Мазмұнға өту
Home

Шығармалары 6 том

Сәкен Жүнісов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Шығармалары 6 том

Авторы: Сәкен Жүнісов

Алматы 2014 Алматы 2014 Пьесалар 6-том

Жүнісов С. Ж88 Пьесалар/Сәкен Жүнісов. – Алматы: «Таймас» баспа үйi, 2014. ISBN 978–601–264–115–8. Т. 6. – 336 бет. ISBN 978–601–264–133–2 Белгілі жазушы-драматург Сәкен Жүнісовтың шығармалар жинағының 6-томына сахнамыздың сәніне айналған «Махамбеттің өкінішпен өте шыққан өміріай», «Қос анар», «Қылмыскер», т.б. пьесалары енген. Кітап көпшілік оқырманға арналған. ISBN 978–601–264–133–2 - (Т.6.) ISBN 978–601–264–115–8 © Жүнісов С., 2014 © «Таймас» баспа үйі, 2014 Барлық құқықтары қорғалған Басылымның мүліктік құқықтары «Таймас» баспа үйіне тиесілі УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз)-6 Ж88 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз)-6

МАХАМБЕТТІҢ ӨКІНІШПЕН ӨТЕ ШЫҚҚАН ӨМІРІ-АЙ! Тарихи деректерге құрылған трагедиялық драма Қатынасушылар: МАХАМБЕТ ЖӘҢГІР ҚАРАУЫЛҚОЖА ЗҰЛХАРНАЙЫН ШОНТИ БИ АЛТАЙ БИ САҒЫР БИ БЕРТОҒА БИ I НИКОЛАЙ ПАТША КОВАЛЕВСКИЙ ФАТИМА ХАНЫМ ӨЗБЕКОВ СИРОТИНИН МИХАИЛ ИВАНОВИЧ БАЙМАҒАМБЕТ ЫҚЫЛАС НҰРСҰЛТАН САРАЙ ХАНЫМДАРЫ ШЕНЕУНІКТЕР КЕҢЕСШІЛЕР ҚАРАҚШЫЛАР Бірінші көрініс ТҮРМЕ Задникте зәулім түрменің қабырғасы көрінеді: Орденанс-Гаузен түрмесі. Мойылдай қою сақалы мен мұрты жақ сақалымен тұ-

тасып кеткен, көз жанары отты, айбатты адамның жүзі кішігірім арыстанға ұқсайды. Тұтқын. Тұтқын сыртынан тергеушінің бірде зілді, бірде кекесін үні мен тұтқынның бірде түзу, бірде қыңыр жауабы естіліп тұрады. Тұтқын үнсіз. Т е р г е у ш і н і ң ү н і . Аты-жөнің? М а х а м б е т т і ң ү н і . Махамбет Өтемісұлы. Т е р г е у ш і н і ң ү н і . Ұлтың? М а х а м б е т т і ң ү н і . Қазақ. Т е р г е у ш і н і ң ү н і . Анығырақ. М а х а м б е т т і ң ү н і . Қазақ. Т е р г е у ш і н і ң ү н і . Қырғыз-қайсақ? М а х а м б е т т і ң ү н і . Мен – қазақ. Қырғыз – басқа ұлт. Т е р г е у ш і н і ң ү н і . Руың, жасың, бойың? М а х а м б е т т і ң ү н і . Руым – беріш, жасым 42-де! Бойым – алғаш тұтқындалғанда 2 аршын, 5 вершок болатын. Т е р г е у ш і н і ң ү н і . Неше рет тұтқындалдың? М а х а м б е т т і ң ү н і . Сайтаным білсін. Т е р г е у ш і н і ң ү н і . Түрмеден неше рет қашып шықтың? М а х а м б е т т і ң ү н і . Ылғи қашып шықтым. Т е р г е у ш і н і ң ү н і . Ханға деген қарсылығың қашаннан басталды? М а х а м б е т т і ң ү н і . Ханның халықты қанауы нан, төңірегіндегілердің тонауынан... Т е р г е у ш і н і ң ү н і . Ал Ұлы Ресей империясына қастығың қашаннан бері басталды? М а х а м б е т т і ң үні. Ұлы Ресейге емес, патшалық Ресейдің үкіметіне... қастандық емес... Ресей әкімшілігіне деген сенімсіздік... Т е р г е у ш і н і ң ү н і . Қашаннан, қай уақыттан бері?

М а х а м б е т т і ң ү н і. 1826 жылы. I Николай патша ағзамның тәж көтеру салтанатына арналған кешінен басталды... Екінші көрініс Салтанатты музыка. I Николайдың тәж көтеру (коронация) кезіндегі салтанатты кеш. Зәулім собордың шалқар залына жинал ған қала шенеу ніктері, үш жүзден келген қазақтар депутациясы топ-топ бо лып шүйіркелесіп тұр. Арасында, күтушілер сәнмен көтерген подностан алып, небір шетел шараптарын, сары, қызыл, ақ, жасыл түсті тәтті сусындарды алып, сыздықтата ішіп, әр жерде жарасты әңгіме-дүкенін құрған адамдар. Бүгінгі күн қырғыз-қайсақ депутациясының күні. Кілең қап-қара смокинг киген, аппақ көйлектерінің тік, қа тырма жағаларының астына қара көбелек (бантик) тақ қан жас мөлшерлері қатарлас адамдар, кеуделерін ашың қырап, аққу мойын дарын инабатпен иіп, бір-біріне сы пайы күлімсіреген әйел дер қауымы. Орысша, французша, қа зақша сөйлескен адам дардың көңілді үндері. Бәрі Императордың келуін күтуде. Той алдындағы әдеттегі кө ңілді қыдырыс. Танысу. Бір топта География қоғамының толық мүшесі, капитан, сая хатшы Ковалевский, төңірегіндегілердің сұрағына орай, залда ғылармен таныс тырып тұр. Қолдарында бокал. К о в а л е в с к и й . Әнебір топ – қырғыз-қайсақ даласы ның ұлы жүз депутациясы. Ұланғайыр қырғыз-қайсақ даласы үш өлкеге бөлінеді: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз. Б і р ш е н е у н і к (қасындағы әйелдерге қарап). Әкімшілік жағынан да солай. Үш жүзді үш хан жеке-жеке билейді. К о в а л е в с к и й . Солардың ішіндегі, Ресей империясы на алдымен қосылғаны, ең жақыны да кіші жүз. Одан да

жақын, кіші жүзден жеке бөлінген Бөкей ордасы: ана тұрған топ. Б і р і н ш і х а н ы м . Ал одан берірек тұрған шенеуніктер кім, белгілі аристократтар сияқты. К о в а л е в с к и й . Дұрыс аңғарып тұрсыз. Ана бер жағында тұрған – Орынбор губернаторының ерекше қыз метте гі офицері, жазушы, атнограф Владимир Иванович Даль, Луган казагы, оның жанындағы атақты композитор – Александр Александрович Алябьев. Б і р і н ш і х а н ы м . Ой, «Бұлбұлдың» авторы ма? К о в а л е в с к и й . Дұрыс айтасыз, бұрынғы подполковник шеніндегі Алябьев. Ш е н е у н і к. Ол айдаудан қашан босанған? Мына салтанатқа қалай келген? К о в а л е в с к и й . Ол Орынбор губернаторы генерал Перов скийдің досы. Бұрын олар Ұлы Отан соғысына қатынасқан. Атақты партизан басшысы Денис Давыдовтың достары. Е к і н ш і х а н ы м . Өте қызық. Мен әнін естісем де, офи цер екенін, айдауда жүргенін естімеп едім. Сондай керемет ән шығарған... Б і р і н ш і х а н ы м . Ал қасындағы ана азият кім? Еуропа ша киінгеніне қарағанда, тегін адам емес сияқты. К о в а л е в с к и й . Тағы да дәл үстінен түстіңіз. Онымен қырғыз-қайсақ даласында өзіміздің географиялық қоға мы мыздың саяхатында жүргенде, Бөкей ордасында таныс қан едім. Ақын, өте жалынды, уытты жас. Ұмытпасам – Махамбет Өтемісов. Б і р і н ш і х а н ы м . Сіз қандай көп білесіз, сондықтан да атақты адамсыз, капитан Ковалевский мырза. Көп рақмет та ныс тырғаныңызға. Е к і н ш і ханым. Иә, көп нәрседен хабардар болдық, рақмет!

Ж а р ш ы н ы ң ү н і . Жоғары мәртебелі Император! Үлкен әшекейлі есік ашылады да, соңында нөкері бар I Николай көрінеді. «Құдай патшаны сақта» әні ойналады. Император алдымен ұлы жүз депутациясына, одан соң орта жүз, ең соңынан Жәңгір хан бастаған кіші жүз депутациясына келіп, көбірек аялдайды. Әр тоқтаған сайын музыкалық қол паштау (туш) та тоқтап, жүргенде қайта ойналып отырады. Бөкейлік депутацияның алдына келгенде, I Николай басқа депу тациялардай емес, көбірек тұрып қалады. Оның көзі түс кені Жәңгір ханның қасындағы 15–16-лар шамасындағы, сол тұстағы қала рәсімімен еуропаша сәнді, қонымды киінген қарақат көзді сұлу Фатима ханым еді. П а т ш а. Сіздердің далалық қырғыз-қайсақ елінің... (Қасындағы татар кеңесші тілмашқа құлағын тосады.) К е ң е с ш і. Бөкейлік. П а т ш а. Иә, бөкейлік. (Тағы да құлағын тосады.) К е ң е с ш і. Джаһангир! П а т ш а. Иә, ұлы хандарыңыз, Бөкей ордасының ханы Д... Джаганкир бастап келген депутация мүшелерін, Ұлы Коро нация салтанатына асыл ниетті келулеріңізбен құттықтап, адал көңіліммен алғысымды айтып, Ұлы Ресейдің ұлы қаласы Мәс кеудегі күндеріңіздің сәтті өтуіне тілектестігімді білдіремін! Д е п у т а ц и я м ү ш е л е р і (бір ауыздан жаттап алғандай). Мархаба, Мархаба! Қолпаштау музыка ойналады. П а т ш а ( Фатимадан әлі де көзін алмай). Басқа де пута ция лардай емес, сіздер әдемі қыздарыңызды да ала келген екен сіздер, өте дұрыс, орыс өркениетінің көрнекті жетістіктерін де үйреніп, өнеге алуы үшін, бұл өте дұрыс...

М а х а м б е т (Депутация мүшелерінің екінші қатарында тұрған Махамбет саңқ етеді). Жоғары мәртебелі император, ол қыз емес, Жәңгір ханның жұбайы, ханша. Жәңгір хан Махамбетке ала көзімен жалт қарап, пат шаға қайта көзін бұрып, мақтанышпен құптап, басын изейді. I Николай түсініңкіремей нөкерлеріне бір, Фатимаға бір қа райды. Таңырқағанын жасыра алмай нөкерлеріне күңк етеді. П а т ш а (іші күйгендей). Бұл қалайша? Тым жас қой... Ф а т и м а (сыпайы ғана). Жоғары мәртебелі Император, бізде бұған таңғалмайды. Менің жасым биыл он алтыда. Ал хан Жәңгірге өз қалауыммен, мұсылман жолымен тұрмысқа шыққаныма биыл екі жыл толады. П а т ш а (таңырқап). С... Сонда қалай? (Нөкерлеріне қарай ды.) Неше жаста?.. Ф а т и м а. Қазақта, ия... қырғыз-қайсақта «бала он үшінде отау иесі» деген сөз бар. П а т ш а (басын шайқап). Сіз орыс тілін жатық сөйлейді екенсіз. Ғафу етіңіз, қайдан үйреніп жүрсіз? Ф а т и м а . Ұлы патшалық Ресей әкімшілігіне II Екатерина ның кезінен аса берілген әкем – Орынбор мүфтиінің арқасында. П а т ш а. Тамаша, өте тамаша! (Нөкерлеріне бұры лып, фран цузша.) Сұлу да аса тәрбиелі қыз, номадтарда да мұндай қыздар болады екен-ау! Ф а т и м а. Жоғары мәртебелім, сіздің мені асыра бағалағаныңызға үлкен рақмет! Қазақ даласы менен де асқан сұлұларға бай! П а т ш а (таң-тамаша қалып, французша). Сіз фран ңузша да біледі екенсіз ғой! Ф а т и м а. Французша сөйлеу орыс шенеуніктерінің арасында ақсүйектіктің негізгі белгісі болып бара жатқан

сияқты. Әйел қауымы ерлерден де гөрі жаңалыққа жақынырақ қой! П а т ш а (енді орысша). Тамаша, тамаша! Сіз тілін игерген Батыстың билерін де меңгерген шығарсыз? Ф а т и м а (күліп). Тілді үйреткен адамға, аяқты үй ре ту қиын емес, Жоғары мәртебелім! П а т ш а (күліп). Иә, өзім де солай ойлап ем. Кешке, салтанатты балдағы биде сіздің алғашқы серіктесіңіз болуға өте құштарлығымды білдіремін. Басын сәл ғана сыпайы иіп, нөкерімен бірге бұрыла бергенде, тағы да Махамбеттің үні саңқ етеді. Бастала берген қолпаш музыка да көмейіне тас тығылғандай күрт үзіледі. М а х а м б е т (аса қысылмай, судырата жөнеледі). Аса ұлы мәртебелі патшамыз Николай Павлович, адамзат баласына ортақ құдай тағала сәтін салған шығар, сізбен жүздесу, жақын тұрып сөй лесу дала қазағы үшін үлкен мәртебе екенін жасыра алмаймын! Сізді, ұлы мәртебелі патшамыз, салтанатты тәж киюіңізбен өз атымнан, бүкіл көшпенді қазақ елінің атынан құттықтай тұрып, бір ауыз тілек ретінде өтініш жасауға рұқсат етіңіз! П а т ш а (ұнатпаса да, сәл жымиып). Сіздің атыңыздан (кү ліп), иә, жеке басыңыздан құттықтауыңызға рақмет! Ал казак елінің атынан, дала көшпенділерінің атынан дегеніңіз ге түсінбей тұрмын. Қазақтар қашаннан бері номад аталып жүр? М а х а м б е т . Ұлы мәртебелі патшамыз, сіз түсіне алмай, яғни, мен дұрыс түсіндіре алмай қалдым, ғафу етіңіз. Қазақ дегенім – казак-орыс емес, орыс шенеуніктерінің сауат сыз ды ғынан қырғыз-қайсақ болып қисық аталып жүрген үлкен ұлт, ежелгі салты, дәстүрі бар ұлы ел – Қазақ елі. П а т ш а. Иә, естуім бар, ежелгі қыпшақ елі немесе половцылар. Сонда не айтпақ едіңіз?!

М а х а м б е т . Иә, сол ежелгі қыпшақ елінің, сіздерше қыр ғыз-қайсақтардың, сіздің боданды еліңіздің, әлі күнге дейін өз жерінде жапа шеккен, жел айдаған қаңбақтай ауыр тір шілігінен өзіңізге аз да болса дұрыс ақпар берсем деп ем, сіздің хұзырыңызға ілігіп, аудиенцияңызда болсам деп ем! П а т ш а (қабағын шытыңқырап). Сіз кім боласыз, лауа зымыңыз?! М а х а м б е т . Қатардағы қазақпын. Қарапайым ақынмын. (Патша түсініңкіремей, нөкерлеріне қарайды.) К е ң е с ш і. Ақын дегені мынау... (Қолымен домбыра тартқан болып.) Бандура. М а х а м б е т (қиналыңқырап барып). Иә, певец, орысша поэт. К е ң е с ш і (мәз болып). Иә, иә, поэт, Пушкин! П а т ш а (нөкерлеріне қарап). Мына ақын Пушкин емес, қырғыз-қайсақтың Рылееві болып жүрмесін! (Махамбетке қарап.) Сізге (кекесін) желтоқсан салқыны тигеннен саумысыз?! М а х а м б е т . Түсінбедім... Жоғары мәртебелім... аурусың де ге ніңіз бе? П а т ш а. Иә, желтоқсанның салқынынан мұрныңыз бітіп жүрген жоқ па? Ондай мұрынды «жөндеуге» болады. Нөкерлері мырс-мырс күледі. Біреуі екіншісіне патшаға естірте сыбырлайды: «Қандай образ! Қандай образ!» М а х а м б е т (түсінбей). Ауыру ғана емес, өлейін деп жүр мін, Жоғары мәртебелім! Бірақ қыстың зардабынан емес, халқымның жылап-зарлауынан. П а т ш а (нөкерлеріне қарап жайбарақат күледі). А-а, сіз, ақын, мына салтанатты рәсімге ақылыңызбен бірге ашуыңызды ала келген адам секілдісіз, саясатпен айналысқан ақын ақыл дылығынан да, ашулы сотқарлығынан да зардап тартып, азап шегеді. Ақындардың табиғат, махаббат,

эротикалық маз мұндарға көбірек әуес болғаны жөн. (Маңындағы ақсүйек дво ряндар мен генералдар, патша сөзін құптап, мырс-мырс күліп, бас изеседі). Саясатпен, ел жағдайымен хандарыңыз, губернаторларыңыз бар, солардың айналысып, басын қатыр ғандары жөн. Ал, ол туралы сізден, ақындардан ақпар алуға мен зәру емеспін... (Басқаларына бұрылып.) Салтанатты жақсы өткізулеріңізге тілектеспін! Патша өз нөкерлерімен кете барады. Тағы да қолпаш музыка. Үшінші көрініс Хан сарайы. Тақта Жәңгір хан. Оң жақ, сол жағында алты-алтыдан он екі биі отыр. Орталарында Махамбет түрегеп тұр. Төменірек тексеру комиссиясының мүшелері Сиротинин мен Өзбеков отыр. X а н. Сонымен, сен менің хандығыма таласып жүрмісің, бай лығыма ма?! М а х а м б е т. Хан ием, атамыз Әйтеке би айтқан екен: «Хан, сұлтан, төре күні өткен деді, Олардан ақыл, айла кеткен деді. Қазағым, өзіңді-өзің дұрыс ел ғып, Басқарар енді уақыт жеткен деді. Төреден Әйтеке би безін деді, Келді ғой көсем сөйлер кезің деді.» Сенің хандығыңа таласпаймын, қайта хандығыңды аяймын, саған бағынған халқымды аяймын. Мен халқымды арашалаймын деп хал қыма таласып жүрмін. X а н. Е, соншама мені аяйтындай, халқыңды арашалайтындай не боп қапты? М а х а м б е т . Сені аяйтыным, хан ием, сенің халқыңа иелі гің жоқ, халқыңды соратын сүлігі, шағатын жыланы көп. Х а н . Е, билігім қайда кетіпті? М а х а м б е т . Сенің билігің мына он екі биіңде, он екі биің нің билігі үйіндегі әйелдерінде.

X а н. Сонда менде түк қалмағаны-ау? М а х а м б е т . Жоқ, билік бар. Сен бойыңдағы нәпсіңе ғана би сің. X а н. Е, оның рас, еркекпіз ғой! Ал сүлігің мен жыландарың кім? М а х а м б е т . Мына отырған қанды қол, боқ қарын, беті мұ сылман, ниеті зымиян билерің. Бірі төре, бірі сарт, бірі ноғай – бәрі сырт, өңкей шата, өңкей қырт. Ш о н т и б и. Сен де жетісіп тұрған жоқсың, сенің де түбің шикі, кірме емес пе ең. М а х а м б е т . Кірме болсам да, сендердей қырықсідік емес, түбім – қазақ. Қ а р а у ы л қ о ж а . Оу, Жәңгір балам, хан ием, мына сойқан ды осылай сайратып қоямысың, неге ғана осыншама талтаңдатып қойдың. Жер бердің, старшын қылдың, сонау Мәскеу, Петерборға дейін қасыңнан тастамай апардың. Ш о н т и б и. Ұлың Зұлхарнайдың тәрбиеші-аталығы етіп, се ніп, орыс қаласына бірге жібердің. Балаңмен бірдей орыс тәрбиесін алды, орыс тілін үйренді. Қ а р а у ы л қ о ж а (одан сайын ушықтырып). Енді сенің хан дығыңа, байлығыңа ғана емес, тіпті айтуға аузым бармайды, сенің ақ жаулығыңа да ауыз сала бастаған сыңайы бар. М а х а м б е т . Елдің көз жасымен келген байлыққа, есеп пен өткізген ақ жаулыққа қызығып қайтем. Ж ә ң г і р. Егер қызықпасаң, қызғанбасаң, кеше Орынбор губерниялық әкімшілігінен халықтың арыз-шағым, өтініштерін тексеруге келген мына отырған Ұлы император қызметкерлері Өзбеков, Сиротинин мырзаларды бүкіл елдің алдында мас қаралап, жұртты дүрліктіргеніңе жөн болсын. Ө з б е к о в. Жай дүрліктірсе бір сәрі, біздің тексерісіміздің бәрін жоққа шығарып, Хан тақсыр, сізді сыртыңыздан масқаралап, елді бүлікке шақырды. Ж ә ң г і р. Ал қалай, ақын Махамбет, старшын Махамбет?

Сонда не дедің сыртымнан? Қане, осы жерде айтшы, біз де тыңдайық, жасырмай, бүкпесіз айт. М а х а м б е т . Иә, бүкпесіз түгел айтайын, былай дедім: «Ей, халқым, жетім мен жесір, ел иесі де, жер иесі де сендер едіңдер. Енді жеріңнен айырылып болдың, ол елдігіңнен, тірлігіңнен айырылу. Жас ханымызға жатып жастық, иіліп төсек болайық деп едің. Түсінді ме?! Есер екен. Елін ұмытты. Халқының жаны, қаны сияқты реңді жерін, сүмелі малын тартып алып, маңында ғы қолпаштаушы, жел беруші жалмауыз нөкерлеріне, желбуаз туғантуысына, төңірегіндегі төрелер мен сұлтан, билеріне, бағынышты орыс шен-шекпенділері мен шенеуніктеріне, кү зетші қазақ-орыстарына дейін елінен, жұртынан сұраусыз та ратты. Қара қазақ қараң қалсын, қалың елі арам қат - сын – оны ойлайтын өрелі хан да, жетелі төре де жоқ. Ө з б е к о в. Дәлел, дәлел? Заң дәлелмен ғана шешіледі. Нақты дәлел?.. С и р о т и н и н ( сөздің жобасын түсініп). Иә, факты! Факты! М а х а м б е т . Сендерге не дәлел, не пәкті керек? Талай рет жазғанбыз, шағынғанбыз. Ал кәмесия мүшелері, тыңдаңдар, тағы да қайталайын. Хан Жәңгірдің ең жақындары ноғайлы руы бір миллион жеті жүз десятина жерді, Шыңғали, Мұсағали сұлтандар өз иеліктеріне ғана жер ді бұрынғы Байбақты ның, кезіндегі Қамыс-Самар бойынан, жеті жүз десятина жерді ханның атасы, Каспий жағалауын билеп отырған мына Қарауылқожа Бабажанов өз иелігіне, сегіз жүз мың десятина жерді мына хан Жәңгірдің өзі аз ғана туыстарымен, Торғын өзені бойындағы ең шұрайлы жерлерді басып алып отыр. Қ а р а у ы л қ о ж а . Оу сонда, бар жерді ана арызшыл, күн шіл, жалпақ елге, жалқау елге бөліп беріп, біз қу тіземізді құшақтап отыруымыз керек пе. Не сандырақ бұл?!

М а х а м б е т . Шеттен келіп, шектен шыққан князь Юсу пов пен князь Безбородко сияқтыларға берілген жерлердің бәрі, кезінде халықты қалжыратып, елді еңіретіп, жас орнына кө зінен қан ағызып тартып алған жерлер еді. Сендер солай алып отырған жоқсыңдар ма?! Ертең Каспийіміз де, 24 көлді Самарымыз да, Еділ мен Жайығымыз да қазағымның уысынан шығып, ұрпағына да бұйырмай, бәрі де қаңғырған бұралқы иттей тас шайнап, құм жұтып қалмақ. Ө з б е к о в. Ал енді қалай үгіттеп, қалай ереуілге шақырғаныңды, қорықпасаң, осы жерде, хан алдында айтшы, не дедің?! М а х а м б е т . Былай дедім: «Ей, халқым, жиналыңдар! Не тіршілік, не өлім! Бұдан артық қорлыққа шыдайтын жер де, күн де қалған жоқ. Зекет-мекет, жасақ-масақ, соғым-боғым деп, дала қазағы түсінбейтін не бір сұмдықсойқан «шартты ақциз», «от норда на зюд» деп, қазақтың өз жері үшін өзі төлейтін шашы шақ келмейтін салықтарын, енді, дүние кезек, сол салықшылардың өздерінен тартып алатын ғана күн қалды. Бұға бермей, көтерейік басымызды. Көтерілейік. Ерейік Исатай батырдың соңынан. Ерейік, көтерілей ік!» – дедім. Ж ә ң г і р. Сен бір сөзді ұмытып кеткен екенсің: «Ей, халқым, мені де, Исатайды да құртыңдар!» – деуге батылың жетпеген екен. М а х а м б е т . Е-е, менде қандай ала алмаған өші бар халқым ның? Ж ә ң г і р. Егер жер үшін болса, сендер тыста қаларсыңдар. Бағанадан бері аузыңа бір түскен жоқ, Исатай екеуіңе бүкіл беріштерің бар, өздеріңді старшын сайлап, Нарын құмының ең нулы, сулы шұрайлы жерінен ойып тұрып бергенімді ұмытыпсың. М а х а м б е т . Иә, қасқырлардың ортасына кіргізіп алып, біздің де аузымызды жесе де қан, жемесе де қан

етпекші сая сатыңды түсініп, ол жерді елімізге, жұртымызға қылдай етіп бөліп бергеміз. Бізде жер жоқ, ел ғана бар. X а н. Ым-м, қазақта бір жақсы мақал бар... М а х а м б е т . Қазақтың мақалының бәрі жақсы. X а н. Е, жақсы болса, былай дейді: «Иттің басын табаққа салсаң, шоршып түседі». Отырған билер мәз боп, Махамбетті жерлегендей шексілелері қата күледі. М а х а м б е т . Соншама несіне жетісіп күлдіңдер, сөз төр кінін түсінбейтін жетесіз билер? Сол да күлкі болып па? Хан ием дұрыс айтып отыр. Мен құйқасын үйтіп, езуін тіліп табаққа салар көнбіс қойдың басы емеспін, иә, табағыңа да, тамағыңа да сыймайтын азулы иттің басымын. Ш о н т и б и. Е, мойындадың ба ит екеніңді? М а х а м б е т . Елдің малынан мал-жанынан жан қой май та лап жеп, сырттай торыған қанды ауыз қасқыр бол ғанша, ел торыған қасқырдан елді қорыған ит болғаным артық деп білем. X а н. Сондағы қанды ауыз қасқырың біз болғанымыз ба? М а х а м б е т . Қазақтың жақсы мақалы: «Көкек өз атын өзі шақырады» дейді. Хан ием, өзің де біліп отырсың. Иә. Хан емессің, қасқырсың Хас албасты басқырсың, Достарың келіп табалап Дұшпаның сені басқа ұрсын... X а н. Ә, сол-лай ма?! Онда кет бұл арадан, бұл ордадан. Батыр қараңды. Бұл ордада сендей асыранды сатқын итке орын жоқ. Б и л е р. – Лағнет, лағнет! – Қарасы батсын!

– Жақсылықты түсінбеген найсап. – Кетсін, кетсін! – Қарасы өшсін! М а х а м б е т. Он екі төбет, шұнақ хан, Шабатының ел екен, Күндейтінің мен екем. Хан ұлына қас болу, Қара ұлына бас болу – Мендей ерге жөн екен! Махамбет сыртқа ата жөнелді. Аз үнсіздіктен соң, Қа рауылқожа аттан салады. Қ а р а у ы л қ о ж а . Ау, өзін жондап жібермедік пе, ұстаңдар ананы, ұстаңдар! Байлаңдар! X а н (қайталап). Ұстаңдар, ұстаңдар! Төртінші көрініс Бильярд залында әке мен бала – Жәңгір, Зұлхарнайын. Әке мен бала бильярд ойнап жүріп сөйлеседі. З ұ л х а р н а й ы н . Шекаралық комиссия арнайы жіберген соң, елдегі тексеріс жайын біліп қайттым. Ел қатты күйзелуде. Бұдан артық шыдамайтыны анық. Ж ә ң г і р. Шыдамағанда немді қылмақ?! Сен... Ұлым... Солардың сөзін сөйлеп, жоғын жоқтап қайтқаннан саумысың? З ұ л х а р н а й ы н . Жоқ, амалсыздан сізді қолдап, импе рияның сөзін сөйледім. Сөйтіп, жердің үстімен барып, астымен қайттым! Сізден, жанашыр балаңыз ретінде де, Ұлы Ресей империясының адал қызметкері ретінде де... сұрарым да, тілегім

де сол – ана... Каспий жағалауын билеуші Қарауылқожа атаңыз ды орнынан алыңыз, болмаса, ол арадан иелігіңізді басқа жерге ауыстырыңыз. Ж ә ң г і р. Ол менің сүйікті әйелім Салиханың әкесі, менің қайын атам емес пе? Туысқаныңнан айырыл демексің бе, әлде қызғанамысың? З ұ л х а р н а й ы н . Қызғанып қайтем, менің шешем нің тірі сінде Фатиманы алғаныңызда балалықпен қыз ғанға ным рас. Енді мейлі, неше рет үйленем десеңіз де! Бірақ... Ж ә ң г і р. Иә, не «бірақ»? З ұ л х а р н а й ы н . Зұлым атадан айырылмаймын деп, ата ме кеннен жұрдай болмасаңыз... Ж ә ң г і р. Ол қай атамекен? З ұ л х а р н а й ы н . Қарауылқожа сияқтылар қарулы біле гіңіз еке нін білемін, бірақ ол сізге шын қамқор тірегіңіз емес, басыңызға пәле үймелетер, өз қара басының ғана қамын ойлай тын, қара ниетті зымиян адам. Ж ә ң г і р. Сонда менің, сеніңше, шын тірегім кім болғаны? З ұ л х а р н а й ы н . Шын тірегіңіз жоқ, айырылып қалдыңыз. Ж ә ң г і р. Ол кім еді соншама?! З ұ л х а р н а й ы н . Ол қара халық. Қазақ халқыңыз. Өз иелі гіңіздегі өз еліңіз. Ж ә ң г і р (ызалы, қарқылдап күледі). Сонда, ұлы империя, ұлы держава, маған Еділ мен Жайықтың ортасынан ойып тұрып жер беріп, хандық тізгінді қолыма берген, білім берген, менің ұл-қыздарымды да үлкен дәрежеге жеткізген, ұлы бабаларымыз, кешегі берісі Бөкей атамыз, әрісі Әбілхайыр бабамыз көрмеген қара ормандай Орда орнатып берген, иығыма генерал атағын тағып берген Ресей патшасы тірегім болмағанда, бірін-бірі сырттан да, іштен де шалып, өмір бойы итжығыс түсіп, ит тірлікпен жүрген надан қара қазақ? Ха-ха-ха!.. З ұ л х а р н а й ы н . Ол сіздің тірегім болса екен деген

тіле гіңіз ғана. Патшалық империяның қайта сіздің тірегіңіз – халқыңызды хандық жүйемен әлсіретіп алып, ханды да хал қынан жалаңаштап, не бір-бірімен қырқыстырып барып, халық қаламаған, қолдамаған хандықтың оп-оңай көзін жоя салады. Сіз Сперанскийдің жаңа әкімшілік жүйесімен таныс емес сияқтысыз. Сіз империяға әзір ше керексіз, көп ұзамай сіздің түкке керегіңіз болмай қалады. Байлы ғыңызға, погоныңызға, шеніңізге тимейді, ал билігіңізден, әке, ренжімеңіз, турасын айт қанда түк те қалмайды. (Бокалда қалған орыс арағын қағып жібереді.) Біз – ханымыз бар, қарамыз бар, мына шашылып жатқан шарлар сияқтымыз. Қай лузаға, қай торға түсетінімізді білмейміз. (Тағы да арақ құйып.) Ал кий – империяның қолында! Ж ә ң г і р (сәл кекесін, әрі ызалы). Осының бәрін қайдан біле бере сің, хорунжий мырза? З ұ л х а р н а й ы н (күліп). Өзіңіз ғой, бәрін білсін деп орыс оқуына берген, ваше сиятельство, генерал мырза! Ж ә ң г і р. Ә, онда сол орыста «жұмыртқа тауықты үйретпейді» деген жақсы бір мақал бар. З ұ л х а р н а й ы н (күліп). Көке-ау, мен жұмыртқаны әл де қашан жарып шыққан, екі қанатында екі погоны бар орыс қоразымын да, ал сіз тауық емес, татар тауығының әтеші емессіз бе?! ( Әке мен бала қарқылдап тұрып, рахаттана күледі.) З ұ л х а р н а й ы н . Әке, мен ертең жүремін. Көпке дейін кө рі семіз бе, көріспейміз бе... Ж ә ң г і р. Неге асығыс? З ұ л х а р н а й ы н . Мені Кавказ шекаралық штабына қыз метке жіберетін болды. Ж ә ң г і р. Е-е, шынымен менен іргеңді аулақ салғың келген екен. З ұ л х а р н а й ы н . Сізден емес, елдің көз жасынан аулақ жү рейін деп... Ж ә ң г і р (көзін сығырайта қарап, сынай сөйлейді).

Е-е, елдің жасын ойласаң, сол елге жақын жүріп, әкім болып, өзің көрген қорлықтан, қиянаттан айырып алмаймысың? З ұ л х а р н а й ы н . Империя қызметкеріне ол мүмкін емес. Ол үшін Махамбет сізден қалай кетсе, менің де патшалық әкім шіліктен солай қол үзуім керек... Сізден де... Бильярд бөлмесіне айғай-сүреңмен топырлап, Бертоға, Сағыр билер: Қарауылқожа, Шонти би кіреді: «Шапты, шапты, тағы да шап ты!» Зұлхарнайын ұнатпай шығып кетеді. Хан Қарауылқожалардың сөзін теріс қарап, желкесімен тыңдап тұр. Ж ә ң г і р. Қанша ауылды шапты? Ш о н т и б и. Шаппаған ауылы жоқ. Кез келген сұлтан ауы лын... мал-мүліктерімізді кедей-кепшікке бас-көз жоқ таратып... Ж ә ң г і р. Алдымен шапқан кім? Сендер емессіңдер ме? Кейбіреулердің жалғыз тайлағына дейін тартып алыпсыңдар. Жазаладыңдар, адам өлтірдіңдер. Сонда да қоймадыңдар, құ ныққан үстіне құнығып, дәніккен үстіне дәніктіңдер. Ш о н т и б и. Салық... Салықтан, хан салығынан бас тартқандар, хан ием! Жазаланушы солар. Ж ә ң г і р. Хан салығы дегенше, хан тонауы десейші. Елді жерінен айырып, малын тонап қалтаға салатын сендер, жалаға қалатын мен. Қ а р а у ы л қ о ж а. «Қалтаға салатын» дейтіндей, нені салыппыз. Бәрі де хан үшін, сен үшін келіп жатқан алымсалық емес пе? Ж ә ң г і р. М-мен үшін?! Қ а р а у ы л қ о ж а . Мына қара ормандай, алтынмен апта лып, күміспен күптелген хан сарайы, кешегі дәуірі жүрген Абы лайда да, Әбілхайыр ханымызда да болмаған шығар. А л т а й б и. Иә, дұрыс айтады. Бұл байлық аспаннан түспе - ген шығар, хан ием!

Ж ә ң г і р (мысқылмен күліп). Ә-ә, сендер енді ойнап тұрып мені шымшығыларың келе бастаған екен. Ұрлағанжырлағандарыңды, қанын шығарып қанағандарыңды азуларыңа басып, енді тістеріңнің қанын маған жаққыларың келген екен. Ш о н т и б и. Алла, Алла, атай көрмеңіз, хан ием! Сізге деген... Ж ә ң г і р (ашулы). Біле тұра несіне мысық бола қалдыңдар. Қара ормандай хан сарайын салдыруға Николай пат шаның өзі 35 мың ақшалай ассигнация жасағанын, Орынбор губернаторының Тафаев деген штабс-капитанын қалай ғана ұмыта қалдыңдар. Қай қазағыңның ақшасына салдырып едің. Татар университетінің құрметті азаматы атағын, генерал шенін де алым-салықпен әперген шығарсыңдар? Ертең-ақ сендердің ұл-қыздарың, қазақтың бола шағы оқитын дәрісхана, училищелер аштырмақпын. Орынбор әкім шілігінің қарсылығына қарамай, қаншама ме шіттер салдырдым, базар аштырып, бұрын мұрнына иісі бармайтын қазаққа базар нарқын үйреттім. Тағы да айтайын ба?! Осының бәрінің қаражатын елден алам ба, әлде сендер беремісіңдер?! Осыларды түсінбейтін мен ноқаймын ба, әлде сендер надан ноқайсыңдар ма?! Қ а р а у ы л қ о ж а . Ал ертең бұлар хан ордасына ауыз салып, бар жасаған жақсылығыңды, қара орманыңмен қоса күлін көкке ұшырып «ханталапай» етсе... Ж ә ң г і р (оқыс бұрылып). Хан талапа-ай?!. Ш о н т и б и. Иә, хан ием, ол найсаптар ештеңеге қарамайды, қандары қарайып алған. Улы жыландар емес пе? Қ а р а у ы л қ о ж а . Ертең жекелеген жыландар орда лы жы ланға айналғанда, алдында тау тұрса да қарамай ды. Әзірше осал дау кезінде уытын қайтарып, көздерін құрту керек. Б е р т о ғ а. Өрт ұлғаймай тұрғанда, алдынан қарғаша салар болар.

Ж ә ң г і р (тағына келіп отырып). Сонда қалай? Қалай айғай-шусыз... С а ғ ы р. Аздаған айғайсыз, әрине, болмайды. Егер көтеріліс басшыларын қапысын тауып құртса, қалған қара халық өзөзінен жым болады. Ж ә ң г і р. Ана бүлікшіл екеуінің қайсысы басшы? С а ғ ы р. Екеуі де. А л т а й б и. Исатай алып айдаһар жыланның басы болса, Махамбет тілі. Ж ә ң г і р. Иә-иә, Исатай ақылды, айлалы бас. Оның қолтығына су бүркіп, кеудесіне дем беретін Махамбет. Оның тілі әрі тәтті, әрі улы. Қ а р а у ы л қ о ж а . Ендеше екеуін де ұстап әкеп, билер со ты мен жазалап, орыс империясына да қарсы шығып отыр деп, орыс заңына тапсырсақ, олар жон етіне таспа тіліп, қалған қоң етімен Сібіріне айдап қоя берсе, «құда да тыныш, құдағи да тыныш». Ж ә ң г і р. Оларға тағы да әскер шақырту керек пе? Қ а р а у ы л қ о ж а . Қарамағыңдағы қырық шақты қазақ тарың, офицерлерің, тағы басқа жасақтар бар емес пе? Аяй мысың оларды? Ж ә ң г і р. Олар – мені қорғау үшін ғана тұрған отряд. Оларды басқа іске жұмсау үшін Орынбор генерал-губернаторынан рұқсат керек. Қ а р а у ы л қ о ж а . Онда, маған бағынышты ел жігіт терімен хан сарбаздары жетеді... Тек хан жарлығы... Исатайы мен Махамбетіңді егіз бұзаудай мөңіретіп алдыңа алып келемін... Ал ол аз десең, жаңа өзің айттың ғой, біреуі басы, біреуі тілі деп, онда сол басты кесіп әкелсем, бас та, тіл де бірге кетеді. Жарай ма?! Ж ә ң г і р (аз ойланып). Жарайды, барыңдар. Ұстаңдар. Бірақ өлтірмей, тірідей әкеліңдер!..

Бесінші көрініс ҚИЯЛЫ МОЛАСЫНЫҢ БАСЫНДА Ескі үйіңді төмпешіктер, қабырғалары тозып, кейбіреулері құлап, опырынған көне мазарлар. Молаға қарай екі жақ беттен ентелей келіп тоқтаған қарулы топ тың қарасыны. Сахнаның бір жағында Қарауылқожа Баба жанов бастаған қалың қол – найза, ай балта, қылыш, садақпен қаруланған хан сарбаздары. Екінші жақтан Исатай мен Махам бет бастаған сарбаздар. Әлден уақытта Исатай айғай салады. И с а т а й (қарсы беттен). Әй, Қарауылқожа, ал келдік уағда бойынша, не айтпақшы едің, тілің байланып қалған ба?! Қ а р а у ы л қ о ж а . Әй, Исатай, хан ием саған жіберді алып кел деп... Махамбетті де... И с а т а й. Хан ием дегенше, қызымның байы, күйеуім десейші... Немене қойғаны суып бара ма? Қ а р а у ы л қ о ж а . Қойған-мойғанды қайтесің. Егер патша ағзам тағайындаған, ел басшысы ханға бағынғысы келсе, алдыма келсін дейді. И с а т а й. Егер бармасақшы?! Қ а р а у ы л қ о ж а . Онда, көріп тұрсың ғой, сайдың та сын дай хан сарбаздарын, күшпен әкетеміз, бұйрық солай! Өз еркіңмен ермесең, аяқ-қолыңды байлап-матап, ат көтіне салып, тұлыпша сүйретіп әкетеміз. И с а т а й. Әй, бейпіл ауыз Қарауылқожа, саған салса, ат құйрығына салмай-ақ, осы арада-ақ жіліктеп, сілікпемді шығарар ең. Бірақ менің де сақадай сай, таудың құзар тасындай сарбаздарым оңайлықпен сен сұмырайға бермейміз деп тұр. Қ а р а у ы л қ о ж а . Онда сенің қолыңнан біздің қолдың екі есе басым екенін көріп тұрсың ғой, күшпен аламыз! И с а т а й. Соғыс қой айтып тұрғаның, қантөгіс қой?!

Қ а р а у ы л қ о ж а . Өзің де түсініп тұрсың. Қане, қырсықпай, ортамызға түс! И с а т а й. Әй, Қожа! Менің сарбаздарым, аз да болса ашынған, аз да болса сенің адамдарыңнан басым жолбарыстар. Екі жақ та тып-типыл қырылады. Тілегің сол ғой? Қ а р а у ы л қ о ж а . Соғыстың аты – соғыс. Соғыс шы ғынсыз бола ма! И с а т а й. Шығын жай шығын емес, мен де өлемін, сен де өлесің. Өліспей беріспек жоқ! Қ а р а у ы л қ о ж а . Оны көрерміз! Сарбаздардың арасынан Махамбет шығады. М а х а м б е т (айғайлап). Ей, Қарауылқожа, Егіз, Бекжан, Шомбол, сендер жай соқтығуға емес, соғыс тілеп келген екенсіңдер. Онда ата дәстүрі – соғыстың алдында екі жақтың жекпе-жегі болмаушы ма еді. Қане, жекпе-жек! Жекпе-жек! Екі жақта тұрған сарбаздардың да делебесі қозып, найзаларын көкке көтеріп, ұрандап кетеді. Әуелі ИсатайМахамбет сарбаздары: Жекпе-жек! Жекпе-жек! Қарауылқожа, бұл ұсынысты қолдамаса да, сарбаздар ал дында масқара болмайын дегендей, көзі алара жанжағына жалтақтап, жекпе-жекке шығатын лайықты адам іздейді. И с а т а й (айғайлап, шашақты найзасын көтеріп). Әй, Қарауылқожа, қане жекпе-жекке шық. Қ а р а у ы л қ о ж а (түсінбегенсіп, тағы да алдыартына жалтақтап, әмірлі үнмен айғайлайды). Ее-й, мұндар, мына сор лыны қақсатпай, қайсың барсың, тез басын қағып алыңдар. Ханға өзін апармасақ, басын апарайық! Жігіттер!

И с а т а й. Әй, Қарауылқожа, немене сипалақтап, қипақ - тап қалдың? Кімді іздеп, кімді ажалға жұмсағалы тұрсың? Менің жауым – сенсің, сенің жауың – менмін. Жазықсыз біреудің обалына қалмай өзің шық, қатын болмай, ер болсаң! Қ а р а у ы л қ о ж а . Сендей қара тобырға қолымды был ғағым кел мейді. И с а т а й. О, сайқал есауыл, есің дұрыс па, сен қашаннан ақсүйек бола қалдың? Қызыңның «насыбайын» сатып басы байлы билік алған, сасық сарт саудагер емес пе едің? Енді қазақ жігіттерінің басын саудаға салғың келген екен. Жоқ. Олар соғыспайды, сен үшін жан тапсырмайды. Біз екеуіміздің біреуіміз осы арада өлуіміз керек. Мен өлсем, мына Қиылдың бойында аталарымыздың моласы дайын, сонда көме саласың. Сен өлсең, далада қалам деп қорықпа, басыңды мумиялап, не өзің жеке жайлаған, қызғыштай қорыған Басқұншының тұ зы мен тұздап, еліңе, туған жерің – Самарқанға бүлдірмей, сасытпай аттандырып саламыз! (Жұрт жаппай күледі. Қар сы беттегілер де, біразы шыдай алмай күлкіге қосылады. Қарауылқожа маңындағы билерімен шүйіркелеседі де, Исатай жаққа қолын бір сілтеп, кейін бұрыла бастайды.) М а х а м б е т (даусы саңқ етіп). Ей, Қарауылқожа, жаңа ғана әрлі бетіңнен зәрлі түгің шығып, жанталасып келіп ең, енді неғып әп-сәтте өзгеріп, жағыңнан түбітің шығып, бүркітше бүре келіп, сауысқанша шықылықтай қалдың?! Ел тонағыш то быңмен, тобырыңмен жазығы жоқ жасқаншақ елді, жас бала, кәрі-құртаң, шамасыз жұртты, шарықсыз кем-кетіктің малын да, жерін де, бәрін де зорлықпен тартып алып, жәбірлегенде, жалы күдірейген ордалы қасқырдың сырттанындайсың да, бетпе-бет келгенде, саудасын жүргізе алмай құнысқан саудагер сарт қалпыңа түсе қалатын нағыз зымиян, бірде айлалы түлкі дей, бірде бұралқы сасық күзендейсің.

И с а т а й. Қалай, жан тәтті ме екен? Жазықсыз жұрттың жанын алғанда сондайсың. М а х а м б е т (қайтадан ортаға шығып). Исатай ағам нан қорықсаң маған шық, қаныңды судай ағызып, жаныңды зәннемге жіберейін! Мына жігіттер сенің кім екеніңді, сенің ұятсыз пасық бе тің мен сасық кетіңнің бірдей екенін қайдан білсін. Хан жұмсады дегенге, ештеме ойламай, ештеме түсінбей, алғырт мастықпен, албырт жастықпен келіп қалған жігіттер, сенің өңіңдегі сұм-сұмдығыңды, көңіліңдегі кір-қоңыңды қайдан білсін. Сен бұ ларды алдап-арбап, сол үшін жаныңды жалдап, ертіп келдің. Енді бұлар саған ермейді, сенің шашбауыңды көтеріп, тезегің ді термейді. (Махамбет өздері бастаған топқа қарап айғай салады.) Жігіттер, мына тұрған өз бауырларымыз әлі жетесіне жетіп түсіне қоймаған екен. Исекең де, мен де берілген болған соң, бізге ергендердің бәрі сол рудың ғана намысын қорғап жүр деп түсінсе керек. Атасы Беріш болса да, Артық пайда көрмедім, Егіз бенен Балқыдан. Алақандай Нарында, Мүкаммалым шашылды, Шағалалы көлдей шалқыған... Біз ру намысы емес, ел намысын, қағажу көрген, жапа шеккен жаралы жандардың намысын қорғап, қара қазан, сары бала қамы үшін қылыш сермеп, жыртығына жамау, жарасына дауа іздеп жүрген әр рудан басымыз қосылған намысы бір жандармыз. Қане, Қабыланбай Қалдыбайұлы, бармысың? Қай рудансың? Қ а б ы л а н б а й (батыр тұлғалы, гүр етеді). Ысық руынан! Ендігі дауыстар алдыңғы қатардан әрі асып, сахнаның

екі жағына да аралас ауысып, екі топтың сарбаздарының үні саң қылдап тұрады. – Айтмағамбет Өтегенұлы? – Табынмын! – Айтас Көсепұлы? – Танамын! – Рахмет Бекұлы? – Кердерімін! – Шәменбай Досайұлы? – Менің руым...Менің... Мен – Төленгітпін. Қарауылқожа жағынан бір қуақы жігіт күліп: – О, саған не жоқ, біздікі, біздікі боласың! Тағы бірі: – Сен не жоғалтып, не іздеп жүрсің? (Екі жақта көңілді ду күлді.) Ш ә м е н б а й Д о с а й ұ л ы (бұл да қосыла күліп). Мен Исатай-Махамбет ағаларым не жоғалтса, соны жоғалтып, нені іздесе, соны іздеп жүрмін! Д а у ы с т а р. Дұрыс... дұрыс! М а х а м б е т . – Досақан Жаныбекұлы? – Адаймын! – Наурызәлі Қаржаұлы? – Тамамын! – Көбік Алғаұлы? – Байбақтымын! – Еділбай Сәрсенбайұлы? – Қызылқұртпын... Ә-ә, Қызылқұрт руынанмын. (Жұрт ду күледі.) – Аманбай Көбенұлы? – Масқармын!

– Мастек Ахметұлы? – Руым – ноғай, өзім – қазақ. (Жұрт тағы да ду күледі.) – Бөрі Сәрсенбіұлы? – Рахмет Бекұлы? – Жетірудан, кердеріміз! – Ержан Тұрманбекұлы? – Жаппаспын! – Амантай, Атантай Көбекұлдары? – Масқармыз, Масқармыз! И с а т а й. Міне, естідіңдер ме? Бәрі де өз бауырларың емес пе? Өз қазағың емес пе? Ендеше, бір-біріңе найза лақтырып, қылыш сермегенше, ортақ жауыңа, іштегі бітеу жара – бітпей тін ру дауына, жер, жесір дауына қарсы шығып, бір уыстай жұмылып, бір жұдырықтай бірігетін, ата берер бата жолымен жүретін уақыт жетпеді ме? М а х а м б е т (саңқылдап). Ақ жұмыртқа сары уыз, Әлпештеп қолда өсірген. Туған ұлдан не пайда, Қолына найза алмаса, Атаның жолын қумаса?! (Жылыстап, шеттеп шыға берген Қарауылқожаға тіксіне қарап.) Адаштың байлығынан не пайда – Құланнан басқа ел таппай, Қонарына жер таппай, Тарығып келген ерлерге Қайыры оның болмаса?! Алтын тақты хандардың, Хандығынан на пайда, Қаріп пенен қасірге Туралық ісі болмаса?!

(Қарауылқожалар жылыстап барады.) И с а т а й. Қане, жігіттер, сарбаздар, Махамбет ағаларыңның қай сөзін білесіңдер? И с а т а й ж а ғ ы н а н б і р ж і г і т . Бар сөзін, бар өлеңін білеміз! Ж і г і т т е р , с а р б а з д а р (екі жақтан.) Білеміз! Білеміз! (Қо сыла жамырасады.) И с а т а й. Қане, білсеңдер қостаңдар. Б і р ж і г і т. Арғымақтың баласы Аз оттар да кеп жусар... Е к і н ш і ж і г і т (іліп ала). Азамат ердің баласы, Аз ұйқтар да көп жортар. Дұшпанға кеткен арымен, Барымтаға түскен малы бар. Ү ш і н ш і ж і г і т Атадан туған аруақты ер, Жауды көрсе жапырар Үдей соққан дауылдай... Т ө р т і н ш і ж і г і т (қағып алып, ары қарай). Айтып айтпай немене, Халық қозғалса, Тұра алмайды хан тағында-ай!.. Б е с і н ш і ж і г і т (Исатайдың бетіне тура қарап). Желп-желп еткен ала ту, Жиырып алар күн қайда? Орма мылтық тарс ұрып, Жауға ататын күн қайда?..

Алтыншы жігіт «Қоғалы көлдер, құм, сұлар...» – деп бастай бергенде екі жақтың жігіттері де дүр етіп қостай жөнеледі, – дала ереуілге шыққан ашынған жандардың дауылдатқан үні не айналып, дүр сілкінеді, жүздеген найзалар көкке көтері ліп, қылыштар жарқылдап, сарбаздар үні күн күркірегендей үдей түседі: Кімдерге қоныс болмаған, Саздауға біткен құба тал, Кімдерге сая болмаған?! Басына жібек байлаған, Арулар кімнен қалмаған?! Құландар ішпес бұршақ қақ, Кімдерге шәрбат болмаған?! Садағына сары шіркей ұялап, Жау іздеген ерлердің Қайда басы қалмаған?! Ішелік те желік, Мінелік те түселік, Ойналық та күлелік. Ойласаңдар, жігіттер, Мынау жалған дүние Кімдерден кейін қалмаған?! Кімдерден кейін қалмаған... Аспанда найзағай жарқылдап, күн күркіреп, қара бұлттар аунап, аласапыран көшіп жатыр. Махамбет күйлерінің бірі ойналып тұрады. Мүмкін – «Жұмыр қылыш». Алтыншы көрініс ҚАПАСТАҒЫ БҰЛБҰЛ Шағын әсем зал. Залда Фатима, Алябьев, Даль. Фортепьянода Жәңгірдің Фатимадан туған қызы – Зулейха ойнап отыр. Ән ойналып болысымен, бәрі жас өнерпазды қошеметтеп қол соғады.

А л я б ь е в. Өте тамаша, Зулейханың болашағы көп үміт күттіреді. Д а л ь. Өте жақсы. Әрине, мен енді этнограф ретінде ғана бағалаймын. Ал Александр Александрович композитор ғой. Ф а т и м а. Сіздердің қай-қайсыларыңыз болсын Еуропа тәрбиесіндегі өнер атаулыға өте жақын адамсыздар ғой. Сіздерді бір-біріңізден музыканы бағалауда айыруға болмайды. Д а л ь. О-о, Фатима ханым, сіз менің бағамды тым арттырып жібердіңіз. Александр Александрович Алябьев мырзамен бұрынғы подполковник шенінде қатарластығымыз болса болар. Ал музыка жөнінен... қадірменді біздің Ксаша ұлы жасампаз да, біз сол жасаған істі бағалаушы ғанамыз. Көп болғанда орындаушымыз. Ф а т и м а. Сіз олай өзіңізді төмендетпеңіз, Владимир Иванович. Кейде елеусіз көрінетін нәрсенің ұлылығын бағалаушы арқылы ғана білуге болады. Ал шығарма нарқын орын даушы арқылы ғана білуге болады десем, артықтығы жоқ. Айт қандай, сізді тамаша әнші деп естідім. А л я б ь е в. Әнші болғанда қандай. Ертеректе, осы Орынбордағы бір отырыста, аңшы жайындағы пасторальды орындап, Александр Сергеевич Пушкиннің көзіне жас алдырған. Ф а т и м а. О-о, мен мұны естіген жоқ едім. Бүгін онда, Владимир Иванович, сіз міндетті түрде бір ән салып бересіз. Ал сіздің анада, Махамбет досыңыздың домбырада ойнаған күйі не берген бағаңыздан ақынның жан сарайын тереңірек ұғынған сияқтымын. А л я б ь е в. Иә, иә, Махамбет күйлері маған қатты әсер еткені сонша... (Жан-жағына жалтақтап.) Ғафу етіңіз, Фатима ханым, сіз еске салған соң, әйтпесе... Ф а т и м а. Ештеңе етпейді, кешірім өтінудің қажеті жоқ. Сіз осыншама жасқаншақ па едіңіз, «Бұлбұлдың» авторы. Бір шатырдың астында екі пікірлі адамдар тату-тәтті тұра

береді. Қысылмаңыз, Махамбет туралы, әсіресе оның поэзиясы, күй лері туралы жақсы пікіріңізге мен, өз басым, ортақтаспын, айта беріңіз... А л я б ь е в. Махамбет күйінде буырқанып дауылдатқан Каспий теңізінің алып күші бар. Дауылды күнгі ернеуіне кеп соққан мың батпан теңіз толқыны. Гүрс етіп жарлы жағаға соғады да, лезде кейін шегініп, ұзап барып, күш жинап алып, қайтадан ұмтылады, қайтадан кеп жарға соғады. Меңіреу жар кеудесімен тосып алып, кері лақтырады. Тағы да әлгі қимыл. Тағы да айқас. Әлден уақытта екі жақ та бұлт арасынан шыққан күнге бағынып, саябырсып барып толқындар тоқтайды. Теңіз беті жыбыр-жыбыр дем алып жатар. Үлкен бір айқасқа тағы да әзірленіп жатқан қарамақарсы екі жақтың іштей буырқанған сәтін баяндайтын күй ырғағы, дала ырғағы. Енді бір кез қай тадан дауыл шақырып, түйіле бастаған шудалы бұлттар, қара қошқыл қою бұлттар, бұлттар. Алыстан ызғар шашып тұтас-тұтас дөңбекши аунаған бұлттар енді толассыз, тоқтаусыз келе жатыр, дауыл келе жатыр! Д а л ь (қол соға отырып). Ғажап, ғажап! Домбыра күйін қандай түсініп, дөп басасыз, Александр Александрович! А л я б ь е в. О, Вальдемар, домбыра – таңғажайып аспап екен, не деген октавалық тынысы кең, мәңгі ескірмейтін көне де жаңа музыкалық аспап! Д а л ь. Осы Ішкі Бөкей ордасын талай аралағанымда, аса бір таң қалатыным – ең кедей деген үйде домбыра ілулі тұрады. А л я б ь е в. Шіркін, нота грамотасын оқытатын болса, менің байқағаным: Бөкей ордасы, болашақта компонистер1 ордасы бола ма деймін. Д а л ь (қол соғады, Фатима да қостайды). Браво, браво! 1Композиторлар

Осы айтқаныңыз менің де көкейімдегі ой еді. Ковалевский экспедициясындағы Савичев дейтін жас өнертанушы-этнограф бұл жөнінен керемет пікірлер айтып жүр. Ф а т и м а. Александр Александрович, сіздің Махамбет стихиясын күйі арқылы өте сезімтал білетініңіз, ғафу етіңіз, сіздің өз стихияңызға да ұқсастығынан емес пе? Сіздің «Бұлбұл» атты өлеңіңізде шығыс елдеріне тән мотив бар сияқты. Д а л ь. Сіз «Бұлбұл» әнін біледі екенсіз ғой... Ф а т и м а. Білгенде қандай. Біз жүрексініп отыр ек, менің қызым, даусы онша жоғарғы колоратураға еркін жетпесе де, сіздің осы жақта жүргеніңізді естігелі, Александр Александрович, «Бұлбұлды» өз дау сы на қарай лайықтап айтып жүр. Д а л ь. Охо, мұныңыз тағы бір үлкен жаңалық. Қане, тыңдасақ қайтеді. Сосын мен де тілектеріңізді орындайын.. А л я б ь е в. Бұл мен үшін үлкен сюрприз! Фатима қалың нота кітапшасының ішінен лезде «Бұлбұл» нотасын фортепьяно ернеуіне жаяды. Ф а т и м а. Қане, қызым, ұялма, қысылма, сен әзір кәсіпқой орындаушы емессің. Фатима «Бұлбұлдың» аккордын алады. Зулейха әнді қысы лың қырап бастап, өзін-өзі тез игеріп, еркін шырқай бастай ды. Әннің екінші қайырымында шырқалған ән күрт үзіледі. Ішке айғай-сүреңмен кірген адамның үні мен астасады. Көзі шарасынан шыға, Қарауылқожа тасырлата кіреді, соңында екі-үш адам. Қ а р а у ы л қ о ж а . Хан қайда? Қызым қайда? Құры дық, неғып ән салып жетісіп отырсыңдар?! Дүние асты-үстіне келіп жатса, сендер, Фатима!.. Қайда Жәңгір, қайда басқа ла ры? Жер жұтқан ба? Келіп қалды ғой, келіп қалды!

Жетінші көрініс Бильярд залы. Өзбеков қызу, бильярд ойнап жүр. Шағын үстелде арақ, шарап. Сиротинин тәлтіректеп қал ған. Есікті жұлқи ашып Қарауылқожа кіреді. Қ а р а у ы л қ о ж а . Хан қайда? Жәңгір қайда? С и р о т и н и н (бас бармағын шошайтып). Джаһангир, мыр за, жоғары мәртебелі, бильярды керемет ойнайды. Вот так. Сізге құяйын ба? (Қарауылқожаны қапсыра құшақтап сүймекші болады, анау итеріп әлек.) Біз ертең кетеміз. Бәрі дұрыс, господин, полковой есаул Караулкоджа. Қ а р а у ы л қ о ж а . Какой-сякой норма?! Аяғына зор ға ба сып тұрып нормашылын. Ө з б е к о в. Не боп қалды? Хан тақсыр (ықылық атып)... будуарда, тош, жатын үйде қызыңызбен, тойс өзінің қатыны Салиханы ойнап, тойс, демалып жатыр. Бір қолында кий, бір қолында арақ, тағы да тәлтіректеп ке ліп кұшақтаған Сиротининді Қарауылқожа итеріп қалып, шал қасынан түсіріп, шыға бергенде, қарсы алдынан төс тақастыра Жәңгір кіреді. Ж ә ң г і р (шалбарының ауын жүре түймелеп). Осыншама елді дүрліктіретіндей не боп қалды? Хан сарайына зікір салып кіруді қашан қоясыңдар?! Қ а р а у ы л қ о ж а . Тапа тал түсте біреуің төсекте, біреуің есекше ән салып, біреулерің тас атып, қаперлеріңе түк кіріп шығатын емес. Ана иттер түк қалдырмай талап келеді. Ж ә ң г і р (шалбарын түймелеп болып). Талағаны несі?! Не айтып тұрсыз? Қ а р а у ы л қ о ж а . Әлгі иттер – Исатай, Махамбет ит тер, бүкіл ауылды өртеп, ағаш үйіме дейін, бар малды жылан жалағандай...

Фатимадан да сұлу, Фатимадан да жас, аппақ қардай, қасы-көзі қиылған, қара шашы төгілген қаса сұлу Салиха қос анарын да дұрыс бүркей алмай іш көйлегімен атып шығып, «Апам қай да, апам!..» деп безек қағады. Қ а р а у ы л қ о ж а . Апаңды құдай да, адам да алмайды, өзім әрең деп бас сауғалап қашып келмедім бе. Жол бойы, ханға қарасты елдердің бәрін өртеп таптап келеді. Ж ә ң г і р (мұздай киініп). Осы сендерді жақтап-ақ өлетін болдым. Енді тағы да сендерді... не істе дейсіңдер? Қ а р а у ы л қ о ж а . Не істе дегені қалай? Бір әрекет жа са майсың ба, әскерің қайда?! Олар келіп қалды. Осыдан он-ақ шақырым жерде ордалы қасқырлар. Үш-төрт мың қол. Ордаңды талқандап, ханның басын шабам деп келеді. Ж ә ң г і р (сасқалақтап). Оу, не деп тұрсыз?! Қ а р а у ы л қ о ж а . Не дегені сол – қайран бас керек бол са, Исатайлар енді сені шабуға келе жатыр. Алдынан елші лерін жіберіпті. Ж ә ң г і р (айғайлап). Оу, бағанадан осыны айтпайсыз ба? Салиха, киін, кеттік. Аттар, аттар қайда? Қайда-а-сыңдар?! Бильярд бөлмесіне ештемеге түсінбей сасқалақтаған Алябьев, Даль, т.б. топырлай кіреді. Жәңгір хан. Билер. Сасқалақтап, хатшының орнына Өзбе ковті ортаға алып отыр. Қ а р а у ы л қ о ж а . Сен татарша да жаза аласың ғой. Онда былай деп жаз: «Исатай, Махамбет бауырларым, мен қа телігімді мойындаймын. Менен көп ағаттық кетті. Билерім де оны мойындап отыр. Бізге он күн пұрсат бер. Елге деген жер, салық төңірегіндегі қателіктерімді жөндеп, жаңа заң жобасын жасаймыз. Өздеріңе оқытып, ұнаса, сол арқылы болашақта іс қыламыз». (Енді басқаларына қарап,

Жәңгір ханға.) Екінші хатты тез арада Орынборға, генерал Перовскийге жеткізуіміз керек. Оны мен мойныма аламын. Бізді солар келіп құтқармаса, мына баскесерлерді енді тек тоқтата тұру амалын табу керек. Ш о н т и б и. Исатайларға хатты кім апарады? Тыңдай ма? Өлтіріп тастар. Қ а р а у ы л қ о ж а . Сен барасың. Ш о н т и б и. Таста-а! Мен қолына түссем-ақ бауыздай са ла - ды. Сен бар, Қарауылқожа, қасыңа бір-екі әскер ертіп ал. Қ а р а у ы л қ о ж а. Мені де олар оңдыра қоймас. Ж ә ң г і р. Әскермен баруға болмайды. Ол жынға тиетін нәрсе. Одан да жалау көтеріп, елші рәсімімен бару керек. Қ а р а у ы л қ о ж а. Аяқтарына жығылып, кешірім сұрап, он күн пұрсат алу керек. Қане кім барады? Ешкім үндемейді. Ж ә ң г і р. Қане?! Ф а т и м а (кіріп келеді). Мен барамын! Б ә р і (таңырқап, үстерінен жай түскендей). Фати-мма? Се-ен?! Ш о н т и б и (күмілжіп). Фатима-ау... бұл қалай, әйел адамды олар қалай көрер екен. Қ а р а у ы л қ о ж а (еліріп). Әйел, әйел! Неғылған әйел! Фатимажан ханша емес пе? Неғылған әйел! Бұл – тапқан ақыл. Елшілік бәтуаға ханшаның өзі барса, ана сұмырайлар да, неше жерден қанішер болса да, ілігер еді. Және де Фатима Махам бетті ежелден біледі. Ж ә ң г і р (кекесін, қызғанышпен). Әрі көптен бері көріскен жоқ. Қатар құрбылар бірін-бірі сағынған да шығар... Ф а т и м а. Ханның жаны емес, жүрегі ауырып тұрған шығар. Егер мені қызғансаң, Салиха барсын, менен жас та, өтімді ғой.

Қ а р а у ы л қ о ж а . Қой, айналайын, ол не дегенің... Қа рақ тарым-ау, бұл қалжыңның орны емес... Одан да, қане, қалай бәтуаға келу жолын ойластырсақ. Ш о н т и б и. Иә, ана жақта елшілер де күтіп отыр. Сегізінші көрініс ҚОРШАУ Түн. Жәңгір хан ордасының айналасын жан-жағынан қор шаған көтерілісшілердің әр жерге жанған оттары. Бір топ көте рілісшілердің қасына Махамбет келеді. Бір сарбаз жүре сөйле сіп келеді: С а р б а з. Исатай ағам мына қоршаудан тышқан өтіп кетпесін деп еді. Орынбор жолымен Ордадан шыға берген екі-үш арбалы тышқандар мен мысықтарды ұстап алдық. Ана рессорда бір-екі шенеунік отыр. М а х а м б е т . Кімдер олар, шығар! Рессор ішінен шыққан екі шенеунік (бастарында цилиндр, үстерінде жамылғы плащ) қосарымен айғайлап, қуанып келеді: – Махамбет! – Махамбет! – Қымбаттым, Махамбет! М а х а м б е т (қараңғыда еңкейе қарап, таң-тамаша болып). Александр, Вольдемар. (Екеуімен құшақтасады. Көте рілісші жігіттер аң-таң). М а х а м б е т . Оу, сіздерді қай құдай айдап келді? Д а л ь. Біз, Александр Александрович екеуіміз қазақтардың ән-күйін, тұрмыстарын этнографиялық зерттеу мақсатымен арнайы шыққанбыз.

М а х а м б е т . Сүйтсек, зерттейтін тұрмыс жоқ. Әнкүй ғана емес, жалпы бар күйіміз таусылып, күйімізге де, үйімізге де бүйі тигендей... А л я б ь е в. Иә, жағдай қиын екен. Әйтсе де, аз уақытта біраз халықтан... Да, бір жерде, Махамбет, сіздің де екі күйіңізді нотаға түсірдік... М а х а м б е т . Рақмет, рақмет! Ал жігіттер (өз жігіттеріне қарайды), бұл кісілер – үлкен кісілер, ұлы адамдар. Бөгемей, жолға салып жіберіңдер, біреу-міреу тағы да ұстап алмасын... Вольдемар, әттең уақыт, уақыт. Қазір түн ішінде хан ордасына басып кіріп, тас-талқан етпекпіз. Сіздерге көп тұруға болмайды. Ана жаққа барғанда... бұл жағдайды сіздер көрген жоқсыздар. А л я б ь е в. Әлбетте, әлбетте... Д а л ь. Әрине, әрине. М а х а м б е т (сарбаздарға бұрылып). Ана атқосшысын алып қалып, біздің жігіттердің бірін отырғызыңдар. Ана жаққа барғанда бәрін жеткізіп жүрер. С а р б а з (күліп). Ол, өзіміз білетін жетім жігіт. Туғаннан сөйлер тіл, естір құлақ жоқ, тас керең, мылқау. М а х а м б е т . Онда, тұла бойын тінтіп жіберіңдер. А л я б ь е в (Махамбетті жекерек алып шығып). Ма хам бет, ренжіме, саған айтарым, сақ бол. Ханыңмен қандас саң да, ана жақтан сақ бол. Империя дала бүркіті емес, ол са мұрық – екі басы бар. Анада, саған император желтоқсанның салқыны тиді ме деп сұрады, түсінбедім дедің ғой. Мен де маңын дағылардан қорқып түсіндіре алмағанмын. Ол айтқаны – желтоқсандықтар, желтоқсанда көтерілген бүлікшілер. Олар дың көбін атып, асып, Сібірге айдағанда, сен империя үшін кішкентай ғана ойыншықсың. Аямайды. Сақ бол. Ана хан ставкасын қоршаған отыңды кеңітпе, күшің жетпейді... Ал сау бол, көріскенше! (Кетеді.) М а х а м б е т . Ал ана бір арба кімдікі?

Махамбет жақындап кеп, өз көзіне өзі сенбегендей, ұзақ қарап тұрып рахаттана күледі. Ағаш сандықтардың үстінде тыр жалаңаш екеу тұр. Қолда ры артына байланған. Ауыздары тығындалған. Ең қызығы – бұттарында атдорба сияқты бірдеме салаңдайды. Белінен орап, салбыратып байлап қойған арақ шөлмектері. С а р б а з (ішек-сілесі қата күліп). Танисыз ба, бұлар елді тексеріп, қанап жүрген сұмдар – Өзбеков пен Сиротинин ғой. Ал қобырап жатқан қағаздар жер салығын төлемегендер деп елді кінәлаған жалған жалалар. Қазір аналардың астары на салып, өртейміз. Арақ майдай жанады дейді. Шөлмектерге от тиісімен екеуі де көкке ұшады... «Тұтқындар» сөйлегісі келіп, бұлқынады, ыңқылдайды. М а х а м б е т . Түсіріңдер, аузындағы шүберекті алыңдар. Сандық үстінен екі тергеуші, бұттарындағы шөлмектер тізесін соғып, Махамбетке етпеттей жорғалап, жылапсықтап жалынып жатыр. М а х а м б е т. Жарайды, қолдарын шешіңдер. Ана сандықтарында не бар екен? К ү з е т ш і ж і г і т т е р . – Толған арақ шөлмектері. Тамақ. – Жәңгір ханның берген парасы. М а х а м б е т . Жарайды, ана қағаздарын, киімдерімен бірге өртеңдер де өздерін қайтадан хан ордасына жаяу қоя беріңдер. Сандықтарын көтеріп алсын. Тыр жалаңаш айдаңдар. Өзбеков пен Сиротининде ес жоқ, мастықтан тәлтіректеп, ыржалақтап күле береді:

– Спасибо, спасибо! – Рахмет, рахмет! Киіз үй. Махамбет қайтып келген. Исатай, Уса, тағы басқа қолбасшы батырлардың ортасында Махамбет ашулы. М а х а м б е т . Сонда, немене, он күн пұрсат бердіңдер ме? И с а т а й. Орданы қиратып, ханды, басқаларын өлтіргенде не табамыз. Одан да тәубелеріне келіп, ақылға түссін. М а х а м б е т . Неғылған ақыл? Оларда ақыл жоқ деп пе едің. Бар зорлық-зомбылық сол Қарауылқожалардың ақылы мен істелген жоқ па? Енді он күннің ішінде, орыс әскерін ша қыруға олардың ақылы жетпес деймісің... Мен қарсымын. Ер тең талқандауымыз керек. И с ат а й. Жоқ, менің шешімім – осы. Басқалар да осы шешімді қолдап отыр. Ортақ шешім. М а х а м б е т . Мынау үйді де солар тіккен шығар? И с а т а й. Саған да тікті. Көбімізге. Он күн аз күн емес. Мал сойып, он күн бойы, қашан заңдарын шығарғанша біздің тамағымыз ды көтеріп алмақшы. М а х а м б е т . Жеңдер, жеңдер олардың боғын. Соғысуға кел ді ме десем, табысуға, тойға келген екенсіңдер. Тойлаңдар, той лаңдар, он күннен соң орыс әскерлерімен соғысуды ойлаң дар! Ал мен ханның қонағы болып, он күн бордақыланып жата алмаймын. Ертең қалған жұртқа барып, он бірінші күні келермін. Күтіңдер, күтіңдер хан сыбағасын! Махамбет өзіне арнайы тіккен көшпенділердің соғыста алып жүретін киіз үйі абылайшаға кіреді. Үйде сықсима майшам. Ал ақөлеңке... Бес қаруын шеше бере, жиылмалы ағаш төсағаш қасында қимылдаған біреуге көзі түседі. Сәл шошыңқырап, қынынан қанжарын суырып алады.

М а х а м б е т . Бүгім-ай? Бері шық кім болсаң да! Ф а т и м а д а у с ы. Жау жоқ деме, жар астында. М а х а м б е т (әлі де қанжарын тастамай). Бәтір-ау, Фатима мысың?! Ф а т и м а (күліп). Болсақ болармыз. М а х а м б е т . (Фатимаға ұмтыла беріп тоқ тап қалады да, онысын сездірмейін дегендей, қанжарын жерге құлаштай ұрады). Мұнда неғып жүрсің, м-мезгілсіз уақытта? Ф а т и м а . Мезгілі жеткен сияқты. М а х а м б е т . Не мезгіл, хан иеңмен достастырайын деп пе едің? Ондай мезгіл өткен. Ф а т и м а. Жоқ, он күн пұрсат бердіңдер... М а х а м б е т . Мен берген жоқпын. Ф а т и м а. Ендеше мен он күндік уәдесіне аманатпын. Қасыңда боламын. М а х а м б е т . Мен сені жау алдында аманатқа алып, ел ал дында жаманатқа қалдыра алмаймын. Ф а т и м а. Жәңгір жаманатқа қиғанда, сен... М а х а м б е т . Жоқ, мен жаудың қатынын аманатқа алып қор қытпаймын, жеңіп барып көзінше тартып аламын... Иә, шынында, ханың сені қалай қиып жіберді? Ф а т и м а. Менен басқа сұлулары да, жасырағы да бар ғой, қатыннан кемде емес. М а х а м б е т . Ә-ә, сен Салиха үшін өш алуға келдім де. Бар онда. Мен сен екеуіңнің орталарыңдағы қызғаныш отына құяр май емеспін, сөндірер су да емеспін. Ф а т и м а . Апырай, осынша қатал болармысың. Ақын емес пі сің? Жүрегің қайда жана білетін, жаның қайда жалындай білетін? М а х а м б е т . Мен қазір, жалынын жауға атқан, еліне жоқ тау айтқан, дұшпанға боқтау айтқан, жанын шүберекке түйіп, ажалға бетпе-бет, өлімге тұспа-тұс шыққан ақынмын.

Ф а т и м а. Оның рас, сенің мен білетін өлеңдеріңнің бәрі қорлық-зорлық, бәрі жорық жайында. Тым құрмаса ғашықтық, ынтызарлық жайында бір өлеңің болсашы, тым құрмаса бір өлең, не деген тасжүрек едің?.. Фатима есікке қарай ұмтылады. Махамбет екі иығынан қапсыра ұстап құшақтайды. М а х а м б е т. Жоқ, жаным, менің жүрегім біреу-ақ, қайтейін. Халқыма арнайын ба, махаббатыма арнайын ба? Ғашығым жайлы бір-ақ өлеңім, әлі айтылмаған, жазылмаған бір-ақ өлеңім бар, өлсем ішімде кетеді. Жалғыз-ақ өлеңім... Ол – сен!.. Тоғызыншы көрініс ПЕРОВСКИЙ МЕН ОФИЦЕРЛЕР Генерал Перовскийдің кабинеті. Үлкен шенді (әскери киімдерімен) офицерлер ұзын үстелді жағалай отыр. П е р о в с к и й . Офицер мырзалар! Бас-басыңның лауа зым дарыңды, атақтарыңды атап, сөзді ұзартудың бұл арада қажеті жоқ. Бір-біріңізді жақсы білесіздер. Сіздерді шұғыл ша қыртуымның себебі – қырғыз-қайсақтардың Бөкей орда сында төтенше уақиға. Жәңгір ханның ордасы айнала қоршауда!.. Исатай-Махамбет атты қос бандиттің қалың отряды бүкіл орданы бар аумағымен өртеп, хан тұқымын түгелдей құртпақ. Ханға қойылған ультиматум мерзімі 10 күн. Бүгін төртінші күн. Біздің міндетіміз – хан ставкасын бандиттерден аман алып қалу. Құтқаратын мезгіл жетті. Тез арада. Сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз бар ма? П о л к о в н и к Г е к е . Банды шайқасының саны қан ша екен?

П е р о в с к и й . Бұл жолы күштері мықты. Шамамен үш-төрт мыңдай. П о д п о л к о в н и к М е р к у л ь е в . Қарулары қандай? П е р о в с к и й . Шайтан білсін! Баяғы дала номадта рының тұрпайы қару-жарақтары болса керек. Зеңбірек қайдан келсін оларға. Г е к е. Пушка болмаса да, олардың кейінгі кездегі дайындықтары көңіл аударарлық. Номадтар қаруы қора-қопсының айыр, күрек, шалғы секілді қоқыр-соқыры, немесе қасқыр со ғатын шоқпар ғана емес, Көктатыр деген жерде оқ-дәрі дайындап, соғыс аттары мен жауынгерлерді арнайы дайындай тын да көрінеді. А т а м а н П о к а т и л о в . Тәйірі, баяғы жабайы шиті мыл тыққа неше жерден дәрі дайындаса да... Г е к е. Шиті мылтық қана емес, айбалта, сүңгі, қылыш соғумен бірге мылтық та соғатын болыпты. Тіпті көтеріліс бас шыларының біразында неміс шеберлерінің браунингі, кейбірін де штуцерге дейін бар көрінеді. П е р о в с к и й . Махамбет ақынның Хиуаға көбірек бар ғыш тауынан хабардарсыздар. Әлі олар көрші мемлекеттердің, Бұхара мен Қоқанның қару-жарақтарын ғана емес... Жарайды, сұрақты көбейте бермей, ұсынысқа, әскери қимыл жоспарына кірісейік. Г е к е. Менде мынадай ұсыныс бар. Бұл жолғы көтерілісшілер дің сайланып келуі, ана басқа сұлтан, билердің ауылдарын ара-тұра шауып алып, мал-мүліктерін тонап кетуінен мүлдем бөлек. Егер осы жолы хан ставкасын түгелдей өртеп, құртып жіберсе, бұл, сөз жоқ, бір жағы Ресей империясының әкімшілігіне деген қыр көрсету. Яғни мына көрші Солтүстік Сібір қырғыз-қай сақтарының Кенесары Қасымов бастаған көтерілісшілерінің де рухын көтеріп, сеніміне дем беру.

П е р о в с к и й . Міне, мәселе қайда жатыр. Г е к е. Жоғары мәртебелі Василий Александровичтің, мына іргедегі Хиуа хандығы туралы да, мәселені тереңнен қозғауы тегін емес. Ендеше бұл жолғы көтерілісшілерді басу, құрту деген кезеңі жеткен мәселе. П е р о в с к и й . Менің ойым да осылай еді. Қане, сіздіңше қалай, полковник мырза? Г е к е. Соғыс тактикасында психологиялық соғыс дегенді біле сіздер. Қырғыз-қайсақ ұлты басқа ұлттарға қарағанда аса балажан, аса бауырмал тіпті фанатично туысқаншыл халық. Біз, әрбір әскери бөлімше, Орал қазақтары, Орынбор шекара бө лімшесі, арнайы жазалаушы отряд бөлімшелері әр жаққа бөлініп, көтерілісшілердің, кемінде тең жарымының отбасы мү шелерін тұтқындап, аманатқа әкетуіміз керек. Сонда, құлағына хабар жеткен көтерілісшілердің кемінде тең жарымы өз отба сы мүшелерін қорғау жолында, бекіністерін, қоршауын тастап ауыл-ауылына тарайтыны, сөйтіп үлкен көтері ліс отряды жұбын жазып, ұсақтап, қайта басы қосылғанша, әр жердегілерін топ-тобымен топырлату қиынға соқпайтыны анық. П е р о в с к и й . Мұныңыз өте ақылды тактика! Қалай, офицер мырзалар?! Осы тоқтамға келейік. Сіздер дайындала беріңіздер. Бара беріңіздер. (Гекеге.) Полковник, сіз қала тұрыңыз. Перовский мен Геке оңаша. П е р о в с к и й . Полковник мырза, Батырхан Шахимарданов молладан жедел хабар түсті. Мазмұны мынадай: хан ставкасын құртқан соң Исатай Тайманов пен Қайыпқали Иши мовтің мың шақты адамнан құралған шайқасы Қиыл өзенін бойлай отырып, Ақбұлақ өзенінен өтіп, шекараға тұтқиыл шабуыл жасап, шептен аспақ.

Г е к е. Кешіріңіз, шапағатты мырза, олар Орск бекінісіне шабуыл жасамақ еді ғой. П е р о в с к и й . Біздің басқа жансыздарымыздан да доне сение түсті, Шахимардановтың жазғанымен бірдей. Г е к е. Қандай міндет жүктеледі, шапағатты мырза? П е р о в с к и й . Бұл жолғы әскери әрекеттеріңіз тек қана Исатай-Махамбет пен Қайыпқалидың шайқасын құртып, бас шы ла рын ұстау ғана емес, сонымен бірге Елек өзені арқылы өзіне бағынышты халқын алып, Кенесары Қасымовқа қосылу үшін Торғай даласына асқан Табын руының басшысы Жола ман Тіленшинге де қарсы қимыл болады. Егер оларға Тайманов-Махамбет шайқасы қосылса, олардың күресі, енді, Жәңгір Бөкеевке ғана емес, бүкіл Ресей империясына қарсы күреске айналмақ. Ендеше бұл бізге соғыс министрінің де, тіпті ұлы императордың да алдындағы соңғы сын. Г е к е. Бізге берілетін негізгі күш, шапағатты мырза? П е р о в с к и й (сәл ойланып). Орынбор полкынан үш жүз әскер, Елек казактарынан төрт жүз, Орал казак полкынан екі жүз, жаяу әскерден елу адам, екі артиллериялық қару. Под полковник Мансуров командованиесіндегі бес қаруды, Орынбор башқұрт әскерінен жеті жүз казак. Г е к е . Толығынан жетіп жатыр, шапағатты мырза! П е р о в с к и й . Және сіздерге Орданың батыс бөлігінің пра ви телі Баймағамбет Айшуақовтың отряды қосылады. Г е к е. Бұйрықты орындауға дайынмын! (Кетіп бара жатып тоқтайды). Айтқандай, Хан ставкасының жағдайын жет кізген кім? Алябьевтер емес пе? П е р о в с к и й (күліп). Жо-оқ, номадтардың ежелгі әді сі – ат құйрығының тілігіне қыстырған хатты мылқау атқосшылары алып берді.

Оныншы көрініс ТҮРМЕ АУЛАСЫ. ШПИЦРУТЕНМЕН ЖАЗАЛАУ Төрт бұрыштап салынған түрменің кең ауласы. Беліне дейін жалаңаштанған солдаттар қарама-қарсы бөлініп тұр ған ұзын саптың арасымен бір адамды өткізіп, шпицрутен мен жаза лап жатыр. Арқасы тілім-тілім ол шынжыр кісен дері шылдыр-шыл дыр етіп, қолдарына мыл тық байлап сүйрелеген солдат тың соңынан ілбіп, сүй ретіле басып үнсіз өтіп барады. Сырттан бір топ кісендеулі тұтқындарды саптың шеті не әке ліп, қатар-қатар тізіп қояды. Түрме ротмистрі тұт қындарды хабарлайды. Р о т м и с т р . Көтерілісшілерге мынадай жазалар ке сіліп, бұйрық етілді: 1) Исмаил Қалдыбаев – саптың ортасымен үш рет өткізу – 1500 шпицрутен, 2) Сарт Идилев – 1000 шпицрутен, 3) Дустахан Джанибеков – 1000 шпицрутен, 4) Ижбай Қадыровқа – 1000 шпицруттен, 5) Уса Төлегеновке – 1000 шпицрутен, 6) Тойчеке Умаровқа – 500 шпицрутен, 7) Исмаил Өтемісов ке – 1500 шпицрутен. Бұларды да беліне дейін шешіндіріп дайындап қойғанда, жазаланушы адам да осылардың алдына саптың шетіне жетеді. Жазаланушы тұтқындар бастарын зорға көтереді. Жаңа келген тұтқындар аяқтарындағы шынжырлары шылдыр етіп, бәрі де іштерін тарта күбір етеді: – Махам-беет! Сақал-мұрты өскен, беті ісінген Махамбет, денесінде жарадан сау-тамтық жоқ, құлағы жұлынған, беті

кесілген, денесіндегі қаны әлі жуылмаған, кей жеріндегі қаны қатып, жаралары қарақотырлана бастаған достарына, аға-інілеріне дәрменсіз, аянышты жүзбен қарап тұрады да баяу ғана күбір етеді. М а х а м б е т . Жеңілген екенсіңдер ғой. Жайықтан өте алмаған екенсіңдер. (Тұтқындар бастарын изеседі.) М а х а м б е т (сөзін үзіп-үзіп, демігіп). Исатай... Иса тай ағам аман ба, қолға... қолға түскен жоқ па? Тұтқындардың бастары салбырап үнсіз тұр. Бір кезде Тойшеке ақсақал кемсең қағып: Исатай жоқ. Өлді. О дүние лік, – деп, бұғаулы қолын зорға көтеріп бетін сипайды. Сәл үнсіз, мәңгірін тұрып қалған Махамбет бір кезде жарылып, бар даусымен өксік аралас айғай салады. М а х а м б е т . Иса-та-ай, ағата-ай! Бүкіл түрме ауласы жаңғырығып кетеді. Төрт қабырға бірдей «Исатай, ағатай» деп дүр сілкінгендей болады. Түрменің тор терезелерінен көздері шарасынан шыққан тұтқындар көрінеді. Махамбетті екінші айналымға әкетіп барады. Бұл жолы ақын басын көтеріп алған, ыза, кек қайнаған жігермен әр соққы сайын, өлең жолдарын шымырлай түсіп, саңқылдап барады. Ұрған сайын ширай түседі. Бар әділетсіздікке деген өз қарсылығы, кектен, ызадан, күйініштен, өкініштен шыққан жолдар, арқаға дүре тиген сайын көтеріліп, ақынның үні үдей түседі: Мен, мен едім, мен едім, Мен Нарында жүргенде Еңіреп жүрген ер едім. Исатайдың барында, Екі тарлан бөрі едім. Ерегіскен дұшпанға,

Қызыл сырлы жебе едім. Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім. Жағалай жатқан сол елге, Мал толтырсам деп едім. Еңсесі биік ақ орда Еріксіз кірсем деп едім. Керегесін қиратып, Отын етсем деп едім. Туырлығын кескілеп, Тоқым етсем деп едім. Тақта отырған хандардың Төрде отырған ханымын Қатын етсем деп едім. Тілекті тәңірі бермеді, Тілекті тәңірі бермеді. Ежелгі дұшпан ел болмас, Етектен кесіп жең болмас, Хан баласы ақсүйек Ата дұшпан сен едің, Ата жауың мен едім. Мен, мен едім, мен едім, Исатайдың барында Екі тарлан бөрі едім... Он бірінші көрініс ТАҒЫ ДА ТҮРМЕ Қабырғаларында қалың-қалың тыстары алтын түсті әріп терімен жалтыраған кітаптар жиһаздалған этажеркалар тұтқан сәнді шағын кабинеттің кең емен үстелінде отырған көзілдірік ті, сұлу мұртты, шоқша са қалды, аппақ қудай ша шы қасқа маңдайына жарасымды мосқал адам Нұрсұлтанды ертіп кірген Махамбетке бәйек болып жатыр.

М и х а и л И в а н о в и ч . Отырыңыз, отырыңыз! Өз ба ла ңыз ба? Отырып сөйлеңіз. М а х а м б е т (Михаил Ивановичтің үстелі алдындағы иық ты орындыққа жайғасып, Нұрсұлтанның кекілінен сипап отырып.) Ағайынымның баласы еді. Орысша сөйлесе алмай тын болған соң, өзім әкеліп отырмын. Өтемісов Бекмұхамбет деген ағамның баласы. Құдай иіп, Ресейдің оқу орындарына бұратана халықтардан да балалар алатынына қуанышымызда шек жоқ. М и х а и л И ва н о ви ч. Иә, Құдайға шүкір, Императоры мыздың даңқы арта бергей! Бұрын бұратана халықтардың хан дарының, ақсүйектерінің балаларын ғана алушы едік, енді, шы нын да да, бұл қырғыз-қайсақтар үшін де үлкен бақыт. Және де бұ ра та на халықтың балалары оқуға өте құштар және шетінен алғыр. М а х а м б е т . Әттең, біз еуропалық білім ала алмай қал дық қой! М и х а и л И в а н о в и ч . Әрине өкінішті! Сіз орысша бір сыдырғы тәуір сөйлейді екенсіз, жаза білесіз бе? М а х а м б е т . Арабша, парсыша, татарша сауатым бар. Ал орыс ша аздап қана хат танимын! М и х а и л И в а н о в и ч . Онда, бар білгеніңізше, орысша өті ніш жазыңыз. М а х а м б е т . Апырай, ә! М и х а и л И в а н о в и ч (Махамбеттің жанына келіп). Жү рек сінбеңіз. Жаза беріңіз. Бұл әшейін, формальность. Біл геніңізше жаза беріңіз. Қағазға шұқшиған Махамбеттің сыртынан басын олай бір, бұлай бір қисайтып, көзілдірігінің үстінен күдіктене қараған Михаил Ива нович, Махамбет басын көтеріп алғанда, лезде жымиып: – Мен, қазір, қажеттілік жағдайымен сізді қалдыра тұрайын. Жаза беріңіз (Кетеді.).

Н ұ р с ұ л т а н . Көке, әлгі шал бастығы ма? Мені оқуға алам деді ме? М а х а м б е т . Алады, алады. Тек, сен байқа... Келіс тік қой. Аузыңнан аңдамай шығып кетпесін. Сен – Бекмұхамбет тің ұлысың. Н ұ р с ұ л т а н . Білем, көке, ұмытпаймын да, жаңылмай мын да. Мен – Нұрсұлтан Бекмұхамбеттің ұлымын, Махамбеттің ағасының ұлымын. М а х а м б е т . Тағы да ұмыттың. Менің атымды атама дегенім қайда? Н ұ р с ұ л т а н . Немене, туған әкемнің атын өмірі айтпайын ба? М а х а м б е т (жеңіл күрсініп). Әзірше айтпа. Мүмкін бір кез де мақтанышпен айғайлап айтатын күнің де туар. Нұрсұлтан жыға түсінбей, иығын көтереді. Сырттан аяқ дыбысы естіледі де, Махамбет қағазына шұқшияды. М и х а и л И в а н о в и ч (сырттай сөйлей кіріп). А, жазып болдыңыз ба? Қарт ағартушы Махамбет жазған қағазға үңіледі де, күліп жібереді. М и х а и л И в а н о в и ч . Ох, дорогой Утемисов! Сіз дауыс ты дыбыс қалай естілсе, солай жазыпсыз. (Өз орнына қарай жүре сөйлейді.) «Дарагой Михаил Иванович» дейсіз. «Дарагой» емес, «доро гой». Жаңа шыққан орыс грамматикасында, «без ударное о пишется как о, читается как а» деген ереже бар. Ну, ештеме ет пейді. Псковтықтар, тверліктер осылай айтып, осылай жазады. Сондықтан да оларды окающие дейді. Айыбы жоқ. Орыстардың көбі, сіз түгілі, бұл жөнінен әлі сауатсыз. Және мен кінәлімін, сізге өтініштің үлгісін беруім керек еді. (Тартпасын ашып, бір қағазды ұсынады.) Міне, мына өтінішке қарап жазыңыз. Бірақ (күледі) мұндағы

фамилияны, өтініш иесін түгел кө шіріп қоймаңыз. Өз атыңызды, өз қолыңызды қойыңыз. Жаңыл масам, сізді мен бұрын да көрген сияқтымын. Мұхаммед Өте місов емессіз бе? (Есіктен қарулы, еңгезердей екі полицей кіріп келеді.) П о л и ц е й. Сіз – Мұхаммед Өтемісов?! Махамбет ширақ қимылмен үстелдің Михаил Иванович жағына шығады. Қолында ұзын кездік-қанжар. Михаил Иванович сасқа лақтап, көзілдірігі мұрнының ұшына кетіп поли цайлардың артына тығылады. П о л и ц е й. Кинжалыңызды бізге тапсырыңыз. Текке боқ басында өліп қаласыз. «Қарсылық жасады» деп ата саламыз. М а х а м б е т . Мені ұстауға қандай хақыларың бар? П о л и ц е й. Сіз түрмеден қашқан түннен бері бізде тізімдесіз. Біз сізді ұстап апаруға міндеттіміз. Онда барған соң, мүмкін, босатар. Ол біздің міндетке кірмейді. Қарсыласпаңыз. М а х а м б е т . Өте сыпайы екенсіңдер. Жарайды! Тек сұ ра рым – баламның көзінше қол салушы болмаңдар. Өйтер болсаңдар, өлгенше соғысамын. П о л и ц а й . Сіз қарсыласпасаңыз, бізден ондай өрескелдік болмайды. М а х а м б е т . Жарайды!.. Қолындағы қанжарын Махамбет шиыршық атқыза лақ тырады, полицай да өзіне қарай шыркөбелек ұшқан қанжар ды көз ілестірмей сабынан қағын алады. Қолына бұғау салып жатқанда Махамбет оқты көзімен Михаил Ивановичке қарай ды. М а х а м б е т . Ағартушы адам да жауыз болады екен! М и х а и л И в а н о в и ч (тура қарай алмай). Ресей ана мызға кім қарсы болса, мен де ол адамға өле-өлгенше қарсымын.

М а х а м б е т . Менің Ресейде еш өштігім жоқ. Мен патшалық диктатураға, жалпы диктатура атаулыға қарсымын. Ал Ресейдің өркениетіне, әсіресе білім, ғылым мен ағарту жағы на құштармын. Тіпті ғашықпын. Сол үшін де баламды оқуға әкеліп едім. Михаил Иванович, мені жазғырсаңыз да, бала ның еш кінәсі жоқ. Жүрегіне дақ салмай, оқуға қабылдануына қамқоршылық етерсіз. М и х а и л И в а н о в и ч ( күмілжіп). Менің қолымнан келсе... Бұл жөнінен мен кішкентай адаммын. Махамбетті әкетіп бара жатқанда, Нұрсұлтан беліне жабысып жылайды: «Көке, әке, әкетайым!» М а х а м б е т . Жылама! Жігіт жыламас болар. Мені көп ұстамайды. Шығамын, жатқан үйді білесің ғой. Адаспай бар үйге, жылама! (Полицейлер алып кетеді.) М и х а и л И в а н о в и ч (жалғыз). Бұл қалай болды. Неге, неге?! Не істедім? Менің шаруам қанша еді?! Түк түсінсем бұйырмасын... Э-эх! Патриот! (Өз шекесін өзі өкінішпен ақырын тоқпақтайды.) Он екінші көрініс СОҢҒЫ СОТ Сот залы. Қарақөлеңке. Залда шағын ғана қара-құра адам дар. Арасында белгілі адамдардан генерал Перовский, генерал Баймағамбет Айшуақов, атаман Покатилов, бір жақ қанатта, екінші қанатта – қала шенеуніктерінің ортасында Жәңгір мен Фатима, Қарауылқожа, Шонти би, тағы басқа атақты шонжарлар, билер. Тағы бір шоғыр – үлкен шенді офицерлер. Сот төрағасы тоқпағымен үстелді бір-екі тықылдата ұрып сөйлейді. Даусы ғана естіледі. Өзі көрінбейді.

– Тынышталыңыздар, офицерлер, мырзалар, ханым дар! Қыл мыскер бүлікші, Бөкей ордасының бұрынғы азаматы, бұрынғы старшыны Мұхаммед Өтемісовке өзінің үкім ал дында ғы соңғы сө зін – өкінішін, қателігін, кешірімін, болашақ болмы сын айтуға Әскери сот пұрсат беріп, рұқсат етеді. М а х а м б е т (сақал-мұрты қауғадай, бірінші көрініс тегі дей. Залға қарап тұр). Менің өткен өкінішім де, кеткен қателігім де бар. Елім үшін күрескен арманыма жете алмадым. Бірақ оның бұл арада керегі де, ешкімнің берері де жоқ. Болашақ болмысымды айта алмаймын, өйткені маған деген соттың үкімі жоқ. Сотталам ба, ақталам ба, Сібірге айдалам ба, түрмеге байланам ба, атылам ба, асылам ба – әлі белгісіз. Ал кешірім дейді, мен халқым үшін отқа да, суға да түстім. Оған кешірім сұрамаймын. Тек кешірім емес, өтінішім бар. Соңғы сөз дедіңіз, қасиетті сот бастығы, қазақта оны дат дейді. Ендеше сұра рым – датымды аяғына дейін бөлмей тыңдаңыз, маған үкімнен кейін сол тілегімді сотта қараңыз. Қаншама адам өліміне, мал шығынына, жан шығынына мен ғана, Иса тай бастаған шарасыз шаруалар ғана кінәлі екен, ал сол кінәға себепші жауыздық тың, қиянаттың орда сы – Хан ордасы, оның төңірегіндегі елді зар жылатқан, қан сыратқан сұлтан, билер, ана отырған Қарауылқожалар, оларға ерік беріп жүгенсіз жіберген ана хан Жәңгір, олардың сүйемелшісі, қамқоршысы болған, елді шауып, жас балаға дейін турап тастап ауылды қан сасытқан ана Покатилов, Гекелер, қазағымның ежелгі жері үшін, өлмелі елінің тұрмыс-тауқыметі үшін әділетсіздікпен майдан салған ер Исатайды тірідей ұстап әкелудің, тергеудің орнына басын кесіп, 500 күміс алғанды артық көрген Богатырев бастаған орысы бар, казагы бар, қазағы бар қаражүректерді, соларға ерік беріп, бар қару-жарағымен жұмсаған, ханға халықтан жинатып алған 4500 түйені Хиуа жолында қырып салып, жол бастаудан бас тартқан 70 жігітті құмдалада атып

өлтірген ана отырған генерал Перовскийді, Жайықтан өтіп, Кіші ор дада туыстарына өтем деген үш ауылды балашағасымен мұз үстінде қырғызған ана отырған шекара бастығы Генсті, осы ның бәрін біле тұра, тәртіпке салу орнына, таққа отырмай жа тып, тәж көтеру салтанатына барғаны үшін ғана қандықол сұлтан-билердің мойнына алтын, күміс қарғыбау таққан, қазақ үшін мәртебе, бірақ мазақ үшін жәй төбе Жәңгірге генерал-майор атағын берген, өзіне бағынышты, бодан елінің жағдайын айтқысы келген біздей пақырларды, білдей ақындарды білме ген, сөзін құлағына ілмеген Николай ақ патшамызды неге сотқа тартып, жазаламасқа... Соттамаса да, кешегі 4000 дүрені көтере алмай өліп кеткен жазықсыз жандардың тым құрмаса 40 дүресін осылардың арқасына салса, Қиянат, Зор лық, Зомбылық дегеннің не екенін көзімен көрмесе де, жон терісімен сезінер еді. Сонда ғана халық соттың не екенін, әділеттің не екенін түсініп, алда риза рақметін айтар еді. Менің тілегім осы ғана. Мен болдым... Ә с к е р и с о т т ө р а ғ а с ы н ы ң ү н і . Өзінің ақындық эмоциясымен жасап алған қателіктерін, бұзақы бүлікшілерге еріп арандап қала жаздаған ұшқалақтығын өзінің өкінішім мен қателігім деп мойындаған жас ақынның болашақ өміріне аяушылықпен қарап, Ұлы Ресей империясының Орал дық Әскери канцеляриясының хұзырындағы Әскери Сот комиссиясының Орынборлық Әскери соты қылмыскер, бүлік ші Махамбет Өтемісовке қайырымдылықпен мынадай үкім шығарды: Махамбет Өтемісов өзінің Қаройдағы қонысынан ешқайда аттап шықпауға, еш адамдармен қарымқатынас жа самауға, өкіметке, өкімет адамдарына қарсы бұзақылық өлең дерін де әрі өкіметтің жер, билік туралы заңдарына қарсы кү реске шақыратын бүлікшіл өлеңдерін ел ішіне таратпауға үкім етіліп, үш жыл мерзімге шартты түрде сотталады. Егер осы шарттардың біреуі бұзылса, ешбір

адвокаттың араласуынсыз тікелей гильотиналық жазаға тартылады. Сот дәлізіне ұқсаған авансценада, сот залынан біртіндегі шыққан адамдардың бір-бірімен әңгімесі. Ф а т и м а (Жәңгірге). Өте қайырымды шешім емес пе? Мен бұлай болады деп күтпеп едім. Ж ә ң г і р (Фатимаға). Ал мен осылай боларын сезгемін де, сезіктенгенмін де. Ежелден белгілі қайырымдылық. Мұның арты – жұмбақ та құпия саясат. П о к а т и л о в (Гекеге). Түк түсінсем бұйырмасын. Г е к е (Покатиловқа). Қазір қырғыз-қайсақ даласында да, Кавказ тауларындағыдай көтерілісшілердің дүмпуі бар. Бүлікшілерді ата бергеннен гөрі, өз қандастарының қақтығысына тастау анағұрлым дұрыс саясат. (Кетеді.) Сот залында екі-ақ адам қалған. Мәңгіріп отырып қалған екі адам, аз ойдан соң орындарынан тұрып, бірбіріне жақын дай ды. Екі генерал – Перовский мен Айшуақов авансценада. П е р о в с к и й . Ризамысыз, Баймухамед Айшуакович? То есть, Бай-бай... Б а й м а ғ а м б е т . Ештеме етпейді, шапағатты мырза! П е р о в с к и й . Кешіріңіз, генерал мырза! Б а й м а ғ а м б е т . Махамбет көп болса, бір ай, әрі кетсе бір жыл сыр бермес. Бәрібір ол тыныш отыра алмайды. Тағы да қырылыс, тағы да мазасыз күндер... П е р о в с к и й . Ол жер бізге алыстау, сіздерге бақылап оты ру ғ а қолайлы емес пе?! Ендігі тағдыры сіздердің қолдарыңызда. Б а й м а ғ а м б е т . Солайы солай-ау, бірақ... П е р о в с к и й . Сіз, анада Исатай өлгенде, көре алмай

қал дым, өз қолыммен өлтіре алмадым, айызым қанбады дегеніңіз қайда?! Б а й м а ғ а м б е т . Сізде ұмытпайды екенсіз, Василий Алек сандрович! П е р о в с к и й . Егер есіңізге салғаным ағаттық болса... Б а й м а ғ а м б е т . Айта беріңіз! Сонда, бір түсінбегенім, бұл үкімнен кейін Махамбеттің басына Империя тарапынан жарияланған ақшалай сыйлық та күшін жоя ма? Махамбеттің басы үшін. П е р о в с к и й (сәл бөгеліп). Түсініп тұрмын... О-ол жөнінен бірлесуден біз бас тартпаймыз. Аталған ақшадан қам жемеңіз. Ол – дайын... арамыздағы ғана... кейін ұмыт болатын құпия. Б а й м а ғ а м б е т . Әрине, әрине... Сіз қарама ғы ң ыздағы хорунжий Төлеев Ықыласты маған аз уақытқа жібере аласыз ба? П е р о в с к и й. А, ол өте іскер, сертке де, құпияға да берік адам. Және мұндай іске өте сенімді, таптырмайтын жаужүрек адам! Мен оған демалыс бере аламын... Баймағамбет қоштаспақшы болып, басын изеп, қайта тоқ тайды. Б а й м а ғ а м б е т . Айтқандай, Василий Александрович, әлгі үкімдегі гил... гилотин дегені не? П е р о в с к и й. Ол француз сөзі. Францияда Гильотин ба, Гильотен ба, дәрігер болған. Соның ойлап тапқан бас кесе тін машинасының аты. Б а й м а ғ а м б е т (көзі бақырайып). Машина?! Бас кесе тін? Адамның басын ба? П е р о в с к и й . Енді қойдың басын дейсіз бе? Ай-й, аң ғалсыз-ау, генерал мырза! Б а й м а ғ а м б е т . Бас кесу үшін де машина керек пе екен?! Тфу!

Он үшінші көрініс ҚАРОЙДАҒЫ СОҢҒЫ КҮН Айдала. Тым-тырыс. Құмды мидай даланың көгілдір ойпатында бір қойтастың үстінде жалғыз адам отыр: Махамбет. Үнсіздікті жақыннан жалынышты қиқ-қиқ еткен құстың үні бұзады. М а х а м б е т (үн шыққан жаққа қарап). Байғұс-ау, мына жерден не іздеп, не қорек тауып жүрсің? Көл қорыған қызғыш-ау, сен бұлай, алысқа жем іздеп келмесең керек еді. (Күледі.) Сені де бір жыртқыштар соттаған-ау тегі. Мұнда неғып жүрсің?! (Өз-өзінен ыңылдайды, жаралы көңілін жарып шық қан жаңа өлеңді толғайды.) Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Қанатың қатты мойның бос... (Сəл ойланып.) Қанатың қатты... мойның бос... Жалғыздықпен болдым дос... Ау, қызғыш құс, қызғыш құс! Көл қорыған сен едің, Сен де айрылдың көліңнен. Ел қорыған мен едім, Мен де айрылдым елімнен. Сені көлден айырған – Лашын құстың тепкіні, Мені елден айырған – Хан Жәңгірдің екпіні. Айтып-айтпай немене, Құсалықпен өтті ғой Махамбеттің көп күні!..

Махамбет жеңіл ғана күрсініп, алысқа, маң далаға ойлана көз тігеді. «Айдаладан не көріп отырсың» дегендей қызғыш та әл сіз шиқылдайды. М а х а м б е т . Қайран, шіркін от күнім, Қайран, шіркін шоқ күнім, Бұрынғыдай жоқ күнім! Құмдауыттан Махамбетке қарай «көкелеп» айғайлаған Нұр сұлтанның үрейлі үні естіледі. Терең ойда отырған Махамбет үрейлі үнді естіп, бұл да орнынан үрейлене атып тұрады. Қызғыш та, «не боп қалды» дегендей, шаңқ етеді. Н ұ р с ұ л т а н (ентігіп, әкесінің қанжарлы белдігін ұсы нып). Көке, ана қырдан осылай қарай бір топ аттылы құй ғытып келеді. Сұстары жаман! М а х а м б е т (бешпентінің ішінен қанжарының қыны салақ таған белбеуін тағып жатып, көзі алыста). Ия, көріп тұрмын, жүрістері суыт. Бұлар... кім болды екен?! (Ақын маң-маң басып киіз үйге беттейді.) Айдала. Баймағамбеттер тобы. Ықылас кенеп дорбаның аузын қылғындыра ұстаған күйі генерал Баймағамбет сұлтанның алдына ашулы күйде тастай салады. Б а й м а ғ а м б е т (білседе, шошынып, түсі қашыңқырап). Бұл не? Ы қ ы л а с. Не болушы еді, бас. Б а й м а ғ а м б е т (не айтарын білмеген адамдай, не қуан ғаны, не реніші белгісіз). Бас? Ненің басы? Ы қ ы л а с. Ненің басы болушы еді, Махамбеттің басы! Б а й м а ғ а м б е т (енді ғана есін жиғандай, риза

көңіл мен). Жарайсыңдар, жігіттер! Анда...Махамбеттен басқа біреулер болды ма? Ы қ ы л а с. Әйелі мен баласынан басқа ешкім... Б а й м а ғ а м б е т . Олар тірі ме? Ы қ ы л а с. Итім білсін, әйтеуір қалды ғой, киіз үйге қамап кеттік. Б а й м а ғ а м б е т (ашуланып). Қамап кеткен адам шық пай ма, ертең ел-жұртқа кімнің өлтіргенін айтпай ма. Барыңдар, олардың да көзін жойыңдар! Ы қ ы л а с. Енді жазықсыз бала мен анасына қол көтеру жарамас... Б а й м а ғ а м б е т . Онда өз обалдарың өздеріңе, ертең ол жазықсыз куәлар сендерді жазықты етіп сот алдына апар ғанда, ешкім сендерге арашаға түсе алмайды. Ы қ ы л а с (жалт қарап). Жұмсаған адам ше?! Б а й м а ғ а м б е т . Жұмсаушы – басын алушы емес. Ы қ ы л а с. Ә-ә, солай шықтыңыз ба? Б а й м а ғ а м б е т . Мейілдерің, менікі – сақтық. Егер жанда рың ашыса, байлап-матап маған алып келіңдер. Екіүш күн ұстап, жуасытармын. Көнбесе... Т ү к т і ж і г і т (жұмбақтап). Махамбеттің бір басы құн ды болғанда, ана қалған екі бас та құнсыз болмас. Б а й м а ғ а м б е т (түкті жігітке ойлана қарап). Бар, айтқанды орындасаң, құнын да аласың, құнына да қалмайсың. Түкті жігіт, сақалды жігіт, тағы бір қарақшы кетеді. Б а й м а ғ а м б е т . Қане, өлгендегі жүзіңді бір көрейін ші. Дорбаның аузын ептеп аша бере, зәресі ұшады. Құлағына саңқыл даған Махамбеттің үні келеді. Алайма, сұлтан алайма, Астыма мінген арғымақ...

Б а й м а ғ а м б е т (дорбаның аузын жаба салады). Оу, мынау әлі тірі ғой, әлі сөйлеп жатыр. Ы қ ы л а с. Не дейт, қане, қане? (Дорбаға ұмтылып, өлі басқа үңіледі.) Оу, генерал мырза, жүрегіңіз әбден шайлығып қалған екен. Үнсіз өлі бастан осынша шошынармысыз, маған ештеме демейді. Баймағамбет дорбаны қайта ашып жіберіп, шошынып, құлағын басады. М а х а м б е т т і ң ү н і . Байеке сұлтан сен болып... Қайраңнан алған шабақтай, Қия бір соғып ас етсем Тамағыма қылқаның кетер демес ем!.. Б а й м а ғ а м б е т . Сендердің құлақтарың керең болған ба? Мына албасты өлсе де, өмір бойы қыр соңымнан қалмай, құлағымның етін жейтін болды ғой. Мұны Жәңгірге берейік те, құтылайық. Қайғылы музыка. Он төртінші көрініс ОРДАДА Жәңгір хан, Баймағамбет сұлтан, Қарауылқожа, тағы басқа билер. Жәңгір хан қанды дорбаны аша беріп, тура Баймағамбет сұлтанның кебін киеді: өңі қашып, құлағын басады. Дорбаны ашып, қарай бергенде Махамбеттің даусы саңқ еткен: «Хан емессің қасқырсың...» Ж ә ң г і р. Оу, мына сұмырай әлі тірі ғой... Б а й м а ғ а м б е т . Айттым ғой, ол албастының басы көм бей, өлмейді.

Ж ә ң г і р (ышқына айғайлап). Алып кетіңдер, көміңдер! Қатты дауыстан үрейленген Фатима, соңынан Салиха кіреді. Ф а т и м а (үрейлі). Хан ием, даусыңыз тым қатты шықты, жайшылық па? Ж ә ң г і р (жымиған болып). Мына бір құсты аулап әкелген екен, соны қызықтап жатқанымыз ғой. Ф а т и м а. Қане, көруге бола ма? Фатима тым-тырыс бола қалған сұлтан, билердің мына тұрысын түсіне алмай, айнала көз жүгіртіп жүздеріне қарап шығады. Ж ә ң г і р (жұмбақтап). Қара, дорбаны ашып қара. Соңғы рет қарап қал. Ш о н т и б и. Қайтесің, Фатима, қолыңа қаны жұғып қалар. Ж ә ң г і р (тістеніп). Жоқ, қарасын, көрмей қалдым демесін, қысыр қалмасын! Фатима бұлардың тұрысынан, сөздерінен секем алып, сәл жүрексініп, қолы дірілдеп, дорбаны баяу ашады. М а х а м б е т т і ң ү н і . Жоқ, жаным, менің жүрегім біреу-ақ, қайтейін, халқыма арнайын ба, махаббатыма арнайын ба? Ғашығым туралы бір-ақ өлеңім бар, әлі айтылмаған, жа зылмаған бір-ақ өлеңім бар, өлсем, ішімде кетеді. Жалғыз-ақ өлеңім... Ол – сен!.. Ф а т и м а (Махамбеттің басына ұзақ мәңгіріп қарап тұрады да). Махамбет! О, жауыз-з-з-да-ар! (Жан даусы шығып, талықсып, құлап түседі.) Ж ә ң г і р (маңындағыларға айғайлап). Мына басты көрге апарып тығыңдар. Махамбеттің соңғы үні тұншықсын,

жағы қарыссын! Құлағымыз тыншысын! Жүрегіміз жайлансын! Көміңдер, тез көміңдер! Он бесінші көрініс ТАҒЫ ДА АЙДАЛА. КИІЗ ҮЙ. ҚАРАҚШЫЛАР Айдаладағы киіз үйге екі-үш қарақшы жеткенде, бассыз мәйіттің қасында Махамбеттің әйелі Типан әлі отыр. Т ү к т і ж і г і т ( қылышын суырып алып, төніп). Не ғып былшиып отырсың, түк көрмегендей... Әй, Типан! Әй, қатын! (Типанды иығынан жұлқып қалып.) Не көрдің, тілің байланып қалған ба? Т и п а н (мәңгіріп қарайды, қорықпайды да, саспайды да, «тіл» дегенге, тілін көрсетіп). Ия, тіл! (Ыржалақтап күледі.) Мынау тіл, тіл! Т ү к т і ж і г і т («әдейі істеп отыр ма» деп секем алып, қылышын көтереді). Шауып тастаймын, не көрдің деймін, айт қане, әйтпесе ана Махамбет байың құсатып, басыңды шабамын. Т и п а н (еш сескенбестен). Махамбет, түс, түс көрдім. Т ү к т і ж і г і т. Неғылған түс, неғылған түс? Т и п а н ( бұларға біртүрлі жалынышпен де, аянышпен де қарап, есіне әлдене түсіп, сау адамша сөйлейді). Кеше... ия, кеше, Махамбет, тап осы арада отырып, мен бүгін түс көрдім дейді. Тү сімде – мен өлген екенмін, басым жоқ екен, сонда да сөйлейді екем дейді. (Типан сақылдап кеп күледі. Қарақшылар шошынып, шегін шектей береді.) Ия, міне, Махамбет қасымда, өзің айтшы, Махамбет. Махамбет, түсіңді өзің айтшы. М а х а м б е т т і ң ү н і (күліп). Мен өлген екен деймін.

Мені кебін ге орап тастапты. Басым жоқ екен деймін. Үлкен, кең қорадай көр екен деймін. Ия, мен өлген екенмін. Ақ кебінге орап қорадай кең көрдің қабырғасына сүйеп қойыпты. Біреу басымды қосқандай болды. Сөйлеймін, өз даусымды өзім естимін. Қасымда бір үлкен кебінде Исатай ағам ораулы. Алдында мойындарына дейін кебінге ораған, қызыл еті кеткен сиреген тістері ақсиып, көздерінің орны үңірейген, бас сүйектері жалтыраған үштөрт адамның қаңқасы. Мен біріншісіне, өңімдегідей айғай салам: «Әй, сен кімсің? Көрге қашан келдің?» Ой, аллай, алдымдағы қаңқаның бас сүйегіне жан кіріп, кәдімгі адам кейпіне айналды: Жәңгір хан. Ия, ешкімді менсінбейтін тәкаппар хан. Мүләйім. Ж ә ң г і р. Мен сенен кейін, көп ұзамай келдім, Махамбет. Ресей елшісі жіберген татар шаштараз ұстарасының уынан бес-ақ күн ауырып, қазам жетті. Екінші каңқа Фатима бейнесіне айналды. Ф а т и м а. Ия, ақ патша мекемесінің астыртын қастандығы нан қаза тапты. Үшінші қаңқа Зұлхарнайын бейнесіне айналды. З ұ л х а р н а й ы н . Ол ертеден-ақ, генерал-губернатор Эссе нің Орал хандығын жою жоспарынан басталған. Әкеме ес керткем, қайтейін! Ж ә ң г і р. Ресей әкімшілігінің хандықты жою, қазақ елін басқаруды тікелей өз қолына алу жоспарын мен де білетінмін, бірақ амалым қанша. Ф а т и м а. Хан өлісімен хандық қана емес, хан қазынасы да, менің қазынам да талан-таражға түсті. Мен көп ұзамай құсадан өлдім. Маған бұйырғаны кебін ғана. М а х а м б е т . Мен түсімде, бұрын айтпаған, бірақ көңілімде жүретін бір өлеңді мына өлгендерге айтып жатырмын:

Әуелі Каспий телегей, Ағыл да тегіл теңіздей. Еділ мен Жайық бойындай, Суалмай ағар сел болдық. Етек-жеңі кең болдық, Бөкейлік тұтас ел болдық. Жүре келе бөлініп, Бұрынғыдан кем болдық. Бірте-бірте соңынан Білтеленіп сөгіліп, Бір-бірімен соғысқан Сатыр да сұтыр сең болдық. Дариға-ай, шіркін, ақыры Батыстан соққан бетке ұрып, Терістен соққан көтке ұрып, Жатжерлік желге жем болдық. Мүжіліп, кеміп, желініп, Ақырет кебін сүйреткен Аядай көрде жалаңбұт Хан менен қара тең болдық. Сонымен, қане не болдық Сонымен, қазақ, не болдық?! Б ә р і қ о с ы л ы п. «Ақырет көрде жалаңбұт Хан менен қара тең болдық», – деп сақылдап кеп күледі де, әп-сәтте тым-тырыс тына қалады. «Кішкентай» сияқты күйдің аясында авансценаға дара шық қан Махамбеттің даусы қайта саңқылдайды: Еділ үшін егестік, Жайық үшін жандастық. Қиғаш үшін қырылдық, Тептер үшін тебістік,

Теңдікті, малды бермедік, Теңдіксіз малға көнбедік. Сол секілді асқан қайраттан Ойлашы, қане, не таптық?! Ақыры жем боп дұшпанға, Малды беріп былайға, Жанды беріп Құдайға. Бәрінен де жұрдай боп, Таусылып, өліп, жер қаптық. Ханың мен халқың тұтаспай, Ақыл мен сана ұштаспай, Жан-жаққа тартсаң, қазағым, Жеріңді бөтен еншілеп, Ұлың мен қызың тентіреп, Байлығың жатқа пұл болып, Өксумен өтіп күндерің, Сүрерсің өмір күң болып, Кешерсің ғұмыр құл болып!.. Б ә р і . Ойлашы, ұрпақ, ойлашы, Ғибрат алып біздерден Ой түбіне бойлашы... С О Ң Ы.

КРОССВОРД НЕМЕСЕ ƏЗІЛ МАСҚАРАД Екі актілі сатиралық комедия «Әзілден безген адам – шындықтан безген адам». Тургенев Қатынасушылар: ХАЙДАРОВ ЖҰМАБЕК – айықтырғыш (масхана) бастығы, капитан, мосқал адам ОРЫНБАСАР АМИРОВИЧ – қалалық бір мекеменің бөлім меңгерушісі, мосқал адам. Масханада – Арыстан БАҚАЙ – пошта тасушы, мосқал адам. Масханада – Қоян СИМУЛЯНСКИЙ НИКОЛАЙ АБРАМОВИЧ – курорт торгтің қойма меңгерушісі, мосқал адам. Масханада – Түлкі АШОТ – бармен әрі кәуап пісіруші. Масханада – Борсық БӨРІБАЙ БАЛТАБАЕВИЧ – комхоз бастығы, мосқал адам. Масханада – Қасқыр ФАРИД ШАРИПОВИЧ – сақтық кассасының мең герушісі. Масханада – Есек МҰРАТ – музыкант-педагог, үйленбеген жігіт. Масхана да – Маймыл ТҮНГІ ҚОНАҚ (Олег Николаевич) – практикадағы журна лист, студент. Масханада – Мысық ЗОЯ – хатшы қыз ШИКІЛ САРЫ – ақ халатты әйел ШОМБАЛ ҚАРА – кезекші милиционер әйел МИЛИЦИОНЕР МӘКЕН – Хайдаровтың әйелі Оқиға шағын курортты қалада өтеді.

ПРОЛОГ Репродуктордан жаңа жылға арналған, мерекелік көңіл күйді білдіретіндей ән естіліп тұрады. Хайдаров сәл ыңылдай жүріп, шыршаны сәндеуде. Мәкен келеді. Қо лында екі сөмке. Х а й д а р о в . Ә, келіп қалдың ба?! М ә к е н. Бүгін жаңа жыл алдында біздің фабриканың дүкеніне түспеген зат жоқ. Сонда біраз бөгеліп қалғаным... Х а й д а р о в . Тұра тұр. Бері кел. (Креслоның жанын дағы қап шықтағы маскаларды көрсетеді.) Міне, көрдің бе, қаншама маска алдым. М ә к е н. Мұның бәрін қайтесің? Қай балаңа алдың? Х а й д а р о в . Бүгін біз қызық жасаймыз! М ә к е н. Қандай қызық? Х а й д а р о в . Жаңа жылдық маскарад! Бүкіл құрдаста рымды қонаққа шақырдым. М ә к е н. Қонаққа?.. Х а й д а р о в . Орынбасар, Бақай, Бөрібай, Николай Абрамо вич... М ә к е н. Жұмекесі-ау, онда кешеден бері неге айтпадың? Үлгере алмайтын болдым ғой. Х а й д а р о в . Үлгересің. Әйелдеріңсіз шақырдым. Еркектер сынамайды. М ә к е н . Тү-ү-у, әбігерсің-ау, әбігерсің. (Кетіп бара жатып.) Аяқ астынан бірдемені ойлап табасың да жүресің. Х а й д а р о в . Мен сәл мызғып алайын. Оятарсың, Мәкентай! (Телефонды алып, нөмірін тереді.) Вытрезвитель? Ә, аға лейтенант, бүгін сіз кезекшімісіз? Келе жатқан Жаңа жылыңыз құтты болсын! Мен үйдемін. Егер, алда-жалда бірдеме боп қалса, үйге телефон соғарсың. (Телефонды іледі де, «Адам және заң» журналын ашады.) Кроссворд! Жаңа жылдық кроссворд. Қане, көрейік... «Айлығынан шайлығы»...

(Күбірлеп жатып ұйқтап кетеді.) «Ай лығынан шайлығы»... (Жаңа жылдық ән айтылып тұ рады.) БІРІНІШ АКТ Бірінші көрініс Машинка дыбысы. Қабылдау бөлмесі. Зәулім терезеден ұшқын даған қар, қала үйлері көрінеді. Іште хатшы қыз Зоя, екі клиент – Бақай мен Мұрат. Зоя басып отырған машинкасын ысырып қойып, шарайнаның алдына барып, толқынды сары шашын желпіп тастап сыланады. Адамдардың отырғаны кәперіне де кірер емес. Мұндай кісілерге әбден еті үйренсе керек. М ұ р а т (атып тұрып тақпақтап). Не деген шаш! Алтын күннің кірпігіндей құлпырып, сары даланың алтын масақ егініндей толқынданып, бір жығылып, бір тұрып, қос иықтан белуарға төгілген. Не деген қас! Ақ нөсерлі жауыннан соң иілген, сан бояулы кемпірқосақ тәрізді, әжем айтар ертегінің батыры құлаш керіп жауға тартар садақ па? Әлде кәдімгі, көк аспанда қалықтаған ақиықтың қанаты ма керілген, білек қандай, мұндай білек ежелден, аппақ мәрмәр піл сүйегі делінген. Жұмыртқадай мінсіз біткен иегі, жұмыр балтыр, жебе саусақ, хас сұлудың белгісі, екі аяғын бір басуға ерінген. (Зоя мырс етіп күліп, бір сәт назарын тастап, қайтадан айнаға бұрылады.) Күміс күлкі, сыңғырлаған чехтың хрусталындай, баяу қимыл, биязы үн, жылы назар, япырым-ай, мойны керік, мұндай көрік, көкемау, бір адамның тал бойына біте береді екен-ау. Б а қ а й (қол соғып). Тамаш-ша тамаш-ша! Қалай келістіріп айтасың, әкем. Шынында, қызым мақтаса мақтарлықтай. Тағы да айтшы, тағы да...

3 о я (Мұратқа). Текке арамтер боп қайтесіз, комплимент кәм пит емес, әртіс жолдас!.. М ұ р а т. Мен әртіс қана емеспін, сіздің іні-қарын дастары ң ызды оқытатын ұстаз-педагогпін, Зоя Алек сандровна. 3 о я. Білем, білем. Былтырдан бері сіз заржақтығыңызбен той дырып та, шаршатып та болдыңыз. (Айнадан бетін бұрмас тан.) Осы күні педагогтерді түсіну қиын, клоун ба, комик пе?! М ұ р а т. Орекеңнің қабылдауына келген адамдардың бәрін де ұнатпай, бәріне де ытырына қарауға тиіссіз. 3 о я (бұрылып). Дәл үстінен түстіңіз... Бірақ өзім түсінбеймін, неге олай? М ұ р а т. Мұнда келген адам, үлкен нәрсе ме, болмашы дүние ме, әйтеуір бірдеңе сұрай келеді. Беретін адам болмаса, сұрайтын адам кімге ұнаушы еді? (Қоңырау шылдырайды, Зоя иығын қиқаң еткізіп ішке беттейді.) 3 о я. Әрине, бергенге не жетсін! М ұ р а т (Бақайға). Естідіңіз бе, осы күні ауыз үйдегі хатшыға дейін көп сіз-бізден бір шыж-быжды жақсы көреді. Б а қ а й. Е, «Күлшелі бала – сүйменді» деп тегін айтпаған ғой. Іштен Зоя шығады. 3 о я. Махаббаттың алғашқы белгісі не? Тырс етсе елеңдеп, есікке телміріп отырған екеуі жарыса сөйлейді. Б а қ а й . М ұ р а т (жарыса). Махаббаттың?! – Алғашқы белгісі? Б а қ а й. Қызым, сондай сұрағыңды маған қойып қайтесің. Мені Орынбасарға кіргізіп, мына жас жігіттен оңаша сұрай бермейсің бе? 3 о я (қолына қағаз алған). Ал кім тез табады (күліп), соны Орынбасар Амирович қабылдайды.

М ұ р а т. Махаббаттың алғашқы белгісі... алғашқы белгісі... алғаш-қы-ы? Сүйісу. Б а қ а й. Әкем-ау, сүйіскенге дейін алдында бірдемелері бол маушы ма еді? Сендерде тек бас салып сүйісуден келеді екен. 3 о я. Дұрыс айтады, сүйісуден бұрын алғашқы белгі? М ұ р а т. Ендеше, жүрек солқ ету. Бір сөзбен – естен айрылу. Дәрігерлер тілімен – инфаркт! 3 о я (жазып). Тағы... тағы... М ұ р а т. Ұйқыдан қалу. Яғни, түні бойы дөңбекшу. Үһлеу, аһлау!.. Тағы да... Соңынан қалмау, яғни салпақтау. Яғни (Бақайға қарап күліп), өз әйеліңді ұмыту. Әрине, әйелің болса... Б а қ а й. Қой, әкем. Әйеліңді, сірә да ұмытармысың. Одан да өз әйеліңнен қорқу де. М ұ р а т. Таптым, таптым. Махаббаттың алғашқы белгісі – есалаң боп кету. Б а қ а й. Әкем-ау, жындану деген махаббаттың алғашқы белгісі емес, соңғы белгісі ғой! М ұ р а т. Бәке, енді сіз таппасаңыз, менің тәжірибем бітті. Алғашқы махаббатыңыздың белгісі қалай болып еді?.. Б а қ а й. Е-е-ей, бізде белгі-селгі қайдан болсын, соғыстан кейін картішный системаның кезінде үйленгеміз... Қоңырау шылдырайды, Зоя ішке кіріп кетеді. Б а қ а й. Мұны бізден неге сұрайды? М ұ р а т. Ана іштегі Орынбасар Амирович сұрап отыр ғой? Б а қ а й. Сонда моральдық жағымызды тексеру ме? М ұ р а т. Жоқ, аға. Бұл – кроссворд, сөзжұмбақ, кейбір адам дардың осындай хоббиі болады. Қайтесіз, білгенімізді айта берейік те. Б а қ а й. Айта бергенде, не айтамын. Әй... пошта жайынан

неге сұрамайды? Мен бәрін айтып берер едім. Күніне біздің елімізде қанша хат тарайды? Қанша телеграмма? Қанша газет-журналдар? Қандай көлікпен? (Іштен Зоя шығады.) М ұ р а т . Б а қ а й (жарыса). Дұрыс па екен? – Қайсысы дұ рыс екен? 3 о я. Білмеймін. Әйтеуір жазғандарымның бәрін алып қалды... Сосын көптен шеше алмай жүрген өте бір қиын кросс вордтың шешуін жолдады. М ұ р а т . Б а қ а й . Бізге ше? 3 о я. Әрине, сіздерге. Және қалай шешті, солай қабылдаймын деді. М ұ р а т (алақанын уқалап). Қане, көрейік. Сырттан айықтырғыш бастығы Хайдаров кіреді. Х а й д а р о в (көңілсіз). Саламатсыздар ма? (Кабинетке беттейді. Күтушілер атып тұрады.) Б а қ а й . М ұ р а т (жарыса). Оу, мұныңыз қалай? Ке зек деген болмай ма? Хайдаров одарға алара бір қарап, ішке еніп кетеді. 3 о я. Қызмет бабындағы адамдарға кезек жоқ. М ұ р а т. Сонда біз?.. 3 о я. Сіздер жеке қара басыңыздың қамымен жүрсіздер. Б а қ а й . М ұ р а т (жарыса). Қара бастың қамы? Қа ра ғым, олай деме! Қателесесің. М ұ р а т. Қара бастың қамы біздің қоғамда болмауы керек. Менің қамым – қоғамның қамы, қоғамның қамы – халықтың қамы, халықтың қамы – менің қамым, менің қамым – сіздің қамыңыз, сіздің қамыңыз – оның қамы, оның қамы – көпшіліктің қамы, көпшіліктің... (Дауыс әлсіреп, жарық өлімсіреп сөнеді.)

Екінші көрініс Орынбасар Амировичтің кабинеті. Орынбасар журналға шұқшиып, кроссворд шешіп отыр. Сырттан Хайдаров тү тігіп кіреді. Х а й д а р о в . Осы менің алдыма қашанғы кесе-көлденең тұра бересің? Бір емес, екі емес, әлде әдейі істеймі сің?! Жолдасқа, досқа жақсылық жасасам, жұрт көзіне түсер мін деп қорқамысың? Қорықпай-ақ қой, маған жалған жақсылықтың қажеті жоқ. Мен өзіме тиесілі жақсылықты ғана, әділ жақ сылықты іздеймін. Оған қақым бар. Орынбасар үнсіз ғана, көзілдірігінің үстінен жақтырмай қа райды да, иегімен де, қолымен де есікті нұсқайды. Х а й д а р о в (абыржып). Не?! Шығып тұр дегенің бе?! О р ы н б а с а р . Мәдениетті адам әдетте бөлмеге кірерде рұқ сат сұрайды. Содан соң мәдениетті адам шағымын да, рені шін де даурықпай, елірмей, байсалды түрде, ұғымды етіп айтады. Х а й д а р о в . Оу, енді бірге өскен құрдасымызға да өзім сініп, жеке жерде айғайлауға болмай ма? Формализм дегенді қашан қоямыз? О р ы н б а с а р . Ізет жөні бір басқа, қызмет жөні бір басқа. (Пауза.) Ал не шағымың бар еді?.. Тез, қысқа! Х а й д а р о в (тағы да жұлқынып). Осы мен (иығындағы погонын шапалақтап) өмір бойы капитан болып жүре беруім керек пе? Органда істегеніме, міне, табаны жалпақ отыз төрт жыл. Менімен қатар келгендердің ал ды генерал. Соңы пол ковник. Енді бір жылдан соң пенсия ға шығамын. Жетеді. Шаш осы жұмыста ағарды.

О р ы н б а с а р . Әйтеуір пенсияға шығады екенсің, үлкен шен нің қажеті қанша? Х а й д а р о в . Еңбегіңе орай жұлдызыңның жанғанына не жет сін! О р ы н б а с а р . Және де үлкен жұлдыздың ақшасы да үлкен екен-ау. Х а й д а р о в . Әрине, сөз жоқ... О р ы н б а с а р . Стоп! Міне, ұсталған жерің! Х а й д а р о в . Неменеге ұсталамын? О р ы н б а с а р . « Ш е н керек, шен керек», – деп кіре қақ сағанша, ақша керек, пұл керек деп неге турасын айт пайсың? X а й д а р о в. Е, ол былай да белгілі емес пе? О р ы н б а с а р . Ақша, ақша... қалай ұялмайсыңдар? Х а й д а р о в . Неге ұяламын? Міне, қызық! Ұялса маң дайы жіп сімей ақшаны күреп жүргендер ұялсын. Ал мен ұял маймын. Ал сам еңбегіме аламын. Маған қиянат еткен сен ұял, ұялсаң. О р ы н б а с а р. Ол не қиянат, оны саған кім айтты? Х а й д а р о в . Қайтесің, естідім. О р ы н б а с а р . Ал естісең сол, сені майорлыққа қала лық ми ли ция бөлімі биыл да ұсынған екен, мен биыл да сызып тастадым. Қар сымын! Х а й д а р о в . Қарсымын, неге? О р ы н б а с а р . Сол, қарсымын. Званиеңді көтеретіндей соң ғы 15 жылда ерекше еңбегің жоқ. Х а й д а р о в . Оу, вытрезвительдің начальнигінде не ең бек болуы керек көзге түсерлік? Немене, мен гектарынан 15 центнердің орнына, 20 центнерден астық оратын диқанмын ба, немесе бір сиырдан пәлен литр сүт сауып жоспар ды асыра орындайтын сауыншымын ба? О р ы н б а с а р . Міне, шындыққа өзің келе жатырсың. Әр жұ мыстың өз көрсеткіші бар.

Х а й д а р о в . Не, мен жұмысты жаман істедім бе? Бұрын выт резвитель хозрасчетта болды. Онда ешкімнің бетжүзіне, үл кен-кішілігіне қараған жоқпыз. Өзімізді өзіміз финанс жағы нан ешкімге тәуелсіз ұстап тұрдық. Кейін медвытрезвительге айналдық. Қазір бізге түскен мастардың дер кезінде дәрігерлік жәрдем алмай тұншығып өлгені, не көшеден жиналмай, қыста үсіп қалған фактілері жоқ. О р ы н б а с а р (суырмадан қағаз іздеп). Жарайды, шұбырт па, шұбыртпа! «Балапанды күзде санайды». Саған түс кен балапан дарыңның саны жылдан-жылға кеміп келеді. Ол неге? X а й д а р о в. Бізге түсетіндер инкубатордың балапандары емес, адамның балалары. Олар аз түссе – жұмыстың жақсар ғаны да! О р ы н б а с а р . Сеніңше солай. Биыл үш жүз, ендігі жылы екі жүз. Бара-бара мүлдем түспесе, вытрезвитель жабылады. Осы ма жұмысыңның жақсарғаны? Х а й д а р о в . Еһ, бұдан артық не жақсылық керек? Дүниеде мастар болмаса, адамдардың рухани мәдениетінің жетіл гені, эсте тикалық түсінігі байып, санасының өскендігі, осыған қолымыз жетсе, вытрезвительдің тәрбиелік маңызының артқаны. О р ы н б а с а р . Стоп... Стоп! Медвытрезвительді тәр бие орны деп саған кім айтты? Сен мүмкін мастарға лекция оқырсың? Штат қа екі-үш лектор алу керек шығар! Х а й д а р о в . Бұл да ойда болатын нәрсе екен. О р ы н б а с а р . Жолдас капитан, мен сенімен қалжыңда сып отырғам жоқ... Медвытрезвительдің міндеті... міндеті – көше де... қоғамдық орындарда... жүрген мас адамдарға әуе лі дәрігер лік көмек көрсетіп, төсекке жатқызып демалдырып, ертеңіне айып қағаздарын толтырып, олардың қызмет орнына хабарлау. Ал тәрбие жұмысы мен әкімшілік шараларды кім қолданады? Онда шаруаң болмасын... Түсінікті ме?

Х а й д а р о в . Бұл жағы түсінікті-ау. Бірақ... О р ы н б а с а р . Иә, не бірақ?.. Х а й д а р о в . Орынбасар, осы-ы (желкесін қасып) шы нын айт қанда, кейінгі жылдары, арақ ішетіндер... мастар күрт кеміп барады... Арақ ішу модадан шығып барады. О р ы н б а с а р . Мода, мода... мәселе басқа-да-а-а!.. Осы сен дердің жаздыгүні «орын болмай жатыр, койка жетпейді», – деп жүргендерің қайда? Х а й д а р о в . А-а, жазда-а! Әрине, жазғы маусымда бір-екі ай солай болатыны рас. О р ы н б а с а р . Сонда немене, арақты да жұрт маусыммен іше тін болған ба? Х а й д а р о в . Біздің қала шағын болса да, курортты қала ма? О р ы н б а с а р . Ие, болса ше? Х а й д а р о в . Жазда санаторийге, демалыс үйіне келгендер, аздап көңілденіп ішіп... обалы нешік, бізге біраз жұмыс тауып береді. Ал қысқа қарай... тіпті қыста ресторандар қаңырап бос тұрады. Енді өзіміз ішіп түспесек... О р ы н б а с а р . Егер дұрыс жұмыс атқара алмайды екенсіңдер, іш, түс! Вытрезвительді қаңыратпай, өздерің жат! Х а й д а р о в . Орынбасар, күлкісі жоқ, мен шын ай тып тұр мын, қазір бейсауыт жүрген бір масты емге таба алмайсың. Бір-екі «дежурный» мастарымыз бар еді, олар да... О р ы н б а с а р . Менде шындықты айтайын саған. Потреб союзға, курорттарға айына қанша арақ-шарап түсетіні, күніне қаншасының сатылатыны туралы ақпар қолымда. Соларды кім ішіп жатыр?.. Ә?.. Төгіп тастайтын шығар? Х а й д а р о в . Төкпейді, жұрт ішеді. Бірақ олар бірі нің үйі не бірі қонаққа барып, мәдениетті түрде ішеді.

О р ы н б а с а р . Сен арақ пен мәдениетті олай жақындастырмай-ақ қой! Х а й д а р о в . Енді оларды қонақта отырған жерінен қар мақпен тартқан балықтай суырып алып, қолма-қол табаға салып шыжғыру керек пе?! О р ы н б а с а р . Олай қылжақтап, жалтарма, сеніңше ол адам дар қонақта қыстап қалатын шығар? Үйлеріне қайтпайды? Х а й д а р о в . Қайтады. О р ы н б а с а р . Аспанмен қайтатын шығар?! Х а й д а р о в . Көшемен-ақ қайтады. О р ы н б а с а р . Көше қоғамдық орынға жатпайтын шығар? Ха й д а р о в . Жатады. Бірақ ешкімге соқтықпай, ешкімге тіл тигізбей өз бетімен кетіп бара жатқан адамды қалай сүйрелейміз? О р ы н б а с а р . Стоп!.. Яғни, өз бетімен кетіп бара жатқан мастар бар? Оларды көріп тұрасыңдар. Ар жағы оңай. Ол адамды қалай сүйрелеуді милиция ешкімнен сұрамайды... Гәп басқада ендеше... Х а й д а р о в . Неде? О р ы н б а с а р . Медвытрезвительге түсетін мастар баршылық та, қағазға түсетін адамдар жоқшылық. Х а й д а р о в . Түсінбедім. О р ы н б а с а р . Сенбеп едім алғашқыда, сендерге де жеткен екен... Х а й д а р о в . Не жеткен екен? О р ы н б а с а р . Жең ұшынан жалғасу! (Орнынан атып тұрып, ақырып.) Пара! Х а й д а р о в (ол да орнынан атып тұрып). Пара?! Қайдағы пара? Жала ғой бұл, жала!.. О р ы н б а с а р (үстелді ұрып). Отыр! Айғайлама! Алуға шошымайсыңдар, айтуға шошисыңдар!

Х а й д а р о в (басын шайқап, зорға). Жо-о-оқ... қате лесесің. Жалған сөз, жалған!.. О р ы н б а с а р . « Ж е л болмаса, шөптің басы қимылдамайды». Осылай ма еді? Х а й д а р о в . Сонда біз маскүнемдерден, бичтерден пара алмақпыз ба? О-оһ! Қисын жоқ қой, қисын... О р ы н б а с а р . Қисынын келтіру оңай. Оны да естідік... Мысалы, сенің орныңда мен болсам, пара алғым келсе, сұрамай ды екем. Беретіндер өзі келеді екен. Мен зорға қабылдайды екем, қабылдай отырып: «Қызмет орнына мына қағаз барса, сенің күнің не болады?» – дейді екем. Не болатынын өзі де біледі. Менің алдыма тастай салады екен. «Мына қағазды қызмет орнына берейін бе, әлде, сен... бересің бе?» – дейді екем. Болды. Түкті адамға түсінікті. Х а й д а р о в (жүрегін басып қиналып). Сонда-а.. менің парақор... ұры... болғаным ба?.. Дәлел... О р ы н б а с а р . Жоқ, дәлел жоқ. Сондықтан да орыс ма қалымен айтқанда: «Не пойман – не вор» – «Ұсталмаған ұры емес!» (Жалма-жан журналды ашып кроссвордты қарай бастайды.) Ұсталмаған ұры... (Үнсіздік.) Капитан Хайдаров орнынан баяу тұрып графиннен су кұйып ішеді де, жіпсіген маңдайын сүртеді. Содан соң әлденені ойланып, қайтадан құр атқа мінгендей тыңайып, пысық сөйлей жөнеледі. Х а й д а р о в . Ореке, сонда өзі биыл қанша адам жетпей қалыпты былтырғыға? О р ы н б а с а р (қағазына қайтадан көз жүгіртіп). Жасы ратыны жоқ, званиеңнің өсуіне тап биыл қарсы болмайтын едім. Мынаны қараш, тағы да бақандай жеті адам жетпейді. Х а й д а р о в (күліп). Жеті адам? Түһ, Ореке-ай, соны да кем деп тұрсың ба? О р ы н б а с а р . Факті. Біреу артық болса, артық дер едік қой. Кемнің аты кем дағы. Бұл – жұмыстың кемдігі.

Х а й д а р о в . Енді 7 адамның орны жыл аяғына дейін әлі толмай ма? О р ы н б а с а р (мырс етіп). Қайдағы толған. Жыл біткенде ме? Бүгін 31-і екенін ұмыттың ба? Х а й д а р о в . Жо-о-оқ, ұмытқам жоқ. Бірақ... ескі жыл әлі біткен жоқ қой. О р ы н б а с а р . Бітпейтін несі қалды? (Сағатына қарап.) Міне, жұмыс аяғы бітті. Х а й д а р о в . Ол сіздің жұмыстың аяғы, ал біздің жұмыстың басы енді басталады. О р ы н б а с а р (қолын сілтеп). А-ай, өзің мылжың боп кетіпсің ғой. Ал енді басқа шаруаң болмаса... (Қағаздарын жинай бастайды.) Уһ-һ, аяқ астында іскер бола қаласыңдар. Бұрын қайда қалдың. Көрсете ғой онда іскерлігіңді. Көр-рейік... Х а й д а р о в (алға шығып өзіне өзі). Е-е, достым-ай, мені парақор, ұры деп түсінеді екенсің ғой. Жо-оқ. Кеңседе отырып біреулердің өсегіне сенесіңдер. Жар-райды... бір жылдық жұмыс сол жеті адамда тұрса, көрсек көр-ре-йік... Орынбасар, қанша айтқанмен бір ауылда, бір класта оқыған құрбылармыз. Қызмет бабында нелер бол майды. Әлгі бір атақ үшін қанша сөз ге бара жаздадық. Ендігі жылы отставкаға шығамын. Биылғы жаңа жылдың алдында құрдастардың бастарын қоссам деп едім. Осы аз ғұмырда өкпелесіп қайтеміз, бір күні тырапай асып өле қалсақ... О р ы н б а с а р (басын көтеріп алып). Қой, о не дегенің, атама! Х а й д а р о в . Әйтсе де... Ал мен саған басты шаруамды айтайын. О р ы н б а с а р. Ол не, басты шаруа? Х а й д а р о в . Мен сенен атақ, шен сұрайын деп келгем жоқ. Ол жалғыз сенің қолыңда да емес. Мен сені қонаққа шақыра келгем.

О р ы н б а с а р . Қонаққа?! Х а й д а р о в . Телефон соғуды ұят көрдім. Үйдегі Мәкен замандасың да: «Өзің барып, өз аузыңмен шақыр үлкен адамды. Жаңа жылдың алдында бірге болайық!» – деді. О р ы н б а с а р . Оу, жаңа жылдық той, әркімнің өз оша ғында өткізетін той емес пе, әуре боп қайтесіңдер! Х а й д а р о в . Жаңа жылға бір сағаттай қалғанда үйге барар сыңдар. Неш-ше жыл болды басымыз қосылмағалы... О р ы н б а с а р . Оның рас!.. Стоп!.. Әлгі бәтшағар Алек сандра Басовна да сырқаттанып... Енді ол... ренжімесе, жарайды, үйге телефон соғарсың. Х а й д а р о в . Құп болады! ( Честь беріп шығып кетеді.) О р ы н б а с а р (тағы да журналын алып, капитанның сыртынан қарап). «Ұсталмаған ұры!» Әр жерден жұлмалап, әр жұлдыздан бір жүздік ақша санайсың, ә? Сонда тұрмысың қалай? Көрейік бүгін тұрмысыңды да, қызметтегі қылмысыңды да. (Кнопканы басады.) Шынында да, осыларды тым еркінсітіп жібердік. Бүгін бір тексеріп көрейінші. Үшінші көрініс Қабылдау бөлмесі. Іштен Хайдаров шығады. Қоңырау шылдырлайды. Хатшы Зоя есікке беттейді. Х а й д а р о в (өзіне-өзі). Жеті адам... жеті адам. (Енді келушілерге.) Өй, Бақай, құрдас-ау, сен бе едің? Б а қ а й. Иә, мен, мен. Кәдімгі бала жастан бірге өскен Бақайың – мен. Тіпті көзге ілмейсің-ау! Х а й д а р о в . Ғапу ет, құрдас. Жаңа шаруамен асығыс жү ріп, есім шығып, сендерді құттықтауды да ұмытып кетіппін-ау, келе жатқан Жаңа жылдарың құтты болсын! Б а қ а й . М ұ р а т (жарыса). Ә, рақмет, бірге болсын!

Х а й д а р о в . Бала-шағаларыңның игілігін көріңдер!.. Б а қ а й. Рақмет, өзіңіз де қызығын көріңіз. М ұ р а т . Менде, капитан аға, бала-шаға жоқ. Одан да жаңа жылда мына есіктің алдына телмірме деп, жаңа тілек айт саңызшы. (Күледі.) Б а қ а й. Иә, мен де шаруамды биыл бітіріп, осы араға енді келмесем екем деймін. Тіпті адамда құн да, қадір де қалмайды екен. X а й д а р о в. Олай тілек білдіру, әшейін көңіл жықпастық болар еді. Б а қ а й. Неге, «Жақсы тілек – жарым ырыс» деген. Х а й д а р о в . Бәрібір келесі жылы болмаса, тап биыл (күліп) сендерді Орынбасар Амирович қабылдамайды. Үйіне кетейін деп жатыр. Б а қ а й. Осымен үшінші жыл. М ұ р а т. Бір минутқа қабылдаса да жетер еді. Х а й д а р о в . Ештеме етпейді, енді жаңа жылда кірерсіңдер, ал қазір менімен бірге жүр. Б а қ а й. Қайда-а?! Х а й д а р о в . Шыққан соң айтамын, үлкен бір ой келіп тұрғаны. Мен десең жүр. Мені сыйласаң. Б а қ а й. Қазір енді, білейік те. Х а й д а р о в . Білетін түгі де жоқ. (Іштен Зоя шығады.) Ал сұраңдар... Б а қ а й . М ұ р а т (жарыса). Қабылдай ма? 3 о я. Не деген түсінбейтін адамсыздар. Тап жаңа жылдың алдында кім сіздерді қабылдап отырады. Б а қ а й. Қызым-ау, ескі жылда да келуден кенде емеспіз ғой. 3 о я. Енді қабылдамайды, кетейін деп жатыр. Бұл арада отырмаңыздар, көзіне түспеңіздер. Б а қ а й . М ұ р а т (жарыса сөйлейді). Көзіне түссе, шыра ғым-ау, құбыжық емеспіз...

– Бізді көрсе немене, жүрегінің қабы жарыла ма? 3 о я (зілмен). Сіз неге айғайлайсыз?! Үйіңізде тұрғандай. Өзіңіз педагогсіз. М ұ р а т. Мен енді табиғи даусымды өзгерте алмайтын шығармын. 3 о я. Қажет болса (қалжыңдаған болып күліп), бәрін де өзгертесіз. Х а й д а р о в . Айттым ғой. Келесі жұмада келерсіңдер, жүрің дер. 3 о я (салғырт). Ие, келесі жұмада. (Қолын сілтейді.) Б а қ а й . М ұ р а т (жарыса). Келесі жұмада?! 3 о я (мазақтағандай). Егер, кроссвордты шешіп келсеңіздер, кіресіздер, шешілмесе, мазаламаңыздар. М ұ р а т. Шешеміз. Шеше алмасақ бұл маңға жоламаймыз. Уәде? З о я . Уәде! Х а й д а р о в . Кеттік! Б ә р і. Қош-сау болыңыз! Жаңа жылды жақсы қарсы алыңыз! 3 о я. Рақмет. Сіздер де! (Клиенттер кетеді.) 3 о я (олардың соңдарынан қарап тұрып, күліп). Кроссворд шешеміз деп мәз боп барасыңдар-ау. Шешесіңдер оңайлықпен! Бұлардан осылай құтылмасаң, сірә да, құтыла алмайсың. Жинала бастайды. Басындағы паригін шешіп алып, сөмкесіне салады. Төртінші көрініс Бар-кәуапхананың іші. Мұнтаздай таза бөлмеде оты алаула ған камин. Жарқ-жұрқ музыка. Шетел эстрадасының ән-күй лері. Ашот магнитофон тетігін

бұрап, өзі сүйетін күйге түсіріп қояды да, камин алдында дуылдасып ішіп отырғандарға кәуап әкеле ді. Олар – Балтабаев, Симулянскийлер. Қабырғадағы есікке қарамақарсы кішкене қақпа қағылады. А ш о т (мойнын бұрмастан, айғайлап). Жабық, жабық. Құлақтандыруды оқымайсыңдар ма? ( Тағы да қағылады.) Ревизия мұнда, ревизия! С и м у л я н с к и й . Содан, әлгі қонақта отырғандар, жаңа ғы Қасым деген шалды ал кеп мақтасын. Бірі: «Қасекең қы рық жылдай ел басқарған, адал да керемет турашыл жан», – десе, екіншісі: «Сөзге де шешен, өте білімді, әрі әділ адам», – деп, енді біреулері: «Төрт-бес жұрттың тілін біледі, музыкадан да хабары күшті, мұндай бесаспап таза адамдардың қатары қазір сиреп барады, ел ағасы болатын мұндай ғажап адамдар дүниеге келер ме екен. Атына орай өзі де қасиетті адам ғой», – десіп, не керек, төрт-бес сағат жыр қылды. Содан шыдамым таусылды... Б а л т а б а е в. Шыдамым дейсің, ондайда менің жыным келеді... А ш о т. Ие, мен де шыдай алмаймын, сіз ғой өте көнтерілісіз-ау, көнтерілісіз. С и м у л я н с к и й . Қанша көнтерілі болғанмен, зорға шыдадым-ау. Содан, олардың аузын мықтап және әдемілеп жаптым. А ш о т. Және құлыптап жаптым деңіз. Сөзге ұстасыз-ау, өте ұстасыз! Б а л т а б а е в . Астарлап сөйлеуге қандай шеберсіз. Мен бол сам ғой, дүңк еткізіп қойып қалам. С и м у л я н с к и й . Астарлап ұруға өздері де оп-оңай ың ғайға келіп қалды. Біреуі отырып: «Со кісіні көрмегелі бір-екі жыл өтті. Шіркін-ай, кездескен сайын үлкен бір сабақ алғандай, көңілің де, өзің де өсіп қаласың», – демесі бар ма?

Б а л т а б а е в . Емешелерінің үзілуін. С и м у л я н с к и й . «Еһ, көрмегенді мен қазір көрсетейін, ана ауыз үйдегі телефонды алып келші» деп, бір жігітті жұм садым. (Ашотқа.) Ашот, ана телефоныңды әкелші мына жерге. (Ашот сымы шұбатылған телефонды әкеліп қояды алдына. Симулянский жаңағы қонақта сөйлескен қалпына түседі.) С и м у л я н с к и й (телефон цифрларын теріп). «Бұл кім, ә? Пенсионер жолдас, Қасымбысың?! Неге хабарласпай жатырсың, әбден бастық болып жаман үйреніп қалғансың ғой. Иә, иә, маған әу бастан бастықтығың жүрмейтіні белгілі... Жарайды, көп сөзді қайтесің... тез кел... нөмірі екінші магазин түбінде күт. Он бес минут жететін шығар. Тез шық. Сол арада тұр», – дедім де тұтқаны тастай салдым. Бәрі аңтаң, жаңа ғана керемет деп тамсанған адамдарының менің алдымда кім екенін көрсін дедім. А ш о т. Ол келді ме? Б а л т а б а е в . Аналар көрді ме? С и м у л я н с к и й . Келмеуге шама қайда? Бәрі көрді. Үстіне шолақ тонын қоңылтақ іле салып, мойны сорайып тұрған байғұсты аязда біраз сүмірейттім. Отыр ған дардың қайсыбі рі: «Тоңып қалды-ау, енді бармайсыз ба», – деп қыңқылдап, жаны аши бастап еді: «Өздерің ба рың дар, жаңа көргілерің ке ліп еді ғой, маған керегі жоқ», – деп, одан сайын әлгі шалды іске алғысыз еттім. Б а л т а б а е в . Оған сол керек. Өзінше әділ, ақылды адамсып, көрінген жиын-мәжілістерде жастарға тәрбие айтқыш тығына не берерсің. Ал өзі ішсе тамаққа, кисе киімге жарымаған адам. Шыр бітпейтіні де содан. С и м у л я н с к и й . Менің алдымда томпаңдап, қайда ша қырсам, сонда келетіні де содан. А ш о т. Шынында да, ол қалайша зыр жүгіріп жүр. С и м у л я н с к и й. Мына Бөрібай Балтабаевич айт-

қандай, ғұ мы ры жарымаған кісі емес пе. Қартайғанда жинап-тергеніне өзінше бір адам болып жиһаз алмақшы екен. А ш о т. Жиһа-аз? С и м у л я н с к и й . Иә, жиһаз. Және қандай дейсің? Әлгі-і ағаш үгіндісінен жасалған нашар дүние. Б а л т а б а е в . Е-е, сорлы-ай! Біз ғой оны дачаға қоюға да алмаймыз. С и м у л я н с к и й . О-ой, оларға бәрібір емес пе! Сол үшін маған қайта-қайта келгіштеп жүр. Қартайғанша басына құн ты жоқ, дүниенің қасиетін қолында тұрғанда білмей, пенсияға шыққан соң зорға түсініп жүрген ондай ұсақ адамда ірі қасиеттің болуы да мүмкін бе? Б а л т а б а е в . Дәл менің ойымнан түстің-ау, Николай Абрамович. Өз қара басына құнты жоқ сондайлар, басқаға да титтей жақсылық істей алмайды. Қазақта «Береген қолым – алаған» деген сөз бар. С и м у л я н с к и й . Иә, иә, «Сен – маған, мен – саған» деп те тегін айтпаған ғой. А ш о т (бокалын көтеріп). Сол үшін. Адамгершілік те бар лыққа байланысты. Барлық барда адамгершілік, адамгершілік барда барлық бар. Өмірдің мағынасы да сол – «Сен – маған, мен – саған!» Бәрі соғыстырып ішеді. Сыртта есік үсті-үстіне қағылады. Д а у ы с. Мен Хайдаров, аш есікті, мен Хайдаров! Ашот амалсыз ашады. Сырттан капитан Хайдаров, Фарид Шарипович, иығына қоржын асқан Бақай кіреді. Іштегілердің жүзінен ұнатпаған сыңай білінеді. Хайдаров сезсе де, сезбегендей көңілді, ақжарқын. Х а й д а р о в . Оһ-һо, жақсылар мен жайсандар, амансыңдар ма, Жаңа жылдарың құтты болсын! Б ә р і. Айтсын, айтсын!

– Бірге болсын. Х а й д а р о в . «Жолы болар жігіттің жеңгесі алдынан шы ға дының» кері. Көптен көрмеген құрдастар отырсыңдар ғой. Б а қ а й. Көптен жемеген кәуап иісі де мұрын жарады, жарықтық! Х а й д а р о в . Тамаша, тамаша! Кәне, Ашот үстелді қайта дан жаса. Бәріміз бір үстелге отырамыз. Арағыңды, шашлығың ды аяма. (Қасындағыларға.) Отырыңдар, отырыңдар! А ш о т . Оу, мұнда келмейтін едіңіз... С и м у л я н с к и й . Иә, ішпейтін де сияқты едің. Б а л т а б а е в . Бүгін бір көңілінде желік бар-ау, сірә? Ф а р и д Ш а р и п о в и ч . Мені де көшеден ұстап алып келді. Әлі ештеңе түсінсем бұйырмасын. Х а й д а р о в . Ал түсіндірсе былай. Жолдастар, құрдастар, бүгін ішеміз, жейміз! Тек құрдастар ғана. Жаңа жыл дың алдында бір тамашалап бас қосамыз. Ылғи осы ара да отыратындарыңды біліп, әдейі іздеп шықтым сендерді. Тілеулес достарсыңдар! Қалай тамаша кездестік. Ашот, жай, төк бәрін. Менің есебімнен! Ашот жүгіріп бәйек болып жүр. Б а л т а б а е в . Сенің есебіңнен ішейік-ішпейік, әйтеуір, жақсылық болса, жарайды! Тегі, қартайғанда Мәкен ұл тапқан-ау! Б а қ а й . Солай ма? Х а й д а р о в (Бақайға). Бала жағын саған тапсырдық қой, Бақай, мына отырғандарды сырттай білесің ғой, әйтсе де таныстырып қояйын. Симулянский – курортторг қойма меңгерушісі, Балтабаев – комхоз меңгерушісі, Ашот– кәуапхана меңгеруші сі. Бақай, жолдастар, бұл да құрдас, хат тасушы – пошташы. (Бәріне.) Екі қуаныштың басы

қосылып тұр, құрдастар. Бүгін туған күніме орай, көптеп күтіп жүрген арманым орындалатын болды. Дәрежем өсетін болды. Майор атағын алатын болдым. О т ы р ғ а н д а р (жамырай). Әйтеуір, беретін болды ғой. Ондай болса болды, құттықтаймын! – Құтты болсын. – Болды-болдылар үшін ішейік! Атылған шампан, сыңғырлаған бокалдар. Ішілген арақ, шараптар. Б а қ а й. Іһм-ім-м. (Кәуапты жеп отырып.) Не деген дәмді кәуап. Ф а р и д Ш а р и п о в и ч . Шынында да, мынау бір ерекше кәуап екен. Тегі, көрінгеннің қолы жете бермейтін шығар. С и м у л я н с к и й (кекесін). Хайдаров жолдастың қуаны шына Ашот алдын ала даярлаған ғой! А ш о т (үстелді жасай жүріп). Әлбетте, әлбетте! (Тағы да бәріне құяды.) Сіздерге ширпотреб, полуфабрикат жүрмейді ғой. Х а й д а р о в . Жолдастар, менің майор атағын алуыма қар сы болмасаңдар, егер қолдасаңдар, бүгін ішулерің керек. Адам адаммен адам. Қолдаңдар, достар, алып қойыңдар! Б ә р і. Қолдаймыз. Қолдаймыз! (Бәрі көтереді.) Х а й д а р о в . Ашот, болмайды, болмайды! Зіл қалдырма. Сен, немене, маған тілектес емеспісің? А ш о т. Атамаңыз, атамаңыз! Сіз, мен үшін өте қадірлі адамдардың бірісіз. Мен әшейін, сіздерді!.. Х а й д а р о в . Ендеше, түбінде зіл қалдырма. Бүгін сенің де ішкенің... (екі ұшты күліп) теріс емес... (Арақ құйылады.) С и м у л я н с к и й (тост көтереді. Сөзінде май-

да кекесін). Жолдастар! Хайдаровтың бүгін туғаны қандай жақсы болған. Бір жылғы құрдаспыз. Егер ертең туса ғой, мұндай бақыт бізге жазбас еді. Біздің қатарымыздан да ішкіштердің есебін алып жүретін ұлы статистің туғаны қандай мақтаныш. Хайдаров енді көп ұзамай полковник атағын алсын. Ол үшін бір-ақ нәрсе – арақ-шарап ішіп вытрезвительге түсетін адамдар көбейе берсін, көбейте берейік! Сол үшін, жолдастар! Б ә р і. Майор үшін! – Подполковник үшін! – Болашақ полковник үшін! Музыка. Бесінші көрініс Айықтырғыштың кең тіркеу бөлмесі. Қабырғаға «Жаңа жыл құтты болсын!», «Жаңа жылды жаңа табыс тармен қарсы алайық!» деген ұрандар ілінген. Іште екі адам: бірі – ақ халатты шикіл сары әйел, екінші сі – шомбал қара әйел, аға сержант. Сыртта машинаның гүр-р етіп тоқта ған үні. Сырттан милиционер жетегінде Бақай кіреді. Оны тапсырған милиционер честь беріп шығып кетеді. Б а қ а й. Амансыңдар ма, шырақтарым! (Қоржынын үстел үс тіне қоя салып.) Оһ, шіркін, (үй ішін айнала қарап) көзге ыстықсың-ау. (Екінші жаққа қарай кетіп қалады.) Ш и к і л с а р ы. Тұра тұрыңыз, ақсақал документтеріңіз бар ма? Б а қ а й. Шіркін-ай, үйім-ақсың-ау, үйім-ақ, көзге ыпыстық. Ш о м б а л қ а р а . Немене, сағынып қалдың ба? Б а қ а й. Еһ, сағынбағанда, жастығымның тең жартысы осы үйде өтпеді ме?

Ш и к і л с а р ы. Ақсақал документіңіз бар ма деймін? Б а қ а й. Әкем-ау, ол неге керек еді... (Қалтасын басып.) Жоқ, жоқ-ау деймін. (Қабырғаны басып.) Ой-бой, шы рақтарым-ай, мына бұрыш жағы дымданып тұр екен. Отын кемсін-ау, тегі! Біз тұрғанда жеңгелерің бір қылау қалдырмау шы еді-ау. Қап, әттегене-ай. (Қабырғаны сипалап жүр.) Ш и к і л с а р ы . Ақсақал, фамилияңыз Қарамендин, атыңыз Бақай емес пе? Б а қ а й. Иә, солай! Ой, әкем сол, танығаныңа, білгеніңе шүкіршілік. Рақмет! Ш и к і л с а р ы. Е-е, сізді қала жұрты түгел біледі, пошташы емессіз бе? (Жазып отыр.) Б а қ а й (үстелге жақындап). Мен шырағым, пошталион болғалы қырық бес жыл. Бұл жерде алғаш қолхоз құрылғанда, ту-у Мәскеуден, Алматыдан келетін құпия хаттар әуелі біздің қолдан өтетін. Қай уақытта да бұл сондай абыройлы жұмыс... Таң атпай газет-журналдарды қоржыныңа толтырып алы-ееп... Ш о м б а л қ а р а . Шал енді ана шкафтардың біріне шешін. Б а қ а й (таңырқап). Әкем-ау, шешінгені несі? Ш о м б а л қ а р а . Шешініп, осында жатасың. Б а қ а й. Қой, әкем, жеңгелерің не дейді, үйіме бармаймын ба? Әлгі милиция бала үйіңізге апарамын деген соң, қуанып машинасына отырсам, ол баяғы ескі үйіме алып келіпті. Ш и к і л с а р ы. Білесіз бе, қазір бұл үйдің не екенін? Б а қ а й. Е, біз кеткен соң бұл үй басынан не кешпеді. Детсад болды, музей болды. Қазір вытрезвитель дей ме? Митрезвитель дей ме?.. Ш и к і л с а р ы. Е-е, біледі екенсіз. Миды тазартатын жер. Ал енді өзіңіз шешіне қойыңыз. Б а қ а й (күмілжіп). Қарақтарым-ау, бұл сонда қалай бол ғаны?

Ш о м б а л қ а р а . Бұл солай, шал (қолтығынан демеп), ертеңге дейін миыңды демалдырып тұрасың, қазір массың. Б а қ а й (көніп). Әкем-ау, іше ғой деген соң ішкенім рас еді, көңілшек басым және балаларымның, достарымның денсаулығы үшін, мас болсам мас шығармын. Бірақ үйге жететін қауқарым бар еді ғой. (Шешіне бастайды.) Мас адам ештеңе білмейді, не айтып, не қойғанын білмейді деуші еді... Мен бәрін білетін сияқтымын. Есім дұрыс, сонда бұл қалай болғаны? Ш о м б а л қ а р а . Мұнда түскеннің бәрі есім дұрыс деп ойлайды. Бірақ олай емес. Б а қ а й. Ол да жөн. Солай болса, солай шығар. (Есікке қарай беттеп барады.) Е-е, айтқандай, қала адамдарының мені танымайтыны жоқ, мыйтрезвительге түсіп, мына шалға сақалды басымен не көрінген демей ме? Ұят-ай! Қарақтарым, тыныш ұйқтайын, ана қоржынның ішінде балаларыма алған бетперделердің бірін киіп алайыншы, беріңдерші (Қолымен нұс қап.) Сөмкенің ішінде. Ш о м б а л қ а р а . Сенде бір заржақ екенсің. (Сөмкені ашып, бәрін шашып.) Осыншама масканы қайтпекшісің? Б а қ а й. Қарағым-ау, он төрт балам бар, бірдеме алсам бәріне бірдей алатын әдетім. Ш о м б а л қ а р а . Қайсысы керек? Б а қ а й. Бәрібір, әйтеуір бетімді жапса болды да. Ш о м б а л қ а р а (қоянның масқасын лақтырып). Мә, әй, шал! (Қасына жетіп келіп). Шалбарыңды шеш, таста! Б а қ а й (масканы киіп). Қарағым-ау, енді ұят болмай ма? (Шалбарын шеше бастайды.) Ш о м б а л қ а р а . Мұнда ұят жоқ, шал ұятты ішпей тұрып ойлау керек! Сыртта машина гүрілі. Қоян маскасын киген Бақай, шалбарды шешіп тастап, дамбалшаң ішке тез еніп ке-

теді. Аяғында тәпішке. Сырттан қолында дипломаты бар түнгі қонақ – Олег Николаевич кіреді. Т ү н г і қ о н а қ . Саламатсыздар ма?! Келе жатқан Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Ш и к і л с а р ы . Рақмет, бірге болсын! Т ү н г і қ о н а қ . Бұл үй вытрезвитель ме? Ш и к і л с а р ы . Иә, айықтыру орны. Ш о м б а л қ а р а . Және сауықтыру орны – медвытрезвитель. Т ү н г і қ о н а қ . Онда дәл тапқан екенмін. (Төбеге, жан-жағына қарап.) Тап-таза, мұнтаздай әрі қаланың қақ ортасынан қалай жақсы орын берген. Ш о м б а л қ а р а . Ұнап тұр ма? Т ү н г і қ о н а қ . Енді... ұнасын-ұнамасын... Жо-жоқ, ұнай ды, ұнайды. Іші жылы шығар? Сіздерде бос орын болу керек, апатай? Ш и к і л с а р ы (таңырқап). Бос орын? Немене, қызметке тұрайын деп пе едіңіз? Т ү н г і қ о н а қ . Жо-жоқ, жататын орынды сұрап тұрмын. Ш и к і л с а р ы. Жататын? Т ү н г і қ о н а қ. Бір түнеп шығуға рұқсат па екен?.. Жамбас ақысын төлеймін. Ш о м б а л қ а р а (сәл ашу шақырып). Сен өзің, ботақаным, түріңе қарағанда сап-сау адам сияқтысың, сөзіңе қарағанда... (Кеңірдегін шертіп, мұрнын тартқылап жақындай түседі.) Т ү н г і қ о н а қ . Жо-жоқ, апатай, ғұмырымда аузыма алып көрген емен. Ш о м б а л қ а р а . Ендеше, бұл үйге неге келдің? Т ү н г і қ о н а қ . Қонуға дедім ғой, апатай, то есть... Ш о м б а л қ а р а . Келіншегің қуып жіберді ме?

Ш и к і л с а р ы. Үйіңізге мазасыз меймандар келіп қалды ма? Т ү н г і қ о н а қ . Құдай үшін мазақтамаңыздаршы. Тұң ғыш рет командировкаға шығуым еді. Ш и к і л с а р ы. Командировкаға? Ш о м б а л қ а р а . Командировкаға келсең, бұл қонақүй емес қой, жарқыным! Т ү н г і қ о н а қ . Қонақүйде болдым. Орын жоқ. Ш и к і л с а р ы. Жаңа жылдың алдында ма? (Кү леді.) Ш о м б а л қ а р а . Тілін білмеген адамға оларда қысыжазы орын жоқ. Т ү н г і қ о н а қ . Кәдімгі орыс тілінде-ақ жағдайымды түсін дірсем де илікпеді. Ш и к і л с а р ы. Ондай жерде орыс тілі жүрмейді. Мейманха наның өз тілі бар. Ш о м б а л қ а р а . Ендеше, мен орыс тілінде айтайын – здесь мест нет. Т ү н г і қ о н а қ . Маған бір-ақ орын. Мұнда үнемі қаңырап бос тұрады дейді ғой, апай. Ш о м б а л қара. Бұл мастарға арналған орын. Түсіндің бе? Ішпейтіндерге орын жоқ. Түсіндің бе? Енді, жігітім, мазаны алмай шыға қойсаң... Т ү н г і қ о н а қ . Сонда, қайда бармақпын? Ш о м б а л қ а р а . Ондағы менің шаруам қанша? Т ү н г і қ о н а қ . Сыртта аяз, үсіп қалмаймын ба? Киімім де жұқа. Ш о м б а л қ а р а . Саған жылы дубленка әперуім керек шығар. Шырағым, оған өзімнің де қолым жетпей жүр. Т ү н г і қ о н а қ (ашуланып). Не деген безбүйрек, қатыгез жандар едіңіздер. Ш о м б а л қ а р а . Әй, сен немене, мұнда кімнің қат ты, кімнің жұмсақ екенін тексеруге келіп пе едің? (Білегінен мытып.) Кәне, тайып тұр!

Т ү н г і қ о н а қ. Бір минут! Қолыңызды тартыңыз, сержант апай, не деген қатты еді... ескертемін, менің мамандығым фельетоншы. Ш о м б а л қ а р а . Қорқытпа фельетоныңмен. Т ү н г і қ о н а қ . Биыл оқу бітіремін. Практикадамын, бай қаңыз. Мен мұнда фельетонға материал іздеп келдім... Ш о м б а л қ а р а . Қиратасың. Әуелі мейманхананың ад ми нис траторын жаз. Сосын бізді. Т ү н г і қ о н а қ . Бәріңді де жазамын, біріңнен бірің айны майсыңдар. Жүрек жоқ, бір түйір аяушылық жоқ. Ш о м б а л қ а р а . Кәне, шығамысың, жоқ па? Т ү н г і қ о н а қ . Ал шықпаймын, не істейсіңдер? Ш и к і л с а р ы. Мұндай хулиганды милицияға тапсыру керек. Т ү н г і қ о н а қ . Апай, бір-екі жүз грамм, ұрттам ара ғыңыз бар ма? Ш и к і л с а р ы. А-арақ? Ш о м б а л қ а р а . Бұл апаң саған ресторан ба? Мен саған официантка шығармын. Марш! Т ү н г і қ о н а қ . Тым құрмаса, бір жұтым. Ш о м б а л қ а р а . Мазақтайын деген екенсің. Жооқ, мен қазір... (Үстел үстіндегі таяқты ала ұмтылады. Түнгі қонақ сыртқа қаша жөнеледі. Сыртта машина гүрілі.) Тым болмаса, аузынан сәл ғана иіс шықсайшы... Қарашы өзін, ұятсыз. С ы р т т а н д а у ы с . Қолтықтама деймін. Мені мас деп ойлайсың ба? Сырттан Симулянскийді қолтықтап кіргізген милиционер честь беріп, кетіп қалады. С и м у л я н с к и й (жәдігөйленіп, жымыңдап). О-у, бикештер, кеш жарық! Келе жатқан Жаңа жылдарыңыз-

бен!.. Оу, бұларыңыз не, қабақтарыңызды түйіп... Ну-у, қыз балаларға жараспайды. Кәне, күліңіздерші, күліңіздерші! Тю-тю-тю... тю-тю! Кәне, кәне! Не деген сұлу жаратылған жансыңдар. Форма қандай жарасады өздеріңізге, құйып қойғандай. Кәне, әрі қараңызшы, беліңіз қандай қиылып тұр. Ш о м б а л қ а р а (иығынан бір жұлқып орындыққа отырғызады). Жұрттың белінде не шаруаң бар? На-ахал! Ш и к і л с а р ы (қағазға шұқшиып). Кәне, документтеріңді... С и м у л я н с к и й . Жаным-ау, ғұмырымда қалтама документ салып көрген емеспін. Ш и к і л с а р ы. Онда аты-жөніңіз? С и м у л я н с к и й . Көгершіндерім-ау, мені шын танымай тұр сыздар ма? Мені документсіз-ақ бүкіл қала жұрты білгенде... Ш о м б а л қ а р а. Біз білмейміз сендей данышпанды. С и м у л я н с к и й . Мен данышпан емеспін, бірақ... бар даныш пан мені біледі... Ш о м б а л қ а р а . Кәне, қылжақты қой, қалтаңдағыны түгел үстел үстіне сал. С и м у л я н с к и й . Мә, сенбесеңдер, бәрін салайын. (Ақша, т.б. бұйымдарды үстел үстіне шашып тастайды.) Осылардың тіпті керегі жоқ. Ш и к і л с а р ы (зілмен). Бізге де керегі жоқ. Ш о м б а л қ а р а . Кәне, енді ана жәшікке шешін де, анау есікке қарай қайқай. (Иығынан нұқып қалады.) С и м у л я н с к и й (шатқаяқтап). Ой, қарағым, қолың не деген темірдей еді. Әйел адамға жараспайды. Ш о м б а л қ а р а . Кәне, сөзді қой да шешін, әйтпесе, бұдан да жаманды көресің. С и м у л я н с к и й. Көгершінім, қызым, звонить етуге рұқсат па? Ш и к і л с а р ы. Бұл переговорный пункт емес.

С и м у л я н с к и й . Көгершіндерім-ай, ертең бастықтарың мына қылықтарыңды естісе, өздеріңе сөгіс береді ғой. Ш и к і л с а р ы. Ертең бұл үшін сөгіс емес, алғыс айтады бізге. С и м у л я н с к и й. Сенбесеңдер, үйіне звонить етіңдерші, жаңа ғана бірге болғанбыз. Ш о м б а л қ а р а . Кәне, шешінемісің, жоқ па? (Қолын бұрап, сүйрей жөнеледі.) С и м у л я н с к и й . Қолым, қолым... қарағым, арқан емес қой. (Шомбал қара шешінетін жәшіктердің алдына әкеледі. Симулянский шешініп отырып міңгірлеп.) Өздеріңе жақсы болса, істей беріңдер. Жаңа бастықтарыңның туған күнін жуып, әйтпесе мен де ішпейтінмін... Ш о м б а л қ а р а . Өтірігіңе береке берсін! Біздің бастық мамыр айында туған. С и м у л я н с к и й . Дұрыс, мамыр айында бір рет туған. Бірақ шала туған, тымаққа салып, биікке іліп қойған. Содан тымақтан, қайта туған, то есть шыққан күні... Ш о м б а л қ а р а . Жетті, кәне, сылтауратпа. Желтоқ санда тумақ түгілі, мүлдем тумай кетсе де! С и м у л я н с к и й . Ей-ей, сержант жолдас. (Атып тұ рады, шомбал қара иығынан бір нұқып, қайта отырғызады.) Олай бастықтарыңа тіл тигізбе! Мен жан жолдасымды олай балағаттатып қоя алмаймын. (Аяқ киімін білемдеп атып тұрады.) Ш о м б а л қ а р а (тағы да иығынан бір нұқып). Кім балағаттаған? С и м у л я н с к и й . Сен... жаңа ғана: «Мүрдем кетсін, өл сін оңбаған!» – деген сен емессің бе? (Шикіл сарыға қарап.) Сен куәсің ғой, айтты ғой! Ертең, көгершінім, сыбағаңды аласың. Ш и к і л с а р ы. Иә, айтты, жаман айтты... Мен де айттым... Менің де сыбағамды бергіз.

С и м у л я н с к и й (екеуіне алмакезек қарап, әлдененені түсінгендей қарқылдап тұрып күледі). Бәсе, бәсе, мен әдейі досым деп едім. Сіздерді сынағалы айттым. Әйтпесе, ондай сү мелекпен кім дос болушы еді. Нағыз оңбаған адам. Әйтпесе, осы жерде ұзақ жыл тапжылмай дені дұрыс адам отырар ма... Жо-оқ, сіздерді айтпаймын, сіздер жассыздар. Ал ол болса, қашан пенсияға шыққанша... Білем, білем, бұл арада оның іші майлы. Сіздердей емес, ол әбден байып алған (Сыбырлап). Пара алады (Айқайлап). Пара! (Жұдырығын түйіп.) Аларсың менен жаманғатты! Саған бергенше, мына еңбекақысы аз қарындастарыма бермеймін бе? Беремін, мүмкін әрқайсысына алтын жүзіктен салатын шығармын. Жаңа жылға келген тамаша модный көйлектер бар. Кигізбедім бе, менде бәрі бар, бәрі!.. Ш о м б а л қ а р а (жалаң аяқ, шабдар дамбалды Симу лянскийді жетелеп). Рас, айтасың, сенде бәрі бар, бәрі... Әзір жата тұр. Кейін көрерміз барлығыңды да, байлығыңды да... С и м у л я н с к и й (қуланып). Әзір жата тұр дедіңіз бе? Түсінемін, түсінемін. Ұғамын. (Қолымен ауаны сызғылап.) Птичка! Сосын шығарып жібересіздер... Жаңа жылдың алдында... Түсіндім... (Тоқтай қалып.) Ішінде біреулер бар ма? Ш о м б а л қара. Болса немене, жүрегіңнің қабы жарыла ма? С и м у л я н с к и й (алдына тізерлеп). Айналайын көгершінім, өмір бойы алдыңызда берешек болып етейін. Мені сіздер таны масаңыздар да, қала адамдарының бәрі таниды. Мені көрсе олар... Ш о м б а л қ а р а . Көрсе немене, шошып кете ме? С и м у л я н с к и й . Жо-оқ, көрсе бірдеме сұрайды, кө гер шінім, басқа бөлмеге жеке қамаңдаршы. Мені танытпаудың бір амалын жасаңдаршы.

Ш о м б а л қ а р а . Бізде люкс болмайды. (Шикіл сарыға көзін қысады. Ол түлкінің маскасын лақтырып жібереді.) С и м у л я н с к и й (аяғын құшқан қалпы). Ай-ай-яй, ай-ай-ай! Аяқ киімің тозып қалған екен. Тю-тю, өзі Жетісу фирмасының етігі ғой, осы ертең маған келші, неше түрлі модный етіктер бар, қалағаныңды берейін... Ш о м б а л қ а р а . Жарайды, жарылқасаң бұрын қайда қалдың? Мә, бүркеніп жүретін әдеттерің ғой сендердің. С и м у л я н с к и й (масканы алып киіп жатып, қуа нып). Ой рақмет, мың да бір рақмет. Мені шығарғанда да жеке шығара көріңдер. Бұдан былай таныс боламыз. Менімен жұрт тың бәрінің таныс болғылары келеді. Ал мен көрінгенмен таныс болмаймын... (Ішке еніп бара жатып өзімсініп қылжақтап, Шомбал қараның бүйірінен түртіп ойнайды.) Тю-тю-тю! Сыртта машина гүрілі. Жарық баяу сөнеді. Алтыншы көрініс Көше көрінісі. Жапалақтап жауған қар. Жақында, әріректе электр жарығымен әшекейлеген жаңа жылдық құт тықтау лар, ұрандар құбылады. Алыста әр жерде жаңа жылдық кештерде ойнаған музыка әуендері. Айықтырғыштың алды. Милиция машинасы. Машинадан түскен екеу. Орынбасар Амиров пен Хайдаров. Сәл қызулау – шала бурыл. О р ы н б а с а р . Әй, Жұмашке, өзі, ішетін адамға табыла береді екен-ау. Біраз отырып қалыппыз-ау. Х а й д а р о в . Е-е, анда-санда бас қосқанға не жетсін. Бір-бірімізден алыстамауымызға себеп қой, әйтеуір. О р ы н б а с а р . Солай, иә, солай. Мен сені бұлай деп

ой ламап едім. Өздерің өте қарапайым, тіпті жұпыны тұрады екенсіңдер. Х а й д а р о в . Енді, әйтеуір, қатардағы адамдардай тұрмы сымыз бар. Жетеді... О р ы н б а с а р . Ал жолдас капитан, құрметіңе мың да бір рақмет! Енді үйіңе қайта бер. Х а й д а р о в . Қайта бергенің қалай? Жоқ, үйіңе дейін машинамен жеткізіп салам. О р ы н б а с а р . Капитан жолдас, қонақ шақырған адам қо нағын үйіне жеткізіп салуға міндетті емес. Орта жолға дейін шығардың, рақмет! Қазір вытрезвигельге кірем де, үйге өзім-ақ кетем. Х а й д а р о в . Медвытрезвительге ме? Онда бірге барайық. О р ы н б а с а р . Мұндай жерде жеке жүргенді ұнатам. Және де сіздің үйде қонақ болуымның – сенің қызметіңе еш жеңілдік жасамайтынын (күліп) алдын ала ескерткім келеді. X а й д а р о в. О не дегенің. «Ізет жөні бір басқа, қызмет жөні бір басқа!» О р ы н б а с а р . Міне, міне... енді-енді түсіне бастадың. Құрдастықты да анда-санда болмаса, жиі пайдалана беру жарамайды. Қош бол! (Ішке кіріп кетеді.) Х а й д а р о в (темекісін тұтатып). Ә-әй, достымай, бірге өскен құрдасым-ай. 15 жыл осы жерде еткен адал еңбегіме күмән келтіресің. Жо-оқ, бекер күмәнданасың. Тексер енді, тексер! Сұра, көр. Кімнің ақ, кімнің қара екенін айыр. ( Честь беріп.) Сау бол! Жетінші көрініс Айықтырғыштың тіркеу бөлмесі. Іште Орынбасар, Шикіл сары, Шомбал қара. Орынбасар бөлме ішін ерсілі-қарсылы аралап, көзбен сүзіп, аналарға жүзін де

бұрмай, еркін сөй леп жүр. Оны маскүнем деп түсінген екі қызметкер «Бұл не істер екен?» дегендей, сыңайын аңдып, іштей күліп, ба қылап отыр. О р ы н б а с а р . Қала-а-ай, бөлмелерің жылы ма? Жылуды қайдан аласыңдар? Бастықтарың ренжітпей ме? Тынышты ма? Күніне қанша адам түсіп тұрады? Ш о м б а л қ а р а . Көресің ғой. О р ы н б а с а р (оған мән бермей). Бәрін тізімге алып, жұмыс орындарына қағаздарын жіберіп тұратын шығарсыңдар?! Айып ақшаларын уақтылы төлей ме? ( Ұрандарға қарап тұрып.) Мынау қате ғой, алып тастаңдар! Ш и к і л с а р ы. Не қате? Ұран қате ме? О р ы н б а с а р . Ұран қате болушы ма еді, ұранның сөзі де? «Қарыс алайық» емес, «қарсы алайық» қой. Ш и к і л с а р ы (қолын сілтеп). Ә-ой, бұл ұран біздікі емес, моргтан алғанбыз. О р ы н б а с а р . Бәсе, бәсе, өзім де біліп ем. Бұл вытрезвительге бастығынан бастап өңкей сауатсыздарды қайдан жинаған!.. Ш о м б а л қ а р а . Әй, кәне, қате-мәтені, сылтау-мылтауды қайтесің. Давай, қойқаңдамай шешін. О р ы н б а с а р (артына жалт бұрылып). Ш-ше-шін? Кі-ім?! Ш о м б а л қ а р а . Кім шешінуші еді? Мен шешінейін бе? О р ы н б а с а р . Жолдас милиционер! Ш о м б а л қ а р а . Аға лейтенант! О р ы н б а с а р . Лейтенант жолдас, алдымен «сен» дейтін мен сіздің құрдасыңыз емеспін. Өздеріңізде мәдениет жоқ қой, мәдениет. Ш о м б а л қ а р а . Кез келген маскүнемге «сіз» деп сызылатын жайымыз жоқ. Кәне, шешін!

О р ы н б а с а р . Мұнда жұрт тек шешіну үшін келе ме? (Ашуланып.) Сіз өзі не айтып тұрсыз?! Шешініңіз не? Ш о м б а л қ а р а . Шешін деген сол – іш киімге дейін тү гел сыпырып, жалаң аяқ, жалаң бас ана бөлмеге қайқай деген сөз. Ш и к і л с а р ы. Алдымен фамилияңызды, қызмет орнын жаздыруды ұмытпаңыз. О р ы н б а с а р (енді-енді түсініп, күледі). Сіздер, өзі мені кім деп тұрсыздар? Ш о м б а л қ а р а . Сенің кім екеніңнің, жалпы бізге қажеті шамалы. Ертең қызмет орныңа жіберуге, айып ақшасын төлеуге ғана керек. О р ы н б а с а р . Сіздер мені шынымен маскүнемдердің бірі деп тұрсыздар ма? Ш о м б а л қ а р а (кекетіп). Маскүнем емессің, жай әншейін аузыңнан керосин иісі мүңкиді. О р ы н б а с а р . Жетті, доғарыңыз сөзді! Ш о м б а л қ а р а . Әй-әй, доғарың не? О р ы н б а с а р. Не деген дөрекі адамсың? Мен қалжыңдап тұр екен десем! Фамилияң кім өзі? Ш о м б а л қ а р а . Өзіңнің фамилияң кім алдымен? О р ы н б а с а р . Амиров Орынбасар Амирович! Енді түсі нікті шығар! Ш и к і л с а р ы (анкетасын толтырып, жайбарақат). Түсінікті, Амиров Орынбасар Амирович... (Басын көтеріп.) Қыз мет орныңыз? О р ы н б а с а р . Мен Амировичпін деймін, Амиров. Ш и к і л с а р ы. Оны жаздық қой, қайда жұмыс істейсіз? О р ы н б а с а р . Сіздер шынымен білмей тұрсыздар ма? Масқара ғой мынау, масқара! Мен Амировпын, Орынбасармын. Ш о м б а л қ а р а . Мұнда келгеннің бәрі «бастық-

пын», «орын басармын» деп кеудесін соға келеді. Өйтіп үлкен адамдардың атын былғама. Оған құлағымыз үйренген. Ш и к і л с а р ы. Документіңіз... О р ы н б а с а р . Мені документсіз-ақ білмейсіңдер ме? Бұл не сұмдық. Ш и к і л с а р ы. Біз документсіз ешкімді білмейміз, білуге міндетті емеспіз. О р ы н б а с а р . Ал документ болмаса ше? Ш и к і л с а р ы . Онда ертең суретке түсіріп аламыз да, көшеге іліп қоямыз. Біреу-міреу кім екеніңізді айтып береді. Ш о м б а л қ а р а . Бізден бәрібір құтылмайсың! О р ы н б а с а р . Сіздер қылжақтай бастадыңыздар, мен қазір... (Сыртқа ұмтылады.) Ш о м б а л қ а р а (қолында таяқ, алдын кес-кестеп). Қайда? Қайда барасың? Тек енді бір аттап көр. Тура жауырын ортадан... біз жауап бермейміз. О р ы н б а с а р . Мен қазір Хайдаровты алып келемін. Са зай ларыңызды тартқызамын. Ш и к і л с а р ы. Хайдаров жолдас көрінген маскүнемнің жетегінде жүретін қолжаулық емес, біріншіден. Екіншіден, сіз бізді қорқытпаңыз. Біз қызмет бабындағы адамдармыз. Ш о м б а л қ а р а . Сендейлердің талайын көргенбіз. Әйел екенмін деп басынба. Қайқайта бір пе-ер-сем!.. О р ы н б а с а р (басылып). Жоқ, сіздер мені шынымен танымай тұрсыздар ма? Мен тіпті мас та емеспін. Ұстауға қақыларыңыз жоқ. Әрі мен... Ш и к і л с а р ы. Бәрі осылай дейді. Оны қазір көреміз. Әбден жауыр болған сөз. О р ы н б а с а р . Мен сіздердің жұмыстарыңызды, осы вытрезвительді тексере кетейін деп келдім... Ш и к і л с а р ы. Тексеріңіз, тексеріңіз. Таң атқанша жатып алып тексеріңіз. Ал бұған не дейсіз?

Ш о м б а л қ а р а . Қане, сөзді қой да, шешін. Сенімен салғыласып тұратын уақыт жоқ. Мұның тексергішіне не берерсің. О р ы н б а с а р . Сіздер бірдемені түсінбей тұрсыздар. Ер тең ұят болады. Ш и к і л с а р ы (күліп). Міне, мұныңыз шындыққа келеді. Ертең ұят болады, бірақ ұялатын кі-ім? О р ы н б а с а р . Мен жаңа Хайдаровпен бірге келдім. Ш о м б а л қ а р а . Бірге іштім дерсің?! О р ы н б а с а р . Иә, тойс, қонақта аздап... әрине, іштік. Ш и к і л с а р ы (кекесін). Және біздің бастықтың үйін де қо нақта болған шығарсыз? О р ы н б а с а р. Тура айтасыз! Оны қайдан білдіңіз? Ш о м б а л қ а р а . Жарайды, жарайды,ендігі ертегіңді ер тең тыңдармыз... (Күліп.) Бұлардың бәрі бүгін біздің бастық пен ішіпті. Бір қызығы – біреуі үйінде, біреулері барда. Ойлан, мүмкін сен біздің бастықпен моншада отырып ішкен шығарсың? О р ы н б а с а р . Мен шынымды айтып тұрмын. Қазір телефон соғайық. Менің кім екенімді айтып берсін Хайдаров жолдас. Ш о м б а л қ а р а . Білеміз, білеміз, мұнда түскендер біз дің бастықтың не құрдасы, жамағайын-жекжаты, не жерлесі боп шығады. Оны телефонсыз-ақ білеміз!.. Ш и к і л сары. Бірақ ендігәрі есіңізде болсын. Мұнда түскендер, мейлі, туысы ма, досы ма, Хайдаровтан еш рақым жоқ! (Сыртта келе жатқан адам дыбысы.) О р ы н б а с а р ( қуанып). Әне... келді... өзі келе жатыр. (Сыртқа ұмтылып.) Хайдаров, жолдас капитан!.. Жұ-ма-аш, Жұмашке! Сырттан тәлтіректей, ықылық атып Түнгі қонақ кіреді. Қол тығында дипломаты.

Т ү н г і қ о н а қ . Пардон, апатайлар! Милиция қарлығаштары, кеш жарық! Мен тағы да келдім. Дұрыс па? Ш и к і л с а р ы. Ә-ә, дұрыс, дұрыс, жаңа келісіпсің. Т ү н г і қ о н а қ . Мә! (Ішкі қалтасынан жартылай ішілген шөлмегін шығарып, тарс еткізіп үстелге қояды.) Түгел іше алма дым, батпады... Бірақ... осы да жетпей ме? Ш и к і л с а р ы. Жетеді, жетеді. Ш о м б а л қ а р а . Әшейін аузың күншығысқа қарап қалыпты, тамаша-а! Т ү н г і қ о н а қ . Сіздерге жараса болды. (Қалтасынан документін суырып беріп.) Мынау... паспорт... мынау жеке басымның куәлігі. Олег Николаевич, журналист, мынау командировка куәлігі. Мен енді шешінемін. Ш и к і л с а р ы. Ана жәшіктердің босына шешін! Т ү н г і қ о н а қ . Есть! Ш и к і л с а р ы (қалжыңдап). Шифоньеріміз жоқ, кінә ліміз. Т ү н г і қ о н а қ (байсалды). Ештеңе етпейді, бәрі бір күнде бітпейді. Ш и к і л с а р ы. Асықпай шешін! Жығылып қалма! Т ү н г і қ о н а қ . Есть! (Қиқаң етіп.) Пардон! Ш и к і л с а р ы. Әй, балақай-ай, артығырақ басып жіберіпсің. Бірден бұлай ішуге бола ма екен! Ш о м б а л қ а р а . Аузыңнан иісі шықса, жететін еді ғой. Т ү н г і қ о н а қ . Жо-оқ! Это не честно! Ш о м б а л қ а р а . Кәне, енді сен де шешін! (Орынбасардың қолына жармасып сүйрелейді.) Сыйлағанды білмейді екенсің. Жұрт, міне, мұнда жалынып, қолы зорға жетеді. (Шешіндіре бастайды.) О р ы н б а с а р . Жә-р-рәйді, ішін де көріп шығайын. Мұн да кімдер бар екен? Мүмкін бұл да керек шығар... Тексерейік...

Т ү н г і қ о н а қ (шешініп жатып Орынбасарға). Сіз өзіңіз шешіне алмайсыз? Наверно, инвалид Отечественной, да? Дұрыс, өте дұрыс! Соғыс мүгедектері аз қалды. Құрметтеп шешіндіру керек... Гостиницадағы тасжүректер сізге де орын бермеген, ә? Сыйламайды, ә? Ох, әділетсіздер! Ничего, ничего... көрерміз... (Тұрып.) Ал көріскенше сау болыңыз, братан... ренжімеңіз... Қолтығында дипломаты, баспалдақпен сыртқа кетіп барады. Ш и к і л с а р ы (көріп қалып). Қайда барасың? Т ү н г і қ о н а қ . Пардон. Жатуға барамын! Ш и к і л с а р ы. Қардың үстіне жатамысың? Ол сыртқа шығатын есік. Т ү н г і қ о н а қ . Пардон! Сыртқа шықпаймын – это не честно! Ш и к і л с а р ы . Ендеше, ана есікке бар. Қолтығыңдағыны тас тап кет! Т ү н г і қ о н а қ . Мұнда қағаз, қалам. Шөлмек жоқ, бізге мұнсыз болмайды. Профессия! Ш и к і л с а р ы. Жарайды. Мә, мынаны киіп ал! (Мысықтың маскасын береді.) Т ү н г і қ о н а қ . Бұл не? (Масканы көріп.) Мысық! Онда (есікті нұсқап) тышқандар?.. Ш и к і л с а р ы. Жо-жоқ. Бәрі киген. Сен де киіп ал, шошып кетерсің! Т ү н г і қ о н а қ (масканы киіп). Пардон! Жаңа жылға... өт-т-е ақылды ойлап табылған! Осылай қарсы алу керек... четко! (Ішке кіріп бара жатып қайта бұрылады. Бетін сипап.) Мынау ұрғашы мысық па, әлде... еркек пе? Да-а... барибир (Ішке кіріп кетеді.) О р ы н б а с а р (ызалы). Маған да маска! (Көп маска лардың ішінен арыстан маскасын таңдап алып,

асығыс кие-мие ішке беттейді.) Ал ішкі жағдайларыңмен де танысайық! Ш о м б а л қ а р а . Иә, таныс, таныс! Сырттан арсалаңдап Мұрат келеді. Қолында футлярға салған скрипка. М ұ р а т . Кеш жарық, менің сүйкімді қонақжай апатайларым! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Ш о м б а л қ а р а . Бірге болсын! Ш и к і л с а р ы. Құтты болсын! М ұ р а т (қалтасынан екі әтір алып). Орамал тонға жарамаса да, жолға жарайды. ( Ұсынады.) Ш о м б а л қ а р а . Рақмет! Ш и к і л с а р ы. Рақмет! М ұ р а т (үстелге шампанды қойып). Мынаны сағат дәл 12-ні соққанда.. Жылдағыдай жаңа жылды қарсы аламыз. (Шкафтардың алдына барып шешіне бастайды.) Ш о м б а л қ а р а . Өзің көптен келмей кеттің ғой! М ұ р а т. Сағынып қалдыңыздар ма? Ш о м б а л қ а р а . Сағынғанда қандай! Ш и к і л с а р ы. Сені үй алған шығар, бізді енді ұмытты ғой деп жүр едік. М ұ р а т (шешініп жатып). О-о, үй алсам, алдымен сіздерді қонаққа шақырмаймын ба? Бүгін жаңа жыл, әркімнің өз отбасымен жеке отыратын мейрамы, оларға бөгет болмайын деп, осылай қарай, үйреншікті мекеніме тарттым... (Шкафты ашып қалып.) Өй, мынада киім! (Екіншісін ашып.) Мынада да... (Төртіншісін, бесіншісін ашып.) Мынада да киім. Мынада да... Бүгін өзі меймандарыңыз не деген көп, жаңа жыл алдында аспаннан қар боп жауған ба? (Соңғы бос шкафқа киімдерді іліп жатып.) Бұрын қаңырап бос тұрушы еді... (Бірінші шкафты қайтадан ашып.) һеһе, менің тәпішкем қайда? Сіздер көрген жоқсыздар ма?

Ш о м б а л қ а р а . Жоқ. Ш и к і л с а р ы. Мүмкін үй сыпырушы бір жаққа қоймаса?! Ш о м б а л қ а р а . Онда етігіңді киіп ал! М ұ р а т . Жарайды, ештеме етпес, тәртіп керек, тәртіп. (Жа лаң аяғымен еденді тітіркене басып есікке қарай беттеп, қайта бұрылады.) Скрипкамды ұмытып барады екем ғой. Ш и к і л с а р ы. Мұратжан-ау, оны қайтесің? М ұ р а т. Дайындалу керек. Бір күн дайындалмай қалсаң, саусақтарың біртүрлі салдырап... Ш и к і л с а р ы . Ана өңкей ішіп алған дәу перілер саған скрипка тартқызып қояр деймісің. М ұ р а т. Е, олардың мендегі шаруасы қанша! Ш о м б а л қ а р а . Расында да, сақтық керек. (Маскаларды таңдап.) Бүгін жануарлар мен хайуанаттардың бәрін қамадық. Түлкі де бар, арыстан, борсық та бар, кім біледі, адамды көрсе шамдарына тиер, мә, киіп ал. (Маймылдың маскасын береді.) Ш и к і л с а р ы. Сосын, Мұратжан, бізге бір скрипка тартып берші, көптен сағындық қой. Ш о м б а л қ а р а (есік құлпын ашып жатып, қайта жабады). Иә, шынында сағындық! Сосын демаларсың! Мұрат маймылдың маскасын киіп, скрипканы иегіне қояды да, сұлу сазды бір шығарманы орындайды. Музыка тартыла бастағанда, шымылдық баяу сырғып жабыла береді. ЕКІНШІ АКТ Сегізінші көрініс Айықтырғыштың іші. Темір кереуеттерде ақ төсекте жат қан «мастар». Ортада бар-жоғы он шақты рабайсыз үлкен ойыншықтармен безендірілген шырша. Үстінде

бір графин су, екі стақан қойылған биік үстел. Бұрышта, қабырғаға майлы бояумен салған Шишкин суретінің көшірмесін ілген. Тап ортада бөлмедегілерге тәкаппар қарап отырған «Белгісіз бикеш» («Неизвестная») суреті. Есік құлпы сылдырлайды. Іштегілердің кейбірі тықыршып елегізиді. Б о р с ы қ (графиннен су ішіп тұр). Тағы біреуді әкелді. Ешкі ме екен, қой ма екен?! Сырттан Арыстан кіреді. Бұтында Түлкінікіндей шаб дар дам бал іштегілер бастарын көтерісіп алады. Қ а с қ ы р (қарқылдап күліп). Әй, тұрыңдар, тұрыңдар! Сәлем беріңдер, өзі келді, өзі! Б о р с ы қ (тағзым етіп). Құзырыңызға құлдық, төрлетіңіз, Ареке! Е с е к. Ассалаумағалейкүм, Арыстан аға, сізді де көретін күн болады екен-ау! Т ү л к і (басқаларына зекіп). Сондай да ойын бола ма екен, ұят емес пе, үлкен адамды мазақтауларың... (Бәрі ду күледі.) Б ә р і. Үлкен адамды! Т ү л к і (Арыстанның қасына барып бұраңдап). Ареке, көңіліңізге ала көрмеңіз, ішіп алған өңкей есерлер... Қ а с қ ы р. Өзің ішпей, басыңа құйған шығарсың? Хаха-ха! Т ү л к і. Жалаңды жаппа. Біз Арекең екеуміз жаңылыс түскенбіз. Сендер ішкіштер, жегіштер! Қ а с қ ы р. Тіліңді тарта сөйле, қу Түлкі! Т ү л к і. Өзің тарт, бейбастақ маскүнем! Қ а с қ ы р. Қа-ап, мынаны қайтейін? (Күліп.) Жеп қойсам ба екен! Е с е к. Енді жей алмайсың, көрмеймісің Арыстанның бауырында бұраңдап жалмаңдауын. (Тағы да күлкі.)

Қ о я н (басын көтеріп алып). Бұл не шу?! Бұл не даңғаза? (Тағы да күлкі.) Б о р с ы қ. Әй, саған не жоқ, қитар неме, ұйқтай бер! Е с е к (Қоянның құлағынан тартып айғайлап). Мына Қасқыр мен Арыстан сені қайсымыз бұрын жеп қоямыз деп таласып жатыр. Қ о я н. Тілің мен жағыңа сүйенбей, жатыңдар, демалыңдар! Ертең де шаруа бар. Қ а с қ ы р (ырылдай есінеп). Шынында да бір-екі сағат мызғып алайықшы, бәрібір, айықпай бізді шығармайды. (Бәрі орындарына қайта жайғаса бастайды.) Б о р с ы қ (кекесін). Арекең орынсыз қалатын болды ғой. Қ о я н. Сиысып жатыңдар енді! Т ү л к і. Сиысатын түгі жоқ, Арекеңе өз орнымды беремін, жатыңыз, Ареке! А р ы с т а н. Сенен орын сұраған кім бар?! Е с е к. Бәсе десе-ау! Т ү л к і. Ареке, онда құшақтасып, былай... қойындасып бірге жата кетейік... А р ы с т а н. Не деген жабысқақ неме едің. Өзі кейіп тұрған жанымды... бар, жата бер орныңа! (Үстел қасына келіп отырады.) Т ү л к і (орнына кетіп бара жатып). Ғафу етіңіз, суық тиіп тымауратып қала ма дегенім ғой, қазір қалада вирус. (Есік темірлері сылдырлайды.) Б о р с ы қ. Тағы біреуді әкелді. Бәрі көрпелерін иектеріне дейін жамылып жата қалады. Арыстан ғана тәкаппар әрі шыдамсыз. Сырттан, қолында скрипка, Маймыл кіреді. М а й м ы л. Пой-пой! Пой-о-ой! Бүгін бүкіл зоопарк көшіп келген бе? Ой, сабаз-ай, айуандардың жатысын-ай! А р ы с т а н. Айуаның не, ей?

М ы с ы қ (орнынан атып тұрып). Тамаша, тамаша ай тыл ған сөз. (Басына жастанған сөмкесін ашып жаза бастайды.) Тамаша тақырып: «Масханада – айуандар!» (Басқалары да бастарын көтерісіп.) – Кім айуан?! – Кім айуан?! М а й м ы л. Айуан деген мына сен – Арыстан, сен – Қасқыр, сен – Түлкі, сен – Борсық. Ал өттерің жарылып кетсе де! А р ы с т а н. Ішкен екенсің, жұртқа ұрынбай жайыңа тұр, көрген сіз! Т ү л к і. Әдепсіз! М а й м ы л. Айналайын Ареке, әкіреңдеме сен олай, шаңыраққа қара. Мұнда түскен соң, бәріміздің тереземіз тең. Т ү л к і. Қара дәмесін. Маймыл қайда барса да Маймыл, Арыс тан қайда жүрсе де Арыстан! М а й м ы л. Биыл жазда курортқа келген бір профессор, осында түсіп қалды. Сол айтады: «Адамдарды өлім ғана теңей ді» деуші еді бұрынғылар, ал бұл кезде «Адамдарды вытрезвитель теңейді», – дейді. Так што, айғайлама, жолдас Арыстан! Сен түгілі профессордың өзі де мына бізбен тең сөйлескен. (Кетіп бара жатып.) Әттең, ондай кісілігі бар адамдар енді түсер деймісің! Т ү л к і. Немене, саған Арекеңдер тақияңа тар кеп тұр ма? М а й м ы л (Қоян жатқан төсекке келіп, көрпе астынан көрінген қос құлаққа қарап аңырып тұрып қалады). Оу, мына бір салпаңқұлақ қайдан жатыр? Әй, тұр орныңнан, тұр деймін... Қ а с қ ы р. Оны неге мазалайсың, өзің былай тұр. М а й м ы л. Сен килікпе, шаруаң қандай! Жата бер. (Қоянды жұлқып-жұлқып қалып.) Тұрамысың, жоқ па?

Қ о я н (көрпеден басын шығарып). Шырағым-ау, әліңнің жеткені мен бе? Ана Қасқырдың жанына барып неге жатпайсың. М а й м ы л. Ешкімнің қасының керегі жоқ! Мынау менің орным. Қ о я н. Меншікті орның ба, әкем-ау? Т ү л к і. Сатып алған шығарсың?! М а й м ы л. Иә, сатып алғанмын. Қ о я н. Шырағым, Маймылжан, басқа орын жоқ болса, кел, бірге жатайық. М а й м ы л. Біреумен бірге ғұмыры жатып көрген емен. Ұйқым қашады. Т ү л к і. Хи-хи! Сен мұнда ұйқтауға келген шығарсың? М а й м ы л. Иә, мен мұнда, есіңде болсын, сен сияқты ішіп келмеймін, тек қана тынығуға келемін. Б о р с ы қ. Сосын скрипка тартуға, хо-хо-хо! Қ а с қ ы р. Сосын кітап оқуға, ха-ха-ха! М а й м ы л. И-иә. (Қоянды жұлқып орнынан тұрғызады.) Қ о я н. Шырағым-ай, құйрығымды қоныс таптырмадыңау... (Орнынан тұрып еденде жатқан тәпішкені іле кетеді.) М а й м ы л (бас салып). Таста аяғыңдағыны. Қ о я н. Әкем-ау, мұндағы шаруаң не? М а й м ы л. Бұл менің тәпішкем. Менің меншікті мүлкім. Қарай гөр, мен таба алмай жүрсем. (Аяғына жармасады.) Көрін ген маскүнем хайуан бір-бірден сүйретіп әкетсе, нем қалады. Қ о я н (жұлқынып). Түсінемісің, Маймылжан, еден мұз дай, құяңым бар еді. (Жұлқынып қашады, Маймыл бас салып құлақтан ұстайды.) Шырағым, құлақтан тартпа, тамырын үзесің. М а й м ы л. Үзілсе үзілсін!

Т ү л к і. От, нахал! Әлімжеттік жасауын, берме, Қоян, берме, мен бармын. М а й м ы л (тәпішкені кеудесіне басып жатып алған Қоянның маскасын тартып қалғанда, шешіп алады. Көзі бақырайып). Бә-әке... Өй, Бақай ағай, сіз бе едіңіз... Кешіріңіз аға, кие беріңіз. Тіпті басымен алыңыз... (Екеуі кереуетке қатар отырады. Бақай маскасын қайта киіп алады.) М а й м ы л. Мұнда біреуді біреу танып болмайды. Мен, Бәке... (Құлағына сыбырлайды.) Қ о я н. Е-е... әкем-ау, өзіміздің... (Атын айтып қала жаздап, аузын басады.) М а й м ы л. Маймыл... Қ о я н. Е, өзіміздің Маймылжан екенсің ғой. М а й м ы л. Ия, Қоян аға! Қ о я н. Сонда, Маймылжан, оның қалай болғаны? Мына кере уетті өзімдікі дейсің, тіпті тәпішкең де осында. Сонда қалай болғаны, осында жиі түсемісің? М а й м ы л. Солай десе болады, Қоян аға! Бұл менің «екінші пәтерім». Қ о я н. Әкем-ау, өзің сөзіңе, әлпетіңе қарағанда, тәптәуір жігітсің. Сол құрғырды іше беру өнер ме? Желуткеңе кесел емес пе? М а й м ы л. Қоян аға, мен мұнда ішіп түспеймін, ішпей түсемін. Т ү л к і (орнынан атып тұрып). Міне, міне, дұрыс айтады. Бұл милиция қызық, кейде сап-сау адамды да жауып тастайды. М ы с ы қ (ол да елеуреп). Пардо-он, тұра тұр. Бұлар маған ішпей түсуге болмайды деген соң, мен амалсыздан іштім. Мені алдаған екен ғой, вот ұятсыздар! М а й м ы л. Жоқ, милицияда ұят бар. М ы с ы қ. Жоқ, ұят жоқ. Гостиницада, мұнда ұят жоқ! Т ү л к і. Блат бар.

А р ы с т а н (өзеуреп). Дұрыс айтады, блат бар. М а й м ы л. Бұларда ұят бар, ұят басқаларда жоқ. М ы с ы қ. Кімде жоқ? М а й м ы л. Қажет болса айтайын: алдымен, Қоян аға, өзіңізге мәлім Орынбасар Амировте жоқ! Т ү л к і (ішін тартып). Орекеңде?! Оһ ұятсыз маймыл! Өзің де ұят жоқ, көргенсіз! Онда ұят бар. Қ о я н. Бар болса, бар шығар-ау, бірақ азырақ... егер ұят болса Маймылжан екеумізді үш жыл салпақтатып қояр ма? М а й м ы л. Иә, осы масхананы баспана ғып жүрермін бе? Оның есігін үш жыл күзетермін бе? Бәрі соның кесірі... М ы с ы қ (қағазын дайындап). Иә, неге күзетіп жүрсіз? Е с е к (ол да жақындап). Иә, неге күзетіп жүрсің? М ы с ы қ. Айтыңызшы, Маймыл аға! Қызық екен, ішпей келіп масханада жатасыз, бұл пәтеріңіз сияқты, үш жыл әлгі... (жа зып) Амировтың қабылдауын күтіп жүрсіз?.. Қызық әрі жұмбақ. Қ а с қ ы р. Айтшы әй, Маймыл! Е с е к. Қайда асығып барамыз, айтсаңшы. Б о р с ы қ. Иә, қызық екен. А р ы с т а н. Әй, айтсаң айт, мыналарды үздіктірмей, сосын жатыңдар даурықпай! М ы с ы қ. Әй, Арыстан, олай әкіреңдеме! Б о р с ы қ. Кімнің шікіресісің. Әулиесің бе! Қ а с қ ы р. Тыңдамасаң шығып кет! Хаһ-хаһ-хо! Егер шығарса! Хо-хо. М ы с ы қ. Аға, ағатай, құлағым сізде. М а й м ы л. Мысықжан, аяулы аңдар! (Скрипканы алады.) Бұл бір таусылмайтын ұзақ жыр, мұңды хикая. Орындықтың үстіне шығып пистолет жарығында скрипкада ойнайды. Минорлы музыка. Музыка фонында

Маймыл дың қайғылы үні репродуктордан естіліп тұрады. Бұл концерт залында өтіп жатқандай әсер береді. М а й м ы л (минорлы музыка фонында жыламсырап). Үш жыл болды бітіргелі, тым іргелі музыкалы жоғары оқу орнын. Содан бері күй болса да, үйім болмай жүрген түрім мынау, осы порымым. Аюға да, Қасқырға да, Арыстан мен Бүркітке, тіпті Қойға, Ешкіге де, бір Итке шағынсам да, жалынсам да, тегі бірақ жағыну келмеді-ау деймін қолымнан, қыбын әлде таппадым, ылғи суық жел үрлеп оңымнан да солымнан, құйын ойнап, шаң борап, жүріп кеткен жолымнан, еш хайуанға жақпадым. Сөйтсем, сорлы басым-ай, босқа өткен, зая кеткен алтын өмір – бес жыл ғұмыр жасым-ай, қыл аспапты қылғындырып, зарлатып, сыбызғы мен трубаны, гитараны зар илетіп, тыңдаушының көз жасын бұлаудай ғып парлатып, қол соқтырып тәмәм жұртқа жүргенім, балаларға білім беріп, музыкадан, ән-күйден, әр сәт сайын ләззат тауып, рақаттанып күлгенім – бәрі-бәрі бекер екен, құр әшейін желіккен әнге салып, күйге бөлеп еріккен есер екем, әлпештейтін жақсы да емес, тым жерлейтін жаман да емес, бір сөзбенен аса қажет маман да емес, қайтейін, Маймыл екем пайда да жоқ, залал да жоқ әншейін! Ду соғылған шапалақ. Пистолет жарығы сөніп, негізгі жарық, жанғанда Маймыл скрипкасын иегінен алып, қос шекесін қысып, төмен қарап отырып қалады. Қ о я н. Маймылжан-ай... (Жыламсырап.) Жүйкетамырымды босаттың-ау! Талай кездесіп жүріп жағдайыңды да сұрамаппын-ау. Т ү л к і. Не жағдай! Осы күні жастар әбден құтырған. Сендей кезімізде үй түгілі, үйшігіміз де болмайтын. Сенің қайта анда-санда жататын жерің бар екен. Мына мыйтрезвительдің іші неден кем?

Б о р с ы қ. Шынында, тамақ берсе, мен осында жылдап жата берер едім. Е с е к. Әй, Маймыл, сен неге маман емессің? Ол қате, оны саған кім айтты? Қ а с қ ы р. Білімің бар ма, күшің бар ма, ешкімге шағынба. Өзіңе тиесілі затты тартып ал. Т ү л к і. Не әдіске сал! Қ а с қ ы р. Әйтпесе, аштан өлесің! Ашта-ан! Т ү л к і. Есең кетеді, есең! Қ о я н. Маймылжан-ай, мұғалімді маман емес дегенге жұрт тың құлағын үйрете бермеші. Мұғалімнен асқан мамандық жоқ. Е с е к. Оның үстіне музыкадан. М а й м ы л (басын көтеріп). Олай деп жүрген мен емес. Егер мамандық болмаса, бес жыл жанымды беріп, терімді төгіп оқырмын ба? Қ о я н. Сонда маман емес деп жүрген кім өзі? М а й м ы л (Қоянға). Әлгі екеуміз есігінде телміретін... Қ о я н. Орынбасар Амирович? Т ү л к і (шошынып, сасқалақтап). Орекең бе, бекер шығар, қойыңыз. Қ а с қ ы р. Какой-сякой бекер! Орынбасар дегенің әшейін әзірше сыйлы болып жүрген адам. Әйтпесе музыка түгілі, басқадан да хабары шамалы. Б о р с ы қ. Преферансыңның өзін шала білетін көрінеді... Т ү л к і. Біреуді сыртынан лағнаттауға жандарың әуес-ау. Орекең нағыз бесаспап адам, преферанс түгілі, триньканың жанын шығарады. Қ а с қ ы р (жаратпай, зығырлана). Ох, зымиян Түлкі, құйрығың бұлаңдайды, ә-ә? Т ү л к і (шыдамай). Ой, Қасқыр, мықты екенсің, осы пікіріңді сау кезіңде өзіне айтсаңшы... Әһ, қалай екен?!

Қ а с қ ы р. Өзімнен азулыға, өзімнен әлдіге тиісіп, өле алмай жүргем жоқ... Т ү л к і (Маймылға). Бәрін бүлдіріп отырған осы сен! Суайтсың. Орекең саған қай жерде маман емессің деді. Сенімен дастарқандас болған шығар?.. Мүмкін екеуің парда бірге бусанып, барда бірге ішетін шығарсыңдар, хи-хи-хи! (Ешкім күлмеген соң ыңғайсызданып қалады.) М а й м ы л. Осыдан екі жыл бұрын мен музыка мектебінде қабылдау емтиханын алдым. Емтихан қорытындысында су мұрын шошқаның торайы мен қорбаңбай аюдың қонжығы өт пей қалды... Т ү л к і. Оның дұрыс енді. Солар үйінде пианиноны сәнге сатып алғаны болмаса, әй, балалары да өздері сияқты мақау, түк сезбейді-ау, түк сезбейді. Е с е к. Және де жұрттың қолы жетпей жүрген пианиноның ең тәуірін солардың алатынын қайтерсің! М а й м ы л. Содан арада екі-үш күн өткен соң, телефонға біреу шақырып, директор бөлмесіне келсем, шақырған жаңағы Орынбасар Амирович екен. Бұрын сөйлесіп көрмеген адамым, даусы да әмірлі екен. (Орынбасардың даусына салып.) «Балақай, аюдың қонжығына қандай қарсылығың бар?» – деп, амандық-саулық жоқ зірк етті. Кішкентай қонжыққа қандай қарсылық болсын? «Ол не деген сөзіңіз?» – дедім. «Оқуға неге қабылдамадың?» – «Музыкалық қабілеті жоқ», – «Кім шешесінен туғанда скрипкасын ала түсіпті, үйрет!» – «Үйреткенмен ештеңе шықпайды», – дедім. «Жоқ, шығады!» – деді. «Жоқ, шықпайды!» – «Жоқ, шығады!» – «Жоқ, шықпайды», – «Ба лақай, сен кімсің өзің, байқа, мен айтып тұрмын, оқуға түседі, мен айтқан соң оқиды! – деді де, тұтқаны тастай салды. Т ү л к і. Ақымақсың! М а й м ы л. Мен бе?

Т ү л к і. Енді мен деп тұрмысың! Өзіңнен үлкенмен салғыласқан ша, оның балаға деген қамқорлығын, бір айтқанын орын дай салсаң, жағың қисайып кете ме?! М а й м ы л. Неғылған қамқорлық?! Ол сәбидің болашағын ойлап жүр дейсің бе? Өз сөзінің аяқсыз қалмауын ғана ойлайды. Ертең ұстаздың шашы ағарып, бала шәкірттің миы ашып, екеуінің де қияли болатынында шаруасы жоқ. Ақылға сыймайды... Т ү л к і. Е, онда ақылың басыңа сыймай бара жатса, селкілде де, билей бер. М а й м ы л. Өзім де сол ақылдан зардап шектім. Екі жыл болды пәтер алуға кезегім жетпей-ақ қойды. Сызылып қаламын. Т ү л к і. Ондай адам үй түгілі, қоғамдағы тізімнен сызылып қалса да таң қалуға болмайды. (Борсыққа.) Темекің бар ма? О, тартуға болмайды екен ғой. М ы с ы қ. Содан соң? (Қағазын алып жазып отыр.) М а й м ы л. Сүйтсем, Орынбасар Амирович пәтер бөлу комиссиясының мүшесі екен. Бір күні есебін тауып Орынбасармен телефонмен жалғастым. «Шырағым, сен түгілі, мамандарға үй жетпей жатыр. Солай, балақай!» – деп тістеніп, тұтқаны тастай салды. М ы с ы қ (жазып). Ал енді не істемексіз? Қ а с қ ы р (күліп). Қеңсесіне барып кеңірдектен алғаннан басқа амал жоқ. Т ү л к і. Онда кімді қиратады? Сотталады да кетеді. Одан да құрметті адамдармен сыйыспағаннан соң, бұл қаладан қарасын батырғаны жөн. Қ о я н. Оу, балаларымызды кім оқытады? Б о р с ы қ. Дүние жүзінде Маймылдан басқа музыкант құ рып қалған шығар?! Т ү л к і (қол соғып). Браво, браво! Маймыл құрыса, дүниеде ән де, сән де құриды.

М а й м ы л. Мен өмір бойы осы масханада жатсам да, ерегескенде ешқайда кетпеймін. Т ү л к і. Қиратарсың! М а й м ы л. Қиратайын, қиратпайын, әйтеуір, Орынбасарға кірсем болғаны. Мен неге маман емеспін? Кім маман, кім жаман, соның аражігін айырып алайын деп жүрмін. Т ү л к і. Браво, браво! Айыр, айыр. М а й м ы л. Орынбасар Амировичтің ең кемшілігі сол – жұрттың сөзіне еретін көрінеді. Ауызба-ауыз сөйлеспейді. Ал мен сөйлесемін, көзін жеткіземін. Т ү л к і . Браво, браво! Жеткіз, жеткіз. Қ а с қ ы р. Дәмең зор екен, Маймылым!.. А р ы с т а н (алға озып. Өзіне-өзі). Шынында да, бұл бір ойланатын жайт екен. Б о р с ы қ. Дүниеде неше бір күлкілі қызық жайлар да, қызық жандар да болады-ау! Ал сен, Қоян, Орынбасардың қабылдауында неге жүрсің? Қ а с қ ы р. Иә, мұныкі Маймылдікінен де қызық болуға тиіс! Т ү л к і. Бұл да Орекеңді қорқытайын деп жүрген шығар. М ы с ы қ (Қоянға). Сіз де үй ала алмай жүрсіз бе? (Жазып.) Балаларыңыз бар шығар? Қ о я н. Бар, конешно! Қ а с қ ы р. Конешнең не, ей? Қ о я н. Конешно – құдайға шүкір деген сөз. М ы с ы қ. Балаларыңыз нешеу? Қ о я н. Әзірше он төрт. Б ә р і. О-о-о-он тө-ө-ерт!.. Әзірше! М ы с ы қ (қағазға жазып, басын шайқап). Сонда да сізге үй бермейді, ә? Қ о я н. Жо-оқ, қайта алған үйімді өткізе алмай жүрмін.

Б ә р і. Өткізе алмай?! М ы с ы қ. Тар шығар? Қ о я н. Жо-оқ, дағарадай төрт бөлме. Б ә р і. Төрт бөлме?! А р ы с т а н. Қалада одан үлкен пәтер бола ма? М ы с ы қ. Онда қашық тұрасыздар ма? Қ о я н. Жо-о-оқ! Қаланың тап кіндігінде. М ы с ы қ. Қыста суық па? Қ о я н. Жо-о-оқ, орталыққа, арнайы салынған үй суық болушы ма еді. Қыста құлақ күйеді. Қ а с қ ы р. Ей, қарағым-ай, онда саған не жетпейді?! Т ү л к і. Төрт бөлмені алып ап кекірелеп жүр де! Қ о я н. Төрт бөлме не керек, егер кемпірімнен айрылып қалсам... Е с е к. Әй, айрылғаны қалай? Қ а с қ ы р. Е, көп пәтерлі үйде не болмайды? Б о р с ы қ. Иә, және өңкей ығай мен сығайлар тұрса. М ы с ы қ. Сонда шынымен сізді, он төрт балалы әйеліңіз тастап кетпек пе? Қ а с қ ы р. Осы күні үйді тастап төркініне кете қоятын әйел қайда-а-а, байын қуып шығады да... (Күрсінеді.) У-уһ-х! Е с е к (ол да күрсініп). Иә, қазір көп баланың әкесі герой емес, шешесі герой болып тұр ғой... Қ а с қ ы р. Әй, Қоян, әйтеуір басын бықсытқан соң, соңына дейін жасырмай айтшы, сенің әйеліңе қызығушы бастықтар дың бірі ме, әлде жастардың бірі ме? Б о р с ы қ. Әрине, жастар болады да! Қ о я н. Өйдөйт деген! (Селтиген құлағы селтеңдеп, өзі селкілдеп күледі.) Он төрт баласы бар әйелге сіздер сияқты ішіп алған мастар болмаса, дені дұрыс қай бастық, қай жас қарайды деп едің? Қ а с қ ы р. Оу, жаңа ғана кемпірімнен айрылатын түрім бар деп, зар илегенің қайда?

Қ о я н. Айрылам дегенде, адам алып кетеді деп қорықпаймын, құдай алып кетеді деп қорқам да. Осы үйге кіргелі бір басына бірнеше ауру жабысты. Е с е к. Жынды ма? Б о р с ы қ. Шалық шығар? Қ о я н. Сұрама, бәрі бар. Біріншіден, нервнай. Сол нервнай де ген пәледен үш түрлі ауру өрбиді екен: ұрысқақ, күншіл, жалқау. Т ү л к і. Жаңа пәтер алған адам ауруға шалдығады дегенді бірінші естуім. А р ы с т а н ( ызалы, басқа жаққа қарап). Бұларға енді мен шікті курорт салып беру керек шығар... Қ о я н (естіп қалып). Арыстан шырағым, маған курорт емес керегі, мәселе басқада ғой. М ы с ы қ. Шынында да, түсініксіздеу. Қоян аға, басынан бастап айтыңызшы. (Жазуға дайындалады.) Қ о я н. Басынан бастаса былай: мына өзіміз отырған осы үй, яғни осы мыйтрезвитель – менің үйім. Бұрынғы үйім. Е с е к. Оу, мына қорадай азынаған үйді қимай жүрмісің? Б о р с ы қ. Әй, тұра тұршы. Қ о я н. Қимасам кетем бе? Көп балалы әйелге жеңілдік болсын деп, от жақпайтын, су тасымайтын төрт бөлмелі кең сарайдай пәтер бергендеріне көп рақмет! Әттең, жаңа үйдің ең жоғарғы бесінші қабатынан беріп, бар пәле содан басталды емес пе! А р ы с т а н. Енді бесінші қабатты пәтерге бермегенде, оған қой қамай ма, кептер ұстай ма? Т ү л к і (күліп). Браво, браво! Жұрт пәтер ала алмай жүреді, бұл – қабат таңдайды. Б о р с ы қ (күліп). Әйеліңе ұрысқақ ауру сол этаждан жабысты ма? Қ о я н. Қалай десем екем? Енді былай, сол үйдің екінші қабатында Орынбасар тұрады, Амирович!

Т ү л к і (Орынбасар-Арыстанға көз қиығын тастап). Тіпті өзіңе кемеңгер адамдармен бірге беріпті ғой. Қ о я н. Сол кемеңгермен бірге бергені қырсық болды емес пе. Өзің сияқты жай адамдармен көрші болғаның тыныш екен. М ы с ы қ. Иә? Қ о я н. Туғалы жеке үйге үйреніп қалған он төрт бала жаңа пәтерге барысымен күніне он төрт рет то далаға, то үйге кіріп-шығып, топырлады да кетті. Сол сол-ақ екен, күніне он төрт рет бір смен, он төрт рет екінші смен ұрыс, айғай-шу басталды да кетті. Б ә р і. Қалай басталды? – Кім бастайды? Қ о я н. Жаңа айтпадым ба, әлгі екінші қабаттағы Орынбасардың айпара әйелі бар, он төрт рет бір келеді, он төрт рет екі келеді: «Балаларың көргенсіз, үйде ұстай алмайды екенсің дер, несіне табасыңдар жүгенсіздерді», – деп 28 рет шаңымыз ды қағады. Т ү л к і. Әрине, күніне 28 рет қасыңнан дүрлігіп өтіп жатса, мен жынданып кетер едім. Қайта Александра Басовна өте көнтерілі, мәдениетті адам ғой. Қ о я н. Иә-иә, оқымаған біздің әйел мәдениетсіз. (Әйелінің даусына салып.) «Сен айтты деп аяғы шыққан балаларды тірідей қамап қояйын ба, көре алмасаң көзің ағарсын!» «Қой, деймін, қой», – десем, оқымаған адам болмайды. (Әйелінің даусына салып.) «Балаларымның жүргені ұнамаса, бесінші қабат қа олар неге көшпейді, неге ауыстырмайды. Төрт бөлме де, төрт бөлме – бәрібір. Сонда шуды да естімейді, площадкалары да шаң болмайды. 14 балама 14 парашют алып балконнан қарғы тайын ба, 14 баланы көпсінсең, тағы бір тожынасын табамын, о несі екен!» – деп шаңқ-шаңқ етеді. Жазда бесінші қабатқа судың көтерілмейтіні бар. Сонда 14 бала қолдарына іліккен аяқ,

шара, күріжке, шіләпшінмен даладағы колонкаға жүгіреді, тағы да ұрыс. Оқымаған адам, субординация дегенді білмейді. Е с е к. Ал күншіл болғаны қалай? М ы с ы қ (жазып). Иә! Қ а с қ ы р. Әбден құтырған ғой. Қ о я н. Оның рас, бұрын жерүйде тұрғанда күндеу дегеннің не екенін білмейтін. Білсе де қолы тимейтін. Осы көп қабатты үйге келгелі, кейде терезе алдында отырып алып, сөйлей береді, сөйлей береді: «Ау, осы жеңіл машина қызметкер күйеулеріне беріле ме, әлде қызметсіз отырған әйелдеріне ме?» – дейді. А р ы с т а н. Иә, иә, дұрыс байқаған! Қазір бұл мәселе қолға алынып жатыр. Бірде-бір қызмет бабындағы машина жеке меншіктің шаруасына жүрмейтін болады. Өт-те дұрыс! Қ о я н. Былтыр қыста әйелімнің күншіл сөзіне ерем деп, ұятқа қалғаным бар. Тағы да терезеден қарап отырып: «Ана қарашы, біздің көршілердің басында, тіпті ана шашлык жасайтынның басында да құндыз малақай, сен неге алмайсың, қатарыңнан кем қал ма», – деген соң, салып ұрып магазинге келмеймін бе?! Б ә р і. Магазинге келгені несі? – Магазинде бола ма екен? Қ о я н. Иә, солай екен. Дүкеншілер өзімді мазақ қылды. «Құндыз деген не? Тірі нәрсе ме, өлі нәрсе ме? Ол аспанда ұшатын мақұлық па, суда жүзетін мақұлық па?» – деп шексілелері қатады. Сүйтсе-е-ем, ол магазинде емес, қоймада, Симулянскийдің қолында тіршілік ететін мақұлық екен. Т ү л к і. Ей, қылиым-ай, саған ол не керек еді. Жылына келетін бес малақайдың бес иесі бар. Келесі жылғы, одан арғы жылғы иелері тағы бар. Он, жиырма жыл құндызды күтіп жүргенше, өзіңнің бір жылдық қоян терің жетпей ме?

Дефицитте не жұмысың бар, ақылсыз сол, миың ашып кеткен бе?! Қ о я н. Міне, қойма меңгерушісі де дәп осылай деп жаман сөкті. Б о р с ы қ. Өзің Қоян басыңмен ұялмастан Аюдың, Арыстанның тымағын кигің келеді, ә-ә-ә! Қ о я н (мойындап). Иә, иә!.. Әйелімнің күншілдігінен тағы бір ұялғаным бар. «Осы мына Орынбасардың үйіне жылда ремонт жасайды, жылда жөндеп береді. Сонда екі басты шағын отбасына жасағанда, он алты жан тұратын үйге үш жылда бір жасамайтыны қалай?» – деп құлағымның етін жеген соң, салып ұрып комхоздың бастығы Бөрібайға бармаймын ба? Қ а с қ ы р. Ей, қитар Қоян, сенің әйеліңде де, өзіңде де бір шайнам ақыл жоқ. Егер ақыл болса, ес болса, қолы қысқа екі басты адаммен таласармысың. Он төрт баламен білек сыбанып кірісіп кетсең ғой, бір-ақ күнде бітетін шаруа. Не деген көржалқаусыңдар? Қ о я н . Оның рас, шынында, жайлы үйге келген соң, біз де бір жерімізге қарамай, жалқау боп кеттік. М ы с ы қ. Қоян аға, әйеліңіздің үшінші ауруы – жалқаулық деп едіңіз. Осы ремонт жасамайтын жалқаулығын айттыңыз ба? Қ о я н. Ол әшейін, бер жағы ғой, жаңа үйге келген бетте есік алдына бұрынғы жерүйдегі әдетімен гүл егуші еді. Басқаларға ерегесіп, оны да қойып алды. Колонканың суы дәмсіз болады деп, қала сыртындағы бұлақтан ерінбей иінағашпен су әкелуші еді. Шіркін, бұлақ суының шайы қандай дәмді... Бәрін айт та, бірін айт, ең сорақы жалқаулығы сол – биік үйге келгелі бала табуды қойып алды. Т ү л к і. Хи-хи-хи! Он төрт бала аз боп тұр ма? Хи-хихи! Е с е к. Енді өзі герой болуы керек емес пе? Хо-хо!

Қ о я н (Есекке). Өзің айтқандай, бәрібір геройлықты еркекке бермейді. Ойым – әйелім дважды герой болса деймін ғой. Қ а с қ ы р. Ха-ха-ха! Сонда сен өзі, Амировке кіргенде, баланы қалай көбейтуді ақылдасайын деп жүрмісің, әлде... ха-ха-ха! Қ о я н. Қасқыр қарағым, күлме, баланы көбейтуге өз ақылым да жетеді. Е с е к. Жарайды, күлкі өз алдына, сол кісінің қабылдауын да болдың делік, одан не пайда саған? Қ о я н. Не пайдасы қалай? Әттең, осындай әділетсіздіктер мен жолсыздықты естісе, Орынбасар Амирович тасталқан болар еді... Б о р с ы қ. Тас-талқан болып не істей қояр еді?! Қ о я н. Біріншіден, шынында үй дұрыс бөлінбеген екен деп, қабаттарымызды ауыстырар еді. Б о р с ы қ. Ауыстырар еді? Сен екінші қабатқа, ол бесінші қабатқа. (Кекесін күлкі.) Қ о я н. Екіншіден, комхозды шақырып алып: «Жағымпазсың, ұятсызсың, көп балалы үйге ремонт жасамай, ылғи екі басты бізге ғана жасатып жүр екенсің ғой», – деп, жерден алып, жерге салар еді... Б о р с ы қ (кекетіп). Иә, салар еді. Қ а с қ ы р (кекетіп). Ақылыңнан айналайын, көжегім! Б о р с ы қ. Осыншама ақыл, сенің басыңа үнемі түсе ме, әлде мас кезіңде ғана түсе ме? (Бәрі күледі.) Қ о я н. Ең болмағанда, мына көп пәтерлі үй сендердің табиғатыңа үйлеспейді екен деп, өзіміздің үйреншікті құтты қонысымызды қайтарып берер еді... Е с е к. Мынауың өмірі аяқталмайтын көп-көп сериялы тамаша ертегі фильм екен. Б о р с ы қ. Хи-хи-хи! Аңқау сәбилер көретін фильм. А р ы с т а н (ақырып). Жо-оқ!.. Сендер мұндай мәселені

қашанда қалжыңға айналдырасыңдар. Бұл қалжың емес, тіршілік мәселесі, қоғамдық мәселе! Т ү л к і. Браво! Арекең дұрыс айтады, өте ірі мәселе, бұған қоғамдық тұрғыдан қарау керек. А р ы с т а н. Қателіктер болмай тұрмайды. Бірақ соны тым тереңдетпей, тым қисайтпай, дер кезінде жөндей білу керек. Е с е к. Әй, хайуандар, ендеше, күлкі өз алдына, мынау екеуін Орынбасарға кіргізетін екен. Армандарынан шықсын. Қ а с қ ы р. Мен кіргізейін, не бересіңдер? Е с е к. Оу, соған да ақы сұрайсың ба? Т ү л к і. Е, алып үйреніп қалған, бола ма? Қ а с қ ы р. Ендеше, өздерің кіріңдер. Осы күні тегіннентегін кім кімге қол ұшын береді екен? Көрейік... Қ о я н. Сендер бізді кірсін десеңдер, әйтеуір қарап отырсыңдар ғой. (Маймылға.) Әлгі немене еді, жұмбақ, сөзжұмбақ?.. М а й м ы л. Айтқандай, иә! Кроссворд. А р ы с т а н (елең етіп). Кросс-во-орд? Қ о я н. Иә, кроссвордты шешіп беріңдерші. А р ы с т а н. Оһо, міне жөн сөз. Қ а с қ ы р. Ол не қылған кроссворд? М а й м ы л. «Адам және заң» деген журналға шыққан сөзжұмбақ. Қо я н. Оны шешсек, біздің тілегіміз орындалады. М а й м ы л. Орекең бізді қабылдайды... А р ы с т а н. Иә, қабылдайды. (Өз аузын өзі жаба қояды.) Қ а с қ ы р. Кәне, айта ғой, көзді ашып-жұмғанша... Б о р с ы қ. Қазір-ақ қағып тастайық. Е с е к. Ей, қайдағы бала-шағаның ермегін... Одан ұйқым артық. (Төсекке қисаяды.)

А р ы с т а н (Есекке). Әй, маубас, сен кроссвордқа олай тиіспе, ұйқтасаң өзің ұйқта, жұрттағы жұмысың қанша! Т ү л к і. Рас-ау, жұмысың қанша?! Кроссвордты ақылды милылар ғана шешеді, бұл Есектің қолынан келетін шаруа емес! Е с е к (қолын сермеп). Әй-й, сендер-ақ милы болыңдар, (Бүр кеніп жатады.) М а й м ы л. Кроссвордтың сөзі былай: «Айлығынан шайлығы көп, шайлығынан байлығы мол ұсталмаған ұры». Қ а с қ ы р. Мынауың кроссворд емес, жаңылтпаш қой! А р ы с т а н. Түк те жаңылтпаш емес. (Жиналыстағы әде ті бойынша орындықты бір қозғап қойып, жайғасып оты рады да, қызметтегі мақамымен сөйлей бастайды. Мұны жиналыс деп түсінген Мысық есік жақтағы үстелді кө теріп әкеп қояды да, Арыстанның алдына бір стақан су құя ды. Койканың шетіне отырады да қағазын жайып қойып жаза бастайды. Ендігі қимыләрекеттердің бәрі жиналыс өтіп жатқандай әсер береді.) Айлық ақшасынан гөрі шайлы ғы – яғни көлденең табысы көп адам, әрине, байлық қуған адам. Бірақ ешкім байлық көзін айтып, ұстап бермеген соң, ұсталмай жүрген ұры. М ы с ы қ. Яғни, ұрлықпен байып жүрген адам. (Жаза бастайды.) Т ү л к і. Жарайсың, Ареке. Арекең қандай тамаша талдап берді. Яғни бұл адам – біздің қоғамдағы ұры, паразит. А р ы с т а н. Иә, ұсталмайтын ұрлықтар бар. Ол – пара, жең ұшынан жалғасу, қоғам мүлкіне жасырын тырнақ батыратындар. Өз еңбегімен күнелтпей, кісі еңбегімен байып жүрген арамтамақтар! М а й м ы л. Яғни, тұрмысы ерекше, көлденең ұры табысы мол, бай адам. (Мастығын тарқатайын деп басын шайқапшайқап қояды.)

А р ы с т а н. Дәл өзі, ал табыңдар! (Бәрі ойланып қалады.) М ы с ы қ (жазып). Тағы бір тақырып табылды: «Бізде кім жақсы тұрады?» Е с е к (ұшып тұрып). Мен таптым... (Бәрі оған таңырқай қарайды.) Ол – жаңағы Орынбасар Амирович! Т ү л к і (шек-сілесі қата күліп). Тапқан екенсің, ойбай, шегім-ай, шегім-ай... ай, Есек-ай, сенде бір шөкім ми болсайшы. А р ы с т а н. Ай, Есек, саған деген сөз жоқ. Жатпаймысың тыныш қана жайыңа! Е с е к. Айғайлама, Арыстан. Сенен менің миым кем емес, сөйлеуге қақым бар. Т ү л к і. Қақың болса бетіңмен лақпай, дұрыс сөйлемейсің бе? Орекеңнің қандай қатысы бар бұл арада?! Е с е к. Әй, өздерің емес пе, жаңа пара алатын адам деген. Пара да ұрлық емес пе? М ы с ы қ (жазып). Пара алғанын көрдіңіз бе?.. Е с е к. Жаңа ғана Қоян айтпады ма? Басқа үйлерге ремонт жасамай, оның үйіне жылда жасайды. Тегін бояу, тегін сыр, тегін ремонт. Сен сол үйге барып көр. Басқасын былай қойғанда, оның есігі де емен. Бөлмелерінде тағы да сегіз есік бар. Бәрі жаңадан, еменнен салған. Әрбір емен есіктің құны 80 сом 52 тиын. Сонда есептей бер. Ас үй, шомылатын бөлме, тағы басқа қажетті жер түгел асты-үсті кафельмен көмкерілген. Әрқайсысы 37 тиыннан 2 мың 224 кафельге, оның жұмысына қанша ақша кетеді. Есептей бер. Әрине, ол басқа үйлерге жасалмаған. Олар, әйтеуір, кіргеніне мәз. Осындай жасырын ремонт пара емес пе? Мемлекет қалтасынан артық, заңсыз алынған дүние бәрі пара, бәрі ұрлық. Т ү л к і. Оу, оны жасап жүрген әлгі комхоздың бастығы Бөрібай Балтабаевич емес пе? Әне ұры, әне пара беруші. Қ а с қ ы р. Тапқан екенсіңдер. Біреу үйіне мемлекет қар-

жысымен жылда тегін ремонт жасатады, аннан-мыннан қағыс тырып дача соқ тырады. Біреу оған жауап беру керек. Б о р с ы қ. Әй, Қасқыр, сен босқа қорғаштама комхозды, егер комхоз бастығы тегін материалды босқа бермесе, яғни пара бермесе, одан Орынбасар Амирович тартып ала ма? А р ы с т а н. Борсық сөзінің де жаны бар. Т ү л к і. Он теңгелік пара берген адам, мың теңгелік ұрлық жасайды деген сөз. Б о р с ы қ. Ендеше, нағыз ұсталмаған ұры Бөрібай Балтабаевич! Қ а с қ ы р. Тапқан екенсіңдер ұрыны. Ескі құрағанның есі кетеді дейді. Б о р с ы қ. Ей, Қасқыр, сен мынаны айтшы: осы үй, мына Қоянның үйі, неге үш жылда үш рет өзгереді? Қ а с қ ы р. Е-е, исполкомның қаулысы солай болса. А р ы с т а н. Одан комхоз пайда тапты ма? Қ а с қ ы р. Неғылған пайда? Алғашқыда бұл үйді балалар бақшасына беріп еді, кейін суық деп музей жасады. Одан соң, едені салқын, сауықтыру орнына қолайлы екен деп, вытрезвительге берді. (Айнала қарап.) Міне, тұр ғой, детсад пен му зейдің экспонаттары. Комхоз жеп қойды деймісің?! Т ү л к і. Бұларды, әрине, ешкім алмайды, көзге түсетін азбыншы дүниені қайтеді... Мәселе көзге түспейтіндерде... М ы с ы қ. Түлкі аға, сіз табиғатыңызда қулық-сұмдықты көп білуіңіз керек, ол қандай көзге түспейтін дүниелер, айтыңызшы? Т ү л к і. Көп қой, Мысық бала! Қ а с қ ы р. Е-е, Түлкі өз жегенін қашанда Қасқырға жауып құтылып кететін әдеті емес пе?! «Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан!» Т ү л к і. Сен ауыз-мауыз деп олай менің аузымды қышытпа, ал айтсам былай, Мысық бала, жаз, бәрін жаз:

осы үйді балалар бақшасына деп бөліп, он бөлме жасады ма? Б а с қ а л а р ы . Жасады ма?! Т ү л к і. Музейге деп әлгі бөлмелерді ашып жіберіп, даладай зал жасады ма? Б ә р і. Жасады ма?! Т ү л к і. Медвытрезвительге деп, астындағы тақтайлар ды жұлып тастап, цементтеп, әрине, қалың емес, жұқа ғана, үш жылда қырық құбылтты ма? Б ә р і. Құбылтты ма? Т ү л к і. Соның бәрі ақша ма, жоқ па? Б ә р і. Ақша ма, жоқ па?! А р ы с т а н (үстелді тоқылдатып, графинді шертіп). Тынышталыңдар! Иә, Түлкі, дұрыс, әрі қарай. Т ү л к і. Үш жылда үш жағынан үш ұра қазылып, үш рет жабылды, қаншама ақша топырақ астында қалды. Оны ешкім қайта қопарып тексере алмайды. Б о р с ы қ. Яғни жүз теңгенің жұмысы мың теңге, мың теңгенің жұмысы он мың теңге боп топырақпен көмілді. М ы с ы қ (жазып). Түсініктірек, кішкене анығырақ. Ол неге үш ұра, ол неге үш рет жабылады? (Мастығын тарқатқысы келіп, басын сілкіп-сілкіп қалады.) А р ы с т а н. Иә, неге жабылады? Қ а с қ ы р. Оны мен айтайын! А р ы с т а н. Сөйле, Қасқыр. Қ а с қ ы р. Балалар бақшасы болғанда, жылу оңтүстік жақтан, Горононың котельныйынан тартылды ма? Музей болғанда ол жабылып, жылу терістіктен, Мәдениет үйі нен тартылды ма?! Ал медвытрезвительге келгенде ол жабылып, жылу көшенің арғы бетіндегі қалалық милиция басқармасынан тартылды. Оның несі айып? Барлық жерде тәртіп солай. Е с е к. Жоқ, бұл тәртіп емес, тәртіпсіздік! Үш рет ас-

фальт та қазылып, үш рет жөнделді. Жүз-жүз метр асфальт қазылып, қайта салынса, орға көмілген құбырлар бүкіл орауымен жер астында қалып жатса, мұның бәрі орта есеппен жүз мыңдаған мемлекет қаражатын желге ұшыру, шашу деген сөз. Б о р с ы қ. Оның бәрі ұшып кетпейді, жартысы қалтаға кетеді. Қалтаға ұшып кіреді. Қ о я н. Иә, иә, дұрыс айтасың, шіркін, еліміз бай ғой, әттең, не керек, осындайлар ғой үкіметтің ақшасын ысырап қылатын. Әй-әй, аямаймыз-ау, аямаймыз! А р ы с т а н (ызалы). Міне, қайда ұрылар! Т ү л к і. Міне, қайда, айлығынан шайлығы көп, шайлығынан байлығы мол ұсталмаған ұрылар! (Даурығып.) Табылды, ұрыл-а-ар! Ш о м б а л қ а р а (есіктегі кішкентай қақпақты ашып). Не боп кетті сендерге. Шұламаңдар, ұйқтаңдар! А р ы с т а н. Жа-ап! Мешайт етпе! (Графинді тықылдатып.) Кәне, кім сөйлейді? Қ а с қ ы р. Әй, Қоян, осының бәрі әлгі сенің кроссвордыңнан шыққан сөздер. Өзі неше әріптен тұрушы еді. Қ о я н (Маймылға қарап). Неше әріп еді? А р ы с т а н (байқамай). Тоғыз әріп... М а й м ы л. Иә, тоғыз әріп. (Арыстанға.) Оны қайдан білесіз? Қ а с қ ы р. То-о-ғыз!? Ха-ха-ха! Бағанадан басты қатырмай, соны айтпайсыңдар ма? Ендеше, комхоздың бұ ған қандай қатысы бар? Бәсе, қисынсыз. (Саусағын санап, қарқылдап, ырылдап күледі.) Тоғыз болса, мен таптым, таптым. Б ә р і (саусақтарын санап). – Кім? – Кім екен? – Ал айтшы. Қ а с қ ы р. Айтсам... шаш-лыч-ник! Ха-ха-ха!

Б ә р і (шулап): – Дәл өзі. – Тура! – Шашлычник! – Табылды! Б о р с ы қ. (орнынан атып тұрып). Тапқан екенсіңдер, тұрмысы жақсы адамды! Е с е к. Дұрыс айтады. Шашлычниктен бай адам жоқ. Б о р с ы қ. Несі бай? Соншама ол жұрттан алабөтен айлық ала ма? Е с е к. Мәселе айлықта емес дейді ғой, шайлықта-а! Қ а с қ ы р. Әй, Борсық, сен тұра тұр, білмесең мен айтайын. Осы қалада Ашот деген жоғары білімді борсық шашлыкшы бар, өзі қандай семіз болса, тұрмысы да сондай. Б о р с ы қ. Несі семіз, жұрттың көңілін табам деп, мұғалімдік дипломын шабаданға салып қойып, күні-түні демалыссыз, ұй қысыз түтінге шашалып-қақалып жүрген бір бейбақ. Т ү л к і. Тапқан екенсің көңілшек бейбақты. Е с е к. Егер нарядпен істейтін құрылысшы болса, көрер едім неше сағат артық істегенін. Б о р с ы қ. Енді артық жұмыс істегенге де кінәлі ме? А р ы с т а н. Халық үшін артық істеу мен қалта үшін артық істеудің арасы жер мен көктей, шыр-рағым! Т ү л к і. Ген-ни-ал-но! Бір тиын пайда болмаса, бір минут қолы қимылдар ма? Е с е к. Ондайлар ең арты, жылына бір рет тегін жұмыс істейтін субботникке де шығар ма екен? Б о р с ы қ. Немене, тегін субботникке шығып, жұртқа тегін шашлык жегізу керек пе екен?.. А р ы с т а н. Стоп... стоп. (Графинді қағады.) Сендер енді бетімен даурықпаңдар... Ал бармен бай дедік. Сонда немен дәлелдейсіңдер?

Қ а с қ ы р. Біріншіден, ол аузының ішін түгел алтындатып алған. Т ү л к і. Және таза саф алтыннан. Б о р с ы қ. Ауыз өзінікі, тістерін алтыннан салдырмағанда, плас тилиннен салдыра ма? Қызық екен, сөз деп соны да! Әйтпесе, оны біреуден тартып алды дейсің бе? Қ а с қ ы р. Осы қалада ең алғаш «Волга» алған кім? Б о р с ы қ. Еһ, «Волга» мінбегенде, ол байғұс самосвал міне ме, әлде самокатпен жүре ме? Қ а с қ ы р. Мәселе оның қай марканы алуында емес, мәселе қалай алуында. Соңғы бес жылдың ішінде ол бес машина ауыстырды. Т ү л к і. Бесжылдық нормасын асыра орындаған ғой, хаха! Қ о я н. Қо-қой. Бес жыл толмай машинаны ауыстыруға болмайды деген заң бар емес пе? Қ а с қ ы р. Ол заң – машинасы жоқтарға... Хо-хо! Е с е к. Саусағында көзі мың кұбылған меруерт алтын сақина. Неше сом тұрады, білесіңдер ме? Кемі – он бес мың! Қ о я н (ішін тартып). Он бес мың! Әкем-ау, ол ана саусағынан қымбат қой! Қ а с қ ы р. Түк те қымбат емес. Сол жарқылдаған сақиналарды табатын жылтыңдаған саусақтар. Б о р с ы қ. Ай, сен, ауыз өзімдікі деп қисынды-қисынсыз сөйлей береді екенсің. Қ а с қ ы р. Ә-ә, саған қисын керек пе? Онда айтайын, бір-ақ мысал: осы қалада жылына үш, не төрт рет айлап арақ болмайды. Бір «қызығы» тап сол кезде осы бардан күні-түні арақ үзілмейді. Әрине, екі есе бағасымен... Б о р с ы қ. Тәйірі-ай, одан Ашот байғұсқа қанша пайда түсер дейсің. Ол курорттағы бастығы Симулянскийдің сақтықтағы дефициті емес пе?

Т ү л к і. Біреуді қыстырмасаңдар іштерің кебеді, ә. Одан Симулянскийге не пайда? Е с е к. Пайда? Сен есебін шығара алмасаң, мен шығарайын. Күніне жүз шөлмек арақ сатылады дейік... Қ а с қ ы р. Оу, бүкіл қала арақтан қаңсып тұрғанда, ол аз ғой. Е с е к. Орта есеппен, орта есеппен... Сонда бір күнде жүз шөлмекке 500 сом таза пайда (Нығарлап.) Бір күнде. Оны 30 күнге көбейтсек – 15 мың пайда. Оны үш айға көбейт сек – 45 мың пайда. Қ о я н. Қырық бес мың-ң?! М а й м ы л. Үш айда 45 мың?! Біздің 15–20 жылғы еңбекақымыз ғой мынау! А р ы с т а н. Мынау рас болса, шынында да сұмдық қой?! Қ о я н. Ей, оларды тексеретін біреу болмаушы ма еді? Қ а с қ ы р. Аһа! Оның көмекейі жоқ шығар?! Бәріне де жетеді. Бәріне. Е с е к. Енді түсіндіңдер ме?! Мені енді мазаламаңдар, ұйқтаймын! (Жатады.) А р ы с т а н (үстелді жұдырығымен ұрып, атып тұрады). Міне, қайда дефицит сыбайластар. Міне қайда, «ұсталмаған ұрылар!» Б ә р і (жарыса): – Міне, дұрыс, кроссвордтың шешуі табылды. – Кімде дефицит тауар – сол айлығынан шайлығы көп. – Шайлығынан байлығы мол... – Ұсталмаған ұры! Т ү л к і. Сабыр, сабыр, аңдар, хайуандар, дабырламаңдар! Сөзге құлақ беріңдерші. Қ о я н. Иә, Түлкіжан айтсын! А р ы с т а н. Сөйле, Түлкі! Бірақ қысқа сөйле... Т ү л к і. Хайуандар, әуелі бір нәрсені түсініңдер: дефи-

цит заттар зәруліктен туады, оны ширпотребпен алмастыра алмайсың. Ол сатушының ниетіне байланысты емес... Б ә р і (жамыраса): – Неге байланысты емес?! – Тапқан екенсің! – Дәлелінің түрін!.. Т ү л к і. Оу, енді, босқа күйдірмей, тыңдаңдаршы! А р ы с т а н. Жарайды, шуламаңдар, айтсын! Т ү л к і. Жаңа бес малақай төңірегінде әңгіме қозғадыңыздар. Жарайды, түсініктірек болу үшін бес малақай емес, бес моторды алайық. Машина бөлшегі. Бұл да дефицит. Егер жылына мыңдап түссе, олай болмас еді. Жылына бесеу-ақ түседі. Ал сол бесеуін түсісімен бес адамға беріп жіберуге болар ма еді? Қ а с қ ы р (кекесін). Болар еді. Бірақ онда сатушыда бедел болмай қалады ғой, ха-ха! Т ү л к і. Сондай қыңыр, қисық сөз не керек. Сол бес мотордың бәрін зәру де, зәру емес, әшейін ертеңгі күнін ойлағандар да алып қояр еді. Ал түгелдей сатып жібердік дейік, ертеңінде осында курортқа өз машинасымен келген бір шошқаны екінші бір есек соғып кетіп, моторын собалақ нанға айналдырып жіберді делік. Оған қалай қол ұшын берерсің! Әне, дефицит кімге қажет, кімге сақтау керек... М а й м ы л. Жоқ, мұның атын зәру тосу дейді. Б о р с ы қ. Иә, мұндайда авария жасаған Есек бейбақ, сөз жоқ, моторға артығырақ төлейді. Б ә р і (жарыса): – Үш есе. – Төрт есе төлейтініне дау жоқ. Қ а с қ ы р. Бәсе десейші, сатушының қамқорлығы белгілі қамқорлық. Олай жақтамай-ақ қой оларды. Т ү л к і. Ендеше, одан да түсініктірек етіп айтайын. Жолдастар, тойс, айуандар мен жануарлар. Мысалы, мен аң-

дар ана томиясының запчастарын сататын магазиннің бастығымын делік. Б о р с ы қ. Айуандар мүшелерінің бе? Шіркін-ай. Қ о я н. Қой, ондай дүкен, біріншіден – жоқ, екіншіден – ондай бөлшектер шығарса, оны дәрігерлер бермей ме? Қ а с қ ы р. Үшіншіден – ондай магазинге сені кім бастық сайлайды. М а й м ы л. Өкінішке қарай, сондай жерлерге қашанда Түлкілерді қояды. (Арыстан графин тықылдатады.) Т ү л к і. Ондай дүкен енді жүз жылдасын болады. Хайуандар, перспектива солай. Жарайды... соған, мысалы, мына мен, ешкімге залалы жоқ Түлкі бейбақ бастықпын делік. Менің прилавкамда, не қоймада алты жүрек, бес өкпе, жеті бауыр, сегіз мұрын, он үш тіл, 24 пар кеңірдек, қос-қостан отыз шақты көз, мың метрдей ішек, үш центнер азу тіс, екі бөшке ми жатыр делік. Қалай, соларды ақшасы барлардың бәріне талғаусыз үлестіре беруім керек пе? Қ о я н. Алла сақтасын, Түлкіжан-ай, абайлап сатшы, жаным, тауысып алмашы, орнына жұмсашы. А р ы с т а н. Шынында да, ойланатын нәрсе екен! Қ о я н. Ойланғанда қандай! (Шыбын-шіркей болып.) Әлгі, әсіресе ми жарықтық қанша дедің, екі-ақ бөшке дедің бе? Апыр-ай, тым аз екен. Көрінгенге қасықтап тарата берсең, несі қалады? Түлкіжан-ай, абайлашы! Т ү л к і. Міне, қыли екеш қыли да түсініп отыр. Қоян, екеумізге ми не керек, бізге қауашақ бас болса, жетпей ме?! Ал ми кімге керек? Көрінген ақшасы көп еріккенге емес, күні-түні біз үшін басын қатырып, миын ашытатын мына азулы Қасқырларға, адуын Арекеңдерге керек. Соларға сақтау керек, міне дефицит деген – осы, айуандар, жануарлар. Б о р с ы қ. Жөн сөз, жөн сөз! Т ү л к і. Ендеше, «дефицит», «айлықтан артық шайлық»,

«ұсталмаған ұрылар» деген әшейін миф. Өсек-аянға жаны құмар адамдардың шығарған ермегі. Б о р с ы қ. Ертегі. Әйтпесе, дача, машина кімде жоқ. Еңбекақы өсті. Жетеді. Бүгінгі байлық – алатын айлық! Қ а с қ ы р. Шынында да, осы күні біреуден біреу артық тұрады деген сөз – әшейін көре алмаушылық! А р ы с т а н. Аңыз дегілерің келеді ғой?! Т ү л к і. Дәл төбесінен түстіңіз. Тауып айтасыз-ау, Ареке, аңыз! Қазір бәріміздің тұрмысымыз жақсы. Бірдей. Артық дүние, артық байлық ешкімде жоқ. Ондай тойымсыздық кімге керек?! Б о р с ы қ. Дұрыс-ау, шіркін, кімге керек?! Қ а с қ ы р. Жаны бар сөз.... (Есінеп.) Жа-а-аны бар. Е с е к (атып тұрып). Түк те жаны жоқ! Қ а с қ ы р. Өй, мынау қайта тірілді. Е с е к (үстелдің қасына келіп). Рас, мен кроссвордыңды шеше алмаймын. Кімнің қисапсыз бай, кімнің ұры еке нін де дәл айта алмаймын. Менің анық білетінім сол – кассада ақшасы барлар шын еңбегімен, айлығымен жинаған адамдар да, айналымға түгелдей салмай, мемлекет ақшасын үйінде жасырып ұстайтындар – арамза байлар, яғни ұрылар. Мұндайлар қазір бар, қоғамда мұндай сұмдар бар! А р ы с т а н. Міне, мына сөздің жаны бар. Және де айналымға салмағандар қып-қызыл зиянкестер емес пе? Е с е к. Сөз жоқ. Бізде миллиондаған ақшалар қазір айналым да жоқ. Ал айналымдағы ақша – талай миллион шар шы метр тұр ғын үйлер, кооперативке түсетін ет, май, жеміс. Яғни, халықтың өз дүниесі. Оны тығып ұстаушылар – халықтың қалтасына түсуші ұрылар. А р ы с т а н. Сен, кассаға кім ақша салмайды – осындайларды шетінен тізіп, кейін бір айтып берсең. Мұндайлардың тамырына балта шабар едік. Ой, бірақ оны қайдан білесің? Е с е к. Неге білмеймін, білемін!

Т ү л к і. Әй, есек, сен түк те білмейсің, жұрттың басын қатырма олай! Б о р с ы қ . Ішіп алғанда Есекке дейін ақылды, білгіш... Қ а с қ ы р. Айтпа, әшейінде есеп білмейтін миғұла Есекке дейін жынды суды ішіп алғанда... Е с е к (маскасын жұлып тастап). Мен бе есек? Мен бе? Мен бе ештеме білмейтін миғұла? (Басқалары үрпиісе қалады.) М а й м ы л. Оу, мынау шынында Есек емес, сақтық кассасының бастығы... Қ о я н. Өзіміздің Фарид қой. Б о р с ы қ (салы суға кетіп). Иә, бұл біледі, кімнің қанша ақшасы барын, қанша салып тұратынын, бәрін, бәрін біледі... М а й м ы л (Есекке). Сіз, сонда кімнің үйінде қанша ақша тығып ұстайтынын да білесіз бе? Т ү л к і. Оны қайдан біледі? Қ а с қ ы р. Әшейін сандырақ қой! Әй, жолдас, кассадағы ақша – құпия екенін түсінесің ғой?! Т ү л к і. Оны жариялағаның үшін басыңмен жауап беретініңді білесің ғой! Б о р с ы қ (ол да өре түрегеліп шақылдап). Нешінші статьямен жауапқа тартылатыныңды білетін шығарсың?! Е с е к (маскасын жалма-жан киіп). Мен... мен... Т ү л к і (шаңқылдап төніп). Иә, сен, акт жасауымыз керек... Жолдастар, хайуандар, акт жасап, ертең мұны тергеу орнына жөнелту керек. Е с е к. Мен енді кімнің қанша ақшасы барын, ешкімнің атын атағам жоқ... Қ а с қ ы р (иығынан тартып, гүрілдеп). Атамасаң да, касса құпиясының сырын аштың. Т ү л к і (шаңқылдап). Көпшілік ішінде өсек таратып, жұрттың бір-біріне деген сенімсіздігін өршітетін, қоздататын – сендейлер!

Б о р с ы қ. Сотқа тарту керек, сотқа! Е с е к. Айналайындар, қойыңдаршы, сендердікі ылғи қорқытудан келеді екен, мен ештеме білмеймін, әшейін ақшаларын тығып ұстайтын арамза ұрылардың барын ғана айттым. Б о р с ы қ. Олар кім, кәне, айт! (Бас салады.) Т ү л к і. Кім арамза?! (Бас салады.) Қ а с қ ы р. Кім ұры? Айт жаныңның барында. (Бәрі Есекке жабылып, шалқасынан жығып, керіп тастайды.) Е с е к. Білмеймін, жіберіңдерші, ұйқтаймын, менде қандай алашақтарың бар? Білмеймін оларды... М ы с ы қ. Білмесең ертең білесің, пардон! Е с е к. Әне, ана Мысық бәрін біледі. М ы с ы қ. Ертең сен де білесің. Таң атпай алдыңа өздеріақ жалынып-жалпайып келеді. (Бәрі Есекті босатып, аңырып, Мысыққа қарайды.) Б о р с ы қ. Жалынып-жалпайып? Т ү л к і. Не айтып тұрсың? Қ а с қ ы р. Ішкен неме не демейді. Б о р с ы қ. Дәуде болса, осының бойына арақ жаңа тарай бастаған. М ы с ы қ. Жоқ, тарқай бастады. Т ү л к і. Онда айтып тұрғаның не? М ы с ы қ. Ертең сақтық кассасы түске дейін ғана ашық болады... Б о р с ы қ. Ертең демалыс емес пе және де мейрам. М ы с ы қ. Естімеген шығарсың? (Күледі.) Ертең касса жұртқа ақша босатады, бірақ ешкімнен ақша алмай ды. Е с е к. Тап ертең ешкім алмайды да, салмайды да. Қ а с қ ы р. Өй, Мысықтың баласы, сен осы не көңірсітіп тұрсың? М ы с ы қ. Естімегендерің... Ертең жоқ, арғы күні, яғни,

жаңа жылдық мерекеден кейін реформа болады. (Реверанс жасап.) Пардон! (Бәрі сілейіп тұрып қалады.) Т ү л к і. Ре... ре... Қ а с қ ы р. форма... Б о р с ы қ . Реформа! М ы с ы қ. Иә, ре-фор-ма! Ақшаға! Алыпсатар саудагерлер, мемлекет дүниесіне қол сұғатын сұғанақтар, айлықтан шайлықты артық тауып жүрген ұрылар ертең зар қақсайтын болады. М а й м ы л. Онда алды бүгіннен-ақ қақсайтын шығар. Қ о я н (жайбарақат). Баяғыда, кассаға салмағандар он пайызын ба, әйтеуір, бірдеме алған. Б о р с ы қ (жыламсырап). Он-ақ пайыз. Қ а с қ ы р (жыламсырап). Ол не болады? М а й м ы л (жайбарақат). Сонда ақшаларының 90 пайызы күйіп кетеді екен-ау. (Басқалары Мысықты қоршап алады.) Т ү л к і. Әй, оны сен қайдан естідің? Қ а с қ ы р. Өзіңдікі жай әшейін сандырақ па, әлде? Б о р с ы қ. Әшейін өсек шығар? (Жалынғандай.) Өсек деші, айналайын Мысығым, өсек деші! М ы с ы қ. Өсек болса, ертең көрерсіңдер, оған несіне қиналасыңдар. Т ү л к і (ашуланып). Паникер! Қ а с қ ы р (ызалы). Өсекші! Б о р с ы қ. Осындайлар ғой, бүлдіріп жүретін. Т ү л к і. Мысық деген ештемені білмеймін деп бәрін бүркеп жүруші еді. Бұл бықсытып... Қ а с қ ы р. Қойшы, осы бір жаман сасық Мысық та бірдемені біледі деп тұрсыңдар ма? Сандыр-р-рақ! М ы с ы қ (маскасын жұлып алып). Пардон! Мен бе жаман мысық, мен бе сасық? Мен астанада тұрамын, жаңалыққа бір табан жақынмын. Мен бәрін естіп келдім,

мен бәрін білемін: ертең, ертең реформа! Ақшаға реформа! Алыпсатарлар, ұрыларға, парақорларға реформа! Үйінде ақша тығып ұстайтындарға реформа! А р ы с т а н. Міне, дұрыс. Реформа болмаса, болдыру керек. Шынында да, бұларға бір ақша реформасы қажет! (Бәрі ерсілі-қарсылы сенделіп жүріп кетеді.) Қ о я н. Сауап, сауап! Ақшаның құнын тіпті төмендетіп жіберіп еді. М а й м ы л. Сауап, сауап! Б ә р і (қолдарын шошайтып, өтірік қосылған болып жылам сырап). – Сауап, сауап! Е с е к. Оу, онда менің мына отырысыма жөн болсын. (Жүгіріп барып есікті ұрғылап.) Ашыңдар, ашыңдар! (Тағы ұрғылайды.) Ашыңдар, ашыңдар! Менің шығуым керек! Ер тең жұмыс күні маған. Ертең реформа! Ашыңдар, ашыңдар, босатыңдар мені! (Тағы да тоқтаусыз төпелей береді.) Жұмыс істеу керек. Реформа-а! Т ү л к і (жүгіріп барып). Есеке, Есеке, қолыңыз ауырады ғой. Мен, мен... (Ұрғылайды.) Сіз айта беріңіз. (Басқаларына.) Е-ей, сендер, көмектессеңдерсейші! Есекеңнің, то есть Фарид Шариповичтің қолын аясаңдарсаң шы, өзі нәзік адам! (Басқаларына есікті ұрғызып, өзі жүгіріп, авансценада шеткерірек тұрған Арыстанға келеді.) Ареке, Ареке, осында қа малып отыра береміз бе? Тіпті мастығымыз тарқағалы қашан, шығаратын уақыт болды ғой, айтсаңызшы. А р ы с т а н. Сумаңдамашы-ей! Т ү л к і. Ғафу етіңіз, енді-і... сіз... А р ы с та н. Өзің неге айтпайсың... ішуге, жеуге ауыз барда, сөйлеуге жо-оқ! Т ү л к і. Енді сіздің беделіңіз... орныңыз... бөлек қой, қадірлі Орынбасар Амирович!

А р ы с т а н (селк етіп). Мені қайдан танып тұрсың?! Т ү л к і. Қалай дейсіз бе? Сізді, бағана кіріп келгеннен-ақ танығамын, аса ардақты Орынбасар Амирович! А р ы с т а н. Жетті. Тықылдамай. Аты-жөнсіз-ақ айтуға болады ғой. Т ү л к і . Айтайын... айтайын, Орынбасар... то есть, Аре ке. Сіз екеу міздің бұтымыздағы... бұтымыздағы дамбалға қараңызшы. А р ы с т а н. Еһ, несі бар екен?! Т ү л к і. Импортный... Бірдей емес пе? А р ы с т а н. Бірдей болса, оны неғыл дейсің? Т ү л к і. Біздікіндей шабдар дамбал қоймаға екеу-ақ түскен. Кеше біреуін орап, сіздің үйдегі замандасқа ұстатып жіберіп едім... А р ы с т а н. Ә-ә-ә, солай де, сендер берудің неше түрлі жолын біледі екенсіңдер. Жұрттың бәрін сыбайлас еткілерің келеді екен. Ол болмас, бол-ма-ас! (Есікке беттейді.) Енді ісім сендермен болсын... Т ү л к і (соңынан бұлаңдап). Мені тастамай өзіңізбен бірге ала шығыңыз, Орынбасар... то есть! Бәрі де – Мысық, Қоян, Маймылдан басқалары, Арыстанға қосылып, есікті төпелеп, ұрғылай береді, ұрғылай береді. Есік ашылады да, Хайдаров екі қызметкерімен кіріп келе жата ды. Маскалы «мастар» ештеме болмағандай, бәрі қол ұста сып, ойыншықтар ілінген шыршаны шыр айналып, кішкентай балалардың үніне салып, жаңа жыл әнін шырқап, секіре билеп кетеді... Біз – сәбиміз, баламыз, Шырша жырын жырлаймыз. Қол ұстасып аламыз, Өкпелесіп тұрмаймыз.

Қайырмасы: Біз – сәбиміз, баламыз, Ашылмайтын арамыз. Жаңа жылға бәріміз, Құшақтасып барамыз, Біз – сәбиміз, баламыз! Ән-биді скрипкамен Маймыл сүйемелдейді, Қоян мен Мысық жарысып тақпақ оқиды. Қ о я н. Некрасов «Русьте кім жақсы тұрады?» М ы с ы қ. Русьте ең жақсы Тұратын кім екен? Роман айтты: помещик Қ о я н. Демьян айтты: чиновник. М ы с ы қ. Лука тұрып: поп деді. Е к е у і қ о с ы л ы п . Өңшең вельмож, бояр мен Жуан қарын саудагер – Русьте жақсы тұратын, Сауық-сайран құратын... Ән айтылып, би биленіп жатыр, шымылдық сырғып жабыла береді... ЭПИЛОГ Х а й д а р о в (айғайлай оянады). Табылды, табылды! Дұрыс, Ореке, бетпердені алатын уақыт жетті!.. Алжапқыш тұтқан Мәкен жүгіріп келеді. М ә к е н ( үрейлі). Не боп қалды? Не болды?! Х а й д а р о в . Масқара, масқара! Әлгі біздің адамдар қонақ та рымыздың бәрін масханаға қамап қойыпты.

М ә к е н. Масхана?! Не дейді?! X а й д а р о в (телефонмен). Жолдас аға лейтенант! Бұл не масқара?! Бұл не масқарад?! Түсінбейтін несі бар. Менің қонақ тарымды түгел шығарыңыз! Не, не? Ешкім жоқ? (Тұтқаны іледі.) М ә к е н. Жұмекесі-ау, қартаяйын дегенсің бе? Түсіңнен шошыдың ба? Х а й д а р о в . Иә, тағы да түсім екен ғой. «Тауық түсінде тары көреді» дегендей, тағы да масхана кіріп жүр түсіме... Мынау не? М ә к е н. Оқтау. Х а й д а р о в . Оқтау? (Қарқылдап күледі.) Ендеше, сен тү сімде қолыңа оқтау орнына шоқпар-таяқ ұстап милиционер болып жүрсің. М ә к е н. Мен милиционер? Пәле-ау деген! Х а й д а р о в . Тіпті түске қисынды-қисынсыз нәрселер де ене береді екен-ау! М ә к е н. Е, «түс – түлкі» деген сол емес пе? Әне қонақтар да келіп қалды... (Есіктің қоңырауы шылдырлайды.) Хайдаров пен Мәкен қонақтарын күтіп алады. Бәрі: «Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!» – деп көрермендерге бас иіп, ізет жасайды.

ЖАМБЫЛДЫҢ ДАҢҒЫЛ, ТАРҒЫЛ ЖОЛДАРЫ Екі актілі пьеса-эссе Кейіпкерлері: ЖАМБЫЛ – бұрынғы ЖАМБЫЛ – кейінгі СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН ОРАЗ ЖАНДОСОВ СӘБИТ МҰҚАНОВ МҰХТАР ӘУЕЗОВ ТАЙЫР Ж АРОКОВ ҒАЛИ ОРМАНОВ ҚАСЫМ ТОҒЫЗАҚОВ ҚАЛМАҚАН ӘБДІҚАДЫРОВ АЛҒАДАЙ ТЕЗЕКБАЙ КЕНЕН ӘЗІРБАЕВ Эпизодта: Күләш, Дина, аспазшы, мейірбике ПРОЛОГ Сахна қараңғы. Жамбылдың жарғылай мифологиялық, ыңғаймен шы ғарған «Өтеген батыр» поэмасынан фантастикалық көрі ністер. Бұл – Жерұйықты іздеген Өтегеннің, кейін 37-жыл зардабын шек кен Сәкендердің, жаңа заманды жыр лап, шырмауық пен шыр малғандай болған Жамбылдың символдық тіршілі гін көр сетсе керек. Бұл көріністегі дауысүндердің шынайы түрде емес, репродуктор арқылы берілгені ләзім. Ауыздарынан жалын шашқан гүрілдеген айдаһарлар, мың бұ ралып ысқырған әбжыландар Өтегенді қоршап,

матап алған. Солардың алдында шапан-бөркі өрім-өрім ақын Жамбыл домбырасын безеніп, манасшыларша, қиссашыларша аруақтанып, жыр сөздерін құйып отыр. ...Күншығыс жақ өртке ұқсап, Күн шығарда қызарды... Өтеген батыр сассын ба, Айдаһарға тұп-тура, Қарсы жүрді бет бұра. Баратқандай секілді, Тақсыр қарсы тақсырға. Ысқырғанда айдаһар, Тізе бүкті жас тұлпар. Айдаһар мың бұралып, Ауыздан жалын от шашты. Қомданды жылан қос басты, Шұбарлана шабынып, Күн көзіне шағылып, Жылтырап әйнек қос көзі, Шатынады жарылып, Шатыната жартасты. Өтеген сонда баптана, Қаруланып қаттана. Айдаһарға шүйіліп – Сөйтті дағы тіл қатты. Әй, керемет мақұлық, Жатып ап зәр шақырып, Отты аузыңды ашасың, Айбарыңды шашасың. Жолды байлап өткізбей, Тоғыз жолдың торабын Неге бүйтіп тосасың? Жайдары, жайлы өмірді Іздегелі көп болды. Қондыру үшін ен жарып, Бақыт келіп, бақ дарып, Халқымды, қазақ елімді

Ойымда өмір бекіп тұр, Халқым асу күтіп тұр. Бөгеме, өткіз, жолды бер... Әй, Өтеген, Өтеген! Ер едің сен ертеден. Жамбыл жаңа хабарды, Жеткізеді жанарлы. Қайта тұрсаң молаңнан, Молаңнан шығып, оянған Жетісуға қарасаң, Көрер едің бақытты Қазақстан халқынан. Бастап Тянь-Шань тауынан, Алатаудың бауырынан, Оралға дейін созылып, Шалқып жатқан аулынан... Көрер едің ел болып, Қазақстан аймағы Туын тігіп жайнады. БІРІНШІ АКТ Бірінші көрініс Дала. Алыстан Алатаудың ақбасты тау сілемдері көрінеді. Сол көріністердің фонында алыстан ән естіледі. Жолаушылап келе жатқан Жамбылдың үні: Домбырасын серік қып, Өткізді Жамбыл ғасырды. Өлеңді төгіп өрнектеп, Асулардан асырды. Қара терге малынып, Еңбегі кетіп далаға. Тойса тойып тамағы, Тоймағанда аш жүрді.

Саңғыратып даланы, Әнді шырқап көлбедім. Сонда менің көргенім, Құнарсыз дала, қаралы ел. Күңіренген зарланған, Қанын сорған жыланнан Ғасырлар арыла алмаған. Сахнада екеу: Сәкен Сейфуллин мен Ораз Жандосов. О р а з. Жәкеңнің өзі. С ә к е н. Апыра-ай, даусы әлі қартаймаған. О р а з. Өзі де қартайған жоқ, тоқсанға келсе де аттың үс тіндегі отырысы жас адамнан ілгері. Қазір мінгені өзінің ақ есегі-ау деймін. С ә к е н. Иә, солай, жақындап қалды. О р а з. Сәкен, ақсақалдың мінезі қырсық, ыңғайын таппасаң... Былай, алыстан орағытып дегендей... С ә к е н. Білем, білем, бір көрсем де қылт ете қалатын бала мінезін байқағам, көңілі түссе көлдей, тоқсандағы сәби ғой, сәби. Жамбыл келеді, киім-кешегі көнетоз. Жаман таяқ. Жүзі де жадау. Ана екеуі екі жағынан шығады. С ә к е н . О р а з . Ассалаумағалейкүм! Ж а м б ы л. Уағалайкүм әссәләм! Сәлемшіл болсаң бері кел. Оу, Оразжан, сенбісің? (Маңдайынан иіскейді.) Мына сұлу жігіт – қай бала? О р а з. Жазушы Сәкен... Сейфолланың Сәкені. С ә к е н. Анада өзіңізден біраз өлеңдеріңізді жазып алып едім ғой. Журналға шығарғанмын. Ала келдім. Ж а м б ы л. Бәр-рекелді. Жаңа есіме түстің. Әлгі өзіммен өлеңдетіп қағысып қалатын Арқаның ақиығы Сәкенжан екен сің ғой. Келші, келіншек емес, сүйіспеймін, баламсың

ғой, сені де маңдайыңнан иіскейін... Ал үйге жүріңдер, мал бөлістен алған екі-үш қойым бар, соның бірін сойыңдар, жата-жастана сендердей бастықтарға базына айтар ойым бар. О р а з. Тәте, асығыспыз... Сізге арнайы айтатын біздің де сөзіміз бар. Сізге өзіңіз атын қойған Мырзажан сәлем айтты. Ж а м б ы л. Әлгі, ең үлкен дәу бастық па? О р а з. Иә, Орталық Комитеттің ең үлкен бастығы Мирзоян. Ж а м б ы л. Оның менде не алашағы бар? Оған не қылығым жақпай қапты. О р а з. Жоқ, қайта бар ісіңіз, өлеңдеріңіз оған жағып қапты. Оны мына бір жаңа үйге кіріп айтайық. Жарық сөніп қайта жанғанда (айналма болса тіпті ың ғайлы) бұлар саңғыраған жаңа үйдің ішінде тұр. «Веналық орындықтар» да жаңа. Сол кездегі еуропа үлгісімен жақсы салынған үйдің бөлмесіне қызықтай қа раған Жамбыл шын тамсанып сөйлейді. Ж а м б ы л. Анада, осы там үйдің қасынан өте беріп, есегімді бір ағашқа байлай салып, ішін көрейінші деп ішке кірдім. Пой-пой-пой! Жасап жатқан жұмыстарын қарасаң! Бес-алты қазақ, орыс, қырғыз қыздары. Мынадай үй, о дүниенің жұмағы ғой. Шіркін, осындай үйде тірісінде тұрған адамның не арманы бар екен деймін. О р а з. Сізге осындай үй салғызып берсек, қалай болар еді, Жәке? Ж а м б ы л. Қалай болсын, бұл үйде тұрмай-ақ түнеп шыққан адамның өзі бір жасап қалмай ма? Тұра тұр... қызығы бар. Содан мен әлгі бойжеткен дерден «Бұл үйді кімге тұрғызып жатырсыңдар, бұл – мектеп пе, кеңсе ме?» – деп сұрасам, жұмыс істеп қажып жүрген олар жоқ, жастар ғой, шіркін, жастар ғой, өзіммен қылжақтасады келіп:

«Бұл үйді Жамбыл деген дәу ақынға салып жатырмыз, біреулері қырғызшылап: «шоң ақынға, шоң ақынға» дейді, орыс қыздары да «Да, Джамбула дом, Д-Жамбул», – деп, мені қағытып мазақтай ма керек... О р а з. Ол мазақ емес, тәте. Олар сізді танып қылжақтап тұрған жоқ, танымай тұрып, шындарын айтқан екен. С ә к е н. Кішкентай есек үстінде үлкен кесек ақын отырғанын біл меген ғой. Ж а м б ы л. Жоқ, олар келемеждеп, есек мінген ақынды көздеріне де ілмеген ғой. С ә к е н. Түк келемежі де, қалжыңы да жоқ, бұл үй – сізге салынған үй... О р а з. Иә, иә, бұл сіздің үйіңіз. Мына үй ішінің бар жиһа зы – сіздікі. Ақын жасауы. Ж а м б ы л. Оу, енді сендер қалжыңдай бастадыңдар ма, әзілің жарасса, атаңмен ойна. О р а з. Жәке, тәте, былай енді, шын сөзге көшейік, біз мына Сәкен балаңыз екеуміз, осында Алматыдан әдейі келдік. Мынау үйді сізге арнайы салғызып берген – Үкімет. Ж а м б ы л. Ол ненің ақысы? О р а з. Оны енді мына Сәкен айтсын. Осы кісінің ұйғаруымен болған іс, біз – қостаушылары ғана. С ә к е н (Оразға). Олай скромничать етпе. (Жамбылға.) Жәке, сіз мұндай үйден де артық үйде тұруға ретіңіз бар. Ж а м б ы л. Бұдан да артық үй бола ма, Сәкенжан. С ә к е н. Болғанда қандай. Сіз, Жәке, төңкерістен бұрын ел арасында жүріп, талай қисса-дастандарды жырладыңыз, айтыстарда, өлеңдеріңізде ел бірлігін сақтауды, халық аңсаған бостандықты тілге тиек етіп, ел тұтастығын бұзатын, езуші тап, бай-манаптарды бетің бар, жүзің бар демей арам пиғылдарын әшкерелеп, елге мәшһүр болдыңыз. Еліңіз, қара халқыңыз сол үшін үстіңізге шапан жапты, астыңызға ат мінгізді. Қанша шапан кидіңіз?

Ж а м б ы л. Бұйырғаны болды ғой. С ә к е н. Ал енді төңкерістен кейін халықтың бүгінгі қолы жеткен мына бостандығын, тәуелсіздігін, гүл-бақшаға оранған жарқын өмірін таңды таңға ұрып жырлап келесіз. Ал осы кеңес өкіметі сізге, сол үшін үстіңізге шапан жапты ма? Ж а м б ы л. Ендігі шапанды кейінгі жастар, сендер кисеңдер жетеді, біздің кигеніміз сол! Тәуба! С ә к е н. Жоқ, әуелі сіздерді сыйласын өкімет. Жәке, мына үй – өкіметтің сізге жапқан шапаны! Ж а м б ы л. Бәр-рекелді, шапандарың тым үлкендеу екен, мұндай шапанды бір адам емес, бір үйлі жан түгелдей бүркенген екен... О р а з. Мінетін атыңыз әлі алда. С ә к е н. Шапаныңыз үй болғанда, атыңыз машина болар. Ж а м б ы л. Бәр-рекелді, игілер, ел дәстүрін сақтар болар, Мұндай сыйды кім болса да жақтар болар. Алмақтың да салмағы бар деген мирас, Түйсікті жан мұндайды ақтар болар. С ә к е н. Түсінгендер бір-бірін жақтар болар, Шын жүйрігін ел болып баптар болар. Халқы атынан сөйлейтін қариясын, Шық жұқтырмай, жүдетпей сақтар болар. Ж а м б ы л. Рақмет, қарақтарым, Сәкенжан, Оразжан! Тоқсанға келіп тоқырап, көп нәрсені жоғалтып, көп әсерден тоқтаған, жас шақтағы бақытын, зая кеткен уақытын жоқтаған шалды енді баптадың не, сақтадың не? С ә к е н. Жоқ, қария, шал болып, шау тарғып көп нәрседен алдырсаңыз да, жыр өнерден әлі ешкімге шалдырмай ке-

лесіз. Бұдан былай сізді бұрынғыдай ауыл арасындағы айтыс өлеңге емес, енді жыр дариясы – әлемдік көлемге саламыз. Ж а м б ы л. Енді мені ақындықтың балуанына салайын деп пе ең? Буындарының шегесі босай бастаған қуатсыз шалдан балуан шыға қояр ма екен? С ә к е н. Қазір сіздің тұла бойыңыз балуан болмаса да, тіліңіз балуан, Жәке. Ж а м б ы л. Бәр-рекелді, сөз тапқанға қолқа жоқ! О р а з. Ай, ақындарым-ай, ақындарым-ай, көңілде жүрсе де ауызға түспейтін сөздерді қайдан тауып аласыздар. Балуан тілді Жамбыл Жабаев! Сырттан аптығып Алғадай жүгіріп кіреді. А л ғ а д а й. Тәте, тәте, біздің үйді, аналар... Ж а м б ы л. Тұра тұр, Алғадай, әуелі мына ағаларыңа сәлем бер, сосын... А л ғ а д а й. Бәріңізге ассалаумағалайкүм! Көке, көке, ана біздің үйді құлатайын деп жатыр. Ж а м б ы л (таяғын ала атып тұрып). Ол қай бейбастақтар? Әуелі иесінен сұрап алмай ма? О р а з. О, не боп қалды? Ж а м б ы л. Бар, бар жүгір... Құлатпасын, тимесін үйіме. О р а з. Қай үйді айтасыз? С ә к е н. Ескі, жаман тамды айтасыз ба? О р а з. Ішінде заттарыңыз қалып па еді? Ж а м б ы л. Жоқ, жоқ, бар дедім ғой. А л ғ а д а й. Барайын, айтайын. Жүгіріп шығып кетеді. С ә к е н. Тәте-ау, ана итеріп қалса құлайтын ескі үйіңізді айтасыз ба? Оны қайтейін деп едіңіз. Мынадай, патшаның кең сарайындай үй тұрғанда оны қайтесіз.

О р а з. Музей жасайтын шығар, ха-ха! С ә к е н. Адам қартайғанда бір бала, ха-ха! О р а з. Мына үйдің сәнін кетірмей, түп орнымен сыпырып тастап, ол жерді бау-бақшаға айналдырамыз деп отыр колхозыңыз. Ж а м б ы л. Жоқ, күзге дейін тимеңдер. С ә к е н. Сонда шынымен ескі үйді қимайсыз ба? О р а з. Ол енді мал қораға да жарамайды. Үйездейтін жылқы да есігінен сыймайды. С ә к е н. Есектер сияды. Бірақ ол да азайып барады. Ж а м б ы л. Жарайды, дабырламаңдар. Айтайын, ел естісе, түсінбейтіндер мазақтай ма деп жасырып ем. Қасиетті Төле би бір кезде «Қарлығаш әулие» атанып еді. Мен әулие атанайын деп отырғам жоқ, бірақ атам қазақтың салып кеткен ізгі ізі бар. Жандының ішінде адамзатқа ең жақыны – үй қарлығашы. Менің тозған үйім нің бір бұрышында қарлығаш ұясы бар еді. Сары ауыз балапандары жаңа ғана жұмыртқа жарып шығып еді. Қарақанаттанып ұшқанша тимеңдер. Мен жаңа үйге көшіп қарық боп жатқанда, балапандарының үйін бұзып, ата-анасын ғарып қып тастамаңдар. Жанды тіршілік, қарлығаштарым, балапандарым, аман болсын! О р а з. Түсіндік, тәте, түсіндік. Тезекбай шырағым, бар да жұмысшыларға мен айтты де, үйді әзірше бұзбасын де. Т е з е к б а й . Мен деген кім? О р а з. Үлкен бастық де! Т е з е к б а й . Айтамын, қатырамын оларды. (Кетеді.) Ж а м б ы л. Ал мына жігіттеріңе жол болсын. Өздері парлап жеккен арғымақтарша, ауыздықтарымен алысып, жұлқынып тұр ғой. О р а з. Бұлардың бәрі сіздің хатшыларыңыз. Ж а м б ы л. Хатшылары несі? С ә к е н. Кейде атшыларыңыз да болады.

Ж а м б ы л. Мені ақын сайлап болдыңдар, енді болыс сайлағыларың келді ме. Мына үй ақын үйі емес, болыстың жатын үйі екен ғой. О р а з. Тәте, тәте, атшы деген ұнамаса, ескі тілмен айтқанда бұлар ендігі жерде аузыңыздан не шығады, соны қағып алып хатқа түсіретін хатшыларыңыз, уәзірлеріңіз. Ж а м б ы л. Уәзірлерің дегенше, әрдайым дайын тұрар әзірлерің десейші. Сәкенжан, Оразжан, шынын айтайын, бұлар әзірлерім емес, қартаңдай азғырар әзәзілдерім, не жаналғыш әзірейілдерім болмай ма? Бұларыңды мен түсінбей отырмын. С ә к е н. Оны мен сезіп тұрмын... Ж а м б ы л. Мен айтып, бұлар жазған өлең қалай болар екен? Жан-жағымнан емініп, жалаң-жұлаң етіп, жұтынып отырғанда менен өлең шыға қояр ма екен. Одан да ақ есегіме мініп алып, ей, ел аралап тепеңдетсем – көмейге тірелген өлең-жыр да жарықтық өз-өзінен құйылмай ма. Ал мыналарың – қаламдарын қанжардай қынабынан суырып, семсердей сүйреңдетіп қос бүйіріме тақап тұрғанда, өлең шіркін де жүрегі шайлығып тыйылмай ма. Жәкең байғұс меселі қайтып амалсыз сұйылмай ма? С ә к е н. Жәке, сізге ақындық қонғаннан бергі өлең-жырларыңыздың бәрін жатқа білесіз бе? Ж а м б ы л. Қайдағы білген-ау. Ұзақ қисса, ертегілер болмаса, кішігірім бір қақпайлар айтқан-айтқан жерде қалады. Құймақұлақ біреулер болмаса, кім есінде сақтай береді. Сақтағанының өзі, кейін бұзылып жетеді. С ә к е н. Міне, міне, талай балуан тілден төгілген алуан өлең, алтын сөздеріңіз қалды-ау әр жерде шашылып, егер солардың бәрін жинағанда, қалың-қалың бірнеше том кітап болар еді-ау. Енді, Жәке, бір сөзің далада қалмайды. О р а з. Тәте, түсінген шығарсыз. Бұған қазір БК(б)ІІ Орталық Комитеті үлкен мән беріп отыр. Болашақ слеттер

мен съездер, жиындар мен жиналыстар сізсіз өтпейтін болады. Ж а м б ы л. Пау, деген! Мен сонда саябақтарында дамылсыз сайрайтын бұлбұлдарың болдым ғой. С ә к е н. Жоқ, батагөй қарт ақын, – дүлдүліміз боласыз. Мына мықты ақындар, бір-бір ұлыңыз, білгір ініңіз: Тайыр Жароков, Қалмақан Әбдіқадыров, Қасым Тоғызақов, Ғали Орманов. Т а й ы р. Шыққан жерім батыстан, Шайыр пақыр мен балаң, Күнменен тіл қатысқан Тайыр ақын мен болам! Қ а л м а қ а н . Прозашы, әрі ақын Қалмақанмын, Ескі, жаңа оқуды қармағанмын, Парторг әрі Жәкен көмекшісі Болам деп қатарымнан қалмағанмын. Қ а с ы м. Қобыланды тұқымымын Қыпшақ бала, Алтынсарин мектебі ұш қан қалам. Болса да, кеуде қағып пәлсінбеймін, Жүремін аталарға ұқсап қана. Ғ а л и. Түк те жоқ сыртқы пішінде. Ақындық жалын ішімде, Қасыңа келдім, Жәкетай, Шығару соны үшін де! Ж а м б ы л. Домбырамды, домбырамды. Бәрі ұмтылып домбырасын әпереді. Жамбылдың екі иығы қутың дай, өзі ыңылдай толғанып, толғап кетеді. Тоқсандағы Жамбылға толқынданып сөз келді, Көктемнің көгін дей кәрі өмірім өзгерді...

Сөйлей бер, ақ домбырам, дүрілдеген, Шарықтай күй төгіледі бүгін менен. Ғасыр бойы бейнет пен азап шеккен, Зар жылап жұртпен бірге жасын төккен. Ақынмын, бабаң құрдас бақытты елім, Тоқсанда арманына қолы жеткен. Халықтың енді міне жетілгені. Құрыштың білінбейді кетілгені, Аталып Казақстан ел боп туып, Үй тігіп, ірге қалап бекінгені... Екінші көрініс Сахна қараңғы. Саңқылдаған радио үні. Өткен көріністегі Жам был өлеңі жалғасып барып, артынан іле диктор даусы естіледі. Д и к т о р. Кеңестік алтын ғасырда, бақытты дәуірді жыр лаған, қазақ-кеңес поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаев тың өлең-жыры, ақындық үні бүкіл жер шарына күн сәулесінің шұғыласындай жылдам тарап, бар әлемдік адамзат баласының жүрегіне күн сәулесінің жылуындай құйылып, бауырлас халық тардың хафиз, ыршы, ашуг, бахшы, шайырларының алдыңғы сапындағы қазақ ақынының асқар атын Алатаудың биігіне бір-ақ көтерді. Бар әлем, бар ел өз тілінде Жамбыл жырын жырлайды. Бұдан соң әр ақын пистолет жарығында Жамбыл өлеңдерін оқып, ара-арасында топ-топ қошаметшіл адамдардың ортасында домбырасымен жыр жырлаған Жамбылдың өзі де жарқ етіп көрініп қалып тұрады. Ғ а л и (пистолет жарығында). «Халықтың сәлемі» Домбырасын серік қып, Өткізді Жамбыл ғасырды.

Көз жіберсем алысқа, Көпті көрдім дегенім – Көп зарыққан ел екен. Шексіз дала дегенім – Ұлтарақтай жер екен. Ерлерді көрдім дегенім – Ер емес екен, кем екен. Хандарды көрдім дегенім – Халыққа қонған шер екен. Өзен, көл көрдім дегенім – Көз жасының селі екен. Кемдіктің кесіп тұсауын Енді азаттың құсы боп, Халқым, кірді берекең! Т а й ы р (пистолет жарығында). Өлеңім, шарла ауылды, Тыңда, дала, Жамбылды, Өмірде заңды көп көрдім, Сол заңдар бүгіп белімді Көзімнің жасын қан қылды. Маңдайға әжім түсіріп, Қайнатып миды даң қылды. Тыңда, дала, Жамбылды, Тыңда, Қастек, Қаскелең, Сөйлесін кәрі бауырың. Ардақтаймын советтің Әділ заңын тамаша. Орнатқан шаттық дәуірін. Д и к т о р д а у с ы . ... Закон по которому Степь расцвела. Закон по которому... Қ а с ы м (пистолет жарығында). Енді бүгін қарасам, Айналам бақыт кең жатыр.

Бірімен-бірі туысқан, Қол ұстасқан ел жатыр. Қырғыз, қазақ, өзбектер, Моңғол, ұйғыр, дұнғандар, Армян, қалмақ, грузин, Орыс пенен украин, – Терезесі тең жатыр. Алатау, Кавказ ұласып, Баурайы бұйрат кең жатыр. Қ а л м а қ а н (пистолет жарығында). Одағым десем ойыма Шалқыған шалқар көл түсер. Көкжиегі бал-құрақ, Көкорай шалғын жер түсер. Осылайша пистолет жарығы әр ақынның бетіне түсіп, олар өлең оқиды (режиссердің таңдауымен де алуға болады). Мүмкін болғанынша әр тілде оқылып тұрса (орыс, украин, кавказдықтар тілінде) құба-құп, Жамбыл жырларының жер шарын аралап кеткен географиялық әрі интер националдық ауқымы сезілер еді. Сахнада шам жанғанда сырттан келе жатқан жаңа Жам был көрінеді. Бұл пьесадағы екінші Жамбыл, жаңа заманда жаңарған Жамбыл. Киімдері су жаңа: құндыз бөрік, жаңа мақпал шапан. Омырауда ордендер. Қолында әдемі трост. Жамбыл кіреді. Осыдан бастап бұл жаңа Жамбыл. Ж а м б ы л (жалғыз, өлеңдетіп). Өлеңім, шарла ауылды, Тыңда, дала, Жамбылды... Өленім бүкіл жер шарын шарлап кетті, жаңа заманда қайтадан жасардым. Арманымның орны толды. Бұдан асқан ақынға бақыт, асқақ үн бар ма?

Тұрмысым патшаның тұрмысындай, Шөлдесем, шайымды демдеп тұратын, Жөтелсем дәрі-дәрмегімен емдеп тұратын, Жиын-тойға қадірлеп кел деп тұратын, Өлеңнің азығын дайындап, ақынды жемдеп тұратын жанашыр адамдарым қасымда, домбыраны мен күйлемегенде кім күйлейді, арынды арғымақ жырымды өзім қамшылап, өзім тізгіндеп, өзім билемегенде, кім билейді. Жамбыл енді шарайнаның алдында. Ж а м б ы л. Қанша шал боп қалдық десек те, киім де, оған қадалған мына ордендер де жарасады екен-ау! Ағаш көр кі – жапырақ, адам көркі – шүберек... Оу, әлгі үстімдегілер қайда кетіп қалды? ( Үстін сипалақтайды.) Б ұ р ы н ғ ы Ж а м б ы л (айнадан). Ешқайда кеткен жоқ, үстіңде. Мен де сенмін. Бұрынғы киіміңдегі бұрынғы Жамбылмын. Сенің де қабырғаңмен кеңесетін бір уақытың келген шығар. К е й і н г і Ж а м б ы л (күмілжіп). Иә, иә, келді. Кеңе сейік. Өзім де ойлап жүр едім. Б ұ р ы н ғ ы Ж а м б ы л (айнадан шығып). Ойлайсың да қоясың. «Аяз би, әліңді, құмырсқа жолыңды біл» дегендей, анда-санда мына ескі, жамаулы шапан кезіңді – мені неге ұмытасың? К. Ж а м б ы л. Ұмытқаны қалай? Неге ұмытайын! Б. Ж а м б ы л. Ұмытпасаң үстіңе жапқан шүберекке, төсіңе таққан сөлкебайға несіне мәз боласың. Тәніңді шүберекке бө легенмен, жаныңды қалай бөлейсің. К. Ж а м б ы л. Жанымды шүберекке түйіп осы уақытқа дейін шонжармен де, атқамінер пысықтармен де, ұрықарылармен де айқасып келдім, енді жанымды әлдилеп шүберекке бөлейтін де күн туған шығар.

Б. Ж а м б ы л. Бұрын шен тағып, шекпен кигенді ащы тіліңмен түйреп сөгуші едің, бүгінде қалай көне қалдың? К. Ж а м б ы л. Көнсем – еңбегімнің еш болмағаны, соның жемісі шығар, ішкенім алдымда, ішпегенім артымда. Дәмдітәт ті тағамымды, үнді шайымды мезгілімен дайындап беретін Пат сайым деген аспазшым бар, ауырып деміге қалсам, ем-домы даяр ләктірім Рахымбайым бар, жаным жайлау, жағам бос. Енді мұндай өмір беріп, тоқсандағы жасымды жиырма бестей жасартқан, халқымның қолын бақытқа жеткізген мына кеңестік өмірді мақтап, жырға қоспағанда, кімді әспеттеп, кімді дәріптеуім керек? Б. Ж а м б ы л. Алданып қалған жоқсың ба? К. Ж а м б ы л. Алданғаны несі! Алданатын бала ма екем? Б. Ж а м б ы л. Алданбасаң, кеңес үкіметінің жарқын жағы мен салқын жағын неге қатар айтпайсың? Әділет қайда, әділет? Баяғыда екі жағы да бірдей, мүсіні де, міні де, түні менен күні де қатар айтылмаушы ма еді. К. Ж а м б ы л. Қандай кемшілігін, қай жетімсізін айтайын? Қай қыры, қай мінін?! Б. Ж а м б ы л. Кемшілігі? Білмейтін бе едің, кеңес орнағалы неше жыл? Кешегі күнге дейін мына жыртық киім, жыртық көр пе, жыртық үйде, жыртық күйде келмеп пе едің. 18-20 жылдағы аштық есіңде ме? Кешегі 30-жылдары қалай күн көрдің? Қырғыз ағайындарды паналап, қотыр атыңды сабалап, аштан әрең өлмей қалмап па едің? Бүкіл қазақ ағайының аштықтан басы ісіп мәңгіп, тым-тырақай жан-жаққа қаңғып кетпеп пе еді? Бар қазағың ның жартысынан көбі осы кеңес үкіметі тұсында аштан қырылып өлмеп пе еді? Кеше ғана: «Келемін тепеңдетіп есекпенен, үкіметім нан береді есеппенен, есектен жерге құлап жатқанымда, көрінген атып жатты-ау кесекпенен», – деген сен емес пе едің? Бүгінгі жеген есепсіз наныңа енді мәз болып шалқақтайсың келіп... К. Ж а м б ы л (айғайлап). Жетті. Оны басқалар айт-

сын. Мен енді тоқсанға келген шағымда сақалды басыммен жақсылықты көрмей, жамандықты айтуға дәтім бармайды. Қалған өмірімде жақсылықты ғана айтып өтем! Сырттан Алғадай, аспазшы жүгіріп кіреді. А л ғ а д а й. Не боп қалды, тәте? А с п а з ш ы. Тәте, даусыңыз қатты шықты ғой. А л ғ а д а й. Ауырып қалған жоқсың ба? Ж а м б ы л (сабасына түсіп). Жәй, әшейін!.. Әлгі... көптен келмей кеткен жолбарысым келіп... А л ғ а д а й. Жолбары-ыс! А с п а з ш ы. Ыстағыпыролла. А л ғ а д а й. Тәте, тәте, ол қандай жолбарыс? Ол қайдан келді? Қазір қайда? Кетіп қалды ма? Ж а м б ы л. Мен саған жасыңда айтпап едім, қорқады деп, енді азаматсың ғой, айтайын: менің Сырым деген батырым бар ғой. Соны күзететін жолбарысы болған. Сырым өлген соң ол маған келген. Ол – маған келген ақындық аруағым. Ол менен мүлдем кетсе, менің ақындығым да қожырап, бітеді. Мүлдем кетсе, менің мүлдем көз жұмуым да ықтимал. Міне, сол жолбарысым жаңа келді. Ол менің көзіме ғана көрінеді. Сырттан Қалмақан кіреді. Қ а л м а қ а н . Ассалаумағалайкүм! Ж а м б ы л. Уағалайкүміссалам! Иә, түнделетіп неғып жүрсің? Алматыдан келемісің? Қ а л м а қ а н. Иә, асығыспын, сізді алып кетуге келдім. Ж а м б ы л. Қайда, не боп қалды? Қ а л м а қ а н. Жазушылар одағында ертең біздің мәселеміз қаралмақшы. Партия жиналысында деп еді, ақыры шулат пайық деп, шағын президиумда деп келістік. Тайырлар да сонда... Ж а м б ы л. О ненің жиналысы?

Қ а л м а қ а н . Сізді қатыстырмаймыз деп еді, мен айтпай кетіп қалдым. Жолда айтам... Түнделетіп жүреміз... Үшінші көрініс Жазушылар одағы президиумы председателінің кабине ті. Іште аз ғана адам – Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Ғали Орманов, Тайыр Жароков, Қасым Тоғызақов... Сәбит Мұқанов жиналыс ашып тұр. С ә б и т. Сонымен, жолдастар, тоқетері сол, қазір цензура бұрынғыдан да қатал боп барады. Әр сөзіңнің астын, астарын, тұспалын, төркінін, тіпті етігі мен бөркіне дейін тіміскілеп жүрген адамдар да көбейіп барады. Т а й ы р. Оның көбейгенін қайдан білесіз? С ә б и т. Жасырын хаттар, астыртын... әлгі... Мұхтар, қалай деу ші еді, сенің орысшаң менен мықтырақ қой. М ұ х т а р. Анонимка дейді, Сәбит, ұмытшақ боп барасың ғой өзің. С ә б и т. Дұр-рыс, әдейі сұрай салып ем. Т а й ы р. Аты-жөні көрсетілмеген хаттарға мән берудің қажеті қанша? С ә б и т. Біз бәріне мән бермегенмен, мына бір ананимді тексермей болмайды. Бұл әлгі парторгтың қолына түскен, оған оның да қатысы бар. Айтқандай, оның өзі қайда? Ғ а л и. Кімді айтасыз? С ә б и т. Қалмақанды айтамын. Бізде неше парторг бар еді. Әбдіқадыровты айтамын. Ол бұл хатты аяқсыз қалдырмайды. Иә, талқылай берейік. Әлде парторгты кү тейік пе? С ә к е н. Қашанғы күтеміз. Қане, талқылайсыңдар ма, жоқ па, менің уақытым аз. С ә б и т. Мәселе, былай, жолдастар. Өздеріңе белгілі

бүгінгі күні бүкіл жер шарына аты мағлұм бола бастаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың атағы әлі шықпай тұрғанда оның ел аузынан, ақынның өз аузынан бұрын айтылған өлеңдерін жазып алып кітапқа шығарған Шамғали Сарыбаевтан кейінгі адам – Сәкен Сейфуллин. Қандай жырлары еді, Сәке? С ә к е н. Оның бұл арада қатысы қандай? С ә б и т. 1926 жылы «Жаңа әдебиет» журналына Жамбыл Жабаевтың Сарыбайға арнаған өлеңін басқаннан бері, қарт ақын жырларын мұқият жинап халыққа жария етіп келеді. С ә к е н. Өзің де біледі екенсің, несін сұрайсың? Әдет пе, немене? С ә б и т. Дұр-рыс, Сәке, мен өзіңнің тірі классик ақындығыңа, ірі қызметіне қарамай, үлкен басыңмен ауыз әдебиеті өкілдері жыраулардың, ақындардың өлеңдерін ерінбей теріп, сұрап-қарап жүргендеріңді айтып, осы бір мәселеде ақтап алу шарасын көздеп отырмын. С ә к е н. Сәбит, мен Кеңес үкіметін құруда революциялық күрес жолдарыммен кеңес үкіметінің алдында мәңгі ақталған адаммын, сен ақтамай-ақ қой. Қараламасаң болғаны. С ә б и т. Дұр-рыс, дұр-рыс! Жолдастар, жақында Сәкен Сейфуллин мектеп оқулығына... М ұ х т а р. Хрестоматиясына. С ә б и т. Иә, хрестоматиясына Жамбыл Жабаевтың бір өлеңін қысқартып, шағындап бастырған екен. Әдейі емес. С ә к е н. Әдейі десе де болады, мәймөңкелейтін несі бар. С ә б и т. Енді сол хатты Әуезов оқысын. Қ а с ы м. Мазмұнын айтса да болмай ма? Ғ а л и. Иә, мазмұны да жетеді. М ұ х т а р. Онда хаттың ұзын-ырғасы былай: жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың «Клим батыр» деген бұрын-соңды батырлар туралы жырда да, қисса, ертегілерде, өлеңдерде айтылмаған тамаша толғауын мектеп хрестоматиясына

дайындағанда өлеңді жонып, кертіп, кесіп, жүндеп, күзеп, не керек, ойына келгендерін істеп «түзеп», ұзын толғауды қысқа өлең етіп тылтитып», бар өлеңді жоқ өлең етіп, кеңестік батыр Климді жырды қысқарту арқылы қастандық жасап, кез келген ауыл арасындағы батырға айналдырып жіберіпті. С ә к е н. Тылтиған ештеме жоқ, жонылғаны да, қырылғаны да жоқ. М ұ х т а р. Мен хатта жазылған кінәнің шет жағасын ғана ауызша айтып отырмын. Егер түгел оқы десеңіздер... С ә б и т. Жоқ, қысқа баяндауға келістік қой. Кітап авторын айт. М ұ х т а р. Оқулық ретінде шыққан хрестоматияны құрастырушы әйгілі ақынымыз, Жазушылар одағының председателі – Сәкен Сейфуллин... Мен... болдым... С ә б и т. Хатта мынадай сөз бар: «Егер жыр алыбын бұлай редакциялай берсе, Сейфуллиннің өзі жазсын, әйтпесе қарт ақынды бұлай тықыртуға ешкімнің хақысы жоқ. Бұлай етуде үлкен саяси астар жатыр. Соны да ашуларыңызды талап етеміз». С ә к е н. Сен де болдың ба, жиналыс председателі, енді маған сөз бер. Осы арада сырттан Жамбыл мен Қалмақан кіреді. Жамбыл іс-міс жоқ, қатардағы орындықтың біріне жайғасады. С ә б и т. Қалмақан, саған Жәкеңді әкел деген кім бар? Қ а л м а қ а н . Партогке де болмай ма? Немене, жасырын өткіз гілеріңіз келе ме? С ә б и т. Өзіңді қорғағың келген екен. С ә к е н. Жарайды енді, отырсын Жәкең, қатыссын. М ұ х т а р. Келген екен, енді қарт ақынды қалай қуасың. С ә к е н. Жарайды, шынын айтқанда, тәтеміздің келгені де дұрыс болды... Мен енді сөзімді жалғастырайын... «Клим батыр» толғауын хрестоматияға қысқартып берудің

еш айыбы да, саяси астары да жоқ. Қайта мектеп балаларының оқуына, жаттап тақпақтауына лайықталып, ықшамдалған осы түрі өте дұрыс деп білем. Орыс оқулықтарында солай. Қ а с ы м. Сонда біздің еңбегіміздің еш болғаны ма? С ә к е н. Сіздің еңбек еш болуы керек еді, бірақ Жәкең шығарып, газет бетіне жарияланған соң, оны талқылаудан бас қа шарамыз қалмады. Мен толғауды түгелдей кемсітіп тұрғам жоқ, керексіз жерлеріне сақтық жасау керектігін ескертемін. Мына Жәкеңнің мына хатшыларына ескертіп отырмын. Халық ақынына сыя береді деп, тарихи дүниелерді қойыртпақтата беруге болмайды. Ертең Жәкеңнің аты бүкіл дүние жүзіне таралып кеткенде, Жәкеңнен кеткен қателер үшін сендерді кінәламай ды, жыр иесін кінәлайды. Жамбыл сөзі сынға түсер де, алтынға бағаланар күн де әлі алда. Қ а с ы м. Сонда ашық айтыңызшы, Сәкен Сейфоллаұлы Сейфуллин, «Клим батырдың» қай жері ұнамады. Бізге қандай айып тағасыз? Сіздің сөзіңізге қарағанда, шығарманың осал жағына, мазмұнына біз, яғни хатшылары кінәлі екеміз. Бұ дан былай хатшылықты да, сарапшылықты да қоюымыз керек шығар... Ж а м б ы л. Оу, жұртым, зиялы інілерім, мені мұнда неге шақыртты деп түсінбей келіп ем, енді түсіндім. Сендер, Сәкенжан, менің жырымды нашар деп, мені күстаналап отыр екенсіңдер ғой. С ә б и т. Жоқ, Жәке, біз сізді шақырған жоқпыз, сізді алып кеп отырған – мына хатшыларыңыз. Ж а м б ы л. Дұрыс істеген бұлар. Өлең жаман екен. Оны шығарған мен екем. Енді мені шақырмағанда кімді шақы расыңдар. Бұл түсінікті. Өлең нашар болса, сақалыма қарамай ұрсыңдар, сөгіңдер. Ақынның үлкен-кішісі болмайды. Жақсы мен нашары болады. Ал енді, түсінбейтінім – мына менің аузымнан шыққанды қағып алар мына әзірлерімнің айыбы не? Бұларды неге күстаналайсыңдар?

С ә к е н. Сізге берген азығы үшін. Толғаудың азығы. Ж а м б ы л. Оу, мен сонда қандай азық екенін айырмайтын, көрмей тін соқырмын ба, дәмін тұшынбайтын аузым жоқ па, тілім жоқ па? С ә к е н. Жәке, бұлар осы жолы сізге соқыртеке ойнатқан, көзін байлаған адам алдына келген уды бал деп берсе, байқамай жұтып қоюы хақ. С ә б и т. Жолдастар, тынышталыңыздар. Жәке, сіздің тол ғауы ңыздың көркемдігінде мін жоқ, Сәкен Сейфуллин жол дастың нені ұнатпағанын тыңдайық. Жәке, тәте, сізді кінә ласақ осында шақырар ек қой. Сіздің мұнда келуіңіз бекер болған. Біз хат бойынша, сіздің жырыңызға қиянат жасаушыны ғана шақырдық. С ә к е н. Мен Климент Ефремович Ворошилов жолдасқа арнап ода жазуға қарсы емеспін. Бірақ әр нәрсенің өз орны, деңгейі, үйлесімі, қисыны бар. Ж а м б ы л. Қарағым Сәкенжан, «ода» дедің бе? Оның не? Мен ода-модаңды білмеймін. Мен ода жазғам жоқ. Ондайды шығарып жүрген кім? С ә б и т. Ода деген, былай енді, мадақтау өлеңдер. Сіз дұрыс түсініп отырсыз, ода өлеңдегі ол да бір мода! Сіздің Ленин, Сталин туралы жазған өлеңдеріңіз одаға жатады. Ж а м б ы л. Немене, Ленин, Сталин мадақтауға тұрмай ма? С ә б и т. Атамаңыз. Неге тұрмасын. Сіздің Чапаев, Каганович, Куйбышев, Ежов туралы жазған өлеңдеріңіз де сол одаға жатады. М ұ х т а р. Дүние жүзіне аты әйгілі Ресей ғалымы Ломоносов та ода жазған... С ә б и т. Жәкеңнің басын олай қатырғанша түсінікті етіп неге айт пайсыздар. Жәке, өзіңіз білетін, бір кезде хандар мен патшалардың сарайында жалдамалы ақындары болған ғой. Оларды сарай ақындары дейді.

Ж а м б ы л. Сонда мен де жалдамалы сарай ақыны болғаным ба? С ә б и т. Атамаңыз, Сіз – Лениннің, Сталин ғасырының, яғни, ха лықтың бақытты ғасырының ақынысыз. Ж а м б ы л. Бәсе, Ленин-Сталиннің ақыны – оны сүйер халық ақыны болсам арланбаймын, солай бола беруге армандаймын, соларды айтып, тілім жетіп мақтай алсам, халқымның да көңілін, ойын жеткізіп қалғандаймын. С ә б и т. Дұр-рыс. Әрі қарай! Сәке, сөзіңізді әрі қарай жалғаңыз. С ә к е н. Жарайды. Ода дейін бе, толғау ма, мейлі, өлең дейін. М ұ х т а р. Дәлірек айтқанда, жолдастар, мұны шешіп алу керек екен. С ә б и т. Ал айта ғой, Ресейде оқыған сенің энциклопедиялық білімің бізден жоғарылау. М ұ х т а р. Жарайды, энциклопедиялық-ақ болсын. Ода деген ежелгі грек елінде билеп жүріп айтылатын өлең. Оны жанр ретінде қалыптастырған латын поэзиясының алыбы – Гораций. Орыс та Ломоносов, Державин, Радищев, Пушкиндер жазған. Шығыс поэ зиясында Рудаки, Науаи қасидалары одаға жақын. Олай болса, Жәкеңнің одаларын да қасидалық өлеңдер деу ләзім. С ә б и т. Дұр-рыс! С ә к е н. Өлең «ә» деп басталғанда, «Дейміз бе біз, Шыңғыс хан, атағы асқан, күші асқан Клим Ворошиловтан? Десе, әрі қарай я болмаса ертегі дейміз бе, Ғали арыстан? Теңерміз бе Ғалиді, Ел сүйген Климге? Ескендірді мақтаман, Рүстемді де даттаман, Олар біздің Климдей бола алмаған, болмаған! Өлеңде мін жоқ. Ал теңеуде дым жоқ. Мұны ұсынған сендер – хатшылар. Қ а с ы м. Сонда сіз Рүстемді, Ескендір мен Ғалиді Климнен артық қойып тұрсыз ба? Түсінбедік қой.

С ә б и т. Сен бұл сұрақты күлдіру үшін қойып отырсың ба? Әлде арандату үшін бе? Әлде ештеңе де түсінбейсің бе?! С ә к е н. Жарайды. Ары қарай: «Манас шыққан қырғыздан, Ол да мұндай болмаған...» М ұ х т а р. Бәлі, мына жері мүлдем болмаған екен. Ғ а л и. Енді мұны да біз үйретті дейсіздер ме. Тәтем Манасты атасындай жақсы көреді, ал Ворошиловты баласындай жақсы көрсе, оның несі айып? М ұ х т а р (күліп). Бұл арада бір тапқыштық жасай алмаған екенсіңдер. Жәкеңе ой салуларың керек еді. Манастың Клим Ефремовичтен үлкен бір кемшілігі – Манас Ворошиловтей Коммунистік партияның мүшесі болмаған. Міне, Ворошиловтың артық жері осынысында жатыр. Коммунист – Ворошилов, беспартийный – Манас. Бәрі күле беріп, жым болады. Бір-біріне үнсіз үрейлі қарасады. С ә б и т. Жолдастар, тым тереңдеп кеттік пе? Үй артында кісі бар. Бас жаққа барыспасақ қайтеді. Мұхтар, Манасқа жаның ашыса, өзің партиядан шығып қалғанда, билетіңді Манасқа неғып берме дің? М ұ х т а р. Бәлі, сонда қалай? Партия билеті бір қолдан бір қолға ауыса салатын қолжаулық па екен?! Партия билетінің құнын олай түсірме, Сәбит! С ә б и т. Ыстағыпыралла!.. Мен енді... мен... М ұ х т а р. «Ыстағыпыралла» деген сөзіңізде Алланың аты бар. Партия туралы сөзде Алланың тілі емес, партия тілімен сөйлеу керек. С ә б и т. Мұның жала, жала! Сонда, немене, партияның меншікті тілі бар ма екен? М ұ х т а р. Онда Компартияның тілі жоқ деп көрші, Сәбит. С ә б и т. Алла, Алла,.. тойс, құдай сақтасын,.. тойс...

Мұндайда ауызға да сөз түспейді екен... Мұхтарды сөзбен жеңе алмайсың. Қ а с ы м. Онда өзіңіздің жамбасыңызға лайық сөздер бар емес пе? С ә б и т. Иә, десейші, Владимир Ильич кейде Троцкийді жай сөзбен жеңе алмағанда, «сволыш» деп жіберетін көрінеді. Жып етіп Қаракөзілдірік кіріп, авансценада сыртымен сөйлейді. Қ а р а к ө з і л д і р і к . Бір-біріңмен қалжыңдаған болып, Ком пар тияны қалжыңға айналдырдыңдар ма? Ленинде қандай шаруа ларың бар? Басқа мысал, басқа сөз табылмады ма? Сып етіп қайта кетеді. С ә б и т. Мұхтарды олай да, бұлай да жеңе алмайсың. Осыдан бірнеше жыл бұрын, жастау кезіміз, бір үйде қонақта кездесе қалмаймыз ба? Ол кезде ішіңкірейтін, желөкпелеу кезіміз. Біраз қызып алған соң, талай бір кетіп жүрген өшімді алайын деп, мастықты пайдаланған боп, сөз арасына жаман сөздерді араластырып жіберіп-жіберіп алып, ай, сыбағасын бердім-ау. Мұхтар маған қарсы аузының жігін аша алған жоқ. Т а й ы р. Бас көтертпей, бастырмалатып тастағансың ғой! С ә б и т. Жо-оқ, қызығы бар, айтайын, қызығы деймінау, мұның ішіне жиып отырған бұзығы бар екен. Т а й ы р. Иә?.. С ә б и т. Иә, содан, қонақтан тап кетерде, ауыз бөлмеде, шыға беріс дәлізде бәтеңкемнің бауын, шие боп қапты, соны шеше алмай, нервнишит етіп отырсам, мына Мұхтарым менен бұрынырақ келіп бәтеңкесін киіп алған, «Әй, Сәбит»,

– деді. Мен айтуым қандай шапшаң болса, қайтуым да сондай шапшаң ғой, «О не?» – дедім, бауды шешіп отырып. «Басыңды көтер, бері қара», – деді. «Е, бұ не айтайын деп тұр» деп, басымды көтермеймін бе. «Әй, Сәбит, – деді тағы қайталап. – Сен бақыршы бала күніңнен мал ішінде жүріп, тәртіпсіз былапыт сөздерге әбден дағдыланып төселген сің ғой, ал мен болсам, зиялы, тәрбиелі адамдар ішінде өскенмін, бала күнімнен боқтау дегенді білмеймін. Бағанағы боқтағаныңның бәрі өзіңе, бәрі өзіңе!» – деп, шығып жүре берді. С ә к е н (күлкісін зорға тыйып). Е, соңынан қуып жетіп, тағы да бір-екі рет сыбағасын беріп жібермедің бе. С ә б и т. Қайдағы қуып жеткен-ау, бәтеңкемді кие алмай жалаңаяқ отырған жоқпын ба? Сол күні үйде түні бойы ұйқтай алмадым. Бі реуді балағаттау жеңіл де, өзің балағат есту – қандай ауыр. Өзіңнің боқтығыңды өзіңе қайтып берудің өзі қалай жаныңды жегідей жейтінін өз басыма түскенде сол түні бірінші рет сездім. Сол күннен бас тап ондайды қойдым. М ұ х т а р. Онда мен енді балағат сөздерден азат болған екем ғой. С ә б и т. Сенің қайбір жаныңа тигім келет дейсің, ол да бір қарсыласыңның алдындағы әлсіздігің, жалпы айтқанда, дәр менсіздік қой. Ғ а л и. Рас, рас. Мына біздің Жәкең ұнатпаған адамда рын «ұнға түскен тышқандай», «теке сақал», «жыбыр мұрт», «қу сирақ», «жүнді бас» деп, мысқылмен шаншып алса, Сәбитті «Балуан Шолақ», қыпшақ Тоғызақовты «Қыпшақай бала» деп, мінез-қимылына қарай атап, Сәкен ағамызды ерекше «Сә кенжан», Мұхтарды «Шоң қазақ» деуі, тіпті бар бітім, мінез-құлқын, образын ашып тұрған жоқ па? Ж а м б ы л (ыңғайсызданып). Жоқ, ара-тұра «қызыңды» деп менің де аузыма жаман сөздердің түсіп кететіні болады...

С ә к е н. Аһа-ха! Онда сіздің де дәрменсіз болғаныңызау. М ұ х т а р. Енді қалың халық ішінен шыққан, халық мұңын, ел қамын батыл айтатын, батырып айтатын даңғыл ақын, Жамбыл ақын дәрменсіз болса, біздің күніміз не болмақ?! Ж а м б ы л. Мен (орнынан тұрып) күннен-күнге сендерден де (авансценаға қарай жүріп) дәрменсіз болып бара жатырмын. Басқалар жоқ, бұрынғы Жамбыл шығады. Б ұ р ы н ғ ы Ж а м б ы л. Ә, дәрменсіздігіңді мойын дай бастадың ба? К е й і н г і Ж а м б ы л . Иә, күн өткен сайын мойындамасам да сезінетін сияқтымын. Қандай жиын, қандай сауық-сайран, думанды кештерге болмасын – бәріне қалай жыр арнағанымды өзім де білмей қаламын. Б. Ж а м б ы л. Бұйдасынан сүйреткен түйеге ұқсап бара жатырмын десейші. К. Ж а м б ы л. Бұйдалы түйе де жаман емес, әйтеуір бақырып-шақырып көш бастайды ғой, ал мен үйдің жанына тұсап қойып, керегінде иті де, құсы да міне сала шабатын колхоздың жауыр атына ұқсап кетпедім бе деп қорқам. Б. Ж а м б ы л. Бүйте берсең, бір қалыпқа, бір сорапқа түсіп, даңғыл Жамбыл – даңғой Жамбылға, алып Жам был – қалып Жамбылға айналып кетесің-ау деп қорқам. Әй теуір даңғыл жолыңнан – тарғыл жолың көбейіп кетпегей... К. Ж а м б ы л. Жаңағы Клим батырға таңған жырым Амангелді батырға арнаған жырым еді. Әзірлерім оған қимады. Қазақ қазаққа ондайды қиған ба? Онда «Ворошиловқа берейік», – деп ем, бәрі де көне кетті. Ал Климге жазғаным шынында да, әлгі Сәкенжанның бөліп алған жері болатын. Шынында да сол тұсы өзіме де ұнайды, бала балдырғанның, өзімнің Алғадайымның үнін естігендей болам.

Мойнында қызыл галстук, Алғадай бейнесі (елесі). А л ғ а д а й. «Клим батыр». Жауға жерін бермеген, Тигенге қылыш сермеген. Ат мінбеген жаратпай, Әскері темір болаттай... К. Ж а м б ы л. Мәскеуге үлкен тойға, қазақ өнерінің тойына он шақты күнге барады екенбіз. Осы жолы бар өнерімді салып көрермін. Содан соң кезкелген жерге шапқылай бермей, көңілім сүйген жерлерге ғана барармын. Б. Ж а м б ы л. Ай, қайдам, бара-бара нағыз сарай ақындарынша қызыққаннан құнығып кетпесең. Құнығып кетсең, дәні гіп алуың да алыс емес. К. Ж а м б ы л. Көрермін. Мына үлкен сапар – ата-бабамыз көрмеген тамаша сапарға барып келейінші. «Сосынғысын сосын көре жатармыз» деуші еді Қисыбай. Жарық сөне береді де, музыка әуені пойыз составының үніне ұласады. Төртінші көрініс Мәскеу. Қонақүй. Терезеден Кремль жұлдыздары көрінеді. Сағат таңғы 6-да радиодан Кремль куранттарының үні естіледі. Гимн. Жамбыл терезеден сыртқа қарап ойланып тұр. Есікті ақырын ашып, баяу басып Кенен кіреді. Ж а м б ы л (бұрылмастан). Кененімбісің? Бозторғайымай, ұйқың сергек-ау. К е н е н. Бозторғай күн шыға аспанға көтерілсе, мұңғылдарыңыз олардан бұрын тұрады екен. Ж а м б ы л. Сонда маған мұңғылдармен бір шатысың бар дегенің бе? Әлде өзіңнің бірдеңең бар ма? К е н е н. Жоқ, тәте. Ерте тұрғанның ризығы тәңірден

демеуші ме едіңіз. Сізді ерте оянатын Шыңғысханға ұқ сатқаным ғой. Ж а м б ы л. Оу, бозторғайым-ау, қылышынан қан тамған Шыңғысханнан басқа адамың табылмады ма? Климді содан артық деп мен бір пәлеге қала жаздап ем. К е н е н. Тәте-е, Шыңғысхан бүкіл дүние жүзіне сол қылышының жүзімен аты шықса, сіз жылы жүзді, үздік жырыңызбен, үрдіс үніңізбен дүние жүзіне танылдыңыз, мен сол ұқсастықты айтам! Ж а м б ы л. Ә-әй, сөз тапқанға қолқа жоқ. Мұның «Қазақ жеріне орыстар Пөшкенімен де, пөшкісімен де кірді» дегені сияқты екен... Ал Лениннің шуағы жалғыз қазаққа ғана емес, бар дүние жүзіне тарап бара жатқан жоқ па. Кеше ғана мен кім едім? «Келемін тепеңдетіп есекпенен, Үкіметім нан береді есеппенен», – деп есек мінген мен, кеше ғана көкшолағыңды бор байлаған Қордайдың қойшысы, сен екеуміз, арқыраған отарбамен Мәскеудің қақ ортасында, Кремльдей кең ордасында шалжаң басып жүрген жоқпыз ба? Сенің қай атаңа ел билетті, сен болсаң, бүгін де үлкен ақын-жыршы ғана емес, Қордайыңның болысы болдың... К е н е н. Тәте, тәте, мен сол болыстықтан гөрі, мына астананың ашық аспанының астында, еліміздің ең төрінде отырып, жыр алыбы, өлең-сөздің атасы, өзімнің ағам – Жамбылдың шәйін демдеу ші, жанын емдеуші, шабытын демеуші боп соңына ергеніме, соған қолымның жеткеніне ризамын. Ж а м б ы л. Әй, бозторғайым-ай, ертеде Төле бидің қасына ерген кіші билер Қарлығаш бидің қолына су құюға таласады екен, ол мұсылмандық, інілік парызын атқару ғой. Сен де солардай, ұлы міндетіңді өткергің келеді, сен менен кем ақын емессің, айыбың кішілігің, бүгінде менің көзім тірісінде маған іні боп еретін күндерің көп болғай, ертең мен көз

жұмғанда көргені мол аға боп, халқыңа беретін күндерің көп болғай! Әумин! Бүгін, көптен жоламай кеткен жолбарысым келіп, көлденең түсіп жатты. Ол да, мен де, көз шырымын алған жоқпыз. Құдай бұйыртса, бүгін бір Алатаудай заңғар, Балқаштай кең дария жыр туайын деп тұр. К е н е н. Иншалла! Ж а м б ы л. Мен өлсем жолбарысым саған үйірілер-ау, саған. Әумин! К е н е н. Әумин! Ж а м б ы л. Ал енді, Кененім, шайыңды жақсылап демдегін! Сырттан жүгіріп Қасым Тоғызақов кіреді. Қ а с ы м. Ассалаумағалайкүм! Тәте, менің керегім жоқ па, бірдеме туды ма, жазайын ба? Жамбыл терезеден бұрылмайды. Кенен «дауыстама» деген белгі береді. К е н е н. Тс-с! Тәтем түні бойы көз шырымын алған жоқ. Терезеден Мавзолейге қарап, көп ойланып, ыңыранып, көп толғатып шықты. Қ а с ы м. Онда, бір сағаттасын дайын болыңыздар. Бар делегация Мавзолейге барамыз. Сәкен мен Жүргенов бастап барады. Кетеді. Бесінші көрініс Өнер, әдебиет онкүндігінің салтанаты табысты өткенін баяндайтындай музыкалық әуендер, радиохабарлар. Солардың арасында пистолет жарығында – Жамбыл, Сәкен Сейфуллин, Күләш, Диналар жеке-жеке көрініп, жарық ұлғая түседі, пистолет жарықтары тұтаса түседі.

С ә к е н. Жолдастар, жолдастар. Биылғы 1936 жыл қазақ әде би еті мен өнерінің, бүкіл кеңестер елінің кіндік астасы Мәскеуде ең шыған биікке, аспанмен астасқан шыңға шыққан жылы. Қазақтың өнер алып тарын бүкіл кеңес ха лық тары қошаметтеп, шын жүректерінен қол соққан жыл. Өнерден Күләш шығыс бұлбұлы атанса, поэзия алы бы – Жамбыл атамыз XX ғасырдың Гомері атанды. Осы жолы Жәкең тудырған «Ленин мавзолейінде» деген ұлы толғауы, келесі күні-ақ бүкіл Кеңес елінің түкпір-түкпіріне газеттер бетінен, радио хабарлар арқылы қанатын самғай ұшып, кеңес жұртының аспанында қалықтап жүр. Бұл жыр – бұрын-соңды айтылған ауыз әдебиеті нұсқаларында, бұрын жазылған жазба әдебиеті шығармаларында кездеспеген, теңдесі жоқ ғажайып поэзия үлгісі. Мына мен де, Кенен де, басқа ақындар да, бұл тақырыпқа өлеңдер арнағанбыз. Олар шынын айтайын, ағынан жарылатын Жәкеңнің мына толғауының тобығынан келмейді, сүйіншісіне де жарар ма екен?! Данышпаным, қарт даңғылым, тәтем, көкем, әкем, Жәкең – Жамбылым, бүкіл кеңес жұртшылығының атынан сақалыңнан сүйейін! Сәкен Жамбылдың мойнынан құшақтап, сақалын сүйіп еркелеп жатқанда Тайыр «Ленин мавзолейінде» толғауын оқиды. Т а й ы р. Күнсіздерге күн болған, Жер жүзіне нұр болған, Ақылдың кені данышпан. Езілгенге қол берген, Кемтарларға жол берген, Заманның ері арыстан. Адасқан халық зарыққан, Сәулеңде келіп табысқан. Дариядан артық ақылың, Төбең биік ғарыштан.

Қартайғанда бір көріп, Зират етіп қайтуға Жамбыл келді алыстан... Жер жүзіне шамшырақ Орнатамын деп едің. Миллиондаған халықтың Сүйеніші едің, белі едің... Ақшыл тартқан басымды Алдыңа келіп иемін! Өлең түгелдей оқылса да артықтығы жоқ. Өлең оқы лып болғанда қатысушылар түгел қол соғып, қошаметтейді. С ә к е н. Жолдастар, бұл онкүндік – әдебиетіміз бен өнеріміздің онкүндігі, бәріміздің, халқымыздың ұлы жеңісі. Сол жеңіске жеткен жыр алыбы – Жамбыл, оған тетелес алып анамыз күй анасы – Дина, ән анасы – Күләш, сахна атасы – Қалибек бастаған ұлт әртістерімізді ел – Қазақстан асығыспен ұлы мереке деп күтіп отыр. Ертең Мәскеумен қош айтысып, күймен-әнмен, жырмен елге ораламыз. Сөз аяғы күйге, пойыз жүрісінің ырғағына ауысады. Қараңғы сахнада пойыз терезелерінің жарқ-жұрқ еткен жарығымен күй тартқан күндікті Дина бейнесі, ән салған Күләш бейнелері алма-кезек алмасып, салтанатты өнер кешін баяндағандай әсер қалдырады. ЕКІНШІ АКТ ПРОЛОГТЕГІ КӨРІНІС Сахна қараңғы. Ауыздарынан жалын шашқан гүрілдеген айдаһарлар, мың бұралып ысқырған әбжыландар әлдекімді қоршап,

матап алған. Солардың алдында Жамбыл домбырасын безеп, манасшыларша аруақтанып, жыр сөздерін құйып отыр («Сұржылан» атты өлеңі): Ысқырды тағы сұр жылан, Екі айыр тілі у жылан. Бақытты бейбіт елімде, Жасырынған сұм жылан. Ой-шұқырды сағалап, Елді торып жағалап, Жабықтан кірген қу жылан. Ерген иттер айтаққа Сатылған жауыз, бай тапқа, Жарықтан қашқан бандалар, Өңшең соқыр, жын жылан. Қанқұмарлар жыланы, Троцкий жыланы, Қайдағы зұлым сұм жылан, Жай жылан ба, бұл жылан – Қара, жолдас, бас қосып, Халыққа қара түн тосып, Сақтап зәрін бойына Туғызбақ боп бізге ылаң, Халықтың қара жаулары Бас қосып қай-қайдағы, Елеусіз жүріп елімде, Нелер сұмдықты ойлады... Жамбыл өз-өзінен шошығандай, айғай салып артына қа райды. Жыландардың арасында, жарқ-жұрқ еткен шам жары ғында Сәкен, Ораздар көрініп қалады. Жамбыл жан даусы шыға үрейленіп, шегіншектей-шегіншектей шығып кетеді. Шам жанғанда – төсегінен айғай сала шошып оянған Жамбыл отыр.

Бірінші көрініс Ж а м б ы л. Ғали, Ғали! О, фани! Ғали қайда? Қыпшақай, Қыпшақай, шақырыңдар Қыпшақайды, Ғалиды... О, фани жал ған, не боп барады бұл заман. Кімге сенейін, кімді ұғып, кімді түстеп, түсініп, кімге пиғыл берейін, кімге көңіл бөлейін, басым қатты, білмеймін, жақынды да алысты бұрынғыдай көрмеймін, алжыдым ба, тоздым ба, қажыдым ба, біттім бе – о дүниеге оздым ба, кімге сеніп, ес қылып, қай шындықтың етегіне жармасып, қай сұмдықтың жағасына жармасып, кім соңынан ерейін... Ентігіп Ғали кіреді. Қолында мылтық, жалғыз сауысқан. Ғ а л и (міңгірлеп, күмілжіп). Тәте, мені шақырдыңыз ба? Ж а м б ы л. Қолыңдағы не? Ғ а л и. М-мылтық. Ж а м б ы л. Сендер қалам ғана емес, қолдарыңа мылтық та ұстай біледі екенсіңдер. Екінші қолыңдағың не? Ғ а л и. С-сауысқан... Ж а м б ы л. Сендер жазықсыз құс емес, адамды да атып тастайтын қаражүрек екенсіңдер. Ғ а л и. Тәте, не боп қалды. Кім кімді атып тастапты? Ашып айтыңызшы. Ж а м б ы л. Ашып айтатын сендер, ашып айтыңдар қашып жүрмей! Ғ а л и. Ашып айтса, тәте, мен өмірі сізден қашып жүрген жоқпын. Мылтық тұрмақ, ешкімді көзіммен атып көрген жоқпын, анда-санда аңшы боп шүріппені аңға басып та жүрген жоқпын, әшейін бір зеріккен соң, ішім пысып еріккен соң, тауға шығып кекілік атайын деп, таудан шаршап келіп жатайын деп... Оған да икемім де, ебім де, аңшылыққа тигізер себім де жоқ екен, кекіліктің бірі жақындатпайды, сосын

ақын атпайды, мен мерген емес екенмін, құдай ондай өнерді берген де емес екен. Содан мына бір шықылықтаған өсекші сауысқанды қайта-қайта дүңкілдетіп ата бердім. Бір кезде оқ тиіп, тап алдыма жерге жата кетті. Ж а м б ы л. Өсекші деймісің, шықылықтаған арам сауысқаннан сендердің де айырмаларың аз-ау, қай жерлерің артық? Біреуің сылтық, біреуің тыртық, біреуің тасадан атар қара мылтық, қайсың барсың бетпе-бет келіп, бұқпай, ықпай атар ақ мылтық? Шарайнада бұрынғы Жамбыл. Б. Ж а м б ы л. Иә, Ғалидың кінәсі не? Осынша, «жуас түйе жүндеуге жақсы» деп, өзі де жібек, сөзі де жібек ақыныңды жегідей жеп, жерлегенің не? Жібекті түтемін деп жүн ғып алма, сабыр, сабыр! Ж а м б ы л (сабасына түсіп, ыңылдайды). Е, жібегім, жібектей жұмсақ, түбіттей үлбіреген биязым, әперші ана домбыраны. (Дом быраны мылтық қып оқталып, атқан боп өлең құрайды). Кекілік ұшып дүр етті, Ғали шошып дір етті, Атқаны бір сауысқан, Оқтың бәрін тауысқан. Ұялғанын байқаймын, Бәсең шыққан дауыстан. Ж а м б ы л. Әй, Ғалиым-ай, ашынғанда, күйзелгенде саған зекіп, саған ұрсып, әшейін налимын да. Сен қалаға кеткен екен десем, далаға кеткен екенсің ғой, саған ештеме жетпеген екен. Ғ а л и. Не жетуі керек, тәте? Ж а м б ы л. Сәкенжан қамауға алыныпты ғой. Түрмеде отыр дейді ғой. Не үшін?

Ғ а л и. Естісем құлағым керең болсын, сіз де естімей-ақ қойыңызшы. Ж а м б ы л. О не сөз? Мен әлі керең емеспін. Ғ а л и. Тәте, тәте, бұрынғылар: «Естіген құлақта жазық жоқ» деуші еді ғой, қазір естіген құлақты да жазғыратын болыпты. Ж а м б ы л. Естіген құлақты кім естіп қояды екен? Оны қайдан біледі?! Ғ а л и. Тәте-ау, құлағы естіген қазақтың аузы жыбырламай қоймайды. Сондықтан мен ештеме естіген жоқпын. (Елеңдеп.) Оһ, жаңа Қыпшақай қаладан келген, мынау соның жүрісі. Бөлмеге сәлем беріп Қасым, одан соң Қалмақан кіреді. Ж а м б ы л. Ал қане, Қыпшақай, Қасым, Сәкеннен не хабар әкелдің, қапасқа қамағаны рас па? Қ а с ы м. Рас болғанда, бұдан екі ай бұрын қамағаны да рас. Жұрттың жаңа естігені де рас. Сәкен ғана емес, Майлиннің де, Жансүгіровтің де ұсталғаны рас. Қала, ауылдардан ұсталып жат қандарда қисап жоқ. Бәрі – рас! Ж а м б ы л. Тоқта, сүйреңдемей! Қалай ғана мұны жаның жай тапқандай, жайраңдап, жайбарақат айтып тұрсың, санасыз! Қ а с ы м . Жайбарақат айтпағанда қайтем, тәте! Бүйте берсе ертең біз де түрмеге бір-бір рет жатып шығамыз. «Түрмеге бір рет те түсіп көрмеген адам большевик емес» деп Ленин атамның өзі айтқан. Ж а м б ы л. Не үшін түспексің? Қ а с ы м. Не үшін деріңіз бар ма. Қазір үндеместер жабам десе, жаба салатын көрінеді. Сіздің өлеңдеріңіз үшін де біраз адам түрмеге түсіпті. Ж а м б ы л. Менің өлеңдерім үшін?!

Қ а с ы м. Сіздің «Ұлы Сталин» деген сөзіңіз бар ма? Ж а м б ы л. Бар. Немене, Сталин ұлы емес пе екен. Не сандырақ? Қ а с ы м. Тұра тұрыңыз. «Ленин-Сталинді мадақтайық» деген сөздеріңіз бар ма? Ж а м б ы л. Немене, мадақтауға тұрмай ма, қызталақ?! Қ а с ы м. Ендеше, «ұлы» деген сөз «улы Сталин» болып, «мадақтайық» деген сөз Ленин-Сталинді «мазақтайық» деп ба сылып, талай газет-журнал қызметкерлері түрмеге қамалып жатыр. Оны айтасыз. Мен, тәте, одан да қызықты айтайын: бір облыстық газетте бас мақаладағы «Жаппай егіске жұмыла кірісейік» деген тақырыптағы «егіске» деген сөздегі «е» әрпінің орнына «с» әрпі түсіп кетіп, бар редактор, корректор бәрі түрмеге қамалыпты. (Қарқылдап күледі.) Ж а м б ы л. Оның несі қызық? Несі күлкі? «Жаппай егіске жұмыла кірісейік» – «егіске». Жамбыл жаңа түсініп, екі иығы селкілдеп кеп күледі. Қ а с ы м. Сол-лай ма екен? Ж а м б ы л (күлкісін әрең тыйып). Сон...да, сонда, сол үшін түрмеге отырғыза ма? Не деген сұмдық?! Оу, баяғы заманда, бәдік айтыста одан да сорақыларды айтатынбыз. Әдейі қиюластыратынбыз. Сонда, осы сұмдықтарды Сталин біле ме? Қ а л м а қ а н . Неге білмесін, кімнің дос, кімнің қас екенін, оңы мен солын білмейді деуге, ақ пен қараны айырмайды деуге кімнің аузы барады. Ж а м б ы л. Сталин қазақша білетін бе еді? Сәкеннің өлеңдерін қалай түсінеді? Ғ а л и. Түсінбесе, түсіндіретін, орысша аударып беретін кәпірстан қазақтар бар емес пе? Кейде ыммен-ақ ұстап береді.

Ж а м б ы л. Бірін-бірі ұстап беретін қай жауыздар ол? Ол жүзіқара зәнталақтың біреуінің атын аташы тым құрмаса. Қ а с ы м. Көңіліңізге келеді ғой. Ж а м б ы л. Ондай қарабет көңілге келмей-ақ қойсын. Білсең, біреуінің атын аташы. Қ а с ы м. Оның бірі – өзіңізсіз, тәте! Ж а м б ы л. Не дейт! Не айтып тұрсың? Мен қай уақытта Сәкенді жау дедім? Бейімбет, Ілиясты қамауға ал деп қашан айт тым? Ендігі ұл-қыздарымның жаласына мені қалдырмақсың ба? Не жала бұл, не жала?! Қ а с ы м. Сіз ата дегесін атап тұрмын. Жала емес. Есіңізге салайын ба, «Сұр жылан» деген өленіңізді? Ж а м б ы л. Сал, сал. Сосын мені де қамат. Қ а с ы м. Мен жатқа білемін. Керек жерін ғана есіңізге салайын: Ысқырды тағы сұр жылан, Екі айыр тілді у жылан. Бақытты бейбіт елімде, Жасырынған сұм жылан. Ой-шұқырды сағалап, Елді торып жағалап, Жабықтан кірген қу жылан... Жарықтан қашқан бандалар Өңшең соқыр, жын жылан... Ж а м б ы л. Жетті, жетті, мен соңғы кезде түсімде де сол жыландарды көретін боп жүрмін. Енді Сәкенді қаралаған жерімді айтшы. Қ а с ы м. Халқымның жауы – залымын, Басы өлсе де жыланның Құйрығы тірі қалмасын, Күлін көкке ұшырып, Тастайық шауып тамырын.

Ж а м б ы л. Бары осы ма? Сәкен жоқ қой. Қ а с ы м. Сәкен жалғыз болса бір сәрі, басқалар да тұрған жоқ па бұл сөзде: «Тастайық шауып тамырын», – дейсіз. Тамыр біреу-ақ болушы ма еді. Сәкен Троцкийдің бір тамыры, бір құйыршығы ғана. Енді көп тамырларын – бандыларын іздеп жатыр. Олардың бәрін табады, бәрін шабады. Ж а м б ы л. Әй, мен Троский-мроскийіңді білмеймін. Бейбіт елімізге лаң салып, айрандай ұйыған ел бірлігін, тамаша тұрмысымызды бұзып, ойран салғысы келіп жүрген ішімізден жаулар шықты, олар жалғыз Мәскеуде емес, басқа кеңес жұртының бәрінде бұғып, астыртын қастандық әрекет жасап жүр, солардың, әлгі, не деп едіңдер, иә, «бетпердесін жұлып, айдай әлем алдында аямай әшкерелеп беріңізші!» – деген өздерің емес пе едіңдер?! Қ а л м а қ а н . Иә, айттық. Сіз әшкереледіңіз.Сізде кінә жоқ. Дәл айттыңыз. Ж а м б ы л. Дәл айтқанда, мен қазақтың Сәкендердей ардагер ұлдарын айтыппын ба? Қ а л м а қ а н . Жәке, енді бәрін де ұмытыңыз. Ардагер деп отырғандарыңыз жау боп шықты. Енді оларды қорғаймын деп пәлеге қалып қайтесіз. Ж а м б ы л. Мен бе? Мен неге пәлеге қаламын? Мен, қайта іздеу салып, жоқтау айтуым керек. Жердің жігінен шыққандай, Қаракөзілдірік шыға келеді. Қ а р а к ө з і л д і р і к . Жоқтау айтам деп жүріп, өздерің жоға лып кетіп жүрмеңдер... Ж а м б ы л. Мен неге жоғалуым керек, кім мені жоғалтатын? Мені бір құдайдан басқа, тірі пенде жоғалта алмайды. Қарай гөр, мына баланың мықтымсуын. Әй, қаракөзілдірік, сен мені қорқытпа! Әй, осы сен кімсің өзі? Күтпеген, күтінбеген жерде, күдірейіп, кейде сүмірейіп, кейде едірейіп шыға келесің. Ойламаған кезде біреудің ойынан, біреудің қойнынан шыға

келесің. Әркімнің қалтасында жасырын жүрген немесің бе, әлде біреудің арқасында айбының мен айлаңды асырып жүрген немесің бе? Айтшы шыныңды, жеріңді, руыңды, тегіңді, ұлтыңды, шыққан жұртыңды, адам деп қойған атыңды, адам шылық затыңды?! Отырғандар әуелі аң-таң, Жамбылға үрейлене қарайды. Қ а с ы м. Тәте, қайсымызға ұрсып отырсыз? Ғ а л и. Ойыңызға бірдеме түсіп кетті ме? Ж а м б ы л. Ойыма ғана емес, көзіме де түсті. Ғ а л и. Кім? Кім? Ж а м б ы л. Қаракөзілдірік. Қ а с ы м. Ә, ол бізге ылғи көрінеді. Ғ а л и. Кейде елестейді. Етіміз үйренген. Ж а м б ы л . Елестеген емес, сөзін де естідім. Қайда кетті өзі? Кім өзі? Қ а с ы м. Бұларда ұлт та, ру да жоқ. Бұлардың ақылы да, аттары да біреу-ақ: бұлар – үндемес деген ауылдың, үндемес деген балалары. Бұлар бұрын үнемі үй артында жүретін. Қазақтың «үй өзімдікі деме, үй артында кісі бар» дейтіні содан-тын. Ал қазір бұлар үй ішіне кіріп алған. Енді бізбен қатар жүрген адамдардың ішіне, қолтығына кіріп, қалтасына түсіп, орналасып алғандары да бар. Ғ а л и. Иә, әлгі осы ортамыздан, біреуіміздің қолтығымыздан шықты. Ж а м б ы л. Оу, мыналарың ескінің ертегісі сияқты екен. Қ а с ы м. Жәке, жаңа заманның да адам сенгісіз ертегісі бар. Оны оқымаған адам сіз түгілі, аздап оқыған біз де біле бермейміз. Ж а м б ы л. Апыр-ай, кер заманға кез болмасам игі еді?! Қ а с ы м. Кез болмасам едіңіз не, тәте! Уже, кезіккенсіз. Бәріміз де қақпанға түскенбіз.

Ж а м б ы л. Қой, Қыпшақай, қайдағыны айтпай. Жақсы сөз – жарым ырыс, заманның жақсылығын айтуға тырыс. Қ а р а к ө з і л д і р і к . Әй,Тоғызақтың Қасымы. Қасым емес, қаскөй боп барасың ғой, байқа, байқа! Тоғызқұмалақ ойнағандай тұспалдап, шалдың сау басын қатыра берме. Өзің де сау басыңа сақина тілеме! «Қақпанға түскенге қақпан кінәлі емес, қақпанға түскен кінәлі». Қ а с ы м (бірден өзгеріп). Әй, Жәке-ай, бұрынғының адамысыз ғой. Кейде аңғармай сөйлей салатыныңыз бар, аңқаусыз-ау, адам қартайғанда бір бала! Ж а м б ы л. Оу, Қыпшақайым, мен не деп аңғармай сөйлейін. Дәп осы арада құлағың қағыс естімесе, мен ештеме артық сөйлегем жоқ. Қ а с ы м. Артық сөйлеген жоқсыз, кем сөйлеп қалдыңыз. Ж а м б ы л. Кем дейді, әй! Сонда, кем сөйлегеннен де кемшілік таптың ба, әй, Қыпшақайым? Қ а с ы м. Жаңа ғана, бір құдайдан басқа ешкім мені жоғалта алмайды дедіңіз бе? Ж а м б ы л. Дедім! Өтірік пе? Бұл сөздің не кемдігі бар? Қ а с ы м. Кемдігі сол – сізді, бізді, бәрімізді құдайдан да бұрын құдекеңнен құдіреті күшті Стекең алып кете алады. Өтірік пе? Ж а м б ы л. Оу, мен о дүниеге дегенім ғой. Қ а с ы м. Стекең о дүниені бұ дүние, бұ дүниені о дүние етіп те өзгерте салады. Ж а м б ы л. Оның рас, мен әшейін бұрыннан келе жатқан сөздің рәсімімен айтқаным ғой. Қ а л м а қ а н. Заман ыңғайына қарай сөз рәсімі емес, бар рәсімді өзгерту керек. Ж а м б ы л. Оның рас.... Осы сендер менің өлеңімнің сақалын күзеп, мұртын басып, артық-тыртығын түзеуге шеберсіңдер. Кем сөзді толтырып, артық сөзімді де римонттай салмайсыңдар ма. Мен де бір, ескі трактор да бір, кейде

бір жазық жонға шығып алып, жосытып, артық тырылдапырылдап кететінім бар. Қ а с ы м. Ондай жерде «Қалмақан өлең жазады, ақшасын Жамбыл алады» деп ескі гөй-гөйіңізге басасыз ғой тағы да... Ж а м б ы л. Әй, қу бала, Қыпшақайым-ай, осы сен сұңғыла баласың. Ішіңде өртеніп жатқан бір бәле бар. Бәлесің, бәлесің! Әйтеуір тіл-көзден аман жүрсең жарар еді. Айтқандай, менің Сталинге жазған арызымды түзеп, қырнап әкелдің бе?.. Әкелші, бармағымды басып берейін. (Қасым қалтасынан алып, хат ұсынады.) Ғ а л и. Бұл нешінші хатыңыз? Ж а м б ы л. Білмеймін, санынан жаңылдым ғой, әйтеуір төпелеп жаздырып жатырмын, жаздырып жатырмын, бірде-бір жауап жоқ. Мен қазір! (Жамбыл бармағын басып, сыртқа шығып кетеді.) Қ а с ы м. Тәтем Сталинге: «Қазақта халық жауы болмайды, қамалғандарды босат» деп неше рет, неше түрлі хат жазғызды. Осы жолы, егер осыдан жауап жазбасаң, сені мадақтап өлең айтуды қоям, – деп өзінше Стәлинді қорқытып жазғызды. Қ а л м а қ а н . Сен солай жаздың ба? Қ а с ы м. Олай жазып өле алмай жүр деймісің?! Қ а л м а қ а н . Бәсе. Қ а с ы м. Тәтем Стәлинге айтып отырғанда, мен өлең жазып отырам. Жәкең де сәби ғой, жазып отыр деп илана береді. Ғ а л и. Сонда сен не жазып отырасың? Қ а с ы м. Мысалы, осы жолы былай жаздым: «Біреулерге жас қайғы, Біреулерге бас қайғы», – «Бұл сөзімді, Оразжан, Сталинге жеткіз», – деп, Жәкең күнде қақсайды.

Қақсаса да бұл сырдың, Кілтін ешкім ашпайды. Сыртын беріп бұрылып, Ешкім аяқ баспайды. Басқанменен не пайда?! – Газет, журнал баспайды. Жәкең сөзі бұл үйден Қарыс қадам аспайды. Жаны тыныш өкімет Ештемеден саспайды, Саспайтыны – бос сөзге Сталин құлақ аспайды! Қ а л м а қ а н . Мына сөзіңнің төркіні жаман екен. Біреу дің қолына түседі деп қорықпаймысың? (Екеуінің көзі де қара көзілдірікке түседі.) Қ а с ы м. Несіне, қорқам, Жәкеңе Стәлинге жібердім деп, артынан жыртып тастаймын. Ондай хаттарды «жіберуші болмаңдар» деп ескерткені қайда? Қ а л м а қ а н . Иә, білем! Мен де ескертемін! Сырттан Жамбыл келеді. Ж а м б ы л. Ал жарайды, барыңдар, мен демаламын. Қ а с ы м. Әлгі хатым қайда, ертең жіберейін. Ж а м б ы л. Сен қиналмай-ақ қой, сенің қолың ауыр, жаңа қолы жеңіл біреуден Алматыға жібердім. Қ а с ы м (баж етіп). Ойбай, неге жібердіңіз, кімнен, құрыдым ғой. Ж а м б ы л. Неге құрисың? Құрысам – мен құримын. Қ а с ы м. Қап. Қайда ол кісіңіз, әлі кеткен жоқ шығар. Сыртқа ұмтылады. Ж а м б ы л (кетіп бара жатқан Қалмақанға). Тұра тұр.

(Хатты ұсынып.) Әлгі жеңілтек Қыпшақайдай емес, сен салмақтырақсың ғой, мына хатты Стәлинге салып жіберші. Қалмақан қағазды қалтасына салып шығып кетеді. Екінші көрініс Сырттан жүгіріп Алғадай келеді. А л ғ а д а й. Тәте, тәте, басыңды көтер, Сәбиттер келіп түсіп жатыр. Ж а м б ы л (жатқан орнынан тұрып). Ол неге келіпті? Үш-төрт ай бойы бәрінен құтылып, басымды арашаладым ба деп ем, тағы да менің басымды қатырып, миымды ашытуға келген шығар. Сырттан Сәбит, Мұхтар, Қалмақан, Ғалилар кіреді. С ә б и т (қолдасып). Ассалаумағалайкүм! Бәрі қол алысып, отырады. Ж а м б ы л. Ал Балуан Шолақ, Шоң қазақ, неге келдіңдер, шаруаларыңды айтыңдар да, менен сыбағаларыңды алып, ана қонақ үйден сыбағаларыңды жеп, Алматыларыңа қайтыңдар. Сөз – осы. С ә б и т. Сөз осы болса, біздің де сөзіміз осал емес. Сіздің мәселеңізді қарап, біз де біраз сыбағаңызды беруге келдік. Ж а м б ы л. Ол ненің ақысы!? Сендердің жанарған кеңес үкіметтеріңді, сендердің бақытты өмірлеріңді жырлап, енді мына аза бастаған, тоза бастаған, түрме иісі шыққан тіршіліктеріңді көрмей, өлуге бар шығар бұл қақбастың қақысы. С ә б и т. Сіздің мәселеңізді қарауға біздің де бар қақымыз. Жәке, сіз, преждо всего, Жазушылар одағының басқалармен бірдей мүшесісіз. Мен, прежде всего, Жазушылар одағы ның басқалардан ерек білдей бастығымын.

Ж а м б ы л. Ал терге, терге! Ендігі тергемегендерің, түрмеге бермегендерің, тірідей жерлемегендерің мен екенмін. С ә б и т. Алла сақтасын! Қайдағыны айтпаңызшы! Қ а р а к ө з і л д і р і к . Олда мүмкін: «Қақпанға түссең – қақ панды жазғырма, неге түстім деп өзіңді жазғыр». С ә б и т (бәсеңсіп, жасқаншақ). Маған ана жоғарғы жақтағы өзіңіз білетін Дәулерден күнде звонок, күнде құлағымның етін жейді. Джамбул Джабаев қайда? Ауырып қалды ма? Неге үнсіз жатыр? Сендер сөйлетпей тастадыңдар ма? Социалды қоғамға жаулар жабылып жатқанда, Жамбыл жабығып қалды ма, жалығып қалды ма, айтар сөзден жаңылып қалды ма? Ж а м б ы л. Жабықтым да, қамықтым да, бірақ жалыққан жоқ пын, айтар сөзден жаңылған да жоқпын, тек, жас жетіп бәрінен де тарықтым, торықтым. С ә б и т (сөзді бұрып). Оу, тарығатындай, тәтесі, не боп қалды? Анада ауылда өткен үлкен слетке машинамен бармай, қасқа атыңызға мініп, кеш қалыпсыз. Шопырыңызға ұрысса, ол мен кінәлі емес, тәтем машинаға мінбей қойды дейді. Ж а м б ы л. Меншіксіз машинадан меншікті ат жақсы. М ұ х т а р. Меншіктісі қалай? Ж а м б ы л. Әй, Балуан Шолақ, ана маған берген машина кімдікі? С ә б и т. Кімдікі болушы еді – сіздікі! Ж а м б ы л. Жоқ, Сәкендікі, Сәкенжандікі. Оның қырық жылдық тойында өкіметтің оған тартқан сыйы екен. С ә б и т. Ол арасын білмедім. Бірақ онда тұрған не бар? Сәкен жау болса да, машинасы жау емес қой. Ж а м б ы л. Кеше баламдай ғана бауырыма басқан Сәкенжан қапаста қамығып, өзі құрған жарық дүниеге бір шығып, таза ауаны бір жұтуға зар боп, зарығып отырғанда, мен қалай ғана дәтім шыдап, оның машинасына мініп жүрем.

С ә б и т. Тәте, Мәди ақын да: «Жалғыздың өзі өлсе, несі қалар? Мінген ат, қатын, бала жауда қалар» деген жоқ па? Ж а м б ы л. Сонда мен Сәкенжанның жауы болғаным ба? Оның машинасын мінбеймін. Қасқа атымнан жарылқасын. С ә б и т (Мұхтарға қарап). Тәте-ау, қазір жау боп кеткендердің қасқа атын да, басқа атын да мініп жүргендер бар, одан несін қысы ласыз? Солай емес пе, Мұхтар? М ұ х т а р. Бәлі, оның несін сұрай қалдың менен, бұл сөзің енді жарасып та тұрған жоқ, шындыққа жанасып та тұрған жоқ. Ж а м б ы л. Ә, балуанның, әшейін жаны ашып тұрғаны шығар? Айтқандай, мен саған Балуан Шолақ деп ат қойып ем, сен кейінгі кезде балуан емес, қорқақ боп барасың. «Қорқақ адам кор болып, Көлеңкеден қорғалар, құрдай болып жорғалар, жұртқа жәрдем берер ме. Қиын күнде ондайлар». С ә б и т. Менің, қазір ештемеге шамам келмейді, қолым қысқа молақпын, балуан емес, шолақпын! Ж а м б ы л. Жай шолақ боп қалсаң ештеме емес-ау, тек шолақ белсенді болмасаң жарар еді... Біреулер солай деп жүр ғой. С ә б и т (түсінбегенсіп). Тәте, жұрт сізді заманының ең белсенді жыршысы, бел шешіп кірісер белсенді жаршысы деп жүр, сіз тұрғанда бізге ондай белсенділік қайдан келсін... Ж а м б ы л. Бұл сөзіңнің жаны бар, Балуаным! Тоқсаннан асып, жүзге басқан бәйтерекпін бе деуші едім өзімді, сөйтсем замана бәйтерегінің бір бұтағына қонып алып, дамылсыз тоқылдатқан тоқсандағы тобықтай ғана тоқылдақ екенмін. М ұ х т а р. Тәте-ау, олай торықпаңыз. Сіздің жырларыңыз ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа кетеді, сіз тоқылдақ емессіз, замана бұл бұлысыз, Жәке! Ж а м б ы л. Бақытты заманды, Стәлінді жырлаға ным халқыма, ұрпаққа жетсе де, Стәліннің құлағына жетпей қойды.

С ә б и т. Неге жетпесін, жеткенде қандай! Ж а м б ы л. Егер жетсе Сәкенжанды, Бейімбетті, Ілиясты айтып жазған қағазым неге жетпейді? Неше айдың жүзі болды. Қып шақайыма жаздырып едім, жауап та жоқ, Қыпшақайым да көрінбей кетті. С ә б и т. Ол бармағыңызды басқан хат па еді? Ж а м б ы л. Иә, иә, оны қайдан көрдіңдер? С ә б и т. Ол бізде, Президиумда қаралған. Ж а м б ы л. Ол қайдан сендерге түсіп жүр? Бәрі бір-біріне қарасады. Қалмақан төмен қарап, бұға береді. С ә б и т. Соның артынша-ақ, Қыпшақайыңыз да тұтқынға алын ған. Ж а м б ы л. Тұтқынға?! Сонда мен кінәлі болғаным ба? М ұ х т а р. Сіздің ешқандай қатысыңыз жоқ. Ол Майлинмен байланысты. С ә б и т. Сіздің Майлиннің бала-шағасын қорғап, үйін даулаған шағымыңызды өз арамыздағы Мирзоян да оқи алмай кетті. Ж а м б ы л. Мырзажанға не болды? М ұ х т а р. Ол да «халық жауы» болып шықты. Жақында тұт қындалды. Ж а м б ы л. О, тоба! Оразым аман ба, Оразжан? Оған да шағынып ем! Авансценаға Ораз бен Жамбыл шығады. О р а з. Тәте, біз де шындықтың аулын таба алмай адасып, не адасқанымызды айта алмай, сөзіміз шерге, шеріміз уға айнала бастаған, әйтеуір тірі жанбыз... Жа м б ы л. Сонша не боп қалды, қара аспанды жаудыратын? Аспанды тіреп тұрған да өздерің, оны құлататын да өздерің емессіңдер ме?

О р а з. Біз де солай ойлағанбыз. Сүйтсек, күмбезді көтергенше ғана бізді тіреуіш етіпті де, көтеріп алған соң, қа ғып тастап, жалғыз тіреуіш – жалғыз діңгекпен қалдыр мақшы екен... Ж а м б ы л. Е, е, онда тіреуішпін деп жүргендеріңнің көбі құр қуыс кеуде шіренгіш екен де, бірін-бірі ірегіш десейші. Тіреуіштеріңнің түбі тез шіріген екенде, бастарың қосылып, ұйымай жатып, іріген екенсіңдер. «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса тө бедегі келеді». Іргелерің сөгіліп, ауызбірліктен кеткен екенсіңдер – онда өз аулыма дем берем деп жүріп, сырттағы жауға жем болдым дей беріңдер. О р а з. Сырттағы жау алса өкініш аз-ау, іштен шыққан жау жаман екен. Бірін-бірі алдырып жатқан өзіміз емес пе? Ж а м б ы л. Сол өзіңнің ішінде өзің жоқсың ба? О р а з. Сіз, тәте, маған күмәнданамысыз? Қашаннан бері? Ж а м б ы л. Күмәнданбайым, күдікшіл боп барам. Әркімнен күдігім бар, ал айтшы – Сәкен жау ма? О р а з (күмілжіп, жан-жағына алақтайды). Енді... солай деп жүр ғой. Ж а м б ы л. Маған солай-молайың керегі жоқ, былқылдатпай турасын айт. О р а з. Мен қайдан білейін. Ж а м б ы л. Сендер, өкімет басшысы, сендер білмегенде, кім біледі. Сендер қаматқан, айт, жаның барыңда, әкеңдей болған маған шыныңды айтпағанда, кімге айтасың? Кеше ғана төс қағысып, құшақтасқан дос тар емес пе едіңдер. Екеуіңнің бірге жүргендерің қандай жарасымды еді. Достарың қуанып, дұшпандарың күндегендей еді... О р а з (көзі қаракөзілдірікке түсіп). Тәте, бұған сіз араласпа ңыз. Қайтесіз... Үкімет жау деген адам – жау! Ж а м б ы л (айғайлап). Сонда – Сәкен жау?! Сеніңше ол – жау?!

О р а з. Жау болса, жау шығар, қойыңызшы, тәте, былай да бас қатып болды. Сіз енді бір жағынан. Ж а м б ы л. Ә-ә, солай ма, Сәкен жау болса, сен де жаусың, бәрің жау. (Таяғын ала ұмтылады. Ораз таяқтан қорғанып шығып кетеді.) С ә б и т. Тәте, сіздің айтқаныңыз құдайдың құлағына шалыныпты. Ораз да жау боп шықты. Ол да қамауда. Ж а м б ы л. Не дейді? (Өз басын өзі тоқпақтап.) Мен кінә лімін. Мен, мен. Сәкен жау болса, сен де жаусың деп едім. Мен иман сызбын, мен, мен кәпірістан! Мен! (Талықсып құлай береді.) С ә б и т . М ұ х т а р (сүйемелдеп). Сіз кінәлі емессіз. Қ а л м а қ а н . «Майлин жау болса, мен де жаумын» деген Мүсі репов та әлі аман жүр ғой! Ғ а л и. Сіздің ешкімге кінәңіз, жазығыңыз жоқ. М ұ х т а р. Бақытты тұрмысты, көсемдерді жырлағаннан басқа сізде не жазық. Ж а м б ы л. Енді одан да қалатын шығармын. Елдің бағы ашылар, Әділеттік орнаса. Қасиет болмас халықта, Басқарушы қорласа. С ә б и т (шыбын-шіркей). Атай көрмеңіз, атай көрмеңіз. Қ а л м а қ а н . Қайта сіз жырлаған үстіне жырлаңыз. С ә б и т. Біз сізді ел арасында жиі болып, жиі жырласын, Стәлінді жырласын, көп жырласын деп әдейі келдік. М ұ х т а р. Дүниеде бәрі де өткінші, бәрі де өтеді, бәрі де өзгереді, жоғалады. Тек қана жоғалмайтын, суалмайтын – ақын жыры, жазушы сөзі! Сталин өлсе де, оны мадақтаған жырыңыз өлмейді. С ә б и т. Басқа дәлел таппадың ба, Мұхтар. Сталин өледі деуге аузың қалай барады?

Бәрінің көзі қаракөзілдірікке түседі. М ұ х т а р. Бәлі, Ленин де өлген жоқ па. Сталин де соның қасы на – мавзолейге барады дегенім ғой. С ә б и т. Бәсе, солай десейші. М ұ х т а р. Сонда Сталиннің орнына «партия» деп сөйлейміз: «Ең жарығым – партия, Күндіз де бар, түнде бар – жанып тұрған жалынды от» дейміз. С ә б и т. Мұның да дұрыс. М ұ х т а р. Ал партия жоғалғанда, «коммунизммен» өзгертеміз. С ә б и т. Мұның енді дұрыс емес, партия қайда жоғалады? Сен үшін жоғалар, безпартийный Мұхтар. Ал бізге партия ешуақытта жоғалмайды. М ұ х т а р. Бәлі, коммунизм кезінде ешқандай партияның болмайтынын білмеуші ме едің, Сәбит?! С ә б и т. Ә, солай ма еді өзі, иә, дұрыс. М ұ х т а р. Ал коммунизм құлағанда... С ә б и т. Жетті, жетті. Бізге аржағының керегі жоқ. М ұ х т а р. Міне, Жәке, көрдіңіз бе? Сіздің жырларыңыз мәңгі-бақи өлмейді. Ауыз әдебиетінің өміршеңдігі осында. С ә б и т. Так што, тәте, төге беріңіз жырыңызды, тоқталмаңыз, бөгелмеңіз. Ж а м б ы л. Түсініп отырмын түтініңді, «сонда – құда да тыныш, құдағи да тыныш» дейсің ғой. С ә б и т. Иә, Жәкесі, тыныш жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға, бастадың ба бір істі, қала көрме пәлеге, қалдыра көрме жалаға... Жамбыл жалғыз. Шарайнаға жақындайды. Ж а м б ы л. Пәлеге өзің де қалма, жалаға бізді де қалдырма

дейді. Бірақ қалай қалдырмаймын. Көңіл қалса, өлең де, жыр да қалады. Бәрі де суалады. Б. Ж а м б ы л (шарайнада). Суалма, суалма! Ақын суалатын, қысыр қалатын бие де емес, сиыр да емес. Ж а м б ы л. Сонда не істемекпін, қос аяқтан қақпанға оңбай түскен екенмін. Б. Ж а м б ы л. Иә, айтпап па едім. Қақпанға қос аяқтан ғана емес, тілің де қақпанға түскен. Енді шырмауыққа біржола шырматылуың ғана қалды. Ж а м б ы л. Сонда не істеуім керек? Б. Ж а м б ы л. Бар деген жерге бар, жырла дегенін жырла. Күн өткен сайын сирете бер, сирете бер. Оның аржағында жүзге тақадың, қаусадың, ауру-сырқау деген бар. Оның аржа ғы – төсек тарту, о дүниеге бойсұну. Ж а м б ы л. Иә, құтылудың бір-ақ жолы осы. Музыка. Музыка соңы қайғылы музыкаға астасып, соңы нан репродуктордан соғыс хабары естіледі. Үшінші көрініс Репродукторда соғыс туралы хабар. Сәбит Мұқановтың кабинеті. Кабинетте Сәбит, Мұхтар, Тайыр, Қалмақан. С ә б и т. Сонымен түсінікті шығар. Қалмақан, сен парторг ретінде бүкіл коммунист жазушыларды жина, сен, Мұхтар, ауыз әдебиеті өкілдері – жер-жерден келген ха лық ақындарымен әңгіме өткізесің. Бәрі де жұмыла қалам алып жауға қарсы өлең-жырларын жолдасын. Өздерің де бір-бір мақала жазыңдар. Бұрынғы батырлардың атын қайта түзетіп, халықтың жауға деген кегін оятып, рухын көтеру керек. М ұ х т а р. Жамбылдан не хабар? Қ а л м а қ а н . Тәтем ауруханаға түскелі не заман. Қатты науқас. Ол адамда енді не қауқар бар дейсің.

С ә б и т. Шіркін, Жәкең болса, осындайда бүкіл елдің рухын бір көтеріп тастар еді. Жоғарғы жақта сұрап жатыр. Бағана Ғалиды ауруханаға жібердім, халін білсін деп. Шіркін, тым құрмаса, бір-екі сөз айтуға шамасы келсе, ар жағын қосып та жіберер едік. Т а й ы р. Жәкең атынан, былай, айтып, жазып дегендей... С ә б и т. Қой, пәлеге қалып жүрерміз. Сырттан Ғали кіреді. С ә б и т. Кімді айтсаң сол келеді, иә, Ғали, сөйле! Ғ а л и (күліп). Өлетін тәтем жоқ, кірген бойда қақ бастан таяқпен салып жіберді. М ұ х т а р. Иә, онысы несі?! Ғ а л и. Соғыс басталғанын маған неге айтпадыңдар, шығарыңдар бәлнистен деп лаңды салып жатыр. Дәрігер босатар емес... С ә б и т. Болды, болды, құдай берді дей беріңдер. Кеттік, Мұхтар, сен де жүр. Бәріміз. Бәрі орындарынан өре түрегеледі. Төртінші көрініс Палата. Ақ халат киген Сәбит, Ғали, Тайырлар кіре ді. Жамбыл көрпесін жартылай жамылып, сыртқа шыққан мәсілі аяғы жыбыр-жыбыр етіп, теріс қарап жата қалады. Аяғының жыбырынан ашулы екені көрінгендей. С ә б и т. Ассалаумағалейкүм, тәтесі!.. Оу, Ғали, жаңа әңгіртаяқ ойнатып, қолындағы таяқпен қақ бастан салып жіберді дегенің қайда? Қай жеріңе зақым келді?! Т а й ы р. Е, тәйірі, тоқсандағы қарттың таяғынан сен түгілі тор ғайға да зақым келмес. С ә б и т. Оның үстіне сырқат адам. Жамбыл атып тұрады.

Ж а м б ы л. Сендер мені өлген екен деп те ойлап тұрған шығарсыңдар. Кәрі қақпастан құтылғандарыңа қуанып, іште ріңнен тойлап тұрған шығарсыңдар. С ә б и т. Алла, Алла! О не дегеніңіз. Ж а м б ы л. Егер маған жандарың ашыса, торға қамаған тотықұстай қамап тастармысыңдар. С ә б и т. Қамап емес, сізді денсаулығыңыз түзелсін, мазаламайық деп... Міне, жөтеліп қалдыңыз, әлі айыққан жоқ сыз. Еще құлақтан тартады. Ж а м б ы л. Мен жөтелсем, сендерге ашуланғаннан жөтелем... Бүкіл дүние асты-үстіне келіп, алай-түлей құйын соғып, жер сілкініп жатқанда, мені аясаңдар, жалғыз жатпасын деп шығарып алмайсыңдар ма? Қ а л м а қ а н . Жер сілкінгені қалай? Ғ а л и. Қашан жер сілкінді? Ж а м б ы л. Соғысты айтам, соғыс! Т а й ы р. Ә-ә, соғыс па? Ж а м б ы л. Түсінбей тұрғандарың? Соғыс басталғанын неге айтпадыңдар? (Тағы да жөтеледі.) С ә б и т. Тәтесі, оны айтқанда сіздің денсаулығыңызға зақым келмесін деп. Ж а м б ы л. Не, мен соғыс көрмеппін бе? Зақым келіп, немене, жүздегі Жамбылдың жүрегі жарылып өлер дедің бе? Өлсем, кімнен әулиемін. Стәлиннен жаным ардақты емес! С ә б и т. Дұрыс, мұныңыз өте дұр-рыс! Әй, ақылдысың ғой, жан тәтем, ақылдысың-ау! Ж а м б ы л. Ақылдан алжасқан жоқпын, қуатым да бойымда, қане нанбасаң, келші, Балуан Шолақ, күресемісің? (Сәбитпен белдесіп жұлқысып, алқынып, қайта отырады). Ж а м б ы л. Соғыс басталған түн Стәлін түсіме кірді. Баяғы өзіне барғандағыдай, есігінің алдында тұр баяғыдай, намазым қаза болмасын деп жайнамазымды жазып жіберіп

енді тізе бүге бергенімде Стәлін аржағындағы бөлмесінен баяғысындай шыға келді. Айырмасы бұл жолы – сүттей ақбоз аттың үстінде, сауыт-сайманы жарқ-жұрқ етеді. Бұл жолы да намазымды бұзба ды. Оқып болғасын барып: «Джамбыл ақсақал маған өкпелісің, білем. Жеріңді қармауға, еліңді жалмауға, жау жағадан алғанда, халқың үшін өкпеңді қи», – дегенше болған жоқ, қайран жолбарысым да жеткен екен, иығымнан жұлқып-жұлқып оятып жіберді. С ә б и т. Дұр-рыс. Жолбарысыңыз дұрыс оятқан. Сталин де қазір алғы шепте, жаумен айқасып жүр. Ж а м б ы л. Бәсе, бәсе! Өзім де солай ойлап ем. Мен де шығам соғысқа! Т а й ы р (военком, әскери формада). Тәте, Алғадайың да... Ж а м б ы л. Ә, ә... Не... Алғадайға не болды? Т а й ы р. Тәте, ештеме болған жоқ. Жас та болса азамат екен. Ж а м б ы л. Иә, айтсаңшы. Т а й ы р. Алғадайыңыз да өзі тіленіп соғысқа кетті. Ж а м б ы л. Қашан? Қашан кетті? Мен оны неге білмеймін? Әкесімен қоштаспағаны ма, Алғадайым, құлыным! Т а й ы р. Менен кінә жоқ: «Қоштасып кет», – деп едім, тәтем сырқат қой, қайғырып, төмендеп қалар, кейін сауыққасын айтар сыңдар деді. Ж а м б ы л. Өй, құлыным, Алғадайым! Саған да жазықсыз дан таяғым тиіп кетті-ау, келші жуасым Ғалиым. (Ғалидың маңдайынан иіскеп, сүйеді.) Енді Жамбыл жырлай жөнеледі. Асқар таудай еліме, Байтақ жатқан жеріме, Шапты фашист дегенде, Ашуменен аралас,

Жыр да келді көмейге, Қаһар қаулап денемде! Сахна қараңғыланып, өлең жалғасы репродуктордан саң қылдайды. ҚАРАҢҒЫ САХНАДАҒЫ КӨРІНІС Репродуктордан өлең жалғасы. Пистолет жарығында Жамбыл. Сен шақырсаң, көсемім, Әмірің ортақ маған да, Төгіп жырдың нөсерін Домбырамды алам да. Айналам жас – нөкерім, Мен де барам, қалам ба! Қорғауға елді кім шықпас, Аттанды қала, далам да. Қаусаған кәрі дүниеден Енді тамтық қалар ма. Олар фашист – сұр жылан Уын шашқан адамға. Денеге уын дарытпай, Жаныштап басын жыланның Салайық, халқым, табанға! Ғ а л и О р м а н о в (пистолет жарығында). Өмір мен өлім белдесіп Жырымды, жұртым, енді есті. Не керек жанды аяуың Бұл жолдан қалған малың – мал Бұл жолдан қалған жаның – жан! Не дейін айтып аяғын! Қайраты құрыш халық ек, Қамалды талай алып ек,

Жығып ек туын дұшпанның, Ұран ғып ұлы нұсқауын Сталин көсем дананың. Тағы да берді нұсқауын... Қан кешкен сонау майданда, Айбынды Қызыл Армия, Орында түгел талабын. Жібермес жауға ол кегіңді, Құтырып шапқан еліңді – Қанішер фашист жаулардың Қуырар әлі-ақ заманын. 1 - д и к т о р д а у с ы . Екінші дүниежүзілік соғыс басталы сымен-ақ қан майданға аттанған боздақтармен бірге, қазақ халқының алып ақыны – Жамбыл Жабаев жырлары да бірге аттанды. «Винтовкасын кезеніп, солдат шықса соғысқа, домбырасын безеніп, Жамбыл барат соғысқа», – деп, фашизмге қарсы кеңес солдаттары оқ жаудырса, ұлы ақын айбынды жырларын жауға қарсы қарша боратты. 2 - д и к т о р д а у с ы . Жамбыл Жабаев жырларының қуаты мен күшінен рухтанып, жігерленген жауынгерлер, бүкіл Кеңес армия сы, жауға соққыны берген үстіне бере түсті. 1 - д и к т о р д а у с ы . Жамбыл жырлары қан май данның алғы шебінде ғана емес, қоршауда қалған қалалар мен село лардағы, ормандар мен тоғайлардағы партизандар мен тұрғын дардың да тіршілігіне дем беріп, болашақ өмірлерінің үзілмес үмітіне де шамшырақтай шұғыласын төкті. Ғ а л и О р м а н о в (пистолет жарығында). Отанымның жүрегі, Бізге мәлім Москва... Қарсы тұрып жауларға, Москваны қорғауға... Аянбаңдар, ер елім! Риддер, Шымкент, Балқашым,

Беріп құрыш, қорғасын, Мұнайын Ембі тастыра, Көмірін тией бастыра. Ұлан-қайыр қырдағы, Қазақстан ұлдары. Полктарын бұрқантып, Құрыш, болат құрсантып, Өмір үшін, ел үшін, Ұлы астана, сен үшін, Аттанды күшін асыра. Т а й ы р Ж а р о к о в (пистолет жарығында). Лениградтық өренім, Мақтанышым сен едің. Нева өзенін сүйкімді, Бұлағымдай көремін... ...Өмірімнің жұлдызы Енді сенсің дегенім, Ленинград ұл-қызы, Қайыспаңдар, өренім!.. 1 - д и к т о р д а у с ы : Ленинградцы дети мои, Ленинградцы гордость моя!.. 2 - д и к т о р д а у с ы . Алып Жамбыл, қайыспас батыр Жам был соғыстың соңғы жылдары көп өлім, көп қайғыдан қайыс ты да майысты. Майданда ерлікпен қаза тапқан ұлы, ұланы, боздағы Алғадайының өлімі – жүз жасаған бәйтерек Жамбылды дауылдай шайқап өтті. Ж а м б ы л (пистолет жарығында). Алатауды айналсам, Алғадайды табам ба? Сарыарқаны сандалсам, Саңлағымды табам ба? Өлім деген у екен, Мендей кәріп адамға.

Күнде үйімде күңіренем, Көзіме жас алам да... Д и к т о р ү н і . Көп уайым, көп зар, мұң мен қайғы ақыры ұлы Жамбылдың алтын басын ауру жастыққа тигізді. Ауыр сырқатпен құлаған ақын Ұлы Жеңісті ауруханада естіп, Жеңіс күнін ауруханада қарсы алды... Бесінші көрініс Жамбыл ауруханада төсек тартып жатыр. Сырттан бозбала Тезекбай кіреді. Т е з е к б а й . Тәте, тәте, ұйқтаған жоқсың ба? Қаншама адам күні бойы саған кіре алмай кезекте тұр. Тура Лениннің мавзолейіне жиналғандай. Дәрігерлер мені ғана әрең жіберді. Ж а м б ы л. Лениннің деймісің? Бізге Ленин болу қайда-а! Ленин болмай-ақ, оны құдайдай көріп, ақ басымды иіп, жырлап өткенімді, мен өлген соң ел айтып жүрсе, көкірегінде сақтаса, бізге сол да мәртебе. Бір аунап түсуге сол да дұға! Т е з е к б а й . Тәте, сен әзір өлме. Ж а м б ы л. Иә, ол менің қолымда ма екен? Т е з е к б а й . Тым құрмаса, енді бір үш-төрт ай тұра тұр саң, жүз жылдығыңды тойлар ек. Ж а м б ы л. Тезекбайым-ай, мен жүзге жеткелі қашан. 90-нан кейін әрбір жыл үш жылға баланады. Ал менің көргенімді, мен сүрген дәуренді дүние жүзінде жүзге келгендер түгілі, екі жүзге келгендер көрмеген шығар, арманым жоқ. Т е з е к б а й . Шынында, тәте, бір түйір де арманың жоқ па? Алғадайды көре алмағаныңызды да армандамайсың ба? Ж а м б ы л. Жоқ, бұл жасағанның жазмышына қарсылық, құдай алдында күпіршілік болар еді. Біреу ерте, біреу кеш

өл мек – бір Алланың жазуы, ал Алғадайым болса, жауымен жағала сып жүріп, ердің өлімімен, ақ өліммен кетті. Оны көре алмаған арманымды, қоштасқан жырыммен аталық парызымды өтедім. Менің соңғы өмірімде бір-ақ арманым қалып еді, ол да өтелді. Ол әлгі пашес сұмырайларды біздің жеңгенімізді ести алмай, көре алмай кетем бе деп ем. Т е з е к б а й. Тәте, тәте, қазір сенің сол пашестер туралы айт қаныңды, сүйінші сұраған адамға айтқаныңды жұрт керемет жыр ғып айтып жүр. Ж а м б ы л (тіксініп). Иә, не деппін? Т е з е к б а й . «Сүйінші, пашесті жеңдік, пашесті жеңдік» деген де, «Е-е, сол ма қуаныштарың?! Мен пашестерді жеңетінімізді біл гемін... Мен осынша қуанғандарыңа қараған да, арғынды жеңіп келді екен деп ойласам!» – деп қалай қатырғансың, тәте, ел шулап жүр. Қалай қатырғансың! Ж а м б ы л (бар даусымен ышқынып). Несі қатқан? Сондай да қатқан сөз бола ма екен? Сен де соған мәз боп жүрмісің? Әй, сенде ақыл болсайшы. Т е з е к б а й. Тәте-ау, сенде ақыл болмаса, ол ақылды мен қайдан алам. Ж а м б ы л. Мен алжыдым, жүзге келдім. Ал сен ақын бола ма десем, ақымақ болайын деген екенсің... Бар, елге тарап кетті-ау бұл сөз. Бар, қойдыр елді... Бар, бар. Т е з е к б а й . Тәте, мен енді елдің аузына қалай қақпақ болам, ашуыңды басшы... Ж а м б ы л. Бар, бар... мен өлгенше енді ешкім басын сұқпасын. Шығып бара жатқан Тезекбайға қақтыға-соқтыға мейірбике кіреді. Ж а м б ы л (таяғымен ұмтыла). Бар, бар, сен де кет. Ешкімді кіргізуші болма, бар, жап есікті! Жамбыл айнаның алдында.

Б ұ р ы н ғ ы Ж а м б ы л (айнадан). Апыр-ай, түрің өзге ріп кетті ғой. Несіне осынша қиналдың!? Ж а м б ы л. Соңғы күні бой жасап, қиналмай, жұртыммен аман қоштасып өлем бе деп ем, оған да қоймады-ау, есер есіріктер. Б. Ж а м б ы л. Қайтесің, сол бір дұшпанның сөзін. Бұл бүгінгі көрген құқайың ба? Ежелден бір қазақты екінші қазаққа шатыс тырып, ұрит соқ деп жүргендер аз ба еді? Кеше ғана Ахмет, Мағжан, Міржақыптарды Алаштың баласы дей алмай, Сәкендерді төңкерістің, кеңестің баласы деп олардан бөліп, кейін Сәкендердің соңына Сәкендерді салып, күйе жағып қаралап, біріне бірін жем еткен жоқ па еді?! К. Ж а м б ы л. Сонда кім демексің, бір аталастың ұлдары мен ұлыларын бір-біріне айдап салған? Б. Ж а м б ы л. Саясат, аңғал Жамбыл, даңғыл Жамбыл, саясат. Саясат – қармақ. Мағжан, Сәкен, Сәкендер сол қармақтың басына ілінген жем, бір-біріне солай жем болған, қайран, асыл ерлер. Енді, ол әдістің күні өткен соң, үш жүздің қазағын бір-біріне айдап сала бастапты. Бүгін бір жүз екінші жүзді лағнаттаса, ертең екінші жүз оны балағаттамасына кім кепіл. К. Ж а м б ы л. Сонда, мен де қармақ басындағы жем болға ным ба? Б. Ж а м б ы л. Бармақ басындағы балсың ба, қармақ басындағы жемсің бе, болмасаң, болдырғысы келгені ғой. К. Ж а м б ы л. Оу, өмір бойы, жүз жыл бойы, екі ғасырда ел-жұртымның бірлігін жырлап, тұтастығын қолдап келе жат қан мені, тап өлер шағымда бұлай қаралағаны жаныма батып кетті-ау, тым құрмаса, қисынды сөз болса бір сәрі, арғын ды жамандаған да мен кешегі Алғадайымдай Сәкенжанымды қаралағаным ба, туған немерем Ділдаханымдай болған Күлә шімнің жанын жара лағаным ба, соңыма ерген Кененімнен бір де кем көрмейтін Нартайымның

қасиетті аталарының сүйе гін пәршалағаным ба? Арғынды жамандап, өлең-жырдың пайғамбары Абайдың орнына таласқаным ба, әлде үш жүздің баласын бір-біріне айдап салып, дұшпаным пәшістен бетер аластағаным ба? Б. Ж а м б ы л. Сені олай айтты деп ешбір есі дұрыс адам, сені қадірлейтін ешбір пенде айтпайды. Өз сорлылығын, өз топастығын, өз жетесіздігін біреуден көретін сұмпайының өзі айта алмай, сенің аузыңа салған сұмырайлығын елеп, ескеріп қайтесің. Одан да Абайым мен Жамбылым деп, екі алыпты қатар атап, қатар қастерлейтін исі қазақпен, есті жұртыңмен қоштасып, қошаметпен о дүниеге сабырмен аттанбайсың ба? Сабыр, сабыр, сыртта елің күтіп тұр. Арыздасып қоштас хал қыңмен! Музыка. Сахна қараңғыланады. ПРОЛОГТАҒЫ КӨРІНІС Айдаһарлар мен әбжыландар. Ауыздарынан жалын атып от бүркеді. Аппақ кебіндей ақ көйлек-дамбалмен ақ сақалы желбіреп солардың ортасынан шыға келген Жамбылдың үні репродуктормен жаңғырыға шығады. Оны тыңдаушылар бәрі ақ халат киген адамдар. Ойынға қатысушылар түгел шыққаны дұрыс. Залдағыларға теріс қарап тұрған олардың жүзі көрінбейді. Ақ халаттылар – Жамбылды күзеткен адамдардың бейнесін көрсеткендей. Ж а м б ы л. Оу, жарандарым, балаларым! Мен екі дүние – екі ғасырдың тоғысуын да, жерұйығын да, асқар асуларын да, жан біткеннің жасықтарын да, асылдарын да көрдім. Айға шапқан айдаһарларын да, жанын жеген, жандының бәрін жұтқан жиырылған жыландарын да көрдім. Жанынан безіп, жерінен жеріген аш-жалаңаш адамдарын да, құлазыған құмда жосыған құландарын да

көрдім. Алыса, жұлыса жүріп, қабыса, табыса жүріп, бірде ұрысып, бірде күліп, бірде даңғыл жолмен, бірде тарғыл жолмен, шуақты сәуле қуып, бірде көк жасынындай жаңа туып, бірде сақалымды көз жасыммен жуып, шындықтың атасына табынған күнім де, шырмауыққа шым шықтай шырмалып жаңылған күндерім де болды. Бірақ бәрін де де жүрегім адал, жаным таза, халқымның бірлігін, елімнің тірлігін, жерімнің кеңдігін, қазақтың бостандығы мен басқа жұртпен терезесі теңдігін талмай, ештемесін бөліп алмай жырлап өттім. Осы жырларым – сендерге қалдырар мұрам, берер өсиетім! Енді бұл жарық дүниеден өтемін, бүгін соғыс бастал ған күн, «соғыс» атын өзіммен бірге суық жерге ала кетемін. Жүз жыл халқым деп тынымсыз соққан жүрегім енді тоқтайды, ризамын сендерге, елімді, ұрпағымды жүрегіммен, жүр... Жамбыл үзіледі. Музыка.

ҚОС АНАР Екі бөлімді драмалық оқиға Кейіпкерлері: РАЙХАН – совхоз инженері ҚАРАСАЙ – жалғыз үй иесі, бетіндегі қалына қарап Қарабет дейді кейбіреулер ХАЛЕЛ – Қарасайдың баласы ЖӘМІШ – Қарасайдың кемпірі АҚБӨПЕ – Қарасайдың келіні ДИКӘЙ – Қарасайдың қолбаласы МҰҚАТ – Қарасайдың құдасы АЛАГӨЗОВ – аудан басшыларының бірі. Өкіл МОРГУН – совхоз директоры, тың көтеруші ДЕРЯГИН – механизатор, тың көтеруші ДЕРЯГИНА ТАМАРА – тракторшы, тың көтеруші Көпшілік сахнада жұмысшылар Оқиға тың жерді игерудің алғашқы жылдарының бірінде жапандағы жалғыз үй төңірегінде өтеді. БІРІНШІ БӨЛІМ Бірінші көрініс Дала тіршілігінің мұңды әуенін баяндар шертпе күй. Авансценада қурай, алабота басқан ескі жұрт. Мезгіл аласапыран көктем басы. Сыртта тоқтаған машина гүрілі. Азан-қазан бүрліге ұшқан қаратаған. Жұпыны киінген мосқал әйел – Райхан шығады. Ескі жұртқа қарап үнсіз тұр. Ұзақ жылдар бойы жел өтіне мүжілген, құлаған үй орындарынан әлдекімдердің сыбыры келеді құлаққа.

Ш а л д а у с ы. Айналайын-ай, келдің бе? Сен, сен... шын Райханбысың? Туған жердің суы тартқан-ау ақыры. Ә й е л д а у с ы ( тістеніп). Ә, тағы да келдің бе? Бәрімізді орға жығып, өзің құтылып ең. Елің, жұртың қайда? Соңыңнан ерт кен ұрпағың жоқ, келдің бе тағы да состиып!.. Е р к е к д а у с ы . Сен келмегелі талай жылдар өтті. Қайда жүрдің? Неге келмей кеттің? Жақсылықтан күдеріңді мүлдем үзгенің бе? Ә й е л д а у с ы . Өзің жылап тұрсың ғой. Жасыңда жөп шендіге бой бермейтін асау ең. Қазір арының басылып, мұ қал ғансың-ау. Е р к е к д а у с ы . Білем, сен қуаныштан жылап тұрсың! Қайта оралдың, қайырлы болсын! Ш а л д а у с ы . Жәрәйді, жылап ал. Ішіндегінің бәрін ақ тар. Бар ауыртпалық көзіңдегі осы жаспен кетсін. Бірақ осы дан соң қайтып жылама. Ал қазір жыла, жылап ал! Сырттан дабырласып екі адам келеді. Моргун, Алагөзов авансценада. М о р г у н. Не деген байтақ дала, ұшы-қиырсыз кең жазық. А л а г ө з о в . Мұның бәрі болашақ бір-ақ совхоздың жері. Анау алыстан мұнартқан қос емшекті бұйратты көремісіз. Сол сіздің совхоздың шекарасы. Оны «Қос анар» дейді. Жер емшегі. М о р г у н. Жер емшегі?! А л а г ө з о в . Сол «Қос анардың» бауырына алғаш егін еккен мына – ескі жұрт. Балта ауылы. Отыз бірінші жылы ірге көтерген колхоз еді. Сыртта пысқырған ат, қарқылдаған қарға үні. М о р г у н (сыртқа қарап). Айдалада жүрген бұл не қылған адам?

А л а г ө з о в . Ә-ә, бұл сонау алыста көрінген жалғыз үйдің иесі. Жапан түзде міз бақпай отырғанына талай жылдар өтті. Ешкіммен қатысы жоқ жұмбақ жан. Сырттан түлкі тымақты, бетінде алақандай қара қалы бар Қарасай келеді, қолында бүктеп ұстаған қол қамшы. Қ а р а с а й. Ассалаумағалейкүм, жолдас Алагөзов, здрасти! Айдалада адасып жүрген қай бейбақтар десем... ескі жұрт қа сәлем беріп тұрған бастықтар екен ғой. А л а г ө з о в . Жер қарап жүр едік... Осы араға орнайтын болашақ совхоз директор Моргун жолдас. Қ а р а с а й ( Моргунның ұсынған қолын алып). Е, олай болса, үйге жүріңіздер. Алыстан келген қонақты ата дәстүрімен қарсы алу парыз емес пе? А л а г ө з о в . Рақмет! Рақмет! Күн кешкірмей «Жаңа талапқа» жетуіміз керек. Әлі Моргун қонақ болады ғой. Жаңа совхоз орталығы сен тұрған Талжан ағашының бауыры на салынбақшы. Қонақтан ығыр боларсың! (Райхан жаққа қарап.) Райхан, жүріңіз енді кетейік. Қ а р а с а й (үрейлі). Рай-хан?! Моргун екеуі кетеді. Райхан таяна бере екеуінің көзі түйісіп қалады. Р а й х а н (жұртқа қарап). Қарасаймысың, баяғы қонысыңда әлі отыр екенсің-ау. Қ а р а с а й (жұртқа қарап). Апырай, сен тірі ме едің? Шертпе күй. Екінші көрініс Ақбөпенің отауы. Іште – Ақбөпе, Мұқат, Дикәй. Аласа үстелде ондық шам жарығымен тамақ ішіп отыр. Ал-

дарында арақ. Масаңдау Дикәй теңселіп, изеңдеп қойып ән салып отыр. Әмірхан, не ғып жүрсің қойың жаймай, Мен жүрмін қайын атаның көңілін қимай. Он аяқ отыз мысқал көжеңді ішіп, Жатасың кең төсекке кеудең сыймай. М ұ қ а т. Шәу, пәле! Әй, тағы біреуін алып қойшы. (Қырлы стаканға арақ құяды.) А қ б ө п е. Әке, жетеді ғой енді, ауырып қалса қайтесің? М ұ қ а т. Түу, өгіздей жігіт ауырушы ма еді, «Мысыққа да бір күн той» дейді. Мә, іш, іш! Әлгі құда мұны адам санатына қоспайды. Әттең, менің қолымда болсаң, қонақ атаулыдан қалдырмай, қасыма алып жүрер ем. Д и к ә й. Қара тайға жарасқан қара терлік, Жараспайды жігітке төтен ерлік. Жамандардың жабыққан ісі дейді, Өлең айтып көңілді көтерелік. Қарағым-ай... Қырға шығып, өзіңді қарадым-ай... М ұ қ а т. Пәлеу, шіркін. Әй, мына диірменнің құдайы қайтеді-ей! Даусы қыздың даусындай ғой. Д и к ә й (өлеңін тоқтата қойып). Мен орысша да айта аламын. М ұ қ а т. Ә, кәне айтшы. Д и к ә й. Ақ сиса, белый сиса, красный сиса, Қалмайды кімдер пешком зорлық қылса. Мұстафа Шорманский атымды алып, Атандым поэтому пешком Мұса.

М ұ қ а т (қарқылдай күліп). Түу орысша қалай таза айтасың. Жетік адамға орысшаның қазақшадан түк айырмасы жоқ екен-ау! Орысша өлеңің үшін! (Стаканға құяды.) Әй, Дикәй, осы сен өлең айтқанда неге бүкіл құйрығыңмен қопа рылып изеңдейсің? Д и к ә й (жымыңдап, бөгеліп). Құйрығым қозғалмаса, айта алмаймын. М ұ қ а т. Е, сенің құйрығың онда патефон болды ғой, хаха-ха! А қ б ө п е, Күн ұзын диірмен тартқанда өлең айтудан аузы бір босамайды, әбден диірменнің нәшіне үйренген ғой. М ұ қ а т. Е-е, бүйтіп отырамын де (диірмен тартқан адамның қимылына салады). Ал осы диірмен тартқан стажың қанша сонда? Д и к ә й (жымыңдап). Біраз болды ғой. А қ б ө п е. Соғыс жылдарынан бастап диірмен тартушы. М ұ қ а т. Иә-иә, айтқандай, осы сен соғыс кезінде ауданда бар үйдің диірменің тартып жүруші едің-ау. Ол кезде мұның қаны жерге тимейтін. Ау, пенсияға шығатын уақытың болыпты ғой. Тұра тұр, сонда осы сен нешеге келдің өзі? Д и к ә й (тұнжыраңқы). Біразға келдік қой. Тауық жылы туыпсың дейтін. М ұ қ а т. Көзің кілбиіп, түнде түк көрмейтінің содан екен ғой, ха-ха! Сонда осы Бәйтөбетің қырықтарды алқымдап қал ған шығар-ау. Солай ма, ей? Д и к ә й. Солай шығар. М ұ қ а т. Ұмытпасам, сол кезде отыздарға тақап қалған жігіт. Осыған кім қойды екен, әйтеуір біреулер «диірменші бала, Дикәй бала» деп ат қойыпты. А қ б ө п е. Ә-ә, бірінші естуім. М ұ қ а т. Орыстың «дикий» деген сөзін алып, үйсізкүйсіз жетім деп қойғандары ғой. Өзіңнің шын атың кім еді, әй? (Пауза.) Айтсайшы-ай, ұмытып қалдың ба?

Д и к ә й. Тұрсын! А қ б ө п е. Тұр-сы-ын! (Бір ыдысты алып ауыз жаққа шыға береді). М ұ қ а т. Ал енді шыныңды айтшы, Дикәй, осы күнге дейін өзің жігітшілік құрып көрдің бе? Ха-ха-ха! Дикәй жымыңдап, тұқыраңдап күле береді. М ұ қ а т. Өй, айтсаңшы, бірдеңе есіңе түсіп отыр-ау. Д и к ә й (әлі де жымыңдап). Есімде жоқ. (Орнынан тұра жүгірем дегенде, Мұқат иығынан басып қайта отырғызады. Ақбөпе қайта кіреді.) М ұ қ а т. Өй, ұялшақ, соған да жігіт ұяла ма екен. Тұра тұр. Сені осы үй қолбалалыққа алғалы неше жыл болды? Д и к ә й. Біраз болды ғой. Он шақты жыл. М ұ қ а т. Әйел неге алмайсың? Д и к ә й. Ағатайым әперем деген. М ұ қ а т. Қашан? Кәрәсін қатқанда ма? Д и к ә й. Бұдан он жыл бұрын айтқан. М ұ қ а т. Ей, пақыр-ай, қашпаған қашардың уызына қараған бейбақ. Дикәй, шынымен әйел алғың келе ме өзі? Д и к ә й. Білмеймін... (Күмілжіп.) Алған теріс болмас еді. М ұ қ а т. Соны мен де ойлап, саған бір әйелді дайындап қойдым. Д и к ә й. Сіздерде басы бос әйелдер көп пе? М ұ қ а т. Басы босты қайтесің, қаласаң, қыз әперем. Немене, осы Қарасайдың босағасында көк жұлын боп, ит тіршілік пен ғұмырыңды өткіземісің. Сенің де жар құшатын мезгілің жетті, шырағым. Д и к ә й (күрсініп). Оһ, шіркін-ай... А қ б ө п е. Әке, келемеждеп қайтесіз, сол да ойынға жата ма?

М ұ қ а т. Келемежі несі, шыным – сол. Қатран дегеннің қырыққа келген қызы бар. Бес байға тиіп шықты. Соны әперем, егер мен барғанша біреуге кетіп қалмаса. Әй, бәрібір ол кеудесінде жаны болса қайтып келеді, қорықпа. Сыртта ит үре беріп басылады. Ішке, қолында шілтерлі шам, Жәміш кіреді. Ж ә м і ш. Әй, Дикәй, қораға шам алып шық. Қарасайлар келді. (Шілтерлі шам сөне береді. Шамды жаға алмай қолы дірілдеп, Дикәйдің айы кіріп, күні шығады). М ұ қ а т. Өй, не боп қалды мына байғұсқа?! Зәр қысты ма, ей! Ж ә м і ш. Ойбой, мынаның аузы қисайып қалыпты ғой. Бар, төсегіңе жата ғой, шал көрмесін мұныңды. Д и к ә й (шілтерлі шамды көтеріп, екінші қолымен шамды нұқиды). Жоқ, апа, мынау шамның біреуін қораға, біреуін далаға алып шығамын. Ақбөпеден басқасы тысқа шығады. Үйге ентіге басып, құшақ жая Халел кіреді. X а л е л. Ақбөпеш. А қ б ө п е. Халел! Екеуі шұрқырасып, құшақтасады. Үшінші көрініс Тауық қора. Үш адам. Қарасай, Мұқат, шілтерлі шам ұстаған Дикәй. М ұ қ а т. Ойпырым-ай, құда, ана бір бурыл ат жарылғалы тұр екен. Сере шығар кемі, тпә-тпә! Қ а р а с а й. Сенің де көзің көргіш-ау, көп жылқының ішінен алабөтен қалай танисың?

М ұ қ а т. Жеген ауыздың көзі қырағы емес пе? Қ а р а с а й. Ұзынсарыда соятын соғымым ғой. Қақтап алсақ, жыл бойғы азық емес пе? Әй, Дикәй, қазір шамды мына араға қой да, үйге барып тамағыңды ішіп ал. Сонсоң ана сиырлардың астын тазала. Өй, мынау жаңа туған бұзау құсап аяғын баса алмайды ғой. Бұл өнерді қайдан таптың?! Д и к ә й. Ағатай, құда маған қатын әперем дейді. Қ а р а с а й. Итке темір, саған қатын не керек? Бар, тамағыңды іш те, жұмысыңа кіріс. М ұ қ а т. Құда, ұрыспай-ақ қой бір жолға, мен едім арақ берген. Мына тың келіп жатыр, Дикәй менсіз-ақ үйренер әлі. Қ а р а с а й . Ол жаққа аяғын қия басып көрсін... Дикәй шамды қойып кете береді. М ұ қ а т (темекінің түтінін сақиналандыра шығарып). Ал құда, амандық болса таң қараңғысымен жүрем. Асығыспын, шар уамды айтайын, Қареке. Қ а р а с а й. Ол не шаруа сонша жан алқымға тірелген? М ұ қ а т. Тірейтіндер тіреп жатқан жоқ па? Мына тың келмей жатып, іргеңе дейін жеріңді қара жыртындыға айналдырып тастапты. Тірелген емей немене? Қ а р а с а й . Е, сол ма, қазақтың ен даласының жері жыртуыңа да, қырқуыңа да жетпей ме? Мал бағатын жер табылмас деп қор қамысың? М ұ қ а т. Табылар-ау, бірақ соған бағатын малың болса. Қ а р а с а й. Мал болмағанда, оны қай құдай алады? М ұ қ а т. Құдай емес, үкімет алады. Өзің әлі беріде жүр екенсің ғой. Шынымен естімегенсің бе? Мына тыңға байланысты жаңа заң шығыпты. Қ а р а с а й. Заң? Ол не заң? М ұ қ а т. Артық мал ұсталынбасын, бәрін етке өткізу керек дейді.

Қ а р а с а й. Сонда бір үй қанша мал ұстауы керек екен? М ұ қ а т. Бір сиыр, бір шошқа. Қ а р а с а й. Жылқы ше? М ұ қ а т. Онда бір жылқы, бір шошқа! Қ а р а с а й. Шошқа-шошқа деп шошаңдата бермей, жөніңді айтсайшы, сонда сиыр қайда? Шошқа саумақпыз ба? М ұ қ а т. Іһ, «Тазы ашуын тырнадан алады», заң шығарған мен деп отырсың ба?! Жылқы мен сиырды бір қораның астында ұстауға болмайды, тебісіп, сүзісіп қалады дейді. Ал шошқа сүзіспейді де, тебіспейді де. Қ а р а с а й. Қой, сапаның сары даласы жатқанда өйтпес. М ұ қ а т. Оның үстіне ана Райхан да келіпті. Ойпырым-ай, ит жанды неме екен, құйрығын кесіп тастасаң қайта жалғап жүре беретін кесірткедей сұмырай, енді сені аяп қалар деймісің. Саған енді бұл арада тұрудың реті қалай болар екен... Қ а р а с а й. Қартайғанда не ретін айтасың. Туған топырағымнан қайда кетпекпін? М ұ қ а т. Ә, солай ма? Онда ін түбінде жатып қыңсылайтын қасқыр болам десейші. Өзің біл... Жақында малға санақ жүреді. Осында тұрған малдарымды әкетем. Қ а р а с а й . А, жарайды, малың аман... М ұ қ а т. Сосын Қареке, «айран сұрай келіп шелегіңді жасырма» дейді. Ренжіме, тағдырға ара түсу қиын, қайтейін, Ақбөпені де осы жолы көшіріп ала кетуге келдім. Қ а р а с а й. Жарайды, жарқыным. Малыңды ертең алып кет, бірақ Ақбөпені әкете алмайсың... М ұ қ а т. Әкете алмағаны қалай? Қ а р а с а й. Әдейілеп алдарыңнан өтем бе деп едім, енді өз үйімде айтуға тура келді. Балалар бізден де зерек, ақылды ғой. Өздері қорытса керек. Халелім де ер жетіп

ақыл тоқтатқан екен. Әменгерлік құдай жолын түсінген екен: Халел мен Ақбөпе қосылыпты. Беттерінен жарылқасын, батаңды бер, илаһи амин! М ұ қ а т (аңырып). Апырай, Жәлелдің жылы болмай жатып... Тым құрмаса алдымыздан да өтпегені ме? Қ а р а с а й (Дикәйға). Құданы үйге кіргіз, қараңғыда ашаға басын соғып алар. Сосын Халелді алып шықшы, малдарды бөлейік. Мұқат пен Дикәй кетеді. Қ а р а с а й ( жалғыз). Ә, Омбының алаяғы, енді құйры ғыңды бұлғаңдатып, сен де менен сырт бере бастадың ба? Жо-оқ, сен олай қиқаңдасаң, мен Ақбөпені бұл қораның астынан шығармаспын, сонда апан маңынан ұзай алмайтын бөрідей ұлырсың... Ұли бер, ұли бер. Сен ұлиды екен деп, енді Халелді туыстарынан ажыратпаспын. Халел келеді. X а л е л. Мені шақырдың ба, әке? Қ а р а с а й. Отыршы мына араға (екеуі отырады). Әлгі Мұқат неге келгенін білемісің? X а л е л. Малына келген шығар. Қ а р а с а й. Жәлелдің орны суымай жатып, Ақбөпені алып кетуге келіпті. X а л е л. Ақбөпені? Мүлдем бе? Қ а р а с а й. Мүлдем болмағанда қонаққа апарады деймісің? Апарысымен Омбының бір саудагерінің баласына ұзататын көрінеді. Қалыңын да алып қойыпты. Ана Жәлелімнің екі балапаны біреудің қолына қарап қор болатын болды. X а л е л. Оларды алып қалсақ қайтеді? Қ а р а с а й. Осы күні қай әйел баласын тастап кетуші еді. X а л е л. Онда не істейміз, әке? Қ а р а с а й. Мұндайда не істеу сенің ғана қолыңнан келеді.

X а л е л. Менің? Қ а р а с а й. Немене, менің қолымнан келеді деп пе ең? (Пау за). Жәлел бір құрсақтан шыққан бауырың. Екеуің тел қозыдай қатар өсіп, біріңе-бірің арқа сүйеу ететін едіңдер. Бірақ сұм ажал дегендеріңе жеткізбеді. Ана кішкентайлары да тірі жетім. Енді оларды біреуге телміртіп, жаутаңдатып қоюдың да реті болмас. Өйтсек, Жәлелдің де аруағы ырза емес. Ендігі айтарым – оларға аға ғана емес, Жәлел орнына қамқоршы бол, қанатыңның астына ал. Атадан қалған мирас бар. Оны да телміртіп, жаутаңдатып қоюдың да реті болмас. Өйтсек, жат жұртқа жіберме. Енді өзің адам ет... Х а л е л (сөзіне шашалып). Ж-жоқ, жоқ, не айтып отыр сың, әке? Масқара ғой, атама, әке, не деп отырсың? (Көзі алайып, атып тұрып, шегіншектей береді). Қ а р а с а й. Масқарасы несі? Мен сені жарға итеріп отырғам жоқ. Жәлелдің балаларынан сен безгенде, бөтен жұрт не істемейді. Қиқаңды қой! Ағаңның орнын жоқтатпа. Оның үйдегі орны көрдей боп суып, қаңырап қалмасын десең, балалықты таста! (Қайта жуасып.) Кейінгісін көре жатарсың. Әзір осы айтқаным болсын. Бұл әкеңнің де, ақ сүтін берген анаңның да тілегі. Ендігісін өзім жайғастырамын! Орнынан тұрып кете береді. X а л е л (жалғыз). Масқара-ай! Бауырымдай боп кеткен Ақбөпеге? Жоқ, жоқ, ұят-ай! Төртінші көрініс Шатыр-палатка. Совхоз директорының кабинеті. Кабинетте үшеу. Хатшы Алагөзов, директор Моргун, инженер Райхан. Алагөзов ерсілі-қарсылы жүріп тоқтайды. А л а г ө з о в . Жолдас Федор Трофимович, жоспар-

ланған жерді түгелдей жыртпай, мал жайылымы үшін жер үнемдеу – бүгінгі күнгі «тың көтеру» деген ұлы ұранымызға кереғар қайшы әрекет. Ана Жамантұз, Қойтас жағына әлі боразда түспеген. Совхоз техникасының тең жарымы Тұғыржаптың ақ тасын тасумен жүр. Машина былай тұрсын, тіркемелі тракторларды жегіп қойыпсыңдар. Бұл мәселелерің бюрода қаралады. Р а й х а н. Жұмыс былай да бастан асып жатқанда бюроға уақыт жібермей, кейбір түсініксіз жайларды осы арада шешуге болмай ма? А л а г ө з о в . Не түсініксіз, бәрі де түсінікті. Жоспарланған істің бірі істелмеген. Бұларың қылмыс, директиваға қайшы келіп отырсыңдар! М о р г у н. Жамантұз бен Қойтасты қайтсеңдер де жыртың дар деген директиваны оқыған жоқпын. Ғапу етіңіз, Сіз жалпы директива мен жергілікті жоспарды шатастырма ңыз. Кейбір шалағай жоспарларды жер ыңғайы, жұмыс ыңғайы көтермейді, Нургалэ Алагузович. А л а г ө з о в . Мысалы? М о р г у н. Әлгі айтқан жерлеріңіз егістікке құнарсыз, шақатты, кей тұсы ащылы жер. А л а г ө з о в . Оны ауданда неге айтпадыңыз? М о р г у н. Ұлан-ғайыр жердің ерекшелігін біле беру әзір мүмкін емес, сондықтан бұл араның табиғат сырына қанық тәжірибелі адамдарды тыңдауға тура келеді. Р а й х а н. Ол жерлер егістікке жарамсыз, малға ғана қолайлы жерлер. Боразда салдырмаған мен. А л а г ө з о в . А, тәжірибелі адам деген сіз болдыңыз ғой. Жоспар ланған басқа жерлерге боразда салдырмаған да сіз шы ғарсыз? Р а й х а н . Иә, мен! А л а г ө з о в . Себеп? Р а й х а н. Тың жер ұшан-теңіз дария. Дарияны да

үнемдемей ысырап етсең, лайлайсың, сарқып аласың. Ен даланы көшеге дейін жыртып тұқым сеуіп, ертең жайқалып шыққан астықты түгел ала алмай қар астында қалдыр сақ – ол қылмыстың қай түріне жатпақ? Әзір егу оңай да, жинау қиын. Айту жеңіл де, орындау ауыр, жолдас Нұрғали Алагөзович! А л а г ө з о в . Сіз осы инженерсіз бе, директорсыз ба? Сов хозға сіз жауап бересіз бе, әлде... М о р г у н. Егер дер кезінде астық жиналмай жатса, инженер де совхоз директорымен бірдей жауап береді. А л а г ө з о в . Сіздер, татар халқының әзілімен айтқанда, «ту ма ған баланың фітиясын қалай береміз» деп қорқады екенсіздер. Р а й х а н. Сол себепті де алдымен жұмыс атқаратын тұрақты кадр мәселесін бірінші жоспарға қоямыз. Ол үшін совхоз еңбек шілерінің тұрмысын, яғни баспанасын, балалы адамдарға бала бақша, мектеп салу мәселесін ойлап, алдымен жұмыс жүйесін жолға қоймақпыз. Әлгі Тұғыржаптың тегін тасын тасыт тырмауымыздың себебі де – осы. А л а г ө з о в . Сіз совхоздың құрылыс инженері де екен сіз ғой? М о р г у н. Совхоз парторгі, қажет жерде, совхоз архитекторы да болады. А л а г ө з о в . Ә, онда (Райханға қарап) көрегендігіңізді аудан басшыларына, бюрода қаулы алған кезде неге айтпадыңыз? Р а й х а н (күліп). Нұрғали Алагөзович, бюроға бұйралаудан бұрын, шаруашылықты жоспарлаған кезде шақырған жөн. Сонда сөз әрі әділ, әрі өтімдірек болмақ! А л а г ө з о в . Сіз жоғарғы жердің сөзінің әділдігіне, өтім ділігіне күмән келтіреді екенсіз ғой. Р а й х а н. Сөзді олай бұрмаңыз. Сізге лайық емес. Онда отырғандар да адам, құбыжық емес, қорқытпаңыз.

А л а г ө з о в . Көріскенше, директор жолдас! Инженер жол дас, сіздің аяқ алысыңыз, жасырмаймын, ұнамайды. Ескер темін, байқаңыз, байқаңыз! Кетеді. Сыртта гүж еткен машина даусы. М о р г у н. Райхан Сұлтановна, осы Алагөзов сияқты адамға жоқ нәрсеге түйткілдену, шаруашылықты қызмет деңгейімен ғана өлшеп, өзінен жоғары болса, байсалды сөйлесіп, өзінен төменге баяпар болу қандай лайықсыз? (Пауза.) Р а й х а н. Алагөзов – ұзақ жылдар бойы жан аямай үздіксіз жұмыс атқарған адам. Өмір тәжірибесі мол. Әлі де халық үшін тынымсыз еңбек етуден танбайтын, талмайтын адам. Бірақ жұмысбасты боп жүріп, біржақты кеткен. Ана Досановтай емес, Алагөзов мәдениеті де, білімі де келе-келе бұрынғы өзі шыққан қауымнан төмендеп қалғанын аңғармаған сияқты. Қауымнан тө мендеу, уақыттан, заман тілегінен артта қалу. Қазіргі уа қыт – жасқаншақ, үркектердің, құрғақ бұйрықтың заманы емес, творчестволық ойдың заманы. Меніңше, Досанов сияқты жаңа уақыттың жаңа стильді басшылары көбейе бастаған сияқты. Олар Алагөзовтерге ермейді, Алагөзовтерді өз деңгейіне көтере алатын мәдениетті, білімді басшылар. Мен осыған қуанам. Бесінші көрініс Көк майса дала. Далаға төгілген шуақты күннің нұры. Көй легінің жеңін түріп, білегін сыбанған Қарасай, майкішең Халел, беліне дейін жалаңаш Дикәй бірінің соңынан бірі қатарласа, күнге шағылысқан шалғы жүзін жанып тұр. Алыста тырылдаған трактор, гүрілдеген машиналар үні. Қ а р а с а й. Сәл демалайықшы. Қартаяйын дегем бе, сендерге ілесе алмайтын болыппын, жүрегім қағады. Дикәй, сусын әкелші.

Дикәй кетеді. Қарасай, Халел отырады. X а л е л. Осы бір тұстың шөбі ерекше, әке. Мына қарашы (шал ғыны сүрткен шөпті иіскейді). Бір уыс шөпте сан түрлі гүл аралас жапырақ бар. Қ а р а с а й. Қайран дала шөбі жұпар емес пе, мұрын жарады. Тіршілікке қуат беретін асыл нәр ғой бұл. Қарашы әне, мың-мың көбелек, құрт-құмырсқа, инелік, шегіртке, тіпті кесірткеге дейін, бар жәндік, бар мақұлық осы шөп тамырынан қорек алады. Әттең, не керек, осы тіршіліктің бәрі ертең асты-үстіне келіп, қара топыраққа айналайын деп тұрған жоқ па? Ана дәрменсіз көбелектерге обал-ау. X а л е л. Осынша ұшан-теңіз даланың бәрі жыртылмайтын шығар. Қ а р а с а й. Әй, қайдам. (Дикәй әкелген сусынды мейірлене ішіп), кеше атпен біраз жерді аралап едім, сонау Қамысты көлдің жиегіне дейін айырып тастапты, бүкіл ауданның бар жері тасталқан жыртылып жатыр. Ертең көбелек тұрмақ, тіпті тірі құсты көрмессің мына түрлеріне қарағанда... Д и к ә й (сыртқа қарап). Мына бір трактор қымыздың иісін сезген-ау, осылай қарай келе жатыр. Қарасай, Халел орындарынан тұрады. Трактор үні жақындай түседі. Қ а р а с а й. Ау, өзі жалпақ жонды жосылтып жыртып келеді ғой. X а л е л. Ана қара, жолды да айырып өтті. Қ а р а с а й. Есі дұрыс емес шығар. Ай, остановись, постой, атаңа нәлет, тоқта, постой. Сыртқа ұмтылады да, шегіншектейді. Трактор үні тура түбінен келіп тоқтайды. Шалғысын көтеріп Қарасай тұр, алдынан тракторшы Дерягин шығады.

Д е р я г и н. Старина, шалғыңды тарт, немене, адам шабайын деп пе едің? Оданда сусындарың бар ма, әкел. Дикәй қалбалақтап қымыз береді, Дерягин аяқты басына көтере сіміріп қояды. Д е р я г и н (аузын жеңімен сүртіп). Ал мына жерден тайып тұрыңдар. Қ а р а с а й. Ол ненің ақысы? Д е р я г и н. Кім сендерге бұл жердің шөбін шап деген?! Қ а р а с а й. Оны сенен сұрай алмадық. Дерягин тағы қолын созады. Дикәй қымыз құя бергенде, аяқтағы қымызды Халел алып торсыққа қайта құяды. Д е р я г и н. Әй, немене, қазақтар қонақжай болады деу ші еді, сендердің сорттарың бөлек екен. Қане, шалғыларыңды алып жөндеріңді табыңдар, кешке дейін бұл араның тасталқанын шығарамын. Старина, бұл шабындықты енді түсіңде ғана көресің. Екі сағаттың ішінде бұл орында «Қара теңіз» толқынданып жатады. X а л е л. Ай, жолдас. Д е р я г и н . Иә, мен – жолдас Василий Алексеевич. X а л е л. Бұл арада шаруаң болмасын. Басқа жерді жыртсаң да жетеді. Көріп тұрсың ғой, біз де ойнап жүрген жоқпыз. Д е р я г и н. Ойнап жүрген жоқпыз. (Сақылдап күледі.) Сендер немене совхозға шөп шауып жүрсіңдер ме? (Сес көрсетіп.) Давайте, кетіңдер. (Тракторға қарай жүреді.) Қ а р а с а й ( қарсы алдынан шалғымен тұра қалады). Осы дан мына жердің бір түйірін аударып көр. Д е р я г и н. Неге аудармаймын. Былай тұр, бүгінгі норма сенің шөбіңнен қымбат. (Сыртқа қарап.) Ал әне директор келе жатыр, старина, сонымен сөйлес. Машина гүрілі жақындай түседі.

Қ а р а с а й. Халел, Дикәй, тұрмаңдар, шаба беріңдер. Қара бұлардың басынуын. Халел мен Дикәй шөпті сырылдатып шауып кете барады. Сыртта машина тоқтайды. Моргун мен Райхан келеді. М о р г у н. Здраствуйте, ақсақал! Райхан басын изейді. Д е р я г и н. Федор Трофимович (күліп) совхоздың жаңа директоры табылды. Жердің қожасы мына шал екен ғой, «хозяйн страны», ха-ха-ха! Ал екі директор... (Тракторға қарай бұрыла береді.) М о р г у н. Таң атпай ішіп алғанбысың? Вася, саған не көрінген? Д е р я г и н. Ішкеннен ешбір зиян жоқ, Федор Трофимович, айдалада ешкімді баспаймын. Р а й х а н. Ендеше бұдан былай қоятын боларсың. Сені ертеңнен бастап жүк машинасына ауыстырамыз. Шопырлар жетіспей жатыр. Д е р я г и н. Құп болады, инженер жолдас, паровозға ауыстырсаңыз да мейліңіз. Р а й х а н. Жарайды, жұмысыңа бара бер. Д е р я г и н (сағатына қарап, Қарасайға). Старина, екі сағат срок! Кетеді. М о р г у н (Қарасай берген қымызды ішіп). Не деген жақсы сусын. Қ а р а с а й. Бұл дәрі, жолдас Моргун. М о р г у н. Дәрі?! Қ а р а с а й. Иә, иә, әлгі доктырлар дәрі атаулыны мына даланың неше түрлі шөбінен жасайды екен ғой. Білемісің,

түнде басқа мал күйіс қайырып ұйқтап жатқанда, жылқы баласы көбінесе түнде оттайды. Ең қуатты шөп көктемдегі түнгі шөп, күндіз ол күн сәулесінен нәр алып, тамырына сіңірсе, түнде нәрді сол тамырынан алады. Міне, сол кезде оттайтын жылқы сүті, басқа мал сүтінен ерекше. Ал осы сендер, сапаның сары даласын бас көзге тепелеп, айдап-ап жатырсыңдар, сонда, осы мал қайда жайылмақ? М о р г у н. Қареке, сіз мына жерге бекер шалғы салғансыз. Бұл ара бүгіннен қалмай жыртылатын жер. Қ а р а с а й. Әй деректр, бұл – жазда шауып алатын нағыз мәйекті жерім... шабындығым, бұдан басқа ұлан-ғайыр жер жетпеді ме? М о р г у н. Кімнен рұқсат сұрадыңыз? Қ а р а с а й. Оу, өз иелігімдегі ұлтарақтай жер үшін де рұқсат сұрауым керек пе? Р а й х а н. Енді сіз ие емессіз. Бұрын бос жатқанда шаптыңыз. Енді бұл араға егін егіледі. Бұл – совхоз жері. Қ а р а с а й. Е-е... солай екен ғой. «Кірмей жатып төр менікі, келмей жатып жер менікі» деген сөз бар еді-ау о заманнан бері, о заман-ай! М о р г у н. Солай ақсақал, мына жатқан шөбіңізді тез жинап алыңыз. Бүгін кештен қалмай бұл төңірек түгел жыртылады. Сіздің шаруашылығыңызға қарап отыра алмаймыз. Сау болыңыз. Моргун, Райхан кете береді. Р а й х а н (қайырылып). Ана жүрген Жәлел ме, Халел ме? Қ а р а с а й. Халел ғой. Р а й х а н. Апырай, дырдай жігіт болыпты-ау. Қ а р а с а й. Жәлел қайтыс болған. Р а й х а н (үрейлі). Солай ма? Қайырын берсін! Ал мына Халелді жұмысқа бермеймісің?

Қ а р а с а й. Райхан, алақандай жерімді де тартып алдың, енді балама ауыз салма! Жақында кетеміз бұл арадан, жарқыным. Жұғыспа бізге, алма мазамызды! (Райхан кете барады.) А-а, Мұқат, алаулы отыңа салып ең, енді күйігіңді тартатын мен ғана болармын. Зауал төне бастады басыма. Көрешегім алдымда екен ғой. Сен алдын ала болжаған екенсің! (Шалғысын лақтырып жібереді. Халел, Дикәй келеді. Үнсіз). О, жасаған, туған топырағымнан енді бір сажын көр де бұйырмайтын шығар (Ессіз күліп). Жаңа қожалар, жерді өлшеп-пішетін жаңа қожалар, жер иелері келіпті. Оу, жер иелері, оу жер иелері, пұрсат беріңдер, күзге дейін. Кетеміз, кетеміз бұл арадан. Көшеміз күзде! Д и к ә й. Қайда, ағатай? Қ а р а с а й. Аспан асты кең. Дала бөрісі де тыныштығы бұзылса, мекенін тастап жер ауады. Көшеміз, көшеміз! X а л е л. Сонда біз де бөрі болғанымыз ба? Қ а р а с а й. Басыңа күн туса, бөрі түгілі ит боп кетерсің! Алтыншы көрініс Түн. Қара жыртынды. Алыста «Қос анар» белінің ығында анда-санда күн жарқылдайды. Ол кезде қос анар дірілдеп, алып денеге жан біткендей қозғалады. Үстіне комбинезон киген біреу жанұшырып жүгіріп шығады да, ышқына айғай салады. Даусында үрей. Бұл – Тамара. Т а м а р а. Ах-ах-ей, а-а-а-й! Д а у ы с а л ы с т а н . Аһ-ай-аһ-ей-аһай! Т а м а р а (қос қолымен аузын көлегейлеп). Ах-ха-хаха-әй! Сәлден соң Халел келеді, қолында жүген. Т а м а р а (шошынып). Сен кімсің, неғылған жансың? (Шегіншектей береді.)

X а л е л. Сен бе айғайлаған, не боп қалды? Т а м а р а. Кетіңіз бұл арадан! X а л е л. Өй, мынау қайтеді. Әй, қыз, өзің емес пе, жаның шыққандай айқайлаған. Т а м а р а. Айғайласам, мен сені шақырғам жоқ, кетіңіз. Әйтпесе тағы да айқайлаймын, бақырамын! X а л е л. Немене, мені қуайын деп пе ең? Кең жерге сыймасаң өзің бар, о несі-ей?! (Жақындайды. Тамара жан даусы шыға шегіншектейді). Ха-ха-ха! Тамара, Тамара! Т а м а р а (әлі де үрейленіп). Сен кімсің өзі? X а л е л (қуанып). Мен Халелмін... Халел! Т а м а р а (күліп). Халил. Сен Халилмісің?! Кешір, Халил, мен танымай қалдым. X а л е л. Ой, қыздар деген, сендер бақырып қорқытуға шеберсіңдер. Т а м а р а (жүрегін басып). Ой, как страшно! Халел, жүрегім жарылып кетер ме деп ем. Әлі дірілдеп тұр. X а л е л. Соншама не болды? Т а м а р а ( фуфайкасын шешіп). Қазір, қазір, жү регімді басайын. (Фуфайкасын жерге жазады). Сәл отырайықшы. X а л е л. Жер таза ғой қайтесің. Т а м а р а. Таза болғанмен шық бар... Әлде майлы фуфайкадан жиіркенемісің? X а л е л. Жо-жоқ! (Екеуі фуфайканың үстіне иық тақастыра отырады). Т а м а р а (кеудесін кере дем алып). Халил, жаңа мен бір сұмдық нәрсе көрдім. Х а л е л . Иә! Т а м а р а . Сонау алыстан оралып келе жатсам, жыртын дының үстінде бір нәрсе ағараңдайды. Жақындап келіп тракторды тоқтат тым. Аударылған қалың қыртыстың бауырында домалақ ақтас жатыр. Бұл араға тас қайдан кел-

ген? Не де болса кабинаға салып алайын, кейін бидай сепкенде бөгет болар деп, әлгі тасты көтерсем, жеп-жеңіл. Трактордың жарығына келгенде жүрегім үзіліп түсе жаздады. Басым айналып, әлгі заттың қолымнан қалай түсіп кеткенін байқамадым. X а л е л. Иә, не екен ол? Тас па?! Т а м а р а. Тас емес, бас! X а л е л. Бас?! Ненің басы! Жылқының басы ма? Т а м а р а. Жо-жоқ! Адамның басы! Бас сүйек. Екі көздің үңірейген орны өзіме қадалғанда, ой Халил! X а л е л. Кәне, қай арада? (Орнынан тұра береді.) Т а м а р а (Халелді иығынан басып). Кейін мен жүріп кеткен соң аларсың. Сен келмегенде не істерімді білмейтін едім. Мына қап-қараңғы далада әлгі көздей үңірейіп, төрт жағымнан бірдей тесіліп, жұтып қоятындай. Совхозға қарай жүгірейін десем, сүйегі салдыраған Кащей секілді әлдебіреу бас салып ұстап алатын сияқты көрінеді... Ал Халил, сен түн ішінде неғып жүрсің? X а л е л. Жылқы бағып жүрмін. Т а м а р а. Жылқы? Кімнің жылқысы? X а л е л. Өзіміздікі. Т а м а р а. Өзіміздікі? Қанша? X а л е л. Он шақты жылқы құлындарын қоспағанда. Т а м а р а. Не деген көп!.. Оны енді түнде неге бағасың, күндіз жібермейсіңдер ме? X а л е л. Болмайды. Жылқы малы түнде оттайды. Күндіз ыстықта ағаш арасында саялап тұрады. Түнде қасында жүріп, жаймаса, ұзап кетеді. Және кім біледі, далада қасқыр да бар. Т а м а р а. Да, Халел, айтқандай жақында мен қасқыр көрдім. Өмірімде бірінші көруім. Осы арада апаны бар екен. Біздің тракторшылар төрт күшігін ұстап алды. Екі-үш күн осы манда ұлып жүрді. Қазір жоқ, басқа жаққа ауған-ау.

Бірақ қайда барып паналайды. Аянышты-ә! (Халел ойланып қалады.) Қ а р а с а й д ы ң ү н і . Дала бөрісі де тыныштығы бұзыл са, мекенін тастап жер ауады. Аспан асты кең. Көшеміз, көшеміз! X а л е л ү н і. Сонда біз де бөрі болғанымыз ба? Қ а р а с а й үні. Басыңа күн туса, бөрі түгілі ит боп кетерсің. Т а м а р а. Халил, неге үндемей қалдың? Х а л е л (шошып оянғандай). Иә, иә! Ескі апан. Білем, білем. Қасқырлар... дала тіршілігі қызық, Тамара, ә?! Т а м а р а. Романтика, Халил! Мен алғаш тракторға отырғанда мына мидай далада ішім пысып, жарылып өлермін деп қорқып ем. Қазір оны ойлауға мұрша жоқ... О, Халел, егер сен трақторшы боп көрсең. (Тізесін құшақтап аспанға қарайды.) Алатөбеде мың-мың шырылдаған бозторғайлармен бірге тұрып, шық басқан даланы трактор үнімен дүр сілкіндірген кезді ойласаң. Жалпақ жонды тіліп, алға қарай ұмтыла бересің, ұмтыла бересің! Артыңда толқындай боп қара қыртыс қала береді. Көбейе береді. Көбейген сайын жырта түскің келеді, молайған сайын тоқтағың келмейді. Рас айтамын. Әбден көзіңе ұйқы тығылғанда барып, бір-ақ тоқтайсың. Кейде осы айдалада ұйқтап қаламын. Күні бойы құлақ тұндырған мотор үні кілт сөнгенде, бүкіл әлем тым-тырыс болып, төңкерілген аспан, алыстағы қыраттар, төбелер маужырап бәрі саған қарағандай болады. Сен сал-сал болған денеңді жазып, дымқыл жер иісі шыққан қалың шөпке фуфайканы төсеп жата кетесің. Түнгі дала да жүрегі соғып, сенімен бірге демалып жатқандай болады. Содан кейінгі ұйқы не деген тәтті. Тіпті ондай кезде сіркіреген жауын астында да тамаша демалып, сергіп тұрамын... Дала өзіңнің туған үйің секілді де, сен соның қожасы секілдісің...

X а л е л (сыртқа қарап). Мына бір машина адасып жүр-ау. Машина жарығы бұлардың бетіне бірде түсіп, бірде түспей құбыла береді. Т а м а р а. Жол таба алмай жүр ғой, тегі. Біздің кейбір тракторшылар жолдың екінші жағына өтерде соқа тілін көтеруге ерініп, бірге жыртып жіберетін көрінеді. Кеше Райхан Сұлтановна сол үшін біраз адамды қатты ұрысқан. Гүр етіп капоты сахнаға жартылай шығып тоқтаған машина моторы кілт сөнеді де, жап-жарық фары Тамара мен Халелдің бетіне түсіп тұрады. Бұлардың қасына еңгезердей Дерягин келеді. Т а м а р а (жарықтан жасқанып). Фарыңды сөн дірсейші! Д е р я г и н. Немене, ұяламысыңдар? Ұрлық жасап жатырсыңдар ма?! Т а м а р а. Тағы да ішіп алғанбысың? Д е р я г и н. Сенің ақшаңа ішкем жоқ. X а л е л (әңгімені бұрып). Жолдан адасып жүрсіз бе? Д е р я г и н (ызалы күледі). Жоқ, көжегім, жаңа бір дала қоянын қуам деп зықым шықты. Қорқақ неме көзі жасаурап, жарықтан шыға алмай, машина астында бұғып қала береді. Ақыры жыртындыға түсіп құтылып кетіп еді, сөйтсем Тамараның бауырына тығылған екен ғой. Т а м а р а. Халел, жүр, трактор кабинасына барып отырайық. Жауын жауайын деп тұр ма, қалай? (Олар тұра береді). Д е р я г и н. Бұл әлі бұлт қой түйілген. Әзір жаумайды. Үрікпеңдер, әлде сен қорқамысың, көжегім. Әй, тұра тұрыңдар! (Екеуі бөгеледі).

Д е р я г и н. Әй, көжек, Тамара жер жыртып жүр, сен мұнда не жыртып жүрсің? X а л е л. Онда не шаруаң бар. Д е р я г и н. Оһо, қарай гөр, степной орел. Шаңқылдайды өзі! Т а м а р а. Вася, жетеді енді, ұялсайшы. Д е р я г и н. Кімнен? Мына сопляктан ба? Әй, көжек, жүр машинаның алдына түсіп көдемен зыт, қарыныңа прожектордың ізін қалдырайын. X а л е л. Кел, мына жүгенді салып, біраз тақымымды жазып алайын! Дерягин жұдырығын түйіп, жақындай түседі. Т а м а р а (Халелдің алдына тұрып). Жақындама! Д е р я г и н. Немене, оның жұқпалы ауруы бар ма? Әлде жылан ба шағып алатын? Аһа, түсіндім: саған ұнап қалған екен, қорға, қор ға! Т а м а р а. Жетті енді! Егер бұлай күн көрсетпейді екенсің, ертең кетем бұл арадан. Д е р я г и н (бөгеліп). Әй, көжек, бұл менің әлі түнергенім ғана. Егер шын жаусам, тепелеген бұршақ астында қаласың. Айдалада қыз аулайтын неме екенсің, түсерсің қолыма бір. (Кетеді). Т а м а р а. Қорқытпа, бұл да сендей жігіт! Машина гүрілі – Дерягин кетеді. X а л е л. Бұл неғылған әумесер! Т а м а р а (көз жасына булығып). Менің ағам, кешір, Халел. X а л е л. Ағам деймісің! Тамара, мен ендеше... Т а м а р а. Ештеңе етпейді. Оған сол керек. «Тыңға барамыз, бірге еңбек етеміз» деп алып келіп еді, енді кейінгі кезде мінезі мүлдем өзгеріп барады. Көрінгеннен қызғануды

шығарды. Анада екеуіміз танысқан күні, ұзақ биледік қой. Сол күні құлағымның етін жеді. Жаңа сені таныңы... Жақында ұрсысып қалдық. Бір палаткада тұратын ек. Мінезіне шыдай алмай аспазшы әйелдердің бөлмесіне кеттім. Содан бері жиі ішетін болыпты... X а л е л. Тағы біреу келе жатыр. Вася емес пе?! Машина жарығы. Т а м а р а. Енді ол шын соқтығуға келе жатқан болар! X а л е л. Онда кетейін. Т а м а р а. Қорқамысың? X а л е л. Жо-о-оқ, әншейін... жарайды. Жақында машина үні де, фары да сөнеді, бұлардың қасына Райхан келеді. Р а й х а н . (Халелді көрмегенсіп) Тамара,бұл не тұрыс, тракторың сынып қалған жоқ па? Т а м а р а. Жоқ, Райхан Сұлтановна, жаңа... жаңа... Халел, әлгіні алып келші. (Халел кетеді.) Райхан Сұлтановна, сіз анау ескі мола, ескі жұртқа соқа салмаңдар деп ескертіп едіңіз ғой. Мына арада мола да, ештеңе де жоқ сияқты еді, жер астынан адамның қаңқасы шықты. Р а й х а н. Қаңқа? Т а м а р а. Иә, Райхан Сұлтановна. Зәрем ұшты. Р а й х а н (мән бермегенсіп). Жер боп кеткен көне зираттың ор ны ғой, тегі. Оны жалғыз үй қасындағы молаға көмдірерміз. Жәрәй ді. Ал солярқаларың қалай? Т а м а р а. Кейде мезгілімен жетпей қалады. Р а й х а н. Бүгін көп темір бөшкелер алдырдық. Енді солярқаға тапшы болмайсыңдар. Ал лемехты айналымдарда троспен көтеріп көрдіңдер ме? Т а м а р а. Көтеруге болады. Бірақ ауыр, Райхан Сұлтановна! Р а й х а н. Соны бәрі айтады. Жақында рычаг орнататын

болдық. Былай да адам жетпей жатқанда, прицепщиктің орнын бір-ақ адам атқарса, ол үлкен жаңалық емес пе! Т а м а р а (алысқа, Қос анар беліне қарап). Райхан Сұлтановна, ана Қос анар шыңында да әйел адамның кеудесі сияқты. Ол туралы бір аңыз бар деп едіңіз. Айтыңызшы. Р а й х а н. Ә, әлі ұмытпаған екенсің ғой. Кішкентай кезімде әкем айтушы еді. Ертеде осы арада төбесімен бұлт тіреген, аяғымен жер тіреген алып ана болыпты. Бұл жердегі адамдардың бәрі соның балалары екен. Ол шашын тарап, өргенде, осы төңіректе күн орнайды екен де, мақпал қара шашын жайғанда, түн орнайды екен. Бәрі ананың ақ сүтімен қоректеніп өмір сүріпті. Күндердің күнінде ана қартайып, көз жұмар алдында, балаларына: «Ал мен бұл дүниеден кетемін. Сендерге қорек болған қос анарым тасқа айналмақ. Енді сендерді емізе алмаймын. Мен жатқан жерге егін егіп, мал жайып еңбек етесіңдер, аналарыңның тас емшегі тағы да жібіп иер» деп өсиет қалдырған екен. Ана сұлап жатқан биік бел сол Ана деуші еді әкем марқұм... Т а м а р а. Райхан Сұлтановна, мұныңыз аңыз емес, шын болған оқиға сияқты екен. Қолында бас сүйек Халел келеді. X а л е л. Міне, Тамараны қорқытып жүрген бас. Т а м а р а. Райхан Сұлтановна, мен кеттім. Кетеді. Р а й х а н (басындағы орамалын шешіп, Халелге). Мә, мынамен орап ал ана ескі жұрт қасындағы зиратқа көмерсің. Басына белгі қоюды ұмытпа. Кете беріп, қайта бұрылды. Р а й х а н. Айтқандай, сен бұл арада түнделетіп неғып жүрсің? X а л е л. Жылқы бағып...

Р а й х а н. Одан басқа не кәсібің бар. X а л е л. Не кәсіп? Не кәсіп болушы еді?! Р а й х а н. Сен Жәлелдің інісі Халел емессің бе? X а л е л. Иә! Жәлелді де білетін бе едіңіз? Р а й х а н. Соқталдай жігітсің, «не кәсіп» деп менен сұрайсың. Неге совхозға жұмысқа тұрмайсың? Үйіңе шөп шабасың. Меншікті жылқыңды бағасың. Машинаңа мініп алып, ерсілі-қарсылы сенделіп жүресің. X а л е л. Көпсінсеңіз, жақында көшеміз. Біржола көшеміз. Р а й х а н. Жылы жер іздеймін де... Ол ана шал айтатын сөз. Саған ұят емес пе! Не айтып тұрсың?! X а л е л. Келмей жатып мына кең даламыздың аядай жерін көпсіндіңдер. Кеше мына целинниктер «хозяйн страна» деп кекетеді. Р а й х а н. «Хозяйн страны» деген онша ақылды адамдардың сөзі емес. Бірақ сені кекеткендері дұрыс емес. X а л е л. Сонда қалай? Мен хозяйн емеспін бе? Р а й х а н. Жоқ. X а л е л. Мәссаған, сонда сіздіңше туған жеріме иелігім жоқ екен ғой (ызалы күледі). Р а й х а н. Бұл жерде ит те, құс та, қасқырдың бөлтірігі де туады. X а л е л (сөз таба алмай, булығып). Қызық екен. Р а й х а н. Олар мидай далада тегін су ішіп, тегін жеміс жеп күнелткен бақа-шаян, тышқандар мен суырлар, қасқыр мен құстар. Ал сен де тегін шөпті шауып, тегін суды ішкеніңе мәзсің. X а л е л. Қызық екен! Р а й х а н. Ана қолыңдағы кімнің сүйегі? Білемісің?! X а л е л. Көмусіз қалған біреудің басы шығар. Р а й х а н. Иә, көмусіз қалған... Сенің мына далада етекжеңіңді кең салып еркін көсіліп жүргенің соның арқасы. Ол сенің ата-бабаңның басы. (Енді екілене сөйлейді). Атыра-

удан, Алтайға, Қаратаудан Арқаға дейін көсілген қазақтың қасиетті жері үшін ындыны құрып, көздері қанталаған сұғанақтар талайдың басын жалмаған, жүрегін қалқан етіп, ұрпағына мұра етер жері үшін талайдың басы осылай көмусіз қалған. Жер қожасы, жер иесі алдымен солар. Бұл дала нені көрмеген дала, неге белі қайыспаған қайран қара жер. Жеті ағайын жұтты да, алты ағайын аштықты да көрген жер. Ұрпағын жетілтем, перзентін өсірем деп жер тырмалап, егін егіп, талайлар сол аштыққа да ұрынған. Жер иесі, жер қожасы солар. Мүмкін сенің қолыңдағы солардың бірінің бас сүйегі шығар. Сол ата-баба, әкелер, мұраға қалдырған мына кең далаға кім қожа, білемісің Халел! Кеше ұлтарақтай жердің шөбін шаптырмады деп торсаңдайсың. Егер ие бола білсең, мына байтақ дала сенің жерің емес пе? Қазір сен қожа емессің бұл жерге. Сен сатып алған машинаңа ғана қожасың. Өйткені оны жуасың, майлайсың, сынса жөндейсің. Мына туған далаңа ондай еңбегіңді сіңірдің бе? Бір түп ағаш отырғызып, оны мәпелеп, не егін егіп маңдайың жіпсіді ме? Әне, жаңағы қаршадай қыз сонау Мәскеу облысынан келіп, түн ұйқысын төрт бөліп жанын салып еңбек етіп жүр. Ана отырған үйің Малжан байдың үйі. Одан қалған азбыншы байлық Қарасайға азық болды. Қарасай саған азық, сені асырады. Бірақ ол сенің ұрпағыңа азық бола ма? Тыңда, Халел, ренжіме, мен саған азамат деп ақыл айтам, балам деп ұрсып айтам. Шертпе күй. Мына сен жылқы бағып жүрген жер ескі егін орны. Бұдан талай жыл бұрын нан үшін еңбек еткен адамдардың көз жасының белгісіндей иен даланың бір бүйіріне түскен қара дақ, тұсыраған тұлдыр жер. Содан бері қанша жыл өтпеді... (Күй үзіледі. Сыртқа қарап). Мына бір аттылы кім болды? X а л е л. Әкем ғой.

Сырттан тыр-тырлаған Қарасайдың үні. Қ а р а с а й (сырттан). Ау, қайда жүрсің? Зым-зия жоқсың. Жылқылар қайда? X а л е л. Мына бір тұста ескі жыртынды бар екен ғой. Соның қалың қурайын ащылап, шықпай қойды... Қ а р а с а й . Ә, мынау сол түс па еді? Енді үйге қарай жаярсың. X а л е л. Әке, бұл жақта да бұрын егін еккен екен-ау. Қашан жыртқан бұл араны? Қарасай келеді. Қ а р а с а й. Атам заманда... (Шошынғандай). Ә, мұнда Райхан да бар екен ғой. Сұра, сұра Райханнан! Жаңағы шертпе күй баяу ғана қайта жалғасады. Авансценаның бір бұрышында Райхан, екінші бұрышында Қарасай. Екеуі де пистолет жарығында. Бұл екеуінің сөзі репродуктор арқылы беріледі де, сөз жүйесіне қарай сахнада оқиға жүріп жатады. Р а й х а н. Сен әлі сыр ашпаған екенсің ғой... Неге үндемейсің, Қарасай? Мүмкін өзің айтарсың. Әлде ұмытып қалдың ба? Тым құрмаса балаларыңа шет-жағасын естіртсең етті. Онда мен есіңе салайын. Қ а р а с а й. Білем. Есімде. Бұл араға алғаш құрылған «Жаңа талап» қолхозы егін салғансыңдар, сен басқарма болатынсың. Р а й х а н. Иә, сен сол кезде де осы күнгі тозығы жеткен жапандағы жалғыз үйде іргең бөлек, жеке отыратынсың. Қ а р а с а й. Жеке отырмағанда қайтейін, артынан жазықты сиырдай бәрің мүйіздеп, аластап едіңдер ғой. Өңкей сіңірі шыққан кедей-кепшік жиналып, жібі түзу сайман, көліктерің де жоқ, желіндеп тұрған сиырларына дейін соқаға жегіп,

аядай жерге екі-үш қап тұқым сіңіргенсіңдер. Ауыздарың ақтан қағылып, көр жерді талға жау қып, өлмешінің күнімен күзгі бидайға сүйретіліп жеткенсіңдер. Р а й х а н. Сол жылғы егінде бір тал арам шөп жоқ, жайқалып бітік шығып еді-ау! Соңғы күнге дейін ертең-ақ нанға аузы тиер жұрттың қуанышында шек жоқ еді. Бар тілеуі егіннің үстінде. Қ а р а с а й. Иә, егін орар алдында күннің аңызақ боп, пеш аузынан үрлегендей ыстық аптаптың соққанын да білем. Бидайларың қауызын жарып төгілгелі тұрған... Түнде жортуылдаған жауларың да көп еді-ау. Жаз бойғы еңбектеріңе бір түнгі әрекет жеткен. Р а й х а н. О, қасиетті дала, Қос анар. Сол бір түндегідей өмірімде ел қайғысына егіліп көрген жоқ шығармын... Мен шошып ояндым. Далаға ата шықтым. Көшеде ұлардай шұлаған адам, азан-қазан. Аспан қып-қызыл жалын. Жұрт жалаң аяқ, жалаң бас егінге жүгіріп барады. Қалың егін жанып жатыр. Шырт ұйқыдан тұрған рұсыз жандар айтпай келген апатқа бірі көйлегін, бірі шапанын сермеп, тілсіз жаумен айқасып, мидай араласып кетті. Әпсәтте тажал өрт келгендерді орап алды. Аузынан от шашқан айдаһарлар мың бұралып, ысылдап, гүрілдеп, жолындағыны жайпап, таптап, атой сап келеді. Шытырлап жанып жатқан егін бе, адам ба, оны да аңғарып болмайды... Айналасы бір сүт пісірім уақытта етегін ыстық жел көтерген өрт егінді тып-типыл етіп, бозға түскен соң, бойы кішірейіп, алысқа ұзап кете барды. Қарғаша салып та үлгіре алмаған жұрт қап-қара күлі шыққан егін орнына қарап мұңайып, қайсыбірі егіліп жылап тұрды. Іш киімдері алба-жұлба, қара-қожалақ күл, тұла бойын от шарпыған, жалаң аяқ, жалаң бас адамдар түтігіп, әлде бір аяулысын арұлап қойып қайтқан азалы жандардай, немесе кір кебінін сүйреткен аруақтардай екі иіні түсіп, мойындары

салбырап, үн-түнсіз сахна ортасына келіп, әр жерде состиып тұрып қалады. Осы жалпақ жонның ұлтарақтай бір бұрышын тырмалап егін еккен елдің есіл еңбегі осылайша далаға кетіп еді. Жер емшегін емгісі келген алғашқы арманды осылайша өрт алған. Шертпе күй үдей түседі. Қолындағы бас сүйекке қарап ойланын тұрған Халел жалғыз. Бірінші бөлімнің соңы. ЕКІНШІ БӨЛІМ Бірінші көрініс Алғашқы бөлімдегі күй сарыны. Күй әуенімен қосыла тың даласында жосылып жүрген трактор, машиналар гүрілі. Шуақты ашық күн. Сахнаға жүк машинасының алды ғана шығып тұр. Машина астында шопырдың салаңдаған екі аяғы көрінеді, Халел сол аяқтан түртіп тұр. X а л е л. Жолдас, жолдас! Дерягин сен бе? Д е р я г и н (машина астында). Не керек саған? X а л е л. Инженер жіберді. Д е р я г и н. Немене, қонаққа шақыра ма? X а л е л. Сізге қағаз берді. Д е р я г и н. Соншама не боп қалды?! Машина астынан шүберекпен қолын сүрте, созалаңдау шығады. Бұл – Вася Дерягин. Халел екеуі де аң-таң, бірбіріне үнсіз қарасып тұрып қалады. Д е р я г и н. Әй, көгершінім, то есть көжегім, сені мен бір жерде көрдім-ау деймін. (Халелді майлы қолымен иегінен көтереді).

X а л е л (қолын итеріп тастап). Көрсең көрген шығарсың. Д е р я г и н. Тоқтай тұр, осы екеуіміз «әлі кездесерміз» деп, келіскен жоқ па едік?! Сен өзің уәдешіл жігіт екенсің. X а л е л. Мына қағазды Райхан Сұлтановна берді. Д е р я г и н (кекесін күліп). Немене дуэльге рұқсат алып келдің бе? (Қағазды оқиды да, Халелге төнеді). Бұл – сенің сұрауың бойынша жазылған бұйрық па? X а л е л. Қалай түсінсең де мейлің. (Райхан келеді.) Р а й х а н. Ә, таптың ба, Халел? Дерягин деген осы жігіт. Озат шопыр. Д е р я г и н. Райхан Сұлтановна, бұл не, надзиратель ма, әлде адвокат па менің қасыма қосатын? Р а й х а н. Вася, бұл жігіт өзінің меншікті машинасымен жүргелі бір жылдай болыпты. Бірақ жүк машинасын жүргізіп көрмепті. Бір айдай қасыңа алып стажировкадан өткізесің. Сосын право алып береміз. Күзде жиырма шақты машина алмақпыз. Адам тапшы екенін білесің. Бұл да совхозымыздың болашақ кадры. Д е р я г и н. Мен шопыр дайындайтын оқытушы емеспін, Райхан Сұлтановна! Сосын осы бір баланы суханым сүймейді. Жалпы осындайларды көргенде, ішіне шыбын түскен жылымшы шарап ішкендей боламын. Р а й х а н. Дерягин, сенің сұлу сөздеріңді тыңдап тұруға уақыт жоқ. Іске сәт! (Кетеді.) Д е р я г и н . (ойланып, Халелдің бас-аяғына қарап). Тақ, тақ... Ал көжегім, біздің дуэль бір айға созылатын болды. Өзің, дегенмен, мені қалап алған жүрек жұтқан неме екенсің. Кәне, бастайық стажировканы. Машина кузовінде шелек бар, отырғыш астында шүберек, алып кел. (Халел әкелгенше.) Үстіндегі киіміңді үйлену тойында киерсің. Мұнда тойға келген жоқсың. Енді, бұдан былай мына машинаны майлайтын, тазалайтын сен боласың. (Халел шелек-

ті әкеледі.) Ал қазір, көжегім, анау көлге барып су әкел. Әрине, жаяу, жаяу. Тұра тұр. Мына радиаторды білесің ғой. Арақ ішіп көріп пе ең? Егер көрсең, суды радиатордың көмейіне лақылдатып құйма, кеңірдегіне сыздықтатып құй, әйтпесе шашалып қалады. Сосын мына шүберекпен, әрине, тағы да су әкеліп, машинаны жалтыратып жуасың. Жаратылысында тазалықты жақсы көретін адаммын. Мен тамақ ішіп келгенше, осы жұмыс саған жете тұрады. Келісімен рейске шығамыз, болды. Сұрағың жоқ па? Екеуі екі жаққа кете бергенде Тамара шығады. Т а м а р а. Халел! X а л е л. Тамара, сәлем! Т а м а р а. Иә, шелегің не, бензин алайын деп жүрсің бе? X а л е л. Тамара, мен жұмысқа орналастым. Т а м а р а. Да-а! Тамаша! Құттықтаймын. Ал асығып барам! Кешке уақытың болса кел. (Кете береді.) Д е р я г и н. Тамара! Тамара бөгеледі. Т а м а р а. А, Вася?! Д е р я г и н (тұрып қалған Халелге). Сен неғып тұрсың, сөлбірейіп! Бар жұмысыңа. (Халел кетеді.) Тыңшы құсап қайтеді. Т а м а р а. Аузыңа сыпайырақ сөз түспей ме? Ал не шаруаң бар? Асығыспын... Д е р я г и н. Асықсаң, соңғы рет ескертемін, әлгімен кездескеніңнің алды-арты осы болсын. Т а м а р а (күліп). Не? Жұмыстан қолы босамай ма? Менің де уақытым бола бермейді. Әйтсе де... Д е р я г и н. Тамара, мен қалжыңдайын деп тұрғам жоқ. Т а м а р а. Мен де қалжыңдап тұрғам жоқ. Шыным сол. Халел деген бір биязы жақсы жігіт, ұнатамын. Өздерің

бір машинада істейтін болыпсыңдар ғой, байқауымша. Әлі өзіңнің де көзің жетеді. Ал қолың тигенде киімдеріңді алып кетерсің, жуып, өтектеп қойғанмын. (Асығыс кетеді.) Екінші көрініс Түн. Жалғыз үй. Қора іші. Шілтерлі шамның көмескі сәулесі. Сыртта селдете құйған нөсер үніне Қарасайдың сарнаған даусы ұласады. Қолында жалақтаған пышақ, білегін сыбанған, қолы қан. Қ а р а с а й. Есіл мал, қор болған есіл мал! А, жасаған, көрсетпегенің осы еді. Апандай аузын ашып, азуын салар тажалыңды үйде де, түзде де қаптаттың! Менде не өшің бар еді? Үйден Жәміш шығады. Ж ә м і ш (баяу ғана). Батыреке-ау, сенің бағусыз малыңды жарған құдай емес, аш қасқырлар емес пе, несіне таусыласың? Қ а р а с а й. Дала қасқырына не жорық, жаңа туған бөлтірігінен айырып, тыныш жатқан мекенінен қуса, өшіккен бөрі ауызды малға салмағанда қайда салады? Қазір бұл үйде де жаны ашитын тірі жан қалмай барады. Ж ә м і ш. Бізге не істе дейсің? Ақбөпе баладан шыға алмайды. Дикәй байғұс қайтсін мына нөсерде... Қ а р а с а й. Дикәй, Дикәй! Атасы басқа алапес, күні үшін жүрген жарымес, ол қайбір малға белі қайысып, жаны ашитын неме! Бұл мал жалғыз маған керек деп жүрген шығарсыңдар. Шәйнегің қайда, шәйнегің, су әкел жуатын! Жәміш кетеді. Екінші жақтан үстіндегі көйлегі малмандай, жалаң басынан су сорғалаған жалаң аяқ Дикәй келеді, қолында бишік.

Қ а р а с а й (пышағын тастай беріп, қанды қолымен ұмты лады). Ә, келдің бе, таптың ба қойларды, атаңа нәлет! Д и к ә й. Таптым... Қамысты көлден таптым, ығып кетіпті. (Күмілжіп). Әлгі... әлгі... Қ а р а с а й. Не әлгі... Әй, әлгі, не әлгі!.. Тілің байланып қалды ма? (Дикәйдің қолындағы қамшыны жұлып алып төне түседі.) Д и к ә й (жыламсырап, жасқанып). Ағатай-ай. Енді... қас қарайып кетті. Түк көрінбейді, екі қара қойды таба алмадым, жоқ... Қ а р а с а й. Өзің қайда жоғалып жүрдің? Д и к ә й. Мен... мен... жауын күшейіп кеткен соң, ана целинниктерде бөгеліп қалдым. Кино әкеліпті, ағатай. Қ а р а с а й. Ә-ә, Халелдің желіккені аз еді, енді сен де солай қарай ауайын дедің бе? Мәһ саған, мәһ саған! Дикәйді қамшының астына алады. Бүктетіле құлап, басын қорғаштаған Дикәйдің «Ағатай-ай, ағатайлаған» жалбарынышты үні. Қ а р а с а й. Мәһ ағатай, мәһ ағатай. Сен қалып ең енді басынбаған. Үйден жүгіре шыққан Ақбөпе атасын қағып жібереді де, қолындағы қамшыны жұлып алып лақтырып тастайды. Дикәй сыртқа тұра қашады. Жәміш те шыққан. А қ б ө п е. Не деген аяусыз, қатыгездік! Мал емес қой ол, адам ғой ол! (Дикәйдің соңынан жүгіре жөнеледі.) Қ а р а с а й . О, жасаған! Ақыры келіннен таяқ жедім. Баламның қойнына келін емес, кесіртке салған екем ғой! Бұдан да алсаң етті ажалымнан бұрын! Ж ә м і ш ( баяу ғана). Батыреке-ау, қойсаңшы, қарғана бермей, мына слина келгені өзің баяпар боп барасың ғой. (Гүрс еткен қопарылыс үні шығады). Астапыралла!

Қ а р а с а й. Әне! Бұлар енді жер үсті жетпейтіндей, жер астының тасын қопарып жатыр. Зираттарды қиратып, атабабаның сүйегін аспанға атып жатқан жоқ па? Тағы да қопарылыс. Үшінші көрініс Сырылдаған жауын. Анда-санда күн шатырлап, жарқылдайды. Минорлы шерше күй сарыны. Бұтағы жапырақ жайған жалғыз ағаш. Жалғыз ағаштың діңін құшақтап, бүрісіп отырған Дикәй. Көйлегі қамшыдан айрылып-айрылып кеткен. Дикәйдің қазіргі ойы, көңіл күйі ыңылдаған ән болып естіледі. Жалғыз ағаш, кімнен пейіл сұрайын, Ағыл-тегіл көзім жасын бұлайын. Жел өтінде қалтыраймыз пана жоқ, Жетім күні осылай ғой ләйім. Сырттан «Дикәй-Дикәй, Тұрсын, Тұрсын!» – деп айғайлаған Ақбөпе даусы естіледі де, аздан соң өзі келеді. А қ б ө п е. Мына жауында неге алысқа кеттің? Тоңдың ғой, ораншы. (Жеңіл шапанын шешіп, үстіне жабады.) Сені үйдің маңынан, сырттағы мал қорадан іздеп таба алмаған соң, дәуде болса осы киелі ағашқа кеткен шығар деп ем... (Енді сөзбен жұбатқысы келгендей.) Анада бір-екі рет атай ренжіткенде осылай қарай кетіп бара жатқаныңды көріп едім... Д и к ә й (әлі де жыламсырап көзін сүртіп). Ақбөпеш, қарғам, не айтайын саған. Мендей мүсәпірді мүсіркеген сені құдай мүсіркесін. Артымнан іздеп шығар кімім бар? Бұл өмірден жоғалсам да орнымды жоқтар кім бар, қарғам!

Мұңымды ай тар, шағынар ешкімім де жоқ, ішімде жатқан ащы запыранды үн сіз жұтып жүре берем. Анда-санда қайғыланып кеткенде іштегі шерді тарқатып кетер сырласым, мұңдасым осы жапандағы жетім ағаш. А қ б ө п е. Былтырдан бері бұл ара – менің де жиі келер орным. Д и к ә й. Білем, білем, қарғам. Бір-екі рет байқадым оны. Сен де жалғызсырайсың, түсінем. А қ б ө п е. Есіңде ме, алдыңғы жылы Жәлел соңғы рет Омбыға мал апарып оралған жыл. Ана сары қопаның тұсында қасқырлар қамап, болдырған атын жегенде, өзі қалың қарға омбылап осы қайыңға зорға жетсе керек. Түтеген боранда үйді таба алмады ма, дала кезген көп қасқырлар бұл арада да кезікті ме, ағаштың басына шығып, өзін өзі байлап, көз ілдірсе керек. Бірақ сол кез ілгеннен мәңгі ұйқыға кетіпті. Д и к ә й. Білем, білем, Ақбөпе. Мен онда Халелмен ауданда едім ғой. Біз үсіп өлді дегенін ғана естіп жеткен ек... А қ б ө п е. Дала кезіп жүрген бір аңшылар көріпті. Әйтпесе жазға дейін ізсіз кетер ме еді, қайтер еді. Д и к ә й. Дәл соңғы жолы – көп жылқымен Омбыға жүрер алдында Жәлел біртүрлі қамығып, қайғыға түсті. Мал қорада отырып, «Бұл не тіршілік, айдалада апандағы қасқырлардай елден, жұрттан жырақ өмір кешіп жатырмыз. Тым құрмаса қара жолдың үстінде де емеспіз. Қаладан қайтқанда үлкен жолдан бұрылысымен бұрынғы өз ізімді зорға табамын. Ай, сол жол бірде болмаса, бірде адастырар-ау. Жалғыздық болар менің түбіме жететін», – деп өзөзінен құлазып кетіп еді. А к б ө п е. «Кетейікші, жұрт қатарлы еңбек етіп тіршілік етейікші. Мен көрген жалғыздықты Халел көрмесе екен, балаларым көрмесе екен», – деп маған да шағынушы еді. Д и к ә й. Жұмысқа тұрғалы, жұртпен араласқалы,

байқайсың ба, Халел де бір түрлі есейген сияқты... Ақбөпеш, сен неге Халелмен бұрынғыдай ойнап-күліп жүрмейсің. Оның жазығы не? Бірің қайны, бірің жеңге кездеріңдегі шуақ ты күндеріңе неге сал қын көлеңке түсіресіңдер?.. (Пауза). Кешір, Ақбөпеш... Мен әшейін... А қ б ө п е (күрсініп). Сен де көп нәрсені байқайды екенсің-ау. Жұрттың бәрі жаныңды жаралардай мазақтап, келемеждегенде, түк түсінбейтін адамдай елемейсің, қабақ шытып ауырсынбайсың да... Соған қарап мен сені... Д и к ә й. Елегенде не істеймін. Көп нәрсені білем деуден, білмеймін деуді үйренгенмін, сөз таластырып біреуді жеңер, не итжығыс түсер менде не қауқар бар. «Аяз би, әліңді біл» деп әліптің артын күтіп жүре берем. Қайбір күйім тасып ән айтады дейсің. Іш қазандай қайнайды кейде, ән соны тасытпай, булық шығарып қоятын қазанның қақпағы тәрізді. А қ б ө п е. Мен сияқты артыңа қара нарың жоқ, неге кетпейсің бұл үйден? Д и к ә й. Кеткенде қайда барам? Он жылдан бері бауыр басқан Халелді, сендерді қимаймын. Қалған өмірімде қайдан енді туыс іздеп, қайдан жақын табам... А қ б ө п е. Мені де қинап жүрген сол қимастық қой. Ең арты осы жалғыз ағашты қимаймын. Басында дәйім Жәлел отырған секілді. Жаңа үйленген кезде, күнде осы ағашқа келіп, басына шы ғып отыратынбыз. Біздің ең биігіміз осы киелі ағаш болатын. Жә лел көз жетер жердегі көлдерді, қорымдарды, шоқ ағаштарды, тіпті қыраттарға дейін көрсетіп, осы маңның ащы, тұщы суларына дейін, тобылғы, жусандарына дейін таныстыратын. Өзі біле тін моңғол, жоңғарлармен болған соғыстарды айтып, елін қор ғаған батырлардың ерлікпен қаза тапқан жерлерін көрсететін. Кеш құрым екеуміз қосылып ән салатынбыз. Өлді деуге көңілім сен бейді. Жәлелім, (ағаш басына қарап) қатты бір

сөзге келіп, түс шайыспаған, Жәлелім. Кешір, бүгін атаймен түс шайысып қалдық. Сахнада боран. Жалғыз ағаш баурында, бораннан ықтаған Жәлелдің бейнесі. Репродуктордан шертпе күй, Ақбөпенің үні. – Кешір, Жәлел! Халел екеуміздің арамыз баяғы қалпы. Ол інім ғой. Туған інімдей көрем. Ол да соны іштей түсінетін сияқты. Біз бір-бірімізді қимай жүрген бауырлармыз. Бірақ қанша қимағанмен, тіршілікте біз жол айырығындағы адамдармыз ғой. Ж ә л е л д і ң ү н і . Саған артар кінә жоқ.Тірі адам тіршілі гін жасар болар. Жасыма. Басыр күндер менімен кетсін. Серпіл. Көппен аралас, ақылшың көбейеді, екеуміз бұл дүниеге киелі ағаш тың биігінен ғана қараушы едік, енді алысты көруге талпын. Жолың ашық. Маған анда-санда келгенін де жетеді, рақмет Ақбөпеш! Төртінші көрініс Қазандық. Жәміш от жағып отыр. Сырттан үсті малмандай су, Халел кіреді. Ж ә м і ш. Құлыным-ай, аман келдің бе? Мына құдайдың күні де бүгін селдетіп кетті ғой. Шешінші тез, құрғақ киімдеріңді ауыстырып киші. X а л е л. Апа, саған цейлон шайын әкелдім. Ж ә м і ш. Силоның не, қарағым-ау, ондай да бар ма еді. X а л е л. Бағана совхозға автолавка келіп еді ауданнан, үнді шайынан артық дейді. (Қойны-қоншынан көп шай әпереді.) Апа, әкем үйде ме? (Қазандыққа қақтана отырады.) Ж ә м і ш. Әкең ана төр жақта тұлан тұтып жатыр. Осы үйді бүгін алапатымен көшіріп жібере жаздады.

X а л е л. Иә, не боп қалды?! Ж ә м і ш. Сұрама. Өзің де сезіп жүрген шығарсың. Күннен күнге беймаза, күйгелек боп барады. Әлгі Дикәй байғұс соры қайнап таяқ жеп қалды. Үйден қашып кетті. X а л е л. Қашып кетті? Мына жауын астында қайда паналайды? (Орнынан ұшып тұрады.) Ж ә м і ш. Іздемей-ақ қой, Ақбөпе алып келген болу керек. Сонда тығылып жатқан шығар. Келінге де бүгін шалдың тілі тиді. Күрең биені қасқыр тартыпты, құлынын жарып кетіпті, пышаққа ілікті. Екі қой жоқ... Айтқандай, жаңа түнделетіп құда да келді. (Қақалды, төр үйден Қарасай сөйлей кіреді.) Қ а р а с а й. Әй, түкіргішім қайда? Іштен Мұқат та шығады. М ұ қ а т. Ә, күйеу бала, аман ба? Өзің совхозға тұрам деп судан шыққан сарышұнақтай сөлбірейіп қалыпсың ғой. Машина жүргізеді деп еді, тегі көлеңкеде емес, сыртқы қобдида отыратын жұмыскер болдың ғой. Ж ә м і ш. Е, жұмыс болған соң, бәрібір емес пе? Әйтеуір киімдерінен ылғи жермай иісі шығады. Кім білген. Қ а р а с а й. Отырсайшы, Мұқат. Не ана жаққа бармайсың ба, қазандықта не бар? М ұ қ а т (қазандық алдында жатқан екі қиды қатарлап, үстіне отырады). Жарықтық, осы қидан артық отын бар ма? Қазандық астына қалап қойып, мына Халел құсап өткен-кеткенді ойлап отырғаннан қызық нәрсе жоқ-ау. Бірақ шопырларда не ой болушы еді. Неше рейс жасап, қанша ақша аламыз дегеннен басқа, ә? Айтқандай, Халел, осы сен қанша жалақы аласың? X а л е л. Жалақы емес, еңбекақы деңіз. М ұ қ а т. Иә, иә, зря плата дейді Омбының мұжықтары. X а л е л (күлігі). Мың теңгедей «зряплата» аламын. М ұ қ а т (ол да күліп). Мың теңге? Бір айдағы бар

табысың сол ма? Жауынға малшынып, батпаққа малтығып, күні-түні тас тасып, тұла бойыңнан бензин исі мүңкіп, сасып жүріп табатының бір күнгі базардың түсіміне татымайды. Қ а р а с а й. Бұл машина жүргізуші емес, машинаны майлап, тазалаушы. Шопыр орыс жігіті. М ұ қ а т. Ее, е, орыс баласының артына мінгесіп жүр едім де. Ж ә м і ш (сөзді бөліп). Халелжан, күні-түні дүңкілдетіп жат қандары не осы, кейде тіпті терезе сылдырайды, тура іргеңнен ұрғылап жатқан сияқты. X а л е л. Апа, ол бұл арадан, айналып жүргенде елу шақырымдай жердегі Тұғыржап қой. Соның ақ тастарын атқы лап, жарып жатырмыз. Қасында тұрып көрсең, апа. Әке, ұмы тып барады екем-ау, Моргун сол тастардан бір үйге жетерлік тас, шипр, басқа да стройматериал берем, жұмыс арасында үй салып ал дейді. Мына біздің ескі үйді күзде бульдозермен көшіреміз дейді. Бұл араға шеберхана салмақшы. М ұ қ а т. Бос жатқан Тұғыржаптың тасын берем деді ме, жомартын қараш! Бульдозермен көшіретін бұл үй оның несін алыпты, қай атасы салып берген екен. X а л е л. Құлайын деп тұрған ескі үйді сыпырып тастамағанда қайтеді? Бұл арадан екі көше үй тартылмақшы. Апа, жаңа салған үйлерді көрдің бе? Шіркін, саңғырап тұр! М ұ қ а т. Әй, Халел, сен де мал иесісің ғой. Мынаған қарағанда әкеңді енді малсыз-ақ асырайтын шамаң бар. Мал бағатын түр көрінбейді сенен. Қасқырлар жеп, талан-таражға түспей тұрғанда малдарыңды түгел сатып алып, әкеңнің қолын біржола босатайын деп отырмын, қалай қарайсың? X а л е л. Сіздің малдарыңызды да талай жыл бағып беріп едік қой, енді саудаласпай-ақ сіз де бірер жыл ішінде қаржысын қайтарарсыз. М ұ қ а т. Ғұмырымда мал жайлап көрген емен, Дикәйді

беріңдер. Мына әкеңнің не малын сатқысы келмейді, не Дикәйді бергісі келмейді. X а л е л. Оны Дикәйдің өзінен неге сұрамайсыз? М ұ қ а т. Оның еркі сендердің қолдарында емес пе? Бар десе барады, барма десе бармайды. X а л е л. Ол біреудің басыбайлы құлы емес қой. Сырттан Ақбөпе мен Дикәй келеді. А қ б ө п е (салқын ғана). Апа, самауырдағы су әлі ыстық шығар. Халел, жүр, жуынбайсың ба. Кішкене қазан бос па, апа, су қайнатайын деп ем. Ж ә м і ш. Түнде су қайнатқаны несі, тамақ ішіп жатпайсыңдар ма? А қ б ө п е. Дикәйдің көйлек-көншегін жуып берейін деп ем. М ұ қ а т. Еһ, сендер сыртта естіп тұр ма едіңдер. Бәсе, өзіңді үйлендіріп, бір жеке үй ғып шығарайын. Ақбөпе, ескі киімдерін жуып, әлек боп қайтесің. Өзім жаңа киім әперем. Әзірше бір киері болса жетеді. Д и к ә й. Апа, ренжімейсіз бе?.. Ж ә м і ш. Қарғам-ау, қалай қиып жіберем сені? Д и к ә й. Апа-ау, күнде келіп тұрам ғой. А қ б ө п е. Дикәй совхозға тас қалаушы боп жұмысқа орналасты. Жаңа директормен сөйлестік. Жатақханадан орын беретін болды. М ұ қ а т. Ә-ә, бұрын бұйығып жүріп күн көрген Дикәй едің, енді есебін тауып бұл үйден «тикәй» болам де. Ж ә м і ш. Қарғам-ау, ағатайыңның ашуланып жүріп қолы тиіп еді, өкпелеп қалдың ба? М ұ қ а т . Жетім қозы тас бауыр! Ащы таяғы қалай көтер сін. Өз балаң болса, өзекке тепсең де кетпес еді. Д и к ә й. Жетімдік таяғы одан да ащырақ, апа. Сол таяқтан құтылар ма екем. Бағымды сынап көрейін, апа. Ренжімеші,

апа! Маған да осал тиіп тұрған жоқ. Ел қатарлы тырбанып көрейінші, ренжіме, апа!.. Ренжіме, ағатай! Бесінші көрініс Түн. Жауын. Доңғалағы бір орында зырылдап батқан машинанын гүрілі. Мотор дырылдап, ыңылдап ышқынады. Сыртта Халелдің «алға, артқа, алға, артқа» деген даусы. Доңғалақ астында майбалшыққа батқан фуфайка сахнаға кеп ұшып түскенде, машина моторы сөнеді. Бетауыздары сатпақ-сатпақ батпақ Дерягин мен Халел шығады. Қолында күрек. Д е р я г и н ( батпақ фуфайканы алып). Мынаны доңғалақ ас тына салғанбысың, ортан белінен батқан доңғалаққа бұл жүк бола ма? Енді өзің жат доңғалақтың астына. X а л е л. Осы маңда қолға ілігетін ештеңе жоқ. Бағана біраз тасты кузовта қалдыру керек еді. Д е р я г и н. Керек еді, керек еді. Одан да мына шымға түспеу керек еді. Көз қайда? Сайрап жатқан жолды тастап, әдейі түстің бе, енді шығар машинаны. (Өз басын өзі тоқпақтап.) Саған баранкені сеніп берген мен ақымақ. X а л е л. Совхоз алыс емес, трактор әкелейік. Д е р я г и н. Трактор?! Бұдан былай бір тракторды күнде машинаның үстіне тиеп жүрейік дерсің. (Фуфайканы лақтырып жібереді. Халел жүгіріп барып алып келеді). Таста әрман, не қылған дүниеқоңызсың. Енді киюге келеді деп отырмысың?! X а л е л. Жудырып алам. Д е р я г и н. Басқа лыпаң жоқ па? Мә, менің пенжегімді. (Шеше бастайды.) X а л е л (фуфайканың өңірін ашып). Тамараның фуфайқасы еді...

Д е р я г и н (тістеніп). Тамараның?! Немене белгіге беріп пе еді... X а л е л. Түнеукүні жауында плащымды тастап кетіппін, карьерде тоңарсың деп беріп еді. Алғашқы борозда салғандағы телогрейкасы ғой. Д е р я г и н. Енді сенің жүрегіңді жылытып жүрген телогрейка де. Ки онда, киіп ал. Әтір иісі шығатын шығар. Әлде Тамараның иісі шыға ма? Х а л е л (күліп). Тамара мұны кейін музейге қоям дейді. Өзіне берем... Шынында да кейін Алматыдан, не Мәскеуден тың өміріне арнап музей ашатын болар... (Екеуі де үнсіз.) Д е р я г и н (ызбарлы). Ана отырғыштың астындағы балтаны алып кел. X а л е л. Балтаны? Оны қайтесің?! Д е р я г и н (кекесін күліп). Сенің басыңды жарам. Бар, алып кел! Тез! (Алысқа қарап өзіне өзі.) Осы тұста еді ғой. (Халел жүгіріп барып балта алып келеді.) Ал сен, көжегім, қалғып-шұлғымай үйіңе барып ұйқта, әне совхоз көрініп тұр. Карьерге бүгін өзім-ақ барамын... X а л е л. Жо-оқ, менің ұйқым ашылды. Әуелі машинаны шығарып алайық. Сосын тағы бір рейс жасаймыз ба? Д е р я г и н. Оған қам жемей-ақ қой. Бар! (Халелдің қолыңдағы балтаны жұлып алып.) Сосын... соңғы рет ескертемін. Тамараның қасына енді жуушы болма!.. Х а л е л . Не... Неге?.. Біз, біз доспыз ғой, онда тұрған не бар?.. Д е р я г и н. Білем, достықтарыңның түбінде не жатқанын. Ал Тамараға тісіңнің арасынан шығарсаң (балтаны кезеп) тура басыңды жарамын. Ол – менің болашақ әйелім!.. Енді түсінікті шығар?! Екінші бетке ширақ адымдап кете береді. Минорлы музыка әуенінде Тамараның баяу, мұнды үні.

– Халел, ол менің ағам, кешір. Кейінгі кезде мінезі өзгеріп барады, ішетін болды. Жұмыс уақытында болмаса, басқа кезде көзінен таса қылғысы келмейді. Кейде жұмыстан пысынап келгенде, үйде шешініп тастап, қалай болса солай жүрсем, «Жап үстіңді, киін», – деп, зекіп тастайды. Бала күнімізде мені қасынан бір елі қалдырмай, көл жағасындағы құмда жалаңаш-жалпы күнге күйіп, асыр сап ойнайтын шақтар қандай рахат, кеңшілік уақыт еді. Енді ол екеуіміз де есейгенбіз-ау. Мен оның алдында өзімді әлі кішкентай қыз сияқты сезінемін. Ол... Жоқ, біртүрлі мінезі өзгеріп барады. Түсінбеймін... X а л е л (басын көтеріп алады). Түсінсем бұйырмасын. Әлгі не деп кетті: «болашақ әйелім?!» (Жақыннан ағаш шапқан балта үні естіледі. Халел елегізіп.) Бұл қай түс? Мынау... мынау жалғыз ағаш тұсы ғой! Жәлелдің ағашы! Ва-а-ся! Ва-а-ся-я! Халел айғайлаған бойы жүгіре жөнеледі. Музыка. Жауын үні. Сахна қараңғыланып, қайта жанғанда жалғыз ағашты құлаштай шауып жатқан Дерягин. Халел жүгіріп келген бойда балтаға жармасады. Дерягин қағып жіберем дегенде, балта ұшып кетеді. Халел балтаға ұмтылғанда Дерягин бұрын барып балта сабын басып қалады. X а л е л (бойын жазып). Шаппа ағашты, шаппа! Д е р я г и н. Ә, енді менен айдаладағы ағашты да аяйын дедің бе, на получай, получай! Сарт-сұрт ұрып құлатады. Халел Дерягиннің қолындағы балтаға тағы ұмтылады, тағы жұдырық, тағы жұдырық. Халел кескен баудай құлап түседі. Жалғыз ағаштың маңы ұйытқыған боран. Дерягин ақ балтаны сілтеп жатыр.

Ж ә л е л д і ң ү н і . Халел, тұр, тұр орныңнан. Маған пана болған ағашты арашалаймын деп таяқ жеп қалдың-ау, жаным! Ажал жетсе адам да өледі. Қураған кәрі ағаш тағы бір тығынға жараса, оған өкінбе. Бұл да қажет болған ғой. Әттең, енді бұл араға Ақбөпе келмейтін болды-ау... Сықыр етіп, құлаған ағаш үні. Алтыншы көрініс Күн жаңа шығып келе жатқан мезгіл. Шырылдаған бозторғай үні. Теңіздей толқыған сарыбалақ егін көрінеді алыстан. Сахнада машинаның алды. Түйіншек ұстаған Ақбөпе машина терезесін ұрғылайды. А қ б ө п е. Халел, Халелжан. Тұр деймін, тұр. Ұйқың мұнша қатты болмаушы еді. (Іштен ыңыранып, есінеп, Халел шыға береді). А қ б ө п е (жерге отырып түйіншегін шеше бастайды). Түні бойы көз шырымын алғам жоқ. Бір жерде жазым болды ма деп, зәрем ұшып... Бетін аулақ қылсын, көрші совхозда бір шопырлар мерт болыпты. X а л е л (есінеп). Қарьерден таң ата келдік, сосын мазаларыңды алмайын деп. (Машина астына кіріп радиатор кранын ағызып бетін жуады.) Қазір тағы рейске кетеміз. А қ б ө п е (түйіншекті дастарқан етіп жазып, бір бөтелке қымыз, ет, май мен нан қояды). Мезгілімен тамағыңды ішіп жүрсеңші. X а л е л (қасына отырып). Кеше орап берген тамағыңды да түгел жегем жоқ, несіне келдің, ұйқтасаң етті. (Тамақты қарбытып жей бастайды).

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙