтіп жібердім» дейсің. Ол аз болғандай, «Жаңа
ана біреу маған көзінің қиығымен қарады, барып ойып әкеле
қояйын, атамнан қалған қанжарым қайда?» деп, басыңды

әйеліңнің юбкасымен... – Мен ежірейдім. Қиқымат сәл

жоғары көтерді... – тойыс, коптасымен таңып алып, жеті түнде
қарасайлап ұран саласың. Сосын кім жақсы көреді сені?
Томсарып, жүзді тағы жылжыттым. Қиқымат сылқ-сылқ
сімірді.

– Ал сен өйтпе. Мен құсап кіргеннен кейін маңғазданып

шешін. Бір туплиды жартылай шеше беріп: «М-м, да, бұл бір
қызық әңгіме болды» деп ыңыран. Өзі-ақ елең ете қалады.
Онысын байқамаған болып төрге оз. «Шаршап келдім,
бәйбіше, шайың бар ма?» де. Тіліңді бұрасаң да, Р-ды анық

айту міндет. Шайды ұзақ сорапта. «Да! Сендердің қамдарыңды
ішемін... тойыс, жеймін деп жүріп алқаш боп кетер ме екем?»
Мұңайыңқырап, бірер мүйнөт үнсіз қалсаң, «Не бітірдің?»
дейді өзі-ақ шыдамай.

«Тұра тұршы, алқымнан алмай. Қаталап бара жатсам...
Осы рақаттанып та ішпеймін, басым шулап, жүрегім қағып
әкетіп барады. Амал не, бұл заман бір туғанға болмаса да, бірге
ішкенге аузындағысын жырып беретін заман. Бірдеңенің шеті

көрінгесін, қайтейін... – Содан соң: «Бәйбіше, таңертең тағы
жолығу керек, маскүнемдер құсап былжырап оянбайын, жылы
су дайында. Төсекті жаңа диванға көпіртіп сал. Ана ескі төсек
жамбасыма батып жүр. Сосын бері кел, делабой әңгіме бар» деп

шалқайсаң, жау алмайды.

– Сосын?

– Сосын сол. Соқ өтірікті. Мысалы, бір хрустальдың ыңғайы

бар сияқты, соған байланысты қолы ұзындарды суардым де.

– Кейін қайтесің?

– Бір-екі ай созып жүріп, табасың ғой бірдеңе ғып.

– Ой, әнеугүні хрустальдап құлақтың құрышын жеп қой­

маған соң: «Хрустальға қарық болғың келсе, бокстан абсолютті
чемпионға тиіп ал» деп айқай салғам.

– Ту, сен де. Басқа дүние құрып қалғандай... Қазір қалтаңда

қырық өтірігің жүрмесе, қиын. Бері қара. Мен бір қызық
айтайын. Кеше үйге дәл жаңағыдай кірдім. Төртінші кесені
орталай беріп: «Бәйбіше, не істегенімді білесің бе? Айтқызбай
тапшы, күнім!» – деп күлімсіредім. Қатекем беріден қайтты.

«Кілемнің ыңғайы бар ма?! Өткенде бір ай ішіп... соңына түсіп
дегенім ғой, айырылып қалып едің...» «Кілем деп күйдіреді ғой

кісіні!» – Аздап шамданып алып, жайлап қана: «Пөтепкі!» –
дедім. «Көтегі несі?» – Қатекем шошып кетті. «Маған жет­
пегені көтек еді, көтекті мына сендер айтасыңдар. Мен пөтепкі
деймін». Өстіп бір зекіп алдым да, күрмеліп, икемге зорға

келіп тұрған тілімді бұрап-бұрап, орысшасын тураладым:
«Путевка!»
Әйелім әуелі аңырайып, дем ала алмай қалды. Артынша
көзінде нұр ойнап, бетінің, ернінің ұшына мейірім ұялап,

орнынан тұрып келіп, тура баяғы қыз кезіндегісіндей сүйіп-
сүйіп алғанда, мен... Арақ сасып отырғаныма өмірімде бірінші
рет ұялып кеттім. Содан ол орнынан тұрып бұрала басты.
«Жылы су дайын боп қалды. Әлгі бір хош иісті ұнтағым бар еді,

соны себе кояйын».
Мен мырс-мырс күлдім: «Бәлем, ұнтағың да, жұмсағың
да әлі талай менікі болар». Бір уақта қасыма кеп, қиылып
тұр: «Папасы, әлгің Алма-Арасанға ма?» Қиқымат деп қарап

тұрушы еді бұ­рын. «Ауылдан... тойыс, Алматыдан алты адым
ұзап көрмеген айналайыным-ай! Алма-Арасанға алу үшін
өстіп әркіммен бірге ішіп жүретін кім деп ең мені? Өзі ғой, өзі!
Кисловодск!»

Ол қуаныштан қып-қызыл боп кетті. Мойнымнан құшақтап,
былай, саусақтарымен шашымды тарамдап, ашынамнан ары
аялады. «Түсінем ғой, сені жаным. Енді көп ішпеші. Ауырып
қаласың ғой. Баяғыда, жаңа танысқанда, шампан ғана ішіп

жүргенде, қандай әдемі едің!»
Менің сол кезде былай шыға бере «Рубинға» басатынымды
қайдан білсін. «Шампан секретаршаға жұғын. Өзімен өзін ішу
керек. Кілегейдей коньягың, арқыраған арағың болмаса, сөзің

кім, өзің кім? Сосын, бері қара. Бүгінгісі бастамасы ғана. Шеті
қолға ілікті, енді содан айырылмай, суарып отырып, суырып
алу керек. Бергенін мөрінен, бермегенін көмейінен. Ұқтың ба?
Барыңды қалтама сал, тізгінімді тартып, қолымды қақпа. Өзің

білесің, курортқа жі­беретіндей әкетіп бара жатқан ауруымыз
жоқ. Сондықтан қалта керек. Бұйырса, бір демалайық...»
Содан шомылдырып, арқамды ысып, тербетіп ұйықтатты
ғой, тербетіп. Енді, бұйырса, пөтепкінің сылтауы маған біразға

дейін әләулай болғалы тұр.

– Әләулайың біткесін қайтпексің? Әләулаймен ішкеніңді

қалау­лаймен құспайсың ба, әйтеуір?

– Шіркін-ай, таза шикі екенсің ғой. Ал, бері қара. Ақыреттік

дос болуға, бір-біріміздің сырымызды жұртқа жаймауға ант
етейік. Сосын бір сыр ашайын.

– Атамның аруағы атсын! – дедім Қиқыматтың пейіліне

тебіреніп кетіп.

– Сыраның салқыны ұрсын! – Ит-ай, шімірікпеді!

– Былай. Пөтепкіні мен пәлен жыл месткомның соңынан

қалмай жүріп ебін тауып, әнеугүні қолға түсіргем. Сол күйі
сейфімде жатыр. Уақыты келгенде әкеп беремін. Бейшара
бәйбіше местком пөтепкі әпереді дегенді түсінде де көрмейді.
Үстіне қосып төледім, осынша уақыт арақ ішіп, ауру болдым

деп, қоқырайып, бір жыл төбесінде ойнап жүремін ғой енді! Һe-
he-he...
Үйге жете бере жел қақсын деп біраз тұрдым. Қиқыматтың
айт­қанын істеуге тырысып бақсам да, дағды тартып барады. Бір

туфлиді шеше беріп: «Бұл бір делабой» дегенімше, дөңгеленіп
барып, әрең оңалдым.

– Тағы да сілейгенсің бе?

Ысқырынған әйелімді «айналайын» деп алдандырмақ
болып едім, оным, «атаңның аузын...» дегеннен ары шықты.
Ықылық атып, тілге зорға келдім.

– Санаторийге біреу пөтепкі тауып бермекші болып... Бірге

іш­песең күн көре алмайтын заман...

– Өйтіп басымды қатырма. Баяғыда Қызметіңді өсірмек

болған адамдарыңды бір апта ішкізіп-ішкізіп, ең соңында
беделді біреуінін алдында тойып алып: «Шетіңнен арамсыңдар.
Жағынып, жалтақтап жүрер жайым жоқ. Сендердей иттерге
күнімді салмасын» деп тұра қуғаның қайда? Бізге жақсылық

қыламын деп ішпей-ақ қой. Ішпей, түзу жүрсең, үйдің өзі
курорт...
Сұңқылдап, шұбыртып барады. Бетімнен алғанына жыным
келді. Ішкен кезде қату қабақ көрсем, қаным басыма шабады.

Бұл қалай? Я мен Қиқыматқа ұқсамаймын, я менің әйекем
оның қатекесі сияқты емес. Әйтеуір, маған дегенде сылтау
атаулының сұйылып жүре беретіні несі? Мен неге Қиқымат
сияқты емеспін, бұл неге Қикыматтың әйелі сияқты болмай­

ды, ә?
Таңертең оянсам, еденде киімшең жатыр екенмін...

БІЛІП АЛ!

Қиқыматты көргенде денем дір етті. Әйтеуір, ұрттама­
ғанымның арқасында ұрынбай қалдым.

– Осы сен біреу туралы бірдеңе демей жүре аласың ба?

Өткенде әне бір мәліштермен бірге мазганы майыстырыпсың
ғой әбден. Мені сыртымнан келістірген екен... қолыма берер
ме еді қазір... сен үндемей басыңды шұлғи беріпсің... «Есер»
депті, «алды-артын ойла­майтын даңғой» депті. Жайына тыныш

жүрмейді» депті. Ауыз­ға бір періп қуып шығудың орнына: «Әй,
ондай қияңқылығы бар ол тентектің» деп қоштап қойыпсың...
Қиқымат қиқылдап күліп алды:

– Батыр аңғал дегенім ғой.

Жұмарлап тастай салған көпшігіне қалай қисая кеткенімді
байқа­май қалдым. Жібігенімді қапысыз таныған Қиқымат
қолтығымнан қорықпай ұстады.

– Сен де қызықсың, – деді ол былай шыққасын. – Сыйласып,

ойнап-күліп отырған адамдармен қайтіп бет жыртысасың?
Елдің де пікірімен санасу керек қой.

– Сонда бірге ішіп-жеген, бетіңе күле қараған біреулер мен

сияқ­ты достарыңды қатыра берсін дейсің бе?

– Әй, ерім-ай, қолыңа тұз көзір шыға қалса, шыдай алмай

ашып тас­тайсың-ау! Сондай да тіршілік бола ма екен? Өмір
деген күліс сияқты, құпиясымен қымбат. Қартаңды ашып
отырсаң, сенен кім қорқады? Ондайды менсінбейді қазір.
Баяғыда біреу, сөзіне қарағанда, керемет ақылды болу керек:

«Біреу білгенге дейін сырың – сенің құлың, біреу білгеннен
кейін сен сырыңның құлысың» депті. Сон­дықтан сырыңа
тіліңді жолатпай, қатпарларыңа көміп тастап, ел­дікін сыйлап
отырып, суарып отырып суырып ала білу керек.

– Оның не қажеті бар саған?

– Керек тас ауыр болып көріп пе еді? «Білгеннің зияны жоқ»

деген. Сырын алдырған адам ашсаң – алақаныңда, жұмсаң –
жұдырығыңда болмағанымен, алдыңда именіп, жүдеңкіреп
тұрады. Кәтелөгі іс­тейтін кісіге сол да жетеді. Кіммен қалай
сөйлесуді, кіммен кімнің қалай екенін біліп алсаң, жоспарлы

жүрісіңнен жаңылмайсың, жар сүзбейсің, бір. Екіншіден,
сыр деген сандықтағы қазына, сатуға болады. Кілтін тапсаң,

қып-қызыл пайдаға шаш-етектен батасың. Кеше үндемеген
себебім, сен туралы олардың не ойлайтындарын сарқып алу еді.
Жарайды, сені қойшы, ертең тіпті мықтылар туралы да «деп»
қоюы мүмкін. Ондай кезде қапы қалсам, Қиқымат болмай

кетейін. Керек десең, әңгімеге әуелі өзім түрткі боламын, анда-
санда қопсытып, көңірсітіп қою да керек. Қызды-қыздымен
біраз жерге барып, шер тарқатысып отырған шөлмектестеріме
ши жүгіртемін. Жоспардағы жанды көлденең тартып, «Соның

өзі қызық жігіт» деп қоямын жайлап қана. Бұндайда «Қызық
емес, қырт жігіт» деп қолқ ете қалса, шаруасын шалқайтып
жіберетініме илана бер. Егер: «Қай мағынада?» деп қармақ
тастаса: «Жалпы дегенім ғой» деп жұмбақтап, жылыстатамын.

Ары қарай қалай жалғастыру жағдайға қарай. Ал: «Несі
бар, қызық жігіт болғанда қандай! Оригинальный адам!»
деп есе жөнелсе, мен де құр қалмай: «Оригинальныйың не,
гениальный», – деп көпіртіп, құтыла саламын. Кейде амалдап,

иіп әкелуге тура келеді, адамның айтқысы келмегенін айтқыза
алсаң айызың қанады. Басталғасын бітті, өзінен-өзі бықсып,
қоздай береді, тек қана бірер бөтелкеңмен, бір-екі ауыз сөзбен
көсеп отырсаң болды.

– Бөтеннің сырына қол сұғу еркекке жараспайды. Адамның

адамға сенімі, бауырмалдығы қайда? – дедім қызынып.

– Сандырақ... Туғанда бөлек жаратылған соң бірігу жоқ.

Әркім өз кәтелөгін қайнатсын. Сенің бауырмалдығың, өкпе,
назың кімге дәрі? Көңілден көже қымбат. Мәселен, біреуді
шын ниетіңмен жақсы көрдің делік, одан оған не пайда? Ал
көңілің селт етпей-ақ қойсын, бірақ қысылып тұрғаныңда

кілем тауып берсең, құның артады. Қарымтасы да қомақты
болмақ... Солай бауырым, сен батырдың тұқымысың ғой,
бірақ батырға да жан керек деген. Тіке өзіңе қатысы болмаса,
килігіп нең бар? Әлгі бір әңгіме құлағыңа тиген екен, енді

«сендер сөйдепсіңдер» деп ешкіммен шатақтаспай-ақ қой. Бер
жағыңды беріп, бұрынғыдай алдай сал. Ішің білсін. Біліп ал,
бәрін біліп ала бер... Ішкі зарядың молаяды. Атылған снаряд
құсап босап қалғаннан сақтасын, һе-һе-һе...

Бірнеше күннен кейін үйреншікті кафемізде бір топ
жолдастар кездесіп қалдық. Әрнені айтып, әзіл-қалжыңымыз
жарасып, дуылдап отырғанбыз. Қыза бастадық-ау деймін, бір

кезде әңгіме ауырлап, бірдеңенің иісі шығайын деді. Біреу
бастығының бюрократтығын, біреу көршісінің қырсыздығын
көйітті. Әйтеуір, кейіпкерлер бейта­ныс болғандықтан бейтарап
отырғам.

– Қиқымат барып тұрған қырт екен, – деді бір кезде біреуі.

Ша­шалып қала жаздадым. Денемде бір пәле асыр салып
өтті. Әйтеуір, жолға шыққан жұдырығымды иіскегенсіп, өз
танауымнан қа­йырдым. «Біліп ал, біліп ал» деп Қиқымат
қақсап тұр көкейімде. Қасымыздағылар «темекің дымқыл

екен, сорылмайды» деген құрлы селт етпей, жайбарақат отыр.
Бақсам, Қиқымат қу екен. Оның қызметі өскенін бұл білмей
қалыпты. «Алдын ала маған неге айтпайды ол», – деп кіжінеді
бұл. Пысық, яғни арам. Жұмыста абыройлы көрінеді, адал

болса сөйтер ме еді? Әркімге жымия қарап жүргені – жағыну
деген сол. Үнемі сыйлық алып, алғыс естиді. Қиратып жатқан
түгі жоқ, әйтеуір, кілтін табады да. Кеше бұл, рас, сәл қызу­
лау, үйіне барып, сыраға шақырған екен: «Ертең жиналыста

сөйлеуім керек, кітапханаға барамын», – деп кергіпті.
Жиналыста сөйлеп көзге түспек қой тағы да. Кітапханада несі
бар оның? Бұл шақырғанда дүниенің бәрін тарс ұмытып, неге
ілесе бермейді, ә? Осы тектес бірдеңелерді шұбыртып барады...

Кейбіреулердің айызы қанып, қосыла соғып қояды.

– Жігіттер, тыныш отырсақ қайтеді?

Қолымның дірілдей бастағанын сезіп, тақырыпты жақ­
сылық­пен өзгертуге талап қылдым. Бірақ жиналғандар дәмін
енді ала баста­ған майлы жіліктен ажырағысы келмеген сыңай
танытып, қоздырып қояды:

– Айтсын, айтсын. Ызасы өткен ғой әбден. Ау, осында

әңгімелесіп, іш босату, шер тарқату үшін жиналдық емес пе?

– Жамандағаным емес, сұқпытын-ақ суқаным сүймейді...

– деп қызына түсті әңгімеші. Содан Қиқыматтың түрі, бойы,

денесі, жүрісі, күлкісі – бәрі де жексұрындық белгісі ретінде
жан-жақты бейнеленді. Ең соңында қайран менің досым
Қиқымат дүниеге келгеніне, жер басып жүргеніне жазықты
болғанда, шарт кеттім:

– Қиқыматта не әкеңнің құны бар, ей? Әнеугүні ғана бірге

сыра ішіп, іңірде жылап қоштасып едің ғой. Осыныңды көзіне
неге айтпайсың?

Әуелде анау сасып қалды. Бір кезде бүкіл ұятсыз қажырын
жи­нап: «Сенің жұмысың қанша?» – деп балағаттасын келіп.
Менің сырымды біліңкіремейтін еді, байғұс. Қасымыздағылар
лаң туып келе жатқанын аңғара қойып, жым-жырт тына

қалған. Төңіректі енді не болар екен деген әуестік жайлағанын
бүкіл денеммен сезіндім де, барлығын жиып-теріп, таразының
сол жақ табағына тастап жіберіп, нар тәуекелмен жалғыз
қалғанды хош көрдім...

Шартпа-шұрт салысып қалдық. Екі айналуға келтіргем
жоқ. Әп-сәтте жидек жегендей болып шыға келді. Сол кезде
Қиқыматым кіріп келсін.

– Тағы да бүлдіріп жүрсің бе? – деп келе маған дүрсе қоя

берді.

– Әдеті ғой бұның, – десіп жатыр біреулер.

– Сен-ақ осы... – деп ренішін шұбыртты Қиқыматым.

– Сен туралы мынау деп қойып еді, – деп біреу хабарлады.

– Әй, қойшы соны. Босқа арамтер болып... Пікір айтқаны

үшін әркіммен жауласа берсең не болмақ? Дей берсін, сенің нең
бар? Шырық бұзбасаң, ішкенің бойыңа сіңбей ме?
Қиқыматым қоңқылдап, жер-жебіріме жетсін. Қасы­мыз­
дағылар да оны қостап, қауқылдаса жөнелді.

Күйіп кеттім. «Пікір» дейді ғой... «Әй, атаңа нәлет, ақыры
абыройсыз болғасын, біржола жалаңаш қалайын» деп,
Қиқымат досымның безерген бетінен айдап кеп жібердім.
Столдың астына сырғанап кеткен ол тоқтағанша, есіктен бір-

ақ аттым. Ақыры бітіретін іс қалған жоқ, бір топ мәліш мен
сияқты көкжалмен төбелесіп жарытпасы кәміл.
Далаға шыққанымда кешкі самал бетімнен аялай сипады.
Жа­рықтық табиғат бәрімізге бірдей ғой. Өзіммен-өзім оңаша

тұрып, әлемге көз салдым, ауыр ойға шомдым. Әлгілердің мені,
асыл қанның соңғы тамшысын сырттай келістіріп жатқанына
ішім удай ашыды. Сондай мәліштердің де еркекпіз, ерміз
деп атқа мініп жүр­гендеріне зығырданым қайнады. Менің

жүрегімді көзір тұзымен ұрып жіберген Қиқымат көзіме
елестегенде, қалш-қалш еттім. Кенет батыр атам есіме түсіп
кетті де, бейуақта еңіреп тұрып жыладым.

БӘКІ

Біздің бір жолдасымыздың аңқаулығы арамызда аңыз бо­
лып кетті. Қалбалақтап, не нәрсеге болса да аузы аңқиып, көз­
сіз сене беретін. «Қайрат» «Спартакты» жиырма бес те бір ғып
қиратып салды» десең, бөркін аспанға атып, жуып жіберетін.

«Кеше түнде Қара теңіз құрғап қапты» десең: «Апырмай, биыл
барғалы жүр едім, суына шомылып, жағасында аунап-қунап
жату бізге бұйырмаған екен», – деп уайым қылушы еді.
Аңқаулығына қарай: «Ашық ауыз Аңқабай» деп келемеждеп

жүрдік те, ақыры азан шақырып қойған атын сызып, Аңқабай
атап кеттік. Зілсіз қалжыңға айналдырғаным болмаса, өз
басым оны жақсы көретінмін, қалай дегенмен, аңқаулық пен
арамдық ұялас бола алмайды ғой.

Бір күні жігіттер жиналып отыр едік, Аңқабай жап-жаңа
бәкісін көрсетіп мақтанды.

– Бәкің бәкім-ақ екен, – деді Қиқымат бәкіні ары-бері

аударып-төңкеріп. Тырнағын сызып, жүзін тексерді: –
Нағыздың өзі. Сый қонақ болып отырғанда бас мүжуге лайық.
Әй, осы маған жарасады!

– Жо-жоқ, атама, – деп бәкісіне жабыса кетті Аңқабай.

– Өзім Қапқазға қыдырып барған құдамнан қолқалап зорға

алсам...
Қиқымат бәкінің бұйырмасын байқаған соң, тісін шұқылап
сәл отырды да:

– Жарайды, жалбаңдамай қоя тұршы. Көлденең көк

аттының шаужайына оралатын мені кім деп ең? Менде де құда
бар, керек болса, Қапқазға жіберіп, мен де алдырам. Өзіңе құт
болсын. Бірақ мұндай бәкіні құнын кетірмей, сәнімен ұстау
керек. Бәйбішеңе бүліштен қын жасатып ал. Дүйім жұрттың

ортасында отырғанда, қалтаңнан алып... былай... бабымен
қынынан суырсаң, даражаң артады.
Аңқабай елп ете қалды. Елдің бәріне тәлкек болып,
төменшіктеп жүруші еді, енді солардың бірінде жоқ бәкісі

арқылы теңесіп қа­латынына қуанып кеткен сықылды.
Екі күннен кейін біздің үйде тағы кездестік.

– Қиярыңды турамай әкелші, – деді менің әйекеме Аңқабай.

Қоқиланып отыр.

Қияр да келді. Аңқабай жан қалтасынан қанқызыл бүлі­
шін шығарды. Әдемілеп-ақ тіктірген екен. Белбеуі бар. Қи­
қымат тә­сілмен, созып-жазып, баптануға тырысса да, асығып-
аптығып, қолы дірілдеп кетті. Ақыры шық еткізіп ашып, жеңін

түріп, «бісміллә» деп қияр турауға кіріскенде, Қиқыматтың
көзі лайланып барып орнына келді.

– Қынабың тәуір-ақ екен, – деп күңк етті ақыры. – Бірақ

қияр турап бәкіні де қорламау керек қой. Осы сендерде қасиет
қалмаған ба деп қорқамын.
Өзіне ғана тән машығымен бәрімізге мат беріп алды да:

– Ал, енді, бәкіңді бұдан да құлпыртамын десең, сабын ойып,

алты жерден тас қондыр. Содан кейін шалқасынан түспегенді
маған жібер.
Бір жұма өткен соң Аңқабай аңқытып келіп бізді тапты.

– Қалай? – дейді бәкісін жылтыңдатып. Баданадай тастары

жарқ-жұрқ етеді. Таңғалысып, жабыла мақтап жатыр едік,
Қиқымат тағы бірдеңені қоңырсытты.

– Әй, саған сенім жоқ. Жаңғалақтау едің, осы бәкің өзіңе

бұйырса жақсы болар еді.
Әжептәуір уайым қылып тұр. Аңқабай аузын ашты да
қалды.

– Ойбай, Қақа, енді... былай... байқаймыз ғой.

– Байқаймызың бәкі болмайды. Баяғыда дүкеннің бір

басына күмәжнегіңді қалдырып, екінші басын аралап кете­
тін аңқа­уым сен емес пе едің? Тілімді алсаң, былай ет. Мына
шығыршығына күміс шынжыр тағып ал. Баяғының қалта
сағатын білесің ғой, сол құсатып бір жеріңе байлап алсаң... ұры

алмайды, ішкен жеріңде қалмайды. Шынжырын жарқыра­
тып, түймеңе іліп қойсаң, дұшпан көз болады.
Аңқабай бәкі салған қалтасын сипай-сипай кеткен.

– Мынауым күшті болып кетті ғой, – деп бір күні жетіп келіп

желпінді. Сала құлаш күміс шынжыр омырауында жалт-жұлт
етеді.

– Мұндай дүниені жақсылап жумау обал. Кәне, шығарыңдар,

– деп Қиқымат үш сом суырды. Гуілдеп кеттік. Қараңғы түсіп,

шам жанды.

– Әкел, – деді Қиқымат. – Шам жарығында жылтырақ

атаулының құтырып... тойыс, құлпырып кететіні бар.

Шынында да, бәкісі құбылып, ойнап тұр.

– Так, – деді Қиқымат көзін жұмып-ашып. – Мұндай бәкіні

адам баласы ұстап көрмеген... – Мадан ханның гауһарын сал­
мақтап тұрған Аяз биден бетер толқып, түсін мың құбылтты. –
Бірақ дерті бар, бәкің ұзаққа бармайды.

– Неге? – деп шу ете қалдық. Аңқабай ұшып кете жаздады.

– Сәбәбі... – Қиқыматтың көзі жарқ-жұрқ етіп, жүгіріп жүр.

– Сабы нашар. Бұл күні жұрт зергерліктің қадірін кетірген

ғой. Зауытта зергерлікке орын жоқ. Әйтпесе мынадай бәкіге
осындай да сап жасай ма екен?

– Несі бар, әп-әдемі сап қой.

– Әдемілік әл болмайды. Пласмассының жайы белгілі.

Ұзамай қопсып, темірінен ажырайды да қалады.

– Енді қайттім... Қақа-ау?

– Саспа, бала. Алдын алсаң түк те етпейді. Бұны тесіп, алтын

сыммен зерлеп, өріп тастауға да болар еді. Бірақ ол қиын.

– Е, мейлі. Бәкім үшін бәріне дайынмын. – Аңқабай

қызынды.

– Тоқта, тоқта. Тағы бір төте жолы бар. Май шыжғырып,

малып алсаң қатып кетеді.

– Еріп кетпей ме екен?

– Қиыстырасың-ау, Қақа...

– Сендер білесіңдер ме, мен білем бе? Осы талайың менің

ақы­лымның арқасында айықтырғыштан аман құтылып едің,
білгіш боп қапсыңдар ғой бүгін.
Бұнысы рас болғасын үнсіз қалдық.

– Анау-мынау емес, кәдімгі қазақы қойдың таза құйры­

ғын шыж­ғырып, әбден күйген кезінде мала қою керек. Сонда
пласмассы­сы тас болып қатып қалады. Құйрық майдың қа­
сиетін білмейсіңдер ғой, өңшең есірік.

– Құдалыққа барғанда бауырға қосып асағанға не жетсін!

Мұны айтқан жігіт күрсініп қойды. Қиқымат оған тұқырта
бір қарап, сөзін сабақтады.

– Қарыннан басқаның қамын ойлаушы ма ең сен? Құйрық

дегенің әрі шипа, әрі зергерлер үшін таптырмайтын нәрсе, – деп,
оның қасиеттерін шұбыртқанда, бәріміз де құйрықты жегенге
мәз болып жүргенімізге ұялып, үйге қайттық.

Ертеңіне түрі әлем-тапырық болып, алқынып Аңқабай
жетті.

– Оу, не болды?

– Бәкім, бәкім... – дейді міңгірлеп.

– Жоғалтып тындың ба ақыры, – деп Қиқымат шүйлікті.

– Сенің айтқаныңды істеймін деп... Оңбаған екенсің!

– Әй, әуелі сыра ішіп, салқындап ал. Сосын тісіңнің қанын

жақпай, жөніңе көш.

– Таңертең тұра сала базарға тарттым. Таласып жүріп бір

шалдан тұтас құйрықты әрең алдым. Бағасы удай екен. Үйге
әкелген соң түгел турап, шыжғырдым да, күйе бергенінде
бәкімді ішіне салып жібердім. Біраздан соң суырып алсам...
Міне...

Кешегі көз тартатын сиқы жоқ, жалаң темір қалыпты.
Жігіттер не күлерін, не күлмесін білмей булықты да қалды.

– Әй, – деді Қиқымат беті бүлк етпей. – Осы сенің бәкіңе

жаны ашыған мен емей кім? Өзіңнен көр. Ит-ау, мен айтты
екен деп далбақтай бересің бе? Берекесіздеу екеніңді баяғыда
білгем. Басында айттым ғой, бұл бәкі саған емес, маған
жарасады деп... Енді екеумізге де жоқ.

Жігіттер алқынған Аңқабайға басу айтып, аяғын күлкіге
ұлас­тырып, тәлкек қылды. Неге екенін білмеймін, мен күле
алмадым.

ПОЭЗИЯНЫҢ ПАЙДАСЫ

– Өткен жолы бажамның ауылына бардым.

Қиқымат бұл хикаясын бабымен бастады.

– Тегіннен-тегін қыдыратындай бажам мен балдызымды

қайбір сағынып, еметайым езілді дейсің, соғымның қамы
да баяғы. Бажам бас бұғалтыр еді, қолынан біраз нәрсе
келетін. Бірақ бұл жолы: «Тексеріс көп, кәнтірөл күшті» деп
жасқаншақтап отыр. Сендердің сыбағаларың деп желкілдеткен

бір жәшік чех сырасы мен бес бөтелке «Пшенишниімнен»
де қайран болмай ішім удай ашыды. Деректірмен бұрын
дәмдес болғанмын, бірақ қанша жұқалатсам да, жақауратып,
жолатпады. Аңысын аңдиын, ұңғыл-шұңғылын қазайын деген

ниетпен бажамның үйінде бүк түсіп жатып алдым.

Ертесіне бажам әбігер болып жүр. Бақсам, ауданнан
хабарлапты, астанадан бір беделді ақын келген екен, осы
ауылға соқпақшы. Бастық түсте өз үйінде күтіп, кеш салығын,
тойыс, салмағын бажама салған көрінеді. Бажам балдызыма

қамдануға бұйырып, құрметті қонақпен қыдыруға кетерінде
маған жаутаңдап қарап еді, осы кеште тағы бір нар тәуекел
жасауға бел буған мен: «Қорықпа, масыл болмаймын. Ауылдың
акымақтары... аңқылдақтары ақынмен сөйлесіп жарытушы

ма едіңдер? Мен мәдениетті астаналықпын ғой, сендерге жөн-
жоба үйретейін», – деп шалқайдым...
Кешкілік тобымен сау ете қалды. Мұнтаздай болып отыр­
ған мен маңғаздау қарсы алдым. Ауылдың атқамінерлері

домаланған біреу­дің асты-үстіне түсіп, өліп-өшіп барады.
Ақын деген жарықтық­тарды талай көріп жүрген өзім былқ
еткен жоқпын...
Бірде тобымызбен сыраға барғанымыз есімде. Таңдай

жібітіп, құрт тістеуге енді жараған кезімізде, Аңқабай: «Ой,
мына ақындар қайдан жүр?» – деп лып етіп ұша жөнелді.
«Далада жатқан не қылған тегін ақын бұл?» Қарасам...
Дәретхана жақта шашы алба-жұлба, дударбас екеу теңселіп

тұрған. Соларды ертіп келді. Бізге бәрібір, жапырласып таныса
қалдық. Көздері домбығып, еріндері жарылыңқырап кеткен
екен. «Әй, сірә, өлеңнен гөрі бастарыңды көбірек жазасыңдар-
ау» деп ойладым ішімнен.

Біраз жерге барып қалсақ керек, жігіттер дуылдап,
футбол жайын ары қазды, бері қазды, сөйтіп, «Қайраттың»
жетпіс жетінші атасына жетіп қалған кезде үндемей тұрған
ақындардың біреуі түйеден түскендей дүңк етті: «Осы мен

ақынмын ба, жоқ па?»
«Ақын емес те ақын болады екен-ау, ә?» Таңданып, бетіне
қарасам, көзі кілегейленіп кетіпті. «Жоқ» дегеннің жағасынан
ала кеткелі тұр. Бәтшағар, бәле туып кетпесе не қылсын... айбар

болатын қасымда сен де жоқсың... Әжептәуір қауіптендім.
«Сен гениальный ақынсың!»
Анау пошташының пәселкенің құйрығына мөр басқанындай
ғып сарт еткізді. Бірінші дударбас көзіне жас алып, бірер

мүйнөт мөлиіп тұрды-тұрды да, бір кезде бас салып, бәрімізді
жағалай сүйіп шықты. Ерні көнектей неме екен, жарты бетімді

алып кеткендей болды. Мол жаратылған тегін дүние еркіне...
тойыс, ерніне тигесін аясын ба, армансыз сілекейлеп, айғыз-
айғызымды шығарды. Сөйтті де: «Аға, сіз мені білесіз бе?» –
деді. Өмірімде бірінші рет көріп, атын жаңа естіп тұрсам да,

пәлесіне қалып нем бар? «Иә, айналайын, көптен білемін.
Тіпті өлеңдеріңді де жаттап жүремін. Сені білмейтін адам бар
ма қазір?» деп көпірте салдым. Дударбасым дүрдиіп: «Аға, сен
де мені сүйші», – деді қиылып. Топ алдында еруліге қарулы

қылмасаң, ұят... Ай, атаңа нәлеттің ұстаған жерін қарашы...
амал жоқ, мен де ернімді тақай бердім. Ырымын жасап,
құтылмақ болғанмын, қайда-а! Мойнымнан тас қып құшақтап,
қатты да қалды. «Аға, мені жақсы көресіз бе, жоқ па?» –

деді қадалып. Өмірі біреуге: «Сені жек көремін» деп ашып
айтқан пенде емеспін ғой, өзің білесің. Өйтіп жау көбейтетін
жаңғалағың мен емес. «Иә». Тұншыға сыбырладым. Онысы
аздай-ақ: «Міне, қараңдар, ағам мені қалай жақсы көреді»,

– деп жар салсын. Ақыры алты рет «шолп» еткізіп, зорға

құтылдым. «Қазір мен өлең оқимын».
Жұлқынып, қыңғыр-қыңғыр етіп бірдеңелерді шұбалта
жөнелді. Біз дабырлап, қолпаштаған болдық. «Әнеки, – деді
әлгі әлдекімге кіжініп. – Көрер ме еді, естір ме еді осыны!

Тоқта-тоқта, менің ұлы ақын екенімді дәл таныған сен де ұлы
ақын боласың!» – деп, қасындағысына жабыса кетті. Содан екі
дударбас құшақтасып алып ал жыласын! Жабыла жұбатып,
зорға айырып алдық. Есі кірді-ау деймін, екінші дударбас

тілге келді. «Сіздер түсінесіздер ғой, ақын болғасын қиын.
Ақын деген – нәзік, ерекше ерке халық. Еркелете білмейді
ақындарды жұрт. Мойындамайды бізді. Талантты көре
алмайды, қызғанады. Ау, айтсаңдаршы ағайын аналарға!»

«Аналары» кім екенін білмесем де, өзіме қарап бақырайып
тұрып алғасын, сытылып кетуге тура келді. «Жарайды,
айтайын». «Міне, дұрыс. Айтыңыздар! – Бірінші дударбас разы
боп қалды. – Күйдірді әйтпесе. Осы, соларға ерегіскенде, тап

қазір қол ұстасып өле қалайық па, бәлем?» «Өрем қап!» дедім
мен ішімнен. «Ойбай, тоқтаңдар! Сендер әлі елге, поэзияға
керексіңдер. Тоқтаңдар!»– Аңқабай аңқылдап арадан килікті.
«Жоқ, ерегіскенде... жібер... тура машинаның астына түсеміз».

«Жігіттер, жігіттер, қойыңдаршы, өлмеңдерші! – Бейшара
5-0047

Аңқабай, ақкөңіл ғой байғұс, еңіреп жылап жібер­ді. – Ау,
Қақа, қой деңізші мыналарға!»
Амал жоқ, тағы араластым. «Әй, бауырларым, бір
ашуларыңды беріңдер, біреулер қол шапалақтамағанға бола

асыл өмірлеріңді қиясыңдар ма? Қарапайым оқырман, мына
біз мойындасақ болды емес пе? Сендердің бізге сырбаздықтарың
қымбат». «Міне, ел таныды, мойындады деген осы! – Бірінші
дударбас қайта елірді. – Бүгін біздің күніміз, бұндайды

жумауға болмайды».
Қалталарын ары-бері ақтармалап, тиындарын құрастыруға
айналды. Маған жаутаңдап қарап қояды. «Көпке әуре болмай-
ақ қойыңдар, сыра жетеді», – дейді көз жасы құрғап, енді адам

болған Аңқабайым. «Атаңның басы, – ішімнен күліп алдым, –
саған сыра жеткенмен, бұлардың тиыны сыраға жетпейді».
Екеуінің де көкейін қапысыз танып: «Ай, атаңа нәлет, түгім
кетпес, ақырына дейін сынап бағайын», – деген қорытындыға

келдім. «Ау, бұларың болмайды. Жумақ бізден. Сендердей
керемет талантты ақын інілермен бірге болу құрметін әркімге
жазбаған».
Қалтама қол салып, Аңқабайды «Вермутқа» жүгірттім.

«Аға, сіз ғажайып адамсыз. Нағыз ақынжанды, жомарт,
серісіз. Егер өлеңді, ақынның жанын сіздей түсінсе ғой, анау
пәленшеев, түгеншеев деген сыншылар. Сіз құсап еркелетсе
ғой бізді. Сіз... сіз-з-з», – деп ышқына ұлып-ұлып алды.

Содан не керек, өз басымнан бұрын-соңды байқамаған талай
қа­сиеттер табылды. Осы күні не оңай – жомарт, сері атану
оңай. Қатекеңнен қымқырып қалған, пөтепкінің жолына
қиған тең­гелерден жұртқа көрсетіп тұрып, аямай шашып

жіберіп едім, «бір тойған шала байлық» дейтін қызбабастар
қауқылдап, барлық игі қасиетті маған үйіп-төгіп, «Қақалап»
құлдық ұрды. Көрдің бе, сен болсаң «бетімнен сүйші» дегенде
сүйкеп жіберіп, құйрықтата қуар едің. Ал мен «Вермутыммен»

көл-көсір жақсы ат жинап алдым. Ол екеуі ертең төртеуге
айтады, сөйтіп ақындардың арасында «сауатты кісі» деген
дақпыртымыз, аздаған абыройымыз болады. Пікір тарата білу
керек, бауырым.

Аңқабайдан үйге келе жатып, жөн сұрасам, олармен өткенде
сыраханада танысыпты, газетке суретімен шыққан өлеңдерін

жуып, әркімге бір көрсетіп, діңгірлеп жүр екен. Сөздері
түгілі, суреті де тасқа басылған тірі ақынды тұңғыш көрген
Аңқабайым, әрине, аузын ашқан да қалған. Бақсам, біреуі
бірнеше кітабы бар, шатақ... тойыс, шатпақ шығарғыштын

өзі де, екіншісі соның журфакта жеті жыл оқып, үшінші
курсты жаңа тамамдаған пікірлес жолдасы әрі шәкірті екен.
Солай, бұл ақын деген берекесіздерді бұрыннан суқаным
сүймеуші еді, ішім сезеді екен сөйтсем. Ел аман, жұрт тоқтағы

сиықтары анау, қайтіп оңсын. Солардың ұлылықтарынан,
шатпақтарынан маған не пайда? Сонша несіне міндетсіп,
несіне жетісіп, ұлылыққа таласып танауларын көтереді екен
бейшаралар?

– Ондай-ондай басқаларда да болады, – дедім Қиқыматты

тыйып тастағым келіп. – Бір рет көзіңе түскен екен, неге теріс
қарайсың? Көңілдері шалқып, лепіріп кеткен шығар...

– Қойшы соларды. – Қиқымат қолын бір сілтеп, сөзін соза

берді. – Шетінен мәжнүн, дүңгәнә, даңғой бұлар. Бәрі де бір
адырдың аңы ғой, бажам үйінде қонақта болған ақыныма да
солай қарадым. Бақ­сам, бұнысы әжептәуір адам екен. Беделі
де біраз бар сияқты. Елір­мей, сімірмей, сыздықтатып қана

сызылып отыр. Сөздің майын тамы­зып, әдемілеп-ақ сөйлейді.
Ал қасымыздағылар... Тоңмойындау, доғал біреулер болады
ғой. Мына ауылдың атқамінерлері тап сондай екен. Сызу мен
қызудан қайтып, мықтағандары бір-екі мақалмен тынып,

мыңқиып отыр. Өзің білесің ғой, мен аздап бірдеңелерді шолып
жүремін. Солардың айтқанына ілесейін, дүниені түсінейін деп
миымды ауыртпаймын, әрине. Аздаған ақылым да жетеді.
Бірақ біреулермен араласа қалғанда, мәслихатқа жарамаған

жа­ман. Интеллигент атымыз бар, «сауатсыз екен» деп ешкімнің
кемсітпегені абзал. Сондықтан жазғыштардың кең таралған
тер­міндерін біліп алғанға не жетсін. Мысалы, «уақыт тынысы»,
«замандастарымыздың күрделі жан дүниесі», «терең ойлы,

кең қарымды», «дәуірге лайық», «жоғары деңгей», «бейнелі,
күрделі шығарма», тағы басқа пәлен-пәштүген кезекші
сөздер кәдеге жарай береді. Әбден жалықса да, өзіне арнап
айтсаң, еріп жүре бермейтін есер жоқ. Қысқасы, соларымды

тұздықтап, дәмдеп көсіліп-көсіліп алып едім, бәрінің беті
бері қарады. Шөпшектің мен жақ шеті кеуіп тұрғанын аңдай

қойып, енді жақсылап тұрып бір от тастап жіберуді ойластыра
бастадым.
Байқасам, ақын болған да жаман емес сияқты. Кәтелөгі
істейтін кісіге, – Қиқымат сұқ қолымен кеңірдегін қиды, –

былай жүріп-тұруға, ішіп-жеуге болады екен. Өйткені жұрттың
көбі елпілдеп, бірге суретке түсіп, «тарихта қаламыз» деп
гуілдейді. Миымды қажаған мәселенің кілтін лезде таптым.
Қалайда дәл қазір ақынның оң қолы бола қалуым керек, сосын

бітіп жатыр.
Содан мақтаған кезімде мас ақындарымның қалай қуанғаны
есіме түсті де, басыма гениальный ой келді.
«Осылар шетінен мақтансүйгіш, есер еді ғой. Мен сені бір

мақтап көрейін». Бағанадан бергі сөйлегендер: «Атақтысыз,
өлеңдеріңіз көпке мәлім» дегеннен аса алмай, жеңілден
қайтқан. Ақыным алғыс айтқанмен, қыбы қанбай, місе тұтпай
отырғанын, әрине, ол тоңмойындар қайдан білсін.

Бір реті келгенде бажамды оңашалап жіберіп, өтініш жа­
садым.

– Әй, мына кісінің кітабы бар ма сенде?

– Бұрын жоқ еді. Жаңа кітабына қолтаңба жазып берген.

Міне, қарашы, қалай?
Бажам бөсе жөнелді. «Бауырым бәленшеке!» Осылай бас­
тапты да, бажамды бала күнінен білетіндей-ақ ой, бір есіпті.
Керек адам ғой, бажамның көңілін қалдырғым келмей:

«Дұрыс, бауырың құтты болсын», – деп құттықтап құтылдым.
Оңаша қалғасын, кітапты ашып жіберіп, ең сүбелісі-ау деген
екі шумақ өлеңді сегіз қайтара оқып, жаттап алдым да, отыра
қалдым.

Күткенімдей-ақ маған да сөз берілді. Ақынымды Ала­
тауға бір теңеп алып, соны айналып-айналып келіп: «Аға,
біз қарапайым еңбек адамымыз, көп нәрсені біле бермейміз,
әрине. Көп оқуға қолымыз да тимейді. Бірақ мен сияқты

еңбекші інілеріңіз сіздің поэзияңызды, сізді сүйетініне мен
кепіл, – деп бір қол шапалақтаттым. Керек жерінде менің
қалай мақамдайтынымды өзің білесің. Сосын тол­қыған бо­
лып, саусақтарымды дірілдеттім, бірақ табиғи дауыспен: –

Ал, ағайын, өлеңнен құдіретті, одан үлкен өнер жоқ. Сол
өлең үшін алайық! Мен сөзімді біздің бір ел мойындаған ұлы

ақынымыздың, аты ойыма түсіңкіремей тұр, өмір мен өлең
жайлы жазылған мына бір жырымен аяқтағым келеді!» –деп,
жаңағы жаттағанымды періп кеп жібердім. Ел ду ете қалғанда,
ақыным орнынан ұшып кете жаздады. «Сол... – Даусы дірілдеп,

еріндері құрғап кетті. – Сол... ақын мен ғой!» «Ұлы» деген сөз
көмейінде тұншыққанын аңғару үшін, әрине, мен болу керек.
«Айналайын, Қиқыматжан, мың да бір рақмет!»
Мені мақтап, біраз жерге апарып салды. Қоярда-қоймай

қасына шақырып, төрге отырғызды. Қиқымат болып босағада
қағажу көріп отыр едім, әп-сәтте «Қақаң» болып, қақ төрде
қасқайдым. Бастықтардан бастап, бажама дейін бәйек болып
жатыр.

Ақыным мен үшін және мендей адаммен бажа болған бас
бұғалтыр үшін бір тос көтерді. «Қиқыматжан секілді көкірек
көзі ашық жандарды, ел басқарып жүрген азаматсыңдар ғой,
қолдау керек», – деді бастықтарға қарап. Бұл сөзімен қолыма

көзір тұзын ұстатқанын шалқып отырып, өзі де байқаған жоқ.
«Бұйырса, Алматыға келгенінде деректірді мына ақынмен
бірге үйге шақырып жіберсем, бірталай жыл соғым қамымен
жүгірмейтін болармын. Бажам да бүгежектеп, бұрынғыдан

бетер асты-үстіме түседі. Бұл ауылдың тізгіні енді біздің
қолда...»
Әлгі тосымнан кейінгі әнтрәктіде ақыным мені қолтықтап,
әрлі-берлі жүрді. Мен де қапы қалмай, бағып тұрмын – ауылдың

атқа мінуге жарағандары бізге қарап қапты. «Дәл қазір бәрің де
Қиқымат болмағандарыңа өкініп тұрсыңдар-ау», – деп күлдім
ішімнен. «Айналайын, Қиқымат, сен сауатты азамат екенсің
ғой. Өздеріңдей жігіттердің көп болғаны абзал. Иә, айтпақшы,

біздің бір ақын іні­міз – атын айтты – сен туралы: «Поэзияның
білгірі, ақындарды хан көтеретін серінің нақ өзі» деп жақсы
пікір айтқаны енді есіме түсті. Бәсе, атың таныс көрініп еді».
Менің көз алдыма тәлтіректеген дударбастар елестеді,

салтақ беттің дәмі келді аузыма. Тыжырынғанымды байқатпай
түкіріп тастадым да, ілтипат білдірдім. «А-а, кім бе, ой, ол ағып
тұрған ақын ғой. Өзі бір ибалы, мәдениетті жігіт». «Дұрыс,
айналайын, ақындарды сыйлаған адам – нағыз азамат, – деп

арқамнан қақты. – Өзіңдей жақсы жігіттерді ұмытпаймыз,
жақсы жерлерде, топ ішінде айта жүреміз...»

...Темірді қызған кезінде соқпасам, Қиқымат боламын ба,
қонақ­тар тарқарда деректірді шығарып салып тұрып, тағы бір
дөңгелетіп көріп едім, домаланып түсті. Жасының үлкендігіне
қарамай, кі­шірейе қалыпты. «Қайран, Қақа, отырыстың

шырайын кіргіздіңіз ғой. Сіздің бұндай екеніңізді кім білген?!
Ертең әмір қыламыз, бір жылқыны қимай не қара басыпты?
Қазына нарқы су тегінмен бір», – деп қарқ-қарқ күлді...
Есік алдында бажам буына пісіп тұр екен. «Біздің үйдің,

менің беделімді бір өсіріп тастадың. Сендей бажам барда
ауылдың қай баласы маған иіліп сәлем бермес екен, бәлем.
Рақмет саған. Соғым болмағанымен, сорпаңа жарар, байлаған
құнан қойды сойып ала кет ертең...»

Бұл сөзі құлағыма жағып кеткесін, мен де ыңғайына
жығылып, бажамның бетін аймалап шықтым. Солай, бауырым,
поэзияның пайдасын көрдім сөйтіп. Бұл өлең дегенің ебін
тапқан кісіге сауын сиыр екен ғой.. he, he, he...

ЖАНСЫЗ

– Иә, жаңа бастық қалай? – деді Қиқымат, хал-жағдай

сұрасқан­нан кейін.

– Ой, бастығы бар болсын...

– Е, не болып қалды, батыр? Тағы да жүздетіп барып па едің?

– Құлқыннан қайтпасаң, Қиқымат боласың ба сен? Адам

күйіп тұрса...
Қиқымат қалтасынан қымбат темекісін шығарды.

– Жай айтқаным ғой. Кел, асықпай шылым тартып ал,

нербіңді басады.
Бұрқыраттық келіп. Булығып мен отырмын, құмығып Қи­
қымат тұр.

– Дәуде болса, батырлығың ұстап кетіп, бағына қой­

мағансың ғой, – деді бір кезде.
Бағынбағаным рас. Мен серпілдім.

– Бастықпын деп басынбай, жөнімен жұмсау керек қой

адамды.

– Бастықтың жұмсағаны жөнсіз болмайды өмірі. – Қиқымат

қи­қылдап күліп алды. – Айтты, бітті – заң. Неше батыр болсаң
да бағынбағанда қайда барасың?

Жұмыс
бабымен
болса,
амал

жоқ,
әрине.
Бірақ
жұмсағыштың жүгіріндісі бола алман! Тыңда, ендеше... Жаңа

бастық бір күні мені шақыртты. Арсалаңдап жетіп барсам,
абажадай столда дөңкиіп отыр екен, обалы не керек, сәлемімді
түзу алды. «Төрлет», – деп майлы алақанын кең жайғанда,
жұмсақ креслоға күмп ете қалыппын. Басекең жылы-жылы

сөйлеп, іші-бауырыма кіріп барады. Көңілім еріп, буылтық-
буылтық бетіне дейін бұлтиып, көзіме сүйкімді кө­рінді.
«Иә, естіп жатырмын, бұрынғы ағаңмен онша болмаған
көрі­несің. – Онымен қырбай екенімді қайдан біліп қойғанына

таңданып үлгергенімше: – Әрине, оған сен кінәлі емессің, –
деп түзеп қой­ды. – Әділет үшін айтысқандарды ұната бермейді
қазір. Сенің турашылдығың, адалдығың жағады маған.
Бірақ маңдайды тасқа ұрып алмай, абайлап, ақылмен істеу

керек, батырекесі. Сен болсаң, бұрынғыны жиналыста сойып
салыпсың. Жалтару, айналып өту қорқақтық емес, оны қазіргі
тілде әдіс дейді. Міне, саған осы жет­пейді».
Басекең темекі тұтатты да, қайтадан күңіренді. «Анау

«досыңнан» «жақсы мұра» қалған жоқ. Аядай кәлектіп
алтыбақан алауыз. Пыш-пыш сөз, домалақ арыз. Бір-бірін
мұқатуға, аяғынан алуға, өсіруге емес, өшіруге даяр. Қызметті
қаңтарып тастап, бұрыш-бұрышта екеу-екеу күңкіл. Ол аз

болғандай бастықтарды, тіпті мына м-е-н-і анекдот қылады,
қарсы пікір таратады, топ құрады. Бұған төзуге бола ма, ә?»
«Еш болмайды, басеке. Тыйым салу керек». «Міне, екеуміздің
ойымыз бір жерден шықты. Беpі қара. Шырағым, өзің білесің,

жұмысбасты адаммын. Жалпы жұмыс уыста болғанмен,
олардың әрқайсысының не ойлап, не деп жүргенін бағып отыра
алмаймын ғой. Сондықтан екеуміз бірлессек қайтеді? Соларды
сен өз қолыңа алсаң?»

Басекең тершіп, бет орамалымен жүзін сипады. Семіз көздері
шарасына сыймай, сыздап барады. «Енді... Мен өзім өсек-аяң,
қулық-сұмдықты жек көремін. Ондаймен айналысатындардың
өз обалы өзіне. Ресми жағын реттесеңіз, аузына ие бола алмай,

ауа жайылғандарды мыштай ғып берейін».
Жұдырығым... менің жұдырығымның көлемін өзің жақсы
білесің ғой... басекеңнің столын жаншып барып, абырой
болғанда, дыбыссыз тоқтады. Көз майы тартылды ма әлде

шарасы үлкейді ме, әйтеуір оның жанары жүдеп, шүңірейді де
қалды.
«Өзім де сенің әділетсіздікке төзбейтініңді дәл таныған
екенмін, – деді есін жиып. – Бірақ бұл әдісің жарамайды.

Біздің міндетіміз – тиісті қызметке жауап беру ғана емес,
қарамағымыздағы адамдар­ды тәрбиелеу. Ол үшін әркімнің
бойындағы кеселді дәл табуымыз қажет. Жамандықпен
күрестің әдісі сан алуан. Оның қай түрі болса да дұрыс, өйткені

әділет үшін. Сондықтан сен ешкімге соқтықпай-ақ, жиналыста
ешкімді сойып салмай-ақ, көрген-біл­геніңді ақырын ғана
маған сыбырлай салсаң, дерттің алдын алып, ем-дом қолданамыз
ғой. – Басекең демігіп, түрі тарғылданып кетті. – Сен мені

дұрыс түсін, шырағым. Бұл – анау-мынау емес, әділет үшін
күрестің ең мықты әдісі».
Бұндайды адам баласынан естіп-көрмеген және күтпеген
мен сасып қалдым. Онымды өзінше жорыған басекең қайта

күшейді. «Алмақтың да салмағы бар, еңбек ет те міндет ет
деген. Елеусіз қалдырмаймыз. Осы, ана местком жігітің
сырдаң...» – деп сөз аяғын жұтып қойды. Есіктен орынбасар
кіріп келе жатыр екен. «Ал жақсы, іске сәт».

Басекең біткен шаруадай бұйыра сөйледі. Қысылтаяңда не
болғанын әлі жөндеп ұға алмай, орынбасардың көзінше ештеңе
дей алмай шыға жөнелдім.
Шыға сала басыма сақ ете қалды. «Менің онда алты аласы,

бес бересім жоқ, бәрі де әділет үшін» деп кеңірдек керу арызқой
атаулының желеуі екенін білетінмін. Әлгі мес қарын мені
кәдімгі қолжаулығы, тыңшысы қылмақшы. Қап, бәлем!
Қалшылдап, қара терге малшындым. Өзің білесің, өмірі

ешкімге сатылып, ешкімді сатып көрген емеспін. Орынбасар
шыға бере, ентелеп кіріп барғанымда, басекең шошып кетті.
Танауым желп ете қалса керек. Біздің танау желп ете қалғаннан
кейін шаруа қиын екені саған аян.

«Шырағым! – Баса-көктеп, қаһарланып айттым. – Мені
шешем шпион болсын деп туған жоқ!»
Басекең құп-қу болды. Айдың-күннің аманында зілденіп,
креслоны ойып жіберердей боп сыздап отыратын үйме-жүйме

дәу қара желпілдеп ұшып кете жаздағанда, мүсәпір көрінеді
екен. «Ау, не болды? Сен мені дұрыс түсінбей қалыпсың ғой...»

Қырылдап, қылғынды-ай келіп. «Қарасайлап» жібере
жаздап: «Қой, құрысын, жүрегі жаман болса, ұстап қалып,
пәлеге ұшырармын», – деп зорға тоқтадым.
Кілт бұрылып жүре бергенімде, алды-артыма шығып,

шалғайыма оралды. «Ау, айналайын... бауырым... батырым...
сабыр қылшы. Түсініспей қалдық...»
Бар салмақ-абыройынан айрылып, елпең қақты. Пы­
шылдап, бет-аузы суланып, жіберер емес. Тіпті қарымнан

ұстап алып, сілкілеп сөйлейді. «Әй, атаңа нәлет, айдап кеп
жіберсем бе екен?» Бір тентек ой келе қалсын. «Мына жерден
персем, қалай түсер едің?» Көзбен өлшеп алдым да, баяғыда
тұмсығына бір салғанымнан Тасқараның торпағы талып

қалғаны есіме түсіп: «Қой, жөнеп кетіп жүрер», – деп, өзімді-
өзім бастым. Жалпы, ұрттамасам ұстамды, көнтерілі жігітпін
ғой. «Ақсақал, тыныштықпен тарқай қояйық!» Қолын серпіп
тастап шыға жөнелдім.

– Е, сосын? – Қиқымат сүліктей қадалды.

Дәнеңе де болған жоқ. Мес қарынның жақтырмайтынын,
аңы­сын аңдып жүргенін жүзінен танимын, бірақ көрген
жерде қол қусырмағанымен, қауқалақтап-ақ қалады, байғұс...
Шаруама мық­ты болсам, не істейді ол маған? Бастыққа

жағынбағаны үшін жұмыстан қуылсын деген заң жоқ.

– Е-е, пәлен жыл өшіретте тұрсаң да, өткенде үйіңді кеңіте

алмай қалғаныңның себебін енді таптым.
Қиқымат көзбояу қып, күрсінген болды.

– Мейлі... Өз үйім құт болсын. Арымды сатып алған үйде

қайтіп тұрамын? Батырлығыма таңба ғой.

– Батырлығың бес бөлмелі үй болмайды. Мынаған құлақ

сал: әлгіндей ақымақтықпен... тойыс, ақкөңілділікпен ұзаққа
шаба алмайсың.

– Әй, Қиқымат, тағы да бірдеңені бастағалы тұрсың ба?

Қиқымат қиқылдап күліп алды.

– Жарайды, айтайын. Ағаңның ақылына әлі ден қоймай

келесің ғой, сауатыңды ашайын, бала.
Басекемнің бағыныштыларын қалай бұқтырып ұстаудың
кілтін таба алмай жүргенін байқайтынмын. Аңысын аңдып,
сан түрлі жолдарын қарастырып, қайтсем қыбын қандырамын

деп жүдеп жүргенімде, өзі шақырып алды. Бұрыннан сәлемі

түзу, бір-екі ауыз қалжыңы да бар еді. Бұл жолы да: «Қарағым
Қиқымат, қан таратуға қалайсың?» – деді ойын-шынды. Қайда
соғарын тап баспасам да, жобасын жорамалдай қойдым да,
әзілдеген болдым. Есіңде болсын, әзілмен майлап кеп жіберсең,

сөзің сырадай сіңіп, сынаптай сырғиды. «Сізбен бірге қанды
да, шерді де тарқатуға құмармын».
Басекем өп-өтірік кеңкілдеп, арқамнан қақты да, қолқа
салды. «Шырағым, өзіңді тонымның ішкі бауындай көріп

жүрген соң... Былай болып тұр. Ана дашымды жөндетіп...
Бітіп қалды, соның бір ұсақ-түйек жұмыстары қолбайлау
болып тұрғаны. Әлгі жалдаған жолы болғырларым ондай-
ондайларға қарай бермейді екен. Басы-қасында өзің болмаған

соң сол. Соны сенбі күні жеңгең екеуміз ептеп... соған қолғабыс
етсең, айналайын. Басқаға айтпай отырмын, айтсаң істейді
ғой, бірақ іштей не ойлайтынын, ертең не дейтінін кім білсін?
Сенің жөнің бөлек...

«Қан таратудан» қандай пайда табатынымды қырық
секөнтте есептеп шығардым да, қарсы қолқа салдым. «Аға, –
дедім үзді­гіп. – Өзімсініп айтқаныңызға қуанып отырмын.
Мен келініңізді де ерте барайын». «Жо-жоқ, келінді әуре

қылма». «Сіздей ағалардың ша­руасына жараса, келініңіз үшін
зор бақыт. Сосын өтінішім бар. Бір жақсы демалыс болсын,
тауға күнде шығып жатқан жоқпыз ғой, жұмыс біткесін
біздің дашыға барып көңіл көтерейік. Шопыры­ңыз­ды да

әуре қылмай-ақ қойыңыз, сырт көздің керегі не? Машина
табамын, бәрін реттеймін. Сенбі күні сағат сегізде өзім келіп,
алып кетемін». «Ой, ештеңеге әуре болмай-ақ қой. Жеңгеңмен
акыл­да­сайын, ретіне қарай көрерміз».

Құнын кетіргісі келмей, онша рай бермеді. Бірақ ішіне
жағып кеткенін жұқалаң жымиысынан аңдай қойдым...
Содан ағаң іске кіріседі ғой. Өзім жұмысқа тұрғызған
ауылдас бір інішек бар еді, шопыр. Соны тауып алдым да,

сенбі, жексенбіге «Волгасымен» шығуын өтіндім. «Ойбай, аға,
бастық босатпайды ғой, әйтпесе...» – деп қопаңдасын әлгім.
Бағанадан үнсіз тыңдап отырған мен Қиқыматтың сөзін
бөлдім:

– Әй, өзіміздің інілеріміз болса, әмірімізді екі етпес еді!

– Жарлығың жағдайдан мықты емес. Айтқаныңды істей

алуы үшін адамға жағдай жасау керек, бұл менің қола қағидам.
Қиқымат сөзін сабақтады.
«Саспа, бала, – дедім. – Ауылыңнан тілігірем алдырамын,
үрейің ұшып кетпесін. «Атаң қатты жатыр» деген қағаз келіп

тұрса, машинаңмен бірге қайтіп жібермес екен?!
«Менің атам былтыр қайтыс болған...» «Әй, сен де бір...
Қазақта не көп, ата көп. Ауылдың кез келген қара шалы сенің
атаң емес пе? Өзің не деген безбүйрек баласың? «Аға, мен

әншейін... әйтпесе сіздің айтқаныңыз маған заң».
Заңшылымды заңдандырып алып, ауылдағы поштаға
ыз­банда­дым. Алматыға келген сайын қонақүйге, люкске
орналастырушы едім, Қиқымат басыммен өзім хабарласқаныма

бөркі қазандай болды да қалды. Тілігірәмді тас қылып, енді
тағы бір ауылдағы атқамінердің бірін төсегінен тұрғыздым.
Баяғыда шетел гарнитурін тауып беріп едім, содан бері мен
дегенде қолқасын суырып беруге бар. Үйтілген қойды жұма

күні жеткізуін өтірік өтіне салып едім, елпілдеп кетті. Қоймаға
бас сұқтым да, құстың сүтінен басқаны басып алып шықтым.
Әйелім екібастан маймаң қақты.
Балалардың екі күндік азығын әзірлеп, сырттарынан

құлыптап кеттік. Кетерде қыңқылдай бастап еді: «Қараң
қалғырлар, екі күн құрғақ тамақ жесеңдер, қырылмайсыңдар.
Адам бір делабой әңгімеге бара жатса», – деп қатекем тыйып
тастады. Есікті сырттан құлыптай бергенімде, тұңғышым тілек

білдірді: «Папа, мама, бізге алаң болмай, шаруаларыңызды
бітіріңіздер. Жолдарыңыз болсын!». «Баланы жастан» деген,
мәләдес, қатеке», – деп арқасынан қақтым.
Сағат сегізде қара «Волганы» басекеңнің үйінің алдына

көлденең тартып, тап-тұйнақтай дайын ағаң қойқаңдап түсе
қалды ғой. Олар да әзір екен, зулап кеттік.
Бастықшамыз... бастықтың бәйбішесі толықша келген,
ажарлы кісі екен. Тым еркін, өктемдігі бірден байқалады.

Байының ба­ғыныштыларын түгел төмен санайтын болу
керек, маған жоғарыдан түйдек-түйдек сөз тастады. Басекем
де жұмыстағыдай емес, жұм­сарып, екі сөз айтса, бірін
бәйбішесіне бағыштап, жалтақтап отыр. «Бір қатыныңды

билей алмай жүріп, ел басқарған неңді алған?» деп күйіндім.

Бірақ жек көрсең де не қыларың бар, «күнім үшін әлди» баяғы.
Жеңгеміздің ық жағына шығып алып, қалай жапырса, солай
жығыла бердік.
Білгенімдей, дашысы дөйдің өзі болып шықты. Жұмыс деп

дабырайтып жүргені бір бусанудан аспайды, ақ саусақ болып
қалған немеге қарасы қою көрінген ғой. Шопыр інішегіміз
екеуміз шешініп тастап, кірісіп кеткенде, жапырып жібердік.
Әке-шешемнің де жұмысын бұлай істеп көрген емеспін.

Басекем әп-сәтте пысынап, барлығып, болдырды да қалды.
«Қиқымат, айналайын, абайлап істе, – деді алқынып. – Ертең
денең көтертпей қалады». «О не дегеніңіз! Қайта тер шығып,
рақаттанып қалдым», – деп қарқынды үдете түстім. Түс

болмай қатырып тастап, ішке кірсек, жеңгеміз қыз кезіндегі
хикаяларын аяқтап, бастықтың әйелі бола білу бақыты
хақында толғап, рақаттана терлеп отыр екен. Биліктің түбі
бастықта емес, бастықшада екенін басында байқаған мен сол

кісіні қарақтауға бекініп, қатекеме де қабағыммен ұқтырып
қойғанмын. Сол тапсырма бойынша оның дашының ішін
жинастыра жүріп, жеңгемізге көпшікті көпірте қойып
жүргенін құлағым шалып қалды.

Жеңгей қоржынын ақтарып, тез-тез стол жасатты. «Шіркін,
салқын сыра болар ма еді?»
Бастығым бастықшасына армандай қарап еді, анау қаперіне
іле қоймады. «Өзіміздің балалар деген соң ештеңе қамдамап

едім...» Екі жәшік чех сырасы бар мен маңғазданып, інішегіме
иек қақтым. Шөл басқаннан кейін жеңгей бір бөтелке шығарды.
Кәдімгі дүкенде толып тұрған «Экстра». Оның да сұңғақ бойлы
сәндісін таба ал­мағандай, мыртық мойын домаланғанын

әкеліпті. Баяғыда біздің бір ағайынымыздың әйелі: «Менің
төркіндерім келгенде дұрыстап сыйламадың» деп, күйеуімен
бір жыл төбелескен. Сондағы такқан кінәсы: «Оларға неге
қысқа мойын «Экстра» қоясың?» Ағайын аты бар, ақыры сол

құдаларымды қайта шақыртып, бір жәшік «Пшенишниімді»
апарып, татуластырып жібергенмін. Сол ойыма түсіп: «Иттің
қорлығын-ай», – дедім де (әрине, ішімнен): «Шіркін, «Экстра»
бұл күнде көзден бұлбұл ұшты ғой», – деп тамсана салдым.

Басекем көрсеткен қызметімізге жүрдім-бардымдау, жеңіл-
желпі рақмет айтты.

Содан біздің дашыға тарттық. Келе сала шопыр ініше­
гіме шаш­лық әзірлеттім. Столды түрлі дәмге, коньяк пен
«Пшенишниге» толтырдым. Байқап отырмын, қадірлі қо­
нақтарым қолп етіп құлап түсті. «Аға, жеңеше, – дедім,

даусыма діріл араластырып. – Сіздерді сыйлап, дәм беру
көптен бергі арманымыз еді, соның сәті бүгін түсті. Өзде­
ріңізді арқа тұтып, сіздер бар деп мақтанамыз. Өзімсініп,
бауырларыңызға тартқандарыңыз – біз үшін зор бақыт.

Сіздердің қызметтеріңізге жарап жатсақ, соған қуанамыз. Рас,
дашыға емес, үйге шақыратын жөніміз бар еді, бірақ үйіміз
тарлау, сіздердей сый-қонақтарға лайық емес» деп, көкейтесті
сөзімді елеусіздеу ғана сіңіріп жібердім. «Сосын мына таудың

таза ауасын қолайлы көрдім».
Не керек, толғай-толғай тост көтеріп, бастығым мен бас­
тықшам­ның денсаулығы, бақыты мен бала-шағасынан бас­
тап, мойнындағы моншағы мен алтын тістері үшін де іштім.

Біразға барып алған соң, салқындауға сыртқа шықтық. Шы­
ғып бара жатып, бір қалтарыста: «Орынбасарды әйелімен
қосып жамандай берсең, жаңылмайсың», – деп үйреттім қате­
кеме. Қонақтарымның қабағынан, емеуріндерінен екі үйдің

дүрдараз, бақталас екенін аңдай қойғанмын...
Оңаша шығып, ары-бері жүргесін, басекем керіліп, еркін
сөйледі. «Шіркін, өмір деген өстіп рақатпен өте береді-ау. Тұра
тұрмайды ғой бір жерде...»

Ол мұңая әндетті. Қосыла күңіреніп қоя бердім. Біраздан
соң беті бері қарап, қыз-қырқын туралы желпілдетіп еді, мен
тау жаңғырттым. «Тү-у, Қиқыматжан-ай, адамның көңілін
тап басып, ерітіп жібердің ғой. – Арқамнан қақты. – Еркекше

әңгімелесейікші бір. Мына дашың кей-кейде келіп, жеңгең
мен келіннің орнына басқа біреулермен, әрине, көңіл көтеруге
қолайлы екен». «Соны өзім айтуға ұялып келе жатыр едім...»
«Біздің дашы ылғи дөйлердің арасында. Бірін-бірі бағып

отырған жұрт, көзге түсіп қаласың. Сендердікі қалтарыста әрі
елеусіз. Кейде бір серілік құрайын десең, баратын жер таппай
қиналасың». «Оған біз дайын ғой, аға. Ұйымдастырайын ол
жағын. Тіпті оңаша келсеңіз, бір кілт үнемі өзім білетін жерде

тұрады».

Құпия қуысты көрсеткен соң: «Жүріңіз, аға, – дедім қол­
тықтап. – Оңаша, ерлерше бірер жүз грамм...»
Машинаға келіп отырдық. Інішегім қызмет қып зырлап
жүр. «Айналайын, өзің бір ибалы бала екенсің. Түбі өзіме

аламын сені».
Басекем оны да жарылқап тастады. «Үйіміз тарлау дедің бе?
Есте болсыншы, бірер ай күте тұр. Тәртібіңе қарай көрерміз».
Сөзін сағыздай созғаннан соң-ақ, жем тастап отырғанын

түсініп, қабуға ыңғайладым. «Қиқыматжан, аға сыйлайтын,
ағаға адал болатын інім екенсің. Көптен көкейімде жүрген сыр
еді. Мына кәлектіп дегенді басқару оңай емес. Оның ішінде
бізге жақын да бар, жат та бар. Ниеті ақ-қарасы және бар.

Жұмысқа берілгендік, меніңше, бастығына берілгендік болу
керек. Ал бізде олай бола бермейді. Кімнің ішінде не жатқанын
қайдам? Араласып жүрсің ғой, әйтеуір, осы жағын былай
байқап, зердеңе тоқи жүрсең. Сосын реті келгенде өзіме сыр

шертсең болды. Қисық кетіп бара жатқандарды түзейік, ақ
пейілдерді арқасынан қағайық. Бұны екеуімізден басқа жан
баласы білмесін. Қалай?»
Бұл ұсыныстың өзіме қанша күш-қуат беретінін мен әп-

сәтте ұқтым. «Мінекейіңіз».
Қараңғы түнде сарт-сұрт қол алыстық. Содан кейін өз
көңіліме жақындарды жұқалап мақтап қойдым да, көлденең
келіп жүргендер туралы басекемнің көңіліне күмән ұялаттым.

Орынбасар алдымен кетті, әрине.

– Шөлмектестеріңе құдай берген екен, – деп кекеттім

Қиқыматты мен.

– Немене, біреумен бірге іштім екен деп жанашыр бола

қалатындай соншалықты арзан ба едім? Бірге ішу бірігу
емес. Олар маған бөтелке бөлісу үшін, көңілің шалқып
отырғанда ойнап-күлу үшін, әркім жайлы ақпар алу үшін,
бейшаралықтарына қарап отырып, өзімнің күш-қуатымды

сезіну үшін қажет.

– Жә, оларды қойшы. Жалпы, мынауың сатқындық қой.

Ар-ұят қайда?
Кәріме міне бастап едім, Қиқымат қиқылдап күлді.

– Ар-ұят ақшаға айналып, қалтаға түсіп жатса, абырой

болып, билік әкелсе ғана ар-ұят. Аузымдағыдан айырса, ар
болмай ары кетсін. Сосын сатқындық емес, өз бойыңдағы

қабілетті көзін тауып жұмсау. Әрине, естігенімнің бәрін айтып
баратын түбі тесік емеспін. Өзіме пайдасы тиетінін ғана іске
қосамын. «Қақа, Қақа» деп сыйлайтындардың кемшілігін
жасыра саламын. Ал қажет болса, бейкүнә сөздің өзіне

басқаша рең беремін. Өтірік айтсам да бәрібір, басекем бас
изеуден танбайды. Бір-екі қырт бар еді, қаңғып кетті. Қазір
кәлектіп тыныш, бәрі де аяғының ұшынан басады. Басекем
де разы, оның оң қолы екенімді білгесін, жұрт та мені хан

көтереді. Өзім би, өзім қожа – жусатып өргіземін. Жылы-
жұмсақ алдымен маған тиеді. Жә, оны қойшы, дашыға қайта
оралайық. Ішке кірсек, жеңгеміздің жағасы жайлауда, мәз.
Кей сөздерінен орынбасарды әйелімен қоса мүжіп қойғандарын

байқап, қатекеме разы болдым. Содан әбден сыйлап, ертесіне
бас жазып, аттанғалы отырғанда, басекемнің қолына жапон
сағатын, бәйбішесіне алтын сақина тақтық. «Ой, бұларың не?»
Екеуі де азарда-безер болғансып еді: «Аға, жеңеше, сіздерге

ат мінгізіп, шапан жабу жол еді. Аз да болса қабыл алып, біз­
дің көзіміздей көріп, игіліктеріңізге ұстаңыздар. Көңілімізді
жықпаңыз­даршы», – деп, суланған сабындай лыпылдап-
лыпылдап кетіп едім, басекем кеңк-кеңк күліп, батасын берді.

Бастықша жастықша жұмсарып, жұмарланды да қалды...
«Сендердей жақсы бауырлар үшін, сендердің жаңа, кең
үйлеріңде тойлау үшін», – деп тост көтерді.
Үйге келгесін: «Бәйбіше, бес бөлмелі үйдің кілті қалтамда

дей бер», – дедім. Қатекем бетімнен сүйді.
«Шәрігің істейді ғой, жаным. Бір бөлмесін женски
қыламын». «Не қылсаң да мейлің. Мен бір бөлмесіне бильярд
орнатамын». «Сосын түнімен тықылдатып, ұйқымды бұзбақ­

сың ғой». «Жоға, жаным. Сый-қонақтармен болмаса, жөпшен­
ділермен жетіден тоғызға дейін ғана ғой», – деп жұбаттым.

– Содан ұзамай алдың ба?

Мен Қиқыматтан қадала сұрадым.

– Жоға. Аздап күттік, әрине. Ақыры алдық қой. Солай,

бауырым. Жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген жан­
сыздардың... тойыс, жандардың еңбегі ескерусіз қалмайды! һе-
һе-һе...
Қиқымат кең сарайдай үйіне асығып кетіп барады. Мен

оның соңынан қарап тұрып: «Кенет, үйінің қабырғаларына тіл
бітіп, күнірене жөнелсе екен», – деп тіледім.

БІР COМ – Ойбай! Аңқабай баж ете қалды. Қиқымат екеуміздің даусымыз қосарлана шықты. – Не болды, әй? – Жоғалттым... Ол дүниеден күдер үзе күрсінді. Қиқымат қиқылдап күліп алды. – Е-е, тәйірі... Автобус қағып кетті ме десем... Оның несіне күйінесің? Жоғалту дегенді пешенеңе жазып қойған ғой. Баяғыда телефонмен сөйлесемін деп, бөдкенің есігінде тұтқа барын байқамай, жолда тұрған жүк машинасының бортына сөмкеңді ілгенің есіңде ме? Сен аңқылдап болғанша, машина айдап кетіп, бар байлығыңнан жұрдай болғансың. Одан «жоғалттымыңа» жұбайың сенбей, «жасыр­дыңға» басып, жанжал шығарып, ажырасар жеріңде жалғастырып жібергенім қайда? Иә, өстіп аузың аңқиып жүргесін, азан шақырып қойған атыңнан айырылып, Аңқабай атандың. – Не жоғалттың? – дедім, Қиқыматтың кекесінін кесіп тастап. – Құрсын... – Айлығы болды ғой, – дедім аяп кетіп. – Ай, жарар, жетті енді. Жолдас-жорадан жылу жинасақ та, жалаңаш қалдырмаспыз. Жөніңді айтшы, алқынбай... Аңқабай алақтап, бәсең үнмен: – Бір сомымды жоғалттым, – деді. Қиқымат екеуіміз көшені басымызға көтеріп, ай бір күлдікау! Аңқабайды айналып күлеміз, қол ұстасып күлеміз... – Жігіттер, жігіттер, сендер былай... жөнін біліп алсаңдаршы. Кісінің жылағысы келіп тұрса... Қиқымат көтеріңкі үнмен көңілді сөйледі. – Бір боқмұрын балалар болушы еді. Әке-шешесінің балмұздаққа бергенін жоғалтып алып, бұрышта сорасы ағып, соры қайнап тұратын. Сол құсап... – Ау, сендер қоя тұрыңдаршы. Адамның есі ауып тұрса... Ол бір сом болғанмен, менің бір күнгі байлығым ғой. Әйелімнің әбетке бергені... Күндік күнкөрісім.

– Е-е... – Қиқымат аңқау байғұсты қақпақыл ғып ойнауға

кірісті. – Бір күндік құным, жыртығымды жауып, тесігімді
бітейтін жамауым десеңші. Алда, байғұс-ай, қиын болған
екен...

– Сонда, өзіңде былай... қалтаңда жүретін бес-он теңге жоқ

па? – деп сұрадым мен.

– Қайдан болсын! Айлықты санап отырып, сыпырып алады.

Сосын күнде жұмысқа кетіп бара жатқанда бір сом береді.

– Ондай қорлыққа қайтіп көніп жүрсің? – Қараптан-қарап

қаным қайнады.

– Енді не істеймін? Аузыңды ашсаң, бәлеге қаласың,

шаптыға жөнеледі: «Басымды қатырма, менің ойлайтыным –
семьяның қамы. Елдің әйелі құсап ақша ұстай алмасам, несіне
жүрмін мен? Көнбесең, айлығыңмен қоса қараңды батыр».
Сосын көнемін амалсыз... Жалғыз мен емес қой... Анау, анау,

тіпті анау да... – Ол санамалап шыққанда, дүрдиіп жүрген
дардай таныстарымыздың біразы сыртқы жүнін қампайтып
қана қатарға қосылатынын анғардым. – Тіпті бір кеспеге жетсе
болды деп, жетпіс тиынмен жүре беретіндер де бар. Автобуста

«қоян» болып қалтырайды...

– Түсінікті. – Қай-қайдағы есіме түсіп, қызбаландым. –

Баяғыда ондай қамытты маған да кигізуді ойлаған, бірақ
Қарасай батырдың тұқымы бұзау бола алмады. «Ақша үшін
арамызда сөз болмасын, батырдың боқшасына қол сұғушы
болма», – деп үйленерде ес­керткенмін. «Айлығыңды әкелмесең

де мейлі, айым», – деді майысып. Бірақ қыз кезіндегі
уағдасынан кейін айнып, алқымнан алуға айналды. Бір
шыдадым, екі шыдадым... Өзім де жарылайын деп жүр едім,
бірде танертең алқа-салқа болып екі танысым жұмысқа келе

қалсын. «Өліп барамыз, емдеп жібер». Талай маңдайымды
жіпсіткен қымбат жігіттер еді, әбден қысылып, қорландым-
ау. Амал жоқ, шынымды айттым. Мәңгірген немелер, кіммен
сөйлесіп тұрғандарын ұмытып кеткен болу керек, «батыр,

батыр деп жүрсек, сен де әйелден аса алмайтын бейшара екенсің
ғой» деп соқтықты. Ызаланып кетіп, екеуін тырқырата қуып,
біреуінің галстугын алып қалдым. Содан кешке үйге келгесін,
әйекемді қолға алайын... Галстукты көрсеттім де, әңгімені

арыға апардым. Қыз кезіндегі сөзін есіне салып, одан атамның
6-0047

баяғыда басқа түгілі, әжемнің де сарқытын ішкізбей, сы­
бағамды жеке құйғызатынын көлденең тарттым. «Бұндайыңды
қой, қалқам. Мінезімді білесің, бір күні тағы да намысыма
тисе, біреуді майып қылып, сотталып кететін шығармын. Сенің

арқаңда...» – деп ақырдым. Міне, содан кейін беті бері қарап,
қазір құралақан жүрмейміз. Қайда, қалай шаштым – шаруасы
жоқ.

– Енді... өйтіп ақыра алмаймыз... Ақырғанмен ақылы кіре

қоймайды...

– Бәрібір, тесік қалта жүруге болмайды, бала.

Қиқымат Аңқабайды басынан мәпелей сипады.

– О, не бәле?

Аңқабай аңқия қарады.

– Еркек қоры деген болады, есебін... ебін тапсаң, көп болады,

тетігін таппасаң, тиын теріп кетесің. Табысыңның үйдегің
білмейтін бөлігі. Бірақ айлық өлшеулі, сыйлықтан болмаса,
қымқыру қиын. Мен қайла қылдым. Әуелде үзіп берген үлесіне
үндемей жүрдім де, сәрсенбінің сәтінде алғашқы жүрісті жасап

кеп жібердім. Көптен бері «тон» деп ұйықтай алмай жүрген.
Жұмыстан келген бетте кірістім.

– Ау, бағана «Цум»-да импорт тон сатылды – тура саған шап-

шақ. Кезекке тұра қалып едім...

– Жетпей қалды ма? – Тынысы тарылып, демігіп кетті.

– Неге жетпесін, күнім... Сен дегенде аянамын ба, таласып-

тармасып ең соңғысына іліктім...

– Қайда? – Шыдай алмай қолымдағы партпеліме жармасты.

– Қайда болушы еді, қалтасында ақша жүретін қадірлі

күйеулердің қолында-дағы. Мен жалынып, ары айттым, бері
айттым, кейінге қалдыруға көнбеді.
Бәйбішемнін түсі бұзылып, жуық арада оңала қоймады.
«Бәлем, сазайыңды тарта түс» деп мен де тымпидым. Содан екі-

үш күн бойы біздің үйде тамақ істелген жоқ.
Көмекейін қопсытып, сепкен дәннің тамырлануын асықпай
күттім де, тағы бірде түнделетіп түнеріп келіп, мылқиып
отырдым да алдым. «Аһылай» күрсініп, шайды да жөндеп

ішпей... тойыс ішкізбей, үйдің үрейін ұшырып, теріс қарап
жаттым да қойдым. Содан әбден жалындырып, түн ортасында
жөнделдім ғой.

– Ана бөлімге, сірә, анау бастық болатын сыңайы бар. Бізге

бұ­йырмады.

– Не боп қалды?

– Басекем бүгін қарағайдай қара тон киіп келіпті. Анау әрі

байғазы берді, әрі жақсылап жуды. Енді оның жолы ашық.

– Сенің аузың ашық! Неге алдын орап, бұрын қимылдамадың?

– Әбетке атаған бір сомыңды беремін бе, ей? Қалта деген

бірдеңе салу үшін жасалған, ал менің қалтам аштықтан
бұралып, ұлып жатыр.
Оғым дәл тиді білемін, бүк түсті. Есін жиғызбай жеделдеттім
ке­ліп.

– Айтса, көнбейсің. Мен ақшаны далаға шашатындай, жеп

қоятындай көресің. Өткенде тоннан қағылдық. – Түн орта­
сында, ой бір күңірендім келіп. – Сондай жағдайлар болып қал­
ғанда не істеймін? Мысалы, қайын ағам келіп қалды дейік. –
Аузыма ағам түсе жаздап, абырой болғанда, дер кезінде тауып

кеттім. – Құрметіне ататын «Шампанға» шамам жетпей жатса,
қайбір жақсы ат дейсің? Ауылға күйеу баласын, тап мына
сенің Қиқыматжаныңды мадақтап емес, мазақтап бармай ма?
Немесе делабой әңгіменің ыңғайы келіп қалса не қыламын?

Қатекем түнімен дөңбекшіп шықты. Ертесіне бір уыс ақ­
шаны қолыма ұстатты. «Әйтеуір, ретімен ұстарсың» болды бар
айтқаны.

– Сұраусыз деп бересің, – дедім қитығып. – Ертең тиын

санап, есеп берер жайым жоқ. Әйтпесе өзіңде қала берсін,
шаруаның бәрін өзің жүргіз.

– Папасы, қойшы енді, ренжімеші. Шашы да, ақылы да

қысқа бәйбішеңнің бір қателігін кешірші...

– Жарайды, болсын, – деп, сол қалтаға сүңгіттім.– Содан,

сыбағамды санап алып, сансыз сылтаумен судай сіңіріп...
сылтаудың өзі салмақпен айтсаң, сенімді... ысқырып жүретін
болдық. Апырмай, арқа етің арша, борбай етің борша болып
жүріп тапқан ақшаңды да алдап алуың керек. Бұл не пәле? Ер-

азаматтың үлесі, жолдас-жора алдындағы жомарттығы дегенді
неге ойламайды бұлар?
Қиқымат көсіліп барады. Аңқабайға қарасам, тісін қайрап
келеді екен... Жұдырығын тас қылып түйіп алыпты. Қиқымат

отқа май құя түсті.

– Әйелінен әбетке бір сом сұраған жігіт сорлы ғой.

– Қап, бәлем, осыдан сені ме...

Аңқабай әйелінің атын бұзып айтты да, аспанға қарап
кіжінді.

– Мынаның үйінде кешке концерт болады, – деп сыбырлады

Қиқымат. Өзі мәз, дыбыссыз күледі. – Барып көрейік...
Менің танауым желп ете қалса керек, Қиқымат оң
жамбасына аунап түсті.

– Жетіде жетіп барсақ, тура үстінен түсеміз. Айырып алма­

сақ, аңқаудың ашуы қатты. Әйекеңді ала кел, мен де қатекем­ді
қолтықтай барармын. Ау, Аңқаш, – жорта жөткірініп. – Сонша
күйінетін дәнеңе жоқ, жүр, бүгінгі нәпақаң бізден. – Қайтадан
менің құлағыма сыбырлады. – Алдымен әлдендіріп алайық,

сосын бәйбішесін тәу­басына келтірерміз. Әйтпесе мына
бейшараны жүнжітіп жіберіпті әбден. Түріне қарашы... Тиын
санатсаң, күйеуің осындай болады деп әйелдерге көрсетуге
лайық, һе-һе-һе...

Басы салбырап кеткен Аңқабай артымызда сөлпеңдеп келе
жа­тыр...

ЖОҒАЛУ

Жексенбі күні таң атпай Аңқабайдың әйелі жетіп келіпті.
Алқа-салқа – құны кетіп, қаусап тұр. Ұйқымды аша алмай,
керіліп-созылғанымша, әйекем екеуі сыпсыңдасып үлгеріпті.

– Аңқабай досың жоғалып кетіпті. – Көзі қызарып,

кемсеңдеген қонағымыз жөнге келе қоймағасын, әйекем
тілмаш болды. – Бүгін үшінші күн екен. Не істерін білмей, бір
хабарын сен біле ме деп келіп тұрғаны...

– He жоғалтыпты тағы? – Ұйқылы-ояу халде мән-жайды

ұғың­қырамадым.

– Өзі жоғалыпты деймін...

– Ә-ә... Алда байғұс-ай! Жоғалта-жоғалта таусылып, ендігі

кезек өзіне келген екен ғой... Ау, Аңқабайдың аяулысы,
неменеге қамығып, қапа боласың? Өткенде Аңқашты «алқаш»
деп сөгіп: «Се­нен құтылсам, көзім ашылар еді» дегенің қайда?
Соған ашуланып қарасын батырған шығар...

– Бұндай боларын қайдан білейін? Ашу үстінде айта салып

едім, әй, өзіме де обал жоқ. Осыдан аман-есен келсінші...
Ол сыңсып қоя берді.

– Біреу жылап тұрса, неменеге мәз боласың? Жолдастық

парызды ұмытқанбысың? – деп әйекем жанды жерімнен
ұстады.
Жолдастық парыз көлденең тартылған соң дүр сілкіндім.

– Ал, жақсы, сендер ешқайда шапқыламай, шай ішіп, шер

тарқата тұрыңдар. Мен Қиқыматқа барып келейін, бір білсе
сол біледі. Еште­ңе етпес, уайымдама. Аңқиып жүріп, үйінің
адресін ұмытып қал­ған шығар. Шалың табылады, шампаныңды
дайындай бер! – Өткенде Аңқабайдың мұң шаққаны есіме

түсті. «Әйелім мені сүймейді-ау, сірә. Жүрегімді жібітер жылы
сөз айтпайды. «Аңқиған ақымақ», тіпті «қайыршы» деп қарап
отырады». – Жаңағы «жанымыңды» ұмытпа, Аңқашты бір
қуантайын. «Жаным» деп жадырап отырсаң, жоғалмайды.

...Қиқымат қиқылдап күліп алды.

– Аңқабай аман-есен...

– Қайда?

– Ауылында... Әнеугүні айлық алған екен, сыраға шақырып

қой­мады. Сені таба алмадық. Барғасын, өткендегі бір сомның
хикаясынан кейін жұбайын жеңіп санатқа қосылғанын
көрсеткісі келді ме, аянбады. Қысқасы, мол дүниеге кезіккесін
қиын болады ғой, діңгірлеп шыға келдік. Аңқабайымның тілі

шығып, шешен болып кетті. Қалада қыстығып, қайғырып
жүргенін қырық мүйнөт мыжыды. Ауылын аңсайтынын
алпыс мүйнөт айтты. Ақыры «ауылымды сағындымға» басып,
мені құшақтап алып аңырап қоя берсін. Ары-бері басу айтып

едім, жұбана қоймады. Даурығып болмаған соң: «Қап, бәлем,
сағынғанды көрсетейін саған», – деп қосыла қайғырдым. «Ия,
сағыныш – дерт. Мауқыңды басудан бас­қа емі жоқ. Баяғыда
мен ауылымды әбден сағынып кеткенде, ешкімге айтпастан

түнделетіп тартып отырғанмын». Бұны естігесін Аңқабайдың
құтырып кететінін білемін, әрине. «Әй, мен де бүгін, осы тап
қазір аттанамын. Бәйбішем қайда барушы еді, бақырып-
бақырып қояды. Жұмыс па? Оны да көріп алдым – мықтаса арыз

жаздырар. Тойдым әбден. Бітті, кетемінге» басты. «Жолаяқ
жаса, мен сені шығарып салайын. Екі сағаттан кейін сіздің

ауылға пойыз бар». Содан, не керек, әндетіп шығарып салдым.
Маған да: «Бірге жүр, ат мінгіземін», – деп еді, әйтеуір, аман
қалдым. Қимай қол бұлғап, кете барды...

– Қызықсың-ей... Mac екенін көріп тұрып...

– Оқасы жоқ... Ет жеп, сорпа ішіп, рақаттанып қалатын

болды. Ау, көзіңді алартпашы, өзім де алдап-сулап ақыл
айтатындай халде емес едім. Содан соң біреу мас болады, ес-
түсінен айырылып, қаңғып кетеді, ал ол үшін мен жауап беруім
керек пе? Жоқ, әркім өз кәтелөгін қайнатсын.

– Шаршап қалған жолдасыңды далаға тастау – иттік.

– Жоқ, достым. Адам шаршап қалуға тиіс емес. Мына мені

білесің, қанша ішіп жүрсем де аздап қызып, бөсетінім болмаса,
бір рет ләйлігенімді көрдің бe? Көрмейсің де, кәнтірөл күшті. –
Қиқымат сұқ қолымен шекесін бұрғылады. – Сәбәбі... мас
болу – айуанға айналу ғана емес, өзіңді басқаларға байлап

беру. Ерік-жігерден айырылып, достың да, дұшпанның да
добы болу жөн емес. Өмірі ешкімге сенбеу, тізгінді бермеу – менің
алтын қағидам. Өзгелер де, шаруасы тынады екен – маған
сенбесін. Әркімді әлпештеп, әуеніне төңкерілер жа­йым жоқ.

Баяғыда сен жолдасымды жауға... тойыс жолға тастамаймын
деп, бетрезбетілде бірге түнеп едің ғой. Әйтеуір, мен араласып,
жұмысыңа
хабарлатпай,

артыңды
жапқанмын.
Солай,
бауырым, өмір деген үлкен қаланың көшелері секіл­ді –

тормозы ұстамағандар бәлекетке ұшырайды, басқа мәшинәні
қағып кетеді.

– Мен сияқты Краздар сен сияқты таксилерді жапырып

жібереді, әрине.
Әлгі сүріндіргеніне қитығып, соқтыққым келді.

– Бірақ кейін қалай өкінеді десеңші! Бәрінен бұрын ертең

айығамын-ау, сонда елге қалай қараймын деп ойлау керек.
Оны ұмытып, бас-аяғы қайда шашылғанын білмей қалатын
жалғыз Аңқабай емес. Біздің үйге келген бір қонағым есік
алдындағы терекке қаpaп, қазықтай қақиып тұр. Байқасам:

«Убалнениядан» кеш келдім, кәмәндір, кешірші», – дейді. He
істер екен деп: «Марыш на гаубақтыу», – деп ақырып едім...
қолын артына ұстап алып, подвалға қойды да кетті. Артынан
барсам, бетон еденде қорылдап жатыр. Сол күйі қалдырдым.

Таңертең жерге кіріп кете жаздады. Ал тағы бір тайғанағыма

пелмен беріп едік, адам құсап жеуге шамасы келмей, столға
басын қойып, астыңғы ернін тәрелкенің ернеуіне төсеп, көпір
етті де, қолымен бір-бірлеп аузына сырғытып, құлата берді. Сол
күйі қатып қалды. Сосын мен пелменнің үш-төртеуін құлағына

бұрап тықтым да, бала-шағама тамашалаттым. Баяғыда
Грецияда құлдарды әбден мас қылып, ес-түсінен айырылғанда,
«ішсең, осындай боласың» деп жастарға көрсетеді екен. Мен
әлгіні көрнекі құрал ретінде пайдаландым. Таңертең құлағын

шұқылайды. «Бұл пәле қайдан келген?» Мен де қатырдым.
«Түнде тықпалап жатқансың, сірә, аузым екен деп қалсаң
керек. Бәрінен бұрын балаларыма тегін кино болды. Сені
тамашалап мәз». Масқара болғанын сонда бір-ақ түсініп, төмен

қарады. Есіңде болсын, алдыңда абыройы айрандай төгілген
адам өз-өзінен ит болып, жетегіңде жүреді.

– Жә, қойшы соларды. Одан да жөніңе көш, не істейміз?

– Не істеуші едік? Мауқы басылғасын өзі келеді.

– Әй, сен... Ертең жұмыстан қуылса, бала-шағасын асы­

райсың ба?
Танауым желп ете қалса керек, Қиқымат қорыққанын
білдірмеуге тырысқанымен, қопаңдап кетті.

– Жарайды, сен араласқасын амал жоқ. – Мені жібітіп

алды. – Әйтпесе сазайын тартсын... сабақ болсын бәлемге деп
кіріспеуге бе­кініп едім. Енді... Қажет қағазын тауып беремін,
саспа. Жүр, одан да сүйіншіні сылтау қылып, Аңқабайдың
сараңын теспей сорайық. һе-һе-һе...

БОПСА

– Ау, ағайындар, анау бар ғой... нағыз оңбаған екен, – деп бір

күні шала бүлінді Аңқабай. – Менен мың сом алғанына үшінші
жыл. Әлі беретін түрі жоқ. Сұрасам, сиырқұйымшақтатып,
ол менен емес, мен одан алғандай: «Ақша үшін араздасамыз
ба, Аңқаш? Адамгерші­лік­ті ақшаға айырбастамайық?» деп

кергитінін қайтерсің? Байқаймын, сіңіріп кетпек ойы бар. Не
істеймін?

– Әлгі анау... кім бе? Ол неге сонша басынады сені? Өзі мені

көрсе, жапырақша қалтырайды. Мың сомғa қоса мойнын бұрап
әкеліп берейін.

Аңқауға жаным ашып, қаһарға міндім. Қиқымат тісін
шұқылап шырт түкірді.

– Ала алмайсың, ол осал емес... – Менің танауым желп ете

қалса керек, Қиқымат түзелді. – Күшін айтпаймын, саған төтеп
бере алмайды. Бірақ алаяқ қу ол. Сотқа беруден тайынбайды.
Мен көнбедім. «Ондайларың бір ақырғаннан қалмайды.
Қара да тұр», – деп тартып отырдым...

Келген бетте «батырекелеп» сәлем берді. Жаны қалмаған­
сып, бала-шағамның амандығын бәлен уақыт сұрап, аузын
ауыртты.

– Қалай, кішкентайлардың мұрындарынан су ақпай ма? –

деген кезде теріме сыймай зорға отырған мен тіке тарттым.

– Мұрыншыл болсаң, алдымен өз мұрныңның амандығын

ойла. –Ертегіде өзін құмырадан шығарған балықшыны
маңдайынан аялай сипап отырып: «Алдыңа үш түрлі өлім
саламын: басыңды алмадай үзіп аламын, не екі аяғыңнан ұстап
қақ айырамын, әйтпесе бұлттың ар жағына шығып, жерге

қарай зулатамын. Таңдай ғой» дейтін «мейірбан» дию бар
еді ғой, сол құсап мен де екі жол ұсындым. – Ана Аңқабайды
осынша әуре қылғаның жетер. Не ақшасын қайтарасың, не...
Сөз аяғын ыммен ұқтырдым. Есі шығып кетті. Менің батпан

жұдырығымнан көзін ала алмай қатты да қалды. Біраздан соң
ғана адам қалпына келді.

– Бар болса, бермейін деп жүрген мен жоқ. Қайтемін, қол

қысқа...

– Сен ондайыңды қой. Уәдеде неге тұрмайсың? Қол алысып

кескен уақытыңнан бері екі жыл өтіпті...

– Қайдан табамын? Қазір кімнің шекесі қызып жүр? Ретіне

қарай көрерміз...

– Әй... Алдап-сулап шығарып салатын аңқауың мен емес.

Жерден қазсаң да тауып бер, әйтпесе...
Көзі бозарып отыр еді, жұдырығымды тұмсығына тақай бер­
генімде, аяқ астынан өршеленіп шыға келсін.

– Ал, ұр... не қылсаң о қыл. Осыдан қолың тисін... Ел-жұрт

бар... заң бар... аямаймын. Тура сотқа беремін! Ал, мә, ұр!
Айқайлап, азан-қазан қылды. Топырлап, кісілер қаптап
кетті.

– Мынау мені ұрғалы жатыр! – деп жар салсын әлгі.

– Милиция шақырып, ұстатып жіберейік, – деп бір қы­

бабастар құтырды.

Ақыры жігерім құм болып, құр қол қайттым...

– Айттым ғой мен саған, – деп Қиқымат ойға шомды. –

Дымын білдірмейтіннің өзі ол. Ал, Аңқаш, колхат берген жоқ
па едің?

– Жоға... Қазақпыз ғой, қайтіп сұрайсың?

– Онда бітті. Ол ақша саған жоқ. Мына батырға да бой

бермеген адамға не істерсің? Иә, қолхатты біз де сұрамаймыз,
қараптан-қарап елге жексұрын боласың ба? Қағаздан қалтырап,
ат-тонын ала қашу – жөнсіздік. Тәртіп дегенге жоқпыз ғой.
Сосын, амал не, айла қыласың. Біреу-міреуге қарыз берерде

ебін тауып, үш-төрт кісіні еріксіз куә қылу керек. Мәселен,
өткенде біреу менен бес жүз сом сұрады. Ораулы күйі алып
келдім де, ұстата салып: «Санап ал», – дедім. «О не дегеніңіз,
Қақа, сізге сенбей...» «Есепті дос айырылыспаққа жақсы, санап

ал», – деп қадалдым. Санап еді, он сом кем шықты. Әрине, әдейі
істегенмін. «Ойпырмай, бұл ақша итіңе сенім жоқ екен ғой, –
деп даурықтым. – Үш рет санап едім, қарашы, сенің алдыңда
ұятқа қала жаздағаным... Жаңа санамай кете берсең ғой, бір-

бірімізге күмәнданып, күдік құртына жем боламыз, ә!» – деп
он сомын бердім. Екеуміз бірге шығып, біраз дабырластық.
Әрине, қызметтес жігіттердің көзінше болған оқиғаны әлгінің
өзі-ақ жыр қылды. Ондай оқиға болмаса, өздерің білесіңдер,

ақша оңашаны сүйеді, кімге көрсетіп жүресің? Егер куәң жоқ
болса, шаруаң қиын...

– Ойпырмай, Қақа... енді... Сол ақшаны алып берсең, жүз

сомын өзіңе берейін.
Қиқымат қиқылдап күліп алды.

– Дұрыс-ақ. Бірақ уәдеге сенбейтінімді білесің ғой. Ол

үшін осы сөзіңді әйелің екеуің қосарланып айтсаң, мықты
мөр сол. Және біз түк білмеген болып отырамыз, абыройдан
айырылар жайымыз жоқ. Сен әйеліңнің көзінше мән-жайды
қайтадан баяндап, әлгі уәдеңді бер. Егер ол қоштай жөнелсе,

мен кірісейін...

– Ойбай, сол құрғырдан есе алып берсеңіз, сөз жоқ, жүз

сомын өзіңіз алыңыз, – деп Аңқабайдың аяулысы бірден құлап
түсті. – Мың сомға қарап отырған біз жоқ. Ызасы өтті әбден.

– Жарайды, көрерміз. Мен кіріскесін-ақ бітті дей бер.

Семьямызбен жиналып, бір тойлауға дайындаларсың, үш
күннен кейін ақшаңды алып келемін.

Аңқабайдың тағы да біраз шығындалатынын мен де тү­
сіндім...
... Үш күннен кейін жұбымызбен жинала қалдық. Қиқымат
бір буда ақшаны Анқабайдың әйеліне ұстата салды.

– Тұтас біреу. Менің табан... тойыс, тіл ақымды санап

берерсің. Өз қолыңнан бергенің сіңімді...
Қуанып кетсе де, жүзді қимай-қимай берді. Қиқымат сол
қалтаға сүңгітті.

– Ойпырмай, Қақа, әңгіме болсын, не істедің оған? – деп

Аңқабай қылқылдады. Оны біз қоштадық.

– Қоймадыңдар ғой, айтайын.

Қиқымат желпініп алып, әңгімесін бастады.

– Ол оңбағанды мен де онша білмеймін ғой. Сыртқа сыр

шығармайтын зымиянның нақ өзі. Соған қарап: «Әй, сау
сиырдан болсаң жарар еді» деп ойлайтынмын. Содан ұстауға
бекіндім. Бірінші кездескенде амандық-саулықтан соң, тіке
шабуылға шықпай, орағытып, ұзын арқан, кең тұсау салдым.

«Иә, қалай, сені мәшинә алғалы жүр деп еді, орайы келетін
бе?» – дедім жорамалмен. Жаңылмайтыныма көзім жетіп жұр.
Алда-жалда мойындамаса: «Е-е, өсек болды ғой», – деп басқа
жағына аунап түсіп, тағы бір тәсілді іске қосуға дайынмын ғой.

«Ойпырмай, Қақа, тірі жанға тіс жармаған құпиям еді,
қайдан біліп қалдың?»
Өзінен-өзі қуыстанып, қармағымды қалай қапқанын сезбей
де қалды. Арқанды тарылтып қойдым.

«Ел құлағы елу. Қазір жұрттың аузында сенсің. Ол түгіл
ақшаңды кассаға салып тастағаныңды да білемін».
Қалай сасқанын суреттеудің қажеті жоқ болар. «Астыңдағы
атыңа, қойныңдағы қатыныңа сенбе» деуші еді, қап, иттің

баласы, оттап қойған екен ғой...» «Қайдан шыққанын қайдам.
Жалпы, менен қорықпай-ақ қой. Керек жерінде сырға
берікпін. Әйтпесе... – Үрейлендіріп алдым да, тағы да пәлені
таяп қойдым. – Жаңа көріп жүрген жоқсың ғой. Маған бәрі

белгілі. Ал сенің кім екенің, қайтіп күнелтіп жүргенің, әмпей-
жәмпей сыбайластарың – бәрі де алақанымда».
«Нені білесің?»
Үні өлеусіреп шықты. «Қайсысын айтайын? Бәрін білемін

дедім ғой... – Өстіп тығырыққа тіреп, тұсауды тарылттым да,
тұрып жүре бердім... – Ал жақсы, асығыс шаруаларым бар».

Ертеңіне бес-алты рет мені іздеп, ызбандапты. Қасым­
дағыларға тапсырғанмын: «Мені анау сұраса, жоқ деңдер».
Кешкілік өзі жетіп келді. Бір шөлмек коньягы бар. «Әңгіме
бар еді, Қақа», – деп басын сипайды. Түріне қарасам, бастығынан

сөгіс алған адам сияқты. «Ұйқың шала болған баласың ғой,
сірә». Аздап маңдай жіпсігеннен кейін сыр тартуға көшті.
Сылқ ете қалатын ақымақты, тойыс, аңқылдақты тапқан екен!
«Қақа, мен туралы не білесің?» «Бәрін білемін».

Ол ойланды. «Анауымды білмейді, ананы анау екеуміз ғана
білеміз», – деп қиналып отырғанын аңғардым.
«Саспа, бала, қара түнде де құлақ бар, тас қабырғаға да тіл
бітетін кез болады».

Құп-қу болып кетті. «Апырай... Қақа... анықтап айтшы».
«Мәселен... Бес-алты жылдың ішінде мәшинелік қалай жи­
налғаны маған аян. Қалада тұрасың... кесімді айлықпен он
мыңға шырқау... Әй, қайдам...»

Басымды шайқадым. Ол жанталаса жалтарды. «Әке-
шешемнің көмегі ғой». «Әке-шеше – әншейін сылтау. Пен­
сиядағы адамдар емес пе? Олар не, баяғының байлары ма еді?
Ертеде тыққан қазынасы болды ғой».

Арыға сілтеп едім, сасқанынан терлеп кетті. «Ойбай,
атай көрме. Мал бар дегендейін». «Біреудің малын малдану
мықтылық емес. Әке-шеше бәрімізде де бар. Әркімнің баласы
өзіне қымбат – бізден де аянайын деп отырған жоқ. Бірақ

«мәшинә аламынға» басып, «бар малыңнан айырыл» деп
салмақ салатын оңбаған емеспіз. Өзің ата-анаңды аямай
шабатын тасбауыр ма едің?» «Жоға, Қақа... Ол былай…Жай
айтқаным...» «Сылтау екенін өзім де сезгенмін. Дұрыс... Айлық

анау... ендеше, мәшинәң... Айтпақшы, жазда дәсенттердің
соңынан жүгіріп жүруші едің. Бала түсірдің ғой... рас па?»
«Енді... ағайын болғасын». «Ағайын туралы: «Жоқ болсаң,
бере алмайды, бар болсаң, көре алмайды» деген ақылды мақалы

бар аталарымыздың. Ақшасы жоқ ағайын үшін әуре болған
адамды көрген жоқпын».
Нені мегзеп отырғанымды дәл түсінді де, менен темекі
сұрады. Аңдысып отырған адамың темекіге жармасса, халі

мүшкіл болғаны. Ес жиюдың бір түрі ол. Қолы дірілдегенін
көрдім де, саудасы біткенін біле қойдым.

«Білдей
қызметкерсің...
Сондай
былыққа

барасың...
Бұныңды менен басқалар білсе...» «Қақа, өзі... тіршілік
болғасын... арамызда қалсыншы...» «Ол сенің қолыңда.
Тәртібіңе қарай көрерміз. Білетінім бұл ғана емес...»

Тұсауды тас қылып, әңгімені тәмамдадым. Таксимен үйге
дейін әкеліп, қолтықтап түсірді. Алды-артымды орап көріп еді,
түсімді суытып: «Ертеңге дейін...» – деп қол ұшымды бердім.
«Жақсы, Қақа, жақсы», – деп жайылды да қалды.

Ертеңіне... тойыс, бүгін әбетке шақырды. Сылтауратып,
жұ­мыс­тан біржола сұранып шықтық. Түнімен ұйықтамай,
әйелімен, әй, бір төбелескен болу керек, көзі кіртиіп отыр.
Әлденіп, қызара бөрткеннен кейін, тағы мазалады... мазаланды.

«Қақа... былай... тағы не білесің, соны айтшы?» Темірдің
қыз­ғанын білдім де, соқтым дейсің. «Әй, бері қара. Қопаңдай
берме. Бәрін білемін, бірақ айтпаймын. Тіпті Аңқабайдан мың
сом алып, бермей жүргенің де, сіңіріп кетпек ойың бар екені де

маған аян. Айтпақшы, бала-шағасы бар, қайтар».
«Енді... былай, реті келмей жүргені». «Ақша болса ретін
не қы­ласың?» – Ақшам жоқ дей алмайтыны, әрине, белгілі.
«Менен беріп жібер, кешке үйіне барамын».

«Оған... енді, өзің айтқандай, ақша кассада. Мерзімі келмей
ала алмаймын. Жұмсап қоямыз ба деп салып едік». «Әй, сен
өзің аңқаудың... тойыс, ақкөңілдің адал еңбекпен тапқан
ақшасын қай­тарғың келмейтін не қылған адамсың? Мен

аламын дегесін аламын. Құрығым болмағанымен, қолым ұзын.
Өзім білетін та­лай сұмдығыңды таныстарымның біреуіне
сыбыр етіп, соңыңа сала қойсам, қиын болып жүрмесін».
«Ойпырмай, Қақа... жоқ болғасын...» «Кассада мәшинелігі

бардың сервантта соғымдығы санаулы тұратынын білмейтін
кіммін сонша? Ақымақпын ба, ә?»
Көзі бақырайып, талып қала жаздады. «Оны қайдан біліп
қойдың?» «Айттым ғой, бәрін білемін. Жарайды, қояңды

ашпай-ақ қояйын. Қазір Аңқабайдың ақшасын санап берсең,
мен тас кереңмін. Әйтпесе...»
Тырп еткізбей тұсап алдым.
Ақыры үйіне бардық. Сервантының бір қалтарысына қол

жүгіртіп, мыңды санап берді. Дәл кетерде тағы жабысып:

«Қақа... күпті кылмай айтшы, мен туралы тағы не білесің?»
«Қорықпа, бауырым. Бәрі де менің ішімде қалады. Тіршілікте
талай кездесетін жақсы таныстармыз ғой, ескере жүрерсің.
Бәрі де өзіңнің тәртібіңе байланысты», – деп, болашақта

ұшынан сүйрейтін қыл арқанды мойнына салып кеттім...
Бәріміз ду күлдік.

– Қатырған екенсің, Қақа! Соның бәрін қайдан біліп

алғансың?
Аңқабай әдетінше істің мән-жайын түсінбей, шынымен
сұрап тұр.

– Бірін білсем бұйырмасын. Менікі әншейін бопса ғой! һе-һе-

һе...

АБЫРОЙ

– Уай, батыр, екеуміз де демалыстамыз ғой. Ақыры Қырымға

қыдыратын түрің жоқ, әйда, ауылды бір аралап қайтайық, –
деді Қиқымат. – Осы жұрт анда-мында шапқылап, шашылып
бітеді. Пөтепкі алғанша-ақ арықтап, ауруға шалдығады. Мен
құсап, былтырғыны айтамын, ретін табу қайда! Сосын бір

қызық айтайын, сол көрөртіңнің де рақаты шамалы. Әлде
қасымда қатекем жүргесін маған солай көрінді ме, әйтеуір,
ішім пысты. Адам құсап іше алмайсың, қыз-қырқынға
түсіңде ғана қырындайсың. Одан да осы ауыл, жайлау дегенің

жөн. Жарықтық, сау... сауын сиыр ғой. Бәйбішелерді үйде
қалдырып, екеуміз тартып кетсек...

– Қай ауылға барамыз? – Делебем қозып, бірден келістім.

– Әрине, өз ауылымызға емес. Менің бір жақсы таныстарым

бар, шақыра-шақыра зықымды шығарды. Соларға тартамыз.
Ауылдың беделді жігіттері, қолдарынан түсірмейді. Әрі бөгде
жұрт іші – анау-мынау қылтың-сылтыңға да мүмкіндік бар.
Айтқасын бітті, ертесіне тартып отырдық. Ретін тапқыш

Қиқымат ақ сұр «Волганы» ерттеп алыпты. «Бір жұма біздің
еркімізде, саспа, батыр», – дейді күліп.

– Мынауың күшті болып кетті ғой, рахат, – деп мақтап

койдым. – Ал енді жөніңді айта отыр. Біз кімге бара жатырмыз?
Хан көтеріп қарсы алатындай олар сенің кімің?

– Қайбір екі туып, бір қалғаным дейсің. Олар менің бөлемнің

жақсы таныстары екен. Былтыр Алматыға келгендерінде

танысып, жолдас болып кеттік. Оқуға бала түсіруге келіпті.
Мені білесің ғой, танысым көп. Сол баласына қол ұшын
бергенмін. Құр босқа қиналып, арам тер болмаймын ғой, әрине.
Баланың оқуы тәуір екен, бөлем қолқалаған соң кірістім.

Пәлендей әуре болғаным жоқ, бір сабақтан бес алуына септігім
тиді. Баласы оқуға түскен соң, абыройдың бәрі маған ауды.
Жалпы, ағайын-туыс, жолдас-жораға қол ұшын бере жүрсең,
беделің артады.

– «Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар» болды ғой сенікі.

– Сен олай кекетпе. Адам әуелі өз туыстарына, жора-

жолдасына сыйлы болса, соларды сыйласа ғана жақсы адам,
ешкімге қайыры жоқтан без деген алтын қағида, өмірде
сыналған принсіп бар ғой? Бар. Мен ғана емес, елдің бәрі соны
ұстанады. Ау, бөтеннің бөтегесіне барғаннан гөрі, жақыным­

ның жұтқыншағынан неге өтпейді?

– Байқауымша, бөгденің аузындағысын жақыныңа тартып

әперуден тайынбайсың-ау!

– Енді ше! Өзің айтшы, ол табиғи сезім емес пе? Адам әуелі

өзін ойлайды. Сосын бала-шағасын, сосын бауырларын, ары
қарай нағашы-жиендерін жарылқауға тырысады. Солай
бауырым, жа­қындық деген жалпақ ұғымның өзі жіктеп
жіберсең сан сатыға бөлінеді. Жақындық дәрежесіне қарай

қол ұшын бересің. Інімді... тойыс, күнімді көре алмай жүрсем
құйрығыма қалжауыр байлап нем бар? Қолдан келген соң
жақын-жұрағатты қойып, тамыр-танысқа да көмектесесің...
Кейде тіпті ағайыннан гөрі таныс қымбат. Қазір танысың

болмаса күнің қараң. Жоғарыда тұрған жолдасыма арқан
тастатпай, жарқабаққа өрмелеп нем бар? Сосын есіңде
болсын, ақылдылар біреуге қол ұшын берсе, «еруліге қарулы»
деп өмірі ашып айтпайды, жолдастық ілтипат, достық пейіл

ретінде ұсынады. Кейін, ретіне қарай, есептесе жатады ғой.
Жеті жейтініме, құрығанда алты алатыныма көзім жетсе, бес
беруден тайынбау – менің күміс қағидам.

– Сонда әділдік қайда қалады? Ел алдындағы парызды қай­

да қоясың?

– Ол – мен үшін алыс, бұлдыр ұғым. Ел дейсің... Менің

адалдығым­нан оған не пайда? Оны ешкім біліп, бағалап
жатпайды. Былай ғой. Мен ортанқолдай маманмын, жұмы­

сымды беске болмағанымен, семіз төртке атқарып жүрмін.
Басқада шаруам не? Ал жұмыстан артылған күш-қуатты қайда,
қалай жұмсау – менің еркім. Қарапайым, қа­тардағы адаммын.
Асқан талантты азаматтар адал бола берсін, қарсылығым жоқ.

Мен болсам өзімнің қоңырқай тірлігімде қо­лымнан келгенше
шайқап жүргім келеді. Атақ-даңқым, билігім жоқ. Сонда да
өз ортамда беделді болуға тырысамын. Алматыда алма жеу
үшін қалды деп пе едің? Басымды қатерге тікпей-ақ, қолдың

ұшымен жақын-жекжатқа, тамыр-танысқа жақсылық жасап,
оны еселеп қайырып және айтқаныма көндіріп, айдауыма
жүргізсем, жетіп жатыр. Өзің көріп жүрсің, жағдай жаман
емес. Таныстық – жымысқылық дейсің. Ау, мына «Волганы»

мініп, кәйіп болып келе жатқаның да соның арқасы. Қазір ғой,
автобуста тоңқылдап бара жатар едік. Біз мінбесек, басқа біреу
мінеді. Адам баласы мүмкіндігінше алуға тырысады, есіңде
болсын. Дүниенің бәрі өзгеге бермей, өзім алсам деген таласқа

тірелген. Кімнің көзірі ойнаса, сонікі. Таныстық жаман деп,
осы машинадан түсіп қалуға онша құлқым жоқ...

– Шынымды айтсам, мен де құштар емеспін.

– Әне, көрдің бе!

– Дегенмен адам дүниеге жалаңаш келеді, жалаңаш кетеді.

Соңы­ра кебініңнің ақ болуын неге ойламайсың?

– Онда тұрған не бар? Ертең адалды да, арамды да аққа

орайды, ал оның шын түсі қандай екендігінде ешкімнің
шаруасы жоқ. Сосын неге ораса да бәрібір емес пе? Мен өлген
соң топан су қаптап, түнекке неге батпайды дүние, ә? Тірлігімді
жайнатып өткізсем, жетеді ма­ған...

Қиқымат бүкіл әлемге қыр көрсете қисайып, темекісін
құшырлана сорды. Қолында үш тұзы бар адамдай тістеніп,
нығыз отыр.

– Сен елді керек қылмасаң, ел сені қайтсін! – дедім мен

кәріме мініп. – Қарғыстан басқа ештеңе қалмайды саған...

– Жә, батырекесі, жетер! – Сөзімді бөлуіне қарағанда, (бұн­

дай сәт сирек болатын) жанды жеріне тисе керек! – Жалаңтөс
жүрген се­нің де сиқың белгілі... «Ешкімге жағынып,
жыл­тырай алмаймын» деумен, ағайын-туысқа қол ұшын
бермейсің. Жұдырығыңнан бас­қа жақы­ның жоқ. Баяғыда

ауылыңа барғанда қаншалықты қым­бат екеніңді көрдік

қой. Пайдасы жоқты кім керек қылады қазір? Жарайды,
қойдым, танауыңды желпілдетпеші. Құрысын, бас ауы­рып
кетті, осындай қыңыр... қысыр сөзді неғыламыз? Әне, қайнар
көрінді. Салқындап, демалайық. Сұп-суық болып, сымпиып

бар­ғанша, қызара бөртіп жүргеніміз жөн емес пе? – деп, сөз
аяғын жуып-шайып жіберді.
Бірақ машинадан екеуміз де дүрдиіңкіреп түстік. Бір шөл­
мек коньякты бөліп ішкеннен кейін ғана тоң жібіп, бусанып

шыға келдік. Былай шыға құшақтасып әнге бастық.
Желкіл, желкіл,
Желіп жүрген
Жалғанда біз бір түлкі-ай, –

деп Қиқымат әнге өзгеше мән бере соққанда, мен де қалыспадым.
Желбір, желбір,
Желіп жүрген
Жалғанда біз бір бөрі-ай, –

деп даусыма ырыл араластырдым.

– Екеуміз қандай үйлесеміз, ә?! Прәмі, әнсамбіл. Һе-һе-һе!

БӘСЕКЕ

Әндетіп жүргенге жер алыс па, әне-міне дегенше аңқытып
келіп қалдық. Біздің қарамызды алыстан көрді ме әлде
келетінімізді біліп отыр ма, әйтеуір, ауыл шетіндегі көк дуал
қақ жарылып, айқара ашыла берді.

Ат шаптырым аула абыр-сабыр – бір үлкен жиынға тап
болған сияқтымыз. Дегеленген домалақтар да, екі беті қып-
қызыл толықшалар да, жағына пышақ жанығандай тырықтар
да осында екен. Бәрі жабылып, жап-жаңа «Жигулиді» тама­

шалап жатыр.
Қалың топтан бөлініп, емпеңдей жүгірген үш-төрт адам
бізді машинадан көтеріп түсірді. Қиқымат досым әп-сәтте
өзінен де жуан, жұмсақ денелерге сүңгіп кетіп, жуық арада

көріне қоймады. Аяусыз сүйістен кейін бет-аузы су-су болып,

өзі де оларды сілекейіне шомылдырып, ыржалаңдады да
қалды. Сол ырсиған күйі, бет орамалымен терін сүрткенсіп,
аузы-басын құрғатып жатқанында, әлгілер маған жабыссын.
Былқылдаған майлы денені итеріп тастауға ыңғайсызданып,

амалсыз төс қағыстырдым. Әйтпесе көлденең көк аттыны
құшақтай беретін анау-мынау емеспін ғой. Қарасам, әлгім
оны азсынғандай, қақпақтай аузын ашып, ернімді қапқалы
жатыр. Еркекті еркек ернінен сүйді деген сұмдыққа төзбеуші

едім, мына пәлекет намазымды бұзуға бекем бел буған тәрізді,
қоятын емес. Әйелден басқаға сүйгізбеген есіл ернімді қор
қылайын ба, иегімнің көк тұқылын төсей қойдым. Біздің сақал-
мұрт қалай қырсаң да шатақ іздеп, шегедей тікірейіп тұрады,

қанша айтқанмен, батырдың қылтанағы ғой. Жайылып келіп
жабыла қалған жұмсақ ерін шоршып кетті. Алғашқысының
мені сүюден онша ләззат ала қоймағанын байқаса керек,
қалғандары алыстау тұрып, қол ұшын беріп құтылды.

Көш-құлаш амандық-саулықтан кейін үйге кірдік. Қақ
төрге Қиқымат екеуміз қонжиғаннан кейін ғана басқалар тізе
бүкті. Үй иесі, өктем сөйлеуіне қарағанда, бәрінен дөй болу
керек, жиналғандарға Қиқыматты таныстырды. Ой, бір кетті

дейсің! Қолынан келмейтіні жоқ Қақаң анау да болды, мынау
да болды. Қиқыматтың: «Кандидаттық қорғаймын» деп көйітіп
жүргеніне пәлен жыл болып еді, ол қауесеттің үй иесінің
құлағына қайдан тигенін қайдам, әйтеуір, Қиқыматым Ғылым

академиясының іргетасын қаласпағанымен (оны да істейді
екен, өкінішке орай, кеш туып, үлгере алмапты), сыртын
сыласып жүр екен. Қысқасы, Қиқыматпен қырбай болсаңдар,
күндерің қараң, жақсы болсаңдар ғана жандарың қалады

дегенді нығыздап ұқтырды «шешен». Әлгінің сөзінен кейін
өз Қиқыматымды өзім танымай қалайын. Осындай ардақты
азаматты талай рет кеңірдегінен алғаныма аздап ұялып та
кеттім. Ол болса үйдегілерге: «Бәріңді де жарылқаймын,

жандарым» дегендей, мейірлене қарап отыр.
Кенет жыным келді. Ау, Қиқымат анау да болады, мынау
да болады, сонда мен кіммін? Танауымның желп ете қалғанын
байқаса керек, Қиқымат сөз алып, суырылып шықты. Үй

иесінің жылы лебізіне рақмет, бірақ ол сәл қателесіп кетті.
Атап айтқанда, нағыз дөй бұл емес. Бұл бар болғаны нағыз
7-0047

дөйдің жақсы жолдасы ғана. Ал нағыз дөй мына отырған
қадірлі қонақ (яғни мен). Әйтеуір, Қиқыматтан мықты болсам
жетеді деп жүрген мен оның бүйтіп кішірейе сөйлегеніне разы
болып, бусанып қоя бердім. Ал ол тоқтар емес: дөй болғанда

бұл анау-мынауға жатпайды. Атақты Қарасай батырды бәріңіз
де білетін шығарсыздар (білмейтіндер табылса, сауатын
аша қояйын деп, жан-жағыма қарап едім, қалың бастар
изеңдеп кетті), соның тікелей ұрпағы. Қалың топты қаусатып

жібереді. Өткен жылы: «Балам түшкіргенде неге жәрәкімалла
демейсіңдер», – деп, жеті жігітті жалғыз қуалап, ақыры
аналар кешірім сұрап, зорға құтылған. (Ақыры айтқасын,
айызымызды қандырып, Тасқараның торпағын тұмсығына

бір періп, талдырып тастағанымды да жыр қылса екен деп
едім, Қиқыматтығына басып, ондай мақтауды маған қимады
ит). Содан не керек. Алматының аспанын тіреп тұрған мен
болып шықтым. Қаһарлансам, төбелеріне найзағай ойнатып,

бұршақ жаудыра алады екенмін. Қиқыматтың өтірігіне әбден
сеніп, билігімді көрсеткім келді. Ішімнен: «Осы жөн-жобаға
үйретіп алайын ба? Төбелеріңнен тастап жіберейін бе?» деп,
алара қарап едім, бәрі төмен қарап жер шұқыды. «Ойнаймын,

қорықпаңдар» дегенді жанарыммен ұқтырып, жымиып,
жандарын кіргізіп алдым. «Міне, менің таныстарым қандай!»
дегенді үй иесі қабағымен білдірді. Әлгінде қоқырайыңқырап
отырған бір-екі атқамінерлердің қалпағы қайырылып, қоғадай

жапырылды.
Әп-сәтте абыройлы болайын да қалайын. Жеті стақан
ішкенше, жеті үй шақырды.
Бұл жиынның мәнісі – үй иесі «Жигулиін» жуып жа­

тыр екен. Құттықтау сөздің басы астанадан келген құтты
қонақтардан бас­талып, аяғы «машина үшін», «машинаның
доңғалағы үшін», «зап­часты үшінге» айналды. Бір кезде
жыным келіп:

– Машинаны күзететін ит үшін! – деп едім, Қиқымат:

–...Иесі үшін! – деп, сөзіне екіұшты мағына сыйғызды.

Біраз жерге барып, дуылдасқаннан кейін, Қиқымат ымдап,
мені оңашалап алды.

– Батырекесі, қазір мына жиналғандар анау досымыздың мә­

шинесіне көрімдік дей ме, байғазы дей ме, айналып келгенде,

әйтеуір, бірдеңе береді екен. Бағанадан бері тамырларын басып
көрсем, бұл жақта бір табақты жағалай жүгіртіп, шаршы
топтың алдында әркім теңге тастайтын әдет ойлап шығарыпты.
Байқауымша, бірінші қолдың мәні зор сияқты. Мына досты

бір жарылқап тастайық, өзіміз әлі біраз боламыз ғой, сыйымыз
артады. Өзің ішетін шөлмектің толы болғаны жақсы. Табақ
әкелісімен, жүздік тастаймын. Сол кезде сен де қарап қалмай...
менен мықты деген атың бар ғой... мыналарды жұртқа жайып

көрсетіп, жалп еткізерсің, – деп жүздіктің екеуін қалтама
сүңгітті. – Саспа, қалғанын өзім реттеймін...
Айтқанындай, жалаңдаған бір жігіт дәу сары табақты
алақанына қондырып, ортаға шыққанда, екіншісі қағаз-

қаламын оңтайлап, бір шеттен тізе бүкті...

– Ал, ағайын, өзіміздің дәстүріміз бойынша әркім көңілі

соққан со­масын тастай берсін. Сен кім қанша салғанын тізіп
отыр.
Жұрт қопаңдасып, бірін-бірі қағытқанымен, ешкім суы­
рылып шықпады. Сірә, молырақ тастап қойса, басқалар аз

беріп, өкініп қалудан, немесе жұрттың бәрінен кем соғып,
жер шұқудан қашып отыр. Әрі астаналық дөйлер мына біздің
мысымыз басқаны анық. Кенет Қиқымат қойқаңдады.

–Уа, ағайын, алыстан ат терлетіп келгенде, үлкен қуаныш­

тың үстінен түскен екенбіз, құтты болсын! Сіздер секілді
алдын ала естіп, қамдана алмадық. Байқаймын, сақадай сай
отырсыздар. «Орамал тон болмайды, жол болады» дегендей...
Сөйтті де, жап-жалпақ жүздікті жалп еткізді.

– Уай, ерің!

– Дос болсаң, осындай бол, несін айтасың!

Әдеп үшін айтыла салған бұл марапат көтеріңкі емес,
көмескі шықты. Бақсам, бәрі де табақтағы табақтай жүздіктен
жасқанғандай жаси қалыпты. Қиқымат көзімен ымдап отыр
екен, лепіріп шыға келдім. Қос қанатын кере жайған құс

сияқты екі жүздік біразға дейін ауада қалықтап тұрып, жарбия
қонды. Бұл жолы жиналғандардың үн шығаруға шамасы
келмеді – нокаут.
Бір уақытта сипақтап, қозғала бастады. Табаққа ақша

жауды. Талайдың көкірегін маздатып, алақанын күйдірген,
талайдың түсіне кіріп, миын жеген көк, жасыл, қызыл қағаздар
үйме-жүйме болып жатыр...

– Ау, бұның қалай? – деп сұрадым кейін Қиқыматтан...

– Не қалайы бар? Бақсам, бақас екен бұлар. Бірінен бірі

кем түспеуге, асып кетуге тырысып, тыраштанатын көрінеді.
Сосын қатырайын дедім. Мен, әрине, бұл үйдің мәшине
алғанын білгенмін. Беретінімді, әрине, осал емес, беріп те
қойғанмын. Оның қарымтасы болады, бала. Ал бағана доспен

келісіп алғанмын... Әлгі үш жүз сомды өзіме қайтарып берді.
Ол әншейін дұшпан көз, қоздыру ғана. Бұрын алды жиырма
бестен аспайды екен, біздің жүздіктерден кейін ең сараңы
«ұялғанынан» елуден кем түспепті. һе, һе, һе...

СЫРҒАЛЫ ҚОЙ

Осылайша, ырду-дырдумен бес күн аунап-қунап жаттық.
Бірнеше үй қонаққа шақырды, жайлау араладық, суға
шомылдық, аңға шықтық. Өмірімде осы жолғыдан көп арақ
ішіп, осы жолғыдай сайран салмаған шығармын. Ағыл-тегіл

мол дүние, дайын машина, таза ауа. Қиқымат екеуміздің
көңіліміз неге соққанын қабағымыздан біле қояды. Ауыл
иелерінің жомарттығына, қонақжай көңіліне разы болып,
оларды біртүрлі жақын тартып, жайсаң жандар екен деген

пікірге мықтап ұйыдым.
Бүгін қатпа қараның үйіндеміз. Бұнда да сол баяғы деңгей­
ден төмен түспей, аспан аралап кеттік. Сыртқа шыққанымда,
дүние шіркін көзіме мөп-мөлдір болып көрінді. Қайран ауыл!

Адамдары да, ауасы да қандай таза еді.

– Батырекесі, ойға кеттіңіз ғой. – Қатпа қара арсалаңдап

келіп, құшақтай алды. Біртүрлі бауыр басып қалғандыкі ме,
әйтеуір, мен де құшағымды жайып, арқасынан қақтым.

– Өздеріңізді жақынырақ біліп, бауыр санап кеттік, – деді

ол тебіреніп.

– Бұдан былай, ұмытып кетпей, келіп тұрыңыздар. Сіздер­

дің әр келістеріңіз – біз үшін үлкен құрмет, ойын-той. Үй-жай
осы, тұрмыс жаман емес, ешкімнен кем қалып жатқан жоқпыз.
Бір жағы қоқиланып қоюды да ұмытқан жоқ. Сонысына
қарамай, шын ниетіммен рақмет айттым. «Алматыға келіп,

үйге соқпай кетсең көресің», –дедім. Ол да елпілдеп, көпке
дейін өзіне-өзі келе алмады.

– Биылғы соғымыңыз менен болсын, батырдың сыбағасы, –

деді.

– Ал, енді, бір шаруаны әнеугүннен бері айтудың ретін

таба алмай жүр едім. Талай адамға айтып көрдім, бірі қол
ұшын беруге жарамады. «Ер мойнында қыл арқан шірімейді»
дегендей, тәуекел қылса, сіз қылар деп ойлаймын.
Біреудің басын жазып беруден басқа шаруаны өмірі реттеп

көрме­ген қайран басым, жаман қысылдым. Ондай шаруаны
айтпайтыны белгілі, жәшік-жәшік арағы үюлі тұр. Меселін
қайтаруға тағы қимадым, қанша дегенмен, сыйлағанның
құлымын ғой. Амал жоқ:

– Қысылмай айта бер, – дедім. «Суға кеткен тал қар­

майдының» кері келіп, ең болмаса қарызға ақша сұраса екен,
Қиқыматты қыс­сам да тауып беретін деген үміт жылт етіп өшті.
Қазір-ақ ломбард ашуға шамасы келетін адам қарыз сұраушы
ма еді?

– Ана жаман ініңіз (өз інісін маған жақындатып қойды)

мектеп бітіргелі екі жылдан асты. Әскерге барып келді, әлі
ештеңенің құлағын ұстаған жоқ. Маған арқа сүйейді, күшік.
Оқыт дейді. Өзіңіз білесіз, қазір оқу деген... Содан соны биыл
жіберсем бе деймін өзіңізге. Еті сіздікі, сүйегі менікі, қай оқу

қолайлы десеңіз, соған ана балуан шоқпарыңызбен қағып
жіберсеңіз, киіз болса да темірдей сіңбей ме?
Қолымды «балуан шоқпар» дегені тіпті ұнап кетті. Бұрын да
көңілім майдай еріп тұрған. Апырай, енді қайттім? Өзіме-өзім

келе алмай, «жоқ» деп кеудесінен итергім келмей, «жарайды»
деуге арым бармай, қысылғанымнан терлеп кеттім. Амал жоқ,
ақыры шынымды айттым.

– Ойбай, бауырым-ау, қолымнан келгенін сенен аямайын.

Ол құр­ғырың қолдан келмейді ғой. Қап, енді қайттім? Өмірі
ондай шаруа­мен айналысып көрген емеспін, туған жиенім де
пәлен жыл жүріп, оқуға өзі түскен. Менің тұрған бойым осы,
басқа түгім жоқ.

Қатпа қарамның түсі қарауытып кетсе де, қатпары қалың
екен, сыр бермеді..

– Менікі әншейін базына ғой, батырекесі. Бір реті болып

қала ма деймін-дағы. Әйтпесе жағдай белгілі, «жүйрікке жоқ
жетпейді» деп, сыпайылық үшін сәл бөгелді де, қораға қарай
кетті. Бағанағы бауырмалдықтың нышаны да қалған жоқ.

Мәтелді бұзып айтқанынан-ақ мені есептен шығарып
тастағанын ұқтым. Көңілім құлазып кетті. Қолымнан бірдеңе
келмейтініне, оның інісін оқуға түсіруге жарамағаныма
ұялғандай болдым. Әрі-сәрі күйде үйге беттеп келе жатыр едім,

қорадан естілген дауыстар елең еткізді. Сөз аңдитын қасиетім
болмаса да, осы жолы бөгелуге тура келді.

– Тұрған бойым осы дейді.. Оның салдырлаған ақкөңіл­

дігінен не пайда? Қолынан түк келмейді... Әнеугіден бері иіліп
төсек, жайылып жастық болған еңбегім-ай!
Бұл – қатпа қараның айтқаны. Оған жалпақ сары үн қосты.

– Еліріп отырғанынан-ақ шошығам. Барымтаның зама­

ны емес, оның күшін неғылайын? Дәукеңе ілесіп, Қақаңды
торыдым сосын.

– Сонша шығындалдық-ау бұл иттерге. Он бірінші қойдың

басы мынау. Тым болмаса, неге сыйлап отыр деп ойланбайды-
ау, қасқа. Тегін жатқан тамақ бардай... Ерегіскенде, айдап
шығайын ба?
Қолыма түкіре бастап едім, қатпа қараны Дәукең басты.

– Қызынба, бауырым. Ана жындысы сенің қуғаныңа кете

қойса жақсы...

– Әрине, Дәуке, сіздердің пайларыңыз түгел, Қақаңның аты –

Қақаң, айтқанын істемей қоймайды. Мен ғой құр қалған.

– Жә, саспа. «Ештен кеш жақсы». Екеуді арқалаған Қақаң

үшіншісін де қолтықтайды. Тек ана кәнбертіңді қалыңдат.

– Ол оңай ғой, бірақ толы бөшкеге су құйғандай болып

жүрмесе...

– Одан қам жеме, Қақаң – адал жігіт. Айтқанын істейді.

– Қайдам, әйтеуір, тым жалпылдап, асыра сыйлап жібердік

пе деймін...

– Есіңде болсын, соғымды да семіртіп сояды ғой. Соқаңды

күйлі өгіздің сүйрегені жөн.

– Болсын онда. Ал мына жындысын көргім келмейді.

– Тс-с, ойбай, естісе, бүлдіреді. «Иесін сыйлағанның итіне

сүйек сал» деген... Тоқта, лақтырма! Қап, ертең керек еді ғой!
Аяғымның астына бірдеңе шылдыр ете түсті. Қарасам,
қойдың сырғасы.

– Жарайды, табылар. Ашу үстінде байқамай қалдым. Актіге

қол қоятын өзіміз ғой.
Сырғаны қалтама салдым да, ары қарай тыңдауға шыдай
алмай үйге тарттым. «Біліп ал», – деп Қиқымат бекер

қақсамайды екен ғой. Дүние аунап түскендей болды. Ұры
көңілдер анау, ұрланған қой мынау. Бәрінен түңілдім.
Үйге кірсем, Қиқымат кақ төрде қисайып жатыр. Келе
алқымнан алайын. «Осылай да осылай, мына иттеріңді қазір

қыңсылатып қуамын. Қайдағылармен таныстырып жүрген
сенің де мойныңды бұрап алайын ба?» – дедім.

– Бауырымсып, құшақтағанына еріп кетсем, бір ені ішінде

екен ғой, – деп кіжіндім.
Қиқымат қиқылдап күліп алды.

– Оған несіне күйінесің, бізден қалған тәсіл ғой ол. Өзіміз

біреуді торуылдасақ, түбін түсіреміз. Көздеген адамымның
көзіне қарап: «Осы екеуміз доспыз ғой, ә?» – деймін жайлап
қана. Аузы аңқияды да қалады. «Айтшы өзің, доспыз ба, жоқ
па?» Үндеуге шамасы келмей, басын шұлғиды. Бұл заманда

сенімен дос емеспін, қаспын деп ақылы бар адам ашып
айтпайды. Мойындағасын-ақ мойнына мініп аламын. «Дос
екенің рас болса, айтқанымды істе. Қазір шын дос деген сирек,
сондықтан оларды жерге қаратуға болмайды. Достарыңды

жоғалта берсең, бір күні жалғыз қаласың» деп, марал оқып та
қоямын кейде. Сосын амалсыз айдауыма жүреді.

– Мен ондай көлгірсігеннің көкесін...

– Е, сені білеміз ғой, кеңірдегін суырып аласың. Бірақ

әлгінде бекер істегенсің. Қырыңды сындырмай: «Көрерміз»
деп, көңілін күпті қылып қоймайсың ба? Тағыңнан тайсаң,
танымай кетпесе, ішкені ас болмайды бұл жұрттың. Сыйыңды
арттыру, бедел көтеру дегенді білмейсің-ау, сірә.

– Сыйыңды арттырған сиқың осы ма? Сені соғымға семіртіп

жатыр ғой...

– Сол да сөз болып па? – Қиқымат қиқылдап күліп алды. –

Мен оны осында келмей тұрып білгенмін. Уайымдап неғыласың,
бергенін ішіп-жей бер. Кім-кімді соғым қылып соғып жатқанын
өзің де көріп отырсың ғой. Бұлар мені қатырдым деп мәз, ал
мен бұлардан қаласам, қазы айналдырам, көңілім соқса, катлет

жасаймын. Біздің есеп түгел ғой қашанда.

– Есебің түгел болса, мені несіне әуре қылдың? Иті мен

болғанда, ием сен бе, ей?

– Уай, батырекесі, байыбына бармай танауыңды желпіл­

детпеші. Неше мықты болсам да, менің жағдайымды бұлар
жақсы біледі. Сені ерткен себебім арқа сүйеу еді. Біріншіден,

менің прінсібімнің пәрме­нін көрсін дедім. Екіншіден, сен
сырға беріксің, сөз таратпайсың. Не қылсаң, о қыл, мен өзім
әрекетіңе қалаған түсініктемемді беріп отырсам болды, бұлар
бас шұлғудан жазбайды. Қасымда дөй досым бар екенін

көргесін, олар маған бұрынғыдан бетер жалпылдайтынын
есептегем, әрине. «Ана машина сенің ағаңдікі» дедім, есіңде
болсын. «Ол кім?» деп сұрай қалса, жұмбақтай саларсың.
Сенің менен де мықты екеніңе бұлардың күмәны жоқ қазір.

Сондықтан қадірің­ді кетірмей, не айтса да: «Көрерміз» деп
керги берсеңші. Сөйтіп қатырайық бұларды, һе, һе, һе.
Осы кезде Дәукеңдер кіріп келді. Бұларды Қиқыматша
қаты­руға көңілім соқпады. Не істерімді де жөндеп ойластыр­

ған жоқ­пын, жалғыз-ақ жаңағы сөздері құлағымда ызыңдап,
бедірейіп отырып алдым. Ал бұлар болса түк көрмегенсіп, баяғы
қалыптарынан жазар емес. Қиқымат та өзгермеген. Жалғыз-ақ
қатпа қара соған көбірек иіліп, қызмет қыла бастапты.

Тағы да тостар көтерілді. Енді бірінші болып Қақаң алынды
ауызға. Өзі қызбабас адам, арақ ішкен соң белгілі ғой, танауым
желпілдеп, қағынуға айналдым. Лепіріп отырғандардың
көңілін су сепкендей басып:

– Көлгірсімей, шын сыйлайтындар үшін алайық, – деп,

түйеден түскендей койып қалдым. Дымын білдірмей, бәрі де
дуылдағансыды, бірақ қолдары дірілдеп кетті.

– «Семіз өгізден арық бұқа артық», – дедім тағы да, жар­

ты пиязды аузыма бір-ақ тығып. Мен қаршылдатып пияз
шайнағанда үшеуі бір-біріне қарады. Жалпақ сары қыза­
раңдады, Дәукең қуарды, қатпа қара қанын ішіне тартып
алды. Пиязды асықпай шайнап, толғап жұттым да, қолымды

сүртіп, айқасқа біржола шықтым.

– Осы біз келгелі бір отар қойды тауыстық білем. Бұл ауыл

осынша шабылып, бізді неге сыйлап отыр, немен сыйлап отыр
деген ой қылаңдап, маза бермейді.
Ауыл иелері жаман састы. Дәукең күлген болды.

– Несін айтасыз, батырекесі. Шүкір, қазір елдің тұрмысы

жақсы ғой. Сыйлы қонақтан аянбайды ешкім.

– Оған дау бар ма? Бірақ осы жолы көңілде бір күмән болып

тұр. Біз мына жерде ақ майды жей алмай, ағыл-тегіл отырғанда,
даладағы бір қойшы келістіріп боқтап жатпасын!

Қатпа қара түтігіп кетті. Өзін-өзі зорға ұстап, сыпайы
сөйлегенсіп еді, онысы жыланның ысылындай естілді.

– Сізді түсінбей отырмыз. Атадан қалған салт бар емес пе?

«Дәмнен үлкен ештеңе жоқ», «Қонақ қойдан жуас» деген
қайда? «Алдыңызға ас қойдық, екі қолыңызды бос қойдық»,
ішіп-жеп, ойнап-күліңіз де отырыңыз. Дастарқаныма күйе
жағып, қараламаңыз.

Тілін суырып алатын кез келді. Бағанадан бері әрең шыдап
отыр едім, тіке тарттым.

– Дәмің адал болса – дәм. Ұрлықпен тапқаныңды салып, дас­

тарқаныңды неге арамдайсың? Неге жегізесің бізге, ә! Бойыңа
шыр бітпей жүргені де содан ғой.
Қатпа қара қайтар емес. Әрі ішіп алған, әрі маған ісі
түспейтінін білгесін, өзінің де әжептәуір адам екені есіне түссе

керек, қақия қалыпты. Қалғандары қипақтап, араша тілеп
Қиқыматқа қарады, ал ол менің тормоздан шығып кеткенімді
байқағасын-ақ арырақ жантайған.

– Батыр, батыр дегенге басқа шыға бермеңіз. – Қатпа қара

қарсы шабуылға шықты. – Оныңыз басбұзарлық болады.
Сыйлағанды білмеген...

– Бүйткен сыйыңды да, сені де... Ұрлап әкелмесең, дастар­

қаның адал болса, мынау не? – Сырғаны алдарына лақтырып
жібергенімде, үшеуі де сұлқ түсті. Ары қарай: – Адалымды
арамдаған зымиян өңшең! «Қолынан түк келмейді» дедіңдер
ғой, не келетінін көрсетейін сендерге» деп тұра ұмтылғаным

есімде...
... Таңертең Қиқымат оятты.

– Тұр, батырекесі, денсаулықты түзеп алайық, – деп ыр­

жияды.
Біреуді тартып жібергеннен кейін ғана жан-жағыма көз
салуға шамам келді. Үйдің іші тап-таза, ұқыпты қол тап-
тұйнақтай қылып жинап қойыпты. Қиқыматтың көзі кө­

геріңкіреп кетіпті. Ішім қылп ете қалса да:

– Қақа, көзге не болған? – дедім жөткірініп.

– Тірлігің бар болсын сенің. Түнде үшеуін де терезеден

лақтырып жіберген соң: «Сенің итің мен бе, ей? Қасқырды
қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды, бөрінің бөлтірігі
көжек болмайды» дегенсің. Содан қалған белгі ғой. Жә,
құрысын, өзі де ауырып тұрған басқа күш түсіріп қайтеміз.

Қазір аналар да тұрады, ұғып ал. Түсіңді бермей, біразға дейін
түксиіп отыр. Жібіген күнде де жалбаңдап кетпей, сыпайы
қоштасарсың. Көңілдерінде күмән қалсын...
Дымын түсінбесем де, ішім қыпылдап, кіріптар болған

басым еріксіз изелді...
Айтқандай-ақ үшеуі жетіп келсін. Түрлеріне қарағаннан-
ақ аяп кеттім. Дәукең мен жалпақ сарыныкі ештеңе емес, бір-
бір көзді жұмып құтылыпты. Қатпа қараның ерні көнектей,

мұрны қолағаштай.

– Апырай, кеше артық кетіп қалыппыз, – деді қатпа қара,

тілін шайнай сөйлеп.

– Өзімізді көптен ешкім сабамап еді, сауап болды.

– Сый қонақтың бір еркелігін көтермесек, елдігіміз қай­

сы, – деп Дәукең жалпақ сарыны қоштады. – Ал сіздер ренжи
көрмеңіздер, бізден бір қателік өтті. Сізді түсінбей қалыпты
жігіттер. Артынан Қақаң түсіндірді бәрін.

– Мен де тым қатты кеттім ғой деймін, – деп, ілтипат

білдірдім.

– Мейлі, құрысын, бұл да бір қызық. Әйтеуір, көңілде еш­

теңе сақталмайды деп сенеміз. Ал, жарастық үшін!
Дәукең дөңгелетіп әкетті. Жалпақ сары үйіне шақырды.
Кеше үріккен қатпа қара қайтадан тіземді басты. «Жапқан
шапанымыз» деп, екі-үш конвертті қоярда-қоймай алғызды.

Содан, не керек, тағы бір қонып, ертеңінде құшақтасып
қоштас­тық.
Былай шыға Қиқымат қиқылдап күліп алды.

– Кім кімге соғым болды, ә!

– Әй, жөніңді айтшы, тағы қандай жүріс жасадың?

– Қатырдым бәлемдерді. Түнде сен бәрін қырып тастаған

соң, бұлар әбден көтерілді. «Жан керек болса, қойыңдар»,

– дедім. «Батыр рас айтады және ол осылай айтпаса, несі

батыр? Өздерің сыртынан өсектейсіңдер де, өкпелейсіңдер.
Сен қызықсың, – дедім тағы қатпа қараға. – Сөйтіп те кісі
бұйымтай айта ма екен? Ондай кісілер саған «көмектесемін»
деп қолқ ете қалатын ақымақ емес қой. Ауылға аунап-қунап,

демалуға келсе, сендер қамыттарыңды ала жүгіресіңдер. Маған
сыбырлай салсаңдар, өзім жеткізетін едім ғой. Сендер туралы
жақсы пікірде аттанса, сөз жоқ, орындайды. Басың істемейді,
бәрін бүлдірдің. Ал енді ерегіссеңдер, қоңыз теріп кетесіңдер.

Сендердің мойындарыңды бұрап алу қолынан келеді, керек
болса, дөй ағасын іске қосады. Ана сырға жетіп жатыр бәріңе.
Сондықтан жандарыңды күтіңдер, ертең жайылып жастық,
иіліп төсек болыңдар. Әйтпесе сендерге мен де бұйырмаймын.

Онсыз аяғымды қия баса алмаймын, сендер үшін ондай
сүйеуімнен айрылар жайым жоқ» деп зілдендім. Лезде естерін
жиып алды. Қалғанын өзің де көрдің ғой. Түндегің ғажап
болды. Әрі арам қандарын ағыздың, әрі идеям іске асты.

– Ал енді олардың артқан жүгін не істейсің?

– Қиқымат атым бар емес пе, бірдеңе қыламын да. Бұдан

былай ішіп-жеуге, киюге, кәнберт алуға дағдылан, бала.
Аярлардың айла­мен тапқан ақшаларын аяйсың ба? Далаға
кеткенше, бізде кетсін. Һе, һе, һе...

САҚ БОЛҒАЙСЫҢ, АҒАЙЫН!

Бар әңгіме осы, бауырлар. Күн шығып келеді, қазір мен
азырақ ұйықтап алуға тиіспін. Өйткені ертең жұмыс бар ғой.
Үсті-басымды, бет-аузымды тәртіпке келтіріп, түк бүлдірмеген
бала құсап монтиып отыруым керек. Бүкіл тірлігімді алдарыңа

жайып салдым. Өзіме де обал жоқ. Қызу мен бұзудан басқаны
ойламаппын. Онда қандай мағына бар, не мұратыма жеттім, ол
жағын сіздер болмасаңыздар, мен білмеймін. Айналыңқырап
тұрған басыма қанша күш түсірсем де, өрем жетпей-ақ қойды.

Бәлкім, күлерсіз де қоярсыз. Бәлкім, күлмей-ақ қоярсыз, бірақ
мен өзіме өзім күлдім, ал сіздің қолыңыздан ондай батырлық
келе ме, жоқ па? Жалғыз-ақ айтарым, менен қорқып, үрікпей-
ақ қойыңыздар. Қаһарланып келе жатқанымда, «батыр» деп

алдай салсаңыздар болды, бусанып қоя беріп, беттеріңізден
сүйіп шығарып саламын. Көп ішінде бір тентек жүре береді ғой.
Тек қана Қиқыматтан сақ болғайсыздар, іштен шалып кетіп
жүрмесін! Ал, жақсы, мен демалуға кеттім. Ертең де тіршілік

бар, көрерміз...
Автордан: Әңгімелер циклынан тұратын бұл сатиралық
повесть 1980-1982 жылдары республикалық басылымдарда
жарияланып, 1982 жылы Алматыда, «Жалын» баспасынан

«Қиқыматтың хи­каялары» деген атпен жеке кітап болып
басылып шыққан. Аздаған қысқартулармен беріліп отыр.

АЛМАМБЕТТІҢ ТОЛҒАУЫ

Сатиралық повесть
(1983 жыл)
Сорқұдықтың басына
Сорға бола қонды атам.

Жалмауызға жалғызын
Жанынан қорқып берді атам, –
деп жылайтын еді ғой Ер Төстіктің ертегісінде Кенжекей сұлу.
Сол сияқты мен де Қиқымат екеуміздің хикаяларымызды

өткен жолы оғат айттым ба деп опынамын. Өйткені өзі
туралы бір бастағаннан кейін тоқтау қиынға түсетінін еркек
атаулы жақсы біледі. Әйтеуір, бір көсілгесін, аяғына шықпай
тынбайын деген бөспеліктен де емес, ішіңді әлдене тесіп бара

жатқан соң қайтесің...
Жалпы, өзі туралы айтқысы келмейтін адам болмайды. Бұл
тек мақтаншақтыққа ғана ұрындырып, абыройсыз қылатын
жаман да ниет емес. Ау, енді қалай, көрген-баққаныңды, ой-

сезіміңді, түйгеніңді біреуге айтпай, ортақтаспай, жаныңды
ақтармай қайтіп жүресің? Томаға-тұйықтық, жат бауырлық­
тың өзі адамның бір-біріне жанымен ақтарылмауынан,
ақтарыла алмауынан туындайтын тәрізді. Әйтпесе жұрттың

бәрінің жаны таза, ақ болса, тіршілікте түсініспеушілік,
қастандық атаулы болмас еді ғой. Ал енді адамдардың бәрі
бірдей неге ашылмайды, сырын неге айтпайды? Кейбіреулер
өзі туралы айтуды мақтаншақтық санайды; оған әдептері

жібермейді; сыпайысынып, «ел мақтасын» деп емексиді.
Сірә, адамды адамның өзінен артық ешкім білмейтінін, оның
жан құпияларын дәл өзіндей ешкім де ақырына дейін тани
алмайтынын ойламайтын болу керек. «Ел мақтасын» деп

үміттенудің өзі мақ­таншақтықтың көкесі ғой. Өзі туралы айта
алмайтындардың тағы бір тобы қорыққанынан үндемейді.
Өйткені ары таза емес. Жа­нын ақтарған кезде тазармайтын,
әбден іріп-шіріген қоқыстары шығып қала ма деп үрейленеді.

Ау, ағайын, еркек екенің рас болса, бойыңдағы бар жақсыңды
ішіңе тығып, бедіреймей, арқа-жарқа болып, жайып салып,
елге көрсету керек емес пе; жаманыңды да жасырмай, ел
алдында, елден үлкен ешкім жоқ, өзіңді-өзің сойып-сойып

арылу керек емес пе?!
Ал мен ештеңеден қорықпаймын. Ардан үлкен ештеңе жоқ;
арым таза, жаным да таза. Тіпті кемшілігімді де жасырғым
келмейді – ақтарылғасын дұрыстап ақтарылу керек қой. Өткен

жолы сырымды айтқанда, «жұрт мені түсінер, түсінген соң
кем-кетігімді кешірер» деген үмітпен айтып едім.
Тірліктің ұсақ-түйегін теріп айттым,
Ойдан қоспай, көңіл-көзбен көріп айттым,

Ұсақ-түйек болғанымен ол да өмір,
Сондықтан мән-мағына беріп айттым.
Делебем қозып, арқаланғанда суырып салатыным да бар,
ағайын.

Сол бір хикаялардан кейін де біраз уақыт өтті. Одан кейін
де небір ғажайыптар болды ғой. Оның бәрі көп әңгіме, мен
тек қана бір сапарда көрген-түйгенімді алдарыңызға жайып
салғым келеді.

Өзі туралы өзі айтуға әркімнің де хақысы бар деп ойлаймын.
Әйгілі Қасым ағамыз да «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда»
деп еді ғой. Нағыз ер-азамат Қасекеңдей-ақ болар: сол кісі асып-
таспай-ақ өзінің қандай екенін, өмірден не іздейтінін айтып

кетті ғой. Қазір бұл жырды домбыраға қосылып толғағанда
көзге жас келіп, көңілің тазарады. Ақын өз жан шындығын
жырлады: сөйтіп, мыңдаған жүректерді тебірентіп, ізгілікке
бастады. Елдің бәрі ұлы ақын емес, бірақ кез келген адамның

қалтқысыз ақтарылған сыры өзгелердің көңілін бейтарап
қалдырмайды ғой.
«Өзі туралы айтқан мақтанға ұрынбай қоймайды» деген
аталы сөз бар. Әуелі, мақтанның өзі де әртүрлі: негізсіз,

домбытпа мақтан­шақтық бір басқа да, заңды мақтанның жөні
бөлек. Мақтанға ұры­нады екенмін деп баз бір бозөкпелер құсап
бұғынар жайым жоқ. Тасып кетсем, түсініп, кешірерсіздер, не
де болса кібіртіктемей, еркін көсілуге бел байладым.

Сонымен... Айтпақшы, мен сіздермен әлі таныспаппын ғой.
Менің атым – Алмамбет. Бұл есім айдай әлемге әйгілі: айкөл
Манастың атақты досы, алтын айдар шоқ белбеу Алмамбетті
кім білмейді? Мен туғанда палуан атам лайықты есім таңдап,

ұзақ ойланыпты. Елден ерек ат іздеп, қалың-қалың қиссаларды
ақтарғанға ұқсайды. Содан не керек, ақыры былай депті: «Бұл
баламның батыр боларына сенемін. Қазақта неше сан батыр
өткен, солардың бәрі де бұған ата. Қайсысының құрметіне

атасам да осы жаманым жаман болмайды. Бірақ ертең келін-
кепшік, бала-шаға мұның атын атаған сайын, атасының атын
атайтыны қабырғама батады. Ал атақты Алмамбет батыр
бұған қан жағынан туыспайды. Бір деңіз. Екіншіден, нәсілі

басқа болғанмен, жасанған жаудан қайтпаған, күшіне ақылы
мен адамгершілігі сай, әділ батыр – менің ең жақсы көретін
батырларым­ның бірі. Соның құрметіне Алмамбет болсын
мұның аты!» Құлағыма зор дауысымен үш мәрте айқайлапты.

Сонымен мен Алмамбет Қарасаевпын. Иә, айтқандай, фами­
лиямның Қарасаев болуы да қызық. Қазақта әкесінің аты
балаға фамилия болады ғой. Бірақ атам жуас әкемнің атын
Алмамбетпен қатар қойғысы келмепті. «Мен өз балаларымның

арқасында пәмилә болып көрдім. Сен де басқа балаларыңды өз
атыңа жаздырдың, – депті әкеме.– Ал атақты Қарасай батыр
атамызды біз неғып естен шығардық? Алмамбеттей балаға
бабамыздың аты лайық. Қашанда есінде болып, қасында

жүрсін, әрдайым аруағы қолдасын». Осыған бата қылып,
ЗАГС-ке келсе, онда отырған шөпжелкелер қырсыққан
көрінеді. «Әкесінің фамилиясы қалай болса, солай қалады»,

– дейді. Ондайға көнсе менің атам бола ма, айтыса кетеді.

«Шырақтарым, сол айтқан пәмиләләрің мына мен ғой. Оны
сендер емес, мен бергем. Мына баламды да қалаған атыма
жаздырамын. Ойбай-ау, қалмаққа жаздырсам да өз еркім ғой.
Ал сендер батыр атасының атын қимайсыңдар. Атасының

атына жазылуға болмайды деген не сұмдық?! Ондай қиқаңды
қойыңдар! Қарай гөр өздерін, қаршадай боп алып, менің
балама пәмилә бергілері келеді. Оларыңа көне алмаймын!
Немере менікі, қан менікі, сондықтан пәмилә беретін де мен.

Ата жолымен келсеңдер де, заң жолымен келсеңдер де менікі

дұрыс. Жаңа туған сәби түгілі, шал менің де пәмилә таңдауға
хұқым бар. Сондай дұрыс заң бар екенін шал басыммен мен
білгенде, оқыған сендер қалай білмейсіңдер, ә?! Өздерің
қараңғы екенсіңдер ғой!» – деп таяғын шошаңдатып, не керек,

айтқанын істетіпті. Сол үшін атама мәңгі бақи ризамын.
Иә, тағы бір жайтты ұмытып барады екенмін. «Осы
жігітіміздің келбеті қандай?» – деген сұрақ тууы мүмкін
сіздерде. Бұл жағын да өзім суреттеп бермесем болмас. Бәрібір

оны сіздерге Қиқымат айтып бермейді. Айта қалғанда да
кескінімді келістіре алмайды, қимайды. Сондықтан... Ұзын
бойлы, сымбатты, екі иығыма екі кісі мінгендей жігітпін.
Денемде арам ет жоқ, бірақ сүйек пен таза бұлшық еттің өзі

бір центнерден асып жығылады. Сөйте тұра қолапайсыз қара
дәу емеспін: тал шыбықтай майысып, серпіліп тұрғандықтан
алып­тығым көзге өрескел көрінбейді, қараған елді сүйсін­
діріп тұрады... Иә, енді... Байқайсыздар ма, қанға сіңген

мінез бол­ған соң, амал жоқ, өзім туралы айтқан кезде
арқаланып кетемін... Бірақ сөзімнің бір өтірігі жоқ, мен
туралы шындықтың өзі мақтан сияқты естіліп жатса, расында
да осал болмағаным ғой. Жә, сонымен... Сұлу бол­мағаныммен,

келбетті, көрер көзге сүйкімді жігітпін. Тіпті мінезімді
біліңкіремейтін адам мені сондай бір момақан жан көріп қалады.
Көп адам сөйтіп қателесіп, артынан қатты өкінген. Иман
жүздімін. Жанарым жылы, ашық: елге мейір төгіп тұрады.

Жұрттың айтуынша, жүрегімдегі құбылыстың бәрі көзімнен
танылады екен. Бірінші көрген адаммен де жылы жымиып, ақ
жарқын амандаса­мын. Әйе­кем кейде соным үшін күңкілдеп
те қояды: «Сен әйелдермен де күліп амандасасың, жылы

сөйлесесің. Кішкене суықтау болсаңшы, мен қызғанбаймын
ғой, бірақ... Әйелдер пәле, ойлап қалады ғой!». Біреулер құсап
мен де салқын, сыпайы болайын-ақ деймін-ау. Бірақ қолымнан
келмейді. Ау, енді жаңа көріп, жаңа танысып тұрған адамыңа

қалайша бейтарап, сұп-суық боласың? Оңбаған екенін анық
білсең бірсәрі; жалпы өзім әр кездескен адамыма «жақсы адам
болу керек» деген үмітпен, дос пейілмен қараймын. Жә, әзірше
осы да жетер. Қалғанын жол-жөнекей түгендей жатармын.

Сонымен...

Әлқисса, атамның көзіндей көретін көне текеметтің үстінде,
құс жастыққа жантайып, қисса оқып жатыр едім, қоңырау
шар-шар ете калды. Осының даусын-ақ суқаным сүймейді,
оны зарлатып, ұлып келгенді тіпті ұнатпаймын. Біздің үйдің

есігі ел жатқанша ашық тұрады: айдың-күннің аманында
құлыптанып, қамалатындай не қара басыпты. Алда-жалда
бала-шағам байқамай кілттеп қойса, есінен кетпестей ғып
ақырып, тыйып тастаймын. Жау келсе, жанын бес теңгенің

құлпы алып қалатындай-ақ, жұрттың бәрін жат санап, тас
қамалда отыратындарға жыным бар. Ашық есігімнен аңқылдап
кіре бермей, бәлсініп, безілдегендерге де теріспін. Бұл жолы да
қырсығып, қозғалмай жата бердім. Анау да менімен ерегісуге

ант-су ішкен сияқты, үздік-создық шар-шар еткізіп, төбемді
тесіп барады. Жүгіртіп жіберетін де ешкімнің ыңғайы жоқ,
балалар далада; ақ борықтай әйекем шортандай шоршып, үйдің
ішін шолпылға толтыра шомылып жатыр. Амал жоқ, кескен

теректей аяғыммен көлдей кебісімді көсіп алып, «ел ме, жау
ма өзі?» деген қыжылмен есік аштым. Ашсам... сақал-мұрты
өскен, кір-қожалақ, өмірі көрмеген, қолында қара сөмкесі бар
бір атаңа нәлет тұр. Өзін жек көргем жоқ: бірінші көрген, үйіңе

келген адамның бәрін жек көре берсең, не жан қалады, тек әлгі
қоңырауына қырсыққаным ғой. Онымды білдірмей «жоғары
шық» деген ишара жасадым. Әлгім ай-шай жоқ, амандық-
саулық жоқ: «Аға үйде ме?» десін. «Ағаң мен болсам, үйдемін,

айналайын, жоғары шық», – деп, қоярда-қоймай кіргізіп
алдым.
Төрге озды да, әйекемнің бармағын майыстырып, белін
кайыс­тырып, жап-жаңа матамен қаптап, жаңартып қойған

әп-әдемі диванын сықырлата қонжиды. «Бұның дұрыс-ақ», –
деп ішімнен сүйсініп қалдым. (Еркектің еркіндігін ұнатамын
қашанда). «Мен қателескен болуым керек, – деді ол, жан-
жағына жалтақтай қарап. – Ағай да осы үйде тұратын, бірақ

пәтерін ұмытып...» «Әй, – дедім сөзін кілт бөліп. Қатты кетіп
қала жаздап, қонақ аты бар ғой, иімді жұмсарттым. – Бәлкім,
құрдас шығармыз, әйтпесе біріміз бірер жас үлкен шығармыз.
Әңгіме онда емес, отызға келдік, бала емеспіз. Сен неге әуелі

менімен амандаспайсың? Шаңыраққа неге сәлем бермейсің,

ә?» Қысылып, қызарақтап қалды. «Мен... әншейін... нетіп...
жөн сұрайын деп... байқамай...» – «Жә, міңгірлеме! – Шыдай
алмай, шарт кеттім. Мүсәпірсіген еркектен безетінім бар. – Ағаң
кім? Білсек, жөнін сілтейік». «Сандырақман деген кісі. Осы

подъезде тұрады». Бұндай көршіні басымды қанша қатырсам
да есіме түсіре алмай-ақ қойғаным. Абырой болғанда, осы
кезде балбырай бусанып әйекем шыға қалсын. Есіктің ұзақ
шарылының арты жақсы болмайтынын білгендіктен әрі

дүбірлетіп келген кім екендігін білуге әуестеніп тез шыққан
болу керек. «Сандырақман деген көршіні білесің бе?»
«Сандырақман, Сандырақман...» – деп ол да сандырақтап
кетті. Қожалағымнан өзім жаман ұялдым. «Сен былай... түр-

түсін сипатташы. Күнде көріп жүрген көршілер ғой, еске
түсер. Осы үйде он шақты қазақ тұрады», – дедім сосын. «Ұзын
бойлы, толықша келген кісі». «Әйелі татар ма?» – деп әйекем
алға түсті. «Жоқ, қазақ». Сәл шегінген әйекем тағы сүйреңдеді.

«Қызыл «Жигулиі» бар ма?» «Жоқ, қара жаяу». Енді әйекем
төпей бергенді мақұл көрді. «Қара сұр, ұйғыр сияқты емес
пе?» «Атай көрмеңіз, жалпақ бет сары». «Төрт баласы бар ма?»
«Жеңгеміз мүсінім бұзылады деп екеуден кейін тоқтаған».

«Әйелінің құлағы мүкістеу ме?» «Құдай сақтасын, о кісі жеті
түнде көршісінің үйіндегі қыбыр-жыбырға дейін естіп, мәз
болып күліп отырады». Осы жерге келгенде біз де рахаттана
күліп алдық. Артынша, жоқ табылмағаны есіне түсіп,

әйекем тағы іздеу салды: «Былтыр жазда баласын сүндетке
отырғызған жоқ па? Есік алдына ошақ қазып, той жасамап па
еді?» «Жоқ, баласын ауылда отырғызған?» «Сотталып келген
бе?» «Астапыралла, о не дегеніңіз. Қой аузынан шөп алмайтын

момын
кісі».
Қап,
мынаның

қорлығын-ай!
Күйіп-пісіп
отырғанымда, қожалағым жол сілтеді: «Ағай аздап, нелеу...
басында шашы аздау... былай». Қолымен ишара жасағанынан

түсіндім – ағасы таз екен. Оны қайдан білейін? Елдің төбе ша­
шын түгендеп жүр дейсің бе? Дағдарып отыр едім, әйекем сыл­
қылдап күлді: «Ана таз кісі ме? Сүйдемейсің бе бағанадан. Осын­
да, қарсы есік; жетпісте тұрады.» Табылғанына қуансам да,

әйекеме алара қарап қойдым – күлгеніне жыным келді. Тазды
тайғаққа теңеп, табалаған емеспін туғалы. Жалпы, адамның он
8-0047

екі мүшесінің кем-кетігіне күлуді иттіктің ең зоры, маңдайға
біткен сор деп білемін. Мен отырған жерде біреудің кемістігіне
күлген кісі оңбайды. Рас, қазір бәрі де мәдениетті, сыпайы ғой;
тіпті мүгедекті менсінбей, кемсітетіндердің өзі оларға «сіз, біз»

деп иіліп тұрады. Ал сол кемтар әлгі «бірәдармен» теңесіп, я
бір әділ сын айтып көрсінші... «Әліне қарамай» дейді ең тәуірі.
Әйтпесе одан да әрі тұқыртып, балағаттап жүреді. Сонда не,
бір мүшесі кем адам толық мәніндегі адам емес деп ойлай

ма екен иттер? Рас, тән саулығына не жетсін. Бірақ әлдебір
себеппен кемтар болса, күнә ма? Тіпті өгіздей жігіттердің
ішінде адамгершілігі жағынан кейбір мүгедектің тырнағына
да татымайтындары аз емес қой. Жаны сау, ойы түзік болса,

нағыз адам сол.
Осылай ойлап, әйекеме суық қарадым: «Төбесінде не бар,
не жоғын қайдан білесің? Бойы ұзын деді ғой, иығына асылып
па едің?» Әйекем тағы күлді: «Төменде кетіп бара жатқанында

балконда тұрғам. Шляпасын шешіп, төбесін сүртті». Бұған
не дауа бар? Қолды бір-ақ сілтеп, тұруға ыңғайланған қо­
жалағымды: «Қуыс үйден құр шықпа» деген бар ғой. Отыр,
тамаққа қара», – деп бөгеп-ақ едім, қашып құтылғандай боп,

зорға табылған ағасының үйіне қарай безе жөнелді.

– Ауылдан келген ғой, сірә. Адресін ұмытып кеткен ғой, –

деді, әйекем кеңпейілдік танытып.– Сосын қайтсін... Вокзал
басында Сандырақманға сұрау салмағанына шүкір. Жобасын
білгенін айтамын да...
Мен үндемей, қайтадан құс жастығыма жантайып, қис­

самды қолға алдым. Бала кезімнен білетін «Ер Тарғынды»
оқып жатыр едім. Тарғынның Қартқожақпен жекпе-жегіне, ең
бір сүйсінетін тұсыма жеткен болатынмын. Бірақ бұрынғыдай
беріліп оқи алсамшы. Көз алдымнан қас батыр Қартқожақ

емес, әлгі қарақожалақ кетпей қойғаны. Кенет қаһарға міндім.
Ау, көршісінің атын білмеді деген не сұмдық!?

– Бәйбіше, – дедім барқ етіп. – Жаңағы Сәкеңнен басқа мына

екі көрші кім?

– Бергі есіктегісі мебельный магазиннің директоры. Ал

арғысы...

– Ой, магазин дейді ғой... Мен сенен аты кім, қандай адам

екенін сұрап тұрмын.

Әйекем де жапырыла қоятын осалдардан емес қой.

– Е-е, мен қайдан білейін? Елдің еркегінің аты-жөнін зерттеп

жүр дейсің бе? Еркек атың бар, өзің неге білмейсің? – деп қарсы
тәсіл қолданып, шөкемнен түсіріп кетті.
Содан ойлаймын ғой баяғы. Бұл қандай тірлік? Қой үстінде
бозторғай жұмыртқалаған заманда қатар қонған көршілерімнің

кім екенін білмеуім қалай? Көрші болғалы пәлен жыл, әлі
күнге бас изеп амандасқанға мәз болып, табақтастық түгілі,
танысып, жөн сұрасу да ойға келмепті. Сонда қызыл «Жигулиі»
бар көрші, әйелі саңырау көрші, баласын алдыңғы жылы

ауылда, былтыр аулада піштірген көрші деп түгендегенге
мәзбіз бе? «Сотталған көрші», «таз көршіні» былай қойғанда,
«жетпісте тұратын көрші» деп нөмірлегенімізге жол болсын.
Бәрінен де қарапайым, анық, сыйлы ғана бір-ақ атау бар емес

пе? «Сандырақман көрші, біздің Сәкең» дегенге не жетсін!
Жоқ, бұлай өмір сүру қате. Мен қазір барамын да, бісмілләдан
мына қатар қонған үш көршімен танысамын. Жұп-жұбымен
үйге шақырамын. Сөйтемін де біздің қарым-қатынасымызға

төңкеріс жасай қоямын.
Менің басыма бір ой келмесін. Ой келгесін бітті, орындамай
тын­баймын. Орындалмайтын ойды ойлап не керек? Орнымнан
атып тұрдым да, әйекеме әмір қылдым.

– Ал, дайындала ғой. Мен қазір көршілерді танысу тойына

шақырып келемін.

– Сен де қайдағыны бастап жүреді екенсің осы! – Әйекем

реніш қылды, бірақ шытулы қабақ көрсем, құтырып кететінімді
біледі ғой, сөз аяғын сылтауға сүйеген. – Аяқ астынан қайтіп
қонақ күтем? Түк дайындықсыз қалай? Ертең де күн бар емес пе?

– Дайындықта тұрған дәнеңе жоқ. Шын пейіліңмен бір

шай берсең болады. Күнде ертең, күнде ертеңмен жүріп
көршілерімізді танымай өтетін шығармыз. Өйтіп масқара
болар жайым жоқ.
Әйекем бекем бел буғандығын байқатып, диванға гүрс етіп

отыра кетті де, кітабын қолға алды.

– Мейлің, – дедім. – Мен бәрібір көршілерімді жиып

әкелемін. Және әйелдерімен келеді. Ертең салақ, сараң деген
сыпсыңға өзің қаласың...

Қиқыматшалап жібердім де, есікке беттедім. Орнынан ұшып
тұрған әйекем әлденелерді тықырлатып, қамдана баста­ды.
Әлқисса, үйден атыла шыққан бетімде Сандырақман көр­
шімнің есігіне соқтықтым. Жоқ, әуелі сыпайылап қана нұқып

қалғанмын, сөйтсем, жынымды келтіріп ашыла қоймады. Тас
бекітулі. Ызала­нып кетіп, бармақтай қоңырауды басып қалып
едім... Бақандай қол тиген соң оңа ма, бақырып қоя берді. Есікті
Сәкеңнің өзі ашты. «Ассалаумағалейкүм», – дедім аузымды

толтырып. «Сәлеметсіз бе?» – деді сүмпитіп. Ол арғы бетте, мен
бергі бетте состиып тұрып қалыппыз. Екі дүниенің жік арасы
секілді табалдырықтың екі жағында тұрып қол алысатын
ақымақ емеспін ғой: «Сәке, қол алысайық, не бері шығыңыз,

не мен өтейін», – дедім. Мен «шығып кетіңіз» дегенде ілесе
беретін жүрегінің түгі жоқ қой, күмілжіп жол берді. Ішке
кіріп, шаңыраққа сәлем бердім, сосын Сандырақманның
саусағын сықырлатып алдым да, баса-көктеп төрге оздым.

Әлгі қожалағым әп-сәтте шомылып, қырынып үлгеріпті:
аппақ болып, балбырап отыр. Сандырақман көршім мен әйелі
төменшіктеп, төмендеу келіп жайғасты. Жүздерінде үрей
мен таңдану араласып, арпалысып жатыр. «Саспа, Шошай,

саспа» деген Қобыландының баласы Бөкенбай құсап жұбатып
алдым да: «Ал, Сәке, әңгіме былай. Қанша жыл көрші болсақ
та, жүз таныстықтан арыға бармағаны­мыз ұят деген бір ой
келді маған. Сондықтан да, танысып, білісіп, дәмдес болайық.

Қалған сөзді дастарқан басында пісірерміз. Қазір біздікіне кіре
қойыңыздар», – дедім. Екеуі бір-біріне қарады, содан жеңгей
сөз алып, «үйде қонақ бар еді, әрі кештеу ғой» дейді баяғы.
Күйеуінен аттай сөйлегенін суқаным сүймей-ақ қалғаны, бірақ

ақ ниетпен келіп отырғасын, онысын елемей, қолқамды қадап
айттым... «Ештен кеш жақсы, танысқанның кештігі бола ма?
Әрі мына қонағымыз (қожалағымыз дей жаздап түзелгенім) да
үйден дәм татып кетсін». Сандырақман көрші тақиясын көтере

беріп, сірә, басын қасуға ыңғайланған түрі, жеңгейге қарады,
сөйтті де, жан жарының жанарынан жылылық сезбегесін
дыбыссыз, мұрнымен күрсініп, бойын жиып ала қойды.
Бұлармен мыжып отыра берсем, сылтаулары сарқылмасын

білгендіктен: «Ал, жақсы, тездетіп келе қалыңдар», – деп
қысқа тұжырдым да, тұрып жүре бердім.
Сандырақманмен жапсарлас есікте де әжептәуір бөгелейін.
Топ-толық, жылтыр бет келіншек есікті жартылай ашқанда

танауым делдиіп-ақ қалған болатын. Сонда да өзімді-өзім
билеп, сыпайы сә­лемдестім. Көршім күлімсіремей, аса бір
ұстамдылықпен көмескілеу амандасты. Қанша тентек болсам
да, менде дүлей еркінсу, бетсіз баса көктейтін бұқа мойын

қырсықтық атымен жоқ қой, бір сәтке сасқалақтап та қалдым.
Дүниеде аңқылдап келген адамың сіресіп қарсы алғаннан
өткен қорлық бар ма? Бірақ, енді шегінер жер қалмады.
Әрі үйден бекем бел буып шыққан істі орындамай қайтсам

әйелімнің бетіне қайтіп қарамақпын? Көлденең келіншек
күлімсіремегенге жаситындай кіммін сонша? Сұрағымды
батыл қойдым. «Жолдасыңыз үйде ме?» Әуелі тесірейіп, бет-
жүзіме, үсті-басыма барлай қарады. Екі көзім қанталамай,

бейкүнә жәудіреп, көйлек-көншегім мұнтаздай болып тұрғасын
көңілі орнына түсті білем. «Қазір шақырайын». Өзі жартылай
ашық есікті одан сайын сығырайтып бұрыла бергенінде:
«Ау, келіншек, – дедім.– Есік аузында тұрып сөйлескен қай

қазақты көрдің? «Жоғары шығың» қайда? Күйеуіңе айтып
сабатып алайын ба?» Бөтен ойым жоқ еді: табиғатымнан
әзіл-қалжыңды сүйетін басым ойнап айта салғанмын. Көрші
келіншек жауырынынан қамшы тигендей қайқаң ете қалды

да, кегжиіп, «ништяк себе» десін. Ар жағынан күйеуі де
көрінді. Амандасқаннан кейін, тоң-торыс қабақтың қалың
мұзын бұзып-жарып төрге шықтым. Шыққаным бар болсын,
полюске келгендей күйге ұшырадым. Екеуден-екеу ғана

тұратын бұлардың бала-шағалары да жоқ болу керек. Үй
ішінен бұйығы тоқшылық байқалады. Өзінен ешқайда су
ақпайтын, өзіне ешкім су құймайтын тоған тіршілік иелері
тұнығын лайлағандай, мені жақтырмай отыр. Қайдан шықса

одан шықсын, «осылай да осылай» дедім. Көршіле­рім салқын
ізетпен рахмет айтты. Оған қыңа қоятын мен бе, рахметті
кейін айтқан жарасатынын алға тарттым. Тоң жібитін емес...
«Екі кештің арасында бір-бірімізді мазалағанымыз ыңғайсыз

ғой». Көршімнің бұл тосқауылы менің дүниедегі ең жек көре­

тін нәрсемтұғын. «Несі ыңғайсыз? Көңіл үйлессе, ыңғайсыздық
деген не ол? Қайта, біздің осы тымырайған тоқпейіл тіршілігі­
міз ыңғайсыз емес пе?» Тоған тұрғындары тырп етпеді. Мен
«адамдар­мен араласпау – күнә, томаға-тұйықтық – қылмыс»

деп тізеге сала бастағанда, жанды жеріне тисе керек, жылтыр
келіншектің бетіне майы шықты. «Қандай қызық адамсыз! –
Шынының екі сынығын бір-біріне үйкегендей шықырлаған
даусы жөпшенді біреулерді үйден бездіріп жіберердей. – Өстіп

те кісі қонаққа шақыра ма? И потом, бару, бармау – біздің
өз еркіміз. Араласып тұрайық дейсіз. Ал біздің сіз сияқты
жындымен араласқымыз келмесе ше? Әркімнің өз жағдайы,
тіршілігі бар. Сіз құсап дараң-дараң етіп, ұйып отырған тұрмыс

ырғағын бұза алмаймыз. Күнә, қылмыс дейді ғой. Өйтіп басты
қатырмаңыз. Төрт қабырғам, басым аман болса болды, басқада
шаруам не? Ұрлық қылмаймыз, адал еңбегімізбен күн көріп келе
жатырмыз. Енді не қыл дейсің бізге? Жұмысқа уақытында ба­

рып, уақытында келген соң, өзімізбен өзіміз оңаша отырғымыз
кел­се, айып па? Мазаны алмаңыз, әйтпесе демалысымды бұзды
деп, милиция шақыртамын». Шаптығып барып, зорға тоқтады,
қаным басыма шауып барып, мен де зорға сабыр қылдым. Ол

дәл осылай сөйлеген жоқ, шатып-бұтып, шұбар-шұбар тілін
безеген. Бірақ әр әйелдің айтқанын сөзбе-сөз жаттап жүремін
бе, сөзінің сөгі осы. Дүниеде әйел баласын жеңу мүмкін емес.
Қиқымат болса ғой, қазір мына жылтыр бетті майлы ішекше

айналдырып, етін жеп, сорпасын ішіп кетер еді. Мен қайтемін,
шытынаған шыны пәлекетті сындырып алып жаласына
қалайын ба: «Шақырғанға бармасаң, шақыруға зар боларсың.
Қайыр, қош», – деп күйеуіне зіл тастап жүре бердім...

Есік алдында әжептәуір бөгелгенім: көңілімде алақұйын
ойнақ­тап, өзіме-өзім келе алсамшы. Әлгі бір сөздер астан-
кестенімді шығар­ды. Кек сақтап, біреулермен есептесіп, есе
қайтару сәтін армандай тосатын арзандардан емеспін; пәленше

пәлен жерде маған былай істеп еді, мен оған былай қылайын
деп күтініп, ізденіп көрген жоқпын туғалы: ойыма келгенін
көзбе-көз айтып тастаймын, қолымнан келгенін қолма-қол
істеймін – бітті. Қазір де әлгінде жауымнан бетер жыныма

тиген үйге еш жамандық ойлап тұрғам жоқ, тек бір реніш бар

көкейде. Адуын әйелге, оның алдында аузын аша алмаған
айбарсыз еркекке деген өкпе емес, «осы тірлігім калай өзі?»
деген күмән, өзіме деген реніш. Әрі-сәрі сәл толқып, «шешінген
судан тайынбастың» керімен мебель магазині директорының

есігін қақтым. Ширыққан бетіммен ай-шайға қарамай төрден
бір-ақ шығып, мән-жайымды келте түсіндіргенімде, қайран
қадірлі көршім, мені қызу деп ойласа керек, бірден қопаңдап,
келісе кеткені...

Әйекем де әп-әдемі болып дайын отыр екен. Кез келген
қонақты ұялмай жөнелтетіндей дастарқан жасап қойыпты.
Басқаға емес, дәл осы қызға үйленгеніме тағы да разы болып
кетіп: «Уай, жарайсың, жаным! Енді министр келсе де

қысылмайды екенбіз», – деп, арқасынан қақтым. «Қойшы әрі,
сен де қайдағыны айтпай! Министр түгілі мебель магазинінің
директорынан да ұят». Әйекем кіржің ете қалды. Осыларға
таңым бар. Әйтеуір, не өзінің, не елдің дастарқанына көңілдері

толмай жүргендері. Өз басым дастарқан аттап, кемсітіп көрген
емеспін: оны ақ ниетпен жайылғандықтан, ізгі тілектестік
белгісі болғандықтан қадірлеймін. Дастарқан ағыл-тегіл, көл-
көсір болмады, анау жетпеді, мынау тапшылық қылды деп

мін тағу – дәмнен, адамгершіліктен аттау. Қазіргі молшылық
заманда ешкім де қонақтан барын аямайды, жоқты табуға
тырысу мен талап ету – тыраштық пен топастыққа туысады.
Адам көңілі дастарқанның көлемімен өлшенбейді, әйтпесе он

сомдық көңіл, жүз сомдық көңіл деп жіктеліп, есеп-қисапқа
қисайса, жарықтықта қасиет қала ма? Дастарқаны арамнан
без; ал өз басым барымды жайып салып, аңқылдап отырамын.
Міне, сол ақ дастарқанымның басында қатар тұрсақ та қолым

жетпей жүрген қымбат көршілерімді ақжарқын күлкімен
күтіп aлдым.
Қонақтарым сыпайы ғана сызылып келіп жайғасқаннан
кейін, арамызда бірер ауыз жоралғы, құрғақ сөз жүрді. Содан

бұл отырысты бастап та жібердім.

– Ал, құрметті ағайындар! – Байсалды үнмен бәрін өзіме

қаратып алып, сол ырғақпен жалғастыра бердім. Ара-арасында
қатты тебіреніп, толғана сөйлеген кезім де болды. – Бүгін,
міне, екі кештің арасында сіз бен біз аяқ астынан бас қосып

отырсақ, оның да себебі болып тұр. Осы уаққа дейін бәріміздің
де басымызда бір үлкен ағаттық, ұятты нәрсе болыпты. Айтуға
адамның аузы бармайтын мәселе. – Осылай дегенімде, бәрі де
аңтарылып, шошынып қалды. Сандырақман көрші орамалын

төбесіне
апара
жаздап
барып

тоқтады,
мебельныйдың
директоры жағына пышақ жанығандай қара сұр кісі екен,
қуқыл тартты, екі келіншек неге жорырын білмей, әзірге

дымы ішінде. – Бұған дейін, бәлкім, қай-қайсымыздың да
көкейімізде жүрген шығар, бірақ іске асыра алмағаннан кейін,
одан не пайда? Әлде тіпті қаперімізге де кірмеуі мүмкін, онда
тіпті сұмдық. Күнде ертеңмен жүргенде, күніміздің біткенін

де білмей қалармыз деп, мен бүгін нартәуекел жасап отырмын.
Қанша уақыт қатар қонып, бір есіктен кіріп, бір есіктен шығып
жүрсек те, әлі күнге бір-бірімізге бір самауыр су бермек түгілі,
танысып қою да қолымыздан келмеуі қалай? Дұрыс па, жоқ па?

Әрине, дұрыс емес. Тіпті ұят, масқара! – Өстіп бір тоқтағаным­
да, қонақтарымның беттеріне қан жүгіріп, өздеріне-өздері
келіп, адам болып қалды. «Бағанадан бері төндіргенің осы ма,
тәйірі» деген тоқмейілсуді қапысыз байқадым да, бұрынғыдан

да егесіп, көсіле түстім. – Ау, ағайындар-ау, бәріміз де бір-бір
атаның баласы, бір-бір шаңырақтың иесіміз ғой, Әр салада
жүрсек те білдей-білдей қызметкерміз. «Көрші хақысы – тәңірі
хақысы» деген дана сөзі бар еді аталардың. Соны неге ұмыттық?

Тіпті көршілер қазір бұрынғыдан да жақсы сыйлас болуға тиіс
емес пе? Ыдыс-аяғыңның сылдыры, бала-шағаңның шуылы бір-
біріңе естіліп те жатады. Сонда сыпсыңдаспай, түсінісіп, бір-
біріміздің тыныштығымызды ойлап, сыйласқанымыз жөн ғой.

Іргелеспіз, есік пен есік түйісіп тұр. Сөйте тұра жат адамдаймыз.
«Кемедегінің жаны бір» деген. Мәселен, жер сілкінсе, осы
үйдің бар адамының тағдыры бірге ғой. Керек десеңіз, қазіргі
заманда жер бетіндегі барша адам – бір-біріне дәл осы үйдің

адамдары секілді көрші. Мен солардың бәрін көршімдей
сыйлап, адам баласына қастандық қылмайтын ақниеттілерімен
бауыр болуға дайынмын. Бірақ солармен кездесе алмайтыным
өкінішті. Ойлап қарасақ, келте ғұмырымызда жер бетіндегі

миллиондаған
адамдардың
саусақпен
санарлықтай

ғана
тобымен таныс-біліс болады екенбіз. Ал қаншама адамдар бір-

бірінің жер басып жүргенінен бейхабар қалады. Солардың
ішінде
бір-бірімен
достасуға,

туыстасуға,
бауырласуға
лайықты, бірақ бірін-бірі білмей өтетін жайсаңдарға сан жете
ме? Мен адамзатты сүйемін, сіздер де сүйеді деп ойлаймын,

құшағымыз бен ғұмырымыз жетпесе де, көңіліміз кең, бәріне
де орын табылады. Алайда «адамзатты сүюден гөрі көршіңді
сүю анағұрлым қиынырақ» деген. Көршілерімізді сүйейік, кең
дүниені мекен еткен адам баласының қиыр шеттегісіне қайран

жоқ, көзімізге көрінгенін сүйейік, бауырлар! Ал біз болсақ бір-
біріміздің аты-жөнімізді де білмейміз! – Терең күрсініп, тағы
толғадым. – Мына Сәкеңнің есімін мен бүгін зорға тауып алып,
ұятқа қалған жайым бар. – Болған оқиғаны қысқаша айтып

бердім. – Ал сіздің есіміңізді әлі білмеймін. Қане, танысып
қояйық, менің есімім – Алмамбет. – Қарасұр көршімнің аты
Жапар, Сандырақманмен бірге келген бағанағы қонақтың аты
Қапар екен, ағып келе жатқан поезда танысқандай, бәріміз

жапырласып, қол алыстық. – Бәсе, жаңа жөнделдік қой.
Бұрыннан сіздерге есігім ашық еді, бұдан былай өз үйлеріңіздей
көріп, еркін кіріңіздер. Танысып-білісіп, араласып тұрғанға не
жетсін. Тіпті келе-келе дос, бауыр болып кетерміз. Бір-бірімізді

іздейік, ағайын!
Сонымен бірінші тосты танысқандығымыз һәм көршілер
ынты­мағы үшін деп көтердік. Қонақтарым қолдады. Дәм алып,
әңгіме-дүкен құрған болып отырдық. Бірақ мен күткендей

мәжіліс қызбады, құшақтар жайылып, көңілдер ашылмады.
Ешқандай ерекшелігі жоқ сыпайы ғана көп отырыстың бірі. Әлі
де сол есік алдындағы иек қағысудан әрі аса алмай отырмыз.
Аннан-мұннан үзіп-жұлынған сөздердің бір саласы қазіргі

көршілерге де ауыспай қалған жоқ. Бәрі де өздерін кінәлі
санағылары келмейді. Бұндай жағдайға қаланың беймаза
тірлігі айыпкер. Әркімнің жұмысы, тұрмысы, өз ортасы бар
дегендей, көршілерге бөлетін уақыт жоқ. Әрқайсымыз әр

салада қызмет істейміз, ортақ ештеңе жоқ, сосын, баяғы,
осындай қалыпқа түстік. Әрине, дұрыс демейміз, бірақ бұған
ет өліп кеткен. Бәріне де осы ұнайды. Оған пәлендей күйіп-
пісетін дәнеңе жоқ.

– Тұрмыспен санасуға тура келеді, бірақ адам жағдайдың

құлы болмай, оны билеуге тиіс қой, – деп дау айттым. – Қайта,

біздің құлқымыздың бұзылғаны кінәлі шығар бұған. Дүниенің
бәрін көршіңмен шекте деген сөз емес қой айтқаным. Қызмет
бөлек деген де сылтау бола алмайды. Гәп адамда!
Меймандарымның пәтуасы, әйтеуір, бір-бірімізге жаман­

дығымыз жоқ, жау емеспіз ғой болды. «Рас, жау емеспіз, бірақ
жатпыз. Мен бұған көне алмаймын. Жау болмау аз, жақын, дос
болуымыз керек». Бұл сөзіме жарытымды жауап болмады, бәрі
де «сіз-біз» десіп тұрғанға не жетсінге тоқталды. Біздің үйдің

бақыты, көршілердің татулығы үшін тостар көтерілді. Жып-
жылмағай, жасанды жарасымдылықтан мен өз әрекетімнің
бұларды есінен тандырып, ерсі көрініп қалғанын, қалыптасқан
қасаң тіршіліктеріне қақтығысып, арадағы тоңды жібіте

алмағанын таныдым.
Бір кезде Жапар көршім сөз алды. Айтып-айтып келіп:

– Иә, таныстыққа не жетсін, шіркін! Қазіргі заманда

таныссыз күн көру жоқ. Осы тұрғыдан келгенде Алекеңнің
пікірі дұрыс, – деп қарап тұр. Бұған шыдағанша...

– Жапеке, мен сіздерді танысайын деп шақырғанда, ақ

пейілмен, адам ретінде таниын деп едім. Әйтпесе шетел гар­
нитурын кезексіз, өз бағасына ала қояйын деген ниетім жоқ!
Мірдің оғындай тиген бұл сөзім көршілерімнің көздерін
бақы­райтып жіберді. Әйекемнің өзіме алара қарағанын байқап,

«Ертең тағы да ішіп кететін болдым ғой» деп, күрсініп салдым.
Сандырақман көрші сағатына қарап, он бірге он минут қалған
екен, рұқсат сұрады.

– Түнгі қонақтан ауыр салмақ жоқ қазір. Қатты күлсе де

көр­шілеріңнен қысылып, жан терің шығады. Жалпы, жөн-
жобаны білмей, түнделетіп, беталды жүретіндерге қайранмын.
Не мағына бар сонда? Сағат түнгі он бірден кейінгі тірліктің
бәрі ақылсыздық қой. – Әйекеме арнап бір сөйледі. – Сіз айыпқа

бұйырмаңыз, алдын ала хабарланбай, аяқасты, беймезгіл
уақта мына көршінің көңілін қимай келіп қалдық. Соған
ыңғайсызданып та отырмыз. Ал жақсы, көп рахмет.
Көршілерім сып-сыпайы қоштасып, сытылып шыға берді.

Әлденеден алданғандай көңілім құлазып, қонақтары һәм менің
тәртібім жайлы пікір алысқанша асыққан әйекеме де рай
танытпай, балконға шығып, темекі тұтаттым.

Түнгі салқынға кеудемді, жүзімді тосып, ұзақ тұрдым.
Сабасына түскен көңіл ақылға ұйыды. Дәл қазіргі сәтте ешкімге
әсері де, қажеті де жоқ бір ойлар тып-тыныш тұңғиыққа тартады.
Ақкөңіл, ақжарқын, адуын болсам да, тіпті кейбіреулерге

ұрда-жық, ақымақ көрінсем де, ой жарықтықтан барлық екі
аяқтылар секілді мен де кенде емес едім. Әлгіндей қақтығыс,
қырғи қабақтан кейін, нәзік жанымның жараларына сан қилы
ойлар дәру-тұғын. Қазір де әлгілермен ғана емес, бүкіл әлеммен

ойша алысып, тайталасып, дауға түсіп қалғаным...
Соншалықты жабырқап, буырқанып, жортуылға аттана­
тындай, бүлінген не бар? Түк те жоқ секілді. Көршілеріммен
танысқым келді – таныстым, бірге отырдық, дәмдес болдық,

әңгімелестік, одан артық не керек? Сол да мәселе болып
па? Дүние орнында, сынған, қираған ештеңе жоқ, әркім
өз тіршілігін жалғастырып жатыр. Енді бұрынғыдан гөрі
сәлеміміз жылырақ болады.. Ал тұрмыс өзінің бұрынғы

арнасымен аға бермек. Бірақ бұған басқаның көңілі толғанмен,
менің көңілім толмайды. Шынында да осы менің көңілім
өзге жұрттың көңіліне қарағанда ерекше бір пәле болу керек.
Дүниенің қызығы мен қуанышына, адамдардың ақжарқын

күлкісіне шөлдейді де тұрады. Рас, мен бір өз ләззаты үшін ғана
өмір сүріп жүрген қозба, яки көлденең көк аттыны бауырлап,
сауырына жабыса кететін арзан ағайын емеспін. Бірақ адамның
адамға деген қалтқысыз бауырмалдығын, есепшот қағысып,

тас аңдыспайтын ақпейілділігін, қысқа өмірде мейлінше
ұзағырақ уақыт бір-бірімен сырласып, шынайы көңілден
шаттана күлуін аңсаймын. Дүниедегі тоң-торыстық, қырғи
қабақ, қақтығыстың бәрі түсініспеушілікте немесе түсініскісі

келмеушілікте жатыр емес пе? Бір-біріне жау болмаса да,
бейтарап, жатбауыр болудың өзі, түптеп келгенде, адам
ұлының бір-бірін жоғалтуы, өмір атты ұлы көштің алдында
бір-бірін сатып кетуі ғой. Жә, мен бағана қалыптасқан тұрмыс

ағымын бұзып-жарып, аңқылдап жетіп барыппын, сол арада
санаспай, крахмалдап қойған қаудырлақ этикаларын кимей-
ақ, ақ көңілімді танып, айқара араласып кетсе қайтеді? Жоқ,
бәрі де бір керемет байсал­ды азаматтың пердесін киіп алып,

мінсіз жасалған ойыншықтай мүлтіксіз жылтырай қалыпты.

Сірә, солардың қолынан сондай бір сыпайыгершілік рөлін
ойнаудан басқа ештеңе келмей ме деп қорқамын.
Бірақ менің безінгенім мен қорыққанымнан келер-кетер
не бар? Ең аяғы қатар қонған көршілеріме да әсер етпегеннен

кейін, бұл ойлардың, сол бір әрекеттердің кәдеге асар кезі бар
ма? Алайда мен өзімнің алып жүрегіммен, батыр жүрегіммен
әлгіндей томаға-тұйық тоң тіршілікпен еш келісе алмаймын.
Адамның адамға деген жан жылуы болмаса, оның несі адам?

Адамға деген махаббат, абстрактылы жалпы махаббат емес,
нақты адамға деген махаббат табылмаса, көңілден орын алмаса,
жақсылық атаулы жүзеге аса ма? Әлде сол жан жылуының өзі
ақылсыздықтан туатын шығар? Жаңа Сандырақман көршім

астарлап «ақымақсың» деп кетті ғой. Сонда өмі­рін кешкі сағат
он бірмен межелеп, соның қасаң қорасына қамалып отыру ма
өмірдің мәні? Сонда менің, мен сияқты дос-жаранның түнімен
думан құрып, таңды қарсы алуы, көңілді кернеген кіршіксіз

сезімді сарқа ақтарып, жүрек құштарлығын тарқатуы –
үлкен ақылсыздық, мағынасыз даңғаза ма? Өмір дегенің
ақылмен ғана мағыналы ма? Адам жанының сілкіністері,
қақтығысы, бұралаң-бұралаң қия жолдары, тарқаған һәм

тарқамаған, таусылмайтын қызық-қуанышы үп еткен жел
түгілі, үрлесең ұшып жоқ болатын көпіршік қана ма? Менің де
бір кісідей ақылым бар, бірақ өз өмірімді тас-түйін жоспарлап,
әрбір адымымды есептеп, робот құсап өмір сүре алмаймын.

Оған ақылым жетер-ау, бірақ барлық тіршілікті ақылға,
пайдалылыққа жығып беру қолымнан келмейді; оған жүрек
стихиям тіріде жіберер ме? Ақыл-ой ізденісі, пайдалы еңбек
қандай қажет болса, жүрек стихиясы, жан мен тән қуанышы

да сондай қажет. Бар өмірін бас пайдасына құрып, әр басқан
қадамынан қазына табатын ұсақ есептің тоғышарларынан гөрі
мен өзімді анағұрлым бақытты санаймын, өйткені мен олардан
анағұрлым баймын, анағұрлым бақыттымын, өйткені мен

адамдармен қалтқысыз араластым, кіршіксіз достар таптым.
Әлі де араласып, әлі де дос іздеп табамын! Осының өзі мағына
емес пе!
Темекімді бұрқыратып қойып, сансыз шамдары жымың­

даған қалаға ұзақ қарадым. Әр шамның түбінде адам бар, ал

солардың мен білмейтіндері қаншама? Кенет көңілімде өзім
танымайтын жақсы адамдарға деген сағыныш оянды, оянып
алып, бүкіл ерік-жігерімді билеп, беймәлім қияларға, алысқа
үздіге шақырғаны...

Бұрын-соңды бармаған беймәлім жаққа сапар шеккім келді.
Тәк-тәкпен тежеген ақылға құштарлық көнер емес. Рас, қазір
тартып кетсем, тік көтеріп күтіп алатын, шұрқырасып табысар
достарым көп мұнда. Бірақ ескі достардың қадірі кеткеннен

емес, әлгі мәліштердің ызасына жаңа адамдармен кездескім,
танысып-біліскім келді. Бүгін жаңадан танысқым келгендігін
тәрк етті ғой әлгілер, бірақ бәрібір біреулермен кездеспей
тынбаймын. Адамдардың бәрі бірдей бұлар секілді тасбауыр

емес шығар, мені де түсінетін бейтаныстар бар ғой, шүкір.
Үйге кіргеннен кейін де, алданған көңілім алабұртып, байыз
таптырмады. Әйекем үйдің ішін сырдай ғып жинап қойған
екен:

– Жүз грамың бар ма? – дедім. Ниетім – өзіме-өзім келіп,

іштегі сайтанды тұншықтыру. Өмірі маған оң қабақпен арақ
ұсынып көрмеген әйекем кіржіңдей бастағанмен, менің
танауым желпілдеуге жуық қалғанын байқап, қалағанымды
жеткізді.

– Оң қолыңмен құймайсың ба? – деп сөгіп қойдым тағы...

Сарымсақ тістегенім жаңа еді, қоңырау шар-р ете қалды.
Ит қапқандай шоршып түссем де, елегізіп отырғандыкі ме,
үйге бір таныстарым кеп қалса игі еді деген ниетпен есікке өзім
жүгірдім. Ашсам... Қапарым тұр ыржиып... Қолында қара

сөмкесі...
Қара таппай, саяқсып отырған сабаздың көктен іздегені
жерден табылғасын белгілі; әне-міне дегенше төрге жайғасып,
қажетімізді алдымызға алдық. Менің әйекем де ғажап адам

ғой, қашан келсе де қонақты оң қабағымен қарсы алатын сирек
келіншектерден. Оларды ішпейтін қонақ, ішетін қонақ деп те
бөлмейді – бәрін бірдей сыйлай­ды. Бір ғана айыбы, айыпсыз
әйел бола ма, менімен бірге ішетін, яғни, өзі ішкенімен

қоймай, мені қоса күнәға батыратындарға суықтау. Мен сау
болсам болды, келген қонақ күні-түні ішсе де қыңқ етпейді,
ал егер мен қосыла іштім бе – бітті. Ондай қонақ, мейлі,

космостан келсін, әйекеме қадірсіздеу... Рас, обалы не керек,
оларға да бөтен сөз айту, ала көзбен қарауы жоқ, бірақ өзім
сеземін, тез құтылғанша асығады һәм іші жыли қоймайды.
Әлгінде көгендеулі көршілерім қыздай сызылғанда, Қапекең

менімен құшырлана соғыстырып, қызу кірісіп еді, сондықтан
да әйекемнің ішіне тоң қатқанын біле қойдым. Бірақ ондайға
қыңсам батырдың тұқымы боламын ба, қаперіме де ілмей,
Қапекең екеуміз құлшына кірісіп кеттік. Бағанағыдай емес,

әңгімеміз жарасып жүре берді. Етжеңді Қапарым күлгенде
сылқ-сылқ етіп, бүкіл денесімен қайрат қылады екен, үйдің
ішін думанға толтырды. Бір көргенге өңсіз жігітім қазір маған
тым ыстық, сүп-сүйкімді, әлденеден үркіп, денесін тастай

сала бір жаққа қашқысы келіп тұрған секілденетін бет-жүзі
күлгенде денесімен одақтасып, үйлесе қалады. Ауылдың озат
шоферы екен, Алматыға қыдырып келіпті. Жұмыстан қолы
босамай ығыр болып, үйде ішуге әйелден, түзде ішуге ГАИ-

дан сескене-сескене әбден күйген Қапекең былай шыға әй
бір тізгінді жіберген. Содан өмірі көрмеген астанада алдынан
шығып күтіп алған ағайыны Сандырақман емес, сержант,
ең алғаш көрген үйі айықтырғыш болыпты. Әйтеуір, аман

құтылған. Бағанағы келіссіздеу күйінің себебі сол. Ал қазір
ауылға қайтпақшы.

– Асықпай аралаймын, ағайынның үйінде аунап-қунап

жатамын ба деп едім. Мына көршіңіз Сәкең бізге алыстау
ағайын болып келеді. Ауылға келгенде асты-үстіне түсіп,
бір малдың басын жегізбей, жайлау аралатпай жібермейміз.
Ал үйіне келсек, осқырынады. Неден жақпай қалғанымды

түсінбеймін? Мілитсаға түскен мен, шыққан да өзім, оның
атына да, затына да келіп кетер түк жоқ. Бір самауыр суын
іштім, суына шомылдым – басқа қай салмағым батқанын да
білмеймін. Жаңа да осы үйден кеткім келмеп еді, барғасын

қайтіп жата қаласың, «ішейік, әңгімелесейік» десем, «ойбай,
сағат он бірден кейін болмайды. Ертең жұмыс... ақырын,
ақырын...» деп безектейді. Тұншығып өлетін түрім бар, сосын,
«ал жақсы» деп тайып отырдым.

– Уай, еркек, сауап қылған екенсің. Ендеше, осында бол.

Екеуміз таңғы он бірге дейін шырқасақ та ешқайсысы шұрқ
етпейді, – дедім желпініп.

– Ойбай, құрдас, рахмет. Жаттығың жоқ екен, бірақ

қайтамын. Жатам десем, қонақүй де бар ғой. Бірақ, неге екенін
білмеймін, кеткім келіп тұр, Осында ағамыз, өзіміздің Сәкең
бар деп сеніп, қара тұтып, дардай болып келсем... Қас-қабағын
бермеген соң, ризалығы жоқ деген сөз. Көңілім бір қалғасын,

енді бұл жерде демалыс жоқ. Былай шықсам ғана ұмытылады.
Қолқалама, пейіліңе рахмет.
Осылай бір ақтарылды да, иығыма қолын салып:

– Ал, құрдас, сенімен танысқаныма қуаныштымын, – деді. –

Мықты жігіт екенсің. Мен бәрін де байқап, ішіме түйіп отырдым
ғой. Ауылдың аңғал қазағы болсақ та, бізде де бірдеңе бар.
Сондықтан саған рахмет айтып, қоштасып шығайын дегенім...
Әдірес мынау, шын ниетіммен шақырамын, ауылға кел.

Бағанағы жын басылғандай еді, мынау құмыраның тығынын
жұлып алды. Ал мен де көсілейін! Бүгінгі жайттарды жырдай
қылып, көкейімдегіні қиссадай толғадым. Қысқасы, не керек,
сөздің тоқетері қатты болды.

– Сен қазір жүр деп неге айтпайсың? Аттануға жарамайтын

жаман еркек мен емес. Өзімді де жол тартып тұр еді, мына сені
құдайым кез қылғанын қара!
Екеуміз құшақтасып, сәт сапар үшін алып қойдық. Әйекем
шошынды, мен әмір қылдым.

– Қара дипломатқа бір-екі көйлек, шалбар, жол жабдықтарды

тез сала қой!
Әйекем мені қазір уысына түсіре алмасын білгендіктен,
дәрменсіз күлімсіреді.

– Жолың болсын. Бірақ түн ішінде қайда барасың? Қонып,

таң­ертең аттансаң қайтеді?
Әлі де қалжың санап, тоқтау айтқан түрі. Таң ата айыққан
басқа ақыл кіреді деген жорамал. Менің мастығым айықпасқа
кеткенін қайдан білсін.

– Жоқ, түнгі салқынмен жетіп қаламыз. Бол, міне, біз де

жи­налдық.
Шын екенін білген соң, бетімнен алып береке таппасы тағы
өзіне аян, дипломатты қолыма ұстатып тұрып:

– Алматының арағы аз болды ма? – деді кесірленіп.

– Мен арақ емес, адам іздеп бара жатырмын! Тыйып тас­

тадым.

– Шынымен кетпекпісің? Біз қайтеміз? Қайда бара жат­

қаныңды ойласаңшы. Айдаубай құсап... – Көзінің жасы мөлт-
мөлт етеді.

– Біріншіден, балалардың, өзіңнің тиын-тебендерің жет­

кілікті ғой? Жеткілікті! Екіншіден, Оспанхан Әубәкіровтың
«айналайын, ағаңмын» деген адамның артынан еріп жүре
беретін бір қаңғыбас, қасиетсіз кейіпкеріне теңегеніне күйіп
кеттім.– Мен Айдаубай сияқты мәліш емеспін. Мм-ме-ме-н

ба-ба-батыр-мын! – Үйдің қабыр­ғасын осылай бір сілкінтіп,
Қапарға қарасам, қобалжып тұр екен.

– Апырай, аяқ астынан... Ыңғайсыз болды-ау... Мына

құрдастың – менің әйелімді меңзегені – зауқы жоқ екен... сен,
былай көңілін тауып... әйтпесе...

– Қал дейсің ғой, баяғы! Әй, құрдас, қипақтайтын болсаң,

өзің біл Ал мен бір әйелім түгілі, дүниенің бар келіншегі
жиылып келіп, алдыма тұрса да қазір аттанатыным анық.
Майысқақтайтын болсаң, мәймөңкелеме. Сенің ауылыңнан
басқа ауыл құрып қап па? Қазақстанның кез келген түкпіріне

тартамын!

– Жоға, о не дегенің, құрдас! – Қапекең де ширықты. – Мен

сені басқа ауылға тірі жіберемін бе?! Тек, мына құрдастың
рұқсатын алып дегендей.

– Әй, Қапар! Бұрынғылар айтқан екен.

Есіктің алды ебене,
Ерлер киер кебене .
Кеткен кісі келе ме?
Алғанын тәңір бере ме?

Әр талапқа шығарда,
Қатынға ақыл салған соң,
Қатынның тілін алған соң,
Басында билік жоқ адам

Неше батыр болса да
Қатын да емей немене?!

Сол айтқандай, мен де қатын емеспін. – Осыны айттым да,
«жол болсынға» басып, Қапекеңмен қағыстырып, біреуді
тағы тартып жібердім. Ұйықтап қалған балаларымның
маңдайынан иіске­дім. – Ал, бәйбіше, айналайын, аман бол!

Амандық болса, дүйсенбіде ораламын, – деп, әлсіз қарсылығына
қарамай, ернінен қайқайтып тұрып бір сүйдім де, «Қарасай
батырдың аруағы қолдай гөр!» деп, есіктен бір-ақ аттым.
Қызып алған адамға қашық жер бар ма, тәйірі, заматта

автовок­залға зу ете қалдық. Келсек, соңғы автобус жүргелі
тұр екен; бұйырған қашпас деген ғой, екі билет те табылды.
Орнымызға нығыз жайғасып, бір-бірімізге сәт сапар тілегеніміз
сол еді, есік жақтан шу шықты. Бақсам, шал мен кемпір

шофердың бөгегеніне қарамай, автобусқа мініп алыпты.
Буыншақ-түйіншегін бір қолымен мытып ұстаған шал таяғын
шошаңдатып қояды.

– Орын жоқ, ақсақал, билетсіз мінгізуге болмайды, ол үшін

бізді өкіртеді, – дейді шарасы таусылған шофер кішірейіп.

– Нешауа, тап мені мінгізгенің үшін өкіртпейді. Алыс жер

емес, алпыс-ақ шақырым. Ақыңды төлесем, менде қандай
ақың бар?

– Ата, енді түрегеліп тұруға болмайды. Және, қайтіп сонша

жерге тұрып барасыздар? Асықпай демалып, жайланып,
таңертең жүресіздер ғой...

– Шырағым, түрегеліп барсам, талатын сенің емес, менің

аяғым ғой. Асығыс шаруам болмаса, түнделетіп жүрер ме едім?
Жайланып, демалуға сенсіз де ақылым жетеді. Айда, кеттік!
Амалы құрыған шофер қолын бір-ақ сілтеп, рульге
жармасты. Орнымнан атып тұрып, ақсақалдың қасына жетіп

келдім. Сәлем беріп едім, бейілденіп, сәлемімді ұзақ алды.
Бала-шағамның амандығына дейін сұрап болғасын, түйіншегін
алдым да, өз орныма ертіп әкелдім. Қапар да лып етіп ұшып
тұрды. Екі қария жайғасып отырған соң, көлдей ғып рахмет

айтты.
Екеуміз автобустың арт жағына таман жүре бергенімізде:

– Әдепті жігіттер екен, – деген дауысты құлағым шалып

қалғаны. Кілт бұрылып, осы сөзді айтқан кісінің қасына келдім
де, мейлінше сыпайылықпен тіл қаттым.
9-0047

– Кешіріңіз, сіз әдеп дегенді қалай түсінесіз?

Бетіме таңдана қарағанын байқадым: қаракөлеңкеде түрін
жөндеп көре алмадым, әйтеуір, шашын артқа қайырған, кең
маңдайы жалтыраған жігіт екен.

– Қызық сұрақ... Әдеп деген – әдеп. Былайша айтқанда,

этика.

– Дұрыс қой. Менің білгім келіп тұрғаны – басқа нәрсе.

Мәселен, сіздіңше, әдепті жігіт, яғни әлгі этикаңыздың әліп,
таяғын танитын, соны ұстанатын адам жақсы адам ба? Жаңа
бізді әдепті дегенде, жақсы жігіттер мағынасында айттыңыз
ғой.

– Әрине.

Үнінде таңдану басым.

– Сонда жақсы адам болу үшін этиканың қағидаларын

жаттап алып, содан ауытқымай жүру жеткілікті ме?
Бейтаныс жігіт бір сәтке ойланып қалды. Сәлден кейін ғана
басын шайқады.

– Бұныңыз ойлануды керек ететін қиын сауал екен, – деді.

– Иә, солай. Менің де бұл жөнінде көптен бері басым қатып

жүр. Сондықтан асықпай әңгімелескім келіп тұр сізбен.
Мүмкін болса, кішкене жылжысаңыз, құйрығымды бір шетіне
іліндіре отырайын.
Бейтаныс қопаңдап абдырап қалды.

– Ә... иә... иә, әрине, рұқсат. Мен өзім бастап айтуым керек

еді қайта.
Сөйтіп бір орынға екеуміз сығылыссақ та, сыйысып отыр­
дық.

– «Әдепті деп нем бар еді, әдепсіз пәлеге душар болдым-ау!

Жалғыз өзім жайғасқан жайлы орныма жармасып, мына бір
еңгезердей неме қайдан келді?» деп сөгіп отырған жоқсыз ба?
Мен аңқылдап, күле сөйледім.

– Жо-жоқ, ештеңе етпейді...

– Әзіл ғой. Мен әзілді жақсы көремін. Ал енді әңгімемізге

келейік. Мен сіздің әдепті, жақсы жігіт дегеніңізге шамданып
тұрған жоқпын. Бірақ жақсы жігіт деген жақсы атты ап-
арзан үлестіре салмаймыз ба, осы? Мәселен, жаңа біз, мына
жолдасым екеуміз – Қапар қасыма таяп келген екен, көршіме

нұсқап көрсеттім, үлкен кісілерге ойланбастан орнымызды ұсындық. Әдеп бойынша бәрі дұрыс, солай болуға тиісті де. Пәленің өзі осында болып тұр. Мысалға, өзімді-ақ алайын. Мен сол қарияларға өз орнымды әдеп бойынша тиісті болғандықтан бердім бе, жоқ әлде шын сыйлағандықтан бердім бе? Қайдан білесіз? Көршімнің қабағы түйіліп кетті, сірә, ойға шомған түрі. Қапар да еңкейіп, үстіме төніңкіреп қалыпты. – Шынымды айтсам, сіз мен күтпеген жаққа ойысып барасыз... Көршімнің үнінен екіұштылық аңғардым. – Күтетін дәнеңесі жоқ. «Мына сүйегін сүйреткен пәлелер қайдан ғана келе қалып еді? Тентіремей тып-тыныш үйлерін­ де жатпай ма екен? Кісіні жайландырып та отырғызбайды осылар. Қалт-құлт етіп тұрғандары-ақ жүйкеңе тиеді. Көрдім деген көп сөз, көрмеген болып, терезеге телміріп, яки қалғыған бола салсам ба екен? Бірақ дүйім жұрттың алдында таяғымен түртіп, талап қылса, масқара боламын-ау! Қой, құрсын, аш құлақтан тиыш құлақ. Жұрт жаман ойлап қалар», – деп, жылы орнымды амалсыз қиюым әбден мүмкін ғой, ә? Ал қариялар болса, маған алғыстарын жаудырып қала бермек... Бейтаныс көршім ішімді пыстырып, тым ақылды кейіппен ұзақ ойланды. – Дегенмен, – деді бір кезде сағыздай созып. – О кісілерге орын алса болды ғой. Сенің қандай ниетпен бергеніңде шаруасы не? – Міне, көрдіңіз бе, сіз де қалпыңыздан жаза алмай отырсыз. Мәселе соның бәрібір еместігінде. Мейлі, оны қойшы, қарапайым нәрсе ғой. Бірақ осы мәселені біз бүкіл өмірімізге, қарым-қатынасымызға көшірсек, бас қатыруға тұрады ғой. Яғни адамдардың қарым-қатынасындағы шынайылық пен әдеп пердесінің қайшылығы... – Әдеп пердесі? Әдептілік қалай перде болмақ? Көршім кең маңдайын ұстады. – Кәдімгідей... Мәселен, «сіз-біз» деген адамдарыңыздың бәрінің сізге ниеті түзу екеніне көзіңіз жете ме? Бірі сыпайылық үшін ғана сыйласып, екіншісі сізге жағу үшін алдап-арбап

жүрмегеніне, ертең құлағыңызда ойнамайтынына кепіл бола
аласыз ба?
Көршімнің жауабынан шошындым.

– Оның маған қажеті не? Жүз шайысып, бет жыртыспасам

болды да. Адамдар бір-бірімен әдепті сөйлесуге, сыйласуға
тиіс, ал жақсы көруге міндетті емес қой.
Көмейіме тас тығылғандай болды.

– Ау, сонда жаңағы қалыптасқан «сіз-біздің» жолынан

жаңылмау жеткілікті ме сізге? Адамның адамға деген шынайы
құрметі, ақ пейілі, керек десеңіз, махаббаты түк емес пе?

– Мен ондайды білмеймін. – Ол маңғаздана сөйледі. – Білгім

де келмейді.
Бұны айтқанда өзі түгілі, қас-қабағы, шашы, құлағы, бәрі де
жылтырап, таңданғандай болды. Сәлден соң тағы ілгері кетті.

– Рас, адамдар бір-бірін жақсы көрсе, жаман болмас еді. Бі­

рақ адам жаратылысынан эгоист, өзінен басқаны сүймейді ол.
Екін­шіден, біздің заманда баяғының сентиментальщинасына
орын жоқ. Сондықтан жүрегіме қосымша жүк артқым
келмейді. Ешкімге дөрекі қылық көрсетпесем, ешкімнің

алдында мат болмасам, басқа не керек?

– Мәссаған! – Даусым қатты шығып барып, өзімді-өзім бас­

тым. – Сіз өмірге шахмат партиясы секілді қарайсыз ғой. Мен
беталды емешеңіз езілсін деп тұрғам жоқ. Тек қана адамға тән
сезім пәктігі, шынайылығы жайында айтып тұрмын. Ал сіздің
пәлсапаңызға сүйенсек, адамдардың бүкіл қарым-қатынасы

– сыпайы алдау: ақылдың ойыны; шахмат фигуралары

секілді ережеден ауытқымай жүру ғой, ә? Мәселен, бейта­
ныс адамдармен алғаш танысқанда, қонақта дейік, сіз тас-
түйін бола қаласыз. Бүкіл ерік-жігеріңізді жұ­мылдырып,
ақылыңызды толық іске қосып, сап-салмақты, сыпайы азамат

ретінде көрінуге тырысасыз. Олар да сөйтеді делік. Хош. Содан
бір-біріңізді сынауға көшесіздер, әрине, іштей. Сызылып,
«сіз-біз» десесіздер. Жүрістен жаңылмауды, басқа фигураға
жем болып кетпеуді ойлаумен бастарыңыз қатып, жылтырап

отырып, жылтырап қайтасыздар. Ақжарқын әзіл, ашылып
әңгімелесу бол­майды. Өйткен қуыршақ өмірдің атасына нәлет!
Адамның жаны ережеге сыяды деп кім айтты? Жарайды,

пайдалы жұмыстар істеп жүрген, еңбегі сіңген азамат болыңыз,
оған дау жоқ. Бірақ «Адамның күні адаммен» деген аталы сөз
біреудің біреумен тамыр-таныстығын, бір-біріне бақай есеппен
тиімді шаруалар жасап беретіндігін мадақтау үшін айтылмаған

болар?!
Мен қызбаландым, көршім шамданды.

– Сонда сіз, – «сізі» сыпайы, бірақ сыздана шықты, – немене,

әдеп­тілікке қарсысыз ба?

– Жоға! – Мен шарт кестім. – Неге қарсы боламын? Әдепте

мән-мағына болмаса, адамдар оны әлдеқашан лақтырып
тастаған болар еді. Мен ішінде ит өліп жатса да әдеп пердесін
жамылып, алдамшы өмір сүретіндерге, адамның сезімін
қатып қалған қағиданың қорасына қамап тастауға қарсымын.

Адамның әдебі оның жан дүниесіне сай болуын, әдептіліктің өзі
жүрек мейірімінен жаралуын қалаймын. Ал сіз айтқан салқын
сыпайылықтың адамынан гөрі әдептілік ережесінен жаңылып,
артық-кем кетіп жататын, бірақ ақжарқын адамдар мен үшін

мың есе артық. Мәселен, әлгінде айтқандай, қонақта, жалпы
адамдардың ортасында, әдеп, әдеп деп ыздиып, сызылып,
аңдыспай-ақ, бірден жақын тартып, ашық әңгімелесіп
әзілдесіп неге отырмаймыз? Неменеге бір-бірімізден қорқып,

үрейленеміз? Қысқа тірлігімізде адамдармен армансыз араласу
керек қой. Жалпы, көлгірсіп, бір-бірімізді алдаудан, жақын
тартудың орнына, сұп-суық сырғақсудан қай мұратқа жетеміз?
Кең маңдайдың ар жағында не болып жатқанын байқама­

дым, әйтеуір, бер жағы бір жиырылып барып, қайта жылты­
рады.

– Дегенмен әдеп деген халықтың ғасырлар бойы қалып­

тастырған қарым-қатынас формасы, – деді сосын салтанатты
мақаммен. – Қалай айтсаңыз да оның ережелерін алтын заң
деп білемін.

– Рас, айтасыз, – дедім мен моп-момақан ғана. – Бірақ

халық оны бет перде үшін жасамаған. Сосын әдептіліктің
бұзуға болмайтын ережелері бар екенін мен де түсінемін.
Мәселен, танысыма сә­лем­десуім керек екені, дөрекі сөйлеуге
болмайтыны, қонақта қарсы отыр­ған бейтаныс келіншектің

бетіне түшкіріп жіберу масқара екені маған да аян.

Қапар мырс етіп күліп жіберді, жылтыр маңдай май жақ­
қандай жалт-жұлт етті. Әңгіменің тәмам болғанын ұқтым.
Абырой болғанда, автобус тоқтап, әлгі кемпір-шал түсіп
қалды. Біз бейтаныспен, өзі қалағандай, сыпайы қоштасып,

орнымызға оралдық. Мен туралы онша тәуір пікірде қалмағаны
белгілі. Ішімдегіні ақтарып айта салуға бір оқталдым да, бетіне
түшкіргендей болармын деп, үндегем жоқ.
Өмірде осындай тасбауыр, жылтырлардың толып жүргеніне

көңілім құлазып, онымен неменеге байланысқаныма ой
жүгірттім. Бақсам, әу баста қасына жетіп барғаным, бағанағы
әдепті көршілеріме деген ызадан екен ғой.
Өстіп күйіп отыр едім, Қапар тіл қатты.

– Алеке, тұнжырап кеттің ғой. Мына бір қаңғыбасқа еріп,

қайда келе жатырмын деп өкініп отырсың ба? Нешауа, үйге
жеткен соң, ғажап жасаймыз.
Іш тарта сөйлеген адамға назар аудармай, тымырайып отыра
беретін тоңмойындығым жоқ қой, бетім бері қарады.

– Ой, мына біреудің кездескенін айтамын да... Үйден шыға

бере, сапарды егестен бастағаныма қынжылып отырмын.
Қапар күлді.

– Соны қойшы. Ақылгөйсіген пысықтың бірі де. Ал сен

сапарды одан емес, алғыстан бастадың ғой... Әлгі қариялардың
ақ батасы мынадай мың ақылгөйден артық қой.
Мен Қапарды сұмдық жақсы көріп кеттім де, үнсіз қолын
қысып, көзімді жұмдым. Ойым сан-саққа жүгірді. Қызулық

тарқап, көңіл орнына келе бастағанда, адам өзіне-өзі есеп
береді ғой. Қазір әйекем­нің бір жолы әбден күйгенде: «He
жындының, не саудың санатында жоқсың» дегені ойыма
оралды. Шынында да, осыным қалай? Тып-тыныш тамағымды

ішіп, қисайып жатып қиссамды оқып, таңертең елмен бірге
монтиып жұмысыма барудың орнына, бейтаныс елге, дәл бір
сағынып отырған әке-шешем бардай тұра тартқаным не? Осы
ой қайта-қайта қылаңдап, жанымды жесін келіп... «Әй, атаңа

нәлет, бұл да бір қызыққа көрінгей» деп қолды бір-ақ сілтедім
сосын. Аттанбау керек, аттанғасын босаған айылыңды бек
тартып, беліңді бекем буған жөн. Жарты жолдан қайтқаннан
сақтасын. Өстіп бір серпілдім де, дөңгелегі жерге тимей, безіп

келе жатқан автобустың терезесінен жолға қарап отырып өзім
пір тұтатын Мұқағали марқұмның өлеңін іштей күбірледім.
Қарсы алдымнан қара жол қарсы ағады,
Бүкіл өлке қоштасып жар салады.

Аттанып кетіп барам әлдеқайда
Қандай тағдыр,
Білмеймін,
Қарсы алады!?

Мұңайып отырып, ұйықтап кетіппін, Қапар жұлқылап
оятты.

– Оу, тұр, келдік. Ұйқыны сойдың-ау, әбден!..

Содан Қапекеңнің үйіне салып-ұрып жетіп келдік. Үй іші
ертеңгі шайға жаңа отырған екен. Қарт анасы, қатқан сұлу
келіншегі, үш-төрт қара домалағы біз кіргенде бір дүрлігіп
қалды. Жуынып-шайынып, адам қалпымызға енген соң,

дастарқанға отырдық. Қа­пар мені досым деп таныстырды. Апай
жадырап, жөн-жоба сұрады. Әңгімелесіп, желпініп қалдық.
Бірақ, байқауымша, сұлу келіншек­тің бетіне қан жүгірер емес.
Жұқа еріндері қайқы екен. «Әй, бір ұрысқақ боларсың-ау» деп

түйдім ішімнен. Күйеуі алыс сапардан аман-есен оралғанда,
жарқырап қарсы алмаған келіншектерден үміт-қайыр күтудің
өзі бос әуре.

– Балам, – деді апасы Қапарға, – сені бастықтарың іздеп

жатыр. Кейін, арқа-басымыз кеңіген соң демалар, жұмысқа
шықсын дейді.

– Е-е, мейлі, белгілі әуен ғой, – деді Қапар, шайын асықпай

сораптап. – Науқаннан қалушы ма едім? Әнеугүні қитығып,
ерегіскен соң шыққанмын. Енді бір-екі күнге күйіп кетпес,
Алекеңді қыдыртып, шығарып салған соң кірісерміз.
Апам үндемей, маңдай терін сүртті де, әңгімені басқа арнаға

бұрды.

– Қалай барып қайттың? Барған жерің, Сандырақмандар

аман ба? Тез оралдың ғой.

– Аманшылық, – дей салды Қапар. – Ішім пысып, сыймай

кеттім.

Шай ішіп болғанша бұл үйдің шуағы мен ызғарын біршама
аңдағандай болдым.

– Оу, сен мен үшін әуре болып, жұмысыңнан қалма, – дедім

Қапарға оңашада.

– Әй, Алеке-ай, сонша жерден серік болып келіп, көңілге қа­

рамайсың-ау, көңілің ортайып қалды ма? Мені кім деп тұрсың?
Саспа, бәрі ішіңде болсын, кейін әңгімелесеміз. Қазір уақыт
өткізбей, жайлауға, ағама тартып кетейік. Тамақты келген соң
ішерміз.

Қапар көк қасқасын ерттеулі аты секілді қорасында ұстайды
екен, дүрілдетіп жөнеп бердік.

– Озаттың аты озат қой, совхоздың айнадай машинасын өз

ша­руасына меншікті өгізіндей жегеді, – дедім қағытып. Қапар
күлді.

– Кей-кейде өстіп бүлініп тұрған да жақсы, ылғи тәртіппен

жүре берсең, өзің де машина болып кетесің. Сен сияқты
жігіттерді бір қыдыртпақ түгілі, осындай машинаны басы
бүтін мінгізіп жіберсе де артық емес.
Сөз аяғын қалжыңға сүйеп, өзіме тіреді. Салдырлап отырып,

қырға да шығып кетіппіз.
Кең жайлау жарықтық құшағыңа да, көкірегіңе де сыймай
далиып жатыр. Машинаны тоқтатып, жерге түстім де, кеудемді
желге төсеп тұрып, төңірекке ұзақ қарадым...

Әп-сәтте Қапардың ағасының үйіне жетіп келдік. Жеңгесі
жайда­ры
қарсы
алды.

Амандық-саулық
сұрасып,
мені
таныстырғаннан кейін екеуі бір-бірін қағытып, қалжыңдасып

кетті. Алты қанат ақ үйдің қасында бір топ бала сақа ойнап жүр
екен. Балалығым ұстап, мен де кірістім.

– Қайсысына тигізейін? – дедім, тәмпіш қараның сақасын

қолыма ала беріп. Ол мұрнын бір тартып:

– Бәріне, – деді.

«Сақам, сақам, соқ» деп, шиыра тартып жібергенімде, ті­
зілген дилар бытырадай шашылды. Дәл ортадағы екілік дидың
быт-шыты шығып, шашырап кеткені. Балалар мәз болып, ди
жинауға кіріскенде:

– Қайным-ау, ауылды әбден сағынып қапсың ғой, – деп,

жылы сөйлеген жұмсақ жүзді, ажарлы жеңгей бізді үйге
шақырды.

Салқын қымызды енді ала бергенімізде, сырттан ат дүбірі
естілді де, ұзын бойлы кісі кіріп келді. Сәлемдесіп, жөн сұраса
келе білдім, Қапардың ағасы Ұзақбай екен. Ол кісі ағалық
танытып, жол болсын айтқаннан кейін, кеңкілдеп күліп алды.

– Жаңа үйге келе жатсам, еңгезердей біреу арбаң-арбаң етіп,

балалармен асық ойнап жүр екен. Бұл қай жынды екен деп
басым әбден қатты.
Жынды дегенін өзімсінгенге жорып, «жаттығы жоқ жақсы
кісі екен» деп ойладым да, мәз-майрам боп қалдым.

– Сол жындыңыз мен, ағасы.

Ұзекең шынымен қысылып, қызарақтады, ал жеңгей
жұбайын жанарымен жұмсақ қана жекіп өтті де, дастарқанға
бөтелке қойды. Ағамыз бізге, әсіресе маған айрықша ілтипат
білдіріп, жылы сөз айтты. Құрыс-тырысымыз жазылып, енді

жадырай бергенімізде, қолқа салды:

– Ал, айналайындар, кеп қалған екенсіңдер, бір малдың

басын жейтін жөндерің. Бірақ шаруаның ыңғайы болмай
тұрғаны. Енді, сендер өзімізсіңдер ғой, жағдайды түсініп, айып
етпессіңдер. Үйге бір үлкен кісілер келе жатыр екен, ана отау
үйге барып, оңаша, емін-еркін, ойнап-күліп отырарсыңдар.

Мен не дейін, үнсіз қалдым. Қапар қоқиланып, қопаңдай
бастап еді, санынан мытып, басып қойдым.

– О кім тағы?

Жеңгейдің жанары жалт ете қалды. Ұзекең аспай-саспай,
бипаздай сөйледі.

– Хамзекең маған арнайы сәлем айтыпты. Алматыдан бір

дөкей келген екен, соны біздікінен түстендірмек. Тезірек
қамданбасақ болмайды, кеп қалады қазір.

– Е-е, келсе келер, көрмей жүрген қонақ па? Сонша неменеңе

желкілдейсің?

– Желкілдемегенде... Сый қонақтар мына көрші-қолаңның

алдында абыройыңды асырмай ма?

– Қойшы сен де! – Күйеуіне жеңгейдің көңілі толмай қалғаны

байқалды. – Елден аққұла...

– Ойбай-ау, не айтып тұрсың?! – Заты күйгелек пе әлде

ақылын ақаң биледі ме, әйтеуір, Ұзекең қызынды. – Бұл
күнде дөкей аз, күтуші көп. Бәлсінетін неміз бар? Күтпесең,

бұрылады да, ана Жөргембайдікіне барып түсе салады. Оны
көргенше, аттан құлап өлгенім артық!
Қапар қап-қара болып түтігіп зорға отыр, жеңгейдің ажарлы
жүзіндегі елеусіз әжімдер лезде сай-сай болып шыға келді.

Оларға пысқырып жатқан Ұзекең жоқ, есіп отыр.

– Әрісі облыс, берісі совхоздан келген қадірлілерді көрген

едік. Енді бәрін қойып, астананың төрінен бір-ақ шығатын
болдық. Бұл жол­ғы қонақтың жөні мүлде бөлек; дүмі мықты,
нағыздың өзі көрінеді. Тез қамдан, ана балаларды үй маңынан
аулаққа ойнатарсың. Аяққа оралғы болып, ұятқа қалдырып

жүрер. Мен мына жігіттерді отау үйге апарып, жайғастыра
қояйын.
Өзінен-өзі абдырап, біресе қуанып, біресе сасқалақтап
жүрген Ұзекеңе әуелі күлкім келді. Іле-шала бойымды ыза

кернесін; бұл келе жатқан менен әулие болатындай кім?
Мықты болса, өз жұмысында мықты шығар, ал ен жайлауда
бәріміз де терезесі тең адамбыз ғой. Мына кісі сыпайылап,
«кет» деп отыр бізге. Қалай үрлесе, солай домалайтын

қаңбақпын ба сонша?

– Жарайды, бопты. – Жеңгейдің ажары қайта кіріп, жадырай

сөйледі. – Бірақ қонақтың бәрі – қонақ. Ол дөкейлерің қой
жегенмен кісі жемейтін шығар. Қайындарыммен бірге болса,
түктері кетпес.
Бүкіл ашуымды ақылды сөз жуып-шайып әкетті. Бірақ

Ұзекең қояр болмады.

– Ойпырмай, сен де қайдағыны оттап... Айтып тұрмын ғой,

бұл келе жатқан бұрын-соңды біздің өңірде болмаған нағыздың
өзі деп. Әр нәрсенің жөні, әркімнің орны бар дегендей... Бұл
жігіттер өзіміз ғой енді...
Бұдан әрі бөгелсем, бірдеңе айтып тастайтынымды, Ұзе­

кеңмен шатасатынымды ұқтым да, «қой, үлкен кісі, үйіне
келіп отырмын, қалай күту өз еркі ғой» деген ойға тоқтап,
тұрып жүре бердім. Ешкімнен ықпай, еркін өскен қайран
басым қорланып кетсе де, «бір жөні болар» деп жұбандым.

Булығып, бүлінуге айналған Қапарды қарынан ұстап, жүдеп
қалған жеңгейге күле сөйледім.

– Ұзекең дұрыс айтады. Өңшең мес қарындардың арасында

бізге не бар? Емін-еркін көсіліп, отау үйде жатқанға не жетсін!

Отау үй қашық емес екен. Ұзекең өзі бастап әкелді. Келіні
шай жасаған соң ағамыз тағы да сөз алып, көсіле бергені сол
еді, жеңгей кірді де:

– Кісілерің келді, – деді.

Әлгінде ғана аталы сөз айта бастаған Ұзекең қалбаңдап,
қа­сиетінен айырылды да қалды. Уыстай ұстаған стақанын
төгіп-шашып, дастарқанға қоя салды да, бізге тіл қатпастан
созалаңдай безе жөнелді. Бізге қарап, терең бір күрсінген

жеңгей соңынан ілесті. Аңтарылып қала бердік...

– Шай алыңыздар.

Келіннің нәзік даусы селт еткізді. Есімді жиып, ағасына
ыза болып, күйіп отырған досымды тіршілікке шақырдым.
Жас отауға игі тілек тілеп, жөн-жоба сұрадым. Бақсам, үй иесі
Ұзекеңнің туған, Қапардың немере інісі екен. Осында ағасына

көмекші көрінеді. Тығыз жұмыстарымен қалаға кеткеніне
екі күн болыпты. Осындай жайларды қозғап, әңгімеге қанша
тартсам да, Қапарым жіби қоймады.

– Сонша дүрлігіп, ес-түсінен айрылып не көрінді екен? – деп

дүңк етті бір кезде. Менің де қаным қайнады. Әу баста ойға
алғанымды ақтарып салдым.

– Ал, ендеше былай... Қысылып қыз, сызылып сыпайы

болмаспын. Қазір сонша дардитқан дөйлерін көрейік. Үстеріне
кіріп барсақ, Ұзекеңнің «жоғары шық» деуден басқа амалы
қалмайды...

–Демей көрсін... Біржола кетісейін...

– Сен лепірме, Қапар. Тізгінді маған бер де, қызығыма қарап

отыр. Бағанадан бері сенің ағаң болғасын шыдап-ақ бағып едім,
енді болмайды...
Екеуміз тас-түйін жиналып, Ұзекең үйіне тарттық.
Есікті айқара ашып, кіріп келсем, қақ төрде... о құдірет, өз

көзіме сенейін бе, сенбейін бе... екі беті балбырап, күреңітіп
Қиқымат отыр!

– Уай, ит, сен қайдан жүрсің! – деп, туфлиімді сыпырып

тастай салып, құшақ жая ұмтылдым. Ол да елпілдеп, жабыса
кетті. Шұрқырастық та қалдық. Үйдегілер де, Қапар да аң-таң.
Алматыдан келген дөй қонағы бойлары үйренген, балаларымен
асық ойнаған аусардың қолында желпілдегеніне түсіне алмай

тұр. Аптығымызды басып, жөнге келдік. Қайдан, неге жүргенін
ашып айтса, Қиқымат бола ма, жымиып, жұмбақтай, салды.

– Елді сағынып, жайлау аралап...

Тап осының түсіне ел, жайлау кіріп, сағыныштан құса
болады деп ойламаймын, әрине. Кекете күлдім. Қиқымат мені
көргеніне қатты қуанған кейіп танытқанымен, ішім сезіп отыр,
әлгіндей емес, тері қатып, біртүрлі жүдеп қалды. Енді қайтсін,

бүкіл елдің сыйы жалғыз өзіне арналып, король боп отырған
жерінен түсіп қалу оңай ма, менің бұдан айбынымды асырмай
тынбайтыным, өзін өтірік мақтап абырой әпермейтінім
бесенеден белгілі. Басқа бір жұқалтаңдар болса жасығанын

сездіріп қояр еді, бірақ қатпары қалың неме қопаңдамай, нығыз-
ақ отыр. Қасында домаланған біреу бар екен, аты – Хамза.
Күтіміне қарағанда бұл да осалдардан болмады. Айтқанымдай-
ақ, құрметті қонақтың, яғни Қиқыматтың жол басшысы,

осы ауданның жартылай ауыр салмақ категориясынан болып
шықты. Танысып, жөн сұрасқаннан кейін, Қиқымат «жол
болсын» деп маған қарады.

– Өзің қайдан жүрсің?

– Қаңғып жүрмін, – дедім қитығып. – Осы ауылда керемет

жайсаң жігіттер бар, барсаң хан көтереді дегенді естіп,
түнделетіп тартып кеткенім. Құдайы қонақ болып отырсам,
дөй келеді деп, бір ауыл әбігерге түсті. Өзіміз де бой тасалауға
мәжбүр болдық. Мен дөй көрмей жүрмін бе, үй иесі айтып,

қиылған соң, амал қанша. Апырай, дақпырт жаман екен ғой!
Өстіп бір ашуымды тарқатып алдым. Жеңешем маған жылы
қарады, ағамыз елемегенсіп, «шай ішіңіздер» деп бәйек болды.
Бірақ кесемді өзі әпергенінен беті бері қарағанын байқадым.

Қиқымат пен жартылай ауыр салмақ күлгенсіді.

– Ay, ағайын, шайдан бұрын айтатын өкпем бар. Өкпе деген

қазақтың бір ғажап қасиеті, бір-біріне назы ғой. Айтылмаған
өкпе көкірекке түскен құртпен тең, арылғанға не жетсін, –
дедім де, домбыраны қолға алдым.
Ағеке-ау, «абыройың» асқанын-ай,

Бүгінде сені қара басқанын-ай.
Қылмысы бар қоймашы секілденіп,
Дөй келеді дегенде сасқаның-ай.

Ауылдың көремін деп сай-саласын,
Шығып едім қаладан тайталасып.
Қиқымат үшін үйіңнен қуып шықтың,
Қазақтың арыстандай бір баласын.

Неге сонша ұрыдай қуыстандың,
Қабағына қарамай туысқанның,
Бір мәнісі мұның да болар-ау деп
Амалсыз отау үйге жылыстадым.

Әуелде бірге жүріп көп боп келдік,
Көрер көзге бір қара топ боп келдік,
Жеңешем кеп артыңнан, «ішт» дегенде,
Ләм деместен, ағеке, жоқ боп кеттің.

Жеңеше-ау, күндей күліп жайнай берші,
Ақылмен алыс-жақын ойлай берші,
Ағамыздың сүйегі жасық екен,
Алдыңа сап әрдайым айдай берші.

Ағеке, ата салтқа қарамадың,
Қонақты жікке бөліп, алаладың.
Қиқымат дөй болғанда, мен нағыз сой,
Дәмдес бол деп айтуға жарамадың.

Ендеше мен келейін кеңесіме,
Қиқымат меніменен теңесе ме?
Ақылы сізден гөрі молдау екен,
Тізгінді берсең қайтеді жеңешеме.

Бәрі де дуылдап, бір серпіліп қалды. Жеңешем сылқ-сылқ
күліп, маған сүйсіне қарап отыр. Ұзекең қызарақтаса да, шын
пейілмен, ризалықпен кеңкілдеді: әйелін мақтағанды кім жек
көрсін!

– Апырмай, өлтірдің-ау, сенің бұндай екеніңді қайдан

білейін!
Ұзекеңнің бұл сөзі мен жеңешемнің мейірлі жанары беде­
ліміздің қаншалықты өскендігіне куәгер. Қолынан сусып

бара жатқан тізгінге Қиқымат жармасқан жоқ, өле алмай жүр
дейсің бе?
Шай ішіп, бірер бөтелкенің басын қағып тастап, жадырап,
кең отырдық. Әңгіме Ұзекеңнің биылғы жоспарды орындағаны,

келер жылы жүз қойдан жүз жиырмадан қозы алуды
көздеп отырғанына ауысқанда, Хамзаның көзі сығырайып,
танауы төбеге қарады. «Ол біздің қолда ғой» дегенді ашып
айтпағанымен,

сыздықтатып,
сыздана
ишара
қылғаны.

Отардың қошқары секілденгенін ұнатпай қалдым. Біраздан
соң тер басып, бой жазуға далаға шыққанбыз...
Адыр-адырды қуалай қонған қойлы ауыл көзге ыстық,
көкейдегі әлдебір сезімдерді қытықтайды. Топталып, тама­

шалап тұр едік, салт атпен қойшының баласы келе қалды.
Сәлемін алғаннан кейін: «Балақан, ағаңа атыңды түсіп
бермейсің бе?» дедім. Сөзге келген жоқ; жирен қасқаға
қарғып мініп, ойқастай жөнелдім. Етектен төскейге, одан

ылдилатып, жазыққа шыға құйғытып-құйғытып аламын. Кәрі
даланың, менің даламның төсінде мен мінген аттың да тұяғы
дүсірлегеніне мың шүкір. Аруағым оянып, танауым делдиді:
қарсы алдымнан ескен жел жүзімді аймалады. Жарықтық

дала барда, далада шапқан ат барда, ат үстінде ұлан барда елдің
қасиеті жоғалмайды ғой.
Құмарым қанып, қайта оралғанымда, Қиқыматтар көшіп
жатқан қойшы үйіне тақап қалыпты. Атты балаға ұстатып,

құйрығынан бір қағып, маңдайынан иіскедім де, топқа
қосылдым. Бейтаныс қойшы мен әйелі алты қанат қоңыр үйді
жығып, машинаға тиеп жатыр. Дидарласып, көш көлікті
болсын айттық.

– Әнеугүні апшымызды қуырып, жер ыңғайына да қарат­

пады ғой, қараң қалғыр. – Қойшының әйелі наразы. – Судан
сонша жыраққа түсіріп кетті. Машина жылында бір қолға тие
ме, жоқ па, мына біреу кеп қалған екен, көшіп алайық деп жа­
тырмыз.

«Мына біреуі» көк майсада шалжиып жатыр. Бізді, дәлірек
айтқанда, Хамзаны көріп, ұшып тұрып, сәлем берді.

– Неғып көмектеспейсің? – дедім тікесінен.

–Е-е, өздері артады да. Көрсеткен жерлеріне жеткізіп берсек,

екі дүниеде разы шығар.
Бюрократтау шофер екені білінді. Жыным мұндай келмес.

– Хаке, – дедім, жартылай ауыр салмаққа. – Малшы­

ларыңыздың қамын осылай ойлайсыздар ма? Көшіп-қонуға
көмекші қайда?
Хакем мені әлі онша менсініңкіремей жүр, сірә, кім екенім
жетесіне жетіңкіремей тұрса керек.

– Е-е, бір үйлерін өздері де көшіріп алатын шығар.

Тісінің арасынан шырт түкіріп, шартиып тұр. «Іштен бір
тебер ме еді?» деп ойладым.

– Оу, бұл не тұрыс, жігіттер? Әйел жүк тасып жүргенде...

Қане, кеттік.
Қапардан
басқа
ешқайсысы

қолдамады.
Солармен
салғыласып жатамын ба, костюмді лақтырып тастап, Қапар
екеуміз кірісіп кеттік. Әп-сәтте бір бусанғанша тиеп алып, су

бойына апарып, үйді тігіп те жібердік. Үй иесі бәйек болып,
бөтелкесін суырып алды. Бұл кезде шартықтарым да кеп
қалған екен, «қоныс құтты болсын» деп, қағып тастадық.
Жаңа атын берген бала осы үйдің баласы екен.

– Балақан, атың жақсы екен, қалай, өзің де жақсы оқисың

ба? – дедім.
Ыржалаңдап күлді. Қойшы мақтанып қойды.

– Әтлішнік. Биыл алтыншыға көшті.

– Е-е, ержетіп қапты ғой. Енді бір үш-төрт жылда бір қызды

алып қашып кеп тұрады ғой аман болса.
Бала қызарақтап, төмен қарады. Шешесі «тәубалап»,
«аузыңа май, айналайын, соған жазсын де» деп алғысын жау­
дырды. Қойшы күлді.

– Күшік... Оқытамын. Мына Хамзекеңдер секілді болса,

жаман болмас.

– Дұрыс, оқы, айналайын. Оқымай, рұқсатсыз әйел алып

келсе, маған хабарлаңыз, өзім келіп, тәртіпке сап беремін, –
деп жол-жол білегімді көрсетіп қойдым. – Ойнаймын, балақан,
оқы. Алматыға келсең, үйге соқ. – Адресімді қолма-қол жазып
бердім; үйіне шақырып, бірақ адресін айтпайтын мәліш емеспін

ғой. – Жақсы бол. Бірақ мына екеуі сияқты болма, Қиқымат пен
Хамзаны нұсқап қойдым да, баланың маңдайынан иіскедім. –
Мен сияқты бол!
Шынымды айтсам, аналар әзілге жорығансып, пышырай

күлді...
Былай шыға, Қиқымат жеңімнен тартып, оңашаласын:

– Батырекесі, сені біреу түсінеді, біреу түсінбейді. Кішкене

былай абырой жоғалтпасақ...

– Е-е, мен қай жерде абыройымды айрандай төгіппін?

– Алматыдан келді деген атымыз бар, кішкене салмақтырақ

болсаңшы. Балалармен асық ойнап, далақтап атқа шауып,
жүк тасып жүрсең сыйламайды қазақ. Бұларға сіресіңкіреп,
кекірейіңкіреп тұрсаң қадірлісің.

– Әй, не оттап тұрсың? – Қан жайлауда Алматыдан келген екі

дос бетпе-бет келдік. Осы Қиқыматтың кім екендігін қазір мен
жақсы білемін, осымен кешкен хикаяларыма ой жүгірткеннен
бері бұның оңбағандығына көзім жетіп, бүгінде іштей суып,
кетісіп

қалғантұғынмын.
Екеуміздің
«сіз-бізіміз»
қазір

студент кезден қара нанды бөлісіп жеген ескі жолдастықтың
екпінімен кәдеге асатын жансыз әдет қана. Арамыздағы әлсіз
жіпті бытырлатып қанша үзгеніммен, Қиқымат ебін тауып,
білдірмей жалғап қоятын. – Бірдеңе үйреткің келіп тұр ма?

Егер мен осы өмірімде бір ойға табан тіреп, бір үлкен ақылға
ие болсам, ол сенің тіліңді еш уақытта алмау. Бедел дейді ғой.
Хамза екеуің құсап дүрдиіп, дөңайбат көрсетіп, аңқау елді
әуреге салып жүрмей-ақ қойдым. Өйтіп сіреспей-ақ, жылы

жүзбен келе берсең, құның кетіп қала ма? Осы үйдің сойған
қойын қай еңбегім сіңді деп дандайсып, қай бетіңмен жейсің,
ей? Ал мен ұялмаймын, өйткені қонақпын. Сен бір осыларды
жарылқағыш бола қапсың ғой. Сенсіз де баққан қойын бұдан

былай да бағады. Дөй боп дүңкигендерің үшін-ақ екеуіңді
ауылды айналдыра сабар едім, әттең, кішкентай ғана ақылым
соған жібермейді. Алматыдан келген екеуі төбелесіпті деген
атқа қалудан ұяламын, әйтпесе сенің көн боп қатып қалған

көңіліңе, жылтыраған бетіңе қарайын деп тұрғам жоқ. Ал
енді жайлауды, елді сағынып келгенде, көк шалғынға аунап-
қунамасам, атпен құйғыта шаппасам, бала болып асыр салмасам
құмарым тарқай ма? Елдің алдында бәріміз де баламыз, есіңде

болсын. Әулиесіме, Қиқымат! Дүниеде қулықтан үлкен ештеңе
жоқ деп, үрген қуықтай ісінесің де тұрасың. Ондай тұлып
беделдің керегі не маған? Не сонда, менің балалығым оянса,
асыр салып ойнасам, көшкен үйге көмектессем, беделім кеміп

қала ма? Сөйтіп ойнап-күлгеннен, яки, сен құсап сіресіп
тұрғаннан адамның шын болмысы әп-сәтте өзгере қала ма?

Ойнап-күлгеннен менің шын қасиетім кетінеп, сірескеннен
сенің шын қасиетің арта ма? Сен солай сіресе-сіресе көңіліңнің
шын құштарлығын тұншықтырып, жалған, көзбояу бедел
үшін өлтіргенсің. Қазір көрсоқыр көкірегің ондай пәк сезімнен

жұрдай. Енді жылап сұрасаң да саған ол жоқ. Мен құсап жүру
қолыңнан келмейді. Сен жалған адамсың. Не, бағана шешініп
тастап, қойшыға қолғабыс жасасаңдар, кеміп қалатын ба
едіңдер? Қойшыда да көз, көңіл, зерде бар, кімнің кім екенін

ол да таниды, бірақ мен құсап айтпайды. Қанымды қыздырма,
үрген местей бұлтиып жүре бер, әйтпесе пыс еткізіп желіңді
шығара саламын!
Кекілінен ұстай ала жаздап барып, өзімді-өзім әрең ұста­

ғаным. Қиқымат қиқылдап күлгенсігенімен, қаны қашып-ақ
кетті.

– Уай, батырекесі, қойшы, құрысын. Алматыда таусылмаған

дауды жайлауда қоздырып кайтеміз. Одан да алаңсыз
демалайық та, – деп, ымыраға шақырды.

– Ал мен кез келген жерде сенің алдыңнан шығамын да

отырамын. Тұқыртып, желкеңнен басып отыруға жалық­
паймын, есіңде болсын!
Самал жел екеумізді де үйге жеткенше қалпымызға келтірді.
Үйге тәп-тәртіпті кірдік.

Хамзекең құс жастықты жұмарлап, қисайып жатыр. Көзім
түсіп кеткені – иттің баласы аяғын да шешпепті. Жаңа далада
басып кетсе керек, төрт-бес құмалақ ақ киіз бен пүліш көрпенің
арасында баттасып қалыпты. Үндемей-ақ қояйыншы десем де,

көзге күйік екен, жүрегіме жағылғандай болып, жынымды
шақырды. Домбыраны алдым қолыма. Шертіп-шертіп, елді
өзіме қараттым.
Мықтыға жалтақ қана жағынады,

Оны көрсем әрқашан қағынамын.
Еңкейсең, қозы қарның жарыла ма?
Туфлиді шешіп келсең неғылады?
Ұзекең мен Қапар шыдай алмай мырс етті. Жеңешемнің

жанары жалтылдап, сүйсінгеннен сақ-сақ күлді. Хамза аяғын
10-0047

жинап, басын көтергенде, көзі құмалаққа түсіп, қызарып,
шөгіп қалды. Тәубесіне келтірмей қоямын ба!
Бастықтың оңғанын да, оңбағанын,
Көп көрдім сен сияқты домалаған,

Даланың қойы менен ешкісі де
Шашпайды төрге шығып құмалағын!
Үй іші қыран-топан күлкіге толды. Қапар ішін басып алып:
«Әй ерім-ай, өлтірдің-ау», – деп селкілдейді. Қытығына тиіп,

зорға шыдап отырған Ұзекең де еркектік танытып, «сауап
болды» деп жіберді. Жеңешемнің әдемі күлкісі Хамзекеңе
әсіресе қатты тиді. Қиқымат екеуінің жапырылып, менің
қолыма су құюға да жарамай қалғанын ұқтым.

Өзіне ұрынбасам да, Қиқымат та құнысып қалыпты.
Бақсам... бұл да туфлиін шешпеген екен, енді қайда тығарын
білмей, аяғын бір бүгіп, бір жазып, сасқалақтап отыр. Ешкімге
естіртпей, құлағына жайдары ғана сыбырладым: «Есіктен

атып жібермей тұрғанда, бар да шешіп кел».

– «Аталы сөзге арсыз тоқтамайды» деген. Тауып айтқан

соң қолқа жоқ. Айып бізден, – деп, Қиқыматтығына басып
құтылып шыға келді. Құнжыңдап, ол көтерілген соң, Хамзекең
де домалады. Көрпе мен киізді сүрте берген жеңешем тағы да
мырс ете қалды.

– Ау, ағайын, бәрі әзіл-қалжың ғой. – Ұзекең күнұзаққа бір

көсілді. – Бұндай думанды қызыққа не жетсін! Сондықтан да
мына сый қонақ үшін бір алып қояйықшы.
Бұл – ресми мойындау; Қиқымат қиналса да қағып салды,
Хамзекең ұрттады да қойды. Ұзекең мен Қапар ғана емес,

жеңешем де аппақ қылды.

– Да-а! – Хамзекең сөйлей күрсінді. – Бізді қырыңа қатты

алдың ғой. Бастық атаулыны жек көресің-ау, сірә! Солардың
тізесі батқан-ау, не өзің тізгінге ие бола алмаған соң, елді
күндейсің. Ішің тар.

– Қателесесің, Хаке, қайта мен бастықтарды жақсы көремін.

Рас, рас, күлмей-ақ қой. Е-е, мен неге оларды жек көруім
керек? Олар да мен сияқты адам, шаруа қамы үшін жарғақ
құлағы жастыққа тимей жүргені. Ел басқару оңай емес.
Оларды әрқашан да құрметтеу керек, мен өзім сөйтемін де.

Бірақ бастық болу – қызмет. Ал адам ретінде, яғни жұмыстан
тыс тіршілігімде мені біреу неге басқаруы керек? Біреуге
бағынып өмір сүру деген қорлық қой! Жеке араласқанда мен
бастық дегенді білмеймін, өзіммен тең праволы, өзім сияқты

адамды білемін. Бастық әділ болсын, ешкімді басынбасын,
өзім дегенде өгіз қара күші болмасын, міне, сонда мен оны
жақсы көремін. Ал қонақта да, моншада да, ең аяғы төсегінде
де бастық екенін есінен шығара алмайтын, өзгенің үстінен

қарайтын, «мен келе жатырмын, дұрыс күтуге қамдансын»
деп пәрмен қылатындарға қаным қас. Оны жасыра алмаймын.
Маған ешкімнің тізесі батқан емес, бат­пайды да. Сол сияқты
ешкімді күндемеймін. Бірақ туфлиін төрге оздыратындардың

өзі босағаға лайық екенін үнемі ашық айтамын.

– Ал тап осың барып тұрған мәдениетсіздік!

– Қой, көке. Осы жерде менен қандай мәдениетсіздік көрдің?

Бар болғаны шындықты бетке айтып едім, жаныңа жақпағасын
дөрекілікке саясың. Сонда біреудің шаңырағын баса-көктеп,
аппақ киізін ластап, аяқкиіміңмен төрде шалжиып жату
мәдениеттілік те, оны бетіңе басқан менікі мәдениетсіздік пе?

Өзің айтшы, үйіңде сөйтпейсің ғой, ә? Әйелің өйткізбейді. Бұл
кісілер сый қонақ деп ең жаңа, ең әдемі төсенішін төсейді,
сен аппақ киіздің үстінде лас аяғыңмен кердең қағасың. Tөp
сыйлаған атам қазақтың қай салтынан көріп едің ондайды?

Мен, жалпы, адам сыйлай білетін сыпайы жігітпін, бірақ
бұндай нәрселерге, қылша мойным талша, өтімді жарып
алсаң да шыдай алмаймын. Жалпы, Ұзеке, айып етпеңіз,
сізден де бар. Жасы кіші адамдар әрі қонақ. Бұларды осылай

тайраңдатуға бола ма? Айтып тастамайсыз ба?
Хамза булығып, стаканын көтере салды. Жұдырығын
иіскелеп, сәл бөгелді де:

– Әйтеуір, дым түсінігі жоқ, грубиян, дорақсың, – деді,

түйеден түскендей. Көзі ежірейіп, құлағына дейін қызарып,
шатақ іздегенін қарай гөр. Қиқымат қыпылдап, араға
түсуге айналды. Бірде-бір төбелесімнің сырын әлі жөндеп
түсінбеген бейшара мені ай-шай жоқ бір ноқай, кәдімгі

шырық бұзар, бұзақы санайды ғой. Ана бір есер шақтарда
артық кеткен кездерім болғанымен, қызуқанды болғасын
қайтейін, соларыма әлі ұяламын, көбіне жұқалаң төзімім
таусылғанша,

мәселенің
бейбіт
жағын
қарастырамын.

Төбелес адамгершілікке жат екеніне ақылым жетеді, бірақ
асау қан кейде ырқыңа көнбейді. Ал Қиқымат қайбір менің
абыройымды ойлап отыр дейсің, бүлік шықса, көздеген
шаруасы бітпей қалады ғой, уайымы сол. Ұзекең мен Қапар

тіксінді. Абырой болғанда, жеңгей сыртта.

– Хаке, мен шаңырақ, дәм сыйлайтын қазақпын. Ақ

дастарқан басында жанжал шығармай, ынтымақпен отырғанды
ұнатамын. Сондықтан сырын білмеген аттың сыртынан жүріп
не қыласың, сөзіңді қайтып ала ғой, – дедім, Қарасай атама тән
ұстамдылықпен.

– Қайтып алмағанда не қыласың?! – Хамза жаным қояр

емес.– Конце концов, мен күрестен кандидатпын!
Алара қарағаны жаман – еркіне жіберсең, буындыруға
бар. «Кеңірдегінен алып, әсем боялған қызғылт керегенің
көзіне қыстыра салайын ба?» – деп қаһарға мініп барып,

зорға бөгелдім. Көзім жел үрлеген шоқтай қызарып кеткен-
ау, шамасы, Хамзекем әлгіндей емес, лезде жүні жығылып,
шөгіп қалды. Үйдегілер үш жақтан басу айтып, татулыққа
шақырған. Мен кеңкілдеп күлдім.

– Жә, осы әңгімені доғара тұрайық. Қышынып бара жатсаң,

әуселеңді кең жерде көрермін. Бірақ бәрібір, айнала келіп,
сөзіңді қайтып аласың ғой деп қатты үміттенемін. Ал қазір
құдайым ойын-күлкіден айырмасын, желпініп, әңгіме-дүкен,
сауық-сайран құрайық, – дедім де, Қапарға бұрылып, қалжың

айттым. Оны Ұзекең қолдап, Қиқымат іліп әкетіп, дуылдаса
жөнелдік. Сырттан жеңгей кірген бетте, Ұзекеңнің көрікті
зайыбы, біздің ақылды жеңешеміз үшін деп, жабыла бір алып
қойдық. Тоң жібіген жайма-шуақ, ғажайып сәт...

Ұзамай табақ тартылды. Ұзекең қипақтап, басты Қиқымат
екеуміздің ортамызға қойды.

– Ал, алыстан келген екі қонақ, жасы үлкенің бе, жолы

үлкенің бе, біреуің ұстаңдар. Сендерге арналған мал ғой.
Бұндайда кердең қағып, алға түсетін әдетім жоқ. Өмірі бірер
жас үлкен Қиқыматты жіберетінмін. Бүгіннің жөні бөлек.

– Жолға жығылсақ, болыстың тұқымы ұстай ма, жоқ

батырдың тұқымы ұстай ма? – дедім қалтамнан бәкімді суыра
беріп.

– Е-е, әрине, халыққа батыр қымбат, жол сенікі.

Қапар ағасының алдын орап еді, Ұзекең «жөн екен» деп
қойды. Басқалардың дымы ішінде. «Бісміллә» деп басты ұстай
бергенімде сүйгенін жеуге келген, бірақ қирай жеңілгендерін
енді толық түсінген Қиқымат пен Хамза құйқа дәметіп,

тигеніне қарап қалды...

– Батырдың қолынан татқан дәмге не жетсін! – Қиқымат

қутың­дап, бәрін жуып-шая сөйледі. Хамзекең аузындағысын
толғай жұтты да, маған бақырая қарады.

– Осы келгелі айтып жатыр. Қай батырдың тұқымысың?

– Еншалла, Қарасай батырдың...

– Ондай батырды естіген емеспін.

– Естімесең, естисің. Ол кісі туралы бірнеше жыр бар. Бірақ

сауатсызға не дауа? Сен естімегенге атамның қадірі кеміп
қалмас. Қазақтың қай батырын естіп, қарық қылып жүр едің?
Баяғыда, Жоңғардың мың жауынгеріне жүз жігітпен тал
түсте шауып, тас-талқан қылған, аты тарихқа кірген атамыз

жарықтық енді тіріліп келіп, «мені тани көр» деп саған сәлем
беруі керек пе? Мен де батырмын, мен-ақ жетемін саған.
Хамза үн-түнсіз, тұқырып, быртиған аппақ саусақтарымен
ал­дындағы тарелкадан көсіп алып, ет асауға кірісті. Әлденіп

алғаннан кейін тілге келді.

– Атаңыздың атақтылығына дауым жоқ. Бірақ соны айтып,

төс қағып, мақтана берудің қажеті не? «Өзін-өзі мақтағаннан
без» деген. Басқа жұрттан еш қасиет таппай, ертеңнен
кешке дейін өзіңді-өзің бетке ұстап, айналып-толғанудан
жалықпайды екенсің.

Жұрт ду күлді. Қиратып тастағандай Хамзам ол қоқи­
лансын. Аузымдағы құйрық-бауырды қылғи салып, шапшаң
жауабымды сарт еткіздім.
Даттасаң, шыныңменен датта, құдай?

Мақтасаң, шыныңменен мақта, құдай!
Не даттайтын, не мақтайтын қасиеті жоқ,
Дүмбілез Хамзалардан сақта, құдай.
Күлкінің көкесі көрінді: ел қыран-топан; Ұзекең сорпасы­

на шашалып қала жаздады. Хамза қып-қызыл болып, үнсіз
сылқылдап жатыр.

– Мен қандаймын, ә, бауырым? – Күлкі басыла Хамзекеңе

қуақы сұрақ тастадым да, жауабын да өзім қайырдым. – Мен
осындаймын. Бұғып, ішімдегіні тап деп тымырайып, сіресіп,
сыздап жүргеннен гөрі, алшаңдап, емін-еркін, ақжарқын
мақтанып жүргенім мың есе артық. Содан тіпті біреу зиян

шекпейді ғой, ә? Басқа біреудің көлгірсіп, өтірік мақтағанына
иланып, бас шұлғып, ісіп-кеуіп қаласыңдар ғой. Мені ешкім
өйтіп мақтамай-ақ қойсын, өзімнің шын мақтаным жақсы.
Осы дүниеден өткен талай мықтылар да мақтанған шығар,

басқаның бәріне ақылдары жеткенде, мақтануға жетпеп
пе? Заңды мақтаныш болу керек адамда, онсыз ол соқасын
қанша мықты сүйрегенімен, мыңқ етпейтін өгізбен тең.
Осы сендер де мақтанып жатасыңдар ғой, әрине, өздеріңше

ешкімге көрсетпегенсіп, байқатпағансып. Байлығыңа біреуді
алдаған қулы­ғыңа, қызметіңнің үлкен екендігіне, тіпті нақты
мысал керек бол­са, қарапайым қойшының алдарыңда құрдай
жорғалайтынына ісіп-кебесіңдер. Оның қасында атамның

елін қорғаған әйгілі батыр екендігін, өзімнің соған тартқан ер
мінез екендігімді мақтаныш тұтуым айып болып па, Хамзеке?!
Қалай?
Бұл жолы үйдегілер сыпайы ғана жымыңдасып, бір-біріне,

маған, Хамзаға көз жүгіртіп қойды. Ұзекең мен жеңгей «тамақ
алыңыздар» деп, ілтипат білдірді. Қапар маған жылы қарайды.

– Біздің батыр бала ғой, бала, – деп Қиқымат қолпаштады.

– Бұл сөзіңді менің ақжүректігіме ғана берілген баға деп

қатты үміттенемін!
Астарға түсінбесе, Қиқымат бола ма, тауып кетті.

– Е-е, әрине, солай. Әйтпесе ақылы да баланың ақылы

сияқты деп кемсіткелі отырған жоқпын ғой.

– Ер жігіт болса, осы қайнымдай-ақ болсын. – Жеңгей

ашылып, сөзге араласты. – Ақылы мен ақкөңілі бірдей түсіп,
жарқырап жүрген жігіт елдің бағы ғой.
Арақ пен мақтан қосылғасын белгілі; мәртебем өсіп,
масаңдаумын; бірақ бәрібір, жеңгей сөзінің екінші жағымен

Қиқымат пен Хамзаны осып өткенін аңғардым. Оны аналар да
сезді. Көнтерілі Қиқымат үнсіз жымиып, сорпасын сораптап
қойғанда, тар бүйен Хамзекең тағы жарылды.

– Сонда да болса сыпайылыққа не жетсін. Отырмыз

ғой біз де шыдап. Шындық керек болса, мен де батырдың
тұқымымын.
Мен үшін бұл тосын, үлкен жаңалық еді. Өзімнен басқа
батырдың тұқымын әлі күнге кездестіре алмай, қор болып

жүрген қайран басым, әуелде қуанып кетсем де, сол сағынған
жанның Хамза болып шыңқанына қарным ашып қалды.
Бірақ батыр атаулыны қадірлеп, табынып өскендіктен, шын
пейіліммен тіл қаттым.

– Атаңыз кім?

Хамза айтты. Жарықтықты мен білетінмін, атын атамай
отырғаным, аруақ сыйлайтын қасиетті жігітпін ғой, тұқымы
мынадай болған соң, оны аямай сойып салған соң, осының
атасы деп әйгілеу ұят қой.

– Мен атаңыз туралы аңыздарды естігенмін. Атаңыз менің

атаммен қандыкөйлек дос болмағанымен, тілеулес, жолдас,
иықтас болған. Ерлігі әйгілі, ел қорғаған батыр ғой...
Мен Хамзадан ілтипат ишарасының орнына, көкірегін
кернеген паңдық елесін байқадым. Демде шірене қалыпты.

– Е-е, білсең сол. Несіне өздеріңді мақтай бересің? Көрдің бе,

бізде де бірдеңе бар екен, ә?!
Өздеріңді дегені әсіресе қатты батты. Мені қойып, атамның
аруағына тіл тигізгені кәрі жынымды қоздырды.

– Мен сенің атаңды қадір тұтамын және аталарды қарсы

қоюға қарсымын. – Мүмкіндігімше ұстамды сөйледім. – Бірақ
сондай кісінің ұрпағы болсаң да, сені қайтіп мақтамақпын?

– Көңілің толмай отыр ма? Сенде бар дене менде де бар. Күш

те жетеді... Енді не қыл дейсің?

– Әңгіме білекте емес, жүректе. Бүгін біз жарты күн бірге

болдық, қай мінезіңе қарап ер демекпін сені? Бойыңда атаңның
қаны ғана бар, басқадан жұрдайсың. Қасиетінен айырылған,
батырлық рухы, мәрттігі жоқ сендей ұрпағы бар батыр атаңды
аяймын.

Батырып жібергенімді өзім де білдім, бірақ айтқан сөз –
атыл­ған оқ. Хамза әуелі бүк түсіп қалды, іле-шала бойын жи­
ды; күре­тамырлары адырайып, басына шелек-шелек қанды
тасқындатты; құлағына дейін қызарып, тұтыға тіл қатты.

– С-с-сен өзің... Әбден басынып, қорлап барасың ғой. Қ-қ-қолыңда өлемін! Таятұғын сарсаң мен емес, «егескен жерде шарт кетпей, шап­ паған нәмарт оңар ма», әуселесін көрейін, сыбағасын берейінге оқталғанымда, жеңешем тағы да көл-көсір ақылымен қайран қал­дырды. – Айналайын алтын қайындарым-ау, несіне бүлініп отырсыңдар? Тап бүгінгідей тамашаны бұл өмірімде сирек көрдім. Кекесіні кесіп түсті-ау деп ойлағам жоқ. Бірақ жыпжылмағай, тым тәртіпті отырыстар болады, сызылып-сызылып қайтқаның болмаса, түк әсер етпейді Одан гөрі осы сендердің кедір-бұдырлау қалжыңдарың мың есе артық. Не айтсаңдар да жарасады сендерге. Қатарсыңдар, біріңнің сөзіңді бірің көтергенге не жетсін? Бетке айтқанға да ренжудің қажеті не? Сырттан өсек қылса, қайтер едіңдер? Бір-бірін жасырын жамандайтын да еркектер пайда болыпты ғой бұл күнде. Ащы да болса, ашығы жақсы. Бағанадан бері әңгіменің желісін ұстап отырған әйелдің сөздері менің ойларыммен үндесіп қалды. Астарлап, кімді соғып отырғаны да маған аян. Үй ішінде бір серпіліс пайда болып, ең аяғы Хамза да, қанша дегенмен, оқыған жігіт қой, үнсіз бас шұлғып, сорпасын ұрттады. Қайтадан қауқылдасып, жеңгеміздің сөзіне ризашылық білдіріп жатырмыз. – Иә, жеңешем дұрыс айтады. Несіне ренжисің маған? – деп, жеңгей сөзінің астарын Хамзаға бағыттап қойдым. – Қай­ та, дәрудей көріп, дертіңе дауа қылмаймысың? Сөйтіп ар жа­ ғыңда, тереңде ұйықтап кеткен ерлігіңді оятпайсың ба? Сөніп бара жатқан шоғыңды үрлемейсің бе? – Саған дауа болмас. Амалы құрыған Хамза қолын бір-ақ сілтеді, өзгелер жеңіл әзілге сайып, күлісіп жатыр. Тоң жібігендей, бірақ әлі де ызғар бар сияқты. «Ақыры бір қызық болды ғой» деп, тап-таза мүжілген тоқпан жілікті алдым да, бір-ақ бұрап сындырып: – Жеңеше, майының дәмін алыңыз, – дедім ұсына беріп. Ел дүр сілкінді, күрестен кандидатымның көзіне үрей тұнған... ...Далаға шыққанымызда күн еңкейіп қалған екен. Өріс­ тен қайтқан отарлар төңіректі тіршілік шуына толтырып,

алыста қалған, сан жылдар тасқыны біртіндеп көміп, тереңге
жасырған балғын сезімдерді оятып жіберді. Көкірегімді бұлдыр
елестер кернеп, момақан қойларға беймәлім сағынышпен ұзақ
қадалдым.

Ұзекең атқа мініп, отардың бір шетіне шығып, екі баласына
жөн сілтеп жүр. Қақиып жаман үйренген Қиқымат пен Хамза
«аяғымыз ұйып қалды» деп, құрыс-тұрыстарын жазуға
бөгелген. Малдас құрып отыру қанымызға сіңген Қапар екеуміз

озыңқырап кетіппіз.

– Сені сөз қылып жатқан болу керек. – Қапар бұрылып қарап

қойды. – Алған әсерлерінен айыға алмай, бір-біріне мұң шағып
келеді-ау, дәу де болса. Әйтеуір, сені жақсы көріп келе жатқан
кісілерге ұқсамайды.

– Мейлі! Жалпы, мен туралы анау мынадай ойлап қалады

екен-ау деп өмірі қыңбаймын. Елдің пікірімен санасу керек,
әрине, бірақ дені сау, дәнегі бар ойға ғана жүгінемін. Әйтпесе
мен туралы мынау былай ойласа екен деп, мені ұната көр, мен
жақсы адаммын деп жалбақтап, өзімді-өзім сатып, құбылу

қолымнан келмейді. Пиғылы теріс арамға жүйрік, сондықтан
да мен неге ондайларға ұнауым, ұнауға тырысуым керек? Адам
бойынан тек пәле іздейтін мәліштердің, өсекші қатындардың
сыпсыңы менің шын болмысымның өлшемі бола алмайды ғой.

Сондықтан біреудің көңілінен шығайын деп жалтақтамай, мен
осындаймын деп алшаңдап жүремін.

– Уай, ерің! Әйтеуір, бір сауап болды Хамзаға. Әбден

басынып алған. Ұзекеңе «бұларды неге сонша тайраңдатасыз?»
деймін ылғи. Жуас қой ол кісі. Сосын өзінше қулық қылып:
«Бастықтармен тату болу керек, бала. Сен әлі өмірді білмейсің.
Хамзекең сияқты дүмді жігіттер қолға сирек түседі, сондықтан

сыйлап үлгеріп қалу керек. Ертең көмегі тиеді», – дейді. Бүгін
біраз тәубаларын келтіріп. Ұзекеңнің де көзін аштың-ау.

– Ой, Ұзекең де айға баспалдақпен шыққысы келеді екен

ғой. – Қынжыла күлдім. – Өйтіп алған бәйгенің, жақсы аттың
қандай ләззаты болмақ? Көзін аштың дейсің. Соны бұрын
көрмей жүрді дейсің бе? Көрді, әрине, көрді де көнді. Бір сәтке
көңілі бұлқынып-бұлқынып қояр. Дағдылы мінезден оп-оңай

арылушы ма еді?

– Жүректің бір сәттік болса да бұлқынысы неге тұрады?

Қапар ақылды нәрселер айта бастап еді, сөзін соңымыздан
қуып жеткен Хамза бөліп жіберді:

– Алеке, қойшыларға қамқорлық дейсің. Бұлардың өмірі

деген керемет рахат қой. Ел баққаннан қой баққан қиын боп
па? Бастық болғасын пәленбай адамды ебін тауып, жұмсай
білуің керек. Ал қой дегенің отын оттап, суын сулап жүре
береді. Қойшекең болса, баласын атқа мінгізеді де, өзі біз

сияқты сый қонақтармен бірге ет жеп, сорпа ішіп, салқын үйде
сайран салады.
Менің ажарым бұзылып, танауым желп ете қалса керек, іле-
шала әзілге бұрып жіберді.

– Ойнап айтамын. Әйтпесе қойшы өмірінің қиындығын

білмейтін бала емеспіз ғой. Әй, өзің де бір сұрапыл екенсің!
Дырдай қылдың-ау! Сауап, сауап бізге!
Хамзаға таңғалғаным: әлгіндегі сіресудің ізі де жоқ, жақын
тар­тып, ақжарқын тартып сөйлейді. Кішірейгенді қуалай

беретін дүлеймін бе, мен де қалжыңға жүгіндім.

– Хамзеке, мына көк шалғын, кең жайлау адамның арқасын

қоздырады екен. Аунап-қунап алғың келеді. Жеңілсек жер
көтерер, балалық шақты еске алып, күрессек қайтеді?
Қиқымат пен Қапар екі дәудің қызығын көруге ыңғайлан­
ды. Бұл сөзімді дұрыс түсінген Хамза разылықпен күлді,

бірақ көзіне тоқпан жілік елестеген болу керек, ұстасудан
қашқалақтады.

– Ойбай, сенімен күресіп өле алмай жүрмін бе? Қирата

жеңіп келе жатырсың, жан шыдай ма саған? Белдеспей-ақ
мойындаймыз, сенен жеңілгеннің өзі мәртебе ғой.
Бәріміз де майдай еріп, жарастық та қалдық. Бұл кезде
жайлау шуы басылып, жұмсақ қараңғылықка малынған

төңірек жаныңды бейкүнә тыныштыққа ұйытады. Мал жайлап
болған Ұзекең қасымызға келіп, бір-бір темекі тартқан соң,
жайма-шуақ көңіл күймен үйге кірдік...
Қараңғыдан кіргендікі ме, әйтеуір, шам жарығына ма­

лынған үйдің іші күндізгіден де жайдары, кең көрінді.
Төрге ұсталған кілемнің бояулары құбылып ойнап, жиюлы
жүк ерекше тәртібімен, сәнімен көз тартады. Аппақ киіз
бен пүліштен құраған сан бояулы әсем көрпелер бізді асыға

күткендей. Туфлиімді шеше беpіп: «Ақ киіздегі құмалақты

кетіргеніммен, әлдекімнің көңіліне құмалақ түсіріп алдым
ба?» деп қобалжығаным...
Өнерді Хамза көрсетті. Лып етіп аяғын шешті де, жоғары
шығып, қыры сынбаған костюмін жүктің үстіне атып ұрды.

– Осы қарғыбаумен қылғынып өлетін болдық қой, ә,

жеңеше? – деп қуланып, галстукті де сыпырған. Әп-сәтте
бағанағы манекен әжептәуір адамға ұқсап қалғаны.
Біз отырар-отырмастан домбыраны маған ұсынды.

– Алеке, бүгін бір ғажап тамаша болды. Енді өзің бір

жақсылап ән салып бер. Әуелі мынаны ортамыздың қызығы
Алекең үшін алып қояйық.
Хамза есе сөйлеп, лыпылдатып барады. Бағанағы қатыр-
құтыр, дүңк-дүңк шолақ сөздердің орнын енді инабат басты.

Томырықтың төкпе тамадаға айналу процесі қызық екен.
Бір жігіттер болады: кісіге жуыстығы жоқ томаға-тұйықтау,
суықтау, сұйықтау. Сіресуге де бейім. Ал біраз ішіп, шекесіне
шыққаннан кейін, кәдімгідей жап-жақсы, жайсаң жанға

айналады. Әңгімелесіп, қалжыңдасып, ән салып, би билеп,
думанның шырайын кіргізеді. Сондай кезде айналайын
ақаңа да риза боласың. Ал айыққан соң қайтадан сол­ғындап,
қарныңды ашырады. Әуелде Хамзаны сол сапқа тұрғыздым.

Бәріміз гулеп кеттік. Домбыраны қоярда-қоймай маған
ұстатты.

– Шыны керек, жігіттер, мен әнге жоқпын. Құдай маған

бергенде әу дейтін қабілеттен жұрдай қалдырыпты. Домбыраны
да қазақ болған соң, шерте білуім керек деп, тоқпақтап жүріп
үйренгем.

– Сенің кемшілігіңді мойындағаныңның өзі анау-мынау

мақтанға бергісіз екен.
Қиқыматтың әзілі сәтті шықты. Біраз күліп алған соң, атам
туралы қиссадан толғадым.

– Атамыз әрі күшті, әрі ержүректігіне қоса мәрт, хас батыр

болыпты. Оның қиссасын оқысаңыздар, батырлық мінез, ірілік
танылатын тұстары көп... Әңгіме қара күште емес, адамның
рухында. Рухтың ірілігі білектің жуандығынан анағұрлым
артық... Қара күшке келгенде атан түйені көтеретін де жігіттер

бар, бірақ рухтары сондай қораш, күйкі. Адам рухының
ерлігіне, рух батырлығына қара күш тең де келе алмайды,

тежеу де бола алмайды. Қолдың қуаты кем болғаны айып емес,
рухани құлдықтан сақтасын.
Қапар ұшып тұрып қолымды алды.

– Өзі де атасынан аумайды. Біздің уақытқа сай болмаса да

соның жолын ұстап жүр, – деді Қиқымат.

– Неге сай емес, ей? Сонда сен біздің уақытқа лайықсың да,

мен лайық емеспін бе? Мен еркек атаулының батыр болғанын
тілеймін. Және батырлық ешқашан өлмек емес...
Сөзімді Хамза бөліп жіберді.

– Осының бәрін қайдан білесің? Не деген ғажап адамсың!

Маңдай терімді көлдей орамалмен сүртіп болып, шынайы
мақтанышпен жауап бердім.

– Мен – мен ғой!

Зілсіз мақтаныма еті үйренген халайық дуылдай күлді.
Дом­быраны Хамзаға бұрдым. Сәл іркілді де, кетті дейсің.
Әжептәуір даусы бар, әнді нақышына келтіре салады екен.
Қазіргінің әндерін ғана айтқанымен, әбден риза болдық. Әнді,

ән айтқан адамды қайтіп жақсы көрмейсің! Әнді тебірентіп
айтатын адам жалпы жаман адам болмайды. Орнымнан ұшып
тұрып, Хамзамен құшақтастым.

– Оу, өзің керемет екенсің ғой! Бағанадан бері бар жақсыңды

ар жағыңа тығып тастап, тымырайғаныңды ұрайын.
Хамза да құшағын жаза беріп, құр қалмады.

– Сенің сыныңнан қорытынды шығармауға бола ма? Тоқпан

жілік құсатып жүрсең...

– Тоқпан жілік құсап кетемін бе деп қайбір қорықтым

дейсің? Жеңешеме бұйырып кетер-ау деп, сонша жыл жинаған
қымбат майыңды қимағансың да.
Біздің құшақтасуымыз бен жарасымды қалжыңымызға
үйдегілер тағы бір көтеріліп қалды.

– Хамза қайным талай келіп жүрсе де, бұндай өнерпаз екенін

кім білген. Көріп, естіп отырғанымыз осы, – деді жеңгей.
Мәжілісіміз бұрынғыдан да қызды. Салдырлап кеттік.
Еркектер қосыла өлеңдетіп, жеңгей жеке шырқады.
Алты қанат ақ үймен бірге айға ұшып бара жатқан сияқ­

тымыз...
Біраз отырғаннан кейін қайтуға қамдандық. Шаңыраққа
биіктік, ошаққа қызу от, түзу түтін, шаңырақ иелеріне, бала-
шағасына амандық, бақыт тілеп, тұруға ыңғайланғанда,

жеңешем сөз сұрады. Бәрімізге рахмет айтып, тілеулестігін
білдірді де:

– Қайным, – деді маған. – Сөзіңе де, өзіңе де разымыз. Аңыз

қылып айтып жүреміз сені. Ал ата-баба салтында ақынға ат
мінгізіп, шапан жабатын. Соның рәсімі деп біл. Мына түйе жүн
көкірекшені жаңадан тоқып бітіріп едім, қол бостағы ермегім.
Осыны сен ки. Өзің ки. Біздің көзіміздей көріп жүр. Алмасаң,

ренжимін.
Батыл да ақылды жеңешемнің мына әрекеті бәрімізді де
толқытып жіберді. Сірә, ерімен ақылдаспаған да болу керек,
Ұзекең:

– Ой, жарайсың, бәсе, жөнінен жаңылмас деп отыр едім өзім

де, – деп дауыстап жіберді. Тебіреніп:

– Ата салтын ұстаған ақылды, ақ жеңеше, сен де аман бол, –

деп, рахметімді жаудырдым.
Сыртқа шыққанымызда, жұлдыздары жәудіреген түн
қойнында Хамза мені оңашалады.

– Бауырым, – деді жел қаққан теректей ара-тұра теңселіп-

теңселіп қойып. Бәріміз де әжептәуір қызып қалған кез,
мен, әйтеуір, «емен­нің иілгені – сынғанына» басып, қақиып
тұрмын. – Ертең ауылда той бар, інім үйленеді. Соған кел.
«Ер мойнында қыл арқан шірімейді» дегенді өзің көп айтады

екенсің, сол арқанды салды деп есепте. – Бұндай шақырудан,
тірі болсам, қаламын ба? – Ал қазір біз, Қақаң, Ұзекең үшеуміз
сол тойдың қамымен бір жерге соғамыз. Оған айып етпе.
Бағанағы қатемізді кешір. Тәубамызға бір келтіріп, көзімізді

ашқаныңа рахмет, бауырым.
Құшақтастық.

– Батырып жібергеніме сен де ренжіме, – дедім. – Ал сендер

бүйтіп тез түзеліп жатсаңдар, мен кешірмегенде не қыламын?
Бағана-ақ көңілден кетіріп, сенің мына екінші бейнеңе ден
қойғам. Ал ертең тойыңа келемін.

– Үйді Қапар біледі.

Ол машинасына беттегенде, Қиқымат келіп құшақтай алды.

– Ертең тойда кездесеміз ғой, – деді ол. – Айызымды бір

қандырдың-ау, батырым. Әрдайым өстіп, тіліп жүрші.

– Жақсы жігіт Хамза, – дедім мен. – Бауырмал екен.

Еркектің сөзін еркекше көтеріп, құшақтасуы неге тұрады! Өз

қатесін түсініп, қалай тез өзгереді, ә! Сыйлап тойына шақырды
ғой.
Қиқымат қиқылдап күліп алды.

– Ай, аңғал батырым-ай! Бұл құрметтің басы ғана, көкесі

алда. Абыройлы болып жүруді білмейсің деп қанша айттым
саған. – Ол жаңа-жаңа Қиқыматқа ұқсап, күшейіп келеді. –
Жә, құр бөсіп не қылайын! Себебін іздеп басыңды ауыртпай-ақ
қой. Мен оған дөй ағаң туралы айтқанмын!

Не күлерімді, не жыларымды білмей, состиып тұрып
қалдым. Олар машиналарына отырды да, қол бұлғап, түнге
сіңіп кете барды...
Жол бойы Қапарға тіл қатпай, дөй ағам туралы ойлаумен

болдым.
Ағамның дөй екені рас. Дөй болғанда нағыз дәудің өзі.
Екеуміз бір әке, бір шешеден туғанбыз... Жастайынан оқу қуған
зерделі, қабілетті адам. Оқуын бітіргенше ағам мен тәтемнен,

яғни менің әке-шешемнен аямай ақша алып тұрғаны рас. Сол
кезде өзі серілеу болды-ау деймін, өйткені қазір жеңешемнің
көзіне көп түсірмей тасада ұстайтын студенттік альбомында
қыздармен әртүрлі күдікті позада түскен суреттері тым көп.

Сурет деген жарықтық, үңіліп, түсініп қараған адамға көп
нәрсе аңғартады ғой, ағекемнің сол кездегі түскен суреттеріне
өз басым қатты сүйсінемін. Оқуын бітіріп, үйленгеннен кейін,
ол өз нанын өзі тауып кетті; айналдырған аз жылдың аясында

шаруашылығын дөңгелетіп, ел қатарына қосылмақ түгілі, бір
қазанның құлағын ұстады. Мен мектеп бітірген жылы дыраудай
мықты қызметте болатын. Оқуға келгенде, ағам мен тәтем (әке-
шешем) «ағаңа сүйен, сол қалаған оқуға бар» деген. Оны мен

не қылайын: адресі қалтамда, бірақ «қарсы ал» деп телеграмма
салған жоқпын. Даладағы бөрінің бөлтірігі қалаға келіп көжек
болып қала ма, ысқырып отырып бір таксимен ағам үйіне жетіп,
кіріп келдім. «Үй, тентек, қайдан жүрсің?» – деді. «Айдан келе

жатырмын», – дедім айылымды жимай. Басынан қағынған
пәлемін ғой. Жеңешем асты-үстіме түсіп жатыр, обалы не
керек, ақкөңіл, мейірімді адам. «Ваннаға түсіп ал, жолдан
шаршап келдің ғой». Амандық-саулықтан кейін айтқаны сол

болды. Мен қырсықтым... «Қорықпа, жеңеше, ауылдан алып
келген битім жоқ. Қазір, құдайға шүкір, ауыл да таза ғой».

Екеуі мәз болып күлді, ал мен іні-қарындастарымның бетінен
сүйдім. Ең кенжесі тентектеу болатын, жұдырығын түйіп
«бокс» деді. «Аға, мына күшігің батыр атама тартатын сияқты»,

– деп масайрадым. Шай жасалды. Екеуі ашылған бөтелке

әкеліп, дастарқанға қойғанда, менің танауым желпілдеді.
«Аға, мен елдің қалдығы түгілі, сенің әке-шешеңнің сарқытын
да ішпеген адаммын. Әлде палуан атамды ұмытайын дедің
бе?». Ағам қызарақтады, ақылды жеңгем бүтін бөтелкелерін

қаптатты. Арақ деген пәлені сонда бірінші таттым. Өңешіңді
тіліп жіберетіні болмаса, тым жақсы нәрсе екен. Көңіл
көтеріліп шыға келді. «Қай оқуға келдің?» Ағамның сөзін теріс
түсіндім, өйткені осында аттанарда мектепті бірге бітірген

жолдастарым: «Сен қиналмайсың ғой, дөй ағаң кез келген
оқуға түсіреді» деп жыныма тиген. «Оны неғыласың, өзім
білемін – бітті. Араласпай-ақ қой. Сенің үлкендігің үшін ғана
сәлем бере келдім. Әйтпесе мойныңа мінер жайым жоқ. Егер

мен ашуланбасын десең, ештеңеге араласпаймын деп сөзіңді
бер». Сөз берді. «Қанша дегенмен батырдың тұқымы деген
атың бар, сөзіңді жұтпа. Жатақханаға барып тұрар едім, атам
марқұмның аруағынан аттай алмаймын. Жолдастарыма берген

сертім бар: түссем, өз күшіммен түсемін, әйтпесе атамның
емес, иттің баласы болайын дегенмін. Сенің осында екеніңді ел
біледі, бәрібір оқуға өз күшіммен түссем де, сен түсірді дейді.
Бірақ батырлық арымыздың алдында таза болайық», – дедім.

Ағекем: «Тентегім, ботам», – деп бетімнен сүйді.
Ертеңіне ағам: «Оқитын жеріңе апарып тастайын, жүр», –
деді. «Рахмет, – дедім ерекше сыпайылықпен. – Бірақ мен
неге машинамен баруым керек? Оны сізге туған-туысқанын

тасысын, оқуға келген інісін сырбаздап, мәпелеп, гөләйт
қылсын деп бермеген шығар!?» Ағам таңғы тыныштықты дар-
дар айыра қарқылдап күлді де, иығымнан бір қағып, жұмысына
кетті.

Сонымен, өзім қалаған оқуға өз күшіммен түстім де кеттім.
Оның өзі бір қызық. Әуелі үш, сосын төрт алдым. Шүкір, оған
да жете алмай, ұшып кеткендер де бар. Бірақ екі төрт, бір
төрт, бір бес алғандар да аз емес. Шыны керек, сол күндері

ондайларды да, оларға сондай баға қойған мұғалімдерді де

онша жақсы көре қойғам жоқ. Енді маған нартәуекелден басқа
ештеңе қалмады; қалайда бес алуым керек. Ағама айтсам бітіп
жатыр, бірақ жеңіп алмаған бестің құны бес тиын. Оқымай
кетсем де, кесек-кесек сөйлеп алып, енді кішірейе алмаймын.

«Қарасайлап» соңғы емтиханға да кірдім. Мен секілді
жігіттер мен қыздар, бір-бір үйдің еркелері мен серкелері,
жұп-жуас болып монтиып-монтиып отыр. Сұрақты жақсы
біледі екенмін (оқуым, жалпы, өте тәуір), кезегім келгенде

самбырлатып бердім. Байқаймын, екі мұғалімнің екеуі де
разы: бірақ алғашқы бағаларымды көргенде, кісінің үрейін
ұшырып, түстері бұзылып жүре берді. Не болса о болсын,
үкімдерін күтіп мен де отырмын сазарып. «Болмайды ғой»,

– деді әйел мұғалім еркек мұғалімге. «Да», – деп қинала бас

шайқады ол кісі. Әдемі ғана толықша келген, маңдайы қасқая
бастаған сары кісі екен. Сөйтті де бұлталақтамай, турасын
айтты: «Әй, шырағым-ай, тым жақсы-ақ жауап бердің. Бірақ
бір үш, бір төрттен кейін бес қою қиын. Амал жоқ, бағыңнан

көрерсің, төрт қоямыз!» Қаламын көтере бергенде, қалай
болғанын өзім де білмеймін, күректей алақаным емтихандық
қағазға сарт ете қалды. Орнымнан ұшып тұрыппын. Қаламы
қағазға емес, қолыма тіреле берген күйі аңтарылып қалған

еркек мұғалімнің жанарында таңдану басым екен. «Аға,

– дедім лапылдап. – Не екі, не бес қойып беріңіз. Әйтпесе

бәрібір түспеймін!» Осыны айттым да, тағдырымды қолына
табыстап, сылқ етіп отыра кеттім. Еркектің жанары жылып,
әйелге бұрылды. «Ау, не істейміз? Баланың қолын қақпай-
ақ қойсақ...» «Қиын ғой, аға», – деп әйел илігіңкіремеді.

«Сұрағың бар ма?» – деді еркек, бір нәрсеге бекем бел буған
үнмен. Әйел бір сұрақ қойды, қолма-қол жауап бердім.
«Дұрыс емес», – деді әйелдігіне басып. «Өзіңдікі дұрыс емес,

– деді еркек қасқасына қан жүгіріп. Шұғыл ашуланды. – Әй,

көзінің оты бар бала ғой мынау, көзінің оты! Тап осы оқымаса,
ешкім де оқымайды!» Сөйдеді де, бесті баттитып қойып, қолды
зу еткізді. Еркектің аты еркек қой. Қолтығымнан алып,
есіктен шығарып салып тұрып: «Айналайын, мені тақырға

отырғызбай, жақсы оқитын бол, жолың болсын», – деді көзіме
көзін қадап. «Рахмет», – деп, қос қолыммен қолын қыстым.
Көзіме жас келіп қалды...

Оқуға түскенімде ағам қатты тебіренді. Шағын той-
томалағын да жасаған. Бұдан кейін де мен ол үйге келіп тұрдым.
Бірнеше рет Қиқымат та келген. Оның өзі бір төбе әңгіме.
Қиқымат екеуміз бір курста, бір группада оқыдық, бір

бөлмеде тұрдық. Сол кезден пысық, староста болды; мұға­
лімдерге жақын жүретін. Думаншыл студенттік топтардан да
бөлінген емес; оқуын да әжептәуір оқитын, қоғамдық қызметін
де атқаратын, арағын да ішетін, серілік те құратын, әйтеуір,

барлығына да үлгеріп, таразы­ның басын тең ұстаушы еді. Әу
бастан менімен жақын болып кетті: екі-үш жас үлкендігін
алға салып ақыл айтып қоятыны да бар. Соңғы емтихан
тапсырғаныма өзі куәгер болыпты; соны қоймай айтып,

көпшігін көпірте тастайтын. Ол кезде қазіргіден де ақымақтау,
аусар кезім: мақтағанға мәз болып, ығына жығыла беремін.
Кейін ағам бар екенін естігенде, тышқан көрген түлкідей
жайнап кетті. (Әрине, қазір солай елестетемін). «Ай, өзің де

басыңа әуре тілеп жүретін әумесер екенсің. Ондай ағамыз болса,
өзіміз кафеде ысқырып отырып алар едік бестерді», – деді
қиқылдап. Біраз уақыт өткен соң сыраға апарды; әбден қызып,
рахаттана бусанып отырғанымызда сыр шертті Қиқымат.

Қысқасы, ағаммен танысқысы келетінін, сондай қадірлі, үлкен
кісіге сәлем беріп, қолын алуды өзінің азаматтық парызы
санайтындығын айтты. Мойындағы парыз бен қарыздан қиын
қамыт жоқ; өйтіп жүнжіп жүрсең, мен сені азат қыла қояйын,

қазір жүрге бастым. Жоқ, бұл күйімізде бара салатын анау-
мынаудың үйі емес қой, есімізді жиып, бет-аузымызды ел
қатарына қосып, моншаға түсіп, шашымызды алдырып, әтір
сеуіп, әп-әдемі болып барғанымыз жөн екен. Қиқыматтың

ақылына һәм көргенділігіне, ағамның үлкен шаңырағына
тайраңдап емес, тәуап қыла барғысы келетіндігіне разы болып
кетіп, күректей алақаныммен арқасынан дүңк-дүңк қақтым.
Ертеңіне кешке мұнтаздай киініп, балбыраған Қиқымат­

ты ертіп ала жөнелдім. «Қызға бара жатырсың ба, жоқ,
көрмеге қойылатын ба едің?» «Ай, сенің де тіліңнен айна­
лайын». – Қиқымат қалай қисайтсам, солай аунап «тағдырым
қолыңданың» керін келтірді. Іле-шала қуақыланды. – «Есіңде

болсын, қашан да алғашқы әсерден күшті еш нәрсе болмайды.
Ал аға секілді үлкен кісілер адамды бір көргеннен таниды,
пікірлері тез қалыптасып, нық байланады».
11-0047

Сол кезде айтқан бір сөзіне кейінгі кезде ғана мән бергенім. Есімде қалғаны болмаса, сол уақта астарына бойламаппын. «Себебі неде деп ойлайсың? – Қиқымат әлгі сөзін таксиде тереңдетті. – Себебі ондай адамдардың уақыты тығыз, сондықтан тез шешім қабылдауға әбден төселген. Міне, сол қызмет бабындағы қасиет жеке тірлігіне де айнымай ауысады. Олар адамға да тез шешілуге тиіс мәселе ретінде қарайды. Белгілі бір нақты адамды алғашқы әсерден кейін-ақ сорттап, өзінің көңілінде қалыптасқан текшелерінің біріне, өз ойынша, сол адамға лайық деп тапқан текшеге орналастырып қояды. Міне, сондықтан да адамның ішкі жан дүниесінен гөрі сыртқы әсері, киімі, мінезінің көзге көрінген сипаты, этикасы шешуші рөл ойнайды. Ал ағаның ұғымына неғұрлым жақсы адам ретінде орналасқым келуі айып емес, шығар, ә?! «Ағамның жолдастарым жайында жақсы пікірде қалуы, шынын айтсам, маған да ұнайды». «Ай, мәләдес! Сен мені... тойыс, мен сені падвадит етпеймін ғой...» Екіұштылау сөздеріне зер салып, көңілге күмән ұялатқам жоқ: албырт жас кезім ғой. Бір-бірімізге сүйсініп, мәз болып, дабдырлап жетіп келдік. Ағам мен жеңгем бізді жақсы қарсы алды. Қиқымат жолдан сатып алған үлкен, әдемі гүл шоғын жеңгеме сыпайы әрі табиғи түрде ұсынғаны сондай, жеңешеміздің өзі гүл шоғына ұқсап кетті. Ұзын сөздің қысқасы, Қиқымат досым бұл үйдің климатына бірден көндігіп, жарасып жүре берді. Өзі де табиғи, сөзі де табиғи, жүзі жылы, сөзі майда, сыпайы сылқым жігіт осы үйдің әдемі бір бұйымы секілденіп, төрден нық орын алып үлгергенін мен кетерде бір-ақ байқадым. Ағаларым: «Тентегіміздің сендей сабырлы, жақсы жолдасы барлығына қуанамыз, келіп тұр, айналайын», – десіп қалды... «Келіп тұр» дегенді құр жіберетін Қиқымат па, әр мейрам сайын менің жанымды қоймай, сүйреп әкеліп жүрді. Ондай кездерде қыз-қырқынды да, сырахананы да садақа қылатын. Мен ерініп, кейде кежегем кері тартса: «Ойпырмай, мына бір сыйлықтарды алып қойып едім, енді...» – деп қыпылықтап, қиылатын. Осындай сапарлар жеңешемнің: «Ой, қайындарымай, көңілдеріңе рахмет. Бірақ сендер студентсіңдер, бүйтіп шашыла бермеңдер», – дейтін ақылы һәм қарымта

сыйлығымен аяқталатын. Бұл сөздің кімге арналаты­ны да
белгілі: сыйлықшыл болсам, баяғыдан қайда қалыппын?!
Мейір шуағы бұндай кездерде Қиқыматқа молырақ төгіліп,
мен сол баяғы «өзіміз ғой» деген емексітуге сыйып жүре

беретінмін. Сөйтіп жүріп, оқу бітіргенше Қиқымат қымбат
запонкадан бастап, фотоаппаратқа дейінгі аралықта біраз
дүние жинап алды. Гәп Қиқыматтың жағым­паздығында
емес, жұғымдылығында еді. Әйтпесе ағаларым елпектеп, сый-

сияпат көрсететін иілгіштерді танымайтындай ақымақ емес-
ті. Қиқыматтың жағынуының өзі табиғи болғандықтан, орнын
ортадан ойып алғаны.
Бірер мәрте менің ағам туралы әңгіме бола қалған сәттерде:

«Ол кісілер ғажап қой... Өзіміздің аға-жеңгеміз ғой», – деп,
меншіктей бөсіп отырғанын да естігенім бар...
Не керек, Қиқымат ағам мен жеңгемді мақтап, аузынан
тастамай, әр уақта сол кісілерді қатты сыйлайтындығын

білдірумен жүрсе, бұл туралы о кісілердің де пікірі тым жоғары
еді. Бесінші курста жүргенімізде, бір мейрамда, Қиқымат ол
үйге тұңғыш рет жалғыз барып қайтты. Алдында ағама телефон
соғып хабарласқан екен, екеумізді шақырыпты. Мен қитығып

барған жоқпын. «Бекер бармадың, бекер... – Маған сарқыт
ала келген екен, сонысын ашып жатып, Қиқымат желпініп-
желпініп қойды. – Өткендегі кісілер, бөтен ешкім жоқ. Өзіміз
бұрынғыдан да жақын танысып алдық. Сені де әбден іздеді-

ау... Әсіресе аға қатты іздеді».
Менің бармауымның себебі салмақты еді.
...Өткен жолы бір мерекеде Қиқымат екеуміз, ағам ар­
найы шақырған соң сықиып киініп, жетіп барғанбыз.

Өздерінің жақын араласатын төрт-бес үйлері жиналған екен.
Байқауымша, бізді ешкім жатырқаған жоқ. Жарастықты
жақсы отырыс болды. Ағам бізді әдемілеп таныстырып қойды.
Қиқыматты да: «Туған інімнен кем көрмеймін» деп, бір көтеріп

тастады. Ол болса, сыпайы қызараңдап, дастарқан басында
елпілдеп, епті қызмет қылып жатыр. Бір-екі рет жеңгеме
қолғабыс қылып, асүйге де зыр жүгірген. Мен болсам, жағам
жайлауда.

Әңгімеге біз де араласып отырдық. Әсіресе осындағы ең
жасы үлкені Қалекең өзіме бұрылып, жөн сұрағанда, құтырып

кеттім, Езулерін жиғызбай, шектерін қатырдым. Өлең айту
кезегі келгенде Қарасай атамның жырынан ұзағырақ үзінді
толғадым. Кетерде қонақтар қолымды қысып, ырзалықтарын
білдірді. Сөйтіп өзімше жақсы отырып, қонақтарды жақсылап-

ақ шығарып салған сияқты едім, ел тараған соң ағам оңашалады.
«Әй, тентек, ана Хикмет керемет жігіт екен. Әсіресе аға сыйлай
білуі ұнайды...»
Сөздің созалаңдай бастағанынан-ақ түп қазығын аңғарып,

өзіме соғарын сезсем де үндемедім. «Отырысы қандай!
Кішіпейіл,
сызылып
тұр.

Әлдекімдер
құсап
шіренбей,
қолғабысын да тигізуді ұмытпайды». «Соның бәрі шын ниеттен

болғай, әйтеуір!» Бұл сөзім ағама ұнамады. «Шын ниеттен
болмай... Өте этичный жігіт. Қызмет қыла білетін, иілгіш,
ибалы іні тапқаныма қуанамын».
Қиқыматтың шын көңілі мен шын көңілден сияқтысын

пәлен жыл бірге жүргеннен кейін ғана зорға танығанымда,
бұлар алданса, несі айып?! Ағамның басы айналып қалыпты.
«Сен қалай ойласаң, олай ойла. Әйтеуір, маған ұнайды».
«Қасқыр да қас қылмайды жолдасына», кісі жамандармын

ба? Үндемегенімді өзінше жорыған қайран ағам үдеп кетті.
«Сен неге сол сияқты болмайсың, ә?!» Шарт сындым. «Неге
мен ол сияқты болуым керек?!» «Е-е, иә, айтпақшы сен ерке, ер
екенсің ғой». Ағам мені оңдырмай қолға алуға ант ішкен болу

керек, кекетіп алды. «Жаңа отырсың, аузыңа келгенді оттап.
Ол емес, сен жүгіруің керек емес пе!» Кесірленгендегі әдетіммен
мен де «сен» деп сөйледім. «Ә-ә, сол ма еді? Ал мен неге жүгіруім
керек? Ауыр жұмысың артылып жатыр ма еді?! Жылқың

болса жығып, сойып берер едім. Acүйіңе шапқылап, ыдыс-аяқ
таситын, сенің әйеліне жақсатты көрінемін деп қалбаң қағатын
еркекті тапқан екенсің! Мен ермін, аға, еркекпін... Қазан-
ошағыңа араласа алмаймын. Өйтіп қолбала қылмақ ойыңызды

өшіріңіз». «Уай, құрып кеткір, қойшы соны. Менің ренішім
ол емес. Сен неге ағаларыңды сыйламайсың? Олармен терезесі
тең адамша сөйлесіп, қалжың айтқаныңа жол болсын. Қыздай
сызылып неге отырмайсың? Тіпті бір-екі рет сөз жарыстырып,

пікір таластырдың-ау!»
Менің жұқа төзімім шұрқ-шұрқ тесілді. Құмыраның тығы­
ны ұшып кетті де, булыққан жын сыртқа лап қойды. «Солай де,

аға! – Кішкенемнен ығып көрмеген, атамның арқасында талай
рет құй­рығынан теуіп қалған қайран ағекемнің көзіне тесіп
жіберердей қадалдым. – Олай болса, мені тыңда. Біріншіден,
әу баста, бүйтіп былқылдарың бар, ондай кісілерге қосып неге

шақырасың? Неге қо­нақ қыласың? Шақырма, ал шақырдың
екен, қонақтың үлкен-кішісі болмайды. Елді дастарқан
теңестіреді. Мен алдын ала мойындап, монтаны болып отыру
үшін келген жоқпын. Ау, әуелден біреудің аузына қараймын,

қас-қабағын бағамын, қыздай сызыламын деп кісі қонаққа
келе ме екен? Сосын қыздай сызылғанның бәрі ағасын қатты
сыйлайды деп ойлайсың ба? Ол әншейін әдеп пердесі ғана.
Ішінен не ойлап отырғанын қайдан білдің? Маған сөйлестің

дейсің. Енді ымдасамын ба? Кімді сыйламадым? Сұрағына
жауап бердім, әңгімеге араластым, айыбым сол ма? Үндемей,
үлкеннің сөзін тыңдап, қол соғып отыратындай, мен билет
сатып алған көрермен емеспін ғой. Аға сыйлауды мен де

білемін, сыйлаймын да, бірақ ағаның айтқаны әрқашан заң
болуға жарай ма? Пікір таластырдың дейсің... Ағаның айтқаны
ақ болса, заң. Әйтпесе әр түкіргенін алтынға балар жайым жоқ,
менде де ми бар. Аға қате айтса да қабыл алып, оны түзету үшін

сол кісінің өлуін тілеуім керек пе? Қартайғанша күтуім керек
пе? Жоқ, өз пікірімді уақытында, ашық білдіргім келеді.
Оны әдепсіздік, үлкенді сыйламаушылық, дәстүрді аяққа
басу деп, мені аузымнан қағып әуре болма. Жасы үлкенді

әрдайым сыйлап, оған ілтипат білдіру парыз ғана болып
қоймай, жүрегіңе сіңген жанды қасиет болу керек, әрине.
Бірақ бұл ағаңның алдында аузын буған өгіз бол деген сөз
емес шығар!

Ағынымнан шошынған ағам аңтарылды да қалды, айтысқа
шор­қақтау еді. Сәлден соң өзіне-өзі келіп, қайта шапты.
«Сені тек сөзге қоя бер, заржақ неме. Өзіңді ақтауға келгенде
сондайсың... Дауа жоқ қой, дауа! – Ағам күйінгеннен айқайлап

жіберуге шақ қалды да, өз үйінде дауыс көтеруге болмайтыны
есіне түсіп, (көршілер бар ғой) тұншыға сыбырлады. Сабама
түскен мен оның неменеге сонша күйіп-піскеніне қайранмын.
Сәлден соң қайта жалғастырды. – Әй, милау, бәрі құрысын,

бірақ әлгі... басқа өлең таппағандай, қисса соққаның не?»

Мен күлдім. «Онда тұрған не бар?» «Мейлі, енді модадан
қалса да қисса айтсаң, айта бер, бірақ басқасы құрып қалғандай,
«менің атам бүйтіп жібердіңе» жол болсын? Оның аздай, «ағам
екеуміздің атамыз» деп анықтап қоймасаң, аузың қисаятын

ба еді? Ана кісі­лерден ұят болды ғой». «Ау, аға, бағанадан бері
алқымнан алғанда айта алмай тұрғаның атам туралы қисса ма?
Оған несіне шала бүлінесің? Жұрттың бәрі қол соғып, сондай
жақсы қарсы алды ғой». «Қол соққанын қайтейін... Сен де бір

қисайсаң, қоймайды екен­сің... – Ағам торығып, орнынан тұрды,
арлы-берлі сенделіп жүрді. – Ақымақ! Әй, ақымақ басым,
жолдас-жорама, сондай сыйлы адамдарға сендей жабайыны
қайдан ғана қосып едім!» «Аға, сіз мені Маугли санайсыз ғой

өзі. – Тосын мінезін қызық көріп, жотам жіпсіді; терім кеңіп,
бағана ажырап қалған «сізімді» қайта таптым. – Бірақ мен
атамның қолында кішкене еркелеу өскеніммен, кәдімгі сіз
оқыған мектепті тауысқан, әжептәуір сауаты бар, мәдениетті

қазақпын». «Өйткен сауатыңнан айналайын. Европашылын
мұның. – Ағам әлі басылар емес; бірдеңені ақтара алмай
тығылып тұр. – Әй, миғұла, атамыз деп нең бар еді? Атаңның
руы белгілі ғой: оны мадақтау руын мадақтау емес пе? Көрдің

бе, менің руымның кім екенін әйгіледің. Аташыл, рушыл деген
атқа қалдырмақпысың, ә?»
Ағам елу грамды қағып тастап, салқын суды сіміргенде,
не күлерімді, не жыларымды білмей, алақтадым да қалдым.

Ішімде арыстан асыр салды. «Е-е, көкейіңді тескені көкемнің
көне шекпені екен ғой! – Ашуды сабырға жеңгізсем де,
даусым қатқылданып, жайдақ «сенге» мінгенмін. – Сонда не,
атамызды жасырамыз ба? Елін қорғаған, бүгінде халық білетін

батыр атамызды мақтаныш қылу айып па? Әлде сен атама
қарсымысың?» «Жо-жоқ. Атамызды білеміз, жақсы көреміз.
Бірақ бәрі ішімізде. Ал сен болсаң, дүйім жұртқа жаясың...»
«Ойбай-ау, атасын ұрланып жақсы көру деген не сұмдық?!

Қарасайдай атаны айқайлап айналып-толғанбай ма екен. Ру
дейді ғой. Руды білгеннің несі күнә? Білу мен бөліну – екі басқа.
Түсінігің мүлде тар екен ғой. Жікке бөлініп, қызылкеңірдек
болу – күні өткен, тоңмойындық шаруа. Ал тарихты білудің

жөні мүлде бөлек. Қайта бір-біріне үрке қарап, жат санау –
білместіктен, топастықтан туады...»

Ағам бұның бірін де ұқпай, ұққысы да келмей шыж-быж
болды. Мен оның осыншалықты үрейленгеніне күйіндім.
Не керек, айтыса-айтыса ағайынды екеуміз араздасып
айыры­лыстық. «Атамның атын атауға қарсы адамның үйіне

мен қон­баймын», – деп, түн ортасында тартып отырдым...
Ал енді, Қиқыматтың айтуына қарағанда, мені қатты іздеп
қалыпты.
Көп ұзамай жатақханаға ағамның өзі келді. Үлкен басымен

кел­гесін, амал жоқ, сәлем беріп алдынан шықтым. Ағам
маңдайымнан иіскеп, өте ыстық құшақтады. «Әй, тентек,
маған тоңқылдап жүрсің бе? Кекшіл емес едің ғой, – деп, жібітіп
алды. – Қой, құрсын, не қыламыз. Өткенде әбден іздедім-

ау, орның ойсырап тұрады екен. Қонақтар да іздеді. Әсіресе
Қалекең сені аузынан тастаған жоқ. Келгеннен: «Біздің батыр
қайда?» деп елеңдеді. Өткендегі сөздеріңді, әсіресе қиссаңды
қанша мақтады!»

Ағам мәз-мәйрам: көңілі шалқулы. Мен оның жолдастарына,
әсіресе Қалекеңе қатты риза болып қалдым. Бірақ бірден қолқ
ете түспей: «Қонақтарыңызға ұнаған соң ғана жақсы болғаным
ғой. Әке-шешемнен сол үшін туғандай», – деп сүйкеп өтіп едім,

ол кісі бұрынғыдан да масайрап, құшақтап-құшақтап қойды.
«Тентегім-ау сол, менің сөзімді не қыласың? Онсыз да қаперіңе
алып жүрген жоқсың ғой, айта бер қиссаңды. Сол жолы несіне
күйіп-піскенімді де білмеймін. Қызулық қой. Сен өкпелеп

кеткелі көңілім күпті болып, жанымды қоярға жер таппадым.
Беймезгіл қоңырау шылдырласа, сен екен деп елегізимін. Кіші
болып, кішірейе салуды да білмейсің, күшік! Сенсіз қайтіп
жүремін мен?»

Ағайынды екеуміз татуластық сөйтіп...
Институтты бітіруге жақындағанда, диплом жазып жүрген
кез, уақыт мол, сондай еркінбіз, салып ұрып ағама жетіп
келгенім де ойымнан шықпайды. «Иә, батыр, не ойлағаның

бар?» – деді ағам, бетіме сынай қарап. «He ойлағаны қа­
лай? Дипломды жақсылап қорғап, жақсылап жууға асығып
жүрмін».
Ағам кеңк-кеңк күліп алды. «Әй, сен де қайдағыны...

Ол болады ғой, оны қойшы. Сосын, бітіргесін қайтпексің?»

«Қайткені несі? Жұмыс істеймін...» Ағама бұл сөзім ас
болмады. «Ендеше, мені тыңда. Жұмысты істеуін істейсің ғой,
бірақ мәселе қайда істеу­де. Бірдеңе ғып астанада қалу, тұғырға
тұяқ іліктіру жағын қарасты­ру керек». Мен лепірдім. «Е-е,

қалдырса қаламыз. Жаман істемей­тін шығармыз...» «Ту-у
сен де бір, баланың сөзін айтып... – Ағам тұнжырап, тасыған
көңілімді басып тастады. – Оп-оңай кім мұнда қалдыра қоймақ?
Қазір қалада қалудың өзі мәселе. Ұқтың ба? Сондықтан ондай

ойың болса, қазірден айтып қой. Алдын ала сөйлесе берейін».
Бұл кезде оң-солымды танып, әжептәуір адам болып
қалғанмын. Ар жағын айтпай-ақ түсіндім. Түсіндім де,
кәріме міндім. «Аға, – дедім ақырын ғана. – Пейіліңізге,

қамқорлығыңызға рахмет. Бірақ мені оқытқан адамдарда
да көз, көңіл бар. Егер мені лайық, қажет деп тапса, өздері-
ақ қалдырады осында. Ал егер қалдырмаса, менің мұнда
керегім болмағаны. Онда өкінбей-ақ жіберген жақтарына

тартып отырамын. Жердің жұмағы Алматы да, басқа жер
тозақ деп ойлайсыз ба? Қателесесіз, аға. Сіз беделіңізді салып,
мені жайлы жерге, жұп-жұмсақ орынға мәпелеп отырғызып
қойғыңыз келіп тұр. Заңды. Інісіне кімнің жаны ашымайды?

Бірақ сіздей ағасы барлар тайраңдағанда, сіздей ағасы жоқтар
қайтпек?.. Бір қарағанда, күйіп-пісетін түк те жоқ секілді,
ағайынгершілік көмек әрдайым болады. Тіпті менің тулауым
ұсақ-түйек болып көрінер. Бірақ біреудің аузындағысын

ағамның арқасында жырып алсам, ұсақ-түйек пе? Пәле басы
емес пе?! Бауырмалдығыңызға рахмет, аға, бірақ мен ондайға
көне алмаймын. Егер мен сізді пайдаланып өскен болсам, өмір
бақи өзімді-өзім жек көріп, кеміріп өтемін ғой. Өйткені мен,

қолынан бірдеңе келетін, тепсе темір үзетін жігіт, өз еңбегіне
жалынбай, біреудің арқасында күнелтуші арамтамақ болған
болар едім. Батыр атамның аруағы түсіме кіріп, түнде шошып
оянбаймын ба? Өз арыма өзім қайтіп қарамақпын? Біреудің

тіркемесі, құйрығына байлаған қалжауыры болудан өткен
қорлық бар ма? Мен әке-шешемнен он­дай ойыншық тірлік
үшін туған жоқпын. Жалпы, менің ісіме араласпаңыз, өссем, өз
еңбегіммен өсемін. Еңбек бағаланбады дегенді естіген емеспін

әлі. Шын еңбекке халықтың шын құрметі, алғысы қашанда
дайын. Одан артықтың маған керегі де жоқ».

Ағам аңтарылып отырып қалды. Екеуміз оңаша едік, дем
алысы да естілмейді. Ақыры айтқасын, бәрін бірақ ақтарайын
деген оймен, іркілмей көсілдім. «Мені арқамнан қағып,
еркелетіп тұрсаңыз, бауырларша аралассақ, анда-санда келіп

ет жеп, бірер бөтелкеңізді қағып кетсем, сол да жетеді маған».
Сөзімді аяқтағаным сол еді, ағам орнынан ұшып тұрды.
Алқынып, қатты тебіреніп, құшақтай алды да, маңдайымнан
сүйді. Содан соң бір бөтелке арақты суырып алып, екі

фужерге бөліп құйды да, бірін маған ұстатты. «Айналайын,
ботам, ғұмырлы бол! – Менімен дұрыстап соғыстырып, қағып
салды. Біздікі белгілі. – Маңдайыңнан жарылқасын, ботам.
Жолыңнан тайма, – деді ағам шығарып салып тұрып. – Бірақ

қиналсаң, қысылмай өзіме айт, ақымақ болма», – деді тағы да
солқылдақтық көрсетіп. «Рахмет. Ел аман болсын, аға...»
Кейін осыны Қиқыматқа айтсам, қиқылдап, жыныма тиді.
«Әй, сен өзің ақымақ екенсің ғой. Зеңбірегіңді қораға

тығып қо­йып, соғысқа садақпен шыққан не қылған есерсің!»
«Немене, Қиқымат, сен өмірге адамдардың бір-бірімен соғысы
ретінде қа­райсың ба?» «Өмір деген күрес!» «Бірақ бұл сөз
кресло үшін, қа­рын тойғызу үшін өзгені алдап-арба, жағын,

пасықтық қыл деген мағынаны білдірмейді деп ойлаймын».
Менің бұл сөзім кесек те кесімді шыққан болу керек,
Қиқымат шұғыл маневр жасады.
«Қойшы, сондайға бола басты ауыртамыз ба? Мен жалпы

айтамын. Өзіміздің сондай ағамыз болып, қорасын сыпыруға
жарасақ, бақыт санар едік...» «Ол сен сияқты құлдардың,
рухани жағымпаздардың арманы. Ал мен біреудің әпербақаны
да, адалбақаны да бола алмаймын!..»

Осы әңгімеден кейін көп ұзамай декан шақырды. Бардым.
Декан – баяғы менен емтихан қабылдайтын қасқа бас кісі
болатын. Ол кезде басқа қызметте екен, бізге кейін келді. Мені,
әрине, танымайды.

«Қарағым, – деді қамқор үнмен. – Оқуың жақсы екен.
Әсіресе негізгі пәндерді тым тәуір оқыпсың. Ойлап-ойлап,
Алматыда жұ­мысқа қалдыратын төрт-бес баланың ішіне сені
де қосуды ұйғардым. Қалай, келісесің бе?»

Екі сөзге келмей келістім. Көңілім көлдей. Ал ағам не
дер екен? Бар екен ғой адамдар! Қызметке бөлу өткеннен

кейін, диплом алған соң деканға тағы келдім. «Аға, мен сізге
ұстаздығыңыз үшін шәкірттік алғысымды айтамын», – дедім
ерекше тебіреніп.
Ол кісі әлгі жолдамаға қатысты түсінсе керек: «Жақсы, рах­

мет, айналайын. Дұрыстап істе қызметті», – деді.
Сол кезде мен баяғы оқиғаны айттым. Сол бір сенім, сол бір
ірілік менің тағдырыма қандай бетбұрыс енгізгенін, қаншалық
қуат бергенін толқып тұрып жеткізіп, сол үшін алғысымды

айттым.
Ағай ұзағырақ ойланып, көзілдірігін алды да, шаршаулы
жанарын алақанымен сипап қойды. «Қарағым-ай, пейіліңе
ризамын. Біз ұстазбыз, сондықтан адамға, әсіресе жастарға

жақсылық жасау – азаматтық борышымыз. Ал кімге қашан,
қандай қамқорлық қылдық, оны есте сақтау міндет емес. Адам
жүрегіне жол тауып, ізгілік дәнін ексек, бақыттымыз».
Біреуге жақсылық жасауын жасайтын, бірақ соны бұлдап,

қарыз қылып, мойныңа қамыт кигізіп қоятын адамдар болады.
Ондай әрекет жақсылықтан гөрі қарызға берілген ақша секілді
жаныңды жеп қояды. Қайтармай гөр! «Сиыр сипағанды білмей­
ді» деуші еді, сол құсап, ана иттің баласының кердеңдеуін көр­

дің бе? Баяғыда мен оған бүйтіп едім» деп кекеп-мұқап, кемсітіп
жүргендерге ішім жылыған емес. Адамда жақсылықты ақтау
сезімі болады, бірақ жасаған адам оны талап етсе... Ау, бүгін
біреуге жақсылық жасап, ертең қарымтасын күту – есептесу,

пара беріп бір шаруаңды тындыртып алу секілді жексұрын
нәрсе ғой! Өйткен жақсылығы құрысын. Мен қалтқысыз
жақсылыққа табынамын. Қайтару тілемей, адам баласын
сүйгендіктен, шынайы көңілден жасалған жақсылық – ерлік.

Ол адам жанын тазартып, оны да сондай ерлікке бастамай ма?!
Сөйтіп өмір мәңгілік жалғаса беретін, үзілмес ерлік – адамға
жақсылық жасауға айналмай ма? Ұстазымның сондай ғаламат
адам екендігіне көзім әбден жеткенде төбем көкке тиді. «Аға, –

дедім тағы да. – Дегенмен мен есіңізде болармын».
Сөйтіп емтихандық қағазды алақаныммен баса қойғанымды
ай­тып едім, алыс күндер елесі айқындалып шыға келді.
«Ә-ә, енді есіме түсті. – Ағайдың бетіне қан жүгіріп, жүзі

шырайланып сала берді. – Ондайды қайтіп ұмытарсың?!
Әй, тентек-ай, жарайсың, жарайсың! Сол отыңды өшірме,
айналайын!»

Екеуміз ағалы-інілі адамдай ерекше тебіреніс үстінде,
құшақтасып қоштастық...
Сол жылы Қиқымат та Алматыда қалып, жұмысқа ор­
наласты. Ағамның қол ұшын бергені күмәнсіз. Қиқымат қажет

кезінде ағамның тілін тауып, жұмысына жегіп алатын. Әйтпесе
сыртынан-ақ атын пайдаланып, қармақ сала беретін. Сондай
бір оқиғасын маған айтып бергені де бар. «Бірде гарнитурдың
мықтысы керек болып, мебельныйға бардым, – дейді қиқылдап

күліп. – Алдын ала байланыс болмағасын қиын екені белгілі,
нар тәуекелге басып, өзіме-өзім сеніп келгем. Амалдап
директорға кірсем, быттиған бір бюрократ екен, басын көтеріп
те қараған жоқ. Түрінен сезе қойдым, бәріне дайын кісі, бірақ

«жоқ» деген жарымаған сөзден басқа ештеңе айтпай, қолын
бір-ақ сілтеді. Сайлап келген қалта да, майлап келген тіл де
жайына қалып, мысым құрыды. Шыға бере бір ой сап ете
түссін. Қайтадан кірдім. Ол әлі басын көтермей, тұғжыңдап,

бірдеңелерді есептеп отыр. Мен де амандаспадым. Маң-маң
басып келдім де, тап қарсы алдына қонжидым. Онда әлі үн
жоқ, тіпті менің бұл дүниеде бар екенімнен хабарсыз; әлгінде
кіріп-шыққаным да масаның ызыңы құрлы әсер етпегені-ау,

шамасы. Аспай-саспай темекі тұтаттым. Қошқыл түтін бұрқ
етіп, танауына иіс барғанда ғана басы кегжең, көзі бағжаң ете
қалды. Бұндайлар иісшіл келеді. «Темекі тартуға болмайды
кеңседе. Не қылған мәдениетсіз адамсыз». Оның дөкір даусын

қаперіме де ілмей, ашулы көзіне тесірейе қарап отырып,
көк түтінді езуімді қисайта тағы бұрқыраттым. «Ол тәртіп
көпшілік үшін, – дедім сызданып. – Ал бізге болады. Сосын өз
атыңызды өзіңіз шақырмай отырыңыз». «Сонда... мәдениетсіз

мен болғаным ба? Сіз-з... Кім-сіз өзі?» «Біз... ө-ө-ө!» Өстіп бір
шіреніп, ашулы көзіне күмән араластырдым да, кабинетіне
мұрын шүйіре қараған күйімде мылқидым да қалдым. Үнсіз
аңдысу ұзаққа созылған жоқ; ұрының арты қуыс емес пе,

алдымен сыр берді. «Ау, сіз өзіңіз қандай қызық адамсыз?
Кабинет менікі, сіз шаруамен келдіңіз. Былай... жөніңізді
айтпайсыз ба?» «Неге айтамын? – дедім. Былқ-сылқ еткесін
бітті, иіп алмай не қара басыпты. Әбден тұқыртуға бел будым.

– Сіз өзіңіз-ақ білуге, сезуге тиіссіз ғой. Мен туралы айтылған

болар деп үміттене­мін. Кірсең болды, өзі біліп, өзі қатыратын

есті жігіт деген еді сіз туралы». Анау аң-таң болып аузын ашты
да қалды. Бюрократтар, аса бір ірілері болмаса, босаң келеді,
есіңде болсын. Бетіндегі қырауын қырып тастай алсаң, бітті,
өздері-ақ елжіреп жүре береді. «Сіз... кешіріңіз... Мен бүгін

сәл нелеу, жұмысбастылау болып... Қысқасы, әлі де сізді есіме
түсіре алмай отырғаным. Айып етпесеңіз...» «Жә, айып етіп
не қылайын... Бұрын көрмегесін қайдан тани қоясыз. Мен
Қиқыматпын, тойыс... азан шақырып қойған атым – Хикмет,

бірақ жақын-жораларым, ағаларым еркелетіп Қиқымат атап
кеткен». (Осы тұста Қиқымат маған өкпелейді. «Адамның әп-
әдемі атын бұзып... сендер де оңбайсыңдар. Өзімнің де етім
үйренгені сонша, әлгі дүкеншінің алдында мат бола жаздап,

әйтеуір, дер кезінде тауып кеттім»). Содан быттиғаным бетіме
қадалды кеп, қадалды кеп, міз бақпай мен де қадалдым... «Ә-ә, –
деп қыпылдады сәлден соң. – Сіз туралы ешкім ештеңе деген
жоқ сияқты. Қазір тізімнен қарай қояйын». Әрине, онда менің

жоқтығым белгілі. «Ештеңе етпес. – Кеңпейілдік танытқан
болдым. – Айтпаса – айтады. Жұмысбасты үлкен адам. Сіздің
шағын телефоныңызды күзетіп отырмайды ғой, ә? Өзіңіз
айтыңызшы. – Мақұлдағаны болу керек, жыпылықтады. –

Іздеген кезінде болмай қалуыңыз да мүмкін. Осы күні жұрт
жұмыс уақытында орнынан табылмайтын дертке шалдықты
ғой».
Өстіп бір байқатпай түйреп қойдым: әбден ысталған неме

сезбегенсіді. «Жарайды енді, ештеңе етпес. Сіз маған мынаны
айтыңызшы, кімнен келдіңіз?» Сөзінің аяғы үрейлі сыбырға
ұласты. «Сондай да сұрақ болады екен? – Сылқ-сылқ күлдім. –
Кімнен болушы еді, кәдімгі өзіміздің Жәкеңнен». Бетіме

барлай қарады, сосын көзі жүгіріп, бөлменің ішін кезіп кетті.
Бір кезде абдырап: «Кешіріңіз, қапелімде есіме түспей тұрғаны.
Қай Жәкеңді айтасыз?» – деп қарап тұр. Мен көпе-көрінеу
ренжідім. «Ау, неше Жәкең бар еді? Кәдімгі Жәкеңді айтамын.

Ағаларын білмейтін жігіттерді де бастық қойып, бұзатын өзіміз
осы». «Жә, ол ештеңе етпес енді. Мен әңгіменің конкретный
болғанын көздеймін-дағы», Қап, бәлем, ит қылайын, үйретейін
сені. «Олай болса, көңіліңізде күдік қалмасын. Жалпы мені

біреудің атын саудаға салып, өтірік айтатын кісіге санадыңыз
білем. Жәкең... – Қызметін айтып, блокнотымды суырдым. –

Телефоны мынау. Қазір хабарласып, сіз жіберген Қиқыматты
ит қылып, бет бақтырмай отырмын деп хабарлай қойыңыз». Не
істерін білмей, абдырады да қалды, өйтуге де біраз ерлік керек
қой. Бұранданы бекітіп қойдым: «Жалпы, ағалардың мазасын

көп ала бермей, ауызша сәлеміне сенген ақыл». Осымен саудасы
бітті... «О не дегеніңіз... Оны білеміз ғой енді, білеміз» –
деп жуып-шайып жатыр. – Сізге сенбегенде... Ал тоқетері,
бұйымтайыңызды айта отырыңыз». «Бұйымтай белгілі ғой.

Шетел гарнитуры керек». Желкесін тез-тез қасып жіберіп,
майлы беті бүлк етпей: «Ол құрғыр жоқ болып қинап тұр. Сіздей
сый кісілер де көп, берген уәдем құрғақ болып, қиналып жүрмін.
Өзіміздікі де жаман емес қой. Қолма-қол тауып берейін». Мен

сиқырлана күлдім. «Сіз де кісінің көңіліне қарамайды екенсіз,

– дедім жұмсақ үнмен. – Өзіміздікі үшін, біріншіден, Жәкеңе

салмақ салып, екіншіден, өзіңіздей азаматты әуре қылатын
тұзы жеңілдерден емеспін мен. Кез келген жүкшімен-ақ тіл
табыса салмаймын ба? Жәкең жібергесін біліп жіберіп отыр.
Өзіңізді әбден мақтап, жөн білетін, қолынан бәрі келетін,

өсетін жігіт деп сілтеді». Быттиғаным тіпті ісініп, рахаттанып
қалды. Артынша күдікті үнмен жасқаншақтай жұқалады.
«Дұрыс қой, енді. Бірақ сіз мені асыра мақтап, көңілімді аулап
отырсыз-ау. Өйткені мен Жәкеңмен таныс емеспін ғой. Ол кісі

мені қайдан біледі?» Бұндай шірік тұзаққа ілінетін осалды
тапқан екен. «Сіз Жәкеңнің атын білесіз ғой. Білесіз. Ал оның
қандай адам екенін, қолынан не келетінін шамалағаныңызбен,
дәл таразылай алмайсыз. Өйткені өреңіз жетпейді. Сіздің

масштабыңыз әзірше бір магазин ғана болып тұр ғой. –
Әзіршеге сайтан сиқыр сыйғызып айттым. – Ал ол кісі сіздерді
бақпағанда, шошқа тағалай ма? Бәріңізді де, бәріңіздің қандай
екендеріңізді де, немен айналысатындарыңызды да біледі. –

Соңғы сөзден де пәленің иісін шығарып едім, кәдімгідей жүдеп
қалды. – Енді, әрине, түсінемін, қиын ғой. Менің құр қол
қайтқаным ештеңе етпес, бірақ арнайы жібергенінде сымпиып
қайтқаным Жәкеңнен ұят. Мені қойшы, күте тұрамын ғой,

ол кісіге де сыр бермеспін. Бірақ үйдегі келініңіз... Әйелдің
аты әйел, амал не!» Қысқасы, не керек, шаруасын бітіріп,
жұмысымды тындырып, алшаңдап қайттым. Бір шөлмек

коньякты бөліп соғып алған соң: «Келіп тұрыңыз, Жәкеңе
сәлем айтыңыз», – деп құрақ ұшты. Хе-хе-хе!».
Қиқымат осы әңгімесін аяқтағанда, мен біраз күліп алдым
да, артынша: «Ақыры алдаған соң, ағамның атын айтпай-

ақ, басқа біреуді неғып атамадың?» – деп сұрағаным бар. «Ол
болмайды. Ал егер хабарласып, тексере қалса, құримын ғой.
Аға болса, әрине, падвадит етпейді».
Мұншалықты иемденуге төзе алмай, танауым желпілдеді.

«Бірақ, ағамның атын сатуың – иттік. Ол кісіні неге
ойыншық қыласың, ә?» «Ойбай, құдай сақтасын. Ойыншық
қылмақ түгілі, ондай арамдық ойымда да жоқ. Мен жай,
әншейін, ағаның жақын­дығын пайдаландым, қанатының

астына кірдім ғой. Тіпті ағаға тап осындай қолқа салсам,
көңілімді жықпайтыны рас. Ол кісінің уақытын алмай,
тігісін жатқызып жіберуім мықтылық емес пе қайта!» «Ал
ана директорыңды қайтпексің? Байғұс емексіп қалды ғой».

«Оны қайтемін? Жүрсін солай, үміт деген жақсы нәрсе ғой.
Байқауымда, өсетін жігіт. Быттиып, бедірейе білу – үлкен
болашақтың белгісі. Осыдан өссін. Салып ұрып жетіп барып,
жақсылап жуып беремін. Қуанып есі шығып отырған адам

«сеп болдың» деп бетімнен сүйеді әлі. Сосын... Сосынғысын
ішің білсін әлу-ай...»
...Оқу
бітіргеннен кейінгі үш-төрт жылдың жүзінде

Қиқымат бөлім бастығы болды. Ағамның көмегі тигені айдан
анық. Бірақ мен оның мәнісін тексеріп қайтемін; ол кезде
Қиқыматпен жақсы кезім, гүжілдеп жүрген уақыт қой, естіген
соң тықыршып, жұмыста тыныш отыра алмадым. Кейбіреулер

құсап: «Осы ит өсіп кетті-ау! Қалай ғана менен асып кетті?» деп
қиналғам жоқ, әрине. Асыққаным – тезірек құттықтап, жуып
жіберудің қамы. Не керек, сағат бестен кете салдырлап жетіп
келгенім әлі есімде. Елеусіз сияқты көрінгенімен, сол бір жайт

көкейімде қалып қойды.
Қиқыматтың бөлмесі ашық екен. Ентелеп жетіп келсем,
қайран менің досым Қиқымат қақ төрдегі айналмалы қара
креслода жаңа қуырылған қаздың еті құсап күреңітіп отыр.

Жай отырған жоқ, біреуге ұрсып отыр. Есіктің көзіне келіп, екі
бүйірімді таянып, талтайып тұра қалдым. Ондағы ойым, қазір
маған көзі түседі, сол кезде мен танауымды делдитіп, көзімді

аларта қоямын, сонда қайтер екен жаңа бастық? Сасқалақтап,
сөзінен жаңыла ма әлде бедірейе ме? Бірақ әзірге мені
байқамады әлде байқамағансыды, әйтеуір, алдында тұрған жас
жігітке кәрін төгіп жатыр. Қиқымат тәсілмен біліп алайын,

сосын саудаға салайын деген ойым болмаса да, қызық көріп,
бейкүнә әуестікпен бөлмеге кіріп, шеткі орынға жайғастым да,
сөзіне құлақ түрдім.
Қиқымат еңгезердей мені әлі көрген жоқ. Қандай жағ­

дайда болмасын, қызып отырсын, сызып отырсын, мейлі,
қасындағылардың қас-қабағы мен ас қамдап жүрген келін­
шектің ыдыс-аяғының сылдырына дейін қалт жібермей
бағып, көңіл күйлерін қапысыз танитын досымның бұнысына

қарағанда, не бастық болғасын белін шешіп, босаңсыған, не
мына шаруасы айрықша маңызды.
«Шырағым, – деді зілденіп. Өзіне сондай жарасады екен. –
Саған қанша айтып ұқтыра алмай-ақ қойдым-ау. Кішкене

былай мәдениеттірек бол. Сыпайы бол дедім бе? Дедім. Ал сен
баяғы қалпыңнан жазбайсың. Қайда жүрсең де киіп-жарып,
үлкен кісі екен-ау деп айылыңды жиюды білмейсің...» «Ой,
аға, сонша не бүлінді? – деп Қиқыматтың сөзін бөліп жіберді

бағанадан бері үндемей тұрған жас жігіт. Мелшиіп тұрғанына
қарап, майысқақ неме екен деп жақтырмай қалып едім, мынасы
қатып кетті. «Уай, еркек» дедім ішімнен. – Үлкендерге иіліп
сәлем беремін, алдынан кесе-көлденең өтпеймін, одан артық не

қыл дейсіз?»
Қиқымат столды бір қойды. «Әне! Өстіп шыға келесің.
Осыңның өзі – үлкенді сыйламағандық. Ойбай-ау, өзің айт­­
шы, дүйім жұрттың алдында, тал түсте менің білдей орын­

басарымның иығынан қағып, әзілдескенің жөнге сыя ма? Ол
қай басынғандық? Жаңа сенің алдыңда оған да ұрыстым. «Кеше
ғана келген жас баланы басыңа шығарып, ыржаңдасқаныңды
қой, тым жақындатпай, бойыңды аулақ ұста, әйтпесе күнде

әзілдесіп, қол ұстасып жүрсең, неше бастық болсаң да бой
бермей кетеді» дедім. Ақыры, сені және сен сияқтыларды
маңына жолатпай, суық қана сәлемдесуге уәде берді».
Мен таңғалдым. Өмірі көзірін ашпайтын Қиқыматқа бір­

деңе көрінген шығар. Сірә, алдында тұрған жігітті аңдысуға
тұрмайтын осал санап, өз мықтылығына сенген түрі.

«Онда тұрған не бар, Қақа? – Жас жігіттің даусы салмақ­
ты. – «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» деген. Ол менен үш-ақ
жас үлкен әрі бұрыннан жақсы жолдаспыз. Екеуміздің қал­
жыңымыз бар».

«Жолдастықтың жөні бір басқа, қызмет бабы бір бөлек.
Бұрын жолдас болса, қазір жолдас емес. Ол – менің орын­
басарым, сенің бастығың. Ұқтың ба, бастығың! Ал бастықтық
достыққа бағынбайды. Осы біздің үлкен басекеміз мені іш

тартып, екі күннің бірінде үйіне шақырады, әзілдеп, әр нәрсені
айтып жүреді. Жақын тартты екен деп мен сол кісінің басына
шықпаймын ғой. Әдеп керек, әдеп». «Қақа, қызмет бабында
менің мүлт кеткен жерім болған жоқ қой, – деп жігіт те

беріспеді. – Ал енді орынбасарыңызбен қалжыңдасқаным әбет
кезінде болатын». «Әй, не деген қызық адамсың. Әуелі былай,
жөндеп тұр. Бесіктен белің шықпай бүйіріңді таянып...»
«Құдайдың берген қолын қайда сыйғызамыз енді? Қол қусыра

білмеймін...» «Білмесең үйрен! – Қиқымат шаңқ ете қалды.
Қалшылдап барып, зорға басыл­ды. – Қарашы-ей, айыпты
болғанда тұрысың мынау, алда-жалда сенің алдыңа ісім түсіп
мен бара қалсам, қайтесің? Бюрократ! Сендерді де оқыған

дейді. Үлкеннің мысы деген ұғым жоқ қой сендерде. – Осылай
біраз кейіп алды да, қайта көсілді. – Бастық жұмыс уақыты,
одан тыс уақыт дегенге жіктелмейді. Қарамағында істейді
екенсің, ол сенің бүкіл өміріңе бастық! Соған елікте, соған

ыңғайлан, тірлігіңе үлгі тұт. Өзің айтшы, осы күні коллектив
болып қонаққа барғанда төрге ең жасы үлкен отыра ма? Жоқ,
жасы кіші болса да, басекем отырады. Өйткені жолы үлкен.
Енді қалай деп едің, жұмыста жоғары отырып үйреніп қалған

адам аяқ астынан төменшіктеуі керек пе? – Өстіп бір «пәлсапа»
соғып алды да, қайтадан кірісті. – Сөздің тоқетері былай:
кердең-кердең еркін жүрісті қоясың. Ағаларыңа ілтипат
білдіріп тұратын ибалы іні боласың. Әйтпесе сыйласуымыз

да, сыйысуымыз да қиын. Ал, өзің білесің, біздегідей жақсы
қызмет қалада тегін жатқан жоқ. Сен жассың, әлі өз қатеңді
түсінесің. Өсуің керек, үй алуың керек... Қысқасы, дабай,
менің айтқанымнан қорытынды шығар...»

Қалай байлауды білмесе Қиқымат бола ма, қасқайып-ақ
тұрған жігіт еді, мысы құрып, жүдеп қалды. Бұрылып, шыға

бергенінде көзінен іштен тынған ыза мен егесті байқадым.
Тоқтатып, көзінше Қиқыматты тәубасына келтірейін деп бір
оқталдым да: «Жас бала емес, өз жолын өз ақылымен тапқаны
жөн» деген ойға табан тіреп, үндемей қала бердім. Түбі сол

жігіттің есесін жібермейтініне кәміл сендім.
Қиқымат менімен ұмар-жұмар амандасты. Құттықтағаннан
кейін-ақ қағыттым. «Иә, су жаңа басеке, карьераңызды ереуіл
басудан бастадыңыз ба?» «Ә-ә, жаңағыны айтасың ба? –

Қиқымат бұрынғысындай қиқылдап күліп алды. – Кісінің
жынын келтіріп... Сондай еркін ұстайды өзін». «Сенде де жын
бар екен ғой. Ол қандай жын? Жас жігіттің қылығы неғып
сенің қабырғаңа бата қалды? Адамның еркін жүріп-тұрғанын

да көре алмайсың ба сен? Өзіңнің қолыңнан келмеген соң,
басқада нең бар, ей?»
Сөз аяғы ызбармен бітті. Бірақ Қиқымат әдетінше майысып,
жеңілген бола салды да, ақыры екеуміз ынтымақпен тарадық...

...Қазір Қапардың қасында, түнгі далаға үңіле қарап отырып,
осы бір үзік-үзік оқиғалар ойымнан шықпай қойды. Дала
жарықтық қарауытып көрінеді; алыптығымен табындырып,
бейбіт тыныс алады. Қайдағы-жайдағы ұсақ-түйекті ойлап мен

келемін.
Қолтығына кіріп алып, ағамды айтағына жүгіртіп, айдауы­
на жүргізген Қиқыматқа зығырданым қайнайды. Қаладағысы
аз болғандай, енді далада да саудаға салып жүргені мынау.

Жалғыз бұл емес, талай мәрте осылай болғаны ақиқат. Қи­
қыматқа қор болған қайран ағам! Қап, бәлем, тұра тұр...
Өзің ішіп алсаң, оның үстіне түнгі далада зулаған машинада
келе жатсаң, басыңда тентек ойлар бұрқ-сарқ қайнайды. Соның

ішінде ғажаптары да аз болмайды. Әттең, соның бірі де жүзеге
аспайтын, ет пен терінің арасындағы желік қана. Менің де
басымда Қиқыматты жан алқымға алудың сан түрлі жолдары
әп-сәтте ізім-қайым жоғалып жатыр...

Бір қарасам, шағын ауылды қақ жарып келеді екенбіз. Ауыл
тегіс жатпапты әлі. Әр жер, әр жерде қараңдаған адамдар,
жарық аулалар­да думандатып отырған шағын топтар көзге
шалынады. Бейтаныс, сыртынан ғана алғаш және, бәлкім,

соңғы рет көрген кісілерім көзіме біртүрлі жылы ұшырайды.
Соларға қуаныш-шаттық, бақыт тілеп отырғанымды аңғардым
12-0047

бір кезде. Мына үйдің қасына түсе қалып, сәлем беріп кіріп
барар ма еді; шат-шадыман топтың қуанышты ырғағына жүрек
лүпілін үйлестіріп, танысып-білісіп, өмір атты ұлы сапардың
бір мезеттік меймандары – біздердің бір-бірімізді білмесек

те, көрмесек те тағдырлас, тілектес бауыр екенімізді айтып,
тіршіліктің қасқалдақтың қанындай қымбат сәттерінің бірін
бірге өт­кізер ме еді; бір-бірінің жер басып жүргенінен бейхабар
адамдар­дың бірі туғанда, екіншісі қуанып, кіндігін кесе

алмайтындықтан да, бірі қайтқанда екіншісі көз жасын төгіп,
топырақ сала алмайтындықтан да бір-біріне мәңгілік қарыздар
екендігін толғап, адам ұсақ-түйек бақай есепті табанға салып,
тәрк етіп, өзінің айналасына ғана емес, сол көрмей-білмей

өтетін бейтаныстарына да жан шуағын төгуі үшін, жақсылық
жасауға дайын болуы үшін, ізгі тілеулес болуы үшін, адамның
адамға деген махаббаты үшін тост көтерер ме еді; сөйтіп,
таң ата шын бауырларша құшақтасып, қоштасар ма еді,

шіркін! Бәлкім, сол құшақтасу біздің бұл дүниедегі соңғы
құшақтасуымыз, мәңгілік қоштасу болар, бірақ бізге жаңа
танысқан бауыр құшағы ізгілік жолында тың қуат беретіні
де сөзсіз шындық. Адамдар бір-біріне тек қана жан жылуын,

ізгілік нұрын дарытса...

– Мәссаған! – Қапардың қатқыл шыққан даусы түрпідей

тиді. – Мына қырғын төбелесті қара!
Жалт қарағанымша, машинасын шұғыл тоқтатып, есіктен
атыла жөнелді. Мен де ұмтылдым. Жүгіріп келе жатып
байқадым, жолдың бойында ауылдың шағын клубы бар екен.

Шарбақпен айналдыра қоршап қойыпты. Жағалай селдір ағаш
өскен: клубтың айналасы жап-жарық. Сол шарбақтың ішінде
бір топ адам арпалысып жатқан тәрізді: өрескел дауыстар да
естіліп қалады.

Қапар екеуміз жете бергенде ұзын бойлы бір дәу қарсы
алдында тұрған екі жігітті екі жаққа допша домалатып
жіберді. «Кья», – деп қаһарлана ақырғаны естілді. Енді
байқадым, қыздар да бар екен; шыңғыра беріп еді, әлгі дәу:

«Өшіріңдер үндеріңді! Өлтіремін!» – деп зекіп қалып еді, бәрі
жым болды.
Біз де жеттік. Қапар бірден батыл кірісті.

– Әй, жігіттер, бұларың не? Мына қарындастарға көрсететін

басқа өнерлерің болмады ма, немене? Ұят емес пе?
Аяқ астынан пайда болған тосын куәгерлерге жиналғандар
тосырқай қарап, аңтарылып қалды. Дәу жігіт қана маңғаз тұр.
Әлгі құлаған жігіттер орындарынан зорға тұрды: жанарларында

үрей жоқ, кекті ашу мен шарасыздық шарпысып жатыр.
Байқасам, бәрі де жиырма-жиырма екі жастағы жігіттер.

– Ау, бауырлар, бұларың қалай? Түн ішінде бір-біріңе бө­

рідей тиіп не көрінді?
Сөзіме жауап болмады. Екі қыз әлгі екі жігіттің қолтық­
тарынан алып:

– Жындыға сот жоқ. Кетейікші бұл жерден, – деді өкси

сыбырлап.
Мен оларды бөгедім де, маңғаз дәуге тақалдым.

– Ал, сен айтшы, бұлардың жазығы не? Намысыңа тиді ме?

Қатқыл дауыспен күдірейе жауап берді:

– Жазық-пазықты не қыласың? Көп сөйлегенді жек көремін.

Байқаймын, бөтен жердің адамы болған соң, мені білмей, өстіп
еркін сөйлеп тұрсың ғой. Білместігіңді бір жолға кешірдім.
Аман-сауыңда жолыңды тап та, қайқай!
Өзім батырдың тұқымы болсам, өзім ішіп алсам, бұндай

басынуға шыдармын ба? Бұнымен бір төбелеспей тарқамасым
анықталған соң, әуелі жөн біліскім келді.

– Жақсы... Қаша жөнелетін қорқағың мен емес. Жаңағы

айқайыңнан білдім, қаратешісің ғой. Оныңды да көрерміз.
Әуелі бірер ауыз тілге келейік. Сен мына жігіттерді не үшін
осынша қара қан қылып ұрдың? Әлі жеткенді сабау еркектікке
жатпайды. Күшті болсаң, каратеші болсаң, жарысқа неге

қатыспайсың? Әлде адамдарды ұру үшін үйреніп пе едің?
Өзіне-өзі әбден сенімді екен, әңгімеден қашпады.

– Жарысқа да қатысып тұрамын, көкесі. Бірақ адам туғанда

жалғыз туады, жалқы болып өтеді де. Сондықтан өзгеге қарсы
тұра білу үшін, өзгеден асу үшін қайрат керек. Мен каратэні
өзгелерден үстем болу үшін үйренгенмін, paс. Екіншіден,
мыналарды, мұрнын шүйіре, менсінбей нұсқады, ұрған себебім,

ана екі шөпжелкеге көзім көптен түсіп еді. Солар мен тұрғанда
мына екеуіне жабысқанына күйінгеннен ұрдым. Өзің айтшы,
ана екі жігіт менің ширегіме келе ме? Менен келбетті ме?

Шынында да сымбатты жігіт екен.

– Бірақ, – дедім мен, – сен елдің сезім еркіндігін тұн­

шықтырғың келе ме? Кімді сүю – қыздардың өз еркі. Сондықтан
сенікі ақымақтық.

– Жоқ, сенікі ақымақтық. Жалғыз бұл екеуі ғана емес, осы

ауылдың бүкіл қыздары маған ғашық болуға тиісті. Өйткені мен
бәрінен де артықпын. Мен талантпын. Талантты гитаристпін,
әншімін, футболшымын, талантты каратэшімін. Ал таланттың
елден ерекшелігі, айрықша правосы болуы керек қой! Әлде сен

талантты мен талантсызды теңгергің келе ме?

– Осы сен ұяттан жұрдай болуың керек. Теңдік туралы қай

бетіңмен айтып отырсың? Менің ұғымымда ерекше адам деген
жоқ. Талантты екенсің, жарайсың, азамат, талантыңмен елге
қызмет қыл. Бірақ қандай да болмасын талант өзгені басыну­
ға, қорлауға право бере алмайды. Рас, талантты адамның

талантына қатардағы мен тең келе алмаймын. Сол таланты
үшін сыйлаймын да. Алайда менің жаным, адамгершілігім,
тіпті адамдық хұқым, жер басып жүруге деген хұқым одан
кем болуға тиіс пе? Жоқ! Менің принципім – ешкімді басынбау

және ешкімге өзімді басындырмау.

– Қойшы, көке, кісінің қарнын ашырмай. Мен мына бір

ұсақ-түйек жігіттердің өзімнен кем екенін көріп тұрып,
олармен қалайша бірдей, тең праволы болмақпын? Ешқашан
да менсінбеймін оларды. Алдымда иіліп, сүмірейіп тұрсын,
әйтпесе өз обалдары өздеріне.

– Әй, сен өзің не деген итсің! – Ызаланғаннан даусым қатты

шығып кетті. – Қайдан пайда болған пәлесің? Түк те талант жоқ
сенде. Ең бастысы, адамды сүю талантынан жұрдайсың. Ал
менің ұғымымда жүрек талантынан, адамгершілік талантынан
артық талант жоқ!

– Сенде жан жоқ, сезім жоқ, оңбаған топас! – Қыздардың

бірі ашына айқай салды. – Сені қыздардың бәрі жек көреді.
Зорлықпен сүйкімді бола алмайсың!
Қасымда ел бар екені жаңа ойыма түсіп, жігіттерге
бұрылдым. Қапар үшеуі біздің әңгімемізді мұқият тыңдап тұр

екен. Түрлері адам аяғандай; қан-қан; бет-ауыздан дым жоқ.

– Ау, жігіттер, сендер бұны неге сонша төбелеріңе ойна­

тасыңдар? Әлі жетпеу айып емес, бірақ ел-жұрт бар... Жөнге
салмайсыңдар ма?

– Жоқ, аға, – деді біреуі. – Осы итпен соттасуға да, үстінен

арыз айтуға да намыстанамыз. Жүре берсін. Ұлыған иттей
қазір өзі де жалғыз қалды. Осындағы төрт-бес бұзақыдан басқа,
бұны ешкім де адам санамайды. Амал не, күші басым. Бірақ
бізді ие алмайды бәрібір. Судың да сұрауы бар. Ашынғаннан

қазірдің өзінде жындануға жақын. Бұл итпен біз бірге өстік,
бірге мектеп бітірдік. Соның бәрін аяққа басып жүр ғой.

– Ортамыздың еркесі, гүлі болатын жігіт қой, – деп, екінші

жігіт сөзге араласты. – Бірақ өз қадірін өзі кетірді. Күштен
басқаны мойындамайды. Бізде де намыс бар, жалтақ, қорқақ
жігіттер емеспіз, бір кісілік қайрат та табылады. Ылғи өстіп
басынып, соқтығады, біз де жағаласып, айқасып бағамыз.

Атып өлтіруге арымыз жібермейді.

– Әй, сендерге не жоқ? Мен есімді білгелі ешкімнен таяқ

жеп көргем жоқ. Біреуден таяқ жеген жігіттерді адам деп
есептемеймін. Сендер бейшара, сорлысыңдар ғой.
Каратэшінің бұл сөзіне бәріміз де күйіп кеттік.

– Жоқ, нағыз бейшара сенсің, – деді алғашқы сөйлеген жігіт.

– Сендей әумесерді көрсем, көзім шықсын. Ағалар, өздеріңіз

ай­тыңыздаршы. Мен өзі жетім өстім. Енді үй болып, әке-
шешемнің шаңырағын көтергім келді. Мына қарындасыңыз­
бен келесі аптада қосылғалы отырмыз. Жаңа кинодан шықсақ,
мынау келіп қалың­дығымды сұрайды. «Жаның барында

жоғал», – дейді маған. Бұған көнгенше қолында өлмеймін
бе? Иттің баласы, баяғы балалық шағымыздың киесі соқпай
қоймайды сені.

– Мынау фашист екен ғой, – деп, Қапар боқтап жіберді.

Каратэшім мыңқ етпей, кекесінді күлкімен қарайды бізге.

– Әй, жігітім, – дедім. – Сірә, көп асқанға бір тосқан, есеп

беретін кезің келген шығар. Біліп қой, мен, Алмамбет, Қарасай
батырдың тұқымымын. Кездейсоқ, жол бойында, иттігіңнің
үстінен түсуімнің де біз білмейтін бір сыры бар шығар.
Атамның аруағы сені тәубесіне келтірсін деп ұшырастырған

болу керек...
Каратэшім тісінің арасынан шырт түкірді де, дүлейлігін
танытты.

– Жә, жетер. Бос былшыл не керек? Төбелесер болсаң, былай

шық.

– Жақсы. Ал, жігіттер, ешқайсың араласушы болмаңдар, –

дедім мен нығыздап.
Кәріме мініп орнымнан атып тұрдым да, тарпа бас сал­
ғанмын... Көз алдымнан ақбоз айғыр шыңғыра кісінеп
өте шықты. Дүние жарықтық жанарымда шыр айналып,

тұтамдай құйрығын ұстатпай қойғаны, әлемді таңғажайып
тыныштық басып, меңіреу түнекке баттым да кеттім. Жер ме,
көк пе, білмеймін: сұрапыл боран ба, суыра соққан құм ба
әлде шудаланған тұман, әлде будақ-будақ түтін; қаңыраған

құладүз; әйтеуір, беймәлім бұлыңғырлық ара­сынан ақбоз
айғыр тағы шыға келді де, дәл қарсы алдымда ас­панға
шапшып, арқырай кісінеді: арандай ашылған аузымен айды
шайнардай ышқынады: ойқастаған ақбоз айғырдың үстінде

алып адам бар екен; сауыт-сайман киінген, бес қаруы бойында,
өзі менің палуан атама ұқсайды, бірақ одан анағұрлым ірі,
анағұрлым айбатты; енді түсіндім, жанұшыра жеткен Қарасай
батыр атам екен ғой; жер-көкті тітірентіп ақырды; алмас

қылышын суырып алып, жай оғындай жарқ еткізіп сермеп
қалды да, ғайып болды... есім кірді.
Қарасам, көк шалғында шалқамнан жатыр екенмін; жұл­
дызы тамған түнгі аспан төне қарап тұр. Денем дел-сал болып,

ұйқым келгендей, көк шалғыннан көтерілгім жоқ. Сонда ғана
жауымның мені иектің астынан бір теуіп, лақша домалатқанын
ұқтым да, «Я, аруақ, Қарасайлап» атып тұрдым. Бетімді
сипасам, қолыма қан жұқты: үсті-басым да қан.

Дұшпаным анадай жерде бүйірін таянып, қадала, кекете
қарап тұр екен. Қорлықтан өліп кете жаздадым; дәл осы
сәтте тап содан басқа ешкімді көрген де жоқпын; айдала; қан
майданда екеуміз ғана.

– Жығылғанда тепкілемегеніңе қарағанда, ер екенсің, –

дедім қаныма қарайып тұрсам да.

– Жатқанды теуіп не қыламын. Бәрібір орныңнан тұрған­

мен, қайта жатқызамын, – деді асқақтап.
Қанша күшті болғанмен, күйкінің аты – күйкі. Құлағанымда
теппеген себебі мәрттікте емес, басқада екен. Көзіме қан толды.

– Ал тағы кеттік. Енді байқа, – дедім қаһарланып.

Бұл жолы қолмен ұрып жыққысы келген болу керек, аяғын
жұмсамады. Тартып жіберуге оқтала бергенінде, атақты
жұдыры­ғыммен жақтан сарт еткіздім. Басы кегжең ете қалды

да, көк тірегендей болып тұрған неме ұзынынан сұлап түсті.
Тырп етпестен серейді де қалды. Айызым қанып, ашуым
бәсеңсіп, жан-жағымды жаңа көрдім. Бағанағы жігіттер
елеңдеп, қыздар анадай жерде үрпиіп тұр. Қапар қасыма

келді.

– Апырай, Алеке, не боп кетер екен деп зәрем қалмады ғой.

Секіріп келіп, оқсатып-ақ тепті иттің баласы. Алыптығыңнан
ғана аман қалдың-ау!

– Қимылын байқамадым ғой, әйтпесе... Көп жаттым ба?

– Ә, жоқ, абырой болғанда тез-ақ тұрып кеттің ғой.

Дұшпаным жуық арада тіршілік нышанын таныта қоймаған
соң, «майып боп кетті ме?» деп, тағатымнан айырыла бастап
едім, жоқ, бір кезде тірілейін деді. Орнынан үш ұмтылып зорға
тұрды. «Жаңа маған Қарасай атам аян беріп еді, бұның көзіне

не елестеді екен?» деп ойладым, сүмірейген түріне қарап тұрып.
Ол басын арлы-берлі қозғап, қолымен ұстап көрді, түгендеген
болу керек. Өзіне-өзі келіп алғанша үн қатқан жоқ, тек қана
қолымен «тұра тұр» деген ишара жасады. Ерсілі-қарсылы

жүріп-жүріп, бір кезде қол-аяғын сермеп, әлдебір қимылдар
жасай бастады.

– Саспа, бәлем, – деді бір кезде тілін шайнап. Аузы зорға қи­

мылдайды. – Есесін жіберетін қорқақ мен емес.

– Әй, жігітім, сен иттігіңе лайық сыбағаңды әлі алған

жоқсың, бірақ осы тойғаныңмен бар. Жағың сынды, мен
ызамен ұрғасын сынбай қоймайды. Енді ойлан, тәубеңе кел.
Ол кекете күліп еді, ауырсынып, қабағын кіржитті.

– Тапқан екенсің ақымақты! Сәл күт, егер жүрегің шыдаса.

Жаңа қапыда қалдым, енді байқа. Аямай, өлтіре соғамын.
Төбелестің қандай болатынын көресің қазір. Смертельный
ударларымды жұмсаймын саған.

– Солай ма? Өзіңді кінәлі санамайсың, мені өлімші қылғың

келеді, ә! Олай болса байқа, шырағым. Мен де сен сияқты
иттерді аямаймын!
Сәлден кейін-ақ кірісіп кеттік. Бірде-бір жан араша сұрап,
араға түскен жоқ, көнбесімізге көздері жеткен болу керек.

Бұл жолы әжептәуір аңдыстық. Анау біресе тарбиып тұра
қалады: біресе екі аяғына кезек салмақ салып, ұрымтал тұсты
аңдиды. Бір кезде қаһарға міндім: ау, ештеңеден қорықпаған
батыр жүрегім мына иттен сескенгені ме; біреуден қорықпақ

түгіл, сескенгенше өле қалайын; өлім дегенің де қорқынышты
нәрсе емес қой сонша; оны анадан туғанда өзімізбен бірге ала
келеді екенбіз, дүниеге сәби жылап келгенде, «тудым, енді
өлемін» деп жылайды екен; біздің өліміміз өмір бойы өзіміздің

бойымызда, өзімізбен бірге жүреді екен; ендеше одан қорқып,
оған құл бола алмаймын. Мына қара ниет каратэші, мықтаса,
менің ажалым шығар. «Ай, атаңа нәлет, жаналғышым сен
болсаң да, көріп алайын. Қарасай батырдың аруағы қолдай

гөр!» – деп оқша атылдым. Ол әлдебір қимыл жасап, шоршыды;
сол кезде бұлт етіп, сермеген оң аяғын басыма тигізбей, екі
қолыммен ұстай алып, үйіріп ала жөнелдім; екінші аяғы ішіме
сарт ете қалды, жаным көзіме көрінсе де былқ еткен жоқпын;

жіліншіктен сығымдай ұстаған күйі айналдыра үйіріп-үйіріп
алғаным; жауымнан қайран кетіп, басы анда бір, мында бір тиіп,
зуылдай айналды; көк шалғын дауыл соққандай жапырылды.
Қаныма қарайғаным сондай, үйіріп-үйіріп, ағашқа бір соғып,

ақылсыз миын бұрқ еткізгім келіп кетті, бірақ адал арымды,
таза қолымды арам қанына былғап қайтейін, қанша оңбаған
болса да адам, біреудің баласы, көзінің қарасы ғой, жүре
берсін жер басып. Осы ойға табан тіредім де, тағы бір шырқ

айналдырдым; бақ еткен даусы шыққан кезде қалың қурайдың
ішіне аттым да жібердім...
...Бұл жолы да серейіп ұзақ жатты. Ыңырсыған даусы ғана
ес­тіледі. Ешкім қасына бармай қойды. Бір кезде сүйретіліп,

еңбектеп шықты. Жағы сынғанына қоса, жіліншігі де сынған,
не тобығы тайған. Аузы қисаңдап, зорға тілге келді.

– Мертіктірдің, жігітім. Енді күресе алмайтын болдым. –

Жасып, жүдеп қалыпты.

– Сендей каратэшінің барынан жоғы игі, – дедім өз қа­

талдығыма өзім таңғалып тұрып. – Өмірдің мұраты ол емес,
ойлан, жігітім!
Жігіттерге бұрылып:

– Машинаға салып, үйіне жеткізіп тастаңдар. Сұраушысына

жағдайды түсіндірерсіңдер, көнбесе, маған сілтеңдер, – дедім.
Олар тез қайтып келді. Әлгінің ағасы «Итке сауап болған
екен, елге қарайтын бет қалдырмап еді» дегеннен басқа ештеңе
айтпапты.

– Енді түзеліп кетсе, бәрімізден өткен қателіктеріне кешірім

сұраса, біз оны ортамызға аламыз, – десті жігіттер.

Олармен жылы қоштасып, аттанып кеттік.

– Әй, өзі де барып тұрған ит екен, – деді Қапар былай шыға

бере.

– Әрине. Мен оны ұрғаныма титтей де өкінбеймін. Бірақ қи­

найтыны – басқа нәрсе. Адам адамды қайтіп сонша басынады
екен? Ал жақсы, сазайын алды. Бірақ ары қарай не болады?
Ойлана ма? Қатесін түсіне ме? Түсінген күнде де тас жүрегі
жібір ме? Адамға деген махаббаты оянар ма?

– Иә, Алеке, бұл – бір бас қататын нәрсе. Не істеуге болатынын

білмеймін. Бәлкім, сілкінер. Адам үшін ар жазасы ауыр ғой.
Ал егер тап осы жолы ойланбаса, онда ол – біткен адам.

– Және, қандай адам? Жігіттің төресі болуға лайық қой. Бой

қандай, дене қандай! Келбетін айтсаңшы. Тіпті қарап тұрып
сондай оңбаған екеніне сенгің келмейді. Жә, құрсыншы... Жас
бала емес, өз жолы туралы өзі ойлануға тиіс. Бірақ ол жігіт
өткен қатесін ғана емес, сана-сезіміндегі қатесін жөндеп, дұрыс

адам болып кетсе, мен қуанамын. Әй, қайдам... Сонша сіңіп
қалған қасиет бір таяқ жегенге өзгере қалушы ма еді? Ерегесіп,
құтырып кетпесе. Онда өкінішті, әрине...

– Кім біледі, Алеке. «Үмітсіз – шайтан» деген. Ойлануға

мүмкіндік алды, қалғанын өзі білсін.
Қапармен үнсіз келістім.
Өрекпіген көңіліміз басылмай, даудырласып отырып,
Қапардың үйіне қалай жетіп қалғанымызды да білмей қалдық.

Үйдегілер әлі жата қоймапты. Келіншегі алдымыздан шықты.

– Су алдыра ғой, – дедім Қапарға. – Дипломатта екі-үш

көйлек бар, соның бірін ала шықсын. Мына түріммен апамды
шошытып алармыз.
Шәйнекті ұсына бергенінде, құрдастың келіншегі ғой,
қалжың айтпай қалушы ма едім:

– Әй, келіншек, жорықтан жүдеп келдік, әйеліміз алыста.

Орнын жоқтатпай, құрдасыңа былай... кішкене иіліп, сызылып
тұрсаңшы. Қолыма су құйып...
Келіншектің қайқы еріндері жер мен көкке тірелгендей
болды.

– Әй, Қапар, мә, сен құйшы. Мен шай қоя берейін. «Атауың­

ды ішкізейін» дегендей естілді даусы.

Шәйнекті Қапарға ұстата беріп, менің сұқпытыма келістіре
бір қарап өтті. Бұрыла бергенінде түп-түзу мұрынның қайқы
еріндермен одақтасып, қауырт қимылдар жасағанын аңғар­
дым да, жетіскенімді біле қойдым. Бұны Қапар да байқады:

ләм демей, бейілдене су құйып тұр. Түнгі салқында суық сумен
жуынғанға не жетсін; досың су құйып тұрса, тіпті ғажап қой.
Каратэні де, қайқы еріндерді де естен шығарып, сергіп қалдым.
Көйлек ауыстырғаннан кейін құлпырып шыға келдім де:

– Қалай, Қапеке, кім бізді қан майданнан шықты деп

ойлайды? Енді көрсе, қай қыз-келіншек күле қарамас екен? –
деп, иығынан қағып қойдым.

– Мықты болсаң, біздікін күлдіріп алшы... – деді Қапар.

Ойымда дәнеңе жоқ... сақ-сақ күлдім...
Апамыз жатып қалғанымен, ояу екен. Біз төргі үйге өте
бергенде, басын көтеріп:

– Құлындарым-ау, әйтеуір, аман-есен жүрсіңдер ме? Сеңдер

келгенше қайдағы-жайдағыны ойлап ұйықтай алсамшы.
Алмамбет қарағым, Қапар кешіксе, ылғи уайымдап отырушы
едім, бүгін сен бірге жүргесін тіпті мазам кетті. Танымайтын
жердің ой-шұқыры көп, алыстан келген қонақсың, бірдеңеге

ұшырап қалып, масқарамыз шыға ма деп... Сенің де мендей
шешең бар ғой, ол да өстіп ойлайды ғой сені. Андағы досың
ақкөңіл: желкілдеп жүре береді. Кешікпе, бетіңмен жүрме,
алды-артыңды ойлай жүр деп ақылыңды айтып қойшы,

балам, – деді.
Көңілім бұзылды: қанша тәте деп өскеніммен, шешемді
сағындым: қарияны құшақтап, маңдайымнан иіскеткім келді;
дүниедегі ең асыл сөздерді айтып, мерейін өсіргім келді:

Қапардай ұлы бар ананың бақытты екенін толғағым келді.
Көмейім кептелді.

– Е-е, құлындарым-ай сол. Достықтарың берік болып,

бір-біріңе сүйеу бола жүріңдер. Бүгінде ағайын-туыстан да,
сүйіп алған әйелден де дос жақын. Қайда жүрсеңдер де аман
болыңдар... Шай ішіңдер... Қарындарың ашқан шығар...
Айналайын...

Басын жастыққа қоя беріп:

– Құдая, осыларға ғұмыр бере гөр, – деп күрсініп, күбірлеп,

аллаға сиынғанын естідім...

Шай үстінде келіншектің қабағынан қар жауып, кірпігіне
мұз тоңбағанымен, көктем лебі де сезіле қоймады.

– Ау, келіншек, неғып тырысып отырсың? Мені жақ­тыр­

масаң, кетейін! – Қалжыңға сүйеп, күліп айттым. Келіншек
ырымға жы­миған болғанымен, көктем күлкі көрінбеді.
Қапардың қыстығып, булығып, түнеріп келе жатқанын бай­
қадым да, әзілмен жарастырып жібергім келді. Барған үйімді

бүлдірмей, бүтіндеп жүруге тырысатын әдетім.

– Менің жаңағы түрімді көріп, шермәш екен деп қалдың ба?

Ондай емеспін. Жолда бір қырттар ұрынып, соларды көшеге
шашып кеттім.
Шамасы, бұның да әсері шамалы болды-ау, Қапар мейлінше
майда дауыспен келіншегіне тіл қатты:

– Бірдеңең бар сияқты еді ғой.

Бұнысы дүңк еткендей естілді маған. Қайқы еріндер
қайыққа ұқсап, ауыз үйге қарай сызып кетті.

– Алеке, мынаны бүгінгі жеңістерің үшін алып қояйық.

– Жеңістеріміз дегейсің.

Қапардың сөзін түзетіп, туралап жібердік. «Қайта шапқан
жау жаман», бойым балбырап қоя берді. Әлденіп алған соң,
қамалға тағы шабуылдадым.

– Ау, мәнісің кетіп отыр ғой. Дәу де болса күйеуің кештетіп

келген соң, әр пәлені ойлап, қызғанып отырсың. Жоқ, тап осы
жолы ақпыз.
Сөзіме сақ-сақ болмағанмен, сызылған күлкі болуға тиіс еді,
бірақ қайқы еріннен ондай ишара байқалмады. Төмен қарап,

шайын құя берсе бір сәрі-ау, төрдегі, яғни менің сыртымдағы
кілемге қадалып, қақиып отыр. Мен сөйлегенде сылқ-сылқ
күлмейтін адамды әлі көрген жоқ едім, мына келіншек тіпті
езу де тартпай күйдірді...

Қайран қазақтың қалжыңы-ай! Құрдас қалжың тіпті кере­
мет қой. Арам астарсыз, ақ ниеттен туған өткір әзіл жаныңды
сілкінтіп, жайнатып, жасартып жібереді ғой. Күлкісіз өмір
қараң. Бірақ мына келіншек Күлмесханның не өзі, не көзі

болу керек, селт етпеді. Құрығанда «өй жындылар» деп,
қызараңдауы керек еді, бірақ езу тартпауға ант ішкен болуы
керек. Қапар екеуміз күлген болдық, бірақ дастарқан басында

біреу түнеріп отырса, сәнің кетіп, ішкенің ірің, жегенің желім
болады екен. Бір ыңғайсыз үнсіздік орнады.
Қапарға қарасам, жарылайын деп отыр екен. Мен күлдіре
алмай, ол «күл» деп әмір бере алмай, жігеріміз құм болды.

Ызам келді. «Дұрыс, күлмей-ақ қой. Ешқашан күлме. Ты­
мырайып, теріс қарап отыр» дей жаздап, дастарқанынан
дәм татып отырғасын әрі әйелмен әйел болайын ба, үндеген
жоқпын. Аппақ, әдемі келіншекке қарап отырып, ақ тілеулі

ананы ойыма алдым.

– Қапар, – дедім. – Әлгінде апам бізді ақ тілеуімен қарсы

алды. Анаң ғажап адам екен. Жалпы ананың бәрі сол ғой. Ал
біз болсақ аналарымыздың ақ сүтінің бір тамшысын ақтай
алдық па? Біз ол кісілерге сондай жақсылық жасай алдық па?
Жоқ. Неше жерден мықты болсақ та, ана сүті, ана махаббаты

толық өтелмейтін мәңгілік қарыз. Бірақ көкіректе перзенттік
махаббат, үлкен сезім бар. Біз оны анаға айтып жеткізе
алмаймыз, бірақ олардың нәзік жүрегі сезеді бәрін. Келші,
Қапар, аналарға бар жақсылықты тілейікші. Аналарымыздың

аман болып, бақытты болулары үшін алайықшы!
Тебіреніп, көзіме жас кеп қалды. Қапардың көзі мөлт-мөлт
етеді. Келіншегі міз бақпады.
...Сыртқа шығып, темекі тарттық. Кенет Қапар мені құ­

шақтай алып, есік алдындағы орындыққа әкеп отырғызды.
Темекісін құ­шырлана сорып, қошқыл түтінді қоюлатқанынан
бірдеңе айтатынын түсіндім.

– Алмамбет, – деді ол қарлығыңқы үнмен. – Екеуміз екі-ақ

күн жолдас болдық, бірақ мен сені толық таныдым. Көптен,
тіпті сонау бала күннен білетін сияқтымын. Сен менің өміріме
найзағайдай жарқ етіп ендің, бірақ өшіп қалмай, жүрегімде
лаулап жанып тұрсың. Түн жамылып отырмын ғой, сен

менің айрықша қымбат досымсың. Сен үшін жанымды беруге
дайынмын! – Дауысы дірілдеп, тебірентіп жіберді.

– Қапар, мен де сенімен тегін бірге жүрген жоқпын. Сенің

де орның бөлек мен үшін. Сен де менің қиыспас досымсың.
Жүрегім, жаным қашанда сенікі. Қараңғы түнде алпамсадай
екі еркек құшақтаса кеттік.

– Ал енді бір әңгімені айтсам ба, айтпасам ба деп көп

толқыдым. – Толғаныстан кейін өзіне-өзі әлі келе қоймаған

Қапар тоңған адамдай қалтырады.– Айтпауға шарам жоқ,
ішіме сыймай барады. Жағдайды көріп, түсініп отырсың ғой
өзің де...

– Ой, сен... – Әңгіменің әйелі туралы болатынын сездім де,

қаламадым. – Неғыласың оны сөз қылып...

– Жоқ, болмайды. Сен тыңда. Өз әйелімді өзім жаман­

дағаннан қадыр табамын деп отырғам жоқ. Және сенен кешірім
сұрайтын да ойым жоқ. Бұл – ұсақ-түйек өсек-аяң емес, терең
әңгіме. Біле білсең, менің тағдырым.
Осыны айтты да, бойын жиып, қатайып алды. Үйге барды

да, екі стакан мен бөтелке жеткізді.

– Алып отырайық, – деді жайғаса беріп. Содан соң байсалды

дауыспен әңгімесіне кірісті.– Сен келгелі байқап отырсың,
әйелім оң қабақ танытқан жоқ. Біріншіден, ол сені көргеннен
өзінше өлшеп-пішіп қойды. Яғни сен ол үшін арақ ішетін көп
жындының бірісің. Ол сенің жан дүниең, адамгершілігің жайлы

бас қатырып жатпайды. Өзінің тар қорасына қамай салады.
Екіншіден, тырыса қалғаны жеке басыңды жек көргендіктен
де емес. Ол қонақ атаулыға шығын ретінде қарайды.

– Қалай?!

– Солай. Келген қонақтың аузына барыңды тосасың,

жайылып жастық, иіліп төсек боласың ғой. Ал ол соның
бәрін кәдімгі шығын көреді. Талай айттым: «Үйіңе қонақ
келу – қуаныш. Келген қонақ сенің шаңырағыңның биіктігін,
босағаңның беріктігін білдіреді. Қонақ үйіңді үй деп құр­

меттегендіктен келеді. Тарылма. Барыңды бер. Келген қонақ­
тың да ырысы бар». Бәрібір ұқпайды. Ол тырысады екен деп,
мен қонақсыз қайтіп отырамын? Сөйтіп ырың-жырыңмен
жүріп жатқан жай бар... Қайдан шыққан, қайдан кездескен

пәлекет...
Қапар алқына күрсінді де, сөзін жалғады.

– Бұны бір деп қой. Екіншіден, апамды сыйламайды. Бетінен

алып, шаптығып жатқан жоқ, әрине. Оған тірі көнермін бе?
Бірақ сондай суық. Көрер көзге сыйлаған болады, бірақ ішінде
жылан жатыр. Менің анамды шын жүрегімен жақсы көрмеген
соң, алдап-сулаған соң, ішім қайтіп жылиды. Шешем бір

беймаза, бәдік болса бірсәрі-ау. Айналайыннан басқа сөзі жоқ.

Бұған салмақ та салмайды, қайта балаларды бағып, жұмыстан
келгенінде тамақ та істеп қояды. Не пәлесі барын білмеймін,
осы иттің көзіне күйік болды. Үйіңде жылу болмаған соң қиын
екен. Несін жасырайын, жылуды сырттан іздейсің. Бір адам

бар, менің жанымды түсініп, аялайтын. Ажырасып, соны
алайын десем, балаларды қимаймын. Амал жоқ, іштен тынған
жайым бар...
Мен үндеген жоқпын. Не айтамын? Көріп түйгенім де

осы шындық. Бірақ оны айтып Қапардың жүрегін тілгілеп
қайтемін? Жетіп артылса да, ақылдың жүрмейтін жері көп
қой.

– Сөзім тым жалпы болып бара ма? Төбе шашың тік тұ­

ратын, таяу­да болған бір оқиғаны айтайын. Әлі ұмыта алмай,
тырысып жүргені сол. Әйтпесе апам екеуміз екі жақтан аздап
болса да қонақ сыйлауды үйреткенбіз. Апам бір күні ренжіп
отырып: «Шырағым, молаға ғана қонақ келмейді», – деп

қатты айтып салды. «Әй, табыс мол, бәрімізге жетіп артылады.
Келген қонақты сыйламау деген не сұмдық! Ондай­ыңды қой.
Әйтпесе ақшаны далада қонақ қылып құртамын», – дедім мен.
Ақша демекші, апам айлығымды алмайды да. Қолына ұстап,

қарайды да: «Құлыным, өркенді бол», – деп ризашылығымен
келініне береді. Сондай күндерде ғана әйелімнің қабағы
ашылып, құлпырып кетеді. Осы күні, өзің білесің, жігіт бол­
ған соң намыс бар, түрлі жағдай болып қалады. Сосын онымен

қашанғы салғыласа беремін, табысымнан жасырып ақша
ұстайтын болдым. Сонымен не керек, қиналса да беті бері
қарап, кішкене кісі болып қалған. Жә, құрысыншы... Өткен
жолы отынға бардым. Машинамды сірестіре толтырып келе

жатсам, ауыл сыртында бір апамыз тезек теріп жүр. Ол кісінің
тағдыры қиын: күйеуі, үш ұлы бірдей соғыстан қайт­пай қалған.
Біз бертіндегі балалармыз ғой, оның бәрін көрген жоқпыз,
бірақ үлкендердің әңгімесінен тоқығаным бар. Тағдырдың

тауқыметін қайыспай көтеріп, шаңырағын құлатпай, түтінін
түтетіп отыра беріпті. Осыдан он шақты жыл бұрын болу
керек, бір ер баланы бауырына салды. Естуімше, ауданда бір
қыз тұрмысқа шықпай тұрып босанып қалып, кішкентайды

тығарға жер таппай, балалар үйіне өткізгелі бара жатқан
жерінен кездейсоқ кездесіп, сұрап алыпты. «Біреу құдай берген

баласынан айырылып, зар жылап жүрсе, біреу құтыла алмай
әлек. Қайран дүние-ай!» – деп жылапты сонда. Сол баланы өз
баласы ғып жаздырып, мәпелеп отыр. Аты – Тұяқ. Сол Тұяқ
екеуі тезек теріп жүр екен. Жетпістен асса да, ескінің адамы

ғой, сүйегі берік. Қасына келіп тоқтай қалдым. Амандасқаннан
кейін: «Апа-ау, неғып жүрсіз?» – дедім. Неғып жүргенін көріп
тұрып сұрағаныма артынан ұялдым. «Е-е, қарағым-ай, несін
сұрайсың. Қу тірліктің қамы да баяғы. Елден ерек бұлданудың

жөні жоқ, балам. Мен кеткен соң Тұяғымды үкімет далаға
тастамайды, әйтеуір. Ал өзім барда ботамды тоңдырып, жүдетіп
қайтіп отырамын?» Соны айтты да, апам қабын иығына салды,
ал Тұяқ маған сондай бір ақылды көзімен сынай қарады. Сол

көзқарасты мен, саған, Алмамбет, айтып жеткізе алмаймын.
Не болғанымды білмей кеттім – бойымды әлдене буып барады.
«Апа, отырыңыз», – дедім. Үйіне жеткенше ләм деген жоқпын,
әлгі бір орынсыз, мылжың сұрақтарыма ішім күйді. Үйге

жеткен соң, рахметін жаудырып, апам түсе берді. Қабын ала
бергенде, неше берік болса да, бүгіліп, тәлтіректеп-ақ қалды.
Мен белімді бекем будым. «Апа, отынды қай жерге түсірейін?»

– дедім. Ол кісі аңтарыла қарады. «Апа, енді тезек термеңіз.

Мына отын сізге бір қысқа мол жетеді. Осының бәрі сіздікі».
«Қарағым, ниетіңе рахмет. Сенің де шешең, бала-шағаң бар».
Енді сөзбұйдаға салғым келмеді; секіріп түстім де, бортты
ашып, отынды есіктің алдына аудара салдым. «Айналайын-

ай, құдайдан қайтсын. Бірақ кісі еңбегіне көз сүзіп көрмеп
едім», – деді. «Апа, мен де сіздің бір балаңызбын ғой», – дедім.
Рахметін жаудырып, қария қала берді, ал мен өзімнің бағанағы
солқылдағаныма, баяғыдан бері неге бұл кісіге көмектесіп

тұрмағаныма өкіндім.
Қапар үнсіз қалды. Мен оның адамгершілігіне сүйсініп,
көңілім тулады. Жақсы адаммын деп, ешкімге жамандық
жасамай жүре беруге болады екен, бірақ әлгіндей жақсылық

жасай білудің жөні бөлек қой, шіркін!
Ойымды Қапар бөліп жіберді.

– Ал енді, Алмамбет, үйге келген соң белгілі: отынсыз бос

келгеніме әйелім түгілі апамның да қабағы түсіп қалды. Жолы
болмағанға жорыды. Мен шынымды айттым. Апам бес-алты
жас кіші болғанымен, әлгі қариямен қатар жүрген, өмірдің

ащы-тұщысын бірге көрген замандас қой. Маған риза болып,
маңдайымнан иіскеді. «Қаріп-қасірге қылған жақсылық
сауап, шырағым. Біліп істеген екенсің. Байғұс, үш ұлы тірі
болса...» – деп күрсініп, көзіне жас алды. Ал әйелім... бұндай

тасбауыр көрсем, көзім шықсын, мелшиіп, тілден қалды. Содан
оңашада құлақтың етін жесін. «Адамның іші удай ашиды екен.
Өңкей үлкен-үлкен, бұтақсыз, кебу бөренелер». Қарияның
үйіне барып, көріп келіпті. «Мен жақсам, пешім жарыла ма,

немене? Шешең бар, балаларың бар... Бәрі бір саған қарап отыр
ғой». Мен өзімді-өзім ұстап, қарияның тағдырын, жағдайын,
адамгершілікті көлденең тарттым. «Дұрыс қой, – деді ерні
қайқиып. – Бірақ әдейі барған соң, өзімізге арнап алған соң,

жолдан неге үлестіресің? Ырысымды жырып беретіндей ол
кісінің жетімдігіне мен кінәлімін бе?». Өз айтқанын дұрыстауға
сылтау көп қой. Қысқасы, содан бері қабағы бір жылыған
жоқ. Енді не істеймін? Айтысып жеңе алмайсың. Сабағаннан

не пайда? Амал жоқ, тағы да лесхозға шауып, әйтеуір, кілтін
тауып, бір машина отынға және рұқсат алдым. Енді әкеліп
беріп, құтылмасам... Өзіне де сөйдедім. «Ау, мен тірімін ғой,
жаспыз ғой. Тағы әкеліп беремін. Ол кісінің күні басыңа туса,

қайтесің?» – дедім. Қыңбайды-ау, сабазым...

– Дұрыс, Қапар, – дедім сөзін бөліп. – Жуан-жуан дөң­

бектермен көмейін тығындап құтыл. Ал мен саған не деймін?
Мисыз болса, жүрегінде жылу қалмаса, айтып жөндей
алмайсың. Өмірді көрер, адамдармен араласар, ойланар.
Әйтпесе сол күйінде кетер дүниеден. Бірақ сен балаларды ойла.

Солардың жүрегі бұзылмасын, тірі жетім қалмасын десең,
семьяңды сақта, апаңа да оңай тимейтінін түсінесің. Біз келіп-
кетер қонақпыз, дұрыс қарсы алмадың деп әкіреңдегеннен
не табасың? Бірге тұратын сенсің. Қиын екенін білемін...

Қойшы, құрсын, миым айналып кетті, мен саған ештеңе айта
алмаймын, өзің ойлан... Одан да бір пайдалы шаруа жасайық.
Ертең кешке дейін қол бос, құр арақ ішіп, күмпілдей беріп
қайтеміз. Қарияның үйіне барып, өзің әкелген отынды кесіп,

жарып, үйіп берейік...
Айтқасын бітті, таңертең жетіп бардық. Қария немересі
екеуі, ертеңгі шайға жаңа отырған екен, сәлемімізді жылы
қабылдады. Шай үстінде жөн-жоба сұрасып, әр нәрсені

айтып отырдық. Ұзақ бөгелмей, ол кісінің алғысын арқалай
шығып, жұмысқа да кірісіп кеттік. Қапар бір жолдасының
«Дружбасын» алған болатын, өңшең жуан, бұтақсыз құрғақ
дөңбектерді дырылдаттық та тастадық. Тұяқ қасымыздан

шықпайды. Тер басып, темекі тартып отырып, әңгімелесіп те
қоямыз. Қараторы, торсық шеке, қаракөз, елгезек бала екен,
тақылдап сайрап тұр. Биыл төртінші класқа көшіпті, оқуы
жақсы көрінеді. Арқасынан қағып, маңдайынан иіскеп едім,

еркінсіп, еркелеп кетті. Мойныма мініп, «шу-шулегесін»,
ауланы айнала арбаң-арбаң жүгірдім. Бала мәз болды. Сөйлесіп
жүріп отын жаруға кірістік. Қапар екеуміз екі балтамен екі
жақтан тиеген соң қоямыз ба, жапырып жатырмыз. Еңбекпен

шыққан терден артық рахат бар ма? Біздің отын жарғанымызды
қызықтап Тұяқ мәз. Кейде топалақтарды домалатып әкеліп,
алдымызға тік тұрғызып қояды. Мен балтаны бір-ақ сілтеп,
жуан топалақтарды қақ бөліп тастасам, Қапар балтасын

тоқпақпен ұрып әуре.

– Аға, – дейді Тұяқ. – Ана кісі неге сіз құсап бірден бөліп

тастамай, мықшыңдай береді?
Екеуміз сақ-сақ күлдік.

– Тұяқ, – деді Қапар. – Ертегі оқып па едің?

– Иә.

– Сол ертегілерде қара дәу, дию дегендер бар еді ғой. Мынау

сол диюдың өзі.

– Иә саған. – Тұяқ Қапарға наразы болып қалды. – Дию

жаман, ал аға жақсы.
Қапар мүдірді.

– Балақан, сен Қобыланды батырды оқыдың ба?

– Қыстыгүні апама оқып бергенмін. Қонаққа барғанда апам

мені ылғи ертіп барады. Өйткені үйде кіммен қаламын? Сонда
бір жақсы аға маған «Батырлар жырын» сыйлаған.

– Ендеше, сол Қобыланды менмін де, ал анау мықшыңдаған

кісі Қараман деген берекесіз.
Тұяқ менің сөзіме қуанып кетті.

– Ұят-ай, ұят-ай! Қараман, Қараман, Көбіктіден таяқ жеген,

ұят-ай.
Қапар екеуміз баламен бала болғанымызға дардаймыз.
Күліп жүріп, қасымызға қарияның келгенін де байқамап­пыз.
13-0047

– Міне, қарап тұр, Тұяқ. Мен бір қолыммен-ақ мына дәу

топалақты қақ айырамын.
Бөліп тастадым да:

– Қалай, бала, ағаң күшті ме екен? – дедім ойынын қызық

көріп. Тұяқ таңдайын қақты.

– О-о, қандай күштісің өзің!

– Тек, таңдай қақпа, қайдағыны бастап .– Қарияның зілсіз

зекуін естіп, біз қысылып қалдық. – Қарақтарым, тіпә-тіпә,
тіл-көзден сақтасын. Үйге жүріңдер, қарындарың ашты ғой.
Біз рахмет айтып, шаруаны бітіргесін бір-ақ кірейік дедік.
Қария болмай, «өзектерің талды» деп, бір-бір кесе айран

ішкізді.

– Ал, Тұяқ, – дедім жұмысқа қайта кіріскенде, – Қапар

ағаң екеуің жарылған ағаштарды қораға тасып, үйе беріңдер.
Сендер тасып бітіргенше, қалғанын жарып та бітіремін.
Екеуі әрнені айтып, тасып жүрген. Бір кезде Тұяқ қасыма
келді. Қипақтап, бірдеңе айтқысы келіп тұрғанын сездім де,

бетіне күле қарадым.

– Иә, батыр, сөйле.

– Аға, сіздер де бүгін ағаш кескендеріңізге апамнан ақша

аласыздар ма?
Бала ғой, ойындағысын лақ еткізіп ақтара салды. Төбе
құйқам, арқам, өне бойым шымырлап кетті.

– Әй, тентек, не оттап тұрсың-ей?

Не айтарымды білмей сасқаным. Шаршы топта мүдірмеген
мірдің оғындай қайран тілім байланды да қалды. Сәлден соң
өзіме-өзім келіп, балаға жөнді бірдеңе айтпасам, көкейінде дақ
қалатынын білдім де, балтамды ағашқа қадай салып, қарсы

алдына жүрелеп отырдым. Қапар да қасымызға келді. Тұяқтың
тәмпіш мұрнынан еркелете тартып қойдым.

– Ау, ботам, сен бізді өйтіп ренжітпе. Біз сондай жаман

адамдарға ұқсаймыз ба?
Тұяқ басын шайқады.

– Әне, көрдің бе, өзің де біліп тұрсың. Біз ақша алмаймыз,

ботам. Апаңның алғысын, батасын алсақ болды. Ал сен, үлкен
жігітсің ғой, шыныңды айтшы, ондай пәлені қайдан біліп
жүрсің?
Бала қызарақтап, қысылды, өзінің әбес қылығын сезгені.

Бірақ жігітсің дегенге жігерленді білем, батыл сөйледі:

– Өткен жолы бір ағайлар: «Қойларыңызға шөп әкелдік,

арзанға ала қойыңыз» деп, апамнан ақша алғанын көргем...
Қапар екеуміз бір-бірімізге ойлана қарадық. Кенет мен
шұғыл бір шешімге келдім.

– Қапар, сен ақырындап реттей бер, біз Тұяқ екеуміз қазір

келеміз.
Үстіме Қапардың көнетоздау жұмыс киімдерін тылтитып
киіп алған едім. Тұяқты ертіп, Қапар үйіне келдім де,
костюмімнің қалтасынан ақша алып, сол жұмыс киіміммен

дүкенге тарттым. Киімге бола жұрттан қысылатын жалтақ
мен емес; ерді кебенек ішінен таныса, танысын, танымаған
өз көрсоқырлығынан көрсін, ауылдың шағын дүкенінде не
болушы еді; төртінші кластың бірнеше оқулығы, дәптер,

қалам, сызғыш, өшіргіш сияқты Тұяққа лайық нәрселер бар
екен, соларды алдым. Содан баланы сыртқа шығарып жіберіп,
сатушы жеңгемізге бұйымтай айттым: «Осылай да осылай,
Алматыдан келіп едім, үстімдегі киіміме қарамаңыз, апайдың

үйінде ағаш жарып жатыр едік, қысқасы, балаға лайық бір
жақсы костюм-шалбар тауып бере қойыңыз».
Сатушы да адам ғой, ет жүрегі елжіреген болу керек,
іздестіріп, қалағанымды тауып берді. Тұяқты шақырып, өлшеп

кеп жіберсем, қона кетті. Жеңгейге рахмет айтып, алшаңдай
басып жөнелдім. Баланың қуанғанын көргенде, төбем көкке
жеткендей болды.
Біз келгенде Қапар да жұмысты еңсеріп тастаған екен,

қалған топалақтарды әп-сәтте Алпамысша турап тастадым.
Шаруаны тас қылып, үсті-басымыздың шаңын қағып-сілкіп
бола бергенімізде, шайнек, сабыны мен сүлгісін көтеріп Тұяқ
та дайын бола қалды. Жуынып болғанымызда, қария шығып

үйге шақырды.
Үйдің ішіне мен енді зер салып қарадым. Тап-тұйнақтай
шағын екі бөлмеде күтімді, іскер қолдың ізі сайрап тұр. Төрде,
қабырғада сырлы рама ілінген: шыны астынан әр жылдардағы

суреттер төне қарайды. Біразы ескі: ең жаңасы апасының
алдында отырған Тұяқтың суреті.
Қария мол қылып ет асыпты. Дастарқан жасап болғасын,
бір бөтелке арак әкеліп қойды. Қапар екеуміз қысылып,

«осының қажеті бола қоймасты» кесімді айтып едік, қария
көнбеді.

– Қарақтарым, басқа жерде алғанда, біздің үйде неге алмай­

сың­дар? Салынып, бұзылып кететін балдарға ұқсамайсыңдар,
аздап ал­ғанның айыбы жоқ. Шаршаған­дарыңды басады. Біздің
үйде де осындай-осындай қызықтың болуы арман ғой маған.
Тамақ үстінде ашық әңгімелесіп отырдық.

– Бағана сендер аңқылдап жетіп келгенде, өшкенім

жанғандай болды ғой. Есіктің алды дүрілдеп, дүрс-дүрс ағаш
жарғандарыңда: «Құдая, ендігі балдарды аман қыла гөр,
соғыстан сақта» деумен болдым. Есік алды тіріліп жүре берді
ғой. Өткен-кеткендер де, көршілер де қадалып қараған сайын,

түкіріп те қоямын. Менің қозыларым аман болса, күнде
осындай қызық болар еді ғой деп жылап та алдым.
Даусы дірілдеп кеткенімен, жылаған жоқ. Ақ жаулық
дөңгелете қоршаған әжімді жүзіне сыр тұнған: сай-сай

әжімдердің тереңінде қасірет пен қайрат арпалысып жат­
қандай. Суала бастаған жанарда қасиетті сәуле бар секілді.

– Өрімдей-өрімдей кезінде, он екіде бір гүлі ашылмай кетті

ғой. Әлі күнге сол қалыптарында, бір жерде жүргендей, келіп
қалатындай боп көрінеді. Бір жас балдар жылы амандасса да,
түрін өзгертіп жүрген менің құлындарым емес пе екен деп
еміренемін. Әне, анау тұрған үшеуі. Анау – солардың әкесі.

Суреттегі бейтаныс жандарға қарап отырып, кенет олардың
маған әлдебір жақындығы, туыстығы бардай сезіндім. Талай
жыл бұрынғы арманшыл жастардың күліп түскен суреттері...
Сол кездердегі менің бауырларымның, Қарасай батырдан

тараған ұрпақтардың соғыстан қайтпағаны аз емес еді ғой.
Мына боздақтар көзіме солар секілді елестейді. Бәрінің де
өмірден күткендері, іздегендері басқа еді, амал не, дүлей дауыл
көміп өтіп, қара түнекке алып кете барды. Бәрі, бәрі бірге,

бір ғана ұлы мақсат үшін қол ұстасып аттанды. Олай болса,
шынында да, бұл боздақтар маған жат емес, жақын бауыр ғой.
Мен сол ұлы бауырлыққа тауап қыла келгендеймін...

– Көңілдеріңді бұзып алдым ба, балдар? – Қарияның

мейірлі үні бізді өзіне қаратты. – Қартайған соң осы. Қайтіп
ұмытарсың? Әйтеуір, енді тыныштық болсын. Өткенді ойлап
қайғыра бергеннен не пайда? Енді мына Тұяғым аман болсын.
Осы медеу көңіліме.

Тұяқ апасына тақала түсті, қария оның маңдайынан иіс­
кеді.

– Алыңдар, дәмнен алыңдар, айналайындар. – Қария бәйек

болып жатыр. – Әбден шаршадыңдар ғой. Тіпті сол құрғырға
бекер әуре болдыңдар. Түнеугүні мына Қапар балам кездескенде,
налып, мұңайып жүр едім. Бір-екі ауыз реніш сөз айтып
қалсам керек, болмай төгіп кетті. Бүгін оны кесіп, жарып, үйіп

бердіңдер. Сен, балам, Тұяғыма қағаз-қалам, кәстөм әперіпсің,
несіне әуре болдың? Құдайға шүкір, пенсия аламын, осындағы
ел-жұрт та анда-санда хал сұрап, қарасып тұрады. Әйтеуір,
тамағымызға, Тұяқтың киім-кешегіне қысылмаймыз. Бір

сиыр, төрт-бес қойымыз бар. Отынсыз, шөпсіз де қалмаймыз,
қиналсақ та жиып аламыз, әйтеуір. Баяғының жетім-жесіріне
қарағанда, біздің тұрмысымыз ханның тұрмысын­дай. Әкелген
ағаштарың, кәстөмдерің, әрине, бізге үлкен көмек, бірақ

көңілдеріңе не жетсін, қарақтарым. Кәрі болсам да ішім
сезіп отыр, аруақ сыйлап, ана сыйлап келдіңдер ғой. Соған
бір жасап, мерейім өсіп қалды. Сол пейілдерің үшін рахмет,
айналайындар. Құдайдан қайтсын...

Тамақтан кейін, шай үстінде, қария қолқалағасын қисса
айттым. Кәрі көзі жасаурап, терең күрсініп қойып, беріліп
тыңдады. Мен айтып болғасын, Тұяққа «Қобыланды батырды»
оқыттық.

– Бағанағы Қараманның Көбіктіден таяқ жейтін жерін

оқышы, – дедім күліп.
Құшырланып, мәнерлеп оқыды. Оқып шықты да, Қапарға
қулана көзін қысып қойды. Біз сақ-сақ күлдік...
Кетерде қария екеуміздің де маңдайымыздан иіскеп, ақ

батасын берді. Тұяққа адресімді жазып бердім де, еркектерше
төс қағыстырып қоштастым. Жанары жалтылдаған осы бір
сүйкімді балақанның аттай тулаған жүрек дүсірін кеудеммен
сезініп тұрып, неге екенін білмеймін, көңілім босады. Көзіме

келіп қалған жасты зорға іріктім де, иығынан қағып, бұрылып
жүре бердім. Ұзаңқырап барып бұрылсам, бірі кәрі, бірі жас
қос жетім бір-біріне сүйеніп, бізге әлі қарап тұр екен...
Содан Қапардікіне келіп, жақсылап жуынып-шайынып,

шай ішіп алдық. Шай үстінде бүгін Хамзаның тойына ба­
ратынымды, содан ары бірден Алматыға аттанатынымды
айттым. Апай тілектестік білдіріп, ақ батасын берді. Қайқы
ерін келіншектің де бетіне қан жүгіріп, тұңғыш рет маған

жылы қарады. «Кейбіреулер бір-біріне қоштасарда ғана қадірлі
болады екен-ау» деп, ішімнен мырс еттім...

Әлқисса, Қапар екеуміз салып ұрып Хамзаныкіне де жеттік.
Жұрттың алды келе бастаған екен, ат шаптырым ауланың
қалың қақпасы айқара ашулы. Қақ ортада, бір топ адамның
ішінде шартиып Хамза тұр: менімен жылы амандасты. Өзімен

сөйлесер сөзімді кейінге қалдырып, жастарға деген шынайы
тілектестігімді білдірдім. Шікірейіп киініп алған Қиқымат
өзімсінгенін ұрлана көз қысуымен аңғартып, дүйім жұрттың
алдында салмақты күйінен жазбады.

Әне-міне дегенше ел қаптап кетті. Қарсы алған Хамзаны
әркім әртүрлі құттықтап жатыр. Бәрін бағып тұрмын, көкейіме
сан ойлар үймелейді. «Бұл тойға әркім әртүрлі пиғылмен келді-
ау! Біреулер ағайынгершілік, сыйластық салтына сай келуге

міндетті болғандықтан, біреулер Хамзаның көңілінен шығып,
жақындасып қалуға тырысқандықтан келді. Ал шын ниетпен,
дос көңілмен куанып, бөлісуге келгендер қанша екен?!» деген
сауал сумаңдап маза берер емес. Баз біреулер өзгелерге көрменің

экспонаттарын көргендей сынай қараса, енді бір тобы өздерін
экспонат құсатып, сіресе қалыпты. Адам іздейтін, бірақ оның
орнына танау көрсем қағынатын әдетім ғой, қараптан-қарап
күйіп-пісіп-ақ қалғаным. Әйтеуір, жүздері ашық, жарқырап

жүрген жандарды көріп, көңілім жұбанды.
Той басталып та кетті. Әзірге бәрі орнында. Жар-жар,
беташар айтылды. Етжеңді тамада, мақамына қарағанда
салмағы бар секілді, тізгінді қолына алды. Жөн-жөнімен,

майын тамызып тост беріп жатыр. Нағыз шешендік пен қызыл
сөзді той үстінде кім талғап жатушы еді, дуылдасқан көпшілік
оны қоштап, көтермелеп қояды. Қасында отырған домбыра
ұстаған біреу сөз алған адамдарды мақтап өлең айтады. Жұрт

«ақын» деп қолпаштағанымен, ауыл арасының арзан өлеңшісі
екенін әп-сәтте айырып алдым.

– Қалай екен? – деді қасымда отырған Қиқымат. Қолымды

бір-ақ сілтедім. Ол ішінен тынды.

– Әншейінде білмейді екенбіз, ақын деген керемет пайдалы

екен ғой, – деді тамада бір лепірісінде.
Өлеңнің қадірін білген түрі. Анау арқаланып, одан сайын құ­
тырып, Хамзаны, тойда жиналған қауымның ыздиып-ыздиып
отыр­ған бөлігін бүкіл елімізге еңбегі сіңген ғаламат адамдар

ретінде мақтап кеп берді. Өз ауылын басқа дүниеге қарсы
қоя сөйлегені маған тіпті жақпады. Оны кім байқап жатыр,
жергілікті «патриоттар» әбден дуылдасып кетті. Бұл заманда
адам мақтағанның құлы болған ба, әйтеуір, өлеңге кіргеніне

масайрағандар ақынды да көтермелеп қояды. Мақтау сөз өтірік
болса да шыннан артық көрінеді ғой, тіпті мақталған адам жоқ
қасиеттерді өз бойынан тауып, есінен айырылып қалатыны да
ғажап емес. Өстіп өтірік мақтағанға мәз болып, алдап, алданып,

арзан қолпашпен өмір сүрмей-ақ қойсақ қайтеді? Өстіп түнеріп
отыр едім, Қапар құлағыма сыбырлады.

– Алеке, байқайсың ба, үйленген інісі емес, Хамза сияқты.

Сөздің көбін соған арнап жатыр ғой.
Мен күрсіндім де:

– Бұларды қойшы, ана кісілерді байқайсың ба? Қарап

отырып сүйсінесің, – дедім, төрде отырған, жаңа бірінші сөз
алып, бата берген ақ күміс сақалды атаны, оның қасындағы
иманжүзді үлкен кісілерді көрсетіп. Қапар да риза болған
түрмен басын изеді.

– Осы ауылдың ағасы, қадірлі еңбек ардагері, – деді ол.

Бір кезде кезек әнге тиді. Сидиған-сидиған төрт-бес жігіттен
құралған оркестр дүркіретіп қоя берді. Қыза бастаған жұрт
ұйымдаса қосылып, түнді жаңғыртты. Үнсіз тыңдап отыр
едім, бір уақытта жігіттер селкілдеп «Желбір жекенге» басты.

Көңілді әуенге еліте бергенім сол-тұғын, көңілім бұзылып
жүре берді. Басқа сөз таппағандай, «Қаратаудың басынан көш
келедіні» «Желбір жекенге» иіп соғып жатыр. Ешкім ештеңе
байқар емес, қосыла дуылдайды. Қаным қайнап, ақырып

тыйым салуға «тойдың шырқын бұзамын-ау» деп амалсыз
тындым. Ақыры аяқталды-ау. Тырысып отырсам, тамада
толғай жөнелді. Маған сөз берді. Өйтіп сөз бергені құрысын.
«Қарасай батырдың тұқымы, Астанадан келген керемет азамат,

талантты ақын» дегені өз алдына, «қадірлі Жәкеңнің інісі»
деп соққанына күйдім. Қиқыматқа алара қарап едім, көзімен
жер шұқыды. Амал жоқ, дүйім жұрттың алдында қайтіп сыр
берейін, жастарға игі тілегімді білдіріп, монтиып отыра бергенім

сол еді, ақыным сұңқылдай қоя берсін. «Осылай да осылай,
ақын екенің рас болса, бері шық. Әйтпесе қорыққаныңды айта

ғой». Өмірі айтысқа түсіп көрмеген қайран басым, қиналғаннан
терлеп кеттім. Хамза мен Қиқыматтың тірлігі бұл. Ел сілтідей
тынып, маған қарап қалыпты. Нар тәуекел!
Ортаға шыққанымда жұрт жабыла қол соқты. Ақыным

өзін асыра мақтап, «мен тұлпармын, сен шаңыма ілесе алмай
қалатын жабысың» деді. Мен «екіленбей, сыпайы сөйлесейік.
Әуелі амандық-саулық, жөн-жоба сұрасайық» деп едім, оған
тоқтар болмады. «Ауылымның абыройын асыратын, бетке

ұстаған ақыны мен» деді. Оң жамбасқа өзі келіп қалған соң,
соғып жібердім.
Иілмей өткен екен талай ақын,
Оларды ұмытуың қалай, ақын?

Қадірін өлең сөздің кетірген ғой
Жалтақтап, жалған мақтар сарай ақын.
Әділ адамдар аз емес қой дүниеде, тауып айтқан бұл сөзіме
көпші­лік ду қол шапалақтады. Қарсыласым қыстығып,

ұйқасынан жаңыл­са да, жығылар емес. «Ауылымның бетке
ұстарларын мақтауым айып па? Елімнің атын шығарып
жүрмін» дегенге табан тіреді. «Мақтасаң, лайығымен мақта,
өтіріктің қайығына мінбе», – деп мен қырсығып қарысып

тұрып алдым да: «Елміз дейсің. Дауым жоқ. Бірақ не ғып
қасиеттеріңді
ойламайсыңдар.
Желкілдеген

«Желбір
жекенге» жегіп, халықтың касірет жыры «Елім-айды» неге
қорлайсыңдар?» – дедім ызалы, бірақ салмақты үнмен. Әуелі
қалың топ сілтідей тына қалды: бір кезде төрде отырған

ақсақалдың жанары жарқ етіп, құшырлана қол соғып жіберді.
Байқауымша, тыңдаушыларым екіге жарылған секілді, бір
тобы қолдап, қол шапалақтап, сүйсіне дауыстағанда, өзгелері
томсырайып, іштен тынды. Ауыл ақыны домбырасын ұзақ

сабалап қара терге түсті, бір уақта сүрлеу тауып, сілтеп
кетті. Оның айтуынша, мен өз ауылымның әдепсіздігін
көрсетіппін: жалпы біздің ауыл барып тұрған оңбаған жер
екен: адамдарының бәрі бұл ауылдың адамдарының ширегіне

де келмейтін нашар, түйелері қатпа, биелері киеңкі, сиырлары
мәлік екен. Басқасын былай қойғанда, біздің ауыл тола бақа-
шаян, құрт-құмырысқа екен, өткен жолы бара қалса, қандала

талап, иттей қылыпты. Осыны айтқанда дүйім жұрт ду күлді.
Әсіресе есесі кеткендей егесіп отырғандар құтырынып шыға
келді. Сосын мен де аяған жоқпын. Әуелі:
Ақындар жырлаушы еді дән даланы,

Шабытты шалқытқандай кең даланы,
Сен өзің қоңыз терген ұсақ ақынсың,
Сөз қылдың қай-қайдағы қандаланы.
Тидің де қатты менің ашуыма,

Мылтықтың келіп қалдың басуына.
Қандала шақса, саған не қылайын?
Арқаңды жалаңаштап қасиын ба? –
деп бір шаншып едім, жұрт қыран-топан болып, мені ма­

рапаттай жөнелді. Содан кейін «бұндай қуаныш үстінде құрт-
құмырсқа, қандаланы сөз қылу масқара екендігін айтып, сонша
шүйлігетіндей менің ауылымның жазығы сенің сол жерде
тумағандығыңда ма?» деп сауал тастадым. «Өз ауылыңды

жақсы көре бер, бірақ өзге ауылдарды да жатсынба, кемсітпе,
жек көрме» деп ұсақ пиғылдарды бір түйреп, ең соңғы соққыны
бердім.
Ойына келген сөзді толғайды ақын,

Жабырқау жүректерді жалғайды ақын.
Не айтса да ерікті, бірақ, бірақ,
Ата қазақ баласын аруақты,
Ақпейілді азамат, адам ұлын

Қарсы қойып, бөлуге болмайды, ақын!
Жұрт дүрлігіп, орындарынан тұрып қол соқты. Қарсыласым
булығып, тағы да домбырасын сабалауға көшкенде, ақсақал
бізге беттеді.

– Әй, шырағым, жетер. Аталы сөзге тоқтай біл, – деді

сабырмен. – Адамның адамға жаттығы жоқ, бөтен ауылдың
баласымын деп өгей­сіме, айналайын, өмірлі бол, – деп,
маңдайымнан иіскеп, ба­тасын берді. Сөз түсінетін, ақылды,
ақпейіл жандардың кейбірі қасыма келіп, қолымды қысса,

енді біреулері анадайдан ілтипат ишарасын жасады. Оқты
көздерді де байқадым. Қызып алған қауым мен үшін тост
көтере бергенде, қызараңдап, қайтерін білмей тұрған Хамзаны

кердім. Сірә, мадақ жырын күткен үміті ақталмай, тамағы
кеуіп қалса керек...
Сонымен той өз ретімен жалғаса берді. Әні-міне дегенше,
жаздың қысқа таңы да атып қалды. Той тарқауға айналды.

Қапар, Қиқымат үшеуміз темекі тартып тұр едік, өтірік күліп
Хамза келді.

– Алеке-ай, ерім-ай, – деп майдалап барады, – сенімен

танысқаны­ма әбден қуаныштымын. Бұдан былай аралас-құ­
ралас болып тұ­райық. Жәкең бар, бәріміз бас қосып дегендей...
Мен қатуландым.

– Сірә, біз сол аралас-құралас болмай-ақ қояйық. Тіл табыса

ал­майтын шығармыз. Сосын менің ағамның да басын ауыртып
қайтесіңдер...
Бозарып кеткен Хамза бүкіл қулығының күйрегенін түсінді
де, біреулерді шығарып салғансып, зытып отырды. Енді

Қиқымат құтырсын...

– Осы сен-ақ әулиесіп өлтіретін болдың ғой. Не сонша, елдің

бәрін түзейтін тәңірісің бе сен?

– Міне, енді жөніңе көштің, – дедім мен жайбарақат қана. –

Қорықпа, тимеймін. Айтарыңды айтып қал. Мен сол тәңірі
бол­мағаныма сені көрген сайын өкінемін. Бетпердеңді өзгертіп
жіберуім оп-оңай, бірақ құлқыңа қайраным жоқ...

– Е, бәсе, жаңа ақыл кірейін деген екен. Бірақ әлі де ойлануға

тиіссің. Жалаң төспен жан сақтай алмайсың қазір. Әлгінде
Хамзаға бекер ұрындың, мен құсамайсың ба? Сен тойлаған
тойды тойлап, сен ішкен арақты ішіп жүрсем де, ұпайым түгел.
Сен не таптың? Құр дарылдап-дарылдап қайтып барасың. Тіпті

себепсіз, дәйексіз жүрсің, жұмыста да, семьяда да тап қазір сені
ешкім жақсы көріп отырған жоқ. Ал мен болсам, бәрін реттеп,
жөніммен шықтым. Айт дедің ғой. Айтсам, ағаның беделін,
атын пайдаланып, Хамзаны осында бір жерге дыңдай бастық

қылатын болдым. Енді ол маған өле-өлгенше қарыздар. Сауын
сиырым, былайша айтқанда.
Менің танауым желпілдеп-ақ қалғаны.

– Ұрмаймын дегенсің, сөзіңде тұр, – деп алдымды орап кетті

залым неме. – Ағаға да айтып әуре болма, бәрібір арамызды
бұза алмайсың.

– Айтып аузымды былғағым келмейді, – дедім мен. – Миы

болса, сен туралы өзі-ақ ойланар.

– Бәсе, адамның жақсы атына зияныңды тигізбей жүрсеңші,

сөйтіп.

– Мәссаған! Зымиян неме, арамдығыңа қарамай, жақсатты

болғың келеді екен ғой. Тапқан екенсің! Әшкере болудан
қорқады екенсің ғой, бәлем! Сен еш уақытта шын жақсатқа
ие болмайсың. Тіпті сенде шын қуаныш, шын дос та болмақ
емес. Тек есептестерің ғана бар.

– Әркімнің өз жолы, тағдыры бар екенін ұмытпа.

– Қайдағы тағдыр! Сенде тағдыр, жол бар ма? Сенің бүкіл

болмысың, өмірің бір-ақ сөзге сыяды. Арамдық, қулықсың
сен. Ұялмай адаммын дейсің-ау! Жылтыр қауашақ! Жә, болды,
басымды ауыртпа. Енді қанжығада кездесейік. Есіңде болсын,
қайда, қашан болмасын, елдің алдында бетіңді тіліп, жерлеп

жүруден жалықпаймын. Ал, жоғал көзімнен!
Қаһарыма шыдамай, домаланып, безіп кетті. Сол күйі
ешкіммен қоштаспастан, Қапар екеуміз жолға шықтық.

– Алеке, – деді қоштасарда Қапар. – Бұрын осы Хамзаларға

қолды бір-ақ сілтеп, менсінбей, адам санатына қоспай жүруші
едім. Қазір ойласам, бекер екен. Бұлардың өрісін тарылтып,
жолын қиюға тиіспін деген ойға табан тіредім енді.
Аттанарда мен оған марқұм Мұқағалидың өлеңін оқыдым.

Тұйыққа келіп
Тіреліп тұрмын біртүрлі.
Көзімнің нұры
Көңілімде қалды іркулі.

Жылай да алмаймын,
Күле де алмаймын,
О, досым!
Тауып әкелші ұмыт қалдырған күлкімді.

– Ұқтың ба, Қапар?! Біз бір-бірімізбен бақыттымыз, бір-

бірімізге қуаныш сыйлауға, бір-бірімізді іздеуге тиіспіз!
Екеуміз құшақтасып қоштастық. Автобус Алматыға бет
алғанда, қатты шаршағанымды байқадым. Темірден жаралсам

да шаршайтын кезім болған шығар. Бірақ қанша қажысам да,
көңілімде шалқу, шаттық бар. Бітіспес егес бар. Өмірді бас
пайда табу деп білген Қиқыматқа зығарданым қайнады. Сондай
болмағаныма қуандым. Өз сапарыма ой жүгіртіп, болған

оқиғаларды, кездескен адамдарды көз алдымнан өткіздім.
Шұғыл аттанысыма түк те өкінген жоқпын. Қиқыматтың
ұғымындағы пайда таппағаным рас. Бірақ мен қан­шама
адамдарды көрдім, беймәлім тағдырлармен таныстым, достар

таптым. Қаншама ыстық алақандардан адам деп соққан жүрек
лүпілін аңғардым. Бауыр сәлемін алдым. Жаным байыды. Сірә,
бұл өмірден алар еншіңнің ең бір қомақтысы болса керек...
Жолай автобус бұзылып, біраз бөгеліп қалдық. Шаршап-

шал­дығып, түннің бір уағында үйге де жеттім.
Есікті әйекем ашты. Салқын амандасты. Амандық-саулық
сұрас­қаннан кейін, аңқылдап, күле сөйледім.

– Ау, баяғыда терезеңнің сыртынан өлең айтып, өліп-

өшіп алған жан жарым емессің бе? Кісінің жүрегіне тікендей
қадалмай, жадырап отыршы.
Ұлытауға бардың ба,
Ұлар етін жедің бе?

Құла дүзге бардың ба,
Құлан етін жедің бе?
Жаз жайлауға бардың ба,
Ел-жұртыңды көрдің бе?

Ақсақалға ондағы
Иіліп сәлем бердің бе?
Жамандарды жапырып,
Жақсыларға ердің бе?

Қиналған нәзік жаныңа
Бір жұбаныш енді ме?
Бәрін айт та, бірін айт,
Тайталасып талаймен

Топты жарып, түн қатып
Таудан өтіп, тас тесіп,
Айналайын батырым,
Аман-есен келдің бе?! –

деп құшақ жая қарсы алуың керек қой. Алыс сапардан аман-
сау оралғанымның өзі той емес пе? Сондықтан менімен бірге
мұңайып, бірге қуансаң қайтеді?!
Әйекеме өстіп наз айтып, бетін бері қаратып алдым.

Балаларым да дабыр-дұбырдан оянып, тіземе қонжиып жатыр.
Ең кішкентай тентегім мойнымнан құшақтап-құшақтап
қояды. Әйекем жұмсақ жымиды.

– Сені әбден іздеді, «Батый жоқ, батый қайда» деп жылап,

мазаны алды.
Ол асүйге, шай қоюға кетті. Өз үйім, өлең төсегіме аман-
есен жеткеніме, ынтымақ орнатқаныма шүкіршілік қылып,
балаларым­ды аялап ұзақ отырдым. Алда тіршілік, өмір бар –

сол жайында ойладым. Жұмысты бірдеңе қылармыз. Жалпы,
онда беделіміз мықты. Өзім Қарасай батырдың тұқымы болсам,
жұмысты нашар істеуім масқара емес пе? Жоспарды үнемі
асыра орындап жүрген озат екенімді айтпаппын ғой. Әлде де

өндіреміз деп сенемін.
Көкейге түйгенімді, ұстанған жолымды мына ботақанда­
рым қалай ма, қаламай ма? Мені қинағаны осы. Әйтеуір, бір
күндері осылар «Қарасай батырдың тұқымымын» деп, ерлігін

ту қылып жүрсе екен. Иә, иә, осы жолым – жол. Бәрібір менен
Қиқымат шықпайды, ағайын. Сондықтан өзі қысқа ғұмырдың
қымбат сәттерін сызылып, есептесуге, аңдысуға садаға қылмай,
кездескен жерде ақ жүрекпен амандасып жүрейік.

Ал, қайыр хош.
Автордан: Бұл повесть «Жұлдыз» журналының 1983 жыл­
ғы 12 санында, 1985 жылы Алматыда, «Жазушы» бас­пасынан
шыққан «Ұя» атты кітапта жарияланған. Аздаған қыс­

қартулармен беріліп отыр.

ҚИҚЫМАТТЫҢ ҚИССАСЫ Сатиралық повесть (1987 жыл) Алмамбет жындының айтқандарына, әй, бір күліп алдым дейсің. Дүниеде не көп – ақымақ көп, бірақ тап мынадай ақымақты көрген емеспін. Баяғыда, бала кезінде, осы жынды бір таз туысының басына шәйнекпен су құйып тұр дейді. «Мына ит не істеп тұр?» – деп, әлгі кісі дүңк ете қалса керек. Сөйтсе бұл: «Шаш өссін деп суарып тұрмын», – депті. Осыны өзі бір көңілді отырғанымызда мәз болып айтқаны бар. «Қалаймын, ә?! Тіпті бала кезімде-ақ елге жақсылық жасағым келуі неге тұрады!» – деп ісіп-кепті. Жындымен жынды болып, жұдырығын иіскейтін жайым жоқ. «Ойбай, сен кереметсің ғой. Әлі күнге сондайсың», – деп кеңк-кеңк күле салып құтылғанмын. «Әлі күнге сондайсың», – деп кекетіп айтсам да дар-дар күледі. Сондай екені рас. Дені сау адам таздың басына шаш шығарудан гөрі коньки тебудің оңайырақ екенін түсінер еді ғой; әлі күнге сондай пайдасыз шаруалармен ерінбейжалықпай қайтіп айналысып келе жатқанына таңым бар осы. «Алмамбет бүйтіпті, Алмамбет сүйтіпті» дегенді естіген сайын таздың төбесін суарып тұрған қара домалақ елестейді көзіме. Мына шатпақтары да солай; өзінше мені мұқатқан түрі, бірақ тап осыдан келіп-кетер бірдеңе бар ма екен өзі? Одан гөрі менің бір-екі ауыз ақылым, саусағымның ұшын бірер қимылдатқаным анағұрлым пайдалырақ шығар... Алмамбет жынды анау-мынау деді екен деп менен шошы­ нып қалмаңыздар, құбыжық емеспін. Кәдімгі өздеріңіздей адаммын, өте мәдениетті, сыпайымын, тіпті көбіңізге Алмамбеттен гөрі сыйымды да тиімді екенім айдан анық. Біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей, орташа тірлігім бар. Дөй емеспін, бірақ сатылап-сатылап, сағалап, жағалап, апалап, ағалап дегендей, көзге көрінбейтін бірдеңелер арқылы біраз дөйлермен байланысып та жатырмын. Ауылдағы ағайын менің

дөйдің қолына су құятынымды қайдан біліп жатыр, сыртымнан
солардың үйіріне қосып, «Қиқыматжан аман болсын» деп
отырады. Енді ше, барша мұраттарына жеткізбесем де, қаланың
қалтарыстарынан аман алып өтетін менің тілегімді тілемегенде,

қолынан түк келмейтін Алмамбеттің тілегін тілей ме? Адалым­
сып, ауылдасына ара түспегенді «кісіге қайыры жоқ» деп
кемітеді қазір. Аузымнан ақ майын ағызып отырған ауылдас
ағайыннан айырылатын мен де ақымақ емеспін; бірер күн

уақытым, бес-алты ауыз жел сөзім шығын болып, баз біреудің
алдында бес-алты мүй­нөт мөлигеннен түгім кетіп көрген жоқ.
Есесіне, өзімді хан көтеретін тұтас бір қауым бар. «Сонша
беделді болғанына қарағанда, бұл өзі мық­ты бір жерде істейді-

ау» деп, іштеріңізден қызғанып та қаларсыздар... Ай, сол
пәлен жерде істеймін деп атын атап жату міндет емес шығар;
жалпы, мен қайда болса да істей алатын жігітпін. Әйтеуір,
әжептәуір бөлім бастығы, ауызша тілмен айтқанда, «забаддел»

деген атым бар. Иә, айтқандайын, мен де сіздерге ептеп әңгіме
айтқалы отырмын, біреулердің өзіңді айдай әлемге жексұрын
ғып сипаттап жатқаны, қалай дегенмен, жүйкеңе тиеді екен.
Сондықтан да кім екенімді өзім танытқым келіп отыр. Бірақ

мен Алмамбет құсап ұсақ-түйек, пайдасыз нәрселерді жіпке
тізбей, бір зор майдан жайында ғана өрбітпекпін сөзімді...
һе, һе, һе.

ҚЫЛ КӨПІРДІҢ АУЗЫНДА

«Басекең кетеді екен?» деген сыбыс әлдеқайдан сыбдырсыз
ғана сусып жетті.
Бастық ауысу дегенің бір ғажап оқиға ғой. Ол дейтінің
тіршіліктегі татар дәмнің ең тәттісі емес пе? Біздің шағын

мекеме де аяқ астынан дүрлігіп, бар тіршілікті жиып тастап,
осы жайында сан түрлі алып-қашпа әңгімелерді қоздатып қоя
берді.
Әуелі қалбалақтап Аңқабай жетті. Темекісін бұрқ еткізіп:

– Ойбай, жігіттер, бері келіңдер, қызық бар, – деді алқына. –

Басекең кететін сияқты!

Аңқаудан бұрын құлақтанып қалса да, ақылды жігіттер түк білмегенсіп, «А-а!» десті. – Не? – Неге? – деп қосарлана сұрақ қойып, құшырлана темекі сорды. – Анық-қанығын білмеймін. Жоғарыда ағай бар еді, содан естідім, – деді аңқау неме қоқиланып. Өсекті елден бұрын естіп, елден бұрын айту да өнер: жұртты аузыңа телмірту бақыт емес пе? – Пенсияға шыққанына да біраз болды, несі бар, лайықты демалысына кетуі заңды ғой, – деп мән бермегенсідім. Аңқауым құтырып кетті. – Неге... әлі тың ғой. Сірә, тегін болмау керек. Мүмкін, жеп қойған шығар. Әлде бірдеңе деп қоюы да мүмкін. – Жә, жетер енді... Елдің сыртынан сыпсыңдамай жайыңа жүр­сеңші. Ұят емес пе? – деп, зекіп қойдым, ішімнен рахаттанып тұрып. Басекең естіп қалғандай болса деген ғой. Содан күңкіл-шүңкіл басталды. Әркім де дұшпан көз қылып, бірдеңелерді шұқылап, жұмыс істеген болып отырады. Бірақ бәрінің де басында бір-ақ ой – басекеңнің кетуі. Ішке түскен құрт жарып шықпай қоймайды: екі адамның басы қосыла қалса, күбір-күбір, жыбыр-жыбыр. Басекеңнің өмір тарихын, плюс-минусын, байланыстарын жан-жақты талдапталқылап, аяғында: «Қой, құ­рысын, естіп қалса, ұят-тағы. Өзіңе сенгесін ғана айтқаным ғой, ішің білсін» деп қызараңдай тарасып жатқаны... Е-е, дүние-ай: «Саған ғана айтып тұрмын, аузыңнан шықпасын» деген сөз алты күнде Алматы түгілі бар ауылға тарап кетпесе, мұрнымды кесіп берейін. Иә, қазір ешкім де өзін өсекші санамайды; өсекшісің десең, қолыңда өлуге бар; бар болғаны біреудің өзіне сеніп айтқанын өзгеге сеніп айта салады. Сөйтіп жүргенде бір айдай уақыт өтті, басекең қозғалар емес. Күн сайын үлкен жаңалық күтіп, жұмысқа елеңдей ерте келетін жұрт кешкілік бастары салбырап, екеу-үшеу болып күңкілдесіп, ренжіп тарайды. Аңқабай шыдай алмай сыр шертті: – Кететіні анық деп еді ғой. Ал мынауыңның тырп етер түрі жоқ. Әлде кетпей қалар ме екен?

– Немене, құтыла алмай жүрсің бе? Саған содан келіп-

кетер не бар, осы, ә?
Қоқан-лоққы жасап, қысыңқырап алдым.

– Жоға, о не дегеніңіз, Қақа. Бірақ құлағың бір көтерілген

соң қиын екен... Кісінің жұмыс істегісі келмейді. Кетеді деген
соң кету керек қой...

– Саспа, бала. Бұ кісі бізге зиян қылған жоқ. Отыра берсін-

дағы. Аңқауымды аң-таң қылып, жөнге салып қойдым. Дәл
қоштасарда ғана көкірегіне құрт түсірдім.

– Ау, бауырым, бірақ шындыққа тік қарай білген де жақсы.

Біреу келіп, біреу кету – тіршілік заңы. Бізден гөрі сенің қолың
ұзын, құлағың түрік екен. Бұ кісі кетсе, орнына кім келеді
деген хабар бар?!

– Ондай сыбыс білінбей тұр әзір...

– Е-е, мейлі. Жай, әншейін... Ойыңда жүрсін дегенім ғой.

Қауіп қай жақтан екенін біліп алып, алдын орауды ойлап
тұрсам да, сөзді басқаша сабақтадым. Аңқауымды қолпаштап
қойып, ой­лайтыным екеу-міздің қамымыз екенін ұғындырып,
кімге бағы­натынымызды алдын ала бі-ліп алып, амалын тауып,

аузын алып, болашақта ысқырып жүруіміз керек екенін айтып
едім, Аңқабай астыртын сұрау салуға ант ішті.
Әрі-сәрі болып жүргенімізде бір күні бастық бәрімізді жинап
алды. Ішімізден: «Е-е» дестік.

Басекем жұмысқа мығым болғанмен, аузын ашса, ар жағы
көрі­нетін салдыр-гүлдір, әпербақандау кісі еді. Бетімізге
жымия қарап отырды-отырды да:

– Әй, сендер менен құтылғанша асығып жүрсіңдер ме осы? –

деп осып жібергені. Жұқалтандар сыр беріп алды: олар қы­
зараңдап төмен қарағанда, мен сияқты ақылдылар «аң-таң
болып» басекеме бейкүнә көзбен жәудірей қадалып, қатты да
қалды. Басекем кеңк-кеңк күлді.

– Ой, қулар-ай! Дүние пәленің бәрін біліп қоясыңдар-ау,

ә? Сендер мені қимайды, туған әкесіндей жақсы көреді деп
жүрсем... Сыртымнан мені алып тастапсыңдар ғой. Тіпті, ертең
кететін адамсың, енді сенің керегің жоқ дегендей қабақтарыңа
дейін тоң-торыс. Бағана мына кімді... сигаретке жұмсасам,

бұрын елпілдеп ұшып кететін еді, аяғын әрең басады-ей?
14-0047

«Жыланды қырық кессе де, кесіртке құрлы әлі бар» дегендей,
өздеріңді өкіртіп алайын ба осы?
Басекем жорта қабағын түйген болды, біз де өп-өтірік
қоғадай жапырыла қойдық.

– Апырай, жел сөз деген қиын екен. Кеше кешке жеңгелерің:

«Осы сен қайдан келдің?» – деп қоқыраяды. «Қайданы несі,
жұмыстан келдім» десем: «Өтірік соқпа, жұрт сені баяғыда
орнынан босап қапты деп жүр ғой», – деп қарап отыр. Куәлігімді
көрсетіп, зорға сендірдім. Қызық, орнымнан түсетінімді мен

өзім де білмеймін, ал сендер қайдан білесіңдер, ә? Та-ак! Бос
сөзді доғарыңдар. Әлі біраз жұмыс істейміз, мені алайын деп
жатқан жан жоқ!
Жұрт мылқиды да қалды. Қиял қозып, басекеңді құбылаға

қаратып қойған да қиын екен. Оның ауысуымен бірге
бірталай жаңалық, жақсылық келетіндей көріп жүргенде...
Жиналғандар есеңгіреп отырғанда, алдымен ес жиған, әрине,
мен.

– Әп, бәрекелде! – деп жібердім.

Жұрт та қопаңдаған болды. Басекем тершіген маңдайын
сүртті де:

– Жә, жандарым, қорықпаңдар, жел болмаса шөптің басы

қимылдамайды. Бүгін арыз беріп келдім, өз еркіммен. Енді
пенсияға шыққалы да алты жылдан асыпты, демалу да керек.
Нешауа, үйде де тыныш отырмаймын, көрген-баққаным мол,
ақыл жетеді дегендей... Далада қалмаспын... Жазушы болуға

бел буып отырмын.
Жиналғандардың
жартысы
үнсіз

қалды.
Жартысы
гуілдеп, қи­мастық сөздер айтып, қолпаштап жатыр.
Салмағы ауыр сыйлы кісі: кеткен күнде де көңілі қаласа,

көмегі, көңілі қалса, кеселі тиер деген оймен әрі кезінде
сыйласып, пайдасын көргенім бар, бағынып қалған дағды
бар, елдің алдына, әрине, өзім түстім. Қипақтап, қызараңдап
(менде де жан бар ғой) күмілжіңкірей бастадым да, тер шыққан

соң көсіліп кеттім... «Айып етпесеңіз, бір-екі ауыз сөзім бар, –
деп ретсіз жерден жөн тауып, бәрін аузыма қаратып алдым
да, басекеңнің бізге жасаған қамқорлығына, іскерлігі мен
кісілігіне кеңінен тоқталып, құлаш-құлаш алғыс айттым.

Қимайтынымызды, басқа біреудің басекеңнің креслосын
толтырғанымен, біздің көңілі­міздегі орнын толтыру үшін
дәл өзіне жете туған асыл болуы керектігіне ерекше назар
аударып (көңіліміздегі орнын толтыра алмайды деп жібере

жаздап, ертең басқа біреу келе қалса, бұл сөзімді біреу жеткізе
қойса, жоқ жерден жау тауып алармын деп, тайғақ жерден
тайғанақтамай түзу өттім), бақталасым бар, басқасы бар, бүкіл
жұртты бір-ақ ауыз сөзбен будым да салдым:

– Ал енді, біз де елміз, жұртпыз дегендей... Жігіттер,

басекеңді зор құрметпен шығарып салу – бәріміздің азаматтық
һәм адамгершілік парызымыз... – Ешкім де дау айта алмады.
Біреулер біртүрлі болып қалғандай еді, Аңқабайым ерледі:

– Ойбай-ау, басекеңді жөндеп шығарып сала алмасақ, жер

басып жүрмей-ақ қойдық, – деп, жұрттың намысына тиіп,
ерсілеу болса да еліртуге жарады.
Қысқасы, ішіне жағып кетсе де, сыр бермегенсіп: «Рахмет,
рахмет, айналайындар, көп ештеңеге әуре болмаңдар», – деп

тершіп, басекең қала берді. Қам жасауға кірісіп, біз зуылдап
кеттік.
Ұзын сөздің қысқасы, шапан жауып, сый-сияпат көрсетіп,
басекеңді әдемілеп шығарып салдық. Ептеп көзімізге жас

алған болып, сүйісіп қоштасқаннан кейін, қалай екенін кім
білсін, орынбасар мен төрт бөлім бастығы оңаша қалыппыз.

– Жарықтық, жақсы адам еді ғой, несін айтасың, – деп,

ауаны мол-мол жұтып, гуілдетіп қайта шығардым.

– Иә, несін айтасың!

– Да! – десті қасымдағылар. Жөн-жоба үшін айтқандары ғой,

әйтпесе көмекейден көмескі шыққан үндері көкейдегі көлденең
ойдан хабар берді. «Енді кім болар екен?» – деп, ешкім де
картасын ашып тастаған жоқ. Оқыған жігіттер ғой, бірден қолқ
ете түсіп не қара басыпты? Тымырая қалғандарынан-ақ бәрінің

де ішінде бір-бір сайтан оянғанын сезе қойдым. Жансызым
болып жүрген Аңқабайым бағана әрі жақсы, әрі жайсыздау
жаңалық әкелген. «Сырттан ешкім келмейтін сыңайы бар.
Сірә, өзіміздің жігіттердің бірін қоятын шығар». Жақсысы,

ол кандидаттың мен емес екеніне кім кепіл? Жайсызы, мына
таласпай беріспейтін, өлсе де бөліспейтін төртеудің біреуі
алдымды орауы да әбден мүмкін-ау.

Қарым-қатынасымыздың
қисайғанын
қас-қабағымыз­
дан таныт­пауға тырысып, қыл көпірдің аузында жылы

қоштастық.

АЛАҚАНЫМ НЕГЕ ЫСЫДЫ?

Жол бойы да, үйге келген соң да ауыр ойдың шырмауынан
құтыла алмадым. Мен бе, жоқ әлде басқа ма? Басқа болса
қайсы? Олар да мен сияқты пенде, ойға-қырға шапқылап,
қансорпа болмай тынбайды. Қапы қалсам, топырақ қаптырады.

Тұла бойымды тер қысып, алақаныма дейін ысып кетті.
Шабыттанып, құтырынып шығар алдындағы әдетім. «Ал,
Қиқымат, шабатын кезің енді келді. Талай құқайды көріп,
талай ұпайды шертіп алғанмен, тап бұндай зор майдан болған

емес. Белді бекем бу-дағы, кірісіп бер». Өзімді-өзім қайрап,
арқаланып кеттім. «Е-е, таластырып қойған қу дүние-ай,
қайтейін енді» деп, қара терге малшынып отырып, «сіз-біз»
десіп жүрген жолдастарыма ішімнен соғыс жарияладым.

Айқас алдында ақылды жоспар жасалады ғой. Түп мақсатым
айқын: төртеуінің де табанын тайдырып, өзім бастық болуым
керек! Иә, төртеуінен де талантты, іскер, айласына ақылы
сай, еңсесі биік азамат мен отырмасам, ол орын адыра қалсын.

Бірақ күрес заңы қатал. Сан соғып қалмас үшін, төртеуінің де
жолын кесуім керек. Қап, бәлем, тұра тұрыңдар, төртеуіңді де
ебін тауып қаралап, қаңғыртып жібермесем, Қиқымат болмай
кетейін!

Мен бір нәрсеге кіріссем, дұрыстап кірісемін ғой. Алды-
артын, асты-үстін тегіс өлшеп-пішіп, артық кетіп, кем түспеуді
мұқият ойластыра бастадым. Көздеген жерден дөп тигізіп,
талдырып жығып әрі өзім тасада қалып, сүттен ақ, судан таза

болып ысқырып жүру үшін бүкіл өмір тәжірибем, күш-жігер,
ақылым тегіс жұмсалуға тиісті, үлкен істе қажет болса әйеліме
де арқа сүйеуге бекіндім...
Әуелі қарсыластарым туралы қолда бар ақпарды тез саралап,

жүйеге келтіріп, әлсіз жағын айқындап алдым. Бәрін есептеп,
тас түйін кіріспесең, құр босқа далбақтайсың... Сонымен
кірісіп кеп бер­дім...
Иә, айтқандайын, бұның бәрі бір кезде, опыр-топыр өткен

оқиға ғой.

Араластырып, сапырылыстырып, сыпыра соқтым. Айна­ ласы бір-екі жұманың ішінде ту-талақайын шығардым ғой. Сіздерге түсінікті болуы үшін жеке-жеке жүйелеп айтып берейін... ҚАТҚАН СҰЛУ, ҚАРА ҚАТЫН Менің үйлену тарихым да қызық. Тап осы әйелімді аламын деген ой үш ұйықтасам түсіме кірген емес. Бірге оқыдық: курстағылардың үлкені менмін: «ағай-ағай» деп сызылып тұратын көп қыздардың бірі болған соң, назар аудармай жүрген кезім. Көңіл шіркін өз курсымдағылардан да ғажапты іздеп, тау-тасты кезіп кете береді. Жын-сайтан басылғанша дүниені шайқадық қой. Талай қыз жо­лымды тосып, мөлдіреп қала берді. Бірталайы шынымен ғашық та болды. Енді ше, жөн-жоба білетін, сыпайы, көшелі жігіт маған ғашық болмағанда, басын таңып алып, ұрандап жүретін Алмамбет жындыға ғашық бола ма? Сөйтіп жүргенде бір сұлуға шынымен-ақ көңілім құлаған секілденді. Өзімен қызық жағдайда таныстым. Желөкпе жортуылдар­ дың бірінен кештетіп қайтып келе жатсам, трамвайдың артқы вагонында жападан-жалғыз бір әп-әдемі қыз отыр. Жер жет­ пегендей қасына жайғаса кеттім. – Қарындас, түн ішінде жалғыз жүруге қорықпайсыз ба? Әлде күткеніңіз бар ма? Менікі әншейін далбаса: әйтеуір, қыз көргесін, жігіттік жолмен бірдеңе деп қалу – міндет. Сөйтсем, өз обалы өзіне, қылмыңдап, тақ-тақ етеді: – Жоқ, ондай су жүрек емеспін. Жолсерік болар ма екен деп сізді тосып отырмын. Күліп сөйлесе болды, кекесінін неғылайын. Жабыса кеттім. – Бәсе, жүрегім аузыма тығылып, біртүрлі асығып едім. Сіздің жалғызсырап отырғаныңызға көрінген екен ғой. Сізге жолдас болу – мен үшін зор бақыт. «Жолдас болу» дегенді құбылтып, құтыртып айтамын ғой, әрине. Сөйтсем, қыңатын түрі жоқ. – Ой, ағай-ай, өзіңізді маған жолдас болуға лайық санайсыз ба?

– Ал сіз лайық санамайсыз ба?

– О не дегеніңіз, бірақ жолдас болу үшін адам бір-бірін

сынап, зерттеп, білу керек қой.

– Ештеңе етпес, сынаса, зерттесе, білісе жатармыз. Физи­

каның заңы бойынша әр аттас зарядтар бір-бірін тартады ғой...

– Мені тартуға магнитіңіздің қуаты жетер ме екен?!

– Менің магнитім тек асыл заттарды ғана тартады.

Екеуміз жеңіл-желпі, шолақ әзілмен шартпа-шұрт қағысып
алып, мүдірмей өткенімізге мәз болып сылқ-сылқ күлдік. Түн
ішінде трамвай тарс-тұрс етіп ағып келеді; біздің вагонға ешкім
мінген жоқ. Қара көлеңке оңашалық әлдебір ғажайып күйге

бөлейді, екеуміз де ұзағырақ жүрсе екен деп тілегендейміз.
Артқы вагон ырғалып-ырғалып кеткенде иығымыз түйісіп-
түйісіп қалады. Денем дірілдеп, құшақтай ала жаздаймын.
Бірақ бетіне қыз күле қараса болды, шашынан сипай бастап,

шошытып алатын Аңқабай емеспін ғой. Өзімді-өзім билеп,
ойынды соза түстім. Арзан қалжыңды аяймын ба, басынан
бастап, шашына түстім, ең аяғында аяғынан өтіп кетіп, етігінің
өкшесіне жеткенде зорға тоқтадым. Әзілдеген болып, келістіре

мақтап отырмын; оны түсінсе де түсінбегенсіп, жанына
жағып кеткенін жалт-жұлт еткен жанарынан ғана байқатып,
сартылдап тойтарыс беріп ол отыр.

– Ойпырмай, қарындас, сөзіңіз де, көзіңіз де отты екен.

Жүрегіме шоқ түсті ғой, – дедім бір уақ даусыма діріл
араластырып.

– Өртеніп кетіп жүрмеңіз.

– Обалыма қалмайсыз ба?

– Сауап болады.

– Сауабын айтасыз, жауабын қайтесіз? Өзіңіз жаққан өртті

өзіңіз өшірмесеңіз, хал мүшкіл.

– Мен өрт сөндіруші емеспін!

Қыз ұзақ сықылықтады. «Құтылмассың, бәлем!» Қуаныш­
тан мен де күлдім.

– Күлкіңіз қандай тамаша, сыңғырлаған! Мына көңілсіз

вагонды да тірілтіп жібергендей! – Әдейі иіле сөйледім.
Әуелде жеңіле салмасаң, кайқаңдап, жуытпайды ғой
бұлар. – Ал жұпар иісіңіз төңіректі құшақ-құшақ гүлге
толтырғандай...

Мақтауға мас болмайтын әйел заты бар ма, мәз болып
отырған қызым әуелде сөзінен жаңылды. Жаңылғаны емей
немене:

– Әтір ғой, – дегені.

– Әтір болғанда, анау-мынау емес, французский духидің тап

өзі! Одан басқа әтір сізге лайық емес.

– О, не дегеніңіз... Французский духи қолға қайдан түссін,

дефицит қой. Бұл жай ғана әтір. – Күрсініп салғаны сол еді, есі
кірді. Бірден құбылып, шабуылға шықты: – Ал сіз иіс алмайды
екенсіз!
Оқсаттым деп мәз. Алмамбетке осылай деп көрсінші: «Мен

немене, иісшіл итпін бе саған?!» деп жағынан бір тартсын. Ал
мен жеңілген бола салдым – түптің-түбінде кімнің иісалмас
екенін көрерміз.

– Апырай, қарындас, ағаңды алып та жықтың, шалып та

жықтың, мен де әзілге алдырмайтынның нақ өзі едім, өзіңнен
мықтыға амал бар ма?! – Байқатпай, сусып қана сенге көшіп
алдым. – Жалпы, әзілдей білу – ақылдылықтың белгісі. Қазір
көп қыздарға жетпей жүрген сирек қасиеттің бәрі бір басыңа

үйлескен екен, ақылыңнан айналайын. Әлін білмей айтысқан
айыбына мына ағаң сені шығарып салады!
Пәтеріне дейін қолтықтап шығарып салдым! Қоштасарда
көзіне қимастықпен қиыла қарап, көпке дейін қолын босатпай

тұрып, мадақ жырын төгіп жатырмын, теңеп жатырмын,
қысқасы, сол жерде танысып, жай-жапсарымды білдірдім де,
ертең кездесуге уәдесін алып бір-ақ қайттым!
Былай шыға бере ал кеп күл! Айда, қасқа Қиқымат! Әлгі

сұлуым үйіне барысымен, айнаның алдынан жуық арада шыға
қоймайды. Менің әсем теңеулерімді түгел өз бойынан тауып,
шыншыл жігіт екеніме көзі жеткен соң, құрбыларына жыр
қылады. «Солай да солай, бір жігітпен таныстым, ол бүйдеді,

мен сүйдедім. Өзі маған өле ғашық боп қалды. Сабазды сөзбен де
қатырдым, көзбен де қатырдым. Мөлиіп, артымнан қалмайтын
күйге жетті. Дегенмен өте тәуір жігіт, былай деп мақтады. Ал
мен ондай емеспін ғой. Әлде сондаймын ба? Ертең кездесуге

шақырды, барсам ба екен, бармасам ба екен?!» деп, ой, бір
рахаттанып шай ішеді. Бәрі жабыла гуілдеп, әрине, құрбылары
менің мақтауымды оған қимай, іштей қызғанса да, білдірмеуге

тырысып біраз отырады. «Бесінші курста оқимын деді ме? Қой,
өтірік алдаған шығар. Оған қайдан кепті бесінші курста оқу?
Әліне қарамай ма?» деп көсілетіндері де анық. Содан кездесуге
бару керек, бірақ бүйту керек, сүйту керекпен түн ортасы ауа

бір-ақ ұйықтайды. Ал әлгі сұлуым мені көз алдына елестетіп,
мақтау сөздерімді ұмытып қалмас үшін, тағы да ләззат дәмін
тату үшін дұғадай қайталап, ертең одан да асыл сөздер есту
үшін кездесу керек деген шешімге тоқтайды.

Айтқаным айдай келді. Уәделі жерге уәделі уақыттан
жарты сағат кешігіп келді. Оның сөйтетінін алдын ала білетін
мен одан бес-ақ минут бұрын келгенмін. Қызбен кездесуге
қырық минут бұрын барып, бір жарым сағат тосатын Аңқабай

емеспін ғой. Барын киіп, байлауын салып, кешегісінен де
құлпырып кетіпті. Ұсынған гүлімді сұлу жүзі сиқыр күлкіге
толып, елеусіздеу ғана қабыл алды. Үйіріп әкету үшін әуелі
өзің үйірілуің керек, елпілдей бастап едім:

– Иә, ал келдік. Ары қарай не істейміз? Неге шақырды­

ңыз? – дейді кекірейіп. Кешегі ойынды жалғастырғым келмей,
салмақты әңгімеге көштім. Ұзын сөздің қысқасы, әдемі бір
демалыс кешін ұйымдастырып, жаңа бір жақсы қырымнан
көріндім. Сұлуым қоштасарда ойға шомып, күрсініп кете

барды.
Сонымен не керек, лыпылдап, асты-үстіне түсіп жүріп,
ақыры өзіме ғашық қылып алдым. Өзі іздеп келетін халге
жетті. Дүние-ай, төрінде талай шәниіп жаттым ғой. Көңіліме

алғаш кездескендегі шошақайлығы біртүрлі әсер етсе де,
шындап жақсы көрген сияқтымын. Әйелінің сұлу болғанын
кім жек көрсін, осы қызды алып жіберуге ойым мықтап-ақ
кеткен.

Жоспардың бәрін тосын бір хабар тас-талқан етті. Ол осы
қазіргі қатекеме – Қатираға байланысты.
Менің қатекем, тап қазіргідей болмағанмен, қыз кезінде
де жүзіктің көзінен өткендей пысық болатын. Оның аса

шаруақорлығын курстастар аңыз қылатын. Бір көрмеге
нешауалау қара торы қыздың қалтасы қашанда тоқ: қысылған
кезде жабыла қарыз алатынбыз. Бір ғажабы, қолы ашық; он
тиын сұрайсың ба, он сом сұрайсың ба, бетіңе жымия қарайды

да, ұстата салады. Айтпақшы, «срогыңыз» дейтін сызылып.

Ал енді айтқан уақытында қайтармаған адам­ның қаққанда
қанын, соққанда сөлін алмай тынбайтын. Біреуде бір тиы­ны
кетіпті дегенді естіген жан жоқ. Аңқабай байғұс аузын ашып
жү­ріп, отыз тиын алғанын ұмытып кетсе керек. Аудиторияда

жағасы­нан алды. Есіне түсіре алмай, жұрт алдында есі
шыққан Аңқаш «алған жоқпын» деп ант-су ішті, болмады.
Берейін десе, тиыны жоқ, байғұс, сасқанынан жетпіс тиындық
қаламын ұсынғаны. Сөйтсе: «Дұрыс, өзі де біраз ұсталып,

отыз тиындық боп қалған екен», – деп алып жүре берді. Қарыз
алу рахат та, қарыз қайтару азап қой. Кейбіреулер қарызын
жібермейтіндігіне қарап, сараң деп сөз қылатын. Бірақ ақылы
барлар оның қарыз бергендегі жомарттығын алдыға тартып,

ақтап бағатын. Мен өзім оны толық қолдайтынмын. Қалай
болғанда да айналасына сыйлы, өткір, қалталы қызбен күнім
үшін жүріп-ақ кетсем бе екен деп ойлап қоятынмын кейде...
Сол қыз шіріген байдың қызы болып шықты! Мәссаған!

Ойым бұзылып жүре берді. Өзі күйеуді бағуға, үйді ұстауға
мығым болар-ау. Ең бастысы, қайын жұрттың құпия қоймасы
ғой. Алақаным ысып қоя берді. Бірақ ана сұлуды да біртүрлі
қимаймын. Қалай болғанда да тез бір шешімге келу керек,

әйтпесе қазына қызды біреу қағып кетуі мүмкін.
Сұлудың жүрегін жаулап алудан гөрі ұстап тұру анағұрлым
қиын. Ертең сылаңдап бір жаққа шыққан сайын, сұқтанып біреу
қараған сайын қызғаныштан қаным тасып, ажалымнан бұрын

өлмесіме кім кепіл? Хош, оның да бір амалын табармын-ау,
бірақ жалаң махаббат жем бола ма? Француз духиін таба алмай
жүрген кісі не қарық қылсын? Ертең ыстық-суығы басылып,
бас айналдырған сезімі тіршіліктің бір-екі сілкінісінен кейін-

ақ сейіліп жүре бермесін қайдан білейін. Жылдар өтпей ме,
бетіне әжім түспей ме? Сонда «Жастығымды сен итке құрбан
қыламын ба? Мен де адаммын, менің де ойнап-күліп жүргім
келеді» деп күнде бетімнен алып, екі иығын жұлып жеп отырса,

нағыз тозақ сол болар. Жоқ, маған сұлуынан жылуы. Үлбіреген
еркетотайдан гөрі жегінге мықты, жем тапқыш, қайда салсам
да қайтпайтын қара қатын артық.
Белді бекем буған соң не тұрыс, қара қыздың соңына түсіп

кеп бердім. Әуелгі ілтипаттарымды курстастық, жолдастық

ықылас санаған-ау, сірә, рай бермеді. Бір күні бір отырыстан
кейін сыр ашып, күйдім-сүйдімге басып едім: «Кетші әрі, қараң
қалғыр, баяғыда көрсең, қайда қалдың?» – деп тәлкек қылды.
Оған қыңамын ба, осы уаққа дейін бүкіл ниетім өзіне ауғанын,

сыртынан бақылап, сыныма толғаннан кейін ғана махаббатым
оянғанын толғадым. Ойланып кетті.
Екі-үш рет киноға бардық. Кафеде болғанда шампан ғана
таттым. Бір кісідей ішсем де жұртқа сыр берген адам емеспін.

Өйткені өздеріңіз де білесіздер, қазекеңнің өсегіне бір қалдың

– бітті, қаныңмен жумасаң тазармайсың. Ал ішетін жігітті

алтын болса да қыздар маңынан жүргізбейді.
Бұл қызды басынан тұқыртып, кейін тырп еткізбеудің
амалын ойлап жүргенімде, сәті түсе кеткені. Бір күні базарға
бара қалайын. Жағам жайлауда, салып ұрып келе жатсам,

қара қызым бір кемпір­мен сөйлесіп тұр. Байқатпай таясам,
сөмкесінен он үнді шайын алып, кемпірге берді.

– Апа, әжеме алғаным еді, өзім де елу тиыннан әрең алдым.

Ақшадан қысылған соң... – дейді сыбырлап. «Мәләдес, қатеке,

– дедім ішімнен. – Менің әйелім тек қана сен болуың керек.

Тұрмыс жағдайы шешілді». Кемпір рахметін айтып жөнеп
берді. Мен қызды қарынан ұстадым. Әуелде шошып кетті де,
мені көрген соң ұялып қалды.

– Қысылма, – деп күлдім. – Дұрыс қой, ебін тап та, екі аса.

Мен сені жақсы түсінемін әрі бек құптаймын. Қане, бері әкел.
Шай салынған сөмкені қолыма алдым да, өтіп бара жатқан
бір ақсақалды шақырдым.

– Ата, дәу де болса апамызға шай таппай қиналып жүрсіз-

ау, ә?

– Оның рас, балам. Құрып қалғырды жер-көктен таппай,

табанымнан таусылдым. Жөн білетін бала сияқтысың,
айналайын, жәрдем ет.

– Жарайды, ата, міне, мында отыз шай бар. Алпыс тиыннан

ала қойыңыз.

– Тым қымбат қой. Ұят емес пе?

– Дауласқаныңыз үшін он тиын қостым. Жетпіс тиыннан

алса­ңыз, алыңыз. Әйтпесе бұрылып жүре беремін.
Шалда амал бар ма, алды. Базардан шыға бере қызды белінен
орай құшақтадым. Қарсыласпақ түгілі, бетіме күлімдей

қарады. Артықшылығымды бірден мойындап, құлап түсті
деген осы.

– Ұсақ турайды екенсің, бала! – Екеуміз де күлдік.

Пысықтығын, шаруақорлығын біраз жерге апардым.

– Ал, енді, мақтауың келісті, ақтауың қандай болар екен, ә?

Компаньон болғанымызды бір әдемілеп жуайықшы. Әзер болса
бүгінгі табысың кетер, кешке бірдеңе алып, бөлмеге кел.
Тырп ету қайда? Әлі де болса мен жұртқа жайып, күлкі
етер деген күмәні бар сияқты. Дегенмен бәрін де түсінгендей

жүзінде құпия күлкі ойнап, үнсіз ғана басын изеді.
Бөлмені тәртіпке келтіріп, әне келеді, міне келедімен отыр­
ғанда, есік қағылды. Ашсам... сұлуым тұр. Өңінде қобалжу
бар. Жөн сұрап ем, жылап қоя берді.

– Мен... Менің... аяғым ауыр!

– Кімнен?

Одан сайын еңіресін.
Қысылғанымнан терлеп кеттім. Әй, өзімнің де басым бас-ақ
қой. Құшақтап, көзінен, ернінен сүйдім де:

– Жаным-ау, оның несі уайым? Қайта қуанбайсың ба?

Үйленеміз! Өзім де көптен айта алмай жүр едім...
Сұлуым тіріліп кетті. Бөлмеде жалғыз екенімді білсе,
отырып алар деген оймен, қазір жігіттер келетінін, ал мен
ауылға суыт аттанып әке-шешемнің рұқсатын алып келетінімді

айтып, сыртқа беттедім.
Коридорда қара қызым кездесті. Түк білмегенсіп өтіп
кеттім де, сұлуымды шығарып салып, кері оралдым. Бөлмеде
үркіңкіреп отыр екен. Тойымызды бастап жібердік. Аздап

бойымыз қызған соң:

– Бүгіннен бастап екеуміз ерлі-зайыптымыз, – дедім түйеден

түскендей ғып. Танданған жоқ. Бар болғаны:

– Жаңағы кім? – деп сұрады.

– Маған ғашық боп жүрген бір сұлу. Көрдің ғой, сен үшін

кімді құрбан қылғанымды.
Жасыңқырап, төмен қарады.

– Бұдан былай ондай нәрселерді сұрамауға дағдылан. Сен

менің жүзімді төмен салмасаң, мен сені аялап ұстаймын. Үй
болып алған соң үйлесіп кетеміз. Тұрмысымыз тамаша болады.
Менің ақылыма көзің жетті ғой, бұдан былай идеяны мен
беремін де, сен орындайсың.

Өстіп тұқыртыңқырап алдым да, тағы да айла қылдым.
Әйелге жанын жайып салған еркек – ақымақ, өйткені олар
бәрібір түк те түсінбейді: қорқытып ұстаймын деген еркек те

– ақымақ, өйткені қазір олар қорқудан кеткен; әйелді алдап

ұстасаң ғана қадірлі боласың.

– Жаным сол, бір-бірімізді көптен бері білеміз, сүйеміз ғой.

Жасасын біздің махаббатымыз!..
Ертеңіне ауылға аттанып, әке-шешемнен үйленуге рұқсат
алып келдім. Әрине, қара қызға. Бірақ әуелі сұлуыма соқтым

– от­пен ойнауға болмайды. Дымын білдірмей, ізін жасырып

жүру – ақылдылардың ісі.
Түк білдірмей, күлімсіреп кірдім. Құшақ жая қарсы
алды. Біраздан соң шайға отырдық. Бұрын көрсетпеген мінез
танытып, темекі тартып отырып, жүзіне ұзақ қарап қалдым,

қайта-қайта аһылай күрсіндім. Бір пәлені іші сезгендей сұрлана
қалды. Өстіп дайындап алдым. Әйтпесе талып қалып, пәлесіне
қалуым мүмкін ғой. Содан екеуміздің бір-бірімізге деген
шынайы пәк сезіміміз туралы, сол сезімді оятқан сұлуымның

ешбір әйел затында жоқ ғажайып қасиеттері туралы тебірене
толғап келіп:

– Біздің мұңды махаббатымыз үшін, – деп, бір қырлаубайды

қағып тастадым. Буың-буынына дейін босап, елжіреп отырған
байғұс «мұңды махаббатымыз» деген кезде, көзінің жасы
мөлдіреп, иығыма басын сүйеді.
Белінен орай құшақтап:

– Бәрібір менің айтқаным болады, – деп, тістеніп қойдым.

– Жаным, бір жайсыздау хабарды айта алмай қиналып

отырған сыңайың бар. Мен неге де болса дайынмын, тек
өлтірмей тезірек айтшы!
Содан ойнақ салып бердім. Өз өтірігіме өзім сеніп, айтқан
сайын айызым қанып, арқаланып кеттім. Солай да солай,

сұлу жаным, үйге бардым да әке-шешеме жағдайды айттым.
Үйленетін шақ әлдеқашан жеткен, оқу болса бітіп қалды,
қарсылық болуы мүмкін емес. Алдарынан өтуім – перзенттік
парыз, ізет қана. Сөйтсем, әке-шешем кісінің зәресін алып,

түнере қарағаны. Бақсам, бұлар мені бесікте атастырып қойған
екен. Бұрын айтып жүргендеріне мән бермей, құлағыма
қыстырмай жүре беруші едім, сөйтсем шындап кіріскен тәрізді.

Әзілге сайып, күлкіге айналдырмақ болып едім, әкем тікесінен тартты. «Қиқымат балам, қиқаңдама!» Шынымен састым. «Оу, айналайындар-ау, ондайдың күні баяғыда өткен. Баяғының батасымен баласының бағын байлаған кімді көрдіңдер? Қазір жастардың еркі өзінде. Махаббат бостандығы...» «Тәйт, – деп ақырып жіберді әкем. – Сені оқытқанда сөзімді бөлетін, өзіме қарсы келетін ит болсын деп оқытқан жоқпын. Өзің сөз ұқпайтын заржақ боп кетіпсің ғой! Мына шешең екеумізді де қариялар қосқан, одан жаман болған жеріміз кәне? Сертіме берікпін, бұзбаймын батамды». Содан қатты-қатты сөзге келдік. «Үй­ленбей өтсем де көнбеймін, сүйгеніме қосыла алмай жы­ лап өтер жайым жоқ», – дедім. «Әкемнің көзі қанталап шыға келді, соғыста болған, контуженный, – деп соғып жібердім. – Бақсам, құдасы бір окопта бірге жатқан қандыкөйлек досы екен, өзі қайдағы бір қиыр шетте тұрады», – деп бір есіп өттім. «Қан құйған антымды бұзғанша, сен итті атып өлтіремін», – деп, әкем бурадай шабынды дедім. Қысқасы, не керек, бар пәлені өз басыма үйіп-төктім; ана қызды алмасам, әкем теріс бата береді, шешем сүтін көкке сауады, ал менің ол қызды алғым жоқ, өзі менімен бірге оқитынын да жаңа білдім (бұны кейін сырым ашылып қалмасын деп әдейі айттым, өйткені ел алдында қарабет болмай жүру – негізгі заңым), ұнамайды, қапқара; сен сияқты сұлу жанымсыз маған өмір жоқ; ал кәріне мінген контуженный әкем шешемді ертіп құдасына кетті; көнсем, көндім, көнбесем, келінді менсіз-ақ түсіріп, масқара қылмақ. Осы жерге келгенде өз өтірігіме өзім әбден сенгенім сонша, сұлуымды құшақтап жылап жібердім. Ол да ағыл-тегіл. Бір кезде «оу, менікі не, ырымын жасасам да жетер еді ғой» деп, артық төгілген көз жасыма ішім удай ашып, өзіме-өзім келдімау. – Жоқ, бәрібір олардың айтқанына көнбеймін. Мейлі, құдалыққа бара берсін, келіндерін ала берсін, ал мен сенімен қаламын! – Кесімді сөзім осы дегендей, тісімді шақырлатып, темекі тұтаттым. – Қалада тұра береміз, балалы болған соң қайда барсын, өздері-ақ іздеп келеді. Сұлуым кенет қатайып алды да, ақылды сөз айтты.

– Жоқ, ол болмайды. Амал не? Келін боп қуаныш емес,

кесепат әкелгім келмейді... Қайтейін...
Ішімнен сүйсініп кетсем де, өңмеңдеп қарсылық білдірдім.
Екеуміз ары-бері айтыстық. Кеш те болып қалды. Ұзын
сөздің қысқасы, бірде жылап, бірде күліп дегендей түнімен

сырластық. Өзінің жастық шағындағы бір қызығы мен
болғанымды, еш нәрсеге өкінбейтінін, тек қана қосыла алмай
арманда кетіп бара жатқанын, мені мәңгі бақи ұмытпайтынын
жыр қылды. Қадалып, болашақ әйелім туралы сұрады. Оған

нем кетеді, жамандай салдым. Асылы, әйеліңе ашынаң туралы
ауыз ашуға болмайды, ал әйеліңді ашынаңа аздап жамандап
қоюдың айыбы жоқ. Қадірің артады.

– Тойыңа шақырасың ба? – деді бір кезде. Жетпегені сол еді!

– Жоқ.

– Неге?

– Өйткені сені көрсем, шыдамым таусылып, той үстінде

бәріне бір-ақ түкіріп, қол ұстасып кетіп қалуым мүмкін.
Хош, оның жылап-сықтағанын, анау-мынау сөздерін тізе
беріп неғылайын – түк қызығы жоқ. Тоқетері, таныс дәрігер
тауып (онымен келісіп қойғанмын), аборт жасатқызатын

болды. Е-е, ол да далада қалған жоқ; кейін де үзбей кездесіп
тұрдық, ақыры тұрмысқа шықты...
Бұдан құтылған соң не тұрыс, қара қызды алып кеп
жібердім. Қалталы қайын жұрт бар, өзіміздің пысықтығымыз

бар дегендей, жап-жақсы тұрмыс құрып кеттік. Студент
кезімде-ақ ел кимеген теріні мен кидім; үйден талай жақсы мен
жайсаң дәм татты. Әйелім айтқанымды екі қылған емес; алда-
жалда бұрқылдай бастаса, алдап-сулап ебін таба қоямын. Үй

болған соң, пенде болған соң, кикілжіңсіз бола ма? Бәрін түгел
түсіне берсе, әйел бола ма? Анау-мынау артық-кемін кешіре
саламын; кешіргенде, біразға дейін аузын ашпайтындай
қылып, жерлеп отырып кешіремін. «Керек» десем болды,

үйге пайда келетінін біліп, қолымды қақпайды. Жонданып
алған соң қызметтің соңына түстім. Қалтасыз далақтау – бос
әуре. Жалаңаяқ қызметкер­дің қадірі болғанын көрсем, көзім
шықсын. Әйел шіркін қайда бастасам да қайыспай тартады.

Бұдан артық үйлесім бар ма? Қырық қызға қарамай, өліп-өшіп
алған Алмамбетке аяулысы не көрсетіп отыр? «Әйеке, әйеке»

деп әлпештеген арзан сөзден не қайран? Жалаң махаббат
үй де болмайды, күй де болмайды. Рас, кейде Қатекеңнің де
мені алдап қоятынын байқап қаламын. Мәселен, табыстан
жырымдап, бауырларына беретіні бар. Оны кейде балам

айтып қояды, кейде өзім-ақ есептеп шығарамын. Мейлі деп,
байқамағансимын... Менен де бұл байғұс пайда көріп тұрса,
неғылады? Қанша айлакер болса да аузын аңқитып, алдап соғып
келе жатқанымды білмей-ақ жүргендігінің өтеуі шығар. Кейде

тіпті, текетіресіп қалған кездерде: «Сен менің сенімімді аяққа
басып, алдайтыныңды да білемін», – деп ишаралап, нығарлап
жіберіп, тайғанақтатып, қаңғалақ ойнатуға да жақсы. Хош,
сонымен не керек, екеуміз қол ұстасып, бұра тартпай, бағыттан

айнымай бірге келе жатырмыз...

АҢҚАБАЙДЫҢ АШУЫ

Түн ортасында телефон шыр ете қалды. Әлдекімдер құсап
телефон көтермей кергитін әдетім жоқ; түнгі қоңырау тегін
болмайтынын білгендіктен тас түйін жататын басым, трубканы
кұлағыма тақадым. Бірақ «да-да-далап» өліп қалатын Алмамбет

сияқты ақымақ емеспін ғой, үнсіз тыңдадым. Өйткені әуелі
дауысын танып алып, керексіз біреу болса үндемей тастай
саламын, болмаса даусымды құбылтып: «Сіз қателесіп тұрсыз»
деп сытылып кетемін.

– Әлө, әлө, – деп алқынып өліп барады. Тани қойдым –

Аңқабай.

– Иә, не боп қалды?

– Қақа... Ассалаумағалейкум, Қақа... Құрыдым... Құтқара

көр, Қақа.

– Жә, абдырамай жөніңді айтсаңшы...

– Сол... тағы да қара басып... түрмеге түсіп қалдым...

– Е-е, не бүлдірдің?

– Ештеңе, Қақа, ештеңе... Сол баяғы, қисаңдап келе жат­

сам... ұстап алғаны ғой...

– Е-е, сен түн ішінде қисаңдасаң, оған Қиқыматтың қылы

қисаюы керек пе?

– Кешіріңіз, Қақа, енді... Көп сөйлеуге уақытым жоқ, сол

айық­тырғыштан... әрең өтініп, соғып тұрғаным ғой. Мені бір

түсінсе, сіз түсінер деп... Қысқасы, қалғанын кейін түсіндіремін
ғой... келіп, алып кетіңіз...
Аңқауды зар еңіретіп, жалындырғым келіп тұрды да, ол
райымнан лезде қайттым. Қолма-қол адресін жазып алып,

қазір баруға келісім бердім. Телефонды қойған соң, рахаттанып
тұрып темекі тартып алдым. Бұндай қуанбаспын. Ал, Қиқымат,
жолың болар, алтын балығың өзі келіп түсті торға. Дереу
әйелімді оятып, жағдайды түсіндіріп, такси шақырдым. Аң-

таң болатын, абалап беттен алатын ақымақ емес қой, сұраулы
жүзбен аңтарыла қарады. Екеуміз жұрт құсап мыжып жатпай,
қас-қабақпен ұғысамыз. Қазір әбден машықтанып алған әйе­
лім кәнігі аңшының әккі тазысы секілді. «Ал» дегенде аузына

үйрек-қаз түсетінін біліп, ытырыла жөнеледі... «Керек», –
дедім киініп жатып. «Ac қамда», – дедім шығып бара жатып.
Үнсіз басын изеп, қутыңдап қала берді. Ақша бар, неден қы­
сыламын, Алмамбеттей төрт ақымақты сатып алуға шамам

келе­ді; ол құсап қурап отырмаймын – үйден ақаңның түр-
түрі үзілген емес. Аяқастынан келіп қалатын керекті кісілер­
дің қамы ғой, әйтпесе қаңғалақтап, басы қаңғырып жүретін
әлдекімдерді «бұйырмасын, үйде түк жоқ» деп шығарып салуға

үйренгенбіз. Соның арқасында қазір біздің үй қаладағы қадірлі
үйлердің қатарынан саналады.
Салып ұрып жетіп келдім. Аңқабайдың кесімді айыбын
төлеп,

шығарып
алдым.
Байғұс,
дамбалшаң

шыққан
күйі киіміне қарауға шамасы келмей, қалбалаңдап, мені
құшақтағалы келе жатыр. Рай бермей:

– Киін, – дедім. Түсімді суытып, жер-жебіріне жетіп, жұрт

алдында қатаң сөгіс жариялап (інілеріңді жауға бермегенмен,
кей-кейде қысып алған мақұл; әйтпесе дандайсып, бәрін оп-
оңай шаруа көріп, қадіріңді білмей кетеді), милиционерлерден
қайта-қайта көлдей ғып кешірім сұрадым. Жасып, қалт-

құлт еткен аңқауымды да тым жерлей бергім келмей, бұл өзі
негізінен жақсы жігіт, бірақ көңілшек әрі көтере алмайды,
айып етпеңіздер деп, сүмірейген байғұсты ертіп, шығып жүре
бердім.

Әдетте, басы мәңгіріп, өзінен-өзі қуыстанып тұрған адамға
тіл қатпай, бетіне бедірейе қарасаң, жаны бақайының ұшына
барады. Қалбалақтап, қасиетінен айырылып, сенің алдыңда
кінәсі бардай, ақталуға тырысады. Мына сорлыны да сөйтіп

әурелегім келді де, бұны тұқыртпай, көңілін ерітіп алып
жегейін деген ойға бекіндім.

– Айналайыным-ай, әйтеуір, аманбысың?

Иығынан қапсыра құшақтап, бетінен сүйіп ем, жаңа әбден
жасып қалған неме бауырыма тығылды.

– Әншейін дұшпан көз қылғаным ғой жаңа. Әйтпесе

өзіңді аман-сау көргенше жаным шығып кете жаздады. Сен
қиналғанда Қиқымат ағаң қайтіп қатынын құшақтап жатсын!
Саспа, ертең жолын тауып қағазды да құртамын!
Аңқауым еңіреп жіберді.

– Бір ажалдан құтқардың. Тіріде ұмытпаспын. Құлың боп

өтермін, Қақа!
Зорға жұбаттым.

– Жә-жә, сабыр. Алтын басыңды кішірейтпе. Құл болмай-

ақ қой, өзімді ұғар ұл болсаң да жетеді! Мен сені жақсы түсініп
отырмын – бастан талай өткен жағдай ғой. Қазір саған аздап
серпіліп, ден­саулықты түзеп алу керек. Үйге жүр, жеңгеңе
заказ беріп кеткем, ыстық сорпа дайын тұрған шығар.

– Қақа, сіз жан жетпейтін асыл адамсыз. Жеңгей де

өзіңізге сай. Жаңа үйге звондасам ғой, ана көкдолы түгімді
қоймай балағаттап, жер қылар еді. Талай жақсылығыңызды
көріп жүрмін, ал енді бұл жақсылығыңызды тірі жүрсем
ұмытпаспын!.. – Аңқауым ант ішіп алды. – Мен үшін

шығынданып та қалдыңыз, қаланың тіршілігін түсінемін ғой,
ақшаңызды аванста қайтарамын.

– Қой, ол не дегенің! Сендей алтын ініміздің бір еркелігін

көтермесек, ағалығымыз қайсы? Тас түскен жеріне ауыр...
Ондай сөзді айтпа, ақша ал десең, өкпелеймін.
Үйге келсек, әйелім нан жайып жатыр екен. Көзі бозарып,
қылтанақтары кір-кір боп тікірейіп тұрған Аңқабайды

айналып-толғанып қарсы алды.

– Айналайын, кел, әуелі бірден тартып жіберейік, – деп

қымбат бөтелкенің бірін аштым. Ұсқынына ішімнен күліп
тұрсам да сырты­ма сыр шығарамын ба? – Сендей қадірлі інім
күнде қонақ болып жатқан жоқ, бір түнгі ұйқыны қимай не
қара басыпты? Сосын жуынып, қырынып ал, үйге қырыңды

сындырмай, кісі боп барған жөн. Мен келінге звондап, біздің
үйде бір сыйлы кісілермен бірге қонақ болып отыр деп қояйын.
15-0047

Ұсақ-түйек шындықты айтып, оның алдында туымызды
жығып қайтеміз?
Содан шаруаның бәрін реттеп, Аңқабайымды майдай
еріттім. Бастан кешкендерін жалықпай тыңдап (мылжың сөз

болса да, әңгімесіне құлақ ассаң, пенде атаулы саған құдайдай
табынады), ара-арасында қолпаштап қоюды да ұмытқан
жоқпын. Таң бозарғанша тізгінді жібердік. Қоштасар сәт
таянғанда ғана іске кірістім.

– Ал, Раха, Рапағат бауырым, сендей періште көңіл үшін! –

деп соңғы нүктені бадырайта қойдым да, аузымды ашпай,
іштей есінеп көзіме жас келтіре салып едім, аңқауым аспанға
қалықтап кетті. Еңкілдеп жылап жіберді де:

– Айналдым, Қақа, садағаң кетейін, Қақа! Басқа түгіл,

туған әке-шешем азан шақырып қойған атымды ұмытатын кез
болғанда, сіз, Хикмет басыңызды кішірейтіп, Раха десеңіз, бұл
дүниеде мен үшін одан өткен бақыт бар ма?! – деді.
Ана-мынаны айтып, ішкені бойына тарасын деп алдаусы­

ратып отырдым да, жайлап шаруаға кірістім ғой баяғы.

– Айналайын, мені аға тұтып, салмақ салғаныңа ризамын.

Әйтпесе өзің де туыссыз емессің ғой, анау кімді айтамын-дағы...

– Ой, оның... Тумай кетсін. Ол адам болса, бағана соған

айтпас па едім?! Табалағаннан басқа оның қолынан не келуші
еді? Өткенде бір шаруа айтсам, «ағайындық жақсы, бірақ
адалдық одан да жақсы» деп бетімді қайтарды. Оның адалдығы
кімге дәрі екен, ей? Шіріген арам неменің маған келгенде

адалдығы ұстап қалыпты!
Маған бұдан артық не керек?! Емін-еркін сілтедім бір.

– Сол ит те сенімен қандас-ау, ә? Сенің тырнағыңа тұра

алмай жүріп, сені менсінгісі келмейді. Бәріміздің де бөлім
бастығы деген атымыз бар ғой, бірақ қатардағы қызметкерді
адам санатына қоспауды өз басым иттіктің зоры деп білемін.
Ал мынауың жатқан бір князь.

– Сөзіңіз аузыңызда, Қақа. Ол иттің маған істемегені бар ма?

Қарнын шертитіп алып, бастықпын деп, жұмыста кісімсінгені
өз алдына. Ауылға барғанда ғой, одан менің жолым да үлкен,
жасым да үлкен, соған қарамастан шіреніп төрге сол отырады.
Мені адам қылған сол сияқты, аспанды сол тіреп тұрған

сияқты, бүкіл ағайын мақтаудың семізін де, сөздің басын да

соған қиғанда, әйтеуір, жаным шықпай тірі жүремін ғой. Тізе
түйістіріп, қатар отырғаныма мәзбін. Өйткен аталастығының
атасына нәлет! Осы құрымай маған күн жоқ!
Әр баста бір арамдық болады. Аңқау, аңқау деп жүрсем,

бұдан да байқау керек екен. Ішін үңгіп бара жатқан құртын
қапысыз ұстап алғаннан кейін, саудасын бітірмесем, Қиқымат
болмай кетейін.

– Оу, Раха, сен оған ренжіме. Ағайының аспанда жүрсе,

астындағы саған да шуағын төгіп, нұрын жаудырады ғой.

– Асыл сөзіңнен садаға кетсін ол ит! Тап соның тамшысына

телмірмей-ақ қойдым!
Аңқабайдың ағыл-тегіл шешен екенін көргенім осы –
ағайыннан несін аясын?

– Ал, ендеше құтты болсын! Сол бауырың бізге бастық боп,

сарт ете түспекші!

– Сарт еткізермін мен оны! Бұрынғысы аздай-ақ... Тізе

түйістіріп отырғанның өзіне өле алмай жүрсем... Енді,
бастық боп алса, алты атаның баласы соның алдында құрдай
жорғалап, мені мүлдем есептен сызып тастар. Жоқ! Мен тірі
тұрғанда оған бастықтың креслосы жоқ. Өзіме бұйырмаған

нәрсе, өз ағайыныма да жоқ. Өзгеге кетсін!.. Өзгеге кетсе,
өзгенің аяғы аспаннан салбырап түскендей көретін жұрт мені
кінәлай алмайды! Ал өзіммен бірге өскен боқмұрын, асыққа
таласып, талай таяқ жеген боқмұрын айды аспанға шығарса,

ағайындарым: «Анау анандай болды, сен не бітіріп жүрсің» деп
бетіме басады да отырады, басады да отырады. (Е-е, дүние-ай,
топ алдында біреуді аспанға көтеріп мақтасаң, соның бәрі сені
де жақсы көре қоймайды, ал әлгі мақталған байғұспен бақталас

болып шыға келеді. Ал енді біреуге біреуді көлденең тартып:
«Анау өзіңдей кімді қарашы, әне... Қандай!» деп тамсанып
қойсаң, мынау соның соңына шам алып түсуге бар). Жоқ, мен
оған көне алмаймын, менде де намыс бар!

Аңқаштың түсі бұзылып, азу тістері қарш-қарш етті.

– Сабыр, сабыр, Раха! Мен сені жақсы түсінемін. Сол оңбаған

менің де жынымды келтіріп жүр, сен сияқты ақкөңіл, адал
жігітті көпе-көрінеу алдап, аяқтан шалып жүрсе, қайтіп қаның
қайнамайды. Айналайын, Рахатайым сол, мына Қиқымат
ағаң саған қашан да қисайсаң, сүйеу, тоңсаң, пана болуға бар.

Мен де өзің сияқты «бар болсаң, көре алмайтын, жоқ болсаң, бере алмайтын» ағайыннан таяқ жеген жанмын. Ойымыз бір жерден шықты. Ойы бірдің тойы бір, бұдан былай бұрынғыдан да жақын болып жүрейік. Ал енді ана мәселеге келсек, ет қызуымен бірдеңені бүлдіріп те алма, білдіріп те алма. Сен маған сенесің ғой, ә?! – Өзімнен де артық сенемін, Қақа! Баяғыда, жауға кеткен мың сомымды жарғақ құлағыңыз жастыққа тимей жүріп алып берген сіз емес пе едіңіз. Бүгінгі ерлігіңіздің жөні тіпті бөлек. Міне, нан ұрсын! Тістеген нанын жұтқанша бөгелдім де, тағы көсілдім. – Ант-су ішпесең де, саған туған інімдей сенемін ғой. Ендеше, бұл сырды тісіңнен шығарма. Бұрынғыдай сыртыңды беріп, алдай сал... Ал оны төбесімен шаншылта құлату ортақ мақсат болсын! Серттесіп, сүйісіп қоштастық. Кетерде туфлиін кие алмай әуре болған Аңқашым: – Бұл үйде ложкы болмай ма екен? – деді қоқиланып. Мыжмыж боп жүргенімен ісі жоқ, қасқаның. Тауып беріп, туфлиін кигеннен кейін: – Осыны саған сыйладым, қалтаңда жүрсін. Өзі ыңғайлы, импыртный. Барған үйіңде ложкы табыла бере ме? – деп едім қайтер екен деп: – О-о, Қақа, рахмет. Сіздей үлкен кісіден... теберік қой, теберік! – деп, ложкыны шөп-шөп сүйіп, қалтасына сап алып, тәлтіректеп кете барды. Аңқабайдың сөзінде тұратыны айдан-анық; ағайынымен бақ­таластығы жетіп жатыр. Е-е, дүние-ай, бәсеке дегеннің өзі – біз сияқ­ты ақылдылар үшін керемет нәрсе. Жіліктің майлы басын екеуіне кезек жалатып қойып, өзімізге жалтақжалтақ қаратуды білеміз ғой, енді. Болмашыға бәс тігіп, бәсекеге бас тігетініміз бар, жеңіл­ геніміз жеңгенімізге жауығатынымыз да рас. Баяғыда Аңқабай бір ауылдас құрдасымен бір таң айқасқан. Онда бұдан да жасырақпыз, өз қолымыз өз аузымызға бірде жетіп, бірде жетпей, пәтерден пәтерге көшіп жүрген кеңпейілділеу кезіміз. Үшеуміз Аңқабайдың пәтерінде бас қосып қалдық. Сөзден сөз шығып, Аңқаштың тұрған пәтерін мақтап қалайын. Ол

мәз болып: «Біздің үйге үй жетпейді ғой», – деп есе жөнелді.
Құрдасы да қызбабас неме екен, жармаса кетті. Оның айтуынша,
Аңқабайдың пәтері бұның пәтерінің қасында түк емес, әншейін
бір қуыс, үйшік қана. Бұндайға шыдаса, Аңқабай бола ма, үйін

жер-көкке сыйғызбады. Қожайынның бөлек тұратындығын,
ай сайын ақша аларда болмаса, басқа уақытта мазасын ал­
майтын­дығын, қысылтаяңда қатарласып жата кетсе, жиырма
шақты адам рахаттанып ұйықтап шығатындығын көлденең

тартты. Қызбабас құрдасы, шеке тамыры білеудей боп алып,
пәтерінің верандасы бар екенін, Аңқабайдың жиырма шақты
адамы соған да сыйып кететіндігін, қожайыны пәтерді
арендаға бергенін, жылына бір-ақ рет, ақша аларда ғана

мазалайтынын міндет қылды. Қызылкеңірдек болған екеуі
шартпа-шұрт: «Саған ондай веранда қайда-а-а, әкең өмірі
кәбеңкесі бар трактор мініп көрмеген», – деп Аңқабай шықты;
«Сенің әкең...» деп анау шықты; сартпа-сұрт боларда араға

түсіп, зорға айырдым. Содан түннің бір уағы еді, Аңқабай
қолына линейка алып, пәтерінің ұзыны мен көлденеңін өлшеп,
көлемін есептеп шығарып, ұмытып қалмас үшін қағазға жазып
алды да: «Жүр, қазір сенің үйіңді өлшейміз. Осыдан менің

үйім сенің үйіңнен кең боп шықса, мен жеңгенім, кем боп
шықса, сен жеңгенің», – деді. Анау да бетпақ екен, қолма-қол
қол алысты. Бастарына үй бітпей жатып үй салыстырған екеуі
қоярда-қоймай мені ілестіріп алды. Шошынған әйелдерді:

«Мен бармын ғой», – деп, тыныштандырып, тартып кеттік.
Ол қаланың басқа бір бұрышында тұрады екен, такси жалдап
зорға жетіп, өлшеп кеп жіберсек... бірдей боп шыға келді. Екеуі
де он алты шаршы метрден екен. Анау верандасын, тойыс,

верандасымағын көрсетіп еді, Аңқаш: «Ерегессем, ертең бұдан
екі есе ғып салып аламын», – деп бой бермеді. Әрі дауласты, бері
дауласты, ақыры ай сайын қырық бес сом төлейтін Аңқашты
(ол кезде пәтер қазіргіден арзан болатын) ай сайын елу сом

төлейтін құрдасы: «Менің үйім сенің үйіңнен қым­бат», – деп
тұқыртты. Оған да тоқтамай: «Бәрібір менің үйім артық сенің
үйіңнен. Ертеңнен бастап айына алпыс сом төлеймін», – деп
жер тепкілеген Аңқашты: «Қой, қожайының естіп қойса,

қиын болар, одан да жеңілгеніңді мойындап құтыл», – деп
зорға тежедім. Үйіне келгеннен кейін қабырғаларын ары-

бері итеріп, қайта-қайта өлшеп, әрең ұйықтаған Аңқашым
кейіннен біраз уақыт әлгі ауылдасымен араласпай кетті. Сонда
маған мұңын шағып айтқан сөзі әлі есімде: «Тамағымды жеп,
арағымды ішіп отырып, қалайша үйімді жамандайды? Ондай

араммен қалай араласамын?» – дейді ғой қасқаң. Арада бірер
ай өткен соң, қақаған қыста бұны әлгі пәтерінен шығарып
жіберіп, анау ауылдасы әупірімдеп қазынадан үй алып, оның
босаған пәтеріне бұл барып тұрды ғой. Сонда Аңқаштың шіре­

ніп жатып: «Біздің үй осы, Қақа. Шіркін, үйдің төресі ғой, кең
сарай­дай емес пе?» – деп күпсінгенін мына құлағыммен естіп,
мына көзім­мен көрдім. Сүйткен Аңқабай сүйікті ағайынына
сүйектің майлы басын өлсе қияр ма?

Ал бірақ анау тартып алудан тайынбайтын, азуы кере қарыс
нағыздың өзі еді. Сүйегі де, сүйенгені де мықты болғасын,
қолынан келіп тұрғанда жалғанды жалпағынан баспай
қайтеді?! Тайталасып қалса, ай-шайға қаратпай, тізеге сап,

омырып жібереді-ау қасқа. Кейде ақыл-айла жүрмеген жерге
ашу жүретінін жақсы білетін бұл қарамағындағыларын тырп
еткізбей уысында ұстайды. Олар­ды қорқытып, билеп-төстеп
алғандығы сонша, солардың өз­дері жиналыстарда бұның

қаталдығын «іскерлік, талап қоя бі­лушілік, тәртіпті жөнге
қоюшылық» деп көлгірси мақтайды. Өзін құрметтегенді кім
жек көреді, бірақ бұның өзін құрметтетуі ерекше. Қонаққа
шақырып, сый-сияпат көрсетпеген қызметкерінің күні қараң.

Көзге шыққан сүйелдей, ашықтан-ашық аластап, көпшілік­
тен бөліп тастайды. Алда-жалда баз біреудің әлгімен сөйлеспек
түгілі, жылы амандасқанын көрсе болды, оны да отырса –
опақ, тұрса – сопақ қылады. Алдына иіліп келіп, ат-шапан

айыбын тартса ғана тоңын жібітіп, әйтпесе айдап шықпай
тынбайтынын бәріміз де сезетінбіз. Осы кекшілдігін білетін
жұрт, бағыныштылары түгілі, басқалары да одан ығыңқырап
жүретін. Е-е, дүние-ай, осы күні біреуді аспанға көтере

мақтасақ: «Ой, ол дегенің нағыз жігіт қой, ешкімге есесін
жібермейді» деп күпілдейміз ғой. Шынында да, есеп қуып,
есе қайтармайтын адамды ешкім де санатқа қоспайды қазір.
Өзіне бір қысастық істегенді кеңпейілдігімен, мәрттігімен

кешіре салғанды боркемікке балап, ез атандырады. Ал өзіне,
не өзінің айналасына біреу тиіп кетсе, соның өзінен не соның

айналасынан есінен кетпестей ғып есесін қайтарғанды қатты
қадірлейді һәм қорқады. Мынаның дәл сондай екендігін
білетін кейбір қалтырауық дөйсымақтардың өзі бірде болмаса,
бірде алдымнан шығып, аяғымнан шалар деп, пәлесінен

аулақ деп, үнсіз ымыраға келеді. Соны бұл да білетін болу
керек, қыңыратқып, қырсыға қалып, анау-мынауыңа ырық
бермейді. Әрине, кей-кейде өзіне пайдасы тиетін кездерде
қоғадай жапырылатынын былайғы жұртқа байқатпағанмен,

менен жасыра алмайды ғой. Мойны жуандап қалған неме
мені біртүрлі қатты сыйлайтын – біледі ғой кімнің-кім екенін.
Жарайды, желкеңді үзбесем де, жүніңді жығармын бұл жолы.
Бұндайда жаққан отыңды үздіксіз үрлеп, өршіте беру керек.

Аңқашым уәдесін ұмытпай, есін жимай тұрып, ізін суытпай
суыт кірістім. Бір-екі күннен кейін оңашалап жіберіп, жіпсітіп
алып, ағайыны туралы ашық әңгімені бастап кеп қалып едім,
жарықтық өсекең өзінен-өзі бұрқ ете түсті.

Аңқабайдың арбалап ақтара салған ақпарларын ақылыма
салып, аршып кеп жібергенімде, ішкі сарайым ашылып жүре
берді. Әуелі ол көң тырмалап, құрт шоқыған тауық құсап,
бала кезінен бері бұл туралы тірнектеп жинағанын төбемнен

тонналап тастай салды. Қайтсін, қайсы керек, қайсы қажетсіз
екенін білсе, Аңқабай бола ма? Оны аузынан қағып, дәнегін
ғана бер десең, азғантай ақылынан адасып, лағып кетеді.
Тіпті «Тұра тұршы, рет-ретімен айтпасам, ұмытып қаламын,

әрі айызым қанбайды» деп, бір айтқанын қайта-қайта созып
мезі қылғанына да шыдадым. Бірақ еңбегім зая кеткен
жоқ. Бақсам, бұл шоңжелкенің «досьесі» тым бай, тарихы
тереңде жатқан сарқылмас қазына көрінеді. Е-е, дүние-ай,

пенделердің өмір тарихын шұқылап, шұқшия қарасаң, талай
пәле табылады. «Дүние бір қисық жол бұраңдаған», бұрылыс-
бұрылыстарда ашылып-шашылып қалған тарыдай нәрселерді
теріп алып, көпіртіп-көпіртіп, көпшілікке тарта қойсаң,

керемет болады. Мына шоңжелкенің сондай тарылары таудай
екен. Әсіресе бұрын бір әйелмен ажырасқанын естігенде
өлердей қуандым. Ажырасқан әйелді «бір күйеуден шыққан»
деп кемсітетін баяғы заман қайда, қазір «әйелі қуып жіберген»

деп еркектерді езгілейміз ғой, баяғы. Қайда барса да, қандай
болса да: «Ойбай-ау, ол сондай... әйелімен ажырасқан» деп

айналасындағылардан ажыратып, аузындағысын жырып ала беру оп-оңай. Әйелін тастап кеткен, тойыс, әйелі қуып жіберген еркекпен әйелдер қауымы қырғиқабақ боп шыға келеді. Олардың бұндай кездегі ауызбірліктеріне қызығасың. Одан кейін-ақ шаруа бітті дей бер: әйелдер қаһарын алдымен күйеулеріне төгеді: сосын өздеріне де үнемі қуылып кету қаупі төніп жүрген байғұстар қайтсін, енді қайтіп анамен бірге жүрмеске, сырласып, сыйласпасқа ант-уәдесін беріп-ақ жібереді. Тіпті кейбір көкми, көкмылжыңдары бір кездегі жан аяспас жолдасын әйелінің көңілі үшін «Өй, өзі де бір жексұрын еді...» деп, жамандап та салады. Одан өткен жексұрынмен бірге тұрып жатқанын білмейтін әйелі оған разы боп кетіп, өсегін өрістете түседі. Артына қоңырау байланған байғұсқа кімнің бүйрегі бұрады, қызметінде өспек түгілі, тиесілі премиәсін де ел қатарлы ала алмай, діңкесі құриды. Қайта өршіген өсек жаман: Аңқабай атасы бір ағайынының ата­сының аузынан айналып-толғанып жатқанда, мен шоңжелкені шөпжелке қияр болар деген ойға табан тіреп үлгердім. Дәйексіз өсек дүниені дүрліктіріп, кісіні күйелеуге жарағанымен, қағазға түспесе, қаңғып кетеді. Қағаздау үшін құрғақ сөз емес, ілік керек. Сол ілікті іздеп отырғанымда Аңқабай ағайынын әбден келістіріп болып (бұның сөзіне қарасаң, шоңжелкеден өткен құбыжық жоқ екен), бұрынғы келінін мақтауға көше берді. Мен де іле жөнелдім. – Алтындай келінің екеуінің дау-дамайы бітіп пе еді? – Біткен! Аңқабай өкіне басын шайқады да, шоңжелкенің үй-мүлкін заңды түрде бөліп алғанын, чемоданын көтеріп кете беретін ақымақ еместігін, документтерінің бәрі дұп-дұрыс екенін айтып берді. Менің қабағым түйілгенін байқап, байғұстың ұнжырғасы түсіп кетті. Бір кезде ақырын ғана күңк ете қалды. – Айтқандайын... Байталдың дауы бар еді ғой... Иә, иә, айыры­лардан үш-төрт жыл бұрын бұл оңбаған ата-енесінің бір семіз байталын соғымға сойып алған. «Байталдың дауы бар» дегенге дәмеленіп қалып едім... Бақсам, бос сөз екен. Қайын жұртынан кім жемей жатыр?

– Оның бәлесі бар. – Көңілденген Аңқабай мені де көңіл­

дендіруге кірісті. – Бұлар байталды тату кездерінде алған ғой.
Және жай алмаған, қарызға алған!

– А-а-а! Кейін бұл ақшасын бермей кеткен ғой!

– Енді ше! Мен не айтып отырмын?!

– Онда сөз басқа! Қане, қане, дұрыстап айтшы.

Қуанып, қуланып отырып, Аңқабайдың аңқымасынан
байталдың ту биеге бергісіз семіз байтал болғандығын, төрт
елі шыққандығын, біреудің ақ адал малын алдап жеген
шоңжелкенің сол қыста жардай болып семіргендігін, жалпы

оның арамдық майдай жағатын ит екендігін білдім.

– Жануардың етінің дәмі әлі аузымнан кетпейді, – деп,

Аңқабай баяғыда сойылған байталды мақтауға көшті. – Бір
рет тоя жегенім бар. Сонда екі бөтелке арақты бір өзім ішіп,
өз аяғыммен кеткенмін. Қазымен қанша ішсем де қызбайды
екенмін деп, кейін бір үйде ләйліп те қалғанмын. Сөйтсем, ана

байталдың еті асыл екен ғой...

– Иә, кейбір малдың еті асыл болады. Байғұс кемпір-шал...

ата-енесін айтам да... балаларым жесінші деп әбден семірткен
ғой. Бұның бұндай екенін қайдан білсін, – деп, айдалаға лағып
кеткен Аңқабайды қайтадан өз арнама түсіріп алдым. – Олар
да қызық, ақшасын дер кезінде алмай ма? Кейін де қудалауына

болатын еді ғой.

– Е-е, олар алмайын деп пе? Кезінде бұл оңбаған, обалы не

керек, ақшасын бермек болғанда, бұрынғы келінім... әй, онда
да бар ғой: «Берсе, балаларына берді. Елдің бәрі де балаларына
беріп жатыр, беріп жатыр. Немене, сен де бір баласы емессің
бе?» деп, байталдың ақшасына үсті-басын жалтыратты емес

пе? Кейін шатақтасып, сотқа барғанда, немен дәлелдейді?
Біздің ініміз де қасқыр ғой: «Семіз байталын алғаным рас, ал
оның ақшасына мына байталын семірткенім де рас. Баш на
баш!» деп, бет бақтырмапты. Татуластырмақ болып соңғы рет

барғанымызда айналайын ақкөңіл келінім байталын айтып
жылағанда, әсіресе «қайран қазы-қартам-ай, шұжығым-ай!»
дегенде, мен де еңіреп жібергенмін.
Алқынып, тағы да еңіреп жібергелі тұрған Аңқабайды әрең

басып, келінінің жай-жапсарын түгел сұрап білдім де:

– Иә, біреудің ақ адал малы... Өзі ту биеге бергісіз семіз байтал... Қой, ондай алаяқтың жегенін желкесінен шығармай тайраңдатып қоюға болмас, қалғанын маған жібер, – деп, қайқайып тартып отырдым. Жол бойы жоспар жасап үлгердім. Сот арқылы даулауға дәлелі жоқ делік, бірақ қызметіне арыз жазуға болады ғой. Күйеуін қуып жіберген, тойыс, күйеуі тастап кеткен әйелдерге жаны ашымайтын жұрт бар ма? Оның арызы аяқсыз қалмайды; айқай-шу шығады, шулы адамды он жерден сыйлы болсын, милы болсын, ешкім де өсіре алмайды. Е-е, солай, байтал дауы басталса, «Байтал шауып бәйге алмас» деп жүрген неменің «байтал түгіл бас қайғы» болары сөзсіз. Бұл шаруаны қатекемнің қатыратынына күмәнім жоқ... Қателессем, Қиқымат боламын ба, ертеңіне-ақ қатекем қатты қуанып келді. Е, дүние-ай, жұмыр бас дегенің жұмыр тас секілді ғой; таудағы бір тасты домалатып жіберсең, ол тағы бір тасты қозғайды, сөйте-сөйте төмендегінің төбесінен тас жаумай ма? Қатекем қозғалса, топан су қаптатпай қоя ма? Бір таныстан бір таныс, әйтеуір, түс ауа шоңжелкенің шөпжелкесімен танысып, «сіз-біз» десіп, сып­сыңдасып, ертең кездесіп, кең отырып әңгімелесуге келісіп те үл­геріпті. Менің ақылым бойынша, күйеуінің мен екенін, әрине, айтпаған. Ертеңгі шаруаның жөн-жобасын мықтап түсіндірдім. Аңқабайдың ақпарынан бұрынғы келінінің ашкөз екендігін аңғарған едім, «аямай асатып жібер, көйлек кигізген болып» деп үйреттім қатекеме. «Еркектерді келістіріп жамандауды өзің де білесің ғой, барыңды салып, әбден ашуландыр да, қолма-қол арыз жаздырып, салғызып жібер», – дедім. Жатарда тағы біраз жаттықтырып, пысықтап қойдым. Шөпжелкені шоңжелкеден де жек көріп тұрсам да, амал не, жігітті оққа байладым... Ертеңіне кешке жайраң-жайраң етіп, өзімізше той тойладық. «Керемет болды, – дейді Қатекем. – Үйіңе бірінші келуім ғой деп, елу сомның хрусталь вазасын апарып едім, талып қала жаздады. Содан әңгімені еркектерге ауыстырып, қараң қалғырларды қатырдым бір. Оның да жаны кіріп, бұрынғы сүйіктісін аямай тілдеді». Әйелдердің әдемі сөздері есіңде қала бере ме, менің есімде қалға­ны – «пәленбай жыл бойы жуған кір-қоңым-ай!» деп

жылапты. Күйеуінің кір-қоңын жуған еңбегі зая кетті деп жылағанын, жоқ әлде сол кір-қоңын сағынып жылағанын кім білсін? Содан әңгіме байталға ауысады... «Өзі ту биеге бергісіз семіз байтал, ата-анаңның ақ адал малы... Оны даулап алмауың қалай? Сонша басындырып...» дейді қатекем. Анау белгілі жайды айтып, «дәлел жоқ қой» деп күрсінеді. «Дәлел! Сен сияқты адал, ақылды әйелдің сөзі дәлел емес пе екен? Ар-ұят бар ғой... Қызметіне жаз! Көрейін бәлемді! – деп қайрай түседі Қатекем менің жобаммен. – Ертең тозақ отына күйгеніне өзің де куә боласың. Бірақ тіршілікте тайраңдатып қоясың ба?! Жазу керек!» Содан, не керек, жазған да жіберген. – Жазғанда да қатырдық, – дейді тағы да. – Бәрін айтыпайтып келіп: «Мен әйелмін, қанша тамақ ішемін? Ал мынау жардай болып ап бір жегенде екі кісінің тамағын жейтін, әсіресе кісі ақысын тоймай жейтін жалмауыз. Сол байталдың төрттен үшін осы жеді», – деп көрсетті. Енді не істер екен, бәлем! – деп, бұрын иіліп жастық, жайылып төсек болып күтетін қадірлісіне кіжініп-кіжініп қойды Қатекем... Екі-үш күннен кейін шоңжелкенің салы суға кетті. Аңқабайдың айтуынша, дөй бастық өзін біраз бұраса керек. Ақыры, бұрынғы әйеліне ақша төлепті, қанша екенін біл­ меймін. Олардың есеп-қисабында шаруам не, өз есебім түзу. Сөйтіп, пәленбай жыл бұрын сүйсініп жеген семіз байталына теріс қаратып мінгізіп қоя бердім. Һe, he, he! ӘУЕЛІ ӘЙЕЛІҢДІ БИЛЕП АЛ! Келесі қарсыласым мойны қылт-қылт етіп, әр жерден бір жылт-жылт етіп, әркімнің қолтығына жылп-жылп етіп, өзінен-өзі қылп-қылп етіп, былай шыға бере аузы сылп-сылп етіп жүретін қалтырауық еді. Осыны бөлім бастығының орны түгілі, жалпы біздің мекемеге қалай қызметке алғандарына таңым бар. Дүмшенің дүмі мықты болса, дүниені дөңгелетеді ғой, қайтесің. Қиқымат басыммен тап осымен таласқа түскеніме қорланып та кеттім. Бірақ, амал не, ертең сопаң етіп алдымнан шыға келмесіне кім кепіл, бұны да қарауылға ілдім...

Байқампаз, қырағылығымның талай пайдасын көрдім-ау.
Оның кей-кейде жұмысқа ұнжырғасы түсіп келетіні ойыма сақ
ете түсті. Ондайда қалт-құлт етіп жүреді. Аздап адам қатарлы
ішетінін білемін ғой, бірақ бұндай күндерде оның үсті-басы

үтік көрмегеніне, бет-аузы ісіңкіреп тұрғанына қарап, үйінде
ойран болғанын қу ішім сезе қояды. Сірә, әйелі осыны онша
қадірлемейтін болу керек, әйтпесе үйден қағылған шаңды
далаға бұрқыратар ма? Жарайды, өз үйіңді, әйеліңді билей

алмай жүріп, ел билегің келген екен, көрерміз. Рас, қазір
қойып, адам болған сиқы бар, бірақ оның да реті табылар.
Жобамда, осының әйелі күйеуі ұрттаған рюмке көзіне күйік
болып көрінетін, жиын-тойда күйеуін аңдып, көзін алартып,

аяғын басып, оған да тоқтамаса, топ алдында жерге қаратып,
ерні қайқиып тұрып жүре беретін көкбеттерден. Онысы өз
алдына, күйеуінің бетіне күліп қарағанның бетін тырнамақ
түгілі, мойнын жұлып алудан тайынбайтын қызғаншақтың нақ

өзі екеніне бір-екі отырыста көзім әбден жеткен. Осы бір осал
тұстарынан осып жіберермін деп, бірақ нақты факті қолыма
түспей қиналыңқырап жүргенімде орайы келе қалды...
Үйге әдеттегідей кештетіп келгем. Қатекем қаһарлана

қарсы алғанда, қайран қалдым. «Ұлы шайқас» басталғалы
қабағын шыт­пақ түгілі, қас-қабағыма қарап, жолыма телміріп,
анау-мынау
«еркеліктерімді»

еркелей
көтеріп,
өмірінде
көрсетпеген құрметін көрсетіп жүрген. Енді ше, ертең-ақ

басекеңнің үйіндегі жеңгей болып, сүйреңдесіп жүрген сүйікті
құрбыларынан бірер саты биік тұрып, аузына қарату бақыты
мен арқылы қолына қонайын деп тұрса, оны үркітіп ақымақ
болып па? Тіпті оңашада: «Папасы десе, бастық болғаннан

кейін қандай болады екенбіз, ә?» – деп сұрайтын. Оның тәтті-
тәтті қиялдарын кәмпит қылып сорғым келіп әрі пиғылын
білейін деген оймен, жорта аңқаусимын ғой баяғы. «Е-е,
қандай болғаны несі-ей? Бұрын қандай болсақ, сондай боп қала

береміз». «Түу-уу, қойшы сен де! Бұрынғыдай боп қала берсек,
сонша әуреленудің керегі не?» «Неге? Ақшасы, мәшинәсі,
беделі дегендей...» «Түу-уу... Ол енді өзінен-өзі белгілі нәрсе
ғой... Мен өзімді айтамын да... өзімізді... Өзімізге де өзгеру

керек қой. Мысал үшін, сен енді бұрынғыңнан да былай, түу-уу,
қалай деуші еді... салидный болуың керек». «Сонда, семірейін

бе?» – деймін, кішкентай ғана мишықтан осындай зор ақыл
туатынына сүйсініп әрі қызық көріп. «Түу-уу, немене, бала боп
кеткенсің бе өзің? И так полныйсың – осының да нармальный.
Былай, важный болуың керек қой» «Менің кеудесін қағып

жүретін Алмамбет сияқты жынды емес, өте сыпайы, кішіпейіл
екенімді білесің ғой». «Туһ, енді саған көкірек бол деп жатқан
ешкім жоқ қой. Бірақ, әйтеуір, бастық болған соң бәрі басқаша
болуы керек емес пе?» «Жарайды, енді, мен басқашалап

көрермін. Сен өзің қандай болмақ ойың бар?» – деп қоямын
түк білмегенсіп. Әйтпесе «Қақаң үйіндегі жақсы жеңгейдің»
осы шайқас басталған сәтте-ақ дүниеге келіп, тәй-тәй басып
қалғанын байқап қойғанмын. «Мен бе... мен... мен бастықтың

әйелі боламын... Сосын...» – деп түннің бір уағына дейін
жанындай жақсы көретін сыйлас, тойыс, сырлас құрбыларын
қалай-қалай билеп-төстейтінін рахаттана толғайтын. Кейде бір
қалғып оянғанымда да, Қатекемнің әңгімесі үдеп бара жатқанын

байқайтынмын. «Қой, демалайыққа» тоқтамағасын: «Ұйқы
бересің бе өзің? Кісі титықтап келсе... Ертең тағы да шап­қын», –
деп зорға тыятынмын. Сонда да біразға дейін ұйықтай алмай,
анда-санда күліп алып, мені құшақтап-құшақтап қоятын. Бір-

екі рет ұйқысырап: «Айналайын, пәленекесі, шай қоя салшы», –
деп, өзіммен деңгейлес жігіттердің үйіндегі өзімен деңгейлес
достарын жұмсап-жұмсап жібергені де бар...
Сөйтіп жүрген қатекем бүгін қап-қара болып түтігіп тұр.

– Қайда жүрсің? Айт қазір... жаныңның барында?!

Қалш-қалш етіп, тебініп-тебініп қалды. «Хош келдің, папасы.
Білесің бе, бүгін саған қандай тамақ істеп қойғанымды?» – деп,
майысып кеп мойныма асылғанына үйреніп қалған қайран
басым, сасып қалдым.

– Не боп қалды, ей? Аманшылық па?

– Жоқ, қайдан келдің деймін түн ішінде. Айт, қане, тез!

Шаңқылдаған даусы қандай жаман еді, жақтан бір тартқым
келіп тұрды да, болашағымды ойлап, айлаға көштім.

– Енді... біліп тұрып несін сұрайсың... Жұмыстармен жүріп

қалып...

– Жоқ, сен мені өйтіп алдама. Жұмыс істеп келген жоқсың

сен, қылмыс істеп келдің. Айт дедім қазір шынынды, әйтпесе
талқанын шығарамын осы үйдің... Өлтіремін сен итті... Өзім де
өлемін...

«Қатын қайраттанса, қазан қайнатар» дегеннің қазір бе­
кер сөз екеніне көзім мықтап жеткен; бұлар құтырса, тойыс
қайраттанса, қазаныңды бұзып, азабыңды тартқызар. Жан­
ұшы­рып құшақтай алып, жалындым.

– Жаным, айтып өлтірші тым болмаса! – Уһ, бір кезде тілге

келді-ау, әйтеуір!

– Әлгінде... жоқ... бағана... бір әйел телефон соқты... Сені

сұра­ды... Жоқ деппін аңқау басым, кім екенін де сұрамай...
Сөйтсем, кекетеді, күледі... Уһ, жүрегім-ай!.. «Иә, ол үйде жоқ.
Ол вабще жоқ саған... Алдағанына мәз боласың ғой... Ол біздің
үйде... Осыдан бастық боп алсын... Біржола келеді маған...

Далада қаласың байғұс. О, кей!» деді.... Уһ, жүрегі құрғыр
сезіп еді бірдеңені. Арамсың сен... Неге алдайсың мені, ә?!
Қатекемнің бұдан әрі ышқынуға әлі жетпей, қылқылдатып
су жұтты. Қорыққанымнан тілім байланып қалды. Зәремнің

ұшатын-ақ жөні бар, өйткені менің әйелім де барлық ұрғашы
атаулы сияқ­ты өте қызғаншақ-тұғын. Алты күн үйге
қонбай, аспанды жерге жабыстырып, түлкі мен тышқанды
табыстырып келсем-дағы қыңқ етпейтін қабырғасы қалың

қатекем қылмыңдағанды көтермейтін. Қай жерден қате
жібергенімді есептеп шығару үшін қос қолдап басымды
ұстап, төмен қарап отыра қалдым. Үйдің телефонын білетін
тәттілерімнің тәтті уәдесі бойынша тұтқаны өзім көтерсем,

тіл қатып, ол көтерсе, қателескен болып, кешірім сұрауға тиіс
еді. Ешқайсысының көңілін қалдырып, құйрығыма қалжуыр
байламап едім, мына бәленікі не? Не болса да нартәуе­кел,
еңіреп жылап жібердім. Еңірегенде есінен тандырдым.

«Қақа, саған не болды?!» – дегенше солқылдай өксіп, одан
кейін де жуық арада басыла қоймай әлек саламын ғой баяғы.
Қайдан шықса, одан шықсын, осы екі ор­та­да есебімді туралап
үлгерген мен өп-өтірік өксік аралас ықылық атып, гениальный

бір өтірікті айдап кеп жібердім. «Қайран Алмамбет­тің әйелі-
ай! Ақылыңнан айналайын-ай!» – деп, жылай бердім. Біреудің
әйелін мақтасаң, елең етпейтін әйел бар ма:

– Үй, қойшы енді, сонша не болды? Алмамбет атаңа нәлеттің

аюдай ақырған әйеліне зарығардай не күн туды басыңа? Ол
түсінгенді біз де түсінетін шығармыз, – деп, шартиып келе
қалды алдыма. Аяйтын мен бе, аңқыттым келіп:

– Сағынбай ше? Зарықпай ше? Ол жынды бағалай біле ме,

жоқ па, білмеймін, бірақ сол әйелдің сенен көп артықшылығы
бар. Баяғыда бір топ әйел ана оңбағанның үстінен дерек жинап,
дәкүмент апарыпты. «Осылай да, осылай, сенің батырмын деп
жүрген есірік күйеуің әбден есіріп, қыздан қыз қоятын емес»

дейді ғой баяғы. Сонда жындының жынды шатыс жаман
қатыны: «Біздің батыр дұрыс істейді. Енді ше? Әйелінен
басқа ешкімге өтпейтін сендердің жаман еркексымақтарың
ғой деп ойлап па едіңдер? Барыңдар, айда!» – деп, фактілері

салынған папкілерін беттеріне лақтырып, барлығын түре қуып
шығыпты. Ондай әйелден айналып кетсең болмай ма? Ал сен
көлденең біреу телефон соққанға шала бүлініп жатырсың, –
деп, саусақ арасынан сығалап, бетіне қарасам, қобалжып-ақ

қалған екен байғұс. Тілге келсе болғаны, сірескендер түгілі
тірескендерді де майдай ерітіп, қылғымай қоямын ба? Әуелі
қарқынын басып, өзіне-өзін келтіріп, өзінің кім екені есіне
түскеннен кейін барып асықпай мыжиын, тойыс, мүжиін деген

шешім қабылдадым.

– Иә, сонша бүлініп... Айдаладағы біреудің бізді бұзу үшін

әдейі айдап салған ашынасы өтірік жала жапты екен деп үйіңе
құйын боп соққаның Қиқыматтың қап... – қап-қара деп жібере
жаздап, қанша айтқанмен әйел ғой. көңіліне қарадым, – қап
ақылы бар қатекесі деген атыңа лайық па, ей?

– Өтірік! Тағы да алдап тұрсың... Алдайсың ылғи... Өтірік

дейді ғой... Қалай өтірік болады? Сен үйде жоқсың. Ол байғұс
әйел шынын айтып тұр, басын айналдырып алғансың ғой. Сен
қасында отырмасаң, бірге болмасаң, ол үйдеп айтпас еді. Қалай
өтірік айтады ол? Онікі өтірік емес. Мен сүйтсем, айтамын

сүйттім деп. Өтірік айтпас едім...
Үдей бастаған соң, тағы да құшақтауға тура келді. Тартып-
тартып жібергім кеп тұрған бетінен шолп-шолп еткіздім.

– Қой, таусылма енді. Қабырғадан көршілерге бәрі естіледі.

Тәр­тіпті, үлгілі семья деген атымыз бар... Анау... анау естісе,
тірі өлім ғой... Ертең анандай болайын деп тұрмыз...
Есіл достарын елестетіп, асыл арманын алдына тартып едім,
есі кіргендей болды.

– Өтірік айтпаймын дейсің... Баяғыда көкбазарда шайға он

екі тиын қосып сатқанда өтірік айтпап па едің? Кейін әбден
төселіп алып едің ғой... менің арқамда...

Әлі де бой бергісі келмегенмен, даусы бәсеңдеп қалды.

– Енді... ол сауда ғой!

– Бұл сауда емес деп кім айтты саған?! О-о, сауданың ең қызуы

да, қызығы да осы, біле білсең! – Қызды-қыздымен аут, тойыс,
ауып кете жаздап, қайтадан даңғыл жолыма түстім. – Ау, егер
менің арам ойым болса, ашынама үйге звондама, звондасаң да
әйелім алса, үндемей қоя сал деуге ақылым жететін шығар, ә?

Қатекем қалпына келді – даусыз шындық мойнынан басты.

– Тәк! Бұл – жаудың ісі. Бәлкім, екеумізді айқастырып

қойып, ұлы шайқас алаңынан кетіруді көздеген конку­
ренттердің шаруасы болуы... – Керемет жаңалық ашқанымды,
дәл тапқанымды сезініп, миымда сан сайтан оянып, қуанып
кеттім. – Солай! Дәл солай! Әскери тілде бұны тыңшылар

арқылы одақтастардың арасына от жағып, өзара қырқыстырып,
әлсіретіп жеңу дейді... Сондықтан қапылыста ұрылып қалмау
үшін, бір-бірімізге толық сеніп, одағымызды бұ­рынғыдан да
нығайта түсуіміз керек, жолдас Қатеке!

– Қайдам... Әйтеуір, сенікі-ақ дұрыс боп шығады ылғи...

Икемдеп едім, иіліңкіремеді. Мейлі, уақытша керги тұр,
ертең көрермін сені деп, теріс қарап, тас бүркеніп жатып
алдым...
Бұл қайсы екен деп басымды қатырған жоқпын. Кім де болса

ақыл­ды жігітті не арақ, не ақымақ әйелі ғана құртатынын
білетін айлалы, қауіпті жау; осал жерден оқсатып-ақ соқты –
Қиқыматтығымнан ғана аман қалдым. Тұра тұр, ойнағың
келген екен Қиқыматпен!

Әуелі Қатекемді әбден сендіріп, қайтып құтырынбайтындай
қы­лайын деп, қатқан сұлуға қолқа салдым. Әлі күнге қол үзбе­
ген аяулыма да сырымды сарқып айтып не көрініпті. Әйелім
қыз­ғанатынды шығарды, соны жөнге салу керек еді дедім де

қойдым. Жұмыстан шыға үйге келсем, әлі де ызғар бар екен.
Көңілсіз берген тамағын аштан келгендей жапырып жіберіп,
тағы сұрадым.

– Кешегі қатыныңның үйінен тойып келетін шығар деп

ойлағам. Тамақты да менен гөрі тәтті ғып істейтін шығар?!
Жәбірленген
болып,
жанжал

тудырмауға
тырысып,
балпаңдап ваннаға кірдім. «Тазарғың келген екен», – деп
артымнан жеткенде, сазарып, есікті жауып алдым.

Тура тоғыз жарымда телефон шырылдады. Бірдеңе дей берген Қатекемнің іле-шала үні өшті. Дыбыссыз, рахаттана күлдім; айызым мұндай қанбас. Телефон соққан баяғы сұлуым екенін біліп жатырмын. Ол, әрине, бүй дейді: «Әлө, сәлеметсіз бе! Хикметжан үйіндегі жеңгей сіз боларсыз? Жеңгей деппін-ау... Біздейлерді не деуші еді, осы? Абысынға да келмейді. Мейлі, атында не тұр... Тек өтінемін сізден, сөзімді бөлмей тыңдаңызшы... Әйтпесе, шыдамым жетпей, трубканы қоя салуым мүмкін. Мен сіздің алдыңыздан өтейін деп едім... әйелміз ғой, бір-бірімізді түсінеміз ғой енді... Тіпті айтуға да аузым бармайды... айтпауға да болмайды, жеңгей... ә, жоқ, абысын... тойыс... бәйбіше... Кешірерсіз... Турасына көшпесем, болмас, сірә... Бәрібір бір күні ашылатын нәрсе ғой...» Сұлуым сыңғырлаған даусы дірілдеп, «сырлы аяқтың сыры кет­се де, сыны кетпейді», қинала-қинала менің баға­ надан бері үйінен шықпай қойғанымды, қазір ваннасына түсіп жатқанымды пайдаланып телефон соғып тұрғанын, екеуміздің көптен ғашық екенімізді, менің бәрін құрбан қылып, бастық боп алған соң, семьямды тастап, өзіне үйленуге бел буғанымды мәлімдейді. Мендей жары болса, өзінің де бақытты болатындығын, бірақ менің балаларымның қамын ойлайтындығын, сондықтан қарсы болып жүргенін, өз бақытын Қатекеме қиналса да қиятынын жылап тұ­рып айтады. Сұлуымның Қатекемді кекеткенде шындап кекетіп, жылағанда шындап жылайтындығын да біліп жатырмын. Айыры­лып қалғыңыз келмесе, Хикметжанның бастық болуына қарсы болы­ңыз дей келіп, сөз аяғын: «Қазір шомылып шыққан соң, жақсылап шай беріп, әлпештеп, алдап-сулап қайтарармын... Қиналсам да сізге шынымды айтуды жөн көрдім. Үйге барған соң, ұрыспай... сізді ақылды деп отырады... ақылға шақырыңыз... мүлдем тыярсыз... оны да кінәлауға болмайды ғой... махаббатта шек бар ма?! Мені де түсінерсіз... Кешіріңіз», – деп бітіріп, трубканы тастай салады... Іле-шала Қатекем есік қақты: – Ашшы, ашшы есікті! – Не боп қалды, ей тағы? – дедім дүңк етіп. «Аш, аштың» астына алып, әкетіп барады. – Өзіңде ұят бар ма? Жалаңаш 16-0047

еркектің үстіне кіріп... Кісіні өз ваннасында да тыныш шо­
мылдырмайсың ба, енді? Әлде бұл біреудің ваннасы ма? – деп,
зекіп, сарылдатып су ағызып едім, үні өшті...
Содан әбден зарықтырып, зорға дегенде шықтым. Шықсам...

Қатекем қымбат халатын киіп, бет-аузын әдемілеп, құлпырып
кетіпті. Маймаңдап келіп құшақтап, шашымнан иіскелеп,
бетімнен сүйді. Иығымды, білегімді, қолымды ұстап-ұстап
қояды – әлі де өз көзіне өзі сенбей тұр. Рай бермедім.

– Ойпырмай! – Ышқынып, жағасын ұстады. – Қазір үйде

болмасаң, қайтер ем? Ішіп, кеш келсең... Ойбай!
Алқынып, тебіреніп кетіпті, қитыға түстім.

– Қайтуші ең... Ырылдарсың – қаппассың... Жә, үйдеміз

ғой, енді... Жарылқағыш болсаң, шайыңды тездетпейсің бе?
Зырлағанда табаны жерге тимеді ғой. Дастарқанды жай­
натып қойыпты.
Біраз жаутаңдап отырды да, бір кезде бір қуарып, бір қуа­

нып, төкті-ау дейсің жаңалығын. Оның үстеулері мен тістеу­
лерін, аһылап-уһілегенін үнсіз тыңдап, бітірді-ау дегенде
мылқиып отырдым да алдым. Күйіп-пісіп, ұшып-қонып, шыж-
быж болып жеткізген жа­ңалығына менің селт етпегенімді енді

байқап, жылап жіберді.

– Ренжіп отырсың ба маған? Қайтейін... Қызғанамын ғой

сені... Кешірші енді!
Біраз жалындырып, ақыры жіпсідім.

– Жә, болды! Кешірмегенде қайтем? Ылғи кешірумен ке­

лемін ғой сені. Иә, табиғат жаратқанда миын еркектің миынан
екі жүз елу грамм кем жаратқан, яғни мисымақ па, мишық па,
әйтеуір, бірдеңе бере салған әйелдерге әрқашан кешіріммен
қарау ләзім. – Бусанып, бабыма келгеннен кейін, лекцияны

бастап жібердім. – Әлгі әйелді де пәлендей кінәлауға
болмай­ды. – Қатекем әйелдігіне салып, елеурей бастап еді,
алмамбетшелеп қолымды иығына тастап жібердім; сәтімен
сирек қолдансаң, әйелді билеп-төстеудің бұл да бір керемет

приемы. – Иә, иә, кінәлауға болмайды. – Дөйлердің кесіп-
пішіп бір-ақ айтатын даусына салдым. – Ол бізді білмейді,
бізге айдап салған адамды біледі, тіпті оны өте керемет сүйетін
шығар. Сондықтан да өзінше оныкі де өте дұрыс-ау, біз де

осы жақындарымыз үшін ақ-қарасын айырмай, танымайтын

біреулердің соңына шам алып түсуге бармыз ғой. Солай,
Қатеке, сүйгені үшін әлгіндей ерлікке барған ол әйелді мен
қатты сыйлап қалдым. Ол болмағанда, әлі қырылысып жатар
едік қой. Реті келіп, қажет болса, сен де сүйтесің!

– Ме-е-енн?! Сүйте-е-е-мінн?!

– Ышқынба, әй! Ышқынғаның жетеді кешеден!

Әй, бір әңкі-тәңкісін шығардым-ау! Мақамдап та соқтым,
мақалдап та соқтым, әбден қысылып, жыларманға келгенде,
қылт еткеніңді аңдып, қалай құртарын білмей отырған көр­
шілерді алдына тартқанымда:

– Олар ештеңе естімепті, бағана бірдеңені сылтауратып

кіріп шыққанмын. Естісе, бірдеңе дер еді ғой кекетіп... – деді,
қипақтап.

– Естімесе естиді, сен шулатпай қоярсың түбі! – деп, ендігәрі

даусын көтерместей етіп тұқыртып тастадым. – Маған сенбей...
қарай гөр мұны... Ал енді бүгін де бір шаруамен кешіккенімде
не болар еді? Бағана Жәкең жолығарсың деген кешке, сірә,
жұмыс бабы болар, сылтау айтып, ертеңге қалдырдым. Ал

үлкендер күттіретінін, бірақ күтпейтінін өзің де жақсы білесің
ғой, бәлкім, осымен карьерамыз біткен шығар, я, – деп, соғып
жібергенімде, жынданып кете жаздады.

– Бармадың ба, енді... Ернін кеш тістеді, іліп әкеттім.

– Қалай, қай бетіммен барамын? Үйде жанжал боп жатқанда,

қайдағы шаруа? Өйткен қызметі құрсын, маған үй-ішінің
берекесі керек...
Қатекем баяу орнынан тұрып келіп, тіземе басын қойып,
солқылдап тұрып жылады. Төндіре төпедім.

– Қайдағы біреудің арандатқанына... сонша. Осы үй, үй деп

шапқылаудан-ақ шаршап жүрсең... Қолыңмен ұстап алғанша,
сенбе ешкімнің өсегіне бұдан былай. Тіпті ұстап алсаң да
бүлінетін дәнеңе жоқ, на то пошло, аталарымыз төрт қатын
алған... Ертең дөй болайық деп отырмыз. Ел қамын жеп, сендерді

ойлап, жарғақ құлағым жастыққа тимей жүдеп жүргенде,
шошақайлармен шошаңдасам, айып па, немене? Жоқ, айып
емес, бой сергітер кәйіп! Дөйлер сөйтеді, ал дөйлердің өздеріне
лайық жақсы әйелдері ондайда байбалам салмайды, дөйдің де,

үйдің де абырой, беделін ойлайды алдымен, ұқтың ба?

Қатекем «қойшы енді, қойшы, кешірші» деп өкси түсті.
Тұрмастай ғып тұралатып тастайын дедім де: «Қой, осы
да жетер, енді бұны жегетін кез келді» деп, зеңбірегімді
жауларыма қарай жайлап бұра бастадым.

– Көрдің бе, қандай жауыз, иттер! Бұлар аямайды ешкімді,

өзіңнің де көзің жеткен шығар. Жә, болды, басқа мәселе бар
сөйлесетін.
Басын көтеріп, ыстық шай ішіп, адам қалпына келген соң,
құпия күбірге көштім.

– Бағанағы әйелді жұмсап отырған – осы төртеуінің біреуі.

Біржо­ла құртайын деген ғой. Қайсы екенін қас-қабақтарын
қанша бақсам да айыра алмадым, сыр бермейтін сабаздар
ғой. Содан анығын білу үшін айлаға көштім. Сөз арасында бір
жігіттермен кешке моншаға баратынымды сүйкей салғанмын.

Көрдің бе, есеппен соғып отыр. Шынымен моншаға барып
келсем ғой, ә, масқара болады екенбіз. Тіпті «тойысыма» дейін
салып алыпты, даусы сыңғырлаған дедің бе, әртіс жалдауы
да мүмкін ғой... Ондағы мақсаттары – екеумізді айыру, тіпті

болмағанда, біраз қырылыстырып қойып, анау орыннан құр
қалдыру. Ошағы ойрандалып жатқан адамды алтын болса да
өсірмейді ғой. Көрдің бе, қалай сілтейді жұрт!
Өстіп әлгі төртеуіне деген ашу-ызасын шегіне жеткіздім де,

қарсы шабуылға шығуға үгіттедім.

– Ал, сонда бізді олар аямағанда, біз неге аяуымыз керек?

Бізге дегендерін өздеріне неге жасамаймыз? Бүлінсін олар да!
Сосын көрейін менімен таласқандарын...
Содан жоспарды айқындап, ары-бері бұлтақтағанына бой
бермей, көндірдім-ау қатекемді. Оққа байлағаным қалтырауық

еді. Есептеп-есептеп келіп, әйелімен жиі татуласатынын
нысанаға алдым.
Ұрыста тұрыс жоқ, бірден кірісіп кеттік. Бәлені жақсылап
жабамын ғой, жалпы, әуелі күдіктендіруден бастадық.

Тапсырма бойынша қатекем телефон соқты. Күйеуі алса,
тастай сал дегенмін, бірақ әйелі алатынын біліп тұрмын –
кешкілік күйеуіне телефон көтертетін кеңпейілділерден
емес еді. Қатекем «Әлө», – деді даусын құбылтып. Сөйтті

де телефонды қоя салды. Біраздан соң тағы соқтық. «Әлө,
сәлеметсіз бе? Маған... ағай керек еді», – деді майысып.

«Өзі телефонын беріп, хабарлас деп еді», – деді, одан сайын
бұраңдап, даусы дірілдеп – сұлуымнан үйренгені. Қатекемнің
бұл өнеріне бір жағы сүйсінсем де, ептеп қызғанып кетіп,
мықынынан мытып алдым. Трубканы қоя салған ол мәз-

мәйрам – кеше ғана өз басына үйірілген бұлттың өзі сияқты
екінші бір әйелге төнгенімен шаруасы жоқ. «Ой, рахат екен
ғой бүйткен!» Осы ақымаққа білмейтін бәлесін үйретіп, бұзып
алған жоқпын ба деген бір жылан ой сумаң ете қалғанымен,

оны індетіп жатуға уақыт жоқ, кейін жөндеп алармын деп,
істің мән-жайын сұрадым. Ананың әйелі телефонға кіріп кете
жаздапты, «қолына түссем, тірідей үйтіп жейтін шығар» деп
қояды қатекем рахаттанып. «Болар іс болды, енді аяқсыз

қалдырмау керек. Өзім нұсқаған ретімен жонып жей берерсің,
тек даусыңды танытпай, өзгертіп, құбылтуды ұмытпа». Өмірі
сөйлесіп көрмеген адамдар бір-бірінің даусын қайдан танысын;
алда-жалда, болашақта, кім біледі, жүздесе қалса деген оймен

пысықтағаным ғой...
Ертеңіне қалтырауықтың темекі тартуға жиірек шығып
жүргенін байқадым. Кешкісін тағы екі-үш рет «Әлө» деп
қойып, үндемей іріткі салып барып, тіке шабуылға шықтық.

– Кешіріңіз, – деді бұл жолы Қатекем, қыздай қылымсып.

Содан кейін өзінің күйеуінен айрылысқан жас келіншек
екенін (қызбын дей салса да болады екен), қалтырауық көптен
сөз салып жүргенін, өзі әдепті әрі әдемі, әнді жақсы айтатын,
тілі майда жігіттің (бұл қасиеттерін өзім тізіп бергенмін) өзіне

де ұнап қалғанын (осы жерге келгенде тіпті құтырды, тойыс,
құлпырды Қатекем, ішімнен қызғанып, мына шаруа бір жақты
болған соң осынысы үшін қатаң сөгіс беріп, қайтып есіне
алмастай қылуға өзіме-өзім уәде бердім), бірақ... бала-шағасын

ойлайтынын мөлдірете жеткізді.

– Сіз түсініңіз мені... аяңыз... өзіңізді, балаларыңызды

аяңыз... Менің де шыдамым бітті... Енді төзе алар емеспін...
Әйелміз ғой, түсінеміз бәрін... Сезім деген қиын ғой... Аяңыз...
Көмектесіңіз маған... Тыйыңыз оны...
Өзім дайындаған сөздер болса да, қатекем ара-арасында өксіп

қойып айтып шыққанда, тіпті менің де жүрегім жыбырлап-
жыбырлап кетті. Телефонды қоя салып, бері бұрылған оған
қарасам... ағыл-тегіл жылап тұр. Суық айран ішіп, зорға
басылды.

– Түһ, құрсыншы, ойнаймын деп тұрып, шындап кетіппін

ғой...

– Қайдам, шырағым, ойыннан от шығарып алмайық.

– Қойшы қайдағыны айтпай... Қартайғанда...

– Қайдағы қартайған! Нағыз құтырып, тойыс, құлпырып

тұрған кезің ғой. Байқа! Әлде жас кезіңдегі біреулер есіңе түсіп
кетті ме?
Шындап қызғанып қалдым. Қатекем қатырып кетті.

– Өзің ғой сүйт деген. Ойна дейсің, ойнаса, тағы пәле қы­

ласың...

– Әй, мәләдес, Қатеке, әртістерден де асып тұрсың, – деп

екіұш­тылау мақтай салып, әңгімені басқа жаққа бұрып
жібердім. Е-е, шіркін, талай жылдан бері бұның да әйел екенін,
сезімі бар екенін бірінші рет байқап, біртүрлі бір күйге түсе
беріп, қалтырауықтың үйін көз алдыма елестетіп, рахаттана

айығып кеттім...
Ертеңіне қалтырауығым жұмысқа жарты сағат кешігіп
келді. Жүдеу... Жалпы, жаман жігіт емес еді, аянышты. Амал
қанша...

От басынан бүлік шығып, қаусап жүрген адам қасын­да­
ғылардан аяныш, тойыс, таяныш іздейді. Сең соққандай
сенделген байғұс бұндайда кісі танудан қалады, кім болса о
болсын, күле қарағанға күңірене жөнеледі. Қанша дәті берік

дегенмен, пенде емес пе, сол күні бұның да көзінің жасы көл
болмағанымен, кірпігі шыланды алдымда. Таңертең жылы
амандасып, хал-жайын кеңірек сұрап, «Ауырып жүрсің бе?
Мазаң жоқ қой...» деп, қамқорсып едім, түс ауа бөлмеме келіп,

кешкілік бір оңаша, маңызды әңгімесі бар екенін ескертіп,
бірге шығуымды өтінді.
Шықтық. Көшеде арлы-берлі жүрдік темекі тартып. Екі
күннен бері шала ұйқы, ашқарын, жүйкесі жұқарған адам тез

арада сайрап шыға келді. Түк білмегенсіп, таңдана басымды
шайқадым.

– Былай... түсіндіріп... түсінісіп көрмедің бе?

– Қайдағы! Тілге келмейді ғой, тілге. «Кім екенін айт? Бір

пәлең болмаса, барлық мінезіңді қайдан біледі? Айт... кет...
айт... кет!..» Бітті, басқа сөз жоқ. Екі күн бойы қырғын...

– Енді... ондай пәледе нең бар еді?

– Ойбай, Қақа, танысам бұйырмасын... Ашыналарымның

ішінде ондайы жоқ, бәрі де сенімді. Сұрастырдым – бәрі де аң-
таң.

– Мен де аң-таңмын, – дедім, көшенің арғы бетінде аңқытып

келе жатқан Аңқабайды көрген бойда, солай қарай беттеп.
(Оған бағана сыбыр еткенмін: «Осы уақта осы жерге кел.
Мен кеткен соң... екі-үш сағат ұста, аямай суар! Керек! Үйге
қайтуларыңа жақындағанда маған телефон соқ!») – Ал енді,

бұндайда үйге кешікпей, түзу барған жөн. Қайтеді дейсің,
тулап-тулап қояды? Апырай, керемет екен бізбикеш!
Мысыққа ойын керек, оны байқап жатқан қалтырауық жоқ.
Тағы сол үй-ішінің кикілжіңін, әйелінің нашарлығын көйіте

бергенде, жетті-ау Аңқабайым. Бірер ауыз сөзден кейін:

– Ал жақсы, мен асығыспын. Сен де тез қайтсаңшы үйіңе! –

деп, көлдей ақыл айтып, үйге зауладым...
Сағат тоғыздың кезінде телефон шылдырлады. Аңқабай!

– Қақа, жағасы жайлауда, ербең-ербең етіп қыздармен билеп

жүр. Бір сағаттың мөлшерінде қайтатын шығармыз. Өтірік
төбелес шығарып, ұстатып жіберсем қайтеді?

– Оны мүлдем ойыңнан шығар. Өзің қоса кететініңді неге

ойламайсың, ей? Үйіне аман баруына жауаптысың, ұқтың ба?
Таксимен тура үйінің алдынан түсіріп кет, қалай жалынса да,
үйіне кіруші болма. Құмары қанғанша билей тұрсын... Билейді
қазір...

Қатекем де әрең шыдап отыр екен «Әлө», – деп, даусын
дірілдетіп қоя берді. Осылай да осылай, қалтырауықтың
қызу екенін, үйінен шықпай отырғанын, көрші үйден соғып
тұрғанын, қазір амалын тауып қайтаратынын айтты.

– Сіз дұрыс түсіне көріңіз мені... Өлердегі сөзін айтса да

жібімедім. Сеніңіз маған. Арамызда ештеңе болған жоқ.
Телефонды қоя салып: «Қайдасыңдар? Айт! Айт!» дейді, –
деп күлді Қатекем. Байғұс қалтырауықтың санаттан шығып
қалғанын ұққан мен сол түні бір тыныш ұйықтадым.

Ертеңіне кеңсеге көкпеңбек болып, күйеуін алдына салып
қуалап әйелі келді. Шулай келді. Бейшара қалтырауықтың
абыройы айрандай төгіліп, бүкіл коллективке қарабет болды.
Әзірше мекемедегі дөйсымақ – орынбасарға кірді, әрине. Ол

бәсекелесін оңдырсын ба, арыз жаздыртып алып, жоғарыға

жедел жөнелтіп жіберген. Ол жақтан да: «Мәселесі месткомда
қаралып, шұғыл шара қолданылсын» деген нұсқау шұғыл
жетті. Қарап жібердік. Месткомның төрағасы... кім дейсіздер
ғой... Рапағат Рапышевич, тойыс, Аңқабай. Оны адал деп,

тізеге салып сайлатқан өзім едім; өзім местком болып, жұртқа
жаманатты болғанша, қолбаламды қойып қойып, қойқаңдап
жүрмеймін бе? Менімен ақылдаспай, менің келісімімсіз бірде-
бір шешім қабылдамайды. Обалы не керек, еңбегімді ақтап

жүр. Алдында айтқан, орынбасар ананы жұмыстан төмендету
жағында деп. Оған жібермедім, бейшараның бар жазығы
өскісі, менен асқысы келгенінде ғой. Өспесе, жолымды кеспесе
болды, жайына жүре берсін. Адамгершілік деген бар ғой бізде

де. Жігіттерді жауып жіберіп, әйелдерге деген ашу-ызаларын
оятып, фактісі анық емес және бұл арызда суреттелгендей
жаман жігіт емес деп (арызға қарасаң, бұдан оңбаған адам жоқ
екен, қайран ғашық боп қосылғандар-ай! ), бала-шағасы бар,

обал болады, әйелі ашу үстінде артық кеткен, күйеуі жұмыстан
қуылса немесе жалақысы азайса өзі сорлайтынын білмеген
әйелге сенуге де болмайды дегізіп, біреулерге, әупірімдеп,
ескертумен ғана шектедім.

Кешкісін ол маған тағы келді. Рахмет айтып, қолымды
алғанында, шынымды айтсам, біртүрлілеу боп қалдым.

– Қақа, несін жасырайын... пендеміз ғой, тіршілік дегендей...

ана орынға баруға мүмкіндігім көп еді... болмады... Қызметі
құрысын, отбасының тыныштығы керек: орынбасардың иттігін
көрдіңіз ғой, кісі жейді бұлар... Енді сіздің сойылыңызды
соғамын. Міне, қолым!

Шын айтып тұрғанын көзінен таныдым. Басына таяқ тиген
соң, адам болып қалыпты. «Маған қарсы шықпай, қолтығымда
жүрсең, жаман болмайсың» дегім келіп тұрды да, үнсіз ғана
қолын қыстым.

ПЕШКІ

Ал енді мына біреуі бар ғой... Дүниеде неше түрлі ғала­
маттар бар емес пе, мынау да сондай бір өзгеше нәрсе.
Үйелмендей дәу сары, екі беті қып-қызыл боп алып, креслосын
ойып жіберердей ырғатылып, ыңыранып отырғаны. Арнайы

жасатқанын, жоқ әлде бір жақтан әдейі алдырғанын, әйтеуір,
өзіне лайық дәу қара креслосы бар. Әйтпесе біздің кресломызға
ол да бір мол дүние ғой – сыю-сыймауы екіталай. Болпиып
алып, қарамағындағыларға қаталымсығаны қызық: бәрін

жиып алып, дәлел-дәйекке дес бермей ділмәрсіп: «Дабай,
бос сөзді қойыңдар, жұмыс істейік, әйтпесе...» деп ісіп-кеуіп
отырғанын та­лай көргенім бар. Болбыр немені бір көрген
адам: «Шіркін, бастық болсаң, осындай бол» дегендей. Бірақ

өзін қараптан-қарап сайтан түртіп тұратынын, креслосынан
көтерілсе-ақ болды, бар қасиетінен жұрдай боп елпеңдеп
кететіндігін, ар жағы үңірейген қуыс екендігін бозарған көзінен
қапысыз танитынмын. Аты да, заты да санатқа қосылмайтын

дүмбілез неменің, менің байқауымша, Алматыда абыройын
жабатын ағайыны жоқ, бірақ ауылы мықты. Өйткені қашанда
қалтасында мыс-мыс ақша жүреді. Сенетіні де сол: ақылы
да, айласы да кем болған соң, ақшасына сыйынбағанда

қайтеді? Андай-мындай қысылтаяңдау кездерде кез келген
коллектив мүшесіне көк қағаздарды ат-көпір ғып төсеп тастап,
көл-көсір абы­рой жинап алып жүргені. Естуімше, осының
ақшасының түбі шикі, бірақ дәлелің, дәйекті дерегің болмаған

соң, амал не? Дүниенің бәрі сатулы ғой, хас батырды да, бірге
туғаныңды да бес сомғa байлап берердей боп, қолында бардың
қас-қабағына қарайтын кездер болады. Ар жағыңда мың
теңгең тұрып, жүз теңгені ойланбай шаша салсаң, мәңгіріп

жүргендердің бәрі жүгендеулі атың, жетектеулі итің боп
шыға келмей ме?! Басқа қасиеті болмаған соң, қайтсін байғұс,
қайтсем жұртқа жағам деп, жақсы жігіт деген атты ақшасына
сатып алады. Мейлі, ақымақ болатын, ақшасы шығатын өзі

ғой. Және бұл мырзалығының бастық болуға не қатысы бар?
Егер ондай шешуші кезде шашылу керек болса, менің бұны
он орап алатыным анық. Өзі қызық, қызып алса, өткен жолы
қызғандағы қызықтарын қызық қып айтады. Heге екенін

қайдам, Аңқабай екеуінің бәстесіп шахмат ойнағандары есімде
қалыпты.
«Содан екеуміз әйда бір шайқас. Бір қарасам, Аңқаштың
королі де жоқ. Сонда да тықсыра-тықсыра келіп, ақыры мат

қойдым», – деп бір бөскені бар. «Әй, королі жоқ болса, қайтіп
мат қоясың?» «Ойбай, оп-оңай. Әуелі бүкіл тастарын жеп

алып, соңғы пешкісін тұсадым. Ақыры тырп етіп аттайтын
жер қалдырмай, пешкісіне мат бердім». «Дұрыс бопты,
жеңісің құтты болсын», – дедім де қойдым. Пешкіше ойлайтын
пешкі жігіттің пешкіден басқаға шамасы келуші ме еді? Е-е,

жарайды, мен де бұл пешкіге мат беріп жіберейін...
Ақылды жоспар жасалған соң жалтақтайтын не бар,
кірісіп бер­дім. Итке ине беру үшін де амал, айла керек қой,
ертең иесі сенен дауламайтындай қылмасаң, кісілігің кәні?

Дереу Аңқабайға ақыл салып едім, байғұстың бөркі қазандай
болды. «Қақа, мені де кісі деп, үлкен басыңызды кішірейтіп
кеңескеніңізді өле-өлгенше ұмытпаспын», – деп, көзіне жас
алды. «Мақсат бір, шаруа ортақ болған соң, шығын да ортақ

болсын», – дей салып едім: «О, не дегеніңіз, Қақа, сіздің бір
салғаныңызды... тойыс, салмағыңызды (маған еліктеген түрі,
мықтының мәнері айналасына ықпал етіп, ығында ұстайтын
әдеті ғой) көтере алмасам, несіне жер басып жүрмін? Өзі көптен

бері сіздерге бір дәм татыра алмай ыңғайсызданып жүр едік,
реті әбден келіп тұр», – деп, көл-көсір жайылып сала бергені...
Хош, сонымен ертесінде Аңқаштың үйінде қонақта болдық.
Дәу сарыны ортаға алып, ара-арасында айналып-толғанып

қойып, әйелімен екеуін әдемілеп мақтап-мақтап, көсілтіп-
көсілтіп жібердік. Әредікте, әйелдер оңаша күбірлесіп рахатқа
батқанда, Аңқашым қалбалақтап, ұшып-қонып жүргенде:
«Келші өзі, осы басымыз қосыла бермейді. Оңашалап бір

шырқайық», – деп, көпіртіп-көпіртіп, көтертіп-көтертіп, біраз
жерге жеткіздім. Кейде-кейде өзім әлденені сылтауратып,
сыртқа шығып, орныма Аңқашты жұмсадым. Ол да ерледі, бір
рет кіріп келгенімде, екеуі сүйісіп жатыр екен. Сөйтіп, әні-міне

дегенше үйелмендей сары неме батпырауықша қалықтады...
Бір қаға берісте басынан буы шыққан Аңқашым:

– Жанжал шығарып, көзінен көземен бір періп, елге

қарағысыз қылайын ба? – деп алқынып-алқынып қойды.

– Дымың ішіңде болсын, – деп зекіп қалдым. – Сен иіліп

жастық, жайылып төсек болуыңды біл. Ар жағын өзім...
Біраз әуелеп, әндетіп, құшақтасып бірге қайттық. Қайтарда
әдейі заказ беріп, такси алдырып, әйелінің көзінше ішкен
кезде ерекше сақ болу керектігін айрықша қадап айтып,

қисалаңдаған немені қолтығынан сүйемелдеп, үйіне кіргізіп
салдым...

Ертеңіне бұрынғысындай дүрдиіп, дорбиып жүргенімен,
өз-өзінен қуыстанып, біреуден аяныш, тойыс, таяныш іздеп
сенделетінін, ішкі қатпарларына түнеген жын түртпектеп,
алдыма алып келетінін біліп, тымпиып күтіп отырдым.

Айтқанымдай, қызараңдап жетті бір кезде.
Салқын амандастым. Кеше дәмдес болмағандай, дәнеңе
білме­гендей тымырайып едім, болбырым байпаң қақты.
Кеше қатты сілтеп жіберген жөпшенділердің бетіне бақырая

қарап, тіл қатпай отырып алсаң, өз-өзінен құты қашып,
алдыңда пенде боп қалады. Іші қуыс болбырды да үрей билеп,
берекесінен айрылды. Көңілшектікпен артық кетіп қалғанын,
әйтеуір, ештеңе бүлдірмегеніне шүкіршілік ететінін шашырата

шұбыртып келіп:

– Қайран, Қақа, сіз болмағанда далада қалғандай екенмін...

ке­лініңіз айтты бәрін, – деп, рахметін жаудырып, сөз аяғын
жұмыстан ертерек зытып, денсаулықты түзеуге тіреді.
Рай бермей, көшеде ішуге болмайтынын көлденең тартып,
әжептәуір кісілігімді есіне салып едім, түнде ғана «Қақалап»,

қарқ-қарқ күліп, арқамнан қайта-қайта қаққан батырым
жалынуға көшті.

– Көрерміз, соңыра хабарласарсың, – деп, шығарып салдым.

Оңаша қалған соң, ой, бір рахаттанып темекі тарттым.
Милицияда істейтін бір ауылдас інішегім бар еді, соған
хабарласып, жай-жапсарды ұғындырдым. Қысқасы, пәлен
уақытта пәлен жерде болып, соңымыздан аңдып жүріп, оңашада

дәу сарыны қағып алып кетуі керектігін, бет бақтырмай
айықтырғышқа қондырып, орынбасарға ауызша да, жазбаша
да жедел хабар түсіруі керектігін шегеледім. «Ешқандай
ымыраға келуші болма... Өзі біздің ауылды иттің етінен жек

көретін иттің нағыз өзі», – деп үстемелеп жібе­ріп едім,
әпербақандау, ақымақ інішегім: «Мен оған көрсетейін», – деп
тісін шықырлатты. Ақымақ болмаса, ағайыным, ауыл­дасым
айтақтады екен деп, алты аласы, бес бересі жоқ, өмірі көрмеген

айдаладағы біреудің балағынан ала кете ме? Е-е, дүние-ай,
ақымақтардың арқа­сында ғой Қақаңның қолы шығатыны.
Түс ауа дәу сарым тағы келді. Бұл жолы Аңқабайды алдына
салыпты. Екеулеп үгіттеген сайын кесірленіп, керги түстім де,

ақыры:

– Түу, сендерді-ай! Ұйықтап жатқан шайтанды шапқа түртіп

оятасыңдар осы, – деп, иілген сыңай таныттым.
Суатқа құлай бергенде, екеуін өзіме қаратып, естерінде
қалатын­дай ғып қадап айттым.

– Әй, жігіттер, жүрегім біртүрлі боп тұр. Сақтанбаса бол­

майды. Үйге барайық, әйтпесе бүгінше қойсақ қайтеді
құрғырды. – Мені зор­ға көндірген екеуі ыршып-ыршып түсті.
Аңқашым «үйге барайық­қа» қосылып еді, бас жазудан басқаны
ұмытқан дәу сары:

– Үй алыс қой. Мына ресторан тұрғанда, – деп, қоярда-

қоймай, сүйрегендей ғып алып кірді.
Желпілдек байғұс кіре сала әдетіне басты. Ашып-шашып,
дүрілдетіп жіберді. Ар жағы белгілі ғой, біраздан соң іркес-
тіркес боп, шұбалаңдап шықтық. Бір қалтарыстан ауылдас

інішегімді көзім шалып қалды. Түсі суық екен, мені көріп,
жымиған болды; мен дәу сарыны ұрлана нұсқай салдым.
Қызық қой тірлік деген, үш адам бірге ішіп, тарайтын
кезде, екеуінің жолы бір, біреуінің жолы бөлек болса, жалғыз

қалатыны анау екеуінің шалғайына оратылып, әрең жібереді.
Әр нәрсенің басын шалып, мыжып, қайта-қайта темекі тартып,
берекесі қашып, зорға айырылады. «Сөге жамандамаңдар»,

– дейді. Бұның бәрі мына екеуі былай шыға бере мені

жамандайды-ау деген үрейден. Өйткені өзі де сөйтеді ғой.
Бұны да біліп алған мен ылғи қалағанымды қолтықтап кетіп,
көкейіндегісін сарқып алатынмын. Бұл жолы дәу сары Аңқаш
екеуміздің жолымыз бір болғанына қатты күйініп, желімдей

жабысты. Кетудің өзі күшке түсті: амалын таппасам, ертең
көңіліне күдік ұялауы мүмкін ғой. Сөйтіп тұрғанымызда:
«О-о-о!» деген қуанышты дауыстар шықты да, екі-үш әумесер
дәу сарыны жабыла құшақтай алды. Олар шолпылдасып,

даурығып жатқанда тайып отыруға болатын еді, бірақ мен
айланы аяғына дейін жеткізуге бекіндім. Дәу сары бізді
әлгілермен таныстырды да, қалтасына қол салды. Әлгілердің
көзі шырадай жанғанынан-ақ мына әумесерді майшелпек

қылып жүрген тәуір жігіттер екенін байқадым.

– Жүріңдер, жігіттер, ішкесін дұрыстап ішейік. Ақша

жетеді... Мынау ғой ақша дегенің... қағаз емес пе, ә?! Енді,
сол... өздеріңдей жігіттер кездескенде сыйлауға жарасақ...
ризамыз өмірге...

Арақтың буы ма әлде ақшаның буы ма, әйтеуір, шайқа­ лақтап-шайқалақтап қояды. Аналарға да керегі осы, қолтықтай жөнелді. Мұндай оңды болар ма, дәу сарыға алғысымды жаудырып, «қасыңда жігіттер бар ғой, дегенмен байқап жүр» деп, бетінен бір сүйіп, Аңқашымды алып, зауладым үйге қарай... ...Көзім іліне бергенде, телефон шылдырлады. Ауылдас іні­ шегім екен. – Бітті, сәбізі! – деді сабазың. Мән-жайын сұрадым. – Қисалаңдап шыққанда-ақ қасындағыларымен қоса құртайын деп едім, таксиге мініп үлгірді. Артынан қуып отырып, дәл үйінің түбінен, жолдан өте бергенде ұстадым. Әрі жалынды, бері жалынды, ақша беремін деді, міз бақпадым. Қазір ұйықтап жатқан шығар. Өзі де бір оңбаған екен! Ауылдасым жау түсіргендей масаттана күлді. – Оңбаған екенін қайдан білдің? – деп, жорта сұрадым. – Енді... Оңбаған дегесін оңбаған... – Ойбай-ау, оны сен танымайсың да ғой. Танымайтын адамның оңбаған екеніне көзің жете ме? – Е-е, соған көз жеткізіп әуре боп жатам ба? Әйтеуір, суқаным сүймей қалды. Ұнамаған соң, оңбаған емей, немене?! Оңбаған бол­маса, мас боп жүре ме? – Енді... бір рет мас боп қалған шығар... Ал жалпы жаман жігіт болмаса қайтесің? – Е, мейлі. Бәрібір оңбаған. Енді... сіз оны жек көресіз ғой. Сіз жек көрген соң болды емес пе? Рахаттана қарқ-қарқ күлдім. Інішегім де мәз-мәйрам. «Азамат­сың!» – деп, ризалығымды білдіріп, рахметімді айтып, алдағы сенбіге қонаққа шақырдым. Дәу сарыда кеткен есесін өзім толтырып, көңілдендіріп қойғаным дұрыс, әлі де керегі бар бала ғой... Ары қарай айтатын не бар, ертеңіне жетті маған еңіреп. Тілімді алып, қайта қоймағанына өкінді: «қайдағы пәлелер қайдан жолығады» деп кешегі қымбаттыларын қымбат-қымбат бағалап алды. «Сақ бол деп айттым ғой, саған!» деп, мен де кергіп алдым. Біреу бірдеңеге ұшыраса: «Е-е, мен оған баяғыда айтқанмын, мұныңды қой, әйтпесе бірдеңеге ұшырайсың деп. Тіл алмаған өзінен көрсін», – деп, қуана-қуана табалап шыға келетін әдетіміз ғой енді. Тіпті тілімізді алма­ған кісі сол әдетінен бір пәлеге жолықса екен деп тілеп жүретініміз

де рас: әйтпесе ақылдылығымыз дәлелденбей қалады ғой. Мен де рахаттанып қалдым. Артынша жұбаттым: – Жарайды, бір реті болар. Рапағат Рапышевичқа айтармын. Бір сөгіспен құтыларсың... Сен бізді, біз сені көрген жоқпыз, салмақты сылтау айт! «Байтал түгіл бас қайғы»; қайта-қайта рахмет айтып, басын шұл­ғи-шұлғи кетті. Іле-шала хабар түсіп, ұзамай қағазы да келді. Орынбасар құл­ шына кіріскенімен, Аңқаш екеуміз дәу сарыға болысып шыға келдік, өйтпесе айтып қойып, бізге де көлеңке түсіруі мүмкін. Әрі бұл жақсылығымыз мойнына қарыз; ертең бірдеңе бола қалса бетіне соғып, қарап отырмаймыз ба? Сөйтіп бір сөгіспен қабырғасын сөгіп, болпиған немені солпитып жібердім. Һе-һеһе! ОМПИҒАН ОРЫНБАСАР Қарсыластарымның ішіндегі ең қауіптісі орынбасар еді. Ісіне мығым; жар жағалар нар тәуекелі жоқ. Текетіреске түскенде табаны тайып, тірсегі дірілдемейтін, өзіммен тең түсер «дұшпан» осы. Қарым-қатынасымыз түзу; қызмет бабында ғана емес, бы­лайғы тіршілікте де ептеп-септеп араласқұралас болғанбыз. Ер­кекшелеп бірдеңе сыңғырлатқанда да бір-бірімізді қолпаштап, кө­термелеп жүреміз. Бұның терең екендігін ешкіммен жүз шайыс­пайтындығынан, қандай жағдайда да өзін-өзі билеп, жұмсақ қана жымиып жүре беретіндігінен-ақ байқағанмын. Ішінде ит өліп жатса да, сырты күліп тұрады. Бір нәрсеге намыстанып, тісін шықырлатқанын көрген емеспін. Былқылдаған бір жұп-жұмсақ нәрсе. Бүктесең, бүктелетін, ұрсаң, былқ етіп жапырылып, артынша қайтадан қалпына келетін паралон сияқты. Сөйтіп жүріп дүние пәленің бәрін бойына сіңіргіш-ақ. Шайнап кеп жіберсең, сағыздай жұпжұмсақ пәлекет, ертеңіне қайтадан құлпырып шыға келедіау. Және бір-екі тісіңді ала кетеді. Жабысқақ неменің жайын табудың өзі күшке түсті, өйткені әлсіз жері жоқ. Жұмсақтығы жанының жайсаңдығынан емес, жалтақтығынан еді. Қорқақ неменің ай­дың-күннің аманында қай жағымнан бірдеңе кеп қалар екен деп үрейленіп жүргені. Жұрттың бәріне жақсатты

болғысы келіп, жымыңдап жүретіні де содан, біреудің көңілі
қалса, бір зияны тиіп кетер деп бауырымсып, алдап-сулап
қояды. Әрине, оның қараңғы қатпарларын мен ғана қапысыз
танимын ғой. Қиқыматтығымның арқасында ақыры ретін

таптым. Жан-жақты, мұқият ойластырылған жоспармен
кірістім...
...Аға мені әдеттегідей жылы қарсы алды. Енді ше, әрдайым
ығына жығылып, қас-қабағын қапысыз аңдап, көңілін табатын,

жақтырмайтын кісілерін жамандап-жамандап жіберіп, жер-
же­біріне жететін, тіпті солар туралы свежи анекдот айтып
беретін мендей сирек ініні жақсы көрмегенде, кімді жақсы
көреді?

Мол креслоларға көміле жайғасқаннан кейін, әдеттегідей
аға маған сұраулы жүзбен қарап:

– Иә, не жаңалық бар? – деп күлімсіреді. Мен де әдеттегідей

тамағымды кенеп алып:

– Жаңалық сол... – деп көсіле жөнелдім.

Е-е, шіркін, «не жаңалық бар» деген сұраққа не жетсін! Дөйі
бар, дөкейі бар, бұл сұрақты қоймайтын адам болмайды. Сондағы
білгісі келетін жаңалықтары өңкей бір грязни әңгімелер, одан
қалса, өсек-аяң. «Не жақсылық бар?» деп сұраған, сұрай қалса,

соған қуанған адамды көрмедім. Біреуге бір жақсылық қонса:
«Е-е, ол анау болды ғой, өйткен ғой, бүйткен ғой» деп пәлені
қоздата жөнеледі. Ал негізінен, ынтығатын жаңалықтары:
«Ешкім орнынан түскен жоқ па? Түссе, орнына кім келмекші?»

«Анау әйелінен әлі ажыраспаған ба? Бүлініп жатыр деп еді
ғой...», «Ешкім сотталған жоқ па?» сияқты болып, шұбырып
кете береді. Алда-жалда бұндай оқиғалар болмаса, кәдімгідей
ренжіп, жүдеп қалады. Пенде атаулының жаңалыққа жаны

құмар ғой, жалпы. Шіркін, пендешілікке не жетсін! Осы
бар ғой, адамның пендешілігін жамандап, жойғысы келіп
жүргендерде ес жоқ. Пендешілік жоғалса, өмірде қандай
қызық қалмақ? Онда мына біздер не істейміз, ә? Пенделер

алысып-жұлысып,
айтысып-тартысып,
таласып-тармасып,
бірін-бірі кесектеп, есептеп, өсектеп жатпаса, дүние шіркін

қараң қалмай ма? Ойлап қараңызшы, өз бойыңыздағы осындай
асыл қасиеттерді жойып жіберсеңіз, барлық жауларыңызбен
түсінісіп, тату болып кетсеңіз, достарыңызды күндемесеңіз,

әйеліңізді алдамасаңыз, ағайынды табаламасаңыз... оу, сонда
неменеге өмір сүресіз, ә? Міне, солай... сондықтан да өздері
ортанқолдай пенделердің перде киіп алып, пендешілікті
жамандап, жойғылары келуінің өзі пендешіліктің көкесі емес

пе? he, he, he.
Өмірдің өзегі пендешілік екенін әбден біліп алған мен тек
соған ғана сүйендім. Өз пендешілігімді өз еркіме бағындырып,
қалай болса солай билеттім де, өзгелердің пендешілігін өзіме

құл еттім.
Көп созатын несі бар, талай дүрдиіп жүргендердің кәдімгі
пенде екенін көбіңіз білмегенмен, мен білемін. «О-о-о,
пәленшекең бе, о кісі енді...» деп сыртынан телміріп, тамсану

– ақымақтардың ісі.

Мен өзімді ол санатқа қоспаймын, сондықтан да дардай-
дар­дай дөйлердің қадірлі қауашақтарын сыпырып тастап,
жалаң пендешілігіне жайдақ мініп, жортып жүргенді жаным
жақсы көреді. Осы әдіспен талайды тентіретіп жібермесем де,

теңселтіп кеткенім рас.
Орынбасар байғұсқа да сол кепті кигізуге бел буып келген
мен, әуелі алыстан орағыттым. Дөй ағаның көңілін бірде
толтырып, бір ортайтып, бір ет, бір май жаңалықтарды бірден

асата салмай, біртіндеп жұтқыздым. Е-е, шіркін, жаңа­
лығың көп болғанға не жетсін! Қазір жаңалығы жоқ адам –
жарым адам, жалаңаш адам. Сондықтан да санаттан қалғысы
келмегендер саққұлақ болады; төңірегіне тың салып, әр нәрсені

біліп жүреді...
Сонымен, біраз ұсақ-түйекті қайырып тастап, негізгі мәселеге
жанаса жүрдім. Өмірімде көкейімдегіні өзім әкеліп көлденең
тартқан емеспін; өйтсең, қанша айтқанмен, жастайынан қарға

баққан қулар ғой, түпкі ойыңды біліп қалады бұлар. Өздеріне
ұсыныс жасатқанға не жетсін!

– Қызық бар, аға, жақында мені сотқа шақырды!

Дөйім дөңкие қалды. Он жерден Қиқметжандап, бауырына
басқанымен, тумағанның аты тумаған ғой, менің сотқа
тартылуым сияқты жүз жылда бір рет болар-болмасының
өзі белгісіз ұлы жаңалыққа жан-тәнімен құмарта қалғанын

ішімнен сезе қойдым. Менің орнымда апталап болмағанмен,

айлап-жылдап сотпен сәлемдесіп тұратын Алмамбет болса ғой,
қалай шыр-пыр болар еді!

– Иә, аманшылық па, әйтеуір? – деді бір кезде, көңіліме

қарағаны шығар, жанашырлықтың ырымын жасап. – Сақ
жүрсеңдер болмай ма? Сен ақылды едің ғой...
«Өзіңізге сеніп, Алмамбетшелеп жіберіп едім» деуге бір
оқталдым да: «Қой, бұның бауырмалдығын сынағалы келген

жоқпын ғой. Бүкіл жан-тәнімен жақсы көрмей-ақ қойсын,
ептеп жақын тұтып, жегініме жүрсе, жетеді маған» деп лып
етіп аунап түстім.

– Аға, қапа болмаңыз, бәрі нармальні. Просто, бір қызық

жағдай өзі...
Бағанадан бері аузын толтырып, айызын қандыратын
ештеңе болмай, қарны ашыңқырап отырған дөйім, тағы да
үміті ақтал­мағасын, біртүрлі кішірейіп қалды. Әрине, оның

бұндай нәзік құбылысын ешкім де аңғармайды; адамның ішкі
иірімдерін жақсы білетін мен емес қой елдің бәрі. Байқадым
да, ғаламат бір жаңалық аштым. Оу, бұл өзі дөй. Тіршілікте
не боп жатқанын білгісі келеді, қолы тие бермейді. Содан

қайтсін... Біз сияқтылардан жаңалық сұрайды. Не айтсақ та
сенеді, солай екен деп ойлайды, солай бағалайды, соған орай
әрекет жасайды. Өмірді білгішін мұның... Сонда әрбір дөйдің
алдында бір-бір Қиқымат сұңқылдап-сұңқылдап, бұлардың

түсініктерін теріс айналдырып жібергені-ау, ә! Е-е, бәлем,
сенің де қалпағыңды қайыра қояйын... Зулап кеттім.

– Әнеугүні үйге келсем, келініңіз үрпиіп отыр. Бақсам,

тергеуші­ден шақырту қағазы келіпті. «Өйтіп едім, бүйтіп едім»
деп келініңізді біраз қорқытып алайын деп ойладым да, құп-
қу болған түрін көріп аяп кеттім. Жалпы, келініңіз мен үшін
жанын пида қылатын адам ғой, өзіңіз білесіз...

– О-о, несін айтасың, келін ғажап қой, ғажап! – деп, үйде

талай дәм татқан Жәкең шын ризалық білдіріп, көтеріліп-
көтеріліп қойды. Күйеуімен керісіп қалса, күллі әлемге
әйгілеп, абыройын төгіп жүретін ақымақ емес, өзіме тартқан
қатпарлы Қатекем шынында да елге қадірлі еді.

– Бірдеңеге ұрынып қалды ма деген қатты уайымын

кеңк-кеңк кү­ліп, бірден сейілтіп жібердім. «Көп болса анау
ал... – Алмамбет дей жаздап, дер кезінде түзелдім... – алқаш
17-0047

байғұстардың бірі жөнінде мінездеме сұрайтын шығар» деп
жұбаттым. (Әрине, үрейіміз ұшып, қатекемнің қымбат,
импорт нәрселерді кейбір құрбыларына жолдастықпен әкеліп
беріп тұратындығы пәле боп жабысты ма, жә, болмаса,

ағайыншылықпен өзім оқуға түсірген көпбас, тойыс, көкбас
«ботақандарымның» бірі оқудан шығып қалып, айтып қойды ма
немесе... әлде... деген сияқты сан қилы алып-қашты уайыммен
түнімен ұйықтамай, кейде керісіп-керісіп алғанымызды

ұмытып кетеміз ғой). Сонда да болса кісі ептеп елегізиді екен.
Өстіп ағаны бір күлдіріп алып, ілгері тарттым.

– Барсам... Басы да, шашы да, беті де, көзі де, сөзі де

өзінің погоны сияқты сып-сыпайы, дұп-дұрыс, сұп-суық бір
капитан екен – иығынан қағып, өзімсінгенсіп, «иә бала?» –
деп әзілдеген болып икемдеп алмақ райымнан тез қайтып,
әуесқойлықпен зерттей қалдым. (Отпен ойнама, содан кейін

сотпен ойнама; қай жағымнан кеп қалып, қай былығымды...
тойыс, қылығымды қылмысқа қосар екен деп, жүз жерден
Қиқымат болсам да, қыпылдап, қыл ұшында тұрған қайран
жанымды қалай алып қаламын деп қиналғанымды аға қайдан

біліп жатыр). Тергеуші менің жай-жапсарымды сұрап алды да,
кездесуіміздің себебін баяндады маған. Сөйтсем, бір танысым
істі бопты, сол жөнінде сұрады. (Оны танитыным рас, бірақ
«дела­бой» әңгімелеріме қатысы жоқ айдаладағы Айдаубайдың

бірі бол­ғандықтан, арқам кеңіп, рахаттана жіпсіп қоя бердім.
Тіпті сұрай түссе екен, сол жөнінде көл-көсір ақпар бере алсам
ғой, шіркін, деген бір сайтан ой ішімді түрткілеп, өзімді-өзім
зорға тежедім.) Ка­питаным көп созбай, бірдеңелерді түртіп

қойды да, қайтуыма рұқсат берді.
«Бар қызық әңгімең, жаңалығың осы-ақ па?» дегендей,
Жәкеңнің жүдеңкірегенін байқай қойдым да:

– Қызығы алда, – деп қызына түстім. – Менімен бірге істейтін

төрт жігітті де шақырыпты. – Төртеуін тізімдеп, орынбасарды
атағанда, Жәкең елең ете түсті. (Шындығында, ол төртеуін
нұсқап жіберген мен едім. Тергеушіме тергей бір қарадым
да, бұл іске көмектесуге әзірлігімді білдірдім. «Оның жайын

менен де жақсы білетін жақын таныстары мыналар. Бірақ мен
айтты демессіз» дедім. Осыдан кейін оларға да шақырту қағазы
барсын... Келіп-кетер не бар дейсіз ғой? Ұйқылары бұзылсын,

үрейленсін, әйелдерімен ұрыссын, бір күн болса да берекелері
кетсін. Жауығып жүргеннің жүйкесі жұқара түскені аз олжа
ма?) Сонда үрейлерінің үйректей ұшқанын өздері де жыр
қылады. (Бұным да әсірелеу, әйтпесе аңдысып жүрген маған

олар өлсе сырын айтар ма?) Әнебір ақшасын оңды-солды
шашатын әңгүдік сол ақшаның көзін тапқан екен деп, иманын
үйіріп, бала-шағасымен бақұлдасқанға ұқсайды. Қолда барын
түнде бәңкіге салып, баққа апарып көміп, артынан бүкіл үй-

іші жабыла іздеп, үш күнде әрең тауыпты. Әйелімен жиі-жиі
татуласып тұратын досымыз арыз жазған екен деп түнімен
әйеліне жалынып, оның «жазған жоқпынына» сенбей, кешірім
сұраумен болыпты. Тағы біреуінің түсіне түнімен домалақ

арыздар еніп шығыпты, үйі, кеңсесі ғана емес, бүкіл әлем
толған домалақ арыз екен дейді. Тіпті, өзі де солар­мен бірге бір
жаққа домалап кеткен екен, төсегінен құлап түскенде бір-ақ
ояныпты.

Аға екеуіміз қосылып, ой, бір рахаттанып күлдік-ау! Но­
байлап соққан өтірігіме өзім де әбден сендім; иә, бұлардың
қайсы таза болушы еді, жобам жөн-ақ қой...

– Е-е, «Ұрының арты қуыс» дегендей... Бір тәубаларына

келген екен.
Бұларды сұйық жігіттердің қатарына қосып қойғанын
Жәкең осылай білдірді. Шешуші кезеңнің келгенін сезе қойдым
да, сөзімді тұздықтап-тұздықтап жіберіп, тіке тарттым.

– Ал енді анау орынбасардың азабын айтып ауыз жеткізе

алмайды. Әуелі өзі түсірген көп баланың бірі оқудан шығып
кетіп, ағайындары бұған берген малдарын даулап жатыр ма
деп бір шошыған.
Жәкең де шошып, тойыс, шоршып кетті. Жалпы бұл кісі,

қанша айтқанмен, батырдың тұқымы ғой, парақорларды жек
көретін. Пара алмайтынын да білетінмін, мейрамдарда, той-
томалақтарда өзіне, әсіресе жеңгейге сыйға тартылған қымбат
нәрселер ол есепке жатпайды ғой енді.

– Одан соң өшіріп жіберуге лайықты бір оңбағандарға аяқ

астынан махаббаты оянып, өсіріп жібергенін есіне алып,
кұсатын кезім келген екен деп құса болып, түн ішінде әйелімен
қоштасып, еңіреп жылап та алса керек.

– Ой, өзі де бір ез екен ғой, – деп күңк ете қалды дөй ағам.

Түбі бір босағасын болды, індете үңгіп, ырғап-ырғап жі­
бердім. Дүниеде не көп – қылмыс көп, соның біразын бойына
шақтап-шақтап, орынбасарды мұнтаздай қылып киіндірдім.

– Сонысымен қоймай, бұл өзі сондай ерліктерін әр жерде

жыр қылып айтып жүрмесе, ішкені ас болмайтын бөспебай
көрінеді. «Басқа бәле – тілден» деп, түнімен тілін тістеп, басын
тоқпақтап шы­ғыпты.

– Өй, ол өзі аузына берік, сөзге жоқ, тыңдауға жалық­

пайтындай боп көрініп еді маған...

– Ол сіздің алдыңызда. Былай шыға сайрағанын көрсеңіз...

Орынбасар өз үйінің қабырғасынан да үрейленіп, дымын
шығар­май жүргенімен, кей-кейде-е, анда-санда бір кең
отырғанымызда «Ә, анау ма? Е-е, ол өзіміздің бала ғой.
Тұсауын өзіміз кескенбіз. Оқуға түсірген мен, жұмысқа

тұрғызған мен, адам қылған мен» деп қоқиланып қалатын.
«Іле-шала сол жақсылығымды білмей кетті» деп мінейтін.
Өлі-тірінің бәрін бір өзіңе қарыздар санайтын сасық көкірек
немесің ғой, жақсылығыңды қайтара қояйын. Кезеп-ақ

тарттым. Орынбасарды Жәкеңнің танитындығын, өліп-өшіп
құлап түспесе де, жақсы көріп қалғанын, ол иттің бастық
болу үшін бұл кісіні де пайдалануға тырысатындығын анық
білмесем, босқа арамтер болып не көрініпті! Ол ақпарды алтын

жеңешемнен су тегін алып, алақаныма сап берген Қатекем.
Ал Жәкеңдерге жақсатты болу үшін бір кәдесіне асу керектігі
өзіме аян.
Жобалағанымдай-ақ екен, Жәкең өзі шешілді.

– Қой... өзі ер жігіт сияқты еді ғой... Өткенде сүйсініп қалып

едім... бір ерлік қылып... – деп, өзі өтінген бір шаруасын ананың
асқан шеберлікпен атқарып бергенін ризалықпен баяндап,
маған күмәндана бір қарап қойды. Сеніміңнен айналайын,
қайран аға, сеніміңді ақтамаған жерім бар ма, орта жолдан

қосыла кетіп, әлгінің ондай «делабой» пысықайлығын тіпті
аспандатып жібердім, дөйдің мақтаған нәрсесін жамандауға
болмайды. Бір қарасам, қызды-қыздымен дөйден де озып
кетіппін, «қой, менікі не осы, босқа арамтер болып» деген

өкінішпен өзімді-өзім зорға тежедім.

– Қайран ағеке-ай, қасиетіңнен айналайын, кісі танисыз ғой.

Әсіресе, інілердің ағалардың алдында жарқ етіп, көзге бірден
түсетін азды-көпті жақсы жақтарын қапысыз айырып, аспанға

көтеретін кеңдігіңізді айтамын, – деп тамсанып-тамсанып
жіберіп: – Әйтпесе, кейбір ағалар інілеріне ешбір жақсы
қасиетті қимай, тек қана тұқырта бергенді тәуір көреді ғой,

– деп томсара қалдым. Бұл сөзде пәле жатқанын аңғарса, дөй

бола ма, одан әрі бөсті. Басы айналып қалыпты, әйтпесе дөйдің
өтінішін кім болса да құлшына-құлшына орындайтынын ұқпай
ма? Қайда-а!

– Қиқметжан айналайын, ойымыз бір жерден шықты. Сол

баланы сендерге бастық қылып, өзіңді соның орнына қоймақ
ойымыз бар, тісіңнен шықпасын.
Кімді қайда қойғаныңды... тойыс, қойғанымды көрерміз
әлі.

– Әбден дұрыс аға. Сіз оның бойындағы ең тәуір қасиетін дәл

тапқан екенсіз. Бірақ оның басқа да жақтары бар ғой, жалпы
адам дегенің қазір қырық қырлы, мың сырлы боп кетті ғой.
Жаңа айттым ғой, бөспебайлау жігіт деп... Мәселен, өткендегі
сізге жасаған жақсылығын жалпы жұртқа жариялап, «мен

болмасам, қайтер еді, ә!» деп, бөсіп жүргеніне бес апта болды.
Жәкеңнің жүзіне сызат түсті. Бұл пенделерді қойсаңшы;
қанша­ма жақсы көрген адамы туралы көлденең біреу көлденең
сөз айтса болды, еріп жүре береді ғой, шіркіндер! Өсекті

тыңдамаса, оған қуанбаса, бірден қолқ ете түспей, анық-
қанығын тексеріп жатса, солай болса екен деп тілемесе, пенде
бола ма? Ал оны мен, Қиқымат айтсам бар ғой, өлтіре сендірмей
қоймаймын. Өсектің де өрісі бар...

Осы жұрт өсекті де өршітіп айтып, жаланы да жөнімен
жаба білмейді. Бірдеңені бықсытады келіп, бықсытады келіп,
ақырында түтініне қақалып-шашалып, өздері бықсып кетеді.
Жоқ, мен мүлде басқаша кірісемін. Өсектің өзегінде шындық

болуы шарт. Сонда ғана ол лап ете түсіп, өртемей тынбайды.
Мәселе сенің айтқан өсегіңнің шын болуында емес (шын болса,
өсек болмайды ғой, оны өршітіп, әуре болудың да қажеті жоқ),
бір шын фактіден өрбуінде. Орынбасарды осылай оқсаттым.

Пәленшекеңнің үйінде пәленше, түгеншелер қонақта болыпты
дедім. Бұл шындықты да, оны Жә­кеңнің жеңгейден естігенін
де маған қатекем жеткізген. (Қонақта болғандардың көбісі
ертеңіне дабыралап, пәленшекең үйінде болдық деп жариялап

жүретін дәңгесе болады ғой негізінен... ) Ал ол үйде нендей
әңгіменің болғанын да кейбір сөзуарлар тамаша қылып айтып

жүрген. Тіпті кей сәттерде екі-үш адамның, ішінде орынбасар
бар, бөлініп сөйлескенін де (Біз сүйтіп гуілдеп тұрғанда, анау
үшеуі өздерінше әлдеқандай болып бөлек кеткен) тілге тиек
қылған. Болды, осы жетеді маған. Оңаша үшеу не айтып,

не қойды – оны Жәкең де білмейді, мен де білмеймін. Білгім
келмейді де. Мен айттым: «Осылай да осылай, пәленнің үйінде
түгендер оңашаланып, сіз туралы былай деген, олай деген!».
Бітті! Дөйекең ештеңенің байыбына барып, өтірік-шынын

тексеріп жатпайды. Оған уақыты да жоқ, әрі «сен сүйдепсің»
деп, өзін төмендеткісі де келмейді. Содан: «Оның қай жерде,
кімге мені жамандағанын бес саусағымдай біліп отырмын»,

– деп күжірейеді. Алдыңғы екі факті шын болған соң, оған

қанша өтірікті тіркесең де талғамай жұта береді.

– Сол оңашаланғандардың ішінде ана ауылдың да балалары

бар екен. Бұл өзі тыныш жүрмейтін сияқты көрінеді. Ана
ауылдың балаларымен әмпей дейді ғой...
Дөйдің қаны басына шапты, ол ауылдың балаларына қаны
қат­қанның нағыз өзі еді. Анық себебін ит біліп пе, ұзынқұлаққа

сенсек, сол ауылдың бәлен деген бір дөйімен болмашыға
бәсекелесіп қалыпты дейді баяғыда. Баяғыдағы бәлесі ме,
бәлесымағы ма, бүгінгінің баласына оның қандай қатысы бар,
ол жағында шаруам не? Өз бидайымды қуыра бердім.

– Әмпей болғанда да сұмдық жақын көрінеді. Сыйлас...

тойыс, сырлас дейді. Өз арамызда ғана қалатын әңгімелерді де
айызы қанғанша жыр қылатын көрінеді...

– Қой, енді, басқаға барса да оған бармас. Алды-артын

ойламайтын ақымақ жігіт емес қой. Жел сөз болар.

– Жоқ, аға... Мұны бір сенімді кісіден естідім. Ол кісі – өтірік

айтпайтын үлкен кісі, – деп тағы бір өтірікті соғып жібердім.
Бұл қызықты қойсаңшы: сенімді үлкен кісіден естідім десең,
сенбейтін адам жоқ; ал ол сенімді үлкен кісі қайдан алыпты,
бәлкім сенімсіз біреуден естіген шығар; тіпті сол сенімді кісінің

өзі шынында да сенімді ме, онда шаруасы жоқ. Ертең-ақ: «Ой,
ол сондай екен ғой, мен сенімді адамнан естідім ғой» деп қарап
отырады.

– Және де бұл бір пәле ойлап, арамдық қуып жүрмеген

болар... Жаңа айттым ғой... аузы жеңіл деп. Сөйлемесе құса
болатын, былшылдауды бақыт санайтындардың сабынан ғой,
қайтсін енді... Айыбы – айтып қояды. Айтып қойғыш өзі...

Иә, «Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды...» Аталарымыз
қалай біліп айтқан... – деп, талайдың түбіне жеткен тарихи
мәтелмен тас бекітіп қойдым сөзімді.
Дөйдің дымы ішінде, мен көсіле түстім.

– Иә, десеңші... Содан басқа адам құрып қалғандай...

елді ойла­майтындай. Кім қандай, қайдан деп басын қатыр­
мастан, көрінгенге құшағын жайып, әркімді бауырым деп...
жалпақшешей болып жүр­гені... – Орынбасардың кейде қызып
алса, әркіммен бір сүйісетін көңілшектігі бар еді, онысына

мен басқаша мән бере салдым. – Қайда туғанын, ертең өлгенде
кім көметінін ойламай ма, одан да... Бәрінен де анау бәленнің
інілерімен ауыз жаласып несі бар десеңші! Таза сатқындық қой!
Көздеген жерден тигізіп, талдырып жықпасам, Қиқымат

боламын ба, Жәкең шамданды. Бұндайлар шамшыл келеді;
өзіне кіршік жұқпайтындай көретін қайран ағекемнің жел
жағынан
шаңдатып-шаңдатып

жіберіп
едім,
түшкіріп-
түшкіріп салды. Шаруасын атқартқаны рас болса да, өзіне

нахақтан күйе жағылғандай түнерді, дөйге сот бар ма?

– Е-е, солай де Қиқыметжан. Үлкен болғасын, сенгіш, аңғал

бо­лады екен адам. Ағатайлап тұрғасын, абайламай қанатымның
астына алып едім. Одан соң, мына Кәкең де салмақ салып...
Қой, құрсын, аулақ, енді аулақ...
Аға ойға шома күрсінді. Бір шаруаны тындырған соң,

екіншісіне бірден жегуге болмайды, я үркіп, я болдырып
қалады. Онда сәбізім бітті дей бер. Бар үмітті жеңгеме артып,
аңысын аңдып отырғаным­да, ол кісі бізді шайға шақырды.
Аға мен жеңгеме арналған толғауымды аяқтай бергенімде,

қо­ңырау түйдектете әндетіп қоя берді. Кештетіп қоңы­рауы
сирек шылдырлайтын, алда-жалда шылдырлай қалса да
кішілік танытып, батылсыздау ғана сыңғыр етіп, сызылып
тұратын үйдің иелері бір-біріне таңырқай қарады. «Жайшылық

па екен?» деген сауал бар жанарларында. Жұқа, әдемі
қабағы жеңіл ғана шытынаған жеңешем керіле басып есікке
беттеген. Сәлден кейін: «Ау, жеңеше, амансың ба?» – деп, үйді
у-шуға толтырған біреу ауыз үйдің астан-кестенін шығарды.

Жеңгейдің де дауысы жарқын-жарқын шығып, мәре-сәре.

– Е-е, әлгі тентек екен ғой, – деп, ағай да қуана кү­

лімсіреді.

«Иттің кездеспейтін жерде кездесуін қарашы» деп, ішім­
нен тыжырынсам да, амал қанша, жайдары жымиып, моп-
момақан, қуанған қалып таныттым.
Құйындай соғып Алмамбет кіріп келді. «Ассалаумағалейкум»

деп, аузын толтыра сәлем беріп, ағасын бас салып, қапсыра құ­
шақтай алды. Қанша айтқанмен бұл да батырдың тұқымы емес
пе, еңгезердей қарулы жігіт еді. Бірақ ана жынды құшырлана
қысқанда, сүйек-сүйегінің сықырлап кеткені маған да естілді.

Ауырсынғанын білдірмей, «Ой, ботам» деп, жындының
маңдайынан иіскеді. Осындай ақымақты әлдеқандай қылған
ағаның өзіммен бірге тумағанына ішім удай ашып кетті.
Менімен де көңілді амандасқаннан кейін, жынды бүлдіруге

кіріс­ті.

– Встать! – деді төрде отырған ағасына. – Бір күн төмен

отырсаң, өлмейсің. Қиқымат, төрге сен отыр!

– Жо-жоқ, о не дегеніңіз! Аға тұрғанда, – деп, жік-жапар

болдым.

– Онда өз обалың өзіңе. Үйдің иесінен төмен отыратын

қатыны емеспін, – деп, ағасының орнына молынан жайғасып
алды. Ана кісі ашуланса екен деп едім, қайда-а: «Дұрыс, дұрыс,
сенің жолың үлкен», – деп мәз-мәйрам болып, інісіне қызмет
жасап жүр. Менің інім болса ғой, көрсетер едім.

– Тәте, қарным ашып тұр, давай, тамақ әкел, – деді, екі фужер

сыраны дем алмастан қағып салған жалмауыз. Жеңешесін тәте
дейді екен. Үлпілдеткен алақанға, алдында иілгенге үйреніп
қалған кісі шамданып, үйден қуып шықса екен деп тіледім.
Қайда-а!

– Қазір, ботам, қазір, – деп ол да құрақ ұшты. Бәрімізге күле

қарап: – Тездете қоймасам, батыр қайным өзімді де қазанға
тастап жіберуі мүмкін, – деп, асүйге қарай сызыла жөнелді.

– Аға, шаруа бар, – деді, темекісін бұрқ еткізген жынды.

Ана кісі күлсалғыш тасып әуре.

– Иә?!

– Осы мен де ел сияқты адам болайыншы, пысық болайыншы

деп ойладым, аға. Қашанғы пайдамды ойламай, бала құсап
дараңдай беремін. Маған да ақыл кірді. Қысқасы, ағатай, мына
Қиқыматтар­дың бастығының орны бос тұр екен, соған мені
отырғыз!

Талып қала жаздадым. Бар пәлесінің алдын алуға дайындалып, тас түйін отыр едім, мынаусы күтпеген соққы болды. Қолымнан қасығым түсіп кетті. Абырой болғанда, батырдың тұқымдары бірін-бірі қызықтап, мені қаперлеріне де ілмей отыр. – Е-е, оны қайтесің? – Сіздей ағасы бар кісінің біреуге бағынып жүруі жараспайды екен. Екіншіден, мен де бір бастық болып, биліктің де бір қызығын көрейінші. – Сонда не істейсің? – Арманым – мына сболышқа (Мені нұсқады. Мен өзім­ сінгенге жорығансып сылқ-сылқ күле салдым) сыра тасытып қояйын деп едім. Інісін адам болайын деген екен деп үміттеніп қалған ағаның күдер үзе қызараңдай күлгені жаныма жағып-ақ кетті. – Аға, – деді жынды неме, ар жағына ел қонған соң. – Осы бір-бірімізге шынымызды айтып жүрсек қайтеді? Аға аң-таң болып бетіне қарады, менің алақаным мұздап қоя берді. Алмамбеттің қаперінде дәнеңе жоқ; екі саусағымен жаңғақ шағып отырып, сөзін сабақтай берді. – Осы біз ғой, ата-бабамыздың ақ батасынан жаралдық, ә? Шыннан туған соң, шыннан өлгеніміз дұрыс қой. Солай емес пе, Қиқымат? Басымның қалай изелгенін өзім де білмей қалдым. – Сен де шыныңа көш. Е-е, немене, аузыңды ашасың? Осы үйге ғой, сен ағам мен жеңгемді сағынып келген жоқ шығарсың? – Е, неге сағынбайын, сағынамын... – Қайдам... Сағынышыңа бір шаруа байламай жүруші ме ең? Мен білсем, тап осы жолы бастықтың креслосына ағамды жегіп, мініп бару үшін келіп отырсың. Ауа райының бұзылғанын бәріміз де сезіп, етек-жеңімізді қымтай бастадық. Ағаның қабағы кісіні үміттендіріп түйіле бастап еді, жеңгей әзілге сайды. – Ағаңның мойны жуан ғой, бәріміз мінсек те қыңқ етпейді. Бәріміз де күліп жібердік.

– Немене, тәте, сонда менің ағам өгіз бе? – деді Алмамбет

сақ-сақ күліп.

– Е-е, тентегім-ай, жүрісінен жаңылмай, бәрімізді өрге

сүйреп келе жатыр емес пе? Бір Хикметжан мінгескенге
желкесі үзіліп кете қоймас... – деп, қайран қадірлі жеңешем
қолына талай алтын сақина таққан еңбегімді толығымен
ақтады.

Дөй ағамыз мәз болып, құж-құж желкесін рахаттана
сипап-сипап қойды. Алмамбет жынды өгіз бен бұқа жөнінде
бірдеңелерді айтып әзілдеген, оған жеңгей сыңғырлай күлген.
Одан кейін жынды неме тағы да бірдеңенің иісін шығарып,

жеңгейге тиіскенсіді, ана кісі қызараңдағансып, ақылды
сөздермен майдалап жауап берген болып жатыр. Мен өзім іштей
қатты қуанулымын; е, мейлі, не десе, о десін, жынды кетеді,
жеңгей қалады. Жақсы жеңгелер аман болсын де, әманда!

Істің сәтін бір салса, өзінен-өзі өрге домалап, орайы келе
береді. Тас түйін жоспарымның талқанын шығарады-ау деп
шошыған жындым жолымның ой-шұқырын өзі тегістеп,
арбамды өзі итеріп, өгізімді өзі қамшылап бергенін білмей де

қалды. Пісуі жеткен әңгімені жеңгей екеуміз қалай бастауды
білмей отырғанда, оп-оңай жүйесін тауып бергені. Ақымақ һәм
аусар Алмамбетті сол сәтте жақсы көріп кеттім; біздейлердің
арасында бұндайлардың да болғаны қандай жақсы! Ар жағын

жеңешемнің өзі қатыратынына сенімім кәміл.
Жақсы жеңгемнің жақсы қайнысы боп алғаннан бері
бұл кісіден жасы да, жолы да кіші, бірақ әжептәуір жақсы
жеңгелердің жақсы қайнысы боп алғанмын. Аралас-құралас

болмай жатып-ақ, жақсы жеңгем мені әлгілерге «Бұл бір
қазіргінің қадірлі азаматтарының бірі, менің жақсы қайным»
деп таныстырады. Бітті шаруа, әлгілер маған өте жылы
қарап, мен боса-болмаса да жылтыңдап, одан олар мені жақсы

күйеулерімен «Жәкеңнің жақсы інісі» деп таныстырып, ол
ағалармен, әрине, Жәкеңнің көзінше, төс қағыстырып, бірталай
қолым ұзарып қалатын-ды. Талай-талай шаруаларымды реттеп
берді-ау, шіркін жақсылар!

Қайран қиядағыны қағып, қиялдағыны құтқармайтын
ақылым, Жәкең жұртты басқарса, Жәкеңді жеңгей жел­

келейтінін, тойыс... жетектейтінін әуелден-ақ аңғардым.
Содан жеңгемізге әбден жағып алғанбыз. Алмамбеттікі бос
сөз; студент кездегі ұсақ-түйек сыйлықтарды ұсақ-түйекпен
қайтарғанын қойшы; кейін қолымыз ұзарғанда оны-мұны

сылтаумен төктік қой бұған. Жұрт білмеген нәрсені жынды
қайдан білсін! Өзіміз де талай пайдасын көрдік; Жәкеңді
әуре қылмай-ақ, өзіміз де қиналмай-ақ, қатекем жеңгеймен
бір шай ішіп келген соң сол кісінің звоногымен-ақ талай

шаруаны реттеп алғанбыз. Жеңгей өз салмағын, қадірін
білетін; бұндай кісі өтінгенде орындамауға бола ма; ойбай-ау,
Жәкең үйіндегі жеңгейді ренжітіп; Жәкең естісе, өлім ғой;
бәлкім, Жәкеңнің атынан сөйлеп тұрған шығар деп елбең-

елбең еткен елпекбайларды елестетсем, әлі күнге күлкім
келеді. Бірде тіпті қызық болды: ауылдан аса сыйлы, тойыс...
дыйлы ағайыным келді. Шаруасы үлкен: оның кілті Жәкеңнің
қарауындағыларда. Біреу үшін дөйді мазалар ақымақ дейсің

бе, амал ойладым. Жәкеңе суық тиіп, үйде жатқан; қолма-
қол тиісті бөлім бастығына звондадым. Осылай да осылай...
«Мүмкіндік жоқ...» «Жәкеңді жұмыстан таба алмадым, маған
үйінің телефонын берсеңіз». «Оны айта алмаймын». «Жоқ,

айтып жіберіңіз, ағамыз қабылдамаса да жеңгеміз қабылдайды.
Мен сол қадірлі жеңгеме сәлем бермей кетсем, ертең ол кісі
өте қатты ренжиді». Анау бірден: «Апырмай, енді... Жеңгей
дейсіз бе? Мен бір ыңғайын қарастырайын, сіз қай телефонда

отырасыз?» Айттым. Үш минут өтпей телефон соқты. «Реті
табылды. Келіңіз». «Мен ауылдан келген адаммын. Қаланы
білмеймін, адасып кетсем қайтемін? Бір көліктің ыңғайын
қарастырсаңшы, айналайын». Қысқасы, әлгінің жіберген

көлігімен барып, шаруасын бітіріп келді ағайыным. Мен көзге
де түскен жоқпын, оған да ештеңе білдірген жоқпын ғой. Мән-
жайын сұрастырсам, жеңгейге көп-көп сәлем айтып жіберіпті.
Оны ағайыным бізге жорып, аузын ашып, көзін жұмды...

Хош, сонымен не керек, бұл сапар сойылымды жеңгеме
соқтыруға бел буғанмын. Еркек атымыз бар, он жерден
жақсы жеңгем болса да алдына бірден жүгіріп барып жүгіне
қоятындай жын ұрып па, әуелі Қатекемді іске қостым. Шұғыл

тапсырма берсең, шырайы кіріп, шынжырынан босатқанша

шыдамайтын байғұсты есік алдында та­наурап тұрған жерінен
зорға тоқтатып, тағы да пысықтадым. Бұның міндеті –
орынбасардың ағамен таныстығы қай дәрежеде екендігін, оның
соңғы кезде хабарласқан-хабарласпағанын, хабарласса, қайда,

қалай хабарласқанын айқындау һәм жеңгемізді оған қарсы
қайрап, әсіресе аузы жеңіл екендігіне ерекше назар аудару.

– Жеңгейді қалай мақтауды өзім де білемін, – деді аузы-

мұрны қисаймай.

– Дегенмен өткен жолғыдай тым негізсіз әсірелеп жіберме,

сезіп қалса, сенімнен айрыласың. Ол жолы масаттанып отырып
байқамағанына шүкір. Жәкеңнің әйеліне Кәкеңнің әйелінің
қасиетін теліді деген не сұмдық?! Өзім де білемін дейді ғой,
еркектің мақтанғаны дәнеңе емес, әйелдің мақтанғанынан

сақтасын, – деп, жеңгеймен қоса бұны да түйреп алдым. –
Кәкеңнің әйеліне тән қасиетті өзіне телігеніңді білгенде,
әуелден онымен бақас адам емес пе, күлің көкке ұшатын еді.
Мақтай білу де өнер, ол да шындықтан өрбуі керек; тақырға

сепкен дән өнуші ме еді; бойында бір кішкене ұшқыны бар
қасиетін, мәселен, қонақжайлылығын, енді, қадірі бар,
пайдасы тиетіндерді күтетіні шындық қой, қалай аспандатсаң
да жарасады. Рас, сондаймын ғой деп басы айналады, басы

айналған адамның басын қалай домалатсаң да еркің. Кетуге
жақындағаныңда бір айға үш мың сом сұрауды ұмытпа!

– Папасы, оны қайтеміз? – деп, жүні жығылыңқыраған

қатекем жасқана сұрады.

– Бәрін біле берсең, шашың ағарады, тіпті мүлде түсіп қалуы

да мүмкін. Маған сен де, айтқанды істеуді біл. Көк базарда
кездескеннен бері қай жерде менен ақылың асып еді? Берсе, ал,
бермесе, ренжігеніңді сыпайы ғана сездіріп, суықтау, тойыс,
суыттау тайдырғайсың табаныңды. Ал жолың болсын!

Көңілденіп барсын деп, шашынан бір сипап, бетінен сүйе
салдым. Табаны жерге тимей заулады дейсің. Сылқ-сылқ күліп
мен қалдым. Он жерден дөйдің әйелі болсын, туғанымнан кем
көрмеймін деп көпшік тастап жүрсін, қарызға ақша бермейтіні

айдан анық. Ертең өзім барғанда өкпелеген болып құнымды
көтеру ғой менің ойым...
Қатекем тапсырмамды тастай қылыпты. Екі темекі тарт­
қанша орынбасарға құрған торымды тарылтып үлгердім.

Қанша айтқанмен, анау-мынаулар алдында «жеңгелеп» жорғалайтын Қақаңның Қатекесі емес пе, бұның да өзінше намысы бар ғой әрі бір пайдалы шаруаға керек болған шығар деп ойласа керек, шолақ ақылымен, дөйдің әйелі ақша бермегеніне бұртия қалыпты. «Оу, бермегеніне мың алғыс айт жеңгейге. Кассамыз тұрғанда кісіден ақша сұраушы ма едік? Қайта жеңгейді бұрынғыдан да жақсы көре түс», – деп, жадыратып, басын шұлғыттым... Содан араға бір күн салып келіп отырғаным осы ғой. Бағана кіріп келгенімде есікті өзі ашқан жеңгей мені бұрынғыдан да жайдары қарсы алды. Жарқылдап, ауыз үйде-ақ біраз жайтты жайып салды. – Кеше өкпелеп қалған жоқсыңдар ма? Келін аяқастынан асы­ғып-үсігіп, тұра жөнелген соң (мәләдес, Қатеке!» дедім ішімнен), сеніп келгенінде бір өтінішін орындай алмағаныма әбден қиналдым. Ақшасы құрғыр бар еді, алдында ғана... – деп, сылтауларды тізе берді, мен мұқият тыңдағансып, мойным талғанша басымды изей бердім. Задында, жеңгей – ақкөңіл кісі. Әйтпесе «өкпелесең, көшке бер­ген тайлағыңды қайтып ал» деп, дүңкие салатындар көп қазір, оларға не істейсің? Бірақ жеңгейдің біздей инабатты қолбаладан айырыла алмайтынын өзім жақсы білемін. – Жо-жоқ, жеңеше, атай көрмеңіз! – Жеңгей бір ты­ ныстағанда, көшелілік таныттым. – «Жоққа жүйрік жет­ пейді», сізге өкпелегенше өлгеніміз жақсы емес пе? Ме­німен ақылдаспапты, әйтпесе ондай ұсақ-түйек шаруамен сіздерді мазалатпас едім. Өзіне де біраз ренжідім. Өзінше өзі біліп істегені ғой, бірақ өзі біліп істейтін, өзі біліп істегені бәріміздің ойлағанымыздан асып түсетін сіз дейсіз бе елдің бәрі?! – Ештеңе етпес... енді... жас қой. Үйренеді ғой әлі, – деп, жеңгей есін әрең жиды. Осы кезде мен бір кішкентай ғана шаруамен келгенімді, соны ағаға айтар-айтпасымды білмей әрі батпай тұр­ғанымды мәлімдедім. Жеңгей жанып кетті. – Е-е, өсуге талап қылсаң, несі айып? Мұндайда қол ұшын берме­се, несі аға? Айт, айт көңілденген кезінде. Болмай бара жатса... иә... ағадан именген инабатыңнан айналайын... өзімақ айтамын.

Әйел күйеуіне айтқанын еркелеп өткізеді, еркелігі жүрмесе,
желкелеп өткізеді. Жеңгем осылай дегенде, шаруаны біткенге
санап, рахаттанып тұрып рахметімді жаудырып, ағама еркін
кірдім ғой...

Жеңгесімен әзілдесіп отырып әлгі әңгімені ұмытқан-ақ
шығар деп едім, өйтсе Алмамбет бола ма, орағытып кеп соқты.

– Жарайды, аға, ойнап айтамын, мен бастық болмай-ақ

қойдым. Мені өрге сүйреймін деп жүріп, өзіңіз кері кетіп қап
жүрерсіз. Бірақ мынаны да, сұқ саусағымен кеудемнен нұқып
қалды, сүйремей-ақ қойшы, аға!
Аға сабырынан жазбады.

– Сені мен сүйрегенмен, сен алға баспайсың. Екіншіден,

жетекке жүрсең де, сені ол орынға ешкім отырғызбайды.
Хикметті де бастық қылайын деп жатқан ешкім жоқ. –
Үрейім ұшып еді, ай, шіркін, ағаның аузына сөз салғаны үшін
Алмамбет жындыға тағы риза болдым-ау! – Между прочим,

Хикметжан бастық болса, несі айып?! Әбден лайық жігіт!
Қолынан іс келеді; жөн-жоба білетін, ел-жұрт үшін аянбайтын
осындай жігіттер жас кездерінде жұмыс істеулері, өсулері
керек қой.

«Иә, жұмыстың ретін білетін менің бастық болғым келсе,
несі айып? Мен неге үнемі біреулерге бағынуым керек? Heгe
маған біреулер бағынбайды, ә?!» деп ойладым мен.

– Ел қамын ойлайтын мынау ма, сонда?!

Алмамбет саңқ ете қалды. Содан мені біраз сыбап алды, бар
пәлені маған үйіп төкті; аға-жеңгесінің көзін ашқысы келді,
менен сақтандырды. Мен ойынға айналдырып, кішірейгенсіп
отырып, өзін қатырдым да отырдым.

– Қайдам, өзім Хикметжанның еш жаманшылығын көрген

жоқпын, – деді бір кезде аға кесіп-пішіп.

– Құрдас... қатар болған соң ойнай береді ғой бұлар. Өзі өстіп

отырғандары жарасады екеуіне, – деп, жеңгей күлдірді.

– Шындығымды айтсам, жындылыққа саясыңдар, – деп,

Ал­мамбет те жуасып қалды да, іле-шала қайтадан көтерілді.

– Әй, сенің бастық болған неңді алған? Кім бастық болса да

бәрібір емес пе саған? Онсыз да басқарылып жүрген, өмір бақи
басқарылып өтуге жаралған немесің ғой!
Алмамбет шатақ іздеді, мен иін жұмсартуға тырысып,
ығына жығыла кеттім.

– Е-е, батырекесі, саған бағынып келеміз ғой енді. Бағынып өту­ге бармын өз басым. Ағамыз алақанына салған сендей азаматқа бағынбай, бас имей не көрініпті?! Әзілге сайғансып, үлпілдетіп қойдым. Жасырын ғана жағы­ ныңқырап, ағаны да әлдеқандай қыла салдым. Оны аңғарып жатқан батырларым жоқ, әжептәуір боп мәз. Айтыса кетсек, ағаның мен жақта тұратынына сенімім кәміл, дегенмен, кім біледі, қанына тартып жүрсе... – Дегенмен ағамды пайдаланып өскің келген сенікі де, сені өсір­гісі келіп отырған ағамдыкі де дұрыс емес! Өстіп ақымақ болмаса, Алмамбет бола ма, дөй маған қарай бір­жолата ауып шыға келді. – Е-е, онда тұрған не бар? Танитын, туысқанымдай болып кеткен, барлық қасиетін білетін Хикметжанды өсірмегенде, ол орынға айдаладағы біреуді қоюым ақылдылыққа жата қояр ма екен?! – Иә, десеңізші... Сіздей ағамыз тұрғанда, біздің далада қа­ луымыздың өзі біртүрлі ыңғайсыз ғой... Ал ағаға шаруа айтып келуім айып па? «Жыламаған балаға емшек бермес» дегендей, үн-түнсіз орнымда отыра берсем, кім мені «айналайын, саған лайық» деп, анау орынға көтеpіп апарып отырғыза қойсын? Ойлашы өзің... Айтшы шыныңды... Қайтуім керек, ә?! Алмамбет булығып, сөз таба алмай қалды. Түсі бұзылғаннанақ бетімді қорғауға байқатпай қамдандым; жынды неме бір салса... Бет-аузы көгерген кісінің көсегесі көгермейді. Абырой болғанда, тілге келді-ау бір кезде. – Бәрібір әділдік емес бұларың! – Қалайша? Қалайша әділдік емес? Қой, жаным, дүниедегі адал, әділ адам жалғыз сен емес шығарсың... Әркім өз орнында отырса, тиісті міндетін атқарса, әділдік деген сол. Басқа не керек? – Ал сонда адамгершілік міндет, парыз қайда қалады?! – Алмамбет даусын ағасынан да асыра сөйледі. Аға да қыңған жоқ. – Ал, Хикметжанға көмектесуімнің несі адамгершілік емес? Інімізге шарапатымыз тимесе, несіне аға болып жүрміз? Бірбіріңді сүйеп, пана болып жүріңдер деуші еді ғой аталарымыз да.

– Иә, ал, сол орынға лайықты адамның жолына бөгет бо­

ласың дейсің. Сонда лайықты адам кім? Оны лайықтайтын
кім?! – дедім мен де.
Алмамбет басын қыса ұстап, үнсіз қалды.
Осы кезде жеңгей көзінің қиығымен ағамызды оңаша

шақырды. Олар кетісімен Алмамбет тағы да маған шүйлікті.
Оның «өйтіп жіберейін бе, бүйтіп жіберейінбесін», ой, бір
рахаттана тыңдай оты­рып, оңаша әңгімені ойлаумен болдым.
«Осылай да осылай, – дейді жеңгей. – Кеше де бір өтінішін

орындай алмай, өкпелетіп ал­дым. Ылғи меселін қайтара береміз
бе? Өзіңнің қолғанатың, сенімді інің... Өскені бізге де жаман
емес. Қай шаруаңнан да аянбайды» дейді. Аға әлгі әңгімеден
кейін қарсы бола қоймас, алда-жалда; «Менің жұмысыма

қол сұқпа, үйді билегенің де жетер» деп керги қалса: «Менің
ойлағаным үйдің қамы емей немене? Хикметжан осы үйдің бір
адамы емес пе? Біз дегенде жандары бөлек, аянып қалған жері
жоқ. Алдындағы малың емес, бір кішкентай мекеменің кілтін

сұрап отыр ғой. Хикметжан басқарса, ол да біздікі болмай ма?
Мен уәде беріп қойғам, екіжүзділігім яки екісөзділігім жоқ
екенін өзің білесің... Ондай атқа қалдырмассың мені. Осыдан
оны қоймай, анау екіжүзді өсекшіні қойып көр! Бір өтінішімді

өткізе алмасам, несіне әйел боп жүрмін?!» деп, құлағынан
басып, тырп еткізбейтіні анық...
Олар қайта оралғанда, ағаның жүзінен бір шешімге келге­
нін байқадым. Жеңгей маған ұрлана бас бармағын көрсетті.

Қуанға­нымды білдірсем, Қиқымат боламын ба, түсінгенімді
кірпігімді қағып ишараладым. Ішімнен: «Айналайын жеңеше,
бас бармағыңды, тіпті бес бармағыңды қайтадан алтындап
шығармын» дедім.

Анау-мынау көди-сөди әңгімеден кейін қайтуға ыңғай­
ландық. Дәл есіктің алдында Алмамбет.

– Аға, қазір далаға шыққан соң мынаны сойып алайын ба?

– деді.

– Екеуміз жабылып сойып алсақ қайтеді? – деді аға. Күлкісі

біртүрлі көрінді; шаруам біткен екен, дөй неме жеңгейдің емес,
мына жындының тіліне ерген екен деп ойладым. Ағайынды
екеуі мәз боп күледі.
Зығырданым қайнады. Қайраным жоқ, әттең, дүние-ай! Қай­

тейін, күнім үшін әлди... Ашу – дұшпан, денсаулығыңа зиян,

келе­шегіңе кесір: оны өлтіре білу де өнер екенін жастайымнан
ұғып, жастайымнан соған дағдыланғанмын. Көкірегіме қатты
тиген келекенің өзіне өзгеден бұрын кеңкілдеп, кәмпитке
айналдырып жіберемін. Бұл жолы да иіле салып, ағайынды

екеуін жалпасынан түсірдім.

– Е-е, сенің сабағаныңа үйрендік қой, майдай жағады

өзімізге. Өзі, сабамағаныңа да көп болды ғой, сағынып қаппын.
Сенің қолың тимесе, денеміз құрыстап, қанымыз дұрыс
айналмайды. Ал енді ағамыз сабаса, түгіміз қалмайтын шығар.
Алмамбет арқамнан дүңк-дүңк қағып, дар-дар күлді. Аға

жымиып, маған көзін қысты. Шыға бергенімізде, жеңімнен
тартып, оңашалады.

– Жарайды, бәрі нормально болады. Өзім кірісемін. Тек

жақсылап жұмысыңды істей бер, дұрыс жүр. Бірдеңеге ұрынып
қалмаңдар, анаған ие бол, – деп, қолымды қысты...
Далаға шыққан соң Алмамбет біраз миымды ашытты –
баяғы әдеті. Бірақ бұл жолы мен оны өте бір ризашылықпен,

шын құрмет­теп, таксимен үйіне дейін жеткізіп салдым.
Әйтеуір, бүлдірмей ғана үйінің қасынан түсіп қалды, бар
болғаны құйрығымнан бір тепкізіп қана құтылғаныма мәз
болып, мен кете бардым...

«БУМЕРАНГ»

Сонымен тіресетін, таразыға түсетін төртеуінің қалпағын
қа­йырып жіберіп, асығым алшысынан түсетініне күмәнім
қалмай, алшаңдай басып жүрмін ғой баяғы. Көлденең жатқан
көк тас жоқ, шөп-шөңгеден тазартылған даңғыл жолым

даңғырап тұр. Итеріп жіберетін тепловоз түтіні бұрқырап
дайын тұр. Зу ете қалатынына көзі жеткенде кісі айналасына
мейірлене қарайды екен; мен де өмірге ерекше елжіреп,
қарамағымдағы қызметкерлеріме әжептәуір кеңшілік бердім.

Әй, сол күндері олар да бір жасап қалды-ау!
Есебім дұрыс, кім біледі, біреу-міреу өсек қылып, тіпті
арызданып жүрсе, пәле болар. Одан да маған разы болып,
жайраңдап жүргендері жақсы. Әйтпесе бұларды тырп еткіз­

беуді білемін. Е-е, өзіңді-өзің бұлдап, бар екеніңді білдіріп
қоймасаң, кімнің қадірін кім біліп жатыр? Құныңды кетіріп
алу қандай оңай болса, бағаңды көтеріп қою да сондай оңай.
18-0047

Беделіңді түсірмей, қайта мысқалдап батпан бедел жинап
алу – үлкен өнер. Кейде қарауымдағы біреулер бір қағазына қол
қойдырып алу үшін алдыма келеді. Шаруасы тығыз екенін де
білемін, қолма-қол қоя салғаннан түгім кетпейтінін де білемін.

Бірақ өзімді-өзім арзандатып не көрініпті, кейінірек келерсің
деп шығарып саламын. Содан, ертеңге сілтеймін, ертеңіне
асығыс бастыққа кетіп бара жатамын. Сөйтіп ол бір-екі күн
мені әңгіме қылады; үйінде отырып, ішімді кептіреді, соның

арқасында менің бар екенімді, қолымнан бірдеңе келетінін,
дардай боп жүрген неменің күні маған қарап тұрғанын бала-
шағасына дейін біледі; ал жұмыстағыларға: «Қақаң қол қой­май
жатыр, қолы тимей жүр ғой, жұмысбасты, үлкен кісі ғой», – деп

мақтайтыны беп-белгілі. Әне, білсін қадірімді! Менің орнымда
Алмамбет болса, қағазына жүріп бара жатып коридорда-ақ
қол қоя салар еді; бірақ ондай бастықта бедел бола ма?! Біраз
зарықтырыңқырап барып, жалынышты халге келгенде (тым

қатты қинауға да болмайды, ерегістіріп аласың) қол қойып
берсең, қолыңнан сүюге бар. Ал енді басқа мекемелерден келген
қатынас қағаздарды біраз ұстау – заң. Іле-шала «құрметті»
одан соң, «аса құрметті» деп басталатын өтініш келеді, оған

да қыңбасаң «Қақалап» телефон соғады. Ақыры: «Қақа,
енді, бірдеңе ғып, тездетіп жіберсеңіз... Еруліге қарулы деген
ғой...» дегенде барып, қол қоя саламын. Білсін, біздің де бар
екенімізді, he, he, he! Бірақ жаңалық күтіп, жадырап жүрген

кезімде бұның бәрін қойып, шаруаның бәрін тап-тұйнақтай
ғып бітіріп, алдыма келген адамды күлімсірей қарсы алып,
күлімдетіп шығарып салып жүрдім. Дөй болатыныма әбден
сенгендіктен, өзімді үлкен кісілерше ұстап, кішкентайларға

кеңпейіл болуым да әбден заңды ғой. Қызық қой, кейде дым да
жоқ болады, кейде мыңдап қонады қолыңа. Сәтін салса, орайы
келіп тұрады ғой. Дәл осы кезде дөй бастықтың өзімен табақтас
болу бақыты бұйырды маған.

...Бұрышты айнала бергенімде баяғы басекем шыға келді
алдым­нан. Бұрқырап терлеп келеді. Қолтығында дәу қара
папка. Өңірі ашық, тонының екі етегі қарғаның қанатындай
далбаң-далбаң. Сәлемімді алар-алмастан:

– Әй, бері қара. Осы пәлен жыл қоластымда істегенде менің

тілімнің сақаулығын байқадың ба? – деді.

– О не дегеніңіз, басеке, – деп жайылып түстім. – Қадалған

жерден қан алатын, қаққанын қазықша сіңіретін, айналайын
дегенін аспанға шығаратын тіліңізді сағындық қой әбден.

– Әп, бәсе! Ал енді әңгіме айтқанда майын тамызбайтын ба

едім? Талайлар тамсанып, «Апырай, мынау бір дайын тұрған
роман ғой» дегені қайда? Әлде өтірік мақтаушы ма едіңдер?

– Құдай сақтасын, басеке, сіз шерткен хикаялар қызық

оқи­ға­сы­мен, данныйының молдығымен, идеялық бағытымен
ерекше­ленетін...

– Ал ендеше мыналардыкі не?

– Кімді айтасыз?

– Баспадағыларды айтам-дағы. Көрген-баққанымды жас­

тарға ғибрат болсын деп, жазып-жазып алып келсем: «Ақ­
сақал, тіліңіз орашолақ, шұп-шұбар, жазғаныңыз пәлен­
шекеңмен пәлен жерде табақтас болдым дегеннен аспапты.
Баса алмаймыз», – дейді. «Сонда жазба дейсіңдер ме?» – десем:

«Жоқ, жазуға әркім ерікті, бірақ жақ­сы жазыңыз», – дейді.
«Ал жақсы жазуды үйретші маған», – десем: «Ол өзіңізге
байланысты», – дейді.
Бұрынғы басекем терін сүртіп, жан-жағына қарап алды да,

құлағыма алқына сыбырлады.

– Ішің білсін... Көрсетемін, бәлемдерге... «Жыланды қырық

кессең де, кесіртке құрлы әлі бар» деген...
Мұны білемін ғой, әрине.

– Дұрыс айтасыз. Бірақ жауыңның да дауына құлақ асқан

жөн. Ол шикібастар сіздің көргеніңізді көрмеген; сіздің
білгеніңізді білмейді, әрине. Бірақ олар да оқыған қулар ғой,
әдебиеттің теориясын біледі. Иә, әр нәрсенің кілті болады
ғой, менің ұққаным: әдебиетіңіздің ең әдемі әдісі – әсірелеу.

Әсірелемесең, әсерлі болмайды.
Басекем басын қисайтып, менің қиссамды ұйып тыңдап
қа­лыпты.

– Сондықтан сіз де негізінде шындық жатқан оқиға­ла­

рыңызды оңды-солды көсілтіп, әсірелеп жазып шығыңызшы,
көрейін, қалай баспағандарын...

– Сонда қалай әсірелеуім керек?

Пәлен жыл қызметтес болғанда тек бұйыруды білген басекем
бірінші рет қиыла өтініп тұрған соң, немді аяйын?!

– Енді... ол былай ғой. Жаңағы өзіңіз айтқан ардақтылармен

дәмдес, аралас-құралас болғаныңыз, сыйласқаныңыз дүйім
елге белгілі ғой. Сол кездерде көп кеңескендеріңіз де рас. Ал
енді сондай мәнді де дәмді әңгімелердің қайсыбірі есте қала
береді. Міне, соны жаңғыртып жазуыңыз керек. Сыйлас

болғаннан кейін, олар сіздің пікіріңізбен де санасып отырған
шығар. «Осы пәленшекең дұрыс айтады» деген кездері де
болғаны анық.

– Иә, иә, сөзімді жерге тастамайтын...

– Міне, соның бәрін менің тілімді алатын дей салсаңыз,

еш айыбы жоқ. Ана бір қателесіп жүрген кезінде қателігін
ашып көрсетіп, ақыл айтқанымда, ойланып, артынан менің
ақылыммен түзелген деп жіберсеңіз тіпті қатып кетеді. Өмірде
болуы мүмкін бірер оқиғамен тұздықтап жіберуге сіздің бай

фантазияңыз молынан жететініне мен куә.
Бұрынғы басекең терлеп кетті.

– Өтіріктеу боп кетіп, ұятқа қалмаймын ба?

– О не дегеніңіз? Қағазға жазылған нәрсе өтірік бола ма

екен? Осы күні біреулер күнделік жазады, соны түгел шындық
дейсіз бе? Құбылып, өзгеріп тұрған көңіл әр нәрсенің тігісін
жатқызып, өз пайдасына бұрып, әсірелейді. Е-е, солай, өтірігін
де қағаздап қояды. «Жаман айтпай, жақсы жоқ», «біреуге

ерте, біреуге кеш» деген ғой... Ертең соның бәрі документ боп
шыға келеді. Өзі жоқ адамның жазып кеткенін жұрттың бәрі
күмәнсіз шындық деп ойлайды.

– Апырай, Қиқыматжан-ай, көптен ойлағанымның дәл

үстінен түстің-ау! Өзіңді болар балаға балап, бауырыма тарт­
қанда, қате­леспеген екенмін. Күдігімді сейілтіп, шешімімнің
дұрыс екенін тағы бір дәлелдедің. Айтқандай, сенбі күні бір
үлкен кісілерді шақырып қойып едім, ішінде бол!

Алғысын жаудырып, қаңғалақтап ол кете барды, оның
үйінде дөй бастықпен бірге болатыныма куанып, қойқаңдап
мен кете бардым. Мұртымнан күлдім. Апырай, «ертең бұл да
маған ақыл айттым деп жазып қояр ма екен» деп, алдын алған

түрін қарашы. Пенде шіркін бәріне де өз ақылым жетеді, бәрін
де өз ақылыммен істеп жүрмін деп алданады; ақылдының
айтқанын істеп абыройлы болса да, оны мойындауды қорлық
деп біледі. Е-е, мейлі, рахмет айтпай-ақ, ақылымды алып,

айтқанымды істегендеріне рахмет, he, he, he!

Содан дөй бастықпен қонақта бірге болдым. Тағдырым
қолында екенін емеурінмен ғана сездіріп, тым елпілдеп,
құнымды кетірмей-ақ ұнап қалуға тырысып жатырмын. Беті
бері қарап, жылы жүзбен бейілденіп-ақ отырды. Бастықтың

көңіліне кірбің ұяламақ түгілі, қабағы шытылса, басыма
бұлт үйірілетінін бес саусақтай білетін мен майлы ішекше
лыпылдап-ақ бақтым. Сөзден сөз шығып, менің сорыма әңгіме
бір атақты ақынға ауысқаны. Құрып қалғырдың басекеңмен

жақын ағайын екені есепте-тұғын. Өзін тіке мақтасам,
жағынғанымды жұрт та, өзі де сезіп қояр деп қаймығып
отырған қайран басым (жұртты қойшы, не десе, о десін, өзі
шамданып қалса құримын ғой) құтырып... тойыс, құлпырып

шыға келейін. Аннан-мыннан үзіп-жұлып естіген өсектерді
өңдеп, тойыс, оңдап кеп жіберіп, қызыл сөзбен тұздықтап, бір
табақ қылып тарта салмаймын ба? Басекем мен әлгі ақынның
түбі бір екенін білетін шикібастар да қол шапалақтап желпінді.

Қолпашқа елікпейтін тас түйін ақылыма со жолы бір пәле
көрінген болу керек, қызды-қыздымен айды аспанға бір-
ақ шығардым. Қақпанға түсетін түлкінің табаны қышиды;
өзімнен-өзім өрекпіп, өз өтірігіме өзім сеніп, басекемнің туысы

үшін толғай-толғай тост көтерейін.
Мақтау сөзді аяғам жоқ, тегін дүниені кім есептеп жатыр,
әйтеуір, «Халқымыздың мәдениетін дамытуға ерен үлес қосып
жүрген үлгілі, үлкен азамат, қайраткер үшін» дегенім есімде.

Ол аз болғандай: «Сол кісі сіздерге жақын ғой, ондай адам тек
сіздердей қасиетті әулеттен ғана шықса керек. Ондай кісі –
сіздің ғана емес, бүкіл елдің мақтанышы» дедім аспандап.
Туыстығын басекем өз аузымен мойындаған соң бағанағы

бітеу бастар тағы бір бусанып, бұрқырап-бұрқырап қалды.
«Олай болса, сондай аяулы азамат өсіп шыққан сіздің әулет
үшін» деп тағы бір есіп өтіп, «Сіз үшін!» деп көзіме жас алдым.
Қызды-қыздымен шаруаны біткенге санап, босаңсығандыкі

ме, әйтеуір, басекемнің ішкі құбылысын бақылауды ұмытып
кетіп­пін. Содан бәріміз жайылып... тойыс... жабылып жүріп
ол кісіні шығарып салып, тәп-тәуір-ақ тарағанбыз...
Ал енді зарығып шақыру күтемін – хабар жоқ. Ең қиыны

белгісіздік екенін сонда ұқтым.

«Жағдайы жақсы, жалғыз кандидат өзі» деген жеңгейдің
жақсы хабарын естігелі де біраз уақыт өтті. Көңіл күпті.
Айнала гу-гу сөз. Жүйке де тозып бітті. Бірдеңеден үміттеніп,
құлағың бір көтеріліп алған соң қиын екен, әбден сужүрек боп

кеттім. Боламын деген соң болу керек қой, болмай қалсаң, ең
аяғы бала-шағаңнан ұят. «Таласып нем бар еді, тыныш жүре
бермей» деп қоямын кейде ішімнен. Жолдас-жораға жалбақтап,
қай жағымнан кеп қалар екен деп, жан-жағыңа жалтақтаған

бір тірлік, әйтеуір. Соны сезгендей қаумалаған көп қулар
амандасқанда да қулана қарайды. Күнде біреуі келіп, бір
тісіңді қағады. «Кім келеді» дегендерін қойшы, ондайлардан
«Кім біледі?» деп құтыласың ғой. «Анау болатын шығар,

сықиып киініп, галстук тағып жүргенінен қорқамын» деп
қорқытатынын қайтерсің. «Жоқ, анау болуы керек, қалтасы
қалың ғой» деп қаусатып жіберетіні өз алдына, кейбіреулері
құрдастығын жамылып: «Әй, сенің де жүгіре-жүгіре табаның

тозды-ау. Бірақ ештеңе шығара алмай, табаныңды жалап
қала бердің білем!» – деп быт-шытыңды шығарады. Әйтеуір,
Қиқыматтығымның арқасында: «Жоға, жүгіріп нем бар? Осы
орным да жарайды, ешкімнен кем емеспіз. Ал енді бол деп

жатса, несі бар, боламыз!» – деп күлгенсіп құтыламын… Дөй
ағамызды мазалаудың да ретін таба алмадым, «бір айтқан соң
болды емес пе?» десе, біткенім ғой. Зыр жүгірген қатекем мен
Аңқабай да күдікті бір сейілтіп, бір қоюлатып, үмітті бір үзіп,

бір жалғаудан аса алмады.
Бір күні опыр-топыр жиналыс бола қалсын. Әбігерленіп,
зыр жүгірдік. Бір сұмдықты сезе қойған жүрегім мұздап,
қатып қала жаздады. Тегін үрейленбеппін. Сарт еткізіп жаңа

бастықпен таныс­тырды. Әйтеуір, өзіміздің ішімізден шықпай,
сырттан келгені­не жұбандық бәріміз. Содан гу-гу әңгіме. «Кім
екен?», «Өмір тарихы қандай?», «Қай жерден?», «Кімнің
туысы?», «Семья жағдайы?», «Мінез-құлқы?», «Нені жақсы

көреді, нені жек көреді?», тағы басқа сумаң-сумаң сөздер
әуелі құлағыма кірмей қойды. Әйтеуір, қырымды сындырмай,
жұртпен бірге жайраңдаған болып жүрмін. Орынбасар
мен бөлім меңгерушілері де менімен сол күні әбден жылы

амандасып, жақсы көріп қалыпты. Өздерінен асып кетпегеніме
дән риза.

Кешкісін Аңқабаймен қосылып, ой, бір бастық дейсің!
Қыздырып, тойыс, қызып алып, сілкілеп-сілкілеп алдым.
«Саған сеніп жүрсем, неге осылай боларын айтпадың маған?»
«Ойбай, Қақа, білсем бұйырмасын! Міне, нан тұр ғой, нан

ұстайын! Өзі де атүсті, күтпеген жерден бола салған шаруа
ғой. Тіпті бағана талып қала жаздадым!» – деп, жыпылық-
жыпылық етті. Менікі, әйтеуір, іштегі өртті басудың амалы
ғой, әйтпесе бұл байғұста тұрған дәнеңе жоқ. Бұдан былай да

менен қол үзбеуін, жұбымыз жазылмай, бір-бірімізге бас-көз
болып, сүйеніп жүрсек қана күн көре алатынымызды қадағалап
тапсырып, енді аңысын аңдайтын кез келгенін, ауыз ашып
жүрсек, санымызды соғып қалатынымызды ерекше ескертіп,

осы жолғыдай дүниеден хабарсыз болсақ, қапыда кететінімізді
әсіресе анықтап ұғындырып, құлағы түрік, көзі қырағы болуы
керектігіне баса назар аудардым. Қысқасы, коллективтің
ауа райына қатысты сөздің бәрін менің құлағыма құйып,

менің ақылыммен әрекет қыламын деп ант-су ішті. Өзімнің
жаңғалақтау, бірақ сонысымен сенімді жансызымның көңілін
аулауды ұмытпай, бірінші кезекте үйіңді кеңейттіріп беремін
деп мен де бір уәдені беріп тастадым.

Ол түні ұйқы қайда, қатекем екеуміз қайта-қайта шай
ішумен болдық. Әбден әңгімелесіп, арлы-берлі армансыз
сырластық. Бүкіл тарихты жіпке тізгендей көз алдымыздан
өткізіп, зая кеткен есіл еңбегімізді жоқтадық. «Еңбегіміз тіпті

босқа кеткен жоқ екен-ау, әйтеуір, қатар жүргендерді өзімізден
асырып жібермегеніміз де аз олжа емес» деген ойға табан тіреп,
көңіліміз көтеріліп қалды. Әйелге айтатын сыр бар, айтпайтын
сыр бар, кезінде аузына ие бола алмай, бір жерде оттап қойып,

қырсығын тигізер деп бүгіп қалған, енді ешқандай маңызы жоқ
әңгімелерден қайырдым. Басекемнің ана бір жолы шақыртып
алып, «Өзіңнен басқа ыңғайлы адамды көрмей отырмын, сірә,
сені бастық қоярмыз» дегенін, енді неден қағына қалғанын

ұғына алмай жүргенімді айттым. Өткенде қонақта бірге
болғанымды, көңілінен шыққанымды толғағанымда, әйелім:
«Таптым! Енді таптым!» – деп ышқына дауыстап жіберді.

– Қара басқан екен ғой сені де, қара басқыр! Жолыңды

кескен қара мысық – өзіңнің тілің!

Аң-таң болып, екіленген әйелімді зорға бастым. – Ау, жөніңе көшші, жарқыным. Дымыңды түсінсем бұйырмасын. «Жолдасың соқыр болса...» дегендей, күнненкүнге ақымақ болып бара жатырмын-ау, сірә, – деп, білдірмей ғана өзін де шаншып өттім. – Бастығының көзінше басқа біреуді қорықпай, қасақана мақтайтын қасиет Алмамбет жындыдан жұққан ба саған? – Аптығып, айқайлап жіберуге шақ қалды. – Кетші-ей... «Сужұқпас, май терілім» деп мақтайтының қайда? Біреуге мен жұқтырмасам, маған кім жұқтыра алушы еді? Біреуі несі? Атақты, абыройлы ақын оның туысқаны ғой. – Именно сонда боп тұр бар пәле. Ақынды мақтағанды қай әкім жақсы көруші еді? Былайғы жұртқа білдірмей, туысым деп мақтанған болып жүрсе де, ішінен сол туысқанын иттің етінен жек көретінін ұзынқұлақтан кеше естідім. Әттең, кеш естідім! Бармағымды шайнап-шайнап, түкіріп тастағым келді. Амал не? – Сонда ол итті бұл ит неге жек көреді? – Негесі несі? Туысқан екені рас, алты аласы, бес бересі жоқ екені рас. Тіпті кезек-кезек шақырысып, араласып тұратыны да рас. Ана иттің мына итте шаруасы жоқ екені де рас, мына иттің ол итті иттің етінен жек көретіні де рас. Қызғаныштан да сол баяғы. Енді қалай, оңай деп пе ең? Екеуі бір әулеттен болса, анау иттің атағы бүкіл елге жайылса, ал мынау ит те өзін көкжал санап, шартиып жүргенімен, анау иттің абыройы асып тұрса, іші күйгеннен үнсіз ұлымай қайтсін? Барлық жерде де алдынан шығып отырғасын, жалауға тұз таппай қыңсыламай ма? Енді кеп, сендердің орталарыңда салмағын сезініп, өзінше мардымсып отырса, сен келіп анау ит үшін ит ішкіріңді иттен арман ішесің. Өзің ішкеніңмен қоймай, бұл итті бас қылып бүкіл иттеріңе ішкізесің. «Ә, солай ма? Сен де анау итті мақтағыш ит екенсің ғой» деп, бұл ит сен итті ұлытып кеп жіберген сосын! Ұлитын кезек бізге келді. Әй, атаңа ғана нәлеттерді армансыз бір келістірген шығармыз. Айдағыны алып жеп үйренген алтын басым, қайдағыға бола уысымдағыны шығарып алған соң қайтейін?

– Құрысын, бастан құлақ садаға, сонымен кетсін. Қырына

ілініп қалған екенсің, мына орныңнан да қағып жіберуі мүмкін.
Екі ортада тоқал ешкі құсап жүрмейік...
Үзілгенді жалғап, жіңішкені жуандатқан, осы күнге
дейін озды­рып келген, алда да алысқа апаратын алтын әдісім

айналып келіп өзімді соққанда оңдырмай түсірді-ау! «Өз табағы
өзіне тартылды» деген осы да. Нешауа, аздап басым қатып, біраз
уақытым кеткенін, жүйкеме сәл-пәл күш түскенін айтпағанда,
жоғалтқан түгім жоқ. Жағдайым жақсы, төрт құбылам түгел,

мен неден қыңамын осы? Қайта сабақ болды. Әйелдікпен айтса
да, сөзінің жаны бар. Бірақ негізгі пәле – қарсыластарымның
маған қарсы жүргізген науқан­дарынан екені айдан анық. Қай
жағымнан, қалай кеп қалды – білмей далмын. Жәкең де дал.

– Біреулер ортадан киіп кетті ғой деймін, әйтпесе жағдайың

жақ­сы-ақ еді. Аяқ астынан бәрі өзгеріп кетті ғой... Амал не?
Жарайды, алда да күн бар, ағайын-туыс, біз бармыз. Бір реті
болар тағы, – деді бағана сөйлескенімде...

«ОСЫДАН ОСЫ ЖОЛЫ АМАН КЕТСЕК...»

Сол алдағы күнді ойлап, тәуекелге бел буып, таңертең
басекеме кіріп барайын. Тілдің майын тамызып, тамырын
басып, төте жол­ға сап қоймақшы едім. Кірсем... Алмамбет
отыр. Жай отырса бірсәрі-ау, жағасы жайлауда, қарқ-қарқ

күліп отыр. Шегінерімді де, шегінбесімді де білмей әрі-сәрі
күйде тұрып қалып ем, жынды неменің темекісін бұрқ еткізіп,
кеңсені басына көтере даурықпасы бар ма?!

– Әй, сболыш, бері кел. Ел-жұрттың алдын алып, жаңа

бастығыңа жағына қояйын деп келесің ғой. Кел, кел,
жағындырып жіберейін.
Өзі мәз-мейрам. Басекем сыр бермей, маған сынай қара­
ғанынан-ақ «біттім» деп ойладым. Құрдымға кетіп бара жатсам

да, құлағым түрік қой, іштей мырс ете қалғанын анық естідім.
Амал жоқ, қолдасып амандасып, жындының қарсысына
шоңқидым.
Бастық пен Алмамбеттің дос екенін байқап үлгірдім, әйтпесе

бұл әңгүдік қашаннан бері бастықшыл боп қалып еді? Дүние
басқаша дөңгеледі. Аздан соң Алмамбет әдетіне басты.

– Сен ішіңе мықтап тоқып ал. – Басекеңді иығынан бүре

ұстап өзіне қаратып, сұқ қолымен мені шұқыды. – Атақты
Қиқымат қу осы болады. Бұл итпен бірге оқып, бірге жүргем.
Ең арамы, ең қауіпті, ең залым адам – нақ осының өзі. Сен мені
жақсы білесің ғой, сөзіме сенесің. Жалпы, алданып қалмай,

сынап қарасаң, өзі-ақ кім екенін көрсетеді. Ал, жақсы, мен
кеттім.
Басекем саусақтарын сықыр еткізді. Ұяттан өліп кете
жаздасам да, әзілге сайған болдым.

– Қайран батырдың тұқымы-ай, өстіп мені илеп жүресің-ау.

– Илегеннің көкесін енді көресің. Өзіңді кешке тағы сойып

алайын ба? – деп, иығымды сындырып жіберердей бір мытыды
да, қойқаңдап тартып отырды.
Ол кеткен соң басекең: «Иә, жайша жүрсіз бе?» – деп
сыпайы ғана, түк болмағандай, жайма-шуақ сұрады. Түні

бойғы жоспарым талқан болып, қысылтаяңда терлеп кеттім.
Әйтеуір, Қиқымат атым бар ғой, баяғы басекеңнің тұсындағы
бір қағаздарды көлденең тарта қойғаным. Абырой болғанда,
ар жағын қазбаламай-ақ, «көрерміз» деді де, жайыма жібере

салды. Құтылуын құтылсам да, «көрермізі» үрейімді ұшырып
жіберді.
Е-е, дүние-ай, «осыдан осы жолы аман кетсек, тағысын
тағы алармыз қосшы бала» дегендей, көрсек көрерміз. Қанша

айтқанмен, Қиқыматпын ғой, қырық құбылып, жүз түрленсем
де, әйтеуір, кез келген жерге сіңіп, кез келген жағдайда жағам
жайлауда, тілім сайрауда, ұртым майлауда болатынына кәміл
сенемін.

Һe, he, he!
Автордан: Бұл повесть «Жұлдыз» журналының 1989
жылғы №1 санында жарияланған. Аздаған қысқартулармен
беріліп отыр.

КҮЛМЕСКҮЛ

Әңгіме
«Мені танисыздар ма? Мен – күлкінің әртісімін. Менің өне
бойым тұнып тұрған күлкі. Осы күлкінің арқасында алқалы
топтың алақанында асыр салып, алаштың аспанында жұлдыз

болып жар­қырадым».
Өстіп жүргенде бір қызық болды. Сахнада сайрап тұрып,
рөлдің сөзін ұмытып қалайын... Кілт үзілді әңгімем... Алай-
бұлай ойлап көремін, есіме түсер емес. Енді қайттім?..

Сасқанымнан тұра қалып, сақалымның орнын сипадым.
Жұрт аң-таң. Сол бетте қолымды қолтығыма тығып жіберіп,
дыр-дыр қасыдым.
Жұрт менің рөлді ұмытып қалып, қиналып тұрғанымды

қайдан білсін, ду күлді.
Ә-ә, күлсеңдер, мә, сендерге деп, қарнымды сипалап былай...
бірдеңе дей бергенде, аяқ астынан түшкіріп кеп жіберейін...
Жұрт жарылды күлкіден. Біреулер жәрәкімалла деп жатыр.

– Мен қашанда осылай өте қатты түшкіремін, – деп төпей

жөнел­дім. Баяғыда, тамыздың тымық кешінде төртінші
қабаттың балконын­да тұрып, түшкіріп кеп қалмаймын ба...
Төменде... тып-тыныш көшеде... бір төртпақ, топ-толық,
тары түсті төтіңкі тұмылдырықты тарғыл төбетімен тату-тәтті

тербетіліп келе жатыр екен. Тура төбесінен мен түшкіріп кеп
қалғанда, торпақтай төбеті талдың түбіне зып беріп тығылып,
төртпақ төтіңкі тротуарға төрттағандап жата қалған... – дедім.
Жұрт қыран-топан.

– Тұра бергенде төбесінен тағы бір түшкірікті тартып кеп

жіберіп едім, тары түсті төртпақ төтіңкі тырапай асып, таңқы
танауы мен талпақ табаны қазбауыр бұлттарға сәлем айтып,
тырп етпей талпайып қала берді. Торпақтай тарғыл төбеті
талтаңдап келіп, тұмсығымен түрткілеп-түрткілеп, тірілтіп

әкетпегенде, төтіңкіңіз тротуарда тырқиып қалатын еді, – деп
соғып жіберіп едім, жұрт күлкіден жатып қалды.
Бір жуан ағамыз дәл қарсы алдымда отыр екен. Күлерде
дудар-дудар шашын быртық-быртық саусақтарымен бытыр-

бытыр бұ­рап-бұрап жіберіп, бұрқыратып алады екен. Одан

соң қалқандай құлағын, қолағаштай мұрнын уқалап-уқалап
жіберіп, бет-аузы бір қауырт қозғалысқа келіп, әйда бір күледі
екен, әй! Баяғыда, ауылда Уәңкі деген ұста көршіміз болған.
Соның бір ескі сырнайы болатын. Мереке күндері самогонға

тойып алған Уәңкі көршіміз сырнайын самбырлата тартатын.
Сонда ескі сырнайдың мүжіліп-қажалып, жұлым-жұлым
болған тілдері Уәңкі құлашын кере созғылаған сайын арлы-
берлі ыржың-ыржың, тыржың-тыржың ететін. Мына ағайдың

да бет-аузы сол Уәңкінің сырнайындай арлы-берлі қозғалғанда,
қарап тұрып айызың қанып, разы болғаның сондай, күле бергің
келеді, күлдіре бергің келеді.
Сырнай ауыздың оң жағында отырған тәмпіш мұрын, түйме

көз, темір тісті, тобылғы түсті, толқын төсті томпақ тәтей
күлген кезде тіпті теңіздей жайылып кетеді екен. Көк көйлегі
көлпілдеп, көмекейі бүлкілдеп, ой, бір кеңкілдейді келіп!
Өстіп мәз болып тұрып, сырнай ауыздың сол жағына көзім

түсіп кеткені... Өй, қарамай-ақ қоюым керек еді сол жаққа...
Оның сол жағында менің сорым отыр екен!
Әп-әдемі қыз бір қарағанда. Тіпті керемет сұлу. Бірақ сұп-
суық... Маған тесірейіп қарап алған, көзі өңменімнен өтіп

барады. Күлмек түгілі, езу де тартпайды.
Күлмегеніңді көрейін деп, әзіл-қалжыңның тиегін ал бір
ағытайын! Әлгі қыз күлмек түгілі, бұрынғысынан да бедірейе
түсті. Мен күлдірмей қоймаймын деп тыраштанып бақтым. Ол

күлмей қойды...
Сұмдық осыдан басталды. Оған Күлмескүл деп ат қойып
алдым. Ол келесі концертке тағы да келіп, тура сол орынға
жайғасып алды да, міз бақпай қадала қарап отырды. Танаурап

бір кеттім. Аннан да, мыннан да жібердім әзілдерді.
Шал болып шатқаяқтап, тілімді шайнап, өткенді қозғап,
кассада күйіп кеткен өмір бойғы жиған-терген еңбекақымның
обалын даулап шатып-бұттым. Кемпір болып кемпеңдеп,

зейнетақыны айтып кемсеңдеп, айдалаға емпеңдедім. Стекең
де болдым, мыстекең де болдым, қызтеке де болдым. Гитекең
де болдым, итекең де болдым, битекең де болдым. Есек
боп ақырдым... Бастық боп бақырдым... Жағымпаз болып

жағындым, шағымпаз болып шағындым... Сенатор болып
сарнадым, депутат болып зарладым, басекең болып алдадым,

шенеунік болып жалмадым. Тендерді ұттым, гендерден
бұқтым, сектаны тұттым, параны жұттым. Базарда зиянды
заттарды саттым, өтірік кітап, өтірік зират таптым, жалған
ескерткіш аштым, аузыммен автомат, артыммен миномет боп

аттым. Қайтсем де күлдіремін деп күшеніп, тыраштанып,
еретикадан да, эротикадан да екпіндете соғып, әдептен аттап,
ұятсыздықтың батпағына белшеден батттым. Әсіресе, кекс пен
секске келгенде, текске де қарамай, теріске лаға бердім, лаға

бердім.
Жұртқа бәрібір, мен лаққан сайын ду-ду күліп, қолдарын
соға берді, соға берді.
Ал Күлмескүл шәйнек құсап жылтырады да отырды. Жай

отырса, бірсәрі-ау, мұрнын шүйіріп, ернін жиырып қояды
ғой... Ерегескенде күлдірмей қоймаймын деймін. Ол күлмейді.
Оның күлмегені мені тірідей өлтіріп барады.
Әлгі сырнай ауыз ағайыма рахмет. Шіркін, бір отказ

жоқ не деген керемет бет-ауыз десеңші! Маған қарайды да,
самогонға тойып алған Уәңкінің ескі сырнайы құсап, өз-өзінен
созалаңдай бастайды. Оң жағындағы түймекөз томпақ тәтем
де солай, мен не айтып жатырмын, не үшін айтып жатырмын,

қалай айтып жатырмын, онда жұмыстары жоқ, бірдеңе десем
болды, мәз-мәйрам. Тоғыта берсең, талғамай, шайнамай жұта
беретін не деген тойымсыз күлегеш ауыз! Түйені түгімен, биені
бүгімен, вагонды жүгімен, ұшақ пен тікұшақты тобымен,

тәңкіні оғымен, зеңбіректі добымен, жерді шөбімен, төрт
түлік малды... терімен жұтса да тойдым демейтін, тіпті мұнай
құбырын тікелей көмейіне тартып қойсаң да жұмырына жұқ
болмайтын жемқорларың да мына күлкіге тоймайтын сырнай

ауыздың жанында жіп есе алмас, сірә!
Кенет басыма бір ғажап ой сарт ете қалды.
Бұл қыз саңырау болуы керек, менің ғажайып қалжың­
дарымды жөнді ести алмай қор болып отырған шығар?

Дыбысты күшейттіріп, бар даусыммен қиқырып бақтым. Жұрт
қыран-топан.
Әлгі қыз... әлгі қыз екі қолымен екі құлағын тас бекітіп,
қатты да қалды. Байқаймын, бұл қызым керең емес,

терең сияқты. «Қап, сені ме, бәлем!» « Күлдіремін сен
қызды... күлдірмей қоймаймын...» деп арқырай түсемін
мен... «Күлмеймін... Күлдіре алмайсың» деп Күлмескүлім

шәйнектей жалтырай түседі... «Күлгенде қандай күлесің...
қабырғаларың қажалғанша қарқылдап, өкпе-бауырың сол­
қылдағанша сылқылдайсың әлі» деп пергілеймін кеп мен
ең өтім­ді деген нөмірлерімді. «Осы ма керемет күлкілі деп

жүргендерің? Түкке де тұрмайды ғой, әй» дегендей, әйнектей
беті одан ары әй­баттана түседі. Апырмай, жан жоқ, жылу жоқ,
тіпті бүкіл жұрттың ішек-сілесі қатып жатқанда, бір тамшы
қан жүгірмейтін неғылған сазбет десеңізші! Оны көргенде

ана сырнай ауыз жуан ағай мен толқын төсті томпақ тәтейді
айналып кеткің келеді. Амал не, ерегестің аты – ерегес, қайтадан
Күлмескүлге қадаламын. Өй, бірақ оған сөз де өтпейді, көз де
өтпейді, шәйнек беттен шағылысып, кері қайтып келеді өзіңе.

Жынданып кете жаздадым.

– Әй, шәйнек бет, шешең-ң... ішек-сілесі қатқанша күліп

отырып, шемішкеге шашалып шейіт боп кетіп пе еді? Әй,
әкең-ң... әзілден өліп, өмірі күлме деп аманаттап кетіп пе еді
әлде? Я болмаса, перілермен беттесіп, серілермен кектесіп, езу
тартпасқа серттесіп пе едің? Әй, бір күлші, әй, жымиып қойшы

тым болмаса! Неге күлмейсің, а-а?! – деп ышқына айқай салдым
тікелей сахнадан.
Жұрт қыран-топан. Қызым одан сайын мұздай болып,
көгере түсті. Әрең дегенде концертті аяқтап шықтым-ау.

Бұрын концерттен кейін көрермендер қаумалап, суретке
түсіп, қолтаңба алып жатқанда, мәз-мәйрам боп қалушы едік.
Енді қайда... көзіммен Күлмескүлді іздеп әлек болдым. Көзім
шалған бойда, соңынан қуып жеттім.

– Неге күлмейсіз? – дедім ай-шай жоқ.

– Неге күлемін? – деді ол да қайқайып. – Не үшін күлуім

керек?
Сасқанымнан дымым шықпай қалды. Ол салмақпен, сайлап
тұрып ұрды.

– Күлкілерің күлкі емес! Ой жоқ, мазмұн жоқ, мән-мағына

жоқ! Әлеуметтік астар, қоғамдық маңыз жоқ! Ең бастысы,
әдемі әзіл, шуақты күлкі – тонкий юмор жоқ! Адамшылықтан,
әдеп пен мәдениеттен жұрдай бос қылжақ, дөрекі әзілсымақ,
дарақы күлкі­мен дара өнер жасап жүрміз деп дардаясыңдар

ма, немене?
Қызбаланып, қызбен қызылкеңірдек болдым.

– Мықты болсаң, өзің шық та, күлдіріп ал! – дедім. –

Кесіртке, кобра, тасбақа, питон боп кетсең де, бір жадырайтын
кезің болды ғой!

– Пәшләк, шут гороховый! – деді, шынымен кобраға ұқсап.

– Осылай сайқымазақ болып, мағыналы дым бітірмей өтемісің

өмірден!? – деп қарап тұр.

– Көпшілік күліп жатыр ғой! – дедім жол тауып.

– Көпшілік көйлегің жыртылып, кіндігің ашылып қалса да

күле береді!

– «Көпті жамандаған көмусіз қалады» деген... Немене, сіз

ақылдысыз да, көпшілік ақымақ па? – деп, ең ұрымтал тұстан
ұстап-ақ едім:

– Көпшілік екеумізден де ақылды! – деп, сусып кетті. –

Бірақ дені дұрыс күлкі кездеспеген соң қайтсін, сендерді ермек
қылып, қылжақтарыңа күле салады да!

– Мәссаған безгелдегім, сонда сізге қандай күлкі керек өзі, ә?

Бәлкім, өзіңізді шат сезінудің орнына, бөздей бозарып, безеріп
алып, бізден безгеніңізге қарағанда, бозбалалармен боза ішіп,
безгегіңіз ұстап жүрген кезбе кезіңізде күлкі безіңіз езіліп
кеткен шығар, ә, кербезім?.. – деп, соңғы көзірмен көздеп

тұрып ұрдым.

– Безіміз де, безбеніміз де орнында! – деді безбикешім безірейіп.

– Ал мына сендердің ақылдарыңның ауытқып кеткеніне

күмәнім жоқ... егер де әу басында бірдеме болса! Анаған еліктеп
арттарыңды ашып, мынаған еліктеп бастарыңды қасып, әр
тесікке тілдеріңді жүгіртіп, үлкен отыр, кіші отыр деп ұялмай-
қызармай ырбаң-ырбаң еткендеріңе қарағанда, даңғазамен

дүлейленіп, делқұлы, дүңгәна, кеңкелес, қылжың-мылжың,
қылжақбас, ауыш, айкезбе боп кеткендерің даусыз! Не әдеп
жоқ, не мәдениет жоқ, көшенің арсыз күлкісінің деңгейін­
дегі сендей дарақы далбайларды даңғайыр дарабоздардың

сахнасынан қуып шығып, дарбазаның түбінде дарбыз сатқызып
қояр ма еді! – деп, қайқайып кете барды.
Көңіл жықпас көрерменнің қолпашымен семіріп, күмпиіп
жүрген көңілім Күлмескүлдің алмастай тілген тілінен кейін

сүмпиді де қалды.
Көпшіліктің бағасы бір төбе, Күлмескүлдің бағасы бір төбе
бол­ғаны несі? Тіпті таразының табағына тастап кеп жіберсең,

көп­шіліктің күлкісін Күлмескүлдің күлмегені басып кететін
сияқты. Бұрын әй дер әже, қой дер қожа жоқ, аузыма келгенді
айтып, не болса соны қылжақтап, ыржаңдай беретін едім, енді
аяғымды тартып, ойланып сөйлеуге айналдым. Әзілім – алтын,

қалжыңым – қазына деп жүрген қабылан басым Күлмескүлден
қорқа бастады.
«Өй, Күлмескүл, күлмей қал, сенің өзің кім, сөзің кім» деп
қо­лымды бір сілтеп те көрдім. Болмайды. Көз алдымда шәйнек

құсап жылтырап тұрып алады. Және жай тұрмайды, мұрнын
шүйіріп, менсінбей тұрады. Жо-оқ, мен саған менсіндіремін!
Дүйім халық алақанына салып, алыстан арнайы ат терлетіп
іздеп келіп, әзіл-қалжыңымды рахаттана тыңдап, ардақтап

ақша төлеп отырған, қазіргі заманғы күлкі өнерінің кемел
шебер кемеңгері деген атағыма Күлмескүлдің күмәнданғаны
көлеңке түсіріп, жүйкеме тиіп бітті. Және жынымды келтіріп,
жаныма бататыны – оның сөзі шын болып өлтіріп тұр ғой!

Күлмескүлді күлдіру күллі өмірлік мәселеме айналды.
Бұрын оқымаған кітаптарды оқи бастадым. Ең бастысы,
ақыл-ой әлемін шарлап, ізденіп, ойланатын болдым. Келесі
концертке тастай болып келдім де, оқтай зулаттым. Ой, не бір

тамаша әзілдер кетті-ау! Бірақ... көпшілік күледі, Күлмескүл
күлмейді.
Ең соңғы нөмір ғана қалды.

– Әр заманның бір керемет сөзі болады. Арыдағы әмеңгер,

кемеңгер деген сияқты, біздің заманның көкейтесті сөзі
де, кейіпкері де – жемеңгер! – деп кібіртіктеп бастадым
да, қыза келе көсілте соқ­тым. – Негізі, жемеңгерлік–
жемқорлықтың өркениетті, мәдениетті түрі. Ал жемқорлық

– осы күні екінің бірі айқайлап, аттандап жүргендей, ата

жауымыз емес, ата жолымыз! Атам қазақ қалай тауып айтқан!
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды», «Бал ұстаған бармағын
жалайды», «Құрғақ қасық ауыз жыртады», «Құрғақ аяққа
бата жүрмейді», «Мың сіз-бізден бір шыж-быж артық»

деген кемеңгерлік сөздер жемеңгерлік емей немене? «Түстік
өмірің болса, кештік мал жина» дегенді дұрыс түсініп жүрміз
бе осы? Бұл дегенің бүгін түсте тұтқындалатын болсаң да,
келешегіңе мол жетерліктей қарпып қал деген сөз ғой. Тіпті

«Жел болмаса, шөптің басы қозғалмайды» дегеннің екінші
мағынасы, жем болмаса, ешкім де қозғалмайды, яғни, жеу
біздің қозғаушы күшіміз деген сөз емес пе!
Шынын айтқанда, мына жанталасқан уақытта жемеңгер

болу оңай емес... Күні-түні, көрінген нәрсені жей беру қандай
қиын! Жанға тыныштық жоқ, қай күні жарылып кетер екенмін
деп жатса-тұрса уайымдап, жүдеп жүрген жоқ па азаматтар?
Бүйте берсе, жүйке ауруына шалдығуы әбден мүмкін...

Сондықтан жемеңгерлерге тиіспеу керек. Жей берсін...
Тіпті жемеңгерліктің оқуын ашу керек... Өйткені осы күні
ештеме жемеңдер дегеніңді ешкім де тыңдамайды, тыңдаса да
қолы жеткенін жей береді. Сондықтан жастарымызды жаппай

сауаттандырып, талғап, таңдап жеудің ешқашан, ешкімге
ұстатпайтын әдістерін кәсіби деңгейде үйретіп қойсақ, жаңа
дәуірге сай жемеңгерліктің өркениетті сатысына көтеріліп, ай-
әлемнің алдына шығамыз. Мысалы, тендер деген жемеңгерлік

өнердің теңгермесіз шедеврін өрендеріміз еркін меңгеріп алса,
кім көрінгеннің құрған өрмегіне тү­сіп қалып, түрмеде еңіреп
отырмас еді. Немесе құрылыстан жейтін­дерге мынадай кәсіби
әдістемелік жазу керек: ешқашанда іргетастан, қабырға­

дан, ұстындардан, цемент пен бетон, төбе мен еден сияқты
құрылысты құлатпай ұстап тұратын негізгі нәрселерден
жеуге болмайды. Осыларды, ештемені аямай, өте мықты етіп
салсаңыз, құрылысыңыз құламайды. Құрылысыңыз құламаса,

сізге сот жоқ. Ал есік-месік, обой-сабой, бояу-сояу, терезе-
мерезе, шыны-мыны, унитаз-мунитаздарды, құбыр-сұбыр,
қыл-қыбырды қыбырлап-жыбырлап жүріп-ақ күбір-сыбырсыз
қылғыта беріңіз. Одан үйге де зиян жоқ және үй иелері де оның

бәрін бәрібір ауыстырып, өз қалауынша қайта жасайды. Міне,
осындай әдістерді оқытып алсақ, жемеңгерге де, елге де өте
пайдалы болар еді.
Жемеңгерліктен жалпы ұлттық «Қазақстан қарыны»

деген жа­рыс өткізсек, қырғын болмас па еді! Әр ауданның,
облыстың, рес­публиканың ең үлкен, тойымсыз қарындарын,
яғни чемпион­дарын анықтап, алтыннан алқа, күмістен
белбеу тағып, теңдессіз тұлғалар ретінде лайықты тұғырына

қондырса ғой, шіркін! Қарындарына жемеңгер деп жалпитып
жазып тастаса, қатып кетпей ме?! Олардың үлкен-үлкен
19-0047

әдемі суреттерін жұлдыздармен бірге көшелерге іліп қойсақ,
әділ болар еді. Өйткені жұлдыздардың біразын жарқыра­
тып отырған осы жемеңгерлердің ақшасы емес пе? Білсін,
көрсін халық біздің заманның нағыз геройларын! Өйткені

жемеңгерлер өздері үшін емес, ел үшін жеп жүр ғой... Ел жей
алмайды олар құсап... Жесе ұшынып, ауырып қалуы мүмкін...
Жемеңгерлер ел үшін ауырып, күнәһар болып, елім үшін екі
дүниенің отына мен күйейін деп, елім деп еңіреп жүріп жейді

емес пе ел байлығын!?
Жалпы, біз жемқорлықты жамандап, екіжүзді болмай­
ық, жұр­тым. Бәріміздің де жегіміз кеп тұрады. Біреу бір
шаруамызға көмектесіп жіберсе, бірдеме бергіміз кеп тұрады.

Осы күні пара алмаған кісілер бар шығар-ау, бірақ пара
бермеген кісі бар ма екен? Ал беру дегеніңіз жемқорлықтың
тамырына су құю емей немене!
Тіпті жемқорлыққа қарсы аяусыз күресіп жатырмын деп

жа­лаулатып жүрген жақсы-жайсаңдардың да өз жемеңгерлері
бар. Өздеріне жем жегізіп отырған ондай жемеңгерлерді
жақсы-жай­саңдар жемқор демейді, «ойбай, бұл ел қамын жеп
жүрген керемет азамат!» деп, жер-көкке сыйғызбай мақтай

жөнеледі. Олардың ел қамын жейтініне титтей де күмән жоқ,
бірақ соған қоса, елдің нанын да жеп, қанын да сорып жүрген
сияқты болып көрінеді де тұрады. Жақсы-жайсаңдарды былай
қойып, кез келгенімізді алайықшы, жемеңгер туысқаны­

мыз, құда-жекжатымыз, жолдас-жорамыз жоқ па екен? Қай-
қайсымыз да жемеңгерлермен сыйласып, ара­лас-құралас
болып жүргеніміз, тойына баратынымыз, мақтап-мақ­тап
сөйлейтініміз, ән салатынымыз, жемқорлықпен жинаған бір

контейнер ақшасынан конвертке салып бергенін алғыс айтып
алатынымыз өтірік пе? Тіпті өрісің кең, табысың мол болсын
деп бата береміз ғой. Яғни ұсталып қалма, жей бер, көп же деген
сөз емес пе! Демек, біз бәріміз де жемеңгерлік деп аталатын

кемеңгер­лік ойынның қатысушылары, қолдаушыларымыз.
Бүйтіп ақша мен ардың арасында арпалыстырып, жалпақ
жұрттың жанын ауыртқанша, жемеңгерлікті ашық түрде
заңдастыру керек-ау, осы! Ал жемеңгерлер тапқан табысынан

салық төлеп тұрса, қаншама қаржы түсер еді қазынаға. Әбден
жеп-жеп, байыған жемеңгердің кемеңгерге айналуы қиын

емес... Жемеңгерлікке жол ашсақ, кемеңгері көп кемел ел
болуымыз оп-оңай! Жалпы, біздің жауымыз да, қаупымыз да
жемеңгерлік емес, басқа бірдемелер сияқты! Мүлде басқа!
Өстіп ақ тер, көк тер боп, ақтарыла аяқтадым. Жұрт сілтідей

тынған. Жым-жырт... Сырнай ауыз ағамыз сұп-сұр, сұп-суық...
Толқын төсті томпақ тәтем ызадан тырсиып әрең отыр...
Тым-тырыс тыныштықты бір кезде бір жалғыз күлкі
жарып шықты. Күлкі болғанда қандай! Күміс қоңыраудың

сыңғырындай... Мен өмірі мұндай күлкіні естіп көрген емеспін.
Жұрттың бәрі дара күлкіге әуестене бұрылды. Күліп
отырған Күлмескүл! Күлгенде қандай әдемі болып құлпырып
кетеді десеңізші! Сол сүйкімді қалпында нәзік алақандарын

ақырын ғана, сәнімен соқты!
Бұл мен үшін ең үлкен сыйлық еді! Не болғанымды білмей
кеттім!

– Кел, Күлмескүл, кел, жаным! – деп, қолымды создым

сахнада тұрып.
Жұрт аузын ашып қалған! Күлмескүлім күлімдеп, сахнаға
бетте­ді. Гүл бердім. Гүлмен бірге жүрегімді бердім. Жұрт
дуылдата қол соқты. Мұндай овацияны көрген де арманда,

көрмеген де арманда!.. Сахнадан қол ұстасып бірге кеттік...
Содан жұбымыз жазылмай, шаңырақ көтердік. Шын аты
былай қалып, Күлмескүл атанып кетті. Ең ғажабы, Күлмескүл
менің күлкімді түзеді! Айтпақшы, сонша күлмей жүріп, неге

күлгенін сұрасам, Күлмескүлім жымың етеді де қояды.

– Соны өзім де білмеймін! Бәлкім, сөзіңе, бәлкім, өзіңе

күлген шығармын, – дейді. – Бар да елді дұрыстап күлдіріп,
бергенін ал да қайт. Елді бүлдіріп жегеннен гөрі, күлдіріп
жеген жақсы ғой, жемеңгерім! – деп әдемі әзілдеп, сыңғырлай
күледі.

Мен қосыла күлемін...
2013 жыл

АШАРШЫЛЫҚ ЖЫЛҒЫ МАХАББАТ

Киноповесть

ЖАУДАН ЖАМАН ҚОНАҚ

ХХ ғасырдың отызыншы жылдары. Жаз. Құлпырған дала.
Бейбіт қазақ ауылы. Шым үйлер мен қоңыр киіз үйлер аралас.
Кеш. Қыр басында алтыбақан теуіп, әзіл-қалжыңы жарасқан
жастардың шат күлкісі. Айнала асыр салған балалар. Бес-

алты қыз-жігіт. Сәнді киінген. Ортада байдың әсем киінген
сұлу қызы – Райхан. Жанары жалт-жұлт етеді.
Қыр астынан ат дүбірі естіледі. Іле-шала жас совет
қызметкері Ернияз шыға келеді. Алтыбақанға тура тартады.

Ауыл жастары өкімет адамынша киінген жігіттен қысылып
қалғандай.
ЕРНИЯЗ: Ассалаумағалейкүм! Орта толсын!
ЖАСТАР: Уағалейкумассалам! Сізбен толсын! Төрлетіңіз!

(Ернияз аттан түсіп, алтыбақанға жақындайды).
РАЙХАН (алтыбақанда жалғыз өзі ырғатылып отырып):
Алты­ба­қанға асқақтаған әніңіз болмаса, құр жылтыраған
сәніңізбен шыға алмайсыз-ау деп қорқамын! (Жұрт күледі).

ЕРНИЯЗ: Бір ауыз сөзіңізден садаға! Бірақ әнді сопиып
жалғыз тұрып айтқаннан гөрі, сұлу қызбен бірге ырғалып
отырып айтқан жарасатын сияқты!
РАЙХАН: Өнеріңіз ойымыздан шықпай қалып, орта жолдан

түсіріп кетсек, өзіңізге өкпелерсіз!
(Ернияз алтыбақанға қызбен бірге отырады. Жігіттер
ақырын тербей бастайды. Ернияз ән салады. «Мен келем тау
ішінде түн­делетіп...» Әсем әнді жастар ұйып тыңдайды... Қыз

бен жігіт әнмен бірге тербеліп, бір-біріне сүйсіне қарап, бір
ғажайып күй кешкендей.
Ат дүбірі естіледі. Шаңдатып аудан бастығы жетіп келеді.
Түсі суық, жүрісі суыт).

БАСТЫҚ: Ернияз! Шұғыл әңгіме бар! Кеттік! (Жүре береді).
ЕРНИЯЗ (кеткісі келмей): «Апырмай... (қыз үнсіз)
Кешіріңіз... Жұмыс... Көріскенше күн жақсы... айтармыз әлі
әннің жалғасын...» дейді.

(Бір-біріне өртене қарап, қимастықпен қоштасқандай
болады. Ернияз аттанып кеткенде, алтыбақан басы үнсіз
соңынан қарап қала береді...
Ернияз қыр астында бастықты қуып жетеді).

ЕРНИЯЗ: Не боп қалды сонша? Жау шапты ма?
БАСТЫҚ: Жаудан да жаман! Жоғарыдан қонақ келе жатыр!
Қонақ болғанда да дөкейдің дөкейі! Бүкіл Қазақстанның бас­
тығы! Өлкелік Партия Комитетінің бірінші секретары!

ЕРНИЯЗ: О-о!
БАСТЫҚ: Тоқетері, он екі қанат ақ үй мен сере қарыс семіз
жылқы керек!
ЕРНИЯЗ: Табан астында оны қайдан табамыз?

БАСТЫҚ: Қайдан табушы едік, байдан аламыз-дағы!
Екеуі жосылта жөнеледі...

БАСҚАНЫҢ ЖОЛЫ

Байдың шым үйі. Ұқыпты, үш бөлмелі. Болған адамдар екені
кө­рініп тұр. Бай, бәйбіше, бастық, Ернияз текеметте отыр.
БАСТЫҚ: Бұл Сізге партия мен Совет өкіметінің аса
жауапты тапсырмасы деп біліңіз!

БАЙ: Е-е, атам қазақ қай заманда тапсырмамен қонақ күтіп
еді! Жә, айтқандарың болсын! Қарсы аламыз! Бәйбіше, әлгі
жалшыны шақыршы! (Бәйбіше шығып кетеді). Біз далада
көшіп-қонғалы кім келіп, кім кетпеді дейсің ауылға! Ана бір

жылдары... ақ пен қызылдың қырғынында... Түске дейін
біреуі, түстен кейін біреуі келетін. Ағы келсе, аузынан ақ
майымды ағызып, атын мінгізіп шығарып салдым, ауылым
аман қалса екен дедім! Қызылы келсе, қымыз бен қазы-қартаға

тойғызып, қазанат беріп құтылдым, халқымды қырып кетпесе
екен дедім! (Ернияз таңданып, сұраулы жүзбен қарайды). Е-е,
шырағым несін айтасың... басқыншының ағы не, қызылы не,
көгі не, жасылы не – бәрі бір емес пе?

(Бәйбіше мен жалшы кіреді. Жалшының екі қолы, лөкет
пышағы қан-қан, түрі қорқынышты).

БАЙ (жалшыға): Ақ үйді қырға тігіңдер! Бір ту биені
сойыңдар!
БӘЙБІШЕ: Қарагер бие мертігіп, пышаққа ілігіпті. Күйі
жаман емес, бәлкім, жарап қалар! Баяғыдай емес, малдың өзі

шақталып қалды... шетінен соя бергенше... (Бәрі бір-біріне
қарайды).
БАСТЫҚ: Мен барып көріп келейін! (Жалшымен, бәйбі­
шемен бірге шығып кетеді).

БАЙ: Е-е, дүние-ай! Игі жақсылардың орнына ел басқаратын
осы­лар болғаны ма?
ЕРНИЯЗ: Неге сонша күңірендіңіз? Есіктегі жалшы езгіден
құ­тылса, несі жаман?

БАЙ: Бұл біздің қазақ баласының жолы емес! Бұл
басқаның за­ңы! Бөтеннің шайқасы! Әттең, соған амалсыз
араласып кеткен ағайын бір-біріне оқ атып, алакөз болса
қайтерсің заманға?! Өзгенің айтқанына көніп, айдауына

жүріп, өз жолынан жаңылған жұрт түбінде жарға жығыла ма
деп қорқамын?!
ЕРНИЯЗ: Бұныңыз жобаға келе қояр ма екен? Сізге салса,
өзіңіз бай болып, елді басқарып отыра берсеңіз, ал қалған

жұрт сізге бағынып, құлдық ұрып, жалшыңыз болып, жұмы­
сыңызды істеп жүре берсе дейсіз... Ал бірақ сізден басқалар да
адамның баласы! Олар да азаттыққа, теңдікке ұмтылуы заңды
емес пе?! Кеңес өкіметі бар адамды теңестіріп жатқанда, кері

тартқаныңыз не? Мұндай контра ойларыңызды менен басқа
ешкім естімесін!
БАЙ: Теңдік... Еркіндік... Бұл пәни жалғанда ол қашан
болып еді? Сен жалшының теңдігін айтасың. Ал мен

халқымның еркіндігін айтамын... Төрт балам кешегі ұлт-
азаттық көтерілісте, ақ пен қызыл­дың аласапыранында опат
болды. Аз халықтың соры да қалың, жолы да тар! Үлкен
елдің зорлығы да үлкен! Күштінің кәрі күшті, зәрі қатты!

Осы ма әділдігің, әлі жеткенді қырып-жойғаны аздай, енді,
міне, сендерді атқа қондырып, өз еліңнің тамырын өздеріңе
жұлдырып жатқанын көргенде жаның күйеді... Иманжүзді
бала екенсің... Ойлана жүрерсің. Ақсақал аталарыңнан жат

жұрттың көксақал көсемдері артық болып, қазаққа аққұла
жаны ашиды дегенге сенемісің шынымен?!

(Үйге Райхан келіп кіреді. Үйдің іші шуаққа толып кет­
кендей).
БАЙ (қызға мейірлене қарап): Келе ғой, құлыным...
Қыз өз бөлмесіне өтіп кетеді жігітке ұрлана бір көз тастап.

БАЙ: Енді қалған үмітіміз осы кенже қызым мен он екі
жасар немереміз ғана! Құдайдан осылардың амандығын тілеп,
бәріне де көніп отырған жайымыз бар, шырағым!
(Райхан келіп, жігітке қымыз құйылған сырлы ағаш аяқты

әдеп­пен ұсынады. Жігіт ала бергенде саусақтарының ұшы
тиіп кетеді. Байқатпай, көздерінде нұр ойнап, ұрлана бір-
бір қарасып, қарашықтары түйісіп үлгереді... Бай байқамай
әңгіме айтып, қы­мыз ішіп отыр...)

ТЕБІЛГЕН ЕТ

Шошалада. Терінің үстінде бір үйме ет.
БАСТЫҚ (көріп): Өй, мыналарың жұқалау емес пе?
ЖАЛШЫ: Жоқ, жаман емес! Елі бармақ қазысы бар!
БАСТЫҚ: Елі бармағыңды енеңе жегіз! (Ет ораған теріні

бір тебеді). Бізге былай керек! (Алақанын көрсетеді). Ту бие
сойыңдар! Не, аяйсыңдар ма бірінші секретардан! Айт ана
байыңа! Не, бастыққа қарсы ма? Әлде Совет өкіметіне қарсы
шығарсыңдар?!

БӘЙБІШЕ: Астапыралла! Өкіметке қарсы емеспіз! Таңда­
ған­да­рыңды ұстап соя беріңдер!
БАСТЫҚ (жалшыға): Ал сенікі не? Байдың асын байғұс
қызғанады деп...

ЖАЛШЫ (жыны ұстап): Күнім туса көрер едім байғұсты...
БАСТЫҚ: Е-е, бәсе... Совет өкіметіне сен сияқты уыты бар
жігіттер керек болады әлі! Тез былайын (алақанын көрсетеді)
әкеліп сой!

Жалшы екеуі бір-біріне жаңаша қарайды, көздерінде жұм­
бақ жа­лын ойнайды. Бәйбіше ренжіп, ойға батады.

БҰЙДАЛЫ БОТА Ернияз бен бастық аттанып кетеді. Бай олармен бірге сыртқа шығады. Райхан кішкентай терезеден сығалап, жігіттің соңынан ұзақ қарайды. Ернияз әндетіп барады – «Тау ішінденің» жалғасы. Үйге жеңгесі кіріп, қыздың ту сыртынан тақалып, көз салады. Жігітті көреді. ЖЕҢГЕСІ: Иә, сонша үздігетіндей не болды, әй, қалқажан? (Қыз жанары жалт етіп, жеңгесін құшақтай алады. Қуа­ нышты, ғашық болған жанның сезімі... көзінен, жүзінен сезіліп тұр). ЖЕҢГЕСІ: Е-е, дүние-ай... дәурен-ай! Қара, қара көзің тойғанша, мейірің қанғанша қарап-қарап ал! Бәрібір ол жігіт сендік емес! (Қыз жеңгесіне неге дегендей сұраулы жүзбен қарайды). ЖЕҢГЕСІ: Өзің де білесің... бесіктен атастырып қойған күйеуің, баталасып қойған құда тұрғанда, сені бай атам көлденең көк атты кедейге жетектетіп жібереді дейсің бе?! (Райхан тоқташы дегендей ишара қылады. Әннің қайыр­ масы үдей түскендей...) ДАЛАДАҒЫ ВИГВАМ Далада. Үй жанында қара қазан қайнап жатыр. Бүкіл ауыл, балашаға соның маңайында. Жалшы білекті сыбанып, шаруа қамымен шап­қылап жүр. Крайкомның бірінші секретары, қасында екі қазақ комиссар, машинамен ауылға жақындап келе жатып, қыр басына тоқтайды. Алыстан аппақ киіз үйді көріп, крайком: «Что это? Вигвамы, что ли?» – дейді. 1-КОМИССАР: Это – юрта! Тысячелетний дом казахов! Испы­танное веками чудо кочевой культуры! КРАЙКОМ: Да бросьте вы восхвалять этот кочевой образ жизни! С ним покончено раз и навсегда! Теперь казахи – оседлые советские люди! Будут жить в светлых советских домах!

(Бәрі бір-біріне жұмбақ көздерімен қарайды.
Түс кезі. Машина жақындаған сайын бүкіл ауыл тықыр­
шып, қызыға түседі. Қыр басында жалғыз мылқау қобызшы
әйел тұр. Жанары мұңды.

Үй жанында. Бай бәйбішеге көз қиығын тастайды. Бәйбіше
Райханға «Сен көзге түспей, бой тасалай тұр!» дегенді көзбен
ұқтырады. Қыз ақырын ғана байқатпай қыр астына түсіп
кетеді.

Қайдан шыққаны белгісіз, қыздың қасына Ернияз жетіп
келеді. Екеуі сырласып, қыдырып жүреді.
Алыстан дала кезіп жүрген бір әйелді көреді. Райхан оның
тарихын айтады).

РАЙХАН: Қобызшы. Өнерлі, сұлу қыз болыпты деп ел аңыз
қы­лады. Ақ пен қызылдың заманында әпесерлер ауылын түгел
қырып, өзін қорлап, айдалаға ес-түссіз тастап кетіпті. Содан
тілсіз. Даланы кезеді де жүреді – әлдене іздейтіндей. Ешкімге

зияны жоқ. Өзімен өзі...
(Райхан мұңайып аяқтайды сөзін. Ернияз басын шайқап,
ойланып, көкжиекке, көк аспанға қарап, терең күрсінеді).

АРАМ СУ

Басшылар келіп, үйге түседі. Бай қарсы алады. Дастархан
жай­нап тұр. Қазақтың ұлттық тағамдары.
Жалшы астаумен қайқайтып, көтеріп әкеліп ет тартады.
Қа­заннан ет түсіріп, табақ жасауды бәйбіше басқарып жүр.

Бүкіл ауылға табақ тартылады.
КРАЙКОМ (жылқының шекесін көріп): Что за череп?
1-КОМИССАР: Это голова коня! Казахи преподносят его
самым уважаемым гостям, как знак высшей почести!

(Бай шекені крайкомның алдына қояды).
2-КОМИССАР: Хороший древний обычай степи!
(Крайкомның түрі құбылып, «А-а? Теперь у нас будет
только один обычай – советский! Давайте за это выпьем!»

дейді.
Семіз ет, телшікті бай әдемілеп, жапырақтап турап отыр
бабымен. Қонақтар арақ ішеді).

(Крайком қызады. Байға: «Дом у тебя как музей старины.
Лю­бишь, любишь, а, свое прошлое! А ты случайно не алашор­
дынец? Не националист, а-а?!»)
БАЙ: У меня много русских знакомых. Мы друг друга

называем тамыр. Тамыр!
1-КОМИССАР: Тамыр имеет два значения. Первое – это
корень... как бы значит... что срослись корнями. Второе – это
кровяной сосуд, жилы... стало быть тамыр означает, что мы

кровно породнились.
2-КОМИССАР: Хорошее слово «тамыр»! Вы тоже тамыр
будете! Давайте за это выпьем!
КРАЙКОМ: Ой, нет... Я не русский... я другой... Я все­

мирный интернационалист! Так что, лучше выпьем за единое
человечество! Без богачей и без национальностей! Не будет
богатых – не будет и бедных! Не будет нации – и националистов
нет! Как просто... и без вопросов! (Ішеді): «А ты че не пьешь?

(Байға) С генералами, офицерами братался, да! О белом царе
мечтаешь? Но его то, батюшки царя-то... нету-у! Есть я... Так
что теперь давай со мной чокаться»...
БАЙ (қиналып): Я совсем не пью!

КРАЙКОМ: Так ты мулла..! Веришь в бога? А мы,
коммунисты, утверждаем, что его, Бога, тоже нет! Так ты что,
выходит, не с нами? А кто не с нами, тот против нас!
БАЙ (айналасына): Апырмай, мен қолыма стақан ұстап

көрген кісі емеспін! Айтсаңдаршы!
2-КОМИССАР: Стақан ұстағыңыз келмесе, аяққа құйып-
ақ қағып салыңыз! Құрығы ұзын ғой... қитығып кетсе... кім
біледі?!

(Бөтелкені ашып, сырлы аяққа бүлкілдетіп құяды).
КРАЙКОМ: Все наливай!
(2-комиссар бөтелкені түгел сарқып құйып, сырлы аяқты
мөй­мілдетіп байға ұсынады. Бай алмайды).

КРАЙКОМ: А ну, давай, идол степной, выпьем до дна!
2-КОМИССАР: Алыңыз, байеке!
БАЙ: Ата-бабам аяғын малып көрмеген арам суға аузымды
былғап, айкәпір атанатын жайым жоқ! Атып жіберсеңдер де...

(Крайком ызбарлана қарайды. Арақ толы аяқты 2-комиссар
бір-ақ қағып салады).

КРАЙКОМ: Вот видишь... а то не могу... как-то неудобно...
Можете, можете, вы все можете! Я вас знаю! Теперь скажи...
сколько бедняков угнетаешь... э-э, эксплуатируешь ты сам?!
Вот ты один... скольких людей держишь в рабстве?

БАЙ: У казахов никогда рабов не было! Кочевой народ всегда
был свободный – в степи никто никого не угнетает... Мы все
один род... один народ... живем как братья!
КРАЙКОМ: О-о! Кочевой коммунизм! Хорошо, что Карл

Маркс не был казахом! Ну, ладно, посмотрим, посмотрим,
какие вы братья, какой вы бесклассовый единый народ...
(Ішеді).

ЖҰМБАҚ ӨКІЛ

Ауданнан келген жұмбақ өкіл қонақтар үйде отырғанда,
бір нәрсе іздегендей айналасын тінткілей қарап жүреді. Одан
бәйбіше де, басқа жұрт та секем алып, шошуға айналады.
Бір кезде ол есік алдында байдың немересі Тоқтарбайды

ұстап алып, ретін тауып оңашалап: «Райхан қайда?» –
деп сұрайды. Аңқау бала өтірік айта алмай: «Қыр астында
қыдырып жүр!» – дейді.
Жұмбақ өкіл атқа қарғып міне сала, қырға шығады.

Алыстан сырласып жүрген Райхан мен Ерниязды көреді.
Көзінде сиқыр ойнайды.
Адасып кеткен адам құсап, аяңдап қастарына келеді.
Бір-біріне сынай қарайды. Қызға сұқтанады.

ЖҰМБАҚ ӨКІЛ: Қандай әдемі болып бой жеткенсің? Өзім
де осындай болған шығар деп ойлаушы едім!
РАЙХАН (қысылыңқырап): Сіз неге мені ойлайсыз?
ЖҰМБАҚ ӨКІЛ: Оны уағында түсіне жатарсың. Әзірге сау

болып тұр, сұлу қыз!
(Желіп кете береді. Қыз бен жігіт жаңағы әдемі күйлерінің
ырғағы бұзылып кеткендей, біртүрлі тіксініп қалады).
ЕРНИЯЗ: Сен оны танисың ба?

РАЙХАН: Бірінші рет көріп тұрмын. Бірақ өзі біртүрлі
екен...

Ол Ерниязды қолынан тартады. Екеуі бір-біріне ынтығып,
қол ұстасып, қырды кезіп кете береді.
Жұмбақ өкіл үйге келеді. Крайкомның қызу әңгімесінің
арасында, бәйбішеге сыбырлап: «Қызыңыз бой жетіп қалыпты!

Қандай сұлу!» – дейді. Бәйбіше шошынады. «Қорықпаңыз! Мен
қастандық қылмаймын! Қайта, қасқырлардан қорғаймын!»

– дейді жылмыңдап.

Бәйбіше: «Ра-рахмет!» – дейді әрең-әрең...

ҚАНҒА БАТҚАН ҚАЗАНАТ

Қонақтар әбден ішіп-жеп болғасын далаға шығады.
Қыр басында машинаны тоқтатып, түседі. Крайком жан-
жа­ғына мас көзімен ызбарлана қарайды.
Кешкі уақыт. Өрістен мал келіп жатыр.

Крайком малдың есебін алғысы келгендей, саусақтарын
ер­бең­детіп, санауға тырысады. Ақыры, қолын ауаны кесе бір-
ақ сілтейді. Байға бұрылып, көзі ойнақтап, ықылық ата: «А
сколько у тебя скота?» – дейді.

БАЙ: Табун лошадей...
КРАЙКОМ: Сколько это... табун?
БАЙ: Около сотни...
КРАЙКОМ: Сто лошадей! Да это же целое состояние! А

коров, баранов сколько?
БАЙ: Коров особо не держим... так для молока, айрана,
масла... около десятка будет... Баранов... примерно около
триста...

КРАЙКОМ: Да ты что, бай, барин, боярин! Куркуль
настоящий! Столько скота – и тебя еще не раскулачили! Как
это, понять, а, товарищи?!
АУДАН БАСТЫҒЫ: Он и так отдал все Советской власти!

Раньше, до революции, у него было три тысячи лошадей!
Баранов, коров без счета! А сейчас что – разве это скот? Так...
для житья-бытья... .
КРАЙКОМ: Ну, ладно... посмотрим потом... это житье-

бытье...
(Теңселе басып, ілгері жүреді. Қасындағылар елпілдеп,
соңынан ереді. Қыр басында қаһарланған крайком қызарған
көзін керіліп жатқан маң далаға қадап тұрады).

КРАЙКОМ: Эх, руки чешутся! Что за скука! Даже не на кого
поохотиться! А как хочется поразвлечься... пострелять в кого-
то... Эй, комиссары, послушайте... найдите мне какого-нибудь
зверя... да покрупней...

(Револьверін суырып алып, бұлғап-бұлғап, ұңғысымен
байдың кеудесінен, иығынан түртіп-түртіп қояды. Зығырданы
қайнаса да сабырын жоғалтпаған бай оған тік қарайды.
Бәрі сасқалақтап тұрғанда, 2-комиссар:

– Счас, счас, – деп қалбалақтап, аудан бастығының атын

құла дүзге қарай қамшымен бір тартып, қоя береді).
2-КОМИССАР: Вот вам зверь настоящий!
(Крайком желе шоқытып бара жатқан атты көздеп
тұрып, тістене сыбырлайды:

– Ну... вольный тулпар великой степи... Скачи, скачи в пос­

ледний раз!
Комиссарлар мен бастық қиқулап жібереді. Ат құйғыта
жөнеледі).
КРАЙКОМ: Любо, любо смотреть... Как ты летишь к своей

смерти... Резвый... резвый конь... но от нас никто не уходил...
и никогда не уйдет!
(Атып жібереді. Шыңғыра кісінеген тұлпар қанға батып
құлайды. Револьверінің аузын үрлеп-үрлеп қойып, крайком

қазақтарға алара қарап:

– Я русского царя... всей семьей.. вот этой рукой... этим

самим револьвером... застрелил... Что мне лошадь казахская? –
дейді.
Түрі қорқынышты.
2-комиссар басын изеңдетіп, мақұлдай береді. 1-комиссар,

бай, бастық крайкомды ту сыртынан ала көзімен атып,
жігерлері құм болып, әрең шыдап тұрады...)

ТАБЫЛҒАН КҮЙЕУ

Крайком кеткеннен кейін, бай мен бәйбішені оңашалап,
жұмбақ өкіл:

– Байеке, баяғы батаңызда барсыз ба? – дейді.

БАЙ: Шырағым-ау, не деп тұрсың? Қайдағы бата?

ЖҰМБАҚ ӨКІЛ: Мен – мың жылдық құда болып, осыдан он
алты жыл бұрын баталасқан Қожас байдың баласымын! Сіздің
заңды күйеу балаңызбын!
БАЙ: Апырмай... Сол кішкентай бала сенбісің? Қанша жыл

хабарсыз кетіп едіңдер...
ӨКІЛ: Иә, ата, менмін! Астан-кестен уақыт... кімнің қайда
кетке­нін кім біліпті? Құдаларыңыздың біразы қаза болды,
қанды қасапта... Тірі қалған тұқымдары тарыдай шашырап, әр

қиядан орын тапты. Бірақ қанша жүйрік болса да, уақыттың
билігі ата­ларымыздың қасиетті батасына жүрмейтін шығар!
БАЙ: Иә, балам, батам – бата, сертім – серт! Ата-баба жолын
бұ­зып, батадан аттаған ант ұрған атанбайық деп, күтіп жүр

едік бір хабарыңды.
(Үшеуі үнсіз түсінісіп, бір-бірін құптағандай).

ҚЫЗДЫҢ КӨЗ ЖАСЫ

Үйде. Жеңгесі Райханға күлімсірей келеді.
ЖЕҢГЕСІ: Қалқажан, жоғалған күйеу бала табылды! Атам
мен апам қуанып жүр – ақ батаны бұзбай, атастырған жеріне
қондыратын болдық деп!

(Қыз бір жағы таңданып, бір жағынан тіксіне қарайды).
ЖЕҢГЕСІ: Күйеу жігіт келіскен – мынау деген атқамінер!
Совет­тің төресі!
РАЙХАН: Мейлі, кім болса о болсын! Мен оны білмеймін,

білгім де келмейді! Қазір заман басқа! Ескіліктің сарқыншағы
бізге жүре қоймас!
ЖЕҢГЕЙ: Апам да осыны ойлап, сәбетше оқыған бала
тулап жүре ме, қайтеді деп, уайымдап жүр. Сен ол кісілерді

ренжітпеуге тырыс – онсыз да қайғысы аз емес! Көңілдері күпті!
РАЙХАН: Мен, әрине, ата-анамды сыйлаймын! Бірақ
баяғыда ба­таластық екен деп, байлап-матап бере салатын мен
қозы емеспін ғой!

(Бәйбіше кіріп, елеусіз тыңдап тұрады).
РАЙХАН: Менің өз сүйгенім бар! Махаббатым бар!
ЖЕҢГЕЙ (құшақтап, көзімен қолдайтынын білдіреді):
Шын ма­хаббатқа не жетсін! Бірақ оған рұқсат жоқ!

РАЙХАН: Қандай рұқсат... қайдағы рұқсат?!
ЖЕҢГЕЙ: Ата-анаңның ақ батасы! Апам мені әдейі жіберіп
отыр. Саған түсіндір деп... Бесігіңнен атастырып қойған
жігітке ғана тиесің! Басқаға рұқсат жоқ! Қайтесің, қалқажан?!

(Бәйбіше жөткірінеді. Райхан жүгіріп келіп, апасын құ­
шақтай алады.

– Апа! Атам екеуіңе не болған? Мені танымайтын айда­

ладағы біреуге зорлап қосқалы жатырсыңдар ма? Оларың
болмайды! Мен көнбеймін, өзім сүйген жігітіме ғана қосы­
ламын!
Бәйбіше қызын құшақтап, арқасынан алақанымен аялай

қағып тұрып: «Тоқта, тоқта, сабыр ет, қызым! Бізді жерге
қаратып кете алмассың! Бетіңнен қақпай ерке ғып өсірдік!
Енді есің кіретін кез келді! Мың жерден ерке болсаң да, көнесің
айтқанға! Барасың біз берген жерге!» – дейді, қатқыл үнмен.

Райхан серпіліп, апасының құшағынан сытылып шығып,
алыс­тап тұрады).
РАЙХАН: Ал бармаймын! Ал көнбеймін, қайтесің! Тимей­
мін таны­майтын кісіге!

БӘЙБІШЕ: Жә, болды... қылжақтама! Әкеңнің мінезін
білесің... Ескінің жолы, атадан қалған заңымыз.
(Бай кіреді).
РАЙХАН: Ата, жан ата! Мені жылатып, сүймеген кісіме

қайтіп байлап бересің? Өмір бойы өксіп, зарлап өтсін деймісің?!
(Бай томырылып, үндемейді. Ауыр үнсіздік бәрінің де
еңсесін ез­гендей...)
РАЙХАН: Ендеше, мен бәрібір қашып кетемін!

БӘЙБІШЕ: Осыдан кетіп көр, лағанат! Атаның ақ батасын,
ана­ның ақ сүтін аттап, оңғаныңды көрейін!
(Қыз ренжіп, үйден шыға жөнеледі).

МЫЛҚАУ ӘЙЕЛ

Райхан үйден шыққан бетінде, жүгіріп сайға түсіп кетеді.
Ұзаң­қырап барып демін бір-ақ алады. Өзектегі суға қарап,
сырласып отырады үнсіз.
Бір кезде судан бөтен бейнені көріп, шошып кетеді. Жалт

қараса, жұмбақ өкіл.

ӨКІЛ: Шошыма, жаным, шошыма! Бірақ шошығаның да
жөн – қазір қорыққанын сыйлайтын қасқыр заман емес пе?!
РАЙХАН: Сіз бір қызық адам екенсіз...
ӨКІЛ: Қызық емес, бұзық адаммын. Ең бастысы, мен саған

да, сенің әке-шешеңе де керек адаммын! (Қыз үнсіз, сынай
қарайды). Сенбейсің бе? Біріншіден, біз ата-баба заңы – батамен
байлаулымыз! Екіншіден, мен білдей совет қызметкерімін, ал
сен кәмпескеге ілініп, Сібірге жер аударылғалы тұрған байдың

қызысың. Ұқтың ба? (Қыз сұраулы жүзбен қарайды). Ұқсаң
да, ұқпасаң да, сен мені сүюге тиіссің! Міндеттісің! Өйткені
сен маған тиген жағдайда әке-шешең, бауырың – бәрі де аман
қалады! Оларды аман алып қалатын мен!

РАЙХАН (толқып): Сіз... сіз... қандай ұятсыз адамсыз!
Мені сау­даға салып тұрсыз ғой.. Мұндай арсыздықты
доғарыңыз да, жо­ғалыңыз! Менің сүйген жігітім бар!
ӨКІЛ: А-а, анау ма? Жо-жоқ, жаман жігіт емес! Бірақ оның

қолынан сендерге болысу келмейді. Ал мен ерегессем, жердің
түбіне жіберемін! Көңілімді тапсаң, күннің көзінде жүргіземін!
Жә, жә бірден мені сүй демеймін, махаббатқа әмір жүрмейді.
Әуелі, маған тисең болғаны. Содан кейін өзің-ақ ғашық болып

кетесің... Қане, қане, кел бері!
РАЙХАН (қолынан ұстай берген жігітті итеріп жіберіп):
Жо­ғал, оңбаған!
ӨКІЛ: Ойлан, бикеш! Ата-анаңның тағдыры таразыға тарты­

лып тұр! Бәрі саған байланысты! Оларды аман алып қалатын
да, құрды­мға жіберетін де – сенсің!
(Қапысын тауып, қызды бас салып құшақтай алады. Қыз
жан­ұшырып қарсыласады. Екеуі арпалысып, қызды зорлауға

бел буған өкіл бір кезде қыздың қамзолын сыпырып алады.
Айқайлап, жанұшыра қашқан қызды тағы қуып жетіп, бір
сайда екеуі алысып-жұлысып, бірнеше домалап тұрады. Бір
кезде қызды шалқасынан түсіріп, төсіне мініп алып, енді

зорламақшы бола бергенде, ту сыртынан бір қол таспен бастан
береді. Дала кезіп жүрген мылқау әйел еді бұл. Талықсып,
домалап кеткен өкіл есін жиғанша, қыз орнынан тұрып,
өзін құтқарған мылқау әйелдің құшағына тығылып, жылап

жібереді. Орнынан тұрып, беті қайтса да, тағы да ұмтыла
берген өкілге мылқау әйел қобыздың ысқышын садақша кезеп,

айбат шегеді. Дәті бармаған өкіл қолын көтере шегіншектеп,
атына мініп, жөнеледі. Кетіп бара жатып: «Әй, қыз, әлі де
ойлан, оңдап тұрып ойлан!» – деп, қоқиланып айқайлайды.
Мылқау әйел қызды бауырына басып тұрып, шашын тарап,

үсті-басын тәртіпке келтіріп, мейірлене қарап, бір жымиып
күледі. Қыз да қосыла күледі).

МЕНІҢ АТАМ БӨГЕНБАЙ!

Ауыл мектебі. Он шақты балаға мұғалім сабақ беріп
жатыр. Тақтаға бір оқушыны шығарады. Бала тақ-тақ етіп
тақпақ айтады.
Ленин біздің атамыз,

Саясында жатамыз,
Қақ жүректен байларды
Тарсылдатып атамыз.
МҰҒАЛІМ: Жарайсың! Міне, нағыз совет оқушысы! Бес!

Келесі...
(Бұл да оқиды:
Ленин біздің атамыз
Саясында жатамыз,

Қақ жүректен байларды
Тарсылдатып атамыз!
«Қы, қы қы!» деп, байдың немересі Тоқтарбайға кезеп-кезеп
қоя­ды сұқ саусағын).

МҰҒАЛІМ: Өй, азамат, өй батыр! (Қолпаштап) Саған да
бес! Ал енді, қане, Тоқтарбай, сен шықшы (байдың немересін
шақырады. Ол үндемей тұрады).
МҰҒАЛІМ: Ал, қане, заулат! (Бала үнсіз. Көзін жоғарғы

бұрышқа қадаған күйі ерегесіп, кектеніп қатып қалған). Өй,
бол, бол, қане! Лелен біздің ата-мыз-зз! Қане, қайталай ғой
маған ілесіп! Лелен біздің атамыз!..
ТОҚТАРБАЙ: Менің атам Бөгенбай!

МҰҒАЛІМ: Не-е дейсің? Қайдағы Бөгенбай? Лелен... Лелен
біздің атамыз...
20-0047

ТОҚТАРБАЙ: Жоқ! Ол бөтен! Менің атам – Бөгенбай батыр!
МҰҒАЛІМ: Ах, оңбаған! Контра! Қарай гөр, әй, мынаны!
Кет, жо­ғал Бөгенбай батырыңмен бірге! Леленді... күн көсемді
бөтен деген сен сияқты байдың тұқымына совет мектебінің есігі

мәңгі жабық!
ТОҚТАРБАЙ: Менің атам Бөгенбай батыр! (Шығып кете
береді).
(Басқа оқушылар мазақтап: «Қақ жүректен байларды.

Тарсылда­тып атамыз!» – деп айқайлайды соңынан. Көзіне
жас толып, ыза­ланған Тоқтарбай үйіне келеді. Атасы
құшақтап, бауырына басады).
ТОҚТАРБАЙ: Ата, олар неге бізді сонша жек көреді, ә?!

БАЙ: Е-е, дүние-ай... қайтерсің?!
(Ауыр күрсініп, немересін бауырына басқан күйі ойға
шомып, мұ­ңайып отырады).

ҚАЗАҚТАРҒА ШАБУЫЛ

Қаракөлеңке, үңірейген үлкен бөлме. Кеңсе ме, подвал ма,
айырып болмайды. «Т» әрпі сияқты жасыл матамен жабылған
үлкен ауыр столдың қақ төрінде – крайком, екі жағында екі
қазақ комиссары отыр. Жүздеріне ғана жарық түседі – ар

жағы қараңғы, шексіз, үрейлі кеңістік тәрізді. Темір есіктің,
темір тордың дыбысына ұқсас гуілдеген дыбыс дүң-ң, бүң-ң
деп, талып естіліп, қорқыныш сезімін қоюлата түсетіндей.
Крайкомның қатқыл, металл даусы сол белгісіздіктен ұшып

келіп, құлаққа шегедей қағылып жатқан сияқты.
КРАЙКОМ: Я крайне удивлен положением дел в Казахстане!
Ка­жется, что здесь вообще не было революции. У всех столько
скота! Где пролетариат? Где крестьяне? Надо бы разобраться!

1-КОМИССАР: Казахи кочевой народ! Испокон веков скот –
это их главный источник питания и транспорт!
КРАЙКОМ: Сейчас нет кочевников! Они уже оседлые
советские люди! И жить они должны по-советски! А то по

несколько десятков, даже сотен скота на один двор не по-
нашенски, не по-революционному как то... Тут буржуазией
пахнет!

1-КОМИССАР: Несколько десятков или сотен скота на один
двор – это необходимое прожиточное условие, а не богатство!
Для про­питания, для обмена на товары, для сохранения и
прироста поголовья!

2-КОМИССАР: По степным меркам эти люди считаются бед­
ня­ками... В лучшем случае середняками!
КРАЙКОМ: А по советским меркам они и есть буржуи,
кулаки! Столько мяса! Вот если бы раскулачить, конфисковать

богатых, а этих... так сказать, бедняков и середняков срочно
объединить в колхозы и артели – вот тогда они и станут
настоящим классом бедных! Весь их скот собрать в общий
котел! Вы представляете, какое это богатство, какой потенциал!

Все планы разом перевыполним!
1-КОМИССАР: Но это очень опасно! Чем будет жить народ?
Надо взвешенно учитывать особенности степного бытия,
местный уклад жизни! Если казахи останутся без скота – они

могут погибнуть от голода!
КРАЙКОМ: Как так? Живут же другие народы абсолютно
без ско­та и нормально!
1-КОМИССАР: Но это казахи – кочевой народ, потомствен­

ные скотоводы! Они вели этот образ жизни тысячелетиями!
И резкое изменение условий жизни катастрофично!
КРАЙКОМ: Что, что, что?! Неужели я, первый секретарь
краевого комитета партии, слышу это из уст коммуниста?

Советская власть, Коммунистическая партия никому не даст
погибнуть! Мы заботимся не меньше вас о народе советском, в
том числе и о казахском народе! Мы что, по твоему не желаем
Казахстану, казахскому народу добра? Может, ты считаешь

меня, а в моем лице партию и советскую власть врагом казахов?!
1-КОМИССАР: Нет, конечно! Я так не считаю. Но...
КРАЙКОМ: Никаких но! Хватит демагогии! Мое убеждение – в
Ка­захстане необходимо провести революцию! Малый Октябрь,

так сказать! Что, Вам не по душе?!
2-КОМИССАР: Да нет... но как-то странно... с ходу! Может
постепенно...
КРАЙКОМ: Закономерно! Усиление классовой борьбы –

закон со­циалистического развития! Мы приняли решение
провести немед­ленную конфискацию имущества богатых и
выслать их из респуб­лики, ускорить коллективизацию!

1-КОМИССАР: Кто это мы?
КРАЙКОМ: Мы – это товарищ Сталин и Я! Вы не забы­
ли, что ме­ня руководителем республики назначил сам
товарищ Сталин. Вот я и написал письмо товарищу Сталину о

необходимости проведения второй, малой Октябрьской рево­
люции в Казахстане, и товарищ Сталин одобрил, поддержал эту
идею! Более того, товарищ Сталин собственноручно написал, что
это единственно верное решение! Ясно?!. Не слышу одобрения?

Или вы против такого решения? А-а? Против меня? А может...
это... (сыбырлап) против Сталина? А-а?
2-КОМИССАР: Да вы что, товарищ первый секретарь край­
кома! Мы просто обдумываем вопрос...

КРАЙКОМ: Тут думать-то нечего! По коням и вперед!
1-КОМИССАР: А все-таки подумать надо! Речь идет о судьбе
всего на­рода. Как бы перегиба не получилось... не пострадали
невинные люди!

КРАЙКОМ: А революция без жертв не бывает!.. Конечно,
пос­тараемся не допустить перегиба, но слабинку давать тоже
не советую! В первую очередь надо выполнить и перевыполнить
план по сдаче хлеба, мяса и других продуктов Центру! А потом

подумаем и о народе! Так что, вперед – начинаем великое дело –
Малый Октябрь!

ШОЛАҚ БЕЛСЕНДІ

Асыра сілтеу, кәмпеске науқаны басталған кез. Аудан
басты­ғының кеңсесінде жалшы отыр.
АУДАН БАСТЫҒЫ: Совет өкіметі – өзің сияқты сіңірі
шыққан ке­дейлердің өкіметі! Астыңа ат, қолыңа билік бе­

реді! Тап жауларымен шешуші айқас басталды! Қосыл біздің
қатарымызға! Тұр сапқа! «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ
қалмасын!» деген нұсқау келді жоғарыдан! Кадрлар жетіспей
жатыр! Сондықтан өзің сияқты тақыр кедей, жалшы-

малшылардан белсенділерді жасақтағалы отырмыз!
ЖАЛШЫ: Осы атқа мінгенім мінген, тізгіннің қолыма ти­
гені тиген ғой, ә? Сонда... кешегі жақсы-жайсаңмен теңелгенім
рас па?

БАСТЫҚ: Теңелгенің не, сен олардан әлдеқайда артықсың
енді! Сен партия, совет тапсырмасын асыра орындайтын қып-
қызыл белсендісің! Бұрынғы қожайындарыңның алдында
бүгежектеп, өзіңді-өзің төмендетпесең болды! Аяушылық

болмасын! Бай-құлақтың бетін тіліп, іргесін түріп, мал-мүлкін
түк қоймай ортаққа сыпырып алып, өздерін жер аударып
жіберу керек, тез арада! Орташа мен кедейді түгел қалқозға
қосу керек! Сонда ерлегенің!

ЖАЛШЫ: Олай болса, қызығыма қарап тұрыңыз! Өмір
бойғы қорлығымды еселеп қайтармасам, қанеки?!
(Бастық оны арқасынан қағып, шығарып салады).

АСЫРА СІЛТЕУ

Ернияз бен шолақ белсенді ауылдан колхозға мал-мүлік
жинап жүр. Қарулы екі жұмбақ салт атты соңдарында үнемі
түнеріп тұ­ра­ды.
Ауыл адамдары үрпиген, ызалы, ренішті. Бірақ, қайтсін,

амал­сыз бірен-саран малдарын жетектеп, айдап әкеп беріп
жатыр. Шолақ белсенді жалақ-жұлақ етеді. Аш қасқыр
сияқты, аузын ашқанға арс-арс етіп, тап-тап береді.
БЕЛСЕНДІ: Аяма барыңды! Сал ортаққа! Кір қалқозға!

Барың осы ма? Байқа, тыққан-пыққандарың болса, көресіңдер!
Қоймаларыңды қопарып, қораларыңды ақтарып, түк қоймай
суырып аламын бәрібір!
МҰҒАЛІМ: Ал біз қайтіп күн көреміз? Ертең қыс келгенде

мына халық несін жейді?
БЕЛСЕНДІ: Сәбет өкіметі тұрғанда саспаңдар! Бәріңді де
қалқоз асырайды!
(Бір бала қозыны бергісі келмей, құшақтап қалады.

Белсенді баланы жылатып, шындап тартып алуға кіріседі.
Ернияз шыдай алмай, ара түсіп, баланы да, қозыны да босатып
жібереді).
ЕРНИЯЗ: Тоқтатыңдар бассыздықты! Партия мен совет

өкіметі ешкімнің де малын зорлап тартып ал деген жоқ!
Колхозға күштеп қос деген жоқ! Әркімнің өз еркі білсін, ақы­
рын ақылмен айтып, үгіттеп тартыңдар деді! Соңғы малын,

азық-түлігін сыпырып алып, елді қырамысыңдар сонша?!
Ертең қақаған қыс келгенде қайтіп күн көреді мына жұрт?!
БЕЛСЕНДІ: Өкімет өлтірмейді! Бізге алдымен план... план­
ды орындау керек!

ЕРНИЯЗ: План... Ұран... Ал халықтың тағдырын неге ойла­
майсыңдар?! (Жұртқа) Біраз малды бердіңдер ғой, енді соңғы
азық-түліктеріңе ие болыңдар! Оны алуға ешқандай заң жоқ!
(Жұрт дуылдап, еңсесін көтеріп, «Е-е, бәсе!» десіп, соңғы

малдарын алып қалады. Қолға тиген малды айдап, былай
шыға берген шолақ белсенді жігітке қыр көрсете сөйлейді).
БЕЛСЕНДІ: Иә, анау өкілсымақ Райханды аламын деп
жүр ме? Мә! Қыз оған жоқ! Саған да жоқ!.. Ха-ха-ха! Мен өзім

аламын ол қызды! Байдың қызы сендерге ғана тиесілі ме? Мен
неге сүймеймін сұлуды, а?!
ЕРНИЯЗ: Оған ешкім де қарсы емес!
БЕЛСЕНДІ: Өй, жарайсың!

ЕРНИЯЗ: Тек қана кімді сүйерін қыздың жүрек қалауы
біледі! (Бұрылып кетеді).
БЕЛСЕНДІ (соңынан айқайлап): Несі бар? Мен тұрғанда
кімді қалайды ол, ә !? Қарамай көрсін...

ҮРЕЙ БУҒАН ҚЫЗ

Ернияз бен Райхан. Айдалада. Аттары жайылуда.
Екеуі сырла­сып жүр.
РАЙХАН: Білмеймін... Не болғанын білмеймін, бірақ бәрі
бізге қарсы сияқты?! Біз не жаздық соншалықты? Сүйгенімізге

жа­зық­тымыз ба? Әбден басым қатып кетті! Не істейміз, жаным,
Ернияз?!
ЕРНИЯЗ: Мен сені бізге ешкім қарсы болмайтын ғажайып
бір қияға алып қашып кетемін!

РАЙХАН: Айтуға оңай! Ата-анамды ренжітіп қалай кет­
пекпін?
ЕРНИЯЗ: Ата-ана өз баласынан безе ме? Қайда кетер дейсің,
тулап-тулап басылады. Басылғасын батасын береді!

РАЙХАН: Әй, білмеймін... Ол кісілер – дала заңын сақтаған
ескінің адамдары. Райынан қайтса жақсы...
ЕРНИЯЗ (жорта ренжіп): Онда берген кісілеріне бара бер!
РАЙХАН: Сен ренжіп қалдың ба? Мен жаным қиналғасын

сырымды айтып жатсам... сен түсінудің орнына неге олай
дейсің?!
ЕРНИЯЗ (шындап): Енді не деуім керек? Өзің ғой, толқып
тұр­ған... Берген сертіңе берік болсаң, еш нәрсеге де қарамай,

ұста қо­лымнан! Заман біздікі.
РАЙХАН: Мен сенімен кеткенде анау өкіл шынымен ата-
анамды жер аударып жіберсе қайтемін?! (Ернияз да, қыз да
үнсіз, ауыр ойға батады. Сәлден кейін қыз сыбырлап) Сен

тек ренжімеші, жаным... Мен дәл қазір кесіп еш нәрсе айта
алмаймын... Білмеймін, білмеймін... тағдыр не жазғанын?!
Бірақ мен сенімен кетіп қалсам, олар ата-анама, бауырыма бір
сұмдық жасайтын сияқты болып көрінеді... Жүрегім бірдеңені

сезетіндей... аузыма тығыла береді... түн баласы тыныш ұйқы
жоқ... қорқынышты түстер көремін...
ЕРНИЯЗ: Өй, менің кішкентай ғана үркек елігім! Жаныңда
мендей батыр тұрғанда неден қорқасың сонша?!

(Құшақтап, жұбатады. Бірақ екеуі де әлденеге алаңдаулы
күйде қоштасады).

КӨМІЛГЕН ҚОБЫЗ

Қыр басында мылқау әйел қобыз тартып отыр. Беріліп,
егі­ліп отыр. Көзі жұмулы. Қара шашы желмен желбіреп,
жайылып, жүзін жауып кеткен. Азынаған қобыз сарыны аза
бойыңды қаза қылады. Төніп келе жатқан қасіретті сез­

діргендей.
Қарсы тұруға, күресуге шарасыз жанның зары. Көзіне
елден тар­тып алынып, әлдеқайда айдалып бара жатқан мал,
қиналған халық елестейді.

Далада келе жатқан Ернияз ат басын іркіп, ойға батып
тың­дайды. Жүзінде ауыр мұң бар.
Екінші жақтан шыға келген шолақ белсенді қалт тұра
қалады. Қаны қайнайды. Қырға қарай қайқая шабады.

Қобызшыға келіп, атынан түседі. Асықпай, ту сыр­
тынан тақап келіп, қамшысын алақанына сартылдатып,
сал­мақтап, ызбарланып тұрады. Ақырады. «Әй! Азынатпа
андағыңды! Доғар қане... жоғалт көзіңді!»

Әйел қобызын сарната береді. Ызаланып, екілене тартады.
Белсенді оны қамшымен жон арқадан тартып-тартып
жібереді. Әйел ауырсынып, ашынып, одан сайын қобызын
үдете түседі. Шолақ белсенді қобызға бас салып, екі қолдап

жұлқылайды. Әйел тістеніп, үнсіз арпалысады. Бұлар алысып
жатқанда, белсенді қамшы үйіре бастағанда-ақ атын тебініп
алға ұмтылған Ернияз жетеді. Ол келе бергенде, әйелді
ұшырып түсіріп, қобызды жұлып алған белсенді басынан асыра

үйіріп-үйіріп алып, тасқа бір соғып тас-талқанын шығарады.
Қобызды
құтқаруға
үлгерер-үлгермес

болып
жанұшыра
ұмтылған жігіт белсендіні жақтан бір-ақ ұрып, домалатып,
талдырып тастайды.

Тым-тырыс тына қалған дүние. Айдала. Қыр басында
мұңды жігіт. Қираған қобыз. Жер бауырлап жатқан әйел...
Ернияз сәлден соң серпіліп, әйелді орнынан тұрғызып,
қобыздың сынықтарын жинап береді. Жұбатады. Әйелдің

көзінде бір тамшы жас жоқ. Тас болып қатып қалған сияқты.
Ернияз белсендінің атын қамшымен бір тартып, қуып
жібереді.
Есін жиған шолақ белсенді Ерниязбен төбелесуге дәті бар­

май, алыстан кіжініп, жұдырығын түйіп, атының соңынан
жүгіріп кете барады. Әйел қобыздың сынықтарын құшақтап,
қыр басында бүк түсіп отырып қалады.
Амалы құрыған Ернияз атына мініп, ауылға қарай жүреді.

Әйел қобызды ақ орамалына орап, жерге көмеді...
Жерге, көкке тесіле қарап, ауыр мұңға батып, қара шашы
желмен желбіреп, жұмбақ, үрейлі ойлар тудырып, үнсіз оты­
рып қалады.

НАГРАТ

Аудан орталығы. Кеңседе бастық, Ернияз, белсенді сөйлесіп
отыр.
БАСТЫҚ: Қазір ең бастысы – план. Өл, тіріл, план, дабай!
Бұл (саусағымен жоғарыны нұсқайды) – партиялық тапсырма!

ЕРНИЯЗ: Түк қоймай сыпырып алып, тұт жалаңаш қалды­
рыңдар деген де партиялық тапсырма ма? Колхозға қосамыз
деп бір алдық, планға деп екі алдық! Ертең ел қайтіп күн
көреді? Соны ойлаған жан бар ма?

БАСТЫҚ: Жә... Әуелі продналогтан құтылайықшы...
Кол­хоздасу процентін асырып берейік. Сосын елді бірдеме
қылармыз! Совет өкіметі аман болса, ешкімді де аштан өл­
тірмейді!

БЕЛСЕНДІ: Әлде сен Совет өкіметіне сенбейсің бе? А-а? Мо­
жит ты контра, а-а? Жолдас бастық, бұл жігітіңіздің тәртібіне
күмәнім көп менің. Барған жерінде жұртқа жаны ашығансып,
мал-мүліктерін, азық-түліктерін өздеріне қалдырып кетіп

жүр. Өзіңіз есептеп қараңыз, бұл бірде-бір тапсырманы асыра
орындаған жоқ! Ал мен екі-үш планнан бердім!
ЕРНИЯЗ: Жап аузыңды, жалмауыз! Мына сияқты шолақ
белсен­ділер ауылдарды қан қақсатып бітірді. Жалғыз малын

тартып алғаны аздай, шошаладағы, сандықтағы сүр еті
мен құрт-майына дейін ортаққа деп сыпырып алып жатыр.
Жұртты қорқытып, Совет өкіметі мен партия саясатын
бұрмалап, халыққа жеккөрінішті етіп көрсетіп отыр. Мұндай

жүгенсіздерді ауыздықтау керек!
БАСТЫҚ: Халыққа жаның ашығаны жақсы. Өйткені
совет өкіметі – халықтың өкіметі! Ал бірақ белсенділер де сол
халықтан шыққан партияның айбынды көмекші жауынгерлері

екенін ұмыт­пағаныңыз абзал, жолдас Ернияз! Сондықтан
бұлар не істесе де партия-совет мүддесі үшін істеп жатқанына
сену керек! Дегенмен жолдас белсенді, асыра сілтеу болмасын
дегенді де есте сақтағаныңыз жөн!

БЕЛСЕНДІ: Мен ұмытпаймын! «Асыра сілтеу болмасын,
аша тұяқ қалмасын!»
БАСТЫҚ: Рас айтасың! Өйткені бұл – тап күресі, қан кешу!
Біз бай-құлақтың түбіріне балта шаппасақ, олар бізді құртады.

Өлкелік Партия комитетінің алға қойып отырған мақсаты –
байларды кәм­пескелеп, жер аудару керек! Сондықтан біздің
жауымыз ортақ – ол тап жауы! Бір-біріңмен алакөз болмай,
білекке білек қосып қи­мылдаңдар! Жұмыстағы артық-кемге

қарамай, біз сендерге сенеміз!

(Ернияз үндемей шығып кетеді. Белсенді бірге шығатын
сияқты болып оқтала береді де, бұлт етіп қалып қояды).
БЕЛСЕНДІ: Жолдас бастық, мен бір емес, үш план бердім
ғой.

БАСТЫҚ: О, иә, жарайсың! Рахмет!
БЕЛСЕНДІ: Дұрыс қой... бірақ, үш план берген кісіге
бір награт... награт (бастық аңтарыла қарайды) бермес пе
екенсіз? Награт бол­са, менің беделім күшейер еді... жұрт та

менен қорқар еді!
(Бастық ойланып, басын шайқайды).
БАСТЫҚ: Иә... иә... Жақсы... жоғарыға ұсынармыз. Оған
дейін, мә саған награда! (Тартпадан маузер алып береді).

(Белсенді маузерді ұңғысынан сүйіп, беліне тағып алады). –
Ал, енді бір әңгіме бар. Байдың сұлу қызына біздің екі бірдей
қызметкер қызығып, бұзылып жүр!)
БАСТЫҚ: Не дейді? Бұл саяси мәселе ғой. Қане-қане...

егжей-тегжейлі баяндай бер...
(Белсенді отыра қалып, сайрай жөнеледі...)

ДӘУ ҚАЗАҚТЫҢ ӨЛІМІ

Дәу қазақ – орташа шаруа. Жұмыстан шаршап келіп,
қоңыр үйіне кіреді. Нәзік келіншегі қолына су құйып, наздана
қарсы алады.
Шүпірлеген балалары мәре-сәре болып, әкелерінің мойнына,

арқасына мініп, тізесіне таласып мәз. Жантайып жатып,
шайын ішеді. Бейбіт үйдің шырқын бұза, әкіреңдеп шолақ
белсенді жетеді.
Белсенді есік алдында ойнап жүрген балалардан: «Сиыр бар

ма?» – деп алдап сұрайды. Үлкендеу бір бала күмілжіп, «жоқ»
десе, кішіректеу бір бала «Сиыр ма, сиыр бар!» дейді.
БЕЛСЕНДІ: Қайда?
БАЛА: Біз оны сойып алдық!

БЕЛСЕНДІ: Еті қайда?
(Бала белсендіні шошалаға алып келіп, жасырын шұңқырды
көр­сетіп қояды. Белсенді жігіттерімен сүр етті, басқа да
затта­рын сыпырып ала бастайды.

Үйден дәу мен келіншегі сасқалақтап, жүгіре басып шы­
ғады).

БЕЛСЕНДІ (Дәуге): А-а! Ұсталдың ба? Неге соясың?
ДӘУ: Енді... ақ адал малым емес пе... өз еркім... қашан,
қалай сойсам да...
БЕЛСЕНДІ: Жоқ! Ол сенікі емес! Ол – ортақтың малы!

ДӘУ: Оу, алатын малды өткен жолы алып болған жоқсыңдар
ма? Енді шиеттей бала-шағаның несібесін сыпырып алып,
қаңғып өл дейсіңдер ме?
БЕЛСЕНДІ: Оттапсың! Өкімет аштан өлтірмейді! Ал сен конт­

ра! Апартон! Айдалып кеткің келмесе, сал барыңды ортаққа!
Бер қалқозға! Планды... алдымен планды орындайық! Сосын
аласың қалқоздан тойғаныңша! Қане, тұр былай жолымнан!
Тарт алға!

(Атты айдап жүре береді. Дәу арбаны ұстай алады. Жүр­
гізбейді. Белсенді оны қамшымен арқадан тартып жібе­реді.
Бала-шаға шу ете қалады. Ауыл адамдары үрпиіп-үрпиіп тұр.
Белсендінің жанындағы екі үндемес жұмбақ жауынгер

мылтық­тарын көтеріп, айбат шегеді. Қаһарына мінген дәу
белсендіні кеңірдегінен қысып алып, өкшесін жерден көтеріп
тұрып, ыңқ-ыңқ еткізіп ішінен ұрып-ұрып, лақтырып
тастайды да, арбаны үйіне қарай бұрып алып, сүйреп кете

береді.
Үйіне, қора-қопсысына жете бергенде, есін жиған белсенді
«Наг­рат... награт» деп, атының ер-тоқымында ілулі тұрған
маузерін суырып алып, көздеп тұрып дәу қазақты арқасынан

атып жібереді. Қалт тұрып қалған дәу әлемге, далаға, аспан­
ға, үйіне, үйінің ал­дында үрпиіп тұрған балаларына мұңая,
қимай қарап, қатып тұрып, бір кезде шалқасынан құлайды.
Жым-жырт... Үнсіз қатып қалған үрей...

Тыныштықты дәудің келіншегінің ойбайлаған зары бұзады.
Ол күйеуін құшақтай құлайды. Белсенді өз жігіттеріне
арбаларды айдатып, кете береді. Бұрылып, үрей буған көп­
шілікке: «Совет өкіметіне қарсы шыққандардың көретіні

осы!» – деп, тағы бір оқты көкке атып жібереді).

МАХАББАТ ПЕН САЯСАТ

Бастық кеңсесінде өкілмен сөйлесіп отыр. Қатулы.
БАСТЫҚ: Иә, жолдас өкіл, сіз немене, байдың қызын
аламын деп, әуейі боп жүр дей ме? (Өкіл таңдана қарайды).

БАСТЫҚ: Ұзынқұлақтың хабарына қарағанда, тіпті Мека­
лай за­манында атасып қойғансың ба өзі? Әй, әттеген-ай, тым
асыққан екенсің.
(Өкілдің өңі бұзылып, қипақтай бастайды).

БАСТЫҚ: Талқыға сап, көрейікші қане... Біріншіден, Совет
өкі­меті әйелге бостандық берді, яғни ешқандай атастырған-
матас­тырған деген баяғының заңы біздің жастарды шатастыра
алмайды! Екіншіден, совет қызметкерінің байдың қызын

алуына біз үзілді-кесілді қарсымыз. Тап күресі! Ал ең басты
сұрақ мынада, егер де бай қызын бесіктен атастырғаны шын
болса, онда сен де байдың тұқымы болғаның ба? Анкетаңда
кедейдің баласы деп жазылған. Демек, сен не бізді, не қызды

алдап отырсың? Шыныңды айта ғой да, райыңнан қайта ғой.
Әйтпесе Чека мен НКВД қолға алып, аударып-төңкеріп тексере
бастаса, бір бәлеге қап жүрерсің. А-а?!
ӨКІЛ: Жо-жоқ, жолдас бастық, мен тақыр кедейдің баласы

еке­нім рас! Оны бүкіл ел біледі. Талай тексерістен өткенбіз!
Мен сол атастырған құдалармен бір ауылданмын. Жай-
жапсарын білген соң, сұлу қызға қызығып, қағып кетейін деп
едім. Байдың құдаларын, болашақ күйеу баласымен қосып,

кәмпескелеп, ана жылдары жер аударып жіберген!
БАСТЫҚ: А-а, солай ма? Мұныңды менен басқа ешкім
естімесін! Ал, ендеше, ертең байды кәмпескелеуге аттанамыз!
Бар да, жолға дайындал!

ӨКІЛ: Құп болады!
(Қалбалақтап қалған өкіл ұшып кетеді. Ернияз кіреді).
БАСТЫҚ (жылы қарсы алып): Кел, кел, Ернияз батыр,
төрлет! Иә, бұл қалай? Біз саған болашақ табанды кадрымыз

деп сеніп, үміт артып жүрсек, сен бар болғаны байдың күйеу
баласы болып, босағасында отырмақсың ба?
ЕРНИЯЗ: Сүйген қызыңа үйлену, біреуге күйеу бала болу
қорлық деп қай уставта жазылды екен?

БАСТЫҚ: Жә, жә... ойнап айтам. Мен сені жақсы көретінім­
ді өзің де білесің! Арандап қалмасын, апанға түсіп кетпесін деп
шыр-пыр болып жүргенімді ұғармысыңдар сендер! Жә, түйіп
айтқанда, жолдас Ернияз, байдың қызын аламын дегеніңді

қой! Тіпті маңына да жолама! Аулақ, аулақ жүр! Алты қырды
айнала қаш ондай ал­бастыдан!

ЕРНИЯЗ: Саясат, саясат деп жүріп, адамдықтан қалатын
шығар­мыз мүлде! Сонда қалай, совет қызметкерінің өзінің
сүйген қызын алуға хақысы, еркі жоқ па? Онда несіне азаттық,
азаттық деп шап­қылап жүрміз?

БАСТЫҚ: Еркің бар, Ернияз, еркің бар. Бірақ ондай
еркіндікті көтеретін менің еркім жоқ! Ертең сен кәмпескеге
ілініп тұрған байдың қызын алсаң, жоғарғы жақ не дейді?
Түсінбейді бізді! Тап жауының қызын алған совет қызметкері!?

Ол кім болмақ? Ойлашы өзің... тіпті айтуға да қорқынышты!
ЕРНИЯЗ: Махаббат ешқандай саясатқа қарамайды ғой!
БАСТЫҚ: Бірақ саясат махаббатқа қарайды! Үңіліп, жан-
жақты зерттеп қарайды! Сондықтан басың жас, сұлу қыздың

талайы та­былады әлі... тоқтағаның жөн...
ЕРНИЯЗ: Жолдас бастық! Айналайын ағатай-ау! Мен ол
қызды шын сүйемін ғой! Мен шын сүйген қызымды алғаннан
Совет өкіметі құлап қала ма, не?!

БАСТЫҚ: Жә, жә, сабыр ет өрекпімей! Болашағыңды ойла!
Ертең қандай өсейін деп тұрсың! Бір қызға бәрін айырбастап
жібересің бе?
ЕРНИЯЗ: Менің барым да, бағым да сол қыз болса ше? Ал

бәрін бір қызға айырбастап жіберсем ше? Сонда не, ағеке,
мендей ініңізді итжеккен Сібірге жер аударып жібересіз бе
шімірікпей? Мейлі, бірақ сол қызбен бірге аударыңызшы!
Жүрейін тайгада, емін-еркін дәурен сүріп! Сақылдаған сары

аязда сақ-сақ күліп, махаббат салтанатын құрайын! Әлде темір
түрмеге қамайсыз ба? Онда осы қызбен бірге қамаңызшы,
ағеке! Қап-қараңғы тар қапасты жап-жарық, жып-жылы,
ыстық ұяға, ақ отауға айналдырайын! Ал, қанеки, тағы не

деп қорқытасыз? Совет өкіметі түгілі, бүкіл әлемнің барлық
өкіметі жабылса да, аламын осы қызды! Ал, қайтесіз, ағеке?!
БАСТЫҚ: Жә, тоқтат! Тоқетері, тап жауының қызын
алғаның – тап жауына қосылғаның! Ал ендігісін өзің шеш, я

қыз, я біз! Екінің бірі! Бар да, ертеңге дейін ойлан!
(Ернияз үнсіз түйіліп, шығып кетеді).

КӘМПЕСКЕ

Далада бір топ салт атты келе жатыр. Жүрістері суыт.
Түстері суық. Соңындағы екеуінің иықтарында шошайған

мылтықтары бар. Алдында – аудан бастығы. Қасында шолақ
белсенді, жұмбақ өкіл және Ернияз.
Қырға шығып тоқтайды. Үнсіз, ызбарлана, айналаны
көзбен тінтіп шығады. Алыстан ауыл, ақ үй көрінеді.

БАСТЫҚ: Жолдастар! Бұл – даланың соңғы байы! Ең үлкен
жау осы! Осыны аман-есен кәмпескелеп, жер аударып жіберсек,
бір үл­кен іс бітер еді! Ернияз, өкіл, сен екеуің байдың қызына
сатылып кете жаздап едіңдер! Енді байдың өзін жер аударып

жіберіп, қателеріңді түзегендерің жөн! Сендер бастайсыңдар
кәмпескені! Бұл – бұйрық!
ӨКІЛ: Құп болады!
(Ернияз тістеніп, үнсіз сазарып қалады. Жігіттердің

бетінде әр­түрлі сәуле ойнайды).

ҚАШҚЫНДАР

Байды кәмпескелеуге келеді. Үйге кіреді сау етіп. Бай
бәрін тү­сінеді. Саспай, сабырмен, үнсіз қарсы алады. Бәйбіше
абдырап, Райхан мен Тоқтарбай үрпиіп қалады.
Бастықтың

белгісімен,
өкіл
алға
шығып,

дауыстап:
«Кәмпеске!» – дейді.
Ернияз бен Райхан бір-бірін көзбен ұғысып, әлденеге тәуекел
қылғандай. Бәрі далаға шығады. Ат-арба дайын. Бәйбіше бірер

буын­шақ-түйіншектерін, жолдық азықтарын салады. Бір-екі
көр­пе-төсегін, ыдыс-аяғын, киімдерін алады. Сол кезде Райхан
мен Тоқ­тарбай ерттеулі аттарының қасына барып тұрады.
РАЙХАН: Ағалар, тым болмаса тұлпар атыммен, мынау туған

жер – кең даламмен қоштасып, мауқымды басуға рұқсат
етіңіздер! Енді қайтып көреміз бе, жоқ па, кім білсін?!
(Бастық үнсіз басын изейді. Қыз бен бала атқа мініп, қырға
қарай тартқанда, Ернияз да атына қарғып мініп, соңдарынан

кетеді. Шолақ белсенді ұмтылмақ бола бергенде, бастық
тоқтатады. Барсын, қоштассын дегендей. Ауыл адамдары
үрпиіп-үрпиіп, үнсіз тұр. Бірдеңе айтқылары келеді – дәттері
бармайды.

Бай томырылып, түнеріп, бірақ тырс етіп сыр білдірмей,
ауылға, адамдарға, далаға асықпай, салмақпен қарайды.
Жанарында қанша мұң, айтылмаған шер мен сыр тұнған.
Бәйбіше де үнсіз, көзіне жас толып, өксігіне тұншығып әрең

тұр. Қырда желіп жүрген жастар бір кезде көкжиекке қарай
көсілте тартады. Тоқтарбай да соңдарынан қалмай шабады.
Бір сұмдықтың болғанын сезген бастық револьверін суырып
алып: «Тоқта! Қайт кейін!» – деп, көкке атып жібереді.

Жастар құйындатып, қыр асып кете барады. Бастық
толқиды. Жұмбақ қарауыл винтовкасын кезеп, ұзақ көздейді.
Ата бергенде, бастық мылтығын қолмен қағып жібереді).
БАСТЫҚ: Мен өзім сөйлесемін онымен (жүре беріп, екі

жұмбақ қарауылға), айдаңдар! Байдың қолын байлаң­дар!
(Бұйрық береді де, жастарды қуып кетеді).
(Екі қарауылдың мылтығының астында бай мен бәйбіше
туған жермен үнсіз қоштасып, қан жылап кете барады.

Дымы шықпай, ұяттан жерге қарап кедей ауыл қала береді...
Ен далада еркін көсілтіп келе жатқан жастардың тура
бүйірінен бастық шыға келіп, көлденең тартып тұра қалады.
Қыз бен баланы алыста қалдырып, Ернияз аяңдап оған

жақындай береді. Екеуі бетпе-бет келіп, тіктесіп қарайды.
Көздерінде жалын ойнайды. Бастық «қайт райыңнан!» дей­
тін­дей, Ернияз қасарысып басын шайқайды. Бастық іштей
арпалысып, толқып тұрады да, бір кезде бұрылып кете береді.

Ернияз, Райхан, Тоқтарбай үшеуі тәуекелге, бірге болуға
бел байлап, даланы кезіп кете береді).

ДАЛАНЫҢ СОҢҒЫ БАЙЫ

Бай мен бәйбіше арбада. Бірер түйіншектері ғана бар. Бір
жігіт атты айдап келеді. Жұмбақ қарауыл – бөтен екі кісі
кірпік қақпай күзетуде.
Ернияз арбаны қуып жетуге асығып, шауып келе жатыр.

Екі жүз қадамдай қалғанда, бір қарауыл қарсы шығады.
Айғайлайды.
«Стой! Стой! Стрелять буду!»
Мылтығын кезейді. Бай мен бәйбіше жігітке қараған күйі

қозғалмай отыр. Ернияз жақындай түседі. Қарауыл басынан

асырып атып жібереді: «Назад! Стой, говорю! Сюда нельзя!
Стой или не обижайся, парень, застрелю!»
Мылтықтың аузы суық, жігіт амалсыз тоқтайды. Ұзап
бара жатқан арбаға әлдене деп айқайлайды. Бай мен бәйбіше

ести алмай қиналады. Ернияз атынан секіріп түсіп, екі қолын
жайып бата тілейді. Бай ауыр ойға батқан. Бәйбіше толқиды.
Бір кезде бай екі қолын көтермек болады, көтере алмайды. Екі
қолын қыл арқанмен арбаға таңып тастаған. Байлаулы қолы

орта жолда көтерілген күйі алақан жайып, бетін сипауға
жетпей, ауада асылып қалған. Көзіне мұң тұнған даланың
соңғы байы туған жерден мәңгілікке ұзай береді...

ИЕСІЗ ҮЙ

Далада. Ернияз, Райхан, Тоқтарбай үшеуі келе жатыр. Қыз
бен баланың аттары болдырған. Өздері шаршаған.
Райханның көңілінде арпалысқан сезімдер көзінен көрініп
тұр. Ата-анасын уайымдап, келер күннен қорқатын секілді.

Тоқтарбай кең далаға шыққанына мәз, озыңқырап, желің­
кіреп алады. Ернияз ішкі арпалысын білдірмей, не де болса
тәуекелге бел байлаған. Қыздың қолынан ұстап, ат үстінде
құшақтай өзіне тартып, еркелетіп қояды. Қыз жадырауға

айналады.
Даланы кезген үшеуі қияға шығып кетеді. Қуғыннан құ­
тылған.
Алыстан қарайып бір қора сияқты бірдеңе көрінеді. Бұлар

соған тура тартады.
Шоқ-шоқ ағаштың ішіндегі жалғыз үй екен. Абайлап бай­
қаса, жан жоқ, иесіз, қаңырап тұр. Қора-қопсысы бос, кең.
Үшеуі осыны паналайды.

АЯЗ БЕН АШТЫҚ

Қыс.
Қар басқан ауыл.
Қақаған аяз, ақтүтек боран.
Қасірет құрсауы біртіндеп қысып келе жатыр.

Жүдеп-жадап тарыққан адамдар. Әлі келгендері түйін­
шектерін, соңғы азықтарын арқалап, күн ашықта қалаға
қарай, қалың елге қарай босып жатыр біртіндеп. Жүруге халі
жоқ, шиеттей бала-шағамен қалғандар тағдырдың жазғанын

күтіп алуға бел буған.
Молданың үйінде. Молда мен кемпірі дағдарып отыр.
Немерелері:

– Апа, қарным ашты!

– Апа, айран ішкім келеді!

– Апа, бір кесе сүт берші! – дейді әрең сөйлеп.

Апасы кемсеңдеп, білдірмеуге тырысып:

– Сиыр келсін... Сиыр келгесін айран да, сүт те, қаймақ та

болады! – дейді.

– Сиыр қашан келеді?

– Таңертең келеді! Ұйықтаңдар! Тез ұйықтап қалсаңдар,

сиыр да тез келеді! – дейді.
Жылап жүріп, балалармен бірге қисайып жатып қалады.
Молда жайнамаздың үстінде намазын оқып болғасын,
қозғалмай, үнсіз, қолын көкке жайып, ернін жыбырлатып

отырады.
МОЛДА: Иа, Алла тағала! Кеше гөр бізді! Біз құдайсыздарға
сендік! Құдайды ұмыттық! Өз жолымыздан жаңылдық!
Басқаға алданып, еркімізді бердік! Елеске ердік! Иа, Алла,

тәуба! Кеше гөр бізді! (Жайнамазда, сәждә қылады. Сол күйі
жан тапсырады).
Дәудің үйі...
Әйелі әлсіреп, қалжыраған балаларын аппақ, тап-таза

киіндіріп, төсекке жатқызады.
Өзі де беті-қолын шайып, таза киімдерін киеді. Ширығып,
қай­раттанып алған.
Ажалды қасқайып қарсы алып, адам құсап өлейін деген ойға

бе­кінген тәрізді.
Екі баласын екі жағына алып, аппақ төсегіне жатады.
Көзін жұмып, ұйқыға кеткен сияқты...
Мылқау қобызшы әйел... Сүйретіліп қырға шығады. Ақтық

күшін жиып, қобызын көмген төмпешікті құшақтап жатып
қалады...
21-0047

Бел-белестерде... жыра-сайларда... әр жерде қалған адамдар...
Бір үйде... бір үйлі жан... төсектерінде ұйықтап жатқан
сияқты. Ажалды сабырмен қарсы алған...
Мұғалім тышқан, масақ іздеп түзді кезіп жүр. Қақпан,

тұзақ­тарын қарайды – бәрі бос. Аппақ қарға бірде-бір
із түспеген. Қал­жырап, үйге қайтады. Қаңыраған қора.
Шашылған шарбақ...
Үйге кіргенде әйелі, балалары үмітпен, сұраулы жүзбен

қарсы алады.
МҰҒАЛІМ (күйзеліп): Түйір дән жоқ! Тірі тышқан қалмаған
далада! Жер-көктің бәрі жылан жалағандай!
(Емшектегі сәби шырқырап жылайды. Аш. Аузына салған

емшек­ті тілімен итеріп тастайды. Сүт жоқ!)
МҰҒАЛІМ: Әй, емізсеңші ана баланы...
ӘЙЕЛІ: Бар болса, мен аяп тұр дейсің бе? Сүт жоқ емшегімде!
Мен де суалып біттім!

МҰҒАЛІМ (одан сайын шырқыраған сәбидің даусына шы­
дай алмай, құлағын қос қолымен басып): Өшірші... өшірші
үнін шырқыратпай!
ӘЙЕЛІ: Айқайлама! Өзі де өшеді қазір! Бәріміз де өшеміз!

(Ашынған ана. Күйзелген әке. Шошынған балалар...)

ШАРАСЫЗДАР

1-комиссар мен 2-комиссар қаладағы бір қабатты ағаш
үйдің ауласында сөйлесіп отыр.
1-КОМИССАР: Жағдай жаман... Жер-жерден келіп жеткен
хабар­ларға, ұзынқұлаққа қарағанда қазақ ауылдарында ашар­

шы­лық басталыпты. Тіпті адам шығыны бар дейді. Мұны естіп
отырып, қалай үндемей қалмақпыз? Не істейміз? Не ойлағаның
бар?!
2-КОМИССАР: Не істегенде... Ойлағанда... Өлкелік Партия

Ко­митеті, совнарком жағдайды біліп отыр емес пе? Бірінші
секретарь бірдеме дейтін шығар-ау...
1-КОМИССАР: Бірінші секретарың бірдеме дегенше, хал­
қымыз түк қалмай қырылып бітер! Мынауыңа сенім жоқ...

Осының әпер­бақан, асыра сілтеу саясаты сор болды елімізге.

Біз, бір топ қазақ­тың қайраткер азаматтары елдегі жағдайды
айтып, Сталин жолдасқа хат дайындадық! Оған сен де қол
қойсаң, дұрыс болар еді!
2-КОМИССАР: А-а! Бұл шынында да ойланатын, күрделі

нәрсе екен!
1-КОМИССАР: Халқымыз қырылайын деп жатқанда қай­
дағы ойланған!
2-КОМИССАР: Жо-жоқ, мені бұған араластырмаңдар! Ме­

нен ат­тап, Мәскеуге неге хат жаздыңдар деп, бірінші секре­та­
рымыз ренжіп қалса, қиюы мүлде кетеді шаруаның!
1-КОМИССАР: Оу, бірінші хатшы саған халқыңнан артық
болға­ны ма?! Ойласаңшы... Осыншама қабырғалы қайраткер

жүріп, бір адамның ырқымен халқымызды қалай күйзелтіп
алдық?! Әттең, әттең, дүние, бармақ шайнағаннан басқа амал
жоқ! Орталыққа арқа сүйеп, ойына келгенін істеп отыр ғой! Өз
еркі өзінде болмаған бодан елдің көретін қасіретті тағдыры осы

да! Бұлар қазақтың көзін жойып, бос қалған далаға басып кіру
үшін әдейі істеп отырғанын қалай түсінбейсіңдер?!
2-КОМИССАР: Бұл сөзді сіз айтқан жоқсыз, мен естіген
жоқпын! Ел тағдырын бәріміз де ойлаймыз. Бірақ ақылмен,

айламен ойлау керек емес пе?! Дегенмен жоғарыға хат жол­
дағандарыңыз дұрыс! Мен түк білмеген болып-ақ, бас-көз
болып жүрермін!
1-КОМИССАР: Осылай ма? Е-е, дүние-ай! Әрқайсың қарақан

баста­рыңды ойлап, бұта-бұтаның түбіне бұға берсеңдер, ойына
келгенін қыла бермегенде қайтеді! Тұтасып, ұлт үшін ұлы
қорған болып тұрар күн болар ма екен бізде де?!

ҚОРҚЫНЫШТЫ ТҮС

Қыс. Айдалада жалғыз үй. Үйде Ернияз, Райхан, Тоқтарбай
үшеуі ғана. Айнала ақтүтек боран. Төніп келе жатқан қа­
тердің демі сезіліп тұр.
Әйтеуір пештегі от қана дәтке қуат. Қазанда қара су

қайнап жатыр – қардың суы. Бір уыс бидай – күндік қоректері.
Аздаған сықпа құрты бар.
Сарт етіп есік ашылады. Ысқырған боран, қар кіреді. Баяғы
бастық. Қажыған, арып-ашқан.

Жоғары шығарады. Су береді. Нәр татырады. Ес жияды.

ЕРНИЯЗ: Иә, жайшылық па?
БАСТЫҚ: Жағдай жаман. Ел тарығып жатыр. Алды аштан
өле бастады. Көмусіз қалғандар қаншама! Көмек сұрауға
жоғарыға кетіп барамын!

ЕРНИЯЗ: Кімге барасыз? Не деп барасыз? Осының бәрін
қасақана, қолдан жасап отырған сол жоғарыдағыларыңыз емес
пе? Өз халқымызға өзімізді қолшоқпар ғып салған жоқ па?
Осыны түсінер кезіңіз болды ғой.

БАСТЫҚ: Атаңа ғана нәлет крайком! Қасында тұрдым ғой.
Неге басын қақ айыра шаппадым-м-мм! Әттең! Әттең! Қарақан
басымыз­ды ойлап, әрқайсымыз бұтаға бұққаннан жан қалды
ма? Қорлық-ай! Өйтіп өмір сүргенше, неге елім үшін ерлікпен

өлмедім екен! Ал енді, міне, момын қазақтың баласы жайдан-
жай қырылып жатыр, қырылып жатыр!
ЕРНИЯЗ: Қысқартыңыз! Қайт дейсіз енді бізге? Бұл
аштық деге­нің барып шауып алатын жау емес! Күресерге

дәрмен жоқ! Жіп­сіз бай­лап, сорымызды қайнатып отыр ғой!
Осыған неге жеткіздің­дер?!
БАСТЫҚ: Әттең! Амал қанша! Көзсіз сеніп, соқыртекеше
соңынан ере беріппіз. Тым болмаса, айтқандарын жартылай

ғана орындасақ қой! Бәрімізден де сен ерледің! Сен өкіл болып
барған ауылдар аман! Ал мен кеттім!
ЕРНИЯЗ: Қайда барасыз мынадай күнде!?
БАСТЫҚ: Боран басылып келеді. Қыр астындағы үлкен

ауылға бір жетіп алсам, ары қарай оңай. Бөгелуге болмайды...
Әттең, атымды ұрлатып алдым! Ауылдан бір ат табылып қалар.
(Ернияз үндемей бетіне қарайды).
БАСТЫҚ: Жаяу болса да жетуім керек!

(Есікке беттей беріп, бөгеледі. Ақырын бұрылып, күйзеле
тіл қатады).
БАСТЫҚ: Қарағым, Ернияз! Заман солай болды, амал
не? Бізде де көп қате, кемшілік болды ғой, несін айтасың...

Кешулік болсын... қош, қарақтарым!
Қаһарлы, қатал бастық қамығып, көзіне кеп қалған жасын
көр­сет­пеуге тырысып, бұрылып, шығып кетеді...
Үндей алмай, еңселері езілген үшеуі сілейіп қала береді...

...Бір күні бір топ босқын келеді. Мұғалім, әйелі, бір ұл, бір
қыз. Ұл Тоқтарбаймен шамалас, қыз екі-үш жас кіші. Жүдеп-

жадаған. Арып-ашып, қалжыраған. Қайнаған су, бір-бір уыс
бидай, тары береді. Құрт жейді. Әңгіме айтады.
ӘЙЕЛІ: Малдың бәрін сыпырып ап, ауданға апарып,
қырып сапты. Планға деп! Мәсікамбинатқа сыймай, етті

далаға тау ғып үйіп қойыпты. Көзбен көрген кісілер қан
жылап айтады. Жұртқа да бермеген. Ақыры еттің бәрі босқа
сасып кетіпті!
МҰҒАЛІМ: Ауылда тірі жан қалған жоқ. Тамақ іздеп,

ауданға кеткені кетті, шамасы жоқтар қалды түгел...
ӘЙЕЛІ: Өліп қалды! Топалаң тигендей қырылып жатыр
шетінен. Бір жамағайынымыз суыр аулап жеп, ол біткесін,
қайтсін, інін қазып, суырдың жиған дәнін алып келіп, бала-

шағасымен жеген... Әлгі улы бола ма екен әлде інде жатып
бұзылып кетті ме екен, әйтеуір, түгел уланып өліп қалды!
МҰҒАЛІМ: Білмейміз, не болатынын, әйтеуір, қарап
отырып өлген­ше, қимылдап өлейік деп, кетіп барамыз бас

ауған жаққа... қа­ла­ға қарай... Жетеміз бе, жоқ па, құдай
білсін... Рахмет!
Кетуге айналады. Ернияз қиналады, қолдан келер қайраны
жоқ. Райхан бір-екі уыс дән салып береді әйелдің қалтасына.

Тоқтарбай қыз балаға іш тарта қарап, кетерде қолына бір
уыс құрт ұстатады соңынан жүгіріп барып. Олар кеткесін
үшеуі сең соққандай боп қала береді...
Ернияз түс көреді. Түсінде бір топ босқын бұлардың үйін

бетке алып шұбырып келеді екен дейді. Бұлар есіктерін жауып
алып, бұрышқа тығылып қалады.
ЕРНИЯЗ: Ал, енді қайттік?
РАЙХАН: Қайткені несі? Келсін, жылынсын...

ЕРНИЯЗ: Оларға бөліп беретін нең бар?
РАЙХАН: Барымен базар... «Өле жегенше бөле же» де­ген...
ЕРНИЯЗ: Атаңның басы базар! Егер де барыңды жұртқа
бөліп берсең, ертең мені сойып жейсің бе, қыржаныңды жейсің

бе? Көк­темге дейін қайда-а әлі?! Бөліссек – оларға да, бізге
де жұғын болмайды... Бәріміз де өлеміз... Сыпырып-сиырып
оларға берсек, өзіміз аштан өлеміз... Бермесек, олардың бәрі
өліп, біз аман қаламыз! Ал, қайт дейсің енді?!

Райхан Тоқтарбайға бір қарап, үндемей қалады. Үшеуі
бұрышқа тығылып, сығалап қарап отырады. Босқындар ауыл
адамдары екен дейді, үйді айнала, қора-қопсыны ақтарып,
есік-терезені қағып, итеріп, біраз әуре болады. «Аш! Ашыңдар!

Құдай үшін бір түйір дән беріңдер! Бір үзім нан! Нан-н-н!» деп
үздіге айқайлайды. Бұлар әрең шыдайды. Бір кезде Райхан
ұшып тұрып, есікті ашпақ болады. Ернияз оны жұлқып,
төсекке лақтырып жібереді.

РАЙХАН: Құдай-ай... Не жаздық?! (Жылайды. Ернияз
үнсіз тісін қайрайды. Босқындар босағада өліп қала­ды...)
Ернияз шошып оянады. Пештегі отқа қарап отырып, өксіп-
өксіп жылайды...

Ұзақ күндер мен түндер... Үрейлі, қорқынышты түс елес­
тер... Қыз шыңғырып, шошып оянады... Жігіт жұбатады...
Төніп келе жатқан қасірет бұлтын сезеді. Үшеуі киініп
қырға шығады. Ұшы-қиырсыз далаға, көкжиекке қарайды көз

талдырып... сарғайып... Маңайда тірі жан жоқ.
Тоқтарбай ойнап, ұзаңқырап кетеді.
РАЙХАН: Ернияз, мен қатты қорқып жүрмін! Күнде жаман
түстер көремін. Түнде тіпті үрейім ұшып кетті!

ЕРНИЯЗ: «Түсіңде қорықсаң, өңіңде қуанасың» деген атам
қазақ!
РАЙХАН: Білмеймін. Түнде... түсімде... осылай қырда
жүр екенбіз деймін... Бір кезде аппақ қар бір үлкен ақ кебінге

айналып, бүкіл даланы жауып кетіпті. Асты тола өлік! Есепсіз
көп! Тіпті қайдан шығып жатқанын да білмеймін. Үсті-
үстіне қосылып жатыр, қосылып жатыр. Көбейген сайын
көбейіп жатыр... Бір кезде... әлгі кебін, әлгі қардың бәрі еріп,

айналаны тасқын су алып кетіпті... Бір қарасам су емес...
қып-қызыл қан... адам қаны сарқырап, тасып жатыр! Енді
бір кезде тасқынмен бірге адам мәйіттері... тау болып үйілген
күйі ағып барады. Қызыл тасқынның бір жағасында атам мен

апам... қолын маған қарай созып, қалып барады екен деймін.
Бір жағасында Тоқтарбай екеуің кетіп бара жатсыңдар. Ал мен
ортада тұншығып қала бердім.
ЕРНИЯЗ: Қой, қой енді... сабыр ет! Әр нәрсені ойлап, уайым­­

дай берген соң, түсіңе де қайдағы-жайдағы кіре береді! Жақсыға
жориық! Қарап отырғанша, қайрат қылайық! Қар сөгіле қалаға

қарай тарту керек! (Құшақтап) Менің кішкентай батырым!
(Қолынан тартып, үйге қарай жүгіреді. Бала екеуін қуып, қар
лақтырып мәз).
Үйге кіреді. От жағады. От басында сырласады. Ба­ла

терезенің қырауын үрлеп, қарлы далаға сығалап қа­райды...
Түн. Әлсіз шырағданның жарығы. Дірілдеген жалын.
Қаракөлеңке үйдің іші үрейлі көрінеді.
Ернияз шам жарығына қолын тосып, саусақтарын қимыл­

датып, неше түрлі бейнелер жасайды – қабырғада көлеңкелер
ойнайды. Бала ойынға алданады. Қыз мұңды. Ернияз ертегі
айтады.

– Ерте ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде бір бай болыпты,

төрт түлігі сай болыпты...
ТОҚТАРБАЙ: Оларды да жер аударып жібере ме? Е-еһ,
менің атам мен апам қайда? Тоңып-жаурап қалды ма екен? Біз
сияқты қарын­дары ашып қалды ма екен? Ә, Ернияз аға? Олар

енді қайтіп келмей ме?
ЕРНИЯЗ (күбірлеп): Келеді, келеді әлі-ақ... күдер үзбе...
әділет заманы да туар!
(Ертеңінде Райхан далаға шығып кеткенде, Тоқтарбай

кенеттен: «Ернияз аға, біз аштан өлеміз бе?» – деп сұрайды).
ЕРНИЯЗ: Не дейсің? Айтпа ондайды! Ойыңа да алушы
болма! (Ұрсады. Өз-өзінен сезіктеніп, далаға жүгіріп шығады).
Қыз қорада асылып қалыпты. Жанұшырып арқаннан

босатып, құтқарып алады. Құшақтап отырады. Талықсып
жатқан қыздың қалтасынан бір уыс бидайы төгіліп жатыр
екен. Екеуіне жетсін деп, өзі жемей тыға берген сияқты.
Ернияз бір-бірлеп теріп алады. Қызға ұрсып, жігер-қуат береді.

ЕРНИЯЗ: Райхан! Райхан! Мұның не!? Есіңді жи, ақылға
кел, сабыр ет!
РАЙХАН: Ернияз жаным... кешір мені! Егер де мен олай-
бұлай боп кетсем, жалғыз бауырым... Тоқтарбайым... бір өзіңе

аманат! Ата-анамның да ақтық тілегі сол шығар!
Ернияз үнсіз Райханды құшақтап, шашынан сипап, иіс­
кейді...

ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ЖЫР

Қаракөлеңке крайкомның кабинетіне 1-комиссар екпіндеп
кіріп келеді. Қолында бір папка қағаз. Столға тастайды.
1-КОМИССАР: Вот здесь, здесь... телеграммы и сообщения
со всех концов республики! Активисты так перегнули, что

забрали последний скот, запасы продуктов. Начался голод...
везде погибают люди! Необходимо принять срочные меры по
спасению людей! По этим данным, число погибших ужасающе
много... и растет не по дням, а по часам!

КРАЙКОМ: Что? Люди погибают? Кто вам сказал? Пока­
жите мне хоть один труп умершего от голода? Нету-у? Так в
чем дело? Когда будут трупы, тогда и поговорим о перегибах!
Успокой­тесь, успокойтесь товарищ комиссар. Сядьте! Да, мне

говорили о некото­рых погибших... Но сведущие люди сказали
(2-комиссарды нұсқайды), что эти люди погибли вследствие
своей лености и бегства от колхоза. Теперь никуда не убежит!
Бегущий казах от колхоза пусть лучше будет мертвым! Не будет

кочевать... не будет беспокоить никого... осели, осели наконец,
в сырой земле! Социализм не построишь без жертв!
1-КОМИССАР: Вас ввели в заблуждение! Голод приобрел
обще­народный характер...

КРАЙКОМ: Да нету никакого голода! Вот у меня тоже
сведения со всего конца республики... между прочим, под­
готовленные такими же казахами, как и вы. Здесь говорится о
всеобщем блогополучии... урожайность высокая, хлеба много,

скот размножается в колхозах... чего еще вам надо, а?
2-КОМИССАР: В республике самый высокий уровень
коллективи­зации по Союзу!
КРАЙКОМ: Все наши республиканские и областные,

районные газеты восторженно пишут о высоких достижениях
Страны Советов в деле строительства социализма... а вы лезете
со своим голодом... смертями... Я не люблю... не хочу слушать
жалобы... дайте цвес­ти республике! Товарищ Сталин перед всем

миром объявляет о дос­тижениях советского строя... оказывает
зарубежным братьям – беднякам коммунистическую помощь...
а тут на-те – казахи взду­мали голодать!
1-КОМИССАР (ашынып, қатты екпінмен): Товарищ

первый сек­ретарь крайкома! Я вас прошу выслушать... понять!

Истинное положение дел во многих сельских местах просто
ужасно! В основном погибают казахи, лишенные своего скота.
КРАЙКОМ: Что вы заладили... казахи... казахи? Как
будто нет других национальностей? Даже не удобно как-то...

национализмом попахивает!
1-КОМИССАР: Но это факт! В основном гибнут казахи!
КРАЙКОМ: Почему?
1-КОМИССАР: Потому что они занимались только ското­

водством. Когда забрали весь скот – они и погибли! Надо
принимать срочные меры по спасению голодающих! Мы уже
написали письмо товарищу Сталину!
КРАЙКОМ: Короче... Что вы предлагаете?

1-КОМИССАР: Надо срочно организовать продовольственные
отря­ды в голодающие районы!
КРАЙКОМ: Ладно... пусть там поездят, посмотрят на
местах! Ос­тавьте ваши бумаги... я на досуге полистаю...

(1-комиссар папкасын столға қойып, 2-комиссарға алара бір
қарап, кетеді. Крайком папканы ашып, қалың қағаздарды бір-
екі аударыстырып қарап шыққан болады да, қоқыс шелегіне
лақтыра салады. 2-комиссарға тесірейе қарап отырып):

– Давай лучше выпьем! – дейді. Екеуі қырлы стақанды

толтыра тартып-тартып жібереді.
Крайком рахаттана керіліп, көзін жұмады.
2-комиссар аяғының ұшынан басып, есікті дыбыссыз ашып,
шығып кетеді.

Крайком жалғыз өзі қалады. Креслосында шалқайып,
шылым тартып, көк түтінге көміліп отырады. Айнаға
қарап, өзімен өзі соғыстырып ішеді. Қиял ма, түс пе, әйтеуір,
бір бұлдыр әлемге еніп кетеді...

Бір әдемі қызбен кең, биік, жап-жарық залда, сарайда билеп
жүрген сияқты. Қыз аппақ киінген, әдемі. Бұл оны жақсы
көріп қалған сияқты. Қызды айналдырған болады.
«Татьяна,

прочтите
пожалуйста
стихи
душевные!

Правдивые стихи!» – деп өтінеді.
Қыз өлең оқуға ыңғайланып, әуелі крайкомның көзіне
тіктеп, өртеп қарайды. Өңменінен өткен өткір көзге шыдай
алмай, крайком жүзін қалқалап, көзін жұмады. Көзін ашқанда

жарық сарайда емес, айдала, құла дүзде тұрғанын көреді. Жан-
жағы қала көшелері, кварталдары сияқты қаланған өліктер.
Арасында адасып, үрейленіп, әрқайсысына бір соқтығып,

есі шығып жүргенде алыстан қызды көреді. Үнсіз ұмсынып,
екі қолын созады. Қыз алақанымен алыстан кеудесінен
итергендей болып, тоқтатып тастайды да, өлең оқиды.
Крайком қолын созған күйі, тізерлеп құлайды.

На небе радостно поют– трепещут птицы
А на земле страдания, голод, смерть.
Я не умею с этим примириться,
Мне тяжело на все смотреть...

Какой же деспот создал эту пытку,
Иль полоумному пришла такая блажь?
Последнюю овцу, кошму, пиалу, кибитку
Мол, забирать и ничего не дать.

И не пеняй на климат, на природу,
На то, что Казахстан степной и тихий край,
Такой был урожай! Хватило бы народу
На хлеб и на табак, на мясо и на чай.

И этот труп казаха на меже,
Кто приказал? Узнать – понять хочу я,
Кто смерть и нищету послал сюда?
Где спокон веку жил народ, кочуя!

Қыз байқаусыз ғайып болып кетеді. Қаптаған өліктердің
арасында, тізерлеп, қызға қолын созған күйі сүйретіліп қалған
крайкомның үстіне мәйіттер құлай бастайды. Тыпырлаған
крайком өкіріп-ба­қырып, ақыры өліктердің астында үні

өшеді...

ӨЛІ АУЫЛ

Ернияз, Райхан, Тоқтарбай үшеуі айдалада келе жатыр.
Қа­жы­ған. Арып-ашқан. Шет-шегі жоқ аспан, дала. Тірі тыш­
қан кө­рінбейді.
Үйілген сабанның түбіне жетіп жығылады. Ақтармалап

қарай­ды. Дым жоқ – бәрі бос. Бір кезде үш-төрт түйір дән
тауып алады. Қуанып, бөліп жейді... Тоқтарбай қалтасынан
кішкентай қалта-дорба алып шығады. Ашса – ішінде үш түйір
асыл тас-гәуһар.

ТОҚТАРБАЙ: Мынаны кетерде атам беріп кетті!
ЕРНИЯЗ: Гәуһар! Әншейін ғана тас! Тас дүние – бұл қай
мазағың? Қай қорлығың бұл?!
Дорбаны Тоқтарбайдың қалтасына салып қояды.

Үшеуі сүрініп-қабынып бір ауылға жетеді. Тым-тырыс...
Түтін жоқ... Із жоқ... Шеткі бір үйдің есігін ашады. Сықы-
ыррр еткен есік дыбысы үрейлі. Кіреді. Сіріңке тұтатады.
Төрде... салулы төсекте шиеттей балаларын құшақтаған

күйі ата-ана жатыр. Аппақ жүздері соншалықты қайғылы.
Қатып қалған... Амалдары жоқ бұлар шошынса да, дұға оқып,
беттерін жабады... От жағып, пештегі жалынға жылынады...
Барлық үйлерге кіріп, қарап шығады. Кейбірінде кісілері

өліп қалған... кейбірінде жан жоқ... дүние-мүліктерін со қалпы
қал­дырып... әлдеқайда кетіп қалған сияқты...
Төрде, жайнамаз үстінде... сәжда қылған күйі қатып қалған
молда...

Бір үйден, төсек астынан, қараңғы қуыстан тықыр
естіледі. Үміттеніп, қараса... бір тоғыз-он жасар қыз бала
шығып келеді... Шашы жалбырап, көзі аларып кеткен, ессіз...
Аузы-мұрны қан-қан... қолында жас баланың жұлмаланып

желінген қолы...
Бұлар шошынып, шығып кетеді.
Бір үйдің есігін ашқанда, ар жағынан бірнеше баланың
мәйіті сау ете түседі. Сөйтсе, қар басқан есікті ашуға

шамалары келмей, сүйенген, итерген күйлерінде қайтыс
болып кеткен...
Қаңыраған өлі ауылдан денелері түршігіп, жандары шо­
шыған бұлар алға қарай жүре береді.

АЖАЛМЕН АРПАЛЫС

Айдала. Ілбіген үшеу. Аспан биік. Суық. Су жағасына жетеді.
Мұз астында қатқан мәйіт. Шошынып, шегініп кетеді.
Ернияз Райханмен сырласады: Біз қайтіп түстік мұндай
күйге? Қалай қырылып қалдық жайдан-жай? Қалың ел едік

қой... Мыңдаған жыл далада емін-еркін көшіп-қонып, боран
мен аязға да, ит-құс пен шапқыншы жауларға да алдырмаған
батыр көшпенділер емес пе едік? Қалайша бір-ақ қыста
қырылдық та қалдық? Кім бізді бұлайша жусатып салған?

Не болды бізге? Неге біз біреулерге тізгін беріп, өзімізді оп-
оңай өлтіріп тастауға жол бердік?! Әттең, әттең, дүние-ай...
алысып, айқасып... жастығымызды неге ала кетпедік?!
Бір кезде көкжиектен қарауытқан әлденелер көріне бас­

тайды.
Бұл не? Елес пе? Ел ме? Мал-жан ба? Үміттеніп, жігерленіп
алға жүреді. Жақындаса – қаптаған қойтас. Іркес-тіркес,
ұбақ-шұбақ шұбап жатыр.

Бір тастың түбіне «уһ! « деп отырады. Ес жиып қараса,
қарсы алдындағы тастардың біріне сүйеніп біреу отыр. Ар
жағында тағы бір әйел... екі баласы екі тізесіне бас қойып,
созылып жатыр... Бәрі де өліп қалған.

Шошынады. Тас-тастың түбінде бір-бір кісі жатқандай
сезіледі. Елестейді. Тағы да алға қарай ілбіп кете береді. Бір
тастың түбінде қолын алға созған күйінде қатып қалған
кісіге тіреле тоқтайды. Қараса, баяғы бастық. Көзі алға

қарай, шарасынан шыға, бір нәрсеге тесірейе қараған күйі,
саусақтары тарбиып қатып қалған. Шошынады. Естерін
жиып, қайраттанып, созған қолдың бағытына қараса, таяқ
тастам жерде бір саршұнақ тұзаққа түсіп, қатып қалған

екен. Соған жете алмай, қолын созған күйі үзіліп кеткен...
Бұлар саршұнақты сойып жейді... Әлденіп ес жиып қалады...
Сол жерде, тастардың арасында қонады.
Түн. Жұлдыздар жерге төніп, тамып кетердей болып тұр.

Қыз құбылаға жүзін қаратып, тізерлеп отыр. Алақанын
жайып, ақырын күбірлеп: «О, жаратқан ием... бауырымды,
азаматтарды, елімді аман қыла көр! Менің жаным садаға!
Құрбандығың болайын! Қыздың тілегі қабыл деуші еді ғой!

Мені алсаң, ал! Елімді аман қыла көр!» – деп, сұп-суық
аспанмен, жұлдыздармен бетпе-бет келіп, егіліп, жылап
жатып тілек қылады...
Таңертең Тоқтарбай бір тастың үстіне әупірімдеп шығып,

төңірекке тесіле қарайды.
Алыстан, көкжиектен бір атты кісі көрінеді. Бұлар
қуанып, қолдарын бұлғап, өлеусіреген дауыстарымен әрең-әрең
айғайлайды. Аттылы қиыстау өте беріп, бір кезде бұларды

көріп, бұрылып келеді. Шолақ белсенді!
БЕЛСЕНДІ: А-а! (Маузерін суырады. Ернияз қарсы тұрады).
Қане, былай тұр! Тап жауының тұқымы да тап жауы! Оларды
кез­дес­кен жерде қынадай қырыңдар деген тапсырма бар!

Сен жүре бер... боссың... адассаң да, өзім сияқты кедейсің...

жауабыңды жол­дастарға өзің бересің... Ал мына күшік пен
қаншықты маған қалдыр!
ЕРНИЯЗ: Әй, не деп тұрсың! Анда... қаншама адам... ауыл-
ауы­лымен аштан өліп, қырылып жатыр... Өз бауырларың...

қан­дастарың... қазақтар қырылып жатыр!
БЕЛСЕНДІ: Мен ешқандай қазақ-мазақты білмеймін...
Менің білетінім Совет өкіметі мен оның жаулары ғана! Ал
жауды құртар болар! Қане, кет былай, әйтпесе сені де қосып

атып тастаймын! Ха-ха-ха! Бай балаларының бір үзім нанға
зар болып, аштан өлгендері қандай ғажап! Бұны да көретін күн
бар екен-ау! (Қарқылдап, даланы басына көтере, жындана,
құтырына күледі). Қане, кет былай!

Ернияз Райхан мен Тоқтарбайды қорғап, белсендіге қарсы
тұрады.
Белсенді маузердің ұңғысымен былай тұр деп меңзейді, жігіт
басын шайқайды. Белсенді атып жібереді. Тыныштықты

тіліп өткен оқтың үні үрейлі. Тағы да бір-екі рет басып-
басып жібереді. Жақындай түседі. Кенет амалы құрыған
Ернияз малақайын мау­зерге қарай лақтырып жібереді. Ауада
қалбалақтап келе жат­қан малақайдан ат үркіп, бір жағына

орғып кеткенде, белсенді құлап түседі. Жігіт оны бас салады.
Екеуі алысып, айқасып кетеді. Әлсіреген, арып-ашқан Ернияз
белсендіні жеңе алмайды. Тамағы тоқ белсенді оны еңсеріп,
алып соғады. Жанталасып жүргенде, белсенді­нің жерге түсіп

қалған маузерін көтеріп алған Тоқтарбай оны қос қолдап,
белсендіге кезеп тұра қалады. Талықсып кеткен жігітті
тұншықтырып жатқан белсенді амалсыз орнынан тұрып,
балаға бұрылады. Бет-аузын құбылтып, атуға дәті бармай

қобалжып, қорқып тұрған баланы одан сайын үрейлендіріп,
ыржалаңдап: «Мә, мә, кәні, кәні, ат, атшы мені... көрейін
атқаныңды! Кішкентай қанішер... қызыл қанымды ағызып,
тойғаныңша іш, іше қойшы, қане!» деп қисалаңдап...

тәлтіректеп, оқ тиген, өлетін адам құсап, бұралаңдап
жақындай береді. Бала шегіншектеп, қашуға айналады.
Белсенді енді жетіп ұстай бергенде, атып жібереді. Бірақ оғы
біткен екен – шық ете қалады. Маузерді лақтырып жіберіп,

тұра қашқан баланы белсенді тас-тастың арасында қуа
жөнеледі. Үлкен лөкет пышағын жалақтатып суырып
алады.

Бағанадан бері алыстан бақылап, шырылдап, жақындауға
әл-дәрмені жетпей амалы құрыған қыз жігітке келіп, бетіне
үңіледі. Жігіт көзін әрең ашып, есін жия бастайды.
Бұлар естерін жиып, бір-бірін сүйемелдеп әуре болып

жатқанда, белсенді баланы тастың арасында жетер-
жетпес болып, алқынып, жұлқынып, қуып жүреді. Пышағын
жалақтатып, тас-тастың түбінен іздей бастайды. Бір кезде
маузерін тауып алып, қалтасынан бірнеше оқ алып шығып,

оқтап алады.
Бұл кезде Ернияз бен Райхан да орындарынан тұрып,
тастардың тасасына тығылады.
Әбден жынданып, құтырынған белсенді тас-тасты көздеп,

қылт еткен сайын бұларды атқылып, қуалап жүреді. Бір
кезде Тоқтарбай Ернияз бен Райханның қасына келеді.
Сол сәтте белсенді баланы көздеп тұрып, атып жібергенде,
Райхан оны бауырына басып, өз денесімен жауып, қорғап

үлгіреді.
Оқ қыздың тура арқасынан тиеді. Ол тіл тартпай үзіліп
кетеді. Ернияз Тоқтарбайды ала қашып, тағы да тастардың
тасасына тығылады. Еңкеңдей басып, бұларды қуалап келіп

қалған белсенді тастың түбінде өліп жатқан бастықтың
аяғына байқамай шалынып кетіп, етпетінен түседі.
Оны көрген Ернияз ақтық күшін жинап, жанталаса
жүгіріп келіп, белсендіні басынан таспен ұрып өлтіреді.

Әбден әлсіреп, Тоқтарбай екеуі Райханның басында қай­
ғырып біраз отырады. Бір кезде қараса, белсендінің аты жақын
жерде тұр екен. Жуас ат бұлардан қашпай, оп-оңай ұстатады.
Қоржынды ақтарса, айран, нан бар екен. Соны жеп, әлденіп,

естерін жияды. Райханмен қимай қоштасып, бетін жабады...
Екі жетім бірін-бірі сүйемелдеп, атқа мінгесіп, көкжиекті
көздей аттанып кете барады...
2007 жыл

МАЗМҰНЫ Ауыл хикаялары Бос бөшке....................................................................... 3 Жынды Қаратайдың қасіреті............................................. 8 Дефицит........................................................................15 Мен қалай қайта құрылдым?............................................25 Түсіме кіргізіп аламын... ................................................28 Дәу жеңгейдің қытығы....................................................34 Қиқыматтың хикаялары..................................................40 Алмамбеттің толғауы.................................................... 108 Қиқыматтың қиссасы.................................................... 206 Күлмескүл................................................................... 283 Ашаршылық жылғы махаббат........................................ 292

«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13
«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13

Басуға 30.04.15 қол қойылды.
Пішімі 60х90 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.
Шартты баспа табағы 21,0.
Тапсырыс №0047. Таралымы 2000 дана.

Редакторы Ботагөз Мұхиден
Техникалық редакторы Эльмира Заманбек
Көркемдеуші редакторы Жеңіс Қазанқапов
Корректоры Аяужан Рысқұлқызы

Компьютерде беттеген Ақерке Сқақова
Баянғали Әлімжанов

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Күлкімен көмкерілген ой
ІІІ том
Әңгімелер мен повестер

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙