Белжайлау
Шаяхмет Алжамбаев
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Ақын Шаяхмет Оразымбекұлының қалың оқырман қауымға ұсынып отырған бұл жаңа жыр жинағына поэзия əлемінде өзіндік үнін білдіретін талантының кемеліне келген шағында туған жырлары енгізіліп отыр. Табиғат сұлулығымен үндескен сезім тербетер сыршыл лирикаларымен бірге тарихи тақырыпқа арналған «Аралбай батыр», «Нəубет» тəрізді поэмалары мен толғаулары халқымыздың басынан өткен қиын-қыстау кезеңдердің ш
ШАЯХМЕТ ОРАЗЫМБЕКҰЛЫ
Алматы 2012
Белжайлау
УДК 821.512. я22
ББК 84 Қаз 78
А 40
Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат
министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитетінің
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша шығарылды»
Ш. Алжамбаев.
Белжайлау. Ш. Алжамбаев: Алматы: «Асыл сөз» баспасы,
2012. ж. 200 бет.
ІSBN 978-601-80190-98
Ақын Шаяхмет Оразымбекұлының қалың оқырман
қауымға ұсынып отырған бұл жаңа жыр жинағына поэзия
əлемінде өзіндік үнін білдіретін талантының кемеліне келген
шағында туған жырлары енгізіліп отыр.
Табиғат сұлулығымен үндескен сезім тербетер сыршыл
лирикаларымен бірге тарихи тақырыпқа арналған «Аралбай
батыр», «Нəубет» тəрізді поэмалары мен толғаулары хал-
қымыздың басынан өткен қиын-қыстау кезеңдердің шежіресі
десе де болғандай. Жыр сүйер қауым ақынның арынды да
жалынды өлеңдерімен қайта қауышып, ерекше бір шуақты сезім
құшағына бөленері сөзсіз деп ойлаймыз.
УДК 821.512. я22
ББК 84 Қаз 78
ІSBN 978-601-80190-9-8
© Ш. Алжамбаев, 2012
© «Асыл сөз» баспасы, 2012
А 40
Егемен
елім енселі
І бөлім
Тəуелсіздік! Өзіңді аңсап, шарқ ұра
Қанша ғасыр, қанша заман ағылды.
Еркіндікті əперем деп халқыма
Қаншама бас қағылды!
Шаяхмет Оразымбекұлы
ЕЛ АҢСАҒАН НҰРЛЫ КҮН
Тəуелсіздік! Өзіңді аңсап, шарқ ұра
Қанша ғасыр, қанша заман ағылды.
Еркіндікті əперем деп халқыма
Қаншама бас қағылды!
Ат үстінде ер арыған жылдар-ай!
Бастан кешіп, бодан елдің тірлігін.
Жадымыздан шығарамыз біз қалай?
Орбұлақ пен Ақтабанның қырғынын.
Қарақшы Ермак келсең дағы өктем бір
Хан Көшімнің кім ұмытар кекті үнін?
Ғасырлардың тереңінен жеткен бір
Сүзге сұлу мұңды əніңді естідім.
Ұрыс салған кіл батырлар ер жүрек
Аңырақай ! Қанды шайқас əйгілі.
Ұлы жеңіс Туы сонда желбіреп,
Қазағымның асқақтаған айбыны!
Белжайлау
Сұр замандар алмастырып бір-бірін
Жеткізбеді, жеткізбеді-ау басты арман.
Туды ақыры ел аңсаған нұрлы күн
Тəуелсіздік! Желтоқсаннан басталған.
Жиырма жыл өтті елім сан сыннан
Берік етіп Тəуелсіздік Тұғырын.
Жақсы күндер арылмасын Халқымнан
Еркіндігім, мəңгі болсын ғұмырың!
Шаяхмет Оразымбекұлы
ЕСІЛ ЖАҒАСЫНДА
(Астананың тұсаукесеріне барғанда)
Толқынынан көз алмай тесілесің,
Есіл осы, бауырым, Есіл осы.
Əнге қосып талайлар тəнті болған,
Есіл осы Арқаның несібесі.
Жатырсың-ау арнаңда шалқып ағып,
Күннің нұрын өзіңе тартып алып.
«Астанам!» деп жағаңды əнге бөлеп,
Думандатып тойлауда халқым анық.
Нұрлы ағыстан жаныма лағыл алдым,
Ертең сені мен дағы сағынармын.
Келіп тұрмын жəннатты Жетісудан,
Ерке Іленің сəлемін қабыл алғын,
Есіл, Есіл, мен сені сағынармын.
1998 ж., 10 маусым
Белжайлау
ҚЫЗЫЛЕСПЕ
Мен саған келіп тұрып Қызылеспе
Түсірдім Ерғазының* жырын еске
Бойымды жадыратып керімсалың
Рахатқа бөлендім жылы кеште
Тау ішіне сіңеді ұзын жолдар
Көз тартады су шайған қызыл жондар
Қызылеспе атыңды қайта атасақ
Алақайлап жұртың бар бүгін қолдар
Атажұрты əкемнің туып өскен
Ендеше менің де бұл Қызылеспем
Еңбекші десе біреу байырғы атың
Шығып бара жатқандай бүгін естен
Қызылеспе, армысың, құт мекенім,
Білесің бе көңілдің күпті екенін
Ескерусіз қалдырдық бабалардың
Жұмбақ сырмен қалаған қыш кешенін
*Ақын Ерғазы Манапов
Шаяхмет Оразымбекұлы
Таулар тұр үйірілген басына бұлт
Жатыр өзен іргеңде тасып ағып
Шабыт алар көркіңнен ақын анық
Жыр жазсам ба баурыңда жатып алып.
Тау ішіне сіңеді ұзын жолдар
Көз тартады су шайған қызыл жондар
Қызылеспе атыңды қайта атасақ,
Алақайлап жұртың бар бүгін қолдар.
Қызылеспе,сыр шерткен қызыл жондар...
Белжайлау
ЫСТЫҚСЫҢ МАҒАН ЖАРКЕНТІМ!
(Нұрəділ Бегімбетовке)
Жетісудың
жерұйығы Жаркентім,
Тарихта ежелден-ақ бар кентім.
Əбілхандай суретшіге тақырып
Дəнештерге шырқап салар əн сенсің.
(Оразақын Асқар)
Талайлар қосқан əніне
Жаркент деген қала бар.
Тарихы оның əріде
Мекендеген бабалар.
Тұрақ боп талай керуенге
Жібек жолымен ағылған.
Шығыс пен Батыс елдерге
Жаркент атың танылған.
Жиһангер небір тамсанған,
Ғажайып сəулет- Мешіт тұр.
Заманды қилы қарсы алған
Кіріп шық тағзым етіп бір.
Сонау бір балғын жасымда
Басталғанда өмір сапарым
Əкемнің еріп қасына
Ең алғаш көрген Шаһарым.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Көз тігіп тауға қарашы
Керімсал самал еседі.
Жап-жасыл желек жағасы
Ағады ерке Өсегі.
Алыптығын тұр ұқтырып,
Көктеректерің əйгілі.
Қарсы алар бəрін тік тұрып,
Қас батырлардай айбыны!
Ерлікке жетер сірə не?
Ел үшін күйсе жанып шын.
Ербол мен Лəззат тұр əне
Үлгісі қайсар намыстың!
Азамат болу басты арман
Еліме берген бар сертім.
Өзіңнен арманға аттанғам
Ыстықсың маған, ЖАРКЕНТІМ!
Белжайлау
ШЕЖІННІҢ САЙЫ
(Бауырларыма)
Шежіннің сайы- тасыған өзен
Көруге сені асыға берем.
Құлыншақ шақты есіме алып,
Жабайы алма, қасыңа келем.
Жабайы алма тəтті едің қандай!
Балалық-дəурен пəк сезім-балдай.
Түріп ап балақ жөнелуші едік
Ойынға ұзақ əсте бір қанбай.
Қырлардан аноу əрі асайын бір
Іздері бар ма балақайыңның?
Жанассаң бірден шымшып алатын
Сағындым назын қалақайыңның.
Оралсам сона-ау жылжыған жылға
Аймановтың да ізі бар мұнда.
Көріп ем алғаш Асанəліні
Көріп ем сонда Нұржұманды да.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Алмасты жаңа жанып алғандай
Жарқылдаушы еді Əнуар* қандай!
Жұлдыздарға сол тамсанып қалған
Балалығымның əні бар балдай.
Соншама əртісті кім жияды?- деп
Санай көрмеңіз бір қиялы деп.
Жаз бойы сонда жатып ең, Шежін
«Қазақфильмнің» филиалы боп.*
Шежіннің сайы-тасыған өзен
Көруге сені асыға берем.
Құлыншақ шақты есіме алып
Жабайы алма, қасыңа келем.
* 1967 жылдың жазында Шəкен Айманов
бастаған «Қазақфильмнің» əртістері Ше-
жінде жатып бірнеше тарихи фильмдер
түсірген.
* Киноактер Əнуар Молдабеков
Белжайлау
О, ҚАЗЫҒҰРТ!..
«Басында Қазығұрттың
кеме қалған,
Ол əулие болмаса неге қалған?»
Атыңды бала күнімнен,
Құлаққа əкем сіңірген.
– Армысың Қазығұртым! – деп
Алдыңа келдім бүгін мен.
Бір көру еді арманым,
Əне тұр Кемеқалғаның.
Шабыт ап Алтынтөбеңнен,
Жүректен жырымды арнадым.
Өзіңді мен де сүйемін,
О, қасиеттім, киелім.
Топырағыңды қастерлеп,
Басымды саған иемін.
Шежіре қалып бабадан,
Сырғыды-ау талай заманаң.
Сонау да сонау ертеде,
Түбіміз сенен тараған.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Жөн емес дейді мұны кім?
Мен де бір сенің құлының.
Бауырларменен қауышып,
Босап та кетті-ау буыным.
Өзіңмен сəнді əлемім,
Ардақтар сені бар елің.
Жеткізіп тұрмын қабыл ал,
Алатау, Арқас сəлемін.
Жаратылғалы мына жер,
Бəріне өзің куəгер.
Тұмары болып елімнің,
Тұра бер мəңгі, тұра бер!
Белжайлау
АЛМАТЫМ, КЕТТІМ
САҒАН БАУЫР БАСЫП
Сағындырып жүрсе де ауыл қашық
Алматым кеттім саған бауыр басып.
Ашулансаң кетесің жауындатып
Көңілденсең жайнайсың, тауың да ашық
Алатаудың қызығып ажарына
Аралаймын сүйсініп қаланы да
Сендер менсіз əрине жайнайсыңдар
Мен сендерсіз құлазып қаламын,ə.
Тамсандырған талайды алып қалам,
Əр бұрышың, əр көшең таныс маған
Алыс кетіп бір апта көрмей қалсам
Тарта берер аңсарым ауып саған.
Рим, Париж, Вена да, Анкара да
Болсамдағы əр елде, əр қалада
Тау самалы аңсатып, сағындырып,
Мені сендей өзіңе тарта ала ма?
Шаяхмет Оразымбекұлы
Баурап алып жанымды шын əсерің
Өзіңде өтті жастығым бұла сезім.
Тауыңмен де сырласам өзеніңмен
Қуаныш пен қайғымның куəсі өзің.
Қалың жыныс көз тартқан Шымбұлағың
Күмбірлетер кеудемде мың бір ағын
Көздің жауын алады жазың түгіл
Малып алған алтынға күзгі бағың
Құшаққа алса Медеудей мұз айдыны
(Мүмкін емес сүймеуің құлай мұны)
Дана екенін білдіріп бұл қазақтың
Дəл төріңде ұлы Абай тұр əйгілі.
Тамсандырған талайды алып қалам
Əр бұрышың, əр көшең таныс маған
Алыс кетіп бір апта көрмей қалсам
Тарта берер аңсарым ауып саған.
Белжайлау
АУЫЛҒА БАРҒАНДА
(тағы да кластасстарға)
Шығаным, Үлкеншығаным,
Сағынып келіп тұрмын мен
Ағытып жырдың бұлағын
Көңілім босап тұр мүлдем.
Доп қуып жүрген əріде
Ауылдың бір топ баласы.
Аптығын баспай əлі де
Балалығым жүр, қарашы.
Есіме түсіп балаң күн
Елтіп те кеттім елеске.
Сыйпады самал, анамның
Алақаны емес пе?
Бойдан бір лықсып арна ақты
Ойнап тұр сағым белесте.
Қол бұлғап қалған алғашқы
Махаббатым емес пе?
Сол таныс өмір айнала
Сүйендім таныс талға мен.
Барады бір шал жай ғана
Əндетіп жайдақ арбамен.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Бəрі де тұр-ау дін аман
Бойсынбай уақыт-шеберге.
Көзіме ыстық мына маң
Жастығым шыға келер ме?
Ол дəурен қайта келсін бе?
Көңілді жүдеу жұбатып.
«Бəрі де менің еншімде»
Деп сыбыр етті УАҚЫТ.
Белжайлау
ЖАЙЛАУДЫ САҒЫНҒАНДА
Я о своем таланте много знаю
Стихи- не очень трудные дела.
Но болеевсего любовь к родному краю,
Меня томила,мучила и жгла...
С. Есенин
Алатауға қарап тұрып əрдайым,
Есіме алам Арқасымның баурайын.
Тауда өскенмін содан болар тау көрсем,
Қалай ғана бір толғанып қалмайын.
Жасыл желек,гүл көмкерген қойнауын.
Əсем еді-ау, көңілдіеді-ау қойлы ауыл.
Жүйткітуші ек сəйгүлікке мініп ап,
Кейде-кейде желік бітіп бойға бір.
Балалықтың базарына кім қанған?
Аман ба екен біздер сауық құрған маң.
Жұпар иісі аңқушы еді керемет
Қалың арша қарағайлы қырлардан.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Тоғайы бар құсқа толы сан үнді
Ақ көбікті өзені бар арынды.
Сонша кербез сонша сұлу болмасаң
Туғызбас ең Əбілқандай дарынды.
Жүрсем де мен шалғайыңнан тым аулақ,
Есіме алам сағынышпен жыр арнап.
Бəріне осы бір-ақ сілтеп қолымды
Шалғыныңа қайтсам ба екен бір аунап !
Белжайлау
АҚ АЗИАДА, АҚ АЗИАДА...
Ақ Азиада! Бұл да бір тарих
Жерінде өткен қазақтың.
Ақ Азиада, сыйладың анық
Мереке-Думан ғажап бір.
Əлемді шарлап келіп тұр бүгін,
Ақ Азиада алауы.
Ұстайық биік Жеңістің Туын
Халықтың осы қалауы.
Тоқсанға жасы қалса да таяу
Əзілхан ағам əлі тың
Жүгірді алға, қолында Алау
Жастардың қайрап намысын.
Ақ Азиада, маңайы думан
Айналды бүгін əнге атың.
Бастап бір кетті доданы қызған
Астанам мен Алматым...
Шаяхмет Оразымбекұлы
Ақ Азиада! Əсерің қандай!
Қарсы алып құшақ жаямын.
Қызады жарыс қаперіне алмай
Қақаған қыстың аязын.
Ақ Азиада! Бұл да бір тарих
Жерінде өткен қазақстың.
Ақ Азиада, сыйладың анық
Мереке-Думан ғажап бір
Белжайлау
ОРБҰЛАҚТЫҢ
ҚАЙСАР ЕРЛЕРІ
Музыкасы-Композитор
Мыңжасар Маңғытаевтікі
Қанды жорық бастаған,
Қара бұлттай қаптаған,
Лағнет атқан қаһарлы жау,төнді лек.
Алаштың бар айбаты,
Намыс оты-қайраты
Қарсы тұрды қас батырлар ержүрек!
Қайырмасы
Жаса, жаса, Орбұлақтың қайсар ерлері!
Жыр-əнімізсің, Ұранымызсың байтақ елдегі!
Ат тұяғы дүбірлеп,
Тау жаңғырып, дірілдеп,
Дала оранды соғыс салған дабылға.
Жан алып,жан беріскен
Шабысып қан төгіскен
Шайқас болды Жаркенттің маңында.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Қайырмасы
Жасындайын жарқылдап,
Қырандайын саңқылдап,
Айқасты ерлер «Таптатпаймыз жерді!» деп.
Жаудың шығып ойраны,
Ел жеңісті тойлады
Орбұлақта Туы көкке желбіреп!
Қайырмасы
Ұмытылмас мəңгілік
Ұрпақтарға жаңғырып
Ғасырларға жасай берер ерлігі.
Аңыз етіп əр заман
Жігерлене арнап əн
Асқақтайды қазағымның елдігі!
Қайырмасы
Жаса, жаса, Орбұлақтың қайсар ерлері!
Жыр əнімізсің,Ұранымызсың байтақ елдегі!
Белжайлау
ЖЕЛТОҚСАН
Талап еткен əділдік көрсек қауым
Бұзақылар дей көрме « тентек бəрін».
Жыл соңында қатал бір есеп алар
Тура биі қазақтың- Желтоқсаным!
Тұмсық сүғып,жат пиғыл киліккенде
Қуат берген Желтоқсан бұл мықты елге.
Қаһарланса шаңыңды қағып алар
Желтоқсанды ұмытпа билік сен де!
О, Желтоқсан , тоңдырмас бізді ызғарың.
Ызғарыңнан əділдік білдім барын.
Шын ЕСКЕРТКІШ алаңға орнау керек
Намысты елдің паш етер ҰЛ-ҚЫЗДАРЫН!
Тұру керек қайсарлық мүсінді, ашық
Жамандықтың тұратын пысын басып
Тасқа айналған ҰЛ-ҚЫЗДАР айбарынан
Жоғалар ең жымысқы ой құтың қашып.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Қаһарынан қаймықпай алып селдің
Қайсар жастар өрлігін танытты ердің!
Қарусыз-ақ шыққанда өр Рухпен
Шеп сетінеп, үні өшті танктердің!
Қиылып сан өрімдей қыршын ғұмыр
Селт еткізіп, Жаңаөзен сілкінді бір
Ұраны деп білгейсің ӨР РУХТЫҢ
Желтоқсанда жазсам мен дүмпулі жыр!
О, он сегіз! Көңіл тұнық шарайна,
Он сегіздің көкжиегі арайлы-ə!
Бұла сезім алып ұшқан өрекпіп,
Абайласаң он сегізде абайла!
Алауласаң он сегізде алаула!
Махаббатсыз
дүние бос
ІІ бөлім
Шаяхмет Оразымбекұлы
МЕҢСҰЛУ
- Күл боп ұшып жоғалсам не етер едің?
- Жел боп қуып артыңнан жетер едім.
Мұқағали Мақатаев
Бүгінгінің Төлеген мен Жібегі,
Кейде біздің арамызда жүреді.
Ауыл жұрты тастамайтын аузынан,
Жазылмаған дастан еді бұл өзі.
Болса егер аққуымен көл сұлу,
Болса егер орманымен жер сұлу.
Көрінгенде күндей күліп жарқ етіп,
Осы ауылдың сəні еді Меңсұлу.
Тал бойында бəрі тапқан жарасым,
Меңсұлу деп тауып қойған дəл атын.
Иегінің сəл жоғарғы жағында,
Қара ноқат, қара меңі болатын.
Қанша көрсе шыға алмайтын құмардан,
Меңсұлумен тілдесу де бір арман.
Қолаң шашы белуарға түсетін,
Əсем мүсін талшыбықтай бұралған.
Белжайлау
Елден ерек жаралғандай шын асыл,
Ақ жүзінен шуақ күліп тұратын.
«Сұлулардың ең сұлуы Меңсұлу»
Деп көп жігіт іштей ғана тынатын.
Байсал мінез сөйлемейтін желпіне,
Ақылына сай болатын көркі де,
Талай жігіт жолай алмай маңына,
Шалдығатын ғашықтықтың өртіне.
Көрген жанның өртенетін өзегі,
Толықсыған қас сұлудың өзі еді.
Құрбылармен ойнап-күліп алаңсыз.
Он сегізге қадам басқан кезі еді.
О, он сегіз! Көңіл тұнық шарайна,
Он сегіздің көкжиегі арайлы-ə!
Бұла сезім алып ұшқан өрекпіп,
Абайласаң он сегізде абайла!
Алауласаң он сегізде алаула!
Қайран жастық еркін ойнап күлетін,
Қадіріңді өткеннен соң білетін.
Меңсұлу бар, қыз-жігіті аралас,
Өздерінше бір топ болып жүретін.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Кейде өзді-өзі жоқ нəрсеге таласып,
Шуласса да тұрушы еді жарасып.
Оңашада даурыққанмен бірақ-та,
Ар-əдептен кетпейтұғын əрі асып.
Дəл бір үйдің балалары секілді,
Жаңсақ басса бірін-бірі кешірді.
Осы топтың көркі болып жүретін,
Бар екі дос Жарас, Əуес есімді.
Бірге жүріп қатар өскен бозбала,
Екеуіне тоқталайын сəл ғана.
«Бұлар қандай ажырамас достар»,-деп,
Былайғы жұрт қызығатын таңдана.
Мығым дене, бет-келбеті əдемі,
Жарас та бір жаны жайсаң жан еді.
Əр ісінен байқалатын бір ізет,
Өзіне тəн ұяңдығы бар еді.
Белжайлау
Адамдықты деп санайтын борышым,
Кімге болса беруге əзір қол ұшын.
Қулық, сұмдық, арамдықтан ада еді,
Опасыздық өліммен тең ол үшін.
Əуесті де көп жұрт жақсы білетін,
Амандасса сəл жымиып күлетін.
Қарсыласса жібермес өз үлесін,
Спортпен де айналысып жүретін.
Бойжеткендер көз қадайтын соңына,
Көрікті еді ол бағы ма əлде соры ма?
Бұлар жайлы доғарайын, оқушым,
Сəл шыдасаң түсінесің оны да...
Сезімді асау күш бола ма іркуге,
Сөзің бар ма жастық деген шіркінге?!
Меңсұлуды екеуі де сүйетін,
Меңсұлуға ғашық болмау мүмкін бе?
Шаяхмет Оразымбекұлы
Жастық сезім арнасына сыймайтын,
Екеуін тек бір ақ жай бар қинайтын.
Бір- бірі үшін бəріне əзір, тек қана,
Бір-біріне Меңсұлуды қимайтын.
Ал Меңсұлу екеуін де сыйлайтын.
Тумысынан тез қабылдар шешімді,
Əуес өзі жігіт еді өтімді.
Бұрын барып батылдана тіл қатып,
Меңсұлудың ақ жүрегін өтінді.
Күтпеген бір сын болды бұл қыз үшін,
Құрбылармен көп сырласты күні-түн.
«Алдамай ма ұшқын атқан көздері,
Махаббат деп түсінем бе мұны шын?»
Деген ойлар мазалады көп ішін,
Он сегіздің қашандағы жолы сын.
Көз алдында тұрса дағы қос жігіт,
Əуес үшін берді ақыры келісім
Он сегіздің қашандағы жолы сын.
Он сегізің қашандағы толы сын.
Белжайлау
О, он сегіз! Көңіл тұнық шарайна,
Он сегіздің көкжиегі арайлы-ə!
Бұла сезім алып ұшқан өрекпіп,
Абайласаң он сегізде абайла!
Алауласаң он сегізде алаула!
Əуес шіркін оттай жайнап көздері,
Бақыттымын, бақыттымын мен деді.
Басы айналып оқыс келген шаттықтан,
Меңсұлудан басқа ешкімді көрмеді.
Оңашада қалса дағы өзді-өзі,
Жан досының күрсінісін сезбеді.
Ойламады Меңсұлудан өзгені...
Шаяхмет Оразымбекұлы
* * *
Əттеңі көп қойсаңшы бұл жалғанды,
Қас-қағым сəт талқан етер арманды.
Бірде құрбы қыздарымен Меңсұлу,
Мерекеде Орталыққа барған-ды.
Айналаны шуағына бөлеп күн,
Сəндегендей салтанатқа безеп шын.
Гүл көңілдер гүл əлеммен үндесіп,
Пəк-пəк күлген жастық, саған не жетсін!
Жайнап солай көңілдердің көктемі,
Топ қыз жолдың ар жағына беттеді.
Кенет жеңіл автокөлік ызғытқан,
Меңсұлуды қағып өтті шеттегі.
Меңсұлуды қағып өтті ой Алла-ай!
Жылдамдыққа ешкім тежеу қоя алмай.
Жалп етті қыз мерген атқан еліктей,
Ақ көйлегі қызыл қанға боялды-ай!
Белжайлау
Жатты ол ессіз. Ал қыздар жүр аһ ұрған,
Жедел жəрдем келе қалды шақырған.
Қызды қаққан жүргізуші өкірді,
Шашын жұлып адасқандай ақылдан.
Əпсəтте ғой пəле шалса пендені,
Айдан аса қыз өзіне келмеді.
Кірпік қағып қайта жаны кіргенде,
Жарас болды көзін ашып көргені.
Жарақаты жатса дағы тым батып,
Жарық күнге қайта оралу мың бақыт.
Əлсіз ғана еріндері қимылдап,
Жарас,-деді ол, Жарас,-деді ол тіл қатып.
Жарас тіпті атып тұрды қуанып,
Аң-таң күйде «өңім бе деп бұл анық»
Меңсұлу деп айта берді қайталап,
Кірпіктері мөлдір шыққа шыланып...
Шаяхмет Оразымбекұлы
...Емделумен талай айлар өтті ағып,
Меңсұлудың ауыр халі кетті анық.
Əр күн сайын бірге болған Жарастан,
Сұраған да жоқ Əуесті еске алып.
О, оқушым, Əуесті айтпа жырымды ұқ,
Жырақ кеткен біз де одан түңілдік.
Ары таза жүрегіне дақ түспей,
Ең бастысы аман қалды сұлулық.
Он сегізде қыз жүрегі сенгіш қой,
Адалдықтың ұстайықшы туын нық!
Айтар болсам Меңсұлудай жұлдызды,
Қарт дəрігер оны аяқтан тұрғызды.
Отау тікті сүйіктісі Жараспен,
Тəрбиелеп отыр бір ұл, бір қызды.
Белжайлау
Ұмыт болып тəннің сол бір азабы,
Отауының оты маздап жанады.
Анда-санда құрбылары бас қосып,
Баяғыша мəз-мейрам боп қалады.
Бүгінгінің Төлеген мен Жібегі,
Кейде біздің арамызда жүреді.
Ауыл жұрты тастамайтын аузынан,
Жазылмаған дастан еді бұл өзі.
Шаяхмет Оразымбекұлы
ЕЛІК ҚЫЗҒА
Кең тыныстап ауылдың ауасымен
Аяңдадым сая бақ арасымен
Қарсы алдымнан мəз-мейрам
үш қыз шықты
Гүлдей жайнап ерекше жарасыммен
Назарымды еріксіз бұрды менің
Кім назарсыз қалдырар қызды керім?
Батылдана сен сонда қасыма кеп-
-Сыртыңыздан танимыз сізді,-дедің
Бөтен ой жоқ қалдырмай көңіліңді
Жаза салдым телефон нөмірімді
Сен де мен де əрнені себеп қылып
Жиілетіп кеттік-ау жолығуды.
Ойнақтаған алаңсыз елігім-ай
Қайдан ғана тап қылды сені Құдай.
Қасқыр тəбет оянып барып-барып
Ағалыққа тұншыққан сезімім-ай...
Белжайлау
Шапшып кетсе құмарлық басу бар ма?
Абайладым өзіңе жақындауға
Секем алып көрмеген бейкүнам-ай
Кім сұқтанбас өзіңдей асыл жанға
Қасқыр тəбет. Болмады-ау оятқаның
Келіп кетті жұлмалап тояттағым
Ал сен болсаң, лақтай еркелейсің
Түсінбестен мендегі ой астарын
Қоштасарда нұр ойнап күлімдеген
Төмен сырғып арайлы жүзің менен
-Сау болыңыз ,ағатай,-деп тіл қаттың
Жанға жайлы жағымды бір үнменен.
Күнəлі ойды жөн болды сезбегенің
Қимасым боп барасың сен де менің
Енді көрсем тəбетті тия алам ба?
Жо-жоқ одан дұрыс-ау көрмегенім...
Шаяхмет Оразымбекұлы
ҚОШТАСУ БАЛЫ
«Сездіруге батпадым да
Бала махаббатымды...»
Көк желек-Көктем , бозбала дəурен,
Айналып кеткен елеске.
Жадымда қалдың сен ғана сəулем,
Аламын жиі мен еске..
Зымырап күндер, зымырап айлар
Ұласып жылдар жылдарға.
Сан түрлі арман, сан түрлі жолдар
Жетелеп кетті бізді алға.
Аңсатты, бүгін тым алыс қалып,
Өтіпті-ау он жыл он күндей.
Балдəурен бізді шығарып салып
Қойыпты-ау қалып сездірмей.
Жүруші ек жастық жыры тынбастай
Қалмапты бүгін белгі де еш.
Тек қалғаны есте ұмытылмастай
Қоштасу балы соңғы кеш.
Белжайлау
Құралай қыздар жүздері шатты
Құлпырған ерек сол кеште.
Ыстық та қимас сонау бір шақты
Қалармыз сақтап мəңгі есте.
Албырт сезімнің қызуы бойда
Тынар ма көңіл желікпей
Əппақ иықта бұрымың ойнап,
Сен жүрдің бейне еліктей.
Қиялдың құсы шарықтап бақты
Көңілдер жайнап, гүл ашып.
Шатты əуен көкке қалықтап жатты
Ырғақты биге ұласып.
Музыка бір сəт бұзып екпінін,
Баяу бір сазға ауысты.
Көбіміз сонда дірілдеп буын
Биледік алғаш вальсті.
Өзіңмен сол түн биледім тынбай
Көңілдің бағы құлпырып.
Қос жүрек тұрды кеудеге сыймай
Біріне бірі ұмтылып.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Бойжеткен едің керіліп басқан
Он сегіздегі шекер қыз.
Шалқыған қызба бөлініп топтан
Оңаша шықтық екеуміз.
Жұлдыздар көкте ұнады керім
Жібек жел ескен жайлы тым .
Есімнен шықпай жүр əлі менің
Сонау бір сонау айлы түн.
Көгілдір нұрға малынып тұрған
Қыдырдық бақта біз ұзақ.
Ай сəулесі ойнап, көз тартқан сырғаң,
Таққандай жұлдызды үзіп ап.
Келдік біз жайлап, үйіңе таяу
Түбіне алып теректің.
Құшаққа тарттым өзіңді баяу
Бойда бір жалын өрекпіп.
Белжайлау
Құштарлық билеп, барады-ай жеңіп,
Бір сезім бойда алысты.
Қарсылығыңа қарамай сенің
Ерніңе ернім жабысты.
Сүйгіштей бердім сезімге мас боп
Ойларға кетіп бір күнə.
Осы сəт сенің көзіңе жас кеп
«Жіберші!» дедің бұлқына.
Адуын мінез танытып кенет
Жүгіре бастың аулаңа.
Жаным-ау, сені тоқтатам не деп
Аң-таң боп тұрдым таңдана
Болды деп бəрі, бітті деп бар іс
Сарт етті сенің есігің.
Мен тұрмын ес жоқ, есте тек вальс
Тілімде сенің есімің...
Шаяхмет Оразымбекұлы
Жан бар ма мына халді ұғынатын?
Сең соққан күйде тұрдым мен
Он сегіздегі сан құбылатын
Мінезін қыздың кім білген...
Жан əлеміңнің жабылған маған,
Есігін қайта ашпадың.
Сырғыды жылдар, жаным, бар ма амал?
Жары боп кеттің басқаның.
Зымырап күндер, зымырап айлар
Ұласып жылдар жылдарға.
Сан түрлі арман, сан түрлі жолдар
Жетелеп кетті бізді алға.
Жүруші ек жастық жыры тынбастай
Қалмапты-ау бүгін белгі де еш
Тек қалғаны есте ұмытылмастай
Қоштасу балы соңғы кеш...
Белжайлау
БІЗ ҮЙЛЕНГЕН КҮН
Бағдар етіп арманның асқар тауын,
Жайып тастап шаттықтың дастарханын.
Біз үйлендік. Қос тағдыр тоғысты шын,
Кедергінің шығарып тас-талқанын!
Мамыр-көңіл жайнаған гүлзардайын,
Құлпырсыншы қыс пен жаз, күзде
əрдайым.
Ақтарылған тілектер орындалып,
Жақсы күндер əкелсін жылдар дəйім!
Шаяхмет Оразымбекұлы
СЕН МЕНІ, ЖАНЫМ, ІЗДЕМЕ
Сен мені, жаным, іздеме
Көктемде, жазда, күзде де.
Хабарсыз кетсем егерде,
Жүрегі неткен мұз деме.
Шөлдей бір жаңбыр аңсаған,
Өртеніп жаның, қалқажан.
От-жалын құшқан күй кешсең,
Тамшы боп тамам мен саған.
Табылмадың деп қасымнан
Налыма босқа асыл жан.
Аптапта салқын жел болып,
Сипап бір өтем шашыңнан.
Жетуге саған тырысам,
Мен сені қалай ұмытам?
Таң нұрымен бірге еніп,
Бойыңды сенің жылытам.
Қосылмаймыз-деп біз неге?
Сен мені, жаным, іздеме.
Сезе алсаң, сəулем, біргемін
Көктемде, жазда, күзде де.
Белжайлау
СЫМБАТТЫ ҚЫЗҒА
Қиялдаған Науайдың,
Жоқ жары ма деп қалдым.
Қайта туған Абайдың,
Тоғжаны ма деп қалдым.
Төлеген Айбергенов
Жайнап бір жаздай күл, күнім
Қауызын жарсын гүл-жырым.
Жастығың барда алаула
Оралып келмес бұл күнің.
Ажарлы мін жоқ көркіңде
Құрақтай құлпыр, желкілде.
Сұқтанған небір жігітті
Сабылтып қойсаң да еркіңде.
Түр десең түр де ақыл да
Бəрі бар бір басыңда.
Əлемдік Мисстің өзі де
Əдірем қалар қасыңда.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Макияж- бояу, жалған бет
Бір сəткі жылтыр жандар көп.
Саф сұлулығыңа сүйсінген
Арман жоқ менде арман жоқ
Өзіңдей сұлу жоқ басқа
Сұқтанғандарға от таста
Еркіңде бəрі еркіңде
Алданып бірақ шоқ баспа...
25.02.2009 жыл
Белжайлау
КЛАСТАСТАР БАСҚОСУЫНДА
(Əні бар)
Ұл-қыздар ек тағдырымыз
Бір класста тоғысқан.
Қияға ұштық əрбіріміз
Азамат боп толысқан.
Жылдар, жылдар өтті асыға
Бұл өмірдің көшінде.
Келдік бүгін басқосуға
Туған ауыл төсінде.
Сол баяғы тұр мектебім
Арман жолы басталған.
Келді міне Түлектерің
Самайларын ақ шалған.
Қилы-қилы жолдар қалды
Өттік талай дүрмектен.
Арамызда жоқ жандарды
Еске алайық Құрметпен!
Алыс қалды-ау, гүлзар-көктем
Достар əнге салайық
Еске алысып жылдарды өткен
Бір серпіліп қалайық!
Шаяхмет Оразымбекұлы
АРУЛАРСЫЗ КҮНІҢ КҮН КҮН БЕ,
СҰРЫҚСЫЗ...
(8-наурызда оқылған өлең)
Əйел-елік қылығымен еркелер
Еркелетер нағыз еркек болса егер.
Əйел жасы өлшенбейді жылдармен
Əйел жасы сұлулықпен өлшенер.
Əр əйелдің тереңінде бір жақұт
Тұңғиығына бойлай алар кім батып?
Сол жақұтты аяласаң жаныңмен
Нұрын төгіп, күлер саған шын бақыт.
Адам кім ол сұлулықты сезбесе?
Əйел барда дүние де өзгеше.
Аруларсыз сəні кірмес көктемнің
Онсыз өмір өмір емес ендеше.
Дөрекілеу, тұрпайылау,анайы
Əйелдерсіз күн кешер ек жабайы
Шуақ шашар жабырқаған көңілге
Əйел біздің жанымыздың арайы.
Аруларсыз күнің күн бе, сұрықсыз
Қадірлейік нəзік жанын ұғып біз.
Уайым-мұң ғайып болар əп сəтте
Бір жарқ етіп қарағанда күліп қыз.
Барша əйелдің денсаулығы үшін деп
Осы тосты көтерейік ТҰРЫП БІЗ!
Заңғар шың, қалың нуы бар
Гүл жапқан таулар етегін
Ауасы шипа, суы бал
Белжайлау – Атамекенім.
Тіл қатады
табиғат
ІІІ бөлім
Шаяхмет Оразымбекұлы
ТАБИҒАТТЫ-АЙ ЖАЙНАП ТҰРҒАН
Табиғатта-ай жайнап тұрған құлпыра,
Нұрлы шақта күліп жүрмеу бір күнə.
Қаһарына мінсе оқыстан құдірет,
Мұндай күнді көрмеуің де мүмкін ə!
Асыр салған балғындарға мына шат,
Қарамайын да, күй кешемін рахат.
Көз алдымда қызығы мол дүние,
Жалғаса бер, жалғаса бер бұла шақ.
Белжайлау
ҚЫЗ-ҚАЙЫҢ
«Белая береза, под моим окном»
С. Есенин
Бой түзеген ерке қайың, қыз қайың
Сұлулығын мен де бүгін жырлайын.
Кейде ұзақ көз ала-алмай көркінен
Қыз қайыңға сүйсінеміз біз дəйім.
Көктем келсе, сырға тағып, əрленіп,
Ауламызға тұрасың сен сəн беріп.
Бəріміз де аялаймыз бəйек боп
Өссе екен деп бір өзіңе мəн беріп.
Еркелейсің, құлпырасың түрлене
Сен жайнасаң, жайнамаймыз біз неге?
Алтын шашың күн нұрына малынып,
Тіпті ғажап күйге енесің күзде де.
Бой түзеген ерке қайың қыз қайың
Сұлулығын мен де бүгін жырлайын.
Ауламызда көзайым боп тұра бер
Сені көріп, сүйсінейік біз дəйім...
О, қыз-қайың, қыз-қайың!
Шаяхмет Оразымбекұлы
АҚ ҚАЙЫҢДАР
Адамдарды бал сезімге бөлеген,
Ақ қайыңдар сұлусыңдар не деген.
Дəл сендердей «аппақ айын» еске алып,
Қайсысыңа сүйенді екен Төлеген.
Ақын біткен жыр төгеді жүректен,
«Ақ еркем деп» деп Есенин де жыр еткен.
«Қайың бола бастайын» деп Мұқаң да,
Өздеріңе сырын ашқан ізетпен.
Көңілдерін бұла сезім тасытқан.
Өздеріңді иектейді ғашықтар.
Ақ балтыр қыз ақ қайыңдай еркелеп,
Сүйгеніңе сырларыңды ашып қал.
Уа, тентек жел, санамайын «ерсі» деп,
Қайың – қыздың қолаң шашын желпіп өт.
Ақ қайыңдар сымбатыңмен көз тартып,
Бой түзей бер Алматымның көркі боп.
Белжайлау
НАУРЫЗ КЕЛДІ...
Наурыз келді, Əз келді!*
Көңілдерге жаз келді.
Бүршік жарып ағаштар
Тіршілікке сəн берді.
Наурыз келді, Жыл басы
Шабытпен ақын жырлашы
Құстардың үнін сайраған
Тыңдашы досым, тыңдашы.
Наурыз келді əн болып
Бақтарда гүлдеп алма-өрік.
Тойлайық шат боп қарсы алып
Тойлауда əлем мəн беріп.
Наурыз келді Ұлыспен
Шаттыққа кенел ырысты ел!
Наурыз көже ішелік
Қауышып доспен, туыспен.
Шырқап бір қосып əніне
Тойласын жас та кəрі де
Аңсатып келген Əз Наурыз,
Құт болып кірсін бəріңе!
*Əз келді- Жердің сызы кетіп,бар тіршілікке
жан бітті деген мағына береді.
Шаяхмет Оразымбекұлы
АЛМАТЫ ТАҢЫ
Күн сүйіп, Алатауды нұр тарады
Жадырап шындары мен қырқалары
Не берері белгісіз тағы ашылды
Тіршіліктің жаңадан бір парағы
Ойлама деп түндегі күнə жайлы
Таң атып келе жатыр бір арайлы
«Уа, халқым, қайырлы таң!» деп тұрғандай
Ескерткіші төрдегі ұлы Абайдың.
Шықты адамдар жетелеп үміт бəрін
Асыға басады ойлап,жұмыс қамын.
Сапырылыс басталған қала өмірі
Илеуіне ұқсайды құмырсқаның
Бейбіт өмір кірпішін жатқан қалап,
Қызықты өмір қайнаған шақтар ғажап
Жауыздық бұзбаса екен илеуіңді
Қаша көрме адамдар бас сауғалап!
Адымдайық сеніммен арманға нық
Ата берсін лайым таңдар жарық
Тыныштықты күзеткен қас батырдай
Қарайды əне, Алатау маңғазданып!
Белжайлау
АЛМАТЫНЫ СҰР ПЕРДЕ
ТҰМШАЛАЙДЫ
Əлде мұны көрмей ме, əкім-қара?
(Жаппайтыны белгілі ақын жала)
Жоғарыдан сəл ғана көз жіберсең
Көк түтінге қақалып жатыр қала.
Зəулім-зəулім көрсетпей бұл сарайды
Көшелерді сұр перде тұмшалайды.
Терезе ашсаң ащы иіс қолқа шапса
Алматыны əсем деп кім санайды?
Көк түтіннен көрінсе əр үй зорға
Гүл қаланы əсем деп тани ма онда?
Əзілдеді бір таныс сырттан келген
«Алматы ма, бұл əлде полигон ба?»
Айдынына көңілдің тастаған мұң
Əзілін-ай, тілі удай бəтшағардың.
Көзі көріп тұрған соң исін жұтып
Жалған айтып мен қалай мақтанармын.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Алмұрты мен қып-қызыл алмасы жоқ
Дей көрмегін баяғы Алматы жоқ.
Сұр пердені ысырып тастар болсақ
Шыға келер жерімнің Жəннаты боп.
Қарамай ма көз салып əкім-қара?
Көк түтінге қақалып жатыр қала
Ыстың уын тыныстап асыр салған
Не болады ертеңің пақыр бала?!
Əсем қалам теңеу жоқ сөз қорымда
Алматыны қимаймын өзге орынға.
Өз қолыңмен адамдар ластайсың
Тазарту да ендеше өз қолыңда.
Белжайлау
МҰНАРАСЫ ЭЙФЕЛЬДІҢ,
МҰНАРАСЫ
Тік қадалған бұлттарға сына басы
Мұнарасы Эйфельдің, мұнарасы.
Елжіретер əлемнің еркесі боп
Тұра берші мəңгілік құламашы.
Өзің жəйлі толғап ой түйіп бақсақ
Символысың биік ой, биік мақсат
Сұлу Париж есімін асқақтатқан
Қай биік бар өзіңмен иықтаспақ?
Бой көтеріп осыдан жүз жыл бұрын
Бір ғаламат биікті тұрғызды ұлың.
Есімі жақсы ісімен мəңгі қалып
Талай ақын арнады інжу жырын.
Айлы түнде жақұттар тағып алып
Құбыласың көздердің жауын алып.
Арудайын паш еткен əшекейін
Тіпті жайнап кетеді сəнің анық
Шаяхмет Оразымбекұлы
БЕЛЖАЙЛАУ – АТАМЕКЕНІМ
Əлдебір күман көңілмен
Жерұйық бар ма? десе кім
Айтар ем бар деп сеніммен
Ол – менің Атамекенім!
Əлемнің шарлап көп елін
Ғажап жер көрдім десе кім
Бəрінен ғажап дер едім
Белжайлау – Атамекенім!
Заңғар шың,қалың нуы бар
Гүл жапқан таулар етегін
Ауасы шипа, суы бал
Белжайлау – Атамекенім.
Жаркентім сəнді сенімен
Өзіңді мақтан етемін.
Орбұлақ ерлік – шежірең
Белжайлау – Атамекенім!
Мэңгі емес өмір ол дағы
Тамсанып мен де өтемін
Сен аман түрсаң болғаны
Белжайл ау – Атамекенім!
Тұғыры биік
тұлғалар
ІV бөлім
Алаулаған жасын оты бар іште
Дəріптесең сол жастарды дəріпте!
«МЕН ҚАЗАҚПЫН,
МЕН ҚАЗАҚПЫН!» деген сөз
Қарсы тұрды келтек, күрек, ТАНККЕ!..
Шаяхмет Оразымбекұлы
БАРЫС ЖҮРЕК
(немесе қазақтың ақиық ақыны Жұбан
Молдағалиевтың рухына тағзым)
Қаптап кетті бүгінде дүбаралар
Көсемсиді-ау жағымпаз «ғұламалар»
Бір ақырса қаһарлы қожайыны
Бұлғаңдатып құйрығын тына қалар.
Өздерінше қыран боп құзғын бүгін
Тартқансиды ел мұңын, тілдің мұңын
Алты Алашым аңсайды-ау осындайда
Барыс жүрек Жұбандай жыр дүлділін
Есімізден қалайша шығады бұл?
«МЕН ҚАЗАҚПЫН!» саңқ етті
қыран үнің.
Селт етуге тиісті оты бар ұл
Біле-білсек Алаштың ұраны бұл.
Белжайлау
Империя шығармай уысынан
Қаны тамып тұрса да қылышынан
«МЕН ҚАЗАҚПЫН!» – дедің сен көбі састы
Шықпаса деп бір пəле мұнысынан.
«Қатты кетті-ау, япыр-ау, Мəскеу не дер?»
Дір-дір етті намыссыз пəс кеуделер.
Еліңді ойлап жүрегің қарс айрылды
Той тойлаумен жүргенде мас пенделер.
Біреулерге атақ пен құрмет керек
Қосылмадың дарақы дүрмекке көп
Айтарыңды қасқайып айтып салдың
Бас кеспек бар болса да тіл кеспек жоқ!
«МЕН ҚАЗАҚПЫН, ҰЛЫМЫН,
БАЙТАҚ ЕЛМІН!»
Айта бердің тайсалмай, айта бердің.
Іштен тынған жандарға рух беріп
Жыры болды бұл талай қайсар ердің.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Партияны жырлаған жаршы сынды
Деген жоқсың асығым алшы тұрды.
Сенің үнің кеңестік режимге
Жетпісінші жылдарда-ақ қарсы тұрды.
Терең жайған тамырын əрі дедің
«МЕН ҚАЗАҚПЫН!» мықтыны
таны дедің.
Осы сөзден жігері сілкініп бір
Қайталап айта берді қалың елің.
Белжайлау *** Мың тоғыз жүз сексен алты. Желтоқсан. Аяз қысып, тұрды ызғырық жел соққан. Сескенбестен шықты алаңға жас толқын Империя састы сонда сең соққан! «Ұлтшылдарға болмайды-деп – кешірім» Компартия бір-ақ айтты шешімін. Тепкіге алды ұл-қызына қарамай Жауыздықтың қолданды олар не түрін. Алаулаған жасын оты бар іште Дəріптесең сол жастарды дəріпте! «МЕН ҚАЗАҚПЫН, МЕН ҚАЗАҚПЫН!»
деген сөз
Қарсы тұрды келтек, күрек, ТАНККЕ!..
Шаяхмет Оразымбекұлы
Диктаторлар кəрін төгіп зілдене
Атты,шапты, тықты көбін түрмеге.
Бəрін-бəрін үрей билеп тұрғанда,
Барыс жүрек шықтың өзің мінбеге.
Ыза толы шықты үнің күркірей
Басшыларға тиді сөзің түрпідей
Бəрі үрейлі, бəрі демін ішке алып,
Залдың іші тына қалған сілтідей.
«Жастарымыз түсті қуғын, айдауға
Сияды бұл қай тəртіпке, қай заңға?!
Бұл қорлықты, бұл сұмдықты көргенше
Өлгеніміз артық еді-ау, майданда!»...
Бір күрсініс шықты сонда даусыңнан
Сөз борады,сөз борады артыңнан
Тайсалмастан өр еңсеңді тік ұстап
Топты жарып кете барды нар тұлғаң!
Белжайлау
Теңдесі жоқ ерлік еді бұл анық
Содан бері өтті талай жыл ағып
Алматыда «МЕН ҚАЗАҚПЫН!»
деп тұрған
Зор ескерткіш тұру керек БІР АЛЫП!
Білу керек ертеңгі жас өрендер
Бұл сөзімді бос сандырақ демеңдер.
Сонда мүмкін ой тастаған « кемеңгер»
Ұлтымызды атамайық дегендер
Есі кіріп, намыс оты тұтанып
Елі үшін сəл де болса елеңдер.
Артыңда өшпес сөзің қалды ер ағам.
Ұмытпайды тұрған кезде ел аман
«МЕН ҚАЗАҚПЫН!» деп
саңқ етті жас ұлан
Асқақ рух тілеп тұрдым мен оған!..
Шаяхмет Оразымбекұлы «КЕРЕМЕТ ШАҚ...» (Ақиық ақын М. Мақатаевтың 80-жылдығына) «Құрып кетпей, жер басып тұрғаныңда Қалай ғана жағарсың бұл қауымға? Талай рет мойныма арқан салып, Талай рет шақ қалдым жындануға.» М.Мақатаев І «Өзгереді, дүние өзгереді Əуелден сол адамның көздегені Кереметті ескертіп кереметтер Керемет шақ ақыры кез келеді»... Бұл бодандық амалсыз төзген елі Ақынның да санасын езген еді. Əйтсе де ол кеңестік державаның Күйрейтінін сол кезде-ақ сезген еді
Белжайлау
Аттамаған ешкімнің ала жібін
Дербестігін аңсады ол қазағының
Бас көтертпес кеңестік саясатта
Бірақ оның кім тыңдар назалы үнін?
«Өзгереді дүние өзгереді
Керемет шақ ақыры кез келеді»
– Бұдан өткен керемет бола ма? – деп,
Дүрсе қойды жарамсақ пенделері
Шаяхмет Оразымбекұлы
Ел жайлы ойлар жүрегін мазалап шын
Күн кешпеді ол қамы үшін қара бастың.
Айтарын айтып қалып, жақпаса да
Өкінген жоқ, деген жоқ «жаза бастым»
Компартия тұрғанда əмір етіп,
Тірлігінің жүрсе де сəні кетіп
Майдандасты жырдағы жалғандықпен
Қара өлеңін қазақтың қару етіп!
Шабыт қысып, жүрді ақын тау тұлғалы
Найзағай боп жырлары жарқылдады.
Бəзбіреулер бас исе талантына
Бəзбіреулер соңынан қарқылдады.
Көрседағы тұрмыстан тарығуды
Көлгірсуді білген жоқ,жағынуды.
Жыр бəйгеге шықса да қанша тұлпар
Ол Дарабоз екенін бəрі білді!
Көбі бірақ үркектеп, əрі жүрді
Ел мұңы аздай ортаның сырт тебуі
Нартұлғаны ақыры алып ұрды.
Белжайлау ІІ «...Жағдай міне, Рақмет, құрдасым! Жалғыз қалам, Жалғыз дəптер-сырласым.» М.Мақатаев Аурухана.Сырқаттар дерті меңдеген Асқынса кесел, қиын ғой қону ем деген Палата іші.Жападан жалғыз жатты ақын Құйылып мидан көмейге келді шерлі өлең. «Өмір дегенің бір күндік сəуле екен ғой Жарық сəуледен басқаның бəрі бекер ғой...» Күбірлеп əлсіз булығып қалды сол сəтте Алқынтып демін оқыстан қысқан жөтел ғой. Жасаған ем де,үздіксіз ішкен дəрі де Болмады шипа ақынның ауыр халіне. «Қажыған жүрек» жанталасады дəрменсіз Бұл жарық күннен үмітін үзбей əлі де. Тау өзеніндей күркіреуші еді тасынып Шын ақын жатыр, Ұлы ақын жатыр аһ ұрып. Шөгіп бір кеткен кешегі алып нартұлға Маздаудай маздап, жанудай жанып, басылып.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Қасқая қарар Хантəңіріндей айбарлы
Дауыл боп оқыс, жаз болар демде
жайдарлы
Күншілдер менен міншілдер
құты қашатын
Жыр əлеміне салып бір кетсе майданды.
Мансап деп емес, тек ғұмыр кешкен өлең деп
Жарқылдап жүріп ойлап па еді өлем деп
Сағатын санап шарасыз жатыр əтсең-ай...
Құдірет бар ма алып қалатын оны емдеп?
Сағатын санап шарасыз жатыр əтсең-ай!..
Соғады жүрек,соғады жүрек əсте жай
Бөгемек болған кедергілерге тоқтамай
Жанартау болып лапылдап жүрген сəттер-ай!..
Белжайлау
Іріген бауыр, «наз айтқан» анау қос өкпең
Қайратын жинап, тұрды ептеп ақын
төсектен
Соңғы күндері зауқы жоқ тіптен бəріне
Бəріне селсоқ.Қаламын ғана дос еткен.
Қуаты қайтқан сырқатқа мұң ғой əр адым
Терезе жаққа əзерлеп басты қадамын
Селсоқ күйінде əйнектен тысқа көз салды
Алатау жаққа ұза-а-ақ бір қадап жанарын
Қадалды жанар өмір мен өлім арбасқан
Далада көктем шабыттың отын маздатқан
Сұлулығымен, заңғарлығымен паң қарап,
Алатау жатты шыңдарын сең-сең
қар басқан
«Бекер ғой бəрі..» булығып тағы қалғаны
Асқынған сырқат алқымнан осы-ау,
алғаны
Жан азабынан қиналып біраз тұрды да
Көз алмай таудан ойларын қайта жалғады.
Шаяхмет Оразымбекұлы
«О, дархан далам, өзіңдей мен де кең едім
Сағаттарым да санаулы қалды сеземін
Көктемде кеп ем өзіңе жарық дүние
Көктемде тағы келді ма кету кезегім...
Шарасыздықтан өртеніп тұр-ау,өзегім.
Сарқылып қуат, барады бойда əл құрып
Хош Жарық жалған, атпайды-ау,
енді таң күліп!
Хош Алатауым,
сенсің ғой соңғы мұңдасым
Мен кетем енді сен тұра бергін мəңгілік!
Тыңдашы тауым, биікке созған өресін
Тыңдашы мені шаншылған
көкке жебе-шың.
Тауларды мылқау,меңіреу деген бекер сөз
Алдиярым-ау-, көресің, бəрін сезесің.
Өзіңдей мен де тəкаппар едім, өр едім
Қарасаз деген киелі жердің төлі едім
Жатырмын міне ешкімге жоқ боп керегім
Сонда да бірақ кіналамаймын сені өлім!
Өзімнен көрем, өзімнен көрем себебін.
Белжайлау
Өзімнен көрем, өзімнен көрем себебін
Таусылып дəмім, келіп тұр кетер кезегім!
Келешек ұрпақ іздесең ақын дерегін
Жеткізер бəрін, жеткізер бəрін өлеңім...
Ох,қандай қиын өмірден үзу үмітті
Тырп еткізбестен салғаны-ай, өлім
құрықты
Шынымен енді тоқтай ма қайран жүрегім,
Орталап қана қырықты?!
Ағып бір кеткен суындай тесік шелектің
Жылдарым зырлап, күндерім қалай тез өттің?
Құрығын салып жетіп тұр өлім қайтейін
Шарасыз пенде, тоқтатар дейсің тежеп кім?
Ох, қандай қиын шипа таппаған жаныңа
Дүние жалған аңыра енді, аңыра!
Жарық сəуледен басқаның бəрі бекер ғой
Бекер ғой бəрі...»
Булықты ақын тағы да.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Басталды тағы, басталды жанның азабы
Белгісіз тылсым тереңге тартып барады
Мөлт етті тамшы, нұр семе бастап жанары
Алатау жаққа соңғы рет қимай қарады
Далада көктем. Көк аспан қандай мөлдір ең
Қарайды шыңдар ақындай асқақ өр кілең.
«Жарық сəуледен басқаның бəрі бекер ғой
Бекер ғой бəрі...»
Үзіліп кетті соңғы дем!..
Тез сүйей берді жүгіре кірген дəрігер
Абыр да сабыр басталып кетті əбігер.
Əбігер бітті.Бəрі де бітті.Тау жаққа
Табыт көтерген баратты шұбап қалың ел...
Лапылдап жанған от бар ма бір күн
сөнбейтін?
Бұйрығы жетсе, қай пендең оған көнбейтін?
Шын ақын өтті.Ұлы ақын өтті өмірден
Мəңгілік тірі
Жырлары қалды
Өлмейтін!..
Белжайлау ІІІ «Алла-ақиқат. Аллаға сеніп өтем, Адалдық пен ақиқат серігі екен. Адаспаймын,Аллама сеніп өтем, Арамдыққа баспаймын-жолы бөтен!» М.Мақатаев «Өзгереді дүние, өзгереді. Керемет шақ ақыры кез келеді»... Тəуелсіздік таңы атты,өзгерді өмір Тура келіп ақынның меңзегені. Қазағым-ай,арылмай жаудан далаң Бастан небір өтіпті-ау, зар-зар заман ТƏУЕЛСІЗДІК! Жеттің сен Желтоқсанда Сан ғасырлар бабалар армандаған «Ақындар көп ішінен тынып өткен...» Астарлы еді Мұқаңның жыры неткен! Арыстарын Алаштың жалмаса да Империя күйреді күні жеткен. Коммунистік қоғамда біздер көрген Атеистер сайрайтын діннен безген. Жырлады ақын жүректе иманы бар Бар жақсыны Алла деп діннен келген.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Салт жаңғырды бастаған ұмытыла
Керемет шақ! Мұсылман ұлысына
«Берікпін деп дініме»сол кезде айтқан
Ұлы ақынның тегін бе, жыры сірə.
Мешіттерге ағылды иманды жұрт
Мың-мың шүкір Алланың мұнысына!
Керемет шақ!Жетті елім бақытқа аман.
Бой көтерді Арқадан жақұт-қалам!
Жақұт-қалам Астанам ғашық саған
Шығыс та əмəн сүйсінсін- Батыс та əман
Мұқағали жырынан сусындаған
Мен де өзіңе жыр-шашу шашып қалам!
Керемет шақ! Халқым, ол ДЕРБЕСТІГІҢ.
Мақтанамыз қуаныш кернеп бүгін
Жиырма жыл Тəуелсіз Қазақстан
Елбасымыз таппайды ел деп тыным!
Көк Туымыз əр елдің аспанында
Желбірейді қазақты көр деп бүгін
Еркіндіктің арттырып салтанатын
Ұлы ақынның оқимыз өлмес жырын!..
Тілге жеңіл, жанына балдай жағып,
Бəрі тыңдар жырларын таңдай қағып.
Мұқағали өлмепті қараңдаршы,
Кетіпті əне, МƏҢГІЛІК
ТАУҒА АЙНАЛЫП!..
Белжайлау
ҮҢІРЕЙДІ-АУ ОРЫНЫ ШЫН
АСЫЛДЫҢ...
(Дара талант Қадыр Мырзалиевті халқы
ақырғы сапарға шығарып салғанда)
Қадыр Мырзалиев!..
Кім білмес бұл есімді?
Əр жүрекке өлеңнен гүл өсірді.
Қоян жылғы қаңтардың аяғында
Амал нешік дəм-тұзы түгесілді.
Түгесілді дəм – тұзы Ұлы ақынның
Үңірейді-ау, орыны шын асылдың
Жыла,жыла жыр сүйер Алты Алашы
Бұл өлімге жыламай шыдасын кім?
Жыла шалғай Жымпиты, жыла, Алматым!
Жыла Алтай,Алатау мұнар басың
Талант еді ол өлеңде қайталанбас
Енді ондай жүз жылда туар ма ақын?
Адамға жоқ əрине жүру мəңгі
Бірақ мəңгі өлмейтін жырың қалды.
Бар болса егер ƏЛЕМДІК ПОЭЗИЯ
ҚАДЫР атты бір ЗАҢҒАР ШЫҢЫҢ
ҚАЛДЫ.
Шаяхмет Оразымбекұлы
ТАСҚЫН СЕЛІ ӨЛЕҢНІҢ
ҚАСЫМ АҚЫН
«Аманжол, Рақымжанның Қасымымын...»
Шырқалды əн. Бəрі естіді ақын үнін.
Дүние тербетілді жырларымен
«Біреудің аспандағы асылының»
«Қасым солай болмаса, несі Қасым?»
Мұқағали тамсанған есіл ақын.
Жұпыны үйде, көшеде,сарайларда
От жырлары ақынның оқылатын.
Қаһарымен сұм соғыс сынады елді
Ерлікті айтпай қалар ма, сірə белгі?
«Бомба болар жүрегі жау жолына»
Абдолладай жырлады қыран ерді.
Бір тақсірет тартпаған жақсы бар ма?
Татты өмірдің зəһарын,татты бал да.
«Берсең бер, бермесең қой баспанаңды»
Деп сөзін кесіп айтты басшыларға.
Налымады тұрмысқа жасып ақын
Белжайлау
Шабыт шалқып,жырымен тасынатын.
Толқыса, теңіз болып батыратын
Бұрқанса, дауыл болып жапыратын
Жырласа махаббатты «Дариға-ай!..»деп
Шуақ боп жүректерге шашылатын.
Бəрін де таңқалдырған, тамсандырған
Тасқын селі өлеңнің Қасым ақын.
Сəн беріп поэзия əлеміне
Аталар талай-талай ғасыр атың!
10-шілде, 2011 жыл
Шаяхмет Оразымбекұлы
ХОШ, ТҰМАҒА
(Халық ақыны Тұманбай Молдағалиевті
соңғы сапарға шығарып салғанда)
Тұмағам, хош, хош, Тұмағам!
Айдыны шалқар жыр-ағам.
Өзіңмен бүгін қоштасып
Алты Алашың тұр жылаған.
Өлімге табар кім айла
Артыңда қалды жыр-айнаң
Ақынын жоқтап тұрғандай
Алматың үнсіз мұңайған.
Зырлауық күндер жарысып,
Өтсе де ғасыр ауысып.
Өлмейтін жауһар жырларың
Халқыңмен жүрер қауышып.
Сіз салған сайрап жатыр жол
Жөн сілтер мың-мың ақынға ол.
Фəниден оздың бақиға
Бақыл бол, аға, бақыл бол!
12 қазан 2011жыл
Белжайлау
ЖАРКЕНТ ЖЫРШЫСЫ
(Ақын, ұлағатты ұстаз Тоқбай
Исабековтың 80 жылдығына))
Өшпейтұғын артыңда ізің қалды.
Асыл бейнең асқақтап , тұғырланды.
Кеткеніңмен өткінші бұл өмірден
Қауышады халқыңмен жырың мəңгі!
Жасын дағы тəнті еткен кəрісін де
Өнегесі болыпты əр ісіңде.
Өзің ақын болған соң өзің сазгер
Көкке өрлеттің «Жаркент вальсін»де.
Өмірің біте қайнап мектебіңмен
Текке күлген емессің текке жүрген.
Өлеңде де ұстаздық ете біліп,
Талай ақын шығардың шекпеніңнен!
Шаяхмет Оразымбекұлы
Бəзбірудей сөзіңмен шошындырып,
Көрсетпедің ешкімге тосын қылық
Қолда барда алтынның қадірі жоқ
Қолдан шығып кеттің-ау, өкіндіріп!
Ақын жанын айтқызбай кім түсінед?
Алыстың да өмірде қырқысы көп.
Атасақ та болады бір өзіңді
Жазиралы Жаркент Жыршысы деп!
Белжайлау
ЖАЙЛАУДАЙ ЖАНЫҢ КЕҢ ЕДІ...
(Ағам Мырзахмет Оразымбекұлының
рухына )
Мұқтажымды айтқызбай таба алған дөп
Бауырым ең жайыма алаңдар көп.
Өзіңменен тетелес өссем дағы
Жайланатын көңілім «жағам бар» деп.
Ауыл барсам жарқылдап қарсы алғасын
Кеңейіп салушы еді арқам да шын.
Тіс жармапсың жүрер деп уайымдап
Сырқатыңды сезбеппін аңқау басым.
Жарық күннен үзеді күдерін кім?
Оқыс тоқтап қалғаны-ай, жүрегіңнің!
Елдосымның азасы аз болғандай
Сені де алып кеткені-ай, бұл өлімнің!
Жоқтадым да жыладым ағыл-тегіл
Ен жайлаудай кең еді-ау, жаның сенің.
«Бізді қойшы ауылда өлмеспіз»деп
Барыңды əкеп қалтама салушы едің
Сені жоқтап, жылаймын ағыл-тегіл!
Налымаушы ең тартсаң да тағдыр мұңын
Көтерудей көтердің нардың жүгін.
Қадіріңді жан аға кеш білдім-ау,
Сенің басқан ізіңе зармын бүгін!
Шаяхмет Оразымбекұлы
АРДАГЕРЛЕР
(Жеңіс күні оқылған өлең)
Қан майданда ел қорғап қалған ерлер,
Селдіреп қалды-ау бүгін ардагерлер,
Жасындайын жарқылдап, айбаттанып,
Бір кездері жауға атой салған ерлер.
Жарқ-жұрқ еткен оты бар көзінде əлі,
Ел намысын қорғаған өр ұлдары.
Қаһарланып шыққанда шабуылға,
Қалтыратқан ажалдың өзін дағы.
Сұм соғыста жан сауға мұрсат бар ма?
Қарсы жүрген оқ жауған «бұршақтарға»
Ардагерлер өлмейді тік тұлғалы,
Ускерткіш боп қалады ұрпақта
Бүгінге де жеттіңдер аман келіп.
Намыс отын өшпейтін қалам көріп,
Ардагерлер өлмейді от жүректі.
Жанасыңдар МƏҢГІЛІК АЛАУ БОЛЫП!
Белжайлау
Өмір, өмір
арпалыс
V бөлім
Жолдас болып жақсымен жаманмен де,
Көтеріліп келемін талай белге.
Біреулердің көрсем де ақ ниетін,
Біреулерді қимадым адам деуге.
Шаяхмет Оразымбекұлы
ИТ АТҚЫШТАР
Сырттан, Сырттан деуші едік көк төбетті
Бəлкім біреу зекіп қап өкпелетті.
Көше жортып бір күні үйден ұзап
Сайтан түртіп аулаққа текке кетті.
Қылығына қызығар қараса кім
Жүгіретін допқа да таласа бір.
Зілсіз ғана ырылдап үріп қояр
Тіл қатқаны ол бізге балаша бір.
Күшігінен асырап алып едім
Көз алдымда қылығы бəрі менің.
Аулаққа ылыққан иттерге еріп
Үйден ұзап несіне барып едің?.
Неге, неге иттерге ере қалды
Ажал айдап сол жаққа неге барды.?
Кенет дайын қолында мылтықтары
Ит атқыштар сау етіп келе қалды.
Тас жүректер аяп бір қарасын ба?
Ата берді иттерді нанасың ба?
Байғұстар-ай ажалдың оғы жауған
Сырттаным да бар еді арасында.
Белжайлау
Кенет бірі көздеді Сырттан жаққа
Тарс-тарс етті. Кім барар құтқармаққа?.
Артқы аяғын атқан оқ зақымдады
Ақсаңдаған күйінде ол зытты аулаққа.
Безбүйректер аясын кімді бірақ?
Құны бардай Сырттанды қуды жырақ.
Атып-атып өлтірді əудем жерде
Менің бала жүрегім тұрды жылап...
Ит атқышқа қайнады іште кегім
Жауыздықты адамнан күтпеп едім
Иттерді артып көлікке кете барды
Мақтан етіп бір жақсы іс істегенін.
Өтті жылдар одан соң асыға ағып
Ауламызда талай ит асырадық.
Ұмыта алмай сонау бір көріністі
Сырттанымды мен жүрдім есіме алып.
Шаяхмет Оразымбекұлы
ЖАМАНДЫҒЫН ӨЗІҢДІ
ТАБАДЫ АҚЫР
Келіп едің « бір сорлы, пақырмын» деп
Жасап едім қамқорлық, тасындың кеп.
Жал бітті де бойыңды аулақ салып
Мəз боп жүрсің «айламды асырдым» деп.
Жан емеспін жасайтын кісілігін
Қатем болар бұл да бір кішігірім
Енді сені көруге жиіркенем
Төмен екен малдан да түсінігің.
Сатқындығы шығады азғанда адам
Сондықтан да мен үшін арзан бағаң
Анасын да сатады дəл сендейлер
Ұры иттерше сүмеңдеп жалмаңдаған.
Берілгендей болдың да құлай маған
Асып түсті бір айлаң бір айладан
Тудырса да сан сезік жымысқы ойың
Сені мұндай шұлғау деп кім ойлаған!
Белжайлау
Қауіпті ғой бір жүрген сұм адаммен
Жарға итеріп , мүмкін ғой жығары əбден.
Мың бекінген іске аспай залымдығың
Зытқаныңа аулаққа қуанам мен.
Ал қазірше ақылды санала тұр
Айлаңменен табарсың қара бақыр.
Бара алмайсың ұзаққа қара да тұр
Жамандығың өзіңді табады ақыр!..
Шаяхмет Оразымбекұлы
БЕТ-ПЕРДЕ
«Бет-перде ғана, ал нағыз
адам соның ар жағында»
Виктор Гюго
Көз алдайтын бет-пердені жамылып
Жүргендер көп жақсы атанып, танылып.
Əлсізді əлді күйдірсе егер нақақтан
Ара түспес ешбірі де қамығып.
Құлқыны мен қу нəпсісін тыя алмай
Шіренгенде жер мен көкке сыя алмай
Өңеш жыртып, көтергенсіп мəселе
Топ алдында сөйлер тағы ұялмай.
Орынтақта шалқаяды кеңседе
Ел үшін іс тындырғандай белсене
«Жемқорларға жол жоқ!» дейді бүлк етпей
Өзінікін көрмегенсіп көрсе де.
Жақсылығы өз басынан аспаған
«Жарылқаушы» билікте жүр қаптаған.
Жымияды көз алдаған бет-перде
Бет-перденің ар жағында басқа адам..
Белжайлау
БІР ІНІШЕККЕ
Бұзылғанның құптарсың қай бір ісін
Бұрыс жолға түскен бұл қай жүрісің?
Бет алмақсың қылмыстың əлеміне
Тоқта, баспа күнаға байлық үшін.
Жұпынылық тəйірі-ау, қасірет пе?
Байлық үшін қылмысты кəсіп етпе.
Текке кетпес қылдай да қиянатың
Сұрауы бар бəрінің ақыретте!
Елді тонап байыған күнəлілар
Түбі жақсы болмайды-ау, сірə бұлар.
Əлімжеттік салтанат құра бермес
Сұрауы бар, бəрінің сұрауы бар.
Бай, кедей деп өзінше бөледі адам
Ол асқандық қате айттың деме маған.
Ақырып келгенімен озбырлығың
Түбі əділдік жеңеді сенем оған.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Оңай олжа көп тұрмас ол да сірə.
Бір жамандық тілеме өз басыңа.
Жауыздықтың жолымен мал табам деп
Қалмағайсың біреудің көз жасына.
Жұпынылық тəйірі-ау, қасірет пе?
Байлық үшін қылмысты кəсіп етпе.
Текке кетпес қылдай да қиянатың
Сұрауы бар бəрінің ақыретте!
Белжайлау
ШИБӨРІЛЕР
Алла менің ашып еді бағымды
Шибөрілер иектеп жүр маңымды.
Қарпып жұтып қолдарынан келсе егер
Қарақшыдай тонап алмақ барымды.
Сақшыға айтсаң бұған қандай бар шара?
Ол да сенің қол сұғады қалтаңа
Айбат шегіп қорқытқансып көз алдап
Бірін-бірі түсінісіп тартады, ə.
Ол да сені мəз болады сауып қап
Осыдан соң қанеки жол тауып бақ.
Ойда жоқта таба ма деп қапысын
Қылмыскермен бірге жүру қауіпті-ақ.
Кейде тіпті атып салғың келеді
Ажал оғын қақ маңдайға бағыттап!
Кейде тіпті бауыздағың келеді
Еш аяусыз ішек, қарнын жарып сап!
Бұл ойымды қатыгездік деме сен
Шибөріге кету керек неге есем?
Қолды қанға бояр едім өкінбей
Жазылмаған жырларым бар демесем.
Қылмыскерлер қасқыр емес шибөрі
Шибөріге кету керек неге есем?!
Шаяхмет Оразымбекұлы
АЛЬБОМЫН САНАМНЫҢ
ПАРАҚТАЙМЫН
Тағдыр кейде батса да азап қайғың,
Кедергіңді жеңем де, əрі аттаймын.
Оңашада өткенді есіме алып,
Альбомын санамның парақтаймын.
Қысқан кезде аямай өмір өзі,
Бар амалың біткендей көрінеді.
Мына бір жан қалайша ұмытайын,
Қиын күнде қол ұшын беріп еді.
Тартса дағы тірліктің тапшылығын,
Еш адамнан аямас жақсылығын.
Ерте кетті-ау, өмірден мына бір жан,
Ести де алмай қалғанмын ақтық үнін.
Жамандықсыз өтпейтін, сірə, күні
Не деген жиіркенішті мына бірі.
Істес болғам бір кезде мұнымен де,
Құлағымда жағымсыз тұр əлі үні.
Белжайлау
Ал, мынаның айтқаны кіл өтірік,
Бірақ əлі келеді ə сүметіліп.
Мына бірі аңқылдақ, аңқау еді,
Содан болар жүр бүгін жиі өкініп.
Мынау да бірге істеген кісім еді,
Бар арманы əйтеуір ішу еді.
Қай жерлерде жүр екен мұңын айтып,
(Ішкендерді кім бірақ түсінеді?!).
Оғаш мінез, жоқ оқыс құйыны да,
Өзгермейтін сабырлы күйі мына.
Момын еді бұл бір жан, алаяқтар
Мініп алған жоқ па екен иығына.
Есімде əлі тағы бір сүрінгенім,
Өкініштен аһ ұрып бүгілгенім.
Шарасыздан барып ем мына адамға,
Естен кетпес сондағы түңілгенім.
Қайырылмас кетсе де қапыда өліп,
Япыр-ау неткен жан бұл дəті берік.
Сен дағы қап қойыпсыңөмірімнің,
Еске түссе түршігер сəті болып.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Ызғар қыспен алмасып көктемдерім,
Қиыр-қиыр жолым бар өткен менің.
Сүйінсем де, кей-кезде түңілсем де,
Ешбіріңе бірақ та кектенбедім.
Өмір маған батса да азап, қайғың,
Кедергіңді жеңем де əрі аттаймын.
Оңашада өткенді есіме алып,
Альбомын санамның парақтаймын.
Белжайлау
БІР ƏКІМГЕ
(Əкім бол,
Халқыңа жақын бол!)
Зіркілдеу бір өнер ме,
Көпшілікке кінə артып.
Əкім, əкім дегенге
Кете берме тым артық!
Ұлық болсаң егер сен
Тепсінбе де ісінбе.
Таразылар ел ертең
Салмақ болса ісіңде.
Атағына мастанған
Бар лауазым, ал бірақ
Түскен жоқсың аспаннан
Екі аяғың салбырап.
Ауыр зіл бар сөзіңде
Бұйырасың нықтап сен
Бір кездері өзің де
Осы ортадан шықпап па ең?
Шаяхмет Оразымбекұлы
Ақтала ма сенімдер
Үміт артқан біздерге?
Пəс болмай ма көңілдер
Сол үмітін үзгенде?
Ол үміттер үзілсе
Шіренбегін əкім боп.
Ол үміттер үзілсе
Жер басуға қақың жоқ!
Көріне біл өріңнен
Кезің осы сыналар.
Аса алмасаң өзіңнен
Ісіңді кім құп алар.
Жұртың үшін күйіп кет
Қажет десе егер сен.
Ел еңсесін биіктет
Биік болар өз еңсең.
Ауыр зіл бар сөзіңде
Бұйырасың нықтап сен.
Бір кездері өзің де
Осы ортадан шықпап па ең?...
Белжайлау
ӨМІР-МАЙДАН
Үміт күтіп келешек күндерімнен,
Қандай-қандай жолдармен жүрмедім мен.
Ауыздықтап тастап ем асаулықты
Басынбақшы бүгінде кім көрінген.
Кейде өкпелеп біріне қаласың да,
Бірі нақақ күйдірер нанасың ба?
Сезінемін бейне бір жүргендей-ақ,
Екі аяқты аңдардың арасында.
Қоймай жүрген қулығын асыруды,
Түлкі зəлім тоқтат сен басынуды.
Мұрсат бермен күлкіңді жиюға да,
Білмей жүрген екенсің ашуымды.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Жауыздық деген мынау көк төбет пе?
Менің адал жанымды өкпелетпе.
Қабырғаңды қаусатып, қан-қан етіп,
Жеңіп шығам бəрібір жекпе-жекте.
Шибөрісі өсектің өшікпелік.
Сен одан да жүре бер қоқыс теріп.
Бейқам жүрген жанымның ақ кептерін,
Үркітпегін тасадан оқыс келіп.
Жайлы тірлік кешерсің қайда барып,
Өтіп жатыр өмірдің майданы анық.
Тəубесіздер иманын үйірсем бе,
Алдаспанын намыстың қайрап алып.
Белжайлау
ЖАДАУ ТАРТҚАН ЖҰРТЫМ БАР...
«Бір қайғыны ойласаң,
мың қайғыны қозғайды»
Абай
Қызықтырар əзəзіл пендешілік əрнеге.
Дүниауи тірлікпен түсем кейде əуреге.
Көрем дағы бір кемтар қайыршыны
көшеден
Шүкір, Шүкір, Шүкір... деп келем қайта
Тəубеме.
Жұпынылау тоқал там еске түсер біз өскен
Сол бір ыстық ұямда айлар өткен, жыл
өткен.
Момын əкем еңбегі еш, сырқат анам
қиналған
Соңымыздан қалмайтын қу жокшылық
күзеткен.
Сол бір ыстық ұямда бір шоқ өртеп денемді
Шабыт келіп оқыстан жаздым алғаш өлеңді.
Атақ, мансап соңына түскенім жоқ
сүмеңдеп
Ұсақ-түйек жандардан биік тұттым өремді.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Ілуде бір кигенде, жаңа жейде, жаңа сым
Көкке қолың жеткендей көңіл тасып
қалатын.
Əрнəрсеге қанағат, – дейтін əкем сабырмен
Сол қанағат нақылым əркез еске алатын.
Көрдім талай өгейлік жүрмесем де жат елде
Аңғал басым абайсыз түсті-ау, талай қатерге.
Тағдыр саған өкпелі жан емеспін, əйтсе де
Сергелдеңіңді ұмытпан зар болған
бір пəтерге.
Тағдыр, саған наз айтпан мол емес
деп шат күнім
Татып көрмей ащыны,
дəмі болмас тəттінің.
Сан сыныңды қасқайып қарсы алдым да
қайыспай
Бірде бар да,
бірде жоқ өте шықты жастығым.
Кезектесер өмір ғой бірде шаттық,
бірде мұң
Оқыстан кеп ажалы жалғыз
ұлды жұлды өлім.
Белжайлау
Еш жұбату баса алмас қасіретім
бұл менің!..
«Қайырын бер, Алла»-деп өтті-ау ауыр
күндерім.
Ниетті Алла қабыл ап, күндер кештім
бір ғажап
Сырт айналды бір досым ішін
мысық тырналап.
Жөйітің де тиісті, көккөз əкім жұлмалап
Кекесінмен зірк етті ол «Қайтеді-ей,
-деп- бұл қазақ!»
Ашу басқа шапшыды, шамға тиіп бұл бір доқ
Менің балаларым да күн кешпек пе
ділгір боп?!
Жо-жоқ бұған шыдаман намысым бар,
отым бар
Арыстандай айбат ап мен де қарсы
тұрдым көп.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Асын ішіп, аяғын теуіп жатса кірмелер
Бір сілкініс жасамай орнар дейсің
бақ қалай?
Ынтымақтың орнына бір-біріңді аңду бар
Бір-біріңді түртпектеп, бір-біріңе ор
қаздыңдар.
Бар мəселе ақшамен шешілуде шараң жоқ
Заман емес азатын, аздыратын азғындар!
Несібінен қағылып жадау тартқан
жұртым бар
Жұртыңды ойлар сөз айтсаң,
билік керең, кім тыңдар?
Жұмырына жұқ болмай мұнайың да
кенің де
Қанша жұтса тоймайтын бұл не деген
құлқындар!..
Белжайлау
Қымбат көлік, сарайын мақтан көрген,
сəн көрген
Небір асып-тасқандық шығып жатыр
«дəулерден»
Не күтіп тұр білмейді ертең бірақ
алдынан
Шірен, шірен, əй, пенде, аспа бірақ
ТƏУБЕҢНЕН!..
Жерің түсіп талауға, оңалмай тұр тілің де
Құрғақ сөзбен даурығу əдет болды
бүгінде.
Шыда, шыда, көнбіс ел, шыда бірақ
түңілме
Мың асқанға бір тосқан болары анық
түбінде!
01.11. 2010 жыл, Алматы.
Шаяхмет Оразымбекұлы
ЖАРАТҚАННЫҢ ОСЫ
ЕКЕН КЕСІМІ АНЫҚ
Жаратқанның осы екен кесімі анық,
Сен қиылдың, мен қалдым есім ауып.
Алатаудың қойнына жаттың барып,
Биік шыңын ескерткіш етіп алып.
Қоюшы едің алдыңа сан арманды.
Жарық күнің амал не тамамдалды.
Көкелейді Құралай, Алтынайың,
Айырылып жүрегі анаң қалды.
Аларында келе ме өлім айтып,
Ағылуда адамдар көңіл айтып.
Ағылуда адамдар көңіл айтып.
Оның бəрі жұбатсын мені қайтіп?!...
Өзің барда өмірім ажарлы еді
Қансыратып кетті ғой қазаң мені.
Қабіріңді құшақтап өксіп қалу,
Бұл дүниеде тартатын жазам ба еді?!...
Белжайлау
ЕСКІ ДОСТАР
Біздер үшін əрбірі дара шыңдар.
Өтті-ау мына өмірден сан асылдар.
Бір-бір үзік өткеннің белгісі боп,
Ескі достар кездесіп қаласыңдар.
Қажытса да өмірдің сан күресі,
Сондай сəтте қаласың сəл бір өсіп.
Еске аламыз жандарды жаны жарқын,
Қауқылдасып өткенді əңгіме етіп.
Артымызда тізбекпен жылдар қалды.
Бұл өмірде жасайтын кім бар мəңгі.
Дейміз дағы ішеміз жартыңды да,
Бір күн тастап кетеміз бұл жалғанды.
Түсінеді біреулер түсінбейді,
Осылардың мақсаты ішу дейді.
Шырқаймыз кеп сүйікті əнімізді
Сөксін олар мұнымыз үшін мейлі.
Біздер үшін əрбірі дара шыңдар.
Өтті-ау мына өмірден сан асылдар.
Бір-бір үзік өткеннің белгісі боп,
Ескі достар кездесіп қаласыңдар.
Ескі достар кездесіп қаласыңдар.
Шаяхмет Оразымбекұлы
НƏУБЕТКЕ ЛАҒНЕТ
(Атам Əбдраманның рухына)
Тап келген қырсық заманның
тартып нəубетін.
Қуғын мен сүргін талауға түсіп дəулетің,
Қатыгездіктен жоқ болып кете жаздаған,
О, менің қайран асыл да текті Əулетім!
Елдікті ойлап, жайылған көпке атағы,
Өркендеп өскен рулы ел боппыз аталы.
Жаркент маңын дүрбелең жылдар
ойрандап,
Бейбіт өмірге төніпті қатты қаһары.
Кірмелер қаптап, отарлап əсем өлкемді.
Əкіреңдеген би болып өңшең «белсенді»
Қилы бір заман орнаса дағы басыңа,
Ер бабам менің, тік ұстапсың-ау еңсеңді.
Билеген үрей, жұрт түсті күйге əбігер.
Тыныштық кеткен, береке кеткен бəрінен.
Күн бермеген соң белсенділердің құқайы,
Қытайға қарай үдере көшті қалың ел.
Белжайлау
Тəуекел етіп, сəттілік тілеп жолына,
Үдере көшті бағы ма əлде соры ма.
Таң мезгілінде қоршады қару асынған
Атты əскерлер, түскен-ақ екен соңына.
Жендетке желеу «ат!» деген бұйрық
болғасын.
Сұр винтовкадан ажал боп ұшты қорғасын.
Ұрпағың үшін оққа ұштың сонда ер бабам,
Дір етпей қолы сені атқан жауыз оңбасын.
Шаяхмет Оразымбекұлы
ӨМІР ДЕГЕН ОСЫ ЕКЕН...
Бір жығылып, бір тұрып,
Тасып, кейде іркіліп
Жүдеп, кейде құлпырып
Көрігінде өмірдің
Мың өртеніп, мың суып
Көңілімнің аспаны
Бірде күліп күн шығып
Бірде суық түн тымық
Ұлы көштен қалмауға
Жанталаса ұмтылып
Жалғасатын тіршілік
Бай мен кедей көші екен...
Белжайлау
Кейде шыңға өрлейсің
Сыбағам бар мол дейсің
Кейде қанып шарбатқа
Кейде сусап шөлдейсің.
Кейде бағаң патшадай
Кейде арзан бөздейсің
Кездеседі жолыңда
Нендей жауыз, нендей сұм
Кейде күйіп нақақтан
Итқорлыққа төзбейсің.
Пешенеңе жазғанды
Көрмей бірақ өлмейсің
Өмір деген осы екен...
Шаяхмет Оразымбекұлы
ЖОЛДАС БОЛЫП ЖАҚСЫМЕН
ЖАМАНМЕН ДЕ
Жолдас болып жақсымен жаманмен де,
Көтеріліп келемін талай белге.
Біреулердің көрсем де ақ ниетін,
Біреулерді қимадым адам деуге.
Жетіп жатыр əрине менде де мін,
Бергенімнен əлі көп бермегенім.
Өмір атты майданда арпалысып,
Мына жердің бетінде мен келемін.
Таяз жандар көп маған ұнамаған,
Бірақ, бірақ оларды кінəламан.
Əділдікті айтарда кей əлдінің,
Əлсіздігі батады мына маған.
«Достарымның» безсе де бəрі менен,
Шындықты айттым қарамай əліме мен.
Мейлі он есе болса да күшің басым,
Ей, жалғандық, жағаңнан алып өлем!
Белжайлау
ІБІЛІСТЕР
Иектейді маңымды ібілістер
Қолдан келсе пəленің мыңын істер.
Ойларында тек қана алаяқтық
Əділ болса заңыңа жүгініп көр.
Міндетсиді азғындар несін бұлдап?
Оларға ерген тірлігім өкіндірді-ақ.
Алдап,арбап тындырып шаруаларын
Енді мені тақырға отырғызбақ.
Түрлеріне қарайтын адам аяп,
Келіп еді міскіндер жалаңаяқ.
Іштерінің кім білген арамдығын
Жолатпас ем халіне қарамай-ақ!
Шаяхмет Оразымбекұлы
Бір адамдай ақылды ем,сезімді едім
Қалай ғана байланған көзім менің?
Сүмелектерге алданып сенім артқан
Жетіп жатыр əрине өзімде мін.
Азғындар ғой бетіңе күліп тұрып
Іштерінде жататын жымысқылық.
Бүгін бəрін жүрсіңдер былықтырып
Жазалар кез аз қалды сығып тұрып
Белжайлау
ӨМІР,
ӨМІР АРПАЛЫС
Тырбанумен жаңа туған нəресте
Ана төсін іздеп түсер əлекке.
Құйтақандай тіршілікке байқасаң
Арпалыстың басталғаны емес пе?
Бір-бірінен мол алсам деп үлесін
Адамдарда басталады тіресу
Жауыздыққа кетпейін деп құрбан боп
Өмір деген өмір үшін күресу.
Əбіл, Қабыл заманынан жалғасып
Адамды адам жою деген бар кəсіп
Қоғам азса, шайнасады пенделер
Бір-бірінің жағасына жармасып.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Қарау ойлы жамандығын жасап сан
Залымдар жүр тасадан кеп тас атқан.
Жалған жала құрбаны боп бүгінде
Талай адал күйіп кетті-ау,нақақтан!
Жан-тəніңмен терің төге, сарқа күш
Тырбанумен бітірсең де қаншама іс
Бəрі,бəрі желге ұшады əп сəтте
Аяғыңды бассаң болды сəл шалыс
Өмір,өмір-екінші атың-АРПАЛЫС!
Жылдар,
жолдар...
VІ бөлім
Демесам де көңілім шат бүгінде
Дəмін таттым ащының тəттінің де.
Жылдарыммен жырларым үзілмесін
Жолдар мені бастай бер жақсы күнге.
Шаяхмет Оразымбекұлы
ЖАРҚЫЛДА,
ДОСЫМ, ЖАРҚЫЛДА!
Таусылма досым, таусылма
Реніш бар ғой даусыңда
Сенімі жұрттың не болмақ?
Мүжіліп кетсе Таутұлға.
Əуелден биік мақсатың
Содан да шықты жақсы атың
Сан түстің сынның тезіне
Куə ғой оған ақ шашың
Аманат еткен бабалар
Ел жайы бізді мазалар
Керек-ақ, керек бұл іске
Махамбет айтқан қара нар
Жанымен қорғар елін ер
Төгілер терің төгілер
Жайлаған былық болса егер
Белжайлау
Биіктен анық көрінер
Ұлтына қарап үргендер
Талқыға түсті Тіл мен Жер!
Дос емес саған дос емес
Бастарын бұғып жүргендер
Халықты тонап дəндеген
Жемқорға тисін дəл жебең
Жағаңнан алса нақақтан
ТУРА БИ БАР ҒОЙ АР ДЕГЕН!
Таусылма , досым, таусылма
Алмастай өткір жарқылда!
Сенімі жұрттың не болмақ?
Мүжіліп кетсе Таутұлға.
Шаяхмет Оразымбекұлы
ІҢКƏР БІР ЖАСҚА ТОЛҒАНДА
(Ақ бата )
Кесілді ғой тұсауың
Құтты болсын қадамың!
Ашсын бақыт құшағын
Жайнап көңіл-базарың.
Толдың міне бір жасқа
Сүрінбестен жылжы алға.
Талмай талай қырды ас та,
Шырқа заңғар шыңдарға!
Тəттісің ғой балдайын
Іңкəр қызым, бүлдіршін
Жүзің жайнап əрдайым
Көздеріңнен күн күлсін!
Жамандықтан жерініп,
Жақсылыққа талпынғын.
Тек биіктен көрініп,
Ардағы бол Халқыңның!
Жолың əркез ақ болсын
Нық сеніммен бас алға.
Даңқың асып, бақ қонсын
Осы менің батам да!
Белжайлау
ТУҒАН КҮНІҢМЕН, МЕГА!
Алматы алып қаланың
Төрінде тұрсың ең əсем.
Тарқамасын базарың
Ыстықсың бізге, МЕГА сен!
Əркімнің аңсап,іздеген
Арманы мұннан табылар.
Күндіз кел, мейлі түнде кел
Бəрі бар мұнда, бəрі бар.
Бəрі бар мұнда, бəрі бар
Құшағың ашық келгенге.
Көңілің бірден жадырар
Есігіңді ашып, енгенде.
Əлемдік деңгей сай бүгін
Көңілде əсер мол қалды.
Шығарар мұз-айдының
Болашақ чемпиондарды.
Тойлайық шалқып, жылда біз
О, МЕГА, туған күніңді!
Той бола берсін бұл нағыз
Арнайын мен де жырымды!
Шаяхмет Оразымбекұлы
МЕНІҢ ТҰҒЫРЫМ
Төзіміммен тастай берік мына мен
Тағдыр, сенің сан сыныңа шыдап ем.
Елдосымның қасіреті болмаса
Бұл өмірді тек шаттық деп ұғар ем.
Алған сайын қанағаты өзгерер
Жандар аз ғой тəубе деуді жөн көрер
Шын бақыт ол-қасіретке тап болмау
Бірақ соны түсінбейді-ау, пенделер.
Шіренумен кілең дөкей, желөкпе
Байлығымен түсіп жатыр егеске.
Біле-білсек бар қазына,бар байлық
Ұрпағыңның амандығы емес пе?
Жайшылықта ұғар дейсің мұны кім?
Кішік болмай шіреніп жүр ұлығың.
Мещандардан басқа тіптен ұғымым
Сондықтан да биік менің ТҰҒЫРЫМ!
Белжайлау
ЖЫЛДАР, ЖОЛДАР...
(Жаңа жылға тілек )
Демесам де көңілім шат бүгінде
Дəмін таттым ащының тəттінің де.
Жылдарыммен жырларым үзілмесін
Жолдар мені бастай бер жақсы күнге.
Бейбітті өмір еліме ырыс толсын
Бақыт келіп төріме күліп қонсын.
Жылдар,жылдар шат күндер жадымызда
Қайғы мен мұң легіңде ұмыт болсын.
Күйе жағып,біреулер жала жауып
Нақақ күйіп, жаным жүр жараланып.
Ақ қарыңмен Жаңа жыл, тазарт бəрін
Жамандықты аязбен сабап алып.
Жолым менің, жүрсем қай қиырыңда
Арқалаған ар жүгі иығымда
Адамдықты кіршіксіз серік еткін
Арамдықты тұншықтыр тұйығыңда!
Тағы бір жыл құшағын ашты бізге
Деп тілейік жазсын тек шат күлуге.
Жылдарыммен жырларым үзілмесін
Жолдар, мені бастай бер жақсы күнге!
Шаяхмет Оразымбекұлы
ҚАДІР ТҮНГІ ТІЛЕК
Бұл өмірің баянсыз ағып өтер
Дін Исламнан басқаның бəрі бекер.
Мінəжат ет Лəйлəтулл Қадір түні
Тілегіңді бір Алла қабыл етер.
Арыласың күнəдан мешітке бар
Бақыт құсы саған да жетіп қонар.
Жерге түсер бұл түні Періштелер
Шын тілесең құт келіп, несіп болар.
Қадір түні Нығмет мұсылманға
Садақа бер қиналып қысылғанға
Жүрегіңмен жалбарын Жаратқанға
Рахым түсіп, қолдайды ісіңді Алла.
Жадырап күл,болмасын жүрек кірбің
Ұйқыңды қи Мешітке түлеп кіргін.
Əлемдегі Тіршілік атаулыға
Қадір түні жақсылық тілеп тұрдым!
Белжайлау
МЕНІҢ ЕСІМІМ
«Мен қалған бір атаның асылымын...»
Қасым Аманжолов
Көктемде бөленгенде гүлге алап,
Майда жылы леп ескенде бір ғажап
Наурыздың шуағына бөленіп
Дүниеге мен келіппін іңгəлап.
Сəби үні өмірдің ең жақсы əні
Басталыпты өмірімнің дастаны
Еш алаңсыз өсе бердім ойламай
Анашымның ақ сүтінен басқаны.
Əкем менің заты текті асыл-ды
Анам менің жан болыпты ақылды
Биге ұқсатып елге есімі əйгілі
Шаяхмет деп қойыпты атымды.
Би дегенім халық қойған лақап-ты
Сол аймақта сот болыпты атақты
Əділ бол деп қара қылды қақ жарған
Ырым қылып есімімді атапты
Мен де осылай ұрпақ жолын жалғадым
Жігіт болдым алға сүйреп арманым.
Бірақ, бірақ заңгер емес өскен соң
Ақындықтың қиын жолын таңдадым
Шаяхмет Оразымбекұлы
Шабыт кернеп отты өлеңдер жаздым кеп
(Ақынға артар дей алмаймын аз міндет)
Сот үкімін мүмкін кейде шығарту
Өлеңді ешкім шығарта алмас мəжбүрлеп!
Сан азаппен сан асудан алға астым
Жалғандықтың жағасынажармастым
ФЕМИДАНЫҢ жолын бұзған заңгер көп
Ақын емес жолын бұзған ПАРНАСТЫҢ!
Ақын дана көпке сөзін тыңдатар.
Ел қайғысы жанына оның шын батар
Кез келген сот ақын бола алмайды
Ал шын ақын ар соты боп тіл қатар!
Сөз қуатын бағаласа біліп кім
Жүзі емес пе қиып түсер қылыштың!
Түссем дағы талай тағдыр тезіне
АР атынан ақ сөйлеуге тырыстым.
Қапияда шындық жүрсе шырылдап
Ара түсер қорғаушыдай жырым нақ
Əкем, анам қателесе қоймапты
Есімімді қойған кезде ырымдап.
Алматы, 2011. Мамыр
Белжайлау
БОЯМАСЫЗ ӨМІР
«Улы сия, ащы тіл
Не жазып кетсе, жайы сол!»
Абай
Бет-перделі əккі көп
Тасырларды асыл дер
«Бізде бə-ə-рі жақсы!» деп
Есеп бере əкімдер
Лажсыз өзек өртенді-ау,
Билік тиіп наданға.
Бүгінгі дос-ертең жау
Заман ба азған, адам ба?!.
Бітпес пенде таласы
Нысап берсін бір Құдай!
Анасы мен баласы
Соттасады Сұмдық-ай!..
Соттасады қарағын
Бөтен жандай екеуі
Ақ сүтіне ананың
Осы болды-ау, өтеуі...
Шаяхмет Оразымбекұлы
Елдің іші бүлінді
Адамдар аз, жаны асыл.
Көп басшыға бүгінгі
Берсең ғана жағасың.
Кілең ымы-жымы бір
Алаяқтар айлалы
Аузы май боп ұры жүр
Оңай тауып пайданы.
Жемқорларда бір мақсат
Алу, алу тек алу.
Шындықты айтса, кім жақтап,
Басталады кек алу.
Инвесторға мол секем
Аңқау елім, тоналма.
Түбі жақсы болса екен
Тап келдік қай қоғамға?..
Алматы, 2011 жыл
Белжайлау
МЕКТЕП АУЛАСЫНДА
Асығады қай жаққа, бізге жұмбақ.
Күндер зулап барады, күндер зулап.
Балғын шақтың базары мына аулада,
Кеше ғана жүр едік біздер шулап.
Сенде өткізген мектебім қызықтар көп.
Келдім міне алдыңа ұмытқам жоқ.
Кім айтады мына алып теректерді,
Біз қадаған бір кезгі шыбықтар деп.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Көзімді алмай қараймын таныс маңнан,
Жарысқан маң, біз талай алысқан маң.
Жанарымнан жақұттар тамып түсті-ау,
Күндерді ойлап сонау бір алыс қалған.
Сендерсіңдер болашақ тірегі-деп,
Шəкірттердің беретін жігеріне от.
Қайран сол бір мейірлі ұстаздардың,
Біреуі бар бұл күнде біреуі жоқ.
Қалды-ау жырақ, балалық, сенің аулың.
Кезекпенен келетін өмір-ау бұл.
Қимас əнді кеудемде қайта оятқан,
Мына таныс үнін-ай қоңыраудың.
Асығады қай жаққа, бізге жұмбақ.
Күндер зулап барады, күндер зулап.
Балғын шақтың базары мына аулада,
Кеше ғана жүр едік біздер шулап.
Күндер зулап барады, күндер зулап.
Белжайлау
АСАУҒА ТҰСАУ
Асау қан шапшып бойыңа,
Ойқастап асыр салар-дың,
Амал не міне мойныңа,
Құрығы түсті адамның.
Бұлқынып, оқыс кісінеп,
Тұяғың жерді тарпыды,
Көндірді бірақ күшіне,
Адамның қуат қарқыны.
Қарғып бір мініп қапталдан,
Үстіңе қонды жас жігіт.
Шапшыдың оқыс аспанға,
Жібермек болып лақтырып.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Орнықты жігіт тақымын
Құрыштай қысып шеңгелдеп.
Тулай бір шаптың тасынып,
Ырқыңа сенің көнбен деп.
Асыр да салған шағыңнан,
Қоштасу бар ғой ақыр бір.
Құйында-а-п алып жануар,
Амалсыз көндің, басылдың.
Басылды солай желігің,
Еркесі едің даламның.
Амал не енді өмірің,
Тақымында өтер адамның.
Асауға тұсау дұрыс та-ау,
Жарап бір жатса қажетке.
Адамды адам құрықтау,
Айналмаса екен əдетке.
Белжайлау
МҰҢ ШАҒУ
Жетесіздер арын сатқан заман бұл,
Опасыздар жарын сатқан заман бұл.
Доллар десе абыройды ұмытып,
Жезөкшелер тəнін сатқан заман бұл.
Барша қазақ малын сатқан заман бұл,
Бəрін сатқан, барын сатқан заман бұл.
Қасиеті қалмады ма адамның?!
Осыны ойлап дерті ұлғайды жарамның.
Мұң-зарыңа бір назарын салар кім?
Айналып кеп бір өзіңе шағам мұң.
Алатауым, сүйеніші даламның.
Алдиярым, бұл сұмдықтың бəрі де,
Тіршілігі Алматы ару қалаңның.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Басқа амалым қалмаған соң түңіліп,
Еңіреймін етегіңе жығылып,
О, Алатау, іште қайғым тұр ұлып,
Оны бірақ жатыр дейсің кім ұғып.
Бір күн сені сатудан да тайынбас,
Жетесіздер дүниеге құнығып.
Осыны ойлап Алатауым, айбарым,
Еңіреймін етегіңе жығылып,
Мұң-зарыма құлақ асар кім ұғып!...
1993 жыл.
Белжайлау
БІЛМЕЙСІҢ-АУ
Ақын боп қалу өмірде,
Оңай ғой деп пе ең, қарағым...
Төлеген Айбергенов
Кей ақындай бұрқыратып,
неге жиі жазбайсың?
Деп сұрайсың əй, достым-ай,
байыбына бармайсың.
Жыр жолында қатаң сынға алынады
əр адым,
Білмейсің-ау жыр жазудың
бейнеті мен азабын.
Талантыңды шыңдау үшін талай-талай
жыл керек,
Ал жалынсыз көп жыр жазып ақын болу
бір бөлек.
Білесің бе қаншама күш, қаншама тер
сарқылды,
Бір-ақ түйір алу үшін, алу үшін алтынды.
Шаяхмет Оразымбекұлы
ЖАС ТАЛАПКЕРГЕ
Көрігіңнен шықпаса егер зерлі өлең,
Жанды сурет сала алмасаң сөзбенен
Ақынмын деп кере берме кеудеңді,
Онда артық ештеңең жоқ өзгеден.
Сырға толы, нұрға толы əлемі
Поэзия ғажайып бақ мəуелі.
Өлеңді ешкім оқымайды дейсің сен,
Оқитындай дүние жаз əуелі.
Топ алдында тақпақ оқып жүлде алып,
Бəз біреулер өздерінше жүр қарық.
Зердесіз де жан емессің, ендеше,
Осы сөздің түбіне қайт бір барып.
Белжайлау
АНА СӨЗІ
Менің құлын бүлдіршін кезім еді.
Бүгінгідей ол маған сезіледі.
Алғаш мектеп барарда анам маған,
Əдемі жейде тігіп беріп еді.
Уақыт, көмескілеп, кес-кестеме
Ол күндер естен шығып кетпек неге?
Ең тұңғыш баласындай алтын анам
Өзі ертіп барып еді мектепке де.
Алдымда өмір тұрды сұрағы көп.
Осылай біздер алғаш қуанып ек.
Мен «бестік» алсам анам жадырайтын
«Бір жерден осы балам шығады», – деп.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Жылжыды алға жылдардың зымыраны
Көз жұмды анам таусылып тұзы-дəмі
Мейіріммен аялап үміт артқан
Естігендей боламын үнін əлі.
Сенімінен анамның шыға алдым ба
Өрге бастым, көп мақсат тұр алдымда
Қут берер бойыма серпілтіп бір
Анам сөзі кез-келген сын алдында.
Белжайлау
МЫҚТЫЛЫҚ
(Жаркент өңірі ардақ тұтқан біртуар
азамат Нəби Сарпековтың ескерткіші
алдындағы ой)
Тағдырыдың жазуынан қай мықты асқан?
(Адамға оңай келмес байлық тасқан)
Жағаңа жүдеу тірлік жармасқанда
Сілкіп қап қарсы тұрдың қаймықпастан.
Түспедің арбауына бос жүрістің
Ол дағы белгісі ғой тектіліктің.
«Көнетін илеуіңе мен емес деп!»-деп,
Қамытын кигізбедің жоқшылықтың.
Жасыту өз жігерін əркімге мін
Қияға қанаттанып сан өрледің.
Кемітпек болған кейбір көрсоқырға
Мықтының мықты екенін дəлелдедің!
Тулаған тасқын ойлар жатты ішіңде
Көп қолдап, алға қарай басты ісің де.
Қасқайып жеңілмейтін қалпыңменен
Айналып кеткендейсің тас мүсінге.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Барғанда пана тұтып бір өзіңді
От беріп жанушы едің жігерімді.
Ағалық демеуіңе зəру болып
Көңілім өзіңді ойлап шын егілді.
Жек көрдің əлсіздерді басынғанды
Түсірдің сабасына тасынғанды.
Қашанда жұрты ұмытпас асыл жанды
Қадірлер Нəби деген атың қалды.
Қарсы алса қиындықты тік тұрып кім
Үлгі етер қайсарлықты ұқтырып шын.
Айналған мəңгілікке мүсініңнен
Белгісін танып тұрмын
МЫҚТЫЛЫҚТЫҢ!...
2-шілде, 2010 жыл.
Белжайлау
ӨМІР СЕНІ СҮЙЕМІН
Көзімнің төгіп моншағын,
Көрсем бе деген жылдар бар...
Тұманбай Молдағалиев
Маңдай теріммен тындырған
сарқа күшімді, Жоқ етпек болды біреулер қаншама ісімді. Сүрінсем дағы кей кезде, түңілсем дағы, Өмір сенің сүйемін арпалысыңды. Жүрсе де кейде күншілдер тілдеп мені көп. Бəз біреулердей масыл боп `
күн кешкенім жоқ.
Жайлы орын іздеп,
мансап пен байлықты ойлап,
Жоғарыдағы дөкейді жыр еткенім жоқ.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Қасымда жүріп, бір тірлік кешкенімізбен,
Алдады мені талайлар беттері күлген.
Соңыма түсті, құрдымға батырмақ болды,
Безеріп алып, аяулық етпеді мүлдем.
Əділдігі жоқ заманда торға да түскем,
Табалаушымнан мен тұрдым сонда да үстем.
Құдіретті күш жарыққа шығарды мені,
Жан емес екем маңдайға сор ғана біткен.
Шықтым да аман ешкімге сырымды
ашпадым,
Қара бұлттар ыдырап, құбылды аспаным.
Қайратыма бекініп кірістім іске,
Үзілмесін деп алдағы
ҒҰМЫР-ДАСТАНЫМ.
О, тағдыр, жоқ қып жібердің
қанша арысыңды.
Əлі де талай көрермін қалтарысыңды.
Сүрінсем дағы, кей кезде түңілсем дағы
Өмір сенің сүйемін арпалысыңды!
1992 жыл.
Тарихыңды
тани біл!
VІІ бөлім
Таптатпау үшін елді, жерді жатқа,
Қару ап, қайран ерлер қондың атқа.
Бабалар ерлігіне тағзым еткін,
Жол түсіп, бара қалсаң, Орбұлаққа!
Шаяхмет Оразымбекұлы
АРАЛБАЙ БАТЫР
(Поэма)
«Құлдық ұрсаң дұшпанға
Арылмастай сорың бар.
Құлдық ұрсаң дұшпанға
Еркек болып туды деп
Мына сені кім айтар?»
Төле би
ТƏШКЕНДЕГІ КЕҢЕС*
(1733 жыл )
Тізесі елге қалмақтың батып тұр-ау!
Ел еңсесі езілген уақыт мынау.
Түркістан мен Тараздан қуылып ед
Келес пенен Сайрамды басыпты жау.
Салды-ау, талай шапқынды бір бұл емес
Тоқтайтұғын түрі жоқ қырғын егес.
Төле би, Қангелді мен Қодар би бар
Тəшкенде жиып бəрін құрды кеңес.
Көз жетпес шетіне де, шегіне де
Тапталмақ бұл қазақтың жері неге?
Жиналған бар жақсыға сөзін арнап
Төле би сөйлеп кетті тебірене:
*Ұлы жүз ханы Жолбарыстың тұсында Төле
би Тəшкентте тұрған
Белжайлау
– Уа, жұртым, сөзге құлақ түр!
Тажалдай төнген жоңғардан
Ел басында сынақ тұр
Жолбарыс ханды өлтірді
Оған да көңіл жылап тұр
Құлақ түр сөзге,құлақ түр.
Жақтасың емес Қоқан да
Егессең ол да осал ма?
Асырып ол да айласын
Салсам бір дейді отарға.
Құлақ түр сөзге, құлақ түр!
Алтауың ала болыспа
Қол созайық орысқа
Одақтассақ орыспен
Жоңғар шықпас жорыққа.
Ағайын болсақ алыппен
Жау сала алмас қорлыққа.
Патшаға жазған хат барсын
Елдікті сонда сақтарсың
Сөзімді құп алсаңдар
Елшілер дереу аттансын!
Білсе дағы Төле би ісін жетік
Келісті ұзақ бір-бірі пікірлесіп.
Ақыры келді бəрі мəмілеге
«Ресеймен жасайық бітім» десіп.
Бəрі дағы достықты дұрыс көрді
Алыс жолға адамдар іріктелді.
Ресйге барар топ арасындв
Аралбай мен бар еді Ырыскелді.
Шаяхмет Оразымбекұлы
АРАЛБАЙДЫҢ БАРАҚ *
ҚОЛЫН ТАЛҚАНДАУЫ
Суықтоғай, Меркі, Шілік, Жалағаш,
Жаркент, Көктал, орман-тоғай аралас.
Ұзақ жылдар бұл өңірдің бəріне,
Билік құрған Төрехан мен Ағанас.
Иемденіп осы байтақ даланы,
Секер хан мен Арыс хан да бар əлі.
Су мол болсын деген қалмақ дəстүрмен,
Үш қазақты құрбандыққа шалады.
Шын жауыздық тағылықпен тең деген,
Бұл айуандық адам естіп көрмеген.
Райымбек, Сатай, Барақ батырлар,
Атқа қонды ашу-ыза кернеген.
Жанға батып қалмақтардың асқаны,
Жаудың саны мол екен деп саспады.
Райымбек қолын бөліп үш топқа,
Үш бағытта жойқын соғыс бастады.
Аралбай мен Қапай, Ердес тағы да,
Тілеуке, Ақбас атой салды жауына.
Суықтоғай, Бартоғайды алған соң,
Аттанды олар Торайғырдың тауына.
*Барақ ноян Секер ханның сенімді қолбасшысы
Белжайлау
Шейіт кеткен талай боздақ ер үшін,
Батырлардың қайнады іште кегі шын.
Бекінді олар жоямыз деп қалмақты,
Болмақ емес енді бейбіт келісім.
Кез болды бұл ер намысын сынар нақ,
Кек қайтармай ерлер қалай тына алмақ.
Босып кетті қалың қолы Барақтың,
Аралбайлар кірген кезде-ақ ұрандап.
Қашты ата жау тегеурінге шыдамай.
Қан кешуге тап болған жоқ мынадай.
Ажал сеуіп сауыт бұзар жебелер,
Қалмақтарды қырды-ай келіп қынадай.
Торайғырдан босып қашқан міскіндер,
Былайынша зарын айтып жылады-ай:
Қош Таушілік, Жалағаш,
Түңілді ханың Ағанас.
Райымбек тұрғанда,
Біздікі емес мал мен бас.
Үш Қарқара, Көктөбе,
Бұрын Бұрхан жақсы еді,
Енді бізге өкпелі,
Райымбек тұрғанда,
Енді бізге жоқ төбе.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Зарлады олар бөтен елді зарлатқан
Қақсатқандар түбі өздері қан қақсар.
Ақтабанның кебі келіп басына,
Тоз-тоз болып қаша берді қалмақтар.
Орындалып мақсаты мен ойлары,
Қас батырлар жауды қуды қоймады.
Жетісудан түре қуып қалмақты,
Құлықтауда жеңістерін тойлады.
Белжайлау
ШУ БОЙЫНДАҒЫ СОҒЫС
Ат үстінде талса дағы өзегі,
Ер ел үшін бəріне де төзеді.
Жетісудан түре қуып қалмақты,
Қазақтардың рухтанған кезі еді.
Қаншама жыл езіп келген елімді,
Қаншама жыл таптап келген жерімді,
Жеңілуді білмейтұғын Сары-Манжа
Түменімен Шуға қарай шегінді.
Лама-Доржы «Шегінбе!» - деп ақырды.
Ыза кернеп, жаралы аңдай ашынды.
Жан сауғалап жүзіп өтіп Шуды əзер,
Шеріктерін ну қамысқа жасырды.
Мұрсат бермей Сары-Манжа қолына,
Мың сарбазбен түсті Аралбай соңына.
Шалқар Шуды жүзіп өтіп қалғанда,
Тап болды олар зеңбіректің оғына.
Сарбаздары болса дағы күшті ерен,
Мына тажал қарсы алар деп күтпеген.
Отты доптар гүрсілдеп кеп жарылып,
Нысанаға тиіп жатты діттеген.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Аңғал ерлер жан сауғалап қала ма?!
Біраз сарбаз суға кетті арада.
Тарланбозбен жүзіп өтіп Аралбай,
Алғы шеппен шықты əйтеуір жағаға.
Шыға сала шабуылды бастады.
Тажал оқтың өзінен де саспады.
Құйындап кеп зеңбірекші шеріктің
Қас қағымда басын шауып тастады.
Осы сəтте Сатай менен Төлек те
«Байсуандап!» жетті ұрандап көмекке.
Тағы бірін от қарудың оқ атқан
Сарбаздар кеп өшірді үнін мезетте.
Қатарлары қалса дағы селдіреп,
Қас батырлар ұрыс салды ер жүрек.
Топ шерікпен кескілесіп жатқанда,
Отты добын атты тағы зеңбірек.
Гүрс етті де жарықшағы шашылды.
Кеудесінен жаралады батырды.
Ат үстінен теңселіп бір кетті де,
Тез түзеліп серіктерін шақырды.
Белжайлау
«Қойшағыры бітіре алмас көп істі
Дес бермеңдер, қатарларың толысты.
Бір-екеуің əкет мені ар жаққа,
Маған бола тоқтатпаңдар соғысты!»
Деді батыр қайсарлана тіл қатып
Жарақаты тұрса дағы тым батып
Ымырт түсіп қас қарайып бұл кезде,
Ұясына аунап кеткен күн батып.
Қалың сарбаз тоқтатпастан ұрысты
Жауды алуға өршелене кірісті.
Сары-Манжа көп шерігін жоғалтып,
Амалсыздан күнбатысқа жылысты.
Бүгінгі ұрыс бəріне ауыр тиді анық
Түнде ес жиып, барлық сарбаз жиналып,
Келген еді Аралбайды көруге
Батыр қоста жатыр екен қиналып.
Шаяхмет Оразымбекұлы
АРАЛБАЙ БАТЫРДЫҢ СОҢҒЫ СӨЗІ
– Өзектіге қашан да бар бір өлім.
Ақтық демім таусылады білемін.
Ер боп тудым, ерлерше өлсем өкінбен,
Өмір бойы ел деп соқты жүрегім!
Жаумен соғыс бастап едік Қорғастан.
Оған куə ерлер елді қорғасқан.
Қалмақ біткен қалтырайтын ес таппай,
Қолымдағы жарқылдаса Алдаспан.
Дана Төле тапсырғанда ер ісін,
Мадақталды талай-талай жеңісім.
Айлап арып жолын іздеп достықтың
Петерборда жасап қайтқан келісім.
Соның бəрі туған халқым, сен үшін!
Əз анамнан туғаннан, соң батыр боп,
Қара басты күйттеуге еш қақым жоқ.
Бір шерік те аттамасын мұнда енді,
Аруағым да жатсын одан басым боп!
Белжайлау
Ерлігімді келер ұрпақ қайталар
Жауды жоймай қалай жаның жай табар?!
Сатай, Төлек аман жетсең Арқасқа
Туған жерге сəлемімді айта бар!...»
Осыны айтып, демі үзілді батырдың.
Жүректерді тебірентті ақырғы үн.
Ертесіне қалың сарбаз денесін
Қимай-қимай жер қойнына жасырды.
Тағзым етті Аралбайдай асылға
Белгі қалды бейітінің басында.
Қалың сарбаз қайта жауға аттанды
Болмайды енді кідіруге, жасуға.
Сары-Манжы басың қалды бір сайда,
Өзің де өштің, өшті қалмақ атың да.
Ел деп өткен Аралбайдың есімі
Жасай Берер Ғасырлардан Ғасырға!...
Алматы, 2009 жыл, қаңтар
Шаяхмет Оразымбекұлы
НƏУБЕТ
(поэма)
(1930-33 жылдардағы ашаршылық жəне
репрессия құрбандарының рухына)
Кіріспе
Əркімге Атамекен – гүл əлемі
Таулары, даласы ыстық құба белі.
Қорғас пен Алтынемел аралығын
Ежелден мекен еткен Суан елі.
Арқасқа* сайын дала, самалы ескен
Бір кезде Қазығұрттан ауа көшкен.
Тағдырдың талай тап кеп тəлкегіне
Басынан қилы-қилы заман өткен.
Белжайлау, Сарыбел, Шежін жері қандай?
Бүлдірген, рауғашы сөлі балдай
Баркөрнеу, Үйгентас пен Қарағайлы
Көрген жан қарай берер көзін алмай
Қорған боп Жетісуым шығысыңа
Оңай ма жауға қарсы тұру сірə?
Осындай жер жəннатын сақтап қалған
Бабалар мың-мың тағзым Руһыңа!
*Арқас-Жоңғар тауының ежелгі аты
Белжайлау
Шапқанда лек-легімен қалың ойрат
Бұқпаған қара бастың қамын ойлап
Бекініп майдан ашып Орбұлақта
Көрсетті алты жүз ер жауына айбат!
Ел үшін бойларына жігер бітті.
Дұшпанға атой салды кілең мықты.
Ұрпақтан-ұрпақ мəңгі жыр етеді
Тарихта теңдесі жоқ бұл ерлікті!
Ерлерден жау үреймен қашқан жөнеп
Жазылар олар жəйлі дастан бөлек
Арада үш жүз елу жыл өтсе де
Ұрпақтары ұмытпай тапқан дерек
Қырқыстың қалмақпенен жүздеген жыл
Мазаңды алды дүрмегі дүрбелеңнің.
О, халқым, жаугершілік заман орнап
Берекесін кетірді-ау, іргелі елдің.
Осылай ғасырлардан ғасыр өтті.
Ойраттың өзі түгіл аты да өшті
Айтпасқа болмас тағы бүгінгіге
Бабалар бастан кешкен қасіретті.
Шаяхмет Оразымбекұлы
ЭТНОГЕНОЦИД
«...1929-1933
жылдар
аралығында
Қазақ станда ОГПУ органдары 3386 адам-
ды ату жазасына кесті. 13мың 151 адам
түрлі мерзімдерге түрмелерге қамалды.
Бұл жылдарда барлығы-100 000 дай адам
сотталды.»
«...Сол отызыншы жылдарда аштық
пен аурудан 2 500 мың адам өлді»
Қазақстан тарихы, 3-том,
213-214 беттер
Сонау кез, Кеңес* билік құрған өктем
Нақақтан бар жақсыны құрбан еткен.
Осылай ел басына НƏУБЕТ төніп,
Сүреңсіз, Қуғын –сүргін жылдар өткен.
Жас ұрпақ, қасіреттің ізін білгін!
Оқы да түсіне біл мұңын жырдың.
Талай жыл жасырылған шындықты айтып
Армиял* жазып кеткен «Қызыл қырғын»
*Кеңес-Кеңес өкіметі
*Армиял Тасымбек
Белжайлау
Қоймады бір парызым жазбасыма
Келгенде толысқан бұл ер жасына.
Талайды жалған ұран жарға жығып
Қаһарлы жылдар туды ел басына.
Аянбаған қазақтың теңдігі үшін
Қайран Алаш, не болар ендігі ісің?
Қайда кетті мал-мүлік тəркіленген
Жайлап кетті сұм аштық елдің ішін.
Кіші Қазан* жалыны шарпып елді
Зиялылар ит азап тартып өлді.
Голощекин билікті қолына алып
Тұралатты қатыгез тəртібі елді.
Жауыздың жаны аши ма , жатқа сірə?
Ойларын іске асырып жатты асыға.
Асыра сілтей берді жету үшін
Этногеноцидтік мақсатына.
Бөліс боп жеріміз де, малымыз да
Дəл бүйтіп талаған жоқ жауымыз да.
Ұлы істің ұлы күні көктемдегі
Тойланбай тоқтатылды Наурыз* да.
*Кіші Қазан-Кіші Октябрь төңкерісі
*1929 жылдан бастап 1989 жылға дейін
Наурыз мерекесін тойлау тоқтатылған
Шаяхмет Оразымбекұлы
Шек қойды ата дəстүр кəдесіне
Ескілік,– деді– оның қажеті не?
Сөзіңнен абайсызда жаңылыссаң,
Қаласың « белсендінің» пəлесіне.
Белжайлау ұмытылып той-думаның
Салт-дəстүрге тыйым сап жойды бəрін.
Бəрі де ескіліктен сарқыншақ боп
Бұл күнде жарқылдауды қойды қауым.
Дау айтқан саналды елдің дұшпанына
Комиссарлар алды оны қыспағына.
Əйгілі Уəлибай мешіті де
Айналды қызылəскер штабына.
Мұсылманбыз дегенді жеккөреді
Имансыздық осылай жеткен еді.
Медресе өзгерді пошта болып
Бабалар салған Қызылеспедегі*.
*Қызылеспе-қазіргі Еңбекші ауылы
Белжайлау
Жұтап жайлау, малы жоқ жұтап өріс
Күйіп жатты талайлар құса боп іш.
Жігерсіздер жалт беріп сатқаннан соң
Кетіп тынды Қытайға Мұқа болыс*.
Асылдарға белсенді шүйілді өңшең
Бас қатырмас ойлаумен күніңді ертең
Кетті Мұқа істерге лажы болмай
Түк шықпайтын ісінен түңілген соң.
Қаһарланып, шүйлігіп бай-манапқа,
Кəрін төкті Сібірге айдамаққа.
Ата кəсіп тартпаса қиындығын
Мал бітіпті тектен тек қай қазаққа?
Дүниесін біреудің олжалаған
Большевиктер не болды сонда бағаң?
Тапқа бөліп, құр зорлық-зомбылықпен
Жақсы заман ешқашан орнамаған.
*Мұқа болыс-Кеңес өкіметіне қарсы
шығу шылардың бірі
Шаяхмет Оразымбекұлы
Күн туса бірін-бірі қаралаған
Тартылу оңай екен жазаға адам.
Бұл заман қиын болды-ау малы барға
Бəрін де осы бір ой мазалаған.
Жанға батып бүлінген ел арасы,
Бойларына дарымай жеген асы
Сегіз қанат Əбдінің ақ боз үйін
Бетке алды бүгін бір топ ел ағасы.
Сезгендей ел басында сұр өмірді
Таулар да төне қалған түнерулі.
Тек қана Баркөрнеу тұр шоқтығы асқан
Тұрғандай жасытпа деп жігеріңді!
– О, жұртым, болар деп ем бір амалы
Сəбеттің* ұнамай тұр мына лаңы.
Ар жаққа* көшіп кетпей тыныштық жоқ
Шыдауға төзім жетпес бұдан əрі.
* Сəбет-Кеңес өкіметі
* Ар жаққа-Қытай елі
Белжайлау
Қарқылдап өз ішіңнен жаман қарға
Құйыршық болып жатса амал бар ма?
Құл болып саясаттың шоқпарына
Еліңнің ертеңі үшін алаңдар ма?!
Қызылдың айла-əдісін сараладым
Тоқтатпас енді бізді талағанын.
Əріден ойласақ та елдің қамын
Қоймайды ала көзбен қарағанын.
Есіңді сансырамай жый халайық!
Қиналсақ еркіндікте қиналайық.
Қуды ғой мен мен деген Мұқаны да
Ар жаққа біз де енді жиналайық!.
Қысқаша сөзін Əбді тамам қылды
Аяйды қамданбаса заман кімді?
Қабылдау керек шешім тез арада
Өйткені бəрі тыңшы, бəрі аңдулы
Шаяхмет Оразымбекұлы
Сөйледі жиналғандар жөн-жөнімен
Бір сақтық байқалады сөздерінен.
Сауранбек, Əбілғазы, Қонаш ақын
Ағалар ақыл берер төрде кілең.
Дəл бүгін келу керек шешімге бір
Кешіксең кімге керек өкінгенің?
Еңсені ауыр ойлар езгілеген
Бəрі де іштен алып отыр демін.
Көшпесең биліктің бар қылбұрауы
Ал көшсең, не күтіп тұр бұлдыр əлі
Ақыры ақылдасып кеңесті де
Көшуге белді бекем буды бəрі.
Белжайлау
БЕЛЖАЙЛАУДАН ШЫҚҚАН КӨШ
«Күнкөрістің басты
көзі-малдарынан айырылған
қазақтар дала жолдары
мен қала көшелерінде
ондап-жүздеп аштан өліп жатты»
(Қазақстан тарихы, 3 том, 214 бет)
«Көккезең, қайран Көккезең
Енді бізге жоқ Кезең»
Аталардан қалған сөз.
Бас көтерген зиялыны қырған кіл
Замананың күрсінісін тыңдар кім?
Момын жатқан елге салған ойранын,
Мың тоғыз жүз отызыншы жылдар бұл.
Сталиннің болса да көп қатесі
Атанды ол бар “халықтың əкесі”.
Алаш біткен құқай көріп жатқанда
Суанның қай қызды дейсің шекесі.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Түсінбейтін жүріп жатты бір күрес
Деп санайсың кімді дұшпан кімді дос
Белжайлауды артқа тастап барады
Тоқтар жері мəлімсіздеу мұңлы көш.
Белжайлаусыз өмір бар ма? Жоқ анық!
Екіталай көруі енді оралып.
Бара жатты ұнжырғысы түскен жұрт
Өз елінен тепкі көріп, тоналып.
Белжайлаудан көш барады жай жылжып,
Билікке кім қарсы тұрар айбын ғып?
Бəрінің де өкініші бір ғана,
«О, туған жер, Белден, көлден айрылдық!»
Бұған ара тұра алады кім бірақ?
НКВД кəрін төгіп тұрды нақ.
Шұбатылып бара жатыр мұңлы көш,
Кəрі-жасы, ұл мен қызы тұнжырап...
Көш ішінен Нұрбек шықты жотаға
Атбегі еді ол отыздағы отаға
Жүдеу көңіл нартұлғалы қайран ер
Лажсыз күйде жылап тұрды о,тоба!
Белжайлау
Нұрбектің қоштасуы:
-Қайран бір қайран жерлер-ай!
Сайран бір салған жерлер-ай!
Бозбала дəурен қызығы,
Қойныңда қалған жерлер-ай!
Бүлдіршін шақта тай мініп,
Құлдилай шапқан жерлер-ай!
Жігіт боп мініп сəйгүлік,
Жұлдыздай аққан жерлер-ай!
Қырдағы қызды ауылға,
Ұрланып барған жерлер-ай!
Қарамай боран, жауынға,
Нұрланып барған жерлер-ай!
Шаяхмет Оразымбекұлы
Бір аруыңды жар етіп,
Сəулем дескен жерлер-ай!
Өмірді шекер бал етіп,
Дəурендеткен жерлер-ай!
Сары саумал сапыртып,
Қымыздатқан жерлер-ай!
Бір үйді бір үй шақыртып
Дуылдасқан жерлер-ай!
Сес болып жауға ұраны,
Бабалар майдан ашқан жер.
Су емес Ордың бұлағы,
Қып-қызыл қан боп аққан жер.
Ала алмай жаулар сонда да,
Бақыттың дəмін татқан жер.
Белжайлау
Аяқсаз, Итшоқы арасы,
Бəйгеге талай шапқан жер.
Береке дарып қойныңа,
Ырысың асып-тасқан жер.
Жаннаты болып Арқастың,
Белжайлауым жатқан жер!
Бейқам бір жатқан далам-ай,
Қандай да болар заман-ай?
Айдалып жатыр арыстар,
Ақ-қарасына қарамай.
Бейсенбай, Мəлік, Нұрдəулет,
Шыныбек* асыл ағам-ай,
Бəріңді халық жауы деп,
Нақақтан жапты жаланы-ай.
Қандай да болар заман-ай?
Жайнаған əсем өлке едің
Не болар енді ертеңің?
Жегідей жеп өкініш
Өзегімді өртедің.
*Бейсенбай Саламатұлы, Мəлік Ыбырайым-
ұлы, Нұрдəулет Жексенбиұлы жəне Шыныбек
Жексенбіұлы-Жаркенттен шыққан білімді
азаматтар, 1930-33 жылдарда Сталиндік
саясаттың қуғын-сүргініне ұшырағандар.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Қараймын қимай шыңдарға
Қараймын қимай қырларға
Қуылдық Өсек бойыңнан
Бұдан бір өткен мұң бар ма?
Мұңыңды билік тыңдар ма?
Хош енді хош бол, Белжайлау
Айналып көрер күн бар ма?
Белжайлау
АЖАРДЫҢ ҚОШТАСУЫ:
– Арман да арман – арман-ай,
Заманның басқа салғаны-ай.
Белжайлау, Текше, Көккезең
Сағым боп артта қалғаны-ай.
Қоштасам қалай өзіңмен
Əнімді қимас арнамай.
Тыңдағын далам, тыңдағын
Тыңдағын таулы шыңдарым.
Гүлдəурен шағым қойныңда
Тыңдағын əсем қырларым.
Көз жасымменен тамып қал
Жүректен шыққан мұңды əнім.
Тыңдағын бəрің тыңдағын!
– Хош аман бол өскен жерім
Қызық дəурен кешкен жерім
Құрбылармен жайраңдасып
Гүлін терген бөктерлерім
– Жалған-ай...
Арайлап атқан таңдар-ай!
Өмірдің тарқап базары
Тағдырдың басқа салғаны-ай!..
Шаяхмет Оразымбекұлы
Баурайыңнан ел кетпеген
Белжайлауым жер жетпеген.
Сөз таба алмай көркіңе əсем
Кестелеуші ек өрнекпенен.
Дəурен-ай!..
Той тойлаушы едік сəнмен-ай
Бəрінің шырқы бұзылып
Замана салған əурең-ай..
Хош аман бол өскен жерім,
Аршалы сай , көк белдерім.
Сағындырар айлы түндер
Жанға жəйлі ескен лебің.
Жалған-ай...
Арайлап атқан таңдар-ай.
Өмірдің тарқап базары
Тағдырдың басқа салған-ай!..
Басатұғын жан құмарын
Суы кəусар бал бұлағым
Тебіреніп тереңімнен
Осы əнімді қалдырамын
Белжайлау
Жалған-ай!..
Арайлап атқан таңдар-ай
Өмірдің тарқап базары
Тағдырдың басқа салғаны-ай!
Жалған-ай...
Жалған-ай...
Сазды əн кетті кең далаға қалықтап
Тыңдады ұйып таныс таулар таныс бақ
Мұңлы көшті мұңлы əуен тербетіп,
Белжайлаудан ұз-а –а-п кетті алыстап.
Тыңдады əнді қалың жыныс, көл ұйып
Жұпар иісті аршалы сай,бел ұйып
Қала берді əсем өлке жəннатты
Жетісудың Белжайлауы-Жерұйық
Шаяхмет Оразымбекұлы
ҚАНТӨГІС
Əскерилер кілең қару асынған
Кім жақпаса, « контра»-деп ақырған
Ойда жоқта жетіп келіп сау етіп,
Бейбіт елдің зəре- құтын қашырған.
Барар жері түрме болды шын ердің
Өз жұртына жамандықты тілер кім?
Жайшылықта тірлік кешкен момақан
«Контраңмен» шаруасы не бұл елдің?
Марксизм билеп таптық сананы
(Қазаққа оның қатысы да шамалы)
Қиырдағы Жаркентте дүрілдеп
Жүріп тұрды «қызылдардың» заманы.
Болса дағы дархан дала, жері бай
Кейде өзін-өзі қырған елім-ай!
Ала таңнан жетті штабқа өрекпіп
Қызылдардың құйыршығы Сөлібай.
Белжайлау
Осы жолы үндемесе болмас па?
Мұнша неге сатқын болды ол қасқа?
–Жолдас бастық! Ел қашты! – Деп алқынды
– Ұстау керек! Жетіп қалды Қорғасқа!*
Комотряд қаруын ап қолына
«Алға!» деді сақадай сай тобына
Өз жұртына жау көргендей атойлап
Бір топ əскер түсті көштің соңына
-Комотряд , жау іздеген көз ілмей
Сабаңа түс,ақылға кел елірмей.
Олар дағы құштар жандар өмірге
Олар да адам, олар да адам өзіңдей.
Тоқтау қойып бұл себепсіз дабылға
Комотряд , дереу шешім қабылда!
Босқан жүдеу көңілдерді жылатпа
Түбің де бір, бір ғой сенің қаның да.
Комотряд! Өз халқыңды сүйе біл
Құлы болма жалған ұран жүйенің!
Еш бұйрықсыз əскерді өзің көтердің
Ендеше бұл бассыздықты тый өзің!
*Қорғас-өзен атауы
Шаяхмет Оразымбекұлы
Бір-біріңе жатқан іште зіл бардай
Өзді-өзіңмен қырылысу бұл қандай?!
Тоқтат! Тоқтат! Қан төкпегін жазықсыз! –
Тау мен Дала осыны айтып тұрғандай.
Атты əскерлер құйындатты асыға
Дақ түсірмес «қызыл қыран »атына
Жағасына ілінгенде Қорғастың
Ұзын көшке қауіп төнді-ау, қапыда.
Мейірім жоқ кей жүректер мұз неге?
Жауыздығын айту ауыр тілге де.
«Атыңдар!» деп екі көзі қанталап
Комотряд бұйрық берді зілдене.
Қарулы əскер бейбіт көшке оқ атты
Ажал оғын үсті-үстіне боратты.
Азан-қазан шулады жұрт үрейлі
Бұрын соңды кім көрген бұл тозақты!
Тар жол – тайғақ кешу деген қиын, ə.
Тағдырдың бұл не айтарсың сыйына?
Басқа түскен сын сағатта іркілмей
Əбді дереу кесіп айтты бұйыра-
Белжайлау
– Өлім деген осы шығар кезексіз!
Мəлік, көшті арғы жаққа тез өткіз!
Қанқұмарлар бəрімізді қырмақшы
Тоқтатайық атыс салып, тежеп біз!
Бəрі құптап мына сөзін Əбдінің
Ыза теуіп, кек кернеген əрбірін
Атыс салды қарсы тұрып қасқая
Ажалдары жетсе дағы дəл бүгін.
Көш қорғауға дайын ерлер қайратты
Мергендерін алдын-ала сайлапты
Қарсы тұрып отрядқа тайсалмай
Алғы шепте бірнешеуін жайратты.
Көздеп атып, Сауранбектей қас мерген
Тежеді оқыс қалың топты лап берген
Əбілғазы, Болысбек те жаужүрек
Атыс салды күші басым əскермен.
Амал қанша қарсы жақтың мол саны
Шағын топты жан-жағынан қоршады
Комотряд безірейген тасжүрек
«Атыңдар!» – деп бұйрық берді ол тағы.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Саспады Əбді оқ тисе де жамбасқа
Нағыз ерлер елін қорғап қалмас па?
Көп əскердің иманын бір үйірді
Шын ержүрек, жасын ұлдар , нарқасқа!
Көздегенін мүлт жібермес Сауранбек
Командирді нысанаға алды-ау дөп.
Бірақ оның атын атты əдейі
Тоқтар ма деп жаным аман қалды-ау деп
Оқ тиіп ат қара жерді қүшқанда
Комотряд мұрттай ұшып түсті ол да.
Көзде-е-еп тұрып бұл жолы да атпады
Сауранбекті санаса да дұшпанға.
Комотряд тұрды орнынан атыла
Тоқтатар ой келген де жоқ басына.
Тапаншасын жөн-жосықсыз атқылап
«Қырыңдар!» деп бұйрық берді ақыра.
Қанқасапты тоқтатпады еш адам
Қайран ерлер осы болды-ау, Қособаң?!
Тізе бүкпей қарсы алды олар өлімді
Арғы жаққа өтті əйтеуір көш аман...
Белжайлау *** Белжайлаусыз өмір бар ма? Жоқ анық! Екіталай көруі енді оралып Өз елінен тепкі көріп босты жұрт Жат ел тіпті есіркемес ол анық!
Елдің мұңы менің дағы мұңым бұл.
Безейді деп кінəлама тілін құр
Суыртпақтап сырын аштым тарихтың
Келер ұрпақ өткеніңді біліп жүр!
Бас көтерген зиялыны қырған кіл
Заман зарын біз тыңдамай тыңдар кім?
Келер ұрпақ, ұмытпағын НƏУБЕТІН
Мың тоғыз жүз отызыншы жылдардың!
Шаяхмет Оразымбекұлы
ОРБҰЛАҚ ШАЙҚАСЫ
Автордан:
Таптатпау үшін елді, жерді жатқа,
Қару ап, қайран ерлер қондың атқа.
Бабалар ерлігіне тағзым еткін,
Жол түсіп, бара қалсаң, Орбұлаққа!
О, халқым, шапқындықтан бүлініп шын,
Сен талай қасіреттің уын іштің.
Бұл жерде қанды қырғын шайқас болған
Күзінде мың алты жүз қырық үштің.
Жыр етсең, жыр ете біл мəңгілікті
Шежірем бүгін қайта жаңғырықты.
Бұл жердің əр тасына бабаларым
Тарихты қанмен жазып қалдырыпты.
Сүйсініп, ел қорғаған еріне шын
Оқысаң көзге жас ап, егілесің
Бізден де кейінгі ұрпақ біліп жүрсін,
Жырлайын Орбұлақтың шежіресін.
Белжайлау *** (Бес көріністі тарихи – патриоттық пьеса) 1643 жыл «Қазылған ордың арқанға ұқсап созыла жатқан сілемі қазақтың ұлы жеңіске жеткен жері осы екенін дəлелдеп атабабаларымыздың жерге жазып кеткен тарихи хаты, дəлелі мен куəсі секілді».
Бексұлтан Нұржекеұлы
БІРІНШІ КӨРІНІС
Көріністе əсем табиғатты *Арқас
тауының баурайы. Айналаны ат тұяғының
дүбірі тітірентеді. Лек-легімен шұрқырай
қаптаған ойраттардың қалың қолы.
Жеңіске əбден мастанған олар əлдебір
түсініксіз ұрандармен қиқу салып, алға
ұмтылуда. Қалың топты бастап келе жатқан
ойрат батыры Хошауыт Байху оқшаулана
алға ұмтылып, еліре ұрандайды:
*Арқас-Жоңғар тауы
Шаяхмет Оразымбекұлы
– Біз ер жүрек шерікпіз.
Болаттан да берікпіз.
Ел де, жер де біздікі,
Көл де, бел де біздікі.
Қанмен жуған жолымыз
Бағынған оң мен солымыз.
Төтеп берер күш бар ма?
Қаптаса қалың қолымыз! – деп ха-ха-
халап құтырына алға ұмтылады.
Одан қалыспайын дегендей ойратша
са уыт киініп, қылышын шошаңдатып Ғал-
ден Донжын да даусы күжілдей шығып:
– Жеңілмеген ойратпыз.
Тек жеңісті тойлаппыз.
Қарсы келген қайсақты,
Тып-типыл ғып жоймақпыз.
Алға, алға , алға-дүр,
Жеңілмеген ойратпыз! – деп екілене
айқайлап, шашақты найзасын есіре шо-
шаң датып, ол да артындағы қалың нөкерге
желік беріп алға ұмтылады.Қалың ойрат
əскері сахнаны дүрліктіріп жолындағының
бəрін таптап өте шығады.
Ойраны шығып, жау шауып кеткен
ауылдағы бір қараша үйдің есігі алдында
жалбыраған шашы аппақ қудай ағарған,
жүзін мұң шалған қарт ана көкке қарап,екі
қолын аспанға жайып, мұңды əуенмен
күңірене зарын айтып отырады:
Белжайлау
– Уа,заман-ай, зарлатқан,
Қорлық көрдік қалмақтан.
Ойрандады жұртымды,
Жерім мынау қан басқан.
Құл болмақ па ұлымыз,
Күң болмақ па қызымыз?!
Ұстағанның қолында,
Тістегеннің аузында,
Не болады күніміз?
Қалың шүршіт қаптады-ай,
Жерімізді таптады-ай,
Аспанымыз түнеріп,
Қара бұлттың басқаны-ай!..
Бейқам бір жүрген қазағым
Не болып кетті заманың?!
Аяуды білмес жыртқыштар
Жұртымды шаптың, таладың.
Жалбарынам, жаратқан,
Зауалын келтір, Зауалын!..
Күңірене қарғыс айтқан кейуана екі
қолын көкке жайып, Жаратқанға жалба-
рынады.Жалбарынған зарлы үні тау мен
даланы жаңғырықтырады.
Шаяхмет Оразымбекұлы
ЕКІНШІ КӨРІНІС
Жəңгір
сұлтанның
ордасы.
Төрде
Жəңгір. Айналасында батырлар Қарасай,
Елтінді, Ағынтай, Сарбұқа, Жақсығұл
қатарласа келіп отырған. Бəрінің де
жүздері қату да айбарлы.
Тыстан асыға-аптыға Жаушы кіріп ке-
леді де бірден Жəңгірдің алдына жетіп ба-
рып, қос қолын кеудесіне апарып, басын
ие мүдірмей сөйлей жөнеледі:
Жаушы:
– Уа, Сұлтан, рұхсат ет, суық хабар!
Қан төкпей олар қалай тынышталар.
Келеді жер қайысқан қалың ойрат
Бізге де жетіп қалар жуықта олар.
Оққа ұшты қасымдағы серіктерім,
Жайраттым бірнешеуін беріспедім.
Жəңгір сұлтан:
(Даусы қатыңқы шығып, Жаушыға
көзінің астымен қарап:)
– Білдің бе шамаменен қанша əскері?
Жаушы:
– Он мыңнан асады оған берік сенім.
Егерде айтар болсам, бəрін екшеп,
Тағы да қырық мыңдай келіп жетпек.
Белжайлау
Жəңгір сұлтан:
(Басын шайқай қабағын түйе сөйлейді)
– Біздің қол алты жүзден сəл асады.
Жалаңтөс көрінбей тұр қарасы əлі
Сонда да біз дайынбыз соғысуға
Ерлерге ерлерше өлу жарасады!
(Батырларға қарап)
– Іс осы жаудан қайтпас тарландарым!
Қан кешу майданы тұр қамдан бəрің.
Қарасай, ер Ағынтай, ер Елтінді,
Соғысқа дайын болсын сарбаздарың!
Еліме ойрат салған ойран аз ба?
Құтырды олар тосқауыл қоймағанға.
Күтіп тұр қанды қырғын алда бізді
Сілкін ерлер намысың бойда барда!
Жау басым, айла асырып кету үшін
Соғыстың қолданыңдар жетік ісін.
Үш жүз сарбаз Қарасай, Ағынтаймен
Мықтаңдар Ордың енді бекінісін!
Екпіндеп жаудың алғаш келген легін
Жайратсын оқпанадан мергендерің.
От мылтықтар үрейлі гүрсілдесе,
Көрейік төтеп берер сендерге кім?
Түбінен Қызылқия адуындап
Оқыстан біз шығамыз шабуылдап.
Шаяхмет Оразымбекұлы
(Рухтана сөйлеп орнынан түрегеледі.
Батырлар да айбаттанып орындарынан
түрегеліп, бірінен соң бірі тіл қатады)
Қарасай батыр:
– Дайынбыз ел мен жерді қорғау үшін!
Сарбұқа батыр:
– Бермейміз ер намысын, ел намысын!
Елтінді батыр:
– Қалмақтың қанын судай ағызамыз
Ағынтай батыр:
– Еліме бейбіт күннің орнауы үшін!
Бəрі қосыла рухтана:
– Дайынбыз ел мен жерді қорғау үшін!
Бермейміз ер намысын, ел намысын
(Шымылдық)
Белжайлау
ҮШІНШІ КӨРІНІС
Майдан. Тау бөктеріне жақын Ор
бекінісінің маңы. Аттардың жанұшыра
кісінеуі мен тұяқтар дүрсілі. Сарт-сұрт
айқасқан сарбаздар қимылы. Соғыс бары-
сын қалт жібермей қырағы көзбен бақылап
тұрған Жəңгір сұлтанның жүзі сұп-сұр.
Кенет ол айбарлана сөйлеп кетеді.
Жəңгір сұлтан:
-Сескендірме, қонтайшы, екпініңмен.
Жеңе алмайсың сен бізді көптігіңмен.
Жақсылап сазайыңды тартшы бүгін
Даламды қанға талай бөктіріп ең.
Талап, тонап үйренген тайраңдауды,
Бүгін сенің іске аспай айлаң қалды.
Жай жатқан халық едік қырмақ болдың,
Біз саған көрсетейік қан майданды.
Жарайсыңдар менің сұр мергендерім,
Елін қорғап қалмаса ерлерге мін.
Қалмақтың он мыңдайы жер жастанды,
Көмусіз тастай қашты өлгендерін.
Қан кешу! Қан кешу!
Жарқ-жұрқ еткен қылышын оңды-
солды сермеп, майданға ұмтылады.
Шаяхмет Оразымбекұлы
Жан алып жан беріскен қырғын майдан.
Екі жақтан да ышқынған дауыстары шығып
құлап жатқан сарбаздар. Ойраттар жағы
қара құрым қаптай түсуде. Сахнаның орта
тұсында қалың қалмақпен алысып жүрген
Елтінді, Сарбұқа, Көксерек,Жақсығұл ба-
тырлар мен оның сарбаздары.
Сарбұқа батыр:
Көз тігіп ең тауыма, айдыныма,
Иен жатқан жеріме, байлығыма.
Айбаттанып шықтық біз қан майданға,
Төтеп берші Арқастай айбыныма!
Елтінді батыр:
– Елімді алмақ болып ең, жерімді алмақ.
Қаның судай ағылсын, қалың қалмақ!
Маңдайың тасқа тимей келіп еді,
Жеңілістің татып көр дəмін қалмақ.
Киелі таптатпаймыз жерімізді,
Сала алмайсың құлдыққа елімізді.
Алға, алға!!! Ержүрек сарбаздарым,
Қалмақтан қайтарайық кегімізді.
Бір топ сарбаздарымен қалмақтарды
жайпап өте шығады. Көріністе өлгелі
жатқан ойрат батыры Хошауыт Байху. Бір
ойрат сарбазы оның басын сүйеп *«ағлаби,
ағлаби»! деп жандалбасалауда.
*Ағлаби- «сақтай көр» деген мағынада
Белжайлау
Ойрат батыры Хошауыт Байху:
Бекер шаптық бұл елге жатқан момын,
Шынымен күйреді ме қалың қолым.
Жаһанда жеңілместей көруші едім,
Осы жерде үзілді-ау өмір жолым.
Жарты əлем табынушы ед атағыма,
Жасындай төнді зұлмат жасағыма.
Тез қаш та **Эрдениге шындықты айтқын,
Қазақтар енді мінді қаһарына.
Бағындырмақ болып бұл даланы біз
Өзімізге тілеппіз жазаны біз.
Қылышпен ойнап едік, енді міне,
Қылыштан болды біздің ажалымыз!
Қырылдаған даусы шығып барып, басы
сылқ ете түседі. Үрей билеген ойрат сарба-
зы өлікті тастап қаша жөнеледі.
**Эрдени-Эрдени батур қонтайшы ойрат-
тардың бас қолбасшысы болған.
Шаяхмет Оразымбекұлы
ТӨРТІНШІ КӨРІНІС
Кескілескен қан майдан қыза түскен.
Қатары селдіреген қалмақтарға Батур
қонтайшы бастаған қалың нөпір қол
келіп қосылып,еліре қиқулаған дауыста-
ры маңайды дүрліктіріп, Жəңгір сұлтан
бастап жаумен арпалысып жатқан қазақ
сарбаздарына қарай атойлап лап қояды.
Маңайындағы
лепірген
нояндарынан
оқшаулана шыққан алып тұлғалы Батур
қонтайшы қылышын жалаңдата сұсты
жүзін айқас жүріп жатқан жаққа қарай
бұрып зілдене тіл қатады:
– А-а, Жəңгір, тидің ашуға
Өкініп,енді аһ ұрма!
Тапталасың легіммен
Мұрсат та бермен қашуға.
Қылышты қыннан суырдым
Қаныңды судай шашуға!
Құтылмайсың бұл жолы
Төніп тұр ажал басыңа.
А-а, менің қайтпас ерлерім!
Хасықтар білсін жөндерін
Ойраттың көрсін жеңгенін.
Кім естіп еді қаһанның
Жеңісті қолдан бергенін.
Белжайлау
Ха-а, жеңілмеген ойратпыз
Тек жеңісті тойлаппыз
Қарсы келген хасықты
Тып-типыл ғып жоймақпыз!
Алға, алға, алға дүр!...
Батур қонтайшы бастаған қалың нөпір
қалмақ
сарбаздары
тауды
жаңғырта
шұрқырай ұрандап қаруларын сартыл-
датып лек-легімен қаптай түседі. От
қарумен соғыс салған қазақ сарбаздары
жасырынған Ор бекінісін жау қоршауға
ала бастайды.
Көріністе жаумен арпалысып жатқан
Қарасай батыр мен Елтінді батырдың
айқасы.
Елтінді батыр:
– Уа, жан пида ел үшін!
Атамекен жер үшін!
Байсуандап шапқанда
Келмей қоймас жеңісім!
Уа, ата жауым қалмақсың,
Еліріп қайда бармақсың?..
Жетісу əсем өлкемде
Енді ойран салмассың.
Енді сайран салмассың
Қан қапқын қалмақ, қан қапқын! – деп
айбаттана ақырған Елтінді батыр жау-
ды жапыра майдан салып жатады.Оған
қосыла қалмақтарды оңды-солды жапы-
ра қырып майдан салып жүрген қазақ
Шаяхмет Оразымбекұлы
сарбаздарының ішінен айбыны асқан
Қарасай батырдың күркіреген қаһарлы да-
усы естіледі.
Қарасай батыр:
– Тасыма , қалмақ, тасыма!
Төндірем тажал басыңа!
Қаһарыма іліктің
Қынадай қырам жапыра!
Асырған талай айласын
Қонтайшың бармақ шайнасын.
Ажалың жетер жер осы
Қайдасың, Батур, қайдасың?!– деп ары-
стандай ақыра ұмтылған ол қолындағы
жалт-жұлт
еткен
алмас
қылышымен
өзіне қарсы барыстай шапшыған Батур
қонтайшының көз ілеспес жылдамдықпен
оң иығын шауып өтеді. Жойқын соққыдан
ауыр жарақаттанып ат үстінен теңселіп кет-
кен Батур қонтайшыны екі-үш ойрат сар-
базы келіп сүйей береді. Қалмақ түмендері
лек-легімен қаптай түсіп қатары селдіреп
қалған қазақ сарбаздарын тықсыра бастай-
ды.Осы сəтте сахнаның бір бұрышынан
Жабағы батырдың үні естіледі
Белжайлау
Жабағы батыр:
– Жеттік, жеттік бауырлар құстай ұшып!
Жау жеңе алмас сендерді басым түсіп
Қалың қолмен Жалаңтөс келді міне
Күйресін деп ойраттар өлім құшып!
Жан алып,жан берісіп саны басым жа-
умен шайқасып жатқан Жəңгір сұлтан
бастаған сарбаздарға жер қайысқан қалың
қолмен көмекке жеткен Жалаңтөс баһадүр
қаһарлана қылышын сермеп бірден май-
дан шебіне аттандай кіріп келе жатады.
(Шымылдық)
Шаяхмет Оразымбекұлы
БЕСІНШІ КӨРІНІС
Қазақ сарбаздарының легі арта түседі.
Жалаңтөс батырдың қалың қолы көмекке
жеткенін көрген Жəңгір сұлтан рухтана
сөйлейді.
Жəңгір сұлтан:
– Атойлап жеттіңдер ме , қырандарым!
Қалмақтар білсін қазақ ұландарын.
Арқастан ата жауды түре қуып,
Азаттыққа жететін туар ма күн!
Күш біріксе салтанат құрмай ма анық?
Жау жеңілер жігері құмға айналып.
Біздің ерлік өлмейді жаңғырады,
Ұрпақтарға мəңгілік жырға айналып!
(Сахнаға саңқылдаған даусы естіліп,
арыстандай айбарланып Жалаңтөс батыр
шығады)
Белжайлау
Жалаңтөс батыр:
– Алға!.. Алға! Көтеріл, О, Алашым!
Қалмақ біткен еліме жоламасын.
Аяғымен таптамақ болған жерде
Енді олардың бастары домаласын!
Қаусат, қаусат! Ойраттың жапыр бəрін!
Көзбен көріп, естиік аһ ұрғанын.
Жұдырықтай жұмылып, атой салып,
Қайтарайық ел кегін, Батырларым!
Жəңгір сұлтан мен Жалаңтөс екеуі
қатарласа ұмтылып, босып бара жатқан
қалмақтарға қарап:
-Тыныш елді аяусыз шапқан талап,
Бостыңдар ма , қалмақтар бас сауғалап.
Жерімді алып, елді құл етпек болған,
Ата жауды жоюға АТТАН, ҚАЗАҚ!
Бұларға
атойлай
келіп,
Қарасай,
Ағынтай,
Елтінді
батырлар
қосылып
Арқасты
жаңғырықтыра
айбаттана
ұрандайды.
АТТАН! АТТАН!
Шымылдық жабылады.
Шаяхмет Оразымбекұлы
ЖАМАНДЫҒЫҢ ӨЗІҢДІ
ТАБАДЫ АҚЫР
Келіп едің « бір сорлы, пақырмын» деп
Жасап едім қамқорлық, тасындың кеп.
Жал бітті де бойыңды аулақ салып
Мəз боп жүрсің «айламды асырдым» деп.
Жан емеспін жасайтын кісілігін
Қатем болар бұл да бір кішігірім
Енді сені көруге жиіркенем
Төмен екен малдан да түсінігің.
Сатқындығы шығады азғанда адам
Сондықтан да мен үшін арзан бағаң
Анасын да сатады дəл сендейлер
Ұры иттерше сүмеңдеп жалмаңдаған.
Берілгендей болдың да құлай маған
Асып түсті бір айлаң бір айладан
Тудырса да сан сезік жымысқы ойың
Сені мұндай шұлғау деп кім ойлаған!
Қауіпті ғой бір жүрген сұм адаммен
Жарға итеріп, мүмкін ғой жығары əбден.
Мың бекінген іске аспай залымдығың
Зытқаныңа аулаққа қуанам мен.
Ал қазірше ақылды санала тұр
Айлаңменен табарсың қара бақыр.
Бара алмайсың ұзаққа қара да тұр
Жамандығың өзіңді табады ақыр!..
МАЗМҰНЫ
1 БӨЛІМ
ЕГЕМЕН ЕЛІМ ЕНСЕЛІ
ЕЛ АҢСАҒАН НҰРЛЫ КҮН..........................4
ЕСІЛ ЖАҒАСЫНДА.........................................6
ҚЫЗЫЛЕСПЕ....................................................7
ЫСТЫҚСЫҢ МАҒАН ЖАРКЕНТІМ!...........9
ШЕЖІННІҢ САЙЫ.........................................11
О, ҚАЗЫҒҰРТ!................................................13
АЛМАТЫМ, КЕТТІМ САҒАН
БАУЫР БАСЫП...............................................15
АУЫЛҒА БАРҒАНДА....................................17
ЖАЙЛАУДЫ САҒЫНҒАНДА......................19
АҚ АЗИАДА, АҚ АЗИАДА.........................21
ОРБҰЛАҚТЫҢ ҚАЙСАР ЕРЛЕРІ.................23
ЖЕЛТОҚСАН..................................................25
2-БӨЛІМ
МАХАББАТСЫЗ
ДҮНИЕ БОС
МЕҢСҰЛУ........................................................28
ЕЛІК ҚЫЗҒА....................................................38
ҚОШТАСУ БАЛЫ...........................................40
БІЗ ҮЙЛЕНГЕН КҮН.....................................45
СЕН МЕНІ, ЖАНЫМ, ІЗДЕМЕ.....................46
СЫМБАТТЫ ҚЫЗҒА......................................47
КЛАСТАСТАР БАСҚОСУЫНДА..................49
АРУЛАРСЫЗ КҮНІҢ КҮН КҮН БЕ,
СҰРЫҚСЫЗ....................................................50
3 БӨЛІМ
ТІЛ ҚАТАДЫ ТАБИҒАТ
ТАБИҒАТТЫ-АЙ ЖАЙНАП ТҰРҒАН.........52
ҚЫЗ-ҚАЙЫҢ...................................................53
АҚ ҚАЙЫҢДАР...............................................54
НАУРЫЗ КЕЛДІ..............................................55
АЛМАТЫ ТАҢЫ.............................................56
АЛМАТЫНЫ СҰР ПЕРДЕ
ТҰМШАЛАЙДЫ..........................................57
МҰНАРАСЫ ЭЙФЕЛЬДІҢ, МҰНАРАСЫ....59
БЕЛЖАЙЛАУ...................................................60
4 БӨЛІМ
ТҰҒЫРЫ БИІК ТҰЛҒАЛАР
БАРЫС ЖҮРЕК..............................................62
«КЕРЕМЕТ ШАҚ...».......................................68
ҮҢІРЕЙДІ-АУ ОРЫНЫ
ШЫН АСЫЛДЫҢ...........................................79
ТАСҚЫН СЕЛІ ӨЛЕҢНІҢ
ҚАСЫМ АҚЫН...............................................80
ХОШ, ТҰМАҒА...............................................82
ЖАРКЕНТ ЖЫРШЫСЫ................................83
ЖАЙЛАУДАЙ ЖАНЫҢ КЕҢ ЕДІ................85
АРДАГЕРЛЕР...................................................86
5 БӨЛІМ
ӨМІР, ӨМІР АРПАЛЫС
ИТ АТҚЫШТАР...............................................88
ЖАМАНДЫҒЫН ӨЗІҢДІ
ТАБАДЫ АҚЫР...............................................90
БЕТ-ПЕРДЕ......................................................92
БІР ІНІШЕККЕ.................................................93
ШИБӨРІЛЕР....................................................95
АЛЬБОМЫН САНАМНЫҢ
ПАРАҚТАЙМЫН............................................96
БІР ƏКІМГЕ.....................................................99
ӨМІР-МАЙДАН............................................101
ЖАДАУ ТАРТҚАН ЖҰРТЫМ БАР............103
ЖАРАТҚАННЫҢ ОСЫ ЕКЕН КЕСІМІ АНЫҚ..............................................108 ЕСКІ ДОСТАР................................................109 НƏУБЕТКЕ ЛАҒНЕТ....................................110 ӨМІР ДЕГЕН ОСЫ ЕКЕН............................112 ЖОЛДАС БОЛЫП ЖАҚСЫМЕН ЖАМАНМЕН ДЕ..........................................114 ІБІЛІСТЕР.......................................................115 ӨМІР, ӨМІР АРПАЛЫС...............................117 6 БӨЛІМ ЖЫЛДАР, ЖОЛДАР... ЖАРҚЫЛДА, ДОСЫМ, ЖАРҚЫЛДА!......120 ІҢКƏР БІР ЖАСҚА ТОЛҒАНДА................122 ТУҒАН КҮНІҢМЕН, МЕГА!.......................123 МЕНІҢ ТҰҒЫРЫМ.......................................124 ЖЫЛДАР, ЖОЛДАР......................................125 ҚАДІР ТҮНГІ ТІЛЕК....................................126 МЕНІҢ ЕСІМІМ............................................127 БОЯМАСЫЗ ӨМІР.........................................129 МЕКТЕП АУЛАСЫНДА...............................131 АСАУҒА ТҰСАУ............................................133 МҰҢ ШАҒУ...................................................135 БІЛМЕЙСІҢ-АУ.............................................137 ЖАС ТАЛАПКЕРГЕ......................................138 АНА СӨЗІ......................................................139 МЫҚТЫЛЫҚ................................................141 ӨМІР СЕНІ СҮЙЕМІН.................................143 7-БӨЛІМ ТАРИХЫҢДЫ ТАНИ БІЛ! АРАЛБАЙ БАТЫР..........................................146 НƏУБЕТ.........................................................156 ОРБҰЛАҚ ШАЙҚАСЫ................................180
Алжамбаев Шаяхмет
Редакторы
Жаңабек Шағатай
Техникалық редакторы
Ақажанова Г.У.
Суретшісі
Сырлыбаев Қ.А.
Беттеген
Ауанова А.Е.
Теруге жіберілді 10.11.2012.
Басуға қол қойылды 15.11.2012.
Пішімі 84х90 1/32.
Қалыбы офсеттік басылыс.
Қаріп түрі «Тип-таймс».
Шартты баспа табағы 8,5.
Есептік баспа табағы 12,5.
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру