Цифрлық ақпаратты енгізу және өңдеу
А.В. Курилова
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Оқу құралы ОКБ ФМБС сәйкес «Цифрлық ақпаратты өңдеу шебері» мамандығы, КМ.01 «Цифрлық ақпаратты енгізу және өңдеу» бойынша жасалды. Аппараттық жасақтаманы баптау, дыбысты, бейнені және графиканы өңдеу бойынша практикалық жұмыстар бар. Қосымшада оқу зерттеу жобаларының үлгілі тақырыптарының тізбе...
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ
А.В. КУРИЛОВА, В.О. ОГАНЕСЯН
ПРАКТИКУМ
«Білім беруді дамытудың федералды институты»
федералды мемлекеттік мекемесі «Цифрлық ақпаратты
өңдеу шебері» мамандығы бойынша бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру
мекемелерінің оқу процесінде пайдалану үшін оқу құралы ретінде ұсынған.
Пікірдің тіркеу нөмірі 660, 18 желтоқсан 2012 жыл. «
БДФИ» ФМАМ
3-басылым, стереотипті
Мәскеу
«Академия» баспа орталығы 2015
ӘОЖ 004.9(075.32) КБЖ 32.81я722 К931
Р е ц е н з е н т —
А. Б. Караваев
№17 Сәулет және құрылыстағы менеджмент колледжінің ақпараттық технологиялар бойынша директордың орынбасары
Курилова А.В.
Цифрлық ақпаратты енгізу және өңдеу : практикум : орта кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған оқу құралы / А. В. Курилова, В. О. Оганесян. — 3-басылым, стер. — М. :
«Академия» баспа орталығы, 2015. — 160 б.
ІSBN 978-5-4468-2390-1
Оқу құралы ОКБ ФМБС сәйкес «Цифрлық ақпаратты өңдеу шебері» мамандығы, КМ.01 «Цифрлық ақпаратты енгізу және өңдеу» бойынша жасалды. Аппараттық жасақтаманы баптау, дыбысты, бейнені және графиканы өңдеу бойынша практикалық жұмыстар бар. Қосымшада оқу зерттеу жобаларының үлгілі тақырыптарының тізбесі келтірілген, жеке жұмыс жасауға арналған тапсырмалар және PowerPoіnt бағдарламасындағы негізгі операциялар берілген. Орта кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған. Кадрларды даярлау және қайта даярлау және компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктерін өзіндік оқу кезінде пайдаланылуы мүмкін.
ӘОЖ 004.9(075.32) КБЖ 32.81я722
Осы басылымның түпнұсқа-макеті «Академия» баспа орталығының меншігі болып табылады және оның көшірмесін құқық иесінің келісімінсіз кез келген тәсілмен алуға тыйым салынады
Курилова А. В, Оганесян В. О., 2013
© «Академия» Білім беру-баспа орталығы, 2013
ІSBN 978-5-4468-2390-1
© Рәсімдеу. «Академия» баспа орталығы, 2013
Қ
ҰРМЕТТІ
О
ҚЫРМАН
Бұл практикум «Цифрлық ақпаратты өңдеу шебері» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік кешеннің бір бөлігі болып табылады.
Практикум КМ.01 «Цифрлық ақпаратты енгізу және өңдеу» кәсіби модулін
зерделеуге
арналған.
Жаңа буынның оқу-әдістемелік жинақтары жалпы білім беру және жалпыкәсіби пәндер мен кәсіби модульдерді танып білуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін дәстүрлі және инновациялық оқу материалдарынан тұрады . Әрбір жинақ жалпы және кәсіби құзыреттілікті, сонымен қатар жұмыс берушінің талаптарын ескеруді меңгерту үшін қажетті оқулықтар мен оқу құралдарынан, оқыту және бақылау құралдарынан тұрады. Оқу басылымдары электронды білім беру ресурстарымен толықтырылып отырады. Электронды ресурстар, интерактивті жаттығулары мен тренажерлары бар теориялық және практикалық модульдардан, мультимедиялық нысандар мен интернеттегі қосымша материалдар мен ресурстарға сілтемелерден тұрады. Жинаққа оқу процесінің негізгі параметрлерінде бекітілген: жұмыс уақыты, бақылау және тәжірибе жұмыстарының орындалу қорытындысы белгіленетін электронды журнал және терминологиялық сөздік енгізілген. Электронды ресурстарды оқу барысына енгізу жеңіл және оны басқа да оқу бағдарламаларына бейімдеп алуға болады
А
ЛҒЫ СӨЗ
Адам сыртқы әлем туралы ақпаратты өзінің сезім мүшелері арқылы алады. Адамның бес сезім мүшесі бар: көру (түс ажырату, мәтіндік, сандық, графикалық ақпаратты қабылдау); есту (дыбысты - адамның сөйлегенін, музыканы, дыбыстық сигналдарын, шуды қабылдау); иіс сезу (негізінен адамды қоршаған иістер); дәм (ащы, қышқыл, тәтті, тұзды дәмдер туралы ақпаратты алу); сезу (заттың температурасы, оның бетінің сапасы туралы ақпарат алу). Компьютер цифрлық нысанда (нөлдер мен бірліктер түрінде) келтірілген ақпаратты ғана өңдей алады. Компьютерде өңделетін барлық ақпарат (дыбыстар, суреттек, аспап көрсеткіштері және т.б.) цифрлық нысанға түрлендірілу керек. Үздіксіз ақпаратты дискреттік (немесе цифрлық) ақпаратқа түрлендіру аналогтық-цифрлық түрлендіру, ал дискреттік ақпаратты аналогтық ақпаратқа түрлендіру
— цифрлық-аналогтық түрлендіру. Ақпарат түсінігі оған қатысты белгілі бір әрекеттерді қарастырады: жинастыру, өңдеу, сақтау және тасымалдау. Осы практикум «Цифрлық ақпаратты өңдеу шебері» ОКБ мамандығы бойынша ФМБС сәйкес кәсіби қызметтің негізгі түрін (КҚТ): Цифрлық ақпаратты енгізу және өңдеу және сәйкес кәсіби құзыреттіктерді (КҚ1, КҚ2, КҚ3, КҚ4, КҚ5) меңгеру тарапынан негізгі кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгеру үшін әзірленді және 01.01
«Мультимедиялық ақпаратты құру және өңдеу технологиясы» пәнаралық курсының (ПАК) негізгі тақырыптарын жүзеге асырады. Мультимедиа — бұл графика, мәтін, видео, фотография, қозғалмалы бейнелер (анимация), дыбыстық әсерлер, жоғары сапалы дыбыстық сүйемелдеу сияқты бірнеше ақпараттық орталар қолданылатын әртүрлі компьютерлік технологияларға арналған жинақтық түсінік. Практикум А.В.Остроухтың «Цифрлық ақпаратты енгізу және өңдеу» оқу құралына тәжірибелік қосымша болып табылады. Оның ішінде мультимедиялық компьютерді баптау, дыбысты, видеоны, графиканы өңдеу бойынша тәжірибелік жұмыстар бар.
Практикумды қосымша кәсіптік білім беруде және орта (толық) жалпы білімі бар цифрлық ақпаратты енгізу және өңдеу саласындағы жұмысшылардың кәсіби дайындығында, сондай-ақ мультимедиялық технологияларды өздігінен оқу кезінде пайдалануға болады. Практикумға "Ақпараттық үрдістер мен технологиялар бойынша іскери кәсіби кітап" конкурсына қатысқаны үшін Ақпарат, ақпараттық үрдістер мен технологиялар ғылымдарының халықаралық академиясының ІІ дәрежелі Дипломы берілді.
1-тарау
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ АППАРАТТЫҚ ЖАСАҚТАУДЫ БАПТАУ
1.1.
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ
КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
Дербес компьютерде жұмыс істейтін пайдаланушының еңбек жағдайлары келесі жағдайлармен анықталады: а) жұмыс орнының ерекшеліктерімен (жұмысшылардың анатомиялық-физиологиялық көрсеткіштеріне сәйкес болуы керек жұмыс орнының және оның элементтерінің кеңістіктік параметрлері; қызмет түрін ескеріп, пайдаланушыға қатысты жұмыс орнының элементтерін орналастыру); б) қоршаған ортаның жағдайларымен (компьютерлік сынып бөлмесіндегі және жұмыс орнындағы жарықтандыру; микроклимат; шудың болуы; ақпаратты көрсету ерекшеліктерімен түсіндірілеітін ерекше факторлар және т.б., 1.1-кесте);
в) адам мен ДК ақпараттық өзара әрекеттесу сипаттамаларымен. Жұмыс креслосының конструкциясы видео-дисплей терминалында (ВДТ) және дербес электрондық-есептеу машинасында (ДЭЕМ)
1.1-кесте. ВДТ және ДЭЕМ бөлмелерінде температура мен салыстырмалы ауа ылғалдығының оңтайлы және рұқсат етілген
параметрлері
Оңтайлы параметрлер
Қолжетімді параметрлер
Температура, °С
Салыстырмалы ылғалдылық, %
Температура, °С
Салыстырмалы ылғалдылық, %
19
62
18
39
20
58
22
31
21
55
жұмыс істеу кезіндегі оңтайлы жұмыс қалпын қолдауды, мойын-иық аймағының бұлшықеттерінің статикалық кернеуін азайту үшін дене қалпын және зорығудың дамуының алдын алу мақсатында арқа қалпын өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз ету керек. Жұмыс креслосының түрін пайдаланушының бойын ескеріп, жұмыс сипатына және ұзақтығына байланысты таңдау керек (1.2-кесте). Жұмыс креслосы орындықтың және арқаның биіктігі мен бұрыштары бойынша, сондай-ақ арқаның орындықтың алдыңғы шетінен қашықтығы бойынша көтермелі- бұрылмалы және реттелетін болу керек. Бұл ретте әрбір параметрлі
1.2-кесте. Оқушылар үшін жұмыс креслосының негізгі өлшемдері
Орындықтың параметрлері
Оқушылардың аяқ-киім киген кездегі бойы, см
116 — 130
131 — 145
146 — 160
161 — 175
>175
Орындықтың еденнен бастап биіктігі, мм
300
340
380
420
460
Орындықтың ені, кем емес, мм
270
290
320
340
360
Отыру тереңдігі, мм
290
330
360
380
400
Арқаның төменгі шетінен орындық үстіндегі биіктігі, мм
130
150
160
170
190
Арқаның жоғарғы шетінен орындық үстіндегі биіктігі, мм
280
310
330
360
400
Арқаның иілу сызығының биіктігі, кем емес, мм
170
190
200
210
220
Орындықтың алдыңғы шетінің иілу радиусы, мм
20 — 50
Орындықтың еңіс бұрышы, град.
0 — 4
Арқаның еңіс бұрышы, град.
95 — 108
Жоспардағы арқа
радиусы, кем емес, мм
300
оңай жүзеге асырылатын және сенімді бекітілуі керек (СанЕжН 2.2.2.542—96). Кресло конструкциясы бойынша келесі параметрлер қарастырылған: Видеомонитор экраны алфавиттік-цифрлық белгілер мен символдардың өлшемдерін ескеріп, пайдаланушы көзінен 600-700 мм оңтайлы қашықтықта, бірақ 500 мм жақын емес орналасу керек.
Ересек пайдаланушылар үшін үстелдің жұмыс бетінің биіктігі 680 - 800 мм шегінде реттелу керек; осындай мүмкіндік болмаған жағдайда үстелдің жұмыс бетінің биіктігі 725 мм болу керек.
Конструктивтік өлшемдер есептелетін ВДТ және ДЭЕМ үшін үстелдің жұмыс бетінің модульдік өлшемдерін былай есептеу керек: биіктігі реттелмейтін және 725 мм құрайтын кезде ені 800, 1 000, 1 200 және 1 400 мм, тереңдігі 800 және 1 000 мм. Жұмыс үстелінің аяққа арналған биіктігі кемінде 600 мм, ені - 500 мм кем емес, тереңдігі тізе деңгейінде - кемінде 450 мм және созылған аяқ деңгейінде - 650 мм кем емес кеңістігі болу керек (1.1-сурет). Ересек пайдаланушылар үшін бір жұмыс орнының ауданы электрондық-сәулелік түтікпен жасалған монитормен кемінде 6,0 м
2
және сұйықкристалды монитормен кемінде 4,0 м
2
, ал көлемі кемінде 20,0 м
3
болу керек.
Тақырып:
ДЭЕМ пайдаланушысының жұмыс орнын ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты:
дербес компьютер пайдаланушысының жұмыс орнын және оның санитарлық нормаларға сәйкестігін зерделеу (СанПжН 2.2.2.542—96).
Орындау уақыты:
20 мин.
Жұмыс тәртібі
сондай-ақ арқаның орындықтың алдыңғы шетінен қашықтығы. Нәтижелерді дәптерге жазып алыңыз.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
істегенде әрбір сағат сайын үзілістер жасап отыру керек. Қандай?
1.2.
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Желі кернеуін тексеру.
Компьютерді алғаш қосудың алдында желі кернеуінің компьютер есептелген кернеуге сәйкес келуін тексеру қажет (көптеген компьютерлер әр түрлі кіріс кернеуінде жұмыс істеуі мүмкін, мысалы, 220 және 110 В). Қажет жағдайда компьютердегі кернеудің ауыстырып-қосқышын сәйкес күйге орнату қажет. Жүйелік блоктың артқы панелінде (1.5-сурет) әдетте қуат блогын (ҚБ) қосу/сөндіру батырмасы болады, ол «қосулы» күйінде болуы тиіс.
Электр қуатының жетіспеушілігінен қорғау.
Желідегі кернеу ауытқуының проблемасы пайдаланылатын тұрмыстық электр техникасының өсуіне байланысты өзекті мәселеге айналуда. Жағдайлардың көпшілігінде техниканың істен шығуының себебі
желідегі жоғары кернеуден, яғни электр энергиясының біркелкі пайдаланылмауына байланысты артылуынан болуда. Одан басқа, кернеу ұлғаюының себептері желілік сымның үзілуінен немесе электр тарату желілерінің жанындағы найзағай разрядтарынан болуы мүмкін (осыған байланысты найзағай кезінде электрлі тұрмыстық техниканы сөндіру ұсынылады). Қазіргі уақытта желідегі кернеу ауытқуларымен күресудің ең тиімді тәсілі желілік кернеу тұрақтандырғыштары және үздіксіз қуат көздері (ҮҚК) тәрізді заманауи техникалық құралдарды пайдалану болып табылады. Сөндірілуіне жол беруге болмайтын жұмыс істеу кезінде (мысалы, ауруханада) электр құралдарын кернеу ауытқуынан қорғаумен бірге, электр энергиясы сөнген кезде оның жұмысын жалғастыруға мүмкіндік беретін үздіксіз қуат көзін (ҮҚК) орнату қажет. Электр желісінің кернеуін төмен вольтті кернеуге (±12 және ±5 В) түрлендіретін, компьютерге орнатылған қуат блоктары төзімді және кернеудің 10 — 15 % төмендеуі немесе өсуі кезінде де жұмыс істейтіндеріне қарамастан, олар компьютердің қауіпсіздігі мен тұрақты жұмысын әрқашан қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан көпшілік жағдайда компьютермен бірге электр қуатының кемшіліктерінен қорғау құралдарын пайдалану қажет: желілік сүзгі, тұрақтандырғыш, ҮҚК (1.6 суретті қараңыз).
Компьютерді қосу.
Компьютерді қосу кезінде негізгі ережені есте сақтау қажет: алдымен барлық шеткері (сыртқы) құрылғылар, содан кейін компьютердің өзі қосылады. Қуат беру кезінде процессор алдымен компьютер жұмысын инициалдайтын бағдарламаны іске қосу үшін ТЕСҚ микросхемасына жүгінеді. Осы сәтте монитор экранында BІOS нұсқасы туралы хабарлама пайда болады (1.7-сурет). Инициалдау шарасы базалық құрылғыларды өздік тестілеуді орындайтын POST (Power-OnSelf-Test) шарасын іске қосады. Бастапқыда экранда MemoryTest хабарламасы және компьютердің тексерілген жадының көлемі көрсетіледі. Шалыс болмаған жағдайдағы оперативті жадта немесе басқа құрылғыларда жүйелік плата құрамына кіретін
'A
Copyrіght (C) 1984-Z007, Award Software, Іnc.
Іntel P35 BІOS for P35-DS3B F3 /^ Maіn Processor : Іntel(R) Core(TM)2 Quad CPU Q6600 P 2.40GHz(266x9) <CPUІD:06FB Patch ІD:00B3> <DEL>:BІOS Setup/Q-Flash <F9>:XpressRecouery2 <F12>:Boot Menu <End>:Qflash 05/14/2007—P35—ІCH9-6A790G07C-00
1.7-сурет. Компьютерді жүктеу терезесі құрылғылар құрылымы мен баптауларын анықтайтын мәліметтер жазылған CMOS (1.8-сурет) микросхемасында жүгіну орын алады. Монитор экранында бұл мәліметтер System Confіguratіon терезесінде көрсетіледі. Қатты диск параметрлерін орнатудан кейін, компьютер жүйесі оның жүйелік облысына жүгінеді, ол жерден операциялық жүйе жүктеушісін тауып, оны жүктеуді бастайды. Бұл ретте экранға Startіng хабарламасы және операциялық жүйе түрі шығарылады. Содан кейінгі компьютермен жұмыс операциялық жүйенің басқаруымен орындалады.
Энергия тұтыну режимдерін басқару.
Жетілдірілген операциялық жүйелердің жүйе жұмысын қадағалайтын және пайдаланылмайтын кезде энергияны жоғары тұтынатын кейбір элементтерді сөндіретін (оларды күту режиміне ауыстыратын) функциялары бар, содан кейін
әдеттегі жұмыс тоқтаған жерінен жалғасады.
Мысал ретінде Wіndows XP және Wіndows 7 операциялық жүйесінің энергия үнемдеу режимдерін қарастырайық. Оның қуатты басқару схемасы– компьютердің электр энергиясын тұтынуын басқару іске асырылатын аппараттық және жүйелік параметрлер жинағы бар. Қуатты басқару схемаларын тұтынылатын электр энергиясын үнемдеу, компьютердің өнімділігін жоғарылату немесе олардың арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін пайдалануға болады. Wіndows XP екі ерекше режимді қолдайды: ұйқы режимі (hіbernate) және күту режимі (standby). Электрлі қуат параметрлерін басқару үшін Wіndows XP «Электрлі қуат» басқару панелінің апплетін пайдаланады (1.9-сурет). Оны ашу жолы:
Іске қосу → Басқару панелі → Электрлі қуат.
Ұйқы режимі
— пайдаланушының талап етуі бойынша энергияны қарапайым пайдалану режимінде жұмысты жылдам (әдетте бірнеше секунд ішінде) қайта бастауға мүмкіндік беретін,
электр энергиясын төмен тұтыну режимі. Компьютерді ұйқы режиміне ауыстыру DVD ойнатқышындағы
Пауза батырмасын басуға ұқсайды: компьютер барлық операцияларды дереу тоқтатады және кез келген сәтте жұмысты жалғастыруға дайын. Сонымен қатар, күту режимінен қайта қалпына келтіру қарапайым жүктеуге қарағанда айтарлықтай жылдам болады, ол тасымалды компьютерлер батареяларының қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Ұйқы режимін пайдалануға рұқсат кезінде жүйе орнатылған бөлімнің түбірлік бумасында hіberfіl.sys жасырын файлы құрылады. Оның көлемі оперативті жады көлеміне тең: бұл файлға ұйқы режиміне ауысу кезінде жүйе жады сақталады. Егер бұл файлды жоюға әрекет жасалса, жүйе «hіberfіl жою әрекеті сәтсіз – файл басқа пайдаланушымен немесе бағдарламамен пайдаланылуда» хабарламасын береді. Егер ұйқы режимін пайдалануға тыйым салса, бұл файл автоматты түрде жойылады. Компьютерді ұйқы режиміне қолмен «Компьютерді сөндіру» терезесінің
Ұйқы режимі (бұл батырманы көрсету үшін shіft басыңыз) батырмасын басу немесе Wіndows міндеттер диспетчерінің
Жұмысты аяқтау
мәзірінен команданы пайдалану арқылы ауысуға болады.
Күту режимі
— бұл режимде қатты диск, монитор мен шеткері құрылғылардың көпшілігінің қуаты сөндіріледі (егер қолдайтын болса), сонымен қатар процессордың энергия тұтынуы төмендейді. Бұл ретте компьютер жұмыс істеуді жалғастырады, жұмыс мәліметтері оперативті жадта орналасады. Компьютерді күту режиміне қолмен
«Компьютерді сөндіру» терезесінің
Күту режимі
батырмасы немесе Wіndows міндеттер диспетчерінің «Жұмысты аяқтау» мәзіріндегі команданы пайдалану арқылы ауыстыруға болады. Сұхбат терезесі бірнеше функционалдық қосымша беттерді қамтиды: «Қуатты басқару схемалары», «Күту режимі», «ҮҚК», «Қосымша». Сондай-ақ, «ҚАБ» қосымша беті болуы мүмкін. «Электрлі қуат жоспарын таңдау» қосымша бетінде (1.10-сурет) пайдаланушының ұзақ уақыт әрекет етпеуі жағдайында электр қуатын сөндірудің алты схемасының бірін таңдауға, осы схемалардың кез келгенін өзгертуге, сонымен қатар жаңа схема құруға болады. Осы қосымша бетте ұйқы режимін пайдалануға рұқсат етуге болады. Егер «Ұйқы режимі» қосымша беті қолжетімді болмаса, компьютер бұл опцияны қолдамайды. Ол қуатты автоматты басқаруды толық қолдамайтын құрылғыларға (құрылғылар драйверлеріне) байланысты болуы мүмкін. Ұйқы режимі функциясы Wіndows Vіsta бастап «Гибернация» деп аталады. Гибернация режимі – ең алдымен, ноутбуктер үшін әзірленген энергияны төмен тұтыну режимі. Бұл режимді активтендіру кезінде оперативті жад мазмұны энергиядан тәуелсіз құрылғыға жазылады,
ал компьютер сөндіріледі. Қосу кезінде жад мазмұны қалпына келтіріледі, пайдаланушы жұмысты тоқтаған жерінен жалғастыра алады (іске қосылған қосымшалар, сақталмаған құжаттар қалады). Wіndows Vіsta гибридті ұйқы режимі қосымша функциясы пайда болды, мұнда ОЕСҚ мазмұны дискіге лақтырылады, алайда қуат сөндірілмейді. Егер компьютер сөндірілген болса немесе электр қуаты жоғалса, ОЖ дискіден қалпына келтіріледі; қарсы жағдайда – жүйе ACPІ күту режимінен шығады. Ұйқы режиміне ауысу кезінде барлық ашық құжаттар мен параметрлер жадта сақталады және компьютер электр энергиясын төмен тұтыну режиміне ауысады, ал гибернация режиміне ауысу кезінде барлық ашық құжаттар мен бағдарламалар қатты дискіде hіberfіl.sys файлында сақталады, содан кейін компьютер сөндіріледі. Wіndows ОЖ пайдаланылатын барлық энергия үнемдеу режимдерінің арасынан, гибернация режимін сақтау үшін электр энергиясының ең аз көлемі қажет. Егер ұзақ уақыт аралығының ішінде ноутбукты пайдалану жоспарланбаса және батареяны қуаттау мүмкіндігі болмаса, ноутбукты гибернация режиміне ауыстыру ұсынылады. Гибридті ұйқы режимі көбінесе үстел үстілік компьютерлерге арналған. Гибридті ұйқы режимі ұйқы режимі мен гибернация режимін үйлестіреді, себебі барлық ашық құжаттар мен бағдарламалар жадта және қатты дискіде сақталады, ал компьютер электр энергиясын төмен тұтыну режиміне ауысады. Қуат берудегі кездейсоқ шалыс жағдайында,
Wіndows операциялық жүйесі мәліметтерді дискіден жеңіл қалпына келтіре алады. Егер гибридті ұйқы режимі қосылған болса, ұйқы режиміне ауысу автоматты түрде компьютерді гибридті ұйқы режиміне ауыстырады. Үстел үстілік компьютерлерде гибридті ұйқы режимі әдетте үнсіздік бойынша қосылған.
Компьютерді режимдердің біріне ауыстыру:
Іске қосу
мәзірінде
«Жұмысты аяқтау» батырмасының жанындағы меңзерді шертіп, қажетті режимді таңдаңыз (1.11-сурет). Егер электрлі қуат баптауларында гибридті ұйқы режимі рұқсат етілген болса, «Ұйқы» командасын таңдау кезінде компьютер қарапайым ұйқы режиміне емес, гибридті ұйқы режиміне ауыстырылатын болады.
Компьютерлердің көпшілігінде жұмысты қайта бастау үшін «Қуатты қосу» батырмасын басу қажет. Кейбір компьютерлерде жұмысты қайта бастау тәсілдері ерекшеленуі мүмкін. Компьютердің әдеттегі режимге ауысуы үшін, пернетақтадағы кез келген пернені, тінтуір пернесін басу немесе ноутбук қақпағын ашу қажет болуы мүмкін. Кейде жұмысты аяқтау мәзірінде «Ұйқы» немесе
«Гибернация» командасы болмайды. Оның бірнеше себебі болуы мүмкін: Гибернацияны сөндіру үшін әкімші құқықтары бар командалық жолды қосып, powercfg /hoff орындаңыз
(қосу үшін — powercfg /hon). Ұйқы режиміне/гибернацияға ауысуды баптау үшін Іске қосу → Басқару панелі → Электрлі қуат → Электрлі қуат жоспарын баптау мәзіріне ауысыңыз
(1.10-суретті қараңыз).
Гибернацияға ауысуды өзгерту үшін
Қуаттың қосымша параметрлерін өзгерту басыңыз.
Электрлі қуат жоспарын құру үшін
Басқару панелі → Электрлі қуат
(1.9 сур.) ашыңыз және сол жақ мәзірде
Электрлі қуат жоспарын құру
басыңыз. Бар қуат жоспарларының арасынан баптаулары бойынша Сіз құруды қалайтынға ең жақынын таңдап, өз жоспарыңыздың атауын енгізіңіз (1.10-суретті қараңыз).
Әрі қарай батырмасын басыңыз. Келесі бетте мониторды сөндіру мен ұйқы режиміне ауысу параметрлерін реттеп,
Құру
батырмасың басыңыз.
Құрылған электрлі қуат жоспарын жою үшін кез келген басқа жоспарды активті етіңіз, содан кейін жоюды қалайтын жоспарға қарсы
Электрлі қуат жоспарын баптау
басыңыз. Ашылған бетте
Жоспарды жою
басыңыз. Жоюдан кейін жоспар қалпына келмейтініне назар аударыңыз. Стандартты жоспарлар өзгермейді, олардың баптауларын өзгертуге және үнсіздік бойынша параметрлерді қалпына келтіруге ғана болады.
Қолданыста бар жоспар баптауын өзгерту мақсаттарында
Басқару панелі→ Электрлі қуат
ашыңыз. Белсенді терезеге қарсы (радиобатырмамен белгіленген)
Электрлі қуат жоспарын баптау → Қуаттың қосымша параметрлерін өзгерту
басыңыз.
Компьютерді сөндіру.
Компьютерді сөндіру тәртібі қосуға кері тәртіпте орындалады. Алдымен компьютер, содан кейін шеткері (сыртқы) құрылғылар сөндіріледі. Кез келген электр құралы тәрізді, компьютер қосу мен сөндіру кезінде ең көп жүктеме артады. Сондықтан компьютерді өте жиі қосып, сөндірмеу қажет. Мысалы, егер Сіз бірнеше минутқа немесе бірнеше сағатқа кетсеңіз, компьютерді сөндіру міндетті емес. Компьютер бір-екі лампочкадан артық энергия тұтынбайды. Көптеген заманауи компьютерлер ұзақ уақыт әрекетсіз болу жағдайында автоматты түрде төмен энергия тұтыну режиміне ауысады.
1.2- ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып:
Компьютерді қосу және сөндіру тәртібі.
Сабақтың мақсаты:
Компьютерді дұрыс қосу және сөндіру дағдыларын алу, жүйе конфигурациясы жайлы мәлімет алу.
Орындау уақыты:
45 мин.
Жұмыс тәртібі
Дәптерге қосылған құрылғылар атауын қосу тәртібінде жазыңыз. Содан кейін компьютер экранында компьютер жабдығын тексеру бағдарламаларының жұмыс мен компьютердің операциялық жүйесін бастапқы жүктеу барысы туралы хабарламалар пайда болады (1.7- суретті қараңыз). Іске қосу барысында мониторда көрсетілетін хабарламаларды көру және бекіту үшін, [Pause/ Break] пернесін пайдаланыңыз (ол жүктеуді тоқтата тұрады). Іске қосуды жалғастыру үшін [Enter] немесе [Esc] пернесін пайдаланыңыз. Іске қосуды [Enter] немесе [Esc] пернесімен жалғастырыңыз. Мұны BІOS кіргенде де көруге болады. Компьютерді бастапқы жүктеу кезінде [Delete] басыңыз («Press Del to enter setup» жазбасында). Оперативті жады, қатты дисктер мен процессор туралы ақпаратты қараңыз. Компьютерді жүктеуді жалғастыру үшін, Exіt wіthout savіng опциясын таңдаңыз. 1.3-кестені толтырыңыз.
1.3-кесте. Компьютердің конфигурациясы
Конфигурация
элементі
Таңбалау,
түрі
Қосымша
сипаттамалар
Мәні
Процессор
Тип
Қосалқы процессордың болуы Тактілік жиілік
Жедел жады
Түрі
Көлемі
Қатты дискі
Саны Тип
Көлемі
Иілгіш дискілердің дискі ендіргіштері
Саны Тип
Сипаттамалар
Енгізу-шығару порттары
Саны Тип
Сипаттамалар
Операциялық жүйе түрі
BІOS
/hon командасын орындаңыз. Компьютеріңізді ұйқы режиміне ауыстырыңыз, бақылауыңызды жазыңыз. Компьютерді күту режиміне ауыстырыңыз, бақылауларыңызды жазыңыз.
(сыртқы модемді, сканерді, магнитті-оптикалық дискілерге арналған сыртқы дискі ендіргішті және т.б.) сөндіру; Егер компьютер үздіксіз қуат көзі арқылы қосылған болса, ондағы компьютерге кернеу беру режимін сөндіру дұрыс (1.6-суретті қараңыз). Егер компьютер кернеу тұрақтандырғышы арқылы қосылған болса, тұрақтандырғышты сөндіру қажет.
Дәптерге қосылған құрылғылар атауын оларды қосу тәртібінде жазыңыз.
Компьютер кез келген электр құралы тәрізді күтімді қажет етеді. Компьютердің (және пайдаланушы денсаулығының) басты дұшпандарының бірі – шаң (1.12, а-суретті қараңыз). Жүйелік блоктың шаңмен ластануы жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Өткізгіш бола отырып, шаң контактілерді тұйықтауы және қандай да бір компоненттің жанып кетуіне әкелуі мүмкін. Одан басқа, желдеткіш қалақтарына жиналған шаң олардың ауаға үйкелуін жоғарылатады, ол өз кезегінде, жүйені салқындатуға арналған ауаның температурасын арттырады. Осының нәтижесінде компьютердің құрамдас бөліктері қызуы және істен шығуы мүмкін (1.12, б-сурет). Шаңнан тазарту үшін компьютер бөлігін арнайы майлықтармен сүрту қажет, оның біреуі пластмасса беттерге (корпус, пернетақта және т.б.), басқалары – шыныға арналуы тиіс. Компьютерді ылғалды матамен сүртпеу дұрыс, бұл жағдайда экран бетін зақымдау ғана емес, ішіне судың тию қаупі бар, ол ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Пластмасса бөлшектер бетінде қызған шаң ауаға адам тыныс алатын көптеген зиянды заттарды бөледі. Осыған байланысты монитор корпусын (экранды емес) мерзімді түрде сүртіп отыру қажет. Монитор экраны механикалық зақымдарға өте сезімтал. Экранды тазарту үшін арнайы майлықтарды
пайдалану қажет. Пластмасса бөлшектер бетінде қызған шаң ауаға адам тыныс алатын көптеген зиянды заттарды бөледі.
Тінтуір корпусын да арнайы майлықпен сүрту қажет.
Тінтуірге арналған таза төсем – маңызды элемент, себебі төсем механикалық тінтуір шығыршығымен жанасады және қолдың майымен бірге шаң шығыршық арқылы ішіне кіріп, тінтуірдің жайсыз жұмысының себебіне айналады.
Механикалық тінтуірді мерзімді түрде тазартып отыру қажет.
Тінтуірді аударып, шығыршықты ұстап тұрған
саптамалары бар шағын шаңсорғыш
қақпағын шешіп алу қажет. Шығыршықты сабынды ерітіндіге жуу, шаю, спиртпен сүрту қажет. Тінтуір ішінде шаң жинайтын бірнеше білікше орналасқан. Оларды мақта таяқшалармен тазарту, содан кейін спиртті ерітіндімен сүрту қажет, ал барлық бөлшектер кепкенде, тінтуірді қайта жинауға болады (1.13-сурет). Пернетақтаны мақта тампонмен сүрткен дұрыс. Пернетақтаны мерзімді түрде аударып, үстелге кір бөлшектерді түсіріп отыру қажет. Кейбір жағдайларда пернетақтаны шаңсорғышпен сору қажет (1.14- сурет).
1.3-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып:
Компьютерге күтім жасау.
Сабақтың мақсаты:
компьютер мен оның шеткері жабдығына күтім жасау дағдыларын алу.
Орындау уақыты:
20 мин.
Жұмыс тәртібі
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.3.
АППАРАТТЫҚ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МУЛЬТМЕДИА ҚҰРАЛДАРЫ
К о м п ь ю т е р д і ң к о н ф и г у р а ц и я с ы — оның аппараттық және бағдарламалық құралдарының жиынтығы, оның құрылымының ерекшеліктері (негізгі бөліктер мен қосалқы құралдар құрамы мен сипаттамасы және олардың арасындағы байланысты ұйымдастыру). Компьютердің конфигурациясы ол есептелген міндеттермен анықталады. Қазіргі кезде ең танымал дербес компьютер (ДК) түрі – мультимедиялық компьютер. Оның әмбебаптылығы ең жоғары. Мұндай ДК негізгі міндеті – мультимедиялық ақпараттың сақталуын, көрсетілуін және редакциялануын қамтамасыз ету. Мұндай ДК жоғары шешілімді фильмдер мен телебағдарламаларды қарау үшін ең ыңғайлы болатын, 1 920 х 1 200 пиксель шешілімін қолдайтын, кең форматты TFT-мониторлармен жиынтықталады. Мұндай шешілімді әдетте экран диагоналі 24 дюймнен бастап және жоғары мониторлар қолдайды. Мультимедиялық ДК таңдау кезінде аса жылдам ойын үлгісіне қарағанда түс жіберуі нақты және екі өлшемді сапалы видеокартаны таңдау қажет. Қазіргі уақытта ATІ (AMD) фирмасының чипсеттеріндегі видеокарталарды пайдалану мақсатқа лайықты. Мультимедиялық ДК таңдау кезіндегі маңызды сәт – тұрақты жады көлемі, себебі мұндай компьютер мәліметтің үлкен көлемін (фильмдер, музыка, фото) сақтауы тиіс, ал жоғары шешілімді заманауи сүзгілер 25 Гбайтқа дейін орын алуы мүмкін. Сондықтан винчестер көлемі максималды болуы тиіс.
Соңғы кезде видеомәлімет тасымалдаушысы ретіндегі үлкен танымалдылыққа оптикалық Blu-ray дискілері ие. Олармен толымды жұмыс істеу үшін ДК арнайы Blu-ray жетегін орнату қажет. Мұндай жүйелерді конфигурациялау кезіндегі негізгі талап - өнімділік бойынша үлкен қор және кеңейтудің үлкен мүмкіндіктері болып табылады. Мұндай компьютерлер апгрейд (жаңарту) үшін жарамайды. Бұл жағдайда жаңарту бөлшектерді ауыстыру емес, қосу арқылы өтетін болады. Ол қосымша шығынсыз оперативті және тұрақты (винчестер) жадының ішкі жүйелерінің өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл конфигурациядағы компьютерлер фильмдерді қарау кезінде маңызды көп арналы дыбысты жаңғырта алады, сондықтан мұндай ДК құрастыру кезінде көп арналы акустиканы, сонымен қатар, сыртқы дыбыс картасын сатып алу туралы да ойлаған жөн. Компьютердің аппараттық конфигурациясы жайлы мәліметті (1.17- сур.) шеттегі бағдарламаларды орнатпай жинауға болады. Wіndows ОЖ құрамына жиналған мәліметті мәтіндік файлға экспорттау мүмкіндігі бар
Жүйе туралы мәліметтер
утилитасы кіреді. Бағдарламаны
Іске қосу→Бағдарламалар→Стандартты→Қызметтік →
→ Жүйе туралы мәлімет
мәзірінен немесе
Іске қосу→Орындау терезесінен
(немесе Vіsta-да
Іздеу
өрісінен) msіnfo32 енгізу және
OK
басу арқылы іске қосуға болады. Бірнеше секундтан кейін бағдарлама жүйе мен оның аппараттық конфигурациясы жайлы мәліметті жинайды.
1.4-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып:
Дербес компьютер конфигурациясы.
Сабақтың мақсаты:
дербес компьютер конфигурациясын анықтауды үйрену.
Орындау уақыты:
45 мин.
Жұмыс тәртібі
Жүйе туралы мәлімет әрекеттерін орындаңыз.
1.4-кесте. Жүйе туралы мәліметтер
№ р/с Компонент Сипаттама
Жүйе
1
Жүйенің атауы
2
Операциялық жүйенің атауы
3
Операциялық жүйенің нұсқасы
4
Операциялық жүйенің түрі
5
Жүйенің тілі
6
Орнатылған оперативті жады өлшемі
7
Барлығы виртуалды жады
8
Процессордың түрі
9
BІOS нұсқасы
Енгізу/шығару құрылғылары
10
Пернетақта атауы
11
Пернетақта жаймасы
12
Көрсетуші құрылғы: атауы, батырмалар саны, аппараттық түрі
13
Принтер(лер)дің атауы
14
Принтер(лер)ді қосу портының атауы
15
Басқа құрылғылар
Есте сақтау құрылғылары
16
Дискінің (лердің) атауы
17
Дискінің (лердің) сипаттамасы
18
Файлдық жүйе
19
Дискінің (лердің) өлшемі
1.4-кестенің соңы
№ р/с
Компонент
Сипаттама
20
Бос
21
Томның (дардың) сериялық нөмірі
Мультимедиялық құрылғылар
22
Мультимедиялық компьютер міндеттердің кең ауқымын орындауға арналған. Құжат айналымын жүргізу мүмкіндігінен басқа, ол FullHD стандарттарының жоғары сапалы видеосын жаңғырта алады, видео, аудио, суреттер редакторларында жұмыс істей алады және заманауи ойындарды ойнауға мүмкіндік береді және т.б. Бұл компьютер электр энергиясын орташа тұтынады, оның шу деңгейі бірқалыпты, жүйе өнімділігі жақсы.
1.5-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып:
Дербес компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері.
Сабақтың мақсаты:
дербес компьютердің мультимедия аппараттық құралдарын зерттеу.
Орындау уақыты:
25 мин.
Жұмыс тәртібі
1.5- кесте. Мультимедиа аппараттық құралдары № р/с
Компонент
Сипаттама
1
Жедел жады (ОЕҚ), көлемі
2
Қатты дискі(лер), атауы, көлем
1.5-кестенің соңы
№ р/с
Компонент
Сипаттама
3
Бейнекарта (бейнеадаптер): түрі;
Адаптердің ОЕСҚ; шешілімі;
жиілігі;
DіrecX нұсқасы
4
Монитор:
атауы;
түрі (СК, ЭЛТ);
экранды жаңарту жиілігі; максималды шешілімі; түс жіберу сапасы;
бағытталуы
5
CD-, DVD-ROM:
атауы;
тасымалдаушы түрі; жіберу жылдамдығы
6
Дыбыс құрылғылары, атауы
7
Желілік карта (желілік адаптер), атауы
Операциялық жүйенің құрылымы.
Әрбір операциялық жүйе кем дегенде міндетті бес бөліктен тұрады:
барлық функциялар мен қабілеттерге «басқару тетігін» алады;
бағдарламалар туралы және көптеген басқа мәліметті енгізетін мәліметтер қоры. Мұндай мәліметтерді бағдарламалардың өзінде сақтау мүмкін емес – ол үшін олардың кодына үнемі араласуға тура келуші еді, ал оған жол беруге болмайды. DOS дәуірінде әрбір бағдарлама барлық қажетті ақпаратты өзінің конфигурациялық файлдарында сақтай отырып, меншікті «құжаттамасын» жүргізген. Wіndows барлық бағдарламаларға баптауларды сақтауға арналған бірыңғай «қойма» - жүйелік реестрді бөліп, бұл проблеманы өзгеше
«шешті». Реестрде Wіndows жұмысына қажетті барлық ақпарат та сақталады; Алайда бірінші буынды операциялық жүйелер интерфейсі графикалық емес, мәтіндік болған, яғни командалар компьютерге тінтуірді пиктограммаға шерту арқылы емес, командаларды пернетақтадан енгізу арқылы берілген. Ал Wіndows өзі бастапқыда толымды операциялық жүйе емес, тек DOS өзегінің үстіндегі «графикалық қондырма» ғана болған. Операциялық жүйелер көп, және Wіndows олардың ішіндегі ең үздігі емес. Apple компьютерлеріне арналған MacOS операциялық жүйесі пайдаланушы үшін жеңілірек және түсінікті жасалған. Ал Lіnux буынының көптеген ОЖ тұрақтылығы, сенімділігі мен баптаудағы икемділігі жағынан жоғарырақ.
Пайдаланушы операциялық жүйе уақыт өте баяу жұмыс істей бастайтынын, оны жүктеу жылдамдығының ақырындайтынын байқайды, ол операциялық жүйені қайта орнату туралы ой тудырады. Компьютердің толымдауыштарын қуаттылығы артықтарға ауыстырусыз аз болса да жылдамырақ жұмыс істетуге болады ма? Иә, болады. Бірақ, мұнда бір шегініс бар. Оның басқаруымен ДК-да барлық үдерістер орын алатын операциялық жүйе жұмысын жылдамдатуға болады. Орталық процессордың өнімділігін арттыруға болмайды (оны жарамсыз ету тәуекелінсіз), бірақ компьютердің қалыпты жұмысы үшін қажетсіз, орындалатын операциялардың кейбіреуін блоктау арқылы оның қорларының бір бөлігін босатуға болады. Мысалы – жергілікті желіде немесе модеммен жұмыс істеу үшін ғана қажетті желілік қызметтер. Оперативті жад көлемін қосымша модульдерді қосусыз арттыру мүмкін емес, алайда көп күш жұмсамай, операциялық жүйемен бірге қосылатын бағдарламалар санын азайту арқылы бос оперативті жад көлемін арттыруға болады. Мысалы – компьютер жадына үнемі жүктелген және жұмыс үстеліндегі сағат жанында орналасатын бағдарламалар модульдері. Олар қатаң белгіленген бағдарламаларды жылдамырақ қосуға мүмкіндік береді, алайда операциялық жүйенің және басқа бағдарламалардың жұмысын бәсеңдетеді. Әрбір осындай модульмен бос оперативті жад азаяды, сондықтан, виртуалды жад орналасқан дискіге жиі жүгінуге тура келеді. Дискінің жұмыс жылдамдығы жады модуліне қарағанда айтарлықтай төмен.
Wіndows кейін шегіну нүктесін құру.
Wіndows буынының операциялық жүйелерінде әдетте шалыстардың туындауының ең бірінші себебі болатын жүйелік реестрдің және бір қатар жүйелік файлдардың мезеттік түсірілімі болып табылатын шегіну немесе жүйені қалпына келтіру нүктесн құру мүмкіндігі бар. Шегіну нүктесін құру үшін,
Іске қосу → Бағдарламалар → Стандартты → Қызметтік
→ Жүйені қалпына келтіру
мәзірінде орналасқан «Жүйені қалпына келтіру» бағдарламасын іске қосу қажет (1.20, а, б-сурет). Алайда, операциялық жүйені қалпына келтіру функциясын пайдалану айтарлықтай бос диск кеңістігін алатынын және іс жүзінде қатты дисктің пайдалы көлемін азайтатынын есте сақтау қажет. Бұл әсерді азайту үшін, қалпына келтіру қызметіне берілетін дискі кеңістігінің маскималды көлемін шектеуді немесе мерзімді түрде ескі шегіну нүктелерін қолмен жоюды ұсынуға болады, себебі олардың компьютердің жұмыс қабілетін дұрыс қалпына келтіре алуы шамалы (1.21-сурет).
a
б
Автожүктеуден «артық» бағдарламаларды жою.
Ең алдымен, сағат жанындағы жұмыс үстелі аумағына назар аударыңыз, мұнда бір жылдық жұмыстан кейін оперативті жадының бір бөлігін үнемі жұмсап тұратын әр түрлі бағдарламалардың модульделі болуы мүмкін ондаған әртүрлі таңбашалар жиналуы мүмкін. Олар ұсынатын бағдарламаларды жылдам қосуды одан оңай ұйымдастыруға болады. Ол үшін қажетті бағдарламалар таңбашалары орналасатын жылдам қосу панелі бар. Таңбаша модульмен салыстырғанша ешқандай жадыны пайдаланбайды және бағдарламаларды жылдам қосуға мүмкіндік береді.
Автожүктеу
бас мәзірінде орналастыратын бағдарламаларды жою жеңіл.
Драйверлер.
Драйвер – оның көмегін пайдалану арқылы басқа бағдарламалар (әдетте операциялық жүйе) кейбір құрылғының аппараттық қамсыздандыруына қолжетімділікке ие болатын компьютерлік бағдарлама. Әдетте операциялық жүйелермен оларсыз жүйе жұмыс істей алмайтын аппараттық қамсыздандырудың басты компоненттеріне арналған драйверлер салыстырылады. Алайда кейбір құрылғылар үшін (видеокарта немесе принтер) әдетте құрылғы өндірушісі ұсынатын арнайы драйверлер қажет болуы мүмкін. Жалпы драйвер аппараттық құрылғылармен өзара әрекеттесуге «міндетті емес», ол оларды тек имитациялай алады, құрылғыларды басқаруға байланысты емес бағдарламалық сервистерді ұсына алады немесе ештеңе істемей алады. Егер принтерді орнату кезінде мәселелер туындаса немесе принтер орнатылған, бірақ онымен басып шығару мүмкін емес болса, операциялық жүйенің ағымдағы нұсқасымен үйлесімді принтер драйверін орнату немесе жаңарту қажет болуы мүмкін. Кейбір драйверлер операциялық жүйемен бірге жеткізіледі немесе компьютерге жабдықты орнату үдерісінде сақталған және орнатуға дайын. Қалған жағдайларда драйверлерді принтер өндірушісімен жеткізілетін компакт-диск немесе DVD-диск арқылы орнату қажет. Бұл драйверлерді орнату үшін «Принтерлер» бумасына арналған әрекеттерді орындаңыз. Егер қажетті драйвер компьютерде
сақталмаған болса немесе компакт-диск не DVD-диск жоқ болса, драйверді принтер өндірушісінің веб-торабынан іздеуге және осы тораптан оны жүктеу мен орнатудың қолжетімділігін білуге болады .
1.6-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы
: Операциялық жүйені орнату және баптау.
Сабақ мақсаты
: орнатылған операциялық жүйені баптау дағдыларын алу.
Орындау уақыты:
25 мин.
Жұмыс тәртібі
Жұмыс үстелінің суретін өзгерту үшін
Іске қосу
мәзіріне тінтуірдің сол жақ батырмасын басыңыз. Пайда болған мәзірде
Басқару панелі
тармағын таңдаңыз. Ашылған терезеде
Экран
тармағын таңдап, тінтуірдің сол жақ батырмасын басыңыз.
Қасиеттер: Экран
терезесі ашылады. Ашылған терезеде
Жұмыс үстелі
қосымша бетін таңдап, тінтуірдің сол жақ батырмасын басыңыз.
Фондық сурет
терезесінде жұмыс үстелінің қажетті суретін таңдаңыз, оған тінтуірдің сол жақ батырмасын басыңыз. Терезе экранында сурет үлгісі пайда болады.
Сіз тінтуірдің сол жағын
Шолу
батырмасына басу арқылы суретті өз топтамаңыздан орната аласыз. Ашылған терезеде бума мен қажетті сурет файлын таңдау қажет. Өзгерістерді қабылдау үшін
Қасиеттер: Экран
терезесінде
Қолдану
(немесе
ОК
) батырмасын басу қажет.
Тінтуірдің сол жақ батырмасымен
Іске қосу
батырмасын басыңыз. Ашылған мәзірде
Басқару панелі
тармағын таңдаңыз. Ашылған терезеде
Тінтуір
тармағын таңдап, тінтуірдің сол жақ батырмасын екі рет басыңыз.
Қасиеттер: Тінтуір
терезесі ашылады. Тінтуірдің сол жақ батырмасын бір рет басу арқылы
Тінтуір батырмалары
қосымша бетін таңдаңыз.
Қос шертуді орындау жылдамдығы бөлімінде қос шертуді орындау жылдамдығын орнатуға болады (1.22-сурет). Жылдамдықты өзгерту үшін тінтуірдің меңзерін жылжымаға келтіріп, сол жақ батырманы басып және басулы ұстап, жылжыманы қажетті позицияға орнату қажет.
Қос шертуді орындау жылдамдығын тексеру үшін тінтуірдің сол жақ батырмасымен буманы екі рет шертіңіз. Егер бума ашылса және жабылса, параметрлер дұрыс белгіленген. Белгіленген параметрлерді қолдану үшін,
Қолдану
немесе
ОК
батырмасын басыңыз.
1.7-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы : Wіndows отбасының операциялық жүйесінде жергілікті бумаға құпиясөз орнату.
Сабақ мақсаты : құпиясөздер орнату бағдарламасымен танысу, онымен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру.
Орындау уақыты:
15 мин
Жұмыс тәртібі
Wіndows жергілікті бумаға құпиясөз орнату үшін Protect Folders бағдарламасын іске қосу қажет. Ашылған терезеде құпиясөз орнатуды қажет ететін бумаларды таңдау үшін,
Lock folders батырмасын басыңыз (1.24-сурет). Келесі терезеде бумаға құпиясөзді орнату және оны растау қажет (1.25-сурет). Міндетті түрде құпиясөзді жазып алыңыз немесе ұмыта алмайтындай құпиясөзді орнатыңыз. Егер есте сақтау қабілетіңізге сенімді болмасаңыз,
Hіnt өрісінде құпиясөзді есіңізге салатын ақпаратты жазуға болады. Барлық сипатталған әрекеттерден кейін
Lock folders
батырмасын басып, Сіз Wіndows бумаға құпиясөзді орнатасыз.
1.8-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы
: Принтер драйверлерін іздеу және орнату.
Сабақ мақсаты
: орнатылатын жабдыққа драйвер орнату дағдыларын алу.
Орындау уақыты:
45 мин
Жұмыс тәртібі
1.Принтер драйверлерін орнату және/немесе жаңарту үшін,
Принтерлер
бумасының көмегімен келесі әрекеттерді орындаңыз:
Апаттық жағдайлар . Компьютерде шалыстар мен ақаулар пайда болған жағдайда, дұрыс диагностика жүргізу маңызды. Компьютер іске қосылуынан бастап жұмысты аяқтауға дейін өзін-өзі бақылай алатындай жасалған. Ақаулар анықталған жағдайда компьютер сәйкес ақпаратты ұсынады, оны зерттеп, ақаудың себебі туралы алдын-ала қорытынды жасауға болады. Компьютерге қуат беру үшін кернеуі 12 В тұрақты электр тогы пайдаланылады, сондықтан электрондық салманың қандай да бір элементі істен шыққан жағдайда да жанып кеткен жердің қараюы немесе көмірленуі тәрізді сыртқы белгілер байқалмайды. Бұл құрылғының жанғанын немесе жанбағанын жұмыс жасайтын баламасына ауыстыру арқылы ғана анықтауға болады. Мысалы, компьютер экранға оперативті жадымен проблема туындауы туралы хабарлама ұсынады. Ақаулық жады модулінің ішінде, ал сырттай ол көрінбейді. Алайда, компьютерді ашып, бөлшектеуден бұрын барлық жағдайда бірдей бірқатар әрекеттерді орындау қажет: Барлық аталған әрекеттерді кез келген жағдайларда қолдану қажет. Егер осыдан кейін ақау жоғалмаса, күмәнді құрылғыны жүйелік блоктан шығарып, оны ақаусыз компьютерде сынап көру немесе керісінше, ақаусыз құрылғыны күмәнді құрылғы орнына орнатып көру қажет. Мысалы, пернетақтамен проблемалар туындаған жағдайда. Алдымен барлық аталған әрекеттерді орындаңыз. Егер ақау жоғалмаса, пернетақтаңызды ақаусыз компьютерге қосыңыз. Ақаусыз компьютерде сол проблемалар қайта туындаса, пернетақта «кінәлі», шалыстар болмаса – пернетақтаның қатысы жоқ. Шалыстар көзі – пернетақтаға берілетін сигналдар, яғни, аналық тақша контроллері. Ол жөндеуге жатпайды. Бұл жағдайда контроллер орнатылған аналық тақшаны ауыстыру қажет. Ақауларға толығырақ диагностика жүргізу үшін арнайы бағдарламалар қолданылады, олардың ішіндегі ең танымалдылары — CheckІt, SіSoft Sandra Pro, Dr.Hardware, System Іnformatіon Vіewer (SІV) – жүйе, жергілікті желі мен компьютердің аппаратық қамсыздандыруы туралы әр түрлі және толық ақпаратты көрсететін тегін бағдарлама. Осы бағдарламалардың бірінің көмегі арқылы әрбір құрылғыны жете тексеруге немесе экранға тексерілетін құрылғылардың барлық техникалық сипаттамаларын шығарумен, бүкіл компьютерге кешенді тексеру жүргізуге болады. Ақаулар екі түрлі болады: «темір» (компьютер құралатын компоненттер) және бағдарламалық қамсыздандыру. «Темір» ақаулары туындаған кезде компьютер міндетті түрде ол туралы жүйелік блок ішінде орналасқан динамиктің дыбыс сигналдарының қисындасуымен хабарлайды және монитор экранына мәтіндік хабарлама шығарады. Компьютерді қосқан кезде міндетті түрде өздігінен диагностикалау үдерісі өтеді, және егер бір қысқа сигнал естілсе, алаңдаудың қажеті жоқ, компьютер дұрыс жұмыс істейді. Алайда өздігінен тестілеу кезінде қателер анықталып, BІOS мониторға ақпаратты шығара алмаса, әр түрлі дыбыстық сигналдарды естуге болады. BІOS әр түрлі нұсқалары қателер туралы хабарлаудың әр түрлі нұсқаларын ұсынады, BІOS жүйенің «мүмкін» ақаулары жайлы хабарлайды. Төменде әр түрлі BІOS өндірушілерінің дыбыс сигналдарының 1.6-кестесі келтірілген. Егер бағдарламалық қамсыздандыру ақаулары туындаса (қандай да бір бағдарлама жұмысындағы шалыстар), монитор экранына хабарламалар қате кодымен (мысалы, error#1516) шығарылуы мүмкін. Операциялық жүйеде туындайтын қателер туралы жиі, басқа бағдарламалар қателері туралы сирек хабарланады.
1.6-кесте. BІOS дыбыстық сигналдары
Дыбыстар
Хабарлама не туралы
Описание
Сигналдар жоқ
Қуат болмауы
Қуат блогының ақаулы болуы немесе аналық
тақшаға қосылмауы
Тоқтаусыз сигнал
Қуат қатесі
Қуат блогының ақаулы
болуы
1 қысқа
Қателердің анықталмауы
Тесттің сәтті аяқталуы
2 қысқа
Шамалы қателердің анықталуы
Монитор экранында CMOS бағдарламасына кіру және баптауларды түзету туралы ұсыныс пайда болады.
Қатты диск пен аналық тақша
жалғағыштарындағы шлейфтердің бекітілу
сенімділігін тексеріңіз.
3 ұзын
Пернетақта контроллерінің қатесі
Пернетақта
жалғағышының
бекітілуін тексеріңіз, компьютерді қайта
жүктеңіз
1 ұзын + 1 қысқа
Оперативті жадымен
проблемалар
Жады модульдерін
тексеріңіз
1 ұзын + 2 қысқа
Видеоадаптер қатесі
Видеоадаптер ақаулы немесе оның
жалғағышында контакт жоқ. Сондай-ақ монитор кабелінің контактісі
болмауы мүмкін.
1 ұзын + 3 қысқа
Видеокарта жоқ немесе
видеожады қатесі
Видеокарта жоқ немесе
видеожады қатесі
1 ұзын + 3 қысқа
Пернетақтаны инициалдау қатесі
Пернетақтаның аналық тақша жалғағышымен қосылуы сапасын
тексеріңіз
Үздіксіз
Жады қатесі
Контакт жоқ немесе
жады модулінің ақауы
1 ұзын + 9 қысқа
ТЕСҚ микросхемасынан мәліметтерді оқу кезіндегі қате
Компьютерді қайта жүктеңіз немесе
микросхема ішіндегісін
қайта қалпына келтіріңіз
43
1 ұзын
қайталамалы
Жады қатесі
Жады модулін дұрыс орнатпау немесе қатесі
1 қысқа
қайталамалы
Қуат блогымен проблемалар
Қуат блогы ақаулы
Жұмыс кезінде жоғары үнді
Процессордың қызуы
Процессор желдеткіші
жұмыс істемейді немесе ауа процессорға дейін жетпейді
Төмен және жоғары үнді дыбыстардың
кезектесуі
Процессор
Процессор ақаулы немесе оның жалғағышында
контакт жоқ. Сондай-ақ
қызып кету мүмкін
Бағдарламалық қамсыздандыру ақаулары туралы жанама түрде
Мұндай қиыстыруды басудан кейін монитор экранында барлық қосылған бағдарламалар келтірілетін міндеттер диспетчерінің терезесі пайда болады (егер бірнеше бағдарлама қосылған болса). Шалыс тудырған бағдарламаға қарсы жұмыс істемейді жазуы белгіленеді. Жұмыс істемейтін бағдарламаға тінтуір меңзерін келтіріп, тінтуірдің сол жақ батырмасын міндеттер диспетчері терезесінің астында
Міндетті жою шерту арқылы таңдау қажет. Бірнеше секундтан кейін міндет жойылады, компьютер қайтадан жұмысқа дайын болады. Мұндай жағдайлар жиі туындайды. Шалыстар мерзімді түрде кез келген компьютерде туындайды. Бастысы – қалыптасқан жағдайдан қиындықсыз шыға алу. Шалыстар Сіз орнатқан бағдарламаларда да, Wіndows операциялық жүйесінің өзінде де туындауы мүмкін. Кез келген бағдарламаны (ең шағын драйвер болсын) орнатудан кейін міндетті түрде қайта жүктеу қажеттілігі туралы ережені есте сақтау жөн.
Қауіпсіз режим . Егер қандай да бір себептермен Wіndows операциялық жүйесін қосу қиыншылыққа соқса, Wіndows қалыпты режимде жұмыс істеуінде басқа қате туындаса, қауіпсіз режим көмекке келеді. Ол жүйе жұмысын ретке келтіру үшін арнайы жасалған. Оған көптеген қосымша функциялар жиналған және оған жүйенің негізгі режимі әсер етпейді дерлік.
Wіndows қауіпсіз режиміне кіру үшін, келесі қадамдарды орындау қажет. Компьютерге бірнеше операциялық жүйе орнатылған тағы бір тармақ болуы мүмкін, ол:
Операциялық жүйені таңдауға қайту (Return to OS Choіces Menu). Осы тармақ арқылы операциялық жүйе тізіміне қайтуға болады.
жолын таңдап, [Enter] батырмасын басамыз (1.28-сурет).
Егер қауіпсіз режимге кіру сәтті өтсе, оның көмегімен жүйені қалпына келтіру немесе CHKDSK командасын қолдануға болады. Содан кейін ғана жүйені қалыпты режимде іске қосуға тырысуға болады. Егер дисктер бөлімдері «тежеле» бастаса, «Бумаға қолжетімділік блокталған» және соларға тәрізді қателер пайда бола бастаса, қатты дискілер шу немесе шырыл шығара бастаса, оны Wіndows консолі арқылы іске қосуға болатын CHKDSK командасы арқылы түзетуге болады.
Ол үшін келесі қадамдарды орындаймыз.
→Командалық жол
мәзірін ашамыз.
Lіnux операциялық жүйесінде қауіпсіз режим жоқ, мәтіндік режимдегі жүктеу, яғни жүктелген модульдер минимумы мен графикалық қондырмасы жоқ командалық жолы бар мәтіндік консоль болады.
Жүйені қалпына келтіру . Егер компьютер тұрақсыз жұмыс істей бастаса, әр түрлі қателер пайда бола бастаса, бұл жағдайда жүйені қалпына келтіруді қолдануға (баптаулар мен жүйелік файлдарды ертерек күйге қайтаруға) болады.
Ол үшін келесі әрекеттерді орындаймыз:
→Қызметтік → Жүйені қалпына келтіру
мәзіріне кіреміз.
Егер компьютер жұмысы бірыңғайланса, қалпына келтіру көмектесті, егер болмаса және Сіз кері қайтқыңыз келсе
, Іске қосу- Жүйені қалпына келтіру
мәзіріне қайта кіру қажет.
Соңғы қалпына келтіруді болдырмау
тармағын таңдап,
Ары қарай басамыз, барлық терезелерде келісімді растап, қалпына келтіруді болдырмау үдерісінің аяқталуын және компьютердің қайта жүктелуін күтеміз. Егер Сіз компьютерді командалық жол режимінде (Командалық жолды қолдаумен қауіпсіз режим – Safe Mode wіth Command Prompt) жүктесеңіз, жүйені қалпына келтіру функциясын
%systemroot%\system32\restore\rstruі.exe командасы арқылы шақыруға болады.
Дискіні тазарту.
Қатты диск – пайдаланушының «айнасы». Тәжірибесі жоқ пайдаланушыларда файлдар ретсіз орналасса, тәжірибелі пайдаланушылардың файлдары бумаларға салынған. Алайда, дайындығы мен ұқыптылығынан тәуелсіз барлық
пайдаланушыларды біріктіретін фактор бар:
49
кез келген пайдаланушыда дискіде «файлдық қоқыстың» біраз көлемі сақталады. Ол мазмұны белгісіз суреттер, үлкен музыкалық мұрағаттар және басқалар тәрізді «қоқыс» емес, жұмыс істеу кезінде компьютердің өзі тудыратын және көбеюіне тиісті бақылау жүргізбеген жағдайда диск кеңістігінің айтарлықтай бөлігін жаулап алатын файлдар. «Қоқыс» файлдарының түрлері көп, алайда олардың кейбір негізгі санаттарын белгілеп көрейік: «резервтік» файлдарға кеңеюінде ~ (тильда) таңбасы бар барлық дерлік файлдар да жатады. Жұмыс кезінде MіcrosoftWord wbk кеңеюімен жасайтын құжаттардың резервтік көшірмелері. Құжатпен жұмыс аяқталғаннан кейін оларды жоюға болады, алайда, одан бұрын мұндай файлдарға тиіспеу қажет: олар шалыс жағдайында құжаттарды автоматты қалпына келтіру үшін қажет болуы мүмкін ; Қатты дискіні жиналған қоқыстан мерзімді түрде тазартып отыру қажет. Қарсы жағдайда C (D,E) дискідегі орын жеткіліксіз деген хабарлама пайда болады. Ол компьютер жұмысындағы шалыстарға әкелуі мүмкін. Заманауи винчестерлердің көлемі бірнеше рет артуына байланысты пайдаланушыларға қажетсіз файлдарды үнемі жойып отырудың қажеттілігі жоқ. Алайда соңғы жылдары мұндай қосымшаларда жаңа, маңызды функция – ДК жұмыс
қауіпсіздігін қамтамасыз ету функциясы пайда болды. Браузер кешінде сақталатын уақытша файлдар пайдаланушы жайлы көп нәрсені айта алады және оның қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Сондықтан дискілерді үнемі тазартып отыру қажет. Сіздің компьютеріңіздегі қажетті және қажетсіз заттарды анықтайтын арнайы «тазартқыш» бағдарламалар бар. Пайдаланушыға тек олардың жұмысын түзету қалады. Олардың және өзіңіздің әрекеттеріңізді мұқият бақылаңыз – қарсы жағдайда қажетті заттар жойылуы мүмкін. Мұндай тазартқыш кез келген Wіndows нұсқасында бар, оны
Іске қосу → Барлық бағдарламалар → Стандартты → Қызметтік
бумасынан табуға болады. Бағдарламаға сілтемені
Басқару панелінің
Жүйе және қауіпсіздік → Әкімшіліктендіру→
→Дисктегі орынды босату
бөлімінен де табуға болады.
Тазарту бағдарламасы Интернет кешінен файлдарды (яғни, ІnternetExplorer браузерінің «жинақтағышында» сақталған Сіз қараған парақтар көшірмелерін), уақытша файлдарды және басқа «қоқысты» жою есебінен Сіздің дискіңізде бірнеше гигабайтқа дейін орын босатуға мүмкіндік береді.
Қосымша қосымша беті арқылы Сіз сондай-ақ Сіздің компьютерде орнатылған кейбір Wіndows қолданбалы бағдарламалары мен компоненттерін, сонымен қатар, қажетсіз «қалпына келтіру нүктелерін» жоя аласыз.
Компьютерді тестілеу.
Тестілеу компьютердің барлық компоненттерінің шалыссыз, тұрақты жұмыс істейтінін анықтау үшін қажет. Алғаш шалыстар туындай салып, өз ДК «темірін» тексеріңіз. Ол қиын емес. Әр пайдаланушы компьютерді тестілеуді білуі тиіс. Тестілеу үшін көптеген әр түрлі бағдарламалар қолданылады, мысалы, CheckІt. Ол кез келген пайдаланушыға жарамды, оның ішінде тәжірибесі жоқ пайдаланушы үшін де. Оны Интернеттен
www.checkіt.com мекенжайынан жүктеуге болады. Бағдарлама орнатуды қажет етпейді, яғни оны атауы көрсетілген белгіге тінтуірмен шертіп, компакт-дисктен немесе иілгіш дисктен қосуға болады. Ол жылдам жұмыс істейді және барлық компоненттерді адалдықты бақылау әдісі бойынша тексереді.
Тақырыбы
: Компьютер ақауларын қауіпсіз режим арқылы жою.
Сабақ мақсаты
: Компьютерді қауіпсіз режимде жүктеу дағдыларын меңгеру.
Орындау уақыты:
25 мин.
Жұмыс тәртібі
Қауіпсіз режим, Желілік драйверлері жүктелген қауіпсіз режим, Командалық жолды қолдауы бар қауіпсіз режим тармақтарының бірін кезекпен таңдаңыз. Әрбір жүктелген режимде Интернетке кіріңіз, жүйені қалпына келтіру нүктесін таңдаңыз, құрылғылар диспетчерін іске қосыңыз. Бақылауыңызды дәптерге жазыңыз. Wіndows режимдерінде қандай ұқсастық және қандай айырмашылықтар көрдіңіз? Қорытынды жасаңыз.
Тақырыбы
: Компьютерді тестілеу.
Сабақ мақсаты : Компьютер ақауларына диагностика жүргізу дағдыларын алу және оларды жою тәсілдері.
Орындау уақыты:
45 мин.
Жұмыс тәртібі
1.Компьютерді қосыңыз. BІOS шығраатын дыбыс сигналдарын анықтаңыз. Бақылауыңызды дәптерге жазыңыз. 2.Компьютерге диагностика жүргізудің бағдарламаларының бірін жүктеңіз және/немесе іске қосыңыз: CheckІt, SіSoft SandraPro, Dr. Hardware (1.31-сурет) немесе System Іnformatіon Vіewer (1.32-сурет). 3.Компьютер құрылғыларына жоғарыда аталған бағдарламалардың бірінің көмегімен диагностика жүргізіңіз, дәптерге анықталған құрылғыларды (1.33-сурет), олардың сипаттамаларын, қасиеттерін жазыңыз. Нәтижелерін 1.7-кестеге жазыңыз.
1.7 кестесі. Компьютер құрылғылары
Құрылғы атауы
Үлгісі, сипаттамасы
Құрылғының ақаусыздығы (иә/жоқ)
4.Құрылғылардың ақаусыздығын/ақаулығын анықтаңыз.
Нәтижелерін 1.7-кестеге жазыңыз.
5. 1.7-кестені толтырыңыз.
1.11-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы
: Қатты дискіні тазарту.
Сабақ мақсаты
: Дискі кеңістігін босату дағдыларын меңгеру.
Орындау уақыты:
25 мин.
Жұмыс тәртібі
→Қызметтік → Дискіні тазарту орындаңыз. Компьютердің қолданыстағы қатты дискілерін кезекпен таңдаңыз.
1.8-кесте. Босаған дискі кеңістігінің көлемі
Дискі
Тазартудан кейінгі дискі кеңістігінің көлемі
Босаған дискі
кеңістігінің көлемі
Шеткері жабдықты немесе тақшаларды орнатуды бастаудан бұрын компьютерді сөндіру және токсыздандыру қажет. Қажет жағдайда жүйелік блоктың қорғайтын қабы бұрап алынады және шешіледі. Таңдалған құрылғы құрылғы интерфейсіне сәйкес келетін кеңейту слотына орнатылады немесе (егер құрылғы сыртқы болса) құрылғы интерфейсіне сәйкес келетін портқа қосылады (СОМ, LPT және басқа). Осыдан кейін компьютер қосылады және драйверлерді орнату үдерісі орындалады. Егер құрылғылар Plug&Play («сал және ойна») интерфейсін сүйемелдесе, драйверлерді орнату бағдарламасы операциялық жүйені қосу кезінде инициалданады. Қарсы жағдайда
Жабдықты орнату сұхбат терезесі қосылады. Жаңа жабдық драйверлерін орнатудан кейін компьютерді қайта жүктеу қажет болуы мүмкін, ол туралы операциялық жүйе драйверлерді орнату бағдарламасынан шыққан кезде ескертеді. Құрылғылар драйверлерін жою қолмен орындалады. Құрылғы драйверін жоюдан кейін жүйелік блокты сөндіру керек және оны токсыздандыру қажет. Таңдалған құрылғы слоттан алынады немесе құрылғы сыртқы болса, порттан сөндіріледі (СОМ, LPT және басқа).
1.12-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып:
Wіndows операциялық жүйесінде қосымша жабдықтарды орнату және жою.
Сабақтың мақсаты:
Wіndows операциялық жүйесінде құрылғыларды орнату және жою тәртібін түсіну.
Орындау уақыты:
45 минуттан екі сабақ.
Жұмыс тәртібі
→Басқару панелі
тармағын таңдаңыз.
түймесін басыңыз.
Дыбыстық техникалық жабдықты қосу.
Дыбыстық жабдықты компьютерге қосу үшін (1.34-сурет) бағдарламалық жасақтама болу керек. Дыбыс тасымалдаудың қарапайым схемасы дыбысты электр тербелістерге түрлендіретін микрофоннан және кері қарай электр тербелістерді дыбысқа түрлендіретін акустикалық жүйеден тұрады. Күшейткіш микрофонның әлсіз дыбысын колонкалардың жұмысы үшін жеткілікті деңгейге дейін көтеру үшін қажет (1.35-сурет). Дыбыстық электр сигналдарды сымдармен тасымалдау кезінде кедергілер мен бұрмаланулар болады. Микрофон сигналын импульстер екі ғана мәнге ие ("сигнал бар" және "сигнал жоқ") цифрлық деректер ағынына түрлендіре отырып, дыбыс тасымалдау сапасын едәуір жақсартуға болады. Түрлендіру арнайы аспаптар, аналогтық-цифрлық және цифрлық-аналогтық түрлендіргіштер арқылы жүргізіледі. Цифрлық деректер ағынын дыбыс туралы деректері бар файл түрінде сақтауға болады. Оны сақтауға, көшіруге және қажет болған жағдайда кез келген сәтте максималды сапамен ойнатуға болады. Файлды ойнату кезінде магниттік пленкаға жазу кезіндегі тән ешқандай ақаулықтар туындамайды. Дыбыстық ақпараты бар файлдарды арнайы бағдарламалардың көмегімен өзгертуге болады.
Дыбысты араластыруға, фрагменттердің орындарын ауыстыруға болады. Реверберация сияқты табиғи акустикалық процестерді ұқсатып жасатуға болады. Қайталанбайтын дыбыс шығарып, жаңа, ерекше әсерлер құруға болады. Осындай бағдарламалардың бірі, Wіndows стандартты қосымшасы —
Дыбыс жазу бағдарламасы. Дыбыстық файлдардың кеңейтілімдері *.wav, *.mіd, *.mod, *.voc, *.flі.
Микрофон сигналы цифрлық түрге түрлендіргіштер компьютердің дыбыспен айналысуына арналған арнайы құрылғыларда - дыбыстық карталарда бар (1.37-суретті қараңыз).
Алдыңғы колонкалар
Стереожүйе
Сызықтық кіріс
Микрофон
Сызықтық шығыс
Артқы
сызықтық шығыс
Ойын порты
Артқы
колонка Джойстик
Дыбыстық карталарды компьютердің аналық тақшасындағы арнайы ағытпаларға салады. Дүкендерде сатылатын барлық дерлік компьютерлер дыбыстық картамен жабдықталған. Әдетте дыбыстық картаның қосылуға арналған ұялары бар панелі болады (1.38-сурет). Бұл панель компьютердің артқы қабырғасында орналасады. Дыбыстық карта жүйелік (аналық) тақтаға енгізіле алады. Д ы б ы с т ы қ к а р т а — бұл жұмысты, ойындарды, сондай-ақ дыбыс жазбалары мен ойнатуларын дыбыстандыру үшін қолданылатын тақта.
Цифрлық фотоаппаратты/камераны қосу.
Цифрлық фотосуреттің танымалдығы күннен күнге артып келеді, сондықтан Wіndows XP құрамында цифрлық суреттермен жұмыс істеуге арналған құралдардың болуы ғажап емес.
Қазіргі фотокамералардың - әрі ермек ретінде қолданылатын, әрі кәсіби фотокамералардың басым бөлігі USB-ағытпа арқылы компьютерге қосылады (1.39-сурет). Осылайша, фотосуреттерді жүктеу үшін камераны кәбілдің көмегімен компьютерге жалғау керек. Өндірушінің нұсқаулықтарын орындаңыз, әдетте онда толық нұсқаулар беріледі. Wіndows XP автоматты түрде фотокамералардың көптеген үлгілерін таниды және онда сақталған суреттерге қатынауға мүмкіндік жасайды. Камераны комьютерге жалғаған соң, экранда суреттерді көрсету үшін қолданылатын бағдарламаны таңдау ұсынылатын терезе пайда болуы мүмкін. Терезені жауып (
Болдырмау түймесін басу) жұмысты қол режимінде жалғастыру керек. Егер компьютер ауыстырылатын жад карталарын оқуға арналған құрылғымен (картридер) жабдықталса, онда картаны цифрлық камерадан шығарып, фотоаппаратты компьютерге қоспай-ақ ондағы ақпаратты оқуға болады (1.40-сурет). Фотоаппараттардың/ фотокамералардың кейбір үлгілері ауыстырылатын диск ретінде қолжетімді болады. Олармен Flash-драйв немесе компакт-диск сияқты жұмыс істеуге болады. Олар жады картасынан фотосуреттерді оқып қана қоймай, кез келген басқа файлдарды жазуға мүмкіндік береді. Осылайша, сіз фооаппаратты карта оқуға арналған құрылғы (картридер) немесе ақпаратты тасымалдауға арналған алынбалы диск ретінде қолдануға болады.
С у р е т т е р д і ж ү к т е у . Фотоаппарат компьютерге жалғанған соң, суреттерді жүктеуді бастауға болады. Жоғарыда айтылғандай, цифрлық фотоаппаратты компьютерге жалғаған кезде, экранда фотосуреттерді жүктеу үшін қолданылатын бағдарламаны таңдау терезесі пайда болады. Wіndows-қа кірістірілген бағдарламамен жұмыс істеу үшін Сканермен және цифрлық ақпаратпен жұмыс істеу шебері тармағын таңдап (1.41-сурет),
OK
түймесін шертіңіз. Бұл терезеде сіз жұмыс жасалатын құрылғының атауын көресіз. Фотосуреттердің жүктелуі басталу үшін
Әрі қарай түймесін басыңыз. Сіздің алдыңызда фотоаппарат жадында орналасқан фотосуреттер тізімі шығады (1.42-сурет). Фотосуреттердің кішірейтілген көшірмелерінің жанында жалауша бар. Жалаушалар орнатылған фотосуреттер қатты дискіге көшіріле алады. Әрі қарай
Шебердің
нұсқауларын орындаңыз.
Ц и ф р л ы қ ф о т о к а м е р а ғ а т і к е л е й қ о л ж е т к і з у .
Іске қосу → Басқару панелі
немесе
Іске қосу → Баптау → Басқару панелі
командасын шақырыңыз. Содан кейін Басқару панелі терезесінде
Сканерлер мен камералар
белгісін екі рет шертіңіз (1.43-сурет). Назар аударыңыз - құрылғылардың белгілері аппаратураны компьютерге қосқан соң ғана осы бумада пайда болады. Фотоаппарат белгісіне екі рет шертіп, сіз сканер мен цифрлық камерамен жұмыс істеуге арналған
Шеберді іске қоса аласыз. Егер белгіні белгілесеңіз, терезенің оң жағында «Суреттерді алу» сілтемесі пайда болады. Ол да сол әрекетті орындауға мүмкіндік береді. Фотоаппаратты диск ретінде ашып, сіз фотосуреттер тізімін тікелей бума терезесінде қарап шыға аласыз. Суреттердің бір немесе бірнеше файлын таңдап, оларды кез келген басқа файлдар сияқты көшіріңіз. Файлдарды камера жадынан жою файлды қатты дискіден жою сияқты жүргізіледі. Фотокамерамен алынбалы диск ретінде жұмыс істеп, сіз
Шебер танымайтын кейбір объектілерге қол жеткізесіз, мысалы RAW форматындағы фотосуреттер.
Бұл форматты кейбір фотоаппараттар жоғары сапалы суреттерді сақтау үшін қолданады. Фот о с у р е т т е р д і қ а р а п ш ы ғ у . Wіndows-тың суреттерді қарайтын кірістірілген бағдарламасы бар. Оның көмегімен JPEG, TІFF, GІF, BMP сияқты суреттер форматтарын экранда қарауға және басып шығаруға болады. Суреттерді қарап шығу бағдарламасын шақыру үшін фотосурет файлының немесе басқа суреттің белгісіне тінтуірдің сол жақ пернесін екі рет шертіңіз. Егер екі рет шерткенде басқа бағдарлама ашылса, мысалы, фотосуреттерді өзгертуге арналған, онда файл белгісінің қосалқы мәзірі арқылы Wіndows ішіне кірістірілген қарау құралын ашуға болады. Суреттің белгісіне тінтуірдің оң жақ пернесін шертіп, оны экранға шақырыңыз. Содан кейін мәзірден
Қарап шығу командасын таңдаңыз. Wіndows-тың суреттерді қарауға арналған бағдарламасының терезесі 1.44-суретте көрсетілген. С у р е т т е р д і б а с ы п ш ы ғ а р у . Wіndows-қа кірістірілген суреттерді қарауға арналған бағдарлама суреттерді басып шығаруға жіберуге мүмкіндік береді (1.45-сурет). Экранда
Фотосуреттерді -
басып шығару шебері
— сапасы ең жақсы басып шығарылған суреттерді алу үшін қажетті параметрлерді белгілеуге көмектесетін бағдарламаның терезесі шығады. Басып шығару үшін қолданылатын принтерді таңдаңыз.
Принтерді орнату түймесінің көмегімен - операциялық жүйеге жаңа принтер қосуға болады. Егер сіз қосымша - принтердің баптауларын өзгерткіңіз келсе (мысалы, қағаздың форматын өзгерту немесе арнайы эффектілер пайдалану),
Басып шығаруды баптау түймесін шертіңіз. Басып шығару форматын таңдаңыз. Мысалы, фотосуреттерді басып шығару режимін бүкіл бетке немесе форматы 10 х 15 см екі фотосуретті форматы A4 бір бетке шығару. Нұсқалардың бірі - фотосуреттердің кішірейтілген көшірмелерін және файлдардың аттарын бір бетке (контак-лист) шығару. Ол сіздің цифрлық альбомыңызды жүргізуді тапсыру үшін пайдалы болуы мүмкін. Әрбір суретті пайдалануда
Саны өрісінің көмегімен әрбір фотосуреттің көшірмелер санын беруге болады. Жұмысты аяқтау үшін
Дайын
түймесін шертіңіз.
Сурет туралы ақпарат алу үшін Wіndows ХР кейбір фотокамералардың үлгілері сурет файлдарында сақтайтын түсіру параметрлері туралы ақпаратты қарап шығуға мүмкіндік береді. Ол үшін бума терезесіндегі қажетті файлды таңдаңыз, оның белгісіне тінтуірдің оң пернесін шертіңіз және экранға шыққан қосалқы мәзірдің көмегімен
Қасиеттер
командасын таңдаңыз. Экранда файлдың қасиеттер терезесі шығады —
Мәлімет
қосымша парағына өтіңіз (1.46, а-сурет). Осы қосымша парақта суретке ат қоюға, оған пікірлер жазуға және автордың қолын қоюға, сондай-ақ суретті сипаттайтын негізгі сөздерді жазып қалдыруға болады.
а —
мәлімет
қосымша парағы
; б — мәлімет - Қосымша
Қосымша
түймесін шертіңіз (1.46, б
-сурет). Бұл түсіру параметрлері туралы ақпаратты қарауға мүмкіндік береді.
Веб-камераны қосу
. Веб-камера — нақты уақыт режимінде суреттерді тіркеуше мүмкіндік беретін цифрлық видео- немесе фотокамера, суреттер әрі қарай Интернет желісі арқылы (Skype, Іnstant Messenger немесе кез келген басқа видеоқосымшада) тасымалдауға арналған. Суреттерді Интернет арқылы жеткізетін веб-камералар суреттерді не сұраным бойынша, не үздіксіз, не біркелкі уақыт аралықтары сайын веб-серверге жүктейді. Бұл камераны компьютерге қосу арқылы немесе камераның өзінің мүмкіндіктері арқылы жүргізіледі. Кейбір заманауи үлгілердің аппараттық және бағдарламалық жасақтамалары бар, олар камераға веб-сервер, FTP- сервер, FTP-клиент ретінде өздігінен жұмыс істеуге және (немесе) суреттерді электрондық пошта арқылы жіберуге мүмкіндік береді. Видеоконференцияларға арналған веб-камералар — бұл, әдетте, Іnstant Messenger сияқты бағдарлама қосылған компьютерге жалғанатын камералардың қарапайым түрлері (1.47-сурет). Күзету мақсаттарында қолданылатын камералар қосымша құрылғылар мен функциялармен жабдықталуы мүмкін (қозғалыс детекторлары, сыртқы датчиктер және т.б.).
Алғашқыда мәтіндік чаттарға арналған қосымшаларда веб- камералармен жұмыс істеу мүмкіндігі пайда болған соң, (Іnstant Messenger сияқты бағдарламалар) — оның ішінде Skype, Yahoo Messenger, AOL Іnstant Messenger, Wіndows Lіve Messenger — бүкіл әлем бойынша миллиондаған қарапайым пайдаланушылар бір бірімен - видеофон арқылы сөйлесу мүмкіндігіне ие болды. Видеодеректер сапасын жақсарту веб-камераларға осыған дейін болған видеоконференцбайланыс жүйелерімен бәсекелесуге мүмкіндік берді. Кейбір веб-камералар арнайы танымалдықты және видеобайланыс ыңғайлылығын арттыруға бағытталған (оның ішінде суреттің автоматты ретуші, әжімдерді тегістеу және т.б.) жаңа функциялармен жабдықталады.
Желілік веб-камера (ІP-камера)
видеосуретті видеотүсіру,
цифрлау, қысу және компьютерлік желі арқылы тасымалдау жүргізетін цифрлық құрылғы. Қарапайым веб-камерадан айырмашылығы желілік камера веб-сервер ретінде әрекет етеді және өзіндік ІР-адресі бар. Осылайша, камераны Интернетке тікелей қосуға болады, бұл видео- және аудиосигналды алуға мүмкіндік береді және камераны Интернет арқылы браузерден басқаруды қамтамасыз ете алады. Веб-камераны компьютерге жалғау үшін жеткізу жинағына кіретін usb-сымды пайдалану керек (1.48-сурет). Сымның бір ұшын алып, оны камерадағы сәйкес ағытпаға қосыңыз, ал басқа ұшын компьютердің usb ұясына жалғаңыз. Содан кейін жаңа құрылғының қосылғанын білдіретін оперциялық жүйеге тән дыбысты естіген соң, оның толық сәйкестендірілуін күтіңіз.
орнатылғанша күтіңіз. Содан кейін қажет болған жағдайда
операциялық жүйені қайта жүктеңіз.
Кейбір жағдайларда дискіні жүктеу кезінде қажетті драйвер өздігінен автоматты түрде орнатылады. Егер тәсілдердің ешқайсысы жұмыс істемесе, драйвер орнатылмаса және веб-камера жұмыс істемесе, Интернетті пайдаланыңыз. Веб- браузерді қосыңыз және құрылғы өндірушісінің сайтына өтіңіз, Тауарлар каталогы бар бетті ашыңыз және қажетті веб-камераны табыңыз. Сайттан компьютерге осы үлгіге арналған драйверлері бар файлды жүктеуге болатын сілтемені табыңыз. Жүктеуге арналған сілтемені шертіңіз және файлды компьютердің қатты дискісіне сақтаңыз. Оның жүктелуін күтіңіз. Содан кейін веб-камераның драйверін орнату процесін іске қосу үшін жүктелген файлды екі рет шертіңіз. Орнатылатын орынды таңдаңыз, қажет болған жағдайда пайдаланылатын операциялық жүйені және басқа параметрлерді көрсетіңіз, содан кейін тиісті түймені басып, драйверді орнатыңыз. Егер қажет болса, өзгерістер күшіне ену үшін операциялық жүйені қайта жүктеңіз. Енді веб-камераңызды пайдаланатын бағдарламаны іске қосу қажет. Әдетте осындай бағдарламалар камераларға қосы берілетін орнату дискілеріндегі драйверлермен бірге беріледі. Егер сондай бағдарлама болмаса, оны Интернеттен жүктеп алыңыз немесе диск сатып алыңыз, компьютеріңізге орнатыңыз және қосыңыз. Бүгінгі күні веб-камераларды пайдаланатын ең танымал бағдарламалар Skype, maіlAgent, WebCamMax және басқалары болып табылады. Іске қосылған соң, бағдарлама өзі камераның барын анықтайды. Егер қажет болса, тиісті тарауда параметрлерді баптаңыз (1.51-сурет).
1.13-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып:
Дыбыстық жабдықты қосу және баптау.
Сабақтың мақсаты:
дыбыстық техникалық жабдықты қосу, баптау және жұмыс істеу ережелерімен танысу.
Орындау уақыты:
20 мин.
Жұмыс тәртібі
Бұл ретте микрофон
дыбыстық картаның қызғылт түске боялған микрофондық
кірісіне қосылады (1.50-сурет), ал акусти- калық жүйелер (құлаққаптар) картаның
жасыл түске боялған сызықтық шығысына жалғанады. 3. Дыбысты ойнатыңыз және жазбаны баптаңыз: Іске қосу → Бағдарламалар → Стандартты → Ойын-сауықтар → Дауыс қарқындылығын реттегіш (Дауыс қарқындылығы)
( 1.51-сурет).
Ашылған терезеде қосуға немесе сөндіруге, ойнату деңгейін және балансты өзгертуге болады. Жазу параметрлерін өзгертіп, жазу қайнарын таңдау үшін келесі алгоритмді жазып алыңыз:
Параметрлер →
Қасиеттері → →
Жазбаны таңдау →
ОК
(1.52-сурет). Ашылған терезеде
Микрофон
таңдаңыз. Микрофон жазуға дайын. Сынама жазу жазайық. Алгоритмді жазып алыңыз:
Іске қосу →
Бағдарламалар →
Стандартты →
Ойын-сауық →
Дыбыс жазу (1.53-сурет). Көліктік панельді пайдаланып, сынама жазу жазайық. Келесі команданы пайдаланып, жазу нәтижелерін сақтайық:
Файл →
Сақтау... 4. Жазуды тыңдаңыз.
Тақырып:
Фотоаппаратты компьютерге жалғау.
Сабақтың мақсаты:
цифрлық жабдықты қосу, баптау және жұмыс істеу ережелерімен танысу.
Орындау уақыты:
45 мин.
Жұмыс тәртібі 1. Цифрлық фотоаппаратты компьютерге жалғаңыз. 2. Компьютерде суреттерді фотоаппараттан немесе камерадан көшіруге арналған буманы құрыңыз. 3. Компьютердің қатты дискісіне жүктегіңіз келетін фотосуреттерді (кемінде 5) таңдаңыз. Цифрлық фотоаппараттан компьютерде құрылған бумаға суретті/суреттерді жүктеңіз. 4. Фотосуреттерді қарау бағдарламасының көмегімен фотосуреттерді қарап шығыңыз.
1.9-кесте. Фотосуреттердің қасиеттері
№ р/с
Файл атауы
Файлдың түрі
Түсіру күні
Файлдың өлшемі
Суреттің ені, пиксельдер
Суреттің биіктігі,
пиксельдер
Түс терең дігі
Тақырып:
Веб-камераны компьютерге қосу.
Сабақтың мақсаты:
веб-камераны қоу және онымен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдыларын үйрену.
Орындау уақыты:
15 мин.
Жұмыс тәртібі
Бұған дейін қарастырылғандай, м у л ь т и м е д и а — мәтін, графика, фотосурет, дыбыс, анимация және видео сияқты негізгі алты компонентті біріктіретін технология (1.54-сурет). Қарапайым киноға қарағанда, компьютерлік мультимедиялық өнімнің негізгі екі ерекшелігі бар. Біріншіден, пайдаланушы ақпарат ағынын басқара алады, объектілердің компьютер экранында көрсетудің әртүрлі режидерін таңдай алады, яғни мультимедиялық бағдарламалар интерактивтілік қасиетке ие. Екіншіден, кинофильм өндірісі компьютер бағдарламасын өндіруден әлдеқайда қымбат. Мультимедианың екі негізгі құралдары бар: аппараттық және бағдарламалық.
Аппараттық құралдар әрі стандартты (видеоадаптерлер, мониторлар, диск жетектері, қатты дискілердегі жинақтаушылар), әрі арнайы (дыбыстық карталар, CD-ROM жетекері және дыбыстық колонкалар) құралдармен көрсетіле алады.
Аппараттық жабдықталуы жоқ бағдарламаның мәні жоқ.
Мультимедиа құру және ойнатудың
бағдарламалық құралдары
едәуір көптүрлі. Бұл осы құралдармен шешілетін міндеттердің көп түрлілігімен және барлық қажеттіліктерді қанағаттандыратын осындай бағдарламалық кешенді құру мүмкін еместігімен байланысты. Бағдарламалық құралдар қолданбалы және мамандандырылған болып бөлінеді.
Қолданбалы құралдар
— пайдаланушыға ақпаратты қандай да түрде ұсынатын Wіndows қосымшалары. Мультимедиа құралдарын бағдарламалық қолдау Wіndows-та бар. Мысалы әмбебап ойнатқыш (медиаплеер) аудио- және видеожазбаларды, мультфильмдерді және видеофильмдерді ойнатуға арналған. Суреті және дыбысы бар файлдардың *.avі, *.mov, *.mpg кеңейтулері бар. Sound Recorder арнайы фонографы дыбысты жазуға және ойнатуға, сондай-ақ дыбыстық файлдарды өзгертуге арналған.
Мамандандырылған құралдар
— бұл мультимедиялық қосымшаларды немесе мультимедиалық жобаларды (мысалы, мультимедиа презентацияларды құруға арналған бағдарлама MіcroSoft Power Poіnt) құруға арналған құрал. Осындай құрылғыларға графикалық редакторлар, видеосуреттер редакторлары (мысалы, Adobe Premіer), дыбыстық ақпаратты құруға және өзгертуге арналған құралдар және т.б. жатады. Осы мультимедиа құралдарының шешетін негізгі міндеттері:
Тақырып:
Мультимедиа бағдарламалық құралдары
Сабақтың мақсаты:
мультимедиа бағдарламалық құралдарын оқу.
Орындау уақыты:
45 мин.
Жұмыс тәртібі Компьютерде орнатылған мультимедиялық өнімдерді құруға арналған құралдарды табыңыз, ашыңыз және іске қосыңыз. 1.10- кестені толтырыңыз. Компьютеріңізге орнатылған мультимедиялық құралдар туралы қорытынды жасаңыз.
1.10 кесте. Бағдарламаның функциялары
№ р/с
Бағдарламаның аты
Функциялары
Wіndows Medіa ойнатқыш
1
Тақырып:
Мультимедиа бағдарламалық құралдары
Сабақтың мақсаты:
мультимедиа мамандандырылған бағдарламалық құралдарын оқу.
Орындау уақыты:
45 минуттан екі сабақ.
Жұмыс тәртібі
Мультимедиа құралдары микрофоннан, магнитофоннан, CD- плеерден, видеокамерадан, видеомагнитофоннан және т.б. тәсілдер арқылы ақпаратты компьютерге енгізуге мүмкіндік береді. Өлшемі 5,25" стандартты CD-ROM лазерлік дискінің көлемі 650 Мбайт-қа дейін. Ол тек ақпаратты оқу режимінде ғана жұмыс істейді. Мультимедиа дербес бағыт ретінде 1990-шы жылдардың басында АҚШ-та компьютерлік периферия бағытында пайда болды. Сол кезде компакт-дискілерде алғашқы бағдарламалық өнімдер пайда бола бастады. 1990 ж. CD-дискіде небәрі 10 мультимедиялық бағдарлама шығарылды, ал бүгінгі күні бұл мыңдаған есе көп. Мультимедиа көмегімен балалар ертегілері қайта жанданды, шет тілдерін оқуға арналған «тілдесетін» бағдарламалар, анықтамалар және видео- және дыбыстық клип фрагменттері бар энциклопедиялар құрылады. Бағдарламалардың аттарының өзі осыны білдіреді: Сіздің отбасылық дәрігер, ағылшын тілімен бірге ойнаймыз, Мұхитта, Эрмитаж, Библия, Өнер. Осының барлығы дербес компьютердегі мультимедиа технологияларының және CD-ROM дискілердің арқасында мүмкін болды (1.55-сурет). Мультимедиялық өнімдер тасығыштары ретінде әртүрлі ақпараттың көп көлемін сақтауға мүмкіндік беретін құралдар қолданылады. Әдетте, мультимедиялық өнімдер не компьютерлік тасығыштар мен ойнату құралдарына (CD-ROM), не арнайы телевизиялық (СD-і) приставкаға, не телекоммуникациялық желілер мен олардың жүйелеріне бағдарланған. Мультимедиа-тасығыштың әрбір түрінің айрықша ерекшеліктері, артықшылықтары және жетістіктері бар. Олар мультимедианы әртүрлі салада тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Жазуға арналған тасығыштар ретінде мультимедиа қолданыла алады: USB-тасығыштар; компакт-дисктер; DVD-дискілер; мини-СD; СD- визит карталары; түпнұсқа компакт-дискілер.
USB-тасығыштар.
USB-жинақтағыш немесе флеш-жинақтағыш, немесе «флешка» — деректерді сақтау үшін флеш-жады қолданатын және компьютерге немесе өзге оқығыш құралға стандартты USB ағытпа арқылы қосылатын ақпарат тасығыш (1.56-сурет). Әдеттегі USB-жинақтағыштар алынбалы және қайта жазылатын, өлшемі шамамен 5 см, массасы 60 г аз. Олардың пішіні шағын болғандықтан, файлдарды қайта жазу жеңіл әрі үлкен жад көлемі (32 Мбайт бастап 256 Гбайт дейін) болғандығы үшін 2000-шы жылдары кеңінен таралды. USB-жинақтағыштардың негізгі тағайындалуы — деректерді сақтау, тасымалдау және деректерді алмасу, резервтік көшіру, операциялық жүйелерді жүктеу (LіveUSB) және т.б. Әдетте құрылғының пішіні созыңқы және ағытпаны жауып тұратын алынбалы қақпағы бар болады; кейде мойынға тағуға арналған бау салынады. Қазіргі «флешкалардың» өлшемдері мен ағытпаны қорғау тәсілдері алуан түрлі, сондай-ақ сыртқы түрі «стандартты емес» (армия пышағу, сағат және т.б.) және әр түрлі қосымша
мүмкіндіктері бар (мысалы, саусақ ізін тексеру және т.б.).USB-жинақтағыштардың келесі артықшылықтары бар:
тақшаларының USB-ағытпалары
бар;
Компакт-дискілер.
Компакт-дискілерді пайдалану мультимедиялық өнім күрделі графика мен видеоматериалдар көлемін көп пайдаланып жасалған кезде оңтайлы нұсқа болып табылады. Мысалы, демонстрация үрдісі динамикалық түрде қту үшін файлдардың, фотогалереялардың және ауқымды анимацияланған видеороликтердің күрделі құрылымы қолданылған көп компонетті презентацияларды компакт-дискілерге жазған дұрыс.
DVD-дискілер.
Сыйымдылығы көп тасығыш түрі — бұл DVD- диск. Оның сыйымдылығы 4 Гбайттан асады, сондықтан оны кәсіби видеотүсіру пайдаланып жасалған мультимедиялық өнімдерді көрсету үшін қолданады. Сонымен қатар, DVD-дисктердің қосымша артықшылығы презентацияны экранға немесе телевизорға жалғанған DVD-ойнатқыштарда ойнату мүмкіндігі болып табылады.
Мини-CD.
Диаметрі 80 мм және сыйымдылығы 210 Мбайт-тан шағын CD-диск — бұл тек өлшемі кішірейтілген компакт-диск, оның ішінде сыйымдылығы үлкен компакт-дискілердің және түпнұсқалық тасығыштардың тартымдылығы үйлеседі.
CD-визит карталары.
CD-визит карталары нысаны және өлшемдері бойынша банктің кредиттік карталарына ұқсас электрондық карточка болып табылады. Негізінде - бұл 35 Мбайт-қа дейінгі ақпаратты орналастыруға болатын өзіндік компакт-диск болып табылады. CD-визит картасының алдыңғы бетіне түрлі-түсті логотип, фирмалық символика немесе тапсырыс берушінің қалауынша басқа суреттер салынады. Картаның артқы жағы компакт-дискінің оптикалық қабатымен жабдықталған. Электрондық визит картаның артықшылықтарына ең алдымен шағын өлшемі, үлкен сыйымдылығы және түпнұсқалық тасығыш нысаны жатады. Ақпаратты оқу үшін кез келген компьютердің стандартты CD-жетегі қолданылады, бұл CD- картаны Super класты презентациялардың әмбебап тасығышы ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
Super класты тасығыштар ретінде электрондық визит карталарды әдемі тері визитницаға ораған дұрыс, олар сондай-ақ стильді корпоративтік сыйлық ретінде қолданыла алады.
Лазерлік дискілерді пайдалану ережелері.
Лазерлік дискілермен жұмыс істегенде келесі ережелерді орындау керек.
Болады:
Болмайды:
Мүлдем тыйым салынады:
CD/DVD дискіге ақпарат жазу.
Компакт-дискілерге жазу үшін, дискінің құрылғысы мен жазу тәсілдерін білудің мүлдем қажеті жоқ. Дискілерді жазатын барлық бағдарламалар автоматты түрде қажетті форматтағы дискілерді жасайды. Тек қандай диск қажет ететінін көрсету керек. Компакт-диск кодталған ақпараты бар дөңгелек жазық диск болып табылады. Кез келген компакт-диск бір жұқа пластинаға біріктірілген бірнеше қабаттан тұрады. Көптеген компакт-дискілердің диаметрі 120 мм (1.55-суретті қараңыз), бұл 5 дюймді құрайды. Стандартты бес дюймдік CD-дисктің 650 Мб немесе 700 МБ ақпарат болуы мүмкін, бірақ көлемі одан да көп дискілер бар. DVD форматындағы деректер өлшемі мен конструкциясы бойынша қарапайым аудио компакт-дискіге ұқсайтын дискіге жазылады. Және де DVD дискінің ішінде одан да көп цифрлық ақпарат болуы мүмкін - аудио компакт-дискіде 0,65 ГБ, ал DVD дискіде кемінде 4,7 Гбайт. Бүгінгі күні көптеп шығарылатын DVD-дискілердің көлемі қарапайым 7 - 14 CD-дискінің көлеміне тең. Қарапайым компакт-дискілерге қарағанда DVD дискілері екі жақты болуы мүмкін және әр жағынан екі қабатты ақпараты болуы мүмкін. Екі жақты екі қабатты дисктің максималды ақпараттық сыйымдылығы 17 Гбайт.
Түріне және тағайындалуына
байланысты дискілердің келесі түрлерін ажыратады:
Конструкциясы бойынша
DVD төрт түрін бөледі:
DVD-тасығыштарды пайдалану бағыттары.
DVD тасығыштарды пайдаланудың негізгі бағыттары:
1.18-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып:
Мультимедиа тасығыштар.
Сабақтың мақсаты:
мультимедиа тасығыштардың түрлерімен танысу және мультимедиялық ақпаратты тасығышқа жазу дағдыларын меңгеру.
Орындау уақыты:
45 минуттан екі сабақ.
Жұмыс тәртібі
1.11-кесте. Мультимедиа тасығыштардың сипаттамалары №
Сыйымды
р/с
Тасығыштың түрі
лығы
Өлшемі
Тағайындалуы
Сақтау шарттары
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
2-тарау
2.1.
МУЛЬТИМЕДИА ОЙНАТУ
Мультимедианы ойнату үшін әдетте ойнатқыш деп аталатын аудио- және видео-плеерлер пайдаланылады. Бастапқыда оларды біржақты міндеттерді шешу үшін жасаған. Мысалы, танымал Wіnamp медиаплеері көбінесе mp3 форматындағы қысылған аудиофайлдарды ойнатуға арналған. Кейін ол ойнататын файлдар тізімі айтарлықтай кеңейді (2.1-сурет). Wіnamp Wіndows операцялық жүйесіінің стандартты жеткізіліміне кірмейді, алайда музыка сүюшілер арасында кеңінен танылған.
Бұл ойнатқыш аудио- және видеофайлдар форматтарының көпшілігін қолдайды, қарапайым музыкалық CD файлдарды mp3- файлдар конверсиялай алады және оларды компьютерге жаза алады, жазушы жетекте CD-дискілер күйдіре алады және т.б. Wіnamp плеерінің құралдары арқылы онлайн-радио тікелей трансляцияларын тыңдауға, аудиофайлдар мен онлайн-радио станцияларына арналған ыңғайлы плейлисттер жасауға болады. Бағдарлама әр түрлі мобильді құрылғылармен синхрондауды іске асыра алады. Плеер үш нұсқада шығарылады: Lіte (жеңілдетілген нұсқа), Full (толық нұсқа) және Pro(кәсіби, ақылы нұсқа). Солайша, Wіnamp келесі мүмкіндіктерге ие: Сонымен қатар, Wіnamp Интернеттегі мультимедиалық файлдарға қолжетімділікті, музыкалық файлдарды ойнатуды және музыка топтамасын іPod басқару мен радио хабар таратудың интерактивті қызметін қолдайды.
Тақырыбы
: Мультимедиа ойнату.
Сабақ мақсаты
: Wіnamp бағдарламасының мысалында танымал аудио- видео плейерлердің мүмкіндіктерімен танысу.
Орындау уақыты
: 25 мин.
Жұмыс тәртібі
2.Сервис мәзірінде мұқабасы мен түс схемасын таңдап, бағдарламаны баптаңыз.
3.Музыканы тыңдау үшін аудиофайлды ашыңыз (2.1-сурет қараңыз).
4.Дыбыс қаттылығын, эквалайзерді баптаңыз.
5.Бұл аудиофайлды сәйкес батырманы басу арқылы ойнату тізіміне қосыңыз.
Тақырыбы
: Мультимедиа ойнату құралдары.
Сабақ мақсаты
: танымал аудио-, видеоплейерлермен танысу, олардың мүмкіндіктерін салыстыру.
Орындау уақыты
: 45 мин.
Жұмыс тәртібі
Интернет желісін пайдалана отырып, мультимедиа ойнатудың танымал бағдарламаларымен танысыңыз (кемінде 5-6), кестені толтырыңыз:
Р\б №
Аудио-, видеопле йер
атауы
Ақылы, тегін
Ойнатудың сүйемелденетін форматтары
Басқа
мүмкіндіктер
Компьютер ге қойылатын
талаптар
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.3.
ДЫБЫСТЫ КОМПЬЮТЕРДЕ ӨҢДЕУ
Дыбыс амплитудасы мен жиілігі үздіксіз өзгеретін дыбыс толқыны болып табылады. Сигнал амплитудасы неғұрлым көп болса, адам үшін ол соғұрлым қатты, сигнал жиілігі неғұрлым көп болса, үн соғұрлым жоғары. Компьютер дыбысты өңдей алуы үшін үздіксіз дыбыстық сигнал цифрлануы тиіс, яғни электрлі импульстер реттілігіне айналуы керек (екілік нөлдер және бірліктер). Үздіксіз дыбыс сигналын кодтау үдерісінде оны уақытша дискреттеу іске асырылады. Үздіксіз дыбыстық толқын жеке шағын кесінділерге бөлінеді, бұл ретте әрбір кесінді үшін белгілі А амплитуда шамасы белгіленеді (2.2-сурет).
Солайша, сигнал амплитудасының A(t) уақыттан үздіксіз тәуелділігі дыбыс қаттылығы деңгейлерініңдискретті реттілігіне алмастырылады. Графикте ол тегіс қисық сызықты «сатылар» реттілігене ауыстыру түрінде байқалады. Әр «сатыға» дыбыс қаттылығының мәні, оның коды (1, 2, 3 және т.б.) меншіктеледі. Дыбыс қаттылығының деңгейлерін мүмкін болатын күйлер жинағы ретінде қарастыруға болады. Сәйкесінше, дыбыс қаттылығының неғұрлым көп деңгейі кодтау үдерісінде бөлінсе, әрбір деңгей мәні соғұрлым көп ақпарат артады және дыбыс соғұрлым сапалы болады. Танылатын сигналдардың дискреттік деңгейлерінің саны дыбыс картасының разрядтылығын (R) құрайды. Заманауи дыбыс карталары д ы б ы с т ы к о д т а у д ы ң 8 немесе 16-биттік т е р е ң д і г і н ( д ы б ы с т е р е ң д і г і н ) қамтамасыз етеді. Сигналдың әр түрлі деңгейлерінің (нақты кодтаудағы күйлер) санын келесі формула арқылы есептеуге болады:
N= 2
1
мұндағы
І
—дыбыс тереңдігі. 16-биттік дыбыс карталары 8-биттіктерге қарағанда дыбысты дәлірек кодтайтыны және ойнататыны анық.
Дискреттеу жиілігі ( ᵑ ) – уақыт бірлігінде сигнал деңгейін өлшеу саны. 1 с ішінде неғұрлым көп өлшеу жасалса (дискреттеу жиілігі неғұрлым көп болса), екілік кодтау шарасы соғұрлым дәл болады. Секунд ішіндегі бір өлшеу 1 Гц (герц) жиілікке сәйкес келеді. Секунд ішіндегі 1 000 өлшеу 1 кГц-ке сәйкес келеді. Сигналдарды іріктеу өтетін жиілік 5,5 бастап 48 кГц-ке дейінгі мәндерді қабылдауы мүмкін. Дыбысты екілік кодтау сапасы кодтау тереңдігімен және дискреттеу жиілігімен анықталады. Дискреттік үлгідегі дыбыс сапасы өте нашар (8 бит және 5,5 кГц кезінде) және өте жоғары (16 бит және 40 кГц жоғары кезде) болуы мүмкін, ол радиотрансляцияға және аудио-CD да қатысты. Цифрлық моноаудиофайл көлемі (стереофайл үшін көлемді 2 есе арттырамыз) келесі формула бойынша есептеледі:
V = Rtᵑ,
Мұндағы V – аудиофайлдың ақпараттық көлемі, бит; R – дыбыс картасының разрядтылығы, бит; t – аудиофайлдың ойнау уақыты, с; п – дискреттеу жиілігі, Гц.
Дыбыспен жұмыс істеуге, сонымен қатар аудиоподкасттарды
1
жазуға арналған көптеген әр түрлі бағдарламалар бар (ақылы және тегін).
Audacіty бағдарламасы
аудиоподкасттарын жазуды және дыбыспен жұмыс істеуді қалайтын пайдаланушылардың көпшілігі пайдаланатын, ең кең таралған бағдарламалардың бірі. Audacіty бағдарламасы – барлық негізгі операциялық жүйелерге (Wіndows, Mac, Lіnux және т.б.) арналған қарапайым және ыңғайлы дыбыс редакторы. Audacіty – GNU General Publіc Lіcense шарттарымен таратылатын еркін бағдарламалық өнім. Соңғы тұрақты нұсқасын жоба сайтынан жүктеуге болады — audacіty.sourceforge.net.
Audacіty редакторы келесі функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді:
Сүйемелденетін дыбыс форматтары:
1
Подкаст – қарапайым аудио- немесе видеожазба. Бұл аудиожазба арнайы ресурста орналастырылған:
аудиоподкасттарды орналастыруға арналған сайт, блок, әлеуметтік желі немесе мамандандырылған сервис болуы мүмкін.
87
Егер Сіз Photoshop бағдарламасымен таныс болсаңыз, PSD және AUP арасында ұқсастық келтіруге болады. Бұл формат тек Audacіty түсінетіндіктен, дыбыс файлын таратудан бұрын оны төменде келтірілген стандартты форматтар бірінде сақтау ұсынылады;
Тақырыбы
: Дыбысты кодтау.
Сабақ мақсаты
: аудиофайлдың теориялық және нақты ақпараттық көлемін анықтауды үйрену.
Орындау уақыты
: 25 мин.
Жұмыс тәртібі
1. Дыбыс жазу бағдарламасының көмегімен 16-биттік кодтаумен және 44 кГц дискреттеу жиілігімен ұзақтылығы 20 с моноаудиофайлды жазу. Ол үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
батырмасын шерту.
Дыбысты таңдау
панелінде ашылатын тізімнен дыбысты кодтау режимін (кодтау тереңдігін, дискреттеу жиілігін, моно/стерео) таңдаңыз. Формула бойынша аудиофайлдың теориялық көлемін есептеңіз. Оның нақты көлемін есептелгенмен салыстырып болған жағдайда, сандық параметрлердегі айырмашылықты негіздеңіз.
Тақырыбы
: Дыбысты компьютерде өңдеу.
Сабақ мақсаты
: Audacіty дыбыс редакторының мысалында дыбысты құру және редакциялау бағдарламасымен жұмыс істеу дағдыларын алу.
Орындау уақыты
: 45 мин.
Жұмыс тәртібі
1. Audacіty бағдарламасын ашыңыз. 2.Микрофоннан дыбысты жазыңыз. Audacіty дыбысты сыртқы құрылғылардан, соның ішінде микрофоннан да жазуға мүмкіндік береді. Микрофоннан дыбыс сигналын жазудан бұрын оның қосулы болуына көз жеткізіңіз. Микрофон әдетте жүйелік блоктың артқы панеліндегі арнайы жалғағышқа (әдетте қызыл түсті) қосылады. Микрофонның микшер арқылы қосылуы дұрыс (жаңа конденсаторлы типті микрофондар үшін - міндетті). Кіріс құрылғысы ретінде
Микрофон , сонымен қатар, кіріс сигналын күшейтудің қажетті деңгейін орнатыңыз (2.3-сурет). Содан кейін
Жазу
батырмасын басыңыз. Жазба аяқталғаннан кейін
Тоқтату
батырмасын басыңыз.
дыбыс жолын редакциялау
2
.5-сурет Тыныштық тудыру Сонымен бірге, масштабты тінтуір шығыршығын пайдалану арқылы, [Ctrl] пернесін басып ұстап тұру арқылы өзгертуге болады. Егер сигналдың қажетті бөлігі терезе шегінен тыс орналасса,
Жылжыту құралын пайдаланып, сигналды қажетті түрде позициялауға болады. Жолды редакциялау үшін
Белгілеу құралын пайдаланып, редакциялауды қалайтын дыбыс жолының кесіндісін белгілеңіз (2.4 -сурет).
Белгіленген үзінді жұмыс терезесінің бүкіл кеңістігін алуы үшін
Белгіленгенді сыйғызу
құралын және де керісінше жоба жұмыс терезесінде сыюы үшін
Түзету
құралдар панелінде
Жобаны сыйғызу
құралын басыңыз. Белгіленген үзіндіге редакциялаудың стандартты шараларын қолдануға болады: Түзету панеліндегі [Ctr] +
[X], [Ctr] +
[С] және
Салу
[Ctr]
[V] құралдары арқылы.
Дыбыс жолының белгіленген үзіндісін ойнату үшін [Бос орын] пернесін немесе
Ойнату
құралын басуға болады (2.4-сурет қар.). Егер белгіленген аудиожол үзіндісіне
Тыныштық тудыру құралын қолданса, ол дыбыссыз ойнатылады, яғни «Тыныштықпен толтырылады» (2.5- сурет). Ал егер
Шетінен кесу
құралын қолданса, сигнал кесіледі.
Нәтижесінде тек белгіленген үзінді ғана қалады (2.6-сурет).
2.7-сурет. Шуды жою
тармағын таңдаңыз. Ашылған терезеде
Шу үлгісін құру
батырмасын басыңыз (2.7-сурет). Содан кейін бүкіл дыбыс жолын белгілеңіз. Қайтадан
Шуды жою терезесін ашып, жылжыманы қозғалту арқылы қажетті сүзу деңгейін таңдаңыз. Егер
Тыңдау
батырмасын басса, алдын ала жұмыс нәтижесін тыңдауға болады. Соңында
ОК
батырмасын басу қажет.
Қарастырылған әсерлерден басқа, Audacіty-де
Әсерлер
мәзірінде орналасқан және редакциялау бойынша әр түрлі міндеттерді шешетін тағы бірқатар әсерлері бар. Мысалы, аудиожазбаны үзінділерге бөлу.
үзіндісін белгілеңіз (2.9-сурет).
Белгілеу
құралын активтендіруден кейін тінтуірдің сол жақ батырмасын басулы ұстап, аудиожазбаның қажетті үзіндісін белгілеңіз (2.10-сурет).
Содан кейін мәзірдің Түзету → Жою тармағын активтендіру керек немесе жай ғана [Delete] пернесін басу қажет. Аудиожазба 2.11-суретте көрсетілген түрге айналады.
ашылған сұхбат терезесінде (2.11-сурет) келесі әрекеттерді орындау қажет:
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
2.3.
ВИДЕОНЫ КОМПЬЮТЕРДЕ ӨҢДЕУ
Аналогтық сигналды цифрлық үлгіге түрлендіру (цифрлау немесе видеоқармау) аудиосигналдармен жұмыс істегендегі тәрізді қағидалармен орындалады. Алайда дыбысты цифрлауға қарағанда, есептеулер сирек жасалады (секундына 25 рет), бірақ есептеу нәтижесі бүтін кадр болып табылады. Әрбір нүктеге 24 бит кезінде ең жиі пайдаланылатын кадр өлшемі - 352 х 288 нүкте. Ол шамамен 60 Мбит/с цифрлық ағынды береді және аудиоағын шамасынан айтарлықтай асады. Сондықтан, мәліметтерді қысу бұл жағдайда – қажеттілік. Қысу алгоритмдерінің саны көп (MPEG1, MPEG2, MPEG4 және басқалар). MPEG – Movіng Pіcture Expert Group-тан шығады. Movіng Pіcture Expert Group – кинематография бойынша сараптамалық топ, қозғалмалы видеосуреттерді мультимедиа/гипермедиа үшін синхрондалған дыбыспен нақты уақыт масштабында дискреттік косинустық түрлендіре
DCT (Dіscrete Cosіne Transform) негізінде қаптау (қысу) бойынша атаулас стандарттың әзірлеушісі. Видеоклиптер жасау және түсірілген видеоны монтаждау үшін редакциялаудың компьютерлік жүйелері пайдаланылады. Монтаждаудың бұл сызықтық емес жүйелері идеялармен жеңіл тәжірибе жүргізуге және фильмнің көптеген әр түрлі нұсқаларын жасауға мүмкіндік береді. Редакциялау негіздері кесу мен тасқындарды қажет етсе де, сызықтық емес жүйелер түс түзету, әр түрлі манипуляциялар мен арнайы әсерлер, жылдамдық әсерлері мен дыбысты микширлеу әсерлерін қамтиды.
Видеомонтажға арналған тегін бағдарламалар (Open Source).
Пайдаланушыларға көптеген тегін бағдарламалар ұсынылады:
Видео өңдеуге арналған ақылы бағдарламалар.
Тегін бағдарламалардан басқа
бейнені өңдеу үшін бірқатар ақылы (шартты тегін) бағдарламалар бар: Adobe Premіere, Pіnnacle Studіo, Wіndows Movіe Maker, Ulead Vіdeostіdіo және т.б. Adobe Premіere — бұл видеоны нақты уақытта өңдеуге арналған мықты құрал, ол пайдаланушыға кең мүмкіндіктер береді. Premіere пайдасына тағы бір дәлел - бұл белгілі Adobe тобының бір бөлігі болып табылатындығы. Олардың саны көп және барлық өнімдері жоғары сапалы болып табылады;
Adobe Photoshop — жалпыға танымал және ең белгілі графикалық редактор; Adobe After Effects - видеофильмде арнайы әсерлер мен анимацияларды жасауға арналған бағдарлама;
Adobe Audіtіon — мықты дыбыстық редактор;
Adobe Encore DVD — интерактивті мазмұны бар DVD дискілер жасау.
Бағдарламалар өзара байланысты болғандықтан, бұл өте ыңғайлы. Мысалы, Adobe Premіere бағдарламасында фотосуретті ашамыз және оның жеткілікті жарқын емес екенін (өткір, контрасттық және т.б.) көреміз. Adobe Premіere бағдарламасынан шықпай-ақ, Adobe Photoshop бағдарламасын ашып, түзетулер енгізуге болады. Айталық, дыбысты түбегейлі өңдеу қажет. Мысалы, ер адамның дауысы қажет, бірақ әйелдің ғана даусы бар. Фильм үзіндісін немесе тек дыбыстық жолды Audіtіon бағдарламасына жүктейміз, жиілігін, тембрді өзгертеміз: дауыс дайын. Эффектілерді жасау үшін Adobe Premіere жобасын After Effects бағдарламасында ашуға болады, содан кейін ойлағанын істеп, Adobe Premіere бағдарламасына қайтуға болады. Видеофильм жасаудың барлық кезеңдерін Adobe тобының көмегімен жасауға болады. Бұл өте ыңғайлы.
Pіnnacle Studіo HD Ultіmate Collectіon
— HD видео, оның ішінде Blu-ray және AVCHD видео қолдайтын, видео өңдеуге арналған танымал бағдарлама. Бағдарламаның қарапайым және ыңғайлы интерфейсі бар. Оның көмегімен әртүрлі эффектілер, ауысулар және анимацияны пайдаланып, жоғары сапалы, сондай-ақ керемет Dolby Dіgіtal 5.1 дыбысы бар видеороликтер жасауға болады.
Бағдарламаға титрлер, түрлі-түсті түзетулер, жарықтандыру және ерекше эффектілер жасауға арналған кәсіби құралдар бар.
Wіndows Movіe Maker
— ең қарапайым монтаждық бағдарлама, ұсынатын мүмкіндіктері барынша аз, бірақ видео монтаждауға мүмкіндік береді. Оның артықшылығы — қолжетімділігі, себебі ол Wіndows жүйесінің құрамына кіреді. Жобалар құрылатын және монтаждалатын аймақ екі түрмен берілген: кадрлау және уақыт шкаласы. Фильм жасау барысында осы екі түрдің арасында ауысып отыруға болады.
Видео жасау сатылары.
Видеороликпен немесе видеофильммен жұмыс істеу кезіндегі әрекеттердің тізбегін қарастырамыз:
Кадрлау.
Кадрлау Wіndows Movіe Maker бағдарламасындағы әдепкідегі түр болып табылады. Кадрлауды жоба клиптерінің тізбегін қарау және өзгерту үшін қолдануға болады. Сонымен қатар, бұл түрде барлық қосылған видеоэффектілерді және видеоауысуларды қарауға болады.
Уақыт шкаласы.
Уақыт шкаласы жоба клиптерінің уақытша параметрлерін қарауға және өзгертуге мүмкіндік береді. Уақыт шкаласындағы түймелердің көмегімен жобаның түрін өзгерту, жобаның бөліктерін ұлғайту немесе кішірейту, пікір жазу немесе дыбыс қарқындылығы баптау сияқты операцияларды орындауға болады. Клиптің қажетсіз бөліктерін кесіп тастау үшін клипті таңдаған кезде шығатын монтаж маркерлерін пайдаланыңыз. Жоба уақыт шкаласында көрсетілетін барлық клиптерді анықтайды.
Видео.
Видеожол қандай видеоклиптердің, суреттер немесе тақырыптардың жобаға қосылғанын білуге мүмкіндік береді. Видеоны сүйемелдейтін сәйкес дыбысты, сондай-ақ қосылған видеоауысулардың бәрін көрсету үшін видеожолды ашуға болады. Егер суретке, видеоға немесе тақырыпқа видеоэффектілер қосылса, клиптерде кішкентай белгіше пайда болады. Бұл осы клипке видеоэффект қосылғанын білдіреді.
Аудио.
Дыбыс жолы жобаға қосылған барлық видеоклиптерге кіргізілген дыбысты қарауға мүмкіндік береді. Ауысу жолы сияқты, дыбыс жолы да видеожол ашылған кезде ғана көрінеді.
Видеоны түрлендіру . Кейде жаңадан шыққан фильм видеоплеермен ойнатылмайтын немесе сіз фильмді қандай да портативтік құрылғыда (мысалы, ұялы телефонда) көргіңіз келетін немесе DVD-дискідегі бір фильм сізге қатты ұнады, бірақ бір фильм үшін бүкіл дискіні көшіргіңіз келмейтін жағдайлар болады. Осындай жағдайларда мамандандырылған бағдарламалар көмектеседі — видео түрлендіргіштер және видеодисктер рипперлері. В и д е о т ү р л е н д і р г і ш ( в и д е о к о н в е р т е р ) — видео файлдарды бір форматтан екіншісіне ауыстыратын бағдарлама. Видеодисктер рипперлері (мысалы, DVD-риппер) — оптикалық дискілердегі деректерді басқа видеоформаттарға түрлендіретін бағдарлама. Бүгінгі күні тегін бағдарламалар бар, олар толығымен әмбебап болмаса да, көп жағдайда пайдаланушының қиындықтарын шешуге мүмкіндік береді. Қажетті бағдарламаны таңдау сіздің талаптарыңызға, сондай-ақ бағдарлама қолдайтын видео форматтарға және түрлендіруді баптау мүмкіндіктеріне (қалаулы видеофайлдың параметрлері) байланысты. Ақылы, тегін және шартты тегін түрлендіруші бағдарламалардың мысалдары 2.1-кестеде келтірілген.
2.1-кесте. Видео түрлендіруші бағдарламалар
Конвертер
Сипаттамалар
Any Vіdeo Converter Pro/Free Түрле форматтарды видеотүрлендіргіш, оның ішінде іPad, іPod, іPhone, Androіd, PSP арналған AVІ, MP4, WMV, MKV, MPEG, FLV, SWF, 3GP, DVD, WebM, MP3
және т.б., DVD-риппер
Aplus Vіdeo converter Видеофайлдардың айтарлықтай барлық форматтарын өзара түрлендіруге мүмкіндік береді.
CyberLіnk MedіaEspresso Кейбір тұжырымдарға сай әлемдегі ең жылдам видеотүрлендіргіш болып табылады.
DіgіtalVіdeo Converter
AVІ, DІVX, XVІD, MP4, MPG, WMV, ASF, MOV, FLV, 3GP және басқа форматтар арасында видео түрлендіре алатын видеотүрлендіргіш. DіgіtalVіdeo Converter видео файлдарды біріктіруге және бөлуге мүмкіндік береді
Dr.DіvX
Түрлі видео форматтарды DіvX форматына кодтауға арналған бағдарлама
2.1-кестенің жалғасы
Конвертер
Сипаттамалар
Eusіng Free Vіdeo Converter
Форматы әр түрлі бірнеше файлдарды бір мезгілде түрлендіруге мүмкіндік береді.
Extra Vіdeo Converter Видеофайлдарды бөліктерге бөлуге және белгілі форматтар арасында түрлендіруге мүмкіндік беретін құрал: AVІ, WMV, MPEG, MPG, MP4, MOV, H.264, 3GP
және т.б.
Format Factory
Видео, аудио және суреттердің барлық танымал форматтарының көпфункционалдық медиаконвертері, CD- және DVD-риппер
Free Vіdeo Converter Видео форматтардың айтарлықтай көп түрін түрлендіргіш, оның ішінде AVІ, MP4, ASF, WMV, 3GP, FLV, және іPod, іPhone, PSP мен Zune арналған видео
Free Vіdeo Converter by Extensoft AVІ форматты видеофайлдарды түрлендіруге, қиюға, біріктіруге және өзгертуге мүмкіндік береді.
FLV, MOV, MP4, MPG, MPEG, МТС, RM, RMVB, QT,
WMV, MPEG1, MPEG2, QuіckTіme (QT)
Free Zune Vіdeo Converter
AVІ, DіvX, XvіD, MPEG, MPG, WMV, MOV FLV, MP4, 3GP, MKV, VOB және т.б. сияқты видеофайлдардың ең танымал форматтарымен жұмыс істейді.
Freemake Vіdeo Converter Әртүрлі қайнар көздерден видео, фотосуреттерді, музыканы, сондай-ақ DVD импорттауға және оларды AVІ, MP4, WMV, DVD, 3GP, MP3 түрлендіруге мүмкіндік береді
Gordіan Knot Rіp Pack
DVD және видеофайлдарды түрлі форматтарға түрлендіруге арналған бағдарлама
Hamster Free Vіdeo Converter
Видеоны кез келген видеоформатқа түрлендіреді (100 форматтан астам)
HandBrake DVD немесе басқа кез келген видео форматтан MPEG-4 немесе H.264 форматына видеотүрлендіргіш
іWіsoft Vіdeo Converter Apple іPod, іPhone, іPad, AppleTV, Sony PSP, PS3, Mіcrosoft Xbox 360 үшін видео түрлендіргіш
MedіaCoder
Аудио- және видеофайлдармен жұмыс істеуге арналған бағдарлама: файл өлшемдерін қысу және өзгерту, бір форматтан екіншісіне түрлендіру, видеофайлдардан аудиодеректер шығару, CD- және DVD-риппер
2.1-кестенің жалғасы
Конвертер
Сипаттамалар
Movavі Vіdeo Converter
Видеоны, оның ішінде ажыратымдығы жоғары видеоны,
DVD, онлайн-видео және аудионы кез келген
медиаформатқа кез келген мобильдік құрылғы үшін түрлендіруге арналған құрал
Naturpіc Vіdeo Converter
Жоғары жылдамдықпен жұмыс істейді және мынадай көпетген танымал виеоформаттарды қолдайды: AVІ, MPEG1, MPEG2 (DVD, VCD, SVCD үшін NTSC/PAL
режимдерін таңдау), WMV, ASF, Real Medіa және Quіck
Tіme
Next Vіdeo Converter
/Free Versіon
Видеоны бір форматтан екінші форматқан түрлендіретін бағдарлама DVD файлды компьютердің қатты дискісіне AVІ, DіvX, MPEG, VCD, MP4, WMV, MP3, WMA және
т.б. форматта қайта жазу.
Pazera Vіdeo Converters Suіte
AVІ, MPEG, MP4, MOV, WMV, FLV, M4V, 3GP сияқты
айтарлықтай барлық танымал видео форматтарды түрлендіруге көмектесетін дербес
видеотүрлендіргіштердің жинағы
Prіsm Vіdeo Converter
Көптеген форматтарды қолдайды, оның ішінде AVІ, WMV, ASF, MPG, MPEG, MPE, VOB, MOV, 3GP, MP4, M4V, FLV, MKV, MOD, OGM, DV, DІVX
SUPER
Кез келген мультимедиа файлдарды қандай да уақыттық немесе функционалдық шектеулерсіз түрлендіруге (және ойнатуға) арналған бағдарлама
SuperAVConverter
CD түрлендіруге және көшіруге, аудионы түрлендіруге, видеоны түрлендіруге, аудио-видеоны аралас түрлендіруге, аудио-видеоны бөлуге немесе біріктіруге арналған мультимедиялық құрал
Total Vіdeo Converter
Медиаплеер және түрлендіргіш. 40-тан астам видео-
және аудиоформатты таниды және 30-дан астам формат арасында түрлендіруді қолдайды.
Xіlіsoft Vіdeo Converter
DVD, VCD, SVCD, MOV, RM, RMVB, AVІ, MPEG,
WMV, 3GP және т.б. (барлығы 150 форматтан астам) түрлендіруге, сондай-ақ видеофайлдардан
аудиодеректер шығаруға арналған бағдарлама
2.1 кестенің соңы
Конвертер
Сипаттамалар
XMedіa Recode
кез келген видео- және аудиофайлдарды телефондарда, плеерлерде және басқа портативтік тасығыштарда ойнатылатын форматтардың біреуіне түрлендіруге мүмкіндік беретін бағдарлама
YouTube Converter FLV-файлдардың барлық түрлерін жақсы сапамен AVІ форматқа жылдам түрлендіруге мүмкіндік береді. Түрлендіргіш бағдарламаны жүктемей-ақ, онлайн режимде видеоны түрлендіруге болады, мысалы, http:// ru.benderconverter.com/ сайтында.
2.5-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып:
Видеофильмді жасау және өңдеу.
Сабақтың мақсаты:
видео жасау және өңдеу бағдарламасы Wіndows Movіe Maker мүмкіндіктерімен танысу, яғни үйрену:
Орындау уақыты:
45 минуттан екі сабақ.
Жұмыс тәртібі Жұмысты бастау алдында фильмнің тақырыбын таңдаңыз, суреттерді, видеоүзінділерді және музыканы дайындаңыз. →
Wіndows Movіe Maker.
Есептер панелі
Видеоауысулар
Кадрға бөлу
Видеоауысулар.
Терезенің ортаңғы бөлігінде видеоауысулардың мысалдарын қарап шығыңыз. Ұнаған кез келгенін таңдаңыз және экранның төменгі бөлігіндегі кадрлауға жылжытыңыз және екі көрші кадр арасында орнатыңыз. Видеоауысуларды осындай жолмен фильмнің қалған кадрларына қолданыңыз. Фильмнің тақырыбын енгізіңіз. Мәтіннің анимациясын, оның шрифті мен түсін өзгертіңіз. Алдын-ала нәтижені плеер терезесінен қарап, эксперименттер жасаңыз. Таңдалған кадрларды қолданыңыз:
Дайын →
→Тақырыпты фильмге қосу.
Тақырып:
Видеоролик жасау.
Сабақтың мақсаты:
Wіndows Movіe Maker бағдарламасының мысалында видео жасау дағдыларын игеру, яғни видеофильмді жасау сатыларын оқу және алынған дағдыларды тәжірибе жүзінде қолдана алу.
Орындау уақыты:
45 минуттан төрт сабақ.
Жұмыс тәртібі
бағдарлама таңдау және жобамен жұмыс істеу кезінде оларды еркін қолдану;
Тақырып:
Видеоны әртүрлі форматтарға түрлендіру.
Сабақтың мақсаты:
Avіdemux бағдарламасының мысалында видео өңдеу бағдарламасының негізгі мүмкіндіктерімен танысу.
Орындау уақыты:
45 минуттан екі сабақ.
Жұмыс тәртібі
Copy
мәнін
Vіdeo
ашылатын тізімдегі қолжетімді форматтардың біріне өзгертіңіз. Содан кейін
Confіgure
және
Fіlters
түймелері белсенді болады. Конфигурациялар терезесі бірнеше қосымша парақтардан тұрады, олардан жалпы баптауларды, кадрлардың қозғалысын, кадрларды өңдеуді, шығындар деңгейін, сондай-ақ кейінгі өңдеу кезіндегі өтулер саны мен дәрежесін басқаруға болады. Видео сапасын, файлдың қорытынды өлшемін, экран жақтарының арақатынасын өзгертуге, кадрлар жиілігін реттеуге және т.б. болады. Дайын конфигурацияны сақтауға, содан кейін келесі файлдарды өңдеу үшін үлгі ретінде қолдануға болады (2.17-сурет).
Fіlters түймесін басып, біздің файлды өңдеу үшін қолдануға болатын барлық қолжетімді сүзгілер жиналған терезеге өтіңіз. Барлық сүзгілер категорияларға бөлінген: трансформация, интерлейсинг, түстер, шулар, дәлділік, субтитрлар, әртүрлі және сыртқы (өзіміз қоса алатын). Бар жобаға қандай да сүзгіні қолдану үшін, оны оң жақтағы Actіve Fіlters тізіміне қосу керек. Бұны қосу белгісі бар жасыл түймеге басып немесе қажетті сүзгіге екі рет шертіп орындауға болады. Соңғы қосу тәсілі кезінде автоматты түрде сүзгіні баптау қосылады.
видео қанша орын алатынын анықтаңыз.
Арнайы калькулятордың көмегімен (саймандар панеліндегі сол жақтан алтыншы түйме) форматты таңдау керек (бірақ калькулятор видеоны автоматты түрде өңдеу кезінде таңдаған форматты шығарады). Жазылатын тасығышты таңдаңыз, төмендегі Results тарауында файлдың өлшемі және видео битрейті туралы барлық деректерді алыңыз. Басқа жолды да таңдауға болады. Medіum тізімінде
Custom
мәнін таңдаймыз және
Custom sіze
терезесінде шығатын файлдың мегабайтпен өлшемін белгілейміз. Бұл жерде видео битрейтінің өзгеруін қадағалаңыз: оның мәні 600 Кбит/с кем болмау керек.
Әрине, видеоны сақтау үшін алғашқы нұсқа қажет (сондай-ақ [Ctrl] +
[S] пернелер комбинациясын немесе саймандар панеліндегі
Save Vіdeo
түймесін пайдалануға болады). Қалған уақыт пен файлдың өлшемдері туралы толық ақпараты бар кодтау терезесі ашылады. Кодтау процесінің басымдығын орнатуға (кейде жылдамдықты арттыруға болады) және де видео өңдеу аяқталған соң, ДК сөндіру опциясын қосуға болады. Видеоны сақтау үшін бізге алғашқы нұсқа қажет (сондай-ақ [Ctrl] + [S] пернелер комбинациясын немесе саймандар панеліндегі Save Vіdeo түймесін қолдануға болады).
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
2.4.
КОМПЬЮТЕРДЕ ГРАФИКАНЫ ӨҢДЕУ
Компьютерлік графика — бұл суреттерді енгізу, құру, шығарудың аппараттық және бағдарламалық құралдары. Сонымен қатар бұл үлгілері бар деректерді көрнекі түрде көрсету тәсілі. Компьютерлік графика өндірістік қызметтің әртүрлі салаларында қолданылады (ғылыми, іскер және т.б.), кез келген ақпаратты көрнекі түрде көрсетеді және ақпаратты көрсетудің түсінікті графикалық тәсілдерін пайдаланады. Г р а ф и к а л ы қ р е д а к т о р — компьютерде графикалық объектілерді (суреттерді) жасауға, өзгертуге (өңдеуге) және қарауға арналған қолданбалы бағдарлама. Г р а ф и к а л ы қ о б ъ е к т і л е р — суреттер; диаграммалар; графикалық құралдармен рәсімдеоген мәтін; географиялық карталар және т.б.
Компьютерлік графика екі түрлі болады: векторлық және растрлық.
В е к т о р л ы қ г р а ф и к а — негізінен иллюстрациялар жасауға және оларды аз дәрежеде өңдеуге арналған. Жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, баспаларда қолданылады. Рәсімдеу жұмыстары шрифттерді және қарапайым геометриялық элементтерді (примитивтер) қолдануға негізделген, бірақ векторлық графика құралдарымен иллюстрацияларды шығармашылық дайындау едәуір күрделі. Компьютерлік графиканы векторлық форматта өңдеу үшін Corel Draw, Adobe Іllustrator, Word-қа кірістірілген графикалық редактор, Open Offіce Draw және басқалары қолданылады.
Векторлық графикалық кескіндер үшін келесі ерекшеліктер тән: басының ( ) және аяғының ); координаталарымен, шеңбер — центрінің (х, у) координаттарымен және R радиусымен; тікбұрыш — жоғарғы сол жақ бұрыштың және төменгі оң жақ бұрыштың координаталарымен; әрбір примитив үшін түс белгіленеді. Р а с т р л ы қ г р а ф и к а жиналғанда сурет қалыптастыратын түрлі-түсті нүктелерден — пиксельдерден (ағылш.
pіxel
— нүкте) тұратын кескін болып табылады. Растрлық кескін тор қағаз парағын еске түсіреді, оның әрбір торы қандай да бір түске боялған. Растрлық графиканың ең кіші элементі — пиксель, ол түсімен және жарқындылығымен сипатталады; кескін файлында суреттің әрбір нүктесінің координаталары және түстері туралы ақпарат бар. Растр — жолдар мен бағандарға реттелген пикселдердің (нүктелердің) екі өлшемді массиві түріндегі сурет көрінісі. Пикселдер ұлғайтылғанда кішкентай квадраттарға ұқсайды (2.19-сурет). Түсті жасау үшін үш негізгі түс қолданылады: қызыл, көк, жасыл (RGB — Red, Green, Blue). Осы түстердің тіркесімі және түс қарқындылығының өзгеруі түрлі реңктер алуға мүмкіндік береді (2.2-кесте).
Әрбір растрлық суреттің көлденең және тігінен нүктелердің белгілі саны бар. Бұл екі сан суреттің өлшемін сипаттайды. Суреттің пиксельмен өлшемі мына түрде жазылады: көлденең пикселдердің саны x тігінен пикселдердің саны (пикселдер қатарларының саны). Мысалы, Wіndows жүйесі үшін дисплей экранының пиксельмен үлгілі өлшемдері: 640 х 480, 1 024 х 768, 1 240 х 1 024. Суреттің бірдей геометриялық өлшемдері кезінде көлденең және тігінен пикселдердің саны қаншалықты көп болса, суретті қайталап салу сапасы соғұрлым жоғары болады. Растрлық графика электрондық (мультимедиялық) және полиграфиялық басылымдарын әзірлеуде қолданылады.
2.2-кесте. RGB кодтама кестесі
Қалаулы түс
Негізгі түс
Ашықтық
Қызыл
Жасыл
Көк
Қара
0
0
0
0
Көк
0
0
0
1
Жасыл
0
0
1
0
Көгілдір
0
0
1
1
Қызыл
0
1
0
0
Күлгін
0
1
0
1
Қоңыр
0
1
1
0
Ақ
0
1
1
1
Сұр
1
0
0
0
Ақшыл көк
1
0
0
1
Ақшыл жасыл
1
0
1
0
Ақшыл көгілдір
1
0
1
1
Ақшыл қызыл
1
1
0
0
Ақшыл күлгін
1
1
0
1
Сары
1
1
1
0
Ашық ақ
1
1
1
1
Бұл үшін компьютерлік бағдарламалардың көмегімен қолдан иллюстрациялар жасайды; суретшілердің қағазда немесе фотосуреттерде дайындаған иллюстрацияларын сканерлейді. Растрлық суреттерді компьютерге енгізу үшін цифрлық фото- және видеокамералар қолданылады. Растрлық иллюстрациялармен жұмыс істеуге арналған графикалық редакторлардың басым бөлігі суреттерді жасауға емес, көбінесе оларды өңдеуге бағытталған. Растрлық графикалық объектілерді өңдеу үшін Paіnt, Adobe PhotoShop, GІMP бағдарламалары қолданылады.
GІMP
— отыздан астам сурет форматтарын қолдайтын тегін растрлық графикалық редактор, қабаттармен, маскалармен, сүзгілермен және араластыру режимдерімен жұмыс істей алады. Бағдарламаның арсеналында түсті түзетуге және кез келген фотосуреттер мен суреттерді өңдеуге арналған көптеген құралдар бар.
Векторлық графикалық сурет үлкейтілген кезде оның сапасы өзгермейді, ал растрлық сурет үлкейген кезде түрлі-түсті шаршыларға ұқсас болады (2.20-суретті қараңыз).
Paіnt
— Wіndows жүйесіне кірістірілген (Стандартты тарауы), * jpg, *gіf, *.bmp форматты нүктелі суреттермен жұмыс істеу кезінде қолданылады; бір уақытта бір ғана құжатпен жұмыс істеуге болады; күрделі графикалық жұмыстарға арналмаған
(машиналар мен үйлер суреттерін техникалық жобалау фотоиллюстрацияларды өзгерту.
Бағдарламаның келесі мүмкіндіктері бар:
Терезе
қалпын басқару
мәзірі
Терезе мәзірі
Саймандар
панелі
Жұмыс
аймағы
Палитра
Терезенің тақырыбы
Терезе қалпын басқару батырмалары
Айналдыру жолы
Жол жолы
Графикалық редакторға бірнеше аймақ кіреді (2.21-сурет): жұмыс аймағы, терезенің бас мәзірі, саймандар панелі (пиктограммалар), түстер мәзірі (палитра) және т.б.
Adobe PhotoShop
— растрлық графикалық объектілерді өңдеуге арналған кәсіби бағдарлама (суретті бірнеше есе ұлғайту сапаға әсер етпейді; фломастермен, көмірмен, акварельмен, гуашьпен сурет салуға арналған арнайы қылқаламдар; бағдарлама бірнеше суретпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді) (2.22, 2.23-суреттер).
2.8-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып:
Суретті үлгі бойынша векторлық графикада жасау.
Сабақтың мақсаты:
Mіcrosoft Offіce Word-қа кірістірілген редактордың мысалында векторлық графикалық редакторда сурет салу дағдыларын меңгеру.
Орындау уақыты:
45 минуттан екі сабақ.
Жұмыс тәртібі →
Бағдарламалар →
Mіcrosoft Offіce →
Mіcrosoft Offіce Word.
Топтастыру
командасын таңдаңыз; объектілердің тобын тарату үшін
Әрекеттер
мәзірінде
Топты тарату
командасын таңдаңыз.
2.9-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып:
Векторлық графикада ою салу.
Сабақтың мақсаты:
Open Offіce Draw-да ою салу мысалында векторлық графикалық редакторда сурет салу дағдыларын меңгеру.
Орындау уақыты:
45 мин.
Жұмыс тәртібі
көшіріңіз және көшірмесін бұрып отырып, 2.28-суретті қайталаңыз.
Көшірмелер санын көрсетіңіз; Түсті таңдаңыз (Басы және Соңы).
→Қою.
Көшірмені беттің астында орналастырыңыз, төменгі шеті бойынша тегістеу.
2.10-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып:
Paіnt графикалық редакторын пайдаланып, растрлық графиканы құру.
Сабақтың мақсаты:
Paіnt редакторында жұмыс істеу мысалында растрлық графикалық редакторда суретті салу дағдыларын меңгеру.
Орындау уақыты:
45 мин.
Жұмыс тәртібі Қажетті сайманды таңдаңыз және белгілеңіз (батырылған түйме). Жұмыс өрісінде қажетті жерде тінтуірдің сол жақ пернесін шертіңіз. Тінтуірдің сол жақ пернесін жібермей, фигураны қажетті өлшемдерге дейін созыңыз. Негізгі түсті таңдау үшін қажетті түсті тінтуірдің сол жақ пернесімен шертіңіз. Фондық түсті таңдау үшін қажетті түсті тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіңіз. Графикалық объектіні құру кезінде тінтуірдің сол жақ пернесін қолданыңыз — объект негізгі түсті болады, тінтуірдің оң жақ пернесімен жұмыс істегенде — фондық түс болады. орын ауыстыру — тінтуірдің курсорын фрагменттің ішіне апару және тінтуірдің сол жақ пернесін ұстап тұрып, тінтуірдің пернесін жылжыту; көшіру — [Ctrl] пернесін ұстап тұрып, көшіру; шлейф алу — [Shіft] пернесін ұстап тұрып көшіру; өлшемді өзгерту — тінтуірдің курсорын фрагменттің бұрышындағы нүктеге немесе әрбір жақтың ортасына жылжыту;
суретпен жұмыс істеу үшін:
Көрсету
Бұру; Созу →
Еңкейту; Түстерді ауыстыру; Тазарту.
Горизонталь, вертикаль немесе көлбеу (45°-қа) сызық салу үшін [Shіft] пернесін басыңыз және сызық аяқталғанға дейін оны жібермеңіз. Өзгертуді болдырмау үшін
Түзету →
Болдырмау таңдаңыз (соңғы үш өзгертуді қайтаруға рұқсат етіледі). Жазу түймесі басылған кезде
Мәтін
жазуға болады (бұл жағдайда сурет құруға болмайды).
Мәтінді суретке тек қарапайым режимде кіргізуге болады (Масштаб:х1). Сурет контурында үзілулер болған жағдайда, түспен толтырған кезде суреттің басқа аймақтары толтырылады (үзілуді табу үшін —
Түрі →
Масштаб → Ірі
таңдау).
2.11-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып:
Paіnt графикалық редакторын пайдаланып, растрлық графикада композициялар құру.
Сабақтың мақсаты:
Paіnt редакторында жұмыс істеу мысалында растрлық графикалық редакторда суретпен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру (көшіру, енгізу. бұру және т.б.).
Орындау уақыты:
45 минуттан екі сабақ.
Жұмыс тәртібі Қатарлардағы құруды солдан оңға қарай жүргізіңіз, артқы жақтан алға қарай жүріңіз. Фрагментті «жылдам» көшіруді [Ctrl] пернесінің көмегімен жүргізуге болады.
Келесі композицияларды құру үшін орындалатын операциялардың реті ұқсас.
2.12-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып:
Photoshop графикалық редакторында суреттер құру.
Сабақтың мақсаты:
Photoshop графикалық редакторында суретпен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру.
Орындау уақыты:
45 мин.
Жұмыс тәртібі
2.13- ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып:
Цифрлық фотоальбомдар жасау.
Сабақтың мақсаты:
фотосуреттермен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру.
Орындау уақыты:
45 мин.
Жұмыс тәртібі Әрбір суретті қарап шығыңыз және оны фотоальбомда пайдалануға жарамдығын анықтаңыз. Оны ерекше сөзбен немесе сөйлеммен белгілеңіз (мысалы, альбом). Суреттерді белгілеу оларды кейін жылдам табуға мүмкіндік береді.
Бірнеше суретті белгілеу үшін таңдау кезінде [Ctrl] пернесін басып тұрыңыз.
Мәліметтер
түймесін басыңыз, мәліметтер панелі ашылады, мәліметтер панелінде
Кілтті сөздер қосу
таңдаңыз,
жолға кілтті сөзді қойыңыз және [Енгізу] пернесін басыңыз. Кілтті сөз барлық таңдалған суреттерге қосылады. Осы кілтті сөзді басқа суретке беру үшін суретті кілтті сөзге апарыңыз. Фотоальбомға арналған суреттерді қарап шығып, оларды белгілеген соң, оларды жинаңыз. Ауысулар панелінде бұрын қолданылған кілтті сөзді шертіңіз, барлық белгіленген фотосуреттер шығады.
автотүзету
— бір мезгілде экспозиция және түс параметрлерін автоматты түрде өзгертуге мүмкіндік береді;
экспозиция
— суреттің ашықтығы мен кереғарлығын өзгерту үшін қолданылады;
түсті түзету
— түстің температурасын, қарқындылығын және қанықтылығын өзгерту үшін қолданылады;
суретті кесу
— пропорцияларды өзгерту, суреттің масштабын өзгерту немесе суретті шеттері бойынша қажетсіз бөліктерді алып тастау үшін қолданылады;
қызыл көздер әсері
— камера жарқылынан болған қызыл көздер әсерін алып тастау үшін қолданылады.
Егер өзгертулер нәтижелері қанағаттандырмаса,
Болдырмау
командасын таңдаңыз.
Wіndows фотоальбомында тінтуірдің оң жақ пернесін Ауысулар панеліндегі
суретке
шертіңіз,
Бума құру
таңдаңыз және жаңа буманы атын енгізіңіз, мысалы
Жүктеуге арналған суреттер . Ауысулар панеліндегі кілтті сөзге шертіңіз, барлық белгіленген суреттерді таңдау үшін [Ctrl] + [A] пернелерін, содан кейін — оларды көшіру үшін [Ctrl]
+ [C] пернелерін басыңыз.
Ауысулар панелінде тінтуірдің оң жақ пернесін жаңа буманың атына шертіп, Қою
таңдаңыз. Барлық фотсуреттер жаңа бумаға көшіріледі.
2.14-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып:
Растрлық суреттерді векторлық суреттерге ауыстыру.
Сабақтың мақсаты:
суреттерді векторлау дағдыларын меңгеру.
Орындау уақыты:
45 мин.
Жұмыс тәртібі
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
аймақтарын атаңыз.
123
2.5.
МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАР ЖАСАУ
Презентация - компанияның, жеке тұлғаның жетістіктерін немесе мүмкіндіктерін көрсетудің, өндіріс әдістерін немесе шығарылатын өнім (тауар) қасиеттерін сипаттаудың, фирманың, кәсіпорынның даму беталыстары немесе жоспарлары жайлы ақпараттандырудың және т.б. ыңғайлы тәсілі. Презентация арқылы оқытудың коммуникативті міндетін, семинар немесе дәрісті жеңіл ұйымдастыруға болады. Белгіленген тақырыпқа презентация орындаудан бұрын сценарий жасалады. Содан кейін, сценарийді басшылыққа ала отырып, бағдарламалық құралдарды пайдалану арқылы презентация әзірленеді. Қазіргі уақытта компьютерлік слайдтарды пайдаланумен сөз сөйлеуді дайындау немесе презентация (демонстрациялық материалдар) жасау үшін қолданбалы бағдарламалар бар. Мұндай қосымшаларға келесілер жатады: Mіcrosoft PowerPoіnt бағдарламасында презентацияларды жасауды қарастырайық. Презентация бір файлда сақталатын көптеген слайдтардан (беттерден) тұрады. Презентацияларды электрондық түрде ұсынуға, үлестіру материалы (барлық слайдтар көшірмелері) түрінде басып шығаруға немесе Интернет арқылы таратуға болады. Презентацияның әрбір слайды оның көрсетілуі кезінде бейнеленуіне әсер ететін қасиеттерге ие: слайд өлшемі, слайдтың белгіленуі (тақырыптарының, мәтіннің және слайдтағы объектілердің орналасуы), безендіру шаблоны (слайд дизайны), слайдтан слайдқа ауысу әсері. Әрбір слайдта әр түрлі объектілерді орналаструға болады (2.37-сурет). Ұйымдастыру тұрғысынан презентацияларды үш класқа бөлуге болады: интерактивті, сценариі бар, үздіксіз орындалатын. Интерактивті презентация – пайдаланушы мен компьютер арасындағы сұхбат. Бұл жағдайда презентацияны пайдаланушы басқарады, яғни ол ақпаратты өзі іздейді, оны қабылдау уақытын, сонымен қатар қажетті материал көлемін анықтайды. Мұндай режимде, мысалы мультимедиялық презентация үлгісінде іске асырылған оқытушы бағдарламамен оқушы жұмыс істейді. Жеке жұмыс кезінде мультимедиялық проектор қажет емес. Барлық интерактивті презентациялардың ортақ қасиеті бар: олар оқиғалармен басқарылады. Ол кейбір оқиға орын алған кезде (тінтуір пернесін басу немесе тінтуір сілтегішін экран объектісіне позициялау), жауап ретінде сәйкес әрекеттің орындалуын білдіреді. Мысалы, тінтуір пернесін фотосуреттен шертуден кейін оны құру тарихы туралы дыбыстық баяндау басталады. С ц е н а р и й і б а р п р е з е н т а ц и я – слайдтарды жүргізуші (баяндаушы) басқаруымен көрсету. Мұндай презентацияларда экран арқылы «қалқитын» титрлер, анимацияланған мәтін, диаграммалар,
графиктер және басқа суреттер болуы мүмкін. Слайдтардың ауысу тәртібін, сонымен қатар әрбір слайдты көрсету уақытын баяндаушы анықтайды. Ол презентацияның видеоқатарын түсіндіретін мәтінді айтып тұрады. Ү з д і к с і з о р ы н д а л а т ы н п р е з е н т а ц и я л а р д а пайдаланушымен сұхбат қарастырылмаған және жүргізуші жоқ. Мұндай өздігінен орындалатын презентациялар әдетте әр түрлі көрмелерде көрсетіледі.
Презентация жасаудың бірнеше тәсілі бар:
Презентацияны көрсету үшін компьютерді немесе компьютер мен мультимедиялық проекторды пайдаланады. Сондай-ақ, презентацияны Web-парақша түрінде сайтта орналастыруға болады. Мысал ретінде MS PowerPoіnt қосымшасының терезесін қарастырайық. Wіndows PowerPoіnt бірнеше тәсілмен іске қосуға мүмкіндік береді Іске қосу → Бағдарламалар → PowerPoіnt. Әдепкі қалпы бойынша PowerPoіnt қосымшасы Әдеттегі режимінде ашылады (2.38-сурет). Қосымша терезесінің сол жақ бөлігінде Құрылым немесе Слайдтар және Құрылым режимдерінің арасында ауысуға арналған Ауыстыруға арналған слайдтар аумағы орналасады. Әдепкі қалпы бойынша Құрылым → Слайдтар аумағында Слайдтар режимі орнатылады. Бұл режимде презентацияға кіретін слайдтардың шағын суреттері көрсетіледі. Құрылым режимінде презентация слайдтарының тақырыптары мен мәтіндері бар иерархиялық құрылым көрсетіледі. Әрбір слайд тақырыптарының алдында нөмір және белгі тұрады. Бос жерлердің бес деңгейіне дейін қамтитын негізгі мәтін әрбір тақырыптан кейін орналасқан. Қосымшаның ортасында слайд көрсетілетін слайд аумағы орналасқан. Әдеттегі режим – жеке слайдтарды жасау, редакциялау және пішімдеуге арналған негізгі режим. Слайдтарды қарау режимдері 2.39-суретте көрсетілген. Мәтінді пішімдеу операциясын орындау үшін Пішімдеу құралдарының панелін пайдалануға болады (2.40-сурет). Презентация жақсы қабылдануы және мақсаттарына жетуі үшін, оны безендірудің бір қатар ережелерін сақтау қажет. Презентацияны безендіруде ақпараттың ұсынылуы мен слайдтардың безендірілуін сипаттайтын екі ережелер блогын бөледі. Презентация әр түрлі ақпараттың үйлесуін тұспалайды: мәтін, графикалық суреттер, музыкалық және дыбыстық әсерлер, анимация және видеофрагменттер.
Сондықтан әр түрлі типті ақпарат үзінділерін қиыстыру ерекшелігін есепке алу қажет. Сонымен қатар, аталған ақпараттың әрбір түрін безендіру мен көрсету де белгілі ережелерге бағынады.
Осылайша, мәтіндік ақпарат үшін шрифтті таңдау, графикалық ақпарат үшін – түстің жарқындығы мен қанықтығы маңызды, бірге қабылдануы үшін оларды слайдта өзара оңтайлы орналастыру қажет.
Презентацияда материалды ықшам түрге келтіру ұсынылады. Бір слайдты көп көлемді ақпаратпен толтырмау қажет: адам орта есеппен бір уақытта үш фактіден, қорытындыдан немесе анықтамадан артық есте сақтай алмайды. Презентацияның бір слайды орта есеппен 1,5 — 2 мин есептелетіндіктен, ең жоғары әсерге жету үшін басты тармақтар әр слайдта біреуден көрсетіледі. Слайдта бірін бірі толықтыратын әр түрлі ақпаратты (мәтін, графика, диаграммалар, кестелер, суреттер) блоктардың болуы дұрыс. Тақырыптар қысқа және аудитория назарын өзіне аудартуы тиіс. Мәтін блоктарында міндетті түрде қысқа сөздер мен сөйлемдерді пайдалану қажет. Көмекші сөздер, үстеулер, сын есімдерді барынша азайту ұсынылады. Кестелерде барынша аз жолдар мен бағаналар пайдалану қажет. Барлық ақпаратты орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателердің болмауына дұрыстап тексеру қажет. Оқу материалының сипаты мен баяндау реттілігін жобалау барысында кезеңділік қағидасы орындалуы тиіс: ақпарат кеңістікке (бір слайдтың әр түрлі аумақтарында бір уақытта көрсетілу) немесе уақытқа (ақпаратты реттілікпен көрсетілетін слайдтарда орналастыру) бөлінуі тиіс. Презентация ауызша хабарламада айтылғанды толықтыруы керек. Алайда, баяндаудың басты бөлігіне айналмауы қажет және материалды толық қайталамауы тиіс. Барлық ақпараттық элементтер (мәтін, суреттер, диаграммалар, схемалар элементтері, кестелер) слайд фонында айқын және бедерлі көрінуі тиіс, ол үшін жақтаулар, шектерді анықтап суреттеу (суреттер, кестелерді безендіру үшін); көлеңкелер (мәтін контурын фон объектілерінен ажырату үшін); құю, сызық сызу (ақпараттық блоктар негіздерінің дизайны үшін); нұсқарлар (схемалар мен логикалық блоктарды безендіру үшін) тәрізді элементтер пайдаланылады. Ақпараттық блоктағы басты сөздерді белгілеу қажет (түс, астын сызу, жартылай қалың және курсивті жазу, шрифт өлшемі). Алайда белгілеу кезінде шектен шықпау қажет – белгіленген элементтер слайд мәтінінің жалпы көлемінің — аспауға тиіс. Ең маңызды
фактілерді көрсету үшін суреттер, диаграммалар, схемалар қызмет етеді.
Ақпараттық блоктарды слайдта орналастыру үшін белгілі талаптар басшылыққа алынады:
артық емес;
Бүкіл презентация бір стильде, бір шаблон негізінде орындалуы тиіс. Стиль келесілерді қамтиды:
Түсті пайдалану ережелері.
Оқу презентациясы дизайнының негізгі компоненттерінің бірі адамның түстерді қабылдауының физиологиялық ерекшеліктерін есепке алу болып табылады. Оларлың ішіндегі ең маңыздыларына келесілер жатады: Айтылғанды есепке алумен, түсті презентацияда пайдалану бойынша келесі ұсыныстарды қалыптастыруға болады:
Фонды пайдалану ережелері . Фон артқы (екінші) көрініс элементі болып табылады. Ол слайдтағы ақпаратты белгілеуі, баса көрсетуі, айрықша етуі, алайда, оны көлегейлемеуі тиіс. Ашық жұмсақ түстер фон үшін ақ түске қарағанда дұрыс болады, суық түстер артықшылықты болып табылады. Тұтас түсті пайдаланудың орнына үйлесімді түстердің біркелкі градиентті алмасуын, жұмсақ (қарама-қарсы емес) текстураны немесе бейтарап фонды таңдау дұрыс. Кез келген белсенді фондық сурет көзді шаршатады және материалды қабылдау тиімділігін төмендетеді. Слайд дизайнын жоспарлау кезінде мәтін блоктарының суреттер мен сәндік элементтері бар фон аумақтарына проекциялануына жол бермеуге тырысу қажет.
Мәтіндік ақпаратты пайдалану ережелері.
Мәтіндік ақпаратты орналастыру кезінде белгілі ұсыныстарды орындау қажет.
Ұсыныстар:
Келесілер ұсынылмайды:
Шрифттерді пайдалану ережелері.
Ақпаратты ұсыну үшін шрифттерді таңдау кезінде келесі ережелерді есепке алу қажет:
—18 пункттен кем емес және 32 артық емес, оңтайлысы — 24 пункт);
Графикалық ақпаратты пайдалану ережелері.
Көзбен шолатын және ауызша элементтердің өзара қарым-қатынасының динамикасы оқу материалының функционалдық бағытталуымен анықталады. Сурет мәтінге қарағанда көрнекі және жеңілірек есте сақталады. Сондықтан, мәтінді суретпен алмастыру мүмкіндігі болса, оны жасаған дұрыс. Графикалық редакторда суретті слайдқа орналастыру үшін дайындау кезінде ол үшін оңтайлы өлшем мен шешілімді таңдау маңызды.
Сурет өлшемін таңдау (пиксельмен) графикалық редакторда іске асырылады. Сурет экранға қатысты (немесе қажеттіден сәл үлкен, алайда, оның өлшемін слайдта масштабты 100% бастап кішірейту арқылы дәл реттеу үшін, 1.5-2 еседен артық емес) қажетті өлшемге дейін кішірейтіледі (еш жағдайда ұлғайтылмайды).
Слайдқа орналастырылған суретті масштабтау кезінде оның масштабын тек кішірейтуге (бастапқы 100%-дан) рұқсат етіледі және 100% артық ұлғайту ұсынылмайды, себебі бұл жағдайда сурет сапасы жоғалады – слайдта ол айқын көрінбейді. Егер слайдта 100% масштабта сурет тым кіші болып көрінсе, оны үлкен өлшемді бастапқы түпнұсқадан графикалық редакторда қайта дайындау қажет.
Шешілімді таңдау (пиксельдер/дюйм) презентация көрсету жоспарланатын монитор экранының шешіліміне байланысты. Егер презентация шешілімі бірдей компьютерде жасалса, слайдтағы сурет өлшемі (шамамен 100% масштабта) графикалық редактордағы таңдалған сурет өлшеміне сәйкес келуі үшін, дайындалатын суреттерге 96 пиксель/дюйм (1 024х 768 экран шешілімінде) немесе 128 пиксель/дюйм (1 280 х 1 024 экран шешілімінде) шешілімді орнату қажет. Экранның одан аз шешілімдері (800 х 600 және аз) қазіргі уақытта пайдаланылмайтын болғандықтан, 72 пиксель/дюйм шешілімін пайдалану ұсынылмайды. Егер презентацияны ол жасалатын компьютермен салыстырғанда шешілімі үлкен экранда көрсету жоспарланса (немесе презентация басып шығаруға да арналса), бұл жұмыс шешілімінде слайдқа орналастырудан кейін барлық суреттердің сәйкесінше масштабталатын (кішірейетін) үлкен өлшемдерін пайдалану ұсынылады. Суреттерді түсіндіру жазбасымен сүйемелдеу, түсіндіру жазбасын сурет астында орналастырған дұрыс. Суреттерді мәтіннен солға қарай орналастырған жөн: біз сол жақтан оң жаққа қарай оқитындықтан, көрушінің көзі алдымен слайдтың сол жағына түседі. Күрделі суретті немесе схеманы біртіндеп шығарған дұрыс. Схемалар мен диаграммалардағы барлық байланыстарды анық көрсеткен жөн. Презентацияда графиканы пайдалану кезінде адамның көзбен шолатын ақпаратты қабылдауымен негізделген жалпы ұсыныстар ары қарай келтірілген.
Ұсыныстар:
Келесілерге жол берілмеуі тиіс:
Дыбыстық сүйемелдеуді пайдалану ережелері.
Дыбыстық сүйемелдеу слайд, презентация мәнін көрсетуі немесе тақырыбының ерекшелігін айқындауы, негізгі (маңызды) ақпараттан көңіл аудырмауы тиіс. Мағынасы жоқ музыкалық немесе дыбыстық сүйемелдеуді пайдалану ұсынылмайды. Егер музыка пайдаланылса, ол тыңдаушылардың көңілін аудырмауы және баяндаушының сөзінен қатты болмауы тиіс. Фондық сүйемелдеу ретінде релевантты емес дыбыстарды (әуендер, әндер) қосу жылдам шаршауға, көңіл сейілуіне, презентация тиімділігінің төмендеуіне әкеледі. Дыбыс қаттылығы барлық тыңдаушыларға естілетіндей, алайда құлақ тұндыратындай емес болуы тиіс. Мультимедиалық блоктарды (ең алдымен, дыбыстық) пайдалану өз бетімен қарауға арналған презентацияларда бір уақытта бірнеше компьютерде қарауға шектелген. Презентацияны дыбыстаудың бас ережесі: әрбір нақты уақыт сәтінде дыбыстар тек бір жерден шығады (презентациядан немесе баяндаушыдан).
Анимациялық әсерлер . Слайдтағы ақпаратты ұсыну үшін компьютерлік анимация мүмкіндіктерін пайдалану ұсынылады. Алайда презентацияны мұндай әсерлермен шамадан тыс қанықтырмау қажет, қарсы жағдайда ол аудиторияның жағымсыз жауабын тудырады. Анимация тым белсенді болмауы тиіс. Әсіресе, ұшып шығу, айналу, толық, мәтіннің әріптік пайда болуы және т.б. тәрізді әсерлерді пайдалану ұсынылмайды. Анимация ұстамды, жақсы ойластырылған және динамикалық үдерістерді көрсету қажет, сонымен қатар тыңдаушылардың назарын аудару мен презентацияның белгілі атмосферасын тудыру үшін ор
1
ы
3
нд
4
ы болуы тиіс.
Адамның бейсанасына мультипликация үлкен әсер етеді. Оның әсері қарапайым видеомен салыстырғанда әлдеқайда күшті. Анық, жарық, жылдам ауысатын суреттер адамның ішкі түйсігінде «басылып қалады». Әсер ету уақыты неғұрлым аз болса, бұл әсер соғұрлым күшті болады. Бұл ретте кез келген релевантты емес қозғалатын (анимацияланған) объектінің материал қабылдануын төмендететінін, көңіл аудыратынын, зейін динамикасын бұзатынын есте сақтау қажет.
2.15-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып:
Анимациялық ашық хат жасау.
Сабақтың мақсаты:
Mіcrosoft Offіce пакетіне кірістірілген PowerPoіnt презентациялар дайындау бағдарламасында мультимедиа құру дағдыларын меңгеру.
Орындау уақыты:
45 минуттан екі сабақ.
Жұмыс тәртібі
Басталуы «алдыңғысынан кейін», Бағыты
«астынан»,
Жылдамдық«орташа» параметрлерін орнатыңыз
→Эффект қосу → Кіріс → Ұшу
командаларын ретімен орындаңыз.
Анимация баптау
мәзірінде
Басталуы
«алдыңғысынан кейін»,
Бағыты
«сол жақ жоғарыдан»,
Жылдамдық
«орташа» параметрлерін орнатыңыз;
→Ағымдағы слайд тан кейін аяқтау.
Дыбыс қарқындылығын баптау және белгіні жасыру;
2.16-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып:
Мультфильм жасау.
Сабақтың мақсаты:
Mіcrosoft Offіce пакетіне кірістірілген PowerPoіnt презентациялар дайындау бағдарламасында мультимедиа құру дағдыларын меңгеру.
Орындау уақыты:
45 минуттан екі сабақ.
Жұмыс тәртібі Жұмысты бастау алдында болашақ мультфильмнің сюжетін (идеясын) анықтаңыз. Мысалы, қарындаш үшбұрыш салады, айналып бұрылады, стақанға салынады. Мультфильмде қағазға қарындашпен сурет салған кездегі дыбыс және шыны стақанға соғылған дыбыс болу керек.
Сурет салу
панелінде немесе Саймандар панеліндегі
Сурет салу
қосымша терезесіндегі
Қою
опциясы.
2.17-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып:
Мультимедиялық интерактивті презентация жасау.
Сабақтың мақсаты:
Mіcrosoft Offіce пакетіне кірістірілген презентацияларды дайындау бағдарламасында интерактивті мультимедиалық презентация жасау дағдыларын меңгеру.
Орындау уақыты: 45 минуттан екі сабақ.
Жұмыс тәртібі
Гиперсілтемені көру үшін,
Слайдтарды көрсету
түймесін басыңыз. Гиперсілтемелер слайдтарды көрсету кезінде белсенді болады (өңдеу кезінде емес);
Тақырып:
Слайд-шоу жасау.
Сабақтың мақсаты:
презентация дайындау бағдарламасында слайд-шоуды жасау дағдыларын меңгеру.
Орындау уақыты:
45 минуттан екі сабақ.
Жұмыс тәртібі «Жабайы табиғат суреті». Презентация жасау үшін жабайы табиғаттың, жануарлардың, олардың әдеттерін және т.б. бейнелейтін суреттерді, сондай-ақ тақырыпқа сәйкес келетін музыкалық файл дайындаңыз. Музыканың бірінші слайдта басталып, соңғы слайдта аяқталатындай етіп, слайд-шоу музыкасын енгізіңіз. Презентацияны қарап шығыңыз және оны сақтаңыз. Жұмысты оқытушыға көрсетіңіз.
Тақырып:
Презентация дайындау бағдарламасында «Жаңа жыл сағаты» анимациясын жасау.
Сабақтың мақсаты:
Презентация дайындау бағдарламасында анимация жасау дағдыларын меңгеру.
Орындау уақыты:
45 минуттан 2 сабақ.
Жұмыс тәртібі
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
жағдайда, слайдқа файлдағы суретті қалай қосуға болады?
Қ
ОСЫМШАЛАР
1-қосымша
ОҚУ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП ҮЛГІЛЕРІ
2-қосымша
ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
V = Rtᵑ,
мұндағы
V
— аудиофайлдың ақпараттық көлемі, бит;
R
— дыбыстық картаның разрядтылығы, бит;
t
— аудиофайлдың ойнатылу уақыты, с; ᵑ
— дискреттеу жиілігі, Гц.
«Дыбыстық файлдың есептік көлемі» бағанында шешілген есептердің жауабын жазыңыз. Жауапты мегабайтпен көрсетіңіз.
суреттерді құрыңыз.
145
П2.1-кесте
№ р/с
Бағдарламаны ң атауы
Бағдарламаны ң қолданысы
Ақылы / тегін / шартты тегін
Көрсетілетін файл форматтары
Операциялық жүйе
1
Wіndows
Аудио,
Wіndows ОЖ
Видеофайлдар: ASF,
Wіndows-тың
Movіe
видео,
кірістірілген
AVІ, WMV.
барлық
Maker
графиканы
Фильмдер файлдары:
нұсқалары
ойнату
MPEG1, MPEG, MPG,
M1V, MP2. Дыбыстық
файлдар: WAV, SND,
AU, AІF, AІFC, AІFF,
MP3.
Wіndows Medіa
файлдары: ASF, WM,
WMA, WMV. Суреттер:
BMP, JPG, JPEG, JPE,
JFІF, GІF
П2.2-кесте
Файл аты
П, кГц
R, бит
t, с
Файлдың түрі
Дыбыстық файлдың есептік көлемі
44,1
16
60
Стерео
1.wav
8
8
60
Моно
2.wav
16
16
60
Стерео
3.wav
24
16
60
Моно
4.wav
32
16
60
Стерео
П2.3-кесте
№ р/с
Файл форматы
Сурет сапасы
Мбайт
1
p n g
2
tіff
3
gіf
4
jp e g
5
монохромды
6
16-түсті
7
256-түсті
8
24-разрядты
Файлдың ақпараттық көлемі,
3-қосымша
PowerPoіnt БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ОПЕРАЦИЯЛАР
Әрекет
Алгоритм
Слайдтардың фонын баптау
Слайд фонының түсін таңдау
командасын таңдаңыз.
Фон диалогтық терезесінен түсті таңдаған соң, таңдалған фонды осы слайдқа қолданғыңыз келсе,
Қолдану командасын таңдаңыз немесе таңдалған фонды барлық слайдқа қолданғыңыз келсе,
Барлығына қолдану
командасын таңдаңыз.
Слайд фонын жасау үшін градиентті қолдану
Градиент (градиенттік толтыру) - түс немесе реңктің әр түрлі бағыттардағы өзгеріп отырып, біркелкі ауысуы.
командасын таңдаңыз.
диентті баптаңыз.
Текстураны пайдаланып, слайд фонын жасау
командасын таңдаңыз.
Текстура
қосымша бетін ашыңыз.
Суреттермен жұмыс істеу
Суретті файлдан қою 1.
Қою
мәзірінде
Сурет
командасын, содан кейін — келесі командалардың біреуін таңдаңыз:
Сурет, Картинка, Кескін, Фотоальбом.
Кестенің жалғасы
Әрекет
Алгоритм
Суретті файлдан қою
Сурет өлшемдерін өзгерту жіберместен сурет ұлғайғанға дейін нұсқағышты оң жаққа төмен қарай жылжытыңыз. Тінтуір пернесін жіберіңіз.
Суретті жылжыту
нұсқағыш
ауысқанда, тінтуірдің сол жақ батырмасын басыңыз, оны жіберместен, слайдта қажетті жерге апарыңыз.
Гиперсілтемелер және басқарушы түймелер
Гиперсілтеме жасау
құжаттағы орын
түймесін шертіңіз.
жолында таңдалған слайдтың үлгісі жүктеледі.
Е с к е р т п е . Егер көмекші кеңес берілмесе, оның орнына файлдың жолы немесе URL көрсетіледі. басыңыз. Гиперсілтемелер слайдтарды көрсету кезінде белсенді болады (өңдеу кезінде емес);
Кестенің соңы
Әрекет
Алгоритм
Басқарушы түймелерді құру
Гиперсілтемені өзгерту
командасын басыңыз.
Гиперсілтемемен өту → Слайд...
тізімін ашыңыз.
терезесінде
ОК
түймесін шертіңіз.
Ә
ДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
— М., 2008.
«Академия» баспа орталығы, 2007.
A.
П. Леонтьев. — М.,: Олма-Пресс, 2005.
М
АЗМҰНЫ
Құрметті оқырман! 3
Алғы сөз 4
1-тарау. Жұмысқа дайындық және аппараттық жасақтауды баптау
6
анықтау 25
анықтау Компьютерлік тестілеу 41
қосу және баптау 55
Тәжірибелік жұмыс 1.12 56
баптау 57
мамандандырылған редактор бағдарламаларды
орнату және баптау 72
2-тарау. Цифрлық ақпаратты енгізу және өңдеу
83
1-қосымша.
Оқу ғылыми жобаларының үлгілі тақырыптары 144
2-қосымша.
Өздік жұмысына арналған тапсырмалар
145
3-қосымша.
Power Poіnt бағдарламасындағы негізгі операциялар
148
Әдебиеттер тізімі 151
Оқу басылымы
Курилова Анна Венедиктовна, Оганесян Валерий Оганесович
Цифрлық ақпаратты енгізу және өңдеу
Практикум Оқу құралы
3-ші басылым, стереотипті
Редактор
Е. Н.Н. Соколова, О.М.Амандықов
Техникалық редактор
Н. И. Горбачева
Компьютерлік беттеу:
Д. В. Федотов
Корректор
А. П. Сизова
Бас. № 103116482. Басылымға қол қойылды 07.07.2015. Формат 60 х 90/16. Гарнитура «Балтика». Офсет. қағаз № 1. Офсет. баспа. Шартты басп. бет 10,0. Таралымы 1200 дана. Тапсырыс №
«Академия» баспа орталығы» ЖШҚ.
www.academіa-moscow.ru
129085, Мәскеу, Бейбітшілік даңғ., 101В, 1 құр.
Тел./факс: (495) 648-0507, 616-00-29.
Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды № РОСС RU. AE51. H 16679. 25.05.2015 ж. Баспаның «Саратовский полиграфкомбинат» ААҚ ұсынған электрондық тасығыштарынан басылып шығарылды.
www.sarpk.ru
410004, Саратов қ., Чернышевского көш., 59.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру