Арал өңірінің экологиясы
А.Н. Нұрғызарынов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Арал өңірінің экологиясы. Қ. Шапшанов, А.Н. Нұрғызарынов
Кіріспе
Табиғат анамыз бен адамзаттың ара қатынасына жік түсіп, ол ұлғайып барады. Оған себеп, өндіргіш күштердің тез қарқынмен дамуы, минералдық шикізат қорларын орасан көп мөлшерде пайдалану, бұрын табиғатта белгісіз көптеген жасанды заттар шығару айнала қоршаған ортаға қысымды шектен тыс күшейтіп, кейбір аймақтарда экологиялық тепе-теңдікті бұзды. Осы жағдайда еңбек өнімділігінің артуы, халықтың хал-ахуалының жақсаруытабиғат байлығын тиімді пайдаланумен, оны сақтаумен тығыз байланысты болып отыр. Олай дейтініміз, шұрайлы жерсіз, құнарлы егістіксіз, айдынды шалқар көлсіз, жайқалған саялы ормансыз, ну қалың тоғайсыз, түрлі жабайы хайуанаттарсыз, тағы да басқа асыл қазыналары болмайынша қоғамдық өрлеудің өрісі қысқа болары хақ. Қазіргі кезде экологиялық жағдайы тәуір деп айтарлықтай аймақ Қазақстан жерінде жоқ десе, артық айтқандық болмас. Алайда, солардың ішінде экологиялық шырғалаңның шырмауына мықтап түскен Арал өңірі бәрінен де оқшау тұр. Бұл аймақтың экологиялық жай-күйінен хабардар болу үшін Арал теңізінің кеп-кең табанынан үздіксіз көтеріліп тұратын миллиондаған тонна тұз аралас шаң-тозаңды, әртүрлі химиялық заттармен қаныққан суы ішуге жарамсыз Сырдариясын, аппақ соры бұрқыраған егістік, шабындық, жайылымдық жерлерін айтсақ та жеткілікті. Айнала қоршаған ортаны зады белгісіз улы заттармен ластаушы «Байқоңыр» ғарыш айлағының өзі не тұрады? Демек, осы өлкенің табиғатына, оның экологиялық жағдайына қатысты проблемалар жетіп артылады. Олардың ішінде тек жергілікті жердің күшімен шешуге мүмкін болмайтындары да бар. Мәселен, Арал теңізімен Байқоңыр ғарыш айлағына қатысты проблемалар. Әйтсе де қол қусырып қарап отырмай, экономика мәселелерін жаңа жағдайға бейімдеп шешсе, қоршаған ортаға, сол арқылы адамға түсетін ауыртпалықтың үлес салмағы азая берер еді. Соңғы жылдары табиғат қорғау жұмыстары шындап қолға алынып, экологиялық бағдарламаны онан әрі жетілдіру, сөйтіп, табиғатқа қамқор болу арқылы адамзаттың келешегіне жанашыр болу көзделуде. Бұл жөнінде мемлекеттік актілермен қатар табиғат қорларын комплексті пайдалануды және қорғауды, жерді, суды, ауаны, елді мекендерді ластамайтын технологиялық процестерді ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құжаттар бар. Бірақ олардың барлығы бірдей көпшіліктің қолына түсе бермейді, өйткені, әрқайсысы жеке басылым болып шығады. Сол сияқты табиғат қорғау мәселелері басқа басылымдарда да көптеп жарық көріп жатады. Олар көбіне нақтылы аймақтардың экологиялық жағдайынан гөрі жалпы мәселелерді қамтиды. Осындай себептермен жергілікті тұрғындар өздері тұратын ортаның кешегісі мен бүгінгісі, экологиялық жай-күйі жөнінде мағұлыматтарды толық ала алмай, түсінігі тиіп-қашып оқыған немесе есіткен шашыраңқы мәліметтердің төңірегінде құба-дүмбіл болып қала береді. Мұның өзі табиғат қорғау шараларын қарқынды жүзеге асыруға қол байлау болады, өйткені осыған жұмыла кірісетін қауым бұл өмірлік маңызы бар мәселеге жеңіл-желпі қарап, самарқаулық көрсетеді. Сондықтан бұл кемшілікті толтыруға себін тигізер деп осы кітапты ұсынып отырмыз. Мұнда арнайы зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен қатар бар мәліметтерді жинақтап талдаудың негізінде Арал маңының экологиялық хал-ахуалы қазір қандай деңгейде екені жөнінде көпшіліктің түсінік шеңберін кеңейтіп, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, өлкенің экологиялық жағдайын сауықтыру үшін атсалысуға қозғаушы болу мақсатын көздедік. Бұл мақсат қаншалықты сәтті орындалғанына біз өзіміз төреші емеспіз, оның бағасын оқырман қауым, жалпы өзінің тіршілік етіп отырған ортасының жай-күйі көңілге қобалжу түсірмейтіндей болуына мүдделі екенін көпшілік айтатын болар. Айнала қоршаған орта дегенде біртұтас бөлінбейтін организм сияқты ұғым туады, бірақ ол жекеленген компоненттердің жинағы. Солардың ішіндегі ең маңыздылары ауа, су, топырақ және өсімдік дүниесі екені белгілі. Олар жөнінде мәлімет толық. Сонымен қатар Арал маңы табиғатының антропогендік ластануыжөнінде бар материалдар жинақталды. Әрине, оның бәрі сайып келгенде тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық және ең бастысы адамның денсаулығына тікелей ықпалын тигізетін болғандықтан, бұл мәселе де талдаудан тыс қалған жоқ. Жасыратын несі бар, табиғат қорғауда істелінгенінен, істелетін жұмыстың ауқымы әлдеқайда көп, әрине, оған білек сыбанып кірісуге құлықтар да баршылық. Бірақ олардың басын қосып бір арнаға салу оңай шаруа емес. Міне, осы тұрғыдан алғанда жалпы жамиғатқа ұсынып отырған еңбегіміз өзінің шама-шарқынша соған ұйытқы болар еді деген ойдамыз. Кемшілігі жоқ демейміз, кем-кетігі болады. Оны толықтыру бәрімізге ортақ парыз.
Табиғи климат жағдайы
Географиялық орны. Қазақстанның оңтүстігінде 1938 жылы құрылған Қызылорда облысы Сырдария өзенінің төменгі ағысында оның екі жағасын ала орналасқан. Жер көлемі жағынан республикадағы ірі облыстардың бірі. Қызылорда облысының байтағы 228,1 мың шаршы шақырым. Мұнда республикадағы халықтың 3,9 проценті тұрады. Бір шаршы шақырым жерге
2,7 адамнан келеді. Қызылорда облысы шығысы мен оңтүстік шығысында – Шымкент, оңтүстігінде Өзбек Республикасымен шектеледі, яғни, Азиялық шөл даланың белдеуінде орналасқан. Батысында – Арал теңізі. Оның солтүстік және шығыс бөлігі аралдарымен қоса 28,5 шаршы шақырым болатын аумағы Қызылорда облысының құрамына енеді. Бұл облыс байтағының барлық көлемінің 11,8 проценті. Оңтүстігінде – Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігі, солтүстігінде – Арал теңізінің жиегіндегі Қарақұм, Арысқұм және орталық Қазақстанның шет аймағына кіретін шөлейт үстірті. Облыс Тұран ойпатының жазықтау келген кең байтақ алқабын алып жатыр. Оның басым көпшілігі Сырдария, Сарысу және Шу өзендерінің ертедегі атырау жазығы болып табылады. Тарихтан мәлім, бұрын арғы дәуірде қазіргі Сырдарияның атырауы мен Арал теңізінің жерінде біріне-бірі тіркес жатқан екі үлкен қазан шұңқыр болған. Сонау Тянь-Шань тауынан басталып, Ферғана даласында түйісетін кішігірім өзендерден басын алып, батысқа қарай Сырдария болып ағатын өзен алдымен жол басындағы Қызылорда шұңқырына құйған. О заманда Сырдария суы мол ірі өзен болса керек. Өйткені, ол кезде Шу мен Сарысу өзендері Сырдарияныңарнасынақұйған екен. Ұзақ шөлде талай жердің қыртысын қақ жарып, екі жиегін опыра құлатып, жұлқына ағатын асау өзен орасан көп құм, лайды ала келген. Ғылыми деректерге жүгінсек, бұл шұңқыр 56 мың жылда сумен келген шөгіндімен толып, осы заманғы геоморфологиялық аймақ қалыптасқан көрінеді. Сол геоморфологиялық аймақ солтүстік шығысында Қаратау, батысында Қызылқұм биігінің жақын жатқан тар аралығынан басталып, батысқа қарай кең жайылып жатыр. Оны Сырдария ойпаты деп атайды. Ойпаттың ең терең жері Тартоғай стансасы тұсынан басталады да, Қызылорда арқылы Тереңөзекке дейін созылып, онан оңтүстік батысқа қарай бұрылып, Жаңадарияның арнасын бойлап жатыр. Шұңқырдың табанынан санағанда жиналған шөгінді үш қабаттан тұрады. Төменгі бірінші қабаттың қалыңдығы – 7 метрден аспайтын майда тас аралас құм мен саздан тұрады. Шұңқырдың орта тұсында, қазіргі Қызылорда қаласы мен Тереңөзектің тұрған жеріндегі екінші қабаттың қалыңдығы 60 – 80 метр болатын үрінді құмның қалыңдығы шетке қарай жұқара береді де, шірік Рабаттың тұсында 30 – 45 метр болса, шығыс Арал өңірінде 6 – 20 метрден аспайды. Бұл екінші қабат осы өлкені ең алғаш мекендеген Келтемұнар тайпасының атымен аталады. Ең үстіңгі, яғни, төменнен санағанда үшінші қабаттың қалыңдығы 1 – 6 метр, кей жерлерде 9 метрге дейін болатын саз, құмшық және құм аралас шөгіндіден тұрады. Бұл қабатқа біздің дәуірге дейін осы өңірді мекендеген Ақсарт (немесе Масығұт) тайпасының аты берілген. Батысындағы екінші қазан шұңқырда қазіргі Арал теңізі орналасқан. Аралға деген осы заманғы көзқарас әртүрлі. Біреулер оны әлемдегі таңғажайып су жинағы (водоем), енді біреулер табиғаттың жұмбағы десе, тіпті кейбіреулер табиғаттың қатесі дегенді айтып жүр. Несін жасырайық, соңғысы қит етсе табиғаттан «қате» тауып, айдалада алақандай су жатса болды, делебелері қозып, техникасын сүйрете жүгіріп, не көміп сағасын байлайтын немесе бұрыпағызып жіберетін су мамандарының ауызынан шыққаны ешкімді таңқалдырмайды. Қалай дегенде де Арал теңізінің өте ерекше географиялық құбылыс екені сөзсіз. Олай дейтініміз, әлемге әйгілі жазира шөл – Тұран ойпатының едәуір бөлігін алып жатқан Арал теңізі жылдың алты ай бойы мыс қазандай қызып, айнала бет қаратпайтын ыстық аптап шашып тұратын құмдардың ортасында жатыр. Осынша қатал климаттың бетін қайтарып, оны сәл де болса жұмсартып тұрған сол Арал. Әлемнің қай түпкірі болса да, құжынаған тіршілік ең алдымен өзендердің төменгі ағысында басталғаны тарихтан белгілі. Соның бірі Сырдария өзенінің атырауы. Ол Тартоғай стансасының тұсында ені 20 – 30 шақырым болып басталады да, батысқа қарай біртіндеп кеңейіп, Арал теңізінің шығыс жағалауына жеткенде ені 350 шақырым болып тіреледі. Егер осы бейнені сызып қараса, ол теңізге жапсарлап тігінен қоя салған алып үшбұрыш болып шығар еді. Жазықтың ең биік нүктелері Тартоғай тұсында 140 – 151 метр, Жосалы тұсында 100 метр, ал Аралдың шығыс жағасында 55 метрден аспайды. Сонда Сырдың атырауы теңіз бағытымен баяу ылдилап, көлбеу жатқан жазық дала. Жазық бетінде әр жерде жатаған жусан өскен шағыл құм төбелер мен жал-жал бұйрат құмдар. Теңіздің шығыс жағалауында – Қуаңдария мен Жаңадария арасында келтемұнар дәуірінен қалған бұйрат құмдар едәуір үлкен кеңістікті алып жатыр. Кейде жазық бетінде жалғыз-жарым төбелер кездеседі, мысалы, Аққыр, Қарақ, Жосалы, Көксеңгір. Олардың биіктігі 60 – 80 метрге дейін барады. Бітім-бейнесі ешнәрсеге ұқсамайтын сол қира-қира шоқылардың баурайы тік жар болып келеді. Бұлардан басқа биіктігі 40 метрге дейін баратын шағындау төбелер әр жерден бой көрсетеді. Олар ескі заманнан қалған топырақ қорғандардың орны – асарлар. Құралыасар, Жалпақасар, Жетіасар, Құмқала, Шірік Рабат тағы басқалары сағыммен бұлдырап, жолаушының көзіне ондаған шақырымнан көрінеді. Арналар арасындағы кеңістіктің бет-бедерінің өзіне тән ерекшелігі бар. Мұнда теңіздің толқыны тәрізді бұйраттанып жатқан ауқымы әртүрлі су айрықтары, айнала атшаптырым жиегі түйе-тайлы ойпаттар. Дария тасығанда бұл ой-шұқырлардың бәрі сумен толып, бүкіл атырауда жүздеген көлдер пайда болатын. Олардың ішіндегі балығы мол тұнба көлдер – Соркөл, Қаракөл, Көксу, Ақсай т. б. Айнала егістік, шабындық жерлерді су басып, ыза көтеріп кетпес үшін жиегін тоғандап қойған Далакөл, Жыңғылдыкөл, құм төбелердің ара-арасындағы ой жерлердегі ащы көлдер – Сыр атырауының келбетіне осы өлкеге тән ерекшелік берді. Кезінде бұл өлкеде көлдердің көп болған себебі Сырдария екі мың шақырымнан асатын ұзақ жолында өзінің арнасымен ағып келіп, осы даланың шетіне жеткенде арнасына сыймай жазық даланы жаппай қамтып бірнеше тарауға бөлініп ағатын болған. Баяғы заманда Қызылқұмды кемерлеп ескі дариялық, оның солтүстік шығыс жағынан Іңкәрдария, даланың орта тұсында Қуаңдария, онан оңға таман Жаңадария, сосын негізгі арна Сырдария болып теңізге құйған. Қазір олардың көпшілігі кеуіп, құрғақ арналары ғана қалды.
Климаты
Сырдария бассейнінің климаттық жағдайын сипаттайтын әдеби мәліметтер баршылық болғанымен, олардың көпшілігі Қызылорда облысының бүкіл байтағындағы климат жағдайының ерекшеліктеріне соқпай, шектес жатқан аумағы кең, үлкен жерлердің климатын жалпы тұрғыдан талдайды. Жергілікті жерде жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде, ауаның айлық орташа температурасы бойынша, Қызылорда облысының жерін сұр топырақты белдіктің солтүстік жағына және қоңыр топырақты шөлейт дала аймағына жатқызады. ( Боровский, Погребинский, 1958 ж. ) Қызылорда облысының климаты еуроазиялық құрлықтың ішкі оңтүстік жағында атмосфералық ауаның жылжу (циркуляция) ерекшеліктерінің ықпалымен қалыптасады. Климаты континенттік, жазы ыстық құрғақ, әрі ұзақ, қысы қарсыз қысқа, бірақ суық. Континенттік белгілері тәулік, ай, жыл ішінде білініп тұрады. Жазда температураның кенеттен құбылуы байқалмайды. Облыс байтағының барлық жерінде шілде айының орта температурасы +25 – 28̊. Территорияның көпшілік бөлігінде ең жоғарғы абсолюттік температура +44 – 47˚. Қыста облыстың солтүстік және оңтүстік бөлігінің арасында температураның айырмашылығы байқалып тұрады. Мысалы, облыстың солтүстігінде орналасқан Арал қаласының төңірегінде ең суық ай қаңтардың орта температурасы – 13,4˚, ал оңтүстігінде «Аққұмда» – 6,8˚ десек, екеуінің арасындағы айырмашылығы – 6,6˚ С. Облыс территориясының оңтүстік жағы ашық болғандықтан Сібірден жылжыған салқын ауа массасы еш кедергісіз келіп тұрады. Қыстың қысқа болса да суық болатыны сонан. Қыс айларында кейде ең төменгі абсолюттік температура 40 – 45˚-қа дейін төмендейді. Температураның жылдық абсолюттік тербелуі (амплитуда), яғни жоғары және ең төменгі температураның айырмасы – 85 – 90˚С. Ауаның тәуліктік орта температурасы 0˚-тан жоғары болатын күннің саны – 235 – 275. Олақпан мен 18 наурыздан басталып, қарашаның 12 – 28-інде бітеді. Сондықтан егінді пісіріп жинау суық ұрмайтын кезең 160 – 205 күнге созылады. Облыстың климатына тән ерекшелігі – құрғақшылық. Жауын-шашын өте аз. Оның жылдық орта мөлшері 100 – 150 мм-ден аспайды және әр маусымда бірдей емес. 60 проценті қыс-көктем айларында жауады. Жазда жауған жауынның топыраққа және өсімдікке пайдасы жоқ. Қыста жауған қар жабындысы жартымсыз және тұрақты емес. Әдетте қар желтоқсан айының екінші-үшінші онкүндігінде жауады, қалыңдығы 10 – 25 см, 2,5 ай бойы жатады. Кей жылдары қардың жатысы4 айға созылады. Мысалы, 1993 – 1994 жылдың қысында, қараша айының басынан бастап қыс бойы 14 рет жауған қалың қар наурыздың бірінші онкүндігіне дейін жатты. Облыс территориясында солтүстік шығыстан қатты жел соғып тұрады. Желдің жылдық орта жылдамдығы 3,1-ден 6,0 метр/сек. Дауылдатып, топырақ суырып соғатын қатты жел Арал теңізінің төңірегінде жиі болады. Қыс айларында соққан желден топырақтың беті шытынап жарылады. Жазда да алай-түлей жел жиі соғады, облыс жерішаңдатып жатады. Облыс байтағының басым дені құмды және сазды келетін шөлжәне шөлейт жазық болғанымен оның агроклиматтық жағдайы біркелкі емес. Вегетация кезіндегі жылу мен ылғалдыңкөрсеткіштеріне орай, облыстың территориясы бірнеше агроклиматтық аудандарға бөлінеді. Жалпы облыс территориясында вегитация кезінде +10˚-тан жоғары болатын температураның жинағы 3400 – 4300˚ аралығында болады. Осы көрсеткіштеріне қарай мынадай агроклиматтық аудандарға бөлінеді:
3400 – 4000̊.
Сонымен қатар топырақ жағдайына байланысты тағы екі ауданға бөлінеді, барлығы 4 агроклиматтық аудан: аудандар мен олардың бөліктері: Арал, Қазалы (орталық бөлігін қоспағанда), Қармақшы ауданының солтүстігі, Тереңөзек (орталық және оңтүстік бөлігін қоспағанда), Сырдария ауданының солтүстігі, Шиелі, Жаңақорған ауданының орталық бөлігі. Аталмыш ауданда температураның жинағы 3400 – 4000˚. Ауаның температурасы +10̊-тан жоғары болатын кезең 175 – 195 күн. Суық болмайтын мезгіл сәуірдің бірінші онкүндігінің аяғында және үшінші онкүндікте басталып, 160 – 205 күнге созылады. Шілде айында орта температура +25 – 27˚. Қаңтар айында -9 – 13̊. жылына жауатын жауын-шашынның мөлшері – 115 – 130 мм. Қар желтоқсанның екінші онкүндігінде жауады, қалыңдығы
10 – 25 см. Дақылдың қандай түрін егуге де ауа райы қолайлы. аймақ. Ол негізінен Сырдария өзенінің бойына орналастырылған. Бұл Арал әкімшілік ауданының шағын ғана оңтүстік батыс бөлігін және Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Тереңөзек, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған әкімшілік аудандарының орталық бөлігін қамтиды. Ауаның +10˚-тан жоғары температурасының жинағы 3600 – 4200̊, ал мезгілдің ұзақтығы 180 – 200 күн. Жазы ыстық, ұзақ, шілдеде орта температура – 6,5 – 11˚. Жауын-шашын аз, жылына – 35 – 75 мм. Желтоқсанның екінші-үшінші онкүндігінде қалыңдығы 10 – 15 см қар жауады, ол 1,5 – 2,5 ай бойы жатады. Бұл ауданда жылу сүйгіш дақылдардың көбі егіледі ( күріш, жеміс-жидек, жүзім, көкөніс, бақша ). Жалағаш, Тереңөзек, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған әкімшілік аудандарының оңтүстік жағын алып жатыр. Ауаның температурасы +10̊-тан жоғары болатын жылу жиынтығы – 4000 – 4300˚С. Осы кезеңнің ұзақтығы 195 – 205 күн. Суық болмайтын мезгіл сәуірдің бірінші жартысында кіреді, оның ұзақтығы – 180 – 190 күн. Күзде қазанның бірінші жартысында егінді суық ұрады. Жазы өте ыстық. Шілдеде орта температура +27 – 28̊ С. Жаз айларында Иран жақтан оқта-текте өте ыстық ауа массасы келіп тұрады, ондайда ауаның температурасы +45˚-қа дейін көтеріледі. Ондай ыстық егінге өте зиян-ақ дақыл ауып кетеді, ыстықты көкөніс, бақша да көтере алмай, өсуі нашарлайды. Жауын өте аз, анда-санда жауады, жылдық нормасы – 35 – 60 мм. Қыста қар жоқ, жауса да тез еріп кетеді. Су болмаған соң егін егілмейді. Бұл ауданға кіретін жерлер малдың жайылымы ретінде пайдаланылады. жоғары, температураның жинағы – 3700 – 3500˚. Бұл агроклиматтық ауданға Жаңақорғанмен Шиелі әкімшілік аудандарының Қаратау етегін қамтитын оңтүстік шығыс бөліктері кіреді. Ауаның температурасы +10̊-тан жоғары болатын маусым-сәуірдің ортасында басталып, 185 – 188 күнге созылады. Қазанның бірінші онкүндігінде егінді суық ұрады. жылдық жауын-шашын – 75 – 125 мм. Қыста жауатын қардың қалыңдығы 20 – 25 см, ол 65 – 70 күн жатады. Климаты көптеген жылусүзгіш дақылдар егуге қолайлы. Бұл ауданда суармалы егіншілікпен қатар азын-аулақ тәлімі егіншілік бар.
Өсімдігі
Қызылорда облысы территориясының топырақ, климат жағдайы негізінен екі түрлі: Сырдарияның ескі атыраулық жазығы және оны айнала қоршап жатқан шөл және шөлейт дала. Облыстың жалпы жер көлемімен есептегенде Сырдария атырауының үлесіне небәрі 10 (он) процент тиеді. Шөл және шөлейт дала 86 процентін алып жатыр, ол қалғандары шаруашылық үшін пәлендей маңызы жоқ жерлер. Мысалы, сулар, таудың жалаңаш бөктері. Осы аймақтардың табиғатына бейімделген өсімдіктер қауымдастығы қалыптасқан. Жалпы облыс территориясының өсімдіктерін үлкен төрт топқа бөледі: саздық жазықтардың өсімдіктері, құмды жазықтардың өсімдіктері, тау етегіндегі жазықтардың және Сырдария атырауының өсімдіктері. Территория жағынан саздақ шөл дала облыстың солтүстігінде, құмды жазықтар – оңтүстігінде, ал ортасында ескі және жаңа атырау жатыр. Саздақ шөл даланың фитоценозы солтүстік Арал өңірі мен ескі атыраудың солтүстік жағында үштік бор, қыратында және жаңа атырау жазығында кездесетін қалдық төбелерде тараған. Сазды жерлерде әртүрлі эфемерлер мен итсигек және изен аралас жусан өседі. Бұл шөптердің мал жейтін өнімі орта есеппен гектарына 4 – 4,6 центнерден. Мұндай жайылымға малды жыл бойы жаюға болады, әсіресе көктемде және күзде жаю тиімді. Төбе бөктерлерінде фитоценозды сұр жусан мен бұйырғын құрайды. Өнімділігі гектарына 5,2 центнер шамасында. Ылдый жерлерде қарапайым өсімдіктер тобында бұйырғын басым. Бұл аймақта сортаң қоңыр топырақтарда көбіне бұйырғынмен аралас қара жусан өседі. Саздық шөлдің оңтүстік жағына кіретін Сырдарияның оң жағасындағы Майлыбас – Төретам – Қорқыт – Жосалы (Саралаң қыраты) стансаларының аралығында шөптің түрі біркелкі емес, ала-құла. Өсімдігінің көпшілігі жусан мен бұйырғынға аралас сиректеу сораң, әртүрлі бұталар, сексеуіл, баялыш өседі. Қызылорда облысының байтағына үлкен және кіші Борсық, оңтүстігінде Мойынқұм, Сарысудың аяғындағы құмдар, Арал өңіріндегі Қарақұм және Сырдарияның сол жағында жатқан Жуанқұм кіреді. Бұл аталмыш құмды алқаптардың өсімдігін үш топқа бөледі: бұталы, бұта аралас және еркек шөп, жусан, қоянсүйек, жүзгін т. б. Орнықты құмдар мен құм төбелерді жиектеп аралас өсетін түйесүйер еркек шөп, жусан шөптерінің өнімділігі гектарына
7 – 8 центнер болады. Құм арасындағы жазықтарда гектарлық өнімі 3 – 8 центнердей болатын еркекшөппен аралас басқалары бар. Солтүстік шөл даланың ерте заманнан қалған бұйрат және жал бұйрат құмдарына тән өсімдіктері жүзгін, баялыш, қара сексеуіл аралас шығатын жусан мен эфемерлер. Қуаңдария мен Жаңадария жазықтарында қара сексеуіл аралас эфемер мен жусан, кейде оларға сораң мен жаңтақ аралас өседі. Құм төбелердің арасындағы тақырлау жерлергебұйырғын, қара сексеуіл, күйреуік бой салады. Осы заманғы аллювийден тұратын құмдарда шөптің аталмыш топтарында жыңғыл, шеңгел, баялыш, теріскен кездеседі. Тау бөктерінің өсімдіктері. Қызылорда облысының жеріне кіретін Қаратаудың батыс бөліктері. Бұл Жаңақорған мен Шиелі аудандарының мал жайылымы. Өсімдіктерінің түрлері астық тұқымдас шөптер әртүрлі эфемерлер мен сұр жусан. Көктемнің екінші жартысында аралас шөптер тығыз болып тұрады. Сонан жаз шыға эфемерлер қурап, даланың жасыл көркі кетедіде, бірыңғай жусан қалады. Бұл шөптердің өнімділігі әр жылы гектарына 1,9-дан 7,2 центнерге дейін болады. Тау ішіне тереңдеп биікке көтерілген сайын (400 – 500 метр биікте) әртүрлі шөптер жусан, баялыш, теріскен, қияқ, тағы басқалары едәуір тығыз болып өседі. Жауын-шашын мол жылдары мұндай шөптердің гектарлық өнімі –
5,7 центнерге дейін барады.
Атыраулық жазықтың өсімдіктері. Шығыс Арал өңірінің өсімдік дүниесін зерттеуді ғалымдар өткен ғасырдың ортасында бастаған. Алғашқы кезде бұл зерттеулер жекеленген аймақтардың өсімдіктер дүниесін сипаттаумен шектелген толық емес материалдар болатын. Онан кейін бұл жұмысты үстіміздегі ғасырдың басынан бастап зерттеушілер бірнеше дүркін жалғастырды. Солардың ішінде бұл өлкенің топырақ-климат аймақтарын толық қамтыған көлемді зерттеу жұмыстары 50 жылдарда Қазақстанның Ауыл шаруашылығы Министрлігінің тапсырмасы бойынша орындалды, республика ғалымдары 13 миллион гектардан астам жердің өсімдіктерін зерттеді. Нәтижесінде Сырдың атырауы мен оған жақын жатқан үштік бор қыраттарының өсімдіктеріне толық мәлімет бар. Бұл өңірдің өсімдіктер дүниесінің қалыптасуына атыраудың табиғи ландшафтын құрайтын факторлар тікелей ықпал жасайтыны белгілі. Сонымен бірге өсімдіктер қауымдастығының қалыптасуына антропогендік және зоогендік факторлар да әсер етеді. Сырдың атыраулық аймағындағы өсімдіктердің жалпы эволюциялық даму бағыты соңғы кезде өлкенің гидрологиялық режимінің өзгеруіне байланысты ылғал сүйгіш өсімдіктер тобы ксерофилдық, аймақтық тобы экологиялық топтармен ауысқанын аңғартады. Сондықтан мұндағы өсімдіктердің сипаттамасын, олардың эволюциясын және бір топтың өзге топпен ауысу ерекшеліктерін рельефтің негізгі элементтері бойынша берген ыңғайлы.
Өзен арналық қырқаның өсімдіктері. Сырдария өзені мен онан тарайтын сулы өзектердің арналарына жақын жатқан ылғалды жерлерде өсетін астық тұқымдастар мен әртүрлі шөптер – қызыл мия, тергүлді, айбатмия тағы басқа. Ескі атыраудың сулы бөлігінде және атырау басында айрауық, қамыс, қияқ аралас қалың бидайық өскен жерлері кездеседі. Мұндай жерлерден гектарына 15 – 20 центнерге дейін сапалы шөп алуға болады. Бірақ дарияның арналық қырқасынан ешкім шөп дайындамайды. Оны ірі қараның жазғы жайлауына пайдаланады. Сырдарияның арналық қырқасында ағаштар сирек. Кейде шоқ-шоқ болып өскен жиде мен тал аралас жиделі тоғайлар кездеседі. Қалың өскен нағыз тоғай ені 1 – 3 км, ескі атырау басында суға жақын жерлерде өседі. Жоғары белдікте өсетін ағаштар жиде, терек, тал, тораңғыл Екінші белдікте қалың шеңгел, жыңғыл ағаштар мен бұталарды шырмауық орап тастаған. Мұндай тоғайларға ит тұмсығы батпайды. Топырақ бетіне жақын төменгі үшінші белдікте бидайық, айрауық, қамыс, жабайы арпаға аралас әртүрлі шөптер, мысалы тергүлді, жалбызтікен, кендір, миялар өседі. Өзен арнасынан шеттеу дарияның тасқын суы оқтын-оқтын басатын ойлау жерлерде ну қалың қамыс. Кейбір суы тайыз көлшіктердің жағасында қамыспен аралас қоға да бар. Су басқан, бірақ суы ұзақ тұрмайтын ылғалды жерлерде бірыңғай таза қамыс өседі, ал ылғалы аздау жерлердің қамысы сиреп, оған аралас жыңғыл, қарабарқын, кейде сораң өседі. Мұндай әртүрлі шөп пен бұта аралас қамыс өскен жерлер атыраудың едәуір территориясын алып жатыр. Бірыңғай таза қамыс жылына әр гектардан 50 центнерге дейін пішен береді. Мұндай өсімдіктер формацияларының арасында кездесетін борпылдақ және шалғынды сорларда галофиттердің жұтаңдау өскіні ойдым-ойдым болып кездеседі. Сор жерлердің өсімдіктерінің дені жыңғыл, итсигек болып келеді. Шалғынды тұзы аздау сорларда сиректеу өскен ажырық, ал жалаңаш сорларда сарсазан, балықкөз, қарабарқын, сорқаңбақ өседі. Сорлардағы өсімдіктердің өнімділігі әр гектардан 1,0 центнерден аспайды, онда да малға жұғымдылығы төмен.
Сыр атырауының қуаң бөлігінде кепкен ескі арналарды жағалай және жазық жерде шоғырланып өскен сексеуіл тоғайлығы кездеседі. Олардың арасында сиректеу болып өсетіндері күйреуік, жусан, торғай оты, раң, балықкөз. Едәуір кеңістікті жалаңаш тақырлар алып жатыр. Онда жоғарыда айтылған өсімдіктер өспейді. Тек көктемде және күзде жаңбырдан кейін тақырға жиналған қақтың суын көкжасыл балдырлар басып кетеді. Тақырлау жерлерде өсетін раң, күйреуік, бұйырғын. Олардың да шығымы сирек.
Орман-тоғай және оны қорғау
Табиғи ландшафтқа көрік беріп, жердің сәнін келтіретін, оны эрозиядан қорғайтын, топырақтың құрылымын жақсартатын, жан-жануарлардың тіршілігіне өте қолайлы орта – орман. Орманның көмегімен заттардың биологиялық айналысы қалыпты дәрежеде біркелкі жүреді. Жалпы тіршілігіміз үшін және орманның маңызы түсінікті болуы үшін мысал келтірсек, жер шарындағы жалпы өсімдіктер массасының 82 проценті орман фитомассасының үлесіне тиеді. Орманның пайдасы тек қана шаңды, көмірқышқыл газын жұту емес, сонымен қатар атмосфералық ауаны организмге зиянды микроорганизмдерден тазартатын фитонцидтер бөліп шығарады. Қызылорда жерінде көп өсетін жыңғыл мен сексеуілдің сондай қасиеті бар. Орман болса ағаш өнеркәсібі дамиды, онан тамақтық, техникалық, мал азығындық және дәрігерлік шикізат алынады. Бұрын ағаштан 4-5 мың нәрсенің түрі дайындалатын болса, қазір техникалық және жаңа технологияның дамуына орай саны 15 – 20 мыңға дейін жетіп отыр. Ағаштың табиғатты қорғау, топырақты сақтау және климатты реттеудегі адамға пайдасы шексіз. Орман мемлекеттік заповедниктер, су қорғайтын және ағаш өсетін ормандар болып бөлінеді. Соңғылардан ағаш дайындалады. Айтса тіл жеткісіз осыншама бағалы табиғат байлығы орманды қорғау экономиканы нығайтып, өлкенің экологиясын сауықтырудың басты шарты. Арал өңірі ежелден ормансыз өлке. Бұл аймақта орман деп есептелетін қалың сексеуіл және сиректеу ағаштар (терек, тал, қарағаш, тораңғыл)аралас жиделі тоғай.
Таблица 1
Қызылорда облысында орман-тоғайдың көлемі
(«Арал- 2006»)
Жылы
Орманның
көлемі,
мың га
Оның ішінде, мың га
тоғай
сексеуіл
1960
2913
393
2520
1970
2599
349
2250
1980
2292
300
1992
1990
2011
260
1751
Осыдан отыз жылдың ар жағында Қызылорда облысында жалпы орманның көлемі үш миллион гектарға жуық болатын. Оның 393 мың гектары жиделі тоғай да, 2,5 млн гектардан астамы сексеуіл еді. 1990 жылғы мәлімет бойынша сонан қалып тұрғаны 2011 мың га, яғни, осы ширек ғасырдан сәл астам уақытта облыс байтағындағы орманның көлемі 902 мың гектарға кемігені таблицадан көрінеді.
Қазіргі кезде жалпы орманның 1751 мың гектары (87,06 %) сексеуілдер, 260 мың гектары (12,94%) суармалы аймақтағы тоғайлар. Тоғайлы ормандар Сырдарияның атырауында ылғалды жерлер мен өзен жағалауын бойлап өсетін ағаш-бұталардан тұрады. Бұларды су мен топырақты қорғайтын орман десе де болады. Тоғай малдың қай түрін болса да жаюға өте қолайлы. Жаздың ыстығында көлеңке, қыстың ызғырық суығында ықтасын. Тоғайда өсетін шөптің түрі бай, әрі шүйгін. Тоғайдағы шөптің түрлері астық тұқымдастар, айрауық, қияқ, ажырық, құрақ, сондай-ақ аралас әртүрлі шөптер – жантақ, қызылмия, тағы басқа азықтық сапасы өте жоғары өсімдіктер. Сексеуіл өзен алқаптарынан сәл шалғайлау құмдақ және саздақ жазықтарда, шөлейт аймақтарда төбелер мен бұйрат құмдардың бауырайлары мен етегінде өседі. Сексеуілдердің шаруашылық маңызы күшті. Ол шөлейт даланың жайылымдарында жердің бетін қорғайды, мал азықтық шөптердің өнімін көбейтуге себі тиеді, алыстағы мал отарларына жайылым, сондай-ақ жылуы күшті отын ретінде пайдаланылады. Облыстың жерінде көлемі шамамен 300 мың гектардай сексеуіл тоғайы, Жаңадария жазығында өскен Сол сексеуіл жынысын соңғы 5 – 30 жыл бойы отын дайындауға Өзбекстан және жергілікті тұрғындар пайдаланды. Өкінішке қарай, сексеуілді қалай болса солай қиратып отын дайындағаннан басқа тоғайлықты қалпына келтіруге мән берілмейді. Соның салдарынан, әрі өлке қуаңданып, қабаттағы судың деңгейі терең кеткен соң Жаңадария жазығындағы сексеуіл жынысы сиреп, өзінің шаруашылық маңызын жоғалтты деуге болады. Сол сияқты базистерден 60 – 70 шақырымда жатқан сексеуіл тоғайлығы да азып-тозып кетті. Шөлейт аймақтардағы сексеуілдердің шаруашылық үшін маңызы зор десек те, шөлдің тоғайларын күтіп, қорғауға кеткен шығын толық өтелмейді. Жалпы пайдасы жұмсалған шығынның 40 – 50 процентінен аспады. Сол себепті олар көбінесе қамқорлықтан тыс қала береді. Алайда, сексеуілге қамқорлық өте қажет. Ең бастысы сексеуілдің тиімділігі оның топырақ қорғаудағы, мал азығының қоры болудағы пайдасы тұрғысынан қарастырылуы керек. Сексеуіл жынысы қыс айларында қар жинайды, ашық жерге қарағанда сексеуілдің астындағы қар еру процесі ақырын және біркелкі жүретіндіктен еріген қар суы топыраққа баяу сіңеді, демек, топырақтың құнарын арттырады. Ондай жерлерде шөптің тым тәуір өсуіне қолайлы жағдай туады. Сексеуіл арасына жайылған қой отарлары жаздың ыстығында көлеңке, қыста ықтасын табады. Сексеуілдің саясында өсетін мал азықтық шөптердің әртүрлі биологиялық топтарға жататын түрі бай, малға жұғымдылығы жоғары. Облыс байтағындағы Қарақұм мен Қызылқұм шөлді мекен болса да, оларда көптеген мал басын жыл бойы азықтандыруға болады. Шөл жайылымдарда мал азығының қоры ретінде ақ және қара сексеуілді өсіру өте тиімді. Соңғылары қабаттағы судың деңгейі жер бетіне жақындау болатын жерлерді қалайды. Қара сексеуілдің фотосинтездік қабілеті шөлейт жердің өзге өсімдіктермен салыстырғанда жоғары деп айтуға болады. Ол бір жазда гектарына 5 центнерге дейін биологиялық зат жинайды. Сексеуілдің тағы бір ерекшелігі сол, оның жасыл бөліктерінде каротин, қант, тағы басқа биологиялық активті заттар жеткілікті болғандықтан сексеуіл орманына жайған малды қыс айларында үстеп қоректендіруді едәуір азайтуға болады. Өкінішке орай, бақылау мен қору қанша бар дегенмен қазір бұрын болған қалың сексеуіл алқаптарының орнынан құлазыған даланы көру таңқаларлық жай емес. Сексеуіл ұзын рельске темір арқан (тросс) байлап шынжыр табанды тракторлармен (көбінесе ДТ) тамырымен қоса бұтақтарын сындырып отайды. Оның орнына не егін егеді, не отын дайындағаннан кейін сол күйінде қалады. Бетіндегі құнарлы жамылғысынан айырылған жер көп ұзамай-ақ құмы немесе шаңы бұрқыраған далаға айналады. Сырдарияның екі жағасында өзенді бойлай арналық қырқаға орналасып жасыл қалқан болып тұрған тоғайлық. Бұлар су мен топырақтың табиғи қорғанышы. Оларды шын мәнінде, өзен арнасының жағалауын эррозиядан қорғайтын парктер мен орманды парктерге теңеуге әбден болады. Өзеннің, көлдің және басқа да су жинақтарының жиегінде өскен тоғай ағаштарының тамыры терең бойлай тұтасып жатады да, топырақты жуылып кетуден сақтайды, табандарын лай басудан қорғайды. Сонымен бірге жел үрлейтін құмдардан айналымдағы егістік, шабындық, жайылымдық жерлерді сақтайды. Тоғайлы ормандардың су қорғаудағы маңызы ерекше. Олар өзен арналарының тұрақты күйде сақталуын реттеп, жиектің топырағы суды лайлауына кедергі жасайды. Сырдария өзені мен оның өзектері (тараулары) балықтардың құнды түрлері уылдырық шашатын өзендердің тізіміне кіреді. Өзенді бойлай екі жағасында ені бір шақырым алаң ерекше бақылаудағы қорық болып есептеледі. Бірақ қазір ешкім оған қарамайды. Олай дейтініміз, екінің бірі тракторы мен бульдозерін сүйретіп жүріп, тоғайды қиратып «гектаршылар» дейтіндердің көкөніс бақша егумен әуестеніп жүргендеріне талай жыл болды. Сонда да оған тыйым болып тұрған жоқ. Тоғайлы ормандар рекреациялық мақсатқа пайдалануға, сауықтыру, яғни, демалыс зоналарын, аңшылық шаруашылықтары, экология – ботаникалық қорықтар мен заказниктер ұйымдастыруға өте қолайлы. Демек, Сыр бойының тоғайлық ормандары су мен жерді қорғайтын сан түрлі санитарлық-гигиеналық, эстетикалық қызмет атқарады. Осыған орай тоғай алқаптарында, орман шаруашылығын жүргізу сол тоғайлыққа ғана тән ерекшеліктері мен оның сақталуын, сөйтіп, жер мен суды тиімді пайдалану, климатты реттеу, басқа да пайдалы жақтарын жандандыру принциптеріне негізделуі керек. Қызылорда облысында ірі ағаштар өсетін көлемді ормандар болмағандықтан жергілікті тұрғындар қора-қопсы салуға, сырық пен қазық жасауға, құдық шегендеуге пайдаланылатын бірден-бір материал осы тоғайлы орманның ағашы. Құрылыс материалдары ретінде тоғай ағаштары жарамсыз, сондықтан пәлендей құны жоқ. Бұрын құрылыс материалдары ретінде ағашты сырттан таситын. Сыр бойының жер-су мен климат жағдайында ағаштардың неше түрі тез өсіп жетілетіні белгілі болса да, мұнда ағаш өсіріп, онан құрылысқа жарайтын материалдар дайындауды үрдіс қылмаған. Әйтсе де, кейінгі жылдары ғана жоқшылықтың итермелеуімен болса керек, әйтеуір шаруаның көзін білетін бірен-саран кісілер жергілікті жерде тез өсіп жетілетін ағаштар өсіріп, олардан керегінше құрылыс материалдарын алуға болатынын дәлелдеп жүр. Демек, бұл құнды тәжірибе, егер ұқыптылық пен ыждағаттылық болса, экономика мен экологияға байланысты бірсыпыра мәселелерді шешіп беретін түрі бар. Ондай жұмыстар ебіне лайық жүріп те жатыр, мысалы, облыстық экология және биоқорлар басқармасының мәліметі бойынша, 1993 жылы облыста 1436,2 мың гектар жерге жас көшеттер отырғызылды. Сыр бойының ең басты ерекшелігі жерді тез көгалдандыруға болады. Осы тұрғыдан алғанда жидесі бар, басқа ағаштары бар, бұталары ерекше экологиялық жағдайға бейімделіп, тез қаулап өседі. Тоғайлы ормандардың жиілеп тығыз өсуі топырақтың физикалық-химиялық қасиеттеріне, ылғалдығына, өзендер мен қабаттағы судың гидрологиялық режиміне байланысты. Сонымен бірге орман құрайтын ағаш түрлерінің тез өсіп жетілуінің үлкен мәні бар. Тоғайлы орманның ауқымды, қалың болып өсуі процесіне мал жаю, өртену, ағашты қырқу сияқты антропогендік факторлар үлкен ықпал жасайды. Әйтсе де Сыр бойының тоғай-ормандары өзеннің гидрологиялық режимінің өзгеруіне өте сезімтал. Соңғы отыз жылда 133 мың гектар тоғайлы орманның құрып кетуі Сырдария өзенінің ағысы азайып, өлкенің қуаңданған кезеңіне тура келеді. Осы жылдар ішінде қуаңдануға байланысты басталған қолайсыз құбылыс топырақты аздырып, шөптерді қуратты, орман-тоғай да онан қағажу қалған жоқ. Қурағандары жойылды, қалғандарының күйі де онша мәз емес. Азып-тозса да сақталған торғайларда экологиялық жағдайдың өзгеруіне көнбісті деп жүрген тораңғыл, тал, жиде сияқты ағаштардың кепкен көл табандарда галофил бұталар (жыңғыл, қараборқын т. б.) көбейіп барады. Өрт тоғайлық орманға орасан зор зиян келтіруде. Өртке басты себепші адамдар екені айтпаса да түсінікті. Орманның өртенуі 90% жағдайда солардың кінәсінен болады. Әдетте, өрт ормандарда от жағудан, аңшылық кезінде шала жанған оқ-дәрілердің қалдығынан, автокөлік моторынан шығады. Өртенген орман орнына кейін шыққан бұталардың арасынан шала жанған ағаштардың сынықтары күйелеш-күйелеш болып көзге түседі. Орманның өртенуі сол өңірде қалыптасқан табиғи тепе-теңдікті бұзады. Ең қауіптісі ол процесс қайтарымсыз болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оны қайтадан қалпына келтіру үшін ұзақ мерзім және қыруар қаржы-қаражат қажет болады. Басқа тірі организмдер сияқты орманға да ауа, су, қоректік заттар қажет. Олай болса, орманды қорғау кеңінен ойластырылып жан-жақты жүргізілуі керек. Орманды қорғауға бағытталған жоспарлы жұмыстар әрине Қызылорда облысында да жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, тоғайлы ормандарды бақылауға алып, арасын қураған ағаштардан тазарту, ағаштардың тұқымын жинау, зиянкестерден қорғау, сондай-сондай басқа да жұмыстар. Ағаш қорын сақтау үшін кесілген ағаш жаңа жас ағашпен толықтырылып тұруы керек (әрбір ағаштың түбінен есептегенде), өйткені қысқа мерзім ішінде жас ағашты отай беру оның тез арада қалпына келуіне мүмкіндік бермейді. Кесілген ағаштың үштен бірі ғана табиғи жолмен қалпына келеді, ал қалғанын адамдар өз қолымен отырғызуы керек. Өкініштісі сол, бұл барлық жағдайда жүзеге аса бермейді.
Таблица 2
Жұмыстың түрі
Жылы
1985
1990
1991
1995
1
Мемлекеттік маңызы бар ормандарда ағаштарды пайдаға жарату және орманды қалпына келтіру мақсатында кесілген ағаш (мың гам3)
41
48
48
31
2
Орман ағаштарының тұқымын дайындау (тонна)
43
53,9
18
17,0
3
Ормандарды химиялық әдіспен зиянкестерден қорғау (мың га)
0,5
0,5
0,2
0,1
Табиғатты жүдеп-жадап тұрған Арал маңы үшін қолдан жасаған жасыл желек ортаның экологиялық хал-ахуалын сауықтыруға шама-шарқынша себін тигізері ешкімге күмән келтірмейді.
Таблица 3 Қызылорда облысында көгалдандыру, ағаш отырғызу және табиғи мал азықтық жерлерді жақсарту жөніндегі ұсыныстар
(«Арал- 2006»)
Р/с
Жұмыстың түрі
Облыс бойынша барлығы мың га
Оның ішінде: жылы
1991
1992
1993
1994
1995
1996 2000
200
200
1
Орманды қалпына келтіру
174,5
11,0
10,5
10,0 3,5 8,6
50,0
75,0
2
Аралдың кепкен ұлтанында фитомелиоративтік жұмыстар жүргізу
70,0
3,0
3,0
3,0
3,0
3,0
25,0
30,0
3
Мал жайылымдық тоғай алқабын жасау
31,0
1,0 1,0 1,0 1,0 1,0
10,0
15,0
4
Егіндік жерді қорғайтын орман алқабын отырғызу
26,0
0,5 1,0 1,5 1,5 1,5
10,0
10,0
5
Елді мекендерді көгалдандыру
13,5 0,7 0,7 0,7 0,7 0,7 5,0 5,0
6
Орман ресурстарын қалпына келтіру және қорғау
289,0
17,0
18,0
18,0
18,0
18,0
100,0
100,0
7
Қарғалы қорығын жасау
100,0
5,0
5,0
5,0
5,0
30,0
50,0
8
Табиғи мал азықтық жерлерді түпкілікті және бет жағын жақсарту
100,0
10,
10,0
10,0
10,0
30,0
30,0
Осы бағытта істеліп жатқан іс жоқ емес. 1990 жылдан бастап облыс жерінде жүзеге асырыла бастаған «Жасыл өлке» бағдарламасы соның айғағы. Бағдарлама бойынша климатқа, атмосфераға, өлкенің гидрологиялық режиміне ықпал жасап, сол арқылы биосфераның табиғи күйін сақтауға себін тигізетін фактор ретінде қалалар мен елді мекендерді жасыл желекпен көркейту көзделуде. Осыған орай, 1990 – 1994 жылдары елді мекендерде 2,5 мың гектар жер және 200 гектар су қорғайтын зонаның төңірегі көгертіліп, 2,0 мың гектардан астам орман алқабы мен 650 га жеміс-жидек пен жүзімдік егілді. Соңғы бес жылда облыс байтағында 170 га құрылысқа жарайтын ағаштар егілді.
Жануарлар дүниесі
Облыс көлеміндегі табиғат байлықтарының бірі – жануарлар дүниесі. Жалпы көлемі 228,1 мың шаршы км жерді алып жатқан облыс территориясының тоғайлы ормандары мен кең байтақ жазық даласында, өзен-көлдерінде құнды тері, дәмді тамақ, дәрі-дәрмектік шикізат беретін жан-жануарлардың көптеген түрлері тіршілік етеді. Қазақстан Ғылым Академиясына қарайтын Зоология институтының мәліметі бойынша қырқыншы жылдары Сырдарияның төменгі ағысында құстардың 319 түрі (оның 173 ұя салатындар, 123 ұшып өтетін түрлері және сирек келетін құстардың 23 түрлері) болса керек. Олардың көпшілігі су құстары: бірқазан, қарабай, аққу, үйрек, шағала, балықшы т. б. Ал, жыртқыш құстардан: бүркіт, лашын, қырғи, ителгі т. б. 1978 жылы Арал теңізінің жағалауына жүргізілген зерттеулерге қарағанда, тіркелген құстардың түрлері 154 ғана болған, оның 38-і ұя салатындар:шіл, қасқалдақ, қарабай, сүңгуір, шағала, т. б. Демек, қырқыншы жылдары жүргізген зерттеулермен салыстырғанда кейінгі отыз жылдың ішінде құстардың түрлері едәуір азайып қалғаны байқалады. Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген құстардың түрлерінен бұл өлкеде қалғаны тек 5-еу деген мәлімет бар. Онда да олар осы өңір арқылы ұшып өтетін түрлері болса керек. Елуінші жылдары бұл аймақта қырғауыл көп болған. Зоология институтының зерттеулері көрсеткеніндей, Сырдарияның бойында Шымкент облысының Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының Тереңөзегіне дейінгі аңшылық шаруашылығына берілген жердің жалпы көлемінен 10,5 проценті (1,1 млн га) қырғауылдың өсіп-өнуіне өте қолайлы. Есеп бойынша, сол кезде Шымкент пен Қызылорда облыстарында 45715 қырғауыл, оның 38 мыңы Сырдарияның төменгі ағысында болған. Қазіргі кезде бұл өлкеде қанша қырғауыл қалғаны жөнінде толық мәлімет жоқ. Арал өңірінің базистері мен оазистеріне жақын аймақтарында сүт қоректілердің елуден астам түрі тіршілік етеді. Оның ішінде 8 қолқанаттылары, 4 насекомқоректілер, 1 қоян, 26 кеміргіштер, 11 жыртқыштар және 3 тұяқтылар түрі бар. Ірі сүтқоректілер: жабайы шошқа, ақбөкен, қарақұйрық, жыртқыштардан: қасқыр, шағал, борсық, түлкі, қарсақ т. б. бар. Арал теңізінің суы кеткен ұлтаны мен жағалауындағы қуан аймақтарда кеміргіштердің саны көбейіп кеткен. Теңіз бен көлдер тартылып, өлкенің қуаңдануы, әсіресе тіршілігі сумен байланысты аңдарға үлкен зиянын тигізді. Жергілікті жағдайда олардың ішіндегі ең құндысы – ондатр. Оның қазіргі күйінен хабардар болу үшін айтатын болсақ, елуінші жылдары Арал өңірінде жыл сайын 68,8 мыңнан 233,6 мың данаға дейін ондатр терісі дайындалып тұрды. Бертін келе ондатрдың өрісі тарылуына байланысты саны азайды. Сөйтіп, 1968 жылы ондатр аулау 25 есе кеміп, небәрі 9,1 мың дана тері дайындалған, ал 1972 жылы бар болғаны 72 дана ондатр терісі алыныпты. Сол сияқты ірі аңдардан борсық, жабайы шошқа, шөл даланы ен жайлаған қарақұйрықтың басы тез кеміп барады. Олар қазіргі кезде ілуде ғана біреу-жарым болмаса кездеспейді. Табиғи ортаның мұндай күрделі өзгеріске ұшырап, адамға зиянды бағытта дамуы жәндіктердің кейбір түрлеріне өте қолайлы болып тұр. Мысалы, қансорғыш насекомдар. Олардың да барлық түрлері тең жағдайда болып тұрған жоқ. Тек әйгілі паразит сары маса күріштік жерлерде, су жүйелерінің бойында ұялап шектен тыс көбейіп кеткен. Оған қоса қаладағы көпқабатты үйлердің астында масаның бұл аймақ үшін жаңа түрі дыбыссыз, бірақ өте беймаза қара масалардың көбейіп кеткенін көріп отырмыз. Керісінше осы қансорғыштардың тағы бір мазасыз түрісона едәуір азайды. Алдағы уақытта өлкенің қуаңдануы, табиғатының азып-тозуы осы қарқынмен кете берсе, онда қансорғыштардың да келешегі күңгірт боларына күмән жоқ. Табиғатта жануарлардың белгілі бір түрінің жойылып кетуі немесе екінші түрдің пайда болуы табиғи заңдылық. Мұның бәрі тарихи дамудың барысында климат жағдайының, ландшафтың өзгеруінен және өзара тіршілік үшін күрестің нәтижесінде пайда болған құбылыс. Жер бетінде хайуанаттар түрлерінің жойылып кетуін ұзақ уақыт бойы есепке алып, тіркеп келе жатқан деректер бар. Халықаралық табиғатты қорғау одағының (МСОП) деректері осы кезге дейін жер бетінен құстың 94 түрі (1,09%) және сүтқоректілердің 63 түрі (1,48%) құрып кеткен (Қаженбаев, Махмұтов, 1992 ж.). Осылардың ішінен құстардың 86 проценті, сүтқоректілердің 75 проценті адамдардың тікелей қызметі нәтижесінде құрып кеткен. Жануарлар дүниесіне күшті әсер ететін адамдардың шаруашылық қызметі. Соның нәтижесінде хайуанаттардың кейбір түрлерінің саны өседі, енді бір түрлері азаяды, ал кейбір түрлері тіпті жойылып та кететін жағдай болады. Адамның жануарларға әсері тікелей және жанама болады. Әрине, ең алдымен кәсіптік маңызы үшін ауланатындары қуғын-сүргінге ұшырап, құртып-жоюға ілігеді. Олардың еті, терісі, майы, тағы басқа шикізаттар алу үшін аулайды. Көп жағдайда аңдарды тіпті аулайды деп айтуға болмайды. Өйткені, қалай болса солай есепсіз қырып алады. Мысалы, Қызылорда облысында ақбөкенді рұқсатсыз ұрлап аулайтын браконьерлер, несін айтасыз баршылық. Бүгінгі таңдағы басты міндет хайуанаттардың түрін көбейту, санын молайту. Оның ең бір тиімді жолы олардың жаңа өкілдерін әкеліп жерсіндіру. Ондай әдісті әлемнің әр түпкірінде жиі қолданады және көпшілік жағдайда олар сол жерге оп-оңай көндігіп кетеді. Бірақ, жер аударып әкелген хайуанаттар жаңа ортада барлық кезде пайдалы бола бермейді. Егіс далаларында арам шөптер мен егіннің зиянкестеріне қарсы химиялық заттарды пайдаланғанда зияндыларменбірге пайдасы көп жануарлар да құрбан болады. Сол сияқты өндіріс қалдықтарын, улы заттарды ағын суға жіберу арқылы бағалы балықтарды, су жануарларын уландырып өлтіру аз болмайды. Бұл да болса адамның хайуанаттарға тікелей әсері, зорлық-зомбылығы. Соңы 35 – 40 жылда техникалық дамуға байланысты адамдардың жануарларға тигізіп тұрған жанама әсері де аз болып тұрған жоқ. Атап айтқанда, өзендерді тоғандау, қалалар мен жолдарды салу, ауаны, топырақты, суды ластау, орман-тоғайды кесу, тың жерлерді жыртып егін егу, батпақты құрғату сияқты адамдардың таусылмайтын шаруашылық қызметі. Міне, осы айтылғандардың бәрі кәдімгі табиғи ландшафты өзгертіп, жануарлардың тіршілік ететін ортасын уақыт өткен сайын тарылтып, қусырып барады. Мұндай өзгерістердің басты ерекшелігі сол, хайуанаттардың бәрі бірдей қолайсыз жағдайға тап болмайды. Олардың кейбір түрлері өзгерген ортаға бейімделіп, саны көбейеді, жан-жақты тарала береді. Соның айғағы, қазір қалалар мен елді мекендерде не көп көгершіндер, қала торғайы, ала мен қара қарға көп. Далада жыртқыштар мен шағала, кеміргіштердің кейбір түрлері көбейіп кеткен. Адам қызметінің айнала төңірекке қоршаған ортаға, оның жекелеген компоненттеріне әсерінен өзіндік ерекше жануарлары бар жаңа антропогенді ландшафтар пайда болды. Кейбір жануарлардың сол антропогенді ландшафтардан өздеріне қолайлы жағдай тапқаны байқалады. Оған дәлел ретінде торғай, қарлығаш, қарға, кептер, егеуқұйрық насекомдардың кейбір түрлерін айтсақ та болады. Антропогенді ландшафтың жануарлары түр жағынан санаулы болғанымен сан жағынан өте көп. Мысалы, қаладағы көп қабатты үйлердің астындағы қара бұлттай қаптаған қара масаның өзі не тұрады? Жануарлардың көптеген түрлері өзгерген ортаға төзе алмай басқа жерлерге ауып кетуге мәжбүр болады немесе көндіге алмай құрып кетеді. Осыған мысал ретінде 50 – 60 жылдары Арал теңізінің шығыс жағындағы қопалы тайызында және Сырдарияның төменгі ағысындағы көлдерде қаптап жүретін ондатрдың қазір құрып кеткенін айтсақ болмай ма? Көптеген хайуанаттардың таралу аймағы шағын, экологиялық өрісі тар, сондықтан да олар белгілі табиғат жағдайында ғана тіршілік ете алады. Адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде ландшафтар интенсивті түрде өзгеретін болғандықтан бұл түрлердің саны тез азайып, тек аумағы шектеулі жерлерде ғана сақталып қалады. Мұндай жануарлардың сан жағынан азын-аулағы тек құрлықтарда ғана, көпшілік жағдайда адам аяғынан қағаберіс жерлерде сақталады. Мысалы, даланың құланын Арал теңізінің «Барсакелмес» аралында ұзақ жылдар сақтап, кейінгі жылдары теңіздің экологиялық жағдайы қиындауына байланысты оларды Балқаш көліне жақын жердегі қорыққа жіберді. Сайып келгенде қазіргі таңда хайуанаттарға байланысты ең маңызды мәселе – оларды қорғау, қамқорлыққа алып, түрін сақтау, санын көбейту. Жануарларды қорғау жөніндегі қорықтық шаралардың бәрі жергілікті жердің табиғатының ыңғайына қарап ұйымдастырылады және төтенше сипатта болады. Фаунаны пайдалану мен қорғауды, оның өздігінен өсіп, көбею жөніндегі шараларды табиғатты пайдаланудың басқа салаларымен ұштастыра жүргізуге болатынын көптеген елдердің тәжірибелері көрсетіп жүр. Егіншілік аймақтарда ауыл шаруашылығы өндірісімен қатар қорықтарды ұйымдастыру жабайы жануарлардың көпшілігін сақтауға мүмкіндік береді. Бір жылдық дақылдарды көп жылдық егінмен, мысалы, Қызылорда облысында жоңышқамен кезектестіріп отырғызу, егіншілік алқаптарға жақын орналасқан орман-тоғайларды, егіншілікке жарамсыз жерлердің фитоценоздарын сақтау жабайы жануарлардың өздерінің үйренген ортасында тіршілік етуіне жағдай жасайды. Демек, жерді пайдалануды осылайша ұйымдастырғанда жергілікті фаунаның мекендері толық сақталады, олардың көбеюі қамтамасыз етіледі. Пайдалы жануарлар мен құстарды сақтау үшін қолайлы жағдайлар туғызу екіншіден егіншіліктің тиімділігін де арттырады. Мәселен, агробиоценоздарда құстардың мол болуы зиянды насекомдарды құрту үшін улы химиялық заттарды қолданбай-ақ биологиялық әдіспен азайтуға мүмкіндік береді. Жануарларды қорғаудың ең басты шарттарының бірі – жергілікті ландшафт экологиялық жағдайға негізделіп құрылуы тиіс. Сонда ғана бұл шаралар пәрменді болмақ. Қалай болғанда да жабайы фаунаны көбейту мен пайдалану жөніндегі жұмыстар жануарлардың белгілі бір түрлері мен популяциялары өздерінің жерсінген нақтылы табиғи мекендерінде қалатындай етіп жүргізіледі. Көптеген жануарлар жыл маусымдарына қарай едәуір қашық жерлерге ойысып отырады. Жануарлардың мұндай қоныс аударуы белгілі бір ландшафтар типтері шеңберінде жүреді. Олай болса, жануарларды қорғау үшін ең алдымен олардың тіршілік ететін жерлерін сақтау қажет. Мысалы, Қызылорда облысының Сыр бойындағы алқаптарында қырғауылдың көп болатын жері шеңгел, жыңғыл, тағы басқа бұталар аралас өсетін шалғынды қалың шөп және егіндік пен су айдыны жақын болуы керек. Табиғи ортаның өзгеруіне, әсіресе жабайы хайуанаттар өте сезімтал келеді. Өзгерген жаңа ортада олардың кейбіреулерінің саны бірте-бірте азайып, тіпті құрып кетуге дейін барады. Сырдарияның төменгі ағысында суы мол жүздеген көлдерді айнала өсетін қалың қамыс, қопалардың ішінде 30 жылдарға дейін жолбарыс мекендеген. Бүгінде қамыс арасында күні кешеге дейін өріп жүрген жабайы шошқалар, даламызда үйір-үйірімен жосылған құландар туралы естіген адамға аңыз сияқты. Қазір тек Арал өңірі ғана емес, Қазақстанның кең байтақ жерінен жабайы шошқа болмаса, жолбарыс пен құлан далада кездеспейді. Сондықтан жануарлар дүниесіне қамқор болып, олардың қорын молайту әркімнің парызы демекпіз. Жер бетінде саны сиреп, жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған хайуанаттарды анықтайтын халықаралық табиғат Одағы бар. (МСОП). Одақтың жанынан құрылған арнайы комиссия ондай хайуанаттарды «Қызыл Кітапқа» тіркейді. «Қызыл Кітап» Қазақстанда да бар. Оған республиканың ғалымдары саны сирек, жойылып кетуге жақын сүтқоректілердің – 31, құстың – 43, балықтың – 4, бауырымен жорғалайтындардың – 8, қосмекенділердің – 1 түрін тіркеді. Әрине, аң мен құсты «Қызыл Кітапқа» тіркеу амалсыздан, шарасыздықтан. Облыс жерін мекендейтін аңдардан «Қызыл Кітапқа» тіркелгені – қарақұйрық. Қазіргі кезде облыстың байтағында бұрынғыдай жосып жүретін жабайы аңдар, сатырлап ұшып-қонып жататын құстар болмағандықтан олардың кейбір түрлерін сан жағынан аз да болса сақтау мақсатымен кей жерлерде қорықтар ұйымдастырылған. Сонымен бірге табиғи компоненттердің тепе-теңдігі бұзылмаған, былайша айтқанда, жабайы аңдардың тіршілік етуіне қолайлы жағдайы бар жерлердің шекараларын анықтап, оларды жалпы аң аулайтын жер (заказник) деп белгіленді. 1995 жылғы мәлімет бойынша облыста ондай жерлердің жалпы ауданы – 21244 гектар. Жекелеген аңшылық жерлер әр аймақта орналасқан. Олардың саны 526, оның ішінде қорық ретінде кейбір шараларды іске асырып, азын-аулақ тәртіпке келтірілген жер саны – 400. Аңшылыққа белгіленген жерлерде жабайы аңдарды есепке алу жұмыстары да назардан тыс қалмайды. Сол жерлерде тұрақты жұмыс істейтін 19 адам 1990 ж. – 420 мың га, 1991 ж. – 515 мың га, 1992 ж. – 526 мың га жерді қамтып, ондағы жабайы аңдардың санын есепке алды.
Балық қорлары
Қазақстанның сулы-нулы өңірінде балықтың 104-тен астам түрі бар. Арал теңізінің деңгейі – 53 метр, айдынының аумағы – 66 мың шаршы шақырым болып шалқып жатқан сонау елуінші жылдары балықтың түрі жағынан да, аулайтын саны жағынан да Қызылорда облысы Қазақстанда алдыңғы қатардағы өлке болатын. Ол кезде Арал теңізінде балықтың 20 түрі болды. Олардың дені өте дәмді, ең құнды балықтар еді. Көп жылдық орта көрсеткіш бойынша, ол кезде Арал теңізінен жыл сайын орта есеппен 33 мың тонна балық ауланды. Ауланған балықтың 70 проценті бентофагтар (зоопланктенмен қоректенетін), тыран, сазан, торта, 10 проценті жыртқыш балықтар – жайын, шортан, тісті балық, ақ балық, 9 – 10 проценті қаяз, қылыш балық, шемая (патша балығы), 10 проценті басқа әртүрлі балықтар мен майда шабақтар. Теңіздің ихтиофаунасын құрайтын түрлер тегі жағынан тұщы судың балықтары. Сондықтан олардың сан жағынан көбеюі уылдырық шашатын тұщы сулы өрісіне байланысты. Алпысыншы жылдарға дейін ауланатын құнды балықтардың 65 – 70 проценті өзендердің теңізге құяр аяғында өрістейтін, уылдырық шашатын. Бертін келе теңізге құятын тұщы судың азаюына байланысты балықтардың өрісі тарылып, санының азаюына себеп болды. 1967 жылы тыран, сазан, торта, шемая балықтарының уылдырық шашатын өрісінің ауданы 5 есе тарылды. Сазан, тыран, торта балықтарының бір бөлігі бұрын теңіз суының тұздылығы 10,6 – 11,6 процент кезінде уылдырығын теңізге шашатын өрісінде сол балықтардың уылдырығын жейтін майда жыртқыш балықтар (бычок, атарина т. б. ) көбейіп кеткені байқалды. Бұл өзгеріс аталған құнды балықтардың құрып кетуін тездетті. Мысалы, 1961 – 1976 жылдары теңізден ауланған балықтың жылдық мөлшері 35,5 мың тоннадан 9,0 мың тоннаға дейін кеміді. Алпысыншы жылдардан бастап теңіздің деңгейі түсе бастағаны белгілі болған соң оның фаунасын толықтыру жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатпен теңіздің өзгерген жаңа жағдайына бейім зоопланктонмен балықтың бірнеше түрі жіберілді. Соның нәтижесінде жетпісінші жылдардан бастап теңізде зоопланктонның (аброй, нерепс) биомассасы көбейіп келеді. Мысалы, 1992 жылы кіші теңіздегі зообентостың саны 5618 дана шаршы метр болса, үлкен теңізде 4220 дана шаршы метр болады. Соған сәйкес олардың биомассасы ретімен 235,1 және 201,0 грамм/ шаршыметр болғаны анықталды. Зоопланктонның биомассасы көбеюіне орай 1979 жылдан бері ащы суға көнбісті. Азау теңізінің камбала қалқан балығы жерсіндірілуде. 1991 – 1992 жылдардың мәліметі бойынша осы камбаланы ендігі жерде көптеп аулауға болады деген болжам бар. (Ермаханов, Глотова, 1994 ж.) Кейінгі жылдары Сырдария өзенінің ағысы біршама көбейіп, теңізге едәуір мөлшерде су түсіп тұр. Облыстық су пайдалану басқармасының мәліметі бойынша соңғы екі жылда Шардара су қоймасынан жіберіліп тұрған су 1992 жылы – 16,5 текше шақырым, 1993 жылы – 21,0 текше шақырым болды. Сонан теңізге құйғаны тиісінше – 4,6 және 7,8 текше шақырым. Шындығына келсек, бұл су өте аз, тек теңізге аздап қана жан беріп тұруға жарайтын болмаса, оның деңгейін көтеріп ағыл-тегіл балық аулауға болады деудің қисыны келмейтін сияқты. Сырдың төменгі ағысында Аралға жапсарлас іргеде суы балыққа толы жүздеген тұщы көлдер болатын. Кішігірім көлшіктерді айтпағанда әрқайсысының айдыны елу мың гектардай болатын Қараөзек, Қараарын, Бірқазан, Тораңғылсай, Қандыарал, Ақсай-Қуаңдария сияқты ірі көл жүйелері балықты молынан беріп тұрды. Кейбіреулері бұрынғыдай болмағанымен әлі де тым-тәуір балық аулауға жарайды. Балық шаруашылығының ең басты міндеті – көлдердегі балықты есепсіз аулаумен күресу. Әйтпесе, әлі жас балықтардың сан жағынан өсіп-өнуіне кедергі келеді, тіпті жекелеген түрдің құрып кетуіне себепші болады. Суды лайлау мен уландыру балықтарға күллі зиян. Әсіресе, суға бастырып күріш егетін, ұзақ жылдар бойы күріштікке пестицидтерді аямай төгіп келген Қызылорда облысының жағдайында судың улануы бұрын да болғаны, қазір де болып тұрғаны жасырын емес. Облыстық экология және биоқорлар басқармасының деректеріне қарағанда, Сырдария өзені суының сапалық деңгейі нормадан төмен. Оған себеп, судың құрамындағы мұнай қалдықтары өткен кезеңмен салыстырғанда азаюдың орнына көбейіп барады. Мысалы, 1994 жылдың тамыз айында мұнай қалдығы рұқсат етілген мөлшерден Жаңақорғанның тұсында 2,5 есе, Шиелінің тұсында 6 есе артық болған. Судың ластануы көлдерде су қоймаларында тіршілік ететін балықтар үшін өте қауіпті. Сондай-ақ өзендерде ретсіз тоғандар салу балық санының өсуіне зиянын тигізді. Өзендердің бойына салынған тоспа-тоғандар уылдырық шашуға бет алған балықтардың үйренген жеріне дер кезінде жетіп уылдырық шашуына кәдімгідей кедергі, бөгет өрісін де, тынысын да тарылтып жіберді. Сырдария өзенінің бойында тек Қызылорда облысының жерінде ғана мұндай тоғандар екеу: Қызылорда және Қазалыда. Елуінші жылдарда Сырдарияның ағысы өте әлсіз, суы өте тапшы болды. Сол кезде қазалылықтардың өзенді бірнеше жерден топырақпен байлап тастаған кездері де болды. Тоған салған жерде судың деңгейі тұрақты болмай, бірде жоғары, бірде төмен түсіп, балықтардың тіршілігіне өте қолайсыз жағдай туғызады. Мұндағы ең бір зиянды нәрсе судағы биогендік заттар тоғанға тіреліп қалады. Сонан балықтарға жем болатын майда организмдер мен фитопланктондардың дамуы кідіріс табады. Балықтардың тамақ қоры азаяды, өсіп-өнуі кемиді. Қазіргі жағдайда облыс аумағындағы тұрақты су көздерінде балықтың қорын сақтап, оны көбейту ерекше қамқорлықты, күш-қуат жұмсауды талап етеді. Мұндай жұмыстар ең алдымен тоғанды су қоймаларында, көлдерде патриоттық ыждағаттылықпен орындалуы тиіс. Облыс көлемінде балық өндірісін реттеп, тұрғындарды балық өнімімен қамтамасыз етудің бүгінгі таңдағы бірден-бір жолы оны қолдан көбейту. Олай дейтініміз, балықты көптеп өндіретін ірі су қоры ретіндегі Арал теңізінен көз жететін келешекте қайран болмайтынын мойындамасқа лаж жоқ. Тұщы су балықтарын қорғаудағы ең маңызды мәселелердің уылдырық шашатын өрісін, қыстайтын шұқырларын қорғау, қыста қатып қалмайтын жағын қарастыру. Су қоймаларында балық өнімдерін көбейтудің басты шарты балықтарды және олардың негізгі қорегіжануарлар мен өсімдіктерді молайту жұмыстарын жүргізу қажет. Ол үшін жасанды тоғандар болсын, кішігірім көлдер болсын, олардың су режимін реттеп отырудың маңызы зор. Қазір облыстың ішкі су жүйелерінен ауланатын балық бұрынғыға қарағанда едәуір аз. Фактіге жүгінетін болсақ, 1975 жылы көл жүйелерінен ауланған балық 8 мың тонна болған еді. Ал, 1990 жылы бұл көрсеткіш 3,7 мың тоннаға дейін азайды. Қазіргі кезде облыста жалпы көлемі 42,5 мың гектар тауарлы балық аулайтын 126 су жинақтары, көлдер мен тоғандар бар. Олардың су режимін қалыпты жағдайда сақтау үшін жылына 1280 млн текше метр су беріп тұру қажет.
Таблица4
Қызылорда облысында балық өндіруді дамыту
(«Арал-2006»)
Көрсеткіштер
Өлшем
Бірлігі
1993 жыл
Жоба
1996
жылға
1
Барлық өсіретін су жинағы (водоем), көл, бөгетті су (пруд)
Сан
126
126
2
Су қоймаларының ауданы
мың га
42,5
42,5
3
Судың жалпы көлемі
млн м3
3000
5000
4
Жыл сайын Сырдария өзенінен алынатын судың көлемі -«-
1280
1280
5
Ауланған балық
мың тг
12,0
2,5
Облыстың шаруашылық салаларын дамытуға арналған «Арал-2006» бағдарламасы бойынша 1991 – 2006 жылдар аралығында балық аулауды 24 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Ол үшін тоғанды балық су қоймалары мен көлдерді таза сумен жабдықтау және балық қорғау, балық питомниктерін салу, бұрыннан балық ауланып келген су қоймаларын қайта жөндеу сияқты мелиоративтік жұмыстарды жүзеге асыру қолға алынады.
Қорықтары
Қорық ерекше қорғауды қажет ететін құрып бара жатқан өсімдіктің, жануарлардың түрлерін және табиғаттың бөлшектерін сақтау мақсатында ұйымдастырылады. Қорыққа кіретін аймақтың сол жерге тән табиғи жағдайлары болуы шарт. Қорықтардың бір ерекшелігі – өсімдіктер мен жануарлардың генофондысын сақтайды. Қорық аумағындағы өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің қорық маңындағы жерлерге тарап отыруы да құптарлық іс. Қорықтардағы фауна мен флора құрылымының өзгерістері адам қызметінің қатынасынсыз өзімен өзі жүреді. Егер қорық антропогендік ландшафтың ортасына орналасса, онда оған өнеркәсіп пен құрылыстың, ауыл шаруашылық жұмыстарының әсері тимеуі үшін айнала ені екі шақырымдық қорғаныс зонасы жасалады. Қорықтарда ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Оларды қорықтың ғылыми қызметкерлері, басқа мекемелердің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының ғалымдары, аспиранттары мен студенттері жүргізеді. Қорықтарда бұрын сол аймақты мекендеген, соңғы кезде саны азайып кеткен жабайы хайуанаттар мен сирек өсімдік түрлері қорғалады. Қазақстандағы 7 ірі қорықтың бірі Барсакелмес қорығы Қызылорда облысының жерінде. Барсакелмес мемлекеттік қорық ретінде 1939 жылдың аяғында аңшылық шаруашылығы негізінде құрылған. Ол Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігінде Барсакелмес аралында, Арал қаласына дейін теңізден 180 км, солтүстік батыс жағында ең жақын жатқан жаға Құланды түбегіне дейін 22,5 км. Бұрын Арал теңізінің маңайында құлан көп болса керек. Теңіздің шығыс жағында жағадан 21 шақырымда бұрын болған «Қасқақұлан» аралы мен «Құланды» түбегінің аттары осындай ойға жетелейді. Бірақ, Барсакелмес аралында ірі хайуанаттардың байырғы өкілдері болмаған. Құланды Барсакелмеске жерлендіру тек 1953 жылдан басталған. Құлан – өткен ғасырда Қазақстанда кең тараған еті дәмді, ірі аң. Сырт пішіні жылқыға ұқсас, қимылы да шапшаң, ал басының салмақтылығы, құлағының үлкендігі, кекілсіздігі мен құйрығы есекті елестетеді. Екеуінен де өзгешелігі басын көтеріп жүгіруі мен ұшқырлығы, әрі мықтылығы мен төзімділігі. Дәмді еті үшін есепсіз аулаудың салдарынан отызыншы жылдары қазақ даласынан құлан жойылып кетті. Тек Түрікменстанның оңтүстігінде «Бадхыз» қорығында сақталып қалған еді. Қазақстан жерінде құланды түр ретінде қайтадан қалпына келтіру мақсатында оны Барсакелместе жерлендірген. Оның саны көбейген кезде біртіндеп құрлыққа жіберу көзделді. Бірақ, теңіз тартылып, экологиялық жағдайдың қиындауына байланысты біршама құландарды аралдан шығарып Балқаш көлінің маңындағы қорыққа жіберді. Барсакелместі қорық еткенде Арал теңізі төңірегіндегі өсімдіктер түрлерін сақтау көзделген болатын. Аралдың өсімдіктері көбіне шөл даланың өсімдігі тектес келеді. Олардың құрамы негізінен көп жылдық бұталар мен эфемерлер. Бұл мәліметтерге қарағанда, өлкенің флорасына 160 түрлі күрделі өсімдіктер кіреді. Олардың ішінде алабұта тұқымдастар, күрделі гүлділер, дәнді шөптер, крест гүлділер тұқымдасы, бұршақ тұқымдастар сияқты өсімдіктер. Облыста Барсакелместен басқа да бірнеше қорықтар бар. Бірақ өкінішке қарай, олардың кейбіреулері қорық деген аты болмаса, заты жоқ дегендей сыңайда қалып отыр. Атап айтқанда, Барсакелмес қорығы және Тораңғылсай мен Қарғалы заказниктері. Барсакелместің қорық болудан қалуына Арал теңізінің тартылуы себеп болса, заказниктерді тоздырған кесел ауылшаруашылық мекемелерінің жауапсыз іс-әрекеттері. 1992 жылы республиканың Жоғарғы Кеңесі «Қорғауға жататын территориялар мен табиғи қорықтарқорының объектілерін ұлғайту туралы» қаулы қабылдаған болатын. Соған орай, облыстық экология және биоқорлар басқармасы Жоғарғы Кеңестің Экология және табиғат қорын пайдалану жөніндегі комитеті мен осы аттас Министрлікке Қызылорда облысы жерінен республикалық дәрежеде 6 қорық құруды ұсынды, олар:
– Құланды мен Телікөл – ақбөкен жайлайтын аймақтар;
– Қызылқұм – қарақұйрықтың мекені;
– Қамыстыбас көлі – балықтың түрлерін құрып кетуден сақтайтын бірден- бір жалғыз су айдыны;
– Қандыарал қорығы – көл жүйелерін сақтап, оларды қорғауға алады.
– Қарғалы – құрып бара жатқан өсімдік түрлерін сақтауға және көбейтуге қолайлы аймақ.
Бірақ, өкінішке қарай, облыстық басқарманың ұсынысы үкімет тарапынан әзірге оңды қолдауын таппай отыр. Атыраулық ландшафтың ең негізгі компоненттерінің бірі ретінде көлдерді сақтау, олардың суын ластанудан қорғау шараларын жүзеге асырудың маңызы зор. Көлдердің ішіндегі ең ірісі Қамыстыбас. Оның ауданы су мол жылдары 213 шаршы шақырымға жетіп, су тапшы жылдары 163 шаршы шақырымға дейін кемиді. Көлдің солтүстік батыс және оңтүстік шығыс жағалауы тік жарлы, оңтүстік және солтүстік шығыс жағалауы түйетайлы, батпақ, суы тұзды. Көктемде жайылған суы Сырдария өзеніне ұласады. Тайыз сулы жағалауында қамыс, құрақ өседі. Көл төңірегі жайылым. Жануарлар дүниесін қорғау тірі табиғаттың көркін сақтай отырып, осынау ыризықты, игілікті экономиканы нығайту үшін тиімді пайдалануға бағытталған тынымсыз қимылды қажет ететін өте күрделі іс. Принциптері арнаулы қаулы қарарлармен анықталады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау туралы» заңы. Бұл заңның бірнеше бөлімдері бар. Мысалы, жануарлар дүниесін пайдалану, жануарлар дүниесін қорғау, жануарлар дүниесінің мемлекеттік есебі және қоры, жануарларды қорғау мен пайдалануға бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершілік, халықаралық шарттар. Қазақстанның табиғатты қорғау туралы заңында аңшылық шаруашылықтың қорын молайтуға ерекше назар аударылады. Онда жануарлардың санын реттеп отыру және қорғау, балық шаруашылығын дамыту көзделеді. Сонымен қатар заң ережелері бойынша сирек және құрып бара жатқан жануарларды қорғау, кәсіптік маңызы бар хайуанаттарды аулау ережелерін сақтау, олардың қорын тиімді пайдалану үшін тіршілік ортасы мен санын көбейту жағдайын жақсарту, санын реттеу белгіленген. Аңдардың қандай түрі болса да ұйымдасқан аңшылық шаруашылығының рұқсатымен (лицензия) ғана белгілі маусымда аулауға мүмкін болады. Әуесқой және кәсіпқой аңшыларға жануарларды қай мезгілде және қай аңды қанша мөлшерде аулауға болатындығы жөнінде шек қойылады. Заң ережелеріне сәйкес оларға дұрыс көзқараспен қарап, тиімді пайдалану әркімнің парызы. Аңдардың және құстардың санын арттыруда тек қорықтармен шектеліп қалмау керек. Осы тұрғыдан алғанда, бірнеше жыл қатарынан аң аулауды тоқтатып, заказниктер ұйымдастыру пайдалы. Аңшылық шаруашылықтарда аңдардың сан мөлшері реттеледі, кей жағдайда тіпті санын қалпына келтіруге де болады. Демек, аңшылық ережелерді қатаң сақтау аң-құс қорын қайта қалпына келтіруді қамтамасыз ететін маңызды шаралардың бірі. Түн қараңғысын жамылып, К-700 тракторымен қалың бұтаны жапыра жүріп, жарықтың көмегімен қоян аулау, ұя басатын кезінде қырғауылды ату, балықты уылдырық шашатын кезінде сүзіп алу сияқты кәсіппен айналысатын трактористерді, шоферлерді, басқа да оңай олжа іздеген браконьерлерді жөнге салу баршамыздың борышымыз.
Жер байлықтары және оларды қорғау
Жер байлықтары, яғни пайдалы кендер биосфераның негізі болып табылады. Пайдалы кендерді барлық табиғи минерал байлықтары құрайды. Оларды өңдеп немесе сол бірінші табылған күйінде пайдаланады. Мысалы, көмір сол күйінде пайдаланылса, мұнай, темір, тағы басқа қазба байлықтары өңдегеннен кейін ғана кәдеге жарайды. Халық шаруашылығы үшін минералды ресурстардың маңызы зор. Соңғы жылдардың мәліметі бойынша, бүкіл әлемде адамзат баласы атом күшінен энергияның 1%-ін, ағаш пен тофтан – 1%-тен астамын, су ресурстарынан – 2%-ін, газдан – 18%-ін, көмірден – 30%, мұнайдан – 48%-ін алып отыр. Есепке қарағанда, шикізат өндіру кезінде оның едәуір бөлігі алынбай қалып қойып, ысырап болады. Демек, бұл технологияның толық жетілмеген шалалығынан. Шикізат түрлерін өндіру технологиясын жетілдірмеу салдарынан қазіргі кезде мұнайдың 55 – 70%-і, табиғи газдың 15 – 40%-і жер қойнауында қалып қояды. Оларды өндіруді молайту мақсатында жаңа жерлерді барлау жұмыстары жүргізіледі. Көп жағдайда шикізатты тез алуға асығып, қалай болса солай игеріле бастайды. Соның салдарынан жердің беті айқыш-ұйқыш жыртылып, оның экологиялық жағдайы нашарлайды. Оған мысал ретінде «Құмкөл» мұнай кен орнын игерудің бастапқы кездегі және қазіргі жағдайын алсақ болады. Кезінде Құмкөлдің мұнайын алу жобасын жасағанда кен орнына баратын осы заманғы тас жол салу, мұнаймен бірге жолшыбай газдың 30%-ін сол жерде мұнай жүретін құбырды қыздыруға, ал қалған бөлігін арнаулы құбырмен Қызылорда қаласына және бірқатар елді мекендерге жеткізу, мұнай өндіретін басқа инфрақұрылымдар құру көзделген болатын. Міне, сонан бері едәуір уақыт өтті, мұнай өндіріліп жатыр, бірақ жол салу мен газ құбырын тарту жайына қалды. Тұрмыстық қажетке жұмсалады деген газ атмосферада шырақ болып жанып тұр. Осыған орай, айта кететін бір жай, жерасты байлықтарын пайдаланудағы басты міндет – өнеркәсіп саласы мен территорияның және қоршаған ортаның мүдделерін ұштастыра жүргізу. Жер байлығы мол деп, оны таусылмастай көріп, қалай болса солай өндіріп, ысырапқа жол берудің жөні жоқ. Жер асты байлықтарының қандай түрі болса да, оны пайдалануда табиғат қорғауға бағытталған жұмыстар шұғыл жүзеге асырылмаса, кеннің қоры мен қоршаған орта бүлінеді. Әсіресе мұнай мен газ табиғи ресурстардың қайтадан қалпына келмейтін түрлері. Сондықтан оларды ұқыпты өндіріп, үнемдеп пайдалану экономикадағы басты бағыттың бірі. Қызылорда облысындағы жер байлығының көздері мұнай, полиметалл (Шалқия), уран кені (Шиелі), ас тұзы. Солардың ішінде экономикалық жағынан басымдау болып тұрғаны мұнай. Әзірге мұнай кені Құмкөлден өндірілуде. «Құмкөл» мұнай кені 1984 жылы ашылды. Сонан бері «Құмкөл» мұнай кен орны орналасқан Торғай ойпатының оңтүстігі Қазақстанның мұнай-газ аймағының бірі саналады. Әкімшілік жағынан «Құмкөл» Жезқазған облысының Жезді ауданына қарайды. Ең жақын елді мекендер Қызылорда облысының Жалағаш темір жол стансасы (150 км), Жосалы (210 км), Қарсақпай (180 км). Құмкөлден Қызылорда қаласына дейін 160 км, Жезқазған қаласына дейін 290 км. «Құмкөл» алаңынан шығысқа қарай 230 км қашықтықта Омбы – Павлодар – Шымкент мұнай құбыры өтеді. Мұнай өндіретін алаңға тас төселмеген, жолы топырақ. Экономикалық жағынан нашар игерілгенаудан. Мұнда көбіне Қызылорда облысының (Жалағаш ауданы) малшылары жазғы жайылымға шығарып мал бағады. Сырдария өзеніне дейін 210 км. «Құмкөлдің» тұрған жері теңіз бетінен ең биік белгілері 106 – 150 метр болатын жазық дала. Климаты құбылмалы, өте қатаң (резко континентальный). Температураның маусымдық және тәуліктік құбылуы күшті, жазда +30 – 35̊, қыста 38 – 40̊ суыққа дейін төмендейді. Бұрғылау жұмысына жұмсалатын техникалық және тұрмыстық мұқтажға қажетті суды арнайы қазылған гидрогеологиялық скважинадан алады. Скважиналардың суы 50 – 70 метрде жатқан сенон-турон шөгінді қабатынан шығады, минералдығы едәуір жоғары –0,6 – 0,9 г/л. Суының құрамында фтор көп болғандықтан ауыз суға белгіленген ГОСТ-қа сәйкес келмейді, сол себепті ішуге жарамайды. Рельефтың 120 метрлік белгілерінен төмен жатқан скважинадан су өздігінен сыртқа ағады. «Құмкөлдің» мұнайы көбіне парафин қатарына жататын көмірсутектен тұрады. Ашық түсті фракцияларда оның мөлшері 60 – 77%, нафтендік көмірсутек 17 – 30%, ал ароматты (хош иісті) түрлері 8 – 14%. Мұнайдың құрамында микроэлементтерөте аз, демек олардың өндірістік маңызы жоқ, салқындау температурасы 12 – 16̊, ал кейбір үлгілерде 22̊.
Мұнайдың тауарлық сипаттамасы: - Бензин фракциясының шығымы (200̊-қа дейін) юр қабатынан алынған мұнайда 23%, Бор қабатының мұнайында 30%. Оның ішінде авиацияға жарайтын бензин юр мұнайында 8,5%, Бор мұнайында 11,5%. - Жеңіл керосин дистилляттар 120 – 240̊-та юр мұнайынан 18,5%, Бор мұнайынан 23,5%. Олар реактивтік отынға қойылатын талаптарға сай келеді.
- Керосин дистилляттар 150 – 320̊-та мұнайдан шығымы 24 – 25%. - Дизельдік дистилляттар 180 – 320̊-та юр мұнайынан шығымы – 21,5%. Бор мұнайынан 14,5%, ал 200 – 350̊-та мұнайдан шығымы тиісінше 17% және 20%. Олар жаздық дизель отынына (парафинді айырмағанда) қоятын талаптарға сай келеді.
- Мазут 200 – 300̊-та мұнайдан шығымы 14%, 200 – 350̊-та 17%. - Қоймалжың май (Базовые масла) юр мұнайында 12,7, Бор мұнайында 9,03% (парафинді айырмағанда). Қоймалжың майды И-8А,
И-12А, ИЗОА, И-5А майларын жасауға қолданады.
Газдың құрамы мұнайда еріген газдың компоненттік құрамы әр алаңда
әртүрлі, негізінен, метан мен ТУ-дың мөлшеріне қарай өзгереді. Юр қабатындағы газда метанның мөлшері 44,4 – 61,2%, ал Неоком қабатындағы газдың құрамында метан аз, 17,8 – 2 2%. Газдың құрамында ауыр көмірсутек пен азоттың концентрациясы жоғары. Гелийдің қоспасы 0,035%.
Мұнайдың құрамындағы еріген газдан гөрі, Ю-І, Ю-ІІ, Ю-ІV қабаттарының үстіңгі жағындағы қуыста тұрған бос газдың құрамында метан көптеу, 56,7 – 77, 9%, азот 10,7 –4,1%. Мамандардың есебі бойынша «Құмкөлде» жер астындағы мұнайдың жалпы қоры 155 млн тонна, онан алатыны 90 млн тонна. Ең алғашқы мұнай 1990 жылы алынды. Сонан бері 1994 жылдың қыркүйек айына дейін, 5 (бес) миллион тоннадан астам мұнай өндірілді. Жоба бойынша «Құмкөлде» 750-дей скважина болуы тиіс. Сонан осы кезге дейін қазылғаны 113. Олардың жылдық өндіретін мұнайы 1800 мың тонна (1 млн 800 мың тонна). Жер астынан шығатын газдың 30%-ін мұнай айдайтын құбырларды жылытуға пайдаланады, ал 70%-і атмосферада шырақ болып жанып тұр. Жаңадан ашылған, бірақ игеру жұмыстары әлі басталмаған мұнай кен орны «Ақшабұлақ» – Оңтүстік – Орталық Қазақстанда Тұран ойпатының солтүстік шығысында жатқан Арысқұмдарының ортасында жатыр. Бұл географиялық зона шығысында Сарысу өзенімен, солтүстік шығысында Ұлытау, оңтүстік шығысында Қаратау, ал оңтүстігі мен оңтүстік батысында Сырдария өзені және Қарақұмның Арал өңіріндегі құм төбелерімен шектеседі.
«Ақшабұлақ» мұнай кен орны «Құмкөлдің» оңтүстігінде шамамен 65км қашықтықта жатыр. «Ақшабұлақтан» Қызылорда қаласына дейін 150 км, Жезқазған қаласына дейін 130 км. Мұнай өндіретін алаңның айналасында ел жоқ. Әкімшілік жағынан «Ақшабұлақ» мұнай кенінің орналасқан жері Қызылорда облысының Тереңөзек ауданына қарайды. Жоба бойынша мұнай айдайтын құбырдың солтүстік жағы Жезқазған облысының жерімен өтеді. «Ақшабұлақтағы» жер бетінің рельефі құм төбелер, ара-арасында тақырлар. Бұл аудан малдың жазғы жайылымына пайдаланылады. Жоба бойынша «Ақшабұлақта» 36 скважина, оның 27-і мұнай беретін, 9-ы қосалқы скважиналар. Скважинаның тереңдігі 2000 м. Жер астында мұнайдың жалпы қоры 10,8 млн т, оны өндіру 30 жылға созылады деп есептелген. Қызылорда облысында соңғы кезде өндірісі дамып келе жатқан жер байлығының тағы бір көзі – полиметалл кені. Ол Жаңақорған ауданының жеріндегі «Шалқия» кен орны. Полиметаллдан алынатын өнім – қорғасын мен мырыш. Кен орны 1963 жылы ашылған болатын. Есеп бойынша «Шалқиядағы» полиметалл кенінің жалпы қоры 90 млн тонна болса керек. 1972 – 1975 жылдары тәптештеп (детально) жүргізген барлау жұмыстары орындалып, оны игеру 1981 жылы басталды. Сонан бері өндірілгені екі миллион тоннадай кен. Кен орны Қаратаудың батыс бөктерінде. Бұл жердің топырағы тастақты сұр-қоңыр, шөбі өте сирек, яғни шаруашылық үшін азын-аулақ қана маңызы бар. Тек малды көктемде жайлауға, күзде қыстауға айдағанда жол-жөнекей уақытша жайылым болады. Демек, аз болса да шаруашылық үшін табиғи орта компоненттерінің өзара тепе-теңдігін сақтау үшін топырақ бетінің бұзылмай және ластанбай сақталуының маңызы үлкен. Бірақ қазіргі таңда жағдай олай болмай тұр. Қолда бар мәліметтерге сүйенетін болсақ, «Шалқия» кен орны мен оның төңірегінде экологиялық жағдай ойдағыдай деп айтуға негіз жоқ десек шындыққа тура келеді. Атап айтқанда, құрылыс объектілері салынған жерде топырақтың беткі құнарлы қабаты сылып алынбай сол күйінде қалып, қалдық-қоқыспен ластанғаны байқалды. Топырақ бетінің бұрынғы құнарын міндетті түрде қалпына келтіру жұмыстары назардан тыс қалған. Сол сияқты төңіректі ластап, тау-тау болып үйіліп жатқан қалдық-қоқыстар тіпті көп. Үйінді күл мен бос тау жыныстарының шаңы желмен ұшатынын еске алсақ, бұл қоршаған ортаға үлкен залал екені сөзсіз. Пайдаланудан тыс босқа шашылып жатқан мыңдаған тонна малдың қиы мен құс саңырығын айтпағанда, жер бетінде шашылып жатқан металл сынықтары мен мыңдаған текше метр қатты қалдықтардың экологиялық жағдайды шиеленістіруге тигізіп тұрған зиянды ықпалын айтпаса да түсінікті. Отқа жаққан көмірдің күлін қосалқы құрылыс материалдарын өндіруге пайдаланған жағдайда экономикалық және экологиялық кейбір мәселелер шешімін тапқан болар еді. Яғни, дайындауы оңай әрі арзан құрылыс материалдарын өндірумен бірге ортаны ластанудан сақтауға мүмкін болады. Әрине, мұндай ұмтылыстың айғағы ретінде құйма кірпіш өндіру жұмысы жүруде. Бірақ экологиялық тұрғыдан алғанда бұл күл-қоқыс пен малдың қиын кәдеге жаратқанға дейін оларды шашпай сақтау жағы мәз емес. «Шалқия» кен орнында атмосфералық ауаны ластайтын көздер көп, әрі сол көздерден шығып тұрған шаң-тозаң мен түтін де мол. Мысалы, бу қазанының түтіні, құрылыс объектілері мен шахтаның желдеткіші арқылы шығып жатқан шаң-тозаң. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, осы аталмыш объектілерден шығатын ластанған ауа мен түтіннің құрамында көмірдің, азоттың және күкірт тотықтарының едәуір концентрацияда болып тұрғаны ойлантады. Ал шаң тазартқыш қондырғылардың жұмыс істеу тиімділігі бақылаудан тыс қалған. Мысалы, қорғасын мен мырыштың тотықтары, көмірсутектері атмосфералық ауаға қандай мөлшерде кетіп жатқаны жөнінде мәліметтердің болмауы соның айғағы. Сол сияқты ой-шұқырларды толтырып, көл-көсір болыпжатқан тұрмыстық қалдық судың сапалық көрсеткіштері, ол судың қоршаған ортаның компоненттеріне тигізетін зиянды әсері назардан тыс бақылаусыз қалмауы тиіс.
Облыс территориясында Шиелі ауданының жерінде орналасқан тағы бір кен орны бар. (РБ-6 немесе РУ-6). Бұл өте сирек кездесетін элементтер өндіретін кен орны деп аталады. Ал өндіретіні кәдімгі әйгілі уран кені. Оны жер астында қышқылмен байланыстыру әдісімен алады. Ол үшін уран кені жатқан жер қабатына концентрлі күкірт қышқылын құяды, сөйтіп қоймалжың қышқыл ерітіндіні сорғыш (насос) қондырғының көмегімен тартып алады. Мұнда бастапқы шикізат ретінде алынып, арнаулы ыдыстарға құйылған, әлі байытылмаған уран кенінің қоршаған ортаға пәлендей радиоактивтілігі болмайтын көрінеді. Бірақ бұл өндіріс орнының қауіптілігі басқада. Ол жер астындағы тұщы су көзін ластауы мүмкін. Сол себепті елді мекендердің тұрғындары құбыр арқылы сырттан тартылған суды, ал құбыры жоқ елді мекендер суды тасымалдап ішуге мәжбүр болып отыр. Бірақ бұны экологиялық мәселенің шешімі деп айтуға болмайды. Өйткені, жер астындағы уранмен байланысқан күкірт қышқыл технология сақталмаса суға араласып капилляр түтіктері арқылы көтеріліп, жер қыртысының беткі қабатына дейін жетеді. Онан өсімдікке сол арқылы малдың денесіне жиналады. Демек, мал өнімдерімен бірге адамның организміне өтеді. Әрине, аталмыш қауіпті металл тропикалық тізбекпен адамға бірден ойсырата әсер ете қоймас. Бірақ уақыт өткен сайын оның зиянды зардабы ізсіз кетпейтінін мойындауға тура келеді.
Скважиналарды бұрғылағанда қоршаған ортаны қорғау.
Бұрғылау жұмысында тәулігіне бір скважинаға 110 текше метр су жұмсалады, онан ағып кететін лас су 25 – 40 м3/тәулік. Лас судың құрамында ерітінді дайындауға жұмсалатын химиялық реактивтердің (хром, мұнай, мазут, крахмал, т. б. ) қалдықтары бар. Бұрғылау жұмысы кезінде табиғатты қорғау арнаулы жоспармен жүзеге асырылуы тиіс. Ондағы шаралар: - бұрғылауға қажетті ерітіндіні табиғи саздан дайындау. «Құмкөлде» ондай саз лайды (раствор) майда ұнтақ саз (Иждеван, Асқанкөл, Қаршы сазы) бен «Құмкөлдің» батыс жағында 20 шақырым шыңның баурайындағы ойықтан (карьер) алған сазды араластырып жасайды; - дизель отыны мен басқа жанар-жағармайды арнаулы ыдыста сақтау, құбырлары және күш беретін агрегаттарды май ағып-тамбайтындай етіп мұқият орау, олардың астында май төгілмейтін металлдан жасалған түбі болуы тиіс, сондай-ақ пайдаланған дизель майын қайтадан қалпына келтіру; - химиялық реагенттерді зауытта салған ыдысымен әкеліп, арнаулы қоймаларда сақтау; - пайдаланған ерітінділерді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансамен (СЭС) келіскен жерге апарып төгу, ал қатты қалдықтарды үсті жабық жерге жинап, сосын белгілі жерге апарып көму.
Бұрғылау жұмыстары жүретін жерге атмосфералық ауаны қорғау үшін әртүрлі технологиялық және ұйымдастыру-техникалық шаралары белгіленеді. Әсіресе, газдың құрамында күкіртсутек (Н 2S) болса, оған ерекше назар аудару қажет. Мұндай жағдайда құрал-жабдықтарға қажетті материалды дұрыс таңдаудың, коммуникацияның, қышқыл газы бар ортада жұмыс істейтін автомарка құралдарының, газды айырып шыраққа жағудың маңызы үлкен. Ал айта кететін бір жай, мұнай мен газды өте ұқыпты, барлық техникалық шартын сақтай отырып, жаққанда да ауаға едәуір мөлшерде улы заттар шығады. Құрамында күкіртсутек бар сыртқа шығатын газдарды ұстау үшін сілті-гидрохинон және мышьяк-сода препараттары қолданылады.
Жер қойнауын қорғау.
Бұл жұмыстар өте күрделі, әрі проблемалары да баршылық. Олар:
- жер қойнауы құрылысын комплексті зерттеу;
- жер қойнауын барлағанда және пайдаланғанда минералдық
шикізаттардың шығынын азайту;
- жер қойнауындағы байлықты өңдірудің экономикалық және
экологиялық жағынан озық әдістерді таңдап, оларды практикаға енгізу;
- қойнауын қазған жерді қайтадан қалпына келтірудің жаңаша әдісін
ұйымдастыру;
- тереңдегі суы бар қабатты таза сақтау және сарқылып қалудан
қорғау;
- бұрғылауға жергілікті минерал шикізаттарын жұмсап, шығынды
үнемдеу;
- бұрғылау, скважиналарды пайдалану, жер астында қоймалар соғып,
оларды пайдалану барысында жер қойнауын ластанудан және жұқпалы нәрселерден сақтау;
- шикізаттың ретсіз ысырабын, топырақтың, атмосфераның және су
жинақтарының ластануын болдырмау.
Жер қойнауын пайдаланушылар белгілі құқыққа ие болумен бірге
өздеріне міндет жүктелетінін ұмытпаулары керек. Олар мыналар:
- жер қойнауындағы заттарды геологиялық әдіспен толық шығарып
алып, тиімді және комплексті пайдалану, жер қойнауын қорғау;
- геологиялықжұмыстарды өзінің қызмет адамдарына және төңіректегі
тұрғындарға зиянсыз жүргізу;
- орман-тоғайды, атмосфералық ауаны, жерді, суды тағы басқа тірі
табиғат объектілерін қорғауды ұйымдастыру;
- табиғи қорықтарды, заказниктерді, мәдени ескерткіштерді қорғау;
- жер қойнауын пайдалану барысында кеткен кемшіліктерді жөндеп,
ондай учаскелерді шаруашылыққа жарамды күйге келтіру.
Жер қойнауын пайдалануға мәңгілік немесе уақытша 10 жылға дейін
рұқсат етіледі. Бекітілген норма бойынша мұнай мен газ скважиналарына бөлінетін жердің көлемі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуы керек. Норматив бойынша, жүк көтергіштігі 125-тен 200-ге дейін ат күші бар дизель моторының көмегімен мұнай-газ қорларын барлау үшін скважиналарды қазатын биіктігі 53 метрлік мұнараға (вышка) бөлінетін жер көлемі 2,50 га, осындай мұнара электр қуатымен жұмыс істейтін болса 2,00 га, 41 метрлік мұнараға да 2,00 га. Осындай скважина мұнай немесе газ өндіретін болса, онда оған тиісті жер көлемі әрқайсына 4,1 га, ал скважиналар жұмыс істеп тұрғанда, оның біреуіне тиісті жер көлемі 0,36 га.
Жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды игеру мақсатында өндірістік немесе басқа құрылыс жұмыстарын жүргізетін өндірістік өнеркәсіп орындары, ұйымдар мен мекемелер жердің беткі құнарлы қабатын сылып алып қайтадан қалпына келтіруге жататын жерге төгуге, ал егер қажет болғанда жиналған топырақты құнары төмен басқа учаскелерге тасып төгуге міндетті. Бүлінген жерді құнарлы топырақ төгіп қалпына келтіру сол құрылыс жұмысымен қатар жүруі керек. Егер ондай мүмкіндік болмаған жағдайда ең ары кеткенде бір айдың ішінде қажет. Бірақ өкінішке қарай, Құмкөл мұнай кен орнын игергенде жерді қорғайтын жұмыстарды нормативке сәйкес ешкім орындаған да жоқ, оны бақылау да назардан тыс қалды. Сондықтан, Құмкөлдің төңірегі мал жайылымдық күйін жоғалтып, жердің беті айғыз-айғыз болып жатыр.
Атмосфералық ауаның жағдайы және оны қорғау
Жер бетінде тіршілік үшін ауа, дәлірек айтсақ, оның құрамындағы оттегі қажет. Бұл элемент тірі организмдерді былай қойғанда, осы заманғы техника жұмыс істеу үшін де оттегін керек етеді. Өйткені, кез-келген өндірістік қондырғылар, самолет, автокөлік, тағы басқаларынжүргізетін отынды жағу оттегісіз болмайды. Ауаның табиғатта атқаратын қызметі алуан түрлі. Атап айтқанда, күн сәулесінен келетін жарықты шашыратып, реттеп отыратын керемет осы ауа. Сол сияқты, ауа болмаса, дыбыс тарамайды, демек, біз дыбысты естімеген болар едік. Атмосфералық ауаның ең маңызды қорғаныш қабаты озон. Ол атмосфераның жоғарғы қабатында, шамамен 20-дан 50 шақырымға дейін биіктікте күн радиациясы әсерінен түзілетін оттегінің үш атомдық түрі (О3). Бірақ оның мөлшері өте аз. Осы аз мөлшердегі қабықтың өзі жер бетіндегі барлық тіршілікті ғарыштық (космос) сәулелердің ішіндегі тіршілік үшін ең қауіптісі – ультракүлгіні. Соның көпшілігін озон бойына сіңіріп, жер бетіне тек шамалы бөлігін жібереді. Демек, жер бетінде тіршіліктің болуы тек озонға байланысты екен. Атмосфера жер бетіндегі ауа райын белгілі бір қалыпта реттеп отырады. Атмосфера болмаса, тәулік ішінде жер бетінің температурасы шамамен 200 градусқа құбылып тұрған болар еді, яғни күндіз 100 градус шамасында ыстық болса, түнде 100 градусқа дейін суық болар еді. Атмосфераның тағы бір атқаратын қызметі – ылғалды жер шарына тарату. Күн сәулесі қуатының арқасында мұхит пен теңіздерден, өзен мен көлдерден, тағы басқа су жинақтарынан судың ауаға бу болып көтерілетіні белгілі. Міне, сол суды атмосфера жер шарының түрлі аудандарына жеткізіп, жаңбыр немесе қар күйінде жерге түсуін қамтамасыз ететін көліктің қызметін атқарады. Ауаның ластануы табиғаттан және адамның іс-әрекетінен болады. Табиғи ластануы жанартаулар атқылауынан, тастардың үгілуінен, дауылдан, орман, дала өрттерінің әсерінен жүреді. Ірі жанартаулар атқылағанда шыққан түтін мен күл шоғы жер шарын қоршап атмосфераның едәуір кеңістігіне жайылып кеткендігі болып тұрған. Соның бірі 1883 жылы Индонезиядағы Кракатау жанартауы атқылағанда шамамен 150 миллиард тонна шаң мен күл шоғын 32 шақырым биіктікке лақтырып жіберген. Сонан аспан кеңістігі көп уақытқа дейін күңгірт тартып тұрған, бірақ атмосфераның құрамында пәлендей өзгеріс бола қоймаған. Жер бетінде болып тұратын осындай дүлей сапырылыстар атмосфераның ластануына тікелей себеп болады. Атмосфераның табиғи әсермен ластануының бір белгісі сол, онда бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары, өсімдіктердің тозаңдары, тағы басқа адам организміне зиянды заттар кездеседі. Айта кететін бір жай, атмосфера табиғи әрекетінен қандай дәрежеде ластанса да, ондағы газдардың тепе-теңдігін бұза алмайды. Жер бетіндегі ауа үнемі қозғалыста болады. Сол арқылы бір ауданда пайда болған улы заттарды шалғай жатқан екінші ауданға таратады. Мысалы, қазір Арал теңізінің шығыс жағындағы кеуіп қалған табанынан көтерілген тұзды шаң ауаның ағынымен сонау солтүстік Америка құрлығына дейін жеткенін дәлелдейтін деректер бар. Ауаның төменгі қабатының ластануы тау жыныстары мен топырақтың беткі қабатының бұзылуынан да болады. Мәселен, жер бетінен он шақырым биіктікте шаң-тозаңның болуы тек жер бетінен көтерілген заттар екені дәлелдеуді қажет етпейді. Кейде ұйытқып соққан қатты жел жердің беткі қабатынан мыңдаған тонна топырақтың ұсақ бөлшектерін ауаға көтеріп әкетеді. Сол себепті бір текше сантиметр ауаның құрамында ондаған мың түйір шаң-тозаң болады. Атмосфералық ауа үшін ең қауіптісі адам қызметінің нәтижесімен ластану. Ластайтын заттар өндіріс, автокөлік және тұрмыс қалдықтары. Осы лас заттар атмосфералық ауаның төменгі қабатына күнде қосылып отырады. Қазақстанда ірі-ірі өнеркәсіп орталықтары, жаңа қалалар, зауыттар мен фабрикалар ірге көтерді. Олардың саны жылдан-жылға көбейе түсуде. Атмосфералық ауаны негізгі ластаушы көздері деп жылу электростанцияларын, зауыттар мен фабрикаларды, мұнай газ өндірісін айтуға болады. Оған ғарыш айлағынан ұшатын зымырандар мен автокөлік санының арта түсуін қоссақ, сонда ауаны негізгі ластаушылар белгілі болып шыға келеді. Ауаға шығатын заттардың химиялық құрамы пайдаланылған отынның түріне, өндірілетін өнімнің құрамына, өндірістің жасау тәсіліне тағы басқа жағдайларға байланысты. Мәселен, жылу электр станциялары ауаға шаң-тозаңдарды, түтіндер мен күйелерді көп мөлшерде қосады. Қуаты орташа жылу электр станция орталығы тәулігіне 2 мың тонна сапасы төмен көмір жағып, ауаға шамамен 400 тонна күл және 120 тонна күкірт оксидін шығарады (SO 2). Оның ауаны қанша ластайтыны айтпаса да түсінікті. Мамандардың есебі бойынша, жыл сайын ауаға орасан көп мөлшерде зиянды газдар мен шаң-тозаңдар таралып жатады. Әсіресе, өнеркәсіп шоғырланған жерлерде ауадағы ерекше қара түтін көзге көрініп тұрады. Оның ауаны ластаумен қатар басқа қосымша залалдары да бар. Атап айтқанда, атмосферадағы қара түтін күн нұрының 25 процентін, ондағы ультракүлгін сәуленің 50 процентке жуығын жұтады екен. Қазіргі заманда табиғат компоненттерінің (ауа, су, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар) түгелге жуық өзгеруіне ықпал жасап, негізгі экологиялық проблемаларды туғызыпотырған мұнай мен газ өнеркәсіп комплекстері және елді мекендер. Қоршаған ортаға бүкіл әлемде жыл сайын 3,0 миллиард тоннадан астам өнеркәсіптің қатты қалдығы және бір миллиард тоннадай шаң-тозаң (аэрозоль) шығып тұрады. Сонымен бірге адам денсаулығына зиян 800 түрлі зат қоршаған ортаға тарайды. Кей жерлерде олардың рұқсат етілген концентрациясы (ПДК), үш, тіпті одан да көбірек деңгейден асып кетеді. Адам өміріне, жалпы тірі әлемге қауіпті осынша зиянды заттарды қоршаған ортаға орасан көп мөлшерде бөліп шығаруда үлкен үлес мұнай мен газ, тау-кен және өңдеу өнеркәсіптеріне тиесілі. Мұнай мен газ өндірісінде ортаны ластаушы заттар скважиналар мен оларды жалғаушы құралдардан, әртүрлі құбырлардан, жер астынан шыққан мұнай мен газды қоспалардан алғашқы айыру кезінде мұнай қоймалары мен басқа да пайдаланылатын сондай құрал-жабдықтардан бөлініп шығады. Ластаушы заттардың құрамына көмірдің тотығы (52%), күкірт ангидриді (18%), көмірсутек (12%), жеңіл бөлшектер, шаң (10%) және азоттық тотықтар (8%) кіреді. Көмір тотығынан басқа барлық ластаушы заттардың қатысуымен фотохимиялық тұман пайда болады. Күкіртті ангидрид пен азоттың тотықтары атмосферадағы суда еріп, сол аттас қышқылдар түзеді. Ондай жаңбырлар адамға, жалпы тірі әлемге, топыраққа, суға зиянды әсерін тигізеді. Күкіртті ангидридтің суға шашатын онан да басқа көзі аз емес. Мысалы, қатты отынды жаққанда 50%, мұнай өндіргенде, тасығанда және өңдегенде 40% және металл мен басқа өндірістерден 10% атмосфераға шығады. Есеп бойынша жалпы жер атмосферасын күкіртті ангидридпен ластауда мұнай-газ өнеркәсібінің үлесіне 40% тиетін көрінеді. Мұнай мен газ өнеркәсібінен шығатын зиянды заттардың түрі көп. Олар мыналар:
- Шикі мұнай өзінің тірі табиғатқа әсері жағынан бензинге жақын. Мұнайдың буы онша зиянды болмағанымен, бірақ сұйық мұнай адам денесіне тисе әртүрлі тері ауруын қоздырады (экзема).
- Бензин мен керосин адам организміне тыныс жолдарымен кіріп, онан ішек-қарын арқылы қанға өтеді, сөйтіп орталық жүйке тамырына әсер етеді, уландырады, кейде аяғы өлімге апарады (егер концентрациясы
0,040 мг/м3-ге дейін болса), ал бензиннің ПДК-0,0003 мг/м 3.
- Көмірдің тотығы (СО) – иісі мен дәмі жоқ түссіз газ. Жұмыс істейтін
зонада оның ПДК-20 мг/м 3. Егер концентрациясы 300-ден 600 мг/м 3 болса, онда адам жеңілдеу уланады, 1800 мг/м 3-де қатты уланады, ал 3600 мг/м 3-де 2- 3 рет тыныс алғанда-ақ өлтіреді.
- Көмірдің қос тотығы (СО) 2 реакцияға аз түсетін ауыр түссіз газ. Сәл ғана қышқыл иісі мен дәмі бар. Ауадағы концентрациясы 1% болғанда зиянды әсері байқалмайды, 4 – 5% болса, тыныс жолдарын жыбырлатады, ал 10%-ке жеткенде қатты уланады. Ауадағы ПДК – 1%.
- Шекті көмірсутектер (предельные углеводы) өте күшті есірткілік (наркотик) қасиеті бар. Ауадағы ПДК – 300 мг/м 3. Ал оған күкіртсутек (Н2S) қосылса улылығы әлдеқайда күшейеді.
- Құрамында күкіртсутек бар (Н2S) табиғи газ орасан улы. Күкіртті қосылыстардың улылығы бөлініп шығатын улы ангидридтерге байланысты. Күкіртсутек ауадан гөрі сәл ауырлау (ауаға қарағанда тығыздығы 1,1912), өте жағымсыз иісі бар түссіз газ. Көбіне ой жерлерде, шұңқырларда, құдықтарда, қазғанақтарда (траншея) жиналады, суда тез ериді, ертіндіден оп-оңай газ түріне көшеді. Ауадағы концентрациясы 1000 мг/м 3 болғанда, қас-қағымда уландырады.
- Күкіртті ангидрид өткір иісті түссіз газ. Адамның тыныс жолындағы ылғалмен қосылып қышқыл түзеді, тыныс жолын жыбырлатады. Ауадағы концентрациясы 20 – 60 мг/м 3 болғанда, тыныс жолы мен көзді қышытып жыбырлатады, 120 мг/м 3 тынысты тарылтып алқындырады. Мұндай концентрацияда адам үш минут қана шыдай алатын көрінеді. Осы газдың ауадағы концентрациясы 300 мг/м 3-ға жеткенде адамды бір минутта-ақ естен таңдырады. ПДК- 10 мг/м 3. Оның ауадағы концентрациясы
1,82 – 5,2 мг/м 3 болса, барлық өсімдіктерді айықпайтын етіп
уландырады.
- Азоттың тотығы қанды улайтын түссіз газ. Орталық жүйке тамырға
тікелей әсер етеді. Азоттың қос тотығы тұншықтыратын иісі бар қоңыр түсті газ. Ауадағы концентрациясы 10 мг/м3-да иісі сезіледі, 90 мг/м3-ға жетсе тамақты жыбырлатып, ауыздан су ағады, 200 – 300 мг/м3 концентрациясы адам өміріне қауіпті. ПДК –5 мг/м3.
- Детергенттер – сырттай активті заттар (САЗ-ПАВ – поверхностно активные вещества), сондай-ақ түрлі қоспалар, толықтырғыштар (наполнители). Демек, бұлар да тірі табиғатқа өте зиян. Сонымен атмосфералық ауаны ластаушы заттар мен олардың шығатын көзіне келетін болсақ, жоғарыда айтылғандай, ең қауіптісі – мұнай мен газ өнеркәсібі. Олай болатын себебі, олардың құрамындағы табиғи көмірсутектері мен олардың серіктері, технологиялық процестерде қолданылып жүрген алуан түрлі химиялық заттардың активтілігінен туындайды. Сонымен бірге мұнай мен газ өндіру, тасымалдау, сақтау, өңдеу және әртүрлі мақсатқа пайдалану жылдан-жылға өрбіп барады. Осы жұмыстардың бәрі керемет ұқыптылықпен орындалады деп айту қиын. Олай болса, аталған заттардың азды-көпті бір бөлігінен ауаны ластап жатқаны сөзсіз. Қоршаған ортаны ластаудың тегіне қарап жасанды, антропогендік және табиғи деп бөледі. Алдыңғы екеуі адам қызметімен, яғни ғылым мен техниканың осы заманғы деңгейіне сәйкес шаруашылық салаларыныңөнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, т. б. дамуымен тығыз байланысты. Атмосфералық ауаны ластаудың басқа да көздері аз емес. Мысалы, табиғи газдарды айдайтын қондырғылар, мұнай жанғанда бөлініп шығатын продуктылар, құбырлардан шығып жанып жататын газдар, мұнайды, газды, олардың продуктыларын пайдаланатын энергетикалық және басқа технологиялық құралдардың сапасыздығынан көптеген лас заттар ортаға шығады. Атмосфералық ауаның ластануы тек адам мен жан-жануарларға ғана емес, сонымен бірге өсімдік әлеміне де орасан күшті зиянды зардабын тигізеді. Өсімдіктер әсіресе күкірттің қос тотығына (SO2) өте сезімталОл өсімдіктің жапырағындағы хлорофильді бұзады, онан фотосинтез процесі кідіреді, сөйтіп өсімдік органикалық зат жасау қабілетінен айырылады. Газды жақтырмайтын дақылдардан бұршақты, астық тұқымдас шөптерді, сәбізді, сұлыны, қант қызылшасын, қара өрікті, алмұртты атауға болады. Сәл төзімділеу деп есептелетіндері сары өрік, шие, жүгері, қияр, асқабақ. Шабындықтың шалғын шөптері де осы күкірттің қос тотығының ұзақ әсеріне шыдамайды. Ондай ластанған шөпті жеген малдың іші кетеді. Астық тұқымдас егіннің жалпы өнімі 30 – 40 процентке, дәнінің толықтығы 15 – 20 процентке кемиді деген ғылыми-тәжірибелік деректер бар. Қазіргі кезде әлемнің қай түкпірінде болсын ең алдымен өнеркәсібі күшті дамыған аймақтарда, шешімі табылмаған экологиялық проблемалардың бірі – қышқыл жауын. Қышқыл жауындар күкірт пен азоттың тотықтары атмосфераға шыққанда пайда болады. Ең алдымен атмосферадағы оттегімен қосылып сусыз қышқылдар түзеді де, сол заттар үшін атмосферада қолайлы жағдай туғанда сұйық түрге айналып, сосын жерге жауады. Қышқыл жауынның әсерінен табиғи объектілердің бәрі және топырақ пен өсімдік уланып, бұзылады; егіннің өнімі азаяды; судағы тірі организмдер қырылады. Мұның экономикалық және экологиялық зиянды зардабы қаншалықты болатыны дәлелдеуді қажет етпейді. Өндірістік бағыты жағынан Қызылорда өнеркәсіпті-аграрлық облыс. Облыстың біршама тәп-тәуір дамыған ауыл шаруашылығы, оның ішінде әсіресе суармалы егіншілігі, азды-көпті дамып келе жатқан өнеркәсібі, «Құмкөл» мұнай кенішін игеру қоршаған ортаны ластау қаупін қоюлатып отыр. Фактіге жүгінсек, облыс жеріне орналасқан шаруашылықтың әртүрлі саласына жататын өндірістік мекемелер бар. Ауа бассейінін ластауға олардың қосып отырған үлесі едәуір десек бұл шындық. Соңғы алты жыл ішінде айналаның ластануы 2,1 есе ұлғайғанын айтсақ та жеткілікті. Атмосфералық ауаға ұшқан шаң-тозаңмен улы заттардың мөлшері тек 1992 жылы 43,0 мың тонна болған екен. 1995 жылғы мәлімет бойынша облыс байтағындағы объектілерде 650 шаң-тозаң тазалайтын қондырғылар жұмыс істеді. Ішінара тексерулер жүргізгенде сол қондырғылардың тең жартысының жұмысы ойдағыдай болмады. Ал 7-еуі мүлде жарамсыз болды. Алайда қоршаған ортаны қорғау мақсатында іргелі істердің орындалуы шалағай болғаны тек мұнымен ғана шектелмейді. Бұған мысалдар толып жатыр. Бүгінде облыста 350 бу қазандығы жұмыс істейді. Соның болғаны 15 процентінде ғана газ тазалағыш қондырғылар бар. Атап айтқанда, астық дайындау Министрлігіне қарасты кәсіпорындардың 72, су қорлары комитетінде 35, ауыл шаруашылығы Министрлігіне қарасты мекемелерде 16, теміржол бөлімшесінде 6, көлік жолдары Министрлігінің 16 процентінде ғана қондырғылар орнатылған. Ал тұрғын үй коммуналдық, автокөлік Министрліктеріне қарасты кәсіпорындардың бірде-бірінде бу қазандықтарына газ тазалағыш қондырғылар орнатылмаған.
Таблица 5
Қызылорда облысы бойынша атмосфераға шығып тұрған зиянды заттар 1995 жыл
(облыстық табиғат қорғау және биоресурстар басқармасы)
Атмосфераға
шыққан зиянды заттар
(барлығы)
Оның ішінде
Қатты заттар
Газбен сұйық түріндегі
Күкіртті ангидрид
Көмір тотығы
Азот тотығы
Жалпы зиянды заттардан ұсталғаны (проц. )
Қалалар бойынша тұрақты көзден атмосфераға шыққан зиянды заттар,
ингридиенттер (мың тонна)
45,4
14,1
31, 3
4,7
17,7
1,2
69,9
Шынына келсек, газ тазалағыш қондырғылары барларының да іс-әрекеті келісіп тұрған жоқ. Оған дәлел, қондырғылардың тиімділігі зерттелмейді, кәсіпорындарда ведомствалық бақылау деген атымен жоқ. Қалдық заттарын аспанға ұшуына қарсы шаралар тек қана №6 жылу электр орталығынан басқа облыстың барлық кәсіпорындарында толық орындалмай келеді. Целлюлоза-картон зауыты, сүт зауыты, тоқылмайтын маталар фабрикасы, тағы басқа өндіріс орындарында әуе бассейінін ластау жылдан жылға азаймай келеді. Осының салдарынан тыныс жолдары, өкпе, аллергия және демікпемен ауырушылар көбейді.
Ауаны ластауда автокөліктердің де үлесі аз болып тұрған жоқ. Облыста 62683 автокөлік бар, оның ішінде 21954 автокөлік мемлекеттік автомекемелерге қарайды. 1995 жылы автокөліктердің ауаны ластау үлесі 71,3 процент болды. Осындай жағдай бола тұра автокөлік кәсіпорындары көліктерді табиғи газбен жүргізу шараларына жеңіл-желпі қарауда. Оған дәлел, облыста автокөліктердің 1,5 проценті ғана табиғи газ пайдаланады. Онда да Қызылорда мен Байқоңыр қаласының автокөліктері. Осы мәселені қиындатып тұрған және бір жағдай облысқа этилдендірілмеген, жану сапасы төмен бензин келеді. Ал газ пайдалануға қажетті запас бөлшектер жетіспейді. Атмосфераны ластайтын тұрақты көздердің саны жыл сайын көбейіп келеді. 1985 жылы ондай тұрақты объектілердің саны 512 болса, 1995 жылы 1938-ге жетті. Солардың атмосфераға шығатын зиянды заттардың мөлшері (шаң-тозаң, улы газдар) 1985 жылы 189,6 мың тонна, 1995 жылы 256,2 мың тонна болды. Қазақстанның ірі өнеркәсіп объектілері шоғырланған қалаларда атмосфералық ауаны ластайтын заттардыңқұрамында шаң-тозаң, күкірттің қос тотығы, көмір тотығы, азоттың қос тотығы, фенол, формальдегид, аммиак фторлы сутек бар. Бұл аталған зиянды заттарды атмосфераға едәуір мөлшерде, ал жекелеген түрлерін Алматы, Қарағанды, Өскемен, Шымкент, Жамбыл, тағы басқа қалаларда тіпті ПДК-дан артық шығарады. Қазақстанның 1995 жылғы төртінші тоқсанында шығарған экологиялық ақпарат бюллетінінде атмосфералық ауасы лас қалалардың ішінде Қызылорда қаласы аталмайды. Соған қарағанда, Қызылорданың үстіндегі ауаның тазалығы мөлдіреп тұрмаса да, жоғары аталған қалалармен салыстырғында сәл ғана тазалау деп айтуға болатын сияқты. Атмосфералық ауаны қорғаудың ең тиімді жолы сол, егер ауаны ластайтын көздер тазалағыш қондырғылармен дұрыс жабдықталып, олар мүлтіксіз жұмыс істеп тұрса, бұл мәселені түбегейлі шешуге болар еді.
Таблица 6
Қызылорда облысында атмосфералық ауаны қорғау
(облыстық табиғат қорғау және биоресурстар басқармасы)
жылы
1985
1990
199 1
1995
1. Атмосфераға зиянды заттар шығаратын тұрақты көздердің саны
512
1 284
1786
682,0 2. Тұрақты көздермен шығатын зиянды заттардың жалпы мөлшері (мың тонна, жылына)
189,6
204,2
203,7
144,0
3. Атмосфераға кетіп тұрған зиянды заттар (мың тонна, жылына)
55,6
59,0
64,6
45,4
4. Жалпы атмосфераға шығып тұрған зияндызаттардан ұсталғаны (процент)
77,3
77,6
75,9
68,5
5. Жекелеген қалаларда тұрақты көздерденатмосфераға шығып тұрған зиянды заттар (мың тонна)
49, 2
50,2
46,7
16,2
Дегенмен Қызылорда қаласында да атмосфералық ауаның ластануы өзіне лайық болып тұрады. Мұнда да ауаны ластайтын өндірістік объектілер мен автокөлік базалары бар. Мысалы, қаланың батыс жағында ЦКЗ (целлюлоза-картон зауыты), ТЭЦ-6 мен құрылыс тресінің зауыттары қатар орналасқан төңіректе шаң-тозаң, көмірдің, азоттың, күкірттің, тотықтарымен ауа көбірек ластанады. Қаланың әр тұсында және оңтүстік шығысында орналасқан автокөлік базалары мен зауыттар олардың ішінде тоқылмайтын мата шығаратын (ФНМ) және силикат кірпіш шығаратын зауыттар атмосфералық ауаны белсенді ластайтындар. Арал маңының экологиялық картасындағы (1992 ж.) мәліметте (халық өте тығыз орналасқан жерлерде, мысалы, облыстық қалалар мен өнеркәсіп орталықтарында) ауада антропогендік тектес заттардың үлесі көп. Бұл негізінен Қазақстан қалаларына тән ерекшелік. Мысалы, бұл халқының саны 188,6 мың тұрғыны бар Қызылорда қаласының өзінде жылына 63,4 мың тоннаға жетеді. Қаланың атмосферасын ластайтын заттардың құрамы жылдың маусымында және желдің бағытына қарай өзгеріп тұратыны аңғарылады. Қыс айларында атмосферада күкіртті газдардың концентрациясы көбейетіні ТЭЦ-6 мен бу қазандарының жұмыс істейтін кезеңіне тура келеді. Жаз айларында автокөліктердің интенсивті жүрістерінен болса керек, ауада көмір тотығы мен шаң көбейеді. Соңғы жылдары автокөліктердің көбеюі, сапасы төмен жанар майдың келуі және кейбір өндіріс объектілерінде шаң мен газ тұтқыш қондырғылардың болмауы себепті қаладағы ауада шаң мен азот тотығының концентрациясының өсіп кеткені байқалады. Мұның бір бөлігіАрал өңірінің жазық даласында жүйткіп соғатын желмен сырттан, ең алдымен теңіздің кепкен ұлтанынан көтерілетін тұзды шаң-тозаң. Есептеулерге қарағанда, бүгінгі таңда теңіздің суы қайтып, кеуіп қалған жерлерінен жыл сайын 140 млн тонна тұзды шаң ұшып, атмосфера арқылы жан-жақты тарап жатады. Сол массаның құрамында 15 – 20 процент тұз бар, бұл 21 – 28 млн тонна. Ендеше Арал теңізі бұрын өзін қоршаған үлкен аймақтың желмен ұшқан, сумен аққан тұзын қабылдаған болса, енді сол тұздарды айналаға тарататын ашық қойма іспеттес болып тұрғанын айтпасқа болмайды. Ғалымдардың пікірінше, ауада қалқып, жосып жүрген тұз кристалдардың өте аз бөлігінің өзі өсімдіктердің жеміс беретін органдарын қысыр қалдырып (стерильность), өнімін күрт кемітеді, кейде тіпті құрғатып тастайды. Осы құбылыс қазір облыс жерінде болып тұратынын айғақтайтын мәліметтер бар. Фактіге жүгінсек, 1992 жылы Қызылорда облысында егін өнімінің жалпы түсімі 1991 жылға қарағанда 4,4 процентке кем болды. Оның ішінде дәнді дақылдардың өнімі 12 процентке азайып кетті. Ал күріш болатын болса, онан
8,8 процент кем өнім алынды немесе 35,5 мың тонна болды. 1993 – 1994 жылдардың қысында жүргізілген бақылау жұмыстары бұл өңірде атмосфералық ауаның тұзбен ластануы болып тұратынын көрсетті. Қыс бойы 13 рет жауған қардың суына талдау жасағанда ондағы құрғақ қалдықтың концентрациясы едәуір болғаны анықталды. Оны мына төмендегі таблицадан көруге болады (7-таблица).
Таблица 7 Қызылорда қаласында атмосфералық судың (қар)құрамын химиялық талдаудың нәтижесі
(химиялық экология лабораториясы, 1993 – 1994 жж. )
Р/с
Үлгі алынған мерзім ( жылы, айы, күні)
Желдің бағыты
Құрғақ қалдық г/л
Иондардың концентрациясы мг/л
хлор
сульфат
02
03
1
24.10.1993
Солтүстік шығыстан
0,03
51,6
8,8
10
0,002
2
11.ХІ.1993
Солтүстіктен
0,04
36,4
5,7
11
0,003
3
16.ХІ.1993
Оңтүстік батыстан
0,03
54,3
4,4
10
0,02
4
22.ХІ.1993
Шығыстан
0,03
59,1
6,0
12
0,1
5
24.ХІ.1993
Шығыстан
0,03
7,1 6,5
9
0,06
6
30.ХІ.1993
Солтүстік батыстан
0,44
41,3
5,8
6
0,12
7
2.ХІІ.1993
Батыстан
0,06
49,4
6,9
10
0,23
8
9.01.1994
Солтүстік батыстан
0,07
1,6
20,5
4
0,1
9
17.11.1994
Шығыстан
0,11
20,1
8,0
24
0,04
10
22.11.1994
Шығыстан
0,01
21,7
6,7
13
0,07
11
26.11.1994
Шығыстан
0,03
10,4
5,9
9
0,04
12
3.ІІІ.1994
Шығыстан
0,02
34,7
9, 3
13
0,02
13
14.ІІІ.1994
Солтүстік
шығыстан
0,02
16,9
9,0
6
0,05
Таблицадағы материалға қарағанда, атмосфералық ауаның белгілі ауданда ластану дәрежесі желдің бағытына байланысты болатыны байқалады. Ол қар суындағы құрғақ қалдықты анықтағанда белгілі болды. Қараша айының 30-да жауған қардың суында құрғақ қалдық көп болды – 0,44 г/л. Иондардан хлордың концентрациясы жоғары және азоттың қос тотығы бар. Сол күні солтүстік батыстан, яғни Арал жақтан соққан жел тұз аралас шаңы бар ауаны айдап келгенге ұқсайды. Екінші жағдайда, қар суының бір литріндегі құрғақ қалдықтың 0,11 мг/л 1994 жылдың 17 ақпанындағы жауған қарда болды. Ол күні жел шығыстан соққан. Бұл бағыттан да желмен ығып ащы шаң келетіні көрінеді. Өзге жағдайларда атмосфералық ауадағы тұзды құрғақ қалдық бір литр қар суында 0,01-ден 0,07 мг аралығында болады. Осы мәліметтер ауаны таза ұстауда ластануды алдын ала біліп отырудың үлкен маңызы бар екенін көрсетеді. Ауа райы құбылысын алдын ала білу, денсаулығы кем, қауіпті жағдайдағы адамдарға қолайсыз құбылыстың зиянды әсерін азайту шараларын тиімді қолдануына мүмкіндік береді. Сайып келгенде, атмосфераның тазалығы үшін күрес бүгінгі таңда кімге болса да парыз. Дегенмен бұл мәселені түбегейлі шешу жолында сол мәселенің кесе-көлденеңдеп тұрған субъективті және объектівті жақтары бар. Айталық, теңіздің кепкен ұлтанынан ұшатын тұзды тоқтату, ең болмаса азайту мүмкіндіктері әзірге болмай тұрғаны айқын. Оны қоя тұрып, егер бірсыпыра өндіріс орталықтары мен автокөліктер табиғи газбен жұмыс істеуге ауыстырылса, қалалардағы атмосфераның ластануын қолдан келгенше азайтуға болар еді. Дәл қазіргі экономикалық қыспақтың кезінде бұл оңай шаруа емес, бірақ қиын да болса мүмкін. Әрине, біреу-жарым өндіріс мекемелері мен автокөлікті газдандыру арқылы проблеманы оп-оңай шешуге бола қоймас. Ол үшін табиғат қорғау шаралары комплексті жобаланып, жоспарлы жүзеге асырылуы тиіс. Қалалардың үстіндегі ауа бассейнін қорғаудың басты шарты ауаны ластайтын тұрақты объектілердің бәрін қайтадан жабдықтау және ескірген жабдықтарын жаңалау. Құрылыс материалдарын шығаратын зауыттарда шаң-тозаңды ұстау үшін циклон тазартқышын (құйындатып ортадан айдайтын) тазалау дәрежесі 80 процент, жеңді (рукавный) сүзгілер тазалау дәрежесі 80 – 85 процентқолданған тиімді. Олардан гөрі жетілдірілген құрал – «Ылғал скруббер», шаңды 98 процент ұстайды. Бұл құралдар екіжақты пайдалы: экономикалық және экологиялық. ТЭЦ-6-ның атмосфераға шығаратын азот тотығын ұстап, оны таза азотқа айналдыру үшін газ тұтатын қондырғылар керек. Автокөліктердің моржасынан шығатын улы газды да ұстап, оның концентрациясын азайтуға болады. Мысалы, көмір мен азот тотықтарын бейтараптайтын (нейтрализатор) құралмен жабдықтаса, аталмыш газдардың концентрациясы азаяды. Бірақ, автокөліктерді мұндай құралмен жабдықтау болашақтың ісі, әзірге ол құрал жоқ. Сондықтан қолдан келетіні автокөліктің қозғаушысының (двигатель) дұрыс жұмыс істеуін қадағалап, мүмкіндік болып жатса, оларды газбен жұмыс істеуге көшірудің экологиялық үлкен маңызы бар.
Таблица 8 Қызылорда облысы бойынша автокөліктің атмосфераға шығарып тұрған зиянды заттары және тұрақты объектілерде зиянды заттарды ұстап пайдалану жөніндегі мәлімет
(облыстық табиғат қорғау және биоресурстар басқармасы, 1995 жыл)
жылы
1990
1991
1995
Автокөлік шығарып тұрған улы заттар мың тонна
76,1
71, 2
71,3
Облыс бойынша тазалағыш қондырғылар ұстаған зиянды заттар (мың тонна) 8,9 7,1 7,3
Қондырғылар арқылы жалпы ұсталғаны (процент) 6,7 5,1 5,2
Ауаны таза ұстау мақсатында жасыл желектер (ағаштар мен шөптер) көп жәрдем береді. Ағаштардың, жалпы өсімдіктердің жапырақтарын химия лабораториясы десе де болды. Өйткені, олар күн сәулесі қуатының көмегімен көмірқышқыл газын оттегі мен көміртегінен ажыратып отырады. Көміртегі жапырақтың бойында қалып органикалық зат түзуге араласады да, оттегі атмосфераның бізге пайдалы қорын байытады. Жасыл өсімдіктің адам үшін пайдалы жақтары мұнымен шектеліп қалмай, ауаның құрамындағы зиянды күкірт, көмірқышқыл газдарын бойына сіңіріп алып, ауаны шаң-тозаңдардан тазалайды. Бар деректерге қарағанда, жаз бойы әрбір шаршы метр жасыл жапырақ 5-6 грамм шаң-тозаң ұстайтын көрінеді. Ал үлкен бір ағаш осындай уақыт ішінде бірнеше килограмм шаң-тозаңды ұстайтынына күмән келтіруге болмайды. Сондықтан өнеркәсіп орталықтары мен тұрғын үйлер арасына ағаш отырғызу, көк шөп өсіру ең маңызды экологиялық істің бірі демекпіз. Мүмкіндігі болғанша құрылысқа жарамсыз жердің бәріне ағаш отырғызу керек. Атмосферадағы өндірістік лас қалдықтарды қаншама қысқартқанмен, оның адам денсаулығына әсер ететін мөлшері күннен-күнге артуда. Демек, ауа тазалығы үшін күрес жалпы көпшіліктің ерекше назарына тұратын ісі болу керек. Егер ауа таза болса, халықтың дені сау, ұзақ жасауына жағдайдың қолайлы болатынын дәлелдеп жатудың қажеті бола қоймас. Бұл ретте 1981 жылы қабылданған «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы кездейсоқ емес. Осы заңға сәйкес Қазақстанның барлық аймақтарында ауаның жайын жақсартуға септігін тигізетін көптеген жаңа шаралар белгіленіп, жүзеге асырылуға тиіс. Атап айтқанда, кәсіпорындардың, көліктің ауаға ластағыш заттар шығаруының шегін нормативтік жолмен белгілеу, өндірістік және өзге шуға қарсы күрес үздіксіз жүруі керек. Ол үшін шуы аз технологиялық процестерді жетілдіру, шаң-тозаң, сондай-ақ газ тұтатын қондырғылар мен приборларды жетілдіру көзделген. Осы заңға жергілікті жерлерде айналадағы табиғи ортаға қамқорлық жасау жөніндегі мүмкіндіктер біршама кеңейтілді. Егер кәсіпорынның немесе көліктің жұмысы адамдардың денсаулығына зиянын тигізетіндей болса, онда жергілікті әкімдердің, санэпидстанса дәрігерлерінің оларды жауып тастауға және тоқтатуға құқығы бар. Әрбір әкімшілік жергілікті жердің ауа тазалығы үшін күресуге, ауаны қорғау шараларын жоспарлап жүзеге асыруға міндетті. Осы тұрғыдан алғанда гидрометеорология мен табиғат қорғау басқармасына да зор міндет жүктелген. Өкінішке қарай, атмосфералық ауаны тазарту, жалпы табиғат қорғауға бағытталған шараларды жүзеге асыру өзінің төл ісі бола тұра көптеген өнеркәсіп мекемелері, егер бүкпелемей турасын айтсақ, сол жұмыстарды орындауға онша ықыласты емес. Олай дейтініміз, қоршаған ортаны қорғауға бөлінген қаржы өз мақсатына жұмсалмайды, көбіне жөндеу, қайта құру бағытына жаратылады. Мәселен, 1995 жылыҚызылорда экспериментальді жөндеу-механикалық зауыты ауаны қорғау жөніндегі шараларды орындауға бөлінген қаржыны дұрыс игере алмады. Қызылорда локомотив депосы, Қызылорда және Шиелі стансалары, Қазалы вагон депосы, облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ауаны қалдық заттар мен шаң-тозаңнан қорғау шараларын орындамады. Айта берсе мұндай фактілер жетіп артылады. Осы өмірлік маңызы бар жұмыстарды жандандыру «Арал-2006» бағдарламасында қаралып, нақты шаралар белгіленген. Онда 2000 жылға дейін бірқатар мекемелерді газ жағуға көшіріп, ауаға шығатын зиянды заттарды азайту көзделуде. Сонда межелі мерзімге жеткенде облыс территориясында тұрақты көздерден атмосфераға шығатын зиянды заттардың мөлшері жыл сайын 13,9 мың тоннаға кемиді деп күтілуде. Сол сияқты автокөліктерден шығатын улы заттар 25 процентке азаяды.
Су ресурстары, оларды пайдалану және қорғау
Табиғи байлықтардың ішінде судың алатын орны ерекше. Тіршілікке су қажет. Олай болса, су баға жетпес байлық. Су тірі әлемде барлық зат алмасу процесіне қатысатын болғандықтан органикалық өмірдің негізі екені сөзсіз. Су адам мен жануарлар денесіндегі құрамды бөлік. Ересек жануарлардың жалпы массасының 45 – 70 проценті судан тұрады. Сондықтан, денедегі судың өзгеруі организмге зиянды әсер етеді. Егер денедегі судың 10 – 12 проценті жоғалса организм әлсірей бастайды, яғни шөлдейді, дене дірілдейді, ал судың мөлшері 20 – 25 проценті азайғанда адам мерт болады. Ауа райы қатты ысығанда, мысалы, 35 – 40 градусқа дейін, организм суды әдеттегіден гөрі 2 – 3 есе көп тілейді. Егер су организмге жетімсіз болса, онда ас қорыту процесінің бұзылуына және қандағы судың азаюына әкеліп соқтырады. Сондықтан даадамның денсаулығы мен жануарлардың өсуін, олардың өнімділігін көтерудің басты шарттарының бірі сапалы тұщы судың болуы. Тұщы су тек қана адамдар мен жануарлардың ішуі үшін емес, егінді суаруға, өнеркәсіп пен барлық технологиялық процестер жұмыс істеу үшін де қажет. Демек, кез келген ландшафта сусыз өмір сүру мүмкін емес. Жер шарының гидросфера қабатында су көп. Оның көбі мұхит сулары – жер бетінің 70 проценттен астамын қамтиды. Ал тұщы сулардың қоры онша көп емес, жер асты суларын қоса есептегенде 35 млн текше шақырым шамасында. Сол тұщы су қорының 30 проценті жер асты суларының үлесіне тиеді, бірақ оларды көп жағдайда пайдалануға мүмкіндік жоқ. Сонша көп мұхит пен теңіз суларын шаруашылықта, оның ішінде ауыз суға пайдалану әзірге мардымсыз. Ол болашақтың ісі деуге болады. Қазақстанда су тұщытқыш станса тек Ақтау қаласында ғана бар. Рас, ащы суды тұшытып шаруашылықтың нәр саласында көбірек пайдаланудың әзірге мүмкіндігі жоқ. Өйткені, күш-қуат, қаржы-қаражат пен техникалық мүмкіндіктер шектеулі болып тұр. Бұрын бір адамға шаққанда тәулігіне 12 – 18 литр су пайдаланылса, енді өркениетті елдерде оның шамасы 200 – 400 литрге жетіп отыр. Шаруашылық салаларының ішінде тұщы суды көп пайдаланатын, әрине ауыл шаруашылығы. Мысалы, тәулігіне бір адамға орта есеппен 10 литр, бір бас ірі қара малға 40 л, бір қойға 10 л су керек. Ал егін шаруашылығы суды әлдеқайда көп тілейді. Әсіресе күріш, жоңышқа, көкөністер. Қызылорда облысының жағдайында бір гектар күріш пісіп жетілуі үшін 2 2 – 24 мың текше метр (м3), жоңышқаға 8,5 – 10,5 мың текше метр, көкөніске 6,5 – 8, 2 мың текше метр су кетеді. Рас, суармалы емес (тәлімі) егіншілікке қарағанда суармалы егіншіліктің тиімділігі өте жоғары. Бірақ соған қарап суды қалай болса солай пайдаланып, ысырапқа жол беруге болмайды. Оның арты қайда апарып соқтыратынын (Аралдың қайғылы жағдайына байланысты соңғы жылдары әңгіме көп, бірақ нақтылы іс жоқ) болып жатқан орны толмас кемшіліктерден көруге болады.
Бар деректерге қарағанда, жер шарында жыл сайын әртүрлі мақсатқа 150 текше шақырым су жұмсалатын көрінеді. Ал өзендер мен жер асты суларының есебінен жылына 600 текше шақырым су жинауға болады екен. Бір қарағанда, жер шарындағы судың қоры жеткілікті сияқты. Бірақ өзендерге, көлдерге, су қоймаларына жыл сайын тек жартылай тазартылған 150 текше шақырымдай лас су жіберіледі. Осыдан кейін лас су табиғи таза суды бүлдіретіні түсінікті. Сол себепті тұщы су қоры жыл сайын азайып келеді. Әсіресе, адамдардың көптеп мекендейтін, ауа райы егіншілікке қолайлы оңтүстік аймақтарда тұщы су тапшылығы соңғы ширек ғасырда өрби түсуде. Жерінің көп бөлігін шөл және шөлейт далалар алып жатқан Қазақстан үшін тұщы су қорының қандай маңызы бар екенін айтпаса да түсінікті. Қоршаған ортаның компоненттері (жер, су, ауа, өсімдік пен жануарлар) өзара тығыз байланысты, біріне-бірі әсер етіп тұрады. Солардың ішінде өзгелеріне, мысалы, климат пен ауарайының өзгеруіне күштірек ықпал жасайтыны – су. Мысалды қашықтан іздемей-ақ осы өзіміз ортасында өмір сүріп отырған Арал өңірін алайық. Осыдан 30 жыл бұрын Сырдария тежеусіз еркін ағып жатқанда табиғаты қандай еді, енді міне, су тапшылығы күшейіп, бұл өлкенің қуаң тартқан қазіргі күйіне назар салыңыз. Бұрынғы заманда әлемнің әр түпкірінде болып тұрған және қазіргі жағдайда көріп отырғанымыздай, суы кеткен жерде нұр қалмайды, ол біртіндеп солып құла түзге, шөл далаға айналады. Даланың кеңдігінен не пайда, егер оны мекендейтін ел мен жан-жануарлары, егіні мен шөбі, орманы мен тоғайы шөліркеп, су тапшылығының қасіретіне киліксе. Тұщы су қорын пайдаланбайтын шаруашылық саласы жоқ. Қазіргі кезде өндірісте де тұщы су қоры молынан пайдаланылады. Мысалы, бір тонна шойын алу және оны болатқа, прокатқа айналдыру үшін 300 текше метр, бұрғылау жұмысында тәулігіне бір скважинаға 110 текше метр су жұмсалады. Әрине, тұщы суды көп шығындайтын суармалы егіншілік, оның ішінде суға бастырып егетін күріш егіншілігі. Ондай аймақтың бірі Қызылорда облысы. Бұл облыстың көлеміндегі су қоры жер бетіндегі, жер астындағы және қашыртқы сулардан құралады. Облыстың шетінде құралатын жер бетіндегі сулардың қоры онша көп емес. Бұларға бірлі-жарым бұлақ сулары, уақытша ағын сулар, көлдер мен тақырларға жиналатын қар мен жаңбыр суы жатады. Облыс байтағында жер бетінде уақытша пайда болатын бірқатар су көздері бар. Мұндай сулар Қаратау етегіндегі Бесарық, Телес, Жиделі, Ақұйық, Шұңқырой, Шолақ және басқалары. Осы аталмыш өзеншелердің ішінде жылдық ағысы 170 млн текше метр болатын Бесарық өзенінің суы сәл-пәл молдау. Бұлақтардан Қара Сүгірді, Сасық Тамды, Қайнарды айтуға болады. Жауын-шашын мол болған жылдары Бесарықтан өзге, жер бетіндегі уақытша сулардың жылдық мөлшері 121 млн м3-ге дейін жетеді, ал қуаңшылық жылдары 61 млн м3-ден аспайды. Бұл су көздерін егін суаруға пайдаланады. Ғылыми деректерге қарағанда, Қаратаудың етегінде секөнтіне 2,1 м3-ге дейін суды пайдалануға мүмкіндік бар. Осындай уақытша ағын судың едәуір үлкен көзі Сексеуіл темір жол стансасына жақын жатыр. Ол жерде Құмсай су қоймасы салынған, онан 400 гектардай егіндік және шабындық суарылады. Облыс жеріндегі жалғыз үлкен өзен Сырдарияның су көздері облыстың әкімшілік шекарасынан тыс жерде құралады. Жер астының сулары борлы үштік және төрттік шөгінділерден тұратын қабаттардың аралығында жатады. Дүмпу сулар да кездеседі. Минералдануы жоғары болғандықтан және әр жерде шашырап жатқандықтан олардың көбі пайдаланылмайды. Сырдария арнасына жақын алқапта жерасты суының деңгейі жауын-шашынға, өзендегі судың биіктігіне, жер суаратын каналдардың жұмыс істеу интенсивтілігіне байланысты. Өзенге, каналдарға, басқа да су көздеріне жапсарлас учаскелерде ыза су 4 – 5 метрден жоғары жатады, көбіне тұщы немесе сәл-пәл кермек. Сырдарияның атыраулықегін егетін бөлігінде ыза сулардыңтереңдігі көбіне 2 – 7 метр. Олар минералдануы жағынан ала-құла, дегенмен ащы-кермек және тұзды су басым. Жерасты суының қоры едәуір мол, онан секөнтіне 5,8 текше метрге дейін су шығарып пайдалануға болады. Суарылатын аймақтан тыс су айырықтары мен құрғақ арналардың бойында қабаттағы су 5 – 15 метр тереңдікте жатады. Мұнда скважиналар мен құдықтардың сулылығы онша көп емес, секөнтіне 0,2 – 0,5 литр. Тақырлы жазықта қабаттағы су терең жатыр (10 – 30 метр) және күшті минералданған. Жазықтардың әр жерінде кездесетін кішігірім бұйрат құмдардың астындағы судың тереңдігі 5 – 10 метр. Қабаттағы сулардан басқа артезиан сулары бар. Мұнда скважиналардың көпшілігі секөнтіне 5-тен 50 литрге дейін су береді. Мұндай сулар Қызылқұмда 200 – 300 метр, алқаптың теріскейінде 300 – 500 м тереңдікте жатады. Бар мәліметтерге қарағанда (Ахметсафин), Қызылқұмның жерасты суын секөнтіне 76 текше метр мөлшерінде пайдалануға, демек, сол өңірдің жайылымдарын суландыру және оазистік суаруды өрбіту мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Жер суаруға жарайтын су көздерінің бірі болып есептелетін қала мен өнеркәсіп орталықтарының қалдық сулары. Облыс бойынша оның мөлшері жыл сайын 75 млн текше метр. Жергілікті ұсақ өзеншелер мен уақытша ағын сулар (қар мен жаңбыр) Сырдарияға жетпейді. Сондықтан облыста пайдаланылатын судың балансы Сырдариядағы Көктөбе су бекетінен өтіп, өзеннің төменгі ағысындағы гидротораптарға келетін судан тұрады. Есеп бойынша, өзеннің сулылығы орта болған жылдары жоғарыдан Көктөбеге келетін су (кіріс) – 10,19 км3, оның шығыны – 1,96 км3, балансы – 8,23 км3. Сонан Қызылорда гидроторабына келетіні (кіріс) – 8,51 км3, шығыны – 4,87 км3 және 3,64 км3 деп есептеледі. Қазалы су торабына жететін су (кіріс) – 4,27, шығыны – 1,44, балансы – 2,83 м3. Осы есеп бойынша Аралға құятын су – 3,05 км3. Жетпісінші жылдары Сырдарияның жоғары және орта тұсында суармалы егістің (мақта) көлемі көбеюіне байланысты өзеннің жылдық ағысының
87 процентін алып отыр. АлҚызылорда облысына жіберіліп тұрғаны небәрі 13 проценті. 1950 – 1960 жылдары Сыр атырауының басы саналатын Төменарық стансасының тұсына келетін Сырдарияның жылдық ағысы 25,1 км3, Қазалы тұсында 17,2 км3 болатын. Жетпісінші жылдары сол су тиісінше бірінші жағдайда 3,8-ге, екіншіде 0,6 км3-ге дейін, яғни тиісінше 6 және 30 есе азайды. Өзеннің арнасынан жоғалатын су шығынын алатын болсақ, ол Көктөбе мен Қазалының ортасында едәуір болады.
Таблица 9 Қызылорда облысының көлемінде өзен суының көп жылдықағысының орта мөлшерін көрсететін мәлімет
(«Арал-2006»)
Р/с
Гидрокүзет-тің аты
жылы
Су ағысының орта мөлшері, м 3/секайы
ІV
V
VІ
VІІ
VІІІ
XІ
X
1
Көктөбе
1980 – 1990
431,5
645,1
640,4
609,5
400,9
269,3
232,7
2
Қазалы
1980 –1990
136,6
108,3
118,1
94,2
124,9
178,8
164,8
Таблицадағы материалға қарағанда, Сырдарияның суы мол ағатын мамыр айында Көктөбеден шыққан су Қазалыға жеткенше 586,8 м3/сек жоғалтады. Маусым айында да судың шығыны сол қаралас, яғни 522,3 м3/сек. Осы екі айдың ішінде Сырдарияның суы Қазалыға жеткенше 5 еседен артық азаятыны көзге түседі. Сырдария өзені бірнеше мемлекетке ортақ болғандықтан Қызылорда облысына тиісті судың көлемі келісім бойынша белгіленген лимитпен келеді.
Таблица 10
Сырдария бассейні бойынша Қызылорда облысына бөлінетін судың лимиті (кмз)
(«Ауыл шаруашылығын өркендету туралы ұсыныстар», 1991)
Рет саны
Суды тұтынушылар мен пайдаланушылар
Өзеннің сулылығы орташа жылдары
Өзен суы тапшы жылдары (есептегі судың 90 проценті болғанда)
1
Жер суару
5,84
4,42
2
Балық шаруашылығы
1,28
1,28
3
Табиғи комплекстерді сақтауға жұмсалатын су
2,20
2,09
4
Өнеркәсіп пен коммуналдық және тұрмыс қажетіне жұмсалатын су
0,26
0,26
5
Арал теңізіне жіберетін санитарлық ағыс 1,0 1,0
Барлығы:
10,58
9,5
Бірақ Қызылорда облысына келетін судың көлемі әр жылы есептегідей бола бермейді. Кей жылы молдау, кей жылы тапшы. Оны мына төмендегі таблицадан көруге болады.
Таблица 11
Көктөбедегі су бекеті арқылы өтетін Сырдарияның ағысы
(гидрометбюроның материалдары бойынша)
Рет
саны
жылы
Ағыстың мөлшері, км3
жылдық
вегетация кезінде
1
1981
10,76
8,95
2
1982
9,90
7,68
3
1983
7,03
6,43
4
1984
8,55
7,05
5
1985
8,36
6,03
6
1986
6,97
6,97
7
1987
11,1 7,4
8
1995
12,7 7,3
Таблицадағы материалдардан көрініп тұрғандай, сексенінші жылдарда есепке алынған 8 жылдың 5 жылында облыс лимит бойынша өзіне тиесілі суды толық ала алмайды. Кей жылдары есептегі судың бестен біріне жақын кем алып жүрді. Мысалы, 1983 жылы Сырдың төменгі ағысына келген су жоспардың 88,1 проценті болса, 1986 жылы небәрі 80,5 процент деңгейінде қалды. Облыста суды ең көп пайдаланатын сала – ауыл шаруашылығы. Таблицада көрсетілгендей, Сырдарияның сулылығы орташа болатын жылдары облысқа бөлінетін 10,58 км3 судың 5,84 км3-і егіншілік саласына деп жоспарланады. Бұл оның шамамен 55,2 проценті. Егіншілікте суды құрдымдай тартатын дақыл – күріш. Сөзіміз дәлелді болуы үшін фактіге жүгінейік.
1976 – 1980 жылдары облыста егілген күріш дақылының әр гектарына
41,0 мың текше метр (нетто) су жұмсалды.
Салыстыру үшін қараңыз, оқтын-оқтын суаратын дақылдардың гектарына орта есеппен 10,2 мың текше метр су кетеді. Күрішке соншалықты көп жұмсалған судың мөлшеріне қарап, су ысырабы әдетте суару жүйесінің сапасыздығынан (КПД-0,64) болды деп жатады. Әрине, олай емес деуге болмас, бірақ су шығынын күшейтетін тағы бір жағдай бар. Ол жоспардан артық көлемді күріш егісін егу. Қалай дегенде де облысқа келген судың үлкен бөлігі күріш дақылының көлемін кеңейтуге кеткені рас. Қазір де солай. Оны суармалы егіс көлемінің динамикасы көрсетеді. Мысал келтіретін болсақ, 1948 жылы облыста 78 мың гектар суармалы егіс, оның 12,2 мың гектары күріш болған. 1967 жылы егістің көлемі 110,3 мың (48,5 мың га күріш) гектарға артып, ал 1980 жылы суармалы егістің жалпы көлемі 246,6 мың га, оның 93,3 мың гектары күріш егісі болды.
Таблица 12
Қызылорда облысында суды табиғи көздерінен пайдалану, млн м 3
(облыстық табиғат қорғау және биоресурстар басқармасы) Р/с
Суды пайдаланудың түрі
жылы
1985
1990
1995
1991
1
Суды жер бетіндегі табиғат көзінен алу, барлығы
5804
6603
6730
4905
2
Суды жер астындағы табиғи көзінен алу, барлығы
36
79
83
71
3
Таза суды пайдалану
4780
44 28
4621
3570
4
Ағын судың шығыны
657,3
911,0
874,5
1335,0
5
Судышаруашылық мақсатқа пайдалану
23
50
47
48
6
Суды егін суаруға, жерді суландыруға және ауыл шаруашылығын сумен жабдықтауғапайдалану
4432
4282
4462
4289
7
Сарқынды және коллектор-дренаж суларын егін суаруға пайдалану
39
2
2
6
1985 жылмен салыстырғанда, соңғы жылдары облыстың суды пайдалануды көбейткені байқалады. 1990 жылы шаруашылық мұқтажы үшін алған судың жалпы көлемі 6,7 км3-ге жақын, ал 1991 жылы ол 6,8 км3-ден сәл асады. Сонан егін суаруға, жалпы ауыл шаруашылығы өндірісіне пайдаланғаны 4, 3 – 4,5 км3 шамасында. Судың пайдасыз шығыны да аз емес – бір миллиард текше метрге жуықтайды. Облыста суды егіншілікке пайдаланудың тиімділігін сөз ететін болсақ, ол ойдағыдай деуге негіз жоқ. Өйткені, түрлі себептермен судың пайдасыз шығыны көп. Суды бақылаусыз пайдаланып, ысырапқа жол берусонау алпысыншы жылдардан басталды. Ол кезде көптеген күріш егетін шаруашылықтар тұрақты егістен гөрі «көшпелі» егісті кәсіп қылатын. «Жер ескірді» деген сылтаумен жыл сайын жаңа жерлер ашып, оған каналдартартып жүретін шашыранды егіншіліктің кезінде судың өнімсіз шығыны миллиардтаған текше метрге дейін баратын. Құрғақ кезінде көзге тегіс көрінетін итаунақ жабайы жерге еккен күріш атызынан, жаңадан қазған каналдардың қабырғасын жарып қашқан су пайда келтірудің орнына айнала қоршаған ортаны бүлдіруге кетті. Бертін келе суармалы егіс инженерлік жүйеге көшіп, жер мен суды пайдалануда бұрынғыға қарағанда тәртіп болды десек те, салынған су құрылыстарының техникалық деңгейі төмен болғандықтан судың пайдасыз ысырабыазаймады. Айталық, 1987 жылы күріштің бір гектарына жұмсалған судың мөлшері облыс бойынша 36,1 мың текше метр болды. Бұл нормадан 10 – 12 мың текше метр артық. Жекеленген аудандарда, мысалы, Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Тереңөзек аудандарында бұл көрсеткіш 37,0 мың текше метрден айналды. Сонда су жүйелерінің пайдалы коэффиценті (КПД) жоба бойынша 0,8 болудың орнына 0,63-тен түспейді, ал Жаңақорған ауданында ол 0,59-ға дейін түскен. Мұның бәрі су пайдаланудағы шалалықты, кемшіліктер мен олқылықтарды көрсетеді. Шындығын айту керек, суды қалай болса солай жоспардан тыс пайдалану облыста қалыптасқан әдетке айналып кетті. Азғантай суды ластамай үнемдеп жұмсау дегенді шаруашылықтардың әлі күнге үйрене алмағаны өкінішті. Фактіге жүгінсек, Арал-Сырдария бассейндік су шаруашылығы бірлестігінің мәліметі бойынша, 1989 жылдың 1 қаңтары мен шілденің 20-сы аралығында Шардара су қоймасынан Сырдарияның аяғына, яғни Қызылорда облысына 9192 миллион ( млн )текше метр су жіберілді. Вегетациялық кезеңнің басынан бастап-ақ барлық аудандарда су шығыны көбейіп, 20 шілденің қарсаңында жалпы артық жұмсалған су 587 млн текше метрге жетті. Сол кезеңде насосты қондырғылар арқылы өзеннен лимитсіз су алу да ұлғайып кетті.
Таблица 13
Қызылорда облысында суармалы егіске су пайдалану көрсеткіштері
(Экология жаршысы,1989)
Р/с
Аудан
Жылдық лимит млн м3
Есеп
беру
кезеңінде жұмыстарға тиісті
млн м 3
Сол кезеңде нақтылы жұмсалғаны млн м 3
Орындалу проценті
1
Жаңақорған
728, 6
542,0
582,2
107
2
Шиелі
712,0
519,68
684,32
132
3
Сырдария
598,0
452,15
611,45
135
4
Тереңөзек
726,0
565,89
632,38
112
5
Жалағаш
737,1
594,62
648,80
109
6
Қармақшы
434,94
483,60
111
7
Қазалы
587,0
473,96
522,07
110
8
Арал
21,93
26,45
121
Барлығы
4700
3604,27
4191
116
Таблицада (13) берілгені бір жылдың материалы. Алайда, жыл сайын су пайдаланудың жағдайы дәл осындай болмағанмен облыстың шаруашылықтары өздеріне бөлінген суды еш уақытта жоспардан кем алып көрген емес, демек, ешкім оны теріске шығара қоймас. Егістікті суару жүйесінің су ысырабын ұлғайтатын тағы бір кемшілігі көзге түседі. Ол көптеген каналдардың Сырдың атырауындағы ескі арналардың ізімен қазылғандығы. Ондай каналдар ирек-ирек болып ұзаққа созылады, жиегі жайпақ, көлденеңі енді болғандықтан судың деңгейін көтеру үшін артық су айдауға тура келеді. Демек, суды ретсіз көп тартады. Судың пайдасыз шығыны деп осыны айтады. Кейбір күріштік учаскелерде қашыртқы каналдардағы судың деңгейі өте төмен жатқандықтан ол суларды қажет болғанда қайтадан күріш атызына беруге мүмкіндік жоқ. Облыс аумағындағы ирригациялық жүйелердің КПД-сын көтеріп, суды үнемдеу үшін бірсыпыра шараларды жүзеге асыру қажет. Атап айтқанда, ірі магистралды каналдармен мойны қашық шалғай жатқан суармалы алқаптарға сонша көп су айдауды тоқтатып, кей жерлерде каналдан суды су сорғышпен көтерсе, ысырабы азайған болар еді. Кепкен ескі арналардың ізімен салынған каналдардың қисық учаскелерін түзету де су үнемдеуге себін тигізеді. Кейбір учаскелерде каналдар құм жерді кесіп өтеді де, судың шығыны көбейеді және төңірегін ыза су басып жатады. Каналдардыңондай учаскелерін су өткізбейтін материалдармен қаптау, мысалы, саз төгіп таптау тәуір нәтиже бере еді. Каналдарға су реттейтін құрылыстар салу, оларды қарап, жөндеп тұру, суды қай дақыл болса да жоспар бойыншанормамен суару, қажет болған жағдайда тұзы аздау қашыртқы суды қайталап күріш егісін суаруға пайдалану шаралары тиянақты іске асырылса қай жағынан да ұтыс болары дәлелдеуді қажет етпейді. Қызылорда облысының өнеркәсібі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында пайдаланылатын судың көлемі ауыл шаруашылығымен салыстырғанда онша көп емес. 1995 жылғы мәлімет бойынша, ондай мақсатқа жұмсалған су 170 млн м3 болыпты, оның 141 млн м3 өнеркәсіп, 29 млн м3-ін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа пайдаланған. Суды шығынсыз түгел және қайтымды пайдаланудың есебінен 212 млн м3 таза су үнемделген көрінеді, оны процентке шаққанда 78. Сонымен бірге ағызып жіберген лас судың көлемі едәуір көп – 855 млн м3. Оның 142 млн м 3-і жер бетіндегі су жинақтарына құйылып және жер астына сіңіп кеткен. Жиналған лас сулар 713 млн м3 болыпты, 142 млн м3 қашыртқы су көлдерге, су қоймаларына құйылған көрінеді.
Таблица 14
Қызылорда облысында суды өнеркәсіп пен коммуналдық мақсатқа пайдалану динамикасы млн м3
(облыстық табиғат қорғау және биоресурстар басқармасы) Р/с
Суды пайдалану мақсаты
жылы
1985
1990
1991
1995
1
Өнеркәсіп және коммуналдық мақсатқа пайдаланған су:
-Өнеркәсіпке пайдалану
Тұрғын үй-коммуналдықмақсатқа
3 259
9736
11248
84,029
2
Қайтымды және шығынсыз (барлығы)
Түгел пайдаланудың есебінен суды үнемдеу:
-Қайтымды және шығынсыз пайдаланған су (процент)
24948
22070
54189
21278
3
Лас суларды (ағып кеткен лас су) ағызып, жіберу: барлығы су жинақтарына құйылған және жерге сіңген су
-жиналған лас су
11664
52
868180
688
822163659
763,714650
4
Қашыртқы суларды жер бетіндегі су жинақтарына құю: барлығы
оның ішінде лас су
тазалануға тиісті судың проценті
63
180
163
114
5
Лас суларды көлдерге, су қоймаларына жіберу:
-барлық құйылғаны
-тазаланбай жіберілгені
Таблицада көрсетілгеніндей, облыстық өнеркәсіп мекемелері суды шығынсыз түгел және қайтымды пайдаланудың есебінен үнемделген су жалпы жұмсалған көлемінің 78 проценті болыпты. Бірақ бұл аз. Әлі де болса өндірістік мақсатқа кететін судың шығынын азайтуға жеткілікті мән берілмей келеді. Қызылорда облысының қалалары мен елді мекендері су пайдалану жағынан Қазақстанның басқа облыстарымен салыстырғанда ең төменгі дәрежеде тұр. Фактіге жүгінсек, 1985 жылы Қызылорда облысы бойынша коммуналдық-тұрмыстық қажетке тәулігіне небәрі 98 литр су жұмсалды, ал Қазақстан бойынша осы мақсатқа орта есеппен тәулігіне 271 литр су кетті. Қазақстанның су шаруашылығы министрлігінің материалдарына қарағанда, сол 1985 жылы барлық су көзінен облыс алыппайдаланған судың көлемі 73,53 млн текше метр болған. Оның ішінде сумен қамтамасыз ететін орталық жүйеден облыс барлық қажетіне 31 процент, коммуналдық-тұрмыстық қажетке 35 процент су алған. Өкінішке қарай, облыстың тұрғындарына шаруашылық қажеттері үшін берілетіні көбінесе Сырдариямен және егістен қайтқан қашыртқы сулармен гидравликалық байланысты жер астының онша таза емес сулары. Қазақстанда су тазалағыш қондырғылармен толық қамтамасыз етілмеген бір ғана қала – Қызылорда. Бар қондырғылары ескі. Олар осыдан 20 жыл бұрын қарапайым жобалармен орнатылған. Бұларды су тазалағыш деп атайды, бірақ олардан шығатын су, жасыратын несі бар, ластығы жағынан жобалық мөлшермен үш есе көп. Осыдан-ақ Қызылорда тұрғындары ішіп отырған суы сапасының қандай екенін аңғаруға болады. Судың қорын үнемдеп пайдаланумен бірге оның көздерін таза сақтау қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Шаруашылықтың қай саласында пайдаланылса да су сапалы, тұщы, әртүрлі зиянды қоспалардан таза болуы шарт. Сонда ғана адамның денсаулығы мен жануарлардың өсуі, олардың өнімділігі көтеріледі. Облыстың жер бетіндегі су көздерін ластайтын негізінен ауылшаруашылығына қолданып жүрген химиялық заттар минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтер. Сонымен бірге Сырдария өзенінің суында жоғарғы жақтан ағып келетін мұнай мен химиялық өнеркәсіптің қалдықтары болып тұрады. Айтатыны жоқ, Арал өңірінде тіршіліктің барлық саласында пайдаланып отырған негізгі су көзінің химиялық заттармен ластануы осы аймақтың тұрғындары үшін, жалпы тірі организм үшін орасан қауіпті екені кімге болса да түсінікті. Суда химиялық заттар әртүрлі физикалық-химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен өзгеріске ұшырауы және басқа заттарға айналуы ықтимал, былайынша айтқанда, трансформацияланады. Ол заттардың өзгеріске ұшырауы белгілі дәрежеде сол ортада тұрақтылығына байланысты. Олардың трансформациялануына судың температурасы, сутегі иондарының концентрациясы, күн сәулесі (инсоляция) судағы микрофлора, еріген оттегі тікелей ықпал жасайды. Аталмыш факторлар неғұрлым күшті болса, ортаның өздігінен тазалануы соғұрлым тез жүреді. Судың өздігінен тазалануы дегеніміз оның химиялық лас заттардан арылуы. Оған пайдалы ықпалын тигізетін физикалық (сұйылу, еру, араласу) және химиялық (органикалық және бейорганикалық заттардың тотығуы) факторлар. Химиялық заттардың суда өзгеруі мен олардың тірі организмде биологиялық өзгеруі барысында, әдетте улылығы онша күшті емес продуктылар түзіледі. Бірақ барлық жағдайда солай бола бермейді. Кейде осындай күрделі трансформация процесінің барысында бастапқы затқа қарағанда улылығы өте күшті туынды заттар пайда болуы да ықтимал. Олай болса, химиялық заттардың судағы өзгеруі екіжақты нәтиже береді екен. Мысалы, суға хлор қосқанда, егер сол ортада органикалық заттар болса, онда улы хлорорганикалық продуктылар пайда болады. Ал оның құрамындағы өте қауіпті улы зат хлороформның концентрациясы басым. Судың өздігінен тазару қабілетін ондағы тез тотығатын органикалық заттар үшін БПҚ (оттегінің биологиялық қажеттілігі – ОБҚ) және органикалық заттардың жалпы мөлшерін көрсететін ХПК (химическая потребность кислорода – оттегінің химиялық қажеттілігі – ОХҚ) шамасына қарап бағалайды. Ол үшін судағы кейбір қосылыстардың, мысалы шикі мұнайдың судағы қалдықтарынан және оларды организмдер энергия алу үшін өңдегенде пайда болатын тірі табиғат үшін өте зиянды фенолдар, көмірсутегі, қарамай (смола) сияқты заттардың мөлшерін анықтайды. Егер суда еріген оттегі тапшы болса аталмыш заттар сол ортада ұзақ сақталады. Судың өздігінен тазару процесіне қолайсыз ықпал жасап, тежеп тастайтын лас химиялықзаттар, әсіресе биогендік элементтер – азот, фосфор тағы басқалар. Көп жағдайда олар микрофлораны уландырып, тотығу процесін кідіртеді. Су қорларын ластаушы көздердің ішіндегі ең қауіптісі балықтарға зиянды әсері күшті, құрамында химиялық улы заттар бар өндірістің қалдық сулары. Ондай өндірістерге целлюлоза-картон фабрикасы, химия өндіріс орындары, мұнай өңдеу және металл шығаратын зауыттар, мал шаруашылығының өнімдерін, жүнді, теріні өңдейтін зауыттар т. б. жатады. Су қорларына өте қауіпті деп есептелетіндер мұнай, фенол, пестицидтер, түсті металлдардың күрделі химиялық қосылыстары. Әсіресе мұнайдың су қорларын ластайтын зияны шексіз. Өйткені оның құрамында алуан түрлі улы заттар көп. Соңғы жылдары Қызылорда облысының егіс далаларында химиялық заттарды кеңінен қолдануға байланысты су көздерін көбірек ластағаны – пестицидтер болды. Бар ғылыми деректерге қарағанда, пестицидтер суға араласқан соң биологиялық жағынан ажырамай ұзақ сақталып, балықтың, планктонның денесіне тұрақтанады да, биологиялық тізбек арқылы адам денесіне көшеді. Осы процестің қаншалықты қауіпті екенін көрсететін мысал келтірейік. Қазақстанның балық шаруашылығы жөніндегі институтының зерттеулерінде (1987) Шымкент облысындағы Шардара су қоймасынан және Қызылорда облысының Қазалы мен Арал аудандарының көлеміндегі көлдерден ауланған балықтың ДДТ мен Гексахлоран қалдықтары ПДК-дан (200 мкг/кг) 10 – 15 есе артып кеткені анық болды. Сол жылы ерте көктемде Қызылорда қаласының тұсында Сырдарияның суымен өлі балықтар көп ақты. Тексере келгенде балықтардың қырылуы пестицидтермен уланғаны анықталды. Сыртқы факторлар – күн сәулесі, жоғары температура, оттегі активті әсер етпейтін ортада, мысалы, жер қыртысының қабатында пестицидтер, әсіресе ДДТ, гексахлоран сияқты хлорорганикалық препараттардың қалдықтары өздерінің улылық күшін жоғалтпай ұзақ сақталады. Оны дәлелдейтін факті мынау. 1992 жылы Қызылорда қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп тұрған 12 скважинаның суында гексахлоранның (ГХЦГ-гексахлоранциклогексан) қалдығы бар екені анықталды.
Таблица 15
Қызылорда қаласында скважина суындағы пестицид қалдықтары
(1992 жылғы мәлімет)
Р/с
Скважиналардың орны
Скважинаныңнөмері
Судағы ГХЦГ-м2/л
1
Су алатын учаске
1
0,02
2
2
0,4
3
3
0,3
4
4
0,7
5
Қалалық бау
1
0,9
6
2
0,7
7
Байсейітова атындағы көше
1
0,06
8
2
0,04
9
Мемлекеттік банк
Скваж.
0,1
10
Педучилище
Скваж.
0,6 1 1
Профилакторий
Скваж.
0,4 1 2
Ескі базар
Скваж.
0,2
Былайша қарағанда, бір литр судағы гексахлоранның мөлшері пәлендей үрей туғызатындай дәрежеде емес сияқты. Әйтсе де, осы қауіпті препараттың қалдығы жер астында теренде жатқан судан табылуы жақсылықтың нышаны емес. Сол 1992 жылы маусым-шілде айларында Сырдария суындағы мұнай продуктыларының мөлшері ПДК-дан 2-2,5 есе артық болғаны белгілі.
Сырдария өзенінің суы азаюымен бірге оның сапасы да жетісіп тұрған жоқ. Өзен суының сапасы қандай дәрежеде екенін 1992 жылы жарық көрген Арал маңының экологиялық картасындағы мәліметтерден көруге болады. Онда 1986 – 1990 жылдары Сырдария мен Амудария өзендері суының құрамындағы ингридиенттер оттегі, иондар жинағының мөлшері, оттегінің биологиялық қажеттілігі, азоттың нитрит түрі, фенол, мұнай продуктылары, фтор, пестицидтермен судың ластану индексі анықталып, ол материалдар Сырдария өзенінде 8 створ, Амудария өзенінде 5 створ бойынша берілген. Таблицадағы (16) материалдарға қарағанда, Амударияның суынан Сырдарияның суы сапалық жағынан едәуір төмен. Мысалы, Сырдария суындағы иондардың жинағы орташа есеппен 990,4 мг/л болғанда, Амударияның суында ол 568,8 мг/л болып тұр. Сол сияқты азоттың нитрит түрі Сырдарияның суында 130 мг/л, ал Амударияның суында ол көрсеткіш әлдеқайда төмен – 0,012 мг/л. Судың сапасын өте төмендетіп жіберетін фактор ондағы мұнай продуктылары. Сырдария суында бұл қауіпті ингридиентте Амударияның суына қарағанда көп екені байқалады. (16-таблица)
Таблица 16
Өзен суларының химиялық құрамы
(1986 – 1990 жылдардың орта мәліметі)
(Арал маңының экологиялық картасы, 1992 ж. )
Ингридиенттің аты
Сырдария өзені
Амудария
створлардың нөмірі
створлар нөмірі
І
ІІ
ІІІ
ІV
V
VІ
VІІ
VІІІ
І
ІІ
ІІІ
ІV
V
1
Оттегі
8,78
10,50
11,00
11, 30
11,52
11, 60
11, 30
9,84
7,9
6,4 3
99
6,6
64
5,4
88
8,3
2
Иондардың жинағы
9, 60
1160,0
82 2,0
1047,0
114 2,0
1234,0
1259,0
1250,0
1067,0
1136,6
9,3 3
9,46
12, 84
3
ОБҚ5 (оттегінің биологиялық қажеттілігі)
2,47
2,8 3
2,7 2
2,94
2,4 3
2,54
2,70
3,20
1,15
2,39
1,05
1,2 2
1,77
4
Азоттың нитрит түрі
0,750
0,098
0,059
0,0 34
0,0 30
0,0 34
0,0 20
0,0 18
0,0 10
0,008
0,0 10
0,0 10
0,0 10
5
Фенол
0,00 1
0,000
0,000
0,00 1
0,00 1
0,00 1
0,008
0,007
0,009
0,0 14
0,0 18
6
Мұнай продуктылары
0,10
0,07
0,1 1
0,14
0,10
0,10
1,24
0,2 3
0,059
0,008
0,00 3
0,00 3
0,00 3
7
Фтор
0,48
1,0 2
0, 8 2
0,79
0,7 1
0,7 2
0,79
0,56
8
Пестицидтер жинағы
0,082
0,156
0,106
0,061
0,061
0,1 10
3,900
0,2 36
0,005
0,0 3 3
0,004
0,0 2 2
0,1 10
9
СЛИ (судың ластану индексі)
8,74
4,1 2
3,04
2,18
2,08
2,84
1,39
5,37
2,56
7,27
0,96
1,76
1,0 1
Сырдарияның суында әсіресе хлордың көптігі ерекше назар аудартады. Жетпісінші жылдардың ортасында өзен суының бір литріндегі хлордың мөлшері 100 мг-нан сәл ғана жоғары болатын. Бертін келе (80 жылдардың ортасында) оның мөлшері Жаңақорған тұсында 167мг/л, Қазалыда 215 мг/л-ге жетті. Тұздың құрамында сульфат ионы хлордан 4-5 есе көп, яғни тұздану типі хлорлы-сульфат. Өзен суындағы азот тобына келетін болсақ, оның деңгейі онша көп емес. Осыларды құрайтын құрғақ қалдық бір литр суда – 1800 мг, кей жылдары Қазалы тұсында – 2500 – 3000 миллиграмға дейін көтеріледі. Өзен суының сапасын сипаттайтын басты көрсеткіштердің бірі оның тұтқырлығы (жесткость). Суда кальций мен магний тұздары неғұрлым көп болса, оның тұтқырлығы да соғұрлым жоғары. Олар организм үшін өте зиянды. Бар мәлімет бойынша, 1980 жылы Жаңақорған тұсында Сырдария суының тұтқырлығы 8,8 мг-экв. (миллиграмм-эквивалент), Қазалы тұсында 16,0 мг-экв, болған. Кейінгі он жылдың ішіндебұл көрсеткіш өзеннің жоғарғы жағында да біршама көтеріліп, 12,9 мг-экв-ке жетті, ал Қазалыда 16,7 мг-экв. болды. Сырдарияның суы тым аз болған жылдары оның тұтқырлығы кенеттен көбейіп кетеді. Мысалы, өзен өте қайту болған 1975 жылы судың тұтқырлығы 22 мг-экв-ке дейін көтерілді. Бірақ кейінгі жылдары бұл көрсеткіш сәл-пәл төмендеді, яғни тұтқырлығы азайды. Төмендегі таблицада (17) Сырдарияның суындағы химиялық заттардың құрамы, оның динамикасы берілген.
Таблица 17
Сырдария өзенінің суындағы химиялық заттар құрамының өзгеру динамикасы
(«Арал-2006»)
Рет саны
жылы
Ингридиенттердің аттары мен концентрациясы
ОБҚ (БПҚ)
мгО/л
Тотығуы мгО/л
Тұтқыр
лығы мг-экв
Хлор мг/л
Сульфат мг/л
Азот тобы
Мұнай продукты-лары мг/л
Құрғақ қалдық мг/л
Н 2
мг/л
О 3 мг/л
О 2 мг/л
1
1976
1,04 2,2 2,4 3,2 -
108, 610 2,3
615,7
792,3
6,34
0,30
0,5 3, 32
0,06
0,06
1170
1800
2
1980
3,16 -
5,12 8,8
16,0
166,6
135,7
413,5761,0
0,16
0,49
2,64, 62
0,1 20,07
0,0 3
0,95
1092
1764
3
1985
2,038 2,9 5,0
12,5
16,5
145,0
111,9
478,0650,0
0,31
0,47
2,0 5,0
0,010,02
0,10
0,20
1450
1764
4
1990
2,15
2,85
4,56
5,53
12,9
16,7
166,8215,1
538,4
604,0
0,77
0,48
2,642,85
0,01
0,02
0,06
0,10
1402
1745
Түсініктеме: Зынықтың жоғарғы жағындағы сан Жаңақорған, төмендегісі Қазалыстворлары бойынша ОБҚ-оттегінің биологиялық қажеттілігі (БПҚ-биологическая потребность кислорода). Өзен суының мұншалықты ластануы әлеуметтік проблемаларды асқындырып барады. Құрамында еріген тұздар мен түрлі химиялық лас заттардың мол болуы себепті. Сырдарияның суы әлдеқашан адам ішуге жарамсыз деп табылған. Әрине, бұл тек көңілге медет. Олай дейтініміз, Сырдарияның суын мал ішеді, адамдар ол малдың етін жеп, сүтін ішеді, судан аулап балығын жейді, көкөнісімен бақшасын, жемісі мен жидегін суарып, олардың жемісін жейді. Сонан келіп, сол Сырдың суын ауыз суға пайдаланбағанмен оның құрамындағы кейбір тұрақты химиялық активті заттар биологиялық тізбек арқылы онша қашық емес жанама жолмен адам организміне өтеді. Дегенмен, бар мәліметтерді салыстырып қарағанда, Сырдарияның бассейні экстремалды жоғары дәрежеде ластанған өзендердің қатарына жатпайтыны байқалады. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы төртінші тоқсанда жарияланған экологиялық ақпарат бюллетенінде Сырдария суын сапасы жағынан 2-класс деп тазаға жатқызған. Онда ең қауіпті ингридиенттер-нитрит азоты мен мұнай продуктыларының бір литр судағы мөлшері ПДҚ-дан аспайды. Судың ластану индексі 1992 жылдың ІV тоқсанында 0,70 болса, 1994 жылдың аталмыш тоқсанында сәл төмендеу болды – 0, 68. Бұл мәліметтер төмендегі таблицада (Таблица 18).
Таблица 18
Қызылорда облысының территориясында Сырдария өзені суының сапалық күйі
(Қазақстанның экологиялықақпарат бюллетені, ІV тоқсан, 1994 ж. )
Р/с
Бассейн аты
Судың ластану индексі
Ингридиенттер және судың сапалық көрсеткіштері
Концен-
трациясы,
мг/л
ПДҚ-дан жоғары болуы неше есе
Судың сапасы
1992ж. ІV
тоқсан
1994ж. ІV
тоқсан
1
Сырдария
0,10
0,10
Нитрат түріндегі азот
0,036
Сапасы
2-класс
0,70
0,75
Мұнай продуктылары
мыссульфаттар
0,07
0,003
557
1,4 3,0
5, 6
таза
Таблица 19 Қызылорда облысында қалалар мен өндіріс орталықтарының жер бетісуларының ластану деңгейіне ықпалы
(Қазақстанның экологиялық ақпарат бюллетені, ІVтоқсан, 1994ж. )
Бақылау пунктінің аты
Судың ластану индексі
Судың сапасы
1992 жыл ІV тоқсан
1994 жыл
ІV тоқсан
Сырдария – Қызылорда қаласы
0, 88
0, 88
2-класс, таза
Жер бетіндегі сулардың ластануы ең алдымен балық қорына зиян. Әсіресе мұнай өнімдерінің судағы концентрациясыПДҚ-дан сәл асса судың балығы мен бақасын, тағы басқа тірі организмдерін планктондармен қоса жойып жібереді. Мысалы, осы ингредиенттің концентрациясы 16,1 мг/л болса, балықтардың ірілеріне, ал 0,1 – 0,5 мг/л шамасында судағы планктон мен балықтың майда шабақтарына әсер етеді. Ғылыми деректер бойынша, су күн көзі радиациясының әсерімен өзін-өзі тазарту жолымен үнемі жаңарып отырады. Мұның басты агенттері бактериялар, саңырауқұлақтар және балдырлар. Әрине, лас суларды жаңарту үшін оны таза сумен араластыру керек. Таза су түспегенде ешқандай да өзін-өзі тазарту процесі жүрмейтіні белгілі. Қазіргі кезде де облыс жеріндегі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің қарқынды дамуы, қалалар мен елді мекендердің өсуі суды үнемдеп, ұқыптыпайдаланумен біргеоның тазалығын сақтау, сапасын жақсарту проблемаларын алға көлденең тартып отыр. Бұл күрделі мәселені шешудің төте жолы өндіріске сусыз және суды аз пайдаланатын технологияныенгізу, айналымдағы таза суды үнемдеп және қалдық суды қайталап пайдалану. Алайда, мұндай бағдарламаны жүзеге асыру үшін жеткілікті қаржы-қаражат болу керек. Ал, облысонан тапшылық көруде. Суды тиімді пайдалану, қалдық суды пайдаланудың есебінен оны едәуір үнемдеуге болатыны көп айтылып жүрсе де, сөзден іске көшуге көптеген өндіріс басшылары әзірге асығар емес. Оны тездетудің ең тиімді әдісі – пайдаланған суға ақы төлеу. Өкінішке орай, әзірге олардың көпшілігі тек айыппұл төлеумен ғана шектеліп жүр. Әйтсе де бар су көзін қорғауға оң көзімен қарайтын факті де жоқ емес. Қызылорда облысында Сырдариядан басқа шағынекі өзен – Жиделі және Бесарық бар екені жоғарыда айтылды. Ол өзендердің суы қоймаларда жиналады. Міне, сол өзендер Жаңақорған аудандық Кеңесінің 1991 жылғы 28 мамырдағы шешімі бойынша су қорғау аймағына айналдырылды. Бүгінгі таңда облыс жағдайында жер бетіндегі су қорларының аздығы және бар судың егістік алқаптарға бірқалыпты берілмеуі тұтынушылардың талабын қанағаттандыра алмауда. Сондықтан жерасты су көздерін іздестіруге қажет, ал ондай су қоры облыс бойынша 23 жерде бар деп жүр. Қалалар мен елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп тұрғанскважиналардың саны – 355. Сонымен қатар 73 скважинаның суы техникалық мақсат үшін пайдаланылуда. Тек өкініш туғызатыны, суды осы скважиналардан тұрғындардың өздеріне қажетті жағдайда пайдалануға қолдары жете бермейді. Табиғат қорғаудың басты шарттарының бірі – шаруашылық пен тұрмыстық лас суларды тазарту. Шындығына келсек, проблеманың үлкені осы. Облыста жұмыс істеп тұрған су тазалайтын құрылыстардың саны – 18. Олар тәулігіне 71,17 мың текше метр су тазалайды. Алайда, олардың жұмысында да ұйымдастыру жағынан кемшілік жоқ емес. Сол себепті тұрғындар сапасыз ауыз суды пайдалануға мәжбүр. Оның соңы адамның ауру-сырқауға ұшырауына соқтыратыны дәлелдеуді қажет етпейді. Облыстық СЭС-тың 1994 жылғы 22 маусымдағы мәліметі бойынша, көптеген елді мекендерде ауыз судың сапасы өте төменболып отыр. Жалпы облыс бойынша тексерілген су үлгілерінен 15 процентінің ГОСТ-қа (мемлекеттік стандарт) сәйкес еместігі анықталған. Ал Тереңөзек, Сырдария, Қармақшы аудандарында тексерілген ауыз судың 30-дан 100 процентке дейіні ГОСТ-қа тура келмейді. Демек, осы кемшіліктерді жою үшін тиісті мекемелердің едәуір жұмыс істеуіне тура келеді. Қызылорда облысының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету ең қиын да жауапты міндет, болғандықтан оны орындау жалпы бағдарламада бірінші кезекте тұр. Өйткені, қазір нақты пайдаланылып тұрған су жан басына тәулігіне 80 литрден айналады, ал норма бойынша ол 284 л/тәулік болуы керек. Қазақстан Министрлер Кеңесінің 1988 жылғы 29 қарашада қабылданған №55 қаулысы бойынша Қызылорда облысында 2431 км. Магистралдық және таратушы су құбырлары салынуы тиіс. Бұл осы салада облыс тұрғындарына қажетті көлемнің бір бөлігі ғана. Сол қаулыға сәйкес жасалған бағдарлама бойынша су құбырларын салу жұмыстарының бұрын орындалмай жүрген жоспарын қоса есептеп, 2006 жылға дейін барлық аудандар мен елді мекендерде 7731,8 км, елді мекендер мен шаруашылықтардың ішінде 6407,5 км. Су құбырларын салу межеленіп отыр. Оны орындауға тиісті қаржы бөлінеді деп күтілуде. Қалалар мен аудан орталықтарында жыл өткен сайын қалдық лас суды ағызып жіберу үлкен проблемаға айналды. Өнеркәсіп обьектілері мен тұрғын үй салудың дамуына байланысты алдағы уақытта қалдық судың көлемі екі есе көбейетін болады. Жақын келешекте Қызылорда қаласының жыл сайын шығаратын лас судың көлемі 11,0 млн м3 болады деген есеп бар. Ал аудан орталықтарын алатын болсақ, оларда жұмыс істеп тұрған лас суағарлардың өткізгіштігі талапқа сай емес. Демек лас су ағызу проблемасы оларда да шиеленісе түсуі ықтимал. Қызылорда қаласы су тазалайтын қондырғылар комплексі жоқ бірден-бір облыс орталығы. Лас суды жинап буландыратын жұмыс істеп тұрған тоғандарының күйі сын көтермейді. Ондай құрылыстарды салып, іске қосу жылдан жылға жылжумен келеді. Есеп бойынша қалаға қажетті лас суағарлардың ұзындығы 1927 км, лас су жинағыштардың сыйымдылығы
67 млн м3 және қуаты 50 млн м3 су тазартқыш болуы керек.
Қызылорда облысының ауыр экологиялық жағдайын ескеріп, Арал өңірінде су пайдалану проблемаларын шешуге жәрдемдесу мақсатында Қазақстанның Министрлер Кабинеті де пәрменді құжаттар қабылдады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті 1992 жылы наурыздың 25 қабылдаған №280 «Арал аймағындағы тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайын жақсарту бағытындағы шұғыл шаралар туралы» және сол жылы 4 қыркүйекте күшіне енген «Қармақшы, Жалағаш аудандарын, Ленин қаласы мен Байқоңыр космодромын сумен қамтамасыз ету туралы» №743 қаулылары. Сонымен бірге облыс әкімшілігі тарапынан жоспарланып жүзеге асырыла бастаған Арал өңірінде экологиялық жағдайды жөндеуді көздейтін «Жасыл өлке», «Ауыз су», «Экология», «Денсаулық» сияқты тәп-тәуір бағдарламалар келешектен үлкен үміт күттіреді. Бірақ өкінішке қарай, соңғы жылдары республиканың су шаруашылық органдары ойланбай істеген тірліктің нәтижесінде көптеген қателіктер жіберді. Фактіге жүгінсек, 1989 жылы су шаруашылығын басқаруды жетілдіру мақсатында деген сылтаумен Қазақстанның су шаруашылығы Министрлігі «Водстрой» деп аталатын Одақтық концерннің құрамына кірген болатын. Ол бірігуден нәтиже шықпайтын болған соң 1991 жылы республикалық су ресурстары жөніндегі мемлекеттік комитет болып қайта құрылды. Қазіргі кезде кейбір «қайта құрғыштар» қиындықтарды сылтауратып, енді су шаруашылығын пайдалануды ұйымдастыратын мекемелерді ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағына өткізудің жағында жүр. Олар оның арты немен тынатынын тіпті ойламайды. Бұған дейін ондай қосылу екі рет болған, екеуінде де шым шытырық тірлік белең алған соң қайтадан бөлектеніп кеткенін ұмытқанымыз жоқ. Су шаруашылығын қандай мекеме деп атаса да дербес басқару қажет. Сонда ғана ол жер-суды тиімді пайдалануға күшін салады және тиісті деңгейде өз ісіне жауап береді. Олай дейтініміз, бұл салада шешімін күтіп тұрған өте күрделі мәселелер аз емес. Мысалы, су мол болған 1993 – 1994 жылдары жоғарғы жақтағы Шардара су қоймасынан ерте көктемде жіберілген тасқын тасқын су Сырдарияның төменгі ағысында шаруашылық обьектілерін басып кету қаупін төндіріп, Қызылорда облысында өте қиын жағдай туғызды. Қауіптің алдын алу үшін судан қорғайтын бөгеттерді көтеру және басқа да ұйымдастыру жұмыстарын қыруар қаржы-қаражат жұмсап, асығыс орындауға тура келді. Осындай қауіпті жағдайдың алдағы уақытта қайталанбасына кепілдік жоқ. Бұл осы кезге дейін мемлекеттер арасында су қорын әділетті пайдалану жөніндегі Ұлттық және аймақтық бағдарламаларды реттеу механизмі келісілмеген, ауыл шаруашылығының республика мүддесіне сай келетін ең тиімді бағытын анықтау әлі де кешеуілдеп отыр деген сөз. Сондықтан су қоймаларының жұмыс режимдерін реттейтін және суды өз арнасымен Арал теңізіне жібергенде төменгі жақта тасқын болмауын қамтамасыз ететін мемлекетаралық келісім жасау қажет. Қолда бар есептеулерге қарағанда, Тоқтағұл су қоймасынан вегетациядан тыс кезде жіберетін судың мөлшері 3,74 текше шақырымнан аспауы керек. Соған байланысты республиканың байтағында суды жұмсау есебін тез жолға қойып, оны пайдалану нормативін қатаң сақтау қажет. Соңғы 15 – 20 жылғы су тапшылығынан Сырдарияның арнасы тайыздап, теңізге құярлығы құммен көміліп қалғандықтан, өзен суымен байланысты көптеген қиыншылықтар сонан туып отыр. Облыс жеріндегі жалғыз өзенге салынған понтондық өткелдер, көпірлер, су реттейтін нысандар өзеннің ағысын тежеуге себепкер болуда. Сол себепті өзен ағысының сәл ағысының сәл ғана көбеюі жылда әбігер дүрбелеңге киліктіріп жатқаны. Облыс басшылығы сондықтан да Сырдария арнасын көп су жүретіндей етіп кеңейту шараларын белгілеп, оны Министрлер Кабинетінің қарауына ұсынды. Әрине, ондай күрделі шараларды жүзеге асыру қыруар қаржы жұмсауды қажет етеді. Ендігі үміт сол қаржы көзінің табылуында. Дария арнасын жөндемей суды тиімді жарату мүмкін емес. Облыс көлеміндегі сулардың көзі мен қорын, оның әлеуметтік экономикалық және экологиялық маңызын сөз еткенде, Арал теңізін және оның бүгінгі қасіретті күйінің неден басталғанына тоқталмай аттап өту ағаттық болар еді. Мүмкін, кейбіреулер, ең алдымен кезінде теңізді құрғатуға тікелей атсалысқандар Аралды экономикаға қосқан пәлендей үлесі жоқ, айдалада жатқан ащы су деуі. Ащыекені рас, бірақ Аралдың осы маңды мекендеген талай халыққа әу бастан еткен қызметінің адал да тұщы екенін мойындауға тура келеді. Тұран ойпатының шыжыған ыстық аптабын бәсеңдетіп, мал-жанға жайлы климаттың қалыптасуына ықпалын тигізді. Егер Арал теңізі болмаса, оған құйып жатқан Сырдария өзенінің төменгі ағысында иін тіреген елдің жайқалтып егін егіп, қора-қора мал бағуы екі талай болар еді. Сондықтан Арал туралы бірер сөз. Арал теңізі мен оған құйып жатқан екі өзен – Әму мен Сырдың басына бұлт үйіріліп, келешегі күңгірттене бастаған кезеңі елуінші жылдары басталды. Мәселенің арқауы өзендер суын түгелге жуық егіншілікке пайдаланып, әртүрлі дақылдар өнімін едәуірарттыру және өзен суынан энергиялық қор өндіру болды. Қос өзен суын тежеусіз құйғызып қойып Арал теңізінің толық деңгейін сақтау мен сол суларды суармалы егіншіліктің көлемін ұлғайтуға пайдаланудың қайсысы тиімді дегенде, есеп бойынша теңіздің келтіретін пайдасы егіншіліктен гөрі аздау болып шықты. Арал теңізінің экономикаға қосары негізінен балық пен азын-аулақ су аңдарының терісінен түсетін пайдамен өлшенді. Ең қолайлы деген жылдары Арал теңізінен 50 (елу) мың тоннадай балық ауланды, оның сол кездегі құны 40 (қырық) миллион сом болып бағаланды. Ал суармалы егіншіліктің әр гектарынан жыл сайын мың сомның өнімі алынады деп есептелді.
Елуінші жылдары Әму мен Сырдың бойында суармалы егістік көлемі 2, 9 млн гектар болатын. Егер сол көлемді 4,0 млн гектарға жеткізсе, онда жыл сайын 4,0 миллиард сомның өнімін алуға болады деген қорытындыға пәтуаласты. Сөйтіп суармалы егіншілікті дамыту туралы бағдарлама дүниеге келді. Жоба бойынша 4,0 млн гектар жерді суару үшін екі өзеннің сол кездегі орташа жылдық ағысы 100 – 108 текше шақырым болатын судың шамамен жартысы, яғни 50 шаршы шақырым жұмсалады екен. Онан қалған суды теңізге жіберіп тұрса, онда балықшылық кәсібіне ешқандай зиян тигізбей-ақ теңіздің деңгейін 40 пен 50 метрдің (абсолюттік белгіден есептегенде) аралығында ұстап тұруға жеткілікті деген ұсыныстар болды. Жоба дұрыс, есептеулер де түзу. Алайда, жоба мен оны практикалық жүзеге асыру барлық уақытта үйлесімді бола бермейді. Арал өңіріндегі жағдай да соның кебін киеді. Оның себебі, суармалы жерде жұмыс істейтін диқандардың және оларға әмір берушілердің психологиясы молынан қарпып қалуға бейім еді. Олар мүмкіндігі болса, бір гектардың орнына екеу екті, суды да артығымен алады. Осыдан келіп жер мен суды пайдалану жобадан да, жоспардан да асып түсті. Егілген дақылдар кәдімгі мақта мен күріш, екеуі де суға тілек. Мақтаны алатын болсақ, бұл өндіріс пен шаруашылықтың әр саласында қолданылатын стратегиялық маңызы бар дақылтехникалық, экономикалық тұрғыдан қарағанда, мақта өндіру әлдеқайда қымбатқа түседі. Оған едәуір мөлшерде күш, қаржы-қаражат жұмсалады. Мысалы, мақтаны өндіріп, оны тазалауға кететін шығын жасанды тін өндірумен салыстырғанда 3-4 есе артық. Бірақ тұрмыстық қажетке, өндірісте пайдаланғанда мақта тіні төзіиді, мықты және эстетикалық-гигиеналық жағы артық. Мақтаның осы артықшылығы демеуші болып, және өзге дамыған елдермен бәсеке тағы бар, жыл сайын 2,4 млн тонна мақта тінін, яғни 7,0 млн тонна шикі мақта өндіру жоспарланды. Сөйтіп, 1970 жылы Кеңес Одағы бойынша әр адамға есептегенде 9,5 кг мақта тіні өндірілді. Ал 1985 жылы мақта тінін өндіруді 3,5 млн тоннағажеткізу қажет деп мешеленді. Яғни, Арал бассейні бойынша бұл 7,4 млн тонна шиті мақта. Мақта өндіруге жұмсалатын суға, қаржы-қаражатқа ықпалын тигізетін фактордың бірі, ол таза мақта тінінің шығу коэффициенті. Осы көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, шитті мақта өндіруге кететін шығын да, су да солғұрлым аз жұмсалады. Жетпісінші жылдары Кеңес Одағында бұл көрсеткіш – 0, 34 еді. Салыстыру үшін айта кетейік, АҚШ-та (Америка Құрама Штаттары) 30 жылдары таза тін өндіру коэффициенті осындай болатын, ал бертін келе ол 0,40-қа жетті. Алайда, біздегі жағдай тіпті өзгеше еді. Мұнда мақта өндіру шығынсыз, тегін десе болғандай. Өйткені, мақташылар өндірген шитті мақтаның бір килограмы үшін 50 тиын ғана төлем ақы алатын. Сондықтан шитті мақтаның сапасын, таза тіннің шығу коэффициентін ойлап ешкім басын ауыртпайтыны айтпаса да түсінікті. Кеңес Үкіметі мақта егісінің көлемін ықшамдап, сапасын көтерудің есебінен өнімді көбейтіп, суды үнемдеуге онша мүдделі бола қоймады. Қайта тегін жұмыс қолын пайдаланып, мақта егісінің көлемін бақылаусыз ұлғайтуға ынталы болды. Оңтүстіктегі мақта егетін республикаларға жетпісінші жылдары шитті мақтаның әр гектардан алынатын орта өнімі 24,8 центнердей деп ресми айтылып жүрсе де, мұндай өнім есептен тыс артық егіс көлемінің есебінен болатын. Арнаулы ауыспалы егістерде егістің көлемі тек мақтамен шектеліп қоймады. Онымен қоса негізгі компонент – жоңышқа егіледі. Бұл екі дақылға жұмсалатын су бірдей емес. Мақтаның бір гектарына 6,0 – 8,0 мың текше метр су берілсе, жоңышқаның гектарлық нормасы 10 – 1 2 мың текше метр су. 1985 жылы мақта ауыспалы егісіндегі жоңышқаның көлемі 35 процент болды да жалпы комплекстің егіс көлемі 3,9 миллион гектарға жетті. Сол көлемді егісті суаруға екі дарияның бір жылдық ағысынан 54 текше шақырымның сыртында екі өзеннің жылдық ағысынан 46 – 50 текше шақырымдай су қалуы тиіс. Егер сол судың 80 – 85 проценті Аралға құйса, ол аз емес. Бірақ онан өнеркәсіп, коммуналдық және балық шаруашылықтары пайдаланады, су қоймаларында қалады, шаруашылықтар, тағы басқалары жеке көлшіктеріне құйып алады. Суармалы егіншілікте судың мұнша көп, бей-берекет шығын болуының басты себебі, су жүйелерінің пайдалы әсер коэффициентінің (КПД – орта есеппен 0,5 болатын) төмендігі мен егістік жердің тұзын шаюға едәуір су жұмсалуында еді. Өзен суының азаюына, сөйтіп Арал маңында қуаңшылықтың асқынуына ықпал еткен тағы бір жағдай, ол жоғарғы жақта жаңа жерлер игеру болды. Және ол жазық жер де емес, тау бөктері. Бұрын тау бөктеріне егін екпейтін. Қазіргі заманда су көтергіш орасан қуатты техника бұл қиындықты жеңуге мүмкіндік берді. Биік жерлерге көп сатылы су тартқыш стансалар салынып, бет бедері күрделі бұрын егіншілік үшін зерттелмеген жерлерде егістікке игерілді. Оған жұмсалатын қыруар қаржыны айтпағанда, су ысырабы қанша десеңші?! Шындығына жүгінсек, тау бөктерлерінен алған өнім бұрын игерілген жазық жерден алған өніммен салыстырғанда 2-3 есе қымбатқа түсті. Алайда, кіріс пен шығысты талдап, сол берекесіз тірлікке тоқтау айтқан ешкім болған жоқ. Сол дүрбелең жылдарда екі дарияның орта тұсында да өзен арнасынан шалғай жатқан, игеруге қолайсыз деп жүрген жерлердің едәуір көлемі айналымға қосылды. Ол жерлерді суару үшін Оңтүстік Бетпақдала, Қаршы, Қарақұм, Әму-Бұқар сияқты ірі каналдар тартылды. Топырақтарының көпшілігі құм, тақыр, сор. Әйтсе де солардың барлығын суармалы егістікке айналдырып жіберді. Өкінішке қарай, бұл әрекеттер су ысырабы бар жерлердің көлемін көбейткені болмаса, экономикаға пәлендей пайда бермеді. Өзен суын бей-берекет төгуге келгенде түрікпендер де өзгелерден қалыса қоймады. Әмудариядан жыл сайын 10 – 12 текше шақырым су тартатын ұзындығы 300 шақырымдай Қарақұм каналының өзі не тұрады?! Бар деректер бойынша, Қарақұм каналының табанынан топыраққа сіңіп кететін су оның тартатын көлемінің 25 проценті болады екен. Демек, бұл каналдың бойындағы жерлерді суару экономикалық жағынан тиімсіз, экологиялық жағынан зиян. Жердің өте ауыр мелиоративтік күйі мен ортаның қиын экологиялық жағдайы екі өзеннің Арал теңізіне құяр аяғында қалыптасып отыр. Бұл аймақтарда 1,5 млн га суармалы жер бар. Олар ерте заманнан суармалы егісі дамыған ірі алқаптар – Хорезм, Ташауыз, Қарақалпақ жері. Сырдарияның атырауында орналасқан Шиелі-Жаңақорған, Солжаға, Қазалы алқаптары. Әмударияның төменгі ағысында бұрын 350 мың гектар суармалы жер болатын. Отызыншы жылдардан бастап мұнда суармалы егістің, оның ішінде әсіресе мақтаның көлемі едәуір өсті. Сонда да бірсыпыра майда көлдерді құрғату, дария суының далаға жайылуын тоқтату, ірі каналдардың иір мойындарын түзетусияқты мелиоративтік жұмыстарды орындаудың есебінен Аралға су бірқалыпты құйылып тұрды. Алайда, алпысыншы жылдардың ортасында мұндай мүмкіндіктер сарқылып, суармалы жердің көлемін ұлғайту Аралға жіберетін судың есебінен жүргізілді. Бертін келе егістік жердің көлемін кеңейтуге кететін судан гөрі басқа әртүрлі мақсат үшін жұмсалатын судың мөлшері тезірек артты. Жер сорланып, егіннің өнімі төмендеді. Сол себепті жерді суару мен шаюға орасан көп су шығындалды. Сырдарияның төменгі ағысы Қазақстанның негізгі күріш егетін аймағына айналды. Мысалы, жетпісінші жылдары Қазақстан бойынша 107 мың гектар күріш егісі болса, соның 76,5 мың гектарын Қызылорда облысы екті. Сонымен Аралды теңіз қылып ұстап тұрған екі өзеннің бойындағы су талапайының нәтижесінде суармалы егістің көлемі өте қарқынды дамып алпысыншы жылдармен салыстырғанда 1987 жылы оның көлемі Өзбекстан мен Тәжікстанда – 1,5, Түркменстанда – 2,5, Қырғызстанда – 1, 1, Қызылорда облысында – 2,8 есе артты.
Таблица 20
Әмудария мен Сырдария бассейнінде суармалы егістің дамуы
(мың гектар есебімен)
Р/с
Республиканың аты
жылы
1960
1965
1970
1975
1980
1985
1987
1
Өзбекстан
2694
2696
2696
3006
3476
3930
4109
2
Қырғызстан
929
861
883
911
955
1009
1028
3
Түркменстан
496
514
643
819
927
1107
1224
4
Тәжікстан
4 27
468
518
567
617
653
675
5
Қызылорда облысы
102
102
144
179
250
253
287
Барлығы
7323
Сонымен о баста аталмыш республикалар мен Қазақстанның Қызылорда облысында екі өзеннің суымен суаратын жердің көлемі 4,0 млн гектар болады деп шешкенімен, өмір оны өзінше өзгертіп қазір ол 7,3 млн гектар болып отыр. Оны суаруға Әмудария мен Сырдарияның жылдық ағысынан шамамен 90 текше шақырым су жұмсалады. Сонау алпысыншы жылдардан бастап, суармалы егістің көлемі артқан сайын теңізге тиесілі су да азая берді. Оны мына төмендегі мәліметтерден көруге болады:
1960 ж. – 46,0 км3 екі өзеннен Арал теңізіне құйған судың көлемі
1970ж. – 35,6 км3
1980 ж. – 10,0 км3
1985 ж. – 5,0 км3
Ал, 1986 жылы екі өзеннің ағысы теңізге жете алмай егіс далаларындағы атыздарға тарап тоқтады. Нәтижесінде теңіз жылдан жылға тартыла берді.
Мына таблицада (21) келтірілген мәліметтер соны айғақтайды.
Таблица 21
Р/с
Жылы
Теңіз бетінің төмендеуі, м
Теңіздің нақтылы деңгейі, м
Теңіздің қалған аумағы,
км3
Теңізде қалған судың көлемі км3
Теңіз суының тұздылығы, г/л
1
1970
1,44
51,56
62890
1070
11,13
2
1975
3,64
49,36
58138
1046
13,72
3
1980
6,78
46,22
51355
976
16,50
4
1985
11,0
42,0
42230
814
23,50
5
1989
14,2
38,8
35328
639
26,0
6
1992
16,2
36,8
31008
437
29,6
Түсініктеме: Таблицада (21) келтірілген материалдар «Арал-2006» бағдарламасы мен проф. С.Ю.Гельлердің (1969) негіздеме есебі бойынша дайындалды. Арал теңізінің деңгейі төмендегені соншалық, 1987 жылы Үлкен және Кіші теңіздер болып бөлініп, екеуінің арасында жал құм жалаңаштанып, табиғи бөгет пайда болды. Сәл ғана шегініс жасап жағырапиялық анықтама мен ғылыми деректерге көз жүгіртсек, Арал теңізі әлемде құрлықтағы ең ірі көлдердің бірі. Ол Тұран ойпатындағы Үстірттің шығыс жағында. Аралды теңіз деп те, көл деп те айтады. Теңіз дейтіні, оның аумағы едәуір үлкен, тереңдігі де бар және теңіз сияқты қатты толқынды. Аумағы 66,0 мың км 2 (аралдарын қоспағанда). Әлемде осы тектес көлдер Каспий, Жоғарғы көл (солтүстік Америкада) және Викториядан (Африкада) кейін төртінші орында тұр. Арал теңізі бассейнінің аумағы (Әмудария мен Сырдарияны қосқанда) 690 мың шаршы шақырым. Бұл ірі Еуропа мемлекеттері Германия мен Польша жерлерін қосқанда, сонан үлкен. Көл дейтін себебі, оның мұхиттармен байланысы жоқ. Сонымен бірге бұрын деңгейі оқтын-оқтын біресе көтеріліп, біресе қайтып тұрған және суының химиялық құрамы теңізден гөрі өзен суына жақындау. Теңіздің өзінің және жағалауының климаты құрлықтарішіндегі қоңыржай белдіктерге кіретін шөл аймақтардың ықпалымен қалыптасады. Ауаның жылдық температурасының тербелуі (амплитуда) өте жоғары (78 градусқа дейін) қысы қатты (қаңтарда орта температура – 140), жазы ыстық (шілдеде +26,30), жауын-шашыны аз (орташа жыл сайын түсетін – 95мм), жазда аспаны бұлтсыз, тұмансыз ашық, сол себепті теңіз бетінен орасан көп су буланады ( жылына 9,9 сантиметр су қабаты буланып кетеді). Арал теңізінің өзі оны қоршаған айнала төңірегінің климатына ықпалын тигізеді. Оны теңіз бетіндегі желдің таралуынан байқауға болады. Жазда теңіздің үстінде қысым көтеріліп, теңізден жағаға қарай жел жиі соғады. Арал теңізінің су балансы жер бетіндегі сулардан, негізінен Әмудария (жылдық ағысы 73,1 текше шақырым) жауын мен қардың және жер астымен ағып келетін сулардан құралады. Жауын мен жер астымен ағып келетін сулар теңіздің деңгейіне ықпалын тигізбейді. Теңіздің тұз балансын реттейтін негізгі кіріспе бөлігі, өзендердің иондық ағысы. 1911 – 1960 жылдары өзен суларымен теңізге жыл сайын 12,85 млн тонна тұз келіп тұрған. (ЛК. Блинов). 1961 – 1970 жылдары өзендердің ағысы азайғанымен ондағы тұз көбейгендіктен жыл сайын теңізге түсіп тұрған тұздар 26,9 млн тоннаға жетті. Ол кезде суларының минералдануы көтеріліп, Әмударияның бір литр суында – 708 мг, Сырдарияда – 1312 мг тұз болды. 1981 – 1985 жылдары өзен суларындағы тұздың концентрациясы көбейсе де, жалпы жылдық ағыстың азаюына байланысты теңізге түскен тұздың мөлшері де 2,2 млн тоннаға дейін азайды. Қазіргі бар деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 миллиард тонна. Теңіздің деңгейі төмендеген сайын, зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда, оның бір текше шақырым кепкен орнында шамамен 7,0 мың тонна (7 кг/м 2) тұз шөгеді. 1993 жылғы мәлімет бойынша, абсолюттік белгіден есептегенде, теңіз беті 16,2 метрге төмендеген. Сөйтіп, нақты деңгейі 36,2 метрде тұр. Қалған судың айдыны – 31,0 мың шаршы шақырым, суының көлемі – 437 текше шақырым, тұздылығы – 29,6 г/лСуы қайтып жалаңаштанып қалған орнының аумағы – 35,0 мың шаршы шақырым. Теңіздің шығыс жағында орасан ауқымды құм, сор, шөл пайда болуда. Көрші жатқан Қызылқұм мен Қарақұмға қарағанда, жаңадан пайда болған шөл дала жай ғана сусыз аймақ емес, бетін жауып тұрған шөбі жоқ бұрқыраған құм-сор. Ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде және ғарыштан бақылаудың барысында жиналған мәліметтер бойынша Аралдың суы тартылған ұлтанында тұзды шаң ұшатын ошақ пайда болған. Бұл аймақта жылына 15 рет қатты дауыл соғып, ол тұзды шаңды жүздеген шақырымға таратады. Ал майда тұз аралас шаң атмосфераның ағыны мен Қиыр шығыстағы Амур өзенінің бассейніне және АҚШ-тың Оңтүстік штаттарына дейін жетіп тұрғанын дәлелдейтін деректер бар. Сонымен бірге теңіздің құрғаған ұлтанындағы тұзды құм төбелер оңтүстік бағытпен жылына бір шақырым жылдамдықпен жылжып бара жатыр. Есептеулер бойынша, қазір жылына 140 млн тоннадай тұз аралас құмшаң ұшып тарайды. Ол массадағы тұздың үлесіне 15 – 20 процент немесе 21 – 28 млн тонна тиеді. Соған қарағанда, бұл құбылыс келешектен жақсы үміт күттірмейтін сияқты. Адамзат тарихында шаруашылықты ретсіз жүргізудің кесірінен гүлденген өлкенің шөлге айналғаны бұрын да болып тұрған, бірақ шежіре-тарих ширек ғасырда бір ұрпақтың көз алдында бүтін бір теңіздің жер бетінен жоғалып кету жағдайына тірелгенін көрген емес. Арал қасіреті осы аймақты мекендеген халықтардың тағдырына пысқырып та қарамайтын жоғарыдан өктемдік еткендердің нұсқауымен әдейі жасалғаны қазір ешкімге де құпия емес. Бұл жөніндегі күмәнді сейілту керек болса, Компартияның Орталық Комитеті мен Министрлер Кеңесінің жерді мелиорациялауды дамыту жөнінде 1970 жылы қабылдаған қаулысын емке алсақ та жеткілікті. Онда Арал теңізінің деңгейін күрт төмендетіп, оның тұздылығын арттыру көзделген еді, яғни бұл теңізді құртуға бағытталған шара болатын. Мұны кезінде қолында билігі бар жауапты адамдардың ар-ожданға симайтын жауапсыз іс-әрекеттері демеске лаж жоқ. Тоталитаризмнің әпербақан жандайшаптары жергілікті аймақтың табиғи ерекшелігін ескермеді, шаруашылықты шалағай жүргізді, табиғаттың байлығын қомағайлана жұлмалап, Арал аймағының, оған құйып жатқан өзеннің байлығы мен сұлулығынан көз тұнатын атырауын аяусыз аздырып-тоздырды. Теңізді кептіріп, табиғатты таптауды экономиканы нығайту үшін қажет деп көкумен болды. Өздерінің шолақ ойларын, сідік шаптырымға жетпейтін «көрегендіктерін» уақытша өткінші пайда іздейтін озбырлықтарын ақтау мақсатында Арал теңізін табиғаттың «қатесі» санап, сондықтан оны «түзету қажет» деп дәлелдеуге тырысты. Арал түгел тартылып қалған жағдайда, оның орны «ұланғайыр кең ауқымды мал жайылымына айналады» деп өзеурегендер жоғарыдан да, жергілікті жерден де аз болмады. Сол шөбі шүйгін далада «түгін тартса майы шығатын» ірі қара мен «жер қайысқан» үйір-үйір жылқы өсіріп қыруар пайда табатынын айтып, қисынсыз қиялды уағыздаумен болды. Мұндай болжамдардың негізсіз екенін қазіргі өмір көзге көрсетіп отыр. Бірақ өкінішке қарай, олар Арал өңірі табиғатын құртуға бағытталған шаруашылық стратегиясының түбірімен қате болғанын мойындар емес. Табиғат байлығын пайдалануда қара күш әдетін қолдануға бізді әлі де болса итермелеумен әлек. Ақиқатқа жүгінсек, көз алдымызда болып жатқан табиғат апаты кез-келген аймақтың, тіпті бүкіл әлемнің табиғи қорышексіз емес екенін біле тұра түсінгісі келмейтіндер райынан қайтар емес. Арал аймағында сарқылып бара жатқан су көзі соның айғағы. Арал қасіреті табиғатқа ретсіз қол салып бүлдіре беретін болсақ, онда ел де қарап қалмай, адамдардан есесін қайтаратынын дәлелдейтін шындық десек болады. Табиғат анамыз өзінің басына қайыра тигізеді екен. Осыған қол жетті, көңіл тоқтады. Кезінде Ф. Энгельс «Біздің әрбір жеңісіміз үшін табиғат бізден кегін қайтарады» деген сөзінің Арал байтағында шындыққа сайып тұрғанын мойындау керек. Қазіргі Арал апатын, оның айналасында жан-жаққа етек ала жайылып бара жатқан сор шандақты, бұрқыраған шөл даланы көргенде Африкадағы әлемге әйгілі Сахара шөлі көзге еріксіз елестейді. Ол аймақта кезінде егінді, малды, гүлденген өлке болған. Сол жерді мекендеген халықтар табиғаттың заңымен санаспай шаруашылықты қолапайсыз жүргізудің нәтижесінде ұланғайыр кең жер елсіз, сусыз шөлге айналған көрінеді. Біз болсақ, сол қайғылы тәжірибені қайталауға бірте-бірте жақындап келеміз. Сонау алпысыншы жылдардан бастап патриоттық парызын дұрыс түсінген ғалымдардың, жазушылар мен журналистердің, осы өлкенің көзқарақты тұрғындарының теңіздің күйзеліс күйін айтқан үндері қамыстың сылдырындай елеусіз қала беретін. Енді Аралдың қайғылы тағдыры мен ызғарлы зардабы аймақ шеңберінен асып, бүкіл әлем биігінен білінуде. Осыдан-ақ теңіздің қазіргі жағдайы тым ауыр, келешегі білінуде. Осыдан-ақ теңіздің қазіргі жағдайы тым ауыр, келешегі тым күңгірт екенін түсінуге болады. Аралдың кебуі қазір күнмен есептелуде. Бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселе құрғаған теңіз табанындағы тұздың ұшуын бәсеңдету. Ол үшін Сырдарияның құяр аяғынан оңға қарай Қарашалаң мен Бөгеннің тұсына, Сарышығанаққа, солжаға жағынан Қаратерең түбегінен бастап Тоқпан, Жыңғылтүп, Қасқақұлан мен Ақбастыға қарай ұласып жатқан кеңістіктегі ойлау табандарға мал азығын өндіретін ауыспалы егістер енгізу тиімді. Егістен тыс жерлерге қараағаш сияқты көнбісті ағаштар отырғызып, құм төбелер ақ болады. Суды үнемдеудің қосымша жолыосы қуаңшылық аймақта сексеуіл мен изен себуге тіпті ыңғайлы. Суаратын судың мойны жақын болса Сырдың құйылысынан немесе жерасты суын-ақ пайдалануға болады. Мұндай жағдайда өзен бассейніндегі шаруашылық айналымдағы жерлердің сорлануын азайтудың есебінен жұмсалған қаржының қарымтасы тез қайтқан болар еді. Әрине мүмкіндігі болып жатса, Арал теңізін жер бетінен құрып кетуден сақтап қалғанға не жетсін?! Ең болмағанда осы күнгі деңгейін дейікші. Соңғы кезде Аралды сақтау мәселесін талқылауға қатысушылардың саны көбейіп тұр. Соған сәйкес ұсыныстар, пікірлер, жорамал мен жобалар баршылық. Дәл қазіргі Аралды сақтау жөніндегі ұсыныстар мен жобалардың саны екі мыңнан асады екен. Жобаның көптігі пайда ма, зиян ба? Олардың бәрін қамтып талдау мүмкін емес. Дегенмен солардың біреу-жарымына тоқтап, талдаған артық болмайтын сияқты. Кезінде Арал проблемасымен айналысқан ғалымдар мен мамандар теңізді сақтау шараларын кезектеп жүзеге асыруды ұсынды. Ол проблемаларды үш топқа бөлуге болады: жергілікті, аймақтық және әлемдік (Қараманов, Бишімбаев, Қарлыханов, 1993ж.). Жергілікті проблеманың шешімі судың ресурстарын үнемдеп, тиімді пайдалану және оны қорғауға бағытталған шараларды жүзеге асырумен байланысты. Соның нәтижесінде ең алдымен кіші Аралдың деңгейін тұрақтандыру, сонан біртіндеп деңгейін көтере беру. Әрине бұл оңай шаруа емес. Ол үшін суару жүйелеріне жабық құбырлар салу, суды машинамен көтеру, егінді тамшылатып суару, судың шығынын автоматты жүйемен есепке алу сияқты қазіргі жағдайдың талабына сай шараларды жүзеге асырғанда ғана жалпы егіншілікке жұмсалатын судың 20 – 30 процентін үнемдеуге болады. Суды үнемдеудің қосымша жолы осы қуаңшылық аймақта егінді майда тамшы жауындатып суару екенін ғылыми деректер дәлелдеп отыр. Күндізгі ыстықта ауаның температурасы + 30 – 350-қа көтерілген шақта жауындатып шашқан су өсімдіктің жапырағын салқындатып, фотосинтездің қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда әрі су үнемделеді, әрі егіннің өнімі 20 – 60 процентке дейін көтеріледі деген деректер бар. Бірақ Қызылорда облысының территориясында егінді жауындатып суару барлық жерде тиімді бола бермейді. Жауындатып және тамшылатып егін суаруға Қаратау өңіріндегі (Жаңақорған ауданы) су өткізгіштігі тәуір сұр топырақтар мен ақ сексеуіл шыққан механикалық құрамы жеңілдеу топырақтар ғана жарайды. Сырдария өзенінің төменгі ағысында, әсіресе орталық солжағы және жаңа атыраулық алқаптардың тұздануға бейім саздақ топырақтарында егінді жауындатып суаруға әсте болмайды. Өйткені, топырақ беті қатып қалады да, кепкен соң шытынап жарылып, өсімдіктің тамырын үзеді. Мұндай жағдайда суды, әрине үнемдеуге болады, бірақ егіннен өнім болмайды. Сондықтан бұл өлкеде егінді жауындатып және тамшылатып суару мәселесіне мұқият болуы керек. Аймақтық проблеманың шешімі ретінде жер суарудың технологиясын жетілдіре отырып, суға тілек мақта мен күріш дақылдарын егу көлемін қысқарту арқылы суды аз тілейтін дақылдар көлемін көбейту көзделеді. Осы шаралардың алғы шарттарының бірі күріштік егіс жүйесінде каналдар мен су жіберетін құрылыстарды қайта жөндеу, мүмкіндік болып жатса, каналдардың ішін жергілікті материалдармен және мұнай битумымен қаптау. Мұның бәрі бірінші кезекте орындалуы тиіс. Сонымен бірге коллектор-дренаж суларын қайта пайдалану үшін оларды тұщыту қосымша су резерві болып табылады. Рас, дәл қәзір дренаж суларын әртүрлі металлдардан, лайдан, пестицид қалдықтарынан оп-оңай тазарта қоятын өнімді ірі су тазартқыш қондырғы жоқ. Ал өнімділігі аз кішігірім қондырғыларды пайдаланудың шығыны көп, пайдасы жоқ. Осы мақсатқа пайдалануға селективті мембрандық тұщытқыш жарайтын көрінеді. Сондай-ақ тұзды жерлерді айналымнан шығарып, онда фитомелиорация жүргізу суды қосымша үнемдеуге себін тигізеді. Екінші кезекте шаруашылықтың қай саласында болса да суды үнемдеп жұмсайтын технологияны енгізу қажет. Осы тұрғыдан алғанда суды тәп-тәуір үнемдеуге мүмкіндік беретін шаралардың бірі қазіргі жұмыс істеп тұрған мелиоративтік жүйелерді қайта жөндеу, өндіріс мекемелері мен коммуналдық шаруашылықтар пайдаланатын судың шығынын 15 – 20 процентке азайту. Сол сияқты елді мекендер мен қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суының қосымша ресурстарын пайдалану ұсынылады. Қазақстандық ғалымдардың есебі бойынша бірінші кезектегі шараларды іске асырғанда 1995 жылы теңіздің болады деп күтілетін деңгейін тұрақтандыру үшін жыл сайын 29 – 30 текше шақырым суды босатуға болады. Сол сияқты қалалар мен елді мекендерді сумен жабдықтау жүйелерін қайта жөндеу іске асырылса, онда жыл бойы 10 – 12 текше шақырым суды босатуға болады. Сонда, жыл сайын екі өзеннен теңізге түсетін су 39 – 42 текше метрге артады екен. Ол теңіздің деңгейін 40 – 45 метр белгіде ұстап тұруға жетеді. Бұл есеп пен болжам ғана. Бірақ өмір өз дегенін жасайды. Ұсыныстар жасап, жорамалдап-жобалап жүргенде теңіз деңгейінің 38 метрге дейін кеткені соның дәлелі. Көпшіліктің көңілін селт еткізіп, қолдаушылары табыла кеткен ұсыныстардың тағы біреуі Каспий теңізінің суын Аралға айдау. Былай қарағанда бұл ұсыныстың, егер қолдау тапса, жобаға айналатындай ұтымды жақтары бар сияқты. Олай дейтіміз, Каспий теңізі Аралдың іргесінде жатыр, демек мойны жақын жерден су айдау әрі арзанға түседі, әрі жобаны іске асыруда уақыттан ұтуға болады. Сонымен бірге назар аударатын бір жай бар, ол 1977 жылдан бері Каспийдің суы көбейіп, деңгейі көтеріліп келеді. Сондықтан, сол артық суды неге пайдаланбасқа деген ой осы ұсынысты жақтаушыларға түрткі болған сияқты. Егер Каспий варианты іске аса қалған жағдайда Аралдың айдынын алпысыншы жылдардағы деңгейіне көтеру үшін Каспийден жылына 90 – 100 текше шақырым суды қуаты төрт миллион киловаттық сусорғышпен 80 метрге көтеріп, 20 – 25 жыл бойы үздіксіз Аралға айдау керек екен. Аралдың деңгейі бұрынғыдай қалпына келген соң жылына 60 текше шақырым су айдап тұрса болады. Бұл ұсыныс сексенінші жылдары жарияланған болатын. Сол кездегі бағамен есептегенде құрылысты салуға кететін шығын 14 – 16 миллиард сом (рубль), оған қосымша эксплутациялық шығындар 500 миллион сом болады. Ғалымдар тарапынан, егеро сы вариант орындалса, онда Каспийдің өзін экологиялық апаттан қорғау проблемасы пайда болады деген пікір айтылды. Сонымен қатар, ұзақ жылдар бойы теңіздің ащы суына төтеп беріп, мүлтіксіз жұмыс істеп тұратын сусорғыш жоқ екені белгілі. Сонымен бұл ұсыныс та сөз жүзінде қалған сияқты. Назар аударатын тым-тәуір тартымды жобаны «Табиғат» орталығына қарасты Өзбекстан филиалының ғалымдары ұсынды. Бұл жоба іске асырыла қалған жағдайда тек Аралдың ғана емес, сонымен бірге теңіздің бүкіл аймағындағы экологиялық жағдайды сауықтыруға болатын көрінеді. Жоба бойынша су жер астындағы табиғи жинағынан алынады, Гидрологтар Арал теңізінің аймағында жерасты суының 15 гидродинамикалық бассейндерін ашқан болатын. Олардың ішіндегі ең ірілері мыналар:
Ферғана бассейні – суының қоры 16 мың км3
Сырдария бассейнінде 8 мың км3
Шу бассейнінде 9 мың км3-ден көбірек
Мұрғап бассейнінде 10 мың км3-дей болады.
Осылардан басқа кішігірімдерін қоса есептегенде жер асты суының жалпы қоры 110 мың текше шақырымдай. Содан 1-2 процентін ғана алса, Аралды қалпына келтіруге жетіп жатыр. Бұл жағдайда жер асты суының деңгейі төмендейді, аймақтың инженерлік-геологиялық, сейсмикалық және мелиоративтік күйі, сонымен қатар экологиялық қал-ахуалы жөнделеді. Бірінші кезекте ең алдымен теңіздің деңгейін тұрақтандыру керек. Ол үшін тереңдігі 500-ден 1500 метрлік 10 – 12 мың скважинаның көмегімен жыл сайын 30 – 35 текше шақырым суды жер астынан көтеріп, Аралға ағызады. Бір тәуірі, жаңадан скважиналар қазудың қажеті жоқ, өйткені Өзбекстанда бұрыннан тұрған 12 мың скважина бар. Соларды жөндеп, тәртіпке келтіріп іске қосса болғаны. Әлемде жерасты суын ұқыпты пайдаланып, ірі проблемаларды тым-тәуір шешкен тәжірибе баршылық. Атап айтқанда, Қытай Халық Республикасы 1949 – 1959 жылдары 40 мың скважина қазып іске қосқан. Жер асты суын тиімді пайдалануда бай тәжірибесі бар ел Индия. Онда алпысыншы жылдардың ортасында 31 млн га суармалы егін болатын. Сол егіннің 30 процентін (9, 3 млн га) 30 мың скважина мен 5,0 миллион құдықтан суарады. АҚШ-та 1960 жылы 14,6 млн га суармалы жердің 35 процентін (5,1 млн га) жер асты суымен суарған. Салыстыру үшін айтсақ, бұрынғы Кеңес Одағында суармалы жердің тек 2 проценті ғана жер астының суымен суарылатын. «Табиғат» орталығының жобасы бойынша жер астынан тартқан суды Аралға жеткізу үшін өзендердің табиғи арналарын тазалап Түйемойын, Қараққұм және Шардара су қоймаларын айналып өтетін ірі каналдар қазу қажет.
Екінші кезекте Арал теңізін толық қалпына келтіру үшін қуаты секөнтіне
100 (жүз) литрлік 50 мың скважина қазылады. Сонда Аралға жыл сайын
150 текше шақырым су айдауға болады. Теңіз қалпына келген соң оның деңгейін жоғары белгіде ұстап тұру үшін скважиналардың бір бөлігінің ғана суын Аралға беріп, қалғанын егістікке пайдаланады. Бұған кеткен қаржы әр жылда жерді мелиорациялау жайылымдарды және жер бетіндегі құрылыстарды аяқтау есебінен өтеледі. Қазіргі таңда Арал проблемасы халықаралық деңгейге көтерілді. Оның шешімі қалай болады? Уақыттан күтейік.
Жер ресурстары және топырақтың түрлері
1994 жылғы мәлімет бойынша Қызылорда облысындағы шаруашылық айналымындағы жердің жалпы көлемі былайша бөлінеді (гектар есебімен):
Егіндік жер – 253652
Көп жылдық ағаштар – 2864
Тыңайған жер – 49425
Шабындық – 116951
Жайылым – 12572645 Облыста Сырдария мен таудан ағатын майда өзендердің суын пайдаланатын суармалы егіншілік дамыған. Жаңақорған ауданында Қаратаудың бөктеріндегі көлемі азғантай жерлерге ғана жауынмен ақ дақылдар егіледі. Жалпы облыс экономикасының негізі суармалы егіншілік. Суармалы жерлер аймағында Қазақстан халқының жартысына жуығы тұрады. Алайда, суармалы жерлер жалпы егістік алқаптардың төрт-ақ процентін құрайды. Солай болса да, оның үлесіне өндірілген күріш, мақта және қызылшаның барлығы, жеміс-жидек пен көкөністің 80 проценті тиеді екен. Мал шаруашылығында қой отарларының басым бөлігі осы өңірде шоғырландырылған. Аса қатты қуаңшылық болған жылдары азық-түлікті мол беретін ең сенімді өңір осы суармалы аймақ. Соның бірі Арал өңіріндегі Қызылорда облысы. Қызылорда облысының бүкіл байтағындағы осы өңірге тән климат, өсімдіктер дүниесі, гидрологиясы мен гидрогеология жағдайында қалыптасқан әртүрлі топырақтар екі үлкен топқа жатады:
- суармалы егіншілік дамыған атыраулық аймақтың ылғалды (гидроморф) топырақтары
- шөлейт бөлігінде ескі заманнан қалған суармалы егіншіліктің ізі бар және
мал жайылымына пайдаланатын құрғақ (субаэрал) топырақтар.
Топырақтың көп түрінің қалыптасуына өлкенің гидрологиялық режимі мен рельеф жағдайының әртүрлілігі, өзен суымен ағып келген шөгінділердің біртекті еместігі, өзен суымен ағып келген шөгінділердің біртекті еместігі, жекелеген геоморфологиялық аудандарды шаруашылық тұрғысынан пайдалану бағыттары ықпалын тигізді. Алайда, осыншакөп түрлілікке қарамастан, жалпы шөлейт климат режимінің ерекшеліктері әсерінен жазықтағы топырақтың бәріне тән, құмды және таудыңтопырақтарын қоспағанда, ортақ белгілері бар:
- құрамындағы корбанат көп 10 – 25 процентке дейін;
- тегі су шөгіндісі болғандықтан топырақ профилі қабаттанып жатады;
- топырақта макроқұрылым жоқ, оның есесіне төзімді, тез езілмейтін микроқұрылым бар;
- өзен арнасына жақын жатқан топырақтардың беткі қабаты (0, 15 см) мен шөлейт дала топырағының профилінде (орта тұсында 20-дан 150 см-ге дейін тұзы көптеу);
- макробиологиялық процестертым күшті, сол себептен органикалық заттар тез шіриді детопырақта қордаланып жиналмайды.
Қызылорда облысының бүкіл аумағындағы барлық топырақ түрлері үш категорияға және оларды он мелиоративтік топқа бөледі. Бөлудің негізіне топырақ жамылғысының генетикалық (тектік) ерекшеліктері, олардың тұздану дәрежесі, механикалық құрамы алынған, өйткені осы белгілер жерді ауыл шаруашылығында игерудің тиімділігін және топырақ құнарын көтеру үшін қажетті мелторативтік шараларды анықтайды. Жеңіл-желпі мелиоративтік шараларды қажет ететін бірінші категориядағы жерлер (аздап суарылады).
Бірінші топ. Сырдарияның және оның атыраулық тарамдарының (проток) арналық қырқаларында, бұйрат су айырықтарында, жиегі жалпақ ауқымды ой жерлерде, Қаратаудың бөктерінде және тау етегіндегі өзендердің үйінділерінде қалыптасады. Профилінің құрылымы қабат-қабат болып жататын шалғынды аллювийдің механикалық құрамы жеңілдеу (құмдық) қабаттары көбірек, қалған қабаттары құмшық және саздақ. Бұл қабаттардың қалыңдығы 1-ден
5 – 7 метрге дейін, оның астында төсеніш болып жатқан өте майда және ірі құмдар. Қабаттағы судың тереңдігі 6-7 метр, кей жерде тұщы, кей жерде ащылау (кермек). Бұл топқа жататын Қаратау өңіріндегі (Жаңақорған ауданы) сұр топырақтар мен ақ сексеуілдің астындағы тұзсыз тақырлау топырақтарды алдын ала мелиоративтік жұмыстар жүргізбей-ақ таудан ағатын майда өзендердің суымен суарып егін егуге қолайлы. Онан кейінгі жылдары тегістеу қажет болады. Жеңіл-желпі мелиоративтік шаралар жүргізіп, егінді қарықтап және атыздап суарғанда әртүрлі топырақтардың (сұр, тақырлау) арасындағы агромелиоративтік айырмашылық жойылып, олар бірыңғай мәдени суармалы топыраққа айналады. Дегенмен бұл топырақтар қайта сорлануға бейім, сондықтан оқтын-оқтын сумен шайып тастаған дұрыс.
Екінші топ. Бұл топқа жататын топырақ түрлері рельефтің биіктеу элементтерінде (шалғынды аллювий), жазық су айырықтарында (сорлар), жазықтарда (тақырлау), сондай-ақ ой жерлерде және олардың баурайында (шалғынды батпақтар) тараған. Бұл аталмыш топырақ түрлерін игеру үшін алдын ала тегістеп, сорлау жерлерін сумен шайып, дренаж арқылы ағызып жібереді. Профилі қабаттасып жатады, 2 – 4 метр тереңдікке дейін құм саздақ және саздақ, онан төмен жатқан төсеніш майда және ірі құмдардан тұрады. Қабаттағы суының дәмі ащы, жатқан тереңдігі 1,5 – 4,0 метр. Күріш егуге қолайсыз. Бірақ өте қажет болғанда ол жерлерді игеру 1-2 жыл күріш егуден басталады. Қайта сорлануға бейім.
Үшінші топ. Бұл топқа жататын топырақтар рельефтің ойлау элементтеріне орналасқан. Беті аздап сорланған (батпақ, шалғынды батпақ), ал биіктеу су айырық жерлерде өте тұзды (сорлар). Механикалық құрамы, құрылымы, қабаттағы суының деңгейі мен минералдануы жоғарыдағы топтың топырақтарына ұқсас. Тұзы көп жерлерді игеруден бұрын тегістеп, тұзын сумен шайып тастайды. Суарылмаса тез кеуіп кетеді, ал күріш еккенде батпақтанады. Мұндай жағдайда топырақтағы тотықсыздану процесін жою үшін қанатсыз соқамен тереңдеп қопсытады. Егер игерілетін алапта қабаттағы су тұщы болса, онда атыздағы судың жақын төңірекке зиянды әсерін (ыза тебу, сорлану) болдырмау мақсатында ол жерлерге биологиялық дренаж қолдану, яғни ағаштар егу, жоңышқа себу ұсынылады. Соңғы отыз жылда суармалы егістің, оның ішінде күріштің көлемі көбеюіне байланысты бұл топыпақтар тың күйінде қалмады десе де болады.
Орташа дәрежеде және түпкілікті мелиоративтік жұмыстарды қажет ететін екінші категориялық топырақтар.
Төртінші топ. Бұрын көкөніс, бақша егілген, қазіргі кезде кеуіп бара жатқан, арасында сор аралас шалғынды аллювий мен шалғынды батпақ топырақтар. Бұлардың көзге түсетін ерекшелігі сол, «оқпандар» мен бұрын көлтабан болған учаскелерде «қопақ» көп болады. Мелиоративтік күйін алатын болсақ, топырақ беті тұзды, механикалық құрамы сазқұмшық, саздақ, 1,5 – 2,0 метрдегі төсеніші майда құм. Су тигенде сол майда құм сусып жылжыйды. Бұрын игергенде «қопақтарды» құртып, жер бетін тегістейді, бірақ «оқпанмен» күресу қиын. Сондықтан ондай оқпанды жерлерді көкөніс, бақша, картоп егуге пайдаланған тиімді. Сонда су ысырабына жол берілмейді.
Бесінші топ. Бұлар облыстың солжағалау бөлігінде топырақ жамылғысының негізін құрайтын кәдімгі тақырлар мен аралас жатқан тақырлау топырақтар. Кей жерлерде бетін үгінді құм басқан қалдық сорлар аралас ескі суармалы жерлер. Аталмыш топырақ түрлері Жаңадария, Қуаңдария, Ескідариялық өзендерінің көне арналарын бойлап және солтүстік Қызылқұмға тірелетін жазықтарда кең тараған. Механикалық құрамы ауыр саздақ, қабаттасып жатқан грунттардан құралады. Ең үстінгі қабаты қабықтанған, өте тығыз, бетікедір-бұдыр (сүйел тәрізді). Профилінде 10-нан 10 см-ге дейінгі тереңдікте тұз көп, гумус – 1,0 – 1,5 процент, қабаттағы судың жатқан деңгейі 10 – 20 метр, дәмі ащы (10 – 50 г/л). Сонымен бірге сорланған тақырлау топырақтың беткі қабатының сілтілігі өте жоғары. Топырақтың қабығындағы сілтілік сексеуілдің қалдықтары шірігенде пайда болады. Бұл жерлерді игеру орта дәрежеде мелиоративтік жұмыстарды қажет етеді. Мәселен, жерді сексеуілден тазарту (өртеуге болмайды), тегістеу, кей учаскелерді сумен шайып тастау және егінді суару режимін өте қатаң сақтау. Жерін таңдап дәнді дақылдар, көкөніс, күріш егуге болады.
Алтыншы топ. Бұған кіретін де сол бесінші топқа жататын топырақ түрлері, тек айырмашылығы бұлардың басым көпшілігі қу тақырлармен сортаң сорланған тақырлау топырақтар. Олардың көп тараған аймақтары Жаңадария, Қуаңдария, Дариялық тақыр жазықтары және Жусан мен Бике сары шөл далалары. Механикалық құрамы өте ауыр грунтта дамыған. Байырғы тақырлар рельефтің ойлау жерінде, ал тақырлар түрі сәл биіктеу учаскелерде жатыр. Беткі қабатында тұз онша көп емес, тұздың (3 процент) негізгі жиналған деңгейі 10-нан 100 см-ге дейін тереңдікте. Қабаттағы судың тереңдігі 10 – 20 метр, минералдануы 10 – 50 г/л, кейде 25 – 70 г/л-ге дейін барады. Егістікке игеру үшін өте күрделі агротехникалық және инженерлік шараларды іске асыру керек. Атап айтқанда, топырақтың физикалық қасиеттерін жақсарту, органикалық-минералдық тыңайтқыштар беру, тұзын шаю, топырақтың бетіндегі қабықты құрту.
Жетінші топ. Кәдімгі қалдық және тақырлау сорлар сортаң (солонец) топырақтармен араласып өте күрделі комплекс болып жатады. Кәдімгі сорлар қабат-қабат аллювийде дамыған, құм шөгінділер көбірек, беті қабыршақты немесе борпылдақ, рельефтің биіктеу элементтерінде тараған. Қабаттағы су
3 – 7 метр тереңдікте, өте ащы (20 – 130 г/л), яғни тұздық десе болады. Тұздың (3 – 8 процент) жиналуы жоғарғы қабаттан басталады. Көлтабаны бұрыннан көміліп қалған органикалық заттың есебінен гумус 3 процентке дейін жетеді. Бұл осы топырақтарға тән қасиет емес, реликті қалдық. Тақырлау сорлар шөлейт аймақтың ойлау жерлерінде механикалық құрамы ауыр саздақ аллювийде дамыған, бетінде қабық бар. Басты ерекшелігі тұздың құрамында хлоридтер көп, бірақ аймаққа тән құбылыс емес. Беткі қабатындағы тұз 3,5 – 7,0 процентке дейін, қабаттағы судың минералдануы 60 – 100 г/л, жатқан тереңдігі 10 метрдей және онан да төмен, гумус – 1 процент. Бетін жел үлгерген қалдық сорлар облыстың солжағалау орталық бөлігінде тараған. Беткі қабаты борпылдақ емес, бірақ жылтырап тұзы шығып тұратын жұмсақ қабық. Тұздың ( 2 – 3 процент) құрамында хлоридтер басым, қабаттағы су 10 метр және онан да тереңіректе, бір литрінде 50 г/л тұз бар. Сортаң топырақтар Қазалы оазисінде солардың арасында ойдым-ойдым болып араласып жатады. Тұздар 1,5 – 2,0 процент. Сіңіру комплексінде катиондардың ішінде натрийдің мөлшері 10 процент. Рельеф жағдайына байланысты суармалы егіншілікке жарамайтын үшінші категориядағы жерлер. Бұл категорияға үштік-бор үстіртінің қоңыр, сұр-қоңыр топырақтары, құрамында гумус аз атыраулық аймақтың құмдары мен Сырдарияның сол жағында тараған бұйрат және жал-бұйрат құмдар жатады. Рельеф жағдайына байланысты суармалы егін егуге жарамайды. Сондықтан бұл аймақты жайылым ретінде пайдаланады. Судың көзі құдық.
Сегізінші топ. Бұған кіретін Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының солтүстігіне тараған қоңыр топырақтар. Олардың ішінде сортаңдары да, тұщылары да кездеседі. Механикалық құрамы құмдақ, сазқұмдақ, гумус
0,65 – 1,5 процент шамасында тұздың мөлшері0, 2 – 0,3 процент. Қабаттағы су өте терең жатады. Сұрқоңыр топырақтар облыстың солтүстігінде және Қаратау бөктерінде құрамында гипс бар үштік-бор шөгінділерінде дамыған. Бет жағын құмтастар басып жатады, гумус 0,5 процент шамасында, 40 – 50 см-ден төмен ақтаңдақ болып жататын гипс жиынтығы бар. Таудан құлайтын майда өзендердің суын пайдаланып азын-аулақ дәнді дақылдар егуге болады.
Тоғызыншы топ. Бұл топқа ірі құмды аймақтардың шығыс Арал өңірінің,
Арысқұмның, Арал өңіріндегі Қарақұмның, Қызылқұмның, Жуанқұмның, Бозшоқының құмдары жатады. Кей жерде биіктігі 20 метрге дейін баратын төбе-жол құмдардың рельефі өте күрделі, ара-арасында ойпан «өзекшелерде» тақырлар мен тақырлау топырақтар тараған. Осылардың ішінде Арысқұм, Арал өңірінің Қарақұмы мен Қызылқұмда егін егілмейді.
Оныншы топ. Бұл топқа кіретін топырақтар ауыл шаруашылығы үшін маңызы жоқ, сондықтан игеругежарамайды. Олар ылғалды, үрме (импульверизационные), жылжымалы (маршевые) сорлар, таудың биік бөктеріндегі тастақты қоңыр, сұрқоңыр және ашық сұр топырақтар. Төменде Қызылорда облысының территориясындағы көп тараған топырақ түрлерінің құрамындағы гумус, тұздылығы мен қоректік заттардың жылжымалы түрлері (фосфор, азот, калий), қабаттағы судың тереңдігі жөнінде мәлімет
22-таблицада берілді. (Волков, 1969). Сонымен қатар топырақ түрлерін ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдалану туралы ұсыныстар да бар.
Сырдарияның төменгі ағысында топырақ құрылымының өзгеруі.
Жоғарыда қысқаша сипаттама берілген үш категорияға жататын топырақ түрлерінің он тобынан үшеуі Сырдарияның атырауын оң және сол жақтарын қоршап жатқан шөл және шөлейт даланың рельеф жағдайына байланысты суаруға жарамайтын қуаң топырақтары. Олар өзен арнасынан шалғай жатқандықтан гидрологиялық режимі атыраулық аймақтан бөлек автоморф жағдайында қалыптасып дамиды. Климаттың құбылуы мен шаруашылықта пайдаланудың өнімділігі ғана өзгеретіні болмаса, жалпы генетикалық тегі сол күйінде сақталады. Сырдарияның атырауында жағдай басқаша. Мұнда табиғи ортаның қалыптасуы, оның жекелеген компоненттерінің даму ерекшеліктері өзеннің қызметімен, соған орай өлкенің гидрологиялық режимімен тығыз байланысты. Атап айтқанда, атыраулық территория өзен суымен ағып келетін құм-лайдың, химиялық және биогендік ағындардың шөгіп жиналатын жері. Өзен ағысының гидродинамикасына сәйкес атыраулық жердің бетінде белгілі литологиялық жатымда рельефтің ерекше элементтері қалыптасады. Сөйтіп жергілікті жердің гидрологиялық режимі, өсімдігі мен топырағының, яғни жалпы табиғи ортаның даму бағыты өзгереді. Әрине, топырақ құралуына тікелей ықпал жасайтын факторлар – өзеннің ағысы, ондағы лай, химиялық және биогендік заттар барлық уақытта бірдей болмайды. Кей жылдары өзен суы тасу болғанда аталмыш факторлар табиғи ортаға, оның ішіндетопыраққа күштірек әсер етеді. Су қайту жылдары олардың топыраққа әсері пәстеу болады.
Таблица 22
Қызылорда облысында көп тараған топырақтарға сипаттама
(Волков А. И., 1969)
Топырақ түрлері
Гумус проц. 0 –50 см-тік қабатта
Тұздылығы (процент) профилде
Жылжымалы
Қабаттағы су
Пайдалануға ұсыныс
фос-фор
азот
Терең-дігі м.
Тұзды-лығы г/л
1
Арналық қырқадағы шалғынды аллювий (топайлық) топырақтары
1,6 – 3,5
0,1 –1,5
18,3 – 70,9
43,9 –
75,6
2,5 – 3
0,5 – 10
Жеміс-жидек, жүзім, ағаштар
2
Су айырықтарын-дағы тыңайған шалғынды аллювий топырақтары
0,9 – 2,5
0,1 –0,6
6,7 –
15,3
62 –
134,9
2,5 –5
1,0 –
10
Дәнді мал азықтық дақылдар, көкөніс-бақша
3
Беті тақырлана бастаған шалғынды аллювий (ескі тоғайлық) топ
0,6 –1,6
0,2 –0,8
2,9 –
12,5
51,1 –131,0
5 –
10
10-ға дейін
Мал азықтық, көкөніс-бақша дақылдары
4
Шалғынды батпақ топырақтар
0,8 – 3,0
0,2 –
1,2
44 –
11,6
86,5 – 111,1
3 –
5
5-ке дейін
Күріш ауыспалы егістер
5
Кебе бастаған шалғынды батпақты топырақтар
0,9 –
4,1
0,2 –0,8
3,8 –
14,2
83,7 –165, 2
5 – 7 -«-
Күріш, егер саздақ болса іркіп суаратын дәнді
дақылдар
6
Батпақты топырақтар
1,5 –4,5
9,6 –
21,1
108,5 –
174,1
10 – 3
----
Күріш ауыспалы егістері
7
Сорлар (кәдімгі)
0,4 – 1,7
0,9 –
10,4
4,6 –
21,1
46,2 –107,0
3,5 – 7
10 – 25
Ірі учаскелері ауылшаруашылығы өндірісінің айналымына қосылмайды
8
Қара сексеуілдің астындағы тақырлау топырақтар
0,6 –0,8
0,1 –0,5
2,6 –
22,5
34,7 –59,5
7 –
15
10 –
50
Көкөніс бақша,
дәнді дақылдар
9
Бұйырғынның астындағы тақырлау топырақтар
1,0%-ке дейін
0,5 – 2,0
Өте аз
8 –
20
25 –
100
Күріш, мал азықтық және дәнді дақылдар
10
Құм бүркенген тақырлау топырақтар
1,0%
Мал азықтық, дәнді, көкөніс-бақша дақылдары
11
Тақырлар
1,0%
0,3 – 1,5
Қутақырлар егінге жарамайды
12
Сұр-қоңыр топырақтар
1,0%-ке дейін
0,1 – 1,8
Сирек болады
Өнімі аз жайылым ретінде пайдаланады
13
Тау баурайындағы сұр топырақтар
1,0 – 3
1,4-ке дейін
8 –
12
0,5-ке дейін
Шөптер, мал азықтық дақылдар
14
Таудың топырағы
0,8 – 3,5
0, 1 –0, 3
жоқ
Жайылым
Соңғы отыз жылда Сырдария өзенінің бойында су талапайы әсте толастамай келеді. Өзеннің бас жағында, орта тұсында суармалы егіншіліктің, оның ішінде суға тілек мақта егісінің көбеюіне байланысты. Демек, Сырдарияның суын пайдалану бақылаусыз кетті десек, бұл ақиқат. Алпысыншы, әсіресе жетпісінші жылдары Сырдария өзенінің бойында көптеген су қоймалары салынып, өзеннің ағысы сол су қоймалары арқылы өтетін болды. Алдағы егін үшін жинап жатырмыз деп су қоймаларына келген суды жұрт оңайлықпен бере қоймайтыны белгілі. Фактіге жүгінсек, Сырдарияның көп жылдық орта ағысы 37,5 текше шақырым болса, сол түгелдей дерлік жер суаруға кетіп отырды, ал оның жартысы қайтымсыз болатын. Өзеннің жылдық ағысынан 87 процентін өзеннің жоғарғы және орта тұсындағы диқандар пайдаланып, Қызылорда облысының үлесіне 13 процент-ақ су тиіп жүрді. Қолдан жасалған су тапшылығы Сырдың атырауында өте қиын гидрологиялық жағдайдың қалыптасуына әкеліп соқтырды. Ағысы тежелген өзеннің суы ғана азайып қойған жоқ, оның суы қоймаларда тұнбаға түсіп, төменгі жаққа лайынан тазарып келетін болды. Ағысы азайған өзен, әрине арнадан асып, жалпақ далаға жайылуын тоқтатты. Мұның өзі атыраулық топырақ құрымының даму бағытына едәуір ықпалын тигізді. 23-таблицада келтірілген мәлімет алпысыншы жылдарға дейін Төменарық гидробекетінің тұсына Сырдария өзенінің жылдық ағысымен келетін лай 36 мың тонна, Қазалы тұсында 24 мың тонна болғанын көрсетеді. Арада он жыл өткенде өзен суының құрамындағы лай аталған екі гидробекеттің біріншісінде4 есе, екіншісінде 5 еседей азайғаны байқалады. Сол сияқты өзен суының компоненттік құрамы да өзгерді. Оны 24-таблицадан көруге болады.
Таблица 23
Әр кезде Сырдария өзенінің суындағы лай мөлшерінің өзгеруі
(әр кезеңдегі орташа мөлшері)
(Нұрғызарынов және басқалар, 1979 ж. )
Кезең
Лайдың мөлшері
Өзен суындағы лай, г/м 3
Гидробекет (гидропост Гидробекет) гидропост
Төменарық
Қазалы
Төменарық
Қазалы
Көп жылдық орта мөлшері (1950 жылға дейін)
1618
922
1951 – 1960 ж.
35890
23840
1356
1331
1961 – 1970 ж.
9460
5502
571
487
1971 – 1971 ж.
3280
266
Таблица 24 Атыраулық территорияға келетін өзен суындағы компоненттік құрамыныңөзгеруі (әр кездегі орта мәлімет)
(Нұрғызарынов және басқалар, 1979 ж. )
Кезең
Судың
мөлшері
Химиялық заттар судағы
лай
Биогендік заттар,
мың тонна
км 3
Көпжылдық орта мөлшері, ⅜
Млн тонна
Көп жылдық орта мөлшері, ⅜
Млн тонна
Көп жылдық орта мөлшері, ⅜
Жалпы фосфор
Жылжымалы фосфор
Жалпы азот
Гумус
1931 – 1950 ж. көпжылдық орта мәлімет 7,6
100
5,3
184
3,2
27
13,4
0,13
13,6
184
1951 – 1960 7,9
107
2,88
100
12
100
3,9
0,04
12,1
166
1961 – 1970 5,7
79
4,22
146
1,4
12
1,8
0,02 4,1
49,5
1971 – 1975
5,4
75
5,7
197
0,4
3
10,7
89
1,6
22, 2
1975
3,2
44
7,3
253
14,8
0,15
0,5
0,005 0,4 6,4
Бұл таблицадағы материал өзен суындағы компоненттік құрамының өзгеруі Төменарық пен Қазалы гидробекеттерінің арасындағы су шығынының айырмашылығы бойынша есептелді. Мұндағы көп жылдық орта мәлімет бойынша, елуінші жылдарға дейін өзеннің атыраулық аймағына жыл сайын есеппен 7,6 текше километр су және оның құрамында 12 млн тонна лай ағып келіп тұрды. Сол мөлшердегі лайдың құрамында 14,6 мың тонна жалпы фосфор, 13,6 мың тонна жалпы азот пен 184 мың тонна гумус бар. Ол кезде осы өлкеде Сырдария өзенінің лайлы суымен суарған егін бітік өсетіні сонан болатын. Алпысыншы жылдардан бастап, әсіресе жетпісінші жылдарда өзеннің сұйық, қатты және биогендік ағыстары күрт азайып, судағы лай 0,4 млн тоннаға немесе 97 процентке дейін кеміді. Соған сәйкес жалпы фосфор 0,5 мың, жалпы азот 0,4 мың және гумус 6,4 мың тоннаға дейін азайды. Бұл мәлімет Сырдарияның суындағы топыраққа нәр беретін пайдалы компоненттерінің берекесі кетіп, топырақ құнарын құрайтын ең маңызды мүшелерінің бірі ретінде бұрынғыдай себі тимейтін күйге түскенін аңғартады. Алайда Сырдарияның осы өңірге жететін ағысы азайғанымен оның минералдануы едәуір көтерілді. Өзен суында әсіресе хлордың көптігі назар аудартады. Сонымен Сырдарияның төменгі ағысындағы өзен суымен келетін құнарлы лай мен биогендік заттар жиналатын табиғаты таза, өсімдігі қалың, топырағы құнарлы өлкеден гөрі өзеннің жоғарғы және орта тұсында арнаға құйып тұрған шайынды судағы тұздар мен басқа химиялық заттар жиналатын ортаға айналды. Нәтижесінде литоморфо-педогенез процестерінің бірлігі бұзылды. 1965 – 1972 жылдары Қазақстан ғылым академиясының топырақтану және Казгипрозем институттары жүргізген зерттеулері Сырдария өзенінің төменгі ағысында топырақ жамылғысы үлкен өзгеріске ұшырағанын көрсетті. Оның басты себебі, өзен суының тапшылығынан арнадан асып жайылатын судың болмауы атыраулық табиғаттың дамуына жаңа сипат берді. Қабаттағы су тереңдеп, топырақ прфилінің жоғарғы қабаты құрғады, сонан ығал (гидрофил) сүйгіш өсімдіктер сиреп азып-тозды. Мұның өзі топырақ түрлерінің даму бағытына үлкен ықпал жасады. Атап айтқанда, батпақ пен шалғынды батпақ құрғап, кей жерлерде қатты кеуіп, өздерінің бастапқы белгілерін жоғалтты, сөйтіп қуаң жағдайға килікті. Онша көп өзгеріске ұшырамаған Сырдарияның арналық қырқалары. Өйткені, онда қабаттағы су өзен арнасынан көлбеу бағытта тарайтын капиллярлық сумен толығып тұрады. Сол себепті арналық қырқада азды-көпті болса да, кей жерлерде тым-тәуір қалың, кей жерлерде сиректеу бұталы жиде тоғайы сақталған. Жалпы алғанда олардың да жүдеп-жадағаны көзге түседі. Әйтсе де арнадан алысырақ жатқан жерлердегідей күрт өзгеріс байқалмайды. Өлкенің қуаңдануы өзенге жақын жерлердің топырағына да теріс ықпалын тигізгені анық. Оның айғағы, арналық қырқаларының жанбауыры бұрын мөлдіреген қалың шалғын шөп өсіп тұратын күйінен айырылып, топырағының бетіедәуір сорланды. Бүгінгі көл айналасындағы оқтын-оқтын су шайып тұратын сорлар енді удай ащы, тек қара сораң өсетін қабыршақты және борпылдақ сорларға айналды. Кей жерлерде өте қатты кепкен сорлар кәдімгі қутақыр болып қалды. Топырақтың түрлері өзгеріп, олардың мелиоративтік күйінің нашарлауын сипаттайтын бір ерекшелік сорлар егістік жерлердің айналасына шоғырланды. Қазіргі кезде Сырдарияның төменгі ағысында топырақ жамылғысының жалпы эволюциялық даму бағыты сақталғанымен қуаңдану процесінің күшеюіне орай және жерді шаруашылықта пайдалану және жергілікті жағдайдың ерекшеліктеріне байланысты топырақтың бір түрден екінші түрге көшуі әжептәуір қарқынды жүріп отыр. Фактіге жүгінсек, Сырдарияның сол жағалық алқабында егін егуге қолайлы гидроморф (ығалды) топырақтардың көлемі алқаптың жалпы аумағынан 10 процент кеміді, яғни 385 мың гектардан құрғап қалғаны 38,5 мың гектар. Олардың 25 мың гектары сорланған. Қазалы жерінде (жаңа атырау) бұрын егін егіліп жүрген жерлердің 28 – 30 проценті сорға айналды немесе кеуіп тақырлану себепті айналымнан шығып қалды. Өзен арнасына жақындаған сайын егіндік жерлердің сорлану қарқыны күшті екені байқалады. Оның басты себебі, өзен суының тұздылығы күшейді және қашыртқы жүйелері дұрыс жұмыс істемейді. Сыр атырауының жаңа гидрологиялық режимі топырақтың физикалық-химиялық қасиеттері мен топырақ құнарын құрайтын элементтердің сипатына кері әсерін тигізді. Ылғал (гидроморф) топырақтар кепкенде оның бетінде қабыршақ пайда болып, суда езілмейтін агрономиялық қатты түйіршіктер азайды. Мысалы, гидроморф топырақтардың жоғарғы (0 – 50 см) қабатындағы суға төзімді (езілмейді) түйіршіктер 70 – 80 процент болса, ол кепкеннен кейін 30 – 35 процентке дейін азаяды. Соған сәйкес топырақтың көлемдік салмағы бұрынғы 1,21 – 1,27 г/текше сантиметрден 1,32 – 1,40 г/текше сантиметрге дейін өсті. Демек, бұл топырақтың тығыздалып, өсімдік тамырының өсуіне қолайсыз болғанының белгісі. Топырақ тығыздалған сайын оның жалпы қуыстылығы (порозность) 5 процент азайды және су өткізгіштігі де нашарлап, бұрын тәулігіне 0,19 – 0,64 метр өткізетін болса, енді 0,16 – 0, 28 метр тәулік болып кеміді. Бұл фактілер топырақтың физикалық нашарланғанын көрсетеді. Олай болса, ондай топырақтың құнары да төмендейді деген сөз. Топырақ құнарын құрайтын заттардың ішіндегі ең маңыздысы, әрине гумус (қара шірінді). Осы гумус заты қандай мол болса, топырақтың құнары да сондай жоғары болады. Атыраулық топырақтарда гумустың жиналуы өзеннің тасуына ыңғай құбылып тұратын гидрологиялық режимге байланысты. Ылғалы мол жерде қау болып қалың өсетін өсімдіктердің тамыры шірігенде гумустың қоры жыл сайын белгілі дәрежеде толығып отырады. Бірақ өлкенің қуаңдануы себепті осы аса құнды органикалық зат тез азаяды. Міне, осындай жағдайда Сыр атырауының ең құнарлы деген топырақтарының жоғарғы 0,50 сантиметрлік қабатындағы гумустың қоры бір гектарда 37 – 53 тонна шамасында кеміді. Өсімдікке қажетті қоректік заттардан азотты алатын болсақ, оның топырақтағы қорының 90 проценті өсімдік тікелей сіңіре алмайтын органикалық заттың құрамына кіреді. Тек шамалы бөлігі ғана азоттың нитрат және аммиак түрлерінің үлесіне тиеді. Топырақтағы жалпы азоттың қоры кейде тіпті ондағы гумустың мөлшеріне тікелей қатысы бола бермейді. Бұл осы өңірдегі топырақтардың басты ерекшелігі. Сондықтан жер қуаңданып кетсе де топырақтағы гумуске қарағанда жалпы азоттың қоры аса көп өзгермейді деуге негіз бар. Өткен кезеңде көл табаны немесе шалғыны қалың гидроморф топырақ болған, қазір кеуіп тақырланған топырақтарда оқта-текте кездесетін тереңірек қабатта көміліп қалған азоттың едәуір қоры соны дәлелдейді. Әйтсе де топырақ кепкенде ондағы гумус азайып, азоттың сапалық құрамы өзгереді. Бірақ соның барысында пайда болатын азоттың жылжымалы түрлері, әсіресе нитрат түрі ортада қордаланып жиналмайды, сөйтіп оның жалпы құнарлығы кемиді. Топырақ құнарын құрайтын тағы бір элемент – фосфор. Оның мөлшері топырақ құрылатын шөгінді жыныстардың тегіне (генезис) тікелей байланысты. Биогендік факторлардың атыраулық, топырақтарда фосфордың жиналуына пәлендей ықпалы жоқ десе де болады. Сол шөгінді жыныстардың минералдық құрамының есебінен бұл жердегі топырақтарда фосфордың қоры орта дәрежеде. Алайда қуаң топырақтардағы фосфордың жалпы қорына қарап, оның өсімдікке тиімділігін бағалау қиын. Өйткені, ол Қызылорда күйінде болады. Бұл суда ерімейтін қосылыс, демек, оның құрамындағы жылжымалы фосфордың мөлшері шектеулі. Әдетте фосфор өсімдікке тиімді болуы үшін ол жылжымалы болуы шарт. Үш кальцийлі фосфаттың құрамындағы фосфор жылжымалы түрге көшеді, егер ортада ылғал мол болып, анаэроб процесі жүретін болса ғана. Ондай жағдай суға бастырып күріш еккенде болады. Сонымен жоғарыда айтылған гумустың, азот пен фосфордың жиналу ерекшеліктері жер қуаңданғанда оның құнарын толықтыруға себі аз болатыны байқалды. Қазақстанның орталық институттары жүргізген топырақ пен геоботаниканы зерттеген жұмыстарының қорытындыларын ертеректе жиналған осындай мәліметтермен салыстырғанда Сырдарияның атырауында ылғалды топырақтардың көлемі 1556 мың гектар болатыны анықталды, оның 710 мыңы шалғынды аллювий және 846 мың гектары шалғынды батпақ пен батпақтар. Сонан жетпісінші жылдардың аяғында 113,6 мың гектар шалғынды аллювий топырақтары кеуіп, сорланып кетті. Шалғынды батпақ пен кәдімгі батпақтардан 532,9 мың гектары сондай күйге түсіп, оның 30,9 мың гектары сорға айналды.
Таблица 25
Қызылорда облысының аумағындағы негізгі топырақ түрлерінің өзгеруі
(1959 – 1979 ж.)
(Нұрғызанов және басқалар, 1979 ж.)
Р/с
Топырақтың түрлері
Мың гектар
1959 ж.
1978 ж.
Айырмасы
1. Шалғынды аллювий568 397,4 – 170,6 2. Мәдени суармалы шалғынды аллювий57+57 3. Қуанданған шалғынды аллювий 14 2 200,6+58,64. Шалғынды батпақ5 3 1 169, 2- 36 1,85. Кепкен шалғынды батпақ 27 2,8+ 27 2,86. Тақырланған шалғынды батпақ 20- 3 157. Батпақ 3 15+ 208. Кепкен батпақ 260, 1+ 260, 19. Тақырланған батпақ 10,9+ 10,9 10. Күріштік батпақ8 3+8 3 1 1. Сор 1 10 3 1 2 1 3+ 1 10 1 2. Тақыр мен тақырлау 354 3 35 18- 25. Өлкенің қуаң тартқан режиміне ыңғай топырақтар бір түрден екінші түрге айналып, олардың қасиеттері өзгерумен бірге тұздану процесі жаңа сипат алды. Дарияның ағысына тежеу салғанға дейін және онан кейін су азайған соң Сырдарияның атырау басында, ескі (орталық аймақ) және жаңа (Қазалы) атырауда зерттеушілердің жүргізген жұмыстарына қарағанда, топырақтың тұздануы едәуір күшейгенін көруге болады. Әр топырақ төрінің өзіне тән қалыптасқан тұзды режимі бар. Бірақ оны тұрақты деп айтуға негіз жоқ, өйткені жергілікті жердің гидрологиясының өзгеруіне орай ол да құбылып отырады. Айталық, өзеннің арналық қырқасындағы және оған жақын жатқан шалғынды аллювий топырақтары. Өзеннің ағысы мол жылдары жыл сайын тасқын су басқан кезде топырақ профиліндегі тұздар төмен қарай жылжып, су қайтқан соң буланған сумен бірге жоғары көтерілетін яғни, бұл маусымдық қайтымды тұз режимі. Сол себепті бірде жоғары жылжып жүретін тұздар профилде онша көп тұрақтап жинала қоймайтын. Осы топырақтардың жоғарғы екі метрлік қабатында бір гектар жердегі тұз 90 тонна шамасында болатын. Бертін келе Сырдарияның ағысы тежелуіне байланысты тек ерте көктемдегі өзенді сең буғанда ғана арнаның жиегінен асатын азын-аулақ су басқан ой-шұқырлар болмаса, шалғай учаскелер құрғақ күйінде қала берді. Мұндай жағдайда профилдегі тұздың жылжуы тек бір бағытта жоғары қарай жүреді, бірақ шайып кететін су болмағандықтан топырақ бетіне жинала береді. Бұл құбылыс тұрақты болып, тұз режимі маусымдық қайтымсыз процеске айналады. Профилдегі капиллярлық ағынның тек бір бағытта жүруінің себебінен сол зерттеу жүргізген кезеңде топырақтың жоғарғы қабатындағы тұздың гектарлық қоры 130 тоннаға дейін көбейді. Бұрын ылғалы мол, өсімдігі қау қалың өсетін топырақтар, мысалы шалғынды батпақ та кеуіп осындай күй кешті. Ондада профилдегі тұз режимі маусымдық қайтымсыз сипат алды. Қабаттағы су үстінен қосылатыны жоқ бірыңғай жоғары қарай жылжып булана берген соң топырақтың жоғарғы екі метрлік қабатындағы тұздың қоры көбейіп, ол әр гектарда бұрынғы 98 – 100 тоннадан 125 – 133 тоннаға дейін болды. Кей жерлерде кепкен батпақтың орнында топырақ профилінде осы деңгейдегі тұздың қоры 250 тоннаға дейін көбейді. Тақырлау топырақтың профилі өте құрғақ кеуіп қалған. Қабаттағы су өте терең жатқандықтан тұздың төменнен көтерілуі болмайды немесе мардымсыз. Тұздың ондағы қоры гектарына 183 тонна. Бұл аймақта жалпы гидрологиялық режимнің өзгеруі салдарынан қабаттағы судың деңгейі 1 – 2,5 метр тереңдікте жататын жерлердің көлемі азайып, оның есесіне қабаттағы су 5 – 10 метрде жататын жерлердің көлемі көбейді. Бұл процестің тездеуіне себеп болатын қабаттағы судың капилляр арқылы булануымен қоса ылғалды жердің қау өсетін өсімдіктері. Оның ішінде әсіресе қамыс суды көп буландырады. Бар ғылыми деректер бойынша, қамыстың қалыңдығы орта дәрежеде болғанда бір гектар жерден 12000 текше метр суды буландырады екен (Бейдеман, 1949). Осындай себептерден Сырдарияның сол жағасындағы 1-ден 2,5 метр тереңдікте болатын жердің көлемі 65 процентке азайып, ал5-тен 10 метрге дейін тереңдікте болатын жерлердің көлемі үш есе көбейді. Сол сияқты қабаттағы судың минералдануы (тұздылығы) 1 – 10 г/л-ден 10 – 25г/л-ге дейін көтерілді. Сөйтіп, бұрын жер астына жақын жатқан судың ықпалымен қабаттағы судың қоры ирригациялық режимге көшті, яғни суармалы егін, әсіресе күріш егілген жерлерде және соған жақын жатқан учаскелерде ғана қабаттағы судың деңгейі онша терең кетпейді, демек оның динамикасы маусымға қарай өзгеріп отырады. Сонымен қорыта келгенде Сырдың төменгі ағысында топырақ түрлерінің дамуы, олардың бір түрден екінші түрге айналуы, мелиоративтік күйі мен құнарлылығының қалыптасуы өзеннің динамикасымен тығыз байланысты болады екен. Қазіргі кезде топырақтың даму бағыты қуаңдану процесінің ықпалымен жүруде.
Жерді егіншілікке пайдалану.
Сырдарияның төменгі ағысындағы атыраулық өлкені алғашқы болып мекендеп, балық пен аң аулауды кәсіп еткен келтемұнар (кельтеминар) тайпалары деген ғылыми археологиялық деректер бұл өлкенің өткен тарихынан едәуір сыр шертеді. Келтемұнар мәдениеті осы өңірді онан да бұрын мекен еткен неолит (тас дәуірі) балықшылары мен аңшыларының үрім-бұтағы болса керек. Бертін келе олар егіншілікпен айналыса бастайды. Бірақ егін мардымсыз, суармалы егіншілік дегенді білмеген. Тек көл жағасындагы ызасы бар «қайраң» жерлерге арпа мен тары егетін болған. Онан да бері бұл аймақ масағұт (массагет) тайпаларының мекеніне айналады. С. П. Толстовтың (196 1) айтуынша «Ерте заманда бұл өлкені баяғы Парсы жаулаушылары Кир мен Дарийдің қайсар қарсыластары Сақ-Масағұт тайпалары мекендеген, ал олар кейінірек яғни біздің жыл санағымызға дейін І-ІІ ғасырларда Грек-Македон шапқыншыларының билігін жойып, құшандардың ұлы Орта Азия-Үнді патшалығын құруда үлкен роль атқарды». Масағұттар егін егумен бірге ертеден қалыптасқан балықшылық кәсібін де қалдырмай, мал да бағып, жартылай көшіп-қонып жүрген. Масағұт дәуірінен бастап біздің заманымызға дейін Сырдың жері талай дүрбелең заманның куәсі болды. Орта Азияны мекендеген Сақ тайпаларымен тізе қосып Масағұттар талай жауға қарсы тұрды. Өздерінің жері мен суын қорғап, әбден шыныққан жасақты жауға дес бермеді. Азияның ұланғайыр даласында тынымсыз жорық ашып керемет шыңдалған, соғыс тәжірибесі мол Кир мин Дарий шапқыншылары ауыр соққыны осы Сақ-Масағұт тайпаларынан алып еді. Кір патшаның өлімі Сақтардың әйел патшасының қолынан болғаны соның айғағы. Грек-Македон шапқыншылары да Сырдың атырауына жеткенде Масағұт жауынгерлерінің соққысына шыдай алмай талай жеңіліске ұшырап, ақыры келген жағына қашуға мәжбүр болды. Масағұттар да олардан кейін осы жерді мекендеген тайпалар да Сырдың төменгі ағысы үшін сан жаумен айқасып, көл-көсір қан төккенде осы өлкенің тұрақты ел мекені болатын тіршілікке қолайлы екенін білген еді. Көрші жатқан Хорезм жұртымен қатысып тұратын масағұттар, сол диханшылық тәжірибесі мол елдің ықпалы болса керек, әйтеуір біздің жыл санағымыздан бұрын VІІ – V ғасырларда суармалы егіншілікпен айналыса бастайды. Сол тұста осы өңірге Хорезм жерінен келген дихандар орналасады. Біртіндеп Сырдарияның төменгі ағысы ірі суармалы егіншілік аймағына айналды. Бар деректерге қарағанда, осы өңірде 2,2 – 2,5 миллион гектар егістік, оның бір миллиондайы тұрақты суармалы егістік болған көрінеді. Орта ғасырда сыр бойында егілетін дақылдардың да түрі көбейіп, арпа мен тарыға қоса күріш те егіле бастайды. Хорезм мен Сырдың жоғарғы тұсындағы елдердің егіншілік мәдениетімен салыстырғанда төменгі Сыр бойындағы егіншіліктің дәрежесі әлдеқайда төмен еді. Оның да себебі бар. О заманда бұл өңірдің дихандары жерді суландыру жүйесін әжептәуір жақсы жасағанымен кей жылдары Сырдарияның дүлей тасқын суы тоғандарды бұзып, арықтарды жарып, егіндік жерді көлге айналдырып жіберетін. Оның үстіне қит етсе найзасы сартылдап шауып келетін қырда мал баққан жауынгер тайпалар тыныштық бермей қойды. Қиян-кескі осындай арпалыстардан кейін күйзелген ел, жайқалған егін мен суы толық арықтардың орнында құлазыған дала қалды. Хорезмнен келген дихандар да бұл өлкеге ірге теуіп тұрақтай алмай келген жағына қарай ойысты. Бір халықтың орнына басқалары келді. Осындай алмағайып, заман соңғы екі жарым мың жылға созылды. Осы уақыттың ішінде Сырдарияның төменгі ағысындағы жерлер үш рет игеріліп, жайқалған егіндікке айналды, бірақ оқтын-оқтын күйзеліске ұшырап, тозып кете берді. Үздіксіз дамыған тұрақты суармалы егіншілік болмады. Жаңадария жазығында жаңа дәуірге жақын тұста суармалы егіншілікпен ең соңғы айналысқан Қарақалпақтар еді. Бірақ олардың да егіншілік мәдениеті қысқа болды. Бір соғыста қоқандықтардан жеңіліс тапқан қарақалпақтар бұл өлкені тастап Хорезм жеріне кетті де, егіншілік тыйылды. Сонымен ескі заман мен Жаңа дәуір аралығында сырдың атырауы жері мен суы мол, бірақ нашар игерілген өлке болып жата берді. Бұл кезде Сырдарияның суы азайып, сабасы ықшамдала бастады. Шу мен Сарысу өзендері де Сырдарияның арнасына жете алмай, аяғы көлге құйып немесе құмға сіңіп тоқтады. Сырдария өзенінің бас жағынан қосылатын кіші өзендер оң жағынан келетін Хасансай, Қабасай, Шадақсай, сол жағынан құятын-Есбайрамсай, Сақ, Еспара, Қожабақырған тоғандарға ұшырап сол жердегі дихандардың мөлтек суына айналып кетті. Сонда Сыр суының азаюы жоғарғы елдердің егіншілікпен айналыса бастаған дәуіріне тұтас келетін сияқты. Жаңа дәуірде Сырдарияның атырауын мекендеген елдің отырықшылыққа бейімделіп, егіншілікпен айналысуына өткен ғасырдың ортасында осы өлкенің Сырдария облысы болып Ресейге қосылуы себеп болды. ата кәсібі деп мал бағып, жаз шыға маса-сонадан қашып қырға кететін, оңай олжа деп аң мен балық аулайтын ел енді егіншілікке бет алды. Бірақ алғашқыда егіншілік мардымсыз болатын. Қара кетпен мен ағаш соқадан басқа құралы жоқ басы бірікпейтін шаруаның ірі арықтар қазып, тоған жасап көлемді егін егетін хәлі жоқ еді. Көбінесе аяғынан су жарайтын ойлау жерлерді ғана бейімдеп егін егіп жүрді. Егіс көлемі көбейген сайын су жүйелерін де ұлғайту қажет болды. Ірілі-уақты арықтар қазылып, олардың саны 1915 жылы 540-қа жетті. Бірақ суару жүйесін көбейткенмен егістің көлемі ұлғая қоймады. Әйтсе де, 19 ғасырдың аяғында суармалы егістің көлемі едәуір көбейіп, 14 мың гектарға жетті. Бұл осы өңірдің тарихында қайта жаңарудың бастамасы болды. Алпысыншы жылдардың ортасында (1964ж.) С.Я.Жук атындағы «Гипропроект» институты жасаған жоба бойынша Қызылорда облысында 315 мың гектар суармалы егіншілік болады деп белгіленді. Оның 300 мың гектарын Сырдария өзенінің және 15 мың гектарын таудан ағатын майда өзендер мен жер астының артезиан суларымен суарылатыны жобаланды. Сырдарияның суымен Шиелі ирригациялық алқабында 70 мың, Қызылорда алқабында (орталық аймақ) 170 мың және Қазалы алқабында (жаңа атырау)
60 мың гектар жер суарылатын болды.
Таблица 26
Қызылорда облысында суармалы егіс көлемінің динамикасы
(мың гектар)
Р/с
Дақылдар
1970 ж.
1990 ж.
1995 ж.
1
Дәнді дақылдар, барлығы
65,4
139, 8
124,0
2
Оның ішінде күріш
61,1
86,7
68,5
3
Техникалық дақылдар
1,5
10,0
4
Картоп
0,5 3,4 5,0
5
Көкөніс-бақша
1,6
38,0 8,0
6
Мал азықтық дақылдар
112,8
100,6
68,0
Алайда, практикалық іске көшу барысында жоба мен нақтылы егіс көлемінің арасында үйлеспеушілік болғанын айту орынды сияқты. Өйткені, сол жобаны иске асыру басталғалы отыз жылдай уақыт өтсе де, облыс суармалы егістің көлемін межелі жерге жеткізе алмады. Дәлірек айтсақ, тоқсаныншы жылдардың ішінде айналымдағы суармалы жердің көлемі. Қызылорда облысы бойынша 286 мың гектар, яғни, жобадағы бастапқы межеден 29 мың гектар кем. Оның басты себебі, Қызылорда облысы суармалы жердің көлемін жобадағы деңгейге жеткізу үшін Сырдария өзенінен бөлінген өзіне тиесілі суын ұзақ жылдар бойы толық ала алмай келеді. Біресе дарияда су тапшы болады, енді бірде суды бөлетіндер Қызылорда облысына суды аз бөледі, әйтеуір жетімсіз судың қияметін Сырдың төменгі ағысындағы ел көріп отыр. Жетпісінші жылдардың ортасында төрт жыл қатарынан (1974 – 1977 жж.) өзен суының азаюына байланысты Қызылорда облысы суармалы егістің көлемін едәуір кемітуге мәжбүр болды. Онан кейінгі болған мол су етек алып кеткен табиғи қуандану процесінің бағытын өзгертуге пәрменді ықпал жасай алмады. Сол себепті 1977 – 1978 жылдары облыста егістің көлемі жоспардағыдан 21,5 мың гектарға азайды. Рас, Сырдария өзенінің жылдық ағысы әр жылы бірдей бола бермейді. Кей жылы су мол, кей жылы тапшы болатыны белгілі. Бұл – табиғи құбылыс. Дегенмен бөлінген су түгел келіп тұрғанда облыс 300,0 мың гектар егісті оның ішінде 80 – 85 мың гектар күріш егісін суаруға толық жететін еді. Бірақ олай болмады. Әйтсе де, облыс сол жетімсіз сумен суармалы егіс көлемін соңғы жылдары едәуір кеңейтті. Әрине, оған қыраулар қаржы-қаражат жұмсап, үлкен бағдарламаны жүзеге асыруға тура келді. Ирригация жұмыстарына ерекше көңіл бөлу кездейсоқ емес. Олай дейтініміз, Қызылорда облысында суармалы жердің көлемі жалпы шаруашылықта пайдаланып жүрген жердің бір процентін ғана құрайды. Сол азғантай көлемді жер егіншіліктен алынатын өнімнің
98,9 процентін беретінін ескерсек оның тиімділігі айтпаса да түсінікті. Суармалы егісті құрайтын алуан түрлі дақылдардың экономикалық маңызы бірінен бірі кем түспейді. Оның ішінде дәнді дақылдар (күздік және жаздық бидай, жүгері, күріш, тары, арпа), көкөніс, бақша, картоп, техникалық дақылдар (қызылша, күнбағыс, сафлор), мал азықтық дақылдар (сүрлемдік жүгері, жоңышқа малжемдік бақша, тамыржемістілер, судан шөбі) бар. Жалпы дәнді дақылдардың ішінде күріштің көлемі – 43 процент. Онан өзгелері күздік және жаздық бидай – 27,6 процент (45 мың гектар), жүгері, арпа, азғантай ғана тары. Күріштегі басқа дәнді дақылдардың агротехникасы – жер жырту, оны баптау, тыңайтқыштар беру, оқтын-оқтын суару сияқты шаралар бәріне бірдей қарапайым деуге болады. Айырмашылығы – егу мерзімі мен суарудың санында. Олардың ішінде суды көбірек тілейтін жүгеріні 3-4 рет суарады. Бұл дақылдардың Қызылорда облысының жағдайындағы гектарлық суару нормасы 3 – 4,2 мың текше метр. Соның өзінде бір гектар жүгеріге жұмсайтын судың нормасы күрішке қарағанда алты еседей аз. Қалай дегенде де бұл дақылдарды суаруға жұмсалатын су көп емес, олай болса ортаның экологиялық күйіне, ең алдымен топыраққа залалды зияны жоқ. Қайта керісінше, бұл дақылдардыңжергілікті бейім агротехникасын қатаң сақтаған жағдайда топырақтың мелиоративтік күйі жақсара түседі. Демек оқтын-оқтын суаратын дақылдардың күтімін дұрыс жолға қойғанда экономикалық пайда көбейетіні өз алдына, сонымен бірге қоршаған ортаның компоненттері арасындағы тепе-теңдікті ешбір ақаусыз сақтауға мүмкіндік болатыны байырғы дихандар тәжірибесімен дәлелденген. Осылардың ішінде өзінің биологиялық және суға бастырып егетін агротехникалық ерекшеліктерімен оқшау тұрғаны күріш дақылы. Бұл дақылды егу экономикалық тұрғыдан тиімді десекте, қоршаған орта үшін зиянды залалы жағынан теңдесі жоқ екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Мінекей ширек ғасырдай уақыт бойы облыстың экономикасы тек күріш дақылына бейімделіп келді. Шындығын айтсақ, күріш дақылының облыс экономикасына қосқан үлесі мен оның табиғатқа келтірген зиянын, сол арқылы осы өңірді мекендеген елге тигізетін қасіретін таразыға салса, соңғысы басым екенін басым екенін әркім мойындайды. Сондықтан Арал өңірінің қазіргі экологиялық аянышты хал-ахуалы осы күрішпен байланысты десек қателеспейміз. Күріш егісінің көлемі қалай көбейгенін еске түсірсек, соғыстан кейінгі жылдары астық өндірісін ұлғайтуды көздеген үлкен бағдарлама қабылданып, онда басқа дақылдармен бірге күріш өндіруді көбейту мәселесі көтерілген болатын. Соган орай, жердің ресурсы мол, жеткілікті су көзі бар ауа-райы қолайлы аймақ іздегенде таңдай Сырдарияның төменгі ағысына түсті. Бірақ бұл аграрлық қате стратегия еді. Неге десеңіз, Азияның жауын-шашыны мол аймақтарындағы құрамында тұзы жоқ, реакциясы қышқылдау топырағында егуге бейімделген дақылды топырағында тұзы көп, ауа райы өте құрғақ, әрі ыстық аймағына ектірді. Мұның арты экологиялық күйзеліске соқтыратынын ғалымдар білді, ол жөнінде айтылды да, бірақ «айттым бітті» заман емес пе, күріш осы өлкеде дақыл болып қала берді. Алғашқы жылдары бұрыннан егіліп жүрген дәнді дақылдар (күріш, бидай, арпа, жүгері), бақша, мал азықтық шөптермен қатар техникалық дақылдардан мақта, кендір, үпілмәлік (клещевина) егістері де алқаптардан орын алды. Бірақ қанша күтіп баптағанымен соңғылары ойдағыдай өнім бермеді. Құрамында органикалық заты аз, іркіп-іркіп суарғанда сақырлап қатып қалатын және бетіне соры шыға келетін топырақтарға шыдай алмады, жұмсаған шығынды ақтамады. Екшеп-екшеп келгенде Сыр елінде көнбісті, әрі тәп-тәуір өнім беретін күріш болып шықты. Күріш егісін ұлғайтуға қозғаушы болған басты себептің бірі мемлекет оның өндірісін көбейтуді пайымдап, күріштің сатып алу бағасынөзге дәнді дақылдармен салыстырғанда едәуір көтеріп жіберді. Сонан облыстың экономикасытек күріш егісіне бейімделіп, жер-су, қаржы-қаражат ең алдымен соған пайдаланылатын болды. Күріш мол болса барлық проблема шешіледі деген жалған ұғымды жалаулатып, барлық материалдық қор күш-жігер күріш өндіруге жұмсалады. Сөйтіп, күріш экономиканы тіреп тұрған басты дақылға айналды. Басты дақыл болған соң оның көлемі көп, өнімі мол болуы тиіс. Өйткені, жоғарыдын түскен жоспар мен жергілікті басшылар ойлап тапқан көтерме жоспарды орындау шарт болатын. «Сырдарияның атырауындағы барлық күш, мүмкіндік еліміздің шығыстағы сарқылмас күріш өндірісін ұлғайтуға жұмсалсын!» – деген ұрандеді дәрежесі сәл төмендеу жергілікті басшылар бұл нұсқауды күрішшілерге мичуринше – «Біз табиғаттың қайырымдылығын күтпейміз, біздің мақсатымыз оны алу», деп ғылыми-романтикалық жамылғымен әспеттеп жеткізді. Алғашқы кезде егін қарапайым агротехникамен жабайы жерге егілді. Жұмыстың негізгі түрлері егетін учаскеге дейін арық қазып су жеткізу, жерді атыздау, тұқым сеуіп, суға бастыру болатын. Өнім жердің өзінің табиғи құнарынан және Сырдария өзенінің суындағы қоректік заттарға бай лайдың есебінен болып тұрды. Өкінішке қарай, өнімді жерді тиімді пайдалану арқылы көбейтудің жолына түспей, әлі келгенше артық, бірақ есепке кірмейтін көлемді жерге егіп, өнімді қосып жазу арқылы жалған «рекорд»жасау қаулап кетті. Ақиқатына жүгінсек, Сырдың төменгі ағысында табиғатты сорлатып, экономиканың тұралатқан осы жалған «рекортты»өнім алу болғанын мойындауға тура келетін. Сол себепті күріштің егіс көлемі бақылаусыз көбейіп, көкөніс, бақша, жеміс-жидек, мал азықтық дақылдар егуге қолайлы құнары тәуір жерлердің көпшілігі күріштікке айналды. Ондаған мың гектар бұталы жиде тоғайлар, шөбі қалың балауса шабындық пен жайылым жерлер тым-тырағай айдалып күріш егілді. Бірінші игерілген жылы табиғи құнарлылық есебінен әр гектардан 30 – 35 центнерден өнім беріп тұрды. Бірақ, бұл учаскеге екі жыл қатарынан күріш егілмеді, яғни жыл сайын жаңадан тың жерлер ашылып, ондаған шақырым каналдар қазылып, егіншілік «көшпелі» сипатта болды. Күрішті бір маусым ғана егіп, артынша тастап кеткен жерлерді!тұз басты. Сырдарияның төменгі ағысына келген азғантай су түгелдей куріштің атызына құйылып жатты. Біртіндеп «көшпелі» егістің көлеңкелі жағы да көрініп, экономикалық өрбуге кедергі болды. Осыдан келіп суармалы егіншілікті инженерлік жүйеге көшіру қажеттілігі туды. Сөйтіп, соңғы ширек ғасырда облыс осы бағытта едәуір жұмыстар атқарды. Атап айтқанда, суармалы жерде инженерлік жүйеге келтіру, суару және қашыртқы жүйелерін, гидротехникалық құрылыстар салу, шөл және шөлейт аймақтардағы жайылымдарды суландыру сияқты өлке үшін өте маңызды ирригациялық жұмыстардың үлкен бағдарламасы жүзеге асырылды. Инженерлік жүйемен дайындалған жердің көлемі 205 мың гектарға жетті. Жер суаратын Қызылордалық Солжаға және Оңжаға, Келінтөбе, Әйтек, Жаңа Шиелі ірі каналдары қазылды. Қазалы су торабы және әртүрлі 22,5 мың гидротехникалық құрылыстар салынып іске қосылды. Егістікке су беретін шаруашылықаралық және ішкі шаруашылық каналдардың ұзындығы 14,5 мың, қашыртқы каналдардың ұзындығы 10 мың шақырымға жетті. Сөйтіп, күріш егісінің көлемі 1988 жылы 94,2 мың гектарға, ал кей жылдары жүз мың гектардан асып түсті, ірі-ірі қашыртқы жүйелері салынды. Олар Жаңақорған ауданындағы К-1, К-2, Шиелі ауданындағы К-1, К-3, К-4, Шиелі – Төлі көл, Сырдария ауданындағы – Көксу мен Оңтүстік, Тереңөзек, Жалағаш, Қармақшы аудандарының күріштік жүйелеріндегі қашыртқы суды тартатын Солтүстік сияқты қашыртқы каналдар іске қосылды. Сонымен қатар Қармақшы ауданындатағы бірнеше осындай қосалқы жүйе бар. Олар батыс Қармақшы (БКК), шығыс Қармақшы (ШКК) және Қармақшы қашыртқылары (КК). Қазалы ауданында К-1, К-2, К-3, қашыртқы каналдары жұмыс істейді. Ащы да болса шындығын айтайық, осынша қашыртқы жүйелері бола тұра облыс аумағындағы суармалы жерлердің мелиоративтік күйі, жылдан жылға төмендеп бара жатқанын көз көріп отыр.
Суармалы жердің экологиялық жағдайы
Суармалы жерде әртүрлі дақылдар егіледі. Олардың ішінде биологиясы ерекшесі күріш. Ол көктеп шыққаннан бастап толық піскенше, яғни үш ай бойы суда тұруы шарт. Соған сәйкес егу технологиясы да өзгеше. Ал, су болатын болса, ол тіршілік үшін өте қажетті фактор екені рас, әйтсе де бір жерде жиналып тұрыңқырап қалса, топыраққа тигізетін зияны шаш етектен. Сондықтан суармалы жердің экологиясын күріш дақылымен байланыстырып талдау жөн сияқты. Қызылорда облысында күріштік жердің топырағын зерттеу нәтижесінде (В.М.Боровский 1950, И.Д.Шарапов 1955, Р.А.Чаркона 1960,Ш.А.Шолақов 1969, А.И.Волков 1971, А.М.Нұрғызарынов 1978) жиналған ғылыми деректерге қарағанда, күріштің астындағы топырақта өте күрделі биологиялық процестер жүреді. Соның әсерінен топырақтың физикалық және химиялық қасиеттері өзгеріске ұшырайды. Қызылорданың жағдайында күріш дақылын атызды суға тұрақты бастырып егетіні белгілі. Судың тереңдігі 5-тен 15 – 20 см-ге дейін, ал тұру мерзімі 85 – 90 күн. Атызда ұзақ тұрған су жер астындағы сумен қабысатыны түсінікті. Соның нәтижесінде топырақ пен атмосфера арасында еркін газ алмасу тоқтайды, су мен топырақтың қауышқан жерінде қалыңдығы шамамен 0 – 2 см (Шолақов, 1969), 0 – 3 см (Кириченко, 1934) биологиялық шел (пленка) пайда болады. Бұл шелді топырақтың бетінен жоғары тотыққан (оттегі жеткілікті) зона мен онан төмен жатқан тотықсызданған зонаның арасындағы шекара деп қарауға негіз бар. Атмосфералық қысым мен температураның құбылуына орай биологиялық шөлден жоғары суда еріген оттегінің концентрациясы да өзгеріп тұрады. Биологиялық шелден төмен жатқан қабатта тотықсыздану процесі жүретін болғандықтан мұнда оттегі жетімсіз. Демек, шелден жоғары қабатта оттегінің қатысуымен жүретін аэробтық процестер, ал онан төмен оттегісіз анаэробтық процесстер жүреді. Бұл процестер микроорганизмдердің тіршілігіне байланысты. Олардың күшеюіне күннің ыстығы ықпал жасайды. Маусым және шілде айларында атыздағы топырақ та +22 – 26 градусқа, кейде тіпті +30 градусқа дейін қызады. Топырақтағы микроорганизмдердің саны температураға сәйкес өзгеріп отыратынын мына таблицадан (27) көруге болады.
Таблица 27
Күріш астындағы топырақтың айдау қабатындағы микроорганизмдердің саны
(1 грамм топырақта мың есебімен)
(Шарапов, 1969)
Микроорганизм
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
1
Аэробтар
9100
2000
5300
2500
5000
2
Анаэробтар
30
177
79
86
56
Таблицадағы материалдарға қарағанда, мамыр айында атызда суға бастырудан бұрын топырақтың айдау қабатында аэроб бактериялардың саны басым екені көрінеді. Анаэробтар әлдеқайда аз. Топырақты суға бастырған соң (маусым) аэробтардың тіршілік процесібіршама бәсеңсіп, бір грамм топырақтағы олардың клетка саны 2000-ға дейін азайғаны көзге түседі. Сонан шілде айында қайтадан жанданғаны байқалады, ал тамызда тағы да төмен түсіп кеткен. Олардың тіршілік процесі қайтадан күшейген көзі атыздағы суды тартқан соң топырақ құрғай бастаған мерзімге тура келеді. Анаэробтар болатын болса, олардың ең күшейген кезі маусым айында болған. Вегетацияның аяғында анаэробтардың тіршілігі біртіндеп сөнетіні көрініп тұр. Топырақтағы күрделі биохимиялық өзгерістер мен қолайсыз қасиеттердің жиналуы анаэробтық қабатта жүреді. Оған себеп, микроорганизмдер тыныс алу үшін өздеріне керекті оттегін ең алдымен суда еріген оттегінен алады. Бірақ судағы еріген оттегі көп емес. Көп жыл зерттеу жүргізген И.Д.Шараповтың (1969) мәліметі бойынша күріш еккен жерде жаз бойы бір гектар топыраққа 6 – 9 мың текше метр су сіңеді. Онда небәрі 50 – 70 кг еріген оттегі бар. Ал вегетация кезіңде микроорганизмдердің тіршілігі үшін гектар сайын ең кемі 3 – 4 тонна оттегі жұмсалатын көрінеді. Топырақта органикалық заттар неғұрлым мол болса, оларды тотықсыздандыруға кететін оттегінің шығыны да соғұрлым көп. Түсінікті болуы үшін фактіге жүгінсек, бұрын егін егіліп жүрген, құрамында органикалық зат жұтаң топырақтарда тәулігіне 24 килограмм оттегі жұмсалады. Ал егер топырақта органикалық зат көп болса, әсіресе жоңышқаның орныңда жасаң тамыр қалдықтары жеткілікті болған жағдайда, тотықсыздануға жұмсалатын оттегінің гектар сайын тәуліктік шығыны екі есе артады, яғни 49 кг болады. Алайда, микроорганизмдер суда еріген оттегін түгел ала алмайды. жылжып аққан сумен оттегінің едәуір бөлігі қашыртқыға кетеді. Судағы оттегі таусылған соң микроорганизмдер сол ортадағы жекелеген химиялық заттардың құрамындағы оттегін алып, соны пайдалануға көшеді. Ол химиялық заттар – нитраттар (NO 3), үш валентті темір тотығы (Fе 3+), сульфат (SO4), көмір оксиді (СО 2), фосфаттар (РО4). Ортада бірін-бірі ауыстырып ретімен жүріп жататын тотығу-тотықсыздану процестерінің тізбегінде аэробтық процеске жақын тұратын денитрификация, яғни бұл нитраттың тотықсыздануы (Илялетдинов, 1976). Сонымен топырақта құрамында оттегі бар химиялық қосылыстардың ішінде ең алдымен азоттың нитрат түрі тотықсызданады және бұл процесс тез жүреді. Бар мәлімет бойынша, әр гектардан 400 – 500 кг нитраттар тотықсызданады. Ол 100 – 120 кг таза азотқа тән. Нитраттардың топырақтағы қоры көбейетін мезгілі көктем, яғни күрішті суға бастырғанға дейін. Зерттеулер бойынша (Нұрғызарынов, 1978) облыстың бұрыннан күріш егіліп жүрген мәдени суармалы топырақтың айдау қабатында 120 – 160мг/кг нитрат болатыны анықталды. Бірақ жерді суға бастырған соң көп ұзамай-ақ нитраттар құрып кетеді. Азоттың бұл түрі күріштің қоректенуіне қатыспайды десе де болады. Оны көптеген зерттеушілердің мәліметтері дәлелдейді, біздің қолымызда да сондай материал бар. Жаңадария жазығында тақырлау топырақты зерттегенде, оның ескі дәуірден көміліп қалған гумусты қабатындағы нитраттың бір килограмм топырақтағы мөлшері 191 – 254 мг. болды. Сол жерде күріш дақылымен тәжірибе жүргізіп, өсімдік түптеу кезінде топырақтағы нитратты қайтадан анықтағанда онан ешнәрсе қалмағаны белгілі болды. Бұл жоғарыда айтылған азоттың нитрат түрінен күріш өсімдігіне пайда жоқ деген пікірді растайтын факті. Топырақтағы нитраттың қоры таусылған соң микроорганизмдер оттегін сульфаттың құрамына алады. Соның барысында топырақта сульфиттер, темірдің тотықтары тотықсызданып шала тотыққа айналады, сөйтіп олар ортада жиналады. Демек, ортада анаэроб жағдай күшейеді. Анаэробтың ортада тотықсыздану процесіне активті қатысатын темірдің тотығы мен шала тотығы (Fе2О5, FеО). Бұл жерде органикалық заттың рөлін атап айтқан жөн. Органикалық зат мол болған жағдайда әлгі қосылыстардың бір түрден екінші түрге көшуі тездейді. Мысалы, топырақта жоңышқаның жасаң тамыр қалдықтары немесе көң болса, онда темірдің ерімейтін бөлігінің көпшілігі оның жылжығыш түріне айналады. Ортада жылжымалы темір көбейеді. Әдетте, осы процестің барысында темірдің жылжымалы тотығы (Fе3+) 7 – 10 күннің ішінде толық тотықсызданып, шала тотыққа айналады (FеО). Бұл соңғысы өсімдіктің, әсіресе күріштен кейін егілетін дақылдардың тамырын уландырады. Темірдің шала тотығы жиналған топырақтың түсі, яғни қабаттың түсі көгілдір тартып тұрады. Анаэробтық ортада жиналатын зиянды қосылыстардың тағы біреуі – күкіртсутек (Н2S). Мұның пайда болуы және ортада жиналуы сульфатты редукциялайтын (ыдырататын) бактериялардың тіршілігіне байланысты. Топырақта әлі толық шірімеген органикалық заттар жеткілікті болған жағдайда олар өте қызу, пәрменді тіршілік етіп, сульфатты тотықсыздандыру арқылы күкіртсутекке айналады. Оның көбейетін кезі күріштің вегетациясының екінші жартысы. Ол кезде күріш бас шығарып дән байлай бастайды. Қызылорда облысының топырақтарында сульфатредукция процесінің ерекшелігі бар. Ол күкіртсутектің топырақтағы кальций және темірдің катиондарымен қосылып ерімейтін сульфидтар түзуі. Ал күкіртсутектің тотығып элементтік күкіртке айналуына микробиологиялық процестердің пәлендей ықпалы жоқ, ол тек химиялық жолмен жүреді.
Таблица 28
Шалғынды батпақ топырақтағы жылжымалы темір (мг/кг)
(Шарапов, 1969)
Р/с
Анықтаған кезі
Топырақта жоңышқаның тамыры бар
Топырақта жоңышқаның тамыры жоқ
Fе 3+
Fе 2+
Барлығы
Fе 3+
Fе 2+
Барлығы
1
12.06
(Суға бастыру алдында)
1430
340
1770
1400
510
1910
2
17.06
760
1670
2330
130
3320
3450
3
23.06
350
2020
2370
жоқ
3840
3840
4
29.06
320
2360
2680
4020
4020
5
5.07
240
2610
2850
4200
4200
6
21.07
90
2860
2950
4300
4300
Атыздағы су тартылғаннан кейін күкіртсутектің концентрациясы азая бастайды да, келесі жылғы егістік маусымның басында топырақта қалып жарымайды. Тотықтану процесінің қарқынды жүруінің нәтижесінде ортаның сілтілігі көтеріледі. Ерітіндінің сілтілігі жоғарылап, РН-тың өсуі вегетацияның бірінші жартысында тотығу-тотықсыздану процесі күшеюіне орай жүреді. Осы кезде РН-7,2 – 7,5-нан 8,5 – 9,2-ге дейін өседі. Бұрыннан күріш егіліп жүрген ескі топырақтарда сілтіліктің күшеюіне себеп болатын аммиактың, темірдің шала тотығының және натрий сульфидінің жиналуы. Вегетацияның аяғында ортаның сілтілігі төмендейді, өйткені тотықсызданған продуктылар қайтадан тотығады. Кейбір тұзы көп тақырлау және сорлау жерлерге күріш еккенде судағы еріген тұздар мен топырақ ерітіндісінің арасында алмасу реакциясы жүреді. Онан сода пайда болады. Ауыспалы егіс танаптарының шалғынды батпақты, кебірлеу топырақтарда, әсіресе өсімдік қалдықтары мол болған жағдайда, мысалы, қалың өскен қау шөптердің орнында қалған «қопақтар» шірігенде, сульфатредукция процесі де соданың жиналуына себепші болады. Сода пайда болса жас өсімдіктердің өліп қалуы сонан. Күріш астындағы топырақта тотығу-тотықсыздану процесі қандай дәрежеде, қандай бағытта жүріп жататынын білу үшін ортаның потенциалын арнаулы құралмен (РН-метр, иономер) өлшеу арқылы анықтайды. Тәжірибе үшін күріш егілген шалғынды батпақ топырақтың тотығу-тотықсыздану (Т-Т) потенциалын зерттегенде (Нұрғызарынов, 1978) жоғарыда айтылған жайды сипаттайтын мәлімет алынды. Тәжірибеде атызды суға бастыру алдында өлшегенде топырақтың 0 – 10 см қабатында Т-Т потенциалы 336 мв (милливольт) болған еді. Жерді суға бастырған соң он күн өткенде (5 маусым) қайталап жүргізген өлшеу сол тереңдіктегі Т-Т потенциялы 215 кв-қа дейін төмендегенін көрсетті.
Атызды суға бастырған мерзімнен 75 күн өткеннен кейін, бұл тамыздың 10 күні, күріштің суын тарту алдында тағы да өлшегенде топырақтың потенциялы 152 мв-қа дейін түсті. И.Д.Шараповтың (1960) зерттеулерінде жасаң органикалық затқа бай топырақта Т-Т потенциал тіпті теріс мән көрсеткен. Бұл маусым-шілде айларында анаэроб процесі қарқынды жүріп тұрған кезде болған. Мына төмендегі таблицадағы (29) материал соны растайды. Демек топырақта органикалық зат неғұрлым көп болса, тотықсызданупроцесі солғұрлым қарқынды жүреді.
Таблица 29
Күріш астындағы топырақтың тотығу-тотықсыздану потенциалы
(Шарапов, 1960)
Тәжірибенің варианты
Өлшем мерзімі
Топырақтың
қабаты, см
Еh, мв
РН
Сидератқа
(жасыл тыңайтқыш) егілген күріш
19.05 күрішті суға бастыру алдында
0 – 20
5 27
7, 2
10.07 күріштің вегетациясы кезінде
0 – 10
10 – 20
20 – 30
-97
-64 -96
9, 2 8,7 8,4
15.09 күрішті ору алдында
0 – 10
10 – 20
20 – 30
189
147
334
7,4 7,2 7,2
Үш жылдық жоңышқаның орнына егілген күріш
15.05 күрішті суға бастыру алдында
0 – 10
10 – 20
20 – 30
387
407
382
7,5 7,5 7,5
16.07 Күріштің вегетациясы
0 – 20
20 – 30
-153
-103
9,1 8,8
Таблицада (29) келтірілген мәліметтердің өзге зерттеушілердің осыған ұқсас жұмыстарының нәтижелерімен үйлесетінін байқауға болады. (Кириченко, 1934, Неунылов, 1948). Атызда су тұрғанда топырақта дамитын анаэроб процесінің құнарлылық үшін пайдасы жоқ, өйткені ондағы жасаң органикалық заттар да, құрамы күрделі гумус заты да тез бұзылады, былайша айтқанда минералданады. Органикалық зат топырақ құнарлылығының негізі болып табылатыны белгілі, олай болса, оның тез минералдануы құнарлылықтың тұрақты және тиімді болуын қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті күріштің астындағы топырақ қысқа мерзімде-ақ өзінің құнарлылығынан жұрдай болады. Рас, су астындағы топырақта органикалық зат құриды дегенде ол ізсіз жоғалады деген ұғым тумаса керек. Бірақ, мөлшері өте азайып қалатын болғандықтан тиімді құнарлылық құруға себін тигізіп жарытпайды. Арнайы жүргізген тәжірибе жұмысында (Нұрғызарынов 1969 – 1970ж) бұрыннан егін егіліп жүрген шалғынды батпақ топыраққа екі жыл қатарынан күріш еккенде топырақтың айдау қабатындағы гумустың мөлшері 1,41 проценттен 1,06 процентке дейін кеміді. 1971 жылдың көктемінде сол учаскенің топырағын қайталап талдау жасағанда ондағы гумус 1970 жылғы мөлшерінен азаймағаны анықталды. Егер топырақтағы органикалық зат гумуспен қоса есептегенде, бір бағытта тоқтаусыз минералдана берген болса, онда бұл көрсеткіш 1970 жылғыдан әлдеқайда төмен болар еді. Бірақ ондай болмады. Соған қарағанда, күріш еккен топырақтың құрамындағы органикалық зат (гумус) минералдану барысында белгілі бір шекке дейін азайып, сол деңгейде тұрақтанады, онан әрі төмен түспейді деуге негіз бар. Оның себебі, жыл сайын топырақта және оның бетінде өсімдіктердің сабақтары мен тамырлары және көкжасыл балдырлардың биомассалары қалып тұрады. Міне, сол қалған биомассаның есебінен шығын болған органикалық заттың орны толығып тұрса керек. Осындай мағлұматтар ғылыми әдебиеттерде жиі кездеседі. Күріштік топырақтың тиімді құнары мен мелиоративтік күйінің даму бағытына күрішті суару режимінің тікелей қатысы бар. Атызда суды тұрақты ұстаудың күріш дақылы үшін тек агротехникалық маңызы болып қоймайды, сонымен бірге оның бойындағы өнім беретін барлық биологиялық мүмкіндіктерін толық көрсетуіне әсерін тигізеді. Осы тұрғыдан алғанда күрішті суару режимін ғылымға сәйкес ұстанудың маңызы зор. Дұрыс ұйымдастырған суару режимі судың ысырабын болдырмау, топырақты батпақтану мен сорланудан қорғау сияқты экологиялық мәселелерді шешуге себін тигізеді. Жергілікті жерде күріштің суару режимін қолданып жүрген агротехникаға, топырақтың тұздылығы мен механикалық құрамына, жердің арам шөптерден тазалығына және егіп жүрген күріш сортының физиологиялық ерекшелігіне байланысты анықтайды. Ғылыми деректерге қарағанда (Қазақтың су шаруашылығы жөніндегі ғылыми институты, 1977), күріш көктеп шыққаннан түптегенге дейін (20 күн) небәрі 9,6 процент құрғақ органикалық зат жинайды, ал түптеу-сабақ шығару фазаларында 24 процент органикалық зат құрайды. Демек, осы екінші кезеңде ол суды көп тілейді. Қызылорда облысының жағдайында күріш егісі вегетация кезінде бір гектардан транспирацияға (бір бөлік құрғақ зат жасауға шығындалатын судың мөлшері) 5 – 5,5 мың текше метрсу жұмсайды. Соның жартысына жуығы өсімдіктің бас шығару – қамыр болу фазаларының аралығына келеді. Осы кезеңде атыздағы судың тұрақты болуы шарт. Егер осы мерзімде атыздағы су үзіліп қалса, онда өсімдік оған үлкен сезімталдық көрсетеді, масақтағы көптеген гүлдер түйін байламайды, өнім төмендейді. Күріштің суару режимін дұрыс ұйымдастыруда егінді суға бастыру әдісін таңдай білу керек. Әр аймақта әртүрлі әдіс қолданады. Қызылорда облысында жер жағдайына лайық қолданып жүрген әдіс екеу: қысқыртып бастыру және тұрақты бастыру. Оның біріншісі – күрішті тұзсыз (тұз 0,3 процент шамасында құрғақ қалдық есебімен) топыраққа еккенде қолданылады. Қысқартып бастырудың мәнісі, тұқымды сепкен соң атызды сумен тереңдігі 10 – 12 см етіп бастырады да, күріш толық көктеп шыққанша құлақты (шлюз) жауып қояды. Бірақ топырақтың ылғалы жеткілікті болу керек. Егін толық көктеп шыққан соң атызға тереңдігі 12 – 15 см етіп су береді. Ондағы мақсат, күрмектің көгін өлтіру. Сонан кейін жас өсімдіктің жапырағын судың бетіне шығып тұратындай етіп, оның деңгейін төмендетіп ұстайды. Атыздағы сумен бірдей тұрақты бастыру әдісі болса оны тұзды жерлерде қолданады (тұз 0,3 - 0,4 проценттен көп, кей жерлерде – 1,5 – 2,0 процент. ) Күріш дақылының көгі түптегенге дейін және гүлдеу кезінде тұздың концентрациясына өте төзімсіз. Сондықтан ондай учаскелерде атызға суды бірден тереңдігін 12 – 15 см-ге дейін жібереді. Сосын 3-4 тәуліктен кейін атыздағы суды ағызып жібереді. Бір күннен кейін атызға жаңалап, тереңдігі 6 – 8 см етіп береді де, оны өсімдік түптегенше ұстап тұрады. Өте тұзды жерлерде атыздағы суды үш рет жаңартады. Ондай жағдайда жердің тұз режимі өсімдіктің көгіне зиянсыз деуге болады, егер атыздағы судың бір литріндегі хлор-ион 35 мг-нан артық болмаса (Нұрғызарынов және басқалар, 1979). Егістік жердің экологиялық күйіне зор нұқсан келтірген бір жағдай, ол жетпісінші жылдардың ортасынан бастап өзен суының тапшылығына байланысты облыс шаруашылықтары күрішті суаруға қашыртқы суды пайдалануға мәжбүр болды. Ондай судың бір литрінде 6 – 8 грамға дейін тұз болатын.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде күріш егісін (минералдығы 3,5 – 4,0 г/л) қашыртқы сумен суарғанда оның көгі әжептәуір сиреп қалатыны анықталды. Бір литрінде 2,7 – 3,0 г/л тұзы бар қашыртқы сумен суарғанда күріштің өнімі, таза суда тұрған күріш егісімен салыстырғанда, гектарына
18 центнер кем болған.
Шымкент облысының Қызылқұм алқабында күріш егісін минералдығы
2,5 г/л қашыртқы сумен суарғанда өнім күрт төмендеп кеткен (Рау мен Токарева, 1976). Тәжірибелік деректерге сүйеніп, қашыртқы судың минералдануы 3-4 г/л болса ғана оны дарияның таза суымен араластырып күріш егісін суаруға минералдығы 2,5 г/л-ден аспауы тиіс. Әрине, күріш егісін удай ащы қашыртқы сумен суару өте мұқтаждықтан туған жағдай екені әркімге түсінікті. Өкінішке қарай, ондаған жылдар бойы егіс далаларына айдаған тұзды су онсыз да мелиоративтік күйі оңбай тұрған суармалы жердің тұздану қарқынын бұрынғыдан бетер үдетумен болды. Жердің мелиоративтік күйіне едәуір ықпал жасайтын факторлардың бірі күріш егісіне беретін судың нормасы. Ғылыми тәжірибелердің негізінде жинақталған мағлұматтар бойынша, Қызылорда облысының суармалы егіс алқаптарында күріштің гектарлық суару нормасы 20 – 28 мың текше метр шамасында. Бірақ, кейбір шаруашылықтарда гектарына40 – 50 мың текше метр су жұмсалып жүрді. Мұндай су ысырабының себептері көп. Кейбір учаскелерде механикалық құрамы жеңілдеу топырақтар кездесіп қалады. Ондай тік және көлденең фильтрацияға едәуір су шығын болады. Кейде суаруды бақылаусыз қалдырудан да судың ретсіз шығыны болып жатады. Қалай дегенде де көзін тауып, ұқыпты пайдаланса, тіпті тұзды деген жердің өзінде суды үнемдеп, күріштің гектарлық суару нормасын азайтуға болатынын К. Д. Ділімбетов пен С. И. Қошқаровтың зерттеулері көрсетті (1975 ж). Аталмыш авторлардың мәліметі бойынша, орта дәрежеде тұзданған жерде күріштің гектарлық суару нормасы 18,4 – 23,0 мың текше метр болған. Қызылорда облысының ауасы құрғақ, әрі ыстық жағдайында күрішке берген судың негізгі шығыны булану мен өсімдіктің транспирациясына кетеді. Су шығынын реттеп, оның экологиялық зиянды жақтарын болдырмауға жерді дұрыс дайындаудың маңызы зор. Зерттеулердің нәтижесінде тегістелмеген жабайы жерге еккен күріштің гектарлық суару нормасы инженерлік дайындалған жермен салыстырғанда 6166 текше метр артық болғаны анықталды. (Құттыбаев, 1971 ж). Тәжірибелік жиналған деректердің негізінде суару режимі дұрыс сақталатын болса, Қызылорда облысында күріштің суару нормасы (НЕТТО) тұзсыз топырақтарда – 20 – 23 мың м 3/га, тұзды жерлерде – 25 – 28 мың м 3/га-дан аспауы керек.
Таблица 30
Қызылорда облысында күрішті суару нормасы
(Құттыбаев, 1971 ж.)
Р/с
Судың шығыны
Инженерлік емес жүйе
Инженерлік жүйе
м 3/га
3/8
м 3/га 3/8
1
Топырақ суға қаныққанша бастыру
4100
10,6
3600
16,1
2
Булану
5655
14,7
5707
25,6
3
Транспирация
3505
9,1
2445
10,9
4
Фильтрация
21320
55,4
609 3
27,3
5
Атыздан ағып кететін су
3850
10, 2
44 19
20,1
Барлығы
38430
100
22264
100
Сонымен жоғарыдағы талдауды қорыта келгенде, күріштің астында тұрған топырақтың айдау қабаты өзінің физикалық және биологиялық қасиеттері жағынан біркелкі болмайтынын байқауға болады. Ортада бір уақытта қарама-қарсы процестер жүреді. Бір жағынан топырақтағы қордалы қоректік заттар өсімдік сіңіруге дайын болып жатса, екінші жағынан қоректік заттардың кейбір түрлері, мысалы, азоттың нитрат түрі сумен шайылып және денитрификациялық нәтижесінде жоғалып жатады. Ортаның сілтілігі көтеріліп, темірдің шала тотығы, күкірт-сутек, металл сияқты өсімдіктердің тамырын уландыратын заттар жиналады. Топырақ ылғал кезінде түсі көгілдір тартып (темірдің шала тотығы – FеО) иленіп тұрады да, кепкен соң тастай қатып тоңкесекке айналады. Ондай жерді ылғалы бар кезінде айдамаса соқа түспейді. Міне суармалы, оның ішінде күріш еккен жердің экологиялық жағдайы осылай қалыптасады. Арал өңірінде су тапшылығынан басталған ауыр экологиялық жағдайды ескеріп, 1990 жылы облыста агроэкожүйені жаңа жағдайға бейімдеу мақсатында суармалы егістің құрылымын қайта қараған болатын. Соған орай қазір облыстың егіс далаларында суға тілек күріш және басқа дақылдардың көлемі 26,0 мың гектарға кемітілді. Олардың орнына суды аз тілейтін басқа дақылдар егілуде. Осы уақыт ішінде облыстың барлық шаруашылықтарында бидайдың егіс көлемі 19 процентке, дәндік жүгері – 40 процентке, көкөніс пен картоп – 2 есе, күздік бидай – 3 есе өсті. Соның нәтижесінде дәндік жүгері өндіру – 1,1 есе, жаздық бидай – 1,9 есе, күздік бидай – 3 есе өсті. Алдағы уақытта облыс бидай өндіруді ұлғайтуға бетбұрыс жасап отыр. Оған себеп, есепке қарағанда 1 (бір) центнер бидай өндіруге жұмсалатын шығын сондай мөлшерде күріш өндіруге кететін шығыннан – 3,4 есе аз. Қазір бұрынғыдай күрішке қойылған монополиялық баға жоқ, бидай мен екеуінің арасында мемлекет сатып алатын бағаның айырмашылығы жоқтың қасы. Міне, сондықтан бидай егісінің көлемін ұлғайту экономикаға тиімді, экологияға үйлесімді десек болады. Сол сияқты соңғы жылдары облыс көкөніс пен картоп өндіруді шындап қолға алу қамында. Солай бола тұрса да, егіншілік саласында әзірге кемшіліктер жоқ емес, жетерлік. Оған дәлел, 1993 жылы облыс бойынша дәнді дақылдардың орта өнімігектарына 31,4 центнерге дейін төмендеп кетті. Күріш егетін шаруашылықтардың 40 процентінде, барлық шаруашылықтардың жартысындабидайдың, 90 процентінде жүгерінің орта түсімі облыстың осы аталмыш дақылдардан жинаған орта өнімінен төмен болды. Бірақ егіннің өнімі төмен болса да, сол өнімді өндіруге жұмсалған судың шығыны көбейіп кеткені таңқаларлық жағдай.
Таблица 31
Қызылорда жерді облысында суармалы тиімді пайдалану жөніндегі бағдарлама
(Арал- 2006)
Р/с
Көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
1991 жылғы
Келешекте бөлу керек
1996 ж.
2006 ж.
2001 ж.
1
Суармалы жердің көлемі, барлығы
Оның ішінде:
мың га
286,0
286,0
286,0
286,0
-инженерлік дайындалған жер
213,8
248,8
286,0
286,0
-ауыспалы егістер
күріштік -«-
175,0
175,0
175,0
145,0
Мал азықтың -«-
32,6
55, 2
81,4
95,4
Көкөніс бақшалық -«6,6
11,6
16,6
21,6
Суармалы шабындық -«1,0 2,0 3,0
Мәдени-суармалы жайылым -«6,0
11,0
21,0
Саяжай-учаскелер, ұжымдық бау-бақша, шаруа қожалығы -«-
11,9
17,4
25,4
40,4
2
Суармалы жерді пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін істелетін шаралар:
-суармалы жерді айналымға қосу (жөндеу)
5,0 8,6
5,0
-суармалы жердіқайтадан комплекстіқалпынакелтіру
35,0
48,0
60,0
-коллектор-дренаж жәнесуару желісін салу жәнеқайтадан салу
41,0
50,0
53,0
-күріш ауыспалы егісін мал азықтың ауыспалы егіске айналдыру -«-
30,0
-күріштің егіс көлемін азайту (1990ж. 87,0 мың га болған). -«5,1
12,0
12,0
12,0
Суармалы егістік жерді қорғау
Шаруашылықта пайдаланып жүрген жерді, әсіресе топырақтың құнарлы қабатын қорғау әр аймақта әртүрлі бағытта жүргізіледі. Табиғатының ерекшелігі мен жер бетінің бедеріне (рельеф) байланысты бір аймақта топырақты жел эрозиясынан (бұзылу), енді бірде жер беті ойлы-қырлы бет-бедері күрделі аймақта су эрозиясынан қорғайды. Қызылорда облысының табиғаты мен жер бетінің бедері жоғарыда айтылғандардан өзгеше. Мұнда эрозияның қай түрі болса да топыраққа қаупі шамалы, тіпті жоқ десе де болады. Бірақ эрозиядан анағұрлым қауіпті құбылыстың ықпалында. Ол топырақтың сорлануы. Соңғы ширек ғасырда осы қолайсыз құбылыс етек алып кеткені соншалық, қазіргі таңда облыстың территориясында сорланбаған суармалы жер табу оңайға түспейді десек шыңдыққа саяды. Сондықтан ғылыми-өндірістік іс-әрекеттің қайсысы болса да, топырақты тұзданудан қорғауға, айналымдағы жердің мелиоративтік күйін ойдағыдай болмағанымен қанағаттанарлық дәрежеде сақтауға бағытталады. Алайда, бұл оңай тірлік емес. Облыс территориясының үлкен бөлігін алып жатқан шөл және шөлейт даланың жайылымдарын қоспағанда, Сырдария өзенінің атырауындағы жердің көпшілігі суармалы егіншілікке, оның ішінде суға бастырып егетін күріш дақылына пайдаланатын болғандықтан топырақтың тұздануына басты себеп солШыңдығына келгенде, бұл өлкеде қандай шұрайлы жер болса да, бір-екі жылда құнарын құртып, жалпы мелиоративтік күйін аздырып, істен шығаратын жағдай күріш егу. Төтесін айтсақ, осы өлкедегі құнарлы жердің жауы күріш дақылы десек артық болма қоймас. Топырақты бүлдіретін күріштің атызында үш ай бойы тұратын су. Сол себепті, атызға берілген су ретсіз жылжымай, шайқалмай дегендей тып-тыныш жатуы тиіс. Ол үшін күріштік жерді алдын ала мұқият дайындайды, яғни тегістейді, атыздайды, суаратын және су қашыратын арықтар қазады. Амал не, топырақтың нағыз өнім беретін құнарлы қабатының бүлінуі осы дайындаудан басталады. Қызылорда облысының егіс далаларында күні кешеге дейін күріш егудің қарапайым технологиясы қолданылып келеді. Онда күріштік атыздардың көлемі 20 – 30 гектар, ал кейбір жекелеген кішкентай атыздар0, 3 гектар ғана болатын. Әрине, атыз дайындаудағы мұндай ала-құлалық жердің жағдайына қарай болады. Атыздың ұзына бойын қуалап созылып жатқан суару және қашыртқы каналдар. Суару каналдары рельефтің биік жерінен шаруашылықаралық каналдардан басын алады, ал қашыртқы каналдар ой жерлерді қуалап орталық қашыртқыға шығады. Бұл жүйеде тұрақты болатыны ұзын оқ атыздар (бөгет). Көлденең атыздар жыл сайын күріш тұқымын жерге сеуіп болған соң соғылып, егіннің суын тартып орақ салу алдында бұзып тасталатынды. Мұндай жүйені қарапайым дейтіні сол, атыздан су тізбектеп әуелі біріншіге, онан екіншіге, солай қуалап кете береді. Мұндағы бір кемістік судың режимін реттеу өте қиын. Атыздап су ұстайтын жер қолдап тегістелмеген соң көп жағдайда итаунақ болып шыға келеді. Өйткені, сырттай қарағанда теп-тегіс болып көрінгенмен су жіберген кезде ол өзі жердің қаншалықты тегіс екенін көрсетеді. Сонан ой жерлерде белуардан су іркіліп тұрса, биіктеу жер беті тобарсып кеуіп жатады. Қашыртқы болғанымен ой жердің терең суы кете бермейді, сөйтіп егінге орақ салуға кедергі болатын жағдай жиі кездесетін. Алпысыншы жылдардың екінші жартысынан бастап суармалы жерді инженерлік жүйеге көшіруге байланысты дайындау және пайдалану басқаша сипат алды. Күріш егетін жерді инженерлік дайындаудың басты шарты сол, атыз ішіндегі жер бетінің тегістігі +-5 см-ден ауытқымауы керек. Өйткені, судың теңгейін бірқалыпты ұстап тұруға сонда ғана мүмкіндік туады. Күрделі тегістеу жүргізген кезде атыздың ішіндегі төмпешіктер қыршылып, алынған топырақ ой-шұқырларға төгіледі. Жер құрғақ кезде оның бетінің орташа деңгейі +-5 см болу шартын сақтау оңай. Себебі, құрылысшылар бұл жұмысты топырақ төгілген учаскенің деңгейі қыршылған жердің биіктігінен сәл ғана жоғары болған кезінде аяқтайды. Атызды суға бастырған соң қалыңдығы шамамен 20 – 25 см етіп төгілген топырақ 3-4 см шөгеді. Жыртылған жерді суға бастырған соң қыршылған учаске ісініп, беті 1- 2 см көтеріледі. Осының бәрін қосқанда бір жыл егін егілген атыздың бетінің тегіссіздігі +-14 – 16 см-ге дейін ауытқиды. Нәтижесінде атыз бетінің биіктеу жерін су баспай қалады да, сол учаскеде минералданған ыза судың булануы күшейіп, топырақта тұздың жиналуына әкеліп соқтырады. Мұны болдырмау үшін жаңа жерлерді қабылдаған кезде атыз бетінің тегістігі +-5 см болуын тексеріпқана қоймай, қыршылған жердің орташа биіктігі топырақ төгілген жердің орташа деңгейінен +-8 – 10 см төмен болуын қадағалау керек. Мұндай ретте бір пайдаланғаннан кейін күріш атыздарының тегіссіздігі +-3-4 см-ден аспайды. Күріштік жерді дайындаған мелиоративтік құрылысшылар ереже бойынша дайын болған атызға су жіберіп, кіріккен топырақты қайта тегістеу және беті алынған учаскеге органикалық-минералдық тыңайтқыштар, төгу, арық-атыздардың кеткен жерін септеу жұмыстарын міндетті түрде орындауға тиіс. Сонан соң ғана дайын жерді егесіне өткізеді. Бірақ, бірде бір мелиоративтік құрылыс мекемесі жерді инженерлік дайындау жұмыстарын ережеге сәйкес істеген емес. Олар құрғақ кезінде бірінші рет тегістелген жерді су тимеген арық-атыздарымен қоса оп-оңай өткізіп жібереді. Ал шаруашылық басшылары жердің дайын емес екенін біле тұра оны қабылдауға мәжбүр болады. Себебі, мелиоративтік құрылысшылар жұмысты мезгілінде аяқтамай көктемгі егіс маусымы басталғанша ырғалып-жырғалып жүріп алады. Шала біткен инженерлік жерді көктемгі егіс маусымы әбден тақалған шақта жоғарғы жақтың қысымымен қабылдайды. Су құрылысшылары жерді қайта тегістеу, арық-атыздарды жөндеу жұмыстарын жиын-терін біткен соң істеп береміз деп қолхат беріп тайып тұрады. Сонымен іс бітеді, өйткені олар енді қайтып ол жерге соқпайды. Шала дайындалған инженерлік егістік жүйенің барлық тауқыметін шаруашылықтар көреді. Қолдарында арнаулы мелиоративтік техника мен қаржы-қаражаты жоқ шаруашылық жоғарыдан түсетін, төменнен көтеретін жоспарды орындау үшін шала дайындалған жерге кетпен салуға мәжбүр. Облыста суармалы жердің азып-тозуының басты себебінің бірі осы. Суармалы жердің мелиоративтік күйін талапқа сай сақтау көп жағдайда коллектор-дренаждық жүйенің жобаға сәйкес істеліп, олардың үздіксіз тұрақты жұмыс істеуіне байланысты. Жоба бойынша жүйелердің (суару мен қашыртқы) еңістігі топырақтың механикалық құрамы мен учаскенің микрорельефіне сай кеуі керек. Микрорельеф күрделі болған сайын дренаждың ұзына бойындағы құламалар топырақты ыза судан толық арылтуға шамасы келмейді де, жерді өзгермелі күйге ұшыратады. Мұндайда топырақ жағдайын алдын ала мұқият зерттеп, дренаж соған жобаланып салынған жағдайда ғана толық қанағаттанарлық жұмыс істейді. Демек, сол учаске мен оның төңірегіндегі жерлердің қайта сорлануына кедергі болады. Сол себепті тегістелген жаңа жерлерді қабылдаған кезде атыздардың тегістігіне қандай мән берілсе, дренаждық жобаға сәйкестігін тексеруге де сонша маңыз беру керек. Қызылорда облысында 30 жылдық инженерлік суармалы жер жүйесін салу тәжірибесі жоба мен мелиоративтік құрылыс жұмыс тарын орындаудың арасында үйлеспеушілік жиі болып тұрғанын көрсетеді. Міне, сондықтан осы өлкедегі суармалы жерлердің қазіргі аянышты күйіне тікелей себепші болаған қолайсыз тірліктіңбірі осындай бақылаусыздықтың нәтижесі. Суармалы жерді аздыратын факторлардың бірі егінге берілген судың ретсіз шығыны. Рас, суды далаға айдаған соң шығын болмай тұрмайды. Әйтсе де нақтылы жер жағдайына және ұйымдастыру шараларының ұқыптылығына қарай шығынның мөлшері түрліше болатынынайта кеткен жөн. Егер күріш егісіне дайындалған жердің ішінде механикалық құрамы жеңілдеу құмдақ учаскелер болса, онда күріштікке берілген судың едәуір бөлігі фильтрацияға шығындалады. Мұндайда су шығыны аз болмайды. «Союзгипрорис» институтының (196ж.) мәліметі бойынша Шиелі-Жаңақорған алқабында фильтрацияға шығын болған су күріштіктің әр гектарынан 19,5-інен 39,2 мың текше метрге дейін болды. Ал егер осыған күріш дақылының өзіне керекті суды қоссақ, онда осы аталмыш алқапта бір гектар егіске жұмсалатын судың мөлшері 44,5 – 64,2 мың текше метр болады екен. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде суйеніп жасаған есеп бойынша Қызылорда облысында күріштің гектарлық су нормасы 20 – 28 мың текше метр. Бұл нақтылы атызға берілетін су (нетто). Алайда, суармалы егіншілік жүйесінің техникалық дәрежесі төмен болғандықтан, мысалы, сапасыз шала дайындалған жер, су тартпайтын қашыртқылар, күріш егісіне кететін судың нормасы есептелген деңгейден әлдеқайда асып кетеді. Фактіге жүгінсек, 1987 жылы Қызылорда облысы бойынша бір гектар күріш егісіне кеткен судың мөлшері орта есеппен 36,1 мың текше метр болды. Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Тереңөзек аудандарында бұл көрсеткіш 37,0 мың текше метрден айналды. Соған қарағанда, қыруар қаржы жұмсап салынған инженерлік су жүйелерінің сапасы ешқандай сынды көтермейді десек артық болмас. Оны дәлелдейтін мелиоративтік жүйелердің пайдалы коэффициент тиімділігінің (КПД) төмен дәрежесі. Ол облыс бойынша 0,64 болды, ал жобада 0,80. Жекелеген аудандарда, мысалы, Жаңақорған ауданында онан да төмен 0,59. Күріштікке берген судың пайдасыз шығынын сөз еткенде оған ықпал жасайтын тағы бір жағдайды атап өту қажет. Күріштікке шалқытып берген көпсу қабаттағы ашқылтым және ащы сулардың деңгейін тез көтереді. 1987 – 1989 жылдары облыстың күріштік алқаптарында қабаттағы су дейгейінің динамикасын зерттегенде оның үш түрлі маусымдық режимі болатыны анықталды: Вегетацияның алдындағы, вегетациядағы және вегетациядан кейінгі режимдер («Арал-2006») Қызылорда облысы бойынша суармалы жерде қабаттағы судың динамикасы,
(1987 – 1989 жж.).
Таблица 32 Р/с
Аудандар
Зерттел-ген суарма-лы жерлер-дің көлемі, га
Қабаттағы судың деңгейі, м
наурыз
маусым
қыркүйек
1987
1988
1989
1987
1988
1989
1987
1988
1989
1.
Жаңақорған
32882
3,01
3,03
2,66
1,52
1,74
1,80
2,16
2,08
2,13 2.
Шиелі
13981
2,37
2,86
2,31
1,33
1,40
1,36
2,14
2,22
2,07 3.
Сырдария
13384
2,05
2,46
2,11
1,05
1,08
1,38
2,84
2,14
2,15
4.
Тереңөзек
31936
2,96
2,38
2,60
1,63
1,43
1,28
2,17
1,87
1,96 5.
Жалағаш
33051
2,95
2,86
2,48
1,90
1,75
1,73
2,32
2,12
2,07 6.
Қармақшы
3188
2,28
2,18
2,03
1,52
1,64
1,63
1,68
1,41
1,66 7.
Қазалы
17747
2,01
2,31
1,89
1,51
1,92
1,59
1,51
1,80
1,82
Облыс бойынша
146169
2,51
2,58
2,36
1,49
1,56
1,54
1,97
1,94
1,98
Таблицада (32) вегетацияға дейін ерте көктемде қабаттағы судың деңгейі 2,5 метр тереңдікте жатса, күрішті толық суға бастырып болған соң маусым айында ол 1,5 метрге дейін көтерілген. Ал күзде күріштің суын тартқан соң судың дейгейі 2,0 метрлік белгіге төмендейтіні байқалады. Қабаттағы судың деңгейі әр кезде өзгергенімен оның минералдануындағы өзгерістердің арасында ерекше көзге түсетіндей алшақтық байқалмайды. (таблица 3 3) Үш жылдық зерттеулердіңнәтижесінде алынған мәліметтердің орта көрсеткіші бойынша облыстың егіс далаларында ерте көктемде қабаттағы судың минералдануы 6,0 – 7,5 г/л шамасында болды. Маусым айында бір литр судағы еріген тұздардың концентрациясы 5,5 – 6,4 г/л, ал қыркүйекте – 5,5 г/л-ден аспайды.
Таблица 3 3 Қызылорда облысы бойынша суармалы жерде қабаттағы судың минералдану динамикасы
(1987 – 1989 жж.)
(«Арал- 2006»)
Р/с
Аудандар
Зерттелген суармалы жерлердің көлемі, га
Қабаттағы судың деңгейі, м
наурыз
маусым
қыркүйек
1987
1988
1989
1987
1988
1989
1987
1988
1989
1.
Жаңақорған
32882
11,4
4,41
4,4
4,79
4,37
3,20
4,35
4,74
4,15
2.
Шиелі
13981
4,47 4,0 4,0 4,0
3,98
3,60
5,2 5,0 4,9 3.
Сырдария
13384
5,9
4,02 3,6 5,8 3,6 2,8 4,3 4,2
3,27 4.
Тереңөзек
31936
6,7 5,8 5,8
422
4,0 3,6 3,5 4,0 3,6 5.
Жалағаш
33051
5,35 5,6 5,6 5,0 5,2 6,7 4,8 5,0
7,77
6.
Қармақшы
3188
8,5
7, 2
10,5
9,6 8,6 6,7 6,8 6,2
4,73 7.
Қазалы
17747
9,9 8,1
11,7
11,3
9,2
13,2 9,0 9,2
9,39
Облыс бойынша
146 169
7,46
5,59
6,5
6,38
5,56
5,80
5,42
5,47
5,40
Соған қарағанда вегетация кезінде топыраққа сіңетін жаңа су қабаттағы сумен қосылып тұздың концентрациясын сұйылтатын болса керек (таблица 33). Бірақ келесі жылы ерте көктемге дейін қабаттағы судың минералдануы бұрынғы қалпына келетіні көрініп тұр. Қалай дегенде де жерде қабаттағы су мен құрамындағы еріген тұздар жердің мелиоративтік күйінің төмендеуіне, сөйтіп оның айналымнан шығып қалуына тікелей ықпал жасайды. Оны мына төменгі таблицадан көруге болады («Арал-2006»).
Талица 34
жыл
1970
1980
1990
Облыс бойынша ауыспалы егістен шығып қалған жер, мың гектар 2,2
18,9
27,6
Оның ішінде:
сорланғаны
4,1
7,4
батпақтанғаны 0,5 4,8
Суармалы егісті көбейтуге бет алған алғашқы жылдары жердің істен шығып қалуы онша көп болмады. Мысалы, 1970 жылы ондай жердің көлемі небәрі 2,2 мың гектар болған екен. Арада он жыл өткенде айналымға жарамсыз жердің көлемі 18,9 мың гектарды құрады. Тағы сондай мерзім өткенде ресми мәліметте ол көрсеткіш 27,6 мың гектар деп көрсетілді. Яғни бұл жалпы суармалы жердің шамамен он проценті. Олар сорланған және ауыспалы егіс танаптарының ішінде азын-аулақ батпаққа айналған жерлер. Батпақтанудың мәнісі, күріштіктің ішінде бірлі-жарым атыздарда топырақ бетінің деңгейі айналадағы атыздардан да, қашыртқыдағы судың деңгейінен де төмен жатады. Мұндай атыздарда егіннің көгі көбіне өліп қалады, ұдайы қысылып шығып тұрған ыза судан батпаққа айналады. Суармалы жердің мелиоративтік күйі қай бағытта дамып, жердің тұздануы қандай дәрежеде болатынына әсерін тигізетін факторлардың бірі – жүйені құрайтын элементтердің конструкциясы. Облыс суармалы егісті инженерлік жүйеге көшіргенде оның негізі етіп краснодарлық атызды (карта краснодарского типа ККТ) қабылданған болатын. Оның формасы ұзынша келген тік бұрыш. Ұзын бойының бір жағында атыздық қашыртқы (үздіксіз дренаж), екінші жағында суаратын арық бар. Атыздың орташа ені 200 – 300 м. Ұзындығым 1000 – 1500 метр. Атыздың алаңы жердің рельефіне қарай 1-ден 5 гектарға дейін. Суды арнаулы құлақ (шлюз) арқылы береді, сонда көлеміне қарай бір атызды бастыруүшін 3 – 5 тәулік уақыт кетеді. Краснодарлық атызды пайдалану тәжірибесінің Қызылорда облысының жер жағдайына келіңкіремейтінде жақтары бар екенін аңғартты. Әдетте, күріш жердің мелиоративтік күйін төмендетпей ұстаудың басты шарты атыздың ішіндегі топырақ профилінде қолайлы су режимінің қалыптасуы және ондағы тұздардың шайылып кетуі. Ондай жағдай топырақтың механикалық құрамына, тұздылығына, су өткізгіштігіне және дақылдың суару режиміне байланысты. Бірақ, олар барлық жағдайда бірі мен бірі үйлесімді бола бермейді. Краснодарлық атызды әртүрлі аймақта зерттеп тексерген (Жовтоног-1970, Фишер-1971, Зайцев-1975) жұмыстардың нәтижесіне қарағанда, Кубань аймағының су өткізгіштігі тәуір қара топырағына бейімдеп жасалған бұл атыз барлық жерде бірдей тиімділік көрсетпейтіні анықталды. Ең бастысы, краснодарлық атыздағы топырақтың су өткізігштігі, онымен бірге тұздың шайылуы оның алаңындағы барлық нүктелерінде бірдей болмайды екен. Шындығында да, бұл үлкен кемшілік. Сондықтан аталмыш атыз Қызылорда облысының жер жағдайына, ауа райына қаншалықты бейім екенін білу мақсатында арнаулы сынақ-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ол үшін краснодарлық атыз Қарауылтөбе тәжірибе шаруашылығының егіс даласында салынып, онда атыздың ендік алаңында қабаттағы судың қалыптасу режимі және топырақтағы тұздардың динамикасы жөнінде нақты мәлімет алу үшін жұмыс жасалды. Нәтижесінде атыздың қашыртқы жағындағы ұзына бойына ені 70 метрлік алаңда топырақтың бір метрлік тереңдігіндегі хлор ион толық шайылып кеткені анықталды. Сонан болса керек, осы алаңның күріші бітік болып, гектарына 52,8 центнерден өнім берді. Атыздың орта тұсындағы алаңда топырақтағы тұз шайылады, бірақ қашыртқыға жақын алаңмен салыстырғанда тұздың бәрі түгел шайылып кетпей, бірақ бөлігі топырақ қабатында қалатыны байқалды. Атыздың су беретін арыққа жақын жатқан ені 20 – 25 метрлік алаңда топырақтағы тұздың көпшілік бөлігі сол орнында шайылмай қалып қойды.
Таблица 35 Краснодарлық атыздың әр бөлігінде қабаттағы су режимінің топырақтағы тұздардың динамикасы мен күріштің өніміне әсері.
1972 – 1974 жылдардың орта мәліметі.
(Нұрғызарынов және басқалар, 1979)
Суаратын арықтың табанынан өлшеген қашықтық м
Күріштің өнімі ц/га
Топырақтағы тұз, 3/8
(құрғақ қалдық)
Атыздағы суға бастыру алдында
Атыздағы суды тартқан соң
18
30,4
1,07
1,16
58
33,7
1,07
0,95
118
42,8
0,76
158
52,8
0,76
0,32
Сонымен Қызылорда облысының күріштік жүйесіне енгізген краснодарлық атыздың конструкциясы жергілікті жерде қолайсыз топырақтың қайта сорлануына себепкер факторлардың бірі деп қарауға негіз бар. Ғылыми зерттеулер осы краснодарлық атыздан гөрі оның жетілген әмбебап (универсал) түрін іздеу мақсатымен әртүрлі конструкциялы атыздарды бірқатар аймақтарда тәжірибелік сынақтардан өткізді. Солардың біреуі Қызылорда облысының жағдайында сыналған тосқауыл (отсечный) дренажы бар атыз (карта-чек) болды. Оның екі жағында тереңдігі 1,5 метрлік әрі суаратын, әрі қашыртқы болатын арықтарды біріктіріп қосарлап жасаған. Олардың арақашықтығы 120 метр. Аталмыш атыз (карта-чек) арнайы тапсырыспен Сырдария ауданының Абай атындағы және Қармақшы ауданының «Жосалы» кеңшарында тәжірибелік жұмыстар үшін жасалып, топырақтағы тұз режимі тексерілді. Тәжірибелік атыздағы дренаж арықтардың арақашықтығы 168 және 207 м. Салыстыруүшін дренаждарының арақашықтығы 170 және 245 метрлік краснодарлық атыз алынды.
Таблица 36
Күріштік атыз
Дренаждың арақашықтығы, м
Топырақтағы тұз, ¾ (құрғақ қалдық)
Атызды суға бастырғанға дейін
Суды тартқаннан соң
Екіжақты суару
168
0,29
0,17
Қашыртқы арықтары бар атыз (карта-чек)
207
0,35
0,30
Краснодарлық атыз
245
0,25
0,22
Таблицадағы материалға қарағанда, дренаждың арақашықтығы 168 м. болғанда топырақтағы тұздардың интенсивті шайылғаны байқалды. Демек, бұл атыздың (карта-чек) краснодарлық атызға қарағанда жердің мелиоративтік күйін біршама тәуір сақтауға мүмкіндік береді. Осы зерттеулердің нәтижесіне сүйеніп, кезінде облыстық күріштік жүйелеріндегі краснодарлық атызды біртіндеп ауыстыру ұсынылды. Өкінішке қарай, ол ұсыныс жүзеге аспай қалып қойды. Сонымен суармалы жерде, әсіресе күріш еккен топырақта жүретін өте күрделі процестерді тәптештеп, ғылыми деректерге сілтеме жасай отырып талдаған мақсатымыз егістік жердің агромелиоративтік күйіне аталмыш құбылмалы жағдайлар қандай дәрежеде ықпал жасайтынын көрсету еді. Ақиқатына жүгінсек, күріш еккен топырақ өзінің құрамындағы ең тәуір қасиеттерін жоғалтады. Сондықтан жерді қорғауға бағытталған барлық шаралар суармалы топырақтың құнарын сақтауға, оны қалпына келтіруге және тиімді пайдалануға саяды. Алайда, бұл ежелден дихан қауымына оп-оңай шешімі табылмай жүрген көкейкесті мәселелердің бірі. Әсіресе кейінгі жылдары осы өлкеде азып-тозған топырақ құнары, оның келешегі кімді де болса қын жылтады десек шындық. Осы жағдай егістік жердің қазіргі күйін, топырақ құнарының тозу себептерін егжей-тегжейлі қарап, тиімді шаралар белгілеуге мәжбүр етеді. Суармалы топырақтың құнарын құрайтын мүшелерінің өзара үлес салмағын салыстыратын болсақ, қазіргі облыстың егіс далаларында егіннің өнімі тек бірыңғай химияға бейімделген сыңай танытады. Оның басты себебі, суармалы жермен жұмыс істеп жүрген бұл өлкенің дихандары топырақ құнарын тез арада қалпына келтіру қиындығынан болса керек, әйтеуір егіннен өнім алудың құралы ретінде химияға арқа сүйеп кеткені ақиқат. Химия дегенді минералдық тыңайтқыштар деп түсіру қажет. Егіс даласында минералдық тыңайтқыш келгеннен бері оны қолдану біртіндеп өрби түсті де, ақырында ең биік деңгейге шықты. Басты дақыл деп жүрген күріш басқа дәнді дақылдырмен салыстырғанда ішкі биологиялық мүмкіндіктері жоғары, өнімді және соған орай қоректік заттардың үздіксіз мол болуын тілейтін болғандықтан облыс жыл сайын қолға түскен минералдық тыңайтқыштарды ең алдымен соған берді. Қазір айналымдағы егістік жерге беретін қоректік заттардың орташа мөлшері бойынша Қазақстанды біздің облыс алдыңғы қатарда келеді. Фактіге жүгінсек, Қызылорда облысында бір гектар егістік жерге есептегенде 176 кг-нан қоректік заттар тиеді. Ал күріш егісінің бір гектарына беріп жүрген қоректік заттардың мөлшері 300 – 360 кг-ға дейін. Бұл тек екі элемент – азот пен фосфордың жинағы. Ал болу керек негізгі үшеу: азот, фосфор, калий. Бірақ, соңғысын шаруашылықтар егіске беріп жүрген жоқ. Егінге беретін аталмыш қоректік заттардың гектарлық мөлшеріне олардың топырақтағы қоры шамамен 90 – 100 кг азот пен 60 – 80 кг фосфорды қосса, бұл көрсеткіш әжептәуір болады. Күріштің гектарлық өнімі 50 центнер және соншалық сабан болғанда әлгі қоректік заттардың қорынан өсімдік тек үштен бірін ғана пайдаланады. Олай болса топырақтағы қоректік заттардың барлық қоры түгелдей өнім жасауға қатыспайды. Олардың артық қалған бөлігі көбіне арам шөптердің, балдырлардың, микроорганизмдердің үлесіне тиеді және ортаны ластайды. Дегенмен тыңайтқыш қолданудың деңгейіне келетін болсақ облыстың егіс далаларында егіннің қай түрі болса да, тұрақты мол өнім алуға болатынын жекелеген дихандар мен шаруашылықтардың тәжірибелері көрсетіп жүр. Бірақ нәтиже ойдағыдай емес әр жылда өнім тұрақсыз. Оның басты себебі, жалпы егіншілік мәдениетінің деңгейі төмен. Дихандар құнарлылыққа қатысы бар барлық мәселені тек минералдық тыңайтқыштардың көмегімен ғана шешуге тырысып, кей жағдайларда ретсіз көп беретін, шеңберден шығып кетушілік жиі байқалады. Тыңайтқыш қолданудағы мұндай біржақтылық олардың жермен жұмыс істеп, топырақтың биологиялық құнарын молайтуға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қол байлау болып отыр. Минералдық тыңайтқыштарды нормадан асырып, үйіп-төгіп бере бергеннен пайдалы бола бермейтінін дәлелдейтін деректер бар. Мысалы, Жаңақорған ауданындағы бұрынғы Партияның 24 съезі атындағы шаруашылық 1988 жылы күріш егісіне берген қоректік заттардың гектарлық мөлшерін 520кг-ға жеткізген болатын. Сөйте тұра сол шаруашылық күріштен гектарлық орта өнімді облыс бойынша орта өнімнен (50,8 ц/га) 1 2,4 ц/га кем алды. Сол жылы соған көрші «Түгіскен» кеңшары да гектарына 450кг-нан тыңайтқыш беріп, ал өнімі бірімен бірі қарайлас болғанын айта кеткен жөн. Бұл деректі мысалдар тыңайтқыштарды қолданғанда олардың арасындағы оптималдық қатынастарды сақтай отырып, ғылыми ұсыныстарға сәйкес қолданса ғана экономикалық және экологиялық тиімді нәтиже беретінін дәлелдейді. Өкінішке қарай, көптеген шаруашылықтар егіншілік мәдениетіне мән бермейді. Олай дейтініміз, мамандардың ауыспалы егістегі әр тарапқа тыңайтқыштарды агрохимиялық картограммаға сәйкес қажет мөлшерде ғана берудің орнына кейбір атыздарға молырақ, енді біреулеріне азырақ дегендей, қалай болса солай беретін реттері болады. Демек, облыстың егіс далаларында тыңайтқышты қолдану суармалы жердің тиімді құнарын орта дәрежеде сақтауға себін тигізіп тұрғаны да рас. Ол қоректік заттардың кейбір түрлерінің топырақта қордалана түсуі. Оның егістік далаларды 1971 – 1989 жылдар аралығында жүргізілген агрохимиялық зерттеулердің барысында жинақталған мәліметтерден көруге болады. Атап айтқанда, 1971 жылы құрамында жылжымалы фосфордың мөлшері орта және жоғары деңгейде болатын жердің көлемі облыстағы жалпы суармалы егістік жер көлемінің 42,7 проценті болатын (оның ішінде фосфордың мөлшері жоғары деңгейдегісі 11 процент, ал қалғандарында бұл элемент аз еді) Қазір осы элементтің қоры көбейіп қордаланып келе жатқаны байқалады. Қазір құрамында жылжымалы фосфор жеткілікті дейтін айналымдағы жердің көлемі 80,7 процент болып отыр. Фосфор жыл сайын егіске молынан беріліп жүрген фосфор тыңайтқыштарының қалдығы есебінен жиналуда. Қолда бар ғылыми мәліметтерге жүгінсек, өсімдік сол тыңайтқыштың не жартысын (½), не үштен бірін (1/3) ғана пайдаланады. Артығы топырақта қордаланып қала береді. Осыдан келіп қазір суармалы жерлердегі фосфордың қоры молайған, балансы артық. Калийді алатын болсақ, оның да топырақтағы қорында ептеп өзгеріс бары байқалады. Ілгері жылдармен салыстырғанда, Сыр бойының қазіргі суармалы жеріндегі калийдің мөлшері орта дәрежеде болатын жерлердің көлемі 87,5 процент шамасында. Жоғарыда айтылғандай, қай дақылға да, күрішті қоса, облыстың шаруашылықтары калий тыңайтқышын қолданып жүрген жоқ. Ал топырақтың өзіндегі калийдің байырғы қорынан белгілі бір бөлігі әр жылғы өніммен бірге кетіп отырады, бірақ оның орнын толықтыратын кірісі жоқтың қасы. Өсімдікке тиімді калийдің жалпы табиғи айналымға белсенді қатысатын бірнеше көзі бар. Олар малдың қиы, Сырдария өзенінің суындағы лай, минералдық тыңайтқыштар. Әрине, жерге көң төгу ортаны тек калиймен ғана байытып қоймайды, ол барлық жағынан тиімді екені белгілі. Әйтсе де облыстық шаруашылықтары көңді жерге төгуден гөрі оның ақпарын дайындауды жақсы меңгерген десек артық бола қоймас. Сол себепті, егістік калийдің қоры малдың қиынан толығады деуге негіз жоқ. Сол сияқты Сырдың суы да құрамында калий мол болатын лайдан қазір таза, тұнық, демек сумен бірге ол да мардымсыз келеді. Солай бола тұра, құрамында жылжымалы калийдің деңгейі орта дәрежеде болатын жерлердің көлемі азаймағаны байқалады. Олай болса топырақтағы жылжымалы калийдің қоры ондағыалюмосиликат минералдарының ыдырау барысында босап шығатын калийдің есебінен толығады деп айтуға болады. Климаты ыстық аймақтардағы ылғалы мол жерлерде бұл процесс тез жүретінін дәлелдейтін деректер бар. Оған қосымша өзен суында аз да болса калий тыңайтқыштарының қалдықтары болады. Өйткені, Өзбекстан мақтаның және Оңтүстік Қазақстан күріштің қашыртқы суын Сырдария өзенінің арнасына құйып отыр. Сөйтіп, бұл элементтің де топырақтағы балансы олқы емес. Топырақтағы калий орта дәрежеде болғанымен ол егіннің дәнін толықтырып, салмағын арттыруға және жалпы биохимиялық сапасын жақсартуға жетімсіз. Өйткені әр гектардан күріштің50 центнер өнімі мен соншалық сабаны 150 – 164 кг дейін калий алып кететіні белгілі. Олай болса, өсімдік нағыз өсіп дән салатын кезінде соншалық калий оған топырақтан тие қоймайды. Сондықтан ұсыныстарға сәйкес міндетті түрде калий тыңайтқышын қолдану қажет. Бұл жағдайда өсімдіктің дәні мен жемісіндегі организм үшін пайдалы қосылыстар оптималды қатынаста түзіледі, өнімнің сапасы жақсарып, экологиялық тізбекті күйлі тұрғыдан күшейтеді. Азотқа келсек, облыстың егіс далаларында жетпісінші жылдары жүргізген агрохимиялық зерттеудің қорытындысы бойынша айналымдағы суармалы жердің 53,3 проценті азоты өте тапшы топқа жататын. Сонан бері егістік, әсіресе күріштік жерлерге азот тыңайтқыштары аз берілген жоқ. Солай болса да құрамында жеңіл гидролизденетін азот жетімсіз жердің көлемі көбейіп, ол 77,6 процентке жетіп тұр. Азоттың мұндай тапшы күйі топырақтағы қара шірінді (гумус) аздығынан болып тұр. Әрине, осынша тапшы органикалық заттар топырақтың ерекше қасиеті-құнарына пәлендей ықпалы болмайды. Соның себебінен топырақта жиналатын қоректік заттардың тек 8 – 9 проценті ғана органикалық тыңайтқыштардан келетінін қолда бар мәліметтер көрсетіп отыр. Ол әр гектарға есептегенде шамамен 0,8 – 1,0 тонна көң. Егістік жерді органикалық затпен тез байытатын көп жылдық шөптер. Қызылорда облысының жер жағдайында бұл жоңышқа. Ол ауыспалы егістің негізгі компоненті. Таңапқа жоңышқа егілгенде топырақ аз уақыт болса да судан тынығып, қалың өскен шөп топырақтың айдау қабатын органикалық затпен байытып, оның физикалық және химиялық қасиеттерін жақсартады. Ғылыми мекемелердің мәліметтері бойынша, екі немесе үш жыл тұрған жоңышқадан шөп өнімінің 80 проценті шамасында тамыр мен аңыз сабақтары қалады. Жоңышқаның шымын жыртып, бірінші жылы күріш еккенде осы органикалық заттың 60 – 70 проценті толық шіріп миниралданып кетеді. Яғни, келесі жылға 30 – 40 процент шамасында шала шіріген органикалық зат қалады. Минералдық тыңайтқыштарды ұсыныстарға сәйкес орта мөлшерде қолданғанның өзінде әлгі қалған органикалық заттардың қатысуымен топырақ құнарын өнім беретіндей дәрежеде сақтауға болатынын тәжірибе көрсетіп жүр. Әрине, бұл жерде жоңышқа шөбінің бір орында неше жыл өсіп тұрғанының мәні үлкен. Өйткені, жоңышқа ескілеу болып, неғұрлым қалың өссе, солғұрлым пайдалы органикалық зат көп жиналатыны айқын. Жоңышқадан кейін топырақтың құнарын күрішке сіңіру үшін оның бір орында қайталап егу мерзімі екі жылдан аспауы шарт. Тек сонда ғана жоңышқаның астында болған танаптың топырақ құнары тез қалпына келеді, биологиялық белсенділігі артады. Бірақ осы шартты көпшілік шаруашылықтар сақтай бермейді. Оған дәлел ауыспалы егістердің нашар игерілуі. . Облыстың егіс далаларында ауыспалы егістер енгізілгеннен бері едәуір уақыт өтті, демек ауыспалы күріш-жоңышқа егістігінде қабылдаған үлгіге сәйкес дақылдарды ретімен орын ауыстырып отыруға уақыт жеткілікті болды. Әйтсе де ауыспалы егістердің игеру проценті ресми статистика бойынша елуден асады деп жүр. Анығын айтсақ көрсеткіш дәл сондай емес. 30 – 35 процент шамасында ғана болар деген пайым бар. Оның басты себебі, агрономиялық және өндірістік мүдделердің бірі мен бірінің үйлеспеуінен болып жүр. Мамандар ауыспалы егістерді ғылыми-практикалық негіздерге ыңғайлап игеруге талпынып, егіншілік мәдениеті деңгейін көтеру арқылы тұрақты мол өнім алуға ұмтылғанымен оған мүмкіндік болмай келеді. Көп жағдайда бұл ұйымдастыру шалағайлығы мен ғылыми агрономия арасындағы үйлеспеушіліктің нәтижесі. Осыдан келіп уақытылы күтіп- бапталмаған, бірнеше жыл қатарынан күріш егіліп, жаз бойы судың астында тұратын және үстін-үстін молынан төгіліп жатқан химиялық заттар-минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтердің әсерінен деградацияға ұшыраған (бұзылған) топырақтан өнім алу мүмкіндігі төмендеп барады. Сондықтан жоспарды орындау үшін шаруашылықтар кем-кетікті қалайда толтыру, реті келсе асыра орындау жолында есептен тыс көлемді егін егуге дағдыланған. Сөйтіп ауыспалы егістегі мелиоративтік және бір жылдық жоңышқа тұрған танаптарды бұзып күріш егетін әдет қалмай келеді. Мұндай жағдайда тәжірибе көрсетіп жүргеніндей, әлгі ретсіз бұзылған танаптар топырақ құнарын қалпына келтіретінмүмкіндіктерінен айырылып қалатыныдәлелдеуді қажет етпейді. Егіншілер мен мамандардың артық егетін егіс көлемі мен минералдық тыңайтқыштарға және өсімдік қорғайтын улы заттарға (пестицидтер) сеніп кеткені соншалық, жермен жұмыс істеу қалды. Онан егістік жер азған үстіне аза түсуде. Әйтпесе облыс бойынша шаруашылықта пайдаланылып жүрген 286 мың гектар суармалы жердің он проценті егіндікке жарамай айналымнан шығып қалмаған болар еді. Топырақ құнарының жалпы деңгейін бағалай келіп, топырақ құнары орта дәрежеде десек те, ондағы органикалық заттардың өте тапшылығы тиімді құнарлықты артқа тартып тұрғанына көз жұмуға болмайды. Егіншіліктің қазіргі және келешекте берерінен гөрі шығыны көп, дамуынан тоқырауы басым күйде қалуына басты себеп осы. Оған дәлел, топырақ азотқа кедей, ал үстін-үсті төгіп жатқан минералдық азот ойдағыдай нәтижеге жеткізген жоқ. Күріш өнімінің тұрақсыз, аумалы-төкпелі болып тұрғаны сонан. Сол сияқты басқа дақылдардың да осындай себептерден өнімі төмен. Агрохимиялық зерттеулерге қарағанда, өнімнің алалығын жабу үшін молынан беріліп жүрген, минералдық қоректік заттар олардың топырақтағы мөлшерінің арасындағы алшақтықты жақындата алмай отыр. Атап айтқанда, тыңайтқыштардың қалдығы және ортадағы минералдық қосылыстардың есебінен тек фосфор ғана жиналуда, ал азот болса сол тапшы күйінде қалуды. Дәл осы жағдайда, топырақтың биологиялық құнарына ерекше назар аудару қажет. Биологиялық құнар жасау үшін минералдық және органикалық тыңайтқыштар бірін бірі толықтырып, оптималдық қатынаста тұрақты және тиімді қор жасайтын мөлшерде берілуі шарт. Ондай органикалық заттардың түрі көп. Олар көк жоңышқаның тамыры мен аңызы, сидерат шөптер (бұршақ тұқымдастар). Тәжірибеге жүгінсек, суармалы, оның ішінде әсіресе күріштен босаған жерлердің биологиялық құнарын қалпына келтіру үшін көнді әр гектарға ең кемі 40 – 60 тонна, тіпті 70 – 80 тоннаға дейін төгуді ұсынады. Ондағы мақсат, су тигенде тез шіріп, минералданып кететін көнді егістік жерге көбірек берсе оның белгілі бөлігі келесі жылға қалар еді деген есеп. Егер жинайтын, тексерілген технологияға сай бабына келтіріп сақтайтын мүмкіндік болыпжатса, онда топыраққа мол берген көңнің артықшылығы болмайды. Облыста органикалық тыңайтқыштарға өте тілек жерлердің көлемі көп екенін ескерсек, онда жыл сайын ең кемі бір миллион тонна шіріген көң керек. Осынша көңді жинап дайындау қиын, бірақ мүмкін. Оны есеп көрсетеді. 1991 жылғы мәлімет («Арал- 2006») бойынша облыстағы мал басы 1,9 миллионнан астам, оның ішінде ірі қара 226, 3 мың, жылқы 54 мың және қой саны бір миллион, 658,3 мың түйе, шошқа және құсты қоспағанда. Әрине, мал қиының жиналу мөлшері олардың қолға қарап қорада тұратын мерзімінің ұзақтығына байланысты. Солтүстік аймақтарға қарағанда Қызылорда облысында ол мерзім қысқалау. Егер ең төменгі деңгеймен есептеп, бір жылда бір бас ірі қарадан 4,0 тонна, жылқыдан 2,0 тонна, ал қойдың басынан 0,5 тонна қи алынады десек, онда жыл сайын 0,9-1,0 млн тонна көң алу мүмкіндігіміз бар. Оның үштен бірі көкөніс, бақша және жеміс-жидекке беріледі дейік. Сонда да қалған екі бөлігі шамамен 0,8-0,9 млн тоннасы күріштік жерге беруге жетеді. Әдетте, күріш егісін ең алдымен 2 немесе 3 жыл тұрған жоңышқаның орнындағы шымды бұзып, соған орналастырады. Ол 35 – 40 мың гектар, яғни қазіргі есеп бойынша жалпы күріш егісінің жартысы. Қалған бөлігін күріштен шыққан жерге және мелиоративтік танапқа орналастырады. Аталмыш соңғы танаптарда органикалық зат аз екені түсінікті. Сондықтан, барлық күріш егілетін танаптардың биологиялық құнарын бірқатар деңгейге жақындату үшін қолда бар көңді әр гектарға 15 – 20 тоннадан мелиоративтік және күріштен босаған танаптарға берген тиімді. Суармалы жерлердің биологиялық құнарын жақсартудың басқа да әдістері бар. Солардың бірі сидераттық шөптер (жасыл тыңайтқыш, яғни өсіп-жетілген көк шөпті топыраққа айдап жіберу) Күріштік жерлерге сидерат шөптер (ас бұршақ, вика, түйе жоңышқа егу арқылы топырақтағы органиканы реттеуге болатынын Қызылорданың күріш тәжірибе шаруашылығы ілгері жылдары-ақ дәлелдеген болатын. Әйтсе де бағзы заманнан бері әлемнің дихан қауымына белгілі, жиі қолданылатын әрі тиімді, әрі оңай бұл әдіс Сыр дихандарының назарынан тыс қалып қойды. Ғылым мен тәжірибе деректеріне қарағанда, сидерат дақылдарды ауыспалы егістің мелиоративтік танаптарына орналастыру нітижелі болатыны дәлелденіп жүр. Олар тез өсіп, көп органикалық масса жинау үшін егу алдында топырақтың әр гектарының 120 кг шамасында фосфор және азоттың 30 – 40 кг «демеуші» (стартовый) мөлшерін міндетті түрде береді. Сидераттың әр гектарда жинайтын органикалық зат 35 – 40 тонна болғанда, күріш егісіне азотты тыңайтқыштар берудің қажеті болмайды. Өйткені, есепке қарағанда, ол қоректік әсері жағынан 25 – 30 тонна шала шіріген көңге пара-пар болады. Бұл мүмкіндіктер әзірге толық пайдаланылып жүрген жоқ. Демек, суармалы егіндік, әсіресе күріштік алқап экологиялық сауықтыру бағытында ең маңызды шаралардың бірі назардан тыс қалып отыр. Қызылорда облысында топырақ құнарын көтеруге бағытталған комплексті бағдарламада 1990 жылдан бастап жыл сайын текбір мың гектар жерге сидераттар егу, ал келешекте оны 1,75 мың гектарға жеткізу межеленген. Есеп бойынша осы көлемді сидерат шөптерінен 17,5 мың тонна малдың астынан шығарылған қиға тең органикалық зат шығады. Бұл, әрине, аз сондықтан жер құнарына пәлендей ықпалы болмайтыны анық. Мәселені түбегейли шешу үшін ең кемі 25 – 30 мың гектар жерге сидераттар егіп, аларды мелиоративтік танаптарға орналастыру қажет. Бұл жағдайда барлық дайындалған көң түгелдей күріштен босаған жерлерге берілген болар еді. Қолда бар бирақ тиімді қолдануын таппай жүрген топырақ құнарына тиісті үлесін қосатын органикалық заттардың тағы біреуі күріш сабанының мал азығына кеткенінен қалған бөлігі. Майдалап турап топыраққа айдаған 35 – 40 тонна сабан 3 – 3,5 тоннадай қара шіріндінің әсерін береді деген деректі мәліметтер бар. Айта кететін бір жай, сабанның таза топыраққа айдап салғаннан нәтиже шықпайды. Өйткені, күріштің астынан шыққан биологиялық активтілігінен (белсенділігі) айрылған топырақта ол шірімейді, жатып алады. Шіру процесін кідіртетін улы пестицидтердің қалдығы тек топырақта емес, сабанда да болуы мүмкін. Күріштің сабанын тезірек шіріту арқылы топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерін жақсартуға себін тигізу оны алдын ала көңмен араластырып, бықтырып (компостирование ) барып айдау тиімді.
Комплексті бағдарламада 1990 жылдан бастап облыста көң дайындау 910 мың тонна және бықтырған шірінді (компост) 46 мың тонна жақын келешекте олардың мөлшері жекелеп алғанда бір миллион отыз мың (1030 мың) және 57 мың тонна болады деген меже бар. Сонымен бірге күріш сабаны тыңайтқыш ретінде 50 мың тоннаға дейін қолданылмақ, жақын болашақта 720 мың тоннаға арттырылмақ. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру азып-тозып, құнары кеміген суармалы алқаптың ең жақсы қасиеттері қалпына келген биологиялық ортаға айналдыруға мүмкіндік беретін аса маңызды кезең. Әрине, топыраққа нәр беретін органикалық заттардың барлық түрлерін комплексті түрде минералдық тыңайтқыштармен бірге қолдану ған күткен нәтиже береді. Егер егістікке пестицидтер шашылатын болса жерге тыңайтқыш түрлерін қанша мөлшерде, қандай дәрежеде мол бергеннен пайда шамалы, ортаның биологиялық активтілігі кемиді, еткен еңбек зая кетеді. Егін үшін зиянды деп улы заттардың көмегімен құртып жіберетін биоценоздар, мысалы, егіннен басқа шөптер мен микроорганизмдер, анығын айтсақ, топырақ құнарын құрайтын өте күрделі биологиялық жүйенің белсенді бөлігінің бірі болып табылады. Олай болса, тек бүгінгісін ойлау ниетімен пестицидтер қолдануға әуес болып, солардың көмегімен шөп-шаламнан таза өнім алуға ұмтылу жерді көрінеу аздырып, тоздыратын қимыл. Қазір Қызылорда облысының жағдайында суармалы жердің бүгінгісі мен ертеңі, оның тиімді құнары, соған орай егіннің өнімділігі топырақ құрамындағы биологиялық қорына байланысты болып отыр. Бұл жай дихандар мен мамандардың көңіліне күмән келтірмейтіні ақиқат. Сондықтан агротехника ережелерінің ең басты шарты – топырақ биологиялық ортаға айналуы тиіс. Сонымен сайып келгенде, Қызылорда облысында егістік жерді қорғаудың басты шарттары мынау:
- жаңадан игеретін жерді сапалы тегістеу. Егер жер күріштік болатын болса, онда атыз бетінің тегістігіндегі алалық ±5 см-ден ауытқымауы тиіс. Сонда ғана агротехникалық және жер пайдаланудың ұйымдық шаралар комплексін тиімді жүргізуге мүмкіндік туады;
- жыл сайын күріштен шыққын жерге ағымдағы тегістеу жұмыстары жүргізілуі керек. Оның барысында төмпешіктер, шұқырлар мен қажеті жоқ арық-атыздар тегістеледі;
- суаратын арық пен қашыртқы арықтың арасында екі атыздан артық күріш егісі болмау керек. Мүмкіндігі болғанша атызға су орталық арықтан басын алатын екінші реттегі арықтан тікелей келіп, қажет болған жағдайда бірден қашыртқы арыққа ағызылуы тиіс;
- жыл сайын топырақта өңдеу алдында арық-атыздардың бойындағы арамшөп қалдықтарын құртып, сабанды жинап, тағы басқа жұмыстарды орындау қажет;
- суаратын және қашыртқы арықтарды жаңа егіс маусымына әзірлеу
керек. Ең бастысы олардың мкеткен жерін жөндеп, ішін тазарту;
- жолдарды, көпірлерді, каналдар мен арықтардың су көтергіш
құрылыстарын жөндеу;
- күріш, көкөніс, бақша және мал азықтық ауыспалы егістерді ұсыныстарға сәйкес енгізу, онда топырақ құнарын арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асырып, су режимін реттеу;
- көпшылдық шөптер (жоңышқа, түйежоңышқа) егу және көң төгу
арқылы топырақты органикалық затпен байыту;
- органикалық және минералдық тынайтқыштарды ғылыми
ұсыныстарға сәйкес ұқыпты қолдану арқылы табиғатты ластаудан сақтау;
- зиянды фитоценоздарға қарсы тек агротехникалық әдіспен күрес
жүргізіп, егіс далаларында қолайлы фитосанитарлық жағдай жасау;
- топырақтың микробиологиялық активтілігін пестицидтердің қандай
түрі болса да қолданбай күшейту;
- жерді, суды, ауаны химиялық заттармен ластанудан қорғау үшін
ауыл шаруашылығында қолданатын химиялық заттарды арнаулы қоймаларда сақтау.
Бірақ, өкінішке қарай соңғы жылдары жаңадан мелиоративтік құрылыс салуды айтпағанда, суармалы жер жүйесін қайта жөндеп, оны тиісті деңгейде күтіп ұстауға қаржы-қаражат болмай тұр. Соның салдарынан мемлекеттік сұрау жүйесі азып-тозған күйге түсті. Көптеген су көтеретін, бөгейтін құрылыстар бұзылған, каналдардың қабырғалары мүжіліп, құлап, лайланып, табаны тайыздап қалды. Мамандардың бақылауынша, қазір облыста 240 мың гектар суармалы жерге комплексті қайта жөндеу жұмысын жүргізуді және коллектор-дренаж жүйесінің жартысы қайтадан соғуды керек етеді. Осындай себептерден облыста суармалы егістік жердің 62 мың гектары орта және күшті сорланған, 64 мың гектар жерде инженерлік суару жүйесі әлі салынбаған, ал 24 мың гектар жер айналымынан шығып қалғандықтан өнім бермейтін өлі жерге айналды. Басқаша айтқанда, қолда бар алтынды рәсуалап отырмыз, қалғаны тек бүгінгі күнге ғана жұмыс істейді. Тірлік осылайша кете берсе, онда келешекке ешнәрсе қалып жарымайды. Бүкіл әлемнің егіншілік практикасында ірі алқаптарда суармалы егіншілік жүйесі мемлекеттік арнаулы бағдарлама бойынша жасалып, қалыпты жұмыс күйін сақтау үшін мемлекет тарапынан қаржы-қаражаттар бөлініп тұрады. Бірақ облыс әзірге мұндай көмекті көре алмай отыр. Сырдарияның атыраулық аймағында жерді қорғаудың басты шарты – жалпы табиғат компонеттері арасында тепе-теңдікті қалпына келтіру. Ол үшін өзеннің төменгі ағысына келетін суды көбейту қажет. Өзен суы тек егінді ғана суару емес, сонымен қатар табиғатты жандандырып, оны жасаңсытуға да жұмсалуы керек. Оған қажетті судың көлемі есептеліп, ол екі вариантта жасалады. Біріншісі – суды ең аз тілейтін вариант. Бұл вариант бойынша шабындыққа пайдаланып жүрген 330 мың гектар батпақтар мен шалғынды батпақтардың қалыпты күйі сақталу керек. Олардан басқа 372 мың га қазір шала-шарпы кепкен және кеуіп бара жатқан ылғалды (гидроморф) және 629 мың га кепкен топырақтарды суландыру және егіске жететін су беру көзделеді. Барлығы 1331 мың гектар. Есепті дайындағанда судың жалпы булану мөлшеру ғылыми әдебиеттерде бар материалдардан алынды. Яғни, қанша су шығындалатын болса, топырақтың қалыпты күйін сақтау мақсатында сонша су берілуі керек. Бұл жағдайда 1331 мың гектар жерге қажетті судың мөлшері 7890 млн текше метр немесе 7,9 текше шақырым болады. Өзен суынан басқа кіріске жататыны – атмосфералық су. Есеп бойынша, осы өлкеде жыл сайын жауатын қар мен жауын суының мөлшері – 1650 млн текше метр (1,65 км3). Су балансының сальдосын нөлге тең деп алғанда керекті өзен суының мөлшері 7890-1650=6240 млн текше метр (6,24 км3) болады. Оған оқтын-оқтын суаратын дақылдарды суаруға кететін судың шығыны қосылады. Ол әр гектарға орта есеппен 7100 текше метрдей деп алғанда: 7100×183 мың гектар = 1299 млн текше метр су болады. Қызылорда облысының 1994 жылғы мәліметі бойынша, күріштен басқа дақылдардың егіс көлемі – 183,2 мың гектар, оның ішінде мал азықтың дақылдар да бар. Күріштің егіс көлемі – 72мың гектар. Суару нормасы 25000 м3/га × 72 мың га = 1900 млн текше метр болады. Барлық егіске жұмсалатын су – 3199 млн м3. Жалпы мұқтажға қажетті су – 6240 млн м3 + 3199 млн м3= 9439 млн м3 немесе 9,44 км3. Екінші вариантта өлкенің едәуір бөлігінде қуандану процесі күшейгенге дейінгі күйін қалпына келтіру көзделеді. Алпысыншы жылға дейін Сырдарияның атырауында судың жылдық булануы – 12286 млн м3 (12,3 км3) болып тұрды. Осы мөлшерден жауын суын шығарып тастап, егіншілікке жұмсалатын суды қосса: 12286-1650=10636+3199=13835 млн м3 болады. Бұл жағдайда егіншілікке жұмсалатын суды қоспағанда, табиғи ландшафты қалпына келтіріп, оны оптималды (қалыпты) күйде ұстап тұру үшін 10636 млн м3, ал егіншілікке кететін суды қосқанда барлығы – 13835 млн м3 (13,8 км3) су керек. Демек, 50 – 60 жылдарда Сырдарияның аяғына келіп тұрған судың мөлшеріне қарап, осы кезде керек судың мөлшерін есептеу дұрыс сияқты. Есепке кірген судың белгілі мөлшерін су жайылатын жерлерге жіберіп қамыс өсіруге ғана пайдаланбай, қамысқа қарағанда өнімді әрі суды үнемдеп жұмсайтын мәдени-суармалы ландшафтар мен мал азықтық ауыспалы егістерді енгізіп, игеру тиімді.
Табиғи шабындықтар мен жайылымдарды қорғау
Облыс ауыл шаруашылығының негізгі екі саласының бірі – мал шаруашылығы. Оған қажетті азық қазір көбіне табиғи шабындық пен жайылымдардың есебінен қамтамасыз етілуде. Мысалы, жемдік шөптің жалпы балансында мал азықтың 85 – 92 процентің табиғи шабындықтың есебінен алады. Алайда, табиғи азықтың өнімі шамалы, олар климат жағдайына қарай гектарына 1,5 центнерден 3-4 центнерге дейін пішен береді. Мысалы, 1993 – 1994 жылдардың қысында облыстың мал шаруашылығы көрген қиындық соның айғағы. Сонан болса керек, соңғы жылдары облыс мал шаруашылығын берекесіздік жайлады. Облыста табиғи мал азығын дайындайтын жерлерді табиғи-шаруашылық белгілеріне қарай негізгі үш алқапқа бөлуге болады:
- Суармалы оазисті жердің жайылымы мен шабындығы;
- Сырдария өзенінің сол жақ жағалауының жайылымы;
- Сырдария өзенінің оң жақ жағалауының жайылымы.
Өзеннің төменгі ағысындағы атыраулық аймақтың барлық табиғи шыбындықтарында көп жылдық және басқа мал азықтық шөптер өседі. Сонымен қатар бұл алқаптарда суармалы егіншілік, дәнді дақылдар, көкөніс-бақша, жеміс-жидек өсіру дамыған. Демек, астықты, егіншіліктің басқа да өнімдерін, мал азығын да осы алқаптардан алуға болады, алып та келеміз. Алайда, күріш – жоңышқа ауыспалы егісінде өсірілетін мал азықтық дақылдардың едәуір бөлігінен алынатын өнімнің шығымдылығы төмен болғандықтан шаруашылықтар пішенді, жемдік азықтарды, сүрлемді біршама мөлшерде кем алып жүр. Оған себеп – соңғы жылдары облыстағы жалпы суармалы егістің көлемінде мал азықтық дақылдардың үлес салмағы бұрынғыға қарағанда кеміп кеткені. Мысалы, 1976 жылы мал азықтық дақылдардық егіс көлемі жалпы егістің 50 процентіндей болған болса, 1994 жылы бұл көрсеткіш 35,4 процентпен шектелді. Жасыратыны жоқ, мұны ауыл шаруашылық салаларын дамытудағы бүгінгі күннің талабына сай стратегия деп айту қиын. Олай дейтініміз, қазір су тапшылығына байланысты Арал өңірінің азып-тозған экологиялық жағдайында мал шаруашылығының дамуы мал азығын көбейтуге тіреліп тұр. Бұрын Сырдың суы шалқып, атырау жерінде аяқ басқан сайын кездесетін ірілі-уақты көлдер мен су жайылған жерлерде өсетін ну қалың балауса шөптер мен жиделі тоғайдың ішіндегі көк майса шалғын шөптер малға азық ретінде дайындалып, қалғандары күзде, қыста жайылым ретінде пайдаланылатын. Өлкенің гидрологиялық режимі өзгеруі себепті шабындық жерлердің аумағы азайып, өнімділігі төмендеді. Тек Арал ауданы бойынша шабындықтың көлемі бұрынғыдан он есе кеміді. Бұрын суы кеткен, бірақ ызасы мол көл табандарда пішеннің өнімі гектарына 25-тен 1000 (мың) центнерге дейін жететін. Есеп бойынша, елуінші жылдары Сыр атырауының ылғалды топырақтары да жыл сайын 3,6 млн тонна шөп өсетін. Оны шөп дайындауға және қыс айларында мал жайылатын шөп ретінде пайдаланатын. Қазір сол жерлер кеуіп, жыл сайын өсетін шөп 0, 8 млн тонна шамасында болып жүр. Қуаншылықтың әсерінен өнімді шөптер сиреп, орнына сапасы төмен сораң аралас бір жылдық шөптер өседі. Олардың өнімділігі гектарына 4,5 – 11,0 центнерден аспайды. Арал теңізінің деңгейі төмен түсіп, жағасы алыстаған сайын оны жағалай жатқан құм төбелер мен майда бұйраттар кеуіп, жайылымдық мәнін азайтты. Шабындық шөптің азаюы мен жайылымның таралуы малдың өсімін шектеп, өнімін төмендетіп жіберді. Ащы да болса ақиқаты сол, күріштің көлеңкесінде қалған, азығы жетімсіз мал шаруашылығының пайдасыз болып отырғаны сонан. Сөзіміз дәлелді болуы үшін мысал келтірейік. 1992 жылы Қызылорда облысы бойынша мүйізді ірі қараның басы – 7,1 процентке, қойдың саны – 4,4 процентке кеміді. Ет өндіру жоспардың небәрі 48,2 проценті болды да, сүт өндірудің 12,5 процентке кемуі соның дәлелі. Осындай жағдайда облыста сүт өндірудің орта мөлшері республика бойынша орта көрсеткіштен 74 кг төмен, ал етке өткізетін ірі қараның орташа салмағының 85 кг жеңіл болып тұрғанына таңданудың реті жоқ. Сонымен жем-шөп базасының бүгінгі жағдайы мал шаруашылығын дамытуға, оның өнімділігін молайтуға қолайлы емес. Бұл маңызды мәселені шешу үшін, ең алдымен мал азығын дала жағдайында өндіру мүмкіндігін ескеретін комплексті шаралар қажет. Ондай шаралар – шөп егу, балғын және жемдік азық өндіру, суармалы мәдени жайылымдар жасау, сондай-ақ табиғи жайылымдарды үстіртін (поверхностно), әрі түбегейлі жақсартумен бірге тиімді пайдалану. Суармалы аймақта дала жағдайында жемшөп өндіру алыстағы мал жайылымдарын жеткілікті жемдік-азықтармен қамтамасыз ете алатын болуы керек. Ал бұл күріш – жоңышқа, мал азықтық және басқа да ауыспалы егіс танабында өсірілетін барлық азықтық дақылдардың өнімділігін арттыруға, демек жалпы егіншілік мәдениетін көтеруге байланысты. Сол мақсатпен күріш егетін шаруашылықтарда ауыспалы егістің екі түрі – күріштік және мал азықтық, ал мал шаруашылығында тек мал азықтық түрін ғана жасайды. Ондай ауыспалы егістерді жердің мелиоративтік жағдайларына, сол жерлердің қандай дақыл өсіруге қолайлы екендігіне байланысты жасалады. Малдың қысқы және жазғы жайылымдарға орналасуына қарай бұл өңірде жерді аймаққа бөліп пайдалану қалыптасқан. Оның бірі Сырдарияның арнасына жақын – екі жағына орналасқан азықтық аймақ. Мұнда көкөніс, бақша және мал азықтық жоңышқа пішені, жемдік дәнді дақыл егіледі. Ірі қараның негізгі бөлігі осы аймақта. Сырдарияның арнасынан алысырақ негізгі суармалы егіс аймағы жатыр. Мұндағы егіс танаптарында, 1994 жылғы мәлімет бойынша, 77600 гектар жоңышқа бар. Сонымен қатар, мелиоративтік танаптарда сүрлемдік жүгері, мал жемдік бақша, тамыр жемістілер, судан шөбі өсіріледі. Олардың көлемі 7819 гектар. Егіс алқаптарының аралығындағы, егістіктің айналасындағы, көл жиектерінде және көлтабан жерлерді шартты түрде шалғындық-жайылымдық жерлер деп бөлуге болады. Кейінгі екі аймақта қойға, жылқыға, түйеге арнап азық дайындалады. Азықтық дақылдарды аймақтарға бұлайша орналастыру мал басын азықтың барлық түрімен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Облыстың суармалы жерлеріне енгізуге негізінен екі азықтық ауыспалы егіс жүйесі – 7 және 8 танапты ұсынылады. Оларда жоңышқа, дәндік және сүрлемдік жүгері, тамыр жемістілер, азықтық бақша дақылдары мен судан шөбі және балауса азықтық шөптер егіледі. Мұндағы негізгі принцип мал басын жылдың төрт мезгілінде түгел қажетті азықтың түрімен қамтамасыз ету. Мал болғасын оның төлі, сауын басы, бордақылайтыны болады, міне солардың бәрін талапқа сай азықтандыруға мүмкіндік туады. Оларды ферма маңындық және шабындық-жайылымдық деп бөледі. Бірінші түрін әдетте фермаға жақын құнарлы жерге орналастырады. Бұл сауын малды, олардың төлін үнемі балғын және жем азықпен, көк шөппен үздіксіз жабдықтап тұруға және жайылым ретінде пайдалануға қолайлы. Бұлай орналастырудың себебі, мұнда танаптардың бір-екеуіне балғын азық (тамыр жемістілер, бақша) егілтін болғандықтан оларды тасымалдап фермаға жеткізу едәуір еңбек пен қаржы жұмсауды қажет етеді. Сондай шығын болмас үшін фермаға жақын орналастыру тиімді. Әрине, табиғи шабындықтар күтімсіз сол күйінде қалатын болса, онда шөбі сиреп, өнімділігі азаятыны түсінікті. Оның алдын-алу мақсатында қосымша шөптер егіледі, ерте көктемде және шөпті орып алған соң тырмаланады, қажет болған жағдайда гектарына 1-2 центнерден азотты тыңайтқыштар беріліп, суарылады. Суармалы мәдени жайылым ұйымдастырудың пайдалы екенін шаруашылықтардың тәжірибесі көрсетіп жүр. Жаз айларында мәдени жайылымдарда ұстаған сауын сырлардың өнімділігі 15 – 25 процентке, ал төлдер 25 – 30 процент қосымша салмақ қосады екен. «Арал-2006» бағдарламасында 1996 жылы облыс бойынша мал азықтық дақылдардың көлемі 55,2 мың суармалы шабындық – 1,0 мың мәдени – суармалы жайылым – 6,0 мың гектар болады деп белігіленген шаралар үлкен үміт күттіреді. Мұның бәрі жерді тиімді пайдалану және оны қорғаудың негізі болып табылады. Сырдария өзенінің сол жағалау жайылымы бірнеге табиғи ауданға бөлінеді: Қызылқұм құмдары, Жаңадария мен Қуандарияның аллювилік жазықтары, шығыс Арал жағалауының Бозшоқы және Жуанқұм құмдары. Қызылқұмда шымды жерде жусан, бұталар, шығыс жағында некен саяқ қоянсүйек, селеу, құмаршық тағы басқа шөптер бұл өңірдің өсімдік жамылғысын құрайды. Бұл аймақта малды тек жазда ғана емес, қыста да ұстауға болатын ықтасыны көп, ойлы-қырлы шөбі де сапалы. Жаңадария мен Қуандария жазықтарына бұйырғын сиректеу, жусан, аракідік ақ сексеуіл, сорандар, ал құмдарында сексеуіл, баялыш, жүзгін, теріскен сияқты шөптер өседі. Бұл аталмыш жазықтардың шөп қорын басқа типті жайылымдармен комплексті пайдаланды. Шығыс Арал жағалауының құмдары шымды келеді, соған орай шөбі өзге аймақтарға қарағанда қалыңдау, бұта аралас өседі. Атап айтқанда сұр жусан, сексеуіл, жүзгін, күйреуік және бір жылдық сорандар. Бұл аймақта бағалы шөптерге бай Жуанқұм. Шөбінің дені еркек шөп, сосын жусан, аралас өсетін изен бар, теріскен тағы басқа бұталар. Бозшоқы – қырат белесті құмдар, ара-арасындағы сайларда тақырлар кездеседі. Бұл Қазалы ауданының территориясына кіреді. Құмдардың баурауында, етегінде сексеуіл, ши, жүзгін, жусан өседі. Сырдария өзенінің оң жағалауындағы жайылымдар өзеннің геоморфологиясы, топырағы және өсімдіктері жағынан әртүрлі. Оларды үш табиғи ауданға бөледі. Біріншісі – солтүстік жақта Ақтөбе, Қарағанды облыстарымен шектеседі, Шығыс Сарысу оазисі мен оңтүстік Қаракемір жотасына тіреледі. Шығыс бөлігінде жусан-баялышты өсімдіктер, аракідік эфемерлер, батыс жағында жусанды және бұйырғынды ландшафтар алмасып отырады. Жусанды жерлерде ебелек, күйреуік, итсигек, теріскен тағы басқа шөптер аралас өсімдік жамылғысын құрайды. Оқта-текте сексеуіл мен қарағай кездеседі. Сортаңдау сұр-қоңыр топырақта және сор жерлерде сорбұйырғын, сарсазан, қарабарқын, торғайоты, балықкөз т. б. өседі. Бұл ауданның территориясы көктем-күзде тәіур жайылым болып есептеледі. Екіншісі – Аралдың шығысы (Арал жағалауының Қарақұмы) мен Қазалының батыс әкімшілік ауданын алып жатады. Жайылымдары жоғары сапалы мал азықтық шөптерге – еркекшөп, теріскен, изен, күйреуік, көксұр жусан, жүзгін, жантақ, бұйырғынға бай. Қыраттарда көбінесе қияқ аралас еркекшөп, ши сирек кездеседі. Бұрын атты адам көрінбейтін қалын ши қазір жүдеп-жадап, қатты сиреп кеткен. Шаруашылыққа пайдалану жағынан бұл аудан шабындық учаскелері де бар, жыл бойы мал ұстауға болатын ең қолайлы жайылым. Үшінші – (Дариялық тақыр) бұл шығысқа және Қаратауға дейін оңтүстік шығысқа созылып жатқан жазық дала. Шөптері негізінен сор бұйырғынды сораң мен жусан шөптер, кейде қара сексеуіл кездеседі. Шөбі сирек, әрі жатаған келеді. Бұл өңірден гөрі оның шығысында жатқан Бикесары даласының шөбі тәуірлеу. Мұнда құмды белестерде қара сексеуіл, жүзгін, эфемерлер, баялыш, сұр жусан өседі. Бұл жайылымдар малдар көктемгі қырға шығарда, күзде қайтарда пайдаланылады. Айта кететін жай, қырдың жайылымдары көбіне жазда, азын-аулақ қыста да пайдаланылады, бірақ шөбінің өнімділігі әр жерде әртүрлі, жалпы бұл аймақтарда шөбінің өнімділігі әр жерде әртүрлі, жалпы бұл аймақтарда шөбінің қоры гектарына – 1,0 – 1,2 центнер шамасында. Сондықтан шөл және шөлейт аймақтардың жайылымдарын тиімді пайдаланудың экономикалық пайдасы қандай болса, оларды күтіп қорғаудың сондай үлкен экологиялық маңызы бар. Табиғи жайылымдарды қорғау мәселелері ең алдымен сол аймақтарда агрономиялық тиімді тәсілдерді енгізу есебінен шөп өнімділігін арттыруға саяды. Мұндағы назар аударатын нәрсе ерте көктемде жер тырмалау, жоғары сапалы жабайы шөптер егу. Бұл бағытта тексерілген, жинақталған тәжірибелер жектілікті. Бұрынғы Қызылорда тәжірибе стансасының Арал жағалауының Қарақұмында жүргізген сынау-тәжірибе жұмыстарының нәтижесінде ерте көктемде тырмалау жұмыстарын жүргізу және еркек шөппен қоңырбас егу осы жайылымдардың өнімділігін 15 – 20 процентке, ал теріскен егу 30 процентке арттыратыны анықталды. Оңтүстік Қазақстан мен Өзбекстанның ғылыми мекемелерінің зерттеулері, сол сияқты оңтүстік шөл аймақтарындағы мал шаруашылықтарының тәжірибесі жайылымдар мен шабындықтарда изен, жусан, күйреуік, теріскен, еркекшөп, жауқияқ, түйежоңышқа сияқты жабайы шөптер егудің өте тәуір нәтиже беретінін дәлелдеді. Аталмыш шөптердің ішінде әсіресе Қызылқұм жайылымдарында изен егудің маңызы зор. Бұл азықтық сапасы жоғары, малға жұғымды шөп. Жайылымдарды қорғау, оларды өте ұқыпты, сақтықпен пайдалану ондағы шөптің өнімді әрі шүйгін болуын қамтамасыз ететін алғы шарттардың бірі. Шөл және шөлейт аймақтың табиғатын құрайтын компоненттердің арасында тепе-теңдік ұзақ уақыт бойында табиғи факторлардың әсерімен қалыптасқан өте нәзік қатынас екені белгілі. Егер сол тізбектің бір буыны істен шығатын болса, мысалы, шаруашылықта дұрсы пайдаланбаудың себебінен шөп жабындысы құрып кеткен жағдайда, онда бұл аймақтар мидай қу далаға, нағыз шөлге айналады. Қызылорда облысында табиғаттың қазіргі хал-ахуалын, әсіресе іргеде жатқан Аралдың ұлаңғайыр кепкен құмды сор ұлтанын көріп отырып, шөл және шөлейт жайылымдардың бұлыңғыр келешегі көзге елестейтінін айтпасқа болмайды. Егер қырдағы жайылымдар шөбінен айрылып, шаруашылық маңызын жоғалтатын болса, онда оларды қайтадан қалпына келтіру мүмкіндігі жоқтың қасы. Сондықтан қолайсыз құбылысты асқындырмай алдыналу өмір талабы. Ол үшін ең алдымен қырдағы жайылымдарда мал жаюды дұрыс ұйымдастыру қажет. Бұл өңірде ғасырлар бойы мал жайып келе жатқан тәжірибеге жүгінсек, белгілі бір учаске бір маусымда ұзақ уақыт пайдаланатын болса, онда шөл даланың жайылымы жұтаңданып, шөбі құнарсызданады, топырағы жел мен су эрозиясына ұшырайды. Қырдың жері ғана емес, өзен бойындағы суалма жайылымды мал таптағанда топырақтағы ауа алмасуы мен микробиологиялық активтілігі, осыдан құнарлылық режимі мықтап бұзылады. Қазақтың мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибелік деректері, учаскені тек көктемде ғана төрт жыл ұдайы пайдалану кезінде жусанды-ебелекті жайылым шөбінің шүйгіндігі 31 процентке, әртүрлі шөптесін өсімдікті-жусанды жайылымның өнімділігі 58,5 процентке кемитіндігін көрсетті. Әрине жайылымды тиімді пайдалану үшін әр шаруашылыққа бекіткен жердің шекарасы анық болуы шарт. Соған орай, қанша жаюға болатынын есептей отырып, тиісті шараларды жүзеге асыру қажет. Құмды шөл жайылымның кейбір жерлерінде шөбі тапталып, құмды жел суыра бастайтын жағдай кездеседі. Ондайда ол жерлердің шөбін қалпына келтірудің тиімді әдісі уақытша мал жаюды тоқтату. Кейбір құмды шөл жайылымдарда, мысалы, үлкен Борсық құмында құдық маңында тіпті мал жаюға болмайды. Тек осындай шараларды жүзеге асырған соң ғана мал өрістетудің реттелген өрістік-учаскелік жүйесін ауыспалы жайылым шеңберінде жүзеге асырудың сәті туады. Демек, ауыспалы жайылым қуаң даланың табиғи шөптерін тиімді пайдалану мүмкіндігі екені байқалады. Оған жайылым мен жусату учаскелерін және өрістерді кезектестіру мүмкіндігі бар жерлерде шөбін шаба отырып, іске асыратын шаралар кіреді. Мал көп жайылған жерлерде жайлым ауыстыру кезінде әрбір учаскеде бір рет жайылым жердің тыныстануына мүмкіндік беріп, мал жаюды тоқтата тұру қажет. Мұндай жылдарда жайылымдағы шөптің шүйгіндігін қалпына келтіру үшін учаскелерге табиғи шөптердің тұқымдарын жаппай немесе ұстап сеуіп тастаған нәтижелі болмақ. Бұл ретте төрт жылдық ауыспалы жайылымға ауыстыру керек. Осыған орай, міндетті түрде жүзеге асыратын шаралрдың бірі-жайлым аумағын маусымдарға сәйкес оның шөбін белгіленген күнтізбелік (календарь) мерзімде мал кезегімен жайылатын өрістерге бөлу қажет. Қырдағы жайылым учаскелерінде барлық масымдарда суат көздері жеткілікті болса ғана ауыспалы жайылымды тыңғылықты игеруге болады. Демек, құдық қазу және оны жөндеу жұмыстарын одан әрі жетілдіру қырдағы жайылымдарды пайдаланатын шаруашылықтардың алдында тұрған кезек күттірмейтін міндеті. Облыстың шөлейт аймағындағы жайылымдардың көпшілік бөлігі суландырылған. Осы мақсатта салынған шыңырау құдықтар мен атқылайтын скважиналар салынып, су көтеретін және су реттейтін алуан түрлі қондырғылармен жарақтандырылды. Жалпы суландырылған жайылымның көлемі 13425 мың гектар. Оның ішінде 1667 құбырлы құдықтармен 7299 мың гектар, 3566 шахталық құдықтармен 5256 мың гектар жайылым жердің 451,6 мың гектары сумен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар Сарысудың аяғы мен Телікөлдің маңаындағы жайылымдарды суландыратын ұзындығы 103 шақырым Шиелі-Телікөл және ұзындығы 23 шақырымдық Сырдарияның сыртындағы (Задаринск) суару-суландыру каналдары бар. Сол сияқты Жаңадария мен Қуаңдария суландыру каналдары да осындай мақсатқа жұмыс істейді. Шаруашылықтарға бекітілген жайылымдарды суландыру жүйелерін пайдалану жұмыстарын сол шаруашылқтардың өздері және Қазақстанның ауыл шаруашылығы Министрлігіне қарасты арнаулы пайдалану-құрылыс мекемелері жүргізеді. Сулылығына қарай (дебит) бір скважина 6 мың мен 100 мың гектар аралығында ауқымы үлкен жайылымды жайлайтын ондаған мың бас қойды сумен қамтамасыз ете алады. Скважинаның суын тек мал суарумен ғана шектелмей, секундіне5 (бес) литрден артық су беретін құбырлы құдықтардың төңірегінде оазистік суармалы егін егуге болады деген мамандардың ұсыныстары болатын. Соны басшылыққа алса, керек әйтеуір көптеген скважиналардың төңірегінде саурмалы егін, бау-бақша егіліп жүрді. Үйрене келе көптеген скважиналардың суын үздіксіз аққан сумен кіші-гірім көлшік жасап, онда балық өсірумен әуестенушілер де болды. Бақылаусыз скважиналар қысы-жазы бірдей көл-көсір болып суы далада ағып жатты. Бау-бақша егу құптарлық іс дейік, бірақ шөлдің ортасында қолдан көлшік жасап балық өсіру ешбір ақылға симайтын тірлік еді. Бірақ мұны керемет іс деп жарғақ құлақтары жастыққа тимей дәріптеушілер аз болған жоқ. Алғашқыда шаруашылықтың біраз салалары мал бағу, бау-бақша мен балық өсіру бірі мен бірі үйлесімін тауып тұр деп даурыққанмен кейінірек скважиналардың суы тартылып қалғанда ғана басшылар мен мамандар, малшылар болса да, енді не істерін білмей төмен қарауға тура келді. Осындай себептерден, мысалы, 80 жылдары Сырдария ауданының қырдағы скважиналары тартылып, жайылымдары сусыз қалғаны белгілі. Өкінішке қарай, кезінде сол скважиналар үздіксіз далаға төгіліп, малшылар өздерінің мөлтек көлшіктерінен балық ұстап жеп, арқа-жарқа болып жүргенде, судың жер астындағы көзі шексіз емес шығар, бұлай суды далаға ағыза беруге болмас деп бір пенде ауызына да алмады. Енді міне, өзі шөл жайлымдық аймақты бұрынғыдан бетер шөлге қолдан айналдырып отыр. Ащы да болса шындықты айтайық, мұны табиғаттың байлығын ақырына дейін сарқып бей-берекет шашудың, сөйтіп өзін-өзі тұйыққа тіреудің сирек кездесетін үлгісі деуге олады.
Таблица 37 Қызылорда облысында табиғи мал азықтық жерлерді тиімді пайдалану жөнінде бағдарлама
(«Арал-2006») №
Көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
1991 жыл
Келешекте болу керек
1996
2001
2006
1
2
3
Жайылым жерлері, барлығы
Мың га
12569,6
12569,6
12569,6
12569,6
Оның ішінде:
Қоршалған
40,0
60,0
100,0
170,0
Жақсартылған
1,0
20,0
30,0
50,0
Суландырылған
9103,0
9812,2
10520,0
12569,6
Оазистік суландырылған
0,5 0,6 0,7 0,9
Шабындық жерлер, барлығы
118,0
200,0
300,0
400,0
Оның ішінде
Суарылатын
117,0
200,0
300,0
400,0
Іске асырылатын шаралар:
Табиғи мал азықтық жерлерді жақсарту
Жерді суландыратын құрылыстар салу
Суландыратын құрылыстарды комплексті қайта салу
Су жүретін құбырлар жүйесін салу оазистік суару
км.
мың га
3, 1
40,0
7, 1
14, 6
20,0
0, 1
30,0
7, 1
15, 1
50,0
0, 1
30,0
20,5
20,0
100,0
0, 2
Арал өңірі табиғатының антропогендік ластануы
Арал өңірінің табиғатының экологиялық жүйесі тозығы жеткен тоқыма бұйымдай қақырап бара жатқаны қазір осы өлкені мекендейтін әр кімге аян. Айнала қоршаған ортаның компоненттері арасындағы организмнің мүшелері іспеттес тығыз байланыстылықтың күйі кетуіне тікелей ықпал жасап тұрған факторлардың бірі – олардың антропогендік ластануы. Ластайтын заттардың түрлері де көп, мөлшері де молОлар радионуклидтер (радиоактивті изотоптар), ауыр металлдар (қорғасын, мырыш, мыс, кадмий, хром т. б.), зауыттар мен фабрикалардың, автокөліктердің мұржаларынан шығатын зиянды заттар (улы газдар, түтін, күйе, әртүрлі химиялық заттар), ауыл шаруашылығында қолданатын химиялық заттардың – минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтердің қалдықтары. Бұлардың бәрі де әртүрлі жолдармен ауаға, жер бетіндегі және жер астындағы суларға, жауын суына тарайды, өсімдіктер мен жануарлардың бойына жиналады. Бұлардың қай-қайсысы да организм үшін өте қауіпті, әйтсе де солардың ішінде адам мен жануарларға аса зияндысы радоиактивті заттар. Олардың жер бетіндегі көзі атом мен сутегі бомбаларымен тәжірибе жасау кезінде жарылуы, атомдық реакторлар, атомдық электростанциялар, атом өнеркәсібінің қалдықтары және табиғи объектілердегі қоры, Әсіресе ядролық бомбалардың жарылу кезінде пайда болған радиоактивтік заттардың ауаға араласуы ерекше назар аудартады. Атап айтқанда, радиоактивті заттар ауадан жерген жауын-шашынмен түседі де, жер бетіндегі судың, топырақтың, өсімдіктер мен жануарлардың және адамдардың денесіне шоғырланып, радиоактивтік әсер ететін мөлшерін арттырады. Радиоактивті заттар, яғни радионуклидтер тек ауа жолымен ғана таралып қоймайды. Ол өсімдік қалдықтарымен, жануарлардың өлексесі мен қалдықтары арқылы да тамақпен де таралады. Мысал ретінде судағы осы радионуклидтредің тізбек бойымен жылжуын алайық. Судағы радионуклидтерді планктондар (майда организмдер жинағы) сіңіреді, ал олармен балықтар қоректенеді, балықтарды құстар тамақ етеді, оның екеуін де адам жейді. Бұл адам организмінде радионуклидтер жиналуының бір жолы. Радионуклидтердің атмосфералық ауада көп мөлшерде болуы тұрғындар арасында тұмаудың, түрлі-үсік жаралардың таралуына әкеліп соғады. Радионуклидтер адам организміне әртүрлі жолдармен кіреді және әртүрлі дәрежеде шоғырланады. Елуінші жылдары атом бомбаларын сынақ үшін жиі-жиі жарып тұрғанда, сол өңірден әлдеқайда қашық жатқан жерлерде өсімдіктің радиоактивтілігі он есеге дейін көбейіп кеткені болатын. Бертін келе атом қаруы бар мемлекеттер оны үш ортада – жер бетінде, ауада және су астында сынауды тоқтату туралы келісімшартқа қол қойған соң радионуклидтердің таралуы едәуір бәсендеді. Оған дәлел, кейінгі жылдары адам организміндегі радионуклидтердің мөлшері қауіпті деңгеді болмайтыны байқалып жүр. Алайда, әлемде жұмыс істейтін атом электростанциялары, атом кемелерінен түсірілген реакторлар мен жұмысын тоқтатқан атом отындары көп. Міне, солар ортаны радиоактивті заттармен ластайтын көздер екені сөзсіз. Олай болса, кей жерлерде жағдай қолайсыз бағытта өзгеруі мүмкін. Соның айғағы ретінде 1986 жылғы Чернобыль атом электростанциясының жарылуын еске түсіру жеткілікті. Соған қарағанда, адамзаттың басына қауіп төңдіруші атом қаруы емес, кәдімгі “бейбіт” атом болса керек. Қазақстандықтарға, тіпті әлемге аты әйгілі – Семей атом сынақ полигоны белгілі. Рас, қазір онда атом қаруы сынақ үшін жарылмайды, бірақ сол жерде қырық жылдан астам уақыт үстін-үстін жүргізілген ядролық жарылыс іссіз кеткен жоқ. Семей жерінің табиғаты, оның объектілері радионуклидтермен қаныққаны дәлелдеуді қажет етпейді. Сол себепті Қазақстанның Семей облысы орналасқан солтүстік аймағы жан-жағына радиоактивті заттар тарататын орталық болып тұрғаны жасырын жағдай емес. Радионуклидтердің түрлеріне келетін болсақ, организмге өте қауіпті әрі ортада көп тараған радионуклидтер – стронции-90 мен цезии-137. Стронции-90 радионуклид адам организміне өсімдік тектес тамақтың құрамымен кіреді де, сүйекте жиналады, ал цезии-137 тканьдар мен бұлшықет құрамына енеді. Стронции-90 ұзақ уақыт бойы адамның денесінде аздап жиналғанының өзінде үздіксіз сәуле шашатын болғандықтан сүйекте лейкемия мен рак ауруы қозатыны дәлелденген. Сол сияқты цезии-137 бета-гамма сәуле шашатын радиозотоп болғандықтан тірі организмге өте қауіпті. Сондықтан бұл аталған екі радионуклидтің табиғи таралуы, олардың объектілерде жиналуы ұдайы бақылауда болуы тиіс. Қызылорда облысының аумағында жүргізген 3 жылдық зерттеулердің нәтижесі бойынша Сырдария өзенінің атыраулық топырағында (0 – 25 см) стронции-90-ның 1 килограмм топырақ массасындағы мөлшері 5,1 БК/кг (Беккерель) мен 6,6 БК/кг аралығында болды. Айта кететін бір жай, атрудың әр бөлігінде осы радионуклид мөлшерінің азғантай болса да айырмашылығы бар екені байқалады. Мысалы, атыраудың басында (Жаңақорған мен Шиелі жерінде) С-90-ның 1 кг топырақтағы орта мөлшері 5,8 БК/кг болса, ескі атыраудың орта тұсында бұл көрсеткіш сәл-пәл көтеріңкілеу – 6,2 БК/кг шамасында. Ал Сырдарияның жаңа атырауында (Қазалы) С-90-ның орта мөлшерінің деңгейі атырау басындағыдай, яғни 5,8 БК/кг. Осы дара мәліметтерді орта жүйеге келтірсек, жалпы Сырдария атырауында топырақтағы С-90-ның мөлшері 5, 9 БК/кг болып шығады. Топырақтың жоғарғы қабатындағы (0 – 25 см) цезии-137-нің мөлшері стронцииге қарағанда сәл жоғарылау. Атырау басында оның топырақтағы мөлшері 8,6 БК/кг, ескі атыраудың орталық тұсында 7,6 БК/кг, ал жаңа атыраудың топырағында 8,0 БК/кг. Сонда жалпы орта мөлшері 7,86 БК/кг. Қоршаған ортаның радиациялық жағдайын тек осы аталған екі радионуклидтердің сандық мөлшерімен бағалануымен қиын. Мәлімет толық болуы үшін топырақ пен өсімдік үлгілерін алған бақылау учаскелерінде жер бетінің жалпы радиациялық активтілігі де өлшенеді. Мұндай өлшеу 25 бақылау учаскелерінде жүргізілді. Оның атырау басында, ескі атырауда – 15 және жаңа атырауда – 3. Өлшеудің нәтижесінде атырау басында топырақ бетінің жалпы активтілігі 14,6-дан 16,3 мкр/сағат (микрорентген), орталық аймақта 14,6 – 16,0 мкр/сағат, жаңа атырауда 14,8 – 15,3 мкр/сағ. болды. Жалпы орта көрсеткіш 15,3 мкр/сағат деңгейінде. Сыр атырауының әр бөлігінде жүргізілген радиациялық фонның дәлдігін тексеру үшін 1993 жылы Шиелі ауданына қарасты «Еңбекші» кеңшарының жерінде (атырау басы) 102 нүктеде арнайы өлшеу жүргізілді (Байдабекова Г.). Осы өлшеудің нәтижелерін бұрын алынған мәліметтермен салыстырғанда, бұл көрсеткіштердің үйлесімді екені анықталды. Сонымен облыстың топырақ бетіндегі жалпы активтілігінің орта деңгейі – 15,4 мкр/сағат. Бұл Қазақстан бойынша орта көрсеткіш 20 мкр/сағаттан төмен. Сонымен қатар топырақ үлгілерін алған бақылау учаскелеріне жиналған өсімдіктердің үлгілерін талдап, ондағы радионуклидтердің мөлшері генеративтік және вегетивтік бөліктерінде жеке-жеке анықталған болатын. Мәдени дақылдардан көбірек талдау жасалғаны – күріш. Қолда бар мәліметке қарағанда, күріштің дәніндегі стронции 90, құрғақ затқа есептегенде 1,1 – 1,4 БК/кгБірақ, сабанында онық мөлшері көбірек болды – 2,5 – 3,0 БК/кг. Өсімдіктердің С-90-мен ластануын көрсететін маңызды мәлімет стронции бірлігі, яғни стронциидің кальцийге қатынасы. Осы қатынас неғұрлым үлкен болса, аталмыш радионуклидтің өсімдік бойында жиналуы соғұрлым ықтимал. Біздің мәліметіміз бойынша, күріштің дәнінде стронции бірлігі 0,19-дан,
29 микро-Кюри аралығында. Күріштің сабанында бұл көрсеткіш 0,29 бен 0,40 микро-Кюри аралығында жатыр. Ғылыми әдебиеттерде С-90-ды бойына көп жинайтын дақылдар деп бұршақ тұқымдастарды, тамыр түйнектілер мен тамыр жемістілерді атайды. Астық тұқымдастар, оның ішінде дәнді дақылдар және зығыр радионуклидтерді аз жинайтын көрінеді. Өсімдіктердің жеке органдарында С-90 жиналуы бірдей емес. Атап айтқанда, олардың дәні мен жемісінде вегативтік органдарға қарағанда едәуір кем жиналады. Мысалы, бидайдың жапырағы мен сабағында С-90 оның дәніндегі мөлшерінен он есе артық. Біздің алған материалдарымызда күріштің сабағында С-90 оның дәніндегіден 2-3 есе артық болатыны соның айғағы болса керек. Әртүрлі организмдердің бойында С-90-ның жиналуы олардың түріне, биологиялық ерекшеліктеріне, сол сияқты стронции мен басқа да элементтердің, ең алдымен кальций мен фосфордың ара-қатынасына және сол организмдердің белгілі химиялық ортаға бейімделуіне байланысты. Осы деректерге жүгінсек, топырақтағы кальций мен фосфордың молдығы С-90-ның өсімдік бойына жиналуын тежейтін фактор екені анық. Сырдарияның атыраулық топырақтарында кальций көп. Оның топырақтағы көмірқышқыл известь (CaCO 3)түріндегі мөлшері 10 – 25 процент. Фосфорды алатын болсақ, жыл сайын суармалы дақылдарға беріп жүрген фосфор тыңайтқышының қалдығы түрінде ол да жеткілікті. Демек, бидаймен салыстырғанда күріштің органдарына С-90 аз болуы сонан деуге негіз бар. С-90-ға қарағанда өсімдіктердің органдарында цезии-137 көбірек. Күріштің дәніндегі оның ең төменгі мөлшері 1,0 – 1,4 БК/кг, ал жалпы орта мөлшері 1 кг құрғақ затқа есептегенде – 1,56 БК/кгСоған сәйкес өсімдікте жиналу коэффиценті де жоғарылау – 0,16 – 0,23. Өсімдіктегі цезии бірлігінің ең төменгі деген деңгейі –0,34 –0,43 микроКюри шамасында. Күріштің сабанында Ц-137-ның орта мөлшері 4,01 БК/кг. Бірақ, жоңышқаның вегетативтік массасында аталмыш екі радионуклидтердің мөлшері бірдей екені анықталды. Ол – 3,1 БК/кг, С-90 мен Ц-137-нің өсімдікте жиналу коэффициенті тиісінше 0,49 және 0, 37. Сонымен қорыта келгенде Қызылорда облысы көлеміндегі радионуклидтер С-90 мен Ц-137-нің мөлшері орта деңгейге тура келеді, яғни жалпы радиациялық жағдай әзірге тыныш деп айтуға негіз бар. Ғылыми-техникалық жетістіктер қоғамның көркеюіне себепкер болса да, тірі табиғатты аздырып, өмірге қауіп төндіріп тұрған солар десек, артық болмайтын сияқты. Олай деуге негіз – химия өнеркәсібінің қарқынды дамуы, осы сала өндіретін химиялық заттардың қалдықтары. Дүниежүзінде органикалық заттар өндіру 1950 жылы небәрі 7,0 млн тонна болса, 1985 жылы 250 млн тоннаға жетуі соны растайды. Химиялық заттардың өндірісі көбейген сайын оның улы қалдықтары да солғұрлым көп болатыны, олардың табиғатқа және адамға зиян келтіргені анық. Сол химиялық заттардың ішінде табиғатты ластайтындары ең көп тарағаны және мөлшері де көбі ауыл шаруашылығында қолданатын минералдық тынайтқыштар мен пестицидтердің қалдықтары. Соңғы 40 жыл ішінде егіншілік саласында химияландыру жұмыстары өте қажетті шараға айналды. Өйткені, бұл химиялық заттар егіннің өнімін көбейтетін және ысырабын азайтатын тиімді құрал екені белгілі болды. Сол себепті тынайтқыштар өндіру және оларды егіншілікке қолдану күшті дамыды. Минерал тынайтқыштарды көптеп өндірген және егістік далада мол қолданған елдердің бірі бұрынғы Кеңес Одағы болатын. Сөзіміз дәлелді болуы үшін ресми мәлімет келтірсек, бұрынғы Кеңес Одағы 1987 жылы 36,3 млн тонна қоректік зат өндіріп, АҚШ-тан екі есе асып түсті. Тынайтқыштар мол болған соң оларды егістік далаларда қолдану да қарқынды жүрді. Суармалы егін, оның ішінде суға бастырып күріш егетін Қызылорда облысы тынайтқыштарды қанша сұраса – сонша алып тұрды. Минерал тынайтқыштар өнімді көтеретін құрал ретінде қажет-ақ. Әйтсе де оны қолдануда біржақты асыра сілтеушілік, соған арқа сүйеп ретсіз мол берушілік жиі кездесті. Оның да себебі бар. Соңғы кезге дейін ғалымдар тынайтқыштардың және басқа химиялық заттардың егінге тигізетін әсерін тек пайдалы жақтан ғана түсіндірумен болды. Артық берген тыңайтқыштардың егіннің өнімі арқылы организмді улайтынын, табиғатты ластайтынын ауызға да алмады. Міне, енді ғана, экология мәселелеріне жаппай бет бұрған кезде ғана тыңайтқыштардың негативтік әсері аз болмайтыны жиі-жиі айтылып жүр. Кез-келген пайдалы зат, егер оның мөлшері шектен тыс артып кетсе, онда оның пайдасынан гөрі зияны басым болатыны ежелден белгілі ақиқат. XV ғасырдың белгілі дәрігері Парацельстің пастулаты бойынша «кез-келген зат улы, бірақ оны улы ететін артық мөлшері». Міне солардың ұатарына тыңайтқыштар да жатады. Бірақ олардың бәрі бірдей емес, ішінде экология үшін қауіптісі азот қосылыстарының организмге улы әсері қазір ешкімге күмән келтірмейді. Суда, азық түлікте және мал азығында нитрат рұксат еткен мөлшерден артық болғанда (ПДҚ) адамды және жануарларды, жалпы тірі организмді улайды. Организмге улы әсері жағынан нитраттар радиоактивті заттардан әсте кем түспейді. Организмде жиналған нитраттар тотықсызданады да, нитриттерге айналады. Бұның улылығы нитраттардан он есе артық. Нитраттардың организм үшін қауіптілігі сол, ол қандағы гемоглабинмен қайтымсыз реакцияға түсіп қанның қызыл түйіршіктерін улайды, екі валентті темірді (Fe2+) үш валентті (Fe3+) темірге айналдырады. Соның нәтижесінде қанның қызыл түйіршіктерінде метгемоглобин түзіледі. Метгемоглобин оттегін бойына сіңіріп алатындықтан қанның организмде тасымалдау қабілеті болмайды. Сол себепті нитратпен уланған адам демікпе ауруына (асфикция) шалдығады. Бұл – дәлелденген жай. Қышқыл ортада соңғылары кацерогендер ретінде организмде рак ауруын қоздырады, мутагендік жарым-жандыққа ұшыратады, адамның ұрығы семіп, ұрықтың бойындағы өмірге жан беретін күші қайтады деген деректер бар. Мінекей нитраттардың адам организміне тигізетін зияны жөнінде ғылымға белгілі деректер осылар. Нитраттың көзі әртүрлі, олар минерал тыңайтқыштар, көбінесе аммиак селитрсы, көң және топырақ. Топырақтағы нитраттардың қоры нитрификация процесінің нәтижесінде құрылады. Топырақтың жоғарғы қабатында бұрыннан қалған өсімдіктердің қалдықтары, гумус және аммоний тыңайтқыштары түрінде энергетикалық материал жеткілікті болса, Арал өңірінің құрғақ, әрі ыстық ауа райы жағдайында нитрификация процесі күшті жүреді. Осы өлкенің топырағын зерттеушілер (Неуструев,1911; Боровский,1958) Сырдария өзенінің атырауындағы көптеген пункттерде нитрат сорлар кездесетінін атап көрсетеді. Демек, бұл өлкенің табиғаты топырақта нитраттың көп жиналуына қолайлы. Соңғы жылдары егін өнімдерінің, ең алдымен көкөніс, бақша, жеміс-жидек және картоп дақылдарының сапасы күрт төмендеп кеткені байқалып жүр. Әсіресе қауынның сапасы нашар. Бұрын Сыр атырауының табиғаты дәмі тәтті, ұзақ сақталатын, әрі тасымалдауға төзімді, бұзылмайтын қауын өсіруге жағдайлы болатын. Ал қазір керісінше, дәмі су татыған қауынды екі-үш күн сақтауға да жарамайды іші түсіп ағып кетеді, тасымалдау тіпті мүмкін емес. Өте сапалы өнім беретін қауынның әйгілі қаракүләбі сорты да осы күйге ұшырады, бүгінде оған деген сұраныс жоқ. Әрине, оның себептері – судың және ауаның ластануы, топырақтың тұздылығы және өнімде нитраттың жиналуы деп қарау керек. Егіннің өнімінде нитраттың жиналуына, оның сапасын төмендетуге әртүрлі факторлар әсер етеді десек те, нитраттың негізгі көзі болатын азот тыңайтқыштарының түрі – аммиак селитрасы. Сол себепті кейінгі жылдары осы тыңайтұыш түрін Қызылорда облысының егіс далаларында қолдануға шек қойылды, өнімнің нитратпен ластауны бақылауға алынады. Соның себі болса керек, облыс жерінде өндірген өнімнің нитратпен ластануы онша көп болмай жүр. Мысалы, 1991 жылы облыстық химиялық жобалау-іздестіру стансасы егін өнімінің 26 түріне 25,0 мың талдау жасаған болатын. Сонда сол тексерілген өнімдердің нитратпен ластануы небәрі 0,3 процент болды. 1992 жылғы тексеру де дәл осындай нәтиже берді. Сол материалдарға қарағанда, бұл аймақта экологиялық жүйенің нитратпен ластану қаупі әзірге күшті емес деуге негіз бар. Алайда, осыған байланысты бір мәселені талдап айта кеткен жөн сияқты. Ол өнімдегі нитраттың рұқсат етілген мөлшері, яғни ПДҚ. Бұл жөніндегі пікірлер әртүрлі. Олай дейтініміз, егер өнімде нитраттың мөлшері рұқсат еткен концентрациядан аспас, мысалы, қауынның бір килограмм шамасындағы нитраттың мөлшері 90 милиграммнан артық болмаған жағдайда, ондай өнім организмге қауіпсіз деп танылады. Ауыл шаруашылық өнімдеріне жасалған талдаудың нәтижесі көп жағдайда қауынның бір кг/Массасындағы интраттың мөлшері 80 – 90 мг шамасында болатынын көрсетеді. Санитарлық-гигиеналық қызметтің дәлелдеуі бойынша бір кг-дағы нитрат 90 мг болса, ол қауіпсіз, ал 92 мг болғанда организмге зиян. Дәл осы дәлелдеме көңілге күмән келтіреді. Өйткені, өнімнің дәмін, оның жалпы сапасын төмендетуге жоғарыда келтірілген нитраттың екі мөлшерінің арасында айырмашылық жоқ екені көрініп тұр. Қалыпты жағдайда пісіп-жетілген өнімде бос нитрат болмауы керек. Егер өнім нитратпен ластанған болса, онда вегетация кезінде өсімдіктің бойындағы биохимиялық реакцияның қалыпты жағдайда жүрмеуінің белгісі деп қарау керек. Олай болса, бұны сол биохимиялық реакцияның жүруіне кедергі болатын факторлардың әсері десек қателеспейміз. Олар – ортаны ластайтын пестицидтер, мұнай қалдықтары және басқа химиялық активті заттар. Сондықтан осы мәселені тереңірек зерттеп, оған толық жауап табу биологиялық таза өнім өндіруге мүмкіндік беретін жол. Ауыл шаруашылығында қолданылып жүрген химиялық заттардың тобына жататын тірі табиғат үшін аса қауіптісі – пестицидтер. Қазіргі кезде олардың белгілі түрлерінің саны жүз мыңнан асады. Әсіресе соңғы ширек ғасырда осы улы заттарды өндіру және қолдану әлемде етек жайып ұлғайып кетті. Оларды өндіруге қыруар қардының жұмсалуы соның айғағы. Сөзіміз дәлелді болуы үшін факті келтірсек, мысалы, сексенінші жылдардың ортасында бүкіл әлемде пестицидтер өндіруге 13,9 миллиард доллар, оның ішінде арам шөптерді құртатын гербицидтерді өндіруге – 7,7 млрд доллар жұмсалды. Алпысыншы жылдардың ішінде егіншілікті жаппай химияландыру бағдарламасын жүзеге асыруға миллиардтаған қаржы жұмсай бастаған бұрынғы Кеңес Одағы бұл науқаннан шет қалмады. Сол кезде Одақтың зауыттары жылына 360 мың тонна шамасында өсімдік қорғайтын улы заттар шығаратын. Ол аз болғандай шетелдерден жыл сайын қыруар улы зат сатып алатын. Мысалы, 1987 жылы 500 миллион сом алтын ақшаға пестицидтер алынды. Ал 1990 жылы Одақтың өзінің өндірген улы заттары 450 мың тонна болды. Осынша улы заттың басым көпшілігі оңтүстік аймақтарда, оның ішінде суармалы егін егетін жерлерге төгілді. Олардың ішінде басқа елдерде қолдануға тыйым салынған түрлері аз емес. Мысалы, бүкіл әлем қарғыс айтқан хлорорганикалық препарат ДДТ-ның бір өзі не тұрады. Сол сияқты улылығы онан кем емес, оратада өте тұрақты, сондықтан тірі организм үшін қауіпті хлорорганикалық препараттар тобынан гексахлоран, ГХЦГ (гесахлранциклогексен) олардың дустары, тиурам, пропанид тағы басқаларын атауға болады. Бұлардың бәрі де тыйым салынған, бірақ біздің егіс далаларымызда ұзақ уақыт бойы қолданылып келген препараттар. Бақылаусыз қолданылған сол улы заттардың оңтүстік аймақтардың табиғатына және тұрғындарына шексіз қасірет әкелгенін көріп отырмыз. Оны білмейтін пенде жоқ. Әдетте, пестицидтерді егіс далаларының зиянды фитоценоздарына қарсы қолданады, бірақ олар ортада тіршілік ететін алуан түрлі тірі организмдердің қайсысы адамға пайдалы, қайсысы зиянды деп айырып жатпайды – бәрін қырып салады, сөйтіп тірі табиғатұа орасан зор залалын тигізеді. Қазіргі кезде пестицидтердің әсерінен жер шарында күн сайын бір биологиялық түр құрып кетіп отырады деген деректер нақтыланды. Демек, жер бетінде тіршіліктің өзінің негізі, яғни генетикалық қоры құрып кету қаупі көз алдымызда көлбеңдеп, елестеп тұр. Бар деректерге қарағанда, жалпы табиғатты ластайтын заттардың ішінде пестицидтердің үлесі 2,0 процент шамасында. Сонан жыл сайын әлемде 2,0 миллион адам пестицидтерден уланып, оның елу мыңы қазаға ұшырайды (Бұрынғы Кеңес Одағы жөнінде мәлімет жоқ). Пестицидтердің әрқайсысының улылығы әртүрлі дәрежеде болғанымен адам үшін барлығы өте қауіпті. Хлорорганикалық препараттар мысалы, организмде ұзақ сақталады, өте аз мөлшерде болса да организмнің иммунитетін бұзады, организм жұқпалы және вирус ауруларына сезімтал болып, тез ауырады. Жыл сайын қайталап пестицидтер шашудың тірі табиғатқа зияны шаш етектен. Ең алдымен оның зардабы топыраққа тиеді. Оған себеп, арам шөптер мен зиянды жәндіктердің организмі сол қолданылатын уларға үйреніп кетеді де, көп ұзамай-ақ олардың жаңа популяциясы (ұрпағы) қайтадан қалпына келеді. Бір ерекшелігі, олар сол уға төзімділік танытады. Сондықтан оларды құрту үшін әр кез жаңадан уды шашқанда дозасын (мөлшерін) біртіндеп көбейтуге тура келеді. Сөйтіп, химиялық заттардың топыраққа қысымы жыл сайын күшейе түседі, топырақ олардан арылып үлгермейді. Бірте-бірте орта жүдеп-жадап, өзінің табиғи қалпына келу қабілетін жоғалтады. Топырақ та, онда өсетін өсімдік те уға үйреніп, кәдімгі нашақор іспеттес болып қалады. Егіннің өсуін ұдайы уды қолдану арқылы сүйемелдеп тұратын күйге түседі. Алуан түрлі улы пестицидтерді шектеусіз қолданудың қауіптілігі сол, олардың көпшілігі экологиялық тексеруден өтпеген. Әйтеуір зияны биоценозды құртатын зат десе болды, не шет елдерден сатып алып, не ішкі зауыттарда өндіріп, үйіп-төгіп егістік далаларға жөнелте беретін жаман әдет қалыптасты. Бүкілодақтық табиғат қорғау және қорық істері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Г.В.Попова былай дейді: «Біздің елде өндіретін бірде-бір пестицид экологиялық тексеруден өтпегенін ұят болса да мойындауға тура келеді». Осындай көз жұмбай қимыл умен жұмыс істейтіндерді жауапсыздыққа итермелейді. Егіс далаларында қолданылған пестицидтердің объектідегі қалдықтары методика мен арнаулы құралдар болмағандықтан анықталмайтын. Оған дәлел, бұрынғы Одақтың егіс далларында қолдануға рұқсат етілген үш жүз химиялық заттардың 120-ның ғана қалдықтарын лабораторияларда анықтай алатын, демек қалғандарының объектіде жиналуы, олардың тірі табиғатқа зияны жөнінде мәлімет жоқ. Әдетте, коммерциялық мақсатты көбірек ойлайтын шет елдердің фирмалары сатуға ұсынатын улы заттарға әдемі сипаттама беретіні белгілі. Соның айғағы ретінде «Сатурн» гербицидін алуға болады. Ұзақ жылдар бойы Қызылорда облысының күріш далаларында «Сатурнды» қолданып жүрді. Осы гербицидті сатушы жақтың сипаттамасына қарағанда оның тірі организмге ешбір зияны жоқ сияқты. Тек 1998 жылы краснодарлық ғалымдардың осы гербицид жөніндегі зерттеулерінің нәтижесі жарияланғанда ғана оның аса қауіпті улы зат екені белгілі болды. Сонан кейін оны алу тоқтатылды. Бұл бір ғана мысалКезінде егіс далаларында пестицидтерді оңды-солды мол шашқандардың бірі – Қызылорда облысы. Бұл аймақта пестицидтердің 8 – 10 түрін (көпшілігі күріштің отағына қарсы қолданатын гербицидтер) қолданылып жүрді. Сексенінші жылдардың ортасынан бастап пестицидтер қолдану жылдан жылға ұлғая берді. Қызылорда облысы бойынша пестицидтермен өнделген егістің көлеміне есептегенде 1985 жылы орта есеппен бір гектар жерге түскен пестицидтердің мөлшері – 2,5 кг, 1986 жылы 3,5 кг-нан айналды. 1987 жылы облыс бойынша улы заттар шашылған егістің жалпы көлемі – 103,5 мың гектар (күріш, жоңышқа жеміс-жидек, шабындық) болды. Оған 475 тонна улы заттар шығындалды, яғни бір гектарға түскені 4,0 кг-нан екі есе артық еді. Пестицид қолданудың мұнша етек алып көбеюі экономикалық жағынан азын-аулақ пайдасы болғанымен оны улы заттардың тірі табиғат пен адам өміріне тигізетін зиянымен салыстырғанда теңізге тамған тамшымен бірдей десек шындыққа саяды. Өкініштісі сол, егіншілікке қолданып жүрген улы заттардың зиянды жақтары басым екені белгілі болса да оған көпке дейін тоқау болмады. Оның себебі, кейбір шаруашылық басшылары мен мамандары тынымсыз еңбек етуді керек ететін агротехникалық әдістің көмегімен егінге қолайлы фитосанитарлық жағдай жасау арқылы өнімді сақтаудан гөрі зиянды фитоценозға қарсы мезгілінде шашып өте шығу оңай екенін түсініп алды. Жасыратыны жоқ, улы заттарға арқа сүйеген мамандар жермен жұмыс істеуді қойды. Әсіресе, шаруашылықтың жоспарын қалай да орындауды адам мүддесінен жоғары қоятын өзімшіл басшылар үшін өте қолайлы еді. Оларды улы заттарға жармаса беруге итермелейтін бір жағдай, ол егіншілік мәдениетінің төмендігі. Рас, жоспарлы өнім алу үшін олар осы бір қолайсыз әдісті қолдануға мәжбүр болған да шығар. Бірақ пестицидтер қолдану бақылаусыз, әрі сауатсыз жүргізілгендіктен ол қауіпті іске айналды. Сол себепті, күткен экономикалық пайдадан гөрі шаруашылықтардың алдында материалдық шығын мен қоршаған ортаны ластау қаупі тұратын. Реті келгенде айта кетейік, күні кешеге дейін облыстың аудандары ішінде улы заттар қолданудан ең алда болған Жаңақорған ауданы. Мәселен, 1988 жылы аудан бойынша 12 мыңнан астам күріш егісі пестицидтермен өнделді, яғни бұл осы дақылдардың аудан бойынша жалпы егіс көлемінің 92 проценті болатын. Алайда, күріштің орта өнімі жағынан бұл аудан сол кезде басқалармен салыстырғанда ең соңғы орында тұрды. Еккен егіннің өнімін сақтау үшін уды қолдану қажет болған шығар, оны орынды делік, егер көңілге қаяу салатын бір жағдай болмаса. Ол Жаңақорғаннан төмен өзен бойын мекендеген ел Сырдарияның суының сапасына үлкен күдікпен қарайтын болды. Оның себебі, Жаңақорған ауданы бойынша егілетін күріш егісінің негізгі көлемі орналасқан «Түгіскен» алқабынан шығатын қашыртқы – сығынды су түгелдей Сырдарияның арнасына құйылады. Ол судың құрамында бәрі де бар – пестицидтер, тыңайтқыштар, тұздар, тағы басқа улы заттар. Сол лас судың Сырдария өзенінің арнасына тоқтаусыз құйылып тұрғанына міне отыз жылдан асып барады. Соңғы жылдары Қызылорда облысының егіс далаларында пестицидтер қолдану едәуір азайды. Оны мына төмендегі мәліметтен (облыстық экология және биоқорлар басқармасы) көруге болады:
1985 ж. – 1971 тонна пестицидтер (жалпы массасы)
1986 ж. – 1679 тонна
1987 ж. – 1171 тонна (таза улы затты 475 тонна)
1988 ж. – 801 тонна
1989 ж. – 507 тонна
1990 ж. – 250 тонна
1991 ж. – 39,7 тонна
Облыстың егістік далаларында пестицидтер қолданудың азаюына ең басты себеп нарықтық экономикаға көшу, яғни дәлірек айтсақ, пестицидтер алатын қаржының тапшылығы болды. Қалай дегенде де қазір осы улы заттарды қолдануға тыйым болып тұр. Қоршаған ортаны үздіксіз ластап, тірі организмдерге зиянды залалын тигізіп жатқан улы заттардың тағы бір тобы ауыр металлдар. Ірі-ірі өнеркәсіп орталықтары ауаға будақ-будақ жіберіп жатқан шаң аралас түтіннің және автокөліктің моржасынан шығып жатқан улы газдардың құрамында ауыр металлдар бар. Олардың ішінде көп тарағандары – қорғасын, мырыш, мыс, кадмий. Ауыр металлдардың тірі табиғат үшін залалы мен зияны өзге улы заттардан кем болмайтыны жөнінде соңғы жылдары айтылуда. Ауыр металлдар деп атомдық массасы 40-тан асатын элементтерді айтады. Соңғы кезге дейін ауыр металлдар тобына жататын элементтердің көпшілігі микротыңайтқыш ретінде егіншілікке қолданып жүрді. Сол себепті олар зиянды жағынан ерекше назарға ілене қойған жоқ. Тек енді ауыр металлдардан сақтану кезек күттірмейтін мәселеге айналып отыр. Ауыр металлдардың ішінде қоршаған ортада көп тарағаны және организмге өте қауіптісі – қорғасын. Оның негізгі көзі автокөлік, ауыл шаруашылық техникасы, көмірмен жұмыс істейтін жылу орталықтары мен өнеркәсіп нысандары (объектілері), самолет пен ракеталар. Белгілі деректер бойынша, автокөлік жылжығанда оныың моржасынан түтінмен бірге шығатын қорғасынның 25 проценттен 75 прцентке дейінгі мөлшері жер бетіне шөгеді, едәуір бөлігі ауада қалады. Адам өміріне қауіптісі де сол қорғасынның органикалық емес қосылыстары организмде зат алмасуын бұзады. Әсіресе, қорғасыннан уланған балғын балалардың ақыл-есі кеміс болып, айықпайтын ми ауруына шалдығатын көрінеді. Сүйекте жиналған қорғасын ондағы кальциймен алмасып, ұзақ уақыт бойы организмді уландырып тұратын көзіне айналады. Ал қорғасынның органикалық қосылыстары, органикалық емес қосылыстарына қарағанда әлдеқайда улы болады. (Р.Р.Брукс, 1982 ж.). Сақтанатын тағы бір ауыр металл – мырыш (цинк), организмге ондағы ферменттерді қоздырушы ретінде әсер етеді. Егер организмде мырыш шектен тыс көп жиналса, онда ол құстырады. Осы топтағы залалы көп ауыр металлдардың бірі – кадмий. Кадмиймен уланған адамның жеңіл дәретінде белок көбейеді де, сонан бүйректе тас пайда болады. Сол сияқты организмде жиналған мыстың да, егер мөлшері көбейіп кетсе, денсаулыққа пайдасы болмайтыны дәлелденген. Ол мида, теріде, бауырда және тамақ астындағы безде жиналып, түрлі ауруларды қоздыруға себепші болады. Ауыр металлдардың мәдение дақылдар мен жабайы шөптерге фитотоксикалық әсеріне қарап олардың зиянды деңгейін байқауға әбден болады. Өсімдікке өзгелерінен гөрі қорғасынның улылығы аздау деп есептеледі. Әйтсе де, бар мәліметтер, мал азықтық шөптің бір килограмм құрғақ массасындағы қорғасынның мөлшері он милиграмнан аспауы керек екенін көрсетеді (Алексеев, 1987). Зерттеушілер топырақта қорғасын тез арада органо-минералдық күрделі қосылыстардың құрамына еніп, жылжымайтын түрге айналады деп көрсетеді. Дегенмен топырақтағы концентрациясы жоғары болғанда өсімдіктің темірді сіңіруіне кедергі жасайды, сонан өсімдік хлороз ауруына шалдығады. Сырдарияның атырауында жүргізген зерттеулердің нәтижесі ығалы жектілікті топырақтарда қорасынның жылжығыштығы азаймайтынын көрсетеді. Мұндай жағдайда, қорғасынның топырақ-өсімдік тізбегі арқылы адам организмінде жиналу мүмкіндігі сақталуы ықтималБұл тереңірек зерттеуді қажет ететін принципті мәселе. Жалпы осы өңірде топырақтағы қорғасын онша көп емес. Оның жылжымалы түрі 10 мг/кг-нан төмен, ал өсімдікте онан екі-үш есе кем. Соған қарағанда, қорғасынның мөлшері өсімдікке фитотоксикалық әсер білдірмейді. Топырақ пен өсімдікте мыстың мөлшері қорғасынмен қарайлас, яғни бір килограмда он милиграмнан азырақ. Оның әртүрлі өсімдіктерде жиналуы бірдей емес. Мысалы, мәдение дақылдар – жүгері, күріш, жоңышқада жабайы шөптердегі (қамыс, ақбас шөп) мөлшерден көбірек. Әдетте мысты өсімдікке пайдалы деп есептейді. Алайда оның топырақтағы концентрациясы жоғары болса, онда әсіресе, құрамында органикалық зат (қара шірінді) аз және механикалық құрамы жеңілдеу топырақтарда өсімдік мыстан уланып, хлороз ауруына ұшырайды. Ғылыми әдебиеттердегі мәліметтер мен қолда бар материалдарды салыстыра отырып, Қызылорда облысының жағдайында өсімдіктің мыстан улану қаупі әзірге байқалмайды деуге болады. Кадмийге келетін болсақ, аталмыш ауыр металлдардын ішінде организм үшін улысы, сондықтан қауіптісі де осы. Қолда бар деректер Сырдың төменгі ағысында топырақ пен өсімдіктің құрамындағы кадмийдің көп емес екенін көрсетеді. Топырақта – 0,2-ден 0,5 мг/кг-ға дейін, ал өсімдікте ең төменгі концентрациясы – 0,03 мг/кг (құрғақ қалдыққа есептегенде). Ғылыми әдебиеттерде әртүрлі өсімдіктердің құрамындағы кадмийдің орташа мөлшері 0, 2-ден 0-8 мг/кг арасында болады деген мәліметтер бар. Кадмийді айналаға көп шығаратын өнеркәсіп нысандары, мысалы, металл шығаратын зауыттар. Қызылорда облысының территориясында ондайлар жоқ екені белгілі, сондықтан бұл өңірде тірі табиғаттың кадмиймен ластануы байқалмайды. Ауыр металлдардың ерекше назар аударатын тағы біреуі – мырыш (цинк). Жаңақорған мен Қармақшы аралығында топырақтағы жылжымалы мырыштың мөлшері 10-нан 24 мг/кг-ға дейін, ал Қазалыда отыздан көбірек. Қазалының егістік жерінде мырыштың жиналуы табиғи процестен емес, оны топыраққа қолдап бергеннен болды деуге негіз бар. Өйткені соңғы жылдары ауданның күріш егетін шаруашылықтары сор ашқан ескі күріштік жерге мырышты мелиорант ретінде қолданып жүрді. Мақсат топырақтың сілтілігін төмендету. Мәселенің төркініне талдау жасасақ, тұзды жерге күріш тұқымын сеуіп, суға бастырған соң, көбіне мамыр айының екінші онкүндігінде ары қарай жер қызған кезде, топырақтың сілтілігі күрт көтеріліп кетеді. Оның себебі микроорганизмдердің кейбір топтары қаулап өсіп, солардың ортаға бөліп шығаратын экзоэнзимдерінің әсерінен сілтілік күшейеді де, онан күріш тұқымының шығымдылығы төмендейді, көп сиреп, өнімі кемиді. Қызылорда облысының күріштік далаларында, жалпы суармалы жерінде сорланбаған топырақ жоқ деуге болады. Сондықтан күріш тұқымының шығымдылығын көбейту ежелден ғалымдар мен дихандарды толғандырып, шешімі табылмай жүрген мәселе болатын. Осы жағдайды мырыштың көмегімен сор топырақтағы қаулап өсетін микроорганизмдердің агротехникалық тұрғыдан қолайсыз қызметін басып, ортаның сілтілігін төмендетуге, сөйтіп күріш тұқымының шығымдылығын арттыруға болады деген тұжырым мамандардың көкейіне қона кетті. Қазақстан ғылым академиясына қарасты Топырақтану институтының ғалымдары мырышқа байланысты сынақ тәжірибені Қазалы ауданының жерінде де жүргізген болатын. Соның нәтижесіне сүйеніп, күкірт қышқыл мырышты мелиорант ретінде күріштік нормасы 20-дан 40 кг-ға дейін бірнеше жылға есептеп беріледі. Мырыш қолданған жерлерде күріштің өнімі 10 – 15 процентке көтеріледі деп айтып жүрді. Олай дейтініміз, мырыштың әсерінен өнім көбейді деген жарияны дүдәмал мәлімет ретінде қарауға себеп болған жағдай бар. Ол әу бастан облыс деңгейінде ғалымдар мен мамандар жиналып осы ұсынысты талқылағанда екі түрлі пікір туындап, жатқаушылар мен қарсылар арасында пікірлерінің үйлеспеушілігі еді. Әрине, әр жақтың өз пікірлерін сенімді көрсететіндей дәлелдері болды. Шынын айтсақ, жергілікті ғалымдар мен мамандар мырышты мелиорант ретінде қолдануға қарсы болды. Мырышты қолдануға қарсы қойылған мықты дәлелдің бірі – бұрыннан жинақталған әрі қарапайым, әрі ортаны ластамай-ақ күріш тұқымының өнімділігін көбейтетін дихандардың тәжірибесі. Ол күріштік алқаптың ішінде кездесетін сорлау учаскелерде күріш тұқымын мамырдың бірінші жартысында сеуіп, суға бастыру. Ол кезде топырақ әлі қыза қоймағандықтан микроорганизмдердің тіршілігі әлі күшеймеуі себепті тұқым толық көктеп шығуына жағдай қолайлы болады. Бұл дихандардың атадан балаға жалғасып келе жатқан мұралық тәжірибесі. Күрішшілер тіпті ондай учаскелерді салқын кезде алдына ала сумен шайып жіберетін. Мамырдың бірінші онкүндігінде сеуіп суға бастырған күріш тұқымы қаулап қалың шығады да, жер қызып сілтілік күшейгенше тамырлап үлгереді. Сонда сілтіліктің жас өсімдікке пәлендей қаупі болмайтын. Сонымен қатар, өзі де уланып жатқан, экологиялық жағдайы өте ауыр Қазалы жеріне қолдан қосымша улы заттар шашу тіпті экономикалық тиімділігі болғанның өзінде, табиғат үшін және сол аймақтың тұрғындары. үшін зиянды залалы көп болады деген дәлел айтылды. Сөйтіп мырышты мелиорант ретінде қолдануға тыйым салатын қаулы қабылданды. Солай бола тұра, кейбір шаруашылық басшылары мырышты мелиорант ретінде қолданып жүрді. Қазіргі кезде ол өзінен-өзі қалып қойған сияқты. Экологиялық тұрғыдан алғанда тек Қазалының жері ғана емес, жалпы Қызылорда облысының жағдайында егістік жерге мырыш төгі өзін-өзі ақтамайтын әдіс дейтініміз, кейбір зерттеушілердің (Зырин, т. б. ) мәліметі бойынша, топырақтағы мырыш аз болса да, ол өсімдік бойында жиналып, шекті (ПДҚ) деңгейден асып кетеді екен. Ол сумен, өсімдік және мал өнімдерімен адам организмінде көбею мүмкіндігі артады. Демек, онсыз да экологиялық күйі мәз емес Арал өңірінде тұрғындардың денсаулығына сөзсіз нұқсан келтіреді. Арал теңізі тартылып, оның төңірегінде экологиялық апат басталғалы бері бұл тұрғыдағы әупірім аз болып тұрған жоқ. Бірақ төніп тұрған, өзіміз қасіретін көріп отырған экологиялық қиямет тек теңіздің тартылуынан болып тұр деп бар пәлені соған жауып, экология туралы сөздік басын Арал теңізінен бастап, аяғын сонымен аяқтайтын әдетке айналып кеткенін жасыруға болмас. Рас, теңіздің кебуі, оның құрғаған табанынан ұшып жан-жаққа тарап егінді, шабындық пен жайылымды басып жатқан миллиондаған тонна тұзды шаңы, қысты бет қаратпайтын қақаған суығы, ұйытқып соққан шаңды дауылы мен жазда жалындаған ыстық желі тірі табиғатқа зиянды залалын тигізіп, осы өңірдің тұрғындарына қасірет әкеліп тұрғанын әркім-ақ біледі. Алайда, осы ғаламатқа Байқоңырдың ешбір қатысы жоқтай ауызға алынбай келеді. Сол айлақтың жер бетін алай-түлей етіп, аспанды қақыратқанына, міне биыл қырық жылға аяқ басты. Осы уақыттың ішінде Байқоңыр туралы ақиқат жеті қабат жердің астындағы құпия болып келді, әлі де болып тұр десек шыдыққа саяды. Дегенмен жаңалықтың желі ескен соңғы жылдары сол ғарыш айлағының бет пердесі толық ашылмағанымен ол туралы кейбір жарым-жарты мәліметтер там-тұмдап жариялық кеңістігіне шықты. Соған қарағанда, осынау алып кереметтің сонау 1954 жылдан бері бүлдірмегені жоқ көрінеді. Атап айтқанда, әрбір зымыран ғарышқа ұшқаннан кейін атмосфералық ауаның қалыпты режимі бұзылып, астаң-кестең болатынын бұл өлкенің тұрғындары әрдайым көзбен көріп, тәнімен сезеді. Қазір белгілі болып отырғандай, зымыранды ұшыратын отынның құрамындағы компоненттердің улылығы өте жоғары болғандықтан әр ұшқан сайын аспан әлемін және жер үсті кеңістігін қандай дәрежеде улайтынын болжаудың өзі қиын. Ұшқан зымыранның тірі табиғатқа қаншалықты зиянын тигізетінін түсіну үшін, мысалы «Протон» зымыранының бірінші сатысының өзі атмосфераға жүз мың автомобильдың газына тек зиянды заттар қалдыратынын айтсақ та жектілікті. Соның салдарынан өсімдіктер мен жануарлар әлемі және өндірістік-шаруашылық нысандары зардап шегеді, қалыпты режимін жоғалтады. Тағы бір пәлесі сол, зымырандар атылғанда ұшқан аппараттардың қалдықтары мен қоқыстары жер бетіне жинала береді. Осындан бірнеше жыл бұрын Арал өңіріне жақын Арқаның жерінде жарты миллионға жуық киіктің, бір мезгілде қырылып қалғанын әркім біледі. Киіктің өлімі оған дейін, онан кейін де болып тұрды. Мамандардың пайымдауынша, аңдардың тұяғы шіруінен (пастерефеллез) болған апат дегенге саяды. Қазіргі кезде ғалымдар жер бетіндегі тіршілік атаулының қорғанышты озон қабатының тозып бара жатқанын тыным таппай айтуда. Сол озонның ойықтары әзірге жер шарының екі шетінде тұрған көрінеді. Бірақ Байқоңыр ғарыш айлағынан арасын суытпай ұшып тұрған зымырандар біздің төбеміздегі озон қабатын шұрқ тесік қылмағанына ешкім кепілдік бере алмайтын болар. Әрине қырық жыл бойы көз алдымызда болып жатқан аласат сұмдықты жан дүниеміз сезгенімен 1991 жылға дейін оның ақиқатына көзіміз жеткен жоқ. Бұл жағдай мотор конструкциялар бюросы, Ресей денсаулық сақтау Министрлігі, Биофизика институты және Мәскеу мемлекеттік университеті бірігіп жүргізген зерттеудің нәтижесінде тек 1992 жылы белгілі болды. Байқоңыр кешенінің экологиялық зардаптарын Қазақстанның ғалымдары зерттегенде, негізінен Жезқазған облысының жерінде, адамның жасының қысқаруы, жас сәбилердің ақыл-есі кеміс болып тууы, олардың шыбындай шетінеуі сияқты қасіреттің көбеюі ұшырылған аппараттардың құлау аймағымен байланысты екенін анықтаған. Сол ғарыш айлағы Арал өңірінің 67 миллион гектар жерін иемденіп отыр. Соның 57 млн гектары бұрын ауыл шаруашылығына жарамды, шөбі шүйгін жайылым болатын. Байқоңыр тек атмосфералық ауа мен жер үстіндегі кеңістікті бүлдіріп жатқан жоқ, сонымен бірге жер астының суын сарқуға кірісті. Қармақшы, Жалағаш аудандарының жерін көктей қопарып өткен «Қиян» және «Таяу» су құбырлары соның айғағы. Жер асты суын орасан күшті сусорғыштармен сорып, ен даланы кептірді, мал-жанның ғасырлар бойы қалыптасқан тіршілік ырғағын бұзды, сол аймақтың тұрғындарын күйзеліске ұшыратты. Қалай дегенде де ғарыш айлағының жария ісінен гөрі айтылмай атқарып жатқан былығы шаш етектен.
Арал өңірі тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
1990 жылғы мәлімет бойынша Қызылорда облысында халықтың саны 657,7 мың адам. Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда бұл өлкедегі халықтың саны тезірек өскенге ұқсайды. Сөзіміз дәлелді болуы үшін фактіге жүгінсек, соңғы төрт жылды облыс территориясында тұрғындардың саны 4,8 процентке көбейіп, өсімі жағынан Қазақстан бойынша халық саны өсімінің орта көрсеткішіне теңелді. Тұрғындардың әлеуметтік хал-ахуалын құрайтын көрсеткіштердің ішінде халық санының өсуі біршама тәуір. Бір мың адамға есептегенде туған баланың орташа саны – 32,1 адам болып, республиканың орташа көрсеткішінен 24,6 адамға асып түсті. Алайда, бұл осыдан 5 – 7 жыл бұрынғыдан 3,2 процентке кем. Дегенмен облыста халық санының әжептеуір өскенін аңғаруға болады. Арал өңірі экологиялық апат аймағы бола тұра оны мекендеген тұрғындардың сан жағынан өсімталдығын ежелден жанұяда бала санын шектемеуге әдеттенген тарихи әлеуметтік сипатынан болып тұр деп түсінген дұрыс болатын сияқты. Болжам бойынша 1991 – 2006 жылдары облыс көлемінде тұрғындардың саны 154,1 мың адамға көбейіп, жалпы саны 756 мың адамға жетеді. Оның 56,7 проценті еңбекке жарамды адамдар. Алайда, облыстың тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету жағы нашар. Былайша айтқанда жұмыссыздық көп. Облыстың экономикалық салаларында жұмыс істейтін адамдардың саны республиканың орта көрсеткішінен төмен. Сол себепті еңбекке жарамды адамдардың көпшілігі өздерінің үй шаруашылығымен және қосалқы жеке шаруашылығымен айналысады. Бұл жағынан республиканың орта көрсеткішінен екі есе артық. Жалпы Арал маңында, оның ішінде әсіресе теңізге жақын орналасқан аудандар материалдық өндіріс саласында еңбек етуге жағдай қолайсыз болғандықтан еңбекке жарамды тұрғындардың арасында облыс аумағынан тыс жерлерге қоныс аудару етек алып отыр. Оған басты себеп, ең алдымен шаруашылық салаларының нашар дамуы болса, сонымен бірге экологиялық жағдайдың қазіргі азып-тозған ауыр күйі мен оның бұлынғыр келешегі. Осындай бірі мен бірі сабақтас объективті себептерден өндірістік күштер мен өндірістің дамуы арасында үйлеспеушілік байқалады. Яғни, біріншісі тез өсіп, екіншісі – едәуір артта қалып келеді. Атап айтқанда, жұмыс қолы көп, жұмыс орны әлдеқайда аз. Қазақстанның еңбек комитетінің есебінше, қоғамдық өндірісте істемейтін еңбекке жарамды адамдардың саны 1990 жылы 20 мың адамға жеткен. Ауылдық жерлерде еңбекке жарамды адамдардың тек 75,9 проценті жұмыс істейді. Әлеуметтік экономикалық жағынан алғанда жерінде 77,7 мың адам немесе облыстың жалпы тұрғындарының 10,8 проценті тұратын Арал ауданының жағдайы өте қиын. Қазіргі кезде осы ауданның тұрғындарынан 7 мың адам жұмыссыз, яғни еңбекке жарамды тұрғындардың 7 проценті, оның 98,6 проценті қазақтар, ал 90 проценті әйелдер. Облыстың барлық аудандарына тән жағдай, ол жұмыссыздық жайлаған ауылдық жерлердің тұрғындары экономикалық қиындыққа және экологиялық зардапқа шыдай алмай біртіндеп қалаларға қарай қоныс аударуда. Көшіп кетіп жатқан тұрғындардың соны жергілікті халықтың табиғи өсу санынан едәуір артық болып тұр. Әсіресе, Қазалы мен Қармақшы аудандарында жағдай осындай. Қазіргі кезде облыс көлемінде 713 елді мекеннің 100-ін тұрғындары тастап, түгел көшіп кеткендіктен қаңырап бос қалды. Халықтың әлеуметтік күйіне тікелей ықпал жасайтын факторлардың бірі тұрғын үй қорының тапшылығы. 1989 жылы облыс бойынша әр адамға 11,8 шаршы метрден орын келетін, ал қалаларда небәрі 10,6 шаршы метр болды. Бұл республика бойынша жан басына тиетін 13,5 шаршы метрмен қалалардағы – 13,0 шаршы метрден аз екені көрініп тұр. Қызылорда облысының ауылдық жерлерінде жалпы тұрғын үй қоры – 3341,8 мың шаршы метр, оның ішінде Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында – 583 мың шаршы метр. Ауылдық жерлердегі тұрғын үй қорының көпшілігі су құбырына қосылмаған, орталық жылу жүйесі жоқ жеке үйлер. Қорыта келгенде, облыста тұрғын үй қоры республикада ең төменгі дәрежеде. Арал өңірін мекендейтін халықтың әлеуметтік күйінің төмендеуіне күшті ықпалын тигізетін басты фактор – санитарлық-гигиеналық жағдайдың нашарлауы. Ол әрине судан басталады. Өйткені, бұл аймақтың тұрғындарының тіршілігі Сырдария өзенімен тығыз байланысты. Дария суының сапасы қандай болса, санитарлық-гигиеналық хал-ақуалы соған қарай өзгеріп отырады. Алайда, Сырдария өзенінің суы сапалық жағынан өте нашар. Ол әлде қашан ішуге жарамайтын лас. Өйткені, Сырдария өзені бірнеше республика жерін кесіп өтеді, оның бойында 140 қашыртқы-дренаж каналдар бар. Өзенді ластайтын солар. Олардың ішінде жалпы көлемі 130 млн текше метр тастанды су ағатын үшеуі ғана Қызылорда облысында. Бұл – Сырдария өзенінің бассейніне жиналатын қашыртқы-дренаж судың небәрі бір проценті. Өзен суының ащылығы (1,8 – 3,0 г/л-ге дейін тұз бар) мен кермектілігі былай тұрсын, онда пестицидтер бар. Сонымен қатар өзен суының микробиологиялық сапасы да төмен, мысалы бір литр өзен суында сүзек ауруын қоздыратын таяқшалардың саны 90-нан 2,0 млн-ға жетеді және патогендік организмдер де табылады.
Таблица 38
Өзен суындағы ауру қоздыратын микробтардың саны
(«Арал-2006»)
Жылы
Микробтардың жалпы саны
Ең азы
Ең көбі
Ең азы
Ең көбі
1963
215
4730
23
2500
1976
1800
175000
50
23800
1986
3700
2500000
1200
2700000
Солай бола тұрса да облыстың территориясындағы ірі елді мекендер мен Қызылорда қаласы тұрғындарының 70 проценті топтастырылған жүйе арқылы Сырдария өзенінің суын ішіп отыр. Тұрғындардың қалған 30 проценті ауыз суды құбырдан ішеді. Өзен суын ішуге жарайтындай етіп тазалайтын қондырғылар Арал мен Қызылорда қалаларында ғана бар. Жосалы қыстағында Сырдария өзенінен тартылған су қарапайым әдіспен сүзгіден өтеді, сосын хлорланады. Қазіргі кезде облыс тұрғындары тұщы судың 2005 жылдары ішетін жер астындағы қорын пайдаланып, келешек ұрпақтың несібесіне қол салып отыр. Облыстың территориясындағы елді мекендердің тек әр бесіншісі ғана құбырдың суымен жабдықталған, ал сексеннен сәл артық елді мекендер суды тасып ішеді. Онша көп қаржы жұмсамай-ақ алуға болатын қабатта жақын жатқан су көздерінің сапасы төмен, әрі кермек болғандықтан ішуге жарамсыз. Көп жағдайда Сырдарияның лас суының әсерінен жер астындағы тұщы су қорларының сапасы кем-кемнен төмендеп барады. Қалалар мен елді мекендерді ауыз сумен жабдықтауға жарамды өзі атқылайтын жерасты суының ірі көздері халықтың көп шоғырланған жерінен 200 – 250 шақырым қашықта жатыр. Олардан су тартуға қыруар қаржы-қаражат керек. Әйтсе де Арал өңірінің тұрғындарына сапалы су беретін Арал-Сарыбұлақ магистарл су құбыры мен Шиеліде топтық су құбыры салынып іске қосылды. Сөйтіп төрт ауданның – Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған елді мекендері тұщы сумен қамтамасыз етілді. Сонда да болса сумен байланысты қиын проблемалар белең алып отыр. Олай дейтініміз, тұрғындарды сумен жабдықтауға кететін шығын, әдетте қаржысы мол ірі өнеркәсіп мекемелері өндіретін өнімнің тарифтік бағасына қосылады. Ал ондай мекемелер Қызылорда облысында жоқ. Сондықтан жергілікті шаруашылықтар, сол сияқты тұрғындар да қаржы тапшылығынан су құбырларының қымбат суын ішуден бас тартып отыр. Мысалы, экологиялық апат аймағына орналасқан Арал мен Қазалы аудандарында отбасының айлық орта есеппен табысы 40 – 50 теңгеден аспайды. Олар құбырдан ішкен су үшін ай сайын 36 – 40 теңге төлеуі керек. Тұрғындарға ондай судан пайда жоқ. Қазіргі кезде белгілі технологиямен су тазалайтын қуатты кешендер (комплекс) болғанның өзінде өзен суын лас химиялық заттардан арылту және эпидемиялық қауіпсіздігін сақтау мүмкін болмай қалды. Елді мекендерде жұмыс істеп тұрған су құбырларының қуаты барлық тұрғындарды қамтуға жетпейді. Қалаларда су құбырларына тұрғын үйлердің 25 – 30 проценті ғана қосылса, елді мекендердегі үйлердің тек 10 – 15 процентінде ғана су құбыры бар. Облыс бойынша су құбыры мен канализацияға қосылған тұрғын үйлердің жалпы үлес салмағы қандай екенін мына төмендегі таблицадан көруге болады.
Таблица 39 №
1980 ж.
1985 ж.
1995 ж.
1
Қаладағы үйлер (%)
Су құбыры бар
33,7
32,5
32,8
Каналицазиясы бар
24,1
26,2
28,6
2
Елді мекендерде (%)
Су құбыры бар
3,9 2,2 3,9
Канализациясы бар 1,5 0,5 1,8
Облыс территориясындағы тұрғындардың су пайдалануы әр жерде әртүрлі. Қызылорда қаласы мен өзге елді мекендерді салыстырғанда араларында үлкен айырмашылықтарды аңғартуға болады.
Таблица40
Тәулігіне бір адам пайдаланатын судың мөлшері
Қызылорда
Арал
Қазалы
Жосалы
Жалағаш
Тереңөзек
Шиелі
Жаңақор-ған
Суды пайдалану бір адамға литр-тәулік
16 3, 3
137,2
76,8
93
48
70
45
35
Айта кететін жай, қалаларда коммуналдық су құбырларындағы судың 15 проценттен 65 процентке дейін мөлшері мемлекеттік стандартқа тура келмейді. Ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 27-ден 89 процентке дейін көтеріледі. Жер астындағы су жүретін ірі құбырлардың күйі нашар. Сыртында электрохимиялық қорғаушысы жоқ және ұдайы тұзы көп ыза жерде жатқандықтан құбылар тез істен шығады. Норма бойынша құбыр 15 – 20 жылғы шыдауы керек, бірақ 5 – 6 жылда-ақ шіріп, тесіліп істен шығып қалады. Кей жерлерде, мысалы, Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында ауыз суды жер астының терең қабатынан алады. Бірақ ол сулардың бір литрінде 1,3-тен 2,5 грамға дейін тұз бар. Әсіресе, оларда сульфаттар көп, ал жалпы тұтқырлығы (жесткость) 5 – 12 милиграмм-эквивалент шамасында. Ондай суларды тазалап тұщытпай ішу денсаулыққа зиян. Осы аталған аудандардың көптеген елді мекендерінде суды тасып ішеді. Облыс тұрғындарының 32 проценті шақталық және құбырлық скважиналардың, артезиан скважиналардың суын тарататын құбырсыз-ақ пайдаланады. Жер астындағы терең қабаттан шықса да, ол сулардың бактериялық көрсеткіштері 60 – 70 процент жағдайда, санитарлық нормативке сәйкес келмейді. Сонымен, елді мекендердің санитарлық жағдайы өте төмен десек артық айтқандық болмайды. Сайып келгенде судың ластануы облыс көлемінде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды төмендетіп, тұрғындардың арасында ауру-сырқаудың көбеюіне себеп болып отыр. Қазақстан Ғылым Академиясының ғылыми орталығына қарасты азық-түлік тоскикологиясы жөніндегі лабораторияның экологиялық-эпизотологиялық зерттеулерінің нәтижесіне қарағанда, соңғы 10 – 15 жылда Шардара су қоймасының суы антропогендік химиялық заттармен күшті ластанған. Балықтардың ткандері органдарында мыс, мырыш, хром, фенол, мұнай продуктылары және әртүрлі пестицидтер ПДҚ-дан 1,5 – 2,0 еседей артық жиналғаны белгілі болды. Соған байланысты Сырдария өзені бойындағы су қоймаларындағы балықты тамаққа пайдаланғанда адам организміне қандай дәрежеде әсер ететінін білу мақсатында арнаулы зерттеулер жүргізілді. Онда Шардарадан ауланған тісті (судақ) балықтың етін тәжірибелік тышқанға жемге беретін мал етінің мөлшеріндей етіп жегізген. Нәтижесінде егеуқұйрықтың (крыса) бауырында, бүйрегінде, ішек-қарнында эмбриотоксикалық үлкен өзгерістер болғаны анықталды. Тышқанның ұрық шығаратын органдары азып, өлі эмбриондардың саны көбейген. Мұндай мәліметке таңдануға болмас. Өйткені, Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысында судың 50 – 70 проценті өзенге қайта құйылған қашыртқы-дренаж суы. Ал оның құрамы лас екені айтпаса да түсінікті. Сол себепті облыс тұрғындарының арасынла судан жұққан вирустық гепатит ауруына шалдығу жиі болып тұрады. Фактіге жүгінсек, кейінгі жылдары іш ауруымен ауырғандардың саны бес есе көбейді. Салыстыру үшін айтсақ, қазір Қазақстанда ішек ауруымен ауырғандардың жалпы санының 40 проценті Қызылорда облысының үлесіне тиеді. Сол сияқты бүйрегінде тас пайда болған аурулардың саны 1970 жылмен салыстырғанда 15 есе көбейді. Осы өңірде ауыз судың жалпы сапасыздығына бірқатар химиялық элементтердің тапшылығы да себепші болады. Мысалы, судағы фтордың мөлшері нормадан төмен. Сонан тістің қабығы (эмаль) бұзылып, үгітіліп шіруі (кариес зубов) облыс тұрғындарының арасында жиі кездеседі. Деректі мәліметтерге қарағанда, мектеп жасына дейінгі балалардың ішінде тісі шірігендердің саны Қызылорда қаласында – 86 процент, Арал қаласы мен Жаңа Қазалыда – 97 процент. Арал өңіріндегі әлеуметтік-экологиялық жағдайдың қауіпті зардабы адам денесіне енген дәрінің сауықтыру әсерін жойып жіберетін болып тұрғаны байқалады. Мысалы, өкпе ауруына (туберкулез) қарсы алдын ала вакцина еккенде (вакцинация), оның тиімді әсері болмайтыны жөнінде де фактілер бар. Сол сияқты сүзек, қызылша (корь) және басқа жұқпалы ауруларға қарсы жас балаларға вакцина еккенде олардың бойында иммунитет пайда болмайтыны байқалып жүр. Адам организмінде иммундық қорғаныс жүйесінің төмендеуі орасан қауіпті екені әркімге аян болуы тиіс. Дәрігерлер оны «Экологиялық СПИД» деп атайды. Экологиялық апат салдарынан табиғи комплекстер құрылымының ыдырауы кейбір трансмассивтік (көп тарамаған) аурулардың табиғи ошағын кейінгі жылдары қоздырып жіберді. Атап айтқанда, соңғы жылдары Қызылорда облысының аудандарында, әсіресе Жаңақорған және Шиелі аудандарының көлемінде жабайы кеміргіш тышқандардың інінде тіршілік ететін насеком шіркейдің (москит) қан сорғыш түрі «паппатази» көбейді. Оның басты себебі, топырақтың гидрологиялық режимінің өзгеруі. Бұрын облыс байтағында кездеспейтін осы қан сорғыш шіркей жабайы кеміргіштерден адамның денесінде тері ауруын (лейшманиоз) қоздырушыларды тасушы болып тұр. Лейшманиоз ауруы Қызылорда облысында бірінші рет 1987 жылы тіркелген болатын. Сонан бері 1995 жылға дейін облыс бойынша осы ауруға шалдыққандардың саны 5501 адам болды. Табиғи ландшафтың өзгеруі арбовирустық жұқпалы ауруларды да, атап айтқанда, Қырым безгегінің (геморрогиялық) табиғи ошағын қоздырып жібереді. Әсіресе, соңғы жылдары Сырдария мен Қармақшы аудандарының қырдағы жайылымдарында қиын эпидемиялық жағдай қалыптасуда. Аталмыш безгектің вирустары кәдімгі кенеде көп болатынын вирусологиялық зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отыр. Мысалы, соңғы бес жылда облыс бойынша осы безгекпен 31 адам ауырып, оның 7-еуі қайтыс болды. 1994 жылдың бірінші жартысында осы безгекпен ауырған 9 адамның біреуі қайтыс болған. Сол сияқты оба мен тағы басқа бұрын сирек тараған трансмассивтік аурулардың да табиғи ошағы жанданғанын көрсететін фактілер бар. Жұқпалы аурулардың саны жекелеген аудандарда соңғы он бес жылда едәуір көбейді. Мысалы, сүзекпен ауырғандардың саны 29 есе, бауыры ауырғандардың саны 7 есе өсті. Жалпы жас балалардың ауруы 75 процентке өсіп, олардың 30 проценті шетінеген. Осы уақыт ішінде облыс бойынша бауыры ауыратындардың саны – 64520 болса, сүзекпен – 2162, жұқпалы ішек ауруымен – 71132 адам сырқаттанған көрінеді. Ішектік жұқпалы ауруынан бір жасқа толмаған балалардың өлімі кей жылдары – 7,3 процентке (1983 ж.) дейін жетті. Осы жұқпалы аурудан қайтыс болған барлық жастағы адамдардың саны
1981 – 1983 жылдары 3,2 – 4,5 процент аралығында болды.
Таблица 41
1970 – 1986 жылдары жұқпалы ауруға шалдыққан адамдардың саны
(«Арал-2006»)
Аурудың аты
жылы
1970 – 1975
1975 – 1980
1980 – 1986
Іш ауруы (сүзгек)
1086
1708
2740
Бауыр ауруы (гепатит)
1059
35538
22230
Ішектің жұқпалы ауруы
6116
14955
28926
Таблицадағы мәліметке қарағанда, бауыр ауруының ең көп болған кезеңі 1975 – 1980 жылдар аралығына тура келеді. Ол жылдардың ішінде Сырдария өзенінің төменгі ағысында өте күшті қуаншылық болды. Сырдария өзенінің тартылғаны соншалық, оны жұрт балағын түріп кешіп өтіп жүрді. Елді мекендерде су құбыры болмайтын, ауыз суды скважинадан немесе тасып ішу үрдіс еместін. Сол себепті облыстың тұрғындары амалсыздан лас болса да Сырдарияның суын ішті. Жұқпалы аурудың көбеюі сонан болғаны анықталып отыр. Табиғаттың тозуынан, су сапасының төмендеуінен, ішім-жемнің тапшылығынан адамдар жүдеп-жадап, көпшілігі анемия ауруына душар болды. Бар мәліметтерге қарағанда, Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында балалы әйелдердің 70 проценті осы аурудан азап шегуде. Анемия болса, ол рак ауруын қоздырушы ретінде саналатыны белгілі. Сонымен қатар осы аталмыш аудандарда сүйек тасумен (рахит) ауыратындардың саны 7 есеге өскені анықталып отыр. Әсіресе, балалардың жағдайы қиын. Ер балалардың денесі нашар дамып, майдаланып барады, ал қыз балалардың жыныстық жетілуі 2 – 3 жылға кешеуілдейтіні дәлелденген. Жарымжан болып немесе өлі туатын балалардың саны да жылдан жылға көбейе түсуде. Әрине, аурудың алдын алу қажет-ақ. Бірақ табиғи ортаның апатқа ұшырауы ондай мүмкіндіктерді тым қиындатып жібереді десек, шындық. Сондықтан облыстың жағдайында ауруды тікелей емдеуге күш салу қажет. Ол үшін мықты материалдық база мен жеткілікті қаржы керек. Бірақ, өкінішке қарай, Қызылорда облысы халықтың денсаулығын сақтауға жұмсалатын қаржыны республика бойынша орта көрсеткішпен салыстырғанда5 есе кем алып отырғаны қын жылтады. Бұрын да осы мақсат үшін бөлінетін қаржының қалған-құтқаны ғана тиетін Қызылорда облысының жағдайы қазір тіпті мәз емес. Оны дәрігерлердің санынан да байқауға болады. Мәселен, Арал мен Қазалы аудандарында жүз мың адамға – 12, облыс бойынша – 26, ал республикада – 33,2 дәрігерден келеді. Оның басты себебі, аудандарда, әсіресе ауылдық жерлерде дәрігерлер тұрақтамайды, өйткені оларға деген қамқорлық жоқ. Сексенінші жылдарда халықты әлеуметтік қорғаудың ең өзекті мәселесі ретінде денсаулықсақтау жұмыстарын күшейтуге облыс қанша күш салғанымен қаржы-қаражаттың тапшылығы қол байлау бола берді де, жағдай онша жөнделе қоймады. Облыста ауру-сырқаудың таралуын көрсететін 1988 – 1990 жылдары жиналған деректі мәліметтер 1992 жылы баспадан шыққан Арал маңының экологиялық картасында жинақталған. Картаны Қазақстанның ғарышты зерттейтін орталықтары гидрометеорологиялық институттары, табиғат қорғау комитеттері қатысқан. Картада жердің жасанды серігі «Ресурс-01-дің» көмегімен түсірген Арал теңізінің 1990 жылғы бейнесі бар. Картадағы материалдарға қарағанда облыс көлемінде аурудың түрі де, саны да көп екені бірден көзге түседі. Картадағы әр аудан бойынша келтірілген аурудың түрі мен саны төменде таблицамен беріліп отыр. Жекелеген аурулардың түрлерін салыстырып қарайтын болсақ, ең көбі тыныс алу органдарының ауруы. Бұл жағынан алғанда, әр жүз мың адамнан орта есеппен 6487,9-дан 8075,3 адам ауырған Жалағаш пен Сырдария аудандары алда тұр. Сонан кейін Арал, Шиелі және Жаңақорған аудандарында бұл көрсеткіш 4900,6-дан 6487,8-ге дейін. Ал Қазалы мен Қармақшыда сәл аздау – 3313,5 пен 4900,5 аралығында.
Таблица 42 Қызылорда облысының аудандары бойынша дәрігерлік-географиялық жағдайының бірнеше жылдық орта көрсеткіштері
(Арал маңының экологиялық картасы, 1992 ж.) №
Аурудың түрлері
Мәлімет алынған жылдар
Адам санасына есептегенде
Аудандар
Арал
Қазалы
Қармақшы
Жалағаш
Тереңөзек
Сырдария
Шиелі
Жаңақорған
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
1
Жүйке жүйесі мен сезім органдарының аурулары
1988-1990
100-000
210,6
210,6
210, 6
375, 6
45,5
210, 6
540, 6
375,6
2
Тыныс алу органдарының аурулары -«-«-
4900, 66487,8
3313, 34900,5
331 3,54900,5
6487,98075,3
4900,66487,8
6487,98075,3
705,56487,8
540,56487,8
3
Қан айналу жүйесі аурулары -«-«-
1147-ден асады
1147,0-ден
асады
854, 81147,0
561,5584,7
338,556 1,5
854, 81147,0
854, 81147,0
1147,0-ден
асады
4
Сары ауру (вирусный гепатит) -«-«-
261, 6498, 7
261, 6498, 7
261,6498,7
498, 8735,8
735, 997 2,9
498, 87 35,8
498, 87 35,8
498, 87 35,8
5
Сусамыр (сахарный диабет) -«-«-
20,1
40,0
20,1
40,0
6
Тыныс демікпесі -«-«-
10,115,0
10,115,0
10,115,0
10,115,0
10,1
15,0
10,1
15,0
10,1
15,0
10,1
15,0
7
Эндокринді жүйе аурулары, қоректенудің бұзылу, зат алмасу мен иммунитеттің бұзылуы -«-«-
500, 1650,0
500, 1650,0
500, 1650,0
500, 1650,0
500, 1650,0
500, 1650,0
500, 1650,0
500, 1650,0
8
Ішектің ауыр инфекциясы -«-«-
280, 1460,0
280, 1460,0
820, 11000-ден асады
640, 1820,0
820, 11000-ден асады
820, 11000
100,0280,0
100,0280,0
9
Қатерлі ісік -«-«-
162,5
189,4
108,2135,2
108, 2135,2
108, 2135,2
135, 316 2,4
135, 316 2,4
108, 21 35,2
81,2
108, 1
10
Туа біткен ауытқулар -«-«-
24,1
30,0
18,1
24,0
24,1
30,0
18,1
24,0
6,112,0
12,0
6,4
12,1
18,0
12,1
24,0
11
Барлық аурулар
1988
1990
10,000
246 2,64 295,0
12
Балалар өлімі -«-
Тірі
туған
1000
сәбиге
шаққан
да
24,6
36,8
13
Халықтың жалпы өлімі -«-
1000
6,9 8,1 5,7 6,8 5,7 6,8 5,7 6,8 5,7 6,8 6,9
8, 1 5,7 6,8 6,9 8,1
Тағы бір көп тараған аурудың түрі – сары ауру (вирусный гепатит). Әр жүз мың адамға есептегенде сары аурумен ауырғандардың саны 735,9-дан 972,9-ға дейін болатын Тереңөзек ауданы өзгелерден алда оқшау тұр. Онан кейін Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорғанда әр жүз мың адамнан 498,8-ден 735,8-і ауырған. Арал мен Қазалы аудандарында өзгелерге қарағанда сары аурумен ауырғандардың саны аз десе болады – 261,6 – 498,7 (әр жүз мың адамға шаққанда). Сол сияқты ішектің инфекциялық ауруы үш ауданда – Қармақшы, Тереңөзек, Сырдарияда өте көп. Оларда әр жүз мың адамның 800, 1-ден бастап 1000-нан астамы ішек инфекциясымен ауырған. Жалағашта бұл көрсеткіш – 640,1 – 820,0. Арал мен Қазалы аудандарында бірқатар – 280,1 –460,0. Ең азы Шиелі мен Жаңақорған аудандарында, әр жүз мың адамның 100 – 280-і ғана ауырған. Арал ауданында қатерлі ісік жүз мың адамға 162,5 – 189,4-тен келеді. Қатерлі ісіктің ең көп жайылған жері – осы аудан. Сонан кейінгі орында әр жүз мың адамның 135,3 – 189,4-і қатерлі ісікпен ауырған Тереңөзек пен Сырдария аудандары тұр. Ең азы Жаңақорғанда – 81,2 – 108,1. Өзге төрт ауданда бұл көрсеткіш біршама 108,2 – 135,2. Қан айналу жүйесінің ауруы да баршылық. Әр жүз мың адамға есептегенде тек Жалағаш пен Тереңөзек аудандарында аздау – 561,5 – 854,2. Өзге алты ауданда – 1147-ден асады. Барлық аурудың саны сол 1988 – 1990 жылдары облыс бойынша әр жүз мың адамға шаққанда 2462,6-дан 4295-тің аралығында жатыр. Балалар өлімі тірі туған 1000 сәбиге есептегенде ең көбі Сырдарияда – 36,9 – 49,0-дан болды, өзгелерінде біршама – 24,6 – 36,8. Иә, облыстың экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайы ауырлап кетті. Сол себепті де соңғы жылдары денсаулық сақтау саласында материалдық-техникалық базаны нығайтуға облыс басшылығы едәуір күш салып отыр. Атап айтқанда, ауруханалардың типтік ғимараттары, ауылдық амбулаториялар, мамандандырылған дәрігерлік мекемелер салынды. Облыста ірі диагностикалық орталық, төрт дәрігерлік амбулатория салынып іске қосылды. Көп профильді облыстық аурухана мен онкологиялық диспансер, Сырдария, Тереңөзек, Жалағаш аудандарында аудандық ауруханалар, Жаңақорған мен Қазалының орталықтарында әйелдер босанатын үй қаржының тапшылығынана бір тоқтап, бір қайта жалғасып дегендей, баяу да болса салынып жатыр. Осы сияқты денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан күрделі жұмыстардың нәтижесінде алдағы уақытта жағдай біршама жеңілденеді деген үміт бар.
Экологиялық бақылау және табиғат қорғауды реттестіру
Лабораториялық аналитикалық бақылау – республика комиссиясы аттестациядан өткізген облыстық экология басқармасының лабораториясы бірден-бір үйлестіруші орталық болып табылады. Аналитикалық бақылаудың барлық жұмыс түрлеріне ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық басшылық жасайды; ағын сулардан, жер бетіндегі және жер астындағы сулардан, коллекторлардан және гидробиологиялық ауыз сулардан сынама алу жолымен табиғи ортаны ластаған кәсіпорындарға талап қояды және олардан айып өндіреді; сондай-ақ топырақты химиялық анализден, стационар және жылжымалы көздерден шығатын зиянды заттарды инструменттік өлшеуден өткізеді, тексеру әдісімен биотест бойынша талдау жасайды. Ведомствалық лабораториялар үстінен ведомствалық бақылау ұйымдастырылып, талдау жасаудың жаңа түрлерін енгізу және әдістемелікті игеру орайында әдістемелік көмек көрсетіледі. МАИ қызметкерлерімен бірігіп тексеру ұйымдастырылады, мұнай өнімдерін, қатты қалдықтарды, жалпы көміртегін, карбонаттар мен биокарбонаттарды анықтау әдістемесі игерілді, мұнай табылған орындардың бүлінуі, кәдік жерлерден, сынақ полигондарынан жерді өңдеуге дейін және өңделгеннен кейін, сүзектен өткізу, автокөліктерге май құятын орындардан сынама алынады. Экологиялық сараптама – жобалау материалдары, соның ішінде техникалық-экономикалық есептерге негізделген шаруашылық объектілері құрылысының жобасы, лас заттардың рұқсат етілген шекті нормативтері қаралады, табиғат қорғау құрылыстары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының экологиялық паспорттары жасалады. Әйтсе де жобалау құжаттарын жасауда, әсіресе біріккен кәсіпорындар тарапынан құрылыс түсетін ауданның табиғи жағдайының ескерілмейтіндігі, құрылыс объектісінің сол төңірекке әсері, кейін мүмкін болатын зардаптары алдын ала талданбай-ақ құжаттар дайындау тәжірибесінің үрдіс алғандығын атап өту қажет. Табиғатты пайдалану экономикасы – табиғатты пайдаланудың және қоршаған табиғи ортаны қорғаудың экономикалық механизмі Қазақ ССР-інің 1991 жылғы 1 тамыздағы «Қазақ ССР-інде қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы» Заңының ІV тарауындағы 14-33 баптарына сүйенеді. Оның негізгі элементтеріне табиғи қорларды есептеу және бағасын белгілеу табиғатты пайдаланудың лимиттері мен лицензияларын, келісімдерді, шараларды, зиянды заттарды шығару мен түсіруді, қар жыландыру, экономикалық ынталандыру кіреді. Облыс аумағында қоршаған табиғи ортаны рұқсат етілген және белгіленген лимиттер шегінде ластағаны, ластауды нормативтен асырып жібергені үшін, қоршаған табиғи ортаны сауықтыруға кететін шығынды ескере тотырып, төлем нормативінің қатынасы бойынша, еселеген мөлшерде өтем енгізіледі. Бірыңғай әдістеме негізінде жергілікті жағдайды есепке ала отырып, шығарылатын зиянды заттардың құрамы мен мөлшеріне, табиғи кешендердің ерекшелігіне қарай облыс Әкімі инфляция қарқынына байланысты жарты жылда кемі бір ретиндекстелетін төлем нормативін белгілеп, бекітеді. Қоршаған ортаны ластағаны үшін илимит шегінде алынатын төлем өнімін өзіндік құнына (жұмыс, қызмет көрсету) қосылады, ал табиғат қорларын нормативтен асырып пайдаланғаны және қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың табысынан немесе шаруашылық есеп түсімінен өндіріледі. Төлем есебінен, бақылау-инспекторлық қызметтен (талап ету, айып салу) түскен қар жылар табиғат қорғау мақсатына бағытталады. Облыстық экобиоқорлар басқармасы табиғат қорғаудың экономикалық механизмін жетілдіру мен тарату жұмыстарын салық қызметімен, қаржы органымен, казначействомен және басқа да табиғат қорғау ұйымдармен бірлесіп жүргізуді жалғастыруда.
Нормативтік-әдістемелік база – Әдістемелік құжаттар, оның ішінде тазалау және ағын суды босату, лабораториялық талдау және тазалау құрылысының жұмыстарына, кәсіпорындарда су қорын пайдалану және жай-жағдайын тексеріп тұруды жүзеге асыру, жекеменшік автокөліктерді, өсімдік қорларын тиімді пайдалану ыңғайында бақылау жүргізу салалары бойынша сілтеме, ереже, нұсқау ережелер жасалады. Нормативтік төлемдердің, жекеменшік иелеріне таратылатын автокөлік моторының майына, жер үстіндегі су қоймаларына құйылатын коллекторлық-дренаждық суларына шекті мөлшер қойылады. Табиғат байлығын тиімді пайдаланудың Ұлттық бағдарламасын жаңадан редакциялауға қатысып, оған Қызылорда облысының жеті ұсынысы енді. Сондай-ақ балық қорын, судағы жәндіктерді және өсімдіктерді тиімді пайдалану, пайдаланған радиоактивтік көздерді жерлеу мәселелері жөніндегі ұсыныстарымыз да Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті қаулысының жобасына енгізілді. Экологиялық мониторингтің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің концепциясын жасау жөніндегі ұсынысымыз да ескерілді.
Ғылыми зерттеулер – «Қазіргі жер пайдалану жағдайында Арал мен Қазалы аудандарының су қорларының мөлшері» – осы тақырып бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының (ҚР ҰҒА) Арал аймағы орталығымен бірігіп Сырдарияның төменгі ағысындағы 32 көл және ирригациялық каналдар зерттелді, гидрология бойынша далалық материалдар жинақталып, биологиялық талдау, топографиялық жұмыстар жүргізілді.
- «Өсімдіктен алынатын өнімдердің нитратпен ластануына су сапасының әсері» – бұл тақырып Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетінің ғалымдарымен бірлесіп зерттелуде. Жұмыстың бірінші сатысы орындалды. Онда суға, топыраққа және өсімдіктерге талдау жасалып, өнімнің нитраттармен ластану себептері анықталды.
- «Қызылорда облысының апатты аймақтарындағы көшпелі құмдарды
тоқтату және оны құнарлы алқапқа айналдыру» – бұл тақырып ҚазМу
- ғалымдарымен бірлесіп зерттелуде, ғылыми деректер және
алғашқы материалдар жинақталуда. Біздің ұсынысымыз бойынша «Құрғақшылық проблемасын зерттеу жөніндегі» Бөген орталығы БҰҰ-ның бағдарламасына енді. Облыстың Қармақшы және Жалағаш аудандарының жерінде аумағы 100,0 мың га мемлекеттік Қызылқұм қорығын ұйымдастыру жөнінде ҰҒА-ның ғалымдарының ұсынысы дайындалды. Оның жобасына Мин-Кабинетке ұсынылған ҚР-ның табиғи қорықтары қорын орналастырудың және дамытудың 2005 жылға дейінгі Схемасы енгізілді.
«Арал аймағын сауықтырудың негізі ретінде Амудария мен Сырдария атырауының мониторингі және оны экологиялық зерттеу» – ЮНЕСКО жобасының құзырында зерттелуде; Жапониядағы ауқымды инфрақұрылыс қорымен бірігіп жасалған жоба жуырда аяқталды, енді жер қорының жағдайы жөнінде тиянақты деректер күтудеміз. Арал аймағы проблемасын зерттеуге Лондон университеті жанындағы гигиена және тропикалық медицина мектебі көмектесуде. Бүкіләлемдік Банк өзен суының Аралға жолай шығынсыз жетуі үшін Сырдария арнасын қайта жөндеу жобасын ұсынды. Экология Министрлігі біздің облыста ауыз суды тазалайтын және тұщытатын қондырғылар мен құрал-жабдықтар жеткізетін «Деграмон» және «Спикс» фирмаларымен жұмыс атқаруда.
Ұйымдастыру-практикалық қызмет – облыстық басқарманың жұмысы перспективалық жоспар бойынша жүргізілуде және ол табиғатты қорғауға өкілеттігі бар – Қазақ Табиғат қорғау бөлімшесі, экологиялық сауаттандыруды қолдайтын қордың филиалы, Арал аймағының проблемасымен айналысатын «Көктем» бірлестігі, аңшылар мен балықшылар қоғамдары, «Невада – Семей», «Арал-Азия Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеттердің бөлімшелері сияқты қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, қоршаған ортаны сауықтыруға бағытталған.
Қоғамдық инспекторлармен жұмыс жүргізу жақсара түсті. Жоғары оқу орындарының студенттері ағымдағы және диплом қорғау алдындағы практикаларын облыстық басқармада өткізуде. «Экология және мониторинг», «Гидроэкология» мамандықтары бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына конкурстар өткізіліп тұрады. Экологтардың штаттық құрамы және ірі кәсіпорындарда, ұйымдар мен шаруашылықтарда экологиялық паспорт енгізілді. Барлық аудандардың, қалалардың табиғатты қорғау жағдайы жан-жақты зерттеліп, оның қорытындысы бойынша активтердің жиналысы, Кеңестердің сессиялары өткізіліп, онда экологиялық жағдайды жақсарту жөнінде облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктер мен тиісті кәсіпорындардың шаралары қабылданды. Облыстық маслихаттың сессиясы табиғат қорғауды жақсарту шаралары қабылданды. Облыстық маслихаттың сессиясы табиғат қорғауды жақсарту шаралары, Қазақ ауыл шаруашылықғылым Академиясының көшпелі сессиясы аграрлық жүйенің экологиясы туралы мәселелерді талқылап, бау өсірушілердің конференциясы, «Жасыл өлке-2000» бағдарламасы бойынша кеңестер өткізілді. Республика Министрліктері басшыларының, жетекші ғалымдардың, облыстық экология басқармасы бастықтарының қатысуымен облыс экономикасын экологияландыру мәселесі бойынша республикалық семинар-кеңес өткізіліп, оның ұсыныстары басшылыққа алу үшін республиканың барлық облыстарына таратылды.
Экологиялық насихат – Жаппай экологиялық сауаттану жүйесін қалыптастыру мақсатында «Сыр бойы» газетінде «Табиғат дауысы», «Қызылорда» газетінде «Экология және біз», «Ақмешіт» газетінде «Экология хабарлары», телерадиожурналда «Экология», «Сейхун» және «Көкжиек» ақпарат хабарларында «Облыстық экология және биоқорлар басқармасы хабарлайды» деген рубрикалар мен материалдар жарияланып, экологиялық рейд, кездесу мен лекциялар өткізіледі. Білім департаментімен бірігіп балалар мен мектепке дейінгі мекемелерде тематикалық таңертеңгіліктер мен бірге табиғат бұрышы, мектептерде «Құстар күні», «Гүлдер мерекесі», «Туған өлке» сурет көрмесі, «Табиғатқа сүйіспеншілік» мерекелері, облыстық «Табиғаттың жас достары» слеті, балалар салған суреттердің көрмесі, экология музейі, ал облыстық өлкетану музейінде – арнаулы зал ұйымдастырылды.
Тұрғындар арасында экологиялық білімді насихаттауда экология жөніндегі халықаралық эксперттердің, БҰҰ Бас хатшысының орынбасарлары Э. Даудсвел мен Д. Спеттің ресми сапарлары пайдаланылды, бұлар облыс проблемасын БҰҰ-ның мәжілістерінде талқылауда, инвестиция, жабдықтар бөлдіруде, гуманитарлық көмек жеткізуге ықпал етуге уағдаласты. ЮНИСЕФ-тің ұйымдастыруымен «Тұрғындар денсаулығын қорғаудың кепілдігі ауыз судың сапасын бақылау» тақырыбында семинар өткізілді.
Қорытынды және міндеттер
Соңғы жылдары табиғат қорғау органдарының бақылау жұмыстарының нәтижесінде және өндірістің құлдырауы себептерімен қоршаған ортаға техногендік әсерлер біршама азайды, бірақ шаруашылық механизмі қызметінде жаңа әлеуметтік-экономикалық аспект пайда болды; ол меншік түрінің өзгеруіне жекешелендіру процесінің қарқын алуына, бұған шетелдік инвесторлардың барған сайын кеңінен қатысуына байланысты экологиялық жағдайға жауапкершілік проблемасы күн тәртібіне өткір қойылып отыр. Бюджеттік инвестиция ең төменгі мөлшерге дейін қысқарды, қаржы тапшылығына тап болған кәсіпорындар табиғат қорғау шараларына жұмсалуға тиісті шығын көлемін кемітуге көшті. Ал шаруашылықты жүргізудің осындай жағдайында баяндалған экологиялық проблемалар өз шешімін баяу табуда. ҚР Үкіметінің 1996 – 1998 жылдарға арналған реформасын тереңдету жөніндегі Бағдарламасы экобиоқорлар Министрлігі жергілікті органдарын «Экологиялық жағдай» бөлімінің негізгі атқарушысы ретінде танып отыр. Бұл бірер сағаттың шаруасы емес. Ұзақ уақыт алатын осынау ерекшелігі бар процеске жұртшылықтың белсене қатысуы сөзсіз табысқа бастар еді, бұған облыстық экобиоқорлар басқармасының ұжымы да ынталы. Облыс Әкімінің көмегімен, бірінші кезектегі проблеманы шешу орайында, негізгі бағыт ретінде мынадай перспективалық жұмыстарды жүзеге асыру жоспарлануда:
- үздіксіз экологиялық мониторинг, яғни табиғи ортаның өзгерістерін,
тұрақты бақылайтын және тексеретін жұмыс жүйесін қалыптастыру;
- Сырдария өзені суының ластануына жан-жақты баға беру, оның
арнасын қайта жөндеу, суын тазалау жөнінде Үкіметаралық Бағдарлама жасау;
- Байқоңыр кешенінің мүмкіндіктері мен күш-қуатын пайдалану арқылы топырақтың бүлінуіне, радиациялық фонга, радиациялық ауытқу мөлшеріне сапалық және сандық баға беру;
- жануарлар мен өсімдіктер әлемі құрамынан өзгерістеріне және
олардың өсіп-өну қабілетін (зоогеоботаникалық) зерттеу жүргізу;
- облыстық табиғат қорғау объектілері құрылысын аяқтау жұмыстарын
жандандыру;
- экологиялық және экономикалық факторларды есептей отырып
табиғат қорларын пайдаоану концепциясын жасау;
- Сырдария өзенінің бүкіл арнасы бойынша залалды заттардан келген
зиянның орнын толтырудың экономикалық механизмін анықтауды үкіметаралық деңгейде шешу;
- күл мен шлакты қайта өңдеу және одан өнім алу (облыстағы қоры 3
млн тоннадан асады) технологиясын жасап, оны өндіріске өндіру.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру