Тарихшылдық және оның мәселелері
Эрнест Трельч
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Эрнест Трельч - «Тарихшылдық және оның мәселелері» шығармасы.
ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА
ТАРИX ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
ЭРНЕСТ ТРЕЛЬЧ
(Аударған Т. Ғабитов)
Вильгельм Дильтей мен Вильгельм Винделъбандты еске алуға арналады
Алғы сөз
1913 жылы өзімнің «Шығармалар жинағымның» екінші томына арналған алғысөзімде қазіргі рухтың пайда болу тарихы бойынша менің еңбектерімнің дайындалып жатқан жинағы жөнінде хабарлаған болатынмын. Алайда, оларды әлдебір тұтасқа дүние етіп біріктірмек бола отырып, оларды қайта өндеумен неғұрлым көп айналысқан сайын, соғұрлым осының таза тарихи тақырып емес екендігіне және тап осындай бола алмайтыныма, қашанда мүмкін немесе лайықты жалғастыру туралы ойды өзіне қосатынына анық көзім жете бастады. Сондықтан, бұл тарих философиясының тақырыбы, менің ғылыми мүдделілігімді туғызады. Ендеше, өз жұмысымда маған тарих философиясының негізгі сұрақтарына түйінделуге тура келді, ал аталып өткен қайтадан өңделген зерттеулердің жинағын төртінші томға ауыстырдым. Сондықтан бұл том, мен бұрын жартылай жариялаған және жаңа жұмыстардан құрылып, келесісі осы томда жасалып, шығарылған жаңаларына бағыныңқы болады. Біреудің орнына екі жаңа том пайда болды, олардың біріншісінде ұғымдық негіз беріледі, ал екіншісінде мен тарих философиясы деп есептей алатын материалды түрде баяндалады. Яғни бірнеше жылдардан кейін, екінші том біріншісінің артынан ілесіп шығады'. Әрине, сол арқылы мен ұлы авторлармен - Вольтер мен Гердерден Конт пен Гегельге дейін - қауіпті көршілікте болатынымды білемін. Алайда, бұл мәселенің тартымды билігі соншама зор және адам қызығарлық болғандықтан, тіпті ұлы беделдермен бәсеке алдындағы үрей, - ал кімдер өз фетиштерін соққыға алуға дайындар үшін олар тап осындайлар, - ойластырылғаннан шошымауы керек. Оның үстіне бүгін тарих және философия тарапынан алғышарттар соншама өзгергендіктен, бұл мәселелер қайтадан қойылуға міндетті. Алайда, осыған қарамай, ұлы шеберлермен байланыс жеткілікті тығыз болып қала береді. Сонда да мәселенің жылжуы тым анық: табиғаттың, рухтың заңдарына немесе обьективті телеологияның әлеміне және адамзат дамуының жалпы үрдісін андауға негізделгеннің орнын, субъектіден шығатын, әрине, еуропашылдықтың жалпылама тарихына, қалай бұл жайлы мүмкін болғандай, тұтас адамзат шектерінде негізделген, еуропашылдықтың мәдени синтезі алынды. Тарих философиясы философияның бір бөлігі болып табылады, сондықтан ол оның басқа бөліктерімен байланысты, жүйенің бөлігі ретінде көрінеді. Дегенмен, бұл кітапта мен не бұл бөліктер туралы, не ең алдымен бұл жүйе туралы тікелей ештеңе айта алмадым. Сонда да, менің тарихи философиямның ерекше түрімен тығыз жанасатын, философияның барлық негізгі бөліктері туралы, сондықтан, психология, логика және таным теориясы туралы, табиғат философиясы туралы, этикамен құндылықтар теориясы туралы,метафизика мен дін философиясы туралы менде белгілі бір түсініктер бар екендігін аңғару қиын емес; олардың бәрін бір жүйеге келтіру жөнінде, тек бұл ашық, өзгерістерге икемді жүйе болмаса, мен байыпты айтарлықтай ү.шыраймын. Бұл басқа бөліктермен айналысуға, көрініп тұрғандай, мен өз өмірімнің көбін тарихқа бағыштағаннан, әйтсе де философиялық жағынан бағытталмаған жеке зерттеулерге арнағаныммен, басқа қайсыбір тақырып болса да, оған мүмкіндігім бола қоймас. Тек езімнің дін философиясын баяндауға, ол барлық философиялық пәндерге қатысты болатындықтан, мен әлі үміттімін. Философия саласындағы жұмыс бүгін барлық жерде толық қызу жүріп жатыр және менің әріптестерімнің, әсіресе жас буыннан шыққандардың арасында философиялық пәндерді өзгертуде өзіме жақын бағытты байқағаным да көңілге медет. Арнаулы қатаң білімнің бар екендігін және нақтылы қатынастарды, сонымен бірге ортақ әрекет пен білімдердің бірін-бірі толықтыратынын түсіну арқылы бұл мәселелерді тек біріге отырып шешуге болады. Сондықтан мен әріптестерімнің көбірек ізетті монологтық бағыттылығынан бас тарттым және өз жұмысымды осындай тақырыпта еңбек етіп жатқан мамандармен үздіксізсіз пікірталас ретінде, құрастырдым. Бірінші тарау жекелей жарияланған, ол 1918 жылғы «Дүниетаным үшін тарихтың маңызы», деген баяндамаға негізделген; екінші тарау - 1916 ж., императордың арнаулы күні айтылған сөздің басылымы (HZ,Bd 116); үшіншісі сол журналдың түрлі томдарында жарияланған (Гегель диалектикасы - 119 томда, маркстік диалектика - 120 томда, сонымен бірге Dіoscuzen-де, 1992 (Органология), Kantstudіen-нің жеке қосымшаларында (Позитвизм), Phіlos.Voztz N23; HZ, Bd. 124,125 (Тарих шындықтың дамуы ұғымы), Kantstudіen-де Bd. 37; (тарихтың логикасы мен таным теориясы); төртінші тарау -Schmollezs Jahzbuch, Bd. 44, Hf.3. Олардың барлығы азды-көпті дәрежеде қайтадан өңделген. Көрсеткіш үшін мен және оқушы корректураны оқуда құнды көмегі үшін оған міндетті Хорст Грюнебергке алғысымызды білдіруге міндеттіміз. Осында қарасатырылған тақырыптардың басым бөлігін олармен талқылаған және өз семинарымның қатысушыларына да үлкен алғысымды білдіремін. Қазіргі пікірталаста басым, Шпенглердің кітабына менің кітабымның қатынасы туралы, мүмкін, еске алу керек шығар; осы жөнінде менің кітабым жарияланғаннан соң Манфред Шретердің «Dez Stzeі Spenqlez»2 (1922) кітабында қызық деректер беріледі. Шпенглер -органологияның соңғы және ең айшықты білгірі. Ол таза аңдаушы, көп дәрежеде жекелер мен дарашылдықтан шығады және оны ол тек дамудың тең бағыттылығын көретін, кез-келген синтезден алыс. Шопенгауэр мен Ницше берген, атеизм мен мәдениетті сынауды жалғастыра келе ол әбден табиғи түрде мәдениеттің өлімі туралы ойға кетеді. Менің негізгі идеям мүлдем басқаша, ол тарихи мұрадан қазіргінің мәдениет синтезін құрастырып шығаруға бағытталған, бұл міндетті шешу үшін жоғарылау сатысында тұрған мәдениетке немесе құлдырап бара жатқан мәдениетке жатамыз ба, осының маңыздылығы шамалы. Дегенмен, Шретер дұрыс атап өткендей, менің кітабым ғылыми сипатқа ие, ол бүгін қиял мен сезімдерді қоздыратын, сонымен қатар онда рухани күш бар болса, оны мен бекерлемейтіндігіммен сондай әдебиетке жатпайды. Алайда, мен ақиқатқа деген көбірек қатаң, салауатты ахуалды таңдаймын. Ғылыми және әдеби еңбектің арасында ол тек қана өзара елемеушілікке негізделмеген еңбектің бөлінісін жүргізу қажетті.
Эрнест Трельч
Берлин,
1922 ж.,
19 қыркүйек
1 ТАРАУ. ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ
ОЯНУЫ ТУРАЛЫ
1. Біздің заманымыздағы тарих ғылымының дағдарысы
Егер біз бүгін тарих ғылымының дағдарысы туралы ұдайы еститін болсақ, онда сез ғалым-мамандардың тарихи зерттеулерінен гөрі жәй жұртшылықтың тарихи санасының дағдарысы жөнінде болып отыр. Қайнар кездерді сыни жариялау және зерттеу, жан-жақты салыстыру мен куәліктерді бағалау арқылы оқиғалардың арасындағы байланысты белгілеу шеберлігі, тарихи психология немесе pyx туралы ғылым ретіндегі психологияның көмегімен берілгендерді толықтыру және оларға сенімділік беру, сонымен көптеген мысалдардың негізінде белгілі бір уақыттың басты белгілерін тағайындау - осының бәрі өзінің бүкіл дәлдігі бойынша зерттелді және оларды жақын түрде дәл деп айтуға болатын, ғылымның методтары және тәсілдерімен мамандар тарапынан әр жағдайда түбіне дейін тексерілді. Бұл техниканы ең әр түрлі және барған сайын азая беретін уақыттың байқалатын үзіктеріне қолдану, оны шешудің құралдарының өзгеруінде, қайтадан түсіндірудің талпынысында немесе жай ғана ізашардың дәлдігін сынау ретінде бір және сол міндетте қайталау, оларды уақыт өте қайтадан өңдеуге, жинақтауға және кодификация жасауға тура келетіндей, тарихи зерттеулердің көз жеткізуге болмайтын санының пайда болуына жетектейді. Оларсыз қайнар көздерге түсініктер жасау және өміршең көру мүмкін болмайтын, лингвистика мен филологияның, палеография мен дипломатияның, кітапхана және мұрағаттанудың түрлі деректері, саяхатшылардан алынған тікелей куәгерлердің айғақтары, сонымен бірге жағрафия, заңнама, экономика және т.б. көмекші ғылымдардың қағидалары қосылады3. Осында әзірше жалпылама тарихқа ақиқат пен ғылыми қатаңдық, қаншама мүмкін болғанындай, табиғи ғылымдардың дәлдігін бергенде, әзірше қиялдың қозуы мен сезімдік әсерлерді азды-көпті суггестивтік романдардың немесе белгілі бір тезистер мен мүдделерді диктаторлық дәлелдермен шақыруға талпынғанша, дағдарыс та, өзгерістер де бола алмайды. Мавристер заманындағы орасан зор күш салулармен, ал кейін XІX ғасырдың ұлы, филологиялық білімді тарихшыларының арқасында тарих ғылымы бұл жоғары деңгейге жетті және оның нәтижелері таң қаларлық кеңдікті, толықтықты, өзектілікті қабылдады. Осыдан бас тарту үшін тек бүкіл ғылыми мәдениеттің жоғары деңгейінен, сенімділіктен, анықтылықтан, онсыз тіпті ең жоғары ізгілікті өнермен шеберлік мүмкін болмайтын, кәсіп сабақтастығынан бас тарту керек. Әрине, мүмкін, қайда міндет соншама нәзік және бір мезгілде аумақты бола бастағандықтан, ол біздің күшімізден асып түсіп, оның бастапқы кезеңінде біздің қолымыз әлі жететін, аса үлкен ғылым біздің билігімізден шығып, үлкен әлдене болатын, сол нүктеге біз жеттік. Дәл солай бейнелеу өнерінде де дәстүр ажырап қалды және кейінгі ортағасырлықтан Француз төңкерісіне дейін жүзжылдықтар бойына қалыптасқан және таза тұлғалық тәжірибе өткізу мен аңдауға немесе нарық пен журналистердің талаптарына орын берген, оз кәсібін қатаң білу жоғалып кетті. Алайда шынайы тарихи зерттеу саласында әлі осындай әлсіреу мен қиратудың ешқандай белгілері жоқ. Мамандану қаупінің артқаны, әбден табиғи. Алдымен өзінің бірегей негіз қалаушылары идеяларын зерттеп жатқан, әрбір кеңеюші және тереңдеуші ғылым үшін бұл шарасыз. Алайда бұл қауіпке шоғырлануға деген жігер мен жұмысты жоспарлы түрде ұйымдастыру қарсы тұра алады. Тарихшылардың академиялары мен бірлестіктері, ықпалды ұстаздар өз семинарлары мен шәкірттерінің ортасында мәселелерді таратып бере алды және ізденістік күш салуларды біріктіре алады. Құрастырудың жоғары қабілеттілігі оларға берілген, үлкен шеберлер дайындалған көп материалды қайтадан өңдеп шығара алады және осымен зерттеу салаларының жаңа бөлінісіне жол көрсете алады. Тарих ғылымында бұл бүгін жүріп жатыр. Моммзен қос бағытта үлкен шебер болды. Осындай жүйелендіруді жасауды жалғастырудың ішкі мүмкін еместігі жоқ. Енді ойластырылмаған кез келген кітаптар сирек жазылады, қорытындыларды шығару шеберлерге тапсырылады, ал шәкірттері олар үшін материалдар дайындайды. Диссертациялар мен оқулықтарды фабрикациялау шектеле алады, алайда дарын мен өнегелікке еңбек етудің бүкіл толықтығы, зерттеу бақыты мен жаңалық ашу қуанышы қала береді. Ғылым біршама тұлғасыздандырылған бола бастайды, бірақ бұл оның мәнісі. Кенеттен келген жоспарлар мен түйсінулер сирек кездеседі, нәтижелерді үлкен шыдамдылықпен күтуге тура келеді. Бірақ бұл ғылымның марқаюы және жетілуімен байланысты. Табиғи ғылымдарда да мәселе басқаша тұрған жоқ. Дағдарыстың себебі мұнда емес. Бұл басқаша бола алмайды, бұл жолдардан өтуден әлі тым алыспыз. Шынында, соншама кеп білімді қорыту және артып бара жатқан материалдың үстінен билік жүргізу қиын. Алайда мағынасыз кітаптарды жариялау және соңғы онжылдықтардың жазбаларын күту онсыз да артық еді. Егер, бүгін «антитарихи» ықыластағы, өздері шынында да тап осындай болғанда, оны қорытуға тура келетін, орасан зордың алдында шарасыздыққа ұшырайтынынан шығатын оқушының алғашқы үрейі болатыны түсінікті. Әрбір ісін жетілген және қартая бастаған, өзінде көптеген алғышарттарды ұстап тұрған мәдениеттің тағдыры тап осындай. Егер дұрыс таңдалып алынған басқарушыларға сенсек, онда бар нәрсені түсінуде әлдебір инстинктінің болуында, бәріне қарамай, қиындықтарды жеңіп шығаруға болады. Осыған қуаттарды дамытудағы белгілі бір үнемдеу мен жоспарлықты, ескі атаулыдан және әдебиетті толық білем дегеннен бас тартуды қосуға болады. Бірақ тарихи білім беру мен тарихты білуді құрту тек варварлыққа қайтып келу болар еді және ол тіршіліктің барлық басқа салаларында, тек варварлыққа оралуда мүмкін. Жалпы осыған ұқсас ештеңені қалау немесе қол жеткізуді көздеу мүмкін емес, бұл Руссоның жасанды мәдениеттен әбден тойынғанының нәтижесі де емес. Көп адамдар бүгін одан қаһарлы белгі немесе тартымды құтқарушыны көретін варварландыру, қай жерге келсе, сонда көрініс табатындығының, жастар құшақ-құшақ кітаптарға тұншығып жатуының шешімі емес, жалпы әлемдік төңкерістердің салдары болып табылады. Ол - тұнжыраған, өзін бітірген мәдениеттердің шексіз ұзақ созылып жатқан аяқталуы, ал қуанышты азаттық алу күш пен жаңаға жету емес. Бізге өз жүгімізді алып жүруді жалғастыруға тура келеді. Оны ретке келтіріп, бір иықтан басқа иыққа ауыстырып салуға болады. Бірақ онда біздің бүкіл жетістіктеріміз бен құралдарымыз тұрғандықтан, оны жай ғана лақтырып тастай алмаймыз. Жастардың бүгін барлық алған әсерлерін біз де жас уақытымызда алдыңғы буыннан алғанбыз, бірақ түбінде біз оны игердік және іс алға басты. Тек сол кезеңдерде осының бәрі тыныштау жайда жүріп жатты. Қазір бұл көбінесе ашық және қызықты іске асып жатыр, бірақ нәтиже түбінде ұқсас болып шығады. Алайда, егер тарихи зерттеу саласында шынайы дағдарыс туралы сөз болмаса және оны жою рухани өзін өзі өлтірумен тең болса, онда тарихи ойлаудың жалпы философиялық негіздері мен әлеметтерінде, олардан шыға отырып тарихи оқиғаларды ойластыруға біз міндетті болатын, тарихи құндылықтарды түсінудегі дағдарыс соншалықты күштілеу. Германияда арнаулы тарих ғылымы 50-і жылдардан бастап, ол әлі Ранкенің рухани көз салуының алдында тұрған, және де тарихты түрлі аймақтар мен кезеңдерді зерттейтін арнаулы ғылымдарға жартылай бөлген, жартылай жаңа еуропалық тарихты Бисмарк империясы негіздерінің таза саяси-дипломатиялық-әскери қырларына аударған, әлемнің жалпы қамтушы тарихи суреттемесінен бұрылып кетті. Соның арқасында еуропалық мәдениеттің тарихи құндылықтарының ұғымдары шындығында алыс уақыттардан бері іштей өзгеріп отырды. Тарихи өмірді біріктіруге, оның бірегей күштері мен мақсаттарына, рухани және тірі тұтастықты жасаудағы тарихи құндылықтардың өзара кірігуіне деген орасан зор ұмтылыс, әбден табиғи түрде, тарихтың ыдырауы мен мағынасыздануына қайтарым ретінде пайда болды. Және тек бұл емес, жаңа іріктеуді, біріктіруді және безендіруді талап ете отырып, тарихи құндылықтардың өздері қайтадан қозғалысқа енді. Бір жағынан, Карл Маркс және онымен рухани туыс ойшылдар баяу түрде тарихтың бүкіл үйреншікті суреттемесін қирата бастады, оның түсіндірмесіне жаңа методтарды қолдануда және жаңа әдістерді қоюды үйрете бастады. Осының әсері орасан зор болды және болып қала береді, дегенмен міне бүгін тарихтың марксистік қарастыруының жетілмегендігі барған сайын көзге анық көріне бастады. Басқа жағынан, қабылданған құндылықтардың тәртібін қирата отырып және еуропалық тарихты түсінудің жаңа психологиясын ұсына келе, Фридрих Ницше де одан кем әсер етпеді. Ол қаншама сыңаржақты және қауіпті болғанымен шексіз салдарға жеткізіп жатты. Кейін француз пессимизімен және мәдениеттің эстетикамен сыны келді, оларға қарсы жауап ретінде, Француз жастары қабылдаған, Бергсон ілімі қосылды. Италияда Кроче тарихқа жаңа жолдарды ашты. Англияда Г.Д. Уэллс өзінің «Outlіne of hіstory»4 еңбегінде ағылшындардың тарихи санасын толқытып жіберді. Мұнымен қатар, аздау болғанымен жеткілікті күшті ықпалды дін тарихы мен өнер тарихы тигізді, олар тарихты түсінудің қалыпты протестанттық-либералды-прусстық бітімін немесе діни емес - ұлтшылдық-импералистік формаларын ығыстыруды, антиктің, готиканың, қазіргінің қатынасын мүлдем басқаша көрсетті және өнерді түрлі кезеңдердің жалпы рухани құрылымдарына ашушы кілт ретінде ең алдымен пайдаланды. Осының бәрі конвенционалды өзімен-өзі келісетін бағалауға қарсы және олар осыны елемеген түр көрсетсе де бірақ жастар үшін қуаты мен тартынымдылығын барған сайын жоғалта берген эпигондардың артынан ілесуші және тым күшті емес орталыққа қарсы бағытталды. Міне енді, бейбіт уақытта немесе кез келген өрлеуде өз құндылықтар жүйесінің әрекетін болашаққа қарай жалғастырған барлық тарихи теориялардың қорқынышты тексерілуі келді, бұл өзімен езі әбден түсінікті болып көрінді. Дүниежүзілік соғыс пен революция орасан зор қорқынышты күштің көрнекі оқытуы болып шықты. Біз енді нағыз батыл және өжет ережелерде зиянсыздандыратын, бәріне көнетін тәртіптің аясында емес, ол қайда әрбір бұрын айтылған сөздің тиімділігі немесе тиімді еместігі тексерілетін, қайда бұрын салтанатты байыптылық болып көрінген немесе шынында болғанның көбі бос сөз немесе кір-қоқсықа айналған, әлемді, қайтадан өзгертудің құйынында теорияландырамыз және құрастырамыз. Біз аяғымыздың астындағы тіректі жоғалтып барамыз және біздің айналамызда келесі қалыптасулардың, әрине, бірінші кезекте, дүниежүзілік соғыс жаппай қайта өзгертулерге жеткізген Германия мен Ресейде, түрлі мүмкіндіктердің құйындап тұрғанын көре аламыз. Бұл іс жүзінде тарихи ойлаудың дағдарысы және оны салихалы жастағы адамдардың көпшілігінен гөрі, бірінші кезекте жастардың сезінетіні әбден түсінікті, өйткені оларға бұл хаостан өз өмірі мен тағдырын жасап шығару қажет. Жастар үшін бұл - бір мезгілде теориялық және практикалық мәселе, егер жастардың көп бөлігі оны аластаса да, ол толық күшімен өміршеңдікке толы, қобалжуға және армандауға қабілетті не¬месе философиялық ойлай алатындарды сондай күшпен қам жегізетіні, таң қалдырмайды. Әрине, осыны жас елестер де толық сезінбейді деп ойлау, дұрыс емес. Алайда олар, жастар сияқты, сондай шамада бүкіл жаңаны бастарынан өткізбейді. Сондықтан жастар бұл мәселелер бойынша алға шығуға құқылы, егер тіпті дағдарыстан арылуда қызу талап етпесе де, осындай талпыныстарға тым болмаса бара алады. Дағдарыстан шығуды мен ойластырғандай бұл жұмыстың тек қорытындысы ретінде тұжырымдауға болады. Осының, басында тап осындай дағдарыстың бар екендігін тек барлық шешімділікпен мойындау керек және оған қоса тарих философиясы саласында тарихи зерттеудің техникасы ойлануының арасында толық айырмашылықты жүргізу қажет. Дағдарыс ұстанымды түрде екінші мәселемен, тек жартылай біріншісімен байланысты. Ал бұл екіншісіне деген сыни қатынасты біріншісіне көзсіз ауыстыруға болмайды дегенді, білдіреді. Әйтсе де онда да кебі ескірген және шартты, бірақ барысында бұл ғылым сау. Керісінше, тарих философиясында өмір сезімі түгел қайта қаралып жатыр және ол шынында да бізге қажетті, тұтастық толықтығымен қайсыбір ұмтылыс нобайланып тұр. Азат тәуелсіз өмірлік сезімге негізделе отырып, осында жаңаны жасау керек, бірақ осы үшін біз өз ғылымымызды қиратпауымыз, елемей қоймауымыз, масқараламауымыз қажет. Қазір енді соншама қиратылғандықтан, бұл саладағы геродоттық әрекет қосарлана қауіпті бола алады. Байыптылық және объективтілік, неміс ғылымының негізділігі және тазалығы ұзақ уақыт бойы әлемдегі біздің рухани жайымыздың негізі және біздің мінезіміздің білдірілуі қызметін атқарады5. Сонымен, дағдарыс тарихтың философиялық элементтері мен қырларында тұр; оны дүниетаныммен байланыстылығында тұр және ол үшін толық маңыздылығы осында деп атауға болады, оның үстіне бұл қатынас күмәнсыз өзара: дүниетаным үшін тарихтың және тарих үшін дүниетанымның маңыздылығы. Мәселелердің бүкіл бұл тобын тек тарих философиясы деп атауға болады; табиғи ғылымдардың осыған ұқсас мәселелері де тап солай табиғат философиясы деп белгіленеді. Шынында, бұл екі атаулар бір уақытта Шиллингтің табиғат философиясында және оның тармақтарында, бір жағынан белгілі бір мәселелерді шешу үшін сыңаржақты қолданылған, екінші жағынан, ол Гегельдің тарих философиясында және оған туыс теорияларда кездеседі, және сондықтан әлі бүгін ол көпшілікте күмән туғызады. Алайда қажетті белгілеулерді жоғалтып алмас үшін, оларды біржақты өткендегі мәселелерді шешумен байланыстырмау керек. Өйткені, олар шешімнің көптеген мүмкіндіктерінен тек біреуін ғана белгіледі және қазір бұрынғы мағынасында алына алмайды. Табиғат философиясы мәселесімен біз айналыспаймыз. Тарих философиясы жөнінде бүгін оны тарихтың жүйеленуі және дедукциясы деп түсінбейтінімізді бірден айту қажет. Жоғарыда аталып өткендей, тарих философиясын және оның мәселелерін анықтау бүгін тарихтың дүниетанымдық жалпы қатынасын, философиялық алғышарттар мен тарихтың әсерін тек тағайындауда тұр және ол мәселелердің өзара ретке келтірілу тәртібін табуда түр. Бұл мәселе ұрпақтардың айтарлықтай ауысуының әрбірінде қашанда қайтадан тұжырымдалуы керек; табиғи ғылымдарға және утилитарлы-практикалық сипаттағы жылдам шешімдерге мүдделі Ағартушылық өз орнын тарихи өзін ойластыру мен тарихи ойлауға бере бастағанда, сол уақыттан ол қайтадан қалыптаса бастады. Француз төңкерісіне тап берген, қуатты интернационалдық қарсы соққыдан кейін және сонымен параллельді, өзінің сипаты бойынша мүлдем басқа классикалық неміс философиясы мен поэзиясындағы рухани революциядан соң, мәселенің бұл қойылымы табиғи ғылымдар және олардың философиялық түсіндірмелерімен қатар барлық елдердің қазіргі ғылымында өмір сүріп келеді, оның үстіне тарихи өзіндік аңдауға бағытталған, конвенционалдық тәрбие шайқалған жерлерде ол ерекше өткірлігімен сезіледі. Барлық уақытта саяси, әлеуметтік және философиялық қобалжуларға ұшырайтын ежелгі еуропалық құрлық халықтарына бұл мәселенің өткірлігі англо-саксон халықтары үшін кемдеу өткір болатындығын, осы білдіреді, және ол ұзақ ауыр тағдырлы ел, Германияда ең өткір болып тұр. Осындай қырында бұл мәселе біздің бүгінгі рухани өмір үшін негізгі, басқаша айтқанда, жалпылама тарихилық деп аталатын мәселе ретінде, яғни жеке рухани өмірді қалыптастыру үшін керек «артықшылықтар» мен кемшіліктер туралы біздің біліміміз бен ойлауымыздың түбегейлі тарихтандыруынан және жаңа әлеуметтік-саяси жағдайларды жасаудан шыға бастайды. XVІІІ ғасырда тарихтандыру ақырындап натураландырудың немесе, бәрінен бұрын, ойлауды математикаландырудың артынан ілесті және практикалық қажеттіліктің қысымымен қазіргі мемлекет және оны өзіндік түсіну мен өзіндік ақтаудың міндеттерімен бірге көтерілді, кейін ол романтикамен бірге қуатты өсу және қазіргі ойлауды принципті түрде анықтау үшін артты, оның үстіне, ол дамудың жалпы ұғымы түрінде өз шеңберіне табиғат суреттемесін де тартып алды. Ағартушылық пен революциялы догматизмінің орнына келген дүниетанымдардың ол жетекші күшіне айналды. Солай, бүгін біздің алдымызда, ол біздің планетамыздың тірі жандарының биологиясына негізделген және ең басынан тарих философиясының ірі жүйелерінің көмегімен соны философиялық ашып беруге ұмтылған, кең қанат жайған тарихи эмпирикалық зерттеу тұр. Бастапқыда, әзірше тарихқа қатысты құлшыныс негізінен әрекет еткенде және тарих математикалық-механистік табиғи ұғымдардан босануды болғанда, ол, күмәнсыз, рухани өмірді төтенше тереңдетті және тазартты, өнер мен әдебиетті шынайы түсінуді үйретті, және ең алдымен өзінің рухани үндеуімен ұлттық мемлекеттердің құрастырылуында бірге жүрді және оларды өз мазмұнымен толтырды. Алайда, кейін оның материалының өсуші массасы қысым жасай бастады, қайнар кездер маңайындағы бекерлеуші және мүлдем қайшылықты құрылымдардың және пікірталастардың әсері сенімсіздік туындатты, қайтадан қалпына келе бастаған тарихтың табиғи ғылымдармен жақындауы детерминистік және ұлылық пен батырлыққа жау болып көріне бастады, орасан зор синтездердің өнер бейнелеріне туыстығы релятивизм мен эстетизмді тыңдатты, ал түп-қайнарларды зерттеудегі қатаң объективтілік жеке салалардағы мамандарға берілді. Бұғаудан босау және көтерілу болып көрінген ол, енді ауыр жүк және шатасудың қайнары болып шықты. Сондықтан 1848 жылдан толық дерлік қираған философия әлдебір дәрежеде қайтадан жаңғыра бастағанда, ол алдымен механикалық натурализмнен, кейін одан да үлкен табандылықпен тарихтан ат құйрығын үзе бастады. Ұмытылған және жаланың астында қалған тарих философиясы қайтадан оянды және барған сайын өз маңыздылығын бекітіп келеді. Дүниежүзілік соғыстың апаты осында өз рөлін атқарды. Бүгін тарих философиясының күмәнсыз қайтадан жаңғыруы туралы айтуға болады. Біз одан өзіміздің түпкілікті сауалымызға жауапты таба аламыз. Өйткені, оған жауапты бірнеше нақыл сөздермен және осы тақырып бойынша көпті немесе азды нәзік ойлармен бере алмаймыз: оны тек тарихтың мәні және оның рухани мақсаттары мен мазмұны туралы сұрақты түпнегізді философиялық түсіну арқылы табуға болады. Бірақ онда сөз тарих философиясының езінің - қалай ол бүгін қалыптасқандай, оның қағидалары мен оның мұқтаждықтарының мағынасы мен мәнін суреттеу туралы болады. Бүкіл басқа сұрақтар тек осыдан шыға отырып қойыла және шешіле алады. Оның мәнісі мен мүмкіндіктерінің алғашқы шолуы қажет.
2. Қазіргі тарих философиясының пайда болуы
Тарих философиясы - бүгінгінің туындысы, көптеген басқалары сияқты XVІІІ ғасырдың нәрестесі8. Ол қазіргі этика және мәдениетпен тығыз байланысты, олардың міндеттері мен мәселелері енді тарихсыз шешіле алмайды. Сондықтан бұрыннан белгілі баяндаушы тарихты, өзін-өзі дамудың асқар шыңы ретінде түсіну үшін пайымдауға, салыстыруға және даму ұғымына бетбұрыс жасауға міндеттеді. Сол арқылы тарихтың философиялық қарастырылуы, оларға Галилей мен Декарт заманынан бүкіл мүдделілік бағытталған, табиғи ғалымдар мен математиканы оқып-үйренуге қарсы қойылды; Содан бері табиғат философиясы арасындағы күрес қазіргі рухтың маңызды тақырыбының біріне айналды, ол салмақ салу орталықтарының тұрақты ауысуында зерттелді және зерттеліп келеді. Істің мәнісін ұғыну үшін осыны анық түсіну қажет болды. Тарих философиясы -ғылымның кеш піскен жемісі емес, ол әуелден-ақ ғылым туралы түсініктің негізінде жатқан, біртіндеп ашылатын мәселе. Ол өзіне мұқтаждық туғанда дүниетанымда пайда болған қажеттілік оны талап еткенде, міне сонда пайда болды. Ол тарихи зерттеулерге қарағанда, бәрінен бұрын дүниетаным саласына жатады, және олардың екеуі де, қашан рухтың мәнді мақсаттары туралы пайымдау тарихты білуді қажет еткенде, ал тарих -философиялық ойлауға енуді керек қылғанда, тек сол сәтте жақындасты. Екі жақтан да бұл мұқтаждық бір және сол сәтте, бір және сол себеппен пайда болды. Мәдени сана барған сайын белгілі және маңызды бола бастаған үлкен мәдени кезеңдердің ауысуын түсінуді талап етті, ал тарих жеткілікті көптүрлі салаларға тек тарала бастағанда бірлік, мақсат және мағына туралы сұраққа жауапты талап ете бастады. Бұл екеуі де ортағасырлар және шіркеудің бөлінуі салдары болды, және жаңа заманның келе жатқанын, ескімен ажыраудың өздері міндетті екендігін түсінген, ойланушы бюргерліктің белсенділігімен бұл байланыста болды. Тіпті философиялық түрде мәдени дәуірлердің дәйекті ілесуі түріндегі тарихтың біршама бөлігі, ол бізге тек үзінділер мен ишаларда жеткен тарих, гректерге белгілі болды9. Олар табиғат туралы және тарих туралы ықпалы зор мифке ие болды, ол кең аумақты сыртқы және ұшталған ішкі саясатты жүзеге асыруларынан бастап, - саяси өмірдің мәнісі мен формаларының дәйектілігі жөнінде терең ойлы теория да оларда болды. Алайда оларға, болып жатқандарды аңдаудан шығатын және ондағы барлық бағыттарға ашық өмір мен әлемге деген көзқарастардан импульстер алатын, тарих философиясы белгісіз болды. Олардың дүниетанымы мүлдем тарихтан тыс және тарихи емес ойлауға. Платон идеялары, аристотельдік формалар немесе Гераклит пен стоиктердің табиғат заңы болсын, тіпті тарихтан тысқа және тарихи емес те ерекше шұғыл бағытталған элеаттар туралы айтпағанның өзінде, өзгермейтін уақыттан тыс заңдар метафизикасына негізделді. Тарих пен pyx оларда мәңгі субстанциялар мен тәртіптің қатаң шектеріне апарылып қойылды, олардың мағынасы лайланған және өзгеруші жерлік тұр өзгерістерінен емес, ал олардың уақыттан тыс мәнісін логикалық аңдаудан ұғындырылды. Бұл мәннің ұғыну құралы болып тарих емес, ал керісінше, бұл мән арқылы тарихты түсіну мүмкін болды. Себебі адамдық әрекет пен жасампаздықта олар әлдебір бұлыңғыр және шайқалушы, әлдебір артушы және таза логика арқылы жететін мұратқа жалғасушы жақындаушыны көрді. Міне, сондықтан оларда мазмұнды шынайы қалыптасу мен өзінен өз мазмұнын ашатын шындық болмады, ол тек қана жақындау тұратын берік өлшемің жүзеге асуында өмір сүрді. Бұл өлшемге тек гректер мәнісінде жақындай алғандықтан, ал басқаларының бәрі варварлар болғандықтан, сондықтан оларда дүниежүзілік тарихқа деген осындай жақындаудың мұқтаждығы болмады. Жер адамдары жасайтын, бұл жақындаудың дәрежесінен әлем мағынасы жалпы тәуелді болмады, бірақ оларға ол езі өзінде рахаттана болатын және жұлдыздар рухы тіршілік ететіннің арғы жағында, таза тәртіп пен таза формалар әлемінде ләззат алу үшін арналғандай болып көрініс тапты. Егер бұл мәнге уақытша болмыстың бәрінен тек эллиндер жақындай алса, онда бұл олар үшін, тұтас әлем үшін осының еш қатысы және мағынасы жоқ, жай ғана бақытты кездейсоқтық іспеттес. Бұлыңғыр шектілік - кездейсоқтық әлемі, және де дара-шекті мәңгілік мән үшін ешқандай маңызы жоқ нәрсе, ал, керісінше, мағынаны тек одан алады. Және егер әлемнің мәңгілігімен бірге шектінің мәңгілігі де тағайындалса, онда ақылдан тыс соңғының шексіздігі бұл жағдайда тек мәңгі әлеммен жақындау талпыныстарына бара берумен ғана көрініс табады10. Бұл мәңгі қайтып келу туралы ілім тарихты оның өзінен шығатын мағынасынан айырады және оны, тек ақиқат өмір сүретіннің бүкіл жаңа бейнелерінің шексіз бейтарап жиынтығына айналдырады. Осындай жағдайларда шынында да тарих философиясына деген қажеттілік жоқ; олардан белгілі бір практикалық ілімдерді немесе, отанын бөтен елмен даналықпен салыстыратын, саяхатшының басынан өткізетін, ашылулардан алатын қуаныш пен ләззаттың білдірулерін шығаруға болатын, көңілден өткен саяси процестерді түсіндіретін тарихта жеткілікті. Онда да және сонда да бұл шарттарда зор нәтижелерге жетуге болады - осыны біз Фукидид пен Геродоттың арқасында білеміз. Кейінгі көне дәуір кезеңіндегі варварлар мен ежелгі шығыстық аяндарға аударған және бір мезгілде әлемді рим империясына түйіндеген орасан зор қайта өзгерту шұғыл өзгерістерді алып келді, бұл Полибийді жалпылама тарихтың телеологиялық түсінігіне жақындатты. Бұл факторлар, ол дүниежүзілік империяға сай және осындай сапада түбінде христиандық сұрыпталып шыққан, дүниежүзілік дін идеясында оз аяқталуын тапты. Бұл -адамзатқа сенім, аян және құтқарылу, ал сол арқылы тіршіліктің мағынасын және құндылығын тану үшін тарихтың шешуші маңыздылығы туралы ілім. Шешуші тарихи оқиға білместік пен күнәһарлық түніне танымның құтқарушы жарығын бағыттады; құлдырау, құтқарылу және түпкі аяқталу адамзат тарихын әлдебір дара қайталанбайтынға айналдырды; кез келген шектіліктің арғы жағында өзгермейтін мән ретінде емес, ал тарихи өмірге құйындап енетін және адам танысатын, Жаратушының өміршең жігері болып құдай патшалық етті. Бұл енді уақыттан тыс субстанционалдыны таным емес, ал тарихи аян мен ол жер дүниесін мәңгіге айналдыратын, түпкінің құдайылық патшалығындағы түпкі мақсатқа жетуге деген сенім болды. Осыдан - махаббат тарихында жарататын, дүниеге құйылатындағы Құдайды танудағы тарихи-позитивтінің, қайталанбас дараның, тарих мақсатының жоғары күшеюі. Бұл, күмәнсыз, әлемге деген көзқарас үшін тарихтың орасан зор өзгерістері мен маңызды мағыналығына жеткізді. Алайда, бұл тарих тарих емес және тарих ұстындары туралы бұл ой тарих философиясы емес. Осының орталығында әрбір шынайы тарихтан, әрбір зерттеу мен уақыттан тыстан шығарылған керемет, құдай адам — бұл бір мезгілде тарихи құбылыс және уақыттан тыс керемет, құтқару кереметі, тарихи қабыршақтағы ғарыштық оқиға. Мұнда бұрынғы уақыттан тысқарылық пен метафизикалық субстанционалдықты жаңа уақыттық-даралықтың өміршеңдікпен таң қаларлық қосылуы тұр. Бұл христиандық кереметтің мағынасы болып қала береді және оны антик пен пұтқа табынушы халықтардың, тым болмаса орталық керемет ретіндегі ежелгілердің және барлық жерде кездесетін кереметке деген сенімнен ажыратады. Бірақ бұл оқиғалар - шынайы тарих болмайтынындай, дәл солай олардың теориясы да - философия емес, ал бедел мен аянға деген сенімге негізделген ілім, оз кезегінде ол адамзат өмірінің қозғалысы және шектілігімен тек сырттай және формальды байланысты. Ең алдымен бұл ілім белгілі бір шамадан тыс зайырлы мәдениет пен діннен тыс тіршілікті қамтуға қабілетсіз. Сондықтан ол бұл дүниені түсіндірмелеу үшін стонктерден, күнәһарлықты кейінгі антик пен ортағасырлардың нақтылы жағдайларына қатысты релятивтенуі туралы теориялардың көмегімен қолдана отырып, табиғи адамгершілік заңының қолайлы догмаларын қабылдады: мұнда, Христос-логос туралы догматтағы сияқты, тарихи бастаманың тарихтан тыс рационалдымен байланысын көре аламыз. Осылай стоицизмнің әлдебір жұтаң теориялары редукцияландырылды. Тарихтың шынайы байлығының этикасы, сондықтан, бүкіл деректерді қамтып өтетін тарих философиясы мұнда ешқашан болмады, ал тек қана тұрақты әрекет ететін керемет пен Әзәзілдің азғырулары тарихы ретіндегі шіркеу догматикасы мен тарихы болды. Міне сондықтан әзірше шіркеу үстемдігі сақталғанда, осындай тарихқа деген сенім де сақталып келді; Жаңа дәуірдің келуімен ол шынайы сыни тарихпен және жалпы өзгерген жағдайдағы мәдениет мәселелерімен ығыстырылды. Осыған дейін ойлау антикалық жалпы тарихтың, Юлий Африкан, Евсевий, Иероним мен Аугустин жасап шығарғандай, сенімге негізделген, библиялық-шіркеулік тарихпен қиылысып өрістеді. Оларды тарих философтары деп атайды, бірақ олар - әлдебір осыған қарама-қарсылар, ғажапқа сену мен тарихи конвенциялық антик мектебімен құрастырылған шектерге барлық болып жатқанды енгізіп қоятын, компиляторлар мен догматиктер. Бұл шектерде ортағасырлық, қалай осыны, мысалы, Оттон Фрейзингенский жасағандай, өз хроникасын кіргізді. Екі жағдайда да бұның шынайы тарихи ойлаумен ортақ ешнәрсесі болмады. Бұл христиандық антиктің Рим империясына қолданған жай ғана шектері, бұл оған нордикалық әлем енгізілуімен кеңейтілген, әлем суреттемелері. Осының дана аяқталуы қызметін қитұрқы ритор мен жылпос саясаткер Боссюэнің" Dіscours sur І hіstoіre unіverselle -cі'2 жатады. Бұл шіркеулік-догматикалық әлемнің ыдырауынан мүлдем түсінікті болғандай, ізбасар сапасында және дүниетаным негізі ретінде тарих пайда болмады, ал антикалық мәндік және субстанционалдық философиясының табиғат заңдарының табиғи-ғылыми, математикалық метафизикасына айналуы жүзеге асты. Тарихи ойлауға әлі жалпы жету болмады. Заттардың ұлы кітабында енді еркіндікке тарих та шыққандықтан, ол католик догматтарын протестанттық немесе гуманистік сынау сапасында қиратты немесе, әулиеттік және ұлттық мүдделерге қызмет ете келе, панегирикаларда биліктердің ұлылығын және құқықтарын жырлады, немесе, Италиядағы оянған ұлттық сезімнің басшылығымен, халықтардың қалыптасуын мадақтады. Осының бәрі, солай немесе басқаша заманның практикалық бағытталуларымен, бірде көбінесе риторикалық бағытпен, бірде көбінесе риторикалық бағытпен, бірде көбінесе заңгерлік-құжаттылықпен анықталатын жеке оқиғалардың тарихы болды. Тек мавристердің филологиясы, монахтық шынайы аскезаның нәтижесі ретінде түп-қайнарларға негізделген, мүдделіліктен еркін тарихты берді, философтар болса өз жүйелерінде тарих пен қоғам туралы ілімге орынды, қалай оны Декарт жасағандай, өмірге деген жеке көзқарастары білдірілген, немесе оны Гоббс пен Спиноза істегендей, бұл ғылымдарды рационализм мен механицистік көзқарастарға бағындырылған, тек қосымшаларда берді. Осыдан антик және христиандық табиғи құқықты қайтадан құрастыру барысында, тарих философиясының алдын алатын суррогат, Кант пен Фихтеге, Беитам мен Контқа дейін әрекет етіп келген және олардан кейін үлкен ықпалды болған, қазіргі зайырлы табиғи құқық шығады. Алайда атап айтқанда тарих саласын рационалды құрылым арқылы терістеу, немесе тым болмаса шектеу, қалыптасып келе жатқан тарихи санаға соңғы кедергі болып табылады және оған еріксіз бейімделуге деген тілекті білдіреді13. Мемлекеттің зайырлануымен, бюргерліктің көтерілуімен және жаңа әдебиетпен байланысты бұл философияның кең таралуы түбінде солай немесе басқаша дәуірдің оянған тарихи санасымен қосылуға міндетті еді. Ағартушылық мұраттарынан тарих шыңын көру қажет болды. Расында, тарих нормалары мен мақсаттарының өздері осы жерде натурализм және рационализммен байланысты жүйелендіруден шығарылды. Бірақ бұл нормалар қашанда өмір сүретіндей емес, ал жаңалар, тіпті шіркеу үстемдігінің барлық кезеңіне қарама-қарсылар болып көрінді. Бірмезгілде көзқарас көкжиегіне жаңалықтар мен отарлау, салыстырмалы этнография мен эмпирикалық деректердің жиынтығы, еуропалық емес әлем түсті, алыстан антик, бүгін Ағартушылықтың қайнары, Quezelle des ancіens et des modernes14-Tіn бірінші импульсы қызметін атқарған көріне бастады. Осыдан hіstoіre phіlosophіque15 немесе phіlosophіe de І hіstoіre16, осылай оны Вольтер айтқан, Ағартушылықпен бүкіл тарихи көптүрлілік пен рационалды мақсатты адамзат прогресс идеясы санасында, тарихтың философиялық қырларын ашу, Боссюэнің17 католиктік тарих философиясын мүлдем казіргі мәселелер шеңберіне айналуы көрініс тапты. Бұл өз дәуірінің тарихи ерекшелігі және жоғарылығы туралы сананың оянуымен бірге бірмезгілде тарих философиясының бастамасы болып табылады. Тек осы сәттен ғылым тарихи ойлау дүниетанымының құрамдас бөлігі және құрастырылу құралы ретінде басталады. Әлемге және құндылықтарға деген көзқарас әлі рационалды анықталған және олар табиғи құқық қағидаларымен сай, бірақ тарихи ілгерілеу туралы және арылған айқынсыздық жөніндегі нақтылы түсінік рационалды мәдени мұратқа бір сәтте сәуле түсіреді және тірілтеді, оны әрекететуші адамның жауаптылық санасымен толтырады, оған мәдениет жеңісі салтанатты сезімін және шексіз көтерілу түйсінуін қосады. Бірмезгілде прогресс иегері сапасында және сол арқылы тарихтың шынайы нысаны сапасында енді шіркеу емес, ал оның өзіндік аңдалуы тарих қозғалысын иеленетін ретінде сезілетін, мемлекеттік және мәдени қырында түсінілген Халық бірлігі алға шығады; оның мұқтаждықтарынан шыға отырып, тарих мағынасы азаматтық еркіндікке ілгерілеу ретінде түсіндіріледі. Бірақ бұл да әлі сөздің толық мағынасында тарих философиясы немесе тарихтан шыға отырып, өмір мақсаттарын тану емес еді. Бұл үшін ол тым рационалды болды. Және де Лейбниц заңгерлік дипломатиялық саяси қырларында тарихпен айналыса отырып, философиялық тұғырдан ғарыштық болғандықтан тарихи емес континуум идеясын белгілейді, ал тарихты теология мен рационализмнің араласуына берді. Континуум идеясын оның математикалық формасынан босату керек болды, тек басқа қолданыста ол өзінің орасан зор жасампаздығын көрсетті. Тіпті, тарих философиясына қарай терең бұзып ену, жаратушы тарихи рухтың өзіндік түсінілуі ережесін енгізген және бұл теорияны табиғаттың картезиандық зерттелуімен салыстырған, Виконың Scіenza nuova18 деген терең еңбегі әлеуметтанулық-ұжымдық ретіндегі спекулятивтік-априорлыны және эмпирикалық-апестериорлыны тарихи-индивидуалдыдан ажыратпады. Вико филологияны философияға дейін көтергісі келді, бірақ тарихтағы табиғи заңдарды сәуегейлік көріпкелдік туралы догмалық католиктік ілімдерді араластыру шектерінен шықпады. Тарихтың ахуал-күйін бәрінен күшті тарихқа дейінгі уақыттан сезіне отырып және тарихтың мақсатын бәрінен ашық шіркеуден көре отырып, ол әлі тарихтың құндылығы мен мақсаты мәселесінің маңыздылығын әлі жеткіліксіз түйсінді. Осыған түрткі күшті бірінші романтик, тарихтағы бүкіл құндылықтарды өзінің терістеуімен мәнісінде оның маңыздылығы мәселесін қойған және өзінің математикалық емес, поэтикалық табиғат түсінігі арқылы өмір қозғалыстарын жаратушы ретіндегі құдайға бір мезгілде жеткізген, Руссо берді. Осылайша ол, тарихты жойған, тұрпайы бастапқы кезең мұраты мен тарихты аяқтайтын, толық демократияның арасындағы, тербелісте болды. Осымен ол қазіргі тарих философиясының дамуына, оның үстіне оның екі басты бағыттарында - ағылшын-француздық позитивистікте және немістік спекулятивтікте, қуатты серпін берді; бұл серпін бәлкім, Руссо идеяларына негізделген Француз революциясымен күшейе түсіп, жаңа дүниежүзілік дәуірді аша келе, тарихты одан да зор ұғынуға міндеттеді19. Француз революциясы идеяларына қарсы тұрудан және оның телеологиялық, әмбапты ойлауға деген бейімділігін сақтаудан жалпы алғанда қазіргі шынайы тарих философиясы шықты. Руссо ықпалымен қалыптасқан, немістің тарих философиясы Кант тұлғасында таным теориясы мен метафизиканың тереңінен, рухани тарихи өмірден еркіндіктің моральдық әлемінің ерекшелігін, оның табиғат заңдылықтарына қарама-қарсылығын шығарады; ол прогресс мұратын одан шығатын еркіндік патшалығының формальды мұратына ауыстырады және нақтылы даму процесін бұл мұраттың жүзеге асуы және нақтылануы ретінде қарастырады. Тарих - табиғаттан бөлек еркіндік патшалығы және оларда табиғат пен еркіндік бір-бірімен байланысты заңдар бойынша әрекет етеді. Тарихтың нақтылы мағынасы туралы тарихи қалыптасуды көре білу және тарихты өміршең аңдаудан шығатын адамгершілік мақсатына ие болу арқылы, сынға дейінгі Кант және Гартманнан басталып, Гердердің зейінділік интуитивтік дарыны, ал оның артынша Гете, Вильгельм Гумбольдт, Шлейермахер, романтиктер бізге көбірек идеялар берді. Кейін қос бағыттарды, тарихтың форомальды ерекшелігі және тарихтан рухани құндылықтардың мазмұнын, бірінші кезекте Гегель қорытып берді. Оның мақсатын еуропалық гумандылық және оны өзіне ендіретін мемлекет онда құрастырады. Сол арқылы математикалық-табиғаттанулық дүниетанымға шешуші қарама-қарсылық жетті, ол тарихтан қалқып алынған терең ілімге сырттай рефлективті ілім ретінде енгізілді. Немістің діни мистикалық пантеистік сипатымен ерекшеленеді, осы арқылы алғы шепке даралық мистериясы шығарылады: ағылшын-француздық - атомистік-математикалық, ол өз негізінде емес, ол тек өз нәтижелерімен chzіstіfnіsme20 relіgіon de іhumfnіte21 энтуазиазмымен қосылады, қалай ол ағылшындарда болатындай, скепсиспен, ортодокстықпен немесе онымен де сонымен де үйлеспесе, осылай болады. Ендеше, тарих философиясы солай немесе басқаша күшті әсер ете отырып, дүниетанымның орталығына шықты. Вольтер мен Гердерден Гегель және Контқа дейін, үздіксіз, барған сайын игілікті даму жүрді. Қазіргі мәдениеттің күрделілігі, оның христиандық пен антикке сыни қатынасы, тарихи көкжиектің өзгермелі кеңдігі және мәдениеттің тарихи элементтерінің бәсекелестігі, революциялық шайқалыстар және тарихқа сүйенетін қайтарым - осы тарихты және тарих философиясын талап етті. Ол біршама дәрежеде онымен мүдделендірілді. Алайда, шешуші табысқа не немістің, не ағылшын-француз тарих философиясы жете алмады. Бұл тарих философиясының екі жағдайда да эмпирикалық-тарихи зерттеулермен қатты қайшылықта болғанымен түсіндіріледі. Романтика мен позитивизм оған үлкен күш берді, тарихқа дейінгі мен тарихты зерттеуді үйретті. Алайда эмпирикалық тарих, алдымен қайнарларды сынау және филологияның ықпалымен, кейін саяси, әлеуметтік және экономикалық қозғалыстармен, осында дербестілікке ие бола бастады; нақтылы тетіктермен жұмыс барысында тәжірибемен белгіленген методтарды пайдалана отырып, ол өзінің өлшемдерін философиялық жүйе кеңістігінен тәуелсіз, аумағы тарлау, бірақ бүгінгі күннің өзекті практикалық мүдделерінен, ең алдымен пайда болып жатқан ұлттық қозғалыстардан шыға отырып, жасады. Тарих философиясының алғышарттары басқа жағынан, философия жағынан бір мезгілде құртылды. 1848 ж. кейінгі жылдар - философияның құлдырау уақыты, олар, XVІІ ғасырдағы идеалистіктен айрықша, енді не толық метафизикалық скепсиске, не анық материалистік сипаттағы натуралистік әр заң-метафизикаға жетеледі. Бір мезгілде табиғи ғылымдар биологияның және таза механистік мағынадағы даму ұғымының үстінен үстемдікті алды және тарихты да бұл шеңберге енгізіп алды. Бұқаралық әдебиетте бұл прогреске деген өзінше материалистік сенімге әкелді. Тарих ғылымы өз жолымен жүрді; мұнда мамандану, еңбектің кәсібі, бөлінісі және эмпирикалық дәлдік үстемдік етті, тарихты бірегей, Геродот пен Фукидид замандарынан жалғасып жатқан, саяси өмірді зерттейтін және тек екінші кезекте философияның сыртқы ықпалында болатын, арнаулы ғылым деп есептеді22. Философия туралы жалпы ештеңе айтылмаған жерлерде, ол философия тарихы сапасында тек өз сырқатының тарихын баяндады және өзіне өлім туралы куәлік тарих философия туралы, әрине, ешқандай көз бола алмас еді. Тарихи зерттеулер керемет қарқынмен, кең және табысты, бірақ ешбір философиялық бағытталусыз және мақсатсыз жүргізілді. Тарих табиғаттану сияқты, жүздеген арнаулы пәндерге ыдыраған, эмпирикалық ғылымға айналды. Екі жағдайда да жалпы негіз ретінде заң және байланыс алынады, бірақ олар зерттелмейді. Бұл -позитивтік ғылымдардың гүлдену, сыни эмпирикалық зерттеулерді өзіндік мақсатқа жоғарылату, ол өзімен көптеген тамаша істерді жасаған, бірақ сол мезгілде әлсіздік пен томағайлыққа ұшыраған, эмпирикалық және сыни рухтың салтанатты уақыты. Ұлттық бірегейлікке ұмтылуды қамтамасыз ету және саяси тарихпен конвенционалдықты иелену сәтінен бастап бұл екі жағдаяттар Германияда тым сезіле бастады. Сол арқылы, жоғарыда біздің баяндауымыздың сүйеніш нүктесі ретінде анықталған, жағдайлар қалыптасты. Оларды көп алып жүру мүмкін емес болды және философия қайта туындауға міндетті болды. Бірақ қандай сүйеніш нүктелерінде оның туындауы сипатты және салдарлы еді. Әрине, табиғи ғылымдарды олардың құқықтарынан ажыратуға және алмастыруға ол бара алмады, сондықтан ол оларды мойындау және алғышарты қызметін атқару тұғырын алды, осының арқасында оларға қатысты белгілі бір мағынада рух басымдылығы бекітілді. Философия логика, таным теориясы және методология түрінде өз саласына ие болғанда және осыдан шыға отырып, деректерді тануды танушы рухтың бірлігіне қайтадан бағындырғанда, бұл мүмкін бола бастады. Осы үшін ол Кантқа қайтадан бұрылды, расында бірақ ол онша сыпайы болмаған және метафизика, этика мен тарих философиясына терең бойлаған еді; алайда, ол тым болмаса өзінің априорлы алдын алу теориясымен табиғатты танудың өшпес маңыздылығын және бүкіл философияның, соның ішінде оның өзінің құлдырауында, оның нақтылығын бекітті. Расында, осындай жаңа кантшылдық тарихқа өз көмегін берді. Өйткені қалай Канттың езі өзінің таным теориясын табиғатты математикалық-механистік таным түрінде құрастырып, тым болмаса принципте каузальдық зерттеу принципіне тіпті рухани құбылыстар әлемін бағындырғаны сияқты, оның түрлі бағыттарындағы жаңа кантшылдық таным теориясы табиғатты каузальды танымның априорлы алғышарттарына таза немесе басым бағытталды. Бұл априорлық рух дербестілігі мен ерекшелігінің қалдығы болды және осылай жалпы алғанда қарапайым берілгенге қатысты рух басымдылығы сақталды. Алайда, тарих осы жағдайда не табиғаттың бөлігі болды, егер оның өзегі Канттың ізімен ақыл еркіндігі болып мойындалса, онда азат ерік білдірушілер үйлесімділігінің бұл жүйесі, онда тарихтың бүкіл нақтылы байлығы жоғалып кететін, ерік еркінділігінің логикасы ретінде құрастырылды, және этикалық заңдардың бірлігі мұрат сапасында, қалай табиғат саласында - табиғат заңы осындай болғандай, дәл сондай тиранияны жүзеге асырды. Екі жағдайда да тарих, философиялық негізделуіне қарамай, дүниетанымға деген қуатты және өміршең әсерінен айырылды. Ең алдымен тарих құндылығы мен мазмұнының шынайы мағынасы, оның нақтылы дербес өміршеңдігі мен оның бағыттарының кернеулі ойындары жоғалып кетті. Қашан таным талдауы мен психологияның жақындығы салдарынан, соңғыны тәжірибелік табиғаттануға жақындататын, философияның жалғыз бөлігі деп қарастыра бастағанымен, жағдай өзгере қоймады. Механиканы немесе энергия туралы ілімді табиғи ғылымдардың негізі реті алғандай, психологияны рух туралы ғылымдар деп аталатынның немесе психологиялық ғылымдардың негізі деп қарастырды; онда омы осылай ғылым атағына көтеру үшін, яғни жаратылыстану ғылымдарының әлдебір баламасына дейін көтеру үшін, тарихтың психологиялық заңдарын табуға ұмтылды. Бірақ міне сонда тарих, қайда рухтың дербестілігі аталған заңдарды тек табумен шектелген, бағалау мен тұғырнама барлық тамырларынан айырылған, және тарихи өмірдің толықтығы ең жақсы жағдайда көркем қабылданатын драма, ал көпшілік бөлігінде қарапайым психологиялық үдерістердің заңдылықпен байланысқан кешені болатын, ерекше тектегі табиғаттануға айналады. Бір мезгілде дарвинизм әсерімен, жабайылар психологиясынан шыға отырып, оны түсінуде олардың өзімен емес, ал жабайылар психикасына сүйене келе, әрбір зерттелу пәнінде «кешендер» арқылы қазіргіге өте бастады. Бірақ барған әрекеттен тәуелсіз, рух өмір тереңдігін талап етті және оны түрлі тәсілдермен тарихтан қалқып ала бастады. Алдында Чемберлен немесе Rembrandt - Deutschen23 сияқты дилетанттар жүрді, Гобино, Рескин, Лагардтардың шәкірттері жарияланды. Тарих қайтадан натурализмге қарсы шықты және философиядан оның ниеттерінің негізделуін талап етті. Ол қайтадан жаңғырып келе жатқан философияның жайы бұл мәселеге тек логика және таным теориясы түрінде кем болатындығын түсіндірді. Тарихтың мақсаты оның кең мағынасы туралы және тарихи үдерісті түсіндірудің соған сай құрылымынан бас тартуға тура келеді деп, есептелді. Бұл мәтінде - ол таза каузальды бағытталған методологияда шешілмейтін үрей тудыратын - сәуегейлік, телеология және мифология тәріздес. Осындай жайда өзі туралы, табиғи-ғылыми каузальдықтан, психологиялық каузальдықтан мүлдем басқа екендігін көрсете келе, тарихи қисын жарияланды; ол тарихи методтың табиғи ғылымдардың методтарына қарағанда логикалық тәуелсіздігін және ерекшелігін тарихи каузальдық ұғымдардың мақсат және мағына ұжымдарымен органикалық байланысын және атап айтқанда, логика мен талап етілетін биологиялық және тарихи шындықтың ерекшелігін атап өтті. Осындай түсінуге жауы бірінші болып Лотце мен Зигварт ашты, Вундт аралық орында болды; Дильтей, Риккерт, Виндельванд пен Ласк метод монизмін толық жойған тарихи қисынды жасап шығарды. Зиммель түйсінілген шындықтың терең қайтадан өзгертілуін көрсетті, ол табиғи-ғылыми ұғымдарға ұқсастар арқылы, бірақ басқаша өз типі бойынша жасалады. Басқа зерттеушілер - Шелер, Макс Вебер, Шпрангер, Г. Майер. Эд. Мейер, Ксенопол, Шуппе әр түрде түсіндірмелердің бұл талпыныстарын қарастырды. Бергсон тарихи ойлауды механикалық емес биологиямен байланыстырды және басқаларына қарағанда математикалық және тарихи ойлаудың арасындағы айырмашылықты тереңдеу жүргізді. Осы арқылы тарихи қисынға жол ашылды, ол сонымен табиғи ғылымилықпен қатар тарихи дүниетанымды жасап шығарды немесе, дұрысында, оны қайтадан жаңғыртты, методтың монизмін қайтадан алып тастады және табиғатпен қатар өмір сүретін екінші әлемді көрсетті24. Ендеше, біз күтпеген жағдайда қайтадан жаңа, практикалық өмірмен қажет етілген тарих философиясының орталығынан шығамыз, ал оның өзі - дүниетанымның түйіні. Алайда оның әсері мен мағынасы туралы көптеген пікір-таластар мен ұйғарылған жолдары жеткілікті. Жоғарыда суреттелген бұл жаңа тарих философиясының дамуында да бізден екі жол -формальды тарихи логика мен процестің мазмұнды құрастырылуы бөлініп көрсетіледі. Оларды байыпты түрде айыру керек, дегенмен түбінде олар, күмәнсыз, бірігуге тиіс. Сонда бұл - олардың әрқайсысы сондықтан жеке әсер мен мағынаға ие, дербес және логикалық бөлінетін мәселе. Бұрынғы тарих философиясының кемшілігі оның көп бөлікте оларды араластыруы және эмпирикалық тарихтан шыға отырып логикалық бірізділікті құрастыру қажеттілігін ескермеуінен шығады; Гегельдік логика да материалдық тарих философиясын оның көпсанды тұғырлары және құндылықтарымен қабылдауға шешімділік танытпайтындығынан, бұл жарамды бола алатын, сенімділеу және анық шығу нүктесі. Солай, мысалы, Эдуард Мейер өзінің кең көлемді ежелгі дүние тарихына «Антропологияны» немесе оны ол формальды тарихи логикамен теңестіретін немесе басқаларының бәрін ескірген деп есептей келе, оны негіз деп қарастыратын, тарихты танудың психологиялық теориясын алдын ала кіргізеді.
Түсініктемелер
' Екінші том жазылмады, ол жұмысты Э.Трельчтің 1923 ж. ақпанындағы ерте ажалы үзіп тастады.
2 «Шпенглер туралы пікірталас» 3 Қар. Оған тарихшылар жиі көңіл аударатын, тарих ғылымында қолданылатын кітаптағы, бүкіл техникалық және ғылыми құралдардың кодификациясы: E.Bernheіm. Methode and der Geschіchtsphіlosophіe.5. und 6. Aufl. 1908, параллели этой работы во французский английской историографии: Сһ. V. Langloіs et Ch. Seіgnobos. Іntrodctіon aux etudes hіstorіgues. P. 1898, E.A. Freeman. The methods of hіstorіcal study, 1886, F. von Bezold. Zur Entstehungsgeschіchte der hіstorіschen Methodіk //Іnternatіonale Monatschrіft, VІІІ, 1914. Тарихи ғылымдардың дамуын көрсететін еңбектердің арасында, мыналарды атап өту керек: В. Croce. Zur Theorіe und Geschіchte der Hіstorіographіe (нем перевод) 1915, М. Rіtter. Dіe Entwіcklung der Geschіchtswіssenschaft. 1919, E. Fueter. Geschіchte der neueren Hіstorіjgraphіe. Munchen, 1911. G.P. Gooch Hіstorі fund hіstorіans іn the 19thcentury. L., 1913. Қайда философиямен байланыс зор аталып өткен, жақында шыққан кітап: W. Bauer. Eіnfuhrung іn das Studіum der Yeschіchte, 1921. Ескі жұмыстардың арасында қазір де маңыздылары: Wacher. Geschіchte der hіstorіschen Forschung und Kunst seіt der Wіederherstellung der lіterarіschen kultur іn Deutschland. Gottіngen, 1812-1820, F.X. Wegele. Geschіchte der deutsche Hіstorіograhіe. 1885.
4 «Тарих очерктері - Ауд.ескерт. 5Қар. E.Troeltsch. Dіe Revolutіon derWіssenschaft//Schmollers Jahrbuch, 1922 Max Pіcard. Der letzte Mensch. Wіen-Zurіch, 1921, A.Pannwіtz. Dіe Krіsіs der europaіschen Kultur. Nurnberg, 1917. Wachler. Geschіchte der hіstorіschen Forschung und Kunst seіt der Wіederherstellung der lіterarіschen Kultur іn Deutschland. Gottіngen, 1812-1820, F.X/ Wegele. Geschіchte der deutsche Hіstorіographіe. 1885. 6 Осыған жақыны: E. Spranger. Der gegenwartіge Stand der Geіsteswіssenschaften und Schule, 1992. 7 Осы жөнінде А. С. Bouguet. Js Chrіstіanіty the fіnal telіgon? London, 1921. 1 беттегі түсіндірмесін келтірейік: «The Anglo-Saxon temperament іs expansіve rather than іntensіve, fnd takes more naturflly to mіssіonary enterprіst than to examіnatіon of belіef». (Англосактар ширақ экспансивті, интенсивті емес және дінді зерттегеннен гөрі миссионерлікке көбірек бейім). Осыған ұқсас С. Лoy кітабында айтылады: S.Low. Governance jf England. 1916, p.4, «We have had no revolutіon for hundred years, we have not been compelled to cleane the state, examіne the foundatіons of belіef, and we are proud of beіng an іllogіcal people. So we have carefully fvoіded systematіzatіon, we provіde for іmmedіate necessіtіes» Бізде соңғы 100 жыл бойында революция болмады, бізде ескі міндеттерден құтылу және дін негіздерін зерттеу қажеттілігі болмады, және біз алогикалық халық екенімізге мақтанамыз. Біз кез келген жүйелендіруден аулақ боламыз, біз тікелей мұқтаждықтарымызды қанағаттандырамыз). Бұл Берктің, оның «Reflectіons»-fla айтылған, Француз революциясына қатынасын еске салады. Көбіне бүгінге дейін тарихшылдықтың өзгеруші жағдайларды еркін қабылдаумен байланысына деген бейімділік сақталып келеді, алайда онда тарихшылдық христиандықтың дағдарысында да сезіледі. Мысалы, Букеде, ал сонымен бірге Уэллстің «ОиШпе»-сінде. Америка үшін қар: W.A. Brown. The essence of Cnrіstіanіty, Edіnburgh, 1904 ж. - Буке кітабына параллель. Мәдениеттің жалпы дағдарысы идеясына қазіргі француздардың қатынасы туралы қызық ескерту мына кітапта берілген: E.R. Curtіus Der Syndіkalіsmus der Yeіstesarbeіter іn Frankreіch. Bonn, 1921. Куртиустың пікірінше, француздар жалпы дағдарысты мойындауға бейімді емес, бір жағынан, олар сөздерін әлемнің өлмейтін жаны деп есептейді, екінші жағынан, соғыстан кейін олар өз жайын тек бекіткісі және ұстап тұрғысы келеді және соғысты дүниежүзілік дағдарыс емес, ал өз құқықтарын қалпына келтіру ретінде қарастырады, тағы басқа жағынан, олар принципті түрде алғанда дәстүрді, форманы және латындық мұраны сенімді қорғайды. «Француздарға, - деп жазады ол, - ең алдымен тұрақтылық керек, осымен қазіргі Франциядағы Бергсонға күшті қарсы әрекетте түсіндіріледі (бұл атап айтқанда оның біршама дәрежеде esprіt nouveau (жаңа рухтың - француз) пайда болуына себебін тигізгеніне қарамай). Алайда осындай ойлау салтын Ларошфуко мен Шамфордан бастап Сен-Симон, Стендаль және қазіргі романтиктерге дейін, олардың Ницшені жігерлендіруімен бірге, аяусыз сынауын да ұмытпау керек. Қазір де, Андре Жид пен Ромен Роллан сияқты жазушылар да, әлемдегі күйзеліс күйін жеткілікті анық көріп гүр. Сонымен бірге Поль Валеридің мақаласын қар: (P.Valerі. Lacrіse de Jіmperіalіsme. О. Yrfіntoff. Zur Psychologіe Frankreіchs, 1922.). Бұл - қайда автор бергсондық elan vіtal (өмірлік екпін - франц) негізінде Франция тарихындағы бір қалыпты империализмді жақтайтын және оны мәдени қатынаста XVІІІ ғасырдағы классицизмге әкеліп тірейтін, философиялық-тарихи үлкен очерк, осымен оның Руссо мен романтиктерді қабылдамауымен байланысты; оның пікірінше олар тарихтың дұрыс түсінуін бұрмалады. Сондықтан, бұл да тым терең болмаса да, тарихтың жаңа ойластырылуы. 8 Ср. Dіe Entwіcklungsgesgeschіchte des hіstorіschen Sіnnes. //Hіstorіsche Studіen. Hrgs. Von Eberіng. Bd. 142, 1920. Нені біз сыни мағына деп есептейтініміз, мұнда жеткіліксіз бағаланған.
9 Бұл туралы қар.: K.Reіnharat. Hekataus und Demokrіt // Hermes, 1912. 10 Онда позитивтік тарих философиясына әлдебір ұқсастық табылады және ол тек нәзік аралық буындар арқылы нағызына дейін жетеді, Ю. Гензель П. Кітабын қар: RHensel. Kleіne Schrіften, Greіz oj. Әлемнің ұлы жылы туралы ілім.
11 Дүниежүзілік тарих туралы пайымдау (франц.) - Аударм. ескерт. 12 Бүгін әлі классикалық деп есептеле алатын Баурдың кітабын қар.: F. Сһ. Baur. Dіe Epochen der kіrchlіchen Geschіchtsschhreіbung, 1852, особенно: W. Kohler, іdee und Personlіchkeіt іn der Kіrchengeschіchte, 1910 и мои «Sozіaііehre» //Troeltsch. Gesammelte Schrіften, Bd. 1, Sozіalphіlosophіe des Chrіstentums, Bern, 1922. Аугустинді тек тым шартты түрде тарих философы деп есептеуге болатыны туралы менің жұмысымды қар: Augustіn, dіe chrіstlіche Antіke und das Mіttelalter, 1915. Cіvіtas Deі (Құдай қаласы - лат.) - бұл аспандық Иерусалим. Мистикадан басқа негізгі материал -апологетика мен синхронизм. 13 Қар.: Troeltsch. Das stoіsch-chrіstlіche Naturrechtund das moderrne profane Naturrecht //HZ, 1913 W. Metzger. Gesellschaft und іn der Ethіk des deutschen іdealіsmus, 1917, S. 27-45. 14 Көнелікті қолдаушылар мен қазіргіні қолдаушылардың арасындағы пікірталасқа (франц.) - ауд. ескерт.
І5Философиялаушы тарих (франц) - Ауд. ескерт.
16 Тарих философиясы (франц.) - Ауд. ескерт.
17 Қар.: Со Delvaіlle. Essaі sur Lhіstoіre de lіdee de progress jusgua la fіn du 18eme sіecle, 1910.
18 Жалпы табиғат туралы ғылым негіздері (ит.) - ауд. ескерт. 19 Лейбниц үздіксіздік туралы өз ілімімен бір уақытта француздық және немістік тарих философиясын дамытуға себебін тигізгені туралы кар. Davіlle. Leіbnіtz hіstorіen. P., 1909. Тым қызық кітап - Croce. La fіlosofіa de Yіambattіsta Vіco, 1912 (франц. аударма, 1912). 109 б. және 33 б. Вундтың мақсаттар гетерогенді мен Теннэстің даму сатыларына жақындық. Бэконнан бұл ойлардың ұрықтары алынған, ал Паскальда Вико ілімінің тарихи элементі табылған. - Fechter Roussean und deutsche Yeschіchsphіlosophіe, 1980.
20 Жаңа христиандықты (франц.) -Ауд. ескерт.
21 Адамзат діні (франц.)- Ауд. ескерт.
22 Трейчке мен Зибельдің жиі айтылатын сілтемелері: Fufgabe des Geschіchtsschreіbers // hіst.-polіt. Aufsatze, ІV, Subel. Uber den Stand der neueren deutschen Geschіchtsschreіbung // Kleіne hіstorіsche Schrіften, 1863 ж. Лоренцтіц тарихта pyx пен философияның аз орын алатыны туралы кейінірек уақытқа жататын ащы пікірлері: O.Lorenz. Yeschіchtswіssenschaft іn Hauptzіchtungen und Aufgaben, 1886-91, сонымен бірге Шмоллердіц Зибель мен Трейчкені еске алу сөзі. - ABA, 1896ж. «Рембрандт тәрбиеші ретінде» деген оқу құралы еске алынып тұр (Ред.). 24 Қар.:Ғ. Neeff. Gesetz und Geschіchte, Tubіnden, 1917, Kausalіtal und orіgіnalіtal, 1918, Uber das Problem der Naturgeschіchte// Kantstudіen Bd. Неф — ботаник. Бұл айырмашылық Шпенглерде де анық көрсетілген (Unterdad des Abendlandes, 1, Wіen, (1918), осыны бұл үлкен дискуссия шақырған кітап авторының жетістігі деп шартсыз есептеу керек. Ксенопол faіts de repetіtіon faіts de successіon-ды (дәйектілікке жеткізетін, деректер - франц.) ажыратады, Бергсон - temps (уақыт -франц.) және duree zellte (нақтылы шындықты -франц.) айырады. 25 Қар. Меніц жұмысымды: Dіe Absolutheіt des Chrіstentums und dіe Relіgіonsgeschіchte., ал сонымен бірге Гарнакқа арналған, мерейтойлық жинақта шыққан менің мақаламды қар.: Ғ.СҺ. Baurund A. Harnack. Tubіngen, 1921 26 Жастар арасынан шыққан кітапта өте қызық компромисс ұсынылған: Н. Freyer. Antaus, Grundlegung eіner Ethіk des bewusten Lebens. Jena, 1918.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру