Өлеңдер, шығармашылығы. V кітап
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Мәшһүр Жүсіп Көпеев ел тарихын көп білетін шежіреші ретінде танымал. Шығармаларында әлеуметтік, адамгершілік мәселесін ашып көрсеткен. Адам бойындағы теріс қылықтарды сынаған, адамның мінез-құлқындағы жақсылық пен жамандықты салыстыра бейнелеген. Достық, ақыл-ой, ақыл туралы жазған ғибратты сөзде...
ИШАРАТ ӨЛЕҢДЕР
БІР ҮЙГЕ
Бір үйге көп қараймын тамаша етіп,
Ұстаға соны салған көңілім кетіп.
Алыстан анадайдан түсіп көзім,
Қасына шыдай алмай бардым жетіп.
Әйнегі - су шыныдан, зыбыржаттан (зұпаржаттан),
Оқу бар ол әйнекте жазған хаттан.
От саулап әйнегінен көрінген соң,
Бұл дүние ома[1] фиһа шықты жаттан.
Құдайдың қаламымен жазылған нон[2],
Басы – жетпіс, аяқ – елу, ортасы – он.
Ноқаты саулап нонның шамшырақтай,
Есіңнен шығар, көрсең, ат пенен тон!
Оқысаң және болып харысқа[3] хад[4],
Оп-оңай даяр оқу алуға иад.
Хырыстың сбады (светі)болып табылған соң,
Біздерде құмарпаздық қалды бір ат.
Тамиғының[5] дәл аумаған ғаниы[6] болып,
Мөлтілдеп қарақаттай тұрса толып.
"Жесем-ау алып соны!"- деумен текке,
Барады бос үмітпен кеудең толып.
Есігі жалған емес, шын жақұттан (иақұттан),
Оқу бар отыз екі жазған хаттан.
Қызыл лағыл тақтайы екі ашпалы,
Мәнісін білдім түгел оқып иаддан.
Есіктің аузында түр қызыл лала,
Күйгенін жүрегінің айтып және.
Көрінген әйнегінен алғашқы оттан,
Сұрамай ешбір жаннан білдім мана.
Түтінге талды көзім қарай қарай,
Құйылған көптігінен жерге қарай.
Мұншама қалың түтін төгілгеннен,
Белгілі ол арада оттың бары-ай!
Қараумен көзім талды түтініне,
Жаратқан түгел құдай бүтініне.
Бейнеттің қазып тауын, әлектенді,
Су беріп Мәшһүр тілдің мәтініне.
Көрініп терезеден даулаған от,
Өртеумен ақыл-есті жаулаған от.
Мөп-мөлдір тұнық судың ортасынан,
Есіңнен айырмас па саулаған от?!
Ол отқа тиюменен күймес қолың,
Күн болса қолың тиер, болды жолың.
Қызуына бір жылытсаң, өн бойыңды,
Болмайды өзіңдікі ат пен тоның.
Болды екен Мәшһүр шешен қандайында,
Басылған құдірет мөрі таңдайында.
Бір-екі бу тартпа тұр тартып көзді
Есіктің ол жоғарғы маңдайында.
Біз келдік мұнша жасқа ашып-арып,
Тұрғам жоқ, жалған, саған тіпті жарып.
Бұрқырап бу тартпадан әтір (ғатір) жұпар,
Фарауам озхан мұрын жарып.
Әлиф (алиф)деп, оны Мәшһүр жаттап (жатлап) алған
Айтқызған емес тәңірім маған жалған.
Нанбасаң оның әлиф екеніне
Үстінде екі мәт тұр қатар салған.
"Әлиф"десем, аспаннан аққан жұлдыз,
Жарықтығы - қылғандай түнді күндіз.
Екі ай тұр қатарымен жаңа туған,
Көріп тұр сол әйнектен күнді бұл көз.
Қамалып өмір бойы қалған түнге,
Қадалып қарай-қарай ай мен күнге.
Не екенін соның бәрін көргенменен,
Білмейді дәнемесін бізден өзге (өңге).
Жаныңа тек түн болса, отты жақты,
Бұлақ боп ғам теңізі көзден ақты.
Өнердің күшін мұнан аясын ба,
Қойған соң беріп құдай тіл мен жақты.
Қалқайған ол үйде бар екі сенек,
Таниды мұндай үйді ақылы зерек.
Сол үйден түгел тегіс табылады
Не нәрсе көңілге алып қылған керек.
Бұлбұлға таңсық емес ұзақ қарға,
Асылса арманы жоқ бір күн дарға.
Көп түтін жатыр бықсып, қарамаймын,
Қараймын ар жағында оты барға.
Мәрмәрдан жұмыр діңгек бар қадасы,
Құдіреттің жіпсіз тізген меруерт тасы.
Сенектің дәл аузында шаншылып тұр
Шыбықсыз телеграмның бағанасы.
Бұл - бір үй:қолыменен пенде қылмас,
Күнінде бір көрмесең, көңіл тынбас.
Қызыл иақұт есікте телефон тұр,
Машинамен орнатқан тозбас, сынбас.
Телефон тек қозғалса, тартады күй,
Қалмайды оны естісең, басында ми.
Құмары құлағыңның бір қанады,
Дүниеде, айт, қайда бар осындай үй?!
Даусы бар аққу құстай сұңқылдаған,
Шегі емес домбыраның тыңқылдаған.
Аңсатқан көкейіңді екі шеге,
Тас емес, темір емес, былқылдаған.
Иа, алма, ол шегелер, яки анар,
Жемей-ақ құр иіскеумен мейірің қанар.
Бұлақтың сүт ағатын су ағары
Көрсем деп құмарланған естен танар.
Тозбайтын, ескірмейтін онда бар ма су,
Әйнектен шып-шып шығып тұрады қу.
Құр көрумен аузыңнан су ағызбай,
Тіл алсаң, көз жасыңмен бетіңді жу.
Сүт барын миың болса, айттым жаңа,
Жаратқан түп-түгел ғып Құдай тағала.
Арақ бар мас қылатын тағы сонда,
Есінді жия алмайсың, ішсең, бала.
Дап-даяр тағы онда ләззатты бал,
Төрт өзен таусылмайтын - үйреніп ал.
Бұлардың барын сонда білгендіктен,
Ойлаумен күндіз-түні біз болдық дал.
Молла - өзі, кітап та өзі: алсаң сабақ,
Тоярсың құр көрумен, жемей тамақ.
Қанағат:бір көргенің - мың күн азық,
Ас салып жейін деп пе ең қылып табақ?!
Онда бар Хақ жаратқан екі мәсдар[7],
Маседары наху сарыфтың болмайды астар.
Берсең де, дүние-малын-құны жетпес,
Бармақтай қаралдысы — жамбы тас бар.
Сықылды қаралдысы - кебіс басы,
Оты жоқ, болған күмбез —оның қасы.
Жеріне ойына алған жеткізетін,
Пароход— бір шаһардың машинасы.
Бір нон тұр қосылуға кәфке құмар,
Болған соң күнфикун[8], болар тұмар.
Бол дегенмен болып тұр мұнша нәрсе,
Болу керек болумен ұмар-жұмар.
Қосайық кәф пен нонды, ән салайық,
Үй даяр сырласатын, жүр, барайық.
Шамға шам түсуменен тіл алып тұр,
Қоспайық тұзға сорды, қамданайық.
Мен өзім болдым көмір жана-жана,
Сенде от барын өлеңмен айттым мана.
Екі шамның сәулесі араласты,
Ішіңді айтпай-ақ қой маған, бала!
Бітпеген жергілікті біздерге жал,
Жалы жоқ арық болар құр ауру сал.
Білмейтін қадір пұлын, ешбір құнын,
Кетеді бір ит алып, бердім деп мал.
Қазанға қайнап қанша піспеуменен,
Біз қалдық көңіл құрғыр өспеуменен.
Не екенін танымайтын ит ап кетпек,
Бір сүйектің орнында тістеуменен.
Бұл бір сөз бола қалды көкей кескен,
Қан жұтып талай шаһбаз, заһар ішкен.
Талай алтын мыс болып жерде қалған,
Танитынның қолына қашан түскен?
Гүл қадірін кім білер, бұлбұл білер,
Білдім деген бәрі де дүмбіл білер.
Жаялықтың орнына түсуменен
Қор қылады бұлбұлдан басқа өңгелер.
Көрдің бе болған бағбан гүлге құмар,
Ол итке гүл мен сабан бір бас шығар.
Гүлге ғашық бұлбұл көрсем-ау деп,
Соқырлық көрінгенді орға жығар.
Тұруға мұндай үйде қайда шама,
Көл болды көздің жасы тама-тама!
Қымыздың, қадірлі ас қой, көр ыдысын
Түтінге көп байланған қара саба.
Қымыздың құнын саба білсін қайдан,
Оған бір басқымыз бен іркіт, айран.
Біледі шөлдеп, шаңқап ішкен ауыз
Ынтығы құрып соған анадайдан.
Жалғанда кім ұшыраған керегіне,
Әркім құмар өзі еккен терегіне.
Қымызға қара саба аңсамайды,
Малманың болған үйір шелегіне.
Жұмсайды малға алдым деп, мал орнына,
Қыз-кемпір, жігіт қалды шал орнына.
Жағады танымаған отын қылып,
Ағашын анар алма тал орнына.
Оны айттым, мұны айттым, үйді айттым,
"Әлиф" пен жатқа білген "биді" айттым.
Қайда деп би ноқаты болып құмар,
Бөрі шын, басқа түскен күйді айттым.
Орынсыз сөйлеймін деп ауыз жаппай,
Мен қалдым жапа-жалғыз жанға жақпай.
Шарқ ұрып бұ дүниені шыр айналдым(айландым),
Сөзімді тыңдайтын бір құлақ таппай.
Май болып сүйкен маған, жұқпасаң да,
Қағып өт иығыңмен, соқпасаң да.
Жан ғой деп қимылдаған сөйлеп тұрмын,
Естіп кет құдай үшін, ұқпасаң да!
Қайтейін, тауға біткен сен - бір шынар,
Бұл сөзді құлаққа алып жұрт бір сынар.
Басына түскен жанға тура келсе,
Көз жасы көл болумен боздап жылар.
Иншалла, жазған сөзім бір де қалмас.
Бұл өнер тірім түгіл, көрде қалмас.
Болат мәтін қанжармен – тесілген тас, -
"Тесік тас, - деген сөз бар, - жерде қалмас."
Кез болар бір күндерде керегіне,
Адамның аса білгіш зерегіне.
Құлағына тағуға алмаса да,
Тағам деп алар біреу шелегіне!
1911 ж
ҚАНАҒАТ ТУРАЛЫ ЖҰМБАҚ ӨЛЕҢ
Бір патша көп қосынды жауға айдады,
Үш жерден ортасына ту байлады.
"Алып жүр, түзу бастап, оң жолға!"- деп,
Біреуін ортасынан хан сайлады.
Патшадан бұйрық алып, сонда ханы,
Жауына соғыс деген бастады, әні.
"Табанды айтқан жолдан біз тайдырсақ,
Түбінде жібермес, - деп, - тұз бен наны!"
Қосынмен жер қайысқан шықты түзге,
Жетерлік кісі есебі неше жүзге.
Жетпіс мыңға жетерлік шеру алып,
Толық боп, аудан, аймақ көрер көзге.
Күн ыстық, әуе айналып жерге түскен,
Таңсық боп бір жұтым су көкей кескен.
"Армансыз болар едім, - деп шуласып, -
Бір ұрттам мөлдір тұнық судан ішсем!"
Жаманнан - бөз қалады, жақсыдан - сөз,
Дүниенің келуі оңай, кетуі тез.
Бір өзен сарқыраған, саулап аққан,
Бұларға көлденеңдеп ұшырады кез.
Сонда ханы нөкерге жарлық шашты:
- Бара сала қоймаңдар суға басты!
Сол судан ішкендерің бізге ере алмай,
Қаларсың жер бауырлап, құшып тасты.
Судан жеңіл өтесің татпағаның,
Жақсы ғой жер бауырлап жатпағаның!
Ішсең судан, өлесің, суға кетіп,
Ішпегенің - ол суға батпағаның!
Ішемін деп, шөміш пен шелек салма!
Шелек түгіл, тостаған, аяқта алма! .
Ішкеніңмен қанбайсың, тоя алмайсың,
Айттым, әні, мейлің нан, мейлің нанба!
Жалаңаш қолыңмен ал, бірақ орта,
Қалмайсың соны қылсаң, қаңғып жұртта.
Сөз тамам, айтқанымды берік ұстаңдар,
Ішпеген іште, ішкен қалмақ сыртта.
Жаманға, жақсыға да айтылды сөз,
Жаманға - қисық ағаш, жақсыға - тез.
Құтылсын қайда қашып, жек көргенмен,
Өзеннен көлденеңдеп ұшыраған кез.
Күн ыстық:әуе айналып, шөлдеуі асқан,
Жалған ғой: біреу тасып, біреу сасқан.
Ертіс пен Сыр суындай дария тап боп,
Болар ма: "Ішпеймін!"- деп, мұнан қашқан.
Бет қойып келе жатыр суға қарай,
Көп болып деуші суға: "Ай, хай, жан-ай!"
Көпте не жоқ: тоқ мейлі, мелшиген бар,
Татары, татпасы да екі талай.
Бас қойды көбі жұрттың бара сала,
Жөнелді жанталастар шелек ала.
Біреуі аяқ, біреуі құманменен
Алып жатыр бөшкелеп құйып және.
Әркім білген жабдығын етіп жатыр,
Бас қоймаған дін есен өтіп жатыр.
Сүңгіп барып, ішемін дегендері
Су түбіне көрінбей кетіп жатыр.
Ішкендердің еріні қап-қара боп,
Аузы-басы көнтиіп, көп жара боп,
Сіңбіруге келмейді мұршалары.
Аласұрып қана алмай, жүзқара боп.
Қанша ішкенмен, сусыны қанбас болды,
Судан басын көтеріп алмас болды.
Зорланды, ыдыстарын толтыра алмай,
Ұзап судан ешқайда бармас болды.
Күн-түн ішсе тынбастан, қануы жоқ,
Қанбадым деп, тоқталып қалуы жоқ.
Жағасында бұл судың жата бермек,
Былай басып, бір табан баруы жоқ.
Ішкен жатыр - пәлеге әбден қалып,
Іші өртеніп, өзегі от боп жанып.
Ішпегендер тып-тыныш жүр, сау-сәлемет,
Ұрттасыпты қолымен бір-бір алып.
Сусындарын қандырып бір алғаны,
Мейірлерін қандырып шын нанғаны.
Ыдыстарын толтырып молайтыпты,
Қанғанынан артылып ол қалғаны.
Қолмен алып ұрттаған хан болыпты,
Білгендерге бұл сөзім таң болыпты.
Ханның тілін алумен, татып тойған
Санаса үш жүз он үш жан болыпты.
Ішкендер ішіп жатыр әлі жатып,
Таңдайына жабысып, тілі қатып.
Бұлай судан өтуге бірі ере алмай,
Қарашығы жоғалып, қалды батып.
Жақсының өзі өлсе де, өлмейді аты,
Мәшһүрдің жұртқа таныс-жазған хаты.
Өлең деп қарапайым, қапы қалма,
Құдай сөзі - Құранның переводы(пирауаты).
Шешуі
Ұлығы патшалардың - патша Құдай,
Дүниені бір дария ғып қойған солай!
Бұ жалғанның жүзіне келіп, кеткен –
Өтпекші бұл дариядан шулай-шулай!
- Дарияға аса сүңгіп кетпе!- дейді,
- Тоям, - деп, - үміт мұнан етпе!- дейді.
- Қорек жалғар қарынға байлаулықтан,
Бір табан асып әрі өтпе! - дейді.
"Тоям", - десең, боласың жаманатты,
Тойған тоқтық бұзады адамзатты.
Дүниеге құмарланба, хырыс болма,
- Бол, - деп айтты, - азына қанағатты.
Құдайдың бізге сайлап қойған ханы –
Жіберген әрбір тұста пайғамбары.
"Жоққа - шүкір, азына - қанағат!"- деп,
Әуел бастан кешіріп, айтқан, әні!
"Дүние ойна, "- деуменен өмірің өтер,
Бұ дүниеге қарық (ғарық) болған суға кетер.
Алас ұрып, жаныңды қинағанмен,
Ажал келіп қалған күн бәрі бітер.
Тоймағандар тоя алмай суда қалған,
Бұ жалғанға сусыны емес қанған.
Бір татқанға қанағат қылған жандар
Тәңірі алдына көркейіп мәз боп барған.
Аса мәнді бұл бір сөз толық ұқса,
Жете алмай мағынасына болдым құса.
Пенделерге жіберген Құдай өзі,
Болам десең, бозбала, маған ұқса!
Бұрқыратып соғушы ем баяғымда,
Жеке қара боп жүрген саяғымда.
Ашып көр де, Құранды оқып қара –
Дәл екінші параның аяғында.
Ақымақлықтан сөйлеймін әңгіме айтып,
Кейде танып есімнен, кейде қайтып.
Құдай сөзін өзіндей сөйлей алмай,
Енді артымды қысайын, аяқ тартып.
Қайдан тегіс сөйлейін бір парасын,
"Әне тұр!"- деп, нұсқайын мен қарасын.
Мен Ағыбай емеспін, Бұғыбаймын,
Оқып өзің ұғыңдар сөз сарасын.
Сөйлеп кеттім көңілімде нақ болған соң,
Өзі қолдап, Құдайым жақ болған соң.
"Тәпсір білдім!"- деп, алас ұрмайын мен,
Тауилына заһыным шақ болған соң.
Қате болса айтқаным, Тәңірім, кешір,
Тілім тілмаш болғанда, қолым - писарь.
"Мұхұлима маша"- дедің өзің,
Періштенің жазғанын Ием (түсір!).
Өлең - жұмбақ: керек-ті оған шешу,
Көрсоқырға көп қиын сөзге түсу.
Қазақ байғұс насихат сөзге түспей,
Бар білгені - қалшиып ерегісу.
"Дүниенің жиылғаны жаман!"- дедім,
"Дөңгелегі шыр айналған заман!"- дедім.
"Дүние жиған қорлықпен өмірі өтіп,
Жимағандар болады аман!"- дедім.
"Бұ дүние көп жиылса, шаян?"- дедім,
"Шаяндығы білгенге аян"- дедім.
"Әуел - ахыр болғаннан дүние - дүние
Ешкімге қылмаған бұл баян!"- дедім.
"Бұ дүние жиған жанға жылан!"- дедім.
"Көрмеген ешкім опа мұнан!"- дедім.
"Алысып қараңғыда қаңғып жүрсің,
Көрерсің, бір ашылса тұман!"- дедім.
"Жақсының күйі түсер дуда!"- дедім,
"Тұрақ жоқ ағып жатқан суда!"- дедім.
"Жиған жан бұл дүниені оңбайды ақыр,
Бұл өзі кісі өлтірер у да!"- дедім.
Тимеді құлағына бір де - бірі,
Боп жүрдің өз үйінде өзің ірі.
Тағы да, байғұс-ай, сүй деп еді-ау
Дейді ғой жалғыз-жарым жүрген тірі...
Бұл Мәшһүр бұрыннан-ақ көзін жұмды,
Уыстап жүрді шашып топырақ құм[ды].
Бірің: "жынды", біреуің: "ақымақ"- дедің,
Жазығы— жимағандық дүние сұмды.
Пайғамбарлар халық жұртқа болғанда бас,
Кедейлерге молайған азық пен ас.
"Құдай әмірін орнына келтірем!"- деп,
Өмір бойы байлармен боп өткен қас.
Сараң боп, бермеген соң, байлар қарыз,
Айтқан сөзің ауыз жетіп, Аллаға арыз.
"Соғыспен ал, бермесе, байлардан!"- деп,
Аятпенен соғысты қылған парыз.
Сол заманда бір ашқан кедей көзін,
Пайғамбардың көрумен нұрлы жүзін.
Құлағың естігенді көз бір көрмек,
Бұрын естіп оқығанбыз Құран сөзін.
Көбіңе жек көрінші менің сөзім,
Өз сөзімнен танбаймын сонда да езім,
Заманында пайғамбар не болғанын
Иншалла, тірі болсам көрер көзім.
Дүниеден сыр жалаңаш Мәшһүр өзі,
Опасызын жалғанның көрген көзі.
"Олкин латжон ална сихын"-
Ұнатпасаң, ұнатпа - Құран сөзі!
Күн шықты, жұлдыз біткен өртке күйді,
Күймесе, қайда кетті, не жау тиді.
Жел қатайды, еңсе бір көтерілді,
Ғайыптан бір қыз келіп, беттен сүйді.
Жоғалды көп көлеңке түн боп басқан,
Жарқ етіп күн шыққан соң, көркейді аспан.
Қамыққан мұңды-шерлі пендесінің
Құдай ғой жарқ еткізіп көңілін ашқан!
Есті адам - қанағатты. Қанағатты адам тиянақты.
Тиянақты адам көнтерлі.
Көнтерлі адам қайғысыз.
Қайғысыз адам бақытты.
Ендеше есті адам бақытты болады.
КӘФ ПЕН НОН
Дүниенің қарамадым көп-азына,
Ескеріп көз алмадым қыс-жазына.
Шимайды жындылықпен сала бердім,
Шимайлы шайдың қалған қағазына.
Қоймайды жолыққан жан: "Өлең жаз!"- деп,
Батпаққа батырады: "Күнәң аз!"- деп.
"Ертерек ат байланған төбе еді ғой,
Алтынның шыққан жерін белден қаз!"- деп.
Болғанда біреуге алтын, біреуге - мыс,
Табылса киімге астар, жоқ болып тыс.
Қорытып алтын қылып бір ала алмай,
Бейнетпен өтті өмірім (ғұмырым) сол жазы-қыс.
Айтпайды мені ешкім: "Малы бар!"- деп,
"Жүйрік қой бабы түскен, жалы бар!"- деп.
Болсам да арық, жауыр, қоймайды жұрт:
"Қойнында өлген сарттың наны бар!"- деп.
Бірдей боп бұ базарда атлас пен без,
Жоқ болып асылынды танитын көз.
Белгілі бұ да бір дерт ұстамалы:
Жолығып кеткен жанның қолқасы - сөз.
Жалғаннан құр алақан өттік босқа,
Бола алмай бір түгел жан дұшпан-досқа.
"Өлген қыздан дәметкен өмір-тентек", -
Дегендей жұрт дәметіп, бір-бір нұсқа.
Жас жетіп, дәурен кетіп, елу асқан,
Шайқалып ми су болып, ақыл(ғақыл) қашқан.
Өнердің жастықтағы (жаслықтағы) бәрі көшіп,
Күн еді ұмытшақтық орнын басқан.
Ақыл-ой, зейін(зеһін) біткен тарап кетіп,
Жалқаулық, жадағайлық, - түгел жетіп.
Дал болып айран-асыр(хайран-асыр) қалдық тұрып,
Құдайдың шеберлігін тамаша етіп.
Бір Құдай өзі бар да, өзге жоқ-ты,
Бұл қарын бір күн аш та, бір күн тоқ-ты.
Сөйлеумен ақыл-естің жоқтығынан,
Шатпалап әр нәрсеге көңіл соқты.
Ғаламға қылып заһар, шашты нұрын,
Құлақ, көз, беріп бізге ауыз, мұрын.
Бір өзінен басқаның жоқ күнінде,
Жаратты екі жапырақ елден бұрын.
Жапырақтың біреуі - кәф, біреуі - нон,
Көңілді Хаққа қойып, айталық шын.
Сол екі жапырақ болды ерлі-байлы,
Болғанда бірі пышақ, біреуі - қын.
Орнатып кәф жапырағын нонға қойды,
Мас болып бір ноқатпен қарны тойды.
"Күне" деген сөзден тойып мұнша ғалам,
Біле алмай біз шаршаттық ақыл ойды.
Бұ жалған аз күн ермек көңіл бөлмек,
Құдайдың қылғанына пенде көнбек.
Бір Құдай тумай тұғын, тудырмайтын,
Онан өңге не нәрсе туып, өнбек!
Не қылса, өзі қылды Құдірет күшті,
Туумен бір — бірінен мақұлық өсті.
Бір-екі жапырақтан өрбіп мұнша,
Құдайдың құдайлығы көзге түсті.
Ойлашы: болған не бар — кәф пен нонсыз,
Жалғанға кім бар айтшы келген мұнсыз?!
Сөзімде қате(хата) болса, сөкпе, ағалар,
"Ай кірсіз, - демеді ме, - Құдай мінсіз!"
Қалып тұр, жалған, сенен көңіл суып,
Біз саған жете алмадық мұнша қуып.
Отырмыз барды-жоқты сөйлеп-шатып,
Жан болып екі жапырақ еттен туып.
Көрінген көзге жылы бет емес пе,
Құдайға суық жүзді шет емес пе?!
Кісінің кісілігі - тіл мен жүрек,
Екеуі екі жапырақ ет емес пе?!
Кетпен шот қолға ұстайтын кәф емес пе,
Осы сөз анық емей, сол көмес пе?!
Бір салып қалған жерден топырақ алса,
Шұңқыр боп қалған жерін нон демес пе?!
Қалам-кәф, ойлап тұрсаң, дәуіт(дәуід)-нон-ды,
Бірінсіз бірі болған қашан онды?!
Бас қосып қалам, дәуіт жазу(иазу) жазса,
Кеңеспен онан шыққан дүние толды.
Тілің - кэф, аузың - нон, түкірік - сия,
Қу нәпсің— бір биік шың қызыл қия.
Отырумен шаршадық шаппай, желмей,
Кеңесті ойға келген жия-жия!
Енді бір кәф, басқада тұрған ноны,
Жаратқан осылай қып Құдай мұны.
Кәфті нонға қоспасақ, сөз бола ма,
Жұмсаймыз қай орынға - айтшы мұны!
Болмасын есіл сөзім бояқпен без,
Сен - бір сурет: болғанмен: тіл, құлақ, көз.
"Кәфті нонға қосалық - күн", - дейді ғой, -
Екеуі қосылумен бол сын көп сөз.
"Күн(кін), - дейді Құдай өзі: - бол!"- деп айтты,
"Біріңмен бірің тойып, тол!"- деп айтты.
"Бас қос та, екеу-екеу әңгіме құр,
Суал, - деп, - қашан бізге - сол!- деп айтты.
Қағаз - тән(тін), сия да тән(тін): ақ пен қара,
Төгілсе аққа қара, жүзі қара.
Қаламмен жазылған соң, жанды болды,
Оны алып оқымасқа бар ма шара?!
Сақтаулы әбдіреде қағаз қалды,
Тиген жерін былғауға сия барды.
Құдайдың бұ да ғажап шеберлігі:
Екеуін: дәуіт, қалам қылды жанды.
Қаламды шимайшылар қолына алды,
Сияға дәуіттегі күн-түн малды.
Шеберлеп, келістіріп жазған сөзі,
Нұсқа боп кейінгіге үлгі қалды.
Тіл де - өлік, ауыз да өлік, айтпаса сөз,
Құр сурет - жарқыраған, бақырайған көз.
Басында әр моланың бір сын тас бар,
Тірі деп оны есепке алмаймыз біз.
Тіл - қалам, ауыз - дәуіт, түкірік - сия,
Жан - бұлбұл, дене - қапас, көңіл - ұя.
Көз - қыран: көрінгенге аласұрған,
Сол үшін біле алмадық нәпсі тыя.
Аузымнан шыққан сөзім таңдай атқан,
Сондықтан талай жанды таңырқатқан.
Естімей дәнемені тұрған күнде
Көңілің бір өлік еді жансыз жатқан.
Бұ көңілің болды өлік қыстай, жаздай.
Маңыңа жан жуымай, басың таздай.
Біреуді жақсы көріп, жылы тартсаң,
Кіршіксіз болып көңілің ақ қағаздай.
Білмеді сақтаған сыр ішке сыя,
Тақалды нәпсі өлуге тыя-тыя.
Жек көрсең, ол біреуді суық тартып,
Болғаны онда көңілің қара сия.
Басқаға қыс боп тұр күн, маған жаз ба,
Саңырауға сөз айтқаным ақылым аз ба?!
Шыныңды айт, өтірік айтып, күр күйдірме,
Сия ма, маған көңілің, ақ қағаз ба?
Ал, көңілің сия болсын, қағаз болсын,
Қалам боп менің сөзім оған қонсын!
Тіріліп өлген көңілің жанданған соң,
Сен шыдап сабыр қылып, қалай тұрсың?!
Сен илан(инан), ант амансыз, тіліме нан,
Қалмады бұ денемде бір тамшы қан.
Сөзім бар: мағына біліп, ұққаңдарға,
Көңілге өліп қалған саларлық жан.
Тәтті ұйқы, мамық төсек - жанның тынышы,
Естісең жақсы кеңес - құлақ тұршы!
Парсы мен араб емес, қазақ тілі,
Сенің өзің мына сөзге мойның бұршы!
Әрі өлең - бұл жазғаным-әрі ғарыз,
Емес қой үндеместік уәжіп, парыз.
Сөз - несие: сатып тұрмын алмастан пұл,
Күнінде төлемесең, саған қарыз.
Ойна да, ұт, қалмай босқа, болмаса ұтыл,
Алтын болмас сөйлемей, сақтаумен тіл.
Сөзімнің - біреуі алтын, бірі - күміс,
Фальшивый мысын тап та, менен құтыл!
Сөйлесе, білінеді тілдің құны,
Жаратқан "сөйлесін"- деп,
Құдай мұны. Құдайдан, айналайын, шеберлікпен,
Жаратқан бір жапырақ ет қып оны.
Тіл болса, сөйлегендей жұрттың бәрі,
Айнала тұра қалар жас пен кәрі.
Қозғамай сақтағанмен құр қызыл тіл,
Кәнеки, ол неге ем, неге дәрі?!
Сөйледім танытуға сөздің салтын,
Сөзімнің байқап қара сен алды-артын.
Қозғамай сақтағанмен қызыл тілді,
Кәнеки, сақтап қанша бола ма алтын?!
Қызыл тіл сөйлемесе, керек неге?!
Тісіңді егеу қыл да, тілінді еге!
Ауызыңды ашпай, қырық жыл сақтағанмен,
Болуға жарамайды бір мыс шеге!
Көңіл - кен, мол қазына, сөз - бір жауһар,
Ауыз - садап, сөз онда - дүр гауһар.
Құлақтың құршы қанған жақсы сөзді
Не зәмзәм, не болмаса дерсің кәусар!
Қызыл тіл неше түрлі сөйлер сөзді,
Қанжардай тас кесетін екі жүзді.
Інжу менен маржанды тіл жасады,
Тізілтіп өлең оны жіпке тізді.
Сең соққан балықтай боп қалдым жатып,
Көзге бір көріне алмай таңдай атып.
Болмаса көз бен тілім - мал тапқышым,
Аламын мен кінәны кімнен сатып?!
Бермеді ұрлық, ойнас ебін маған,
Бұ жалған жаңылмады кегін маған.
"Болсын, - деп, - кінәсы көп құлдың бірі!"-
Құдайым өлең берді-ау, тегін маған!
Аға бер, тұрмай, бейпіл көздің жасы,
Тіл мен көз бір басыңның өш пен қасы.
Құдайдың есебі жоқ, мол рақметі (рахматы)-
Күнәкар(кінәһкар) ғасырлардың сыбағасы.
Аламын кейбіреуді мен жамбасқа,
Серт қылдым - тірілікте бір талмасқа!
Білсем де күнә екенін соқтығамын,
Алланың рақметінен (рахыматынан) құр қалмасқа!
Жалғанда қылған күнәм көңіліме тоқ,
Құдайым бар: не ғам бар, уайымым жоқ.
"Күнәсызбын жалғанда", - деп, өткеннің
Орны - азап, аты тозақ: қып-қызыл шоқ.
Қалады әр қызықтан жаман құр(ы).
Бос өтіп көктем уақыты, жазғытұры.
Қолынан келмеген соң жай жүреді,
Болмаса тәубесі жоқ, болмасқа ұры.
Қараған көз бекерге қарамайды,
Шикі ішкен ас бойыңа тарамайды.
Батып күнә қыла алмас жүрексіздер
Қорқып, тәубе қылуға жарамайды.
Жақсы өтті, бұ жалғанда жаман қалды,
Қай пенде күнәсыз боп аман қалды.
Күнә қылу қолынан келмейтұғын,
Құр сурет жамандарға заман қалды.
Ойнап күлер қызықты, сауықты ел жоқ,
Ауыз баста болғанмен, сөйлер тіл жоқ.
Жұрттың көңілі жалғанға сондай ауған,
Еркек пен ұрғашыда тегіс бел жоқ.
Дүниені қалтасына бүктеп басып,
Ақтармас әбдіренің кілтін ашып.
Қызғанумен дүниені ұстап қолға,
Тұрады бір-бірінен үркіп қашып.
1910 жыл
МІНІЛМЕГЕН КӨЛІК
Маған десең, дәурен сүр жүз мың хандық,
Қолыңа ұстағаның - пұшайманлық.
Бастан кешкен нәрсені есепке алсақ,
Қай жеріңнен табылар мұсылманлық?!
Ит жиреніп жеместі - біз асадық,
Өрмекшідей ау құрып, тор жасадық.
Он екі хайуан бағып, мазаттанып,
Жылда біреуін жеуменен көп жасадық.
Басы - көті он екі болды харам,
Ала жаулы оның да алтауы - арам.
Ішкен - жеген нәрсені есепке алсам,
Мұныменен боламыз, қайтсек, адам?!
Өткен күнді түсірсек есімізге,
Жылан, тышқан кетіпті ішімізге!
Өңімізде жиренбей қалай жедік,
Шошырлық-ты көргенде түсімізде (түсімізге).
Кей жаман білмейді өткен өмір жасын,
Анықтап біле алмайды дос пен қасын.
Жаңылмасам, жегенім рас шығар:
Жолбарыстың төртеуін, мүжіп басын.
Жылан, тышқан, - кім жүрген соны санап,
Кім жүріпті ескеріп, қадағалап.
"Есепсізден, - деген бар, - есек артық",
Сол себептен ескеріп, білдім санап.
Мақал бар: "Табар ешкі егіз, ит сегізді."
Қатса, бетін кім баспас, көл, теңізді.
Жылан, тышқан аралас жедім бірге,
Екеуінен шын анық мен сегізді.
Құдай білсін болғанын әлденешеу,
Жалғыз емес, анадан тудық үшеу.
Өмір бойы санасам жегенімді,
Адал малдан мен жеппін: қойдан - бесеу.
Артық емес бұл саннан жылқы, сиыр,
Бір соны жоқ, мекенім болды шиыр.
Жаз кетіп, қоңыр салқын күз болғанда,
Жан біткеннен оңаша қондық қиыр.
Жегенім жоқ өмірімде түйе сойып,
Жүргенімді білмеймін немен тойып?!
Он екі айға бір қоян болыпты азық,
Төрт қоянды біржола жеппін қойып.
Өмір бойы жегенім - төрт-ақ балық,
Жемегім бесеу еді, Құдайға анық.
Қожасынан тауықтың - жедім бесеу,
Семіз келді төртеуі, біреуі - арық.
Ести берсең, табылар біздерден кеп,
Жағаңды ұстап, шошырсың: "Япыр-ау!"- деп.
Қайда жүріп білмеймін жегенімді,
Май мен нанда: қойыппын бесеуін жеп.
Бір араға топтанып, бас қос, жиыл,
Жан болсайшы: "Бұлардан, - дейтін-тыйыл!"
Шәуілдейтін, үретін жарықтықтан
Төртеуінен - біреуін сойдық биыл.
Мен жиренбей жегенмін соны не ғып?!
Бойға сіңген тамақ боп, қалай жағып?!
Поселкенің қадірлі хайуанын –
Төртеуін жеп, біреуін тұрмын бағып.
Мұныменен оңайын қайда барсам,
Бұл күйменен не болам, өліп қалсам?!
Бар денемде бармақтай адалым жоқ,
Ішкен - жеген нәрсемнен есеп алсам!
Анық өзім білмеймін есеп, санды,
- Іште жаттың, - дейді жұрт, - бес ай жанды.
- Онда мен неден ауқат алдым?- десем,
- Қорек қып жаттың, - дейді- қызыл қанды.
Тәңірім бізді(бізлі) қадірлеп, жақсы(иақшы) күтті,
Қандай жерді біздерге (бізлерге) қоныс етті?!
Жарық дүние – жалғанға - келген шақта,
Ал дегенде, татыппыз ішке сүтті.
Мен өзім өмір бойы тойда жүрмін,
Қырға шыққан жерім жоқ, ойда жүрмін.
Ит (ет) жүрегім түзуге бір айналмай(айланбай),
Ұйтқып соққан борандай ойда жүрмін.
Боталы түйе болды ғой күлігіміз,
Онан басқа бір болмай керігіміз.
Ешқайда жүре алмадық, тұра алмадық,
Болмаған соң жанашыр серігіміз.
Қорадан өлсе шықпас боталы інген,
Бір жанды көре алмадық күлік мінген.
Бет алып екі - үш күндік барсаң жерге,
Бұрылып, ботасына қайта келген.
"Күлігім бар!" —деп, мен жүрмін көңілім тойып,
Өмір бойы бір жемей, оны сойып.
Көзім көріп, қолым бір ұстамайды,
Күні - түні бордаққа байлап қойып.
Қайдан қалдым қызықты мұндай қуға?!
Жаным құмар жасымнан әр түрлі уға!
Доптай басым арқалап таудай жүкті,
Апарамын көтеріп от пен суға.
"Мінсем, арып қалар!"- деп, ер салмаймын,
Міну жағын әмірімде еске алмаймын.
От пен судан ауызын бір айырмай,
Бағып соны күтуден бір талмаймын.
Тәңірім бізге беріпті: "Мін, - деп, - керік!"
Жергілікті жаратып, қылып серік.
Міну түгіл, жүрмеймін жетектеп те,
Соны арқалап жүруге өзім жерік.
Жасымнан мен арқалап қылдым машық,
Болғандықтан боталы түйеге ашық(ғашық).
Есіл - дертім бұл итке кетіп қалып,
Қызығынан жалғанның қалдым қашық!
Енді, міне, қартайдым, елу астым,
Енді табан, қырыққа қадам бастым.
Мен - арықта, ол - семіз: күнде өсуде,
Қалжырап, арқалаудан енді қаштым!
"Ауырар!"- деп аяумен, мұрнын теспей,
Бота болған бойымен тұр ма өспей?!
Үлек (лүк) болды, нар болды, бура болды,
Жата ма қыста онда бұл ел көшпей?!
Кәне, арба салмадық, не жүк артып,
Ноқтаны быт-шыт қылар бір-ақ тартып.
Басын ұстап, бір нәрсе қылмақ болсаң,
Шап береді өзіңе көз алартып.
Бордақыға, семіртіп, мұнша байлап,
Артасың, атаң басы, сен жүк жайлап.
Жоласақ маңайына енді бірақ (жырақ),
Басыңды быт-шыт қылар бір-ақ шайнап.
Ал, енді мұныменен бітеді ғой,
Мінем десең, көрерсің айт пенен той.
Ғауан үбан заллікке мезгілінде,
Папғау матүғуе амыруын бас сал да сой!
АҢЫЗ ӨЛЕҢДЕР, НЕМЕСЕ РАУАЯТТАР
ҚҰДАЙЫМ ЖЕКСЕНБІ КҮН ЖЕР ЖАРАТТЫ
Құдайым жексенбі күн жер жаратты,
Жер-суды әуел бастап - бір жаратты.
Тау мен тас, ағаш пен шөп, көл мен өзен
Түріндей текеметтің түр жаратты.
Жерлерден аға берді бұлақ қайнап,
Гүлденіп бәйшешектер, бұлбұл сайрап.
Жексенбі, дүйсенбі мен, - бұл екі күн
Жер жүзін тегіс қылды түгел сайлап.
Сейсенбі - жер, сәрсенбі күн көкті қылды,
Құдіретпенен қылған ісін неше бөлді.
Көкті жерге пар қылып жарастырып,
Ай мен Күн, жұлдыздан перде құрды (түрді).
Екі күн - Жер, екі күн Көк жаратты,
Бір-біріне екеуін жұп жаратты.
Бір сағатта қылуға құдіреті бар,
"Пендеме ғибрат болсын!"- деп жаратты.
Кітаптан көргенімді айтпан теріс,
Құдіреттің қылған ісі тіпті келіс.
Ырзық, несіп-қоректі ішіп-жейтін
Жаратты бейсенбі күн бәрін тегіс.
Аспан - биік, Жер - төмен, тау, тас - қатты,
Ат аяқты болғанда, құс-қанатты.
Заһардан - бал, тікеннен гүл шығарып,
Жұма күні жаратты адамзатты.
Құдіретпен он сегіз мың ғалам болды,
Бәрі - қабық, маңызы адам болды.
Құдайдың құдайлықпен қылған ісі
Жаралып алты күнде тамам болды.
Кім айтар: "Қылған ісім болмасын", - деп,
"Орынға осы жұмыс тұрмасын", - деп.
Сабырдан сабақ берген білген жанға:
"Асығыс пенделерім қылмасын, "- деп.
Жаратып он сегіз мың ғалам мүлкін,
Ешбірін кем қылмай ажар, көркін.
Үстінде Құдірет өзі патша тұрып,
Өзді-өзінің бәріне қойды еркін.
Сонда жарлық түсірді Көк пен Жерге:
- Тауға, қарһа, алдыма кел, - деп, - бірге,
- Ай, Күн, Жұлдыз, ағаш, шөп, - шашбауыңмен
Ажарланып, көркейіп кір, - деп түрге.
Құдіреттің жарлығынан қатты састы,
Алдына құлдық бас, тәубе - қойды басты.
Көк пен жер бірдей шулап қоя берді:
- Атыңа тағфин, - деп, аузын ашты.
Ауыз бар, жоқ болса да бас пен шеке,
Екеуі бірдей айтты, емес жеке. "
Сонда жердің ашылған аузы қай жер?"-
- Десендер, осы күнгі тұрған Мекке!
Мұнымды бекер деген кітап қарар,
Халқыма білгенімді айтсам жарар.
Көк пен Жердің аузы сол болғандықтан,
Құдайға жылаушылар сонда барар.
Құдірет айтты: - Бәріңе мен бердім дем!
Мен бермесем, кәнеки, беруші кім?!
Мүлтіксіз ғып жараттым тепе-тегіс (теп-тегіс),
Бірінді-артық, біріңді қылмастан кем.
Еш біріңе сыяпат жоқ тарлығым,
Бұйрықты емес кесімді - бұл жарлығым.
Ортасына бұл көптің тастаған сөз,
Білсін - деп, баршаға ез барлығым.
Ерік, ықтияр өзінде көк пенен жер,
Ай мен Күн, бұл кеңеске сендер де кір.
Тау мен тас, шалқып жатқан дария сулар,
Көремін алаламай бәрінді бір.
Мен қинап еш біріңді зорламаймын,
Тозаққа түсірем деп торламаймын.
Біріңді - артық, біріңді кем көрмеймін,
Бәрі - өз мүлкім, жасытып, қорламаймын.
Қысылып жарлық сөз деп қалма! - дейді,
- Ерік өзінде жақпаса, алма! - дейді.
- Сақтауға бір аманат ие болып,
Ішінде бір талапкер бар ма?! - дейді.
Күрсінді сонда бұлар демін алып:
-Айтып тұр ғой таңдауын бізге салып.
"Біз сақтаймыз!"- деп, оны, батырсынсақ,
Жоғалармыз бір іске ұшырап қалып.
- Жарлығыңа біз мойынсұндық! - дейді,
- Неге арнасаң, сонымен тұрдық! - дейді.
- Сауап, ғазап жағына бастырмай-ақ,
Еркімізбен жай қойсаң, құлдық! - дейді.
- Ауыр ғой бұл аманат Қап тауынан,
Шыр айналған Жер мен Көк жақтауынан.
"Аманат" деген аты ауыр екен,
Қарсылық емес, қорықтық сақтауынан.
- Бәрі өз мүлкім осынша ғалам, - дейді,
- Қашып түр қорыққандықтан тамам, - дейді.
- Көптің бірі болумен кетесің бе,
Сен қайтесің, бейшара адам?! - дейді.
Адам сонда қуанып ұшып тұрды,
Дарғаһына Құдіреттің қол қусырды.
- Аманатыңды ап кел де, арқама қой,
Бас - омақа, [міне, ] арқам - қара жол-ды!
Сонда көңілі дәуірлеп ұша берді,
Шын ықыласын Құдайға қоса берді.
- Міне, басым - жолыңда құрмалдық! - деп,
Домаланып арқасын тоса берді.
Сонда Құдай не дейді - құдірет өзі,
Жұртқа шашқан жария ғып мынау сөзі:
- Көк пен Жер, Ай менен Күн, тау мен дария
Адамның адамдығын керді көзі.
Аспан биік болғанда, Жер - аласа,
Таулар зор, дариялар мол - көз қараса.
Ай мен Күн қандай жарық, жұлдыздар көп,
Жаралған бәрі оңды боп бір тамаша!
Болыңдар бұл турада бәрің есті,
Алуға аяқ баспай міндетті істі.
Мынау адам жығылды құшақтай-ақ
Қуаты ешқайсыңнан емес күшті.
Бәріңнің түгел тұрды ғақыл-есің,
Түп-түгел өз бойында қуат-күшің.
Қорғанып қала бердің міндетті істен,
Өзіңнің өзіңменен болып ісің.
Мынау Адам өзімен болмай ісі,
Әзінен кетіп қалды ғақыл - есі.
Есі-дерті істе емес, Иеде боп,
Нәрсені мойнына алды жетпес күші.
Бәрі жария қылған іс, жоқ мұнда ұрлық,
Пенде білмес табарын неден қорлық.
Ғақыл-есі кеткеннен Иесіне
Өзіне-өзі қылды әбден зорлық.
Махаббат үміткер боп бір Алладан,
Айтқанмен жұмысы жоқ не мағынадан.
Ойға салмай, ойламай соқтыққаны
Тұрарлық боп айтуға деп: "Бұл надан!"
Құмарланып бұл жолға өзі түсті,
Мұнан аулақ қыламын бұл екі істі.
Не нәрсеге кірсе де, тартпай басын,
Міндетімен беруге қуат-күшті!
Аяп кетіп бүл жерде мейірім түсті,
Мұнан аулақ қыламын бұл екі істі.
Ғылым менен ақылды бердім бұған,
Бәрің бұған боласың құлақ кесті.
Ғылым, ғақыл, мінекей, - бұған лайық.
Бірі кеме болмай ма, бірі - қайық?!
Бір адамға екеуі орнаған соң,
Қалай ақсаң солай ақ, Еділ, Жайық.
Адамзатқа беріліп ғылым, ғақыл,
Соның үшін дүниеге болды нақыл.
Білмес, бермес - Құдайда екі-ақ іс бар,
Ніжеллікті (қабылдықты) білмейді бермес ақыл.
Қалай екен Құдайдың сыйлағаны?!
Табылмайтын сый(сын) екен қинағаны!
Ғақылменен ғылымды болды әшкере
Бір адамнан басқаға қимағаны.
Мен сөйлесем, қалмайды сөзден шартық,
Ар жағында емес мол, көзі тартық.
Адам ата сол күнде жаралғаннан,
Өзге күннен жұманың қадірі артық.
Жан —жануар адамға қойды қолды,
Адамменен көркейіп дүние толды.
Арқасымен Адамның дәреже алып,
Өзге күннен жұма күн абзал болды.
Көркейген не нәрсе бар Адам келмей?!
Немен адам болады —жүрсің білмей!
Болмаса алтын емес, күміс емес,
Жаралған жеті күннің бәрі бірдей.
Құмырсқа қыбырлайды, о да жүрсе,
Жұрт құлағын салады ит те үрсе.
Құстың бәрі бір басты, екі аяқты,
Адам сол - адам болып санға кірсе!
Қисыққа (һыменқыд) тартылмайды біздің қалам,
Кетеді жазған сөзін сөйлеп тамам.
Жан мен сақал, ауызда сөз болғанмен,
Оныменен саналып болмайды адам.
Есектің де байқасаң жаны бар ғой,
Деп айтпайды оны ешкім: "Жануар ғой!"-
Жұрттың көбі "Есектей адам!"- дейді. "
Айдап жүрген, - деуменен - малы бар ғой".
Қалам - піспек, дәуітім - қара сабам,
Мас қылайын қымызбен келсе шамам.
Текеде де сақал бар, көр, нанбасаң,
Соныменен, кәнеки, болды ма адам?!
Адам емес, мұнымен бұ да тұрсын,
Танытпаған адамды жалған құрсын (құрысын).
Тоты құс та сөйлейді үйренумен,
Қандырады о дағы құлақ құршын.
Сөз деген - жайылған мал: далаға өрсе,
Кәне, қора табылып, соған кірсе!
Не нәрсе түссе көзге, танылады,
Адам сол: адамдығын жұрты көрсе!
Нашарға жаның ашып, ішің күйсе,
Бейнетпенен мал тауып, пайдаң тисе.
Кем-кетік, жоқ-жітікке қайырылысып,
Аш тойынып, жалаңаш киім кисе!
Әр не қылсаң, ұнатып, тәңірім сүйсе,
Бір жылаған көзіңнің жасын исе!
Адам деуге лайықты болдың сонда,
Бір өзіңнен басқаға пайдаң тисе.
Жан жоқ болса, қаласың жерде жатып,
Маңайыңа келе алмас ешкім батып.
Жоқтан бар ғып сол күнде берген Құдай,
Болмаса алып едің кімнен сатып?!
Жанды ма, көрмейсің бе тау мен тасты?!
Жансыздықтан болып тұр аяқ асты.
Жанға ие болғандықтан, құрмет қылып,
Ешкім басып кете алмас титтей басты.
Жарастықты он екі бірдей мүше,
Бергенінің саны жоқ әлденеше.
Күннен-күнге артылтып беріп жатыр,
Тіпті айтпайды: "Алдың, - деп, - күні кеше'
Бір қылып беріп тұр мал мен басты,
Жер менен су, билетіп тау мен тасты.
"Бергенімнің қызығын көрсін, - деп, - сол"
Және беріп қойыпты өмір, жасты.
Беріп қойды аямай денсаулықты,
Отырғызып қасыңа ақжаулықты.
Саусаң бие, артуға түйе беріп,
Қотаныңнан өргізіп жүз саулықты.
Қой қорада, жылқың жонда болса,
Сиыр, түйе жазды - қыс қолда болса!
Қазақ байдың баласы тарықпайсың,
Бәрібір бес те болса, он да болса!
Кигіз бенен жарасып үйге шиің,
Қалтада ақша, жасаумен толып үйің.
Бір малың екеу болып жылдан шығып,
Қай жеріңнен келмей тұр, айтшы күйің?!
Мұны айтқаным: Құдайдың бергенін біл,
Білсең, жиып есіңді, өзіңе кел.
Кем-кетік, жоқ-жітікке қайырылысып,
Кәріп пенен қасерді көзіңе іл!
Кедейлерге қарайсың неге қырын?
Не үшін кедей қылды оны, байқа сырын.
Сынау үшін жаратқан бай-кедейді:
"Бір —біріне салсын, - деп, - көздің қырын!
- Жетім көрсең, жексұрын көрме! - дейді,
- Тіленшіні телміртіп жүрме! - дейді.
- Шайтан тұрар: "Берме!"- деп, жағаласып,
Оның айтқан тіліне ерме! - дейді.
- Шұлық пенен бірдей ғып майлығыңды,
Жұма сайын үлестіріп айлығыңды!
Кәріп пенен қасерге қайыр беріп,
Жұрт көзіне түсір, - деп, - байлығыңды!
Бар болғанмен, кей байдың күні жоқтай,
Айтпай жүрдім сол үшін тоқтай, тоқтай.
"Бер!"- деген сөз сараңның құлағына,
Шаншу болып қадалар қалақ оқтай.
Бойы алыста бірталай кәріп(ғаріп) жатыр,
Аштық даңқы дүниені жарып жатыр.
Сол аштарға ас пен су болу үшін,
Басқа жұрттан көп қайыр барып жатыр.
Жын емес, шайтан емес - адамзатың,
Жаралған түп-түзу боп қияпатың.
Көп қатары соған пул жібермесең,
Қор болып жойылмай ма Қазақ атың?!
Кем-кетік, жоқ-жітікті ойыңа алып,
Почтамен жібер сен де ақша салып!
Бұл тілімді алмасаң, алаш, алаш,
Қатардан қор боласың басың қалып!
Зекеті бар, зекетті шығар былай,
Зекеті жоқ қайыр ғыл әлге қарай.
Орынсызға жұмсалып босқа кеткен,
Ессіздерге қор болған есіл мал-ай!
Бірсыпыра жұрт жатыр болып сорлы,
Тұзағына бір жұттың түсіп торлы.
Пақыр, міскін, борышқор, аш, жалаңаш,
Құдай қосқан зекеттің дәл сол - орны.
Аямайтын жау тонап алған соны,
Осы күні тоқтылық қалмай құны.
Өзіміздей жаралған о да адамзат,
Жат емес, Құдай құлы, адам ұлы.
Бұған құлақ қоймасаң, тілге нанып,
Тығып қойсаң ақшаңды кілтке салып,
Құр алақан қалдырып сені мақрұм,
Оп-оңай қоюына Құдірет алып.
Бергеніне Құдайым қолқа салмақ,
Қолқасына тұрмаса, қайтып алмақ!
Қолқасына Құдайдың тұрмаймын деп,
Алған жоқ па ақшасын өртеп Қалмақ?!
Жаным ашып айтамын қатты-қатты,
Сарандық қып жоқ жерде жоғалтпа атты.
"Құдай үшін аштарға жылу бер!"- деп,
Халқыма айтып жатырмын Қазақ затты.
"Айт!"- деп мені жұмсаған Хақ тағала,
Кел, осыған көмек бер, қатын-бала!
Ең аяғы дүниенің бір тиын ғой,
Со да болса, қатардан қалма жана (және).
Көбің көпше қайыр бер, азың - аздай,
Бата бермей жалғанға батпақ саздай.
Қарғаларша жер шоқып қалып қалмай,
Көп ішінде көзге түс қоңыр қаздай.
Аштар жатыр бір жақта жүдеп, азып,
Жеуге тамақ таба алмай жерді қазып.
Бергеніңше бергеннің аз бен көбін,
Мен қағазға тіркеймін санын жазып.
Көз саламын қанша ақша тас тасыңа,
Бермегенің ұшырайсың өз тасыңа!
Бергеніңе атыңды қосып тіркеп,
Ізгі дұға алғыс бар бас-басыңа!
Айтқан сөзге нанбасаң, сендер құлап,
Тұрғаным жоқ алуға өзім сұрап.
Пұлмен бірге жазылып барса аттарың,
Дұға қылар сол аштар көріп, жылап!
Пұлмен бірге аттарың барса жетіп,
Дұға қылар олар да еріп кетіп,
Алыстағы дұғаның қабылдығы
Аспан көктен кетеді зымыра өтіп.
Мұнан да артық дәулетті боласың бай,
Қой, жылқымен толады қолат пен сай.
Мұндай абзал сауаптан мақрұм қал май,
Ізгі дұға алыңдар, ағайын-ай!
АБЫРАҺА МЕН МҰҒЫЛАБ
Жаһутке (жөйтке) Зунас патша болды ғалып,
Халқымен Жаһут дінін қабыл алып.
Хабыранидің дініне кірмеген
Насыраниді Санаклен (Санейық) күйдіреді отқа салып.
Қатасы Насыранидің - Оңдас ер-ді,
Қайсар мен Рум патшасына қашып барды.
Жаһуттың Насраниға қылғанларын
Ғарыз етіп сол уақытта хабар берді.
Мұны естіп Рум патшасы қайғыланып,
Ойланды әрбір қиял көңіліне алып.
Жамонге алыслықтан қиын болды,
Қайсардан ұрыспаққа әскер алып.
Хабыстың патшасына жазды нама:
Насыранидің дініне ерді һама.
Жаһутлардың Насыраниді күйдіргенін,
Қағазбен (азһар) ызғар етіп білдірді ана(оны).
Деп айтты:
- Дін жөнінен жәбір көрдік,
Тұрады, ажыратыңыз жәрдем беріп.
Қайсардың бұл туралы жазған хаты
Адресімен Нажашыға тиді барып.
Нажашы патша қайратланды мұны естіп,
Қысасын әпермекке көңілі кетіп.
- Жетпіс мың атты әскерден жібер - дейді,
Оларға екі адамды басшы етіп.
Арбат деп ат қосылған біріне оның,
Бірінің Абыраһа деп қойған намын.
- Жаһуттің еркектерін өлтір! - деді,
- Қатын мен жесір, жетім қыл балаларын!
Жәміннің махыкүміне жақын барды,
Бұлардан жаһутлар һәм (ғам) хабарланды.
Зунасы һәм лашкермен қарсы шығып,
Сахарада келе жатқан жолын алды.
Екеуі бір-бірімен қарсы тұрып,
Майданда қан төгісті ұрыс қылып.
Хабыстың әскеріне (лашкеріне) тағат қылмай,
Жаһутлар майдан жерден кетті қашып.
Қырдылар ерлерінің бәрін һама,
Ұл (оғлы) - қыз, қатынларын сатты және(жана).
Абыраһа Арбат пенен сол шаһарда
Қанша уақыт хакім болып тұрды (ана)онда.
Екеуі үкіметке (хүкіметке) көп таласып,
Ақыры дұшпан болды хадден асып.
Әскерін екі бөліп ұрыспаққа
Үстіне бір-бірінің келді басып.
Сап бағып екі лашкер (әскер) қарсы тұрды,
Ортада неше рет елші жүрді.
Абыраһа мекерлікті көңіліне алып,
Білдіріп үшбу сөзді (аз һар) ызғар етті.
Деп айтты:
- Ұрыспасын әскер әр кез,
Екеуміз бір-бірімізге болайық кез.
Біріміз ғалып болып өліп кетсек,
Ұрыспай-ақ мәдиғамыз бітеді тез.
Арбат һәм (ғам) қабыл алып оның сөзін,
Жүргізді ат ойнатып майданға өзін.
Абыраһа Ғануар атлы бір құлына
Білдірді ызғар етіп бұл мінезін.
Деп айтты:
- Барған уақта майданға мен,
Өлтіргіл бір іс қылып, Арбатты сен.
Өзіңді азат етіп, анғам беріп,
Көңіліңді толтырайын дүние, пұлмен.
Ғануар оның сөзін қабыл қылды,
Майданның бір шетіне барып тұрды.
Абыраһа анден кейін ат ойнатып,
Ұрысқа даярланып, жалғыз жүрді.
Екеуі бір-біріне ұшырасып кез,
Қылышын жалаңаштап қылдылар тез.
Арбаттың зардабынан Абыраһаның
Сол мезгіл үстіңгі ерні кесілді тез.
Сол үшін "Асам!"- деген лақап қалды,
Майданға ебін тауып Ғануар барды.
Хабарсыз ұрыс қылып жүрген кезде
Артынан Ғануар келіп, қылыш салды.
Қылышы арқасынан кетті өтіп,
Сол заман Арбат өлді ажал жетіп.
Абыраһа сонан кейін хакім болды,
Барша халық айтқан әмірін қабыл етіп.
Бұл істен Нажашыға хабар барды,
Артықша Абыраһаға қаһарланды: -
Топыраққа сақал-шашын қосамын! - деп,
Ант етіп, қысым сөзін аузына алды.
Қылдылар аттанбаққа ғамикер қамын,
Абыраһа бұл хабарын естиді (аның) оның.
Патшаға ғұзырын айтып, арыз жазды,
Хисапсыз даяр етіп тартуларын.
Деп айтты:
- Ай, шаһзада, арызым тыңда,
Келеді деп естідім сізді мұнда.
Не қажет әскер (лашкер) алып, сапар етпек,
Қуатсыз мен сипатлы ғажіз құлға.
Арбаттан барша халық жәбір көрді,
Дұшпандық (дұшпанлық) баршасының көңіліне енді.
Өзінің залымдығы (залымлығы) себеп болып,
Бір құлының ұрғанынан Арбат өлді.
Арбаттың аз демедім қысас қанын,
Ойлансам, талап етсем, құнын оның (аның).
Қолымнан бұл хүкімат кетер дедім,
Мен-дағы жәбірлесем халықтың бәрін.
Көңілім сол: бұл халықтың ақылын алып,
Қаншама көп әскерін соңыма ертіп.
Атыраптың шаһарларын ашып алсам,
Хабыстың махқұмына дахыл етіп.
Шашы мен сақалының қылын алып,
Ламиннің топырағына қосып салып.
Оны (аны) һәм Нажашыға жібердилар:
"Хатымнан құтылсын, "- деп, арызланып.
Нажашыға осы түрлі арыз жетті,
Ілгері күнәсының бәрін кешті.
Атына Абыраһаның жарлық жазып,
Ламіннің махикумына хакім етті.
Бұл қағаз Абыраһаға тиді барып,
Артықша сүйінділер бек шаттанып (шатланып).
Ләміннің шаһарына хакім болды,
Қанша уақыт патшалық қарар алып.
Бір жылы Зулхажада қажы болғанда,
Қағыбаға барар еді бағзы ленде (панда).
- Бұл халықтар қай тарапқа барады? - деп,
Абыраһа бір адамнан сұрады енді.
Ол айтты:
- Мекке менен Байтолла бар,
Ол үйге әр жыл барып, тауап қылар.
Ибраһим халиалла пана қылған,
Жер өзіра Қағыба тулла болып тұрар.
Абыраһа сауал қылып сұрады және: Ол айтты:
- Неден қылған білдір маңа(маған). Ол айтты:
- Тасы топырақтан пана қылған,
Алладан көп пазылат бар дүр аңа (оған).
Ойланды, Абыраһаға қиял жетіп:
"Бір үйді салдырайын пана етіп.
Бұл халықты тауап қыл! - деп, - әмір етейін,
Қағыбаға бармасынлар мұнан өтіп!".
Мұны айтып, жамға ойлады көп талазар,
Бірнеше ұсталарды келтірділар.
Ділда мен жауһардан зейнет беріп,
Нақыштың бәрін салды дүниеде бар.
Артықша сұлу етті зейнет беріп,
Тахсын ғып танданады әркім көріп.
Халқына пәрмен етіп, жар шақыртты:
"Бұл үйді тауап қыл, - деп, - әр жыл келіп!"
Ғарыз етіп Нажашыға білдірділар:
- Бір үйді сіздің үшін (асладым) істедім жар.
Әр жылы халықтың бәрі тауап қылар,
Мұнан (мұнден) соң Қағыбаны қажы қылмайдылар!
Бұл істен халықтың бәрі хабарланып,
Тамаша қылғандығын (қылғанлығын) көңіліне алып.
Атыраптағы әр шаһардың адамдары (адамлары)
Ол үйді көрер еді әр жыл барып.
Әлқисса, (ғараблар)араптар мұны естіп,
Ренжіді қапалы хадден өтіп.
Бір араб Нәуфіл атты (атлы) Ләмінге барды,
Көңіліне әрбір қиялды ойға кетіп.
Ол үйдің есігіне бардылар тез,
Күзетші адамына ұшырады кез:
- Тауап қылам үшбу үйде жалғыз өзім,
Бір түн отырсам! - деп, айттылар сөз.
Баршасы шығып күтті тілін алып,
Ол араб үй ішінде жалғыз қалып.
Нақыштың бәрін бұзып, тамам етіп,
Көрінбей өз жұртына жетті барып.
Ертемен күзетшілер үйге барды,
Бұл болған уақиғаға қайран қалды.
- Бір адам мұндай қылып кеттілер! - деп,
Білдірді Абыраһаға бұл хабарды.
Абыраһа мұны естіп қайғырды көп,
Ойланды: "Хатарына бұл мақұл кеп,
Арабтар (ғараблар)
Қағыбасы үшін дұшпан болып,
Әлбетте бұл жұмысты қылғанлар!"- деп.
Ант ішті:
"Байтолланың бұзып бәрін,
Ламинге келтірейін тапыриқаларын!
Аттанып әскер алып, өзім барып,
Көрермін хұп жазасын беріп оның!"
Арыз (Ғарыз) етіп, Нажашыға жазды нама,
Білдірді оқиғаның бәрін һама: "
Қағыбаны барһам етіп, жоқ қылайын,
Қабыл көріп, піл Махмұтты берсең маңа (маған)"
Бар еді Нажашының Махмұт пілі,
Зор еді артық үлкен әрең түрі.
Дұшпанын ойына алған жеңер еді,
Өзімен алып барса, әркім мұны.
Нажашыға Абыраһаның хаты келді.
Арапқа аттанбағын (атыланбағын) мақұл көрді.
Және де бірнеше пілді жолдас етіп,
Айтылған Махмұт атты (атлы) пілді берді.
Абыраһа үш жүз мың қасына ертіп,
һәм және төрт мың пілді жолдас етіп.
Қағыбаны харап қылып бұзбақ үшін,
Арабтың махқұміна келді жетіп.
Он адамға бірлерден даярланды,
Ләміннен жеті жүз ер және барды.
Арабтан бірнеше мың адам болып,
Абыраһаның әскерінің жолын алды.
Ұрысты екі лашкер (әскер) қарсы тұрып,
Майданға баһадүрлар тегіс шығып.
Ақыры арабтарға (ғарабларға) шакіт беріп,
Ұстады екі адамын пенде қылып.
Хасымның сарқардасы Нәуфіл еді,
Атыраптың баршасына хабар берді.
Арабтан бір ташпа (тайпа) лашкер болып,
Алдына Абыраһаның қарсы келді.
Бүл соғыс қатты болды хадден өтіп,
Арабтарды Абыраһа жеңді күші жетіп.
Ол келген адамдардың көбін қырды,
Ұстады Нәуфілді һәм әсер етіп.
Тайпаның маңзылына барды және,
Халқының қарсы шығып бәрі һама.
Хисапсыз көп дүниені тарту қылды,
Бергенін қабыл қылып тимеді аңа (оны).
Онан (Анден) соң ол жайлардан көшіп кетті,
"Махымыс, "- деп, ат қойылған жайға жетті.
Хапистан Асуат атты біреу барып,
Меккенің қой, түйесін талант етті.
Меккенің сол кездегі сарғардасы,
Мұтылаб Абиғашым еді басшысы,
Абыраһаның әскерінің көптігінен
Жоқ еді ұрысарға еш шамасы.
Көп еді Мұғылабтың дүние малы,
Екі жүз даладағы түйелері.
Меккеден шауып алған малдарменен
Хабыстар кетіп еді алып (әні) оны.
Абыраһаның әскерінде бір адамзат,
Аттарын (атларын) деп айтады оның
"Қанат". Елшіге бармақтыққа тағас етіп: -
Айтқыл, - деп, үшбу сөзді айлады хат.
Деп айтты:
- Естіңіз, ай, арабтар,
Бұл жерге келмегімде мәдіғам бар.
Сіздерді өлтіргелі келгемін жоқ,
Қағыбаның үйін бұзып, істесем хар.
Егер де (ауарда) айтқанымнан мойын бұрсаң,
Даярмын ұрыспақка қарсы тұрсаң.
Біреуің біздің әскерге еріп жүргіл,
Бұл айтқан пәрменімді қабыл қылсаң!
Құрайышқа елшілікке Қанат келді,
Меккенің есігінен ішке кірді.
Алдына Мұтылабтың қарсы тұрып,
Патшасының айтқан сөзінен хабар берді.
Құрайыштың адамдары мұны естіп,
Өздері ақылдасты кеңес етіп: -
Бұл күні Абыраһамен соғысқанмен,
Біз оны жеңе алмаймыз қуат жетіп.
Ибраһим Байтолланы қылған пана,
Сақтайтын иесі дүр оның Құда (құдай)!
Біздердің қолымыздан не келеді,
Бұздырса өзінің жаратқан мақұлығына!
Бәрін де мәслихат мақұл көрді,
Қанатының Ғабдімұтылаб қасына ерді.
Мұтылабтың келгендігінен хабар беріп,
Патшаның рұқсатымен үйге кірді.
Суретін Мұтылабтың патша көріп,
Көрісті тағынан тұрып өзі келіп.
Қасынан орын беріп отырғызды,
Артықша бір махаббат көңіліне еніп.
Патшаның Мұтылабқа көңілі кетті,
Суреті, қияпаты ақылын ертті.
"Қағыбаны бұзба!"- деп, сұрар болса,
Атиһам берейін деп, қиял етті.
Сұрады сауал етіп Мұтылабтан:
- Мағлұм ет: не жұмысқа келе дүр сен(сан).
Көңіліңде қайсы түрлі жұмысың болса,
Баршасы атиһам етіп бере дүр мен (ман)!
Мұтылаб патшаға айтты қылып азһар(ызғар),
- Екі жүз түйелерім келіп дүрлар.
Әмір етіп өз түйемді қайтып берсең,
Келмекте осы түрлі Мәди Ғамбар.
Абыраһа Мұтылабтан мұны есітті,
Ауаз (әуез) ғып, ашуланып, қаһар етті.
Деп айтты:
- Әуелі сен келгеніңде,
Көңіліме бұрымыңнан шаттық жетті.
Сөзіңнен үмітсіздік көрдім сенің,
Мәди ғам келмегімде: "Түйем!"- дедің.
Өзіңе үшбу жұмыс алашақ па еді,
Меккелік Құрайыштың кетасы едің.
Үстіңе әскер тартып келіп тұрсам,
Меккені бұзбақлыққа талап қылсам.
Қағыбаны сұрағалы келген дүр деп, "
Келдің, - деп, - не жұмысқа?"- сауал сұрасам.
Ғарыз етіп тіленбестен менен мұны,
Түйеңді талап қылдың үшбу күні.
Суретің жақсы болып көрінсе де,
Сөзіңнің үмітсіздік болды түрі.
Сен айтқан түйелердің бәрін табам,
Қыламын пақырларға бір күн тағам.
Бұл туралы һүмматсызлық сөз айтпайды,
Патшаның құзырына келген адам.
Мұтылаб патшаға айтты: -
Ай, Шаһариар,
Өзімнің мүлкім еді бұл түйелер.
Қағыбаға еш адамның иелігі жоқ,
Өзінің хақиқатта иесі бар.
Өз үйін арада етсе, сақтар өзі,
Лаж жоқ сізден келсе, бұзбақ кезі.
Қағыбаның бұзылмағы турасында
Айтпаққа қажет емес маған сөзі.
Абыраһа Мұтылабқа айтты және:
- Айтасың: "Иесі бар", - деп, - басқа аңа(оның).
Қағыбаны үшбу күні харап қылсам,
Иесі ғылаж қылар нешік маңа(маған)?!
Мұтылаб патшаға айтты:
- Сіз білерсіз,
Пәлен деп, сөз айтпаймыз - ол үйге біз!
Абыраһа(анден) сонан кейін пәрмен етіп,
Өзіне түйелерін берділар тез.
Мұтылаб Қағыбаға қайтып келді,
Қауымына көргендерін (көргенлерін) айтып келді.
Меккеден халықтың бәрі көшіп шығып,
Малымен манхикүм тапиқаға барып кірді.
Мұтылаб Қағыбада жалғыз қалып,
Жабысып қалқасынан қайтты налып.
Алланың дартаһына мінажат қып,
Ай тұрды үшбу сөзді аузына алып.
Деп айтты:
- Жә, Құдай-ау, ахидана,
Әуелден махсұсы еді бұл үй сана.
Өз үйін сақтамаққа әлі келмес,
Жаратқан мақұлығыңның бәрі һама.
Абыраһа көп әскер мен алып пілді,
Қағыбаны бұзбақлыққа талап қылды.
Жабуздар жабылмаса, аман сақта,
Өз мүлкің баршаға ләм, бәрі күллі!
- Ұрысарға қуат жоқ, - деп, - бізде әр кез,
Көп айтты дартаһына мінажат сөз.
Меккені адамлардан қылып халас,
Қауымына Мұтылаб һәм бардылар тез.
Құрайышлар (тәубесіне) тау басында қарар алды,
Таң атып, жердің жүзі раушанланды.
Абыраһа әскеріне сап түзетіп,
Алдына басшы қылып, пілді салды.
Ілгеріде айтып едім Махмут пілін,
Жүргізді баршасынан әуел бұрын.
Құрайышлар мінажат қып тұрар еді,
Хабыстың әскерінің көріп түрін.
Пілден соң әскерінің бәрі жүрді,
Нағыра тартып, қаһарланып дабыл ұрды.
Махмұт піл бір Құданың құдіретімен
Бір жерге барғанында тіке тұрды.
Әскердің қайран болып бәрі тамам,
Алдына неше түрлі қойды тағам.
Қорқытып, жә болмаса жалынса да,
Ілгері қоймас еді жалғыз қадам.
Әр түрлі қылса-дағы жүрмеді әр кез,
Кейін қарай басын бұрса, жүреді тез.
Ілгері жүргізуге хайла таппай,
Өздері тұрар еді сөйлесіп сөз.
Дарияның тарапынан көп кұс келді,
Тұмсығы - жасыл, мойыны қара дер-ді.
Арабта ол секілді құс болмаған,
Аяғы шегірткенің формында еді.
Аузында әрқайсысының бар-ды бір тас,
Екі тас аяғында ерділер бас.
Ол тастар(таслар) маржамқадан үлкен еді.
- Көрмекке, - деп айтады, - ноқатқа ұқсас.
Жазылған әрбір істе бар-ды бір хат,
Өлетін адам ісімен айлаған жат.
Айналып Байтолланы тауап етіп,
Кәпірге қарсы тұрды ол мақұлықат.
Ұмтылды әрбіріне хамыла етіп,
Ол тастар қайсы біріне тисе жетіп.
Дулыға, қалқан, сауыт, - баршасынан,
Аты мен өзінен һәм кетер өтіп.
Лахсызада ол әскердің бәрін қырды,
Жалғыз-ақ Махмұт піл өлмей тұрды.
Абыраһа әскерінің халін көріп,
Хабысқа жалғыз өзі қашып жүрді.
Жолүзра бір кеселге ұшырады кез,
Алдына нажашының бардылар тез.
Әскерінің апат тауып қырылғанын
Ызғар(аз қар) етіп отыр еді, сөйлесіп сөз.
Сол уақытта жоғарыдан бір қос жетті,
Бір тасты Абыраһаға хамила етті.
Баршасынан ағызасының түгел өтіп,
Ол малғұн жаны шығып өліп кетті.
Арабтар бүл істердің көрді бәрін,
Ойлады: хақиқатын білмек куәның.
Әуелі Мұтылабтың өзі барды,
Білмекке бұл істердің бір хабарын.
Мұтылаб бірһам болды мұны көріп,
Шақырды құрайышларға әуез беріп.
Баршасын дүниесінің жинап алды,
Меккелік арабтардың бәрі келіп.
Аз уақытта насыралардың өліктері
Ыстықтан сасып кетті оның бәрі.
Меккенің адамдары тамкүн болды,
Лаж жоқ, тазартпасқа болмады, әні!
Мұтылаб дұға қылды Хаққа және: -
Біздерден кетсінлер-деп - үшбу пәле.
Сол заман жаңбыр жауып, бір сел келіп,
Өліктің алып кетті бәрін һарма.
Сол жылы Расул-құда дүниеге енді,
Әуелгі мом жазасы үшбу ер-ді.
Бұл пілдің уақиғасын аят бірлан
Бір Құда Хабысына хабар берді.
Мен-дағы зікірайладым мұның бәрін,
Білсін деп хикаясын әркім оның.
Расулдің жасы шарпы қырыққа келіп,
Айтайын пайғамбарлық келгенлерін.
Алладан жәрдем тілеп, һәм Ғинаят,
Үшінші ракін сидан айладым хат.
Шаһитке оқиғасын айтпағыммен
Расулдің рухы бәкір болған мүшат.
МҰХАММЕД ПЕН ӘБУЖАҺИЛ
Қолыңнан келмес іске тіпті деспе (тиіспе),
Құдайдың рахматы мол, үміт кеспе!
Әбужаһил лағындай масқара боп,
Өтірік жалған сөйлеп, желдей еспе!
Күш-қуат келе берер құдіреттен,
Соға бер өзің қайтпай шын ниеттен.
Алсайшы ауыз дәмін сөйлеп біраз,
Сүйікті Құдай досы Мұхаммедтен.
Майданға Әбужаһил лағын келді,
Жұрт асқан өзін күшті балуан көрді.
Жүрегін Мұхаммедтің шаю үшін,
Бір-екі жаманменен күресті енді.
Біреуі інісі еді туған бірге,
Көтеріп ұрған болды оны жерге.
Кідірмей және бірін алып соқты,
Мақтанып: "Кім шығар, - деп - біздей ерге?!"
Күжілдеп үрген иттей кәпір...
Бұ жәйттің алғаны шын мың лағнет.
Түкіріп екі қолға жалақтады:
- Кел, кел, дәмең болса, - деп - Мұхаммед!
- Атынан, айналайын, кет садаға,
Деуіме жарамайды отқа ғана.
Хақ Расул жайыменен маң-маң басып,
Кісідей күресетін барды араға.
Ол лағын он сегізде тұрған жасы,
Мұхаммед он екіде бар шамасы.
Анау таудай көрініп, мынау кіші,
Қаралдысы көп алыс екі арасы.
Жалақтап Әбужаһил сөйлейді енді,
Мейлінше мақтанумен созып тілді.
- Бүгін мен шыныменен күреспеймін,
Есі жоқ, емеспін ғой сендей жынды!
Дәл бүгін күресуім келмейді құп,
Ойнармыз кезек-кезек жүгірме доп!
Ауыз бақпай тағы да былшылдасты:
- Қорықты, - деп, - күреске - жиылған жұрт.
- Мынау зор, анау жап-жас бала! - дейді,
Бойын бақты, батпады, қара! - дейді.
- Екі арасы жер-көктей алыс жатыр,
- Белгілі ғой - келе ме шын шама?! - дейді.
Әбужаһил айтады:
- Айқаспайсың!
Қолға алуға келмейсің, шайқаспайсың!
Ертең саған бір жақтан күш келе ме,
Бүгін неге ұстасып байқаспайсың?!
- Бүгін сенімен күреспес себебім бұл:
Күрес қылдың сен бүгін бір-екі жол.
Мен жықсам да, "жығылдым"- демейсің сен,
"Шаршап ем— деп айтуға сылтауың (бұл) [мол].
- Бойға сіңбес бір күнде екі ас, - дейді,
- Қостамаса сөзіңді, кім екі ас жейді?!
Жаман-жақсы болса да екі жанмен,
Күресті ғой, айтқаны рас!- дейді.
- Бүгін барып тынығып, ертең келші,
Бұ күрестің билігін маған берші!
Жұрт алдында көзбе-көз ұстасайық,
Бар ма, жоқ па, күшіңді сөйтіп көрші!
Бүл сөзді естіген жұрт аң-таң қалды,
- Кім де болса, шын сөз, - деп, мақұл алды.
- Емшек сүті аузынан еш кетпей,
Айтқан сөзін қара!- деп, таңырқанды.
- Бүгін бұлар күреспей, тұрсын! - десті,
- Байлар ертең бір майдан (медет) құрсын! - десті
- Күнде жеумен бай асы таусылмай ма,
Ертең тағы жұлысы болсын! - десті.
Мұныменен тарқасты жиылған көп,
Құр күлумен көбейтіп әңгіме кеп.
Жаман күліп барады дуылдасып:
"Күресуге қорықты ғой, батпады!"- деп (ұлып).
Түн өтті, ертеңінің атты таңы,
Кедеймен күнде толып байдың маңы.
Кешегіден бүгін жұрт көп жиылды,
Аспанға шығуменен жердің шаңы.
Екі жар жұрт отырып, қызық көрді,
Көрінбей періштелер бірге жүрді.
Байлығына мақтанып, шалқып сөйлеп,
Кеудесіне Әшімнің сонда жаман кірді.
- Майданға шығып, балам, көрсетіп бой,
Сендердің сенген кісің - жетімің ғой!
Егер де балам жықса, қыламын той,
Жүз түйе, союменен, екі жүз қой!
Кенелсін қызық көрген, ел-жұрт тойып,
Дүниені сарп қылдық қырып-жойып.
Зәуімен жетімдерің жығып кетсе,
Мұндай мал, той қыласың, қайсың сойып?!
Алдымен Әбутәліп тұра келді:
- Соямын, дәнемем жоқ, мен немді енді?!
Бар болса, жалғыз атты, аяймын ба,
Кедей - мылқау, бай шешен болмақ тілді.
Хамза айтты:
- Мен мергенмін аң аулаған,
Мініп ап бір шолақты жау жаулаған.
Аң етін ап келуге жұрт қарай ма
Бос сөзден не тамады құр саулаған?!
Желігіп Ғаббас ұшып тұра келді:
- Не бар, - деп, - дағдартатын осынша елді?!
- Өзіңді бай, өзгені кедейсініп,
Сөйлеме сүйреңдетіп босқа тілді!
Мұңайтып, қайтарма сен, ием өзі,
Мақтанып неге айтасың мұндай сөзді?!
Мұхаммед жықса, жалғыз өзім соям,
Қойдан - бес жүз, түйе - тап үш жүзді
Жалғыз өзім бәріңе теңмін!- дейді,
- Айдар малда қайсыңнан кеммін?!- дейді.
Тоям десең, кедейлер, тілеулес бол!
Мал аямай, союшы менмін!- дейді.
- Мұхаммед, тұр, майданға баршы, жаным!
Күйдірді ғой құр сөзбен мынау залым!
Жығып келсең, мал түгіл, жан құрбаным,
Арам болсын аяған сенен малым!
Бұл сөзді естіп баланың күші тасты,
Көңілі жаулан өр мен қайрат асты.
Нұры көкке балқумен ажарланып,
Сәулеттеніп майданға қадам басты.
Пайғамбарлық бойына күші келді,
Бір мысжызет екенін өзі білді.
Қап тауы бір қаңбақтай болар ма екен,
Әбужаһил бұйым ба, немене енді?!
Майданға жанған шоқтай шықты жайнап,
Мұхиттың дариясындай аққан қайнап.
Қапысыз болып шықты Әбужаһил,
Бел буардан жоғарғы жерін майлап.
- Балуандардың қарайық ісін! - дейді,
- Белсеніп күресуге түссін! - дейді.
- "Киіміме оралдым!"- деп - айтарсың,
- Қапы кетпей, Мухаммед, шешін!- дейді.
- Жалаңаш жерім бәрі - тегіс майлы,
Қолға ұстауға келмесін, - деп, - ыңғайлы.
- Дәнемені көрмеген баласың ғой,
Бұрын туып (түсіп), көрмеген еш мұндайды!
- Жоқ, мен, - дейді - демеймін: "қапы кеттім!"
Киіммен күресуге әуес еттім.
Киім түгіл қолымды майламаймын,
Міне, алдыңа мен даяр, келіп жеттім!
Икейіне бір-бірі салды қолды,
- Қимылдай берсін, - дейді - болды-болды!
Олай-бұлай ырғады Әбужаһил,
Өне бойы сәуле мен терге толды.
- Үшке шейін кезегің, сілте! - дейді,
- Менен бұрын тудың ғой ерте! - дейді.
-"Өзім болдым!"- дегенде, қозғалайын,
Қимылыңды қылмайын келте! - дейді.
Әбужаһил әр жерден қолын салды,
Сасқанынан аяқтан ұстай алды.
Таң-тамаша көрген жұрт қайран қалды.
Олай-бұлай қарбаңдап жүріп бақты,
Жерден қозғап ала алмай екі аяқты.
Әбужаһил лағынның саулап тері,
Зорығып, мұрнынан қан дір-дір акты.
Шамасы келмегенін әбден білді,
Енді қысқа ұстарлық болып тілді:
- Қимылдаудан мен қалдым, бітті тыныс,
- Үшке шейін қимылда сен, - дейді, - енді!
- Екі қимыл барсын, - деп, - Құдай жолы,
Жасыңа үлкен байладым саған оны!
Ал, енді өзіңе ие боп қал,
Ойын деп, не жалған деп білме мұны!
Бір қолымен белінен алды қысып,
Бас-аяғы уысқа бір-ақ түсіп.
Аспанға атып жіберді сөзге келмей,
Ұшқындай боп жөнелді аспанға ұшып.
Тұрған жандар теп-тегіс көрді көзден,
Оңай боп бір ауыз айтқан сөзден.
Сықылды көкке де тоқтар емес,
Ғайып боп көрінбеді, кетті көзден.
Бұтына жіберіпті Әшім сиіп,
Жаны ашып баласына, іші күйіп.
- Тауып бер! - деп, баласын, шыдай алмай,
Мұхаммедке жұдырығын келді түйіп.
Бұ жақтан Хамза менен Ғаббас тұрды:
- Құмар ең, - деп, - қосуға тұзға сорды.
Мұхаммедке қолыңды тигізші! - деп,
Әшімді былш еткізіп, ауызға ұрды.
- Балаңа: "Күрес!" - деген кім бар еді,
Бұзақы, бір қияңқы мұңдар еді.
Әлін білмей іліклік салғаны үшін,
Осындай болуға оған жөн бар еді.
- Мен, Хамза, тиіп жүрген дұғам ақтан,
Жұрт сияқты менде жоқ өтірік мактан.
Біздің тұқым білесің жалықпасын,
Ұрыс пенен төбелес, керіс жақтан.
...Санасаң, жұрт білді рас күшін,
Көп те болсаң, біздерге сабан шөпсің.
Қалдырмастан біріңді қыруыма,
Бұл майданға жиылып, жақсы кепсің!
Кәне, мен суырайын қылышымды,
Ойынды бастайық, кел, шынды.
Дәмең болса, сал айғай, ұран шақыр,
Жұрт көрсін сені қандай қылысымды!
Суырып қорамсақтан жүз алпыс(алтмыш) оқ,
Бас көтерер бәрінді бір қылсам жоқ.
Тезектей боп қалмай ма үйіліп айқыш,
Теңдеп жүрген есектер бір-бір қап боқ!
Атқа мініп, найзаны қолыма алсам,
Аш бүркіттей түйіліп, сүрен салсам!
Қатын біткен баласын асып (атып) тастар,
Қаһарланып, долданып, айғай салсам!
Желігумен қолыма алсам шоқпар,
Бір жан бар ма қасқайып, қарсы тоқтар?!
«Қыс к...ңді, тырп етпе, қылам дар-дар,
Сығыр, мұңдар, дүрдиген өңшең боқтар!
Әшім мұны естіп к...н қысты,
Өздеріне зор қайғы, уайым түсті.
Аспаннан бұлдыраумен келе жатқан,
Әбужаһил лағыңды жұрт көрісті.
Әшім жасы көзінен саулап ақты,
Жалынып Мұхаммедке жылап бақты.
- Мен емеспін жел беріп, желіктірген,
Сенімен күресу кәуір әлімсақ-ты.
"Қой! "- деп бақтым, осынша, тіл алмады,
Әлін бағып, шамасын біле алмады.
Сендей болып ешбір жан болып бақты,
Бұ жалғанның жүзіне келе алмады!
Міне, алдында мен тұрмын мойын салып,
Балам барып келеді ойын салып.
Жерге түссе, тамтығы қалмайды ғой,
Түсірмей бақ, шап беріп, ұстай алып.
Қайырармын қаруын тірі жүрсем,
Әкеңдеймін ауысқам, мені көрсең!
Түсірместен сол жерге қағып алып,
Сау-сәлемет баламды тірі берсең!-
Деп, Әшім солқылдаумен көп жылады,
Уайымын баласының жеп жылады.
- Ал, енді даяр болып, тосып ал! - деп,
Жалынып қақ қасына кеп жылады.
Елжіреп хақ Мухаммед мейірі түсті,
Жұрт көрді-ау, міне, осындай тамаша істі.
Бір асықтай аспаннан қағып алды,
Аясын ба берген соң Тәңірім күшті?!
Оң жолға Жаббар Ием бастай берді,
Не берсе, оған әзі жастай берді.
- Міне, балаң, арбаға салып ал! - деп,
Алдына әкесінің тастай берді.
Әбужаһил қалыпты естен танып,
Дем алуға шама жоқ, әлсіз көріп.
Әшім тобы қайтысты көр беттеніп,
Бір сүйекті арбаға салып алып.
Бин Әшім (Әшімнен басқа) тұқымы судай
Мұхаммедке пида ғып мал мен басты.
Ғаббастың есі шығып, қуанғаннан,
Қырық табақ санап тұрып алтын шашты.
Жарқ етіп бір ашылды бүгін қабақ,
Естерінен шығумен жейтін тамақ.
- Мал шашу, олайша емес, бұлайша! - деп,
Хадиша алтын шашты төрт жүз табақ.
Бұрқыратып қылыпты Ғаббас тойды,
Үш жүз қой, тап екі жүз түйе сойды.
Үйіліп, төбе болып қалды тамақ,
Аш-арық, кәріп-қасер тегіс тойды.
Қылдырған мұның бәрін Жаббар-Халық,
Дәл қасында тұрғандай біздерге анық.
Махфузыға жазылыпты барып сол күн,
Нәсіліне бұл Ғаббастың халифалық.
- Мұхаммед өзім сүйген достым! - дейді,
- Сүйгендіктен жылатып қыстым! - дейді.
- Періштелер боп куә, жаз махфузыға.
Хадишаны мен оған қостым!- дейді.
- Әр не қылсам, еріктімін, құдіретім бар,
Өзімді ойға алғанға - мен өзім бар.
Кімде-кім қайырылса, мұндай жанды,
Мен оны дүние ақырет-қылмаймын зар!
Білермін ақыр бір күн өлерімді,
Жұрт көнгенге мен де еріксіз көнерімді.
"Әркім барын қолында шашады ғой"-
Мен шаштым аямай өнерімді.
1915 ж
МҰХАММЕДКЕ ПАЙҒАМБАРЛЫҚ КЕЛГЕНІ
Жаллат асми факің-қажы дана,
Халық еттің мақұлықаттың бәрін һама.
Достыңа уахи келген оқиғасын,
Айтпағыма иланғайсың асан маңа.
Расулының жасы шарфы(шарсы) қырыққа келді,
Көрінген тас, ағаштар(ағашлар) сәлем берді.
Ғайыптан неше түрлі сөз естіліп,
Әр не түрлі алты айғаша түстер көрді.
Мұныңмен алты ай һәм тамам болды,
Бір күні ғар қасіретке Расул барды..
Сол жерде жалғыз өзі отырғанда,
Көздерін ғал бақылап, ұйқы алды.
Жебірейіл сол мезгілде келді жетіп,
Оятты пайғамбарды бір тербетіп.
Қараса атырабына еш адам жоқ,
Көздері және кетті ұйқыға елтіп.
Жебірейіл пайғамбарға және келді:
"Тұрғыл!"- деп, жағымды әуез берді.
Оянып атырабына назар салып,
Есігінде бір адам тұр, әне, көрді.
Ол адам тысқа шығып кетті жүріп,
Орыннан ғұміт һәм барды тұрып.
Сафа мен Маруа таудың арасында
Бір мәрте бабын жазды паруаз қылып.
Көтермей аяқтарын жерде тұрды,
Аспанға ұзайғаннан басы жетті.
Күншығыс, күнбатыстың баршасын һәм
Жазғанда қанаттары алып кетті.
Пайғамбар назар салып көрді, әні,
Бар еді алты жүз мың қанаттары.
Төрт бұрышын дүниенің жабар еді,
Егерде жерге түссе, жалғыз қыры.
Бар еді шағидланған жүзінде нұр,
Маңқысы ағызасында бірнеше тұр.
Періште малақлардың ішінде һәм,
Көрмекке артық сұлу оның(аның) тұр.
Ол айтты:
- Мен, Жебірейіл, сөзім тыңда!
Алланың пәрменімен келдім мұнда.
Фазылымен Алла сізге кәрім етіп,
Пайғамбарлықты мағбас етті анысы жанға!
- Міне, - деп, қалтасынан хат шығарып, Расулға:
- Оқығыл! - деп, берді Ялып.
Жәннаттың хысырыиарымен жазған еді,
Деп айтты:
- Оқымаймын, хатты танып.
Жебірейіл Мұхаммедке келді жетіп,
Бір қысты қанатымен марқұм етіп.
Алдына пайғамбарды отырғызып:
- Әріпті(харіпті) оқы! - деді баз көрсетіп.
Деп айтты:
- Оқымаймын, хатты танып,
Жасымнан көргемін жоқ мектеп барып.
Ішінде бұл хысырыиардың жазуы жоқ,
Қолға алып қарағанмен назар салып.
Жебірейіл:
- Бағымла, - деп, және берді,
Расулды қанатымен қысып алды:
- Бұл хатты, иа, Мұхаммед, оқығыл! - деп,
Алдына ол хысырыиарды және салды.
Пайғамбар:
- Білмеймін! - деп, аузын ашты,
Үшінші қолтығына және басты.
Бұл сапар қысқанында Мұхаммедтің
Сынбаққа қабырғасы жақындасты.
Хысырыиарды оқы! - деп, және берді,
Қолына Расул-құда алып көрді.
Ақырағының Құрандағы сүрелері
Өзінің тәртібінде жазған ер-ді.
Жебірейіл бір аяғын жерге ұрды,
Бір бұлақ әзір(хазір) болып шығып тұрды.
Үйреткен тағылымы бірла таһарат алып,
Жебірейіл имам болып, намаз қылды.
Осындай неше түрлі жол көрсетіп,
Өзінің мекеніне қалды кетіп.
"Көзіме бұл көрінген жын ба екен?"- деп,
Пайғамбар ойлар еді пікір етіп.
Меккеге Расул-құда қайтып барып,
Жығылды байғұс болып, есін танып.
- Тоныммен, жә, Хадиша, бүрке! - деді,
Бұл көрген ісіне һәм қайран қалып.
Деп айтты:
- Иа, Құдая, тыңда(тыңла) сөзім!
Ғажайып бір нәрсені көрді көзім.
Жебірейіл: "Мәлікпін!"- деп, хабар берді,
Сескеніп, ойланамын: "жын!"- деп өзім.
Хадиша пайғамбардан мұны біліп,
Білдірді үшбу сөзді аз һар қылып:
- Көңіліңіз, иа, Мұхаммед, ренжімесін,
Жебірейіл бола ма? - деп, - қиял кіріп!
Екінші ол мақлұқат көрінгенде,
Сол уақыт білдіріңіз айтып маңа(маған).
Алдына өз басымды жалаңаштап(жалаңашлап),
Шығарып көрсетейін шашымды аңа!(оған).
Шаш көрсе, періштелер қарап тұрмас,
Ол жерге екінші қадам ұрмас.
Әйелдің ғаурат жері ашылғанмен,
Шошынып жын-перілер перде қылмас.
Көңіліне бұл сөзді айтып, қуат берді,
Ол ғарға Хадиша мен Расул келді.
Екеуі харар алып отырғанда,
Жебірейіл Хақтың әмірімен көктен келді.
Расулдің қатарына тұрды келіп,
Білдірді Хадишаға хабар беріп.
Пердесін басындағы ашып еді,
Жебірейіл ғайып болды шашын көріп.
Расулдан:
- Көрдің бе? - деп, жауап сұрды(сұрады),
Пайғамбар кеткендігін мағұлым қылды.
Хадиша қуанғаннан нағыра тартып,
Фәриод қып Мұхаммедке әуез берді.
Дер еді әуез қылып:
- Иа, Мухаммед,
Расулдық құтлы болсын, болыңыз шат.
Ахырдың пайғамбары сіз болдыңыз,
Елеусіз көңіліңізді ғамиден азат.
Шатланып, әр түрлі сөз айтар ер-ді,
Тауратта көргенлерінен хабар берді.
- Кәпірді дағуат етіп, дінге сал! - деп,
Алшедан фахиы бірлан аят енді.
Әуелі Хадишаны дағуат қылды,
Уалміт алтухид айтып дінге кірді.
Айтылған ол бұлақтан таһарат алып,
Тағылым мен намазды һәм оқып білді.
Екінші ислам дінін тапты Ғалы,
Хақжолға дағуат етті Расул, әні!
Ғалының дінге қалай кіргенінің
Айтылар үшбу түрлі табыслары.
Ол уақытта жарлы болып Әбутәліп,
Ғалыны сақтар еді Расул алып.
Бір күні намаз оқып тұрғанында,
Үстіне хазір болды Ғалы барып.
Ғалы айтты:
- Жә, Мухаммед, жақсы көрем,
Қылғаның қандай астор айла мақлұм.
Ғалыге Расул айтты:
- Хабардар бол,
Алланың бұйрығы – ол - бұл қылғаным.
Сен-дағы мұсылман бол, дінге кіріп,
Хақты біл, мені-Расул бір Хақ біліп.
Алланың Әмір, Мағрүб асе еткен,
От путқа табынбақтан алыс жүріп.
Ғалы айтты:
- Көрмеп едім бұрын мұны,
Бұл емес ажыд Адамның тұтқан діні.
Онан(андан) соң рұқсат(ұлықсат) берсе, дінге түс,
Атаммен ақылдасып үшбу түні.
Ғаліге тағайын етіп айтты Расул:
- Кірмесең Хақ жолына қылмай қабыл,
"Дінге ен!"- деп, менің айтқан бұл сөзімді,
Ешкімге әзһара(әшкере) етпей, жасырын қыл!
Расулдан рұқсат алып, Ғалы кетті,
Әр түрлі ой ойланып, ол түн өтті.
Көңіліне Қадір-құда нұрын төгіп,
Кірмекті дін жолына қабыл етті.
Және айтты:
- Әуелінде(аууалында) атам Халыб,
"Расулдің тұр-деп еді - тілін алып."
"Дінге ен!"- деп, айтқан әмірін қабыл қылсам,
Атам һәм мақұл көрер арызланып.
Мұз ойылып, Расулге келіп ерте бірлан,
Тоқталмай дінге кірді етіп иман.
Санады сол уақытта Мәртазаның
Он жылға толып еді жасы һаман.
Расулге дүйсенбі күн Уахи келді,
- Хақ жолға дағуат ет! - деп, хабар берді.
Алланың бірлігіне калима айтып,
Мәртаза сейсенбі күн дінге енді.
Айадахарыс(Аббадахарис) еді - үшіншісі,
Деп айтар: "Пайғамбардың азатлысы".
Ілгеріде: "Перзентім", - деп, лақап қылған,
"Расулдің ұғлы", - дер-ді көрген кісі.
Діндерін жүрер еді құп жасырып,
Көрмейтін халыт жайда намаз қылып.
Бұлардың мұндай болған істерінен(асларынан),
Бір күні хабарланды Әбутәліп.
Пайғамбар, Ғалы бірлан тауға кетіп,
Бір жайда тұрар еді намаз етіп.
- Жә, Расул, бұл қылғаның қандай іс?- деп,
Қасына Әбутәліп келді жетіп.
Әбутәліп қара сол айтты:
- Бол хабардар, Атамыз Ибраһимнің діні дүрлар.
Бір Құда мені Расул, бір хақ етті,
Дінге еніп, Хақ жолына барыңыздар!
Расулге бұл сөзді айтты Әбутәліп:
- Сөзіңнің растығы тұр мағлұмланып.
Сөйтсе де ата-бабам дінін қойып,
Хақ жолға кіре алмаймын, тіліңді алып.
Құрайыштың адамдарын дағуат етіп,
Дінге сал, тіл алғанын, жол көрсетіп.
Тәнімде жан барында ашша(айтса) Алла,
Ешкімнен ренжімесін зиян жетіп.
Расулге бұл сөзді айтып қуат берді,
Меккеге баршасы һәм қайтып келді.
Төртінші-иман етіп, дінге кірген-
Хазірет Әбубәкір - Сылдық еді.
АЛТЫН ТАБАҚ
Біссімілла деп бастаймын сөздің басын,
Хаққа құлдық қылып төк көздің жасын.
Дүниеде кім құлшылық қылып барса,
Сол алар қияметтің дәрежесін (даражасын).
Аллаға қылған істің бәрі аян(ғаян),
Халал істеп ісінді, Хаққа таян. Хикаят:
"Алтын табақ", - деген сөзді,
Тыңдаңыз құлақ салып, қылам баян.
Адамға сырлас кісі-қанат, құйрық,
Кеудем - сөзге, он саусақ хатқа жүйрік,
- Хақ пайғамбар достыма барып кел! - деп,
Бір Алла Жебірейілге қылған бұйрық.
- Жұмақтан алтын табақ алып кел! - деп,
- Ішіне бал мен халуа салып кел! - деп.
- Алтын табақ мәнісін сұра-дағы, - Бұйырды:
- Көп кешікпей барып кел!- деп.
"Көңіліне басқа ниет алма!" - деңіз,
"Дұшпанның өсегіне қалма!" - деңіз.
"Алтыннан көркем, қылдан жіңішке?
Дүниеде балдан тәтті бар ма?"- деңіз.
- Кешікпей, - Жебірейілге, - кел! - деп айтты
- Табақты пайғамбарға бер!- деп айтты,
- Алтын табақ, қыл мәнісін сұра-дағы,
Төрт жардан бастан - аяқ біл!- деп айтты.
Жебірейіл жетіп келді пайғамбарға:
- Бұл табақты жіберді Қадір Алла!
Ер басына бір-бір ауыз сөз сөйлеңіз,
Кеңесіп, бір-біріңмен ақылдаспа!
Сөйлесіп, бір-біріңмен ақылдасып,
Шариғаттың жолынан кетпе асып.
- Бұл не деген бек қисын іс болды? - деп,
Төрт шадияр қайран қалып, қалды сасып.
Алланың жарлығымен қосты басты,
Шешуге бәрі қойып ықыласты.
Әуелі бұрын ашқан-хазірет Әбубәкір
Бұл сөзге жауап беріп аузын ашты:
- Алтыннан көркем білдім Ислам нұрын,
Балдан тәтті көремін - зәмзәм суын.
"Намазда дүниені ойлаймын ба?"- деп,
Қылдан нәзік жіңішке - менің көңілім.
- Пәлі!- деп, - алтын табақ үн шығарды,
Әбубәкір-сыдық қуантты пайғамбарды.
- Артындағы қалғанын сен айтшы!- деп,
Хазіреті Ғұмарға жылжып табақ барды.
- Құдай нұры көркем дүр алтын тастан!
Ғүмар да: "Қайтеді?"- деп, жаман сасқан.
- Осы балдың тәттілігі тең болмай ма,
Иа, Расул, сізбен бірге ішкен астан?!
Ғибадат - ақыреттің азығы еді,
Бес намаз - ислам діннің қазығы еді.
Екі кісі жүгініп отырғанда,
Жүрегім жалғыз қылдан нәжік еді.
Төрт жардың өзге жаннан ақылы зерек,
Пайғамбар - ортасында бір бәйтерек.
Әбубәкір, Ғұмардың сөзі бітті,
Зон нұрайын Ғүсманға келді кезек.
- Сөзі – алтыннан - Құранның жарық жүзі,
Балдан тәтті Расулдың айтқан сөзі.
Намазға таһарат алып отырғанда,
Жіңішке қылдан нәжік(нәзік) көңілім өзі.
Қош көріп, бұл сөзіне:
- Пәлі!- деді. Шат болып төрт жарменен пайғамбары.
Табақтан сол уақытта үн шығыпты:
- Сөйлемей, неге отырсың, арыстан Ғалы?!
- Иа, Зулжалал, медет бергейсің өлгенімде,
Ғазірейіл жан алқымға төнгенінде.
Көңілім намаздағы қылдай еді,
Соғысып кәпірлермен жүргенімде.
Ішінде айтып жатыр Қалам-Шәріф,
Жақсы сөзге мейірің қанар, жүрек жарып.
Балдан тәтті көремін, ей, жаранлар,
Ac ішсем, Хасен, Хұсайынды қасыма алып.
Бір Алла қонақ қылсын жұмақ үйге,
Біздерді түсіріп жүр талай күйге.
Алтын табақ Расулге келді жетіп:
- Құдай досты (досы) пайғамбар, өзің сөйле!
Сөзі мынау Расул пайғамбардың,
Жауабы тамам болды төрт шаһариардың.
- Алтын толса дүниеге, керегі жоқ,
Нұрын абзал (афзал) көремін бір Алланың!
Пайғамбарды алтын табақ сөйлетті,
Жебірейіл табақ тастап қайтып кетті.
- Төрт жармен басын қосып, тағам жесем,
Сары балдан - тузы жоқ көжем тәтті.
Бұл сөзге құлақ салған Ғұсман, Ғалым,
Оны ғалым жаратқан патша Кәрім.
- Алла досы, пайғамбар болса мадағы,
Қайтеді, - деп, - қылдан нәзік менің халім?!
Сол кезде би Фатима үйге кірген, Керемет
Фатимага Құдай берген.
- Пайғамбардың перзенті сөйлесін! - деп,
Сырғанап алтын табақ жылжып берген.
- Сіз алтыннан бабамның нұры артық,
Ұрғашы ерін күтсін, мехнат тартып.
Сары балдан ләззатын артық көрем,
Ерімнің бір жұтым сусынынан ішсем сарқып!
Әйелдер ер қызметін қылсын жылдам,
Өлгенде, даяр болар жұмақ-иман.
"Ерім қызметіме риза бол май ма?"- деп,
Көңілім жіңішке болады-жалғыз қылдан!
Әртүрлі әрқайсысы айтты сырды,
Құрметтеп ортасында кәміл пірді.
Тақпақтап бір сахаба суретінде,
Жебірейіл басқа түрмен үйге кірді.
Алтын табақ сөйледі Жебірейілге:
- Мені әкеп тастап кеттің Мәдинеге!
Құдайдың өзі сүйген елшісі едің,
Иа, Мұқараб періште, өзің сөйле!
- Алтыннан абзал білемін Құдай нұрын,
Балдан тәтті көремін кәусар суын.
Тәңірім пайғамбарға жұмсағанда,
Қылдан нәжік(нәзік) жіңішке - менің көңілім!
Пайғамбар Мәдинада дәурен сүрген,
Тұрады хабар алып Жебірейілден.
Үйретті аққан судай шариғатты,
Дін ашты, мешіт салып талай жерден!
Жебірейіл осы сөзбен болды ғайып,
Құдайдың құдіреті бар таңғажайып.
Жұмақтан келген балдан жалап бәрі,
Пайғамбар дұға қылды қолын жайып.
Балдан жалап қуанды төрт шаһариар,
Оларды абзал қылған Қадір Жаббар.
- Жұмақтан бір табақ бал келді!- деп,
Отыз үш мың сахаба алған хабар.
Есітіп көп сахаба келді бәрі,
Жан қалмай Мәдинада жас пен кәрі.
Сахабалар өкпелеп жылағанда,
Қатты ұялып отырды пайғамбары.
Ей, тақсыр, досты болдың бір Құдайға!
Жарығы бұл дүниенің күн мен айда!
Жұмақ мүлкі пірадарге харам ба еді?
Иа, Расул, бұл сараңдық сізге ұнай ма?!
Жыласты пайғамбарды ортаға алып,
Жұмақтан келген балдан құры қалып.
Пайғамбар жүрегі еріп, есіркеді,
Жұмақтан келген балдан мақрұм қалып.
ҒАЛЫНЫҢ НИЕТІ
Сөйлеймін, құп тыңдасаң, көп жамиғат,
Қалыпты пайғамбардан аз насихат.
Он сегіз мың ғаламның падишасы,
Хабиб Хақ Расуладан бір рауаят.
Рауаят қалды бізге пайғамбардан,
Сөзіме, сауап табар, құлақ салған.
Шырағы - екі дүние: Хақ Расулдан
Болмай ма сөзім арам аяп қалған?!
Насихат сөйлегенді білсең, тілім,
Арам ғой пайғамбарсыз көрген күнім!
Қиямет таңла мақшар майданында
Бола гөр шапағатшы, Хақ Расулым!
Пайғамбар шапағатшы болсын бізге,
Кім болар шапағатшы сізден өзге!
Ғұсманның қонағына шақырғанын,
Айтайын, жамиғатлар, енді сізге!
Жігіттер, иманың күт бұл дүниеде,
Иман жолдас болады о дүниеде.
Пайғамбар - Құдай досты төрт жарменен
Бір күні отыр екен Мәдинеде.
Әбубәкір, Ғұмар, Ғұсман, Ғалы да бар,
Жастары бар ішінде, кәріде бар.
Отыз үш мың сахаба үлкен-кіші,
Садуақас, Мажен, Мәлік, Жүсіп - бәрі де бар.
Ғүсман молда төрт жардың байлары еді,
Пайдасын ақыреттің ойлар еді.
Отырса сахабалар Мәдинада
Сол күні рамазанның айлары еді.
- Жан баба, жаным құрбан сізге! - депті,
- Бүгін қонақ болыңыз бізге! - депті.
- Қалмасын көп жамағат қасыңыздан,
Ал, жүрсін халайықтар бірге! - депті.
Қасына көп жамиғат ермек болды,
Хақ Расул, - бәрі бірге жүрмек болды.
Пайғамбар Хақ Расулы бабасына
Ер Ғүсман қонағасы бермек болды.
Қонаққа шақырыпты Ғұсман батыр,
Әр сөзі - мың ділдалық, балдай татыр,
Мешітте ақшам намаз оқып алып,
Бас болып ақ пайғамбар келе жатыр.
Үйіне кіргізіпті Ғүсман молда,
Хабибі нұр Мұхаммед расул Алла.
Қасында көп сахаба бәріменен
Отырды жайланысып бәрі сонда.
- Хақ Расул, құп келдіңіз, тақсыр бабам,
Жан қалмай халайықта келсін тамам.
Хақтағала ниетімді қабыл қылсын,
Келгендей дүние малға менің шамам.
Толы тағам әкеліп, қойлар сойды,
Алдына неше түрлі тағам қойды.
Тағам жесіп отырған көп халайық
Сый, құрмет, мол тағамға әбден тойды.
- Жан баба, біздің үйге келдің! - депті,
- Мәнісін хал шамамыз көрдің! - депті.
Жүз жетпіс қадам басып келіп едің,
Әр қадамыңызға бір құл азат қылдым! - л
- Бәрекелді! - десіпті жұрттың бәрі,
Шаттанысып отырды жас пен кәрі.
Жамағат жайланысып отырғанда,
Ашуланып отырды Хазірет Ғалы.
Бұл жолда Ғүсман мүлде қылған құрмет,
Оған дәулет беріпті Жаббар-Құдірет.
Ғалының ашуланған кейпін көріп,
Сұрады сонда тұрып нұр Мұхаммед:
- Неліктен кейідіңіз, Ғалы батыр?
Әр сөзі мың ділдалық, балдай татыр!-
Жаратқан Құдай солай Шаһимардан,
Сөйлеуге енді тақсыр келе жатыр:
- Жан баба, бізден дәурен өтеді екен,
Дәулетті адам сауапқа жетеді екен.
Мен дәулетсіз сауаптан құры қалдым,
Дүниелік жимағаным бекер екен.
Көңіліне қайғы кірді талай-талай,
Көңілі ер Ғалының - алтын сарай!
Көзінен жасы атып, түгі шығып,
Жөнелді ашуланып үйге қарай.
Қайғырды бұ дүниенің малдарына,
Кім шыдаған күш-қуат халдарына?!
Ғалының ашуланған кейпін көріп,
Фатима қарсы шықты алдарына:
- Мұсылман, қайыр қылдың бөрісіне,
Жолықтың жасы менен кәрісіне.
Шаттанып жұрттың бәрі отырғанда,
Шаһимардан, қайғырдыңыз, мәнісі не?
Сыйыңыз әрбір қылған Аллаға аян,
Тамұқта имансызды шағар шаян.
Жұрттың бәрі шаттанып отырғанда,
Мәнісін ашуыңның қылшы баян!
- Фатима, бізден дәурен өткен екен,
Дәулетті адам сауапқа жеткен екен.
Мен дәулетсіз сауаптан құры қалдым,
Дүниелік жимағаным бекер екен.
Ақ жолын шариғаттың құрсам екен,
Мойнымды нашарларға бұрсам екен.
Алдыма бар дәулетім жиып алып,
Бабамды мен де құрмет қылсам екен!
- Ісіне Алла салған шыдалық біз,
Бұ жерде қайғы тартып тұрмайық біз!
Кемдік көрер ер ме едің бұл жалғанда,
Бабамды шақыр, қонақ қылайық біз.
- Ақжолға шариғаттың ереміз біз,
Қайыр қылсақ, сауапты көреміз біз.
Біз шақырсақ, жұрт келеді,
Келген жұртқа не тамақ береміз біз?
- Шақырсаң, тақсыр бабам келер, - депті
- Жанына көп жамиғат ерер, - депті.
- Кемдік көрер ермісің бұ дүниеде,
Құдай өзі бір нәрсе берер! - депті.
Қараңыз ақылына данышпанның,
Әр жерде әлсіздерге болысқанның.
Бұл сөзін Фатиманың естіген соң,
Ұстады жомарттығы арыстанның.
Жақсылар бұ дүниеде бойын бағар,
Әр жерде арамзаны Құдай табар.
- Тақсыр баба қонаққа келсін бізге, -
Деп Ғалы батыр салды хабар.
- Жан баба біздің үйге келсін, - депті,
- Хал-жайын баласының білсін! - депті.
- Ғүсманның қонағынан үш есе артық,
Жан қалмай жамағатлар келсін! - депті.
Шаһарға хабар салды хазірет Ғалы,
Халайық есітіпті жас пен кәрі.
Ғалының малы жоғын білген адам,
Екеу-екеу сөйлесті жас пен кәрі.
- Бармаса, жұртқа кінә қояр!- депті,
- Неменен, жұрт жиылса, тояр!- депті.
- Жаратқан Құдай артық Шаһимардан,
Дүлділін, намыстанса, сояр!- депті.
Жарымы айтты:
- Біз онда барам! - депті,
Жарымы айтты:
- Біз үйде қалам! - депті.
- Нұрдан болған дүлділ етін жесек,
Біздерге тозақ оты арам! - депті.
Қонаққа шақырыпты Ғалы батыр,
Әр сөзі мың ділдалық балдай татыр.
Мешітте ақшам намаз оқып алып,
Хақ пайғамбар бас болып келе жатыр.
Шаһарға жұрт сыймады асқанынан,
Пайғамбар нұры көкке тасқанынан!
Пайғамбар аяғын бір ілгері, бір кейін басты:
"Ер Ғалы ойлар - деп, - сасқанынан!"
Ер Ғалы өзі батыр, өзі мықты,
Әр сөзін пайғамбардың жадына ұқты.
Халайықтан, ұялып, айналайын,
Екеуі іс бат - батысқа шықты.
Ер Ғалы жомарттықты тыймады ғой,
Ғұсман мұнан көп (адам) жимады ғой!
- Жан қалмай бұл шаһардан келе жатыр,
Қайтеміз. Фатима-ау, үйге сыймайды ғой!
- Ер Ғалы, таң қаламын жауабыңа,
Мақтанып, дахыл болдың сауабыңа!
- Үйі тар балаңыздың, қайтесіз? - деп,
Шалыңыз бабаңыздың құлағына!
Алдына қол қусырып, тағзым қыпты,
Ер Ғалы халайыққа қарсы шықты.
- Үйі тар балаңыздың, қайтесіз? - деп,
Ақырын бабасына сыбыр етті.
Барды да құлағына сыбыр етті,
Пайғамбар қол көтеріп, бір дұға етті,
Мүбарак пайғамбардың дұғасымен
Тақсырдың кішкене үйі кеңіп кетті.
Қуанды судай тасып Хазірет Ғалы,
Жамиғат үйге кірді жанның бәрі.
Жамиғат жайланысып отырғанда,
Дұға қылып отырды пайғамбары.
Дүниенің көз жетеді тұрмасына,
Қарашы арыстанның мырзасына.
Дүлдүлді сояйын деп сыртқа шықса,
Фатима намаз оқыр хұжырасында.
Отыр екен тамақ тілеп бұл бейшара,
Жиылып келіп отыр төре, қара.
Жараңлар, тыңдасаңыз, ғажап сөзі,
Алланың құдіретін көр, мұнда қара!
- Амин! - деп, қолын жайды Ғалы батыр,
Әр сөзі мың ділдалық балдай татыр!
Үйінің бұрышынан көтеріліп,
Өңшең алтын дастарқан келе жатыр.
Дастарқанмен бірге келді алтын табақ,
Ішінде бір табақтың жетпіс тамақ.
Қанша болса, келген жан бас-басына,
Отырды алды-алдына алып табақ.
Дара-дара табақты алдына алды,
Көрген жанның бәрі де мәз боп қалды.
Жер-жемесін біле алмай халайықтар
Бәрінің, жұмақ иісі мұрынын жарды.
Үйлері ер Ғалының кішкене екен,
Зәредей, жарылқамақ, істен екен.
Дұғасы Фатиманың қабыл болып,
Тағамы сегіз жұмақ көшкен екен.
Сипатын пайғамбардың нұрдан етті,
Ибраһим жүз түйені құрбан етті.
Фатимаға қонаққа келген жанға
Құдайым тозақ отын арам етті.
Сипатын пайғамбардың нұрдан етті,
Ибраһим жүз түйені құрбан етті.
Құдайым әмір қылып достысына: -
Баланды құрбан шал! - деп, пәрмен етті.
Ибраһим Смағұлын құрбан қылды,
Смағұл құрбандыққа риза болды.
Құдайым Смағұлға риза болып,
Аспаннан көк қошқарды тастай берді.
Кек қошқар түскеннен соң, оны сойды,
Өлімге пайғамбарлар басын қиды.
Мал түгіл, пайғамбарлар жанын қиған,
Қимайды ендігілер жалғыз қойды.
Өтіпті бізден бұрын көп пайғамбар,
Абзалы көп пайғамбар - төрт пайғамбар.
Малменен дүние жүзін жасырсаң да,
Өлгенде үш қари без бұйырар.
Өтіпті бізден бұрын төрт шаһариар,
Дүниенің, пендешілік, малын жияр.
Ішпей-жемей тырнақтап жиған малын
Бұл адам өлгеннен соң қайтіп қияр?!
Өтіпті бізден бұрын он екі имам,
Айрылсам иманымнан көрге сыйман!
Ғазірейіл жан аларда келсе жетіп,
Берсем де дүние малын жаным қиман!
Өтіпті бізден бұрын сахабалар,
Жігіттер, жарлы болсаң, жан қиналар!
Біреуге ерте, біреуге кеш уақыт болып,
Мәңгілік бұ жалғанда жоқ қой қалар!
Өтіпті бізден бұрын падишалар,
Ғазірейіл періште(нің) (оның) жанын алар.
Тірлікте өлімді (бір) ойламайды,
Өлген соң, жер астында жалғыз қалар.
Жаратты жер мен көкті Алла тағалам,
Дүниені бұрын көрген - Хазірет Адам.
Ілгері айтқан жанлар өскен содан,
Қала ма бұ дүниеде өлмей адам?!
Жаратты жеті тозақ, сегіз пейіш,
Құдайға ғибадат қыл, қалмағыл кеш!
Мойныңнан ада қылсаң біния ислам,
Бейіштен нәсіп болса, жерсің жеміс.
ИБРАҺИМ
Әуелі жалбарынам құдіретке
Жалынсақ, миллад бергей жаман дертке.
Біз үшін жалғыз ұлын құрбан қылған,
Не көрсеттік сөйткен Мұхаммедке!
Тағы да жалбарынам Құдіретке,
Жалбарынсақ, мәулет (мірлід) бергей жаман дертке.
Біз үшін жалғыз ұғлын құрбан қылған –
Сөйткен не көрсеттік Мұхаммедке?!
Бар дейді Мұхаммедтің жалғыз ұғылы,
Ұғлын сүйер Мұхаммед - айы-күні.
Сүйер ұлын: "Құлыным, қыраным!"- деп,
Маңдайынан сыйпа-мыш күні-түні.
Ұғылының атын қойды - Ибраһим,
Ғақылы дана болды ол жыл сайын.
"Жеті жасқа жетіпті Ибраһим,
Енді мұны молдаға оқытайын!"
Ол уақытта молдасы Ғүсман ер-ді,
Ғүсманның оқығаны Құран еді.
«Құдай сүйген төрт жарының біреуі", - деп,
Баласын оқытпаққа қосқан ер-ді.
Оқып жүрген мешітте көп балалар,
Жаны жанға қосылған жас балалар.
Не кедейдің, не байдың балалары,
Не патшаның баласы, шаһзадалар.
Оқып жүрген балалар балдан шырын,
Бар Құдай Ибраһимге төккен нұрын.
Баланың үлкені бар, кішісі бар,
Ешқайсысы асыл емес онан(анден) бұрын.
Оқып жүрген балалар балдан тату,
Бір-біріне жаман сөз, айтпас қату.
Бұйымын тегін беріп, тегін алар,
Ол уақытта жоқ екен сауда-сату.
Оқып жүрген балалар балдан тәтті,
Бір-біріне жаман сөз, айтпас қатты.
"Ата-ана, микамді көр мына"- десіп,
Ибраһим жан бір күн үйге қайтты.
Жас бала үйге қайтты бетін бұрып,
Мұхаммед қарсы шықты оны кәріп:
- Шырағым, перзентім... - деп,
Тақсырдың мейірі тойды мұны көріп.
Пайғамбар шапағатшы көп үмбетке (амитке),
Расул мейірі (мүһірі) түсті перзентіне.
«Мухаммед жалғыз ұғылын сүйген екен" –
Аян (ғаян) болды Алланың құдіретіне.
Ғазірейілді жіберді Мұхаммедке:
- Тағы ара түсе ме кеп үмбетке?!
Не үмбеті, не перзентімен болсын,
Екі тілек сыймайды бір көңілге!
Құдайдан Ғазірейілге пәрмен болып,
Сәлем беріп кіреді, үйге келіп.
Әзірейіл келіп түр һайбат бірлан,
Мұхаммед ішін тартты оны көріп:
- Уағалейкумссалам, ай, Ғазірейіл,
Өз жайыңа жүрмісің құрып сейіл?!
Қатты жарлық болды ма Жаратқаннан?!
Үмбетке (амитке) ғазап болмас (болмыш), өзім пейіл.
- Иа, Мұхаммед, Алладан пәрмен болды,
Ибраһимнің ол жанын алмақ болды:
- "Не үмбетің, не перзентің (таңдауыңа)"-
Екі тілек бір көңілге сыңмас [болды].
-Рахман атлығы, Рахманым-ай, Құдайым,
Рахман қаһар айласа, не қылайын?!
Сүйенішім, қуанышым, көп (үмітім) - үмбетім,
Үмбет үшін құрбандық бол, Ибраһим!
- Иа, Мухаммед, танырмысың,
Әзірейілмін!
Ұлыңның (ұғлұңның)) жанын алуға мен келумін!
Ұлың жоқ, қайда, ай, Мұхаммед,
Кешіктірмей жалғызыңды ап кел бермен!
- Ұғылым оқи кеткен молдасына,
Бірге жатып оқыған жолдасына.
Асықпай тұр, ұғылымды келтірейін,
Ғылаж не дүр шархы Алласына?
- Ап кел мұнда, ұлыңды өлтірейін,
Калимаға тілін (мен) келтірейін.
Мұхаммед, жалғызыңды ап кел жылдам,
Жанын алып, бұйрығын бітірейін.
Мұхаммед мешіт таба қадам басты,
Көзінен қара нәркес - төкті жасты.
Көзінен аққан жасы жерге тамып,
Қорғасындай балқытты темір, тасты.
Көзінен ағып барды қанды жасы,
Сәлдесінің ұшымен сүртіп бақты.
- Ибраһимжан мұнда бар ма?- деп,
Мұхаммед асасымен есік қақты.
Мұхаммед мешітке келіп тыңдап отыр,
Балалар құран оқып шулап отыр.
Тыңдаса, Ибраһимнің дауысы жоқ,
Екі бүйірін таянып, аһылап (иғлап) отыр.
- Есік қаққан кім?- деп, бала келді,
Әптиегін (һіфтиегін) қолына ала келді.
Ақ шалмалы бір адам есікте тұр,
- Ғарызыңды, Хазіретім, айтшы!- дейді.
- Арызымды (ғарызымды) айтайын, ботам, тыңда!
Ибраһимжан бар ма екен енді мұнда?!
Ибраһимжан болса, шапшаң (шабыншаң) келсін,
Жаман мүшкіл ісім бар өз басымда.
Бала айтты:
- Ол тұрған шахизадамыз,
Ол ер-ді Ибраһим патшамыз біз.
Бүгін тән азабынан науқас болды,
Лаж таппай тұрмыз, бейшарамыз.
- Ой, балам, Ибраһимге айтқыл мені,
Ибраһимнен жақсырақ көрдім сені,
Бір дем (дәм) жүзін көрмесем, бейшарамын,
Ұғылы екен атаның жаны, тіні!
Шыққан бала мешітке қайтып келді,
Ақшалмалы қожаны айтып келді:
- Ақ шалмалы бір адам есікте тұр:
«Ибраһимжан бар болса, келсін!"- дейді.
- Иа, Алла! - деп, - орнынан тұра келді,
- Бісміллә! - деп, есікке қадам қойды...
Бала айтты:
- Салам ғалейкум, ай, атам, (атығым!)
- Уағалайкумассалам, ай, перзентім, жікір пендем!
Қатты ғазап ісім бар өз басымда,
Көзде жасым толады, іште - дертім.
- Ибраһим (д)еді:
- Ай, ата, болмағым күн,
Ғамкүн болып мешітке келдің бүгін.
Он сегіз мың ғаламның бар құдайы
Тәуекел, Ғали Алла, Хаққа жүгін!
- Ой, балам, үйге келді ғазиз мейман,
Қандай мейман екенін танымаймын.
Ата, ұл екеуміз: бір-бірімізге
Жарлық болған секілді бір құдайдан!
Мухаммед жалғыз ұғылын жетеледі,
Бүл кірісін тайдыра төтеледі.
- Көзім жасы, шырағым, ай, перзентім:
Ілгерірек алдыма сен (саған) - жүр! - дейді.
Жалғызға ұстата берген бата,
Жас бала шегінді қолын тарта:
- Ата алдында ( акірінде) бала жүрсе, болар қате,
Алдыма сіз жүріңіз, ай, жан ата!
- Айым, күнім, шырағым, жұлдызым-ай!
Баста-тәжім, маңдайда - құндызым-ай!
Айтқан сөзің кітапқа мағлұм болған,
Бұлардай ғаділ туар ма, жалғызым-ай!
Ата, ұғлы - екеуі (екісі) келді үйге:
- Кіріңіз!- деп, ұсынды бір-біріне.
Ибраһим пенделікпен келгеннен соң,
Ғазірейіл қатты мінді қаһар ісіне!
- Иа, Мұхаммед, ұлыңды ап келдің бе?!
Жалғызыңды Достыңа көп көрдің бе?!
Мұнша неге кешіктің, иа, Мұхаммед,
Ол ұлыңның жанын алмас деп келдің бе?
- Жалғызым басы ауырып жатыр екен,
Уфілесіп (ептесіп) балалар отыр екен.
Ұлым түгіл Достыма өзім құрбан,
Хаққа мойынсұнбаған кәпір екен.
Ибраһимжан, үйге кіргін, тыста тұрма!
Хақтан келген пәрменге мойын бұр да!
Ай, балам, бу Ғазірейіл дүр жан алушы,
Қорыққанмен жаныңды қойып тұр ма?!
Әуелі үйге кірді есік ашып,
Аяғын ақырын-ақырын келді басып.
Ибраһим пенделікпен келгеннен соң,
Ғазірейіл қаһарланды қаһары тасып.
- Ай, ата, қорқа дүрмін қонағыңнан.
Жалғыз көзі өтеді бүйірімнен.
Арт жағыңа шығайын, ай, жан ата,
Қол-аяғым тітіреп тұра алмаймын!
- Ай, ата, қонағыңды танымаймын,
Тітіреп бара жатыр ғазиз жаным!
Күл қылып бұзатұғын отаныңды,
Жаман қорқып барады ғаріп жаным!
Тілесе, тілеу берген Рахматым-ай,
Тақсырдың мейірі түсті перзентіңе-ай! –
"Не үмбет, не перзентпен болсын!"- десе,
Нешік лаж қылайын Құдіретім-ай!
Құдайдың құтылайын міндетінен,
Үмбетім көп сегіз бейіш нығыметінен!
- Жан ата, ол - үмбетің, мен-перзентің,
Маған бола айрылма үмбетіңнен!
- Ой, балам, бұ Ғазірейіл дүр жан алушы,
Ұғылын алып, атаға ол салушы.
Тәңірінің атқан оғы, пәрмен тілі
Пәрменінен Алланың кім қалушы!
- Ой, ата, рақмет алып берсең маған,
Ғазірейіл рұқсатын берер саған!
Разыласып келейін ұстатыммен
Ата хақы, ұстаз хақы бірдей екен!
Разыласып келейін жарандарға (иранларға)!
Бірге Құран оқыған балаларға!
Тез барып, тез келейін, ай, жан ата,
Ғазірейіл рұқсатын берсе маған.
Бірге жатып оқыған құрдасыма:
Не байдың, не патшаның баласына.
Ризаласып келейін, халалдасып,
Жаны жанға қосылған молдасына.
- Иа, Мұхаммед, дидарыңды көрдім, - дейді,
- Өне бойым балқып ердім(ерідім)! - дейді.
- Ұстатына тез барып, жылдам келсін,
Ибраһимге рұқсатты бердім!- дейді.
- Атаның жаны, тіні - ұғылы-дейді.
- Мені сүймей, ұғылын сүйді!- дейді.
- Мұхаммед, жалғыз ұлын қайғырмасын,
Қарғасам (қарғасилам), иа жарлық қылсам, пендем! - дейді.
Ибраһим мешітке барды жетіп,
Бұрынғыдай болмайды көңілі кетіп.
Үш ауыз сөз ұстазға сөйлескелі,
Ғазірейіл артына(н) барды жетіп.
- Қарайып жаным ұмқала жоғырақ,
Атасы жоқ, перзенті жоқ:
Құдай бір-ақ.
Ғарыздасып алайын ұстазыма,
Ата хақынан ұстаз хақы артығырақ!
- Жылы шырай бердім ғой қаным қашып,
Мен де тұрмын Құдайдан қорқып, сасып.
Ибраһим, үйге қайтқын қадам басып,
Бара жатыр Құдайдың жарлығы асып.
Шиелгенді қол шешер, көңіл шешпес,
Имандының шырағы әр кез өшпес.
Ғарыздасып алайын ұстатыма,
Құдай кешер күнәны ұстаз кешпес!
- Жеті қабат жер-көктен өтіп едім,
Көзді ашып жұмғанша жетіп (итох) едім.
Ибраһим, келтірмедім саған соны,
Жанын алып, шулатып кетуші едім.
Ибраһим жүрді енді үйге қайтып,
Құтылайын борышынан иман айтып.
Мешіттегі ұстазының біреуі жоқ,
Ибраһим жөнелді сәлем айтып.
Ибраһим сонан соң үйге жүрді,
Қойдай шулап, қозыдай бірге жүрді.
Мешіттегі оқыған көп балалар
Төрт жынт келгенін енді білді.
Тілесе, тіле(к) берген Алла тағала,
Қимылдаған жанға өзі пана.
Құдайдың жалғыз досы (досты) иа,
Мұхаммед,
Жалғызыңды достынан тілеп қара!
- Құдайдың құтылайын міндетінен,
Үмбетім (амидім) көп бейіштің нығметінен!
Құдайдың өзі беріп, өзі алғанға,
Шүкірлік қылып тұрмын ғыдырымнан!
Ғазірейіл, жөнел, - дейді, - алып қайтып,
Құтылайын борышынан иман айтып.
Үйге кіріп, бір қадам басқан екен,
Алып кетті Ғазірейіл жанын тартып.
Сол жерде Ибраһим қалды өліп,
Жылап (иғлап) тұрды атасы оны (әні) көріп.
Үмбеті сау қалғанға қуанады,
Кейімейді перзентін ойына алып.
Ғазірейіл алып кетті жанын тартып,
Тәуір өтті жас бала иман айтып.
Көп періште түсіпті Мұхаммедке,
Жаназасын шығарды көңіл айтып.
Холла тонын жұмақта (ұжмақта) хор қызы ұстар,
Күнәлы қолдар тамұқта отты тастар.
Ибраһим Құдайының жарлығында
Енді мұның сүйегін кімдер ұстар?!
Пырақ атын жұмақта періште ұстар,
Пырақ атын мінбеген ағызын ұстар.
Жаназасын біз мұның шығарайық,
Ибраһимнің сүйегін төрт жар (иар) ұстар!
Сүйегін Сыздық ұстап, Ғұмар (Омар) жуды,
Ғұшман (Оспан) келіп, құманмен суды құйды.
Арыстаны төрт жарының
-Хазірет Ғалы, Иман айтып тұсында қарап тұрды,
Періштелер жиылды белге таман,
Алып шықты қырық қадам жерге таман.
Періштелер шығарады жаназасын,
Білмей алып, көтерді сол мазасын.
Періштелер шығарыпты жаназасын,
Дін мұсылман уфілейді (жылайды), тамам мұқым.
Ибраһим баланы тек демеңіз,
Өзі жөндеп жатыпты қыбыласың.
Амандасты сол жерде әкесіне,
Сәлем етіп(айтып) кетіпті Меккесіне.
Үстінде екі холла тон ұшып кетті,
Осылайша өткізіпті Алла ісіне!
Періштелер сол жерде жаназа айтты,
Холла тон жұмаққа алып қайтты.
Баланы қабірге қойғаннан соң,
Төрт жарменен Мұхаммед үйге қайтты.
Төртімен Мұхаммед үйге қайтты,
Төрт барып фифиге көңіл айтты...
Ибраһим сол жерде өліп (жатты) қалды,
Жаны-жұмақ, сүйегі - Мекке барды.
Өлгендерге жиылып келетұғын,
Әлі күнге шейін... сонан қалды.
ПАЙҒАМБАРДЫҢ СОҢҒЫ ТІЛЕГІ
Біләлға Расул айтты қылып пәрман:
- Хабар қып Халықтың бәрін келтіріп сан.
Ақырғы өсиетім үшбудүр, - деп,
Бұл күнде сант өсиет айта - дүрман.
Шаһарға бұлар жүріп хабар берді,
Есітіп барша жанның бәрі келді.
Мешітте отырғандар сағынғаннан,
Есікте тікесінен тұрар еді.
Мінбеге Расул-құда шықты барып,
Алланың хамидін айтты ауызына (ағызына ) алып.
Ақырда шаһит болып өлгендердің
Хақында дұға қылды қолын жайып.
Пайғамбар Асхапқа айтты:
- Тында бәрің,
Өтпекке жақын болды уақытым менің (маның).
Алланың әзелдегі пәрменімен
Кетемін ортаңыздан енді сенің (саның).
«Өтер!"- деп, қайғырмаңыз ешбір мені (маңа).
Ілгергі пайғамбардың бәрі һама.
Дүниеде бірде-бірі қалған емес,
Жалғыз-ақ бақи қалар Құдауанда.
Онан (анден) соң Мұһажирға айтты Расул:
- Тыңдаңыз, сізлерге айтар өсиет бұл.
Бұларға менен кейін хакім болсаң,
Аңсары әулетіне (ауладына) жақындық қыл!
Біздерге (бізларға) қызметі бар артық оның,
Сарп еткен дін жолына дүние малын.
Келместен орныңызды даяр етіп,
Бағы бостан болып берді маңзылларын.
Бұлардан егер (агар) болса, күнә(кінә) хасыл,
Ғафу етіп, сізлер оны (аңа) марқабат қыл.
Көрместен иман айтып, дінге кірген,
Хақ жолда (салба) сал бағатынлар бола-дүрлар.
Онан соң Аңсарыға айтты және:
Бұл дінде қарындассыз сізлер маңа( маған).
Менен соң залымдардан (залымлардан) хакім болып,
Әр түрлі жәбір істі қылғай саңа.
Алланың тағдырына мойын сұнып,
Залымына тұрыңыздар сабыр қылып.
Ол көрген мехнатыңның қайыры үшін,
Мақшарда шаттанарсыз (шатланарсыз) жәннат кіріп.
Әр істі қылмаңыздар(қылмаңызлар) сіз асығыс,
Алла һәм асығыспен қылмағай іс.
Әр нәре асығыспен (пана) (бана) және болса,
Опасы (екісіне) иесіне болмағай еш (һеш).
Және айтты:
- Ай, халайық, сөзімді анда(аңла),
Әркімнің қысас қарызы болса менде.
Дүниеден кетпей тұрып, мағлұм етсін,
Беремін өз қолымнан, болса әр (һәр) не?!
Бұл күнде сұрағанға қысас малын,
Зәредей ренжімейді көңілім менің.
Ол адам өзгелерден сүйікті (сүйіклі) дүр,
Дұшпандық (дұшпанлық) етпегені бәлкім оның.
Отырды жауап бермей бәрі һама,
Пайғамбар аз һар етіп айтты аңа:
- Бір мәртебе сұрағанмен, айтпағайсыз,
Айтамын намаздан соң сізлерге жөне.
Бесіннің сол мезгілде уақыты кірді,
Орнынан намаз үшін Расул тұрды.
Махырабада асхапларға имам болып,
Намазын жамағатпен ада қылды.
Мінбеге (мінберге) және қайтып келді-лер баз.
Ілгергі айтқандарын қылды ағаз.
Бір адам қол қусырып, тұра келіп,
Деп айтты:
- Ай, шаһанша, мақұрым араз.
Үш теңге хақым бар дүр сізде менің,
Білдірмек себебім сол:
«Айтқыл!" - дедің.
Және де ол адамға
Расул айтты:
- Ауысты қай турада қарызың сенің?
Ол айтты:
- Барар(барур) едіңіз жолмен кетіп,
Бір тақсыр (тақыр) нәзір сорды сауал етіп.
"Бар болса теңге бер!"- деп, әмір еттіңіз,
Мен сізге үш теңгені бердім елтіп.
Ол теңге ұмытылып сонан бері,
Сұралмай бұл күнгеше жүрер еді.
Фазылға Расул-құда пәрмен етіп:
- Хақысын ол адамның бергіл! - деді.
Асхапқа Расул-құда айттылар баз:
- Бар болса, білдіріңіз қылып ағаз.
Жә, Расул, үш теңгеңіз менде бар деп! - деп,
Бір адам тура келіп берді әуез.
Фазылға ибн Ғаббас - Расул айтты:
Құтқарып теңгені ал бұл адамына
Және айтты әуез қылып:
- Ай, жаранлар,
Әркімнің менде қысас, хақысы бар.
Алланың аты бірлан ант беремін,
Бұл күнде хабар беріп, қылсын аз һар.
"Айтқыл!"- деп, үш мәртебе әуез берді,
Расулдан ешкім зиян көрмеп еді.
Сол уақта Ғакаша атты (атлы) бір сахаба,
Алдына пайғамбардың тұрып келді.
Деп айтты қол қусырып:
- Ай, шаһариар,
Көңілімде айтатұғын бір мәдіғам бар.
Табоктің арасында жол үстінде,
Қамшымен түйеңізді ұрдыңызлар.
Ол қамшы ұзындықтан(ұзынлықтан) онан өтіп,
Арқама сол заманда тиді жетіп.
Алланың атыменен ант берген соң,
Білдірдім кызметіңе аз һар етіп.
Бұл сөзден Расул-құда хабарланып,
Жылады (жығылады) көздеріне жасын алып:
- Жақсылыққа жаза көрсін Алла! - деді,
- Білдірдің бұл уақытта еске салып.
Біләлға пәрмен етті Шаһым Абырар:
- Үйінде Фатиманың ол қамшы бар!
Тез келтір, бұл дүниеде құтылайын,
Бұл қысас ақыретке кетпесін-лар.
Хазірет Біләл барып Фатимаға,
Білдірді уақиғаның бәрін һама.
- Ғакаша пайғамбарға қысас қылар,
Беріңіз, лазым болды қамшы маңа.
Фатима мұны естіп қылды фәриад,
Жылады Хасен, Хұсайын - екі шаһизат.
- Айт! - деді Ғакашаға, - біздерді ұрсын,
Расулге тигізбесін зарра капат (таяк).
Біләл мен шаһзадалар бірге жүрді,
Алдына пайғамбардың келіп тұрды.
Асхапқа, мұны көріп, қапалық келіп,
Өздерін тоқтата алмай (көп жылады) жылап
Біләлдан Расул-құда қамшыны алып,
Берді-лар Ғакашаға:
- Қысас қыл! - деп,
Ғакаша ол қамшыны қолына алды,
Алдына пайғамбардың жақын барып.
Асхаптың баршасы һәм мұны көріп,
Көзінен жасын төгіп, қайғыланып.
Жылады үлкен-кіші бәрі һама,
Айтады: Хасен, Хұсайын нала қылып:
- Орнына бабамыздың біз жатамыз,
Қамшыны қанша болса, бізге ұрыңыз!
Хасен менен Хұсайын - екі шаһизат,
Бір қамшыға - он қамшы ұр, еркіңіз!
Орнынан тура келіп төрт шаһариар:
Ғалы менен Әбубәкір, Ғұсман, Ғұмар. Деп айтты:
- Жә, Ғакаша, қысас қылма!
Берейік бұ хақыңды саған біздер(бізлер)!
Пайғамбар оларға айтты:
- Бәрекелді(бәрекалла),
Қойындар, мәдіғасын қылсын һазна!
Мұғажир ансарының баршасы һәм,
Орнынан тұра келіп, айтты және.
Деп айтты:
-Жә, Ғакаша, арызымыз (ғарызымыз) - бұл,
Орнына пайғамбардың біздерді (бізларны) ұрғыл!
Бұл күні фағыр (шағыр) ғалым ренжімесін,
Ризамыз (ырзамыз) әр (һәр) не болса, біздерге қыл!
Ғакаша оларға айтты:
-Мақұл емес,
Бұл сөздер шариғатқа мақұл келмес!
Алланың дәргаһында: "Қысас ет!"- деп,
Біреуге біреу үшін хабар бермес.
Пайғамбар Ғакашаға қылып аз һар:
- Ал, - деді, - қысасыңды мендегі бар!
Ғакаша Расулға айтты:
-Ұшал күні
Түйеде барұр едіңіз, ай, шаһариар!
Мен жаяу барұр едім жақындасып (жақынласып),
Ыстықтан қойып едім аркамды ашып.
Мүбәрак бұл қамшыңыз ұзындықтан,
Жалаңаш баданыма болды нәсіп.
Пайғамбар оның сөзін қабыл қылды,
Мінбенің (мінбардың) төменіне кеп отырды.
Қамшысын Ғакаша һәм қолына алып,
Үстіне ол мінбенің шығып тұрды.
Асхаптың мұны көріп, бәрі жұмла,
Өтілді Ғакашаға қылып хамла.
Қазір ұрып өлтірмекке талап етті:
- Бір әдепсіз іс қылдың - деп, - Хақ Расулға!
Пайғамбар оларға айтты:
-Бергіл һаман,
Достық-деп, - білдіргені - үшбу заман!
Егер де бұл уақытта айтпағанда,
Ақырда болмас еді пайда маған!
Асхаптар (асхаплар) пайғамбардан мұны естіп,
Әрбірі өз орнына отырды өтіп.
Мүбәрак арқасын һәм ашып тұрды,
Киімін ағызасынан халас етіп.
Аспанға нәубатының шықты нұры,
Отырған жамағаттар (жамағатлар) көрді мұны.
Кекіліктің жұмыртқасы суретінде
Едіңлар (едилар) көрмектікке реңкі, түрі.
Үстінде жазылған хат екі қатар,
Бірінде таңа Алла уақта лашірің етер.
Екінші қатарына аян (ғаян) болып:
"Мұхаммед Расул Алла!" - жазылып дур!
Күн мысал раушанлығы хадден асып,
Көрмекке тұрар еді көз қамасып.
Мысалы ғарасаттың күндерінде
Тұрар-ды ол күн кісі зар жыласып.
Мінбеден Ғакаша һәм тастап өзін,
Мүбәрак арқасына сүртті көзін.
- Ата-анам біда болсын, жә, Расул! - деп,
Зар қылып айтар еді үшбу сөзін.
Деп айтты:
- Мұхаммед, қайырланам,
Ғарызымды естіңіз, елеп айлап акрам.
Қысас бірлан үшбу істі қылып едім,
Көңілімде болған үшін болмады ғам.
Ойландым: "Осы түрлі бір іс қылсам.
Расуланың ағызасына жүзімді сүртсем.
Мүбәрак нәубатының тасылынан
Мақшарда жүздерім ақ болып тұрсам!"
Көңіліме осы түрлі қиял етіп,
Нақақтан үшбу сөзді айттым келіп.
Болмаса жақсы мінезді асхапларың,
Баршасы үйренділер сізден көріп.
Пайғамбар марқабат қып Ғакашаға,
Деп айтты:
- Собу қажилит болса саңа!
Бір құда жаһаннамның отларынан,
Ағызаңа харам етті бәрін тама.
Пайғамбар Асхапқа айтты:
- Құлақ салың,
Айтамын башарат қып, білгіл бәрін!
Әрбір жәннат аһылын көрем десе,
Жүзіне назар етсін Ғакашаның.
Асхап та пайғамбардан мұны естіп,
Нәубатпен Ғакашаны тауап етіп.
"Сағадат сақа болсын!"- деп, айтылар,
Ол күні бұл дәулетке барша жетіп.
Үшбу сөзі: "Мұхамадия" кітабында,
Әні, һәм мағұлым етіп айттым мұнда.
Расулдың кесел болған уақиғасын,
Сиярдан (піснардан) білдірейін, және тыңда.
Және айтты әуез қылып:
-Шаһи жаһан,
Әркімнің мінез пиғылы болса жаман.
Жақында дұға қылып, тіленейін,
Үшбу күн мағұлым қылып, айтсын маған.
Бір кісі тұра келіп айтты:
-Иа, пайғамбар,
Ұйқышы жалғаншылық өзімде бар!
Алланың дәргаһынан тіленіңіз,
Айтылған бөлекше (бұл екісі) болмасын-лар.
Пайғамбар қол көтерді дұға қылып:
- Жалған сөз сөйлемесін көңіліне еніп.
Бұрынғы ұйқысын һәм кем айыслағыл (сыйлағыл),
Өз көңілің қалауынша ұйқы беріп.
Бір адам әуез етіп айтты және:
- Өзімде жамандыктың бәрі һама.
Жалғаншы, ұры, кәззап, мұнафиқпын,
Дұға қыл, жә, пайғамбар, бұл күн маңа!
Әуез қып ол адамға айтты Ғұмар:
- Өзіңді мұнша неге айладың жар!
Ғұмарға Расул айтты:
- Олай деме,
Мақшардың кемшілігі жүз мұнша бар.
Пайғамбар қол көтеріп, қылды дұға:
- Салсын, - деп, - жақсылыққа пиғылын құда!
Дүниеден дін иманын аман етіп (елтіп),
Фазылыңмен нәсіп ет, - деп, - жәннат мұңа!
ПАЙҒАМБАРДЫҢ ӨСИЕТІ
Және бар үшбу жерде бір нақлият,
Әбулһайыс Самарканд атты (атлы) бір дат.
"Ақырғы өсиеті бұл еді", - деп,
Өзінің кітабында аслады (айлады) жат.
Пайғамбар ақыр халда кеселденді,
Кеселі хадден артық қатысты ер-ді.
Махқұр ғып сәлдесімен (салласымен) басын орап,
Мешітке жексенбі күні Расул келді.
Мінберде қарар алып отырды баз,
Біләлға бұл сөзді айтты қылып ағаз (уағаз):
- Ақырғы өсиетімді естисіңдер,
Хабар қыл халайықка, келсінлер тез!
Басында муазнаның
Біләл тұрып,
Естілер халайыққа әуез қылып:
- Ақырғы өсиетін айтадылар,
Ай, қауым, есітіңіз, жылдам жүріп!
Есітіп Мәдинаның адамдары,
Мешітке жүгірділер қалмай бірі.
Базардың дүкендері ашық қалды,
Бекітіп кетпеклікке келмей халі.
Пакизат жас қыздар һәм хабарланып,
Жүгірді жүздерінен пердені (парданы) алып .
Расулдің өсиетін естімекке
Мешіттен орын алды ол һәм барып.
Адамдар хадден артық жиылды көп,
Есікте тұрар еді сыймай келіп.
Қатарда тұрғандарға Расул айтты:
- Кейінгі келгендерге орын бер! - деп.
Әуелгі сөйлегенде шаһи Расул,
"Асейті жағен"- аятына аштылар тіл.
Онан соң бір Алланың атын айтып,
Өзі үшін салауат һәм айттылар біл!
Және айтты:
- Ғабдолла ұғлы, - мен, - Мұхаммед,
Мүталап һашым ерүр маңа аждат.
Араби һәм Құрайыш - Меккелікпін,
Менен соң пайғамбарлық болмас әр шат!
Ай, қауым, құлақ салып тыңдаңыздар,
Өлімнен әуез нығыма болды хабар.
Рабтыма (Раббыма) жолықпаққа мұштақ дүрмін.
Көңілімде үмбет үшін өкінішім бар.
Артымда үмбетімнің қалды бәрі,
Не болар ақырғаша оның (аның) халі.
Иа, Алла, үмбетімді саламат қыл!
Тапсырдым аманат қып, саған, әні!
Ай, қауым, айта дүрмін мен өсиет,
Көңіліңде баршаңыз һәм тұтыңыз жат!
Хазірің ғайыбыңа хабар бергіл,
Естісін сәлемімді барша үмбет!
Алладан назыл болып қалам түсті,
Білдірді халал, харам - әрбір істі.
Баршасын ықласыңмен істеңіздер,
Аяттан тағылым алып әр жұмысты.
һәм және нәпсі һуден сақтаныңыз,
Қашпаған азал мазылға ұшырайды тез.
Алла мен һәм жәннат та алыс болып,
Тозаққа ол хасиф ұшырайды тез.
Сіздерсіз аһил сүннет, ол жамағат
Істеңіз (ислаңыз) шариғатқа астақамит.
Тозақта жанған оттан сақтаныңыз,
Жәннатта отырарсыз һәм дүрисат.
Және айтты:
- Бір Алладан қорқыңыз сіз.
Әмірінен: "Қылма!" - деген сақтаныңыз.
Дінің мен майшақтағы аманатқа,
Қиянат қылмаңыздар істе әр кез!
Алладан майшақ күні нада келген,
"Аруағың мүкімін мен!"- деп әуез берген.
Сіздерге ол айтқан сөз - аманат дүр,
Тұрыңыз сол уағдамен таңда жерден.
Құлдарды тапсырайын сізге және,
Киімсіз, аш сақтама барса һама.
Күш бірлан:
"Істеңіз!"- деп, әмір етпеңіз,
Қуаты келмей тұрған істі аңа (оған).
Және айтты:
- Неке құлданған қатындардың
Кем қылмай напақасын бергіл оның.
Маһыры насирасына зейіл (зайыл) болмай,
Ері өлсе, өзінде қыл ықтиярын.
Егер де қылмасаңыз сіздер мұны,
Тәрік болса айтқанымның бір де бірі
Бір құда хакім болып, қысым етер,
Уағда акірамін болармын мақшар күні.
Ай, қауым, жаһаннамнан қорқыңыздар,
Аһылға иал, сізге (таспих) табиғы әулетің бар.
Оларға шариғаттың хүкімін үйрет,
Болмасын ақыр уақта дақылы тар.
Әр кісі (мұра) әмір иесі болса сізлерге, біл,
Болса да арғы нәсілі хабыш—қабыл қыл!
Хүкіміне қарсылық қып, қапы болма,
Әміріне (сирина) әр не десе, тағат қыл!
Әр кісі тағат қып тұрса, әні,
Күнәңа тағат қып тұрды маңа.
Мен айтқан пәрменімді қылып тұрған,
Тағат қыл ғани дүр бір Аллаға.
Әр кісі қарап тұрған имамына,
Сырына мойын сұнған қылса әр не?
Күнәкар маған ғасы болғаны дүр
Ғасы дүр һәм Алланың дәргаһына!
Ай, қауым, өсиет қып айта дүрмін,
Аһыл (құл) байыт, әулетімді дос тұтқыл сен.
Ғұлама ғалымдарды дос тұтыңыз,
Дос тұтқыл әркім болса хари құран.
Ашумен ғазаптанба оларға әр кез.
Және де тағайын қылып, айтпаңыз сөз.
Істеген жұмысына ма қарайлама (макарайлама),
Оларға дұшпандықпен болмаңыз кез.
Оларды қайсы пенде дос-ты тұтар,
Күйкі дос болғаны маған бұлар.
Дүниеде әркім мені дос-ты тұтса,
Алланың дәргаһына достық қылар.
Оларға дұшпан болса әрбір кісі,
Маған һәм дұшпандық дүр ол жұмысы.
Әлбетте маған дұшпан болғандардың
Аллаға дұшпандық дүр қылған ісі.
Ай, қауым, бес намазды қойыңыздар,
Ішінде неше түрлі тәртібі бар.
Баршасын орны бірлан ада қылып,
һәм және таһаратты айлаңыздар.
Зекетті малыңыздан һәм ада қыл,
Аятпен назыл болған Құранда бұл.
Зекетсіз мал жинаған пенделердің,
Оқыған намаздары болмас қабыл.
Намазды оқымаса қайсы бір жан,
Дінінде ол пенденің болғай нұқсан.
Руза, зекеті һәм қабыл болмас,
Сауап жоқ қызметінде ғиззат қылған.
Ай, қауым, білдірейін қылып ағаз,
Қуаты жеткеніңіз айлаңыз қаж.
Егер де күші жетуші (жеткуші) қажы қылмаса,
Құп алған діндеріне кетсінлер баз.
Құп алса, жаһут (жөйіт) дінін, қылып өтсін,
Болмаса насыранилық қабыл етсін.
Мәжуси ақтыш фәриад дінін тұтып,
Отына жаһаннамның өзін елітсін.
Ол халыққа шапағатым болмас және,
Қауызымнан су бермеймін әр кез аңа (оған).
Егер де ғұзыры болып бармағанның
Күнәсін кешіре дүр уахи дана!
Ай, қауым, алдымызда ұлұғ күн бар,
Құранда хабар берген қылып тақырар.
Қайтадан ағызамызға жан кіргізіп,
Бір жерге баршамызды жия дүрлар.
Ол күні пайда берме аһыл, ғаялың,
Жинаған мехнат етіп дүние малың.
Құлшылық, ғибадаттан пайда болар,
Егер де кәміл болса дін иманың.
Күнәдан пейіліңізді сақтаңыздар,
Шариғатқа хилап істі етпеңіздер.
Көз жылап, тауазиғда көңіл болсын,
Аузыңмен ғибадатты айлап азы hap.
Шайтанмен ұрыссыңыз жаһат етіп,
Ғизза қыл кәпірлермен қарсы тұрып.
Ықыласпен иманыңды сақтаңыздар,
Мешіт сал, намаз үшін, диуал ұрып.
Мүминсіз (мұсмынсыз) бір-біріңе дін қарындас,
Хақ жолын білмегенге айтыңыз баз.
Күнәдан нәпсіңіздің бәрін тыйып,
Зинаға болмаңыздар (асла) әсте жолдас.
Күншілдік қылмаңыздар (асла) істе әр кез,
һәм және ғайбат қылып айтпаңыз сөз.
Егер де күншілдік қып, сөз айтсаңыз,
Жоқ болып қасиетің кете дүрсіз.
Сауабын ғайбат еткен ол күл алар,
Орнына онан (анден) алып, күнә салар.
Ғайбат пен күншілдік қылған адам,
Ол күнде ахыр уақытта тозақ барар.
Ай, қауым, күшің жетсе, құлды азат қыл,
Ғаріпке қайыр етіңіз дүние мен пұл.
Аш болып, мұқтаж болған күніңіз де
Сіздерге пайда болар артықша бұл.
һәм және бір-біріңе залал салмаңыз,
Әлбетте хисап жайға бара дүрсіз.
Бір құда араңызға хүкім етер
Ырза емес күнәһыңа сенің әр кез.
Әр кісі ғамыл санми қылса-лар бас,
Ол қылған жақсылығы өзіне қас.
Күнәһының зары һәм өзіне дүр,
Ешкімге қадір құда залым қылмас.
Ол күннен қорқыңыздар сіздер және,
Өлген соң тірілесіз бәрің һама.
Дүниеде қай іс, түрлі кәсіп етсең,
Жазасын анда берер
Хақ Алла саңа (саған).
Ай, қауым, хабарланып, хақиқат біл,
Жақында өте дүрсіз дүниеден бұл.
Нәпсінің неше түрлі пітнасынан
Сіздерді аман еткей хакім өкіл.
Асхабым, баршаңыз һәм қош қалыңыз,
Жақында біз сіздерден ажырасармыз.
Кейінгі үмбетімнің баршасына
Ізгілік сәлемімді айтыңыз сіз!
Онан (анден) соң өсиетін қылды тамам,
Жылады үлкен-кіші тұрған адам!
Жиналган халайықтың баршасына
Қайтпаққа рұқсат (ұлықсат) етіп шаһи ғалам.
Расул һәм құжырасына қайтып келді,
Кеселі хадден өтіп, қатты ауырды.
Ғұмырының ақырында жамағаттан:
- Он төрт уақыт қалды-лар! - деп, нақыл қылды.
Әуелі қалған еді Хуфтан - намаз,
Азанын хазірет Біләл айтты сылар баз.
Құжыраның есігіне келіп тұрып,
"Алла лауту, иа, Расул!" - деп, қылды ағаз.
Шақырды:
"Алла лауту!" - деп, үш мәртебе,
Жоқ еді пайғамбарда ешбір шама .
-Орныма Әбубәкір тұрсын-лар!- деп,
Ғайшадан хабар берді Расул аңа (оған).
Бұл сөзбен Ғайша келіп хабар берді,
Расулдің хазіреті Біләл халін көрді.
-Дағуата Мұхаммед алеғатеме!- деп,
Басына қолын қойып жығылар ер-ді.
Дер еді:
- Тумағанда атадан мен,
Мұншама қайғы, ғамды кермес едім!
Болмаса пайғамбардан ілгеріде
Жақсы еді мұны көрмей, мен өлгенім!
Осындай бірнеше сөз ауызына (ағызына) алып,
Жылады фәриад етіп, бек зарланып.
- Пайғамбар имамлыққа сізді елітті! - деп,
Сыдыққа хазіреті Біләл айтты барып.
Өтпекке имамлыққа Сыдық келді,
Махырабада Расулдің орнын халқы көрді.
Пікірі көңіліне жетіп, тоқтата алмай,
Фәриад қып: "Мұхаммед!" - деп, жығылар ер-ді.
Асхаптар мұны көріп, қылды нала,
Жылады: "Мұхаммед!" - деп, барша һама.
Бұлардан Расул құда хабарланып
Өзі һәм талап етті бармаққа аңа (оған).
Ғалы мен хазіреті Ғаббас келді алып,
Пайғамбар имамлыққа өтті барып.
Асхапқа фатиқадан соң Расул айтты:
- Мен үшін жыламаңыз мұнша налып.
Сабыр етіп, әр нәрсеге разы болғыл,
Алланың кеше күндісіз тағатын қыл!
Тағдыр жетіп, жер қойнына кірмектігім
Құдіреттің қаламында жазылған бұл.
"Тағдырға болмайды, - деп, - нәпсіл әр кез!"-
Осындай неше түрлі айтылар сөз.
Ғалыға Ғаббас бірлан қолын артып,
Пайғамбар құжырасына қайттылар тез.
Әлқисса, мұныменен ол түн өтті,
Таң атып, дүйсенбінің күні жетті.
Бамдатта Әбубәкір имам болып,
Мешітте жамағат пен намаз етті.
Көрмекке қиял етті Расул барып,
Ғалы мен ибн Ғаббас келді алып.
Асхаптың жамағатпен тұрғандарын
Қарады Расул құда назар салып.
Асхапқа пайғамбардың көңілі толды,
Сыдық һәм келгендігін және білді.
- Өткелі имамдыққа келген дүр!- деп,
Махырабадан кейін тұрып орын қойды.
Сыдыққа:
- Қозғалма! - деп, айтты Расул,
- Әр уақыт Хақтың әмірін осындай қыл!
Сүннетім менен кейін жоғалмас! - деп,
Шаттанып, құжырасына қайтты-лар біл.
Мүбәрак төсегіне Расул барып,
Сол заман есін білмей, қалды талып.
Аһыл ғайал әулеттері фәриад етті:
"Дүниеден өте ме ?!"- деп, көңіліне алып.
Жылады үлкен-кіші - бәрі һама,
Есіне аз заманда келді және.
Пайғамбар Ғайшаға айтты:
- Ғаниматтан
Жеті алтын қойып едім, беріп саңа (саған).
Не қылдың, сол алтынлар бүгін қайда?
Ғайша айтты:
- Баршасы һәм үшбу жайда.
Ғайшаға Расул айтты:
- Алтындарды
Шығарып ғаріптерге (ғарібларға) садақа айла!
Мұны айтып және Расул есін танды,
Көп кеше биһош (байғұс) болып, жатып қалды.
Есіне бір мезгілде және келіп:
- Алтынды не қылдың?! - деп, аузына алды.
Ғайша айтты:
- Бергемін жоқ қазір (әні) оны,
Пайғамбар пәрмен етті:
- Келтір, кәні!
Алланың дәргаһына барғанымда,
Не дермін, нада қылса мұның бәрі?!
Ғалыға алтындарды берді және:
- Ғаріпке қайыр ет-деп, - бәрін һама!
- Дүниенің мал-мүлкінен көңілім тынып,
- Деп айтты:
- Енді рақат болды маңа (маған).
Онан соң Расул құда қойды сөзін,
Көп кеше биһош болып жұмды көзін.
Расулдің милиаты фәриад етіп,
Жылады әрқайсысы білмей өзін.
Фатима жылап айтты:
- Ата жаным,
Сүйенішім екі дүние, мейірбаным (міһірбаным)!
Әниім һәм, мүниім һәм, машайығым,
Не болар сізден кейін менің халім?!
Хасен менен Хұсайын - перзенттерің:
"Құтпада тұрғаным!"- деп, аузыңа алдың.
"Атам!"- деп, сізден кейін кімге барар,
Бұл екі жетім қалған жакір пендең!
Атыраптан іздеп келсе үмбеттерің,
Кім көрер сіздей болып оның халін.
Бұл көзім сізден кейін кімді көрер,
Жолында пида болып жаным менің?!
Бұл түрлі көп сөз айтып, жылап тұрды,
Сол уақта пайғамбардың есі кірді.
Мүбәрак көзін ашып:
- Бері кел! - деп,
Қасына Фатиманы дағуат қылды.
Жүрегіне Фатиманың қолын салып,
Пайғамбар дұға қылды аузына алып:
- Құдая, перзентіме сабыр бергіл,
Артымнан жыламасын мұнша налып!
Онан соң Фатимаға айтты және:
- Айтайын башаратлік, қызым, саңа (саған).
Аһылға йал әулетімнің баршасынан
Әуелі жолығарсың өзің маңа (маған).
Көзде - нұр, көңілімнің - сен-бедері,
Нәсілімнің бақи қалар сенен бәрі!
Дүниеден үшбу күні сапар етер,
Атаңның сөйлеспекке жоқ-ты халі.
Фатима мұны естіп, жылады зар:
- Атам! - деп, бұлар ерді көп биқарар.
Ғалы айтты Фатимаға:
- Сабыр айла,
Расул һәм қайғыланып, жатып дүрлар.
Ғалыға Расул айтты:
- Қойғыл мұны,
Жыласын атасына үшбу күні.
Және де есін білмей, биһош болып,
Тоқталып сөйлей алмай жатты тілі.
Хасенге Фатима айтты:
- Тұр! - деймін мен,
- Жылаңыз атаңызға барып сіз һәм!
Шаһиға бір өсиет ықсан қылса, Кейінгі бізге болар тайбылы һәм.
Алдына пайғамбардың Хасен келіп,
Жылады:
- Жан баба! - деп, әуез беріп.
- Машайығым, мейірбаным (мүһірбаным) сізден кейін,
Кім мені алдына алар халім көріп?!
Ғамкінің, қызметкерің, атам менің Хадиспен:
"Афғи (асығы) Алла атын!" - дедің.
Сізден соң оның халі нешік болар,
Мейірбан ата-анадан жақын едің.
Бұл неше артта қалған азуажларың,
Кім көрер сізден кейін оның халін?!
Асхапқа сіздей болып тағылым беріп,
Енді кім Хақ әмірінің айтар бәрін?!
Хасеннің бұл сөздері жаннан өтіп,
Аһылы байт жығылар еді есі кетіп.
Мұһажыр ансарының (ат сарының) баршасы һәм,
Есікте жығыла сұрар фәриад етіп.
Деп айтар:
- Миллаты шаһи Расул –
Сіздерге баршамыздың ғарызымыз - бұл!
Дидарын пайғамбардың бір көрейік,
Біздерді бір мәртебе ішкері қыл!
Сол уақта Расул және ашты көзін:
- Кірсін!- деп, ишаратпен айтты сөзін.
Асхаптың үлкен-кіші - баршасы - имам,
Мүбәрак пайғамбардың көрді жүзін.
Асхапқа Расул айтты:
- Сөзім тыңда,
Көп жылап, найарманлық (пәрмендік)
Хаққа қылма!
Құранның ішіндегі бұйрығын қыл,
Әмірінен бір Алланың мойын бұрма!
Баршаңыз - халайықтың ишанысыз,
Сіздердей кейін келер болмас әр кез.
Онан соң Расул құда биһош болып,
Рахфибі (рахсибі) ағызасынан жұмдылар көз.
Асхаптың шығып кетті бәрі һама,
Жыласып азуажлары келді және.
Ғайша айтты:
- Сізден кейін не қылармын?!
Рақым етіп, бір өсиет айтқыл мана (маған).
Ғайшаға Расул айтты:
- Сабыр айла,
Фәриад қылып жыламақтан жоқ дүр пайда!
Дүниеден сапар етіп, мен өткен соң,
Құжыраңнан шықпағайсың басқа жайға.
Осындай неше түрлі өсиет айтып,
Көзінен жасын төгіп, жылады көп.
Расулдің қапалығын көргеннен соң,
Жылады: тұрғандарға қапалық кеп.
Деп айтты Сәлім сонда:
- Айа, Расул,
Орныңыз қадірінен жәннатта дүр.
Ғаламның мақұлық атының абзалысыз,
Боласыз не себептен мұнша мауіл?!
Сәлімге Расул құда қылды мағлұм,
Хақиқат: жәннат дүр-орным менің.
"Ахуалы ие не болар-деп, қайғырамын,
- Күнәһар ғасы жафа үмбеттерім?!"
Фатима жылап айтты:
- Ай, атажан,
Өтесіз, мағлұм болды, бұл дүниеден!
Мақшарға халықтың бәрі жиылғанда,
Мен сізді қайдан іздеп таба дүр-ман.
Пайғамбар жауап берді Фатимаға: -
Жәннаттан ұшырарсың барып маңа (маған)!
Ол жерден, нұр дидарым, кез болмасаң,
Хауыз кәусар кінарына барғыл және!
Үмбетке су беремін онда барып,
Адассаң ол жерден таппай қалып,
Күнәһар үмбетімді өткізгеймін,
Сиратқа қарағайсың назар салып.
Ол жерден жолықпасаң болып нәсіп,
Қарағыл таразыға жақындасып.
Сауабы жеңіл келген үмбетімнің
Тұрамын таразысын қолыммен басып.
Егер де ол жерден һәм болмасаң кез,
Жаһаннам кінарсынан қарағыл тез.
Үмбетті отқа салмай, алармын!- деп,
Пайғамбар биһош болып, жұмдылар көз.
ШАЙХЫ ЫСҚАҚ
Ғибрат ал, ей, ағалар, мына сөзден,
Жастықта(жаслықта) тәубе қылып, иман ізден.
Шайхы Ысқақкәллә[1] бәди Рахметулла,
Ғалайһи өткен екен бұрын бізден.
Тұрағы Бухарада болған екен,
Көңіліне ғылым-хикмет[2] толған екен.
Ғауамил[3] тараккиб [4] шархи әлмуфүзежды
Көп оқып, көңіліне жай қылған екен.
Ғылым -"Сарф"[5], ғылым - "Наху"[6] – бәрін білген, "Фықатаухид"[7] кәламынан[8] інжутерген.
"Акайд [9] асул", - хадис тәпсір оқып,
Мантық[10], ташрих[11], хашия[12]- бәрінкөрген.
Ғылымына Мүназаирия[13] сондай жетік,
Сөйлемес басқа шәкірт онан өтіп.
Жастыққа бір күн ауырып, басын қойды,
Биопа (биуафа)[14] бұл дүниеден демі бітіп.
Жиылды ауырған соң жаранлары,
Оқыған бір мәжілісте жас пен кәрі.
Бұлбұлдай сайрап жүрген нәуе жуаны,
Қапалы болып жатыр, жүзі сары.
Кешегі жүрген Ысқақ судай тасып,
Ажалдан құтылар ма адам қашып?
Өлерін бұл аурудан білгеннен соң,
Сөз айтқан жаранларға ғарыздасып.
- Өсиет, жаранларым, құлаққа ал! - деп,
- Бұлайша күйге түсті біздің хал! - деп.
Көрсеткен бір кітабын "Ғылым Бахас"[15]:
- Көріме өзім өлсем, бірге сал! - деп.
Жарандар: "Жарайды!" - деп, қабыл тұтты,
Дүниеден тағдыр жетіп, Ысқақ етті.
Орнына айтқан сөзін келтірісіп,
Шайхы Ысқақ хазіретлерін дәфән[16] етті.
Тілегін көңіліндегі Құдай берді,
Аямай алды дүние сондай ерді.
Қырық қадам көмген жандар кеткеннен соң,
Періште Мүңкір-Нәңкір жетіп келді.
Көп төккен тірілікте көздің жасын,
Шын қойған пендесі екен Хаққа ықыласын.
"Қым!"- деген періштенің даусыменен,
Көтеріп жерден Ысқақ алды басын.
Әуелі көзін ашып өзін көрді,
Білді ойлап ақылменен жатқан жерді.
Келіп тұр бір-екі жан өңі басқа,
Кітабын қолына алып оқи берді.
- Барасың, Ысқақ, қайда кітап жүктеп?
Сен неге қарамайсың бізге беттеп?
Періште Мүңкір-Нөңкір бек һайбатлы
Сұрайды сөз басында:
- Мән раббик![18]-деп.
Сонда Ысқақ жауап берді, тыңда, не деп?
- Болды ма жалғыз кітап сендерге жүк?!
"Аллатер киеб айтаууақкүфе ғала аламиғына айткіс",
Айтшы өзің мағынасын: "Матараккиб!" - деп.
Періште "Айт!" - дегенде, сасып қалды,
Құдайға арыз қыла булар барды:
- Иа, Раббы, пендең не дер, біз білмейміз, -
Деп бұлар Хақ әміріне құлақ салды.
- Пендеме ғылым-хикмет кеткен дарып,
Келіпті ол "Тараккибін" қолына алып.
Сендерден қымсынбайды, сескенбейді,
Байқаңдар, нанбасаңдар, қайта барып.
Тағы да бұлар келді бір айналып,
Не ғып жүр шырматылып, шыр айналып?!
Бихабар еш нәрседен піруай жоқ,
Кітабын оқып отыр өзі ойланып.
Келді де: "Мен раббик ?!"- деп, жауап сүрді(сұрады),
Шайхы Ысқақ келгендерін тағы көрді.
- Тараккибін тап, сонан соң, мен айтайын, -
Деп қысты Нахуменен бұл екі ерді.
Білмейді булар Тараккиб, Ғауамилді,
Ашуы Шайхы Ысқақтың қатты келді.
- Періште, түк білмейтін надансың! - деп,
Кітабын қолына ала ұмтылды енді.
Шайхы Ысқақ молдалығы басым шықты,
Бір салған періштеге қысым шықты.
Құдайдан пәрмен болып, періштелер,
Екеуі екі жаққа қашып шықты.
Бұхарда мен шәкірт боп жүргенімде,
Құлақты жақсы сөзге түргенімде.
Ғалымдар бас қосқанда, сөйлеп еді,
Мен ұғып, жаздым мұны көргенім-ді.
- Өзіне берді Құдай несіп! - дейді,
- Періште шықты көрді тесіп, - дейді.
- Нұр шығып күндіз-түні турады екен,
Сол жері әлі күнге тесік ! - дейді.
Жігіттер(жігітлер), бар ғой ақыр бір өлерің,
Білемін: басқа түсіп, сол көнерің!
Несіне сұм дүниенің мәз боласың,
Осындай қылар сенің бар ма өнерің?
Жаратқан Құдай артық сондай құлың
Көрсеткен зиһын(зейін) менен ғақыл молын.
Періште Мәңкір-Нәңкір сасқанынан,
Таба алмай адасыпты келген жолын.
Бүл сөзім шын хақиқат, кітапта бар,
Жаз-жаңбыр, қыс болса, көп жаумай ма қар?!
Басқаның бір Құдайдан бәрі де жұп,
Келеді тағы әңгіме құлағың сал!
ӨЗІ ТУРАЛЫ АЙТҚАНДАРЫ
МӘШҺҮРДІҢ ӨЗІН ТАНЫСТЫРУЫ
Тірлік пен денсаулықта - баста бағым,
Онан соңғы дәулетім - тіл мен жағым.
Құдай берген он екі мүшелерім,
Өз өнерім өзіме - алтын тағым.
Алты алашқа жайылып кеткен атым,
Жүрген жерім - ду базар, қылып хатым.
Ұстаз пірдің һұмматы болып жәрдем,
[Бір] ұшсам, кете берем, бар қанатым.
Баянауыл: Қызылтау - өскен жерім,
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім.
Қалам, сия, қағазды қолыма алсам,
Келер қоршап бойыма ғайып пірім.
Айдабол мен Күліктен - шыққан затым,
Мәшһүр деген - бір лақап, Жүсіп - атым.
Орта бойлы, қой көзді, пітір(піти) мұртты,
Аққұба, бидай өнді қиапатым.
Жылым - қой, тоғыз беске келіп жасым,
Жарастықты, көрнекті сақал, шашым,
Жел қайықтай жел сөзге есуші едім,
Тұрған күнде: "домалап өрге тасым!"
Әкем Көпей - жетпіс үш жасында өткен,
Дін жолына жас күнде бізді үйреткен.
Өзі жастай тариқат жолын іздеп,
Әбілқасым ишанға қызмет еткен.
Бабамыздың аты екен - Шермұхаммед,
Құдайға - құл, нәуиге(нәбиге) болған үмбет.
Балаларын оқуға сүйрейді екен,
Екі қолдап жетелеп, қылып һүммет.
МӘШҺҮРДІҢ АЛПЫС СЕГІЗІНДЕ СӨЙЛЕГЕНІ
Түзелер қашан жұрт боп мына қазақ,
Қылмаған кім бар дейсің бізді мазақ?!
Кешегі өткен дәуірде тұншығумен,
Өлуге, өлмесекте, қалдық аз-ақ!
Аяқтты бір баса алмай емін-еркін,
Өтті ғой ит қорлықпен өмір шіркін!
Жүргенбіз өліп қалмай, не ғып шыдап,
Қарашы күдерідей жанның беркін (берігін)!
Өшпейді өсіп зорайған өтірік, ұрлық!
Қалған жоқ әлімжеттік, әлі озбырлық!
Өткіздік өмір жасты жылауменен,
Жалғаннан таяқ жеу мен көріп қорлық.
Жыландай ысқырумен төгіп зарын,
Тыныштықпен тата алмады ешкім нәрін!
Көз-соқыр, құлақ саңырау болғандықтан,
Біз білдік қызық дәурен соның бәрін!
Ат шауып айнала алмас біздің міннен,
Тышқанша жан сақтадық шықпай іннен!
Замана баса көктеп билеп кетіп,
Кетіппіз болып болып кәпір, шығып діннен!
Алай-түлей ұйтқыған боран соғып,
Ақыл, сезім жылқыдай кеткен ығып.
Кеткен нәрсе орнына бір келмеді,
Күн қанша жадырағанмен, шуақ шығып!
Келуі жоқ, қанша қақса, кеткен қайтып!
Жараны жаңғыртпайын текке ұлғайтып!
Дей бергіштік қылмайын босқа шаршап,
Көріп тұрған нәрсені сөйлеп, айтып.
Бұ жалғаннан біз көрдік дұшпандықты,
Емен талқы ағашпен қысқандықты.
Жас ұлан мен жынысы әйел - кедей тобы,
Алып тұрсың еркіндік, бостандықты!
Жүрдік-ау тіріміз деп біз де ұялмай,
Өздігіңнен өлуге жан қия алмай.
Өнер, білім, талапқа жол жоқтықтан,
Хайуанша қаңғып қалдық оқи алмай.
Мен жастан болдым ақын, өлең дарып,
Кететін сөйлемесем, ішім жарып.
Ауызға ерте ілініп, түстім көзге,
Қылған титтей пайдам жоқ мұнан жарып.
Бұ жалғаннан өтеді кім басы аман?!
Бізді билеп иледі өткен заман!
Жеңсікшіл елдің жетпей мақтағанын
Желөкпелік ұқтырды шын деп маған!
Жағдайсыз сұм заманмен өмірім өтті,
Ғашықлық, нем бар еді қыспай к...ті?!
Ерік, ықтияр өзінде жоқтығынан,
Не жаудыр көз қуса боп, қыршын кетті?!
Бай кедейге көрді ме мойын бұрып,
Өмір бойы жем қылды қанын сорып.
Бұл күнде есіктегі жалшылары
Төре айтты өздеріне төрде отырып.
Ездігімнен мен жүрмін тіпті әлі өлмей,
Ер болсам, кетер едім тілге келмей.
Мұның бәрін кім қылды, Құдай қылды,
Қазақ жүр мұның бір де бірін білмей.
Біздің қазақ саяғы кер кеткеннің,
Түк пайдасын көргем жоқ ер жеткеннің.
Алқымынан алған жау босатпайды,
Онан күші аса алмас жан біткеннің!
Көл құрып, аққан дария - су тартылған,
Ұртты ауыртқан құр бос сөз көп айтылған!
Азаматта айтарлық таппадым жан,
Бой жеткенмен, күндіктен күні артылған.
Не боларлық сабаздар жүр ғой өспей,
Өмір бойы желкеден жауы түспей!
Мен көрмесем, кейінгі заман көрер,
Дәметейін түңіліп, үміт кеспей!
Жегеніне мәз болып тауып нанды,
Алас ұрып бәрі жүр қинап жанды.
Шарқ ұрсаң да дүниені таба алмайсың,
Басқаға пайдам тисін деген жанды.
Кедейдің шықпайды өнер саяғынан,
Байлардың запыс болған таяғынан.
Бірі шаба жөнелсе ілгері озып,
Шап етіп бірі алады аяғынан.
Жұмысы замананың сауда - сату,
Арам боп ылғи түнге таң боп ату.
Дүние - дос, малға құмар жанын жалдап,
Табылмас, емге іздесең, екі тату!
Пайдалы оқу үйренбей жалғыз әріп (харіп),
Шатпалақтап үйрендім наху, сарыф.
Пайғамбар айтқан екен, білмеппіз біз:
"Алшаһарыт апату, - деп, - Хадіс, Шәріп!"
Ауызға ерте ілініп, атақ алдық,
Үйір-үйір қысырақ матап алдық.
Белімізді сындырып кете жаздап,
Шөккен нардай бақ етіп, жата қалдық.
Аспандағы бұлтпен араластық,
Кейде жаңбыр, кейде қар, бұршақ шаштық.
Тапқан олжам, атақтан алған сыйым,
Бір өзінен іс көрдім үш-төрт қастық.
Тоқтамадым мен мұнан аузым тыйып,
Бергім келмес ешкімге көзім қиып.
Жүрген күнім көп болды-ау әрі - Айдай,
Жер мен көктің ортасына зорға сыйып.
Тұрарлық бір сөз әбден айтарлыққа,
Мұрша болмай бұл беттен қайтарлыққа,
Ақша шашам, шар салып сайлайтын кім,
Таласпасам мен сөйтіп шайтандыққа
Пәлі, олжаңа болайын алған саған!
Атақ қайда дүниені даңқы жарған?!
Міне, атақтың пайдасы маған берген,
Сыбағасын шайтанның тартып алған.
Қылық емес көрінер Құдайға қош,
Ұқтыңдар ма: қай жерден тігілді қос?!
Мырза Құдай, кең Құдай кешірімді,
Қалай еркін қаңғытып, жіберген бос?!
Тең құрбымнан жүрмекпін бойым асып,
Кез келгендей бетіме жердей басып.
Шыбын құрлы қауқар жоқ, жоқ есім де,
Өмірі өткен Құдаймен қарсыласып.
Мен не болсам, обал жоқ өзіме деп,
Бақкүндесім, байқасам, шашымнан көп.
Алас ұрдым әуре боп, тұстасымның,
Бет қаратпай бәрін де жеңемін деп.
Айналыстым жынменен мен бесімде,
Кетпестей боп орнады он бесімде. ,
Әуреленіп шарқ ұрдым, жетілдім деп,
Арты қандай болары жоқ есімде.
"Жазған сөзім әркімге тұмар!" - дедім,
"Аузын ашып, ол көзін жұмар", - дедім.
Мылтық алып, атам деп көздегенді
Ақымақлықтан: "Маған сол құмар!"- дедім.
Мәшһүрдің құр бос сөзбен толған ұрты,
Ойында жоқ ағарған сақал-мұрты.
"Түлкінің қызылдығы өзіне сор", -
Сол сықылды болыппын көздің құрты.
Ішпей мас боп жүріппін, жемей - тойып,
Өзімді - өзім мұқатып күнде жойып.
Құмар болып қолына түсіргендер,
Түлкіше сыдырып алды бір-ақ сойып.
Болғанда сен не болдың, түлкі болдың,
Қу медиен, құба жонның көркі болдың.
Қолға түспей жүргенде оңды-ақ едің,
Тұтылдың, қолға түстің, күлкі болдың.
Дүние тегіс біледі жұпар даңқын
Құнды, пұлды танып жұрт, қымбат нарқын.
Жұпар өзі немене, айтыңдаршы,
Бір киіктің кіндігі, білсең жарқын.
Анадайдан мұрынды исі жарып,
Жүрген - тұрған жерінде жұғын қалып.
Оған құмар болмаған кім бар дейсің,
Қолға қайдан түсер деп азаптанып.
"Жұрт біткен екен ғой, - деп, - маған құмар,
Елтіп мас боп, бас шайқап, көзін жұмар.
Құмар емей немене, қолға түссе,
Кенедейін сақтайды, қылып тұмар.
Ол мүсәпір мастанар жазғытұры,
Оны аңдыған дүниеде көп боп ұры.
Бар деймісің ойында титтей оның,
Екендігі кіндігі бостың соры.
Қолға түспес бір асыл піл сүйегі,
Мұрыны зор, ол-бір хайуан: жоқ иегі.
Сөзді сөз түртіп айдап шығарады,
Шідердей ағытылса сөз тиегі.
Алла адамды жаратқан артық зирек,
Басқадан артықтығы оқшау бөлек.
Оған-дағы, жұрт құмар күн-түн андып,
Сүйегін алу үшін қылып керек.
Сорды азсынып, кейде біз тұз да қостық,
Желді азсынып, құйынның жолын тостық.
Пайда ойласаң басыңа, жап етекті,
Жұрттың жақсы көргенін білме достық.
"Жап етекті! – дегенім - есіңді жи!"
Есті жисаң, көресің сонда артық сый.
Ақшаға ешкім алмайды, шаш далаға,
Атақ, абырой, ар, намыс, - бәрін де қи!
Бой бермеймін дегендер ар - намысқа,
Ұзап шырқап кетеді тіпті алысқа.
Кеткенімен алысқа құтылмайды,
Қайда барса, килігіп ну қамысқа.
"Бай болады, - деп айтқан, - к...ті қысқан",
Қыспағанға дос аз да, көп қой дұшпан.
Көп қамыстан қоянға не пайда бар,
Жел тұрса, сыбдырынан үрейі ұшқан.
Білмейсің өзің қалай ұшқаныңды,
Жығылып жерді қауып, құшқаныңды!
Саған атақ әперген қызыл тілің
Өзіңе көбейтеді дұшпаныңды.
Жаз - алмасаң сыбаға, қыс-аласың,
Астары жоқ киімге тыс аласың.
Алған пайдаң мақтанға, тапқан олжаң,
Дұшпандардың оғына нысанасың!
Оқу жын - есалаңға, өлең де - жын,
Өнерің - өткір пышақ, сен - оған қын.
Өзіңді тілім - тілім, дал-дал қылды,
Өзгесі өтірік болса да, бұл сөзім-шын.
Досы емес, өз жаныңның қасы болдың,
Артық сөйлеп Аллаға асы болдың.
Жұрт қолына алды деп, елеурейсің,
Қолға алғанда дойбының тасы болдың.
Әлдеқандай боласың бұрылмай бет,
Мастанасың шай ішіп, жегенге-ет.
Бірде биге шығасың, бірде-закот,
Бар болғаның осы ма, ту, пәлекет!
Шайнам ақыл жоқ титтей, не еткен бассың?!
Жеп етің жоқ, ит тиген арам ассың!
Жұрт ойнаса тақтайдың бетіндесің,
Ойнамаса, қалтада қалған тассың!
Тасы болмай дойбының, болсаң қалам,
Қолына алып жаза алмас ешбір адам.
Жерге қиып тастамай көрген кісі,
Әбдіреде жансыздай жатып қалам.
Мұныменен таусылсын Мәшһүр сөзі,
Өз сөзіне сүйсінсін құлақ, көзі!
Керексізді бір алар - жаратпаған,
Неге керек боларын біледі өзі.
Күнелттім бір үй толған соқыр бағып,
Оған мен жаранамын қалай жағып?!
Түрінің қандай екенін қайдан білсін,
Самаладай қойсаң да мың шам жағып.
Айтқан сөзім құлақтан кетеді ағып,
Құлақ қайда мақтанар гауһар тағып.
Құлағы тарс бекіген саңырауларға
Шаршама сылдыр - сылдыр қоңырау тағып.
ЖАЛҒЫЗДЫҚ
Ер едім талай бұзған қамалыңды,
Құрытқан қулық, айла, амалыңды!
Басыма бір тиындай тимей пайдаң,
Зеректік, көрдім сенің залалыңды!
Оқуға қылып ұста тілдің ұшын,
Өмірімде бір іс қылмай Құдай үшін.
"Болсын, - деп, - менен риза нәпсі уағда!"
- Тауыстым жігіттіктің барлық күшін.
Бес жаста ала қағаз ұстап қолға,
Жер ауып жеті жаста жүрдім жолға.
Желкемде өмір бойы болып жауым,
Жан шықпай, барсам қайда, жүрдім зорға.
Бес жаста кәріплікпен (ғариблықпен) бел байласып,
Жоқтықпен үйір-шүйір ыңғайласып.
Көп көрдім құлынымда жетімдікті,
Ата —анам қуып түзге бірге айдасып.
Мен болдым бала күнде тірі жетім,
Болғам жоқ еркеленіп ірі жетім.
Бала боп ата-аналы, сый көргем жоқ,
Қадірсіз, құнсыз, пұлсыз сірі жетім!
Басыма пәле болған қызыл тілім,
Көрмеген қызығымды туған елім.
Қаңғытып, өмір бойы тентіреткен,
Бас қосып, зеректік пен ғылым-білім.
Жасымнан сөз өнерін тудым ойлай,
Сүңгідім көлден - көлге бойлай - бойлай!
Қағып ап естігенді, тұрмаған соң,
Ата-анам айдап берді үйге қоймай!
Кеудеме кішкентайдан кеңес толды,
Жеткенде он бес жасқа өлең қонды.
Тианақ алды-артымда жоқтығынан,
Мен кеттім айыра алмай оң мен солды.
Бойыма күшті болып қонғам дертім,
Есте жоқ Құдайменен қылған сертім!
Не жалған, не ақырет жоқ есімде,
Қызға өлең жазу болып есі-дертім.
Қара тер бостан - босқа боп жүргенбіз,
Харидар өмір бойы бір болмай кез.
Он бесте мен жазғанмын үйіп-төгіп,
Қайда бар өлең танып оқитын қыз?!
Өлеңге қыз көрмедім үйір ойы,
Сол күннен бүгінгеше өмір бойы.
Не қылсын өлеңіңді, өнеріңді,
Байлардың салпаң құлақ қоңыр қойы?!
Болады тай дегенің - тайлы бие,
Иттің көбі - шөгеріп салған түйе.
Сондайға өлең жазғызып, әуре қылған,
Айналайын, Жасаған, Жаббар, Ие!
Текеге-ешкі, бұқаға болып сиыр,
Сүті жоқ, тұяқ кесті, бәрі шиыр.
Өлеңге үйір құлағы таба алмай жан,
Хайуандардан жастан-ақ жүрдік қиыр.
Зеректігі-Мәшһүрдің болды соры,
Таусылмайтын сабаның болып қоры.
"Өлеңменен жағамын"- деп жүріп-ақ,
Қызығынан жалғанның қалды құр(ы).
Өлеңіңді айтумен сарна да отыр,
Қыз қайда сенің жазған сөзіңді оқыр?!
Екі көзді кісі емес— қыз құмары,
Қараңғыда табатын көзсіз соқыр.
Екі кезім бар ғой деп, соған сендің,
"Қызға соқыр зәру!" - деп, - қашан білдің?
Өмір бойы адасып, білмей өттің,
Керексізін қыз итке қызыл тілдің.
Күн өткіздің тіліңнің ұшыменен,
Сыртын көрдің, жұмыс жоқ ішіменен.
Кетпен шот ап, ар қылдың жер қазуға,
Жұмыс қылмай соқырдың күшіменен.
Талай жанның қолына бердің нұсқа,
Тілің ұзын болғанмен, қолың қысқа.
Пайдасыз іспен шатып бір басыңды,
Құр алақан жалғаннан өттің босқа!
Жалғанда жан жолықпай өзіңе сай,
Мал жиып, бола алмадың дәулетті бай.
Үйге-түзге керексіз бір жан қылып,
Қалдырған қалай жалғыз, Құдайым-ай?!
Жасында жұрт қадірлеп, сыйлап күтті,
Ерте сый көргендігің түпке жетті!
Қызықты, дер күнінде көрген жанның
Тұрсын ба саған қарап, бәрі кетті!
Бәйгеден, көзге түстің, озған күнде,
Қолыңды сермемедің созған күнде.
Керек қып кім алады бір тиынға,
Атлас, ақ пұл ескіріп, тозған күнде?!
Қадірлеп әркім сілкіп, тұсына ілді,
Құныңды пұлың менен әбден білді.
Жаялықтан басқаға жарамайсың,
Қадірлі сенен - қой жүн шекпен енді!
Күндіз-түн өртенумен от жанады,
Өртте қалған шаланы кім алады?!
"Баяғыда мен сондай..." - дегеніңмен
Жүз ант іш, құран алып, кім нанады?!
Тұтатып, жас ағашты жандыра алмай,
Сусынды, қор қыласың, қандыра алмай!
Қой енді, тілімді алсаң, ауыз ашпа,
Шаршайсың жалғыз жанды нандыра алмай!
Көргісі келмей сені, көзін жұмар,
Сөзіңді қылар жан жоқ енді тұмар!
Тең теңін олжаламақ, тезек - қабын,
Болмайды саған енді ешкім құмар!
Мезгілсіз ызылдама, болып сона,
Жасынан қартайсын ба саған бола?!
Қайырылып бір мұсылман дуа қылар,
Болғаның артық енді өліп, мола!
Жалғаны жоқ, мен шын сөз айтам онан,
Таусылып бітесің ғой, жұтумен қан.
Бір үйде мың жыл жалғыз отырсаң да,
Қасыңа, аяп сені, келмейді жан!
Үш ағаш, басын қосса, мосы болар,
Көп болса, жылқышының қосы болар!
Талай қыз: "Жалғыз қалғыр!" - деп, айтқан-ды,
"Жалғыз қал!"- деген қарғыс осы болар!
Мен жүкті бала жастан көп алғанмын,
"Жүк емес, бір қазына ғой!"- деп алғанмын.
Құтылған қарызымнан бір жерім жоқ,
Көп борыш кішкентайдан жеп алғанмын.
Аямай, не берсе де, берген Құдай,
Маған қиын болғанмен, Құдайға оңай!
Есеменен, түйдегімен келе берген,
Соңынан біреуінің бірі - жұбай !
Аллаға бала жастан тігіппін қос,
Ойда жоқ:
"Өткізе алмай, көрем, - деп - нос!
" Түспейтін жан қолына қанша асылды
Ойлашы: неге берсін, ақшасыз бос !
Алланың аямастан, бергені— мол,
Сүйсінді көз бен құлақ, тіл менен қол.
Құдайға жүн-жабағы, тері қат па,
Қайғы ғам мехнат пен дерт— ақшасы - сол!
Сұраусыз қаңғып кеткен: мен - зерек құс,
Кісідей емін-еркін, сол— басы бос.
Ғындаба, шидидаға салғаны— сол:
"Болсын, - деп, - қайта айналып өзіме дос!"
САПАР ӨЛЕҢДЕРІ
ЫШҚЫШ БАП САПАРЫ
Медірессе жата алмадым ішім пысып,
Көңіліме әр бір түрлі қиял түсіп.
Мәшһүрде бала жастан бар емес пе,
Кететін диуаналық мінез қысып.
Қоржынға кітап, құран салдым жинап,
Не таптым бала жастан нәпсі сыйлап?!
Ойландым бекер қарап жатпайын деп,
Біраз күн жүрейін деп жанды қинап.
Жастықта жүріп, тұрып қалайын деп,
Әр нәрсе көрсем, ғибрат алайын деп.
Қадам жай әулиені зиарат қып,
Хазіреті Ыдырыс, Ышқыш (Шықыш) бапқа барайын деп.
Мен жүрдім тілеп жәрдем бір Құдайдан,
Жарысқа қосылып ем құлын-тайдан.
Айында рабиғұл, әуел дүйсенбі күн,
Аттандық Қыбырай - Дүрман деген жайдан.
Байназар ақсақал мен Мыңбас, Ақпан,
Шықпайды жақсы кісі ынтымақтан.
Арғыннан бесеу, бізбен алтау болдық,
Жүсіпбай - жолдасымыз: Найман - Тоқпан.
Түбінде Баркөз төбе Нұрбек қондық,
Жанлармен Құдай сүйген жолдас болдық.
Тірілік, денсаулықтың арқасында
Әр жерден біз осылай кеңес құрдық.
Жол жүрдік дін жолында жанды қинап,
Демедім бай болайын, дүние жинап.
Өзі үйінде жоқ екен, Ташкент кетіп,
Үй - іші, қатын-бала күтті сыйлап.
Самауыр, қайта - қайта қойды, шайды,
Жей алмай азыққа алдық аппақ майды.
Құданың аз күн берген наубатыңда
Аралап тамаша еттік әр бір жайды.
Біз көрдік Ескендірдің мұнарасын,
Жол қылған кесіп жардың екі арасын.
Қаздырып тыңнан арық, су ағызып,
Княздің қылған абад бау ағашын.
Екі кент қатын айлық, қатар сайлық,
Денсаулық - тірі адамға үлкен байлық.
Тауға кіреберісте жол үстінде
Атанған Жанжалкент деп, ол - шын байлық.
Қазакент қалды ар жақта көрдік, әні!
Әр түрлі екен жолдың екі жаны.
Жаяу түсіп, зиарат қылып өттік,
Сахаба болған имам Ғақсыраманы.
Сарт - сауан жол үстінде Қожакенттік,
Түс болмай аяңменен соған жеттік.
Шыршыққа көпір салам деп жинаған,
Тастарын хазірет Ғалы тамаша еттік.
Екі тау: Қоңыр, Бұқа қалды жолда,
Баруда - қамшылар жақ болды онда.
Бесінде Шарбақтағы Жүсіп ханға
Барған соң мейман болып жаттық сонда.
Самауырын – қайта - қайта қойды шайын,
Атқа жем неше мезгіл берді дайын.
Сойды да бір сырбазды асып берді,
Жолшыбай үлестірдік аппақ майын.
Бар екен Ишан деген бір ағасы,
Көрінді ақпейілді сол шамасы.
Атасы нағыз әулет тұқымы екен,
Кісі екен табылмайтын, жоқ бағасы.
Аттандық онан ертең ерте тұрып,
Әңгіме түні бойы мәжіліс құрып.
Қадам жай қарауылшы көпірінен
Түнде өтіп, тауға қарай кеттік жүріп.
Сол жақта Бұрыш молда қала берді,
Бар Құдай баршамызға пана берді.
Әңгіме - әркімдерге ғибрат үшін,
Көргенін жазып Мәшһүр ала берді.
Сарқырып ағып жатқан Шыршық қайнап,
Біз көрдік барып басын Құдай айдап.
Қадам жай әулиенің ағашына
Отырдық біраз тоқтап, атты байлап.
Кетіппіз Құдайдаттан сол түн өтіп,
Байқамай қараңғыда өтіп кетіп.
Таң атып, намаз оқып, күн шыққан соң,
Имамхан көпіріне бардық жетіп.
Шыршықтың таң қаларсың тасқанына,
Сарқырап таудан, тастан асқанына.
Астында тіреуі жоқ ағаш көпір,
Солқылдар жалғыз аттың басқанына.
Жағалай жол үстінде тұрған мазар,
Бұл Мәшһүр көргенінің бәрін жазар.
Астың-су, үстің - аспан, ортасынан,
Жетектеп бір - бір атты өттік азар.
Тау қалды жолда оң қолда Абылқасқа,
Таулар көп толып жатыр онан басқа.
Құдайдың құдіретіне таң қаларсың,
Қатарлап жиған жүктей тұрған тасқа!
Жер екен Шиман деген таудың басы,
Шілмахыраб Абылқасқа хан ортасы.
Ауызында Бұрыш молда көпірінің
Бар екен тас боп қалған адам басы.
Шыршықтың Алатаудан шыққан басы,
Таусылмас айта берсем тамашасы.
Бар екен Хазірет Ғалы дүлділінің
Жем жеген екі жерде ахыр тасы.
Бір өзен Қожакенттен Өкем құйған,
Суына көрген адам ішпей тойған.
Тастар бар жол үстінде бек тамаша,
Ойларсың - біреу әкеп қолмен қойған.
Қожакент көпірінен өтіп жүрдік,
Көтерген Хазірет Ғалы тасын көрдік.
Бір емес, көпірінен және де өтіп,
Аяндап тауға қарай жортып желдік.
Шыршыққа құяды екен Пішкәм келіп,
һаммасын жаза бердім хатқа теріп.
Басында Шайхы Ғұмар баба жатқан,
Сыртынан көрмесек те, өттік біліп.
Қасында екі кент бар: Шежек, Нанай,
Қыстақтар адам білмес қалған талай.
Көк судың құйған жері - Бұрыш молда,
Жаратқан құп тамаша Тәңірім қалай?!
- Алатау - басы толған қар, - деп айтты,
- Пішкәмнің (Біскемнің) жолы қиын, тар, -
- Сахабауыл Ғабдолла аңсары мен Әулие
"Күміс кептер" бар! - деп айтты.
Көрерсің көп тамаша ол Шарбақтан,
Аққан су тарау-тарау әрбір жақтан.
Баршасын жүріп тамам керуіңе
Шықпайтын жолдас керек ынтымақтан.
Ат керек сымдай берік мұндай жолға,
Және де өзі аяңшыл болсын жорға.
Болғанда түс мезгілі зорға жеттік,
Атанған: "Нұр тауы, "- деп, сеңгі нұрға!
Шай іштік ат шалдырып шоқ қамысқа,
Ел - жұрттан ұзап кеттік біз алысқа.
Жер екен жүйрік озар асып күші,
Жасынан талай түскен көп жарысқа.
Бұрылып оңға шиыр із жол кетті,
Жалғаннан әурелікпен әркім өтті.
Қоңыратбай, Жақып пенен - Көктөбелік,
Сол жерде артымыздан қуып жетті.
Алатау: жері - шүйгін, малы семіз,
Қызығын жатыр екен көріп Қырғыз.
Ойдағы - қырдағы Арғын бас қосқанда,
Түп - түгел бас - аяғы болдық сегіз.
Ауылынан өтіп кеттік Атай - Қырғыз,
Бір жерде және түсіп, шай іштік біз.
Көк пен жер ортасындай жермен жүрдік,
Бір жағың тау болғанда, бір жағың - құз.
Бірі-әрі, бірі - бері жүрген адам,
Айта алман көргенімнің бәрін тамам.
Шай ішіп, намаз оқып, жайланып ап,
Өріне Найзақызыл бастық қадам.
Таулар көп: өркеш-өркеш, түйе мойнақ,
Құлын, тай, болатұғын бота, тайлақ.
Ер кетіп, сыпырылып ат көтіне,
Секіріп иығына міндік жайдақ.
Білмедім қалды қайсы жақтан келіп,
Қарамай ерге жайдақ алдым мініп.
Түсірмей ерді жерге шапшаңдықпен,
Қолымен алды қағып Ақпан келіп.
Ойладым: түссем жерге, мәнім болмас,
Жығылсаң, оңдырар ма қып - қызыл тас.
Тар жер, тайғақ кешуде қайырылысқан,
Деп соны айт: " қияметтік жақсы жолдас"
Басында Найза қызыл қауын сойып,
Қызықпен ішпей - жемей жүрдік тойып.
Атты ондап ерттеп алып, қайта мініп,
Жөнелдік енді төмен бетті қойып.
Жол емес жүрер адам жолын тауып,
Жер емес жүретұғын желіп, шауып.
Бәрінен біткен жұрттың басып озып,
Өзенге барып қондық - "Бақырауық."
Жалайыр, Арғын, Қыпшақ тобыменен,
Құлан сай таудан түскен қобыменен.
Көпірден теріс құйған жерден өтіп,
Ат салған Қайқыш қорған жолыменен.
Бұл жолда денсаулық пен керек жастық,
Шоңқайып ат көтіне таудан астық.
Құданың о да болса, жеткізгені:
Бұлт пенен аспандағы араластық.
Алатау, кешіп өттік Құлат сайын,
Біз көрдік әулиенің Қадам жайын.
Екі өзен қатар ағып Шыршық құйған,
Дейді екен: "Сасық қайың", "Боқты қайың.
Шыршықтан әрлі - берлі өткеніміз,
Талайды тастап жолда кеткеніміз.
Шатқалда - Хазіреті Ыдырыс тауларына,
Аяңдап шаршы түсте жеткеніміз
Жылқының мінсең жүйрік пырағына,
Жеткізер, желсең жердің жырағына.
Тазалап күнә, кірін жуғанымыз –
Ол соны Даштияның бұлағына.
Жігіттер, бұл замана ақыр екен,
Нанбаған айтқан тілге кәпір екен.
Ишандар тыстан келген қырық-елу жан,
Басында сол бұлақтың жатыр екен.
Жер екен Ышқыш бапқа жақын таяу,
Түседі айтқан сөзге көңілі ояу.
Шынымен ықылас қойған— әулиеге
Сол жерден барады екен болып жаяу.
Ол күні олар онда қалды жатып,
Халық, жұртты жүрісіне таңырқатып.
Бұрынғы қазақшылық қалпымызбен,
Атпенен барып түстік тасырлатып.
Аң - таңбыз бұрын, сірә, көрмеген соң,
Жол білер даналармен жүрмеген соң.
Бірі боп барған көптің кете бардық,
Мән-жайын бұрын естіп білмеген соң.
Бесінде Қадам жайға барып түстік,
Шырақшы қазақ Шайхымен жүз көрістік.
Өлі аруақ, тірі аруақты зиарат қып,
Пейіштен шыққан көзі судан іштік.
Қанарсың әңгімеге менен жарып,
Солардың бәрін жүріп көрген ғаріп.
Қырғыздан бір басшы алып молда
Ақпан мен Арасан бұлағына қайттық барып.
Бұлаққа түнде бардық жолмен айдап,
Жарықтай қараңғыда гүл - гүл жайнап.
Жып-жылы қолың салсаң, жылытқан судай,
Қазандай шымыр - шымыр жатқан қайнап.
Жол жүріп ғаріплікпен күн-түн қаттық,
Әр жердің Құдай айдап тұзын таттық.
Жете ме ойға алғанға адам, сірә,
Қылмаса жаннан кешіп азаматтық?!
Таусылмас көзбен көрген тілмен айтып,
Қинадық аз күн жанды бейнет тартып.
Дәнеме ұйықтап жатқан бітірген жоқ,
Таң атпай орнымызға келдік қайтып.
Нұсқа боп жазылған сөз қалар хатқа,
Татқыздық талай жердің суын атқа.
Аяңдап молда Ақпанмен тағы шықтық,
Жұма күн ертең ерте зиаратқа.
Шомылдық абрахымат суға түсіп,
Шарбатқа һураганан қандық ішіп.
Үміт қып жаһитлардан ыстығанат
Ортасын көп мазардың өттік кешіп.
Көп шаттық (шатлық) көңілімізге болды пайда,
Мазар боп қалсаң дүние сондай жайда-ай!.
Балқыған қорғасындай болып кеттік,
Айырған тортасынан сары майдай.
Қарайды базар барған қалтасына,
Сүйсінер тоғай барған балтасына.
Отырдық біраз кіріп, пайыз алып,
Жар салған ишанлардың алқасына.
Кеп барған хисабы жоқ ноғай, сарттың,
Қаншама ортасында жас пен қарттың.
Жұманың парызын ада қылғанымыз
Бес жүздей ортасында жамиғаттың.
Көп шығар бәлки мұнан, айттым шақтап,
Не түрлі маңғаздары барған ақтап.
Қасиет әулиенің кереметін,
Айтсам да жарасады қалай мақтап.
- Құдай-ау, өзің бізді қолда! - дедім,
- Қалдырмай жер ортасы жолда! - дедім.
- Қырықшілтен, ғайып ерен - бірқатарың
Барсың ғой Хызыр Ілияс мұнда! - дедім.
Қайтқанда Кіші бурыл астық таудан,
Жер екен боз бетеге, қалың қаудан.
Жүсіп жүр шыр айналып құтыла алмай,
Аңдысқан бала жастан нәпсі жаудан.
Аулынан Атай қырғыз қымыз ішіп,
Тізілген тырнадай боп, құстай ұшып.
Қымызға мас болғанын білмей қалып,
Жығылып Оразымбет тасты құшып.
- Байқамай айран ғой деп іше беріп,
Алды ғой, - дейді, - алған соң атқа мініп.
Ала алмай судан дәрет буыны босап,
Бірталай қызықшылық қылдық күліп.
Көп болды жолдасынан сонда адасқан,
Алма мен жаңғақ тердік жолда ағаштан.
Дүлділдің ахырының астындағы
Қайтарда өтіп шықтық тесік тастан.
Сөз таппас Өлеңші ата дарымаған,
Сөзім бар ескірмеген, қарымаған.
Бұл жолда есі бүтін деген жандар,
Таяғын қалпағы мен танымаған.
Ауырып жолда бір ат өлмей қалған,
Сонда да емес еді жүрмей қалған.
Тықылдақ, пысық қана жас балалар
Екенін күннің қай күн білмей қалған.
Көп болмай қалған емес ойға алғаным,
Айтарлық болды әңгіме бұл барғаным.
Қасымда жан жолдастың жоқтығынан,
Дариға-ай, іште кетті көп арманым!
Ой ойлап, ми тауыстым ертеңді - кеш,
Рудан жалғыз болдым еңбегім еш!
Жете алмай ой түбіне шаршағаннан,
Баста ми, көңілде ғақыл, қалмаған ес.
Қара атты семіртпедім жаздай шауып,
Мінбедім жемге байлап, кежім жауып.
Білімге-жат, ғақылға алаш болып,
Кетемін өз-өзімнен есім ауып.
Жеткізген ұшқан құстай қанатым-ай!
Күн жауса, су болмайтын манатым-ай!
Асырған Алатаудан жаяулатпай,
Жолдасым елден ерген, Қара атым-ай!
Жануар, салдым сені тауға, тасқа,
Байлаулы тұрып қалдың әр ағашқа!
Көзіме рулы елдей көрінесің,
Жылқыға мінгім келмес сенен басқа!
Дер кезің: он-он бірге келді жасың,
Балшықтай илеп бастың таудың тасын.
Жегізіп Сарыарқаның жауылшасын,
Жануар, босатармын арқа-басың!
Иншалла, оған дейін жүрсем тірі,
Қылармын сені есепті малдың бірі.
Итген озық, кісіден кейін болып,
Жүре бер бүкең-бүкең онан бері.
Барады іште кетіп арманымыз,
Бар еді әр түрлі ойға алғанымыз.
Сөз болды бес-алты ауыз бозбалаға,
Бір сапар Хазірет Ыдырысқа барғанымыз.
Жабылар арғымақтан бұл күнде озды,
Ат арып, азаматтың тоны тозды.
Көңілін есіл ердің жабырқатып,
Имансыз бір мүнафиқнадан бұзды.
Бұл Мәшһүр Бұхар барған, Қоқан барған,
Ойы бар: барсам деген онан да арман.
Дегенге ер: "Жетемін!"- мал жеткізбей,
Барады-ау іште кетіп әрбір арман!
Бүл Мәшһүр Бұхар барған, Қоқан барған,
Ойы бар барсам деген онан да арман.
Түлеген аққу құстың қанатындай,
Жерінде жүрген-тұрған сөзі қалған.
Жалғанды жалғыз кезген басым еді,
Бір асыл қолға түспес тасым еді.
Зиарат ЬІшқышбапқа бұл барғаным-
Жылым-қой, отыз жеті жасым еді.
Ташкентке қырық тоғызда тағы бардым,
Сау көріп ұстаз пірді мәз боп қалдым.
Молда Ақпан сау-саламат аман екен,
Бір кітап жетпіс сомдық память алдым.
Құдай-ау, ризамын бергеніңе!
"Көздемей тұра - тұр!"- де мергеніңе!
Былқылдақ бір домалақ мес сықылды
Ғибрат пен назар көзбен көргеніңе!
ЕРЕЙМЕН САПАРЫ
Бастаймын бісмілладан сөздің басын,
Екі елу, он бес дейді ердің жасын.
Имансыз ғылымдыға қас болады,
Айтайын соның біраз хикаясын.
Жүреді имандысы ғылым тартып,
Дүниеге бір өлмес жан келмес қайтып.
Такаппар мұнафыкгың ғаламатын,
Білдірген Алла тағала Құранда айтып.
Дін күткен— ғылымдыға болған жақын,
Біреудің борыш қылып, алма қақын.
Жасынан жүрген-тұрған әңгімесін
Қиссамен сөйлей берген Мәшһүр ақын.
Ақындық келе жатыр шыр айналып,
Айтуға бір әңгіме ыңғайланып.
Кеңестен Мәшһүр-Жүсіп тоқтай қалмас,
Қалмаса жақ қарысып, тіл байланып.
Бәйгеден күнде келген қырғын көкпін,
Сұрасаң ұрығымды, Сүйіндікпін.
Болаттан ағып түскен құрыштай-ақ,
Баласы Құлболдының нағыз текпін.
Ұстазым - Молда Қамар - сабақ алған,
Көңілім: әлһам (елһам) нұрын тәңірім
Жиырма тоғызымда ғылым іздеп,
Мен едім мехнат шегіп Бұқар барған.
Жасымда баһар алдым ғылым - қалдан,
Ерлерден шарапатты пайдаланған.
Дуасы ұстаз пірдің қабыл болып,
Күннен - зарра, теңіз(ден)қатыра тамған.
Барып ем әулиелер мазарына, Түркістан:
Мазар Шарип базарына.
Көрінген пакыр - кақыр адам едім,
Ерлердің қасиетті назарына.
Сөйлеткен жастан тәңірім қалыбымды ашып,
Аралап Орта жүзге үлгі шашып.
Мақтану надандарға дұрыс екен,
Сонымен біраз ғана кеттім тасып.
Жоқ болған қанша айтсақ та бізден білім,
Жасымнан Алла берген біраз ғылым.
Ғылымның аз да болса арқасымен
Сөйлеген еркеленіп қызыл тілім.
Сүйіндік, Қаракесек - жүрген жерім,
Көп шығар бір басымда менің мінім.
Ойда — орыс, қырда - қазақ, - бәрін кездім,
Айыптап еш сөккен жоқ жүрген жерім.
Жасымнан таныс болдым хан, қараға,
Самарканд, Қоқан, Ташкент, Бұхараға!
Баласы дін мұсылман қабыл алған,
Барсам да ойға, қырға - қай араға!
Өлеңті - қоныс қылдым, бір жыл қыстап,
Жасымнан қағаз жаздым, қалам ұстап.
Жүргенім қайдан - қайда жұрт білсін деп,
Қағазбен кетуші едім сол бір із тастап.
Күн жылы, заман жақсы, жер қара-ды,
Бауыры Ерейменнің айдала еді.
Бөгенбай, Қамажапар барайын деп,
Ал, енді Мәшһүр - Жүсіп ойланады.
Өлеңті айналасы мидай дала,
Өлеңге ақын Мәшһүр болған дана.
Ереймен ту сыртымда тұрғаннан соң,
Сол жерді тау екен деп, көрдім пана.
Шықтым да жұма күні Тұзға қондым,
Есіркеп, Сәрсенбайды бір күн қондым. –
Бір жылқы жолыңызға дуа!- деді,
Риза болып ықыласына, онан жүрдім.
Қажы деп, барып түстім Өтебайға,
Отырдым зорға тоқтап ет пен шайға.
Ауылынан аттандырып шығарып сап,
Демеді пәлен-түген қалды жайға.
Қазымбет боқтай орынға қондырмады,
Тұманбай махик сөзге болдырмады.
Бес кезден: бақан аттар, ит ырылдар,
Ералы қондырғанмен оңдырмады.
Ереймен тау екен деп бара көрме,
Қата Бөгенбайға енді жүрме.
Шайтанның ұя салған белгісі бар,
Бойын, жерден қаш, жүзін көрме.
Үйінде Саққұлақтың отыр қожа,
Басы бар қалтақтаған соқыр қожа.
Арба салған сиырдай соқтығады,
Сірә, дені сау емес, қотыр қожа.
Қол беріп амандаспай тартты бойын,
Бермеді жылы ұшырап, ашып қойын.
Бақасты емтиханмен қылғалы отыр,
Қалтақтаған басынан білдім ойын.
Арамза аңқау молда - елге заман,
Әкелді бір молдасын ертіп маған.
Бірі жүр елу теңге борыш басып,
Жүр екен зекет жиып менен жаман.
Молдасы бейшаралау жуас екен,
Әр жерге бала оқытып, қылған мекен.
Соқыр қожа дегенім - көзі қисық,
Іздеп барған мырзамның дәл өзі екен.
Танимын қайдан оны, көргенім жоқ,
Келмеген жақсыларға келбеті көп.
Хұсайынның үйінде жүре-тұғын,
Ойладым: "Сол баяғы дөкей ғой!" - деп.
Жұпардың үстіндегі ескі тоны,
Киіп жүр әлдеқандай көріп соны.
Астынан ат - тұрманын ұрлатыпты,
Көрінді тым-ақжайсыз пішін түрі.
Ағасы Нұралы еді кешегі өткен,
Анадан сәтті күні туып біткен.
Саққұлақ, Нұралы мен қабат өліп,
Аруағы Бөгенбайдың бірге кеткен.
Байлаусыз тым-ақ пысық құрғақ сөзге,
Сықылды естуменен бір түн бізге.
"Мяу!"- деп мысық тумапты,
"Шау!" - деп
Туыпты есіл ерден боқтан өзге.
Кешегі ескі орын деп, іздеп шықтым,
Талайдың албастысын көріп соқтым.
Ырылдап сол, бетіңнен қабатұғын,
Кісіге бұл сапарда мен жолықтым.
Ауылында Төкен бай үш күн жаттым,
Бұйрықты әрбір жердің дәмін таттым.
Жылқыбайдың баласы бәрі мырза,
Қиқымы, қанша айтса да, асыл заттың.
Жақсысы Бөгенбайдың майданда екен.
Қойылтқан қойдың сүгін айран ба екен?!
Біз көрдік - Саққұлақтың Ералысын,
Шайқалған миы су боп айналма екен.
Тұңғиық түбі жоқ су, үйірім жардай,
Деуші едік көрмеген соң әлдеқандай.
Көргенде әр молданы, әдеті екен,
Бұрыннан кісі өлтірген кегі бардай.
Ол бұрын Тоқмұхаммед барған екен,
Оған да шапошотты салған екен.
Үйінде Тұманбайдың кәрі-жасы
Ортаға кеу-кеулесіп алған екен.
Бас қосып кәрі - жасы құтырыпты,
Үндемей қайтсін жалғыз отырыпты.
"Жауабы наданлардың сұқұ тұр!"- деп,
Үндемей жан сауғалап құтылыпты.
Бірі - бай Ерейменнің, бірі - мырза,
Сый қылды естуменен, болдық ырза.
Ат-тұрманын ұрлатып жүрген елден
Ат-көлік, аман қайтсаң, о дағы олжа.
Еш білгіш өздерінен өтпейді екен,
Қадіріне асыл сөздің жетпейді екен.
Кітап: "Құран" түспеген ел сияқты,
Қожаны, молда менен күтпейді екен.
Жер екен дуасы жоқ - Ерейментау,
Жігіті болады екен молдамен жау.
Өзінің сол біреуі болмаған соң,
Жоқ жерден табады екен қиуасыз дау.
Ауыртар адам басын жоқты сұрап,
Бір көзін ашып, бір көзін қысыңқырап.
Дуадан өзі мақрұм қала берер,
Барады өзге жанның несі қурап?!
Біз көрдік: Қамажапар, Бөгенбайды,
Қылмаған беріп әдет қой мен тайды.
Онысымен және қоймай дауласады,
Жарандар(жаранлар), көріп пе едің осындайды?!
Бастаған мені солай: Құдай ма, адам?
Бұйрықты тататұғын болған тағам.
Қоржынкөл, Майкөл деген жер көрінсе,
Иншалла, тірі болсам, баспан қадам.
Баянаула қойсайшы жердің атын, Құлболды,
Қаржас қойсайшы елдің атын.
Таудың атын: Қызылтау, Далба қойып,
Шыбындыбатпақ қойсайшы көлдің атын.
Өлеңті, Шідертіні елім жайлар,
Көгарай шалғынына бие байлар.
Қыдырып зекет үшін жүрген бол сам,
Халқымда неше түрлі құтпан байлар!
Әкімбек - өз табымда — Молдабайым,
Жылында беріп тұрар сол бір тайын.
Ақылбек бір жылқыдан бас бұрмайды,
Және бар: Тайшық пенен ол Ноғайым.
Қозғанда: Бекқұл менен Қабыл орны,
Дүйсекей, сол Күреңбай ескі қорлы.
Бәрінің ортасында жүргенімде
Болады енді Мәшһүр кімнен сорлы?!
Хұсайын, Темірболат - Айдаболда,
Неше жыл бала оқытып, тұрдым сонда.
Бір жылқым алатұғын дайын еді,
Жылыңда Хұсайынның мойынында.
Қаржаста теп-тегіс ол Шорман орны,
Жігіті ылғи мырза өңкей нұрлы.
Баршасы құрметтеумен тұрғанында,
Жүргенім басқа жаққа келмейді орны.
Мақан бай — сол баласы Ордабайдың,
Қызығын көрдім талай қой мен тайдың.
Мырзаға қандай десең, қосылады,
Баласы - Ақтай, Болсын - Барлыбайдың.
Елімде сондай-сондай мырзаларым,
Гүл екен бозбалаға менің барым.
Шет қонып, қиыр жайлап жүргендігім, -
Азырақ болғаннан соң көңілім жарым.
1910 ж.
НАСИХАТ ҮЛГІЛЕРІ
ҚОЛЫМА ҚАҒАЗ, ҚАЛАМ АЛАЙЫН ДА
Қолыма қағаз, қалам алайын да,
Лапылдап тал отындай жанайын да.
Естіген, көргенімді әңгіме ғып,
Дүниенің базарына салайын да.
Бұлбұл құс гүлстанда гүлге ғашық
Көбелек, сірә, жүрмес оттан қашық.
Көлеңке денесінен қайда кетсін,
Өлең-жыр бізге сондай болған машық.
Ойласаң, бұ жалғаннан кетпеймісің,
Мезгілсіз, келсе мейман, күтпеймісің.
Хан-қара, бай-жарлының бәрі де өткен,
Жалғаннан сен де бір күн өтпеймісің?!
Әркім —ақ өліп жатыр боқ басында,
Біткен соң санаулы дем, тоқтасын ба?
Бұл тойға бұрын барып, орын алмай,
Отырып қаласың ба от басында?!
Шабыт қыл қыран құстай шарыққа ұшып,
Шақырсын саятшылар жемін тосып,
Біреуі көп қарақұс болып жүрме,
Көрінсе қайда жемтік, соған түсіп.
Бұ жалған қанша қусаң, ақыр-өлім,
Аларсың бір сыбаға онан тыйым.
Дүниеде өзің өлсең, сөзің қалсын,
Сөйлеп қал осындайда, қызыл тілім!
Туған күн ертеңменен кешке батар,
Саудырап он саусағың көрде жатар.
Бүл дүние тынымы жоқ ескен желдей,
Қаңбақтай бір күн еріксіз домалатар.
Кетесің бұ жалғаннан еріксіз өзің,
Құйылған құмға толар екі көзің.
Жылқыдай жау айдаған кетсең жытып,
Қазылған жолдай болып қалсын ізің.
Сұм жалған, қызығына жүрмін тоймай,
Мінезді жастықтағы(жаслықтағы) әлі қоймай,
Ап кетсе абайсызда ажал бір күн,
Жүргенде біз далақтап күліп - ойнай.
Боламын кейде жүйрік, кейде жорға,
Бұл дүние көп қуғанмен түспес қолға.
Байланып арқан жіпсіз аяқ пен қол,
Кете алмай жүргенім ғой ұзақ жолға.
Басыма қыла алмадым пайдалы істі,
Жұмыс пен ылғи залал өмірім кешті.
Пенденің ойлағаны болған бар ма,
Алланың әр не қылса, әмірі күшті.
Дүние-ай, талмай қуып жете алмадым,
Нәпсімен болдым даулы, біте алмадым.
Мойныма үзілмейтін арқан түсті,
Қайрат қып, үзіп тастап кете алмадым.
Табылды өз бойымнан екі дұшпан,
Біреуі іштен болғанда, бірі-тыстан.
Ұста жоқ алтын, күміс тілін білген:
Қорытып айырып алар бізді мыстан.
Асылымыз болған біздің лай балшықтан,
Бар қылып жаратқан Хақ бізді жоқтан.
Біз жүрміз тазаланып, арыла алмай,
Нажасат үстімізге жұққан боқтан.
Қалыпқа, ұста қойса, кірпіш болдық,
Қаланып қой қораға, тас боп тұрдық.
Ең іске жарағанда болдық қора,
Мұнымен бұ жалғанда қалайша ондық ?!
Лай болып, басылмадық қырық күн ұдай,
Сылдырлап шығар едік ақ шыныдай.
Базарда қымбат пұлға өтер едік,
Қайтейік жазбаған(иазбаған) соң патша құдай?!
Кен болып, бола алмадық мыстың тасы,
Хайуанның болып жүрміз бергі қасы.
Мыстан-күміс, күмістен алтын айырып,
Табылса, алар еді-ау ол ұстасы!
Түспес ек, алтын болсақ, қолдан-қолға,
Керек қып алар еді әркім пұлға.
Дәнемеге жарамай қалғаннан соң,
Қосып, шатып жүрміз ғой тұзды сорға.
Темір болсақ, дүкенге түспес пе едік,
Көркейіп бұрынғыдай өспес пе едік?!
Пышақ, балта, қанжардың бірі болып,
Болаттай кез келгенді кеспес пе едік?!
Болмадық тым болмаса қара темір,
Ерітіп ағызбай ма қызған көмір?!
Қолында көрінгеннің қайрақ болып,
Таусылып қоршылықпен өттің өмір.
Біз жүрміз үкі құстай, күзетіп боқ,
Алады кім көрінген бір-бір тал шоқ.
Қызығып жүнімізге қылады әуес,
Ол жүннің өзімізге пайдасы жоқ.
Көреміз үйтіп-бүйтіп күнімізді,
Шығармай, жұрт естір деп, үнімізді.
Күндіз ұшып жүруден бой сақтадық,
Алған соң әркім жұлып жүнімізді.
Сықылды менің сөзім қызыл түлкі,
Қызықты түлкіден де ажар көркі.
Үстіңнен - құс, астыңнан ит жүгіртіп,
Тамаша көрген жандар қылар күлкі.
Пайда жоқ бір тиындай басымызға,
Сауысқан, қарға үймелеп қасымызға.
Жүзінде жалған дүние түк бітірмей,
Өткіздік өткен өмір - жасымызға.
Жалғаннан қыла алмадық біздер пайда,
Ойлаған жанның қамын(ғамын) сабаз қайда?
Түні өтіп, бұ жалғанның таңы атқан соң,
Белгісіз боларымыз қандай жайда?!
Бұ дүние-айсыз бұлт, қараңғы түн,
Жалған сөз-ер жігіттің бойына мін!
Жалғанға жетемін деп қуа берсең,
Таң атып, жарық сәуле, шықпайды күн!
Жаяудың қанша жүрсе, шықпас шаңы,
Асырауға көнбес мал боп түздің аңы.
Көрерсің өз бойыңды өзің сонда,
Жарқ етіп ақыреттің атса таңы.
Біраз күн бұ жалғанға алданарсың,
Дүниені өтпес біліп малданарсың.
Күн болса құдай алдын бір көретін,
Біле алмай қайтеріңді сандаларсың.
Қыл көпір қияметтің қылдан тайғақ,
Періште төрт мұқарраб барар айдап,
Қол-аяқ куә болып қылмысыңа
Шығады өз денеңнен сегіз айғақ.
Жүргейсің бір құдайды ойыңа алып,
Алдына мөлиерсің еріксіз барып.
Жан беріп, мұндағыдай жалған сөйлеп,
Шараң жоқ құтылатын онан танып.
Өлген соң тірілу жоқ, әркім білер,
Дүниеде не қылғанын сонда көрер.
Құдайым фазынына алып оңдамаса,
Қылық жоқ бізде орынды жөнге келер.
Сарғайдық, көп ойласақ, санаменен,
Күйдірмес бізді өтірік жаламенен.
"Тар жол, тайғақ жерлерге" қыстырылмай,
Жүрейік жазы жапан даламенен.
Алланың қаһарынан рахматы көп,
Күн бұрын таусылмайық біз уайым жеп.
Жалғанды қызықпенен өткізейік,
Қурайық әрбір түрлі әңгіме кеп.
Біз үшін жаратыпты бұ жалғанды,
Демейді онша жақсы құр қалғанды.
Жаратқан пендесіне тәңірім қорған,
Қылып өт, бозбалалар, ойға алғанды.
Шәйт қыл, қыран құстай шарыққа ұшып,
Жалғанды басып, жаншып, судай кешіп.
Мылтық ат, тазы жүгірт, қаршыға сал,
Жүйрік пен, келсе шамаң, сұлу құшып.
Кетпендер ішке сақтап арманыңды,
Қылып өт жалғанда ойға алғаныңды.
Өлген соң, болсаң қанша, кім біледі
Басында қай төбенің қалғаныңды?!
Бозбала, тірілікте ойнап-күлсін,
Көзге түс, әр іс қылып, халқың көрсін.
Ат шығар әр нәрсеге басың шатып,
Аузында дос-дұшпанның атың жүрсін.
Дүниенің базарында арзан нарқым,
Болса да нарқым арзан, қымбат-даңқым!
Қадірім жоқ тірілікте ағайынға
Өлген соң: "Әттегене!"- дерсің халқым!
Қадірім жоқ күнде көрген ағайынға
Ағайын - сатып, "Алаш" алайын ба?
Бәйгеге бабым тауып қосар жан жоқ,
Лағып айдалаға шабайын ба?!
Қадірден қалдың, ашына, танысымнан,
Жасымнан шыққан жұртқа, дабысымнан!
Тұғыры айырбастың сықылдандым.
Айырылып жас шақтағы шабысымнан.
Тұрады топты көрсем, бүйірім қызып,
Делебем айғай шықса, кетер қозып.
Алдыма ұзап түсіп, бәйге алған жоқ,
Бір басты, екі аяқты менен озып.
Бозбала, жүрген жерім күнде жиын,
Тауыстым ойлай-ойлай бастың миын.
Қатыннан енді мендей ұл туғанмен,
Шығуы Мәшһүр болып болар қиын.
Біздерге бүл өнерді берген құдай,
Бола алмас кейінгі жан бұрынғыдай.
Сегіз қиыр шар тарап түгел келіп,
Әркімге Мәшһүр болу болмас оңай.
Жұрт айтар: "Біздерге ондай болу қайда-
Әңгіме болып жүрген әрбір жайда?!
Қоңыраудай құр сылдырлап, іште дән жоқ,
Жерім жоқ Мәшһүрліктен көрген пайда!"
Сыртым сау, өртенемін ішім күйіп,
Жасымнан еркелеткен халқым сүйіп.
Зарарлы адамзатқа тікендеймін,
Соқтығып көрінгенге сөзбен тиіп.
Болмадым көлеңкелі, миуалы ағаш,
Сүйсінген дабысыма тамам алаш.
Барады басым жерге иілместен,
Сықылды қаттылығым емен ағаш.
Ағашы бола алмадым өрік, мейіз,
Бал мен қант ләззатындай сөйледім сөз.
Жарқырап топтан озып бәйге алғанмен,
Ағалар, шықпайды екен басқа мүйіз!
Бұлбұлдай заманымда жүрдім сайрап,
Барады өнер, шіркін, іште қайнап.
Дүниеде қанша дәурен сүргенменен,
Жатармыз бір төбенің басын жайлап.
Қызыл гүл, не пайдаң бар толғаныңмен,
Күз болса, жұмысың жоқ солғаныңмен.
Мәшһүрі ақыреттің бола алмасаң,
Не пайда бұл жалғанда болғаныңмен.
Алашқа болған таныс жазған хатым,
Ұрғаным Сүйіндік пен, қазақ - затым,
Болмаса ақыретте бір пайдасы,
Құрысын елден бұрын Мәшһүр атым.
Білмедім мен залалын о басынан,
Сөйледім әрбір сөздің жобасынан.
Көпке ортақ қызыл тілді аямадым,
Үміт қып дін қарындас дұғасынан.
Сөз білген соң, сөйлемей қалу айып,
Қорқамын кете ме деп аяқтайын.
Белгісіз не боларым мұнан былай,
Тілеймін көптен дұға қолым жайып.
Не болар мұнан былай бұл кәріп бас,
Әркімге бола бермес екі елу жас.
"Халықтың тілі, құдайдың қаламы!"- деп,
Қылыңдар жақсы лепес, дін-қарындас.
Елек қойып болмайды ел аузына,
Өлеңім, бірте-бірте кел аузыма.
Иншалла, жүрсем аман, болман жаман,
Ілінсем жақсылықпен ел аузына.
Әрқашан үмітім бар жақсылықтан,
Жас едім, қариялардан кеңес ұққан.
Аузыма қызыр бабам сөз салған соң,
Сөз қылып жаза бердім бардан-жоқтан.
Өнерім, сөз сөйлесем, судай тасқан.
Сөзім бар тасқандардың көңілін басқан,
Мүбәрак ғазизлардың көрдім жүзін,
Жерінен жүрген-тұрған шайтан қашқан.
Әркімнің, айтқан сөзім, көңілін ашқан,
Кітапқа жанасалап жақындасқан.
Аяғым, кете керме жаман жолға,
Қыдырдың қыдырғанда ізін басқан.
Сөзімде, кешіріңдер болса хата (қате),
Біздерге дарып кеткен өлеңші ата.
Болсам да мұнан былай өлі-тірі
Үмітім-баршаңыздан жақсы бата!
Қылсам деп үмітім жоқ дүние пайда,
Біздерге өткен дәурен енді қайда?!
Қылсын, - деп, - құдай рахмат - етіңіздер,
Белгілі жұрт білетін қалсам жайда.
Жүргенмен не бітірдім тірі болып,
Көңілдің тазармаған кірі болып.
Қоршылық мұнан артық болсын қандай,
Қалған соң көп моланың бірі болып.
Сайраған көңіл ашып қызыл тілім,
Көтерген еркелігім қайран елім!
Қыламын бұ жалғанда нені арман,
Тіріден болса артық өлген күнім?!
Түзелсе әуелгіден ақыр соңым,
Бұл күнде бірдей боп жүр бары-жоғым.
Болам деп мұнан былай әлдеқандай,
Қанша айтып жатқанымның бәрі-өз мұңым!
Оянбас сұм жүрегім ұйықтап жатқан,
Күнәға мұңлық басым күнде батқан.
Өткіздім ұзын түнді ұйқыменен,
Малдай боп бауыздалмай арам қатқан.
Құдайға жыламадым ерте тұрып,
Қақпалап, мініп лағын, мойынға ұрып.
Пайдасыз лағу сөзбен күн өткіздік,
Беталды үрген иттей түзді қорып.
Аллаға біз қылмадық жағар істі,
Қап-қара күйеден де қылдық ішті.
Он бес пен жиырма бес-ол-денсаулық,
Бадырайып жас жеткен соң көзге түсті.
Өткіздік екеуін де қадірін білмей,
Енді жұрт кімге күлсін, бізге күлмей!
Бәрі де туған жанның өліп жатыр,
Тұрсын ба енді нәубет бізге келмей?!
Білеміз өлуді анық, жабдығы жоқ,
"Әлі көп жасаймыз!" - деп, көңіліміз тоқ.
Қоңыздай кетсек бір күн домаланып,
Бейнетпен, қалар тегіс, жиылған боқ.
Құдай-ау, алдандырдың бізді жоққа,
Мұнша құмар қып қойдың дүние боққа.
Есі енбеген баладай ұмтыламыз
Жан үзіп жанып тұрған қызыл шоққа.
Өткіздік ойынменен балалықты,
"Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал" шықты.
Бір дұшпан иегімнің қақ астында,
Соңымнан қайда барсам қалмас тіпті!
Адамға үлкен дұшпан-жұтқын тамақ,
Үлкен жау, ұйықтамасаң, болар қабақ,
Тығынын бір тесіктің толтырам деп,
Күнәны үсті-үстіне жүрміз жамап.
Адамға күнә қайдан?
- Көз бен тілден!
Қаңғырып әуре болдық іздеп елден.
Көрген көз, сөйлеген сөз, - бәрі күнә,
Іздеуге (ізлеуге) қажет емес бөтен жерден.
Қайтпадық тәубе қылып жасымыздан,
Ақымақтық талай кешті басымыздан.
"Бір жақта күнә деген жүр ғой"- десек,
Табылды өзіміздің қасымыздан.
Күлуші ек бала күнде сақалы аққа,
Аяңдап біз де келдік өлер шаққа.
Баяғы бала күнгі ойда жүрміз,
Жіберіп көңілімізді әр тарапқа.
Жас жетіп ер ортасы болдым өзім,
Тәубені, өтіп кетті, қылар кезім.
Бала-шаға, көр-жермен айтысамын,
Астына иегімнің түспей көзім.
Жас күнім өтіп кетті ақ алмастай,
Күн болды іздесек те, таба алмастай.
Кеткен жас, ағарған шаш, - есепке алмай,
Ойнаймыз жастарменен замандастай.
Мінезді бозбалалық кайта бастап,
Былғадық адамдықты мұнша ластап.
Әмір, Мағрұб орнына өсек айтып,
Әр жерге төрт-бес ауыз өлең тастап.
Құдай сөзі-Құранды қойдық жауып,
Келін-кепшік, көр-жерге көңіл ауып,
Азан үшін шайтанға жаратылған,
Бір итті өлең деген алдық тауып.
Дүниеден озамыз деп, көп жарыстық,
Жетпесті мұнша қуып арпалыстық.
Шақыртып әр жерде азан шайтан үшін,
Біз-дағы пособлять қып ат салыстық.
Жері жоқ бізден жастық мінез қалған,
Жетеді іздегенге шын ойға алған.
Жүгіртіп көз соңынан көңілімізді,
Біз жүрміз көрмей дамыл, қуып жалған.
Шындыққа баса алмаймыз жұмылмай көз,
Тоқтармыз болған күні келігім-бөз.
"Алсын - деп - бізден ғибрат естіген жан!"-
Жатырмын сөйлеп жұртқа әр түрлі сөз.
Әңгіме кімнен шықсын, менен шықпай?
Айтқанмен, құр қаласың көбің ұқпай.
Сөз қылып барды-жоқты жаза бердім,
Ықыласты қарындастың көңілін жықпай.
Болмағың жақсы-жаман әуел бастан,
Белгілі ат болары құлын жастан.
Өң беріп, жылтыратып ысқанменен,
Болғанын, көрдің бе айна, қара тастан?!
Қара тас ең болғанда қайрақ болар,
Балта, шот, пышақтарды қайрап болар.
Дөңгелек диірменге шарық болып,
Ұндай қып көрінгенді шайнап болар.
Ай орнын аспандағы бұлт алып,
Орнында дүр гауһар - су тас қалып.
Құр тікен, қызыл гүлсіз, қолға түсіп,
Ауызға қант орнына заһар салып.
Береке,мейір,шапқат болды ұмыт,
Күн бұрын күдер үзіп, көңілің суыт.
Жақсылар ай сықылды - бәрі кетті,
Аспандап жүрген жанның бәрі-бұлт.
Есекті сасқаныңнан дейсің тұлпар,
Бәйге аты боламын деп өгіз іңкәр.
Аспандап ұзақ карға ұшқанменен,
Бола ма қыран болып, лашын, сұңқар?!
Келмейді өткен өмір жоқтағанмен,
Түк өнбес ұрып, соғып боқтағанмен.
Жолаушы жол үстінде көрмес хызыр,
Далаға отсыз, сусыз тоқтағанмен.
Дүниеден, шапқан аттай, өткен өмір,
Қарақшы - көрдің басы - бәйгелі жер.
Кім озып, кім қалады-мағұлым емес,
Бәйге алсаң, сол жерде озып, болдың ғой ер!
Өмірді қымбатқа алған-арзан саттық,
Жастықтың қадірін білмей босқа жаттық.
Күнәны - арзан, сауапты қымбатсынып,
Обалға белшемізден күнде баттық.
Біле-көре білместің қылдық ісін,
Қайта-қайта айтамыз оның несін?!
Бір оңай сез айтуға тауып алдық:
"Құдай өзі әйтеуір құлым десін!"
Тұқым салмай, алар ма егін орып,
Кім бал алы болыпты бойдақ жүріп?!
"Еккен орар, - деген сөз, - берген алар",
- Көрдің бе бәйге алғанды қарап тұрып?!
Түн болса, белгілі тұр бір жатуы,
Үміті барша жанның - таң атуы!
Түсіне сәтенсіздің бөз кіреді,
Әркімнің жақсы көрер бір татуы.
Ит сүйекті түсінде кеміреді,
Шөлдеп жатқан айнымай су көреді.
Түсіне саудагердің ақша кіріп,
Ояна сап базарға жүгіреді.
Ішпек, жемек, ұйықтамақ, қатын құшпақ,
Біреу тері уқалап, біреу-пұшпақ.
"Мал, бала, мәртебе!" - деп, алас ұрып,
"Алдымда, - ойламайды - бар - деп - қыспақ!"
Біреу - жылқы, алданып біреу-қойға,
Теке сеніп сақалға, түйе - бойға!
Әркім сеніп өзінің сүйгеніне,
Бұл күнде алмай кетті құдайды ойға.
Өнерге ұмтылмайды-ғылым, білім,
Сол үшін басқа жұртқа болдың тілім.
Кеңірдек талай-талай келіп еді,
Қайтейін: "Бөтені жоқ, бәрі, - өз елім!"
Аралас ор түрлісі адамзаттың,
Көп жүрдік біз ішінде бөтен-жаттың.
Төбеңе көтерер ең, қазақ, сорлы,
Әрине, бірі болсам, ноғай, сарттың!
Айыбым: мен де өзіндей болдым қазақ,
Көп болмай, бола қойсын ақылым аз-ақ!
Аласың кімнен бәйге мұнша аптығып,
Өлеңмен қылғаныңмен мұнша мазақ?!
Қара жол әркім жүрген қалар жатып,
Көшпейді күні жетсе, кім түн қатып?!
Құдайдың өзі берген бір нәубеті,
Ешкімнен алғаным жоқ өлең сатып.
Мергендер түздегі аңды алар атып,
Сілесі, қолға түсер, әбден қатып.
Саф жауһар, асыл болат, өткір қылыш,
Тот басар суырылмастан қында жатып.
Ерімес қалған көңіл мұздап, қатып,
Жасытып, тастаған соң жабырқатып.
Бір делдал қолына алып, қыдыртпаса,
Сандықтан шықпаған пул қалар жатып.
Қымбатқа жолай алмас әркім батып,
Білерсің бал екенін көрсең татып.
Қиын-ды жеткізуің бағасына
Өзіңді, базар салып, өзің сатып.
Бейнетің қанша қылған жанбаған соң,
Кім көреді базарға салмаған соң.
Жез де бір, алтын да бір жерде қалса,
Қадірлеп ешкім қолға алмаған соң.
Мүйіз жүр насыбайға шақша болып,
Көркейер қорғанды жер бақша болып,
Қадірлеп жұрт қолына алғандықтан,
Қағаз жүр алақандай ақша болып.
Тастады жазып құдай жолдарыңа,
Қарайсың онды қойып, солдарыңа.
Бірі де көп нәрсенің жерде жатқан,
Керек қып алмаған соң қолдарыңа.
Қызығы жаңа жұрттың бір екі-үш күн,
Жеңсігің жеріген соң, келер көшкің.
Пайдасын сыртындағы керек қылмай,
Суынан ішіндегі келеді ішкің.
Сөзімді тыңдай берсең, тарқар шерің,
Кетеді тазаланып ішкі кірің.
Ішіне осынша су сыйған ыдыс
Керек деп ойламайсың бір де бірің.
Бұлбұлды танымайсың тұрған сайрап,
Атасың торғай ғой деп, таспен байлап.
Таусылмас бұл не қылған су демейсің,
Бұлақтай ағып жатқан көзі қайнап.
Заман жоқ, ырыққа жүріп, оң айналған.
Бәрі де қиын істің оңайланған.
Бұзылып, әсіресе, біздің заман,
Көлдей боп қой тоғытқан, ылайланған!
Қоғалы шамға білте мақтаны алар,
Алғанмен майсыз мақта қалай жанар?
Жауын мен жел тиетін жерге қойсаң,
Саулап жанып тұрғанмен, сөніп қалар.
Дүкеннен жаңа шыққан, - мен, - бір мақта,
Бозбала, жағып қара, майым тап та.
Түніңді күндіз қылып жіберейін,
Жаңбыр мен жел тимейтін жерге сақта.
Көбінде бас болғанмен, ақыл бар ма,
Ісінде ойлап тұрсам, мақұл бар ма?
Жіп қылып, ұршыққа иіріп, зырылдатып,
Кез болдым уқаланып қатындарға.
Қолынан қатындардың алмайсың ба,
Лайы жоқ, тұнық суға салмайсың ба?
Майымды көп қыл-дағы, жағып қара,
Тамаша жарығыма қалмайсың ба?
Жатырмын айтып мұны қауым көпке,
Жаманға —жоқ, жақсыға —біздің өкпе.
Ұялмай не бетіңмен сөйле дейсің,
Ұршықта келеп болып жүрген жіпке?!
Келеді жаңа ашылып сөздің жігі,
Шаршап жүр, ауыр болып артқан жүгі.
Иін тауып таққан соң қарағайға
Сөйлейді қандай онды қойдың шегі?!
Сөйлетер бір кісім жоқ бабым тауып,
Бағатын желпіп күтіп, кежім жауып.
"Шауып ал аяғыңды, ақса!" - дейді, -
Бәйгеге қара қарын тоқтай шауып.
Бермен қайт, шырқап, көңілім, аспандамай,
Іше бер адал болса, ас таңдамай.
Аяғым, қара жерді ойғандай бас,
Жабырқап, сүйретіліп, ақсандамай.
Ер ме едім қажитүғын қара сөзден,
Үшқары ендігі үміт-біздің бөзден.
Табам деп жұпар иісін, әуре болма,
Малманың шелегінде жатқан бізден.
Өмірімде(ғұмырымда) ұйықтап өтгім, болмай ояу,
Көп артық жаман аттан - жүрген жаяу.
Кісіге күтіп кимес киім болып,
Өң берген неше түрлі кетті бояу.
Ғибрат көп жазған біздің хатымызда,
Бір лақап қосақталған атымызда.
Дәнеңе жоқ бойымызда іске жарар,
Асылдық болмаған соң затымызда.
Мәз болып, езу тартып күле алмаймын,
Ажалсыз асыкканмен өле алмаймын.
Білмеймін: өлі екенім, тірі екенім,
Өзімді-өзім айырып біле алмаймын.
Жүремін есептемей, аманмын деп,
Айта ма есек өзін "наданмын" - деп.
Жұрт көзіне түсуден бой сақтаймын,
Ешкімге керегі жоқжаманмын деп.
Биікке, бой өсе ме, асылғанмен,
Жан сақгап, бойды аулақка қашырғанмен,
Түсерсің, жақсы болсаң, жұрт көзіне,
Жоғалмай, қанша өзіңді жасырғанмен.
"Мен сондай жақсымын!" - деу жарамайды,
Бойыңа кісі ақысы тарамайды.
Аспандап ұзақ қарға ұшқанменен,
Оған жұрт керек қылып қарамайды.
Тұрағы биік шында болған сұңқар,
"Шығады жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар".
Түсуі ел көзіне кем болған соң,
Солардың естіген жұрт атына іңкәр.
1899 ж. және 1922ж
ЖАСЫМНАН ҮЙІР БОЛДЫМ ӨЛЕҢ, СӨЗГЕ
Жасымнан үйір болдым өлең, сөзге,
Көрінбес көп болғанмен, дүние көзге.
Серік боп азаматтар турмаған соң,
Бек қиын өнер табу енді бізге.
Ұнайды тежеп ұстау қара бойды,
Кім табар ойлағанмен ұзын ойды.
Киюге ұялмастай киім керек,
Көресің асықпасаң ұлы тойды.
Жүрген жан толып жатыр қарап босқа,
Ала алмай жақсы сөзден үлгі нұсқа.
Жарығы бұл дүниенің тайып кетсе,
Қараңғы, бір қонарсың, шамсыз қосқа.
Ілгері қиын жұмыс толып жатыр,
Егіндей ажал бізді орып жатыр.
Біреуге олай болғанда, біреу-бұлай,
Қу заман ойлы-қырлы болып жатыр.
Дүниенің, айта алмаймын, опасы бар,
Рақат аз, адамзатқа жапасы бар.
Денсаулық тіршілікте кетсе қолдан,
Бір күндей, - сағатына, - боларсың зар.
Құдайым айырмасын берген бақтан,
Пайда жоқ, күн туғанда, алтын тақтан.
Дүниеде қанша шешен болсаңдағы,
Өлген соң айырыласың тіл мен жактан.
Тауып ал әл барында қару, хайла,
Өкініш, іс өткен соң, бермес пайда.
Жатарсың жер астында жылап, зарлап,
Заманың ойнап-күлер, саған қайда?!
Сөйлеуден сонда қалар отыз тісің,
Қайрат жоқ қолдан келер, қайнар ішің.
Денеңе құрт, құмырсқа жабылғанда,
Келмейді: "Кіш!" - деуге де барлық күшің.
Құдайым сол жерлерде қылсын жәрдем,
Тілеймін: "Фазылыңа ал!" - деп, Бирубардан!
Жігіттер, тірлікте ғапіл болмай,
Қамын қыл кутылудың киын тардан.
Мешкей жоқ, көріп тұрсаң
Күн мен Айдан,
Жақсылық, бойдан шықпас, келер қайдан?!
Міне, сол құтылудың бір хайласы –
Дүниеде адамдарға тисе пайдаң!
Не керек дүние қоңыз байлық атың,
Кермесе ешбір пайда жуық-жатың?!
Шаян болып шағады мал-мүлкіңіз,
Тимесе нашарлаға сақауатың!
Жүрген кеп осы күнде сопы болып,
Артына түсіп алар шайтан толып.
Түртінер жетім қозы сықылданып,
Күйкентайдай тышқанға жүрген төніп.
Сопылық неге керек, болған аты,
Тұрған соң қара болып арғы заты.
Мәулана Руми деген әулие айтқан:
"Інім-сопы, ғайыны шайтан ғаламаты!"
Көбейді ұшбу күнде қажыға барған,
Қосылар уәлилерге ойда қалған.
Елге жетіп келеді екі-үш айда,
Ниеті байғұстардың болса жалған?!
Сенімді партияға басшы-қажы,
Секілді айтақгаған бір қу тазы.
"Жарықтық" шарапаты көпке тиіп,
Көбейді өшті-қасты ел аразы.
Азырақғылым оқып, болсаң молда,
Болғанда сәлде баста, тасфиққолда.
Сенгенің жасыл шапан, киім болса,
Қаларсың домаланып орта жолда.
Сенім жоқ бұл заманның молдасына.
Білгені-пайда етпеген өз басына.
Ер қайда пида қылар шыбын жанын,
Жақсылық ойлайтұғын жолдасына?!
Аяқты біз басармыз қалай аңдап?
Дал болдық әр нәрсеге арсалаңдап.
Әр қоянды бір қуған тазы оңбайды,
Япырым-ау, ұстайықта бірін таңдап!
Жігіттер, ізден, өнер табылмайды,
Ашылған біздің айып жабылмайды.
Қайтсең де онан кемдік таба алмайсың,
Өсек сөз жаңбырдай боп қабындайды.
Өнері біздің жұрттың - қатын баққан,
Адам деп айтса-дағы оған жаққан.
Айтқанын қатындардың бұлжытпайды,
Мінез бар бұл қазақта бір жын таққан.
Кешу жоқ биқайратты (биғайратты) қапталдарға,
Сөз айтпа Хақтан безген батылдарға.
Пәледен басым аулақ болсын десең,
Басынды жүгендетпе қатындарға!
Бұған да тура дәлел айтайық біз,
Болмайды тіпті бірдей алтын мен жез!
Жігітті, бұ да ақылды, дана қылар,
Жақсысы қатындардың жолықса кез.
Алу да лайық іс қой мұның тілін,
Сөзінен табылған соң ғылым-білім.
Біреудің душар қылса бақытына Алла,
Рақатпен өткізеді Ай мен жылын.
Кіршіксіз, жыртық қылмай үсті-басын,
Қылшықтан тап-таза қып ішкен асын.
Осындай тәрбиемен ескеннен соң:
"Жігіттің босқа кетті -, деме, - жасын".
Ал, егер душар болса жаман қатын,
Қорсылдап шақырғандай есек затын.
Жыландай сүйір тілін сұғып, шаншып,
Күннен-күн артылтпай ма кесапатын!
Дау - шарға күнде салар жалғыз басын.
Жек көрер құрбы, құрдас, замандасын.
Бейшара өлтіре алмай, не сата алмай,
Өткізер қоршылықпен өмір жасын.
Сөз айтса, қол сырнайдай тақылдайды.
Өз сөзін, өзі-төре, мақұлдайды.
Бір жұмыс, оған айтпай, байы істесе,
Суырдың айғырындай шақылдайды.
Қыла алмас кірден жырақ үсті-басын,
Дәмді ғып мезгілімен бермес асын.
Жаманға жаман лайық бола берер,
Құдайым ер жігітке кез қылмасын!
Ішкізер әркімдерге ұлы шайын,
Шайпау тіл қарсы келер, қарғап байын.
Кез болса ер жігітке мұндай қатын,
"Туды, - деп-басқа, - ойла-заман қайым!"
Әр жерден табылады мұндай қатын,
Жауыздықпен жойылтар ердің атын.
Шабаған қаншық иттей (шапшаң) шапшақ үріп,
Түбінде сол келтірер байға ұятын.
Бозбала, бетін қайыр, сыр алдырмай,
Басынды жанған отқа бос қалдырмай.
"Бастан тый қатындарды!"- деген сөз бар,
Пана жоқ кеткеннен соң бір шалдырмай.
БЕС ПАРЫЗ
Жігіттер, "Өнер алды - ғылым-білім" –
Деген жан, құлағың сал Ислам дінін.
Өз еркің өзіңде боп тұрған тақта,
Күн өтпей тірлікте сайра, тілім!
Өлімнің, келмес бұрын, көзде жолын,
Құдайым фазылыңа алсын момын құлын.
Бұл күнде зер танитын адам бар ма,
Білетін айтқан сөздің қадір, құнын?
Бес нәрсе бізге бұйрық бір Алладан,
Ықыласпен қылу керек білген адам.
Кетпейді күн туғанда көзі жастан,
Дүниеде бейпіл босқа күлген адам.
Исламның бес парызы: біреуі - иман,
Таппайды бұл бесеуін дүние жиған.
Ықтиқат, шын ниетпен жұмыс қылып,
Ерлерді айт Құдай үшін жанын қиған!
Аузында болсын дайым Құдай сөзі,
Таймасын қарарлықтан көңіл көзі.
"Бір!" - деп, "бар!" - деп, илану-бізге парыз,
Ғаламға он сегіз мың патша-өзі!
Екінші, намаз екен-бізге парыз,
Айтпасақ білмегенге бізге қарыз.
Нәпсіні құрбан қылып бауыздасақ,
Құдайға жетеді екен сонда ғарыз.
Бір құдайдан басқаны ойламаңдар,
Ой түбіне жетем деп, бойламаңдар.
Жалғыз қылда тұрғандай сол намазда,
Жан-жағыңа көз салып, ойнамаңдар.
Қайдағы жоқ нәрсені шайтан салар,
Жаңылып бұл намаздың көбі қалар.
Көңілге Ібіліс, Лағын орнаған соң,
Ойда жоқ жамандықты тауып алар.
Айтылды: "Алла-акбар"- екі жерде.
Намаз бен құрбан шалу келді бірге.
Лағын, шайтан қосылып, қабатталып,
Көрсеткен қиыншылық талай ерге.
Үшінші, бізге парыз-Шаһи рамазан
Бұ дағы бір қаруың жетсе қазаң.
Ұмытпай, бір күн қастан қаза болса,
Алпыс күн кінарат, бар, осы-сазаң.
Төртінші, бізге парыз - зекет малдан.
Бұл пәле тосатұғын әр қамалдан.
Жүрмейді зекетіңе қабыл болып,
Ақсақ, соқыр, тып-типыл құйрық-жалдан.
Арық, қотыр, қыршаңқы-бәрі де бар.
Дауласып жалғыз басқа шалатын шар.
Алдыңа даугер болып шығатұғын,
Дәл осы - пәле басы, ей, жараңдар!
Берсін деп мен өзіме жатқаным жоқ,
Сөзімді дүние үшін сатқаным жоқ.
Жалғанда Хақ жолына жұмсамасаң,
Мал түгіл, қияметте қатқаның жоқ!
Қайырды олай болса, көп беріп қал,
Демейді өлім келсе: жас, кәрі шал.
Пайғамбар хадисінде айтқан екен,
Жігіттер мына сөзге құлағың сал:
"Ұжмақдық - шырын сөзді, жылы жүзді,
Тілінде Хақ зікірі сөйлер сөзді.
Әріплі бір Алладан кішіпейіл,
Күлумен көрінгенге қадап көзді.
Мінезі ұжмақылық-жеті түрлі:
Береген, шыншыл болып келер формы.
Және де қолы ашық, намазы көп, -
Деп айтты - анық ұжмақ оның орны!"
Әркімге жолыққанда мұндай адам,
Үлкен, кіші, - бәріне берер сәлем.
Кем болмай оразасы кәміл болар,
Шын сүйген пендесі осы – Хақ тағалам!
Және айтты: "Тозақтық - жеті түрлі,
Дүниеде ғапылдықтан болған сорлы.
Суық жүз, бұзық сөзді бола қалса,
Міне, тозақ, - деп айтты - оның орны!"
Көңілінде қорқыныш жоқ, болар пасық,
Бой салмай жақсылықтан жүрер қашық.
Беруге қолы жұмық Құдай үшін,
Боғауыз, бейпіл сөзді қылған машық.
Намазын кем оқиды шоқалақтап,
Кем ұстар оразасын және шақтап.
Намазда көп отырған адамдарды:
"Сопы!" - деп, шыдатпайды сол сықақтап.
Жолықса еш адамға сәлем бермес,
Үйіне қонақ келсе, жақсы көрмес.
Таласар білмеген соң, иланбастан,
Кітаптың, құлағына, сөзі кірмес.
Ойлайды: "Мұнан менің үлкен жасым,
Кем бе екен, не болмаса менің басым?
Бұл неге маған сәлем бермейді?!" - деп,
Өзінің артық көріп дәрежесін.
Біздерге сәлем беру болды сүннат,
Пайғамбар сүннатын тұт, болсаң үмбет (үммат).
Сәлемнен табылады жиырма сауап,
Наданға білмейтұғын бұ да қымбат.
Біреуі бес парыздың, - қажыға бару.
Бұл жолға мал мен жанды керек салу.
Шақырған бір Алланың ол жеріне,
Байларға киын екен - бармай қалу!
Пайғамбар: "Байлар қажыға келсін!" - депті,
"Үмбетім мені келіп көрсін!" - депті.
Шамасы келе тұрып, келмеген жан,
Қауымында кәпірлердің өлсін!" - депті.
Құдайдың шеберлігін көзіңмен көр,
Тіреусіз тұрған жоқ па көк пенен жер.
Алланың ризалығын шын ойласаң,
Баланы кішкентайдан оқуға бер.
Баланы оқуға бер жас басынан,
Алланың құр қалдырмай олжасынан.
Жұғуы бұл ғылымның: молда, бала, ата-ана, -
Төртеуінің бірдей болған ықыласынан.
Бұл күнде толып жатыр надан қажы,
Байлаған білгіштерді малдың азы.
Бозбала, бұл жұмыста болсын басың,
Жомарттар елемеген көпті-азы.
ЖЕТІ ЖЕТІМ
Барады ғұмыр өтіп күн-күн санап,
Жолында ғылым-Сарыф еттім талап.
Дегенді: "Жеті жетім" - өлең қылдым,
Құр бекер отырғанша босқа қарап.
Бір жерге мешітті қойса салып,
Жамағат оқымаса, оған барып.
Жалғанда сондай ғазиз босқа тұрса,
Дүниеде не болады онан ғаріп?!
Қайсы бір адамдарға дәулет бітсе,
Молайып төрт түлігі санға жетсе,
Не ішпей, не жұмсамай өз орнына,
Болады құр өкінген - қолдан кетсе!
Кездессе жақсы қатын жаман байға,
Жетпей ме өкініші өмір бойға?!
Долы қатын кездессе ақылды ерге,
Құдайым кез қылмасын осындайға!
Ішінде көп ғалымның, болса надан,
Пазлары ғұламалар түрлі адам.
Отырса сөзге түспей, аңырайып,
Жетімдік - не болады мұнан жаман?!
Ішінде көп наданның болса ғалым,
Бәрі де түк білмейтін болса залым.
Қой менен қасқыр жолдас болғанындай,
Не дейміз: "Жетім!"- демей оның халін?!
Бір үйде оқылмаса Құран - кітап,
О дағы жетімдікке болған хисап(есеп).
Жаранлар, сақтаныңдар осындайдан –
Күнәсы ауыр болад үтір-ғисап!
ҚАЖЫЛЫҚ, ИМАН ШАРТТАРЫ
Дүниеде сөз қатығы өлең-жыр бар,
Білуге сөз мәнісін неше қыр бар.
Би хикмат Жаббар ием жаратқан жоқ,
Бұлайша болуында бек көп сыр бар.
Диуана болған Әдһам масауалла,
Дүние үшін болған емес шаиналла.
Бір қызға ғашық қылып, мұфтала етіп,
Дерт берген дауасы жоқ оған Алла.
Сол қызға төккендіктен Хақ өз нұрын,
Диуана салған Әдхам көздің қырын.
Болмаса не себептен ғашық болды,
Қайда еді қыз іздесе мұнан бұрын?!
Құдайдың болды ғашық нұрын көріп,
Танумен өзге жұрттан бұрын көріп.
Қудырған елден патша қылып намыс,
Әдхамның бұл мінезін қырын көріп.
Ғашықтық бір ауыр жүк көтермес нар,
Жүк салған сүйген құлға Хақ Сәруар,
Құдайдың құдіретіне не шәгің бар,
Бір қызға диуананы қып қойған зар.
Ол қызды Жаббар Алла қалай тосты?
Жол болмай жолығуға жердің үсті.
Апарып жер астына тығып салып,
Көрсетіп шеберлігін өзі қосты.
Не қылса істейді өзі Хақ тағала,
Ешкімнің таласы жоқ оған жана(және).
Алланың өз нұрынан пайда болып,
Жалғанға Ибраһимдей келді бала.
Әулие өткен екен неше мың сан,
Не қылса, тәңірім өзі, сен бұған нан.
Дәл осындай болғаны кем де кем-ақ,
Жалғанға жеке дара келген бір жан.
Қалайша ашты тәңірім алдынан жол?
Бір ұстасқан айырылмай кетті ғой қол.
Атанған жеті Бүзрік сұлтан болып,
Атақты әулиенің біреуі - сол!
Қош, онан Махмұт сынды бала туды,
Атаның туысымен жолын қуды.
Он бесінде бұрылмай оң мен солға,
Аттанды Хақ жолына ұстап туды.
Таяғын атасының он бесте алды,
Әкесі Хақ жолына құрбан шалды.
Мұны да ойлап біраз білу керек,
Құдайдан сонда қандай дәреже алды?!
Әкесі "көк қошқардай" мұны сойды,
Құдайға жақындыққа көңіл тойды.
Далада тәңірім бекер қалдырмады,
Күзетші өз үйіне сақшы қойды.
Дүниеде мәшһүр болып қалды аты,
Құдайға күнде жетіп айтқан даты.
Есікші Байтұллаға, күзетші боп,
Атанды "Сақшы Махмұт зиараты".
Есіктің қақ алдында - Бап-Әлсіллам,
Зиарат қылса егер барған адам .
Бұл бастап Байтұллаға кіргізеді,
Болса да қандай соқыр, саңырау адам.
Есіктің қақ аузынан берген орын,
Қылсын деп жұрт зиарат бұдан бұрын.
Бұл бастап Байтұллаға кіргізеді,
Құюмен төбесінен құдай нұрын.
Тазалап ішек-қарынын әбден аршып,
Жуумен бастан-аяқ нұрға малшып.
Онан соң ол адамда болмас ашу,
Езсең де табаныңмен жерге шаншып.
Құдайдың құдіретінен оза алмассың,
Қолыңды жетпес жерге соза алмассың.
Сақшы Махмұт тазалап, жуған жанды,
Өзгертіп балталасаң, бұза алмассың.
Наданға мұндайлықты білу-арам,
Бар ма, айтшы, көп қажыда білген адам?
Сұлтан мен сақшы Махмұт жұмысы жоқ, -
"Қағбаны кердік!" - дейді, болды тамам.
Барғанмен, қажы болмайды ісі бітпей,
Зиарат қылар жерді тауап етпей.
Далақтап жансыз тасты жеті айналып,
Мұнда кеп бұзылады үш күн өтпей.
Қажы - ораза, намаздан қиын жұмыс,
Онда көп шарт етілген әр түрлі іс.
Оқымай Мұқтасарды, қажы кітабын,
Надан ит, қажы барудан к...інді қыс.
Не нәрсе парыз болса, ғылым-парыз,
Ғылым білсең, өтелер қанша қарыз.
Әуелі қылар істің ғылымын біл,
Қанша айт, онша айт онан соң Құдайға арыз.
Қажы барып кеп, көргем жоқ оңған кісі.
Қажы барды —ақ бұзылады өңі-түсі.
Ғылымсыз қылған ғамал-құр қиналу,
Наданның бір жындылық қылған ісі.
Барып өлген құдайға қиды жанын,
Жан қиюмен адамдық тапты санын.
Қайтып келген қақақтап дүние жинап,
Жеп қояды бауыздап малдың қанын.
Наданды әлдеқашан Құдай атқан,
Сол үшін белшесінен күнде батқан.
Тірідей, өлгенім деп, кебін киіп,
Кәне: "Өлдім!" - деп, үйінен шықпай жатқан?!
Дін үйрен, ғылым ізден, болмасаң көр,
Қанша айтқанмен, ғылымсыз жоқ саған төр!
Құдай үйін іздеген— қалайша іздер
Рабиға мен Ибраһим, Әдһамды көр.
Далақтап екі-үш айда барып келіп,
Әкелгенің бар ма, айтшы, бойыңа іліп?
Бәрекелді, Құдайды шын тауыпсың,
Мал десе, діңкең құрып, осынша өліп!
Саған менің бүл сөзім жақпасын да,
Қалмаған соң Байтұлла қақпасында,
Даушы да өзі, топ болса, жаушы да өзі,
Дау болса, қажы жүрер қақ басында.
Оңай болды бұл күнде қажы бару,
Көбіне арам - жан қиып онда қалу.
Саған қайда, қазағым, қанша айтқанмен,
Қаңтарсыз - қар, қажысыз - дауға жару.
Қалам, тұрмай, жаза бер, арылмайсың,
Құр жаттым деп, қағаз, сен, налымайсың.
Бұрынғылар мақал ғып айтып кеткен:
"Қажы келмей-деп, - дауға жарымайсың!"
"Арафатка шықтым, "-деп, ол бір тауға,
Жайнамаз, тәспі ап келіп жұртты алдауға.
Қажының жұртқа тиген шарапаты:
Ширатты партия мен жұртты дауға.
Қажы барсаң, Ибраһимдей мал-жаннан кеш.
Бір құдайдан басқаны ойға алма еш!
Болмаса, малың шашып әуре болма,
Үйде жат, мезгіліңмен тамағыңды іш!
Әуре боп, надан болсаң, аяқ баспа,
"Бардым, - деп, - мен сүйттім", - деп, аузыңды
Көпке ортақ, дүние деген, жұртқа нәсіп,
Апарып көп нәсібін түзге шашпа.
Бай болғаның - бір шыбын жанның қасы,
Жұмсайсың Хақ жолына, атаң басы!
Байлардың қолындағы жиған мүлкі:
Кем-кетік, жоқ-жітіктің сыбағасы.
Бақташы қылып сені қойған Құдай,
Құдайсыз бұл мал саған болмас оңай!
Бір кедей ас таба алмай аштан өлсе,
Төлемек соның құнын қайырсыз бай.
Ac ішпей үздіккен соң, жүрек талар,
Күш кетіп қалғаннан соң, өліп қалар.
Құдайым оның құнын жібермей бос,
Жазасын сараң болған байға салар.
Жігіттер, бұл айтқаным - Құдай сөзі,
Құдайдың - ғалым өзі, кітап сөзі.
"Аннфуқу иммат разақанакум," - деп Құранда,
Айтып тұр әмір етіп тәңірім өзі.
Көңілді шын ниетпен қойсаң аққа,
Тура жол, түзу бастар оңған жаққа:
Біреуді-бай, біреуді жарлы қылған,
Пендесін әр күйменен сынамаққа.
Бізге қоныс болмайды осы мекен,
Түнеп көшкен керуеннің қосы-мекен.
Ойласайшы: болмаса, не үшін берді?
Бай құдайдың есі мен досы ма екен?!
Мал табу өзінің күші ме екен?
"Құлмын" - деуі құр тілдің ұшы ма екен?
Неге мұны миға сап ойламайды?
Кедей - қастас құдайдың өші ме екен?!
Бай, кедей, - бәрі бірдей құдайға құл.
Біреуді кем қып қойған, біреуді-мол.
"Бай кедейге ауыссын, қарассын" - деп,
Шеберлікпен жаратқан құдіреті сол!
Қор болдың, есіл қазақ, надан қалып,
Білгеннің, іс қылмайсың, тілін алып.
Көп несібесі болмаса жиылған мал,
Қай бай кетті бар малын жинап алып?!
Бай өлді, бір өлімтік болып қалды,
Тірі қалған апарып көрге салды.
"Жанға берме, татырма!" - дегендері
Ит пен құсқа жем болып мұнда қалды.
Құлақта тесік болса, мінеки, сөз,
Құлақтан, тесігі жоқ, күдеріңді үз.
Толтырсаң дүние жүзін, түк жоқ саған,
Несібең бұл жалғаннан-үш қабат бөз!
Мен құраннан аятты көрдім көзден,
Жаның жанға ашыса, иман ізден.
О дағы бұйырғанға бұйырады,
Бұйырмаған ізденер, өлсе, түзден.
Өлімді ұмытпаған ойға алады,
Өзінікі бұйырса, қуанады.
Біреуден алып келіп қойған кебін
Мақшарда тырдай тонап өзі алады.
Шіркін-ай, құтыласың мұнан қашып,
Өлген күні қаласың боқтай сасып.
Өзінікін таныған өзі ап кетіп,
Жұрт алдында келесің бұтыңды ашып.
Қолым [тұрма], айтпа тілім, жазба қалам.
Сен айтқанмен болмайды тегіс тамам.
Білмегенге өкпем жоқ мұнда-онда,
Рақмет айтар сүйсініп білген адам..
Бұл сөзім түссін көптің ортасына,
Сатпаймын қолдан өзім дүр тасына.
Үмітпен құдай үшін жазылған сөз
Жүректің махаббатлу қолқасына.
Жасымнан мен ғылымды қылдым талап,
Жұрт алған бір басымды көпке балап.
"Тұрмайды!" - деген жанға бұлдамаймын,
Қолқаға, тұрад деген алсын қалап.
Кісіге анау-мынау бұрмаймын бас.
Дүние - дос, махаббатсыз, құр қара тас.
Шын жүрек махаббатлығы жан табылса,
Жолына жаным құрбан, құдайға-бас.
Махаббатпен жаратқан адамды әзі,
Махаббатсыз боп кетті дүние жүзі.
"Махаббатсыз жан да жоқ, тіпті, иман," - деп,
Анық бар пайғамбардың хадис сөзі.
Иа, Алла, мені айырма махаббаттан,
Танырсың, көрмегенің, жазған хаттан.
Ақыреттің Мәшһүрі қылғай Алла,
Жалғанда түк таппадым "Мәшһүр" - аттан.
Жан тапсам махаббатлы, көңілім жай.
Табылмас онан да аулайын... ай.
Жалғанда һәр не қылсаң, разымын.
Қыла көр ақыретте иманға бай!
АДАМ ЕКІ ТҮРЛІ
Бісмілла - сөздің басы, Хақтың аты,
Молданың ақ қағазда қалар хаты.
Нақылият- қара сөзден - өлең қылып,
Шығарған Мәшһүр-Жүсіп хикаяты.
Сөз қылдым жақсылардың айтқан кебін,
Сұм дүние әуре қылған жұрттың көбін.
Етіме бәйге кердей түскен күнде
Өлеңмен келтіруші ем сөздің ебін.
Мысалы адамзаттың ағаштай-ды,
Қу ағаш мәуесі (миуасы) жоқ, жараспайды.
Терек қанша аспанмен таласқанмен,
Бұлттан биік болып, бойы аспайды.
Қалдырған су түбінде дүрдің тасын,
Түспейді көзге әр нәрсе, болса асыл.
(Бір тамшы көрмейсің садап асын).
Мәуесі (миуасы) басқа ағаштан көп болғаннан,
Көтермес үзім(иүзім) ағашы жерден басын.
Жақсылық, қайыр, ықсан қылған ісі,
Адамның қымбат баһа, сол жұмысы.
Табылмас көзге тотия - ем дәрідей,
Қолынан әр жақсылық келген кісі.
Қайырсыз болсаң(бықыл) бәхил, болдың терек,
Басқаға бір отыннан қылмас керек.
Жақсыдан - жақсының да паркы бөлек,
Даналар біледі ойлап, ақыл зерек(зирек).
Зарарлы болсаң жұртқа, болдың тікен,
Қыларсың жазды жапан шөлді мекен.
"Жерінде - әр не өзінің"- деген рас,
Еккенмен сусыз жерде, шықпас жекен.
Жарасар киім, жаға-жеңімен,
Жар құлар судың соққан сеңіменен.
Жезге - мыс, күміске алтын үйлеседі,
Іс болған әр не өзінің теңіменен.
Ақ марал жайылмайды қабанменен,
Бірге ұшпас бұлбұл - қарға тағанменен.
Түлкі мен шер, мысық пен тышқан бір боп,
Барады әуре сарсаң заманменен.
Хасыл дүние, ақырет, әуел иман,
Руза(ораза), намаз оқыр нәпсі тыйған.
Астан ғұшыр, малынан зекет беріп,
Табады Құдайды іздеп жанын қиған.
Ораза, намаз-пенденің міндетті ісі,
Құтылар қарызынан қылған кісі.
Жалғанда артық сауап қайыр екен,
Қылуға қайыр, ықсан жетсе күші!
Құдайым пендесіне берген малды,
Жаратқан әр түрлі ғып жүрген жанды.
Ғибадат, қанша қылған құлшылықтан
Қайыр қып берген артық жалғыз нанды.
Жақсылық әр орында түсер көзге,
Адамға еш пайда жоқ онан өзге.
Бір қайыр Құдай үшін қылған арнап,
Жеткенше өседі екен жеті жүзге.
Бір теңге берсе біреу Құдай үшін,
Сөзін - тәтті, шырайлы қылып түсін.
Құдайым періштеге айтады - міс:
- Пендемнің, - көріңдер, - деп, - қылған ісін!
- Беріп тұр мені ойға алып, малын қиып,
Шайтанның тілін алмай, нәпсі тыйып.
Берумен бір теңгені сатып алды,
Иманның жеті шартын түгел жиып.
Беріп тұр нанғаны үшін бірлігіме,
Таянып менің патша кеңдігіме,
Шайтанның: "Берме!" - деген тілін алмай,
Қараңдар қылған қайрат, ерлігіне.
Екінші, періштелер саған нанып,
"Болар, - деп, - сендер куә"- ойына алып.
Салынсын қиямет күн таразыға,
Қойындар ұмытпастан хатқа салып.
Үшінші, кітап айтқан сөзге(тілге) нанды,
Сөзіне ғалымдардың(ғалымлардың) құлақ салды.
Үміт қып: "Хақтан болар жақсылық!" - деп,
Пендем тұр көзі қиып беріп малды.
Төртінші, пайғамбарлар бәрін білді,
Солардың, өтіп кеткен, соңына ерді.
Көрмегенге көргеннен артық нанған,
Молдалар айтысымен, алған тілді.
Шын нанған қияметтің барлығына,
Құдайдың анық көнген жарлығына.
Беріп тұр бір жанының қамын ойлап,
"Сол күннің салмағай, - деп, - тарлығына!"
Алтыншы, дүние, малға назар салмай:
"Болар, - деп, - ойламаған, - арты қандай?"
Болса да, жақсы-жаман, менен күтіп,
Бар болып, жоқ болуын ойына алмай.
Жетінші, кітап сөзін танып, біліп,
Өлген соң тірілуді анық біліп.
Ұжмақтың нығматынан үміт етіп,
Тозақтың ғазабынан кәуіп қылып.
Мал мен жан айтылады болып егіз,
Болуы малсыз адам бекер деңіз.
Болсын деп Құдай риза малын қиған,
Мұнымен иман шарты болсын сегіз.
Мал берсе, арық болмай, семіз болсын,
Аз беріп, көп жалынып, егіз болсын.
Шайтан менен нәпсінің тілін алмай,
Беріп тұр бостан босқа - тоғыз болсын.
Бұл хатты жүргізіңдер қолдан-қолға,
Намасын даярлаңдар мұның оңға!
Міндетсіз, мақтанышсыз бергендіктен,
Уақытында қолдан шыққан жетсін - онға!
Шат (шад) болып қуанады қайыр алған,
Кей қайыр көп орынды жерге барған.
Ауламақ мумин (момын) көңілін артық сауап,
Дүниеде жақсылық жоқ мұнан қалған.
Бұл қайыр бір шыққан соң қолдан кетіп,
Құдайдың хазинесіне барар жетіп.
Бір қылған Құдай үшін жақсылықтың,
Сауабын бітіре алмас ешкім бітіп.
Жарайды, міне, пендем, пәлі ерім!
Жарылқар сені ілгері ондар жерім.
Өзімнің артық пендем екеніне,
Мінеки, мен Құдайлық бастым мөрім!
Бұл пендем жақсылықтан ойлаған ой,
Соң көрер көп ішінде айт пенен той.
Басқан соң мен мөрімді, не қалады?!
Сендер де, періштелер, қолыңды қой!
Құдайдың шын жарылғар сүйген құлы,
Барғанда таңла мақшар болған жолы.
"Уаллау иүзүғүф үлмез итағү"-
Аяттың тәпсірінен көрдім мұны.
ДҮНИЕГЕ КӨҢІЛІ ҚАЛҒАНДЫҚТАН, СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
Хат жазар қалам алып, ғылымдылар,
Сөйлемес жаман сөзді білімділер.
Пендеден алып пенде бай болмайды,
Құдайдың бергенімен күніңді көр!
Дос тұтып, бұ дүниеге кім айланды?
Қоймаған Дәуіт ұғлы Сүлейменді.
Бұзылып әсіресе біздің заман,
Көлдей боп тоғытқан, ылайланды.
Бір күні қалар ақыр сөздеріміз,
Өлерміз, жетсе қаза, өздеріміз.
Бұ түн өтіп, ертең күн таң атқанша,
Жетпейді не болуға көздеріміз.
Бұл күнде есек пенен ат та бірдей,
Жарамай нәксі менен затта бірдей.
Барады не, не ерлер құсаменен,
Ай өтіп, отыз алты ғапыт, күндей.
Көріп жүр кезек-кезек абақтыны,
Күн болар жетіп қалса, қабат күні.
Далаға балапанды жорғалатып,
Қапасқа қамап жатыр қанаттыны,
Ақыртып арыстандай шерді жығып,
Үстінен ойнақтап жүр түлкі шығып.
Қабанға, қасқыр менен қалып тоғай,
Жатақта арыстандар қалды бұғып.
Қадірлі ата-баба асыл тектен,
Орыстың малайы озды қосын жеккен.
Қан жеген ауқат үшін сауысқандар
Дәмелі осы күнде қаз бен жиктен (жіліктен).
Сенбеңіз атаң байдың байлығына,
Дүниенің көз жетпейді айнуына.
Орынды аталары асыл тектен,
Ақша алған малай озды айлығына.
Сенбеңіз жанның бәрі дос еді деп,
Жігіттің жарлы болса, өсегі көп.
Қолыңнан малың кетсе, ешкім күтпес:
"Кешегі бай баласы осы еді", - деп.
Бұл күнде жақсы бар ма, малмен жақсы,
Жақсы атың бір шықпайды болсаң тапшы.
Ер жігіт шешен болып, малсыз болса,
Топтағы айтқан сөзің не болмақшы?
Кедейлік кетіреді сыныңызды,
Бар болса, мал жабады мініңізді.
Бұл күнде тіл сөйлемей, мал сөйлеген.
Көре бер үйтіп - бүйтіп күніңізді.
Жүргеннің бәйтерексіз басы жекен,
Төбеттер қойға жетпес, шалды бөкен.
"Қарағай басын шортан шалды"- деген,
Осылай ойлап тұрсам, заман екен.
Бұл дүние жолдас емес адамзатқа,
Кетеді қайда тастап жанған отқа.
Дүниенің жамандығын көзіне айтып,
Ғазал(ды) бес-алты ауыз жаздым хатқа.
Бұл дүние заһарына тым-ақ шырын,
Орнасын келтірерсің ердің түрін.
Әуелі Адам жаралды— барша жаннан,
Келесің бәрін тастап бірем-бірем.
Ойласам дүние ісінде жоқ дүр, опа,
Бәрін де жолдасыңның қылдың қапа.
Бәрін де қарайғанның әуре қып налытасың,
Мақұл ма осының да, ей, би опа?!
Ит дүние, қарамайсың Құдайға сен!
Тұрмайсың бір қалыпта бір айға сен.
Көбейер, кетер шақта сонан қастық,
Келмейсің айыптап тарту бұл айға сен!
ИТ ДҮНИЕ
Бұ дүние жолдас емес адамзатқа,
Кетеді, қайта тастап жанған отқа.
Дүниенің жамандығын көзіне айтып,
Ғазал қып бес-алты ауыз жаздым хатқа.
Бұ дүние қыларына тимек шырын,
Аунасаң, кетіресің ердің түрін.
Аулад адам жаралған барша жанды
Келесің бәрін тастап бірін-бірін.
Ойласам, дүние ісінде жоқ-ты сапа,
Баршасын жолдасыңның қылдың қапа.
Бәрін де қарайғанның налытасың,
Мақұл ма осының да, ей, би опа?!
Ит дүние, қарамайсың Құдайға-ай сен.
Тұрмайсың бір қалыпта орайға-ай сен.
Басынан не ерлердің кештің желдей,
Баяндап кімге тұрдың қуармай сен.
Ит, дүние, сен бір сәурік айғырдайсың,
Ешкімді өз бетіңмен бай қылмайсың.
Қуасың әлі оны, әлі мұны,
Тыныштықпен еш қысырақты жайдырмайсың.
Артыңнан иең қуып өкпесі өшер,
Қайта оған қуанасың, қайғырмайсың.
Сенімнен ат — тоныңды ала қашып,
Сараңнан табаныңды тайдырмайсың.
Қуады, дүние, сені, барша халық,
Сен деп жүріп өмірі өтер, ғапыл қалып.
Сен иттің жаның ырза, жолдасың сол.
Ішпей, жемей, шанашқа қойса салып.
Ішіп-жеп, не керегің кимеген соң,
Шашып, төгіп жүруді сүймеген соң.
Мәлім ғой ақыретте берер пайдаң,
Жалғанда бір сілемің тимеген соң.
Бір бақса, дүние, сені шаруа бағар,
Бағудың шаруа сорлы бабын табар.
Жеткенге қадіріңе айланасың.
Кейбіреу қадірсіз қып жаудай шабар.
Бабыңды, дүние, сенің адам таппас,
Үйінде батпаушылар тыныш та жатпас.
Бас-басы саған пәле дүние жиған,
Мал сойса, сейсенбі күн саған жақпас.
Құдайым алайын деп қаһар қылса,
Деймісің сәрсенбі күн ебін таппас.
Қайда ағаштың басасың қайғы басын.
Сол үшін саған менің көңілім шаппас.
ЖАМАН ӘЙЕЛ ТУРАЛЫ
Жұмағы бұл дүниенің - жақсы қатын,
Шығарса ағайынға жақсы атын.
Гүл жүзді(жүзлі), шырын сөзді (сөзлі), нәзік болса,
Түзетсе үй-мүлкінің салтанатын.
Бай күтпек бәрінде де — артық ғылым,
Хош құлық (құлқат), жұмсақ тілі болса хылым.
Шия мен, әдеп, ынсап бірдей келсе,
Не болар мұнан артық ғақыл, білім?
Нәзік келер лебі лағыл, тісі-інжу,
Махбоп (мақ боп) жар(иар) бұл дүниеде артық ганжу.
Сурет( шурат), қасірет, - екеуі бірдей келсе,
Жарандар, мұнан(онан) артық неғмет бар ма - ay!
Махбоп жары талап қылмақ ерге міндет,
Көреді нәсіп болса, түрлі ләззат.
Есіктегі бастарын төрге сүйреп,
Егер де қолға түссе, мұндай ғиззат.
Бұл күнде мұндай қатын болған хадір(надор),
Қош құлық, жұмсақтық іс болмас садыр.
Ана мен мынаменен де алыстырып,
Басында қалдырмайды құрмет, қадір.
Жақсы болса, көбейтер досты жарың.
Жаман болса, қас қылар халықтың бәрін.
Айтақтар иттей, айтып көрінгенге,
Әркіммен шырылдасып, кетер арың.
Жаман болса, дүниенің ол тозағы.
Басыңнан арылмайтын сол зор азабы.
Жыланша заһарымен шағып алса,
Жүрегіңнің басынан кетпес дағы.
Қоя бер тіпті қолыңнан келе алмаса,
Бас алып кету керек онан-дағы.
Дүниенің ол тозағы - жаман қатын,
Жаман қатын шығармас ердің атын.
Он екіде бір нұсқаң келмеген соң,
Дүниенің көре алмайсың аз рақатын.
Бұралып бір өзіңді күте алмаса,
Шаруаңды орны - орынымен тұта алмаса,
Ұрғашысыз шаруаның сәні келмес,
Қайтесің, өзің істе, тіл алмаса.
Ұрғашының міндеті - үй шаруасы,
Ұқыптаса көп болар біс асы.
Үй-түзіне бір өзі қараған соң,
Миқата боп кетпей ме ердің басы?!
Ұялмай отырады тілін безеп,
Әдеппен сөйлемейді тілін тежеп.
Бүйтіп өткен өмірде не қызық бар
Ұрғашы, еркек жұмысын бір өзі істеп?!
Ойлағаны - жақынмен қылмақ араз,
Не екенін білмейсің мақсат ғараз.
Белгілі науқас емес, ем істейтін,
Сүйегімен кететін бұл бір мерез.
ЖАҚСЫ ӘЙЕЛ
Ақынның шек келтірме тіл-жағына,
Ілінсең сау қалмайсың тырнағына.
Жұрт күлгендей сөйлейді жамбасқа (жанбасқа) алса,
Келтіріп қиын сөзді ырғағына.
Сөз оңай, сөйлеп кетсе, ақындарға,
Әркім даяр тұрады мақұлдарға,
Саңылауы, құлағының тесігі бар,
Айтамын: "Ұғып ал!" - деп, қатындарға.
Ұқпасаң, айтар сөзім тағы даяр,
Жайым жоқ жалтақ көз боп, ешкімді аяр.
Күн бұрын күтініп тұр кір жуытпай,
Өсекші, өлең шіркін, жұртқа жаяр.
Жалғанның жарастығы - жақсы ұрғашы,
Қиылып маңдайында көз бен қасы.
Бір талы нам харамға көрінбес пе,
Астында жаулығының тұрса шашы.
Сүмбіл (сінбіл) шаш - күнде жуып, талдап өрген,
Еріне шын махаббат (мұхаббат) көңіл берген.
Қолында Құдай берген ризық мол боп,
Мейманның қошеметін тәуір көрген.
Киімін шаң мен топырақ, қылмайды кір,
Болады қызыл алма, жүзінде нұр.
Ерінің сүйген досын дос көрумен,
Жүзінен әр шаруаның береді сыр.
Биязы сөзі жатық, майда болар,
Кеудесі - көңілі зерек-айна болар.
Асылдың асыл затын тануменен,
Өзінде жақсы құлық пайда болар.
Ыдысы таза болар, кіршік тұтпай,
Сілкеді төсек орнын шаң жуытпай.
Ұрғашы бұл сияқты жоба білсе,
Шаруаны реттеп ұстар, тіпті ұмытпай.
Орамал, аяқ-табақ жерде жатпас,
Жүн-жұрқа, көлденең шөп төрде жатпас.
Кімде-кім Құдайына жуық болса,
Денесі азап тартып, көрде жатпас.
Асына жалғыз қылшық түспейді екен,
Ac ұрттап, бисмилласыз ішпейді екен.
Әр тамақ сүп-сүйкімді, тап - таза боп,
Реттеп орны-орнымен, істейді екен.
Малайды үйде жүрген жұмсар алдап,
Балаға қызмет берген нанға жалдап.
"Тыраңдап, тайып, жығылып қалам ба?" - деп,
Аяғын қоңыр қаздай басар аңдап.
Алады туысқан ғып елдің бәрін,
Төкпейді жаман сөйлеп, ұят-арын.
"Қарағым", "шырағым" - деп, кіші болса,
Құрытар тәтті тілмен ынтызарын.
Баласын жаман сөзбен қарғамайды,
Жібекті жүнге ап келіп жалғамайды.
Қолынан үлестірсе, сусын - шарап,
Бөлектеп, бай, кедей деп, талғамайды.
Адамды мінезінен білер танып,
Өсекке салмас құлақ, сірә, нанып.
Жолаушы құдайы адам кетеді екен,
Ас берсе, қасын керіп, мейірі қанып.
Мейманға көркем ұстап қабақ-қасын,
Тәтті сөз, жылы жүзбен ол берсе асын.
Мейманы шын риза боп, рақмет айтып,
Тиеді бір Құдайдан жарылқасын!
Жоқ болса, жоқтығының айтар жайын,
Бар болса, қалтарыс жоқ, бәрі дайын.
Дүкеннен жаңа шыққан мысалды боп,
Ләззатпен пәк шыныаяқ берер шайын.
Мысалы халуа, шекер - ұстар майын,
Бұзбайды әр не десе, ердің райын.
Кемеңгер ақылы асқан, жақсы ұрғашы,
Түзейді ықтиярсыз жаман байын.
Сыбанып алжапқышпен сауады мал,
Қаймақ пен ірімшіктен жасайды бал.
"Ата!" - деп, қарияларды құрмет қылып,
Ат қояр: "Келінжан!" - деп, көп ақсақал.
Көлденең кісі алдынан кесіп етпес,
Басқадан басқа нәрсе үміт етпес.
Мағынасын халал, харам жақсы білсе,
Теңеліп бұған, сірә, әйел жетпес.
Жетімді Құдай үшін көрер тәуір,
Елжіреп жетім көрсе, жүрек, бауыр.
Байынан кәріп-қасер ренжу тартса,
Зор жұмыс, міндет көрер үлкен ауыр.
Уатар байы жоқта алдамалап,
Қасына жетіп барар жақын жанап.
"Елеме оның сөзін, шырағым!"- деп,
Жылы жүз, ашық көзбен күліп қарап.
Кісіден бұрып жүзін, дәрет алып,
Құдайдың қызметіне талаптанып.
Намазын бір оңаша жерге оқиды,
Басына, иба қылып, бүркеу салып.
Бүркеніп бір қолына құман алар,
Жерді іздер адам көрмес, бой тасалар.
Мысықтай жалтаң іздеп, жасырын боп,
Аяндап бір өзектеу сайға барар.
Құманға жолдас болмай, қатын оңбас,
Ісіне нас ұрғашы көндің толмас.
Дәретке әдеттенсе жынысы әйел,
Ыдыста іші қуыс кіршік болмас.
Табылса мұндай әйел, нұр болады,
Басқадан дәрежесі зор болады.
Осындай кей уақытта көп перизат,
Надан боп алған байы, қор болады.
ӘЙЕЛДЕР ТУРАЛЫ
Шопанның ұшырамаңдар таяғына,
Мұны ерте сөйлегенмін баяғыда.
Бас жағынан шығуға тырысыңдар,
Жүрмеңдер сырғып кетіп аяғына.
Ақыл - шам, керек оған май мен білте,
Сасарсың кеш боп қалса, ескер ерте.
Түн болмай күн барында жабдық ойлап,
Қолыңа түсіре бер бірте-бірте.
Кім мінер көңілдегі тауып атын,
Сыншы жоқ танитұғын жылқы затын.
Дүниенің тұрақтайтын тұрағы екен,
Гүл жүзді, шырын сөзді жақсы қатын.
Белгілі ұрғашының бізге жайы,
Жылқы екен, ойлап тұрсақ, қыздың байы.
Кәне, құлан қарауыл қолға түссе,
Қатыннын барып тұрған қақ маңдайы.
Бұлттан шыққан күндей, көрсең жүзін,
Келтіріп неше түрлі күймен сөзін.
Оқжыландай толғанып толықсыса,
Білдірмей ешбір жанға басқан ізін.
Өзінде түгел болар ажар көрік,
Ажарына мінезі болып серік.
Алыстан магниттей лебі тартып,
Кім көрінген боп кетер соған жерік.
Өң түгіл, көре алмадық түсте де біз,
Соның үшін боп жүрміз әңгіме сөз.
Бірден соңғы фабригі ұрғашының
Кез боп қалса, ал, қара қиғаштан кез.
Ішпей - жемей тойғызып нұрыменен,
Көрінгенді бастас қып өзіменен.
Шығып кете жаздаса денеден жан,
Қарап қойса көзінің қырыменен.
Есіл уақытым сықылды - жазғытұрым,
Күз боп қалса, ашылар менің сырым.
Міне, үшінші нөмірі жаңа шықты,
Үлпілдеген ақ мамық, бота форым.
Басқа түссе, іс екен, бүл бір сарсаң,
Мұнан қашып құтылдың қайда барсаң?!
Төртінші номер – көңілді шайдай ашар,
Алқызылдан, ақселеу келсе ашаң.
Түспесе осы айтылған төрттің бірі,
Бозбаланың қор болып өлген жері
Көп өліктің есебі бірісің де
Құр көрініп жүргенмен көзге тірі.
Әуел бастан бір кетсе аяқ теріс,
Табылады онан соң ұзын өріс.
Қашты, қуды: боласың барымташы,
Ғұмырың өтер жанжалмен ұрыс, керіс.
Сермегенмен қол жетпес көктегі айға,
Бірдей келген бұл бір дерт жарлы, байға.
Шамаң келсе, жолама бесіншіге,
Жайма төсек, фабрикті (файрикті) жадағайға!
Кеп жылқы көк алалы көлге жусар,
Қолыңа түсе бермес түлкі, сусар.
Боз қасқанды айтсаң да, дауа болмас,
Томырлықты тұнжырға болсаң душар.
Жоғыңды іздей берме жар басынан,
Керінгеннің көз салып арбасынан.
Нөміріне алтыншы сырғып кетсең,
Жатыпішер кез болар жамбасынан.
Әркім барып жабысар бір желімге,
Мен сүйкімді болмаспын көп келінге.
Жетіншіден аулақ қаш анадайдан,
Көбік ауыз, көк айыл, түрме ерінге!
Қанша иірсе сыяды, жіп ұршыққа,
Шығу қиын ілінсең бір қырсыққа.
Сегізінші номерге жолай керме:
Сартылдаған сары аяз, тымырсыққа.
Жерде шіріп қаларсың тіл менен жақ,
Ерік өзінде, бар болса қимылдап бақ.
Жеті тиын боз қасқа айтыңызлар
Кез келіп қап жүрмесін бедірей - бетпақ.
Табылады ойға алса әр нәрсе қолы ұзынға,
Түсіп қалып жүрмеңдер алқызылға!
Бозқасқанды айтсаң да, дауа болмас,
Шаш етектен ілінсең, айт бозымға.
Иманыңды шошытар кейбір жауыз,
Дәні жоқ, құр қабығы қалған қауыз.
Досың түгіл, дұшпаның, кез болмасын,
Ит сықылды қабатын ырсық ауыз.
Дүние кең ғой іздесе табылар бұл,
Табылмаса кетейік ұстасып қол.
Көрінгенге далбаса бола бермей,
Өз көңіліңді дауалат, айтқаным сол!
ШАЙТАННЫҢ ДОСЫ
Ойланыңыз - ақыл, білім қайда болмақ?
Дүниеде қандай орын, жайда болмақ?
Білу пан ұнату - ақыл деген ісі,
Қайтсе - зиян, қайтсе пайда болмақ?
Тынысты құлақ естіп, көзбен көрмек,
Мұрын-иіс, тіл дәмін - хабар бермек.
Бесеуінен мидағы ой хабар алып,
Жақсы, жаман сол істі ол тексермек.
Ойы соның неше түрлі шимай салмақ,
"Қайтсе жөнге келер?" - деп, өлшеуге алмақ.
"Дәл қылайын", - деп ойлағанын
Ғазалатіл жүргінің бір қозғалмақ.
Бір билігі сол жүректің шығарылмақ,
Денеңе ол шымырлап аш (ащы) қылмақ.
Ойыңды дұрыс демей, теріс демей,
Сол арасын анықтап, байқа бірақ.
"Жарайды!" - деп, ұнаса, бас иземек,
Жек көрінсе, жиреніп дірілдемек.
Жүрегінің тілі жоқ, сөйлемес ол,
Ұғып алып, бола гөр соған көмек.
Қызық та жоқ, ақыл мен есі бітпек,
Нәпсі ұнаса болғаны-бәрі жетпек.
"Тәуекел!" - деп, ат қойып ықтималға,
Байлауы жоқ нәрседен пайда күтпек.
Табайын деп талпынып, ойына алмақ,
Өз әлінше о дағы сынға салмақ.
Аз ойланса, қазақтың басы қатып,
Зиян істі пайда деп, қосып алмақ.
Ықтырманың есігіне екеу болмақ,
Ішіне пайда, зиян - бәрі толмақ.
Нысананы сығалап, дәлдеп атпай, -
Көзін жұмып оқ атқан қайдан оңбақ?!
Іс қылады таптым деп біздің қазақ,
Онан көрген пайдасы болады аз-ақ.
Аяғында ол істері зиян болып,
Көрінгенге күлкі мен болар мазақ.
Арам ойға ар сатып, үзіп жұлмақ,
"Мұнан пайда қылдым!" - деп, мақтан алмақ.
Біреу білген айланы - біреу біліп,
Өзі құрған дарына өзі асылмақ.
Шолақ ойлап, шолтаңдап, сырттансымақ,
Аса мықты жан шығып, көзге тым-ақ.
Аударысып жүргенде, ауып кетіп,
Абыройың ашылар, байқа, шырақ
Шолақ ойдың аяғы осылай болмақ,
Біраз күнгі көңілдің қошы болмақ.
Арсыз адам, асығыс, айлакерлік,
Мұның бөрі шайтанның досы болмақ.
"Құдай кешер әлі!" - деп, күнә қылмақ,
Ар келтіріп, ант ішіп, жан сатылмақ.
Не жалғанда, немесе ақыретте,
Оңалмастай өкпеден бір атылмақ.
СЫРҒА СӨЗ
Әл-ғауам, кәл-ғауамда паруанамыз,
Набатта райхансыз біз не аламыз?!
Жамадатта шақпақтас жерде қалған,
Адам ретте Сафилла диуанамыз.
Құста: байғыз, жапалақ - бастасымыз,
Қарақұс, жарқанат қой - қастасымыз.
Сауысқан, қарғалармен дұшпан болып,
Осылай біздің аяқ тастасымыз.
Дария, көп дүние айналған садап қайда?
Садаптан қанағатсыз не дүр пайда?!
Жатырмыз надандықта, жан жоқтықта,
Иесіз мақұлық қалар әрбір жайда.
Аспан көк - толған бұлт, жауыны жоқ,
Ақбоз үй есепсіз көп, сауыны жоқ.
Бақша бар: бидай қалып, терек еккен,
Асқабақ, жейтін әрбір қауыны жоқ.
Пайдасы неге керек мың мен санның?
Көп тоғай бос атанып жүрген жанның.
Болар ма, бір сөнген соң, айтшы шоғы –
Оттарын қанша жақсаң, қарағанның?!
Сөнбейтін саулап жанған қайда жарық,
Жал-қонды, жабы - семіз, жүйрік - арық.
Жалт еткен нажағайдың отындай боп,
Көруге - анық, алуға болып асық.
Елуден жасым асты, өзім-бала,
Соқыр мен саңырауға болдым дана.
Тұтанып, қай жерімнен от алады,
Бықсумен қар астында жатқан шала?!
Алды-арты бұл дүниенің - қараңғы түн,
Үміт бар - болар деген бір жарық күн.
Құр босқа текке айғайлап, зорықпайын,
Жаяудан шаң шықпайды, жалғыздан - үн.
Жасымда дүрсілдетті біткен бала,
Барғанда әр молдаға сабақ ала.
Баланың таяғымен шыным жетіп (жетісіп),
Атандым надан жұртқа енді дана.
Наданға қоспайын деп едім ірге,
Қыстауда бір мысықпен қалдым бірге.
"Қалғанның ұлдан жалғыз сазасы!" - деп,
Жабылды-ау елсіз жерде тамам бүрге.
Көз жасым болмасаңшы текке шығын,
Жайым жоқ тоқтататын тығып тығын.
Жабылып күндіз-түні тынышымды алды,
Түнде - бүрге, тал түсте - қара шыбын.
Иманың кәміл боса, тіліме нан,
Емес қой о да уайым жейтұғын нан.
Дағдардым дал болып, [қалып] қайран,
Жанашыр болысарлық таппай бір жан.
Бар еді-ау жанашырым екі жарты,
Бас болып, қосар басты жоқ қой қарты.
Жазуда бұл күн маған жазылмаған,
Сөзімнің тұрған осы алды-арты.
Таусылып гүл, көмір болып кетесің бе,
Бықсумен, қайран күнім, өтесің бе?!
Бақ құсы, айналайын, қонбай басқа,
Табанға тапталып-ақ кетесің бе?!
Еститін есіл сөзімді құлақ қайда?
Суалмас, ішсе, көзі, бұлақ қайда?!
Қалумен жалғыз жұртта күнім өтті,
Топ жарып жазған сөзім әрбір жайда.
Қаламым қолға алған құстай ұшты,
Сөз емес таусылатын, көзі күшті.
Лаухида мақпоздың қаламындай,.
Айдындап анадайдан көзге түсті.
Дауысы бар тастан акқан бұлақтың да,
Маңыраса, үні зарлы лақтың да.
Қалайын, қалсам өзім, айдалада,
Болсын да сөзім сырға құлақтыға!
1909 ж.
ТАБЫЛАР МЕРГЕНГЕ ДЕ – БҰҚТЫРУШЫ
Пендесі бір Құдайды білмей ме екен?!
Мінезін Құдай оның көрмей ме екен?!
Шайтандай, ең болғанда, көп жасасын,
Жоқ болып, ақыр бір күн өлмей ме екен?!
Пендесі бір Құдайды танымай ма,
Күнәға ғапу сұрап, налымай ма?!
Пендеден пенде алғанмен, не болады,
Жарылқап берсе Құдай, жарымай ма?!
Түгел боп, берсе Құдай, табылмай ма?!
Періште қызметіңе жабылмай ма?!
Аллаға қызмет қыл да, жабыса бер,
Қызметсіз күр тілінді қабылдай ма?!
Береді ардан безсең, жалғаныңды,
Жалғаннан, опа білме алғаныңды.
Дүниеде жасарғаның қажет емес,
Көп ойла ақыретте арманыңды.
Аллаға аманат қыл мал - жаныңды,
Фазылымен қымбат қылар арзаныңды.
"Жай тас", - деп, надан адам күйдіреді,
Жібекке тізіп қойған маржаныңды.
Белсенген талап болса білегінде,
Ижабат шын жыласаң, тілегінде.
Ағартып, ауыр жұмыс, аршу қиын,
Мекені бір Құдайдың жүрегінде.
Жауса да рахмат жаңбыр, көңіліміз-тас,
Айтқанға: "Әмір Мағрұб" болдық қой қас.
Бес парыз – бұйрық болған-орнын таппай,
Имамға ұйығанның бәрі - есек бас.
Бұл сөзді оймен айтпай, айтам рас,
Сөз - үлкен, біздер - жігіт болсақ та жас.
"Үмбетпін"- дегендерге пайдаң тисін,
Адамның қайырлысы ныфых алнас.
Мақсат бар: біреуді алдап, артық жеген,
Нақақ бар: жаламенен күйген неген.
Жұмысы: зорлық, сұмдық дәуірлеген,
Заң болды бұл халыққа бұл не деген?!
Жүректі шайтан кернеп аумалаған,
Жақсылар мұнан басын сауғалаған.
Езуін қиғаштаған дүмшелер бар,
Құранды бір теңгеге саудалаған.
Аз ғана сауаты бар - біліп тұр ғой,
Білсе де, дүние шіркін, бұзып тұр ғой.
Болса да бір Алланың өзіне аян,
Ықтияр пендесіне беріп түр ғой.
Ықтияр бермесе егер, қатар еді,
Малдай ғып таяқпенен бағар еді.
Болмаса, пендеде ерік, күнәсының
Жаласын бір Құдайға жабар еді.
Көтерген мұрнын көкке кейбір залым,
Болмайды-ақ Иесіне онда наным.
Қосылып тәкаппарға, үйлеспейді,
Заббани бас кетсе де, болған ғалым.
"Ғайыпты, - кейбір надан - болжа!" - деген,
Залымды кейбір жаман: "мырза" - деген.
Басқаны бір Құдайдан мақтауыңа,
Рауаят бар ма: "Құдай риза!"- деген.
Байларды баяны жоқ, бай демеңіз,
Не мұқтаж, онда түгел, сай демеңіз!
Бас сұқсаң қошаметке, қиын болар,
Байларға, сірә, барып, май жемеңіз!
Байларға көзің сатпа, харақат қыл,
Әрекет (Харакат) пайда болса, баракат қыл!
Дүниенің керек жері, орны да бар,
Деген жоқ: "Өзіңді - өзің һалакат қыл!"
Жақсыға сырыңды айтсаң, толғанар шер,
Көркейіп, жаңбыр жауса, нұрланар жер.
Халық - жұрттан раушан болып дұға тисе,
Түзеліп маңдай беті, ондалар ер!
Жігіт көп: сырты жақсы, көркі - сұлу,
Пұшпақтан, барқыт жаға, бөркі - сұлу.
Ішіңді көркем қылып түзетті ме,
Әркімнің өз ойлаған еркі - сұлу!
Наданды кім салады жөндеп жолға,
Жөндесең, қарайды екен - "оң"- деп, солға.
Жемтікке адам түгіл, құс та ұмтылар,
Шақырсаң, қаршығаны: "Кел!- деп, - қолға".
Бұл күнде тіл сөйлемес, ақша - шешен,
Жүгірем бай жұмсаса, не мен, не сен.
Дүниеге дінін сатқан адамдардан
Алыс жүр, бой суытып аман-есен.
Алтын боп бізге дүние жарқылдайды,
Көп тойған өгіз көті тарқылдайды.
Көрініп көң төбеде жемтік жатса,
Жиылып қарта, таған қарқылдайды.
Еңбекпен табылған нан, ол-бір шекер,
Кәсіп қыл, халал ниет, жүрме бекер.
"Бекерден - деген сөз бар, - Тәңірім безер!
"Екінші, міламат қып әркім кекер.
Адалға арам тамған несіп емес,
Мехнатсыз саған рақат ашық (ғашық) емес.
Жалбаңдап кешке дейін тышқан іздеп,
Ұшқаны бөктергінің кәсіп емес.
Ер жігіт адам болар ақыл-оймен,
Көрінер кімге тәуір сұлу боймен.
Әдеті мырзалардың: "Ай!" - деген сөз,
Жақсы адам болған бар ма "һай - һойменен?!"
"Мырза!" - деп, айтып салдым тілімменен,
Ол өзі - боқтағаным дінімменен.
Ғауамлық мәртебесі хайуанатлық,
Түзелер әдеп әр кен (арқан) ғылымменен.
Жақсыңа майда мінез әдеп болар,
Ол әдеп дін иманға себеп болар.
Жүзінде екі дүние кемдік көрмей,
Құдайы қайда барса, медет болар.
Қарайған жылқышының қосы ма екен,
Құдайдың ұрлық, өтірік досы ма екен?
"Мыңнан бір - үмбетімнің жұмағы!" - деп,
Айтқаны пайғамбардың осы ма екен?
Бір үйде қоссақ басты, ғайбат, өсек,
Кеңестік: қожа үйде жоқ - өгіз, есек,
Мақұлықты Хақ жаратқан мінегенше,
Онан да тәуір еді коп май жесек.
Түскенге бұл сөзімнің бәрі - жұмбақ,
Сөз айтып көңілімде жоқ ақынсынбақ.
Наданға түсірем деп шаршағаннан,
Сол абзал: сабыр қылып, іштен тынбақ.
Мысалды нұсқап айтқан ғалым білсін,
Атарын (Әсерін) құлық, сұмдық залым білсін.
Шаһынша екеу емес, біреу бар ғой,
Өзімнің рухым білсін, жаным білсін!
Дүниеге кейбіреулер болған тапшы,
Қажетін сол тәңірден сұрамақшы.
Егерде сұрағанын бере қалса,
Құдайды сонда бұлар көрген жақсы.
Көңілі қуанған жан желдей есер,
Аптығып әр мінезі, елдей көшер.
Малына зиян келсе, күйіп - пісіп,
Екінші қажетінен үміт кесер!
Қылады шүкір, сабыр білген адам,
Ашылып жүрек көзі, көрген адам.
Ен алды үлкен байлық - аз күн өмір,
Жатады төрт құлақта өлген адам.
Денсаулық, ол өмірдің жолдасы екен,
Қайғылы бір - біріне мұңдас екен.
Нығыметін бір Құдайдың білмеген жан –
Оқытқан оның шайтан молдасы екен.
Күйіндің бір нәрсеге, күйгенің кім?
Күйініп, көп сөз айтып тигенің кім?
Әркімнің опасыздан сүйгені бар,
Ұнатып онан тәуір сүйгенің кім?!
Күйгенің шығындаған мал бола ма,
Наданда Алла сөккен ар бола ма?!
Сүйгенің: ақша менен яки бала,
Иа болмаса, бір сұлу жар бола ма?!
Уа, дүние, әуреленіп, өте шыққан,
Нажасат батпағына бізді тыққан.
Таудағы біз әншейін қоян болдық, -
Мергеннен: "Ата ма?!" - деп, қашып бұққан.
Табылар мергенге де бұқтырушы,
Гүл шиір, жөні жоқ білгіші.
Айтқанмен қанша кітап, ұға алмадық,
Болмаса Құдай өзі ұқтырушы!
Жақсы ішіп, жақсы киіп, көңіл өсті,
Қолменен жасадым ба әрбір істі?!
Ал енді, ақша мен мал, мені алып қал,
Бір жұмыс бір күндерде басқа түсті.
- Аманат бер! - деп, біреу мені қысты,
Үрпиіп қатын-бала зәресі ұшты.
Күштімін деп, көп зорлық қылған басым-
Бар екен ебедейсіз менен күшті!
Бермеске аманатын қолдан келмес,
Айлаңа амалдаған болды көнбес.
Көрсетпей ұрлап алып кете берді,
Қасында халық, ағайын, о да білмес.
Өлімнен күллі нәпсі шәрбат татар,
Бір атса, ажал оғын, табандатар!
Денеңнен жан кеткен соң ықтиярсыз,
Оң жақта ұзын түсіп, сұлап жатар.
Пенденің қадірі жоқ өлгендері,
Тірінің тілге бар ма көнгендері?!
Баяғы тәуір көріп сүйгендердің –
Арықат, қатпа түйе - бергендері.
АҒАШСЫЗ ЖАПЫРАҚ
Болып мас татып алып арам астан,
Кәріп бас өз жанына болған қастан.
Махаббат, мархабатлы болмаған соң
Уыз жас қалды көңілім замандастан!
Наданға бұл арнауы келсін қайдан?!
Көп надан іздегенін табар қайдан?!
Қорлықта қазақ халқы қалғандығын
Көремін тән ғалымын сараң байдан!
Жас бауырым, қалма ұтылып жыл мен айдан,
Білімің артпай ет пен қара шайдан!
Надандар: «Қаңғыған!" - деп, шыдатпайды,
Шәкірттер оқып келсе әр бір жайдан.
Жігітлер, сараңдықты қылма кәсіп,
Болмайды сараң жанға жұмақ(ұжмақ) нәсіп.
Болса да өзі тақуа, өзі сопы,
Тозақтан құтылмайды сараң қашып.
Алмасаң өз фазылыңа біздер кәріп,
Күн көрер зағип пендең қайда барып?!
Сараңға жарылқау жоқ, қарғауына,
Айтылған пайғамбардан хадис-Шәріф.
Қылыңдар сахилықты жастан машық,
Жомартқа сегіз ұжмақ есігі ашық.
Сахи адам - бір Алланың сүйер құлы,
Болса да бөгеті жоқ қандай пасық!
Аят пен жалған болмас хадис сөзі,
Әр жерде білгендердің көрді көзі.
Өзі істе кедей ессіз жөн білмейді,
Болғандай бұ жалғанда дым-ақ өзі.
Жомарттық қыл, жақсылық орнын тауып,
Таппасаң, ысыраптан бар үлкен қауіп.
Көңіл қой болар іске, көзіңді сал,
Алаңдап күн өткізбе, босқа шауып!
Күн бұрын істер істің тәртібін біл,
Көзге түс, ауызға ілін, майданға кел!
Дайын-ды, қылған ісің нығыз болсын,
Дүниеде көретін өзің... мың жыл.
Өзгеден ғылым парыз - бұл дүниенің,
Болмайды қайда барсаң мұнсыз қамың.
Ниеттің ақыретінде болса мытлы (мытыр),
Жұмыс қыл шығатындай ертең жаның!
Білгендер соңын ойлап қайғы жеген,
Нәрсе жоқ бір өлетін онда (тиген) неген.
Дүние тап, еңбек қыл да өнерменен,
Мақал бар: "Ойын[да] [озған]шында озар!"- деген.
Жалғанның келер - кетер ісін ойла,
Жарыстыр ақыретін тағы қойма!
"... на қой біріменен боламын!" - деп,
Басынды (баһынынды) керексіз ғып өзің жойма!
Жәннатта ал сыбағанды, дүниеде де ал,
Бірі-мал, бірі амалсыз жүрмейді бал.
Тыныштық керек болса, бір жаныңа,
Өзіңді ғылым бірлан (һунарға) өнерге сал!
Өнерсіз, жігері жоқ, қолсыз кісі,
Жарымжан қайдан түгел оның ісі?!
Кем соқпа жақсы біліп үйренуді,
Түбірсіз болған емес тағдыр ісі.
Талапсыз, қайрат қылмай, іс бітпейді,
Ерте ойлап қылмаған іс кеш бітпейді.
Түгел тәпсірлей(тығырлай) бір қарап тұрма,
Деп қойма: "Соң түбіне көз жетпейді".
Жастарға күшті парыз, жақсы талап,
Отырма жігіт болсаң, босқа қарап.
Сақтайтын бір басыңның есебін біл,
Күш-қуат кетіп қалмай бойдан тарап.
Пайдасыз нәрсені ойлап кепті миым,
Мақсат боп жұтқан, тұтқан, киер киім.
Төреші, өзің іске жарата гөр,
Күн қақты болып қалдым, жетпей иім!
Тұрсам да, озбан үміт, шаршап талып,
Ойым бар: "Бір жетермін, - деген-барып!"
Бірі боп көзге күйік, жүрмей-ақ қой,
Құрбыдан өзің теңді кейін (киөн) қалып.
Қорлық бата өтіп кетті кәп күн кешіп,
Кәсіп жоқ үйде отырып, тамақ ішіп.
Мұнымен түсті жастар жұрт алдына,
Бос сөзге бейпіл ауыз желдей есіп.
Халықтың бар жұмысы - қысыр кеңес,
Бұл ісі артқа жасқа пайда емес.
Ағашсыз көк жапырақ шықпағанда,
Әріпсіз қайдан берер ғылым жеміс?!
ТІКЕЛЕЙ СЫН ӨРНЕКТЕРІ
ҚАЗАҚТЫ ЖАМАНДАУШЫЛАРҒА
Сырдария облысында бес жыл жүрдім,
Үш жүзге өнер шашып, үлгі бердім.
Жетпеген күші аузына ақындардың
Әр жерде қаңғып жүрген сөзін көрдім.
Мінезін замананың тамамдапты,
Қазақты бар күшінше жамандапты.
Не айтса, айып қылып, сөйлеу ғайбат,
Жақсылық, ұнамды істі таба алмапты.
Қазақта жаман да бар, жақсы да бар,
Ішінде жүйрік, жорға, шабан да бар.
Жақсылық, жамандықпен егіз болып,
Бұрыннан келе жатқан заманда бар.
Жайылған қой сықылды біздің халық,
Біз мұны қылып өлең мазақталық.
Қазақтың әр түрлі ғайып мінездерін
Басқа жұрт сөйлеп тұр ғой бізден де анық.
Көшкені - айт, қонғаны - той: мерекесі,
Сондықтан сарт, ноғайдың келекесі.
Сарт, ноғай, орыс - орман - бас қосқанмен,
Қазақсыз кірмес шырай берекесі.
Түркістан, Ташкент барсаң, сарттың наны,
Біреуін тегін жесең, шығып жаны.
Жәрмеңке, базарды қыздыратын, -
Қой, сиыр, жылқы, түйе - қазақ малы.
Қазақтың залалы асар он бір айда,
Қай жаққа барғанменен, таппас пайда.
Залалын он бір айдың бір-ақ өтеп,
Кетпей ме пайдасы асып бір-ақ айда?!
Он бір ай өмірі өтер шығынменен,
Жаз жауын, қысы боран ығыменен.
Залалын он бір айдың ұмыттырар,
Бір айда болған пайда тығынменен.
Сарт, ноғай құрып кетті көтерме алған,
Қаңғырып түзде мұжық егін салған.
Білмейді сауданы да, пайданы да,
Қазақ жүр көріп рақат шаруа малдан.
Қазаққа барсаң, пайда таптың оңай -
Кең пейіл, кетпес дәулет берген Құдай.
Күнелткен әр ауылдың сыртын бермей,
Кез ұстап, ел қыдырған кезбе ноғай.
Өтірік сөз сөйлейді, жанын жалдап,
Қазақтан ат мініп ап, жалын талдап.
Қазақтың жуындысын сыпырып алып,
Мақтанар: "Әкеттім, - деп, - қазақты алдап!"
Келеді: "Ишанмын!"- деп, сәлде ораған,
"Шығып ек, - деп, - Самарқан, Бұқарадан!"
Байлардан шартық қошқар жинап алып,
Малдай ғып қалыңға алған бір арадан.
Деп келер: "Әпендіміз!" - қашқын, пысқын.
Қаңғырған біреу - жаз, біреу қыс күн!
Қол қусырып бәріне тік тұрасың,
Қазақтай бергені жоқ Құдай үшін.
Болады бірі дәрігер, бірі - бақсы,
Дүние үшін ел қыдырған емес жақсы.
Біреуі-ишан, біреуі қожамын деп,
Бәріде бір қазақты алдамақшы.
Сарт амалы белгілі есек мінген,
Пайдасын есегінің әбден білген.
"Бұзау" - деген өсек бар ноғайларда
Олар да бұл өсекке ерте көнген.
"Есек", "бұзау" - дегеннен қазақ аман,
Ұшқыр болмай ертерек, болған шабан.
Мейманына тұрады қойын сойып,
Қазақты қай жерінен дейді жаман.
Қазақтай бай халық жоқ малға толық,
Әбдіре - алтын сандық, қара құлып.
Қалтасын біраз күнде толтырады,
Қазаққа әкім болып келген ұлық.
Күнелткен шаруасы қысы-жазы,
Көзіне бір көрінбес көбі, азы.
Қуанар Меккедегі бәдәуилер де,
Қазақтан төртті, бесті барса қажы.
Қазақта қонағасы айт пен тойдай,
Отырмас қонақ келсе, бір мал соймай.
Кең жатқан әр нәрсесі, жер ұйық жұрт,
Молшылық берекеде болып сондай.
Озбайды есек аттан шапқанменен,
Сиыр жылқы болмайды, атлас жатқанменен.
Қойдан көп төрт аяқты болған емес,
Ешкі - егіз, ит сегізді тапқанменен.
Түлкі, қарсақ, жолбарыс, аю, бөрі,
Ебін тапса, алады бірін-бірі.
Бірі мықты, бірі епті болғанменен,
Қойдан көп болған жоқ қой, сірә, жері.
Мұжықтың қара нан жеп, қарыны тоқ,
Кешірер ноғай ауқат доверной боп.
Ноғай пысық болғанмен, сарт - амалшыл,
Асып кеткен қазақтан еш жері жоқ.
Нәрсе емес ол біреуден алған сатып,
Жүрмейді сарт, ноғайша басы қатып.
Шетінен қырып сойып, ішіп жейді,
Үйінде шалқасынан сұлап жатып.
Жалғанда бір еңбегім жанбаған жан,
Тілімді жан деп адам алмаған жан.
Тапталып надандардың аяғына,
Сәулесі болмас мендей қалмаған жан.
ЖӘДІГӨЙДІҢ ЖЫРЫ
Жылау жоқ бір түн, сірә, көзді жастап,
Бейішке апармақ боп жұртты бастап.
Басымды бір шұлғытып, бір мүлгітіп,
Тәспіні жыбыр-жыбыр серпіп тастап.
Мор басқан ұзын ұзақ қағазым бар,
Оқитын мезгіл-мезгіл намазым бар.
Ақыретті ойлаған бір қайғым жоқ,
Дүние үшін арызым жоқ, ашуым бар.
Басыма перне бұзған ақ домалақ,
Қолымда есеп алар бар құмалақ.
Келінше жаңа түскен, сыбырлаймын,
Қожа деп, келе берсе, сол жұмалап.
Таһаратсыз өмірімде жер баспаймын,
Арамды жұрт көзінше бір ішпеймін.
Сопылық, тақуалығым жұрт көзінше,
Арақтан оңашада мен қашпаймын.
Ерте-кеш есіл-дертім жылқы, қойда,
Алдауыш таяғым бар түгел бойда.
Отырамын қайда барсам алаң болып:
"Не берер осы маған?!" - деген ойда.
Айналайын, жайнамаз - ұзын желім!
Ақ тасымды көргенде шұлғыды елім.
Бөтен-бастақ, несие сөз айтпаймын,
Баладай: зорға шыққан, жаңа тілім.
Бір шынға он өтірік қосып жамап,
Алды-артын ақымақлардың орап, қамап.
"Пәлен, - дейді, - тәпсірде сөйлепті" - деп,
Нандырдым өтірікпен жүндей сабап.
Өзім оқу білмеймін жалғыз парық (парақ),
Білсем, бүйтіп жүрмес ем болып ғаріп.
Қой, қошқарды алуға ептейлімін:
"Осылай деп айтты, - деп - машқат-шәріп".
Бір-екі ауыз араптан айтамын тіл,
"Білмейтіні жоқ қой!" - деп айтады ел.
Кейде хазірет, кейде ишан болып,
Көп тамаша, боламын, бір ескен жел.
Қой-қошқарды алуға бұздық түрді,
Біз де талай қыдырып көрдік елді.
Ала қағаз ишаннан алып келіп,
Былш еткізіп бастырып қара мөрді.
Ишан деп біледі ел-жұрт танып,
Пір де болып қоямыз Құран алып.
Ақша берсе батаны коп қыламыз,
Жымың етіп қалтаға бүктеп салып.
Кірерміз күні-түні көп намазға,
Оразамыз таусылмайтын ұлан жазға.
Қажы екен деп, жұрт ықылас қылу үшін,
Қажы парыз болмаса да, бардық қажыға.
Бай болсақ, күнелтпес пе едік онда жатып?
Қылмаған ісім жоқ басты шатып.
Қыс-жазы несие жинап жүрміз,
Намаз бенен оразаны жұртқа сатып.
Кім көрінсе, "Бұл, - дейміз, - маған бала".
Екендігім ойда жоқ өзім шала.
Малсыз кісі шақырса, бір баспаймыз.
"Ғұздам бар, - деп, - жүре алмас бір аз ғана."
Мен барсам, мал береді бір қара сый,
Керемет, мен білер деп, боларға сый.
Күні бұрын мол қылып бермесе де,
Өлсе басы байлаулы бір қара сый.
Таспа сүйреп, жем жеген қотыр тайлақ,
Ер - тоқымы жоқ бір атты, берер, жайдақ.
Көбінің бергені қошқар болар,
У...ын салпылдатып кетем айдап.
БӨГЕЛГЕН ХАТ
Ташкенттен келген бұл хат жаз басында,
Наданның кешіп күні жамбасында.
Сандыққа жүкке жиған түсіп қалып,
Жүн-жұрқа қалған жатып далдасында.
Жаз оқып, айналып(айланып) күн күзге таман
Шаруа ескеріп, жинасып, шөп, шар, сабан.
Газеттің арасында бұғып жатып,
Ашылмай қолға тиді есен-аман.
Жатыпты жаздан тимей біздің қолға,
Сол үшін қалды тоқтап мұнша соңға.
Газеттің арасынан шыққаннан соң,
Барлығын әрең айтты сонда зорға.
"Хат баратын жеріне барды ғой!" - деп,
Мен жүрдім: "Солар бір хат салды ғой!" -)
Маған айтпай қойыпты алған кісі:
"Жоғалып әлдеқашан қалды ғой!" - деп.
Бір кұшақ газетпенен қабатталып,
Біреудің сандығында жаздай қалып.
Ел күзекке келгенде күздігүні,
Аяқсыз хат домалап келді салып.
"һауа алхин алақиддом" - хаттың басы,
Шеберлігін Құдіреттің білмейді ғасы,
Аман сақтап тигізген хатты қолға
Құдайдың бұл бір - ғыхжап тамашасы.
Жеткізген сау-сәлемет Хақтың аты,
Достардың(дослардың) Ташкенттегі жазған(иазған)
Жерлерге тірілікте жетерміз (житармыз) бе?
Бір екен басылмаған қалған саты.
1909 ж.
"АЙҚАП" ТУРАЛЫ
Жұрт алды деп, алады бәрі де "Айқап",
Ешқайсысы білмейді оқып, байқап.
Алған бала сандыққа тастай беріп,
Әке жүр: "Құр шығын" - деп, басын шайқап.
Енді не деп, ұялмай, ақша салар,
Жыртылумен әр жерде тозып қалар.
Майлық, сулық, шаршы орамал боп,
Үйінде болыстардың текке қалар!
Мен әуелден жаздырдым өз атыма,
Ежелден үйір болған сөз атыма.
Поштабайшы, болысқа жалынбайын деп,
"Құдай қуат берсін! - деп, - боз атыма!"
Почтаның тұрмасам да құлағында,
Ертеден сөзге үйірлік құлағымда.
Баяннан тұрған жерім - алпыс шақырым,
Қожа қорығы - Айдостың бұлағында.
1915 ж.
ЖҰТ
Пайғамбар бізден бұрын Мұса болған,
Оларда неше түрлі қисса болған.
Қиссадан қисса ала алмай, еңбек жанбай,
Қайғы ойлап, талай жандар құса болған.
Мұсаны бірге сөйлеп Арынменен,
Қалмаған Перғауын да Қарынменен.
Айтылмақ жақсы, жаман қосақталып,
Әуелден келе жатқан сарынменен.
Әуелде айтылса да ермек үшін,
Әңгіме көп бас қосқан дүрмек үшін.
Қиссадан өлең қылған ақын, шайыр,
Азық қып кейінгіге бермек үшін.
Ұстадан - тат, молдадан хат қалады,
Жаманнан-бөз, жақсыдан ат қалады.
Ақ қағаздың жүзіне бір жазылса,
Талапкер ер табылса, жатқа алады.
Мұны жазған - алпыста - Мәшһүр-Жүсіп,
Қалам алса, кетеді жосып-жосып.
Бұ сабазға кез болса, жаттап алып,
Домбырамен айтады әнге қосып.
Домбырамен айтқанда, қосылса әні,
Өлең сөздің кіреді сонда сәні.
Өлген сөзді тірілтіп, сөйлегенде,
Құлақ салған сүйсініп, дейді: "Пәлі!"
Қыс өтіп, жаздың күні тақалғанда,
Жауғанына, қар жұрттан, ақы алғанда,
Ішпей, жемей мал жиған сараң байлар,
Қар мен мұзға шашалып қақалғанда.
Жылқыдан жиырма бір күн қалғанда,
Сағат он бір болуға түн қалғанда,
Қойда - құйрық, жылқыда жал мен қоң аз,
Мал үстінде үрпиген жүн қалғанда.
Біреуге шөп таңсық боп, біреуге - отын,
Баспа-бас қойға ала алмай ұнның пұтын.
Жанның бәрі телміріп көк жүзіне:
"Құдай жерден берсе, - деп, - адал отын!"
Дәметкен қар кетуін марттан бұрын,
Қыс ыңғайы шаруаға келіп қырын.
Февральдың он алтысы деген күні,
Құдайдың мол төгілген көрдік нұрын.
Қуандық көз кенеліп, нұрға тойып,
Құдайдың құдіретіне мойын қойып.
Шөбі жоқтар кенеліп, мәз боп жатыр,
Емін-еркін арық пен тұрық сойып.
Арық өліп, семіздер арып жатыр,
Күні жеткен күнінде барып жатыр.
Семізінде союға қимағандар
Арығында жайратып жарып жатыр.
Не салғанын Құдайдың көріп жатыр,
Бүгін жауған қар ертең еріп жатыр.
Құдай үшін қимаған – жел жетпесін
Ит пен құсқа саудасыз беріп жатыр.
Кедей байғұс Құдайға налып жатыр,
Аштан көбі қалжырап талып жатыр.
"Сат!" - дегенде, кедейге бұлдаушы еді,
Қардан санап, қанша ақша алып жатыр?!
Талай бай бізден бұрын өткен екен,
Ойласақ, кезек бізге жеткен екен.
Шортанбай қожа әуелі болып өткен,
Байларды, о да зарлап, кеткен екен.
Айтыпты: "Байды Қудай атқаны!" - деп,
"Ақшаға жабағы жүн сатқаны", - деп.
"Кедей боп, ақырында қаңғып қалып,
Сатуға таба алмай мал жатқаны!" - деп.
Бу күнде байлар малдың боғын сатты,
Кедейге тас темірдей болды қатты.
Малының ауырып өлген етін сатып,
Борышқа белшесінен кедей батты.
Жоқ болып нан беруші жалғыз тілім,
Деуіңе тұрмай қалды: "Халқым, елім!"
Өзін кімге өткізер сатуменен
Сол үшін арылмай тұр ауыр өлім!
Әркімнің өз қылғаны - өз алдына,
Байды бастап сөйлейміз сөз алдына.
Тәубе ойлап, тауфиқ қылып, тоқтамайды,
Көрсетіп тұрса-дағы көз алдына
МЫНА ЗАМАН
Жақсы өтіп, бұл күндерде жаман қалды,
Кім мұнан басын құрттап, аман қалды?!
"Жүк-тайлаққа, - дегендей, - ел- бойдаққа",
Құлға тендік бір тиген заман қалды.
Жұлмалап қазды қарға жемеді ме,
Біреуді біреу сүйеп, демеді ме?
"Лақ маңырай су ішер," - деген қайда?
"Ұлан жылай күн кешер", - демеді ме?!
Кеп айтқан Асан Қайғы ұзын-сонар,
Деп айтқан: "Қилы - қилы заман болар!"
Қарағайдың бастарын шортан шалып,
Бақ-құсы шыбын болып[боққа] қонар!
Сұм дүние бүйтеді екен тастарында,
Іше алмай тыныштықпенен астарын да.
Шортан түгіл, шабақ жүр шыпырласып,
Бұл күнде қарағайдың бастарында.
Әркімді-ақ мына заман билеп тұр ғой!
Талайды тапыр қылып илеп түр ғой!' "
Теке-бұға, - дегендей, - жаман - дұға!"
Түсінбеген көпіріп, күйлеп түр ғой!
Қарап тұрып, көрсем-ау, сезген күнде,
Килігіп қап дамылсыз кезген күнде.
Күйлеп жүрген заманы күл-талқан ғып,
Басын жаншып, тып-типыл езген күнде.
Басы - аяқ та, аяқ-бас - айдан жарық,
Жабы - семіз, қазан ат - жүйрік, арық.
Бір-бір мылтық мойнына асып алып,
Жарымес, жалпылдап жүр, өңшең шалық.
Тарықпа: "Қайтемін, - деп, - бұл жайымнан?"
Түк өнбес шаршағанмен, уайымнан.
"Қараңғы түнге жарық таң бар ғой!" - деп.
"Бір сәуле болар, - дей бер, - Құдайымнан!"
Жақсылар өтіп кетті бұрын бізден,
Біз адастық жақсылар салған ізден.
Ешкімге өкпе қылу дұрыс емес,
Не берсе, берді Құдай, пейілімізден!
Өкпе боп су бетінде қалқығаным,
Қорғасындай текке еріп балқығаным.
Кімге пайда береді лебі тиіп,
Жаққан оттай далаға шалқығаным!
Ойыма келіп қалды мына бір сөз:
Жаз түгіл, басымыздан өтті ғой күз!
Қызық дәурен - өмірді қалай сүрсең,
Қаңтар менен ақпанға боп тұрған кез!
Тұстасым - бәрі кетті бірі қалмай,
Қанша жүрсең, қоя ма ажал алмай?!
Үш жұртты өткізіпсің, ойлап тұрсаң,
Төртінші жұртта тұрсың жағың талмай!
Қаршыға алған - көп жүрген қамалында,
Талай ақын тапталған табанында.
Жұрт аузына ілінген Мәшһүр еді-
Мұса мен Секербайдың заманында.
Әр моланың басында оқып Иасин,
Кемпір менен, көп мүжіп, шалдың басын.
Секербай, Мұса болып тұрған күнде Керейде:
Сағынайдың көрдік асын.
Алладан тағдыр жетіп, олар да өтті,
Замандас, тұстасының бәрі кетті.
Кейінгі қалғандарға өкпеледік:
"Болсайшы, - деп, - болған жан солар ретті!"
Жаңа шыққан кезі еді сақалдардың,
Бәрі жат боп ескі сөз, мақалдардың.
Заманын біз жақтырмай өлең қылдық:
Хұсайын, Тәнті, Әкімбек, Мақандардың.
Хош, онан соң олар да кете барды,
Өңшең көкжал білмейтін ықты, жарды.
Тайшық, Біләл, Жұпар мен Омар, Ақтай, -
Бірсыпыра күн бұлар да ойран салды.
Өз алдына бұлар да дәуір сүрді,
Шәлкем - шалыс әр түрлі болып жүрді.
Бірінен-бірі темен, бәсеңдеген,
Біз көрдік тірілікте әрбір түрді.
Үш түрлі жұрт боп өтті ұдайымен,
Бірінен соң бірі өтті жұбайымен.
Орыс пенен болысқа иек сүйеп,
Ешкім үйір болмады Құдайымен.
"Құдаймен!" - деп зорайды, - жақты, жанды.
Кішігірім Құдай боп - болған малды.
Байлар шығын тартпастан, сау отырып,
Нашарларды жылатып, алым салды.
Байдан шықты сұмдықтың қара басы,
Түске жетпей құритын болып асы.
Сұмдық шықты әр жерден естілмеген,
Мылтықсызға бермейтін қонағасы.
Қонақ десе, үрпиеді байлар шошып,
Талай қонақ қона алмай жүрген жосып.
Күн бұрыннан қуырылып, пейілі кетіп,
Барады екен арқасын аяз қысып.
Байлар көп тіпті қонақ қондырмаған,
Қондырғаны - жарытып оңдырмаған.
Қонақ кетіп, құт қашып, құп-қу болып,
Кім бар дейсің зорығып болдырмаған?!
Сөз көбейтіп, айтайын қайсыбірің
Бар биесін саудырмай, кептірді ерін.
Сүйіндікте: мен өзім көре алмадым –
Қонаққа шын пейілді, мырза жерін!
Бұрыннан-ақ бұл пейіл оңалмаған,
Шын сөзімді надандар ұға алмаған.
Мәлік пен Мәукейлерге жылан жылы
Жалғыз атты қожалар қона алмаған.
Есіл сөзім немене ұқпағанға!
Мен көндім: ұрып, сөгіп, боқтағанға.
Мұны айтқаным, қазағым, түсіндіріп,
Ac бермейтін болдыңдар - қорықпағанға!
Неден мұндай қазақты қара басты,
Күнің болды-ау боп жүрген қас албасты!
Мылтық салған мойнына жетіп келсе,
Жылпылдайсың, даярлап әртүрлі асты.
Бір шаншуды қадалтып бүйіріңнен,
Быт-шыт қылып айырып үйіріңнен.
Еріксіз Құдай бергізді қимасыңды,
Тауып тұрсың, не тапсаң, пейіліңнен!
Дос азайып, өңшең жау, қасы қалды,
Таудың бозы таусылып, тасы қалды.
Құранда: "мын алжынте уалннасының"
Бұл күнде "иа айһа алнас"- қалды.
Шалқарбайдың Жүнісін ажал алды,
Ахметтей де - қоймады – жарымжанды.
Ишан Қари баласы - Закар менен Бейсақайдың
Біләлі бізге қалды.
Оқыған ұстаттары - Күйеу молда,
Жасында жүруші еді оқып сонда.
"Ағузыны"- қиғаштап аузын созып,
Әйтеуір болып шықты молда - солда.
Екеуі құда болды: "Құдай!"- десіп,
Биылғы жыл құйрық пен бауыр жесіп.
"Достық түбін - десумен қыз - бекітер",
Баяғы сабақтастық еске түсіп.
Адақтап Ерейменді келген бала,
Саудасы - көп мал емес, жеті қара.
Бір қарасын: "Олжа", - деп, Хамит алып,
Томпаңдатып жөнелген айдап және (жана).
"Бердім! - деп мазаттанып, - жеті қара!"
Барады көп кідірмей келін ала.
Ол қызды бір Тамаға бұлдап сатып,
Закарекең боп қапты жүзі қара.
Малданып барған Біләл уағда сөзін,
Біреуге жөнелтіпті беріп қызын. –
Декретте мал қайтару закон жоқ! - деп,
Бірталай әуре қылған мұның өзін.
Берілген мал жармысы онда қалып,
Көпке топырақ шашсын ба, шаршап талып.
"Әке, жәке, құлдық бас!" - деп жалынып,
Жартысын мал - сілекей қайтқан алып.
Бәрекелді, ісіне молдалардың,
"Мирасқоры - ден жүрген - пайғамбардың".
Сарт-сауаиды молда деп, басың шұлғып,
Пәлеге, қазақ сорлы, сүйтіп қалдың!
Молдаларды шын Құдай атқан екен,
Бүгін емес, бұрын-ақ батқан екен.
Бір жерге беріп қойған қызын пұлдап,
Біләл молда анау күн сатқан екен.
Қылмысы, жақпаған күл - жатады отта,
Көбінің өкпесі жүр өткен жұтта.
Байтуғанның баласы арыз беріп,
Шатылып жүр молдакең, басы —сотта.
Декрет сөзі: "Қалың мал, - дейді, - қалды!"
Жарайды, қазақ оған қашан нанды?!
Он бес қара, он пұт ұн, он қадақ қант, -
Баянтауда бағалы қыздың алды.
Мұны тегіс біледі дүние жүзі,
Саудасының басында - соттар өзі!
Бұл бағаға жетілген пұлды болып,
Ақбеттаудың указы хазірет қызы.
Ақбеттау әрбір түрлі атақ алды,
Ел-ақ еді топ - толық, жақты-жанды.
"Сасыған кеңірдек" - деп, ат атанып,
Бір хазіреті күлкі боп, сүйтіп қалды.
Мәшһүрді: "Тірі екен!" - деп, есіне алсын!
Андамаған аяғын қия салсын!
Жасында қожа кесіп, сүндеттеген,
Жақтырмаған қалғанын кесіп алсын!
Белгісіз не боларым мұнан былай,
Жел сөзге үйір қылған жастан Құдай!
Жерлерге шын ықыласты басам аяқ,
Болмаса жүргенім жоқ қайыр сұрай!
Таусылып өтірігім, қалды шыным,
Қызыл тіл, сен барда жоқ маған тыным!
Болғанда қалам-қобыз, қағаз-жауырын,
Қозғадың ерікке қоймай, сөйле жыным!
1923 ж.
ЖАМАН ПЕЙІЛ
Бұл қарын бір күн тоймақ, бір күн ашпақ,
Күнде тойып отырса, тым-ақ жақсы-ақ.
Бұрыннан келе жатқан жаман әдет, -
Қарны ашқан қаралы үйге қарай қашпақ.
Не болар жеген тамақ арын сатып,
Тұрған жоқ еріп іші, сені ұнатып!
"Бір тойған - шала байлық," - деген қазақ
Қызығып тойғандыққа қалар жатып.
Бұрынғылар:"Балалы үй-базар," - деген,
Жарасар сондай үйде ішкен-жеген.
Баласы жоқ думан ғып отыратын, -
Үйдің атын бүл бір "қу мазар" деген.
Осы күнде дағдарып, бұл жұрт сасқан,
Кез болып бір пейілге асқан-тасқан.
Тарының қауызындай болмай қалды,
Астың - жер, болғанменен үстің аспан!
МАЛСЫЗ ДАЛА
Кең дала, қалдың адыра көркің кетіп,
Жұрт қалып мал жаюдан өрістетіп.
Әр сайда қора менен мола қапты,
Иесіз тау, елсіз қыстау, - барсаң жетіп.
Қой - Үркер жұлдыз болды, тұрса абайлап
Сиыр жүр Таразыдай шанжағайлап.
Түйе жүр жалғыз-жарым некен саяқ,
Мал қайда жаюыңа топтап айдап.
Жылқы жоқ бұрынғыдай қостап шығар,
Күн қайда жонға барып қыстап шығар?!
Бұл түрімен төмендеп кете берсе,
Әркім-ақ өзінікін ұстап шығар!
1925 ж.
ТҰЛҒАЛАР ЖЫРЫ
ХАНЫМБИКЕ
Дүниеде қарап тұрсаң мақұл бар ма,
Көрінер бәрі де ерсі ақындарға.
Мәз болған байы: "Ку бас" - атанғанға
Жазамын әдебиет қатындарға.
Алартып қарауменен бадид көзді,
Махшарда болар қатын қара жүзді (жүзлі).
Қуларға-байға қатын алдырмайтын
Ғибрат қып қалдырайын біраз сөзді.
Араға бал болғанда, жыланға умын,
Жақсы-жаман көретін мен бір тумын.
Азар болса күнәдан пак боламыз,
Шомылдырса қатындар жылы сумен.
Түсейін жұрт көзіне таңдай атып,
Талайдың шек - қарынын жарқыратып.
Хақикзт майданында көзге түспей,
Қалмайын(қалмин) құрғанымен бұғып, жатып.
Айтпаймын төрт-бес қатын алғандарға,
Қанша іздеп таба алмаса, арман бар ма?!
Сілтедім бұл найзамды арнап соған,
Қалшиып бір қатынмен қалғандарға!
Тұтпаған мұсылман боп ислам дінін,
Босқа өткен өз бойының көрмей мінін.
Құдай сөзі Құранға құлақ салмай,
Алумен өмірі өткен қатын тілін.
Білгендер өкпелемес мұндай сөзге,
Қайтейін өкпелесең көңілің өзге?!
Мал шырқы (жырхы) жете тұрып, қатын алмай,
Ерсі боп тұрғандарды айтам көрер көзге.
Бұл күнде ерік-ықтияр бізден кеткен,
Қатын көп: байды уқалап, мыж-тыж еткен.
Алғанмен бір-екеуді мәз боп қалмай,
Төртеуді ал, бозбалалар, күші жеткен.
Біз жүрміз өле-өлгенше дүние - мал деп,
"Қалсын-деп, - артымда мал, өзімді ал!" - деп.
"Ай, пендем, бізден, - дейді, - сұран, - дейді,
Құдайым қашан айтты: "Қаңғып қал!"- деп.
Өзі-жалғыз, өзгені жаратты - жұп:
"Өсіп-өніп, көркейіп, болсын, - деп, - көп!"
Асырап, сақтап күтуші Ием-өзі,
Көбеймек пен мақұлықтың ұнатып құп.
Пендесіне некені (никахды) парыз қылды,
Қашан пенде Аллаға арыз(ғарыз) қылды?! "
Бір қатынмен қалшиып қалмасын!" - деп,
Төртке шейін мойынға қарыз қылды!
Бұйырылды неке (никах) парыз болып Хақтан,
Некелен (никахлан) төртке шейін, бестен сақтан!
Пайғамбар: "Сүннетім" - деп, айтып кетті,
Үмбеттің көбеюін көріп мақтан.
Көп қалған құр алақан бостан-босқа,
Дұшпанға таба болып, күлкі-досқа!
Көрінді хайуанда тек жексұрыны
Күждей боп семіргенге мәз боп шошқа.
Оқымай жұрттың көбі әми болды,
Әми деген есектің һами болды.
Төртке шейін некені бұйырғаны –
О дағы өсіп-өну қамы болды.
Оқығандар ұқпады мұндай сөзді,
Дүниеге күндіз-түні тігіп көзді!
Жалғанда ұқпай, білмей қапы қалған
Тәңірі алдында болады қара жүзді (жүзлі)!
Дария болса, ішінде садап болсын,
Садап қарны інжу мен дүрге толсын!
Ішінде садабы жоқ болған дария,
Ащы су ұрттап алмас күні құрсын!
Садап болып, ішінде болмаса дүр,
Садап емес, қараңғы қазулы көр.
Иттің көбі болумен соқыр, саңырау,
Көрде жатып: "Тірімін"- деуменен жүр.
Жемісі жоқ ағашты көрсең, терек,
Бір отыннан басқаға сол неге керек.
Теректің сымдай болған бойы құрысын,
Түбінде түк болмайды, болсаң зерек.
Аспанның, қалың бұлт, алды бетін,
Тамшы жоқ бетке тамар, ол - бір түтін.
Түтінде өткен күнің құрысын да,
Бұйырған жеуге қашан иттің етін?!
Нажағай күн жауғанда, бір жарқ етті,
Не түсті саған одан? Өтті. Кетті.
Жарқ еткен бір нажағай болды - дағы,
Тұғырда қалдырмаған бір перзентті.
От өшсе, артта қалсын қызыл шоғы,
Тұтатып ас пісірсең, карын тоғы.
Артында қалар титтей шоғы жоқ от,
Жалғанда бәрі бір бас: бары-жоғы.
Дүниеқор дүниелігін көреді дос,
Дүние досқа бұл сөзім келмейді қош.
Қош келмесе, келмесін, сөз айтылсын,
Домаланып бір қаңбақ кетті, қол бос.
Өкпе жоқ үш-төрт қатын алғандарға,
Дүниеде өсіп-өнсең, арман бар ма?!
Құдайдан жарылқасын, игі сын жоқ
Қалшиып бір қатынмен қалғандарға!
Бұ жалған кімге тоқтап тұрақтаған,
Әркім-ақ: "Көнбеймін!" - деп, бұра аттаған
"Қатыннан ұл таппаған әр уақытта
Ешкі артық, - деген сөз бар лақтаған!"
Бозбала, неден мұндай болдың сорлы,
Құны жоқ қатын алып ешкі құрлы?!
Малынды ертең біреу талап алса,
Болады бүл сөзімнің сол күнде орны.
Онан да беріп өзің ал бір қатын,
Ұнатар қатын байдың "Қу бас"атын.
Құдайым құр алақан тастамайды,
Сен тұтсаң Хақ пайғамбар шариғатын!
Толуменен бір шыққан сөз жерде қалмас,
Ауызға алынғасын, бір де қалмас!
Байы - "Қу бас", қызы "Кәріқыз" атанған,
Сұрқия қатындар бар - ойына алмас.
Дүниені болғаныңмен қанша қимас,
Көріңе өзіңменен бірге сыймас!
Бәрі бір түспегенге - есіл сөзім,
Көз жасын көл қылумен түскен тыймас!
Ежелден дүние-доспен мен екі удай,
Көп болған мұндай істер бұрынғыда-ай!
Мен емес қатын ал деп жатқан қақсап,
"Фаңху матаб" - деп айтқан Құдай.
Бұйырған сонда бізге Құдай төртті,
Төрттен біреу табуға қылам сертті.
Құдай мырза: сұрасаң, бермей қоймас,
Салмасаң күні бұрын өзің өртті!
Білгенге жазылмастай бұл бір жар-ды,
Көрсоқыр білмегенге не дүр шар-ды (пар-ды).
"Бермейді Құдай, қайтсін!" - деген бұлар
Мен кепіл береріне, сұрап қар-ды.
Қоректі бір алған соң ит пен хайуан,
Қозғалғысы тіпті келмес жатқан жайдан.
Басынды тауға-тасқа ұруменен
Сұрашы дамыл таппай бір Құдайдан.
Тіленіп қақсаушыға Құдай ырза,
Бермейтін сараң емес, жомар[т](ма) мырза!
Жалқауға жақпайтұғын сөз айтқан соң,
Дейсің...
... Қолқанды көңілдегі алған соң, тын!
Жалғыз-ақ Зікірияның Құдайы ма,
Сұрасаң, береді Алла, сен сондай сен!
... Көз жасың шын жылаумен бетті жауып,
Аласың шын іздесең, жоқты тауып.
Қалғаның қолқа ала алмай Құдайыңнан
Тілеуің кеткендіктен дүниеге ауып.
Тілеуің уыз жаста мал болған соң,
Не пайда малдан саған шал болған соң?!
Сыймайды бір көңілге екі тілек,
Біле алмай не қыларын дал болған соң.
Алады ерте іздеген жоқты тауып,
Жатпастан жұрт берсе, желіп, шауып.
Тұқымсыз қалған жан көп, қарап тұрсаң,
Тілеуі кеткендіктен біреуге ауып.
Қашанғы жасырайын мұны жауып,
Сүт берсем нең бар енді теке сауып?!
Жандар көп құр алақан қалған жайдақ,
Жасында несібесі біреуге ауып.
Қыламын қой сауғандай сөз іреуін,
Тастаймын жарқыратып әрбіреуін.
Есі-дерті біреуге ауып кетіп,
Жандар көп тілемейтін өз тілеуін.
Малдан-жаннан кешумен - тілек алар,
Құдай-мырза: береді, бозбалалар.
Жан аяулы болған соң, мал қадірлі,
Құнды, пұлды қолқадан құры қалар.
Он сегіз мың ғаламның Алла иесі,
Айта берсем, табылар сөз жүйесі.
Дүние ақырет мақсаттан құры қалмақ, -
Бұ дүниенің былғаған бір күйесі.
Дада(зада) болмас, таққанмен оған тұмар,
Көз алдында көрсетсең, көзін жұмар.
Перзентсіз боп өтетін жанның көбін
Ат, бедеуге Құдайым қылар құмар!
Біреу нанбас бүл сөзге, біреу нанар,
Жаман үшін жақсының көңілі қалар.
Мырзалығын Құдайдың айтамын деп,
Өкпелеттім көп жұртты, бозбалалар.
Өкпелесе, қайтейін, шынды айтамын,
Алып, қосып, береке сынды айтамын.
Қырық жыл жүрсе, белбеуде қыры артылмас,
Пышағы жоқ, құр қуыс қынды айтамын.
Мұратқа шын іздеген жеткен екен,
Жеткендер қисса қылып кеткен екен.
Малай, Жәдігер-Жәнібек, Тінібекте,
Айтқожа деген біреу өткен екен.
Құлақ естіп, көрерге көз болыпты,
Екі он "бес"- ердің жасы жүз болыпты.
Жеті атаға жетіліп келгендіктен,
Әңгіме жұрт аузында сөз болыпты.
Айтқожа жігіт екен жұрт ағасы,
Қалмаған ас пен тойдан бір сабасы.
Қатынының аты екен - Ханымбике,
Босанбаған кедейден босағасы.
Төркіні Ханымбике-Бәсентиін,
Елдей есі - екі інісі туған кейін.
Қанамай өз пұшпағы өмірі өтіпті,
Қырық-елу бірсыпыра сол жасқа шейін.
Суырылған, шешен екен, көмей, тіл де,
Кигені-торғын, қамқа, үлде-бүлде.
Ұрғашы онан асар жан жоқ екен де
Екі тап: Малай, Жәдігер деген елде.
Үйге тіреу болғандай бой, сымбаты,
Жынысы әйелдің болыпты бір қымбаты.
Заманында асқан соң қатарынан,
Бұл күнгеше жойылмай қалған аты.
Бәйгі алып отырумен желмей, шаппай,
Мақтау алған ешкімге сарпай жаппай.
Қырық-елуге жеткенше тымырайып,
Бедірейіп тұрып қапты перзент таппай.
Еркекпенен тең түсіп әйел басы,
Көмекейді суырып берген асы.
"Қасқыр ауыз Ханкелді, "- ат атанған,
Бір қадірлі бар екен қайынағасы.
Ханкелді - "қасқыр ауыз" қайынағасы,
Қойлыбай: Шағырайдың бел баласы.
Көшіріп, елді бастап қондыратын,
Білетін шаруа жайын отағасы.
Бір жерде отырғанда тамақ жесіп,
Ауызына ет пен пышақ бірге түсіп.
Аузында пышақ барын сонда білген,
Жылт етіп шыққанында ұртын тесіп.
Көшіп, қону қазақта бар ғой бір гөй,
Қондырып тұр ауылды Ханкелді би.
Түйесі ауып қатындар жолда қалып,
Алдымен Ханымбике тігіпті үй.
Қайратын Ханымбике бастай берді,
Оған қару Құдайым жастай берді.
Мейлі он қанат болсын үй, жұмысы жоқ,
Үзікті жалғыз өзі тастай берді.
Жұлқынып Ханымбике тігеді үйді,
Қатарлап біткен жүкті далаға үйді.
Сүйсініп қайынағасы қайратына,
Перзенттің жоқтығына іші күйді.
Айтады Айтқожаны кім шартық деп,
Және айтпас мұның қолы кем, тартық деп.
- Ұл таппаған қатыннан сығыр мұндай,
- Не деп айтқан, - лақты ешкі артық?! - деп.
Қайратын келінінің көріп көзі,
Сүйсінгеннен күйінді қайынаға өзі.
Қатынның құлағына тарс етіпті
Қаңқылдап қайынағаның айтқан сөзі:
- Ешкінің, құны жетпей, лағына,
Қарашы көз жасының бұлағына!-
Қараумен ажарына жан үндемей,
Сөз болды жаңа естілген құлағына.
Естумен болды қатын - от, жалын, шоқ!
Бұрын көңілі дүниемен боп жүрген тоқ.
Таң атып, жұрттың бәрі тұра келсе,
Боп шықты Ханымбике зым-зия жоқ.
Төркіні — Елдай, Мінайыс (мен Иіс) қақ қасында,
Біледі бір кеткен соң жатпасын да.
Көкке ұшты ма, болмаса жер жұтты ма,
Таба алмай жұрттың басы қатпасын ба?!
Төменгі ел, түк қалдырмай жоғарғы өрден,
Өр түгіл, таба алмады қарап кәрден.
Алты-жеті ай ақтарып кең дүниені,
Хабар-ошар болмады-ау ешбір жерден!
Қыс пен жаз, дағдарумен бір жыл өтті,
Жан білмеді: бұл қатын қайда кетті?
Бір жылдан соң күнбатыс Бұхарадан
Бір хабар өліп-талып зорға жетті.
Біреуден біреу естіп құлақтанған,
Естілген, шын сөздей боп, болмай жалған.
Қожа Баһауалдин мазарында:
"Қатын бар, - деп, - қазақтан қаңғып барған!"
Айтқожа аясын ба: ат-тоны мол,
Қала ма қайынаға мен қайнысы сол?!
Жан қалмай Малай, Жәдігер деген елден,
Жөнелді болуменен бір ауыр қол.
Жан-жаққа арсалақтап желіп, шапты,
Ұзақшыл Құдай ісі қандай бапты?!
Қожа Баһауалдин әулиенің
Қатынды, басындағы, барып тапты.
Шығар ма енді мұндай құрақ, жекен?!
Шықпаса, анда-санда некен-некен!
Жастанып әулиені жатып алған,
Барса іздеп, Ханымбике шаһбаз екен.
Өңмеңнен естіген сөз өткен екен,
Қайраты хадден асып кеткен екен.
Екі етегін беліне түріп алып,
Жаяу ұшып Бұхараға жеткен екен.
Орта жолда дамылдап ас-су ішпей,
Жалғыз жанның көзіне кеткен түспей.
Пенде қалай жетеді ойға алғанға,
От-жалын боп өртеніп, күйіп-піспей?!
Барса қатын толулы көңілі тойып,
Әулиеге шын ықылас мойын қойып. –
Жеті ұл берді әулие! - деп айтыпты,
Алтауының беріпті атын қойып.
- Ұдайымен туады: Жауғаш, Биғаш,
Оған тете Мырзалы, туар Мырзас!
Онан соңғы: Байгелді, Бостан болар, -
Тұра келді: "Құдайға - деп, - құлдық, бас!"
Ұшырып патша Құдай қалды барған,
Барғандарды қуантып жүрек жарған.
Жауғаш батыр атанып, қалмақта өліп,
Бір өзіне жеті ердің құнын алған.
Биғашы батыр болған онан да асқан,
Бәрі де ер боп туып, ұрандасқан.
Жанайдар ол - Биғаштың немересі,
Бұл күнде сол тұғырды Мейрам басқан.
Тілеген соң көз-жасы болумен сел,
Аямастан Құдайдың бергенін біл!
Әулие атын қойған алтауының,
Тұқымы - осы күнде алты ру ел.
Қоймаған - әулие атын – аты - Байжан,
Аналардай бұл байғұс өссін қайдан?!
Жауғаш, Биғаш тұқымы бұл күнгеше
Қосылады бәйгеге құлын-тайдан.
Айтқожаның баласы – ел - алты ру,
Жау десе, оларда жоқ мойын бұру.
Ханымбике болатын қатын қайда?!
Бар өнері: итше үріп, байды көру.
Есіл уағдам жатыр ма қате кетіп,
Бай пейілден айырылды, бата кетіп.
Тілеу де жоқ, Құдайдан, сұрау да жоқ,
Байы итерсе, былшиып жата кетіп.
Жаны ашып, жойылтпасқа байдың атын,
Алғызса өз үстіне үш-төрт қатын.
Қыл көпірден жұлдыздай ағуменен,
Шауып өтер мінумен пырақ атын.
Неше қатын алса да, тұрса ұнатып,
Бір ауыз сөз айтпаса байға батып.
Шаһидлік дәрежесін бұл алады,
Қозғалмай төсегінен, үйде жатып.
Қатындарға соғады сөздің түбі,
Мал жемейтін: улыкөт - жердің шөбі.
Қазықты қимайтұғын байы өлгенде,
Кесіп алып қалсайшы, иттің көбі!
Жүйрікпін - топта торай шалдырмайтын,
Алдыма жанды қара салдырмайтын.
Дозақы қатындарға мұны айтамын,
Үстіне өлсе қатын алдырмайтын.
ӨТЕМІС АБЫЗ
Күлікте: Жаңабатыр, Жанақ болды,
Өтеміс әулиелік алған жолды.
Өлгенде, моласының ортасынан
Үстіне екі қайың белгі тұрды.
Мінезі тірісінде қызық екен,
Басқадан шарапаты озық екен.
Күндіз - ораза, түндерде намаз оқып,
Ерте-кеш оқығаны: "Сызық" екен.
Бір күні сахар шақта тұра келген,
Бір ұры жент ұрлауға үйге кірген.
Жент ұрлап жатқанында біле қойып,
Өтекең сол ұрыға:
- Бұл не? - деген.
- Ей, балам, тойғанынша жент же! - деген,
- Және де ал бірер күндік азық! - деген.
- Оянса, қатын саған азап салар,
Шырағым, кім болсаң да, епте! - деген.
Ұрыға сөйтіп қылған меһірмандық,
Қылмаған тірлігінде еш жамандық.
Тағы да бір кішкене хикаясын
Кеткен соң еске түсіп жаза салдық.
Карасу қарағайлы - ел жайлаған,
- Мал сат! - деп, қатын-бала ойбайлаған.
"Керуенге пұл қыдыртқан сатайын!" - деп,
Қосақтап бір - екі қой сонда айдаған.
Жөнелген жаяу айдап сонда зордан,
Сол кезде намаздыгер уақыты болған.
Екі бас намаз оқып тұрған шақта
Кетіпті қасқыр қуып қойды жолдан.
Тұрыпты сонда көңілі малға қызбай,
Сол қарап кеткен қойға мойын созбай,
Бойында шарапаты бар адам екен,
Намазын оқи берген тіпті бұзбай.
Надан жұрт қарап тұрған бұған күлген:
- Намазшыл не еткен адам есер?! - деген.
- Әкетті қасқыр қуып, қырдан асып,
Бере ме - бұған Құдай намаз?! - деген.
Намазын сол асықпай бітіріпті,
Аяңдап, кеткен қойды енді іздепті.
Оралып, екі қойға, қосақталған,
Қалыпты қасқыр өліп, есті кепті!
Бостан-бос екі қойы аман тұрған,
Қалыпты қасқыр өліп қойды қуған.
Намаздың шарапаты солайша боп,
Өтеміс сондай үлкен абыз болған.
ТАЙКЕЛТІР БИ
Сөйлей бер, қызыл тілім, аманында,
Тыңдауға болар жақсы, жаманың да!
Қазақ та аз күн қызық көріп еді
Едіге, Шоң, Торыайғыр заманында.
Секербай, өтіп кеткен кеше Боштай,
Көрініп ғайып болған ұшқан құстай.
Жел сөздің тәңірім берген арқасында
Сайрайын бір азырақ тоты құстай.
Алшынбай - Қаракесек - бұлар да өткен,
Керейден Тұрлыбектей сабаз өткен.
Ыбырай Жайықұлы ел Қыпшақтан
Мұсаға Шорманұлы ажал жеткен.
Өтеуден шыққан кеше би Үкібай,
Кім бар қалған қазақтан енді сондай?!
Қазақ аты өшкенше аты сөнбей,
Артылтқан алапатын патша Құдай!
Бұлардың болғандығы бәріңе аян,
Деп пе еді бұл жалғаннан олар таям?!
Айтық-Жайныш айтқаны тура келіп,
Құрт-құмырсқа, арты болған бақа-шаян.
Булардың бәрін жұтқан мынау заман,
Сөйлеуге шежіресіз келмес шамам!
Ежен хан өзі түсіп, тағын беріп,
Тайкелтір Ташкентке хан болған бабам.
Безқозы: бәйбішеден бұлар туған,
Қайтеді туысқаннан көңілі суыған?!
Тайкелтір бір анадан жалғыз туып,
Қай жерде кемдік болса, мұны қуған.
Ойлаған сонда жетім: "Кетейін!" - деп,
"Көрінбей-ақ бұл жалғаннан өтейін!" - деп
"Туысқандық санында болмаса да,
Бір жүріп бұларменен не етейін?!" - деп.
Шешесі Бесқозының емшек берген,
Шын иман құтылар ма мұндай ерден?!
- Күн көрсетпес, қарағым, кетсең, кет! - деп
Анасы тумаса да, бата берген.
Екеуі елден қашып кетті сонда,
Таяғын тәуекелдің ұстап қолға!
- Жүр, - дейді Қожакелді інісіне,
- Тұратын екеуімізге не бар мұнда?
Екеуі елден қашып кетті, міне,
Арада бірнеше күн өтті, міне!
Екеуі бір түйеге мінгесіп ап,
Ташкенттің шаһарына жетті, міне!
Қаланың көшесінде жүрді қалғып,
Көрмеген бір жас бала бұлар таң ғып.
Ежен хан жұртын жинап жатыр екен,
Үш дауды бітіре алмай басы даң боп.
Ханға келіп екі бала сәлем берді,
Заты бөлек екенін хан да білді.
Хал-ахуал көргенін түгел сөйлеп,
Именіп жасқанбастан бала тұрды.
- Жөніңді айт, балаларым, кімсің? - дейді,
Басқа жан көзін салып менсінбейді.
- Түсің қашқан баласың, кемдік көрген,
Қайдан келдің, қай жерден жүрсің? - дейді.
- Елімнен тәуекел деп, шықтым қырлап,
Қолыма емен таяқ ұстап сырлап.
Қол астында Ташкенттің ұрылары
Кетіпті өзім жоқта түйемді ұрлап.
- Бұл жерді қалай таптың, баласың ғой,
Жүректің ағын сөйле, қарасын ғой.
Еліңнің үлкендері таусылған ба,
Бір жерде, балам, өліп қаласың ғой!
- Елімнен тәуекел деп, шықтым сапар,
Малменен біледі деп сізді хабар.
Өзім бала болғанмен, Құдай пана.
Үлкен тапса, астымдағы түйем табар.
Бұл сөзге теріс қарап Ежен күлді,
- Түрі мынау бала, - деп - не еткен тілді?
Елінен бір сұмдықпен шыққан ғой! - деп,
Екеуін Ежен үйге ертіп жүрді.
Екі бала ордаға келді кіріп,
Көз салды ханым сонда о да көріп.
Баланың кереметін білді бұ да,
Басын жуып отыр екен, шашын өріп.
Ханымға қарады да, бала күлді,
Қаңғыған өзі жетім, тастап елді. –
"Жылағанды сорма, күлгенді сор!" - деп еді,
- Айтшы! - деп бүл баланы Ежен ілді.
- Шырағым, көрісіменен күлдің, - дейді
Қызығын бір көрерсің тілдің!- дейді.
- Беталды күлген жоқсың, шыныңды айт,
Ханымның не жұмысын білдің?!- дейді.
- Екі бала ордаға келді кіріп,
Ханым басын жаппады бізден жеріп.
Күлгенімнің мәнісі осылай болды,
Ақ тәнінен алақандай алтын көріп.
- Ай, ханым, мынау бізге қонақ, - депті,
- Жабысқан қара тасқа қына, шөпті.
"Елімнен жоқ жоғалтып шықтым", - дейді,
- Рас па, өтірік пе, сына!- депті.
- Жабы емес, мұның өзі тұлпар екен,
Жетуге жақсылыққа іңкәр екен.
Асылы ұл да болмас, қыз да кетер,
Тұяғы тұғырдағы сұңқар екен.
- Ай, балам, мақтағанға аспа! - дейді.
- Ханымның бұл сөзіне таспа! - дейді.
-"Жетімді жеткізем!"- деген Алла
Тағы да бүл шаһардан қашпа!- дейді.
- Еліңнен сені қуған басшың оңбас,
Ей, балам, аққа қара ешбір қонбас.
Бұл шаһарда үш қиын даулы жұмыс,
Соны саған қоямын алдыңа паш.
- Құп, тақсыр, олай болса, ерем! - дейді,
- Не болса да сізбен бірге көрем! - дейді.
- Тағыңды астыңдағы маған берсең,
Иншалла, бұған жауап берем! - дейді.
Ұзатқан қыздай бала жүр танысып,
Екі қошқар сөзбен көп жанысып.
Біреуі: "Алам!", біреуі: "Беремін!" - деп,
Екеуі қылды уағда, қол алысып.
Бұл сөзге жата берді бала тойып,
Ежен хан күте берсін малын сойып.
- Шаһардан жан тастамай, түгел жина,
Берейін қисығыңды қолмен қойып.
Ежен хан ертең ерте жұртын жиды,
Қолына қобыз алып, тартып күйді.
Алтын тағын орнатып, аулақ жерге,
Үстіне отырғызды бала биді.
Тағына мініп алды бала сайрап,
Бар өнер жатқыза ма іштен қайнап?
- Бүгінгі күн - бір жақсы қызық күн!- деп,
Алдына даугерлерді келтірді айдап.
Екі қатын бір балаға талас екен,
Анығы біреуінің баласы екен.
Екі түйе бір ботаға тағы даулы,
Бұл жерін тыңдап халық сынаса екен.
Бір жігіт бір қызбенен ойнас екен,
Бұл жерін тыңдап халық ойласа екен.
Қыз байғұс құдай ұрып, буаз болып,
Біреуін күнәлы ғып қоймаса екен.
- Кәнеки, екі қатын, келші! - дейді,
Мен болдым араңызға елші! - дейді.
Біріне - бірі қимаса, бұл екеуі
Қылышпенен бұл баланы бөлші! - дейді.
Біреуі айтты:
- Құп, тақсыр, жарар! - дейді,
- Жұмыс бітсе, көпшілік тарар! - дейді.
- Баланың ғадалатлы сөзі - осы,
Жарымын маған берсең жарар! - дейді.
Біреуі айтты:
- Баланы бөлме! - дейді.
- Қарағым тірі жүрсін өлмей! - дейді.
- Баланы бөлмей, тақсыр, анаған бер.
Біз жүзқара болармыз елге! - дейді.
- Әншейін көрсетемін сөздің салтын,
Қып-қызыл жерде жатыр мұндай алтын.
Баланы қайсысына беру керек,
Тыңдаушы, азаматтар, айыр парқын!
- Кәнекей, қайда, - дейді, - екі түйе?
Түйенің жұмысына бар ма ие?
Адал адам парқын тез айырып,
Жағайын біреуіне майлы күйе.
Екеуін екі жерге байла! - дейді,
- Бұл жұмыс біреуіне пайда! - дейді.
- Ботаны ортаға қой, қылбұрау сал!
Осындай бір қылайық хайла! - дейді.
Мұнысын жиналған жұрт көрді барлап,
Мінгізген алтын таққа құдай арнап.
Қылбұрау жас ботаға салып еді,
Шыңғырды шыдай алмай бота зарлап.
Оған да отыр халық көзін сүзіп,
Ежен отыр тағынан күдер үзіп.
Таппаған түйе орнында тұра берді,
Тапқан түйе жөнелді жібін үзіп.
- Мінеки, мұны, халық, көрдің! - дейді,
- Бұзақының тіліне ердің! - дейді.
- Ана түйе жайымен тұрып қалды,
Ботаны қайсысына бердің?! - дейді.
- Кәнеки, қыз бен жігіт келсін! - дейді,
- Ап келші қынабы мен қылышын! - деп
Айырып "ақ-қарасын" бұлардың да,
- Бастайық бұларға да бір сын! - дейді.
Қынапты қызға берді: - Салдырма! - деп,
- Салдырып, абыройыңды алдырма! - деп
Жігітке айтты:
- Салмасаң, сені тартам,
Қаныңды мына көпке қалдырма! - деп.
Екеуі ұзақ күнге алысады,
Екеуі тұра сала жарысады.
Біреуі салам, біреуі салғызбан деп,
Жиылған жұрт күлкіге қалысады.
Бұларға отыр халық қайран қалып,
Тайкелтір тағында отыр көзін салып.
Екеуі ұзақ күнге төбелесіп,
Отырды бір уақытта әбден талып.
- Кәнеки, бұған жендет келсін! - дейді,
- Ежен хан тамашаны көрсін! - дейді.
Жігіттің жұмысы аққа анықталып,
Тартылып қыз бейшара өлсін! - дейді.
Қыз жағы теріс болып қалды күйреп,
Тайкелтір отыр тағы да ақтан түйреп:
- Алдияр, бұған, тақсыр, біз риза! - деп,
Қыз байғұсты жөнелді бір-ақ сүйреп.
- Қиыңдар бір қасықтай маған қанын,
Шырқыратып қайтесің мұның жанын? –
Неке қиып екеуін қоя берді:
- Бұзылма мұнан былай, бар, - деп, - жаным!
Кісі ақылды болмайды жасыменен,
Кей жаман жақын жүрер қасыменен.
Үш жұмысын орнына салып түгел,
Еженнің тағын алып басыменен.
Осылай Тайкелтір би берген бітім,
Елінен қашып шыққан, өзі жетім.
Бесқозының жұмысы себеп болып,
Жеткізген ақырында Құдіретім.
Осындай әр жерде бар иттер(итлер) қапқан,
Ана бөлек болғанмен, бір-ақ саптан.
Шешесі Бесқозының ақырында:
"Балам!" - деп, тумаса да, іздеп тапқан.
ІЗБАС ҚАЖЫ
Мен өзім үйден шығып Далба1 бардым,
Ізбасқа жолықпақты ойыма алдым.
Қажы алхырмен жүзін көріп,
Суынан зәмзәм Шәріп ішіп қандым.
Далбаға бара қалдым қадам басып,
Ізбаспен көрісуге амандасып.
Көз көрген пірәдарлар2 жоқ болған соң,
Бола алмай бұрынғымдай кеттім жасып.
Сұрадым мен Ізбастан бастан-аяқ,
Қалған жоқ айтпай сөзін менен аяп.
Шыбын жан шықпаған соң келген екен,
Өлуге, өлмесе де, жақын таяп.
Көңіліне білген жанның түсті жара,
Салған соң тәңірім басқа не дүр шара?!
Зырқырап елден бұрын Ізбас келді,
Бөлініп бәйге атындай жеке қара.
- Бас қосып тамам қажы жүрдік, - дейді,
- Көрмеген тамашаны көрдік! - дейді.
- Ауырып-сырқап, науқасты болыңқырап,
- Есен-сау Мекке барып кірдік! - дейді.
- Қырық бір күн сол Меккеде жаттық, - дейді.
- Бұйырған су мен тұзды таттық, - дейді.
- Күнге күйіп, жел тиіп, ыстық соғып,
Ауырып, қара ағаштай қаттық! - дейді.
- Үстінде Байтолланың3 қара жабу,
Байларға рақат екен сонда бару.
Күші жетіп, шамасы келген жанға
Жалғанда зор күшті арман - көрмей калу.
Байтолла - айналасы мешіт, храм.
Ішіне жұғын болмас жүз мың адам.
Төрт жерде төрт имамның махрабы4 бар,
Айта алман қалдырмастан түгел тамам.
Мешіттің төбесі ашық, іргесі бар,
Көлеңке шатырлаған түрмесі бар.
Байтолла ортасында қос төбелі,
Үстінде қара жабу пернесі бар.
Оңтүстік қырық кез жерде - Зәмзәм Шәріп5,
- Су іштік тоя, - дейді, - сонда барып.
- Шомылдық, төбемізге құйдық! - дейді,
- Еркімізше кенелдік рақаттанып(рақатланып).
- Ихрам6 киіп, рида7 біз байланып,
Жүгірдік Байтолланы жеті айналып.
Зиарат қанша десең табылатын,
Тыныш тауып жата алмады к біз жайланып.
Жүгірдік Сафа, Маруа8 арасына,
Отырдық алтын науа9 панасына.
Ауызбен айтып адам тауыса алмас,
Сол жердің көз тойғандай шарасына.
Екі тас ханнан менен сонда, - дейді,
- Бос жер жоқ зиараттан онда, - дейді.
- Дегені: "Қатим диуар"10 - ескі үй-жұрты,
Осылай оз байқауым, молда!- дейді.
- Байтолла айналасы - тастан қорған,
Әр жерде бір-бір сын тас - қада тұрған.
Есіктің биіктігі үш кез жерде
Сөйлесем бір күн, бір түн, айтып болман!
Есігі екі сағат ашылады,
Күйдіріп жын-шайтанды қашырады.
Екі бас кірген адам намаз оқып,
Құдайға құлшылық қып бас ұрады.
Қақ қасында Қубайыс деген тау бар,
Соған жиылып барады барша жандар.
Сол жерді көзіменен көрмегеннің,
Дариға, іште кетер көп армандар.
Жөнелдік түйе мініп Арафатқа,
Күндік жер екі ортасы жортар атқа.
Түйемен екі қонып әзер жеттік,
Жаңылыс - жазбаған соң бәрін хатқа.
Жолда бар Мұздалифа11 - таудың бірі,
Күнаның төгілетін сол бір жері.
Жігіттің анасымен зина қылған,
Сол жайда тазаланған күнә, кірі.
Жағалап, төрт мешіт түр, міне бардық,
Бір-бір қой кісі басы құрбан шалдық.
Табан тері сойылды, қол ойылды,
Демейміз сонда тағы: "Шаршап, талдық!"
Бұрынғы ойға түсті жастығымыз,
Қып-қызыл тас төсек пен жастығымыз.
Білмейміз күннің өткен, өтпегенін,
Кісідей арақ ішкен мастығымыз.
Қой айдап келеді екен бәдәу-араб,
Бір қой алмай қалмайды ешкім қарап.
Шалған соң құрбандығын, киім киіп,
Қажылар бет-бетімен кетер тарап.
Сонан соң Мекке келіп жеті айналдық,
Тәспі алып, Құран алып, ыңғайландық.
Жабудан ақша беріп, кестіріп ап,
Қайтуға енді ел-жұртқа оңтайландық.
Кірекеш - түйе тізген бәдәу-араб,
Дені саулар жайлысын мінер қарап.
- Бармай - ақ Мәдинаға қайтамыз! - деп,
Сол жерде болдық біздер екі тарап.
Исабай12 шетке шығып, айғай салған:
- Бар ма, - деп, - сірә, үмітің пайғамбардан?!
- Бетіне махшар күні қарай алмай,
Келіспес шапағаттан мақрұм қалған! -
Деген соң айтқанына біздер көндік,
Бір басшы дәлил алып, соңына ердік.
Меккеден төрт шақырым жер шыққан соң,
Исабай опат болды, соны көрдік.
Қылмас па ек артық құрмет білсек, әні?!
Біздерге енді айналып келу кәні?!
Мекке мен Мәдинаның арасында
Қалды, - дейді, - Шалқиман диуананы.
Қылған ісін халайықтан көріпті,
Бір емес, екеу емес сан көріпті.
Сол құдықтың басында тіке тұрып,
Таяғына таянып жан беріпті.
Қорлықпен өтесің бе, дүние боқ,
Адамзат - аң: аңсызда ажал - бір оқ.
Сол құдықтың басында қалуы анық,
Жығылғанын көзінен көрген жан жоқ.
Қолынан қойған жан жоқ жаназалап,
Не қылсын тұрғаннан соң Құдай қалап?!
"Ұры бар!" - деп, өздерін қорқытыпты,
Ащы суға тоқтатып төрт күн қамап.
Ойлайды күші жетсе, жұрт баруға,
Шамасы келсе, ойлайды кім қалуға?!
Қажыларға түрлі айла қылады - міс.
Бәтшағар бәдәуилер ақша алуға.
Түйелер қатар-қатар тізіліпті,
Көздері жол үстінде сүзіліпті.
Мәдинаға таянып барған кезде
Жаябай13 түйе үстінде үзіліпті.
Апарып Мәдинаға қолдан көмген,
Дүние керек жері сонда - ақша берген.
Айдаболда: Жылқыайдар Майқара ұлы14
Жаннатіл Бақияның өзінде өлген.
Ауырып Мәдинада Төлжан15 қалған,
Малдыбай қайтпастықты мойнына алған.
Мекке мен Мәдинада өлген жанлар
Бар ма екен, уа, дариға, соларда арман?!
Әділше келіп өлген Орынборға,
Ауырып Ізбас келді әрең зорға.
Жылқыайдар, Жаябай мен Исабайдың
Келмеді бір де бірі біздің сорға.
Жылқыайдар, Жаябайды топырақ тартып,
Малдыбай, келер ме екен Телжан қайтып?!
Мінезін бастан-аяқ Исабайдың
Қоймайды дамыл-дамыл Ізбас айтып.
Бақтыбай сау-саламат аман келді,
Қаржастан жалғыз барған бұл бір ер-ді!
Ауырып-сырқап, науқасты болыңқырап,
Бұқабай өзгесінен шабан келді.
- Көп, - дейді, - әңгімесі Бұқабайдың16,
Ерлікпен аты шыққан Бақтыбайдың17.
Қанжығалы:Тінеке деген қажы
Қасында бірге барған Жаябайдың.
Жарыстан бұл Бақтыбай қашан қалған?!
Байланып жастан аруақ, ат атанған.
"Ерден иман құтылмас, "- деген сөз бар,
Дүниені шашып-төгіп Мекке барған.
Далбадан жалғыз қара Ізбас шықты,
(Бір тоға адам еді дінге мықты.
Ерлікпен жапа-жалғыз кетіп еді,
Бақтыбай көп көріпті жалғыздықты.
Жалғыздық жарасыпты бір Құдайға,
Ондай алыс жер түгіл, елде оңай ма?!
Таптан - жеке, рудан жалғыз барған
Не деп айтсаң, жарасар Бақтыбайға!
Сүйіндіктің қасқа мен жайсаңы өлген,
Тілеуін онда өлгеннің Құдай берген.
Артына қарайлаумен дүние тілеп,
Дін-есен Қанжығалы, Керей келген.
Әділше артық екен қара басы,
Мұндағы не бітірді іні-ағасы?!
Оны да өз әлінше мақтап айтты,
Қасында бірге барған Баймолдасы.
Сөйлесе, бәрі шешен тілін безеп,
Бас қосылса, кім қалар бойын тежеп?
Хұсайын18, Тәнті, Әкімбек19, Мақан мырза-
Баруға енді қажыға келді кезек.
Жата ма Темірболат бармай жайға,
Қажы парыз емес пе екен Молдабайға?!
Қарақозы, Тайкелтір: Елеу, Есбай, -
Бір ауыр бұл бір салмақ түскен байға.
Төрт мырза - заманымда төрт үлкен бай,
Бәріне қанат жайған мен сұр [сүр] таңдай.
"Өзімде жоқ болса да, халқымда бар,
Біреуі апарар!" - деп, көңілім жай.
Сұқтанбан: "Соғым бер!" - деп, семізіңе,
Бір мінің жоқ, кез салсам негізіңе.
Өзім шамам келмейді ойланғанмен,
Обалым осы айтылған сегізіңе!
Исламның бес парызы:біреуі - иман,
Жақсы екен жігіттікте нәпсі тыйған.
Қазаққа ғазаттық жоқ осы күнде
Қажы бару, Құдай үшін жанын қиған.
Парыздың екіншісі - бес намазың,
Өтеді шолақ дүние: қыс пен жазың.
Ақшаң мыңға жеткенің ұмтылып бақ,
Талпынып әуре болма дәулеті азың.
Мың тұрсын, жеткізіп бақ сегіз жүзге.
Бара алмай қалсаң-дағы күдер үзбе.
Тіпті шамаң келмесе, әуре болма,
Құлшылық жоқ па басқа мұнан өзге?!
Ораза, зекет пенен - екі парыз,
Мойныңа құтылмасаң болар қарыз.
Тілеп қал қажетіңді тіл барында,
Құдайға өлмей тұрып қылып арыз (ғарыз).
Өлген соң тоқталады, тілек жүрмес,
Мал-жаның қимағанмен көрге кірмес.
Өзіңдікі болғанда, қимылдап қал,
Өзіңнен дәрмен кетсе, түк те бермес.
Бірі: қажы – бес парыздың – бай адамға,
Төрт түлік төңірегі сай адамға.
Парыз емес уақа жоқ бармаса да,
Ауқаты аз, қолы қысқа жай адамға.
Пайғамбар: "Байлар қажыға жүрсін!" - депті,
"Мені келіп үмбетім көрсін!" - депті.
"Шамасы жете тұрып келмеген жан-
Иа иһу иа насараны өлсін!" - депті
Байлар-ау, мен айтайын, ғапіл қалма,
Тоймай ма әлі көзің дүние-малға?!
Құдайдың сүйер досы Мұхаммедтен
Тіл алсаң, қарманып бақ, қарғыс алма!
Пендесі Құдай сүйген қажыға барар,
Қажыға барған күнәдан тазаланар.
Шапағатың қабыл боп жетпіс жанға,
Жеті атаң жетпіс почетіңе жарылғанар.
Құдайым несіп етсін үшбу жолды,
Жеткізгей талап қылған мүмін құлды.
"Ондай жер бұ дүниеде жоқ шығар!" - деп,
Сөйлейді аса мақтап Стамбулды.
- Бас қосып барша қажы жүрдік, - дейді,
- Көрмеген көп қызықты көрдік! - дейді
- Атанған Стамбулда "үштің бірі",
- Мешітке "Айя софия" кірдік! - дейді.
- Сол мешіт тауда, - дейді, - орнатылған,
- Шеберлеп не еткен ұста оны қылған!
Төрт жүз тірек, тап үш жүз қандилі бар,
Қандиллар орнатылған саф алтыннан.
Алыстан көрінеді мешіт басы,
Заңғар таудай біп-биік мұнарасы.
Терезе есеп санын жан білмейді,
Бәрі есік қатар-қатар айналасы.
Орнатқан бағанасы мрамор тірек,
Баршасын байымдауға зейін керек.
Әр есіктің екі жақ қайырылыста,
Су ағып келіп тұрған екі шүмек.
Шүмегі самауырдай бұрамалы,
Келтірген суды ағызып бір амалы.
Су қай жақтан келгенін біле алмайсың,
Нанбайсың, кермеген соң, сұрама, әні!
Көрумен аузымыздан су ақты құр,
Сәулесі көңілді ашып жап-жарық нұр.
Жоғары қол жетерлік шақты жерде
Бір шайнек, бір ақкесе асулы тур.
Шайнектен ақкесеге су құйылған,
Ағызып келтірген су бір қиырдан.
Қанша жан ішіп жатыр, таусылмайды,
Барады Құдай айдап, дәм бұйырған.
Түгелдеп айта алмаймын барша қалпын,
Әншейін шет пұшпақтап айттым салтын.
Үш жерден жылан тескен тесігі бар,
Бір табыт: ұзыны үш кез, һәммасы алтын.
Ол күнде көргенменен біздер, әні,
Түгелдеп бұрыштай ғып сөйлеу, кәні?!
Жеті тау бар - бұл шаһар соған сыйған,
"Бес жүз елу бес,"- дейді мешіт саны.
Мешіт кеп сан-сапасыз толып жатыр,
Үлгілі хан (сан) өрнекті салған батыр.
Дүние жүзін кезсең де көру үшін,
Мұндай мешіт болмайды әуел ақыр.
Ей, молдам, оқымадық сіздей болып,
Жүрмесін надан қаңғып біздей болып.
Бес саусақтың таңбасы бір таста тұр,
Аппақ қарға басылған іздей болып.
Адамзат не біледі, үйде жатса,
Ащы менен тұщыны білер татса.
Не керектің табады бәрін өзі,
Әйтеуір мол боп жүрсе қалтада ақша.
Мәдина, Мекке менен мүбарак жай,
Шаһар жоқ зейнеті артық Стамбулдай!
Қайда барса қадірлі көрінді ақша,
Барса керек бүл жолға ақшалы бай.
Бір саптияқ (саптыаяқ) байланып бардық, келдік,
Келген соң аман-есен, жұртты көрдік.
Бұл жолда денсаулық пен ақша керек,
Кәне, біз онан басқа нені білдік?!
Тау тесіп, жол салыпты, біз түнде өттік,
Тау тесігі [бар] екенін білмей кеттік.
"Көк қайда, жер қайда?" - деп, кім ойлапты,
- Жұлдыз қайда кеткен?! - деп, тамаша еттік.
Үркер мен Таразыны бір-ақ көрдік,
Сол қай жақта тұрғанын қашан білдік?!
Итпелеп көрінгеннің соңына ердік,
Деп жүрміз ғой: "Бірталай өмір сүрдік!"
Отырған біз иесі ішер астың,
Кезінде бурыл тартқан сақал-шаштың.
Жері екен баратұғын әдейі іздеп,
Өзіндей уылжыған өткір жастың.
- Жазған ғой бір көруді бізге! - дейді,
- Қарт басқан, қалжыраған кезде, - дейді.
- Сөйлеуге дымым құрып қалдым шаршап,
Сөзім жоқ енді айтарлық өзге! - дейді.
Жиылар күнде-күнде жұрт сиязға,
Бар ақшасын төгеді бір оязға.
Орысқа - бар, өзіне бұйырмайды,
Сараң болып барады жұрт ниязға.
Молда бар, мешіт бар деп ойға алмайды,
Ғаріп, пақыр, міскінге көз салмайды.
Жүрген, тұрған жолына бұл орыстың,
Үй басы шығын жинап күр қалмайды.
Дін ісін ойламайды жарлы, байы,
Болмады бұрынғыдай жұрттың жайы.
Бұл орыстың жолына төгіп, шашып,
Таусылды-ау еттен өтіп жілік майы!
Қайтыңдар бұл пейілден, біздің қазақ!
Тыйышынды мен алмаспын күнде қажап.
Орнын таппай жұмсаған мал-мүлкіңіз
Шаян болып тартқызар өзіңе азап!
Кеңге сал пейіліңді, бағың тасар,
Есіңе ал: аш болмасын ғаріп-қасар.
Қолы ашық бұл дүниеде мырзаларға
Ұжмақтан періштелер есік ашар.
Кей адам қонақ көрсе, үйге қашар,
Кім барады бай болмай, болса нашар?
Сараңды елден бұрын тамұққа айдап,
Бұқтырып періштелер отпен басар.
Өлең жаздым екі жүз қырық сегіз жол,
Айта берсем, кеудемде мұнан да мол.
Қағазың бір тиындық ділла болды,
Шырағым, енді маған риза бол!
Игібай, жазып қойдым қағазыңды,
Өзің біл - бойыңа өлшеп, көп-азыңды.
Жалғыз маған жүгінді арта бермей,
Бірдей тарт екеумізге таразыңды.
Замандас, жаның құрбы, інім едің,
Бір табақ қағаз маған беріп едің.
Айтып қой: тағы менде қолқаң болса,
Өзің ойға нені алып келіп едің?
ҚАЖЫЛАРҒА
Жадыраса ғаріп көңілің жаздай болған,
Айырылған көп тобынан аздай болған.
Біздерден осы күнде не сұрайсыз,
Айырылған ел-жұртынан қаздай болған?!
Айырылған ел, жұртынан біз бір сорлы,
Жас аққан көзімізден біз бір мұңды.
Бұлбұл құс Гүлстаннан айырылған соң,
Бағасы болмайды екен торғай құрлы.
Үшбу күн:ішім - түтін, сыртым - бүтін.
Ем болар ішсем қанша аққу өтін?!
Қадірлі түп ағашы ұжмақта да,
Апарса басқа жайға болар отын.
Ағайын алыс кетті туысқаннан,
Қадірлес ойнап өскен мың мен саннан.
Тағы да бір Жүсібің (Иосифің) қасірет шегіп,
Түңілген хазірет Жақып(Иаков) мал мен жаннан.
Өсірген желпіп, күтіп ана қайда?!
Әр іске ықтияр жоқ, бір Құдайда!
Жазын - той, қысын - ойын-күлкі қылған,
Мәшһүрдей енді оларға бала қайда?!
Бас қосқан бір төсекте қатын қайда?
Ағайын, бір туысқан жақын қайда?
Қандай ұл, қанша дайын қызлар қайда?
Әрқайсы қала берген әр бір жайда.
Жүруші ем қаздай қалқып, елдей көшіп.
Еркелеп ұрттап төгіп, шайқап ішіп.
Замандас, құрбы, құрдас балдан тәтті
Бәрінен бүл дүниенің кеткен кешіп.
Көзінен ғаріплердің ағар жасы,
Ат пенен не көрмейді адам басы?!
Әркім-ақ ғибрат қылып ойлау керек,
Алланың болған дүр деп бірадасы.
Хат-хабар әр тараптан келіп жатыр,
Ажалды әр бір жайда өліп жатыр.
Ойдағы-қырдағының хал - ахуалын,
Ташкентте жатып Жүсіп біліп жатыр.
Арқадан биыл көп жан қажы барған,
Барам деп көбі соны қылған арман.
Құдай мен пайғамбары қалаған соң,
Бұйырып топырағы сонда қалған.
Қызыл тау, Баян аула - өскен жерім,
Кір жуып, кіндігімді кескен жерім.
Қан жұтып, қайғы үстіне қайғы жамап,
Қозғалды оттай қайнап ішкі шерім.
Бұйырған тұз нәсібі айдамас па?
Ер жігіт басты өлімге байламас па?
От түсіп, Гүлстаны өртенген соң,
Бұлбұлы Сүйіндіктің сайрамас па?
Сарыарқа, өсіп-өнген жерлерім-ай!
Дін үшін қылған қайрат шерлерім-ай!
Хақ жолға жанын қиып, басын берген,
Шайтанға ерлік қылған ерлерім-ай!
Бірі ата болғанда, бірі - қайын.
Көңілімде сайрап тұрған бәрі дайын.
Әрбірі әр бір жұрттың серкесі еді,
Құдайым жаннат қылсын жатқан жайын!
Қьшмайды ешбір арман ол жерде өлген,
Тілегін шаһбазлардың тәңірім берген.
Қылмаңыз олар үшін ешбір уайым,
Ұжмаққа тірі барып, тура кірген.
Айдабол, Күлік, Қаржас- Мақпалым-ай!
Бәйге алып талай тойда шапқаным - ай!
Ерлердің бас қосқан құсасымен
Ел кезіп, диуанадай ақтадым-ай!
Бас қосып өңшең ерлер барғанын-ай!
Қайырын берсін Алла қалғанына - ай!
Амалмен әр бір түрлі әркімді алған
Опасыз пани дүние жалғанын-ай!
Қадірлес қалың ашна, көз танысым.
Ағайын, - бәрі жақын, жоқ алысым.
Мал-жаннан түгел безіп шейіт болған,
Қадірлі өңшең қабылан, жолбарысым!
Әрбірі жомартлықта Атымтай да!
Дүниеге ондай ерлер келмес қайта.
Ерлерден біраз ғана сөз қылайын,
Шарапат барып өлген артық жайда.
Ата дос болғанынан Құдай қосып,
Құйрық пен бауыр турап, төстік жесіп.
Батасы бір-бірінің қабыл болып,
Үбірлі-шүбірлі боп кеткен өсіп.
Бабасы Төлебайға бақ қараған,
Туыпты Едіге, Еламан бір анадан.
Тұрсынбай:онан-Бәзіл, Боштай туып,
Уақытында асып өткен хан, қарадан.
Баласы бай Бәзілдің Шегебай-ды
Ерте ойлап, есіне алған бір
Құдайды. Жаннатіл, Бақияға барып өлген,
Жастанып шарапатіл жақсы жайды.
Қүран мен тәпсір еді ұстағаны,
Қош көріп молдаларды қостағаны.
Ниеті дін, исламға жақын болып,
Құдайдың жақсы жолға бастағаны.
Жасынан дін ісіне болған мықты,
Ұнатып өзге өнерден молдалықты.
Сарып қып дүние шашып барған қажы,
Билік пен керек қылмай болыстықты.
Қадірлес, халық, ағайын, қарындасы,
Таласып бірдей өсіп - мал мен басы.
"Ойында озған-шында озар,"- деген сөз бар
Тұрағы пайғамбардың болып қасы.
Қалыпты Байтоллада Шегең жатып,
Алған соң оны Құдай өзі ұнатып.
Жаманға дәнеме емес, жақсыға —арман,
Тұрғанда Хұсайынға қатты батып.
Жүсеке, қажымаңыз бұған жасып,
Кетпесін көңіліңізді қайғы басып.
Жер қараған алдыңызда-көш басшыңыз,
Шапағат барша жанға болса нәсіп.
Уайымсыз болып өткен бас пен малдан,
Түгел боп баршасына дүние-жалған.
Балалар артта қалған қапаланып,
Еш бейнет, қылмаңыздар оған арман.
Тұрады кімнен өтпей дүние-жалған,
Арманын қылып өткен ойына алған.
Олардың өздеріне еш қайғы жоқ,
Қасіреті бізге қиын артта қалған.
Бәйбіше, қамықпаңыз еріңізге,
Асқар тау, биік, заңғар беліңізге!
Ұжмақтан орныңызды даярлапты,
Көшбасшы барып қонар жеріңізге.
Бұл дүние, ол дүниеде паналарың,
Өлмесе қайда кетті бабаларың?!
Өткенге өкінбеңіз уайымын жеп,
Енді аман болсын... балаларың!
Қанша айтып қақсағанмен, алғаның жоқ.
Айырылып жамандықтан қалғаның жоқ.
Қызылды ұлдан артық қылып берген,
Құдайға біле білсең, арманың жоқ.
Талай бай боқ басында өліп жатыр,
Кімнің кім не болғанын біліп жатыр.
"Бірінің-өзі, бірінің көзі жақсы,"
Жан-жақтан балаларың келіп жатыр.
Қасында бір құдасы бірге барған,
Іс еді көптен бері ойына алған.
Еламан: Байжан ұлы - Жүсіп қажы,
Жаннатіл Бақияда бірге қалған.
Бәйбіше, Балғын, бұған налымаңыз
Қайғымен арып, жүдеп, арымаңыз.
"Жалғыздың жары - Құдай," - деген сөз бар,
Артында Тай бейшара қалған жалғыз.
Бір нәрсе тірлікте көрсең Тайдан,
Жандар көп өсіп - өнген осындайдан.
Құдайдың бір жарылқар күні бар-ды,
Тілей бер күдер үзбей бір Құдайдан.
Олардың жаннат болсын жатқан жайы,
Қосылып пайғамбармен бір құдайы.
Өтіпті Темірболат Ақпан ұлы Қадірлі
Сүйіндіктің құтпан байы.
Бабасы Малгелдіні алаш білген,
Бақ аруақ Төлебайдан жалғас келген.
"Табылар, бай мақтанса," – деген - осы,
Жаннатіл Бақияның өзінде өлген.
Өзі еді дәл айтулы қара көктің
Шұбар тос, шынжыр балақ, дегдар тектің.
Кетпеген тұқымынан байлық аты
Шолпаның, ұйтқысы еді Сүйіндіктің.
Ерлерді айт қажы барған дүние шашып,
Балықтан Нами шыққан жұрттан асып.
Жаралған шын - ақтемір, болат екен,
Өліпті байлығына құп жарасып.
Ойға алған өңшең ерлер бір Құдайды,
Әркімге мұндай өлім табылмайды.
"Өлді, - деп, - Мәдинаның жауарында",
Есіттім Құдияр ұлы Мұсабайды!
Мұсабай-Исабай деп аты шыққан,
Насиқат, ғалымдардың сөзін ұққан.
Туысқан, ақыреттік бауыр екен,
Ағасын іздеп барып сол жолыққан.
Жалған деп, күдер үзген бүл дүниеден,
Жай алған ерте барып ол дүниеден.
Өтіпті ақырында қоныс қарап,
Бірі-Мекке, бірі-Мәдинадан!
Баянтау, өсіп едім, қаласында.
Арқаның сахара, майдан даласында.
Малдыбай қажы өтіпті деп есіттім,
Мекке мен Мәдинаның арасында.
Ақырет қызығына жүрген тоймай,
Сағынып жүруші едік күліп, ойнай.
Пайғамбар дауазасына ғашық болып,
"Барам!" - деп, жүруші еді, айтып қоймай.
Су ішіп, зәм-зәм шәріп қанды ма екен?
Құдайдың уағдасына танды ма екен?
"Қажыға сіз барасыз ғой!" - деуші едім,
Барғанда бізді ойына алды ма екен?!
Түскенде солар еске сағынамын,
Сағынып, сағынбай да не қыламын?
Кеткенде мінездері түсіп еске,
Айырылып ақыл, естен жаңыламын.
Бір жүрген дін жолында жолдасым-ай!
Тар жерде жолдас болған мұңдасым-ай!
Есімнен өзге кетсе, сен кетпейсің,
Бастасым, молда Ғали, құрдасым-ай!
Бұхарда тұрушы едің қағаз жазып,
Сарғайып дін жолында, жүдеп, азып.
Сен кетіп бұл жалғаннан, мен қалғанға,
Білмеймін не қыларым, тұрмын қажып.
Барып ең биылғы жыл қажы қайдан?
Тиетін бір жан едің көпке пайдаң.
Күйініп сенің өле қалғаныңа,
Мен тұрмын көңілім тоқтап мұндай жайдан.
Кемелге келіп едің жаңа жетіп,
Бір қазақ не болады сенен өтіп.
Өртеніп өз - өзімнен от боп күйдім,
Қалған соң есіл ғылым текке кетіп.
Есіме, өртенемін, сені алғанда,
Көре алмай кеткен қызық сұм жалғанда.
Еңбегі жаста қылған босқа кетіп,
Бәрінен бұл барғанның сен арманда.
Жоланнан: Мұсабай мен Омар барған,
Аркада қажы бар ма бармай қалған?!
Жаннатіл мұғаллада маупін болып,
Арманы тамам болған ойына алған.
Екі бас барған екен ел - Қаржастан.
Нұсқа боп, жайылған сөз болсын дастан.
"Құтылмас ерден иман," - деген сөз бар,
Ер еді аты атанған бала жастан.
Жолдасы Хұсайынның - Байқошқар би.
Жасынан қылған Өнер, әр түрлі күй.
Күлдіріп ойын сөзбен жүруші еді,
Алыпты ақырында Ұжмақтан үй.
Кестеден: баласы мен Шұпан кеткен.
Ер еді құдай үшін мейман кеткен.
Қылған қайыр, ықсаны қабыл болып,
Жаннатіл- Бақияда ажал жеткен!
Қозғаннан: ер Атажан барған екен.
Ерлікпен Құдайды ойға алған екен.
Келді деп естілмейді жазған хатта,
Табылмас өңшең ерлер қалған екен.
Биылғы, өкпеледім, өткен жазға.
Ағайын, енді маған қағаз жазба.
Халқынан Қаракесек: Жүсіп қожа,
Жолдаспен жетпіс шақты барған қажыға.
Бұрын да неше қабат барып еді,
Ойына Хызыр ата дарып еді.
Жолдасы ақыреттік - Ақай қажы
Бұйырып топырақ сонда қалып еді.
Бұл жолда жамиғатын кеткен алып,
Дүниені парһам ұрып, талақ салып.
Жолыққан ақыреттік достасына
Әдейі тірілікте іздеп барып.
Өзі өліп, жамиғаты келген қайтып,
Қаншама қасірет, жапа тартып.
Аты бар, атағы жоқ бықсық байды
Шаршайын қайсы бірін сіздерге айтып.
Кеткенін қажы тәуір көргенім жоқ,
Ұнатып көтеріле барғанын көп.
Ерлердің іске жарар бәрі өліпті,
Кім өліп, кім қалғанын білгенім жоқ.
Ал, енді, қанша айтқанмен, олар кәне?
Мекке мен көріп өлген Мәдинаны.
Дал болып, ойран көңілім сынық болып,
Мәшһүрдің күр шықпаған шыбын жаны.
Келмеген ойға алғанның бір де-бірі.
Қазақтың қасқа, жайсаң кемеңгері.
Шықпаған кеудесінде ыстық жан жүр,
Сөзге ұлы көрініп, көзге-тірі.
Ғам басып тұнық көңіл лайланған,
Ашылмай бақ, талайым жол байланған.
Кісіде суға кеткен ес қала ма?-
Дүниенің зардабымен шыр айналған.
"Мәшһүр" деп, әр баланың қоймас атын,
Алашқа қылған ашна хихаятын.
"Садаға қара ұлың құлдан," - деген,
Ұл табар буаз болса, сол бір қатын.
Жасынан Жүсіп көнген жоқтығына,
Алданған аз [күн] карын тоқтығына.
Қарайлап қарға менен ит қалады
Ел көшіп, кеткен жұрттың боқтығына.
Жазғаным осы сөзді бәріңе айтып,
Көбіңнің ықыласыңнан көңілім кайтып.
Таппаса керек қылып іздеп біреу,
Бармайды көшкен жұртқа ит те кайтып.
АБАҚТЫДАҒЫ ИШАНҒА
Асалаумағалейкум, дұғагөйім,
Өтініп хат жазайын мұнан кейін.
Бармадық көңіл сұрай, ұяттымыз,
Қағазбен дұғаңыздан мен тілейін.
Баруға мен осынша ой ойландым,
Оқтанып неше мінөт (минут) ыңғайландым.
Жүрекке мүсәпірлік тиген екен,
Дүниенің кәрдабымен шыр айналдым.
Ал хасыл бара алмадық бір сапар жол.
Көр-жермен арқан, жіпсіз байланып қол.
Үміт бар тірліктен көрсек деген,
Ай, тақсыр, көріскенше қош аман бол!
Хабардар зат едіңіз қалдан-халдан,
Судан-пәк, ақ едіңіз жауған қардан.
Құданың (құдайдың) анық сүйген құлы екенсіз,
Болыңыз бұған риза шантан-шандан.
Бұхарай-Шәріфте есіп едің,
Дүниенің құдық түбін тесіп едің.
Құдайым Сарыарқаға айдап келіп,
Жолбасшы талай жорықта несіп едің.
Ақсүйек ата пірдің баласы едің,
Халфенің дін үйреткен тазасы едің.
Ғалымлық майданында қатар шыққан,
Төртінші, бесіншіге талас едің.
Иншалла, көрісерміз есен-аман,
Жетпеген қадіріңізге біздер жаман.
Бұл нәубет жақсылардан қалған мирас,
Дұға қыл хақымызға хұтыб (құтыб) заман.
Жан едің шырын сөзді, жүзің нұрлы,
Көгерген көлеңкеңде талай сорлы.
Ей, тақсыр, мүбарак бад құтлы (құтты) болсын,
Хазреті Жүсіптің жатқан орны.
Құдықта Жүсіп нәби қалған еді,
Апарып ағалары салған еді.
Жүгіне ауған түйе байлау болып,
Мысырға құл орнына барған еді.
Көп пұлға ғазиз Мысыр алған сатып,
Көркіне жан біткенді таңырқатып.
Онан соң Зылиқаның жаласымен,
Зынданда он екі жыл қалған жатып.
Зынданда қызыл гүлдей жүзі солды,
Кәмелет әбден жетіп күні толды.
Артылып ақыр (ахыр) ғиззат шарапаты
Мысырға салтанатлы патша болды.
Жатқанмен алтын жерде кір болмайды,
Жай таспен дүрдің құны бір болмайды.
Үлгілі сөз бұрынғыдан бар емес пе:
"Тікенсіз-гүл, садапсыз дүр болмайды".
Әуелден болған бар ма күндіз түнсіз,
Ішінде көп тікеннің, - сіз, - бір гүлсіз!
Бағаңыз бұрынғыдан болған қымбат
Садапта болған тұтқын, - сіз-бір дүрсіз!
Береді сүйген құлға бүл пәлені (бәлені),
Әр түрлі күйге салып тәңірім, әні.
Құдайым рақым қылып аяйды-мыс,
Жан ашып пендесінің көрсе жаны.
Бәрін де пайғамбарлар керген тартып,
Іс берер сүйген құлға бір сынарлық.
Қазаға-ырза, пәлеге сабыр қылып,
Алыпты сол себепті пайғамбарлық.
Өткізер баз пенденің қинап жасын,
Әр түрлі күйге салып (ғарып) кәріп басын.
Пәлені пәле демей "пәлі!" - десе,
Артылтар күнннен-күнге дәрежесін (даражасын).
Аспанда жарықтығы болсын күндей,
Бір бұлт душар келсе, оған мендей.
Көрсетпей күннің көзін алса тұрып,
Кетеді бары-жоғы болып бірдей.
Сіз сондай күн едіңіз бұлт алған,
Надандар тат боп жұғып кіршік шалған.
Аршыған жауқазындай аппақ болып,
Бұл күнде соның бәрі кетіп қалған.
Уай, тақсыр, болып раушан, ашылды ізің,
Таң болып жарық саулап өтіп мұңың.
Бойыңа жаңа келді қамап, қоршап,
Баяғы Бұхарада жүрген күнің.
Бұхара сейіл қылсам базарына,
Ерлердің душар болсам мазарына.
Басында қолым жайып барып тұрсам,
Хазреті имам Қазы қан мазарына.
Басында құшақтасам барып туын,
Әулие қатар жатқан буын-буын.
Гүл сұрұғы сариғ Бахауалдин сайылында
Қант салған ішсем, дүние, хауыз суын.
Несіп боп мен Бұхардың тұзын татсам,
Бүк түсіп бір хұжырда жалғыз жатсам.
Нанын жеп, Бұхараның суын ішіп,
Армансыз болар едім аштан қатсам.
Нән ойлар айғай(салып) салар деп ысқа піс нан.
Табылар іздей берсең, әр түрлі жан.
Оқиды хош әуезбен-кетіп хошы,
Жұмға (жұма) күн мешітлерде масна ұйқан.
Өткен күн, жүрген жерлер еске түсіп,
Барсам деп тағы айналып көңіл көшіп...
1898 ж.
МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ МӘДИГЕ СӘЛЕМІ
Аман cay жатырмысың, Мәди батыр,
Тұтқын боп бұл түрмеде әркім жатыр...
Жуымас аққа пәле деген сөз бар,
Қалас боп құтыларсың бір күн ақыр...
Жаңбырдай жауа берген көздің жасы,
Ат пенен не көрмейді ердің басы.
Шөп шулап, ағаш шулап сәлем айтты,
Он екі қазылықтың тау мен тасы.
Біз елден шығып едік өткен қыста,
Болмады, ондалмадық асығыста,
Қағыстық бір-екі ауыз амандықты,
Анадай ат үстінде, тұрып тыста.
Құмарым тарқамады көріп көзбен,
Білмеймін жүргеніңді қай түрлі ізбен.
Кіруге қайта - қайта қарауылшы
Қарайды ұрсып-зекіп жаман көзбен.
Бекітіп талай ерді кісендеген.
Сонда да ажал келмей кісі өлмеген.
Басына бір кемшілік түскен кезде,
Рас деп шындығына бір сенбеген.
Жүргенде басы боста жігіттікпен
Кісі көп баратұғын "мен сендікпін".
Жаныңда жүз бір достан бірі қалмас,
Түсер күн болған күнде бір кемдікпен.
Ақ сұңқар аспандағы түсер торға,
Өрлеген өнерпаздар жығылды орға.
Ес кетіп жан шыққандай іс болғанда,
Құтылып кейбіреулер шығар зорға.
Ниетің болу керек хаққа дұрыс,
Әркіммен жасай берме жанжал ұрыс,
Зынданда жалғыз жатқан сен емессің,
Әр түрлі жақсылар бар қылған қоныс.
Жақсылыққа тырмыса бер, басшы бала,
Қадірін білсең сөздің нұрлы гауһар,
Сырға қыл құлағыңа, әнші бала.
Бұл сезді айтушы ағаң - Мәшһүр Жүсіп,
Елдей боп қара басы жүрген көшіп.
Сен қадіріне жетпесең болып зайғы,
Жоғалып қалған бір соз жерге түсіп.
Бұл жерде сен де кәріп (ғаріп), мен де кәріп,
Мойны ұзын алыс жерде жұртым қалып.
Күшім жоқ, ақылдасар кісім де жоқ,
Кететін ерікке қоймай жұлып алып.
ҚАЖЫМҰҚАН
Орта жүз: Арғын, Қыпшақ, Қоңырат, Найман,
Дүниенің төрт бұрышына құлаш жайған.
Арғынның түп атасы-ақын Құтан,
Деушіге: "Болған ақын Мәшһүр қайдан?"
Тапталған талай ақын табанында,
Қаршыға алған, көп жүрген қамалында.
Қажымұқан балуан Мұңайтпасов
Қыпшақтан шықты жарып заманында.
Жігітке кедейлік жоқ дені сауда.
Топ бұзар батыр жігіт қалың жауда.
Бірі-ақын, бірі-балуан, екі атақты ер,
Кез болған душарласып Баянтауда.
Қырық бесте Қажымұқан балуан өзі,
Атына болған қанық дүние жүзі
"Сырттаны мұсылманның", - деп атанған, -
Батырдың сөйлеп өзі айтқан сөзі:
- Құдайдың шын жаратқан бір құлымыз,
"Шын жасалдық" - десек те, көп мұңымыз.
Қарөткелде Сартерек болысында
Алтыбас-Қыпшақ екен ұрғанымыз.
Арғы атамыз - Ақкөбік алып екен,
Алыптығы Алашқа анық екен.
"Қара Қыпшақ - Қобыланды" аты аталған,
Сүттен ақ, айдан аппақ жарық екен.
Тоқсан екі қатынға бір күн жатып,
Ақ көбік судай тасып, шапшып атып.
"Қытай көп пе, - мақал боп, - Қыпшақ көп пе?" - "
Тоқсан екі баулы", - деп, жүр ғой шатып.
"Керегенің келіпті үш (ұшы) көгінен," –
Деген сөзді естуші ек ертегіден.
Нанар-нанбас болушы ек, таң қалушы ек:
"Болды, - деп, - тіпті өтірік мұнша неден?"
Айран-асыр (хайран-асыр), тамаша, аң-таң қалдық,
Тіл-кілт, сөз - асыл тас, кеуде-сандық.
Қажымұқан балуанды көзбен көріп:
"Бұрынғы сөз бәрі де шын!" - деп нандық.
Шалқасынан жатты да, төсеп төсті,
Кеудесіне қойдырды үш пұт төсті.
Пұт жарымдай бар шығар екі балға,
Ақбота, Субек ұста қандай күшті?!
Кезек-кезек екеуі дүрс-дүрс ұрды,
Жұрт қорқып: "Өліп кетер!" - деумен тұрды.
- Өзінің жаны бар ма, жоқ па? - десті,
Бит шаққандай көрмеді, қырау құрлы.
Пұшпағынан тер ақты ұсталардың,
Ақыл-ойын сандалтты, миы бардың.
"Піл ауыр ма, - дегендей, - зіл ауыр ма?"
Көрдік күшін сол екі жануардың.
Жан бар шығар өзінде толық қорап,
Алған емес ешкімнен сатып, сұрап.
Тұра сала шын темір жуан елі,
Білегіне шырмады бұрап-бұрап.
Қара жерге сонда орын қылған шана,
Екі сабаз атанға парлап қана.
Екі атан титтей қозғап, жылжыта алмай,
Жұрт көзі көрді мұны әбден және.
Іркілмей, тартып жүрген ауыр жүкті,
Атандар қозғала алмай жерге шөкті.
Екеуін тартып қалып, домалатып,
Ұйлықтырып біріне бірін соқты.
Төбесіне үйдірді күйген кірпіш,
Көп болса, он мөлшері бар, аз болса, бес.
Кірпішті кірпішпенен тарс-тарс ұрып,
Күл-күл ғып күйреттірді бәрін тегіс.
Мойнына темір салды ұзын жұмыр,
Білектей жуан темір, бір жағы қыр.
Екі жақта он-оннан мол жиырма,
Азамат аттай мініп, отырды құр.
- Әуп! - деді балуан Мұқан, көтерілді,
Қырау құрлы көрмеді, түрегелді.
Сом темір қайыспады, иілмеді,
Тұрған жұрт көздерімен көріп білді.
- Әуп! - дейді тағы сонда күшін жиып,
Неткен күш бір денеге жүрген сыйып?!
Екі қолмен бір мытқып басып қалып,
Жұрт көзіне түсірді доғаша иіп.
Нанбассың, көрмеген соң, бұған енді,
Былғаман жалған сөзге қызыл тілді.
Доғаша игенімен, жай қойған жоқ,
Беліне орап-орап белбеу қылды.
Өзіне бұйым емес оны-мұның,
Бойына шақ келмейді айтқан шының.
Тақтайдан жуан елі көпір жасап,
Астында шалқасынан жатты соның.
Үстінен он бес атты шапқылатты,
Көк арба ат жектіріп, тағы айдатты.
Қазақ ит есі шығып, елтіп кетіп,
Жабыла шауып өтті он салт атты.
Жұртқа айқын: киімі жоқ, жалаңашы,
Ұстаған жоқ қолында темір, тасы.
-А, құдай, сақтай гөр!- деп, тілек тілеп,
Жылады аямпаздар ағып жасы.
Есіл ер ойнап жүрді жаннан кешіп,
"Қазақ туған жұртым!" - деп, өліп-өшіп.
Шөлдеп барып ішермін деген қымыз,
Көп иттер дым қоймапты, ұрлап ішіп.
Опа жоқ бұ дүниенің боқтығынан,
Залал көп-аз күн қарын тоқтығынан.
Осындай ішке сыймас ыза болды,
Бір жанның кісі дерлік жоқтығынан.
Жер жоқ па, сен ойнасаң, Баянтаусыз,
Аз-ақ қалдың өлуге тіпті даусыз.
Құдай сақтап, бір қалдың өлмей аман,
Жерге кеп, ойнаймын деп, бассыз, баусыз.
Күн ыстық, әуе айналып, жерге түскен,
Жай жүріп, жұрт айрылды оң мен түстен.
Көз жасаурап, аузынан ағып суы,
Қатын біткен айырылды ақыл, естен.
Жиылған Баянтаудың тас, ағашы,
Кісі жоқ, кісі дерлік толық басы.
"Мың өліден-бір тірі," - деген-осы.
Құдайдың бір көрсеткен тамашасы!
Көзге түсіп, толық боп, денесі өсіп,
Бұғақ, әуке салбырап, жерге түсіп.
Қатын біткен көтінде шұбырып жүр:
Екі көзі ішіп-жеп, тамағы ісіп.
Балуан да шімірікпейді бетін басып,
Көзге төтеп берерлік қоржын асып. –
Тап ауыздан шығарар бір салса! - деп,
Мәз-мәйрам боп, күлісіп, сықылықтасып.
Қазақша, қара киік еді жылы,
Өтірік тақа құрып, шықты шыны.
Мың тоғыз жүз, жыл еді, жиырма үш,
Июннің он бесі еді, жұма күні.
Кез болып, міне, биыл, көрдік өзін,
Бұл бір ер түгел кезген дүние жүзін.
"Айқаптан" оқып бұрын көріп едік,
Жаһанша Сайдалиннің жазған сөзін.
Мың тоғыз жүз, жыл еді, он үшінші,
Ноябрьдің сол жылғы еді бесі.
Троицкі қалада ойын болып,
Бірсыпыра жұрт бас қосты: үлкен - кіші.
Телеграмма, телефонмен хабар шашты,
Әр жұрттан ерлер келді басты-басты.
Ноябрьдің он бесі деген күні
Балуандар топқа түсіп, күш байқасты.
Қиратып, жығып жүрген тамам елді,
Сындырған, бас қосқанда, талай белді.
Алдында патшалардың алған бәйге,
Немістен даңқты балуан Шмид келді.
Ол күнде дүние толық, заман дұрыс,
Қатарға қосқан емес қазақты орыс.
Арқасы жерге тимей тасып жүрген
Балуаны француздың Пьер де Колус.
Кетеді күш танытпай жуық, жатты,
Түгел ерлерге тегеуріні тастай қатты.
Аркасы өмір бойы жер көрмеген,
Даңқы зор келген балуан Тигене атты.
Сібірдің бас балуаны Петров келді,
Қақ жарып бәрінің де даңқы жерді.
Қазақ-орыс балуаны Александр
Первый атқа ілінген бұ-дағы енді.
Болдым деп, қанша болсаң, мазаттанба,
Құдайсыз құр қол күшпен азаптанба!
Жұрт санына кірмеген сүлтік жұрттан -
Бір балуан туған екен қазақтан да.
Әр жұрттың дөкейлері, келді нәні,
Аузына бір алмайтын кәлиманы.
Бұл қазақ - Қажымұқан Мұңайтпасов,
Он сегіз мұныменен болды саны.
Қылмаған кім бар дейсің бізді мазақ,
Өлуге-өлмесек те, қалдық аз-ақ!
Алатау, Қаратаулар бас қосқанда,
Ішінде Қазығұрты - біздің қазақ.
Ұрғыны-ұзын Қыпшақ: Алтыбасы,
Туған жері - Қараөткел айналасы.
Мойнында дәл он екі медалы бар,
Отыздың тап өзінде тұрған жасы.
Кавказдан телеграммамен алдырғаны,
Жас науша алты алаштың балдырғаны.
"Бұл бүкіл мұсылманның күштісі!" - деп,
Атағын жұрт аузында қалдырғаны.
Осал жоқ, мұнда айтылған бәрі мықты,
Нояндар білмей жүрген желмен ықты.
Шоқтығы көтеріліп Мұқан ердің,
Түп-түгел түк қалдырмай бәрін жықты.
Шуласты дін-мұсылман жоғары өсіп,
Балуаны бәрін жығып, көзге түсіп.
Басқа жұрт жүр ұялып, бетін басып:
«Қазақта жұрт екен!» - деп, күбірлесіп.
Сәтті күн, туған ер ғой, жұлдызда оң,
Тас пенен темір балқып, жібіген тоң!
Бір көрген, мұсылманның батыры ғой,
Баяғы атақты өткен Әліден соң!
Мұндай боп енді, сірә, ер шықпайды,
Надан ит, қанша қақса, сөзді ұқпайды.
Қолына әңгімесі түгел тисе,
"Қисса - сул-әнбиядан" - кем шықпайды.
Тілім - балға, тісім-төс, аузым-көрік,
Қайдан құлақ шығарсам, өзімде ерік,
Мың тоғыз жүз жылында: ол он сегіз,
Омбыда ойын болған тағы цирк (серік).
Адамның әр түрлі бар алуаны,
Күйзелткен талай жерде шаруаны.
Күреске сонда келіп түскен екен,
Орыстың "Черная маска" балуаны.
Бетіне киіп жүрген қара перде,
Ежелден болуменен орны төрде:
"Бетімнен бұл пердені сонда аламын,
Жауырыным қара жерге тиген жерде!"
Екеуі бел ұстасып қалған екен,
Оны да шалқасынан салған екен.
Пердесін қолыменен сыпырып алып,
Қыздығын, біздің батыр алған екен.
Алып ұрып, астына бүктеп басып,
Орыс біткен қорыққан-ды құты қашып.
Еркек басын қатын ғып қаратыпты,
Байғұстың жел ашпаған бетін ашып.
Француздың пай тахыты Париж барып,
Сұлтан Ғабдал, Хамидтер алдына алып.
Түрік балуаны аталған Халелдерді,
Шалқасынан жатқызған жерге салып.
- Үйірді мені ұршықтай оңай! - дейді,
- Ап кетті қалай болса, солай! - дейді.
- Мен соны күшім асып жыққаным жоқ,
Болысқан сонда маған Құдай! - дейді.
Мәдине, Құдыс-Шәрип, Мекке барған,
Талай балуан күрескен арабтардан.
Қазақ атын шығарып жеті жұртқа,
Өзгеге-қымбат, буған болған арзан.
Бұл күнде тұрған жасы қырықтан асқан,
Елуге емес әлі аяқ басқан.
Жасасын, ер жасасын, жасымасын,
Жеті ықылымға қазақтың атын шашқан!
1923 ж.
ЖОҚТАУЛАР
ИСАБЕК ИШАН
Бісмілла, сөз бастайын асыл тектен,
Түскендей асыл еді-ау аспан көктен!
Керуендей бұ дүниеге аз күн қонып,
Паниден жақсы, жаман, - бәрі де өткен.
Бір жұрнақ заттан шыққан асыл еді,
Қара түгіл қожадан асып еді.
Әркімнің өз заманына дегендейін,
Тақсырдың шарапаты басым еді.
Өзі-ишан жұрт бастаған, заты-қожа,
Сейітзада нәсілі сондай таза.
Әр түрлі қасиеті еске түсіп,
Қайғымен қапаланып болдым наза.
Жасынан-ақ халыққа пірлік қылған,
Хақлық болса, бас тартпай ерлік қылған.
Нәсілінен сайып келіп әулиелік,
Келгенде отыз беске пірлік қылған.
Пір болып кереметлі жұрт бастаған,
Заманында өзінен жан аспаған.
"Мен, мен!" деген ишандар:
"Тақсыр-ай" Ешбірі хылап тауып таласпаған.
Шариғаттың жолынан адаспаған,
Дін тұтпаған наданға жанаспаған.
Қырмызы қызыл жібек сықылданып,
Қай мінезі бар еді жараспаған?!
"Өнер алды - қызыл тіл" - шешенім-ай!
Жылжыған жорғадайын көшелім-ай!
"Абылай аспас сара бел" - Сүйіндікке
Пір болып үлгі шашқан көсемім-ай!
Шораның Баязит бастасындай, һайбатының
Рүстем дастанындай.
Мысалы су хайбатының бек ләззәтлі,
Гүл райхан Бағирамның бостанындай.
һайбатың (айбатың) бар-ды - әділ
Омардайын, Түзеттің шариғаттың әрбір жайын,
Күндіз-күлкі, түн болса, ұйқы көрмей,
Дін ісін берік тұттың солардайын.
Шыншылың Әбубәкір Сыдықтай бар,
Көрдің бе бір жалғанын, ей, жараңлар?!
"Қолда барда алтынның қадірі жоқ",
Артынан жұрт (жуайт) таба алмай болдың ғой зар!
Жомартлығың сахаба Садуақастай,
Би баһа (баға) ол кібірит ақ мәр тастай.
Сүннатын пайғамбардың мағхам тұтқан,
Кәнеки, кім бар еді сонан басқа-ай!
Сөйлеген әрбір сөзің - ғылым, хикмет,
Өзіне тәңірім берген бан минхнат.
Тариқат, мағрипаттан үлгі шашқан,
Құдайға бек лайықты қылып қызмет.
Атасы Мұратқожа әулие өткен,
Бұтақтай бірден - бірге келіп жеткен.
Арғы тегін сұрасаң-Назар ишан,
Тазарып шыққан гауһар асыл тектен.
Туғаннан шариғаттың жолын қуған,
Хақжолдан талмай, белін бекем буған.
Табылмас дүррі найаб гауһарым-ай!,
Сағадат қандай жақсы күнде туған?!
Пір болып кереметлі шыққан жастан,
Данышпан, ақылды еді жұрттан асқан.
Қанша білмес наданды жөнге салып,
Шешманың толып жатқан көзін ашқан.
Жасынан артық болған алапаты,
Мың сан жанға жеткендей шарапаты.
Өзіне өле-өлгенше жоламаған,
Бал-бақыты сұм дүниенің әр апаты.
Басынан бақ дәулеті көшпей кеткен,
Шырағы жанып тұрған өшпей кеткен.
Қанша жан қастықпенен жабылса да,
Кәпірдің күпіріне түспей кеткен.
Тар жерде жанға сая керектім-ай,
Ақылың мол, күш-қуат білектім-ай!
Басына қандай қысым, іс келсе де,
Саспайтын, асықпайтын жүректім-ай!
Дос тұтқан ғылым білген ғалымларды,
Берік тұтқан ол сұннатын пайғамбарды!
Бойына жуытпаған, жолатпаған,
Мұнафиқдін тұтпаған залымдарды.
Ықылас берген адамды артық күткен,
Ата-анадан ол артық тәрбие еткен.
Панасына саялап барған адам
Дүние-ақырет мақсатқа бірдей жеткен.
Жан еді шарапатлы даңқы жеткен,
Кәнеки, кім бар еді онан өткен?!
Түрлі ауру, шерменде де, тіпті науқас,
Жазылып сау - саламат болып кеткен.
Тон болған тоңдырмайтын жалаңашқа,
Ас болған таусылмайтын қарны ашқа.
Арымас ат, жаяуға көлік болып,
Әр мұңлыға ем болған басқа-басқа!
Көзсіз келсе алдына, көзді болған,
Тілсіз келсе, сөйлейтін тілді болған.
Не дегенін Құдайым қабыл етіп,
Мұңды, кәріп, - алдына бәрі толған.
Саңыраудың себеп болған құлағына,
Ақсақтың дауа болған аяғына.
Жын-шайтаннан құтылып, халас болған,
Өзі түгіл, сүйкенсе таяғына.
Баласы жоқ қатынға бала біткен,
Панасында күн көріп қашқан-жіткен.
Әр мұңлының қажеті рауа болып,
Құдайым дәрежесін артық еткен.
Шариғат, мағрипатын тамам еткен,
Тарикат, хақиқатны жары еткен.
Қол-аяқсыз домалап қалған дертлі
Сау-саламат жазылып тұрып кеткен.
Жан еді ғарызы жеткен Құдайына,
Жарлы болса байыған маңайына.
Бақ, дәулет, ырыс, несіп болып еді,
Кәріп пенен ғасердің талайына.
Ғылым хал, ғылым қалыны білген тамам,
Айырған хақпен батыл, халал, харам.
Ғылымларды қойылған көңіліне
Жігіттер, бар ма енді ондай адам?!
Ашылған кереметпен батин көзі,
Тасқа таңба басқандай айтқан сөзі.
Сүйікті һәм көрікті, жомарт, әділ,
Бар еді келіспеген қай мінезі?!
Дүниенің опасызын көзіңмен көр,
Өткен соң ақыр бір күн солардай ер.
Неше сондай ерлердің бәрін жұтып,
Тоймаған сонда-дағы бұл қара жер!
Дүние, опасыз-ақ, жалғаның ба,
Әркімге әр түрлі дақ салғаның ба?
Құдайдан тағдыр болып тәбдилі жоқ,
Осымен өтіп кете барғаның ба?
Дәулет құс қонып тұрған басында еді,
Қырық шілтен ғайып ерен қасында еді.
Сапары бұл дүниеден ақыретке
Қой жылы, жетпіс тоғыз жасында еді.
Айының оразаның бас шағында,
Ауызы берік, қарынның аш шағында.
Зәмзәмнің суыменен аузын ашып,
Жұманың (жұмғаның)өтіп кетті - ау ақшамында.
Жаюлы жайнамазы тұрғаннан соң,
Дүниеде көп жыл дүкен құрғаннан соң.
Зәмзәмнан бір татты да кете барды,
Ол оқып намазшамды болғаннан соң.
Өткені оразаның әуелгі оны,
Бесі ме, алтысы ма, жұма күні.
Хақиадің нахыза қоймай, бір дәм тынбай,
"Алла, Алла!" - деумен кеткен тілі.
Жастыққа бір қоймастан кетті басын,
Құдайым енді алдынан жарылқасын!
Жан-жақтан халық, ағайын, жұрт жиылып,
Оқыды дүйсенбі күн жаназасын.
Шідерті: аққан суы қайнар бұлақ,
Дүние опасы жоқ, түбі шолақ.
Нәрсе жоқ қолдан келер тіпті титтей,
Жетімдер жасын төгіп, қалды шулап.
Ақкөл мен Жайылмада аз жыл тұрдың,
Пір болып, мұрид бастап, дүкен құрдың.
Әркімнің көңіліндегі датын тауып,
Бір түскен сәулесі едің жарық-нұрдың.
Жаюлы қалды артында ақ қағазың.
Иншалла, жан едің Құдайыңа жеткен назың.
Қырық күндей о да жоқтап-аза тұтты,
Оқитын бес уақыт жайнамазың.
Көлеңкең түсіп тұрған аймағыңа,
Дұға тиіп тур еді жан-жағыңа.
Көк пен жер, - олар да аза тұтты ма екен,
Мүминнің қылып дұға аруағына.
Ғазірәйіл алып кетті қарамай-ақ,
Қояды қаза жетсе, кімді аяп?!
Олар да аза тұтты өз халінше
Мүсуәк тасфиқ ұстайтын аса таяқ.
Адасып қалды жұртың бассыз қойдай,
Дүниеге кете бардың көңіл қоймай.
Болжалсыз ажал - тағдыр келіп қалып,
Шарапат дуаңызға қалдық тоймай.
Жоқтайды Қарабұжыр қалпыменен
Әжеке, Дәнен, Тентек халқыменен.
Дүниеден есіл ерім кете бардың,
Бұрынғы ғазизлардың салтыменен.
Бір аз күн Арқаға болдың қонақ,
Дүние, бар болғаның болды-ау сол-ақ!
Әжібайдың алты ұғлы (ұлы) ықылас берген,
Олар да жоқтайды екен айтып шумақ.
Жолаба-Қыпшақ деген бір рулы ел,
Және Керей, Күрлеуіт, - о да түгел.
Теп-тегіс мүрид болған кемеңгерлер
Қалдық қой тегіс шулап Жайылма, Ақкөл.
Ақгілес, Сырым, Күшік-Бәсентиін,
Олардан болды ма екен Найман кейін?!
Дүниеден өтті, кетті қайран ерім,
Түзеткен өз әлінше (хәлінше) діннің үйін.
Ішін ара бас берген: Апай, Бөрі, Жұқарақ
Қанжығалы онан гөрі.
Айдабол мен Қаржастан ықылас берген,
Қасқа, жайсаң, - не түрлі кемеңгері.
Таусылды, ойлай берсем, менің миым,
Тербетпей аруағыңды келмес күйім.
Басшы бол ақыретте баршамызға
Атыңнан айналайын, дұғагөйім!
Қаншама дәурен сүрдік мурид бастап,
Жылайды бәрі тегіс көзін жастап.
Жұлдыздай Өмірзая туып батқан,
Биопа бұл дүниені кеттің тастап.
Басыңнан қозғалмаған бақталайың,
Қоршаған алды-артыңнан Күн мен Айың.
Пірлерің:Шайых, Баһадур, қолдап Құтыб
Ағылайы Ғалиында болсын жайың.
Білмедік: аз күн тірі жүрмесіңді,
Бұл шақта дүние - жүзін көрмесіңді.
Дуадан басқа бізде еш нәрсе жоқ,
Білемін қайта айналып келмесіңді.
Жар досың көруші еді сізді жандай,
Сұқбатың бек ләззатты халуа балдай,
Орныңда - қалды жалғыз Нұрмұхаммед,
Болады заманың да әлдеқандай?!
Жастықпен өтеріңді білмеді ғой,
Мұндай күн, сірә, есіңе келмеді ғой,
Қазық боп, орныңды ұстап, тұра қалса,
Дер едік сонда сізді: "Өлмеді ғой!"
Адасып азған елдің пірі болмас,
Пірсіз қылған амалдың түрі болмас.
О дағы тегін ағаш бұтағы емес,
Әйтеуір тірі болса, құры болмас.
Көрсеткен әр бір түрлі нышананы,
Кереметпен білдірген ишараны.
"Әулие өлік емес, тірік," - деген,
Қолдай гөр біздей кәріп бейшараны!
Шам сөніп, болды дүние - қараңғы үйдей,
Кеттің ғой бір сүртуге көзге тимей.
Паналап барар жан жоқ жан-жағымда,
Тұрайын бұл жоқтыққа қайтіп күймей?!
Шының ба, бұл кеткенің жалғаның ба,
Қара күн кейінгіге салғаның ба?!
Айырылып дуагөйден құтың қашып,
Сарыарқа, адыра тұл боп қалғаның ба?!
Арқаға Қоңырбайдай халфе келген,
Қанша жұрт оған құлап ықылас берген.
Бұйырып Баянтаудан топырағы
Күнінде қаза жеткен о дағы өлген.
Онан соң Жүсіп ишан шыққан заттан,
Шұбар тес, шынжыр балақ зұрпаттан.
Біраз жыл Әмір, Мағрұб үлгі шашып,
Басында бір төбенің о да жатқан.
Әулие Құл болды ишан өткен бұрын,
Не затлар бұл Арқада қылған орын.
Файзолла, Ходайда ишан қабат шығып,
Алған соң кетіп қалды халықтың сырын.
Бір халфе Төртуылдан жұрт бастады,
Қылған ісін хылап деп жұрт тастады.
Қанша ишан, қанша мүрид шықса-дағы,
Бәрі де Ишекемнен бір аспады!
Дұғагей кемиді ғой әрбір жайда,
Кешегі Сейітқожадай қожа қайда?!
Ишан бар:өзі қажы Бесммұхамед,
Демесең қара қазақ ел - Алтайда.
Өстіп алдап өтеді мына жалған,
Талай жанның көңіліне қайғы салған.
Пір болып, мүрид бастап, ишан болған,
Заттардан енді ойласам: кім бар қалған?!
Бола ма заты қара таза тектей,
Бәрінен – озып шыққан баса көктей.
Енді бізге табылмас сондай ғазиз,
Хазіреті ишан дұғагей Исабектей!
Көрдің бе менің қапа болғанымды,
Айып көрме дым айта алмай тұрғанымды.
Атыңды күйгенімнен айтып салдым,
Кеше гөр әдепсізлік қылғанымды!
Орта жүз, он сан жатқан ел болдың ғой,
"Абылай аспас асқар тау, бел," - болдың ғой!
Айырылып дұғагөйден құтың қашып,
Сарыарқа - сары дала, шел болдың ғой!
Жоқтайды бүл халқының жас пен қуы,
Едің ғой тірілікте діннің туы!
Құтыбы замананың кеткеннен соң,
Тартылды жердің шөбі, көлдің суы.
Табылмас сіздей ғазиз іздеп емге,
Пірсіз қалдық, сүйендік енді кімге?!
Бұл заман бұрынғыдан болып өзге
Береке кете бермек күннен - күнге!
Жайылма, Ақкөл менен иесіз қалған,
Дуа қыл Ишекемді есіңе алған.
Ақкөлдің әулиелі өз басында,
Тақсырдың ғимаратын жөнге салған.
Медресе, там қасына, мешіт салған,
Бұйырып топырағы сонда қалған.
Жетеді ойына алған мұратына
Әдейі зиаратқа іздеп барған.
Шырақшы орнатулы бастарында,
Ғазиз бар біз білмейтін қастарында.
Әркімді әр түрменен жұбантады
Сұм дүние алдандырып тастарында.
Ишекем өтіп кетті-ау бұ жалғаннан,
Келу жоқ қайта айналып сол барғаннан.
Бір ғазиз енді сондай шыға қалса,
Біз мұңдық шығар ма едік сол арманнан?!
Дариға, бұ шамада өттің, кеттің,
Біздей ғапіл сорлыны арманда еттің.
Серкесіз суға түскен қой мысалды
Уа, дүние, әрбір жаққа тентіреттің!
Періште төрт мұқарраб хақихаттан,
Төрт пайғамбар жол ашқан мағрипаттан.
Әбубәкір, Ғұмар, Ғұсман, Ғали
Олар дүр үлгі шашқан тарихаттан.
Шариғаттың төрт имам тұтқан жері,
Түгендеуге керек-ті ердің ері.
Кәміл мүрид етегін тұтпағанның
"Болады, - деп айтады, - шайтан пірі".
Жол жүрмесең, табылмас саған пайда,
Үйде жатқан адамға келу қайда?!
Басшы жоқ, бастаушы жоқ жүре қалсаң,
Ұры бар жолың тосқан әрбір жайда.
Сол жолда жүрсең, көп-ті қауіп-қатер,
Басшысыз адам қойсаң, басың қатар.
Жетпек түгіл желкеңнен қиыларсың,
Аяғың бір басқанда, қанға батар!
Дүниеде қуанарсың тапсаң тиын,
Пайда бар, бірақ соған жету киын.
Шыбын бұрын жете ме, сұңқар - бұрын,
Ол араға жетпейді сенің миың!
Ендеше сен жетесің қалай жүріп?
Ол жерді қойған жоқсың бұрын көріп!
Белгілі көш басшысы болмаған соң,
Адасар көрінген шаң соңына еріп.
Жарандар, олай болса, керек басшы,
Насихат наданға айтқан удан ащы.
Айырылдың көш басшыңнан, ей, халайық,
Кәнеки, адастырмас кісі тапшы!
Қадірі Ишекемнің әркімге өтер,
Жақсыға өтер, жаманның несі кетер?!
Білгенге жара болды жазылмайтын
Оңалып оның орны қашан бітер?!
Құданың таусылмайды қыс пен жазы,
Патшаның қайда жетпес хат, қағазы!
Тақсырдың мыңнан бірін айта алмадым,
Ағалар, айыптама ғақылым азы.
Тұр қолым, айтпа-тілім, тоқта-қалам!
Сен жазғанмен, болмайды бәрі тамам.
Рухына Ишекемнің дұға қылсын,
Естіп бүл сөзімді білген адам.
Рухын ол заты пәктің қылдым нұсқа,
Өнерім аз болған соң болды қысқа.
"Теңізден-тамшы, күннен бір зәрре," - деген,
Жақсылар, мейірбан бол біз байғұсқа!
Бар құдай Ишекеме рақмет етсін!
Бақ аруақ руына қайта бітсін!
"Аз сөз - алтын болғанда, көп сөз - күміс",
Ақыры осыменен тамам етсін!
1871 ж.
МҰСА ШОРМАНҰЛЫ
Бисмиллә сөздің басында,
Бір мехнат кештім жасымда,
Опасыз дүние осы екен, иманы болсын қасында.
Сапар қылды дүниеден - алпыс алты жасында.
Арманда болды ағайын жан тапсырған уақытында.
Халық қамы үшін барды да, тағдыры бітті Омбыда,
Шыңғыстан басқа ағайын ешбірі болмай қасында!
Халайық, бір сөз қозғайын, шариғаттан озбайын,
Асылық сөйлеп, жарандар, сүннет жолын бұзбайын.
Қазақтан мың хан болған, көргендерге таң болған,
Арманда кеткен кешегі - ғазиз ерді қозғайын!
Қозғамай қайтіп тұрайын, күйікке қайтіп шыдайын?
Айтпастай болмас іс болды, қалайша шер қылмайын?
Мен құдайға жылайын, сөкпеңіздер жамағат,
Өртеніп ішім барады, шығарып лебіз тынайын!
Аз ғана жоқтап сөйлейін, Арғынның жалғыз шырайын.
Ғазиз рухын, мақшар күні шапағатшы қылғай-ды!
Бұл Арғынның ішінде бар ма еді мырза пішінді ?!
Айтып бір тамам ете алман, қылып бір кеткен ісінді,
Жібектен арқан есілді, қалай түйін шешілді?
Сүйіндіктің баласы
Салқынында саялап, еркінше шауып көсілді.
Уа, дариға, есіл ер, дүниеден көшіп кеткен соң,
Дүниеде ләззат көрінбей, сонша бір нәубет кесілді.
Адастым ғой ақылдан, жиярмын қайтып есімді?!
Көзімнен аққан қанды жас,
Ертеден кешке ағызып, алайын сенен өшімді.
Арғы атасы сұралса, ізгі өткен мырза Анай-ды,
Каржастың қасқа жайсаңы Анайдан өрбіп тарайды.
Байеке, Күшік атанып, қалмаған екен қатардан,
Ұлы атасы би Шорман атадан жетім қалыпты.
Ешкімнен ақыл үйренбей, өзіне құдай салыпты.
Жасынан кіріп билікке, үлгіменен жолды тауыпты,
Аузынан дүрлер төгіліп, шамшырағы жаныпты.
Ақылы бір дана-данышпан, абзал туған Мұсекем,
Ата-баба аруағын бұлжытпай ұстап қалыпты!
Мұса бала атанып, он үште орын сайлаған,
Бас қосылған жиында бұлбұлдай болып сайраған,
Бұлақтай ағып қайнаған.
Сөйлеген шақта көздері шамшырақтай жайнаған.
Дүниеден қашан өткенше, басынан бағы таймаған,
Көп мақсаты бар еді, халқы үшін ойлаған.
Баяны жоқ сұм дүние кімдерге опа ойлаған?!
Халайық, мұным дұрыс па, шариғаттан бұрыс па?
Қылықты қыздай мінезі, сүйкімді болған жасынан—
Қазақ түгіл бір туған атасы басқа орысқа
Айтар бір сөзі бұл еді:
"Жақсылыққа жәрдем бер, жамандыққа болыспа!"
Ең әуел дуан ашқанда, қазаққа низам шыққанда,
Дуан басы Шоң болып, би Шорман султан соң болып,
Тайында атқа қосылған, айтқан бір сөзі оң болып.
Қатарға кіріп сол жастан, құдайым қуаттап ол бастан,
Он төрт жасар күнінде сайлаған екен болысқа.
Әзелден арнап жаратқан лайықты сайлап орынға,
Дабысы кеткен жасынан Үрім мен Қырымға.
Атасы мен бабасы артық бір өткен өзінің.
Сондай бір абзал сабаздың артында біздер қалған соң,
Шәжәрәт үшін сөйлемей, үндемей қалу орын ба?!
Жасында кірген жарысқа, кеткен бір даңқы алысқа!
Бәріне бірдей жаралған ағайын, алаш, танысқа.
Ойласам ішім ол түтін, қалмады бауырым еш бүтін,
Өртеніп дулап жанады, жалыны жүрек шалады,
Құрғақшылық уақытта от түскендей қамысқа!
Өтіп кетті есіл ер ойламаған орында.
Қанша аяулы болса да, артық дәурен сүрсең де,
Бұйрық жетсе, ағалар, болжалсыз өлім алыс па?
Ілім мен ақыл бойынан түгел болып табылған,
Аузында айтар сөзінен жоқ еді жері жаңылған.
Медаль мен орден, шен алып, патшалық қылыш тағынған,
Хұрметлу бастық-ұлұқдар көруге жүзін сағынған.
Неше жүйрік, ділмәрлар бетпе-бетке келгенде,
Жалғыз ауыз соз айтпай, бәрінің аузы жабылған.
Жиырма екі жасында қазылық үкімін жүргізген.
Парасат беріп құдайым ілімлерін білгізген.
Әрбір үлкен ұлұқдар құрметіне бек жетіп,
Жоғарыға көрсетіп, бір-біріне инғам бергізген.
Жылағандарды уатып, қапаларды күлгізген.
Мұхит, дария суындай ақылы терең мол еді,
Патшаға ол барғаны елу бесінші жыл еді.
Дәл отыз бес жасында, хұмайын қонып басына,
Жасауылдық шен алып, екі медаль және алып,
Бриллиант жүзік салған, баршасы бір жол алған.
Аққошқар, Шыңғыс, Бегалы - олар да - жүйрік, данышпан,
Тәттімбет, Ыбырай, Секербай - бірге ілесіп барысқан.
Бәрінің болып көсемі, Тоқтамыс тілге шешені,
Жақсылық іске бас болған, жамандарға қас болған,
Жаяуларға ат болып, тарыққанға ас болған.
Андай болып жүрген халық едік Сарыарқаның жонында
Арамызда низамын ең әуел болды жүргізген.
Медресе, мешіт салғызып, жақсы молла алғызып,
Наданлықты шет көріп, ғалімлік жолын білгізген.
Әрбір жұрттан үлгі алып, үйренуге белгі алып,
Ұсталарын жүргізіп, көзіменен көргізіп,
"Былай қыл" деп үйретіп, шырғадай қылып сүйретіп,
Салтанаттың рәсімін ел жұртына көргізген.
Тазалыққа үйретіп, былықлықты жек көрген,
Зиян қылмай ешкімге, жақсылықты еп керген.
Қаршыға, бүркіт, ителгі,
Қырғи менен жағалтай,
Лашын, тұйғын, тұрымтай,
Тазы мен мылтық, тор мен ay - аң сайманы бар еді.
Аң аулаудың тарихын кемеңгерлікпен үйреткен.
Жиырма тоғыз жасында аға сұлтан болғаны,
Құдай берген дәулетке толқып әбден толғаны.
Жарастықты дәулетпен неше жыл солай тұрғаны,
Қайсыбірін айтайын, дүниеде көп-ті қылғаны!
"Жақсы соз құлақ құршы"- деп, айыптама, ағалар,
Аз ғана кеңес қылайын: абзал да болған мырзадан,
Құдайдың берген бағымен пендеден беті қайтпады,
Қашан бір өтіп кеткенше, адамға сырын айтпады.
Қанғожа, Абыз төре мен
Патша таққа мінгенде,
Екінші барып қайтқаны.
Сонда бір көзге көрінген, жан емес сөзден сүрінген, .
Газеттерге басылып, шаһарлы жұртқа білінген.
Патша тұрып алдында сұраған әрбір сөзіне
Тайсалмай жауап қайтқаны.
Патшаға ауыз тілдескен, тең құрбыдан ерте өскен,
Губернатор, бастықлар - көрсе, жүзін елтіскен.
Адаммен дұшпан болмаған, еш жақсының сөзін бұзбаған,
Сөйлесіп кеткен ұлұқлар - шақырып бәрі: "Кел!"- дескен.
Өтпейтін дүние бола ма, өлмей адам тұра ма?
Бұ опасыз дүниеде,
Ойлап тұрсам, жаранлар,
Мәңгі суын кім ішкен?!
Асыл нұрдан шырағын құдайым сүйіп қалаған.
Дәулет құсы қонған басына, қыдыр келген қасына,
Есіл бір сондай бекзаттың жұрт аузына қараған.
Көркі менен сымбаты, ақыл менен ілім, дәулеті,
Баршасы бірдей табылып, әр пендеге жараған.
Мінезің еске түскенде, оттай болып жанамын,
Өртеніп кетіп барамын.
Айтсаңдаршы, жамағат, қалайша сабыр қыламын?!
Сөйлемей қайтіп тұр дейсің?-
Қайран қалып мен тұрмын, айырылып гауһардан.
Қайран бір өткен ғазизім, телі-тентек қоймаған,
Билеген қанша елінде, хүкімет құрған жерінде,
Айбатлы болған елінде, иманы болсын жолдасы!
Айтқаны мен қылғаны әмісе келген дұрысқа.
Дүниенің түзіп низамын - дуанбасы күнінде.
Сибиряков губерно бас қосқан жиын-тойында
Патшаның келіп баласы,
Жиылған Сибирь халқына Омбының толған даласы.
Қасқа мен жайсаң қалмаған,
Қазақтың сонда жиылған түрлі маңғаз — сарасы.
Абзал туған данышпан әр түрлі өнер өткені-ай,
Өзі теңдес жақсының бәрінен озып кеткені-ай!
Байқап тұрсақ жақсылар, ақылының данасы,
Бак берген артық бір құдай,
Бола алмас қазақ енді ондай!
Би шыққан қазы Секербай - бәрінің болды басында-ай!
Алтыннан салған жүзіктің - мысалы болды тасындай.
Сонда бір қылған өнерін айта алман бәрін қалдырмай.
Ұмтылған жастан-өндірден,
Берік болған жібек кендірден,
Сөйлеген шақта халайық, аузына қарап телмірген.
Бәйге қара ат үстінде неше түрлі ойын етіп,
Өнерін жұртқа білдірген.
Айдынды шалқар теңіздей ақылға дана, кен еді,
Қазақтан туды демесе, басқа жұртпен тең еді.
Аузына дұға қойылған-айтқан бір сөзі ем еді.
Не жақсылар өтпеді, не жақсылар кетпеді ?
Өзімен тұстас жақсының: табылса бірі, бірі жоқ,
Айыпсыз пенде болмайды, қай пенде өткен міні жоқ?!
Сондай көбі кім еді қатарласқан жақсыда?
Үшбу қазір, жамағат, мырзадан асқан кім еді?
Өзгеше туған ер еді, халқының қамын жер еді.
Бір бір емес бар еді,
Алаштың ұлы Арғынға сасқанда мырза керегі.
Көлеңкелеп отырған - құлады түптен терегі.
Ай батқандай қылды да, адастырып жөнеді,
Өтер деп пәни жалғанды, еш уайым жемеді.
Бұ даланың ұлығы шолып өтер жолында
Шақырғанмен барғаны,
Омбыға үшбу жолында бұқара халықтың қамы үшін
Сонда болған ұлыққа келейін барып деп еді.
Қайтейін тірі тұрмады, бір сапар барып келгенше,
Кіре-кіре мал мен бай-уандай қылып жөнелткен.
Уа, дариға, есіл ер, ілгері-соңғы қазақта
Болып өткен жақсыңа
Мұндай хайыр-ықсанды
Онан басқа кім өткен?!
Бұл есіл еске түскенде, ішім бір оттай күйеді,
Өзі тірі күнінде қисайғанды түзетіп,
Жығылғанды сүйеді.
Келген бір қожа, молдалар сәлдесі кепе оранған,
Қасиеті қардай бораған,
Ілімі тақуа ишандар қайтушы еді
Мырзадан қатарлап айдап түйені.
Біраз ғана сөйлейін, асылық қылмай Аллаға,
...жад қылып Жаппар иені.
Жаз жайлауың Шортанды, Есіл басы қорғаны,
Былтырдан бері ойландың - Омбыға бір барғалы.
Он үштен мырза асқан соң,
Он төртке аяқ басқан соң,
Байлық, бектік, мырзалық,
Моллалық пен тақуалық - ешбірі сізден қалмады.
Ғылымның жүрдің жолында ниетің болып:
"Бұхара Шәріп барсам!"- деп,
"Ұстаздан сабақ алсам!"- деп,
"Бір хұжыраның бұрышында, отырып жалғыз қалсам!" - деп
Қайтейін, дүние, опаң жоқ,
Кеше өткен ғазиздің ішінде кетті арманы.
Қыс қыстауың - Ақкелін Ащы судың саласы,
Жай салдырдың кең ғой деп, жердің жазық даласы.
Алақанында аялап, көлеңкеңде саялап,
Қанаттыға қақтырмай,
Тұмсықтыға шоқыттырмай,
Еркелетіп өсірдің - Сүйіндіктің баласын!
Ерте ойландың, бітпеді, бітуге сәті жетпеді,
Қуандық пен Сүйіндік,
Егіз туған екі елдің
Қосайын басын деп едің,
Біріктіріп арасын.
Алланың әмірі күшті ғой, ажалдың желі есті ғой,
Бұзып кетті дал-дал ғып, Арғынұғлы
Мейрамның жел жағынан панасын,
Ел жағындағы қаласын.
Жазылмас көңілім жарасы,
Жан-жаққа, жұртым, қарашы!
Қамқоршы мұндай қорғанды
Қайдан, бір халқым, табасың?!
Дін шырағын жандырдың,
Баяндайын қалаға медресе, мешіт салдырдың!
Ғылымға махир молланы әрбір жайдан алдырдың,
Бал-шекер тамып сөзіңнен,
Нұр балқып раушан жүзіңнен,
Жұртыңның мейірін қандырдың.
Жұрт астым деген жақсыны
Жарыса сөйлеп келгенде,
Ақылынан тандырдың!
Алладан әмір келген соң, өлшеулі демің біткен соң,
Опасыз пәни дүниенің,
Пайдалысын бірге алып,
Керексізін қалдырдың.
Халыққа шопан құт болдың, хұмайын дәулет құсындай.
Өзгеше туған ер едің, басқаға парың қосылмай.
Бар еді кімнің ойында Омбыға барған жерінде
Болар деген осындай?!
Құдайдың сүйген құлына ғазиз бір рухы қосылған.
Ұстазың да қалды дұғагөй, Омбыдан қоймай алдырған.
Бақыт құсынан айрылған, замандас болған тұсыңнан,
Өтіп бір кеткен мырзаның иманы болсын жолдасы!
Үш қыз - арқа, Көктөбе, он екі жақтан қазылық
Ақ ордасы бұзылып, кетті ғой қайран құлжасы!
Қайда кетті, жарандар,
Кеше жүрген мырзасы,
Сүйіндіктің тұлғасы?
Шапағатшы пайғамбар, достым дегей шариар,
Өткенге болып медеткер, үмбетіңді қолдашы!
Мың-мыңнан жылқы айдаған, желілеп бие байлаған,
Аюлы, Нияз тауларын көктей өтіп жайлаған.
Не жақсымен танысқан,
Қасқа, маңғаз, жайсаңмен
Жас күнінде жарысқан.
Тереңнен ақыл ойлаған, қылмаған өнер қалмаған.
Жақсылар бас қосқанда, алды-артынан тосса да,
Шылбырынан шалдырмай, құбылып гүл-гүл жайнаған.
Өтіп кеткен мырзаның жер жоқ-ты даңқы бармаған!
Дүние, ақырет ісінен - қылмаған өнер қалмаған.
Бұхара, Ташкент, Самарқанд,
Үрім менен Ресейде - асылы бар ма алмаған?!
Дүние бақытын байқасаң, тайы қысыр қалмаған,
Тайлағы бота салмаған.
Ақырет жайын сұрасаң, көпке керек жұмыстан,
Қылмаған жұмыс аз шығар - көңіліне алмаған.
Бұ опасыз сұм дүние - кімдерден дейсіз қалмаған?!
Керекуден жөнеліп, әзер деп зорға кеткені-ай!
Ондағы дос - жаран, ағайын
Жібермей құрмет еткені-ай!
Жазмыштан пәрмен болған соң,
Өлшеулі демі біткен соң,
Омбыда жатқан жерінде, бұйрықлы уақыт жеткені-ай!
Мінезі жұмсақ мүләйім қырмызы қызыл жібектен,
Көңілі оның кең еді оралған арал, түбектен.
Жаныма баттың демедің, науқасым қатты демедің .
Ақыры кетті себеп боп, қазаға келген сұм дерттен.
Бұ даланың уәлиі Колпаковский генерал
Тәрбиемен хұрметлеп алған күн.
"Жеткіз" - деп открыто бұйрықпен,
Денесін асыл жөнелткен.
Ұлықта болса, жарықтық: "жалко", - деп, аяп иілген,
Қадірін біліп ғазиздің, қазақтан бетер күйінген.
Олай-бұлай қалдырмай, сол араға қойдырмай,
Тез жөнелткен жеріне.
"Тәңір жарылқасын!" - деп көп айтқан,
Разы болып сүйінген.
Өзгеше болған бағыңды - айта алмай ондап шамалап,
Жетіп бір келдің тіріндей, қақ жарып дуан аралап.
Жолдағы көрген жан біткен қозыдай шулап маңыраған,
"Қазақтың ханы кетті!" - деп, барша естіген зарлаған.
Жүрген бе екен ханасы жол үстінде қамалап,
Ғаріп - қасір, кем-кетік - жақсылық кімнен дәме етіп,
Жанға қысым келгенде, барар бір қайда паналап?!
Паналап келіп қасына, малсыздар байып малданды,
Әркімнің тауып көңілін, жоқ қылған дау-шар, жанжалды.
Достары сырттан сүйініп, зор қадірін білмеген,
Жандар босқа күйініп.
Сүйіндіктің баласын тоздырмай тұрған ісіне,
Сұқтанып әр жұрт таңданды, әрбір қылған ісіне.
Білдірмей кеттің ішінде, көргеніңді түсіңде.
Келемін деген сөзіңе, зар болып басқан ізіңе,
Балалар мен ағайын алданып босқа қамданды.
Жан кеткен соң денеден, халқына қарай ұшқаны,
Нұр болып қылған амалы, хор қызы болғай құшқаны!
Керекуде есітіп, Хұсайын жолын тосқаны.
Достары қылды шүкірлік:
"Дене қолға тиді!" - деп,
"Кетпеген бақыт болды"- деп.
Асыл туған шаһбазды
Кемітер қандай данышпан?
Шектім бір мехнат жасымда, арылмай қайғы басымда.
Жасынан бірге бастасы, тілегі бірге достасы,
Шыңғыс сұлтан қасында, тар жерде болды басында.
Қандай халмен өткенін, сахарменен кеткенін,
Жайнамаздың үстінде сәждеде демі біткенін
Алшынбайұлы Қақабай, ақылын о да жия алмай,
Көзінің жасын тия алмай, айтып келді осында.
Бісміллә дәйім соз басы, ағады тынбай көз жасы.
О да осылай сөйлеген, Жақып еді жолдасы.
Жұман да жазған қалдырмай, оның да сөзі осындай.
Әлдеқандай өтті деп, қандай халмен кетті деп,
Өткенге қапа болмаңыз, иманы деп біл жолдасы.
Сабақ алып оқыған, періште болсын молдасы.
Қайран бір артық бағланым,
Гинвардың первый басында,
Сәрсенбі күннің бесінде,
Халқының келіп ішіне, жерге бір тиді-ау жамбасы!
Сүйегін үйден шығарған көтеріп қауым, қарындас.
Енді мұндай асыл зат - түгелтіп туған Арғынға
Көрмек түгіл көзіңмен, естуіңе табылмас!
Екі мыңдай адам жиылып, көзінен аққан жастары
Бетіне саулап құйылып,
Тегіс бірден шулаған, жиылған сонда кәрі-жас.
Жиылған сонша адамның бәрінің болып есі жоқ,
Ақылынан айрылған, қайғыменен сарылған.
Шыдай алмай зар қылған, әмсесінің бәрі мас.
Мереке болды-ау бұл жұртқа -
Денесі өткен ғазіздің ұшқандай жетіп келгені!
Тіріден артық болды ғой ең аяғы өлгені!
Ілім менен ақыл-ақыл-парасат, мінгесіп келген лайықлы
жақсылардың қалпына...
Өлі емес әлі тірідей,
Мырзаның аруақ бақыты
Сүйіндіктің халқына.
Алты жыл бұрын өзінен, өтіп кеткен дүниеден,
Қайтыс болған інісі, жарасқан ұнап келісі.
Жас күнінен бір болған тұрысы мен жүрісі.
Берекелі болғай-ды, түзеліп орны тұрғай-ды!
Ожан, Айса мырзалар - ендігі қалған тірісі.
Біләл, Жәми балалар, көкіректе сана бар,
Жасынан керіп жетімдік,
"Атамыз барда жетім бе ек?" –
Деп қайғырып мұңайды.
"Атажан, кімге тапсырып артында мені кеттің?" - деп
Кепішжан қатты жылайды.
Аман болғай хисаби, бейіште болғай төсегі,
Қайда кетті, жарандар,
Арғынның жалғыз көсемі?
Мейрамның жүйрік шешені?
Қожа, молда, дұғагөй, айтқаны келсін іләйім,
Орны болып аманы.
Дүниенің халі осы ма
Қайда кетті, жараңдар, сұлтанымыз кешегі?!
ТАЙШЫҚ НОҒАЙҰЛЫ
Біз келдік аман-есен бес жыл жүріп,
Өткізіп әр нәубетті қолдан беріп.
"Бүгін көрген - таңда жоқ," - деген заман,
Жолықтық ағайынды жаңа көріп.
Сырдария облысына қайттық барып,
Жол жүріп, келдік жүдеп, ашып, арып.
"Ел жаңа - елу жылда", - дегендей боп,
Кетіпті бірнеше жан дүние салып.
Кәрі өлсе, арманына жасы жеткен,
Жұмысы бұ дүниеде түгел біткен.
Болған соң Хақтың ісі, еш хайла жоқ,
Арман сол: өліп жастай, қыршын кеткен.
Кәрі өлсе, жылағанның шықсын көзі,
Өлмейтін - патша Құдай жалғыз өзі.
"Жігіт өлсе, асқар тау құлағанымен
Бірдей", - деп, бұрынғы айтқан бар-ды сөзі
Қайғы ойлап, жарамайды уайым жеген,
"Бір өлім туған жанға дайын", - деген.
Кәрі өлсе, айтып тойды жарастықты,
"Жігіт өлсе, қиямет қайым!" - деген.
Қалады кімдер кірмей қазған көрге,
Тою жоқ бауыры суық қара жерге.
Бәрі де бұрынғының қақсап кеткен,
Деп айтып: "Жігітлікте өлім берме!".
Өлім бір-құтқармайтын қанды қақпан,
Тайдырған патшаларды алтын тақтан.
Айырылып қала қапсың, қайран жұртым,
Өзі берік, езі жүйрік арғымақтан.
Құданың бар ма шара құдіретіне,
Ер еді - жұрт сүйінген келбетіне!
Өлген соң жақсылықтың жаман аты,
Тіріде келіп еді кім бетіне?!
Жасынан жақсылармен жарысқаны,
Дұшпанмен, ерегескен, алысқаны.
Атадан алтау, жетеу туғанменен,
Ішінде болар біреу арыстаны (арысланы).
Бола ма он саусақтың бәрі бірдей,
Жолды алған жүйрік еді бәйгегердей.
Бұл өлім ешбір жанды сау қоймаған,
Талайдың көңілін басып, қылып жердей.
Жарқырап мыңнан шыққан тұлпар еді,
Ішінде ителгінің сұңқар еді.
Сескенген өрбір дұшпан айдынынан,
Көрген де, көрмеген де іңкәр еді.
Дұшпанға ерегескен қырындаған,
Алтайда қызыл түлкі қырылмаған.
Жігіттің өзі құрбы - сырттаны еді.
Бір бет алған жағынан бұрылмаған.
Атадан бір ұл еді туған асып,
Үстінен өте алмаған ешкім басып.
Амал не - атқаннан соң ажал оғын,
Сөндірген талай жанның жанған шоғын!
Жүрген жан - бір-біріне аз күн қонақ,
Сұм жалған, болармысың мұнша шолақ?!
Бәріне жан біткеннің... жылдай,
Ешкімге тоқтамайсың қылып тұрақ.
Айтайын қайсыбірін арманының,
Қызығын көріп өткен жалғанының.
Өткенге: иман, ақырет үйін беріп,
Қайырын берсін Алла қалғанының!
Бұл өлім бірдей келер кәрі-жасқа,
Білмейді сорлы пенде келмей басқа.
Әркім-ақ қимасынан айырылатын,
Жан шіркін болғаннан соң басқа-басқа.
Ана өлсе - қыз, ата өлсе, ұл жетімдей,
Жанкүйер, жақсысы өлген ел жетімдей.
Ата-анасыз пайғамбар болған жетім,
Тәрбие, күшің келсе, қыл жетімдей!
Жетімдік (жетімлік) мирас қалған Мұхаммедтен,
Жасында ата-анасы бірдей өткен.
Сүйер досты, Мұхаммед пайғамбарды,
Айырып ата-анадан жетім еткен!
ХҰСАЙЫН БОШТАЙҰЛЫ
Айтамын әңгіме үшін аз ғана сөз,
Сөйлеуден тіл қалады, жұмылса көз.
Денеден демі біткен уақытында,
Ұр адам киіп жатқан үш қари бөз.
Алланың-атқан оқтан-ажалы тез,
Айырылған асылдан(ақылдан) осы бір кез.
Секілді-кен топырақтан алтын кетті,
Ендігі қалғаны не: мыс пенен жез.
Қадірін сол алтынның білмедік біз,
Тіл, айтып, сөз-гауһарын жібекке тіз.
Атадан мұндай дана туар деме,
Ендігі туған ұлдан күдеріңді үз.
Тар болды жүруіңе малдан дала,
Немене қорғаны жоқ тұрған қала?!
Он бестен сол он алты жасқа келіп,
Атанып: "Боштайұлы", - туған бала.
Таппассың мұндай алтын, іздеп қара,
Көңіліне халық-ағайын түсті жара.
Жүргені біраз күнше тәуір еді,
Ісіне құдіреттің бар ма шара?!
Әулие Төлебайдай болса баба,
Тұқымы дұшпандарға болмас таба!
Өлі аруақ бірден-бірге підия берер,
Қорындай үзілмейтін қара саба.
Екінші:өсіп - өніп Еламаннан,
Шаһизада, кем болмаған төре, ханнан.
Басына жеті атадан бақыт қонған,
Уақытында асып өткен сан адамнан.
Баласы Тұрсынбайдың: Бәзіл, Боштай,
Үшеуі бір ұядан ұшқан құстай.
Екі өсім: мал мен басқа бірдей келіп,
Кеңітіп шалқып жатыр сер қоныстай.
Хұсекең онан туған бала емес пе,
Данышпан, дария көлдей дана емес пе?!
"Жалғыз-ақ қожа тумас булардан!" - деп,
Айтқаны Мұса мырза бар емес пе?!
Мұсаның үлгісін жұрт көп айтады,
Қайғысын әлі күнге жеп айтады.
Көрмеген сол ерлерді-біз - баламыз,
"Әулие!" - көрген жандар деп айтады.
Бір басы - базар болған:күнде жиын,
Дүниенің төрт бұрышына салып миын.
Атасы басқа жұртқа еш нәрсе емес,
Ағайын, туысқанға болды қиын...
ҚАМАРАЛДИН ХАЗІРЕТ
Бисмилла ал-рахман рахим дейін,
Құдайға хамыд айтайын мұнан кейін.
Бастан жақты айырар заман болды,
Қызыл тілім, сөйлеп қал, оған шейін.
Құйылар бір күн топырақ есіл көзге,
Кім шығар бұл заманда жасап жүзге?!
Жүзінде бұ дүниенің кеңес баста,
Жатарсың әлі-ақбір күн кіріп көрге.
Бастан ми, ақыл естен аудырарсың,
Қайран көз жан шығарда жаудырарсың!
Қағазға аттай шапқан саусағым-ай,
Дал-дал боп қара жерде саудырарсың.
Қайрат жоқ қолдан келер, қайнайды ішім,
Келе алмас қыбырлауға сонда күшім.
Саудырап бет-бетімен түсіп қалар,
Маржандай аузымдағы отыз тісім.
Ағарсың домаланып кезден бұлақ,
Сөнерсің жанған майсыз екі шырақ.
Тықырын құрт-құмырсқа естіп сонда,
Жатарсың, амал бар ма-ай, екі құлақ.
Жерлерде әлде қандай болады орным,
Жалғанда жақсы, жаман кеңес құрдым.
Сасығын өз денеңнің өзің иіскеп,
Жатарсың шыдап соған қайран мұрным.
Су емес мейірің қанар, - дүние, - сағым,
Жігіттік қайран қызық өтті шағым.
Астына қара жердің кіргеннен соң,
Қаларсың бөлектеніп тіл мен жағым.
Дәрмен жоқ қозғаларға қол мен аяқ,
Жақпаса сол қылмысың, жерсің таяқ.
Дауасын осы дерттің таппаған соң,
Жасымнан жаһан кезіп, болдым саяқ.
Ұл мен қыз ара тұрмас, әкем-шешем,
Лабұдды өлім шарбат бір күн ішсем.
Қызыл тіл ыңғайыма жүрген күнде,
Алайын арыздасып, сегіз мүшем!
"Жер", - деп, атын қойыпты қара жердің,
"Көр", - деп атын қойыпты қазған көрдің.
Хақтан-жәрдем, пірлерден медет болса,
Мен сөйлеймін аруағын өткен ердің.
Күнәкарлық қылмайын, артық мақтап,
Өз шамамша сөйлейін біраз шақтап.
Ал дегеннен айтуға аузым бармай,
Бой тоқтатып мен жүрдім, әдеп сақтап.
Тіл қисайса, түзетер ақыл тез бар,
Мағқұлатны сезуге көңіл көз бар.
Сөзімнің міні болса, сөкпе, ағалар,
"Кірсіз-Ай, мінсіз-Құдай", - деген сөз бар.
Сөзімді естіген жан мойын бұрсын,
Бұл сөзім мұныменен тұра тұрсын.
Дат шариф бір ғазизды баян айлап,
Жараңдар, қандырайын құлақ құршын.
Медет (мәдит) қыл, Қадір сұбхан, тіл-жағыма,
Бір дария ағызып ең сол бағыма.
Суалып аққан дария шөлде қалып,
Сөйлейтін келді кезім бұл шағыма.
Бұ қайғы білген жанға кетті батып,
Біздерге күн шығар ма, таң және атып?!
Аузынан дүрлер тамған қайран хазірет
Астында қара жердің қалды жатып.
Көңілім дария болғанда, қолым-қайық,
Өз - өзімнен боламын Еділ-Жайық.
Шығара алмай сыртыма тынып жүрдім,
Болмаған соң шәниіне сөзім лайық.
Әр түрлі мен жасымнан кеп шығардым,
Жақсы, жаман демедім, көп шығардым.
Лайық сөзді шәниіне таппаған соң,
Іште шер тарқар ма деп леп шығардым!
Қоймайды тауды, тасты қаптаған сел,
Өлім сондай: баршаны қоймайды, біл!
"Күннен-зарра, теңізден-қытре", - деген,
Демесек айтып ауыз, келтірмес тіл.
Қара жер қаза жетсе, кімді алмаған,
Дем бітсе, хайла тауып қала алмаған.
Есіл сондай хазіреттен айрылған соң,
Аузымда айтар жұртқа сөз қалмаған.
Суалды Сүйіндіктің аққан суы,
Соңынан еріп еді жасы, қуы.
Кеше хазірет сықылды емес пе еді
Арқада дін исламның жалғыз туы.
Ғұлама бұ дүниенің бір тұрағы,
Аспанның түсті жерге сол бір жағы.
Сегіз болыс Сүйіндік ортасында
Сөнді ғой дін исламның шамшырағы!
Ғылымды он екі пән - тамам білген,
Іші-тысын толтырып тәңірім берген.
Шариғаттың шегесі, дін тұтқасы,
Ғұламаның алды еді көзбен көрген.
Ғылымның, Бұхар барып, көзін ашқан,
Ғалым еді алдынан шайтан қашқан.
Баласына үш жүздің даңқы кетіп,
Орта жүзді аралап үлгі шашқан.
Ғылым-сарыф, ғылым-наху, - білген жатқа,
Мантық қалам тыссуыф, - жазған хатқа.
"Ғақайд тыһын, - деп - хикмат молла жалал
Фаайз асул ғылым қыратқа".
Бұхарада мырза Ұлықбек тұрған жері,
Хатымгер дамолланың болып пірі.
Ғылым фықа хадиске аққан судай,
Тәпсірге болып басым онан гөрі.
Мерғараб сабақ оқып Көкалдаштан,
Ғылыммен біте қайнап бала жастан.
Бұхарай Шәріфте мәшһүр болып,
Замандас, бастасына болған дастан.
Талай білмес наданды салған жөнге,
Бірі боп төрт тіреудің ислам дінге.
Алды боп ғұламаның (жамағаның) шыққандығы, -
Сөйлейді Бұхарада әлі күнге.
Білініп дәйек алған Батырханнан,
Жеке қара боп шыққан қанша жаннан.
Несібесін бұйыртып Сарыарқадан,
Еріксіз айдап келтірген құдай маңнан.
Әуелі келіп тоқтаған Қоңырқұлжа,
Әр жұртқа ғылым шашып, салған жолға (олжа).
Дария-мұхиттай-шыр айналған,
Болмаған мұндай ғалым осы қырда.
Онан соң тұрған жері - Қыпшақ:
Ыбырай, Ғылымнан артық нәсіп берген құдай.
Советник Тұрлыбектің тірісінде
Неше жыл тұрған мұнда бірнеше ай.
Жиылып сабақ алған Керей біткен,
Атығай, Қарауыл боп құрмет еткен.
Қанжығалы, Қыпшақпен Қуандыққа,
Он екі пән ғылымнан дін үйреткен.
Жеріне жүрген, тұрған үлгі шашқан,
Шишманың тұнып жатқан көзін ашқан.
Исі казак, үш жүздің баласында
Заманында молда жоқ мұнан асқан.
Жеті дуан үстінен Омбы барған,
Дәреже, қайда барса, орын алған.
Біреудің себебімен құдай айдап, ъ
Нәсібі мұнан болып келіп қалған.
Ең алғаш қоян жылы келді көшіп,
Ғылымнан берді құдай бізге несіп.
Дін ашылып, мәсәле, сөз шашылып,
Сүйіндік толықсыды: дәулеті өсіп.
Орнықты Баянаула қаласына,
Жиылды дін іздеген панасына.
Келтірді құдай айдап несібіне
Сегіз болыс Сүйіндік баласына .
Шәкірттер жиылысты әр тараптан,
Үлгі алды: фиққе, наху, парсы, арабтан.
Баһырасы жұққан жанға сондай болды,
Көкалдаш, оқығандай, Мергарабтан.
Келтірді құдай айдап біздің елге,
Кенелді дария теңіз, шалқар көлге.
Әкелген себеп болып Мұса мырза,
Қанша дұға қылсақ аз сондай ерге!
Кіші жүз: Бөкей елі-шыққан тегі,
Таусылмас жүрген, тұрған айтсам көбі.
Асылдан айдап құдай қолға берген,
Ала алмай қапы қалды жұрттың көбі.
Бұхардан екі қайтқан, екі барып,
Жан еді ғылым хикмет кеткен дарып.
Әр түрлі мәселенің көзі ашылды,
Баласы Сүйіндіктің аузы жарып.
Ғұлама мұнан артық болсын қандай,
Көз көрмес, естімеске бұ заманда-ай!
Қырмызы қызыл жібек мінезденген,
Аузынан шыққан сөзі шекер балдай.
Ғалым жоқ мұнан асқан Қараөткелде,
Атбасар, Көкшетау мен қалың елде.
Дариядан есіл сондай су іше алмай,
Құр ерін, мейір қанбай, қалдық шөлде.
Бір дуан оңтүстікте Қарқаралы,
Бар ма, айтшы, мұндай ғалым онда, кәні?!
Теп-тегіс шар тарабы бірдей келген,
Сықылды Имам Ағзам ғылым кені.
Павлодар, күншығыста Кереку бар,
Бес кадам әр жерінде молдалар бар.
Мөлшері білгенінің көрінбеген, -
Дариға, есіл сондай болдық қой зар.
Семей бар, илиада Ертіс басы,
Өскемен таяу тұрған оның қасы.
Болмаған оларда да мұндай ғалым,
Дария еді түпсіз терең жоқ шамасы.
Омбыда екі бастан молда жоқ-ты,
Айтпайды ғалым бар деп онда тіпті.
Ахон бар, Ғабдал, - бәрі Қызылжарда
О дағы бұл кісіні: "Артық!" - депті.
Япырмау, бізді айтсайшы не еткен жаман,
Баһырасыз сондай заттан қалған аман.
Сөйлейді аса мақтап тақырып (тығырыф) қылып
Медресесі Бұхарада Қарт Рамазан.
Әр жұрттан баһыраланған шәкірті көп,
Көрген жан мойын қойған: "Ғұлама!" - деп.
Дабысын естуменен болып ғашық,
Шақыртқан екі жылдай Қарымсақов.
Су мен туз тартпаған соң, бара алмаған,
Естумен, көрмей, мейірі қана алмаған.
Асылдан алыстағы әуес еткен,
Біз-ақымақ: жақын тұрып ала алмаған.
Нәпсім жүр надандықтан әлі қайтпай,
Еркіне жіберген соң басын тартпай.
Күнімде сегіз жасар кез болып ем,
Немене құр қалған соң айтып, айтпай.
Шәкірті әр жерде көп, бәрі молда,
Жұрт аузына қараған, кітап қолда.
"Анда да жоқ, - дегендей, - данда да жоқ".
Біз байғұс түк бола алмай қалдық жолда.
Сарыптай сегіз жаста кеттім түсіп,
Оқыдым Мұқтасарға Бидан қосып.
Мұғызы менен зынжыбаны шырых ғабдолла
Білу жоқ кете бердім судай кешіп.
Ғауамал, қауағидны қатар салып,
Фараиз бір жағынан қабаттанып.
Адаб міназара иптіғара
Кафиа шамысиадан сабақ алып.
Сол күнде он үш, он төрт - менің жасым,
Отыз-қырық серік (ерік) болған замандасым.
"Темірді қызған күнде соғып" қалмай,
Көрдің бе құр қалғанын сорлы басым?!
Мен неге оқымадым жазы-қысы,
Қалдырған құр алақан хақтың - ісі.
Түсті бұзған шайтандай жолдас болды,
Шайтанның Абиаз атты бір тұңғышы.
Ойласам өткен күнді, болдым құса,
Кебім көп бір басымда үлкен қыса (қисса).
"Ерден-тұяқ, қылыштан-қияқ", - деген,
Ұл тусаң, енді анадан, атаңа ұса (ұқса)!
Келер ме кеткен хазірет енді қайтып,
Тағырығын тауыса алман тілмен айтып.
Дүниеден арманда боп бір өту бар,
Ғам ғыса, шегіп мехнат, жапа тартып.
Салмақты, сабырлы еді-ау қара жердей,
Ала аяқ жұрттан озған бәйге кердей.
Мінезін ғылымы мен лайықты ғып,
Жаратқан тегіс қылып бәрін бірдей.
Пәнлерге: наху, мантиқ - басым еді,
Бір гаухар қолға түспес асыл еді.
Жарасып ишан, қожа, молдасымен
Сүйіндік өзге жұрттан асып еді.
Ғақайды пәнлеріне болып судай,
Ғылымның дариясына қонған құдай.
Жарасқан имамлыққа лайықты боп,
Көтерген хақ пайғамбар (жасын) жасыл тудай.
Пәнлерден ғылым, хикмет баян айлап.
Бірге өскен ғылымменен біте қайнап.
Мынбырда хатпа оқыған хош әуезің
Бұлбұлдай шаманларда тұрған сайрап.
Кітабың қалды артында: "Мішкат-Шариф".
Май қылған мәселенің ішін жарып.
Зар болдық бір сөзіне, енді қайда,
Дал болдық қалып қайран біздер кәріп (ғарып).
һыдайа Шәріф еді қолға алғаның,
Ғинан Алғынайаға көз салғаның.
Хазіреттен есіл сондай айырылған соң,
Дүние-ай, жаңа білдім шын жалғаның!
Өлшеусіз ғылым берген патша құдай,
Болған соң амал бар ма тағдыр солай.
Тұзых тілох тілхыстан шешуші едің,
Қиынын мәселенің қылып оңай.
Ондай зат құлақ естіп, көре алмас көз,
Ден қойған асқанына бұл Орта жүз.
Әркім өз заманында имам ағзым,
Алдыңнан кеткен емес шешілмей сөз.
Фырайыз несіп алғылым білген тамам,
Болмаған тассуыфқа мұндай адам.
Бәрін де білгенінің баяндауға
Жетпейді мөлшеріне менің шамам.
Көрдің бе, ей, халайық, ақымақ біздей?!
Құр қалған бір асылдан келген кездей.
Татумумма молла жалал зышыларын
Жат айтқан жай әңгіме қара сөздей.
Қызыл гүл көрдім уақытын солғанының,
Дүниенің жоқ опасы толғанының.
Бір алла ақыретте ақырын (ахырын) берсін,
Жалғанда хиралжиза қылғанының.
Болғанда жаннат бақша жатқан жайы,
Жарылғап фазылы бірлан бар құдайы.
Ғибадат мытғыды қабыл болып,
Көрінген баһыра тиіп сол маңайы.
Бал шекер мейірім қанып тата алмадым,
Сөйлеуге қарапайым бата алмадым.
Сықылды айдың көзін бұлт басқан,
Болған соң мен сөйлемей жата алмадым.
Адамның жоқ-ты менен сол жаманы,
Жігіттің қайран жастық бір заманы.
Сөз қылмай мен қалайша тыныш жатамын,
Жұрт асқан есіл сондай ғұламаны.
Жасымнан сөзге ілініп, болдым мазақ,
Көп емес білгенімнің өзі де аз-ақ.
Қандай жан мін табады сондай ерден,
Демесе бар жазығы: нәсілі - қазақ.
Күфайа, парыз ғайын ғылыммен дөп,
Ер еді бәрі тегіс өзінде көп.
Ғылымның фазылатын білдірді Алла,
"Ұғаллам адам алла есама", - деп.
Адамға періштелер таңырканды,
Қылмақты оған сәжде мойнына алды.
Мүмкін бе жоқтамаққа ауызға алып,
"Ғылымы он екі пән" деген жанды.
Бар еді есіл ерде әңгіме кеп,
Біз болдық қатты арманда ала алмай көп.
"Уамаен иуеат ал хикме" - құран сөзі,
"Факаде аутай хиыра кішра", - деп.
Тысуф ғылым тохид кәлам еді,
Фықа заһд әр пәнлар тамам еді.
Құданың фазылы менен нұры тиіп,
Берілген ғылым хикмет адам еді.
Не сөз бар ғалым болса оған және,
Болар ма енді ондай бір ғақылы дана.
"Уақулә рабіб зедні ғылма деме" - дей ме,
Құранда хабибіне Хақ тағала.
Аузында қара сөздей наху мантық,
Оқыған жаслығында мехнат тартып.
Құдайдың бар жаратқан қазынасында,
Ғылымнан ешбір нәрсе емес артық.
Ғылымға адам еді іші толған,
Аузына нұр төгіліп, дуа қонған.
Жаңбырдан аб нисан дүрлер тамып,
Шарапат баршамызға сонан болған.
Ғанибет бұ жүрмеклік аз күн хаят,
Түбіне бұ жалғанның жоқ не һайат.
Ғылым мен ғұламаның құрметі үшін,
Сөзіме дәліл қостым екі-үш аят.
Айыпқа естіген жан алмасын деп,
Өлең деп, бұзық ойға бармасын деп.
Бастадым хамдусына бісмілламен
Аяқсыз, есіл сөзім қалмасын деп.
Кім қалар қаза жетсе, көрге кірмей,
Мал қалар улап-шулап жаныңа ермей.
Парқы бар жер мен көктің арасындай,
Білген мен білмегендер болмас бірдей!
Надандар не біледі - мешел, өлік?!
Мәз болар мал жиғанға үш-төрт түлік.
Болғанда қиамет күн айырылады,
Арасы жақсы, жаман болып бөлек.
Жын, шайтан бет-бетімен бордай тозар,
Күркіреп дау-дау жанып тамұқ қызар.
Мирасқор пайғамбарға жақын болып,
Ғылыммен ғамал қылған ғалым озар.
Ғалымға қылсаң керек жанды құрбан,
Бұл дүние соларменен түзу тұрған.
Жаратқан құдай артық ғұламаны,
Теп-тегіс іші-тысын қылып нұрдан.
Ғылымға бір зат еді қайнап піскен,
Тоқтамай мәселеге желдей ескен.
Білгенді, білмегенді бәрін құп деп,
Ешкіммен емес еді ерегіскен.
Ұнатқан моллалыған тамам алаш,
Сықылды іздеп таппас миқан ағаш.
Қанша сөз білместікпен айтса надан,
Жаң - жадал қылмаушы еді ешбір талас.
Хазіреттің айналамын аруағынан,
Патшадай түспей кеткен сол тағынан.
Рухын нұрландырған карим Алла,
Бейіштен есік ашып жан-жағынан.
Қадірін қолда барда қалдық білмей,
Табылмас асыл еді көпке бірдей.
Сең соққан балықтай боп қалдық біздер,
Ғам құса(ғұса) қапалықпен күйге келмей.
Сықылды шикі тері жетпей иім,
Көңілім бар секілденген жыртық киім.
Басшыдан хазірет сынды айрылған соң,
Жаңылдым мен сөзімді, келмей күйім.
Айырылып қапияда қалдық не ғып,
Құлақтан естіген сөз кеткен ағып.
Құданың құдіретімен болған нәрсе
Жылаймыз енді мұны кімге шағып?!
Әр жерге шашып тұқым, салып егін,
Тіл шаршап, құлақталар, айтсам кебін.
Ішіне сонша ғылым орнаған соң,
Адам деп айтып болмас оны тегін.
Дүние-ай, көзім жетті жалғанына,
Кім жеткен бұл жалғанда арманына?!
Хазіретті қанша айтқанмен, келмес қайтып,
Қайырлы қылсын артын қалғанына.
Болмадық өтерінде біз қасында,
Кеп арман қылдық болмай сол басында.
Жалғанның жазымы көп пенде білмес,
Болған соң, дүние қапы болмасына.
Қызмет қып жүре алмадық қасына еріп,
Әкетті ерікке қоймай жастық керіп.
Өтер деп бұл жалғанды бір ойламай,
Қызығын қыла алмадық аз күн көріп.
Бір-ақ дем жоқ болады бітерінде,
Шолтаңдап шолақ дүние кетерінде.
Дәріс беріп мәселеге жауап айтқан,
Тәпсірден берген тағылым өтерінде.
Сөйлеген ғақайатта бағас (бахыш) заттан,
Мағынасын хазірет иасин айтқан жаттан.
Адамның зағиплігін қылып тәпсір
Неше мағына сөйлеген ол аяттан.
Жаралған әуелде адам зағип болып,
Суық болса, шыдамас жаман тоңып.
Ыстық болса, шыдамас күйе жаздап,
Мұнымен не болады жүріп-тұрып?
"Анна ала нысаана хұлық һалұға!" - деп,
Мағынасын тәпсір қылған таратып көп.
Ла ила алла, алла, - мағыналарын
Сөйлесем өткендерді, таусылмас кеп.
Қасида, бір идадан байан айлап,
Бұлақтай есіл хазірет аққан қайнап.
Айтуға сол таратып, жер тар болып,
Ішінде тұрғаннан соң бәрі сайрап.
Дүниеден еш бір қалам ауызға алмай,
Ла ила илла алла —тілден салмай.
Дәріс беріп шәкірттерге әдеттенген,
Үйренген тірлікте мінез қалмай.
Есіл ер қаза жетіп кірді көрге,
Өзімен жолдас болып ғылым бірге.
Бұрынғы сол себептен айтпады ма:
"Кірсін, - деп, - қара жылан қара жерге!"
Қара жер қанша жанды жұтып тоймас,
Түгендеумен бұл өлім кімді жоймас.
Біреу өліп жатса да, біреу күліп,
Ғапілдік, білместігін пенде қоймас.
Сөйлесе, бал шекердей тілі майда,
Ондай жан енді анадан болмас пайда.
Кешірген: білгеніңді, білмесіңді,
Ол енді қанша айтқанмен, хазірет қайда?!
Жақсы деп, жан біткенді мақтаушы еді,
Шығармай сырын ішке сақтаушы еді.
Елден көшіп жатса да біреу білмей,
Қайырып жанның бетін қақпаушы еді.
Үстінен, үндемеген, өтсе басып,
Мінезі - біреуінен біреуі асып.
Үлкенге - үлкен, кішіге кіші мінез,
Әркімнің, сөйлеуші еді, көңілін ашып.
Бұл өлім талай жанды күлдірмеген,
Нешелерді ойран ғып бүлдірмеген?!
Шарапат, бойындағы қасиетін
Паш қылып ешбір жанға білдірмеген.
Пірлері Бұхарада - Шайхы, Жалал,
Несіпті ықылас қойған әмір күлал.
Жоқ қылған зиаратын жалғыз түнде
Ешкімге болмасын деп еш бір малал.
Біз көрдік: Жалал, Мағзұм зиаратын,
Имам Хажат базарға қойған жақын.
Ешкімге қолдағанын сездірмейтін
Осындай сүлігінің пірі батын.
- Арқаға келген екен Құдай айдап,
Біз қадірін біле алмай қалдық сайрап.
Шаһарлы жұртта мұндай ғазизларға
Басына ту тігеді, жалау байлап.
Пілпіла хатыршауы сонан шыққан,
Пірінің бір насихат сөзін ұққан.
Топырақты назарымен кім ие қылған
Ерлерден хибазат мандұп баһра жұққан.
Болмадық Бұхараның панасында,
Сахараның, топырағың боп, даласында.
Есіл ер қазаң жетіп, демің бітіп,
Белгісіз Баянаула қаласында.
Ескендір іше алмаған мәңгі суын,
Адамның қоймайды өлім жас пен қуын.
"Мирасқор балам, кел!" - деп, қолыңды алсын,
Пайғамбар көтергенде жасыл туын.
Хазіреттің Бұхарада орнын көрдім,
Ұстаз піp серіктерін, - бәрін тердім.
Тафық алынғыл балынғыл болғаннан соң,
Аузыма келген сезді айта бердім.
Біледі бәрін ішім, қолымда жоқ,
Айтыпты: "Ілгері, - деп, - жоқтықтан боқ".
Дәрмен жоқ көрісерге қайнайды ішім,
Аузымнан от шығады: жалынды шоқ.
Хазіретті баяндайын сізге және,
Айттырды ерікке қоймай хақ тағала.
Уалла ғылым бал сауап-хақиқат хал,
Менімен сынасқаның түзеп қара.
Мағзұмлар Ғабдол рахиман Ғабдол ражим
Атаңыз әулие өткен, қылсаң фахым.
Рухынан зат шарифтың болып медет,
Алладан баршамызға болғай рахым!
Иншалла, бұ сөзім болмас жалған,
Аузыма әр не десем тәңірім салған.
Ілгері менің баспай жүргендігім –
Оқымай кеткеніме көңілі қалған.
Кетіппін кейін қайтып, келіп таяп,
Шайнап дәмін ала алмай, қалдым жалап.
"Болатұғын бала еді, болмай қалды!" –
- Деп, тақсыр ренжіген сол мені аяп.
Қадірін бүйтер ме едім, бұрын білсем,
Қызмет қып арман не еді жолында өлсем!
Дүние - ай, қандай қылып ұстар едім,
Әттен "он бес" енді бір қайтып келсең!
Мұнда-ұстаз, Бұхарада өтті пірім,
Тарқамай екеуінен қалды шерім.
Бәрінен табылғанның қапы қалған,
Менің жоқ, ойлап тұрсам, оңар жерім.
Он жолға өзің баста патша Құдай,
Жоқты бар қылған сенсің, қиынды-оңай!
Махшарда әлде қандай боламын деп,
Зар тұтып осы күнде жүрмін жылай!
Дүниеден кетпей тұрмас, келсе адам,
Өле ме осалдықтан өлген адам?!
Бір дұға: өліге де, тіріге де,
Хазіретті көріп, естіп білген адам.
Тілден-сөз, әлі-ақ қалар қолдан қалам,
Сөйлейін келіп тұрған кезде шамам.
Өлмесе Мәшһүр-Жүсіп, сөз таусылмас,
Үшбу сөз осыменен болсын тамам.
ХАТ ӨЛЕҢДЕРІ
СЫЗДЫҚ МЕШІМБАЙҰЛЫНА
(БІРІНШІ ӨЛЕҢ)
Шешмадай өлең түбін күнде қаздым,
Жете алмай тұщы көзге, жүдеп, аздым.
Елі-Алтай, аты-Сыздық тәржіменге,
Намына махаббаттан бір сөз жаздым.
Қуандым талапты інім табылған соң,
Бәйгеге ат сыналар шабылған соң.
Жер алыс болғанменен, көңіл жуық,
Хат жаздым құмарланып, сағынған соң.
Жерұйық – кеудем толған, кілті-тілім,
Сөйлеткен кілтін ашып ғылым, білім.
Әркімнің кілтін бұрап жібергендей,
Сөйлеттің сонша алыста жатып, інім!
Аузым-садап, ішінде дүрдің тасы,
Танымаған кетеді, деп: "Судың тасы".
Қаншама асыл тастарым жатып тозды,
Алушының жоғынан, шықпай басы.
Тастарының ішінде гауһары бар,
Тілім-қанжар, тілінің жауһары бар.
Шебер құдірет орнатып жасап қойған
Не қылса, ерік өзінде, ол Харидар.
Бір нәрсені сөйлесем, тиіп, шатып,
Шешілмес, күлгеніңе қалар қатып.
Наркескендей біреуін тіліп тастап,
Кейбіреуін салады табандатып!
Іздемейді бұл сөзім басшы, қосшы,
Біреуге-ащы, біреуге болып тұщы.
Уысыма бір түскен - оңалмайсың,
Құй жерге кір, қүй мейлің аспанға ұшшы!
Қызыл жүз қурай болып келді күзге,
Мен бұрынғы қалпымнан болдым өзге!
Табанына талайдың қадаламын,
Тікенектей кез болып ащы сөзге!
Нандырайын десем де, нанбаған соң,
Қартайсам да, өнерден танбаған соң.
Жорта болып жатырмын мен тікенек,
Көріп ешкім қадірлеп алмаған соң.
Тірілікте олжадан құр қалмасқа,
У-күшала қосамын кейде алмасқа!
Оңыменен қадалам ағаш оқтай,
Дәнемені білмейтін и салмасқа!
Хош енді, Сыздық мырза, хатыңды алдық,
Ісі жоқ бұл жалғанның бізге тандық.
Бізді аға, өзіңді іні көргеніңе
Сөзіңнің мазмұнына әбден қандық.
Қуандық, Сүйіндікпен егіз болған,
Шалқар қол шамалас, теңіз болған.
Амандасып, бас қосып, даярласып,
Көрісіп, жүріспесек, неміз болған?!
Кетеді нәмәрт адам сөзді жұтып,
Бұл сөзді тірі жүрсең, кетпе ұмытып.
Ағама, Фазыл(Бәзіл) мырза Сайдалы орны,
Ай жатсам, ауырламас алған күтіп.
Бақ қарап, Сайдалыға қыдыр қонған,
Жұқартып Фазыл мырза біраз жонған.
Шашқан - төккенімен қабыл болып,
Ұйытқы боп аймағына, қыдыр қонған.
Екіге бөлінді ме Теңіз елі?!
Аунады қай жағына елдің көбі?
Болған соң тұсымызда білу керек,
Бұ да бір - оңдап жазса, сөздің кені.
Қанша үлкен болғанменен, болып басшы,
Ауызға алмаушы едік, болып ашы.
Теңіздің бөлінген соң, кетті сәні,
Бұл сөзге аз перевод керек мәні.
Керейдің жазғытұры суын татып,
Басында ат шалдырдым біраз жатып.
Қойшы да, қоймашы да болыс боп жүр,
Ноғайға жан қысылса, қызын сатып.
Байжігіт, көріп едім сым, тасынды,
Жер алыс, айыра алмай дос, қасыңды.
"Ешкімнің қалтасына сыймайды ғой, -
Деп едім, - мұнша сөзді, - мен - басынды".
Барушы ем анда-санда солай таман,
Өтуші ем көрмей залал есен-аман.
Аралап ағып өткен жолаушыға
Мінезі иттерінің қандай жаман?!
Сен, міне, елімізді ағып өттің,
Бұрылмай кеткені рас біздің беттің!
Жатқанда Төртуылда тыйышымды алды
Күшігі шәу-шәу үріп көк төбеттің.
Тимеймін мен ешкімге тектен текке,
Кез келер, ажалды андай, өкпе, кекке!
Сөзіме бастан —аяқ түсінерсіз,
Кез болып жолыққан күн Қиямбекке.
Аман ба Мұхаммедтің мал мен басы?
Көп аққан перзент үшін көзден жасы!
Ақпейіл, өзімізге махабатлы,
Сұраймын және аман ба Қант баласы?
Фазыл да осы уақта тұрған қолда,
Қарнаққа оқып келген Шауқар молда.
Айтуға көрген сөзін пысық еді,
Бұл күнде аман-есен бар ма сонда?!
Жүйрік бар озып жүрген мыңнан, саннан,
Үлгілі бір өрнекті сөйлеп ханнан.
"Төрт асыл, бес береке" - сұрапсың сен,
"Бұл күнде табылады, - деп, - қандай жаннан?!"
Қалмасын құр жадағай, құр далада,
Кем шығар түгел қылған хан-қарада.
Еркекте: бала, қажы, қожа да бар,
Әйелде - бар бәйбіше, жан - балада.
СЫЗДЫҚ МЕШІМБАЙҰЛЫНА
(ЕКІНШІ ӨЛЕҢ)
Қолына енді Мәшһүр қалам алсын,
Өнерін тірілікте неге тансын?!
Сағынған алыстағы ағайынға,
Намына махаббатты бір сөз жазсын.
Қағазға жазылған сөз артта қалсын,
Бар болса талапкерлер, танып алсын.
Әр жерде жұрт аузында әңгіме боп,
Құлақтың, естігенде, құрышы қансын!
Орта жүз: Арғын, Қыпшақ, Қоңырат, Найман,
Дүниенің төрт бұрышына қанат жайған.
Баласы бір Арғынның он екі рулы,
Бозбала мен айтпасам, білсін қайдан?
Соз айтпай ата-тектен ұнаспайды,
Адамнан еш мақұлықат құны аспайды.
"Арғын болсаң, Алтай бол!"- деген мақал,
Арғыннан - Орта жүзде ел аспайды.
Мейрамның бір тіреуі - бес баласы,
Қуандық, Сүйіндік пен ел сарасы.
Қаракесек: Қазыбек қаз дауысты,
Ішінде:Қозған, Қақсал аз ғанасы.
Мәшһүрден табылады сөз сарасы,
Атбасар: жері жазық, кең даласы.
Көрінер көзге жылы шаршы топта
Алике, Байдалының бозбаласы.
Ел қайда Алике мен Байдалыдай,
Ер қайда Аққошқар мен Сайдалыдай!
Нұраны, Есіл менен көріп өткен,
Деп айтар барса қайда: "Уа, дариға-ай!"
Қашыры, Қарақұйын - жер сауыры,
Жатады қап-қара боп қыс бауыры.
Өзені: Керей, Қыпшақ шөбі шүйгін,
Анда-санда соғатын бар дауылы.
Басың доп боп, Алланың айдауында,
Барсаң егер биенің байлауында,
Тоғанастың көлі бар тоқсан екі
Екі өзеннің арасы - жайлауында.
Әркім әуес баруға көрген жерге,
Дүние жүзі көркейіп кірсе түрге.
Сыздық мырза, сөзімді сөкпегейсің,
Ұрпағы Сайдалының Фазыл ерге!
Талапкер, жас та болсаң, сен бір сері,
Ұмытпа бұл сөзімді жүрсең тірі.
Атбасар жәрмеңкесі жаздыгүні,
Бас қосқан Арғын, Найман жиын жері.
Ежелден Есіл, Нұра - ел қонысы,
Көбейіп қарағайынан кетті орысы.
Бөлінген Дәулетбектен бөлек елдің
Болғанын біле алмадым кім болысы.
Білмедім: кімі жарлы, кімі байын,
Басқаның бір Фазылдан білмен жайын.
Табамын адаспастан жалғыз соны,
Аяқтап Есіл, Нұра барған сайын.
Қонаққа қарайтұғын көз алартып,
Жаманға қарамаймын құнымды артып.
Фазылдан аттанған соң төмен қарай,
Кетемін Тортуылға түзу тартып.
Кісіден табылады дінге берік,
Түгендер бермегендер нәпсіге ерік.
Халипа ұмытпайтын бір жеңгеміз,
Жаралған қолайлы боп ерге серік.
"Құдай бір, хақ, - деп айтса, - баста тілің!"
Шын білсе, тіліндегі жаны-ділің!
Денеңмен аянбастан қылып ғамал,
Пайғамбар сүннетімен өтсе күнін!
Береке - анық осы бойындағы,
Ұғарсың, айтылса сөз ойындағы.
Бесінші: екі дүние нұры-ғылым,
Ғамалдан, ұстамасаң, жойылмағы.
Салауат және бірі қайырменен,
Кім білер мұны оқып зайырменен.
Төртінші-сол береке - ғаділ айту,
Құс тілін көңіл ашып майырменен.
Және де рақым-шапғат, сен қайдасың?
Сөзінен әуелгі айтқан ер таймасын!
Бұлардың қатарына қосылмайды,
Ойласа, елді қойып, өз пайдасын!
Төрт асыл, мұныменен береке-бес,
Түсерсің мазмұнына, болса, ақыл, ес.
Құраннан аят, дәліл көрсетпесем,
Сұраусыз болсын құным, басымды кес!
Қожадан қол көтертпей қалатын жай,
Көрініп: аты-ұлындай, қызындай —тай.
Жасық боп, жақсы атадан-жаман туған
Бар екен Сарыобада бір бықсық бай.
Тыңдаған азаматқа бұл сөзім шын,
Көңілі ақымақтардың-қараңғы түн.
Орнымен бұл сөзімді шешкен жанға,
Еңбексіз, ер өлтірмей, беремін құн.
Жанады отқа заулап қойдың қиы,
Ақынның сөз сөйлесе, түсер күйі.
Кеудесін адаммын деп көтергеннің,
Байқалады бар - жоғы баста миы.
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТҰЛЫНА
(БІРІНШІ ХАТ)
Мен "мимнан" бір сәлем хат "жым" ініме
Шырағым, ант амансыз, нан тіліме.
Отырмын бұ жалғаннан үзіп күдер,
Жеткен соң жер таянған мезгіліме.
Оқыдық майда жазған хатыңды ашып,
Отырған әшкерелеп, жұртқа шашып,
Қарық болып, қуанғаннан амандыққа,
Шаттандым жазғытұрғы судай тасып.
Табылып жан азығы, жедім асап,
Еті емес ешкі, қойдың сойған қасап.
Дегендей: "Жан семірер жақсы сөзге,
" Көркейдім хатыңды оқып, сол бір жасап.
Хатты ашып оқыған күн - июнь оны,
Қазақша жұма - ұлыстың ұлы күні.
Кергендей қызыл гүлді, бір масайрап,
Бұлбұлдың зымстанда ашылды үні.
Өліктей бір жан едім жатқан көрде,
Өлмеген соң, аманат сақтап төрде.
Шаттанып хатыңды алып оқығанда,
Оянды ұйықтап жатқан сана зерде.
Оянып сана - зерде, қозғалды ой,
Өзіме - айт, амандығың-өзіме той.
Шарқ ұрып, шартарапқа құлаш жайып,
Шіркін-ай, көтеріліп, желпінді бой.
Бәйгеге, жүйрік болмай, қосылмайсың,
Қақпаса жалғыз аяқ, тосылмайсың.
Ниеттес тілеуі бір адамыңның
Алғанда сәлем хатын осындайсың!
Әрқашан оқығанда, хатыңды алып,
Құмардан бір шығамын, мейірім қанып.
Қайқы қанат, қанды көз, қырандай-ақ,
Жөнелер ой аспанға шырқап алып.
Тастан қатты, қараңғы, түннен-ауыр,
Қайғы бар, жүректі жеп, қылған жауыр.
Жақсы көрген кісіңнен хат алғанда,
Серпіліп, болар жарық әжептәуір.
Шат болсаң, шаттықтың да кілтін ашар,
Өлген үміт тіріліп, өрге басар.
Шарқ ұрып, көңілің кезіп, әр тарапты,
Шідерті Алмынтаһидан жоғары асар.
Үні өшіп жатқан қиял жанданды ғой,
Ғарышқа көтеріліп, жан барды ғой.
Кәрілік тіпті ойынан шығып кетіп,
Қаламды, жазған Мәшһүр, қолға алды ғой!
Жүсіпбек, аманбысың сау-саламат,
Жігітсің: жақсыға - қат, жаманға - жат!
Жалғыздық жарасқан-ды бір Құдайға,
Аман ба Бектұр, Жанақ, екі азамат?!
Болғайсың әр пәледен әмсе аман,
Пәлекет саған деген болсын шабан!
Осы сенің хатыңды алған минут –
Қадірлі бізге келген жақсы заман!
Қол жетпес көктегі Айға созғанменен,
Бақ, дәурен, өмір, қызық - озғанменен.
Қанша жерге барады, кәрі шіркін,
Желігіп делебесі қозғанменен?!
Кірер үйі азайған басымыз бар,
Аппақ қардай сақал мен шашымыз бар.
Ұзын санын айтуға ұяламыз,
Төрт-он бес, бір-ақ - онда жасымыз бар.
Жарыстан қарадүрсін қалған кезім,
Мойынға кәрілікті алған кезім.
Жұрт күлер алақанын шапалақтап,
Ақыл танып, азуды шалған кезім.
Алаңдап біздің сөзге болма құр дал,
Демеймін: "Кәрі ағаңды жарысқа сал!"
Тисе, тисін, тимесе, ағып өтсін,
Атанған, көнеміз ғой: "алжыған шал!"
Өзіңе қолайлы боп, ұнаса ақыл,
Сөз туғыз тарау-тарау онан нақыл.
"Қайын ал!" - деген сөзім асығыс қой,
Сөкпеймін: "Көрмеді, - деп, - оны мақұл."
Өзіңе берсін Алла ұзын өмір,
Көнгіш бол қорғасындай, болма темір.
Разымын өзіңе де, сөзіңе де,
Мақал бар: "Аз сөз - алтын, көп сөз-темір.
Жалғанның өмір бойы уын іштім,
Өз бойыма шақ емес, киім піштім.
Сәрсенбайдың бақытсыз Жамалындай,
Сөзіңе мейірім қанды, түстім-түстім.
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТҰЛЫНА
(ЕКІНШІ ХАТ)
Кісі едім әлдеқашан өліп қалған,
Көрсетпей бір күн маған бетін жалған.
Немене өлген емей, айтсаңдаршы,
Орнына келмеген соң бір ойға алған.
Емес ем түк сезбейтін кеще, кеспе,
Білмедім: елестеген өң бе - түс пе?
Кәрілік, келіп қалдың қай жағымнан?
Жел ем ғой құр гулеген қызыл еспе!
Шымкенттен почтаменен бір хат келді,
Саналы жан сағынбақ жұрт пен елді.
Жүсіптің көйлегінің исін танып,
Сайрамақ көзі ашылып Жақып енді.
Жігіттің тұрмайды елде жең саяғы,
Бір жарға соқпақшы ғой сөз аяғы.
Айырылып Жүсібінен, көзі ағарған,
Емес пе кәрі Жақып мен баяғы?!
Қуандым намам оңнан берілгендей,
Көзіме бір жақсылық көрінгендей.
Әл-қуат аяқ-қолға әбден кірді,
Өшкенім өніп, өлген тірілгендей.
Бәйге алған шаршы топта озып аты,
Танымал болған жұртқа қияпаты.
Мәшһүрді, өліп қалған, бір тірілткен –
Шымкенттен Жүсіпбектің жазған хаты.
Өлі аруақ, тірі аруақтан тиген сәлем,
Шырағым, сен тіріде мен неге өлем?!
Анда-санда бір келіп қалған хатың –
Өзіме айлық азық, жылдық үнем.
Аман бол, аман болсаң, сен аман бол!
Сен аман тұрсаң, маған бұл дүние мол.
Жүсіпбек, Бектұр, Жанақ - үшеуіңе
Тұрайын тілеулес боп, көтеріп қол.
Жақсыға төр алдынан орын бар ғой,
Жаманға қайда жүрсе, дүние тар ғой.
"Мың өліден бір тірі артық, "- деген,
Бұрыннан айтылған сөз, мақал бар ғой.
Астыңа құтты болсын ағаш атың,
Артылсын күннен - күнге алапатың!
Қаламыңның ұшына қыдыр дарып,
Әуелеп өрлей берсін жазған хатың!
Таусылып өтірігім, қалды шыным,
Қызыл тіл, сен барда жоқ маған тыным.
Болғанда қалам қобыз, қағаз - жауырын,
Қозғадың ерікке қоймай, сөйле, жыным.
Қуандым тірілікте хатыңды алып,
Сөзіңе сағынғандық әбден нанып.
Шаба бер, Алла оңғарып, жолыңды ашсын,
Тұрайын мен: "Мақпалдап"- ұран салып!
Күліктен шыққан Көтеш ақын өзі,
Айтылып жұрт аузында жүр ғой сөзі.
Дейді ғой: "Тегін кісі таз бола ма?"
Жұрағат, біз солардың қалған ізі.
"Күлік," - деп, айтылған сөз –
Қырғыз тілі, Күнде "Күлік", - деседі
Қазақ елі. Мағынасы: "жүйрік", - деген лұғат екен,
"Өзіне бұрып айтқан", - деме мені.
Құдайдың көп шүкірлік бергеніне,
Қағазға қолым аттай желгеніне!
Қуандым лашығыма мен де сыймай,
Соңымнан сендей іні ергеніне!
Алашқа аты шыққан Ақан сері,
Жүйріктің көзге түскен о да бірі.
Иллаһи, жаңа талап жүйріктерді,
Ақанның қыла көрме Құлагері!
Жер таянған жетпіске Жүсіп келген,
Жері жоқ көзге түсіп, өсіп келген.
Қояйын, алжыған деп біреу күлер,
Өнер жоқ ар жағынан қысып келген.
Күн шықты, жұлдыз біткен өртке күйді,
Күймесе, қайда кетті, не жау тиді?
Бел қатайды, еңсе бір көтерілді,
Ғайыптан бір қыз келіп беттен сүйді.
Тақымым үйренген ат, ерте мінген,
Қоян жыл, елу жеті жасымда, өлген.
Соған биыл болыпты тап он үш жыл,
Құр білте май таусылып, оты сөнген.
Көп жұлдыздай мендегі қайғы ғам мұң,
Тұрған өмірім бұ күнде - мұз бенен тоң.
Бетімнен қыз сүйгендей мен желпіндім,
Өзіңнен анық хабар, хат келген соң!
Ағайын ел-жұртыма туа жатпын,
Демеймін іске татыр азаматпын.
Сою, сату, жегуге жарамсыз боп,
Арықтап айдалада қалған атпын.
Сату, сою жағына жарамаспын,
Жолда жатса, бұрылып қарамаспын.
Енесінен түңілген қозыдаймын,
Жынысы әйелге - иттиген арам аспын.
Сұрапсың: "Қандайсыз?"- деп, мән-жайымды,
Саған үйіп, төкпейін мен уайымды.
Сек күнінде қартайған - біз - жаман қой,
Аз ғана мылжыңдайын қандайымды.
Бұралқы болмайтын мен еркек қой ма,
Бұл жалған, айтшы маған, айт пен той ма?!
"Неге ерте, мезгілі жоқ, қартайдың?!" - деп,
Әменді көрген болсаң, кінә қойма!
Бұл өмірді өткіздік осы ретпен,
Ауыл үй боп қона алмай бетпе-бетпен.
Қайтып көрмес кісідей болдық араз,
Құрт, ірімшік, бауырсақ, шайнар етпен.
Тіпті жегім келмейді етті шайнап,
Тісім тұр: "Тимеші!" - деп, ағатайлап.
Құлақ түбін, көз майын, миды қосып,
Жөнелтемін ар жаққа тілмен айдап.
Ерніме тигізбеймін сары майды,
Сүт қоспай, күр ішемін қара шайды.
Онан басқа алданыш, түк қалған жоқ,
Тіл астына тастаймын насыбайды.
Кан шығармай кесетін ара бар ма?
Не жұт, не жау алған жоқ, шара бар ма?!
Ұрып таяқ, айтқанмен сөз өтпейді,
Босаға ұстап тұратын балаларға!
1928 ж
АЙТЫС НАҚЫШТАРЫ
СҮЛЕЙМЕН МЕН БАЙҒЫЗ
- Менен соңғы патша болғандар мұнан ғибрат алсын! Біреудің көзге көрінісі құмырсқадай болса да, тауып айтқан сөзіне құлақ салып тұра қалсын!- деп, кітапқа жаздырып, кейінгіге қисса қылып кетті.
Ескі сөз бұрынғыдан қалған екен,
Жаңа сөз қанша айтқанмен жалған екен.
Пайғамбар тақ Сүлеймен болған күнде
Бір сұлу тандап жұрттан алған екен.
Әрқашан адамзатқа нәпсі қалып,
Талай жан қатын алып болған ғаріп.
Сол қатын не айтқанын қылдырыпты,
Патшаны тақ Сүлеймен билеп алып.
Жолына қылып пида жанды дейді.
Бір қатын билеп-төстеп алды дейді.
Аспанда құстай ұшып жүрген тақсыр
Пенде болып бір қатынға қалды дейді.
Дүниенің біліңіздер шын-жалғанын,
Қолқана жалған дүние қол салғанын.
Патшаға тақ Сүлеймен қылдырыпты
Сол қатын қоймай ерікке ойға алғанын.
- Қолың жетіп тұрғанда, қарма! - дейді,
- Атың жүріп тұрғанда, шарла! - дейді.
- Жананым, жаннан артық жақсы көрге
Жалғанда ойға алғаның бар ма?! - дейді.
- Өлшеусіз мұнан да зор бақ болса екен,
Сары ала саф алтыннан тақ болса екен!
Болғанша қиамет - қайым тот баспайтын
Кіршіксіз үй сүйегі ақ болса екен!
- Жанымнан өтті сенің айтқан сөзің,
Отырсам бәрі түгел көріп жүзің!
"Не нәрсе тот баспайтын бұ жалғанда?!"
Ақылды, данышпаным, айтсайшы өзің!
- Домбыра күй шертілер тиегінен,
Сөз саулар ақынның жақ иегінен.
Болғанша қиамет-қайым тот баспайды
Үй салдыр тамам құстың сүйегінен!
Сүлеймен зайыбының тілін алған:
Жиғалы тамам құсқа айырау салған.
Тамам құс бірі қалмай жиылғанда,
Бір құс бар, байғыз деген, келмей қалған.
- Бара гөр байғызыма, құлдық қылып
Болғанша қызыл-шақа жүнін жұлып.
Мұрнының тесігінен жүн өткізіп,
Алып кел келмесе де зорлық қылып!
Қаршыға байғыз құсқа барып келді.
Ай жүріп, ара қонып артып келді.
Мұрнының тесігінен қыл өткізіп,
Сорлыны дедектетіп алып келді.
- Байғыз-ау, кейін қалдың ғақыл тауып,
Қаршығам арып қалды - ау саған барып.
Тұлғаның тұла бойың тұңғышыңдай
Боласың неге тұлға өлмей қалып?!
- Патша әділ болмаған соң, күн көре алмай,
Өлерміз зоршылықпен жем жей алмай.
Өлік пенен тірікті салыстырып,
Екеуін жатыр едім теңгере алмай.
- Алдымнан келе алмассың енді қайтып,
Онан да жалынып бак шыныңды айтып.
Тіріні - өлі менен салыстырсаң,
Білдің бе екеуінің қайсысы артық?!
- Табылса әділ патша, арызымды айтып,
Кетермін мекеніме бір-ақ қайтып.
Өлі менен тіріні теңгеріп ем,
Тіріден болды өлінің біреуі артық!
- Кез жұмбай дария кештім пенделіктен
Көрмедім пайда жиған дүниеліктен.
"Өлу шық, өлмек артық - кем жоқ, "- деуші еді,
Тіріден өлі артылды не себептен?
- Жалғанда аз күн теріп нәсіп жерміз,
Білмейміз бұ жүргенде, не үшін жүрміз?!
Кей адам ерте жатып, кеш тұрады,
Оны біз тірі демей, өлі дейміз.
- Кеш тұру, ерте жатып кесір жасқа,
Жаздырып қою керек мұны тасқа.
Бөгеліп күні бойы келмей жаттың,
Бар ма еді алданышың мұнан басқа?
- Шамалап өз бойымды меңгере алмай,
Барамын жүріп қисық, жөнделе алмай.
Еркекті қатын менен салыстырып,
Екеуін жатыр едім теңгере алмай.
- Байғыз-ау, құтылмасаң шыныңды айтып,
Өлерсің зоршылықпен бейнет тартып.
Еркекті қатын менен салыстырсаң,
Білдің бе - екеуінің қайсысы артық?
- Еркекті ессіз қылып қара басып,
Зор болды ұрғашыға араласып.
Еркек пенен қатынды теңгергенде,
Бір қатын артық шықты саннан асып.
- Көз жұмбай дария кештім пенделіктен,
Көрмедім пайда жиған дүниеліктен.
Құдайым артық-кемсіз жұп жаратқан:
Болғаны қатын артық ол неліктен?
- Жалғанда аз күн теріп нәсіп жерміз,
Білмейміз бұ жүргенде не үшін жүрміз?
Кей адам қатын тілін алатұғын
Біз оны еркек демей, қатын дерміз.
- Қаралдың жұдырықтай, ақылың зор,
Қатын тілін алғанды қылдың ғой қор!
Айырдың қан төгетін көп кінәдан,
Байғызым, қанша дүние тұрғанша тұр!
Қылыпты тамам құстың бәрін азат,
Байғыздың бұл сөзіне көп болып шат.
Қатынның басын сонда алдырыпты
"Сен мені жұртқа рәсүр қылдың, - деп, - мат!"
Талайды қатын жолдан аздырыпты,
Ақымақтың көбіне көр қаздырыпты.
"Хазірет сөзі кейінгіге қалсын, - деп, - жад!"
Кітапқа мұны-дағы жаздырыпты.
МӘШҺҮР-ЖҮСІП ПЕН ҒАЛЫ КҮЗЕМБАЙҰЛЫ АЙТЫСҚАНЫ
ҒАЛЫ КҮЗЕМБАЙҰЛЫ СӨЗІ
Бісмілласыз басталмас(башланбас) Әмір-зибал!
Өнерің болса, жастықта(жаслықта) қимылдап қал!
"Жығылсаң, нардан жығыл!" - деген сөз бар,
Ақынға молда Жүсіп салдық шеңгел.
Лүпайттай (Лүбайда) шағырлықпен атың шыққан,
Мың сан ақын сіздерден(сізлерден) қойдай ыққан.
Бұхара, Ташкент, Самарканд, - бәрін кезіп,
Су жұқпас, сұм жігітсің жұртты құртқан!
Иманғали дейді екен атымызды,
Тәптіштесең, білерсің затымызды.
Мәшһүрге бір-екі ауыз бәйіт жазып,
Өтейік аһыл-ғылым хақымызды.
Жасыңнан сен түрлендің әрбір түрге,
Бұхар барып, қол бердің қандай пірге?!
Тоғыз айда һаммасын түгел етіп,
Енді пособляйть қылып тұрсыз редакторге.
Ақымақ адам мақтанар: "батыр" - десе,
Ақылды адам ұнатар: "пақыр" десе.
Өзіңізді "Мәшһүр", - деп, тақырыплайсыз (тағырыплайсыз), Ғалымдар (ғалымлар) тағырыпланбас: "батыл"- десе.
Әдетің: дүр өлеңге аят жазбақ,
Тымшым қып (тамасын қор ғып) біреудің ғайыбын қазбақ.
Тажа сұсымен ғайырының айыбын теріп,
Уа-айла, сіздей ғазиз жолдан азбақ!
Уәзипаңыз сіздердің дін шашпақтық,
Қараңғы - биналарға (надандарға) шам жақпақтық.
Мұжауһар уақытыңызды зайғы қылып,
Хайыф дүр газеттерге (газетлерге) сөз жазбақтық.
Мәшһүрдің өлеңіне әркім талып,
Хат таныған әншілер жазып алып.
Ағузымыз бисмилла айтпай, - аяттарды
Домбырамен айтады әнге салып.
Өлеңге аят жазыпсыз тақпақ қылып,
Надандардың бұзарын біле тұрып.
Жол білмес мұжықтарға атаман боп,
Тақытына қапаған кеттің кіріп.
Надандар кәпірліктен қылмас қауіп,
"Обалы Мәшһүрге!" - деп, сізге жауып.
Себепші сіз болғандай көрінесіз,
Ұрыларға бергендей сойыл тауып.
Өлеңге аят жазып жүрсіз ғапіл,
Ашуланба бұл сөзге, болсаң ғақыл.
Жикат жоқ, секін жоқ, ағырабына,
Надандардың көбін сен қылдың кәпір.
Өлеңмен жерсің мені, пісірместен,
Басын оқып, аяғына түсінбестен.
"Мін қал дұғай қара-ғыл!" - деген мақал,
Ашуланып бұл сөзге ісінбестен.
Әсерлі сөз, қарасаң ақыныңмен,
Қарамай нәпсі ниет жаһылыңмен.
"Әл мүмин мірат әл - мүмин", - деген сөз бар,
Хұсу сан жанаршылық жақының-мен!
Мен де жүрдім біраз жылда верный боп,
Бұл ісімді жақсылар көрмеді құп.
Молдалыққа кірістім, мұны тастап,
Басыма әрбір жерден тиген соң дөп.
Ғажізбіз сізге айтуға бір насихат,
Біраз сөзді көндірдім, болса да ұят.
Хамисақым келгенін жаза салдым,
Ықтияр:тілесең, тұт, тілесең, ат!
МӘШҺҮР-ЖҮСІП ЖАУАБЫ
Біреудің айыбын жыртып, бастадың сөз.
Демейміз: "Әмір-зибал"- ондайды біз.
Бет тырнап, перде жыртқан Әмір зибал,
Болғанын қай кітаптан көрдіңіз сіз?!
Көзі жоқ көбелектей ер екенсің,
Жолықпай сен кісіңе жүр екенсің!
Шеңгел салсаң, өзіме хылап болғаныңды,
Жыртқышы хайуандардың бірі екенсің!
Лұбатистан шағыр болдым заманымда,
Тапталған сендей талай табанымда.
Инедей істің бәрін бітірсем де,
Бойыма су жұқпаған жаманмын ба?!
Бұхар, Ташкент, Самарканд - бәрін кездім,
Електей дүниедегі жанды сүздім.
Інжу менен маржанға су жұға ма,
Білмеймін: бары-жоғын, жіпке тіздім.
Атынды не қыламын сұрап сенің,
Қай бір жақсы зат дейсің шыққан тегің?!
Насихатты осылай етсін деп пе,
Кәнеки, ғылым аһылы боп білгендігің?!
Әр жерге күші жеткен жол жүрмей ме,
Саудасын Бұхар, Ташкент жібермей ме ?
Ірбіт, Мәскеу, Макаржа - бара алмаған,
Басын, ұлтан, сабын сатып күн көрмей ме?!
Мен оқып шыға алмадым биік өрге,
Қол беріп, қыла алмадым қызмет пірге!
"Әл баракат, хиі (үйі) әл-харакат!" - мазмұнына
Кірістім бос тұрмастан редакторге!
Жасымда әкем қойған атым - Жүсіп,
Жұрт кеткен сүйгенінен: "Мәшһүр!" - десіп.
"Ғырыйып талмыз арыс", - білмей жүріп,
Сөз жаздың молдасынып, осынша ісіп.
Күйіндің маған, бала, жаның ашып,
Қажыдық әр өнерден біздер(бізлер) жасып.
Дін шашпақ – пайғамбарлық уәзипасы,
Ол жерге не қыласың сөз таласып?!
Жан жек көрер... "пақыр", - десе,
"Кадалфуыр әлі әлкіфір," - мұны білсе,
"Қырып алшы кәләмі алшы!" - деген сөз бар,
Несіне оның мәз боласың "кәпір" - десе?!
Батырлықты қош көрер ақылды адам,
Қорқақтық (қорқақлық) Тасуапта болған харам.
"Ерден иман құтылмас!"- деген бар-ды,
Көңілім бар шапағаттан, келсе шамам.
Тым сақыр тажа сыйды сенен көрдім,
Мен-дағы ондай-мұндай айтып жүрдім.
Көпсініп күндегенің осы болса,
Байладым, басы бүтін саған бердім.
Кімнің кәпір болғанын көрді көзің,
Дұрыс қой: "Аят жазба!"- деген сөзің.
Өлең айтқан бәрі де надан болса,
Сен де - өлеңші, байқасаң, надан өзің!
Сөзіме менің рас әркім ынтық,
Саған барып тиді ме болып мылтық?!
Себеп болар күнәға жері болса,
Адамға айтпа, оқыма, таста жыртып.
Наданды кәпір қылар қайсы жері?
Өзім де қорқудамын содан бері.
Өлең - сойыл, өлеңші ұры болса,
Өзің де санды ұрының болдың бірі.
Шаршадым мен мұндайды қуа-қуа,
Аузыңа, сандалыпсың, қонбай дуа!
Әлдәл Ғали Мапірі мұқдима,
Дәлелін өзің айтып, болдың куә!
Мінеки, болмады шыр, білдім мұнан,
Қыламын әр сөзіңнен сол құсынанзан.
"Құсынзан мұсылманға мін дөп"- деген,
Болмасаң сен мұсылман, қыл сопизан.
Сенікі – жан ашыған қарындастық,
Мақсыз жаһил әсері жұртқа паштық.
"Қамал мүмин бір салақа", - деген хадис,
Үш мастықтың біреуі, әттең, - жастық!
Япырым-ау, шыға қалдың қайдан, Ғалы?
Бізбенен үміт қылдың ойланғалы.
Жылың жылқы алдында, асықпай тұр,
Мейлің Арғын, мейлің бол Найман, Ғалы!
МӘШҺҮР — ЖҮСІПТІҢ ШАБДАР АТПЕН АЙТЫСЫ
Мәшһүр- Жүсіп
Сен, Шабдар, қай жағымнан келдің маған,
Кім ығыр ғып осынша мінген саған?
Арқа —басың ошақтай жауыр болған.
Мал сықылды түрің жоқ, сиқың жаман.
Шабдар ат
"Келдің, - деп, айыптама мені - қайдан?"
Шыққам жоқ жергілікті малды байдан.
Төлеуге Айдаболға келіп тұрмын,
Көк тақым қандыбалақ ұры Алтайдан.
Мәшһүр - Жүсіп
Малсың ғой жүгің жетіп арып келген,
Жетекпен талай жерге барып келген.
Қай көзі ашылмағыр, оңбаған ит
Сүйретіп сонша жерден алып келген?!
Шабдар ат
Бір иттен бір ит барып алып келген,
Онан бір ит саудалап алып келген.
"Өлмегенге - дегендей - өлі балық,"
Кез болдым күйінішті үйге кісісі өлген.
Бір көзім ашылмаған сорым қайнап,
Күнелттім өмір бойы ит - құс жайлап.
"Әйтеуір өлген кісі мінбейді!" - деп,
Жіберді ысқатына[расходына] мені байлап.
Мәшһүр-Жүсіп
Мінген жан сені желіп шапқан екен,
Арқанды ошақтай ғып баққан екен.
Мінбейтін, түспейтұғын моладағы
Өлікке байлап орнын тапқан екен.
Қор болған мал екенсің, жетімдейін,
Құдіретім-ау, не дейін, бетім дейін.
Ұрлық малы, өлікке сен арналсаң,
Мен байып сеніменен жетілмейін.
Шабдар ат
Желқомдап мінеді ерікке қоймай!- дейді,
От - суға жари алмай, тоймай!- дейді.
Мына бір шыбындарды қарасайшы,
Ағатай, қайтер мынау, ойбай!- дейді.
Мәшһүр- Жүсіп
Сол өлік Арғын ба еді, Керей ме еді?
Облысы Омбы ма еді, Семей ме еді?
Ысқатқа [расходқа] сендей малды байлағаны
Малы жоқ, қара каска кедей ме еді?!
Шабдар ат
Жоқ - жоқ, бай-ақ еді өзі таптан озған,
Анау - мынау кісі емес, Қақсал - Қозған.
Өз өлігін осынша өзі қорлап,
Уасуаса бір жұмысты шайтан салған.
Мәшһүр- Жүсіп
Жоқ шығар сенен басқа бір қарасы,
Ыңғайлы, келген осы-ақбар шамасы.
Жанашыр, бауыр туған жоқ болғанмен,
Жан ба еді қатын менен жоқ баласы?!
Шабдар ат
Жоқ, жоқ, бала бар бойы сымдай болған,
Қатын бар қылышқа алтын қындай болған.
Ұялас иттен көп туысқаны,
Бәрі ақылдан тап-таза сұмырай болған.
Үшеуі ұл, біреуі қыз, - бар төрт бала,
Екі қатын, бір кәрі кәріп (ғарыб) ана.
Артта қалған жанашыр ағайындар
Ысқатына (расходына) байлапты он бес қара.
Өлік өлсе, белгілі Біләл - басы,
Талап апты ағайын, кәрі - жасы.
"Басым кеп, менен артық кәріп (ғарыб) жоқ!" -
Бір атын алған Байбек, оз ағасы.
Қожахмет, Асқар дейді үлестірген,
Саған сондай шығардым деп есіттірген.
Аттан - тайлық, тайыншадан қойлық алып.
Жоқ орыннан болмашы несіп терген.
Қожахмет Кейкіге айтқан оңаша алып:
- Саған бір тай байлаттым бедел салып,
Өзіме арзан сатып кетіңіз!- деп,
Кейкі: "Құп!" - деп айтқан соң, әбден қанып.
Бұрын да жүрген жандар мал ықтырып,
Өздерін қызыл танау зорықтырып.
Тай қолына тиген соң мойын бұрмай,
Тук бермей кеткен Кейкі жер соқтырып.
Өлік малы сол қанша ырыс екен,
Бір жан жоқ деп айтарлық: "Бұрыс екен!"
Олжа алған өлік малын үлестіріп,
Асқар да ойсыз, мисыз қырыс екен.
Шідерті олжаласып, өзді-өзі алған,
Баязит пен Әшімге коп дау салған.
Жекжаттан жалғыз Ишан құр қалыпты,
Томпайып Баязитпен бірге барған.
Ишаны Баязиттің қасына ерген,
Тіпті елеп жан болмапты соны көрген.
Құнан, дөнен, бесті, өгіз - жануар деп,
Үркітіп бір тайыншаны зорға берген.
Мәшһүр-Жүсіп
Шықпаған кеудесінде жаны болды,
Жылқы емес деуге құйрық пен жалы болды.
Сауабын өліктерге сарт ететін,
Ұрлықтың арам сирақ малы болды.
Арқасы тап ошақтай жауыр болды,
Сойса асқа жарарлығы сауыр болды.
Алтайдан келгендігін ат айтқан соң,
Жетектеп алып кету ауыр болды.
Атанған бала жастан Мәшһүр өзі,
Барғаны Сіләмбектің қырқы кезі.
"Ат олжа емес маған, сөз - олжа!" - деп,
Мәшһүрдің сонда жазып кеткен сөзі:
"Арқан бар мінгізбейтін ерді салып",
Шыбын бар қуалайтын мазаңды алып,
"Жаз - жауырдан без!" - деген бұрынғылар,
Таба ғой жылы орныңды өзің барып.
Мойныңа, бағып жүрсем, сүйек байлап,
Күл-талқан қылар бір күн ит-құс шайнап!"
Жауырына жапсырып бір қағазды,
Жіберген қуып Мәшһүр үйіріне айдап.
КҮЙЕУ МАҒЗҰМ МЕН АРУАҚТАР
Нұсқа боп жазылған сөз қалар хатқа,
Ақындар әнге қосып, алар жатқа!
Бұйырған Баянтауда топырағы,
Мен бардым аруақтарға(аруақларға) зиаратқа.
Аруақтың өлгеннен соң - шым мен тас-ты,
Бір жерге қанша әлеумет қосқан басты.
Решетке қорғаны жоқ, жадағай боп,
Қалыпты - ау иесіз ерлер аяқасты!
Мәшһүр-Жүсіп.
- Өлікке дұға қылса, пайда! - дедім,
- Не түрлі жатырсыздар жайда? - дедім.
- Бір жерге қанша әлеумет бас қосыпсыз,
Решетке қорғандарың қайда? - дедім.
Аруақтар.
- Бір жаман өлім деген жора, - деді,
- Соңғыға бұрынғыдан мұра! - деді.
- Решетке - бізге деген баспананы
"Күйеу Құнақұл" дегеннен сұра! - деді.
Мәшһүр-Жүсіп.
Өлікпен сөйлестірген Хақ - тағала-ай!
Әр түрлі тамашаң бар талай-талай!
Жалмауыз жалғыз басты жүрген бір қу
Сұраймын нені біліп, онан қалай?
Аруақтар.
Жайымыз біздің жатқан өзің көрген,
Сиқыршы ол бір жұртты алдап жүрген.
"Решетке аруақтарға қорған қыл!" - деп,
Білмесең, Ғалым ноғай жүз сом берген.
Жалғанда кім құтылған нәпсі жаудан,
Шықпай жүр соның үшін басы даудан.
Берген соң Ғалым ноғай санап жүз сом,
Келтірген жетпіс ағаш Баянтаудан.
Басқыштан жоғары өрлеп сатыменен,
Дәуірлеп жақсылардың хатыменен.
Тасыған ол ағашты алты ай ұстап,
Жатақтың бір-бір шолақ атыменен.
Дүниеге жанын сатқан, ол - қу жалдап,
Мәз боп жүр: "Жеп жүрмін, - деп, - көп
Аты бар: мұсылманнан қалған жан жоқ,
Ат майын аты жоқтар берген жалдап.
Өлімнің қара жаман жорасына,
Тірілер зорлық қылды моласына!
"Решетке аруақтардың қорғаны," - деп,
Үйдіріп алды ағашты қорасына,-
Анадан тумай кеткір, қайдан туды?
Дүниені жалықпастан мұнша қуды!
Серік қып бұл жұмысқа тауып алды,
Өзіндей бір бұзылған тағы қуды!
Қуға қу кез болады әлдеқайдан,
Талайдың күйген аузы осындайдан.
Кетірді Баянтаудың күт пен сүтін
Екі қу қаңғып келген екі жайдан.
Бұзылып ол да әр жерден шыққан еді,
Талайды алдап, шоңқитып, соққан еді.
Азан айтып тұрғанда, бөтелкесі
Қойынында тұратын соққан еді.
Оқыған мұндай болып молда құрысын!
Қақпа мен заплат боп ағаш тұрсын!
Сақының қылған қайыры сел болады,
Решетке —бізге қорған - қайдан болсын?!
Мәшһүр-Жүсіп.
Білесің дүние жинап, мал бағуды,
Байларға өнер көрдің сол жағуды!
Жеріңнен басқан-тұрған өлім шығып,
Тілейсің сауысқанша қан ағуды!
Басылар мұнан былай енді қырың,
Құрулы қанды қақпан, жайған торың!
Кеше мен бүгін қайдан түзу шықтың,
Жеріңе басқан, тұрған мәлім сырың.
Баласы Орта жүздің сандалды ма,
Ісіне Құдіреттің таң қалды ма?!
Құл болды мен Қаржастың шаһбазынан
Сен расходын (ысқатын) алмаған жан қалды ма?!
МӘШҺҮР ЖҮСІП ПЕН ЖҮНІС ШАЛҚАРБАЙҰЛЫ
1.ЖҮНІС ШАЛҚАРБАЙҰЛЫНЫҢ МӘШҺҮР-ЖҮСІПТЕН СҰРАҒЫ
Бісміллә-әуел сөздің бітидасы,
Екінші - хамит сана болсын-басы.
Құдайым барша жаннан артық қылып,
Қолыңа ұстағаның-дүрдің тасы.
Бұлбұлсыз: қолдан-қолға тұрмай жүрген,
Бойға тең ешбір жанды көрмей жүрген.
Хан-қара, қожа-молда, төре болсын,
Мойныңды ілтипат қып бұрмай жүрген.
Бір шыққан жан едіңіз жұрттан асып,
Жетеді дәрежеңе кім таласып?!
Сол шыққан аузыңыздан(ағызаңыздан) ғылым (қаллам)-хикмет, Кетеді мәжілістерде мауқын басып.
Бұхар барып кірдіңіз дәрісхана,
Самарканд, Шымкент, Сайрам, Ташкент және.
"Әркімнің заманында Лубайт шағыр", -
Дегендей айтуымызға болдың дана!
Өтіпті бізден бұрын Әбушайыры,
Оның (аның) жоқ шағырлықта еш ғайыбы.
Болып тұр өнеріңіз соған ұқсас (ұқшаш),
Табиғат дұрыс болып тұрса жайлы.
Тыңдаса(тыңласа), құлақ құршы сізден қанар,
Естумен сыртыңыздан құмарланар.
Ғылым хал, ғылымидан баһра(паһра) алып,
Орнаған көңіліңізде —жанған фонарь-(панар).
Сөндірмей қойды тәңірі сол жандырып,
Бал шекер аузыңыздан дұр тамдырып.
Берілген ғақыл, бақыт, нақышыменен,
Кетесіз кез келгенді бір қандырып.
Бұзады табиғатты дүние сұм,
Жарықсыз —жүрген күнің, болған соң түн.
Сөйлесең, қара қалып адамдарға,
Жөніңді қисық қылып, табады мін.
Біз айтып тауыспаспыз сіздің кепті,
Аралап тамам еткен барша көпті.
Бұхарекең, Шортанбай, Сақау, Көтеш, Күдері,
Ұлбике мен - бәрі де өтті.
Өзі жоқ, бәрінің де сөзі қалған,
Табылмас сынға салсақ, ешбір жалған.
Молдакем, жауап берер кез келгенде,
Сұрайтын бір сөзім бар ойыма алған.
Сұраймын: бір мәселе емтихансыз,
Жанып тұр өнеріңіз:майсыз, шамсыз.
Ісінен(сыйынан) әрбір сабаз шығып кетіп,
Бой асып, жеке қара жүрген жансыз.
Келмеген талас-бақас біздің ойға,
Тағылар мұндай мінез мін боп бойға.
Кісіміз-халі мүшкіл кез келгенде,
Пайдаланып қалайық қалмай жайға.
Хат жаздым осы сөзді көңіліме алып,
"Жүргенім жарамас, - деп, - мақрұм қалып?"
Мұнтшыр бір пайдаңыз тие ме деп,
Ража сізден қылдым мен (мән) бір талып.
Барады күші жеткен Қағыба-қажыға,
Болмаған бару парыз дәулеті азға.
Шақыртып құзырына: "Сол келсін!"- деп,
Шығарған не себепті Миғражға(Мағражға)?
Бір сөзге көп дауласқан (низахаласқан) төрт періште,
Қызметкер әрқайсысы әрбір істе.
Таласып неше мың жыл мұназада,
Таба алмай басы қатқан ерте-кеш те.
Періште:төрт Мұқарраб таласыпты,
Таба алмай төрт мәселе қарасыпты.
Мың жылдай қабыл қылмаған сол мүшкілін
Молдеке(моллаке), ақырында кім шешіпті?
1899: 2. ЖҮСІП ШАЛҚАРБАЙҰЛЫНА МӘШҺҮР-ЖҮСІПТІҢ ЖАУАБЫ
Сұрадың бізден бір сөз, молда Жүніс,
Нұсқадан көргендіктен байқап дұрыс.
Қолқаңды пұлды қылып берейін деп,
Көңілімде сақтап жүрдім бір жаз, бір қыс.
Кеңестен қалман тоқтап тіл байланбай,
Кешікті шешілуге ыңғайланбай.
Шу мен шу, қан мен жыннан қорытылып,
Сүт болу оңай емес жыл (айланбай) айналмай.
Ел кезіп диуанадай жүрмін ақтап,
Арақ ішпей мас болып, сандырақтап.
Бір Мақпалдың баласы болғандықтан,
Ағаңды көтересің мұнша мақтап.
Құдайдың, көп шүкірлік, бергеніне!
Қағазға қолым жортып, желгеніне!
Қуандым лашығыма мен де сыймай,
Соңымнан сендей іні ергеніне!
Кітаптан мен көргенді сен де көрдің,
Ілесіп із өкшемнен баса жүрдің.
Бір жерден екі көңіл шыққандықтан,
Мен көрген жерден өзің жазып бердің.
Сөйлеткен жастан Тәңірім илһам беріп,
Бұлбұлдай қызыл гүлді жүрмін теріп.
Сөз формын (формасын) жұрт көзіне көрсетейін,
Самарканд жібегіндей оннан өріп.
Көңіліме ерте қонған сөздің ауылы,
Қолаттай таудан түскен қалың қаулы.
Бұл сөзге сіз сұраған көп періште
Талас қып неше мың жыл болған даулы.
Қағаз ақ болғанменен, сия-қара,
Қаламсыз оған қылар бар ма шара?!
Періште төрт Мұқарраб бас қосқанда,
Төрт сөзге қылысыпты мұназара(мұзазара).
Жүрген жоқ періштелер бекер ойнап,
Сүңгіген бұл дарияға әркім бойлап.
Шешуін бұл төрт сөздің біле алмаған,
Жанжал ғып, періштелер мың жыл ойлап.
Бір Алла Мұхаммедтің нұрын қылды,
Ғаламнан он сегіз мың бұрын қылды.
Артылтып құдірет өзі барша жаннан,
Ғылымға көңілін оның орон қылды.
Ғаламға заһар қылып, нұрын шашты,
Жебірейіл, Ғазірейілден білімі асты.
"Әманна осада қина", - деді бәрі,
Еш мақұлық - шайқамады оған басты. .
Кеңесті төрт періште басын қосып:
"Шешілсе, кәні, бізге бұл сөз?!" - десіп.
Әкелсе, ықтиярсыз Тәңірім айдап,
Ділгір боп, сұрар едік жолын тосып!
Құданың құдіретіне жақын қолы,
Жаратты бізден артық әлбетте оны.
Бас қосқан төртеуіміздің ортамызға, -
Тіледі: - "Бір келтір, - деп, - Тәңірім соны!"
Бұл сөзді шын тыңдаңыз, қойып құлақ,
Келеді жаңа саулап тыңнан бұлақ.
Шақыртты Жебірейілден сый құрметпен.
Сүйікті қылу үшін досын қонақ.
Балқытты қорғасындай, басса тасты,
Жеті қат көк қуанып, қойнын ашты.
Дұғасы періштелер қабыл болып,
Мұхаммед хақ пайғамбар Миғраж асты.
Қарасты хор қызлары қағып қасты,
Өте берді бұларға бұрмай басты.
"Пакина қаба қаусайын ау әданы", -
Білгенге онан жақынырақ жақындасты.
- Бастан басты саты ғып жүрдім! - дейді,
- Шымылдықтың ішіне кірдім!- дейді.
- Өз аузынан естілген - бұл сөз анық,
Бетпе-бет айқын анық көрдім!- дейді.
- Пердесіз Құдірет ашты, - дейді, - жүзін,
Неге меңзеп айтайын оның өзін!
- Иа, Мұхаммед хабибім, білесің бе
Дауласқан періштелер жанжал сөзін?!
- Есіл-дертім осы күн иүзің (жүзің)! - дедім,
- Маған керек өзіңнің сөзің !- дедім.
- Сен тұрғанда, қалайша білем дейін,
Білгүшірек(білгішірек) баршадан өзің! - дедім.
Кигізді ғымырақ тәж, лаулақ тонын,
Көрсетті тура өзіне барар жолын.
Жұлын тұта қос жаурын ортасына
Меһірбанлық тигізді Құдірет қолын.
Денеме Құдірет қолы тиді дарып,
Еттен өтіп, сүйекке жетті барып.
Екі емшегім арасы мұздай болды,
Қолқа, жүрек-кеудемді түгел жарып.
- Бойыңа зор жақсылық келді, - дейді,
- Шешерсің жетпіс екі тілді!- дейді.
- Немене періштенің даулы сөзі,
Көңіліңе қонды ма, айтшы енді?! - дейді.
- Дәл болды айтқаныңдай, пәлі! - дедім.
- Сұрасын енді менен, кәне?! - дедім.
- Аппақ қып, судан сүтті айырғандай,
Берейін түгел шешіп, оны! - дедім.
- Біреуі кінәрат дүр таласының,
Бар қамы адамзаттың баласының.
Мұны орнына келтіріп, қолмен қойып,
Жанжалын тыныш қылайын арасының.
Иншалла, рауа болар барша қажет,
Құдайға жылап қылса кім мінажат.
Біреуі талас сөздің – Аллаһу - ағлам:
"Пенделер табады, - деп, - неден Нажат?"
Бүл өзі болған бұрын әңгіме көп,
Дауласқан періштелер бұ сөзге көп.
Сөзінің болған тартыс біреуі - бүл:
- Дәреже, табылады неменең?! - деп.
Құлақтың қарызы жоқ сөзге тояр.
Білген жан сөз мәнісін көңіл қояр.
Біреуі сұрайтұғын сөзлерінің:
- Пенденің не нәрсе, - деп, - басын жояр?
Алла айтты:
- Иа, Мұхаммед, айттың жөнін,
Хақиқат, тауып айттың сөздің шынын.
Сөз еді түспей жатқан көптен көзге,
Жалаңаш қылыш тапты жаңа қынын.
Бұл жерге жан келмеді сенен өзге,
Менімен сөйлесуге жүзбе-жүзге.
Қылыштай қынабы алтын, жарқ-жұрқ етіп,
Асылың енді біздің түсті көзге!
Алла айтты:
- Періштелер, басынды қос!
Қонаққа келді бізге сүйікті дос!
Алдынан жолын тосып, жолығыңдар,
Алтыннан ағып келген құр қалмай бос!
Тігіп тур жол үстіне көзлеріңді,
Берік тұтып, бекем ұста өзлеріңді.
Шешетін сөз түйінін шебер келді,
Сұрап қал, қапы қалмай сөзлеріңді!
Бұ сөзбен періштелер қосты басын,
Көргелі тамаша етіп дүрдің тасын.
Алдынан әдеппенен( әдеп бірлан) сәлем бе;
Баршасы бірдей қойып шын ықыласын.
Исрафил сөз қозғады әуел бастап,
Кетпейін керек жерін айтпай тастап.
- Қапарат қасланбаған не нәрсе? - деп,
Көңілінде сұрар сөзін айтты ойқастап:
- Қылмайды еш нәрсені пенде біліп,
Қаларын және білмес неден әліп!
Пендеден табыларлық іс бар ма? - деп, -
- Күнәны быт-шыт қылып кетер бөліп?!
Пайғамбар айтты:
- Әрқашан құдай жар-ды (иар-ды),
Қылады Құдірет оңай-қиын, тарды!
Қапарат көп кінәға болатұғын, Қылдырса,
Тәңіріме оңай үш іс бар-ды!
Біреуі — таһараты кәміл болса,
Жер баспай, таһаратсыз, жүрсе-тұрса!
Қоймастан таһаратын әдет(ғадет)қылған,
Ойына келтірместен күйсе, тоңса!
Құдайды шын ықыласпен көңіліне алса,
Болса да барар жері алыс қанша!
Өмірінде әдет етіп, тәрк қылмастан,
Жамағат-намаз үшін мешіт барса!
Намазға ерте баруды ғадет етіп,
Мешітке елден бұрын барса жетіп.
Тырп етпей, намаздыгер оқыған соң,
Сарғайып намазшамды алса күтіп!
- Қалды ма сөзден шартық, кәне? - дейді,
Іздесең, міне, сөздің мәні-дейді.
Бұл сөзге періштелер қайыл болып:
"Садака ұстазыңа, пәлі!" - дейді.
Хазіреті Микайл(Михаил) жақын келді:
- Міне, жаңа көрдік, - деп, - сөйлер тілді.
- Табылды қапараттың әбден орны,
Дәреже артылады немен енді?
- Адам дария болады жүруменен,
Шеберлігін Құдайдың көруменен.
Дәреже артылады өлшеусіз зор,
Қолы ашық боп, әркімге беруменен.
Қасқайып мейман көрсе, керсе қасын,
Қол қусырып, шұлғытып тұрса басын.
Бергенге беру деген әркімде бар,
Бермегенге көл-көпір қылса асын!
Ақыл-естен айрылса, мейман көрсе,
Қабақ шытпай көлдей боп, шықса-кірсе.
Танығаны, танымаған - жан біткенге
Сыйлық пенен сәлемді бұрын берсе!
Түн қараңғы, жан біткен ұйықтап жатса,
Үйде отырып, тырп етпей бұл түн қатса!
Түн намазын оқумен дамыл көрмей,
Түн өткенін білмей қап, таңлар атса!
- Дәнемені білмеген-мұңдық, - дейді,
- Табылған сөзге тоқтап, тындық! - дейді.
Бұл сөзді естіп, Микаил (Михаил) кейін қайтты:
- Алтын болсын сөзіңіз, құлдық! - дейді.
Және бір сөз килігер қиын, тардан,
Сөз сұраған Жебірейіл пайғамбардан:
- Не нәрсе? - деп сұрайды білу үшін -
- Құтқаратын пендені қиын, тардан?
- Қалдырмастан сөйлейін сөзден шартық,
Ар жағында көзі мол, емес тартық.
Кімде-кім жаратушы бір Алладан,
Қорқынышы күннен - күнге болса артық.
Нәпсіні өзі билеп, жерді басса,
Отқа түсірер орыннан аулақ қашса.
Жұрт көзінше Құдайдан қорықса қандай,
Оңашада қорқынышы одан да асса!
Елең-селең қылмаса қарын тоқтық,
Отындық болмай мысың, болса оқтық.
Құдай үшін қолы ашық, болса мырза,
Бірдей болса көңіліне барлық, жоқтық.
Ашуланып, ажары бұзылмаса,
Елермесе есіріп, шатлық асса.
Мақтау, боқтау, - бәріне бірдей шыдап,
Ашуынан сақтанып тұрса оңаша.
Тамам болып мұнымен бұл сөз тынды,
Өтіріктен өтіп алып, таптық шынды.
Бұ да ойдағы өз сөзін сұрау үшін,
Ғазірейіл даярланды періште енді:
- Әркім өзі білем деп, қылар бір іс,
Қайсысы-оң, қайсысы келер теріс?
Біліп қылар пенденің бір ісі жоқ,
Бұ жалғанның ісі дау, жанжал, керіс.
Жүзіңізді көрген соң, қалдық тойып,
Ауызыңыздан не шықса, құлақ қойып.
Қандай нәрсе, айтыңыз әшкере ғып,
Білінбестен пендені кетер жойып?
Пайғамбар айтты:
- Рас, білу қиын,
Наданлар өз басының білмес сыйын.
Пайда менен залалдың білмей парқын,
Бас қосар бір араға қылып жиын.
Пір болып, басшы болып, бастаса жол,
Пір тұтып, берсе тегіс жұрт оған қол,
Болғанмен жұртқа кепіл, жұмысы жоқ.
"Пірадар" - дегенге мәз, түссе ақша мол.
Соңынан ерсе жұрттың кәрі-жасы,
Әр жерде болып дария алдында асы.
Жұрт қамын ойлауменен ісі болмай,
Нәпсінің айдауында жүрсе басы.
Қақ жолдан адасқанға нәпсі (ғалып)қалып,
Әйтеуір бірі жеңер барып-барып.
Иненің жасуындай қасиет жоқ,
Жоғалар өзін-өзі жоғары алып.
Әзелде тәңірім қылса, бар ма шараң?
Не пайда бар болғанмен, мың сан қараң?
Бас жоятын пәленің қақ маңдайы –
Бай болып дәулеті мол, болса сараң.
Пайғамбар қиын сөздің кілтін ашты,
Шат болып періштелер таңырқасты.
Сөзінің Мұхаммедтің шындығына
Құдайым өзі құдірет(меһірін) мөрін басты.
Дарыған Құдірет қолы бармағына,
Ілінген дүрдің тасы қармағына!
Шешуі осы сөздің себеп болған
Миғражға хақ Расулдың бармағына.
Қырық түрлі себеп жазған Сияр Шәріп,
Аралап оқып бәрін, көрген ғаріп.
Өзімнің ұстағаным осы болды,
Нұсқасынан Сияр Шәріп жазып алып.
Көрінген сонда түгел көзге түсіп,
Таласқан періштелер сөзін шешіп.
"Соз қылып барды-жоқты шата берген, -
Демендер - әуре жан ғой Мәшһүр-Жүсіп!"
Ғарық болдым мен күнәға бата-бата,
Көп қылды өтірік мақтап, жұрт миқата.
Аламын білместікті мойныма мен,
Сөзімде білмей айтқан болса қате.
Атамыз – Әбілбашар - Адам ата,
Әрқашан адамзатта болмақ қате.
Көңіліңе тиіп айтқан жақсы сөзім
Беріңдер естіген жұрт маған бата!
1900 ж.
ТҮРЛІ ТАҚЫРЫПТАҒЫ ӨЛЕҢДЕР, НЕМЕСЕ ЕРКІН ҮЛГІЛЕР
МҰСА ШОРМАНҰЛЫНЫҢ АСЫ
Бисмилла - бұ сөзімнің басы болды,
Екі елу ер жігіттің жасы болды.
Биылғы өткен жаздың ортасында
Мұсаның ат шаптырған асы болды.
Сол асқа жақсы келді, жаман келді,
Бай, жарлы, төре, қара-тамам келді.
Арғынның ақсақалы Саққұлақ боп,
Әр жұрттан әрбір жақсы адам келді.
Әкімбек Шідертіні өрлей көшіп,
Тәнтімен мырзалыққа ерегесіп.
Екі болыс: Айдабол, Күлік, Қаржас, -
Ac берді Сүйіндік боп басын қосып.
Мұсаның кім таласар бұ шағына,
Ел сыйған, жайса құлаш, құшағына.
Бақтыбай, Мақан, Шоман аулыменен
Айнала қонып алды ошағына.
Өлеңті, Шідерті мен - елге қоныс,
Мұсаға жан біткеннің көңілі дұрыс.
Ac берді екі облысқа, сауын айтып,
Тік тұрып екі оязнай, он бес болыс.
Жері еді ошақ қазған -"Шүршіт қырған".
Кім шығар Мұсадай боп енді қырдан?!
Уай, дүние-ай, ырғап-жырғап кайтушы еді,
Қожалар Қаратау мен келген Сырдан.
Жылқыны бауыздады құмап жарға,
Аққан су араласты қызыл қанға.
Омбы, Семей - бір шетін шақырудың
Жіберді Көкшетау мен Қызылжарға.
Қараөткел мен Қарқаралы,
Атбасардың Шақырды почтаменен мұның бәрін.
Келген келді, келмеген қала берді,
Бір үлкен жиын болды сондай қалың.
Қуандық, Сүйіндік пен егіз еді,
Ақылға - Мұса- Арғынның теңізі еді.
Жүз жылқы - алдыңғы аттың бәйгесіне,
Бұйымы жамбысымен тоғыз еді.
Топ болған ба Секербай, Мұса болмай,
Айтқан сөзі өр жерде қисса болмай?!
Серкесіз – қой, көсемсіз қош болған соң,
Қалай дәурен сүресің құса болмай?!
Керейден келген екен Жөкен асқа,
Саққұлақ сексен алты келген жасқа!
Қанша елден қанша жақсы келсе - дағы,
Мұсаның өзге жаннан орны басқа!
Мұсадай түгел туған жақсы қайда,
Жоқтығың білінеді әрбір жайда.
Хан болып қара басы, дәурен сүрген,
Мұндай ер енді анадан болмас пайда.
Тигізген бірдей қайыр жарлы, байға,
Бола ма тегін адам Мұса жайға?!
Онымен бірге туған - Әужан,
Иса, Кіре алмас рұқсатсыз (ұлықсатсыз) оязнайға.
Бақ, дәулет, ақыл, ғылым-тегіс еді,
Саф алтын, арамы жоқ күміс еді.
Жандарал неше келген князьбенен
Бәрінің құрдасындай біліс еді.
Асқар тау, дұшпан аспас-сары белім,
Айнала көз жеткісіз шалқар көлім!
Көркі едің Орта жүздің шырайындай,
Кешегі туың қайда, қайран елім?!
Көз көрмес, қолға түспес асыл еді,
Басқадан бақ, аруағы басым еді.
Асында кеше Керей: Сағынайдың
Сүйіндік өзге жұрттан асып еді.
Аспай, қайтсін, аз дәурен құрғаннан соң,
Құдай берген дәулетке толғаннан соң?!
Жарасып: ишан, қожа, молдасымен,
Секербай, Мұса болып тұрғаннан соң.
Әкімбек төбелесті салып жатыр,
Күсекей шатырда өліп талып жатыр.
- Керей, саған бұл аз! - деп, кекесіндеп,
Секербай қанша жолды алып жатыр.
Кеш келген Қанжығалы шегіншектеп,
Арғынның көбейтуге тобын жіктеп.
Саққұлақ айдалаға отырып алды:
- Толыбай, ұрандыға жүз үй тік! - деп.
- Мақтандың байлық айтып, Керей сорлы,
Билігін маған берсең, сол еді орны!
Бір жерге тамам Арғын бас қосқанда,
Жылқың жоқ - жолаушының аты құрлы.
Жалынды Керей сорлы ағатайлап,
Таныды ашып көзін, жаңа абайлап.
Әр таптан әр жақсыны соңына ертіп,
Сол асты қылды орнықты Мұса жайлап.
Жұрт көрген сонда Мұса салтанатын,
Көп нөкер қасындағы жамағатын.
Төрт інісі түп-түгел баласы мен,
Құдай да беріп қойған қолғанатын.
Мұсаға қара қазақ тең болды ма,
Есепсіз ақыл-ойы кең болды ма?!
Секербай - Малгелдінің бел баласы,
Ешкімнен қызыл тілде кем болды ма?
Тоқтау жоқ, сырғанайды табанымыз,
Құрып тұр бұған айла, амалымыз.
Жүк - тайлаққа, қалғандай ел бойдаққа,
Әлдеқандай болады заманымыз?!
Шорман өліп, жас қалған Мұса бала,
Таласа Шоңмен шықты Боштай және (жана).
Бой жетті ендігінің, ой жеткен жоқ,
Қанша жетті десең де, әлі шала.
Айдаған мың-мың жылқы байлар кетті,
Жылдан-жылдар, айлардан айлар өтті.
Қырық асып, елу барып, не боламыз?
Жиырма, отыз бенен текке кетті.
Дүние-ай, қорлықпенен өткенің бе,
Шыныңмен, жиырма бес, кеткенің бе?!
Өлеңменен газетте біз жүргенде,
Аяңдап, қырық пен елу, жеткенің бе?!
Мұса өтті, былтырғы қыс - биыл болды,
Тіріде жүрген жері жиын болды.
Күн көрген мәжілісінде қожа, молда,
Кең дүние тарыдай болып, қиын болды.
Жеткізер құдай, пенде қылса талап,
Дүниені кім өткізер қолдан санап?!
Үлгі жол - бұрынғының әрбір ісі,
Кітаптан қалмайды екен жанасалап.
Күні өтті ғапілдікпен пенде білмей,
Не білейін мұңдық жайын, басқа келмей.
"Өлі тілін - тірі алмас," - деген сөз бар,
Сақтанбас ғапіл пенде, көзі көрмей!
Көп шығар әрбір түрлі біздің тұста,
Бірдей бол, шамаң келсе: дұшпан, досқа!
Бір басымда мың ғайып толып жатыр,
Сөйлеймін: болғандықтан - ақылым қысқа!
Аузыма, қайтармаймын, келген сөзді,
Сөйлесін деп қойыпты Тәңірім бізді!
Іздесең де, дүниені, таба алмайсың,
Мендей қисық, сынбайтын қатыгезді?!
Парқы бар жақсының да жаманменен,
Ғалым бірдей бола ма наданменен?!
Аллаға жағам десең, азанды бол,
"Халыққа жақ, - деген сөз бар, - қазанменен!"
Жүремін қалт-құлт етіп: "Бердімменен",
Ісім жоқ жақсы-жаман ешкімменен.
Аллаға азаным бар, қазаным жоқ!
Жағамын бүкіл жұртқа мен немменен?!
Парқы бар жақсының да жақсыменен,
Бола ма, балгер бірдей бақсыменен?!
Артымда ненің барын-мен білем бе,
Жамандық - қанша болса, тапшы менен!
Парқы бар жаманның да жаманменен,
Жүйрік ат тең бола ма шабанменен?!
Өткіздім мен өмірімді бекер босқа,
Осындай әуре-сарсаң заманменен.
Жүремін шүкірлік қып денім сауға,
Үміт бар - ермеспін деп-нәпсі жауға!
Көзіме айт, сыртыма айтпай, қасың бар ма,
Қылайын білместікке мен һәм тәубе.
Жабысты маған өлең он бес жаста
Жұрт айтты:
- Не қыласың?- дейді - таста!
Өйткенмен қоя алмадым бір білген соң,
Сотым жоқ қылған жұртқа мұнан басқа.
Жақсы өтті, табылмайтын, кеше мырза,
Онан жақсы асқан жоқ осы қырда!
"Керек орны мұның да бар екен!" - деп,
Сөзіме әрбір айтқан болған риза.
Хазірет айтты:
- Сенікі өнер! - дейді,
- Әр сөзің әрбір жөнге келер! - дейді.
- Мырзаға жарастықты сөз сөйлесең,
Жұрт бата өлеңіңе берер!- дейді.
Сонымен мен мырзаны қозғадым ғой,
Солардың ынтымағын бұзбадым ғой.
Жүйрікпін: өз әлімше жүгіремін,
Демеймін: "Бүкіл (бүтіл) жұрттан озбадым ғой!"
Пайдасыз жұрт нанады өсек сөзге,
Өнер жоқ - жұртта табар онан өзге!
Жетпеген күші аузына қожалармен
Үйінде Баттал мырза келдік кезге.
Сөйлестік бір-екі ауыз сөздің жөнін,
Жүсіптің кім кеседі қызыл тілін?!
Өзіменен өзі білген әулие ғой,
Біреудің сөйлемек қой біреу мінін!
Тимеймін мен бұл жұртқа тіпті тектен,
Не түсер сақтағанмен, өкпе кектен?!
Жамандап мені барып Мәжи қожа,
Алыпты бір түйені Ақылбектен.
Түйе алмайтын кісі ме жай да барып,
О да жүрген қожадан бүркіт алып.
Баянаула, Қызылтау арасына
Қожа жүрген өсектен көпір салып.
Тере берсек, айтуға сөз де көп қой,
Бұ күнгі қожа, молда - арам шөп қой.
Ақсүйекке өсектің ұнамы жоқ,
Қара казак баласы біздерге еп қой.
Менің қанша сотым бар қас көргендей,
Өнер жоқ - ауыз бағып, жай жүргендей.
Бұл казактың баласы дуагөйге
Өсек айтпай жүрсе де, ас бергендей!
1885 ж.
ИМАНЖҮСІП АТЫНАН ШЫҒАРҒАНЫ
Жел сөзге болған жастан ауызым епті,
Жас та болсам, ел кезіп, көрдім көпті.
Қалың топтың тастайын ортасына,
Ғаріпшілік жөнінен біраз кепті.
Жазған екен несібем менің түзден,
Күдер үзіп тұрғанда, ел-жұрт бізден.
Еске түсіп қайран ел, ішті бұрып,
Жас домалап кетеді екі көзден.
Талай көрдім қызығын қуат, күштің,
Хисабы жоқ басымнан кешкен істің.
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Талай жерде көзімнен бір-бір ұштың!
Heшe түрлі іштегі түйін шешіл,
Екі қарым жазылып, аяқ көсіл!
Жатсам, тұрсам, есімнен бір кетпейсің,
Суы менен жары кең, қайран Есіл!
Бір жағы - ащы, бір жағы балық қасың,
Қоныс болған түйеге көкпекті асың!
Үйден шықсам, көрініп тұрушы еді,
Қоңыр адыр, Қоянды, - сенің басың.
Күнбатыстан көлденең аққан Нұра,
Оған келіп көп өзен құйған жыра.
Сарыарқаның көде мен бетегесі
Шөбің болған(запоске) запасқа, суың - сыра.
Бұғылы мен Тағылы - бүркіт салған,
Ұйпалақтап қып-қызыл түлкіні алған.
Ақтау, Ортау, Сарысу, Көктің көлі,
Бір-бір ұштың көзімнен, дүние жалған!
Ішім түтін болғанда, құр сыртым сау!
Маған десең, көз жасым жаңбыр боп жау!
Бүркіт алып, басыңа мен шығайын,
Бір көрінші көзіме, Ереймен тау!
Қайтушы еді жаз болса, жайлап елі,
"Абылай аспас Арқаның сары белі".
Қырық мың жылқы түссе де, лайланбайтын,
Аюлы мен Нияздың қара көлі.
Аққан Есіл-тау, тастың арасынан,
Асып кетіп, тасыған шарасынан.
Баянаула, Қызыл тау, қош аман бол,
Бет жылынар барғанда панасынан.
Неше түрлі жүрекке түсті жара,
Тәңірім салған ісіне бар ма шара?!
Сүйіндікке бет алып жүргенімде
Қақ жолымда тұрушы ең, Балтақара!
Мұнарланып көрінген бастарың - ай,
Қатарланған жүктей боп тастарың - ай!
Қайран таулар есіме түскен күнде,
Аға берген көзімнен жастарым - ай!
Күн қайда, керуендей жүрген көшіп?!
Оқыс-оқыс кетесің еске түсіп!
Талай қатын Қыпшақтан ұл тапқанмен,
Өйткенмен бола алмас Иманжүсіп.
Күнім қайда баяғы таңдай атқан,
Қараөткелдің көшесін тасырлатқан?!
Бидайықтай күндерім (күнлерім) кетіп қалып,
Жарқанаттай күнімді көрдің жатқан!
Әкем Құтпан болғанда, ағам - Шоңай,
Адамзатта мендей боп тумас құмай.
Көзім түскен қыздарды ап кетуші ем,
Тоқты мен лактай тіпті оңай.
Мен жерімде, бозбала, қадден астым,
Менменсіген талайдың көңілін бастым!
Қасыма ерген жігітке олжа салып,
Бір қыста сегіз қызды алып қаштым.
"Алып кетті, - деген соң, - Иманжүсіп,"
Қалушы еді ел-жұрты сылқ түсіп.
Қайда кетіп қалғанын білмей жүрмін –
Ұрттап, төгіп жүрген күн, шайқап ішіп?!
Почтабайшы сықылды маған болыс,
Аударылды сол үшін біздің қоныс.
Тасырлатып келгенде, қолым қышып,
"Мынау қазақ - демеуші ем - мынау орыс!"
Бұл жалғаннан мен қайтып тұрақтайын?!
Саулап жанып барамын шырақтайын!
Аузы түкті неменің талайларын
Сабаушы едім бақыртып лақтайын!
Аман бол, ата жұртым, халым, елім,
Сіздерді (сізлерді) болар ма екен көрер күнім?!
Жатсаң, тұрсаң, Құдайдан жалбарынып,
Тілей гөр - аз күн өмір, аға, інім!
Көре алмаған ағайын қылып қастық,
Ауылымызға әкелді күнде бастық.
Арпалысып бастықпен жағаласып,
Сол себепті бұл жерге қадам бастық.
Бір ер мақтап жүргенде, біреу боқтап,
Ағайыннан қалыпты көңіл тоқтап.
Қуандық пен Сүйіндік, Керей, Уақ,
Сағынғанда, санаймын тегіс жоқтап.
Еңбегім, кетемісің текке зая,
Жараттың бейнет үшін, бар Құдая!
Бір Құдайым салмаса көздің қырын,
Пана болып кім тұрар, маған сая!
Сағындым құрбы-құрдас еске түсіп,
Еркімізше сөйлескен желдей есіп.
Тілеулес боп тұра гөр, Ғайып ата,
Сүйіндіктің бұлбұлы - Мәшһүр-Жүсіп!
Еске түсті жерлерім жатып-тұрған,
Сескенбеуші ем(едім) мылтықтан атып тұрған!
Еріксіз айдап келтірген осы жерге –
Дәм мен тұздың бұйрығы татып тұрған.
Жараңдар (жаранлар), болмаңыздар
Хаққа ғасы, Заманы жоқ: батырлық - жанның қасы!
"Адам басы - Алланың добы!" - деген,
Не көрмейді ат пенен жігіт басы?!
Үйден қуып шығарған, көп жорытқан,
Емес едің дүниеден құр алақан!
"Қысқа күнде қырықты алған" қыран едік,
Болып тұрмыз бұл күнде жас балапан!
Жаза берсем, шақ келмес қағаз, сия,
Мен білмедім көзімнің жасын тия!
Сілетінің бойында - қалың Қыпшақ,
Көптір қажы баласы - Қанафия.
Құндыздаймын отырған шыққан елден,
"Сақтай гөр!- деп, - Құдая, тіл мен көзден!"
Аюлы мен Ниязға бет қойғанда,
Ат шалдырып, өтуші ем Баспа көлден.
Қараөткелдің бауыры қалың шұбар,
Ат мойнына үкілі тақтым тұмар.
Бір түстеніп, аттанған ауылымда,
Қалушы едің қыз-қырқын, бала құмар!
Ауылым көшсе, қонар әр өткелге,
Салсам қағаз, жетер ме Қараөткелге?!
Сәлем де Тұрсынбек пен Дәулетханға
Жасынан бас кемшілігі зары өткенге!
Бола бермес барлығы ойға алғанның,
Көріп едім қызығын бұл жалғанның!
Сондай күнді басынан өткізгеннің
Менде ақысы қалды ма енді арманның?!
Туған, өскен еліме аман барсам,
Арман сол: қайғы, қасірет - мұнда қалсам!
Бір күнгідей болмас ед көрген тарлық
Жасы жеткен әкеме топырақ салсам!
СУЫРДЫҢ ӨЛЕҢІ
Ал, суырдың естіп пе едің әңгімесін,
Құдайға құл болған жан адал жесін.
Ағайынды аң екен: суыр, тышқан,
Айтайын інде жатып көрген ісін.
Бір аң бар: "суыр" - деген, жонда жүрген,
Жерінде жонда жүрген Қозған көрген.
Қаша алмай жазық жерде, қолға түсіп,
Бейшара қорыққаннан інге кірген.
Сонда Қозған суырға амал тапқан,
Базардан пұл көріпті суыр сатқан.
Қозғаннан бір жан қалмай аттанысып,
Бір сомнан сатып алды темір қақпан.
Аттанды ауқым салып үй басына,
Суыр қашты жондағы ордасына.
Терісін ақша қылып бейшараның,
Еті мен майын жеді тамағына.
Терісін үйтіп жеді, соймас болды,
Етіне дәндеген соң, тоймас болды.
Жондағы толып жатқан көп суырдан
Тұқымға жалғыз суыр қоймас болды.
Бүл Қозған басын қосып кеңеседі,
Суырға дұшпан болып егеседі.
- Бір арыз қырдағы елге айталық! - деп,
Жиылып тамам суыр кеңеседі.
- Жылайық: қырдағы елге арыз салып,
Оқыр ма суыр хатын қазақтанып?!
Саршұнақ тышқанды жіберейік,
Жеп қояр Қозған көрсе ұстап алып.
Аң едің ағайынды: суыр, тышқан,
Кем емес жүйріктігің ұшқан құстан.
Саршұнақ тышқан, хатты алып, сен бара гөр,
Жеп қояр бізді көрсе, Қозған дұшпан.
- Салып бер қағазыңды қойыныма,
Жіппенен мықтап байла мойыныма!
Бейшара, арызыңды жеткізейін,
Мысықтың жолықпасам ойынына.
Оймен жүрсең, мысықтың көрмес көзі,
Тышқанның білінбейді басқан ізі.
Бір қағаз печаттаған алып келді,
Ішінде оқып көрсе мынау сөзі:
- Бұл Қозған терімізді бітеу сойды,
Тауыпты: "Пұл болад!" - деп, мұндай ойды.
Қағазға мор басатын биіміз жоқ! - деп,
Жиылып қаранейлер қолын қойды.
Қырда жатқан ел едің,
Қуандық пен Сүйіндік.
Суыр деген аң едік,
Қозғаннан көрдік қиындық.
Қысылғаннан бір жаннан,
Сіздерге қарап сыйындық.
Екінші арыз айтамын:
Арғын менен Найманға.
Осы Қозған кем бе еді,
Қырдағы елден қай малға?!
Суырлық төбе қалмады,
Қой мен сиырын жайғанда.
Арамсынып қоймады.
Насихат айтып, тоқтау қыл,
Қозған деген хайуанға!
Дәндеген соң бұл Қозған
Ұйықтамады ұйқыны.
Талақ қылып тастады
Қатын, бала, күлкіні.
Залалы тиіп жүрсе де,
Ауламады бұл Қозған
Қасқыр менен түлкіні.
Қозған біткен жонда жүр,
Інге келіп телмірді.
Күнде келіп салады
Қақпан деген темірді.
Бұрын жалпақ ел едік,
Етімізді жеп семірді.
Мұныменен қоймады,
Басымызды кемірді.
Құтылмадық біз байғұс
Қозған деген қазақтан.
Өлгенінше бұл, Қозған
Құтылмассың мазақтан!
Жаралған шығар ит
Қозған Шүршіт пенен қалмақтан?!
Басқа шығар тұқымы
Қырда жүрген қазақтан?!
1930 ж.
БАЙДАЛЫНЫҢ ИСАСЫНА
Қолыма қағаз, сия, қалам алдым,
Алданып сұм жалғанға жолдан қалдым.
Қосылған көптің басы жер болған соң,
Жәрмеңке-Баянаула - соған бардым.
Саудам жоқ қылар мұнда сол бір тиын,
Деген соң, келе қалдым: "Ұлы жиын".
Кісіні алған, салған көзің көріп,
Болғаны базар кедей, сол бір қиын.
Мен жүрмін құр күнәны мойынға артып,
Жалғанда күле алмадым езу тартып.
Құр келіп жәрмеңкеге бос жүрген соң,
Мұнан да керек еді кетсем қайтып!
Базарда текке қаңғып, босқа жүрдім,
Болған соң намаз уақыт, мешіт кірдім.
Мешітте памдат - намаздың сол алдында
Исамен амандасып мен жолықтым:
- Базарда жолығып ек бір-екі жол,
Онда да амандасып, ұстасып қол.
Бұ-дағы аруақ қонған жігіт еді,
Болса да дәулет тапшы, бақыты(бақтысы) мол
Әр түрлі шыққан ерлер Айдаболдан,
Бабырға, Құлнияз бен аруақ қонған.
Байдалы, Сары, Құнды болып келіп,
Үшбу күн сол орында Иса тұрған.
Ағасы Мұстафа да болып еді,
Бақ, аруақ ерте соған қонып еді.
Кеше Мұса, Секербай заманында
Шарасы мың сан малға толып еді.
Бұл күнде мал кетсе де, бақ кеткен жоқ,
Жамандар қанша қуып, бір жеткен жоқ!
Жеткізіп көп орынға, азды жұмсап,
Өзінен қара қазақ әлі өткен жоқ.
Қорқады қарасынан дұшпан шошып,
Мүсәлім, Жәпек, Иса - басын қосып.
Балуанның әдісті айла жыққанындай,
Түсірер шалқасынан бір–ақ тосып.
Бұлармен оңалған жоқ алысқандар,
Ақылға Жәпек, Иса данышпандар.
Шығысты жәрмеңкеде топты бұзып,
Айдаһар айбатыңдай арыстандар.
Алысқан бек ерменен тамам күшті,
Ақылға Жәпек, Иса тым-ақ есті.
Құлнияз, Бабыр - түгел болғаннан соң,
Жығылып, мойыны астына жаман түсті.
Алысып бұрын-дағы оңбап еді,
Бұларды аруақ, Құдай қолдап еді.
Ана жыл еткен сайлауда Жәпек, Иса,
Уезге (үйезге) де Стабалов болмап еді.
Үйездің қорқытуы жетіп еді,
Қорықпай-ақ енді бұлар өтіп еді.
"Мықты екен Жәпек, Иса әр уақ (аруақ)",
Жайылып тамам жұртқа кетіп (жетіп) еді.
Сонан соң үш-төрт жылдай қылды жүріс,
Сайлаудың биылғы өткен бәрі-керіс.
Бас қосқан қалың топтың ортасында,
Қалғандай таң-тамаша, қылды бір іс.
Жегені жамандардың күнде таяқ.
Жақсысын бауыздауға қойды таяп.
Мырзасы ойдың, қырдың үміт қылған,
Қалған жоқ еш өнерін мұнан аяп.
Аяғы бір басқаннан тайыспады,
Еш титтей жасып бұлар майыспады.
"Өнерпаз өрге жүзер", - дегендейін,
Жарысқан қатарынан қалыспады.
Деп еді:
- Болыстықты берем алып,
Талпынды бар өнерін соған салып.
Ұялған-ақ шығар-ау, біз жоқпыз ғой,
Үш таспен шыққаннан соң, шардан қалып.
Мүсәлім бой бақпаған, жас бала ғой,
Еркелеп жалғыз өскен мас бала ғой!
Он бесінде оңар жан бас болады,
Өлшеусіз ауыл үйі кең дала ғой!
Жасынан Жәпек, Иса сөзді ұтқан,
Алысқан айдаһарын жерге тыққан.
Кең сабаның қоры ғой көп ойлаған,
Енді өнері бар ма екен қалған-құтқан?!
Жарайды: пәлі, рақмет - Жәпек, Иса!
Бақ кетпес өзді-өзіне әркім қиса!
Иншалла, редакторге жіберермін,
Мейрамға муафиқ боп, жөнге сиса!
Мүсәлім, құтты болсын орыныңыз!
Түгел боп жаралыпты форымыңыз!
Кейкиіп ағаңыздай кете бермей,
Ескеріп ғалымдарды бұрылыңыз!
Жерінің Арқа деген – аты - Құлжа,
Бір шыққан бақытымызға сіз - бір мырза.
"Тәкаппарға тәкаппар садақа!" - деп,
Әр жерден Алла берсін ұзын олжа!
Дін іздеп, барып өлді атаң қажыға,
Баулыды сені халқың аққу, қазға!
Бәрінен: қара, төре - басып өттің,
Бұл бақыт біле - білсең, саған аз ба?!
Қасыңда тағы да отыр мырзаларың,
Түгел боп қалың топта шықты шарың!
Құлнияз, Бабыр, - түгел болғаннан соң,
Кеңіген(кенелген) оңай болып қиын, тарың!
Қағазға өлең жаздым бес-алты жол,
Тимеді бала-шаға, шаруадан қол.
Жалпақтап әр мырзаға жалынбаймын,
Ескеріп, елегенге риза бол!
БЕРДІБЕК ҚАЗАНҒАП ҰЛЫНА
Дүние, ойлай берсем, жалған дейді,
Әркімді әлекке тек салған дейді.
Дүниені өле-өлгенше қуып-қуып,
Аузы аңқайып... қалған дейді.
Хикаят сөз бастайын әуел бастан,
Бұл күнде жүйрік қайда таптан асқан?!
Сөзімді құп тыңдайтын ғазиз болса,
Хикаят, соз жазайын біраз дастан.
Заманды жылдан - жылға қуландырды,
Бойыңды алтын-күміс буландырды.
Келгенде жүз, тоқсанға бір өлім бар,
Көзіңді әлі-ақ бір күн суландырды.
Дүниеден неше-неше өтті-ау жандар,
Құдайдан, зар жылайды, қорыққандар.
Кеудемде түрлі-түрлі оқиғам бар,
Айтайын, тыңласаңыз, ей, жараңлар!
Өтіпті бізден бұрын мұрсалдары(мұрсаллары),
"Дүниеден өтпеймін!" - деп, соның бәрі.
Қызығы бір күнгідей болмайды екен.
Патшалық, тақта отырып, құрса-дағы.
Арасы - топырақпен алтын, күміс,
Ағаштың бәріне де бітпес жеміс.
Біреу - бай, біреу - жарлы, біреу - ғаріп.
Дүниені жаратқан жоқ тіпті тегіс.
Алтыннан - жер астында - кімге пайда,
Дүниеден, ажал келсе, болмас айла.
Болмағың жақсы - жаман Құдіреттен,
Шөп шықпас, су жүрмесе, терең сайға!
Біз - түлкі, ажал - бүркіт қоймайтұғын,
Нәпсіміз - бір аждаһа тоймайтұғын.
Күнәміз: мықтап тиген - ол - бір киім,
Нәрсеге одан басқа бұрмайтұғын.
Тілім - өткір қылыш қойған қайрап,
Жұтады отыз тісің, нәпсің, шайнап.
Тамырың алпыс екі - жіп секілді,
Бекітіп дүниені қойған байлап.
Бай болсам, тұрмас па едім үйде жатып,
Істедім әр нәрсенің басын шатып.
Атанып "Қожа-молда", елді кезіп,
Ораза, намазыңды малға сатып.
Алғаным (сол уақытта) қатпа сиыр, қотыр тайлақ,
Ат алдым ер тоқымсыз тұғыр жайлап.
Көбінің беретіні қошқар болды-ау,
Умасын салақтатып, қайттым айдап.
Алғаным - бір мырзадан сүлтік торы,
Жануар күрейсіге малдың зоры.
Қожа менен молдаға ыңғайланып,
Тұрады қалай оңай малдың қоры?!
Мыңды берген Құдайға бірді бермей,
Билеп алған кеудесін шайтан керней.
Мал үшін аш қатасың, жан сатасың,
Досың жоқ, дұшпаның(дұшманың)жоқ, тыныш жатасың
Жиюға бар кию мен, еш беруге жоқ,
Неткен жұрт - мал өлтірген жеті атасын?!
Шошақ келер қожайынның тебетейі,
Сход(ысқад) (сыбқат) десе, бүлкілдер көмекейі.
"Кесілмеген қай жерде бала бар?" - деп,
Аңдығаны - баланың шөметейі.
"Кесуге - керек, - дейсің, - онша жарақ,"
"Мінекей, - деп айтады-ay, - қолда бары-ақ!"
Ол заман мен бұл заман - көрдіндер ме,
Бес тиыннан - он тиын болған қарақ.
Үш-үштен басын қосам, тоғыз әріп,
Болар ем, мұны білсем, кәләм шәриф.
Пайдаң жоқ өмір бойы еткен маған,
Тап енеңді с...н наху-шәріф.
Аулақ жүр, жырағырақ менен мантық,
Мажбік жоқ, ойлап тұрсам, сенен танық?
Ғылыммен өтсе өмірің, оңбағаның,
Мың ғылымнан - бір ғайын мим-ләм артық.
Күш-атта; ақыл-ес, сөз малдыда
Ақыл-ой, ар-ұят жоқ жарлыда.
Парыз, уәжіб, сүннетті түгел қылып,
Жалғыз-ақ саған: "насыбай", - деген сөз қалды ма?
КҮЙЕУ МАҒЗҰМ МЕН ХҰРШЫМ
Не күшті? Ойлап тұрсам Құдай күшті,
Құдайдан кім тоқтатар болған істі?!
Құдіреттің шеберлігін танытуға,
Аузыма өз-өзімнен бір сөз түсті.
Тұрайын неге қарап денім сауда,
"Ит бауда, - деген сөз, - теке тауда".
Қағазға қисса қылып жазған сөзім
Тамаша болған бір іс Баянтауда.
Сөзіме жүрдім жұртты таңырқатып,
Дүниеге бір күн қалқып, бір күн батып.
Жәрмеңкеге бір себеппен келе қалып,
Біраз күн Баянтауда қалдым жатып.
Халайық, естісеңіз, міне, бізден,
Айтайын әңгімені көрген көзден.
Әңгіме Баянтауда болу үшін,
Жалғыз қу келген екен қаңғып түзден.
Хазіретінің Бибісі менен көзі кетті,
Дүниеден пәни жалған олар да өтті.
Аяғы өлгендердің жасырынбастан,
Айтайын уақиғасын, енді не етті?
Ұрғанын енді қара бір Құдайдың,
Ішінде шыдай алмай бір-екі айдың.
Бұзауы жамырағанда, жылайтұғын,
Түбі-Уақ, жиені екен Молдабайдың.
Мәшһүрден естіп қара мына сезді,
Түңіліп естіген жан күдер үзді.
Үйінде Кәбіш Жәмиі малай болып,
Бала ұстап, үй сыпырып жүрген қыз-ды.
Тоқалды әлекедей жалақтатып,
Алтынды айырбастап, жезге сатып.
Сықылды почтабайшы жалдамалы,
Нәрсесін буған, түйген салақтатып.
Бүл сөздің, естісеңіз, міне, басын,
Зейнеш қыз Хұршымменен қосты басын.
Тырп етер бейшараның шамасы жоқ,
Жүрді де, төге — төге көздің жасын.
Бір-екі жыл өткізді жаз бен қысты,
Ынтымақ бір тоқалмен ішті-тысты.
Хұршым сорлы болғанын білгеннен соң,
Жаны аяулы жақсылар басын қосты.
Сәкен айтты:- Келсін, - деп, - Бекжан мұнда!
- Бұл кеңеске керек, - деп, - және Зында!
- "Өзі білер!" - деп жүрдік неше жылдай,
Күйеу, енді бүл сөзді әбден тыңда!
Куә болар осыған тап кісіңді,
Анықтап сал мойнына жұмысыңды!
Нақақтан қорлаймын деп сен ойлайсың,
Ұнатпас дос пен дұшпан бұл ісінді!
Алып кел екі - үш куә: құран алсын,
Мойнына жұрт алдында айқын салсын!
Болмаса, қатын өсек сөзіңді қой,
Жеңілдік, мұнан былай, мінез қалсын!
Асылы, жоқ болады гулеген сөз,
Көптің алды, қисыққа құрулы тез.
Нақақтан сорлы Хұршым күйгені не –
Жұрт білген жан жоқ болды, жетті ғой күз!
- Бозбала, отырмаңдар, мойын салып,
Барыңдар екі ат жегіп, ойын салып.
Келмесе, ол үйінде жата берсін,
Барыңдар бес-алтауың қатынды алып.
Дүниесін бере берсін Хұршым танып,
Бастырып екі арбаға тиеп салып.
Сол үйден (ыстық) сынық ине, түк қалдырмай:
Келіндер! - дейді - түгел жинап алып!
Бозбала бұл жарлықты ұғып алып,
Қамданды жегіп атты даярланып.
Күйеуге бұл хабарды жеткізіпті,
Шайтаны бір адамның ұшып барып.
Еліктей Күйеу ұшып келіп қалды,
Сәлдесін жұлып алып, жерге салды.
Бұлардың кеп аяғын құшақтайды:
- Бердім, - деп, - бәріңізге: басты, малды.
Домалап ағып жүр ғой көзінен жас,
Көзінен аққан жасқа езіліп тас:
- Бір қате болды бізден, кешіріңіз! - деп,
- Шапшаңыз, мойын, алсаңыз, міне! - деп, - ба
Айырыл! - деп, біз айтпаймыз, тұрсын! - дейді"
- Сен де шыда, шырағым, Хұршым, - дейді.
- Жеңілдік мінез бастап, бұзылғанды
Кешікпей, аруақ, Құдай ұрсын! - дейді.
Мінісіп бір - бірінің шанасына,
Ұйықтасып үй мен қора панасына.
Кеткен соң мидай болып араласып,
Басқа жан бас сұға алмай арасына!
Ашық боп бір-біріне жылы қойын,
Күндіз күлкі, түн болса, салып ойын.
Құланбай Әміременен бас қосып ап,
Катиса сартылдатты-ау көше бойын.
Папыр: Мауқайдан келді бір жан,
Сандалтып Орта жүзді ән мен қырған.
Дін шашқан Орта жүзге дуа қайдан?
Мен едім: сегізімде сабақ алған.
Мәшһүр боп жұрт аузында аты қалған,
Кім айтар: - "Бұл сөзінде бар, - деп - жалған!"
Қыдырдың қыдырғанда, ізін басып,
Самарканд, Бұхар, Ташкент, Қоқан барған.
Белгілі алты алашқа менің сырым,
Құп емес жалғыз басты жеген жырым.
Атанған: "Көшпелі алтын", - жұрт аузында,
Халық - жұртым жүргенімді қылып ырым.
Құдайым өнер берген қызыл тілге,
Дөң асып, күн - күн сайын шықтым белге.
Өткен жаз Атбасарда Мейрам қанып,
Биыл күз жәрмеңкеге келдім елге.
Біздерге болысатын жұрт пен ел жоқ,
Дейтұғын: "Мұның қалай?" - тірі күн жоқ,
Белгілі өзің көрген бір бала бар,
Жан болып жаралғаннан үн - тіл жоқ.
Жарастырып жақсылар қосып кетті,
- Бәрекелді, бұл жұмыс, - деді, - бітті!
"Тағы күйеу бұзылып кетті!" - деген
Үш-төрт ай өтпей-ақ хабар жетті.
- Жас жасап жүрмеймін, - деп, - сеніменен!
Көріктің көтеріліп желіменен.
Бәкісін суырып ала ұмтылыпты,
Тоқалдың желіктірген тіліменен.
Үйден тұра жөнелді Хұршым сасып,
Үйіне Ақбаланың барған қашып.
Артынан Күйеу қуып барғанында,
Есігін тұрып алған олар басып.
Не қыларын біле алмай, асып-сасып.
Далаға түн ішінде мүлкін тасып.
Қаланың атаманын алдап-сулап,
Жөнелген Жанқозыға көше қашып.
Жөнелді түн ішінде танды кермей,
Жұртында қала берді Хұршым ермей.
Өкпелеп ағаш үй боп мұнысына
Сақтады малы-мүлкін үш ай бермей.
Ішінде Жанғозының бір жаз тұрды,
Өтірікпен алдады талай жерді.
Ақ шабақтың шабынан қасқыр тартып,
Қанын жуатын жерге қашып келді.
Керек қылмай кеткен соң жұрт пен елді,
Тәңірім қылды болыстық, мұны білді.
Келер күз жәрмеңкеге жиылысқа,
Өлмеген жан бас қосып, тағы келді.
Өкпелеп кетіп қапты Садуақас,
Хосекең ол жасаған жетпіс бір жас.
Бекжан, Ақтай, Хосекең Жүсіп пенен,
Өзге қалған жақсылар қосыпты бас.
Ынтымаққа арасы бір келмеді,
Табысатын тастасып тұр келмеді.
Осынша жұрт қосуды ойласа да,
Бұзылған іс түзеліп жөнделмеді.
Батырша әңгіленіп, айғай салып,
Көтеріп жасыл туды қолына алып.
Сүйінші сұрағандай, жазып қағазды,
Бұл хабар Ақкелінге қалды барып.
Келе салып таяқтың астына алды,
Беттен қанын ағызып, басын жарды.
Ақ-қарасын айырып, тексерместен,
Бір ұшы біржолата талақ салды.
Тоқалменен дос болғанның көңілі бітті,
Сөйткенмен, қас болғандай, неге жетті?!
Ак-қарасын әркімнің Алла білер,
Әңгіме жұрт аузында болды, кетті.
Пендені құбылтасың қалай-қалай,
Мұндай бар шеберлігің талай - талай.
Дегенге: "Ақпын, саумын!" - тіпті нанбай,
Ұрып - соғып қақсатты талай-талай.
Сараңдық бала жастан қолын байлап,
Жоғалды-ау сонан Хұршым соры қайнап.
"Әй, сені ме ?!" - деп жүрген аш пен қастан,
Жіберді нысанаға басты байлап.
Жан - жағының бәрі жау қалмақ болды,
Мұны астына табанының салмақ болды.
Жалған сыймен абыройын алмақ болды.
НАНАЙЫН БА?!
Қараңғы түннің жарық таңы атар ма?!
Күннің қызу сәулесі оятар ма?!
Біз бұған шүкірлік қып қуанамыз,
Залымдар түн бүркенген ұнатар ма?!
Басылған Құдіреттен мор таңдайымда,
Бармысың бармақтай бақ маңдайымда?!
"Таң атты, күн шықты!" - деп жұрт шулайды,
Япырм-ау, нанайын ба, нанбайын ба?!
Нанайын, мен нанайын, демей жалған,
Жалған маған қамшылап дүре салған.
"Мехнат түбі - рақат"- деп, бұрынғы айтқан,
Сол сөз жастан көңіліме ұйып қалған.
Ел бейбіт, туа алмадым, жұрт аманда,
Көңілі - тар, көзі соқыр - сұм заманда.
Тұйғындар торғай құрлы құны жоқтан,
Қор болды-ау уқаланып құр табанда!
Алынса бақ ашылып, аяқтан тор,
Дерсіңдер: "Түспей қолға аспанда тұр!"
Заман оңға айналып, ашса бетін,
Әркім болмақ саятшы Жалайыр шор!
ҚЫЗ ЖҰМБАҒЫНЫҢ ШЕШУІ
1. БАТПА БАЙБЕЙСЕНҚЫЗЫ ЖҰМБАҒЫ
Ертеңмен тұрдым, үш бала көрдім: Екеуі - жалаңаш, біреуінің киімі жоқ. Киімі жоқтың етегі тола ақша түйілген: төгілер деген ойында, қиялында жоқ. Және сонда үш көл көрдім. Екеуі - құры, біреуінің суы жоқ. Суы жоқ көлден үш балық алдым: екеуі өлі, біреуінің жаны жоқ. Және сонда үш үй көрдім: екеуі - жалаңаш, біреуінің шиі жоқ. Және сонда үш қазан көрдім: екеуі - жарық, біреуінің түбі жоқ. Және сонда үш пышақ тауып алдым: екеуі - сынық, біреуінің сабы жоқ. Суы жоқ көлден жаны жоқ балықты алып, шиі жоқ үйдің ішінде отырып, түбі жоқ қазанға асып жедім, сабы жоқ пышақпен кесіп жедім. Қарыным қабақтай, бұтым таяқтай болды. Сөйтіп отырып, отырған үйімнің жапсарынан шығып кеттім. Есігі ойда да жоқ.
2. МӘШҺҮР- ЖҮСІПТІҢ ШЕШУІ
"Ертеңмен тұрып, үш бала көрдім", - дегені: бірі - тұл әміл, бірі- қырыс дүние, бірі -дүниеқор адам. Бұған дәлел болуға "Хадис Шәриф" бар: "Айшип ибн адам унушаббу фиа хызылтан хырыс отулаламіл". Адам осы екеуімен үш ағайынды есепті. Ана екеуі - асылы жалаңаш нәрсе. Дүниеге келген адам жалаңаш келіп, жалаңаш кеткендіктен, киімі жоқ есепті. Киімі болса, киіп кетпес пе еді?! "Дүниеде қанша нәрсе менікі!" - деп, бауырлап жүргені - жалаңаш кісінің "Етегім тола ақша бар!" - деп, жүргені сықылды, - оны төгіледі деген ойында болмағаны. Жалған дүниеде жүргенде: "Бұл дүние менен қалады!"- деген қай пенденің ойында бар?! "Үш қол көрдім" - дегені: бірі - дүниеге келмей тұрғандағы ананың қарнынан шыққанда, суы терең көлден кемесі сынып, бір тактай- мен жан сақгап шыққан - жердің құрғанына шыққан есепті емес пе? Бірі - өлген соңғы адамның күні не болары белгісіз, түбі жоқ тереңге түсіп кеткен сықылды емес пе?! Ол екеуінің заһыры, көрініп тұрған суы жоқ. Бірі - дүние. "Суы жоқ көл"- деп, дүниені айтқаны. Дүние бір сағым есепті нәрсе емес пе?! Суы жоқ көлден алған үш балығы: бірі - тірілік, бірі - денсаулық, бірі - байлық. Өлім даяр тұрғандықтан, тіріліктің өзі өлі балық сықылды. Ауырып, сырқамақ даяр тұрғандықтан, денсаулықтың өзі өлі балық сықылды. Ішіп-жеген қорек, дүниелік - жаны жоқ балық сықылды. "Үш үй көрдім"- дегені: бірі – заманмазы - адамның басынан өткен заманы. Бірі - заман мастақпыл - адамның алдында, қарсы келешек заманы. Бұл екеуі тұттай жалаңаш. Енді біреуі - "заманхал", қазір адамның үстінде тұрған заман.
"Оның да шиі жоқ", - дегені: шиі болса, желге төтеп берер еді. Адамның басынан дәуренін өшіретұғын жел - өлімі. Қазір тұрған заманның елімнен алып қалуға шамасы болмаған соң, желге шиі жоқ үй есебінде болғанлығын айтқаны. "Үш қазан тауып алдым" - дегені: адам қолына түскен дүниені туысқан бауырына сақтатуға көзі қимайды. Оны жарық қазан сықылды көреді. Баласына сақтатуға көзі қимайды. Баланы да жарық қазан сықылды көреді. Жарық қазанға сеніп, кісі тамақ қылып, іше ала ма? Бауырына, баласына сенбегенде, сеніп, дүние сақтатқан кісісі қатыны болады. Ол - түбі жоқ қазан. Ана екеуі өзі ішіп-жесе де, дұшпаныңа бермейді ғой. Мұның түбі жоқ қазан есептісі: душар болса, көңілін дауалатқанға байының дүниесінің бетіне қарамай, беріп тауысатын қулар да әрқашан болатұғын уақиға. Олай болғанда, түбі жоқ ыдыс сықылды болды. "Үш пышақ" - адамда болған үш қуат. Бірі - қуат ғазбие - ашу қуаты. Бірі - қуат шаһуание - әр нәрсеге көңілі шабу қуаты. Бірі - қуат ғаклия: ғақыл-ес қуаты. Қуат ғазбие мен қуат шаһуание - ғақылсыз сынық пышақ сықылды, дәнемеге жарамайды. Ғақылдың өзі де ғылым - сыз сабы жоқ пышақ сықылды. "Түбі жоқ қазанға асып жедім" - дегені: "Қанша қолыма түскен дүниені қатынмен бас қосып, ортақ ішіп-жедім" - дегені. "Қарным кабақтай болды" - дегені: дүние - қамит, мағрор болып, нәпсімнің семіруі қатден тажауыз болды. "Үш қанат үйіме сыймай, дүрілдеп отырған күнім көп болды" - дегені. "Бұтым таяқтай болды", - дегені: "Нәпсі - дүние мысалы сықылды еді де, оны көтеріп, ұшырып жүрген жан аяқ есебінде еді. Жан тарфым, ақырет пайдасы жағым арықтап, өзі өлуге тақалды", - дегені. "Шиі жоқ үйдің жапсарынан шығып кеттім, есігі ойда да жоқ", - дегені: өлім жолын айтқаны. Өлген адам отырған үйінің жабығынан еріксіз шығып кеткен есепті. Есіктен шықпағаны белгілі. Оң жақта жатыр ғой. Жатқанмен, жаны жоқ болғаны- жапсардан шығып кеткен сықылды болғаны - сол. "Осы үйдің есігінен шығайыншы!"- деп, өлім жабдығын ойлаушы мыңнан біреу-ақ болып табылады. Құдай жолына басын құрбандық қылып, өлімді ойлап, жақсылық жолға шығып, сол жолда жүріп өлгендер. Әнеки, үйдің есігінен шыққан - солар. Үйде жатып өлгендер - есік ойында жоқ, жапсардан шығып кеткен есепті.
АҢЫЗ ДАСТАНДАР
ӨЛІП ТІРІЛГЕН ШАҺЫЗАДА
Бастайын бір хикая, сал құлақты,
Біріктір, тыңдаушылар, ынтымақты.
Дүние бәрімізден бір күн өтер,
Тастаған патшалар да алтын такты.
Ғаламның он сегіз мың саруары,
Исламның фонарының шамын жақты.
Араптың Қурайышы Қабыл рухынан
Көп қауым бірге болды, соны тапты.
Алладан пайғамбарлық келгеннен соң,
Әуелі жұмсақтықпен дін бастапты.
Мұхаммед-расул Алла заманында
Өзіне бірқатар ел, жұрт қарапты.
Халқына айдынды екен кереметті,
Келісті заманында бек сәулетті.
Заманға Алла мұндай ұшыратты,
Бек ғаділ патша болып ел билепті.
Патшаны әділ болса, халқы сүймек,
Әділдің шарапаты көпке тимек.
Жалғаншы, ұры залым жоғалыпты,
Жоғалмаса, біреуіне бірі күймек.
Секілді сонша ғаділ, жұрт бағынып,
Халықтан қойылмайды мін тағылып.
Жалғыз-ақ кемшілігі - кәпірлігі,
Кінәны онан басқа тапсын не ғып?!
Аты екен Наушеруан мұның өзі,
Мағлұм жұртқа бірдей айтқан сөзі.
Суретке - діндері оның табынатын,
Жазалы онан басқа жоқ мінезі.
Патшасы жуыр маңда бала көрмей,
Болатын бастан кемтар болды кезі.
Туыпты бір жалғыз ұл патшадан
Адамнан артық сұлу бота көзді.
Баласы пері нұрлы Шаһызада,
Таза өскен жалғыз өгей тәрбиеде.
Оқуға жеті жаста берді мұны,
Бар ғылым он бес жаста болды ада.
Інжіл мен Таурат, Забур болды ада,
Жалғыз-ақ Қалам Шариф мұнан қаза.
Ол кезде дүниеге таралған жоқ,
Пайғамбар- Қалам Шариф Мәдинада.
Бұл бала бар ғылымды оқып білді,
Өткізді оқуменен неше жылды.
Үйреніп өнер, ғылым, ақыл тауып,
Талындай Райханның ол гүлденді.
Оқытып өнер-ғылым ардақ қылды,
Мүләйім табиғатын ел жақтырды.
Шаһызада он алтыға шыққан жылы,
Бір ханнан қуаныш қып, қыз айттырды.
Ханзада сұлу екен ханның қызы,
Неше күн той, тамаша ат шаптырды.
Ұзатып ол хан қызын салтанатпен
Жұртына қыз, күйеуді қол тапсырды.
Лайық қыз бен күйеу сайма-сайға,
Пара-пар екеуі де күн мен айға.
Жұртына қуанышпен келіп түсті,
Той қылып қазына ашып оң мен солға,
Кіргізді қыз, күйеуін бір сарайға,
Шақырып, тойға келді жамағаты.
Осындай той мәжіліс басталғанда,
Ішетін арақ, шарап екен шарты.
Мырзаның бұл тойына жұрт жиылып,
Арақты қара судай берді құйып.
Жиылған халайықтың бәрі де мас,
Айрылып ес ақылдан жұрт құбылып.
Келіншек елден бұрын көзін ашты,
Ана жұрт халқын ойлап, іші күйіп.
Қараса, Шаһызада қып-қызыл қан,
Тәнінен бөлек жатыр бас қиылып.
Жығылды талып жерге жас келіншек,
Ала алмай есін жиып жұрт маңда.
Тағдыры хан ұлының болған екен,
Үйіне бір түнеген жалғыз таңда.
Қаншама ойға кетті есін жиып:
"Бір дұшпан кеткен ғой - деп, - басын қиып
Қайғының ең тоқтауы - сабыр қылмақ,
Күтейін құдіретке мінажат қып.
Қайғыға жас басымнан салған екен,
Тартсын деп мен бейшара тірі күйік.
Патшаның құзырына білгізейін,
Сұрайын жылдам сұрақ сырын түйіп.
Шыдайын, орнын сақтап отырайын,
Сүре алман енді дәурен байға тиіп.
Қайғыдан ақырында мен де өлемін,
Қайтемін тірі қалып, бақытым күйіп?!"
Күйінді, бауыздалған жарын көрді,
Шақыртып нөкерлерін, хабар берді.
Жақсыдан жаман хабар тез жетпей ме,
Хан білді, аймағында бәрі білді.
Бір түнде өлтіріпті қайран ерді,
Патшасы талып түсіп, зар еңіреді.
Жиылып құзырына данышпандар,
Қаралы, талқан қылып тамам елді.
Таң болды хан да, ханыша, бай мен қара,
Бір түнде ессіз болды бүтін қала.
Аяды көзі көрген, іші ауырып,
Қалада әйел-еркек, қатын-бала.
Өлтірер көзі қиып адам емес,
Ісіне Құдіреттің бар ма шара?!
Хан жиып уәзірлерін, ақылдасты: -
Жалғыз ұл керіп едім мен бейшара!
Жерім жоқ ренжіткен бұхараны,
Жүрекке кетпейтұғын салды жара.
Тауып бер, уәзірлерім, дұшпанымды,
Мен емес залым патша - жеген пара.
Сіздерге шынға бердім бұл ісімді,
Бітірді жалғыз бала тынышымды.
Үш күнге, уәзірлерім, рұқсат берем,
Суырам ашуланып қылышымды.
Табасың үш күнде ол бұзық сұмды,
Кім шайқап төккен менің ырысымды?!
Айрылып жалғыз ұлдан тірі қалып,
Дүниеде мен қайтемін тұрысымды?!
Патша айтты халқына: - Біз не болдық?!
Мен көрдім өз халқымнан жаман сұмдық.
Өткізіп елу жасты рақатпен,
Көріп ем өз басымнан жалғыз кіндік.
Дұшпанды, уәзірлерім, бергін тауып,
Сайланып, еш біреуін амал қылып.
Жауымды таба алмасаң, сөзім тыңда,
Қыламын бұл туралы әділ бұйрық!
Көмдірмей жалғыз елік сақтап қойды,
Ханзада, шаһызада қызыл гүлді,
Көп жұрттың тойы ақыры аза болып,
Ұшырды бір-ақ түнде жас бұлбұлды.
Дәрігерлер дәрі жағып салып қойды,
Патшаның қайғысына көп қысылды.
Ашулы хан аямас дұшпан тапса,
Тарлықтан жар тапса, жұрт құтылды.
Жұрт қарап таба алмады арып, талып,
Бір хабар білінбеді ашық, жабық.
Үш күндей табуына рұқсат болған,
Әмірі одан қалса, басқа жарлық.
Шарласып шаһар ішін кетті қарап,
Қанша жұрт бір залымға болды харап.
Шаһардан ешбір белгі таба алмады.
Таба алмай, у болыпты ішкен арақ.
Жұрт іздеп таба алмады қанды қолды,
Халықтың запырандай іші солды,
Дана мен көңіл қойып илатпаса,
Дұшпанның табылуы қиын болды.
Таба алмай үш күннен соң ханға келді,
Патшаның жүрегін ашу тілді:
- Уәзір, халқым, жүріп таба алмасаң,
Кел енді, жарлығымды тыңда!- деді.
- Уәдені, уәзірлерім, бердім саған: -
"Тауып бер дұшпанымды!" - дедім саған.
Қыламын енді жарлық бәріңізге,
Құтылдым жұртқа берген уағыдадан.
Ашулы арыстандай түсі жаман,
Қалмас-ты бұл ызадан ешкім аман.
Әрбір күн мойнына шынжыр тағып,
Бересің бүл шаһардан он адамнан.
Бай демей, бақыр демей, жақсы демей,
Таңертең күн шықпастан басын алам!
Болмаса, өлген адам күнәсын айт,
Бар шығар мойнымызда хақың тамам?!
Қалдырмай, табылмаса, мені де өлтір,
Әйтпесе бұл қасіретті немен жабам?!
Қай құлақпен естісең, сөзім - осы,
Таппасаң, уәзірлерім, сүйтіп табам!
Тұр екен менің қайғым жұртқа батпай,
Ғаділдік қылып едім титтей сатпай!
Басыма қайғылы күн кез болғанда,
Тоқтамға қалай келдің, іздеп, таппай!
Ашулы жұрттан өкпем тарқамайды,
Әр күнде он адамның басын шаппай!
Жау да болса, қалайша көзі қиды?!
Ол емес залым туған жұртқа жақпай!
Мен үшін бөтен елден жау келген жоқ,
Көр қылдың мұнша неге кінә таппай ?!
Дұшпаным енді менің шаһарда тұр,
Жоқ еді қартайғаным болып жаттай!
Сарғайдым ызаменен осы кезде
Нәр татпай, күнім шықпай, таңым атпай!
Дұшпаным арасынан бір табылар,
Қылайын осылай іс, қарап жатпай.
Қашыпты жұрттың қаны, сырын түйіп,
Шаһардың әміршісі халқын жиып:
- Таңертең күн шықпастан бұйырмақпын,
Он кісі өлтіремін, басын қиып!
Қанша жұрт бір залымнан қате тапты,
Халқынан бұл шаһардың балам өліп.
Көрмеген бұрын мұндай ғаділ патша
Еткізді қатты жарлық ашу, күйік.
Бар екен патшаның бір уәзірі
Мансапқа өзінен соң екен биік.
Аты екен уәзірінің – Алдияр хан,
Пайдасы қиын іске жүрген тиіп.
Ақылды ата жолдас адам еді,
Білетін айтпағының сырын түйіп,
Қан төккен бір адамның жорасынан,
Қор болған бұл шаһардың халқы күйіп.
Патшаға Алдияр хан келді жүріп,
Әдеппен қол қусырып сәлем беріп.
Уәзірі қандай мақтап сөз сөйлейді.
Тағзым қып парасатпен тіке тұрып:
- Бір күнді маған берші ашу қылмай,
Келейін жалғыз өзім кеңес құрып.
Тағы да жолдан шықтың, бір күнді бер,
Обал жоқ бәрімізге тұрсақ біліп.
Осы жұрт бір залымға нақақ күйіп,
Отына біз өртендік, біреу қылып!
Патшасы бұл сөзіне құлақ салды,
Тең өскен құрдасы ғой қатар жүріп.
Наушеруан сөзі:
Уәзірім, жан жолдасым, Алдиярхан,
Сен едің ақыл айтар сенімді жан.
Бірге өскен бала жастан бірге жасап,
Өзіме серік болып, қылған пәрман (пәрмен),
Дүниеде қайғы өтер ме артық мұнан?!
Ақыл-ес қалмай отыр менде дәрмен.
Табылған ертең келіп, ақылыңды айт,
Байқайын кеңесіңді ден ойлаған.
Бұрынғы бүтін миым жарты болған,
Ақылмен қылыш алып қылды жарған.
Ашуда еш бір ақыл болмайды екен,
Сырына әр бір істің оймен барған.
Илансаң, бұл ақылды тұман шалған!-
Уәзірі ертең түске сөз байлаған.
Бұл күнгі он адамды азат етті,
Ашулы айдаһардың дәл аузынан.
Осындай шырын сөздің хас шамасы,
Бір күнде сондай болған тас қаласы.
Жазықсыз жалғыз түнде жаудан өлген,
Патшаның жазығы жоқ жас баласы.
Бір ақыл Алдиярхан таба алмаса,
Бұл жұрттың сонда болар масқарасы.
Ақылмен қиын іске дауа тапса,
Жақсының сонда артылар мәртебесі.
Жұрт қорықты жанынан күдер үзіп,
Жылайды жаны ашыған көзін сүзіп.
Ұйықтамай Алдиярхан ойға кіріп,
Иранның дариясына айдай жүзіп.
Патшаның ақылының қожасы еді,
Бекіткен жүрегіне оны сезіп,
Ақылдың томағасын тартып алып,
Дүниеден жер қалмады, болды кезіп.
Төрт бұрышын төңіректің түгел шарлап,
Отырды ұйқы көрмей, боп таң атпас.
Табады бір ақылды түс болғанша,
Ойлы жүрек, милы бас нені таппас?!
Уәзірі таң атқан соң келді ханға,
Ор іске жүрегі мен сөзі қанша?!
Қайраулы хан жарлығы қанжармен тең,
Жазықсыз он адамның басын алса!
Алдиярхан сөзі:
Уәзір айтты патшаның көріп жүзін: -
Ғұмырың, бағың артық болсын өзің!
Ұйықтамай таң атқанша бір ой таптым:
"Неше жыл ақталсын, - деп, - татқан тұзым!"
Бұл жолда күнәсы не бұхараның,
Жеткізбей ақырына ұлар көзін!
Ақыр өлдік, онан да соғысайық
Ұнатпай жұрт ойланды бұл мінезін.
Бір ақыл, сізге сыйса ойлап едім,
Сөзімнің сынатайын: алтын-жезін.
Бұл жұрттан әскер жиып, қолыма бер,
Ертейін мен соңыма батыр, ерін.
Естимін:
"Бір пайғамбар туды!" - дейді,
"Хақ расул Мұхаммед атты", - дейді,
Бір Алла рас - жалғанын өзі білер,
"Арапта Құрайыштан туды!" - дейді.
Баланды бауыздалған сандыққа сал,
Тауратта болмақ еді бір пайғамбар.
Барлығын кешіктірмей сонда жібер,
Нәбиі ақыр заман, ол - саруар!
Ол болса, өлтіргенді тауып алар !
Басы - Мекке, аяғы Мәдина шар (шаһар).
Ішінде жалған шыққан біреу болса,
Көзіне кең дүниесін қылайын тар!
Алладан анық келген елші болса,
Сол табар мұнша бізге тартқызбай зар!
Бұл сөзім сізге қалай көрінеді,
Дос едім ықыласпен жанын қияр.
Өзіңе мұнша халық, жұрт қараған,
Аузыңнан әділ жарлық, сөз тараған.
Қанша әскер қару киген - қасыма бер,
Қағайын салтанатпен зұл барабан.
Шын болса Хақ пайғамбар, дауа қылар,
Болмаса шығар жанжал сол арадан.
Мұныңыз дұрыс болар, не жау болар,
Бұл істің бірі шықсын екі арадан.
"Өз елін қан жылатып қырды!" - деген,
Біз сонда құтыламыз зар жаладан.
Ақыл жоқ онан басқа, бармай болмас,
Қасыма әскерді қос бұл қаладан.
Әр күнде он адамнан қырған болсақ,
Ереді артымыздан жаман атақ.
Мұхаммед дертімізге дауа тапса,
Ермейді соңыңыздан ондай шатақ!
Мұхаммед жалған шыққан біреу болса,
Қырайын Мәдинаны қырғын жасап.
Бұл сөзім сізге айтқан сыйымсыз ба,
Патшам, жарлығыңды айт, атын атап.
Наушеруан жауабы:
Патшасы жауап берді уәзіріне: -
Көріп ем бар қызықты сізбен бірге.
Жарайды, айтқан сөзің сыйымды екен,
Кім риза болмайды мұндай сөзге?!
Әскерді қолыңа әкеп тапсырамын,
Көп рақмет табылған пікіріңізге!
Уәзірім, бұл ақылың дұрыс екен,
Жалғыз-ақ тілек берсін себепкерге!
Ашумен айттым жарлық бір ауыз сөз,
Қайтардым, ашуымды бердім сізге.
Айрылған бар ақылдан бір парамын,
Тұра ма, күйзелген соң, ақыл бізде?
Патшасы үкім қылған болды кәріп(ғарып),
Жарлықтан бұрынғы айтқан қайта танып.
Болған соң қайта бұйрық, ел жиналып
Хисабы жүз сегіз мың болды халық.
Жиналып төрт тарапты шулап қорып,
Әскерге жер қозғалды, дүние толып.
Сол қолға Алдиярхан басшы болды,
Сарғайып патша өзі үйде болып.
Екі мың сегіз жүз батырлары,
Іріктеп шығарғанда, болды саны.
Сандықты өлік салған түйеге артты.
Шірітпей дәрі жаққан ғазиз тәні.
Хан жарлығы заһарлы қылышпен тең,
Жоқталды осылайша өлік қаны.
Хан қалды амандасып шаһарында,
Жөнелді әскер қаптап жазираны.
Мұхаммед хақ Мұстафа, саруар сонда,
Сыйынған әнбиеге ол алдында,
Өлмесе падишаның ер перзенті,
Көп халық бармас еді іздеп онда.
Табады үш ай жүріп Мәдинаны,
Сүйікті, әділетті бар сұлтаны.
Саламат:өлтірсе де, келтірсе де,
Қолында не қылса да, барша жаны.
Патшаның жалғыз ұлын кім өлтірген,
Мақсаты - сұрау үшін мәселені.
Мұхаммед Хақ расулды сынау үшін,
Әкелді Мәдинаға ол баланы.
Болғанда Мәдиналық қандай қолға,
Бірер сөз келе жатыр түсіп дауға.
Ғажайып бек қабағат соғыс болар,
Шырмалар жүз балықты жібек ауға!
Жараспай аралары шықса дауға,
Кім алар өз жанына қылып сауға!
Араптың біреуіне көрінбестен,
Бұл әскер "Уақыт" деген шықты тауға.
Уақытында қол бекінді арасына,
Бірнеше сыйып тұрды панасына.
Бір тілді араптардан алу үшін,
Көз салды тауда тұрып саласына.
Ағатын екі айырылып бір бұлақ бар,
Уақыт пен Мәдинаның арасында.
Бірі ащы, бірі тұщы ағады - екен,
Алланың тең жаратқан панасында.
Құрайыш-Мекке халқы азық еккен,
Ағаштан: алма, құрма - жеміс еккен.
Адам жоқ онан басқа маңайында,
Біреу жүр арық ішінде, қолда кетпен.
Адам жүр анау жалғыз мехнат еткен,
- Шақыр! - деп, төрт балуанға әмір еткен.
Дүрбімен Алдиярхан жер болжайды,
Шегелеп айтар сөзін қылған өктем:
- Алып кел, ұрмай, соқпай, ойбайлатпай,
- Әкел, - деп жөн сұрауға, әмір еткен.
Төрт жігіт түрегеліп атқа мініп,
Екінді мезгілінде барып жеткен.
Сөзінде білімдінің болмас қата(қате),
Төртеуі барып жетті екіндіде.
Барды да, кезін байлап, ұстап алды,
Бейшара ол мұсылман болды қапа.
Бірі - арап, төртеуі - басқа халық,
Білмейді сөйлесуді жауап қата.
Жөнелді, ұрмай-соқпай, ұстап алып.
Қылмайды бүл жалғызға жәбір-жапа,
Келеді бұл бесеуі қалың қолға,
Қарамай, қорқып жаны, оң мен солға.
Хисапсыз көп әскерге келіп кірді,
Байқады оралғанын енді торға.
Алдына зәресі ұшып басты қадам,
Жылы жүзді адам еді Алдияр хан.
Таяған мұны керіп, ұшып тұрып,
Араптың өз тілінде берді сәлем!
Інжілден білуші еді Алдиярхан,
Ұлттың жетпіс екі тілін тамам.
- Қош, қонақ, біз алдияр, айып етпе,
Сөйлеп бер, білгеніңше, жауап алам!
Боласың қандай халық, қай шаһардан?
Сөйлеңіз, атыңыз кім, болмай алаң.
Қастық жоқ жазығым жоқ, саған қылар,
Апарып қайта салар жерге алған.
Салманың жауабы:
Мен бір хан ұлы едім дінге қарсы,
Атым-Салман, атақты жұртым-парсы.
Мемлекет, ел мен жұрттан қабат бездім,
Жайымды менің келген сіз аңғаршы!
Мұхаммед, тұр Мұстафа саруар ғалам,
Мен соның адамымын, құлақ салшы!
Махшарда дұғасынан үміткер боп,
Расулға бұл күнде болдым жалшы!
Ашыпты мұсылманға ислам дінді,
Сөйлейді бекер емес, ыңғай шынды,
Жұма ғой - күні ертең үлкен мейрам,
Жұмадан қалдырмасаң, көңілім тынды.
Қауіп жоқ дұшпандардан өлем деген,
Жаһанның саруары таққа мінді.
Ертеңгі намазынан қалдырмаңыз,
Сұрай бер қазір менен сұрайтынды!
Жүрмеңіз ертеңгі күн менен көріп,
Ие бар, болмаса да пендеде ерік.
Бұл араптың халқында екі сөз жоқ.
Айтайын мен, ұғып ал, сөзім теріп.
Бұл халық сіздер үшін өкінбейді,
Біреумен болғаннан соң уағда серік.
Уағда қылғаннан соң, сыр шашпаймыз,
Бір жан емес, біздің жұрт сөзге берік.
Мәдина дейтін шаһар анау тұрған,
Пайғамбар - расул Алла - дінін құрған.
Нәсілі - арап: Құрайыш, біреуі - Әшім,
Өзіне үмбет болар көңіл бұрған,
Ауызына қалам Алла аят келіп,
Жұртқа шашар өзіне келген сырдан.
Мен өзім осылардың қызметшісі,
Мұнымен неше дінсіз мойын бұрған.
Сыртынан дұшпан болған талай патша,
Өзін көрсе, қылады жанын құрбан.
Арап халқы Мәдина шаһарлықпен,
Бәрі де Мұхаммедтің жолын қуған.
Мен көрдім елден бұрын түсіңізді,
Алланың уақыты мен дәм бұйырған.
Өзіңіз қай жұртсыз, қай патшалық,
Алыс жерден келгендейсіз бір қиырдан.
Алдиярхан сөзі:
Уәзір айтты:
- Ақылға сөзің үйлес,
Қанай кірсек, бұларды адам тимес. •
Шын айтар, өтірік айтпай, адам болсаң,
Өзіме ақылыңды айт, қылмай егес.
Болмайды бізден қауіп еліңізге,
Дұшпандық жоқ адамда бұрын күнде.
Кіретін қалаңызға ақылын айт,
Болмаған ешбір күнде бұрын бізде.
Баян қыл осы сөздің сонарынан,
Мен білем сөзіңіздің бажайынан.
Таң атпай шаһарыңа жеткізейін
Жұманың қалдырмайын намазынан.
Салманың жауабы:
Берейін ақыл айтып сізге жақса,
Мұнара бір мешіт бар - қарап бақша.
Үйінде бала-шаға жата алмайды.
Мешітте хазірет Біләл азан айтса!
... Тыңдайды құлақ салып әйел-еркек,
Мінбеде хақ пайғамбар уағыз айтса!
Мешіттің төрт жағында төрт асхап бар,
Аласың төрт есікті жөнін тапсаң
Басқада бір мешіттен жан қалмайды,
Намазда қозғалмайды қылыш шапсаң!
Шын сөзге, уағда етсең, нанамыз да,
Өзің бар қырық кісіңмен қаламызға.
Бөлініп қырық кісі төрт есікті ал,
Ішінде ханымыз да, қарамыз да.
Тыңдауға құран сөзін жиыламыз,
Аяқ салып үлкен, еркек баламыз да.
Сөйтіп ал, құмар болсаң, біздің елді.
Бір мықты соғыс қылсаң даламызға!
Мешіттің төрт есігін алсаң қамап,
Шығармай бізді қырдың қолмен санап.
Бұл елдің бір палуаны мың кісілік,
Сіздерге онан басқа болмас себеп.
Шаһарда қару қылар жан қалмайды,
Мешітке қару алып, жан бармайды.
Сыртынан қашар жерін қамап алсаң,
Құр қолды сайманы бар құтқармайды.
Осылай келсең, ту сер қолыңызға,
Әйтеуір бөгет тумай жолыңызда.
Сөйтіп ал құмар болсаң, біздің елді,
Жау болсаң анық келген сорымызға!
Осылай уәзірмен сөз нағыз бітті,
Бұ қара сырын солай қанғызыпты.
Астына жүйрік беріп, адам қосып,
Апарып шаһарына салғызыпты.
Ол Салман түс болмай-ақ шаһар барып,
Жұмадан қалғызбай-ақ барғызыпты.
Бұл Салман уағдаға берік адам,
Айтпаған еш адамға зор қызықты.
Олардай уағдашыл адам қайда,
Әрқашан сабырлықтан көрген пайда.
Кешегі серт бойынша шыдай берсе,
Тәуекел не де болса, іс құдайда.
Жұмаға түс болғанда айтылды азан,
Тартылар уағдасыз тілден жазаң.
Шаһарға қырық балуан мен уәзір келді.
Қалада көрінбейді жалғыз адам.
Бәрі де бір мешітке жиылған жан,
Бүтін жұрт түндегі айтқан уағдадан.
Әскермен жүз сегіз мың шыр айналып,
Таянып жақын тұрған жан-жағынан.
Мешіттің төр есігін, оны да алған,
Хабар жоқ келер сырттан жақсы-жаман.
Келгенін қалың әскер білсе-дағы,
Асхаптар қауіп етіп қорықпаған.
Шұбырып қылыштарын қайрап тұрған,
Біреудің рұқсатын күтіп тұрған.
Әскер тұр Мәдинаны шыр айналып,
Төрт есікте он-оннан ыңғайланған.
Дәрмен жоқ соғысуға құр қол қалып,
Басқанын тыстан дұшпан білді танып.
Пайғамбар имам болды уағыз айтып,
Тыңдады сахабалар мейірі қанып.
...Қорқа ма данышпандар жау келед деп,
Өлімнің хақ екенін білген танып.
Үмітке ата-анадай ол маһырбан (мейірман),
Жұмада мешіт тола жиылған жан.
Сандықты көтергізіп екі адамға
Мешітке кіріп келді Алдиярхан.
Кірген соң қарай қалды адам қанша,
Ойлады: "Бұл жұмыстан еңбек жанса!"-
Келген соң бұл мешітке Алдиярхан
Расулға сәлем берді мұсылманша.
Сәлемін Хақ расул қабыл алды,
Ол уәзір сырт айналып тура қалды.
Германның ингіліктің тіліменен,
Сәлем беріп, оң қарап, көзін салды.
Расул де сәлем алды Герман тіліменен,
Сәлемді берді тахир сыныменен.
Расулге Алдиярхан сөз бастайды
Араптың бейне өзіндей ойыменен.
Алдиярхан:
- Пайғамбар ақыр заман сіз бе? - дейді,
- Дұшпан деп, бізден үміт үзбе! - дейді.
- Сұрасаң, үш айшылық жерден келдік,
Бір қажет керек болып бізде! - дейді.
Келгем жоқ бұл араға бекер текке,
Тағы жоқ дұшпандығым құрған кекке.
Сұрайтын үш-төрт ауыз сұрағым бар:
"Дүниеде өлі көп пе, тірі көп пе?!"
Пайғамбар:
Бір Алла баршамыздан жан алады,
Жан кетіп, топырақта тән қалады.
Ақырда пана болды, тіріде өліп,
Өлік боп баршасы да саналады.
Алланың шын өлімі - нәпсі тыйсақ,
Не пайда дүние қуып, малды жисақ?!
Өлген де өлген - ақырда тірі де өлген,
Қыламыз соның үшін жоққа хисап.
XXX
Алдияр әр нәрседен сұрақ қылған,
Шешімді сұрағына жауап алған.
Әйтеуір қарап тұрған сөз болсын деп,
Мақсатқа келе жатыр көңілге алған.
Алдиярхан:
Иа, Расул, болып келсең, Хақ пайғамбар,
Сен болсаң, өзің шырақ, үмбетке жар.
Алдыңа алып келген сандығымның
Ішінде білесің бе, не нәрсе бар?
Пайғамбар: .
Жетпейтін үш тараудың саласы бар,
Жолына дін исламның таласы бар.
Бір түнде бір адамнан бауыздалған,
Бір жансыз падишаның баласы бар.
Алдиярхан:
Екенсің халқың жақсы соңыңа ерген,
Құтылмас жақсылығы мұнан көрген.
Алланың есімін дос-ты Расул болсаң,
Бір түнде бұл баланы кім өлтірген?
Пайғамбар:
Айыпты бетке басу қандай киын,
Болмайды айтпай қою тағы қиын.
Бір түнде бауыздаған өз ағасы,
Сұрасаң, анау тұрған қара киім.
Патшаның ағасының баласы еді,
Ойында патшалыққа талас еді.
Мойнына анық түспей не ғып алсын,
Өзінің баласына балаушы еді.
Алдиярхан:
Біздің жұрт ісі оңалып қуана ма,
Бала үшін жиылған жұрт уана ма?
Айғақтың ең абзалы үшеу (у-шу) болмай,
Тағы да мұнан басқа куәң бар ма?!
Пайғамбар:
Сұраймын, құлағың сал, асыл тектер,
Жоқ шығар біздің жұрттан болған кектер.
Жасынан хан баласы асыраған,
Бар еді сарайында екі кептер.
Көгершін өлтіргенде көріп тұрған,
Шырылдап иесіне келіп тұрған.
Анығын құс та болса, берер айтып,
Сұрайын коп алдында болған сырдан.
XXX
Баян қып мүшкіл істі жұртқа тарап,
Болады сыр ашылса шын керемет. –
Кел, кел! - деп, терезені ашып қойып,
Пайғамбар мағиманы қылды ишарат.
Кәпірлер кереметін көрді бағып,
Білмейді не айтарға белгі тағып.
Жебірейіл қазір сағат дайын қылды,
Есіктен кірді құстар канат қағып.
Кәпірлер мұғжизаны көріп тұрды,
Сөзіне Мұстафаның болып тұрды.
Калима шаһадат айтып ол екі құс
Расулдің мінберіне келіп қонды.
Расул айтты:
Көгершіндер, келдіңдер ме?
Куәлік беретінді білдіңдер ме?
Патша ұлын қандай адам бауыздады,
Баян қыл, көгершіндер, көрдіңдер ме?
Көгершіндер:
Ай, Расул, біз қапада тұрып едік,
Көңілді Шаһызадаға бұрып едік.
Өз ағасы баласын бауыздады,
Шара не, біз шырылдай көріп едік.
Қайтеміз қайран біздің шаһызадам,
Жасымыздан ырзалық беріп асыраған.
Айрылдық сүйтіп, тақсыр, иемізден,
Пормен не, іс қылса, жалғыз хақтан.
ХХХ
Куәлік жұрт алдында алмақ үшін,
Келеді сөз шынына бармақ үшін.
Екі құс ел алдында куә болды,
Мойнына жазалының салмақ үшін.
Уәзір мен барша халық тұрды бағып,
Өтірік дей алмады бір мін тағып.
Расул:
- Жұмыс жетті! - дегеннен соң,
Жөнелді екі құс та қанат қағып.
Қара киімді сөзі:
Бұл кісі сиқыршы екен таңғажайып,
Ондайға кім сенеді бөрі ғайып.
Біз мұның бір сөзіне нана алмаймыз,
Сөзімді хан уәзірім қылма айып.
Осындай жұрт аздырған бола ма екен,
Жұрт бұған керемет деп нана ма екен?!
Сөзіне сиқыршының кім сенеді,
Үш айлық жерден құс жете ала ма екен?!
XXX
- Иа, Расул, - деді шабам қылышпенен,
Осындай өкім етті ұрыспенен.
Секілді қара жігіт үзік жанды,
Уәзірі әлгі адамға ашуланды:
- Сен асықпай тура тұр, ашыларсыз, -
Деген соң қорыққаннан тұрып қалды.
Алдиярхан:
Көрсетер жаза күйін пейілі тарға,
"Өзі түсер бір інге, - деген - орға".
Мойнына жазашының анық түссін,
Пайғамбар, мұнан басқа куәң бар ма?!
Пайғамбар:
Уайлар хайыбынан болса зерек,
Үмбетім, ислам діні - бір бәйтерек.
Жалашының қылышы жанында тұр,
Сұрайық, қылыш куә болса керек.
Расул айтты:
- Болмасын сөзде бұрыс,
Бәрін де сол күнгінің көрген қылыш.
Заты бар, тілсіз темір мақұлықты
Шақырам: "Куә бол, - деп - айтып дұрыс!"
Қынаптан қылыш тұрып секіріпті,
Расулдің кереметі сендіріпті.
Естіртіп қылыш сөйлеп куә болып,
Тік шаншылып шаһадат келтіріпті.
Сол жерде ес қалмады тұрғандарда,
Айтпай ма кереметін осындайда.
Қызарып, тік шаншылып, заһарлатып,
Қиратып кететіндей қылыш сонда.
Қылышқа әмір етті Хақ пайғамбар,
Кәпірді рұқсат етсе, қыруға бар. –
Патша ұлын қандай адам бауыздады,
Беретін бізге қандай жауабың бар?!
Ол қылыш сөз сөйлепті ашып сырды,
Жамағат құлақ салып, мойын бұрды.
Қылыш сөзі:
Залымның қылған ісін жасырмайын,
Ағасы, міне, мұны өзі өлтірді.
Өлтірді туысқанын - ұялмаған,
Амал жоқ, мен сайманы қолына алған.
Күш - біреу, білек біреу, кескен-өзім,
Бұл бала меніменен бауыздалған.
Алдиярхан:
Мұғжиза бұрын көрген ол кітаптан,
Інжіл, Таурат, Забурда мағлұм болған.
Ғаламға мұғжизасын заһар еткен,
Мұхаммед - Хақ пайғамбар бар анық туған.
Райханның Алла сізге нұрын құйған,
Әр түрлі таң қылдыңыз ғайып сырдан.
Лайықты дұрыс болар өз айтқаны
Естісек, тіріле алса, өлген жаннан!
ХХХ
Пайғамбар:
- Жазалыға қыл! - деп айтты,
Біләл менен Салманға:
- Тұр! - деп айтты.
- Сандықты оңаша үйге алып барып,
Жақсылап ол баланы жу! - деп айтты.
Адамдар әмір қылған барды сонда,
Сандықты бала салған алды қолға.
Тазалап пакзелеп алып келді,
Көрсетті сандықты ашып барлық жанға.
Алдына пайғамбардың қойды сонда,
Пендеңді онда, ұйқыда қысылғанда.
Орнына қиыстырып кескен басты,
Мүбарак түкірігін жақты сонда.
Ағасы осы кезде жаман састы,
Тығылды есі шығып кейін қашты.
Мүбарак қолыменен сипағанда,
Тіріліп Шаһызада көзін ашты.
Бұл бала тұра сала калима айтты,
Жыласып туыстары араласты.
Расулға тәжім етіп жылағанда,
Балқытты корғасындай қара тасты.
Хақ расул баламенен жауаптасты:
- Қанынды, кім өлтіріп судай шашты?
Өлтірген басын кесіп өз ағасы
Қалтырап ақ жүзінен қаны қашты.
Шаһызада:
Естіңіз - расул Алла ислам дінді,
Сөйлейін, иншалла сізге шынды.
Той қылдым қатын алып, мәжіліс жасап,
Халайық сауық қылып, көңілі тынды.
Мас болып, шарап ішіп, барша адамдар
Жығылды есін білмей, болып жынды.
Талықсып таңға жақын оянып ем,
Үстіме қанжарменен біреу мінді.
Қарасам, көзімді ашып, ағам екен,
Мойныма қанжар тиіп, сағым сынды.
Жан бердім даусым шықпай жарақаттан,
Отырмын жаңа көріп ай мен күнді.
Басқаны мен білмеймін ұқпағандай,
Лебізім дүниеге шықпағандай.
Жұмысымды ғаріп ағам бітіріпті,
Өлтіріп, зор дұшпанын мықтағандай.
Түсімде сіз келдіңіз иман айтып,
Жатқандай әлі қаным.ұйықтағандай.
Білмедім: мені өлтірді қай пиғылмен,
Не болды нақақ қанды ұрттағандай?!
XXX
Келтірер Алла әр істі орынына,
Мұны айтып жас төгілді қойынына.
Алдынан Хақ расулдің тараған соң,
Тұрсын ба жарлық айтпай қоюына?!
Бұл сөзге жұрттың бәрі болды танық,
Ұмсынды пайғамбарға жақын барып.
Әуелі иман айтып Алдиярхан
Мұсылман болды уәзірге ерген халық.
Тірілткен, куә болды, жаны жоқтан,
Қанша әскер дінге кірген неше мың сан.
Расулдің кереметі заһар болып
Болыпты тұтас бір ел нақ мұсылман.
Данышпан Алдиярхан жүрегін айт,
Алланың тез көндірген себебін айт.
Уәзірлер пайғамбарға сөз бастады:
- Иа, расул, біз жазалық, бұйрығыңды айт!
Пайғамбар:
Сөз тыңда, ай, жамағат, жұмыла асхап,
Сөз айтты Жебірейіл маған хаслап.
Иланып мұғжизама тәубе қылдың,
Ер ішінен қас күншілдік бәрін тастап.
Ол жігіт бір әулие болар өзі,
Бұл елге келген үшін мұнда бастап.
Жарыққа шығаруға себеп болды,
Халқының шырын сипат бақытын ашпақ.
Болмасын мұнан кейін еш күншілдік,
Жүріңдер жақындықты таза сақтап.
Көтерді дәрежесін қадір Алла,
Дін ислам сүйгені үшін сонша мақтап.
XXX
Ұйыды баршалары әнбиеге,
Көп әскер қонақ болды Мәдинаға.
Жіберді қос жүйрікті Мәдинадан
Сүйінші сұрау үшін падишаға!
Қуанып хан мен ханым келгендерге,
Ашық хат, анық хабар бергендерге!
Хисапсыз көп мал берді ағыл-тегіл,
Соңынан тілеулес боп ергендерге.
Наушеруан енді үйінде тура ала ма,
Жол жүріп келді бұлар Мәдинаға.
Өзінше көрген жерден тағзым етті,
Көрген соң расул нұрын қалды таңға.
Әуелі Хақ расулім дінге салды,
Сәлемін сонан кейін қабыл алды.
Шаһарға он мың адам қонақ қылып,
Сояды хисабы жоқ дүние малды.
Мухаммед тур Мұстафа саруар ғалам,
Айырды кереметпен кеп жанжалдан.
Наушеруан не аясын баласынан,
Көзінің ағы менен қарасынан.
Той қылып неше күндей сауық қылды
Ат шауып Мәдинаның даласында.
Неше күн тамаша қып, сайран салып,
Қайтады енді өзінің қаласына.
Нәсілі - араб: Құрайыш, руы - Әшім,
Дұшпанның қалған емес табасына.
Олармен тең болады қандай адам,
Қарамай соқтығады шамасына.
Алқынып талай қарсы келгендерді,
Түсірген тәубе, тауфих санасына.
Дос болды ақырында Құдайды атап,
Ем тауып жазылмайтын жарасына.
Сөз қостым бір-екі ауыз қисындырып,
Әр жерде қисынбаған шаласына.
Көрісті барсыменен мауқын басып,
Келіншек, ата менен анасына.
Наушеруан барды көшіп қаласына,
Сыйынды Құдіреттің панасына.
Патшасы қайта барып таққа мінді,
Иа, расул, жарлық шашып қаласына.
Шаһызада атасы өліп, патша болды,
Мүкеммал, дәрежеге көңілі толды.
Бата алып, пайғамбардан дұға тиіп.
Ғаділ боп ғұмырынша таққа отырды.
Жарандар, кім таласар берген баққа,
"Құдай жақ, - деген сөз бар, - ісі аққа!"
Кемеге биік таулар таласқанда,
Тоқтаған кеме барып Қазығұртқа.
Бір Алла қайыр қылсын ақырында,
Жеткізер, сен сенімді болсаң жұртқа.
Дүниеден ақыр бір күн жөнелеміз,
Жетсең де, дүниеде қалың бұлтқа.
Бұл қисса осыменен тамам болды,
Тірлікте көріп жүрміз әр бір сорды.
Мұны мен бір жобадан көргеннен соң,
Жаңартып жазсам деп бір көңілім толды.
Бұл қисса пайғамбардың мұғжизасы.
Нанбаушы мұғжизаға-діннің қасы!
Фарағат үміт еткен пайғамбардан,
Тиер деп естушінің бір дұғасы.
Келсе де бір өлім бар мыңға жасы,
Тәубе ізде, өлімді ойла - дін қарындасы!
Шүкірлік, сабырлық қыл, қанағат ет
Тірлікте не көрмейді адам басы?!
Әулие, мұрсал, ғазиз әнбиесі,
Қайда олар - дүниенің жоқ панасы.
Бір дұға оқушыдан үміт еттім,
Бұрынды жазушының аяғы осы.
САДУАҚАСТЫҢ МЫРЗАЛЫҒЫ
Әуелі сөз бастайын бисмилладан,
Сөз бастар бисмилласыз кейбір надан.
Хикая өлмей тұрып мен айтайын,
Туған жан бәрі өледі ата-анадан.
Қылсаңыз тағат құлдық бұ дүниеде,
Табарсың артық сауап о дүниеде!
Пайғамбар сүйер дос-ты төрт жарымен,
Бір күні кеңес құрды Мәдинада .
Әбубәкір, Ғұмар, Ғұсман, Ғалы да бар,
Ішінде жас аралас кәрі де бар.
Мәлік, Ашдира, Буалмирхан, Садуақас, -
Атақты батырлардың бәрі де бар.
Азаншы хазірет Біләл барған,
Бәрі де сүйген құлы жомартлардан.
Ішінде Садуақас жомарты бар,
Жоқ еді сақабаның бірі қалған.
Шығарған өз ойымнан кеңес емес,
Тілге нанған мұсылман бекер демес.
Сараңдықты жамандап отырған көп –
Жомарттық, мырзалықтан қылды кеңес.
Шын тыңдап, айтқан сөзді құлақты ұғар,
Пейілсіздер құлаққа мақта тығар.
"Жомарт", - деп, - айтарлыққа жан бар ма?"
Сұрапты пайғамбардан ғаділ Ғұмар.
- Аралап дүние жүзін жүре алмадым,
Ешкімнің мен соңына ере алмадым.
Өзім көрген жандарда, шын сөйлесем,
Жомартты Садуақастай көре алмадым.
Ғұмар:
- Сұрасам, қыл көпір тар ма? - дейді,
Сөйлейтін сізден озып бар ма? - дейді.
Жер жүзін араладың, иа, расул,
Жомарт жан одан да өтер бар ма?! - дейді.
Пайғамбар:
Сөзіне кейбіреудің ергенім жоқ,
Ешкімге нәсілімді бергенім жоқ.
Аралап кеп халықты жүрсем-дағы,
Жомартты Садуақастай көргенім жоқ.
Сақабалар:
Пенделер, құлдық ұрып, мақтаныңыз,
Жарандар, харам жолдан сақтаныңыз!
Садуақас бәрімізден артық екен,
Сіз ойлап, одан жомарт таппадыңыз!
Пайғамбар:
Сендердің қойдырды ма бергеніңді,
Жолына жомарттардың ергеніңді.
Мен жомарт Садуақастай көргенім жоқ.
Неге мен жасырайын білгенімді?!
Бәрі де де сахабаның шын деп ұқты,
Садуақас әдет (ғадет) қылған жомарттықты.
"Жомарт, - деп, - неге мені айтпады?!" - деп,
Мұңайып хазірет Ғалы тысқа шықты.
"Бір Құдай шын жыласа, берер несіп,
Кәпірді қойдай қырдым, басын кесіп!"
Бабасы жомарт деп айтпаған соң,
Киімнен сыртқа шықты, түгі тесіп.
"Жомарт - деп, - бір айтпады мені бабам,
Жомарт боп, менен асар қандай бар жан?!"
Бабасы аузына алып, айтпаған соң,
Өкпелеп Ғалы қайтты үйге таман.
Өн бойын уайым-қайғы басып барды,
Ажары, өңі, түсі қашып барды.
- "Еңбегім қанша қылған құр кетті!" - деп,
Салбырап, суы қайтып, жасып барды.
Алдынан Бифатима қарсы шықты:
- Қайратты ер едіңіз дінге мықты.
Қай жақтан келген сізге жүдеушілік,
Еш бұрын келмеуші едің бүйтіп тіпті.
- Мендей боп ешбір адам жүре алмады,
Кәпірдің қорғанына кіре алмады.
"Жомарт!" - деп, Садуақасты үш-төрт айтты,
"Жомарт" - деп, - мені аузына бір алмады.
Жүруші ем мен бабамның тілін алып,
Кетуші ем кәпірлерге қырғын салып.
"Жомарт"- деп, бір мәртебе айтпаған соң,
Келеді сол себепті көңілім қалып.
- Тақсыр, сізден көп кәпір қойдай ығар,
Бабамнан сұрап па еді ғаділ Ғұмар.
Жалған сөз менің бабам, сірә, айтпайды,
Жомарты Садуақастың рас шығар.
- Таласса екі кісі, шығар шығын,
Болады өкпе сөзім неге тығын?
Жалғызы Ғабдолланың қанын сұрап,
Сынайын Садуақастың жомартлығын.
Башар құл ер Ғалыға жалшы дейді,
Ғалы айтты:
- Бір шелекті алшы! - дейді,
Жалғызы Ғабдолланың сұрап қанын,
Үйіне Садуақастың баршы! - дейді.
Айтады енді Ғалы Башар құлға: -
"Ауру берді - дегейсің- жалғыз ұлға.
Мен келдім балаңызды бақсы қылып".
Айтыңыз: "Мен осында келдім зорға!"
"Баламды дәрігерлерге бердім" - дерсің,
"Тіліне дәрігерлердің сендім", - дерсің,
"Жатқан соң жалғыз балам өлейін деп,
Мен сізге арыз айта келдім!" - дерсің.
"Мен келдім - деп айтыңыз - қалаңызға,
Келген соң сөзді айтпай қаламыз ба?
Бауыздау қаны шипа Ғабдолланың"-
Деген соң келіп тұрмын балаңызға!"-
- Осылай деп айтыңыз барғанында,
Қосып айт өтірік, шын, жалғансы да.
Бауыздап Ғабдолланың қанын берсе,
Оның рас жомарт артық болғаны да!
Башар құл көк есекті мініп алды,
Қарына бір шелекті іліп алды.
Тамыздың екінші ақшам уақытында
Үйіне Сәдуақастың жетіп барды.
Алласыз айтқан сөзде мін бар дейді,
Пендеде Алла деген дін бар дейді.
Барумен Садуақастың қақпасына:
- Осы үйде, - айғай салып-кім бар?! - де
Алдынан Садуақас шыға келді,
Әдеппен қол қусырып сәлем берді.
- Асығып не ғып жүрсің өңің қашып,
Мейман бол үйге түсіп, мырза! - деді.
- Мұршам жоқ ас ішуге жасып келдім,
Ұялып мен бетімнен басып келдім,
Жомарттық екеніңнен үміткер боп,
Үйімнен үркіп шығып қашып келдім.
Жомарт ер үйге қонақ алып келді,
Алдына әр алуан тағам келді.
"Мынау бай, мынау кедей, мынау құл" - деп,
Ойламай, бәрін бірдей құрметтейді.
"Жігіттер, нәпсі тілін алма!" - дейді,
"Пәлеге тілін алып қалма!" - дейді.
Мінерде есегіне ертең қонақ,
Садуақас:
- Қалағаның бар ма?! - дейді.
- Келіп ем: "Сәлем сізге берейін!" - деп.
Жоқ еді ойлағаным: "Келейін!" - деп,
Амалсыз есігіңе келіп тұрмын,
Жатқан соң жалғыз балам өлейін деп!
Батылым барып арызымды айта алмаймын,
Сөйтсе де, сөзімді айтпай, кайта алмаймын.
Жалғыз балам қамы үшін келіп тұрмын,
Дәл арызымды айтуға бата алмаймын!
- Шығаршы қатты-қатты дыбысыңды,
Қойды ма Құдай алып тынысыңды?!
Сұрарсың азар болса жалғызымды,
Жасырмай толық айтшы жұмысыңды!
- Ендеше мен Башар құл, таны! - дейді,
Дәрігерлер айтты маған, әні! - дейді.
" Ап келсең Ғабдолланың қанын, - дейді,
- Қалады жалғызыңның жаны!" - дейді.
Бола ма қаны шипа балаңыздың,
Сөзі ғой балгер, бақсы данамыздың.
"Бауыздау қаны керек" - дегеннен соң,
Мен келдім жөні осылай наламыздың.
Мен келдім балаңыздың қанын сұрап,
Құрбандық бір шыбындай жанын сұрап.
Аллаға шын қақ тағат жомарт болсаң,
Жұмысым - сол, қайтамын, келген қалап.
- Сол болса қалағаның оңай - дейді,
Оны да маған берген Құдай дейді.
Мен қимай Құдай үшін тоқталам ба,
Сен келсең ділгір болып сұрай!- дейді,
Жомарт ер:
- Берейін!- деп, айтып қалды.
Баласын медіреседен іздеп барды.
"Шешесі ол баланы қимай ма ?" - деп,
Әуелі білейін деп, үйге барды.
Келеді - барайын деп баласына,
Барады - келе жатып анасына:
- Балаңды бір қонаққа беріп келдім,
Ырзалық, беріп үйде, қаласың ба?
Садуақас әйелі:
Айтасың маған келіп жөнін несін,
Есесін бір баланың Құдай берсін!
Баламыз бір қонаққа жарап кетсе,
Құдайдан одан артық не тілейсің?!
- Ей, қатын, бұл сөзіңнен танба! - дейді,
- Пайдасы тиер ақыр таңда! - дейді.
- Қонақты кешіктірмей жөнелтейік,
Шақыршы Ғабдолланы, қайда? - дейді.
- Қонақ қой бізге келген бұл бір кәріп,
Ғайыпты болжай ма адам көзбен барып?!
Науқас қой баласы үйде, тезірек тапшы,
Баланды шақырып кел, өзің барып!
Шешесі жетіп келді баласына,
Қарашы сөздерінің данасына.
Анасы есік ашып кіріп келді,
Дәрістен сабақ берген молдасына:
- Мен келдім сені іздеп, балам! - дейді,
- Ішімде толып жатыр сонам! - дейді.
- Ала жүр, тастамай құраныңды,
Сені үйге шақырады бабаң! - дейді.
Рұқсат оған берді молдасы да,
Бұларға разы болды Алласы да.
Шешесі баланы ертіп үйге келді,
Садуақас айтады енді баласына.
Баласын шақырып алды:
- Балам! - дейді,
Болмайық біз дағдарып алаң!- дейді.
Сені мен қиып бұған бермей қойсам,
Айырылып адамдықтан қалам!- дейді.
- Сені мынау сұрай келген Башар! - дейді,
Бұл байғұс қысылып тұр нашар! - дейді.
- Ем – дейді - сенің қаның баласына,
Апарып сырқауына шашар! - дейді.
Сені мен өксіп жүріп көрдім, балам!
Тіліне мейманымның ердім, балам!
Тілімді иа аласың, иа алмайсың,
Сыртыңнан сені билеп, бердім, балам!
- Ай, ата, айтқаныңнан мойын бұрман,
Алмасам әміріңді, мұнда тұрман!
Баласы ата тілін алмай ма екен,
Қылайын жолыңызда жаным құрбан!
Баласы айтқанына көнді дейді
Тіліне мейманының ерді дейді.
- Қонағым, риза бол енді маған,
Мен сенен аяп тұрмын немді?! - дейді.
- Баланың маған қисаң қанын - дейді,
- Жалғызымның жеп жүрмін қамын, - дейді.
- Бауыздап өз қолыңнан, басын кесіп,
Құйып бер шелегіме қанын! - дейді.
- Баламның сен білесің санын - дейді,
Мейман үшін баланың жанын қиды.
Бауыздап өз қолынан, басын кесіп,
Толтыра шелегіне қанын құйды.
Кескен соң бала басын талып қалды,
Жеткенше Башар үйге налып барды.
Шелекке Ғабдолланың қанын құйып,
Үйіне ер Ғалының алып барды.
- Қиды ма баласының жанын?! - дейді,
- Рас па екен жомарттығы оның? - дейді.
- Сен барып сұраған соң, кідірместен,
Берді ме баласының қанын?! - дейді.
- Өтпеді тамағымнан асым! - дейді,
Тыйылмас көзден аққан жасым! - дейді.
- Толтыра шелегіме қанын құйды,
Қанжармен кесіп алып басын! - дейді.
Сол жерде Ғалы айтты:
- Кетті сәнім,
Тозаққа кетер ме екен ғаріп жаным?!
Ах! - деп, тақсыр Ғалы талып кетті,
- Болады махшар күні қандай халім?!
Ах ұрып, тақсыр Ғалы талды дейді,
Тамам жұрт қойдай шулап қалды дейді.
Паруардігер сол күні Мұхаммедке
Хабарды Жебірейілден салды дейді.
- Сүйер достым Мұхаммед нар сен - дейді
Кәріп пен қасерге жар сен - дейді.
Бүгін қонақ болуға уақыты жетті,
Үйіне Садуақастың барсын!- дейді.
Пайғамбар Хақ жарлығын қабыл алды,
Сахаба, жарандарын жинап алды,
Жиюға бас-аяғын мұрша келмей,
Үйіне Садуақастың жетіп барды.
Алдынан Садуақас шыға келді,
Әдеппен пайғамбарға сәлем берді.
Сәлемін ғалік алды нұр Мұхаммед:
- Аман ба мал-жаның, мырза?! - дейді.
- Шүкірміз, үйге кір! - деп, шақырады,
Күн сайын жомартлығын асырады.
"Пайғамбар естіген соң, ренжір!" - деп,
Өлгенін баласының жасырады.
Бір киім жаба салды баласына,
Қарашы ақылының данасына.
Алдынан қарсы шығып, тағзым етіп,
Түсірді, атын байлап, қорасына.
Ер жомарт сәлем берді пайғамбарға,
Бұлардың сөзі сауап айтқандарға.
Келгенін не себепті Хақ расулдың
Қасында біле алмаған сақабалар да,
Таң қалар жомарттығын көрген адам,
Нанбайды айтқан сөзге кейбір надан,
Пайғамбар келгеніне тасып кетіп,
Даярлап алып келді түрлі тағам.
Тағамды дастарханға алып келді,
Пайғамбар қол көтеріп дұға берді.
"Тағамға: "Бисмилла!" - деп, ұмтылғанда,
- Жеме! - жеп Жебірейіл жібермеді.
Тамақтан тартты қолын нұр
Мухаммед, Таң қалып тұра қалды көп жамағат.
- Осы үйдің жалғыз ұғлы Ғабдолламен
Жесін - деп, - бірге тағам, - келді рұқсат.
Пайғамбар тұрып қалды тағам алмай,
Тек отыр барша асхап қол апармай.
Қайран қап қасындағы көп жамағат,
Амалсыз тоқтап отыр шыдап алмай.
Пайғамбар:
- Тағамыңды, сапыр! - дейді,
- Ішерміз суыған соң ақыр! - дейді.
- Жегенім жалғыз тамақ ұнамайды,
Бір желік: Ғабдолланы, шақыр! - дейді.
- Құдай артық жаратқан басыңызды,
Көп жылға бек жеткізсін жасыңызды.
Оқуға кетіп еді сабағына,
Ішіңіз қарамай-ақ асыңызды.
Пайғамбар қол созбаққа ыңғайланды,
Сақаба отырсын ба, ол жайланды.
- Бисмилла! - деп, табаққа қол созғанда,
Жеңінен Жебірейіл тартып қалды.
-"Соң оқырсың - деп шақыр - сабағынды!"
Оның үшін шытынатпа қабағыңды!
Жесін десең асынды, шақырып кел,
Ғабдолласыз жемеймін тамағыңды!
Қысылып шынын айтты Садуақас:
- Жаныма өтірік сөз болады қас!
Ғабдолла бүгін өлген, кайтып келмес,
Жамағат, ренжімей, ішіңіз ас!
Есітіп, ашуланды нұр Мұхаммед:
- Сен маған бағанадан айтпадың! - деп.
- Бір желік бірге тамақ, кел, балам! - деп,
Шақырды үш мәртебе: "Ғабдолла!" - деп.
Деді де:
- Ғабдолла! - деп, шақырды енді,
- Тез кел! - деп, үш мәртебе ақырды енді.
Үшінші мәртебеге есік ашып,
Ғабдолла сәлем беріп, кіріп келді.
Сыртынан құлып салған бөлмесіне,
Бекіткен біреу ашып көрмесіне.
Уақытсыз кеудесінен шыққан жаны,
Қоймады Алла әмірі келмесіне!
Пайғамбар сәлем алып:
- Балам! - дейді,
- Бола ма жазылғаннан шараң? - дейді.
- Әуелгі шақырғанда келмегенің
Себебі не дүр айтшы, маған?! - дейді.
Ғабдолла:
- Себебін мен айтайын, білгін! - дейді,
- Құдіретін бір Алланың көрдім! - дейді.
- Жұмақтың - хор қыздары - ішіндегі
Етектен, қолдан алып, жібермеді.
Үшінші шақырдыңыз, тұра алмадым,
Көңілді хор қызынан бұра алмадым.
Кешіктім сол себептен, тақсыр баба,
Жұмақтан жалғыз жеміс ала алмадым.
- Бәрекелді, жарайсың, балам! - дейді,
Сені берген атаң мен анаң! - дейді.
Пайғамбар қол көтеріп, бата беріп:
- Кел енді бірге желік тағам! - дейді.
Шаттанды, қуанышты ата-анасы,
Қасында барлық асхап, сақабасы.
Ғаламнан абзал туған хақ саруары,
Көзі көріп, заһар болды мұхжанасы(мұғжизасы).
Керемет мұхжанасы (мұғжизасы) заһар болды,
Тұсында екі жаһан нұрға толды.
Пайғамбар Ғабдолланы қасына алып,
Шаттанып, тамақ ішіп бір отырды.
Асын жеп үйге қайтты пайғамбарың,
Ондай ғып жаратпаған жанның бәрін.
Қасына жиып алып жарандарын,
Мақтайды Садуақастың жомартлығын.
Асхап айтты:
- Расул Алла, соөіңіз рас,
Сөзіңе ешбір адам қылмас талас!
Айтқаның Садуақасты рас екен,
Атыңнан айналайын, тақсыр-ау, бас!
Башардың баян қылған келгендігін,
Жалғызға қолқа салып жүргендігін.
Қажетін көңілдегі айтқаннан соң,
Баланың қанын құйып бергендігін!
Пайғамбар мұғжизасын көзбен көрді,
Мұсылман күллі мүмиін соңына ерді.
Жомарттан қадір, құрмет көргеннен соң,
Үйіне баршалары қайтып келді.
Қасында расул Алла шариарлары,
Олардай болу қайда жанның бәрі?!
Пайғамбар намаз оқып болған кезде
Есіктен кіріп келді хазірет Ғалы:
- Қуандық, айналайын, бабам! - дейді,
- Кетті ғой ес ақылым тамам! - дейді.
"Жомарттығын Садуақастың сынаймын!" - деп,
Болды ғой халім мүшкіл жаман!- дейді.
- Жүктедім бұл дүниеде адам қанын,
Тозаққа кетер ме екен кәріп жаным?!
Іс қылдым үлкен күнә бір Аллаға,
Күн бар ма құтыларға қайғы-зарым?!
Жаратқан Құдай артық хақ пайғамбар,
Жалғанда имансыздың пейілі тар.
- Кешір! - деп, бабасының қолын ұстап,
Жығылып аяғына, жылайды зар.
- Күншілдік ойға алмасын, ешкім! - дейді,
Нанарсың айтқан сөзге, естің! - дейді.
Пайғамбар қол көтеріп, дұға беріп:
- Ай, балам, Құдай кешсе, кештім! - дейді.
Пайғамбар дұға қылды хактан тілеп:
- Күнәсын Ғалы ердің кеше гөр! - деп.
- Түсіпті қатты қайғы қасіретке,
Бір ауыз айтқан сөзді бере гөр! - деп.
Расулім қолын жайып, бата берді,
Ер Ғалы батасын ап қайта берді.
"Рас-деп, - жомарттығы Садуақастың!"
Әр жерде мәшһүр қылып айта жүрді.
Мұхаммед - екі ғалам саруары,
Олардай бола бермес жанның бәрі.
Сол кезде түгел тұрған заманында
Сақаба отыз үш мың, торт шариары (шары).
Осындай бір уақиға болып өткен,
Дүниеде кімдер келіп, кімдер кеткен.
Қызықпа, нәпсіге еріп, бұл дүниеге,
Бұл дүние алдап жүріп түпке жеткен.
Жарандар, қонақты күт, ренжіме,
Мұсылман, қонақ күтпес, шығар деме.
Құдайым не бермейді шын ниетке?!
Жетеді жомарт адам тілегіне!
Мал жиып, закот бергіл жаның үшін,
Ораза, намаз оқы қамың үшін.
Пайғамбар, сахабаны кеңес қылдық,
Оқыңыз бір салауат оның үшін!
Дүние кең ғой, жүр ғой бос әркім сыйып,
Бой тоқтатар бір жан жоқ нәпсі тыйып.
Құдай үшін бұрынғы бала сойған,
Мыңнан біреу тоқтыны зорға қиып.
Мен бұл сөзге тоқтаусыз, әбден нандым,
Жомарттардың ісіне қайран қалдым.
Бұрынғының өлеңі болғандықтан,
Нұсқа қылып қағазға жаза салдым!
1921 ж.
ӘБУШАҚЫМА
Жамағат, тыңдасаңыз, сөз тастайын,
Құрбылық қақы үшін сөз бастайын .
Ғайып қып қателерді байқап ата
Алаңмен бір қиссаны мен бастайын.
Жаманның тарлығына көзім салдым,
Қолыма жазайын деп қалам алдым.
Шапағат, пайғамбардың құрметі үшін,
Қиссасын Әбушақыма жаза салдым.
Ғүмардай жан тумаған ғадатлатлы (әділетті),
Дүниеден еш жимаған салтанатты.
Ғұмардың патша болған заманында
Бар екен бір баласы Шақыма атты.
Секілді Иосифтайын (Жүсіптейін) жүзі айдай,
Көрген жан сипатына таң қалғандай.
Зарланып, Құран оқыса, оның үні –
Тартыпты пайғамбарға аумай, талмай.
Зейіні Шақыманың кеткен асып,
Қайғысын сақабаның жүрген басып,
Дауысын пайғамбардың сағынғанда,
Құран оқытар Шақымаға шуылдасып.
Нұр берген Шақымаға Алла-Тағала,
Сипаты қор қызындай, ах, дариға!
Лух ілмыханоз шын нұр сипатын
Құдайым артық қылған шаһызада.
Жиырма - жаңа келген ердің жасы,
Хасен, Хұсайын - Шақыманың жан жолдасы.
Сейілге Шақыма бас боп шыққан екен,
Жиылған өңшең шора сайдың тасы.
Қайратын Әбушақыма қаламайды,
Болғанын халі нешік біле алмайды.
Бір жерде келе жатып, басы ауырып,
Атына ғазиз сұлтан міне алмайды.
Науқасы бек қинайды ғазиз ерді,
Қарамай өзгелері жүре берді.
Бар екен бір жөһиттің (жөйиттің) жалғыз үйі,
Қалжырап Әбушақыма зорға келді.
Жөһит көріп жас балаға назар салды,
Жас бала мұсылман деп ойына алды.
- Ғұмардың баласымын, - дегеннен соң,
Тезірек сарайына алып барды.
Ойлайды кәпір қастық қылайын деп,
Құмардан осы жерде шығайын деп.
Бір түрлі баласына жала жауып,
Ғұмардың ғаділдігін сынайын деп.
Барады тәубе қылмай күні өтіп,
Кәпір тұр жас баланы құрмет етіп.
- Жұтып қойсаң, басың тез жазылар, - деп
Бір аяқ арақ алып келді жетіп.
Арақты сусағаннан алды жұтып,
Шақыма мас болады есі кетіп.
Есі-түсін біле алмай сандалады,
Шақыма арақ ішіп, халі кетіп.
Бар екен бұл жөһиттің жалғыз қызы,
Ер жеткен адам екен оның өзі.
Ол кәпір тез жүгіріп, қызына кеп,
Кәпірдің кәпірлігімен айтқан сөзі:
- Айналайын, жан балам, бұ сарайға кір, -
- Бір жігіт бар ішінде, нұр сипатын көр! -
- Әдейі іздеп әкелдім күйеулікке мен, - де
- Мойынынан құшақтап, ауызынан сүй! -
Қыз шайтан Шақымаға келді жетіп,
Қыз сонда қуанады оны көріп.
Әбушақыма есі жоқ мастығынан
Қалыпты сол арада ойнап - күліп.
Әбушақыма мастықпен шайтанға ерді,
Бір-екі кәпір қызын зина қылды.
Біраздан соң сол жерде жиып есін,
Аттанып Әбушақыма жүре берді.
Ойына қылған ісі келіп түсті,
Тітіреп өне бойы, жүрегі ұшты.
Мүбарак екі көзі жасқа толып, Жылайды:
- Көрмеймін, - деп ол, - пейішті!
Нешік хайла қылайын адамзаттың баласы,
Мендей күнә қылмайды жер мен көктің арасы.
Мендей жаңылған болмайды, не деп тәубе қылайын,
Тәңірім мақұл кермесе, көз жастың жоқ панасы.
Кетіпті бір азырақ күндер толып,
Ажал келсе, жатамыз ғаріп болып.
Әуелі Шақымамен жолыққанда,
Қалыпты кәпір қызы буаз болып.
Биопа бұ дүниеден пани болсақ,
Иман бір барша жанға болған ортақ.
Тоғыз ай, он күн тамам болғаннан соң.
Туыпты ол шайтаннан бір жас бала-ақ.
Жөһит көріп баланы қайран қалды,
Баланы етегіне орап алды.
- Баласын өз қолына берейін! - деп,
Патшаға, дәл Ғүмарға, алып барды.
Сол жөһит өзі дінсіз кәпір екен,
Кәпірдің ойлағаны ақыл екен.
Әбушақыма, хазірет Ғұмар менен
Мешітте құран оқып отыр екен.
Күнәға Әбушақыма қалған батып,
Кеткені бұ баланың жалғыз жатып.
Мешітке кәпір жөһит кіріп келіп,
Тастады жас баланы шырылдатып.
Шақымаға бала ұмсынды дәл білгендей,
Қылғаны бұл баланың дінге кірмей.
Алдына патшаның келіп тұрып,
Сөйледі сонда кәпір бір сүрінбей:
- Патша едің жұртыңа ғаділ, - деген,
- Жақсы атың жеті жұртты білер, - деген.
- "Ғаділ Ғұмар-атанып, - асыл бекзат",
Биледің түзулікпен кәпірді сен.
- Сейіл құрып жалғыз ұлың
Шыққан екен далаға.
Бас ауырып кез болды
Біздің сарай-[панаға].
Зорлықты жалғыз қызыма
Қылғаны анық болмаса,
Күйдірмеймін текке жалаға!
Бұл сұмдықтың түбіне
Көзің салып қарашы!
Қара қылды қақ жарған
Ғаділдігіңе қарасам,
Мұның бітпес жарасы!
Қатын қылды қызымды
Сондай да қылық қылар ма
Ер Ғалының ағасы,
Ғаділ Ғұмар баласы?!-
Сонда өнерді тәңір берген
Бұлбұлдайын тітіреп,
Ғаділ Омар сұңқылдайды.
Ол Ғұмардың қаһарына
Шыдай алмай тас мешіт былқылдайды.
XXX
Кәпір қорықты Ғұмардың қарасынан,
Жаралған Ғұмар нұрдың падасынан.
Ғаділ Ғұмар Шақымаға көзін салып,
Сұрады:
- Рас па? - деп, баласынан.
Бүл іске Шақыманың іші күйді:
"Келді ме жас басымнан ажал?!" - дейді,
Ғүмардың қаһарына шыдай алмай,
Жас бала бөгежектеп, үндемейді.
Шақымға бұл пәлені Тәңірім салды,
Балаға айдаһардай қаһарланды!
Мешіттен қол-аяғын байлап алып,
Сүйретіп дариясына алып барды.
- Апылаққан жылдам мұнда келсін! - дейді,
- Жазасын бұл баланың берсін! - дейді.
- Жүз қамшы жылдам-жылдам бұған соғып,
Астында бүл дарияның өлсін! - дейді.
Апылаққан тез жүгіріп жетіп келді,
Ғұмардың қаһарына шыдамас енді.
Бүтін шаһар Ғұмардан тітірейді,
Бетіне келетұғын жан бар ма енді?!
Ғұмардың мұндай іске пейілі тар-ды,
Апылақ қамшы ұстап даярланды.
Бұрынырақ, а, дариға, өтіп кетті,
Бір хайла қылар еді пайғамбар-ды.
Ғұмардың бұл қаһары болды күшті,
Есітіп Ғүсман ер жүгірісті.
Бұл істі талқан қылып кетер еді
Кішкене тұра тұрса Құдай дос-ты (досы).
Жиылды бүтін шаһар дар басына,
Ғүсмандай қайрылмайды жолдасына.
- Пайғамбардың төрт иары емес пе едің?!-
Ғұсман келіп жылайды патшасына.
Ғұсман келіп иғылап:
- Зейнұр! - дейді,
- Атанған Ғүсман едім мен дүр - дейді.
- Жетім қалған ерлерді пайғамбардай көріп,
Тәубе қылса, күнәсын кешір! - дейді.
Айтады Ғұмар шыдай алмай:
- Ғүсман иарым,
Сөзіңе құрбан болсын менің жаным!
Бұл сынды енді менен сұрамаңыз,
Қан төгілмей кешілмес күнәларым.
Келеді естіп жанып Ғалы арыстан(арыслан),
Жас ағып екі көзден, қып-қызыл қан.
Ғұмардың қасына келіп, жауап айтып,
Тұрады:
- Сабыр қыл, - деп, - иа, арыстан!
Хазірет Ғалы жылайды,
Ғазиз қылып сұрайды:
- Бабам болса, бүл іске
Бір хайланы қылар-ды!
Өтіп кетер қайран ер,
Кімді жұтпас қара жер?
Құрметі үшін бабамның
Осы жолы маған бер!
- Сөзіңе жаным құрбан, хазірет Ғалы,
Бұл дүние, баршамыздан, қалар пани!
Күнәға сіз де, біз де жоламаспыз,
Біздерді еліктеп кетер күнәһилары.
Сақаба отыз үш мың бәрі келді.
Жалынып сұраса да, еш бермеді.
Баланың байлап алып қол-аяғын,
Апылаққа бұйрық қылып:
- Соқсын! - деді.
Жатқызды қара жерге туған айды,
Ақ нұрға Апылақ қолы бата алмайды.
Бір-екі қамшы бірлан соғып еді,
Шырқырап ғазиз сұлтан жата алмайды.
Ғүмардан бұ дүниеде ғаділ жоқ-ты,
Көзіне Апылаққанның жас толыпты.
Амалсыз патшадан қорыққаннан,
Апылаққан шыдай алмай онды соқты.
Шақыма айтады:
- А, дариға, ғазиз жаным,
Барады қамшы өтіп, ғазизларым!
Балаға ата жақын болмай ма екен?!
Жәнібек, қиналды ғой кәріп жаным!
- Етіңе қамшы өтті ме, балам! - дейді,
- Мен айтсам, тамұқ оты жаман! - дейді.
- Құтылсаң қамшы бірлан, жақсы болар,
Тез соғың, сөйлетпей жылдам! - дейді.
Сүйріктей ақ етіне онды соқты,
Қиналып ғазиз сұлтан төмен бұқты.
- Соғыңыз үсті-үстіне! - дегеннен соң,
Сахаба шыдай алмай, шуылдапты.
Қамшымен Апылақ отызды ұрды,
Етіне қызыл алма қамшы кірді.
Сөзіне Ғұсман, Ғалы құлақ салмай:
- Отызға онды соқ! - деп, бұйрық қылды.
Қырықты соқты аулақ қан батырлар,
Батырлар иман айтып, тұр жақындар.
Әбушақыма қамшы өтіп, зарлыққылар,
Қызыл қан (гүл) бойларынан судай ағар.
Ғүмар айтты:
- Апылаққан, құлым! - дейді,
Батты ма бұған сенің қолың? - дейді.
Апылаққанға сол жерде ашуланып:
- Жиырма жылдам бұған соғың! - дейді.
Апылаққан қорыққаннан жиырма соқты,
Сол жерде Әбушақыманың халі кетті.
- Ішім күйіп барады, сусын бер! - деп,
Сол жерде Шақыманың тілі шықты:
- Айналайын, жан атам, таудан үлкен,
Көп қатем, махшар күні шерменде мен!
Әуелі берші оң батаң, рақым өзің!
Жалғыз ұғылың тезірек өлсін десең!
Андулы дұшпан кез болар,
Қол - аяғым байлаулы,
Қолымнан не келер?!
Құдай үшін балаңа
Бір жұтымдай сусын бер!
Қылған ісіңе разымын,
А, дариға, атам! - дер.
- Жас бала, Әбушақыман, ақылы зерек,
Күнәға көп сусын неге керек?!
Ішірейін ақыретте шарапларны,
Тағы да қылды жарлық:
- Онды соқ! - деп.
Апылаққан шыдай алмай онды соқты,
Етінде қамшы табы жетпіс бопты.
"Бір көріп жан барында қарайын!" - деп,
Анасы шыдай алмай жетіп кепті.
- Құлыным қамшы астында болды, - дейді,
Еркін өсіп жетпеген көркің, - дейді.
Сайрайын да, қызыл гүл.
Ай, дариға, жан бұлбұл!
Махшар күні болғанда,
Алдымнан, ұғылым, әзір бол!
Атаңа қарсы кім келер?!
Боздағым, енді аман бол!
Ер Ғалы қаһарланды анасына:
- Бір жұтым су бермеді баласына!
- Тезірек онды соқ! - деп, әмір қылды,
Етінің қамшы керек жарасына!
Апылаққан лаж таппай онды соқты,
Етіне қамшы табы сексен бопты.
Қамшы табы сол жерде ішке түсіп,
Тілдері ғазиз султан байланыпты.
Жояды нұр сипатын қызыл гүл-ді,
Өлуге Әбушақыма жақын келді.
Ғұмарының іші жанып баласына:
- Тағы да онды соқ! - деп, әмір қылды.
Апылаққан лаж таппай онды соқты,
Соқпасқа ғазиз жаннан өзі қорықты.
Соққанда денесіне тоқсан қамшы,
Сол жерде ғазиз султан жаны шықты.
Кәпірлер бұл ісіне қайран қалды,
Мұсылман бәрі жылап зарлық қылды.
Ғұсман, Ғалы үстіне қара киіп,
Жоқтығын пайғамбардың жаңа білді.
Көктегі періштелер қара киген,
Ұжмақтағы қорлар көріп, зар еңіреген.
Он сегіз мың ғаламның бәрі жылап,
Ұшқан құс, жүгірген аң тітіреген.
Ұжмаққа Әбушақыма кетті жаны,
Жүк болған ол кәпірге ердің қаны.
Қамшыны ғаділ Ғұмар қолына алып,
Жаны жоқ сүйегіне онды салғаны!
Соңғы соққан өзімен - жүзге жетті,
Құшақтап жалғыз ұғлын аза етті.
Ғұмардың іші күйіп баласына,
Көзінің нұрлы жасын бір сүртпепті:
- Кешті ме екен күнәһым
Пайғамбарының парасы?!
Екі көзім қарасы!
Сипатыңа сабыр қылайын!
Ғарасат майдан болғанда,
Қылғаныңа ренжіме, жан балам,
Күнәһың қалса, мойнында,
Келсе шамам егер де,
Көзім қырын салайын!
Ғұмардай жан тумаған ғадалатты.
Баласын өз қолынан қылды опатлы.
Ғүсман, Ғалы көтерді Әбушақыманы,
Олардың (рухына) айт салауатты!
Жер жүзі періштеге тұтасады,
Жол тимей бір-біріне ұрысады.
Құрметтеп Әбушақыманы шариарлар,
Қасына пайғамбарының қойысады.
Өлең мен өнер керек жолдасына,
Әр түрлі бұқсаң өтірік болмасына!
Түсінде Шақыманы Ғалы көрсе,
Отыр екен пайғамбар оң (тізесінде) жағында:
- Бұ жалғаннан баланың
Атасы екен - қорғаны!
Мені аяса, жан атам.
Халім харап болғаны!
Қабырға алып келіп қойғаны!
Періштелер жиылып,
Анадай жерде тұрғаны!
1895 ж.
ШАҺАРБАН МЕН ХҰСАЙЫН
Иман келтір әуелі: "Алла бір!" - деп,
"Мұхаммед- Хақ расул, пайғамбар!" - деп.
"Дін үйрет, - деп, жіберген-елші досты,
Құлдарымды Хақ жолына көндірсін!" - деп.
Ол расул Жебірейілден хабар алды,
Хисабы жоқ дұшпанды дінге салды.
Жаны жаһуд (жөйт) болған соң, амал бар ма,
Әбужаһил Хақ дінге кірмей қалды.
Алпыс жасқа келіпті пайғамбарым,
Бір күні шақырыпты жұрттың бәрін.
Әбубәкір, Ғұмар, Ғұсман, Ғалы арыслан:
Хасен менен Хұсайын - балаларын.
Насихатты айтыпты жұртты жиып,
Сахабалар отырды уайым тыйып шегіп.
- Менен соң дау қылмаңыз, жаранларым,
Әбубәкір- сыдықты халфе - деп біліп.
Сол сөзбенен пайғамбар түсті дейді,
Әбубәкір - сыдық таққа шықты дейді.
Қырық күн әділдікпен үкім айтып,
Дүниеден және Әбубәкір көшті дейді.
Сонан соң пайғамбарым айтқан екен,
Сол сөзбен дүниеден кайтқан екен.
- Әбубәкір соңынан Ғұмар болсын,
Асқабың таласпасын!- деген екен.
Сонан соң тақсыр Ғүмар таққа мінді,
Насихатын жұртына айтады енді.
Ғүсман мен Ғалы да риза болып,
Сахабалар бәрі де құрметтеді.
Жазбасыма болды ма - Мәшһүр атым,
Мағлұм ғой әр жерде жазған хатым.
Сал сал менен қақпаны қарасаңыз,
Сонда менің көрерсіз салтанатым.
Төрт шарға шариарға пайғамбардан қалған хабар,
Олардың сөзін бұзбай ұйып алар.
Өзінің патша болған заманында
Шаһарға жар шақыртты хазірет Ғұмар.
Мініпті әділ (ғаділ) Ғүмар қаһарына:
- Асхаптың қуат бер! - деп, - барлығына.
- Бұл айтқан пайғамбардың сөзі бар, - деп,
Аттанып Наушарбанның шаһарына.
Сонда Ғұмар әділдікпен сөз сөйлейді,
Жалықпай күні-түні көп сөйлейді.
- Ғарап деген шаһардың падишасы,
Мәлік аждар бас болсын!- деп сөйлейді.
Сонда Ғұмар батасын бермек болды,
Алланың бұйрығына көнбек болды.
Он екі мың кісіге басшы болып,
Аллаға тәуекел ғып жүрмек болды.
Садуақас, Мәлікаждар - екі батыр:
"Дұшпанға салайық, - деп - заманақыр!"
Он екі мың кісіге басшы болып,
Мәлікаждар қасқайып келе жатыр.
Оларға Құдай берген таудай талап,
Келеді аз кісіні көпке балап.
Хабарын бір-біріне білдірместен,
Шаһарын Наушарбанның алды қамап.
Әскер түсті шаһардың жан-жағына,
Жібермеді, ұрысты, жандарын да.
"Алыстан жер қайысқан қол келді!" - деп,
Наушарбан хан есітіп састы сонда.
- Неге түнде шаһарды басты?! - дейді, -
Не қылса да бұл шектен асты?! - дейді.
"Оларға ұрлық қылған жөн бе екен?!" - деп
Бұл хабарды халқына шашты дейді.
- Жиылып, көңіл болса келер! - дейді,
- Қор болып, күш көрсетсе, өлер! - дейді.
- Әулие пайғамбардың тұқымымыз,
- Тіл алса, дінімізге кірер! - дейді.
Сол сөзге қаһары келді дейді,
Шаһарына хабарды берді дейді.
Неше жүз мың әскерін жиып алып,
Бөлек-бөлек әр жерден ерді дейді.
Сансыз көп шаһарынан шықты дейді,
Көптігіне сенгеннен сұсты дейді.
Әуелі бір-біріне қарамай-ақ,
Бет-бетімен соғысқа түсті дейді.
Батырлар қару-жарақ, күрзіні алды,
Тағы да семсер, найза қолына алды.
Мінажат қып Алладан тілеген соң,
Шаһар халқы таусылып, бітіп қалды.
Наушарбанның, ұстап ап, кесті басын,
Қойдай қылып қырады кәрі - жасын.
- Қалғанымыз дінге енді кіреміз! - деп,
Өзгелері аяққа қойды басын.
Қабыл көрді мұнысын батыр Мәлік:
- Бұл шаһарды кетейік дінге салып.
Құдайдың бұл ісіне шүкірлік қып,
Кіргеннен соң, қырмайық, тілді алып.
Енді білді бір Алла пана барын,
Көкірегінде пайғамбар саналарын.
Наушарбанның бір ұл мен екі қызын, -
Өлтірмей алып қалды балаларын.
Бір кісі Нарбоз деген сондай қапы,
Үйреткелі келеді шариғатты.
Кіші қызы Шаһарбан сұлу екен,
Үлкен қызын сұрасаң, "Нажмаш" атты.
Батыр Мәлік мінеді қаһарына,
Садуақастың кім шыдар заһарына.
Алтын, күміс, мал, жанын жиып алып,
Ырғап-жырғап жөнелді шаһарына.
Шаһар түгел мұсылман болып қалды,
Сахабалар дәулетке толып қалды.
Батырларды олжаға кенелдіріп,
Хазірет Ғұмарға хабар барып қалды.
Сонда Ғұмар қуанды судай тасып:
- Тәңірім сондай әрқашан берсін нәсіп!
Түңіліскен батырлар әзілдесіп,
Келе жатыр шаһарға көшіп-шалқып.
Өз қолыңнан бөліп бер бізге! - дейді,
-"Таласар!" - деп, ойынды үзбе! - дейді.
- Патша малын патшаға лайық көріп,
"Патша малын" шығардық сізге! - дейді.
Сонда Ғұмар әділдікпен бөліп берді,
Үкіміне көндірді талай елді.
Осы жүз түйе, қазына, малы менен, -
Балаларын Ғүмарға алып келді.
- Өліп кетті ата мен аналарың,
"Соғысам!" - деп, таусылды қалаларың.
Соның бәрі тамұқлық жаһут өтті,
Кел, ейді мұсылман бол, балаларым!
Мұны мақұл көрмейді көп бозбала,
Жаны шаһид болған соң, не дүр шара?!
Патшамыз: "Дарға ассын!" - деп, бұйрық қылды,
Солай надан өткізді Алла Тағала.
Насихатын айтады тағы безеп,
- Жұрты көнбей қалған жоқ бойын тежеп.
Енді, қызым, мұсылман болыңыз!- деп,
Шаһарман, Нажмашқа келді кезек.
- Атаң сенің соғысқан жұртын жиып,
Құдай үшін өлмеді жанын қиып.
Сіз де солай боларсыз, балаларым! –
Екі қыздың тұрады іші күйіп.
"Бол - десе де, - мұсылман" тіл алмайды,
- Бізді неге қинайды?! - деп жылайды.
Көз алдында ағасын өлтірсе де,
Сөзін қабыл Ғұмардың еш қылмайды.
Екі қыздан Ғұмардың сағы сынды,
Көп дұшпанды мұқатып, көңілі тынды.
- Қыз басымен бетімді қайтарды, - деп,
Жендеттерге:
- Дарға ас! - деп, бұйырды.
Дарға асуға жендеттер жөнеледі,
Бара жатып бір жерге бөгеледі.
Сұлуды көзі қимай, келе жатса,
Алдынан хазірет Ғалы кез келеді:
- Бұлардың көңілі толған уайымнан,
Айрылған бірге жүрген жұбайынан.
Әйелдердің басында не күнә бар,
Бұларды дарға асардай не күн туған?!
- Біз де қиын десеміз қыздың ісін,
Тоқтатуға келе ме менің күшім?!
Патшамыз: "Дарға ас!" - деп, бұйрық қылды,
Біз де қимай келеміз соның үшін.
- Қала тұрсын бұл қыздар аман - дейді,
- Мен риза болайын, саған! - дейді.
- Мен барсам, қалай шамам келмес екен,
Ренжімей тұра тұршы, балам! - дейді.
Сонда қыздар қуанып қалды дейді,
Ғалы қайдар Ғұмарға барды дейді.
- Ақылменен мұсылман қылсаңшы! - деп,
Түрлі ғақыл Ғұмарға салды дейді.
- Ақылменен айтсаңшы балаңызға!
Қанын жүктеп қыздардың қаламыз ба?!
"Ақылменен шариғат үйреттің!" – деп,
Айталық ислам дінін атамызға.
Ғалының өзі батыр, ақылы зор,
"Арыстан"- деп атанды, Құдайы жар!
"Ахыры ислам" - дейтұғын дана кісі,
Пайғамбардан пір алған қатыны бар.
Ғұмарға:
- Тапсыр бұл сөзді маған! - дейді,
- Қыздар, маған еріндер, балам! - дейді.
Ерітіп, қыздарға ақыл айтты:
- Мен ана табайын саған! - дейді.
Ер Ғалы сөз үйретті баласына:
- Қыздар, менің тілімді аласың ба?
Тілді алсаңыз, армансыз, өтерсіз! - деп,
Алып келді ертіп ап анасына.
- Әлі дінге кірмеген надан! - дейді,
- Мынаны өзің жөнде, анам! - дейді.
Иілместі иілтіп, тілін тауып,
Дін үйретсең, сауап қой саған! - дейді.
"Тамұқ бар, өлім бар"- деп, үйрете гөр,
Өткендерін бұрынғы тербете гөр!
Қаһарынан Ғұмардың айырып алдым,
Әдеп пен шариғат білдірте гөр!
Бөгеледі қыздары анасына,
Ақылының қарашы данасына!
Өзі әулие кісі екен кереметлі,
Дін үйрете бастады баласына!
Сонда кыздар иманға келді дейді,
Енді исламның асылын білді дейді.
Ақылымен қорқытпай, сөз айтқан соң.
Кешікпей-ақ дінге өзі кірді дейді.
Енді екі қыз мұсылман болып қалды,
Иман келіп кеудеге толып қалды.
- Екі қызың мұсылман болды ғой! - деп,
Хазірет Ғұмарға кеп, жария салды.
Ана сөзі балаға болды дәрі,
Судай тасып қуанды жұрттың бәрі.
"Ғалы себеп бұл қызға болды ғой!" - деп,
Қайран қалған секілді жұрттың бәрі.
- Сөзің қабыл болды ғой, Ғалы! - дейді,
- Кереметің бар екен әлі! - дейді.
- "Ерге ти!" - деп, айта гөр қызыңызға,
Батырлардық қуансын бірі! - дейді.
- Әбубәкір баласы - Махмұт текті,
Андағанға дұшпанға уақыт жетті.
Махмұтке біреуің тиіндер! - деп,
Ғалы батыр қыздарға әмір етті.
- Балам менің тілімді алсын! - дейді,
- Біреуі Махмұтқа барсын! - дейді.
- Біреуін Махмұтқа неқақ қылып,
Дұшпандарға мақтанып қалсын! - дейді.
Ғалы ұйыды Ғүмардың сауалына,
Жүрмейді кім оң сөздің ауанына.
- Махмұтқа біреуін қоса гөр! - деп,
Анасының кеп айтты құлағына.
Ұрыс қылса Ғұмар ер дұшпанымен,
Ақылдасқан Махмұттай батырымен.
Жеткізбекке Ғалының оң ниетін
Айтты анасы қыздарға ақылымен.
Қайғы түсті қыздардың өздеріне,
Ренжіді Ғұмардың сөздеріне.
- Ер іздейтін біздерде күн бар ма? - деп,
Екі сұлу жас алды көздеріне.
- Ғұмар жұртты мұсылман қылған - дейді,
- Пайғамбардың жолында тұрған! - дейді.
- Кімде де кім Ғұмардың сөзін жықса,
Пайғамбардың шапағатынан шығар! - дейді.
Достық қылып айтамын саған! - дейді,
- Қабыл көрмей жүргендер надан! - дейді.
- Пайғамбар мен Ғұмардың сөзінен шығып,
Күнәкар боласыз той, балам! - дейді.
- Пайғамбардың күйеуі - Ғалы арыстан,
Фатима мен екеуін Құдай қосқан.
Әйелге - әйел болмақ - сүннет екен,
Фатимадан адам жоқ құрметі асқан.
- Құдай салды, Ғұмарға жалынамыз,
Сөзден шығып, тәубеден жаңылмаңыз!
Бұрынғыдай салтанат күнім бар ма,
Жетім жүріп, ер іздеп, не қыламыз?!
Сүйдеген соң Ғұмарға хабар барды,
Қыздың сөзін патша да қабыл алды.
- Олай болса, киім мен тамақ бер! - деп,
Садуақасқа бұйрық хабар барды.
Түрлі тамақ, берді төсек астарына.
Өзі келді Ғұмардың қастарына.
Қазынадан әр түрлі киім алып,
Алтын тәжді кигізді бастарына.
- Бұл киімді қыздарым кисін! - дейді, -
Жоқ болса да, бар болар, білсін! - дейді. –
Көңілінен шығарып қайғыларын,
Біреуі Махмұтқа тисін! - дейді.
Сонда қыздар қуанып қалды дейді,
Қабыл көріп бергенін алды дейді.
"Малсыз, жансыз күйеуді қайтеміз?!" - деп
Үлкен салмақ патшаға салды дейді.
- Балам, саған берейін мен де бата,
Біздің істе болмасын еш бір қата(қате).
"Тілегіміз Ғұмарда бар дүр!" - десең,
Қандай нәрсе сұрайсың, айтып ата!
- Ғұмар жұрттың көтерер базынасын,
Әділ қылып жаратқан жалғыз басын.
Наушарбан атамыздың мүкәммалын,
Бізге бұйрық қылсаңшы қазынасын!
Үш жүз түйе атамның малын берсін,
Жетімдердің тілегін қабыл көрсін!
Біреуіміз Махмұтты қабыл көрдік,
Біреумізге сонан соң таңдау берсін!
Бұл сөз тиді Ғұмардың құлағына,
Жұрт таң қалды ол қыздың жауабына.
Жетімдердің тілегін қабыл көрді,
Өз малдарын өзінен аясын ба?!
Наушарбанның малы бар үш жүз түйе,
Данышпан ғып жаратқан Жаббар ие. –
Көңілі сүйген біреуге қармақ салсын,
Ерлерімді жыйайын жүйе-жүйе.
Үш жүз түйе қазына қолға тиіп,
Махмұтты қалады Нажмаш сүйіп.
Хазірет Ғүмар беріпті ақ батасын,
Екеуін Ғүсман қосқанда неке қиып.
Отыз үш мың асхаптар таңдауына,
Шаһарбанға ой берді Хақ тағала.
"Өзім бас боп, алдынан өтемін!" - деп,
Ғашықтық кірді Ғұмардай патшаға да.
Хазірет Ғұмар шығыпты алдын ала,
Үш жүз мыңдап жиылды сахараға.
Кеше ғана мұсылмандық қабыл алған,
Қызықтырды сол қызға Алла тағала!
Ішінде Ғұмар, Ғұсман, Ғалы да бар,
Жастары, топ ішінде кәрі де бар.
Ер Ғалының он сегіз баласы бар,
Асхаблардың ұғылының бәрі де бар.
Қарсы алдында жүреді батыр Ғалы,
Шаһарбанды көрген жан бас ұрады.
Ақылына ол қыздың қайран қалып,
Жиылған сахабаның қатындары.
Көп халайық келеді алдарына
Малын айтып келеді хақ жолына.
"Қайсымызға бұл несіп болады?" - деп,
Ерлер қарсы келеді таңдауына.
Падишалық киімін киіп алып,
Өңіне сабыр, салмақ жиып алып,
Хазірет Ғүмар алдынан өте берді,
Арғымақтың үстіне мініп алып.
Рәсім бар асхаптың арасынан,
Ескі емес, қартайған, жаңасынан.
- Салтанатты падиша - бұл кім? - деп,
- Шаһарбан сұрайды енді анасынан.
- Мұны саған сөйлесін анаң, - дейді,
- Сырын баян қылайын саған! - дейді.
- Он сегіз мың ғаламның дінін ашқан,
Ғаділ Ғұмар падиша, балам! - дейді.
Ғаділдігі ғаламға барған! - дейді,
- Кісі емес уағыдасыз, жалған, - дейді.
- Қор қылып шаһарымды алған еді,
Сүйегіме таңбаны салған! - дейді.
Шаһарбанның ақылы жаннан асқан,
Аз сөзбенен Ғұмардың көңілін басқан.
Тақсыр Ғұмар сол бетпен өтіп кетті,
Артынан ер келеді хазірет Ғұсман.
- Сәлде салған мынау кім бастарына,
Ақсақалдар ұсынбай ма жастарына.
Қартайғанда, қыз іздеп, не қылады,
Кәрінің қыз бара ма қастарына?
Шариардың біреуі - молда Ғұсман,
Ғалымлығын сұрасаң, жұрттан асқан.
Құранда: "Нұр иесі!" - деп атайды,
Пайғамбар екі қызын бірдей қосқан.
- Әй, ана, таң қаламын жауабыңа,
Мақтап, хасыл боласың сауабыңа.
"Қатынға анда-санда жатады" - деп,
Келген кезде тиіп еді құлағыма.
Онымен өтіп кетті Хазірет Ғұсман,
Хазірет Ғалы ер келеді тап артынан:
Ұжмақтан пайда болған Зүлфікдры,
Дүлділі айшылықты алшаң басқан.
Ғалыны артық қылған бір Құдай-ды,
Көргенде, сұрамауға кім шыдайды?!
- Нұры көкке тірелген кім екен? - деп,
Анасынан сонда қыз сөз сұрайды.
- Пайғамбардың сүйікті данышпаны,
Әлсіздерге әр жерде әл болғаны.
Пайғамбардың - Фатима қызын алған,
Бұл шерлі Алланың арыстаны.
Ғалы екенін танып иман келбетінен,
Артық кісі пайғамбар үмбетінен.
- Пайғамбардың жалғыз қызы –
Фатимаға. Күндес болып барамын не бетіммен?!
Өтіп кетті сонымен Ғалы батыр,
Фатима үшін сұлудан қалды қапыл.
Арап деген шаһардың падишасы,
Мәлікаждар артынан келе жатыр.
- Бастаған-ды бір жолға Хақтағалам,
Бұйрықсыз қайда келіп, қайда барам?!
Салтанатлы бұл өзі адам екен,
Мұның сырын баян ғыл анам маған!
- Жер жүзіне шықпаған жаман аты,
Ғұмардан да кем емес салтанаты.
"Арап"- деген шаһардың падишасы,
"Мәлікаждар"- болады мұның аты!
- Жас тұрғанда, мақтаусыз бар негізі,
Аса мақтап жеткіздің кәріңізді.
Жарлығымен Ғұмардың жұртты жиып,
Бұ дәурен сенделтті ме бәрімізді?!
Үлкендерден Шаһарбан тартады бас,
Қандай адам шығады бұған жолдас?!
Осылардың бәрінен артық туған, -
Ер келеді артынан Садуақас.
Бұ себептен Шаһарбан тапты сауап.
Пайғамбардың қайырын қылған тауап.
- Атқа еңкейіп отырған неткен жан-ды?-
Анасынан қыз сұрайды сонда жауап.
- Төрт шардан соң асхаптың бәрі де жас,
Шек келтірсең, жаныңа қыларсың хас.
Он сегіз мың ғаламның бәрін кезген,
Бұл Ғалының жолдасы - ер Садуақас.
Анаға тік тиді ме қыздың сөзі,
Жастықпенен жақпайды қыз мінезі.
- Атқа еңкейіп отырған ақсақал-ды,
Бейнет көрген кісі екен мұның өзі.
Бұл сөзді кінә қылды Садуақасқа,
Олар өтті, кім шығар жан жолдасқа?!
Садуақас бұл халмен өтіп кетті,
Енді нәубет келеді өңкей жасқа!
Асхаптардың ұлына келді кезек,
Жақындады олар да осы мезет.
Бір Ғалының он сегіз баласы бар,
Ешбір адам қалған жоқ бойын тежеп.
"Қайсымызға тиед, - деп, - көзі қиып?!
"Бір-біріне қиыспай тамам жігіт.
"Қайдан қалдық бір қызға құлыкты боп?!"
- Төбелесіп, сол жерде салды бүлік.
Бір-бірінен қорықпас, бәрі мықты,
Ғұмар, Ғұсман, Ғалыға хабар түсті:
"Бір қыз үшін өзара келісе алмай,
Жастардың арасынан ұрыс шықты!"
- Бірімізден біріміз түңілмелік,
Бар емес пе арымыз мың теңгелік?!
Үлкендерден естісе, ұят болар,
Падишаға баршамыз жүгінелік!
Мұны қабыл бәрі де көрді дейді,
Падишаға барды күңкіл сөзі дейді.
- Сұлуға ұнау біздерге қиын болды,
Бұйырсыншы таңдап тақсыр өзі! - дейді.
- Сіз түгіл, біз де бардық бойды түзеп,
Адам бармай қалған жоқ бойын тежеп.
Сөз мәнісін таласар білмейді ешкім,
Жүре бердік сонан соң кезек-кезек.
- Жанжал қылып жүрмеңдер, балаларым,
Құдай білер: сүйсе де кім аларын.
Елден бұрын алдымен Хасен жүрсін,
Үлкендете жүре бер кейін бәрің.
Қарсы алдынан жүреді Хасен батыр,
Әрбір сөзі Хасеннің балдай татыр.
Әрбір түрлі қарумен жарқылдатып,
Арғымағын секіртіп келе жатыр.
- Ай секілді кім еді, анам?! - дейді,
- Тағат қылмай барады балаң! - дейді. -
- Бір сабырым қалмай-ақ, есім кетті.
Шапшаң маған баян қыл, анам?! - дейді.
-"Хасенім!" - деп, пайғамбар сүйер - дейді,
Сүйген кісі бұларға тиер! - дейді,
Фатиманың тұла бойғы тұңғышы еді,
Тәңір дос-ты пайғамбар жиендері,
Қызықтым көріп Хасен салтанатын,
Жалғыз өзі алыпты неше қатын.
Көп күндестің текпісі қаратады,
Қызықсам да қалмайды тоқал атым.
Батырларға батып тұр қыздың назы,
Қатарласып шығыпты Хасен, Ғазы.
Үлкендерден бұл нәубет өтіп кетті,
Хұсайын мен кел деді Иазит өзі.
Иазит пен Хұсайын барар! дейді,
Сұлу көзін бұларға салар дейді.
Қызға жақын келгенде, жаза басып,
Аты сүрініп Иазиттің қалар дейді.
Ат жығылды Иазиттің омақа асып,
Бозбалалар күлкіге қалды батып.
Сонда қыз Хұсайынға көзін салды,
Бір Құдайым дегбірсіз қылып ғашық.
Хұсайынның таң қалып қылығына,
Қыздан жақсы қылығы мен хылына.
- Тезірек баян қылшы, анам, маған,
Жұмақтың исі кірді мұрыныма.
Жаман кісі жақсы мен талас етті,
Таласам деп, қор болып, басы кетті.
Кіріп кетті ғашықлық көңіліме,
Бір тағатым қалмастан, есім кеті.
- Пайғамбарға Құдайым болған қорған,
Ол кісінің сиратын нұрдан қылған.
Ғалы менен Фатиманың сүйер ұлы,
Асыл заттан сол екі пайда болған.
Бұған ғашық болдың ба, балам? - дейді,
- Жазған шығар тағдырды саған! - дейді,
- Пайғамбардың жиені тиген жарық,
Тамұқ оты ол жанға харам! - дейді.
Сонда к.ыз Шаһарбан састы дейді,
Құдай оны Махфузда қосты дейді.
Қыздың іші қайғысыз нұрға толып,
Үлкен табақ гауһарын шашты дейді.
Хұсайынға шашуын шашты дейді,
Сүйгеніне Құдайым қосты дейді.
Хұсайынға шашқанын көргеннен соң,
Ыза болып Иазит құты қашты дейді.
- Ақылың асты, әй, балам, тірі жаннан,
Бетін басты сонда қыз ұялғаннан.
- Болсын, балам, мүбарак! - деп, дұға қылды,
Қасындағы анасы қуанғаннан.
Қайтып келді төрт шардың батырлары,
Кәміл екен бұл қыздың ақылдары.
Фатиманы жайт айтып көп жылайды,
Қасындағы асхаптың қатындары.
Сонда Ғұмар патшаға хабар берді:
- Хұсайынды Шаһарбан сүйді! - дейді.
Пайғамбардың кұрметтеп жұрағатын,
Аттан түсіп қасына жаяу келді.
Ғұмар атын Хұсайынның жетелепті:
- Құдай берді біздерге бұл дәулетті.
Қуанғаннан төрт жардың жаны қалмай,
Мұхаммед, Мұстафаны құрмет етті.
Сонда жұрт Мұхаммедті есіне алды,
"Пайғамбар болмады-ау!" - деп, қайғыланды.
Мұхаммед-Қанафия Хұсайын мен Ғұмардан
Хұсайынның атын алды.
... Тақ көтерді Ғұмар мен Ғұсман молда,
Ғалы қайдар қуанып келді сонда.
Төрт жар болып бір қызды құрметтеген,
Бір хабар беруші жалғыз Алла.
Ғалының төрт баласы жақын барды,
Төрт жарлардың қолынан алтын алды.
Қызды олар көтеріп бастарына
Ғалы арыстан үйіне алып барды.
Қызды керіп жиылды тамам қатын,
Пайғамбардың кұрметтеп жұрағатын.
Сол жерде хазірет Ғұсман неке қиды,
Сыйға берген заттардың бәрі-алтын.
Бұл қызықтан кетпеді жас пен кәрі,
Мал мен жаннан түңілді жанның бәрі.
Пайғамбар мен Фатима құрметі үшін,
Тойын қылды он күндей хазірет Ғалы,
Сонда Ғалы қуанып судай тасқан,
Еске түсіп Фатима көп жыласқан.
Пайғамбар мен Фатима құрметі үшін,
Барлық малын аямай төгіп-шашқан.
Алтын үйде қозғалмай үш күн жатқан,
Бір-бірінен бұйыртып, дәмін татқан.
"Бірде жоқ біздерге кез келеді!" - деп,
Хұсайын ер Хасенге жазған хаттан.
Хасен бір күн мешітке барған екен,
Кітаптарға кездерін салған екен.
"Бұл шаһарға бір сұлу келеді", - деп,
Оның үшін коп қатын алған екен.
Сонда Хасен бекітті өне бойын,
Өзі бас боп қылыпты ойын-тойын.
Жұмақ есігі ашылды Шаһарманға,
Құдай артық жаратқан ақыл-ойын.
Той тарқады Ғалының мерейі асып,
Құдай берген бұл қызға артық нәсіп (несіп).
Баласына Ғалының тигені үшін,
Қызға сегіз ұжмақтың есігі ашық.
ТҮСІНІКТЕР
Бір үйге. Бұл өлең Қазақстан республикасы Ұлттық ғылым академиясындағы Орталық ғылыми кітапханасы - қолжазба қорындағы Мәшһүр-Жүсіптің өз жазбасы: 1170 "б" папкасы, 995-1002 беттер бойынша әзірленіп, әулеттік мұрағаттағы ақынның қарындасы Мәдинадан туған жиені Жолмұрат Жүсіпұлы (1894- 1977) (Жолмұрат әкесі де "Жүсіп"-деп аталған, бірақ ол "Мәшһүр-Жүсіп" дегендегі Жүсіп емес - Е.Ж.) көшірмесімен салыстыру жүргізілді. Осы орайда ескертеріміз: Мәшһүр-Жүсіпті көшірушілер тәрізді Жолмұрат жазбасы да араб әрпінде жазылған. Түркі әдебиетінде діни тақырыптағы әдебиеттің негізін салушы Қожа Ахмет Иассауи (XІІ ғ.) десек, XІX ғасырда сол бағытты жаңа арнада дамытқан ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) екендігі белгілі. Шығарманың қандай жағдайда туғаны хақында жоғарыда аталған ақын туындысы соңында және Жолмұрат Жүсіпұлы көшірген өлең соңында мынадай ескерту бар: "1910 жылында Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің наз нонларының қарап отырып, жүзінен алған сабақ оқуы. 1911 жылдың 31 мартында қаламмен қағаз жүзіне нұсқа болып орнатылды. 53 жаста сөйлеген сөзі. Бұл кітаптан көрген сөз емес. Не біреуден естіген сөз емес. Он бес, он алты жаста болған балалардың бетіне қарап отырып, жазған сөзі. Құдай тәбәрекұ тағаланың шеберлігін тамаша қылу үшін осындай сөзді жазуға себеп болған. Балаларды танитұғын көз қайда?! Бірақ, не қылайын, наданда көз де жоқ, құлақта жоқ. Соқыр мен саңырауға айттым не, айтпадым не?!" Біздіңше, Мәшһүр-Жүсіптің "Бір үйге" өлеңі идеясын толық түсіну үшін, оны ақынның діни тақырыпқа арналған барлық өлеңдері, дастандары мен байланыстыра қарастыру керек. Сонда бұл туындыдағы идеяның оқшау қалмайтынына, жалпы Мәшһүр-Жүсіп дүниетанымының, айтпақ ойларының бір бөлшегі екеніне көз жеткіземіз. Мәселен, сол ғажайып үйдегі оқу мәнісін ("Оқу бар ол әйнекке жазған хаттан") түсіну үшін Алла сөзінің Құранда араб тілінде, араб әрпімен, өзіндік белгілермен қағазға түскеніне ден қойған жөн. Ұлы ақын Абайдың да алғашқы туындысы: "Әлифби өлеңі" болуы тегін емес. Абайда: "фифайдаң тие ме деп, жаза салды// ... Каф-камил (толық) ақылың асыл, затым, 11... Нон-Нала қып, қайғыңмен күйдірдің көп", - делінсе, Мәшһүр-Жүсіпте: "Бір нон тұр қосылуға кәфке құмар, // Болған соң күн фи күн бұлар тұмар", - болып берілген. Ал, тіршілік бастауы болған от, жарық т.б. мәнісін түсіну үшін бұдан төрт-бес мың жыл бұрын тарала бастаған көне Үнді, Қытай мифологиясын, сонымен бірге Інжіл (Библия), Құранда айтылған жәйіттерге иек артқан жөн. Сонда Мәшһүр-Жүсіп елеңінде бейнеленген от, жарықтың тіршілік, ақиқатты түсінуге бастайтын нышан екенін зерделей аламыз. Жолмұрат жазбасының соңындағы: "Соқыр мен саңырауға айттым не, айтпадым не?!"- деген түйін де ақиқат танудың қиындығына назар аудартудан туған деп пайымдаймыз. Расында, осы өлеңінде Мәшһүр-Жүсіп: "Соқырлық көрінгенді орға жығар", - десе, ол көрмеушілік тән зағиптығы емес, жан соқырлығы, ақиқатты тану күрделілігіне ден қою екендігі түсінікті. Осы орайда "соқыр" ұғымын анықтарлық ұғымдардың 647 жылы қағазға түскен Құран Кәрімде бірнеше қайталанып берілуі [Құран Кәрім, Медине, 1991ж.] тегін еместігін атап айтқымыз келеді: 1. "Олар (пайғамбарларды жалғандау, өлтірулері себепті Ж.М.Р. т.б.) бір сұмдық болмайды деп ойлады да, соқыр, саңырау болып алды" (120-бет). 2. "Рас, тозақ үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Және олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді, тіпті одан ары адасуда" (1746.). 3. (Аллаға сенбегендер туралы айта келіп, - Е.Ж.)
"Негізінен көздері соқыр емес. Бірақ көкіректеріндегі жүректері
сокыр".(337 б.).
4. "Соқыр мен көруші тең емес" (Кәпір мен мұсылман, надан мен ғалым.Ж.М.) (19). Қараңғылық пен жарық тең емес. (Шындық пен өтірік.Б.) (20) (437-бет). 5. Соқыр мен көруші тең емес. Сондай-ақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер мен жамандық істеушілер де тең емес" (437-бет). Құранда қайталанып берілген осы идея - ақиқатты тану, көру қиындығы алғашқы қазақ газеті "Дала уалаятының газеті" беттерінде 1891 - 1902 жылдары аралығында жарияланған материалдарда да біраз орын алған. Мәселен, 1894 жылы басылған: "Ертегі - данышпан Керім турасынан", - "Жуковскийден", - деп берілген әңгімеде күншығыстағы бір патшаның: "Жер үстінде шеккен ғұмырымызды һәм дүниені не нәрсемен теңестіруге болады?"- деген сауалына жауап іздеп сапар шеккен Керім түрлі адамдардан қилы байламдар естиді. Соның ішінде қайыршының ұйғарымына да Керім келіспейді. Ал, біз қайыршы сөзі мен Мәшһүр-Жүсіптің 1907 жылғы "Тірлікте көп жасағандықтан, көрген бір тамашамыз" кітабындағы соқыр, саңырау, жалаңаш туралы айтылған хикаят идеясы арасындағы төркіндестікті көреміз. Газеттегі қайыршы әңгімесін келтірейік: "Бір мылқау соқырға айтыпты: " Егер де сен ойыншы, домбырашы адамды көрсең, маған жібер. Қапа болған менің баламды, ойнап, көңілін көтерсін", - дейді. Бұған соқыр айтыпты: "Мен мұңда ондай ойыншы адамды көрген едім. Оның артынан өзімнің аяқсыз баламды жіберейін. Ол қазір тауып келер", - депті. Аяқсыз жүгіріп, кешікпестен ойыншы адамды тауып келіпті. Бүл ойыншы қолсыз екен. Сонда да тоқталмастан өзінің шексіз домбырасымен соншалық артықша жақсы ойнайды. Қапа болып жатқан адам шек-шілесі қатқанша күліпті. Сонда соқыр көріп, қолын шапалақтапты. Мылқау тұрып ойыншы адамды сөйлеп мақтай бастапты. Аяқсыз билей бастапты. Мұның секіріп билегенін көріп, халықтар жиылыпты. Халықтың ортасынан бір ақымақ жүгіріп шыға келіп, ойыншыға, билеушіге һәм ғайры өзгелеріне: "Бәрекелді, жарайды, рақмет", - депті. Бұлардың жанынан ақырын бір данышпан адам өтіп бара жатып, не болғанын көріп, өзіне-өзі сыбырлап айтыпты: "Міне, осындай күлкі, ақылсыз фәни дүние, һәм біздің ғұмырымыз дүниеде мұндай болып өтеді", - депті [Дала уалаятының газеті. Алматы, Ғылым, 1989, 530-531 б.]. Ал, Мәшһүр-Жүсіп хикаятына келсек, онда жолдас болып келе жатқан соқырдың өзі көруге тиісті еместі көрдім деп, саңыраудың естімегенді естідім деп, ал жалаңаштың тонайтұғын түгі жоқ болса да, тоналудан қорқып, - бәрі әбігерге түскені баяндалады. "Дала уалаятының газеті" ертегісінде соқыр, мылқау тәрізді т.б. өнімсіз әрекет етушілердің бос мехнатын жалпы әжуалау орын алса, Мәшһүр-Жүсіпте көрмегенді көрдім, естімегенді естідім, бардан емес, жоқтан айрыламын деудің орынсыз екенін жинақтап көрсетумен бірге, соның қазақ арасында кең тарағанына үңілту бар:
Керек істі көрмейді өз басына,
Соқыр деп салдым соны сөз басына.
Дәнемені өз көзі көрмеген соң,
Жұқтырар соқырлығын жолдасына.
Күн ашылды көрінер енді бойың,
Асықпасаң әзір түр, міне, тойың.
Керең саңырау-дегенім - құлағы жоқ:
Таусылмайтын, ұшы жоқ, ұзын ойын.
Бәрін өзім білем деп жүреді сол,
Жан жоқ боп ақыл, ойға өзінен мол.
Өз жанының пайдасын естімейді,
Естір болса, жүріс бар-бір сапар жол.
Бұл сөзімнің балы бар, уы аралас,
Ойлаймысың бір іске деп жарамас.
Келіп пе едің жалғанға киім киіп,
Тумап па едің анадан тыр жалаңаш?!
Сондай-ақ "Дала уалаятының газетінде" 1902 жылы басылған "Сағати көз" деген аңыз әңгімеде бір сағатқа көзі ашылған бай Мамед өз көргендеріне назаланып, кедейлерге жаны ашып, мал-мүлкін соларға бөліп береді [Дала уалаятының газеті. Алматы, Ғылым, 1992 556-560 б.]. Мәшһүр-Жүсіптің "Ғали Арыстанның әңгімесі" дастанында да ақша алу үшін, аз уақыт көрде жатуға көніп, ертең өлгенде, өзін не күтіп тұрғанын көріп келген сараң бай да, өзінің бұрынғы ниетінен қайтқанын мәлімдейді. Мұның бәрі Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы ғана емес, сол кездегі, XІX ғасырдың соңғы ширегі мен XX ғасырдың бас кезіндегі, әдеби үлгілердегі идея төркіндестігін, яғни ақиқат іздеу қиындығына үңілтуге кең көңіл бөлуді, дәлелдейді. Қысқасы, "Бір үйге" өлеңі - қазақ әдебиетінде әлі толық зерттеле қоймаған діни философиялық поэзияның үздік үлгісі ретінде назар аудартады.
Өлеңдегі жеке сөздерге түсініктер: 1. Ома - парсы сөзі: "белгі" мағынасында жұмсалған. "Ома фиһа"- демек "фиһа белгісі" деген мағынада болар деп есептедік. 2. Нон - араб әліпбиіндегі "н" әрпін білдіреді. 3. Харыс - парсы сөзі: " аңсау, көксеу, ынтық" мағыналарын беред. Бұл жерде оқуға деген ынтықтық мағынасында жұмсалған. 4. Хад - парсы тілінде "ете" деген мағынаны білдіреді. 5. Тамиғ - парсыша "ашкөздік" ұғымын беруге арналған. 6. Ғани - парсы - "разы болу" мағынасы. 7. Мәсдар - парсыша: " бастау, қайнар көз" мағыналарында алынған. 8. Күнфикун - парсыша: "бол" мағынасында жұмсалған. Қанағат туралы жұмбақ өлең. Бұл шығарма әулеттік мұрағатта сақталған Мәшһүр-Жүсіптің өз жазбасы бойынша әзірленді. Әулеттік мұрағатта бұл туындының көшірмесі, Мәшһүр-Жүсіптің кіші ұлы Мұхаммед фазылдың (1890-1969) жазбасы да сақталған. Фазыл көшірмесінде аздап мәтіндік өзгерістер бар.Осы орайда Жолмұрат көшірмесіне Қарағанда, Фазыл жазуында өзгешелік көп екенін, кейінгінің көне араб (хадим) әрпінде емес, А.Байтұрсыновтың 1914 жылы ұсынған, жаңа жетілдірілген араб жазуы үлгісінде жазылғанын, демек басқаларға Қарағанда, бұл кісінің жазуы неғұрлым аз қиындықпен оқылатынын ескертеміз. Бұдан кейін тікелей түпнұсқадан көшірілмеген басқа нұсқаларда ұйқас т.б. селкеуліктері ұшырасса, ол Мәшһүр-Жүсіптің емес, қағазға түсіруші көшірмешілердің кемшілігі болуы мүмкіндігіне назар аудартқымыз келеді. Себебі, Мәшһүр-Жүсіп өлеңдерін бізге жеткізушілердің біраз туындыны тікелей түпнұсқадан көшірсе, біраз ретте ақын шығармаларын жатқа айтушылардың аузынан естіп, қағазға түсіргендерін ескермей болмайды. Ауызша айту, еске сақтау кезінде жекелеген өлең жолдарының не өзгеруі, не ұмытылып қалуы орын алатыны белгілі. Түпнұсқа бойынша берілгендіктен де, бұл өлең көшірілген басқа үлгілерге қарағанда, бізге жетуі жағынан ғана емес, көркемдігі жоғары болуымен де, ерекшеленеді. Шығарма тұңғыш рет Павлодар өңірінің имандылық рухани тәрбие газеті "Руханияттың" 1 санында 2002 жылдың 8 қыркүйегінде (5-бет) жаршгланды. Кәф пен Нон. Бұл шығарма жоғарыда аталған ҚР ҰFA Орталық ғылыми кітапханасы -қолжазба қорындағы Мәшһүр-Жүсіптің өз жазбасы: 1170-б-папкасы, 983-989 беттері бойынша әзірленіп, әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр-Жүсіп жиені Жолмұрат Жүсіпұлы және Мәшһүр - Жүсіппен көршілес, аралас, сыйлас болған адам Сұлтанмахмұт (Шолтым) Иманмәдіұлы (1897-1983) көшірмелері бойынша салыстырыла отырып әзірленді. Шежіре тәртібімен алдымен әкесін, кейін баласын келтірсек, былай болып шығады: Арғын-Құтан-Мейрам-Бегендік (Қозған)- Сәрік - Қожамберді- Шолақ- Құлет-Айдапсал- Байсал – Телеу – Исабек – Иманмәді - Сүлтанмахмүт. Осы орайда Шолтым жазбасының да араб әрпіңде екенін ескертеміз. Біздіңше, ақын: "Коф, Нон" сөздерін арабшадағы мағынада да, ауыспалы, ишарат мәнде де қабағат пайдалануы мүмкін. Мінілмеген көлік. Бұл өлең де 1917 жылғы төңкеріске дейінгі, яғни XІX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басындағы тұспал өлеңнің бір үлгісі. Шығарма әулеттік мұрағатта бар Мұхаммед фазыл мен Жолмұрат көшірмелерін салыстыра отырып әзірленді. Құдайым жексенбі күн жер жаратты. Шығарма жоғарыда аталған ғылыми кітапхананың қолжазба қорындағы Мәшһүр-Жүсіп жазбасы, 1171 папка, 82-100 беттері бойынша әзірленіп, әулеттік мұрағаттағы Жолмұрат Жүсіпұлы мен Мұхаммед фазылдың жазбаларымен салыстыру жүргізілді. Өлең бұған дейін Павлодар облыстық "Сарыарқа самалы" газетінің 2000 жылғы 8 тамыздағы санында жарияланды.(Материалды әзірлеп, ұсынған - Ертай Жүсіпов). Осы орайда шығармада аталған күн мерзімін ғарыштық ұғымдағы уақыт мөлшерімен бірдей санауға келе бермейтінін ескерткіміз келеді. Ғарыш ұғымындағы әр күн жердегі елу мың жылға сай дейміз бе, әйтеуір ұзақ уақытпен пара-пар болуы да мүмкін. Сондай-ақ мұнда шаң берген әр ұғымды түсіну үшін, жалпы ислам жайыңдағы зерттеулерге кең үңілу керектігіне назар аудартқымыз келеді. Біздіңше, бүл туынды - ислам тарихын кең білгісі келетін зерттеушілер үшін, оның ішінде: философия, астрономия, физика, химия, биология т.б. мамандары үшін, коп ізденіп сараптауды тосып тұрған бағалы материал көзі. Мәшһүр-Жүсіптің кез келген туындысын көне Үнді, Қытай, араб, түркі философтары еңбектерімен салыстыра қарастыру үшін де, алдымен ақын шығармаларын баспа бетіне ұсына беруді жөн көрдік. Абыраһа мен Мұтылаб. "Абыраһа мен Мұтылаб" өлеңі кезінде Мәшһүр-Жүсіптің атқосшысы, сыйлас інісі болған Иманғали Маненов (1903-1993) көшірмесі бойынша әзірленді. Осы орайда Фазыл мен Жолмұратқа қарағанда, Иманғалидың арабша жазу үлгісі біршама қиындау екенін, әрі онда жекелеген өшкен, көмескі тартқан жолдар да жиі ұшырасатынын, сондай-ақ тікелей қолжазбадан емес, ауызша айтқандардан қағазға түсіруге негізделгендіктен де, шығармада біраз сөздердің түсіп қалуы, орын ауысуы т.б. мүмкін екендігін ескерткіміз келеді. Кезінде Меккедегі қасиетті тасқа қастық ойлаушылар болғаны, бірақ олардың еш нәтиже шығара алмағандықтары туралы тарихи деректер де, аңыздар да баршылық. Бұл тұста ақынның таза тарихи шындық емес, көркем шындық жасауы мүмкіндігін де ескерген жөн деп санаймыз. Мұхаммед пен Әбужаһил. Бүл туынды Сұлтанмахмұт (Шолтым) Иманмәдіұлы жазбасы бойынша әзірленді. Шығарма ең алдымен көркем туынды болғандықтан да, онда шарттылық, әсірелеу орын алуы да ақынның жазу стиліне, автор мақсатына, өлең идеясына бағындырылған романтизм рухында жазылуына толық сай келеді. Мұхаммедке пайғамбарлық келгені. Бұл шығарма Иманғали көшірмесі бойынша әзірленді. Алтын табақ."Алтын табақ" өлеңі халық ауыз әдебиетін, оның ішінде Мәшһүр-Жүсіп мұрасын жиыстырушылардың бірі, Екібастұз қаласында тұрып қайтыс болған Қарақызұлы Әшім (1893-1989) көшірмесі бойынша әзірленді. Әшім жазбасы да араб әрпімен жазылған. Ғалының ниеті. Шығарма әулеттік мұрағатта сақталған Жолмұраттың екі көшірмесін өзара салыстыру арқылы дайындалды. Ибраһим. Туынды Сұлтанмахмұт (Шолтым) жазбасы бойынша әзірленді. Шығарма басындағы: "Біз үшін жалғыз ұлын құрбан қылған, // Не көрсеттік сөйткен Мұхаммедке", -жолдары тарихи аңызды үнемі өз замандастарын тәрбиелеуге бағындырып отырған және кіріспеде болар уақиғаға дейін өз пікірін тікелей жар ететін Мәшһүр-Жүсіп стиліне толық сай келеді. Пайғамбардың соңғы тілегі.Бұл өлең Иманғали жазбасы бойынша ұсынылып отыр. Осы орайда Мұхаммедтің Ғакаша тілегін орындамақ болуы бұдан бұрын жарияланған "Пайғамбардың дүниеден өтуі туралы" (Жұлдыз, 2, 1996, 113-128 б.) деп аталған Мәшһүр-Жүсіптің басқа да туындысында, дастанында, орын алғанын еске саламыз. Фабула, уақиғасы ұқсас болғанымен, әр шығармада бүл әрекет түрліше өрнектелген. "Пайғамбардың дүниеден өтуі туралы"- Жолмұрат көшірмесі бойынша ұсынылғаны белгілі (Материалды әзірлеп, жариялаған - Гүлназ Жүсіпова). Пайғамбардың өсиеті. "Пайғамбардың өсиеті" өлеңі Иманғали көшірмесінен алынды. Шайхы Ысқақ. Шығарма әулеттік мұрағатта сақталған: Мұхаммедфазыл, Жолмұрат, Мұхаммедәмен (Мәшһүр-Жүсіптің ортаншы ұлы (1888-1921), Төлепберген Алдабергенұлы (1932 жылы туған) жазбаларын және жоғарыда аталған ғылыми кітапханадағы Мәшһүр-Жүсіп жазбалары сақталған 1171 папка ішіндегі белгісіз біреу қолымен жазылған 84(59)-85(58) беттерімен салыстыра сұрыптау нәтижесінде әзірленді. Шығармадағы "Бұхарда мен шәкірт боп жүргенімде", - деп басталатын бір шумақ Төлепберген көшірмесі бойынша қосылды.
Осы өлеңдегі араб тілінен алынған сөздер: 1. Кәллә - араб сөзі: бас. 2. Хикмет - даналық, даналық нақыл. 3. Ғауамил - себеп-салдар, эсер етуші күш. 4. Тараккиб - құрам, құрылыс, сөз тіркесі. 5. Сарф - морфология. 6. Наху - синтакис. 7. Таухид - біріктіру, бірлестіру, діни моноатеизм. 8. Кәләм - сөздер. 9. Ақайд - Шығыс медреселерінде оқылатын діни кітаптың аты. 10. Мантық - логика. 11. Ташрих - анатомия. 12. Хашия - діни кітаптар шетіндегі түсінік сөздер. 13. Мүназир - жарыс сөз, айтыс. 14. Уафа - жалған. Демек "биуафа" - "жалған емес" - ұғымын береді. 15. Бахас - зерттеуші ғалым. 16. Дәфән - жерлеу, көму. 17. Кәфин - кебін. 18. Мән раббик - Құдайың кім? Мәшһүрдің өзін таныстыруы Мәшһүр-Жүсіп мұрасын жинаушы Екібастұз қаласы тұрғындары: Досмағамбет Сүлейменұлы және Жұқаш Көрібайұлы(1916 ж. туған) көшірмелері бойынша берілді. Мәшһүрдің алпыс сегізінде сөйлегені. Әулеттік мұрағатта сақталған аталған өлеңнің көлемі 216 жол болса, ақын таңдамалысының алғашқы томына (Алматы, Ғылым, 1990) бар болғаны оның 36 тармағы енген. Демек шығарманың алтыдан бір бөлегі ғана кітапта қамтылған да, басым көпшілігі, алтыдан бесі мүлде кірмей қалған. Мұның бір-ақ себебі бар. Жинақ әзірленген 1986-1988 жылдары әміршілдік жүйе үстемдігі тұсына дөп келеді. Ол кезде Мәшһүр-Жүсіп кітабын шығару үшін де, ондағы кеңестік билеу тәртібіне катысты сын біткеннің бәрін алып тастау мәжбүрлігі тұрды. Соның салдарынан да аталған туындыдағы бұрынғы ескі заманды шенеген ойлар ғана іріктеліп, кейінгіні тура түйреумен бірге тұспалдап мысқылдау атаулысы қысқарту қайшысының құрбаны болды. Енді өзгерген уақыт өлшемімен қайта қарап, шығарманың толық нұсқасын баспаға ұсыну жөн деп таптық. Дәйектесек:
Алай-түлей ұйтқыған боран соғып,
Ақыл, сезім жылқыдай кеткен ығып.
Кеткен нәрсе орнына бір келмеді,
Күн қанша жадырағанмен, шуақ шығып!
- деген жолдарда көп мән жатыр. Алғашқы тармақты ("Алай-түлей ұйтқыған боран соғып") өткендегі арпалыс ізі айнасы десек те, осы шумақтың соңғы жолдарының өлең жазылған кезде де, жақсылық орнай қоймағанын аңдатуға арналғаны анық. "Күн қанша жадырағанмен, шуақ шығып!" жолында, сырт қарағанда, кеңес кезіндегі өзгерістерді құптағандық сыңайы байқалғанымен, шумақты тұтас алып, зерделесек, үстірт әсерден тез арыламыз. Күн шын жадыраса, "кеткен нәрсе орнына бір келмеді", - деп, несіне айтып түр? Әдетте ақын ойын түсіну, дәлелдеу үшін, оның жекелеген үзіндісімен шектелмей, шығарманы тұтас алып қарастыру керектігін ескерсек, онда жаңа тәртіпті шенеу (қолдау емес) сарыны басым жатқанын межелей аламыз. Мәселен, осы үзіндіге тетелес шумаққа көз салайық: "Келуі жоқ, қанша қақса, кеткен кайтып, Жараны жаңғыртпайын текке ұлғайтып", - жолдары да бұрынғы жақсының оралып келмегенін еске салуға арналып отыр.
Осы орайда М.Дулатовтың 1914 жылы "Қазақ" газетінде басылған "Елім-ай" өлеңінің мына жолдарына назар аудартқымыз келеді:
Қандай едің!
Қара кейін қайырылып.
Қандай едің!
Тұрсың одан айырылып.
....Қайтер едің
Өткен дәурен оралып,
Жылы жүзбен мойнын бұрса, елім-ай!
Бұл арада М.Дулатовтың "өткен дәурен" дегені қазақтың бір кездегі бостандықта өмір сүрген кезеңі екені белгілі. Демек арада 12 жыл өткеннен кейін, елді сорлатқан патша үстемдігі жойылып, оның орнына кеңес билігі орнаса да, халық үшін нағыз бостандық келмегенін де Мәшһүр-Жүсіп тура айта алмай, бір-ақ жолға ("Келуі жоқ, қанша қақса, кеткен қайтып") сыйғызып, шебер тұспалдап тұр емес пе?! Бұл өлеңнен де ақынның кемеліне келген суреткер екенін танимыз. Ол кемшілікті ғана көрсетіп қоймай, ара-тұра болсын, оң өзгерістерді де байқай білуі: "Жас ұлан мен жынысы әйел, - кедей тобы, Алып тұрсың еркіндік, бостандықты!" Назар аударарлық ерекшелік: ақын келіскен жерінде өз ойын тіке айтса (мақтауға кім тосқауыл қояды), сынауға келгенде, мысқылдау, астарлаудың не бір нәзік, күрделі үлгілерін тудырады. Сонда кішігірім марапаттау тасасында үлкен сын жатқаны айқындалады. Ақынның бұл тәрізді сөз арасында айтылған мақұлдау, шығарып салма сөздері әрі ащы сын мен тұщы қоштауды алма-кезектестіріп, өлең сюжетін дамытуға, әрі түпкі ойды бүркемелеуге жамылтқы ретінде қызмет атқарып тұр. Расында, жастар мен әйелдер, кедейлер - бәрі бостандық алса, ұпайдың түгелденгені, халықтың басым көпшілігі бақытқа жеткені деп, тоқмейілсуге де болар еді. Бірақ бұл "бостандық" дегеннің уақытша болуы мүмкіндігі өлеңдегі мына жолдардан жота көрсетеді:
Біздің қазақ саяғы кер кеткеннің,
Түк пайдасын көргем жоқ ер жеткеннің!
Алқымынан алған жау босатпайды,
Онан күші аса алмас жан біткеннің!
Көл құрып, аққан дария - су тартылған,
Ұртты ауыртқан құр бос сөз көп айтылған!
Азаматта айтарлық таппадым жан,
Бой жеткенмен, күндіктен күні артылған!
Осы үзіндідегі әр сөз "алқымынан алған" жаудың босатпауына көңіл бөлгізуге арналған. Ендеше мұның алдындағы: "алып тұрсың еркіндік, бостандықты" жолы - ақынның қадап айтар ойы емес, қайта біршама мысқылдау жемісі екенін аңғара аламыз. Ойымызды, дәлелдей түсу үшін, жоғарыдағы үзіндіге ілесе берілген мына жолдарды келтірейік:
Жегеніне мәз болып тауып нанды,
Алас ұрып бәрі жүр қинап жанды.
Шарқ ұрсаң да дүниені, таба алмайсың,
Басқаға пайдам тисін деген жанды.
Кедейдің шықпайды өнер саяғынан,
Байлардың запыс болған таяғынан.
Бірі шаба жөнелсе ілгері озып,
Шап етіп бірі алады аяғынан.
Демек халықтың шын бақытты болуы үшін, кедейлердің бостандық алуы де жеткіліксіз екен. Сол бостандықты кім, қалай пайдаланады? Сол сұрақпен межелегенде, ақын үшін мазасызданар жәйіттер аз емес:
Сорды азсынып, кейде біз тұз да қостық,
Желді азсынып, құйынның жолын тостық.
Пайда ойласаң басыңа, жап етекті,
Жұрттың жақсы көргенін білме достық!
...Бой бермеймін дегендер ар-намысқа,
Ұзап шырқап кетеді тіпті алысқа.
Кеткенімен алысқа құтылмайды,
Қайда барса, килігіп ну қамысқа.
...Жаз - алмасаң сыбаға, қыс - аласың.
Астары жоқ киімге тыс аласың.
Алған пайдаң мақтанға, тапқан олжаң,
Дұшпандардың оғына нысанасың!
Міне, бұл жолдар арқылы қазіргі тыныштықтың аяғы қатерлі екенін де ақын шебер тұспалдап андатып тұр. Түсіне білген адамға осы үзіндіде төніп келе жатқан 1932 жылғы аштықпен 1937 жылғы ел зиялыларының жаппай құрбан болуының ызғары сезіліп тұр. Қысқасы, Мәшһүр-Жүсіп бұл өлеңінде түпкі ойды, сынап сақтандыруды сақтап, дамытып, әсерлі беру үшін, ара-тұра айтқан мақұлдауларын жамылтқы ретінде пайдаланған деуге негіз толық. Сол арқылы ақын шағын шығармада тұспалдау, меңзеудің әсем үлгісін тудырған. Мұның бәрі 1920-1926 жылдары зобалаңдары кезінде қазақ ақындарының үнсіз қалмағанын, өз ойын бүркемелеп, астарлап болсын жеткізе білгенін дәлелдейді. Өлең, негізінен алғанда, Мәшһүр-Жүсіптің өз қолымен жазылған түпнұсқа бойынша әзірленді. Тек соңғы 12 шумағы, 48 тармағы сақталмағандықтан, одан әрі өрілген 10 тармағы Жолмұрат бойынша, ең соңғы 38 жолы Мұхаммедфазыл көшірмесі бойынша толықтырылды. Жалғыздық. "Жалғыздық" өлеңі Жоғарыда аталған ғылыми кітапхананың қолжазба қорындағы Мәшһүр-Жүсіптің 1170 "б" папкасы 989-992 беттері бойынша әзірленіп, әулеттік мұрағатгағы Жолмұрат Жүсіпұлы көшірмесімен салыстыру жүргізілді. Мәшһүр-Жүсіпте өлең тақырыбы орнына "Ерленіп, долданып бір сөйлеп кеткені" делінсе, Жолмұрат жазбасында өлең маң сөйлеп кеткені", - деген анықтама орын алған. дайшасында: "Ызаланып, долданып бір Сонымен бірге шығарма соңында Жолмұраттың екінші бір ескертуі бар: "Аяғы түгел емес. Бір қағазы - біреу жыртып алған, - жоқ болды. Көшірілді 1947¬12 май күні. Мәшһүр-Жүсіптің өз жазған нұсқасынан". Біз шығарманың тақырыбы мен идеясына қарап отырып, туындыны "Жалғыздық" деп атағанды жөн көрдік. Ышқышбап сапары. XІX ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарында "Саяхат өлеңдерінің", яғни "Сапар өлеңдерінің" елеулі орын алатыны белгілі. Біздіңше, сапар өлеңдерінің ерекшелігі: онда тарихи шындық, географиялық, этнографиялық мәліметтер келтіріліп, халық тұрмысы, көзқарасы, психологиясы, дүниетанымы нақты көрінеді. Өлең - сонысымен де құнды. "Ышқышбап сапары" Жолмұрат, Фазыл көшірмелері бойынша берілді. Өлеңнің қай жылы жазылғанын Мәшһүр-Жүсіп өзі нақты көрсеткен: "Зиарат Ышқышбапқа бұл барғаным Жылым - қой, отыз жеті жасым еді". 1859 жылдың қой жылы екенін, оған отыз жетіні қоссақ және Жолмұрат жазбасына сүйенсек, Мәшһүр-Жүсіп сапарын 1896 жылы деп санауға болатынын анықтаймыз, Әйтсе де Мәшһүр-Жүсіптің 1931 жылы қайтыс болғанын және "Мәшһүрдің 73 жасында сөйлегені" өлеңі бар екенін есептесек, ақынның туған жылы 1858 деуіміз де қателік емес. Бұрын қазақта белгілі бір жасқа жетуді тоспай, мәселен, 72-ге толса болды, жетпіс үшінші жасқа аяқ басты, яғни жетпіс үште дей беретін әдет те болған. Бұл өлең ең алғаш "Қазақ тілі мен әдебиеті" журналының 1997 жылғы 9-10 санында(79-87б) жарияланды. Материалды әзірлеуші— Ертай Жүсіпов. Ереймен сапары. Бұл шығарма ақын таңдамалысының бірінші томында (Алматы, Ғылым, 1990, 140-142 бет) "Ерәліге" деген атпен тым қысқартылып берілген екен. Кейінгі осы кітапта біз ұсынып отырған толық нұсқада өлең көлемі 47 шумақ, 188 тармақ болса, бастапқыға соның 20, 5 шумағы, 82 жолы ғана, яғни жартысына да жетпейтін бөлігі енген. Бүл туынды, негізінен алғанда, Мұхаммедфазыл Жүсіпұлы жазбасы бойынша әзірленді. Сонымен бірге Мәшһүр-Жүсіп мұрасын жинап, көп деректер берген Екібастұз тұрғыны Кәрібайұлы Жұқаштың көшірмесімен салыстыру жүргізілді. Мәселен, Мұхаммедфазылда: "Байлаусыз тым-ақ пысық құрғақ сөзге" - тармағының соңғы екі сөзінен басқасы өшіп, жыртылып қалса, соны Жұқаш жазбасы бойынша қалпына келтіру жүзеге асты. Бұл туынды да тарихи деректер, әдет-салтқа қатысты мәліметтердің мол келтірілуімен ерекшеленеді. Қолыма қағаз, қалам алайын да. Бұл туынды жоғарыда аталған ғылыми кітапхана қорындағы 1176 папканың 251(346)-259(354) беттеріндегі Мәшһүр-Жүсіптің өз жазбасы бойынша әзірленіп, әулеттік мұрағаттағы Жолмұрат көшірмесімен салыстыру жүргізілді. Жолмұратта жеке сөз өзгеріс, ауысулары және арасында айналасы 7 шумақ қысқарғаны анықталды. Шығарманың қандай жағдайда қалай жазылғаны туралы деректі Мәшһүр-Жүсіп өлең соңында былай келтіріпті: "Бұл сөзді сөйлегенде, жасы иа қырықта, иа қырық бірде, күн жаз еді. Айда – бол - Өлеңті бойында бір қалың қара жаңбыр болып, іш пысып, аңға, құсқа шыға алмай, еріккендей болып отырғанда, сөйлеген сөзі. Жазып болысымен, Айдабол: Әлжаппар диуана қолқа қылып алып кеткен еді. Сонан бері бір-екі-ақ жаннан естідім. Соның біреуі: Үш ата Қозған: Дәнібай Қүлкебай баласы жатқа айтады екен. Өз сөзіме өзім құмарланып. кайта жаздырып алып, мың тоғыз жүз жиырма екінші (1922) жылында опадар жылы алпыс бесте жазып, нұсқа қылып қалдырдым. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің өз қаламы:
"Талапты жігіт болса, жатқа алсын!" - деп,
"Сөз құнына, жеткендер атқа алсын!" - деп.
"Естіген рақмет айтар!" - деген оймен,
Жазудан жалықпадым: "Хат қалсын!" - деп.
Мен жаслықта үш жүзді араладым,
Жақсыны жамандардан сараладым.
Маған күнә болуға жетер бұ да,
Ақ қағазды шимайлап қараладым.
Менен гу-гу шығады ғайбат - өсек,
Обал жоқ белден көміп, атса кесек.
Үміт зор: "Фазылына алып, Хақ жарылқап,
Құдайым бар руфсау рақым", - десек.
Соқырдаймыз тіпті ойсыз, бас жоқ, көз жоқ,
Жасың асты алпыстан, саған жүз жоқ.
Фазылына алып құдайым оңғармаса,
Дәргаһына айтар сөз, қарар жүз жоқ!"
Міне, бұл дерекке сүйенсек, өлеңнің алдымен 1898-1899 жылы, ал кейінгі өңделген нұсқасы 1922 жылы жазылғаны анық. Бұл туындыдан алдымен ақынның бұдан бұрын республикалық журналдарда жарияланған: "Жер мен Көк", "Миғраж", "Әдһамдиуана мен Ибраһим" т.т. діни қиссаларындағы ортақ сарынмен: Аллаға сыйыну, күнәдан тазару, дүниенің жалғандығы, ғылым-білімнің өмірдегі маңызы туралы айтылған ойлармен т.б. үндестікті байқаймыз. Сонымен бірге Мәшһүр-Жүсіптің 40 жасына қарай ақын ретінде кемелденіп өскенін танып білеміз. Ақын көбінесе Аллаға сыйынуды жыр ете отырып, өзі өмір сүрген қоғамдағы қайшылықтарды тура айтпай, ара-тұра тұспалдау, астарлау арқылы шебер көрсеткен:
Бұ дүние - айсыз бұлт, қараңғы түн,
Жалған сөз - ер жігіттің бойына мін!
Жалғанға жетемін деп қуа берсең,
Таң атып, жарық сәуле, шықпайды күн!
Бостандықты - күнге, езгіде қалуды түнге балау жалғыз Мәшһүр - Жүсіпте емес, басқа да қазақ ақындарының шығармашылығында кең қолданылып келгені мәлім. Бұл жолдардың алдында да, осыдан кейін де ізгілікті аңсау жетекші орын алғанын ескерсек, ақынның "айсыз бұлт, қараңғы түн" дегені де осы басты идеяны ашуға бағындырылған. Сондай-ақ автордың басқа да шығармаларында қазақ халқының жерінен, бостандығынан айрылғанына жиі көңіл бөлгенін салмақтасақ, "бұлт", "түн", "таң" тек имандылықты, тура жолды іздеумен шектелмей, азаттық аңсауды қоса аңғартады.
Сонымен катар мына бір шумақ өлеңнің өзінде көп мән бар:
Боламын кейде жүйрік, кейде жорға,
Бұ дүние көп қуғанмен түспес қолға.
Байланып арқан жіпсіз аяқ пен қол,
Кете алмай жүргенім ғой ұзақ жолға.
Мұндағы айтып отырған "жол" ұғымы - дала немесе сахара жолы емес, өмір жолы екендігі анық. Сол өмір жолына, яғни нәтижелі жемісті жолға түсе алмау себебін Мәшһүр-Жүсіп тұспалдап жеткізген. Әсіресе аяқ пен қолдың "арқан жіпсіз" байлануы ақын алдындағы қиындықтың ерекше сипатта екенін байқата алады. Бұл ойды шығармадағы мына бір үзінді де дамыта түседі:
Дүние-ай, талмай қуып жете алмадым,
Нәпсімен болдым даулы, біте алмадым.
Мойынға үзілмейтін арқан түсті,
Қайрат қып үзіп тастап, кете алмадым.
Осы айтылғандарды сөзбе-сөз түсініп, белгілі бір қиындықты ақын шеше алмаған деп қабылдаумен шектелмейміз. Өміріндегі бір мақсатты орындай алмау Мәшһүр-Жүсіптің жеке әлсіздігінен емес, күш тең болмағандығынан, заман қыспағы зорлығынан екені анық. Лирикалык қаһарман шарасыздығын, қиналысын бейнелеу арқылы ақын қоғамдағы қайшылықтың қаншалық асқынғанын көрсетеді. Осы үзіндіге ілесе берілген мына жолдарға үңіліп көрейік:
Табылды өз бойымнан екі дұшпан,
Біреуі іштен болғанда, бірі - тыстан.
Ұста жоқ: алтын, күміс тілін білген:
Қорытып айырып алар бізді мыстан.
Біздіңше, Мәшһүр-Жүсіп бір өлеңінде ишаратталған нышан белгілерін екінші бір туындыларында дамытып беріп отырған. Сондықтан "екі дұшпан" кім екенін сараптап білуді ақынның өлеңдерін толығырақ жинақтап, жариялаған кездің үлесіне қалдырып, қазір бір мәселеге назар аудартқымыз келеді. Ол отаршыл ел билеушілер қыспағы жағдайында ақынның өз ойын астарлап, аз сөзге көп мағына арқалата білетіні. Мәшһүр-Жүсіп жалпы қиыншылық атаулыны қиялап жеткізсе, айтқан сындарының өзіне түрлі қысым әкелгенін анығырақ бейнелейді:
Сықылды менің сөзім қызыл түлкі,
Қызықты түлкіден де ажар - көркі.
Үстіңнен - құс, астыңнан ит жүгіртіп,
Тамаша көрген жандар қылар күлкі!
Егер ақынның "Жарты нан хикаясы" өлеңінде ауыздан абайсызда шыққан сөз айдаһарға теңеліп, сын айтам деп қыспаққа ұшырауды ескерткенін еске алсақ, бүл туынды да сол сықылды идеяны өрістеткенін дәлелдей аламыз. Осының барлығын қорытындыласақ, ақын басқа туындылары тәрізді бұл өлеңінде де жеке адамның хал-ахуалын білдірумен шектелмей, алдымен бостандығынан айрылып азап шегуші ел мұңын айтып отырғаны анық. Негізінен, басқа сопылық әдебиет өкілдері тәрізді Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы да жоғарғы өлшемдегі ой - толғамдарды (Алланы сүю, дүние өткіншілігі т.б.) оз шығармаларына арқау етті. Сонымен бірге ол, ел, жер тағдырын көрсете білген. Қысқасы, бүл туындыдан да ақынның өз ұлтына деген сүйіспеншілігін, суреттеу амал-тәсілдерін байытып, кемел ақын ретінде қалыптасқанын байқаймыз. Жасымнан үйір болдым өлең, сөзге. Мәшһүр-Жүсіптің бұл өлеңі де Жолмұрат Жүсіпұлы мен Мұхаммедфазыл көшірмелері бойынша беріліп отыр. Бүл шығармада да Мәшһүр-Жүсіптің басқа туындыларындағы ортақ идеялармен төркіндестік орын алумен қатар, тәрбиелік мәні зор нақылдар, әсіресе жалқау әйелдің кесапаттығын ашарлықдетальдар баршылық. Күні бүгінге дейін XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіне көз салғанда, көбінесе қазақ қызының өз сүйгеніне бара алмауын, т.б. ауыр халін бейнелеген шығармаларды бөліп қарастырумен шектелу басым болғаны белгілі. Соның садцарынан 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ әйелдері арасында кездескен кемшілік атаулы еленбей келді. Мәшһүр-Жүсіп өмірдің өткінші екенін, қажы, молдалар арасында да өз пайдасын ғана ойлаушылар етек алғанын теңей келіп, әйелдер арасында да ұшырасатын жалқаулық, салақтық, шадырлық тәрізді кесел әдеттерді түйреуге ден қояды. Біздіңше, бұл өлеңдегі сындардың сол кезең ғана емес, кейінгілер үшін де ғибрат берерлік ескірмейтін мәні бар. Бес парыз. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының дін тақырыбына көп жазғанын діттегенде, алдымен оның себебіне біраз үңілу керек. Мәшһүр-Жүсіптің алғашқы өлендерін жазып, әдебиетке араласа бастаған шағы XІX ғасырдың соңғы ширегіне дөп келеді. Бұл патшалық Ресейдің қазақ елін отарлауы белең алған кез еді. Жердің ең шұрайлысын келімсектерге беру арқылы тек экономикалық емес, рухани қыспақта дендеп ене бастады. Соның бір дәлелі- Қалмұқан Исабай, Сапар Байжан - атаның "Қажыға барған қазақтар" кітабында келтірілген - 1905 жылы жазылып, 13 мыңдай адам қол қойып, патшаға жолданған "Қоянды құзыр хатындағы" мына бір шағым сөздері: "Орыстандыру саясатының салдарынан қазақтардың соңғы кезде өздерінің діни-рухани істері жөнінен көрген қыспағы соншалық, олар әкімшіліктің рұхсатынсыз тырп ете алмайтын халге жетті. Мешіт салуға, мұсылман мектептерін ашуға, Меккеге қажыға баруға, тағы сондайлардың бәріне рұхсат беру, яки бермеу хұқығы заң жүзінде тек әкімшілік билігінде қалды. Ал енді іс жүзіне келгенде мешіт салу, медресе мен мектеп ашу жөніндегі тілек қағаздар көбіне жауапсыз қалып жүр. Соңғы уақытта қазақтардың діни-рухани істер жөнінде көріп жүрген қысым-қыспақтарының бәрін тізбелеп айтып шығудың өзі қиын. Діни наным, ождан мәселесіне бейжай қарай алмайтын халық бұқарасының діни көзқарастары төңірегінде әкімшілік тарапынан жасалып отырған әлгіндей зорлық-зомбылық әрекеттердің аяғы өте ауыр зардаптарға әкелуде..." [Қамұқан Исабай, Сапар Байжан ата. Қажыға барған қазақтар. Алматы, Ана тілі, 1996, 93-94 б.]. Мұндай жағдайда ислам дінін насихаттау, халықты Аллаға құлшылық етуге, дін жолына шындап кірісуге үгіттеу дінді ғана емес, тілді, жалпы ұлттық болмыс, бітімді сақтаудың ең пәрменді құралы болғанын аңғару қиын емес. Исламның бес парызын көп сауатты адам жай білгенімен, оның сырына бойлап бара бермейтінін салмақтасақ, өлеңнің бүгінгі көп дүбара жастарды толғандырарлық мәні келіп шығады. Жай үгіт ақылға ғана әсер етіп тез ұмытылса, өлеңмен айтылған насихаттың алдымен сезімді ұйытып естен кетпес әсерге бөлейтінін есепке алсақ, поэзия арқылы Алла жолына үгіттеу мәнділігі келіп шығады. Өлең Мұхаммедфазыл мен Жолмұрат көшірмелері бойынша әзірленді. Бұл туынды ең алғаш "Ислам әлемі" журналының 1997 жылғы 3 санында(6 б.) жарияланды. Материалды әзірлеген - Ертай Жүсіпов.
Жеті жетім. Қарақызұлы Әшім көшірмесі бойынша әзірленді.
Қажылық, иман шарттары. Мәшһүр-Жүсіп үшін Аллаға мойынсұну дара мақсат емес. Ақын бұл өлеңінде құдай жолына түсу үшін тек қажыға барумен шектелуге болмайтынына көңіл бөледі. Күні кеше "қажы" атанып, бүгін кедейге мойын бұрмаған адам нағыз қажы, Аллаға шын берілген мұсылман бола алмайды. Міне - Мәшһүр-Жүсіп ту еткен қағида! Осы ойын дәлелдеу үшін ақын өзі жазған "Әдһам диуана мен Ибраһим" қиссасындағы: Әдһам, Ибраһим, Махмұт тағдырына қайталап үңілтеді. Алла жолын қалап алып, жастай өмірден өткен Ибраһим ұлы Махмұт аруағының қажылар тәуеп ететін қағыбаны қоршаған Байтоллаға "есікші, күзетші" қызметін атқарып тұрғанына назар аудартады. Демек қажыға барғандар "Сақшы Махмұт зиаратын" білмесе, одан өтпесе, бұл үлкен мін деген ойға саяды ақын. Мәшһүр-Жүсіптің әсіресе: "Байлардың қолындағы жиған мүлкі: //Кем-кетік, жоқ-жітіктің сыбағасы", - жыр жолдары бүгін байлығын жасырып, салықтан қашып жүрген, сол арқылы жоқ-жітікті көбейтуші ашкөз байларға алдымен ой саларлық идея екені даусыз. Мұның бәрі "мыңды асап, бірді беріп" Алланы алдамақ болғандардың ойға түсуі үшін, Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын оқу қажеттігін алға қояды. Сонымен бірге осы өлеңде айтылған "махаббат" ұғымы да коп түсінікті талап етеді. Кезінде Абайдың: "Махаббатсыз дүние бос", - жыр жолын тек еркек пен әйел махаббатыңдай көріп, үстірт, теріс пайымдау болмады емес. Біздіңше, түркі әдебиетінде Қожа Ахмет Иассауиден бастау алған "махаббат" үғымының алдымен Аллаға деген махаббат ретінде өріс алғанын ескерген жөн. Сонда Мәшһүр-Жүсіп махаббатының бастау көзін тереңдеп ұға аламыз. Демек бұл ұғымды кеңірек тану ақиқат, ақ жол атаулыны жан-жақты түсінуге бастайды. Бұл туынды әулеттік мұрағаттағы: Жолмұрат (1-дәптер, 17-мәтін, 1-5 б.), Мұхаммедфазыл (2-папка, 93-95 б.) көшірмелері бойынша әзірленді. Адам екі түрлі. Мәшһүр-Жүсіптің бұл туындысының қысқарған үлгісі тап осы аталыммен ақын таңдамалысының бірінші томында(Алматы, Ғылым, 1990, 83-84-беттер) жарияланған. Бүл жолы өлеңнің толық нұсқасын келтіріп отырмыз. Шығарма тікелей Мөшһүр-Жүсіптің әулеттік мұрағаттағы және жоғарыда аталған ғылыми кітапхананың қолжазба қорындағы 1171 папкасы, 139-147 беттердегі оз жазбасы бойынша берілді. Осы орайда ескертеріміз: әулеттік мұрағатта бастапқы 21 шумақ, яғни 84 тармақ қана сақталса, ғылыми кітапханада толық нұсқасы бар. Әулеттік мұрағаттағы қолжазбаның маңдайшасында ескерту берілген: "Бір адам бар: өрік-мейіз ағашы сықылды - жемісінен дүние жүзі баһра алады. Бір адам бар: терек ағашы сықылды - отқа отын болғаннан басқаға жарамайды. "Құдай үшін!" - деп, берген бір теңгенің құнын, пұлын таныту үшін айтылған сөз." Сол мәтіннің бірінші (14) бетінің оң жақ қапталында мынадай қыстырма сөз орын алған: "Мәуе" - казак тілі: " миуа" - деген сөз: "жеміс" мағынасында. Арапша "шымыр" дейді. "Үзім" – қазақ тілі, жүзімді айтады: Парсы: "аңғор" дейді. арабша "ғынаб" дейді, түркі "иүзім" дейді. Осы материалдың 2 (15) бетінің сол жақ қапталында былай делінген: "Жекен" деген қамыстың арасында болады. Бір қурай: басы бөріктей, өзге жері сымдай болады. Сым қарағай секілді: сусыз жерге шықпас шөп". "Дүниеге көңілі қалғандықтан, сөйлеген сөзі. Бұл туынды да жоғарыда аталған таңдамалыда екі есе қысқартылып берілген. Бұл жолы Мәшһүр-Жүсіптің әулеттегі мұрағаттағы жазбасы бойынша алынып. тек соңғы 4 шумақ сақталмауымен байланысты Фазыл көшірмесімен тол ықтырылды. Ит дүние. Мәшһүр-Жүсіптің әулеттік мұрағатта сақталған өз жаз-басы, яғни түпнұсқа бойынша ұсынылды. Жаман әйел туралы. Жолмұрат, Мұхаммедфазыл көшірмелері бойынша салыстырыла отырып әзірленді. Жақсы әйел. Бұл да жоғарыда аталған ғылыми кітапхана қорындағы Мәшһүр-Жүсіп жазбасы 1176 папка: 270(362)-271 (363)-беттері бойынша әзірленіп, әулеттік мұрағаттағы Мұхаммедфазыл, Жолмұрат көшірмелерімен салыстыру жүргізілді. Әйелдер туралы. "Бес ғасыр жырлайды" кітабының екінші томында (құрастырушылар: М. Байділдаев, М.Мағауин) (Алматы, Жазушы, 1989, 155-156 беттер) бұл өлең "Әйелдер сипаты" деп аталып, Ақан сері Қорамсаұлы(1843-1913) өлеңі ретінде қате көрсетілген. Олай дейтініміз: біріншіден, "Бес ғасыр жырлайды" жинағынан бұрын шыққан "Үш ғасыр жырлайды" (Алматы, Жазушы, 1965) кітабына назар аударсақ та, өлеңнің белгілі бір экспедиция кезінде жазылып алынуынан басқа дерек жоқ. Екіншіден, жоғарыда аталған ғылыми кітапхана қорында Мәшһүр-Жүсіптің өз қолымен жазылған өлеңнің толық нұсқасы бар: 1176 папка: 271(363)-273(365) беттер. Кітапта 16 шумақ, яғни 64 тармақ орын алса, Мәшһүр-Жүсіпте - 21 шумақ, яғни 84 тармақ. Сондай-ақ әулеттік мұрағатта Мәшһүр-Жүсіп ұлы Мұхаммедфазыл (1890-1969) және ақын жиені Жолмұрат (1894-1977) көшірмелері сақталған. Ол көшірмелердің "Үш ғасыр жырлайды"кітабынан коп бұрын жазылғаны да анықталып отыр. Мәселен, Фазыл көшірмесі аяғында оның өз қолымен жазылған: "20 .ХІІ.ЗЗ.Мәшһүрдікі"- деген жазу бар. Ал, шығарма маңдайшасында: "Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының әйелдерді сынап шығарғаны"- деген ескерту орын алған(әулеттік мұрағат: Фазыл, 1¬395 дәптер, 1-2 беттер). Ал, Жолмұрат көшірмесінде де, "Мәшһүр-Жүсіп сөзі" екендігі ескертілумен бірге: "Мәшһүр-Жүсіптің өз нұсқасынан көшірілді, көшіруші - Жолмұрат", - деп, жазылған. Үшіншіден, біз ұсынып отырған нұсқа мен кітаптағыны салыстырсақ, кітапта әрі толық емес, әрі онда көп сөздер ұғымсыз, қате болып келетіні, демек мұның бәрі ауызша жеткізушінің шығарма авторын ұмытуы мүмкіндігін және жеке сөздерді өзгертіп жіберу ықтималдығын дәлелдей түседі. Алысқа бармай-ақ өлеңнің Мәшһүр-Жүсіп бойынша үшінші, ал, кітап бойынша екінші шумағын келтірейік:
Кітапта:
Кім мінер, ел көшкенде тауып атын,
Адам көп танитұғын әйел затын.
Дүниенің тұрақтайтын тұрағы екен,
Гүл жүзді, сырлы сөзді жақсы қатын.
Біз ұсынған нұсқада:
Кім мінер көңілдегі тауып атын,
Сыншы жоқ танитұғын жылқы затын.
Дүниенің тұрақтайтын тұрағы екен,
Гүл жүзді, шырын сөзді жақсы қатын.
Осы екі шумақтың қайсысы түпнұсқаға, яғни нағыз көркем туындыға жақын екенін оңай айыруға болады. Алғашқыдағы:"Кім мінер ел көшкенде тауып атын", - жолы ұғынықсыз, ел көшкенде, өз атын таба алмаушылар бірен-саран ұшырасып қалар. Ал, бірақ соны екінің біріне тән етіп, анау-мынау ақын емес, Ақан сері жазды дегеніміз сенерлік пе? Мәшһүр-Жүсіптегіге қарайық: "Кім мінер көңілдегі тауып атын". Бұл алғашқыға қарағанда, неғұрлым кең ұғым, әрі өлең тақырыбы мен идеясына құп үйлесіп тұр. Өмірде ойына алғанына жете алмаған адам аз ба? Өлең сол туралы емес пе? Кітаптағы екінші жол біріншіге мүлде қабыспай тұрса, біздегіде екі тармақ бірігіп, бір идеяны арқалап түр. Мұндай сәйкессіздікті біздегі нұсқа мен кітаптағыны салыстырған зерделі оқырман өзі де айыра білер деп санаймыз. Міне, мұның бәрі "ел аузынан" деген айдарға құмар боп, кез келген ақсақал сөзін (ол ақсақал ұмытуы, жаңылысуы мүмкін ғой) басшылыққа алумен шектелмей, жазба үлгілерді салыстыру ғана тиімді нәтиже береді деп түйін жасағымыз келеді.
Шайтанның досы.
Мұхаммедфазыл көшірмесі бойынша берілді.
Сырға сөз. Бұл да Мұхаммедфазыл көшірмесі бойынша ұсынылып отыр.
Табылар мергенге де - бұқтырушы. Жоғарыда аталған ғылыми кітапхана қорындағы Мәшһүр-Жүсіптің өз жазбасы, 1176 папка: 265(360)-267(362) беттері бойынша әзірленіп, әулеттік мұрағаттағы Мұхаммедфазыл және Жолмұрат көшірмелерімен салыстыру жүргізілді. 1176 папканың 266 (361) бетінің аяғында осы өлеңдегі жеке сөздерге байланысты түсінік берілген: "Өгіз, есек"- деген өзі бір әңгіме, қызық соз барын бірдей жаза беруге қалған өмір жетерлік емес. 267(362) бет соңындағы ескерту: "Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің бір жазып тастаған сөзі, дүние жүзіне қалған ізі".
Ағашсыз жапырақ. Шолтым көшірмесі бойынша әзірленді.
Қазақты жамандаушыларға. Жолмұрат және Мұхаммедфазыл жазбалары салыстырыла берілді.
Жәдігөйдің жыры. Мұхаммедфазыл көшірмесінен алынды.
Бөгелген хат. Мәшһүр-Жүсіптің өз қолжазбасы бойынша әзірленді. Әулеттік мұрағатта сонымен бірге Жолмұрат көшірмесі де сақталған. Мәшһүр-Жүсіп өз қолымен мынадай ескерту жазған: "Байманкөт баласы Шөкі ауылнай еді. Соның әбдіресінде жатып қалыпты". Ал, Жолмұратта мынадай түсінік бар: "Мәшһүрдің Ташкенттегі жақын достарының бірі жазып жіберген хат Байманкөт баласы Шөкі ауылнай болып жүрген күнінде, соның үйінің әбдіресінде бір жаздай жатып қалған болу керек. Сол туралы жазған өлеңі, жазылуы - Патша үкіметінің уақыты - 1909 жылдың шамасы".
Айқап туралы. Жолмұрат көшірмесі бойынша берілді.
Жұт. Жолмұрат пен Мұхаммедфазыл көшірмелері бойынша әзірленді.
Мына заман. Шығарманың бастапқы бөлігі әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр-Жүсіп жазбасы бойынша берілсе, "Шалқарбайдың Жүнісін ажал алды, - деп басталатын 16 шумақ (64 жол) жоғарыда көрсетілген ғылыми кітапхананың қолжазба қорындағы ақынның оз жазбасы, 1645- папканың 215-218- беттері бойынша толықтырылды. Өлеңнің қандай жағдайда, қашан жазылғаны туралы мәлімет шығарма маңдайшасындағы Мөшһүр-Жүсіптің өз қолымен жазылған анықтамада келтірілген: "1921 жылда жазған өлеңі.Мұхаммедәменнің өліміне. Ауылдың іргесінде жүріп: "Өліге бата, тіріге көңіл бар еді!".-деп, Ақбет тауының бірі - указы, бірі — хазіреті болған: жынды Көкейдің Ысқағы мен Күйеу молда келмеген соң, сол екеуіне қатты қарайып көңілі қалғандықтан, сөйлегені". Сондай-ақ әулеттік мұрағатта: Жолмұрат, Фазыл көшірмелері орын алумен бірге жоғарыда аталған Орталық ғылыми кітапхана қолжазба қорында Мәшһүр-Жүсіп шығармалары жинақталған 1176 папканың 164-167 б. аралығында осы туындының Жолмұрат көшірмесі сақтаулы. Біздіңше, өлең тууына әсер еткен жеке адамдарға деген кейістік болғанымен, шығармада ақынның өз уақыты, 1921 жылдар шындығы кең қамтылған. Шығарма ең алғаш рет "Егемен Қазақстан" газетінің 2002 жылғы 28-желтоқсандағы санында (№303-306) жарық көрді. Бұл туындыны және газеттің осы санындағы өлеңдер шоғырын әзірлеп ұсынған - Ертай Жүсіпов). Жаман пейіл. Мұхаммедфазыл мен Жолмұрат көшірмелері бойынша берілді. Бұл да алдымен жоғарыда аталған "Егемен Қазақстанда" (28.12.2002 ж.) басылды. Малсыз дала. Жоғарыда аталған ғылыми кітапхана қорындағы Мәшһүр-Жүсіп жазбасы: 1176 папка: 368(438) бет бойынша әзірленіп, әулеттік мұрағатта сақталған Жолмұраттың екі көшірмесі өзара салыстырылып, ұсынылды. Жолмұрат көшірмесінің бірінің аяғында мынадай ескерту берілген: "1925 жылы Баянауладан Қызылтауға бара жатып, 60 шақырым жүргенде, күрделі мал көре алмағандықтан, Мәшһүрдің өлеңі". Ақын не көргенін тәптіштей келіп, мал жоқтығының аяғы ауыр тиюі мүмкіндігін жалғыз-ақ тармаққа сыйғызып, поэзияға тән ойнақылықпен, айтпай айту амалымен, қарапайым көпшілік ұғымына әсерлі түрде жеткізіп: "Әркім–ақ өзінікін ұстап шығар?" - деп, өлең аяқтаудың өзіндік түрін ұсынған. Біздіңше, шығарма идеясы тек 1925, немесе 1932 жыл зобалаңымен шектелмейді, оны болашақ ұрпақка да аманат, ескерту деп қабылдаған жөн. Ханымбике. Шығарма жоғарыда аталған ғылыми кітапхананың қолжазба қорындағы 1171 папканың 389-399 беттері бойынша әзірленіп, әулеттік мұрағаттағы Жолмұрат пен Мұхаммедфазыл көшірмелерімен салыстыру жүргізілді. Осы орайда Жолмұрат, Фазыл көшірмелерінде бастапқы 17 шумақ, яғни 68 тармақ және "Өкпе жоқ үш-төрт қатын алғандарға", - деп басталатын 6 шумақтың (24 жолдың), оған қоса "Білгенге жазылмастай бұл бір жарды"- деп басталатын 10 шумақтың (40 жол)- бәрі 33 шумақ (132 жол) қысқаруы - кешегі әміршілдік жүйе қыспағын ескеруден туған деп санаймыз. Осы орайда қолжазба қорындағы 1171 папкада "Жалқауға жақпайтұғын сөз айтқан соң" - дейтін шумақтағы үшінші тармақтан кейінгі "Дейсің" - деген сөзбен басталуға тиісті төртінші тармақты маңдайша еткен бір парақ, яғни екі бет жоқ болып шыққанын ескертеміз. 1171 папкадағы шығарма соңындағы ескерту де ақынның ел болашағын, халық өсімін діттеген кезең рухымен үндескен өзіндік пікірі деп санаймыз. "Қатынға ғызатқа шаһид өлу – бұйрық емес. "Ер қимақ - жан қимақ" - деген сөздің мағынасы: "Үстіне қатын алдырса, Құдай жолында ғізет қылып шаһид өлгеннің тұлыбын осы қатын табады. Егер үстіне қатын алдырмаса, тозақтың қалаулы отыны осы қатын болады". Мұхаммедфазыл жазбасы басында өлең аталымы іспетті "Бала тапқан қатын" ескертуі орын алса, Жолмұрат көшірмесінде Мейрам Жанайдарұлының аталары туралы сөйленген соз екендігі жазылған. Расында осы туындыдағы: "Жанайдар - ол Биғаштың немересі. Бұл күнде ол тұғырды Мейрам басқан", - жолдары әрі Мейрамның шығарма жазылған кезде өмір сүруін, әрі ақынның оны тікелей білетінін де аңғартады. Сонымен қатар Мейрам Жанайдарұлының (1846-1921) Ақмола облысы, Атбасар уезінде туғандығы, Мәшһүр-Жүсіппен қарым-қатынаста болғандығы туралы—XІX ғасырдың соңғы он жылдығында шыққан "Дала уалаятының газеті" мен әулеттік мұрағатта сақталған Жолмұрат Жүсіпұлы жазбасына сүйенген мәліметтер бұған дейін баспа бетінде жарияланды. [Қараңыз: Жүсіпов Н.Қ. "М.Ж. Көпейұлы - ауыз әдебиетін жинаушы". ҚР FM-FA Хабарлары, Тіл әдебиет сериясы, 1996, №5-6, 60 б.].Сонымен бірге "Сарыарк- а"журналында кейінірек жарияланған мына бір дерек те Ханымбикеден тараған ұрпақтардың кейін де ел өмірінде елеулі орын алғанын дәлелдейді.:"1917 жылдың 5-13 желтоқсанында болып өткен "Алаштың"" құрылтай съезінде үкімет басшылығына сайланған 15 адамға 15 орынбасар сайланған екен. Соның бірі осы Сейілбек Жанайдаров болыпты... Сейілбек жалпы құжаттарда жазылып жүргендей, Жанайдарұлы емес, Жанайдар батырдан туған Мейрам қажының бел баласы. Туған жері - Ақмола облысы, Атбасар уезінің 13 болыс елінің бірі - Терісаққан [Әмірқызы Қ.Алаштың бір азаматы //Сарыарқа, 6, 1998, 25 б.]" Мақалада жалғыз Сейілбек емес, оның атасы, туыстары осал болмағаны туралы деректер бар: "Орта жүз: Сүйіндік руының Төртуылынан шыққан Жанайдар аты жазба деректерде, оның ішінде атақты тарихшымыз Е.Бекмахановтың "Казахстан в 20-40 годы XІX века" деген кітабына да кірген. Сейілбектің өз әкесі Атбасар елінде 18 жасынан бастап, ояздың орынбасары болып, "Жарты патша" атанған Мейрам қажы болса, атасы ұлт-азаттық көтерілісінің белді қолбасшыларының бірі, Кенеханның "Сұңқарым"деп ат қойған Жанайдар батыры екенін білдік. Жанайдардың төрт әйелінен тараған ұрпақтары да аз емес. Коммунистік партия қыспағын көре жүрсе де, көпшілігі оқыған ірі ғалымдар, Отан соғысына қатысқандары да бар.Халқымыздың төл тарихының бел ортасында біте қайнаған тұлғалар болды [Сонда, 27 б.]" Мұның бәрі шығарманың нақты тарихи шындыққа сүйеніп жазылғандығын, өлеңде қазақ тарихы, шежіресіне байланысты құнды деректер орын алғанын, белгілі бір әйгілі қайраткерлер сөз болғанда, әкелерін не аталарын ғана емес, тәрбиелеуші, себепкер болушы Ханымбике тәрізді аналарды да құрметтей білу керек екендігін дәлелдейді. Шығарманың біраз қысқарған нұсқасы жоғарыңа аталған "Егемен Қазақстан" газетінде (28.12.2002 ж.) жарияланды.
Өтеміс абыз. Мұхаммедфазыл мен Жолмұрат жазбалары бойынша ұсынылды. Тайкелтір би. Жолмұрат және Мұхаммедфазыл жазбалары бойынша берілді. Жоғарыда аталған "Егемен Қазақстан" газетінде (28.12.2002 ж.) жарық көрді. Ізбас қажы. "Ізбас қажы" шығармасының ақынның кейін орналасқан "Қажыларға" өлеңінен бұрын жазылғанына, біріншіден, "Ізбас қажыда" алдымен Исабай көз жұмуы беріліп, "Қажыларға" туындысында Исабай інісі - Мұсабайдың ағасын іздеп баруы бір дәлел болса, екіншісі осы өлеңнің мына жолдарындағы қажы сөздерінен де байқалады: Отырған біз иесі ішер астың, Кезінде бурыл тартқан сақал-шаштың. Жер екен баратұғын әдейі іздеп, Өзіндей уылжыған өткір жастың. Бүл туынды Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академия - сындағы Орталық ғылыми кітапханасы қолжазба қорындағы Мәшһүр-Жүсіптің 1177-папкасындағы ақынның оз жазбасы: 392-402 - беттері бойынша әзірленді. Осы өлеңнен кейін берілген автор түсіндірмесінде шығарманың 1892 жылы жазылғаны да нақты көрсетілген. "Жүгірдік Сафа, Маруа арасында", - деген тармақтан кейінгі 20 шумақ, яғни 80 жол 1177-папка ішіндегі 394-395 беттер сақталмағандықтан, сол қолжазба қорындағы ақынның екінші бір жазбасы: 1176 папка, 3-дәптер, 267-262 беттері бойынша толықтырылып (ескерту: бұл тұста бетті сандық ретпен белгілеу керісінше жүргізілген.-Е.Ж.), әулеттік мұрағаттағы Жолмұрат, Фазыл көшірмелерімен салыстыру жүргізілді.
Енді осы шығармада кездесетін жер, кісі аттарына түсінік берейік: 1. Далба- Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы тау аты. 2. Бәрәдар - парсы тілінде "ағайын" мағынасын береді. 3. Байтолла - араб тілінде "Құдайдың үйі"- мағынасын берсе, бұл шығармада Қағбаны қоршаған ғибадатханалар шоғыры ұғымында қолданылған. 4. Махраб (Миғраб) - араб тілінде мешіттің Меккеге қараған жағын білдіреді. 5. Зәмзәм Шәріп - Меккедегі Қағба маңындағы қасиетті құдық. 6. Ихрам – қажылық кезінде мұсылмандар киетін, арнайы екі кесек матадан тұратын киім. 7. Рида - Ихрамның екі кесек матасының белді орайтын бөлігі. 8. Сафа, Маруа - Мекке маңындағы қыраттар 9. Науа – парсыша - "бұлақ", "кіші өзен" мағынасында қолданып тұр. 10. Қатим диуар (Қадим дивар) - "ескірген қабырға, дуал" мағынасын береді. 11. Мұздалифа- Меккедегі тау аты. 12. Исабай - Арғын руы ішінде Сүйіндіктен тараған Айдабол ұрпағы. Алғашқы есімді -әкесі, кейінгіні оның баласы ретінде алып, кімнен кім тарағанын көрсетсек: Арғын-Құтан-Мейрам-Сүйіндік-Суғыншы-Шуманақ-Құлболды-Айдабол-Жанғозы-Төлебай-Еламан-Тұрсынбай-Құдияр-Исабай. Сонда Исабай Арғыннан кейін сатылап санағанда, он төртінші (арасында он екі ата бар) ұрпақ болып шығады. Ескерту: бұл деректі және бұдан кейінгі кісі аттарына, олардың ата тектеріне байланысты мәліметтерді келтіргенде, әулеттік мұрағатта сақталған Мәшһүр-Жүсіп жазбаларына және оның баласы Мұхаммедфазыл мен жиені Жолмұрат Жүсіпұлы көшірмелеріне иек артумен катар, әсіресе кейінгі аталарды берерде осы айтылып отырған Исабай інісі Мұсабайдың шөбересі, қазақ тарихының білгір шежіресіші, Екібастұз қаласы тұрғыны Жұқаш Кәрібайұлынан (1916 ж. туған) жазылып алынған деректерге сүйенеміз. 13. Жаябай-Айдабол ұлы Жанғозы баласы Сарыдан таранды. Жұқаш Кәрібайұлының ескертпесі: "Ел арасында "Сары кірме", - деген сөз де бар. Басқа атаға қарағанда, Сарыдан қажылыққа адам көп барған". 14. Жылқы айдар - Сары ұрпағы. 15. Толжан - Сары. 16. Бұқабай - Сүйіндік інісі: Бегендік - (Қозған) ұрпағы. 17. Бақтыбай - Сүйіндік ішінде Қаржас. Оның ішінде Сатылған ұрпағы. 18. Хұсайын - Айдабол ішінде Еламан ұрпағы. Ретімен келтірсек: Айдабол-Жанғозы-Төлебай-Еламан-Тұрсынбай-Боштай-Хүсайын. Мәшһүр-Жүзіп жазбаларында Боштайдың сыйлы адам болғаны, ерте көз жұмғаны, қазақ-орыстардың оның үзеңгісіне у жағып қас қылғаны туралы дерек бар. Хұсайын ұзақ уақыт болыс болған. Сол билікті кеңес заманына дейін жалғастырған оның ұлы Әбужүсіпті Мәшһүр-Жүсіптің құрметтегені туралы мәліметті әулеттік мұрағатта сақталған ақын немересі Төлеубай Шарафиденүлы/1917-1997/ естелігінен кездестіреміз. 19. Әкімбек-Сүйіндік ішінде Күлік ұрпағы. Ретімен келтірсек: Сүйіндік-Суғыншы-Шуманақ-Құлболды-Күлік (Күлік-Айдабол ағасы). Осы орайда Мәшһүр-Жүсіптің де осы Күліктен тарайтынын еске салғымыз келеді.1990 жылы шыққан таңдамалысына енген: "Жылым - қой, тауық жылы мен үш жаста" өлеңінде Мәшһүр-Жүсіптің 16 жасында Әкімбектің жалғызы Қалибекті оқытқаны баяндалған. 1177-папканың 392 бетінің соңында: "Ізбас қажы" өлеңінің бірінші шумағы мен екіншісінің аралығында автор түсіндірмесі орын алған: "Құдай рақмет қылсын: Байдалының Ғайсасы екен-зәмзәм үлестіріп тұрған. Жұртқа пиаламен беріп түр, маған лақ еткізіп кесеге құйып берді". Сол қолжазбасының 396 бетінің оң жақ қапталында мынадай қосалқы түсіндірме орын алған: "Бұқабайдың әңгімесі: "Мынау Баянауладан артық тау көргенім жоқ, Есжаннан артық молда көргенім жоқ!"- деген. Шығарма соңына қарай, яғни: "Жиылар күнде-күнде жұрт сиязға" - деп басталатын 75-шумақтан кейін автор ескертпесі бар: "Ізбас қажыны көріп қайтқан жолы Бақтыбай қажыны көре кетейін", - деп барғанымда, Бақтыбай қажының бәйбішесінің кенжесі Игібай алдыма бір табақ қағаз тастағанда, Мәшһүрдің ауызына Құдайдың тастап жіберген сөзі осы болды. Өзі әрі Мұса мырзаның жоқтығына, әрі қажыға кеткен: Исабай (Ғисабай), Малдыбай, Жылқайдарды сағынып, шұрқырасып көрісетұғын дос-жарлардың жоқтығына долданып келе жатқан бетінде батыр қалам, долы сияның сілтеп жібергені. Сөз басы -Құдай рақмет қылсын, Мұса мырзаның асынан басталғандығы. Сәкенге өкпелеп: "Әкесіндей неге болмады? Екі қырағыдан суқарағы туады", - деген осы екен-ау!" - деп, оның арасында өсекші қожаларды бір түйреп өткені. Сөздің басы - анау, аяғы мынау болған соң:"Кім көрінген қақсап айтып жүрсін!"- деп. Үшінші, жанындағы Айдаболдан барған жұдалылары өліп қалып, қалған жұрындарымен келе жатқанда, Бақтыбайды жалғызсыратып, Үсенбайдың сабағаны:"Мұсаның өлгендігі-ай! Мұса тірі тұрса, суыр жеген Қанжығалы Бақтыбайға қол көтере алмас еді-ау!" - деп, Керей, Қанжығалыны қабаттап түйреп жібергені.
Сол Мұсаның Жәмиі айтады:
- Көкшетауға бара жатып, Тұрлыбектің Нөкербегінікіне түстеніп отырғанда, Жарылғапберді домбырамен, жақсы әнмен "Қажылардың өлеңін" шырқағанда, естігендердің мұрнынан боқ, көзінен жас сорғалады. "Артына қарайлаумен дүние тілеп, // Дін есен Қанжығалы, Керей келген", - дегенде, Құдай рақмет қылсын, Нөкербек ақсақал:
- Ақындардың ауызына Құдай салады-ау! Біздің Керей, Қанжығалы қажылары дін-есен келгенінің өзі рас-ау ғой! - депті.
Төртінші, бұл өлең қажыға баруға талайды қыздырды. Ә деп естігенде, Елеу қажы отыра алмады дейді, үш тұрып, үш отырды дейді, келер жылы қажыға барып өліпті. Анан сұратон Шорман бидің Ғайсасы (Исасы): "Шамасы жете тұрып келмеген жан // Иа иһудиа насара- ни өлсін! - депті" - ні естігенде:
- Не қылып, не етіп мына сезді басқа қожа-молда неге айтпаған?! Құр "парыз" дейді. Парыз былай тұрсын, мынау ауыр сөз ғой! - деп, сол қозғалғаннан қозғалып, о да қажыға барып өлді.
Темірболат бай да қажы барып өлді.
Бұларды да Мәшһүр өлеңмен жоқтаған. Қыпшақ: Молда балалары: Шонтыбай, Батырқожаның бірі өліп, бірі тірі келгенде, Батырқожаның үйінде қажыға барған сапарын Шонтыбай қажының өзіне сөйлегенде, отырған жандардың ауызынан - суы, мұрнынан -боқ, көзінен жас сорғалап, Шонтыбайдың өзі де егіліп жылап отырды: екі-ақ ауыз сөзге шамасы келді. "Есіңнен мал-жан шығып кетіп еді, // Дариядан бері өткен соң, сонда түсті", - дегенде:
- Шырағым-ай, сонда біздің қасымызда бірге жүріп пе едің?! - дейді.
Бірі:
- Біреу сұраса, тоғыз-он барған біз, осындай түсіндіріп біреуін айта алмаймыз!- деп, шын ықыласымен батасын да берді, қалтасынан бес теңгелік қағаз берді.
Құдай рахмет қылсын Мәшһүр-Жүсіп Көпей баласына!
1892 ж.
Осы орайда көп ретте Мәшһүр-Жүсіптің 1176-ғы жазбасы көбінесе 1177-мен бірдей келіп отырса да, ара-тұра өзгеріс бары ескеріліп отырды. Мәселен, соңғы түсініктеме ішіндегі: "Мұса тірі тұрса" - алдындағы "Мұсаның өлгендігі-ай!"- тек 1176 бойынша қосылды. Сондай-ақ: "Молда бар, мешіт бар деп ойға алмайды"- деп басталатын 76-шумаққа ілескен соңғы 7 шумақта 1176 бойынша енгізілді. Бұл 8 шумақ сонымен бірге Жолмұрат, Фазылда бар екенін ескертеміз. Ал, "Ізбас қажы"мен "Қажыларға" шығармаларын жанрлық тұрғыдан қарастырсақ, бұл туындылар - XІX ғасырдағы қазақ лирикасындағы "деректі өлең" үлгісі. Өлең – қазақ тарихын, оның ішінде қазақ халқына ислам діні әсерін танытуда баға жетпес тарихи материал көзі. Кеңестік дәуірде "сопылық әдебиет" деп кемсітіліп, екінші, тіпті соңғы қатарда деп саналып, онша зерттелмей келген бұл саладағы туындыларды жариялау, зерттеу арқылы әдебиет тарихында қолдан жасалған "ақтандақтарды" ашу мәнділігі талас тудырмаса керек. Бұл өлең ең алғаш Павлодар облыстық "Сарыарқа самалы" газетінің 2001 жылғы 31 тамыз ғ68 санында (28 б.) жарияланды. Материалды дайындап, ұсынған - Ертай Жүсіпов. Қажыларға. Әлем әдебиетінің дамуына үлес қосқан, кезінде сыңаржақ пікірге ілінген діни әдебиетті жаңадан танып біле бастадық. Кезінде "Сопылық әдебиет", - деп біршама кемсітілген әдебиет үлгілерінің әлем енерінің төрінен орын алатыны бүгін дау тудырмаса керек. Осы діни әдебиеттің қазақ тарихындағы көрнекті бір өкілі - Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Ислам дінін насихаттаған шығармаларды патшалық Ресей билеушілері өздерінің отарлау ниетіне, яғни басқа дінмен бірге, басқа тілдерді ығыстыру, жою саясатына қайшы келгені үшін қуғындағаны, баспа арқылы таратуға түрлі шектеу, тосқауыл қойып келгені белгілі. Ал. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін жалпы дін атаулыны мансұқтауға көшкен қызыл коммунистер сол тақырыптағы шығармаларды жариялау түгіл, атауға тыйым салды, Міне, осындай жағдайда қазақтың белгілі ақыны Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы ислам дінін насихаттауды колға алса, онысы дінді сақтау ғана емес, сол арқылы ұлттық тілді, ұлттық мәдениет, білімді қорғау ниетінен де туындағаны анық. Демек 250 жылдай отарлау қыспағында болып, қазақ халқы өз тілін, дәстүрін біршама сақтап қалды десек, бүл істе патшалық Ресейдің отарлау саясатына қарсы бағытталған Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының алатын орны ерекше демекпіз. Себебі аталған тақырыпқа Мәшһүр-Жүсіптің бірер шығарма емес, ондаған, тіпті жүздеген туынды арнағаны қазір белгілі болып отыр. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының "Қажыларға" туындысы қашан жазылған десек, шығармада ол кезде ақынның Ташкент қаласында тұрғаны баяндалған:
... Ойдағы-қырдағының хал-ахуалын
Ташкентте жатып Жүсіп біліп жатыр.
Арқада биыл көп жан қажы барған,
Барсам деп көбі соны қылған арман...
Ал, Мәшһүр-Жүсіп Ташкент қаласында қай жылы болған десек, әулеттік мұрағатта сақталған ақынның, өз қолымен жазылған жазбада былай деп жазылған: "Жиырма тоғыз жасында Бұхарай Шәриф барып...Ұлықбек медресесі... Хазіретті Иман менен... тәрбиесінде болып, отыз жеті жасында Ташкент Махалласында Абу-әл-Қасымхан, Ишан хан қасында тұрып... Ақремхан төреден тағлым алып жүріп.." Бұған қарасақ, Мәшһүр-Жүсіптің нақтылап, тұжырып айтқан сөзін, Ташкентте 37 жасында, яғни 1896 жылы болғанын басшылыққа алсақ, шығарманың жазылу уақытын осы жыл деп есептеуге болатын тәрізді. Осы межемен өлшесек, оның екінші бір туындысы "Ізбас қажы"өлеңі бұл шығармадан ертерек 1889-1890 жыл аралығында жазылған болар деп шамалаймыз. Олай деуімізге себеп: жоғарыда айтылғандай, " Ізбас қажы" өлеңінде Исабайдың қажыға барып, Мәдинаға барар жолда кез жұмғаны айтылса, "Қажыларға арнау өлең" туындысында сол Исабайдың інісі Мұсабайдың ағасынан кейін қажыға барып өлгені бейнеленеді:
..."Өлді, - деп, - Мәдинаның жауарыңда", -
Есіттім Құдияр ұлы Мұсабайды.
"Мұсабай, Исабай!" - деп, аты шыққан,
Насихат, ғалымдардың сөзін ұққан.
Туысқан, ақыреттік бауыр екен,
Ағасын іздеп барып сол жолыққан.
Осы өлеңдегі жеке кісі аттарына, ата-тегіне байланысты ескертпелер:
1. Шегебай - Мәшһүр-Жүсіптің осы өлеңінде көрсеткеніндей, Төлебай ұрпағы. Ретімен берсек: Айдабол-Жанғозы-Төлебай-Еламан-Тұрсынбай-Бәзіл-Шегебай. Осы орайда Шегебайдың кіші қызы Рабиғаға (Рапыққа) Мәшһүр-Жүсіп үйленгенін, демек ақынның қажыға күйеу болып келетінін ескерткіміз келеді. 2. Жүсіп Байжанұлы - Айдабол ішінде Еламан ұрпағы. 3. Балғын - сол Жүсіп Байжанұлының бәйбішесі. 4. Тай - Жүсіп Байжанұлы баласы. Демек Тай әкесі - Жүсіп те, шешесі - Балғын. 5. Темірболат - Айдабол ұрпағы. Ретімен берсек: Айдабол – Жанғозы – Төлебай – Малкелді – Ақпан - Темірболат. 6. Мұсабай -"Ізбас қажы" өлеңінде алдымен дәріптелген Исабай қажының інісі, яғни Сүйіндік: Айдабол ұрпағы. 7. Малдыбай - Айдабол ішінде Сары ұрпағы. 8. Жолан - Айдабол немересі Төлебайдың баласы. Мәшһүр-Жүсіп мұрасын жинаушылардың бірі Жұқаш Кәрібайүлы ескертпесі: "Ташкенттен келе жатқанда, жолда туғасын, "Жолан" аталды деген сөз де бар". 9. Байқошқар - Қозған ұрпағы. Жұқаш Кәрібайұлы сөзімен берсек: "Байқошқар мен Хұсайын екеуі құрдас екен. Байқошқар:
- Қажыға барайық, жүр! - дегенде, Хұсайын:
- Келер жылы барайық! - депті.
Сонда Байқошкар:
- Ажал сенің келер жылыңа қарай ма? - деп аттанып кетіпті".
Ал, Хұсайын кезінде ел басқарған адам, атақты Боштайдың баласы. 10. Көсте-Айдабол шөбересі (Айдабол-Жанғозы-Лапақ-Косте). Бұл шығарма әулеттік мұрағаттағы Мұхаммедфазыл (1-папка, 51-55 б.) көшірмесі бойынша әзірленіп, ең алғаш "Жалын"журналының 1997 жылғы 9-10 санында (300-307 б.) "Қажыларға арнау өлең" деген аталыммен жарияланды. Материалды әзірлеп, түсінік беріп бастырған - Ертай Жүсіпов. Абақтыдағы ишанға. Патшалық Россияның отарлау саясатының нәтижесінде, әcіpece, XІX ғасырдың соңғы ширегі мен XX ғасырдың басында ислам дінін насихаттаушы ғалымдардың, дін иелерінің құдаланғаны белгілі. Соның бір айғағы - Мырзақұлұлы Міркүлалдин деген . ишанның абақтыңа нақақ жатқанына арнаған Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы өлеңі. Әулеттік мұрағатта: "Семіз ишан"атанған Міркүлалдин Мырзақұлұлы -Саққұлақ: Бопанұғлының үйіне барғанда", - деп басталатын мәлімет сақталған. Сондай-ақ онда осы өлеңнің Мәшһүр-Жүсіп жиені Жолмұрат көшірген екі нұсқасы, Мәшһүр-Жүсіпұлы Мұхаммедфазыл көшірген бір нұсқасы сақталған. Фазыл нұсқасының басында "Камалидин" деген ескерту тақырыпша бар болса, Жолмұраттың бір көшірмесінің шекесінде "Керекуде абақтыға жабылған Семіз ишанға шығарған сөзі", - анықтамасы, екіншінің маңдайшасында: "Керекуде абақтыға жабылған адам болуы керек", - деген ескерту орын алған. Біз осы ескертудегі "Семіз ишан" тіркесін басшылыққа алып, "Семіз ишан"дегеніміз ақын жазбасы ішіндегі Мырзақұлұлы Мірқұлалдин деп байлам жасадық. Сонымен бірге Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының 1907 жылы Қазан қаласынан "Сарыарқаның кімдікі екендігі" кітабы шыққандығы, кейінгі жылдары соған кірмей қалған материалдары бар ақын қолжазбасының толық нұсқасы табылғаны бізге мәлім. Мәселен, қолжазбада кітапқа енбеген мынадай мәліметтер берілген: "Дүниенің жүзіндегі болған уақиғаны айтып тауыса алмаймыз, көзіміздің көргенін ғана айтайық.1898-інші жылда қазақ ішінде бір "Семіз ишан" деген жақсы, дианатлі, жасы алпыстан асқан Мірқұлалдин атты, заты -шараф, Павлодардың хабасханасында бір қыс жатып, көп жатқаннан жүрмеген, тұрмағандықтан, аяғына синга деген науқас жабысып, сол науқастан хабасханада олді. Сол кісінің жазасының жоқтығы, құдайға болмаса пендеге залал кірде емеслігі Ақмола, Семей - екі облысқа қараған қазақтарға айдай жарық, күннен раушан".[Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. "Сарыарқаның кімдікі екендігі" (Материалды әзірлеген - Нартай Жүсіпов) // "Қазақ тілі мен әдебиеті" журналы, 4, 1999, 115 б.] Міне бұл деректер "Семіз ишан" атанған Мірқұлалдин (Мерікмалалдин) деген адамның өмірде болғанын, жас мөлшерін, накақ жазаланғанын, сонымен бірге осы шығарманың 1898 жылы жазылғанын да айғақтай алады. Өлеңнің соңғы бөлігі әлі табылған жоқ. Жолмұрат өз көшірмесінің соңында шығарма аяғы жоқ екендігін ескерткен. Мәшһүр-Жүсіптің Мәдиге сәлемі. Бұл туындыны дәл осы аталыммен ең алғаш "Қазақ әдебиеті" газетіне белгілі қоғам қайраткері Әшімбек Бектасовтың 1964 жылы жариялағаны белгілі. Әшімбек Бектасов өлеңді ұсына отырып, белгілі ақын, сазгер Мәди Бапиұлы өмірі туралы мәліметтер берумен бірге осы туындының қандай жағдайда жазылғаны туралы құнды дерек келтірген: "Мәдиге жолығуға 1915 жылы көкек айында Баянауылдан белгілі оқымысты, ақын Мәшһүр-Жүсіп келеді. Ол өлеңмен амандасыпты. Сол өлең тексін түгелімен Секжанның Әбділдасы маған сыйлыққа беріп еді."[Бектасов Ә. Ел аузында елу жыл // "Қазақ әдебиеті"газеті, №51, 18 декабрь, 1964 жыл, 3 б.]5 жыл өткеннен кейін шыққан кітабында Әшімбек Бектасов бастапқы деректі біршама нақтылай түскен: "Мәдидің Атбасар түрмесінде жатқанын өлеңінен естіп, Қарқаралы, Баянауыл, Семей жақтан келгендер оған соқпай кетпейтін болады. Бір жолы ел аралап жүріп, ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпеев іздеп келіп, жолыға алмай, өлең жазып қалдырып кетеді". [Бектасов Ә., Адамбаев Б. Мәди //Алматы, Қазақстан, 1969, 93 б.].Сонымен бірге бұл кітапта алдындағы газеттегі шумақтардың орын ауысуы мен жекелеген сөз қолданыстары өзгешеліктері бар екен. Салыстыру үшін бұл үлгіні де келтірейік:
Армысың, аманбысың, Мәди батыр,
Түрмеде тұтқын болып әркім жатыр.
"Жуымас аққа пәле"- деген сөз бар,
Қалас боп құтыларсың бір күн ақыр.
Бұл қақпа талай ерді кісендеген,
Сонда да ажал жетпей, кісі өлмеген.
Лашын баласы үшін торға түсер,
Кім тілеп, мұндай күйге түсем деген.
Бұл сөзді жазған ағаң - Мәшһүр-Жүсіп,
Керуендей жалғыз басы жүрген көшіп.
Сол зайғы қадіріне жетпеске айтқан,
О да бір алтын жүзік қалған түсіп.
Өлеңнен кейін мынадай мәлімет келтірілген: "Заманында ақындығымен, адамгершілігімен аты бүкіл қазақ еліне жайылған Жүсіп Көпеевтің бұл өлеңіне арнап, Мәди он шығарады. Ән "Мәди" деген атпен маңайдағы елге тарап кетті. [Сонда, 94 б.]. Осы орайда Мәшһүр-Жүсіп сөзіне Мәди ән жазған болса, оны іздеу, табу Мәди мен Мәшһүр-Жүсіп мұрасын зерттеушілерге қойылар жаңа талаптың бірі дегіміз келеді. Біздіңше, жеке сөздердегі өзгешелік өлеңнің екі нұсқа түрінде кездесуінен ғана емес, 1964 жылғы ел назарын аударарлық газеттік нұсқада: "Бекітіп талай ерді кісендеген", - дегенде, сын деңгейі түрме беріктігімен шектелсе, кейінгісі: "Бұл қақпан талай ерді кісендеген"-тармағы отаршылардың белгілі бір ұлт қайраткерлерін қуғындау, азаптауды қаншалық әдет еткенін аша түскен. Демек, сын өткірлігі деңгейі мен сол кездегі тыйым салуды ескерсек, кейінгі үлгі түп нұсқаға неғұрлым сай келеді деуге болады. Ал, Мәшһүр-Жүсіптің Мәдиді әдейі іздеп келіп, жолықдай кету себебі кейінгі бір еңбекте анық ашылған екен. Сондай-ақ онда Мәди туындысындағы жеке сөз қолданыстарында өзгешеліктер бар екенін де байқаймыз: "Қаз дауысты Қазыбек бидің бесінші ұрпағы Мәди Бапиұлы жазықсыз қуғындалып, Қарқаралының түрмесіне қамалған екен. Оған: "Үйірлей жылқы ұрлаған, болыстың қыстауын өртеген, ояздың адамдарына тілі тиген", - деген жалған жалалар жабылған. Мәди Қарқаралы қаласының түрмесінде жатқанда, елдегі бай ағайындары:"Ол Қарқаралының оязын таниды, ертең босатып жібереді", - деген күдікпен, өздері арыз ұйымдастырып, Омбының генерал-губернаторына арнайы кісі жіберіп, табыс етеді. Омбының генерал-губернаторының арнайы комиссиясы бұл арызды қарап, Мәдиді жазасын өтеуге Атбасар қаласына ауыстырады. Күзгі қара суықта аяқ-қолы кісендеулі тұтқындарды арнайы күзетпен. жаяу Қарқаралы қаласынан Атбасар түрмесіне апарады. Осы жолда өкпесіне қатты суық тиіп, Мәди ауырып қалады. Мәди өзі жалғыз жігіт, шешесі қартайған, әйелі ауру болғандықтан, артынан ешкім іздеп барып, ас-су апармайды. Ауру жанына батып, түрменің аштығына шыдамаған Мәди қатты налып, өзінің хал-күйін өлеңмен жеткізеді:
Атбасар түрмесінде жыл жатамыз,
Көңілді құмалақпен жұбатамыз.
Таласып тар төсекке, дыбыс шықса,
"Бар ма деп Қаракесек?"- тіл қатамыз.
Мәдидің осы өлеңі түрмеге келіп-кетушілер арқылы қалың елге тарап кетеді. Осы жағдайдан кейін сол кездегі ұлттық намысы бар, зиялы қауым өкілдерінен хабарлар түсіп, Мәдиге жолығып, ас-су әкеліп, көмектескен азаматтар табылады. Сол кезде Мәдиді Мәшһүр-Жүсіп іздеп барған екен. Бұл тұс қазақ даласында Әбдіғапар хан, Кейкі мерген бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың дүмпуі шығып жатқан уақыт екен. Мәдиді Атбасардың оязы арнаулы бақылауға алып, оған жолыққан адамдардың кім екенін, қайдан келгенін арнайы тексеріп отырған. Мәшһүр-Жүсіп Мәдиді іздеп барғанда, Атбасардың оязы екеуінің жолығуына рұқсат бермей қойған екен. Атбасардың оязы Сарыарқаның қос тарланы жолығып, келісіп алса, бүкіл Сарыарқаны көтеріліске шығарып жіберуі мүмкін екеніне қауіптеніп, жолықтырмаған. Мәшһүр-Жүсіп елге сөзі өтетін кемеңгер, Мәди болса, қолбасшы, екеуінен сол үшін қауіптенген. Мөшһүр-Жүсіп жолыға алмайтынына көзі жеткеннен кейін, түрме маңына ас-су дайындап, шаруашылықпен айналысатын адамдармен сөйлесіп, тіл табысуға кіріседі. Сол адамдардың арасынан бір казак жігіті арқылы Мәдиге жазған хатын жібереді. Ол хат былай басталған екен:
Армысың, аманбысың, Мәди батыр,
Түрмеде тұтқын болып әркім жатыр.
"Жуымас аққа пәле" деген сөз бар,
Хал ас боп құтыларсың бір күн ақыр.
Бұл сөзді жазған ағаң Мәшһүр-Жүсіп,
Керуендей жалғыз басы жүрген көшіп.
Сөз зайыры қадіріне жетпеске айтқан,
Сен де бір алтын жүзік қалған түсіп.
Бұл күнде сен де ғаріп, мен де ғаріп,
Ағайын алыс жатыр сөзді ұғарлық.
Күшім жоқ, ақылдасар кісім де жоқ,
Кететін еркіне қоймай жұлып алып.
Осы хатты алған кезде Мәди жылап жіберген екен. Қасындағы азаматтар: "- Не болды, бұл кісі кім?", - деп сұрағанда: - "Бұл кісі ағам да емес, әкем де емес, менің қадірімді түсініп алыстан, елімнен іздеп келген қазақтың пайғамбары— Мәшһүр-Жүсіп", - деген екен. Содан хат тасушы азамат қайтып келіп, Мәшһүр-Жүсіпке:- "Хатыңызды бердім, ол кісі қатты риза болып тебіренді.Сізге алғысын айтып, сәлемін жеткізуімді өтінді", - деген екен. Сонда Мөшһүр-Жүсіп:
- Ай, заман-ай, адамды заман билейді ғой! Ат жақсысы кермеде, ер жақсысы түрмеде болған заман ғой! - деген екен". (Нұрғалиев Р. Мәшһүр-Жүсіппен Мәдидің кездесуі, // Павлодар облыстық "Сарыарқа самалы" газеті, №85, 23 қазан, 2001, 6 б).
Қажымұқан. Шығарма жоғарыңа аталған ғылыми кітапхана қорындағы Мәшһүр-Жүсіптің өз жазбасы: 1176 папка - 260(355)-263(358) беттері бойынша әзірленіп, әулеттік мұрағаттағы Жолмұрат Жүсіпұлы жазбасымен салыстыру жүргізілді. Өлең басында Жолмұрат ескертуі орын алған: "Мәшһүр-Жүсіптің Қажымұқан балуанды өлеңмен сөйлегені". Шығарма көшірмесі аяғында Жолмұрат: " 1923 жылы жазған", - деп көрсеткен. Шығармада аты аталған Субек ұстаның қызы Бақыт (1927 жылы туған) мынадай дерек береді. "Мәшекең Баянға келгенде, біздің үйге жиі түсіп жүреді екен. Ерекше оқиғалар сәби есінде қалады ғой.Атамыздың өз қолымен маған кәмпит бергені есімде қалыпты. Ал, әкемнен естігенім: сол 1923 жылы өнер көрсеткенде, Қажымұқан біздің үйде жатқан көрінеді. Кетерінде риза болған балуан не бір қымбат сый ұсынғанда, әкеміз оны алмай: "Ескерткіш болсын!", -деп, бір тасты арнайы әкеп қоюды өтінген екен. Қажымұқан көтеріп әкелген алып тас қазір Баян селосында сақтаулы. Сол маған балуаннан қалған бір белгі ретінде ерекше ыстық көрінеді". Бұл туынды ең алғаш Павлодар облыстық "Сарыарқа самалы" газетінің 2002 жылғы 2 шілде (№ 052) санында басылды. Әзірлеп ұсынған - Ертай Жүсіпов. Исабек ишан. Қазақ әдебиетінде кейінірек қолға алынып, кешеңдеп зерттеле бастаған жанрдың бірі - жоқтау өлеңдері. Жоқтау өлеңдерінің көп нұсқалары адам өмірін кең қамтуға, ол істеген жақсылықтарды тізіп айтуға құрылғандықтан, көлем жағынан да, өмірді кең қамтуымен де лирикадан гөрі эпосқа біраз жақын тұрады. Әйтсе де жоқтау атаулы белгілі бір адам қайтыс болғаннан кейін, ол туралы еске алу, демек лирикалық қаһарманның бір сәттегі толғаныс түрі ретінде келгендіктен де, ішіндегі оқиғалар көптігі тұрғысынан емес, соның бәрін бірер сәттегі тебіреніс айнасы ретінде қарап, оны лирикаға жатқызуымыз да заңды. Мәшһүр-Жүсіп жоқтау өлеңдерді аз жазбаған. Оның Мұса Шормановты, Қамалиденді жоқтаулары - бәрі өмір шындығын бір ғана лирикалық қаһарман сезімі тұрғысынан бейнелеп, лириканың жанрлық мүмкіндігін, өмірді бейнелеу көкжиегін кеңейтуімен, дамытуымен де құнды үлгілер. Сондай көркем туындысының бірі - "Исабек ишан"өлеңі. Екібастұз тұрғыны, 1928 жылы туған еңбек ардагері Манабаев Сағат ақсақалдың айтуынша, Исабектің түп-тегі - қожа, кезінде әулиелігімен жұрт назарын аударған адам. Ел аузынан естіп, бізге жеткізген Сағат ақсақал әңгімесін де оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік: "Жазғытұрым Шідерті өзені тасып жатқан кез. Өзен жағасында ол кезде тал болған. Соның түбіне келіп, өзеннен өткенде су болмас үшін, ішінде Исабек ишан бар, біраз адамдар сырт киімдерін шеше бастайды. Сол кезде тал арасынан ұрылар шыға келген:
- Анадағы киімдеріңді, көліктеріңді қалдырыңдар да, өздерің жүре беріңдер! - деген. Исабектің жолдасы тұрып айтады:
- Біздікін алсаң да мына жігітке тиіспе! Бұл жаңа шығып келе жатқан керемет иесі!
Сонда ұрылардың біреуі айтты:
- Әулие болса, ана ұшып келе жатқан алты аққуды алдыма әкеліп қондырсын!
Сонда Исабек отыра қап дұға оқиды да, алты аққу төмендеп, қаңқылдап, әлгі ұрының алдына келіп қонады. Сонда ұры:
- Біз жаңылдық, шырағым. Сен атыңды бермей-ақ қой. Сен бізден ал! Талдың ар жағында олжамыз бар. Ал!
- Жоқ, рақмет, бізді өзеннен өткізіп жіберсең болды.
Олар көмектесіп, бұлар өзеннен өтеді. Біраз жер ұзағасын, жаныңдағы жолдастарына Исабек айтады:
- Мен бір қателік жібердім-ау! - дейді.
- Сіз ешқандай қателік жіберген жоқсыз. "Алты аққуды түсір", - деді, түсірдіңіз. "Олжадан ал!" - деді, алмадыңыз.
Сонда Исабек:
- Сендер білмедіңдер! Күндердің күнінде менің ұрпағымның бірі тұтқында болады-ау! Мен алты аққуды тұтқын еттім ғой. Байлап кеттім-ау! - дейді.
- Содан айтқандайын, 1937 жылы Исабектің бір ұрпағы түрмеге түскенде, сол сөз еске алынды.
Исабек қайтар жолда өзенге таяу бір жерге таяғын шаншады:
- Күндердің күнінде осы жерге менің үрім-бұтағым қоныс тебеді! - дейді.
Исакеңнің ұрпақтары қазір сол жерде тұрады. Ол "Талды ұжымы" - деп аталады. Екібастұз ауданына қарайды. Екібастұз қаласына 60 шақырым. Мен бұл әңгімені сол жердің тұрғын адамы Ахметов Мәкен деген кісіден естідім. Ол кісі қазір дүние салған. Жасы ұлғайған кісі. Руы - Қанжығалы. Оның ішінде - Сары. Соз білетін адам, бір кезде колхоз бастығы болған". Исабек ишанның ата-тегіне қатысты деректердің біразы Мәшһүр-Жүсіптің "Исабек Ишан" жоқтауында орын алған. Шығарманың бас жағында: "Өзі - ишан жұрт бастаған, заты -қожа, // Сейітзада - нәсілі сондай таза", - деп берілсе, енді бір тұсында мынадай мәліметтер бар:
Атасы Мұратқожа әулие өткен,
Бұтақтай бірден-бірге келіп жеткен.
Арғы тегін сұрасаң - Назар ишан,
Тазарып шыққан гауһар асыл тектен.
Бұдан біздің білетініміз: Исабектің арғы аталарының бірі — Сейітзада да, одан бергі бір елеулісі - Назар ишан. Ал, бергі белгілілерін Мұратқожадан бастап, алдымен әкесін, соңынан баласын беру ретімен келтірсек, былай болып шығады: Мұратқожа - Исабек ишан - Нұрмұхаммед-Қожахмет-Жандарбек-Ахметолла. Исабек ишаннан тұяқ ретінде Нұрмұхаммед қалғаны Мәшһүр-Жүсіп жоқтауында да аталып өткен. Мәшһүр-Жүсіп туындысында Исабек ишанның қой жылы, 79 жасында көз жұмғаны айтылса, Исабек шөпшегі Ахметолланың (1957 жылы туған) жанұялық мұрағаттағы мәліметінде де: "Исабек 79 жасында қайтыс болған, онда Мәшһүр-Жүсіп 13-14-терде екен", - деген дерек бар. Осы орайда Исабек ишан қайтыс болғанда, Мәшһүр-Жүсіп 22 жаста екен." - деген (Ахметқалиұлы Н. Исабек ишан кім? // Сарыарқа самалы, №58, 27 шілде, 2001 ж., 18 б.) Н. Ахметқалиұлы пікірін негізсіз деп санаймыз. Себебі Мәшһүр-Жүсіп жоқтауында: "Сапары бүл дүниеден ақыретке // Қой жылы, жетпіс тоғыз жасында еді" дегенге сүйенсек, -Исабектің қайтыс болған жылы 1871 болмаса, онда келесі қой жылы 1883 деп есептеуіміз керек. Одан әрі Исабек ұрпағы Ахметолла мәліметіне сүйенсек, "қырықбес" деген жанама атқа ие болған, яғни әкесінің 45 жасында туған Нұрмұхаммедтің туған жылы не бізше 1837, не Н.Ахметқалиұлы бойынша 1849 жылы болып шығады. Бұл тұста Ахметолла әкесі Жандарбектің бертінге дейін өмір сүргені, 1996 жылы қайтыс болғаны, 89 жас жасағаны белгілі. Жандарбектің әкесінен 9 айлығында қалғанын есептесек, оның әкесі Қожахметтің қайтыс болған жылы 1907 жылы екені даусыз. Сонда 45 жаста өлген Қожахметтің туған жылы 1862-ге келеді. Егер Қожахметтің туған жылы 1862, ал, әкесі Нұрмұхаммедтің туған жылы 1837 болса, онда ұлы Қожахмет туғанда, әкесі 25 жаста болып шығады. Ал, Исабек ишан көз жұмуын Мәшһүр-Жүсіптің 25 жасына шегерсек, онда Қожахмет туғанда, әкесі Нұрмұхаммед 25 емес, 13-те болып шығады. Бізде екі-ақ жол бар: не Мәшһүр-Жүсіпті 13 жаста (25 емес) деу, не Нұрмұхаммед 13 жасында - (25емес) әке болды деп есептеу. Біздіңше, алдыңғы пікір шындыққа неғұрлым жақын. Әйтпесе, 8 жасында өлең шығарып, Мұса Шорманов көзіне түскен Мәшһүр (Бір өлеңінде он бесінде жаза бастағанын айтса, ақындыққа жүйелі кіріскенін мәлімдегені деп ойлаймыз) 13 жасында неге жоқтау шығара алмайды?! Ал, ақын 13 жаста емес, 25 жаста болса, жоқтауда: "Тақсырдың мыңнан бірін айта алмаймын // Ағалар, айыптама, ғақылым азы", - демес еді. Ол кезде Мәшһүр-Жүсіп тәрізді дарынды ақындар 25-ке келгенде, "ғақылым аз" демес болар. "Исабек ишан ұрпағы Жандарбек те тегін адам болмаған. Бақыт Баймұратұлы мынадай деректер келтірген: "... Міне, осындай қасиетті адамның ұрпағы Жандарбек ата да жай кісі емес болатын. Тоқсаныншы жылдардың басында Ақтоғай ауданының орталығында мешіт салу қолға алынған еді. Бұл үлкен міндетті мойнына алған Жұмабек Хамзаұлы болатын. Мешіт салу оңай болған жоқ.Қаражатты да, құрылыс материалдарын да өзіміз іздеу керек болды. Бірде Жұмабек белінен шойырылып, жүре алмай, қатты ауырды. Қаранбаған емші, көрінбеген әулие қалмады. Емделуге Омбыға да барды. Дәрігерлердің айтқаны: "Операция жасау керек", - деді. Ақырында Жандарбек атаға бардық. Мешіт салып жатқанымызды айттық.
- Жұмабек белінен жүре алмай, құрылыс тоқтап қалды. Дәрігер: "Операциясыз болмайды", - дейді. Енді жәрдемді өзіңізден күтіп келдік, - дедік.
- Алдыма кеп жатшы. Мен өзім емдеп көрейін. Алла жазса, жазыларсың, - деді.
Ешқандай операциясыз Жандарбек атаның шипалы қолынан Жұмабек аз күнде жазылып, жүріп кетті. Осыны өз көзіммен көрдім. Содан бері қайта ауырған жоқ. Біз үш айдан соң мешіт құрылысын одан өрі жалғастырдық. Осыдан кейін мешіт салуда қиыншылықтар кездессе, Жандарбек атаның батасын алуға асығатын болдық. Ғажабы - бата алсақ - жолымыз болады". [Баймұратұлы Б. Исабек ишан ұрпағы, // Сарыарқа самалы, 6 тамыз, 1998, 8 б.] Исабек ишанның еліне қаншалық сыйлы адам болғаны біз соз етіп отырған Мәшһүр-Жүсіптің "Исабек ишан" жоқтауында біраз қамтылған. Біздіңше, тек Исабек емес, оның сол өлкедегі әріптестері: Қоңырбай халфе, Жүсіп, Құлболды, Файзолла, Ходайда, Бесмұхаммед ишандар т.б. туралы бірқатар құнды мәліметтер орын алуы шығарманың тарихи деректік сипатын, мәнін, жүгін кеңейте түседі. Қорыта айтқанда, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының "Исабек ишан" жоқтауы - XІX ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ өлеңдерінің саф алтын үлгісінің бірі. Шығармада ел ұйытқысы болған ірі тұлға Исабек бейнесі мүсінделумен қатар, қазақ тарихына, тұрмысына қатысты көп құнды материалдар жинақталған. Бұл шығарма әулеттік мұрағаттағы: Жолмұрат, Мұхаммедфазыл көшірмелері бойынша әзірленіп, ең алғаш толық күйінде, осы қалпында Павлодар облыстық "Сарыарқа самалы" газетінің 2000 жылғы 26 желтоқсан № 139 санында басылды. Материалды әзірлеп, қажет түсініктермен жариялаған - Ертай Жүсіпов. Мұса Шорманұлы. Мәшһүр-Жүсіптің Мұса Шорманұлына (1819-1885) көп қарыздар екені белгілі. Біріншіден, бес жасынан (1863 ж.) бастап Мұса салдырған мешіт-медреседе оқыды. Екіншіден, өсіп келе жатқан ерекше дарын иесін алдымен бағалап, сегіз жастағы баланың "Жүсіп" - деген есіміне ең алғаш "Мәшһүр" сөзін қосақтаған Мұса екені белгілі. Мұса Шормановтың өз ұлты үшін коп еңбек сіңіргенін Мәшһүр-Жүсіп бір жоқтаудың өзінде кең дәлелдей алған. Бүл туынды алғаш рет 1990 жылы "Боздағым" (Қазақтың жоқтау жырлары) жинағында басылды. Қолжазбаның қайдан алынғаны туралы сол кітапты құрастырушы Тоқтар Арынов мынадай дерек берген: " Жоқтау қолжазба күйінде Ленинградтағы Березин архивінде сақталған. Оны бірінші рет тауып алып, "Жұлдыз" журналына хабарлаған (1985) Семей қаласындағы Абай музейінің ғылыми қызметкері - Мұздыбай Бейсенбаев. Қолжазбаны араб жазуынан қазақ альфавитіне түсірген - осы жинақты құрастырушы [Боздағым (құрастырушы - Т. Арынов). Алматы, Жазушы, 1990, 80 б.]" "Мұса Шорманұлы" жоқтауы бұл кітапқа "Боздағым" кітабы бойынша берілді. Араб әрпінде жазылған нұсқаларда: шумақ, тармақ тәртібі анық берілмеуі әсері кітапта елеулі орын алғандықтан, тармақтар түзілімін біраз қалыпқа келтіру жұмысын жүргіздік. Біздіңше, бүл үлгі де әлі толық емес. Оны арнайы зерттеп, саралау - алдағы уақыттың жұмысы. Тайшық Ноғайұлы. Шығарма Мұхаммедфазыл жазбасы бойынша берілді. Өлең соңында Мұхаммедфазыл ескертпесі орын алған:" Мәшһүр-Жүсіп Көпеев Тайшық Ноғайұлына шығарған" . Осы орайда бұл туынды жарияланғаннан кейін, әсіресе Сырдария бойындағы зиялы қауым өз естіген, білгендерін ұсынып, Тайшық Ноғайұлы туралы деректерді толықтыруға мүмкіндік кеңейер деген сенімімізді алға тартамыз. Хұсайын Боштайұлы. Туынды Жолмұрат жазбасы бойынша ұсынылды. Жолмұрат шығарма соңында мынадай ескерту берген: "Аяғы, қалғаны көп. Мәшһүрдің Боштайұлы Хұсайынды жоқтап, жазған шығармасынан үзінді. Жинаушы - Жолмұрат Жүсіпұлы". Ел билеуші, болыс, беделді адам Хұсайын Боштайұлының (1832- 1905) ата-тегін Мәшһүр-Жүсіп шежіресіне және Жұқаш Кәрібайұлы берген деректерге сүйеніп, алдымен әкесін, соңынан баласын келтіру ретімен берсек, былай болып шығады: Арғын-Қүтан-Сүйіндік-Сұғыншы-Шұманақ-Құлболды-Айдабол-Жанқозы-Төлебай-Еламан-Тұрсынбай-Боштай-Хұсайын. Қамаралдин хазірет. Ақынның бұл туындысында Кіші жүз: Бөкей елінен шығып, Бұхара қаласындағы Қоқалдаш медресесінен сабақ алған қазақ арасындағы ислам дінінің асқан білгірі Қамаралдин өмірі баяндалған. Өлеңде өткен ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ өмірін танытарлық құнды деректер мол. Мәшһүр-Жүсіп Қамаралдин хазіреттің асқан ғұламалығымен қоса ізгілігін, кішіпейілділігін бөліп көрсетеді. Қамаралдинді жоқтау барысында ақынның имандылық, ізгілік жайындағы ойларын таратып айтуы - бәрі өлеңнің танымдық та тәрбиелік мәнін аша түседі. Шығарма жоғарыда аталған ғылыми кітапхананың қолжазба қорындағы Мәшһүр-Жүсіптің 1171 папкасы, 327-342 беттері бойынша әзірленіп, әулеттік мұрағаттағы Жолмұрат пен Мұхаммедфазыл көшірмелері бойынша салыстыру жүргізілді. Жолмұрат жазбасы маңдайшасында:"Мәшһүр-Жүсіптің ұстазы Қамаралдинге жазған жоқтау сөзі", -деген дерек бар. Сыздық Мешімбайұлына (бірінші өлең). Қазақ өлеңдерін жанрлық тұрғыдан саралағанда, "Хат өлендерін" бөліп қарастыру қажеттігі туады. Онда хат жазу стилі, тіпті өзімсіне сөйлеу мәнері, өзіндік баға беру үлгісі— бәрі ерекшеленіп тұрады. Белгілі бір адамға арнап жазылғандықтан да, өлеңде лирикалық қаһарман мен бірге екінші лирикалық бейне де эпостағыдай біршама кеңірек көзге түседі. Соның бір көрінісі болып саналатын бүл туынды Жолмұрат және Мұхаммедфазыл жазбалары бойынша әзірленді. Сыздық Мешімбайұлына(екінші өлең). Бұл да Мұхаммедфазыл, Жолмұрат жазбалары бойынша берілді. Сондай-ақ осы өлеңдерге байланысты Фазыл көшірмесі басталымында мынадай ескерту орын алған: "Атбасардағы халық сотының переводчигі Сыздық Мешімбайұлына Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының жазған өлеңі. 1908 жылы Мәшһүрге Мешімбайұлы Сыздық болып, Смағүл Көктөбетұлының жазғаны. Сыздық емес, Смағүл екенін біліп қойып, қайтарған жауабы". Жолмұрат көшірмесінде де осы іспетті ескертулер орын алған. Жүсіпбек Аймауытұлына (бірінші хат) және Жүсіпбек Аймауытұлына (екінші хат). Бірінші және екінші хат та Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясындағы Орталық ғылыми кітапханасы қолжазба қорындағы Мәшһүр-Жүсіптің өз жазбасы, 1177 папка, 376-384 беттері бойынша беріліп, әулеттік мұрағаттағы Жолмұрат пен Фазыл көшірмелерімен салыстыру жүргізілді. Алғашкы өлеңге арналған Жолмұраттың екі көшірмесі, кейінгінің Жолмұрат және Фазыл жазбалары сақталған. Бұл өлеңдердің алғаш рет республикалық "Социалистік Қазақстан" газетіне (01.05.1990 ж.) жарияланып, Мәшһүр-Жүсіп өлеңдері алдында Жүсіпбектің екі бірдей хаты келтірілгені, материалдарды баспаға әзірлеген белгілі әдебиетші, Мәшһүртанушы ғалым С. Дәуітұлы екені мәлім. Сонымен бірге газетте орын алған біраз ақаулар Мәшһүр - Жүсіп жазбасы бойынша түзетілді. Өлеңнің қандай жағдайда туғаны туралы шығарма маңдайшасында Мәшһүр-Жүсіптің мына бір анықтамасы орын алған: "1927 жылда Шымкентте тұрған Жүсіпбек Аймауытовтан бір сәлем хат келгенде, Мәшһүрдің өзі жер таянған жетпісте отырғанда, соған қайырған жауабы. Ол жазыпты: "Мим ағама" - деп". (Сонда, 376-бет). Ал, хат соңындағы: "Босаға ұстап тұратын балаларға"- дегендегі "босаға ұстап" мәнісіне Мәшһүр-Жүсіптің мына бір түсінігі келтірілген: "Біреуі кіріп шығуға жарайтұғын, екеуі босаға ұстап тұратын белгілі үш бала бар ғой". (Сонда, 380-бет). Сонымен бірге 1991 жылы Павлодар облысындағы "Дауа" газетінде белгілі жазушы З.Ақышев Жүсіпбек хаттарын толық келтіріп, кейбір сөз, ұғымдарға өз түсініктемесін берген: Мәселен, Мәшһүр-Жүсіп өлеңінде сөз болған Әмен өліміне т.б. қатысты деректер келтірілген. [Ақышев 3. Мәшһүр-Жүсіп һәм Жүсіпбек // Павлодар облыстық "Дауа" газеті, № 14, қазан, 1991, 4-5 б.]. Осы орайда Мәшһүр-Жүсіптің хат жазуына түрткі болған Жүсіпбек Аймауытовтың екі хатын да сол 1177 папкада ақын хаттары мен бірге сақталған Жүсіпбек жазбасы бойынша толық келтіреміз (ескерту: газеттегі сол қысқару, жекелеген сәйкессіздіктер мұнда да ескеріліп, толықтырылды. - Е.Ж.). "20 май 1927 жыл. М. аға, хатыңызды алдым: "ақыл" - деген ақылыңызды қабыл тұттым. "Қайын ал", - дегеніңіз өмірге зор өзгеріс салатын әңгіме болғандықтан, әзірше жауапсыз қалдыра тұруды лайық таптым. "Баба дәруішке сену", "Ынталы жүрек, шын көңілге тірелетін әркімнің иманы ғой. Қай әулиенің жарылқарын да білмеймін. "Жүрек, иман деген нәрсе қолқаға жүрмейтін шығар? Жарылқаушыны да, қарғаушыны да өзі іздеп, өзі нанып табатын шығар", - деп ойлап, ол сырымды жасырып отырмын. "Құлшылықты жасырып қылған қабыл", - деген сөз құлағымда болушы еді. Енді "қалған өмірді қалай өткізу" туралы. Данышпан Толстой сексеннен асқанша, өле-өлгенше қаламымен сырласып өткен. Ірі хакімдер, философтар көп жасап, коп мұра қалдырған. Өмірде ойланумен, толғанумен, жақсылық, жамандықты барлаумен, әділдік, шындық, адамгершілік сынды ізгі мұраттарды көксеумен өткізген. Адамдардың миы ерте суалмаса керек, ақыл-ой, талант, себесі (шіме) ерте тартылмаса керек. Егделенген сайын миы шыныға берсе керек. Соған қарағанда, сіздің де қаламнан қаларлық уақытыңыз бола қойған жоқ па деп шамалаймын. Олай болса, қалған өмірде қаламға сырласып өткен дұрыс. Сіз - қазақтың қазақ заманында дүниеге келіп қалған гауһарысыз. Сіздің құлашыңыз ұзын, қиялыңыз терең, арманыңыз алыстағы өткен өмірде. Жаңа заманның бұйынтақ сөзі, жыбырлақ мінезі сізді жарытпайды, тосаңсытады, күні өткен жат адам қылады. Жаңа заман өйте берсін. Сіз онда жалғыздығыңызды, жапандығыңызды, сәнді, салтанатты ескі күніңізді жырлап өтіңіз. Ақынның ақындығы улаған ойын, тулаған сырын оқушыны толқытқандай қылып, тізген меруерттей кестелі, толғаулы сөзімен айта білуінде ғой!
93 жасар түрікпен ақынының мына бір сөзі:
Ғалы құса көңіліне келмеген,
Сахар тұрып, ақ зікірін демеген,
Мүсәпірлік күртектерін жемеген,
Түндер қатып, шөлде атын (тын) сүрмеген,
Өз елінен басқа елдерде жүрмеген,
Мүсәпірлік көшесіне кірмеген,
Бұл ғазалдың мазасыны не білсін?!
Кім біледі: бұл дүниенің түбі не ?!
Бабаң шеккен кәріліктің мұңы не?
Қара нардың қайратынан қалғанды –
"Көтерер" - деп, ауыр артпа жүгіні".
Майлы ақынның мына бір сөзі:
Бұлқынушы ең бұландай,
Жүген-құрық тимеген,
Жұлқынушы ең құнандай!
Салбырады құлақтар
Тамға кірген құландай.
Жерінде әркім жекендей,
Тастап бір келдік мекенді-ей!
Әркімдер қуып ит қосар,
Ауып бір келген бөкенді-ей!
Басушы едім ерлерім,
Тарпан менен көбеңді!
"Емен менен семен" де
Арыстан болды төбеңде! –
деп, ашаршылық жылы жат елде тамақ асырап жүргенде, айтса керек!
Шәңгерей ақын өлер кезінде:
Қулық(құлық) атып құдия,
Түлкідей қашқан зымия,
Бізден де өтіп барады,
Қайран да, шіркін, дүние(дұниа)! –
деп зарланады.
Өлім аузында отырған ақындардың осынау асыл сөздеріне өлім жоқ қой!
Сіз шамаңыз келсе, осынау Түрікпен, Майлы, Шәңгерейлерше жүрегіңіздің шерін шертіңіз. Неден күйінесіз, неден өкінесіз, неден жиренесіз - дегендей, соларды әңгіме қылыңыз. Ол бір. Екінші, сіздің бұрынғы шығарған өлеңдеріңіз бар. "Тырна мен, қарға мен айтысқан", -болсын, "Бұлбұл мен қаршыға" - болсын, "Сарт әңгімесі" болсын – соларды жинастырыңыз. Оларға қосып менің айтатыным: Түркістан елдерін кезгенде, Шыршықка келгенде, жүрген-тұрған жерлеріңізді, елдеріңізді жазған өлеңіңізді жас кезімде жатқа білуші едім. Енді ұмытып кетіппін. Со да жақсы нәрсе еді. Әр елдің жақсыларын тараулатып, ата-тегінен жазған өлеңіңіз бар еді, олар да керек. Жақсы әйелге, жаман әйелге шығарған өлеңдер де болушы еді. Сондай қолжазбаларыңыздың бәрін жіберсеңіз, шамам келсе, баспаға түсіруге ізденіп көрер едім. Одан соңғы сіздегі көп қазына - қазақтың шежіресі: ең болмаса, Орта жүзді, Арғынды тараулатқаныңыз керек. Осы күні әркімдер қазақ тарихын, шежіресін жазып жүр. Мұхаммеджан Тынышбайұлы деген - Ұлы жүз, инженер, орысша кітап қылып шығарып жүр. Сіз шежіреңізді жіберсеңіз, оны да көріп түзетіп, ең болмасын, журналға басып тұрар едік. Әрине, өз атыңызбен басылады. Одан соңғы сіздегі қымбат нәрсе: ақындардың айтысы, сөздері, билердің, шешендердің үлгілі сөздері. Бұларды да не кітап қылып, не журналдарға басуға тырысар едік. Сізден Алдабергенұлы Зияш бірталай сөздер алғанға ұқсайды. "Ол іс қыла алмай ма?!" - деп ойлаймын. Ініңіз, жаман да болса, жақсы-жаман сөзді айыра біледі; баспаханалармен, басқармалармен таныстығы, қатынасы да бар; жақсы сөзді көзін тауып, өткізуге тырысар едік. Мен бес-алты айдан бері Сұлтанмахмұт сөздерін жинап, жақында бітіріп, көшіріп, реттеп (іреттеп) баспаға, Ордаға апарып тапсырып қайттым. Махмұт сөздері Құранның үлкендігіндей (үлкендәгіндей) кітап болды. Ендігі жылдар басылып шықпақ, аман болсақ, біреуін жіберермін. "Қайын алмады" - деп, өкпелегеніңіз болмаса, Әмендей бола алмасам да, сізге хабарласып, еңбегіңізді, атыңызды ел көзіне түсіргендей ниетім бар. Күліктен сіздей адам туа бермейді, санамыз болса, сіздің қадіріңізді, бағаңызды білсек керек. Маған соз жіберердей болсаңыз, газетке ондап орап, сыртын конверт қылып, адресімді (әдірісімді) жазасыз. Сыртына: "Наложенный платеж", - деген сөз жазылса, болмаса, "төлеп алады" (доплатное)- деген соз жазылса, ақша төлемейсіз, мен төлеп аламын. Мен өзімнің сырымды, ойымды көрсеткендей, "Шернияз", - деген театр кітабымды сізге арнап, почтаға салдым. Былтыр бәйгеге қосқан кітабым бар еді, бірден соңғы бәйгені алдық. Оқып көріп, пікіріңізді жазарсыз. Міне, сізге әзірше жазатын әңгімем - осы. Амандығыңызға тілеулес мағұлым ініңіз - Ж.
Әбдіразақ ағайға көп сәлем, суретіңіз (сүгіретіңіз) сақтаулы, балалар сау. 15 ноябрь 1927 жыл. Құрметті Мәшһүр аға, сізге үлкен ұятты болдым. "Не деп ғапу өтінем!" - десем де, ол өтінішім түкке тұрмайды. Өйткені екі хатыңызға бірдей жауап қайыра алмағаным кешірілмейтін күнә болды. Ренжіген (іренжіген) шығарсыз, тек қарғамасаңыз болады. Боқтауға, ұрсуға, ұруға мойнымды сұнып отырмын. Екі жарым ай болды – үйден - түзге, отыра шықпағаныма. "Не істедің?" - десеңіз, "қылуетте (хылуатта) жатып, бір роман жазып бітірдім. Өзіңіз көрген "Қартқожа" - дан үлкендігі екі есе үлкен болады. Бар ойым, ынтам, рухым сол романға кетіп, тап жынды кісідей болыппын, досты, жолдасты, құрметті, қымбат (хұмбат) ағаны ұмытып кете жаздаппын. Мен күнді қалай өткізеді десеңіз, міне, былай: таңертең сағат 8-де тұрамын да, шай ішіп, қызметке, бала оқытуға кетемін. Күніне 6 сағат бала оқытамын, сағат 3-те үйге келемін, тамақ ішемін. Одан кейін ұйықтаймын, сағат 6-7-лерде оянамын. Шай ішемін, сүйтем де жазуға отырамын. Сол отырғаннан түнгі сағат екіге-үшке дейін отырып қалам. Әбден талғанда барып, ұйықтаймын. Міне, екі жарым айдай көрген өмірім - осы. Бірақ бұл күнде романым бітті. Баспаға жібергелі отырмын. Басылып шықса, көрерсіз. Сіздің соңғы хатыңызды алғаныма екі-үш күн болды. Содан бері қобди аспап қамдап алып, насыбай жіберуге бүгін ғана (гене) қол тиіп отыр. Бөтелкелер ауыр тартатын болған соң, ауа, су өтпейтін қағаздан қалта қылып, салдым. "Насыбай бұзылмайды" - деп, әркімдер айтады. Қалай жеткенін, барсымен білдірерсіз. Насыбайды Камалалдин Байжанов арқылы (арқалы) жіберіп отырмын. Соңғы хатыңызда: "Жіберетін сөздер даярлап қойдым" - деген екенсіз. Оларыңызды жібере беріңіз, басылу жағына сөйлесіп көрермін. Түгел басылып, кітап болып шықса, тіпті жақсы, әйтпесе журналдарға бөлшектеп басып отырсақ та, жарар. Әрине, оз атыңызбен басылуы керек. Сұлтанмахмұт сөздерін былтыр түгел жинап, үлкен кітап қылып, баспаға бергенмін. Одан: "Басылады" - деген хабар алып отырмын рас (ырас) болса. Ол мойнымдағы бір міндет тәрізді нәрсе еді. Ендігі міндет сіздің атыңызды тарихта қалдыруға қолдан келген жәрдем ету. Оны орындай алам ба, жоқ па, білмеймін. Өйткені ескі сөздің, бұрынғы ақынның қадірін білетіндер азайып барады. "Қазаншының еркі бар - қайдан құлақ шығарса" - ғой. Сіз айтқан соң, "ақыл"-ға ("ағынға") жабыстым. Жақын арада бір сөз шығар қысқаша, жіберермін. Бізге ақылдың сілемі тиіп, сізден де сілем жоғын қайдан білеміз? Онша алыс емес қой. Ендеше Махмұттан гөрі де сізді өзімсінетін жон бар ғой. Сөзді ұзартпайын, еңбегіміз өнімді, берекелі болып, пайдасы көпке тигей! Қаламға жармасқаныңызды естіп, қатты қуандым, Толстой 80-ге келгенше жазған ғой, әркімнің оз Толстойы өзіне-дағы! Тек өмірлі болғай едіңіз! Анық адресіңізді көрсетіңіз, бұдан былай бір-ақ адреспен жазатын болайын. Менің адресім: Шымкент, Педтехникум, -маған. Балалар түгел сау, оқып жүр. Саулығыңызға тілеулес ініңіз - Жүсіпбек. Сүлеймен мен Байғыз. Өлең Мұхаммедфазылдың араб әрпімен жазылған нұсқасынан алынды. Сонымен бірге Мәшһүр - Жүсіп мұрасын жинаушы Иманғали Маненовтың (1903-1993) араб әрпіндегі жазбасынан алынған Баян селосы тұрғыны Төлепберген Алдабергеновтың (1932 жылы туған) қазіргі әріп үлгісіндегі көшірмесімен салыстыру жүргізілді. Шығарма ең алғаш республикалық "Азия" газетінде 1992 жылы (№ 3, шілде, 5 б.) басылды. Материалды ұсынушы - Н.Қ. Жүсіпов. Бұл өлеңді "айтыс өлеңі" дегенде, әрі "аңыз өлең", әрі "шартты айтыс өлеңі" деуге болады. Аңыз дейтініміз: оның бастауы тым көне заманда жатыр және Сүлеймен пайғамбар ретінде құспен сөйлесе алса, ол да бастапқы аталымға жақындата түседі. Ал, шығарманы ерекше құдірет иесі пайғамбар мен Байғыз емес, әдеттегі адам мен күс лебіздесуі түрінде берілген деп есептесек, ол "шартты айтыс өлеңі" үлгісіне доп келеді. Лирикадағы айтыс өлеңінің жанрлық сипаты, табиғаты тұрғысынан алғанда, өзіндік ерекшелігі бар екені даусыз. Мәселен, онда бір емес, екі лирикалық бейненің қатар алынуының өзі оны лирикадан гөрі эпос пен драмаға жақындатады. Ал, екеуінің сөз саптауы түрліше болуы, олардың жай-күйін, айтысқа қалай кіріскенін баяндаушы болмауы - бәрі оны драмаға апарады. Өлеңде сонымен бірге оқиға: тартыс, сюжет болуын бағымдасақ та, бұл шығарма эпос, драма әсерін мол қабылдаған лирикалық туынды деп табуға негіз толық. Мұндағы шешуші фактор онда орын алған ырғақ, ұйқас, шарттылықта емес. Себебі ол, негізінен алғанда, эпосқа жатқызылып жүрген поэмаға да тән нәрсе. Расында қанша ырғақ, шарттылыққа негізделсе де, поэма лирикаға жатпайды. Ырғақ, шарттылық лирика үшін бір қажет өлшем болғанымен, ол бірден-бір, негізгі себепке айнала алмайды. Негізгісі - жалғыз ғана лирикалық бейненің тек бір қыры, бір сәтімен ашылып, лирикалық қаһарман атануы болса, ол лирикаға тән де: адам өмірін біршама қамтуы мен жалпы өмір шындығын неғұрлым кең көрсетуі - эпостың басты шарттары. Ал, Сүлеймен және оның әйелі, сондай-ақ шартты түрде бөліп көрсетілген Байғыз қанша оқиға, тартыс үстінде алынып, бірер қырымен ашылса да, бәрін біріктіріп, бағыттап тұрған бір тұғыр бар. Ол - бәріне де бір ғана лирикалық қаһарман көзімен қарау үрдісі. Бар оқиға, тартыс, тіпті қилы мінез - бәрі де бір ғана лирикалық қаһарман сезімі тұрғысынан өрнектелгендіктен де, бұл - эпос емес, лирикалық туындының тап өзі демекпіз. Сөйтіп, Мәшһүр-Жүсіптің бұл шығармасы қазақ лирикасын тақырыптық -идеялық жағынан ғана емес, көркемдік жанрлық толысу тұрғысынан да, өзінше дамытқан сәтті үлгі деуге негіз толық. Мәшһүр-Жүсіп пен Ғали Күзембайұлы айтысқаны. Бұл айтыс ақын таңдамалысының бірінші томында (Алматы, Ғылым, 1990, 144-145 б.) жалпы көлемі 5,5 есе қысқартылып, 136 тармақ орнына 24 жол үзінді күйінде ғана берілген екен, толық нұсқасын ұсынып отырмыз. Мәшһүр-Жүсіп өлеңіне түрткі болған Ғали Күзембайұлы сауалы Мұхаммедфазыл көшірмесі бойынша әзірленді де, кімдікі екені белгісіз тағы бір көне жазбамен салыстыру жүргізілді. Ал, "Мәшһүр-Жүсіп жауабы" - қолда бар Мұхаммедфазыл мен Жолмұрат нұсқалары негізінде берілді. Мәшһүр-Жүсіптің Шабдар атпен айтысқаны. Өлеңнің қандай жағдайда жазылғанын анықтарлық деректер Жолмұрат Жүсіпұлы жазбасында толық келтірілген: "Иманбек қажы Айдабол деген ел ішінде Малғозы деген табынан болады. Ер Олжабай батырдың немересі, шөбересі. Арыстанбай баласы Имамбектен үш бала туады: Байбек, Жамбек, Исламбек. Исламбек кішісі болғандықтан, қажының қолында болады, еншілес бірге болады. Қажы өзі үш ұлды, екі қызды болады.Өзінің ішіп-жеуіне - расходына жарарлықтай мал шарпы осы болады. Бір тапта, бір арада қонаққа күтетін, қонаққа жайлы тәуір үйі болады. Бәйбішесінің Айбибі деген, ақкөңіл, қонаққа ренжімей тамақ беретін, күтетін адам еді. Қажы мен бәйбіше екеуі тірі күнінде - құдайы қонақ болсын, әдейі қонақ болсын, ауылының өзгесінен бұрынырақ сонда түсетін еді.Ықылас ниеті осындай дұрыс адам болғаннан соң, Мәшһүр-Жүсіп те жаз күндерінде жайлауда, қыс күндерінде қыстауда ыңғайлы уақыты болса, барып қонып, түсіп жүретін бір ықыласы түзу үйі болатын. Қажының өзі бұрын ертерек қайтыс болған. Исламбек орнында қалған баласы о да қайтыс болғаннан кейін, өзінің ықыласы тәуір көретін үйі болған соң, қазақ әдетінде өліге бата, тіріге көңіл айту жол-жоба болатын ғұрыппен бәйбішесіне көңіл айтайын деп барады. Барысу мезгілі - Исламбектің қырқы кезі. Өткен жыл шамасы 24-25 жылдардың кезі (мөлшері кезі), бәйбішенің қартайған кезі, дәулеттің де азайған кезі екен. Жаз күні жайлауда Шідерті деген өзеннің бойында отырғанда барып, екі-үш күн жатып, Мәшһүр кайтпақ болады. Қайтарында Мәшһүрдің арбасының жетегіне өзі арық, аркасы жауыр бір бір шабдар дөнен әкеп байлайды. Мәшһүр шабдардың ұрлықтан, біреуден біреу алып, күнін өткізіп, аяғында қажының үйіне кез болғанын сезген соң, ауылдан былай 2-3 километрдей жерге барып түседі де, мынау өлеңді жазып шабдар аттың жалына байлап қоя береді. Өлең мынау болады: ...Біләл деген - сол таптың бір үлкен ескілікті молдасы. Қожахмет – сол таптың бір пысықшасы, Біләлдің немере інісі. Асқар-Иманбек қажының немере інісі, ақсақал. Әшім, Баязит -Иманбек қажыдан басқа таптан шыққан бай кісілер. Баязит-Иманбек қажыға жақын құдасы. Ишан-молдасына қасына ертіп барған - бір тайынша әрең берген, соны айтқан. Ишан-Әшім, Баязиттің молдасы - қасына ертіп барған". Тағы бір құнды деректі қазір Екібастұзда тұратын ақсақал Жұқаш Кәрібайұлы естелігінен кездестіреміз: "Айдаболдан-Малғозы. Малғозыдан: Сарыбатыр, Толыбай екеуі туады. Осы екеуінен екі қажы шығады Бірі-Иманбек, екіншісін "сақау Иманбек" дейді. Сол Иманбек қажы қайтыс болғанда, Мәшһүр барады екен. Орнына дұға оқиды, қайтады. Бір жыл ма, екі жыл ма өткесін, Иманбектің Сләмбек деген кенже баласы қайтыс болады. Өзі бай адам болған. Екі әйелі бар, шешесі бар. Мәшһүрді намазына шақыртады. Мәшһүр (сол кезде) үйінде болмай ма, бара алмайды. Соның қырқы кезінде барады.(Қайтарда):
- Сізге қойғанымыз мынау!- деп, бір жауыр шабдар құнанды арба жетегіне байлайды. Сонда жанындағы көшірі Қасенғали екен. (Ол Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын жинаушы Жолмұратгың ағасы, ақынның Мәдина деген қарындасынан туған жиені. Жолмұрат, Қасенғали әкесінің аты да Жүсіп болғандықтан, екі Жүсіпті шатастырмас үшін бұлардың әкесін жұрт "Түлкі молда"деп кеткен - Е.Ж. ).Бір төбе асқасын:
- Тоқта! - дейді Тоқтайды. (Мәшһүрдің) бір былғары дөкей сумкасы бар. Жерге түседі де:
- Былғары сумканы әкел!- дейді.Қасенғали әкеледі. Мәшекең отыра қалады. Мәшекең жазғанда қандай, құдай сақтасын, қолы қағазға тұрмайды Бір парақ қағазды жазып:
- Шабдар құнанның жалына мына қағазды мықтап тұрып байла!- деп айтты дейді.
Байладым (Қасенғали сөзі - Е.Ж.) -(Құнанның) ноқтасын тұр де, қоя бер деп айтты, - дейді. Жауыр арқасына шыбын қонған соң, ауылға қарай бірақ шапты, - дейді. Ауылға шауып барғасын, қағазын алады ғой". Осы туынды туралы және оны сақтаушы Жолмұрат Жүсіпұлының өміріне қатысты енді бір деректерді қазір Павлодар қаласында тұратын Машрапов Қабыкен ақсақалдың жазбасынан кездестіреміз: "Мен Мәшһүрдің осы бір "Шабдар атпен айтысы" өлеңін 1976 жылы 19 сентябрь күні Баянауыл ауданындағы Бірлік совхозында тұрған Жолмұрат деген ақсақалдың қалың дәптерінен жазып алған едім. Сол кісі 85 жаста екен. Өзі төсекте науқастанып жатыр екен: "Алматыға барып, академияға Мәшһүр еңбектерінен тапсырып жүргенім де болатын", - деді. Бұл өлеңнің мазмұнына келсек: "Мәшһүр ақын болғандықтан, Шідерті өзені бойында тұратын Айдабол елінің адамы Сіләмбек қайтыс болғанда, ағайындары азаға апарған 12 ірі қара малды (өлеңде-15 деп көрсетілген - Е.Ж.) өздері елшілік жасап, өзара бөлісіп алғанын, қулық екенін сынайды. Мәшһүрге берген ат сонау ор Алтайдағы ұрылардан ұрлап әкеткен малына төлеуге берген шабдар ат еді ", -дейді. " Ишанға түк бермегендер дін жолын қолданғандық емес", - десе, екінші жағынан осындай ырым жасаған адамдардың тек сыртқы көрінісі екендігін айтқаны. Өлікке мал шашу көзбояушылық екенін суреттеген. Дін жолын ұстайтындарды мазақ еткен. Болған істі шындықпен бізге айтып бергені бізге қымбат". Қабыкен Машрапов дерегіне сүйенсек, 1976 жылы Жолмұрат 85-те болса, онда оның туған жылы түсінік басталымында біз көрсеткендей, 1894 емес, 1891 болып шығады. Ал, біз Жолмұрат Жүсіпұлының туған жылын анықтағанда, оның қарындасы Кенжетайдың қызы Тұрсын Серікбаева (1937 жылы туған. Қазір бұрынғы Алматы облысы, Ілe ауданы Жетіген станциясында тұрады) жазбасына сүйендік. Өмірінің соңғы сегіз жылы (1969-1977 ж.) аралығында Жолмұрат Жүсіпұлының Тұрсын Серікбаева қолында болғаны, Тұрсынның ол кезде Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Бірлік совхозында тұрғаны белгілі. Демек Жолмұрат паспорты т. б. Құжаттары - бәрі ол тұрған соңғы үйде сақталуы заңды. Т. Серікбаева былай деп анық жазған: "Жолмұрат нағашым паспорты бойынша 1894 ж. 10 - ауылда... туған." Осы орайда белгілі бір себептермен паспортқа да қате түсіп, ауырған кезде шынын айтса, онда Қабыкен дерегі де негізсіз емес. Осы орайда Мәшһүр-Жүсіп өлеңін Жолмұраттан көшірген ақсақалдың: "Дін жолын ұстайтындарды мазақ еткен", - деген шешімі назар аудартады. Бұл ойын растай, өткірлей түсу ниетінен болу керек, осы туынды ғана көшірілген дәптер маңдайшасына орысша мынадай ескерту жазылған: "Я, Машрапов Кабыкен, 1907 года рождения, казах, член КПСС с 1943 года, окончил био. хим. фак. Омского пединститута им. М. Горького, педагог, пенсионер с 1967 года по возрасту, пропагандист - атеист." Бұл ойлардың автор өзі жазғанындай, 1976-1988 аралығында Қағазға түскенін ескерсек, әрі Павлодарлық ақсақалдың, яғни арабша жаза, оқи білетін (Жолмұраттың арабшасын көшіріп отыр ғой), Мәшһүр-Жүсіптің өлеңін жинауға қатысқан адамның өзі атеистпін деп жар салса, сол жылдары дінге деген теріс көзқарастың қаншалық дәуірлегеніне бүл да үлкен айғақ бола алады. Ал, шынында Мәшһүр-Жүсіп бұл өлеңінде "дін жолын ұстайтындарды" мазақ етпейді, керісінше "дін жолын" бұрмалаушыларды ғана келеке етеді. Әулеттік мұрағатта бұл өлеңнің 4 көшірмесі сақталған. Бірі - Мұхаммедфазыл көшірмесі. Қолжазба маңдайшасында: "Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының Төлеу Шабдармен айтысқаны", - деген айдар орын алса, ең соңында көшірілген уақытты анықтарлық: "1921 жыл, 10.06", -деген белгі бар. Екінші, үшінші нұсқалар Жолмұрат Жүсіпұлы жазбалары. Жолмұраттың алғашқы жазбасы соңында қағазға түскен мерзімді көрсеткен: "1934, 9 январьда" -ескертуі тұрса, екіншісінің аяғында: " 1972, 2 октябрь", - дерегі бар. Төртінші нұсқа -Қабыкен Машрапов жазбасы. Бұл жазбаның маңдайшасында: "Машхур-Жусупову Куанды - қу от Машрапова К. Ю.ХІІ.88г.", -" деген ескерту бар. Фазыл, Жолмұрат нұсқаларының жалпы көлемі - 100 тармақ. Осы орайда бұл материалды Жолмұраттан көшірген Қабыкен ақсақалда Фазыл мен Жолмұратта жоқ 12 жолдың болуы Жолмұраттың ел арасында жүрген, бізге жетпеген 3-нүсқа қолжазбасы болуы мүмкіндігін дәлелдейді. Соңғы 12 тармақтың кейінгі көшірушіде болып, бұрын жазған ақын ұрпақтарында болмауы ол жолдардағы сездерді қағазға түсіру сол кездегі заман талабы көзімен қарағанда, ыңғайсыздау көрінгендігінен болар деп шамалаймыз. Сез жоқ, Фазыл мен Жолмұраттағы материалдың дені біркелкі болса да, ара-тұра сөз ауысулары кездеседі. Сонымен бірге: "Шықпаған кеудесінде жаны болды", - деген тармақтан кейінгі 12 жол Жолмұратта біз ұсынып отырған ретпен берілсе, ал Фазылда "Жіберген қуып Мәшһүр үйіріне айдап", -жолынан кейін, яғни соңына қарай берілген. Біздіңше, Жолмұраттағыдай: "Алтайдан келгендігін ат айтқан соң, // Жетелеп алып кету ауыр болды", - деген сыңайдағы тармақтар ақын шешімінің бастамасына лайық болса, ат жауырына қағаз жапсырып қайтаруы одан кейінгі нәтижені айғақтай алады. Ал, шығармадағы аздаған сөздер түрлішелігі ұшырасқанда, ондағы ойдың айтылу ретіне, өлең ырғағына, бунақтағы буын саны біркелкілігіне т.б. сай талаптарды басшылыққа алдық. Мұндай текстологиялық салыстырулар басқа да ақын көшірмелерін зерттеу кезінде аса қажетті әдістің бірі дегіміз келеді. Осы орайда Мәшһүр-Жүсіп еңбегін жинаушылардың қазіргі көзі тірі өкілі Жұқаш Кәрібайұлы туралы мына деректерге назар аудартқымыз келеді.Жұқаш Кәрібайұлы (1916 жылы туған) Арғын ішінде Сүйіндік бұтағы саналатын Айдаболдан тарайтын оныншы ұрпақ, Алдымен әкесін, соңынан баласын тіркеп келтірсек, былай болып шығады: Айдабол – Жанғозы – Еламан – Тұрсынбай – Құдияр – Мұсабай – Машрап – Кәрібай -Жұқаш. Жұқаш аталары ішінде аталған Мұсабай туралы Мәшһүр-Жүсіптің "Қажыларға" туындысында (Қараңыз: "Жалын" журналы, № 9-10, 1997) мынадай өлең жолдары берілген:
Мұсабай, Исабай деп аты шыққан,
Насихат ғалымдардың сөзін ұққан.
Туысқан, ақыреттік бауыр екен,
Ағасын іздеп барып сол жолыққан.
Бұл арада ақын Исабайдың қажыға ертерек барып, Меккеде көз жұмуынан кейін, інісі Мұсабайдың аға жолын қуып барып, Мәдинада өлгенін баяндап отыр, Жұқаш - сол Мұсабайдың шөбересі. Сонымен бірге, бұл өлеңнен белгілі бір зиянды әдетті сынау үшін, казак жазба әдебиетінде айтыс дәстүрін шебер пайдалану үлгісін көреміз. Әдетте көбінесе айтыс дегенде, оның жиі тараған түрі - ақындар айтысына ғана көп көңіл бөлеміз де, сонымен тығыз байланыста өрбіген, шарттылыққа негізделген айтыс түрлерін елей бермейміз. Ақынның алғашқы таңдамалысына енген: "Мәшһүр-Жүсіптің тырнамен айтысы", "Мәшһүр-Жүсіптің ала қарғамен айтысы"өлеңдерінде лирикалық қаһарманға тырнаның, ала қарғаның үн қатуы, өз мұңын, наласын шағуы әрі шарттылық жемісі болса, әрі қоғамдағы белгілі бір көзқарасты әсерлі жеткізу құралы болғаны анық. Бұл дәстүр " Мәшһүр-Жүсіптің Шабдар атпен айтысқаны" туындысында да дамытылып өрістеген. Ақынның тікелей шенеуінен гөрі, болған оқиғаларға куә болған Шабдар аттың аузымен ашкөз, пайдакүнем адамдардың түйрелуі, ол сынның неғұрлым пәрменді болуын негіздеген. Бұл туынды ең алғаш "Абай" журналының 1999 жылғы 1-санын- да (92-93 б.) жарияланды. Түсінік жазып, баспаға әзірлеген - Ертай Жүсіпов. Күйеу Мағзұм мен аруақтар. Бұл өлең Жолмұрат және Мұхаммедфазыл жазбалары бойынша ұсынылды. Мұнда да шарттылық, аруақтардың тіл қатуын келтіру нәтижесінде адамдар ашкөздігі, тойымсыздығы неғұрлым өткір шенелгені анық. Мәшһүр-Жүсіп пен Жүніс Шалқарбайұлы. Егер "айтыс" дегенді сөзбе-сөз ұғынып, оны міндетті түрде тек сөз қақтығысы, таласы деп қабылдасақ, онда бүл туынды таза "айтыс" емес. Себебі Жүніс сауал береді де, Мәшһүр-Жүсіп соған жауап береді. "Бар болғаны -осы, демек бүл айтысқа жатпайды"- деуге де болады. Әйтсе де теория шығарманы емес, хас шебер туындысы, нағыз көркем шығарма жаңа теорияларды негіздеп, өрістете беретіні белгілі. Сол тұрғыдан қарасақ ХІХ, XX ғасырлардағы қазақ ақындары өзінен бұрынғылардың айтыс дәстүрін өрбіте келе, айтыстың жаңа түрлерін, шартты үлгілерді көп тудырғанын ескермей болмайды. Бір Мәшһүр-Жүсіптің өзі шартты айтыс түрлерін көп тудырған. Мәселен, "Мәшһүр-Жүсіптің тырнамен айтысы", "Мәшһүр-Жүсіптің қарғамен айтысы" өлеңдері әрі шарттылық жемісі: сөзбе-сөз түсінсек, тырна да, карға да сөйлей алмайды. Әрі онда да соз таластыру емес, сауал қою және оған жауап беру басым. Мұны тап осы кітаптағы: "Сүлеймен мен Байғыз", "Мәшһүр-Жүсіптің Шабдар атпен айтысы" өлеңдері туралы да айтуға болады. Соның бәрін басшылыққа алып, сауал беру мен жауап қатудың өзі жанрлық тұрғыдан оз ерекшелігін танытатынын ескеріп, бүл туындыны да "айтыс өлеңі"- деп атағанды жон көрдік. Өлең Жолмұрат, Мұхаммедфазьш, Иманғали жазбаларын салыстыру әдісімен әзірленді. Мұса Шорманұлының асы. Мәшһүр-Жүсіп пен Мұса Шорманұлы арақатынасы туралы қажет деректер бұған дейінгі "Жоқтаулар" бөліміндегі "Мұса ІІІорманұлы" өлеңіне берілген түсінікте біраз қамтылған. Шығарма Қазақстан республикасы Ұлттық Ғылым академиясындағы Орталық ғылыми кітапханасы қолжазба қорындағы Мәшһүр -Жүсіптің өз жазбасы, 1177 папка, 389-392, 403-404 беттері бойынша беріліп, сол қолжазба қорындағы 1176 папка, 3-дәптер, 264-266 беттер аралығында сақталған ақынның екінші бір жазбасы мен және әулеттік мұрағаттағы Мұхаммедфазыл, Жолмұрат көшірмелерімен салыстыру жүргізілді. Бүл өлең маңдайшасында автордың мына ескертуі орын алған: "Бұл Арқада Мұса мырзаның асы болды. Сүйіндіктің қасқа -жайсаңы сол аста жоқ: көтеріле қажыға кеткен. Онда барып, жұдалылары сол жақта өліп, жұрындары келген. Көпей баласы Мәшһүр-Жүсіптін соларды жоқтаған жоқтауы". Қолжазбаның 390 бетінің оң жақ қапталында мынадай ескерту бар: "Керей, Қанжығалы жайлаулас қой: "Бір - екі айғырдың үйірі жылқысы бар Саққұлақ ұялмай бізбен жайлауға несіне жарыса көшеді екен?" - деседі екен. Және Саққұлақты "Ошаққа-зарына" шақырмаған екен; кеңесіне алмаған екен. Саққұлақ сонысын кектеп: "Шақшан болсын, Ақжол болсын, Ереймен болсын, - Қанжығалы атаулы біздің Кама, Жапар, Бөкенбайбайға келіп, асқа сонан соң барсын!"- деп, Қанжығалы біткенді соңына ертіп келіп, Саққұлақ айдалаға отырып алды: "Арғынның жолаушысының аты құрлы жылқысы жоқ неме байлық айтады! Қанжығалыға екі жүз-үш жүз тіксін үйді! "Толы байлап" ұран шақырсақ, бір жерден табылғандай болайық!" - деп. Ал, 391-беттің сол жақ қапталында мынадай түсінік орын алған: "Керей сонда-басы Жөкен Айдарке баласы болып, қаска-жайсаңы Мұса мырзаға келіп: "Мал-жанның билігін қолыңызға бердік. Ac -сіз атқа мінсеңіз, ас болады!" - деген соң, Мұса мырза атқа мінді. Айдаболдан-Секербайды, Тінәліден-Айдап келді, Алтай-Тоқадан-Бекқожаны - әр таптан сондай жақсыларды қасына алып, бұрынғы орнығып отырып қалғандарды, екі үйдегіні, бір үйге кіргізіп, Саққұлаққа екі жүз үй даярлатып, Сағынайдың Сарыжорға атын тұлдатып, ақ жүген, құйысқан, ер тоқымын түгелдеп, қасына бірнеше жақсыларды қосып, Темірболат - Ақпанбаласына жетектетіп, Сақаңның алдына көлденең тартуға жіберген. Сақаң:
- "Кұтым келді ғой! Енді бармасақ асқа болмас - деп, келді".
Мәшһүр-Жүсіптің 1177 - папкасының ең соңында 403-бетте осы асқа байланысты мынадай деректер берілген:
" Мұса мырзаның асының өлеңін бастағанда Әкімбек Шідертіні өрлей көшіп:
- ...Әкем Әлдебекке ас бергенде, өзімнің жетілмеген жетім күнімде, [жыл]қымды алдына иіртіп алып: "Үш жүз жылқы - ас жабдығына". - деп, ұстатып алған. Ас берген обал болса, маған неге соны қылды? Қаржас болып, Мұсаға ас берсе, басшы болып, қонақ күтуге алдымен тік тұрамын. Болмаса: "Мақпал, Мақпалдап!"- тиіп, жылуы алып қайтамын! -деп, көшіп барды.
Оны естіп Тәнті мырза Жайма, Ақөре жерлерден баса көктеп өтіп, Шідертінің төменгі жағынан қонып, Шідерті бойында Мұса мырзаға ас берілді. Әкімбек бес үй, Тәнті бес үй aп кеп тікті. Сол үйлердің үй басына босағасында екі әбдіре: шай-қант, өрік-мейіз, тоқаш. Ac үйлерін ала келіп, бес үйге кірген жанның соғымын да өздері сойып күтті. Керей, Қанжығалының міндетін Тәнті мырза мен Әкімбек алды: Саққұлақты Әкімбек күтті, Керей - Жөкен мырзаны Тәнті күтті. Жарым патша болып тұрған Колпаковский Ақмола мен Қарқаралы, Павлодар ояздарына (уездеріне) асты ұрыс-жанжалсыз өткізуіне жарлық қылып, үш (ояз) үйез басына бес болып урядниктерімен келіп тік тұрды. Сонда Садуақас басқа бата қылып, көңіл айтушыны үйде отырып тосып алды. Жалғыз-ақ Саққұлаққа далаға шығып, жер ошақ басында көрісті. Сонда Саққұлақ:
- Сәкенжан, бұрынғының: "Атамды атсаң, атамды ат, ботамды атпа!"- дегені бар. Мен өліп, Нұралы мен Мұса менің жер ошағымның басында жүрсе, менде арман қалар ма еді?! Нұралы мен Мұсаның жер ошағының басында қаңғып қалған маған сен көңіл айт, шырағым!- дейді.
Жортуылдың Бекжаны Мен Қаракесек Жаманкөт қажы, Құда Шоман болып, - бес үй тігіп, Қанай, Жанай, Анайды - олар кітап алды. Сонда Садуақас, Біләл, Әужан, Иса асқа келген меймандарды аралап:
- Күтім - баптарыңыз табылды ма? - дегенде, Жаманкөт қажының айтқаны:
- Ылғи жорғаның тілінің көмейін жиып, келіп жатырмыз, - дейді. Ол сөзінің мәнісі -Қаржас өзі аңыз қылатұғын: "Шоман тұқымының тілі - иттің тілінен жұмсақ, діні орыстың дінінен қатты!"
Алтай-Қараке-Қияштын құла аты алдында келді. Алтай-Тоқанның Тоқасы-Тойымбектің көк аты жағаласып келіп, бірден соңғы бәйгені алды. Балуан Бәйгені Мұсаның өз балуаны Жақып алды". Осы орайда 1176-папкада бұл туындының бастапқы бірер беті сақталмағандықтан да, тек 21-шумақгың кейінгісі орын алғанын, қосымша түсініктер де енбегенін дәйектеумен бірге, шығарманың соңғы жағындағы: "Жақсы өтті, табылмайтын, кеше мырза" - деп басталатын шумақтың тек осы мәтін бойынша қосылғанын ескертеміз. Иманжүсіп атынан шығарғаны. Мәшһүр-Жүсіп шығармалары араб әрпімен жазылып, оны кейінірек түсініп оқушылар кемдігінен және көне мұраға - деген әміршілдік жүйе қыспағы салдарынан ақын өлеңдерінің мұрағаттарда ескерілмей қалуы, жарияланбауы оның ел арасына тараған үлгілерін жатқа айтушылардың жаңылуынан т.б. өріс алған түрлі ауытқуларды да көп туғызды. Соның бір көрінісі - Мәшһүр-Жүсіптің " Иманжүсіп атынан шығарғаны" өлеңінің бұрмалануы, өлең қаһарманының кейіпкерлікпен тынбай, шығарма авторына айналып кеткендігі. Туындыны бізге жеткізген Жолмұрат, Мұхаммедфазыл жазбаларында өлеңнің Мәшһүр-Жүсіптікі екендігі анық аталып көрсетілген. Мәселен, Жолмұрат: "Иманжүсіп шығарды қылып, Мәшһүр-Жүсіп жазғаны", - деп, ап-айқын ескерткен. Суырдың өлеңі. Әулеттік мұрағатта бұл туындының 4 нұсқасы сақталған. Ол: Жолмұраттың екі жазбасы және Мұхаммедфазыл мен Иманғали көшірмелері. Жолмұратта: "Аяғы түгел емес. Бүл "Суыр" өлеңінің басылып шыққан уақыттары - 1890 жылдың шамасы. 18 қағаз болуға мүмкін еді. Көрген адамның айтуы бойынша."-ескертуі орын алған. Осы екінші томға енген Мәшһүр-Жүсіптің 73 өлеңінің ішінде "Суырдың өлеңі" шығармасының жазылу тарихына байланысты әңгіме, дау-дамайы коп болуымен де ерекшеленеді. Оның түрлі себебі бар. Ең алдымен айтарымыз: шығармада соз болған "Қозған" руы - Сарыарқа төрінде мекен еткен Орта жүз - Арғын ішінде ең бір беделді, оқығаны да, атқамінері де коп жуан атаның біріне жатады. Шежіреге жүгінсек, Орта жүз ішіндегі Арғыннан кейін Қозғанға дейінгі аталарды келтіргенде, алдымен әкесін, соңынан баласын орналастырсақ, былай болып шығады: Арғын – Құтан – Мейрам – Бегендік (екінші аты - Қозған). Мәшһүр-Жүсіптің өз айтқанына жүгінейік: "Мейрам сопы ертерек өліп қалып, Нұрфая бәйбіше - коп заман бес берекенің біріне қосылған бәйбіше болып, халқына ұйытқы, құт бәйбіше атанған екен. Нұрфая бәйбіше -Сүйіндікті, Бегендікті, Шегендікті, Олжагелді деген асыранды бір бала - төртеуіне өз қолынан қатын алып беріп, енші беріп, сол төртеуін: "Тортуыл" атаған. Бегендігі-Қозған, Шегендігі- Қақсал, Олжагелдісі-Қаржас. Туысы басқа-басқа болса да, "Тортуыл" дегенде, қосыла кетеді... "Қозған "деген кісі аты жоқ, қозғала берген соң: " Шіркін, қоза берді ғой!" - деп, "Қозған аталған. (Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Қазақ шежіресі (әзірлеген-С. Дәуітұлы), Алматы, Жалын, 1993, 166.). Міне, сол "Тортуылдың" бірі - Сүйіндіктен-Мәшһүр-Жүсіп өзі шықса, Бегендіктен, яғни Қозғаннан"Суырдың өлеңі" деген шығармаға өзек болған Қозған ата ұрпактары тарайды. Шығармаға түрткі болған Мұхаммедқали (Мұхтен) деген жігіттің - суыр аулау уақиғасы. Мәшһүр-Жүсіптің үлкен ұлы Мұхаммедшарафиден (1884-1936) туған Сүйіндік Көпеевтің (1932¬1999) ақын атқосшысы болып, көрші отырған Әйтімнен естіген әңгімесін келтірейік: "Бұл 1930 жылдың мамырқай күзі еді. Мәшһүр- Жүсіп өзінің "Ескелді" қыстауы маңында күзекте болатын, әрі жаз бойы осы жерді жайлау етіп, зират үйін де салдырған еді... Сәлем беріп жігіттер үйге кірді.
- Иә, жай-жапсарларыңды айта отырыңдар. Алла қуған, әлде адам қуған пендесіңдер ме? - деп, [Мәшһүр-Жүсіп ] сәл көз қырын салып қойды оларға.
- Ата, біз мына тау түбіндегі "Басшілік"" ауылынанбыз...
- Е, Қозған атасынан екенсіңдер ғой. Аты-жөндерің?
- Менің атым - Мұхтен, әкем аты - Қозыке. Ал, мына жанымдағы жолдасым Баян қалашығынан, ол да - Қозған атасынан. Аң аулап көсіп етіп жүрміз... Осы жақта суыр көп дегенге келіп қалып едік.
- Е, замандарың солай болып кетті ғой. Көсіп-несіп, егер ол дұрыс болатын болса!..-деп барып, Мәшһүр біраз бөгеліп отырды да, - Мына менің салдырып қойған зиратымның алдына қарай бір ұя суыр бар. Оның ішінде жалғыз ақ суыр бар, бәрінің ұябасары болса керек... Тек соған тимесеңдер, болды..."[Көпеев С. Ш. Ақсуыр хикаясы // "Мәшһүр - Жүсіп өмірі" кітабы ішінде, Павлодар, 2001 ж., 62-63 б.]
Осы орайда біз сілтеме жасаған кітапқа енген. "Ақ суыр хикаясы" мақаласының алдымен Павлодар облыстық "Сарыарқа самалы" газетінің 1996 жылғы 8 тамыздағы санында жарияланып, кейінгіге сол бойынша берілгенін ескерсек, газет мүмкіндігін ескергендіктен де, біраз жәйіттер кірмей қалғанын да аңғарамыз. Мәселен, Мәшһүр-Жүсіп онда: "Суыр бір кезде кәдімгі адам болған. Аллаға бір ісі жақпағасын, оны солай жазалаған. Сондықтан суыр аулауға болмайды! Төрт суыр өлтіру бір адам өлтіргенге тең!- деп айтқан", - деген де дерек бар. Одан әрі аталған мақалада Мәшекеңе сәлем бергенге дейін, ін аузына тұзақ-қақпандарын құра келген жігіттердің кейін барып қарағанда, ақ суырдың өліп жатқанын керіп өкінгендері, оның қолды болғанын білісімен, Мәшһүр-Жүсіптің өлең жазып, сол Қозған руынан тараған ақсақал (Иманмәдіге) Мәдіге (Мұхтен әкесі Қозыкемен бір атадан, Исабектен, туған - Е.Ж.) хат жіберткені айтылады. Сүйіндік келтірген Әйтім естелігінде былай делінген: "Мен қойнымнан алып хатты ұсындым. Хатты оқи отырып, қолының дірілдеп кеткені байқалады. Өңі бір қуарып, бір түзелгендей. Ол кісі әлден уақыттан кейін:
- Барша Қозған атасының сүйегіне басылған таңба болды-ау мына жайт!- деп, алғашқы тізерлеп отырған қалпын бұзып, бір жағына қарай қисая кетті. Ауыр күрсініп алды да:
- Қайран Мәшекеңім-ай! "Қозғанға тілегенім бірлік еді" - деп отырушы еді. Бұл ант ұрғандардың қайсысына ие болайын?! " Айтқан сөз, атылған оқ" - деген осы. Өмірлікке жететін соз... [ Сонда, 65 б.]
Көріп отырғанымыздай, суыр аулаушылар - екі-ақ адам. Оған бүкіл бір руды қатыстырып, кінәлау негізсіз. Әйтсе де, көркем шығарма бір дүниеге келгесін, оның эсері автор көздеген межеден асып кетуі мүмкіндігі әлем әдебиетінде әлдеқашан дәлелденген. Соның бір көрінісі - осы өлеңнің ел арасына кең жайылуы және ол туралы әзіл-оспақтар өніп, сол қалжыңды әрі дамытушылар көбейіп кетуі. Сол кейінгі шындықтың әсерін байқатқан С. Көпеев мақаласы былай аяқталады: "Мұхтен бертінге шейін ұзақ өмір сүрді. Ұрпақсыз өтті. Ер баласы болмады. Істеген қылығы жайлы өзі де қатты өкініште болса керек. Мәді (Иманмәді) ақсақал кейін келіп Мәшһүрден кешірім сұрағанда:
- Құдай ісі ғой. Не нәрсеге болмасын, Алла өзі бастайды, - деп қысқа жауап беріпті. "Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды" - дейді ғой, оның үстіне Мәшһүрдің лепесі жерде қалған ба? Мәдіге жолдаған үшбу хат ел ішінде суыртпақтап тарап кетіп, күні бүгінге дейін айтылып жүрген жайы бар. Міне: Қозған атасына "Суыр жеді", - деген ат осылайша пайда болған еді. [Сонда, 66 б.]
Жолмұрат жазбасы ішінде: "Қуандық, Сүйіндіктің Қозғанға қайтарған жауабы", - деген шағын өлең бар:
Дұғай сәлем Қозғанға,
Сен шіркінді жиып ек,
"Ел болсын" - деп, тозғанда.
Қуанып, мәз боп жүр ме екен,
Суырдың етін жеп,
Сорпасын ішіп,
Терісін сойып созғанға!
Біздіңше, Мәшһүр-Жүсіптің суырды аулауға осынша шүйіле қарсы болуын тек суыр қорғау деп түсіну де үстірттікке, біржақтылыққа әкелер еді. Шынында, ақынның поэзия қуатын, шарттылықты, бейнелілікті әсерлі пайдалану себебі әріде жатыр. Оның көкжиегі тек суыр, немесе барша табиғатты қорғаудан да кең дегіміз келеді. Ол Мәшһүр-Жүсіптің бүкіл шығармашылығындағы негізгі, басты идеяға: Алланы, ақиқатты, адалдықты ту ету нысанасына барып үндеседі. Шығармадағы негізгі идея С. Көпеев мақаласында келтірілген Мәшһүр-Жүсіптің: "Кәсіп-несіп, егер ол дұрыс болатын болса!" - деген емеурін сөзінде жатыр. Бүл да - ақша, байлық жинағанның жөні осы екен деп, арын сатып, халық мүддесін белден басып жүргендерге ой саларлық кемел идея. Яғни ол - адал кәсіпті ғана мақұлдап, басқадан безуге шақырады. Байдалының Исасына. Шығарма Жолмұрат және Мұхаммедфазыл жазбалары бойынша кіргізілді. Өлең соңында Жолмұрат ескертуі келтірілген: "Мәшһүр-Жүсіптің Байдалының Исасына, Мүсәлімге, Жәпекке сайлау туралы шығарғаны". Екінші бір ескертпе: "15 жыл атаның баласы екі жік болып, партияға таласқанда, Қарақозы баласының Малқозы: Исабекке істеген өнерін Жәпек, Иса, Мұса, Сәлімнің... шығарған".
Бердібек Қазанғапұлына. Мұхаммедфазыл жазбасы бойынша әзірленді. Күйеу Мағзұм мен Хұршым. Жолмұрат, Мұхаммедфазыл көшірмелері негізінде берілді. Шығарма "Оқиғалы өлең" үлгісімен жазылған. Нанайын ба?! Мәшһүр-Жүсіптің өз қолжазбасы бойынша ұсынылды. Шығарманың кеңес үкіметі келгеннен кейін, "Таң атты, Күн шықты", - деп шулаушыларға сену, сенбеуге байланысты туғаны анық. Ақынның лирикалық қаһарманы өзін: "Нанайын, мен нанайын, демей жалған", - деп, жұбатқан болса да, өлеңде сонымен бірге күдік білдіру, елді сақтандыруда байқалады. "Алынса, бақашылып, аяқтан тор", - жолының өзі кейін болмаса, әзірше орнаған жақсылық жоғын да шебер андатып тұр. Қыз жұмбағының шешуі. Шығарма өлеңмен емес, қара сөзбен жазылған. Әйтсе де астарлау, сөз қолдану ерекшелігі оны проза ауқымында ғана қалдырмай, поэзияға тон ерекшеліктерге ұмсындыруы мен де ерекше эсер қалдырады. Бұл туынды Мәшһүр-Жүсіптің өз қолжазбасы бойынша әзірленді. Онда жұмбақ берушінің кім екені, қайда тұратыны, ақынның шешуге қалай кіріскені - бәрі нақты көрсетілген: "1905 жылында Ақмола облысына қараған Атбасар уезінде Терісаққан өзені бойында Мейрам Жанайдаров ауылында Құмқоңыр елінің қазағы сөйледі: "Осы төменде айтылмыш жұмбақты Сыр мазапатында Ақмешіт атырабында бір қыз айтыпты: "Шешкен кісіге қалың малсыз тиемін!" - депті. "Бұл жұмбақ иесі - атым Батпа, Байбейсеннің қызымын", - депті. "Мен ендеше талай "Батпанікін" батырып, жоқ есебінде қылып жіберетұғынның өзімін! Бар болса, жарыққа шықсын. Шын болса, аныққа шықсын! Құй бар болсын, күй жоқ болсын, сөйленген сөз әшкере болып, халыққа шықсын! Баянауылдағы тұрғын қазақ - Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. ... Мәшһүр-Жүсіптің шешуі... 1905 жылында, жылан жылы, Атбасар елінде шешілді ". Шығарма "Батпа Байбенсенқызының жұмбағы"- деген атпен Павлодар облыстық "Сарыарқа самалы" газетінің 2002 жылғы 17 мамырдағы санында жарық көрді. Әзірлеп ұсынған - Ертай Жүсіпов. Өліп тірілген Шаһызада. Мәшһүр-Жүсіп мұрасын ұзақ жылдар жинаумен айналысқан Төлепберген Алдабергенов жазбасы бойынша әзірленді.Ол Мәшһүр-Жүсіп сөзін ел аузынан қағазға түсірген Иманғали Мәненовтен көшірген.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру