TELEGEI

Home

Әміржан Әлпейісов. Қысқа әңгімелері

Әміржан Әлпейісов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Әміржан Әлпейісов. Қысқа әңгімелері

Бұл кітапқа Әміржан Әлпейісовтің әр жылдары жазған шығармалары енгізілді. Кітаптың негізгі желісі қазақ ұлтының тарихы, рухани мұрасына, ауыл өміріне арналған.

•• 0міржав 0лпейісов . • • цг1мелер · . . . . • • . . .. . . • • • • .. • . .

МАЗМҰНЫ

Соңғы түс ..……………………………………………………………………3
Елес ..………………………………………………………………………….20
Ант ..…………………………………………………………………………..28
Айдарлы ..…………………………………………………………………….50

Бауыр ..………………………………………………………………………..55
Сағыныш ..……………………………………………………………………61
Хабар ..………………………………………………………………………..75
Күз ..…………………………………………………………………………..87

СОҢҒЫ ТҮС

– Тарт, тарт! – Әне, әкетті, әкетті! – Қап!… Көкпаршылардың қиқуы көп жылқының дүбіріне қосылып,дүниені сілкінткендей. Арқалары қозған сайысшылар әй-түйгеқарайтынемес. Көкпар қолына іліккен кісіні екі-үш атты қуып жетіп, қыспаққа алғанда шаң аспанға көтеріліп, сайысшылар бір жердеиірімдей айналады. Сүліктей болып жаратылса да ақкөбіктенбегенат жоқ. Топ ортасында ерекше көзге түсіп, астында есік пентөрдей Нарқызылы бар Мұхит жүр. Қолына тиген көкпарын жергесүйрете ат бауырына еңкейгенде ешкім де маңайлай алмай қалады.Бірақ көкпар тартып әккіленген жігіттер анау-мынауға қарайтынемес. Көкпар алма-кезек қолдан-қолға көшуде. Бұндайда айлалыәдіс болмаса құр қара күшке нәтиже қайда. Мұхит тартысқа көпбарыңқырамай, іштей бір түйінге келіп, ыңғайлы сәтті күтті. Екіаттылы жұлқыласып, топтан оңашаланып ұзай бергенде Мұхит «О, пірім, қолдай гөр» деп атының басын жіберіп тебініп қалды.Ауыздығымен алысқан Нарқызылдың тыпырши тосқаны да осыеді. Көзді ашып-жұмғанша Мұхит бөлектенген екеуді қуып жетті.Көкпар осы төңірекке аты шыққан сайысшы Құсайында екен. Екіжігіттің от ойнаған көздері түйісті.Олар әуелден, кең далаға сыймай жүретін көкжал арланға ұқсап, бір-біріне жұлдызы қарсы еді.Міне, енді тағы кездесті… Олар үзеңгілесіп қатар шапты. Тістеніп, сұп-сұр болған Мұхиттөніп келіп, көкпарға қолы тиісімен, жұла тартты. Тері дыр етіпайырылып кетті. Апыртопыр. Арттағы қалың айғай да жақындап,күшейе түсті. Астындағы Нарқызыл омыраулағанда ғана барып Мұхиттыңқолы көкпарға нық тиді. Бұл жіберіп барып қайта тартқандакөкпар ойнақшып аспанға бірақ шықты. Құсайын сол екпініменөзін-өзі ұстай алмай, ат үстінен ауып түсті. Мұхит көкпаршылартобы жақындай бере ылдиға бұрылды. Бар сенгені астындағыНарқызылы. Қуғыншылардың алды топтанған қалыптары аттарынтөмпештей, көкпар соңынан төменге беттеді. Мұхитқа да керегіосы. Ол енді Нарқызылын жалт бұрып, жаңа өздері түскен қырғақарай шапты. Сайысшылар тізгіндерімен алысып, бірден тоқтайалмай азан-қазан болып қала берді. Мұхит атының басын елгебұрды. Басы босап, бауыры жазылған Нарқызыл тынысы кеңіп,еркін көсілді. Ат үстінде құстай ұшқан көкпарлы жігіт көз тартып «шіркін, мен де сондай болар ма едім» дегізгендей. Сілеті бойындағы Төлеген ақсақалдың асына жиналғанхалықта сан жоқ. О жақ, бұ жағына көз жетер емес, құдды бір теңіздерсің. Көкпардың кімде екенін көріп жүрегі орныққан Мұхитауылының ақсақалдары көпшілікпен қосылып, көкпар шабылыпжатқан тұсқа беттеді. Халық абыр-сабыр. Бірінің өкшесін бірі басады.

– Бәрекелді, Қанжығалының аруағы тағы бір көтерілді-ау. – Ал, ақсақалдар, той сіздерде. – Қызықтан тартынар біз емес. – Жарады, жігіт болсаң осындай бол! – Жарағаны несі, алғаш алған көкпары ма бұл? – Туф, бағанағы күрестен кеткен ақымыз қайтты-ау, әйтеуір. Мұхит ауыл үлкендері алдына көкпарын өңгеріп, берілгенбатаға бетін сипап, ишарат жасады. Ол атының басын бұра береанадайда қызылдыжасылды киініп, қыр гүліндей құлпырып тұрғанқыз-келіншектерді көрді. Орталарында кәмшат бөрік киіп, бетіалаулай, көзі нұр шашқан Әзима бар. Мұхиттың көңілі өздігінентөмендей қалды. Мұхит: «Әттеген-ай» деп санын соғып, әлгікөкпарды Әзимаға сыйламағанына өкінді. Сайысқа түсерде осытартысты сұлу қызға арнаған. Жеме-жемге келгенде әдеттегідейауыл ақсақалдарының алдынан бір-ақ шыққаны. Ол Әзимамен өткенде бір бастаңғыда танысқан. Елдегі қоңыржай жаздың барқыттай жұмсақ кештерінің бірі.Мұхитты «көрші ауылда бастаңғы бар, жүр, жүр» деп жігіттерсүйрегендей болып алып келген. Келсе, кілем ұсталған ақ отау қыз-жігітке лық толы. Уылжыған қымызды былай қойғанда, қалжыңаралас күлкі мен бойжеткендердің шолпы, білезік сыңғыры адамды ішпей-жемей мас қылады. Бастаңғының бас кәдесі – өлең мен ән. Мұхитқа көп ішіненбір сұлу сыланған тоты құстай ерекшелене берді. Бұл – Әзимаеді. Не керек, алтыбақанға отырыстан басталып, ақсүйек іздеуменжалғасқан таныстық оларды тез-ақ оңашаландырды. Жылы түнніңқұшағында балқыған кең дала да әсем, қол ұстасқан жігіт пен қызда әсем. Ай жарығы сылқылдай күліп, ирелеңдей аққан Сілетіөзеніне шағылысып, жылт-жылт етеді. Жағадағы ақ қайың енді неістер екен деп аңдығандай, мүлги қалыпты. Аспандағы самсағанжұлдыз анталай төнеді. Кей жұлдыз жарқ етіп ағып, кеңістіккесіңіп жоқ болады. Айнала тып-тыныш, бүкіл әлем бос қалғандай.Тек қыз бен жігіттің қуаныш толқытқан жүрек дүрсілі ғанасезіледі. Алғашқы әзіл сөздер біртіндеп азайып, оның орнын мәнікөп үнсіздік басты. Белгісіз сыр-жұмбақ оларды ілездің арасындасұлуландырып жіберіп еді. Ондай түн ешбір жерде, еш уақыттаболған емес. Мүмкін, мүлде жоқ та шығар… Мұхит көкпар үшін қынжылған күйі жүре бергенде, көлденеңдеп шыға келген Құсайын әй-шәйсіз «мә, саған» деп құрықшамен дәл асқазаны тұсынан періп жіберді. МұхитНарқызылдан ауып түсуге айналды. Дәл осы кезде «арысым, абайлашы» деп Әзима жүгіріп келе жатты… Осылайша өткен өмірін көз алдынан тәспіше тізіп өткізіпжатқан Мұхит шал асқазаны түйіле ауырсынап, көзін қиналыпашты. Отыз жыл бұрын қайтқан жұбайы Әзиманың дауысы әліқұлағында. Ол жан-жағын бағдарлағанда ғана дауыс біртіндепжоғала берді. Көргені түс екені өкінішті-ақ. Бөлме іші күңгірт.Қыркүйектегі Бестөбе үсті елең-алаң, маңдайға жетіп тірелгенай

сарылып, жүдеу тартып батуға айналған. Дымқыл салқын ауақоңыр күздің сызын білдіріп, үзіліп-үзіліп соғып қояды. Айналақұлаққа ұрған танадай боп сазарып қалыпты. Қыстың отын-суымен күнұзақ құмырсқадай қарбаласқан жұрт шырт ұйқыда. Адамөзін қандай сезінсе, міндетті түрде сонша жаста болатыны расекен. Әлгінде жиырма бесіндегідей қан ойнап, күші тасыған денесәлден соң сола берді. Мұхит «шіркін, сол ләзатты күндерім тымқұрыса түсімде қайталансашы» деп көзін қанша жұмса да, шайдай ашылған ұйқы келе қоймады. Уақыт тас екеш тасты да тоздырады. Содан бері зырлап талай күндер, зымырап талай түндерөтті. Ақсақал ауыр күрсінді. Оған қызығынан қиындығы, барынанжоғы көп, аз болсадағы Әзимамен бірге отасқан күндерінің ыстық-суықты суреті көз алдына қайта орала берді. …Сол жылы көп ұзамай Мұхит пен Әзима отау тікті. Олардыңқызықты шақтары аумалы-төкпелі бұлыңғыр заманға тап келіп,ұзаққа созылмады. Алдымен соғыстың қара жұмысына азамат алуелдің есін кетірсе, іле-шала түр-түсін ешкім ажыратып болмағанағы мен қызылының соғысы басталды. Халықтың малы, қолдағыбары мінгеннің тақымында, ұстағанның қолында кетті. Бір-ақкүнде елді қайғының қара бұлты торлап, түнеріп шыға келді.Халық шашылған тарыдай бет-бетімен бытырады. Қара бастыңқамы пендешіліктің пердесін айқара ашты. Колхоздастыру кезіндеөкімет малға қатты тиісті. Бұл көшпелі қыр елінің қазағына айтып келген ажал еді. Ол аздай, жығылғанға жұдырық – қылышынсүйретіп қаһарлы қыс, қырғын жұт келді. Сарыарқада сайраңдапжүрген көпшіліктің қуаныш-күлкісі өткен күннің үлесіне тиіп, сынаптай сырғып жүре берді. Қалың ел қыстан тозып шығып, көктемшыға жаяулап-жалпылап, басы ауған жаққа қаңғырып кетті. Мұхит ауылы да көппен бірге Қоянды-Омбы қара жолына түсіп,Сибкрайға бет алды. Көшкен елмен бірге даланың да көркі кетіп,ұшқан құс, жүгірген аң ұшты-күйлі жоғалды. Қайда барсаң да жербауырлап ысылдаған, құм араласқан желге кезігесің. Жетімсіреген табиғат адамның алапат қайғысына ортақтасып, түнеріпалған. Құлазыған сары даланы сарғайған ажал торыды. Аштықтанкүлтілдеп іскен адамдар көрер көзге құбыжықтай елестейді. Елдіңтірі қалғаны азып-тозып Сибкрайға жетті-ау, әйтеуір. Онда да қырадамдарының оңа қойғаны шамалы. Мұхит бара сала шымнан жерүй қалап, жалданып жұмыс істеуге кірісті. Оның өзі кейде бар,кейде жоқ. Бірде жұмыстың реті бола қоймай, ай жарым жүріп,үйіне кешеуілдеп оралды. Үйінің төбесі көрінгеннен-ақ жүрегіорнықпай, денесін әлдебір суық билей берді. Үй іші жым-жырт.Дымқыл тартқан жер үйден сыздың қышқылтым иісі шығады.Бөлме іші ала көлеңке. Пеш түбінде бозарып Әзима жатыр. Реңіадам аярлық, қиналып жатқаны көрініп тұр. Бұрын көкелеп жүгіріпкеліп мойнына асылатын балалары үнсіз. Есікке таяу отырғанәкесі Мәжит «амансың ба, әйтеуір» деп ернін жыбырлатты. Мұхитиығындағы қапшығын босағаға тастай сала әйеліне жақындады.Әзима ақырын: «Арысым, жеттің бе? Көремін бе, көрмеймінбе деп едім. Жалбарынған

соңғы тілегім тәңіріме жеткен екен.Әкелген жүрек жалғарың болса берші балаларға. Үміт…». Оданәріге шамасы келмей булығып үнсіз қалды. Мұхит боп-боз болыпсұлық жатқан қызын енді байқады. Қара жолдың бойында талайкөрген сұмдық өз үйіне де келіпті. – Бар, қазір, қазір. Ақшолақ екеуіміз паромға жұмысқа орналастық, енді бәрі болады, - деп Мұхит қабының аузын аша бастады. Мауқы басыла, денесіне әлдеқайдан күш біткен Әзима дауысы айқын шығып: – Осыған да шүкіршілік. Бидайың болса, диірмен тартшы,үйден шыққан дауысын естиін, - деді. Шай қойылды, бірақ қаншақыстағанмен Мұхитәйелі мен қызына ас ішкізе алмады. Бұрыштағышаң басып, жетімсіреп тұрған диірмен тартылды. Бір қалыпты бидай үккен тас диірменнің қоңыр дауысы әлгіндегі суық сұр үйдіжандандырайын деді. Ал Мәжит шал бағанағы отырған жеріненқозғалар емес. Тек ұрпағы алдында жаным садаға деп өздігіненкүбірлептілектілеуде. Үйіне жеткенше асығып, жүрегі қобалжуының себебі белгілі болды. Ол еңкейіп барып, әйелінің маңдайынанұстады. Әзима ақырын көзін ашып, езу тартқансыды. Бірақ қансөлі қашқан бетке күлкінің реңі келе қоймады. Сәл үнсіздіктенкейін Әзима сөйлей бастады. Сөз үзіліп-үзіліп жалғасты: – Арысым-ау, сенің де бағың ашылмады. Қызыл қарын балалармен қалдырам деп пе едім? Бейнеттен бір арылмадық. Мен кеткен соң күнің не болар?! Құлындарымды кім уатып, кім жұбатар?!Жоқтық алаш тұрсын, ағайынды аздырар. Кімге не істедік осыншама сорлайтындай? Сұм, тілсіз жаулар тым құрыса айтып келмеді, көріп өлетін. – Әзимаш, шаршамашы, одан да таңдайыңды жібітіп сусыніш. Бұның бәрі қанға сіңген жуастық, етек-жеңіміздің кеңдігінен.Аңқылдап ағымыздан жарылғаннан тапқанымыз да. Құдіреттікүшті жалғыз Құдай ғана ма десек, адам жеген қатыгездікті екіаяқты пендеден кездестірдік.Одан әріге Мұхиттың шамасы келмей түйін боп қатты дақалды.Көкірегіндегі қасіретін тұншықтыруға тырысып, тістеніп алды. Тыныштық туды. Бөлме ішіне тезектің қоңырсыған иісі жайыла бастады. Оттың қызуынан сыз қабырға терлеп, тамшылар бір-біріне қосылып төмен ағуға айналды. Мұхиттың қабырғадағы көлеңкесі түнеріп қара тастай қатып қалыпты. Үнсіздік ұзаққа созылды. Әзиманың ыңқылы азайып, сырылы көбейді. …Таң ата жанары нұрсызданған науқас кірпігін бір қағып, суып жүре берді. Ертеңіне азық әкелген қаптан ақырет киімінкиген Әзима Сибкрайдың қара топырағын жамылды. Араға күнсалмай, анасынан қалмайын дегендей Үміт те көз жұмып, кішкентай төмпешікке айналды. Жұт жеті ағайынды. Мұхит елге көшуге қамдана бергенде, тағы бір пәле сап ете түсті. «Ешқайда көшу жоқ. Осында даколхоз боламыз» деп белсенділер қайта атқа мінсін. Елді қайтаүрей биледі. Сибкрайдағы колхоздастыру да құдды қырдағыдайайғайлай келіп, сыпырып әкетуден басталды. Бәрі де ортақ бірақешкімге ештеңе жетпейді. Тіпті бір жерге қамалған ортақ сиырлар да азынап, мөңірегіш. Жас балалар сиырларынтанып,

алыпкелейікші деп шешелерінің аяғына оралып, етектерінен тартады. Ал аналары балаларын естімегендей болады. Таяқтың жуаны жетімге тиеді демекші, талан-таражға тағы алдымен іліккенқырдың көшпенділері болды. Бірде Мұхит айғай шыққан көрші Орынбектің үйіне жүгіребасып жетіп барды. Келуін келсе де ол орнында сілейіп тұрыпқалды. Сабан қораның босағасын керіп Орынбек тұр. Оған наганын кезеп ұзын бойлы милиционер өңмендеп қояды. Орынбектіңәйелі Мағрипада түр жоқ, көйлекшең, жалаңбас. – Құлақ, малыңды өз еркіңмен бересің бе, бермейсің бе? Жоқ,табан астында аттырайын ба? Әлде көзіңе шыбын үймелетіп итжеккенге айдатайын ба? - деп белсенді Шалахмет айғайға басты. – Балалардың таңдайын жібітіп, жүрегін жалғап отырған жалғыз сиырымды бергенше өлгенім артық, - дейді Орынбек. Киімдеріалым-жұлым үрпиген төрт-бес бала бір-біріне тығыла қасқырдыңқоршауында қалған еліктің лағынша жаутаңдайды. Үйдің астан-кестенін шығарған үшінші белсенді бір түйір май тауып алғанынамәз. Белсенділердің ішінде қырдан келген ел адамдары да бар. Тіпті анау Шалахмет Орынбекпен үзеңгілес жолдас болатын. Мұхитмына сұмдықты көргенде «қасқыр да қас қылмайды серігіне» дегенхалық сөзі есіне түсті. Ақыры жалғыз сиыры қолды болды, Орынбек сотталды. Басында сиырыңмен қолхозға кір десе, енді жау отбасы аталған бұлардан жұрт басын ала қашты. Мағрипа жынданып өлді. Балалары қаңғырып қалды. Ересектері кішілерін арқалапқайыр тілеп жүрген Орынбектің балаларын талай кездестірді. Бірде түн қатып, үйлеріне жасырын барып, ескі киім, тамақ апарыпбергені де бар.Содан күздің қара суығына дейін ауыл арасындажүрген балалар алғашқы алай-дүлей ақ боранға ұшырап, ұшты-күйлі жоғалды… Мұхит көктем шыға бір түнде елге тартты. Кейін бұлар дабелсенділердің «қырағылығына» ілікті. Қуғыншылардың қарасыкелесі сәскеде көрінді. Шалахмет бастаған аттылар жерден жетіқоян тапқандай еліре келді. Белсенділер ай-түйге қарамай ат бауырына алып Мұхитты сабай бастады. Көзі аларып, аузы көпіргенШалахмет арба үстіндегі созылып жатқан Мәжитке тиісугекірісті. – Ах, оңшыл-солшыл элемент, өңшең контралар, колхозданқашып барасыңдар ма? Көрсетейін сендерге біздің құрықтыңқандай ұзын екенін. – Шалахмет, амансың ба, қарағым. Біз атамекен туғанжерімізге бет алдық. Бір елдің азаматымыз, әкең Кәкімбекті декөзіміз көріп еді. Қиянат қылма, қайта беделің бар, көмектес,жақсылығыңды ұмытпайық, бізден қайтпаса алладан қайтар. – Ә-ә, сен мені дін жолына салайын дедің бе, мешел қақпас.Сөйтіп, алла-молла, құдай-сұдай деп кеңес өкіметіне қарсықоймақсың ғой, ә! Жожоқ, оның бола қоймас. Әй, Кемпірбай,менің өкімім бойынша мына кулактардың сиыры колхоз пайдасына тәркіленеді. Айдат, тарт.

– Шалахмет, жақсыдан жаман туған, әкең біреудің ала жібінаттамаған кісі еді. Талайды қан қақсатып келесің, түбі оңбассың.Қарғыс жібермес сені. – Сендейлердің шатпақтаған қарғысы мен үшін пішту. Қазірмына тапаншамен үрім-бұтағыңмен бірге қыра салсам, қолымдыешкім қақпайды. Біліп қой оны. Тіріліп, тілің шығайын дегенекенсің, жөке аяқ немелер. Шалахметтің көлеңкесі аталған шіңкіл дауыс Кемпірбай атүстінен бас жіпті шешіп, қызыл сиырды айдай жөнелді. Мұхитәкесін арбаға мінгізіп, алған бетінен қайтпай еліне беттеді. Бесалты жасар Қызыр мен Қайыр жасты көздерін кезек уқалап, арбаны итерісуге ұмтылды. Енесін іздеген қызыл бұзау тартыншақтап мөңірей бастады. Батар күнге бағытталып жаяу сүйреткен екі аяқарба ұзай берді. Балалар қалыңқырап қойып, әлсін-әлсін арбағажүгіріп жетеді. Олар зұлымдықтың қайырымсыз екенін білмесе десезіп, белсенді кеткен жаққа жалтақтап үрейлене қарайды. Арқа жері көшкендегідей шаңы шыққан қу тақыр емес,көгерген. Кейбір көлшіксымақтарда қаз-үйрек те көрініп қояды.Күн ұясына кіре ҚояндыҚойтас жақтан біз мұндалап жел детұрды. Туған жердің сауған сүттей жылы самал желі екі аяқтыарбадағыларды аймалай бастады. Оларарып-талып, кіндік қандарытамған туған жерге жетті-ау, әйтеуір. Мұхит әуелі Ұзыншілікке, кейін осы Бестөбе кенішіне келіпорнықты. Заман түзеле Сибкрайдағы жұрттың көбі елге оралды.Ал біразы сол жақта қоныстанып қалды да. Кейінірек Шалахметбелсенді де көшіп келді. Баяғы дүниені дүрілдеткен Шалахметжоқ. Шалқақтау қайда. Ұры мысықтай аяғын аңдап басып, күнінжалтақтаумен өткізді. Жалғандікі қияметке кеткен бе? Өлеріндебалаша қорқып, жылап, өзін туыстарына күзеттіріпті. Ақыры көзіжұмылмай шарасынан шығып, тартылған аяқ-қолдары жазылмай,ақыретке де солай оралыпты. Аққан суда да тоқтау бар, істелген ісертелі-кеш алдыңнан шықпай тұрмайды екен… Мұхит ақсақалдың есіне қайта-қайта әйелі Әзима келді. Тіптіжұмулы көзіне өздерінің жас кездері елестеді. Мұхит ақсақал ұйқы мен рахаттың ауылы неге алыстайтындығын осы ауырғалы нақтырақ сезді. Қартайғанда маза кетіп тынышсыздану денеден қашқан ет пен тозғандықтың белгісі іспеттес екен. Өмір қиын да қызық. Тек өмір айдынының уақыты көздіашып-жұмғанша жоқ болғанымен, оныңқанша уақыттан кейінтүс пен ойға айнымай келетіні таң қаларлық. Мүмкін адамзаттыңбасқадан артықшылығының түрі осында шығар. Мұхит шалдың көретін түстері де әр алуан. Әсіресе, әйелі Әзима қайтқаннанкейін балаларын басқаға телміретпейін, бөтеннің қолы тимесіндеп үйленбей жүрген кездеріндегі түстері шат-шадыман келетін.Кейде жатарда ойламаса да, бейтаныс қыз-келіншектер денесінайқын көрсетіп, қарадай отқа түсіреді. Енді бірде солардыңқалжыңына орынды жауап беріп, өзінің де көңілі көтеріліп жүреді.Келіншектердің от ойнаған нұрлы көздері, шашбау сылдырыменжарыса шыққан күміс күлкілері ішпей-жемей есін кетіреді.

Осындай сәттерде Мұхит қалжыңдамақшы болып дөрекі шыққан өз дауысынан талай оянғаны да бар. Кей түндері жаңағы қыз-келіншектер әлденеге ызаланып, ойын-шыны аралас Мұхитты шымшылайденесіне қол жүгіртсе, енді бірде қытықтап, бәрі жабыла кетіп,тәтті қосқан суға тұншықтырады. Суға батырған қолдар ақ жыланша ирелеңдеп көбейеді. Қыз-келіншектің бәрі таныс. Енді бірдеәлгілер өзара келіспей таласып, әйелдерге ғана тән ерлік ызаментырналасып, шаштарын жұлысып кетеді. Ащы дауыстар құйқасыншымырлатып, келіншектердің өзіне таласып жатқандарынаыңғайсызданған Мұхит ашыған көзін уқалай, жаңағы судан шығабереді… Ал қазір науқастың көз алдына Әзима мен ақ кимешектіанасы қатар елестеді. Көзді ашып-жұмғанша «апа, апатайым» депайтып та қалды. Елес құлағын шыңылдатып жіберді. Адам нешегекелсе де ауырса, иә басына іс түсіп қиналса алдымен анасын, кейінжұбайын іздеуі заңды да шығар. «Әзима-ау, қайта-қайта неге есіме келе бердің. Жазылайындегеніме сен алдымен қуанарсың. Мүмкін бүгінгі көңілімніңкөтеріңкі екеніне Ақшолақ екеуің себепші шығарсың. Мен де осыуақытқа дейін не істесем де, қандай қиындық, нендей рахат көрсем де әрдайым өздеріңді ойладым. Әсіресе, Әзима, балалар ауырғандаөзіңді көп мазаладым, талай тілім тиді, ажалдың маған келмей сені алғанына өкініш. Ол үшін кешір мені. Ер адам ауырса, бейнет көрсе, өзімен бірге ең жақынын қинайтын әдеті ғой. Қайтейін,басқа түссе бәріне де көнеді екенсің, шындығында, әкесі жоқ емес,анасынан айырылғандар ғана шын жетім екен ғой. Балаларғақорған болған көмегіңді көрмесем де білемін. Күтпеген жерденауырған балалар жазыла ма, енді біттім деп қалжырағанда, мағанкім күш-қуат берді дейсің. Өзіңсің тілегенім де, сенгенім де… Әкейо дүниеге аттанарда кенет бой жазып, айтқан өсиетінде өзіңді есінеалды: «Мойнымдағы қарызым тек қарғашымның еңбегі, қайғымсол ғана» деп кетті. Маған да өмірде Ақшолақ екеуің ғана жетпей келесіңдер. Көптен бері түсімде дауысыңды естігенім болмаса, ажарың суғатүскен көлеңкедей бұлдырап дұрыс көрінбейді. Ал кездессек ше?Сен жас, мен кәрі – жарасар ма екенбіз? Тіпті кейде көз алдымаосындай кездесуді келтірсем өзге тұрсын, өзімнің де күлкім келеді.Әкесі мен қызы сияқты». Кенет Мұхитқа естілер-естілмес нәзік таныс үн келгендейболды. «Жалған – адамның уақытша сын сәтінен өту үшін келгендүниесі. Онда келмек болған соң, міндетті түрде кетпек бар. Текжан ғана мәңгілік. Құрандағы «бейітке сурет салмау керек» дегенаяттың мәні адам бейнесінің кірпік қағымдай уақытқа ғана көрініп,жоқ болуында. Көтер еңсеңді, мойыма». Құлағының ұшы от тигендей ду етті. Шынында, жаңағы ойынкемпірі біліп қалса не болар еді? Бұрышта теріс қарап жатқан кемпірі Мүгілсімге қарады. Осы Мүгілсімге соғыстан кейін үйленген.Талай сұлулар қарадан шыққан ғой, онда ол бойшаң, ажарлы,біраз келіншектердің алды еді. Тіпті Әсетті

алты айында бауырына алған Мүгілсімнің жиырмасында суалған қос емшегі иіген.Әлі күнге дейін баланың асығы мен күшігі үшін көршіқолаңменұрсысып жатады. Кеше кемпірімен насыбай үшін сөйлеспейқырбайласқан. Насыбай есіне түскесін ол әдетімен тілін ернінежүгіртті. Ақсақалға насыбай ату – ыстығы мен суығын, іші менсыртын теңестіруші сияқты. Қазір қарап тұрса, насыбайды алғашрет соғыс басталғанда атыпты. Ауру қалса да әдет қалмай, содан бері мүйіз шақша серігі сияқты қалтасында жүреді. Ол кенетнасыбайдың иісі мұрнын жыбырлатқандай сезінді. Оң қолын құстөсегінің астына жүгіртіп еді, орнындағы шақшасы іліге кеткені.Мұхит біреу қуған адамша тездетіп, алақанын толтыра іртік-іртік насыбайды ерніне салды. Көңілге жай тапқызар у да жақсы.Науқастың денесі жеңілдейін деді. Осы сәтте Мұхит шалдан көңілқымбат па, жоқ әлде денсаулық керек пе десе, не дер еді? Ертеректекөңілім көтеріліп, арманым орындалса деп қаласа, қазір денсаулықдеуі кәдікті. Бәріміз де ертелі-кеш шығатын мәңгілік сапарға ол бірадым жақын тұр ғой. Бәрін білгенде адамға сол жолдың қайда барып тірелетінін білу бұйырмаған. Мүмкін санамызға сыймайтындүниелерді білсек, адам болып туғанымызға өкінуіміз де ғажап емес. Ертеңімізді жобалағанымызбен білмегеніміз дұрыс шығар… Жетпісті жеңген Мұхит ақсақалдың ес білгелі шешімін таппай келген сауалы аз емес. Соның бірі – адамдардың жақсылықпен жамандыққа бірдей бейімділігі. Бұл әлсіздіктен бе, жоқкөрсеқызарлықтан ба? Олай дейін десе, адамның қолынан келмейтіні бар ма? Космосты да игерді, жер-жаһанда бағындырмағаныжоқ, оған қоса әлемнің таңғажайып жеті кереметін қайда қоярсың?Адам мінезінің мұқым өзгеріп, көрсеқызар, тойымсыз бопкететінін жан досы Шайқыдан да кездестірді. Ол да жоқшылықкөріп, Бестөбеге келіп есін жиған көптің бірі еді. Шахтаға да бірмезгілде жұмысқа орналасып, соғыстың тылдағы ауыртпалығынжер астындағы ең қиын деген блоктарға бекітуші, бұрғышы болыпқарсы алды. Екі-үш меже бермей забойдан сыртқа шықпайтын.Кейде забойда жұмысты жалғастыру үшін бригададан тамақәкелуге кісі жіберіліп, қалғандары істерін әрі жалғастырады. Еңқиыны – крепилканың жетпейтін шөркелері. Кесіліп, дайындалыпқойылатын ағаш жоқ. Күні бұрын ауысым арасында клет босағандашөркелерді түсіріп, забойға жаяу жетесің. Қазіргідей киім ауыстыратын кептіргіш, тамақ қайда. Сықырлаған аязда сырт киімің үйгежеткенше мұзға айналады. Адам рухының мықтылығын ешкімтолық айтып та, жазып та жеткізе алмас. Шайқы денесі жағынанбригададағы жігіттердің шағыны болса да, қажығанын көрсетпейкеткендердің бірі. Жұрт шаршап забойды келесі ауысымғақалдырайық десе, кесе-көлденең тұра қалып, басындағы каскасын жерге атып ұра «Шайқы забойды тазаламай кетіпті дегендіестірткенше, одан да мені өлтіріп, ана тастармен көміп кетіңдер» деп көзі бозарып тұрып алады. Онда айтқан сөзінде тұрмау баршаазаматқа көрер көзге абыройынан жұрдай айырылуымен

бірдейболатын. Сол уақыттағы қиыншылыққа, жоқшылыққа төзудегісарқылмас ұлы күштің нәр алар көзі бірлікте екені айдан анық.Былай қарағанда көзге бірден түсіп, мен мұндалап көріне қоятынжаманшылық болмаса, істелінген жақсылық түссізденіп, ауадайайналаны толтыра бермей ме? Тек қалың өрт кеткеннен кейінғана ауаның жоқтығын сезетіндей, жақсылық пен мейірімділікқиыншылықта ғана айқындалатыны өкінішті-ақ. Мұхит пен Шайқының ренжісі-күйігі, азды-көпті қуанышыталай жыл бірге болды. Шайқы, әсіресе, Мұхиттың інісі Ақшолақсоғысқа кетерде Ақкөлдегі Сталин станциясына дейін барып, өзіжалғыз болса да туған бауырын шығарып салғандай болып, досымен бірге ботадай боздап бірге жүрді. Бертін құрметті демалыстарына шыққанша осылай олардың жұптары жазылмады. Замантүзелді, киім бүтінделді, үйге жан, қораға мал бітті. Не керек,өткеннің бәрі естен шығып, көз соқырлығы мүсәпірлікке, кеудесоқырлығы тірі өлікке әкелетінін Мұхит қасындағы жан досыШайқыдан көрді-ау. Содан егіз қозыдай болып келген олардыңарасы алшақтауға айналды. Мұхит қапелімде ештеңеге көңілаудармай, Шайқы келмесе де бара берген. Ақыры ұсақ-түйектенбасталған көңілі біржолата қалып тынды. Ақшолақтан елмен бірдей айырылғанына көндіккен Мұхитқа төрт құбыласы сай замандадос жоғалту қиынға соқты. Қиналды, қисынын тауып, Шайқыныақтап та көрді. Бірақ көңіліне қонарлық дұрыс жауап таба алмады. Шайқы ақыры пайғамбар жасына жеткенде пендешілік жеңіп,дүниенің соңына түсті. Әуелі Сибкрайдан әкеліп жылқымен саудажасады. Дәндеген ауыз қояр ма, бір жылпостарға еріп Мәскеу,Одессадан кілем, пүліш әкеліп сатып, көзі қызарып, тойғанынамәз болып, біраз елікті. «Ұрлықтың түбі қорлық», ақыры сотталып бір-ақ тынды. Саудагер жолдастары Шайқыдан ат-тонын алақашқанда да Мұхит досын қимай, қаладағы түрмеге талай тамақтасыды. Берекесі кеткенде адам оңар ма, ақыры Шайқы Бестөбеденкөшіп тынды. Бірақ Мұхит ақсақал әлі де жол үсті өткенкеткендерден досының амандығын сырттай біліп, мәз болып қалады.Ашаршылықтағы құйқа дәмінің ауыздан кетпейтініндей, қаншаадасқанымен Шайқы да Мұхитты сұрап жатады. Мұхит ақсақалосындай сәттерде адамгершілікті кейде құсқа теңейді. Шарықтап,әуенің құйыны мен бұлты қатарласа жабысса да, қанаты талмай ұша алатын құстар бар ғой. Осы құс сұрапыл дауылдың соққыларына төтеп берсе де, еріккен бір есердің колына түсіп, мысықтың тырнағына іліккен торғайдай дәрменсізденетінінқайтерсің. Не нәрсе болсын, абайламасаң, аяққа басылары сөзсіз.Сондықтан кейде Мұхит ақсақалдың айналасындағы тәубесінұмытқан адамдарға «тоқтаңдар, мәңгілік биікке ұшар жүрек сезімімен ойларыңды сақтаңдар, бір-бірлеріңнің жараларыңды жазып,жандарыңды түсініңдер, бақыт шыңы тек сол» деп айқайлағысыкеледі. Адамның алыбы да басына күн түссе ебедейсізденіп,

тіпті күлкі-мазаққа душар болар. Күн де батады, түн де қысқарады.Адамдар да өлмей ме, осыны біле тұра, артымызға ертең-ақ таусылатын дүние жиғанға немесе бүгін бар, ертең жоқ қолдың кіріндейқызметке таласып мәзбіз дегісі келеді. Бірақ көңілдегі ой сыртқашықпайды. Адамды аздыратын тек қана адамдар. Солардың бір-біріне деген көзқарасы, қарымқатынасы. Табиғаттағы сұлуы да,ең қабілеттісі де, тасбауыр зұлымы да – Адам. Оның жұмбақтығыдүниедей тұңғиық, шетсіз де шексіз. Міне, мына науқас жатқан күңгірт бөлменің іргесіндегі пернесіне қол тимей жетімсіреп тұрған домбыраны да Шайқы жасаған.Мұхит ақсақалдың осы домбырасын ұстамағанына да біраз уақытөтті. Ауырғанға дейін қолына домбырасын алып шертпе күй сарынын тартқанда, есіне міндетті түрде туған жері Қояндының Қоңқа-Шаңқасы келетін. Сондағы жер қойнауы, үйлер, ауыл адамдарына дейін біртіндеп анығырақтанып, күні кешегі уақиға сияқтыкөкейінде сайрайды да тұрады. Міне, Мұхит ақсақалға ауылы, жаскүні жан-жағынан әдейі құйылғандай келе бастады. Осы қалайдеп науқас таңдана, шекесі солқылдағандықтан көзін жұмып еді,жаңағы ойындағы оқиғалар немересі Әсеттің фильмосқобындағысуреттегідейтұтасып, үнсіз кезектесе алмасып жүре берді. Қаншамажыл өтіп, бұрын-соңды есінде жоқ көрші-қолаң, ұсақ балалардыңтүрлері, тіпті кейбіреулерімен жақында ғана көріскендей есімдеріде есіне түсті… Әлгі ішекті бостау ғылып тартқанда естілетінқоңыр баяу шертпе күй құлаққа келіп тұр. Көп жылдар бойғы ұзақ ырғақ біртіндеп өлең жолдарына айналғандай болды. Қайталаныпайтылған сөз ұйқастары өздігінен жалғасып, жетіп жатыр. Бірақесте қалар емес. Дене көтеріңкі көңілмен шалқи жөнелді. Біраздансоң шаршап, басы мең-зең болып мазасы кеткен Мұхит енді бірсәтте айналаның бәрі өткінші, алдамшы, ал өмірді бейнет деп білді. Үй, жұмыс, ағайын-туыс, бәрі жалған. Адамға ештеңе де керегіжоқ, қызмет істеу, сыйлау, қонақ шақыру – бұл тек құлқынныңқамы. Мақсатқа жету адамға өзін көрсету үшін ғана қажет.Қоршаған ортаның бәрін жоққа шығара келе, кенжесі Әсет есінетүскенде әлдебір қызылды-жасылды бояулар көз алдына қайтакелді. Ол өмірінің зая кетпегендігін енді анық сезді. Құлағындағыдомбыра үні де бәсеңдей бастады. Ұйқылы-ояу Мұхит ақсақалдыңөткені мен бүгіні араласып, санасындағы уақыт кеңістігіне сайойының астан-кестені шықты. Бөлме іші алакөлеңке. Жайшылықтакөзге онша іліне қоймайтын осы алакөлеңкенің өзі науқас көңіліненәзік үміттің сәулесін әкелді. Ортаңғы бөлменің есігі сәл ашық.Үй ішіндегілер түнде өздерінің жүріп-тұруы үшін жағып қойғанқырқыншы күңгірттеу шам әлі сөндірілмеген. Түйнеген асқазаныболмаса, Мұхит қазір сау сияқты. Тек анда-санда жұтынған кездеішінен от шарпып, маңдайдан суық тер бұрқ ете түседі. Көзі ілінгенімен, әлгі от қайта келетіндіктен ұйқы алысқа ұзамайды. Мұхитақсақал сырқаты басталғанда қар еріп, күн жылынғанымен, түндеай шықпағанынан секем алған. Бұлт арасындағы ай терезедендұрыс көрінбей

тұрған шығар деп әлсін-әлсін дәрет алуды сылтауратып, шәугімін ұстап далаға да шықты. Бірақ қанша тосса да,айды көре алмады. Сол күні тамырлары да шымырлап, буындарыәдеттегісінен қатты сырқыраған. Бұл ауа райы бұзылар алдындағыескілігім шығар десе де, денесі мазасыздана бей-жайланып,әлдебір қара күш денесін ауырлата берді. Аурудың ақырын басталып, біртіндеп меңгеріп бара жатқан түрінен секемденген науқасқа «менің осы соңғы көктемім емес пе екен?» деген суық ой да келді… Бұл жаман ауру тұқым қуалайды деуші еді, әке-шешем, тіпті білетін арғы аталарымыздың ешқайсысында кездеспеген пәле, мүмкін басқа бірдеңе шығар. Егер сол лағнет болса, кейінгі үрім-бұтағыма ауыспай, тек менімен кетсін. Ажалдан қорқар мен жоқ,ұрпағымның жаманшылығын көрмесем екен. Әйтеуір шырылдапдүниеге келген соң өлмек бар, басқа аурудың қайсысы кездесседе, осы пәлекетінен аулақ деуші едім. Тілегім орындалмады ма,қалай өзі… Науқас көзін тарс жұмып, ештеңе ойламауға тырысты. Жайда өкпедегі сіреспе-қатпадан жәбір шегетін адамның дем алысықиындай түсті. Біреу ақырын-ақырын самайдан, кейде қарақұстандәлдеп, ұдайы кішкене балғамен соғып тұрғандай. Қанша өзінтоқтатып, сабырлылық қылайын десе де, әлдебір түсініксіз күйденені мылжалап, жан-жағынан қамалап кіре бастайды. Өткендегіқандай да тәтті, қызықты шақтарды еске алып, соны көз алдынакелтірсе де, неліктен екені беймәлім, суық күш меңдеп, қорқынышәкеле береді. Мұхит ақсақал тұрып кетуге қорқақтап, не де болса кемпірінің,үй ішінің тұрғанын тосты. Айлап жатып қалғандықтан ба, буындары жас баланікіндей кілт-кілт етеді. Басын көтерсе де зіл қара тассияқты. Біреу «қозғалма, жат, жат» деп бар мүшесін басып, емін-еркін жібермей салмақтап тұр. Әйтсе де, өмірге деген құштарлықМұхит ақсақалды жағадағы иесіз қайықты айдынның ортасынатербелте итерген толқындай өткен күнге әкете берді, әкете берді. Жаңа салынған кең үйде жатса да науқастың тынысы тарылды.Оған әлі күнге дейін ыстық ескі үй есіне түсті. Онда келін түсірген,ең бастысы – алғашқы немересін сүйді. Ақшолақ та сол үйденмайданға аттанған. Мұхит қарап тұрса, үйдегілерге күйіппіскеніболмаса, Ақшолақтың қай жерге қойылғанын табуға еш әрекет істемепті. Ал жұрт газет арқылы әкелерінің, туыстарының қабірінтауып, соғысып қан төккен, жантәсілім еткен жерлеріне барып-келіп те жатады. Кінәсін бөлісер адам таппай Мұхит дөңбекшугеайналды. Жақсы мен жаманды алаламайтын, барлық әлемге ортақ күнсәулесітүскен бөлмежарықтана бастады. Қараңғылықтыжарықтыңжеңіп алмастырғаны қандай тамаша. Осы алмасу науқастың дакөңілін көтеріп, бойын жылытты. Күн сәулесімен бірге бойынақайтадан күш оралғандай болды. Мұхит ақсақал шамасынша әуеліқолдарын кезек жұмып, сосын аяғын қозғауға қірісті. Көңілініңкөтерілуі ауруын ұмыттырғандай болып, денесін сергітті. Денісау кезінде жүрегі осылай әлденеге алып ұшса, әйтеуір артынанбірдеңе

болып, не ренжіп, не бір оқиға болып су сепкендей басылып мазасызданатын. Ал қазір көңілі көтеріңкілігін өзі де қуаттап,жақсылыққа жорып жатыр. Иә, тәңірім, осыдан жазылып кетейін,мың да бір рахмет деп тіліне басқа ештеңе түсе қоймай, ішіненсыйынып қояды. Екі-үш күн бұрын үйдегілердің қимылдары,жүріс-тұрыс, қабақ шытулары «шаршадық қой» деген сияқтыболып көрініп, аурудан қалжыраған Мұхит шыдамсызданып, «құтыларсыңдар, тоқтаңдар, бәлем» деп айтып та қалып еді. Қазірсол қылықтарына өзі ыңғайсызданып, қозғалыңқырап жастығынтүзетті. Науқастыңтамырлары білеуленіп, беті қызара, маңдайынантер шықты. Ол «құрғыр, сіреспе, қатпа» деді. Мұхит ақсақалдыңтас болған әлсіз өкпесі алқынып ұзақ жөтелді. Жөтелген дауыстан Мүгілсім оянды. Ол әлденені ұмытқандай үстіндегі көрпесінысыра орнынан жанталаса тұрып, «түһ, албасты басып, қатыпқалыппын ғой, сусын ішесің бе?» деп шалына жақындады. Мұхитта «әкелсең, әкелші» деп сусын тұрған орындыққа мойнын бұрды.Кемпір орамалын түзеп, қасықпен араластырып кішкене ағаштостағанды шалына ұсынды. «Бісміллә» деп науқас күндегісіншеқорқа, сыздатып жұта бастады. Сусынның жартысынан көбініңішілгеніне қуанысқан шал мен кемпірдің беттеріне кан жүгіртіп,өздері желпініп сала берді. Науқас бойын жия, жоғарылап жатты. «Шамды сөндіріп, есікті ашыңдаршы, қапырық болып кетті» депМұхит шынтағымен жер тірей, бетін тыжыртып, көрпесін қымтайбастады. Мүгілсім кемпірдің ауыз үйге шыққаны сол еді, келініекеуінің қуаныш нышаны бар қатты шыққан дауыстары естілді.Есік ашылып, «әтей көңіліңіз қалай» деп кірген келініАйжанға Мұхит «шүкір» деп езу тартты. Мына қуаныш қойнына сыймаған Айжан жүгіре басып, өз бөлмелеріндегі жұбайы Дайырды тұр-тұрдың астына алып оятты. Ол дауысқа түпкі бөлмедегілер оянды. Айжан науқас бөлмесіне үрпиісе жиналып қалғандарға ішілген сусын жөнінде даурығып айта бастады. Соңғы біраз күндемүлде жоғалған қатты дауыс пен үйдегілердің жүздеріндегі күлкіоты таң нұрымен қайта келгендей болды. Науқастың мазасынодан әрі алмауды дұрыс көріп, даурыққандар ауыз үйге шықты.Мұхит жалғыз қалды. Бөлме ішіне түскен күн сәулесінен терезежақтаушаларының көлеңкелері жерге төселіп, жылылық науқаскөңілін елітуге айналды. Ауырғалы азды-көпті ұйқысыныңқанғаны, бойы сергіп тұрғаны бүгін ғана. Ол тағы таңдайынжібітейін деп қолын тостағанға соза беріп еді, сусып ашылған керпеден жіпсіген денеге жел кіріп мұздаған соң, қозғалмауға тырысты. Мұхитқа үйреншікті әлдене жетпейтін сияқты… Ә… енді есінекелді. Іздегені - бөлме ішіндегі сағат тырсылы екен ғой. Науқасқабырғадағы сағатқа қарады. Қапелімде шынжыры тартылмағанба деп тасын іздеп еді, олай емес екен. Тегі тықылдап мазаны алмау үшін әдейі тоқтатқан-ау, сірә. Көкегінің де есігі тарс жабулы.Күн сәулесі сәл жылжып, әйнектің көлеңкесі кішірейді. Науқастыңкөңілі енді далаға ауды. Күн жылы сияқтанды. Өткенде Мұхиткөрші кеңшардан әдейі

ат айдап көңілін сұрай келген туысынан «биыл егін-шөп қалай?» дегенде, жақсы, су мен қарға тигізбейжинаса, өкіметке де, өздеріне де жететінін айтқан. Дұрыс болсаигі. Сықырлай есік ашылып, аяғын жеңіл басқан Мүгілсім бөлмегекірді. Науқас тосып жатқандай басын көтере «терлеп кеттім, киімауыстырайын» деді. Кемпірі ұнатпай «жазыла бастаса, бұл өстеді» деп күңкілдеді. Мүгілсім іргедегі абдыраның үстіндегі құрақкөрпелерді алып, ұнатпаған кейіппен тарсылдатып аша бастады.Бетіндегі кездеме-маталарды ақтара, шалына қолдан кең қылыпістелген жеңіл киімдер беріп, ауыстыруына көмектесті. Кемпірі шалының тер іш киімдерін бүктеп жатып «өткендегі Тілеулестің құдалығынан киітке келген кәстөміңді мүшел жасыңның садақасы деп Қотыраш жетімге бердім» деді. Денесі құрғап, жібіген науқас кемпіріне жылы қарап, шай қоюын талап етті. «Қазір» деп, қолына ұстаған киімдері бар кемпірі шығып кетті. Ойдың жеткізбейтін жүйрік, қайғының түпсіз тұңғиық екені шын екен. Науқас ештеңегесене қоймай, арғы жағымен әрнемені көңіліне алып күмәндансада, бойының жеңілденгеніне жаңағы айтқан садақаның шипасытиді ме деп үміттеніп қалды. Жабық есіктің ар жағынан үш айданкейін қайтадан қатты шыққан сөздер, ерсілі-қарсылы тынымсызжүріс, тарсыл-тұрсыл естіліп, үйге тіршілік реңі кіре бастады. Нәртатпағандықтан әлсіреп, есеңгіреп қалған денеге енді қан жүгіріп,Мұхит ауруын ұмытайын деді. Ол таңдайы кепкендіктен шайдыңтезірек демделуін тосып, кезерген ернін тілімен жалады. Ерніндегі насыбайын қолымен іргеге сылып тастады. Демделген шайжерге қалың қылып салынған науқастың төсегінің қасына жасалды. Мұхит ауырғалы үйдегілер аталарының мазасын алмау үшінтамақты бөлек ішіп жүрген. Дастарханға сырқаттың мүмкіндігінесай май-қаймақ, сорып ауыз алуға шақпақ қант әкелінді. Мұхитөмірінің бейнетті, ащылығынан ба, сау күнінде тәттіге оншақұмартпайтын. Науқас арқасын жастыққа сүйей отырып, май салып, ақырын ұрттап, ыстық шайды ішуге кірісті. Мүгілсім ештеңе аңғармағансып, шыны-аяқ табағына қантезе сораптап, екі көзін байқатпай шалына салып қояды. Оныңкеседегі шайын тауысқанын көріп Мүгілсім «тағы ішесің бе?» деді. Мұхит «осыған да қанағат» дегендей, маңдайын тыжырта басын шайқап шыны-аяғын төңкерді. Аталарының сусын ішкенін, көңілінің көтеріңкі екенін ести сала бөлек тұратын үлкенбаласы жүзінде қуаныш, шай үстіне опыр-топыр кіріп келді. Жарайды, бәрі дұрыс, мүшел жасының бейнеті ғой деп шайылыпқалған жүректі орнықтырып, науқасты жігерлендірді. Қадірін ендіанығырақ түсінгендей, Мұхит еңсесі көтеріле, жоқ іздегендей айнала шолып «балалар қайда?» деді. Даладан үзіліп-созылып балалар кірді. Ол немерелерін көріп, мүлдем құлан-таза жазылып кеткендей «мен сақал-мұртымды қырайын, ал сендер жұмыстарыңа бара беріңдер» деп иегімен меңзеді. Қара шаңырақ Мұхит шалдыңнемерелерінің күлкі аралас қуанышты дауыстарынан мүлгіп кетіп,қайта оянғандай жадырап сала берді. Дастархан жиылып, балалар

кеткен соң Мұхит тағы жатып дем алуға кірісті. Қорқақтапішпейтіні бекер екен, шай болса да күндегідей асқазанға тасша түйілмей сіңген сияқты. Бүгінгі сергектік науқасты өмірденкөретін қызықтардың алда екенін меңзегендей. Мүмкін бұл ұзаққасозылмас та, дегенмен, жаралы көңілге сенім ұялап, белгісіз тәттісезімдер көзге көрінбегенімен, оны жетелеп әкетті. Көзі ілініпкөп жатқан сияқтанғанымен, қатты ұйқыдан аз уақытта бойы тез сергіді. Әдетімен қабырғадағы сағатқа қарағанда тоқтап тұрғаныесіне келді. Үңіле көз алмағандықтан, сағат бетіндегі ағашқа асылып, орман ішінде ойнап жүрген аюдың баласы қозғалғандай болды. Мұхит жата беруге жалығып, шапанын желбегей жамылыпсыртқа бет алды. Есікті ашып, табалдырықтан аттай бергендеқыркүйектің салқын лебі бетке тиіп, үйдің ауасының тарлығы бірден білінді. Арқадағы күз бен көктемде жуанды жіңішкертіп,жіңішкені үзетін аумалы-төкпелі ауа райының өзінде Мұхитқа ерекшелік бар сияқтанды. Айналадан көп нәрсе көзге түсіп, өміргеқұштарлық өсе түсті. Қыркүйек жаздың жылылығын жалғастыруғабел буғандай. Көлеңкелі жерлер түнгі түскен шықтан дым тартып,салқын дене тітіркенсе де, күннің көзінің қызуы қайтпапты. Науқаскүннің шуағын ұнатып жылынса да, қыркүйектің мына қапырығынонша құптай қоймады. Жер-Ананың жауын суына тойып барып,қысқы ұзақ шырын - балдай тәтті ұйқыға кетпейтініне іштей ризаемес. Бүгін - қыркүйектің ескіше тууы. Ал күннің мына қызуы білген адамға келесі жылдың қуаңдығын айтпай-ақ меңзеп тұр. Олшапанының етегін қымтай үйдің іргесіне ыңғайлы қылып жасағанорындығына келіп, арқасын қабырғаға сүйеп отыра кетті. Төсектартып жатып қалғалы далаға шығуы осы. Мұхит төңіректі оңды-солды бір шолып алып, көзін қолымен қалқалай күнге қарады. Езутарта «тіршілік, қандай тамаша едің, көрдім бе сені, көрмедім бе?» дегендей ізет білдіріп басын изеді. Күн де оны танып, «бар екенсіңғой» деп сәулелерін шаша жарқырай түсті. Күзгі шығырмақшекесінкәдімгідей қыздырып барады. Ол тағы бірдеңе жетпегендіктен жоқіздеген адамша мойнын созып, алысқа көз тастады. Кәрі қыран өз ұясындай мен мұндалап тұрған биік шахта пародаларыныңүйіндісін көріп, жүрегі дүрсілдеп қоя берді. Өндірістің ортасынаорналасқан кен қорыту фабрикасы гудогының дауысы да естілді. Мыңдаған халықтың өткен күндерінің белгісі іспеттес гудокМұхиттың құлағына сағынышты үн әкелді. Уақытқа тәуелсізгудок үні отыз жыл бұрынғы қалпында өзгеріссіз шығады. Әлгіндежарыққа көзі үйренбегендіктен бұлдырап дұрыс көрінбеген шахтатастарының үйінділерін ол енді анық көрді. Мұхит көңілін кірбіңбасса да, шахта тастарының үйіндісіне оңашада құрдасындаймұңын шағып жеңілдететін. Бірақ қайғының бәрі бірдей сейілеберер ме? Кейде ол пәлекет жүрегін қалжыратып біткеннен кейінтаусылып, әйтпесе күнделікті көп тірліктің арасына сіңіп қанажоғалатын. Ол жастау көзінде ішіндегі денесін

құрыстырғанқұсасын туыстарына, достарына лықылдатып төккіш еді. Алуақыт өте келе өмірдің негізінен бейнет екеніне көзі жеткен сайынөз ауыртпалығын жақындарының тауқыметіне қоспауға тырысты.Осындайда басындағы қиындықты жеке өзі үнсіз мұңдасы - шахта тастарымен бірге көтеруге бейімделді. Қарап тұрса, осынысыдұрыс сияқты. Кәрі шахтер құрдасы бұлтпен тірескен көк тастарғақарап ақырын тіл қатты: – Армысыңдар, Жер-Ана қойнауының қасиетті тастары. – Бармыз, өзің қалайсың, насыбайшы тасшым. Көрінбейкеттің, шегі жоқ мәңгілік блокты тазалауға түсіп кетпедің бе? – Шетіне барып қайттым, әзірше аманмын. – Бізден де маза кетті, кен азайып, табылмаған соң алтыныбар деп породаны фабрикаға тасып үгіп әуре. Көріп тұрсың, біз сондықтан төмендеп, шөгіп келеміз. – Бар болса, онда алтын да бар шығар. Кезінде жоспар үшінжердің астын қалай болса солай ақтарып, таусылмайтындай көрдікқой. Мұхит ақсақал өндірісте соңғы бір-екі жылдары басталған үйқоршау бәсекесі өз көшелеріне жан-жақтан қаптап келе жатқанынкөріп, көңіліне сай таза ауаға шықса да, жаңа ғана кеңіген тынысытарылды. Жаз бойы жөнделіп, өңделіп, бұрын ағарып сән түзейтінүйлерден береке кеткен. Үйдің еңсесі сәні емес, айналасындағыкісі бойы күн сәулесі өтерлік саңылауы жоқ ағаш қоршау көз тартады. Ол көршілердің соғым союдағы бірінен бірінің асуға тырысып, мақтаныш іздеп отырғандарын жаны сүймейтін. Мұхитқакөршілерінің мына үй қоршауы құлақ естіп, көз көрмегенсорақылықтай көрінді. Қоражай қалай болса да қоршалсын, олмал құсқа керек нәрсе, ал енді қатар отырып көршілер ұрысқанадамша кісі бойы үй арасына қорған қоюы өзі күйгелек Мұхиттытерісіне сыйдырмай булықтыра бастады. Бұрын бірге ойнағанбала-шаға былай тұрсын, көршіге келген қонақ көшенікі еді. Әрадамның өз ырысы бар, азды-көпті бөлісіп, қуанышы, қайғысыараласып, ортақтаса көтеретін. Қазір ол жоқ, әр үй жеке мемлекет, адамдары тышқан сияқты бір ізбен кіріп, бір ізбен шығады.Қаланың бір үйде тұрған адамдарының араласпауы ауылға да беталғаны ма? Мұхит өзімен-өзі күрсіне сөйледі: Не болып барады ниеттері тарылып, тоқтық пен байлық адамды аздыратыны рас па? Тойынғанды қой ғана көтеретіні шынболды ғой. Сонда біздің малдан неміз артық. Әдет-ғұрып, үлкендісыйлау, өткенді білу мүлде азайып барады. Ақ ниеттен арылып,ертеңіміз жайында ой жоқ, күнделікті қарын тойдыру бойға сіңгенәдетке айналды. Қалай болғанда да жүрек пен бас қарыннанжоғары тұрған жоқ па? Күн ғана күлімдеп батуға хақылы, өйткені ол ертең шығады ғой. Ал біз аз тіршілікті несіне осынша құнсызқылып, артымызға үлгі боларлық іс қалдыруға ұмтылмаймыз.Міне, әжептәуір қызметі бар Сайран да басқа көрсетер өнегесіжоқтай үйін қоршапты. Ол өзін ғана қоршап қоймай, көрер көзгеайналаның тынысын тарылтқанын түсінер ме?…

Шынында, бұл қоршаудан басқа үйлер көрінбей қалған.Мұхит отырған сәкіден қарағанда кеңістік қана емес, көз жетерлік дүние осы қоршауға келіп тірелетін сияқты. Азғындықтың бірбелгісі осы-ау! Бұрынғының жақсылары әрбір өткен күнін санапжылағандағы арманы – елі көгеріп, азаматы өскенін көру екен.Қазіргі кейбір ел ағалары немересімен ана тілінде сөйлесе алмай,айтар сөзге бұратылып, тілі келмей күлкі де болып жүр. Атасыныңөнегелі өмір жолын біліп, оның ақылын түсінбей өскен немереқайда барар?! Немересінің тексіз, көргенсіз дүбәраланып, ер жеткенін көрген атаның өмірінде не мән бар?! Мұхит төсек-орнын күн көзіне желпу үшін далаға жайыпжүрген келіні Айжанға шәугім алғызып, арбаның ығына барып,асықпай ұзақ жуынды. Тезек үйіндісінің иісі жел тұрған кезденауқасқа қоңырсып жетіп қояды. Одан әріректе жиналған жауынсуына карбит лақтырып, су бетінің бұрқырап қайнағанына мәз болып екі бала ойнап жүр. Бұрынғы күні болса «қойыңдар, әрірек барыңдар» деп жекірер ме еді, кім білсін? Қазір науқасқа ойнағанбалалар да өмірдің ең басты сәні сияқтанды. Осы кезде Мұхиттың немересі Әсет атасының төсегінің далада жаюлы тұрғанын көріп, аң-таң қалпы сезіктене үйге кіріп,барлық бөлмелерді аралап шықты. Далаға қарай жүгіріп, алдынаншыға келген шешесі Айжанға соқтығысты. «Атам қайда?» деп дауысы қатты шықты. «Атаң әне, орталыққа насыбайына махоркаәкелуге кетіп барады» деп көңілді Айжан қолын сарайдың сыртына меңзеді. Атасының тұрғанына қуанған ол өзін ұстай алмайбар екпінімен қолындағы портфелін тастай сала, жүгіре жөнелді.Жүгірген қалпы «ақырын, ақырын» деген дауысты құлағына да ілмей Мұхиттың мойнына асыла кетті. – Қой, дөп-докей жігіт өсте ме екен, мен жазылдым, болды енді. – Науқас немересін емірене иіскей берді де: – Бара ғоймектебіңе, - деп еті кетіп, сүйегі мен терісі қалған алақаныменӘсеттің басын сипады. – Ата, - дей беріп, оқуға кетіп бара жатқан көшеніңбалаларының дауысынан Әсет бойын тез жиып алды. Бұл кезек-кезек қол беріп амандасып жатқан оның кластас достары еді.Балалардың көбін Мұхит таныды. Бұларды бір-бірімен күрестіріп,құлын үйреткізіп, кейде қыста аққала да соғып беретін. Қайсысыкімнің немересі екенін ажырату қиын емес. Мұхит ақсақал өзітеңдес балалардың ішінен ерекшеленіп бара жатқан немересіненкөзін алмай, көрінбей кеткенше ұзақ қарап отырды. Ол бірінші классқа баратын немересі таңертең, ал мына Әсеттің түстенкейін оқығанына таң. Өмірінің ағаш сияқты тамыры тереңге кеткеніне тәубешілік жасап, Мұхит еңсесін көтере шалқая берді. Көзікөгілдір бұлтсыз аспанда қалықтап, сап түзеп, тобын көбейтіп,жылы жаққа ұшып бара жатқан тырналарға түсті. Ұрпағы үшінкім қайда бармайды? – О, тырналар, тырналар. Аман-сау баратын межелі жерлеріңежетіңдер, көктемде қайта келгенде тағы кездесейік. Ал мен жоқбола қалсам, Әсетім

бар, сол көреді сендерді. Туған жерлеріңді еш уақытта ұмытпай келе беріңдер… Мұхит тырналар көрінбей кеткенше көз алмай сол жаққақарап, қара тастай қозғалыссыз біраз отырды. Сәлден соң оларан айналасына көз жіберіп, қысқы қырқынды, көң-қоқырдыңшығарылмағанын көрді. Былтыр шөп әкелгенде үлкен қақпа сынып, ағаш болмай, қар жауып кетіп, жөндей алмап еді, әлі солсынған күйі тіреумен тұр. Әкелінген шөп те жок, оның орны датазаланбаған. – Енді бір екі-үш күн ес жияйын, денеме күш-қуат келсін, сосын кіріспесем, елден ұятты. 2-3 ай жатып қалып едім, берекелерікетіпті. Мен мүлде жоқ болсам не істер едіңдер? - деп өздігініненсөйлеп қояды. Өзінің жылдағы дағдысымен шілденің соңында шөп шабуғашыға алмағанына кейіді. Биыл сол құрақты өзекшеге кім қос тікті екен? Мұхит үшін шөпке шығу жәй әдет, мұқтаждық та емес,бұл замандастарымен бірге қатарынан қалмау. Ал шындап келгенде қиын-қыстаудан аман қалған көштің әлі де басында кележатқанының белгісі іспеттес. Кезінде қаһарлы табиғатты, зұлымадамдары бар заманда екі аяқты арбасын ұрпағымен сүйрегендегіөзіне берген сертін әлі де абыроймен орындап келе жатқаныныңбелгісі. Қазір де келін-балалары тұрсын, әр немересінің туған күні,кластан класқа көшу, тағы басқа толып жатқан істерге мән беріп,соған масаттана, той жасамаса да, атап өткізеді. Бүгін Мұхит шал үшін ескі сандықты ашқанда ішінен өткенніңкөзіндей талай зат шығатындай, ақтарылған күн болды. Мұхитқарап тұрса табиғат шынында теңеуші де, тексеруші де екен. Әркезеңнің қайнаған отына шаңырақ басы кем дегенде біреу түсетінсияқты. Өзінің әулетін алса, ҚоңқаШаңқадағы елді топан суқаптағанда інісі Уақап өлген. Ашаршылықта Әзимадан айырылды. Отан соғысы отау тігіп үлгермеген жалғыз тірегі Ақшолақтыжұтты. Бәрін де көрдік, бәріне де көндік. Амал қанша, басқағашара жоқ. Мұхит шал денесі ауырлай, еңсесі басыла, ойы әр саққажүгіріп, ұзақ отырды. Тек шаршап мазасындана бастағанда ғанаорнынан қозғалды. Буындары босап, зорға тұрды. Ол бағанағыорындығына сүйретіліп әрең дегенде жетті. Бойынан күш кетіп,сүмектеп терге батты. Үйдегілерді шақырайын деп еді, дауысынқатты шығаруға әлі келмеді. Аузының дәмі қышқылданып, жүрегіайни берді. Кенет көзі қарауытып, аяқ асты билей жөнелді. Құлапбара жатқанын сезді. Әуелі қараңғылық арасынан жарқ-жұрқ еткенұсақ от ұшқындары көрінді. Содан орындық үстінен жерге жеткенше уақыттың өтпей-ақ қойғаны. Алыстан айғайлаған дауыстарестілді. Ақыры жетті-ау жерге… Ол бар күшін салып зорға дегендекөзін ашқанда балаларының өзін көтеріп үйге кіргізіп жатқанынкөрді. Құлағын күңгір алып барады. Денесі ешнәрсе сезер емес… Қыркүйектегі күн қызуы тез азайып ымырттана қалды. Кіріп-шығып жүрген кісілердің бәрінің ұнжырғасы түскен, ренжулі.

Науқас күрт төмендеп кетті. Үйдегі отырған ағайын-туған,көршілерде өң жоқ, төмен қараған қалыптары күрсіне береді.Әйелдер жағы сыңсып жылап жүр. Көптен қалыспайық дегенкейбіреулері жас шықпаса да көздерір уқалап қызартуда. Осыжерде адамдарға ғана тән мейірімділік пен сорақылық жұмбағыайкындалып көрініп тұр. Меніреу тыныштық дене тітіркендіреді. Науқас зорға дем алып, бірдеңе айтқандай, ернін жыбырлатты. Қадыр мен Дайыр түсінбек ниетпен «әтәй, әтәй» деп әкелерініңбетіне кезек-кезек үңілді. Тіршіліктің о жағы мен бұ жағындағыдауыс естілер емес. Аяқ-қолы, құлағы суи бастаған науқастың демалысы бәсең. Кешеден бері пайда болған жөтел де әлсіз денегеәзірейілдей тиіп тұр. Күн ұясына кіре кеуденің сырылы көбейді.Кенет, қозғалуға шамасы келмей жатқан Мұхит, әлдеқайдан күшбіткендей, тұруға айналды. Ол қолымен төсегінің айналасын сипай киімдеріне ұмтылып, сандырақтай бастады: – Таза киімдерім қайда, болсаңдаршы енді. Әне, Иман, Ләтіп,Балғабай кетіп барады. Мен тойға кешіктім-ау. Қаппас пен Қазез де кетіпті… Отырған үлкендер жағы науқасты жастығына қисайтты.Науқастың атын атаған адамдары ертеректе қайтыс болған туыс,бірге жүрген жоражолдастары еді. Денесінің әлі кетіп, нашарласа да, ақтық демімен қызықтой деп тіршіліктегі тілегінен айырыларемес. Орасан зор дүлей күш Мұхитты маужыратып, тыныштықтықараңғыға итермелей берді. Науқастың көзіне жас келіп, бөлме ішітұманданып, бұлдырады. Жарық пен қараңғылық, қозғалыс пентыныштық ақтық айқасқа кірісті. Бірде суыпжылып, енді бірдежылып-суыған денеге кенет түсініксіз жан тыныштығы келгендейболды. Мұхитақсақал соған мойынұсына, шексіз бір қараңғылыққақұлдилай жөнелді… Көппен бірге аталап жылаған Әсеттің дауысыүйді алып кетті. Хабаршылар көршілердің әйнек-есіктерін қағуғакірісті. Суық жауын себелеуге айналды. Адам еңсесін басқан қаратүн тағы да кезекті бір қайғысын әкеліп, төңірекке шешімі жоқүнсіздік туғызды.

ЕЛЕС

Кешқұрым. Күн манаурап, ұясына қонуға беттеді. Батыстағы жазық шеңберлене, үлкен өрттей алаулайды. Ақ түбіттей түтеленгенақша бұлттар теңіз толқындарындай дөңбекшіп, үйірілген бойда аспанға көтеріліп биіктеп барады. Аңқылдай ескен сар самалкүндізгі қапырықты саумалдай сапырып, шәт-шәлекейін шығарашайқап жіберді. Тынысы ашылған сары дала күндізгі ыстықтанкүнсіген төсін жасыл жейдесімен желпіп, күн астында жанаттайқұбылып, жібектей сусиды. Ұлы дала бағанағы аспан айналып жерге түсердей шілденіңыстығынан айыға бастады. Ерейментаудың жазирасы Қоянды-Қойтас қойнауының да

жаны жай тауып, "ой, рахат-ай" деп үнқатқандай болды. Әлгінде ғана пайда болған қоңыр жел қыраттардысыдырта жанай өтіп, шалғынды жапыра, дала төсін толқындататербеп, Қоянды қойнауына асығып барады. Сол-ақ екен, қиятастарға өрмелей сап түзеген ақ қайыңдар жас келіндей бірбірінеқымсына қылықтана келіп, қысыла сыбырласқан сыбдырға көшті. Күн мен жел қанша мүжісе де уақытқа тәуелсіз сеңгір тастардыңкөлеңкелері бытырай, бойы ұзара, қойтастардың жықпылдарына жылыстай еніп, көзден таслана бастады. Тек Сұңқарқия шыңы сабырлық сақтап, әлденеге кейігендей тұнжырай түнеріп тұр.Алыста қой жайған аттылы бала көрінеді. Ұзақ күнге шөлдепқалжыраған кішкентай Дәулет алдындағы қойларын Кішкенекөлжағасындағы қосқа беттетіп келеді. Көл жағасындағы киіз үйанадайдан мен мұндалап, төңкерілген қара қазандай қараңдайды.Дәулет жатып қалған, құрттаған қозы, лақ жоқ па екен депжанжағына ұзақ жалтақтап қарады. Көз жетер жерде үйірленеқарауытқан селкеу өскен шиден басқа мардымды ештеңе көрінеремес. Көл жағасына таяған сайын шошаң еткен тіршілік белгісібілінбей, өзінің жалғыздығын сезінген баланың бойы түршігейіндеді. Түстен бері өзінің үлкендер санатына қосылып, қойда жалғызқалғанына мақтана дүрдигенінен түк қалмады. Көңілі құлазып салаберді. Көкесі Қадырдың мылтықты сеніп бергеніне қызығып, қостажалғыз қалғанына енді өкінейін деді. Ол үрейлене, жан-жағынаалақтай қарап, қойларын қамады. Айналасына көз жүгіртіп еді,тылсым, марғау маң, сырын іштеріне бүгіп, бұған бір жамандықжасырып тұрғандай көрінді. Қарауытқан тау да, тас та бұған түйілесұстанғандай… Дәулеттылсым тыныштықтан шошиын деді. Әлсінәлсін көкесі кеткен Қарағоқты жаққа жаутаңдап қарап қояды. Айналасы ат шаптырым далада көзге ілінер дәнеңе жоқ. Сам жамырапкүн қызылы қайтайын деді. Төңірек тып-тыныш. Ымырт үйіріліп,қас қарайды. Дәулетке кішкене кезіндегі қараңғы түссе қорқа бастайтын әдеті қайта оралды. Май тоңғысыз шілде кеші болса дабойы тоңазып, тізесі дірілдеді. Құлағы да жел үрлегендей гуілдепдыңылдай береді. Адамның ес біле, ақыл тоқтата бастаған кезденқараңғылықтан қорқа бастайтыны несі екен. Күллі дүние бірімен-бірі келісіп қойғандай қараңғы түсе үн-түнсіз қоршап, бұны обыпжіберердей қарауытып, төбеңнен төніп, аждаһадай аранын ашыпжорғалап келе жатқандай… Ол ойын билеп алған үрейден сәл деболса сейілейін дегендей, шырылдаған нәзік дауысының шарқыжеткенше ауызына түскен бір әнді айта жөнелді. Бірақ түнгі әнұзаққа бармады, таяу тұрған шыңға шыңғырып барып маңдайынсоғып, жаңғырық болып қайта оралды. Дәулет демін ішінен алып тыныштықты қанша тыңдаса,меңіреу тыныштық та оны сонша тыңдады. Қой қамалысыменкөлден құс атып мылтықтың қызығын көремін деген ынтықкөңілі су сепкендей сап басылды. Түсініксіз бірдеңелер, тіпті,құбыжық болса да өзі білсін, әйтеуір қараңғылықтың қоюлануынтосып, бұған жабыла түсуге ыңғайлы сәт күткендей. Дәулет

қалайбұрылса да, ту сыртынан біреу көз алмай қарап тұрғандай сезінді. Сағы сыныңқы ол мылтығын асынған қалпы бір ізбен әрлі-берлі сенделіп жүрді де қойды. Басқаға шама жоқ. Жаутаңдапбарып биіктеу тұрған фонарьды жағып еді, ол да әлденеденқорыққандай жасқанып, жыпылықтап сығырая қалды. Күнде анадайдан жарқырап, тірліктің белгісін танытатын фонарь шамныңда иесі жоқтығын білдіріп тұрғанын қайтерсің, Тірегі, иесі кетсе, кеудесінде жаны барды былай қойғанда, жансыз заттың өзіжетімсіреп, қорғансызданып, жүдеп қалады екен де… Міне, аспан да қарабарқынданып, қара жерді басып қалардай түнере төніпкеледі. Біртіндеп түн пердесінің арғы жағындағы Қоянды-Қойтас,бұлыңғыр көл үсті сыры көп жұмбақ көрініске айналды. Кішкене көлдің Сәңкі жақ қамысты беті ертегілердегі жын жайлағансиқыршылар патшалығына да ұқсап кетеді. Біраздан соң көлдіңтүсі де қарауытып, түн тұңғиығына сіңіп бара жатты. Бүгін көк жүзіндегі сансыз жұлдыздар да қасақана көрінбейді.Түн түнерген сайын Дәулеттен береке кетті. Ойы бірден-бірге көшіп, атасының жазмыш туралы айтатыны есіне түсті.Кейбір адамдар өмірге қанша құштарланып, тіршілік жалынажармасқанымен, өлім құрығынан құтыла алмайды екен. Ал өзінеажал тілегендерді Алланың жаналғыш Әзірейілі алмай әуреге салса керек. Сөйтіп өмір мен өлім кезек алмасып, мәңгі айналысқа, табиғат таразысының екі басына тең таратылады. Бірінсіз бірінің күні жоқ. Қайткенде де адамға маңдайға жазылғаннан құтылу жоқ. Жазмыш деген сол… Дәулет жазмыш туралы естігені дәл қазіресіне түскеніне үрейі ұша таңданды. Енді далада жүре берудің ретіжоқ, аюдың үңгіріндей қап-қараңғы киіз үйге кіруге батылы жетеремес. Кібіртіктей береді. Бір мезгілде әлгінде қой жайып келгенжақтан бірдеңе қараңдап, ноқаттай екі от көрінді. Іле тыныштықтытітіретіп шіңкілдей шәуілдеген үн жетті құлаққа. Дәулет киіз үйгеқалай зып етіп кіріп кеткенін өзі де байқамай қалды. Жалма-жанесікті ішінен іліп, мылтығына оқ салып киімшең күйі жата кетті.Екі көзі есікте, әлгі дауыс нендей аңдікі? «Биыл қасқыр көп, анда-санда абай қып мылтық атып қой» деген көкесі Қадырдың сөзіжайына қалды. Ол оң қырына аунай бере іргеде біреудің қарайыпотырғанын көрді. Дәулет ұядан шыққан балапандай үрпие қалды.Қараңдаған қозғалар емес, бас жағы жіңішке келгенімен, бөксежағы жуан. Орнынан тұрса болды, екі аттап өңкеңдеп, үстіңе мінекетері сөзсіз. Қимыл тұрсын, дем де шықпай қалды. Қолындаоқтаулы мылтық, бірақ тырп етуге мұрша жоқ. Аяқ-қолы жансызданып, мүлдем икемге келер емес. Уақыт өтсейші. Қан тамырлары үзілердей, шекесі солқылдатып әкетіп барады. Жазмыш дегеносы да. Әсіресе, адамға мүшел жас сын болады дейді үлкендер.Дәулеттің де биыл бірінші мүшелі. Атасы да мүшел жасынақайтқан. Көзі үйрене келе әлгі қараңдаған анық көрінді. Сөйтсе,құбыжық дегені абдыраның үстіндегі оқуға ала келген кітаптарыекен. Жүрегі орнығайын деді… Жаңа туған толық ай көшкен бұлт арасынан сиқырлы алтынайнадай жарқыраған көл бетіне мол сәулесін төге сығалап қараптұр. Ай түндіктің

саңылауынан киіз үй ішіндегі балаға да анда-санда бұлт тасасынан шығып, көз салып қояды. Сергек жатқанДәулет құлағына ат дүбірі естілгендей болып, елегізіп біраз жатты.Әне келеді, міне келедімен бірқыдыру уақыт оздырды. Жалығып,көңілі басқаға ауды. Сәлден кейін әлгінде ғана тыптыныш көлайналасында астан-кестен бір сұмдық басталды. Дәулет алыпұшқан жүрегін басып ойын бөлу үшін, әр шөптің басын бір шалыпқайдағыны ойлай бастады. Ал көл жағасындағы дүлей қалың қамыскүні бойы мылқау адамша тұрып-тұрып, міне, енді ызыңдаған желүніне үн қосып, бақсының қобызындай сарнап берсін! Құстарқиқулап, көлдегі азан-қазан дауыс арасынан біреудің жанталасқанайқайы, енді бірде ентіге алқынғаны да естілді. Көлден бірдеңелершолпылдатып жағаға шығып, топырлап би билегендей ме, әйтеуірмәре-сәре. Қой қамалған қоршау жақта да тыным жоқ, пысқырып,түшкірген қыбыр-жыбыр көп. Міне, қара түнді қақ жара жылағанбаланың дауысы естілді, жоқ, ол енді жіңішкеріп ұзара созылғанзарлы әйел үніне ауысып барады… Қоста үлкен адамныңжоқтығын білгендей әлгі шу аласұра құтырынып, жақындапкеледі. Дәулетке өзі ертегілерден оқыған қорқынышты жын-пері,жезтырнақтардың бұның жалғыздығын біліп, барлығы жиналыпжатқандай. Жел күшейе түсті. Енді екіленіп, бар қайратына мініп,киіз үйдің уықтарын сықырлата, көктегі бұлтты тоз-тоз етіп әлде-қайда қуып әкетті… Көшкен жалбыр бұлт арасынан жымыңдай көзқысқан жұлдыздар жанып-сөніп, қунақы балалардай қутыңдап,тығылмақ ойнап жүр… Ызыңдап ескен жетім жел қайдан келдіңсен? Дүлей қамысқа қосылып сарнап шулағандай не басыңа күнтуды?… Осы маң жын-перінің ойнағы болып жүрмегей… Дәу деболсы олар қаз-қатар отыра қалып, күбір-күбір сөйлесіп, жырқ-жырқ күліп, не істесек те бұл бала біздің қолымызда дейтін шығар.Мәслихат құрып алып, мен ұйықтап кеткенде үйге кірмекші-ау,сірә. Дәулеттің жүрегі қысып, тұншығып барады. Қостың іргесіненбірін-бірі қуалаған әлденелер өте шығып, ұзап барады. Жалғыздық жаратқанға ғана жарасқан-ау. Жаһанда жалғыз қалған қандай қиын. Адам неге әлсіз болып жаратылды екен?Кенет тамам ит таласқандай арсы-гүрсі ырыл естілді. Енді бір сәтәлгі алпарысқан айғай-шу тынши қалды. Дәулеттің де күшігіненасыраған Ақтөс, Құтжол атты иттері болған. Мына иттер соларшығар, кім біледі? Қартайған Ақтөс жатып-жатып бір түнде із-түзсіз жоғалған. Жақсы ит өлімтігін көрсетпейтіні рас та болар.Ізделінбеген жер қалмаса да, ол сол кеткеннен мол кетті. Ал кейінгі күшігінен қолда өскен Құтжол былтырғы жаппай ит атудыңқұрығына іліккен. Дәулет қазір иттері қасында болса, дәл мұндайжаны мұрнының ұшына келіп қорықпас та еді. Ол иттерін ойлап,атасының аруағына сыйынған күйі қалжырап барып ұйықтап кетті… Дәулет Бестөбе кенішіндегі өзінің үйінің ауласында дәуқара төбеттің тауықтарды қуып жүргенін көрді. Атасыныңқара шаңырағының қабырға сылақтары түсіп, жұтап тұр. Есігіаңырайып ашық тұрғанмен кіріп шыққан

жан жоқ. Алқа-салқасышығып, жетімсірей жүдеп тұр. Оның есіне өздерінің көшіпқеткендері түссе де, қара шаңырақ жылы көрінді. «Кет, кет» депдауыстағанша, иттің тісі тиген сары тауықтың қауырсын мамығыбұрқырай бастады. Қара ит ырылдаған күйі ауладан шыға бергенде түрі өзгеріп, былтыр Құтжолды өлтірген ит атушыға ұқсап кетті. Жаңағы тауықты Дәулет енді өзі ұстап алып, сұқ саусағыменжұмыртқасының барлығын тексерді. Сол екен, тауық әтешшешақырып, қанатымен жер сабалай, кең далаға қарай аяғы жергетиер-тимей ұша жөнелді. Дәулет қуып берді. Қалтарыстан бұрылабергенде артына қараса, соңына мұғалімі бастаған кластас балаларілесіп келеді екен. Олар шулап, тауықты ұста, ұста деп айғайлапқояды. Сары тауық жеткізер емес. Бет алысы арнасына сыймай,долданып жағаны ұрып жатқан Сілеті өзені. Бұлар жақындағанда су қақ айырылды. Тауықтың соңынан аяғына шаң жұқпай Дәулет те өтті, су да қайтадан сабасына түсті. Жұрт онша біле қоймайтынОмбы-Қояндының сүрлеу қара жолына түскен тауық жеткізеремес. Жолдың екі жағы түгелдей жыртылып тастаған. Қап-қарабоп өртенген дала сонау алыс көкжиекпен астасып барып біткен.Қарасынан сары сазы көп аударылған сортаң топырақ жал-жалүйіліп жатыр. Жел көтеріліп, құйын ұйытқыды. Құйын басылғанкезде әлгі тауық та ұшты-күйлі зым-зия жоқ боп кетті. Төңірек бұлыңғыр, күн екені де, түн екені де белгісіз. Бірде бозамықтанып таң атып қалған сияқтанады да, соның арасыншакеш түсіп ымырт үйіріледі. Кезінде ақселеулі, боз жусанды ұшы-қиырсыз маң дала жыл сайын тырналап жырта берген соң тозаңышығып тозып кеткен. Жылан жалағандай құлазыған қу медиен далада желмен бірге ара-тұра ыңырсыған, сыңсыған дауыс шалынады. Иә, Дәулетке атасы: "балам, анау жылдардағы ашаршылықтабәлен жолдың бойында талай адам көмусіз қалған", - дейтін еді…Төңірек бір қарағанда таныс сияқты. Аспан да, жер де бәрі күндекөріп жүрген бәз баяғы қалпы. Бірақ осының бәрі Дәулетке бөтен,бір түрлі жат. Жалғыз оған емес, тіпті, басқаларға да өкпесі бардай, томсырайып жатыр. Жер-Ана әлденеге күйінгендей… Қияндаланың еңсесін басқан жүдеулік көкірегіңе мұң, жан дүниеңеқорқыныш ұялатады. Аңызақ желден, аптап ыстықтан иі қанбаған көн терідейкеберсіп, бырысып, кішірейіп барады. Ұлан-асыр қара жон.Дәулеттің таңдайы кеберсіп тұр. Жақын маңда ел көрінер емес. Олосы төңіректегі ірілі-кішілі совхоз бөлімшелерінің, жайлаудағымалшы қостарының қайда кеткеніне миы жетпеді. Бәрі ұшты-күйлі жоғалған, шағын-шағын ауылдардың орынында үйінділержатыр. Қора-қопсыны былай қойғанда, үйлерді де кірпіштепбұзып әкеткенге ұсайды. "Рахымжан қораның" бұлағы тартылып, Сәңкі мен Құмды, Кішкене көлдердің орнында тұзды сорқалыпты. ҚояндыҚойтастан да сән кеткен. Үйірімен жүретін арқарлар да, сеңгір тастардың шыңына ұя салатын көп құстар дакөрінбейді. Сұңқарияның маңдайшасындағы тас та опырылыпжерге түскен. Бір кездегі базарлы тірлікті белгісіз жалмауыз күшжалмап қойғандай…

Мына көріністен Дәулет ішін жиып сескеніп, көңіліне демеуболарлық медеу іздей бастады. Әріректегі дөң үстінен қомақтанаағараңдаған бірдеңе көрінді. Дәулет жақындап кеп байқады.Айдалаға көлкемедей ақ шымылдық керіліпті. Ол өзінің әжесімен көрші Қатша кемпір жас кездеріндегідей алаботадан қарасабын қайнатып жүр екен деп шымылдықты ашты. Екі тай қазанбұрқылдап қайнап жатыр. Бірінде алашаның жібін бояуға салыпқойыпты да, екіншісінде құрт қайнатуда. Дәулет бояп ала қояйындеп асық салған дорбашасын іздей бастады. Жақыннан иттердіңқыңсылаған дауысы естілді. Ол аң-таң қалпы құлағын тоса қалды.Қыңсыл дәл аяғының астынан шықты. Ол төмен қарап, тұрғанжері терең апанның шеті екенін көрді. Тереңдігі кісі бойы апанда Ақтөс пен Құтжол жүр. Иттері иесін көріп көздері жасаурай,құйрықтарын бұлғалақтатып еркелей бастады. Дәулеттің апанғаүңіле бергені сол еді, анадайдан өзіне беттеп келе жатқан итатушыларды көрді. Олар: "Құтжол мен Ақтөсіңді қайда жасырдың,айт, әйтпесе пионерліктен шығарамыз? Деп айғайлап келеді. Ит атушылардың арасында аға вожатый да жүр. Дәулет мойнында галстугі болмаса да, мектептегі әдетімен пионерлерше салютберді. Ит атушылардың бірі сықсиған көзі қутың-қутың етіп,бұйрық оқи бастады. Онда: "балалардың иттері нан мен етті көпжейтіндіктен түгелдей атылсын", - делініпті. Дәулет қатты ренжіді, томсарып тұрып-тұрып теріс айналды. Ол енді топталыптұрған кластас балаларының қасына келді. Араларында бір партада отыратын қыз - Ботагөз де бар. Балалар шынжырланған екібөлтірікті қызықтап тұр екен. Дәулет шегіншектеген бөлтіріктітүрткілей бергенде күшік қолын тістеп алды. Тіс тигенге намысы келген Дәулет бөлтіріктерді қосарлай ұстап олай-бұлай сүйреді.Қылқынғандарына қарамай табандап тыртысқан күшіктердің көзіөңменінен өтіп барады. "Қоя бер, жауыз! Жанымда адам емес, аң отырғанын қалайбілмегем" деген Ботагөздің тепсінген дауысы жан ұшыра қаттышықты. Қыздың бұлай ашуланғанын бұрын-соңды көрмепті…Ал Ботагөздің мына дауысы Дәулеттің есін шығарып, денесінтүршіктірді. Қыздың көзі шарасынан шыға, бейне құбыжықкөргендей бұған тосырқай, тосын қадалып қалыпты. Кірпіктерінеілінген мөлдір жас моншақтай үзіліп, бетіне тама бастады. Бұл оғанБотагөздің балалықшағымен қимай қоштасыптұрғанындай көрініпкетті. Бұлт арасынан ай бетіндегі сұлулық пен сүйіспеншіліктіңпірі Айбарша да сұрланып, сұс көрсетті. Дәулеттің ұнжырғасытүсіп, "бөлтіріктерді інінен қазып әкелген Сағымбай, мен емес",деп ақтала бастады. Іле бөлтіріктерін іздеген қаншық қасқыр далатөсін жалынышты үнмен қалтырата ұлыды дейсің кеп. Қайғы менқасірет қасқырға да, тілдітілсізге де ортақ екен-ау… Біреулер итайтақтап, мылтық атты. Бірақ ұрпағының өмірі үшін басын ажалғатіккен қаншық қасқыр анадайда зарлаған күйі айналшықтапжүр. Жеңгесі Күләштің шақырған дауысы шықты. Сөйтсе, әлгіқасқыр өздерінің қорадағы құлынын тартып кетіпті.

Шақырыстыңсебебі сол екен. Дәулет сенерін де, сенбесін де білмей ақырынбарып, қорасының есігін ашты. Құлын сұлық түсіп, сұлап жатыр. Тамағында тістің ізі бар. Қасқыр тартып ойылған сан етініңқаны ұйып қатып қапты. Тынысы тарылған құлын ауру балашаыңқылдайды. Шіріген жұмыртқаның күлімсі иісі мұрнына келгендей табан астында Дәулеттің жүрегі айныды. Қолында мылтығыбар көкесі Қадыр үйден шықты. Қабағы қатулы. Ол қу шүберектейбозарған Дәулетті көріп: Маңдайға сыймай, бұйырмаған мал екен,бастан құлақ садақа. Бар ауырлық осымен кетсін!" деп күбірлепбата жасап, бетін сипады. Көрші үйдің ауласынан Сағымбайдың шешесі Қатша әженің:"қарғайын десем - жалғызым, қарғамаймын десем - жалмауызым. Қасқырдың қүшігінде нең бар, қара құрт!" деп шаңқылдайқарғағаны ап-анық естіліп тұр. Қыздарының қолына бармайшалының шаңырағын сақтап отырған әже дауысында ашудан гөрімұң басым. Әдетте үміті ақталмағанда ғана аналар ұрпағына осылай назаланатын шығар. Дәулет Қатшаға қарап еді, біртүрлі аяпкетті. Ер мінезді адуын әйел бір-ақ сәтте бір уыс болып шөгіпқалыпты. Қажымастай көрінетін нар адамның нараду тартқанынкөру де қасірет екен… Кенет Сұңқарқия жақтан жарқ етіп найзағай ойнап, аспанды қақырата қақ жара, сатыр-сұтыр етіп күн күркіреді. Жердіаттарының тұяғы ойып жіберердей борт-борт желіп, желпініпқымызға қызған өңшең бір темірге құрсанған алып батырларбатыс жақтан Дәулетке қарай салдырап келеді. Шаңырақтайқалқандары, алтын, күміске қақтаған қарулары жарқ-жұрқ етіп көзқарықтырардай. Біреуінің аты өзгеден оза, ауыздыққа бой бермейтоп алдына ойқастап түсе берді. Дәулет таныды. Сонау Сұңқарқияшыңында қурап жатқан Олжабай батырдың Тайкөк тұлпарыныңбасы… қалай тіріліп кеткен? Үстінде балбал тастай шіреніп,қорғасыннан құйғандай қаба-сақал Олжабай. Дәулет қуанып кетті.Демек, атасы айтқан аңыз әңгімелердің шындыққа шыққаны-ау.Ел басына екіталай күн туғанда жел өтінде, жау бетінде қасқайыпқарсы тұрған қазақтың қабылан ерлері өлгеннен кейін де арттағыұрпағын желеп-жебеп жреді дейтін атасы. Демек, атасының ауызыдуалы болғаны… Дәулет аруақтарға бағыштап Құран оқиын депеді, үйренген сүрелерінің бірі есіне түссеші… ағузы билаһидан…арыға бара алмады. Өз-өзінен сақылдап күліп жіберді. Тірі адамғаҚұран оқымайтыны есінен шығып кеткенін қара! Жақындағанаттылардың түрлері анық көрінді. Олар Бөгенбай мен Олжабайбатырлар болып шықты. Батырлар өзара Ғалден Цереннің Лағда,Лаба деген қыздарына үйленіп, қалай бажа болғандарын естерінеалып күлісіп те қояды. "Е, Абылай хан көреген еді ғой" дейді. Бөгенбай Олжабаймен келіскендей басын изеп, "Хан иемніңданышпандығы, қарсы тұрған дұшпанының соғыста қолданатынайла-тәсілін күні бұрын шамаламаса, жеңіске жетер ме едік…". Дәулет түстеп қараса, батырлардың бетінде сау жер жоқ,жарақат…

– Ассалаумағалейкүм, - деді Дәулет оң қолымен жүрек тұсынбаса, басын иіп: "Әлейкүмсалам", - деді батырлардың ішіндегі еңжасы үлкені Бөгенбей. - Бар бол, бала, ныспың кім? Қай елсің? - деді Ер Олжабай. Дәулет атасы жаттатқан жеті атасын тақылдатып айтып берді. Жеті момын ішінде Қанжығалы, одан Есен мен Бозым… Бізболсақ, сол Есеннің жапарынан тараймыз, Шағалақтың Өтемісәулетіненбіз. Жеріміз Ерейментаудың Қоянды-Қойтасы. Мынақарт бабам Бөкемді айтпағанда, одан бергі мақтануға тұрарлықСаққұлақ, Хамзе билерді, ел ақындары Естай, болыс болатын Олжабай ақын, Аманжолдарды айтсам да жетер. Бажа, ұрпағың жарады, өткенді біледі екен, өркені өссін, -деп Ер Олжабай Бөгенбай батырға қараған бойы Тайкөктің басын тарта береді. Дәулет сыннан мүдірмей өткеніне көңілі көтеріліп Бөгенбайбатырға: "Баба, біз сізді қартайып қайтты, мәйітін балға салыпқара керуенмен шеруленіп Ахмет Иассауи кесенесіне жерленгендеп оқимыз. Жарақаттан сау жеріңіз жоқ, соғыста қаза болған жауынгер сияқтысыз, - деді. – Ол рас, тірі кезімде жарақаттан сау едім. Оққағарым барекен. Қабірімде белгі жоқ, сол жағы болмаса, халқыма ризамын,сүйегімді қасиетті Түркістанға апарды ғой, - деді. Дәулет сөзге айналып тұрғанда бағанағы қаншық қасқырсол қолынан ала түсіп жұлмалай бастады. Қос айбалта жарқ етті.Қасқыр шегіншектеп шоқия қалды. Ол: "қайран, бөлтіріктерім-ай,тым болмаса, сендердің кектеріңді алып, құмарымды тарқата алмадым" дегендей жан дүниені түршіктіре ұзақ ұлыды. Дәулеттіңбетін көз жасы жуды, өксіп ұзақ жылады. Қасіретке ғана тән ағыл-тегіл жас. Бетін сүртуге сүлгі іздеген Дәулет өзіне беттеп кележатқан балаларға көзі түсті. Қараса, еміс-еміс қана білетін, қазіркөз алдына елестете де алмайтын ертеректе қайтқан қарындасыТілектес пен інісі Теміржан қол ұстасып келе жатыр. Үстеріндегіұзын ақ көйлектері аяқтарына оратылып келеді. Олардың тіріекеніне қатты қуанып кетті. Сәби кездерінде екеуі де шетінеп кетіпеді. Бұлардың тірі жүргендері қалай деп күмәнданды да, онысыартынша ойынан шығып кетті. Жақындап қалғанда Дәулет орынынан тұрып қарсы жүріп еді. Тілектес пен Теміржан дала қазына айналып ұша жөнелді. Сөйтсе, жаңағы сүйретілген көйлектері қанатекен. Қаздар ұзай бергенде шапанын желбегей жамылған атасыкелді. Атасы кең шапанының етегімен Дәулетті бүркемелей берді.Шапан киіз үйге айналды… Көшкен бұлт арасындағы жұлдыздар бір-бірлеп сөне бастады.Жазғы қысқа түн көкжиектен бозамықтанған таңға ұласты. Торғайма, әлдежарқанат па, әйтеуір бір құс лақтырған кесектей киізүйді жанай ұшты. Таң самалы көл жиегіндегі қамыс-құрақты тербеді. Көл толқыны еркелеп, құмды жағаны шөп-шөп сүйіп, қайташегінеді. Ағарып таң атты. Түн қараңғылығының қалдығы қоныс іздепсай жыраларға тығыла бастады. Қырқадан күлімдеп күн көтеріліпкеледі. Ұшы-қиырсыз теңіздей толқыған ұлы даладағы тынымсызтіршілік қайта жанданды.

Түндіктің саңылауларынан бетіне түскенкүн сәулесінен оянған Дәулет жалма-жан тұра салып, мылтығынұстай сыртқа шықты. Сол қолы ұйып қалыпты, көтертпейді. Жатарда аспанда бұлт жоқ сияқты еді, түнде жауын сіркіреп өткенгеұқсайды. Жаздың таңғы ауасы жұпардай тұнып тұр. Таң қандайтаза болса Дәулеттің көңілі де ештеңе болмағандай ашық, алданжақсылық күтіп тұрғандай кеудесі қуанышқа толып жүрегі тулайсоқты. Дала төсіне мол шапағын шашқан алтын күннің шапағатыбұған түндегі қорқынышты мүлдем ұмыттырып жіберді. Көкесікөріне ме деп жол жаққа көз солған Дәулет жүгіріп барып, қойқамалған қоршаудың есігін айқара ашты. Ашыққан қойлар өріскеқарай жапырлай ұмтылды. Түнгі салқынмен тойынған жылқыларқосқа өздері беттеп келеді. Түні бойы жын ойнағы болған Кішкенекол жағасы у-шудан шаршағандай тыншып қалыпты. Көл айдыны аспан төріне көтеріліп қалған күнге айнадай шағылыса жалтырап көз ұялтады. Дәулет үрейден біржолата арылып, оқтаулымылтығының шүріппесін ашып, басып-басып жіберді. Он алтыншы қос ауызды мылтық дауысы ұйқысы толық ашыла қоймаймүлгіген таң тыныштығын дүр еткізді. Айналамен бірге Дәулеттіңөзі де селк етті. Көл жағасындағы қамыстың қосқа жақындаушетінен екі қаз қаңқылдап ұша жөнелді. Қаңқылдаған қаз дауысымен қабаттаса кеше осы мылтыққа қызығып қалғаны, көргентүсі, бәрі-бәрі көз алдына келді. Дәулет кеше кешкісін құс атуғабармағанына қуанды. Оқ-дәрінің ауадағы қышқыл күкірт иісіненденесі тітіркенді. Жалғыз бұл мылтық емес, барлық қару атаулығаоның көзқарасы бірден өзгерді. Қолындағы мылтығын көлгеқұлаштап лақтырғанын өзі де байқамай қалды. Біртіндеп бойы сергіп, көңілі күнмен бірге көтеріле бастады. Айналайын туған жер, қасіретіңді ұрпағың көрмесе екен.

АНТ

Әлгі пәле, құбыжық арбаңдап тағы жақындап қалды. Жаналқымға тығылды. Пана болар, мына пәледен құтылатын бір саңлау,шынашақтай, тіпті титімдей мүмкіншілік болсашы. Аяғы жердісезер емес. Балтырының тартылғаны, табанының дуылдап, көкеттерінің ашығаны ғана білінеді. Салтанаттың шаршағаны сонша,есі кетіп айқайламақшы-ақ, бірақ, қорқыныштан ба, әлденеден екенібелгісіз, тілі байланғандай дауысының өзі де шықпады. Кеудесі сыздап, ашып барады. Төңірек ала көлеңке, ештеңе көрінер емес. Небіртіршіліктің нышаны, тым болмаса бір қарайған көрінсеші. Салтанат әжесінің жолда, айдалада адамдар адасып, әлденеден қорықсазиратқа бұрылуы керек, аруақтар қашан да тірілерге қамқор, панаболады дегені есіне келді. Зираттан жын-сайтандар қорқады дейтін. Өзі қайда жүр, неге елсіз айдала жаһанға шығып кетті? Негежалғыз?…

Жайшылықта зираттан қорқып, қасынан өткенде аяғынтезірек басып, ештеңе ойламауға тырысса, енді ол зиратты өзіалақтап көзін төңірекке жіберіп іздеуге айналды. Далада, қазақтыңдаласында елді мекен болмаса да, қыстаудың орны мен ескі зираттар болуы керек қой… Әлде, жо-жоқ… Қорқыныш біреу, қапысын тауып, жалғыз қалғанда ұстамақшыболып соңынан қалмай аңдып жүрген осы пәле, көлеңке-құбыжық.Салтанат біраз жылдан бері өзінің жан алғыш әзірейілдей көріп,қорқып қашып жүрген осы пәлені - албастының түрін де дұрыскөрген емес. Көрмейін демейді, көруге шамасы жоқ, әлгі пәлежақындағанда дәті шыдамай, өзін-өзі ұстай алмай, бойын үрейбилеп, еріксіз теріс айналып қаша жөнеледі. Содан артына қарайалмайды. Көлеңке-құбыжықта қанша соңынан қалмағанымен,әйтеуір қуып жете алмай келеді. Салтанат құбыжық жақындағанкезде бойындағы күшті, салмақты, түсініксіз тағы да бой тітіркендіретін ерекше бір қасиетті сезеді. Міне құбыжық алып-салып,жерді дүңкілдете тағы жақындады. Салтанат та жүгірісін үдетті. Ол болмысымен қайта-қайта осы құбыжыққа кезіккенде адасып,қалай жалғыз қалатынына жауап та іздеуде. Қайтадан қалыңтұманға ілікті. Бітпей кеткен неғылған тұман. Арттағы дүңкілкүшейе түсті. Құбыжық та шаршаған болуы керек, алқынып, сырылдай иығымен дем алғаны естілді. Жетті. Желкесі шымырлады.Қазір ұстайды. Айқара құшып, бас салып шайнайтын шығар. Салтанат жан ұшыра ышқынып шыңғырып жіберді. Дауыс тас жарардай ащы шықты. Не болғанын білмей қалды. Сүрініп етпетіненқұлады. Жер ми батпақ, майлы балшыққа тұншыға былш етті.Жалма-жан тұруға тырысып, аяқ-қолымен жер тірей жанталаса арпалысып еңбектеуге ұмтылды. Өне бойы от болып, жанып, қайтасуыды. Қысылғанынан бойынан суық тер бұрқ етті. Салтанат көзін ашып алды. Төңірек жап-жарық. Қайда жатыр. Әлгі құбыжық пәле қайда? Бәрі түс пе? Ендеше неге өкпесіалқынып, кеудесі ашиды. Ол сәл ойланып, жүрек тоқтатқан соң,өзіне-өзі келейін деді. Денесін, өне бойын анық сезінді. Өзі борша-боршасы шығып терлепті. Төсек орны да шылқыған. Салтанат әлгі оқиғаның түсінде болғанына қатты қуанды. Тіршіліктіңнегізі, күннің жарығы қандай тамаша еді. Жайшылықта басынатүспесе, кім ненің қадірін білген. Иығынан ауыр жүк түскендейболды. Ылғи бастырыла бергесін қорқып, етпетінен жатқандықтанбелі ауырып қалыпты. Белін қозғады. Қабырғаға қарап қозғалмайжатқан күйі ойланып кетті. Осы бір түс 27-ге келген Салтанаттытабаны жалпақ 7 жыл қинап келеді. Әр үлкен іс істелінерде түсқайталанады. Ең алғаш бұл түс Салтанат тұрмысқа шығар алдындакірген болатын. Міне, содан бері сызылған күй табақтағы инедейбір орында қайталана береді, қайталана береді… Түс көргеннен кейін жан дүниесі екі бөлінгендей, ең асылдүниесін жоғалтқаны үшін жаза алатындай болады да тұрады.Әлгіні іздегісі келеді, бірақ нені іздемек? Жолының болмайжүрген сәтсіздігінің себебін бе, жоқ әлде не? Шынында, Салтанат шаршады, жай үрейленбей, алдағы күндегі

сәтсіздіктіңбелгісіндей бұл түстен кейін әйтеуір бір жаманшылық боларысөзсіз. Сол қинайды. Тіпті содан кейін жай жүріп келе жатыпақжүрегі тоқтардай қысыла қалып, сосын соғысы жиілеп алып-ұша жөнеледі. Тынысы тарылып, жөтеліңкірегенде ғана жүрегі орнына келіп, денесіндегі құрсау босап, арқасы кеңиді. Бұл үрей, жәйқорқыныш қана емес, қанға сіңген, тамыры тереңнен басталатын,әбден байланған, оңайлықпен кете қоймайтын өзгеше жайт. Сыртты ғана емес, ішті де, жан дүниені бірдей арбап астан-кестен қылаалатын ерекше күш… Содан болар, Салтанат қанша ашық болып,бәрін сыртқа шығарса да, осы қорқынышты, қайталана беретінтүсін әлі тіс жарып сыртқа шығармай жүр. Өзінің сыры, жекебасының жұмбақ құпиясы бұл.Сырты бүтін, іші түтін… Салтанат үшін ең қиыны жан дүние жалғыздығы, сезімініңбұлдырлығы. Ортаңнан өз орныңды таба алмасаң басыңды тауғада, тасқа да ұрмайсың ба? Тіпті соңғы уақытта көп өмір сүріпқартайған адамдай шаршай береді. Мектепте жоғарғы сыныптаоқып жүргенде тезірек мектеп бітірсем, студент болсам дейтін.Отызға келсе, қалған өмірдің керегі жоқсияқтанатын. Жыл тұрсын,сабақтағы әр 45 минут, әр күн сағыздай созылып таусылмайтын.Тек қызықта шек болмайтын. Мектеп те бітірілді. Қиялмен ұядан да ұшты. Студент те болды. Есейді де, не істеймін десе де, еркіөзіне тиді. Бірақ ойлағанындай өмір оңай емес екен, армандарыбірден орындалмады. Міне, енді жылдар өте, бірақ күнде мардымсыз тіршіліктің кикіліне әбден тойып, көңілі ортайып, сағы сыныпшыға келді… Әйтсе де, жалғанның жалтырағанынан кім безген. Салтанат жалғыздықтан іші пысып, жалығып кеткенде бірен-саран таныстарымен оңаша кездесіп, көңілін көтермекші де болады. Кафе-барларға, түнгі клубтарға барып, серуен де құрады. Өзінен ештеңеаямауға тырысады. Онда да өзіндік бір принципке, әдеттің жүйесінесалынады. Қасындағы жігіті көңілінен шыға қоймаса, оның теккөзіне ғана қарауға тырысады. Көздер, көздер - олар ғана көп-көпнәрседен хабар етеді. Қиялымен алысқа самғауына әсерін тигізеді.Бұның бәрі алдамшы, әрі кетсе уақытша тән қызығы, еш жан рахатын әкелмейтінін де біледі… Ащының да, тұщының да дәмін татты.Бірақ, қазір есінде сол сәттерден ештеңе қалмады. Салмақ үстінесалмақ қосып, тәнді ғана емес, жанды да ауыртқаннан басқасы шамалы… Көңілге зорлық жүрер ме… Міне, тағы өткен күндеріне жеркене қарап, өмірінің сұрғылт,мәнсіз екеніне көзін әбден жеткізіп, шексіз өкпемен өкіне көз салды… Қашан таусылар екен бұл азап. Қателіксіз, алаңсыз, жаңадұрыс өмірді тазалап, ниетіңді түзесең қайта бастауға болады, өзөміріңе өзің иесің дейтіндері қайда. Адам не тапса да өз пиғылынантаппаушы ма еді? Иә, Салтанаттың дүниеде сенімсіз, үмітсіз және үлкен махаббатсыз дұрыс өмір сүрудің мүмкін еместігіне көзі әбден жетті.Бұларсыз іштегі әлдебір күш беретін тамырлар үзіле беретіндей,сезім жүректің айналасы өздігінен жансызданып, қаратасқа айналып бара жатқандай. Кезінде көз

тоқтататын сұлулық бүгін де суланып, сылдырлап ағып өтеді. Жан дүниедеуланғандай ештеңеніұнатпайды… Ұнатқандай болып жиырмасында алды-артына қарамайтұрмысқа да шықты. Жолы сонда алғаш болмады. Алданды…адасты. Өзін бақытсыз сезінді… Кейін қанша тәп-тәуір жігіттерғашық болып, алдынан өтсе де, өзі бақытсыз адам басқаға бақытәкеле алмайды деп тұрмысқа маңайламады. Шықпайын дегенжоқ. Жасқанды. Өзіне өзі сенбеді. Бір қайтқан көңіл жан дүниесінқалтыратып қорқыта береді, жүрекси береді. Иә, жалғыз өмір жолының қисығын түзету үшін тым болмасаұлы күшке, құдайыңа сыйыну керек екен. Ал Салтанатта ештеңегенақтылы сенім жоқ. Тек қаптаған, айналаны қоршаған күмән. Неістесе де, көңілі күпті. Тәні ғана жалғыз емес, ішкі дүниесі, сезімәлемі бәрі-бәрі қапаста қалғандай. Бастырылады, тынысы тарыла береді… Ауырлаған күйі жүреді де қояды. Кейде тіпті істегенқылмысына соттың дұрыс шешімі шыққан сияқты, сонымен өзііштей келісетіндей. Жазаның түрі де ерекше. Бәрі білінеді, аяғыңды басқан сайын ол жазаны тұла бойымен сезесің. Көрінер көзге ештеңе жоқ. Неден, қалай құтыларсың.Көңіл ауруының емі жоқ шығар… Осының бәріне себепші, әлсін-әлсін енді бір өзгеріс, жақсылық болайын деп жатқанда, ойдажоқта түскекіретін құбыжық-пәле… Ежелгі дүниедей қорқынышты түс. Неге сен менің соңымнанқалмай қойдың? Не қылмадың дейсің?… Салтанаттың дауысы қаттышығып кетті. Өз дауысынан өзі селт етті. Басын көтеріп алып жан-жағына қарады. Таң атқан, болме іші жарық. Жүзін кірбің тартып,қабағы қатыңқыраған күйі, "ә, солай екен ғой" деген кісіше басынсылқ түсірді. Шекесі солқылдай бастап, басы ауырласа да, өзімен-өзі болып, әлгі ойын әрі жалғастырды. Ойы шорқақ. Өмірі біржерде қайталанып тұрып алғанындай. Жалғасы бардай, бірақ әлдебір себеппен әрі қарай қозғала алмай тұрғандай. Бұл не? Шешімі қайда? Кім бұны істеп тұр? Қайтсе шешімі табылар? Жауабы жоқ,шешілмейтін жұмбақ болмайды дейтіндері қайда? Түсініксіз сәттер. Жұмбақты, жауапсыз өмір. Бойындағықорқынышын кетіру үшін, тіпті ешкімге басындағы оқиғаныңсебебін түсіндіріп айта алмай да жүр. Бойды билеген, ойды арбағансағым қорқыныш. Үрей мәңгілікке қалғандай, болғанды, көргендіжоя аларсың ба, одан қорғанудың да жолы жоқ сияқты. Бойдыбилеген үрей-сананы, ойды қамтып, тірліктіңсәнін пышыратуда.Қалай құтыларсың бұл пәледен… қалай? Қайғы мен жаманшылықтың түр-түрі қоршағандай. Амалсызкөніп, дәрменсіздік билеп, не өле алмай, не осыдан құтыла алмайиірімдегі қара судай айнала береді ме?… Пенде болып жалғанға келген соң, бір сәт тән ләззатын, жан рахатын іздемейсің бе? Армансыз адам қанатсыз құс сияқты. Адамның бәрі армандайды. Әйтеуірбірдеңені армандамайтын пенде болмайды. Біраз өмір сүрген соң,өткен уақытына көз тастап, соны арманымен салыстырады. Біреуерте, енді біреулер.бұны көктөбеге келгенде

саралайды. Бірақ ілуде біреуде болмаса, көбі өмірінің өзі армандағанындай болмағанынкөреді. Өмір әрдайым ұтылады. Арманның мәнді екеніне, оның өмірден әлдеқайда шарықтап биікте тұратынына көздері жетеді.Арманына жету үшін басына Бақыт құсының қонуы керектігінмойындайды. Салтанат сол жатқан күйі, ой ілегімен сәл езу тартты. Шынында кім бақытты болуды армандамайды? Адамдардыңбәрінің бақытты болғысы келеді. Адамдар қайда болса да, не істепжүрсе де армандарымен бірге болады екен-ау! Ес білгеннен бастап,өмірінің соңғы деміне дейін арманымен айырылыспайтын шығар.Салтанат өзінің ешқашан арманынан айырылысқысы келмейтініне көзі жетті… Бірақ, бірақ… Салтанат, міне, қаншама жыл сәтсіздіктіңшексіз шеңберінен шыға алмай жүр. Аз ғұмырында арманы біркөрніксіз тосқауылға әлсін-әлсін тірелуде. Әлде арманы көз жетпес сағым, қол жетпес жұлдыз, бұнікі тек орындалмайтын қиялғана ма? Мүмкін өмірі мен арманы әуел баста-ақ өзен арнасындайқақ айырылып, өз бетінше аққаны ма?… Кез келген адам бақыттыөмір сүргісі келсе, оның үш тірегі болуы шарт. Біріншісі - сезім,махаббат негізінде құрылған жанұя; екіншісі - туыстай болып кеткен дастарыңның болуы; үшіншісі - сүйікті жұмысың. Салтанатта қайсы бар?… Көңілінен шығатын дұрыс жұмысқа орналасудың да еш ретікелмей біраз жүрді. Жұмыссыз, ақшасыз жүруге көнікті. Екі-үшқұрбысымен ғана аратұра араласады. Оның өзі бұлтсыз емес.Сәтсіздіктен сүрінген кейбір шақтарында дос пен қастың арасынайыра да алмай қалады. Ал ағайынтуыстың қара мысығыныңмияуы көп… Жұмысқа орналасудан бар үмітін үзіп, тығырыққа тірелгенде,көптен күткен "Әсем" сән үйіне модельерлік қызметке алынатынболдың деп кеше кешкісін хабар келген. Қуанышында шек болмады, сенерін де, сенбесін де білмей қайта-қайта сұраған. Ендіміне, мына сұмдық түс тағы кірді. Тағы қандай сәтсіздік болар?Салтанаттың денесін суық қарып өткендей болды… Тірі денедегі өлі жан. Қажетсіз, қайырымсыз адам сүлдерікімге керек? Жаңа жол, жаңа мән, жаңа омірі бар, қайтадан басталатын өмір керек оған. Салтанат күрсінді. Жүрегінің соғысымен іштен шыққан демнің ыстық лебін сезді. Тынысы тарылуда.Үнсіздік туып, бөлме іші тынши қалды. Тек стол үстінде тұрғансағаттың жүрек сияқты соғылуы ғана естіледі. Түс есінен кетеремес. Қайтадан қойнына салқын жел кіргендей бойы тағы мұздайқалды. Салтанаттүстен арылу үшін ананы-мынаны ойлады. Ештеңе ойына мардытып келе қоймады. Тек балалық шағын есіне түсіргенкезде, ойына әжесі келді. Бірден әлдебір сенім жарығы жылт еткендей болып, бойы жылиын деді. Осы сән үйі қызметі маған не керекеді деген ойда келді. Әжесі, әжесі емес пе еді дәрігер болшы деген. Ал Салтанат анестезиолог дипломы бола тұра, мамандығы бойынша көп жұмыс істей алмады. Алғашқы жылы-ақ берген наркозданауру өліп, содан беті қайтып, мамандығы бойынша жұмыс істемеді.Көпке дейін өзіне-өзі келе алмай

жүрді. Кейін беделді комиссияСалтанаттың кінәсінің жоқтығын дәлелдегенімен оның жұмыстыжалғастыруға беті бармады. Дипломын сол салғаннан сандықтыңтүбінен алмады. Әжесінің де арманы толығымен орындалмады.Әттең… Салтанаттың ең жақсы көрген адамы осы әжесі болатын.Әжесі де Салтанат десе ішкен асын жерге қойып "қарғашым" деп көзінен таса қылмайтын. Әже тәрбиесімен көз ашқандықтан, әкесімен шешесін аға, жеңге деп те атады. Кейін әжесі қайтпас сапарғааттанған соң аға, жеңге деген сөзді көке-шешеге алмастырса дақылмыс жасағандай әлдебір түсініксіз көңіл-күй өздігінше әсерберіп, ыңғайсызданып жүрді. Көбіне жәй сөйлеп, көке-шешейдемеуге әдеттеніп барып жеңілдік табатын. Салтанат әжесі бардаешкімнен, ештеңеден қорықпады. Арқа сүйеді. Сенді. Үлкенді сыйлап өсті. Әжесі әкесі мен шешесіне де жанұяда, әулетте жақсылықболу үшін аруақ сыйлаңдар, ауылға барып тұрыңдар. Елден, кіндік қандарың тамған жерден байланыстарыңды үзбеңдер, аруақтарсонда ғана риза болады дейтін. Ал өзі жылына бір келетін Оразаныасыға тосып, құран бақшылауды алғашқылардың бірі болып аштыратын. Шынында Салтанаттың әжесі зілді, бірақ әділ, әңгімешіл,көпшіл болатын. Нағыз өткеннің көзі. Айтқан әңгімесі жәй естілмейді көз алдыңа сурет, бейне болып келіп, тіпті кейде санаңменсол оқиғалардың ішіне араласып кеткеніңді байқамай да қаласың.Кезінде бай ұрпағы ретінде Сибкрайға жер айдалып, барынан айырылып, бауыр жоғалтып қанша мехнат көрсе де сағы сынбай "өркемпір" атанған. Шалын жерлеген соң біраз жыл ешкімге көнбейауылда жалғыз тұрып, қаладағы ұлының қолына амалсыз келген. Сыры кетсе де, сыны кетпеген қара шаңырағынан, шалыныңбейітінен алыс кеткеніне қайғырып, оңашада "әттең, әттең" дейберетін. Салтанаттың әжесіне қала да, қаланың адамдары да ұнамайкетті. Кейде кейіп басын шайқап: "өй, өңшең жақсысы кетіп,шірігі қалған, тобырға, сөйлейтін малға айналғандар. Үрей менқорқыныш жүректеріне ұялағандар. Бірін-бірі білсе де білмегенсіп,сыйласуға жарамайды бұлар. Замана тәлкегіне өз еркімен түскендүмшелер, өздерін өзгеден артық көріп, бас-басына би болғандар.Өзгені құрттым, қираттым, мұқаттым деп жүріп, өзінің тамырына,ұрпағының болашағына балта ұрып жатқанын қайдан білсін. Қанысу болған адамда намыс қайдан болсын" деп отыратын… Бертінге дейін, жылда, қыстай ана-мынасын жиып, жазда елгежетуге асығатын. Сондағы қарайлайтыны Салтанаттың жазғы демалысы. Елдің шетіне жеткеннен-ақ желпініп бір жасап, жасарыпшыға келеді. Ауылдың үлкенін қасына ертіп алып, елсіз мекендердегі ескі зираттарға барып құран оқытады. Қыстаулардың орнынабарып тағзым етеді. Міндетті түрде Қояндыдағы үлкен Дию тасқасоғатын… Өтебай қажы басына баратын. Ол кісінің аруағын болысағамыз деп өте қадірлейтін… Әжесі адам Алланның сүйген құлы. Оған кісілерге ғанатән қасиеттер дәлел. Адамдар ғана аруақ сыйлай, артына өшпесүлгі-өнеге қалдыра алады. Тек адамдар ғана арам тер болады.Сондықтан адамға ғана Тәңірдің нұры

жауады. Не істелінсе де,жақсы да жаман да ерте ме, кеш пе алдыңнан шығады дейтін.Желтоқсан оқиғасы кезінде әкесінің біраз сергелдеңге түсіп, жанұяларынан маза кеткенде әжесі қатты әбіржіп, күндіз-түні көзілмей безектегені есінде. Сол бір күндері үлкенді-кішілі бәрі-бәріақырын сөйлеп, өздері отырса да үрейден айырыла алмай, қылмысжасағандай жалтақтап жүрді-ау. Қоғамымыздың кешегісінің ең ауыры, зұлымдылығы адамды жәй қорлау ғана емес, еріктіліктен, өз ой-пікіріңнен айыруекен ғой. Салтанат 1979 жылғы Ақмола-Ереймен көтерілісіне деәкесінің қатысқанын сонда білген. Әжесі қайтқаннан кейін ауылмен араласу сиреді. Жақын туыстар болмағандықтан кейін елдің жолы ұмытылды. Бөлме іші жарыққа толды. Салтанат қолын созып, қабырғадағы шамды астында салбырап тұрған жібінен тартып сөндірді.Ол көптен бері елегізіп, түсінен қорқып жатады. Түстен кейінгі күндері әлдебіреу қарап тұрғандай, бірдеңе қараңдап көзініңқиығы тұсынан өте шыққандай болады. Бөлмелердегі барлықшамды жағып жүргені былай, жатқанда да шамның жарығыменұйықтауды әдетке айналдырды. Онда да қанша шаршап әдейікеш жатса да, сәлден соң ұйқысы шайдай ашылып, ойы шымшытырықтанады. Ұйықтау үшін маңдайындағы үшінші көзінжобалай алақанымен жауып, ой түйсігімен қою қараңғылықтыелестетіп барып қалжырап ұйықтайды. Қорқыныштан біртіндеп арылайын деді. Түсі жылып, жүйкетамырлары, өне бойы босаңсып сала берді. Ол төсегінен тез тұрып,бірден балконның есігін айқара ашқанда, Алатаудың самал желібетіне есті. Ақ басты қарт Алатау таң тазалығынан қол созым жерде тұрғандай. Кешегі қапырықтан кейін таң жан тояттандырғандай.Таубасынан келген салқын самал қаланың тынысын кеңейтуде. Әнежер, мына жерден құстардың ән салған дауыстары естіліп, тылсымтыныштық дүние жайбарақаттылығы сезілуде. Алатау шыңындағыақша қар, тауқыртыстары, күнге өрлеген шыршалар көз тартады.Салтанаттың иығындағы, жан дүниесіндегі зілденген ауыр салмақ азаяйын деді. Аспанда бір шөкім де бұлт жоқ. Төңірек тап-таза.Салтанаттың көңіл толқысын төмендегі аялдамаға келіп сықырлаптоқтаған трамвай есігінің сарт-сұрт етіп ашылғаны бөлді. Ол еріксіз төмен қарады. Базарға беттеп заттарын сүйреткен сатушылардыкөрді. Трамвай тарсылдай орнынан қозғалды. Салтанат Алатаудан соққан жұпардай таза ауаны бар тынысымен бойына сіңіре жұтқан күйі көзін жұмып, ой-түйсігін бірнүктеге жинақтады. Нүктешені ойымен көз алдына әкелді. Сөйтті де бар ынтасы, ықыласымен әуелі әке-шешесіне, барлық бауыр-туыстарына денсаулық, жақсылық тіледі. Сәл тағы таза ауанысіміре жұтқан күйі айналаға, таныстарына, әлемдегі жаны тазабар адамдарға тыныштық, шыдамдылық тілеп, істеген істерінің табыстылығын қалады. Содан соң көзін сол жұмған бойы басын шалқайта аспанға қарап Космосқа, Тәңірге, ата-бабаларына, әжесіне ойымен

ризашылығын білдірді. Сөзі жетпесе де баржан-тәні, сезімімен құлшылдық етті. Еңкейіп, "уһ" деп бір сілкінді де, қайтадан бойын тік көтеріп, аспанға қараған күйі ойыменкөктің арғы жағындағы қара шексіздікке өз бойындағы қара күшті,ауырлықты, лас-кірдің бәрін соған бағыттады. Бойындағы баркүшімен денесіндегі жаман деген энергияны шексіз де, шетсіз қаракеңістікке жіберді. Біраз осылай тұрып-тұрып бойы жеңілдегенкезде, қолымен денесін жоғарыдан төмен сылып бойын тазартты.Сөйтті де көзін ашып, өз еркімен дене шынықтыру қимылдарынжасады. Бойына қан жүгіріп, денесі қызды. Ол аппақ қар басыпжатқан Алатау шыңына тағы қараған күйі кеудесін толтыра ауажұтты да, бөлмесіне кіріп, ваннаға беттеді. Душ қабылдап жатып, қабырғадағы үлкен айнадағы өзбейнесіне көзі түсті. Керіліп, су жуған арқасына, беліне мойнын бұрып қарады. Бойын тіктеп, өкшесін көтерді. Қырындапжоғарыдан төмен алдына көз тастап, қос алмасын кезектеп суғатосып, алақандарымен өне бойын сипай шайынды. Су шашқышты оң қолымен дәл төбесіне дәлдей сол қолымен ыстық судың бұрандасын кері бұрап, суды суытты. Суық су денесін мұздата,ширықтырды. Ол сүртінбей ванналық ақ, жылы халатты киіпзалға шығып, айналы стол қасындағы шаш кептіргішпен басынқұрғатуға кірісті. Тамаққа зауқы соқпады. Салтанат үшін бүгінгі күн шешуші сәт. Ол не жаңа өмірдіңбасы болуы керек те, немесе… жо-жоқ, басқаша болуы мүмкінемес. Оның ештеңе ойлағысы келмеді. Өзіндік бір өрлік пайда болақалып, Салтанат шапшаң қимылдап айналы столдың алдына отырды. Бұрын боянуды онша әдетке айналдырмаса да, қолына бояуларын алды. Жастау кезінде құрбықыздарына еліктеп кірпігінің түбінинелеткені бар, Содан жаңағы бояуы кеткенше қиналған. Салтанатқанша өрленгенімен, ұнжырғасы түскен айнадағы бейнесі мұңдыкөрінді. Бұрын сән беретін қыр мұрны, үлкен көздері, жұқа еріні,ақ құба жүзі бір түрлі солғын. Салтанат қайтадан ештеңе істегісікелмей еңкейіңкіреген күйі біраз отырды. Шекесі солқылдауға айналды. Ойламағанымен түс қорқынышы бойын қайта биледі. Бірақол қайтсе де өзін-өзі ұстауының ауадай қажет екенін біліп отыр. Мына түрімен жұмысқа баруға болмайды. Қайтпек. Есінеқытай маскаларының мәні жөнінде оқығаны келді. Дұрыс, орнымен әдемі жасалған макияж ішкі күйіңді, ебдегейсіздігіңді,мінезің мен әдетғұрпыңның кемшілігін жасырады. Ең бастысы – келбетіңді өзгерту арқылы сыр бермеу. Міне, бояу неге керек.Салтанат өне бойын бір жұдырыққа түйіп жиылды. Айнаға қайтақарады. Біртіндеп бойына қайрат бітейін деді. Ол іштей бетінебасқа түр беру арқылы жігерлілікпен бірге, жұмбақтау болыпкөрінгісі келді. Салтанат боянуды көзінен бастады. Көз ғой адамның ішкі сырын сыртқа шығарып, айтылмайтыныңды жеткізіп, көрсетпейтініңді ашатын. Мұңын жасырып, өрлеу көріну үшін, әуелі кірпігінбояп қатыңқыратты. Өзі қара көздің жанары оттана түсіп, кірпікпен бірге өткірленді. Ұштары жоғарылы-

төмен қайтарылғанұзын кірпіктер шағын пердешеге ұқсады. Көзінің айналасын бояумен жүріп өтіп, қиығының ұшын да жоғары қайырды. Жалпаққос қалың қасын бірдей қылып жіңішкертіп ұзартты. Ернінің айналасын помадамен әдемілеп жүріп өтіп, сосын қан қызыл түспенбояды. Ақ болса да, бетін сәл опалап бояну рәсімін аяқтады. Салтанат айнадағы өз бейнесіне тесіле қарады. Айнадағы түсі суық,мүлде басқа адам. Көңілі орнықты. Сәнденіп киініп, үйден шығабере қабырғадағы айнаға тағы бір қарады… Үйінен ұзай бере,әлгінде пәтерінен оң аяғымен аттап шыққан, шықпағанын ойлапесіне түсіре алмады. "Әсем" сән үйі Алматы қаласындағы бұрыннан келе жатқансұлулық орталығы. Бұнда жұмыс істеудің өзі абырой. Салтанат: "жұмыс қалай болар екен, міндеті қандай? - деп жүрексикелді. Күтпеген жерден әне-міне дегенше болған жоқ: "қазір іскекірісесің, адам жетпей жатыр, не істейтініңді бөлім меңгерушісітүсіндіреді", - деп сән үйі директоры қысқа сөйлесті. Салтанатбөлім меңгерушісінен не істеу керек екенін білді. Бәрі оңай, жәйнәрсе сияқты. "Мерекелік көрмені ашу рәсіміне қатысып, ресмиқонақтарға қайшы беріп, лента қиғызу, ана-мынаны әкелу, солғана", - депбөлім меңгерушісі үлкен аққайшыныұстата салды. Салтанат аң-таң. Жұмысқа кіріспей жатып, қолына бірінші қайшыныңтигенінен жүрегіне секем алды. Ал ең қиыны өзіне лайық ұлттықкиім таңдау болды. Қойма меңгерушісі самсаған сәукеле, қамзол-көйлек арасынан бойына лайығын іздеп, көп безектеді. Жалпысән үйінде қызмет істейтін қыздардың әрқайсысына жеке киімтігіледі екен. Ал Салтанатқа қазір жұмысқа бару керек. Қоймашыәйел арасында "Сенің де өз киімдерің болады әлі", - деп қояды.Киім таңдалды-ау ақыры. Ұзын бойына ұлттық өрнекті қыпшабел көйлек, қаптырмалы қамзол құйып қойғандай жарасты. Бөріккигенде бойы тіпті биіктеп кетті. Үлкен мекеменің маңы ығы-жығы халық. Нұсқаушы жігіт,қадірлі қонақтар келді, "мына жерде тұр" деп, кіре берістегі лента тартылған тұсқа қойып, күміс ботынасқа салынған бағанағыжұмыста бергеннен де үлкен қайшыны қолына ұстатып кетті деқалды. Не боларын білмеген Салтанат бағанағы батылдығы кетіп,қысылайын деді. Жан-жағына дұрыстап қарап еді, үлкен есікке дейін төселген қалың, оюлы кілемге көзі түсті. Көшедегі шутынши қалып, баспалдақпен көтеріліп келе жатқан адамдардыңдауыстары естілді. Әлгі нұсқаушысының жол көрсетуімен біртоп адам сау етті. Лентаның қасына келіп тоқтаған көпшілік тынши қалды. Салтанат ортадағы екі-үш еңселі кісінің қайсысынақайшысын берерін білмей тұр. Ботынас ұстаған қолы талайын деді.Езу тартқан болып, безектеген нұсқаушыға жыпылықтай қарады.Бір сәтте не болса о болсын деген кісіше ортаға қарай бір-екі адымбасып, ботынасын ұсынды. Үшеудің екеуі сіз тұрғанда деп шегіншектегені Салтанатты батылдандырды. Қадірлі қонақ лентаны қиябастағанда, жәй тұрған кісілер жапырлап алға ұмтылды. Салтанатшеттеп қалды. Лента қиылды, жұрт дабырлап қол шапалақтап

жатыр. Салтанат болса қадірлі қонақтың қолындағы үлкен қайшынықалай аларын білмей тұрып қалды. Кенет кілем төселген беттегіүлкен есік айқара ашылғанда, анталап фотоаппарат, видеокамераұстаған адамдар суретке түсіре бастады. Біреу "ана қайшыны негеалмайсыңдар?" дегенде ғана, Салтанат өз кінәсін сезгендей алдында тұрған кісілерді итермелей барып, қайшыны алды-ау, әйтеуір.Қаумалаған жұрт айқарыла ашылған есікке жапырлай ұмтылғандасүрініп қалып, ботынасы бір жаққа, қайшысы бір жаққа ұшты.Іштей мұндай жұмысы құрысын деді. Бұрылып еді анадайда басын шайқап зымиян жымиып тұрған өзінің нұсқаушысын көрді.Күлкісі жарамсыз, қуарған бас сүйектің ақсиғанындай. Денесітітіркенді. Сәтсіздіктің басталғанын түсінді. Айқарыла ашылғанүлкен есіктің арғы жағы кішігірім концерттік зал екен, мекеменіңашылу рәсіміне арналған концерт басталды. Салтанатқа әртістергеберілетін гүлді сахнаға жеткізу, сосын құрметті қонақтарға сыйлықтапсыруға көмектесу жүктелді. Концерт соңына қарай сахнаға белгілі композитор-әнші шықты. Жұрт қол шапалақтап, құрметтеп жатыр. Салтанат та қуанып қалды. Бұл әншіні теледидардан көргеніболмаса, былай кездеспеген. Өзі толықтау болғасын ба, сахнадасолай көрінді ме, бойы өте аласа көрінді. Әнші рояльда өзі ойнап, белгілі әнін орындады. Жұрт бағанағыдан бетер қошемет көрсетті.Жігіт пен қыз үлкен корзинамен гүлді сахна қасына әкелгенде,Салтанат сахнаға көтеріліп, гүлді корзинасымен рояльдің үстінеапарып қойды да, төмен түсті. Әнші көрермендердің қошеметіне бас изеп рахметін білдірді де, қайта отырып келесі әнді шырқауғакөшті. Салтанат ту сыртынан біреулердің "гүлді басынан жоғарыбылай қойғаны несі, жаман ырым ғой" деп шамданған сөздерінестіді. Салтанат өзінің тағы қателескенін енді көрді. Рояльүстіндегі корзинадағы гүл еңкейіп ойнай ән айтқан өзі кішкентай әртістің дәл төбесінде тұрғандай. Салтанаттың денесін суыққарып өтті… Концерт бітер бітпестен, ұлттық киімін шала-пұла,асыға ауыстырып, жұмысына бармай, үйіне бір-ақ тартты. Бұданасқан сәтсіздік, масқаралық болар ма?… Ол ештеңеге зауқы соқпайкиімшең күйі жатып қалды. Салтанат телефонның ұзақ шырылынан оянды. Бөлме ішіқараңғы. Шам жаққан күйі телефон құлақшасын алғаны сол еді,арғы жақтан боғауызы аралас, долданған әйелдің ышқыныштыбалағаты естілді. Салтанат қапелімде ештеңені ұқпай, соңынан барып түсінді. Ышқынып, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып тұрғанбағанағы әншінің әйелі екен. – Оңбаған қаншық, күйеуімнің басына гүл қойып, өлсін дедіңбе? Әлде абыройы түсіп, басынан бақ кетсін деп әдейі істедің бе?Жаманшылықтарың өз бастарыңа, отағасымның өнерін қызғаныпкөре алмай осыны саған істетіп отырған ана алаяқтар ғой. Салтанат бұдан әрі тыңдай алмай телефон құлақшасын тастай салды.Шекесі солқылдап, жүрегі айныған күйі лоқси, тізерлей отыра кетті. Көзі қарауытып, құлағы шулап басы айнала берді.

Арада күндер өтті. Салтанат "Әсем"сән үйіне алған киімдерінапарып берген күйі жұмысқа бармады. Атақты әнші меніңқателігімнің салдарынан шынымен өліп қалмасыншы деп, іштейбір жеті тәңіріне жалбарынып соның тілеуін тіледі. Салтанат соңғы оқиғадан кейін бақыт тұрсын - ойын-күлкі,тоқтық дегеннің бәрін бір сәт санасынан сылып тастауға тырысты.Сенделіп жалғыз Алматының көшесінде ара-тұра жүргені болмаса, ешқайда шықпады, ешкіммен араласпады. Ал көшеге шықсақаз бауыр қалқыған Алатау бұлттары зілденіп, бойын шөктіре,нысын басады. Күндіз ұйқы басқандай болады, жатса ұйқысықашып, ойы пышырайды. Ертеңгісін ауырған адамдай шаршап,әлсіреп тұрады. Өздігінен тынысы тарылып, жүрегі әлсінәлсінқаға береді. Тамырлары тартылардай денесі құрыстайды. Жатса да, тұрса да мазасы кетіп, тұншыға берді. Қазір жүрегі тоқтайқалатын сияқты. Арасында денесі жіпсіп тоңса, енді бірде әл жиналмай дел-салданып мәңгіреді де қалады. Жолыңның қайта-қайтаболмауы қандай қиын. Еңсең ғана басылмайды, берекең кетедіекен ғой. Өзіңнің ішкі сеніміңнен де айырыласың, болашаққа деген үмітің де үзіледі… Салтанат түңілді. Ешнәрсеге қызықпады. Ойы ойын түртіп,өзінің сүйіп оқитын кітаптарын ақтаруға кірісті. Дүниедегі еңүлкен қорқынышты ол өмір деп қорытты. Өйткені өлім – өмірдіңнәтижесі. Оған адамды ауыртатын да, қайғы болып басатын да,шаршатып өлтіретін де өмір сияқты көрінді. Салтанат күйінді. Тым болмаса, алданатын, сол үшін өмірсүретін, өмірінің жалғасы - нәрестесінің болмағанына қиналды.Ал адамды бақытты да, бақытсыз да қылатын махаббат. Сезімсізқалай үй құрарсың? Қайткенде де біреуді жаныңдай жақсы көріп, соны ойлап,арманыңның биігінде, қиялыңның ұшында сүйген адамыңның бейнесі болғаны қандай бақыт… Дүниенің тәттілігін, қымбатын тексезімде екенін білуді Ұлы күш өзінің сүйікті құлына ғана беретіншығар. Қол жетпейтін асылың алдыңда елес беріп сағымданғанныңда құпия сыры болар… Бір-біріне жалғасқан сәтсіздіктер мінезінің өзгеруіне, іс-әрекет, жүрістұрысына да әсерін тигізе бастады. Қозғалмай, үнсізұзақ бір орында отырып қалады. Өз ойымен өзі. Ішіндегі ренжісіжүзінен білініп, көз жанары солып, сөлі кетеді, бастырыла береді.Жалғыз алданышы - қатты қойып музыка тыңдау. Салтанат кешке қарай көшеге шықты. Салтанат тротуар бойлап жүріп келе жатқан күйі шекесініңшымырлап сызықшаланғанын сезді. Өзіне-өзі келе денесі селтете тоқтай қалды. Бетін ыстық жас жуыпты. Жүрегі, жан дүниесі,сезімі ғана емес, жанары да әлдебір өкінішке өздігінен ерік беріпкеледі екен… Ол кілт бұрылып тротуардан шығып, ағаш арасынабұрылды. Әріректе отыруға арнайы істелген орындықтардың шеткісіне жете сылқетіп отыра кетті. Бойына ие бола алсашы. Дауысынқатты шығармағанымен ақтарылып, таусыла жылады… Есін әлденкейін жиды. Төңірегіне дұрыстап көз салды. Бетін сүртіп, шашынтүзетті. Денесі дел-сал болса да, жеңілдепті. Бағанағы ессіз

жүріс,бастырылу жоқ. Жәй шекесі солқылдағаны болмаса, өзіне-өзі келгендей. Бағанағыдай әлсіреп буындары да босамады. Қайтадантөңіректі бағдарлап автобус аялдамасына беттеді. Алматы кешіәдетімен көше бойы орналасқан түрлі ашық дәмханаларға халықтыкүндізгіден гөрі көп жинай бастапты. Жақындау орналасқан ашықдәмханадан әдемі музыка ырғағы келіп тұр. Салтанат дәмханағабұрылды. Қарнының ашқанын енді сезді. Бойы сергиін деді.Төңірекке көз салды. Салтанат отырған күйі арқасымен тауданетекке түскен салқын желді сезді. Дым денесі желдің суық өтін,өз денесінің де суықтығын білдірді. Оған дым денесінің мұздауы,суықтың ішінен ішкі жан дүниесінен сыртқа шығып, бар денесінежайылып, жоғарылап жүрегіне, мойнына шапшып бара жатқандайкөрінді.Самайының тамырлары да суықтан шымырлайын деді. Официант қыз кофе әкелді, Салтанат ойынан арылып, өзіне-өзі толығымен келуі үшін ыстықтығына қарамай кофені бірдемде әлсін-әлсін қатты жұтты. Ештеңе өзгерер емес. Сол ой басып ауырлаған қалпы. Өң мен түс арасын дұрыстап байымдау,арасындағы шекараны айыру қиынға соғуда. Бұл салмақ жәйқиыншылық емес, көңіл кірі, жан дүние ауырлығы еді. Күні бойықапырықтан тығылған қала халқы салқын кешпен көше бойлапқыдыруда, бой жазып серуендеуге кірісті. Салтанат отырып-отырып үйіне бет алды. Салтанат тротуармен келе жатып, аспанға қарап ағаштардыңарасынан жымыңдаған жұлдыздарды көрді. Сол баяғы көңілдіасқақтатып, әуеге қалқытатын Алматы түні… Бірақ Салтанат мүлде мұңды көрінді. Бұның бәріне үлкен қаракөздері кінәлі еді. Адамдардың көңіл кірбіңі, ренжісі көздеріндетұратын әдеті емес пе. Ол қашан өзін-өзі ұстап, сыртқа уайымсызболып көрінейін десе де, көз жанары басқа дейді… Салтанат жүріпкеле жатқан бойы, шамы жарқыраған дүкеншілікке жәй бұрыласалды. Түрлі ұсақ-түйек мені ал, мені ал деп самсап тұр. Ол ананы-мынаны қарап, шығуға бұрыла бергенде, көзі қуыршақ әжегетүсіп кетті. Ағаштан ойып жасалған қуыршақ апа езу тартқанкүйі өзіне қарап тұрғандай. Салтанат қуыршақ әжеге қараған күйіқатты да қалды. Қуыршақтың кимешегі, қаптырмалы қамзолытура апасыныкіндей. Көзін алмаған күйі, сатушыға тілі байланғанадамдай сұқ саусағымен қуыршақ әжені әперіңіз деп ишарат жасады. Көптен іздегенін енді тапқан адамдай көңілі толқып қуаныпкетті. Үйіне қалай жеткенін де байқамай қалды. Қуыршақтытөрдегі столдың көрнікті жеріне отырғызып қойды. Тура ұршықиіріп отырған өзінің әжесі. Түрі де ұқсайды. Тек бетінде әжім жоқ,жасаңдау. Әйтпесе отырысы, маңдайының қыртысы, езу тартуыбәрі әжесінікі. Әжесінің қойнына жатып, не болса соны сұрапұйқы бермейтіні есіне түсті. Ақырын қуыршақты қайта-қайта сипады. Көңілі босады. Көздері тұманданды… Өздігінен маужырап,денесі босады. Көзі ілінді.

Салтанат өзін-өзі көрді. Бәрі ап-анық көңіл көтеретін ашықтықбар. Ұсақтүйек, тіпті бір қарағанда көріне қоймайтын үйдің арғыбетіндегі заттарды көрді. Кенет оның көзі сыдырылған аяғыныңеттеріне түсті. Тобығы, тізе сүйектері жалбырап ұсағанға ұқсайды.Ерсілі-қарсылы жүрді. Аяғының ауырғанын сезер емес. Сонда да мына көріністен шошып, үнсіз қалды. Жүрегі қатты соғыпүрейленді. Денесіне суық кіріп, өне бойын қорқыныш билей бастады. Ерніөздігінен қозғалып, санасындақалғанбіссіміләсін, алласынқайталай берді. Сүрлеу жол көрінді. Әжесі қасына келді, өзі өкпеліекен. Әлденеге бұрқылдап қояды. Салтанатты әжесі жетелеп, жаңаүйге кірді. Төрде, бұрын көрмесе де әжесіне жақындығы бар, ақсақалы белуарына түскен сәлделі емші отыр. Екі иығында екі құсыбар, олар таныс адамның белгісін көрсетеді. Құс адамдар. Беттерікісі, денелері құс. Жүздерінде не жылылықтың, не суықтықтыңреңі жоқ. Әжесімен сәлделі емші Салтанаттың тізе сүйегінен ісікті сылып алды. Қастарынан садақшы жігіттер жүгіріп өтті. ӘжесіСалтанаттың аяғын таза жылы сумен жуды да қалтасынан көп-ақ күміс алып берді. Сөйтті де қасындағы біреулерге мына қонақүйдің шамын жағыңдар деді. Шам жағылған жер үлкен күмбездішаңыраққа айналды. Салтанаттың бірден денесі жеңілдеп,иығынан бес батпан жүк түскендей болды. Салтанат тағы жалғызқалды. Ол енді әжесін іздеп безектеуге айналды. Үйдің қасындағысүрлеу жолға түсті. Әжесінің аруағына қайта-қайта сиына бастады. Жүрегі қатты соғып, үрейленуге айналды. Адамның өзіменөзісөйлескенде, іштей өте жай шын жүректен сөйлемей ме? Салтанатта іштей солай тіленді… Салтанатқа әлдебіреудің дауысы қатты естіліп шошып оянды.Ешкім жоқ, жалғыз өзі. Теледидар көріп отырып көзі ілініп кетіпті. Қабырғадағы сағатқа қарап еді, көп ұйықтаған сияқтанғаныменон-он бес минуттай ғана көзі ілініпті. Түс есіне келді. Ойы да бойымен бірге быт-шыт. Көзі қуыршаққа түсті. Кенет көңілі өздігіненалып ұшты. Көптен бері түсіне кірмей жүрген әжесін көргенінеқуанды. Өмір жолында өзгешелік болатынына дәмеленді. Бірақ,неге әжесі тез кетіп, өзі жалғыз жол үстінде қалды. Көңілі тағыалайдүлейленді. Ойын телефон қоңырауы бұзды. Салтанаттыңкөптен көрмеген құрбысы Гүлнәз екен. Баласының қасында бірерсағат отыруын сұрап телефон шалыпты. Келесі күні құрбысыныңбір сағат дегені жарты күнге созылып, бала жылап Салтанаттыңзықысы шықты. Ақыры уату үшін не істерін білмей сәбигекеудесін тосты. Емшегін сорғызған Салтанаттың денесіне қыдықкелуімен бірге, бойын әлдебір ерекше жылу, тамырларын бойлайтөбесіне дейін шымырлатты. Ерекше сезім бойын биледі. Әлдебіртаныс иіс сезілді. Жас сәбидің уыз тазалығы мен дүниесініңсұлулығы білінді. Нәрестенің ерні тиген сайын біртіндеп қыдықкетіп, денесі балқыды. Ақырын естіліп тұрған музыка ырғағынаәлдилегенде сәби көзін ашып-жұмып, маужырай ұйқыға кетті. Езутартып күлгендей болды… Салтанат ерекше күйге түсті.

Жүрегіашыңқырап, сыздағандай сыр берді… Құрбысы ақыр заманды тудырып келді-ау, әйтеуір. Салтанат бала жылады деп қабақ шытпады. Шәй үстінде сөзден-сөз шығып, олар балгер әйелге баратынболып келісті. Балгер кемпіргеертесіментаңатпай бару керек екен. Алдын ала келісіп, баратын күнін белгіледі. Түкпірдегі ала көлеңке бөлмеде,бір-бірлеп қабылдап, кофе арқылы өткен-кеткенді біліп, негізіненкөз тиюден, бас айналдырудан емдейді екен. Кезек Салтанатқа дакелді. Толық, шойын қара, ұлты кім екені белгісіз, жапалақ көздікемпірде балгерліктен гөрі ауыл әжесіне көп ұқсастығы байқалады.Жылы жүзінде жұмсақтық, тазалықтың белгісі айқын із салып,жай қарағанның өзінде баурап, құшағын тосқандай болды. Балгеркофе құйылған ыдысын айналдыра ақырын қозғаған күйі өзі деырғалып, ақырын ыңылдап қояды. Біраздан соң ауырлаған адамдай басын көтермеуге айналды. Бір кезде: Қызым, өзің сөйлеші,маған болмай тұр" - деді. Салтанат қапелімде түсінбей, сәлденкейін өздігінен сөйлеп кетті. Әуелі жолының болмай, не істесе деісі алға баспай жүргенін, тұрмыс құру қызығының қысқалығын, алең бастысы, жаманшылық болар алдында қорқынышты бір түстіңқайталана беретінін айтты. Ағыл-тегіл шешіліп ұзақ сөйлеп-сөйлеп отырып, қалай балгердің алдына етпетінен жата кетіп, жылап жібергенін байқамай қалды. Балгер бір қолында кофесі, екіншіқолымен Салтанаттың желкесін, шашын сылай сипады. Салтанатбар денесімен кемпірдің алақанының жылылығын сезді. Буындары босап, денесі қызды. Басын көтеріп, "кешіріңіз" деп орнынаотырғасын да қорқыныш жөнінде айта берді. Балгер қорқа беремдеп тағы айтқанда, үлкен көздерімен сұқтана қарай: "Қорыққандұрыс. Адамның бойынан қорқыныш сезімі жоғалса - ол адамдыққасиетінен де біржолата айрылады. Тек бойыңды, ақыл-есіңдіүрейге бойлатпасаң болғаны" деді. Сөйтті де қайтадан кофесінеқараған күйі, "сенің барлық энергия алатын жолдарың жабылған.Не болғанын білмеймін, мүмкін дуаланған шығарсың, жолыңныңболмай жүргені содан. Тағы кел, мен әдейі дайындалып емдейін, бірақ көп нәрсе түсініксіз" деді. Салтанатқа кетерінде бұрыштағыабдырадан уыстап адыраспан әперді де "мынамен үйіңе барған соңбарлық жерді аластап шық, шамаң келсе таза жүр" деді. Салтанат сыртқа шыққанда күн күркіреді. Ол бірінші рет халық еміне,балгердің күшіне сенді. Салтанат үй-ішін, киім кешектеріне дейін адыраспенменаластап, келесі күні балгерге тағы келді. Бүгін кофемен бірге, алдына адыраспанға тағы бір шөптерді қоса араласырып бықсытажағып қойыпты. Қолында сыбызғы сияқты ұзын ағаш трубкасыбар. Салтанатқа анда-санда көзін салып қойып, кофесі бар ыдысынұзақ қозғады. Өзі қара терге түсті. Әлдене деп күбірлейді келіп,трубкасын үрлеп түтінді будақтатып, басын соған изей құлшылықжасағандай болады. Салтанат үрейленуге айналды. Кемпір бұныелер емес. Бір кезде тоқтады-ау. Анаша тартқан адамдай көз жанары күміскіленіп, есеңгіреген түрі ештеңе болатын емес дегендей басын шайқады. Салтанат қатты қорқуға айналды. Балгер солотырған күйі кофе

құйылған ыдысын тағы қозғап, "шыға тұр, менқазір" деп қолымен есік жақты сілтеді. Салтанат кіре беріс бөлмегешыққанда, өз кезектерін күтіп тұрған кісілердің көптігіне таңқалды. Бәрі қарап қалыпты. Қайда барарын білмей босағаға жақынжерге барып мелшиіп бұл да тұрды. Кісілердің бірі тұр, бірі отыр.Көбі әйелдер мен қыздар. Бөлмедегі тыныштық шекенің дыңылынестітеді. Салтанат балгерде өзінің ұзақ болғанын енді байқады.Өйткені терезеден даланың жарығы айқын көрініп тұр. Біраз уақыттан соң шашы жалбырап, шаршаған күйі балгерәйел бөлмесінен шықты, ірі денесін ауырлағандай аяғын зорға басады. Отырғандар орындарынан ду көтерілді. Балгер жұрттың бәрінесүзіліп қарап алды да "кешіріңіздер, мен шаршап қалдым, ренжімейкетіп, ертең келіңіздер" деді. Кісілер үн-түнсіз ақырын жыпсыпшыға бастады. Салтанат не істерін білмей орнында мелшиіп тұреді, балгер басын изеп жақында дегендей ишарат білдірді. Салтанат қорқақтай, дірілдеңкіреген күйі жақындады. Балгер қырындаптерезеге қараған бойы "қызым мен қолымнан келгеннің бәріністедім. Өмір ағысы мен өлім айналымы қатарласа қабысып бір-біріне жалғаса иірімге айналыпты. Айналаң қалың қара шеңберменқоршалып қалыпты. Сен тұзаққа түскен құс сияқтысың. Жалпы кезкелген адам үш нәрседен күш алады. Біріншісі - ол аспан, екіншісіЖер-Ана, таза ауа да, ал үшіншісі - ата-баба аруағы, кие. Әлгіқара шеңбер құрсақ таза күштердің келуіне, жинақталуына кедергіжасауда. Менің күшім құрсауды бұзып, жолыңды ашуға жетпеді. Еркезегі үшке дейін, енді бір талпынысым бар, ол - болса болды, болмаса бұл менің шамамнан жоғары" деді. Сөйтті де көзін бажырайтқанкүйі мойныңды бұршы деп Салтанаттың желкесіне қарап, "жаскезіңде шашың ұзын болған ғой, қашан кесіп едің?" деп сұрады. – Тұрмысқа шығар алдында кескем. Оның менің жолым болмауына не қатысы бар? – Кез келген адамның құты болады. Ол біреудің қолында,біреудің денесіндегі меңінде, тағысын тағы. Ал сенің берекеңмүмкін шашыңда болған шығар. Шашыңды шорт кесумен бірге, бағыңды да кескен шығарсың. Ә-ә, білмеймін ойлан, сосынкелерсің. Кемпір тыжырыңқырай, емге шамасы келмегенінешамданғандай, қабағы қатып түнере қалды… Төмен қараған күйібасын көтермеді. Кет деген нышан білдірді. Салтанат есіктеншығып бара жатып, ту сыртынан сұқтанған суық көзді сезді… Біріне-бірі жалғасқан сәтсіздіктер, балгер кемпірдің сөздеріСалтанатқа шаншудай қалды. Мешітке барды, ата-баба аруағынадасиынды. Ешқайда симай, шыбын жанынқоярға жер таппады.Қайда барса да тынысы тарылып, тұншығып қысыла берді. Үңіліңкіреп қараған адамға Салтанаттың үлкен қаракөздерінен жан сырының түбінде өзі әлі шешімін таппаған үлкенқұпияны көруге болар еді. Салтанат үйіне келіп оңаша қалғансәттерде әдеттегіден де көбірек өз өмірінің сәтсіздігіне дегенөкпесі қайта оянады. Мазасызданады. Көңіліне келген әр түрлі жаман, қорқынышты ойлардан құтыла алмай аунақшиды.

Бұрын сәл нәрсеге бойы сергіп, өзі де, айналасындағылар дабір-бірлерімен тез-ақ ұқсастық, ортақ тіл табысып жүре беретін.Сол күш, сол бір жігер бүгінде таусылғандай, күштің бұлақ көзіқұрғап, кеуіп қалғандай. Қалай сырттай құлпырып, боянып,сәнденіп жайнағанымен іштей бәрі солуда. Күлкің жүректеншығып, жаның жадырамаса ондай күлкі күлкі емес… Өкініштің беті ашылғанда өмірдің мәнсіздігі айқындалады.Бұл өткен күн өкініші ғана емес, өмір өкініші, теріс айналу…Амалсыз кері кету. Өмір сәтсіздігінен, кедергінің күштілігінен,тағдыр тығырыққа тіреледі. Салтанат өткеннің сәтсіздіктерін артта қалдырғысы, ұмытқысы келеді-ақ… "Әлі бір талпынысың бар келерсің" деген балгер сөзікөкейінде тұрса да, онда баруға жүрексінді. Әлденеден күпсініп,қорқып беттемеді… Салтанат күйінді, үйіне де симауға айналды.Бір мезгіл серпілейінші деп шақырған құрбысының туған күнінебарды. Кеште өзін еркін ұстауға тырысты. Күлді, көңілденгенболды. Бойы жеңілдеген сияқтанды. Екі-үш жігіт шығарып салмақниет те білдірді. Ол сарылып мұңға батқан жарық түнде жалғызқайтты… Жол бойындағы қараңғылық та жанды жегендей ауыркөрінді… Туған күнде сәл тынышталған жан дүние үйінің қасынакелгенде қайта алай-дүлейленді. Қайтадан ішкі дүниені астан-кестен қылған ой дауылы жүрегін лүпілдетіп, көз жасын іріктейіндеді. Жүрегі шымырлап, шарқ ұрды. Көзіне жас жетпеді. Бағанағыішкен шампан кекірікпен сыртқа шықты. Салтанат айналадан да,өзінен де жеркенді… Іште жылан жүретіні қандай жаман. Мүмкінамалсыздықтан да шығар. Бірақ бәрібір ерте ме, кеш пе ішіңде тісіуытты жылан бар екенін білесің ғой… Өкініш сол… Салтанат жүріп-жүріп, балгер кемпірге тағы келді. Үн-түнсізотырып, мөлтілдеген қара көзін қадап, тек жалынғандай қарады.Ұзақ отырды. Балгер бұл жолы өткендегіден бетер қалжырапештеңе айта алмады. Салтанаттың мүлдем ұнжырғасы түсіп,берекесі кетті. Қатты жүдеп, суалған түрі сағының бастырылғанынбілдірді. Балгер кемпір, өзің көрдің ғой дегендей қолын жайды.Сәл үнсіздіктен кейін "бұл жұмбақты енді тек өзің шеше аласың"деп Салтанатқа бежірейе қарады. Өзінің жолын айтайын ба, айтпайын ба деген қалың ойға салынғаны да бар. Бұрын көріп жүргенқорқынышты түс тағы кіргенде шошып қашпай, әлгі құбыжықтыңбетіне тура қарауға тырыс. Шешімін бір тапсаң сонда табасың,әйтпесе, бұл қоршаудан шыға алмайсың. Ол сенің жолыңа бөгетбола береді. Маған енді келмей-ақ қоюуыңа болады" деді. Салтанат мең-зең күйі сыртқа шықты. Балгер кемпірдің өзіне қадалыптұрып, үлкен мағына беріп айтқан ақырғы сөзі көкейінде тұрдыда қойды. Сәтсіздіктің от болған шарпылына көпке дейін күйіп, күйініпжүрді. Күнделіктің шыжығы мен быжығы, қайғы-ренжісі араласып, уайымның ақ көбігі, өмір айдыны жағалауына екпіндете толассыз соға берді.Салтанаттың күндері бір-біріне жалғасыпкүн ыстықта Алатаудан аққан қар суындай зымырап өтіп жатты.

Салтанат түс сырын, оны балгердің жори, көмектесеалмағанын тіс жарып ешкімге айтпады. Біраздан бері оның жанындұрыс түсінер адам да аз еді. Әркімнің өз тірлігі өзінде, әжесініңқыздың жолы қиын дейтіні енді түсінікті болды. Тоссаң келерме, қорқынышты түс кірмей Салтанат біраз жүрді. Бірінші реттүс ойламаған жерден кіргенде баяғы әдетімен қорқып ештеңегеқарайламай қашты. Тағы бірде Салтанат не болсаң ол болшы,шаршадым ғой деп кілт бұрылғанда үлкен адамға ұқсас қара тасты көрді. Құбыжық көлеңке құйынға айналып гүрілдеп итеріптұншығыңқыраған Салтанатты көтеріп ала жөнелді. Төңірек қапқараңғы бола қалды. Үлкен трубаның ішінде ағып келе жатқандай.Астанкестен жылдамдықтың қаттылығы сондай, қорқып таүлгермеді. Салтанат тұншыққан қалпы құйын бәсеңдегенде көзінашып алып, өзін бала кезінде көрді. Қасында 6-7-лер шамасындағыбала бар, тастардың арасында үй ойнап жүр. Күн шаңқай түс.Әріректе он шақты үйі бар шағын ауыл. Таныды. Өзі жас кезіндебаратын әжесінің ауылы, Ерейментаудың Қоянды қойтасы. Тыныштықты тек қалықтап ән салған бозторғайдың дауысығана бұзады. Айнала шашылған үлкенді-кішілі қойтастар. Анадайда түрегеп тұрған адамға ұқсас киелі Дию тас көрінеді. "Жасталды ат қылып мініп алып, бала біраз жерге шапқылап келіпжылқыларды жусатып келдім" - деді. Ойындары қыза түсті. Салтанат көйлегінің астынан ішіне доп қыстырып, олай-бұлай шертиіп жүрді. Бір кезде допты қос қолдап беріп қалып, аттырып,жіберіп, "ұл таптым, ұл таптым саған Батыр" деп, баланың мойнына асыла кетті. Балалардың іс-әрекеттерін жәй әншейінгі еліктеу,қарапайым ойын деп айту кімге болса да, өте қиын еді… Балалар мәз. Күлкілері тап-таза, сыңғырлап, балалық шақтыңбалғын бақытын көрсетеді. Үнсіздік туды. Олар бұрынан келіскендеріндей қол ұстасып, үлкен Дию қара тасқа беттеді. Дию қаратас бұлар жақындаған сайын биіктей берді. Бұл киелі Дию қаратас еді… Қия тастың етегіне келгенде, Салтанат пен Батыр тізерлей қол ұстасқан күйі отырды. Екеуі бала болса да, үлкендерше:"Киелі Дию тас, біз мәңгі бірге болғымыз келеді, соған сені куәқылып, ант етеміз" деді. Дауыстары бірге шықты. Не қорқыныш,не жасқану, я болмаса балалықтың нышанын білдірер бір қимыл болсайшы. Жалғыз Дию тас емес, төңіректегі табиғаттың да куә болғысыкелгендей, құлаққа ұрғандай тынши қалды… Келесі күні Салтанатты ата-аналары машинамен қалаға әкетті. Дию тастың үстінешыққан Батыр машина көрінбей кеткенше, Салтанаты кеткен жолдан көзін алмай ұзақ жылады… Салтанат көзін ашса - өз үйі. Денесін сезер емес. Бойыжеп-жеңіл. Иығындағы ауыр жүк түскендей, көңіл түбіндегіқабыршықтанған өкпе-наз, басқа да кірбіңдерден тазарғандай. ОлБатырдың бейнесін көз алдына елестетуге тырысты. Бірақ, қаншаесіне түсірейін десе де, еш бейне көз алдына келмеді. Олай ойланды, былай ойланды. Ауылға баратыны, әжесінің

өрмек тоқып, құртқайнататыны, ескі қоралардың орны, үлкен баз, жылқылар ғанаесінде. Көз алдына екі айғырдың төбелескені келді. Денесі қаттытоңғандай тітіркеніп кетті. Қуанғаны сонша, дұрыс жуынбай-ақ, баяғы балгер кемпіріне жетуге асықты. Көңілі күнмен біргежарқырады. Сыртқа шықты. Алматы құлпырып тұр екен. Жұртқакүлімдеп қарады. Өтіп бара жатқан көшедегі кісілерден әлдебірұқсастық, жылылық іздеді. Екіекіден қол ұстастырып жолданөткізіп бара жатқан бала бақша бүлдіршіндеріне қызыға қарап,біраз соңынан жүріп қызықтады. Таныс музыка әуені көкейінекеліп, сол мелодия ырғағымен қалықтап, балгер кемпірдің үйінеқалай жеткенін байқамай да қалды. Балгер Салтанаттың түріненжақсылықтың нышанын көрісімен езу тарта қарсы алды. Салтанаттүсін айтты. Балгер ойланып қалды. Түсі суып, қабағы қата берді.Басын төмен түсіріп, қабағының астымен сүзе қараған күйі "анабаламен хабарың бар ма, ол қайда, тірі ме екен?" деді. Салтанатсасқалақтап білмеймін деуге ғана шамасы жетті. Көтеріңкі көңілсу себілгендей басылды. Қорқайын деді. Тағы да сәтсіздік пе?Жылап жібермеу үшін тістенді. Ішінен жоғары көтеріліп өңешінекеліп кептелген әлдебір аяныш, өкпе аралас ренжіске қосылды.Тізесінен басталған діріл өне бойын билеуге айналды. Жандыжеген өлі тыныштық. Балгер кофесін тағы ыдысымен айналдыра беріп "о жарадың" деді де, Салтанатқа күле қарады. Салтанатжылап жіберді. Ыстық жас моншақтап бетін жуды. Алып ұшқанқуаныштан жүрегі жарылардай болды. Балгер кемпір "сабыр,сабыр" дегендей қолын көтеріп, енді жолыңболады деп бастапсөйлеп кетті: – Дүниеге келгенде жолы бір адамдар болады. Олар бірбүтіннің екі жартысы сияқты. Олар ерте ме, кеш пе бірін-бірі тауып қауышқанда ғана, алға қойған мақсаттарына абыроймен жетіп,бақытты бола алады. Адамның мойнында қан, борыш, ант бұзуболмауы керек. Бұлардың жазасы ауыр. Балгер кемпір Салтанатқаенді тура қарап "сезіміңді жоғалтпасаң ерте ме, кеш пе, дегеніңежетесің. Сезімің кірлесе, берекең кетеді. Дүниедегі кешірілмейтін, ұмытылмайтын өкініштің негізі - сезімге байланысты. Ештенкеш жақсы. Біз асыққанмен жасаған асықпайды. Жолың болсынбалам" деді. Салтанат өзгерді. Көңілі орнығып, қызығы көбейді. Көптенбармағанөзінің сүйікті жерлері Медеу, Көктөбеге әлденеше барды. Алатау бөктеріне орналасқан сүйікті қаласы Алматыға ешқаланы теңестірмейді. Басқа жерге бара қалса, Алматысына жеткенше асығады. Сәнді зәулім үйлер, шілдеде тау басының мұзыеріп, арықты бойлап сарқырайтын суық суы, енді пісе бастағанапорттың иісі, жүз жылдап жасаған биік ағаштар, енді ерекшеәсер етіп көңілін толқытты. Көтеріңкі жүрді. Көңіл күйін әлдебіркірбің басса музыка тыңдайды. Музыка шынында космостың,мәңгіліктің дүниесі шығар. Ақырын қойылған музыканы тыңдап,қиялымен алысқа ұшқан күйі кей күндері үйден мүлде шықпайтында болды. Салтанатқа өз көңіл толғанысына тек музыка ғана сайкелетін сияқты. Сөзсіз-ақ қаншама дүниені

тек музыка ғана айтаалады екен. Құрбыларынан, туыстарынан табылмаған үндестікосы музыкадан ғана табылды. Музыка ырғағы көңілді өзімен бірге зулатып аспан кеңістігін шарлата алады. Бірде жоғары көтеріп, бірде кілт төменге түсіріп әсемдіктің ерекше бір түрімен араластыратындай. Өткеніңнің бәрін ұмытқызып, бойыңды барлық кіршалаңнан тазартатындай… Салтанат бірақ кейбірде түстің сырының ашылғанынақарамай, ертеңіне күмәндене де қарайды. Осыған дейін жәйқорқыныш, өмір сәтсіздігі делінсе, енді күндіз-түні ойына солжұмбақтың үлкен жалғасы, арғы жағының барлығы, түсініксізжайлар мазалай бастады. Бұрын онша дінге сене қоймайтын адам,Ұлы күшке, құдіретке сыйынып, содан қорқайын деді. Яғни жазу,ғұмыр, тағдыр дегенің шынымен маңдайға іңгәләп туғанда жазылатын болғаны да… Алматыға сарғайып, ырысы мол алтын күз де келді. Күндізжылы болғанымен, түн салқындады. Салтанат Батыр жөніндетолық білді. Әлі күнге дейін үйленбегеніне таң қалды… Жаңалығыішіне сыймай құрбысына айтып еді. Ол әуелі хабарлас, біл неңкетеді деп бастап, соңынан отызға келгенше үйленбеген жігіттерден сақтанған жөн деді. Салтанат ойында ештеңе жоқ, біреулерібар дейсің бе, мен де күйеуде болдым ғой деп күлкіге айналдырыпеді. Құрбысы түсін өзгертіп, мезгілімен үйленбеген еркек кейін дежаман әдетін қоймайды. Мен біреуінің барлығын айтпаймын, сақажігіттердің ауруы болады. – Ол не ауру тағы? – Білмесең біліп қой, өзімен-өзі айналысатын еркектер. Оларне жастықты құшып, не әйелдердің шұлығын иіскеп қажетінқандыратындар. Салтанат не дерін білмей шошып, тілі байланғандай мелшиіпқалды. Құрбысы қатырдым ба дегендей қарқылдап күлді. Салтанат та күлді. – Қайдағы, жайдағыны айтасың. – Кеш үйленген еркектерге сенім жоқ, байқа дегенім ғой. Құрбылардың әңгімесі басқа жаққа ауды. Салтанат Батыржөнінде құрбысына айтқанына іштей қатты өкінді. Күндер зулап өтіп жатты. Салтанат енді әрдайымБатырды ойлайтын болды. Не істеп жүр? Немен айналысады, жүріс-тұрысы, мінезі, киім киісі, күлкісі қандай? Ойы сан-саққа кетіп,талай жорамалдар көз алдына келеді. Мүмкін ыстық кофе ішу,Салтанатқа ұнайтын заттар оған да ұнайтын шығар. Адамның есінетек көрген, білгені ғана емес, білмейтін, белгісіз көп нәрселердіңкелетіні қызық. Кей түндері жатқан төсегі екі есе кеңейіп, қасындабіреу жатқандай да сезіледі. Ұйқылы-ояу еріксіз қол созады. Оянакеле беті қызарып, денесі оттана қалады. Бірден бойы жеңілдеп,айқайлап тұрып өлең айтқысы келіп кетеді… Адамның мүлдеөзгермеуі мүмкін емес. Тек болмай жүрген соқпақ жаман жолытаусылып, ақ жолы басталсаболғаны екен ғой…

Салтанат Батырдыңкәсіпқой суретші екенінде білді. Астанағатартып кетуге талай оқталды. Бірақ жеме-жемге келгенде кібіртіктеп, жасқана берді. Күйген ауыз, суықты да үрлеп ішердің керіболды. Жаздың сәні болған зәулім ағаштарды жапырақтарынан айырып сарғайып күз де өтті. Алматы бір-ақ күнде Алатаумен біргеақша қардан көрпесін жамылды. Салтанат Астанаға поездбен бармақшы болып, жолға дайындалды. Кетер алдында түс көрді. Қасында өте жақын адам бар.Қалың көкорай шалғынды ашық алаңда жүріп келеді екен. Кенетнайзағай ойнап, күн күркіреді. Бұлт көшіп, күн шығыста бірбұлт алтын-сұр баған болып ерекшеленді. Аспан әр түрлі түскебөленді. Олар қол ұстасқан бойы жүгіріп үлкен жартастағы үңгіргетығылды. Жауын суы сел болып жайылып келеді. Су мөпмөлдір.Салтанаттар тұрған жартас үңгіріне су көтерілмеді. Көңілдерікөтеріңкі, еш реніш жоқ… Салтанат поезына асыға басып келе жатыр еді, сәлқызыңқыраған жігіт жолын кос-көстей берді. Таңырқайбұрылмастан кете беріп, ту сыртынан әлгі жігіттің қарап тұрғанынсезді. Вагонына міне бере езуі тартылып, жымиды. Жолсерікаңыраңдап қалды… Поезд түні бойы жүрді. Арқаның ұзақ түнді қысының желігуілдеп соғып, ақ бораны ойнап тұр. Қиян даланы қалың қарбасқан. Тек вагон ішінің жылылығы қараңғы түннің жан шошытатын қаһарлы суығын сездірер емес. Салтанат мұзбен оюланғантерезеден сыртқа ұзақ қарады. Ойы астанкестен… ПоездАстанаға таңертең келді. Вокзал басы ығы-жығы халық. Жұрттыңқимылдары шапшаң, жүрістері тез. Өздеріне үлкен істі үмітпенбастап, мақсаттарына жететініне деген сенімділіктері қуат беріптұрғандай. Астана Салтанаттың 1997 жылы болып кеткеніндей емес,мүлде басқа қала. Вокзалдан шыққаннан бастап, жаңа орталыққажақындаған сайын қала құлпырып жұмбақ сарайға айнала бастады. Кешегі күңгірт, солғын түсті ғимараттар ашық, жарқынкелбет алып, өзгеріске түскен. Вокзал маңындағы екі қабаттыескі хрущевка үйлердің өзі жөндеуден өтіп, серпіліп жаңа өмірбастағандай. Жаңа ғимараттар алыстан мен мұндалап көз тартады. Ежелгі мәдениеттің көне көзіне негізделген жаңа қала, өзіндікархитектуралық сұлулығымен аспанға шапшиды. Ескі мен жаңақатарласа қалып, бәс тіге жарысқа түскендей. Бұрынғы шеткеріжатқан шағын қала, елдің әсем бас қаласына айналған. Салтанаткүні бұрын хабарласып келіскен туыстарының үйіне дейін таксижалдады. Бір кезде жүргізуші айтқан көшеңіздегі үйіңіз мынаудеді. Бет әлпетінде айтпағанымен жол ақыны қалай төлер екендеген такси жүргізушілеріне тән белгі бар. Салтанат өзінің талайкелген туысының үйін танымады да "осы ма, қалай өзгеріп кеткен" деді. Жүргізуші бәрін өзгертіп, жаңартып жатырмыз ғой деп,өзі істегендей иығын көтере, қомдана қалды.

Салтанат жүргізушімен есеп айырысып, екі қобдишасынұстаған күйі сыртқа шықты. Шым-шым аяз бетін өпті. Төңірекаппақ, ақша қар көз шағылыстырады. Ол қарды екі-үш адымсықырлата басып барып, төңірекке көз салды. Бәрі бөтен. Сұрайкеле үй сол болып шықты. Орналасты. Туыстары жақсы қарсыалды. Салтанат біраздан соң жайғасып болып, балконға шықты.Жетінші қабаттан төңірек алақандағыдай анық көрінеді екен.Есіл жағасы мүлде көркейген. Арғы беттегі этнопарк, саясиқұрбандарына қойылған белгі ерекшеленіп көз тартады. Өзенжағасында жаңа жыл құрметіне мұздан қалашық салыныпты. Балабіткен сонда, жан қара құрт. Ол мұз қаладан әлемнің жеті ғажабынтаныды. Мерекелі, берекелі мейрамға дайындалған қаланың жанталасы, жүйткіген машиналардың көптігі Астананың ерекшеқалаға айналғандығын сездіріп тұр. Салтанат қаланы қызықтауға қыдыра шықты. Есілдерті, Батыр болса да, ол жүрек тоқтатып өзіне-өзі келгісі келді. Батырдыңкөшесін ғана емес, орталықтағы жаңа "Титаник" деп аталатынқызыл үйде тұратынын да біліп алған. Сонда да бірден баруға батылы жетпеді. Жаяу жүріп, қаланы тамашалады. Орталықалаңдағыескерткіштер ансамбліне, айбарлы Барыс бейнесіне қызыға қарады.Өзара сөйлесіп: "Бүгінде Астана тарихы дегеніміз тәуелсіздіктің,жаңалықтың бет көрінісі, Ұлы дала, Сарыарқа шежіресі, мыңдағанжылдық халқымыздың тарихы" деп әңгімелескен үлкен екі кісініңсөздеріне іштей қосылды. Еңсесі биіктеп сала берді. Еріксіз аспанға қарады. Кеудесін қуаныш кернеп, мақтаныш пайда болды… Кешкі Астана күндізгіден де басқа. Қаланың жаңа жылдықарсы алуға дайындалып көркемделмеген ғимараты, мейрамханасыжоқ. Көшедегі ағаштарға дейін жанып-сөнген май шамдардыжамылып, жарқырап тұр. Аллеяда келе жатсаң, аяқ астындағы қарсықырына жел үрлеген май шамдардың саз ырғағы қосылады. Салтанат таңды көз ілмей атырды. Жүрексіне Батырдыңүйіне беттеді. Пәтерді бірден тапса да біразға дейін қоңыраудысоғуға батылы жетпеді. Есікті ұзын бойлы, ат жақты, ұзын қоюқара шашты аққұба жігіт ашты. Жұмыс істеп жатқан болуы керек,бояу-бояу алжапқыш іліп алыпты. "Мен Салтанатпын, Алматыдан келіп едім," - деді де, Батырдың таныдым дегендей езутарта, жылы қарсы алғанын көріп тұрып қалды. Үнсіздік туды.Олардың жанарлары түйісті. Бәрі түсінікті болды… Салтанаттыңбүкіл өмірінің мәні осы бір көзқарастан жадырап шыға келді…Бәрі ұмытылды, жаны мен тәні бір ырғақпен айырылып қайтақосылған тау бұлағының көзіндей араласып екпіндей жөнелді.Суынған жүрек ысыды. Арпалысты, тулады. Қанша жыл қапастаотырып, кең дүниеге шыққандай көкірегі ашылып, бойы сергиберді. Көзі қуаныштан тұманданайын деді. Денесін от шарпыды.Салтанат Батырдың бетіне тура қарады… Қанша уақыт қайталап,дайындаған сөздерін айта алмады…

Маңдайын, шашын көзімен сүзіп, жас кездерін есіне түсіре,сол уақытпен салыстыра берді. Неге өйтіп тұрғанын өзі сезбеді ме,көзін алмады. Батыр да қарағанда жанарлары қайта түйісіп, оларкөздерін бірден тайдырып әкетті. Сезімнің сүзіліп, иірілген сәті…Бұл тазалығы мен жеңілдігі бірдей бұрын кездеспеген сәт. Ештеңесезінер емес. Мүлдем жұп-жұмсақ, шексіз, терең бейтаныс жағдай.Уақыт өлшемі ауысып кеткендей… Салтанат Батырдың бетін өте жақын көрді. Көзініңайналасындағы ұсақ сызықша әжімнен сағыныш хатыныңсөздерін оқығандай, әлдебір реніштің белгілерін, өкпенің қатқаніздерін көргендей болды. Үнсіздік көбейген сайын Салтанатқысыла берді. Бойындағы өрлігі, қиындыққа қарсы төзгіштігібәрі-бәрі бір жаққа кеткендей, жалаңаш тұрғандай бойы тозаңсиберді. Қолдарында көзге көрінер-көрінбес діріл тұрды. Батырда ұстамдылық көрсеткенімен үзілген үміті жауыннан кейінгікүннің көзіндей жарқ еткендей болып, іштей қатты қобалжуда еді.Суретші болғандықтан ба, оның түрінен, ішкі толғаныс білінеремес. Бірақ бетінде шаршағандықың белгісі мен мұндалап тұр.Мүмкін бұл көп жылдарғы сағыныштан туған, талай күдік пендәрменсіздіктен іштен шыққан мұңның белгісі де шығар… Салтанатқа Батыр көпті көрген үлкен кісідей көрінді.Түріндегі салмақтылықтың астарынан білімділік, байып, рухтынкүші айқын сезінеді. Сөзін тастамайтын, айтқан жерінен табылуәдетке айналғаны білінеді. Батыр арбаланғандай тұрып-тұрып,"жоғары шық" деп өзі шегіншектей берді. Салтанат бөлме ішіне көз салды. Пәтер толған рамалыүлкенді-кіші суреттер. Еденде бояудың қалбырынан аяқ алыпжүрер жер жоқ. Суреттерге мұқият қараған бойы, Батырға бұрыла"сюжеттерің негізінен шал-кемпір мен жас балалар екен" деді. Әріқарай сөзін жалғастыра беріп, Батырдың өзінен көзін алмай тұрғанын көріп үндемей қалды. Батыр қызараңдап "ішкі дүниесі менсыртқы кейпі алалықсыз, бояусыз шынайы бейне - жас сәбилер мен қарттарда ғана болады. Бірі әлі былғанбаған, таза, соңғыларыбасынан өткенін жасырғылары келсе де түрлері, көздері айтыпжасыра алмайды". Сөйдеді де "сен жайғаса бер, мен дүкенге барып келейін" деп алжапқышын шеше бастады. Сыртқы киімінкиіп, сабырлы қалпы, бәрі дұрыс, ештен кеш жақсы дегендейжылы езу тартып, маңғаздана басып сыртқа беттеді. Салтанат тонын шешіп, орындыққа бүктей тастай сала қайтадан суреттерді дұрыстап қарауға кірісті. Батыр пәтерін шеберханаға айналдырыпты. Төсегі, кейбір киім-кешегі, кішкене столдағы ыдыс-аяғыосыны айқындайды. Суреттер түгелімен дерлік жас балалармен қариялардың портреті, солардың әр түрлі іс-қимылы, жүріс-тұрыстары. Бояудың көпшілігі негізінен көкшіл түс. Ақшыл-көк кейіп сәлбұлыңғырланып жұмбақтылықты, шексіздікті меңзейді. Қарағансайын бояу бет-пердесінің арғы жағы бардай, соған шақыратындайсезінді. Бара қалса міндетті түрде іздегені табылатындай… Салтанат әр суретке жақындап үңіле қарады. Кенет оның денесінен тоқөткендей дыз етті. Мына көздер, көздер… Салтанат қалшылдап кетті. Жүрегі алас ұрып, не істегенін

өзі де сезбей, суреттерді біріне-бірін салыстырып, жанталаса қайта-қайта қарады. Балалардыңкейпіндегі суреттердің бәрінен Салтанат жас кезіндегі өзін көрді…Көңіл-күйі, сезімі біртіндеп қобалжыған жүрегімен бірге тән рахатынан басталып, жан рахатына, ессіздікке жетеледі. Жақынырақтұрған бір портретті қолына алған бойы бауырына қысты. Бетіныстық жас парлап жуа бастады.

АЙДАРЛЫ

Міне, ауылға да келдім. Әй, қозғалмай жатып ұйықтармын-аудеген тілек өздігінен орындалмай қалды. Сағыныш тұнған жүрегімтуған жердің бар қасиетін сезініп, шілденің қысқа түнімен біргеұйқыны да қашырды. Ауылдың тыныштығының өзі жүрегіңдіелжіретіп, тыным бермей аласұрып, үйге де сыйғызбайды. Күн шығысымен-ақ шілде шыжғырыла бастады. Иә, шілдеауыл адамдарының сәл тыныстайтын кезі. Жұрт күннің қызуынангөрі аңызақ ыстық желдің өтінен қорқады. Бірақ, күн қаншақапырықтанса да сағыныш сезімі төңірекпен бірге жарқырап,еңсеңді көтеріп еркін сездіреді. Бұрынғыдай емес, жоқ-жұтаң тартса да,елдің қадір қасиеті бұзыла қоймапты. Ағайынды былай қойғанда,көршілердің өзі қыстан қалған қызылын әлі де қылдай бөліседіекен. Әйтсе де, ауылдың сағыздай созылған жайбарақат тірлігіішіңді пыстырады. Анау-мынау ауланың тірлігіне араласайындесең, не істеудің ретін білмей қиналасың. Ауылда тумағандай, неболса соны сұрай беру тағы ұят. Есік алдындағы көлеңкеде отыр едім, әкей мен шешейдіңбауырындағы інімнің баласы су, су деп жүгіріп келді. Қапелімдетүсінбей, суды өзі ішкісі келіп тұр екен деп ұқтым. Қолын қоражаққа сілтей береді. Өзі сары бала, күнге күйіп шикілене қызарған,Шекесінен шыпшыған тер де жылтырайды. Ошақ қасында жүргеншешей "андағы тауықтардың суы таусылды деп тұр" деді. Меншешейге таңырқай қарадым… Бала безектеп қораға қайта кіріпкетті. Іле ашық қалған есіктен аспанды биіктете түскісі келгендей, кеудесін көтере қайқиған күйі үлкен қызыл қораз шығакелді. Мен шешейге тағы жалт қарадым… Әуелі денемнен тоқөткендей болып, бірден бала күнімдегі қуанатынындай, жүрегімалып ұшты. Небір ықылым заман өтсе де көмескіленбей, уақытаралығын жоғалтып, көз алдыма балалық шағымның ерекше біркүндері келе кетті. Онда да қазіргідей жадыраған жаз еді. Күнұзақ қанша ойнасаң да бір шаршасаңшы. Қарның да ашпайды. Текжатарда тізелеріңдегі қотырдың беті ашып аздап ауырсынасың.Ал кешкісін әжелеріміздің шапанын жамылып көшеге шығамыз.Үлкендер жиылып, өліараның қою қараңғысына дейін гөй-гөй әңгіме соғады. Біз 1213-тердегі балалар соны тыңдаймыз.Жылылығы көп қайталанбас бақытты

сәттер… Үлкендер үйлерінеаяңдағанда, біз әңгімені өзімізше жалғастырамыз. Әңгімеміздіңкөбі қорқынышты болып келеді. Естігеніміз бен оқығанымызғақиялымыздағыны қосып та жібереміз. Аспандағы жұлдыздар дажымың қағып, әңгімемізді естігісі келгендей, жамырап төмендейтүседі. Содан ауыл түн қараңғылығының құшағына тұншыққанда ғана бір-ақ тарқаймыз. Бойды үрей билеп, үйлерімізге зорғажетеміз. Әңгімелеріміздегі жын-перілер ұстап алатындай боладыда тұрады. Әсіресе ескі үйлердің қасы, қораның қараңғылығы жаман. Әйтеуір үйдің есігі ілгегі ілінбей ашық тұрады, сол жақсы… Ауласы бір болғанымен, екі жанұяға арналып салынғанкөшедегі ең үлкен үй біздікі. Мен тұңғыш немере ретінде атам менәжемнің қолында тұрдым. Аздап еркелігім де бар. Ал қора маңы,шалы бар барлық үйлердегідей көз қуантардай мұнтаздай таза.Атам намысқой, мінезі шапшаң, қызық кісі еді. Тыным таппай жаз жанталасып малға шөп шапса, қыста дамылсыз атжал қылыпаққала соғумен болатын. Көңілденгенде шоқша сақалын әлсін-әлсін сипалай отырып, көзі күлімдей ұзақ әңгімеге кететін. Өзі қатты ырымшыл да еді. Тіпті үйдегі бар малға ен салып,ат қоятын. Қорамыздағы тентек қызыл қоразды да Айдарлы депатаған. Айдарлы десе дегендей бойын тіп-тік ұстап, көзінен жалыноты шаша, тиісуге қара таппай қақиып жүретін де қоятын. Бірақ,қанша бұзықтың бұзығы болса да, бөтендерге ғана тиіседі. Негеекенін қайдам, әсіресе қызыл киген көрші қызкеліншектерге өшеді. Бүріп, үйге кіргізбей, естерін шығаратын. Қораз шынында даауламыздың сәні болатын. Атам Айдарлыны ерекше қастерлеп,құс болса да мақтан тұтатын, қорамның иесі дейтін. Маған оларда, көзге көрінбегенімен айқын сезілетін ұқсастық байқалатын.Ал әжем мекиендерге көп көңіл бөледі. Солардың жұмыртқасынжиып, күн ара сырлы шелекті толтырып базарға тартады. Ауылдың бас қосып көңіл сейілтетін, жаңалық еститінжерлерінің бірі - осы орталық базар. Ештеңеге зәру болмаса да, жұрт жексенбіні тосып, базарды аралап қайтпаса көңілікөншімейді. Сауданың өзінде де пайдақұмарлықтан гөрі көңілназы басым. Қазір қарап тұрсам жаманшылықтан жұрт тонын алақашады. Базар үлкендерге замандарын да шарлатқызып, іштеріндегі шерлерін де тәуір-ақ тарқатқызады екен. Тойға, базарға кім бармайды, қу бас та домаламай ма? Бізде барып қаламыз. Бірақ жалтақтауымыз көп. Қорқатынымызбақырауық базарком мен милиционер Қалеке. Екеуі де бізді көрсе жындары бардай айқайлайды. Темекі тартасыңдар депқалталарымызды ақтарып, шашымыз өсіп кетсе қайшымен жолсалады. Амалсыз шаштаразға барып шашымызды тақырлатып алдырамыз. Жүргенің сосын көрінгеннен мәйту жеп. Қалеке жолғаақ жіп керіп машина тоқтатып жүргенімізде, талай ұстап алыпқұлағымызды да бұрады… Балалардың бәріне старшина Қалекеден күшті ешкім жоқсияқты. Керек десең бізге ол генералдарға да бағынбайтынтәрізденетін. Әсіресе тоқтай

қалмасаң атамын деп кобурасына қолсалып айқайлайтынын айтсаңшы. Зәреміз зәр түбіне кетеді. Ата-аналары да балаларына тіл алмаса, "ендеше старшина Қалекенішақырамыз" деп жатады. Бәріміз де іштей Қалекеңдей милиционерболуды армандайтынбыз… Бірде, жай күн болса да әжем базарғажиналды. Жұмыртқа толы шелектің шетінен мен де ұстадым.Базарға жақындай бере Қалекеңнің қалпағы алыстан көріне қалды.Мен шелекті тастай сала корші сарайдың тасасына қалай жасырына қалғанымды өзім де байқамадым. Қалеке шіреніп тұр екен.Әжем "жүгірмек-ау, қайда кеттің" деп жатыр. Базарда шемішке сатқан жалғыз әйелден басқа ешкім жоқ. Қалеке әжеме қарап"кімді жоғалттыңыз, бәйбіше?" деді. – Бауырымдағы немерем сені көрді де, қаша жөнелгені, - деді әжем. Қап, әттеген-ай, шпион ұстап әкіленген Қалекеңнің алдағанына сеніп, әжем шынын айтады енді. Мен жөнінде ештеңе айтпаса екен. Қысылайын дедім, бірінші рет жай тұрып, футболойнағандағыдай демігіп, кеудем аши бастады. Әжемнің саудагер ретінде ұсталғаны сөзсіз. Қалеке енді шемішке сатушы әйелдің қасына барып әлдене деді. Сол-ақ екен, әйелстаканын үймелетіп шемішке ұсынды. Бұл деген милицияға параберу ғой. Мен қозғалмай тасада қарап тұрмын. Қалеке айналағақарады. Сөйтті де, оң қолымен ақырын кобурасының аузын ашабастады. Міне, тарихи сәт. Бұны көргендер де бар, көрмегенде бар. Бірден атар ма екен, жоқ, әуелу аспанға ататын шығар.Алқынғаным сонша, деміккен дауысым анық естіледі. Жүректіңдүрсілі сағат сияқты сырт-сырт етеді. Кеңсірігім де ұстара тигендей ашыды. Бетім дуылдап, құлағым күмбірледі… Кенет өз көзімеөзім сенбей қалдым. Көзімді ашып, қайта жұмдым. Қалеке наганалып шыққанның орнына әлгі әйел ұсынған стакандағы шемішкені кобураға қопара салды. Кобураның бос болғаны ғой…Мен төбемнен біреу қойып қалғандай болдым. Жаман нәрсешайнағандай аузымның дәмі бұзылып, жүрегім айни лоқси бастадым. Мазам кетіп, басым айнала берді, аяқ басқан сайын шекемсолқылдап, үйге зорға жеттім… Көрген оқиғамды ешкімге тіс жарып айтпадым да, милиционер де болғым келмей қалды… Күндер зулап өтіп жатты. Біздің үйде күтпеген өзгеріс болды.Мекиендердің жұмыртқасы күрт азайғаны. Қапелімде әжем қорағаұры келіп жүр деп аңдыды. Одан ештеңе шықпаған соң, атжалман жеді ме, жоқ жылан келді ме деп ой әр саққа кетті. Соңғыекеуі мүлдем көрмеген нәрсеміз. Жылан деген соң қора жаққа барудан қалдық… Шынында, қаңқылдап шулай беретін мекиендержаманшылық көргендей жым-жырт. Аңдыған алмай қоймайды.Ақыры жұмыртқаның жоқтығының беті ашылды. Сөйтсек,ауламыздың иесі Айдарлы мекиендердің алдындағы міндетіндұрыс атқармай жүр екен. Айналып келгенде, әжем үйреншіктікәсібінен, сәл-пәл тиын-тебенінен айырылды. Қораға ұсақ тасараластырып шыны да, шелектеп күл де төктік. Бәрібір ештеңешықпады. Біреуді біреуге телмірткен қу тіршілік-ай! Жайшылықтакең пейіл, ақ көңіл,

қолы ашық аңқылдаған әжемнің бұлқан-талқанкейігенін сонда алғаш көрдім. Тек Айдарлы ештеңе болмағандайжалғыз ақ сұр мекиеннің қасында жүреді де қояды. Екеуініңжұптарыжазылмай,күндізде, түнде де бірге. Бұрын қалай байқамағанбыз, ақ сұр мекиен көзге түскіш-ақ.Мейіздей қатқан дене бітімі, күнге шағылысқан ақ сұр түсі, еппен қозғалған нәзік қимылы, бәрі-бәрі мінсіз сұлулық құрап көзтартады. Басын тік көтеріп, әлсін-әлсін ұзын мойынын бұра ұзаққарағанда, сені сынағандай, немесе осындаймын, көрдің бе дегендей болады. Жанарлары мөп-мөлдір, аяқ басысының өзінде біререкшелік бар. Қандай киім кисе де жараса кетіп, құлпырып шығакелетін қыздар болады ғой, дәл сондай… Құс та болса біртуарпырақ шығар, әйтеуір, қанатын тарап, сұлу жүреді. Мен іштей ұнатып, атамның әдетімен ақ сұр мекиенге Сұршадеп ат қойдым. Айдарлы мен Сұршада үндестік, ұқсастықтың барекені сөзсіз. Екеуі жұптасып, көрер көзді қуантқандай, бірі үшінбірі туғандай жарасымды-ақ. Тіршіліктің бір-біріне сүйсініп, бауыр басқан ерекше сәті… Айдарлы күрт өзгерді. Іздегенін тапқандай,мәнді іс бітіріпжатқандай, жүріс-тұрысында салмақтылық бар. Ең арты азанғышақырыстың өзі бір түрлі байыпты, маңғаз шығады. Сырт көз сыншыл. Біреудің сүрінгені біреуге қызық.Көршілердің әңгімелері Айдарлы мен Сұрша жөніндегі үлкенқауесетке айналды. Кімге күлкі, кімге түрпі, әжемнен маза кеті.Көрші әйелдер ыдыс-аяқ, анау-мынау ұсақ түйекті сұрай келулерін жиілетті. Кейде мекиендерді әңгіме қылумен неге келгендерін ұмытып қалып та жүрді. Солардың ақылымен Сұршаныбөлек қамап едік, Айдарлы оны іздеп, бақырып-шақырып, есіміздікетірді. Мекиендерге басқа қораз әкелсек, әлгі бейшараны Айдарлы талап, екі көзін ағызып жіберді. Айдарлы мен Сұрша көршіәйелдер келген кезде, іштерің күйсе тұз жала дегендей, ауладаерсілі қарсылы жүреді де қояды. Көзге көрінгізсіз мың жіппенбайланысқандай. Үнсіз жай тұрғандарының өзінде бір-біріне ешкім бұрын естімеген жылы-жылы сөздерді айтып жатқандай… Пенденің пендешілігінде шек болған ба? Біздің мекиендердіңжұмыртқаламағандары көрші әйелдерге қатты батты ма, әлдеәжемді аяды ма, олар енді бұл мәселені шешуге шындап кірісті.Еш сылтаусыз-ақ екіүштен жиналып келіп, әжеме неше түрлініайтатынды шығарды. – Бар пәле осы мекиеннен, оңбағанның сұп-сұр түрін көрмейсің бе? – Бұл қылмыңдап тірі түгіл өлінің басын айналдырар. – Шағылысқанда қораз тістейтін желкесінде ұстағышы дажоқ өзінің. – Оданда көздің құртын жеген тойымсыз де. – Осындайлар ғой бәрін құртатын.Басыншапқызбасаболмайды бұның… Сырғып күндер, жылжып апталар өтіп жатты. Жайшылықтажадырап жүретін атам мен әжем енді дастарханның басында даүнсіз отыруға айналды.

Бір күні ойнап келсем, үй-іші тып-тыныш. Жайшылықтакөшеде жүретін атам да көрінбеді. Әжем де бір түрлі үнсіз. Е-е,ренжіскен екен ғой деп, мән бере қоймадым. Көшеде жүргеніні-қарындастарым да бірдеңе жасырғандай, көздері мөлдірепжаутаңдай берді. Ішіме суық кіріп кеткендей, әлдебір жаманшылықты сезгендей, ауырлап, тынысым тарыла бастады. Үйгесыймай, мең-зең күймен әлдекім жетелегендей қора жаққа барыпқалдым. Іргеде қимылсыз, тастай қатып Айдарлы тұр, қасындабасы шабылған Сұрша жатыр… Не болғанымды білмедім. Аяныштан дегбірлеп, тынысым жиілеп, тұла бойым ыси жөнелді.Күшігінен асыраған Құтжолымды ит атушылар өлтіргендегідей,ішімде ештеңе қалмай қысылып, булығып ағыл-тегіл жылағанымесімде… Үйге келіп айғайласам керек. Төсектен келесі күні түске қарай бірақтұрдым. Не керек, үйдегіабыр-сабыр, у-шу пышақ кескендей тыйылды. Көрші әйелдеркелулерін тоқтатты. Айдарлы үш күн нәр татпады. Еш нәрсе онықызықтырмады да. Бұрынғыдай ерте тұрып шақырмайтын болды.Екі көзі шүңгіл тартып ішіне кіре, жаны жоқтай, тек сүлдері ғанажүрді. Құсқа тән тілсіз, әрі түсініксіз қиналысты басынан қысқакүнде қырық кешті. Бірде Айдарлыны жанары жасқа шалынып,Сұршаның басы шабылған жерде тұрғанын көрдім. Жүрегі мәңгіжаралы адамдай маған жабырқай қарады. Екі көзі ішкі бауырымды елжіретіп, жетім қалғандай, құлази қырылдап үн шығарды.Маған қырыл орны толмас өкініштің өксігіндей әсер берді…Бар өкпесін, назын айтып, мұңын шағып, ағыл-тегіл жылағысыкелетін сияқтанды. Құста да осыншалық берілгендік болады депкім ойлаған… Айдарлының сағыныштан құсаланып жүргені үйдегілергеде қатты батты. Бәріміздің де көңілімізден көпке дейін аянышпен күнәнің бұлты тарқамады. Адамдардың кей тірліктері қандайқатыгез, өкінішті еді… Арада біраз күн өтті. Айдарлы ажалсыз өле алмай, басынатүскен қызығы жоқ тірлік деген жалмауыз кемпірдің құлдығынаамалсыз көндіккендей болды. Мекиендер қайтадан жұмыртқалайбастады. Бірақ ауладан сән кетті. Көшенің ауасының өзінде көзгекөрінгісіз жаманшылықты меңзеген суықтықторып жүрді. Еңсемізкөтерілмей, бәріміз де бастырыла бердік… Дәмі жоқ дәулет, қайырымы жоқ қазына кімге опа әкелген.Мекиендер өз ұяларына жұмыртқаламайтынды шығарды.Жұмыртқалары да шала болып, басуға салғандарынан балапаншықпай шіри берді… Көрші әйелдердің қанқу сөздері қайтадан гуледі. Тіпті кейбірағайындардың қара мысықтары да мияулауға айналды… Жаз тез өтіп, сарғайған күз келді. Елдің қысқа қауыртдайындығы басталды. Біз үш-төрт бала үйдің қасындағы жолдан өткен шөп таситынмашиналардан бұзауға шөп жұлып жүрдік. Кенет біздің үй жақтаншақырған қораз дауысы естілді. Біз жалт-жалт қарастық… Қораныңтөбесінде барлықкүш-қуатын жиып, Сұршасы бардағыдай қанатынқаға шақырып тұрған Айдарлыны көрдік. Батып бара жатқанқүннің сәулесінен ол қызыл жүні алаулап, үлкен,

айбарлы болыпкөрінді. Бұрын түннің етегі түрілгенде ғана шақыратын, Сұршасынжоғалтқаннан бері мүлде үн шығармай жүрген Айдарлы мезгілсізшақырды… Қоңыр кештің бауырын тілгілеген дауыс соңына қарайіштен запырран болып шығып, сай-сүйегімізді сырқыратқан жетімәуенге айналды… Айдарлықанатын қаттықағып-қағып ұшқан күйі барекпініменөте берген шөп тиеген машинаның астына бірақ кірді. Біз қаттық тақалдық. Көшеде жүрген көршілер де қарап қалыпты. Кабинасыныңтөбесіне дейін жайылып салынған шөптен шофер ештеңе көрмесекерек, машина ыңыраған күйі кете берді. Көше мәңгі өлі күйге енгендей мелшие қалды. Сананы торлаған өң мен түстей бір елес.Бәрін көріп тұрған атам мен әжем ащы шындық жандарын жаралап, бұл күйлеріне кінә тағар қара таппай қиналды… Айдарлы жүні бұрқырап, жолдың жартысын ала қанатынқаққан күйі жайылып жатты. Біз не істерімізді білмедік. Бойымызды қорқыныш биледі. Бір сәт маған жұрттың бәрі Айдарлыныңосындай іске баратынын білген сияқтанды. Көзі көріп, құлағыестіген көршілердің көңілін босатқан сезгіштік сезілді. ЕшкімАйдарлыға жақындамады… Күн де батқысы келмегендей сол күйікөк жиекте қызарып ұзақ тұрды… Арада көп уақыт өтпей, үстіндегі шөбі тоқтың сымына тиіп,Айдарлыны басқан машина жанды деп естідік. Сол жылы біздің үйде түрлі себеппен мал мен құс күрт азайды. Көп ұзамай өзіміз де басқа үйге көштік. Жасымыздан асыр сапойнаған жер ғой, қара шаңырақты қимай қиналдық. Көпке дейінауласында жүрген Айдарлы бар қара шаңырақ бәріміздің түсімізгекіре берді. Айдарлының мүсіні көз алдыман кетпей, мұңлы үніменің де құлағыма көп жылға дейін еміс-еміс естіліп жүрді. Сол оқиға он екі-он үштердегі біздерді бірден есейтіп, өміргедеген көз қарастарымызды күрт өзгертті. Енді машинадан бірқұшақ шөп жұлғанға мәз болмадық. Болашақтың қиялымыздағыдай тек қуаныштан ғана тұратынына алғаш рет күдіктене қарадық.Дүниеде біз білмейтін жұмбақтардың көп екенін сездік. Айдарлының өлімімен бірге менің де балалығым біргеөлді.

БАУЫР

Дүниенің жұмбағы көп.
Есіңде сақталатын, көз алдыңнан
кетпейтін бейнелер бар. Біреу
жалғаннан ерте, біреу кеш кетіп

жатады. Әсіресе қыршын жас,

сәби мезгілсіз кетсе, ол өкінішті.
Бұл әңгіме, өкінішті әңгіме
есімізде жадырап мәңгі кішкентай
бала болып қалатын Айдос

Хасеновтің кластастары,
Степногорск қаласынының №4 мектеп
оқушыларына арналады.

Автор.

Степногорск қаласы биыл ақ көрпесін жамылып, ұйқығаерте шомды. Қыс қатты, түкірігің жерге түспейді. Желтоқсаннанбасталған шытынаған аяз толастар емес, арасында бірдеңеденқұр қалғандай ақ боран да есті кетіріп, дүниені астан-кестенқылып түтелеп өтеді. Сайран салған суық жел үйлердің ығынақар үйіп, құйындап көз аштырмайды. Суық сүйекке жетіп, денеқариды. Кірпіштен қаланған көп қабатты биік үйлер сойдиып,көркінен айрылған. Кейбір үйлердің қасынан күртік қардан соққан балалардың аққаласы да көрініп қояды. Қар қалың. Завод мұржаларынан шыққан көк түтін аспанда созылып жатыр. Көше арасы тыныштықтан мүлгиді. Телефон-автоматтардың будкалары белуардан қарға батқан. Звандауға келгендер есігін ашып әуре болмай-ақ, сынған терезесінен еңкейе қол созып трубканы ала салады. Бірен-саранғы машиналар "Қазақстан" дүкені алдынан өтетін жолмен Ақсу жаққа ғана өтеді. Аялдамада автобус тосқан жұрт та тек осы жолдың бойында. Кісілер қалың киінгендіктен бойлары аласарып, толысып кеткендей. Өздері тондарының жағасын көтеріп, желдің өтінен тайқақсып, бүрсең қағады. Жанталас тек автобус келген кезде басталады. Жақын үйлердің подъездерінен желден ықтаған кісілер де жүгіріп келіп, ығы-жығы бола қалады. Қымтырылысып, бірін-бірі кимелегенде, барлығы әлгі автобусқа сыйып кетеді. Соншама адамы бар жер жылы да шығар. Бірақ жұрттың жүріс-тұрысынан бойды билеген күтпеген алаңдаушылық сезіледі. Адамдарды суықпен бірге белгісіз күш басып тұнжыратады. Қаланың үсті де бұлыңғыр түске бөленген. Әйтсе де күннің осы суықтығын аңғармай жүрген адамдар да жоқ емес. Солардың бірі 12-13-тер шамасындағы Василиса. Міне, ол қоян тымағын киер-киместен мектебінен шығып, інісі Алеша екеуінің үйреншікті жолымен жалғыз жүріп келеді. Әсірece соңғы күндері Василиса қатты мазасыздануда. Жазық жайдары маңдайынан мұң мен үрейдің көлеңкесі кетпей қойды. Ол көп уақыт үнсіз қалып, мың-сан ойдың азабына түседі. Жас жүрегі діріл қағып, өздігінен елегізиді. Әлдебір суық ішкі дүниесін қарып өтеді. Ештеңеге зауқы соқпай, мазасы кеткен сәттерде қазіргідей оңашалана береді. Жүзінен кетіп көрмеген ойын-күлкісі інісі Алешамен бірге кеткендей. Інісін іздеген сағынышы жүрегін ауыртып, күнделікті өмір мардымсыз бірдеңе көрініп, адырам қалады. Алешаны ауру мендегенін

әкесі айтпаса да сезген сайын белгісіз қара күш ауырлатып баса береді. Өздігінен көзіне жас та келгіш. Өткенде Москвадағы Алешаның қасында жүрген шешесінің де сөйлескенде даусы дірілдеп, үнсіздігі көп болды. Анда-санда інісі жазылмай қала ма деген ой да денесін қарып өтеді. Ондай сәттерде денесін қорқыныш билеп, дәрменсіздіктен тынысы тарылады. Денесі қызып, басы ауыра бастайды. Әлден соң ғана шекесінің солқылы азайып, меңіреу шексіздіктің дыңылы көбейе береді. Міне, қазір де мектепте сабағы бітісімен-ақ әлгіндей күйге түсіп, мұғалімінен күнделігін де алмай кетіп қалды. Василиса жолдағы балалар бақшасының ығынан шыққанда желдің өтіне тұншығып, бетін бұрмалай берді. Портфелімен желден бетін қалқалап, жүрісін баяулатты. Әрине, Василиса інісінің күннен-күнге нашарлағанын өз көзімен көрді. Бірақ мұның бәрі олай емес сияқты. Бар тәнімен еш жаманшылықты інісіне жуытқысы келмейді. Оған Алеша бәрін алдап, ойнап, әдейі, еркелікпен істеп жүргендей. Жылда жазда Сілеті өзені бойындағы "Строитель" демалыс аймағына барғанда да тығылып, өтірік суға батқан болып істемейтіні болмайтын. Мына ауырғаны тағы сондай ойлап шығарған бір ойыны да... Ол сол жүріп келе жатқан бойда "Алеша, жазылшы тезірек, менің ойлағанымды, осылай жалғызсырағанымды сезші, бауырым" деді. Василиса інісі Москвадағы онкология емханасына түскеннен бері мектептен келе жатып, күнде бүгін Алеша үйде болады деп, түрлі болжам жасайды. Кейде қиялына берілгені соншалык, өзімен-өзі сөйлесіп, өткен күндерін есіне түсіріп, төңіректі ұмытады. Інісінің кейпі қасына келіп, бірге жүргендегі іс-әрекеттерін қосылып қайталайды. Василисаның бетіне қан жүгіріп, қызара қалды. Көз жанары нұрланып, көңілі көтеріле берді. Жүзінен жылылық сезіле бастады... Міне, Алеша оның келе жатқанын естіп, үйге тығыла қалды. Әрине, Василиса көрсе де ештеңе сезбегендей, әдейі жайбарақат. Бәрін біліп тұрса да, інісінің көңілінен шықпақшы, ойынды бұзғысы келмейді. Сол кезде Алеша артынан келіп Василисаның көзін жауып, дауысын өзгертіп, "бұл кім, айтшы" деді. Артына қалай келіп қалған. Өзі күліп тұр. Василиса бар дауысымен "секпіл бет шикі сары бұл сенсің" деді. Алеша бұртиып, басы қисая ренжіп қалды. Енді Василиса сақылдап күлді. Алеша залға кіріп теледидар қосып, мардымды ештеңе болмаса да, көзін алмай қозғалыссыз қалды. Бұл оның ең қатты өкпелегені. Василиса інісінің қасына келіп сүйкене тұрды. Інісі ештеңе сезбегендей, әлі қырсығуда. Василиса төніп қараған күйі "кішкентай бала ренжіп қалған екен ғой" деп иығынан қақты. Дауысында әлгі бастаған ойынды жалғастырған кейпі бар. Алеша бірдеңе дейін деп басын бұрғанда екеуінің көз жанарлары түйісіп, барлығы орнына келіп, олар жарыса жөнелді. Василиса өз бөлмесіне жүгіріп кіріп, есікті іштен итере "болды, болды, берілдім" деп айқайлай бастады. Алеша масаттанып қалды. Үй опыр-топыр. Әлгі өкпе ұшты-күйлі жоғалды. Бауырлар қайтадан бақытты. Сыңғырлаған

шат күлкі үйді де сәндендіріп тұр... Алеша "берілдің бе" деп айқайлайды, іштен Василиса "берілдім, бірақ тұтқынның қарны аш" дейді. Алеша шай қоюға кухняға кірді. Краннан аққан судың дауысы естілгенде ғана Василиса бөлмесінен шықты. Стол басында кім дүкенге барып, кім қоқыс шелегін төгетініне күміс аталып, шік, бүгі анықталды. Ең жауапты сын сәті, өйткені, байқап тұрмасаң, "жеребьевкада" жымқырыс та болуы мүмкін. Алешаға бүк түсті. Яғни, ол "Үш торай" аталынып кеткен дүкенге барып, нан, сүт әкелуі керек. Василиса хрю, хрю деп бетін тыржита жүгіре жөнелді. Алеша қуып жетіп, әпкесінің қолын аздап бұрап бақыртып алды. Сөйтіп, өздеріне жүктелген үй жұмысын екеуі қинала-қинала атқаруға кірісті. Василиса сырттан қоқысты төгіп келе жатқанда, Алеша сумкамен асығып, "Үш торайға" беттеп барады екен. Василиса інісіне қарап, тағы да бетін құбылтыпшошқаша қорсылдады. Бұл сен дүкенге кеттің дегені. Өткенде бұл дүкенге барғанда інісі осылай күні бойы мазақтаған. Алеша қорсылды естімесе де, қолын көтеріп жұдырығын түйді. Қазір келген соң әлемтапырықты салмақшы. Василиса да қалыспай тілін шығарды... Кешкісін әке-шешесінің жұмыстан қайтатын кезі болды. Есік қағылысымен Алеша саусағын ерніне апарып, "мені үйде жоқ де" деп ишарат білдіріп тығыла калды. Василиса есік ашып, үйге кірген шешесі Елизаветаға дауысын шығара "Алеша сабақ оқымай көшеде сырғанақ теуіп жүр" деді. Шешесі бірдеңе дегенше ымдап, үйде екенін білдірді. Енді ойынға шешесі араласып, "желкесін үзіп алып кел, сабағын оқысын" деді... Василиса осы қиялға берілген бойы үйлеріне келді. Тез-тез қимылдап есікті ашып, портфелін босағаға тастай сала "Алеша, Алеша" деп жүгірген бойда бөлмелерді аралап шықты. Сосын есін жиып, кіре берістегі айналы трюмоға отыра кетті. Кенет подъезден Алешаның дауысы шықты. Василиса елең ете қалды. Жүрегі жарылып кетердей алып ұшты. Міне, інісінің келе жатқан аяқ дүрсілі естілді. Ол мектептен келгенде аяғын сүйретіп осылай еркелейтін. Василиса подъезге атып шықты. Жүгірген көрші балалар екен. Інісімен бірге оқитын Максим Василисаны көріп, "Алеша жазылды ма, мектепке қашан келеді" деді. Өзінің тымағы көзіне түсіп кетіпті, тізесі қар-кар. Василиса меңіреу қара түндей жансыз дауыспен "Алеша жоқ" деп артына қарамай тез бұрылып пәтеріне кірді. Нere олай айтты? Кенет оған әлгі сөзінің астарында Алеша мүлде келмейді дегеніндей болды. Ол содан есіктің артына отырған қалпы егіл-тегіл жылады кеп... Көңілдегі үрей мен сананың түйсігі арпалысып, араласып жатты. Уақыт жоғалып кеткендей... Күн ерте батып, үй қараңғы болса да шам жағылмады. Мәңгіліктің жауапсыз сұрағы қорқынышты ала кеткендей... Кілт сылдырлап, есік ашылды. Пәтер көзге түрткісіз қараңғы. Шам жаққан Борис қызының бұрышта отырғанын көріп шошып кетті. Өзі де біраздан бері сергелдеңдегі адам үн-түнсіз қызын бауырына басты. Василиса да әкесінің мойнына асыла қатты құшып алды. Екеуінде де басқа қимыл жоқ. Тек ойлары бір жерден шығуда. Василиса інісін көп көрмесе сағынып,

осылай құшып, адам баласында аз кездесетін мейірімділікпен сүюші еді. Ол әкесіне кешегі көрген түсін айтайын деп оқталды да, бірдеңе десе қайтадан жылап жіберетін болғандықтан, солқылын баса алмаған күйі үндемеді. Түсінде түрлері сұсты, қандарын іштеріне тартқан көп адамдар жанжалдасып екіге бөлініп соғысайын деп жатыр екен. Олардың арасында біреу олай-бұлай жүгіріп жүр. Дұрыстап қарап әлгі кісінің Иса екенін таныды. Ол жанжалдасушыларға қойындар дегендей, қолын ербеңдетіп, бірдеңе айтады. Оны тыңдар ешкім жоқ. Тобыр есі кетіп, еліріп алған. Бір кезде Иса Василисаға қарап, "адамдардың өзара түсініспегендіктерінен жаман ештеңежоқ, бұлар мені ұмытты" деді. Сөйтіп, өзі Василисаға жақындап келіп, ақырын ғана қолындағы кітаптардың тез арада қиын жерге тығу керегін айтты. Олар бір-бірлерін ыммен түсінісіп, жүгіре жөнелісті. Төңіректе ештеңе көрінбейді. Шаңы шыққан тақыр дала. Кейбір айқышұйқыш жарылған жерлер суы тартылған көлдің орны сияқты. Қолдарында кітап, не де болса бағыттарының дұрыс екенін сезіп келеді. Дот сияқты үлкен бункерге тірелді. Иса үлкен кітаптарды сонда тыға бастады. Сөйтті де кішкене кітапшаны Василисаға берді. Кітап - Інжіл ме деп қалып еді, жоқ олай болмады. Үлкен жолдардың арасы ұсақ әріптерден тұратын сөздер. Мағынасы терең афоризмдер жинағы. Кішкене оқып басын көтергенде үлкенді-кішілі екі қараңдаған батар күнге беттеп, көкжиектен ұзай берді. Кіші тұлғаны інісі Алешаға ұқсатты. Айдалада бір өзі, әлгі бункер де жоқ. Василиса қорықты. Ояна келсе, қолына әдебиет кітабын ұстап, сабақ дайындаған күйі ұйықтап қалған екен. Бұрын көрген түстерін ұмытып қалатын, ал мынау өңіндегідей ап-анық. Василиса әкесіне түсін айтпақшы болып тағыоқталды да, айтқанның орнына "папа, Алешаға барайықшы" деді. Борис те әйелімен сөйлесіп, Алешаның жағдайының тым қиындығын естіп келіп еді. Ол мазасызданған күйі "жарайды, ертең кетеміз" деді. Василиса әкесінің тез көне кеткеніне денесін әлдебір жайсыз сезім билей, таңырқай қарады. Келесі күні олар жолға шықты. Москва да қақаған аяздан азынап тұр екен. Аэропорттан түсісімен әкесі мен Василиса ешқайда бұрылмай тура емханаға тартты. Алеша тым төмендеп кеткендіктен жеке палатаға шығарыпты. Елизавета күйеуі мен қызын жылап қарсы алды. Әкесі мен Василисаны корген Алеша да ақырын кемсеңдеді. Барлығын бірдей қайғының қара түнегі шырмады. Борис дәрігерлермен ұлын алып кету жөнінде сөйлесіп көріп еді, олар "текке әуре боласыңдар, жолға шыдамайды" деді. Бір сәт Василиса мен Алеша палатада оңаша қалды. Алеша бар жан-тәнімен әкпесіне телміре қарады. Бауырының кейпін мәңгіге сақтайын деген түрі бар. Енді қайтып көре ме, көрмей ме? Ол әлі де болса өзінің мәңгіге жоқ болатынына сенгісі келмей жатыр. Қалай мүлдем болмай қалады... Василисаның да інісін шексіз сүйетіндігінде күмән жоқ. Ол да Алешасы үшін неге болса да даяр-ау. Бірақ жанып-сөніп, өліп-өшіп, өз заңымен ғана

жүретін тәңірдің санадан тыс тәуелсіз құбылысына не шара? Дүние, неткен сен аяушылықты білмейтін залым едің. Неге біз осылай жаралдық?.. Кенет Алеша ақырын "сен мені ұмытып кетпейсің бе?" деп жалынышты үнмен Василисаға мұңая қарады. "Жоқ, о не дегенің, менің сенен басқа ойлайтын кімім бар?" - деп Василиса інісін құшақтай алды. Бауырлардың көз жастары қатар шықты... Үш күннен кейін Алеша таң ата шексіз дүниеге аттанды. Өмір жылжыған күннен тұрса, өлімнің қайғыдан тұратынына кімнің күмәні бар. Ал баланың өлімінен, бауырыңнан айырылудан асқан қандай қайғы-қасірет болушы еді. Алешаның да туғандары амалсыз фәни жалғанда қала берді... Алешаны моргке әкетті. Туыстар Москвада тұратын жамағайынның үйіне жиналды. Жан азабының көзге анық көрінген кезі. Әсіресе Василиса өксігін баса алмай жүр. Залда оңашада отырған еркектер сабырлылық көрсетіп, әрнемені айтып, Бористі сөзге тартады. Ал ол болса өзімен-өзі әлек, андасанда осының бәрі түсім емес пе дегендей басын көтеріп, жан-жағына көз тастап қояды. Қайғыға бастырылған күйі ара-тұра сөзге араласады. Сөз жүйесі бытырап, отырғандар әрнеменің басын бір шалады. -ЦК КПСС-тің қазақ ұлтшылдығы жөніндегі шешімін оқыдыңдар ғой. Политбюро бәрін қатырған сияқты. Алматыда көшеге негізінен анашашылар шығыпты ғой. -Әй, қайдам, сонша анашашы қайдан келген. Асықпайық, шындықты уақыт айтар. -Асықпағаны несі, үкіметке, заңға қарсы шыққандар аяусыз жазалануы керек. Борис бірдеңе айтпақшы болған адамдай дауысын қырнады. Жұрт сөзін қойып, тыныштық орнады. Күпті көңіл, күмәнді дүние... Ақыры алыстан басталған әңгіме төңіректеп негізгі мәселеге жақындады. Сөз Алешаның қайда, қашан жерленетініне көшті. Бористе түр жоқ. Сәлден соң ол "маған бақыт ешқашан өзі келіп қонған емес, есесіне қиыншылық тосқызбай-ақ жетеді. Өмірбақи осылай" деді қабағы қата мұңданып. Отырғандар бағанағыдай емес, тартына сөйлеп, тек басу айтуда. ...Өмір біз ойлағандай бола ма, алма-кезек алас ұрып ауысқан дүние кімге опа әкелген. Жарасыз жан бар ма екен бұл дүниеде. Өмір жай ғана күрес емес, тіршілік үшін айқас, қиыншылықтың кайнар көзі-ау, cіpǝ... Алеша Москвада жерленетін болды. Туыстары Бористі соған көндірді. Енді осы шешімді Елизаветаға айтып, іске кірісу ғанақалды. Стол жасалынып, тамақ әкелінді. Жұрттың бәрінің салы суға кеткендей. Үй иелері бәйектеніп, дәм алуын өтінді, бірақ жарытып ішіп-жеп жатқан ешкім жоқ. Василиса бір кесе шайды ішер ішпестен диванға шегініп қисая кетті. Үлкендердің ас ал деген сөзіне құлақ та аспады. Біраздан соң Бористің немере ағасы Николай Елизаветаға қарап "Эх, өмір деген жұмбағың осы құрғыр. Ажал дәл қасыңа келіп, бермесіңді алып тұр, қолдан келер шама жоқ. Жылайсың да қоясың. Қайғыға берілмей өздеріңді сақтаңдар. Алеша

осында мәңгіге қалатын болды, арғы күні жерлейміз" деді. Отырғандар күрсінісіп қойысты. Елизавета алақандарымен бетін жауып, иығы селкілдеп, сыңси бастады. Кенет сөздің мәнін кешірек түсінген Василиса жатқан жерінен ұшып тұрды. Көзі шарасынан шыға жан-жағына үрейлене қарап, "жоқ, Алешаны тастамаймыз, алып кетеміз" деп шыңғырған күйі қатар отырған әкесі мен шешесін құшақтай алды. Үйдің іші азан-қазан болды.Отырғандардың барлығы да өздерін ұстай алмай, көздеріне ерік берді. Василиса бар дауысымен “папа, мама, Алешаны бөтен жерге қалай қиямыз. Жалғызсырамай ма, тастамайықшы. Степногорскіде туды ғой, сол туған жерінде жатсыншы. Тым болмаса сағынғанда басына барып тұрамыз... Тезірек үйге қайтайықшы” деді... Борис әйелі мен қызы үшеуі жеке бөлмеге барып, ұзақ сөйлесіп, бір мезетте сырт киімдерін киіп шықты. Үйдегілер “бұлары несі” дегендей үрпиісе қалды. Борис шеткі орындыққа отыра бере “Алешаны әкететін болдық" деді. Василиса әкесінің кідіргеніне шыдамсыздана "жүрші, папа, Алеша жалғызсырап жатыр ғой” деп те қалды. Ешкім де оларға “сендердікі дұрыс емес, тоқтаңдар" демеді... Келесі күн жолдың жабдығына кетті. Елге самолет түн ортасында екен. Алеша мырышпен қапталған жәшікке салынып, жүктермен бірге самолеттің астыңғы қабатына тиелді... Самолет Домодедово аэропортынан Қазақстанға бет алды. Үміт ақталмады. Өз аяғымен кеткен Алеша аққан ауруының салдарынан жансыз дене болып Отанына қайтып келеді. Василиса бауырынан айрылғанына әлі де сенер-сенбесін білмей, аппақ қудай күйі меңіреуленіп отыр. Анда-санда иллюминатордан сыртқа қарап қояды. Уілдеген жел құтырынғандай үсті-үстіне үдеп сабаланады. Біртіндеп таңның жақындағаны білініп, шығыс ағараңданайын деді. Күннің ызғары көрінбесе де жүрек шайылтып, дене тітіркендіреді. Сыртта жылбұрынғыдай 1986 жылдың қақаған аязды қысы тұрды...

САҒЫНЫШ

"Бестөбе" кенішінің "Разведка" деп аталатын бөлігіндегіақ үй анадайдан мен мұндалап көз тартады. Бұл – Карл Яухман шалдың үйі. Мынау – оның жалғыз қарсы алып отырған үшінші күзі. Биыл аумалы-төкпелі қыркүйек әдеттегідей емес, куанданып келді. Қызуы кете бастаған күн ілбіп-сылбып, амалсыздан жай ғана шағырмақтанып жарқырайды. Жаздай жайқалған ағаштардың жапырақтары сарғайып, үзіліп түсе бастаған. Бестөбенің сәні де жаздың жылылығымен бірге өтіп кеткендей. Жөндеу көрмеген кей үйлердің қабырғалары теңбіл-теңбіл. Қалашық күңгірт. Жер де тақыр. Бас көтертпейтін сүмбіле жауын да жоқ, оның есесіне терісінен тұрған жел төңіректің бар шаңын мынау айналаға істеген істеріңнің жемісі дегендей қотан арасына жиып әкеледі. Желмен бірге пайда болған ызғар өткен-кеткен

кісілерді де тітіркендіріп, табиғатпен бірге сұрландырады. Адам да, табиғат та өзгерген. Міне, төрт-бес күннен бері Карл үйіне сыймай жүр. Зираттағы әйелі мен баласының басына әлденеше барды. Үйде отырса, бастырылып, тынысы тарылып, кіріп-шығудан-ақ шаршады. Көптікөрген байсалды шалдың бұл күйіп-пісуі тегін емес. Әттең, сол хат болмаса, Карл шал бұлай қиналмас па еді, кім білсін?. Бір ауыз сөз бақыт әкеп қуантса, енді бірі мәңгілік қайғы әкелген. Айтылған сөз - атылған оқ қой, қайтып орнына келер ме? Алты ай кәрі емендей қатып жүрген қарт әке бүгін жас шыбықтай тағы иілді. Балалары өткендегісіне кешірім сұрап хабарласпайынша орнымнан қозғалмаймын деп өзіне-өзі қанша серт берсе де, жеме-жемге келгенде шыдамады. Ақыры күн әлі жарық болса да, көшенің шамын жағып Германияға көшуге дайындалып жатқан Қоржынкөлдегі Андрей Мастельдің үйіне беттеді. Кеше моншаға барғанда суық тиген бе, жол бойы денесі бей-жайланып, шекесі әлсін-әлсін солқылдай берді. Мастельдің үйі толған адам екен. Көшеде тұрған машиналардың арасында кішкентай балалар асыр сап қуыспақ ойнап жүр. Шарбақтың үлкенді-кішілі қақпалары аңырайта шалқасынан ашылған. Бірі кіріп, бірі шыққан ығы-жығы халық. Қонақ бөлмесінде төрден есікке дейін П әрпі бейнелі дастархан жайылыпты. Дастархандағы түрлі тағамнан осы елді көп ұлттың мекендейтінін көруге болады. Әсіреece nіcі бұрқыраған штрунгель, жылқының айналдырған қазы-қартасы көз тартады. Андрей көп жылдардан бері қазақтарға қосылып жылқы ұстаушы еді, барын қазанға салыпты. Карлды көрісімен жұрт жергілікті жердің үлкенге төрден орын беріп, соның сөзін тыңдайтын салтымен бәрі "жоғары шык, жоғары шық" деп орындарынан тұрды. Андрей де әдеттегі ақ жарқын мінезімен бәйек болды да қалды. Жайшылықта аңғалақ адам мүлде есінен айырылыпты. Көзі жыпылықтап жаутаңдап жұртқа қарай береді. Амандық-саулықтан кейін көпшіліктің айтпағандарымен не тілеп отырғанын сезген Карл асықпай орнынан тұрды. Жұрт бір адамдай тынши қалды. Көздерінде көпшілікке талай сүйеніш болған ақылшы шал бүгінде не айтар екен деген сұрау бар. Ол сөзін отырғандарды бір шолып алып, сәл еңкейіңкіреген күйі кібіртіктеп “бұндайда сөйлеудің өзі қиын" деп бастады. Сосын еңсесін көтере Андрейге қарап: -Иә, алыс сапарға, Отаныңа бет алыпсың, жолың болсын, баратын жерлеріне шаршамай-шалдықпай жетіңдер, – деді. Қалың қабағы қатыңқырап, әр сөзін нықтап, ат тағалағандай шегелеп айтты. Өйткені, көпшіліктің ішінде “балаларына ермеді, шалқып-шалқайып отырудан қашқан алжыған қырсық шал, неміс емес" деп сөз таратқан бір-екі пысықай да отырған. Кеуделері бықсыған сұмдыққа толы, біреуді жамандамаса жүре алмайтын адамдарды жер неге көтереді екен? Жақсы мен жаманды теңестіріп койған құдіретті күшке не дерсің?.. Дайын асқа ие бола кететін бұл жылпостарды Андрей де ұната қоймаушы еді, шіреніп отырғандарына

қарағанда шақырылған-ау, тегі. Бірақ, кім біледі, аузы жүйріктің аяғы да жүйрік, өз беттерімен-ақ келуі мүмкін. Карл оларға қарамауға тырысып, сөзін әрі жалғастырды. Бізді ұмытпаңдар, осында жерленген бауырларыңа да тым құрыса анда-санда келіп,тағызым қылыңдар. Заман болса түзелді. Балаларыңның кіндік қаны тамып, маңдай терлерің төгілген жерді естеріңнен шығармаңдар. Қазақстаннан жаманшылық көргеніміз жоқ. Жылап-сықтап, аш-жалаңаш келгенде бауырларына басып, қолындағы барын бөлісті. Бұл да сендердің Отандарың. Кенет Карлдың көзі аппақ қудай болған Андрейге түсіп кетті. Өзі тарамыстанған арық адам, түрінен мүлде қан қашып, тістеніп алыпты. Тамырлары да жарылардай білеуленіп кеткен екен. Сөз шорт үзілді. Ол сәлден соң ойын әрі қарай жалғастырмақшы болып көріп еді, сөздері тамағына кептеліп сөйлей алмады. Меңіреу тыныштық орнады. Уақыт тоқтап қалғандай ұзаққа созылды. Андрейдің әйелі Клава столдың басынан тұрып жүгіре басып шыға жөнелді. Іле көрші бөлмеден өксіп жылаған дауыс естілді. Карл орнына отыра кетті. Ызың еткен маса да жоқ. Ешкімнің де батылы жетіп, үнсіздікті бұза алмады. Отырғандардың барлығы әлдебір ауыр салмақтан төмендей қалып, ұялған жас баладай көздерін жерден алар емес. Клаваның дауысы бәріне ортақ сияқты. Көздің жасы көңілдің жасына араласып жатты. -Туып-өскен жерін кім ұмытушы еді. Кеткендердің көбі туыстарына келіп жатыр ғой, – деп құлаққа ұрғандай тыныштықты әлден соң барып Андрейдің көршісі Ганс бұзды. -Иә, иә, анада Дерингтер мен Коллерт келді, міне, енді Пужоловский мен Найман келеміз деп хат жазыпты. -"Мерседес" әкелетін шығар. -Жоқ дегенде “Ауди” әкеліп тұр ғой. -Әй, бәрі де мінілген, бәрі де жаңа емес. -Сен де айтады екенсің. Өзің сондайды әуелі алып алшы. Көрейін. Ескісі біздің жаңадан артық, не керек. -Мына біздің жаққа не шыдасын. Анадағы Деринг Виктордың ағасына беріп кеткен машинасы ай жарым мінілді ме, мінілмедіме, алдыңғы әйнегі әлі сынып тұр. -КамАЗ-дар аман болып, Бестөбенің тасы таусылмаса, талай шыны үгітіледі ғой әлі. -Машинасы барлардан үкімет жолға деп ақша алады дейді, сол қайда кетеді өзі. -Сен оны айтасың, біздің мына грейдер барлық картада асфальт болып көрсетіліпті. -Біздің қасқырлар осындайда керек десең дүниені түгіменжұта салады. Дастархан басы өзгеріп сала берді. Жұрт гу-гу әңгімеге көшті. Жастар жағы самогонға басуға айналды. Бір қарағанда көңілқайта көншігендей болды. Ойын-қалжың, қатты шыққан күлкілер көбейгенімен, бәрінің де

жанарларының түкпірінде айтылмаған ортақ сыр бар. Бәрі де сол сырдың шешуін іздегендерімен, сақадай сай дұрыс жауаптың жоқтығын білетін сияқты. Тек бірін-бірі орынсыз қинамайық деп артық сөзге бара қоймады. Көңілдерініңкірбіңін күмәнді болса да үмітпен жуып, ертеңгі күннің сәттілігін тосатындары байқалады. Карл үй иелерінің көңілін қимай, мазасынданып отырса да, өзін қыстап тамақ жеңкіреп, Андреймен соғыстырып екі-үш рюмка алып та қойды. Әлгіндегідей емес, қызыңқыраған жұрт бірін-бірі тыңдамай, жарыса сөйлеуге, біразы өлең айтуға кірісті. Туған жер, махаббат жөніндегі сөздері жүректен шығып, әні денені балқытқан кілең қөңілдің өлеңі басталды. Әндер сағыныштың сәлеміндей кететіндерді толқытып барады. Кейбір қайырма қайталанып айтылғанда, сөзін білмейтіндер де қосылып, қатты шыққан дауыстан үйдің төбесі көтеріліп кете жаздайды. Айтылып жатқан өлеңдердің барлығы орыс тілінде. Залда магнитофон қойылып, білетіндері музыка ырғағымен вальс билеуге көшті. Отырыс бастапқыдай емес, үлкен мен кішіні теңестіріп жіберді. Үй ысып, тыныс тарылды. Карл қапаланып сыртқа беттегенде, Андрей де ілесе шықты. Екеуінде он шақты жас айырмашылығы болғанымен, бірден көрінбесе де анық сезілетін ортақ ұқсастықтар көп еді. Өмірлерінің тауқыметі ме, әлде көңілдің бірлігі ме, не екенін айту қиын. Әйтеуір жақындастықтың бар екені анық. Олар үйдің іргесіндегі орындыққа келіп отырып, өткен-кеткенді айтып, біраз шер тарқатысты. Күн батып, кеш болды. Көшедегі машиналар азайып, шу бәсендеген сайын үйдің қасындағы екінші шахта компрессорларының дауысы күшейе берді. Андрейдің сөзі азайды. Көзін өзі көп жыл істеген шахтаның тау болып үйілген тасынан алар емес. Кірпігін қақпастан қарап қалыпты. Қоюлана бастаған қараңғылық төмендеген сайын үйінді тас биіктеп бара жатқандай. Жердің астынан шыққан көк тас аспанның көк бұлтына жалғасып келе жатқан түн құшағына еніп барады. Тек осы байланысқа күнәһар - көптің бірі болып отырған екі шал ғана елеусіз... Андрей столдың басында отырғандай емес, көз жанары солыңқырап, реңі жүдеу тартып терең ойға кеткен. Шетсіз де шексіз меңіреу мәңгіліктегі өз орнын іздеп, өткенінің мәніне баға бергісі келгендей. Ойдан терең не бар. Қанша батсаң да жетерсің бе ол шіркіннің түбіне. Андрей алысқа кетіп, қасындағы Карлды ұмытқан. Дүниеде қанша адам болса, өміріне сай орындалмаған сонша арман бар. Саналыға тамұқ қой бұл тірлік... Андрейдің ойын Карлдың булығып жөтелгені бұзды. Ол ұйқыдан шошып оянғандай селк етіп, кешір дегендей езу тартты. Сосын оң қолын Карлдың тізесіне қойып: -Міне, осылай мен үшін қайтадан сергелдең басталайын деп тұр. Сенің шешімің дұрыс. Дүние төңкерілсе де өз діңгегің өзінде. Қайсарлығыңа таң қалам. Басқамызға ондай мінез қайда, - деді. Дауысы алыстан басталып, ішінің терең бір түкпірінен шықты. Карл дәл осындай сөзді тоспаған болуы керек, беті ду етті. Бетінің қызарғанын ешкім көрмесе де, ыңғайсызданған

қалпы "кім оңып отыр, мені де қай бір жетісіп жүр дейсің" деп ағынан жарыла жауап берді. Сөйтіп Андрейдің көңіл-күйін аулау ниетімен сөзді басқа жаққа бұрып, келген бұйымтайына көшті. -Балаларыма сәлемдеме беріп жіберейін деп едім. Хат та келмей қойды. Мүм Мүмкіншілігің болса амандықтарын біліп, көз кырыңды сала сал. Шынымды айтсам, немерелерімді сағынып, соларды көргім келіп жүр. Әттең, ұшарға қанатым жоқ. Карл хабардың жоқтығының себебін, соңғы хаттың мазмұны жөнінде жұмған аузын ашпады. Кім баласының жамандығын сыртқа шығарғысы келеді. Андрей басын изей: -Мен қайда кетер дейсің, олар келмесе де баруым сөзсіз. Көріп отырсың, кету деген мен үшін қияметтің қиыны болып тұр. Барлығы балалар үшін. Тым болмаса солар ана тілінде сөйлеп, ертеңіне аландамаса екен. Біз жазғанға төздік, ендігінің бәрі бір, - деді. -Кім өзін ойлап отыр дейсің. Мына заманы құрығыр да құлдырауға айналды. -Айтпа, міне, айналада тағы аласапыран басталды. Өтпелі Өліара кезең табиғат тұрсын, адамды да тоздырып барады. Өткеннің қайшылығы қайтып келмесіне кім кепіл?.. -Ол лағынет өз басымен кетсін де. Маған да кейде күнді түннің аңдып тұрғаны сияқты, бізді сол баяғы қиыншылық пен қырсық аңдып тұрған жоқ па деген күдік те келеді. Бірақ жүрегім ондай жамандықты сезбейді, соған қуанамын. -Қанша заман түзелді, өткеннің бұралаңын Қазақстанның арқасында ұмыттық десек те, көп нәрсе естен кетер емес. -Өткенді есі бар ұмытар ма? -Сұрама, кетпейтін нәрсе кетпейді екен. Андрей сөзден гөріісті ұнататын. Өткендегі көріп-түйгені есінен кетпей, жанын ауырта бергендіктен іштегі шерін жұмыспен тұншықтыруға әрекеттенді. Аз сөйлеуі содан да шығар. Карл екеуінің ұқсастықтары осында ма екен. Бірақ бүгін қаптың аузы шешілген күн болды... Екі шал қайтадан тас мүсіндей қимылсыз қалып, өз ойларымен өздері болып ұзақ отырды. Үйге шай ішуге шақырмағанда олардың қанша отырарын кім білсін. Андрейлер әлі кеденге жүктерін өткізбепті. Асыққанның өзінде онон бес күнсіз кете алмайтын көрінеді. Кейінірек тағы хабарласпақшы болып Карл үйіне қайтты. Ол ауырып қалғанын жолшыбай сезді. Қанша ақырын жүрсе де алқына береді. Аяқтары да тас байлағандай зілденіп жүргізер емес. Жүрген сайын іш құрылысында бірдеңелер үзіліп, сынып келеді. Жүрегі шаншып, жауырынына біз тыққандай, орны ашып кояды. Құлағына алыстан иттің ұлығаны естілді. Түнгі дауыс жаңғыра шығып алысқа жетеді. Көшеде бейсауат жүрген ешкім көрінбейді. Үйіне жақындай бергенде әлгі дауыс күшейе түсті. Бұратылып ішін тарта ұлып жатқан өзінің иті Рекс екен.

Карлдыңденесі түршігіп кетті. Киімін шала-шарпы шешіп төсегіне жата кетті. Денесі қызып, бір ысып, бір суыды. Кезінде тарлық қылған балалы-базарлы ат шаптырым үй бүгінде жетімсіреп құлазып тұр. Ерлі-зайыптылар жарасып тұрса, сынықтан өзгенің бәрінің жұғатыны рас екен. Бөлмелер жинақы, тап-таза. Ертеңін кім болжап білген. Барлық адамның өмірі өзін қоршаған ортаға сәйкес келмей ме. Дегенмен, Карл көппен бірге талай алай-дүлей дауылдарға түссе де, бір қалыпты өмір сүрді. Ол таза жүргенде ғана күшті сезінетін адамдардың қатарынан болатын. Бақыттың да ерте ме, кеш пе, тек әділетті адамға, әйелі мен балаларын шексіз сүйетіндерге келетініне кәміл сенетін. Содан болар, қанша жоқшылық, қиыншылык болғанда да, жан ұясындағылар өтірік сөйлеп көрмеп еді. Өзін де тағдыр қанша жағаға итермелеп ысырса да, ол сол толқынға шыдап, өмір айдынының қызығы үшін қарсы жүзуге тырысты. Ойындағының бәрі орындалмаса да, әйтеуір біраз жерге жетті. Қуанып жарқылдап өткенді ұмытып та кетпеді, қысылыпқымтырылып жұрттан қалып та қоймады. Әттең, тынымсыз уақыт титықтатып, кәрілік дегенді әкелгені. Кейде көшеден қалай болса солай киініп, берекесі кеткен өзі қатарлы шал көрсе, іштей ойлана карап, кәріліктің сәнсіздігін көріп денесі түршігеді. Көшеден анда-санда өткен бірлі-жарым машина болмаса, дала тыныш. Көрші үйлердің терезелерінен жарық көрінеді. Қыркүйек қысқа дайындалатын жанталасқан қауырт шақ қой. Мезгілдің кештігіне қарамай, көрші-қолаң ертеңгі күннің қамымен әуре. Тек осы тірліктен шамы жағылмаған үйдегі жалғыз Карл ғана оқшау. Тамұқ лаулап жанған от та, түбі терең су да емес, шын тамұқ - жалғыздық-ау, сірә. Үйдегі тірлікті аспанға қарап ұлыған Рекс қана білдіріп, жақсылықтың да, жамандықтың да жоғарыдан екенін растағандай. Үй де, жай да өзгеріссіз болғанымен, Карл кемпірінен айрылғаннан кейін айналадағы қызықтан да қол үзді. Бұрынырақ шахтерлер күнінде стадионға барып, жастардың ойынын қызықтайтын. Әсіресе, городкиді көп ұнататын, жігіттердін құлаштап лақтырған таяқтарының дөп тигеніне ризалық білдіріп, рахаттанып дем алатын. Шахтада істеген замандастарының басы қосылып, бір жасайтын. Оның бәрі сынаптай сырғып алыстап кетті. Жас ұлғайды, жол қысқарды. Жылдан жылға өзі танитын адам азайып, ескінің көзіне зарығу молайды. Жігіттердің көбі томпиып-томпиып зираттан орын алды. Бәрінің түбіне суық пен селекөз жетті. Жеті қабат жер астында тас кеміріп, ауыр жұмыс істеген азаматтардың еңбегін бағалағаны да, қазір естеріне алатындары да шамалы. Оларды Карл сияқты бірен-саран қалқиған көз көргендер еске алады. Бар болғаны сол ғана. Қалғандарының да оңа қалғаны шамалы. Карл денесі қызған кезде қысылып, түні бойы төсегінде дөңбекшіді. Ол осы жасқа дейін талай ауруды көріп еді, мынау тіпті бөлек. Жүрегінің соғысы да өзге. Бұрын кездеспеген белгісіз жай. Күндегі әдетімен алыстағы балалары

мен немерелерін есіне алу арасында көзі ілініп кетіп, іле қайта оянды. Ғұмырының соңын осылай жалғыздықпен өткізем деп ойлап па екен? Әрнелер ойына келіп, терең күрсінгенде дауысы барлық бөлмелерді аралап кететіндей. Денесінің әлсіздігін анық аңғартқандай. Вагонеткаға күрекпен тас артқандай өздігінен өкпесі алқынып, жүрегі аузына тығылды. Қайдағыжайдағылар ойына келе берді. Өткен күндер елестеуге айналды. Балалық шағы, Энгельстегі мектептегі кезі қанша көкейінде жүрсе де, дәл қазіргідей бұрынды-соңды бұлай есіне келіп көрген емес. Ағаш үйлері де, ең арты сол кездегі жексенбі күндері болатын афишалар да көз алдынан өте бастады. Туған жердегі балалық шағыңа не жетсін, ол көзден бұлбұл ұшқан уақыт болды. Апан-топан кейін басталды. Бой түзеп, қызық қуған кезді қара түнек қаптайды деп кім ойлаған? Бір күнде қиялыңды қанатынан қиып, ойға сыймайтын кінә тағылып, арманыңның ағысы теріс ақса, одан жаман не бар? Сендер сатқын жаусыңдар деген сөзді естіп, сеңдей теңселемін деп ойлап па екен Карл? Түсінде көрсе де нанбас еді. Отаның анаңдай аялағанның орнына сағынды сындырып, сүйіспеншілік отыңа су шашса, ол ортаға не шара?.. Сұм заман. Сібір. Аяз. Өңкей кара киген тұтқындар. Құлағына араның ызыңдаған үні мен жапырлап құлаған ағаштардың дүңкілі келеді... Карл ол кезде өзін емес, Энгельсте қалған туыстарын, жаңа құрған жан ұясын ойлайтын. Олардың Қазақстанға жер айдалғанынан мүлде хабары жоқ еді. Кім қу басқа жазғаннан аса алған. Тағдырымен күресіп, оны өзінше жасау мүмкін бе?.. Кейін де жұмысты қанша меже орындаса да, әрі кетсе ауызша мақтауға кенелетін, асып кетсе, ақшалай не заттай сыйлық берілетін. Ал жұртты жазатын Құрмет кітабына немесе стақановшылыққа ұсыну жөнінде сөз болған емес. Жылдар, жылдар... Мазасыз күдікті түндер, көңілсіз күндер біріне-бірі жалғасып өтіп жатты. Бүгінгі күнге жеткен де бар, жетпеген де бар...

Карл жүрегінің соғысын бүкіл нерв жүйесімен сезуге айналды. Таусылмайтын, тозбайтын ештеңе жоқ, жетпіс жыл тыным таппай жұмыс істеген жүрекке не кінә? Өзіне де сол керек. Осы уақытқа дейін курортқа барып бір дем алмапты-ау. Міне, енді майы ағатын машинаның ескі моторындай қақалып-шашалып жатқан жүрегі мынау. Тіпті осынша өмір сүргенде емхананың есігінен аттамапты да. Жанымен бірге тәні де қанша ауыртпалық кездессе де төзді. Талайлар өмірден түңіліп, пендешілік жолына түсіп жатқанда арын таза ұстап қалуға тырысты. Біреулер бір үзім нан үшін фамилиясын да өзгертті. Карл қайда жүрсе де, аққан суға да тоқтау бар екенін, әйтеуір бәрінің орнына келетінінен, әділеттіктенкүдер үзбеді. Заман тауқыметі қара бұлттай үстіне төніп тұрса да, жүрегінің түкпірінен болашақтан жақсылық күткен үміт оты сезілетін. Құдайға шүкір, солай

болды да. Денесі шымырлап кетті. Сол қолымен солқылдаған маңдайын ұстады. Энгельс. Энгельс... Сен де сағымдай бұлдырап өте шыққан талайдың арманы болдың-ау. Әрине, Карл талай қалаларда болып еді. Бірақ солардың бәрін темір жол, вокзал, әрі кетсе қала шетінің мұржалары шошайған мыржық жер кепе үйлері ретінде темір тор арқылы көрді. Қазір де таныс қалалардың атын естісе, әлі де денесі тітіркеніп, сол шақ көз алдына келе береді. Содан болар, ол қаланы, әсіресе темір жол бойын суқаны сүймейді. Жалғыз-ақ әлдебір жылылықпен Энгельстен кейін еске алатын қаласы - облыс орталығы Ақмола ғана. Ол жүректің түбінен мәңгі орын алған ерекше жағдай. Ұрпағың өміріңді ұзартады. Жалған дүниеге келген соң міндетті түрде кету бар. Өмір өрге шығатын баспалдақ тәрізді. Ерте ме, кеш пе, әйтеуір әрі бара алмай тоқтайтының айдан анық. Бұл табиғат заңы. Шынында, егер мәңгілік дүниені сүйсең, жеке адамның өлімі не тұрады, тәйірі. Өйткені, сен сүйген айналаң, ортаң сен өлгеннен кейін де өмір сүреді емес пе. Тек соны біз сеземіз бе, жоқ па, мәселе сонда. Шынайы мәңгі сезім мен махаббат, ең бастысы артында ұрпағың мен жұртқа істеген жақсылығың қалмаса ғана, олім өкінішті, қаза ауыр... Балаң үшін не істемейсің? Қыл үстінде жүрген Карл да сүйікті ұлы Иван үшін бәріне көнді. Ұлының жас кезінде басының қатты ауыра бергені бар. Баланы дәрігерге көрсету керек болды. Дәрігер үш жүз шақырым жердегі қалада.. Переселенді кім қайда жіберген? Бірақ адам емеспіз бе, қалауын тапсаң қар жанады. Ақыры не керек, қалаға баруға рұқсат қағаз алынды. Соғыстың біткеніне де 6-7 жыл болып, переселендерге үкіметтің де көзқарасы өзгере бастаған. Карл көршісі Уақиттан ат-арба сұрап алып, жолға қамданды. Қалаға баласын апаратын хабар переселендерге үлкен жаңалық болды. Біреулері заман түзелді деп куанса, көбі бұл қалай деген күдікпен қарауыл қосып беретін шығар деп артын тосты. Карл жанталасып ертемен жолға шығуға асықты. Шешім өзгеріп кете ме деген күдік те жоқ емес. Түні бойы үй ішінде ешкім көз ілмеді десе де болады. Бауырлары Иванды айналшықтап маңынан кетпей койды. Бәрінің де қуанышында шек жоқ. Олар кішкентайларынан жандары жасып, саналары сарғайып өскендіктен аса сезімтал еді. Әкелі-балалы екеуі таң ата Ақмола қаласындағы өздері көп естіп үміт артқан темір жол емханасындағы Дәнду Жайықбаев деген дәрігерге бет алды. Ұшы-қиыры жок, қеңінен көсілген салқын самал желді қазақтың дархан даласы. Соғыстан кейінгі шаңы шығып жататын ирелеңдеген ойқы-шойқы жол. Сол жолда тағдыр айдаған әкелі-балалы екеу. Кейде желіп, кейде аяңдаған аттың пысқырғаны ғанаарбаның сықырлаған үнін бұзады. Құлақ үйреніп, сықыр біртіндеп ұмытылып, оның орнына айналаның тыныштығы келді. Былай қарағанда көзге түсе қоймайтын тыныштықты даланың өзіндегі қыбырлаған іс-әрекет көріне бастады. Әсіресе Иван ес білгелі дәмін

алғаш татқан айналаға қарап, табиғаттың тіл жетпес көркем көрінісін қызықтайды. Айнала теп-тегіс дала, жусанның мұрын жарған иісі, күн сәулесі – бәрі-бәрі әлдебір жұмбақтың барын, тек соның есігін тапсаң-ақ қызыққа батып жүре беретіндей сезінді. Көз таларлық шексіз даланың шеңберленген сағымды шымылдығын ашуды армандаған бала ауруын да ұмытуға айналды. Жүрегі жарылып кетердей дүрсілдеп қояды. Әкесінен рұқсат сұрап, ара-тұра жүгіріп те алады. Жүгірген сәтте сен бала қайдан келдің, кел, ойнайық деп жылы жел шашын қобыратып, бетін сипайды. Енді бірде ол бәрін тастап желмен бірге жарыса жөнеліп, ылғи балалар тұратын ғажап қаланы тауып алғысы келеді... Өзі сияқты балалардан жасақ құрып алып, Бестөбеге бір келіп кетер еді. Комендантты да, қарауыл-милицияны да көрер еді сонда. Не балағаттап ұрысып, көкіреңдеп жүрер еді, не жүрмес еді. Бәлемдердің өз істегендерін өздеріне істеп, көздеріне шыбын үймелетері сөссіз... тек жолда біреу-міреу кездесе қалғанда Иванның ойы бөлініп, қазақша сөз араластырмауға тырысып, тілі күрмеле орысша сөйлеген болады, онысы неміс екенін сезіп қалмасын дегені. Әкелі-балалы – бірі ана тілінде тәрбиеленіп қиналса, екіншісі жат жердегі басқа тілде сөйлеп, екеуі бірдей әбігерленеді. Басқа түссе адамның өрмейтіні де, көрмейтіні де болмайды екен. Ондай кездесулерден кейін әке де, бала да біраз уақыт үнсіз қалып, түрлерінде осы немен бітер екен деген үрей пайда болады. Карл ұлына көрсетпей коменданттан алған рұқсат қағазын қалтасының сыртынан сипап қояды. Ұлы оны көрсе де көрмегендей. Бұл Карлдың да, баласының да мәңгі естерінде қалған сәттері еді. Кеше сол балалары асыр салып жүрген үйінде жатқан шалдың көзі дымқылданып, ыстық жас бетті жуды. Алдамшы уақыт, бұлаң-бұлтарысы көп сұрқия жалған дүние. Тек осыны кеш білесің... Энгельсте жүргенде Қазақстан деген жердің бар екенін дұрыс естімепті. Әлемде не көп жер көп, канша жер болса сонша халық, сонша ұлт бар. Осы жер Отаны болып, соны қимай жалғыз қалам деп ойлап па, сірә... Карл енді тыныштықтан беймазаланды. Жатып-жатып көзі іліне беріп, әлденеден секемденіп, селт етіп оянады. Құс ұйқы болса да, денесі сергіді. Кәрі жүрегі ұйықтамашы дегендей үсті-үстіне лүпілдеп мазасын кетіреді. Алқынып жөтелген аралықта құлағын салып тың тыңдайды. Тыныштықты алыстан естілген тас үккен фабриканыңдиірмені мен Рекстің ұлыған дауысы бұзады. Бөлме іші салқындап,аяқ-қолы мұздай бастады. Әлгінде көзі ілінгенде түс көріп еді, солесіне түспей-ақ қойғаны. Ол енді түсін қайткенде де есіне түсіругетырысты. Карл түске ерекше мән бергіш. Өйткені түсті дұрысжорыса, болашағын болжай алатын. Мына түс аяқ астында арманы бола қалды. Оның соңғы жылдары түссіз түні болып көрген емес. Түс жалғыздығын бөліскен жансерігіне айналды. Олар да адамдар сияқты әр түрлі. Бірде алдына жарық түсіріп жол сілтесе, енді бірде жан түршіктіріп қорқытады.

Иван аварияға түсерден жеті күн бұрын Карлдың түсіне үш күн ұдайы зират кірді. Өзінің қабірде жатқанын, бірақ үсті ашық болып, соны көріп тұрып кете бергенде, сол қабірде ең жақын адамның қалғанын сезді. Қанша қайырылайын десе де, бұрыла алмай кете барды. Дәл сол күні Иван да түнгі ауысымның алдында ұйықтай алмаған соң сендерге келдім деп, біраз отырып кеткен. Мария да көзім суырып тарта береді деп жүрді. Ал Иван сол кеткеннен мол кетті. Міне, қанша жыл етсе де, кей сәттерде оның жоқ екенін ұмытып та кетеді. Ол алысқа жолаушылап кеткендей, міндетті түрде кеудесін айқара ашып, қазір кіріп келетін сияқты болады да тұрады. Кезінде Германияға кеткенде де сондай сезім болып, артынан жыл өтпей елді, бірге өскен жолдастарымды, сендерді сағындым деп шабаданын сүйретіп біржолата қайтып келген. Әттең, не керек, сол қызығы ұзаққа созылмай, әдейі сұранып шахтадағы өз бригадасына барғанда, көп өтпей аварияда тас астында қалды... Әрдайым, өткен күн есіне түскен сайын Карлдың өстіп мазасы кетеді. Ғұмыр бойы қаншама арманы мезгілсіз үзілгендіктен, өмірде бейнет деген ұғым кейінгі кезде ойынан кетпей қойды. Олай ойлауына Германияға көшіп кеткен ұлы мен қызынан келген соңғы хат әсер етпей қалған жоқ. Биыл Карл көктем шыға ел қатарлы саяжайын өңдеп, үйіне келді. Сыртқы қақпадан кіре бергенде-ақ есігіндегі хатты көріп, жас балаша қуанып кетті. Күнде хат тосумен жүрген оның жүрегі алып-ұшып қоя берді. Конвертті қолына алар-алмастан қызының таныс қолтаңбасына көзі бірден түсті. Денесі жеңілдеп, бетіне қан жүгірді. Есігін ашар-ашпастан кіре берістегі орындыққа отыра бере бірден хатты оқи бастады. Карл кенет қимылсыз қалып, қателестім бе дегендей көзін ашып-жұмып, хатты қайта оқыды. Біртіндеп әлгі алып-ұшқан көңілі су сепкендей басыла берді. Түсі бұзылып, хатты аяқтамай, умаждауға кірісті. Өзін-өзі ұстай алмай, тыпыршып жан-жағына қарап, не істерін білмей, әлсін-әлсін тізесін жұдырықтап қойды. Өзеннің арғы шетіндегі үйін өрт алып, соны сөндіруге асыққан адамның алдындығы көпірді көзінше толқын алып кеткенде қандай күйде қалады, міне, Карлдың мына күйі одан да бетер еді. Шаңырағын ұстап тұрған тірегі сынып, еңбегі еш болып, есінен айырылғандай халде қалды. Хатты қызы әкесіне Германияға көшпейсің деп өкпелеп, балаларының атынан жазған екен. Хат туып-өскен Бестөбесін курортты жер емес, тасы мен шаңынан басқа еш рахаты жоқ деп басталыпты. Арасында балық тереңде, ал адам болса жағдайы жақсы жерде тұруы керек. Өлдің қалдың, моладағыларға ештеңе керегі жоқ қой депті. Карлға бәрінен бұрын "шешей екеуің көшпегендіктен, Иван сендерді қимай Германиядан қайтып барып, аварияға түсіп өлді" дегені батты. Басына неше түрлі жаман ойлар келді. Көңілі алай-дүлей болып, бір орында тұра алмады. Тоқтай қалып, үйді басына көтеріп, бар даусымен ашына сөйлеп кетті:

-Көрмегенім осы еді! О-о, қу кұдай, не қыл дейсің сен маған? Аздырдың, тоздырдың, жер айдадың. Тарыдай шашыратып, бауырларды бір-бірінен айырдың. Бәріне көндім. Аз ба еді ол саған? Енді артымдағы ұрпағымды өзіме айдап сап, қарап тұрсың ғой. Қорлығың бітер ме сенің? Шұнақ неме, әлде ештеңе көрмей соқыр болып қалдың ба..? Қажыдым., шаршадым, шыдамым таусылды. Жіберші ажалыңды, алшы мені! Күніңді де, жарығыңды да ұрдым сенің! Тамұғыңа жібер мейлі..... - Карл еңіреп жылап, тізерлеп отыра кетті. Өмірінде шықпаған жас көзінен көл болып ақты. "Тек өтінерім – екі жарты бір бүтін болған Марияма қосшы, арманда кеткен Иванымды көрсетші, тілегім сол ғана" деп еңкейіп маңдайын еденге ұрды... Адыра қаларын білді ме, қожасының дауысына қосылыпкара шанырақ та аңырады... Карл сол бетімен үйге сыймай, молаға бет алды. Құлағыкереңденіп, көзі қанталап кетіпті. Жайшылықта алқынатын селекөз өкпе де сезілер емес, аяғы жерге тиер-тимей жүгіре басып молаға жетті. Бір қоршаудың ішіндегі әйелі мен ұлының мәйітіне кұшағын жая бауырлай кұлай кетті. "Мариям, Иваным!..." деген дауыс бірде өксігінің арасынан сыртқа шықса, бірде іште қалады. Жүректегі ақтық ақиқат қашан сөзге сыйған? Айнала зират, қайғысын бөлісер ешкім жоқ. Тек көктемнің әлі де ызғарлы суық желі темір шарбақтарды тарсылдата уілдеп қояды... Жердің сызы тізесі мен шынтағынан өтіп жатса да, Карл ұзақ жатты. Тұрғысы келмеді... Жел күшейіп, тарсыл көбейді. Қас қарайып, аспан мен жер тұтаса қараңғылық қол созым жерге келді. Содан ол өксігі әбден басылып барып, өзіне өзікеліп, амалсыздан үйіне беттеді. Енді үйіне жете алсашы. Өкпесіалқынып жөтелсін кеп. Жол бойы буынып, тоқтай-тоқтай жетті-ау, әйтеуір. Содан бір жұма ештеңеге зауқы болмай, мас адамдайтеңселіп жүрді де қойды. Тоссаң ажал келер ме!? Уақыт жүректің жарасын жазайын деді. Бірақ Карл сонда да таң атса болды көзмайын сатып, почтальон қызды күнде күтеді. Ал балаларынан хатта, хабар да жоқ. Карл әлгі көрген түсі есіне түспеген соң мазасын кетірген ойлардан арылуға тырысты. Қызуы көтерілген сайын ыңқылы көбейді. Ыңқылы қатты шыққан сәтте денесінің ауырғаны қойғандай болады. Сәлден соң жаңағы жағдай қайта басталады.Әйтеуір өздігінен арпалысқан бір нәрсе. Ол адамдардың бірін-бірі білмейтіні былай тұрсын, өздерін өздері толық білмейтінін енді аңғарды. Бөлме іші терезеден түскен ай сәулесімен жарық бола бастады. Карл сыртқа қарады. Күзгі қою сұрғылт қараңғылық аспанды біркелкі бүркемелепті. Жұлдыздар көрінбейді. Тек мысықтың тырнағы салған жіңішке жарадай ай ғана ағараңдайды. Аспанда алашұбар бұлт жылжып барады. Айнала тынымсыз қозғалған бір дүние. Жалғыз-ақ соқпақты, соқтықпалы өмір жолын көп көрген шалдың қырық жамау жүрегі ғана соғуын баяулатып келеді.

Карл маужырап көзі жұмыла берді. Көптен күткен сәт енді алыс емес сияқты. Қатты қорқыныш болмаса да белгісіздің санадан тыс екі арадағы қатерлі көпір жұмбағының шешуін тапқызбай-ақ қойғаны. Әрине, өмірден толық мағлұмат болмай тұрғанда, өлімде не бар екенін білу қайда. Сол сәтпен ешкімсіз бетпе-бет оңаша кездесетінің де дұрыс шығар. Бұл сында адам жалғыз, өзімен-өзі болмақ. Жалғандағыдай еш бет перденің керегі жоқ... Оның бар есіл-дерті ұйықтап кетпеу болды. Бар күшін көзін ашуға жұмсады. Денесі дел-сал тартып, ештеңе сезбей жоғалып барып, селк еткенде қайта пайда болады. Даладағы Рекс те азанды басына көтеріп ұлуда. Карлдың денесі түршігіп шымырлады. Ит ұлуын қояр емес. Жағы да қарыспайды екен өзінің. Әлден соң көзі қайта ілінді. Көзі қарауытқанда Рекстің ұлыған дауысы алыстап, құлағына шахтаның күмбірлеген еген компресорлары гүрілдегендей болады. Арасында әлдебіреулердің ап-анық сөйлегені естілді. Таныс адамға ұқсайды. Шырамытты. Әлгі Мария болып шықты. Жас бойжеткен кезі. О, тоба, ол қымсынып бетін көрсетпеу үшін теріс айнала берді. Карл ештеңе түсініп болар емес. Бойжеткеннің жас кезіндегі кемпірі екені сөзсіз. Өзінің шал екенін біліп тұр, бұл қалай деп аңтаң. Ту сыртынан шыққан дауысқа жалт бұрылғанда қасында тұрған Иванды көрді. Ол ренжіген күйі "осы сендер-ақ жас балаларша ойнай береді екенсіңдер" дейді. Түрінде шаршағандық бар, шахтадағы түнгі ауысымнан келген-ау. Сол екі ортада кемпірі бойжеткен қыздан гөрі ақ киген періштеге ұқсап кетті. Карл әйелінен әлдеқайда үлкендігін сезіп, бұл қалай деп өзін көргісі келді. Былай қарағанда керісінше болуы керек. Өйткені кемпірі соғыс уақытында фабриканың тас теруінде істегендіктен көп ауырып, ерте қартайған. Карл мен мен Мария оңаша қалып, бір-біріне жақындай берді. Карл жастық шақтарындағы Мариясының иісін сезді. Кенет аза жанды қаза қылған дауыс естіліп, біртіндеп жақындай берді. Карл шошып кетіп, көзін ашып алды. Таң сарғайып атып қалыпты. Әлгі Рекстің ұлыған дауысы екен. Терезенің тор ұсталған көзінен бөлме ішіне таңғы салқын ауа кіріп тұр. Тіршіліктің көзі таза ауа қандай тамаша едің. Жайшылықта білмейді екенбіз ғой қадіріңді... Кен тасыған машинаның фабрика ауласына тас аударған тарсылы, іле оны клетке итеріп түсірген трактордың бажылы мүлгіген тыныштықты ышқына бұзуда. Түс пен өң айқындала берді.Карл суық төсекте тізесін құшақтап жалғыз жатса да, түсіндегі Мариясының иісін қайта сезді... Ол бар денесімен дем алуға кірісті. Өкпесі жүгірген адамдай алқынып қояды. Науқас жастығын жұмарлап, бауырына қысқан қалпы қозғалыссыз ұзақ жатты. Күннің шығуымен бірге бойы да жеңілдеген сияқты. Бірақ ештеңеге зауқы жоқ денесі біреу ұрып тастағандай дел-сал. Ол мең-зең қалпы жатыпжатып, әлдене есіне түсіп, орнынан тұруға ұмтылды. Көзге көрінбес күш кеудесінен басып "жат, жат" деп жіберер емес. Екі-үш ұмтылып тұрды-ау, әйтеуір. Тәлтіректеп барып қабырғадағы бала-шағасының үлкейтілген суретінің артынан түйілген ақ орамалды алды. Түйіншекті қолымен

салмақтап-салмақтап біраз тұрды да байлауын шешті. Ұсақ сарғыш құмдақы топырақ орамалдың шетінен жылжып шашыла бастады. Карл топырақты иіскеп, ұзақ тұрды. Буыны дірілдеп, шекесі солқылдамағанда қанша тұрарын кім білсін. Сосын топырақты сүйіп, түйіншекті қайта байлап, балаларына беріп жіберуге дайындаған сәлемдемесінің арасына салды. Бұл топырақ әйелі мен баласы Иванның бейітінен алынған болатын. Оған өткенде өзіне деп солардың қасынан қалдырған бос жерден және тағы бір уыс топырақ қосып еді... Ауру да шалдың денесінен күш кете бастағанын біліп, әдейі келемеждей басынып барады. Таңертеңгі көңілінің сергектігі алай-дүлей дауыл алдындағы алдамшы тымық екен. Дем алудың өзі қиындай түсті. Карл енді ештеңеге шамасы келмейтінін біліп, төсегіне келіп қисайды. Уақыттың мәңгілік тәуелсіздігі айқындала түсті. Мезгілімен таң да атты, күн де батты. Алқынды. Қысылғандағы шығатын тер де шығар емес. Бойындағы күш тұрсын, денесінің өзі жоқ сияқты. Өмірі болмаған түсініксіз жай. Талай жылдан бергі тастанған өкпесінің жөтелі қайда кетті. Оның бірінші рет қатты жөтелгісі келді. Өмірмен бірге өлімнің де тыныс алғаны сезілуге айналды. Жанды жеген жалғыздық таусылып, дәрменсіздіктің патшалығы басталды. Карл қинала дем алып, соңғы рет көзін ашуға тырысты. Ап-ауыр қабақ желімделгендей көтерілмеді. Сәлден кейін бөлме іші жарқырап сала берді. Көзі жұмулы болса да, төңіректі күндізгідегідей көре бастады. Біртіндеп бөлмеден бөлмеге беттеп, үйдің бұрыштарын аралауға кірісті. Түкпір бөлмедегі шифоньерге қарап еді, кемпірінің іс қорапшасының ішіндегі ине-жіптеріне дейін көрінді. Одан әрі дала басталды. Сыртқа беттей беріп, бұрылып артына қарағанда, кереуеттің үстінде жатқан өзіне көзі түсті. Айнала жым-жырт. Рекс ұлуын қойыпты. Жүні үрпиіп, әлденеден қорқып, шынжырын үзердей жұлқынады. Аула, көше тұрсын, бүкіл Бестөбе, төңірек ап-анық. Ол енді музыка естілген Мәдениет сарайы жаққа беттеді. Би парктің ішіндегі жазғы алаңда болып жатыр екен. Көңілді әнге жігіттер мен қыздар асыр салып би билеуде. Би алаңының ағаштан жасалған қоршауына жабысып, сыртында қарап тұрғандарға Карлда қосылды. Әркім өзімен-өзі. Музыка біткен кезде орекстрант би аяқталды деп жариялады. Жұрт бірден шулауға кірісті Біреулер ысқырып, аяқтарымен еденді тепкілей бастады. Музыканттар да осыны тосқандай қайтадан әлгі музыканы ойнай жөнелді. Енді жұрттың бәрі де билеуге көшті. Карл да өзінің билей кеткенін байқамай қалды. Қайырмасына келіп қалғанда бәрі қосылып, кейбіреулер қол да шапалақтауда. Сөзін түсінбесе де, әйтеуір жүректен шығып бойды алған жақсы ән. Карл кәрілігін ұмытқан, көңілі би билеген жастармен бірдей. Бұрын бұлай билеп көрмесе де, жұрттан көргенін істеп қалар емес. Қимылы да шапшаң, аяқ-қолдары бірдей қозғалады. Би бітті, жұрт тарқай бастады. Карл сол билеген орнында тұрды да қалды. Жастар қасынан өтіп жатыр, "мына шал не ғып жүр" деп ешкім көз де салмады. Қасынан өте берген

жасаңдау жігітті ұстай алмақшы болып еді, ауа қармағандай қолына ештеңе ілікпеді. Жігіт ештеңені сезбей, өз бетімен жүре берді. Карл жүгіріп барып, жұрт топырлап шығып жаткан би алаңының есігіне тұра қалды. О, тоба, тоба, бір-бірімен жамырай сөйлесіп күлген қыздар мен жігіттер Карлдың денесі арқылы емін-еркін өте берді. Ол бірден үйіне келді. Бұл жақындаған кезде Рекс ұясына кіріп кетті. Карл есікті ашпай-ақ қабырғадан өтіп үйге кірді. Кереуетте бағанағы қалпы өзі жатыр. Қатты ұйықтаған адамдай қозғалыссыз... Оның енді бұл жерде қалғысы келмеді. Қайтадан сыртқа шықты. Бойы жеңілдеп жерден көтеріле берді. Біртіндеп Алдабике бұлағы, Сілеті өзені, Степногор қаласы, ҚояндыҚойтас бәрі-бәрі артта қалып бара жатты. Көзді ашып-жұмғанша бейтаныс жерлер, бөтен қалалар көрінді. Ол біріне де тоқтамай ұшып келеді. Қайда барады, не іздеп жүр? Бұл не деп ойланғанша, үйінде тамақ әзірлеп жүрген қызы Викторияны көрді... Бұл Мюнхен болғаны ғой. Қызы бейқам. Карл қызына қараған қалпы ас бөлмедегі орындыққа отыра кетті. Өткендегі хаты үшін ұрсайын деп еді, өзін естімейтіні ойына келіп, "соған ренжіген мен де..." деп қолын бір-ақ сілтеді. Виктория әкесін сезер емес. Кофе уатып болысымен қабырғадағы айнаға қарап, кірпігін бояй бастады. Ту сыртынан қараған Карл қызынан өз кемпірі Марияның жас кезіндегі дене бітімін көрді. Кенет оны қарақұсынан үлкен бір күш қатты жылдамдықпен кейін қарай тарта жөнелді. Бағанағы өткен жолды көзді ашып-жұмғанша кері қарай өтті. Әлгі күш жіңішке жіп қыспақ сияқты тартылды. Жылдамдықтың шапшаңдығы соншалық, ілезде Бестөбедегі өз үйіне жетті. Сарғайып таң атып қалыпты. Үйінің қасында жедел жәрдемнің машинасы тұр. Көршіқолаң, дәрігерлер үйде толып кетіпті. Екі дәрігер кереуетте жатқан өзінің кеудесін уқалап, массаж жасауда. Медсестра қыз дәрі иіскетіп тұр. Карл өзін-өзі анық көрді. Бағана өзінің төсекте қалғаны есіне келді. Не істерін білмей бұл да төсекке қарай жұртпен бірге ентелей берді. Бірақ бұны байқар ешкім жоқ. Әлгіндегідей емес, желкесіндегі қыспақ сияқты пәле босаңсып, басы ауырғаны қойды. Адамдарға жақындасаболды, сол кісіге сіңгендей жоғала береді. Карл жұрттың жанталасуында жұмысы болмай, столға, қабырғаға жақындап, өзін-өзі қызықтауға айналды. Жай сөйлегеніне ешкім көңіл аудармаған соң бар дауысымен айғай салды. Ешкім ештеңе сезер емес. Ол мең-зең болып, біраз тұрып-тұрып, бөлме ішіне асықпай көз жүгіртті. Уақыт болса саусақ арасынан өткендей ағып барады. Дәрігерлер де ештеңе шығара алмай, оны мазалауын қойып, күбір-күбір әңгімеге көшті. Бәрі орнында, еш өзгеріс жоқ, тек бұрыштағы орындық үстіндегі Викторияға әзірлеген сәлемдемесі еденге аунап қалыпты. Дәрігерлерге орындық керек болған ғой, иә, бұлардың ештеңе істемесе де қолдарын сабындап жуып, орындыққа жайғасып отырып қағаз толтыратыны бар. Карл өзіне біреулердің қарап тұрғанын сезіп, терезеге бұрылды. Сырттағы жазғы дем алатын террасада Мария мен Иван тұр. Ол жан ұшыра терезеден далаға

ұмтылды. Баласы мен әйеліне біртіндеп жақындай берді. Түсі ме, өңі ме, айырып болар емес. Араларына екі-үш метр қалғанда денесін әуелі от өткендей сияқтанып, жаңағы қызу біртіндеп басынан төмен қарай ысылып кете бастады. Мария еш өзгермепті. Орта жастағы кезі. Жедел жәрдем машинасына қарай көз салып қояды. Қызараңдаған жүзінен әлденеге толқығаны білінеді. Иванның шашы селдір тартып, ұйпа-тұйпа қалпы оң шекесіне жабысып тұр. Былай қарағанда бейқамдылық бар сияқтанғанмен, оның да көзқарасынан үлкен бір алаңдаушылық бар екені сезіледі. Мария күйеуіне күлімсірей қарап, Иванды сол қолымен итермелеп, өзі орнында тұрып қалды. Карл көп нәрсені толығымен енді түсінді. Иван да “әке” деп алпамсадай денесімен мойнына асыла берді. Карл да сағынышы жылы тамшы болып тамып, “өмір деген бір жарқ еткен найзағай екен ғой" деп оң қолымен ұлын құшақтаған күйі Мариясына ұмтылды.

ХАБАР

Уақит әдеттегідей ерте оянса да, ойы әр жаққа кетіп, бие сауым уақыт қозғалыссыз жатты. Ол алыстағы бауыры Ақшолақты ойлады. Украинаны ит тұмсығы өткісіз орманды, тоғайлы деп естігендіктен, сол жерлерді Ерейментаумен салыстырып қояды. Ол жақтың жері осындай ма екен деген ой елес беріп өтсе де, туған жерге не жетсін деп күбірледі. Соғыс басталып, елдің азаматтары майданға аттанғаннан бері жер шалғайлығы қысқарып қалғандай. Ел басына түскен апаттан бірліктің, білек сыбана бір адамдай қарсы тұрғанның арқасында аман қалған жоқ па адамзат. Уақиттың да қайта-қайта мазасын алатын осы ой. Ол енді көзін тарс жұмып, бір сәт інісінің бейнесін елестетуге тырысты. Бірақ қанша тырысса да көз алдына елестете алмады, бұлдыр тартып сағымдана берді. Негеекенін қайдам, Ақшолақтың бала кезі есінен шықпай қойды. Араларында мүшелдей жас алшақтықтары болғанымен, оларда өзара ұқсастық көп болатын. Түрпішіндерімен қоса мінез-құлықтары да тайға таңба басқандай көзге ұрып тұратын. Уақыттың көкірегін қарс айыра ойлайтын өкініші інісін ертерек үйлендірмегені. Ертеңгіге сеніп, өзі біліп жүрегі қалағанына құрық салсыншы деп жүргеніне кейіді. Жалғыз сүйеніші қасында мәңгі жүре беретіндей, көріпті-ау. Әттең, не керек. Бірге жүрген кез аққан селдей, ескен желдей өте шықты. Ішқұса болады да қояды. Кім білген алдындағы тағдырталайын... Міне, енді біраздан бері Ақшолақтан хабар жоқ. Қазір қарап тұрса, сол бірге жүргенде аш-жалаңаш болса да, олар бақытты екен. Кенет оның денесін әлдебір үрей аралас сезім билеп, жүрегі өздігінен қобалжи жөнелді... Көңілі бей-жайланып сала берді. Бойындағы оянғандағы сергек қимылы енді

ауырлап, салғырттық басты. Денесі әлденеден тітіркеніп барып, қысылғаннан маңдайы жіпсіп, самайынан тер сорғалады. Уақит таңдайы кеуіп, осылай біраз жатты. Әлгіндегідей емес, көзі қараңғыға үйреніп, бөлме іші анық көріне бастады. Ол таңғы жұмысқа баратындықтан амалсыз тұрып, уақытты мөлшерлеу үшін пердені ысыра ашып, терезеден сыртқа қарады. Дала әлі түн құшағында екен. Шолпан жұлдызы да жоғарырақ тұр, яғни жұмысқа әлі ертерек. Тұр-тұрдан хабар келсе, ұйқыдан маза кетеді. Уақиттың енді қайтып жатқысы келмеді. Көрпелерін теуіп ашқан қалпы жайбарақат ұйықтап жатқан балаларының қасына келіп отырды. Қайран бақытты балалық шақ! Ол балаларының өсіп, есейіп қалғанын жаңа көргендей таңырқай қарады. Қатарласа жатқан ұлдары оған шеттерінен соқталдай азамат болып көрінді. Аналарың өскендеріңді көрмей кетті-ау деп күңіренді де ол ішінен. Кейде осы қос жетімегін анасын жұтқан деп жаратпайтын сәттері болғанымен, көбіне-көп құдайдың бергеніне шүкіршілік жасайды. Біртіндеп көңілі демделіп, сабасына түсейін деді. Жасы жер ортасына жете қоймаса да Уақит заман тауқыметінің ащы дәмін көп татқан. Соған қарамастан күш-қуаты әлі мығым. Шахтадағы жұмыстың ерекшелігінен сәл еңкіш тартқанымен, тарамыс денесі ширақ, қимылы шапшаң. Тіпті дәрігерлер өткенде шахтерлерді айнадан өткізгенде, олар бұның қосымша қабырғасын көріп таң қалған. Уақит біраздан бері ұйқысы қашып, кейбір таңды кірпік ілмей аттырып жүр. Ақшолақтан хат та келмеді, соны ойлап ұйқыдан да береке кетті. Міне тағы да жүрегі қағып, соғысы жиіледі. Соңғы 4-5 күннен бері не ойласа да, не істесе де өз еркімен емес, басқа біреудің әсерімен істейтін сияқты. Ол оң қолымен кеудесінің жүрек тұсын сипады. Баяғы қоқай - сол қоқай. Ештеңе сезілер емес. Не пәле болса да бәрі іште. Уақит еңкейіп, ұлдарының сыйдиған сирақтарын көрпелерімен қымтай бере, беттеріне ай сәулесінің түсіп тұрғанын көрді. Пердесі құрғыр дұрыс жабылмай қапты. Ол шоқ басқандай ыршып барып, терезенің пердесін жапты. Қабағы қата сол үнсіз қалпы ауызғы бөлмеге шығып, пөзірлі шамды жақты. Асықпай баппен сәуекпен әлі қызуы қайта қоймаған пештің күлін алып, мұржасын ашты. Сосын кешкісін әзірлеп қойған тезектің ұсақтауын керосинге малып, от тұтатты. От бәйгеге қосқан аттардай жарыса пештің мұржасын бойлай сыртка дүрілдей тартты. Үйге шам жағылып, бөлмеге жарық кірсе де, денесіндегі беймазалық Уақиттың еңсесін көтертпеді. Сәлден соң қара шәугім де қайнағанынан хабар беріп бу атқылап ысқыра бастады. Уақит азанғы оразасын ашты. Асықпай жұмыс киімін киді. Ілулі тұрған карбиткасын ала бере, қабырғадағы айнаға көз қыры түсіп кетті. Уақит айнадан өзінің мыж-мыж болып берекесі кеткен бетін, жанарының оты өшіп түссіздене бастаған көзін көрді. Айнадағы мүлде бөтен адам. Ол қас жауына кездескендей қанын ішіне тартып сұрлана қалды. Майшамды сөндіріп сыртқа шыға бере бұрылып қарап еді, бөлменің қараңғылығынан айнадан енді ештеңе көрінбеді.

Дала суық екен. Арқаның аязы еттен өтіп, сүйекке жетердей. Жалаңдай сумаңдаған жаяу борасын да жолын кесе сырғып өтеді. Аяз қатырған кесек қар айдың жарығына шағылысып, көкшіл мәрмәр түске айналған. Жүріп келе жатып аспанға қарады. Шолпан жұлдызы жұдырықтай гауһарға ұқсап жарқ-жұрқ етеді. "Мүмкін, бүгін Ақшолақтан хат келіп қалар" деп ойлағаны сол еді, қораз шақырғандай болды. Құлағыма жел тиіп күмбірлегені ме дегенше болған жок, әлгі үн тағы да қайталанды. О, тоба! Қыста таң атпай жайдан-жай қораз шақырар ма? Інісінің соңғы хатында майданға жүреміз деп жазғаны миында балғаның тасқа тигеніндей шықылдап тұрып алды. "Жамандығын көрсете көрме жалғыздың, Тәңірім" деп Уақит күбірлеп қойды. Даусы өзіне естілмеді. Аузынан шыққан бу қырауланып жағасына қата бастады. Төңірек те жым-жырт мелшие қалған. Әлгіндегі бет шымшыған аяз қайтып, жылына бастағандай. Түһ, әйтеуір қораздың шақырғаны үшінші рет естілмеді... Уақит іштей піссімілләсін айтып, бар білетінін қайталып, кәлимаға тіл келтірді. Айналадағы тыныштықты аяқ басқан сайынғы қардың сықырлаған дыбысы ғана бұзып тұр. Кенет жол бойындағы зираттың арғы бетінен үзіп-үзіп ұлыған иттің аянышты дауысы естілді. Түнгі дауыс зиратты аралап, құлақты жарып барады. Қара басынды жұтқыр, тағы бір шаңырақтың шамы сөнді-ау... Ол енді ту сыртынан әлдебіреу өзіне сұқтана қарап тұрғандай сезінді. Әлсін-әлсін алаңдап артына бұрылып қояды. Бірақ желтоқсандағы ай жарығына шағылған ақ қардың әсерінен бар маңай бозамықтанып, айнала күндізгідей көрінеді. Денесін тітіркендірген суықпен бірге үрей де кіре бастады. Зираттың қасынан өте бергенде, соңынан ерген елес ентелеп жетіп қалды. Тіпті, алқынып дем ала бастаған пысылы естілді. Келемежі ме, арасында ақырын ысқырып та қоятын сияқты. Ол жүгірмесе де, жүрісін ширата түсті. Осылай дедектейаяңдап, зираттан алыстап, үйлердің тасасына енген соң, қорқыныш азаяйын деді. Қараңғылау жерлерден өткенде аздап елегізігенімен шахтаның эстакадасына көтерілгенде, Уақит үрейден толық арылды. Бірақ борша-борша болып терлеп, ентігін баса алмай, кіре берісте біраз бөгелді. Ауа тазартатын компрессордың тынымсыз гүрілдегені, клеттің есігінің тарсылдап ашылып-жабылғаны естілді. Көңілге медет көппен бірге болғанға не жетсін. Жалғыздық құдайға ғана жарасқан-ау. Уақиттың иығынан ауыр жүк түскендей жеңілденіп, еңсесі көтеріліп қалды. Ол эстакададағы жұмысқа ерте келіп, бұрғыларының сүймендерін ұстаған үштөрт жігітпен амандасты. Бұндайда айтпай түсінетін азаматтар Уақиттың түрінен Ақшолақтан хабар жоқтығын бірден білді. Олар шахтаға түсетін клеттің жақын арада босамайтынын көріп, қосалқы баспалдақпен түсе бастады. Күмбірлеген дауыстар қараңғылыққа батып біртіндеп алыстай берді. Уақит шахтаға түсуге келгендерден де, одан шыққандардан да майдан жөнінде мардымды ештеңе ести алмады. Біраздан соң клет босасымен өздерінің жұмыс істеп жүрген 75-ші горизонтына түсіп кетті. Блоктарына барып жеткен соң, көмекшісін тоспай-ақ белгіленген

жерлерді бұрғылауға кірісті. Дем алмай қара терге батып жұмыс қызығына алданайын дегенмен, біртүрлі мазасызданып қапалана берді. Бөренеге көлбеу төселген тақтай бұрғыны күшпен итерген кезде сынардай майысыпмайысып қояды. Төменге анда-санда көзі түсіп кетсе, аяғының асты жұтып қоятындай. Штрехтің жақын тұрған бекіткіштерінің арасында әлдене қараңдады. Уақит не де болса ештеңеге көңіл бөлмеуге тырысып, бар күшін салып-ақ бақты. Күл болған тас үгіндісі ақ борандай борап, забойдың ішін алып кетті. Ештеңе көрінер емес. Әлден соң бригадирі Петро келіп, көмекшісінің келмейтінін айтып, демалуға шақырды. Уақит Петроға ілесіп, алқақотан отырған шахтерлерге келді. Үйден ала келген тамақтарын ортаға алып жеуге кірісті. Жұртқа тек бригададағылардың ең жасы Петроның інісі Игорь ғана қосылмады. Майданға жолдастарын шығарып салып, ештеңеге зауқы болмай, қайласымен тас шұқылаған қалпы өз бетімен мұңайып отырды. Сәлден соң ағасы естісін дегендей "бірге оқыған теңдестерімнің бәрі соғысқа кетті, мен ғана көртышқандай тығылып, бронь үшін осында жүрген" деді. Ағасы оны естісе де естімегендей. Ара-тұра "сөзді доғар" дегендей ала көзімен қарап қояды. Сол екі ортада қайланың ұшы қаттырақ тиген ірге жақтың тасы опырылып түсіп, арғы жағынан саңылау пайда болды. Іле жаңағы жерден қара шұбар жылан жылжып шыға бастады. Жұрт демін шығармай сиқырланғандай қата қалды. Көздері жыланда, қараған күйі ауыздарын ашып, бақырайып отыр. Шіркін шыбын жан. Жылан сусып жайлап шығып келеді. Арасында тоқтап, жан-жағына абайлап қарап алады да, асықпай тағы жылжиды. Жылан емес, інінен жорғалап шыққан ажал сияқты. Бір мезгілде опыр-топыр басталды дейсің. Жан ұшырған адам не істемейді? Жалпылдап карбиткалар кұлап жатыр. Ештеңе айырып болар емес. Айғай-ұйғай. Бірін-бірі кимелеп, ауыздарына ақ ит кіріп, көк ит шығып жатыр. Қолдарында қайла, күрек. Бригаданың ішіндегі үлкені Олжабай: “Өлтірмеңдер, қазір өзі кетеді”, – деп бажылдап тұр. Әй-дүйге қарауға шама бар ма. Әркімге өз жаны тәтті. Игорь көзді ашып-жұмғанша қайласын екі-үш рет құлаштап сермеп те үлгерді. Қайла тиген сәтте ысылдаған жылан арқанша бұратылып, сапқа жабысты. Игорь қайласын тастай салып, еңкейіңкіреген қалпы тұғжыңдап қолын уқалай бастады. Жылан екіге бөлінді. Басы бір бөлек, құйрығы бір бөлек, қимылсыз қалды. Жігіттердің ұнжырғасы түсіп кеткен. Тамұқтың есігінің алдында тұрғандай өңдері аппақ қудай. Үнсіз қалған. Ел аузындағы аңызға қарағанда, осы Бестөбе кенішінде көне заманнан бері қазылып алынып жүрген алтынның жылан бейнесіндегі иесі бар екен. Ертеректе алтын жердің бетіне жақын жатқанда адамдар оларды жиі көреді екен. Бірақ сол жыланды көрген адамдар міндетті түрде жазылмас дертке, өлтіргендер ұзамай ажалға тап болады. Кейін жер бетіндегі алтын азайғанда жыландар да алтынмен бірге жердің терең қабатына түсіп кеткен. Тәңірім де жер жаһандағы мақұлықтардан адам баласын артық жаратқан. Алайда жұмыр басты пенделер жаратқанның жақсылығын тез ұмытты. Алтынға қызығып

Алланы ауызға алмады. Жыландар болса алтынды қорып, оны оңайлықпен ешкімге алдырмаса керек. Өздерінің қорыған қазынасын тек қана адал, жамандықтан аулақ жүретін жандарға ғана қиса керек. Егер сол жыландардың біреуі адам көзіне түспей 100 жыл өмір сүрсе, терісі түлеп айдаһарға айналып, 200 жылдан кейін кез келген жанды мақұлықтың біріне айнала алатын бойына сиқырлы күш пайда болмақ... Шахтерлердің даурыққан үндері басылып, тамақтарын шала-шарпы тауыспастан жұмыс орындарына кете бастады. Онсыз да мазасы болмай, көзі қарауыта берген Уақиттың берекесі мүлдем кетті. Жұрттың соңы болып ол да жұмыс орынына беттей бергенде жыланға қарап еді, жүрегі су ете түсті. Жыланның көзі әлі жұмылмапты. Уақитқа жыланның көзінде кекесінді күлкі бардай көрінді. Денесі тағы да ток жүріп өткендей дір ете қалды. Ол забойына сүйретіліп зорға жетті. Мең-зең күйі шақшасын алып ерніне насыбай қыстырды. "Қой, отыра бергенмен болмас" деп бұрғысын қолына ала бергені сол еді, азандағы қораз дауысы қайта естілді. Дауыс Уакиттың жалғыз екенін білгендей қатты шығып, забойды жаңғыртып жіберді. Денесін үрей билеп, суық тер бұрқ ете қалды. Забойдың қараңғы түкпірінен өзіне біреу жасырын қарап тұрғандай. Көзі қарауыта бастады.Бір кезде аяғының астындағы ағаш билей жөнелді. Қолындағы бұрғысы ұшып кетті. Уақит төменге құлап бара жатты... Кенет меңіреу тыныштық орнай қалды. Құдды цирктегі әртістің аренада қауіпті ойын көрсетер алдындағы іштен тынғанөлі тыныштықтай. Төңірек күн тұтылғандай күңгірттене берді де, артынша қайта жарқырады. Уақит таңырқай, төңірегіне оңды-солды қарай бастады. Өзімен-өзі болған ығыжығы халықты көрді. Шуағы мол жылы күн. Бейтаныс бөтен әлем. Көңіл орнықты. Дегенмен, осы тірлікте бұрынғыға ұқсамайтын бір өзгешелік бар. Не екені белгісіз. Көбінесе үлкен жәрмеңкеге ұқсайды. Қымыз сапырып отырған келіншек сыңғырлай күлді. Шырамытты. Жүзі таныс, қайдан көрді? Жүрегі шым ете қалды... Сататын затын мақтаған жұрт. Дауыстар қатты шыққанымен ештеңе түсініп болар емес. Бір жерде қырық шақты кісі, ішінде аттылы-түйелісі бар, домбыраға қосылып ән айтқан әншіні алқақотан қоршап алыпты. Ән аяқталған кезде жұрт қарқылдап даурыға күліп, ессіз айқайға басады. Арасында біріне-бірі жұмбақты көзқараспен қарап алады да, үндері өшеді. Келесі ән басталғанда түрлері қайтадан мелшиіп жансыздана қалады. Уақитқа осы көріністің бәрі бұлдыр перденің аржағында жүріп жатқандай. Ол шегініңкіреп дұрыстап қарағанда, әлгінің бәрі бағанағы өздері өлтірген жылан көзінің ішінде тұрғанын көрді. Ол шошып кетіп, жанталаса қаша жөнелгенде, үстінен ағаш аралас тас борады. Уақит шахта қабырғасына соғылғанда ғана зорға тоқтады. Өзінің забойда екенін енді білді. Әлгінің бәрі қас-қағымда көз алдынан өткен елес тәрізді. Үстіне түскен ағаш, тастар тырп еткізбей штрехке кептелді де қалды. Құлаған тастың дыбысын ести сала қатардағы штрехтен жүгіріп келген

жігіттер Уақитты әрең дегенде босатып алды. Қызбалау жастар жағы түнгі ауысымның бекіткіштерін боқтап, Уақиттың төменге құлап кетпей, орта жолда тіреліп тұрып қалғанына таң қалды. Жоғарыда үлкен тас құлағалы тұр екен. Құласа жан қалуы екі талай. Үлкендер жағы “бір ажалдан қалдың, садақа бер” деп жатты. Бригада жігіттері қоярда-қоймай Уақитты жұмысынан ертерек босатып, үйіне қайтуына жік-жапар боп әрең көндірді. Ол жер бетіне шығуға келе жатып, люктен вагонеткаларға тас артып тұрған көршісі Бейсенге кездесті. Оны көрген Бейсен жерден жеті қоян тапқандай Уақитқа қарап даурыға сөйлей жөнелді. -Жақсы кездестің-ау, қалай жолығам деп тұр едім. Уақит мынау жаман хабар айтпақшы ма деп тітіркеніп түксиеқалды. -Әй, өзіңде түр жоқ қой, ауырып тұрғаннан саумысың. Стақаншы, стақаншы дегенге өліп-өшіп жұмыс істеймін деп жүдеп кетіпсің ғой. Өстіп жүріп өліп қалма, – деп күлген болды. Уақит болса әлгінде дене қызуымен байқамаған екен, өне бойы ауырғанын енді сезіп, мазасы болмай бозарып тұр. -Не айтпақ едің, жайшылық па әйтеуір? -Мына қара атты үстіне шығаратын көрінеді. -Онда менің не шаруам бар? -Түһ, сен түк те түсінбедің. Бұл ат үстіне шықты дегенше, талқаны таусылды дей бер. Былтырғы күрең аттың кебін киеді. Айтпады деме, көр де тұр. Қараңғыдан жарыққа шыққан мал бірден көзінен айырылады. Өзің стақаншы, бастықтармен жақсысың. Сөйлес. Ақшасына берсін. Семіртіп сойып ап жылы-жұмсаққа бір тояйық. Ақыл тыңда, сөйт... Денесі онсыз да дел-сал болып тұрған Уақит “Әй, құлқының құрғыр! Сөзінің түрін қара..." деп ішінен жаратпай жиырылып қалды. Сол ұнатпаған бойда: -Жарайды, көрерміз, деп екі ұшты жауап қатты да жүре берді. Уақит жылқыға жастайынан ерекше қарайтын. Мінсе – көлік, сауса сусын. Ер қанаты ат деп халқымыз тегін айтпаған. Әсіресе тектілігін айтсайшы... шөптің де тазасын, судың тұнығын таңдап ішеді. Анасы марқұм да “Сен жылқы жылы туғансың, сондықтан да оған үйірсің" дейтін. Кейде күрсіне қарап, жылқы жылы туғанның соры қалың болады деп қосып та қоятын. Ал мына күндіз-түні жер астында вагонетка сүйретіп жүрген жылқылардың соры бес елі. Күндіз-түні мықшыңдап мойынтұрық бір түспейді. Олар да Отан қорғауға, жауды жеңуге өз үлестерін қосатындықтан, ол бұларға майдандас еңбектес серіктері сияқты қарайтын. Уақит жер бетіне шығып, ешқайда мойын бұрмастан үйіне тартты. Су сіңген жұмыс киімі қатып, сіресіп жүргізбей келеді. Күнде отынға деп қолтығына қыса кететін шахтаның ағашын да алмады. Үйінде жалғыз қалған балалары ерте келгеніне қуанатын болды. Баланың білмейтіні жоқ. Алдында күнде кешкісін Ақшолақтың мойнына асылып: "Көке, қашан соғысқа барып жауды жеңіп келесің" деп мазасын алатын. Ал аттанатын күні ағыл-тегіл жылап, көп жерге дейін “көкелеп” машинаның соңынан жүгіргендерін

көрсең. Әлде сәбилер бірдеңені сезді ме екен? Ақшолақ та ағасына аяғындағы жаңа былғары етігін шешіп, “маған басқасын береді ғой, киіп тоздыра алмадым, көзімдей көріп жүрші” деп беріп кеткен. Кім ойлап шығарды екен осы соғысты. Неге Ақшолақ, басқа да боздақтар жар құшпай, бала сүймей, әлдеқайдағы орыстың ба, немістің бе жерінде оққа ұшпақ. Осы соғысты кім ойлап тапты? Сол ойлап тапқандар қанға жерін бояса, өздері неге қырылыса бермейді... басқаға қырсығын тигізбей. Уақитқа Ақшолақ екеуінің балалық шағы күні кешегідей көз алдына келді. Ауыл онда Ерейментаудың Қоянды-қойтасындағы Қоңқа-шақада болатын. Тамылжыған жайма-шуақ жаз айы. Алыстан бұлдырап Қоянды тауының кесек тұлғасы мен мұндалап кең далаға асқақ қарайды. Міне, Уақит астаулы тас құдыққа жылқы суаруға келе жатыр. Соңында “көкелеп" томпаңдап Ақшолақ келеді. Қадыр мен Дайырға да “көке” деп айтқызған өзі еді. Уақит та тетелес інісі Уақап мезгілсіз қайтыс болғаннан кейін Ақшолақты қасынан тастамайтын. Құдайдың құдіреті, сол жылы көктемде қар көп болып, өмірі ернеуінен аспайтын құдықтың суы көтерілген. Құдықтың тасығанын кім көрген? Қайнаған қазандай бұрқырап адамның зәресін алады екен. Суы мұндай көп болар ма. Терең құдықтың барлығы үлкен теңізбен жалғасады дейтіні рас болар. Уақап зерек, білімге құштар еді. Аллаға да жақсы керек. Ішінде Уақап бар, сабақта отырған қырық шәкіртімен ауыл молдасы да суға кетті. Алайын десе ажал аяқ астында екен... Терең тас құдық ішіне үңілсең, басың айналады. Күн ыссы. Қапырықтан аспан да өңін жоғалтып күлгін түске айналған. Бір шөкім бұлт болсайшы. Ақшолақ құдыққа үңіліп, “су перісі, қайдасың?" деп сыңғырлаған жіңішке дауысымен айғай салады да, дауыс жаңғырған кезде жүгіріп келіп, Уақиттың артына тығылады. Ағасының қорғайтынына, оның өзін ешкімге бермейтініне кәміл сенеді. Болды ғой енді деген сөзге тоқтар Акшолақ па. Қайта сақылдап күлген қалпы жүгірісін күшейте түседі. Ойнақшып жалтыраған қара көзінде еркелікпен бірге ағасына арқа сүйеген мақтаныш белгісі де бар. Бұл құдыққа жастау кезінде Уақит та көп келетін. Мөлдір су бетіндегі өз ажарынан көз алмай қызыға ойға шоматын. Тәтті қиялдар өмір сырларын ұқтыратындай болушы еді. Сол сәттерде бала жүрек өзін мәңгілік өмір сүретіндей, қартаймайтындай, әке-шешесі, туған-туысқандарынан айырылмайтындай көретін. Кейде бетіне тиген салқын судың лебі құдықты басқа әлем, басқа өмірдің есігі сияқтандырып үрейлендіретін де... Ақшолақты да інісінің қазасынан кейін, құдыққа жақындатпау үшін "су перісі бар" деп қорқытқан өзі еді. Уақит жүріп келе жатып іштей егілді. "Ақшолағым, бауыр етім, неге сен мәңгі кішкентай болып қалмадың? Онда сен қасымда болар ең. Қонқашақадағыдай бірге жүріп, бірге куанар едік. Қасыңда тұрып құлынға да мінгізер едім. Қандай еркелігің болса да көтерер ем. Көз алдымда жүрген кезің менің бақытты сәттерім екен... Шіркін, сол күндер қайтып келсе, дариға! Арманым болмас еді бұл өмірден. Сағындым өзіңді... Тек сен жоқсың. Артында тұяғың да қалмады-ау тым құрыса. Көз

алдында қалқиғанға ештеңе де жетпейді екен-ау. Қанатым, сүйенішім, қабырғамды қайыстырдың-ау! Қайда жүрсең де тапсырдым бір жаратқанға..." Уақит осы жасқа дейін қанша қиындыққа кездессе де, дәл бүгінгідей осалдық көрсетпеп еді. Аштығын да, кәмпескесін де, жер ауғанын да көріп еді, оған да көніп еді. Бірақ дәл осындай бордай егіліп босамаған. Қартайғаны ма, әлде сүйенер тірегінің алысқа кетіп, жанын түсінер бауыртуыс қалмағандығынан ба, әйтеуір ecі кетіп жетімсіреді де қалды. Інісін майданға жіберген жалғыз бұл емес қой. Әркімнің өзінікі өзіне, ай көрінер көзіне. Солайы солай, бірақ... Уақит ойдан ой қуып, түпсіз шыңыраудың құрдымына батқандай, ауыр ойдан үйіне келгенде ғана есін жиды. Уақит үйіне келісімен кіре берісте жатқан балтаны ала сала артынан біреу қуып келе жатқандай жүгіре басып қораға беттеді. Есікті шалқасынан ашып жарық түсірді. Іштегі жылу мен даланың суығы араласып, қас-қағымда қораның іші бозғылт буға бөгіпқалды. Бұрышта қонақтаған тауықтар көрінді. Тек қызыл қораз ғана жоқ. Уақит бұрыш-бұрышты, тіпті сиырдың алдындағы шөп салатын науаны да қарады. "О, тоба, онда да көрінбейді. Сыртқа шығып кеткен жоқ па деп есік алдына да шығып келді. Лағнетті жер жұтты ма, зым-зия жоқ. Қаралмаған қора арқылы өтетін шөптің іші ғана. Ал оны жел соқпауы үшін күнде нығыздап өзі бекітіп жүреді. Мал қораға өзінен басқа кіретін тірі пенде тағы жоқ. Уақит: "Қап, мынаның ызасын-ай" деп шығуға бұрыла беріп анықтап қараса, кеше кешкісін жабылған ілгек ашық тұр. Ол бір сәт секемденіп, орнында жүрексініп тұрып қалды да, әлдене есіне түскендей ілгері жүрді. Уақит шөп қораның есігін ашқанда бойын таңсәрідегі үрей қайта биледі. Қолында балта болса да, бұрыштағы шолақ айырды алып, үңгіп желінген шөптің ішіне бас сұқты. Шөп іші күңгірт екен. Қараңдаған бірдеңе көлбең етіп, көз алдында жоқ болды. Қар басқан саңылаудан жарық дұрыс түспей тұр. Уақит алакөлеңке шөптің етегіндегі төмпешікті көрді де, дәу де болса осы шығарсың деп ауызында піссімілләсі бар, айырын түйреп кеп жіберді. Айырдың ұшы шөппен бірге тығыз бірдеңеге қытырлай кірді. Іле қыт-қыт деген үн шықты да бәрі демде тына қалды. Айырды суырғанда аударылған шөптің арасынан өзі іздеген қызыл қораз көрінді. Уақит тез қимылдап, балтамен бір пергенде қораздың басы ұшып кетті. Сол-ақ екен, бас домалаған түкпірден пыр етіп ұшып, жарық түсіп тұрған саңылаудан бір торғай сыртқа ұша жөнелді. Уақит өзіне жаманшылық шақырған жауының басын алып көңілі жайланғандай қораздың үстін шөп-шаламмен жаба салды. Бойдағы үрей қолмен сылып тастағандай ұшты-күйлі жоғалды. Сәл үнсіз тұрды да бір үлкен шаруа тындырған адамдай қалжырап үйіне кірді. Мезгілсіз келгеніне үрпиісе қалған балаларына да қарамай, киімшең пеш түбіне қисая кетті. Әкесінің шаршап оралғанын көрген балалары оның сыртқы киімін шешуге тұра ұмтылды. Даладан қатып келген мұз киім балалардың тартқылағанына бой бере қоймады. Ол балаларына "әуре болмаңдар" дегендей ишарат білдіруге

ғана шамасы келіп, бірден маужырап көзі ілініп кетті. ...Уақит ұзақ сапардан оралып, өзінің кіндік кескен туған жері Ерейментаудың Қоянды-қойтасына асығып келе жатыр. Ел іші өзгеріссіз, баяғы кең қолтық қамсыз қалпы. Алыстан Ұзыншілік шахтасымен бірге шымнан қаланған қыстаудың үйлері жыпырлап көріне бастады. Ол өз үйінің маңында ешкім көрінбес пе екен деп қарап қояды. Бұрын ауылында біраз уақыт болмай қалса, қайтып келгенде көргенше асығып жүрегі алып-ұшушы еді. Уақытпен бірге сезімнің де қартайғаны ма? Қазір бойында ондай сезімнен ныспы жоқ. Таусылмайтын, бітпейтін не бар? Тас та мүжіледі, темір де шіриді, адам да қартаймай тұрмайды. Тек адамның жанымен бірге бейнеті мәңгілік пе дейсің. Иә, ұмытып барады екен-ау, одан басқа да мәңгілік бар – ол уақыт пен кеңістік қой... Әне, Қоңқа-шақадағы диірмен тас оятын қырдағы Қырық бала бейітінің үлкен сүпі тасымен мұндалап тұр. Уақит алыстан болса да "Сұбыханалланы" үш қайталап бетін сипады. Сол екі ортада бетке тиген жылы желмен бірге қамысты көлден шығатын ысқырық ысыл естілді. Уақит құлағын тосты. Көл жағасындағы биік қамыс теңселіп, сарнап шулайды. Ну қамысты тербейтін үп еткен жел жоқ. Бұ не пәле? Енді бір сәтте жаңағы оқыс дыбыс көп адамның қосарланып сөйлеген сөздеріне айналды. "Бұл да... Бұл да... бізді... бізді... ұмытқан, ұмытқан... Атамекенді, туған жерді, бабаларының аруағын еске алмайды. Азғын... көрсоқыр... тексіз... көрсоқыр... Тірі пенденің көбі көрсоқыр... Аяғының асты мен қол созым жердегіден басқадан әріні көре алмайды...". Көзге көрінбесе де дүркіреген көп жылқының қамысты көлге қарай құлағаны, тұяқ дүбірі әлгі үнді бұзып жіберді. Уақит не болса да алған бетінен қайтпай ауылына тарта берді. Жол астаулы тас құдыққа тірелгенде екі айырылды. Ол сүрлеу жолдың қайсысына түсерін білмей ойланыңқырап аз тұрды. Бұрын жол біреу-ақ еді, адамдар басы ауған жаққа мәңгіріп жүре беретін болған ба, даланың бәрі айқыш-ұйқыш жол. Істелген іс те, жүріс-тұрыс та бұрын бір тәртіпке бағынатын. Одан шығып ешкім де бұра тартпайтын. Мынау дала төсіндегі қиыр-шиыр жолдарды басы ауған жағына жүре беретін миғұлалар салған ба деп те қаласың. Уақит тілі ауызына сыймай, таңдайын жібітейін деп құдыққа карады. Судың көзі тартылып, кұдықтың іші құрғап қалған екен. Құдықтың ішіне жел қуып түсірген екі-үш қаңбақ пен өлген сасық күзен ғана жатыр. Кенет ауыл жақтан көмекке шақырғандай ащы дауыс естілді. Таныс дауыс. Айқай қайта шықты. Енді таныды, дауыс Ақшолақтікі. Ол соғыста емес пе, ескі ауылға қалай келген. Әлде майданнан қашып келіп тығылып жүр ме. Көп қой қазір ондайлар. Бірақ Ақшолақ оған бара қоймас. Ақтөсі көршілердің иттерінен таланып жеңілсе намыстанатын ол, жаудан қашқаннан жер жастанғанын артық көрер. Сықырлаған арба дауысы естіліп, іле құдыққа беттеген вагонетка сүйреткен Бейсеннің шахтадағы қара аты көрінді. Айнала күңгірт, бұлдыр, қайда алып қараса да қараңдаған үйлерден басқа ештеңе көрінер емес. Тек дауыстар ғана естіледі. Уақит төңірекке

тағы көз жіберді. Бәрі дұрыс көріп тұрғаны өз ауылы. Тек түсіне алмағаны Ұзыншілік шахталарының орнында Бестөбе шахталары тұрғандай. Жайшылықта жылы көрінетін үй, қора-қопсыда жатырқатар жаттық, суықтық бар. Уақит жаңағы руда толы вагонеткаға жегілген қара ат жақындай бергенде, ауыл көзіне екеу болып көрінді. Аралары әжептәуір жер. Ауылының екеу болуы мүмкін емес. Тек сағым ғана алыста қарайғанды ереуілдетіп екеу етіп ербитіп көрсететінін бұл біледі. Уақит аң-таң. Вагонетка ішіндегі де руда болмай шықты, сол маңайдан диірмен жасауға тасылатын кәдімгі жайпақ тастар. Ауыл қара жолдың үстінде тұрғандықтан Қоңқа-шақа тасынан қол диірмені жасалатын, бірақ ол қайзаман.. Ауылдың жақынырағына беттеп, сүрлеу жолға түсті. Есіне Бестөбе өндірісі қайта ашылып, жұмысшы қолы керек болғанда, үкіметтің өз ауылдарын бір түнде ай-шайға қаратпай, милициямен көшіргені есіне сап етті. Ауылға тақағанда ескі жұртқа келгеніне әбден көзі жетті. Үңірейген қараңғы есік пен терезелерден белгісіз біреулер үнсіз тесіле қарап тұрғандай. Уақит жаңағы дауыс шыққан тұсқа таядым-ау дегенде дүние қарауытып сала берді. Бір құдіретті күш Ақшолақ екеуінің арасына түсіп, олар кездеспесін деген кісіше қастық жасап тұрғандай. Уақит қайтсем де бауырыма жетейін деп атын қаңтара сала үй-үйдің арасымен жан ұшыра жүгірді. Ол алқына жүгіріп келе жатып та жаңағы қараңғы терезелерден қарап тұрғандардың сұқты көзін жауырынымен сезіп келеді. Арқасы шымырлады... Сүмек-сүмек болып терледі. Маңдай тері ащы тұз боп көзіне құйылды. Ол мына тірлігінен ештеңе шықпайтынын білді. Басқа түскенге көнеді де, не істейді енді. Шығатын көз шықпай тұрар ма?.. Уақит біреу ұрып тастағандай бытшыты шығып не істерін білмей, атының қасына келді. Ол екінші ауылға беттеді. Түскен жолы оны ауылдың орынына Бестөбедегі өзі жұмыс істеп жүрген шахтасына алып келді. О, тоба, мұндайды кім көрген? Есін жимақшы болып, ат жегулі вагонеткасына сүйенді. Шекесі солқылдап әкетіп барады. Анадайдан біреу қараңдады. Оған көңіл аударардай Уақитта мұрша да қалмады. Қараңдаған жақындап келеді. Іле: "Жаның қандай тәтті еді, штрехке жабысып қалдың ғой, мүлде” деп сырттай мысқылдаған дауыс келді құлағына. Қараса, әлгі қамыт аяғын балпаңдай басқан адам дегені өзі басын шабатын қоразы. Бұтына қалың мақта шалбар киіпті, білегі түрулі, аяғының жезді сары саусақтары жүрген жеріне найзаша қадалады. Бойы да екі метр шамасында. Төбеден төніп, түтіп жіберердей қоқиланып алған. Қораздың басы жоқ, үні кесілген кеңірдегі көрініп тұрған қызыл кеудеше көйлектің мойнынанбудақтаған түтінге араласып шығады. -Мойныңды үзіп қолыңа берейін бе? Өз істегенің өзіңе... Уақит тілі күрмеліп бірден сөйлей алмады. Жаман иіс әкетіп барады. Ол тыжырынып қалды. Жан ұшыра қолымен жер сипалап еді, қауқар жасайтындай ештеңе ілікпеді. Әтештің зілді сөзінің астарында қорқынышты құбыжық күш жатқандай. Зәрлі сөзден зәресі ұшып жаны алқымына тығылды. Сонан соң үні қарлыға айқайлап:

-Түк түсінсем бұйырмасын, неғыл дейсің сонда маған? Мен сені білмеймін, білгім де келмейді. Сасығың қолқа атады. Ары...әрмен жүр... -Пенделердің ұмытшағын-ай. Жаман ырым бастадың деп басымды өзің шапқансың. Ұмытшағын шіркіннің!.. Жұмыр басты пенденің бәрі опасыз. Енді көзім жетті. Мен – қораз емес, жан алғышпын. Иманыңды үйіре бер, зәнталақ... -Сабыр, сабыр,- деді ол сасқалақтап. Иман үйіру қайда кашар дейсің. Қорадағы әтешімнің басын шапсам оның иесімін. О заманда бұ заман әтеш жан алғышқа айналғанын қай атаңнан көрдің? -Әй, адам, әлі де түсінбедің. Әуелі тауығыңды сана, артық бөтен тауық сол қоразың. Уақит інісі Ақшолақты Ақкөлдегі Сталин станциясынаншығарып салғанда, тәңіріне табынып тілек тілегені есіне түсті. Бестөбеден 150 шақырымдай жердегі станция басы. Әскерге аттанатындарды осы жерден майданға эшелонмен әкетеді. Кетерде тепсе темір үзетіндей еңгезердей жігіттерді әкетіп, қайтканда байлауларының сыртына қаны шыққан шала-жансар, кемтар жаралыларды, жүре алмай қалған мүгедектерді әкеледі. Сол күні де әскери оркестр ойнап, көпшіліктің бірін-бірі қимай жылаған у-шуын жуып-шайып, өздерінше көңіл көтерген рәсімін жасап тұр. Біреу қорған болған ағасын, енді біреу сүйген ғашығын қимай қиналады. Поезд гудогын беріп, орнынан ысылдап-пысылдап қозғала бергенде жан ұшырған көпшілік азан-қазан болды. Жұрттың рухын көтеріп тұрған оркестр үні у-шудан мүлде естілмей қалды. Өңшең бір өріктей уылжыған бозбала жігіт қолдарын бұлғап, қоштасып көзі жаудырап ажал аранына аттанып барады. Інісін қимаған Уақит поездға ере біраз жүрді де көзі жасаурап тұрып қалды. Іштей тілек тіледі. Аруақтарға сыйынды. Ол не де болса Ақшолақтың амандығын сұрауға ыңғайлана бергенде, әтешсөзін жалғап кетті. -Бүгін сені періштелер қағып, ашаршылық жылы анасынан айырылған жас балаларыңның көз жасы үшін аман алып қалды, білдің бе? Соған шүкірлік ет. Әйтпесе өзгеден жаным артық деймісің. Уақит мына істің шынында жай еместігіне көзі енді жетті. Ол осқырынып үркіп тұрған қара аттың басын жібере салып, өзі кваршлагқа қарай қашты. Қара ат та тізгінін сүйретіп үркіп ала жөнелді. Вагонеткадағы диірменнің тастары үгітіліп шашылып барады. Қарқылдай күлген әтеш соңдарында анадай жерде қала берді. Уақит соқпақ жолға өзінің қалай түскенін аңғара алмады. Ең ғажабы енді екі аяқтап емес, төрт тағандап еңбектей шауып келеді. Шапқылап келе жатып, адам да жылқыша желе алады екен-ау, деп өзіне-өзі таңданып қояды. Бұрын қалай білмеген, жылқы болу жанның рахаты екен ғой. Ағызып келе жатып, алдынан кездескен тастан, кедергіден оп-оңай ырғып келеді. Танауынан тер шыққан сайын тынысы кеңейді. Уақит жоғары көтерілетін клеттің қасына келіп бірақ тоқтады. Іле вагонеткасын сүйреткен қара ат та жетті. Біреу: "Екеуінде де алынбай

жүрген арам тер бар екен" дегендей болды. Уақит артына жалт қарады. Ешкім жоқ. "Кейде адам бойындағы қасиет туған жылға да байланысты. Аяқ алысыңа қарағанда туыспыз-ау тегі, жылқы жылы туғаныңдышырамытып тұрмын". Сөз ап-анық. Жақын жерден шығады. Уақит жалтаңдап оңды-солды тағы қарады. Ештеңе көре алмады. Тек қара аттың ауыздықпен алысып көбіктенген еріні жыбырлайды... Зуылдап келген клеттің есігі тарс етіп ашылып, ішінен Бейсен шықты. Ол әй-шәй жоқ вагонеткадағы тастың аздығын көріп бұрқылдай жөнелді: -Кенді неге аз салғансыңдар? Уақит, айтпады деме, осы айда жоспарды артығымен орындамасақ, мына қара ат бізге жоқ. -Вагонетка жолда төңкеріліп қалды. Уақит өзінің қорқып қашқанын жасырды. Өйткені Бейсен бірге жүрген азамат болғанымен, пайда табуға келгенде көзін жұмып жіберетін. -Төңкерілгені қалай? Соғым қолға тигенше, жымын білдірмеуіміз керек. Бейсен сөзін әрі қарай жалғастыра бергенде азан шақырылғандай дауыс естілді. Шахтаның әлгінде Уақит келген жағына жарық түсе бастады. Біртіндеп көкорай шалғын жазық дала көрінді. Бағанағы қораз енді адам бейнесіне айналып, қырдың үстіне орнатылған үлкен дауылпазды оқтаудай ағашпен ұрып тұр. Аспан шайдай ашық. Ұлан-асыр той, ойын-сауық болатын сияқты. Ендігі сәтте сымбатты жігітке айналған қораз ақ-жарқын даяшыға айналып, қолды-аяққа тұрмай жүгіріп жүр. Ол көптен таныс адамша бұған қол бұлғап күліп қояды. Бұлар, Бейсен, өзі және қара ат та қораздың жұртты шақырып дауылпаз ұрғанына кірпік қақпай қарап қалыпты. Үшеуі де өздерінің онда бара алмайтынын, бұл тойға қатыса алмайтынын біліп тұр. Бірақ дауылпаздың дауысы ендігі сәтте терезенің тырсылына айналып ақырындай бастады. Қырдың арғы бетіне көпшілік жиналып жатқанға ұқсайды. Уақит еңкейіп қолымен күн сап ұзақ қарады. Көз жетер жер ұшықиырсыз жазық дала. Ол еңсесін көтере бойын түзеді. Міне, тамаша. Дәл алдында биік таудың етегінде ғажайып қала тұр. Күмбезді мазарлары бар шығыстың сән-салтанатты шаһары. Ап-анық көрінген қала тау бөктеріне жараса орналасқан. Минареттердің ашық бояуы көңіл көтереді. Уақит қайтадан еңкейе жүреледі. Жер тақтайдай тегіс, бірақ ештеңе көзге түсер емес. Тұрып еді, жаңағы қала қайта көрінді. Дауылпаз тағы қағылды. Бейсен қолындағы пышағын жалаңдатып қара атқа ұмтылды. Ат үрке жөнелді. Тас тиеген вагонетка Уақиттың аяғын жаншып, жанын шығара езіп өтті. Сол бойда ат та, Бейсен де клетке түсіп, зымзия жоғалды. Уақит аяғын ауырсынып Бейсенге кейін: -Осы сенің құлқының-ай, – деген бойда оянып кетті. Әлгінің бәрі түс екен. Таңертеңгі тас аралас ағаш құлаған аяғы сыздап әкетіп барады. Терезе тағы тырсылдай қағылды. Уақит селк етіп терезеге қарады.

Түсіндегі тырсыл мен өңіндегі тырсыл қосарланды... Қан қысымы көтерілгендей басы айналып, құлағыдыңылдайды. Сырттан хат тасушы әйел көрінді. Ол жалма-жан ұшып тұрып, жығыла-сүріне есікке беттеді. Аяқтары жансызданып бастырар емес. Сыртқа қалай тез шығып, хатты әйелдің қолынан қалай жұлып алғанын өзі де байқамай қалды. Хат Ақшолақтың командирінен екен. Онда Ақшолақтың ерлікпен қаза болғаны жазылыпты... Уақит төбеден жай түскендей сілейіп тұрды да қалды... Ақшолақ аман, бауырыммен кездесем деген үміті бу боп ұшқандай. Ол меңіреу кеңістікте жападан жалғыз қалғандай есеңгіреп теңселіп бара жатты... Қолындағы қара қағаз сусып жерге түсті...

КҮЗ

Махаббаттың күйігі – ерлер емес,
Әйел ғана шыдайтын азап-төзім.

Фариза.

Айнала мөлдір көгілдір перде. Қапелімде ол құсша ұшып келе жатырмын ба деп қалды. Тек сәлден кейін барып, өзінің суда жүзіп келе жатқанын көрді. Бойы жеп-жеңіл. Денесінің барын ой түйсігімен ғана сезінуде. Неге суға түсті? Қайда барады? Жаға неге көрінбейді? Бұл не жұмбақ. Темір жүзіп келе жатып есіне әлденелерді түсірмекші болды. Бірақ ойына түк те түспеді. Шалқыған көңіл мен балқыған дененің ештеңені елер түрі жоқ. Бұндай сезім бұрын да қайталанған. Қашан еді сол? Қап, әттеген-ай! Тілдің ұшында тұрғанын қарашы. Басын көтеріп бір қарағанда, шалқалап жүзіп бара жатқан қызды көрді. Аралары алшақтау. Көңілі әлгіден бетер көтеріліп, денесі қыза бастағандай болды. Кейде дүниедегі сұлу қыздың бәрін сүйгің келеді. Өйтпегенде ше? Қыз – гүл ғой. Тек соны мезгілімен көре біл. Гүлдің жаманы жоқ. Шындап келгенде, бұл өмірдің қызығы мен шыжығы, қайғысы мен қуанышы соларда ғой... Бірақ жаныңды жадырататын бір ғана адам... Махаббатсыз өмір – тұл, бос кеуек бірдеңе. Сезім уақытқа да тәуелсіз. Тек кейде істелген істің қатедұрысы талай жылдардан соң ғана айқындалатынын қайтерсің. Әрине, өмір – даңғыл жол емес... ...Иә, онда Темір бәрін дұрыс шешкен сияқты еді. Жүрегінің түкпіріндегі әлдебір сыздаған сезім болмаса, көңілі де әлдеқашан орныққан. Әуелі қалаға біраз еті үйрене алмай, ауылын сағынып жүрді де, кейіннен сол қаланы қимайтын болды. Жалаң аяқ топырақ кешіп, ауылда асыр сап өскен бала мен асфальтта өскен баланы салыстыруға бола ма? Темір қаланың тас үйлері мен қапас ауасына алғашқыда бойын үйрете алмай, көп қиналды.

Дегенмен, үш күндеадам көрге де үйренеді. Сүрінсе де мойымай, тығырықтан жол таба білді. Құмырсқаның илеуіндей астананың шымшытырық тірлігінен өз орынын тапты. Көздегеніне жеткен сияқты. Бірақ еш жері ауырмаса да, жан дүниесінде бір нәрсе жетпейтіндей болады да тұрады. Көңілі әлденеге алаңдай береді. Қанша ұмытайын дегенмен, өз сезіміңнен қайда қашасың, қашқанмен құтқара ма? Темір пендешіліктің де, сыйластықтың да дәмін татты. Адасты да, дос та жоғалтты. Жұмыр басты пенденің бәрі де өмір қиындығынан, тағдыр тауқыметінен құралақан емес екен. Өзі де солардың бірі, оған көзі әлдеқашан жеткен. Ал мына бүгінгісі ерекше жағдай. Рахаттанып келеді. Қалай жүзсе де мамық төсекте балбырап жатқандай. Тіршіліктің күйбеңі, көңілдің кірбіңі мүлде жоғалғандай. Өмірінің бар мәніне, арманының асқарына жеткендей. Енді ештеңенің де керегі жоқ. Фәни жалғанның рахаты суда деп кім ойлаған? Тек осылай қалқыған күйі шаршамай жүзе берсе, жүзе берсе... Әлгі қыз да Темірден көзін алмай бұрылып қараған күйі жайлап жүзіп барады. Әдейі жетіп алсын дейтін сияқты. Үнсіз шақырады. Су да, аспан да көкшіл. Мезгілдің қай уақыт екені белгісіз. Бірде бозамықтанып таң ататындай болса, енді бірде ымырт үйіріліп бара жатқандай... Қыз таныс. Өзімсініп еркелеп күліп қояды. Жай таныс емес, өте жақсы білетін адамы. Темір қызға жақындау үшін қаттырақ жүзгенде кішілеу бір толқын пайда болды да кеудесінен кері итеріп кедергі жасады. Жүрегі шымырлады. Көзіне жас келді. Бұл не, қуанғаны ма, қайғырғаны ма, әлде іздеген жоғы табылғаны ма? Тек қазір жетсе болғаны. Әлі де кеш емес. Жаксылықтың ерте-кеші бар ма? Арасында "мына қыз менің дәл сол іздегенім бе?" деп күмәнданып та қояды. Иә, ұқсайды. Түрін дұрыстап көре алмаса да сол екенін сезіп келеді. Өздігінен: “келші, жаным, сағындым ғой сені. Табысайықшы. Енді адаспаймыз, жоғалтпаймыз бір-бірімізді" дейді күбірлеп. Неге мына қыз жүзуін баяулатпайды? Әлде батып кетем деп қорқа ма? Мүмкін, ол емес, басқа шығар. Темір қызға қараған күйі айқайлай бастады. Дауысы қатты шыққанымен, үні жылы естілді. Ешбір жан естімеген, тек өздері ғана біліп түсіне алатын ерекше, құпия сөздер. Қыз тоқтады. Сәл мойнын бұрып қырыңдағанда шашындағы ақ бантигі көрінді. Ол жақындаған сайын қыздың күлімсіреген жүзі айқындала берді. Таныды. Иә, мынау сол. Сол ғой!.. Темірдің жүрегі енді бағанағыдан да алып ұшты. Қыздың көзінде де сағыныш оты бар. Олар бір-біріне жанталаса ұмтылысты. Әттең, жылдамдықтары өнбей, араларының тез жақындамайақ қойғаны... Кенеттен пайда болған үлкен бөрене жігіт пен қыздың арасынан ағып өте берді. Көзді ашып-жұмғанша әлгі сезім, көңіл-күй ілезде ғайып болды. Темір қорқып кетіп, бөренеге жабысты. Қыз суға бір батып, бір шығады. Ол Темірдің атын атап айғайлай бастады. Темір де бірдеңе демекші еді, бірақ

дауысы шықпады. Аяқ-қолдары да бөренеге жабысқан күйі еркіне көнер емес. Аралары алшақтап барады. Біртіндеп қыздың бейнесі кішірейекішірейе көзден ғайып болып көрінбей кетті. Ал Темір ұзақ жүзді. Бағанағы жан рахаты көзден бұл-бұл ұшты. Әлдебір асылынан айырылғандай, орны толмастай, мәңгі келместей, амалсыз, ессіз күйге көшті. Енді бұған дүниенің бәрібір сияқтанды. Біраздан соң барып су қарқыны бәсеңдеп таязданды. Жаға көрініп, су арнасы жіңішкеріп келіп, қара жолға ұласты. Темірдің аяғы жерге тиіп судан шықты. Ол меңзең күйі ешқайда бұрылмастан әлгі жолмен жүре берді. Төңірек бір кездері өзі білетін, бірақ ұмытыла бастаған көзтаныс жерлер. Айнала ашық. Алдындағы бұралаңдаған жол арқанша шұбатылып жатыр. Бұлдырап шахта терриконы көрінді. Жол өзі туып-өскен ауылдың желке тұсындағы тастақ жолға жалғасты. Кішкене кезінде жалаң аяқтанып алып, велосипедтің дөңгелегін айналдырып жүгіретін жері. Әсіресе жауыннан кейін шалшық суды шалпылдатып машина болып, құрбыларымен жарысатын жол. Темірдің ішінде тағы алай-дүлей аласапыран басталды. Ол тек өзінің жас шамасын ғана болжай алмады. Жаспын дейін десе, көп нәрседен хабары бар сияқты, ал былай көңіл-күйіне қараса, кәмелетке енді жеткендей. Темір атасының қара шаңырағының қасына жетіп тоқтады. Үйге кіруге жүрексінді. Дәл көз алдында кеңістікте қалықтап тұрған қуыршақ шалды көрді. Шалдың жүзі көрінбесе де, түрінде сұстылық бар сияқты. Табаны жерге тимей көтеріліп тұрғанына қарағанда, қасиетті әулие шал екені даусыз. Темір қорқыңқыраған күйі тәуекел деп шалға жақындады. Әлденені сұрағысы, ең бастысы көңіл кінәратының себебін білгісі келді. Ол ештеңе деп үлгермеді, куыршақ шал оны айтпаса да түсініп, "бәрі сенің пиғылыңнан" деді. Темір ештеңе дей алмады. Шал әлдебір қасиетімен Темірдің іші-сыртын түгелдеп бәрін көріп тұрғандай. Денесі тітіркенді. Меңіреу тыныштық тағы орнады. Ол өзін жапанда жалғыз қалғандай сезінді. Кінәлі баладай жер шұқыды. Басын қайта көтергенде төбесі аспан тіреген алып адамды көрді. Сөйтсе әлгі шал қас қағымда өсіп, зорайып кеткен екен. Денесін үрей билеп, айқайлап жіберді... Ол өз дауысынан шошып оянды. Тынысы тарылып, бастырылып жатыр екен. Өне бойын тер жуып кетіпті. Үнсіз жатқан күйі көрген түсін есіне қайта түсірді. Тәтті басталған дүниенің қорқынышпен аяқталғаны өкінішті-ақ. Абажадай үлкен пәтерде жалғыз өзі. Әйелін еліне баруға көндіре алмаған соң балаларымен Ыстық көлге дем алуға жіберген. Сондағы әйелінің бармағандағы бар сылтауы ауылдағы масаның көптігі, жылы судың жоқтығы. Ол қазір әйеліне деген ренішін біржола ұмытты. Ойға шомуда. Өң мен түс арасындағы қас қағым сәтжүректің түкпіріндегі әлдеқашан жоғалған бір асылын қайта табуына себеп болғандай... Адам қайда болса да, өз қателігінен қашып құтыла алмайды екен-ау. Ол өткен күндерін есіне алып, көңілі құлази берді. Басы да қорғасын құйғандай

ап-ауыр бірдеңе. Ойын сағаттың қонырауы бұзды. Салқын ауа келіп тұрған терезеден кептердің дауысы естілді. Орнынан тұрып күндегідей жұмысына қамданды. Іс-қимылынан әлдебір шешімге келгені байқалады... Темір сыртқа шыққанда әдеттегідей есігінің алдында қызмет машинасы тосып тұр екен. Ол шоферімен бас изесіп салқын ғана амандасты. Жол бойы ләм деп ауыздарын ашпады. Темір жұмыс кабинетіне келісімен, бірден кадр бастығын шақырып ап, өзінің демалысқа кететініне байланысты бұйрық дайындауды тапсырды. Сөйтті де, хатшы қызға ішкі телефонмен бүгін ешкімді қабылдамайтынын айтты. Ол өзімен-өзі болып, кабинетінде отырды да қойды. Жайшылықта желдей зымырайтын күн бүгінде өтпей қинады. Елге келетіні жөнінде жолдастарына да хабарламады. Айтқаны болып, түске дейін ешкім мазаламады да. Қалай десек те, ауыртпалығын білдірмей тез өткен уақытқа не жетсін. Бұрын қалай ғана қаланың көк түтініне ысталып жүре берген. Темір түскі демалыс сәтінде жақын сквердегі фонтанның қасындағы саябаққа беттеді. Аспанға қарап еді, жарыққа көзі шағылысып, дұрыс ештеңе байқай алмады. Күн күйдіріп күлбеттенген аспан жердің аптабынан басын алып қашқандай бұрынғыдан да биіктей түскендей. Фонтанның қасында бос орындық жоқ екен. Темір амалсыз жасы он жеті-он сегіздер шамасындағы бойшаң талдырмаш ақ сары қыздың қасына отырды. Шапшыған судың салқын лебі ұсақ тамшы болып себелеп қояды. Шашыраған су ыстық жерге тамар-тамбастан буланып ұшуда. Саябақтағы үлкен алып ағаш жан-жағына мол көлеңкесін түсіріп қана қоймай, әлдеқандай жұпар иіс те шығарып тұр. Жақынырақ орындықтағы қыз бен жігіт әлденеге мәз боп күлісіп қойды. Темірдің көзі қасында отырған қызға түсті. Ақ сары қыз да Темірдің қарағанын сезіп, суға қарап қозғалыссыз отырған күйі езу тартқандай болды. Жүзіне қан ойнап қызара қалды. Ұялғандағы әдеті ме, қыз әлсін-әлсін шашын түзей берді. Қыздың көк гүлді ақ сарафаны өзімен бірге туғандай денесіне қонып-ақ тұр. Бастапқыда көңіл аудара қоймаған Темір енді еріксіз бойжеткенге әлсін-әлсін қарай берді. Қыз да жұқа еріндері сәл ашылыңқыраған күйі үлкен жанарлы көзімен бір-екі рет Темірге қарап алды. Әлдебір нәрсені сезіп қысылайын дегендей сыңай байқатты. Темірге қыздың көзі мұңды көрінді. Айтарлықтай араларында түк болмаса да бейтаныс қыз әсер етті ме, оның денесі жеңілденіп ширап сала берді. Бірақ бұл үнсіздік те көпке созылмады. Қыз денесін тіктеп ап орынынан тұрды. Көзін төңкеріп, бұған бір қарап, езу тарта жымиған күйі жүре берді. Қыздың бейнесі түндегі көрген түсін қайта еске түсірді.Арада қаншама жылдар зымырап өтсе де, дәл сондағыдай ыстық сезім денесін шарпып өтті. "Туған жердің қыздары жанарыңа туған айдай көрінер сағынғанда" деген белгісіз ақынның өлең жолдары көкейіне келді. Темір Қарлығашты ойлады. Толқып біраз отырды да, аз-аздап сабасына түсті. Ол орнынан тұрып, жұмысына беттеді.

Темір келесі күннен бастап демалысқа шықты. Ол сол күні кешкісін-ақ самолетке отырып, түнделетіп облыс орталығы Ақмола қаласына келді. Сөйтіп келесі күні автобуспен тағы 300 шақырым жол жүріп ауылына жетті. Арқа жеріне қыркүйек қуаңшылық әкеліпті. Шөп буыны қатайып, таңға қарай дене тітіркендірер ызғар да біліне бастаған. Әр жерден ұшарын жел, қонарын сай білген қаңбақтар да бұл өңірге күз жақындағанын сездіргендей үп еткен желмен жарыса домалап, кең далада жосып жүр. Жердің ажары табиғатқа сай өзгерсе де, ауыл сол өзіне тән алқам-салқам сабырлылығынан айырылмаған. Тек кезінде асқақтап биік көрінетін зәулім үйлер бүгінде аласарып, жерге батып бара жатқандай кішірейіп көрінді. Екі қабатты үйлер жөндеу көрмегендіктен жүдеп тұр. Бұл жайсыз көрініс Темірге алдамшы уақыттың тез өтетінін, ескінің көнеретінін, жаңаның толысатынын үнсіз айғақтап тұрғандай. Қаланың өзі күнде көретін жанталасқан абырсабырынан кейін мына тірлік бүкіл әлемнен жырақ қалып, меңіреу ұйқыға кеткендей көрінді. Алып-ұшқан көңілі бейжай тартып, туған жері өзін танымай, жатырқағандай сезілді. Көп көрмесең, адам түгіл жер де жатсынады екен-ау... Сырт қарағанда еш өзгеріс жоқ секілденгенімен, ауылдағы үлкендер қартайып, аз уақытта кешегі шиборбай балалар сойталдай-сойталдай жігіт болған. Арасында өзі білетін адамдардың қайтпас сапарға аттанып, көзге түспегені қаншама... Темірге тек өзі өскен атасының қара шаңырағы ғана өзгеріссіз сияқтанды. Кіндік қаның тамып, жалаң аяқ, жалаң бас армансыз асыр салған туған жерге не жетсін. Сен қандай ыстық едің, туған жер... Немересінің келгеніне әжесі Күлсім қатты қуанды. Темір тұңғыш немере болғандықтан, қазақы салт бойынша бір жарым жасынан осы кішкене кара кемпірдің бауырында өсіп еді. Кезінде тіпті әжесінің бұны жақсы көріп жанын үзгені сонша, емшегінен сүт те шығыпты. Сәлем-сауқат алған көршіқолаңның аяғы біртіндеп саябырсыды. Бетінің ажары тайса да, көзінің нұры жоғалақоймаған әжесімен оңаша қалған Темір өзін сәбидей сезінді. Сөз арасында ол: -Апа, бұрынғыдай қайыңның қабығынан қайнататын сағызыңды сағындым, деді. Күлсім әжей немесеріне қараған сайын көңілі марқайып, әжімді бетіне қан жүгірді. -Таздан тақия қалғалы қашан дегендей, бәрі ұмытылды ғой, күнім. Осы күні сендердей сағыз шайнап, жарапазан айтып, құлын үйрететін бала бар ма екен, тәйірі? Сағыз дейсің, ол түгіл соғымнан қалған-құтқанды, кейде тіпті қымыз-күбі ыстауға тобылғы екештобылғы да таптырмайды. Айналаның бәрі егін, не малдың жайылымы, не қыстық шөп шабатын шабындық жоқ. -Мал ұстамасаңдар қиналып қаласындар ғой. -Е, қиналғанды керек ететін кім бар? Ақшамызға бұрын жем жазып беруші еді, қазір ол да жоқ. Атам заманнан келе жатқан ауыл аттары да ұмыт болып барады.

-Айналаның, адамдардың өзгеруі жалғыз бізде емес, барлық жерде солай, түзеледі ғой әлі. -Қайдан білейін, өткенде дүкенге шыға қалып, сатушы қыздан сабын сұрасам, "жоқ" дейді. Қашан түседі, өзгеге жоқ, өздеріңе бар, - деп едім, тілі мен жағына сүйенген бала екен: "Апа, өкіметтің өзі жуынуға жетпей жатқан сабынын қайтесіз. Одан да алаботадан қайнатып, химишайт жасамайсыз ба,- деп бедірейіп қарап тұр. -Ұялған тек тұрмастың кері де. -Айтпақшы, қаладан Қарлығаш келген, үйлеріне кіріп Қанташқа көңіл айт. Қарлығаштың атын естігенде денесінен тоқ өткендей Темірдің түрі бірден өзгере қалды. Айтылып жатқан әңгіменің беті бұрылды. Оған себеп осыдан бір жыл бұрын Күлсімнің Қаншайым атты замандасы қайтыс болып еді. Әжесінің Қанташ деп отырғаны осы Қаншайым. Ал Қарлығаш сол Қаншайымның Темірмен бірге өскен немересі. -Міне, жылдан асты, Қанташ дүние салғалы. Әлдене себеп болып, марқұмның зиратына баруым сирей қалса, "Қыз, ұмыттың ғой мені" дегендей көз алдыма келеді де тұрады. Бұл сөздерді айтқанда, дауысында қобалжу болмаса да, Күлсімнің көз жасы біртіндеп бетін жуа бастады. Келген бетте сапырылысқан көршілерге назары ауып, Темір байқамаған екен, әжесі жылдағыдай емес, биыл күрт қартайыпты. Бойы да шөккен, жүріс-тұрысында бұрынғыдай шапшаңдық жоқ. Басқа немерелері болса да Темірді көп ойлайтын тәрізді. Өткенде бір келгенде әжесіне көршілердің қалжындап: "Басқа немерелеріңді неге Темірдей жақсы көрмейсің?" дегені бар. Сонда Күлсім терең күрсініп ап: "Е-е, шырылдап жарық дүниеге келгенде етегіңе тосып алып, қызыл шақа күйінде бауырыңа басқан немеренің орыны бөлек" деген де қойған. Кезінде "қос кемпір" атанған Күлсім мен Қаншайым той, жиында бірбірінен бір елі ажырамай жүретін. Жастайынан бірге өсіп, біте қайнасқан қос құрбыға бұлары жарасып та тұратын. "Заманы бірдің табағы бір, замандас берекесі деген осы да" деп таңдай қағатын кейбір көнекөз қариялар. "Немере баладан ыстық" деп кім айтса да, біліп айтқан. Қоскемпір де арқалап өсірген немерелері үшін отқа да, суға да түсуге әзір еді. Тілектері бір ме, әлде жүректері бір ме, кім білсін, екеуі де бір жылда немерелі болып, екі бала мектепке де бірге барған. Аз уақыттың ішінде ауылдың амандығынан басталған әңгіме күнделікті тірліктің күйбеңіне ауысты. Қаншайым кемпірдің өліміҚарлығаштың ауылда екені Темірге қатты әсер етті. Көңілі күпті болып, әлденеге алаңдай берді. Әлгінде ғана жарасқан әңгіме сүттей іріді. Көрші бөлмеде мәз бола шуласып, асыр сала ойнаған балалар үні құлаққа келеді. Далада өрістен қайтқан сиырлардың мөңірегені естіліп, Күлсім:

-Ойбай, әңгімемен отырып күннің кешкіргенін де байқамаппын ғой... Малдың алдынан шығып, бала-шағаға бас-көз болайын, деп сыртқа беттеді. Темір Қарлығаштың атын естігеннен кейін алай-дүлей күй кешіп, үйде жалғыз қалды. Ол сәл отырғаннан кейін әлдене есіне түсіп, бөлме ішінен бірдеңе іздеуге кірісті. Өзінің столының суырмаларының тартпаларын ақтарып, қабырғадағы фотосурет салынған шыны кәсектердін арттарына дейін қарады. Кенет оның көзі Қарлығаштың қабырғадағы фотосуретіне түсті. Былтыр келгенде бұл сурет жоқ еді... Әжесі бертін келе ілсе керек. Темір кірпік қақпастан қарап қалды. Қарлығаштың күлімсіреген ақ жарқын күйі. Көзінде шуақты бір нұр бар. Жас қыздың алаңсыз, ашық жайдары бір қалпы. Тегі мектептегі кезі болса керек. Темір қағаздарын салатын кішкене қобдишасын іздеген күйі бөлменің қай түкпіріне бармасын, Қарлығаштың көзінен құтыла алмай-ақ қойды. Суретке өз-өзінен жан бітіп, қарап тұрғандай. Темір енді қобдишасын басқа бөлмеден іздеуге кірісті. Қанша қараса да қағаздарын таппады. Үлкен үй аңырайып бос тұр, бәрі кешкі малдың алдынан шығуға кеткен. Тек радио қабылдағыштан диктор Зүлфия деген тайфуннан Бангладешті су алып, үш адам жағада опат болып, екі адамның суға кеткенін айтып жатты. "Ойпырмай, осы біздің пысықай журналистерді қойсайшы, өзімізде топан қаптап жер сілкінсе де жұмған ауызын ашпайды. Ал басқа жақтың жерінің үсті тұрсын, астында не болып жатқанын білуге келгенде алдына жан салмайды-ау, тіпті". Темір ызадан мырс етіп күліп жіберді. Сөйтті де сыртқа шықты. Күн батуға айналыпты, тып-тыныш, тылсымды ымырт. Біраз далада жүріп-жүріп, көңілсіз қалпы үйге кіріп, әжесінен қағаздары бар қобдишасын сұрады. Күлсім де дәл соны сұрарын күткендей, беті оюлы үлкен сандықтың түкпірінен немересінің керегін тауып берді де, үнсіз қалпы шығып кетті. Темір де ештеңе демеді. Қобдишаны ұстаған күйі үнсіз қала берді. Ол буылған бір топ конвертті алып, қарауға кірісті. Іздегені - Қарлығаштың өз сіңлісі Сәуледен беріп жіберген хаты. Енді сол хатты жүресінен отырған күйі оқуға кірісті: "Сәлем, Темір! Хат қолыңа тиген кезде мен алыста болам. Сонда да конвертті ашып оқи бастағанда қолыңдағы парақтан жүрегі тек өзің деп соққан құрбың Қарлығаш саған қарап тұр деп есепте. Хатты әрі қарай оқисың ба, жоқ сәл көз тоқтатып, маған бірдеңе дейсің бе, оны өзің білесің. Бұл хат ақ қағаз бетіне жаңа түсіп отырғанмен, жан дүниемде ерте жазылып, жатталып қалған. Өзіңе деген махаббатымның сүттен ақ, судан таза сезімі деп түсінсең болды. Айтарым да, арманым да аз емес. Бірақ неден бастарымды білмей қиналып отырмын... Мүмкін, бұл хатты мүлде жазбауым керекпе еді. Шынын айтсам, осы хатты бұрын да жазуға талай оқталдым. Талай жаздым да. Әттең, қайтейін, бірде-бірін аяқтауға әлқуатым жетпеді. Хаттың алғашқы әріптері қағаз бетіне түсісімен-ақ, сол әріптерден құралған сөздерді сен көресің-ау, оқисың-ау деген ой келеді де, қолым жүрмейді. Кібіртіктеп дәрменсіздене қалам. Бұл не? Кішкенемізден бірге өспедік пе? Мен ұлша киініп, сенімен алтыатар ойнамап па едім?

Сақаның жорғалығы үшін төбелеспеп пе едік? Сонда саған қолды мен бірінші салатынмын. Мен тепкенде сен "ерке тотай" деп шегіншектейтінсің. Ерте білген екенсің менің кім екенімді. Ал мен ойланбаппын. Тек кейін бірақ күнде төбемнен жай түскендей бәрі білінді. Жұрттың көзіне көрінуге дәтім шыдамай қиналдым. Үстіме ұзын көйлек кию қандай азап болды десеңші. Бұрынырақ ананы-мынаны айтқан Дәмелінің тілін алмай, апама шағым жасайтынмын. Талды ат қылып мініп, сенімен жарысқанында өзімді қызбын деп ойлаппын ба? Оған бетімнен аймалаған жел мен күлімдеген күн, өзің ғана куәсің. Көкелеріміз Күрлеуітте қой баққанда тіпті бір үйдің баласындай болдық. Қазір қарап тұрсам, бақытты шақ екен ол күндер. Қайран Сілетінің жағасы. Көкелеріміз сол жерді Күрлеуіт байдың қыстауы екенін, оның саятшылығын айтып отырғанда, бізге қызықты кездер өткен заманда қалғандай көрінетін. Адамдар аңғармаған күнделікті жақсылықтар қанша уақыт өткеннен кейін де қасиеттерін жоғалтпай сол қалпында сақталатын сияқты. Онда Гидроузел, Степногор қалаларының аты түгіл заты да жоқ. Кеш бата апаларымыздың шапанын жамылып отырып, жұлдызды аспанды қызықтаушы едік. Есеп-қисаптан бейхабар болсақ та, өтірікті-шынды жұлдыз санайтынбыз. Жер бетіндегі тіршілік атаулының аспан әлемімен тікелей байланысты екенін сезетінбіз. Біздің сөзбен толық жеткізе алмаған ойымызды жымыңдаған жұлдыздар растап күліп тұрғандай көрінетін. Ондай сәттерде жүрегіміз алып-ұшып, өмірге құштарлығымыз өсе, айналадан тек сұлулықты ғана көретінбіз. Қараңғылықтан қорыққанымыз ұмытылып, мерейіміз тасып, еңсеміз биіктеп қалатын. Бір-бірімізге айтпағанымызбен, екеуіміз де түбі сол жұлдыздардың біріне барып тұрақтауды армандайтынбыз. Ол жұлдыз апаларымыз айтатын шындық, әділдік пен құдайшылық мекені сияқты елестейтін. Мектеп жасына жаңа толған біздер сол кезде көп нәрседен түсінігіміз болмаса да түйсікпен сезінген сияқтымыз. Әрине, бұның бәрі апаларымыздың бізді арқалап жүріп санамызға құйған тәрбиесі шығар. Қазір де қалаға ары-бері қатынағанда, автобус терезесінен алаңдап, бір кездері бақытты балалық шағымыз өткен Күрлеуіт жаққа қараумен боламын. Күрлеуіттің орны да көрінбейді. Көзге алдымен түсетіні – кейін пайда болып, жылдан-жылға өсіп келе жатқан үлкен зират қана. Сусыған сары сағымнан мен мұндалап тұратын, қалың ағаш та, ернеуінен асып жататын Сілетіміздің суы да жоқ. Біз білетін Күрлеуіт бай жатқан зират “Сілеті" совхозыныңіргесінде елеусіз қалған. Әйтеуір, ескі темір-терсектен қада қағып, айқыш-ұйқыш сым керіп, аруақ сыйлайтын біреу өзінше қоршаған болыпты. Мектепке барар жылғы Сілеті тасқыны да көз алдымда. Екеуіміз "су тасыды" дегенді ести сала, "байқаңдар, жағаға жақындамандар" деген сөзге құлақ аспай, шала-шарпы киініп өзенге беттедік. Сілетінің бұлқан-талқан толқыған гүрілі естілді. Өзен жақ қара түнектеніп тұрды. Қытымыр қыстың суығы мен көктемгі сәуірдің алтын күрек аңқылдаған жылы желі ақтық

айқасқа түскен. Сай-сала ағыл-тегіл еруде. Көтеріліп келе жатқан күннің көзі жылу әкелгенімен, өзен жақтан соққан желде еріген мұздың ызғары бар. Суық жел қойын-қонышымызға кіргенімен қоймай, еттен өтіп, сүйегімізге жетті. Дірілдеп қалшылдауға айналдық. Сонда да алған бетімізден қайтпадық. Жағадағы ағаштың көп жерін су алып кеткен. Сең өзенді кесіп өтетін жолдың арнасына шығып, үйіле бастаған. Сең соғып сенделген шалажансар, өлген балықтар ағаштың сынған бұтақтарының арасында қалай болса солай үйіліп жатты. Біз желге қарсы жүріп, үстімізде қолдан істелген шолақ тонымыз бар, басымызда малақай, қол ұстасқан күйі жағадағы биік жартастың үстіне шықтық. Суық жел күшейе түсті. Сонда да үйге қайту қаперімізге келер емес, біздің тасқынды көруге кұштарлығымыз арта түсті. Қызық құмарлық пен үрей бойымызға араласа кіріп, жүрегіміз кеудемізге сыймай алып ұшты. Тасыған өзен екеуімізге бұрын көрмеген қызықты қиял дүниесіндей елестегені есіңде шығар... Біраздан соң денені билеген үрейден арылып, енді өзенге құмарта қызыға қарауға кірістік. Кеудені бір түрлі қуаныш кернеді. Өзен тасып болысымен жылдағыдай жолдың да ашылатын күні алыс емес... Толқындар ала алмаған өші бардай үсті-үстіне екпіндеп келіп, жағаға ұрынып, бізге сес көрсетумен болды. Сол сәтте аспанға шапшыған сумен бірге мұздың жаңқалары жан-жаққа шашырап, шапалақпен құлаштап ұрғандай, шатырлаған дауыс естіліп тұрды. Сілеті арнасына сыймай бұлқынды. Үлкен мұздар түйіскен сәтте ұсақтарын батырып өздері күтірлей жарылады. Мұздың көбі мүйістегі алып жартасқа соғылып уатылуда. Қар барқындана жалдана тасыған судың бойындағы алып күш жатып-жатып бірақ күнде оянғандай. Енді ешбір күшті мойындамастай тоңмойын қаһарға мінген түрі бар. Кенет біздің көзіміз сең үстінде қорқыныштан зәрелері ұша біріне-бірі тығылып отырған екі қоянға түсті. Су бетінде алыстан келе жатқан болулары керек, құлақтары салбырап, мүлдем ұнжырғалары түсіп қалған. Тостағандай қитар көздерін мынау әлем-тапырық дүниеге үрейлене кадап, қорқыныштан естерінен тана балаша қалтырайды. Мұз бізбен қатарласа бергенде сатыр-сұтыр етіп шытынап, қояндар тұрған тұстан қақ бөлінді. Көзді ашып-жұмғанша қояндар екі айырылды. Жаурағандықтан ба, әлде қорқыныштың әсері ме, қапелімде олардың қимылдауға да күйлері келмеді. Сынған сеңнің арасы алшақтауға айналды.Қояндарға қалай қол ұшымызды берерімізді білмей, қалшиып біз тұрмыз. Тілегіміз - мұз тым құрыса жағаға жақындаса дейміз. Қояндар дірілдеген қалыптары бір-бірінен көз алмай, бастарына түскенге көніп, аралары алыстаған сайын бірін-бірі қимай тұр. Маған бізге жақынырақ қалқып келе жатқан сең үстіндегі қоян жылап тұрғандай көрініп кетті. Бейшаралар бүріскен күйлері естері кетіп, жәрдем сұрағандай біз жаққа жәудіреп қарап қояды. Мен мынау сұмдыққа шыдай алмай, жылауға айналдым. Құрдас болсақ та сен мені үлкен адамша бауырыңа басып: “Көп жылаған баланың басы таз болады, жылама қоя ғой” дедің. Қояндарды аяйтынымды айтайын деп басымды көтергенде, сенің де көзіңнен

моншақтаған жасты көрдім. Алғашқы рет сонда екеуіміздің жанарымыз түйісіп қалды. Жүрегім лүпілдей соқты... Мен қайтып басымды көтермедім, тек өзіңді қапсыра кұшақтаған бойы булыға жыладым. Өксігімді баса алсамшы. Сездірген екен тәңірім сонда маған. Біз құшағымыз жазылмаған күйі біраз тұрдық. Қояндар көрінбей кетті. Сілеті құтырған адамдай өкіре, жар сүзіп, күркірей тасып жатыр. Біздің енді суға қарауға дәтіміз жетпеді. Үн-түнсіз үйге қайттық. Бірақ қояндар көз алдымыздан көпке дейін кетпей қойды... Уақыт тасыған судай аға берді. Сілетідей кейде ағындап, кейде сабасына түсті. Сағымдай сусып балалықтың бал шағы да көрген түстей өте шықты. Алдымызда алыс арман, қол бұлғап болашақ тұрды... Арамыз алшақтап кетсе де, өзіңмен әлі кездесерміз деген тәтті үміттің күні кешеге дейін, сені үйленеді деп естігенше, жіңішкерсе де үзілмей келгенін несіне жасырайын. Ақыры әбден көзім жеткен соң, сенен мәңгі айырылғанымды біліп, бір шешімге бел будым. Енді сағыздай созып жүре берудің реті жоқ, шешетінді шешіп, кесетінді кесейін дедім. Сөйттім де көз жұмып тәуекелге бастым... Өмірдің қиындығы адамды шыңдайды, төзімді етеді дейді. Мүмкін, адам баласы бастан өткерген әрбір қалт басқан қадамынан сабақ алып, келесіде соны қайталамай, аяғын абайлап басар... Иә, сөйтер. Бірақ өмірден жиған, тырнақтап терген тәжірибе адам арманын алмастыра алар ма? Жоқ, алмастыра алмайды! Ендеше, құсқа қанат қандай керек болса, адамға бақыт та сондай... Мұхитта тек тұздың ғана дәмі болатындай, осы уақытқа дейін өмірімнің мәні сен ғана едің, жаным. Мектеп бітірерде өз қолыңмен альбомыма жазған “Қоштасу әнінің" сөзіндей “неге біздер бір құшаққа сыймадық?”. Қайтейін, қанша еркін, еркетотай өссем де осы уақытқа дейін өзіңе деген сезімімді білдіре алмадым. Бірге өскендігіміз, апаларымыздың тәрбиесі, бәрі, бәрі бөгеді де тұрды. Сөйтіп өз сезімімнің отына өзім көбелектей күйіп жүріп жаттым ғой. “Қыз жолы жіңішке” деген жалғыз ауыз мәтелдің шындығына да сол бір күндерде көзім айқын жетті. Міне, енді бәрі өтіп, тек өкініш қалды. Қарап тұрсақ, жалған дүниенің тауқыметінен өлгендер ғана құтылады-ау, сірә. Өмір мен махаббат адамның жіберген қателіктерінен тұратынына да көз жетті.Тағдыр таразысына түспей кеткен жұмыр басты пенде жоқ. Әттең, не керек...Уақыттың құпия кілті табылса өткеннің орнын толтырып, кемістігімнің кетігін бітер едім-ау! Мен кейде жиырма төрт емес, жүз жыл өмір сүрген сияқты күй кешемін. Сыртым бүтін, ішім түтін. Сегізінші кластан бастап, барлық мерекелерді класс болып бір үйге жиналып, таң атқанша ән айтып, би билеп өткізуші едік қой. Есіңде шығар... Сонда ақ тілек, адал жүректен басқа ойымызда ештеңе жоқ еді. Апаларымыз да екеуіміздің жұбымыз жазылмағанына сене ме, меселімізді қайтармай жібере салатын. Темір, енді байқап отырсам, қаһарлы, қарлы қыстан соң, шуағы мол көктем келеді екен... Мен көктемді ұнататынмын. Қыз біткеннің әдеті ғой... сөйтеді. Жер бусанып, тіршілік түлейді. Табиғат та, адам да

түрленіп, жадырап сала береді. Алда ұзақ жаз, жайдары өмір, жасыл жайлау жатады. Көктемнің алғашқы жылы лебінің иісі маған қыс ортасынан сезіле бастайтын. Ақпан айында жаздың жылы лебі келе жатыр деп саған айтқанда сенбейтінсің. "Мына белуардан қар жатқанда қайдағы көктем" деп кекете күлетінсің. Менің саған деген алғашқы сезімім де көктемде ашылды. Жүрегімнің тек сен деп соғатынын өзің емханаға түсіп, операция жасағанда білдім. Дүние астан-кестен бола қалды. Өзімді қоярға жер тапсамшы. Үйдегілер де мені ауырып жүр деп ойлап, қас-қабағыма қарап, бәйек болды. Барар жерім, басар тауым қалмады. Үйге сыйсамшы. Емханаға кіргізбейтінін біле тұрсам да, сағат сайын бардым десем артық болмас. Сені соқыр ішектен өліп қалатындай зәрем ұшты. Тілеуінді тілеп, түні бойы кірпігім айқаспады, тосыннан келген сол ауруды саған бергенше, бұл құдай маған берсеші, көз жасымды көрсеші деп тіледім... Сөйтіп көрер таңды көзбен атырдым. Тек бәрі жақсы деп естіген соң, көңілім байыз тауып әжемнің бауырына бұйығып жатып көзім ілінді. Ұйықтап кетіппін. Оянсам үйде жалғыз екем. Күн батып, қас қарайып қалыпты. Әжем үстіме өзінің ескі шапанын жауып, қымтап қойыпты. Шапанға оранған күйі жылы төсектен тұрғым келмеді. Әжемнің иісі сіңген ескі шапан оның жылы, шапағатты кұшағындай елестеді. Кеш бата Сәулеш екеуіміз емханаға барып, терезеден қарадық. Сен де терезеден көз алмай жатыр екенсің, бізді көріп қолыңды көтердің. Менің жүрегім жарылып кете жаздады. Көзіме жас келіп, терезе де, сол терезеден қараған сенің жүзің де тұманданып, жырақтап бара жатқандай сезілді. Дәтім шыдамады. Бұрылып кете бергенімде ағаштың қасында тұрған атаң мен әжеңді көрдім. Бақсам, келерде есілдертім сенде болып, ештеңеге көңіл бөлмеппін. Менің ыңғайсызданып қалғанымды көрген олар, көрсе де көрмегендей рай танытты. Сіңлім Сәулеш екеуіміз құрбы қыздардай қол ұстасып алып, үйге беттедік. Жүріп келеміз бе, жоқ әлде ұшып келеміз бе, ол жағы Сәулеге болмаса, маған беймәлім. Өң мен түстің арасындай бірдеңе... Аспан төрінде ноқаттай бопбір орнында тұрып алып ән салатын бозторғайдай қалықтап келем. Көшелердің ой-шұңқырлары да тақтайдай тегістеліп кеткендей. Сол сәттерде мен қандай бақытты едім. Алып-ұшқан көңілімнің қуанышы мәңгілік таусылмайтындай көрінген... Мектепті бітіруді барлығымыз асыға күтсек те, соңғы қоңырау үні балалық шақтың соңғы қоштасуындай сезілді. Содан болар, куанышпен бірге жүректі үрей де билеп алды. Кәмелеттік аттестат алған соң, әркім өз бетімен жан-жаққа кететіні де белгілі. Осы ойдан мен де үркектеп, еске алмауға тырысып жүрдім. Ақыры соңғы қоңырау да соғылды... Он жыл бірге қатар өскен құрбылар жан-жаққа тарап, жыл құсындай кете бардық. Жүрек сезімін, сағыныш құдіретін сонда көрдім. Сенсіз өткен уақыт қызықтан жұрдай болып көрінді маған. Қалаған дәрігерлік институтқа түсуім де онша қуаныш әкеле қоймады. Күндіз сабаққа дайындалып, лекция тыңдап, уақыттың қалай өткенін аңғармай қаламын да, кеш түсе оңаша жалғыз

қалсам болды, ойыма өзің келесің. Ондайда өткен күндер елесі көз алдымнан керуенше тізіліп өтіп жатады... Қолыма сурет альбомымды алып, екеуіміздің бала кезде бірге түскен суреттерімізді жаңа көргендей қайтақайта қараудан жалықпаймын. Студенттік шақтың қызығы мен қуанышы, жаңа дос-құрбылар ортасы да сені бір сәтке ұмыттыра алмады. Жайраңдаған жаз да, боранды қыс та өтіп жатты. Құрбыларым теңдерін тауып, тұрмыс кұрып жатты. Тек мен ғана сыңарынан айырылған аққудай жападан жалғыз жабығып жүрдім. Жүректе жатқан ауыр мұңды ашатын адамың жоқ. Сенсіз атқан таң да, батқан күн де тамұқ болып көрінді. Курстас қыз-жігіттер әрдайым уақыт тауып, ойынсауыққа, қала қызығына мидай араласып кетті. Мені де қайда барса да қастарынан тастамады. Көп ішінен кейбіреудің дене бітімінен, түрпішінінен саған ұқсастық табам. Енді біреулерінің дауысын саған ұқсатам. Бірақ жақындаса келе әлгі ұқсастықтар біртіндеп жоғалып, жүрегім өздігінен құлази береді. Сондай сәттерде бәрін тастап, өзіңе кетіп қалуды ойлаймын. Қанша оқталып вокзалға барып, сен мінетін 103-поезды перроннан талай шығарып салдым... Хат келгенше мазам кетіп, кірпік ілмей талай таңды көзден атырдым. Хаттарыңның мазмұны да әр түрлі еді. Бірде жүрегімді асаудай тулатып аласұртса, енді бірде көңіліме мұң әкеліп, мың құбылтатын. Ондайда көпшілік арасынан сырғақтап өзіммен өзім оңашалана берем. Хатты қайта-қайта оқып, жанымда жүрген сан сұраққа іштей жауап іздеймін. Әр сөзіңде мен байқамаған астар, жасырын сыр бар ма екен деп мұқият қайталаймын. Баяғы жартас сол жартас. Күнделікті аманшылық, әрі кеткенде институтың мен өзің жүрген қалаңның жаңалығы. Жаныңда қайғы, уайым жоқ, жайбарақат көңіл, алаңсыз өмір... Ауылды сағындым деген сөзіңде де бір түрлі жасандылық бар. Олай дейтінім, демалыстарда түрлі сылтаумен ауылға келмейтінсің. Келсең де кетуің тез еді. Өзім болсам жазғы демалыстарымда сұранып, Сілеті бойындағы “Орленок"пионер лагеріне келіп жұмыс істедім. Онда да ақша табу, иә басқаемес, Сілетінің жағасында болу. Жұмыс арасында қолым босай қалса, су жағасына беттеймін. Ойды ой қуып мазам кететіндіктен, барғым келмесе де, белгісіз бір күш еріксіз жетелеп кетеді, жүр-жүрлеп тұратындай. Биік ақ қайыңдар өскен өзекке түсіп, бала кездегідей жалаң аяқтанып алам. Сол сәтте жел шулатқан қайыңдар сыбырлай сыбдырлап, жастық шаққа жетелей жөнеледі. Бірақ, сәлден кейін-ақ төңірек қайта құлазып, Сілеті жағасы да бар сұлулығынан айырылып, менің жүдеу көңілімдей жетімсірей бастайды. Өзен жағасында отырып, кейде ойдан серпіліп, сағынышымды басу үшін ыңылдап өлең де айтам. Көбіне Қорабай Есеновтің орындауындағы өзіміз мектепте қосылып айтатын әндер еске түседі. Сағыныштан сарғайғанмен, бірге өткендегі бақытты күндер көз алдыма қатар келеді. Сағыныш та өмірдің бір түрі екен... Кеш батса сол бала күндергідей жұлдыз санаймын. Сағынышымды жан адамға білдірмей, өз жүрегімді өзім алдаймын. Өзіңе көңілім қалып,

ренжіген кездерім де аз болған жоқ. Әсіресе, оқуға түскен жылғы қысқы демалысқа келіп, мектептегі оқушылармен кездесу есіңде шығар. Сонда сен өзіңді дұрыс ұстай алмай, мақтанып, ақылгөйсіп көп сөйлегенде жерге кірердей ұялғаным-ай. Оған қоса кеш соңынан бізден жырақтанып, бірекі оқушы қызды шығарып салғаның жанға батты. Бұл дүниеде көре тұрып қызғанғаннан қиын не бар... Келесі күні кездестік, әрине. Жүзіңде жалған мақтаныш, жасанды тәкаппарлық бар. Сол сәтте сені қалай жек көргенімді білсең сен. Бала кезіміз болса төбелесе кетуден де тайынбас едім. Әттең, ұят пердесі жанымды тұмшалап, пәк көңіл, адал сезімнен аттай алмадым ғой. Қыздың жанын түсінер жігіт бар ма, тәйірі. Сүйдім, күйдім деп қит етсе жүрегін қолына ұстай жүгіреді шеттерінен. Қазір сұлу қыз бен бозбала махаббат үшін емес, өздерін көрсету үшін, мақтаныш үшін жүретін сияқты. Әйтпесе жел айдаған қаңбақтай тұрақсыз сезім, алдамшы махаббат қайдан шығады. Сүйген адамын бүкіл болмысы мен мінезінің кем-кетігімен, адамгершілігімен, тіпті, өзгеге ұнамайтын жақтарымен беріле құлай сүйсе қайтеді. Не керек, өтті күндер, кетті күндер, сол күндер. Сен түнде түсімнен, күндіз есімнен кетпедің. Азанда ұйқылы-ояу жатқанда өзіңді жаңа ғана көрген түсімдегі тәтті сәттер, сөйлеген сөзің сол қалпында құлағымнан кетпей тұрып алады. Бірде таң алдында селк етіп оянып кеттім... Бөлме алакөлеңке, төсегімнің аяқ жағында терезеден сыртқа қарап қараңдаған біреу тұр. Бажайлап қайта қарадым. Тұрған - сенсің. Әлі ұйқым ашылмаған. Жүрегім алқынып аузыма тығылды. Сырттан әлдебіреуді тосқандайсың, бір жаққа кететіндейсің. Аң-таң қалпы көзімді уқалап қайта қарадым. Сен ғайып болдың. Елегізген ойым әр жаққа кетті. Көңіліме қорқыныш ұялап, күдіктене бастадым. Одан кейінгісін өзің білесің. Курстас құрбымды ертіп, жүргелі тұрған поездың біріне отыра сала саған келдім. Сен қасыңда қалыңдығың бар, әлдеқандай жолдасыңның туған күніне баруға дайындалып жаттың. Мені жан екен-ау депелеуге мұршаң келмеді. Қайта бөлмеңде тұратын танитын жігіттер жандары қалмай бізге де жүріңдер деп асты-үстімізге түсті. Сенің селқостығың еңсемізді түсірді. Не істерімізді білмедік. Осы қаладағы туыстарымызға келдік деп өтірік айтуға тура келді. Барар жеріміз жоқ. Бөтен қала. Кеш тез батты. Поезд келесі күні ғана екен. Таң атқанша вокзалда түнеп кері қайттық. Азапты жолдың ұзақтығын сонда көрдім. Поездан секіріп өлсем бе екен деген ой да келді. Сол күні қатты қорландым. Үміт шырағы біржола сөнді. Сезімі өлген, арманы алдаған адамның тірі өлікке айналарына көзім әбден жетті. Түңілдім... тірі өлікке айналдым! Бәрінен түңілгенде көзім қарауытып барып апам есіме түсті, зорға тоқтадым. Өлу - адамның жалған жарық дүниеге келгенде өзімен бірге ала келетін айнымас серігі ғой. Біз үшін өмір сүру қияметтен де қиын болғанмен, өлу оңай. Бірақ апамды жылатып артыма қалдырғым келмеді және саған деген махаббатымды да өзіммен бірге көмгім келмеді. Бұйырған кетпейді, қуған жетпейді деген рас екен. Сөйтіп, сол түні алғашқы ақ

махаббатыммен қоштастым... Кейін алғашқы жар құшқан түнде де сені ойладым... Сүлесоқ өмір өтіп жатты. Мән де, мағына да жоқ мал тірлік... Бірді айтып, бірге кеттім-ау... Бүгін осы хатпен неше жылдан бергі жанымды қинап келген сезімімді сыртқа шығарып отырмын. Маңдайға не жазылса, соны көресің. Өткен күнге өкіндің не, өкінбедің не. Бәрін де өзімнен көрем. Қолсыз, аяқсыз да мыңдаған адам өмір сүріп жүр ғой. Мен де өзім сүймеген біреудің түтінін түтетіп, итшілеп өмір сүрермін. Жазымыштан озмыш жоқ. Саған деген махаббатымның мені жалғызсыратпасына сенемін. Сүйенішім де, пірім де сол. Өзің болмасаң да, бейнең жүрер жүрегімде. Мүмкін, сені, тіпті, өмір бойы сағынармын. Тұңғышымның есімін ұл болса сенің атыңды, қыз болса Жәмила деп қоймақшымын. Олай дейтінім, Шыңғыс Айтматовтың кейіпкеріндей, қандай қиындык болса да мойымай, махаббаты үшін күресіп бақытына жететін қайсар қыз болса екен менің Жәмилам. Сұлу адамдар бірін-бірі шынайы мөлдір сезіммен сүйген ата-анадан ғана жаралады. Міне, Сілеті тасқынындағы мұздың үстіндегі қояндай мені де өмір ағыны бейтаныс жаққа әкетіп барады. Күрлеуіттегідей сүйенер қасымда сен жоқсың... Сүйгеніне қосыла алмаған сор мандай көп қыздың күйкі тірлігін кешіп мен де өтермін бұл өмірден! Қош бол, аяулым!”. Темір қыз хатын оқып шықаннан соң, көкпе дейін ой тұңғиығына шомып, мелшиген қалпы ұзақ отырды. Бір дұрысы үйдегілердің ешқайсысы мұның мазасын алмады. Ол өзін үлкен қылмыс жасап, құлазыған қу далада жалғыз қалғандай сезінді. Денесі тітіркеніп, көңілін кірбің басты. Осы уақытқа дейін сүрінседе, жығылмай ел қатарлы тірлік өткеріпті. Аз ғана ғұмырының ішінде өзін қателеспейтін сирек адамдар санатына қосатын. Мына хаттан кейін сол сенімнің күлі көкке ұшқандай. Іштей өзіне-өзі күмәндана қарап отыр. Ол бір сәт өзінің мектепті бітірерсоңғы жылын есіне түсіруге тырысты. Қарлығаш әжесінің бауырында еркелеп өскендіктен өзін еркін ұстайтын. Сөйлегенде төңірегіндегілерді баурап, күлсе ақтарыла, ағынан жарыла күлетін. Қарлығашта жан тазалығымен қоса өзіне тартып тұратын ғажайып бір сиқыр күш болатын. Онысын өзге сезгенмен өзі біле бермейтін. Темір осы хатты алғаш алғанда мән бермей үстірт оқығанына енді шынымен-ақ өкінді. Тым құрысы бір жапырақ қағазбен жауап берсе не етті... Енді, міне, араға жылдар салып, өзінің оған деген мөлдір сезімі жүрек түкпірінен бас көтерді. Асау тұман қайтадан бұрқ-сарқ қайнап жан дүниесін жуып жатыр... Ертеңіне Темір әжесімен Қаншайым апа үйіне кіріп, Құран оқытып шықты. Қарлығаш орталықтағы дүкенге кетіпті. Жасаулы дастарханнан бір-екі шыны аяқ шай ішіп, үйлеріне қайтты. Арада көп өтпей Қарлығаштың өзі телефон арқылы Темірмен хабарласты. Көптен кездеспегендіктен олардың сөздері амандықтан әрі аса қоймады. Ақыры түс ауа өздері оқыған мектептің ауласында жолықпақшы болды.

Уәделескен уақытта Қарлығаш мектеп ауласына бес-алты жасар қызын ерте келді. Бетінің қызыл шырайы көбейіп, денесі толықсып, дер шағына жеткен бұла келіншекті алғаш көргенде Темір біраз аңтарылып барып, есін жиды. Қарлығаш анау жылғы өзі көрген нәзік балаң қыздан ақ балтырлы балғын, аққу төс әсем келіншекке айналыпты. Тек көзқарасы ғана бұрынғыдан гөрі салмақты да сырбаз. Жанарын белгісіз бір мұң көлегейлеп тұрғандай. Иығына түскен шашының ұшы бұйраланыпты. Үстіндегі көкшіл ши вельвет жеңіл плащы өзіне жарасып тұр. Бұл өмірдегінің бәрі тозады, өзгереді деп ойлайтын Темірдің пікірін осынау көркем әйел тән сұлулығымен үстінен бір тартып сызып тастағандай. Жүрегі де ине сұққандай шаншып, Қарлығашты көргеннен өзінің қалай өзгеріп сала бергенін енді аңғарды. Олар бала күндеріндегідей құшақтаса кетпегенмен, қол алысып жылы амандасты. Қарлығаш амандық барысында қызының есімін Жәмила қойғанын айта келіп: -Бала кезімізде апаларымыз өлсе біз де өлеміз деуші едік, бәрі бекер екен. Былтыр апам қайтқанда, неге екенін қайдан білейін,көп ішінен сені іздедім. Өзіңді көргім келді. Содан соң сәл мұңайып аяғының ұшымен жер шұқып тұрдыда, өзімен-өзі сөйлескендей ұяң үнмен: -Әжелеріміздің жүрегі тек екеуіміз үшін ғана соғып тұрғандай көрінетін маған, – деді. -Айтатын не бар, Қарлығаш, әжеңнің иманын берсін, арты қайырлы болсын. Апаңның ақылдылығын, ақ көңілін, жасамаған жасын мына кішкене қызыңа берсін. Әрбір адам қайтпас ұзақ сапарға аттанарда бойындағы бар жақсы қасиеттерін ұрпақтарының біріне қалдырады дейді ғой. -Солай болса игі. Қанша айтқанымызбен, оқығанымызбен санамызға сыймайтын өлім ғана екен. Соған қимайсың... Күнделікті өмір күйбеңімен жүріп, құран оқытпасам, апам түсіме кіріп, ылғи да өкпелеген баладай қырындап, бетін бүркемелеп бұрыла береді. Әжесі жөнінде басталған сөзден соң Қарлығаштың көзінің айналасына ұсақ әжім ұялай қалды. Ашық жұқа өңіне де бір түрлі салмақтылық пайда болды. Үзіліс кезіндегі балалардың у-шуы болмаса, мектеп ауласы құлаққа ұрғандай жым-жырт. Тек анда-санда мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің бүкіл класс болып, мұғалімнің дәрісін жамырай қайталаған үндері ғана естіледі. Айналадағы осы тылсым тыныштықтың өзі де араға жылдар салып кездескен тел өскен кұрбылардың сөздеріне құлақ тосып, тына қалғандай. Анда-санда лекіте соққан күз желінен сарғайған жапырақтар бір-бірлеп үзіліп жерге түсіп жатыр. Кейде көбелектей көлбеңдеп әудем жерге дейін ұшып барады да, бұта, шидің тасасына тығылып қонақтайды. Арасында Темір мен Қарлығашқа жел ызыңы құлақтарына: "Екеуіңді білеміз, ескі таныссыңдар ғой. Алаңсыз сырласып

қалыңдар" деп сыбырлап өткендей болады. Бұл екеуінің әңгімелерінің көбі бірге бітірген кластас құрбыларына, олардың қайда жүргеніне ойыса берді. Темірге Қарлығаштың өміріндегі әрбір сәт ерекше көрінді. Ол барынша кұлай тыңдап, Қарлығаш өз өмірі жайында айта түссе екен, біле түссем екен деп келіншек сөзіне құлай ден қойды. Көз алмай қараған күйі әрбір қимылынан сұлулықты, тек қана өзіне жарасқан іс-қимылды көрді. Темірге дәл қазір Қарлығаштан өзге өмірде ештеңе жоқтай, өзге тірлік санасынан өшіп кеткендей. Ара-тұра Қарлығаштың көзінен мұң көлеңкесі елес беріп өтеді. Ол сәттерде Темірдің де жүрегі ине сұққандай шаншып қояды. Қарлығаш болса әңгіме арасында мұңая сәл ғана езу тартады. Француз әтірінің иісінен бе, Темір кейбір сәтте өзін мас адамдай сезініп тұр. Жігіт демі дірілдей күрсінді. Ішін жайлап алған жалын көрінбес от боп сыртқа шықты. Жан дүниесіндегі астан-кестен сезім сәл болса, лықсып кемерінен асып сыртқа ақтарылардай. Қарлығаштан басқа ешкімді көргісі де, ойлағысы да келмеді. Оған дәл қазір ештеңенің де керегі жоқ еді. Қарлығаш үлкен қара көздерімен тесіле тура қарағанда Темір өз жүрегінің алқына соққан дүрсілін анық естіді. Тіпті, оны Қарлығаш та естіп, сезіп тұрғандай көрініп, құлағына дейін қызарып кетті. Кенет: -Қарай бересің, қартайып кетіппін бе, Темір? – деп Қарлығаш әзілдей күліп, әңгімесін кілт үзді. Темір де күліп жіберді. Осы сәтте олар пәк сезімдерімен, риясыз күлкілерімен бір сәтке қайта қауышқандай еді. Іштері құйын өткендей астан-кестен болатын. Әсіресе Темір көбірек ойға шомуда. Шынында, өзі жаңа байқаған Қарлығаштағы мынау сұлулықты табиғат тек өзінің таңдаулы ғана пендесіне аямай үйіп-төгіп сыйлай салатын шығар! Көрмес – түйені де көрмес. Темір бірге өскен Қарлығашты дәл осындай боладыдеп ойлап па?.. -Жоқ, о не дегенің, қайдағы қартайған, – деп Темір келіншектің әзіліне сасқалақтай тіл қатты. Сөйтті де сөзді басқа жаққа бұрып: - Кездеспегенімізге он жыл болды ғой, – деді. Қарлығаш бірден: -Дәлірек айтсақ, он жыл, үш ай, 9 күн деп, қастарында жапырақ жинап жүгіріп жүрген қызына қарап, бетін бұрып әкетті. Дауысы әлдекімді әлденеге жазғырғандай, дірілдеп шықты. Темір түсінді. Түсінді де, өз-өзінен қысылып үнсіз қалды. Қарлығаштың да алмадай қызыл шырайлы беті ілезде бозарып сала берді. Жүректің дүрсілі естілген меңіреу тыныштық қайта орнады. Темір әлдене айтқысы келіп, оқталып-оқталып айта алмады. Қайтақайта жұтынып айтатын сөзін көмейінен шығара алмағандай әбігерге түсті. Алақаны да жіпсіп, қолын қояр жер таппады... -Баянсыз бақыт сусыған сағыммен тең, ұстасаң уысыңа тұрмайды, кусаң жеткізбейді... деп Қарлығаш Темірге тура қарады. Сағыныш пен күдікке толы аялы бота көздер "қинамашы мені, жаным" дегендей қиыла карап қалыпты. Темір Қарлығашпен келіскендей. Түсіндім... айтпай-ақ қой, жаным! Бәрі де өткен жылдар құшағына көмілген дегендей бас изеді. Бірінбірі үнсіз түсінген екеуі өткен күннен әлі де күдер үзбегендей, өздеріне

соған әлдебір таяныш іздегендей үнсіз тұр. Күн бесін ауды. Қарлығаш уақыттың бірталай болғанын енді сезгендей сөзін жалғастырды: -Ал, жүрелік енді, касса жабылып қалар. Жәмила екеуіміз ертеңгі автобуска билет алуымыз керек. Қаншама айтқанымызбен, біздің кейбір шалыс кеткен іздерімізбен балаларымыз жүрмесе болғаны. Қолың тисе конаққа кел, үйіміз облыс орталығында.Жәмила екеуіміз ғана тұрамыз. -Рахмет, оны уақыт көрсетеді. -Ал, жақсы онда. Темір орнынан денесі ауырлап баяу тұрды. Көптен іздегені, мазасызданып алып ұшатыны туған жер топырағы, бірге өскен достары екенін енді түсінді. Оған балалық шағындағы достық сезім қанша іздесе де таптырмайтын асыл қазына сияқтанды. Астан-кестен ойымен әлекке түскен, салы суға кете түнерген Темір өзінің бағанағы келген жолына беттей берді. Бәрі біткендей, өзі де, төңірек те бос, айналасы бос куыс кеуек... Аяқтың астындағы жер де, иықтан басқан өткен күннің салмағы да ұшты-күйлі жоғалып барады. Әлгіндегі әтір иісі, бәрібәрі ғайып болды. Тынысы тарылуға айналды. Ол тұншыққан өкпесі қысылып артына қарағанда, Қарлығаш пен екеуінің арасы әжептәуір алшақтап қалған екен. Оған осы екі ара енді мәңгіге жеткізбейтін, таяған сайын ұзай беретін шетсіз-шексіз кеңістіктей көрінді. Бұл өткелі жоқ терең кұзға пара-пар еді. Баяу ескен желден қобыраған шашын сол қолмен жөндеп, оң қолымен Жәмиланы жетелей, сәл еңкейе әлденені айтып, Қарлығаш ұзай берді. Анда-санда плащының етегі желмен ойнағандай желпініп қояды. Осы бір сәтте Темір өзінің бар қалған ғұмырын сол хатка, Қарлығашқа жауап қайыруға арнағысы келіп кетті. Солғын тартқан төңірек түнере бастады. Жылауық күздің алғашқы ұсақ тамшысы Темірдің бетіне тиді. Темір күздің суығын сезді.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙