TELEGEI

Home

Бұқарбай батыр

Тұяқбай Ғабит

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бұқарбай батыр

Кітапта Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің бас батырларының бірі Бұқарбай Естекбайұлының өмірі мен күрескерлік жолы туралы ғылыми мақалалар жəне батыр туралы жазылған көркем шығармалар жинақталған. Кітап ел тәуелсіздігі жолында жан аямай күрескен батыр бабалары мыздың күрескерлік жолын білсем деген барша оқырман қауымға арналған.

Ақылдастар алқасы: Қ. Баймаханов, Қ. Бисенов, А. Жанаев,
Р. Байназарова, Ө. Жүсіпов, Т. Мұсаев, Б. Мыханов, Ө. Шəменов,
Е. Əбдіхалықова, Н. Байқадамов, Н. Мыңжасов
Бұқарбай батыр. Ғылыми-танымдық кітап. /Құраст. Ғ. Тұяқбай. –

Астана: Фолиант, 2012. – 384 б.
Кітапта Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің
бас батырларының бірі Бұқарбай Естекбайұлының өмірі мен күрес-
керлік жолы туралы ғылыми мақалалар жəне батыр туралы жазылған

көркем шығармалар жинақталған.
Кітап ел тәуелсіздігі жолында жан аямай күрескен батыр баба ла-
ры мыздың күрескерлік жолын білсем деген барша оқырман қауым-
ға арналған.

ІSBN 978-601-292-576-0

УДК 94. (574)

ББК 53.3

Б 11

ІSBN 978-601-292-576-0

Б 11

© Тұяқбаев Ғ., құраст., 2012
© «Фолиант» баспасы, 2012

УДК 94. (574)

ББК 53.3

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитетінің «Əдебиеттің əлеуметтік
маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды

АЛҒЫ СӨЗ Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев «Алаштың ана сы» атаған Сыр бойы – біздің ұлттық тарихымыздағы орны ерекше қасиетті өлке. Қорқыт ата ғұмыр кешкен ежелгі дəуірлерден бастап бұл өлкеде небір ғұлама ғалымдар, сөз бастаған шешендер мен қол бастаған батырлар, жұртты жырымен ұйытқан ақындар мен ел бірлігін сақтаған билер өмір сүрді. Солардың арасында ел тəуелсіздігі мен азаттығы жолына тұтас ғұмырын арнаған, Кенесары Қа сымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің бас қаһарманы, қазақ тың даңқты перзенті батыр Бұқарбай Естекбайұлының орны ерекше. Ғасырлар бойы аңсаған ел тəуелсіздігі бізге азат ойлау мүмкіндігін сыйға тартты. Соның нəтижесінде ұлт тарихындағы «ақтаңдақ беттерге» қайта оралып, өткенімізді ой елегінен қай та өткізіп, тəуелсіз елдің тарихын жасау үстіндеміз. Кеңестік идеологияның қасаң саясатының құрбаны болған тарихи тұлға ларымыз ортамызға қайта оралып, өлгеніміз тірілді, өшкеніміз жанды. Еліміз бен жерімізді сақтау үшін күрескен батырлардың тарихта алар орны ерекше. Отандық ғылымның дамуы мен тəуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуінде, жас ұрпақты отансүйгіштікке тəрбиелеуде ұлт-азаттық қозғалыс көсемдері мен батырларының ерлік істерінің маңызы арта түсуде. Батырлар əр халықта жəне əр та рихи кезеңде ерлік пен елдіктің басында тұрды. Қазақтың ұлт ре тінде қалыптасып, мемлекеттілігін дамытып, оны сақтап қа луда олардың қосқан үлесі, жанкешті іс-əрекеттері ел есінде. Дəс түрМ. Құл-Мұхаммед, ҚР Мемлекеттік хатшысы

лі қазақ қоғамындағы батырлардың ерекше əлеуметтік топ ре тін - де өзіндік идеологиясы, қоғамдық функциясына, қызметіне байланысты тек өздеріне тəн өмір сүру салты, жауынгерлік салт-дəстүрі, басқа əлеуметтік жіктермен арақатынасын реттейтін əлеу меттік нормалары, этикасы, т.б. ерекшеліктері қалыптасты. Батыр лар тура лы құнды мəліметтер қазақ ауыз əдебиетінде – эпос, жырларда, жы рау лар поэзиясында, т.б. деректерде тамаша көрініс тапқан. ХІХ ғасырда өмір сүрген батыр тұлға Бұқар бай Естекбайұлының ту ғанына 200 жыл толып отыр. Батырдың қол басшылық өнері Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс барысында шыңдалды. Атақты батырдың ерлік-істерін баяндайтын материалдар Санкт-Петербордың, Орынбордың, Омбының, Мəскеудің, Ташкент жəне Алматының мемлекеттік мұрағаттары мен мұражайларын да сақтаулы. Иə, биыл өзінің саналы ғұмырын ұлт азаттығы мен ел тəуелсіздігіне арнаған баһадүр батыр, Кенесары Қасымұлының даңқты қол - басшысы, Сыр бойының дара перзенті Бұқарбай батыр Ес текбайұлының 200 жылдық мерейтойы. Бұқарбай батыр – Қоқан, Хиуа хандықтары мен отаршыл пат ша үкіметіне қарсы күресте өз халқының азаттығы үшін жан ая май күрескен ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі. Қазақтың соңғы ха ны Кенесары Қасымұлының сенімді серігі, жорықтас жолдасы, даңқты қолбасшысы болған баһадүр-батыр. Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбай» дастанында, І. Есен берлиннің «Қаһар» романында, т.б. тарихи шығармаларда сом далған батыр бейнесінің кейінгі ұрпақты ұлтжандылық пен отансүйгіштікке тəрбиелеудегі маңызы ерекше. Мемлекеттік деңгейде тойланғалы отырған мерейтой аясында қазіргі кезде көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі – Бұқарбай батыр Естекбайұлының өмірі мен күрескерлік жолы туралы жазылған тарихи-танымдық кітап. Бұқарбай батыр туралы ғылыми мақалалар мен тарихи аңыздар, батыр бейнесі сомдалған көркем туындылар топтастырылған кітаптың келер ұрпақ үшін орны ерекше деп ойлаймын.

ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ

Қазақ халқының тəуелсіз мемлекет болып қалыптасуында тарихи тұлғалар, қол бастаған батырлар мен сөз бастаған шешендер, қара қылды қақ жарған билер мен арқалы ақындар айрықша орын алады. Бүкіл халықтың намысын ту еткен олар бір рудың немесе бір тайпаның уысына сыймақ емес. Ұлт мақтанышына айналған осындай ірі тұлғалардың бірі де бірегейі – ХІХ ғасырда өмір сүрген Бұқарбай батыр Естекбайұлы. Қазақ халқы бостандық жолында талай қанды шайқастарды бастан өткергені белгілі. Солардың ішін де Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің (1837-1847) маңызы ерекше. Бұқарбай батырдың қолбасшылық өнері қа зақты бостандыққа, азаттыққа жұмылдырған, қалың қазақты атқа қондырған осы көтерілістің барысында шыңдалды. Ақтық демі қалғанша Кене ханның сенім ді серігі болды, өз заманының ірі тұл ғалары – Ағыбай, Наурызбай жə не басқа да ақын-жыраулармен бірге ұлттық, мемлекеттік мəсе лелер ді шешуге белсене араласты. Осыдан бірнеше бұрын аймағымызда даңқты жерлесіміз, батыр бабамыздың 180 жылдығы ауқымды түрде аталып өтті. Өтпелі кезеңнің қиындығына қарамастан, сырбойылықтардың сол кезде батырдың атақ-даңқын аласартпай, өз дəрежесінде ұлықтағанын жақсы білеміз. Сайын дала сардарының есімін ұрпақ жадында Болатбек Қуандықов, Қызылорда облысының əкімі

жаңғырту биыл да өзінің дəстүрлі жалғасын тауып отыр. Қоңыр күздің жан жадыратарлық күміс шуағымен, молшылық жолындағы ұлы жорық кезеңімен тұстас келген бұл тойды ел өміріндегі елеулі оқиға, кейінгі толқын жастарға ғибрат, үлгі-өнеге боларлық ауқымды шара деп есептеймін. Үкімет басшысының өкімімен батыр бабамыздың 200 жылдық мерейтойы биыл тек Сыр өңірінде емес, бүкіл республика көлемінде кеңінен аталып өтуде. Ұлт бостандығы жолында жан аямай күрескен тұлға жайындағы бұл кітап – дүбірлі той шеңберінде жүзеге асырылған игілікті істеріміздің бірі ғана. Осы орайда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің шығармашылық ұжымына, тарихшылар мен зиялы қауым өкілдеріне алғыс білдіремін. Университет ғалым дары жыл бойы əрісі Ресей, берісі өз мұражайларымызда бо лып, Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты құнды құжаттар мен дереккөздерін жинастырып, солардың ең таңдаулыларын жаңа еңбекке енгізіп отыр. Сондай-ақ батыр баба туралы əр кезеңде жарық көрген жыр-дастандарға да, толғауларға да жəне танымдық материалдарға да орын берілген. Оқырман одан басқа, қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері Асқар Тоқмағанбетов, Əбділда Тəжібаев, Нысанбай жырау, Рахмет Батырбаевтардың баһадүр бабаның ерлігін бейнелеген туындыларымен таныса алады. Кезінде Бұқарбай батырға арнап кітап шығарған қаламгер, бабаның ұрпағы Камал Бердаулетов, Қазақстанның құрметті журналисі Ахат Жанаев сынды көзі қарақты ағаларымыздың жазбаларын да кітаптан табуға болады. Оқырманға жол тартқан бұл еңбек ер есімін ел есінде жаңғырту ға септігін тигізеді деген сенімдемін. «Тау алыстаған сайын жақындай түседі» дегендей, ұлан-ғайыр даланы ақ найзаның ұшымен, ақ бі лектің күшімен қорғаған батыр бейнесі уақыт өткен сайын биіктей түспек. Батыр баба ерлігі ұрпаққа мəңгі өнеге.

ХАЛЫҚ БАТЫРЫ – ЕЛ МАҚТАНЫ Бір кездегі тоқсан тоғыз елдің басы қосылып, əрқайсысы өзінің салт-дəстүрімен, өзіндік тілімен, дінімен жарасымды түрде үлкен бір шаңырақтың астында тату-тəтті ғұмыр кешпек болған тəтті қиялы бүгінде жайына қалған. Оның жайына қалған себебі, бəрінің басын қосып ұстамақ болған орыс империясының көрінер көзге зорлық-зомбылыққа барып, ішкі арам ойын ақырындап іске асырып, өзінің қол астындағы өзге халықтарды бүкіл тарихынан, бар қадірқасиетінен жұрдай етіп, тек өзіне ғана тəуелді етіп ұстауы үлкен кесірін тигізгені бүгінгі күні дəлелденіп отыр. Со нымен қатар əрбір халықтың тіліне де, дініне де, өзіндік үніне де тіксіне қарап, оны дер кезінде сезініп, еліне жол көрсетер көсемдерін, ақындарын, батырларын əлдебір науқан-сылтаулар тауып, дұшпан қатарына енгізіп, дер кезінде жойып отырған. Ал соңынан ерген қара халықты сондай бейшаралық халде ұс тауының масқараның масқаралығына ұласқандығында сөз жоқ. Жоғарыда айтқан, бар жауыздығын ішке бүккен тəтті қиялдағы ортақ шаңырақ жеме-жемге келгенде бірақ халықтың мүддесіне құрылып, жан-жағын күйедей жалаған əбжыланға айналғаны адам айтқысыз трагедия болды. Жəне бетке ұстар қаймақтарының арасына мəңгі арылмас дақ салдыртып, бірбіріне жеккөрінішті еткен табы еңселі еліміздің елеулі тұлғаларына шіркеу болып, шілдің боғындай тоздыруға дейін зардабын тигізді, əлі де сол қал пынан танбай келе жатқаны айқын. Яғни, əрбір халықСейфолла Оспан, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының иегері

тың түті нін түзу ұшқызбай, қақ ортадан ту тіккен елімізді Мəскеу сияқ ты тас қамалына жапсырылған жаман лашықтай халге түсіріп ұстауында үлкен мəн жатқаны анық. Ол мəннің түп төркіні өзінен басқаның, қайталап айтам, тамырын тереңнен тартқан тарихының да, небір көркем сөзбен төгілген тіл байлығының да немесе сонау əл мисақтан келе жатқан адамгершіліктің арналы ұлағатындай дінінің де көсегесін көгертпей, көктей солдыру еді. Орталықтың, сөз жоқ, ол мақсаты үстемелеп орындалған жайы бар. Бірақ тағдыр бұл тəнтіліктен де ақырындап алып шығып ке ле жатқандай, өзгеге сүйенбей, өзіндік тұғырына өзекті күш беретін қуатты ыңыршағы айналып қалған құяңнан алып шығу да елі мізге оңай болып жатқан жоқ. Иə, қазір біз егемен ел болдық. Еш кімге де көз сатпай, өз билі гіміз өзімізге тиіп мəз болып жа тырмыз. Бірақ желбіреген көйлегіміздің ішін шаттықтың емес, жаттықтың желі қуалап жан алқымға дейін жеткенінен бейхабармыз. Ал Президентіміз болса, осы бір тұла бойды кеулеп кеткен желді пəледен қалай ақырындап ары лудың жолын іздеп шарқ ұрып шырылдап, отқа түсіп жүргенін өздеріңіз білесіздер. Демек, 70 жылдан астам уақыт біреуге жəутеңдеп қараудан тан баған мойынның оңайлықпен өз орнына түсуі қиынның қиы ны болғаны рас. Осының нəтижесінде бүгінгі күнгідей адам айырып болмас қобалжу мен қуаныштың, қымбатшылық пен көңіл көншімес қуаңшылықтың, жөнділік пен жөнсіздіктің ор - тасындағы отқа жанып, өртеніп жатқан тұсымыз. Оның үстіне бүгінгідей нарықтың өршіп, алқымнан алып тұрғаны да осы бір өз алдымызға ел боламыздың өтпелі кезеңі деп білеміз. Бірақ бір үлкен қуаныш бар. Ол – рухани қуаныш. Яғни, өлгені міз тіріліп, өшкеніміз жанып дегендей, халық қанында қалған азғантай ұлттық намыстың оянып, бір кездегі рухани қуат көзі, алдындағы ұлағатты өнегесі үлгі болған, ел басқарған небір марқасқалары мен батыр, би, көсем, ақсақалдарының даналық жолын қайта тірілтуге талпынып, құлшыныс жасағандығына қуа нышымыз қойнымызға сыймай жатқаны ғажап. Бұл деген халқымызды езіліп біткен мəңгүрттігінен оятатын бірден-бір қуатты күш екендігінде сөз жоқ. Осы бір қасиетті рухты халқымыз қанында сақтап, бүгінгі таң дағы саңқылдай шығар үніне нəр алар тұнба жасауы кім-кімнің

де жанына жұпар шашып, жайсаңдықтың жасыл орманын еккізер,
оның жан бұлбұлын сайратар сəттің туғанын білдірсе керек.
Бүгінгі той – небір дарыннан да, небір батыр тарланнан да, не-
бір əулие-əнбиеден де кенделік көрмей кенішке айналған, жеткізе

айт қанда, қазақ тарихына, қала берді бүкіл түркі тарихына бастау
бе ретін атақты Тұран өлкесінің ордалы ошағының ойып алған ма-
ңызды топырағындай қасиетті көне Сыр өңірінің бір ұрпағы Бұқар-
бай батырдың қайта тіріліп, қайта туып отыр ған уыз тойы. Осы

уыз тойды ұлылыққа ұластырған ұрпағының ақжарма пейілінен
ақтарыла ағылған көңілінің ақ самалдай əл диленіп, аруақтарды бір
аунатқан тойы деп есептеңіздер. Өйткені бұл той бір ғана Бұқарбай
бабамыздың тойы емес, сонымен қатар бүкіл осы Сыр бойында-

ғы ұлы аруақтардың тойы деп те қабылдауларыңызға болады. Бұл
туралы ақын «Өр тұлғасы елімнің» деп жырға қосады:
Бүгінгі той – Сырдың тойы төгілген,
Өңкей жайсаң жайлаған бұл өңірден

Аруақты бабамыз ғой Бұқарбай,
Желеу болған орын алып көңілден.
Бабамыздан жердің көрем сыйларын,
Бабамыздан елдің көрем дидарын.

Бабамыздан қуат берген аруақ,
Атаулылар айбар берер күй-дарын.
Бұл тойымның ықыласты ордасын
Əулиелер аруағы қолдасын.

Батыр, бидей қасиетті ұлылар
Ниеттері шапақ атып қорғасын.
Өткен ғасыр шежіресі бабамыз,
Көп аңызды жаңғыртқандай қараңыз;

Бəйтен, Сəрке, Байқадамдай алыпты
Тап бүгінде еске еріксіз аламыз.
Өткен ғасыр шежіресі бабамыз,
Көп аңызды жаңғыртқандай қараңыз;

Əрі батыр, əрі əулие Жанқожа
Атын қастер тұтамыз да жанамыз.

Өткен ғасыр шежіресі бабамыз,
Жүзінен біз талай сырға қанамыз;
Досбол датқа, Бозжан билер дүрлеген
Заманаға ғажап қайран қаламыз.

Өткен ғасыр шежіресі бабамыз,
Сөздерінен жанға дауа табамыз;
Қалжан ахун, Сарыбайдан Сəдір би
Шешіміне тəнті болар санамыз.

Өткен ғасыр шежіресі бабамыз,
Іздерінен мол ұлағат аламыз;
Қоқыбайдай сейістер мен атақты
Ерубайдың бейнесіне қанамыз.

Өткен ғасыр шежіресі бабамыз
Көп екенін еске салар данамыз;
Шортанбай би, Қырғи билер жайлаған
Қандай ғажап көрікті еді даламыз?!

Өткен ғасыр шежіресі бабамыз,
Жорығынан не мықтыны қалаңыз;
Кенесары, Наурызбай мен Ағыбай,
Иман батыр құдіретін табамыз.

Өткен ғасыр шежіресі бабамыз
Қанша ой тастар, жалықпай сіз санаңыз;
Нысанбайдай өлең-жырдың кенішін
Қайдан ғана іздеп біздер табамыз?!

Өткен ғасыр шежіресі бабамыз.
Жиынтығы тарап кеткен, санаңыз;
Елдің қанша алыптары басқа да
Аунап түсіп жатыр қазір, қараңыз.

Бүгінгі той – Сырдың тойы төгілген,
Шаттанатын, шарықтайтын көрінген.
Жасай берсін өр тұлғасы Бұқарбай
Көңілінен халқымыздың өрілген.

Иə, біздің бүгінгі мерейтойымыздың негізгі арқауы осында жатыр. Ал енді мұнда тек Бұқарбай батырдың қатар-құрбыла ры мен үлкенді-кішілі замандастары аталғанмен, жалпы Сыр бо йының бұл батырдан да бұрын өткен, кейіннен ізін қуған небір жайсаң мен қасқаларымыз осы ұлы дүбірдің ауқымында аунап түсіп жатыр дейміз. Осы отырған сіздердің араларыңызда небір текті де тегеурінді аруақтың қаны ойнаған, асыл қасиетін алып жүрген қаншама есті азаматтардың отырғанында сөз жоқ. Əрі бармай-ақ, сонау күй атасы, қала берді бүкіл түркі жұртының атасындай Қорқыт бабамыздан бергі небір даналардың жан-жүрегін тебірентерлік Сыр бойындағы бұл – екінші тойымыз. Бірінші тойымыз былтыр Жан қожа бабамыздың аруағына ба ғышталғаны өздеріңізге де белгілі. Осы орайда айта кетер жай, көрші отырған екі рулы елдің ардақтыларынан саналатын Жан қожа мен Бұқарбайдың төңірегінен бауыр көңілге жараспайтын, əсіресе бүгінгі таңдағы татулықтың, ынтымақтың шарапатына шомылар сəттің тұсында шəк келтіру деген сөз құлағымызға құрбақа жүгірткендей болмасын деп тілейміз. Өйткені өткеннің қатесі біз жөндемей-ақ өз жөнін табар деп ойлаймыз, оған бола өремізге өрт ұялату жараспайтын іс екені айдан анық. Бүгінгі таңда халқымыздың ынтымағына ешқандай да шаң жуытпау жайында бар ықылас-ниетімізді төгетініміз анық. Оның үстіне, қарға тамырлы қазақ демекші, Жанқожа бабамыздың нағашы сы Тамадан шыққан Есет батыр болса, сол Есет батырдың нағашысы Табын руынан екендігі елге аян. Сонда бізге мынау қашық, мынау жақын дейтін де ештеңе қалмайды. Екінші жағынан Кенесары – Наурызбайдың ел бостандығы жолындағы жорығына басында ергенмен, артынан тартынып қалған Жанқожа мен өзінің ағайын көршісі Байқадамның ойы бір жерден шыққандай, екеуі де өздерін-өздері тежеген, оған біз не деп кінə артар едік? Əрине, сол уақыттың ой жүйесіне біздің əддіміз жетпесі анық екені тағы рас. Осы шамада біз Бұқарбай бабамыздың негізінде кім екендігіне тоқтала кетейік. Ең бастысы, жиырма бестің жалындаған отына өртеніп жүргенде ел бостандығына халықты көтеріп, елеулі кезең жасаған Кенесары қозғалысының белді күрескері ретінде танылып, қашан сол қозғалыстың аяқталғанына дейін қалың жаумен қан жұтып қағысқан батырлардың бірі ретінде аты шығады. Бұл қозғалыс 1825-1836 жылдар арасында басталып, 1849 жылдарға дейінгі аралықты қамтиды. Бұл шамадағы жорықтардың бет бейнесін біз аса көрнекті тарихшымыз Е. Бекмахановтың еңбектерінен, сол жорықта бастан-аяқ бірге болып, өз көзімен көргенін жыр жолына түсірген

əрі батыр, əрі ақын Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбай» атты көлемді дастанынан, сол сияқты «Бес ғасыр жырлайды» немесе «Ай, заман-ай, заман-айдағы» сол заманның небір майталман жүйріктерінің шығармаларынан, белгілі жазушымыз І. Есенберлиннің «Қаһар» романдарынан көреміз. Бұл шығармалардың қай-қайсысы болмасын баһадүр бабамыздың батырлығында шек жоқтығын толығымен дəлелдеп береді. Тіпті осы бабамыздың алғашқы бəйбішесі Шынар деген əжеміздің өзі осы өңірде аңызға айналып өткен қасиетті жан болған. Бұл жөнінде үлкен ақынымыз Асқар Тоқмағамбетовтің «Шынар туралы шындық» дастанының да айтары мол қазына екені рас. Егер тізіп айта берсек, бұл баба мыз жөнінде тың деректер мен сонарлы іздерді айқындап беретін бағалы материалдарға енді бас қойғандаймыз. Бір кездегі ауыл төңірегін қорыған балаң Бұқарбайдың айбыны асып, аймақтық батырға айналуы, одан бүкіл ұлт-азаттық қозғалыстың белді тіректерінің біреуіне айналуы, іріліктің, қала берді бүкіл халық намысының мақтаныш тұлғасы болуы жайдан-жай қасиет болмаса керек. Ауыл намысы ағайын арасындағы қақ тығыс болса, аймақтық тартысы көрші жатқан Бұхара мен Хиуа хандықтарының озбырлығына қарсы шығып, қадалған жерден қан алып, өз əділдігін іздеп, соның қарымын қайтару дəрежесіне дейін көтеріліп, ақыр соңында Кенесары – Наурызбай бастаған үлкен қозғалыстың төңірегінен бір-ақ шығуы бұл батырдың балаңдықтан елі үшін жасалатын баяндылық ойға, ел еңсесін намыс биігіне көтеретін бағдарлы даналыққа бой ұрғандығын білдіреді. Осы жолды қалап алған Бұқарбай батырдың биік парасаты, бұл қозғалыстың ақыр түбі қаншалықты бұлдыр болғанмен, халық ауызбірлігінің дені оған тұтас қоғамдаспаса да, түптің түбіндегі мақсат-мүдденің ел намысының негізіне құрылғанына көзі жеткен кемеңгерлік екендігі айқын. Рас, Кенесары – Наурызбай жолындағы кесірлі кекселік тің төрешілдіктен туындап, өз халқының кесек тұлғаларымен көбіне се ымыраға келмей, қолды бір сілтеп кетісе беруі де онша опа берме гені анық. Халық басшысына қатыгездік, əрине, жарасады. Бірақ, екінші жағынан, өздерімен деңгейлес мықтылармен онша санаспай, сарбаздықтың, оның ішінде сарабдалдықтың өзіндік салмағына онша мəн қоймауы жан-жағындағы негізгі ордаларының оша ғы бұзылмаған дұшпан тегеурінін күйретуге шамасы жетпей, өз жарасын өзі шайнаған дала көкжалының күйін кештіргені анық.

Солай бола тұра тағдыр жазмышынан біздің батырымыз да алшақ кете алмаған. Бірақ күйреген дүниенің күйкі тірліктерінен күйініш тарт қан батыр ендігі жерде өзінің туған жеріне келіп, өз ағайындарына қосылып, қалған өмірін диқаншылықпен айналысуға арнайды. Рас, бұл тірліктің де ол кезде өз қиыншылығы өзіне жетерлік бо ла тын. Көрші Хиуа хандығының жуан тұқымының бірі əрі батыр Қа рабесбайдың іргеден істеген зорлығы жанына батқан кезде осы Қара бесбаймен айқасуына тура келеді. Шайқастың ақыр соңы, бі рі небірі алдырмас батырлардың найзаласқанда тең түсуі үлкен аңыз боп ел арасына тарап кеткен. Осы жолы Қарабесбай қаза та бады да, ал Бұқарбайдың жұтқыншағынан еніп, ұңғысынан сынған най за ның ұшын ешкім суырып ала алмапты. Сонда батыр өз ба тылдығына сеніп, оны шылбырға байлап, аяғымен теуіп шығарған екен дейді. Кейін найза ұшының орны ісініп ас жүргізбегенде бүйт кен ше өлгенім артық деп, тайлақтың жұдырықтай тобығын жұ тып жібергенде онсыз да жарылуға шақ тұрған жарақат жанын жай тап тырып, жазылып кеткен екен. Біз бұл аңызды бекер айтып отырған жоқпыз. Біздің бүгінгідей ұлы тойымыздың тұсында нарық қыспағын тартып отырғанымыз анық. Осы қиыншылыққа қарамай, айналайын халқым, жұмыла кірісіп, осынша жүректілік танытып жатқандарыңызға қарап, той ақы - рын жақсылыққа жорығандықтан айтып отырмыз. Осы оқиғаның ая ғы Жаңадарияөзенінің бойына қоқандықтар салған Қарабөгетті қол бастап барып бұзумен аяқталмақ. Бұл əрекет жайлы сол кездегі орыстың саяхатшы оқымыстысы Гран былай деп жазған екен: «1850 жылы Жаңадария бойындағы егіншілік жер мыңдаған қолдың шапқыншылығынан соң құлазыған шөлге айналып, ел тіршілігі тоқтау керек еді, бірақ қазақтан шық қан Бұқарбай батыр 1852 жылы қоқандықтарға қарсы шығып, Қа рабөгет тоспасын бұзды. Сол уақыттан бастап Сыр суы қайтадан Жаңадария мен аққан, одан Қуаңдария да нəр алған». Яғни, Сырдария мен Қуаңдария арасының қайтадан ел қонысына айналуына себепші болған да осы оқиға. Бүгінде өз күшінде жүріп жатыр. Əрине, халық игілігі үшін жасалған үлкен істің басы осы екенін бəріңіз де білесіз. Біз батыр бабамыздың бойына бес қаруын асынған бет қаратпас жаужүрек тұлға екенін жақсы білеміз. Жəне бүгінгі тойда сол халық қорғаны болған батырымыздың мерейтойын жарияға жар салып тойлап жатырмыз. Өйткені батыр бабамыздың бұған қоса үлкен мақ танышпен айтар ұлағатты, басты-басты бес қасиеті барлығына

та ғы да тəнті боламыз. Оның ең бастысы жоғарыда айтқан
батыр лығы болса, екіншісі, қартайған шағында елін егіншілікке
бастап, тусы рап жатқан жерге канал қаздыртып (каналын өздеріңіз
білесіздер), шы ғанға су апартып, диқаншылықпен өткен өмірі үлгі

болмағанда не болмақ? Міне, соның шарапаты болар, бүгінде осы
өлке түгел сол егінжайлыққа көшіп, ырысымыздың тасып-төгілген
байлығына бел шемізден батпағанмен, қанағатқа қарық болып
жатқандығымыз.

Үшіншіден, Алатау өңіріндегі ұрыста бірде өзінің құрбысы, атақ-
ты Наурызбай батырды қалың жаудың ортасынан алып шықса,
ке лесі жолы жолдарына бесік қойғаны үшін ұрыстан бас тартып,
Ке несарының қаһарлы ашуынан қаймықпай қарсы баруы жай қа-

сиет болмаса керек. Немесе Арқа жағында жүргенде екі жас, бірі
жал шы, бірі байдың қызы, бір-бірін сүйгендіктен құрбандыққа ша-
лынайын деп тұрғанында сол зорлыққа шыдамай, оларды сөз бен
де, күшпен де құтқарып қалуы адалдыққа берік екендігін, қан-

ша қастасса да адами қасиетін сатпайтындығын, дəстүрді қатты
сақтайтындығын жəне қай кезде де адамгершілік жолында неден
бол са да тайынбайтындығын білдірсе керек. Айтып отырған мұндай
жай лар батыр бабамыздың əрбір қадамында кездесіп отырғандығы

аян. Мұны біз жаны жайсаңдық демеске хақымыз жоқ.
Төртіншіден, не де болса да бетінен қайтпаған əділ шешімдерінің
елдің арасында аңыз боп тарағанында шек жоқ. Осы арада еске ала
кететін бір жай бар. Мына өзге рулас елдерде «Əйел алсаң, Табын-

нан ал, Табындығы кетсе де, тамырлығы кетпейді» деген қасиетті
сөз бар. Мұндай сөзге Бұқарбай сияқты жан-жағына мүмкіндігі
келгенше шарапатын тигізетін батырлардың əсері аз болмайтын сы-
ңайлы.

Бесіншіден, батыр бабамыздың өз қарсыластарының да, дос-
тарының да бойындағы асыл қасиеттерін бағалай білетіндігі жəне
оны үлгі-өнеге ғып айтып отыратындығы деп білеміз. Мысалы,
Байқадам батырдың көріпкелдігіне тəнті болғандығын жыр ғып

айтып отырады екен. Бірде Көшекбай деген болыстың Наурызбай
мен Жанқожа жайлы сұрағына былай деп жауап берген екен дейді
(Камал Бердаулетовтің естелігінен):
«Наурызбай білекті, жүректі, көзсіз батыр еді. Ал Жанқожа ның

жолы бөлек қой. Ол кісінің бойында мен сыйлайтын бес қа сиеті
бар. Өзі көрерге онша ірі болмағанмен, шымыр денелі, мойны жуан,
бұрылғанда бүкіл кеудесімен бұрылушы еді, оның үстіне жүректі,
білекті, айбатты, ақылды, сабырлы болатын».

Бұл біздің Жетіру ағайынның ішіндегі Жанқожа туралы ауыздан-ауызға тараған мұндай бағасының расқа шығып жатқандығын дəлелдейді. Онда «Қол бастаған батыр, жол бастаған көсем, көріпкел əулие, көктегі тəңір болмаса, жердегі мен мықтымын дегеннің да налығына иілмесе, шалалығына оңайлықпен көнбейтін көкжалдың патшасындай жан еді» дейтін Жанқожа бабамыздың осы тұлғасына патша ағзамның шен-шекпенін қабылдамауын қосқанда нендей жан екендіктеріне көздеріңіз жеткен шығар. (Бірақ олардың арасында əт теген-айлар да жеткілікті. Ол енді сондай ірі тұлғалардың айна ла сында жүріп, аңғал батырларға арқа сүйей отырып, өздерінің ой сыз əрекеттеріне барып, ағайындарды араздастырып қоятын да жайларға куə боламыз.) Ал осындай алыпты бағалай білген біздің Бұқарбай бабамыздың ақиқатшылдығы болса керек. Бір жағынан өзі нің деңгейлестігін дəлелдеп беріп тұрғандай. Біз жоғарыда айт қан батыр бойындағы бес қасиеттің елді қорғаған бес қаруы сияқты болашақ ұрпаққа берер үлгі-өнегесі анау-мынау университеттен ар тық болмаса, кем соқпайтындығын бүгінгі күні, міне, өздеріңіз мəрттіктеріңізбен көрсетіп-ақ отырсыздар. Батыр бойындағы өнерге деген құштарлық, шешендік жолындағы кесімді сөз жоғарыдағы қасиеттермен қосылғанда бабамыздың тұлғасы Шынар шешемізге бағын сынап барғандағы бір ауыз сөзбен өрнектеліп сала беретіні тағы бар. «Қадалғанда қан алдым, қаһарыммен де жан алдым, бірақ əр кез есті азаматқа саналдым!» деген əрі қысқа, əрі нұсқа сөз. Батыр алдындағы Наурызбай мен Ағыбай сияқты арналы жандардың аруағынан бірде-бір кем түспей, қайта данагөй қыздың жүрегінен орын алып, өзіне еріксіз еліткені біздің топырақтың пір тұтар құдіреті деп білеміз. Осындай қасиетті жанның жаратылысы біздің халыққа күш-қуат беріп, ақылды істеген ісі мен жан дүниесінің тазалығы ұлағатты ұлы жолға ұласып жатсын деген рухани байлығымыздың бүгінгі күні мерейі тасымағанда қай уақытта тасымақ?! Батырдың кезінде домбыра тартқаны да белгілі болып жатыр бүгінде. Халқының жадында, елінің есінде мəңгі жатталып қалған ерлігі мен ұғымды сөзінің сертке бергісіз тегеурінінен əсте танбаған кешегі күнге дейін. Сексеннен асқан шақта айналасындағы көпті көргеннен сөз естігісі келетін ел ағалары батырға «Бір кезде қол бастадыңыз, көш бастадыңыз, көпті көрдіңіз, сізден бір ғибратты сөз естігіміз келеді» деп сауал қойған көрінеді. Сонда батыр «Бұрынғыдан қалған сөзден артық мен не дейін? Онға келдім – асау тайды бас білдіріп ойнадым, сол ойынды жиырмаға дейін қоймадым.

Жиырмаға келдім – найза менен құрықты қолымда билеттім, саусағымды соған əбден үйреттім. Жиырма бесте жауларыммен ті рес тім, тəуелсіздік алу үшін күрестім. Отызға келгенімде қыран құстай саңқылдадым, ақ алмастай жарқылдадым. Қырыққа кел - дім – қайратым қамал бұзды, еріттім қалың мұзды. Елуге келдім – елеулі белес екен, ел басқардым. Алпысқа келдім – алдымда алты та рау жол жатты, өз жолыңнан өзгер деп маған тіл қатты, бірақ тыңдамадым. Баяғы найзам мен құрығымды қолдан түсіргем жоқ, жау алдында бас иіп кішірейгем жоқ. Жетпіске келдім, – жетпіс жеңді, қолымдағы найзаны балам алып берді, менде құрық қалды. Қазір сексенге келдім, бірақ əлі де құрық сілтейтін қуатым бар. Алда тоқсан тұр, амандық болса оған да жетем, алла жазса, құрығы ма сүйеніп одан да өтем, одан соң менің жаным сірі емес, бұл дүниеден де кетем. Сендерден бір тілегім бар, менің сол тілегімді ақтаңдар, найзам менен құрығымды қатар сақтаңдар! Найза – қорғаныс, құ - рық – тірлігіңе қолғабыс. Тірліксіз дүние тұл, тал түске дейін керіліп жат пай, əмəнда ерте тұр. Сонда ғана адам болып қаларсың» деген екен. Бұл Бұқарабай бабамыздың өмірінің соңғы жылдарында айтқан өсиеті дейді. Содан бері қаншама жылдар өтті. Заң өзгерді, заман өзгерді, бірақ батырдың өсиеті əлі күнге дейін өз күшінде өзгермепті. Мінекей, біздің қастер тұтқан қасиетті қариямыздың қанатты сөзі. Қаншама қамал бұзып, қаншама шайқасты басынан өткергенмен, егде жасында еліне оралған Бұқарбай бабамыздың бағы басы басқа жақта қалмай, өзінің туған жеріне аман-есен оралып, ағайынтуғандарының ортасында, өз ажалынан көз жұмуының өзі құдай берген ерекше қасиет болса керек. Соңында көгеріп көктеген ұрпағы, шөбере-шөпшектері, өрген өркені қашан болсын елдің арасындағы алтын тіндей жалғасып келеді. Сол жалғасқан алтын тіннің өрмегі алтын күннің шапағымен жеріміздегі бар аруақты тебірентіп, тербетіп жатыр. Бұл кісінің аруақты шапағаты сонау алыстан, аста надан қаншама ғұламаларды, ақындарды, жазушыларды, қала берді Сыр өңірінің ажары мен базарын тарқатпай, қайта бұрынғы дан да ажарландыра еңбек еткен үлкен-кішіміздің басымызды қосып отыр. Бəріміздің басымызды қосып, аруақ атаулыны еске түсіртіп дуылдатқан мəжілісіміз құтты болсын. Осы тойымыздың басты ұлылығы да, ұлағаттылығы да сонда жатса керек, ағайын. Той тойға ұлассын! Сыр бойының дүрілдетіп таңы атсын деп сөзімізді аяқтайық!

2-105

БҰҚАРБАЙ

БАТЫР

туралы зерттеулер

С. Мұқашев,
Қ. Сыдықов,
«Халық кеңесі»
25 маусым, 1992 жыл

1731 жылы-ақ Кіші жүздің ханы Əбілхайыр Ресей патшасына бо-
дан болғанымен, алғашқы кезде орыс патшалығы ен далада көшіп-
қонып жүрген қазақ халқына бірден күш көрсетіп, отарлау саясаты-
на дереу кірісе қойған жоқ-ты. Алыстан орағытып, қиядағыны

көздейтін жымысқы саясаттың түпкі мəні бүкіл қазақ даласын,
реті келсе Орта Азияны да отарлау, осы елдердің бүкіл байлығына
қол салу болғандықтан, бір жағы қалмақтардың, екінші жағы шүр-
шіттердің дамылсыз шапқыншылығына ұшырап, амалсыздан бо-

дан дыққа түскен халықты шошытып алмай қасымалдап ұстамаса,
күн дердің күнінде қол астынан аунап түсуі ғажап емес-ті. Осындай
еркіндік Кіші жүздегі Сыр бойының қазақтары үшін 1847 жылға,
яғ ни Арал бекінісі салынған уақытқа дейін созылғаны тарихтан

бел гілі. Бірақ Қарақұм мен Борсыққұмдағы көшіп-қонып жүрген
Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі біресе Хиуаның, біресе Қоқан
хандығының əлденеше шапқыншылығына ұшырап, мал-мүліктері
жиі-жиі тала пайға түсіп отырған. Ол кездері Ташкент, Бұхара,

Хиуадан шы ғатын керуен жолдары Сыр мен Қарақұмның үстін басып
өтіп, Орын бор мен Троицк қалаларына құлайды екен. Орта Азия мен
Ресей дің сауда-саттық жасайтын басты күретамырының осындай
бүлін шілікке ұшырап жатуы орыс жұртына да қолайсыз болған.

Содан соң Орта Азияға сауда-саттыққа шыққан орыс керуендерінің
де зекет төлемегендіктен қазақ даласында жиі-жиі кідіртілуі орыс
патшалығының Сыр бойын біржолата күшпен отарлау саясатын
тездетіп жіберді. Сыр бойы қазақтарына қожалық етіп, халқын құл-

дыққа түсіру Қоқан хандықтарының да ежелгі арманы болатын. Ақмешіт қамалын Қоқан хандығының басып алатыны да осыдан сəл-ақ бұрын. Əскер шығарып, момын халықты қылыштың жүзі, найзаның ұшы мен отарлау саясатының алғашқы қадамы 1839-1840 жыл дардағы граф Перовскийдің жорығы тұсында сəтсіз аяқталғаны та ғы бар. Ал балық өнеркəсібімен айналысып жүрген орыс алпауыттары Арал теңізіндегі ұшан-теңіз байлыққа көзін қадап, бұл жерлерді күшпен басып алуға əскерді итермеледі. Соның салдарынан 1847 жы - лы маусым айының 30-ы күні Орынбор əскери губернаторы ге не рал Обручевтың бастауымен жорыққа аттанған қалың қол Арал те ңізінен 60 шақырым жердегі Райымды, содан көп ұзамай-ақ Қосаралды, 1850 жылы Қазалы төңірегін, Қосқорған бекіністерін басып алды. Сөйтіп, халықты қанға бөктірген орыс отарлаушылары Кіші жүздің Жетіруы көбірек қоныстанған Сырдың орта ағысына жақындап келе жатты. Бұл орыстардың жалғыз Батыс Қазақстан ғана емес, сонымен қоса бүкіл қазақ жерін жаппай отарлап, оңтүстікке қарай сұғынып ке ле жатқан кезі болатын. Көкшетау, Есіл, Нұра, Баянауыл, Қарқаралы сияқты табиғаты əсем, топырағы құнарлы жерлер басып алынып, оған орыс мұжықтарының жаппай қоныстануы басталды. Əрине, жері басқыншылыққа, елі талауға түсіп, ашуға мінген ха лықтың бұған жайдан-жай мойын ұсынуы қиын болған-ды. 1840 жылдары қазақ халқының Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысы бұрқ ете түсті. Кіші жүздегі Табын руының батыры Бұқарбай өз жа сақтарымен Кенесарының қол астында соғысқа қатысып жүрді. Атақты Сүйінбай ақынның: ...Жауды көрсе қуанған, Алмасын қанға суарған, Табыннан шыққан Бұқарбай, Ту ұстаған Нəнбай, Жортушы жолшы Бұғыбай, Жалаң қылыш байланған, Жау қайда деп сайланған, Батырлар келді Қордайға... – деп жырлайтыны осы тұста болса керек. Айта кететін тағы бір мəселе, ақ туы күні бүгінге дейін сақталған Бəйтікұлы Тоғанас (Кіші

жүздегі Шөмекей руынан) төрт мың қолмен Кенесары жасағы-
ның құрамында орыс отарлаушыларына қарсы күресте айрықша
көзге түскен белгілі батырлардың бірі еді. Сондықтан Сыр бойында
орыстардың билік құрып, бекіністер сала бастауы Бұқарбай сияқты

батырлардың наразылығын тудырмауы мүмкін емес.
Бірақ Кіші жүздегі Төртқара руының өткен ғасырдағы ең атақты
батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлы орыс отарлаушыларының Арал
бекіністерін сала бастауына алғашқы кездері «Елге тыныштық бер-

се ештеңе етпес...» деп жайбарақаттау қараған сияқты. Жанқожа-
ның өмір жолын біраз зерттеген тарихшы И.В. Аничковтың жаз-
баларына қарағанда, батыр Жаңақаланы басып алған Хиуа ха-
нының жасақтарына қарсы қанды шайқастарға қатысқан. Ал орыс

отар шыларына қарсы соғыстарға қатысқан Хиуа əскерін Жанғазы
Шерғазыұлы, Елікей Қасымұлы сияқты қазақ батырлары басқарған.
Міне, Жанқожа батырдың орыстардан сенімді одақтас іздеген
осындай саясаты Сырдың орта ағысындағы қазақтардың, тығыз қа-

рым-қатынаста отырған мұсылмандардың ашу-ызасын туғызбауы
мүмкін емес еді. Соның салдарынан Бұқарбай батыр бастаған қа-
лың қол 1850-1851 жылдары Қазалының орыс-қазақтарына шап қын-
шылық жасап, сол жорықта 555 түйе мен мыңға тарта жылқыны,

150-ге тарта сиыр мен 21 мыңға таяу қойды, барлығы 40352 сом-
ның мал-мүлкін олжалайды. Бұқарбай батыр мен Жанқожа ның
ара сындағы түсініспеушіліктің сыры ел ішінде аңыз болып жүр-
геніндей əлдебір əйел дауынан емес, дəл осы отарлау саясатына

жетік орыс шенеуніктерінің тұтандырғаны, сөйтіп, көшіп-қонып
жүрген момын да бейбіт халықты бір-біріне жауықтырып, айдап
салу арқылы іштей ірітіп, əбден əлсіреген соң отарлау саясатын
көз дегені сөзсіз.

Əділдік үшін айта кетуіміз керек, алғашқы кездері орыс импе-
риясының ұстанып отырған екіжүзді саясатының арбауына түсіп
қалған Жанқожа батыр кейін қалған өмірін көзі жұмылғанша орыс
отаршыларына қарсы арыстандай арпалысумен өткізген қазақтың

қара нар ұлдарының бірі.
Сөз ретіне қарай айта кетелік, Бұқарбай батыр – көпті көріп, көп
жасаған, өмірінің денін шайқаспен өткізіп, соңғы демі біткенше
елі мен жұртының азаттығын аңсаумен кеткен жайсаң азамат.

Сондықтан да ол «Ұлы орыс халқының қамқорлығының арқасын да адам болдық» деп орыс отаршылдығына жел болып тимей тін шыбындаған сайқал саясаттың көп құрбанының бірі болып келді. Бұл батырдың күні кешеге дейін аты баспасөз бетінде жарық көрмей, тек өзі туып-өскен жəне ауылындағы көз жұмған жерлестерінің аузында аңыз болып қана сақталды. Енді сол ақиқат пен аңыздың ара-жігін ажыратып, бүкіл ғұмырын халқының азаттығына арнаған азаматты, сүйінбайшылап айтқанда «Қара тасты айырар, қайраттары алмастан, сондай ерлер өтті ғой, дұшпанменен шайқас қан» дейтін батырды өз халқына қайтарып, төрінен орын беретін уақыт жетті. Бұқарбай батыр ескі Көктонды қаласының маңайында (қазіргі Жалағаш ауданының территориясы) 1812 жылдар шамасында туып, ұзақ жылдар ғұмыр кешкен. 1898 жылдар шамасында 86 жасында сол өзінің туып-өскен жерінде басын құбылаға беріп, мəңгіге көз жұмған. Тегі жағынан Кіші жүздегі Жетірудың Табыны, оның ішін - де Теке. Шешесі Зағипа көп уақыт перзент көрмей зарығып жүр - ген соң күйеуі Естекбаймен екеуі бір жылы Бұқар шаһарына ба рып, атақты Бақуадин əулиенің басына түнепті. Содан Естекбай ата мыз бен Зағипа анамыз сəбилі болып, болашақ батырдың атын Бұ қарбай қойыпты деседі. Зағипа шешеміз Бəйтен батырдың қы зы екен. Ал Бұқарбай батырдың зайыбы Шынар Өтебас батырдың қызы болған көрінеді. Ақын Асқар Тоқмағанбетовтың «Шынар туралы шын дық» атты дастаны мен «Екі дəуір, екі тағдыр» əңгімесінің кейіп кері де – осы Шынар. Бұл шешеміздің бейіті қазір сол ескі қала ның орны болып үйіліп жатқан Көктондының батыс жағында ғы өзі аттас Шынар көлінің жағасында. Ағайындарының айтуына қарағанда Шынар шешеміз Өтебас батырдың жалғыз қызы болған. Атақты Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай батырлар жауынгершілікпен жол жүріп бара жатқан сапарларында беліне қыл шылбыр байлап, жалғыз өзі құдыққа түсіп кеткен атан түйені шығарып жатқан қызға жолығады. Сəлемдесіп, жөн сұрасқаннан кейін қыз: – Анау тұрған ақбоз үй – менің əкем Өтебас батырдың үйі. Тізе бүгіп, бұйырған дəм-тұздарыңызды татыңыздар... – десе керек.

Сонымен қонақтарға тай сойылып, дастарқан жайылады. Шынар қыз қонақтарды өзі күтеді. Батырлар қыздың көркі мен ақылына, байыпты жүріс-тұрысы мен салмақты сөзіне қайран қалысып: – Қайсысымызды қаласа да, құда түсіп үйленейік, – деген пəтуаға келеді. Сонда Шынар: – Ағалар, ұсыныстарыңыз орынды. Бірақ, Наурызбай аға, сіз ақсүйек төре баласы. Қараның қызы бірде болмаса бірде сүйегіңізге таң ба салып, ұятқа қалдырып жүрер... Ал, Арғыннан шыққан Ағыбай аға, қартайған əке-шешемнің ұлы да, қызы да мен едім. Жерсуыңыз алыс, еліңіз қашық көрінеді, кіндік кесті, қан тамған жердегі ата-анама енді қартайған шағында қолғабыс беріп, қарасып тұруым қиын болар. Егер өзі қарсылық білдірмей, сіздер келіссеңіздер, менің теңім Бұқарбай ма деп отырмын... Сүйегі өзім сияқты қара екен, жер-суы жақын көрінеді, өзі иманжүзді азамат екен. Асылы, менің таңдауым осы болар... – депті. Жастау күнінде Бұқарбай батырдың жайлаудағы үйіне жау шапса керек. Бес қаруын жедел асынып, Торбестімен жауына қар сы ұмтылған Бұқарбайдың артынан Шынар шешеміз де қос бұры мын желкесіне түйіп, шалбарланып алып, найзасын ала-мала «тос та ғандата» ұрандатып жауға қоса ұмтылған деседі. Жаудың бетін қайтарып, үйге келген соң Бұқарбай батыр Шынарға: – Жаудың найзасы тиіп жазым болсаң қайтесің, өзім-ақ бір жай лы қылар едім ғой, үйде отыра бермедің бе? – дегенде Шынар шешеміз: – Батырын жауға жалғыз жіберу сүйген жарға лайық емес. Жаным – жарымның садақасы, батыр... – деп уəж айтыпты. Бұлардың бəрі де, əрине, от басы, ошақ қасы айналасында айтылып жатқан əңгімелер. Табыннан шықты екі ер, Бұқарбай, Сейіл атанып. Оққа ашып омырау, Бұған белді қатарып. Жау қанымен тазартқан, Қылыш қалса дат алып. Көп жандар көпке бас болған, Ол ерлерден бата алып... –

деп Сыр сүлейі Тұрмағанбет ақын сипаттаған батылдық пен ерліктің, адамдық көрік пен парық-парасаттың көзі ашылып, шым-шымдап бойға тарап жатқан кезі де осы мезгіл сияқты. Жалпы алғанда, Бұқарбай батырдың атағы Кіші жүз арасына ертерек тараған. Жас күнінде жесір дауы, жер дауы сияқты ел арасындағы қым-қуыт оқиғаларға көбірек араласады екен. Табынның тағы бір беделді адамы, өзі батыр, өзі би Байқадам керейт руының бір өзі 40 мың қой қоздататын аса дəулетті ада мы Қыстаудың Қаракесектегі Қарабесбай дегенге атастырып қойған Саржелек сұлуды тартып əкетіп, екі рулы елдің арасында үлкен дау туады. Қаракесек жағы да, Табын жағы да қол жиып, шап қыншылыққа əзірленіп жатқанда Бұқарбай жас болғандықтан, Байқадам қолбасшылыққа Шірен деген батырын тағайындап тұрып, «Шіренді Құдайға, Бұқарбайды Шіренге тапсырдым. Сыналар кезің келді, Бұқарбай! Я, Құдай, бар болсаң, Қарабесбай мен Бұқарбайды намаздыгер-намазшамда жолықтыр...» деп тілек айтыпты. Сол тілек қабыл болып, екі батыр найзаласқанда Қарабесбайдың найза сы Бұқарбайдың кеңірдегін тесіп өтіп, омыртқаға қадалса, Бұқарбайдың найзасы Қарабесбайдың кеудесінен төменірек тиіп, екеуі де аттан құлап түседі. Қарабесбай сол жерде жан тапсырады да, ұңғысынан шорт сынған найза қадалған Бұқарбай тірі қалады. Бірақ омыртқаға қадалған найзаны ешкім суырып ала алмайды. Сонда Бұ қарбай найзаның ұңғысына қыл шылбырды қабаттап байлап екі аяғымен теуіп жібергенде найза ұшып түседі. Сол жарақаттан Бұқарбай көп азап шегіп, ақыры желкесі шор болып жазылды дегенді ел ішінде екінің бірі біледі. Бұқарбайдан жасы үлкен Байқадам сонда «Өзімнен кеш туып, алдымнан шығатын болдың-ау...» деген сөз қалдырса керек. Əрине, бұның бəрі жас, албырт шаққа қатысты əңгімелер. Тегінде Бұқарбайды батыр еткен де, даңқын шығарған да қазақтың кең даласына көзін сүзіп, оқтын-оқтын соғыс ашып, тыныштық бермеген сыртқы жаулар, соның ішінде, əсіресе, Қоқан хандығы мен орыс отаршылдығы. ХІХ ғасырда өмір сүрген орыс оқымыстысы А. Гранның жазбалары еске түседі. 1850 жылдары Қоқан хандығының билеушілері Сырдарияның сол жағасындағы тармағы болып табылатын Жа-

ңадария бойында, əсіресе, егіншіліктің барынша өркендеп тұрған
кезі болса керек. Диқаншылықпен күн көріп отырған халық екі
жылдай қуаңшылықтың салдарынан көп зардап шегеді. 1852 жылы
Бұқарбай батыр екі мыңдай қол жиып Қоқан хандығына жорық

ұйымдастырады да, бөгетті бұзып жібереді.
Ұлт-азаттық қозғалысқа белсене араласып, Кенесарының сенімді
серіктерінің бірі есебінде өз елі мен халқын, атадан балаға мұра
болып қалған ұлан-ғайыр жерін сыртқы жаудан қасық қаны қалған-

ша қорғаған Бұқарбай батырдың ұрпақтары қазіргі Жалағаш, Те-
реңөзек аудандары мен Қызылорда қаласында тұрады. Олар дың
қолында батырдың жеке заттары баршылық. Мысалы, жалағаштық
Қалдан Ахметбаевта жеке мөрі, Г. Опабекұлында туы сақталған.

Осының бəрі де тарихи тұлғаны өз халқына қайтарып, тиесілі ор-
нын беруге септігі тиетін нəрселер. Олай болса, Бұқарбай батырға
бай ланысты мəселелерді жергілікті орындар тездетіп шешуге атса-
лысады деп ойлаймыз.

Камал Бердаулетов, Тұрсынбай Тəшенов, «Егемен Қазақстан» 1993 жыл, 23 қаңтар БҰҚАРБАЙ БАТЫР Өткен ғасырдың бас кезінде Сыр бойында тіршілік еткен елде Естекбай дейтін шаруа өткен. Мал мен жаннан бірдей шола кісі шарқ ұрып, əулие-əмбиелерді жағалап, құдайдан бала сұраумен жүріп, бір жолында Бұхар төбесінің маңындағы Баһуадин əулиеге кіреге ілесіп барып түнейді. Əйелі Найман Толыбай бидің қызы екен. Əулие түсінде аян беріп, «он ұлға татитын бір ұл бердім, ажалы адамнан болмас, еліңе қайта бер» деген. Елге келген соң ұл сүйеді, құдайдан бір, адамнан екі сұрап алған, елінің жау бетіндегі қорғаны, көк найзаның күшімен дұшпанның құтын қашырған Бұқар батыр осылай дүниеге келді. Бұл өңірдегі ел мұнан төрт жүз жылға жуық уақыт бұрын сонау Ақтөбе облысының Ор, Жем бойындағы қалың Табын елінен қоныс аударған екен. Қазіргі Қызылорда облысының осы күнгі Жалағаш, Тереңөзек аудандарының жеріне Тартулы, Шөмішті деген екі таңбалы Табынның біраз адамдары көшіп келген көрінеді. Қоныс аударушылардың бір бөлігінің көші сонау Шыршық бойына дей ін барып қайтқан. Өмірқұл дейтін ауқатты бай Шыршыққа ма лын бір жапқанда өзеннің түбі көрініп қала берген соң, жері тарлық етті деп, Сырдың атырауын бос су, кең жайылымына қайтып келген екен. Мұнда алғашқы қарқында келіп, орын тебе бастаған ел Қара өзек пен Сырдарияның арасындағы аралға жайғасады. Жаңа қоныс ұлы жолдың үсті болғандықтан ба, елеуреңкіреп келген ел үнемі буынып-түйініп, жақын-жуық іздеп, қолайлылау қоныс қарастырып, ілгерілі-кейінді қозғалыс көпке дейін тоқтамаған түрі бар. Мұның үстіне ерсілі-қарсылы жүргінші, шапқыншылар да толас таппаған. Қысқасы, бұл елдің «белдеуде аты, босағада найзасы» тұрған. Бұқарбайдың жасынан-ақ ерлік істерге бейімделе бастауының өзі осындай заман талабынан туса керек.

Бұқарбайдың арғы аталары, əлгінде айтып өткен Өмірқұл бай «Балаларым момындау болды, барымтадан мал айырып алатыны жоқ» деп, ел қорғайтын бала сұрап Мүсірəліге барғанда, «Қол бастайтын Сəркедей ұл бердім, көш бастайтын Қарқарадай қыз бердім» деп қайтарған екен. Аруақ алдамаған болып шықты. Сəрке батыр өз талабына тура келген жоңғарлармен шайқастардың ащы-тұщысын кешеді. 1726-28 жылдарда Сарысудың батысы Бұланты, Білеуті өзендері бойындағы Бөгенбай бастаған қазақтар жоңғар қалмақтарын ойсырата жеңгенде [1] Кіші жүз қолын басқарған Табын Сəрке, Бəйтен батырлар болған. «Қалмақ қырған», «Ақши» үстіндегі ірі, теңдесі жоқ шайқаста Сəрке батыр қаумалаған жау қолынан қаза табады. Қазір ол жер «Сəркеннің Ақшиі» атанады, басында қара белгі бар. Батыр кейінірек Қорқытқа əкелініп жерленген. Осы шайқастар келешек Аңырақай жеңісіне жол ашқан. Сəрке батырдың балалары Ағайдар, Бегайдарлар да заманында ел қорғауда көптеген соғыстарды басынан өткерген. Ағайдар батырдың баласы Байқадам батыр, оның баласы Сейіл батыр Бұқар бай батырмен замандас, тұстас өткен. Бұл аймақ айта беретін Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыстың нағыз бастау алған жерлердің біріне айналады. Оның өзіндік себептері бар. Ол заманда, өткен ғасырдың бірінші ширегінде Ақмешіттен Сырдың құярлығындағы Райым бекінісіне дейінгі ел Хиуа хандығының қол астына қараған. Ал Ақмешіттің өзінде Қоқанның бектері орын тепкен. Бұл жерлерде, негізінен, ара-қашықтығы 40-50 шақырымдай етіп бірнеше бекіністер салынған. Онда билік жүргізген. Қазіргі Тереңөзек ауданының жер шегіндегі əйгілі атағы бар «Күмісқорған» бекінісінің орны əлі күнге сақталған. Мұндағы билеушілердің зорлық-зомбылығы Табын еліне де қатты батқан. Шыдамдары таусылған Байқадам, Қабан батырлар жасөспірім Бұқарбайды ертіп, Мысық бидің басшылығымен «Күмісқорғанды» шабуға келеді. Бұл 1830 жылдың шілдесі деген топшылау бар. Қорғандағы жасақтың құрамы шамалы екен. Бекіністі қоршаған қолды көрген бек інісі Жұбаниязды сыртқа шығаруға шешім жа сайды. Əуелінде күштері тең түсіп, көп əдіс-айла қолданысып көріп, ақырында Бұқарбай қарсыласын шаншып тастайды. Бұл болашақ батырдың тырнақалды жеңісі болды.

Қалың қол бекініске басып кіріп, жасақтарын жайратып, тұт-
қындап, бектің өзін ұстап алып, Байқадам батыр жазалап өлтірткен.
Хиуалықтардың бекіністі тастап, қашып құтылғандары да болған.
Мысық бидің шешімі бойынша бала-шағаны зəбірлемей, бекіністен

кетуіне, əйелдеріне көтергенше жүк-жиһазын арқалап шығуына
рұқсат етілген.
Осы оқиғадан соң Бұқарбай жас батыр аталып, елге атағы жа-
йыла бастаған. Хиуадан 200-дей қарулы əскер шықты деген хабар

тарайды. Көтерілісшілер біраз уақыт ол жақ, бұл жаққа жылыстай
тұрған.
Ақтөбедегі қалың Табынның аға сұлтаны Жанболат бұл кезде
қалмақтармен соғысып жатқанынан хабардар жас батыр өзінің орны

осында деген шешімге келді. Бұл өңірдегі Ресей патшалығының
бар лаушы əскерлері Ор, Жем, Ырғыз бойынан бекіністер салуға ті-
келей кірісіп кеткен кез еді.
1841 жылы кыркүйекте Кенесарыны қазақ жұртшылығы ас тыр -

тын үш жүзге хан етіп сайлаған. Жанболат елі қалмақтармен өліс-
пей беріспегендей қиян-кескі соғыс жүргізіп жатқанда ханның інісі
Наурызбай төре бір топ адамдармен келіп Жанболаттың ор дасына
ойран салады. Жанболат өз үйінде сауық-сайран құрып жатады.

Жаудан кезекті жеңіспен оралған Жанболат батыр мына сұм дық-
ты естіп, жеделдетіп келіп Наурызбайдың 90 жігітін өлтіріп, тұт-
қындап, көгендеп тастайды. Наурызбай – жас батыр, жайдақ ат-
пен қаша жөнеледі. Қуғыншылар даярланады, оның басына Жан-

болатпен танысып та үлгермеген, бірақ тілектес адам Бұқарбай да
аттанады. Наурызбай жеткен қуғыншыдан 2-3 адамды түсіріп кетеді.
Жанболаттың інісі Ерболатты да жазым етеді. Бұл оқиға Кіші жүз
жұртшылығының жан-жақтан анталаған жауға қарсы күресіндегі

ауызбіршілігіне жасау түсіргендей болды. Жаңа таныс жас батыр
Бұқарбайды таразының қай жағы басым, болашақта қалай болар
екен, кім дос, кім дұшпан деген ой толғандырады. Тəуекел етіп,
мынадай шешімге келеді: Кене хан орыс патшасының қазақ жеріне

дендеп ене беруіне қарсы күрес жүргізбекші көрінеді, мен де осы
сапта болуым керек.
Өзі сияқты жас батыр Наурызбайдың найзагерлігі Бұқарбай ға
өте ұнайды. Қашып бара жатқан Наурызбайдың алдынан көлде-

нең шығып, татулыққа шақырады. Бұл жай-жапсар Кенесары ханға
же теді. Ел бірлігіне нұқсан келтіріп, Жанболат батырды теріс
қаратып алған бүлікшілік əрекеті үшін Наурызбай қатаң жаза-
лануға тиіс болатын. Бұл жерде арақатынасқа Бұқарбай дəне кер-

лік жасайды. Кенесары хан біраз ашуын басқан соң Нау рызбай
Бұқарбайды бетке ұстап, «Жүз жігітке татитын бір батыр əкелдім,
жүз басы да, мың басы да бола алады» деп кешірім сұ раған. Осыдан
əрі қарай он шақты отты жылдарда Бұқарбай батыр Кенесары хан-

ға алты-жеті жыл адал қызмет жасайды. Тарихи роман «Қаһарда»
І. Есен берлин «Бұқарбай Кенесары қосынына өзі барып қосылып
еді» дегенде осы жайларды айтса керек.
Алғашқыда Кенесары қозғалысына Сыр бойындағы елдер елең

ете қалса да, кейіннен саябырлап, аяқ алысты бағып қалғандай
жағдай байқалған. Табында Байқадам, Жаппаста Жаңғабыл батыр-
лар бұл қозғалыстың ақыры неге соғатынына көздерін жеткізе ал-
май, бел шешіп, белсене кірісе алмады.

1840 жылдардың басында-ақ Кенесары қосынының алғашқы
құрамына енген қарқаралылық Шұбыртпалы Ағыбай, торғайлық
Иман Дулатов (Аменгелдінің арғы атасы), ырғыздық Табын Жола-
ман Тіленшиевтердің қауымына сырдариялық Табын Бұ қарбай

ба тыр енген. Көтерілістің белсенді қайраткерлерінің ішін де Ке-
не сарының інілері Наурызбай мен Əбілғазы жəне оның қа рын дасы
Бопай болды [2].
Бұқарбай батыр Кенесары қосынына кірген қозғалыстың алдың-

ғы сапында жүреді. Алғашында Ақжолтай батыр Ағыбаймен достық
құрады, пікірлес болып жүреді.
Сыр бойындағы елдерден қосынға адам, мал, қаражат жинау
мақсатымен Ағыбай, Бұқарбай, Наурызбай үшеуі Ақмешіт маңына

келіп, шатыр тіккен. Бұл 1840 жылдардың бас кезі болатын. Кешегі
Жоңғар сойқанынан кейін де, Орта Азия хандықтарымен тиіп-
қашқан қақтығыстардың өзі де елді ығыр қылған...
Қол жинау жұмысы аяқтала бергенде Каспий теңізі жаға-

лауын дағы Кіші жүз руларынан бір мың қолды бастап Байтабын
келеді. Байтабын батыр Табын Жоламан Тіленшиевтің туған жиені
болатын. Бірақ бұл қосын сəтсіздікке ұшарайды.

Бұқарбай батыр бұл кезде өзінің байсалды істерімен, ақылой, парасатымен қосында жұртқа жақсы танылады. Кенесары хан көреген қолбасшы кəдесімен жақын төңірегіндегі саусақпен санаулы адамның бір есебінде Бұқарбаймен пікірлесіп отырған. Бір жолында Наурызбай мен Бұқарбай, екі жас батырдың арасында аз даған қызғаныштық сезілгенде, Кенесары екеуін де жеке-жеке шақырып, оңаша сөйлесіп, «Жауда жолдасың мықты болса, сенің несібең, ауыздарың бір болсын, іш пікірді тазалаңдар, өкпе-қақпаны тастаңдар» деген. «Бұқарбай, сен бірінші батырлықты Наурызбайға қия бер, саған қосынның екінші батыры, мыңбасылық лайық. Ағыбайды аға тұт, оны халық Ақжолтай атауы да тегін емес» деп есте қаларлықтай ұлағат қылғанын Бұқарбай батыр елге келген соң айтып жүріпті. Бұқарбай батыр Сыр бойынан жиылған сарбаздарымен хан ордасындағы көп қолға қосылады. Бұл кезде орыс бекіністері бірінен соң бірі салынып, гарнизондық күш қару-жарақпен жабдықтала бастаған. Қазақ жеріндегі Ресей бекіністерінің ішіндегі берік қамал саналғаны – Ақмола гарнизоны. Кенесары осы бекіністі алуды көптен мақсат етіп жүрген. Гарнизонның бастығы Карбышев те қамсыз отырмаған. Таң сəріден басталған шабуылды тойтарып тас таған. Оның артынан жаңа күштер жақындатуды қажет еткен. Алғаш қы тура шабуылда Басығара батыр оққа ұшады. Кенесары Басығараның сүйегін жау қолында қалдырмауды талап етеді. Келесі кезек те жақын жерде дайын тұрған Бұқарбай батырдың сарбазда ры шабуылға шығады. Бұл батырдың алғашқы рет қол бастауы еді. І. Есен берлин «Қаһарда» Бұқарбайдың осы жолғы іс-əрекеттерін су реттеген жолдарында «Алқалап шыққан жасақтың оң қанатында, аттың үстінде түрегеліп, айрықша бой көрсетіп, басқалардан оқ бойы алда келе жатыр еді» деген жерлері бар. Бұқарбай батыр ұран датып, атой салып, қақпаға кірген. Бұл шабуыл сəтті аяқталған. Əскер басы Карбышев пен аға сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендин аз ғана тобымен бас сауғалап, қашып құтылады. Бұл жеңіс жалпы ұлт-азаттық қозғалыстың барысына үлкен əсер еткен. Кенесары Қасымов басқарған ұлт-азаттық қозғалысқа қазақтың ұлттық буржуазиясының өзінде екі түрлі көзқарас болды. 1844 жылы Жантөрин Баймағамбет сұлтан Кенесары қозғалысына

өз басы тікелей қарсы тұрып, аймақтан басқа да сұлтандарды
ұйымдасуға шақырған. Орыс əскери тобының басшысы Лебедевпен
бірігіп əрекет жасады. Осы жолы тұтқиылдан шабуылдаған Кене-
сарының қосыны, басында Ағыбай, Наурызбай, Бұқарбайлар бар,

жеңіске жетті. Кенесарының негізгі күші 21-22 шілденің түнінде
44 сұлтанды өлтірді. Соғыс болып жатқан жер жақын тұрса да,
Ду никовскийдің отряды қоршауда қалудан қорқып, сұлтандарға
барып жəрдем көрсетуге бата алмады. Бұл оқиға Орынбор, Батыс

Сібір губернаторлықтарын қатты қынжылтып, ызаға булықтырды.
Орынбор генерал-губернаторы Обручев мұны «Масқаралық, күйі-
нішті хабар» деп жазды [2].
Бұқарбай батырдың майдан жолдары əрі қарай жалғаса берген.

Бұл тұста ішкі-сыртқы жағдайларда біраз өзгерістер болады. Ке-
несары хан өзінің орыс патшалығы алдындағы «күнəларын» жу-
дырып алуды, сөйтіп, ата-жауынан, əкесін, ағаларын өлтірген Қо-
қан хандығынан кек алуды мақсат етеді. Патша алдында беделді

Орынбор губернаторы Перовскийге жақындап, бірсыпыра келісімге
келеді. Перовский де айла-шарғысы мол адам, келешек қарым-
қатынастарды ушықтыра беруден қауіптеніп, бір жолға осы əдісті
қолданайық деген оймен Кенесарыға ақ патшадан келісім алып

береді. Тұтқындағы жақын-жуықтарын да босатып алады [2].
Сөйтіп, қосынның ат басы Ташкентке карай бұрылады. 1841 жыл -
дары Кенесарының қаруланған 4 мыңдай қолы болса, жолай Ак -
мешіт, Жөлек, Түркістаннан көп қазақ қосылды деген мəліметтер

бар. Жолда Қоқанның Сайран, Созақ бекіністері. Бұқарбай батыр
өзінің жасағымен Созақ бекінісін 12 күн қоршайды. Көптеген адам
мерт болады. Дүркін-дүркін шабуылға шығу, қайта шегіну, жаңадан
күш жеткізумен, ақырында, Созақты алады. Қоқанның тұрақты

əске рінің біразы өліп, қашып-пысып, қалғандары тұтқынға түседі.
Созақ қамалының даңқты батыры Бұқарбай ханнан марапат алады.
Бұл жеңістің үлкен мəні болды. Қоқан ханын бітім сұрауға мəжбүр
етті.

Бұл күндерде Кенесары жасағының бір бөлігі Ташкент түбін-
де соғыс жүргізіп жатқан. Шайқастарда шыңдалған Жанқожа
батыр да одан тыс қалмаған. Санаулы шағын жасағымен жорық
жағдайында суыт жүріп отырған қамалдарды алуға араласқан. Бұ-

қарбай мен Жанқожа батырлар кездесіп, əңгімелескен. Халықты
тым қысымға ала бермеу керек дегенді екеуі де мақұлдаған. Бұл
пікірін Кенесарыға да аңғартып, қош айтып Жанқожа батыр еліне
қайтқан [3].

Бірақ бұл жеңістерді баянды ету қиынға түсті. Қарсы күштер
екі жақтан – алдынан да, артынан да қысым жасады. Сібірлік жə-
не Орынбор губернаторлары Горчаков пен Обручев тізе қосып қи-
мыл жасауға келісті. Бұған қазақ сұлтандары Нұрəлі Əділов (Іле

төңірегінен), аягөздік Барақ Сұлтанбаев, қарқаралылық Құнанбай
Өскенбаев қолдау жасайды. Біріккен күштерді генерал Вишневский
басқаратын болды. Кенесарының басына 3 мың сом бəйге жа-
рияланды. Кенесары бұл кезде жолсыз шатқалдарға, асу құмдарға

барып тұрақ тепті. Мұның аяғы ұлт-азаттық қозғалыстың мəні мен
мазмұнын бүтіндей өзгертті.
Орыс патшалығы қазақтар мен қырғыздардың арасына от тас-
тауға тікелей кірісті. Күрестің арты қырғыз манаптарымен болған

феодалдық жанжалға айналды. «Кеңесары – Саржан» поэмасын-
дағы:
Дулыға қылыш жайнатып,
Табыннан келді Бұқарбай,

Екі жүздей күреңді
Жалғыз қырып Бұқарбай,
Қатарынан бір асқан.
Айнала шауып екі күн,

Ақмола үстін шаңдатты, –
деген суреттеулер батырдың ерлік істерінен хабардар етеді [4].
Бұқарбай батырдың өз естеліктері халық аузында жетерлік сақ-
талған. Бір жолында батырдың жерлесі, керейт Меңлі дейтін сарбаз

қоршауда қалғанда астындағы атын түсіп береді де, өзі жа йылып
жүрген сиырға араласып кете барған. Меңлі Бұқарбай ға «Сен
елге аман барсаң, ел қорғайсың, мен болсам, жай ғана бір адаммын
ғой» деген. Меңлі тұтқында болып, Итжекеннен қайтқан.

Қырғыз Алатауындағы ұрыстардың ішінде жүрген майдангер,
сарай ақыны керейт Нысанбайдың «Кенесары – Наурызбай» атты
эпопеясында жан-жақты баяндалады. Дастанның кейбір жолдары
жыршылар аузында сақталған:

Ақ кіреуке, көк сауыт Таза жүрсе тот алмай, Мылтықтың оғын жібермес, Шығыршығы жұқармай. Жаман жігіт тозады Жауды көрсе құтандай. Мылтықтың оғы от алмас Құлақта дəрі тұтанбай. Аянбай бүгін іс көрсет, Табыннан Қабан, Бұқарбай. Атағың шыққан ерлер ең, Аңқыған исің жұпардай. Қазақ даласын дүркіретіп өте шыққан ұлт-азаттық қозғалыстың қиян-кескі шайқастарынан оралған саңлақ сардар Бұқарбай Естекбайұлы елдегі саяси-əлеуметтік жағдайдың шиеленіскен күр делі уақытына тап келеді. Ресей патшалығының Орта Азия мен Қазақстанға дендей ене бастауына Қоқан, Хиуа хандықтарының жанталаса қарсылық көрсете бастаған кезі. Бірақ бұл хандықтардың өзара ауыз бірліктері де шамалы еді. Оның үстіне Сырдың құярлығындағы елде сұлтандық құрған Ермұханбет Қасымов (Елікей хан) ішінара орыс патшалығының губернаторлары жағына қызмет етіп тұрды. Осы соңғы Елікей ханның ұстаған жолы Сыр бойы қазақтарының екі тарапқа бөлінуінің басты себептерінің бірі болды. Бұқарбай батырдың елге қайтып оралғаннан кейінгі өмірін, ісəрекетін де екі мерзімге бөліп баяндау керек. 1848-1858 жылдар арасында батыр өзінің ел қорғауға бағытталған істерін жалғастырып, бес қаруын тастамастан, жортуылда жүргені байқалады. Бұл мерзімдерде батыр архив деректерінде жиі кездесіп отырады. Бұқарбай батырдың Кенесары қозғалысынан кейінгі өміріне қатысты біраз архив деректері де сақталыпты. Соның кейбіреуіне назар аударайық. 1849 жылдың қоңыр күзінде Орынбор əскери губернаторына жазған ресми хатында Батыс Сібір генерал-губернаторы Байқадам бидің қарауындағы Табын болысының адамы Бұқарбайдың бастауымен жүз шақты адамның бір жақтан 200-дей жылқыны айдап келе жатып, Батыс Сібір губернаторлығына байланысты жер шегіндегі Жосалы, Қарғалы өзендерінің бойында қарауылда жүрген 3-105

отыз адамды жамсатып сабап, аттарын, ер-тоқымдарын алып кет-
кенін айтады. Олардың қайдан қолға түскендері белгісіз, үш орыс
тұтқынын қоса əкеткенін хабарлап, Бұқарбайды дереу ұстап, заң
бойынша қатаң жазалауды өтінген [5].

Райым бекінісі бастығының міндетін атқарушы майор Дамис
1850 жылдың 26 тамызында Қоқан иелігіндегі қазақтар Қазалы,
Арықбалық төңірегіндегі елдерді шауып кеткені туралы мəлімет
алып, жүздеген əскер, зеңбіректермен қаруланып, Қараөзек пен

Жамандария арасындағы «Қос қорған» бекінісін 8 қыркүйекте
шабуылдап, басып алған. Бекініс бастығы мырза Райым қолға
түседі. «Жауап алу кезінде мырза Райым қазақтардың тонаушылық
соғысына қатыспағанын, бірақ бұл шапқыншылықты Қоқан хан-

дығы иелігіндегі Табын руының батыры Байқадамды өлтіргені
үшін шектілерден кек алу мақсатымен 400 қазақ пен 10 қоқандықты
ертіп Ақмешіт маңында көшіп жүретін Бұқарбай батыр жасаға нын
айтты» [6].

Осы жылдары кезек барымталасқан шапқыншылық екі жақтан да
жиілеп кеткен еді. Қазақ ауылдарын шауып, кейін оралған қарақ-
шылар тобырын келесі күні орыстар қуып жетіп 100 қоқандық пен
3 хиуалықты өлтірді, көптеген адам жараланады. Өлгендердің ішін-

де Қосқорған бекінісінің бастығы Чунук-Чукмардың (Шонық-Шоқ-
пар) денесі ұрыс даласында қалды. Бұл ұрыста белгілі батыр Байқа-
дамның інісі, қазақтардың басшысы Бұқарбай Ағайдаров (əкесінің
аты қате кетуі мүмкін) ауыр жараланады [7].

Ақмешітті салысымен дарияны қуалап төмен кеткен, хиуа лық-
тарды паналап, бұлардың қысымынан қашқан қазақтар мен қара-
қалпақтардың егін егіп, мал өсіріп өмір сүру мүмкіндігінен айыру,
сөйтіп, өздерінің қол астына қайтаруға мəжбүр ету мақсаты мен қо-

қандықтар Жаңадарияны байлап тастады.
Хиуалықтарға бұл шара қатты батып, реті келген жағдайларда
олар Қоқан ханынан бөгетті бұзу жөнінде сұрау салды, бірақ бұл
өтініштері үнемі аяқсыз қалды.

«...Сандықорған құландасы жанындағы 1852 жылы қазақ ба-
тыры Бұқарбай бұзған бөгетті 1853 жылдың қазанында Сырдың
суын көтеріп, кеме жүздіру мақсатымен Жанадарияға жібермей
қайтадан қалпына келтірдік, бірақ көп ұзамай судың қысымы

бөгетті қуып кетті» [8, 25-26].

Сонымен Бұқарбай батыр еліне қайтып оралып, Қоқан иелігін-
дегі жерге шапқыншылық жасады, халықтың ойынан табылып,
жаудың сағын сындырды. Қарабөгетті бұзды. Əрине, батырдың
бұл əрекеті жау тарапынан жазасыз кетпейтіні түсінікті. Ақмешіт

бегі Жүсіпбек Хазірет (Түркістан болу керек) қаласына адам шап-
тырып, Бұқарбаймен шайқасуға рұқсат сұрайды, бірақ қала бастығы
Нұрмұхамед Бұқарбайды орыстар жұмсап отыр деген оймен оған
тоқтау айтады. Жүсіпбектен Хазірет қаласының бастығы осы мə лі-

метті алған соң Ақмешітке жан-жақтағы қамалдардан 7 зеңбірек пен
530 адам келді. Ақмешіт гарнизоны көбейіп, 1230 адамға жетті [9].
Архив құжаттарында Бұқарбай, Сейілдің орыс иелігіндегі жерге
өтуін патша ұлықтарының құп алып, отаршыл саясаттың алға ба-

суына қуанғандары аңғарылып тұрады.
«...Біздің қазақтардың Бұқарбай, Сейілмен арадағы шағым-
талаптарын Елікей бейбіт түрде салауат арқылы қысқартуы тиіс,
екі жағы да ренжімегені дұрыс, сонымен бірге Бұқарбай мен Сейіл

мұнда Қоқандағы қолайсыз оқиғаларға байланысты амалсыздан
келгендіктен, бұл келімсектерге құлай сеніп кетпей, мүмкіндігінше
қырағы болу керек». Сыр бойы халқының көңілін бірлеп, тыныш-
тықтан үміттендірген Орал құжатына ел ағалары мөрлерін ба сып,

таңбаларын салып жатқанда Бұқарбай батыр Ақмешіттің шы ғы-
сында Ташкенттен шыққан Қоқанның қалың қолына қарай орыс əс-
кер лерімен бірге аттанып бара жатты. Бородин тамыздың 24 күні
таңғы сағат 5-те «Қоқандықтар Бірқазаннан 15 шақырым жоғары

Құмсуат қонысында» деген хабарды естіп, алға қозғалды.
Ілгері жіберілген шолғыншы əскерлер Сыр жағасындағы сек -
сеуіл тоғайынан екі жүздей қоқандықтарды кездестіріп қазақ баты-
ры Бұқарбаймен бірге ат қойып тұра ұмтылды, тас-талқан қып қа-

шырып, біреуін жарақаттап тұтқынға алды, сосын жау туралы
Боро динге хабар жіберді де, отряд келгенше үздіксіз көбейіп
келе жат қан қоқандықтарды, екі мəрте лап қойғанына қарамастан,
шепте ұстап тұрды. Орталықтарында 300-дей сауыт киген жауын-

герлері бар жеті мыңдай қоқандықтар улап-шулап айқай салып,
кер нейлетіп, даңғыра қағып, жаппай шабуылға көтерілді, бірақ жа-
қын датып алып картечьпен, мылтықтың оғымен қарсы алып, кейін
қарай ысырып тастады [10.204].

Ымырт үйірілгенше созылған соғыс тоқтаған соң Бородин дарияның жағасына ор қазып бекініп алды. Ертеңіне таң сəріден қоқандықтар кейін шегінді. Ұзақ жылдар Сыр бойы қазақтарын аяусыз езген ата жауды Бұқарбай батырлар Жөлекке дейін қуып апарып тастады. Жол бойында қоқандықтардың өліктері мен көліктері жайрап қалды. Бұл жеңіс орыстар үшін ауыздан түспейтін елеулі оқиғаға айналды. Көптеген адамдар шен-шекпен мадақтаулар алды. Бұқарбай батырдың Құмсуаттағы ерлігі бір сырын ішіне бүгіп, пікір сақтаған орыс өкіметі алдында оның беделін көтеріп, айбы нын асырды. Ақмешіт, Құмсуат шайқастарынан кейін оның орыс өкіметі алдында салмағы арта түсті. «Табын руы, оңтаңбалы тармағының биі Бұқарбай Естекбаев батыр мен теріс таңбалы тармағынан Сейіл Байқадамовтар – өздерінің ерлігі, батырлығымен белгілі болған ордалықтар. Бұқарбайды мен Құмсуат ісі үшін, оның да бұрын алған күміс медалі болғандықтан, зауряд хорунжиі шеніне, ал Сейілді иыққа асатын Анна лентасы мен күміс медальға лайық деп білемін» [11]. Өмір өзінің айтқанын істетіп, адамдарды дегеніне жүргізуі табиғи заңдылық. Бұқарбай батыр өзі білетін «екі тілдің» найзамен сөйлесу тілін қойған соң, нағашысы Найманның биі Толыбайдан жұғыс болған мəміле, келісім тіліне қарай ойысқан. Арада он шақты жыл өткен соң Алатауда майдандарда бірге жүріп, қалың жау ортасында астындағы атын түсіп беретін керейт Меңлі батыр Итжекендегі тұтқыннан босанып елге келгені Бұқарбай батырға жетеді. Ақыреттік дос тарту-таралғасымен Меңліге келеді. Біраз күн мауқын басқан соң Бұқарбай батыр еліне қайтарда тағы да бір тілек айтады. «Əзір кеш емес, иншалла, балалы боларсың, балаларыңа менің балаларымның атын қойғайсың. Бұл достығымызды жалғастыруға септігі тиер» деген. Данышпандық, көрегендік əңгімеге пəтуаласқан. Бұқарбай аттанып кеткен соң елі Меңлісін үйлендіреді. Балаларының атын Бұқарбайдың тілегіне сəйкес Арыстан, Алданазар, Көтібар қояды. Екі батырдың да осы аттас балаларынан өрген тұқымдары қазір де бар. Əулетке ағалық етіп жүрген Қалкөз Алданазаров, көп жыл əділет қызметінің ағын ақтаған зейнеткер, ортамызда жүр.

Мұнан кейініректе Бұқарбай батыр Сейіл батыр екеуі бірге əлім
елдерінің өтініші бойынша Ұлытау наймандарына барып, барым-
тада кеткен мың жылқы, өлген 4 жылқышының құнын даулап
алып қайтқан. Бұл үлкен елшілік қызмет деп қаралған. Онда

Бұқарбаймен майданда бірге болған Найман Құтбай батыр 100 үй
тігіп, Табынның екі батырын қарсы алуы едəуір тарихи оқиғалар
қатарына саналған. Өткенде қарым-қатынасында кикілжің болған
екі ел, Əлім мен Табынның оңтайлы істердің үстіне табысуының өз

кезінде үлкен тəрбиелік мəні болғанға ұқсайды.
...Бұқарбай батыр ертеңгісін ішігін жамылып дəретке шы ғып,
қайтып келе жатып, ат ерттеп, қоржын-қолаба салып жатқан бала-
сы Алданазарды көріп:

– О, би, бір жаққа талап етіп жатқанға ұқсайсың ғой? – деген.

– Ия, отағасы, сізге барып батаңызды алайын деп жатыр едім.

– Ау, біз де жол жүргелі жатырмыз ғой, – депті. Алданазар би

сөз сабағын аңғарып жол жүрмей қалған. Батыр осы кештен бастап
науқастанады. Бұрын-соңды ыңқыл-сыңқылы жоқ, тек жасы жетіп,
кəрілік кірген адам тосыннан ауырған соң ел демін ішіне тартып
қалған еді.

Елдің игі жақсылары біртіндеп келе бастаған. «Бұқарбайдың ал-
ты күн арыздасуы» деген əңгімелердің осы күндерден қалған түрі
бар. Батыр көз жұмған соң Арқада болыс, үлкен баласы Көтібарға
тұла бойын тырмыштап, құрмен таңған шапқыншы аттандырылған.

Пайдаланылған əдебиеттер: 1. Сатаев А. Қазақ батырлары. 1991. 2. Бекмаханов Е. Қазақ ССР тарихы. 1-том. 1949. 3. И.В. Аничковтың очеркі. 1894. 4. Республика Ғылым академиясының қолжазба қоры, 1339-пап-

ка, 18-бет. 5. Орынбор облыстық мемлекеттік архиві. 6-қор, 10-тізбе, 6280-іс,

1-парақ. 6. Орынбор облыстық мемлекеттік архиві. 6-қор, 10-тізбе, 6313-іс,

78-79-парақтар.

7. Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік архиві. 4-қор,

1-тізбе, 3632-іс, 38-парақ. 8. А.И. Макшеев Сырдарияның төменгі сағасының сипаттамасы.

С.-Петербург. 1856. 9. Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік архиві. 4-қор,

1-тізбе, 416-іс, 244-245-бет. 10. А.И. Макшеев. Түркістанның тарихи сипаттамасы жəне орыс-

тардың оған басып кіруі. СПБ. 1890 ж. 11. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық архиві, 384-қор,

1-тізбе, 9-іс, 2-парақ.

САЙЫН ДАЛАНЫҢ САРДАРЫ

1. Баһадүр Бұқарбай

Биыл тəуелсіздігіміздің 20 жылдығын кеңінен атап өткелі отыр-
мыз. Ұлт тарихына алтын əріппен жазылып қалар бұл айтулы
мереке біздер үшін айрықша қымбат, айрықша қастерлі. Өйткені
азаматтық жолында мың өліп, мың тірілсе де, ұлан-ғайыр жері мен

имандай ұйыған елінің тұтастығын көзінің қарашығындай қор-
ғап өткен ата-бабаларымыз осынау жан жадыратарлық шуақты
күн ді қаншама жыл дар бойы сарыла, зарыға күтті десеңізші?! Та-
рихшыларымыздың пайым дауынша, тек соңғы бірер ғасыр кө ле-

мінде ғана қазақ халқы 360-тан астам қанды шайқастарды бастан
өт керген екен.
Əйтсе де, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің
маңызы да, салмағы да, төл тарихымыздан ойып алар орны да

ерекше. Неге десеңіз, аталмыш алапат айқас алдына қойған ар-
ман-мақсатының айқындылығымен де, ауқымдылығымен де күл-
лі Алашты ортақ мүддеге жұмылдыра білген жалпыхалықтық си-
патымен дараланып тұрады. Бүгін біз қалың қазақты атқа қон дырған

осынау ұлт-азаттық көтерілістің бас сардарларының бірі, ақтық
демі біткенше Кене ханның ең сенімді серігі бола білген мыңбасы
Естекбайұлы Бұқарбай баһадүр жайлы сыр шерткелі отыр мыз.
Ахат Жанаев,

Қазақстанның құрметті журналисі,
Қазақ радиосының үздігі

Бұқарбай батыр 1812 жылы, яғни орыс-француз соғысы тұсында Жалағаш ауданындағы осы күнгі өзінің есімімен аталатын ауылда өмірге келген. Əкесі Естекбай ел-халқына өте сыйлы, тілге шешен, қоғамшыл, қайырымшыл, саятшыл, сері кісі болған деседі. Қазақта «Жақсыны бір жапырақ еттен қысады» деген ежелден келе жатқан сөз бар ғой. Сол айтқандай, Естекбай бабамыздың да перзенттері тұрмай, қырқынан шығар-шықпастан шетіней берсе керек. Əйтсе де, абыз ақсақал табиғатына біткен сабырлылығымен ақжарылқап күн туар сəттен үкілі үмітін əсте үзбейді. Бірде дастарқан басында бас қосқан ел ағалары «Ізденген жетер мұратқа» деген сөз бар ғой халқымызда. Өткенге салауат, қалғанға берекет, шырағым. Кезінде сопылық ағымның ірі ғұламасы атанған Бақуадин əулиенің басына барып зиярат етіп қайтсаң қайтеді. Өзіңмен бірге келінді де ала кеткейсің. Қанша перзент беремін десе де бұл жаратушы иемізге қиын шаруа емес қой. Біздің білуімізше, ол жақтан ешкім де құралақан қайтып жатпағанға ұқсайды. Алла жар болып, ниеттеріңді қабыл етсін» деп ағынан жарылып, ақ батасын берген көрінеді. Сонымен Естекбай бабамыз құдай қосқан қосағы Зағипа анамыз екеуі сауда керуеніне ілесіп, араға бірер апта салып Бақуадин əулиенің басына келіп түнейді. Мал шалып, құдайы садақа таратады, өлі аруақтарға дұға бағыштайды. Сол күні түсінде аса таяқты, ақ сəлделі ақсақал аян береді: – Шырағым, пейілің пəк, жүрегің таза тəубешіл жан екенсің, осының үшін де Тəңірім саған бек риза. Алладан он перзент сұрайсың ба, əлде соларға татырлық біреуін қанағат тұтасың ба? Қуанғаны соншалық, жалғыз шарананың тырнағына зар болып жүрген Естекбай атамыз: – Бізге сол бір түйір ұлыңыз да жетіп жатыр ғой, тақсыр, – депті. – Онда бұл ұлың біреу болса да, бірегей болып ержетер. Атағы алты Алашқа жайылар хас батыр болар. Иншалла, ұзақ жасар, əумин, – десе керек. Араға жыл салып, жарық дүниеге келген нəрестеге əкесі Бұқарбай деген есім береді. Ертерек есейсін деп оны кішкентайынан-ақ ша бандоздық өнерге баулиды. Ал саятшылығы өз алдына ғой. Буыны бекіп, бұғанасы қатпай жатып өмірі жауырыны жерге тимеген түйе палуанды жығып, бас бəйгеге бір үйір жылқыны айдап қайтады. Осыдан кейін-ақ оның алпауыт күш иесі ғана емес, қасқағым

сəтте-ақ қарсыласын қапы қалдырып кетерлік айлакерлігі, көз ілеспес шалт тығы ауыл-аймаққа түгел жайылып кетеді. Атақ-даңқы үш жүзге мəшһүр Сəркенің немересі Байқадам батыр: – Мынау тірі болса, болайын деп тұрған бала екен, енді мұны əскери өнерге баулиық, – деп оны өзінің жасағына қосып алады. Інісінің ат құлағына ойнай білерлік шабандоздығы, найзагерлігі, қысылшаң сəттерден оп-оңай жол тауып кетерлік тапқырлығы, жүректілігі қатты ұнайды. Сəрке «Атаңның жолын берсін» деп ағынан жарылып, ақ батасын береді. Ағасының лебізі қабыл болып, баба мыз бертін келе күллі қазақтың жоғын жоқтап, жанына жалау болар хас батыры болып қалыптасады. Сөйтіп жүргенде 1836 жыл да келіп жетеді. Бұл кезде бабамыз небəрі 24 жаста екен. Сол жылдың жадыраған жазында Жалағаш жеріне Кенесары бастаған мəртебелі меймандар ат басын тіреп, Дəуім бай өзегінің жағасына келіп жайғасады. Құшақ жая қарсы алған ел ағаларына бас қолбасшы алдағы жылдары бастау алғалы тұрған ұлт-азаттық көтерілісіне Кіші жүз халқы арасынан ел намысын қорғай білер сарбаздар іріктегелі келгенін жеткізеді жəне осыған жан-жақты қолдау көрсетулерін өтінеді. Қашаннан қонақжай халық емеспіз бе? Мұның үстіне атақ-даңқы жер жарған Абылай ханның немересі əдейілей сауын айта келген соң ел қорғау ісінен кім қалыс қалар дейсіз. Алғашқылардың бірі болып Бұқарбай бастаған ел азаматтары қабылданды. Бұлардың шабандоздығы да, найзагерлігі де, ең бастысы, жұмылған жұдырықтай ауызбіршілігі Кенесарының ойынан шығады. Олар бір ай бойы бас қолбасшының сүзгісінен өтіп, жоғары бағасын алады. Кенесары бастаған меймандар қас қарайып, ымырт үйрілгенше Сыр бойы жігіттерінің əскери жаттығуларын қызықтаса, қалған уақыттарын əн-жыр тыңдауға, айтыскер ақындардың айшық ты өнер лерін тамашалауға арнайды. Жыр додасында оза шауып, бас бə й гені қанжығасына байлаған қаршадай баланың өткірлігі мен қиын нан қиыстырар сөз саптауы Кенесарыға қатты ұнады. Мақамы қандай десеңізші?! Төкпе жыраудың нағыз өзі дерсің! Күні ертең-ақ жорық жыршысы болуға сұранып-ақ тұрған бұл бозбала жалағаштық ашамайлы Керейт Нысанбай жырау болатын-ды. Осы сапарын-

да айтулы ақын атанып, ханның ақтық демі таусылғанша небір тар
жол, тайғақ кешулерді бірге өткеріседі. Нысекең тəуелсіздігіміз
жолындағы табанды күрескер ғана емес, «Кенесары – Наурызбай»
атты көлемді тарихи дастан да жазған. Заманымыздың заңғар жа-

зушысы Мұхтар Əуезовтің Нысанбайды Абылай заманындағы Бұ-
қар жыраудан кейінгі «жалынды жорық жыршысы» деп жоғары
баға лауы да тегін болмаса керек.
Нысанбай жыраудың тарихи дастаны мен ғұлама ғалым Ермұхан

Бекмахановтың монографиясына тереңірек үңіліп, зерделер бол-
са ңыз, Кенесары хан жасағының тек орыс отаршыларымен ғана
емес, өзімізбен іргелес жатқан Хиуа, Қоқан хандықтарымен де аяу-
сыз шайқасқанын көресіз. Арасында Еділ, Жоңғар қалмақтары ның

шабуылдарына да тойтарыс беріп отырған. «Өз ағам» деп əспет-
теп жүрген құдайы көршілеріміздің озбырлығын Сыр бойы жұрт-
шылығы кезінде молынан тартқан. Олар алым-салық, үсір-зекетімен
де қара халықты қан қақсатқанға ұқсайды. Сол бір ауыр күн дерді

Жанкісі есімді шайырымыз жыр жолдарымен былайша өрнек-
теген:
Ашкөздігі сарттардың
Көкжалдардан аумайды.

Қанағат жоқ, ынсап жоқ,
Алудан əсте танбайды.
Қарсы шықсаң аямай,
Қол-аяғыңды байлайды.

Түгел тінтіп үйіңді,
Қымбаттарын қармайды.
Қыз-қырқынға қырындап,
Сұлуларын таңдайды.

«Нағыз діндар – біздер» деп,
Момындарды арбайды...
Хиуалықтардың озбырлығы алым-салық, үсір-зекетімен ғана шек-
телмейді, бертін келе небір адамның тұла бойын тітіркендірерлік

қастандықтарға да барады. Алым-салық төлеуден бас тартып, қа-
рулы көтеріліске шыққан Əлім-Шөмендерді жуасыту мақсатымен
олар ақырында Жаңадария арнасын Қышбөгеттің тұсынан тас қып
бөгеп тастайды. Осылайша мол сулы арнаның төменгі жағына қо-

ныс тепкен қыруар мал-жанды қырып жіберуді ойлайды. Қашан-

нан төсекте басы, төскейде малы қосылып, бір-бірімен құдандалы
жекжат дегендей бір-біріне тілеулес ағайындар емес пе? Бұқарбай
батыр бұған шыдап отыра алмайды. Мұның үстіне қанды көйлек
қаруласы, жақсы көретін ағасы Жанқожа батырдың өтініші жəне

бар. Суыт атқа қонып, бөгетті жығуға аттанады. Бөгетті күзетіп
тұрған бірнеше жүздеген қаскөйлерін тұтқындап, əлгілердің өз де-
рі не шіреп тұрған суды жыққызып, көңілін бір демдеп қайтады.
Кейін осы бір аса маңызды иінді күзету, қатаң бақылауда ұстау

ба тыр бабаның құзырына көшіріледі. Бұл жерде біз Жанқожа мен
Бұқарбай батырлардың ортақ жауға тізе біріктіріп, əрқашан да
бірлесе тойтарыс беріп отырғанын көреміз. Бұл хикаяттар жер-
лесіміз, көрнекті жазушы Зейнолла Шүкіровтің «Сыр бойы» атты

романында да əдемі көрініс тапқан.
Бізге жеткен дереккөздерге қарағанда бабамыздың жүректі-
лігі соншалық, тіптен қылышынан қаны сорғалап тұрған хан-
дардың да қаһарынан қаймықпаған. Қара қылды қақ жарарлық

туабітті сол турашылдық қасиетінен əсте айнымаған. Мұны өзімен
қарулас болған қанды көйлек жолдастары Арғын Ағыбай да, Əлім
Жанқожа да, Қыпшақ Жаназар да, сондай-ақ сарай ақыны, жерлесі-
міз ашамайлы Керейт Нысанбай жырау да жоққа шығармаған. Ке-

не ханның туған қарындасы, алым-салықпен айналысатын, арнайы
жасақтың қолбасшысы Бопай ханымға кезінде бабамыздың да көңілі
ауған сыңайлы. Мұның өзі ақырында қызу қанды Наурызбайдың
намысына тиіп, қапысын тапса, қалай да Бұқарбайдың көзін жоюға

ұмтылады. Бірақ қанша оқталса да, жүрегі дауаламай-ақ қойған.
Өйт кені «Аққа құдай жақ» демекші, біріншіден, бабамызды Бұ-
қардағы Бақуадин əулиенің аруағы, екіншіден, екі иығындағы қос
жолбарысы қызғыштай қорғап, қарсыластарының сілтеген қылы -

шын да, найзасын да қағып тастап отырған. Мұны кейін Нау рыз-
байдың өзі де мойындап, қарулас ағасынан кешірім сұраған көріне-
ді. Бұл жерде Кене ханның да «Ер шекіспей бекіспес» деген сөз
бар, Науанжан, басқа-басқа, Бұқарбайдың орны біз үшін бөлек қой,

аруағы да басым, одан айырылсақ, былайғы күніміз не болмақ?» де-
ген ескертпесін де жоққа шығара алмаймыз. Қанша айтқанмен, ет
пен сүйектен жаралған жұмыр басты пенделердің де, мұның ішінде

хан дардың да жаза басатын сəттері болады екен. Сөзіміз дəлелді болуы үшін бір мысал келтіре кетелік. Бəйбішесі Күнімжанның айдап салуына еріп, Кене хан Бұқарбай батыр жорықта жүргенде Ақмырзаның (Жанқожа батырдың туған ағасы) аруағын аяқасты етіп, Фатима есімді қаршадай қызын қойдың соңына салып қояды. Бұл батыр бабамыздың қатты ашу-ызасын тудырады. Қаны қызып, хан ордасына омыраулай кіріп, не айтса да, қиыннан қиыстырып айтар шайырлығымен былайша бастырмалатып əкетеді: Ей, хан Кене, Қыздырма менің тілімді, Қаздырма менің түбімді. Сыртыңа салып түгіңді, Бастама жаман ырымды. Қара қазақ қозғалса, Езуіңнен жиып күлкіңді, Айтқызбай тыяр жырыңды. Сыртымнан өлім бұйырып, Соншама неге бүліндің? Қыз дегенді жау да алар, Өлтірмек түгілі сен менің Қисайта алмайсың қылымды. Қолыңнан келсе істеп көр, Жанқожа мен Сейілдің Өздері-ақ алар құнымды... «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» дегендей сол сəтте Кене хан айтарға уəж таппай, үнсіз отырып қалса керек. Алаштың небір жүрек жұтқан хас батырларын бір тудың ас тына біріктіре білген Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің (1837-1847) аяқталғанына биыл 164 жыл толғалы отыр. Арада бір жарым ғасырдан астам уақыт өтсе де, оның мəн-мағынасы тəуелсіздігіміздің арқасында жаңа бір қырынан жарқырай түсуде. Кешегі Кеңес дəуірінде орыс тарихшылары Кенесарыны «ұлтшыл, бүлікшіл, баскесер» деп жерден алып, жерге салып жатты. Осы тақырыпқа тұңғыш рет ғылыми диссертация қорғаған Е. Бекмаханов ағамыз Итжеккенеге айдалып кетті. Кене хан тұқымы да қуғынсүргіннен көз ашқан жоқ. Бұқарбай бабамызды да ауызға алуға

батылымыз бармады. «Аққа құдай жақ» демекші, қазіргі күні сол бір
арыстарымызды жалған жаладан арашалап алып, тарих сахнасына
қайта шығарып жатқан жайымыз бар. Бұған да шүкіршілік дейік,
ағайын!

Сан ғасырлар бойы өз құзырындағы бұратана халықтарды ашса-
алақанында, жұмса жұдырығында ұстап, шексіз билігін жүргізіп
келген орыс отаршыларының азаттықты аңсаған Кенесары сынды
арыстандарды да, əлбетте, уысында ұстауға жанталасып-ақ бағады.

Бірақ елдің қамын жеген ұлтжанды азаматтар мұндай озбырлыққа
көнгісі келмей Кенесары туының астына топтасады. Осылайша
қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліс кең қанат жая бастайды.
Əу бастан мың қаралы сарбаздан құралған шағын əскер бертін

келе құрамы 20 мыңдық жасаққа жетеді. Ресей сияқты алпауыт
елмен айқасудың оңай шаруа емес екенін іштей сезсе де, осындай
тəуекелге баруына тура келеді. Сонда ол қауқарсыз қаруына емес,
қалың елі – қазағына, қиямет күнінде де қасынан табыла білетін

Ағыбай, Бұқарбай жəне Наурызбай сынды хас батырларына сенген
еді. Озық ақыл-ойы, парасаты, айлакерлігі, соғыс тактикасын жетік
меңгергендігі арқасында жорық жолын үнемі өзгертіп, соңына шы-
рақ алып түскен Ресейдің жазалаушы отрядтарын сан мəрте сазға

отырғызып, көп шығынға ұшыратады. Кенесарының мұндай өшпес
ерлігін, тіптен қарсыластары да мойындауға мəжбүр болған. Бұл жө-
нінде орыс тарихшысы Н.Н. Середа «Кенесары өз жақтастарының
ықыласына лайықты билеуші бола білді. Ол басқарған жасақтар

рухының жоғарғылылығына еуропалық əскердің қай-қайсысының
болмасын қолбасшылары қызғана қарайтын еді... Кенесары өзі-
нің жойқын шабуылдары кезінде жолындағысының бəрін тып-
типыл ететін дүлей дауыл сияқты құйғыта жөнелетін. Алдынан

қандай кедергі кездессе де бөгелмейтін. Қайта, керісінше, барлық
тосқауылдар мұның топан судай арындаған қуатының алдында
түгел күйреп бітпейінше оған еш тоқтау болмайтын. Кенесарының
бойындағы осы қадір-қасиеттерін біздің көшпенділер жоғары баға-

лайтын жəне оның сардарлары өз қолбасшысына шексіз беріліп,
шын жүректерімен оны қатты құрметтеуші еді» дейді. Ал орыс
зерт теушісі В.А. Потто «Қырдағы жорықтар хақында» (1872) атты
кі табында «Кенесары көтерілісі кең ауқымды жəне бірауыздылық

сипатқа ие болды. Сондықтан да оны ауыздықтау оңайға түспеді.
Мұның үстіне бүлікті өте өжет, аса дарынды жəне асқан жігерлі
адам басқарды» деп жазған еді. Мұның бəрін біз кезінде «Қа зақ-
тардың Шамилі» атанған Кене ханға да, оның Бұқарбай сынды

сайыпқыран сардарларына берілген əділ баға деп түсінуіміз қажет.
Қазақтың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаев «Алашта талай-талай ер-
лер өткен, ерлерде Кенекеме кім бар жеткен» деген жыр жолдары
да дулығалы дала перзентінің абырой-беделін одан əрі асқақта тып

тұр ғандай.
Ресей патшалығы қазақтың ең шұрайлы деген аймақтарына өр-
мекшінің ұясындай өз əскери бекіністерін орналастырып қана қой-
май, бұл жерлерге славян отбасыларын бала-шағаларымен көптеп

көшіріп əкеле бастаған. Əлгілерді ынталандыру мақсатымен əрбір
отбасына 65 рубль қайтарымсыз қаржы бөліп, алғашқы 2 жыл бойы
оларға тегін азық-түлік беріп отырған. Ер кісілер 8 жыл мерзімге
əскери міндеттерден босатылған. Жеке баспана тұрғызып алуы

үшін 20 рубль қарызға, 100 бөрене тегін берілген (ООМА, 306-қор,
1-тізбе, 232-іс.)
Бір ерекше атап өтер жай, əлгі қыруар қаржы қазақ шаруалары-
нан күштеп жиналған алым-салық есебінен жүргізілген. Əне, əді-

летсіздік дегеніңіз қайда жатыр?!.
Ресей патшалығы 1730-1740 жылдары жасалған келісім-шарт-
тардың екеуін де орындамай, алғашында Орынбор, Троицк, Адыр-
лы, Орск, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен бекіністерін тұр-

ғызса, Абылайхан дүниеден өткен бойда ішке тереңдей еніп, Ырғыз,
Торғай, Ақмола, Көкшетау, Ортау, Қарқаралы қамал дары мен
қазақ жерін құрсаулай бастаған. Міне, осы бір бас қын шы лық
саясат Кенесары мен оның сардарларын суыт ат қа қондырған. Ке-

несары ақ патшаға жолдаған жеделхаттарының бі рінде «Есіл, Нұ ра,
Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Тобыл, Қосмұрын атам заманнан бері өз
жеріміз еді. Бəрін тартып алып, мықты бе кіністермен қор шап ал-
дыңыздар. Енді қару алып, атқа қонбасқа бізде өзге жол қалмады»

деп өз ойын ашық білдірген.
Белгілі ғалым Е. Бекмаханов «Қырмен арадағы уақытша бі тім
сол 1842 жылы Горчаков тарапынан заңсыз бұзылды. Есаул Сот-
ников басқарған Сібір отряды Кенесарының ауылдарын шауып,

көп малды айдап əкетті жəне Кенесарының əйелі Күнімжан ды тұтқындап əкетті. Көп ұзамай Сібір отряды Кенесарының «Ақсақалтөбедегі» көшіп-қонып жүрген ауылдарын ойрандайды. Абайсыз отырған елді қанға бояп, 100-ге жуық адамды дарға астырып, 1000 түйе, 3000 жылқы, 10000 қой мен 25 адамын тұтқындап, өздерімен бір ге ала кетеді» деп жазады (Қазақстан XІX ғасырдың 20-40 жыл дарында. Алматы, 1994 жыл. 261-бет). Батыр бабамыз 10 жыл бойы қашан Кенесары ханның ақтық де мі біткенше азаттық туының астында арыстанша айқасады. Бұқарбай батырдың Ұлқаяқ, Бұланты, Жыланшық өзендерінің бойындағы өшпес ерліктері мен Созақ, Ақмола бекіністерін бағындырудағы əбден ысылған, шын болаттай ширыққан өр түлғасы əрі кəнігі əскери қолбасшыларға ғана тəн ойлы іс-қимылдарын Кене хан əрқашан ризашылықпен еске алып, өзге сардарларға үлгі-өнеге етіп отырған. Мысалы, орыс офицері Карбышев басқарған Ақмола бекінісін тізе бүктіру өте қиынға түскенге ұқсайды. Терең ормен, биік те қалың дуалдармен тұмшаланған бекіністі аузынан от бүріккен ауыр зеңбіректер болмаса, өзге қарумен басып алу мүлде мүмкін емес-тін. Бұқарбай, Басығара батырлар бастаған жасақтар бұған да айла-амал табады. Олар өз сарбаздарына ұшына майлы шүберектер оралып, от тұтатылған жебелермен атқылауға бұйрық береді. Осылайша бекініс ішінде жан түршігерлік өрт пайда болып, орыс əс керлері амалсыздан тізе бүгеді. Өкінішке орай, осы кескілескен шайқаста Басығара батыр мерт болады. Əлбетте, батыр бабамыздың 10 жылға созылған жорық жылдары мен өшпес ерліктерін бір мақалаға сыйғызу əсте мүмкін емес. Біз бұл мақаламызда батыр бабамыздың тəуелсіздік жолындағы табанды күресінің кейбір сəттері жайлы ғана сыр шерттік. Ал ол кісінің екі таңбалы Табынды отырықшылыққа бейімдеп, үлкен Нұраның бойынан 25 шақырымдық жарма қаздыртып, егіншілікке бет бұрғызуы, ақтық демі біткенше билік құрып, ел-жұртының ынтымақ-бірлігін сақтаудағы өлшеусіз еңбегі қаншама десеңізші?! Бұл өзінше бір пара дүние.

2. Нар тұлға

Бағзы заманда бір ойшыл «Өмірден өтіп кеткен жақсылары мыз
бен жайсаңдарымыздың, алыптарымыздың аруағын ұлықтап қана
қоймай, олардың жақсылықтары мен сауапты істерін кейінгі ұр-
паққа үлгі-өнеге етіп қалдыру өзіміз сияқты тірі жүргендер үшін

қасиетті парыз болып қала бермек» деп өсиет қалдырса керек. Сол
айтқандай, тəуелсіздік алғалы тарих тереңіне бойлап, өлгенімізді
тірілтіп, өшкенімізді қайта жаңғыртып жатқан жайымыз бар. Ұзақ
жылдар бойы өшпес ерлігін дəріптеуді айтасыз-ау, тіптен есімін

ауызға алуға да батылымыз бармаған біртуар баһардүріміз, бүкіл
саналы ғұмырын жаугершілікпен ат үстінде өткізген арысымыз
Ес текбайұлы Бұқарбай бабамыздың тарих сахнасына қайта орал-
ғаны на 20 шақты ғана жылдың жүзі болған екен. Бұған дейін

кешегі Кенесары Қасымұлы бастаған кең ауқымды ұлт-азаттық
көтеріліс жəне оның Бұқарбай сынды сарабдал сардарлары да аяу-
сыз тұншықтырылып келген-ді. «Ақтың отын арамза өшіре ал май-
ды» демекші алмас қылыш қашанғы қын түбінде шыдап жат сын.

Тəуелсіздік таңы атқан бойда жарқырап шыға келген-ді.
Бұқарбай бабамыз осыдан тура 200 жыл бұрын қазіргі Жала ғаш
ауданының көлемінде, осы күні өз есімімен аталатын ауылда өмірге
келген. Өз əкесі Естекбай да, арғы атасы Құдайсүгір де ауқатты,

дуалы ауызды, сыйлы кісілер болғанға ұқсайды. Табын тайпасының
сол кезеңде төрт тірегі болса, соның бірі осы Құдайсүгір болған
деседі. Нағашы атасы Жақап Табын Бəйтен де осал болмаған. Қол
бастар көсемдігімен де, сөз бастар шешендігімен де аты шыққан.

«Əділдік іздесең, Бəйтенге барып жүгін» деген сөз асылы бекерге
айтылмаса керек.
Ертеректе Бекасыл əулие «Тектіден текті туады, тектілік тұ қым
қуады» деген екен. Сол айтқандай, біздің батыр бабамыз да осындай

текті əулеттен тараған тұяқ. Əуелі құдай, содан соң Бұқарадағы
Бақуадин пірі қолдап жарық дүниеге келген нəресте кішкентайы-
нан ат құлағында ойнап өседі. Буыны бекіп, бұғанасы қатпай жатып
бір үлкен аста түйе палуанның жауырынын жерге тигізіп, бас бəй-

гені олжалап қайтады. Осы оқиғадан соң, оның атақ-даңқы ауыл-
аймаққа тез жайылып кетеді. Көп ұзамай оны əскери өнерге баулу
үшін Байқадам батыр өз жасағына қосып алады. 17 жасқа толар-тол-

мастан-ақ жекпе-жекке шығып, Қоқанның ба тырын жайратып тастайды. Осы орайда батыр бабамыздың көзін көріп, кезінде табақтас болған қармақшылық шайыр Шегебай Бектасұлының мына бір жыр шумақтары еріксіз ойға орала береді: Жасқанып жаудан көрмеген, Намысты қолдан бермеген. Бір Аллаға сыйынып, Найзасын жауға сермеген. Садағының оғынан Өтпеген жауы көлденең. Байқадам мен Бұқарбай, Қабан, Сейіл, Елқонды, Айта берсең тағы бар. Атойлап олар ат қойса, Тас қамалың да алынар. Айтып-айтпай не керек, Туымды ұлдар тудырған Табындардың бағы бар... Кенесары көтерілісінің туындауына нендей себептер болған еді? Енді соны азырақ тарқатып көрелік. Жалпы қандастарымыз дың патшалық Ресейге тəуелділігі ХҮІІ ғасырдың 30-шы жылдары нан бастау алып, толыққанды отарға айналуы ХІХ ғасырдың І-ші жартысында аяқталған-ды. Ресейдің қазақ жеріндегі əскерінің жалпы саны 1825 жылдың өзінде 526 мыңға жеткен еді. Бұл осы кездегі Кіші жүз халқының тең жартысына пара-пар болатын. 1839 жылғы деректер бойынша сонау Өскеменнен Орскіге (Жаманқала) дейінгі аралықта 15 мың шаршы шақырымдық шұрайлы алқап Ресейдің құзырына көшіріліп, бұл жерлерге негізінен Дон казактары, яғни қарашекпенділер қоныстандырылған еді. Ал əскери бекіністердің ұзын саны 30-ға жеткен-ді. Кіші жүз қазақтарынан шаңырақ салығын жинау жөніндегі жарлыққа орай 1837-1844 жылдар аралығында батыс өңірден 120 мың сомға жуық қаржы жиналған. Ал төрт түлік мал екі бастан ғой. Жазалаушы отрядтар тек Байбөрі болысынан 12 мың бас қой, 2 мың жылқы, 1500 ірі қара, мың қаралы түйені айдап кеткен. Елді аштық жайлаған... (А. Левшин. ІІІ бөлім, СПб, 1832. 90-б). Шекара шебінің шенеунігі Любимовтыңмына бір жазбасы да кө ңіл аударарлықтай. «Шепті бойлап жүргенімізде шұрайлы жерлерінен 4-105

айырылып, ашыққан, қалжыраған қазақтардың ауыр халін көріп, жа ғамызды ұстадық». Билік басында отырғандардың тəкаппарлы ғы соншалық, қарапайым халықты айтасыз, тіптен Кенесары жолдаған хаттардың өзіне жауап қайтаруды ар санаған сыңайлы. Мұны анық аңғаруға болады. «Қырдағы тəртіпсіздіктің басты ұйытқы сы Кенесарымен келіссөз жүргізуді өзіме мін санағандықтан, əрі оның патша ағзамға құлдық ұрып, келешекте де көне беруін ұқтыру үшін хаттарын жауапсыз қалдырдым». Мұн дай астамшылықты П. Горчаковтың «Азаматтармен келіссөз жүргізгенде үрей туғызу – табысқа жетудің ең маңызды тəсілі» деген ашық пікірі де айғақ тап тұрғандай. Қазақта «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады», «Іштен шық қан жау жаман» деген қағидалар бар. «Өз ағам» деп əспеттеп кел ген ала тақиялы ағайындарымыздың да бізге деген пиғылы арам бол ған. Ұсақ саудасы мен ислам дінін уағыздауды желеу етіп, ішке дендеп кіріп алған əлгілер қонақжай қазақтардың қанын теспей сора бастайды. Бұл жағдай Кенесарыны қатты алаңдатады. Осыған орай Ташкент құшбегімен одақ жасасуға асығып, ол жаққа ағасы Саржанды аттандырады. Өкінішке орай, ала тақиялылар опасыздық жасап, алдымен Саржанның, араға бірнеше жыл салып, осындай игі мақсатпен келген əкесі Қасымның, сондай-ақ бауырлары Есенгелді мен Əлжанның көзін жояды. Осылайша іс насырға шабады. Сөйтіп, өзбектерден де күдер үзген соң, Кенесарының суыт атқа қонбасқа амалы қалмайды. Кенесары 1838 жылы өз елшілерін Батыс Сібір генерал-губернаторына да аттандырып, Ақтау, Ақмола бекіністерін жойып, Омбыдағы тұтқындардың тез арада босатылуын талап етеді. Бірақ орыс əскерлері бұған да құлақ аспай, аяқсыз қалдырады. Елшілерін темір тордың ішіне тоғытады. Міне, осы жайлардың бəрі қордала на келе оны суыт ұрыс даласынан бір-ақ шығарады. Əңгіме Ақмола бекінісі дегеннен өрбиді. Кенесары сарбазда ры 1838 жылдың тамыз айында оны қоршауға алып, апта бойы кескілескен ұрыс жүргізеді. Осы қанды шайқаста Бұқарбай батырдың жасағы ерекше ерлігімен көзге түседі. Қалыңдығына құшақ жетпейтін қыш дуалдармен мықтап қоршалған қамалды тізе бүктіру оңай емес-тін. Айнала кісі бойындай етіп қазылған терең ордан

адам түгілі жараулы аттардың да өтуі аса қиын болатын. Биік қыраттың ұшар басына тұрғызылған бекіністен от бүріккен ауыр зеңбіректер дің маңайына жақындау да мүмкін емес еді. Қалай да мұның бір ама лын табу керек-ақ. Бұқарбайдың тапқырлығы арқасында, ақыры, оның да тəсілі табылады. Ұшына майлы шүберек оралып, от тұтатыл ған жебелер бекініс ішіне қарша боратылып, артынша күллі қамал жан түршігерліктей отқа оранады. Гарнизон бастығы Карбышев пен Қоңырқұлжа Құдайменді əупірімдеп құтылып кетеді. «Кенеса ры – Саржан» дастанынан осы оқиғаға орай мынадай жыр жолдарын оқуға болады: ...200-дей күренді (солдатты) Бір өзі қырып Бұқарбай, Шүйлікті бейне қырандай, Айнала шауып бір апта Ақмола үстін шаңдатты. Қағындысын қаққандай Босағасын қандатты. Қанға бояп кəпірді, Шулаған ғып зарлатты. Хас батырлығын аңдатты... Батыр бабамыз бірнеше аптаға ұласқан Созақ пен Сауран маңындағы шайқастарда да қолбасшылық қабілетімен айрықша беделге ие болған деседі. Батыр бабамыз соғыс өнерін өте жетік білетін əскери қолбасшы ғана емес, ел мен елді бітістіретін, татуластыратын мəмлегерлігімен де, қара сөзге қаймақ тұрғызар шешендігімен де, көш бастар көсемдігімен де үш жүзге кеңінен танымал болған кесек тұлға. Бұл кісінің өз жанынан өлең құрастырар шайырлығы да, жыраулығы да мол болғанға ұқсайды. Бұған ел арасында асылдың сынығындай болып сақталған айшықты жырлары да куə бола алады. Əңгіме мəмлегерлік дегеннен шығады-ау. Дəл осы сəт менің ойыма осыдан 27 жыл бұрын батыр бабамыздың көзі тірі ең соңғы немересі Ахметбай Алданазарұлынан естіген мына бір хикаят орала кетті: – Ел болған соң ағайын арасында араздық та, өкпе-наз да, келіспеушілік те болып жатады ғой. Жер дауы, жесір дауы, құн дауы

дегендер де аз болмаған. Ал барымта дауы екі бастан ғой, – деп бастаған-ды əңгімесін сексеннің сеңгіріне шыққан шежірелі қария. Осының бəрін билер мен дуалы ауызды беделді кісілер назарда ұстап, əлгі дау-дамайды ушықтырмай екі жақты да сабасына түсіріп отырған. Мынау іргелес Əлім-Шөмен мен Табын жұрты қашаннан қоңсылас, төсекте басы, төскейде малы қосылып, бір-бірімен құ дан далы-жекжат болып кеткен жандар емес пе? Бірде Нұраның бо йындағы батыр бабамыздың ауылына Əлім жұртының екі игі жақсысы ке ліп, ат басын тірейді. Батыр табиғатына біткен қонақжайлылығы мен əлгілерді құшақ жая қарсы алып, құр мет көрсетеді. Өткен-кеткенді еске түсіріп, мəжіліс құрады. Əң гіме ауанынан аңғарылғанындай осыдан бір жылдай бұрын Ұлы тау маңын жайлаған наймандардың Бағаналы тайпасының ба рымташылары əлімнің 1000 қаралы жылқысын айдап кетіп, 4 ада мын таяққа жығады. Артынан қанша елші жіберсе де, маңайына жолатпаған көрінеді. Өздері еш нəрсе өндіре алмай салы суға қайы рылған əлгілер енді Бұқарбай батырдың төрелігіне, көмегіне жү гінгелі келгенін айтады. Əлгілердің ересектеуі дастарқан басында отырып: – Батыр аға, сіз біздің Жəкеңмен, Жанқожа батырмен бастас, үзең гілес, қарулас, сыйлас жансыз. «Кемедегінің жаны бір» де мекші ішер суымыз да, тыныстар ауамыз да ортақ. Туыстығымыз өз ал дына ғой. Өзіңіз 10 жыл бойы Кенесары ханның ең сенімді серігі, сардары, оң қолы болған, Ұлытауды да хан иемізбен 8 жыл бойы қыс тап шыққан жерлесімізсіз ғой. Бұл іске енді өзіңіз араласпаса ңыз, əңгіме сиырқұйымшақтанып бара жатқан секілді, – деп шағынады. Сонымен қаны қызған Бұқарбай қасына інісі Сейіл батырды жəне бірнеше атқосшыларын ертіп, суыт жолға шығады. Қайдан құлағдар болғанын кім білсін, əйтеуір, Құтбай батыр бастаған Найманның игі жақсылары табиғаты əсем деген алаңқайға ақбоз үйлер тіктіріп, меймандарды құшақ жая қарсы алады. Елдің ең беделді деген атқамінерлері бас қосып, əңгіме-дүкен құрады. Бірақ батылдары жетпеді ме, əлде мұны əбес көрді ме, кім білсін, меймандардың шаруаларын сұрай қоймайды. Бұлар да тіс жарып ештеңе демейді. Елге ат басын бұрар шақ та жақындайды. Енді

келген шаруаларын айтуға тура келеді. Əңгімені Бұқарбай батырдың өзі бастайды. – «Түбі бір түптейді» деген ғой бізден бұрынғылар. Сол айтқандай, түбіміз бір халықпыз. Сұраса келе қарын бөле болып шығамыз. Бұл да туыстық нышаны болар. Мұның үстіне Кіші жүз шаңырақ иесі болып есептеледі. Жасы кіші болғанымен, өзгелерден жолы үлкен. Біреу білер, білмес, осы отырған наймандардың көпшілігімен күні кеше ғана Кенесары хан жасағының құрамында 10 жыл бойы қарулас болдық, бірге шайқастық. Бұл аз десеңіздер, кезінде Найман ның əрі батыры, əрі биі болып өмірден өткен Толыбай ақсақал менің Зағипа есімді анамның туған апасы Нəзипаның отағасысы болып келеді. Төкең тірі болса, сендердің өз қайын жұртына жасаған мұндай қиянатын ешқашан да кешпес еді. Тіптен айтуға ауызға ұят-ақ. Өткен жылы Əлім ағайындардың мың қаралы жылқысын барымталап əкетіпсіздер. Мұнымен шектелмей төрт бірдей жылқышысының қанын мойындарыңа жүктепсіздер. Бұл не сонда, басыну ма, əлде жылқылардың жал-жаясына тойып алып, тасыну ма? Оу, ағайын, айдың күні аманында бір-бірімізді осылайша жауша талайтын болсақ, өзге жатжұрттықтар не істемек? Сендерсіз де Сыр бойы қазақтарына Хиуа мен қоқандықтардың қарақшылық əре кеттері мен қанды шеңгелі оңай тиіп тұрған жоқ. Осындай қысылтаяң сəтте қол ұшын беріп, жылулардың орнына бұларың не, айналайындарым-ау? Ұят емес пе? Есті қазақ бүлінген жерден бүлдіргі алмаған. Ата-бабаларымыз солай деуші еді ғой. Ал мынау жаным дағы Сейіл ініме сөз берер болсам, ол менен де батырыңқырап айтары ақиқат. Бірақ ізеттілік сақтап, əліптің артын бағып отырған секілді. Бұл да шұбартөс, шынжыр балақ тұқымнан. Ұлытау өңірін жоңғар қалмақтарынан тазартуда таңғажайып ерлік көрсетіп, 44 жасында мерт болған атақты Сəрке батырдың шөбересі болады. Бұл да ата жолын ұстаған баһадүр һəм болыс. Осы Арқа өңіріндегі «Қалмақ қырылған» деген жерді білетін шығарсыңдар. Осы ғаламат шайқастардың бас қаһармандарының бірі осы Сəрке атамыз болған. Өз əкесі Байқадам да ерен ерлігімен жұрт жадында жүрген кесек тұлға, хош дедік. Атам қазақтан «Ел қорғаны батырдың көңілін қалдырма, астындағы арғымағыңның арқасын алдырма» деген ата лы сөз қалған. Мынау менімен тізерлесіп төрде отырған Құтбай батыр

менің қанды көйлек қаруласым һəм замандасым. Осымен əңгімемді доғарайын. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін енді со дан күтелік, – деп батыр бабамыз сөзін аяқтайды. Ұзын сөздің қысқасы, ұлытаулық наймандар қатты ұялыс тауып, бұлардың алдына тиесілі жылқыларын салып береді. Межелі жерге жеткізіп салу үшін жарақты деген жігіттерін де ертіп жіберді. Əлімдердің алдындағы ат-тон айыбы да, төрт жылқышының құнын да ұмыт қалдырмайды. Мəртебелі меймандардың сый-сияпаты өз алдына ғой. Сөйтіп, бұлар əлімдер мен наймандардың арасындағы кикілжіңді біржола реттеп, екі елді бітістіріп қайтады. Əне, «Елдес тірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан» деген сөздің құдіреттілігін осыдан-ақ бағамдай беріңіз. Ахметбай ағайдың пайымдауынша, батыр бабамыз жалпы мұндай ағайынаралық бітімгершілік шаруаларға көп араласа бермеген. Өйткені бұған уақыты да бола бермеген ғой. Бірақ осы жолы қарулас ағасы Жанқожа батырдың аруағын сыйлағандықтан, əрі əлгі ел асып, жер асып келген жігіттердің меселін қайтармайын деп келісімін бергенге ұқсайды. Кейін бұл тірлікті бірыңғай өзінің бел баласы, əрі би, əрі шешен Алданазарға жүктеп, өзі бақылап отырған деседі. Бұл пікірдің де жөні бар. Өйткені жасы ұлғайып қалған кісіге алыс жолға шығу да тым қиын ғой. Қорыта келе айтарымыз, батыр бабамыздың құзырындағы екі таңбалы Табын жұртының да, өзге рулардың да былайғы өмірі ауызбіршілікпен, сыйластықпен өткенге ұқсайды. Ел хиуа-қоқандықтардан түгелдей тазартылған соң, бұл жаққа көз алартушылар да пышақ кескендей сап тиылған деседі. Бізге жеткен деректерге қарағанда, батыр бабамыз «Мынау қар - ғыс атқыр қақтығыстардан құтылар болсам, ел-халықты оты рық - шылыққа бейімдеп, жарма қаздыртып, жаппай егін егуге жұ мылдырар едім. Жер де, су да бола тұрып, астықты ту сонау ит арқасы қияндағы Арқа мен Үргеніштен тасымалдауымыз тіптен қисынсыз секілді. Сол ырзықты неге өзімізде өндірмейміз? Мынау Нұраның бойы ғой тусырап жатыр. Түгін тартсаң, майы шығады. Қараөзектің деңгейі көтермейді десек, іргемізде Бегім көлі шалқып жатқан жоқ па?» деген. Батыр баба ойын 1854 жылдың көгілдір көктемінде жүзеге асырады. Екі таңбалы Табынның игі жақсыларының басын қо сып, жаңадан тартылатын 30 шақырымдық жарманың тірлік-

тауқыметін əрбір аталыққа теңдей ғып бөліп береді. Сөйтіп, сол жылдың көктемінде қар көбесі сөгіліп, тоң жібіген бойда іске қызу кірісіп кетеді. Бас-аяғы екі ай ішінде ені 4-5 құлаш, биіктігі түйелі кісінің төбесі көрінбейтіндей жарманы қазып шығарады. Елхалықтың қамбасы қызылға толып, тоғайып қалады. Жаңа арнаға су жығылар күні «Бегім көліне» иелік етіп отырған нағашы ағасы Қарға би ағынан жарылып, ақ батасын береді. Аруақ жолына мал шалынып, ата-бабалар рухына құран бағышталады. Тусырап жатқан жердің құнарлығы соншалық, егілген егін тұра қалған көрінеді. Ел-жұрт бау-бақшамен ғана шектеліп қой май, бидай, жүгері, арпа, тары егуді де үрдіске айналдырады. Бір ғажабы, сол кездегі арық-атыздардың сұлбасы əлі күнге дейін сақталған сыңайлы. Сонау 70-90 жылдары Жалағаш аудандық «Казсел хозтехника» мекемесі бұл алқапты қосалқы шаруашылыққа айналдырып, бақша өнімдеріне қарық болған көрінеді. Сонау 1993 жылдың тамыз айында осы Жалағаш жерінде дүркіреп өткен ұлан-асыр тойға Əбілда Тəжібаев сынды ақиық ақынымыз қатысып, нар тұлғалы нағашысына деген өзінің жүрекжарды ыстық лебізін мына бір жыр толғауымен білдірген еді. Біз де бүгін батыр баба жайлы мақаламызды сол толғаудың соңғы шумақтарымен түйін деуді жөн көрдік. Жетіде тағам бір татқан, Жорықты ғана ұнатқан. Тас қамалдың өзін де Қам кесектей уатқан. Жапа шеккен жандарды Жақсы сөзімен жұбатқан. Сүрінбей өткен сынақтан. Жақындатуды ғана ойлаған Ағайындардың арасын. Қасиетімен де шешендік Тəнті еткен Алашын, Бұқарбай батыр – нағашым. Жоқтан барды құраған, Егін ектірген Нұрадан. Қырманы толып қызылға, Дəн кетпеген ұрадан,

Елдің қарнын тоғайтқан, Несібесін молайтқан, Екі таңбалы Табынның Абырой-даңқын зорайтқан Бұқарбай батыр – нағашым. Ақтық демі үзілгенше елін де, жерін де қызғыштай қорғап, іргесін бекемдеп, қарнын тоғайтып, көңілін бірлеп кеткен бабамыз осы Нұралықта мəңгі ұйқы құшағында жатыр. Басына ақ кірпіштен тұрғызылған зəулім кесене алыстан қарағаныңызда алып аққуға ұқсар еді. Ал құс төресі аққу, бұл – адалдықтың, пəктіктің белгісі. Жаныңыз жəннатта, топырағыңыз торқа болғай, біртуар баба!

3. Бұқарбай батырдың тубегі Елқонды батыр Бұл қазақ не көрмеді дейсіз?! Бəрін де бастан өткерген халық қой. Өз ғұмырында мың өліп, мың тірілсе де, ұлттық рухы мен бекзат - тық болмысына сызат түсірмей, ұлан-ғайыр жері мен имандай ұйыған елін қалай аман алып қалған десеңізші?! Тіптен қайран қаласыз. Ел-жұртымыздың осы тəуелсіздік жолында жантүршігерлік небір жаугершілікті де, адам айтқысыз ауыртпалықты да аз тартпағаны ақи қат. Алайда жұмыр басты пенде түгілі нар белін қайыстырарлық осынау қат-қабат қиыншылықтар оларды тізе бүктіре алмаған. Қайта намысын қайрап, жігерін жанып, бұрынғыдан да өткірлей түскен тəрізді. Біздің бұл пікірімізді тереңдей, айшықтай түсер айғақтар да жетерлік. Сөзіміз дəлелді болуы үшін бірер ғана мысал келтіре кетелік. Бұл жерде аты шулы Шыңғысханның жойқын шабуылына тереңдеп бармай-ақ, əңгімені беріден қайырар болсақ та, біраз жайларға қанығарымыз анық. Ықылым заманнан бері қанды шайқастар мен қақтығыстардан көз ашпай келген қандастарымыздың алыс-жақындығы жатжұрттықтардан көрген езгісі мен азабы да аз болмаған. Мысалы, жоңғар қалмақтарының қан ды жорықтары 370 жылға, ал орыс отаршыларының озбырлығы 282 жыл ға созылған. Қазақтың шұрайлы жерлерін күштеп басып алу, оларға өз қандастарын жаппай қоныстандыру, əскери бекіністерді көп теп тұрғызу сияқты зұлымдық əрекеттері тым əріден бастау алып, күллі Түркістанды біржола бағындырғанша, яғни 1864 жылға дейін жалғасқан екен. Міне, осылардың бəрі қордалана келе, ушыға келе

қалың қазақты атқа қондырып, азаттық үшін айқасқа əкеліп қосқанды. Соның жарқын көрінісі кешегі Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837-1847 жж.) дер едік. Алаштың 20 мыңнан астам атпал азаматын бір тудың астына топтастыруға, Ресей сынды алып айдаһармен алысуға кез келген халықтың батылы бара бермесе керек. Кене хан, əлбетте, таразы басының тең емес екенін білмеді емес, білді. Сонда да болса тəуекелге бел буып, шайқасып бақты. Шынтуайтына келгенде, онда бұдан өзге жол да қалмаған-ды. Əдетте, қайсыбір баһадүр, қайсыбір қолбасшы болмасын жауға жалғыз шаппаған. Бұлардың өліспей беріспейтіндей жарақты жа - сақтары, сенімді серіктері, қиян-кескі шайқастардың бел ортасында жан алысып, жан берісіп жүрсе де киелі туын қолынан түсірмей өт кен туымды тубегілері болған ғой. Біз бүгін сол ұлтазат тық көтерілістің бас қаһармандарының бірі де бірегейі Бұқар - бай бабамызбен тар жол, тайғақ кешулерді бірге өткерісіп, жеңіс дəмін бірге татысқан, қанды көйлек қаруласы Мыңбай баласы Елқонды ба тыр хақында сыр шерткелі отырмыз. Өкінішке орай, бұл кісінің өшпес ерлігі мен өнегелі өмірі елхалқына күні кешеге дейін беймəлім болып келді. Бұл үшін, əлбетте, кейінгі ұрпақты кінəлауға болмас. Өйткені кеңес үкіметі тұсында бұл жабық тақырып болып келді ғой. Соның салдарынан аса маңызды дереккөздері де түгел сақталмаған. Əр түрлі себептермен бірсыпырасы мүлдем жойылып кеткен сыңайлы. Бірақ бізге ащы да болса, замана шындықтары ауадай қажет-ақ. Кенесары бастаған ұлтазаттық көтерілістің əлі де болса беймəлім тұстары аз көрінбейді. Егемендікке қол жеткізіп, іргелі ел болғалы өлгенімізді тірілтіп, өшкенімізді қайта жаңғыртып жатқан жайымыз бар. Олай болса, арада екі ғасырға жуық уақыт өтіп кетсе де, ескірмей ел жадында сақталып келген Елқонды сынды батырларымыздың есімдері де жарқырап көрінуі керек-ақ. Қазақта «Сабақты ине сəтімен» деген нақыл сөз бар. Сол айтқан дай əр нəрсенің сəті болады екен. Кезінде Бұқарбай бабамыз тұтынған, аялы алақанының ізі қалған көне заттарын, қаруларын іздестіру кезінде үлкен бір көмбенің үстінен түскендей күй кешкеніміз бар. Ол кісінің аса бір ұқыптылықпен сақталып келген шашақты туын осыдан 20 жылдай бұрын шөбересі Сейдахметұлы

Гриша есімді ініміздің үйінен тауып алғанбыз. Сусиырдың қылшықты құйрығынан жасалған əлгі жəдігер тубегі Елқонды жайлы таңғажайып сырлар шертіп тұрғандай əсерде болдық. Əттең, əлгіге тіл бітер ме еді? Тіл бітсе ғой осы күнге дейін өзімізге беймəлім болып келген жайларға молынан қанығар едік-ау. Сонау 50-70 жылдары Бұқарбай бабамыздың тікелей ұрпақтары, яғни немерелері болып келетін Рахметбек, Əжібек, Ахметбай ағала рымызбен талай мəрте табақтас, тұздас-дəмдес һəм сапарлас болған сəттеріміз аз болған жоқ. Бірақ, өкінішке орай, зəредей де жазығы болмаса да ақтық демі үзілгенше елін-жерін қорғап өт кен хас батырдың бауырынан тарағаны қуғын-сүргінге ұшырап, əбден жүрек шайды болып қалғандықтан ба, əйтеуір, батыр бабасы жəне Елқонды атамыз жайлы шешіліп, сыр аша бермейтін. Көне көмбенің көзін аша алмағанымызға біз де өкініп, апырмай, бұл кісілерден көз жазып қалар болсақ, кейінгілерге көшелі əңгіме қалдырар қарттарымыз да қалмайды-ау деп жүретінбіз. Осы екі арада Рахметбек, Əжібек жəне Сейдахмет бауырларымыз да өмірден өтіп кетті. Енді арамызда қалғаны тек осы Ахметбай аға ғана еді. Ахаң ел-жұртының арғы-бергі тарихынан мол хабары бар, қара сөзге қаймақ тұрғызар хас шешен болатын. Құлаққа жағымды қоңыр үнімен өткен заманнан шыжымдап сыр тартқанда алқа-қотан отырған айналасындағыларын əп-сəтте баурап əкететін. Ал батыр бабасы Бұқарбай жайлы екі бастан ғой. Айтпақшы, Елқонды туралы əңгімелердің бір парасын мен ертеректе, 50 жылдардың аяқ шенінде бұрынғы Тереңөзек ауданының Сəкен Сейфуллин ауылында тұратын Елқонды батырмен аталас болып келетін Байтілеу баласы Дəкен қалпенің аузынан жазып алғанмын. Сол кезеңде өзім сұқбаттасқан көнекөз кісілерден Бұқарбай батырдың көзін көрген, əңгімесін тыңдаған, тіптен 7-8 жыл бойы соңына еріп, атқосшылық та қызметін атқарған бірден бір кісі осы Дəкен қалпе болатын. Ол кезде қазіргідей магнитофон да, диктофон да қолға түсе бермейтін. Əйтпесе, үнтаспаға түгелдей түсіріп алар едік қой. Тұла бойы тұнып тұрған тарих деуге тұрарлық Дəкең 1964 жылы 90 жыл ғұмыр ке шіп, өз атажұртында дүниеден өтті. Қоштасар сəтте: «Шырағым, мен білгенімді айттым, қалғанын немерелері толықтыра жатар» деген-ді.

Сөйтіп жүргенімізде 1985 жылдың қоңыр күзі де келіп жетті. Бұқарбай бабамыздың Жалағаш кентінде тұратын соңғы немересі Ахметбай Алданазарұлына тағы да ат басын бұруға тура келді. Жасының ұлғайып қалғандығынан ба, əлде төтеннен кезіккен кесел ме, əйтеуір, Ахаң бірер айдың көлемінде үйден ұзап шыға алмай төсек тұтқыны болып жатып қалған екен. Жүзі қуқыл тартып, жүдеп қалыпты. Бізді көрген соң құрақ ұшып қуанып қалды. Ахметбай ағай қашаннан қыран баптап, тазы қосар саятшылығымен де, серілігімен де аудан көлеміне кеңінен танымал екенін жақсы білетінбіз. Туыстығымыз жəне бар. Кезінде бұл кісі жайлы радиохабарлар да əзрілегенбіз. Енді араға біраз жылдар салып, қайта жүздесіп отыр мыз. – Мынау келісің өте оңды болды, шырағым. Көңіліміздің түзулігін қараңызшы. Елқонды атаң жайлы əрқашан да суыртпақтап сұрап-ақ жүрсің ғой. Бірақ мен ыңғай бермей жүруші ем. Жас болса 80-ге келді. Енді шалқақтауымның реті келмейтін шығар. Көзімнің тірісінде білгенімді айтып кеткенім лəзім болар, – деді таза шүберекке оралған көне туды бас жағынан алып жатып. – Өзің келетін болған соң əдейілей алдырғанмын. Бұл туға не сын бар? Сақталғанына бір жарым ғасыр болған шығар-ау. Перзентке зар болып, ырым ғып, шетінен жонып ала берген ғой. Бұл соның жұрнағы. Егер осы шашақты туды Бұқарбай жасағының бойтұмарына балар болсақ, осыны ақтық демі үзілгенше ерекше қастерлеп, ұлықтап өткен Елқондыны да осал деуге бола ма? Бекасыл əулие айтқандай, ол да текті əулеттен тараған азамат. Əкесінің əкесі Жүзжасар би сонау Сəрке батыр заманында екі таңбалы Табынды билеген аса парасатты кісі болғанға ұқсайды. Елқонды болса сол Жүзекеңнің бел баласы Мыңбайдан туылады. Жүзжасар кезінде би де, батыр да болған. Ұлытау маңындағы Ақшидің аңғарында қалмақтардың қолынан қапыда қаза тапқан Сəркенің кезінде жүзбасы болған көрінеді. Ал енді туыстығымызға келер болсақ, біздер бір-бірімізбен аталас болып келеміз. Яғни, Тартулы Табынның Теке аталығынан тараған жандармыз. Əлгі Текенің Сары, Сасай, Күйкен, Тоқай дейтін балалары болған. Бұқарбай Сарының Атаншасынан да, Елқонды Ақылынан туылады. Екілесе келгенде екеуі де Сарының ұрпақтары болып шығады. – Бұқарбай бабамыз Кенесары ханның бас сардарларының бірі болған ғой, соңынан мың қаралы сарбаз ерген соң оны мыңба-

сы деп атаған. Осылайша жарақты жігіттердің арасынан тубегілік таң дау неге Елқонды атамызға түскен деп ойлайсыз? Жорық жолын да батыр бабамыз аса талапшылдығымен дараланған деседі. Соған қарағанда Елқонды əмбебап, сегіз қырлы, бір сырлы азамат болса керек. Əйтпесе бұл кез келген сарбаздың пешенесіне бұйыра бермейтін жоғары лауазым ғой. – Дұрыс айтасың, шырағым. Керек десеңіз, тубегі мыңбасыдан кейінгі екінші тұлға. Алда-жалда бас сардар жазым болар болса, соның орнын тубегі иеленген ғой. Осыған орай есімде қалған мына бір əңгімені айтып берейін. Артық-кемі болса, бір Алланың өзі кешіре жатар. Бұқарбай бабамыз жасы ұлғайған шағында ұзақ жылдар бойы болыс боп, ел билеген ғой. Бір басқосуда елдің игі жақсыларының бірі: «Тақсыр, сіз өз ғұмырыңыздың басым бөлігін ат үстінде, жор туылда өткізген жанкешті жансыз. Жаратушы иеңіз жар болып, Баһуаддин піріңіз қолдады ма, əлде оққағарыңыз мықты болды ма, əйтеуір, талай рет ажал аузынан аман қалған көрінесіз. Біздіңше, бұл өте сирек ұшырасатын құбылыс. Тағы бір айтай ын дегенім, сарбаздарыңыздан көп аса шығын да болмағанға ұқсайды. Осының сыры неде деп пайымдайсыз? Асылы, сіздің «Елқондым бар, не қамым бар» деген сөзіңіздің астарында терең бір сыр жатқан сыңайлы» деп сауал қойса керек. Сонда батыр бабамыз «Əй, шырағым-ай, «Жалғыздың шаңы шықпас» деген ғой біз ден бұрынғылар. Басшысына қосшысы, қосшысына қалың қолы сай келмесе, жалғыз батыр не істей алар дейсің. Бəрінен де менің жасағым жарақты болды ғой. Рухы да мықты еді. Көз ілес пес шалттықпен «абылайлап» ат қойғанда бойларына ерекше күш біткендей жолындағысын жайпап жіберетін. Қайсыбірін айтып тауысайын. Мынау Созақ, анау Ақ мола бекіністерін басып алудағы олардың ерліктері мүлдем ерен болды ғой. Əсіресе, Елқондымды айтсаңшы! Бір өзі бір жасақтың жүгін көтерерліктей нар тұлғалы азаматтың арқасында біз кейбір қақтығыстарды шығынсыз, қан төгіссіз аяқтап жүрдік. Қалайша дейсің ғой, жер-жаһанды басына көтеріп, айналаны алашаңғыт қып, қарақұрым болып құйындатып келе жатқан қарсыластардың туын Елқонды əудем жерден ұңғысынан атып түсіретін. Мəрттігі де болар, əлде мысы басыла ма, кім білсін, əйтеуір, туы жығылған соң əлгілер де əрі қарай ілгерілеуге жүректері дауаламай, аттарының басын кері бұруға мəжбүр болатын. Ал қашқан жауды соңынан

өкшелей қуып, қырғынға ұшырата бермеуші едік. Өйткені гəп қы-
рып-жоюда емес, жаудың сағын сындырып, тізе бүккенін мойын-
датуда ғой. Сөз орайы келіп тұрғанда Елқондының тағы бір ерлі гін
тілге тиек ете отырайын. Осы Ақмешіттің іргесіндегі Бірқазан ның

маңында қоқандықтармен болған бір шайқаста қарсыластарының
туын, бір емес, екі рет нысанаға алса да жебесін дарыта алмай-ақ
қой ды. Байқаймын, ызаға булығып тұрған сыңайлы. Қапталдаса
бере, «Үшінші рет көздесеңші» деп едім, «Батыр аға, өз ғұмырымда

бір нысанаға үш бірдей оқты ысырап қылмап едім, соңғысы өзіме
кəдік болып жүрер» деп Тартөбелімен құйғыта жөнелді. Ойпырмай,
бұлардың жекпе-жегі немен тынар екен деп ойланғанымша бол-
ған жоқ, түйенің жарты етіндей келетін қарсыласын əп-сəтте-ақ

жай ратып тастаған екен. Ұмытпасам, бұл шамамен 1852 жылдың
жазы болатын. Несін айтасың, Елқонды інімнің осы тақылеттес іс-
қи мылдары көп болды ғой. Ұзын сөздің қысқасы, қандай бір қы-
сылшаң, қиын-қыстау сəтте де мен оған құдайдай сеніп, арқамды

асқаралы тауға сүйегендей күй кешуші едім. Қайтейін, өмірі қысқа
болды інімнің. Елқондының Жауқашар есімді туымды ұлы бола-
тын. Ол да отау құруға үлгірмей бозбала шағында ұрыс шебінде
ерлікпен көз жұмды. Сірə, жан дегенде жалғыз баласының күйігі

əкесіне де ауыр соққы болып тиген болар. Екеуінің де орны қазір
ойсырап-ақ тұрғандай. Көнбеске лаж бар ма? Діни ғұламалар ұрыс
жолында опат болғандардың жайы жəннатта болады дегенді айтады.
Лайымы солай болғай деп тілейміз Алладан» деп сөзін аяқтаса керек

батыр бабамыз.
Бізге жеткен кейбір деректерге қарағанда, хиуа жəне қо қан дық-
тармен арадағы қақтығыстарда бұрыннан қалыптасқан үрдіс бо-
йынша жауласушы екі жақ та өздерінің мықтыларын ең алдымен

жекпе-жек арқылы сынатқан көрінеді. Мұндай сындарлы сəттерде
Бұқарбай өзінің тубегіне ғана сенім артқан. Тумысынан алапат күш
иесі болып жаратылғаны соншалық, оның уысына түскен қандай
бір қарсыласы болмасын, тірі шықпаған деседі бұрынғылар. Ал енді

бұған оның найзагерлігі мен айлакерлігін, салқынқандылығы мен
сабырлылығын, тас-түйін табандылығы мен өліспей беріспейтін
өжеттігін əкеп қосар болсаңыз, онда Елқонды батырдың өз за ма-
нының атанжілік азаматы, айтулы тұлғасы болғанын аңғарар еді-

ңіз.

Сонау жетпісінші жылдары Алданазар атамыздың бел баласы
Бұқарбай батырдың немересі Əжібек ақсақалмен дастарқандас
болған бір сəтімізде батыр бабасының шайырлық өнерінің де мол
болғанын айтқан еді. Бұдан бұрын да батыр бабамыздың «Қа-

рақұммен қимай қоштасуы» деген жыр жолдарын қағазға түсіріп
алғанбыз. Ал Əжекеңнің бүгінгі əңгімесі тубегі Елқонды жайлы
болып шықты.
Батыр бабамыз қартайған шағында дастарқан ба сында үкілі

домбырасын күйге келтіріп, өзінің құлаққа жағымды қо ңыр үнімен
былайша төгілтіп əкеткенге ұқсайды:
Қаруым менің асылдан,
Жасағым өңшең батырдан.

Елқондым шықса ту ұстап,
Зəресін жаудың қашырған.
Найзасын қолға алғанда,
Аллалап атой салғанда,

Қасарысқан хас дұшпан
Жер жастанбай қалған ба?
Айтыңдаршы, ағайын,
Өздеріңе салайын,

Ел қорғаудан асатын
Бақыт бар ма жалғанда?..
Сонымен тубегі жайлы əңгімемізді қорыта келе айтарымыз,
бұл кісі хақында əлі де болса зерттелер, зерделер жайлар аз емес.

Əдетте, біз əзірге бас сардарлар төңірегіндегі деректермен ғана
шектеліп, тарих тұңғиығына дендеп, тереңдеп бара алмай жүр ген
жайымыз бар. Əйтпесе, Жетірудың Керейт аталығынан суыры-
лып шыққан дүлдүл ақын, «Кенесары – Наурызбай» атты тарихи

дастанның авторы, заңғар жазушымыз М. Əуезовтің сөзімен айтқанда
«Абылай хан тұсындағы Бұқар жыраудан кейінгі ең көрнекті жорық
жыршысы» Нысанбай, Ойық Керейт Меңлі, Шөмекей Алмат би,
Есентемір Байтабан, Табын Қабан, Тама Құрман батырлар дейсіз

бе, бұлардың барлығы да ұлықтауға, дəріптеуге тұрарлық кесек
тұлғалар екені ақиқат.

Ембергенов Сейтмұрат Сейтжанұлы, ақын, ҚР Журналистер одағының мүшесі, мəдениет саласының ардагері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы БАТЫР БАБАЛАР ШЕЖІРЕСІНЕН «Мың өліп, мың тірілген» халқымыздың тарих түкпіріне үңіле түсіп, зерделей берген сайын тағылым аларлық талай-талай асыл қазыналарымызға кездесе береріміз сөзсіз. Солардың бір саласы – қазақ батырлары. Елдің елдігі де, ердің ерлігі де ел басына күн түскенде сыналмақ. Бұл орайда тұтастай халқымыз да, халқы үшін отқа да, суға да түсіп, шыбын жанын пида еткен жекелеген азаматтары да ешкімге есесін жібермей, абырой биігінен көрініп, даңқ тұғырынан орын алған. Соңғы жылдары бұрын архивтің шаң басқан сөрелері мен қытымыр уақыттың қайырылмас қатпарында ескерусіз қалып келген, халқымыздың басына қиын-қыстау күн туғанда ұраны мен туына айналған толағай тұлғалардың есімдері қайта жаңғыртылып, ел мақтанына айналуда. Олардың өшпес ерліктері өнеге тұтылуда. Алайда кезінде зерттеліп хатқа түспегендіктен немесе аумалытөкпелі заман зардаптарынан ауыз əдебиетіндегі шежіре-мағ лұмат тар мен жыр-дастандардың ұрпақтан-ұрпаққа қаз қалпында жеткізілмей жұтаңға ұшырауынан қаншама елеулі есімдер мен олардың ерлік істері ел есінен шыға бастағаны орны толмас өкінішке соқтыруда. Қазақ халқының иен даласындағы ұлттық тұтастығы мен тəуелсіздігін сақтап қалуы – бүкіл елінің жаппай жауынгерлік рухтағы бұзылмас бірлігінің нəтижесі. Соғыс тағдырын қылыш пен найза ойнатқан қарулы қол мен жалынды жүрек шешкен қанды шайқаста дараланған аруақты батырлар қазақ даласының барлық түкпірінде де болған. Біз бұл мақаламызда Кіші жүздің, оның ішінде Табын тайпасынан шыққан батырлар жайлы ел аузынан естіпбілгеніміз бен тарихи деректі материалдардан оқығандарымызды оқырмандарға ұсына отырып, олар жайлы көбірек мəліметтер жарық қа шығып жинақталуына түрткі болуымыз керек.

Заманымыздың заңғар жазушысы Ғабит Мүсірепов «Сырым, Исатай, Махамбет, Жанқожа, Есет, Бекет батырларды туғызған Кі ші жүз елінің сол кездердегі атының тері кеппеген, найзасы ның ұшы мұқалмаған ерлікке толы оқиғаларды бастан өткізгендігін» тол ғана айтса, «Ресей патшалығының шығыс аймақтарындағы отар лау саясатына қарсы көтерілген қауымның бай тарихында ме - нің жерлестерімнің де үлкен үлесі бар» дейді ақын Қуандық Шаңғыт баев. «Табыннан шыққан Барақ батыр мен оның баласы Асау, Шектіден шыққан Есет, Жанқожаның есімдерін ел болып еске алып, ұрпақтан ұрпаққа қадірлеп келеді» («Қазақстан əйелдері». 1991 жыл). Енді сөзімізді осы Барақ батырдан бастайық. Барақ – ХVІІІ ға сырдың 60-80 жылдарындағы жоңғарлардың шапқыншылығына қар сы соғыста ел бастап асқан ерлік көрсеткен, осы кездер мен ХІХ ға сырдың бірінші жартысы аралығында Орынбор ведомствосына қарайтын Жетісу қазақтарының Шөмішті Табын бөлімдерін баласы Асаумен қоса басқарған халық батыры. Ол туралы «Жұлдыз» журналының 1985 жылғы VІ санында былай деп жазылған: «Барақ батыр Е. Пугачевтың езілген тапты көтеріліске шақырған манифесін оқыған. Өзі сол қозғалысқа атсалысқандар дың бірі болған. Ол ХVІІІ ғасырдың 70-80 жылдарында Сырым Датовтың басшылығымен болған қазақ шаруаларының көтерілісіне белсенді қолбасшы болған. ...Сырым Датов 1785 жылы 2700 қолмен қай тадан көтеріліске шығады. Оған Тіленші мен Барақ батырлардың отрядтары қосылып, сарбаз саны 3500-ге жетеді». Барақ батыр өзінің кейінгі ұрпақтарына ержүректілікті, халықты қорғаушы əділ күрескер батырлықты мұра етіп қалдырған адам. Барақтың баласы Асау ХІХ ғасырдың бірінші жартысында тап тық таластарда халықты қорғаушылардың қатарында болған. Халықтың бейбіт өмірін жақтаған. Патша өкіметіне жағымды қызмет еткені үшін алтын медаль сыйлық алған. Бірақ Жəңгір ханның ең сенімді сұлтаны Баймағанбет Айшуақов 1838 жылы Исатай Тай мановтың көтерілісіне қарсы соғысу үшін «Отряд құрыңдар!» деп бұйрық бергенде Тархан қазы Сырымов жəне Сарыбөпе Кенжеғариндермен бірге Асау Барақов та «...Отряд құру туралы мəселені мүлдем ойдан шығарыңдар, халық Исатай Таймановқа қарсы қол көтермейді» деп бас тартқан.

Халық аузындағы аңыз бойынша Асау өлерінің алдындағы өсиет
сөзінде «...Мені өлгеннен кейін əкем Барақ батырдың моласымен
қатар қоймаңдар. Неге десеңіздер, мен халық алдында əкемнің қа-
тарына жете алмадым...» депті. Бұл сөзіне қарағанда Асау əкесі

Барақ батырдай шапқыншы жоңғар қалмақтарына қарсы соғыса
алмағандығын, Е. Пугачев пен Сырым Датов басқарған шаруалар
қозғалыстарындай көтерілістерге қатынаса алмағандығына өкініш
білдіріп, арман етсе керек.

Халық арасына таралып кеткен Тілеумағанбет Аманжоловтың
(1861-1935) «Асау – Барақ» жыр-дастаны Қарақалпақстанның тұр-
ғыны Алдаберген Тасқынбаевтың (1927) орындауымен жыр плас-
тинкасына жазылды. Эпостың сюжеті архив құжаттары мен əдебиет-

тердегі тарихи оқиғалардың негізіне дəл келетіндігін зерттеушілер
айғақтайды. Жырда 18 жасар Барақ жекпе-жекте қалмақтың баты-
рын өлтіріп, қазақтар жауын жеңіп, қуып тастағаннан кейін Есет,
Бөгенбай батырлардың атқосшысы болған Түгел қарт «Сен кім

боласың, шырағым?» деп сұрағанда Барақ:
Кіші жүздің ішінде
Табын дейді затымды.
Сатыбалды баласы

Барақ дейді атымды.
Шешемнің аты Қарқара,
Жібермен жауға ақымды.
Аты алашқа белгілі

Нағашым Сəрке батыр-ды, –
дейді.
Енді осы Сəрке батыр жайлы білген деректерімізді баяндайық.
Ел аузындағы аңыз-əңгімелерге сүйенсек, қырдағы қалың Табында

Өтей баласы Өмірқұл деген асқан бай болған. Бірақ оның жау бе-
тін қайтарар ұрпағы болмайды. Жер қайысқан малының жайымен
Өмірқұл қазіргі Өзбекстандағы Шыршық маңында ірге көтереді.
Сол жақта жаппарға жалынып, малына ие, өзіне сүйеу болар ұл

сұ рап жүргенде «жеті өлікке жан берген» өзімен замандас Мү-
сірəлі əулие түсінде «Көш бастайтын Қарқарадай қыз бердім, қол
бастайтын жүрек жұтқан ұл бердім. Аузыма қыздың аты бұрын
түсті. Қызыңның ұрпағы ұлыңның ұрпағынан даңқты болар» деп

5-105

ескертіпті. Шындығында, кейін Өмірқұл Қарқараны Табын Сатыбалдыға ұзатып, одан Барақ, Барақтан Асау сияқты батырлар, Асау дан еліне аса қадірлі Дəуіт секілді шапағатты əулие тарай ды. Сəрке Шыршық бойында дүниеге келіп, сонда үйленеді. Бір жаугершілікте ішінде 6-7 айлық баласы бар əйелінен айырылып қалады. Қазір сол Шыршық маңындағы Сəркесай деген жерде Сəрке деген атаға жататын жүз шақты үй бар көрінеді. Олар өздерінің түбі Қазақстаннан екендіктерін білгенмен, қай жүзге жататындықтарын білмейтін көрінеді. Сəркенің ұрпақтарының бірі жалағаштық На қыпов Далда ақсақал осы елді баяғы жаугершілікте Сəркенің əйелі нің ішінде кеткен баладан тарауы мүмкін деп болжамдайды. Мұны Ташкент облысы, Ташкентауданы, Өзбекстанның 50 жыл дығы атын дағы колхоздың тұрғыны Берденов Қарымбай деген кісі де қуат тайтын көрінеді. Сəркенің ерлік даңқы Абылайхан уақытындағы жаугершілікте шыққан. Жаппас Баймұрат батырмен тұстас өмір сүрген. Сəрке қал мақтармен соғыста Ақши деген жерде жау оғынан өліп, сонда «аманатқа» қойылып, келесі жылы Қорқытқа əкеліп жерленеді. Табын тайпасында түп ұран «Тостаған» болса, екіншісі – «Сəрке». Келе-келе Сыр бойында Сəркенің əкесі Өмірқұлдан тараған ұрпақтар көбейіп, екі болыс елге айналады. Сəркеден Ағайдар, Бегайдар тарайды. Ағайдардан Байқадам батыр, одан Сейіл батыр, Сейілден Бекқұлы туады. Байқадам, Бұқарбай, Сейіл орыс патшалығының қазақтарды отарлау саясатына қар сы Кеңесары, Наурызбай басқарған ұлт-азаттық қозғалысқа бел сене қатысып, Қоқан хандықтарына қарсы күресте асқан ерлік көр сеткендері ел аузында аңызға айналып, бүгінге шейін ұрпақтан ұрпаққа тарап келеді. Сейілден туған Бекқұлы да кезінде елге танымал абзал азаматтардың бірі болған. Оған патшалық Ресейдің кезінде ІV Думаға Мұстафа Шоқаевпен бірге қатысуы дəлел болса керек. Сөз арасында айта кетеріміз, «Ақтөбенің Байғанин ауданында Барақтың 250 жылдығын өткізуге жұрт болып қарбалас дайындықтар жүргізіп жатыр» деп баспасөз беттерінде өткен жыл дан бері жарияланып келеді. Ал сол Барақтың өзі мақтан етіп, рухына тəу еткен аты алты алашқа белгілі Сəрке батырдың еске алынбай, ерен ерлік еңбектерінің зерттелінбей жатуы, əсіресе, бү-

гінгі жалағаштық ұрпақтарына сын болмас па екен деген ой туындайды. Əрине, жазба деректер жоққа тəн, ал ел аузында жүрген əде би сипаттағы аңыз-əңгімелердің тым жұтаңданып кетуі батыр бабамыз жайлы мағлұматтар жинастыруды аса қиындата түсері сөзсіз. Бірақ тамшыдай деректерді там-тұмдап іздестірер ыждағатты зия лылар табыла қойса, бабалар аруағының кейінгі ұрпақтарының ізгілік қадамына ырза болары сөзсіз. Сəрке батырдың қай жылдары туып, қай жылдары дүние сал ғаны белгісіз. Бірақ Н. Көшекбаев «Үш Барақ» деген зерттеу ең бе гін де «1838 жылы Исатай көтерілісінде Асау батыр 80 жаста екен» деп көрсетеді. Демек, Асау 1758 жылдардың шамасында дүниеге келген. Ал оның əкесі Барақ 18 жасында жауға шауып, ерлік-даңққа ие болуына қарағанда ерте жетіліп, ұрпақты болуы əбден мүмкін ғой. Олай болса, Барақтың 1740 жылдардың басында тууы ықтимал жай. Ал Барақтың шешесі Қарқараның ағасы Сəркенің жиен інісі - нен 25-30 жас, тіпті одан да үлкенірек болуы табиғи заңдылық. Осыдан барып Сəркенің дүниеге келуі бұдан 275-280 жылдар бұрын деп топшыласақ, 1710-1715 жылдар аралығында туған болып шығады. Ал əдеби тұрғыдан зерттелген мұраларда «Сəрке ХVІІІ ғасырдың алғашқы ширегінде болған «ақтабан шұбырынды» кезінде елін жаудан қорғау үшін қалмақтарға қарсы шабуылда ерлікпен көзге түскен қазақ батыры» деп көрсетіледі. Бұған қарағанда ХVІІІ ғасырдың бас кезінде өмірге келген болып табылады. Мүмкін осы да дұрыс болар. Əрі мұның өзі Сəркенің Абылайханның жасақтарында қол басқарған деген ел аузындағы деректерге толық сай келеді. Қалай дегенмен де, мұны əлде де анықтай түсу – келешектің жүгі. Сəркенің немересі Байқадам, елдің айтуынша, əрі батыр, əрі сəуегейлігі бар болжампаз кісі болған. Байқадамның баласы Сейіл əрі батырлығымен, əрі ақылдылығымен аты шығып, ел билеген. Сейіл ұрпақтарының барлығы дерлік Жалағаш ауданында тұрады. Солардың бірі атақты халық емшісі Беркімбай қалпе деген табиғаты ерекше қасиетті кісі болған. Қазір ол кісінің бейітіне сырқат адам дар түнеп, көпшілігі еміне жеңілдік алып, дəру табатын көрінеді. Енді осы күндері Сыр бойындағы Табын тайпасынан көбірек аталып жүргендердің бірі – Жақап руының Сырымбет аталығынан

шыққан Бəйтен батыр. Оның да туған, қайтыс болған жылдары туралы нақтылы деректер жоқ. Алайда ел аузындағы əңгімелерге қа рағанда жəне «Ленин жолы» газетінің 1990 жыл, 2 наурыз күнгі са нындағы еңбек ардагері Камал Бердаулетовтың «Батырларымызды да, ақындарымызды да қадірлей білейік» деген көлемді мақаласында талдап көрсетілген жайларды пайымдай түссек, Сəрке мен Бəйтеннің жастары шамалас екендіктері аңғарылады. Екеуі де жоңғар, қалмақ шапқыншылықтарына қарсы қанды шайқастарда ерен ерліктерімен көзге түсіп, ел құрметіне бөленген батырлар. Сəркенің өзі Бəйтеннің батырлығын ерекше бағалап өткен. Жоғарыда көрсетілгендей, Сəрке жау оғынан опат болса, Бəйтен жасы жетіп, 90-нан асқанда дүние салады. Бəйтен Нəзипа есімді қызын Найман Толыбай биге беріп, одан туған қызын 4 жасынан бастап өз қолына алып, кəмелетке толған соң Теке Табын Естекбайға ұзатады. Содан Бұқарбай дүниеге келеді, яғни ол Бəйтенге жиеншар. Ел аузында мынадай да аңыздар бар. «Бəйтен елден ерекше тоғыз қабат тоздан жасалынған найза ұстайды екен. Бір жауынгершілікте ол шартараптан жиналған қалың қолды бастап қамал алады. Кейін «Қамал алуға қолды бастаған кім екен?» деген ел басшыларының сұрағына көпшілік «Əлгі тоғыз қабат тоз найзалы батыр» деп жауап береді. Осыны естіген Бəйтен «Менің атым мына ағаш құрлы болмады-ау» деп ызаланып, найзасын тізеге салып сындырған екен. Сонан кейін түсінде үнемі шаңырағына келіп қонатын үш аққу «Біз енді сенен шығып, қыздан туған ұрпақтарыңа барамыз» деп ұшып кетіпті. Ояна салып Бəйтен «Менен батырлық аруақ кетті. Шамасы, Естекбайдың баласына баратын болар» деген екен деседі. Енді бірінде былай баяндалады: Ертеде егеулі найза қолға алып, жаугершілікпен өмірін өткізген бабаларымыз ат үстінде жүріп, ерлік өліммен көз жұмуды мансұқ еткен. Жел-құздан ауырып өлуді ар санаған. Осы қасиетті сүйегіне лайық тұтқан Бəйтен батыр өзінің 90-нан асуын ерсі көріп, «Мен өлімнен қорқып жатқаным жоқ, иы ғымда жүрген екі жолбарыс кетті ғой. Сірə, Естекбай ауылына бет тегендей болды ма, қалай?» – деген екен». Қалай дегенмен де, бұрындары «батыр» деген ұғымның ар жағында «ел тағдырын

желеп-жебеуші тірі аруақ» деген қасиетті балама жататындығы байқалады. Бəйтеннің үрім-бұтақтары қазір баршылық. Соның бірі – Сəкен Сейфуллин атындағы совхоздың озат жылқышысы, ауданға танымал азамат Шерім Шындəулетов. Əрине, «Тегіне тартпайтын тұқым болмайды» деген халық даналығын еске алсақ, Бəйтен батырдың өзі болмағанымен, ұрпақтары жайлы біршама оқырмандар назарын аударарлық əңгіме-эпизодтар келтіруге болар еді. Бірақ мұ ның өзі тақырыбымыздан ауытқуға апаратындықтан, оны жөн көрмедік. Сөзімізді аяқтай келе айтарымыз, елдің елдігін сақтауға сүбелі үлес қосып, ұрпақтар мақтанышы мен ұранына айналған аруақты ерен тұлғалар барлық жерде, барлық тайпада, руда баршылық. Əттең, олар жайлы шырайын шығара айтылатын шындықтар дың бəрі суға шайылған шүберек бетіндегі əрсіз бояудай барған сайын көмескіленіп, ескерусіз қалуда. Əңгімеміздің басында көр сетіл геніндей, мысқылдап болса да, солардан қалған «сынықтар мен үзіктерді» жинастырып, жарыққа шығарып, ата-баба аттарын тірілтумен бірге олардың өнегелі істерін болашаққа үлгі ету егеменді елдігіміздің алтын діңгегінің сомдала түсуіне рухани саладан қосар үлесіміз болары сөзсіз. Бұқарбай батыр бейнесі Бүгінде ел тарихында азды-көпті аты қалған бабаларымыз жай лы қилы-қилы деректер жинастыру, кескін-келбетін суреттеп полотно ға түсіру қалыпты жағдайға айналды. Соның бірі – Бұқарбай батыр жайлы бұдан он шақты жылдан аса бұрын «Ленин жолы» (қазіргі«Сыр бойы») газетіне алғаш деректі əңгіме жазып, кəсіпқой суретші балам Шахмұратқа нобайлап бейнесін салдырып жариялатқанмын. Алайда кейін естіген əңгімемнің түпкі мазмұнына қайта ой жү гірте отырып, өзім көздерін көріп, əлденеше рет сұхбаттас болған батырдың немерелері Əжібек пен Ахметбай əкелеріміздің фотосуреттерін алдырып, баба бейнесін қайта салдырдым. Оның мəнісі былай болатын.

Сонау соғыс жылдары. Ол кезде мен 12-13 жасар кезім. Аталас
əкеміз Байтілеуов Дəкен деген ақсақалды елдің «қалпе» дейтінін
білетінмін де, бірақ оның кезінде арабша сауатты болғанынан,
ақын Асқардың алғашқы ұстазы екендігінен, Сауранбай, Медетбай,

Алданазар, Шортанбай сияқты көптеген Сыр еліне танымал болыс-
билермен, т.б. атақты адамдармен тұздас, дəмдес болғандығы нан
бейхабар болатынмын. Сол кісі маған əскердегі жалғыз баласы
Жа расқа хат жаздырып, артына «Бұқарбай бабаңның əруағы жар

бол сын!» деп аяқтататын. Əрине, Табын руынан шыққан Бұқарбай
деген батыр болғанын, ол жайлы ақын Асқардың жыр жазамын деп
қудаланғанын үлкендерден еміс-еміс естігенім бар-ды. Бірақ, анау
айтқандай, көңіл бөле қоймайтынмын. Дегенмен əкеме реті келгенде

Бұқарбай батыр жайлы да там-тұмдап сұрақ қойып тұратыным əлі
есімде. Соның ішінде батыр бабамызды «Орта бойлы, екі иығына
екі кісі мінгендей қақпақ жауырынды, бүркіт қабақты, қалың қасты,
ақсарылау, екі бетіне шоқтана өскен жылқының жалындай қалың

түк иегіндегі сақалына жалғаса салаланып тұратын. «Өзіміз көрген
жоқпыз, сол кездегі замандастарының айтуы бойынша жүзінде
сабырлылықтың жылы шырайлы нұры төгіліп тұратын батыр
қаһарланған кезде бетіндегі «сақалы» кірпінің түгіндей тікірейіп,

ерекше сұсты айбар шашып тұратын. Ол кісі «...Мен батыр болып
туылған жоқпын. Шындап келгенде, менің екі-ақ жігіттік күшім бар.
Бірақ елің үшін егесіп келгенде бойыңды жігіттік жігер, азаматтық
ар-намыс билеп, жұртың үшін жанпидалап шығасың. Мен ондай

кезде қорқу немесе сасқалақтау дегенді ұмытып кетемін. Шалт
қимылдау үшін сауытты да аса көп пайдаланбаймын. Ел қамы үшін
жаныңды шүберекке түйіп жүргенде кімнің күші басым деп шама
салыстырар болсаң, үйіңнен шықпағаның жөн» дейді екен деп ай-

тып отыратын Дəкен əкеміз.
Арада əлденеше жылдар өткеннен кейін мен қазіргі Бұқарбай
ауылында тұратын əкем Сейтжанға сəлем бере барғанымда батыр-
дың Шынар анамыздан тараған немересі Ахметбай əкемізді көріп,

баяғы Дəкен əкем суреттеген батыр баба тұлғасымен кездескендей
сезінгенім бар. Айырмасы соңғысының қоңырқайлығы мен тым
шағын денелі екендігінде еді. Ал үлкен немересі Əжібек ірі денелі
де сұсты болғанымен, бетінде түк-сақалы жоқ-ты. Мен балама осы

ерекшеліктерді айтып, екеуінің де үйінен суреттерін алдырып, Бұқар бай батырдың бейнесін қайта кескіндеттім. Əрине, фотосуреттер, əсіресе, əуесқойлар түсірген суреттер адам - ның жан дүниелік кескінін береді деу қиынырақ. Дегенмен сөзбен сипаттау мен фотосуреттерді «қабыстыра» отырып діттеген ойдан шығаруға болатындығын баламыз екеуміз бұрын да бірнеше рет байқаған едік. Бұл жолы да солай шықты ғой деп ойладық. Ол бүгінде оқырман қауымның қолында жүрген Камал Бердаулетов ағамыздың «Бұқарбай батыр» атты кітабында жарияланды. Айта кетер жай, Дəкен əкем батыр бабамызды қартайған шағында көргендігін, оның өте кішіпейілділігін, топтасып сəлем бере бар ған балалардың өзіне қой сойдырып, олармен үлкен кісілерше əң гімелесіп отырғанды ұнататындығын, қалың қабағында төгіліп тұрған қастары мен бетіндегі аппақ сақалдары аса бір жылылықтың нышанындай көрінетіндігін айтып отыратын. Осы айтқандарды ескере отырып, суреттегі оның кескін-келбетінде сұстылықтан гөрі мейірімділіктің ұшқыны басым болуына көбірек көңіл бөлінді. Ал «Бұқарбай жорықта» атты шығармалық полотнода тақырыбына сай арғымақ мініп, қол бастаған батырдың тұлғасы сомдалған.

Тынышбек Дайрабай, этнограф БҰҚАРБАЙ БАТЫР ТУРАЛЫ ЖАЗБА ДЕРЕКТЕР Ел аузындағы аңыз болып тараған əңгімелер, ХІХ-ХХ ға сыр дағы Ресей əскерилері мен Орта Азия халықтарының салт-дəс түрін, жерін зерттеген көптеген ғалымдар, саяхатшылар, шы ғыс ты танып білуге құмар орыс офицерлерінің жолжазбалары мен күнделіктері, əсіресе Сыр бойын зерттеушілердің еңбек тері Бұқарбай Естекбайұлының арпалысқа толы, сан-қырлы өмір баянына жол ашып, бағытбағдар сілтейді. Дегенмен мұрағат (ар хив) жазбаларындағы сарғайған сары қағаздарда болған оқиғалар жазылады, ол оқиғаның себеп-салдары ашылып көрсетілмейді. Мұ рағат құжаттары өздігінен сөйлеп кетпейді. Оны зерттеу ғана емес, зерделеу қажет. Сонда ғана мұрағаттағы деректердің мəн-мағынасы ашылмақ. Батыр ұрпақтарының айтуынша, Бұқарбай 1812 жылы туып, 1898 жылы бүгінде батыр атымен аталатын қорымда жерленген. Міне, сол уақыттан бастап Бұқарбай батыр ұрпақтары жəне Жала ғаш ауданының зиялы қауымы батыр есімін қайта жаңғартуды қолға алып кеткен-ді. Осы істің басында болған Сейітнəби Мұқаш ұлы бастаған ісінің жемісін көре алмай өмірден өтсе, Бұқарбай ба тыр туралы кітап жазып, батырдың 180 жылдығын өткізуге бел сене атсалы сып қатысқан ағамыз Камал Бердаулетов те батыр бабамыздың 200 жылдық тойын көре алмай кетіп отыр. Көрдіңіз бе, тағдырдың талайын. Алайда, бір қуаныш, сол Бұқарбай Естек байұлының 180 жыл дығын өткізу тұсында ірі де іргелі істерді ат қарған, сол кезде совхоз директоры, бүгінде сенатор Қожахмет Баймаханов батырдың 200 жылдық тойын өткізуге де қызу ара ласуда. Мұрағаттық құжаттар, республикамыздағы ұлттық білім кітапханалары мен Əдебиет жəне өнер институтындағы сирек қол жазбалар бөлімдері нағыз алтын көмбеміз деуге тұрарлық. Сол көмбелерде жатқан деректерді сөйлетіп көрелік, не дейді екен? Жалпы, қайсыбір құжаттар мен жазбаларда болсын, Бұқар бай батыр есімі Байқадам, Жанқожа, Тоғанас, Сейіл батырлармен қа-

тар хан атанған сұлтан Елекей Қасымов пен азаттық күрестің қоз - ғаушы күші болған хан Кенесары Қасымов бастаған ұрыстар туралы жазбаларда молынан кездеседі. Бұқарбай батыр есімі ХІХ ға - сырдың 26-30-жылдарында көрініс береді. Бұл Күміс қорғандағы шай қас болатын. Осы Күмісқорғанды алуда Алаша Түлкібай, Сар - ғасқа Тоғанас, Табыннан Бұқарбай батырлар қатысып, Хиуа бегін қуады. Хиуалық Бейісбайды жекпе-жекте өлтіреді. Міне, сол 1826-1829 жылдардан бастап-ақ Бұқарбайдың батыр атағы Сыр бойына тараған. Атағы Сырдан Арқаға жеткен кезі, Бұ қарбайдың 1838 жылы Кенесары сарбаздарымен бірге патша салған Ақмола бекінісін алудағы ерлігі бір ауыз сөзбен қатталса, халық аузындағы «Кенесары – Саржан» атты дастанда батыр лы ғы ерекше суреттеледі. Ал жауынгер ақын-жырау Нысанбай дың «Ке не сары – Наурыз бай» дас танында (1875 ж.) Бұқарбайдың өрлігі, ерлігі баяндалған. Жалпы, Естекбайұлы (Естекбаев) Бұқарбайдың Кенесарының үзіліссіз он жыл бойы күресіне қатысқаны мұра ғаттағы түрлі құжаттар мен қолжазбаларда нақты көрсетіледі. Бұқарбайдың есімі елге оралған 1847 жылдан кейін 1849 жылға дейін кездеспеді. Осы шамалы, 2 жылдық уақытта бейбіт ты ныштықта өмір сүрген сияқты. ХХ ғасырдың 40-жылдарында Кенесары көтерілісі, жалпы қазақ халқының батырлары жырлана бастады. Əсіресе, оған қозғау салған «Социалистік Қазақстан» (1941 ж.) газетіндегі «...Қазақтың елім деп еңіреген талай ерлері тұлпар мініп, ту ұстап, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін жаудан талай айырды» деп жазған бас мақаласы болар деп есептеймін. Сол тұста Кенесары – Наурызбай бастаған көтеріліс жайлы зерттеу еңбектерінің жарияланып, халық ауызындағы жырлардың көрінгені белгілі. Орынбор мен Батыс Сібір əскери генералдарының бір-біріне жазысқан хаттарында Бұқарбай батырдың (200 жылқыны айдап келе жатып) Қарғалы өзені маңында Ресей солдаттарын сабап, талап кеткендігі жайлы рапорт жазылған. Бұл дерек Орынбор облыс тық мұрағатындағы 6-қорда сақталынған. Біздіңше, Бұқарбай батырдың қайтадан ат арқасына мініп, үш жақты қанаудың қайсысына қарсы шығарын білмеген кезі болса керек. Бірде орыс, енді бірде Хиуа, тіпті өзі қарайтын Қоқан қорғандарына шабуыл жасаған тұс-

тары болған. Кенесары ұрысынан кейінгі жорықтары Хиуа мен Қоқан бектеріне қарсы бағытталды десек қателеспейміз. 1850 жылы өзімен бірге көшіп-қонып жүрген 200-ден астам түтінді бастап Сырдың төменгі ағысы бойына көшуді ойластырып, сол жерлерді басқаратын Елекей сұлтан, Дəрман қожаға, Пірəлі би мен Тоғанас батырға хат жазып, солармен бірге болуды өтіне жазған хаты Орынбордың мұрағатында сақталған. Сөйтіп, орысқа бағынышты елдерге келіп қосылады. Бұл кезде де тыныштықта өмір сүруге болмай, көршілес елдер мен ауылдар арасындағы барым талар, кісі өлімі болған уақиғалар батырды амалсыз ұрысқа бастайды. Кете, Шөмекей, Керейт руларын басқарған сұлтан Елекей Қасымовтың тұрлаусыз саясат ұстануынан Сыр жұртшылығы біраз жапа шеккен тұстары да болған. Оның салқыны Бұқарбай Ес текбайұлына да тиген секілді. Белгілі жазушы (əрі зерттеуші – Т.Д.) Михаил Юдин «Ақмешіттің алынуы» атты кітабында мұрағат деректерін мол пайдаланғанын жазады. Осы кітабында ол: «1850 жылдың 16 ақпанға қараған түні Қоқанға қарасты қазақтар (киргизы) Райым бекінісінен 50 шақырым жердегі Шөмекейдің 20 ауылын шауып, талады. Осы жылдың 25 тамызы түні Бұқарбай бастаған топ Қазалы маңын талап, Арықбалықтағы ұрыста 11 адамды өлтіріп, 1500 жылқы, түйе, 20 мыңнан астам қойды айдап кетті. Арал бекінісінің уақытша бастығы майор Энгманның жазуынша, 2 сəуір 1852 жылы Кете руының қазағы Бақабай Азаматов өзінің көзімен көргендерін айтқан. ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатының №4 қорының, 3632 ісінде «Бұл оқиғаға (іске) 130 хиуа - лық пен 1000 қоқандықтармен бірге көптеген қазақтардың қатысқаны жазылған. Күмісқорғанда болған ұрыста 3 хиуалық пен 100 қоқандық өліп, біраз адамдары жараланады. Өлгендердің арасында Күмісқорған қорғанының бастығының (Чутунь-Чекмарьдың) денесі ұрыс болған жерде қалды. Қырғыздардың (қазақтардың) бастығы, белгілі батыр Байқадамның інісі, Бұқарбай Ағайдаров осы ұрыста ауыр жарақаттанады» (Осында Бұқарбайдың əкесінің аты қате жазыл ған, дұрысы Естекбаев – Т.Д.). Хиуалықтар 300 қой, 6 түйе, қоқандықтар 2000 қой мен 100 түйені талағаны да жазылып, хиуа бегі Қожанияздың Ресей өкі метіне

тілектес деген ауылдардың белгілі адамдарын аманатқа алғандығын жəне ол бекіністе 30 адам, екі зеңбіректің барын да айтқан. Сұлтан Елекей Қасымовтың Орталық бөліктің басқарушысы сұлтан, əскери старшина Арыстан Жантөринге (ҚР мұрағатының 4-қор, 3632-ісінің) берген түсінігінде «…өзіне қарасты Шөмекей руы ның əр түрлі аталықтарының мал-мүлкін қоқандықтардың 1700 адамы келіп талағанын, оларды Арал бекінісінің бір майоры баста ған əскер жəне сұлтандар Əділов пен Сауқымовтар, өздерінің бір не ше адамдары қарақшылардан 53 мың қой, 60 түйе, 155 сиыр ды, 5 жыл қыны қайтарып алғанын, ұрыста 7 қоқандықтың өлтірілгені де» жазылыпты. Сондай-ақ, «Құтқарушылардың көзі не түспеген кейбір қарақшылар жолындағы ауылды талап, малдар ды Шымқорған бекінісіне апарғаны да айтылады. Осы жағдайлар тұрасында Қаракете руының басқарушысы Бекмырза (Бекқожаұлы) Еркінбаев, Шөмекей руының əрі биі, батыр Тоғанас Бəйтіков (Бəйтікұлы), Шөмекей билері Қошаман Ботбаев, Қызылбас Мүсірепов, сұлтан Сəдірмек, сұлтан Елекей Қасымов растап қолдарын қойған. Осы №4 қордағы 7 сəуір, 1852 жылғы тағы бір құжатта 53-ші дистанция бастығының Орынбор шекаралық комиссияның кеңесіне жолдаған мəлімдемесінде «… Қоқандықтарға қарасты қа зақтар 1500 адам, Ақмешіт бегі мен жараланған ба тыр Байқадамның баласы жəне туысқаны ба тыр Бұқарбай Орынборға қарасты қазақтар ауылына қарай ша буылға шыққанын естіп шөмекейліктер Қарақұм жайлауынан Орал бекінісіне қарай қозғалады. Шөмекей руының батыры Тоғанас Бəйтіков бас болып, келе жатқан қоқандықтарға қарсы тұруға жігіттерін жинайды. Қоқандықтар жолында кездескен 8 ауылды тонаған. Қоқандықтар мен шөмекейлер арасында ұрыс болып, екі жағынан да біраз адамдар жа раланып, бірсыпырасы қаза табады» деп жазылған. Тұтасқан шөмекейліктер қолы қоқандықтардан басым түсіп, олардан 40 мың қойдың 20 мыңын қайтарып алғаны туралы жəне болған оқиғаларды жіпке тізгендей есаул, сұлтан Сүлеймен Жиһангеров жазып, қол қойған... «Бұқарбай батыр» кітабының авторы Камал Бердаулетов «...Ба тыр туралы деректер 1860 жылдарға дейінгі кезеңде аз да болса қағазға түсіпті» деп жазады аталған шығарманың 53-бетінде.

Ал біздің зерттеуімізде Бұқарбай батыр туралы ҚР Мемлекеттік
жəне Орынбор облыстық мұрағаттарындағы құжаттарда батыр-
дың есімі 1841-1868 жылдар аралығында жəне 1860 жылдан кейін
ба сылған жекелеген орыс офицерлерінің жолжазбалары мен жи-

нақ тарында кездесті. Демек, Бұқарбай батырдың белсенді өмірі,
жо рық-жортуылға толы кезеңі 1837-1864 жылдарды қамтиды. Дұ-
рысы да, анығы да осы.
Орынбор корпусының командиріне жолдаған рапортында Арал

бекінісінің уақытша бастығы, 1852 жылдың 30 қарашасында бы-
лайша мəлімдеген Үмбет Алимовпен сұлтан Елекейдің Қожанияз
бекінісі маңында көшіп жүрген батыр Бұқарбаймен байланысы
жəне қашып жүрген казактар Липат Толмачев пен Сейбаттал Да-

нияров тан алған қаруды қабылдағаны туралы айтылған. №4 қор-
дың 416 «а»-ісінде қоқанға қарасты қазақтардың арасында бұ дан
үш жыл бұрын өлтірілген би Байқадам Ағайдаровтың баласы Сейіл
басқаратын 100 ауыл Ақмешіт пен Қожанияз қорғаны ма ңындағы

Қуаңдария мен Жаңадария өзендерінің бойында көшіп жүргені ата-
лады. Жалпы осы, 4 қарашадағы құжатта соңғы ке зеңдерде Бұ қарбай
батырдың Елекей сұлтанмен қарым-қатынас жасағаны аңғарыла
түседі. 1852 жылғы 30 қарашадағы құжатта хиуа бегі Қожанияз

бен Елекей сұлтанға қараған ауылдардың жағдайына тоқтала
келіп, қорғанға арнайы жіберген адамының айтуы бойынша
жазылып алынған деректерде жəне Е. Қасымовтың айтуынша
хиуалықтардың қолындағы казак Липат Толмачевты 100 қой

беріп босатып алғанын жəне Қожанияз бектің қарамағында 200
хиуалық жасақтың (казактан басқа – Т.Д.) барлығын нақтылаған.
Ал Бұқарбай батыр бүгінде Қожанияз бек маңында көшіп жүргенін,
оған Бекмырза Əлдеевтен хат келгендігін, онда Бұқарбайдың Арал

бекінісінің бастығына жолығу қажеттігі жазылған. Жəне осы Бұ-
қар бай батырдың Қоқанға бағынышты қазақтар ауылын шабуға
дайындалғанын, əрі 3 жігітін, Шодыр, Құрақ, Естиярды Елекей сұл-
танға жіберіп, өзіне көмектесуді сұрағаны аталған.

1852 жылғы 17 қарашадағы құжатта Бұқарбай батырдың 31 қа-
занда 200 қарақшыны жинап алып, Қоқан хандығының «Ала көл»,
«Аңламаста» көшіп жүрген қазақтарға шабуыл жасап, 600 қой,
сиыр, жылқы, түйелерді айдап кеткені айтылған. Осы оқи ғаға

байланысты Ақмешіт бегі Жақыпбек Хазрет қаласындағы Нұр-

мұхамедке адам жіберіп, Бұқарбаймен соғысуға рұқсат беруді сұрап хат жолдаған. Бірақ Нұрмұхамед Жақыпбектің Бұқарбайға қарсы аттануына орыстар Бұқарбайды қолдап отыр деген оймен Ақмешіт бегінің қарсы соғыс жасауына тыйым салған. Ақмешіт бегі айналасына 1230 адам жинағанымен, орыс өкіметінен қаймыққан бек тікелей соғысқа шыға алмаған. Сондықтан да Ақмешіт бегі Жақыпбек Арал бекінісінің бастығына арнайы хат жазып, орыс елімен Қоқан хандығы арасында бейбіт келісімнің барлығын есіне салады. 20 желтоқсан 1852 жылғы Арал бекінісінің бастығының орынборлық арнаулы корпусы командиріне жолдаған рапортында Ақмешіт бегі Жүсіпбектің қазақ Мұхамедқожа Таңғатов арқылы өзіне хат жазғанын хабарлаған. Аталған хатта Жүсіпбек өздерінің түр меде жатқан адамдарын босатуды сұраған. Корпус командирі Таң ғатовқа Ақмешіт бекінісінің қорғаныс жағдайын Елекей сұлтан мен Бұқарбай батыр арақатынасы, тағы тағыларды бі луді тапсырды. Бұдан білгенім, Бұқарбай мен Елекейдің біраз ша буылдарға бірге қатысқаны белгілі екенін айта отырып, Қорқыт жерінде Бұқарбай 2-3 қазақ арқылы бекет жасап, Бұқарбай мен Елекей арасында хат жүргізген. Сұлтан Елекей өзі 1500 адамды бастап Қосқорғанға бағыт алып, сонда Бұқарбай батырмен қо сы лып, Ақмешітке аттанбақ болатын. Алайда патша өкіметі бұл жо рығын біліп қойғандықтан, жорығын тоқтатқан. №4 қордағы 416 «а» істің 250-251-беттерінде Елекей сұлтанмен бірге Бұқарбай батырдың Ақмешітке шабуылы тоқтатылғанын айта отырып, шөмекейлерге қоқандықтардың шабуылынан қорғануда ғы құрылған жасақты тарқату жəне Бұқарбайдың қоқан ға бағынышты қазақтарға шабуылына орыстардың қатысы бол мағанын жазады. Демек, Бұқарбай батырдың өмір сүрген уақыты қазақтарды үш жақ та қанау кезеңі болып табылады. Айнала қоршаған жау пиғылды адамдар, ойы онға бөлініп, түн ұйқысын төрт бөліп, бірде өзінің ауыл дастарымен бірге Қоқанға жақтасса, енді бірде хиуа бегі жа ғына шығады, үшіншіде Ресей генералдары мен соларға қызмет еткен сұлтандарға көмек береді. Сөйтіп, тура бағыт болмай, батырдың шатасқан тұстары да болғандығын мұрағаттағы құжаттардан аңғара түсеміз. Өзі бастап бағынған қоқандықтардың талай озбырлығына

іштей шамырқанып жүрген Бұқарбай Жаңадария өзеніне салынған бөгетті бұзады. Жұрт мұны «Қарабөгет» атандырған. Жаңадария, Қараөзек өзендерін зерттеген А.Р. Гран өзінің 1863 жы лы Санкт-Петерборда шыққан «Экспедиция для исследова ния реки Жанадария» атты зерттеуінде Жаңадария бойына екі тос па салынғанын жəне Сырдың суын Жаңадарияға жібермеу үшін қаншалықты жұмыс жасалғанын жазады. Нақты болуы үшін Гранның өзінің Қарабөгет жайлы жазғанын аудармай-ақ беруді жөн көрдік. «...В таком положении Джана-Дарья находилась до осени 1852 года. В течение этого времени, бывшое по берегам ее хлебопашество должно было само собою прекратиться (потому что зем леделие в здешнем крае возможно лишь только при помощи ис кусс твенного орошения), и местность, прежде оживленная деятельностью многих тысяч рук, обратилась в современную пустыню. В 1852 г. киргизский батыр Букарбай, восставший против кокандцевь, разрушил плотину Карабугуть и с этого времени вода Сыра вновь устремилась в русло Джаны-Дарьи». Осы Қарабөгет оқиғасына көптеген адамдар қатысып, Жаңа дарияның төменгі жағындағы елдердің егін егуіне жағдай жасаған-ды. Бұқарбай Естекбайұлының есіміне батыр атағы қосылып, елжұртқа ерекше танылуы, біріншіден, он жыл бойы Кенесары хан жасағында болып, Ресей басқыншыларымен соғысуы болса, екіншіден, 1852 жылғы Қарабөгетті бұзуы, үшіншіден, Құмсуат шайқасындағы орасан ерлігі дер едім. Əрине батырлар үнемі ат үстін де болатындай Бұқарбай əрдайым ат үстінде болып жүрді десек артық болғандық емес. Заманы, заманасы солай білді. Бейбіт өмір сүруіне айналасындағы үстемдік еткісі келетіндер мұрша бермеді. Дегенмен қазақ халқының белгілі рубасылары, сұлтандар мен билердің мəміле жүргізулері нəтижесінде 1853 жылдың 22 тамызында Шөмекей, Кішкене, Шекті, Төртқара, Шөмішті, Табын руларының адамдары қатысып, келіскендерін білдірген кісілердің аты-жөндері мұрағатта жазылған. Міне, осы кезеңнен, яғни 1854 жылдан бастап Бұқарбай батыр бейбіт еңбекке бет бұрғанын көреміз. Оны менен бұрын да зерттеушілер жазып, арық қазып, егін еккенін, ол қазылған арықтың сол жылдардан бері «Бұқарбай арығы» деп аталып келетінін айтқанды.

Бұл деректерге қоса 1854 жылдың ақпан айындағы құжатта бір топ билерге астық бергені жазылған. Онда есаул Кармышевтың Бұқарбай батырға 4 қап ұн, 4 қап арпа, 26 пұт бидайды бергені жəне осы азық-түлікті бергені үшін Кармышевтан алғандығы жөнінде Бұқарбай батыр растап, 1854 жылдың 16 ақпанында қол қойған. Осыдан батырдың 1854 жылдың көктемінде Бегікөл маңында егін еккені айтпаса да түсінікті. Орыс генералы Фитингоф 1857 жылы 14 қыркүйекте жоғары бас шыларына жазған мəлімдемесінде Жанқожа Нұрмұхамедовтың көтерілісін басуға қатысқандар қатарына Бұқарбай мен Сейіл Байқадамовты атап, Бұқарбайға хорунжий атағын беруге жəне оның Құм суаттағы ерлігі үшін күміс медаль алғандығын да хабардар еткен. Патша генералдарының өз жұртына белгілі адамдарды сыйлап, мадақтап өзіне тарту, болмаса ірі оқиғаларға қатысты деп жазуы əдейі ме, əлде жаңылыстық па, құжаттар мен жинақтарда кездесіп отырады. Бұқарбайға қатысты бұл əңгімелер сондай ойдан туған де ректер деп есептеуге негіз бар. Əрине, Бұқарбай Естекбайұлы 1852 жылдан бастап Ресей əкімшілігіне бет бұрып, Ақмешіт бекінісін алуға қатысуы тағы басқалай жағдайлардан аңғарылады. Сұлтан Шыңғыс Шынтаев пен жүзбасы Бекмырза Əлдеевтердің жазысқан хаттарында №254 тізімде Бұқарбай Ес текбаевтың жəне 4 ақпан 1856 жылғы Бұқарбай батырдың өзі жазып қалдырған дерегінен оның 1841-1856 жылдар аралығындағы өмірі туралы дерек алуға болады. Бұқарбай батыр Естекбайұлы жайлы мұрағаттарда құнды деректер баршылық. Орынбор шекаралық комиссиясының бастығына жазған мəлімдемесінде титулированный советник Жуковский ер те дегі қазақ халқының қару-жарағы туралы айта отырып, бүгінде Орынбор губернаторлығында кездесе бермейтін темір қалқан (күміспен көмкерілген) жəне қаттаудың тек қана Сырдария қа зақтары арасында сақталғанын жəне ол көне қару-жарақтың батыр Бұқарбайда бар екенін 1857 жылдың 28 қарашасында атап көрсеткен. Іздей білсек, белгілі тұлғалардың жалпы жұртшылық біле бермейтін өмір шындығына көз жеткіземіз, елең еткізерлік де ректерін кездестіреміз.

1857 жылдың қараша айындағы дала бекіністері жəне форттарға тексеру жүргізген инспекцияның тексеріс жазбаларында сырдариялық қазақтардың Сырдария желісі бастығының түрлі тапсырмаларын ақысыз-пұлсыз орындап келгендерін, сондықтан да оларға өзімді қарыздар деп есептеймін дей келе, көптеген билер мен батырларға əр түрлі сый-сияпат пен атақ беруді ұсынады. Осындағы №5 тізімде: «Табын руының оңтаңбалы бөлімінің биі əрі батыр Бұқарбай Естекбаев пен терістаңбалы бөлімінен Сейіл Байқадамовтардың батырлығымен белгілі екенін жəне алдыңғысына хорунжий шенін беруді ұсынамын» деп жазады. Мұрағаттағы осы құжат 1964 жылы шыққан. «Қазақ-орыс қаты настары» атты кітаптың 430-431-беттерінде басылған. Сондай-ақ осы істің 3-бетінде «Генерал-майор Фитингоф Жанқожа Нұр мұхамедовтың қарулы көтерілісін басуға қатысқандарды өзінің ұсынысы бойынша жоғары мəртебелімнен сұраған». Тіпті осы тізімдер арасында зат сатушы, пошта тасушының да есімдері кездесті. Бұл жағдайларды орыс əскерилерінің қалай да болса қазақ жұртшылығын бостандық, тəуелсіздік жолында күресіп жүрген Жанқожа батырға қарсы қою амалы демеске лажымыз жоқ. 1862 жылдың 17, 31 наурызында Перовск уез бастығының Сырдария желісі қолбасшысына жазылған мəлімдемесінде уездегі тү - тін пұл жинаудың жайын, түтін пұл жинауға арналған түбіртектер ді кімдер алды, саны қанша сома өткізді – бəрі-бəрі де нақтыланып жазылған. Осында би Бұқарбай Естекбаевтың 393 сом 50 тиын күміс ақшаны өзіне бағынатын ауылдардан жинағаны жəне зауряд хорунжий Бұқарбайдың 1861 жылы 262 шаңырақтан 393 сом жинағаны, оның жинаған күміс ақшасының 200 сомын қыпшақ биі Сарыбай Айбасовқа пенсия ретінде (ол Түркістан бегінің қолынан қаза тапқан – Т.Д.) беруді есаулға тапсырылғаны айтылады. Осы құжатта Бұқарбай Естекбаев Табын руының оңтаңбалы бөлігінің бастығы екені жəне оның қарамағында 1860 жылы 273, 1861 жылы 262 шаңырақ болғаны жазылған. Осы құжатта түбіртекті алғаны, соған орай ақша тапсырғаны жайлы Бұқарбай батыр қол қойып, мөрін басқан. Осы құжаттар арқылы бір анықтағанымыз Бұ қарбай батырдың 1860 жылдан бастап қолына қару алмай, ел басқарғандығы көрініп тұр. Осы жылдардағы құжаттардың біразында Бұқарбай ды «би» деп те жазған.

Ел билігіне Бұқарбай Естекбайұлының араласуын нақтылай-
тын 1864 жылдың 12 желтоқсанында Орынбор облыстық орта бө-
лігін басқарушы, полковник, сұлтан Мұхамеджан Баймұхаметов-
ке, осы орта бөлікке қарайтын Шөмекей, Қаракете жəне басқа да

рулардың арыз-өтінішіне жолықтым. Олар өздерінің арыздарына
Ре сейге қарап келгенін, жазғы кезде Қаракұмға, Баймұрат Нұра-
сы, Сасықкөл, Құмкөл, Талдыкөл, Жетіқара, Кендікті, Шалбар,
Шалқар, Қамыстыкөл, Қотыр бойына көшіп жүргендігі де жəне

1859 жылы полковник Г. Писеров шығыс жəне орта бөліктердің жер
шекарасын белгілеп бергенін, алайда бүгін де сол жерлерге ығыс-
тыруымен жағалбайлықтар келе бастағанын. Біздің жерлерге егін
егіп, мал бағуда, сондықтан сол шекарамызды өзіміз егеленбекпіз,

осы тұста түсінбестік туып, руаралық жанжал шығуы ықтимал,
жағалбайлықтардан 1862 жылы бізге қарасты 2000 шаңырақ Бұ қар,
Хиуа маңында көшіп жүр» дей келе, жағалбайлықтар мен өздерінің
жаз жайлаулары мен қыстауларын атап көрсеткен.

Осы құжатта жоғарыдағы жағдайлардың себептерінен өздерінің
көптеген туыстарының əр тұста көшіп жүргені айтылған жерлер
өздеріне тұрақтандырылса, оларды қайта көшіріп алатындарын
жəне бұрынғыша жаз жайлауына көшу жолын талап еткен Шө-

мекей руы, Балқы бөлімінің биі Тапмыш Сартаев, Сарыбайдан
Қош ман Ботабаев, Сүйіннен Башеке Құлтанов, Қаратамырдан Пы-
шан Мұратов, Аю-Сырымнан Қаран Тұрғанов, Тоқадан Сəтбай,
Ақбанов, Қаракете руының Құлыс бөлімінен Бекет Өтемісов, Мал-

ғара Түзелбаев, Асан бөлімінен Бекмырза Еркінбаев, Керейт руының
Жартай бөлімінен Аманжол Қыстаубаев, Балғара (Басығара) Дауыл-
баев, Тілеу руынан Көшек Қыстаубаев, Табын руының Айдар-Теке
бөлімінен Бұқарбай Естекбаев, Шөмішті Табын руынан Ерубай

Ал даросов, Алтын руының Мəметбек бөлімінен Көбен Мұсылма-
нов, Айдар бөлімінен (аталығынан – Т.Д.) Есер Құлов мөрлерін бас-
қан. Бұл құжатты аға тілмаш Биглов аударған.
Бұл құжат 1864 жылғы 12 желтоқсанда (əсет айында) Аштықарай

жылғасында жазылған екен.
12 желтоқсан, 1864 жылдан кейінгі 1868 жылдың 28 қараша
айын дағы Перовск уезіне қарасты болыстардағы қыс-қыстауға ор-
наласқан ауылдардағы түтін саны туралы ақпар мəлімдемесінен

Байзақ болысының 1-ауылында тұратындардың 171, 172, 173, 174 ті -
6-105

зімдерінде Бұқарбай батырдың өзімен Көтібар Арыстан, Ал даназар
есімдерін де кездестірмедім. Бұдан кейінгі жылдарда Бұқарбай
Естекбайұлының атын кездестірдім. Оның орнына ба тырдың
балалары Арыстан, Алданазар, Көтібарлардың есімдері 1862

жылдан бастап түрлі мазмұндағы құжаттарда қылаң береді. Үш ұлы
ат арқасына мініп, ел басқару ісіне араласа бастағасын Бұқарбай
батыр балаларына жол беріп, ақсақалдық жолды ұстаған деуге негіз
бар.

Жалпы Бұқарбай батыр Естекбайұлы хақында сөз қозғағанда,
оның асқан батыр ғана емес, ел бірлігі мен тірлігіне араласқан
қабырғалы би де болғанын (билік сөздері сақталмаса да) сезіне
түсеміз. Қайшылықта өмір сүрген батырдың өмір соқпақтары да

сан тараулы болып, бірде адасқан, бірде табысқан, бірде шабысқан
тұстары аз болмаса керек. Замана ағымына жүгінбей, толқынға
қарсы құлаш ұрып, қазақ халқының тəуелсіздігі жолында (қай-
шылықтары мол бола тұра – Т.Д.) белсенді күрескен қас батыр-

лардың бірі болғаны даусыз. Мұрағаттар дерегі осылайша ой қоз-
ғауыма себепкер болса, замандас болған ақын-жыраулардың батырға
арнаған жырларынан оның бейнесі асқақтай түскен.
Бұқарбай батырдың ерлік істерін саралағанда хиуалық ба тыр

Бейісбай бастаған тонаушыларға қарсы ұрысы, орыстың Ақ мола
бекінісін алуға қатысуы, Кенесары Қасымовтың азаттық үшін
күресінде қолбасшы батырлығы, Күмісқорған бекінісінің бас-
тығы Шонық-Шоқпарды өлтіруі, Қарабөгет бөгетін бұзуы, орыс

əскерлеріне көмектесіп Құмсуаттағы, тағы басқа ерлік іс тері -
нен оның батырлығын көреміз. Дей тұрғанымызбен, қазақ жұрт-
шылығында талай ғасырдан бергі келе жатқан жер дауы, жесір дауы,
барымталарға араласқан кездері, көршілес рулардың малдарын тар-

тып алу сияқты оқиғалардың арасында болғанын жоққа шығара ал-
маймыз.
Қалай десек те, қазақ халқының тарихында өзіндік орны бар, ел
тəуелсіздігі жолында отыз жылдан астам уақыт ат үстінде болған

қайраткер, батыр бабамыздың туғанына 200 жыл толу мерекесі ұл-
тымыздың бүгінгі жас ұрпақтарына рух, күш берер шараға ұлас сын
демекпін.

ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІНДЕГІ

БҰҚАРБАЙ БАТЫР БЕЙНЕСІ

Ел қорғаған батыр ұлдарына арнап жыр тудыру, халық батыр-
ларының ел үшін жасаған ерліктерін көркем дүниеге айналдыру –
ұлттық əдебиетіміздің дəстүрінде бұрыннан бар үрдіс. Түп негізін
ежелгі дəуірлерден алатын қазақ əдебиетінің ең басты, негізгі əрі

өзекті тақырыптарының бірі батырлықты дəріптеу, сол арқылы
келер ұрпақ бойына отансүйгіштік, азаткерлік, ұлтжандылық рухын
сіңіру, халық басынан кешірген оқиғалар мен тарихи тұлғаларды ел
жадында жаңғырта, жаңарта отырып, ұлт тарихын құрметтеу мен

қастерлеуге тəрбиелеп үйрету еді. Əдебиетіміздің көне дəуіріне
жататын «Алып Ер Тоңа», «Шора батыр» жырларынан бастап,
«Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», т.б. батыр-
лық жырларының сан ғасыр бойы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, ұлт-

тық əдебиетіміздің өлмес мұрасы, асыл қазынасы ретінде бағалануы
да осы қасиетінен болса керек-ті.
Əдебиет – заманның көркем шежіресі. Кез келген ұлттың жү-
ріп өткен жолы, тағдыр-талайы, дəуір-заман шындығы көркем əде-

биетте көрінеді, əдеби шығарма арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп,
ұлт жадында сақталады. Ұлттық əдебиет пен тарихтың бір арнаға
тоғысып, туыстасып кететіні де осындан.
Қазақ тарихында ұлттық, мемлекеттік тəуелсіздікті сақтап қалу

жолында 300-ге жуық ұлт-азаттық көтерілістері болғаны белгілі.
Ғабит Тұяқбаев,
филология ғылымдарының кандидаты,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда

мемлекеттік университетінің доценті

Ішкі, сыртқы жаулардан қорғану, азаттық, бостандық жолындағы күрестер қазақ топырағынан жүздеген батырларды шығарды. Соның бірі – ұлттық тарихымызда есімі ерекше атауға тұрарлық халық батыры Бұқарбай Естекбайұлы. Бұқарбай батыр 1812 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, қазір өзінің есімімен аталатын ауылда дүниеге келген. Кіші жүздің Табын тайпасынан шыққан. Əкесі Естекбай ел-халқына өте сыйлы кісі болған. Бұқарбай батыр əкесі туралы «Менің əкем орта шаруа. Қоймінезділеу, жуас адам еді. Мен өзім жалғыз бала болдым» дейді [1]. Ел аузында Бұқарбайдың дүниеге келіп, батырлық жолға түсіп, елге танылуы туралы мынадай аңыз айтылған. «Ауыл ақсақалдары бір перзентке зар боп отырған Естекбайға Ба қуа дин əулиенің басы на тəу етіп қайту туралы ақыл айтады. Игі-жақсылардың кеңесін тыңдаған Естекбай бабамыз жары Зағипа екеуі сауда керуеніне ілесіп, Бақуадин əулиенің басына келіп түнейді, аруақтарға құран оқып, құдайы-садақа таратады. Сол күні түсінде бір ақсақал «Шы рағым, пейілің пəк, жүрегің таза тəубешіл жан екенсің, Алла таға ладан он перзент сұрайсың ба, əлде он перзентке татырлық біреуін қанағат тұтасың ба?» деп аян береді. Қуанғаны соншалық Естек бай «Бізге бір ұл берсеңіз де болады» депті. «Онда бұл ұлың біреу болса да, бірегей болып ержетер. Аты алты Алашқа жайылар. Хас батыр болар. Иншалла, ұзақ жасар, əумин» десе ке рек. Бұдан соң жарық дүниеге келген нəрестеге əкесі Бұқарбай деген есім береді. Ертерек есейсін деп оны жастайынан-ақ шабандоздыққа үйретеді». Əрине, бұл аңыз ел үшін таңсық емес. Қазақ тарихындағы көптеген батырдың, тіптен елді аузына қаратқан ақынның өмірге келуіне байланысты ел арасында жиі тараған аңыз-əпсана. Бірақ елдің елеулі ұлдарына байланысты айтылатын осы аңыздың түбінде бір шындықтың жататынына күмəн болмаса керек. Қалайда, өмірде ерекше, көп адамға ұқсай бермейтін дара тұлғалардың дүние есі гін ашып, елге танылуында осындай тылсым-құпиялардың болуын тек халықтың арман-қиялы дей алмаймыз. Естекбайдың жары Зағипа анамыздың Бұқарбай батырға жүкті кезінде жолбарыс жүрегіне жерік болуы да Бұқарбайдың болашақ

ержүрек батыр, алапат күш иесі болуына меңзейтін мифологиялық сыры бар жаратылыстың ерекше құпиясы деп айтар едік. Ел аузындағы осы аңыз жергілікті ақын Сейтмұрат Ембергеновтің «Жолбарыс жүрегіне жерік болған ана» шығармасына өзек болған. Бойдағы қуат беріп «білінгені», Күн де оған нұрын төгіп күлімдеді. Қуаныш қытықтаған жан сезімін, Ой тербеп кейде көзі ілінбеді... Əлдене жетпегендей құрып əлі, Еріксіз бір нəрсе іздеп ұрынады. Жүрегі жолбарыстың ойын арбап, Аузынан сілекейі шұбырады. Аңыз желісін ақын сəтті пайдаланған. Суреткерлік шеберлік пен қиял бірін-бірі толықтырып, біріне-бірі «демеу», «қолдау» көрсете отырып, көркемдігі көз тоярлықтай шығарманың өмірге келуіне себепкер болған. Ауыз əдебиетінің үлгілері, ақын-жыраулар поэзиясынан бастап қазақ əдебиеті үшін мұндай жыр-аңыздар тосын дүние емес. Аңыз желісін негіз еткен шығармалардың көпшілігі маз мұн, форма, стиль, тіптен көркемдік құралдарды пайдалау жағынан да халықтық шығармалармен үндесіп жатқандығын ескерсек, С. Ембергенов өз шығармасын классикалық поэзия деңгейіне көтере алғандығымен ерекшеленеді. Суреткер ананың жүкті болуының өзін өзгеше сипатта, өзіндік өрнекпен береді. «Бойдағы қуат беріп «білінгені», Күн де оған нұрын төгіп күлімдеді». Əдемі, əсерлі өлең жолы! Кез келген ақын қаламынан туа бермейтін жаңашыл жаратынды екендігін айта кетуіміз керек. Биік эстетикалық талғамнан туған өлең шумағы оқырманын əрі қарай ынтықтырып, «не болар екен» деген қызығушылығын оятып, «жетелеп» отырады. Белгісіз, бұл не тылсым ерікті алған? Беймəлім дəмге үйріліп сеніп қалған. Жоқ еді естігені, көргені де Етіне түз тағының жерік болған. Бір татсам, отқа қақтап дəмін дейді, Жер ме едім құшырланып бəрін дейді.

Қалайда ойын айтып оңашада,
Күйеуі Естекбайға мəлімдейді.
Жарының жолбарыс жүрегіне жерік болғанын естіген аңшы,
саятшы бабамыз Естекбай оның осы тілегін қалайда орындауға

шешім қабылдайды. Ол кез Сырдың асып-тасып, бұлқына-буырқана
ағып, кейде тосын мінез танытып жататын шағы. Дарияның екі
жағалауы ну қамыс, сол сыңсыған қамыс арасында жолбарыс жор-
тып жүрген деседі. Естекбай жолбарысқа арнап тұзақ жасап, оны

дарияның жарқабағына құрып кетеді. Күндердің күнінде тұзаққа
түскен жолбарысты көрген аңшы оны жиде томарынан істеп,
арнайы дайындаған шоқпарымен ұрып өлтіріп, жолбарыс жүрегін
алып келеді. Бұл ел арасында аңызға айналып кетеді.

Қарасай құдіретінен тəңірінің,
(Білмейміз терең сырын əлі мұның)
Қалайда қолға түсіп жерік асы,
Кеп қалды Зағипа-ана сəні бүгін...

Қаһарлы, қаруы мол қолда күші,
Елінің болған батыр қорғанышы.
Атақты Бұқарбайды жебеп жүрген
Сол ма екен аруақты жолбарысы?

Халық Бұқарбайдың ержүрек батырлығы мен қайраттылығын
осы аңызбен де байланыстырады. Шағын балладада ақын өз оқыр-
манына тартымды дүниені бере алған. Ел аузындағы аңыз ақын
шығармасында ерекше көркемдік сипат алып, əдеби шығармаға тəн

қасиеттерді бойына дарытып, көрнекілене түскен.
Бұқарбай буыны бекіп, бұғанасы қатпай жатып өмірі жауыры-
ны жерге тимеген түйе палуанды жығып, бас бəйгеге бір үйір жыл-
қыны айдап қайтады. Осыдан бастап Бұқарбай елге таныла бастай ды.

Ел ішінде тек сыртқы жаулардан ғана емес, руаралық тартыс,
барымта үшін де өз батырларын даярлап, қашанда қорғанысты бі-
рінші кезекке қойған қазақ үшін Бұқарбай сынды жас батырлардың
орны ерекше болатын. Ауыл ақсақалдары, батырлар енді таныла

бастаған жастарды баулып, соғыс өнеріне тəрбиелеген. Атақ-даң-
қы Үш жүзге мəшһүр Сəрке батырдың немересі Байқадам батыр
Бұқарбайдың бойындағы қасиетті танып:

– Мынау тірі болса, болайын деп тұрған бала екен, енді мұны əскери өнерге баулиық, – деп оны өзінің жасағына қосып алады. Інісінің ат құлағында ойнай білерлік шабандоздығы, найзагерлігі, қысылшаң сəттерден оп-оңай жол тауып кетерлік тапқырлығы, жүректілігі қатты ұнайды. «Сəрке атаңның жолын берсін» деп ағынан жарылып, ақ батасын береді. Ағасының лебізі қабыл болып, бабамыз бертін келе күллі қазақтың жоғын жоқтап, жанына жалау болар хас батыры болып қалыптасады. Бұқарбай ел намысы жолында батырлығымен көзге алғаш Хиуа хандығына қарсы Сыр бойы қазақтарының көтерілісінде кө рінді. Арал теңізі мен Сыр бойына талас, негізінен, Орта Азия хан - дық тары мен Ресей империясы арасында болды. Хиуа хандығы ХІХ ға сырдың басында Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал аймағын, Үстіртті мекендеген Кіші жүз қазақтарының жерін жау лап алуға əрекет жасады. Хиуалықтар осы жерлерде қорғаныс бекіністер салып, оны қазақ даласының ішкі жағына ену үшін пай даланбақ шы болды. 1835 жылы Қуаңдарияның сыртындағы Құр төбе деген жерге бекініс салып, онда 200-ге жуық əскер ұстаса, Сырдарияның сол жағалауына Қожанияз бекінісін, одан соң Жаңа қала бекінісін салды. Жергілікті қазақтардан зекет, ұшыр жəне басқа да алым-са лықтар жинау үшін əскерді пайдаланып отырды. Қазақ ру лары салық төлеуден бас тартқан жағдайда хиуа əскерлері қазақ ауыл дарын шауып, əйелдері мен балаларын айдап əкетті. Хиуа хандығының шапқыншылығы, əсіресе, ХІХ ғасырдың 40-жыл дары барынша күшейе түсті. Олар Сыр бойын жайлап отыр ған Атанбас, Ақирек, Қамыстыбас деген жерлердегі 1400-дей отбасын шапты. 1847 жылы тамыз айында 1500 əскер дарияның оң жағасына өтіп, ауылдарды шауып, мыңнан аса үйді тонады. Арада жыл өтпей жатып 2500-ге жуық шаңырақты ойрандап, 500-ге жуық қазақтарды өлтірді. Осындай шектен шыққан озбырлыққа төзе алмаған Сыр өңірінің қазақтары Ресей қамалдарын паналап, Қарақұмға, Ырғыз өзенінің бойына қарай босуға мəжбүр болған. Сыр бойындағы осы кезең туралы И.В. Аничков «Кіші жүз ха ны Əбілқайыр сонау 1730 жылы-ақ Ресей патшасына бодан болса да, Арал теңізі мен Сыр бойында орыс əскерінің баса-көктеп би лік құра бастаған кезінде, яғни 1847 жылы Арал бекінісі салынған уақытта, былайша Ресейге бағынды делінгенмен, Сырдың төменгі ағысы

мен Қарақұм, Борсыққұмда көшіп-қонып жүрген Кіші жүз дің бір бөлегі біресе Хиуаның, біресе Қоқан ханының шапқыншылығы мен жорығына ұшырап, орыстардың билігіне біржола мойынсұна қоймаған еді. Хиуа мен Қоқан хандары болса Сыр бойында көшіпқонып жүрген қазақ руларына өз билігін жүргізгісі кеп, үнемі ұшыр, зекет жинап, əйелдерінің абыройын төгіп, ажарлы қыздарын өздерінің харам сарайларына зорлап əкетіп, қазақ ауылдарын шауып алуды əдетке айналдырған-ды» дейді [2.3]. Орыс зерттеушісінің жоғарыдағы пікірінен Сыр бойылықтардың ХІХ ғасырдың орта тұсында тек Хиуа хандығынан көрген зорлық-зомбылығы ғана емес, сонымен бірге Қоқан хандығы тарапынан жасалынған қысым да ашық айтылғандығын байқаймыз. Бір көңіл аударарлық мəселе, И.В. Аничковтың орыс отарлаушылары туралы «орыс əскерінің баса-көктеп билік құра бастаған кезі» деп адал баға сын беруі. Осы жерде Т. Омарбеков пен Ш. Омарбековтердің «Қазақ тарихын зерттеумен белсенді айналысқан интеллигенция өкілдерін аса толғандырған мəселенің бірі – Қазақстандағы Ресей отарлауына қарсы ұлт-азаттық қозғалысы. ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде жазылған еңбектер бұл мəселені шынайы да объективті тұрғыдан көрсету бағытын ұстанса, ал 30 жылдарға қарай тарихта таптық көзқарастың белең алуына байланысты тарихи ақиқатты сталиндік концепцияға сəйкес баяндауға тырысушылық байқала бастады» деген пікірлерінің құнды екендігін айта кетуіміз керек [3.256]. Шынында, кезінде КСРО құрамына енген халықтардың, оның ішінде қазақ халқының тарихын бұрмалау ХХ ғасырдың 30-жылдарынан басталады. Хиуа хандығының Сыр бойы қазақтарына жасаған зұлымдығы туралы Орынбор батальонының прапорщигі И.В. Виткеевич тің Бұ хараға барып қайтқан сапарлары туралы əңгімелері бойынша құ растырған жазбаларында да біраз мəліметтер берілген [4.88]. Жал пы Хиуа хандығы Сыр бойы халқын отарлауды ХІХ ғасырдың басында-ақ, Хиуа хандары Елтүзер мен Мұхаммед Рахим тұсын да бастаған болатын. «Хиуа хандығы ХІХ ғасыр басында белсенді түрде өзінің солтүстігіндегі көршілері – түрікмен, қарақалпақ, қазақтарға үстемдік жүргізуге ұмтылды. Мұсылман дінін жа лаулатқан Хиуа басшылығы Сыр бойы қазақтарын толық бағындыруды көкседі. ХІХ ғасыр басында Елтүзер хан (1800-1806),

Мұхаммед Рахим (1806-1824) отырған тұста Хиуа ірі мемлекетке
айналды. Хиуа хандығы алдымен Мерв түрікмендерін өздеріне ба-
ғындырған соң, жоспарлы түрде Кіші жүз қазақтарын жаулап алуға
ұмтылды. Мұхаммед Рахим Хиуа тарихында салық реформасын

жасаушы ретінде де атағы шықты» [5.48-49].
Ақмешіт Хиуа хандығына қараған кезде қазіргі Сырдария (Те-
реңөзек) ауданы жеріндегі «Күмісқорған» бекінісіндегі хиуалық-
тар айналасындағы елдерге тыныштық бермей, зорлық-зомбы лық

жасаған. Осы зорлыққа төзбеген Табынның батырлары Байқа дам,
Бұқарбай, Қабандардың басын біріктіріп, рухани басшылық жа-
са ған Мысық би сол бекіністі алуға 1829 жылы келеді. Бекіністегі
Хиуа ханының інісі жəне бас батыры Жұбанияз жекпе-жек деп

атын ойнатып шыға келеді. Осы жекпе-жекке Бұқарбай Мысық
биден бата сұрайды. Сонда Мысық би «Бұқарбайжан, сен əлі жас-
сың ғой, бұғанаң əлі қатпаған. Бірақ сенен бұрын жолбарысың
шықты ғой. Алла жар болсын, жеңіс сенің жағыңда болар» деп

бата берген екен [6]. Бұл жас батыр Бұқарбайдың бірінші жеңісі
болатын.
Елді Хиуа ханына қарсы бас көтеруге басшылық жасап, азаттық
күресіне рухани басшылық жасаған Мысық би ХІХ ғасырда өмір

сүрген тарихи тұлға. Шын аты – Есенжол, Кіші жүздің Табын
руынан. Көнекөз қариялардың айтуынша, Мысық би шамамен 1804
жылы туып, 1884 жылы 80 жасында Жаңадария бойында қайтыс
болған.

Қазақ тарихындағы ерекше сипатқа ие ұлттық көтерілістің бірі –
Ке несары бастаған көтеріліс. XІX ғасырдың 30-40 жылдарындағы
Ке несары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалысы «Ақтабан шұ бы-
рынды, Алқакөл сұламадан» кейінгі бабаларымыздың елі мен же-

рінің біртұтастығын қорғап қалудағы қатты наразылығы, қазақ
мемлекеттігінің тарихындағы ұлы оқиға. Ұлт-азаттық жолында-
ғы көтеріліске Патша үкіметінің 1822 жылғы «Сібір қазақтары
туралы Жарғысының» қалыптасқан хандық құрылымды, дəстүрлі

билік үлгілерін жоюы, қазақ елін жалпыресейлік басқару жүйесіне
сіңістіріп жіберуді көздеген жымысқы саясаты негіз болды.
Ресей билеушілерінің қазақ елінің ең шұрайлы жерлерін тартып
алып, Ақтау, Ақмола, Қызылжар, Көкшетауда өз əскери бекіністерін

салуы, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда суы мен жайылымы мол
Ертіс, Есіл өзендерінің бойындағы жерді біртіндеп орыс-казак ша-
руаларының иелігіне бөліп алуы, жергілікті халыққа алым-салық-
тың өсуі ұлт-азаттық қозғалысын тұтатты.

Кенесары Қасымұлы 1837 жылғы желтоқсанда Николай І пат-
шаға: «...Сіздің арғы бабаларыңыз, ал бізде менің атам Абы лай
патшалық құрған уақытта халық бейбіт жəне тыныш жағдайда
өмір сүрді, оны ешкім бұзған емес. Екі жақ та өзара сауда жасады,

біздің жұртымызға ешқандай да салық салынған жоқ. Ал одан
кейінгі мезгілде бəрі өзгерді, біздің халқымыздан салық жинала
бастады, оған басқа да түрлі таршылықтар жасалынды. Бұрынғы
жасалынған бейбіт келісімді бұзып, Сіздің төменгі қарауыңыздағы

басшыларыңыз бүкіл қазақ халқы Ресей бодандығына қарады
деп жалған көрсетті, соның салдарынан менің Абылай атама қа-
расты жерлерде сегіз дуан орнады. Бұл біздің халқымыз үшін өте
қайғылы жағдай, əсіресе оған салықтың салынуы өкінішті-ақ.

Сондықтан да біздің бүтін қазақ халқымыз таршылық көрмей, ты-
ныш рақатты өмір сүрсе екен деп, ұлы мəртебелім, Сізге өтініш
айтуға өзімді бақытты санап, біздің халқымызды сол бұрынғы
күйінде қалдырып, даламызда орналасқан сегіз округтік дуандар

мен өзге де мекемелеріңізді жоюыңызды сұраймын» деп жазған-
ды. Алайда заңды талап-тілегі орындалмай, өтініші аяққа басы лып,
елі мен жерінің біртұтастығына қатты қауіп төнгендіктен, Кене-
сары ту ұстап, тұлпар мініп, қол бастады. Ақылды саясатшы жəне

шебер əскери қолбасшы ретінде ол соғысқа жан-жақты дайындалды.
Жасағына қару-жарақ соғу, соның ішінде зеңбірек құю үшін орыс
жəне өзге ұлт шеберлерін де өзіне тартып, оларға жақсы жағдай
жасады. Көп ұзамай Кенесарының қол астына 20 мыңға жуық сарбаз

жиналып, олардың ішінде Орта жүздің Арғын, Қыпшақ руларымен
бірге Кіші жүздің де Шекті, Тама, Табын, Алшын, Шөмекей, Жап-
пас, Жағалбайлы, тағы да басқа руларының, Ұлы жүздің Үйсін,
Дулат, тағы да басқа руларының сарбаздары болды. Кенесары ұлт-

азаттық көтерілісінде Ағыбай, Иман, Басығара, Аңғал, Жанайдар,
Жəуке, Сұраншы, Байсейіт, Жоламан Тіленшіұлы, Бұқарбай,
Мыңжасар тəрізді батырларға арқа сүйеді.
Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне Кіші жүз қазақта-

ры, оның ішінде Табындар да белсене қатысты. 1843 жылдың жа-

зында Кенесары қосынына көптеген қазақ рулары, оның ішінде
басым бөлігі Алшын руынан көптеген адамдар қосылды [7.67-71].
Олар Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне тек қатысып қа-
на қойған жоқ, сонымен бірге материалдық көмек те көрсетті.

Мəсе лен, 1840 жылы Кіші жүз қазақтары Кенесары əскеріне көп
мөлшерде ұн берді [8.245]. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-
азат тық көтерілісі туралы 1946 жылы Ташкентте кандидаттық
диссертация қорғаған Е.Д. Ділмұхамедов «Кенесары əскерінің

құрамында өз жасақтарымен Кіші жүздің хас батырлары: Табын
руынан (Сыр дария) Бұқарбай батыр, Шекті руынан (Сырдария)
Жанқожа батыр, Табын руынан (Ырғыз-Ақтөбе) Жоламан Тілен-
шіұлы, Тама руынан (Ембі) Құрман батырлар болды» дейді [9.118].

Бұқарбай батырдың Кенесары əскеріне қосылуы туралы бірнеше
нұсқада айтылады. Бұқарбай батыр өзі «Ауылым Қызылжыңғылда
отырған кезде Кенесарының көп əскермен қырғызға кетіп бара
жатқандығын естідім. Мен де соларға қосылып, қырғызға бірге

ат тандық. Наурызбай төре менімен жасты болып шықты» дейді
[10].
Екінші бір дерек көзінде: «Кенесары əскері 1841 жылы Төретамға
келгенде оның 3 мыңдай əскері болды. Оған Табыннан Жоламан

батыр Тіленшіұлы мен оның жиені Байтабын батыр жасақтарымен
қосылған болатын. Кенесары Сыр бойына келген соң елдің би-
лері мен батырларын ордасына шақырды. Өзінің қазақ елінің бос-
тандығын көздейтінін, өз алдына дербес мемлекет құру саясатын

ұсынатындығын түсіндірді...
Кенесары Байқадам, Қабан, Бұқарбай мен Қабылан батырлар-
ды арнайы қонақ етіп, кешкі кеңеске алып қалды. Кешкі мəжіліске
Кенесары тарапынан Наурызбай, Шұбыртпалы Ағыбай, Жоламан

мен Байтабын батырлар қатысты. Кенесары Байқадам батырды Сыр
бойынан қоқандықтарды қуғаны үшін мақтап өтті...
Кенесары енді Бұқарбай батырға қарады:

– Жас батыр, сен не дейсің? Күмісқорғанда Қоқанның атақты

Ниязымбет дəуін тамұққа жібердің. Ол талай сыннан сүрінбей өтіп
жүрген белді батырдың бірі еді. Əдіс-айлаңды одан асырыпсың.
Сондай алып күш иесін мерт қылған сіз маған керексіз. Енді сізді
тыңдайын.

Бұқарбай батыр да оң қабақ танытты:

– Қазақ елінің өз алдына хандық құрып, мемлекет болғанын қалаймын. Сіздің қарауыңызға кіремін. Ерікті ел болғанға не жетсін, сол үшін де барлық тапсырмаңызды орындаймын», – деді» деп көрсетеді [11.72-73]. Бұқарбай батырдың Кенесары əскеріне қосылуы туралы К. Бердаулетов пікірі былайша өрбиді: «1841 жылы кыркүйекте Ке несарыны қазақ жұртшылығы астыртын үш жүзге хан етіп сайлаған. Жанболат елі қалмақтармен өліспей беріспегендей қиян-кескі соғыс жүргізіп жатқанда ханның інісі Наурызбай төре бір топ адамдармен келіп, Жанболаттың ордасына ойран салады. Жанболат өз үйінде сауық-сайран құрып жатады. Жаудан кезекті жеңіспен оралған Жанболат батыр мына сұмдықты естіп, жеделдетіп келіп, Наурызбайдың 90 жігітін өлтіріп, тұтқындап, көгендеп тастайды. Наурызбай – жас батыр, жайдақ атпен қаша жөнеледі. Қуғыншылар даярланады, Жанболатпен танысып та үлгермеген, бірақ тілектес адам Бұқарбай да аттанады. Наурызбай жеткен қуғыншыдан 2-3 кісіні түсіріп кетеді. Жанболаттың інісі Ерболатты да жазым етеді. Бұл оқиға Кіші жүз жұртшылығының жан-жақтан анталаған жауға қарсы күресіндегі ауызбіршілігіне жасау түсіргендей болды. Жаңа таныс жас батыр Бұқарбайды таразының қай жағы басым, болашақта қалай болар екен, кім дос, кім дұшпан деген ой толғандырады. Тəуекел етіп, мынадай шешімге келеді: Кене хан орыс патшасының қазақ жеріне дендеп ене беруіне қарсы күрес жүргізбекші көрінеді, мен де осы сапта болуым керек. Өзі сияқты жас батыр Наурызбайдың найзагерлігі Бұқарбайға өте ұнайды. Қашып бара жатқан Наурызбайдың алдынан көлденең шығып, татулыққа шақырады. Бұл жай-жапсар Кеңесары ханға жетеді. Ел бірлігіне нұқсан келтіріп, Жанболат батырды теріс қаратып алған бүлікшілік əрекеті үшін Наурызбай қатаң жазалануға тиіс болатын. Бұл жерде арақатынасқа Бұқарбай дəнекерлік жасайды. Кеңесары хан біраз ашуын басқан соң Наурызбай Бұқарбайды бетке ұстап, «Жүз жігітке татитын бір батыр əкелдім, жүзбасы да, мыңбасы да бола алады» деп кешірім сұраған» [12]. Бұқарбай батырдың Кенесары əскеріне қосылуы туралы келтірілген дерек көздері мен аңыздар бір-бірінен онша алыс кетпейді. Батыр Кенесарының ел азаттығы үшін күреске шыққандығын түсіне, түйсіне отырып, саналы түрде азаттық жолындағы күреске

өз ғұмырын арнайды. Бұл жолда ол өз мақсатына жетті, талай жеңістер биігінен көрінді, жан алысып, жан беріскен отты шайқаста талай ажал аузынан аман қалды. Ел, ұлт алдындағы өзінің қасиетті борышын адал орындады. Табын руынан шыққан Бұқарбай батыр – Кенесарының ең жақын серіктерінің бірі. Жиырма бес жасынан бастап Кенесарының сарбазы болған Бұқарбай 1847 жылға дейін осы қозғалыстың басты батырларының бірі болды. Ол алғаш рет 1838 жылдың тамызында Ақмола бекінісін алуға қатысқан [13.68]. Сыр өңірінің біртуар перзенті, баһадүр батыр Бұқарбай ерлігі қазақ əдебиетінде жыр болып өріліп, проза тілімен айшықталды. Қазақ тарихында азаттық, ел тəуелсіздігі үшін болған ірілі-уақты көтерілістер, сол көтерілістерде жан аямай ерлік көрсеткен хас батырлардың қай-қайсысы болсын көркем əдебиеттің назарынан тыс қалған емес. XV-ХІХ ғасырдағы ұлттық поэзия сол дəуірдегі саяси оқиғалар мен қоғамдағы өзгерістерді, қалың бұқараның көңіл-күйі мен ой-арманын көркем шежіреге айналдырды. Сондықтан болса керек, қазақ тарихын жасауда өзіндік орны бар ғалым Е. Бекмаханов əдеби туындыларға «Фольклорлық материалдың маңызы сонда, ол тарихи оқиғалар мен жеке адамдарға дəл жəне көбінесе дұ рыс баға сын береді, тарихты жасаушы жəне суреттеліп отырған оқи ға лар дың тікелей қатысушысы халықтың өзі болып табы лады» деп аса мəн бере қараған [14.42]. Жəне өзінің тарихи еңбектерінде фольк лорлық, əдеби туындыларды ғылыми дерек көзі ретінде пай даланған. П. Лафаргтың: «Халық жыры оны иемденетіндердің ру хы мен əдет-ғұрыптарына сай келгенде ғана қабыл алынады. Жыр көйлекке қосылатын соны сəн сияқтандырып күштеп таңылмайды» [15.51-54] деген пікірінің құндылығын айта кетуіміз керек. Шы нын да, фольклорлық материалдар мен ел аузындағы аңыз-əпсаналардың негізінде тарихи оқиғалар жатады. Əрине, араға уақыт өткен сайын мұндай аңыздарға айтушылар тарапынан түрлі өзгерістердің енгізіліп отыратындығын да жоққа шығара алмаймыз. Дегенмен аңыз түбі шындық екендігі, оның халық басынан өткізген тарихи оқиғалардан алысқа ұзай қоймайтыны күмəн туғызбаса керек. Аңыз-əңгімелерге сүйене отырып жазылған көркем шығармалар, тіптен тарихи-ғы лыми ең-

бектер де жоқ емес. Өзінің «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» атты монографиялық еңбегінде фольклорлық мета риалдарды кең пайдаланған Е. Бекмаханов: «Кенесары жəне оның серіктері жөніндегі фольклор материалдарының құндылығы сонда, олардың көпшілігі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Кенесары батырлары ның өздерінің жəне көтерілістің басқа да қатысушыларының өз аузынан жазып алынған» дейді [14.189]. Бұған бірнеше мысал келтіруімізге болады. И.В. Анич ков 1894 жы - лы жазған «Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлы» ат ты тари хи очеркінің жазылуына байланысты «...Екінші бір көз кейде қиял-ғажайып ертегі сықылды көрінгенімен аса қызықты, батырдың өмірі жайында айтылған, ел арасында ауызша тарап жүрген аңыз-əңгімелер еді. Мен оның көбін Жанқожаның сарбазы болған, онымен Созаққа дейін бірге барған, 1847 жылғы тамыз айының 21-і күні Жаңақала үшін болған, шайқасқа қатынасқан, 1850 жы лы Қоқан қамалы «Қосқорғанды» басып алу кезінде орыс əскерлерінің сапында болған, қазақ қолының санатына кірген, кейіннен Жанқожа көтерілісін басу кезінде сол бүлікке қатынасам деп жаралан ған, баяғы бір ат басында жүрген шағының белгісі ретінде ақ найзасын қара үйдің іргесіне шаншып қойып, бүгіндері Жаңарықтағы өз аулында тірлік кешіп жатқан қарт батыр Байжанұлы Ізтілеуден естідім» деп естелік айтады [2.10-11]. Бірнеше тарихи жырлар мен дастандарға, прозалық шығармаларға кейіпкер болған Бұқарбай батыр да өз заманының шежіресі болғанға ұқсайды. «Түркістан түземдік газетінде» қызмет атқарған Молла-Əлим-Махмұд-Қажы 1928 жылы Ферғана хандарының ХІХ ғасырдағы Хұдияр ханға дейінгі тарихын баяндайтын «Та рих-Түр кістан» атты еңбегінің Кенесары ханға байланысты бөлімін Бұқарбай батырдың айтуы бойынша жазғандығын айтады. Автор 1870 жылы Бұқарбай батырмен кездесіп, Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі туралы əңгімелескені, Бұқарбай батыр көтерілісшілер айтатын жырды орындап бергендігі туралы мəлімет бар [14.19]. Аталған еңбекте Кенесары көтерілісі туралы Молла-Əлим-Махмұд-Қажының Бұқарбай батырдың айтуы бойынша Кенесары көтерілісі туралы «Кенесары деген қазақ ханы қазақтардан əскер жинап Ресей шекарасындағы Қарқаралы, Қара-

өткел, Қызылжар деген жерлер ді орыстардан босатады. Ресей мұжықтарын шауып, талан-таражға салып, шығып тұрған пішендері мен егіндеріне от қойып, өртеп кетеді. Одан кейін Түркістан шаһарына келіп, Шолаққорған, Созақ атыраптарын қоқандықтардан тазартады. Одан соң Алматы, Бішкек үстімен қара қырғыздарға шабуыл жасайды. Кенесары ханның Наурызбай төре, Ержан төре сияқты інілері қасында болды» деп жазғаны тарихи деректерден алыс емес [16.134]. Автордың айтып отырған Бұқарбай батыр орындап берген көтерілісшілер жыры «Бұқарбай батырдың қиссасы» болуы керек. Бір өкінішті жай – «Бұқарбай батырдың қиссасы» деп аталатын еңбектің табылмауы. Орталық Ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорына 1946 жылы М. Ахметұлы (№663 папка) «Бұқарбай батырдың қиссасын» өт кізген. Қолжазба қорында осындай тізіммен тұрған аталған тізбе (№663) жоқ болып шықты. Кенесары бастаған көтеріліс қазақ əдебиетінде біршама көрініс тапты. Өкінішке орай, қалың оқырман бұндай туындылардан ұзақ жылдар бейхабар болып келді. Кенесары қозғалысының түрлі кезеңдерін қамтитын фольклорлық шығармалар жанрлық жағынан тарихи жырлар, ғашықтық дастандар, арнау өлеңдер, Кенесарының Арқа жұртымен қоштасуын бейнелейтін толғаулар, хан Кене мен Наурызбай төренің қазасын жоқтауға арналған ғұрыптық жырлары, прозалық шығармалар жəне драмалық шығармалар болып келеді. Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбайы», Көкбайдың «Абы л ай – Кенесарысы», Нұрханның «Жасауыл қырғыны», Саяділдің «Кенесарысы» сияқты, т.б. Бұл шығармалардың басым көп шілігі көтерілістен соң туған. Хан Кененің үзеңгілес серіктері Ағыбай, Иман, Бұқарбай жайындағы жырларда Кенесарының ақылпарасаты, ұлтжандылығы қалай сөз етілсе, Кенесары туралы ха лық жырлары мен кейінгі кезеңдегі əдеби жанрларды Бұқарбай бейнесінсіз елестету мүмкін емес. Осындай əдеби шығармалардың арасында Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбай» дастанының орны ерекше. Кіші жүзден шыққан Нысанбай Жаманқұлұлы Кенесары бастаған ұлтазаттық көтеріліске бастан-аяқ қатысқан. Сондықтан да Нысанбай жырау қаламынан Кенесары көтерілісін шынайы суреттеген «Ке не-

сары – Наурызбай» тарихи дастаны туды. Аталған дастанда Ке-
несары ның қырғыз еліне шабуылы, оның туу себептері, шабуыл
кезіндегі хан жасағының ерлік-шеберліктері, шабуылдың же-
ңіліс ке ұшырауы мен оның себептері жырланады. Дастан алғаш

1912 жылы жарық көргенімен, кейін Кеңестік солақай саясаттың
ықпалымен ұзақ жылдар бойы өз оқырмандарына жол таба алмай
келді.
Кенесары мен Наурызбай, оның хас батырлары Бұқарбай, Ағы-

бай, Иман батырларға деген мадақ сөзден басталатын дастанда
қырғыздармен соғыс кезіндегі қазақ батырларының ерліктері жыр-
ланады. Кенесары жасағындағы батырлардың ерлігі жырға қо-
сылған тұста Бұқарбай бейнесі жарқырап, ерекше көзге түседі.

Қырғыз ханына елшілікке кеткен Кенесарының інісі Ержан төрені
қырғыздар жібермей қолға ұстап отырғанын естіген Наурызбай
Кенесарының рұқсатымен қырғыздарға қарсы аттанады. Қырғыз
батыры Бедер жекпе-жекке шақырғанда Байзақ батыр бастаған

топтан ешкім шықпай, Наурызбай төренің өзі шығады. Артынан
Меңдібай, Дулат, Ағыбай, Шəкір, Жəуке, Төребай, Қабан, Бұқарбай
батырлар ілескенде оларды кейін қалдырып кетіп, Наурызбай
Бедермен жекпе-жекке өзі барады. Жан алысып, жан беріскен екі

батыр арасындағы жекпе-жек жырда:
Бедер менен Наурызбай
Жақындасып барысты.
Астарына мінген ат

Ауыздыққа қарысты.
Ат үстінде алысты,
Найзаменен салысты,
Бір-біріне жабысты,

Керегедей қабысты,
Ерлерінің артына
Мініп-мініп қалысты.
...Найзаменен салғанда

Қайраттың тиді пайдасы.
Шолтаң етіп Бедердің
Аспанға ұшты найзасы, –
деп суреттеледі [17.262-263].

Жекпе-жекте өлген қырғыз батырының сүйегін алып кетуге қырғыздар лап қойғанда жалғыз қалған Наурызбайға Бұқарбай көмекке келіп, Бедердің сүйегін ала қашады. Əр тараптан қырғыздар Жағалай шауып жиектен, Тұс-тұсынан ат қойды, Үмітті болып сүйектен. Арасы алыс дауыстап «Барма, мұнда кел» деуге. Шауып барып Бұқарбай Ат үстінен көлбеді [17.263]. Кене хан шайқаста көрсеткен ерлігі мен адалдығы үшін Бұқарбайды мадақтап, басқа батырларға үлгі етеді. Бұл, əсіресе, қырғыз батырының сүйегіне емес, атын алып қалу үшін шапқан Ағыбайға сын еді. Сол жерде Кенесары Ағыбай əкелген қырғыздың сəйгүлігін Бұқарбайға бергізеді: Бұқарбай батыр əкелді Ер Бедердің сүйегін. Барлық қазақ жабылып Малақай қылды үйегін. Ағыбай батыр шабады, Қашқан атын көреді. Қырғыздан қорқып таймады, О да қайсар ер еді. Алып ханға келеді, Тарту қылып береді. Бұқарбайды мақтады Бəрекелді, ерсің деп. Ағыбайды шақырды Атын алып келсін деп. Сүйекке шапқан ер болар, Атын бұған берсін деп. Үлгі қылып сөз айтты, Əркім мұны көрсін деп. Жауға шапқан батырлар Намыстанып өлсін деп [17.264-265]. 7-105

Жыр жолдарынан Бұқарбай ерлігі ғана емес, намысқойлығы,
ақылдылығы мен жігер-қайраты анық көрінеді. Сонымен қатар
қазақтың соңғы ханы Кенесарының Бұқарбай батырға деген ықы-
ласы да сезіледі. Нысанбай – жорық жыршысы. Дастанда болған

оқиғаның бар лығын көзбен көріп, жүрекпен сезген ақын. Сондық -
тан да өлең жолындағы əрбір сөз шынайы, өмірге соншалықты жа-
қын. Бір айта кетерлік мəселе, дастанның өн бойында басқа батыр-
ларға қарағанда Бұқарбай ерлігі ерекше пафоспен жырланады. Бұл

шын мəнінде Бұқарбай батырдың Кенесары бастаған көтерілістегі
алар орнын, батырлық бейнесін, ержүректілігі мен қайрат-намысын
көрсетсе керек. Наурызбай бұл жекпе-жектен кейін қырғыздың
Ораз батыры бастаған бірнеше батырларын жекпе-жекте өлтірген

соң, қырғыздарлап қойып Наурызбайды ортаға алады, Ақауыз атын
атып түсіргенде, Наурызбай жаяу қалады:
Наурызбайға лап қойды
Қалың қырғыз шоғынан.

Қызылсу мен Дуанның
Аңғарынан шаң асты.
Қырсықтың басы емес пе,
Төреден қазақ адасты.

Қырғыз, қазақ екіұдай
Наурызбайға таласты.
Қияда жүрген Бұқарбай
Атына қамшы бір басты.

Үзеңгісін шығарып,
Наурызбайға жанасты.
Бұқарбайдың алдына
Наурызбай кетті мінгесіп...

...Бұл екеуін қорғауға
Ағыбай сыртын айналды.
Шама келсе, тіресіп,
Алдырмасқа ойланды.

Бұқарбай мен Наурызбай
Салар еді ойранды,
Мінгесулі бір атқа
Бұлардың қолы байланды.

Сол уақытта қырғыздар
Басқын жетіп өрледі [17.269].

Жолдасқа адалдық адамның басына күн туғанда, іс түскенде танылады. Жалпы ел аузындағы аңызға қарағанда Наурызбай мен Бұқарбай арасында бақталастық та болғанға ұқсайды. Оны Кенеса ры да білген. Бірде Бұқарбайды шақырып алып оңаша сөйлесіп, «Жауда жолдасың мықты болса, сенің несібең, ауыздарың бір болсын, іш пікірді тазалаңдар, өкпе-қақпаны тастаңдар. Бұқарбай, сен бірінші батырлықты Наурызбайға қия бер, саған қосынның екінші батыры, мыңбасылық лайық. Ағыбайды аға тұт, оны халық Ақжолтай атауы да тегін емес» деп есте қаларлықтай ұлағатты сөз айтқан [18]. Сөйте тұра өзінің жорықтас жолдасы Наурызбай жау қолында қалып бара жатқанда алғаш көмек қолын созады. Жыр жолдарынан Бұқарбай бойындағы досқа адалдық, ержүректілік, жолдас үшін қажет жерінде жанын да аямайтын көзсіз батырлық көрінеді. Ел арасында Бұқарбай батырдың жанында үнемі екі жолбарыс еріп жүреді. Жауға қарсы шапқанда, жекпе-жек найзаласу үстінде екі жолбарыс қарсыласына сес көрсетіп, Бұқарбай батырға дем бе ріп отырған деген аңыз бар. Шын мəнінде Бұқарбай түрлі шайқастар мен жекпе-жектерді жеңіспен аяқтаған. Көнекөз қариялар дан ауыздан-ауызға жетіп келе жатқан əпсана-аңыздарды жоқ қа шығаруға да болмас. Сөз бастаған би-шешендер мен қол бастаған батырлардың бойында ақыл-парасат, күш-қайрат, жігернамыспен қатар көп шілікке беймəлім қасиеттердің болатыны да тыл сым-табиғаттың бір сыры болуы ғажап емес. Осындай қасиетті бабаларымыздың бірі Бұқарбай батыр болған. Жоғарыда, біз мысал ға келтірген жыр жолдарынан Бұқарбай батыр бойында ғы осындай қасиетті де аңғаруға болады. Қоршаған қалың жаудың ортасы нан аман шығу тек күш-қайрат, ептілік-шеберлік қана емес, қысыл ғанда қол ұшын берер тылсым күштің де баба бойында бар екендігін көр сетеді. Жалпы алғанда, Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбай» дастаны Бұқарбай батыр бейнесін барынша шынайы сомдаған шығарманың бірі деп айта аламыз. Дастан туралы академик Р. Бер - дібайдың «Мұны шығарушы Нысанбай жырау – Кенесары жорықтары кезінде бірге болған, барлық дерек, оқиғалардың куəгері əрі азаттық аңсарын биік ұстаған ірі ақындардың бірі. Бұл жырда келтірілген істер мен деректердің молдығы əрі шыншылдығы оны

тарихи жырлардың ең таңдаулысы қатарына қосады. Мұнда тарихи
құжаттар арқылы мəлім болып келген оқиғалармен қатар ақынның
өз көзқарасын білдіретін тұстар да баршылық» деуі шығармаға бе-
рілген құнды пікір екені даусыз [19.139].

1838 жылдың күзінде Кенесарының ірі əскери əрекеті – Ақмо ла
бекінісін алты күндік қоршауға алып, ақыры өртеп жібереді. Бекі-
ніс ті аға сұлтан Қ. Құдаймендіұлы мен əскери старшын Карбышев-
тың жасақтары қорғайды. 1838 жылғы 7 тамызда таң ата Кенеса-

ры шабуыл бастап, Ағыбай, Наурызбай, Бұқарбай – үшеуі үш
жүздей ға на сарбазбен орыстарды ойсырата жеңіп, көптеген
қару-жарақтар ды қолға түсіреді. Карбышев бастаған Ақмола
гарнизонын талқандауда Басығара, Бұқарбай мыңдықтары ерекше

ерлік көр сетеді. Шабуыл кезінде Басығара оққа ұшып, оның
сарбаздары жаудың қылышына төтеп бере алмай, шегіне бастайды.
Оның сүйегін жау қолында қалдырмауды талап еткен Кенесары
шешуші шабуылды күтіп тұрған Бұқарбай жасағын лап қойғызады.

Осы шабуылда Бұқарбай ерекше көзге түсіп, қалаға алғашқылар-
дың бірі болып кіреді. Ол найзамен, қылышпен, кейбіреуінде сирек
кездесетін шиті мылтықпен Ке несары əскері құрамында Ақмола
бекінісіне шабуыл жасап, зеңбірек пен карабин, винтовкалар-

мен мұздай қаруланған бекініс бастығы офицер Карбышев пен
Қоңырқұлжа Құдаймендіұлын азғантай отрядпен қашуға мəжбүр
етеді. Ақмола бекінісін алудағы ерлігі үшін Бұқарбай батырға
мыңбасылық атақ беріледі. Бұқарбай ерлігі туралы «Кенесары –

Саржан» дастанында:
Қару-жарақ жинатып,
Қарсыласын шулатып,
Қасқырдай тиді жауына

Табыннан шыққан Бұқарбай.
Қашқындарын құтқармай,
Жалғыз емес, тағы бар
Иман, Дəулет, ер Тəуке,

Үйсіннен Шəкір, Төлебай.
Ақауыз аттың үстінде
Ағызып келед Ағыбай.
Осындай қанды қырғында

Тұрады қалай қан қызбай?

Жай отындай жалтылдап,
Жусатты жауды Наурызбай.
Өзіне найза салғызбай,
Жолбарыс жүрек Бұқарбай

Көктен түскен қырандай
Екі жүздей дұшпанды
Жалғыз қырып ерледі,
Ешкімге дес бермеді.

Екі күн бойы батырлар
Ақмола үстін шаңдатты.
Жау күші басым болса да,
Хас батырлығын аңдатты.

Қағындысын қаққандай
Босағасын қандатты.
Зəресін алып дұшпанның,
Барлығын да зарлатты.

Қадалған жерден қан алар
Катковский жанарал.
Қарсы тұрар қазаққа
Енді қандай амал бар?!

Ылажсыздан бəрі де
Тым-тырақай шегінді.
Осылайша сол күні
Жаудың беті серпілді, –

деп суреттейді. Жыр жолдарынан Бұқарбай ерлігі, ерлігі ғана емес,
соғыс өнерін шебер меңгерген найзагерлігі, шалт қимылы көрініс
береді. Ақын Бұқарбай батырдың көтеріліс кезіндегі іс-қимылын
ерекше шабытпен жырлайды. «Жолбарыс жүрек Бұқарбай, Көктен

түскен қырандай» деуінің өзі батыр образын ерекше айшықтай тү-
седі.
Бұқарбай батырдың көркем бейнесі Жамбыл, Доскей, Сүйінбай
шығармаларында да жарқырай көзге түседі. Атағы əлемге тараған

ұлы ақын Жамбылдың жыр жолдарындағы төмендегі үзіндіден
Бұқарбай тұлғасын тануға мол мүмкіндік аламыз:
Беліне қылыш байлаған,
Жау қайда деп сайланған.

Алдағы ауыр айқасқа
Бір кісідей қамданған.

Батырлар келді Қордайға,
Серт берісті, ант етті
Ешкімге бодан болмауға.
Қасиетті жерін қазақтың

Жат жұрттардан қорғауға.
Кенесары алдында
Өңкей көкжал бас қосқан.
Дұшпанды көрсе қуанған,

Қылышын қанға суарған.
Атақ-даңқын елінің
Қан майданда шығарған.
Сондай ердің бірі еді

Табыннан шыққан Бұқарбай.
Жау жағадан алғанда
Тұрады қалай тұтанбай.
Абылайлап ат қойса,

Кететін ұқсап қыранға-ай.
Қадалған жерден қан алған,
Қан алып қоймай жан алған.
Тұла бойы батырдың

От-жалыннан жаралған.
Жыр жампозы Жамбыл Бұқарбай батыр образын жасауда жыр
нөсерін аямай төгеді. Көз алдымызға жауға қарсы аттандап шап-
қан дүлей батырды елестетеді. Ақын батырды қыранға теңей келе

«Қадалған жерден қан алған, Қан алып қоймай жан алған. Тұла бойы
батырдың От-жалыннан жаралған» деген өрнекті жолдары арқылы
баба бейнесін биіктете, асқақтата түседі.
Қазақ əдебиетінде өзіндік дара дəстүрімен ерекшеленетін Сыр

бойындағы əдеби мектептің өкілдері Базар жырау, Дүр Оңғар, Шо-
раяқтың Омары мен Тұрмағамбет, Қарасақал Ерімбет, Кете Жүсіп
Ешниязұлы мен Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлы «Алаштың анасы»
атанған Сыр өңірінен шыққан би-шешендер мен батырларды

əрқашан жырға қосып, мақтан тұтып отырған. Мақтан тұтып қана
қоймай, ел басына күн туғанда елін қорғар батыр ұлдарын іздеді.
Сол арқылы халық санасын оятып, ұлтты азаттық жолындағы кү-
реске шақырды. Сыр сүлейлерінің осындай отты жырларынан Бұ-

қарбай есімін жиі кездестіреміз. ХІХ ғасырдағы қазақ əдебиеті та-

рихында өзіндік орны бар Сыр сүлейлерінің бірі – Базар Оңдас ұлы
Сыр бойынан шыққан батырлар туралы арнауында:
...Қаһары келсе хандарды
Алтын тақтан тайдырған

Жетіде тағам бір татқан,
Қысқа күнде қырық шапқан.
Жанқожа, Есет, Қыстаубай,
Сəрке, Сейіл, Бұқарбай,

Елқонды, Қабан, Қалдан бар.
Осындай ерді тудырған,
Кіші жүзде қандай арман бар.
Малайсары, Жантайлақ,

Сəмет батыр, Тоғанас,
Солар да өткен бұл дүние... –
деп жыр төгеді. Жыр-кестенің сөз бояуы соншалықты қанық, көр-
кемдігі жоғары. Биік талғам, өрелі ой өз тыңдарманын ынтықтыра

түседі. Оның сыры – ақынның жыр жолдарында сөз етіп отырған
елдің сүйікті перзенттері болғандығында. Соның бірі – ел азаттығы
жолындағы күресте өр тұлғасымен ел жадында қалған Бұқарбай
батыр.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, қазақ поэзиясында Бұқарбай ба -
тыр образын сомдаған шығармалар баршылық. Осындай əде би
жаратындылар арасында Сыр перзенті, қазақтың классик ақы ны
Əбділда Тəжібаевтың «Бұқарбай батыр – нашағым» атты тол ғау

өлеңінің шоқтығы биік. Толғауда Бұқарбайдың жаужүрек батыр-
лығымен қоса оның кісілік келбеті, ішкі сезім-сыры, жан дүниесі
көрініс тапқан:
Қырандай қағып қанатын,

Жауынан тоят табатын.
Абылайлап ат қойса,
От болып лаулап жанатын.
Жауын жеңсе жаныштап,

Айызы бір қанатын.
Тілегін тілер халқынан
Керемет қуат алатын.
Қазағым десе қан жұтқан,

Жыртқызбаған жағасын.
Бұқарбай батыр – нағашым.
Көрмеген таққа таласып,
Қорғап өткен қызғыштай

Қойыны құтты даласын.
Шыдап баққан елемей
Қан жоса болған жарасын.
Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты
Бұқарбай батыр – нағашым.
«Қазағы үшін қан жұтқан» батыр образын ақын «тарының қа-
уызына сыйып кетердей» аз ғана өлең жолымен ашады. Тек дə-

ріптеу, мадақ сөз емес, ел азаттығы жолындағы ер ұлдың өмірлік
ұстанымы ерекше айшық табады. «Көрмеген таққа таласып, Қорғап
өткен қызғыштай Қойыны құтты даласын» деген өлең жолдары
арқылы батырдың өмірлік мұрат-мақсаты, ел қорғау, ұлтының

азаттығы мен бостандығы жолындағы перзенттік борыш-міндетіне
деген адалдығы көрініс табады. Əбділда жырының ерекшелігі де
батырдың биік парасатын, кісілік келбетін аша алуында.
«Бұқарбай батыр – нағашым» деп іш тарта, жақындық таныта

отырып, ақын Сыр бойынан шыққан баһадүр батырды өзінің мақ тан
тұтатынын жыр өрнегімен кестелей жеткізеді.
Қазақ əдебиеті тарихында өзіндік орны бар сөз зергері Асқар
Тоқ мағамбетов те өзінің даңқты жерлесі Бұқарбай батырдың өмі-

рі мен күрескерлік жолына аса қызығушылықпен қарағандығын
бай қаймыз. Жалпы Асқар ақын шығармашылығының негізгі та -
қырыптарының бірі, тіптен бірегейі – Сыр бойынан шыққан ақын-
дар, би-шешендер, баһадүр батырлар тағдыры. Қаламгер қала мы-

нан туған лирикалық жанрдағы арнау өлеңдер мен толғауларды
айтпағанда Сыр сүлейлерінің тағдыр-талайы сөз етілген «Жыр
күмбезі», «Көтерілген күмбез» сияқты шығармалары осы сөзіміздің
дəлеліндей. Осындай əдеби жаратындысының бірі – 1940 жылы

жазылған «Бұқарбай батыр» поэмасы.
Суреткер һəм туынды. Тағдыр-талайы бір егіз ғұмыр. Суреткерге
бақ сыйлап, мерейін асырып, абыройын асқақтататын оның жан-
жүрегін жарып шығып, «мидың мың градустық домна пешінде»

қайнап-қайнап барып оқырманға жол тартатын көркем туынды-
сы. Керісінше, оған кейде өмірдегі ауыр соқпақты бұйыртатын да
оның шығармасы. Кешегі қылышынан қан тамған кеңестік «қызыл»
идеологияның тұсында бір ғана шығармасы үшін қаншама арыста-

рымыз темір торға тоғытылса, олардың қаламынан туған дүниелер
оқырман үшін «қауіпті» саналып, архивтің терең түкпіріне жө-
нелтілді. Тағдырластық дегеніміз осы болар, сірə.
Осындай шығарманың бірі – 1941 жылы «Ленин жолы» газе-

тінің 123-санында жарық көрген Асқар Тоқмағамбетовтің «Бұқар-
бай батыр» деп аталатын поэмасы. Поэманың үзіндісі газет бе-
тінде жарияланысымен Асекең сын садағына ілінеді. Ескілікті
жырлаушы, ұлттық батырларды дəріптеуші ақын ретінде біраз қу-

ғынға да ұшырайды. Сондықтан болса керек, поэманың жалғасы
жарық көрмеген. Бір қызығы, Орталық ғылыми кітапхананың си-
рек қолжазбалар қорындағы №1328 «Кенесары жəне оның батыр-
лары жайындағы жыр-дастандар» деп аталатын буманың (пап-

каның) мазмұнында ақынның аталған поэмасы көрсетілгенімен,
шығарманың өзі жоқ болып шықты. Белгісіз себептермен о баста
өткізілген поэма «қолды» болған. Заман сыңайынан қауіптенген
автордың өзі ме, əлде кеңестік жүйенің «қолшоқпарлары» алды ма,

бізге бұл жағы белгісіз. Қалай дегенде де, күмəнді ойда қалға ны-
мызды жасыра алмаймыз.
Көңілге қуат, Ш. Уəлиханов атындағы Ұлттық кітапханадан ақын
шығармасының газеттік нұсқасы (үзінді болып жарияланған) болса

да табылды.
Біздің пайымдауымызша, Асқар Тоқмағамбетов поэмасының сю-
жеттік желісіне негіз болған Орталық ғылыми кітапхананың си рек
қолжазбалар қорындағы № 1331 бумадағы «Бұқарбай батырдың

əңгімелері» болса керек. Зерделей қарағанда Асқар Бұқарбай батыр-
дың аузынан жазылып алынған осы əңгімені өлеңмен өрнектеп,
поэзия тіліне айналдырғандығы байқалады.
Кіші жүз Табын руынан шыққан Бұқарбай батыр Шұбырт-

палы Ағыбай батыр жəне Кенесары, Наурызбаймен көп уақыт
жолдас болған екен. Бұқарбай қартаң тартқан шағында бір əңгіме
айтыпты:
«Мен өзім талай соғыс, қырғын жорықтарда болып жүргенімде

батырлығымның бір ісіне өте қатты сүйсіндім. Сырдарияның Шұға

беттегі жағында Кенесары бастаған қалың ел орнап жатқан кезі еді. Ол кезде Созақ, Түркістан, Ақмешіт маңында қоқандармен соғысып жүрдік. Батырлар күні-түні ат үстіндеміз. Сыр бойындағы бізге тілектес іргелес ел – қалың Қыпшақ. Қыпшақта бір байдың аты Күреш деген сұлу қызы болды. Сол қызға Ағыбай, Наурызбай, мен – үшеуміз бірден қызықтық. «Қызыңды маған бер» маған бер деп үшеуміз батырлық беделімізді салып сұрасақ та, қыз əкесінің бізге берген жауабы «Қызымды жалғыз атты жорықшы тентектерге бере алмаймын, жалғыз тұяқ берер қалың малдарың жоқ, нелеріңе қызығамын? Бүгін мұнда, ертең онда кезіп жүрген сендердің артыңа таңып, қанжығаларыңа байлап жіберетін қызым жоқ. Елі сай, жері сай, терезесі тең бір мырза кез келер». Біз үшеуміз де байдың бізді менсінбеген мына қорлығына ыза болып, Кененің алдына келдік. – Ол қызды біреуімізге бұйырыңыз, барып шауып алайық, рұқсат беріңіз, – дедік. Кенекең үшеуміздің сөзімізді тыңдап болды да: – Сендерге ел керек пе, қыз керек пе? Алыстағы жауды алмай іргелі елді бүлдірейін деп пе едіңдер? Қыз керек болса, барып Созақтың қамалын бұзып, сарттың қызын алыңдар! Мыналарыңа рұқсат жоқ! – деді. Бір күні əскер жаққа жорыққа аттандық. Ағыбай мен Наурызбай бір бөлек, мен Кенесарымен бір бөлек кеттім. Бір-екі күннен соң ауылға оралып келдік, Ағыбай мен Наурызбай əлі қайтқан жоқ екен. Астыма мінгенім 200 қойға сатып алған күрең тұлпар еді. Өз ауылыма келе жатқанда ауыл шулап қоя берді: – Күрештің ауылын таңертең ертемен қоқандар шауып кетті, – де ді. Сонан не болғанымды өзім де білмеймін, көзіме қан толып, тү гім түлеп сыртқа шығып: – Олар қалай кетті? – деп сұрай бердім. – Жаулар Ташкент жаққа беттеп кетті, – деді. Бір аяқ сусынды жұта салып, Кенекеңнен рұқсат сұрамастан жау жарағымды асынып, Ташкент жаққа шу деп тартып кеттім. Найзамды аспанға үйіріп құйғытып келем. Түн ортасы ауған мезгілде əн салып шуылдаған көптің сарынан естідім. Кешікпей-ақ қалың қолдың артынан келіп жеттім. Топ-топ

болып əн салып, таланған мал-мүлікті артып, жаулар кетіп барады.
Менімен бірде-бірінің жұмысы болған жоқ. Күреш көрінер ме екен
деп қабырғалап шауып келем. Ілезде таң да ағарып атып қалды.
Талай байлаулы, матаулы сұлуларды көрдім. Бірақ Күреш көзіме

түскен жоқ. Бір мезгілде алдыңғы топқа келіп жеттім. Жетсем,
түйеге мінген екі əйел кетіп бара жатыр екен. Сыртынан байқасам
Күреш секілді. Жүгіртіп жанына жетіп келдім де:

– Сен Күрешпісің? – дедім. Жылап бара жатыр екен, а деп бетін

ашып алды. Бетін ашып қалған кезде «мін артыма» деп жауырынан
алып, ап деп артыма салып жібердім. Түйе жетектеген кісі тұра
ұмтылып еді, кеудеден найзамен бір-ақ іліп тастадым. Шүу деп
кейін жөнелдім. Сонда сарттар да менің жау екенімді біліп шуыл-

дасып қалды. Бұл кезде мен бірталай жерге ұзап кеттім.
Қыз айтты:

– Батыр, жау жабылып артымыздан қуып келеді, – деді. Мен:

– Көңіліңді тайғызба, таянғанда айт, – дедім. Жау таянып келгенде

қыз айтты:

– Бір тарлан атты келіп қалды, – деді. Қызды аттан түсірдім де

жауға қарсы мен де шаптым, о да шапты, екеуміз де қайтқанымыз
жоқ. Найзаны ол да салды, мен де салдым. Найзасын аспанға бір
қағып жіберіп, шұрқылтайдан көк семсермен дəлдеп тұрып беріп
қалдым. Қорқырап барып жығылды. Тарлан атты жүгіртіп барып

шылбырын іліп алып, қызды жерден көтеріп алып атқа тастап
жібердім. Екеуміз желіп жүріп кеттік. Артымыздан шапқан жау ту
ұстаған батыры өлген соң, барлығы да сол жерде ұйлығып тұрып
қалды. Сұлулығына қанша сұқтанып жүрсем де, жолшыбай қызға

бірауыз сөз айтқаным жоқ. Жүріп отырып ертең түсте қыздың əке-
сінің үйіне келдік.
Қызынан айырылып еңіреген шешесі айтты:

– Қарағым-ай, осы еңбегіңді ұмытпаспын, – деді. Қызды үйіне

тастап ауылыма жүріп кеттім. Ағыбай мен Наурызбай қызды бо-
сатып əкелгенімді естігенде:

– Ту, сен батыр емес екенсің ғой, қызды мұнда неге əкелмедің? –

деп өкінді. Мен:

– Бірінші, əкесінен рұқсат жоқ, екінші, Кенекеңнен рұқсат

жоқ, – дедім.

Арада бірнеше күн өтті. Науан мен Ағыбайдан гөрі қыз маған тəн сияқты болып қалды, олар енді менімен таласа қоймады, тек жалынып сауға сұрай бастады. Бірақ мен өлсем де қызды оларға қиярмын ба? Мен бір күні қыздың үйіне барып, əкесінен «Балаңды бер» деп едім, «Жау талап малым азайып қалды, дəулетім шайқалды, қолың ұзын ғой, матап қырық жетінің малын тауып əкеп бер де, қызды ала бер» деді. Жалғыз қарам жоқ, не бермекпін? Бөге ліп қалып, не айтар екен деп қызға қарадым. Қыз орнынан ұшып тұра келіп: – Əке, мен Бұқарбай болмаса, сарттың бір бегіне күң болып кетпекші емес пе едім? Бұқарбайдың еңбегі менің бір қара басыма татитын болды ғой. Енді Бұқарбайдан басқа ешкімге бармаймын, – деді. Қыздың шешесі де: – Балаңның бақытына жаралған батырға жалғыз қызыңды бермей қайтесің? – деп қостады. Бай ақыры көніп: – Ал, балам, қадалған жеріңнен айрылғың келмей тұр ғой, – деп ризалығын білдірді. Қызды киіндіріп, бір жорға атқа мінгізіп үйіме алып келдім. Өзіміздің батырларды жинап, үлкен той жасадым. Тойға Кенекең бас болып, Науан, Ағыбай, тағы басқа батырлар – бəрі қатынасты. Сол алған əйелім сұлу, өзі ақылды болды. Бұл əйелімнен екі ұл туды. Батырлығыма бір сүйсінгенім, міне, осы Күреш сұлуды жаудан тартып алған ерлігім болды», – депті Бұқарбай [20]. Поэма сюжетіне арқау болған əңгіме – осы. Бір өкініштісі, шығарма аяқталмай қалған. Оған бір себеп, біздің ойымызша, ақынның ескіні жырлаушы ретінде сынға алынуы болса керек. Асқар Тоқмағамбетовтің ақындық арынын, эпикалық кең тынысын танытатын туынды поэма деп аталғанымен, жыр үлгісінде жеті-сегіз буынды болып келеді. Тирадалық шумақтар, ұйқас – барлығы дастан, жыр жанрына жақын. Оқиға, ширыққан тартыстан гөрі баяндау əдісінің басымдығы да жыр жанрымен жақындығын көрсетеді. Ақынның тілі шұрайлы, суреттеп отырған заман келбетін көз алдыңызға əкелетін əдеби стильге таңданбасқа болмайды. Əсіресе, батыр портретін жасау, ситуациялық портреттерді суреттеу кезіндегі ақындық шеберлік Бұқарбай батырдың тұтас образын сомдауға үлкен əсерін тигізген.

Тебінгісін тер тескен,
Ат арқасын ер кескен,
Екі талай егесте
Келелі жауға теңескен.

Бұғақтан басса бұқтырған,
Сағақтан салса сықтырған,
Шықшыттан қысса шыңғыртқан,
Айғайменен үй жыққан,

Тегеурінді тел өскен
Табыннан шыққан Бұқарбай [21].
Өзінің бас кейіпкері Бұқарбай батыр келбетін осылай суреттеген
ақын Күреш сұлу бейнесін жасауда батырлар жырындағы Гүлбар-

шын, Құртқа, Ақжүніс, т.б. сұлуларды көз алдымызға елестетеді.
Бұқарбай ынтық болған сұлу Күреш эпикалық жырлардағы танымал
арулардан асып кетпесе, кем емес:
Тал бойына қарасаң,

Тал шыбықтай бұралған.
Тарқатылса қолаң шаш
Өн бойына оралған.
Кірпігі жайдың оғындай

Қар үстіне қадалған,
Қиыла біткен қиғаш қас
Машықтай түскен қаламнан.
Қарға түскен қарақат

Қандай қара көрінер,
Қарақат көр де көзін көр.
Суға түскен ақша бет
Қандай аппақ көрінер,

Сəдепті көр де тісін көр.
Аузын ашса ақыл мен
Дүр төгілер сөзінен.
Күлсе лағла шашырап,

Нұр төгілер көзінен [21].
Бұқарбай батырдың жорықтас жолдастары Кенесары, Ағыбай,
Наурызбай бейнелерін көз алдымызға бір-бір елестетіп алған ақын
əрі қарай оқиғаның басталуын сөз етеді. Күреш сұлуға Ағыбай,

Наурызбай, Бұқарбай батырлардың – үшеуі бірдей ынтық болып,
қыз əкесіне «Үшеуміздің біреуіне қызыңды бер» деп қолқа салуы,

оның жауабына намыстанған үш батырдың Кенесарыға келіп, рұқ-
сат сұ рауымен поэма үзіндісі аяқталады.
Ел аузындағы аңыз-əңгімелердің бірнеше нұсқада болып келуі
заңды. Алғаш аңыздың шығуына белгілі тарихи оқиға немесе тари-

хи тұлғалар арасындағы қарым-қатынас себепші-негіз болғанымен,
арада уақыт өте келе оны айтушылар тарапынан өзгерістер ен-
гізіліп немесе бұрмаланып отыруы ауыз əдебиетіне тəн құбылыс.
Жоғарыдағы, Асқар Тоқмағамбетов поэмасының сюжеттік желісі не

негіз болған аңыздың да бірнеше нұсқалары бар. Бірінші нұсқасы
деп Қыпшақ қызы Күреш сұлу тағдырына байланысты айтылған
аңызды алатын болсақ, екінші бір нұсқада осы аңыз Жаппас руы -
нан шыққан Бұқарбай батырдың жары Шынар анамызға байланыс-

ты айтылады. Шынар сұлуға байланысты айтылатын аңыздың өзін
екі нұсқаға бөліп қарастыруымызға болады. Бірінде Жаппас елін
шапқан төрелерден Бұқарбай Шынар сұлуды алып қалса, екін ші-
сінде Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай – үшеуі бірдей келіп, Шынарға

сөз салады. Шынар алдыңғы екі батырды емес, өз жүрек қалауымен
Бұқарбайды таңдайды. Ал үшінші нұсқада аңыз желісі Қыпшақ қы-
зы Күреш сұлу туралы аңызбен бірдей өрілгенімен, ондағы кейіп-
кер қыз Шекті руынан деп айтылады.

Біздің пайымдауымызша, бірнеше нұсқада айтылатын осы аңыз-
дың тууына негіз Күреш сұлу тағдыры болуы мүмкін. Мұндай ой
түюімізге бірінші себеп – Орталық ғылыми кітапхананың сирек
қол жазбалар қорындағы (№1331 бума) «Бұқарбай батырдың» əң-

гімесінде осы аңыз айтылады. Бұл – əңгімені қолжазба қорына өт-
кіз ген белгілі ауыз əдебиеті мұралары мен Абай шығармаларын
жинаушы Мұсылманқұл Жиреншин. Əңгіме Е. Бекмахановтың «Қа-
зақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» атты монографиясына да

ен гізілген. Екінші себеп – Орталық ғылыми кітапханадан табылған
мына бір естелік [22]:
Қазалы ауданына қарасты «Жаңарық» ауыл советінің пред-
седателі Меңдібаев Баспан. Жасым алпыс үште. 22 жасымда Табын

руынан шыққан Бұқарбай батырға жолығып сөйлесіп едім. Ақ
сақалды, тапал, сары кісі екен. «Ақсақал, қырғыз бенен Кенесары,
Нау рызбайдың соғысына барғаныңызды айтсаңыз, біз де өзімізден
кейінгі ұрпаққа айтар едік» дедім. Сондағы Бұқарбай батырдың айт-

қан əңгімесі: «Менің əкем орта шаруа. Қоймінезділеу жуас адам еді. Мен өзім жалғыз бала болдым. Əкем жалғыз балама елдегі жоқ сұлу əперем деп сұлу қыз іздеді. Он үш жасымда он жеті жастағы Шынар сұлуды алып берді. Ауылым Қызылжыңғылда отырған кезде Кенесарының көп əскермен қырғызға кетіп бара жатқандығын естідім. Мен де соларға қосылып, қырғызға бірге аттандық. Наурызбай төре менімен жасты болып шықты. Сары су самса деген қырғыздың өзеніне бардық. Ұлы жүз Байзақ батырдың басшылығымен қырғыз батыр Қа найұлы Кəрібозды шақыртып алып, қырғыздың Қоқилы деген көлін сұрадық. Ол Қоқилыны тек ұрыста жеңілсем ғана беремін деп көлді беруден бас тартты. Қырғыздың арғы жағалауындағы Көктөбет ханға елші жібердік. Елшінің бастығы қырғыз Бұғыбай, Кенесары ханның інісі Ержан төре т.б. Ержанды қырғыздар өлтіреді, басқалары да аман қалмайды, Бұғыбай қырғыз өзі қашып келді. Мұны Кенесары мен Наурызбай естігенде Кенесары үш оты рып, үш тұрды. «Жолдастар, я өлейік, я қалайық, қырғызға шабуылға шығайық» деп Кене хан айқай салды. Сонымен Қоқилы көлін жайлап отырған егінші қырғыздарды шауып, оларды бағындырдық. Кене хан бұл жорықта əділ болған жоқ. Қырғыздың қоқиланған қыздарын қос-қостан таратып, бөліп берді. Сонымен біздің 2500-дей адам қыр ғыздың жылқыларын айдап, бие байлап, қымыз ішіп, қыз құшып, ойын-күлкімен жата бердік. Қырғыздың халқы тау жайлауына қашып кетті. Кейін бітісейік деп Кене ханға елші жіберді. Кенесары бітіспеймін деп, елшінің мінген аттарын байтал секілдендіріп, күзеп жіберді. Осыдан кейін қырғыздың Кəрібоз батыры бастаған қол келіп Қызыл су самса деген жерде соғыс болды. Қырғызға ештеңе қыла алмадық, олармен алты жыл ұдайы соғыстық. Кенесары мен Наурызбай қолға түсіп қалды. Басқамыз елімізге қайттық. Сол ұрыста Қарасақал руынан шыққан Жетекбаев Үргенішбай, Шекті руынан Еспембет жырау, Төре Доғалақ жыраулар болды». Баспан Меңдібаев айтқан осы естелік Кенесары əскерінің қырғыздармен қақтығысы туралы тарихи құжаттармен сəйкес келеді. Тағы бір ескерер жай, Бұқарбай 80-нің үстіне шыққан шағында, шамамен 82-83 жасында Қазалыға барып, Əлімнің ақсақалдарымен

əңгімелесіп, Жанқожа туралы біраз естеліктер айтады. Осы əңгімені
тыңдап, батырмен сұхбаттасқандардың бірі 22 жастағы жас жігіт
Баспан Меңдібаев болуы да мүмкін. Сондықтан да Б. Меңдібаев
естелігі шындыққа біршама жақын деп пайымдауымызға болады.

Ендеше, осы естелікте айтылғандай, Бұқарбай Шынар сұлуды жау-
гершілікке дейін ел ішінде, əкесі Естекбайдың айттыруымен алған.
Асқар Тоқмағамбетов аяқталмай қалған «Бұқарбай батыр» поэ-
масына кейінірек (1975 жылы) қайта айналып соғып, «Шынар

тура лы шындық» деп аталатын дастан жазады. Бір қызығы, дас-
тан сюже тіне негіз етіп 1940 жылы жазған «Бұқарбай батыр»
поэмасының сюжеттік желісіне арқау болған аңыз-əңгімені ала-
ды. Тек бұл дас танда кейіпкер Қыпшақ қызы Күреш емес, Жаппас

руының қызы Шынар сұлу. Дастанның алғашқы тарауларына сəл
өзгеріспен ғана 1941 жылы жазған «Бұқарбай батыр» поэмасының
аяқталмай қалған нұсқасын пайдаланып, оқиғаны əрі қарай сол
кездегі ел ағасы, алғаш Бұқарбай батыр туралы мəселе көтеріп, ма-

қа ла жазған Сейітнəби Мұқашевтің айтуы бойынша өрбітіп, аяқ-
тайды. «Шынар туралы шындықта» ақын Кенесары есімін айтудан
бойын аулақ ұстайды («Бұқарбай батыр» поэмасын жазған кезде
қудалғандықтан болуы керек). Сөйтіп, Кенесарының орнына Лашын

қартты сөйлетеді. Бұл ақындық фантазиядан туған кейіпкер екені
сөзсіз. Дастан Шынардың өлімімен аяқталады.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, өзін қызықтырған Бұқарбай ба-
тыр тақырыбына Асқар Тоқмағамбетов 1985 жылы қайта оралып,

«Екі дəуір, екі тағдыр» атты прозалық шығарма жазады. Бұл шы-
ғарманы тағы Сейітнəби Мұқашевтің əңгімесі ретінде өрбіткен.
Бұқарбай батырдың ерлік істері мен өмір жолын өзек еткен
көркем туындылардың арасында жергілікті ақын, Сыр сүлейлерінің

соңғы тұяқтарының бірі Рахмет Батырбаевтың «Бұқарбай батыр»
дастанының орны ерекше. Дастан «Бастау» деп аталатын кіріспе
бөлімнен бөлек бес бөлімнен тұрады. Бірінші, «Бұқарбайға дейін»
деген бөлімде жалпы заман келбетін, Қоқан, Хиуа хандықтарынан

жапа шеккен Сыр бойы халқының жай-күйі, т.б. мəселелер сөз
болады. Ал «Кек құны» бөлімі «Күмісқорған» оқиғасын суреттеуге
арналған. Бұқарбайды батыр ретінде елге танытқан қорғанды алу
кезіндегі хиуа батыры Жұбаниязбен жекпе-жегі тартымды су рет-

телген.

Тұлға ғой тұла бойы тарамыстан, Қойылған құдірет қой қара мыстан. Толағай талқы білек толғағанда Ақ найза қадалған-ды қарақұстан. Батырдың бұланайы Бұқарбай-ау, Жайрады салған жанға жара дұшпан. Ақын жекпе-жек үстіндегі батыр бейнесін шынайы жасай алған. Бұқарбай портретін жасаудағы «Тұлға ғой тұла бойы тарамыстан, Қойылған құдірет қой қара мыстан, Толағай талқы білек толғағанда» сияқты өлең жолдары сəтті шыққан. Жаттанды, жауыр болған, əдеттегі батыр бейнесі емес, өзіндік стиль, дара сөз өрнегі жас Бұқарбайды жаңа қырынан танытады. «Үш ноян, Шынар» деп аталатын бөлім ел аузындағы аңыз желісіне құрылған. Мұндағы жаңашылдық – ақындық қиял нəтижесінде Шынардың қолына найза ұстап, Бұқарбаймен бірге жауға қарсы шабуы. Шынар да емес еді жай ғана жар, Пəруар берген білім бойға əр, ажар. Шектескен сұлулыққа шынайы ерлік, Болды əйел ақыл, арман, ойға базар. Керілмей кезі келсе қылыш тартып, Салатын «сері» де еді жауға назар. Жалғыз үй жайлауда еді батыр бірде, Жанында жасыл жебе, жатыр мір де. Ай жарық, айқай шықты, атқа мінді, Ер ісін оңға бастап отыр пір де. Бұқарбай торбестімен топқа тиді, Қарайып қалды біраз пақыр мүрде. Шынар да шыдап үйде отырмады, Бабалар рухынан от ұрлады. Бұрымын мықтап орап, мұрақ киіп. Салды ұран «тостағандап», аһ ұрмады. Дойыры Табын атам дөп тиді ме, Құм құшып, талай доңғай топырлады [23.176-177]. 8-105

Шынар анамыз қолына найза ұстап, жаумен күрескен-күреспегені біз үшін батыр жарының беймəлім қырларының бірі. Дастанға негіз болып отырған ел аузында əр кездері айтылып қалатын аңызəңгімені батырдың сүйген жарының образын сомдауда деталь ретінде пайдаланғандығы байқалады. Алпамыс, Қобыланды сияқ ты баһадүр батырлардың сүйген жарлары ел басына күн туғанда қолына қаруын алып жауға қарсы шапса, астындағы аттары қажет жерінде батырға көмек көрсетті. Шынар анамызға байланысты ел аузындағы аңыз да осындай халық қиялынан тууы ғажап емес. Дастанның «Қарабесбай, Бұқарбай», «Қарасор оқиғасы», «Қара бөгет хикаясы» бөлімдері де ел аузындағы аңыз-əңгімелерге сүйе не отырып жазылған. Дастанда Бұқарбай батырдың Кенесары əскерінде болуы, Ақмола бекінісін алуға қатысуы сияқты ел азаттығы жо лындағы күрес-жорықтары суреттелмеген. Белгілі ақын, композитор Елена Əбдіхалықованың «Шынар кө лі» поэмасы да Бұқарбай батыр мен оның сүйген жары Шынар анамыз туралы ел аузындағы аңыз-əңгімелер негізінде дүниеге келген туынды. Бұқарбай батыр туралы бірнеше көркем шығармалардың сюжеттік желісіне негіз болған аңыздарды Елена да өз шығармасына пайдаланады. Бірақ ақын өзіндік ой, өзіндік өрнек таныта отырып, аңыз желісінен тың, соны шығарма тудыра алған. Тарихи тұлғалардың өмірі мен күрес жолы суреттелген көр кем шығармаларда ел аузындағы аңыз-əңгімелер мен əпсаналарды қайта жаңғырту арқылы көркем дүниені өмірге əкелу заңды құбылыс. «Көне классикалық эпостың қайсыбір белгілері (əсіресе орталық қаһарманды биікке көтеріп, мінсіз етіп мадақтау, т.б.) сақтала тұрса да, мұндай жырлар бойында хас түрлі сонылықтар кездеседі. Кейде оқиғалар жазба тарих сарынына сəйкес баяндалса, екінші бір тұста қиялдау, көркемдеп жинақтау басым түсіп жатады. Мұның бəрі тарихи аңызға құрылған жырлардың елдің өткенін түсіну мен бағалауда құнды мағлұмат бере алатын қасиетін аңғартса керек» [24.362]. Қазақ əдебиетінде классикалық деңгейге көтерілген мұндай əдеби жаратындылар жоқ емес. Тек қазақ əдебиеті ғана емес, тұтас шығыс əдебиетіне тəн бұл үрдістің бүгінгі күнде əдеби үдерісте жарқырай көріну сыры да оның ұлттық тамырдан нəр алуында болса керек. Əсіресе, шығыстық «назира» дəстүрі нің

не гізінде ХІХ-ХХ ғасырдағы əдеби үдерісте ерекше көрінген шы-
ғыстық сюжеттерді жаңғырта жырлау, бір тақырыпқа бірнеше
ақын дардың қалам тартуы, халықтық аңыз-əңгімелер негізінде
бір неше ақындардың бір сюжетті өзінше жырлау арқылы бірнеше

шы ғар малар тудыруы арқылы көркемдік дəрежесі биік, оқырман
көңілінен шыққан бірнеше туындылардың өмірге келуі де таңсық
емес. Қазақ тарихында өзіндік орны бар халық батыры Бұқарбай
Ес текбайұлының өмірі мен күрескерлік тағдырын сөз еткен туын-

дыларды саралай қарағанда да ұлттық əдебиетте өзін ақтаған осы
үрдісті көреміз. Осы сөзіміздің жарқын көрінісі – Елена Əб діха-
лықованың «Өкініш» атты балладасы.
Шағын оқиғаға құрылған сюжетті өлеңге ел қорғау жолында

жүрген Бұқарбай батырдың өмірлік өкінішіне айналған оқиға өзек
болған. Əдебиетте батыр туралы сөз болғанда оның тек батырлық
тұлғасын, ерлік істері мен жорық жолын баса көрсету дəстүрге ай-
налып кеткендігін жасыра алмаймыз. Батырдың да сезім-сырла ры,

өкініш-қуанышы, мұң-қайғысы болады. Елена Əбдіхалықованың
«Өкініш» балладасының ерекшелігі де адам жанының тереңіне
бойлай баруында, ішкі сезім-күйін шертуінде. Шығармада Бұқар-
бай батырдың да, шет жерде жүріп Хиуа ханының қорлық-зорлы-

ғын көрген кейіпкердің де психологиялық жай-күйі əдемі ашылған.
«Ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен» алмағайып
заманда елін сыртқы жаулардан қорғау мақсатында күн-түн қатып
жүрген Бұқарбай батыр бетін тұмшалап, жан-жағын түйемен қор-

шап, өзіне тікелей келе жатқан адамды жау тыңшысы деп тү сініп,
найзамен түйреп түсіреді. Бұқарбай оның қыз бала екенін соңғы
сəтте ғана байқайды.
Селк етті батыр жүрек қызды көріп,

Сап болды кеудедегі сызды желік.
Атынан қарғып түсіп, сүйей берді,
Аруды қансыраған ізгі көрік [25.104].
Осы сəтті ақын аз ғана сөзбен шебер бейнелей алған. Ал өлім

мен өмірдің тайталасында жатқан қыз сөзін тебіренбей, толқымай,
көзіңе жас үйірілмей оқуың мүмкін емес:
Ағатай, мен қазақтың бір қызы едім,
Əкемнің аялаған құндызы едім.

Сыр бойы – бабам жатқан жерді аңсаумен Сары ала таңда сол-ды мұңды үзерім. Туған жер, сені қоссам, жетер ме өлең? Еліме борышым бар өтелмеген. ...Біз де бір Табын деген ел боламыз Нүкіс пен Қоңыратты мекендеген. Хиуаның езгісінде біздің ауыл, Сезіндім ерте жастан күз қырауын. Үстімнен ұшса шыбын, қағып-баққан, Үгіліп бара жатыр ізгі қауым [25.104]. Əсерлі шумақтар көз алдыңызға үміт арқалап, бақыт іздеп шыққан қыздың нəзік жанын ғана емес, қайсар мінезін де елестетеді. Осы бір оқиға Бұқарбай батырдың өмірлік өкінішіне айналады. Ақын батыр жанының нəзік тұсын тап баса таба білген, тауып қана қоймай оны əсерлі, əдемі өлең өрнегімен оқырманына жеткізе алған. Психологиялық иірімі мол, Бұқарбай батырдың жан күйзелісін аша білген туынды ақындық шеберліктің нəтижесі екендігін ай та кеткеніміз абзал. Қылышынан қаны тамып тұрған кеңес заманында жазылып, оқырманның ыстық ықыласына бөленген тарихи шығармалардың бірі – Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» романы. Шығарма туралы академик Р. Бердібай «І. Есенберлиннің «Қаһар» романы жазылған тұста «жетілдік, гүлдендік» деп келетін даңғаза ұрандар мен шақырулардың көп айтылып жүргеніне қарамастан ұлттық мəдениеттер, соның ішінде қазақ тілінің беделі мен мəні тоқтаусыз құлдырап бара жатқан еді. Ал тарихшыларымыз болса ежелгі дүние, орта ғасырлар шындығын зерттеуді жылы жауып қойып, көбінесе кеңестік дəуірдегі үрдістерді тексеруге бірыңғай дағдыланған. Ол кезде Кенесары аты аталса, оған тек қана күйе жағып сөйлеуге кім де болса «ерікті» еді. Міне, осындай қысаң шақта «даулы» тақырыпқа бару қандай қаламгерден де саналы батылдықты керек ететін» деп жазған болатын [24.298-299]. Прозалық шығармаларда алғаш рет Бұқарбай батыр бейнесі І. Есенберлиннің осы «Қаһар» романында көрінді.

«Заты Кіші жүз, Табын руынан шыққан, он бес үйлі кедей бол-
ғанменен, зор денелі Бұқарбай батыр ат жалын тартып мінгелі бар
өмірі жауынгершілікпен өткен. Ол, əсіресе, Қоқан хандығының
зе кет ші, барымташы сыпайларына ерекше қас. Өйтуіне себебі

де бар. Табын руы тəрізді қыс Сырдария бойында көшіп жүрген
Шөмекей аулының бір қызын азын-аулақ қалың малын төлеп, «əне
алам, міне алам» деп жүргенінде Ташкент құшбегі Мəмет Əлім-
нің шабармандары «мал санын жасырып, зекетті аз төледің» деп

сылтауратып Шөмекей ауылын шауып, жиырмаға тарта көрікті
қыз-келіншектерін алып кеткен. Соның ішінде Бұқарбайдың қа-
лыңдығы да бар екен. Осыдан кейін Бұқарбай да Саржан мен Ке-
несарыға еріп қоқан шабарман сыпайларының талайын қырды,

Мəмет Əлімнің жігіттерінің де бері шыққандарын есірей етті. Бірақ
күштілерге деген кегі қайтпады. Өз басының өшпендігіне енді жер-
суынан айырыла бастаған ел өшпендігі қосылды. Сол себептен Бұ-
қарбай батыр өз өмірін бүтіндей жауынгершілікке арнаған. Қоқан

шапқыншылары айдап бара жатқан малын соңынан қуып барып
қайтарып беріп, Шекті руының Күреш деген байының қызын алған.
Қызын қалың малсыз бермеймін деген байға, айдай сұлу қызы
Бұқарбай қайтармағанда қоқанның бір бегінің күңі болып жүрер

едім, осы батырға тием деп безеріп отырып алған. Сараң əкесі
қызын кедей батырға амалсыз берген. Жау десе қорқуды білмеген
осы Бұқарбай батыр баладай аңғырт, ақ болатын, əсіресе, ол өлең-
жырды жақсы көретін. Өзі де əрдайым рабайсыз жуан даусымен əн

салатын. Əсіресе құла түзде келе жатқанда Бұқарбайды тыңдау бір
ғанибет қызық дəурен. Қандай жыр-қисса болсын, бəрін тек Ұлы жүз
бен Сыр бойын мекендеген Кіші жүз елі айтатын «Бойым талдай»
əуеніне келтіріп айтатын, «жырдың бұл əнге буыны жетпесе оны

«əлеулəйлəй» не болмаса «қалаулəйлəймен» толықтырып, ал буыны
артық болса, сөз ұйқасымын былай қойып, оны екі бөліп, əйтеуір
«Бойым талдай» сарынына келтіріп соға беретін. «Ау, осы «Бойым
талдыдан» бөтен əндерің жоқ па, бөтен бір əуенге салсайшы» деп

серігі Ағыбай əжуа етсе, оған «Елімнің бар білген əні осы болса
қайтейін» деп қымсынбай жауап беретін.
Осы Бұқарбай бір күні Үйсін, Дулат, Алшында «Бойым талды-
дан» бөтен əуен жоғы жайында бір ел арасында тараған аңызды

айтқан-ды...

«Əн құс тəрізді бүкіл жер-жаһанды кезіп ұшып жүріпті. Кей елдің үстіне тоқтап, ұзақ уақыт қалықтай шырқап əнін үйретсе, кей жұрттың үстінен қасқырдай ұлып өте шығып, ал кей ауылдардың төбесінен тіпті үндемей ұшыпты. Сол əн Жетісу, Сыр бойының тұсынан өткенде жұмған аузын ашпапты, тек Арқа жеріне жеткен де ғана сан түрлі əуенге салып, ұзақ кідіріпті. Ұлы жүз бен Кіші жүз Орта жүздей əнші болмауының себебі əннің ор нына, тек еміс-еміс сарынын ғана естіпті. Сол сарын «Бойым талдай» деседі. Сондықтан да біздің білетініміз осы сарын. Əн ордасы – Арқа. Ал бірақ əн қонған Арқадан үйреніп, қазір біз де əжептəуір əнші болып қалдық» деп Бұқарбай ыржия күлген. Сондағы «Əнші болып қалдық» дегені де баяғы бір «Бойым тал дай» [26.312-313]. Үзіндіден Бұқарбайдың тек батырлық келбетін ғана емес, оның өмір жолынан, серілік, шешендік қасиеттерінен де хабардар боламыз. Жазушы осы детальді тектен текке пайдаланбаған. Негізгі мақсаттың бірі Кенесарының жорықтас жолдасы əрі бас батыры Бұқарбай бейнесін жан-жақты ашу болса керек. Біздің ойымызша, суреткер бұл мақсатына жеткен сияқты. «...Соның ішінде Бұқарбайдың қалыңдығы да бар екен. Осыдан кейін Бұқарбай да Саржан мен Кенесарыға еріп қоқан шабарман сыпайларының талайын қырды, Мəмет Əлімнің жігіттерінің де бері шыққандарын есірей етті. Бірақ күштілерге деген кегі қайтпады. Өз басының өшпендігіне енді жер-суынан айырыла бастаған ел өшпендігі қосылды. Сол себептен Бұқарбай батыр өз өмірін бүтіндей жауынгершілікке арнаған» дейді. Жеке бастың өшпенділігін азаткерлік қасиетке айырбастай алған, ұлттық деңгейге көтеріле алған Бұқарбай образы осы бір аз ғана үзіндіден-ақ көрінеді. Батыр бойындағы намыс пен жігерді, ішкі рухтың мықтылығын автор жазбай таниды жəне оны оқырманына дəл жеткізе алған. Кез келген суреткер үшін өз шығармасындағы əрбір кейіпкердің орны бөлек. Мейлі ол жағымды, мейлі жағымсыз кейіпкер болсын автор олардың əрқайсысын терең зерттеп, зерделеп, ішкі дүние сіне үңіле отырып оның жан сыры мен жүрек тебіренісін, жан толқынысын сезіну арқылы ғана жанды образ жасай алады. Кейіпкерге жан бітіріп, сезім бере алғанда ғана суреткер өз мақсатына жетеді. Жəне өзі жасаған əдеби қаһармандарының əрқайсысына де-

ген суреткерлік-авторлық сезім, ықылас қалыптасады. Əдебиетте өз
кейіпкеріне жанашырлық сезіммен қарап, оны барынша қорғаштап,
ақтау, жамандыққа қимау сияқты құбылысты М. Əуезов, С. Мұқа-
новтардың шығармашылық лабораторияларынан білеміз. І. Есен-

берлин де өз шығармасында көп көзге түсе бермейтін Бұқарбай
бейнесіне ықыласпен, мейіріммен қарайтынын байқаймыз.
«Жау десе қорқуды білмеген осы Бұқарбай батыр баладай аң-
ғырт, ақ болатын, əсіресе, ол өлең-жырды жақсы көретін. Өзі де

əрдайым рабайсыз жуан даусымен əн салатын. Əсіресе, құла түзде
келе жатқанда Бұқарбайды тыңдау бір ғанибет қызық дəурен.
Қандай жыр-қисса болсын бəрін тек Ұлы жүз бен Сыр бойын
мекендеген Кіші жүз елі айтатын «Бойым талдай» əуеніне кел -

тіріп айтатын...» деп суреттейді жазушы. Бойында күші та сы ған,
жау көрсе айбаттанып кететін Бұқарбайдың жайбарақатта «ба-
ладай аңғырт, ақ көңіл-пейілі» батырдың жан тазалығын, жүрек
жылылығын, сонымен бірге өнер əлеміне соншалықты жақынды-

ғын көрсетеді. Ал өнерді сүю мен бағалау, құрметтеу мен қадір
тұту кез келген адамның рухани əлемінен хабар беретіні даусыз.
Шайқастан босаған сəтте ел тағдыры, өнер тарихы, əн-жыр туралы
өнегелі сөз айтып, кейде əн салып, сыр шертетін Бұқарбай бейнесі

романда барынша шынайы қалыпта көрінген.
Сыр бойының тұтас бір кезеңін тарихи құжаттарға сүйене оты-
рып, көркем бейнелеген шығарманың бірі – Зейнолла Шүкіровтің
«Сыр бойы» романы. «Дүниеге періште болып келіп, сол қалпында

дүниеден өткен» З. Шүкіров – «Сыр бойы» романында Сыр бойы
қазақтарының Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы азаттық күресін,
ондағы ел қорғаған батыр ұлдар тағдырын келешек ұрпаққа жеткізу-
ді мақсат еткен суреткер.

Романда Кенесары хан жасағының батыры Бұқарбай образы Ке-
несарымен, Жанқожамен байланыс-бірлікте ашылған. Хиуа ханы
Сыр бойы халқынан алым-салық, үсір-зекеті алумен ғана шектел-
мей, бара-бара небір адамның аза бойын тітіркендірерлік озбыр

əрекеттер жасайды. Алым-салық төлеуден бас тартып, қарулы кө-
теріліске шыққан Əлім-Шөмендерді жуасыту мақсатымен олар
ақырында Жаңадария арнасын Қышбөгеттің тұсынан тас қып бөгеп
тастайды. Осылайша мол сулы арнаның төменгі жағына қоныс

тепкен қыруар мал-жанды қырып жіберуді ойлайды. Қашаннан «тө секте басы, төскейде малы» қосылып, бір-бірімен құдандалы жек жат дегендей бір-біріне тілеулес ағайындар емес пе? Бұқарбай ба тыр бұған шыдап отыра алмайды. Мұның үстіне қанды көйлек қаруласы, жақсы көретін ағасы Жанқожа батырдың өтініші жəне бар. Суыт атқа қонып, бөгетті жығуға аттанады. Бөгетті күзетіп тұрған бірнеше жүздеген қаскөйлерін тұтқындап, əлгілердің өздеріне шіреп тұрған суды жыққызып, көңілін бір демдеп қайтады. Кейін осы бір аса маңызды иінді күзету, қатаң бақылауда ұстау батыр бабаның құзырына көшіріледі. Бұл жерде біз Жанқожа мен Бұқарбай батырлардың ортақ жауға тізе біріктіріп, əрқашан да бірлесе тойтарыс беріп отырғанын көреміз. Бұл хикаяттар жерлесіміз, көрнекті жазушы Зейнолла Шүкіровтің «Сыр бойы» атты романында да əдемі көрініс тапқан. Бізге жеткен дереккөздерге қарағанда бабамыздың жүректілігі соншалық, тіптен қылышынан қаны тамып тұрған, айбарынан қара халық сескенетін хандардың да қаһарынан қаймықпаған. Қара қылды қақ жарарлық туабітті сол турашылдық қасиетінен əсте айнымаған. Мұны өзімен қарулас болған қанды көйлек жолдастары Арғын Ағыбай да, Əлім Жанқожа да, Қыпшақ Жаназар да, сондай-ақ сарай ақыны, жерлесіміз Ашамайлы Керейт Нысанбай жырау да жоққа шығармаған. Бəйбішесі Күнімжанның айдап салуына еріп, Кене хан Бұқарбай батыр жорықта жүргенде Ақмырзаның (Жанқожа батырдың туған ағасы) аруағын аяқасты етіп, Бəтима есімді қаршадай қызын қойдың соңына салып қояды. Бұл батыр бабамыздың қатты ашуызасын тудырады: – Бəтима, айналайын-ай, мынау иттер қор қылған екен ғой. Бүгін есіттім. Сенген жоқ едім... – Ағатай, кім едіңіз? – Бұқарбай деген ағаң боламын. Руым Тартулы табын. Жəкем нің жақсы көретін інісінің бірімін... Жанқожаның аты аталғанда Бəтима көз жасына ие бола алмады... – Адалмын, ағатай. Бұл жамандықтың қалай таңылғанына қайранмын. Бар кəдігім бəйбішеде, тоғыз қатын бір əйелдің ізіне түскен соң оңдыра ма? Түбіме жетті...

– Мен қазір барып Кенекеңе сөйлесемін. Сұлтан сүйегін қор-

ламайды. Абылайханның тоқал қатынынан туған ешкім жоқ. Қор-
ламасын!

– Ағатай, менің боларым болды ғой. Бір бұрымнан айрылдым.

Қорғаймын деп жүріп өзің жазым боларсың. Жəкеме хабар тисе,
келіп алып кетер еді...

– Бұлардың некелі қатыным деп шалқаятыны болады ғой... Жə-

кемді қозғамайық...

– Талақпын деп өзі айтты. Жəкем келсе, мені байлап ұстап тұра

алмайды!

– Онда тіпті жақсы! – деп Бұқарбай үзеңгіге аяғын салып тұрып

Бə тиманы жұбатты. – Хан маған бірдеңе істер деп қорықпай-ақ
қой. Жанқожа мен Сейіл тірі тұрғанда Бұқарбайға қол көтеруге ар-
тына бақсын!
Бұқарбай бастаған Табынның жігіттері хан сарбазының үштен

бір бөлігіне жақын еді. Кенесары маңындағы көп жаман Табын-
нан шыққан адуын батырға сескене қарайды. Солай еркіндікке
бойы үйреніп қалған Бұқарбай Кене ханның үстіне сұраусыз
кірді [27.147]...

Хан ордасына кіріп барған Бұқарбай төре тұқымынан шық-
қан Кене ханға бұл ісінің əділетсіз екендігін қаймықпай айтып
салады:

– Ей, Бұқарбай, Табынан шыққан ер едің! Бір Шектінің намы сын

жыртып, саған не жоқ?!
Кенесары екі беті нарттай жанып, ашудан жарылғалы отыр. Бірақ
өзін-өзі ұстады.

– Атасын айтса алыс емес, Шекті де менің бауырым! Мені жұм-

сап отырған осындағы Кіші жүздің жігіттері. Сүйегімді қорлама сын
деп отыр [27.148].
Кенехан мен екеуінің арасындағы осы əңгімеден кейін хан Бұ-
қарбай батырдың көзін жоюды мақсат етеді. Інісі Наурызбайды

шақырып алып, Табын батырын қапысын тауып өлтіруге тапсырма
беріп жатқанын қымыз тасып жүрген Тақжан естіп қалып, Бұқар-
байға айтып келеді.
«Тақжан шошынғанмен, Бұқарбай қыңқ еткен жоқ. Жалғыз Бо-

пай емес, Кене ханның алдында кінəсі көп екенін біледі. Бəтимаға

ара түсті... Кіжініп тұрған Наурызбайдың қолын ұстады... Ондай қылмысты хан ордасының кешірмейтіні белгілі. Одан бұрын да күтініп жүретін. Бұқарбай тікесінен Кене ханның шатырына барды. Ішке кірмейді. Аттың үстінде айқай салған. Кене ханның бар қоймасын ақтарды. Өлтірмек түгіл сен менің Қисайта алмайсың қылымды... Қолыңнан келсе істеп көр, Жанқожа мен Сейілдің Өзі-ақ алады құнымды! Осы үзінділер арқылы З. Шүкіров Бұқарбай қайсарлығын, кейде тіпті басына төніп тұрған қауіптің өзін адалдық, əділдік үшін же ңіп кете алатын жігерлілігін шынайы аша білген. Бұқарбай – Табын руына ұран болуымен қатар тарихи тұлға дəрежесіне көтеріле алған батыр. Өйткені ол ел мүддесі үшін күресіп, соның барын жоғалтпауға, берекесін кетірмеуге ұмтылған. Жерін жаудан қорғауда, елдің елдігін сақтауда ерлік көрсетіп, ғұмырын арпалыспен өткізген. Батырдың əр кездегі ерліктері мен ел үшін жасаған жақсылықтары халық жадында сақталып, күні бүгінге дейін жеткен [13.73]. Орыс оқымыстысы А. Грен «1850 жылы Қоқан хандығының би леушілері қазақ халқын Жаңадария өзені бойынан біржолата көші ріп, бостыру мақсатында Жаңадария бойындағы «Қарабөгет» деген жерден суды байлап тастап, төменгі жаққа жібермей қояды. Жаңадария бойындағы мыңдаған қолмен жасалған егінші лік жерлер құлазыған шөлге айналады, ел тіршілігі тығырыққа тіреледі. Бірақ қазақтан шыққан Бұқарбай батыр 1852 жылы 2000-нан астам жергілікті халықтан қол жинап, қоқандықтарға қарсы шыға ды, сөйтіп, Қарабөгетті бұзады. Сол уақыттан бастап Сыр суы қайтадан Жаңадария бойымен аққан, одан Қуаңдария нəр алған. Сөйтіп, Сыр – Қуаңның арасы қайтадан ел қонысына ай нал ған» деп жа зады. Бұқарбай батырдың ел қамы үшін жасаған осы ерлік-қамқорлығы да əдебиет назарынан тыс қалмады. Жергілікті ақын С. Ембергеновтің «Қарабөгет хикаясы» атты дастаны мен жазушы А. Тілеу лиевтің «Бұзылған бөгет» атты əңгімесінде Қарабөгетті бұзу дағы Бұқарбай ерлігі сөз болады.

Қорыта айтқанда, Бұқарбай батыр – ел азаттығы үшін тұтас ғұмырын арнаған халқымыздың біртуар ұлы, батыр, би. Ол тек Сыр бойы қазақтарының ғана емес, қазақ халқының қамын жеп, оның тəуелсіздігі жолында күресіп өткен ел перзенті. Бұқарбай батырдың жасаған ерліктері мен күрес жолының жыл өткен сайын халық жадында жаңғыра түсіп, қашанда əдебиеттегі тың тақырып күйінде қалуы да осыдан. Пайдаланылған əдебиеттер: 1. Орталық ғылыми кітапхананың сирек қолжазбалар қоры, № 1338 бума. 2. И.В. Аничков. Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлы. Казань: Типо-литография Императорского университета, 1894. 31-б. 3. Т. Омарбеков, Ш. Омарбеков. Қазақстан тарихына жəне тарихнамасына ұлттық көзқарас. Алматы: Қазақ университеті. 2004 жыл. 388-б. 4. Записки о Бухарском ханстве. 1983. 5. Ахметова. Арынғазы хан. Ақтөбе:А-Полиграфия ЖШС. 2004. 168-б. 6. Ж. Адамбаев. Сыр бойы. 2012 жыл. №26. 7. Орталық Мемлекеттік əскери мұрағат. Қор – ВУЛ. 67-71-беттер. 8. А. Серебрянников. Сборник материалов по истории завоева ния Тур кес танского края. Том 2. Стр. 245. 9. Е. Ділмұхамедов. Кандидаттық диссертация. Ташкент, 1946. 10. Орталық ғылыми кітапхананың сирек қолжазбалар қорынан алын ды, № 1338 бума. 11. М. Баймаханұлы. Байқадам батыр. Қызылорда., 1999 ж. 12. К. Бердаулетов. Бұқарбай батыр. Егемен Қазақстан. 23.01.1993. 13. Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Табын. ІІ том. 2-кітап. Алматы., 2006. 14. Е. Бекмаханов. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. Алматы: Санат, 1994. 15. П. Лафарг. Мəдениет тарихы бойынша очерктер. М., 1926. 51-54-беттер.

16. Молла-Əлим-Махмұд-Қажы. Тарихи Түркістан. Ташкент., 2008. 17. Жеті ғасыр жырлайды. 1-том. Алматы, 2004. 18. К. Бердаулетов. Бұқарбай батыр. Егемен Қазақстан. 23.01.1993. 19. Р. Бердібай. Бес томдық шығармалар жинағы. 2-том. Алматы: Қазы ғұрт, 2005. 20. Орталық ғылыми кітапхананың сирек қолжазбалар қорынан алынды, №1331 бума. 21. А. Тоқмағамбетов. Сыр бойы. 1941. №123. 22. Орталық ғылыми кітапхананың сирек қолжазбалар қоры. № 1338 бума. 23. Бұқарбай батыр. Құрастырған: А. Жанаев. Қызылорда, 2007. 24. Р. Бердібай. Бес томдық шығармалар жинағы. Бірінші том. Алматы: Қазығұрт, 2005. 25. Е. Əбдіхалықова. Шынар көлі. Астана, 2008. 26. І. Есенберлин. Он томдық шығармалар жинағы. Жетінші том. Үшін ші кітап. Қаһар. Алматы: Жазушы, 1986. 27. З. Шүкіров. Сыр бойы. Қызылорда: Тұмар., 2002.

БАТЫРЛАР ИНСТИТУТЫНДАҒЫ

БҰҚАРБАЙ БЕЙНЕСІ

XІX ғасырдың басынан бастап ресейлік патша əкімшілігінің
Орталық Азияға, соның ішінде қазақ өлкесіне қатысты ұстанған
саясаты күрделі өзгеріске ұшырай бастады. Егер бұған дейін орыс
əкімшілігі қазақ хандарының шартты түрде бағыныштылына келі-

сіп келген болса, енді Ресейдегі капиталистік қатынастардың күрт
дамуына байланысты хандардан орыстардың үстемдігіне толық
мойынсұну талап етілді. Жас орыс буржуазиясы мен көпестер то-
бы патша əкімшілігіне Орта Азиямен сауда-саттық орнатуға мүд-

деліктерін табанды түрде жəне ашық жеткізе білді. Сырт аймақтан
нарық көздерін табу үшін олар алдымен қазақ даласында түрлі
барлау, зерттеу жұмыстарын жедел қолға алуды, қажет болса, ба-
тыл əскери-саяси қадамдарға баруды ұсынды. Орыс нарығының

өнімдерін ортаазиялық мұсылман мемлекеттеріне шығару қазақ
да ласы арқылы өтетіні белгілі еді. Сол себепті қазақ жерін əскер
күшімен отарлау, тартып алынған жерлерге кейіннен шаруаларды
орналастыру, стратегиялық маңызды тірек пунктерін иемдену жəне

бе кіністер салу арқылы өлкені түгел қоршап алуға мүмкіндік бере-
тін бірнеше əскери шептер құру ісін жедел қолға алу жоспарланды.
Бұл жоспар кейінгі тарихи оқиғалар көрсеткендей белгілі деңгейде
нақты іске асты да. Демек, XІX ғасырдың алғашқы жартысында

Нұрлыбек Мыңжасов,
тарих ғылымдарының кандидаты,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінің доценті

патшалық Ресей қазақ өлкесіннің басым бөлігін өз иелігіне алып
үлгерді.
Отаршыл Ресеймен қатар қазақ жерінің батыс өңірін өз менші-
гіне алып, оңай баюды көздеген Хиуа хандығы да белсенді жаулау

жорықтарын жүргізуге ұмтылды. Əсіресе, қандықол Мұхамед
Рахим билігі тұсында (1806-1825 жж.) өлкенің күнгей-батысы,
яғ ни Каспий теңізінен Ақтөбе мен Арал, Қазалы аймағы екіжақты
қыспаққа түсті. Орыстармен қатар хиуалықтардың жергілікті ха-

лыққа салған түрлі алым-салықтарының мөлшері күн сайын өсіп
отырды. Бұл жөнінде белгілі шығыстанушы В.В. Бартольд «Мұ-
хамед Рахим тұсында Хиуа ... түрікмендер мен қазақтардың бір
бөлігін өзіне қаратты» деп жазды [1.114]. Сырдың тө менгі ағы-

сын мекендеген қазақтарға үстемдік етуге ұмтылған көр шілес
Орта Азия хандықтарының қысымы орыс əкімшілігінің жен дет-
те рінен артық болмаса, кем түскен жоқ. В.В. Бартольд бұл жө-
нінде «Қоқандықтардың Сыр өңіріне басып кіруі бұл аймақты өз

меншігінде деп есептеген орыстармен жəне Сырдың төменгі ағысы
тұсын өз мемлекетінің шекарасы санаған хиуалықтармен қарулы
қақтығыстарға əкеп соқтырды» [1.115] дейді. Тарихи оқиғалар-
дың өріс алуынан көріп отырғанымыздай XІX ғасырдың алғашқы

жар тысында-ақ Сыр өңірін кең жайлаған қазақтар үш жақты саяси
жə не экономикалық қысымның салдарынан кедейшілікке ұшырай
бастады.
Отаршылдардың өлкедегі шектен тыс озбырлықтары өз кезегін-

де жергілікті халықтың ашу-ызасын туғызып, бірнеше ұлт-азаттық
қозғалыс мен көтерілістерге жұмылдырды. Еркіндіксүйгіш елдің
ұландарының мұндай баскөтерулері Кенесары, Есет, Жанқожа,
Бұқарбай сынды батырларды тарих сахнасына шығарды. «Көптеген

жырлар мен аңыздарда айтылған қырғыз (қазақ) батыры сұлтан
Кенесары Қасымов 1837 жылы ішкі қазақтардың Ресей мен Қо-
қан нан тəуелсіздігі үшін халықтық күресті бастады» делінді ресми
анықтамалықтардың бірінде [2.335].

Бұл ретте Абылайдай атақты хан тұқымын Ресей сияқты алып
империяға қарсы көтеріліске шығуға итермелеген нендей себеп,
қандай күш деген заңды сұрақ туындайды. Кез келген халық на-
разылығының астарында экономикалық немесе саяси мүдделер

жататынын ескерсек, сол дəуірдің əлеуметтік ахуалынантөмендегі сандық мəліметтер біршама хабар береді. Мəселен, қазақтың тіршілігінің өзегі болған мал басының 1828 жы лы əр түтінге шаққанда 245-тен келсе, 1830 жылы 190 бастан, ал 1839 жылы 155 бас малдан келген [3.36]. Кейінгі жылдары бұл көрсеткіш төмендей түскен. Шаруашылық дағдарыстың себепсалдары 1925 жылдың сəуірінде Қызылордада өткен V бүкілқазақтық съезде арнайы қаралды жəне сонда жарияланған мəлімет бойынша 1870 жылы əр шаруашылыққа 59 бастан келсе, 1923 жылы əр отбасыға 10,1 бастан ғана келгені ашық айтылған болатын [3.51]. Отарлық езгінің салдарынан, əсіресе, келімсектердің қажетіне деп шұрайлы жерлерді орыс əскерилерінің тартып алуы себебінен дəстүрлі көші-қон орбитасының бұзылуы жоғарыдағы мəліметте көрсетілгендей өлкеде мал басының күрт кемуіне əкелді. Кедейленген халық наразылығының өршуі 1822 жылғы «Сібір қырғыздарының», 1824 ж. «Орынбор қырғыздарының» Жарлықтарына сəй кес хандық биліктің жойылуына да байланысты еді. Əкімшілік реформаның басты мақсаты өзінің жəдігөй тəртібін орнатып, даладағы беталды қозғалыс дегенді шектеп, жергілікті тұрғындардың өмірін бір өлшемге түсіру арқылы орталық жəне солтүстік-шығыс Қазақстан байлығын мүмкіндігінше тезірек иге ру болатын. Орта жүзден кейін реформалар Кіші жүзге жетті. 1824 жы лы жоғарыда аталған «Орынбор қырғыздарын басқару» туралы жарғы бекіді. Əбілқайырдың немересі Шерғазы хан Айшуақов тақтан түсіріліп, Орынборда қомақты жалақыға қызметке ауыстырылды. Кіші жүз үш ауданға бөлініп, оларды басқару билеуші-сұлтандарға, батыс бөлігі Қаратай Нұралыұлына, орта бөлігі Темір Ера лыұлына, шығыс бөлігі Жұма Құдаймендіұлына жүктелді. Сонымен бірге Ресейдің ресми отаршыл саясатын кеңейтуге жол ашылды [4.282]. ...1822 жəне 1824 жылдары əкімшілік-саяси реформалар патша үкіметінің отарлау саясатының нақты көрінісі болды. Дегенмен орыс əкімшілігі халық арасынан өздерінің тонаушылық саясатын қолдайды деген сеніммен сұлтандық билікті сақтап қалды. Бұл жөнінде «Сібір қырғыздары туралы» Жарлықтың 30-тармағында «сұл тандық билік сақталады жəне ол мұраға қалдырылады» деп

нақты көрсетілген. Жергілікті халықты қанауда билік басында-
ғы сұлтандардың аяусыздық танытқанын тарлан тарих жеткілік-
ті түр де дəлелдеп шықты. Олар бір-бірімен жең ұшынан жалғасып
орыс, өзбек, қытай, татар көпестерімен сауда жүргізді. Қазақ же-

ріне сырттан мануфактура, киім, əр түрлі фабрикаттар əкелінсе,
өл кеден өте арзан бағаға малдар алынып, сыртқа əкетілді. Соның
арқасында шекара маңында орналасқан елді мекен тұрғындары
жедел байыды. Орынбор, Омбы, Семей, Троицск, Петропавл мен

Өскемен сияқты айырбас пунктері ашылды. «Олар (қазақтар) жы-
лына басқа ұсақ-түйек тауарларды есептеменде 2млн.-ға дейін қой,
100.000 жылқы малын айырбасқа түсірді» [5.226] деп жазды сол
дəуірдің авторларының бірі. Делдалдық жасап, ел мүддесін аяқасты

ете жүріп шексіз байлыққа кенелген сұлтандардың тоғышарлық
əрекеттері, орыс əкімшілігі, Қоқан жəне Хиуа бектерінің тарапы-
нан қазаққа салған алым-салық мөлшерінің көбеюі жергілікті ха-
лықтыкедейшілікке душар етті.

«Советская Киргизия» жорналының 1925 жылғы 5-6 нөмірінде
Ишмарин қазақтардың ішкі жағдайы жайлы жазылған «Коче-
вые пути, зимовые стойбища и летовки» (Историческое описа ние)
тақырыбындағы мақаласынан... «...В 1835 году были отобраны у ка-

захов для казачьих поселений миллионы десятин лучших земель.
...Путем разделения степи на административные участки, введения
выборных должностей волостных управителей и аульных старшин
через посредство крестьянских начальников, целой системой взя-

ток и подкупов и была внесена в мирную дружную казакстанскую
се мью нужная монархии внутриродовая рознь. Рухнули порядки,
созданные веками, начались разделы хозяйств. Что же не сумело
сделать правительство через губернаторов и крестьянских началь-

ников, оно довершало через переселенческое ведомоство при вы -
пол нений колонизационных работ» [6.112] деген жолдарды оқуға
болады. Көріп отырғанымыздай, Кіші жүз қазақтарының арасын-
дағы жер дауының соншалықты өршігені орыстар тарапынан елді

əуелі жерінен, сол арқылы бірлігінен айыру саясатының əсерінен
деуге толық негіз бар. Тек экономикалық қана емес, саяси қысымның
да салдарынан əуелі Орта жүз аймағында сұлтан Кенесары бастаған
азаттық қозғалысы кең етек ала бастады. Белгілі тарихшы-про-

фессор Ж.Қ. Қасымбаевтың Кенесары ханның қозғалысы жайлы зерттеу еңбегінде «Сонымен патша үкіметінің қазақ жерінінің стратегиялық қолайлы өңірде орналасуына мəн беруі болашақта Орта Азия хандықтарын жау лап алуда оны бір саяси, əскери тірегіне айналдыруды ойластыруы, сауда керуендерінің дəнекерлік торабы ретінде пайдалануға ты рысуы, 1822-1824 жж. Сібір жəне Орынбор қазақтарының устав тарына арқа сүйеп, отарлауды тездетуге бағытталуы, өлкенің шұрайлы өңірлеріне орыс-казак шаруаларын қоныстандыру, Қоқан, Хиуа, Бұқара иеліктерімен шектесіп жатқан оңтүстік Қазақстанды, Қырғыз жерін жаулап алу мақсаттарын іске асыру жолындағы Ресей империясының саясатына қарсылық алғашында Ғұбайдолла сұлтанның, кейін Қасым төренің баласы Саржанның көтерілісіне себепші болды» деп сұлтанға ерген қазақтардың отарлық езгіге қарсы бұдан бұрынғы көтерілістерінің себебіне талдау жасайды. Сөйтеді де, əрі қарай сұлтан Кенесары бастаған халықтық қозғалыс жайында «осы көрсетілген жағдайлардың сұлтан, кейін хан Ке несарының туының астында он жылға созылған, үш жүзді де толық қамтыған қазақ елінің Абылай хан заманындағы иелігінің тұтастығы мен ел тəуелсіздігін қалпына келтіруді мақсат етіп қойған азаттық күреске де түбегейлі себептер болғандығы айғақ» [7.12] деген дəлелді пікірін білдіреді. Бұған қоса Үш жүздің соңғы ханы Кенесары Қаcымұлының баласы Ах мет сұлтан Кенесарыұлының арнайы еңбегінде «Абылай ханның 30 ұлының ішіндегі кенжесі – Қасым сұлтан, оның екі əйелі болған. Бəйбішеден алты ұл: Саржан, Есенкелді, Ағатай, Бопы, Кішік жəне Кенесары, ал тоқалдан жал ғыз Наурызбай туған... Көкшетау маңын орыстарға бергенде Кенесары əкесі мен төрт ағасына: «Абылай ханның Русиямен жасасқан шартын бұзғандарына көніп отыру бізге ұят. Құдай қаласа, барлық қазақтың басын қосып, Абы лай хан дəуірін қайта орнатуымыз керек. Алла тағала өзі бізге жар болғай!» деді. Бұл сөз Қасым сұлтан мен оның балалары на да ұнайды. Сөйтіп, бəрі де Русияға қарсы күресуге сөз байласады, бұларға қазақ елінің көпшілігі қосылады» [7.8] деп орыстардың озбырлығына бағытталған халық қарсылы ғын ұйымдастырушы сұлтандардың алғашқы мəмілесінен хабар береді. 9-105

Бұл жерде біздің мақсатымыз 1837-1847 жылдар аралығын қам-
тыған Кенесары хан бастаған ұлттық қозғалысқа қайта шолу жасау
емес, əңгіме арқауы болып отырған Бұқарбай батырдың елдік жəне
ерлік істері, негізінен алғанда, батырдың сол Кенесары ханның

қосынында жүрген кезеңдерде үш жүзге таныла түскені себепті
қозғалыстың тарихын жəне бір ой елегінен өткізу. Ел тəуелсіздігі-
нің 20 жылдығына орай жарық көрген соны еңбектердің бірінде
«Ке несарының жекелеген жасақтары басшыларының арасынан үш

жүздің Ағыбай, Иман (Аманкелді Имановтың атасы), Жеке, Бай-
сейіт, Сұраншы сияқты көптеген атақты халық батырларын көреміз.
1842 жылы Кенесары əскеріне қарсы соғыс ашу үшін Сібір əске-
ри желісінен Сотниковтың əскері шығарылды.

1842-43 жылы 1 жəне 7 тамыз күндері Кенесары сарбаздары Жан-
төреұлы мен Баймағамбет Айшуақұлдары полковник Генс баста ған
отрядты талқандады. 1843 жылы 20-21 шілдеде өткен түнгі айқаста
Жантөреұлының отряды жеңілді.

1844 жылғы қазан мен қараша айларында Кенесары Созақ, Жү-
лек, Жаңақорған қамалдарын қайта басып алды.
1847 жылы Кенесары қырғыз жеріне жетіп, қырғыздардың бір
кезде Абылайды мойындағандары сияқты өзін хан деп тануын та-

лап етті. Бұл Кенесарының соңғы жорығы болды. Оның саясатын
қолдамаған Рүстем сұлтан мен Сыпатай бек аса қиын жағдайда
əскерімен жасырын шегініп кетті» деп қозғалыс тарихына қысқаша
шолу жасалынады [4.307]. Міне, осы 10 жылға созылған азаттық

күресінің алдыңғы шебінде қазақтың атақты би-сұлтандары мен ба-
тырларының қатарында Бұқарбай батырдың есімі ерекше аталады.
Жазушы І. Есенберлиннің «Қаһар» романында «Бұқарбай ба-
тыр өзі іздеп келіп, жалғыз басы хан ордасына қосылды» деген

екен. Кенесары Қасымұлының 1837-1847 жылдардағы Ресейдің
отарлық саясатына қарсы жүргізген қозғалысына 25 жасынан
сар баз ретінде қатынасқан Бұқарбай 1847 жылға дейін осы қозға-
лыс тың басты батырларының біріне айналғаны тарихтан белгілі.

1839 жылдың тамыз айында қазақ жерін иемденуге қатысты
даулы мəселелерді шешу үшін Хиуада үлкен жиын болып өтті.
Бұл жиында Аллақұл хан қазақтардың ата-қонысы «Ембі, Ырғыз,
Торғай өзендерінің бойын иелігіне алғысы барын» айтса, орыстар

тарапынан қатысқан өкіл Никифоров «егер император ағзам Сыр-
дың оң жағалауын бағындырғысы келсе, оған Хиуа ханының
келісімін сұрамайтынын» жеткізді. Ал қазақтар жағынан барған
Жанғазы сұлтан, Жоламан Тіленшиев, Жүсіп Сырымовтар (Сырым

Датұлының баласы – Н.М.) «қазақ елінің ешкімге бағынбайты-
нын» ашық айтты. Өз кезегінде елші Никифоров қазақтардың бұ-
рыннан Ресейге бодан болуға берген анттары барын ортаға сал ды.
Нəтижесінде, жиынға қатысушы тараптар ешқандай тоқтамға келе

алмай тарасты. Осыдан барып Аллақұл хан өз нөкерлерін Сыр бо-
йына жиі аттандырып, ашық тонаушылыққа көшті. Сыр елінде діни
фанатизмді насихаттау арқылы жергілікті халықты орыстарға қарсы
айдап салуға əрекеттеніп бақты.

Сыртқы жауларға қарсы көтерілген еркіндіксүйгіш қазақ қо-
сындары орыс басқыншыларына ғана емес, сонымен қатар ірге-
міздегі Қоқан мен Хиуа сияқты Орта Азия хандықтарының озбыр-
лығынан арылу үшін де күреске шыққан еді. Үш жақты қыспақтан

құтылудың бірден-бір амалы ашық майдан салу болатын. Бұл ке-
зең сонау XVІІІ ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы тұсында қа-
лыптасқан батырлар институтының намысшыл өкілдерінің ел ал-
дына шығар жəне бір кезі келген өліра шақ болатын.

Қоқан хандығы өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары өзінің
кемеліне əбден келіп, иелігіндегі территорияны солтүстігіндегі
Арал теңізінің жағалауына дейін соза түсуге тырысты.
Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы оң жақ қанатта да қо-

қандықтар бірқатар бекіністер салды. Ал бұл жерлер қазақтардың
Кіші Ордасына тиесілі еді.
Қоқан хандығы 1808 жылы қазақтардың Ташкентті жаулап алып,
Жетісуды, Сырдарияның орта бойындағы қазақ жерлерін өзіне

бағындырды. Əулие-ата, Шымкент, Сайрам, Түркістан, Созақ, т.б.
бекіністер қоқандықтардың қазақ жерін бағындыру, тонау сая-
сатында төменгі жағалауларын жаулауға кірісті. Қоқандықтар Сыр
өңірінде 1815-1820 жылдар арасында Жаңақорған, Жөлек, Ақме-

шіт, Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған бекіністерін салып, Түр-
кістаннан Қармақшыға дейінгі кең алқапты иеленіп үлгерді. Олар
бұл аймаққа жарты ғасыр бойына өз əмірлерін жүргізді. Жоғарыда
айтылған бекіністердегі Қоқан сыпайлары Сыр қазақтарын қанау

мен мал-мүлкін тонаудағы, олардың ар-намысын аяққа басып, ұр-
пақтарын қорлаудағы көз көріп, құлақ естімеген əрекеттерге барды.
Жаңақорған (XІX ғасырдың басынан осы атауға ие болған ме-
кен) XІX ғасырдың басында (шамамен 1815-1816 жылдары) қо-

қандықтардың салдырған бекінісі. Бұл бекініс Сырдария бойын дағы
қазақтарды бағындыру үшін салынған.
1845 жылы Кенесары Қоқан хандығына соғыс жариялап, Жаңа-
қорған, Жөлек бекіністерін босатады. Бұл аймақтың халқы Кенеса-

ры жағына шығып, Қоқан басқыншыларына қарсы күресті. Екінші
дүркін көтеріліс 1858 жылы болды. XІX ғасырдың 60 жылдарының
басында Жаңақорған қоқандықтардан босатылады, бірақ бұл мекен
енді патша отаршылдарының қол астына көшті.

Жөлекті 1816 жылы қоқандықтардың бекініс етіп, нығайтып,
Сыр дың төменгі жағалауларын басып алуға пайдаланған.
1853-1854 жылдары патшалық Ресейдің қарулы күштерінен қай-
тарып алу үшін Жөлек пен Жаңақорғанды қоқандықтар қару-жарақ,

əскер күшімен нығайтады. Бірақ бұл əрекеттері нəтиже бер меді де,
олар 1856 жылы Жөлекті тастап кетуге мəжбүр болды.
Күмісқорған бекінісін қоқандықтар 1818 жылы Қуаңдария бо-
йындағы қазақтардан қорғану үшін салған. Бекініс Сырдария өзе-

нінің суы мол жағасына орналасқан. Көлемі шағын, бірақ дуалдары
биік, 4 бұрышты, айналасы қоршалған, күзет мұнаралары бар,
зеңбіректер орнатылған қорған. Қоқандықтар Күмісқорғанда жақсы
қаруланған жасақтар ұстаған. Осы жасақтардың көмегімен Ақмешіт

пен Қуаңдария арасындағы қазақ ауылдарын бағындырып, салықтар
жинап отырған. Қаталдық, озбырлық, мөлшерден тыс алым-салық
жинау, жергілікті малшы-егіншілерді зорлап жұмыс жасату, ар-
намысын аяққа басу олардың дағдысына айналған.

1852 жылдың 8 тамызы күні И.Ф. Бларамберг Күмісқорған бе-
кінісін алу үшін Ақмешіт маңайынан шығып оңтүстік-батысқа қа-
рай аттанады. 21,5 шақырым жүргеннен кейін Қуаңдария жағасы на
келіп бекіністі қоршады. Жергілікті тұрғындар қамалды талқандауға

жəрдемдеседі. Сөйтіп, Сыр өңіріне зорлық-зомбылық орнатқан бекі-
ністердің тағы біреуі жойылады.
Шымқорған (Чим-Курган) – 1818-1819 жылдары Жаңадария
бойына салынған қоқандықтар бекінісі. Бекіністің əр жағы 60 метр-

дей келетін, биіктігі 8 метрдей дуалы бар, төрт бұрышына мұнара орнатқан, айналасы екі қабат терең ор, сумен қоршалған, қақпасы биік өзеннің оң жағасына тіреп, қорғануға өте қолайлы етіп салын ған. Бұл бекініс – бір жағы Хиуаға қарай, екіншісі Сыр мен Жаңадария арасындағы қазақтарды бағындырып отыру үшін жəне Ақмешітке қауіп төнсе, қару-жарақ қоймасы бар, жүзден атты əскер сыятын қамал. Орыстың қарулы күштері 1852 жылдың 4 тамызында бекініс тің шығысына зеңбірек оғы жететіндей жерге келіп бекінеді. Бекіністің бастығына жергілікті тұрғындардан өкілдер жіберіліп, олардың берілуін талап етеді. Оған жауап болмағандықтан, сол күннің ертеңіне азанғы уақытта шабуыл басталады. Бекіністегілердің қатты қарсылығына қарамастан ол алынады. Екі жақтан да елеулі адам шығыны болады. Бекініс бастығы оққа ұшып, қалғандары беріледі. Бекіністің ішіндегі мал-мүлік, оқ-дəрі құтқарушылардың пайдасына олжаға алынды. Тұтқында отырған қазақтардың жас əйелдері мен қыздары босатылады. Жергілікті қазақтар шоқ пар, кетпен, сойыл алып көмекке келеді, бекіністі талқандауға кө мек теседі. Тағы да бір қайғы-қасірет пен тонаушылық бекінісі тал қандалады. И.Ф. Бларамберг өзінің естелігінде «Қыздары мен əйелдеріне қа уышқан жергілікті қазақтардың рахметі мен алғысында шек болмады» деп суреттейді. Қосқорғанды (Қышқұрған) қоқандықтар 1819-1820 жылдарда жергілікті халыққа зорлық күшпен салдырған. Бекініс – Қараөзектің Жамансырға (Сырдарияның Ақмешіт пен Қармақшы аралығын осылай атаған) құятын жеріне, Қармақшыға таяу түбекке салынған қоқандықтардың басты шекара бекінісі, ақырғы тірегі. Патша өкіметінің барлаушысы поручик Романов 1841 жылы бұл бекініс туралы мəлімет жинап, Орынборға жолдаған мəлімдемесінде «Екі қабырғасы ұзын, биік етіп балшықтан соғылған бекіністің көле мі үлкен, 4 бұрышында дөңгелек мұнара, күзет төбелеріне зеңбірек қойылған, айналасы терең каналдармен қор шалып су жіберген, қатынас тек өзен жағындағы оң қапталдан жа салады» деп көрсеткен. Қорғанды И.Ф. Бларамберг басқарған əскерлер 1852 жылы шілде айында алып, оның басшысы Мырза Рахимды тұтқындап Райымға жібереді. Бекініс толық талқандалады.

Бұлардан соң 1853 жылы Ақмешіт бекінісі алынады. Қоқан хан дығының Сыр өлкесіндегі басты тірек бекеті болған Ақмешіт бекінісі Сыр бойына, тоғыз жолдың торабы тоғысқан жерге салынған. Оның айналасы көне заманның қоныстары мен қалалар болған мекен. Бұл жөнінде профессор А. Рязанов «Прошлое КзылОрды» деген тарихи очеркінде «Ақмешіттің оңтүстігінде қираған көне қалалардың орны, егіншілердің құм басқан су жүйелерінің қал дықтары көптеп кездеседі. Олар: Тибет-асар. Ырыс-көпасар, Бидайық-асар, Құмшоқы, Үңгірлі, Қараш, Жаңадария, Іңкəрдария əрі Сырдария бойында 40-тан астам асарлар бар екенін білеміз. Олар б.з.д. ІІІ ғасыр мен б.з.VІІ ғасырына дейін өмір сүрген қаламекендер» деп атап өтеді. Ақмешіт бекінісі шамамен 1817 жылы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауындағы Ташкенттен, Бұқара мен Хиуадан Атбасар арқылы Батыс Сібірге, Торғай арқылы Троицкіге, Орынбор губерниясына баратын керуен жолдарының қиылысына салынды. Бір жылдан соң бекініс өзеннің оң жақ жағалауына көшірілді. Ақмешіттің орнаған жылы жөнінде əр түрлі пікірлер бар. А. Макшеев былай деп жазады: «Барлық бекіністер (Шымқорған, Күмісқорған, Жөлек, Жаңақорған) қоқандықтар Түркістанды жаулап алғаннан кейін, яғни 1814 жылдан кейін, ал олардың бастысы – Ақмешіт шамамен 1817 жылы салынып, бір жылдан соң өзеннің келесі оң жақ жағалауына ауыстырылды». М. Вяткиннің «Қазақ ССР тарихының очерктері» деп аталатын жəне басқа шығыстанушылардың еңбектерінде Ақмешіт қаласының 1818 жылы орнағаны жөнінде дəлелдер айтылады. Біз тек Қоқан хандығының Сырдың төменгі жағалауына салған бекіністері туралы қысқаша шолу жасап, мəлімет бердік. Бұл бекіністердің орналасу картасын 1854 жылы поручик-топограф Иващинцев қағазға түсірген. Ол карта «Река Сыр-Дарья от форта Перовс ка до Аралского моря» деп аталады. Үш мемлекеттің қыспағында қалған Сыр бойы қазақтары ірі қимылдарға бара алмаса да, қанаушыларға қарсы жиі-жиі шайқастарға шығып тұрды. Зорлықшыларға қарсы жекелеген, топтасқан қарсылықтар XІX ғасырдың басынан-ақ əр жерде ұйымдастырыла бас тады. Тұс-тұстан анталаған басқыншыларға деген халықтың ашу-ызасын сол кездегі Сырдың ықпалды батырларының бірі Та-

бын руының басшысы болған Байқадам Ағайдарұлының мына бір əрекетінен-ақ көруге болады. «Сыр өзенінің бойындағы, керуен жо лының шығысындағы қазақтар Хиуаға да, Қоқанға да салық төлейді, екеуінің де талау-тонауынан күйзелген. Шөмішті табын ның старшинасы Байқадам 1836 жылы Хиуа мен Қоқан аралығынан Сыр өзеніне көпір салып, əрлі-берлі өткендерден азын-аулақ ақы алған еді. Қоқандықтар лауазымды адамын жіберіп Байқадамнан əлгі ақы - ның бір бөлігін беруді талап етеді. Айқай-шу, төбелес шығып, Байқадам 6-7 қоқандықты өлтіріп, бастарын кесіп хиуалықтарға береді» [8.278] деп атап көрсетілген ресми құжаттардың бірінде. Халық басына түскен ауыр күннің, қараңғы түнектің бір то ластаған кезі болмады. Енді ғана отырықшылыққа бой ұрып ди қан - шылықпен айналыса бастаған Сыр бойы қазақтары тағы да шапқыншылық пен ауыр алым-салықтың азабын тартты. Жергілікті қазақтар Хиуа хандығын да мойындағысы келмеді. Əуелгі кезде бектер белгілеген алым-салықтарды төлеуден бас тартты. Қаншама наразылық танытқанмен диқаншылықпен айналысатын рулар өздеріне аз да болса талшық тауып беріп отырған Сыр бойынан, азын-аулақ малдарына жайлы қоныс болған Қызылқұмды тастап кете алмай, Хиуа хандарына зекет, ұшыр төлеп тұруға еріксіз көнді. Бұл маңдағы қазақтарды əскер күшімен бағындыру жəне қазақ жеріне сұғына түсу мақсатында Мұхаммед-Рахимның баласы Ал - ла құлы хан алғашында Сырдың салалары Жаңадария жəне Қуаң дария бойына əскери бекіністер салдырды. 1835 жылы Қуаңдария - ның сыртындағы Құртөбе деген жерге бекініс салып, онда екі жүзге жуық əскер ұстады. Сырдарияның сол жағалауына Қожанияз бекінісін, ал одан кейін Жаңақала деген бекіністі салды. Олар осы бекіністерден сонау батыстағы Жем өзеніне дейін əскер жіберіп зекет, ұшыр жинап отырды. Кіші жүз жерін өз қолына қаратып, Сырдың құнарлы егістігі мен жайылымын басып алуды, бір жағынан халықтан алынатын əр түрлі салықтардың есебінен қазынасын толтыруды ойлаған Хиуа хандары қазақ сұлтандарын да пайдаланды. Оларға хан атағын сыйлаған грамоталар, жоғарғы биліктің белгісі ретінде ақ пышақ беріп, қару-жарақ пен əскери қолдау көрсетті. Қоқан мен Хиуа ықпалында болған қазақ руларының өзара қырқысқан кездері де өте көп болған. Осындай ұрыстардың бірі мұрағат материалдарында былайша сипатталады. 1852 жылы Орын-

бор генерал-губернаторлының кеңсесіне жолданған хатта «Өткен
жылға зекет төлемегені үшін Шөмекей жəне басқа да руларды
жа залау мақсатында оларға қоқандықтарды ханның өзі жұмсаса,
хиуалық қарулы жасақты шөмекейлердің ауылдарында тығылып

жатқан Сұлтан Елекей Қасымовты іздеуге шыққан Қожанияз бек-
тің өзі бастап келген. Олар, яғни қоқандықтар мен хиуалықтар, бай
қазақ ауылдарын шауып, көптеген мал-мүлікті өздерімен ала кет-
кен. Ертеңіне оларды орыс əскерлері қуып жетіп барлық малдарды

тартып алды. 100 қоқандық, 3 хиуалық оққа ұшты. Мерт болған-
дар қатарында қоқандық Қосқорған бекінісінің бастығы Шонық-
Шоқмар да болды. Оның өлі денесі ұрыс болған жерде қалды. Осы
ұрыста қазақтардың бастығы белгілі Байқадам батырдың бауыры

Бұқарбай Ағайдаров (Қате кеткен. Дұрысы – Бұқарбай Естекбаев)
ауыр жараланды» деп мəлімдейді сол ұрысқа орыс əскерін бастап
барған Арал бекінісінің бастығы майор Энгман.
Хиуа, Қоқан хандықтары мен басқа да келімсек отаршылдар-

дың қорлығына шыдамаған қазақ батырлары талай қол жинап,
қар сы тұрды. Жазықсыздарға жапа шектіргендерге қорған болған
Жанқожа, Бұқарбай батырлар мен Кенесарының жорықтарының та-
рих төрінен алатын орны ерекше.

Сырдың төменгі жағалауындағы Қоқан басқыншылығы пат-
шалық Ресейдің отарлау саясатына жалғасады. Алғашқыда қоқан-
дықтардың зəбірінен босанып, еркінсіген халық бара-бара отарлау
саясатының шеңгеліне ілігеді. Орыстар 1847 жылы Сырдария өзе-

нінің төменгі жағында Райым бекінісін салды жəне осы арқылы
оңтүстікке қарай жылжи бастады. Дегенмен де, Сырдария өзенінің
жоғарғы жағындағы жерлерді тереңдей игеруде кедергі келтіріп
отырған жəне де басқа көптеген келеңсіз жайлардың қайнар көзі,

қоқандықтардың Ақмешіт бекінісі еді. Осы бекіністен үнемі қазақ
ауылдарына тонаушылық шабуылдар жасалып, ол мал мен тұтқын
айдап əкетуге ұласып отырды.
Қоқандықтар əр түтін басына жыл сайын 6 қойдан, ал бай қа-

зақтардан одан екі есе артық көлемінде салық алып отырған. Одан
басқа, егіс өнімінің үштен бірін, ал бекіністің жанында көшіп-қо-
нып жүрген қазақтардан дəн орнына піскен нан алып отырған.

Қазақтардан сонымен бірге көмір мен шөп алынған. Оның үстіне қазақтар қоқандықтарға еріксіз жұмыс жасаған, олар бау-бақшаларды өңдеп, ат қораларын тазалаған, бекіністің қабырғаларын жөн деу жұмыстарымен айналысқан. Əсіресе, бекініске жақын аймақ та орна ласқан қазақтар осындай зəбірге көбірек ұшыраған. Қоқан дық - тар қазақ ауылдарындағы əйелдердің абыройын тө гу мақсатында да жиі жорықтар ұйымдастырған. Осындай жабайы озбырлық əрекет тер 1853 жылға дейін созылып келді. Олай дейтініміз, қоқандықтардың Сыр өңіріндегі бас қамалы саналған Ақмешіт бе кінісі осы жылы орыстардың иелігіне өтті. Осы оқиғадан кейін барып қайқы кірпік қоқанның қазаққа жасаған зорлығы тиыла бастады. Ақмешіт қамалының қоқандықтардан орыстардың күшімен азат етілуі аймақтағы саяси ахуалды біршама жеңілдеткені белгілі. Бұл шабуылға орыстармен қатар Бұқарбай батыр мен сұлтан Е. Қасымов бастаған қазақ рулары жыл бұрын əрекет еткен еді. Дегенмен қа зақ даласы мен Орта Азия саясатын жетік түсінетін əскери бас шы ретінде қайтадан Орынбордың генерал-губернаторы жəне Орынбор əскери корпусының басшысы болып тағайындалған В.А. Перовский 1851 жылы Сыр өңіріне жорыққа тікелей дайындалады. Қамалды алу алғашында полковник Бларамбергке жүктеледі. Оның шабуылы сəтсіз аяқталған соң, араға жыл салып Перовскийдің өзі бастап Орынбордан арнайы əскер шығарады. Бұл соғыстарға Бұқарбай батырмен қоса қоқандықтардан əбден зəбір көрген жергілікті қазақтар да белсене атсалысады. Жорық қарсаңындағы Ақмешіт тура лы мынадай мəліметтер келтіруге болады. «Сырдарияның оң жақ жағалауынан 270 метр жерде тұрған Ақмешіт бекінісі саз бал шыққа майда сабан араластыра отырып салынған құрылыс еді. Оның қабырғаларының төменгі жағы 10,5 метр, ал жоғарысы 4 метрден аса қалыңдықта болса, оның биіктігі 11,5 метрге дейін барды. Қабырғаларда ұзын тісті қорғаныштар, əр бұрышта жəне əр сыртқы беттің ортасында зеңбіректер орналастырылған дөңгелек мұнаралар болды. Қамалдың барлық бөлігі 300 метр жерді алып жатқан еді. Бекіністің өзен жағындағы мұнарасына темірмен құр сауланған мықты қақпа орнатылды. Бекіністің ішінде тұщы суы бар үш құдық, екі мешіт, медресе жəне 50-ге жуық балшықтан са лынған үйлер болды. Орданың айналасы 11 метрге (5 сажын) дейін гі ендіктегі

орлармен қоршалып, ол суға толтырылды. Орда гар низоны əйелдер
мен балаларды қоспағанда 400-ге жуық қоқан дықтар мен қазақтардан
құралды. Бекініс əскерлері кіші калибрлі мыс зеңбіректермен жəне
азиялық типтегі фальконеттер мен вин товкалармен қаруланған еді».

Жауап алуға жасалған жорық туралы мынадай мəліметтер
кездеседі. «В.А. Перовскийдің қарулы күштері 2850 адамнан тұрады.
Ақмешітті алуға 100 офицері бар 2500 сол дат қатысты. Қазақтардан
300 адам жəне сұлтан Елекей бас қарған 200 барлаушылар тобы,

саперлер жасағы, хабарлаушы ракета ко мандасы, 2 кеме, 150 казак-
орыстардың атты əскерлері, т.б. күштері қатысты. Бекіністі алу
кезінде ішіндегі 4 жүзбасының 3-і Киікбай, Құбай, Қаңлыбай дейтін
қазақтар түрлі сылтаулармен өздері нің жайлауына кетіп, соғысқа

араласпады. 4-ші жүзбасы Қарақалпақ өкілі Лепес қоқандықтармен
бірге майданда қаза тапты. Шілде айының 28-жұлдызында таңер-
теңгі сағат 3.00-де Ақмешітті алу штурмы басталды. Шабуыл жа-
салған күні бекініс орыстар қолына көшті, екі күн қала маңайы

қоқандықтардан тазартылды.
Ақмешіт үшін болған шайқаста қоқандықтардың 200-ден ас там
адамы қаза тауып, 217-сі қолға түсті. Қаланың басшысы Мұхамед-
Уəли шайқас кезінде қаза тапты.

Қоқандықтардың біраз тобы дария сыртындағы құмға тығылып,
Жөлек бекінісімен хабарласуға əрекеттенеді. Ол құмды жергілікті
қазақтар «Қоқан қашқан» деп атап кеткен. Ақмешіт жорығын сəт ті
аяқтағаннан кейін генерал Перовский 5 тамызда Орынборға орал-

ды. Алынған бекіністі қорғау үшін мыңнан аса жаяу əскерлермен
қатар 200 атты Орал казак-орыстарын, 50 адамдай башқұрт отрядын
жəне 17 зеңбіректі қорғаныс күштері ретінде қалдырды».
Ақмешіт бекінісін алғаны үшін В.А. Перовскийге 1853 жыл дың

31 тамызында жоғары рескрипт (патшалық Россияда қол астын-
дағыларға патшаның алғыс айтып, наград бергенін білдіріп жазған
хаты) табыс етілді.
Тамыздың 31-жұлдызында патша жарлық шығарып, қоқан дық-

тардың Ақмешіт бекінісін «Перовский форты» деп атады.
Генерал Перовский патша үкіметінің иелігіне көшкен аумақтар-
ды бекіте түсу үшін 1854 жылдың көктемінде Сырдария өзенінің
жағасында форттар сала бастады. Инженер Брюноның жобасы бо-

йынша І Қазалы форты, ІІ Қармақшы форттары салынды жəне
Перовский форты беки түсті.
Ақмешіттің алынуын орыс үкіметі əскери жəне саяси мəні жо-
ғары факторлардың бірі ретінде бағалады. Ақмешіттің құлауы Орта

Азиямен байланыстың болашағына елеулі өзгерістер əкелді.
Соғыстағы ерлігі үшін 36 адамға орден жəне алтын жалатқан қы-
лыш сыйланды. 67 жауынгерге түрліше əскери атақтар берілді.
14 адамға ақшалай сыйлық тағайындалды. Тағы да 62 адам түр-

ліше əскери ордендермен марапатталады. Солардың ішінде 12-сі
қазақ болды.
Ұзақ уақыт қазақтарға қарсы озбырлық пен зұлымдықтың ті-
регі болып келген қоқан бекінісі жойылып, Перовский форты

орыстардың Қазақстан жерін отарлау əрекеттерін жалғастыруға
тірек бол ды.
Қоқандықтар Ақмешітті қайтаруға дүркін-дүркін əрекет жасап,
күш жинастырады.

Ташкенттің беклер-бегі Шадман-ходжа бастаған 7 мыңдай қо-
қан дықтар 24 тамызда Ақмешіттен 10-15 шақырым жерге келіп, оны
қайтару əрекетіне кірісті. Бірақ қарсы шыққан орыс отрядтарынан
жеңіліп, көп адамынан айырылып, қайтып кетуге мəжбүр болды.

Қоқандықтардың 12-13 мыңдай қолы 20 шақты зеңбірекпен қа ру-
ланып, Суфи-Бектің басшылығымен Ташкенттен 24 қарашада шы-
ғып, 4 желтоқсанда Жөлекті алып, 14 желтоқсанда Ақмешіт түбі-
не келді. 1200-дей қаруланған орыс əскеріне төтеп бере алмай,

же ңі ліп, қайтып кетуге мəжбүр болды. Қоқандықтардың шабуыл
əрекетін тоқтату үшін орыстар 1854 жылы 5 шілдеде Сырдария
əскери шебін құрды. Бұл шепті 1854-1857 жылдардың арасында
генерал-майор Фитингоф, 1857-1859 жылдардың арасында генерал-

майор Данзас, 1859-1862 жылдарда генерал-лейтенант Дебу, 1862-
1865 жылдары генерал-майор Веревкиндер басқарды. Осы кезде
Перовский форты шығыс пен оңтүстікке жылжып, отарлау саясатын
жүргізудегі басты бекіністердің бірі болды.

Бұл жорықтың алдында, яғни 1853 жылы Бұқарбай батыр Елі-
кей ханға хат жазып, одан орыстың қол астынан егін егуге жер
сұрайды. Осы жылы Бұқарбай батыр Ақмешітті қоқандықтардан
босатуға белсене қатысады. Артынша 1853 жылғы тамыздың

24 жұл дызында Құмсуат маңындағы белгілі шайқасқа араласып, алапат ерлігімен тағы бір сыннан өтеді. Бұл шайқаста жау жеңіліп, батыр оларды Жөлекке дейін қуады. Жол бойында қазақтарға жəбір көрсеткен қоқандықтардың өліктері жайрап қалады. Бұқарбай батырдың Құмсуат шайқасындағы ерлігі үшін орыс патшасы оған зауряд-хорунжий шенін береді. Тек Ақмешіт қана емес, Бұқарбай батырдың хиуа бектері орналасқан қорғандар мен қамалдарды талқандауда ерекше қайрат көрсеткені тарихта хатталып қалған. Сəл тарихи шегініс жасар болсақ, Сырдария ауданында Күмісқорған бекінісін Хиуа ханы тұр ғызған. Міне, осы бекініске орналасқан хиуа бектері жергілікті халыққа тізесін батырып, қазақтардан алынатын алым-салық мөлшерін жыл санап өсіріп отырды. Бектер тарапынан жасалып отырған озбырлыққа шыдамай 1829 жылдың шілде айында Бұқарбай, Байқадам, Қабан батырлар атақты Мысық бидің басшылығымен Күмісқорғанды алуға аттанады. Шайқаста Бұқарбай жекпе-жекке шығып, қала бегінің інісі Жұбаниязды найзамен шаншып өлтіреді. Хиуалықтар бекіністі тастап шығуға мəжбүр болады. Батыр дың бұдан кейінгі жорықтарға толы өмірі Кенесары хан бастаған 10 жылдан астам уақытқа созылған жалпыұлттық қозғалыспен бай ланысты болды. Бұқарбай батыр 1838 жылдың 7 тамызында Ақмола бекінісін алуға қатысады. Батырдың он жылға жуықтаған жорықтары жөнінде əйгілі Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбай» (1875 ж.) дастанында жан-жақты суреттелген. Дастанда Нысанбай жыраудың Табынның аруағын көтеріп:

Жаман жігіт тұрады, Жауды көрсе құтандай. Атағың шыққан ер едің, Аянбай бүгін іс көрсет. Аңқыған иісің жұпардай Табыннан Қабан, Бұқарбай, – дегені бар. Атағы Сырдан Арқаға жеткен кезі Бұқарбайдың 1838 жы лы Кенесары сарбаздарымен бірге патша салған Ақмола бекіні сін алудағы ерлігі бір ауыз сөзбен қатталса, халық аузындағы «Кенесары – Саржан» атты дастанда да батырлығы ерекше суреттеледі.

1840 жылдың басында-ақ Кенесары қосынының алғашқы құра-
мына енген айыртаулық Шұбыртпалы Ағыбай, торғайлық Иман
Ду латов, ырғыздық Табын Жоламан Тіленшиевтердің қауымына
сыр дариялық Табын Бұқарбай да енген. Көтерілістің белсенді қай-

раткерлерінің ішінде Кенесарының інілері Наурызбай мен Əділ-
ғазы жəне оның қарындасы Бопай болды. Яғни, 1826-1829 жж. ара-
лығында жас Бұқарбай батырлық қасиетімен елге кең таныла бас-
таған деген тұжырым жасауға болады.

Қосындағы бас батырлардың қатарын сипаттаған Қостанай өңі-
рінің ақиық ақыны, белгілі мемлекет қайраткері Мұхаметжан Се-
рəлин (1872-1929 жж.):
Жігіті Кенесары – өңшең бөрі,

Келгенде олар дайын үйдің төрі.
Ағыбай, Бұқарбай мен Шəкір, Жəуке,
Кекір мен Байтабын да қалаулы ері, –
деп толғаған екен [9.397]. Көріп отырғанымыздай, сұлтан Кене-

сарының қозғалысы етек алған тұста Бұқарбай 25 жаста болса да
оның атағы айтулы батырлармен деңгейлес суреттеледі. Профес-
сор Е. Бекмахановтың қозғалыстың тарихи маңызы туралы жазған
монографиясында «Социальный состав батыров Кенесары был не-

однородным. Наряду с батырами – выходцами из низов (Ағыбай,
Бухарбай, Жеке батыр и др.) в составе кенесаринских батыров
находились прославленные батыры, в частности Наурызбай – вы-
ходец из среды феодальной аристократии, султан, батыр Жола ман

Тленчиев-бий Табынского рода, по словам председателя Орен-
бургской пограничной комиссии ген. Генса [10.184], имел 800 ло-
шадей, 2000 баранов и 50 верблюдов» деген ақпаратты оқимыз.
Осы еңбектің келесі бетінде автор «в других материалах говорится

о его подвигах и исключительной популярности среди народа»
[10.188] деп Бұқарбайдың ел ішінде ерлігімен атағы кең тарағанына
тоқтала кетеді.
Бұқарбай батырдың Кенесары Қасымұлы бастаған азаттық май-

данына алғаш қатысы жайында бірнеше ауызекі деректер де сақ-
талған:
...Бұқарбай болса Ақтөбедегі қалың Табынның аға сұлтаны
Жан болатқа барып қосылады. Жанболат қалмақтармен соғысып

жатады. Бұлар соғысып жүргенде Наурызбай төре келіп Жанболат-
тың ордасын басып алады. Жанболаттың өз үйінде қыздармен
сауық-сайран жасап жатады. Жаудан жеңіспен оралған Жанболат
мына сұмдықты есітіп, суыт келген бетімен Наурызбайдың ма-

ңайындағы 90 адамын өлтіреді. Наурызбайдың өзі жайдақ атпен
қашып, қуып жеткендердің екі-үшеуін түсіріп кетеді. Жанболат-
тың інісі Ерболат батырды да шаншып өлтіреді. Наурызбай дың най-
загерлігі Бұқарбайды қызықтырады. Осы сапарда қуғыншы-

ның бас шысы Бұқарбай Наурызбайдың алдынан шығып, екеуі
достаса ды. Бұл жəйт Кенесарыға жетеді. Əуел баста ұлықсатсыз
кеткен, мы нандай бүлік шығарған Наурызбай Кенесарының қа-
һарына ұшы рауы мүмкін еді. ...Наурызбай Бұқарбайды бетке ұс тап:

«Қазаға ұшы раған 90 жігітке татитын бір батыр əкелдім» деп уəж
айтып, ағасынан кешірім сұраған екен. Жоғарыда аталған жазу-
шының мə ліметіне осы оқиға арқау болса керек.
...Ең алғашында 1844 жылы Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай –

үшеуі өздерінің сарбаздарымен орыстың 500-дей адамынан құ рал-
ған жазалаушы отрядын талқандап, көп қару-жарақты қолға түсі-
ріп, алғашқы тырнақалды жəне үлкен шайқаста жеңіске жеткен еді.
Бұқарбай ат үстінен жаяу əскерге əдіс-айла қолданып, найзагерлік

танытады. Ұрысқа Наурызбай, Ағыбай үшеуі 300 жауынгермен
шыққан еді. Батырдың шеберлігіне, күш-қайратына разы болған
Ке несары хан осыдан соң Бұқарбай батырға мыңбасылық атақ
беріледі. Енді бірінші кезекте Ақмола бекінісіндегі əскербасы

Кар бышевтің гарнизонын талқандауға Басығара батыр бастаған
мыңдық жəне Бұқарбай батыр бастаған мыңдық кезегімен жа қын-
датылады. Таңсəріден басталған шабуылда əуеліде қазақ мерген-
дері ұшына тез тұтанатын майлы шүберек байланған жебелерді

жіберіп қамалда өрт шығарады. Бірінші кезекте тура шабуыл жаса-
ған Басығара оққа ұшады. Бекіністегілердің қысымына төтеп бере
алмай оның сарбаздары шегіне бастайды. Басығараның сүйегін
жау қолында қалдырмауды талап еткен Кенесары хан шешуші ша-

буыл ды күтіп тұрған Бұқарбай жасағына ат қойғызады. «Қаһар»
романында І. Есенберлин суреттегендей «Осы шабуылда жас Бұ-
қарбай батыр атының үстінде түрегеліп, бой көрсетіп, басқалардан
оқ бойы алда ерекше көзге түсіп келе жатып еді» деген жері бар.

Елдің абырой-атағына арқалы аруақтардың да желеуі септігін ти-
гізді ме, бекініске шабуыл сəтті аяқталды. Аға сұлтан Қоңырқұлжа
Құдаймендин мен əскербасы Карбышев аз ғана отрядымен жан сау-
ғалап қашып құтылады.

Бұл оқиға «Жорық жырларында»:
...Қарауылдан шығып Бөгенбай,
Кертайлақ атты ойнатып,
Дулыға, қылыш жинатып

Табыннан келді Бұқарбай.
Иман Дулат, ер Тəуке,
Үйсіннен – Шəкір, Төлебай
Ақауыз атпен алысып,

Шұбыртпалы Ағыбай...
Екі жүздей күреңді
Жалғыз қырып Бұқарбай,
Қатарынан бір асқан.

Айнала шауып екі күн,
Ақмола үстін шаңдатты.
Қағындысын қаққандай
Босағасын қандатты.

Елін шауып, ерін өлтіріп,
Шулығын қылып зарлатты.
Бастығы еді Карбышев,
Қорыққаннан бас иді...

... Ұлғайып, ұрыс көбейіп,
Күреңдер саны кеміді.
Қашқандарын Бұқарбай
Өкпеден шаншып көтерді.

Катковский жанарал
Қырғынның түрін көрген соң,
Тасалап кейін шегінді... –
деп суреттеледі. Ұлт-азаттық қозғалыстың жалыны алғашқы кезде

Батыс Сібір генерал-губернаторлығының қарауына өткен аймақты
шарпығандықтан, губернатор Горчаковтың Кенесарыны «бүлікші»
деп бағалауы түсінікті. Дей тұрғанмен, сұлтан Орынбор генерал-
губернаторы Перовскиймен біршама жақсы қарым-қатынаста бол-

ған. Ол сұлтанды соншалықты қолдамаса да онымен келісімге ке-
луге əр кез мүмкін екенін, яғни сұлтанның саяси қайраткерлігін

мойындаған. Осыны пайдаланып, 1841 жылы Кенесары Қоқан хан-
дығына қарсы соғыс жариялады. Осы кезде қолындағы 4 мың ғана
жасағына жол-жөнекей Ақмешіт, Жөлек, Түркістан төңірегіндегі
қазақтарды қосып алып, Созақ жəне Ташкентке бірдей шабуыл жа-

сады. Бұқарбай батыр Созақ майданында болады. Созақ қамалы
үшін қиян-кескі ұрыс 12 күнге созылады. Сыр бойлық жауынгерлер
жанқиярлықпен асқан ерлік көрсетті. Бұқарбай батыр өз жасағы-
мен бірнеше мəрте шабуылға шығып, түпкілікті жеңіске ауқымды

үлес қосқан.
...Созақтан кейін Сауранды алуға да қатысып, Бұқарбай бастаған
Сыр бойы сарбаздары елден келген жаңа күшпен қоян-қолтық
ұрыстарда бірге болған. Осыдан əрі қарай 10 жылға созылған жо-

рықты жылдарда Бұқарбай батыр Кенесары ханға 6-7 жыл адал
қызмет етті.
Батырды Кененің қосынына əу баста Наурызбай төре ертіп кел -
генмен, кейін екеуінің арасы суи бастайды. Қосында екінші ба тыр

бола жүріп Бұқарбай мен Наурызбай арасындағы іштей араздық
күн санап күшейе түседі. «Бір жолында ат тоғайып кетті, тер-
суын алайық деп найза сайысын өткізіп жүргенде Наурызбай
бір қолайлы жағдайда кездесті» деген екен батыр. «Пендешілік

емес пе, найзаны туралап жұтқыншақтан түйреуге аяқ астынан
шешім жасағанымды құдай өзі кешірсін. Осылай жеме-жемге
келгенімде найзамды қағып жіберіп, басымдағы қалқанымды
іліп алып кетті. Мен Наурызбайдың найзагерлігіне сонда тəнті

болдым» де ген екен Бұқарбай батыр. Бұл сияқты іштей аңдысу
жағдайлары болып тұрғанын жасырғанмен, құдай есітпей ме?
Ол (шұбыртпалы Ағыбай) Бұқарбайдың батырлығы мен қайра ты
Наурызбайдан басым, бірақ абыройлы адамға көпе-көрінеу қарсы

тұру, бақталастыру дұрыс болмайды деп туысқаны Қабан батыр
арқылы Бұқарбайға ескерту жасайды екен.
Наурызбаймен екеуінің арақатынасын суреттейтін əңгімелер Бұ-
қарбай батырдың өз естеліктерінде де кездеседі. Осы мақаласында

К. Бердаулетов батырдың өз аузынан айтқан əңгімелеріне тоқта-
лады. Ол «Бір қатты ұрыста Наурызбай аттан түсіп қалып найзамен
қор ғанып тұрады. Найзасын аттың шылбырына байлап алып, шы-
жым найзамен қамаған дұшпанға лақтырып шаншып тұрған үс-

тіне Бұқарбай келеді. Тұрған топты екеулеп шаншып жүріп, бір қалтарыста атқа мінгестіріп алмақ ойы болып, қасына келіп аттың артын береді. Ол үндемей жаумен ұрыса береді. Батырға бір ой келіп, енді аттың алдын бергенде Наурызбай атқа қарғып мініп алған екен. Əуеліде төрелігі ойында, аттың артына мінгесіп қашуға намыс қылып тұрған болып шықты. Екеуміз торбесті атқа оңдытерісті отырып найзаласумен қалың жаудан шығып, бөлініп қалған өз тобымызға келіп қосылдық» деп өзі əңгімелеп берген еді деген жолдар бар. Бір жолы Кене хан осындай қырғиқабақтық бар екенін сезіп, Бұқарбай батырды шақырып, оңаша сөйлеседі: – Біз ақ жолында жүрміз, өлсек шейітпіз. Мұндай жолда жүріп, бір-біріңе өкпе-қақпа болмасын, жастықпен өшпенділік өрбітіп жүр меңдер. Сені Наурызбайдан кем көрмеймін, бірақ оның менен де өзге артықшылықтары бар, оның бетін мен де қайыра бермеймін, – де ген екен. Сөзін əрі қарай жалғастырып: – Сен өзіңнің көзің жетсін, жалаңаштанып суға түскенде назар салып қарасаң, Наурызбайдың жүрегінен жарып шыққан жылқының қыл құйрығындай ширатылған түк көресің. Əлгі «жүрегінің түгі бар» деген осы, – депті. Мұнан соң ойнап отырып, Наурызбайдың білегін ұстап көр, шыбығы екеу емес, біртұтас. Оның найзагерлігіне, қайратына себеп – осы. Жауда досың мықты болса, айласы артық болса, сенің несібең емес пе? Өтінішім, екеуің тату бол, əрекетқимылдарың бір болсын. Сонда жауды аласың, – деп Кене хан Бұқарбай батырға ақыл-кеңес айтқан екен. Созақты алған1841 жылдың қыркүйегінде үш жүздің ең беделді өкілдері бас қосып, Кенесарыны ақ киізге көтеріп, құпия түрде бүкіл қазақ халқының ханы етіп сайлайды. ...Кенесары Петерборға, Орынборға, Омбыға сан рет жазған хаттарынан ешқандай нəтиже ала алмай, əйтеуір, дүниеде бар екенін білдіріп, орыс бекіністеріне, кейде олардың ықпалына өткен қазақ сұлтандарының ауылдарына аракідік шабуылдар жасап жүрді. Оның ұлықтарға жіберген талай-талай жігіттері мүдделі жерге жете алмай, казачествоның «шпион» деп ұстап беруімен итжеккенге айдалып кетіп жатты. Өлкеде бой көтерген бекіністер көбейе түсті. Барар жер, басар тау азая берді. Қасында Шұбыртпалы Ағыбай, Табын 10-105

Бұқарбай, Иман, Əліке, Базар, Наурызбай, Жанайдар, Ханқожа батыр жігіттерінің барына қарамай соғысты айламен, еппен жүргізді. Шағындау, саяқ топтарға шауып, көбіне қолына қару-жарақ түсіріп жүрді. Мұның басты себебі – Орынбор генерал-губернаторы, граф Перовскиймен тіл тауып, қолтығына кіремін бе деп те ойлады. Кенесары бұл генералдың патша ағзаммен пікірлес адам екенін білетін. Бірақ Омбы генерал-губернаторы кінəз Горчаков соғыс министрі Чернышевтің оң қолы еді. Кінəз графқа ырық бермеді. Қайта Кенесарының басына үш мың сом ақша тігіп, соңына қайта түсті. Осы кезде Ырғыздағы Жармола, Торғайдағы Топқайма бекінісін салуға келгендер болып көрінген қалың қол мұны жүрген жерінен Ұлытауға қарай қуып тастады... Кенесары ханның өрісі тарылып, бастарынан бақ тайғанын əлі сезіне қоймаған Наурызбай бір күні ұрыстар арасындағы тыныс алу кезінде қымыздың желігімен былай деп аңдамай сөйлеп қалса керек: – Қараның талай алма мойын аршын төсін құшып, алшаң басқан арғымағын міндік қой, – депті. Мынау əңгімеден соң Ағыбай батыр тостақанын қоя салып, тысқа шығып жүре берген екен. Осыдан көп кешікпей Ағыбай оңашалап Бұқарбай батырға бір жағдай аңғартады. – Жастау кезім еді. Құнанбай би 12 болысқа аға сұлтан болатын. Бір мəжіліс үстінде жағалай отырған адамдарға көз тастап, мені көрді де «Мына тонды кім?» деді. Ашуланғанда ауызға сөз де түспей қалады ғой, сəл кідіріп барып: Е, көңілін толмай отыр ма Мына отырған тондыға? Мен де көзім салғам жоқ Жуан мойын, жондыға. Əзəзіл періштеге дəріс айтқан Тəкəппарлықтан оңды ма?– дедім. Ешкімнің тілі-үні тимеген, бірақ сөз қадірін білетін Құнанбай ешқандай сөз айтпастан отырып қалды. Мен де айтарымды айтсам да, аруаққа тіл тигіздім бе, бұл қалай болды деп пұшайман күйде үйден шықтым. Осы жорық басталып, төрелер көтерген тудың астына жиналғанда «Алла жолымызды бергей» деген тілекпен атқа отырдық. Істің ақыры мынадай болып барады. «Жалпақ жатқан қазақ, қырғыздың

азаттығы жолында» дейтін киелі мақсат жеткізер түрі жоқ. Бірақ
бұл елдің де зорлық-қорлыққа үнсіз бас изей бермесін көрсеттік.
Төрелер де тығырыққа тірелгендей. Қалың қара қазақтың ар-намысы
бір қиырда қалып барады. Астам сөз, ағат пікір көбейді. Қараның

бəрі «тонды» емес шығар? «Өлім – ортақ, жау – серік» дегендей-
ақ, бір-бірімізге кешірімді болмасқа жөні келмес деуші едік. Мына
тар жол, тайғақ кешуде жұрт сіркесі су көтермей барады. Сөзінің
соңын да:

– Бұқарбай, сенің де ойыңды айта отырғанынды тəуір көремін. Ақ

жолда жүргесін де ойымыз орайлас болғаны жөн-ақ, –дейді. Осыған
орай Бұқарбай батыр да өз ойын ортаға салған еді:

– Жуырда бір шала ұйқы үстінде кеудеме өрмелеген жылан

ерні ме мұздай болып тигенін байқап қалып, басын тісіммен тістеп
түкіріп тастағаным бар. Елге аман барармыз ба деп ырымдап жүрмін.
Екі батыр бір-біріне осылайша емеурін танытқан.
Кенесары қозғалысы толастағасын Бұқарбай батыр Сыр бойына

оралады. Батырдың іс-əрекеттері туралы 1847-1849 жылдар ара-
лығында мұрағаттарда маңызды деректер кездеспеді. Соған қара-
ғанда он жылға созылған үздіксіз жорықтардан соң ол ел ішінде
бей біт тірлікпен шұғылданға ұқсайды. Оның 1850 жылдан бастап

өмірінің біршама жылдары Қоқан, Хиуа басқыншыларына қарсы
қайта күреске арналады.
Бұқарбай 1850 жылы өзімен бірге көшіп-қонып жүрген 200-ден
астам түтінді бастап Сырдың төменгі ағысы бойына көшуді ой-

ластырып, Сырдың Елекей сұлтан, Дəрмен қожаға, Пірəлі би мен
Тоғанас батыр сияқты ықпалды адамдарына хат жолдап, солар-
мен бірге болуды көксеп, Орынбор қазақтары аймағына, яғни
орыстардың билігіне өтуге əрекет жасайды...

Екі жақты қыспақта қалған Сыр бойы қазақтарын отаршылардан
қалайда құтқару, өз жерінің тұтастығын сақтап қалу Бұқарбай
батырдың басты мақсаты еді. Сондықтан да ол бірде орыс əскерімен
қоқандықтарға шабуыл жасаса, бірде қоқан əскерімен орыстарға

шабуыл жасап, саяси ұстанымын өзгертіп отырды. Бұл, əрине,
қалайда Сыр бойы қазақтарын аман алып қалу үшін жасаған
батырдың көреген саясаты еді...
1852 жылғы 31 қазанда хатталған жəне бір құжатта Бұқарбай

батырдың 200 қарақшыны жинап алып, «Алакөл» мен «Аңламаста»

көшіп жүрген Қоқан хандығына қарасты қазақтарға шабуыл жасап, 600 қой, сиыр, жылқы, түйелерді айдап кеткені айтылған. Осы оқи ғаға байланысты Ақмешіт бегі Жүсіпбек Хазрет қаласындағы Нұрмұхамедке адам жіберіп, Бұқарбаймен соғысуға рұқсат беруді сұрап, хат жолдаған. Бірақ Нұрмұхамед Жүсіпбектің Бұқарбай ға қарсы аттануына оны орыстар қолдап отыр деп сескеніп, Ақ мешіт бегінің ұрысқа араласуына рұқсат бермегені айтылады. Бұқарбай батырдың Хиуа бегінің ықпалынан шығып, Сырға келуін Орынбор əкімдігі қолдай қоймаса да, Сыр бойындағы іргелі рулардың басшысы сұлтан Е. Қасымовқа Сейіл жəне Бұқарбай батырлармен байланыста өте сақ болуды тапсырады. Осындай нұсқау Арал бекінісінің бастығына да беріледі. Бұл жөнінде Орынбор шекара комиссиясының қорындағы «Сұлтан Е. Қасымовтың Хиуа тұтқынынан қашуы жөніндегі істе» атақты батырларға қатысты біршама материалдар жинақталған. Мəселен, 1852 жылдың 19 қарашасында Арал бекінісінің бастығы майор Энгманның қашқын казак Липат Толмачев дегенді хиуалықтардан қайтарып əкелу үшін Қожанияз бекке жұмсаған адамы Төртқара руының Айтқұл аталығының қазағы Үммет Əлімовтің мəлімдемесінде былай делінген: «Осы жылдың 24 қазанында мен, Үммет Əлімов, Балтабай Жаманбаевпен бірге (руы Жаппас – Н.М.) майор Энгманның тапсырмасы бойынша Қожанияз бекінісіне қарай жолға шықтық. Арада 9 күн өткенде бекініске жетіп, бекініс бастығына Алтынбай бөлімшесінің басшысы Бекмырза Əлдеевтің атынан жолданған хатты тапсырдым. Хатта қашқын Л. Толмачевты Арал бекінісіне қайтаруға бектен көмек сұралған еді. Бек бізге бекіністегі 200 хиуалық пен көптеген қазақтардың ішінде Толмачев дегеннің жоқ екенін, қашқын казактың қазір Кете руының басшысы Барқының ауылында болуы мүмкін екенін айтты. Сонымен бірге мен Барқы ауылына бет алған тұста Қожанияз бекінісінің маңында көшіп жүрген Бұқарбай батырды тауып алып, оған қашқын казактардан тартып алған қаруларын қайтаруды сұрап жазылған келесі хатты табыстадым (Бұл хат та Энгманның нұсқауымен Бекмырза Əлдеевтің атынан жазылған – Н.М.). Қаруларды Шодыр есімді сенімді адамдары арқылы Сұл тан Е. Қасымовқа беріп жібергенін жеткізді. Қайтар жолда Бұқарбай батырдың қоқандықтардың ықпалындағы ауылдарды

шабуға дайындалып жатқанын, бұл үшін Елекей сұлтаннан рұқсат
сұрауға Шодыр, Құран, Естияр есімді көмекшілерін жұмсағанын
білдік». Бұл хаттағы хабарламаны растап Ү. Əлімовтің сапарлас
серігі Балтабай Жаманбаев өз руының таңбасын басқан. Бұларды

соншалықты алыс сапарға жұмсағандағы майор Энгманның түпкі
мақсаты Арал бекінісінен қашқан бір адамды іздестіру емес, Бұ-
қарбай батырдың жағдайын білу болса керек. Бұған дейін Ақмешіт
маңайында көшіп жүрген табындар Бұқарбай мен Сейіл батырлар-

дың басшылығымен қоқандықтардан қатты қысым көргендіктен
Хиуа бегі тарапынан қолдау іздеп, Сырдың төменгі жағына көшіп
барған тұсы деп айтуға негіз бар. Бұл туралы мұрағат қорларында
нақты деректер бар. Энгманның ендігі ойлағаны Бұқарбайдың бас-

қан қадамын бақылауға алу, оған Елекей сұлтан арқылы ықпал ету
болса керек. Кейінгі оқиғалар реті соған меңзейді. Бұқарбай батыр
Елекей сұлтанмен хат алысып, Сыр елін қоқандықтардан тазарту
амалдарын қарастырған. Сұлтанның Арал бекінісінің бастығына

арнайы келіп жолыққан сəтінде өзінің Бұқарбай батырмен арадағы
байланысын баяндап берген. Бұл жөнінде Энгманның 1852 жылдың
20 желтоқсанында Орынбор шекара комиссиясының төрағасына
жолдаған рапортында айтылады. Онда «Елекей Қасымовтың өзіне

қараған рулардың əрбір шаңырағынан бір адамнан шайка жи на-
ғанын естідім. Оның Бұқарбай батырмен байланысы бар еке ніне
көзім толық жетті. Олар Бұқарбай батырдың Қорқыт ма ңына
қойған адамдары арқылы хат алмасады. Бұл екеуі қарулы

шайка (топ – Н.М.) жинап, Ақмешітті қоқандықтардан босатуды
ойластырған. Жорық кезінде бірі қамалдың сол жағынан, екіншісі,
яғни сұлтан Е. Қасымов басқарған топ, Сыр өзені жағынан, яғни оң
қанаттан шабуыл жасауға келіскен. Бұл хабарды естіген Ақмешіт

бекінісінің бастығы Жүсіпбек Ташкенге шұғыл хабар жіберіп,
қамалды қазақтардан қорғауға құшбегінің көмектесуін сұраған.
Тəшкеннің əмірі Нұрмұхамед Жүсіпбекке əр қорғаннан жинап,
(бұл жерде Қоқанға қарайтын Жөлек, Жаңақорған т.б. айтып

отыр – Н.М.) 530 адамды 7 зеңбірекпен көмекке жіберді. Қазір Ақ-
мешіт бекінісінде шамамен 1230 адам бар. Мен Е. Қасымовқа бұл
ұрысқа араласпауын сұрап, оны кері шақырдым. Сұлтан адамдарын
Майлыбас елді мекенінің тұсында қалдырып, өзі менімен жеке

кездесуге келіп отыр. Қазір Қоқан хандығында тыныштық орнаған.
Хұдияр хан жас та болса, хандықты дара билеп отыр. Бүгінде оның
айналасында нағыз (мəтінде орысша «природный» делінген – Н.М.)
қоқандықтар қалған. Қыпшақтардың ықпалымен жоғарғы билікке

жеткен ми нистр Мұсылманқұл қызметтен тайдырылған» [14] деп
баяндай келе, Бұқарбай батырдың Ақмешітке шабуылы жөнінде
қандай амал жасауға кеңес сұрайды.
Сұлтан Арал бекінісі бастығының қарсылығына өз наразылы-

ғын білдіріп, Орынбордағы шекара комиссиясының төрағасына
өз аты нан 1852 жылдың 29 желтоқсанында хат жібереді. Онда
«Орын бор генерал-губернаторының ауызша келісімі негізінде
1000 адам нан тұратын əскер жинап, қоқандықтарды ауыздықтауға

ат тан ғанын, өзінің бұл жорығын Бұқарбай мен Сейіл батырлар
қолдап отырғанын» айтады. Алайда Райым бекінісінің бастығы
майор Энгманның өзін тоқтатып, қосынын таратуға бұйрық бер-
генін баяндайды. Ақмешітті шабуға келіскен серіктері Бұқарбай

жəне Сейіл батырлар жөнінде «Аулы, известных Вашему Пре-
восходительству биев, Бухарбая и Сеила Байкадамова разместив
по Казалы, самих их отправил к г.Майору Энгману. Письмо же
Хивинского Ходжи-Нияза на имя богачей и биев степных кирги-

зов Чумекеевского рода, с приглашением их прикочевать к нему,
я от правил к Господину Генерал-губернатору» [15] деп қысқаша
ха барлама келтіріп, мөрін басқан. Атақты батырлар жайында
Орынбор əкімшілігі толық ақпарат алуға мүдделі болған сыңайлы.

Себебі арада екі ай өтпей-ақ сұлтан Е. Қасымовқа 1853 жылдың
9 ақпанында Шекара комиссиясынан генерал-майор Ладыженс-
кий дің қолымен нұсқаулық жіберіледі. Бұл құжатта «Сейіл би мен
Бұқарбай батырдың Қазалы маңына көшіп келгенінен Орынбор

əкімшілігінің хабардар екені, олардың қоқандықтардың иелігінен
кетерде тонауға түскендерін, соның салдарынан мал-мүліктерінің
бір бөлігінің қоқандықтардың қолында қалғанын да білетіндерін»
айтады. Жəне де «оларға Ташкен құшбегісі Нұрмұхамед пен Ақ-

мешіт қамалының бастығы Жүсіпбектен табындардың бұрынғы
мекеніне оралуларын сұраған хаттар жолданғанын, онда Сейіл мен
Бұқарбай батырлардың Ақмешіт маңына қайта оралып, сондағы
жаңа бастық Мұхаммед Разы батырбашыға бағынулары керек

екендігін, келіспеген жағдайда қоқан əмірлері оларды жазалай-

тыны» [16] жазылғанын сұлтанның есіне сала отырып, табындарды орыс иелігіндегі жерлерге орналастырғанда олармен белгілі бір шарт жасасу қажеттігін ескертеді. Осыдан 6 күн бұрын, яғни 3 ақпандағы Сыртқы Істер Министрлігіне қарасты Азия департаментіне жолдаған рапортында генерал Ладыженский Орынбор қазақтарына қатысты Қоқан мен Хиуа хандықтарының ұстанған саясаты, олардың бектерінің іс-əре кеттерін баяндап, Елекей Қасымов, Досбол датқа, Сейіл жəне Бұ қарбай сынды батырлар жайлы өз пікірін жеткізген болатын. Олардың Хиуа бегінің қоластына көшкен себебін талдай келе, «они (коканцы) успели вероятно, захватить хвость бухарбайских аулов, которые прежде всего пытались, сколько видно, найти защиту у Ходжи-нияз бия на Куване...акмечетский бек выставляет табынцев, зачинщиками грабежки» [17] деп айтқанына көнбеген, айдағанына жүрмеген табындарды басқаларға «бүлікші» ретінде танытуды көздеген бектің іс-əрекетіне өзіндік баға береді. Бұдан біз орыстардың 1853 жылы Ақмешітті басып алған оқиғасынан бір жылдай уақыт бұрын Бұқарбай батырдың аталған қамалға шабуыл жасап, қоқандықтарды Сыр елінен кетіру əрекетін қолға алғанын көреміз. Орыстар болса өлкеде өздерінің мүддесін түпкілікті жүзеге асыру үшін қазақтардың ішінде сұлтан Е. Қасымовты қолайлы қайраткер деп жақын тартқаны байқалады. Кейде Бұқарбай мен Сейіл батырлар бастаған табындарды Сырды жайлаған басқа да іргелі рулармен араздастыру үшін билікқұмар сұлтанды орыс əс керилері тиімді пайдаланып та отырған. Бұқарбай батырдың жеке өмірі мен отбасы туралы деректерге келсек, ол 1812 жылы дүниеге келіп, 1898 жылы яғни, 86 жасында өз ажалынан өмірден озады. Оның ататегі Кіші жүздің Жетіру ішіндегі Табынның Теке аталығынан. Туыстық жағынан ол атақты Найман То лыбай бидің жиені жəне Табын Бəйтен батырдың жиеншары болып келеді. Бұқарбай батырдың шығу тегі мен ұрпақтары туралы: Бестай көрді Торлан мен Естекбайды, Сирақтан ұстайды екен асау тайды. Бұқарбай батыр туып Естекбайдан, Үш жүздің баласына атын жайды. Туыпты Бұқарбайдан тоғыз бала, Бозымның балаларын енді қара, –

деген жыр жолдарын Сыр бойының шежіреші-ақыны Əлімбай Əлиас қаровтың «Қазақ шежіресі» жырынан кездестіруге болады. Бұқарбай Естекбайұлы көнекөз қариялардың əңгімелеріне қарағанда, 1812ж. қазіргі Қызылорда облысының Жалағаш ауданына қарасты елді мекенде дүниеге келген. Тегі Табын тайпасының Теке аталығынан, оның ішінде Атанша болып тарайды. Атаншаның баласы Құдайсүгірден батырдың əкесі Естекбай туған. Белгілі қоғам қайраткері, марқұм К. Бердаулетов «Сырдың саңлақ сардары» мақаласында «...Ағайын бар болсаң, көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды» емес пе, «Ит айдаған Естекбай» деп келеке еткендей де жағдайы бар. Əйелі – көшей Бəйтен батырдың Зағипа деген қызы, Бəйтеннің үлкен қызы Нəзипа Найман Толыбай биге барған екен. Зағипа көп жылдар бойы бала көтермей жүріпті. Мұны сезіп жүрген Бəйтен батыр өзінің Найман Толыбайға берген қызынан туған бір жиенін тым жастау кезінде сұрап əкеліп, өзі асырап-бағып, оны да Естекбайға, апасының үстіне беруге ұйғарады. ...Екі-үш жыл бұл да салтаң жүрген... Сөйтіп жүріп бір жолында «Бұқардың қасында бір аты жоқ əулие бар, бала сұрасаң соған бар» деген əңгіме болады. Кіре керуенге еріп, біраз қиыншылықтармен Бұқар төбесінің басына жетеді, əулиеге түнейді... Елге келгесін зайыбы ұзамай бала көтереді, атын Бұқарбай қояды. Бізге жеткен деректерге қарағанда батырдың 8 баласы болған. Бəйбішесі Шынардан туған Көтібар, Алданазар, Зылиқадан тараған үрім-бұтағы бүгінде батырдың өзі туып-өскен атажұртта өмір сүруде. Көтібар көп жыл сырт жұртта болыс болған, 63 жасында «Шотан көлі» деген жерде дүние салады, сүйегі əкесінің қасына жерленген. Ал Алданазар би 84 жыл жасаған. Оның да денесі «Бұқарбай қорымында». Төрт құлақты үлкен қорымның ішінде батыр жəне балалары Арыстан, Талпақ, Ерназар, Көтібар, Əлмағамбет, Алданазар, Қайырлап, Қобжан, Томан бірге жатыр. Батыр бабамыз Жалағаш ауданына қарасты Қараөзек бойындағы Серкеш деген жерде қайтыс болып, денесі «Бұқарбай қорымына» қойылған. Ол – елі мен жерінің азаттығы үшін Ресей империясы жəне Қоқан, Хиуа хандықтарының қазақ ауылына жасаған озбырлығына қарсы күрескен тұлға. Батыр бабамыз жас кезінен сардарлыққа бейімделіп, ат үстінде бес қарумен соғысудың небір айла-тəсілдерін жетік меңгергенге ұқсайды.

...Бұқарбайдың бала жасынан-ақ асық-əйкөл ойындарында қолы
балаларға қатты тие беріпті. Сондықтан да болар ойыннан ертерек
шығысып, ат үстінде түрліше тəсілдер жасап, аударыспақ əдістері-
мен айналыса бастаған делінеді батыр жайлы жазылған естеліктерде.

XІX ғасырдағы қазақтың бірлігі əдеттегідей рулық тұтастығы
арқылы көрінгені белгілі. Бұл кезде Сыр бойы табындарының би лігі
Сəрке батырдың немересі Байқадам батырдың қолында болатын.
Бұ қарбай батыр осы кісінің тəрбиесінде болған.

Батырдың сырт кескін-келбеті жайлы аз да болса ұрпақтары мен
туыстары арқылы бізге жеткен мəліметтер баршылық. Бұқарбай ба-
тырдың көзін көрген Дəкен ақсақалдың айтуы бойынша батырдың
сырт пішінін суреттеген Сейтмұрат Ембергеновтің басылым бет-

терінде бірнеше мақаласы жарық көрді. Сондай бір деректі əңгіме
ретінде «Дəкеннің айту түріне қарағанда, Бұқарбай ортадан жо-
ғары, төртбақ адам болған. Бүйрек бет, қалың қабақты, қою сала-
лы қасты, кең шаралы өткір көзді, екі бетінде қарысқа жуық сақал

іспетті əрқайсысы жылқының жал қылындай шоқтанған түгі бар.
Айтушылардың сөзіне қарағанда батыр қаһарланып жауға шап-
қанда бет түктері тікірейіп, қарсыласының үрейін алардай сұс тан-
дырып жібереді екен»[18] деп батырдың ауызша портретін газет

бетінде жарияланған-ды. «Бірақ Дəкен əкем ол кісінің бұндай бей-
неде болғанын көрмепті. Өйткені бұл кезде Бұқарбай қартайып,
жаугершілікті қойып, елге ақсақалдық етіп, шаруашылықпен айна-
лысқан кезі екен. Ақкөңіл, қолы ашық, кішіпейіл болса керек.

Бірде 11-12 жастардағы 5-6 бала тайға мініп сəлем бере барса,
батыр əлгілерді үлкендерше күтіп алып, қой сойғызады. Бұл кезде
ол кісінің сексенге таяп қалған шағы екен.
Дəкен əкемнің бір сөзінде «Бұқарбай темір жол салынардың ал-

дында 86 жасында желкесіндегі шордың зардабынан қайтыс болды
дегені есімде» деп батырдың адамгершілік-кісілік қасиетінен де
хабар беретін əңгімесін жалғайды. Шор демекші, бұл бір жекпе-
жек ұрыста мойын сүйегіне қадалған найзадан қалған жарақат орны

құсайды.
Батырдың атақонысы Сырдың Қараөзек саласының терістік жа-
ғындағы Шотан көлінің маңынан əрі қарай созылып жатыр. Қазір бұл
маңда Бұқарбай қыстауы, Бұқарбай қорымы, Бұқарбай арығының

сілемдері жатыр.

Батыр баба – өз заманында батырлығымен қоса дау-дамайды
да шешіп, билік жүргізген мəмілегер тұлға. Батырдың елге көп
қам қорлық жасағаны туралы деректер тарихи əдебиеттерде жиі
ұшырасады. Пікірімізге дəлел ретінде 1854 жылы Қараөзектің те-

рістігіндегі Бегікөлінен саға алып, шөліркеп жатқан далаға арық
тартып, елдің егіншілікпен шұғылдануына бас болады. Бұқарбай
арығы атанған бұл су арнасының игілігін бүкіл Жалағаш қыстағы мен
ауылдар осы күнге дейін көріп отыр. Батырдың ұрпақтарына келер

болсақ, оның алты əйелі болған. Бұлардың бірқатарын дүниеден
озған қосақтарының орнына алған сыңайлы. Камал Бердаулетов
ағамыздың «Бұқарбай батыр» аталатын кітабында көрсетілгендей,
батырдың əйелдерін жекелеп айтар болсақ, олар: Дəметкен, тегі –

Ыстық Байұлы, Шынар (батыр əйел атанған), оның тегі – Наурыз
Жаппас, Алтынбике, Нұржан, Масаты, Боранкүл.
Дəметкен анадан Арыстан батыр, Талпақ, Ерназар туады. Арыс-
таннан Əшірбек, одан Айшагүл, Кенжегүл туған. Талпақтан Нұрғали

тарайды.
Шынар ананың үлкені Көтібар болса, кейін атақты батыр, би,
болыс атанады. Бұл кісі Арқа жағында 30 жылдай болыстық құрып,
60-тан асқанда елге оралып, 63 жасында Сырда дүниеден озған.

Көтібар биден Мұхамбетқали, Досқали, Сұлтанғали өрбиді. Мұ-
хамбетқали 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, Ресейдің Вологда
қаласына айдалып, сонда мерт болады. Досқалиден Омар дүниеге
келеді. Сұлтанғалиден Қаршыбек пен Серік туады.

Бұқарбайдың Шынар анадан тараған екінші ұлы Алданазар да
батыр, палуан, би болған. Бұл кісінің бəйбішесі атақты Сарықасқа
Сарман батырдың қызы екен. Осы анамыздан кейіннен елдің биі
атанған Опабек өмірге келген. Опабек биден Рақыш, Сейдахмет,

Уəліахмет жəне Раушан есімді қыз тарайды. Ал Алданазардың екінші
əйелі Інжіпия анамыздан Рахметбек, Əжібек, Ахметбай, Ікмат, Мү-
сірат, Айша жəне Рухия өрбиді. Алтынбике анамыздан Қожбан
туы лады. Қожбаннан Базарбек, Машай, Күнбала тарайды. Нұржан

анамыздан – Əлмағанбет, Масаты анамыздан Томан дүниеге келеді.
Боранкүл анамыздың (бұл кісі де елінде батыр қыз атанған
адам) тегі Шөмекейдегі Бозғұлының Қожакелді аталығынан. Бұл
анамыздан Қайырлап туылады. Қайырлап өте қайратты, алымды

жігіт болып өсіп келе жатқанда қашағанға бұғау салу кезінде жазым

болып дүние салады. Қайырлап Бұқарбай батырдың келешегінен көп үміт етіп жүрген кенже баласы екен, баласының қазасына батыр қатты қайғырыпты деген əңгіме ел ішінде əлі айтылып келеді. Сырдария облысы, Перовск уезі, Байзақ болысына қараған шаңырақтар саны берілген ресми тізімде болыстық жерінде тұратын батырдың балаларының бірқатарының есімдері келтірілген. Құжат та болыстықтағы шаңырақ иелерінің аты-жөндері беріле отыра, «...Арслан Бухарбаев, Кутабар Бухарбаев, Алданазар Бухарбаев, Бу харбай Истекбаев, Исперген Бухарбаев» (Есберген – Н.М.) [19] деп көрсетіледі. Қазіргі таңда Бұқарбай батырдың шашақты туы ұрпағы Көтібар бидің немересі Сейдахметұлы Гришаның үйінде сақталып келеді. Бұқарбай батырдың мөрі ұрпағы Алданазар бидің немересі Ахметбайұлы Алданның үйінде. Бұқарбай батыр ауылында, батырдың қылышы мұражайда сақталып тұр. Бұған қоса С. Ембергеновтің баласы, кəсіпқой суретші Шахмұрат Ембергенұлының батырдың Əжібай, Ахметбай атты немерелерінің фотоларын негізге ала отырып жəне ел «қалпе» атандырған, діни сауатты, атақты ақын А. Тоқмағанбетовтің алғашқы ұстазы болған жоғарыда аты аталған Бəйтілеуов Дəкен ақсақалдың əңгімесі желісімен салған Бұқарбай Естекбайұлының портреті де бар. Жалағаш кентінің орталығынан батырға лайық ескерткіш тұрғызылған. Батырдан тараған ұрпақтар жайлы айтар болсақ, қазірде олар негізінен Қызылорда облысының Жалағаш ауданында жəне Қызылорда қаласында тұрады. Жалағашта бір ауыл бүгінде Бұқарбай батыр атымен аталады. Кейбір тарихи деректерде осыдан 400 жылдай уақыт бұрын Табын руының Тартулы, Шөмішті аталықтары еліміздің баты сындағы Жем, Ор, Сағыз өзендерінің бойынан Сырға қоныс ау дарғандығы айтылады. Осы рудың Естекбай деген кісісі өзінше қарапайым күн кешкен шаруа адам болыпты. Елден оқшау отырады екен. Бөлектеу отырғасын бір жағы қорған, бір жағы айбат болар дегені шығар, əлде «Ит – жеті қазынаның бірі» демекші, кие санап, сауап болар десе керек, əйтеуір итті көп ұстайды екен. Содан болар замандастары кейде «ит айдаған Естекбай» деп келеке де қылатын. Басты уайымы малының аздығы немесе итінің көптігі емес, бір

перзенттің жоқтығы болғанға ұқсайды. Естекбайдың əйелі көшей Бəйтен батырдың Зағипа есімді қызы екен. Ерлі-зайыпты екеуі перзент тілеп, əулие-əмбиелер жағалап, аруақтарға жалбарынып жүріпті. Бірде ғайыптан бір жолаушы кездесіп, «Бұқардың қасында Ер Бақуаддин əулиеге барыңдар, басына түнеңдер» деп кеңес беріп, өзі ілезде жоқ болып кеткен екен. Содан бұлар кіре тартқан керуенге еріп барып Бұқардағы əулие басына түнеп келген соң, көп ұзамай Естекбайдың əйелі бала көтеріп, ол туғасын атын Бұқарбай қойған. Оның ержүректігі жайлы ел ішінде əңгіме-дерек көп. Бірде Бұқарбай 19 жасында нағашысы Бəйтен батырдың ауылынан қайтып келе жатып Ерден-Жүзен деген ел ішінде беделді кісілердің əкелері Сандыбай биге ас беріп жатқан үлкен жиынның үстінен түседі. Астың күрес аяқталар тұсында түйе палуанымен белдесетін ешкім табылмайды. Қызық іздеген қызуқанды жұрт аңтарылып қалады. Бұқарбайды шырамытып таныған бір кісі «осы бір жиеннен дəмеміз бар, ар жақ бер жағы айтулы жерлер еді» деп келіп, белдесерде палуандар ұстасатын жіпті бұның беліне байлайды. Сол белдесуде Бұқарбай түйе палуанның 3 қабырғасын сындырып, оны жазым етеді. Аста Жағалбайлының атақты биі Дербісəлі де Бұқарбайдың ерен күш иесі екендігіне разы болып, ататегін сұрап танысыпты. Бұл оның 19 жасқа келгенде елге атын шығарған алғашқы оқиға болса керек. Бірқатар тарихи деректер мен фольклор материалдарына негізделген танымдық əңгімелерде батырдың жаумен алғаш бетпебет айқасқа шығуы 1830 жылдың жаз айларында орын алған делінеді. Айталық, қазіргі Тереңөзек жеріндегі Күмісқорған қамалын хиуалықтардан босатып аларда Бұқарбай айрықша қайрат көрсетіп, ерлік жасайды. Бұл оқиғаны зерттеушілер А. Жанаев пен Т. Тəшенов «Егемен Қазақстан» газетіне жариялаған «Бұқарбай батыр» атты мақаласында: «Бекіністі қоршаған қолды көрген бек інісі Жұ баниязды сыртқа шығаруға шешім жасайды. Бекіністен қара арғымағын ойнақтатып шыға келген бойы Жұбанияз жекпе-жекке шақырады. Бұған қарсы жас та болса Бұқарбай шығады. Əуелде күштері тең түсіп, көп əдіс-айла қолданысып көріп, ақырында Бұқарбай қарсыласын шаншып тастайды. Бұл болашақ батырдың тырнақалды жеңісі болды» делінген. Осы шайқас жайлы ел ішінде сақталған

келесі бір деректе: «...Бұқарбайдың жастау кезінен-ақ ерлік істерге бейімделе бастауының өзі заман талабынан туған түрі бар. Қыспақта қалған Ақмешіт пен Райым бекінісінің арасындағы халық Хиуа хандығының қол астында болған. Қазіргі Тереңөзек (Сырдария) ауданының жеріндегі əйгілі Күмісқорған бекінісінің орны əлі күнге сақталған». Келесі бір құжатта «...Мұндағы билеушілердің зор лықзомбылығы Табын еліне де қатты батқан. Шыдамдары таусылған Байқадам, Қабан, Бұқарбай батырларға Мысық би рухани басшылық етіп, бекіністі алуға 1826 жылдың шілдесінде қол жетеді. ... Бекіністен қара арғымағымен шыға келген бектің інісі Жұбанияз жекпе-жекке шақырады. Бұған қарсы жас Бұқарбай шығып, күштері тең түсіп, бірін-бірі ала алмай біраз шайқасып, ақырында тəсілмен Жұбаниязды шаншып тастайды. Мұның артында хан ордасына шақыртылған Байқадам, Бұқарбай, Қабан батырлар Хиуадан 200-дей қарулы əскер келгенін естиді. Батырлар Қарақұмға ыды рай көшіп, жылыстай тұрған» деп айтылады. Келесі бір шайқаста Бұқарбай батыр ауыр жарақаттанады. Бұл оқиғаны елағасы К. Бердаулетовтің «Бұқарбай батыр» атты кітабында Əлім тайпасының бір батырымен болған айқастан қалған жарақат орны десе, профессорлар М.Қ. Кереев пен Б.С. Дос манбетовтің бірлесе жазған «Қызылорда» деп аталатын еңбекте рінде батыр əлгі жарақатты хиуалық Бейісбаймен болған ұрыста алды делінеді. Бұл оқиғаны авторлар «сонау жазықта, екі қыраттың ортасында екі арыстан əлі де айқасып жатыр... Бейісбай екінші рет түйреп еді, Бұқарбай тағы да дарытпады. Екі батыр бір-біріне қайта шапты... Бір заманда жекпе-жекке шыққан екі батыр да аттан құлады... Табындар Бұқарбай құлаған жерге келсе, жаудың найзасы батырдың дəл алқымына қадалып, сағағынан морт сыныпты. Батыр шалажансар жатыр. Бұқарбайдың найзасы Бейісбайдың кіндік тұ сынан тиіп, белінен бір-ақ шыққан екен. Бейісбай сол жерде жан тапсырыпты» [20] деп батырлардың жеке ұрыс қимылдарын баян дай келе, Бұқарбай жарақатының жайын одан əрі былайша əңгімелейді: «...Бұқарбайдың кеңірдегіне кірген найзаның ұңғысын ешкім тартып ала алмады. Содан соң батырдың өзі найзасының сабына қылшылбырды тұзақтап байлап, оны екі аяғына салып, теуіп жібергенде найза суырылып шықты... Алайда найза кірген тұс ісіп,

өңешінен ас жүрмей көп азап көрді. Басқа амалы қалмаған соң батыр түйенің тобығын ықшамдап жонып, оны қазыға орап жұтып жіберді. Сол-ақ екен аузынан қара ірің атқылап, өңеш ашылып, тамақ ішетін дəрежеге жетеді, кейін жазылып кетеді». Кейбір деректерде «батырдың екі басы бар адамдай желкесі шодырайып тұратын еді» деп суреттелуінің сыры осы шорға байланысты айтылса керек. Қыр мен Сырды тең жайлаған халқымыздың Бұқар, Қоқан, Хиуа сияқты Орта Азия хандықтары мен Ресей империясы сияқты алып мемлекеттердің қысымында қалғаны азаттық күрестің толастамауына түрткі болғаны белгілі. Осы киелі жолда Бұқарбай батырдың өзі қатысқан көлемді айқастар жайлы «Бұқарбай Жанқожамен тізе қосып, Созақ бекінісін алуға атсалысты. 1829 жылы хиуалық бекініс Күмісқорғанға жасалған жорыққа қатысты. 1838 жылы Кенесары əскерінің құрамында Ақмола бекінісін алысты. Байқадамның (Бұқарбай батырдың туыстас ағасы – Н.М.) Ке несарыға қарсылығына қарамастан, хан ордасында 7 жыл жүрді. 1852 жылы Ақшабұлақта майор Энгманның əскерімен қақтығысты. Сол жылы кедей шаруаның нəпақа етіп отырған суын тартып алған қоқандықтарға қарсы шығып, қол жинап Қарабөгетті бұзды. 1853 жы - лы Ақмешітті шабуылдаған орыс əскерінің құрамына қатысып, Құмсуатта ерекше көзге түсті» [21.97] делінеді жазушы М. Қа наздың Жанқожа батыр жөніндегі зерттеу еңбектерінің бірінде. Бұқарбай мен Жанқожа батырлардың хиуа жəне орыс отаршылдарына қарсы бірлесе күрескен уақыттары да болды. Мысалы, Қазалы фортының коменданты майор Булатовтың Орынбор генерал-губернаторына 1856 жылдың 5 желтоқсанында жолдаған рапортында «...В случае же неудачного нападения на крепость (Қазалы фортын айтып отыр – Н.М.), Джан-Гужа намерен сделать возможный вред укреплению, угнать с собой всех преданных нам киргиз на ту сторону Сырдарьи. В заговоре этом, по слухам, должны принять участие бий табынского рода Бухарбай, султан Буре и Есет Кутебаров» [22] деп Бұқарбай бидің Жанқожа батырдың жағында, онымен мүдделес болғанын атап көрсетеді. Орынбор шекара комиссиясының төрағасы Ладыженскийдің Арал бекінісінің бастығына жолдаған тапсырмасында Бұқарбай мен Сейілдің орыс иелігіндегі жерге өтіп, көшіп-қонуына Орынбор

əкімдігінің келісетінін, дегенмен, «...Біздің қазақтардың Бұқарбай, Сейілмен арадағы шағым-талаптарын Елікей бейбіт түрде, салауат арқылы қысқартуы тиіс, екі жағы да ренжімегені дұрыс, сонымен бірге Бұқарбай мен Сейіл мұнда Қоқандағы қолайсыз оқиғаларға байланысты амалсыз келгендіктен бұл келімсектерге құлай сеніп кетпей, мүмкіндігінше қырағы болу керек» [24] деп қатаң ескертеді. «Ендігі үлкен жұмыс Шөмекей, Төртқара, кішкене Шекті рулары мен Шөмішті Табынның билері Сейіл Байқадамов, Бұқарбай Естекбаевтардың араларындағы арыз-шағым, өкпе-наз, дау сияқты мəселелерді халықтық дəстүр, салауат жосығымен бітірісу еді. Бұл шамамен 1853 жылғы жаз айларының басында Орал бекінісінде өтті. Өйткені бұл жұмыс сұлтан-правительге мамырдың жиырмасында тапсырылған болатын» [25] деп көрсетіледі Орынбор шекара комиссиясының құжаттарында. Жанқожа батыр өліміне қатысты туындаған дауды шешу үшін жиын шақыру Арыстан правительге жүктелген екен. Мəжіліс соңында тиісті тараптардың билері ортақ мəмілеге келеді. Өз мөрлерін басып билердің бекіткен құжатында «1853 жылдың 22 тамызында төменде мөрін басып, таңбасын салып отырған Шөмекей, Кішкене Шекті, Төртқара, Шөмішті Табын руларының билері осы уақытқа дейін арамызда болып келген дау-шарларды, атап айтқанда, малын айдап тонау, кісі өлтіру оқиғалары үшін жоғары хакімнің рұқсаты негізінде халқымыздың дəстүріне сəйкес сұлтан-правительдің қатысуымен бейбіт түрде есеп айырыстық, əрқайсысымыз да тиісінше қанағаттандық, барлық реніш-кінəні қысқарттық, енді ескі дауды қозғап жаңартпаймыз деп Ортаңғы Орданың сұлтан-правителі подполковник Арыстан Жантөрин мырзаға осы қолқатты береміз» [26] деп келіседі. Батырды марапаттауға ұсынған келесі құжатта да оның ерліктері қысқаша сипатталған. Ұсынымда: Табынның батыры Бұқарбай Естекбаев, бұрын марапатталмаған. 1853 жылдың 24 тамызында қо қандықтарға қарсы ұрыста көрсеткен көмегі, оның үстіне Арал бекінісінен Хиуа иелігіне қашқан бір татар жігіті мен əйелді тауып, бекініске қайтарғаны үшін марапатқа ұсынылады деп көрсетіл ген. Əрі қарай батырға берген қысқаша мінездемеде «Қызметте жоқ. Бұл ордалық Табын руының батыры Байқадам Ағайдаровтың жақын

туысы. Байқадам батыр əуелде бүлікші сұлтан Кенесары Қасымов-
пен байланысты болған деген күдікте болды. Бірақ 1844 жылы
оның малын сұлтан тартып алған соң ол өзі Орынборға келіп, мал-
мүл кін қайтаруға көмек сұрады. Орынбор шебінің əскері күшімен

Байқадамға малы қайтарылды. Осыдан кейін Байқадам бұдан былай
бейбіт өмір сүретінін айтып, бодандық туралы ант қабылдады да
жайына кетті. Ал 1846 жылы Қоқанның иелігіне көшті. Содан 1849
жылға дейін хабар болмады. Сол жылы қоқандықтардан көп қысым

көргендіктен генерал-губернатордан Орал бекінісі маңына көшіп
келуге рұқсат сұраған. Алайда, қарамағындағы адамдардан қарулы
топ құрып, Сібір əкімшілігіне қарайтын қазақтардың ауылын то-
наған. Осы оқиғадан кейін ол Қарақұмға ығысып көшіп, сонда

Кішкене Шектілермен шайқасып қайтыс болды» делінеді. Табынның
басшысы саналған Байқадам батырдың қайғылы қазасынан соң Əлім
мен Табын ағайындардың арасы шиеленісе түседі.
Жоғарыда аталғандай, 1852 жылы Бұқарбай батыр Сыр өңірін

Қоқан мен Хиуа қыспағынан азат етуді көздеп, іргелі рулардың
басшысы сұлтан Елекей Қасымовпен бірлесуге ұмтылады. Оның
осы азаттық жолындағы іс-қимылдарын баяндайтын мұрағат құ-
жаттарында Бұқарбайды батыр деп көрсетеді. Ал 1854 жылғы,

яғни қоқандықтардың Сырдағы бас қамалы Ақмешіт орыстардың
қарауына өткеннен кейінгі архив құжаттарында оны би деп атайды.
Мəселен, Ақмешіт, Құмсуат ұрыстарында көрсеткен ерліктері мен
орыс əкімшілігіне жасаған қызметтері үшін Орынбор жəне Самара

генерал-губернаторының атына коллеж ассесоры Осмоловский жол-
даған рапортта «билер Табын Бұқарбай жəне Файзулла Жақыпов,
батырлар Құрақ Азатов, Айдынбай Естеков, Жаназар Досқанин, Қа-
йырлап Жылқыбаевтармен қатар бірнеше қатардағы қазақтар-

ды» [27] марапаттауға ұсынған.
Қайран туған жер Қоқанның қол астында қалып, кішігірім топ-
тарының бетін қайтарғанымен, тұрақты əскері, зеңбірегі мен шам-
халы бар жатжұрттықтар елдің намысына тие берген соң Бұқарбай

бұлардан да ірге аударуды жөн көрді. Қоқан құлдығынан құрық
үзіп шыққан тек 200 үйлік табындар ғана емес, Досбол датқаның
бастауымен 1852 жылдың қыркүйегінде 400 үй қыпшақтар да құ-
тылған-ды. 1858 жылдың көктемінде Аралбай, Есенқұл, Сасықба-

лық сияқты билердің қарауындағы 3100 үй Хиуадан Қармақшы мен
Қорқытқа келіп орналасты. Сөйтіп, орыс иелігіне көшу белгілі бір
себептері бар құбылысқа айналған еді. Бұл қалай дегенде де, орыс
отаршылдары билігіне, үстемдігіне еріксіз барып мойынсұну, орыс-

тардың дұрыс аңғарғанындай, амалсыздықтың күйін кешу еді.
1852 жылдың 4 наурызында Ақшабұлақтағы Арал бекінісінің
бастығы майор Энгманның əскерімен соғысады жəне осы шайқаста
Бұқарбай жараланады. Батыр əскерімен Жаңадария өзенінің бойын-

дағы қоқандықтар иеленген Қарабөгетін бұзып, жауды түре қуып
жібереді.
Батырдың ұрпақтарының бірі Сейтмұрат Ембергенов өзінің осы
оқиғаға байланысты жазған «Қарабөгет хикаясы» атты өлеңінде:

...Бұқарбай батыр бастаған қалың топ барып,
«Қарабөгетке» беттеді қағып дабылды.
Айқайды сала, аңырата шауып келеді,
Шебіне дұшпан қаймықпай батыр енеді.

Ат жалындай жақ түктері шапшыған,
Сұсымен-ақ мысы басып жөнеді.
Шиіріп найза «Əкең Бұқарбайлағанда»,
Ширықпай сарбаз, сірə, да бей-жай қалған ба?

Намыстанған сардары қалып сайысқа,
Саудырай қашты жау жағы бас аманда.
Ат ойнатып атойлай шауып бетпе-бет,
Салысты найза қарсыласып жекпе-жек.

Шыдатпай батыр, айбыны үстем ұрыста
Сұғады найза, шанышар тұсың өкпе деп.
Кешіктірмей кезінде ұлы сəскенің,
Жаудан алды аударып аттан бас кегін.

Əр атадан тастаған ұран қалың қол,
Қуып шықты қоқандықтың əскерін.
Жеткізбекке хабаршы шапты əмірге,
Қырғызам деп исі қазақ бəрін де.

Бұқарбай тұрды шашақты найза қолға алып,
Ақжолын тілеп, тəу етіп ұлы Тəңірге.
«Я, Алла, жарылқа!» деп сыйынып,
Ағылып жандар бөгетке жатты жиылып.

«Ашыңдар, – деген. – Аруақ, құдай жар болсын!» –
Берілді батыр аузынан бұйрық.
11-105

Мыңдаған кетпен жылтылдап жерге ұрылды, Осы бір сəтті зарыға күткен тұғын-ды. Самсаған кетпен, самсаған қолдың күшімен «Қарабөгет» тас-талқан болып жығылды – деп толғайды. Ел ішінде «Бұқарбай батыр əңгімелері» аталып кеткен деректі хикаяттар кешегі күнге дейін сақталып келген. Осындай əңгімелердің бізге жеткен бір нұсқасында: «...Бірде Бұқарбай батыр мен Сейіл батыр жолаушылап бара жатып бір биік төбеге шығып жан-жаққа көз жіберіп қарап тұрса, алыстан бұрқыраған шаң көрініпті. Бұл не шаң, мал айдаған адам ба, əлде жау ма деп бағдарлап тұра берген. Жақындаған кезде аңғарса, 500-600-дей қарулы жасақ екен. Төбе басында бағдарлап тұрған адамдармен жөн сұрауға көп сарбаздан бір жаушы бөлініп төбеде тұрған екі батырға келіпті. Келген жаушыдан «Ау, бұл не, жаусыңдар ма, елсіңдер ме, неғылған адамсыңдар?»десе, жаушы «Бұқарбай батырдың елін шаппақшымыз» дейді. Сонда батыр «Біз ел деп тұрғанымыз жау болды ғой, сен, Сейіл, атыңның ер-тоқымын ал да, атыңды жетектеп осы төбені айнала бер. Мен қонақтарды қарсы алайын» депті. Жасы үлкен ағаға қарсы сөз айтпаған Сейіл қала беріпті де, Бұқарбай батыр қонағын қарсы алуға Торбестімен шауып кетіпті. Қаптап келе жатқан жауға қарсы шауып бара жатқанда артында қалған Сейіл көз салса, атырдың алдында арқан бойы қашықтықта екі жолбарыс жол бастап бара жатыр екен. Алдағы бара жатқан жолбарыс жауға бірінші енген кезден бастап-ақ жаудың берекесі кете бастаған. Артынша Бұқарбай батыр да «Əкең Бұқарбайлап» жаудың бытшытын шығарып, келе жатқан жағына қарай қуып тастап, қайтып келіпті. Батыр келгесін Сейіл бірінші болып тіл қатып, «Ау, батыр, сіз маған аттың ер-тұрманын алдыртып, жаяулатып төбені айналдырып қойдыңыз, жау басып қалса қашып құтыла алмасын дегеніңіз бе, бұл не қылғаныңыз?» деп бір жағы əзілдеп, бір жағы таңданып сөз тастапты. Сонда батыр «Сейіл-ау, батырлық менде ғой, аруақ сенде ғой. Сен атыңның ер-тұрманын алып тастап, қолына найзаңды жалаң ұстап төбені айналып жүргенінде маған төбені айналып келе жатқан мың қаралы қолдай боп көріндің. Сол көрініс біздің елді шаппақшы болып келе жатқан жауға да көрінді. Сонан барып жаудың берекесі кетті ғой. Артында мың қаралы қолы бар адам жаудан қорқа ма?» деген екен». Батыр жөнінде екінші əңгіме былай өрбитін.

Қоқандықтардың қазақ жерін жаулап өз үстемдігін жүргізіп тұрған кезінде қазақ елі басы бірікпей, жауға тиіп-қашып қарсылық білдіріп тұрған болса керек. Бұл қазақтарды қайтсек бағындырамыз, бұларға не жағдай жасасақ тыныштанып, айтқанымызға жүреді деп ақылдасыпты. Сонда бірі «Бұл елді бізге бағындырмай қазақтарға ұйытқы болып отырған екі батыры бар, солардың көзін құртсақ, бізге өздері-ақ бағынады» депті. Сонан екі батырдың көзін құртуға ұйғарып, Бұқарбай мен Сейілге «ертең келіп бекке жолықсын» деп шақырту жіберіпті. Шақырту алған екі батыр «Бұл бек бізді тегін шақырып отырған жоқ, негізі екеумізге бір қастандық ойлап шақыртып отыр ғой, бармасақ қорықты дер, барайық, бірақ сақ болайық. Екеуміз де жастығымызды ала кетейік» деп ақылдасып бармақшы болыпты. ...Əу баста «екі батыр кіріп келгенде мен белгі беремін, сол кезде басын аласыңдар» деген бек екі батыр кіріп келгенде отырған орнынан ұшып тұрып екі батырға қарсы жүріп, «барға берекет, өткенге салауат, қош келіпсіздер» деп дос кеуілмен қонақ қылып, тарту-таралғымен қайтарыпты... Сонан бектің қасында бірге отырған сарбазбасы ақылдастары бекке «Ау, бек, өлтірмекке шақырған екі қазақтан қорыққаныңыз ба, өлтірмек түгілі құрметтеп, қолтықтап əкеліп төрден орын ұсынып, тарту-таралғымен қайтарғаныңызды түсінбей отырмыз» депті. «Ой, сарбаздарым-ай, сендер не білесіңдер. Бұл екі қазақ тегін қазақ емес екен, əдепкі біреуі кіргенде өзінен бұрын есіктен екі жолбарыс кіріп келіп, маған айбат шеге қарап отырып алды ғой. Екінші қазақ кіргенде бір қара үлек аузынан ақ көбігі бұрқырап, жабықтан айбат шегіп тұрды. Мен белгі беріп, ол екі қазаққа бір жаманат істесем, өзім аман қалмайтын болдым. Жаңағыдай құрмет көрсеткен себебім сондықтан еді. Бұл екі батыр аруақты батырлар екен, бұған біздің əліміз келмес» депті. Батыр бабаның ерліктері от ауызды Сыр сүлейлерінің шығармаларына да арқау болғаны белгілі. Мəселен, Тұрмағанбет Ізтілеуов өз жырында: Табыннан шықты екі ер, Бұқарбай, Сейіл атанып! Оққа ашып омырау, Буған белді қатарып,

Жау қанымен жасартқан, Қылышы қалса дат алып! Көп жандар көпке бас болған, Ол ерлерден бата алып! [28.136] – деп мадақтап жазған. Бұқарбайдың хас батыр атанып, есімінің елге кең танылуына бірінші кезекте оның Кенесары ханның қосынында болып, əуелі Ресей отаршылдарымен дəстүрлі хандық билікті орнатуға бағыттал ған 10 жылдық қозғалысқа белсене араласуы, кейіннен Сыр елін қоқандықтардың сан жылғы қыспағынан құтқарып, отырықшылыққа шақыру мақсатында 1852 жылғы Қарабөгетті бұзуы,сонан соң олардың бас қамалы Ақмешітті алғаннан кейінгі Құмсуат шай қасында ерекше ерлік көрсетуі батырдың атағын əйгілей түсті деуге əбден болады. Жалпы алғанда, батыр туралы біршама зерттеулер жүргізі ліп келеді. Қаламы жүйрік ардагер-жорналшы А. Жанаев, ел ағасы К. Бердаулетовтердің «Бұқарбай батыр» аталатын бір-бір монографиялары жарық көрді. Батырлық дəстүр жөнінде жəне кейбір тарихи оқиғаларға сараптама беруде Қорқыт ата университетінің кафедра меңгерушісі, математика ғылымдарының кандидаты А. Қоныстың танымдың ізденіс еңбектерінің орны ерекше. Солардың қатарында С. Ембергенов, Ы. Сейпулов, Т. Тəшенов сынды батыр атаның мұрасына жанашырлық танытып келе жатқан ардақты азаматтарды да айтуға болады. Бұқарбай батырдың батырлық мұраларын зерттеуші аға буын өкілдерінің бірі Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ахат Жанаев болып табылады. Бізге жеткен бірнеше ауызекі əңгімелер мен батырдың көзін көрген, талай қызыққа, күйініш пен өкінішке толы ұтқырлы əңгімесін өз аузынан есіткен құймақұлақ қарттар мен зейінді зерттеушілер жинақтаған деректер бойынша Бұқарбай батырдың сауыты болған. Алайда оны тоқытқаны болмаса жорықта кимеген. «Адамды қорғайтын сауыт емес, жүрек. Менің мықтағанда қарулы екі жігіттік күшім бар. Ал бірақ ұрыста өзімді еркін сезінемін, үрейленуді, қауіптенуді білмеймін» дейді екен көпшіліктің қолқалауымен сирек те болса ашылып əңгіме айтқан кезінде батырдың өзі.

Қоқан мен Ресей иеліктері арасындағы 1850-1852 жылдар бедеріндегі кезек шабуылдарда Бұқарбайдың аты аталмайды. Себебі, жоғарыда аталып өткендей, батыр шамамен 1854 жылдан бастап бейбіт өмірге көшсе керек. Ол осы кезден бастап ел билігін қолына алады. Оның би дəрежесін алғанын растайтын деректер көп. Сөзімізге дəлел ретінде бірнеше мұрағат қорларынан ресми мəліметтер келтіруге болады. Айталық,1854 жылдың ақпан айындағы құжатта бір топ билерге егін егуге қажет тұқымдық бидай берілгені жазылған.Бұнда есаул Кармышевтың Бұқарбай батырға 4 қап ұн, 4 қап арпа, 26 пұт бидайды бергені жəне осы азық-түлікті алғандығы жөнінде Бұқарбай батыр 16 ақпан 1854 жылы растап қол қойғаны айтылған. Батырдың 1854 жылдың көктемінде Бегікөлі маңынан жер алып, қарамағындағы елді егіншілікке бастағаны осы кезең болса керек. 1862 жылдың 31 наурызында Перовскі уез бастығының Сыр дария желісі басшысына жазылған мəлімдемесінде уездегі түтін пұл жинаудың жайын баяндайды. Осында би Бұқарбай Естекбаевтың 393 сом 50 тиын күміс ақшаны өзіне бағынатын ауылдардан жинағаны айтылады жəне «бий Истекбаев Бухарбай, зауряд-хорунжий, заведующий учтамбалинским отделением Табынского рода. 1860 году под ведением Истекбаева состояло 273 кибиток, а в 1861 году состояло 262 кибитки, причина убыли произошла от того, что киргизы, кочующие к Оренбурской линии, остались там» [28] делінеді. Бұқарбай Естекбайұлының Табын руының биі ретінде осындай үлкен дауларға қатысқанын айғақтайтын да деректер баршылық. Мəселен, 1864 жылдың 12 желтоқсанында бірнеше руба сылардың өздері орналасқан орта бөліктің билеушісі сұлтан пол ковник Мұхамеджан Баймұхамедовке жер тапшылығына бай - ланысты жолдаған өтініш-хаттары бар. Онда 1862 жылдан пол - ковник Писаревтің шешімі негізінде Жағалбайлы руының көшіқоны өзгеруі салдарынан Орта бөліктің рулары жайылым тапшылығын тартып отырғанын, жер жетпегеннен 2000-нан астам түтіннің (отбасының – Н.М.) Бұхар мен Хиуа хандықтарының иелігіне қоныс аударуға мəжбүр болғанын баяндайды. Сонымен бірге осы мəселені оңтайлы шешу үшін көші-қон маршруттарын бұрынғы бағытта (жер-су атауларын ашып көрсеткен – Н.М.)

қайта белгілеу жөнінде Орынбор облыстық басқармасы алдына
мəселе қоюды сұрайды. Сөз болып отырған құжаттың соңына
Шөмекей руының Балқы аталығының биі Таныш Сартаев, Сарыбай
аталығынан Құшман Ботабаев, Сүйін аталығынан Башеке Құлтанов,

Қаратамыр аталығынан Пішəн Мұратов, Аю-Сырым аталығынан
Қаран Тұрғанов, Тоқа аталығынан Сəтпай Ақбапов, Қаракете руы-
ның Құлыс аталығынан Бекет Өтемісов, Малғара Түзелбаев, Асан
аталығынан Бекмырза Еркінбаев, Керейт руының Жартай аталығынан

Амандықұл Қыстаубаев, Балғара Дауылбаев, Ойық аталығынан
Малбай Анғарин, Тілеу руынан Көшек Қыстаубаев, Табын руының
Айдартеке аталығынан Бұқарбай Естекбаев, шөмішті Табын атынан
Ерубай Алладосов, Алтын руының Мəметек аталығынан Көбен

Мұсылманов жəне Айдарсығай аталығынан би Мірқұловтар [29]
мөрлерін басқан. Хатты аға тілмəш Биглов аударып, аударманы
растап, кіші тілмаш Сұхбанқұлов қолдарын қойған.
Көріп отырғанымыздай, 1852 жылы батырға зауряд-хорунжий

атағын беруге жазылған ұсынымдарда оның дəрежесін батыр деп
көрсетсе, 1853-54 жылдардан кейінгі мұрағат құжаттарында «би
Бұқарбай Естекбайұлы» деп жазылған. Соған қарағанда, бабамыз
аталған кезден бастап бірыңғай ел басқару ісіне араласқан деуге

толық негіз бар.
Батырдың елде жəне патша əкімшілігінің алдында би дəрежесінде
танылғанынан кейін де оның əрбір басқан қадамы орыстардың қатаң
бақылауында болғаны сол кездердегі ресми құжаттар мазмұнынан

анық байқалады.
Пайдаланылған əдебиеттер:

1. В.В. Бартольд. История культурной жизни Туркестана. 2. Россия. Т. XVІІІ. Киргизский край. Стр. 335 3. Советская Киргизия // №5-6, Оренбург, 1925 ж., 36 стр. 4. Аяған Б.Ғ., Əбжанов Х.М., Исин А.И. Қазақ хандығы тари хы:

құрылуы, өрлеуі, құлдырауы. Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС,
2011, 282-б.

5. А.И. Левшин. Описание киргиз-кайсацских орд и степей. СПб., 1832. Стр. 226

6. Ишмарин //«Советская Киргизия», Оренбург, 1925 г., № 5-6, 112 стр. 7. Ахмет сұлтан Кенесарыұлы. Кенесары жəне Сыздық сұл тан - дар. Басуға дайындап, ескертулерді жазған Е.Т. Смирнов. С.И. Лих - тин типо-литографиясы. Ташкент, 1889 ж. Қазақ тіліне аударған – Ғалым Ахмедов. Алматы: «Жалын», 1992. 8-б. 8. XVІІІ-XІX ғасырлардағы қазақ-орыс қарым-қатынастары. Құжаттар жинағы. – Алматы, 1964. 278-б. 9. Байділдаев М., Мағауин М. Бес ғасыр жырлайды. 397-б. 10. Бекмаханов Е.Б. Казахстан в 20-40 годы XІX века. Стр. 184. 11. Орынбор облыстық мемлекеттік мұрағаты, 6-қор, 10-тізбе, 6313-іс, 78-79 бб. 12. ҚР ОММ, 4-қор, 3703-тізбе, 34851 іс, 12-б. 13. ҚР ОММ, 4-қор, 3703-тізбе, 3632 іс, 7-б. 14. ҚР ОММ, 4-қор, 3705-тізбе, 34851 іс, 79-б. 15. РФ, Орынбор облыстық мемлекеттік мұрағаты, 6-қор, тізбе-10/2, 4 іс, 293-бет. 16. РФ, Орынбор облыстық мемлекеттік мұрағаты, 6-қор, тізбе-10/2, 4 іс, 295-б. 17. РФ, Орынбор облыстық мемлекеттік мұрағаты, 6-қор, тізбе-1, 516 іс, 267-б. 18. Ембергенов С. Ақмешіт апталығы // 1 қаңтар, 1999 ж. 19. ҚР ОММ 232-қор, 1-тізбе, 3-іс (а), 2-б. 20. Б. Досманбетов, М. Кереев. Қызылорда, РИК., Алматы, 1999 ж. 27-28-бб. 21. «Ел қорғаны ер Жəкем». Құрастырушылар: М. Қаназ, С. Қалуов. Алматы, 2008, 97-б. 22. ӨзРММ, 105-қор, 1-тізбе, 17 іс, 422-бет. 23. РФ ООММ, 6-қор, 10-тізбе, 6751 іс, 40-41-бб. 24. РФ ООММ, 6-қор, 10-тізбе, 6751 іс, 41-б. 25. РФ ООММ, 6-қор, 10-тізбе, 6751 іс, 98-б. 26. РФ ООММ, 6-қор, 10-тізбе, 6751 іс, 100-б. 27. ҚР ОММ, 4-қор, 2725-тізбе, 405 іс, 20-б. 28. ҚР ОММ, 383-қор, 1-тізбе, 172 іс, 7-б. 29. РФ, Орынбор облыстық мемлекеттік мұрағаты, «Орынбор шекара комиссиясының құжаттары», 4-қор, 1-тізбе, 7176 іс, 11 (а) бет.

БҰҚАРБАЙ БАТЫРДЫҢ КЕНЕСАРЫ БАСТАҒАН КӨТЕРІЛІСКЕ ҚАТЫСУЫ Қазақ тарихында ұлт-азаттық көтерілістер мен оны жасаушы тұлғалар аз болған жоқ. Патшалық Ресейдің ХІХ ғасырда басталған ашық отарлауы тұсында қазақ даласында оған қарсы бірнеше ірі күрес ошақтары пайда болды. Ашық отарлауға көнгісі келмеген халық өз көсемдерінің бастауымен қолдарына қару алып, ресейлік алпауыт саясатқа үздіксіз қарсы шыққан болатын. Сырым Датұлы бастаған азаттық күресті Жоламан Тіленшіұлы, Саржан мен Кенесары Қасымұлдары жалғастырып, 1916 жылға дейін қазақ даласында тəуелсіздік үшін күрес оты сөнбеді. Бұқарбай батыр жөніндегі əдеби, тарихи мұраларымыздың алтын арқауы, батырдың тəуелсіздік үшін отарлаушы Ресей империясына қарсы бағытталған күресі болып табылады. Алайда оның есімі отарлық дəуірде аталмай, кеңестік дəуірде тек теріс бағытта ғана жазылып келді. Бұқарбай Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалысының батыры екені туралы ақиқат тек 90 жылдардан бері ғана айтыла бастады. Кенесары, Бұқарбайлар бастаған ұлт-азаттық қозғалысы ХІХ ғасырда қазақтың аса бай, тарихи тағылымы мен танымы мол əдеби мұралардың дүниеге келуіне оң əсерін тигізді. Қазақтың ұлт-азаттық қозғалысына арналған əдеби туындылар ХІХ ғасырдағы ең үздік Рашид Оразов, Шоқан Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының ғылыми қызметкері

дүниелерге жатады. Өйткені бұл тақырыптардағы əдеби мұралар өзінің идеялық өзегіне, негізгі проблемасына ұлттың тəуелсіздігі мен дербестігін, бостандығы мен еркіндігін, бірлік пен ерлікті арқау етті. Ел тарихындағы тұлғалы батырларымыздың бірі Бұқарбай Естекбайұлына қатысты аңыз-əңгімелер мен жыр-дастандар баршылық. Олардың негізгісі Орталық ғылыми кітапхананың сирек қолжазбалар қорында сақталған. «Бұқарбай батырдың əңгімесі» атты аңызды ауыз əдебиеті мұраларын жинаушы Мұсылманқұл Жиреншин (1941ж.) болса, оны Орталық ғылыми кітапхананың сирек қолжазбалар қорына тапсырған С. Төлебаев. Əдебиетші-ғалым Е. Ысмайылов тарихи жырларға сүйеніп жəне мұрағат деректері мен 1917 жылға дейін жарық көрген орыс зерттеушілерінің еңбектерін пайдалана отырып, Кенесары бастаған көтерілісті жан-жақты сипаттаған. Ғалым Қалижан Бекхожинмен біріге отырып, 1941 жылы Кенесары, Наурызбай жəне олардың батырлары жайындағы жыр-дастандар мен аңыз-əңгімелер жинағын баспаға əзірлеген. Зерттеу сол кезде еш жерде жарияланбай, тек 1948 жылы «Қазақ əдебиетінің тарихының» Кенесары, Наурызбайға арналған VІІІ бөлімінде ғана кішігірім үзінді ретінде берілген. Ғалымның өз қолымен жазған 275 беттен тұратын қолжазбасы Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы. Осы қолжазбада Бұқарбай батырға қатысты ел аузындағы «Бұқарбай батырдың əңгімесі» деген əңгімені пайдаланған [1]. XVІІІ ғасырдың 30-40-жылдарынан бастап патшалық Ресейдің Қазақстанның біраз бөлігін өзіне қаратып, билік жүргізуі, қазақ дəс түрлі қоғамының ішкі істеріне күш көрсету, не болмаса қорқыту, сескендіру арқылы белсенді түрде араласуы ондағы сан ғасыр лар бойы қалыптасқан түрлі құқықтық жəне əлеуметтік институттар арасындағы тепе-теңдікті бұзды. Ескі құндылықтар эрозияға ұшырап, өмір сүрудің жаңа тəсілдері мен формалары – өз халқының ортақ мүддесінен гөрі жеке басының мүддесін жоғары қоюшылық, сатқындық пен жікшілдік етек ала бастады. Қазақ халқының мемлекеттілігінің іргесі сөгіліп, шаңырағының шайқа луы салдарынан қазақтардың біраз бөлігін жат жұртшылыққа бодандық

көңіл ауаны баурады. Бірақ қазақ қоғамындағы бұл психологиялық
ахуал адамдардың шынайы өз еркінен гөрі мəжбүрліктен туын-
дады. Бұл дертке, əсіресе, қазақ қоғамында мемлекеттілік символы
ретінде саналып келген төре тұқымы тез шалдықты. Ресей бода-

нына айналуға байланысты орнайтын «жаңа заманда» орын алып
қалуға асыққан сұлтандар Орынбор мен Омбыға сабылып, өзіне
қарасты рулармен «патша ағзамның құзырында болу» жөнінде ант-
су ішті. Ақсүйектер əулеті екіге жарылды, ерте замандардан хан-

сұлтандарының соңынан ерген қара халықтың арасына да жік түс-
ті. ХІХ ғасырдың 20-30-жылдарында отарлау жүйесінің дəстүрлі
қазақ қоғамының барлық өрісінде кең етек алуына себепші болды.
Қазақ қоғамын көтеріліске бастау, халықтың күш-жігерін Ресей

үстемдігіне қарсы бағыттау үшін оның арасынан көсем болуға лайық
тұлға шығуы қажет еді. Дəстүрлі қазақ қоғамында мұндай тұлға
ақсүйек төрелердің ішінен шығуы заңды құбылыс. Атадан балаға
мирас болған билікке мүдделі ақсүйектер ішінен тарих осы рөлге

Қасым сұлтанның отбасын, соның ішінде Кенесары Қасымовты
бейімдеді.
1837 жылдың аяғында Кенесары қозғалысына 3858 отбасы қа-
тысты, бұл көтеріліс идеяларының өміршеңдігі жəне Кенесары-

ның беделінің жоғарылығының куəсі еді. Уақыт өте көтеріліс қарулы
күрес сипатында жүрді, күз бен қыста қарулы əрекеттер орын алды,
екі жақтан да шығын болды, «қолға түскен олжаны Кенесары өзіне
берілген қазақтарға өз қолымен таратты». Кенесары Қасымұлы

1837 жылғы желтоқсанда Николай І патшаға жазған хатында ол
атасы Абылай хан заманында екі ел арасында орын алған бейбіт
қатынасқа жəне шекара есебінде қабылданған межеге қайта оралуға
шақырады. Алайда заңды талап-тілегі орындалмай, өтініші аяққа

басылып, елі мен жерінің біртұтастығына қатты қауіп төнгендіктен,
Кенесары ту ұстап, тұлпар мініп, қол бастады. Ақылды саясаткер
жəне шебер əскери қолбасшы ретінде ол соғысқа жан-жақты да-
йындалды. Жасағына қару-жарақ соғу, соның ішінде зеңбірек құю

үшін орыс жəне өзге ұлт шеберлерін де өзіне тартып, оларға жақсы
жағдай жасады.
1838 жылдың жазына қарай көтерілістің тактикасы анықталды:
олар бекіністерге шабуыл жасады. Ақмола қонысына, Тіленім-Шат,

Көшекі бекіністеріне жасалған шабуылдар – осының айғағы. Ке-

несары Қазақстанның барлық ішкі аудандарында билігін жүргізді,
оның жасақтарының саны жүздеп саналды. Саяси ұстанымы пат-
ша əкімшілігі билігінің орнаған, рубасылары отаршыл саясатқа
бейімделген бекіністерді шабуылдау болды. Кенесары хан əскерінің

басты тірегі Ағыбай, Иман, Бұқарбай, Басығара секілді халық ара-
сынан шыққан ержүрек батырлар болды.
Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісті Сыр бойындағы та-
бындардың атақты тұлғалары Байқадам мен Бұқарбай батырлар

қолдады. Жастайынан ел қорғау жорықтарына қатысып, шыңдалып
өскен Бұқарбай батыр ержүректілігімен көзге түседі. Кенесары кө-
терілісіне алғашқылардың бірі болып қатысады.
Жазушы І. Есенберлиннің «Қаһар» романында «Бұқарбай ба-

тыр Кенесарыны өзі іздеп келіп, жалғыз басы хан ордасына қо-
сылды» деп жазады [2.117]. Кенесары Ақмола бекінісіне ша-
буылын 1838 жылы 7 тамыз күні таң сəріден бастады. Ең алды-
мен, бекініс оңтүстіктен солтүстікке дейін иілген тағадай үш

ша қырымдай жерден қоршалды. Бекіністің күншығыс жағы бос –
жар ты шақырымдай жерде Есіл өзені. Содан кейін барып қолдың
сегіз тұсында сегіз батырдың жасақтары орналасты. Оң жағында
Кенесарының өзі, одан кейін Ағыбай, Бұқарбай қолдары тұрды.

Кенесары 1840 жылдық күзіне қарай патша үкіметіне қарсы
əрекетте рін азайтып, үкіметті мойындаған қазақтардан əкеткен
малдарын қайтарып, тіпті өзінің Ресей билігін мойындайтыны
туралы хатпен өз елшілігін де жіберген болатын [3].

Қоқан билеушілері қолынан бауырлары мен əкесінің қаза табуы
жəне Сыр бойындағы қазақтардың қоқандықтардың жиі шабуылына
ұшырауы қазақ ханы мен Қоқан хандары арасындағы байланысқа
жік түсірмей қоймады. 1841 жылдың қыркүйегінде əкесі Қасымға

алты алаштың басын қосып, ұлан-асыр ас беріп, сол астың соңын-
да бірауыздан үш жүздің ханы болып сайланған Кенесары қазақ
мемлекеттілігін қайта қалпына келтіруді ойлады. Хан болып сай-
ланған сол 1841 жылы-ақ Кенесары Сыр бойындағы қоқандық иелік-

терді алуға қосындарын жібере бастаған болатын.
Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Сыр өлкесінен
шыққан айтулы батыр Жанқожаның көтерілісті қолдап, қосылғаны
тарихтан белгілі. Сонымен қатар Кене хан Жанқожаның ағасы

Ақмырзаның Бəтима деген қызына құда түседі. Құдалық дəстүрге
Бұқарбай да қатысқан. Оған мына жыр жолдары дəлел:

Іріктеп, таңдап алыңдар Баратұғын адамды-ай. Құдалықтан қалмасын Табыннан шыққан Бұқарбай. Ол да айтулы ер еді, Кіші жүздің адамы-ай. Бұқарбайды алып қасына-ай, Жүрмек болды хан Кене-ай [4.67]. Кенесары мен Жанқожа арасының сууы олардың Созақ бекінісін алуға аттанысынан басталады. Осы сапардан кейін Кене хан Жанқожаның қарындасы Бəтима сұлуды «теріс қылық» жасап қойдың деп кіналап, оң бұрымын кесіп алады. Бұл оқиғаны А.Ф. Рязанов өз зерттеу еңбегінде сұлудың мұрнын кесіп еліне апарып тастады деп жазады. Шындығында, мұрнын емес бұрымын кесіп тастаған. Ол заманда бұрымын кесіп тастау талақ етумен бір дей болып саналған. Жанқожа мен Кенесарының арасына сызат түсуіне осындай оқиғалар себеп болған. Жанқожа батыр қарындасының на мысын қорғау үшін өзіне қарасты Кіші жүздің батырларымен Кенесары қосынына аттанады. Жанқожаның Кенесары ханға ашуланып аттануы туралы аталған жырда былай келтірілген: Шақырып алып адамын, Ойласып кеңес салады-ай. Қасына келді жиылып Ағыбай менен Бұғыбай, Шəкір, Жəуке, Төлебай, Табынан шыққан Бұқарбай – Əскерінің бастығы-ай. Жақын келіп отырды Хан Кененің қасына-ай. Хан Кене сонда сөйледі-ай: Аттанып келді Жанқожа, Қарындасының естіп хабарын, Азарға еткен шыдамай. Қызын алдық Ақмырзаның, Адам салып араға-ай.

Қиянат еттік оған да, Бұрымын кесіп аямай. Біз зұлымдық істедік Сондай асыл сұлуға-ай. Ар-намысын алуға Аттанып келді Жанқожа [4.99-103]. Кенесарының дұрыс істемегендігін қарындасы Бопай да айтады. Осыдан кейін айыбын түсінген Кенесары Жанқожа тұрған жерге дейін кілем төсеп, Əлімнің батырларын аттан түсіріп, қонақ етіп сыйлап, Жанқожаға үш тоғыз айып төлеген. Бірінші тоғыз құлынды бие, екінші тоғыз боталы нар, үшінші тоғыз жағалы тон еді. Сол жер сонан бері қарай «Кілем жайған Бопай» атанған. 1845 жылдың күзінде Орынбор жəне Сібір шептері арқылы қысымға алынған Кенесары Қасымов көтерілістің басты ошағы Торғай даласынан Сарысу мен Шу өңіріне көшуге мəжбүр болды. Осы жылы Кенесары Қоқан хандығының қарауындағы Жөлек, Жаңақорғанды жаулап алды, содан соң Ақмешітті қоршауға алды, бірақ оба ауруының шығуына байланысты бұл жерді тастап, Сарысу бойына кетті. Кенесары ханның орыстарға қарсы соғысқа шақыруы Бұқар, Хиуа хандары тарапынан қолдауға ие болды. Бірақ Қоқан хандығының иелігі болып саналатын жерге шабуыл жасауы алғашында Хиуаның, кейіннен Бұқар ханының қарсылығына ұшырады. 1846 жылдың басында Кенесары ханның қолы Жетісуға өтті. Ондағы мақсаты, А. Кенесарыұлының көрсетуінше, атасы Абы лаймен бейбіт келісім түзген Қытайға жақын көшіп келіп, қазақ-қырғыздың басын қосып, Шуды қыстап, Үшалматыны жайлап, Қытаймен де тату тұрып, қоқандықтардан əкесі мен ағаларының құнын талап ету еді [5.14]. Жетісуға жеткен Кенесары ханды орыс отаршылдығына қарсы күрескер ретінде Ұлы жүз қазақтары жылы қарсы алды. Ұлы жүздің Ботбай Тойшыбек, оның ұлы Байсейіт, Саурық, Шапыраш ты Сұраншы, Шапырашты Бұғыбай, Жаныс Шаншар, Албан Атамқұл сияқты батырлары Кенесары қолын бастаған Орта жүз бен Кіші жүздің батырларымен тізе қосты. Кенесарымен бірге Жетісуға Қасым ұрпақтарынан ханның інісі Наурызбай, қарындасы Бопай Қасымқызы, Ержан, Құдайменді Саржанұлдары, Жаһангер Есенгелдіұлы сияқты төрелер жəне Шұбыртпалы Ағыбай, Табын

Бұқарбай, Қыпшақ Иман, оның үлкен ұлы Берделі, Иман батырдың бауырлары Қыпшақ Тауық, Кейкі, Қарауыл, Арғын Əліке, Базар Есбатырұлдары, Тама Танаш, Құрман секілді үш жүзге танымал батырлар келді. Кенесары хан бұлар ға қырғыз батырларын қосып, Арқаға аттанып, жаудың алдын тос сам деп ойлады [6].Сол үшін 1846 жылы ерте көктемде Қалғұты өзенінің бойындағы Қақпатас деген жерге келіп, қырғыздардың қонысына жақын қонған Кенесары қырғыз манаптары Жаңғараш, Жантай, Тінəлі, Төрегелдіге елші жібереді. Елшілер орыстардың қаптаған селдей болып Еділ-Жайықтан, Оралдан өтіп, Сарыарқадағы сансып жатқан қалың қазақты алып, Ертістен Ілеге жақындап қалғанын айта келіп, мал-жаны аралас қазақ-қырғыз бірігейік, бірігіп жауға қарсы көтерілейік, қырғызқазақ біріксек, Ташкент, Қоқан, Самарқан қайда кетер дейсің деген ханның сəлемін жеткізеді. «Бірақ қырғыздың басшылары өзара ақылдаса келіп, бағынудан бас тартты. Абылай ханның өздеріне істегендері əлі естерінен кетпеген еді» деп көрсетті А. Кенесарин. Қазақ ханының ұсынысын аяқсыз қалдырып қана қоймай, қырғыз манаптары əр жерден 30-40 адам аттандырып, Кенесарыға қараған елдің жылқысын ала бастайды. Бұған наразы болған хан алғашында қырғыздарға қарсы Əліке, Базар, Ағыбай мен Бұқарбай батырлар бастаған 1000-дай (кей деректе 3000-дай) жігіттен құралған қолды жібереді. Қазақ батырлары екі топқа бөлініп, қырғыз ауылдарын шабуға кіріседі. Бірінші топ қырғыз ауылдарын таң сəріден сəскеге дейін шауып, малдарын айдап, кері қайтып кетеді де, екінші топ олжаға қызығып, тау арасына ішкерілей еніп кетіп, қырғынға ұшырайды. Кенесары қырғыздар қолынан мерт болғаннан кейін Ресей империясының отарлауына қарсы күрескен Ағыбай мен Бұқарбай батырлар туыпөскен жерлеріне оралып, 1860 жылдарға дейінгі орын алған саяси оқиғаларға қатысты. 1847 жылы патша өкіметі үшін əскери жағынан өте маңызды Райым бекінісінің салынуы, орыс əскерлеріне Қоқан хандығының иелігіне кіруге мүмкіндік берді. Əсіресе, Сыр бойындағы қоқандықтардың ең мықты бекінісі Ақмешітті басып алуға қолайлы жағдай жасалды. Райым бекінісінің маңыздылығы туралы сол кездегі деректерде «Қолайлы кезең туды. Арал теңізіндегі флотилия жəне

Райым бекінісі Ақмешітке қарсы шабуылдайтын негізгі орынға айналды» деп көрсетілді. Ал Қоқан хандығы Ресей империясының Орталық Азияға ентелеп кіруіне орай оған қарсы тұру үшін Сыр бойына Ақмешіт бекінісімен қатар Жаңақорған, Жөлек, Күмісқорған, Шымқор ған, Қосқорған, Дінқорған жəне тағы басқа да бекіністер тізбегін салып, Ақмешіт бекінісін осы бекіністердің орталығына айналдырды. 1849 жылы Сібір казак əскеріне қарасты Милютин мен Батырашкин жəне Ұлытау станциясының казактары Николай Доможиров, Чорим Карабейников жəне Андрей Пономаревтар Тамды өзеніне балық аулауға барған кезде Бұқарбай Естекбайұлының басқаруымен, Байқадамның балалары Сейіл, Сүйіндік бастаған 100 адам оларға шабуыл жасап, Карабейников пен Пономаревты өлтіріп, ал қалған үшеуін тұтқынға алып, оларға тиеселі 267 сомның мүліктерімен қоса Қоқанға алып кетеді [7]. 1852 жылдың 4 наурызында Ақшабұлақта Арал бекінісінің бастығы майор Энгманмен соғыста Бұқарбай батыр жараланады. Сол жылдың күзінде Жаңадария өзеніне қоқандар салған əйгілі Қарабөгетті қол бастап барып бұзады. Өзеннің төменгі жағындағы сусыз қалған елдің тіршілігінің жандануына жағдай жасайды. Қазақ жасақтарын бастап, 1853 жылдың қаңтарында Ақмешітті қоқандардан босату жорығына қатысады. Осы жылдың 24 та мызында Құмсуат маңындағы үлкен шайқасқа қатысып, ерлік көрсетеді. Ақмешіттен айырылған қоқандар жоғарғы жақтағы елдерге маза бермейді. Ақмешіт төңірегіндегі елдерге дүркін-дүркін шабуыл жасаумен болады. Осы жағдайды ескерген Бұқарбай батыр мен оның серіктестері қоқандарды Жөлектен асырып, қуып тастайды. Құм ішінде тарыша шашылған қоқандар бас қамын жасап, бұл аймақтан кетуге мəжбүр болады. 1854 жылы орыс əскерінің жасауылы Карамышов Сыр бойын дағы қазақтың белгілі билері мен құрметті адамдарының от басыларына егін егу үшін тұқымдық дəн береді. Бұқарбай Естекбайұлына 4 қап астық, 4 қап жарма, 26 пұт арпа беріледі. Осындай көмек алғандар қатарында Мөдарал Бекмурзин, Файзолла Жақыпов, старшин Тайпин, Шəді Жаманқарзин, Құлман Бекмурзин, Құйбантер Мажасейітов, Ашот жəне Байғалиндер бар [8].

1860 жылы орыс əскерінің қоқан бекінісі Жөлекті басып алуға көмектескені үшін подполковник сұлтан Елекей Қасымов екінші дəрежелі əулие Станислав орденімен, Есет Төлепов, Сердалы Бекшурин, сұлтан Тоғым Ақанов, Өткелбай Исин, Көлбай Бекмурзин, Тұрсынбай Бүркітбаев, сұлтан Жəнібек Ескендіров, Сейіл Байқадамов, Ұлықбек Таймов, Бұқарбай Естекбаевтарға хорунжий шен дері беріледі [9]. ХІХ ғасырда патша өкіметінің Сыр бойына қарай жылжуына қарсы жергілікті халық көтерілістермен жауап берді. Жалпы алғанда, ХІХ ғасырдың 40-60-жылдарында Сыр бойы на басып кірген Ресей империясына жергілікті халық тарапынан көптеген қарсылық көрсетілді. Сол кезде Сыр бойында Есет Көтібарұлы, Жарас Өтеұлы, Əзберген Мұңайтпасұлы, Жанқожа Нұр мұхамедұлы, Бұқарбай Естекбайұлы сияқты қазақтың ру басшылары бастаған жергілікті халық орыс отаршылдарына қарсы белсенді күрес жүргізді. Пайдаланылған əдебиеттер: 1. Ысмайылов Е. Кенесары – Наурызбай бастаған халық көтерілісі. – Алматы, 1941. ОҒК-ның қолжазбалар қоры. 1328 бума. 2-3 бб. 2. Есенберлин І. Қаһар. – Алматы, 2003. 3. ҚР ОММ, 4-қор, 1-т., 1992-іс, 26-п. 4. Жанқожа батыр туралы // Бабалар сөзі. Тарихи жырлар. Т. 62. – Астана, 2010. 5. Кенесарыұлы А. Кенесары жəне Сыздық сұлтандар. – Алматы, 1992. 6. Махаева А.Ш. Қазақ-қырғыз саяси байланыстарының тарихы (ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы –ХХ ғасырдың бас кезі). 7. ҚРОММ. 383-қ., 1-т., 9-іс, 1-п. 8. ҚРОММ. 383-қ., 1-т., 10-іс, 7-п. 9. ҚРОММ. 383-қ., 1-т., 173-іс, 12-п.

12-105

ТУРАЛЫ

тарихи аңыз-әңгімелер

БҰҚАРБАЙ БАТЫР ƏҢГІМЕСІ Кіші жүз Табын руынан шыққан Бұқарбай батыр Шұбыртпа лы Ағыбай батыр жəне Кенесары, Наурызбаймен көп уақыт жолдас болған екен. Бұқарбай қартаң тартқан шағында бір əңгіме айтыпты. «Мен өзім талай соғыс, қырғын жорықтарда болып жүргенімде батырлығымның бір ісіне өте қатты сүйсіндім. Сырдарияның Шұға беттегі жағында Кенесары бастаған қалың ел орнап жатқан кезі еді. Ол кезде Созақ, Түркістан, Ақмешіт маңында қоқандармен соғысып жүрдік. Батырлар күні-түні ат үстіндеміз. Сыр бойындағы бізге тілектес іргелес ел – қалың Қыпшақ. Қыпшақта бір байдың аты Күреш деген сұлу қызы болды. Сол қызға Ағыбай, Наурызбай, мен – үшеуміз бірден қызықтық. Қызыңды маған бер, маған бер» деп үшеуміз батырлық беделімізді салып сұрасақ та, қыздың əкесінің бізге берген жауабы «Қызымды жалғыз атты жорықшы тентектерге бере алмаймын, жалғыз тұяқ берер қалың малдарың жоқ, нелеріңе қызығамын? Бүгін мұнда, ертең онда кезіп жүрген сендердің артыңа таңып, қанжығаларыңа байлап жіберетін қызым жоқ. Елі сай, жері сай, терезесі тең бір мырза кез келер» деді. Біз үшеуміз де байдың бізді менсінбеген мына қорлығына ыза болып, Кененің алдына келдік. – Ол қызды біреуімізге бұйырыңыз, барып шауып алайық, рұқсат беріңіз, – дедік. Кенекең үшеуміздің сөзімізді тыңдап болды да: – Сендерге ел керек пе, қыз керек пе? Алыстағы жауды алмай, іргелі елді бүлдірейін деп пе едіңдер? Қыз керек болса, барып Созақтың қамалын бұзып, сарттың қызын алыңдар! Мыналарыңа рұқсат жоқ! – деді. Бір күні əскер жаққа жорыққа аттандық. Ағыбай мен Наурызбай бір бөлек, мен Кенесарымен бір бөлек кеттім. Бір-екі күннен соң ауылға оралып келдік, Ағыбай мен Наурызбай əлі қайтқан жоқ

екен. Астыма мінгенім 200 қойға сатып алған күрең тұлпар еді. Өз ауылыма келе жатқанда ауыл шулап қоя берді: – Күрештің ауылын таңертең ертемен қоқандар шауып кетті, – деді. Сонан не болғанымды өзім де білмеймін, көзіме қан толып, түгім түлеп сыртқа шығып «Олар қалай кетті?» деп сұрай бердім. – Жаулар Ташкент жаққа беттеп кетті, – деді. Бір аяқ сусынды жұта салып, Кенекеңнен рұқсат сұрамастан жау-жарағымды асынып, Ташкент жаққа шу деп тартып кеттім. Найзамды аспанға үйіріп құйғытып келем. Түн ортасы ауған мезгілде əн салып шуылдаған көптің сары нан естідім. Кешікпей-ақ қалың қолдың артынан келіп жеттім. Топ-топ болып əн салып, таланған мал-мүлікті артып, жаулар кетіп барады. Менімен бірде-бірінің жұмысы болған жоқ. Күреш көрінер ме екен деп қабырғалап шауып келем. Ілезде таң да ағарып атып қалды. Талай байлаулы, матаулы сұлуларды көрдім. Бірақ Күреш көзіме түскен жоқ. Бір мезгілде алдыңғы топқа келіп жеттім. Жетсем, түйеге мінген екі əйел кетіп бара жатыр екен. Сыртынан байқасам, Күреш секілді. Жүгіріп жанына жетіп келдім де: – Сен Күрешпісің? – дедім. Жылап бара жатыр екен, а деп бе тін ашып алды. Бетін ашып қалған кезде «мін артыма» деп жауырыннан алып, ап деп артыма салып жібердім. Түйе жетектеген кісі тұра ұмтылып еді, кеудеден найзамен бір-ақ іліп тастадым. Шүу деп кейін жөнелдім. Сонда сарттар да менің жау екенімді біліп, шуылдасып қалды. Бұл кезде мен бірталай жерге ұзап кеттім. Қыз айтты: – Батыр, жау жабылып артымыздан қуып келеді, – деді. Мен: – Көңіліңді тайғызба, таянғанда айт, – дедім. Жау таянып келгенде қыз айтты: – Бір тарлан атты келіп қалды, – деді. Қызды аттан түсірдім де, жауға қарсы мен де шаптым, о да шапты, екеуміз де қайтқанымыз жоқ. Найзаны ол да салды, мен де салдым. Найзасын аспанға бір қағып жіберіп, шұрқылтайдан көк семсермен дəлдеп тұрып періп қалдым. Қорқырап барып жығылды. Тарлан атты жүгіртіп барып шылбырын іліп алып, қызды жерден көтеріп алып атқа тастап жібердім. Екеуміз желіп жүріп кеттік. Артымыздан шапқан жау ту ұстаған батыры өлген соң барлығы да сол жерде ұйлығып тұрып қалды. Сұлулығына қанша сұқтанып жүрсем де, жолшыбай қызға

бір ауыз сөз айтқаным жоқ. Жүріп отырып ертең түсте қыздың
əкесінің үйіне келдік.
Қызынан айырылып еңіреген шешесі айтты:

– Қарағым-ай, осы еңбегіңді ұмытпаспын, – деді. Қызды үйіне

тастап ауылыма жүріп кеттім. Ағыбай мен Наурызбай қызды бо-
сатып əкелгенімді естігенде:

– Ту, сен батыр емес екенсің ғой, қызды мұнда неге əкелмедің? –

деп өкінді. Мен:

– Бірінші, əкесінен рұқсат жоқ, екінші, Кенекеңнен рұқсат жоқ, –

дедім.
Арада бірнеше күн өтті. Науан мен Ағыбайдан гөрі қыз маған
тəн сияқты болып қалды, олар енді менімен таласа қоймады, тек
жалынып сауға сұрай бастады. Бірақ мен өлсем де, қызды оларға

қиярмын ба? Мен бір күні қыздың үйіне барып, əкесінен балаңды бер
деп едім, жау талап малым азайып қалды, дəулетім шайқалды, қолың
ұзын ғой, матап қырық жетінің малын тауып əкеп бер де, қызды ала
бер деді. Жалғыз қарам жоқ, не бермекпін? Бөгеліп қалып, не айтар

екен деп қызға қарадым. Қыз орнынан ұшып тұра келіп айтты:

– Əке, мен Бұқарбай болмаса, сарттың бір бегіне күң болып

кетпекші емес пе едім? Бұқарбайдың еңбегі менің бір қара басыма
татитын болды ғой. Енді Бұқарбайдан басқа ешкімге бармаймын, –
деді. Қыздың шешесі де:

– Балаңның бақытына жаралған батырға жалғыз қызыңды бер-

мей қайтесің? – деп қостады. Бай ақыры көніп:

– Ал, балам, қадалған жеріңнен айрылғың келмей тұр ғой, – деп

ризалығын білдірді.
Қызды киіндіріп, бір жорға атқа мінгізіп, үйіме алып келдім.
Өзіміздің батырларды жинап, үлкен той жасадым. Тойға Кенекең
бас болып, Науан, Ағыбай тағы басқа батырлар бəрі қатынасты. Сол

алған əйелім сұлу, өзі ақылды болды. Бұл əйелімнен екі ұл туды.
Батырлығыма бір сүйсінгенім, міне, осы Күреш сұлуды жаудан
тартып алған ерлігім болды», – депті Бұқарбай.
Орталық ғылыми кітапхананың

сирек қолжазбалар қорынан алынды,
№ 1331 бума

НАУРЫЗБАЙ МЕН БҰҚАРБАЙ Наурызбай Бұқарбаймен күресіп, кезектесіп сілтесуге кезегін Бұқарбайға береді. Бұқарбай қыл шылбырды беліне қос қабаттан салып тартқанда Наурызбайдың табанын қозғалта алмаған екен дейді. Кезек Наурызбайға келіп, ол Бұқарбайды қос шылбырмен тарт қанда шылбыр үзіліп кеткен екен. Сонда Бұқарбай: «Жетті енді, сенің күшіңнің басым екендігі айқын болды», – депті. Орталық ғылыми кітапхананың сирек қолжазбалар қорынан алынды, № 1331 бума Қазалы ауданына қарасты Жаңарық ауылсоветінің пред седателі Меңдібаев Баспан. Жасым алпыс үште. 22 жасымда Табын руынан шыққан Бұқарбай батырға жолығып, сөйлесіп едім. Ақ сақалды, тапал, сары кісі екен. «Ақсақал, қырғыз бенен Кенесары, Наурызбайдың соғысына барғаныңызды айтсаңыз, біз де өзімізден кейінгі ұрпаққа айтар едік» дедім. Сондағы Бұқарбай батырдың айтқан əңгімесі. «Менің əкем орта шаруа. Қоймінезділеу жуас адам еді. Мен өзім жалғыз бала болдым. Əкем жалғыз балама елдегі жоқ сұлу əперем деп, сұлу қыз іздеді. Он үш жасымда он жеті жастағы Шынар сұлуды алып берді. Ауылым Қызылжыңғылда отырған кезде Кенесарының көп əскермен қырғызға кетіп бара жатқандығын естідім. Мен де соларға қосылып, қырғызға бірге аттандық. Наурызбай төре менімен жасты болып шықты. Сары су самса деген қырғыздың өзеніне бардық. Ұлы жүз Байзақ батырдың басшылығымен қырғыз батыры Қанайұлы Кəрібозды шақыртып алып, қырғыздың Қоқилы деген көлін сұрадық. Ол Қоқилыны тек ұрыста жеңілсем ғана беремін деп, көлді беруден бас тартты. Қырғыздың арғы жағалауындағы Көктөбет ханға елші жібердік. Елшінің бастығы қырғыз Бұғыбай, Кенесары ханның інісі Ержан төре т.б. Ержанды қырғыздар өлтіреді, басқалары да аман қалмайды, Бұғыбай қырғыз өзі қашып келді. Мұны Кенесары мен Наурызбай естігенде Кенесары үш отырып, үш тұрды. Жолдастар, я өлейік, я қалайық, қырғызға шабуылға шы-

ғайық деп Кене хан айқай салды. Сонымен Қоқилы көлін жайлап
отырған егінші қырғыздарды шауып, оларды бағындырдық. Кене
хан бұл жорықта əділ болған жоқ. Қырғыздың қоқиланған қыздарын
қос-қостан таратып, бөліп берді. Сонымен біздің 2500-дей адам

қырғыздың жылқыларын айдап, бие байлап, қымыз ішіп, қыз құшып
ойын-күлкімен жата бердік.
Қырғыздың халқы тау жайлауына қашып кетті. Кейін бітісейік
деп Кене ханға елші жіберді. Кенесары бітіспеймін деп, елшінің

мінген аттарын байтал секілдендіріп, күзеп жіберді. Осыдан кейін
қырғыздың Кəрібоз батыры бастаған қол келіп Қызыл су самса деген
жерде соғыс болды. Қырғызға ештеңе қыла алмадық, олармен алты
жыл ұдайы соғыстық. Кенесары мен Наурызбай қолға түсіп қалды.

Басқамыз елімізге қайттық.
Сол ұрыста Қарасақал руынан шыққан Жетекбаев Үргенішбай,
Шекті руынан Еспембет жырау, Төре Доғалақ жыраулар болды».
Орталық ғылыми кітапхананың

сирек қолжазбалар қорынан алынды,
№ 1338 бума

БҰҚАРБАЙДЫҢ КЕНЕ ХАНҒА ҚОСЫЛУЫ ХІХ ғасырдың қырқыншы жылдарының соңында бір жағынан қоқан, екінші жағынан орыстардан қыспақ көрген Сыр өңірі халықтарынан тыныштық кеткен болатын. Оның бер жағында ру, тайпааралық қақтығыстар ел бірлігіне кері əсерін тигізуде еді. Осындай жағдайдан шығу мақсатында алдағы азаттық көтерілісті мақсат еткен Бұқарбай Ақтөбе аймағында түркімендермен соғысып жатқан аға сұлтан Жанболат бастаған қалың табындарға барып қосылады. Бұл Кенесары хан жасақтарының Арқа бойынан ығысып, Ырғыз бойына келіп жатқан кезі болатын. Үнемі еркін күші тасып, соңын дау-дамайға түсіріп жүретін Наурызбай осы маңдағы бір ауылды шауып, малын айдатып жіберіп, өзі той-думандатып жатады. Наурызбайдың бұл озбырлығына шыдамаған Бұқарбай Наурызбаймен ұстасып текетіреске дейін барады. Осы текетіресте Жан болаттың інісі Ерболат қаза болады. Араға екі жақтың да бітімгершілері түсіп, өлгендердің құнын төлетіп басылады. «Ер шекіспей бітіспейді» дегендей, күштері мен деңгейлері қатарлас екі батыр Наурызбай мен Бұқарбай құрдас болып, достасып кетеді. Наурызбай Бұқарбайды ағасы Кенесарыға апарып таныстырады. Сенімге ие болған Бұқарбай Кенесарының сенімді серігі, бас батыр-сардары болып, жорық жолдарында бірге болады. Ертеректегі көнекөз қариялардың айтуынша Кене хан Сыр бойының орта ағысындағы біздің елге екінші келуі 1846 жыл болған деседі. Бұл уақыт Кенесары ханның Арқа бойындағы орыстардан жеңіліп, əскерлермен көшіп-қонып жүрген кезі болатын. Халықтың жағдайы да нашарлап, ру-тайпа батырларының арасында қо балжулықтың етек алып тұрған кезі еді. Жағдайды өзгертіп, бастаған ісіне жаңаша бетбұрыс жасау мақсатында Кене хан Сыр бойы халықтарынан жасақ жинап, ел ағаларын өз жағына тартып көмектесуді сұрайды. Ол кездері бұл аймақ орыстардың ықпалындағы Нұралы ханның билігінде болғандықтан, жағдайды ушықтырып алмау үшін Байқадам батыр бастаған ел ағаларынан Кене ханның ойы қолдау таппаған. Тама Өмірбай шешен Кене ханға бұл жақтан бейбіт жолмен кетуін талап етеді.

Жағдай осылай болғандықтан, Кене хан ұзақ жыл жорықтарда
бірге болған осы өңірдің сенімді жігіттері жорық жырауы Ке рейт
Нысанбай, Меңлі, Табын Бұқарбай, Қабан батырлармен Сыр да-
рияның жоғарғы ағысын бойлап, оңтүстікке Жетісу, Шу бойына

жылжыған. Кене ханның осы бір жорығын сипаттаған жазбаларда
қалың қолы жергілікті халықты дүрбелеңге түсірмеу үшін елді-
мекендердің үстінен түнде жүріп өтіп отырған. Ал күндіз сарбаздар
ат бауырына жатып, бой тасалап, көліктері айдауда кетіп бара

жатқан жылқылардай көрінген.

БҰҚАРБАЙ БАТЫР МЕН ҚАРАБЕСБАЙ Біздің бала кезімізде үлкен кісілер бас қосқан салиқалы отырыстарда əңгімелердің арқауы ел аузында қалған шешен, би, ба тырлар жайлы əңгіме шертіп, бірін-бірі толықтырып отыратын. Кейде бұл əңгімелер қыстың ұзақ түніне дейін созылатын. Біз де қызығып тындайтынбыз. Сондай қызықты əңгімелердің бірі, Бұ қарбай мен Бесбайдың жекпе-жегі болатын. Жүндеуге көмбіс біздерге өткен ғасырларда кімдер жау болмаған? Жоңғар, қалмақ, хиуа, қоқан, орыстарды айтпағанда, малын бағып, айран-шалабымен күн көріп жүрген қазақтарды қарақалпақтар да шауып үстемдігін жүргізді. Алып денелі, аламан күштің иесі қарақалпақ Қарабесбай Қызылқұм өңіріндегі елді шауып, Жаңадария бойына шығып, осы маңайдағы Кете, Шөмекей елдерін жаулап алады. Жаңадария бойында жанға сая жерге отауын тігіп, жастықтың қызық думанын көрген Бесбай берсе жолынан, бермесе қолынан деп сол ауылдың қыз-келіншектеріне қырғидай тиген. Дəніккен Қарабесбайдың жігіттері Бұқарбай батырға жақын ағайындардың көп жылқыларын барымталап айдап кетеді. Бұл хабар батырға жетеді. Ол кездері Бұқарбай бес қаруын төріне іліп қойып, тыныштық өмірді бастаған кезі екен. Небір шайқастарды басынан өткізген батыр намыстанып, сенімді жігіттермен төменгі жаққа шағын қолмен Қа рабес байдың еліне аттанады. Бесбайдың жатағына жақындап төңіректі бақылап, түнейді де, сəскеде жылқылардың суға құлайтын кезін аңдып отырады. Тамыз айы болса керек, түнімен жайылған жылқыларды бір топ жігіттер суға айдап келгенде өзіне-өзі сия алмай, жауға шапқанда бетіндегі шоқ түктері тікірейіп, қайратына мінген батыр «Əкең Бұқарбай мен боламын» деп жылқыларды қуа жөнеледі. Төбелерінен жай түскендей болған жылқышы жігіттер «Еруліге қарулы» дегендей қарсы шабады. Бұқарбай бекерге қантөгіске бармайын деп, «Жігіттер, мен əкең Бұқарбай» деп жауға қарсыласқанда батырдың аруағына сиынып, қайрат алатын ұранын əуелі айқайлап ескертеді, қарулы жігіттер де батырмен айқаса кете ді. «Ұрыста тұрыс жоқ» дегендей, екі-үш жігіт түсіп қалады. Сонда ға на барып Бұқарбай екеніне көздері жетіп, кейін қарай қаша жөнеледі.

Ел жаққа жылқыларын қудырып жіберген Бұқарбай батыр төбенің басына шауып шығып «Əкең Бұқарбай келді» деп батырдың тұрғанын көрсетеді. Жойқын күштің иесі жас батыр Қарабесбай, «Осы өңірге келгенде, құдайым, мені Бұқарбаймен жолықтыр» деп ай қайлайды екен. Əр кезде де белдеуде дайын тұрған, талай жорықтарда сенімді серігі болған көк арғымағына міне сала найзасын қолына алып, Қарабесбай батырға қарсы тура шабады. Осы сəттерді күтіп тұрған Бұқарбай да атының басын жібереді. Бұқарбай Бесбайдың көкірекке туралап келе жатқан найзасын қағып жіберіп, бойына дарытпай өте шығады. Бесбайдың қолының күші қорғасындай екенін Бұқар бай біледі. Енді не де болса, Наурызбайдың найзаласуындағы əдісін қолданбақшы болды. Екі батыр ат бастарын бұрып, бір-біріне қарсы шабады. Алласына сиынған Бұқарбай аттың басын еркіне жіберіп, сол қолын кеудесіне көлегейлеп, қарсы келе жатқан ажал-найзаны бар күшімен қағып жіберіп, Бесбайдың жүрек тұсынан найзасын салып өтеді. Бұқарбай кейіннен айтыпты дейді, «Бесбайдың қолының күштілігі сондай, көкірегіме дейін келе жатқан найзаны кеңірдегіме дейін ғана көтердім деген екен. Екі батыр да аттан түсіп қалады. Бесбай сол жерде жан тапсырады. Бұқарбай есінен танып құлайды. Батырдың да жарақаты да ауыр болады. Ес-түссіз өлім мен өмірдің арасында жатады. Аймақтың молда-балгерлері жиналып, бар білгендерін жасайды. Найзаның уланған ұшын алу қиынға соғып, амал-айлалары таусылады, батыр жүрегінің күштілігімен жатады. Найзаның ұңғысын алуға ешкімнің жүрегі даумайды. Осы жағдайды біліп жатқан батыр қасындағыларға «Ағайын, «Жұмыр басқа бір өлім» дегендей, сендер бəріне дайын болыңдар деп ескертіп, – бұл істі өзім бастаған едім, өзім аяқтайын» деп, жан серігі болған бурыл көктің қыл шылбырын найзаның ұңғысына байлап беріңдер дейді. Айтқаны орындалған батыр, шылбырдың бір ұшын үлкен башпайына орап жіберіп бар күшімен шылбырды теуіп жібергенде, найзаның өңештен кеңірдек арасындағы ұшы қанды іріңдерімен атып шығады. Өзі есінен танып, бір тəулік жатып есін жинайды. Жарақат асқынып, өңеш пен кеңірдек ісіп, тамақ ішуден қалып, əлсіреп өліп қалу қаупіне келеді. Батырдың жағдайынан ел хабардар

болып отырады. Осындай күндердің бірінде жақсы көретін жеңгесі батырдың сыбағасы деп жал-жая, қазы-қарта тамағын асып əкеледі. Жеңгесі «Ау, батыр, жағдайың қалай? Сені аш жатыр деген соң сыбағаңды алып келдім. Қане, басыңды көтер, бас-аяғың аман, денең бүтін, бір жиденің тікені кірді деп өзіңді, бізді абыржыттың ғой. Ал мына еттен» деп батырдың намысын оятады. «Өз қолыммен берейін» деп, тайлақтың тобығын қазыға орап, «Қане, жұт!» деп əмір береді. Намысқа тырысқан батыр тəуекел деп жұтып жібереді. Сол кезде тобық тыныс жолы мен жұтқыншақты бітеп тұрған қанды іріңді бұрқ еткізеді, өңеш жолы ашылып, сонан соң батыр аяғынан тік тұрып кетеді. Сол жарақаттан желке тұсынан шор пайда болыпты.

БҰҚАРБАЙ БАТЫРДЫҢ ЕКІ ҚОРҚЫНЫШЫ Бұқарбай батырдың замандастары «Батыр, қорыққан уақыттарыңыз болды ма?» деп сұрағанда, «Ой, шырақтарым-ай, жаны бар пенде қорықпаушы ма еді?» деп, екі қорқынышы туралы айтып берген екен. «Маған Кенесарының ықыласы ауғаны Наурызбайға ұнамай жүрді. Ол кімді болса да өзінен бір саты төмен жүруді қалайтын. Кей де менің намысыма тиетін ауыр сөздерді айтқанымен, мен бəрін ақылға жеңдіріп жүрдім. «Ерден ер сескенеді» дегендей, мен де Наурызбайдың пиғы лын біліп, сақтанып, сақ жүрдім. Жат жер, аумалы-төкпелі, ертең не боларыңды болжай алмайтын заман, өліп кетсең сұрау жоқ. Өзіңе өзің ғана сенесің. Наурызбай алапат күштің иесі, қолының қаруы қорғасындай еді. Ат үстінде еркін қимылдайтын, ат тізгінін еркін жіберіп, ұрыста екі қолындағы қаруды көз ілеспей еркін жұмсай тын. Бір жаттығуда Наурызбай мені жекпе-жекке шақырды. Шарты соғыс жағдайындағыдай, күштіміз бір-бірімізді аттан түсіріп кету болды. Мен шартын қабыл алдым. Қасындағылар сапқа тұрып бақылауда. Белгіленген жерден аттың басын жібердік. Мен де бір құдайға сиынып, найзамды көкірегіне тураладым. Ол да аянбай най засын көкірегіме туралап келеді екен. Сол қолымды көкірегіме көлегейлеп, тура келе жатқан найзаны қағып жібердім де, оң қолымдағы найзамен басындағы дулығасын жерге түсіріп кеттім. Екеуміз аттың басын қайырып, қарусыз қайта шаптық. Ол өзінің ісіне есеп берген болу керек. Мені ат үстінен құшақтап, арқамнан қақты. Міне, осы кезде бір сескенген едім. Жас, жорықтарда шыңдалып, бетіме жан қаратпай жүрген кезім. Ұзақ ұрыс-жорықтардан кейін көңл көтереміз. Жастар жағы ойынсауық құрады. Осындай кештерде Кенесары хан мен Наурызбайдың көркіне ақылы сай жорық батыры Бопай ханшайым көңіл көтеру үшін ордасына шақырды. Бұрында да замандас ретінде ойнап-күліп, əзіл-қалжыңымыз жарасып жүретін. Ол маған кет əрі емес еді. Айтқан уақытында отауына бардым. Жақсы қабылдады.

Қарындасының бұл ісін біліп, аңдып жүрген Наурызбай есік-
ті ашпай «Бұқарбай, шық бері, Бопай, көрсетем мен саған!» деп
айғайға басты. Наурызбайдың алған бетінен қайтпайтындығын
жақ сы білетін мен қапы кетпейін, Бопайға зиян келмесін деп қы-

лышымды суырып есікке беттедім. Менің іс-əрекетімнің немен
аяқталарын білген ақылды Бопай «Науша, сен небір қазақтың сұлу,
сылқым қыздарын құштың ғой, маған қазақтың бір жігітін қимадың
ба? Батыр осында, менің қарамағымда, шақыруыңа бармайды»

дегенде Наурызбай «Тіліңе шоқ түссін!» деп жөніне кете берді. Бұл
екінші рет сескенгенім болды» деген екен.

БҰҚАРБАЙ БАТЫРДЫҢ ӨКІНІШІ

Жаугершіліктен соң елдегі бейбіт тірлікпен жүрген Бұқарбай
батырдан замандастары, іні-ағалары ат үстінде жүрген кезіңізде
қандай өкінішіңіз болды деп сұрақ қойғанда мынадай өкініші тура-
лы айтады екен.

Кенесары хан мен қырғыздар бейбіт өмір сүруге сөз байласып,
келісімге келгеннен кейін қырғыздың би-манаптары Кенесары ны
шақырды. Кене қасына сөз сөйлейтін би-шешендерін ертіп, бейбіт
мақсатпен қырғыздарға кетті.

Бұл Ақ патшаның Кенені «бүлікші» деп жариялап, ұстап басын
алып бергендерге қомақты алтын сыйлайтыны туралы жарлығы
шыққан кезі болатын. Кене хан қырғыздардың орыстармен «ауыз
жаласып» кетуінен қауіптенгендіктен болар, Наурызбай екеумізге

қалай да сақ болу қажеттігін тапсырды. Шынында, алтынға қызыққан
қырғыздың бай-манаптары осы бір қолайлы жағдайды пайдаланып,
арам ойларын жүзеге асыруды жоспарлайды. Бірақ Кенесарыға
қастандық жасауға Наурызбайдан қорқып, батыл шешім қабылдай

алмай, қайту мерзімі аяқталса да олар Кенесарыны жібермей, ойын-
сауық ұйымдастырып, уақытты оздыра береді.
Кененің бір нəрсеге ұшырағанын сезген Наурызбай маған: «Бір-
ге туған бірге өледі» деген. Ағам олардың қолынан мерт болды,

бұдан əрі шыдай алмаймын, ұрыс саламын. Күзеттерін бұзып,
Кенесары отырған ордаға барып, бауырымды босатамын», – деді.

– Науша, мен сенімен бірге барамын, сені жалғыз жібермеймін,

не болса да бірге көреміз, – дегенімде:

– Жоқ, Бұқар батырым, сен аман болып еліңе жет. Алланың

бер ген жарық дүниесін көруің керек. Мен өлімге бауырым үшін
басымды тігіп кетіп барамын. Қош бол, батырым, замандасым.
Бұл дүниеде кездеспесек, о дүниеде кездесеміз, мен күн бата ұрыс
саламын. Ұраным – «Əкең Наурызбай». Естіп хабардар болып тұ-

рыңдар, үнім өшкенде мен де жарық дүниемен қоштасамын, – деп
аттанып кетті.

Біздер Наурызбайдың өктем даусын естіп, Аллаға сиынып тұр-
дық. Даусы ұзаған сайын əлсірей бастады, таң алдында даусы
тоқтады. Жаздың қысқы таңы тау жақтан арқан биік көтерілгенде,
біз де жиналып жатқанымызда қоршауда қалғанымызды білдік, біз-

дерге қарсы айыр қалпақтылар жол көрсетіп қалың əскерді əкеле жа-
тыр екен.
Ұрыс салып келе жатқан Наурызбай екенін білген бай-манаптар
оны тірі ұстауға күш салады. Бірнеше жүздеген қарулы жігіттер

жабылып арқан тастап орап байлап, отауда отырған Кенесарының
қасына алып келеді.
Күтпеген оқиғаны көрген Кене:

– Наурыз-ай, не істегенсің?! Бір күн шыдағаныңда сенен

қорқып, мені босатпақшы болып отыр еді. Енді екеумізді де
жайратады, – деп өкінгеннен бармағын шайнап жіберіпті.
Патшаның алтын сыйлығына қызыққан манаптар Кенесары-
ның басын шауып алып, қарулы күзетпен генерал-губернаторға

жөнелтеді. Ал Наурызбайды өлтіріп, ішін жарып көреді. Батыр-
лығының аңызына айналған Наурызбайдың жүрегіндегі бір шоқ түк
жү регін жарып, көкірегінен шығып тұратын болған.
Соған көздері жеткен айыр қалпақтылар жүрегінің түгі бар деген

осы екен-ау деп таңғалыпты.

ХАН КЕНЕНІҢ КӨК БУРАСЫ

Кенесары ханның құты мен киесі атанған көк бурасы болыпты.
Ол үнемі хан ордасының төңірегінде жайылып жүріп, ханға келуші,
ниеті бұзық адамдарды жібермей шайнап тастайтын болған. Шай-
налып, жапа шеккен адамнан құн сұралмаған.

Бұқарбай батыр жорықтан оралып, ханға болған жағдайды айтуға
келе жатқанда көк бура басын жерге салып, көбігін шашып, айбат
көрсетіп, жолын кесіп жібермейді. Жаудан жүрегі қайтпаған батыр
ашуланып, шоқпармен басынан ұрып, бураны құлатады.

Мұны естіген Наурызбай ашуға мініп, көк бураны өлтірді, неге
бізді басынады деп ағасы хан Кенеге барып, Бұқарбай батырдан
өш алмақшы болады. Сонда хан: «Науанжан, сабыр ет! Қанша сен
мақтағанмен көк бураның сырты түк, іші боқ. Малға бола Бұқар-

баймен шатаспа! Түбі сол батыр бізбен ахиретке дейін баратын
болады», – деген екен.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Рысбай
Каримовтың материалдарынан алынды

13-105

БАТЫРДЫҢ ӨЗІНЕ ҰҚСАЙТЫН ҰЛДАРЫ Туабітті турашылдығымен, жүректілігімен ерекшеленсе де өз елінің сұлтандарына сыймаған Орақ есімді адайлық ақын ақыры Бұқарбай батырдың жасағына келіп қосылады. Батыр бабамызға əлгінің өліспей беріспейтін өжеттігі, алмас қылыштай өткір жырлары, аңғарымпаздығы қатты ұнап, астына жараулы сəйгүлік мінгізіп, қолына қару-жарақ ұстатады. Бір отырыс үстінде əлгі мейман: – Батыр аға, өзіңізге тартып туған 4 ұлыңыз бар екен. Рұқсат етсеңіз, жеке-жеке тарқатып берсем қайтеді, – депті. – Ə, рұқсат, рұқсат, бірақ менің көңіліме қарап, күлтектемей тура айтқайсың, – дейді батыр. – Арыстаныңыз тіл-көзден аман болса, өзіңіздің орныңызды басары ақиқат. Үстіне қанша жүк артсаңыз да қайысуды білмейтін қара нар іспетті. Талпағыңыз оққағары бар біртума жан екен. Ал Көтібарыңыз болса, төбенің басына шығарып, төрелік айттырып қоюға лайықты жігіттің сұлтаны болғалы тұр ғой. Қыран бүркіттің қия шыңды мекендейтін Мырзақара деген киелі тұқымы болады. Алданазар есімді мынау ұлыңыз сол тектес-ау деп түйдім. Өйткені Мырзақара ешкімге сыр алдырмайтын, аса сабырлы, барынша сезімтал, ақылды құс. Тілділігі де өзіңізге тартқан сыңайлы, – дегенге ұқсайды. Арада көп жылдар өткен соң батыр бабамыз: – Апырмай, «Ел аралаған сыншы болады» деуші еді бізден бұрынғылар. Сол рас екен ғой. Əлгі ақынның балаларыма берген бағасы шындыққа айналған сыңайлы. Батырлығын таныта алмай, сұқ көздің құрбаны боп Арыстаным өмірден ерте кетті ғой, əйтпесе сол балам орнымды басады деп жүр едім. Қайтейін, барына қанағат етемін де, – деген екен. Ал батыр бабамыздың Көтібар есімді ортаншы ұлы Арқа өңірінде 30 жыл болыстық құрып, ел билеген көрінеді. Алданазары – əрі батыр, əрі би болып, Кіші жүзге түгел танылған біртуар тұлға. Өмірден ертерек өткен Қайырлап та əке тұрпаттас ірі, ержүрек, табанды, турашыл болған-ды дегенді айтады көнекөз қариялар.

ӨМІРБАЙ ШЕШЕНГЕ АРҒЫМАҚ СЫЙЛАУЫ

Кіші жүз, Жетіру, оның ішінде Тама жұртының атақты биі
Өмірбай шешен өзімен үзеңгілес, сыйлас батыр інісінің ауылына
келіп түседі. Мұндағылар биді құрақ ұшып қарсы алып, барлық
жағдайын жасайды. Бірер аптадан соң еліне қайтарда батыр інісі

Өмекеңнің шаруасын сұрайды.

– Бөтен шаруам жоқ, шырағым, жас болса ұлғайып қалды,

көзімнің тірісінде өзіңді көріп, дидарласқаным ғой. Сосынғы ша-
руам – аттың майын сұраған. Сексен деген жасыңыз құрулы тұрған
тор екен. Мініп-түсер көнтулақтың жоқтығы бұл жалғанның қоры
екен. Көз – кіреуке, көңіл пəс – кəрілік деген сор екен. Шынымды

айтсам, қарға адым жер арман боп тұр – алдым қазылған ор екен, –
деп тақпақтай жөнейді.
Атқосшыларының биге мінгізер аты ұнамай, ағасынан кешірім
сұрап, дереу алмастыруға тəртіп беріпті. Сонда Өмекең жұмсақ

жымиып:

– Уа, батыр інім, оқасы жоқ. Кəрі болса, замандасы жауыр болса,

тоқым сап, амалдасын деген шығар, батыр інісі ұсынған соң қалайша
оны олқысынып, жамандасын десе керек.
Өмекең сол сапар Бұқарбайдың мəрттігі мен мырзалығына,
үлкенге деген ізеттілігі мен инабаттылығына қатты риза болып, бір

жасап қалады. Меккенің жүзін көргендей керемет сезімде болып,
ақ батасын беріп аттанады ауылына. Батыр інісі сыйға тартқан сол
сəйгүлік Өмекең қашан дүниеден өткенше сенімді серігі болған
деседі.

БАТЫР ЖƏНЕ ҚАЛЖАН АХУН Ес біліп, етек жапқалы жаумен жұлқысып, үнемі ат үстінде, жорық жолында жүргендіктен батыр бабамыз діни білімнен қағажулау қалып қойса керек. «Ештен кеш жақсы» дегендей, сол өткен өкініштің орнын Қалжан ахун сынды ғұламалардың көмегімен толықтырғанға ұқсайды. Бірде дастарқан басында батыр бабамыз: – Қалжан қалқам, атам қазақ «Тоқты асығы демеңіз, қолыңа жақса сақа ғой, жасы кіші демеңіз, ақылы асса аға ғой» деген екен. Сол айтқандай жас болсаң да, дүйім елге бас болып жүрген ұлықсың ғой. Бұл ант атқыр айқаста, кескілескен шайқаста қан да төгіледі, адам да жазым болады ғой. Ашу қысқан сəтте қызбалығымыз да болған шығар. Бірақ имандай бір шындық – жазықсыз жандарды жазғырып, бейкүнə пенденің обалына қалған жоқ едім. Тарыдай бытырап жатқан ел-халқымның басын ұйыстырып, отырықшылыққа бейімдеп жатқан жайым бар. Қанша жасарымызды да бір құдайдың өзі біледі ғой. Қайдан білейін, егер күнəм болар болса, соған кешірім болар ма екен? – депті. – Мұның төрелігін айтуды жаратушы иеміздің еншісіне қалдырғанымыз жөн болар, тақсыр. Десе де елін-жұртын жаудан қорғау жолында мерт болғандардың жаны жəннатта болуы тиіс. Оларды шейіт деп атайды. Басын өлімге байлап, ел қорғаны болған сіздің де əлгілердің қатарында болуыңыз ғажап емес, – десе керек Қалжан ахун. Батыр ағасы дүние салар алдында басы-қасында болып, жеңілдігін айтқан да, жаназасын шығарған да осы Қалжан ахун көрінеді. Батырдың намазына үш жүздің игі жақсылары түгел шақырылып, 100 қаралы үй тігіледі. Сапқа тұрғандарды тіптен санап үлгіре алмаса керек қызмет етушілер. Батыр ағасын құтты жеріне жайғастырып келген соң Қалжан ахун дастарқан басында: – Алла нəсіп қылса, батырдың жайы жəннатта болады. Оған еш күмəн жоқ. Намазға жиналған осыншама халық ол кісінінің зəредей күнəсіне дейін мысқалдап бөліп əкетті ғой депті.

МАҒЫНАЛЫ ҒҰМЫР КЕШКЕНГЕ НЕ ЖЕТСІН Бұқарбай батыр Алданазар есімді ұлы билікке араласқанша елхалқының іргесін ыдыратпай, ынтымақ-бірлігін сақтап, абыройбеделін асырып отырған көрінеді. Замандастары, қаруластары, соңынан ерген бауырлары Бұқарбай батырмен табақтас болып, əсерлі əңгімесін тыңдаудың өзін бір-бір жасқа балаған сыңайлы. Батыр бабамыз 80-ге толған шағында Шортанбай би есімді сыйлас інісі сəлем бере келіп: – Уа, батыр аға, сексеннің сеңгіріне шыққаныңыз құтты болсын. Қанша жасайтыныңыз бір Алланың құзырында ғой. Десе де, арамыз да осы абыздық қалпыңызбен жүре тұрғаныңызды мақұл көрер едік. Өйткені сіз алты Алашқа мəшһүр адамсыз. Сіздің осылайша төрде төбедей болып, төрелік айтып отырғаныңыздың өзі неге тұрады. Кезінде билердің биі атанған Əнет бабамызға Əйтеке би «Əнет аға, сіз 60 жастан ауыздығымен алысқан арғымақтай арындап өттіңіз. Алқынған жоқсыз. 70 жаста желкенін көтерген кемедей күй кештіңіз, өмір айдынында еркін жүздіңіз, шайқалған жоқсыз. 80 жасқа да саржеліп, өте сергек жеттіңіз. Баяғы сол қалпыңыз, баяғы сол сырбаздығыңыз. Енді алдыңызда сізді жұп-жұмсақ торқалы тоқсан күтіп тұр. Алла сізге соны да көруді нəсіп етсін» десе керек. Сонда батыр бабамыз: – Алла разы болсын, шырағым, өзің білесің, саналы ғұмырымның тең жартысына жуығын оқ пен оттың, өмір мен өлімнің ортасында өткізген жанмын. Содан тірі қалып, орталарыңда отырғанымның өзі мол олжа емес пе? Аз жасадым деп отырғаным жоқ, бəріне де мың мəрте тəуба. Алла аманатын қазір алса да, мен əзірмін. Көп жасау шарт емес, адам болып өмірге келген соң мəнді, мағыналы ғұмыр кешкен лəзім ғой, – деп жауап берсе керек.

БҰҚАРБАЙ МЕН МЕҢЛІНІҢ ДОСТЫҒЫ

Кіші жүздің Жетіруынан тарайтын Табын жəне Керейт ата-
лықтары атам заманнан бері тонның ішкі бауындай сыйластықпен
күн кешкен, қыз алысып, қыз берісіп, бір-бірімен құдандалы-жек-
жат болып кеткен жандар. Бұлардың осы бір шынайы достығы ел

басы на екі талай күн туған кешегі дүрбелең кезеңдерде де суыма-
ған. Бұлар ортақ жаумен тізе қосып, үзеңгі қағыстыра шайқасқан.
Ке несары хан қосынында Алатау баурайында Бұқарбай батыр мен
бірге соғысқандардың қатарында Керейт азаматтары да аз болма-

ған. Солардың бірі жəне бірегейі Меңлі есімді жарақты жігіт көрі-
не ді. Бұқарбайдың арғымағы жараланып, жаяу қалғанда Меңлі еш
ойланбастан астындағы атын сыйлап, ұрыс қимылдарын əрі қарай
жалғастыруына мүмкіндік жасайды.

Қырғыздардың құзырында қалған Меңлі əскери тұтқын ретінде
Сібірге айдалады. 10 жыл бойы адам айтқысыз ауыртпалықтарды
бастан өткереді.
Мерзімін өтеген соң елге аман оралып, 60 жасқа таянған шағын да

отау құрып, той жасайды. Сый-сыяпатымен осы тойға келген Бұ-
қарбай батыр терең бір тебірініспен:

– Аман ердің аты шығады деген осы, шырағым. Сенің со бір қы-

сылшаң сəттегі азаматтығыңды əлі күнге дейін ұмыта алар емес-
пін. Ұмытылмайтын да ерлік болды мұның. Осы мəрттігіңмен сен
тек менің ғана емес, бірнеше жүздеген жерлестеріңнің өмірін аман
сақтап қалдың. Тар шатқалдың ішінде шығарға жол таппай қиналып

жатқан азаматтарды сол жолы бірін қалдырмай аман алып шықтым.
Бұл əуелі Құдай, содан соң сенің арқаңда мүмкін болды. Қазақ-
та «Əкесі достың баласы да дос» деген нақыл сөз бар ғой. Дос
болғанда да біздер қарулас, қанды көйлек достармыз. Олай болса,

біздің достығымыз ұрпақтан ұрпаққа жалғаса беруі тиіс. Алла нəсіп
қылса, ертең балалы-шағалы боласың. Осы аманатымды ұмыт па-
ғайсың, – десе керек.
Бұқарбай батырдың лебізі қабыл болып, Меңлі бас-аяғы бес-

алты жылдың ішінде үш бірдей ұлдың əкесі атанады. Оларға батыр

ағасының бауырынан өрген Арыстан, Алданазар жəне Көтібар сын-
ды балаларының есімдерін береді.
Құрметті журналист,
Қазақстан Журналистер одағының

мүшесі Ахат Жанаевтың
материалдарынан алынды

СЫР БОЙЫНЫҢ БҰҚАРБАЙ БАТЫР ЖАЙЛЫ НЕГІЗІ

ШЫНДЫҚҚА ҰЛАСҚАН АҢЫЗ-ƏҢГІМЕЛЕРІ

Қазақта небір марқасқа, жайсаң тұлғалы батырлар аз болма-
ған. Солардың ішіндегі ірі тұлғалы батырдың бірі – Кіші жүздің
Табын руынан шыққан Бұқарбай батыр. Ел аузында Бұқарбай ба-
тыр жайлы əңгімелер көп. Бұндай əңгімелердің ара-арасында бі-

реудің ерлігі біреуге жамалып жүруі де мүмкін. Ол үшін кешірім
өтінем. Бірақ, бар мүмкіндігінше, логикалық тұрғыдан алғанда
Бұқарбай бабамыздың өз басына, мінез-құлқына келеді-ау деген
ке лелі тұстарын жазғандай болдым. Өйткені өзім де сол ата ба-

ласының өңірінен өскен ұрпағының бірі болғандықтан, есейе келе
хатқа түсіруді өзіме парыз тұтқам.
Бұл əңгімелерім сонау жас күнімде үлкен кісілердің дастарқан
басында бас қосып отырып айтқан сырларының есімде қалғандары.

Кейін жазушы ретінде біраз жерін көркемдеп, көп тарихтың
көбесінен ақтарып жазғым келіп еді. Ондай жағдайда бұл əң-
гіме лер бір кездегі өзіме деген əсерін жойып жіберетіндей се-
зін дім. Біздің балаң санамыз көбінесе осындай аңыз-əңгімелердің

түлетуімен қалыптасқанын еске алсақ, онша өзгерістің де қажеті
жоқ сияқты.
Бұқарбайдың сауғасы
Есімі Кіші жүзге əйгілі Шортанбай бидің əкесі Ерубай батыр

бір барымта жорығына барғанда менің үшінші атам Асанды (бұл
кісі ол кезде бар болғаны он жетілер шамасында болса керек) ертіп
жолға шығады. Бүкіл Арқаны кезіп, еш жерден олжа таба алмай
қыстың күні қырауда іштей күйіне аласұрып келе жатса керек.

Орта жолда бір орыстың дəу, əрі батыр, əрі бай адамының үстінен
түседі. Құрқол қайтқанына терісіне сыймай намыстанып келе жат-
қан батыр, осыны шауып, жылқысын айдап əкетуге тəуекел жа-
сайды. Ол үшін оның көзін жоймаса, бұл адамның оңайлықпен

берілмейтіні белгілі. Інісі мен екеуі əбден бағдарлап, түннің бір
уағында орыс дəуінің жатқан жеріне кіріп барады. Інісі босағада

тұрып қалады (шамасы орыс батыры, сол кездегі барымтаның көп-
тігінен сақтанып жылқы қорасының маңындағы бір сарайында оңа-
ша жатса керек). Ұзақ алысқан батырлардың дем-тынысын байқап
тұрған інісіне əлден уақытта ағасының:

– Асан, айналайын, жəрдем бермесең болатын емес, кел де басын

кес мына дəупірімнің, – деген қысылған үні шығады. Оған інісі:

– Ойбай, аға-ау, мына тас-түнек қараңғылықта сіздерді қалай

айырам?! – деуі мұң екен. Батыр ағасы:

– Шашы барды, – депті дейді. Інісі Асан сипалап жүріп үстін-

де жатқан шашты басты шауып жіберіпті. Үстінен төңкеріліп
түскен орысты əрірек итеріп тастап, сыртқа үһ деп шығып:

– Өзі де бір алып екен, ананың қазанбасын қоржынға салып,

менің ерімнің басына іл, – депті.
Сонымен ағалы-інілі екеуі мол жылқымен күн-түн қатып қатты
борасында бірнеше күннен кейін елге жетеді. Елге келгеннен кейін
қоржынындағы орыстың қазанбасын өз ағайындарының бір-екеуі

сауғаға сұрайды. Оларға Ерубай батыр ырық бермей келе жатқанда
алдынан осы бала Бұқарбай шыққан екен дейді. Батыр бұл жиеннің
меселін қайтарғысы келмей тарту еткен. Мұның өзі ол заман да
үлкен атақ-даңққа жатса керек. Жаңағы алғаш сұраған ағайында-

ры бізден жиенін жақсы көрді ғой деп біразға дейін ренішті болып
жүріпті. Ал он жеті жастағы інісі Асанның сол жазықсыз адамның
басын кескен қолы кейіннен жансызданып, кеміс болып қалыпты
дейді. Кейін Мəзін атамыз:

– Əттеген-ай, бекер істеген екенсің, інім! Біздің отбасы қан

жүктеуге жоқ. Таза діни жолды ұстанған қалпымыз бар еді. Сол
жағын ойланбаған екенсің, –деп Ерубай інісіне өкініш сөзін айтқан
екен. Бұл əңгімені мен кезінде өзімнің туған əкем Міркемел мен
ауылдың, қала берді, сол маңдағы бүкіл Табынның қатты сыйлай-

тын ақсақалы Өлмесек деген көнекөз қариядан да естіген едім.
Бұқарбайдың Кенесарыға қосылуы
Біресе орыс ағайынға, біресе Хиуа мен Қоқан хандығына жалтақ-
таумен өткен азаптың қатты толқытқаны сонша, жалпақ елдің ішін-

дегі қайсыбір батырларды ойға қалдырады. Сол кездегі Хиуа ханы
шабармандары бейбіт жатқан елді қайта-қайта мазалап, алым-салық
орнына үйлеріне ойран салып, алдындағы малын айдап əке туді кə-
сіпке айналдырған көрінеді. Осындайдан ыңыршағы айналған елге

қорған болатын ерлері Хиуа шабармандарымен шайқасып, бас
батырсымақтарын өлтіргенмен, оның аяғы бітіспес ерегіске ұла-
сады. Дəл осы кезде Кене ханның озбырлыққа қарсы көтерілісі
бас талған шақ екен.

Бұқарбай батыр қасына Нысанбай, Қабан, Меңдəлі сияқты бел-
гілі адамдарды ертіп Хан Кенеге өзі барып қосылады. Жалпы ел-
ді басқарып отырған Байқадам батыр əрі би Кенесарының көп
қатыгездігіне көңілі толмай, оған мойынсына қоймайды. Бірақ

барып қосылам деген батырларға қарсылық та білдірмейді. Соны
пайдаланған Бұқарбай тобы сондай əрекетке барады.
Сонымен Бұқарбай тобы Кенесары шатырын тігіп жатқан
жері не жол тартады. Əдетте оған барған адамдар Кенесарының

шатырына жетпей бірер шақырым жерден аттан түсіп, жаяу баруы
керек екен. Егер кімде-кім ол қалыпты бұзса, ол адам ханнан
жақсылық күтпейтін көрінеді. Бірақ Бұқарбай тобы ол тəртіпті
сақтамай, тура хан шатырының алдына барып бір-ақ тоқтайды. Жолай

тосқауыл болғысы келген қайратты жасауылдары жəне алыстан
шабатын арлан төбеттері де батылы жетпей жолда дəрменсізденіп
қала береді. Бұқарбай батыр да алған бетінен қайтпай тура барады.
Бұқарбай аттан түсіп жатқанда, төрде отырған хан «Бұл неғылған

бейбастық, бізден қаймықпай баса-көктеп келетін, дереу басын...»
деп тоқтап қалады. Өйткені осы кезде қасында отырған қарында сы
«Көрмеймісің, хан-ием, алдында Арыстанды киесі келе жатқанын,
не де болса қабылдауға тура келеді. Теріс бұрылмаңыз» дейді. Хан

жақтырмай, Бұқарбайды суық қабақпен қабылдайды. Бірақ есік
алдындағы жасауылдарға «Ішке енгізбеудің амалын жасаңдар»
дейді.
Бұқарбай есік алдындағы қарулы жасауылдардың қарсылығына

мəн бермей ішке еркін енеді. Еңкейген мойнын шабуға əрекет
жасаған ішкі босағадағы жасауылдардың бір сəт қолдары қалтырап,
дəрменсіздік танытады. Бағанағы ханшаның көрген Арыстаны
олардың да жауыздығын жүзеге асыртпаған сыңайлы. Не керек,

сол жолы ханмен болған кездесуінен кейін ол шатырға еркін енетін батырларының бірі боп, ханның белді бекінісінің бірегейі болыпты. Қарашаш сұлу Бұқарбай сан шайқаста көзге түсіп, ханға тірек болар белгілі төрт батырдың біріне айналған шағы болса керек. Бір жаугершілік кезінде Кене ханның қолына Қарашаш деген өзі ақылды, өзі сұлу бір қыз түседі. Оны келгеннен кейін оңаша үйге қаматып, сыртынан күзетті күшейтіп қояды. Ол қызға батырлардың көбісінің көзі түседі. Əсіресе, Бұқарбай мен Наурызбайдың ықыласы ерекше болады. Бірақ ол қыздың қуғыншылары көп ұзамай іздеп келіп, бір күні түнде күзетшілерін ығыстырып алып қашып кетеді. Ертесіне терісіне сыймай қаһарланған хан бас батырларын дереу жинап алып, «Тұтқын қыздың артынан кім қуып барады?» дейді. Өңкей ығай мен сығайдың ішінен Бұқарбай ғана бірінші тіл қатып «мен барам» деп ортадан суырылып шығады. Бұл кезде Наурызбай үнсіз қалады. Хан інісіне бір көз тастап, Бұқарбайға рұқсатын береді. Атқа қарғып мінген арқалы батыр сол бетімен қуғыншықаш қындарды қуып жетіп, шеттерінен жайратып, Қарашашты қайтып əкеледі. Кенесары ертеңіне тағы жиын жасайды. Жиында Қарашаш жай лы да сөз болады. Сол кезде Наурызбай «Қарашашқа кім ие бо лады?» дейді іштей дəмесін жасыра алмай. Сонда Кенесары хан «Қызды кім артынан қуып барып, жанкештілік жасап алып келсе, қыз соныкі» деп бір-ақ кеседі. Наурызбай өткендегі кідірісіне өкініп, өз бармағын өзі шайнап жіберген екен дейді. Наурызбайдың төрелік намысы Алатау өңіріндегі екі халықтың арасындағы айқастың қатты жүріп жатқан сəті болса керек. Осындай сəттің бірінде Наурызбай батыр қалың жаудың ортасында қалып қойыпты. Батырдың астындағы тұлпары жайына кетіп, өзі жаяу қалып, қалың қолдың ортасында шыбын жаны шүберекке түйіледі. Осы халін көріп қалған Бұқарбай

арашаға жетеді. Төніп келген найзаларды сыпыра қағып жеткен
Бұқарбай Наурызбайға мінгес деп атының сауырын ұсынады. Бірақ
жан алқымда жүрсе де төрелігі ұстап, Наурызбай аттың артына
отырмайды. Соны сезген Бұқарбай дереу өзі ерден артқа қарай ысы-

рылып, алдындағы өз орнын ұсыныпты. Осы кезде ғана ұсынған
ерге мінген Наурызбай екеуі қалың жаудың самсаған найзаларын
оңын оңға, солын солға қағып, ортасынан қақ жарып, бойларына
найза дарытпай аман-есен шыққан екен дейді.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
ақын Сейфолла Оспан материалдары

БҰҚАРБАЙ ЖƏНЕ ЖОЛБАРЫС Бұрынғы өткен замандардағы батыр бабаларымыздың қай-қайсысының болмасын өзгеге ұқсамастай өзіндік ерекшеліктері, өзіндік өмір соқпақтары болған ғой. Соның бірі – Бұқарбай батыр. Ол кісі жайлы əңгіме қозғалса, қалай да болмасын жолбарыс кездесіп отырады. Батырдың əкесі Естекбайдың көп уақытқа шейін ұрпақсыз болғандығын ол туралы азды-көпті хабары болған адамдардың бəрі біледі. Бірде баласыздық жайына ренжіп отырғанында нағашы жұртының елге танымал өткір тілді бір білікті кісісі «Неменеге жүнжисің, өмірден қара көрмей өтермін дейсің бе? Сенің беліңде жолбарыс жатыр ғой» деген екен. Ерен батырлардың барлығында дерлік түрлі бейнеде көрінетін аруақтары болған. Олар бірінде бүркіт, бірінде қасқыр, бірінде тоты, бірінде бұлт, т.б. кейіпінде көрінсе, Бұқарбай батырда ол қос жолбарыс болып, көбіне қарсыластарының сұсын басып, зəресін ала ды екен. Бұқарбайдың «менің мықты екі жігіттік қана күшім бар, бірақ қанды шайқастың қандайында болмасын өзімді жайбарақат, еркін сезінемін» деуінің өзі оның аруағы жебеген жолбарыс жүректілігінен болса керек. Ал енді оның алғашқы ерлікпен атының шығуына да жолбарыс себепші болыпты деседі өткен ата-баба өмірлерінен хабардар көнекөз қариялар. Оның ұзын-ырғасы былайша баяндалады. Сырдың тармағы Қараөзектің шеңберінен асып-тасып, арынды ағысы арнасынан қиыршықты сары құмын жеміре ала қашып, долы толқындары жындана көпіршіп, өршелене ағып жататын кезі. Дарияны қапталдай жайылып жатқан көптеген көлемді-көлемді көлдерді қоршай өскен ит мұрыны өткісіз нар қамыстары аң біткеннің қайраттысы жолбарыстың да мекені болыпты. «Шотанды» қоныстанған елдің ірі қарасын жолбарыс соғып кетуі жиі ұшырасатын жайдың бірі болса керек. Əсіресе жұрттың зəресін ала басынған жылдары Бұқарбайдың балаң жігіт шағына тура келіпті. Бұл оның құрбыластарынан ерекшеленген қайраттылығымен қатар асқан батылдығымен де көзге түсе бастаған кезі. Жолбарыс əр жерден адамға да шауыпты деген елді дүрліктірген сыбыс шығып жатады. Бірде ауыл арасындағы алқалы мəжілісте дала тағысының

соңғы сойқандары жайлы əңгіме болғанда көп ішінен алыпқашпа мінезді біреу «Əй, осы жолбарысты əлгі Естекбайдың жалғызы не ге алмайды? Ауылдағы бала біткеннің барлығын қойша үйіріп, сиырша қайырып желігіп жүргенше» дейді. Бұл сөз балаң жігіт Бұқарбайдың құлағына шалынады. Əлгі адамның əсірелей айтқан сөзі намысына тиген ол жұрттың тоқтау айтқанына қарамастан жолбарысты қалай да болса аулауға бел шеше кіріседі. Ол кезде қазіргідей мылтық та жоқ, керек десе садағы мен қылышы да жоқ. Ер қаруын сайлайтын батырлық ерекшеліктерінің даралана аңғарылмаған кезі. Сонымен не керек, ол жиденің томарлы діңгегінен келісті етіп шоқ пар дайындатып алып, енді ауыл маңына жолбарыстың соғатын күнін асыға күтеді. Аса көп ұзамай, араға бірер апта салып, ауыл ішіне жолбарыс келіпті деген дүрбелең де туады. Даланың тарғыл аңы жүр деп мезгеген жаққа шоқпарын алып Бұқарбай да шығады. Атқа мініп, айбалта, бақан, сырықтармен қаруланған адамдардың ешқайсысын да ерітпейді. Сөйтіп, жолбарыс жүр деген бағыттың соқпақ жолына түсіп, шамаң осы болар деп жаяулап жүре береді. Үлкендердің айтуы бойынша жыртқыш өзінің олжасын соққанда, ең алдымен, оның кеудесін жарып, өкпе-бауырын, жүрегін суырып жейді екен. Осы кезде үстінен шыққанның қандайына болса да қарсы атылып шабуыл жасайды, оның тегеурінді екпініне шыдауға жер бетіндегі тірі жан-жануардың құдіреті келмейді. Алда-жалда кездесе қойған жан тек өзінің ерен жүректілігімен батыл да көз ілеспес қимылы арқылы құрал жұмсаса, Алла сəтін түсірсе, төтеп беріп қана емес, алуы да мүмкін екен. Тек өзінің қайраты мен жиде шоқпарына ғана сенген Бұқарбай не де болса кездессе екен деп тəуекелге бел байлап келеді. Аса көп жүрген жоқ. Соқпақты қалың қамысты жара отырып, сəл жоталылау ашық алаңға шығады. Алаңның бел ортасынан аса бергенде оның екінші жағындағы əудем жерде үй орнындай қамыстың үйіріле жапырылғаны байқалады. Сəл еңсесін көтеріп, ұмсына ілгері қараса іздеген тарғыл аңы жолбарыс əлдебір нəрсенің кеудесін баса бұған қарап тұр. Бұқарбай да жолбарыстың қылт еткен қимылын бағып қалт тұра қалады. Екеуі де аңдысқандай қалыпта. Кенет даланың айбарлы жыртқышы тек өзіне ғана тəн шабар алдындағы қорқынышты үнімен гүрілдеп тұрды да Бұқарбайға емес, оған қарама-қарсы жаққа, əудем жерге

атылып түсті де, артына қарамастан жəйімен жүріп кете барды.
Əлдебір жан алысып, жан берісер айқасқа тəн шабуылды күтіп
тұрған жанкешті жігітке бұл жай тіпті де тосын еді. Сəл өзін би-
леп алып, жайбарақаттанғаннан кейін асықпай жолбарыс атылған

жерге барса, кеудесі дал-дал жарылған, буы бұрқырап үлкен бір
тайынша жатыр. Өкпе-бауыры түгел желініп те үлгірмеген. Бір сəт
тұрғаннан кейін өзі келген жақтағы жоталы алаңға қайта оралып,
жан-жағына бағдарлай қараса, үздік-создық шұбап келе жатқан

бағанағы аттыларды көреді. Келгеннен кейін оларға болған жайды
баяндайды. Ауылдастары да жолбарыстың дауысын есітіп, əлдебір
күтпеген жағдай боп қалды ма деген қауіппен аттарының үркісіп
беттемегендеріне қарамастан көмекке келе жатқан беттері екен. Не

де болса үстерінен ауыр жүк түскендей болып ауылдарына оралады.
Бұл оқиғаны естігеннен кейін кəрікөз қариялар «Жолбарыс Бұ-
қарбайдың сұсынан айбынып кетті. Енді ол қайтып оралмайды»
десті. Шынында да солай болды. Бара-бара жұрт жолбарыс салған

ылаңды ұмыта бастады. Ал Бұқарбайдың аты елге батырлығынан
бұрын осы уақиға арқылы жайылып кеткен еді. Кейін батыр баба-
мыз жолбарыс туралы білгісі келсе, «Əлгі тарғыл мысық па?» дейді
екен.

Бұқарбай батыр туралы осы деректі естігенімде менің сонау бала
кезімде қазіргі Асқар Тоқмағанбетов ауылының тұрғыны Қарақой-
лы руынан Қошқар деген ақсақалдың өз əкесі Төлек жай лы айтқан
əңгімесі есіме түседі. Ол кісі атышулы аңшы болса ке рек. Көбіне

арнаулы қақпан салып, жыртқыш аңдарды аулайтын бо лыпты.
Аңға шығарда үнемі беліне жылқының құйрық жалынан
есіл ген арқан байлап, қолына қайың шоқпар алып жүреді
екен. Бірде қа ру сыз келе жатып дəу қабанды жарып жатқан

жолбарысқа кезі гіп қалады. Қапелімде не істерін білмей қалған
аңшы «О, тəңіралғыр, о, тəңіралғыр» деп орнынан қозғалмастан
қасқая көз алмай қарап тұрады. Жолбарыс та жемтігінен басын
көтеріп, біршама қарап тұрады да, кенет арылдап кейін атылып

түсіп, артына қарамастан кете барады. Кейін бұны естігендер
«Қалай қорықпадың?» деп сұрағанда, «Ондай жантүршігерлік
аңнан кім қорықпасын, əсіресе, қарусыз келе жатқанда. Бірақ мен

қорыққанымды байқатпай көз алмастан қарап тұрдым. Егер сəл кірпігім қағылса, сөз жоқ, ол маған атылар еді. Тегі жолбарыс мəрт те, қасиетті аң ғой» – деген екен жаужүрек аңшы. Кім білсін, бала жігіт Бұқарбай да осындай сəтті басынан өткізді ме, əлде əруағы сескендірді ме, əйтеуір болашақ батырдың ұрпақтан ұрпаққа жетер даңқының кіріспесі іспеттес осы уақи ға ны бұл күнде білетін адамдар аса сирек болса керек. ҚР Журналистер одағының мүшесі, Мəдениет саласының ардагері Сейтмұрат Ембергеновтің материалы

АҢҒАЛ БАТЫР МЕН БОЗБАЛА

Бұқарбай батыр жалғыз өзі жолаушылап келе жатып бір боз-
балаға жолығады. Қарсы кездескен кісінің кім екендігінен ха-
барсыз бозбала атынан түсіп:

– Ассаламалейкум, ата, – деп амандасады.

Шаршап келе жатты ма, əлде басқа себеп болды ма, бабамыз
бозбаланың сəлемін дұрыс алмаса керек. Бозбала:

– Ата, шақшаңыз бар ма? – дейді.

Осыдан кейін батыр үнсіз атынан түсіп, балаға бір көз тастап,
шапанының қалтасынан шақшасын шығарып, одан əуелі өзі аузы-
на салып, сосын балаға береді.
Шақшаны қолына алып, мүйізден өнерлеп, он екі жерден тесіп,

көз салып, сəндеп жасалғанын көріп қатты қызыққан бозбала
қайтсе де оны пайда қылғысы келіп, əуелі шақшасын алайын, енді
кездескенде басқасын алайын дегендей, «шалдың түрі мынау, оған
қым бат шақшаның не керегі бар, оны мен олжаласам, ол мына

түрімен маған қуып жете алмас» деп ойлап, насыбайдан аузына
салып, атына сүйеніп, бір мезетке рахаттанып көзін жұмады. Сосын
дереу біреу қуғандай атына секіріп мініп, атының жүйріктігіне
сеніп құтылып кетпекші болып, ауылына қарай шаба жөнеледі. Сол

уақытта өзінің тастамайтын қымбат, керек дүниесінен аяқ астынан
айрылып қалып, əуелі абдырап қалған қария тез ес жиып, өзіне
айдалада қиянат жасап, қас қағым сəтте араларын қашықтатып
шауып бара жатқан бозбаланың артынан:

– Ей, бала, сен қайда кетіп бара жатырсың, менің шақшамды

қайтар, – дейді. Атымен ұзап бара жатқан бозбала:

– Ей, шал, мен сенің шақшаңды олжаладым, – дейді. Батыр оған:

– Əй, бала, сен менің кім екенімді білесің бе? – деп қарлыққан

даусымен айқайлайды. Оқ бойы ұзап кеткен бозбала:

– Ей, шал, сен кім болсаң, ол бол, шақшаңмен мүлдем қоштаса

бер, – деп атын қамшымен сабап, аттың шабысын одан əрі жыл-
дамдата түседі.
«Мінсең жал асатын атымды ал, кисең жарасатын тонымды ал,
өзгеге шамалы, өзіме бағалы шақшамды сұрама» дейтін сөздердің

14-105

мəнін жақсы түсінетін батыр осы кезде қартайса да əлі күші, айласы қайтпаған. Кішкентай балаға алданғанына əбден ашуына мінген батыр иесін түсініп қасына жетіп келген, аспанға атылып тұрған атына лезде секіріп мініп, атын қамшының астына алып өзінен оқ бойы ұзап кеткен баланың қасына тез арада қуып жетіп, онымен қатарласа беріп талай ұрыстарда сан мəрте қолданған əдісіне салып шалт қимылдап, сойылымен бозбаланың тізесінен салып жіберіп, оны ер үстінен жұлып алып жерге лақтырып жібереді. Осыдан кейін қынабынан кездігін суырып алып, аяқ астынан не болғанын түсінбей, көздері шарасынан шығып кете жаздап, жерде дір-дір етіп жатқан бозбаланың үстіне төніп: – Шақшамды қайтар дедім ғой! – дейді. Əбден қорыққан, бірақ қиын жерде тез жол тауып кететін тапқыр, қу бозбала бұл аумақта бұның жасындағы шалдар арасындағы дүлей күшке ие, атқа тез секіріп мініп, сойылды шалт қимылмен соғып, өзін көз ілестірмейтін жылдамдықпен ат үстінен жұлып алып жерге лақтырумен байланысты жауынгерлік əдісті тез арада қолдану тек атақты Бұқарбай батырдың ғана қолынан келетіндігін, ал оның Жаппас руының Наурыз аталығына күйеу, өзіне жезде екендігін тез арада түсіне қойып,: – Ойбай, ата, шақшаңызды əзілдеп алып едім, мен сіздің балдызыңыз боламын, сосын жезде деп ойнап едім, ата, кешіре гөр, шыбын жанымды өзіме қия көр, ат-тон айыбымды төлейін, шақшаңызды алыңыз, – деп жалына бастайды. Баяғыда біреу өзіне қымбат шақшасын былай суреттепті: «Шақшам менің тана мүйіз тақыс еді. Істегенге бергенім бұзаулы сиыр еді. Шақшаның он екі жерден көзі бар еді». Сол кезде батыр өзінің баланың сəлемін алмағанын, оның қай ауылдан, кімнің баласы екенідігін сұрамағанын, ал баланың өзін танығанын, əзілдескенін дұрыс қабыл алмай ағаттық жібергенін, артық кеткенін кеш болса да түсініп, оған: – Əй, балам, сен мені кешір, мен қара басып, сенің орынды ойыныңды түсінбеппін. Бəрі де кəрілік пен ашудың кесірі ғой, сен мына шақшаны ала ғой, саған тартқан сыйлығым болсын, бірақ арамызда болған жағдайды ешкімге айта көрме, – деп баланы

орнынан тұрғызып, үстінен қағып, атына отырғызады да шақшасын
бозбалаға сыйға тартады.
Бозбала болса:

– Жезде, мені аман жіберсеңіз болды, ешкімге айтпаймын, – деп

еліне аттанып кетеді. Кейін еліне аман-есен оралған ағайындары,
құрдастары арасында, той-томалақта жұртқа айтып, таңғалдырып,
күлдіріп жүріпті.
Ол кезде (қазір де) өзінен жас адамның сəлемін алған үлкен

кісі «Кімсің, ныспың кім, қай ауылдың баласысың?» деп сұрауға
міндет ті екендігі белгілі. «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» дейді
дана халқымыз. Басында сəлемін алмаған баланың, шақшасын
алып қашқаны үшін оның артынан қуып жетіп, атынан жұлып

алып құлатып, жазаламақ болған баланың аяқастынан өзінің бал-
дызы болып шыққандығынан ұялған батыр кеш те болса өз ағат-
тығын түсінген. Шынында да бозбаланың Бұқарбай батырдан қо-
рыққанынан өзін балдыз ғып таныстыруының негізі бар, өйткені

бабамыздың сүйікті жары Сыр бойын мекендеген халықтарға белгілі,
талай жырдың – Асқар Тоқмағанбетовтың, Лена Əбдіқалықова ның
жырларына арқау болған, ақылы мен сұлулығы бірдей дарыған
Шынар сұлу əжеміз Жаппас руының Наурыз аталығынан тарайтын

Ізбас баласы Өтебай байдың қызы еді.
Досына мейірімді, адал, қас дұшпанына мейірімсіз, қатал, туған
халқының бостандығы үшін талай қанды жорықтарды басынан
өткерген атақты Бұқарбай батырдың бейбіт заманда басынан ке-

шірген бұл оқиғасы, оның аңғалдығы таңғалдырады.

БАТЫРДЫҢ БОЗБАЛАЛАР ТӨБЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСУЫ Бұқарбай батыр көп жорықтарының бірінен қайтқан соң елде ауыл аралап, мал-жанның амандығын, тұрмыс-тіршілік жағдайымен танысқан батырға ауыл ақсақалдары: – Сенің батыр болып атың күллі қазаққа шыққанынан не пайда, елде болмайсың, бізді қорғайтын сарбаздыққа жарайтын жігіттердің барлығы сенің соңыңда, сонда бізді сыртқы жаулардан кім қорғайды? Көрші отырған елдер шабуыл жасап, шаңырақтарды ортаға түсіріп, сенің бауырларыңды сабап алып кетеді, оған қоса мал мен мүліктерді алып кетеді, ала алмағандарын өртеп кетеді, – деді. Басында бұл сөздерге көңіл бөлмеген батыр бабамыз уақыт өте келе ауыл ақсақалдары мен əжелер тарапынан жиі қайталана бергесін: – Осы сендер қандай жауды айтып жүрсіңдер? Олар кімдер, қанша, қай бағыттан келеді, қалай қаруланған, қандай мезгілде шабады? – деп өзін мазалаған сұрақтарына олардан: – Жау болып жүрген көрші қарақалпақ жігіттері. Сандары əр кезде əр түрлі, шамамен жүз қаралы, қарулары – сойыл, қылыш, садақ, əр кезде əр түрлі уақыттарда, ауылға, ауылдан ұзап шыққан мал бағушыларға, отын-шөп дайындауға шыққандарға шабады, – деген жауаптар алады. Осыны естіген батыр жұрттың жау деп дүрлігіп жүргені көрші қарақалпақ елінің еріккен жігіттері екенін түсініп, біріншіден, ауыл бозбалаларын жорықта сынап, оларға ұрыстағы қаруларды қолдану əдістері мен тəсілдерін, ұрыс қырлары мен сырларын үйретпекші болып, екіншіден, өзінің елде жоқтығын пайдаланып олардың мазасын алып, əбден басынып алған, қит етсе қоқаңдап, сойылын ала жүгіретін қарақалпақ жігіттерін тəубесіне түсіріп, өзі де бой жазып қайтпақшы болып, тиісті қаруларын сайлап, өзімен бірге еріп келген жорықтас достарына тынығып алуды, қасына бірыңғай ауыл бозбалаларын ертіп баруды жөн көріп, алдағы болатын жорық күнін белгіліп, жорыққа əзірліне бастады. Жорыққа шағатын күн де жетіп, Бұқарбай батыр бастаған қол бір күні оңтүстікке қарай жол тартады. Жаз айының ыстық күндерінде

Қызылқұмның сексеуіл мен жыңғылды даласын шарлап, күндіз жүріп, түнде қонып, жолда екі күн жүреді. Үшінші күн дегенде ыстық күнде жүре-жүре əбден қалжыраған батыр бабамыз қасында үзеңгілес келе жатқан, ауыл бозбалалары арасындағы жасы үлкендеу, белсенді, жолбасшы жігітті өзіне шақырып алып: – Əй, жау қайда? – дейді. Ол: – Көке, жау алда, бүгін-ертең алдымыздан шығуы ықтимал, – деп жауап береді. Батыр: – Жау қалай шабады, ұрандап, ашықтан ашық шабады ма? – дейді. Жолбасшы бозбала: – Ойбай, жан-жақтан сексеуіл бұталарынан атойлап шыға келеді, – деп жауап береді. Түс ауа жол азабынан əбден қалжыраған бозбалалар əрқайсысы өздерімен бірге алып шыққан қапшықтарындағы азықтарын талғажау қылып, аздап демалмақшы болып, сексеуіл бұталарының көлеңкелеріне қисая кеткесін батыр бабамыз да қара сұр тұлпарын қоя беріп, жігіттерден таяқ тастам жерге барып, үлкен бір шоқ сексеуіл бұта көлеңкесіне жата кетеді. Жатқан жерінде көзі ілініп кеткен батырдың құлағына бір уақытта ат тұяқтарының, атыс-шабыс, адамдардың айқайлап, шыңғырып, ыңырсыған дыбыстары еміс-еміс естіле бастайды, бірақ əбден қалжыраған батыр оған көңіл бөлмей қайтадан көз іліндірмекші болады. Сəлден кейін қайта оянып, əлгі дыбыстардың азайғанын естіп, айналаны байқамақшы болып көздерін ашады. Сол кезде қолында сойылы бар əлгі жолбасшы бозбала шауып келіп: – Ойбай, батыреке, неғып жатырсыз?! Жау шауып жатыр, бізді тегіс сұлатып, көгендегенін күтіп жатырсыз ба?! – деп шоқ сексеуілді айнала шауыпқайта кетті. Батыр оның сөзіне көңіл бөлместен көздерін қайта жұмып, қайта ұйықтамақшы болады. Бір кезде қайтадан көзі ілініп кеткен батыр атыс-шабыс, дауыстар, атдыбысы басылғаннан кейін бөтен біреудің өктем даусынан оянады. Қасында елу шақты жігіттері бар, астына ақбоз ат мінген, зор денелі қарасұр жігіт сұқ саусағымен жайылып жүрген батырдың атын нұсқап :

– Ана атты ұстап маған алып келіңдер, – дейді. Осы сөздерді естігенде бұған дейін бейқам жатқан батыр орнынан атып тұрып: – Ей, атаңа нəлет, сенің ол атта нең бар?! – дейді. Бұған қарақалпақ батыры: – Сен соншама кім едің, жігіттеріңді қойша көгендеп байлап тастағанда бір ат əңгіме болып па, ауылға оны да алып кетеміз! – деп қасындағы жігіттерін батырға қарсы жұмсайды. Осы кезде əлгі кісінің сөздері шамына тиген, қатты ашуланған батыр дереу атына белгі беріп, алдына ойқастап жетіп келген атына секіріп мініп, қылышпен, сойылмен өзіне қарсы шауып келе жатқан он шақты жігіттерді бірінен кейін бірін баудай түсіріп, лезде өзіне қарсы ұмтылған қарақалпақ батырына қарсы шауып, талай ұрыста қолданған əдісін қолданып, оның сілтеген қылышын қайың сойылмен қағып жіберіп, қарсыласының басынан салып жіберіп жерге құлатқан. Бұдан кейін өзіне қарсы шапқан басқа да жігіттерді сойылға жығып, тек қашып құтылмақшы болған аздаған жігіттердің соңына түспеуді ұйғарды. Осыдан кейін жерде көгендеулі жатқан жігіттеріне келіп, оларды босатып, жерде ыңырсып жатқан қарақалпақ жігіттерінің бірінен кейін бірінің құлақтарын кездікпен кесіп алып, қоржынына сала бастайды. Кезек қарақалпақ батырына келгенде ол: – Батыреке, мені елім алдында масқаралама, одан да тамағымнан орып жібер, – дейді. Мұны естіген батыр «Бұқарбай қартайған шағында адам құлағын жеуге шығыпты» деген орынсыз əңгімелерге арқау бола ма деп ойлап: – Мə, мына құлақтарды да сен ала ғой, – деп қоржындағы барлық кесілген құлақтарды оған тастап кетеді. Сөйтіп, жігіттерін түгендеп, олардың жарақаттарын таңып жолға шығады. Қайтар жолда бозбала жігіттер бір-біріне кімнің жаумен қалай айқасқандарын, қандай əдіс-айла қолданғандарын, қарсы жақтың жігіттері туралы əр түрлі əңгімелерді айтып келе жатты. Сонда қасында үзеңгілес келе жатырған жолбасшы бозбала: – Батыреке, қалай шыдамыңыз жетті, жау шауып, өздерінің көптігін пайдаланып, бізді əбден сабап, көгендеп болғанша қанненқаперсіз орныңыздан қозғалмай ұйықтап жата бергеніңізді қалай түсінуге болады? – деп сұрапты.

Сонда батыр бабамыз асықпай, бозбаланың сұрағына қанағат-
танбай:

– Ой, менің сендердің мына төбелестеріңе көңілім толмады,

екі жақтан көп əскер жиналып, ауыздығымен алысқан аттар мен
олардың иелерінің дыбыстары мен айқайлары, қарулары жарқ-
жұрқ етіп, бір-біріне қарама-қарсы сап түзеп, берілген белгі мен
кернейлер шақырып, барабандар соғылып, екі жақтан жекпе-жекке

батырлар шығып, содан кейін жан алысып, жан берісетін бір-біріне
лап қоятын он, жиырма мыңнан тұратын екі жақ əскерлерінің
ұрысын, соғыстың нəтижесін тағатсыздана күткен қолбасшылар,
қасындағы серігін, бауырын, ауылдасын жаудан қорғау, қиын

кезде демеу болу, ұрыстан кейін жақындарыңның амандығын білу,
адамдарды түгендеу, өлгендердің мүрдесін жинап жаралыларға
көмек көрсетпесе, нағыз жауынгерге тəнерлік көрсетпесе шын
ұрыс, соғыс болып есептеледі ме? Мүмкін мен əлі де жата берер

едім, мүмкін сендерді айдап алып кеткеннен елге бір өзім қайтатын
едім, бірақ сендердің əке-шешелеріңнің беттеріне қалай қараймын,
менің сендердің мына төбелесетеріңе араласуыма, яғни делебемді
қоздырған əлгі қарақалпақ батырының «ер қанаты» менің талай

жорықтарда сенімді серігім болған атымды алып кетпекші болып,
жігіттеріне берген өкімі болды, əйтпесе, мен тəтті ұйқымды қимай
қозғалмай жата беретін едім, сен түсіндің бе? – деп қарқылдап кү-
ліпті.

Шынында да талай қанды қырғынды басынан өткеріп, талай
ұрыстың тек қатысушысы ғана емес, басты қаhарманы болып та-
нылған, көптеген жекпе-жектерде жеңімпаз атанған батырдың бұл
жорығы кішкентай балалардың жұдырықтасуы болып көрініпті.

ДОСБОЛ БИ МЕН БҰҚАРБАЙ БАТЫР

Бұқарбай батырға Досбол датқа іздеп барып қонақ болыпты.
Екі-үш күн қонып, дидарласқаннан кейін Досбол атын алдырып
аттанғалы жатқанда Бұқарбай:

– Не қалайсыз, бұйымтайыңызды айтыңыз, – депті.

– Еш нəрсе алайын деп келгенім жоқ, дидарыңызды көріп сұх-

баттасып, соған ризамын, – деп Досбол енді жүруге ыңғайланғанда
қамшысы табылмайды. Соны іздеп үйдің ішін қопарып жүрген
жігіт төсеулі текеметтің шетін көтеріп қалғанда бір сапы астынан
жарқ ете қалыпты. Сапыны көзі шалып қалған Досбол қолына алып,

сұлулығына қызығып айтқан екен:
Бəрекелді, сапы,
Əулие болар еді
Ер жігіттен кетпесе қапы.

Сабаз өнерді салған екен,
Күміс пен алтынға малған екен.
Қайта сөйлеп болмас,
Көзге түсей қалған екен, –

деп сапыны тастай беріпті. Бұқарбай:
Рас, өнерді салған,
Күмісті алтынға малған.
Ер жігітке екі сөйлеу жалған,

Бұл қылыш алмас,
Қадірлеп ұстаған кісінің қолынан қалмас,
Оны сізге бермей болмас, –
деп сапыны Досболдың алдына тастай беріпті.

Облыстық ішкі істер департаменті
Заң бөлімінің бастығы,
полиция полковнигі
Қоразбаев Хұсайын

Асанұлының материалдары

ТУРАЛЫ

көркем шығармалар

БҰҚАРБАЙ БАТЫР (үзінді) І Кектескен жерден кек алған, Кегіне семсер қайраған. Кезеулі мылтық кездессе, Кеселеп өтпей қоймаған. Желекті найза желпінсе, Желкеден өтпей тынбаған. Жебелі садақ серпілсе, Жай оғындай зырлаған. Қынаптан қылыш сурылса, Сусып өтпей тұрмаған. Қылаулы, қыжыр қылқимас Тасты талша тураған. Тебінсе жерді тебіренткен, Жүрісі көкті күңіренткен. Өткелсіз өрге өрмелеп, Өтемін деп өктеген. Шыңына шырғай оқ атқан, Оғымен тауды ыңрантқан. Кезенген жерден Кенекем, Кесіп өтпей кетпеген. Асқар Тоқмағамбетов, ақын

Өштескен жауға өрт болған,
Қастасқан жауға қадалған,
Қадалған жерден қан алған,
Қан алмаған жан алған.

Жасақты жауды жайратқан,
Қырланған жауды қиратқан.
Шашасын жанға шалдырмай,
Тобықтан қанға малдырмай,

Айтқанына көндірмей,
Бастаған қолын жеңдірмей,
Қайтқан емес Наурызбай!
Түнерсе түндей түйілген,

Лашын құстай шүйілген,
Жауды көрсе сүйінген,
Жау көрмесе күйінген,
Шүйгіген сайын құлатқан,

Тірідей түйреп тулатқан,
Жортқанға жолы жосылған,
Жол таба білген тосыннан,
Шұбыртпалы Ағыбай!

Тебінгісін тер тескен,
Ат арқасын ер кескен,
Екі талай егесте
Келелі жауға теңескен.

Бұғақтан басса бұқтырған,
Сағақтан салса сықтырған,
Шықшыттан қысса шыңғыртқан,
Айғайменен үй жыққан,

Тегеурінді тел өскен,
Табыннан шыққан Бұқарбай!
Семсерін жауға билеген,
Найзасын тауға түйреген.

Жауды көрсе жадырап,
Жауқазындай түлеген.
Ағыбай, Науан, Бұқарбай,
Үдере шапса үдеген.

Есілден шықса ертелеп,
Нұраға жетпей қонбаған.

Ертіске сусын қандырып, Селеуін үстірт шалдырып, Жолды ілгері қозғаған. Баянауыл, Қазылық, Шеңбері шексіз жазылып, Торғай, Тобыл, Қарталы, Қаратауда Хантағы, Еділ, Жайық, Іле, Шу, Сырдария, жеті Аму, Көргенде бəрін айтады. ІІ ... Бір жыл Сырдың бойында, Қаратаудың қойнында Жусанын атқа жұлдырып, Суына бедеу жүздіріп, Кемеліне Кененің Келіп жатқан кезі екен. Созаққа қарай созыла, Кең шалғынға жазыла, Қыпшақтың елін іргелей, Сырдың бойын жүлгелей, Керіле қонған кезі екен. Салаға бөлсе сан жетпес, Əлденеше таң жетпес, Жорығына Кененің. Келтесінен қайырып, Бір бөлшегін айырып, Бастары бір қосылып Қалған кезде отырып, Өз басынан өткенін Бұқарбай айтқан сөзі екен.

* * *
...Жаздың салқын шөбіне,
Ат көміліп көгіне.
Жусаны жұпар аңқыған,

Бойыңды түні балқытқан

Сырдың сырбаз кезі еді.
Арғы шеті Қырықбайтақ,
Бергі шеті Отырар.
Бір түтінге бір түтін

Қудаланып қосылар
Қонған ауыл деседі.
Жағалай жалпақ жайлаған,
Жайлауда құлын байлаған,

Марқасы майға бөленіп,
Маясы қомға тіреліп,
Жастығы жатса жапырақ,
Аунауға таппай топырақ

Құлынның майса төсегі,
Құлынның тозса төсегі,
Көрінсе жердің кесегі,
Сабатын көлдің сағалап,

Салқынды жерді жағалап,
Жұрт жаңалап көшеді.
Жамбыдан жасау арттырған,
Жібектен арқан тарттырған.

Жібектен арқан тартпаса,
Нар арқасын кеседі
Дейтін бір бай болыпты.
Əңгіменің желісі,

Жеткізе алсақ, осы еді.
* * *
Күреш атты сол байдың,
Күнге меңзер қызы бар,

Күлсе күміс төгілген,
Күлдіреп сəуле төгілген,
Айдан ашық жүзі бар.
Күн қасында ай тұрса,

Тартпай ма күннің шұғыласы,
Күнге əркім-ақ қызығар.
Көзіне көзің түскенде,
Күн түседі жүзіңе.

Жүзіне көзің түскенде,
Нұр түседі көзіңе.
Тал бойына қарасаң,
Тал шыбықтай бұралған.

Тарқатылса қолаң шаш,
Өн бойына оралған.
Кірпігі жайдың оғындай
Қар үстіне қадалған,

Қиыла біткен қиғаш қас
Машықтай түскен қаламнан.
Қарға түскен қарақат
Қандай қара көрінер,

Қарақат көр де көзін көр.
Суға түскен ақша бет
Қандай аппақ көрінер,
Сəдепті көр де тісін көр.

Аузын ашса ақылмен
Дүр төгілер сөзінен.
Күлсе лағыл шашырап,
Нұр төгілер көзінен.

Ел аралап, жер кезіп,
Талай көркем көріп ек.
Талай көркем көрсек те,
Қызықпай-ақ келіп ек.

Жанбауырдан жайтаңдар,
Алтайы қашса бұлаңдап,
Томағасын сыпыртпай,
Тұғырда тұйғын тұра ма-ай?

Түйіле қалдық ынтығып,
Бəріміз де құлшынып,
Əсіресе ақырып
Иығын көкке көтерді,

Мен тұрғанда бөтенді
Сүймейді деп Наурызбай.

– Арғы атамды сұраса,

Атағы шыққан Абылай,

Дабысына даңқы сай.
Онан бері Кенекем
Кезенген жерден кек алмай,
Кеткен емес кескілеп,

Кектескен жауды жеңе алмай.
Тек сұрасса тегім бар,
Кем тұтынса кегім бар,
Күн сипатты Күрештің

Туысқан туған елі бар.
Жолбарыс шықса жорыққа,
Жолбарыс жолын кесе алмас,
Сөзімді екі ете алмас,

Аңғырттықтың шегі бар,–
Деп ақырды Наурызбай.
Наурызбайдың сөзіне,
Сөз қайтарды Ағыбай:

– Жортқанда жолым болатын,

Бақыттың құсы басыма
Бақталаста қонатын
Кім кетер мені танымай.
Қисынын тауып қиядан,

Атқан оғым адасып,
Кеткен емес дарымай.
Өштескен жерге от болдым,
Оттан ұшқан шоқ болдым.

Шоқ қадалса шыжылдап,
Ерімей қалмас сары май.
Күн астынан күн сұлу,
Ай астынан ай сұлу

Күле мені сүймесе,
Асыла маған тұрмаса,
Алсын-ақ мені бір құдай! –
Деп ақырды Ағыбай.

Жүйесіз жерден жүлде алмай,
Күреске келсе күнде алмай,
Тұманды күнде түн жармай,
Соқпақсыз жерді тың жармай

Қайтпаған қайсар Бұқарбай.
Қанаты күміс, күн шалған,

Қауырсыны нұр шалған,
Көлеңдей ұшса көгершін,
Қалмаспын деді ұша алмай.
Бұқарбай, Бұқар қос батыр,

Наурызбайдай жас батыр.
Күрешке жаушы шаптырды,
Сынасып бағын үш батыр.
Берсе берді қолынан,

Бермес болса жолынан
Аламыз деген аңғырттан
Астында зілді күш жатыр.
Маңдайын мал деп тасқа ұрған,

Кеудесін малға бастырған.
Жан үшін емес, мал үшін
Туғанына қас қылған.
Қара жүрек, қапырық,

Сараңдығы асқынған.
Күрештің туған əкесі
Мыңдаған малды азсынған.
Қара тасты қақ жарып,

Шыңға шынар шықпай ма?
Толғауға шыдар тобылғы
Құмды жара шықпай ма?
Шалаулы шалшық көлкіген

Көлге сүйрік шықпай ма?
Шеңгелі етек тырнаған
Жерге жидек шықпай ма?
Қара тасты қақ жарып,

Шынардай шыққан Күрешті
Мейрімсіз əке қалыңсыз
Бермеймін деп сіресті.
Үш батырға бір жауап,

Барғандарға жаушылап
Былай деп сөзін түгесті:
«Мекені жоқ, жайы жоқ,
Құйын қуған құландай.

Қалың да берер малы жоқ,
Ізі жылтыр жыландай.
15-105

Ұшарын жерден тілеген,
Қонарын сайдан сұраған.
Қоныс күнде түлеген,
Атынан басқа түгі жоқ,

Қылыштан басқа дымы жоқ,
Басынан басқа жүгі жоқ,
Тентіреген тентекке
Тегін берер қызым жоқ!»

Байдың сөзін жеткізді,
Байға салған жаушымыз.
Сүйекке еттен өткізді,
Ашына шықты даусымыз.

Қолынан емес, жолынан
Енді алу тек шартымыз.
Аспандай ұшқан лашын,
Алысқа сілтер құлашын.

Құлашы жарға киліксе,
Алдынан соқса борасын
Лашын іздер ұясын.
Жеті қырдан болжаған,

Желмен қанат қомдаған,
Ойға алған жерден оралмай,
Орта жолда қонбаған,
Қияғы бүтін қырандай

Ер Кенекем есітіп,
Ашар деп ақыр ырасын,
Кенеге келіп үш батыр
Айтты барлық турасын.

Кенекем сөзді бастады:
«Осы отырған үш батыр,
Үш жүзге үш тағандай
Табанды туған ұл едің.

Ат арып, тон тоздырып,
Ат сіңірін создырып,
Ар-намыс үшін жүр едің.
Тонаушы жортар тон үшін,

Бір қарынның тоғы үшін.

Қарақшы жортар қалта үшін,
Бір шайнайтын малта үшін.
Айтыңдар сендер кім едің?
Тұяғы бүтін сом болат

Тұлпар мінбе деп пе едім?
Қияғы бүтін жез қанат
Сұңқар болма деп пе едім?
Жүзден жүйрік жұтынтып,

Жүйрік мінбе деп пе едім?
Сүмбіл шашын төгілтіп,
Сұлу құшпа деп пе едім?
Аңғырттықтың алды тар,

Тентектіктің жері бар,
Шығамын десең тау жоқ па?
Алысам десең жау жоқ па?
Беліңнен баса аттаған,

Ат ойнатып қаптаған
Қоқанның қалың бегі бар.
Шеңбері шемен, жез тырнақ,
Кебеже қарын, кең құрсақ,

Етегі құрсау, жеңі тар,
Қонысынан шұбыртқан,
Теріңді соймай сыдыртқан
Патша жауды жеңіп ал.

Аяғыңа тұсау қып,
Айналаңа құрсау қып,
Патшаның қазған көрі бар,
Көнетін болсаң көніп ал,

Көнбес болсаң көміп сал,
Жағаңнан басқан жауың бар,
Етектен тартқан бөрі бар.
Анталап солар тұрғанда

Жайына жатқан ауылға
Шабудың қалай жөні бар?
Ат артына салғандай,
Жылатып қызын алғандай

Атамыздың Қыпшақта
Қаншалықты кегі бар?
Таласар тауық дəн үшін,
Таласпайды сəн үшін,

Құздың ұшар жемі үшін, Жемтік тауып жеу үшін, Тауық емес, қарға емес, Сұңқар сөйтер болар ма? Қарақшы емес, қары емес, Батыр да сөйтер болар ма? Ата даңқын жамылған Ұлда қанша баға бар? Болымсызға шабынған Батырда қанша баға бар? Қанды бірге кешіскен, Балды бірге ішіскен, Торлы күнде торласқан, Асулы белден бірге асқан, Осы отырған үш батыр, Мұныңды кім бағалар, Бағаламас, табалар Қатын, бала-шағалар. Тыңдасаңдар ақылым Сылап айтқан ақырын, Тыңдамаймын десеңдер, Қатты айтарым жəне бар!» *** Кесек-кесек келте сөз, Кенекеңнен атылды. Кеюменен, кеңеспен Кенекем берді ақылды. Ер ақылын алмаса, Еңселей құлақ салмаса Кесуден таймас басыңды. Қырын қабақ, қырнау сөз, Тиянақсыз тырнау сөз Үшеумізден басылды. Күрешті қанша сүйсек те, Отқа қанша күйсек те, Сыйладық Кене батырды. «Сыр бойы», 1941 жыл

Асқар Тоқмағамбетов

ШЫНАР ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ

(дастан)
Сұлу Сырдың бойында,
Жолбарыс жортқан ойында,
Ақбөкен жортқан құмында

Төрт түлігі тел өскен,
Құрық тимей құлынға,
Суына тұлпар жүздірген,
Атына жусан жұлдырған,

Мамыражай бір ел болған.
Хиуа, Бұқар, Үргеніш,
Үзілмей жатқан жаз бен қыс,
Байлығы түгел жұртқа ортақ,

Қыр жағы қызыл қырық байтақ,
Арасы айлық жол бопты.
Ботаның мөлдір көзіндей,
Ешкімге жатқан сезілмей

Көлдер бопты деседі.
Сол көлді көлбей жайлаған,
Шыңғыртып құлын байлаған,
Марқасы майға бөленген,

Маясы қомға тірелген,
Жастығы жатса жапырақ,
Аунауға таппай топырақ,
Көк майса бопты төсегі.

Жібектен арқан тартпаса,
Нар арқасын төседі.
Мақпалдан жабу жаппаса,
Жұрқа боп жүні өседі.

Əңгіменің арқауы,
Жеткізе алмақ осы еді, –

Деп бастады Сейітнəби,
Аңызын айтып елдердің
Өтіп кеткен кешегі.

– Шынар дейтін бір байдың,

Күн сəулетті қызы бар.
Күлсе күміс төгілген,
Күлдіреп сəуле себілген
Ай секілді жүзі бар.

Тал бойына қарасаң,
Тал шыбықтай бұралған.
Тарқатылса қолаң шаш,
Өн бойына оралған.

Кірпігі жайдың оғындай
Қар үстіне қадалған.
Аузын ашса ақылмен
Дүр төгілер сөзінен.

Күлсе күміс шашырап,
Нұр төгілер көзінен
Десіп аңыз жасапты.
Сол сұлуға үш батыр

Ғашық бопты көрмей-ақ.
Қыз сүйе ме, тие ме,
Ол жағын анық білмей-ақ.
Көзіне ілмей бөтенді,

Иығын көкке көтерді.

– Мен тұрғанда өзгеге

Бұйырмайды қалыңдық.
Арғы атамды сұрасаң,
Атағы шыққан Абылай.
Тек сұраса тегім бар,

Кем тұтынса кегім бар,
Жолбарыс шықса жорыққа,
Жолаушы жолын кесе алмас,
Сөзімді екі ете алмас,–

Деп ақырды Наурызбай.

Наурызбайдың сөзіне,
Сөз жалғады Ағыбай:

– Жортқанда жолым болатын,

Бақыт құсы басыма,
Бақталаста қонатын,
Кім кетер мені танымай?!
Атқан оғым адасып,

Кеткен емес дарымай.
Өштескен жерге от болдым,
Шоқ қадалса шыжылдап,
Ерімей қалмас сары май.

Шынар мені сүймесе,
Айтқаныма көнбесе,
Алсын мені бір құдай! –
Деп лепірді Ағыбай.

Қалай қисын Шынарды-ай,
Мұны өзге ұғар ма-ай?
Жас батырдың біреуі
Табыннан шыққан Бұқарбай

Мұзбалақ нағыз қырандай,
Сөйлеп кетті ол былай:

– Кектескен жерден кек алдым,

Көгіме семсер қайрадым.
Кезеулі мылтық кездессе,
Кеселеп өтпей қоймадым.
Қылаулы қиыр қылышпен

Тасты талша турадым.
Шыңға шырқап оқ аттым,
Оғыммен тауды ыңыранттым.
Қастасқан жауға қадалдым,

Қадалған жерден қан алдым,
Қан алмадым жан алдым.
Шынар қызды ендеше
Кім алады мен алмай?! –

Деді Табын Бұқарбай.
Осы аңызды Сейітнəби
Айтып түгел шертеді.
Енді соған тоқтайық,

Демейік құр ертегі.

Шынарға жаушы шаптырды,
Сынасып бағын үш батыр.
Берсе берді қолынан,
Бермес болса жолынан

Аламыз деп ескертті,
Артында сондай күш жатыр.
Маңдайын мал деп тасқа ұрған,
Кеудесін малға бастырған,

Осындайлар елде аз ба,
Мыңдаған малды азсынған?!
Қара тасты қақ жарып,
Шыңға Шынар шықпай ма?

Толғауға шыдар тобылғы
Құмды жарып шықпай ма?
Шылаулы шалшық көлкіген
Көлге сүйрік шықпай ма?

Осындай сұлу Шынарды
Ұға ма, əлде ұқпай ма?

– Қалыңсыз берер қызым жоқ,–

Деді əкесі ақылды.
Келгендерге жаушы боп
Кесімін айтты ақыры:

– Мекені жоқ, жайы жоқ

Құйын қуған құландай.
Қалыңға берер малы жоқ,
Ізі жылтыр жыландай,
Қонысы күнде түлеген,

Далаға түнде түнеген,
Артынан басқа түгі жоқ,
Қылыштан басқа дымы жоқ,
Тентіреген тентекке

Тегін берер қызым жоқ.
Кенеңе сəлем айта бар,
Жабыспасын кенедей.
Қызымды тартып алмасын,

Жай жатқан елді елемей.
Байдың сөзін жеткізді,
Жолаушылар саққа жүгіртіп.

Сүйектен, еттен өткізді,
Неше түрлі құбылтып.
Əкеден күдер үзген соң,
Əкенің ойын сезген жоқ.

Айтса айтар деп турасын,
Ақсақал тауып жүгінді,
Ол қарттың аты – Лашын.
Тыңдап алып бар жайды,

Лашын сөзді бастады.
«Бас кеспек бар, тіл кеспек
жоқ» шығар деп саспады.

– Əй, үш батыр, үш батыр!

Үшеуіңді де білемін.
Тегеуріні темірдей,
Үш тағанды күш жатыр.
Тонаушы жортар тон үшін,

Бір қарынның тоғы үшін,
Қарақшы жортар қалта үшін,
Бір шайнайтын малта үшін,
Аңғырттықтың алды тар,

Тентектіктің шегі бар,
Шығамын десең тау жоқ па?
Күресем десең жау жоқ па?
Ат ойнатып қаптаған,

Балаңды жерге таптаған
Қоқанның қалың бегі бар.
Теріңді соймай сыдыртқан,
Шегіңді жұлып шыңғыртқан

Алдымен соны жеңіп ал.
Анталап солар тұрғанда,
Жайына жатқан ауылға
Шабудың қалай жөні бар?!

Ат артына салғандай,
Жыласып қызын алғандай
Атаңның қанша кегі бар?!

Таласар тауық дəн үшін,
Таласпайды сəн үшін.
Құзғын ұшар жем үшін,
Жемтік тауып жеу үшін.

Тауық емес, қарға емес,
Сұңқар сүйтер болар ма?
Қарабайыр жабы емес,
Тұлпар сүйтер болар ма?

Ата даңқын жамылған
Ұлда қанша баға бар?
Болымсызға шабылған
Қызда қанша баға бар?

Қанды бірге кешіскен,
Балды бірге ішіскен,
Осы отырған үш батыр,
Мұныңды кім бағалар?

Бағаламас, табалар.
Тыңдасаңдар, ақылым,
Сыйлап айтқан ақырын,
Тыңдамаймын десеңдер,

Ел атынан ескертіп,
Қатты айтарым жəне бар.
Кесек-кесек келте сөз,
Тоқсан жасты атаның,

Аузынан сөз атылды.
Бетімен кеткен батырға
Айтты біраз ақылды,
Қырын қабақ, қырнау сөз,

Тиянақсыз, тырнау сөз
Бірте-бірте басылды.
Енді қыздың өзіне
Жүгінейік десті де,

Келісім болды ақырғы.
Сылдыры жоқ, шуы жоқ
Сыр сылаңдап ағады.
Кейде жым-жырт, иреңдеп

Інінен шыққан жыландай,
Көлеңке іздеп бұғады.

Шығысында Мүлкілан,
Түстігінде Сырлытам,
Күмісқорған, Түркістан.
Батысында «Құмқала»,

Шаңқиып жатқан ен дала,
Солтүстігі – Қараөзек,
Қонай-қойнау жағасы.
Жайлаукөл дейтін бір көл бар,

Əуелеп өскен ағашы.
Сол жерде Жаппас елі бар,
Жалғаса жатқан табындар.
Бірі жиен, бірі нағашы.

Наурыз деген Жаппастың
Бəрі батыр баласы.
Сол маңда тағы бір көл бар,
Көз тартады айдыны.

Осы ауылға кез болсаң,
Ұмытасың қайғыны.
Күнде думан, күнде той,
Болып жатқан жай күні.

Бұл – Шынардың ауылы,
Ақтүйе деп атайды,
Сыр бойына əйгілі.
Сол сұлуды көргелі,

Сұлуға сұрау бергелі
Алыстан келді үш батыр,
Аққуды іздеп көлдегі.
Батырлар келді дегенде,

Тірі жан қалмай жиылды.
«Кекірік иісі келер» деп
Жолатпай қойды сиырды.
«Қолаңса басып кетер» деп

Қойды аулаққа иірді.
«Шуаштың иісі шығар» деп
«Түйе атаулы бұл маңға
Келмесін» деп бұйырды.

Сары ала қымыз сапыртып,
Сабаны қойды ілдіртіп,

Күмпілдетіп пістіріп,
Жұтқанда таңдай жұлдырып.
Күмістен құйған зеренге
Қымыздың иісін сіңдіріп,

Піспектері зорға басылды,
Кілегей майға жүздіріп.
Жылқыдан келді Шынар қыз,
Батырлар неге келгенін

Күні бұрын-ақ жүр біліп.
Шынар қыз тіп-тік шынардай,
Батыр деп басын иген жоқ.
Сəл иілсе сынардай,

Ақырын ғана əдеппен
Даусын да қатты шығармай,
«Есенсіздер ме» дей салды,
Қадалған көздер ұғардай.

Жастыққа жатып сөйлесті
Шынтағын жазбай Ағыбай.
Қыз сипатын көрді де,
Дей берді тек «А, құдай!»

Күн түскендей көзіне
Қипақтап қалды Наурызбай.
Қыздан түскен нұр сəуле
Тастады білем тұрғызбай.

«Мен өмірде бұл қыздай
Қыз көрмедім» деп жатыр
Батырсынған Наурызбай.
Жатсынбады Шынар қыз,

Қонақтармен сөйлесті.
Батырларға сын тағар
Сынаушы жанға кездесті.
Қонағасы, сый-сыпа,

Берілді бағылан сойғызып.
Қымызды қойып шай ішті,
Түйенің сүтін құйғызып.
Осылар түгел біткен соң,

Жол жүретін жолшыға

Кетпесін деп тым қызып,
Орнынан тұрды Шынар қыз
Өзінің құрбы-құрдасы,
Қыздарды түгел тұрғызып.

– Қош кепсіздер, батырлар,

Ат арытып алыстан.
Бүйір жатқан ел едік
Жаугершілік шатысқан.
Тіршілікте қызық қой

Біреу мен біреу танысқан!
Бұйымтай болса айтыңдар,
Риза болып қайтыңдар,
Амандықта қауышқан,–

Деп иілді Шынар қыз
Сөзін айтып тауысқан.
Төрелік сұрап жүгінген
Ағыбай сөзді бастады.

Талай-талай тəтті сөз
Тамызыққа тасталды.

– Жарқыным, құрбым Шынаржан,

Өзіңдей адал жар тауып,
От тұтатсақ деп едік.
Ақылына түсі сай
Ару тапсақ деп едік.

Тұманы жоқ, айы бар,
Түнді тапсақ деп едік.
Буалдар, бұлдыр бұлты жоқ
Күнді тапсақ деп едік.

Ат арытып алыстан
Соған бола кеп едік.
Өзің төре, өзің би,
Өзің жалғап, өзің қи,

Жасымызға қарама,
Үш батыр келді алдыңа,
Өзің таңдап, бірін сүй, –
Дегенде Шынар тұнжырап,

Тұрды біраз түнеріп.

– Батыр десем, пақыр боп,

Келіпсіңдер ғой тіленіп.
Сен мені сүй дегенге
Қорқып сүйер бола ма?
Əркімде бір жүрек бар,

Əркімде бір тілек бар.
Ол да өзінше тентек қой,
Еріксіз жүрек болар ма?
Алдымен, батыр, сөз тыңда,

Келсеңдер маған жүгініп,
Жылқы баққан бір қыздан
Қайтпаңыздар түңіліп.
Қыз алдында сыпайы

Отырмас па жүгініп?
Аңғырттық па, бұл қалай,
Икемсіздеу жатырсың.
Елді шапқан еңіретіп,

Өзің тағы батырсың.
Басыңды көтер жастықтан,
Аптығым менің басылсын.
Ағыбай атың Арқа мен

Сыр бойына белгілі.
Батыр деген бір қаңбақ
Тұра алмайтын жел күні.
Желсіз бізде күн бар ма,

Біледі сырттан ел мұны.
Жау еместі жау қылып,
Дау еместі дау қылып,
Елді шауып кетесің.

Тұлымшағын қыздардың
Ханың айтса болғаны
Тұтамдап тұрып кесесің,
Қылышпен қиып некесін.

Мен болсам осы Сырда өскен,
Шынар менің есімім

Екеу емес,жалғызбын.
Қорқытқанға тимеймін,
Басымды төмен имеймін,
Жолар екен қай құзғын?!

Құдайы бар өзінше,
Жапалақ пен байғыздың.
Менің де, батыр, тəңірім бар,
Үні шықпас демеңіз,

Жапанда жүрген жалғыздың.
Құлақ сал, батыр Наурызбай,
Сен деген бір төбесің.
Қарадан неге қыз алып,

Абыройыңды төгесің?!
Сен – ақсүйек, мен – қара,
Қараны қалай өбесің?
Жылқы баққан бір қыздың,

Қорлығын қалай көресің?
Оған қалай көнесің?
Қосыла ала ма от пен су,
«Ақ», «қара» деп өздерің,

Елді екіге бөлесің.
Қыз күң екен демеңіз,
Қыздың да тыңда кеңесін.
Тие алмаймын, Наурызбай,

Десең де қазір өлесің!
Сен де тыңда, жерлесім,
Табыннан шыққан Бұқарбай.
Батыр болсаң жөнге көш,

Сəл нəрсеге жұқармай.
Сен неғып жүрсің, япырау-ау,
Бірге жүрген, бірге өскен
Жарыңды тауып құша алмай.

Аулымыздың арасы
Қарыс та емес, тұтамдай...
«Ауыздыкөл», «Қарарын
Жаз жайлауы елімнің.

«Кілем жайған», «Ақ түйе»
Құт мекені жерімнің,

Қоңсы жатқан ел едік,
Арнасы бір егіннің.
Кіндіктен аққан қанымыз,
Осы жерге төгілген.

Аруақты ата-бабамыз
Осы жерге көмілген.
Кете алмаймын елімнен,
Кете алмаймын көлімнен.

Өзімнің туған жерімнен...
Жарың болам мен сенің,
Қорқа алмаймын өлімнен!
Осыны айтты Шынар қыз,

Қонақтарға «қош» деді.
«Артық айтсам, ағалар,
Айып етпе, кеш» деді.
Қарсы жауап айтуға

Ешкімнің əлі жетпеді.
Атына қонды қонақтар
Сарбазына жеткелі.
Шыға шауып ауылдан,

Қаратау жаққа беттеді.
Шынар қыз кетті жылқыға,
Көл жағалап əндетіп.
Даусынан аққу дүрлікті,

Бара жатқандай жаз кетіп.
Əн деген көңіл жайлауы,
Əндетіп көңіл қалды өсіп.
Аңызды əрі созбады,

Сəл тоқтап қалды Сейітнəби,
Ой толғауын қозғады,
Əнге толды көңілді үй.
Қоңыр кеш, қою, бүркек бұлт,

Бұрқырап кетпей сіркіреп.
Аспан-жер қолмен қабысып,
Сан құбылып, сан түлеп.
Көздің нұрын тартады,

Көбелі көркем көкжиек.
Осы көлдің тарихын

Есіткенде сай-сүйек
Сырқырайды деп сөзін
Сейітнəби айтып біткен жоқ.
Айта берсе аңыз боп

Кететін жері тіптен көп.
«Əркім-ақ саған құмар» деп,
Шынар десе Шынар деп,
Ел аузында жыр болған,

Естен кетпес сыр болған.
Сол атақты Шынарға
Бұқарбай батыр үйленіп,
Шынаркөлдің басында,

Ұлан-асыр той болған.
Ат шаптырып, жамбы атып,
Жыршылар тойда толғанған.
Бел ұстасып белдесіп,

Балуандар күшін сынасты.
Бір күн емес, жыл бойы
Думанға думан ұласты.
Шынардан екі ұл, бір қыз бар,

Алданазар, Көтібар,
Бұқарбайдай батырдан
Қалған ұрпақ осылар...
Жорықта жүріп Шынардың

Есітті тойын Ағыбай.
Бақталас деген бəле бар,
Қалай қалсын налымай?!
Ол да есітті бұл тойды

Атаққа құмар Наурызбай.
«Басыңды сенің кеспесем,
Үйіңді талқан етпесем,
Шаңырағыңды қиратып,

Тас-талқан қылып кетпесем,
Алсын мені қу құдай!!?» –
Деп қылышын көкке атты,
Көкірегін соғып Наурызбай.

16-105

Дəл осы кез қан жорық
Хан елінде боп жатқан.
Жау шабынып жан-жақтан,
Қоқанның қалың əскері

Шабуыл салып бір жақтан.
Бұқарбай, Шүңірек батырлар
Аттанды жауға Сыр жақтан.
Тоғыз жақтан торласқан,

Топыраққа көмілді
Тап-таза тұрған нұрлы аспан.
Күңіренумен күн өтті,
Сорлыасар, Қарасар,

Бір жағы Күмісасардың
Жолын торып күзетті.
Шынар сұлу жар күтіп,
Құлазыды шаң жұтып.

Басына шықты бір күні,
Шынар қыз жалғыз албыртып.
Мұңлы əн шығар жүректен
Сай-саланы жаңғыртып.

Алыстан көрді бір құйын
Келе жатыр шаңғытып.
«Бұқарбай батыр екен» деп
Алпыс екі тамырға,

Бəріне бірдей əл бітіп...
Қыз ауылға жөнелді
Батырым келе жатыр деп.
Көк майсаға көсілтіп,

Тігейін алтын шатыр деп.
Шатырма көйлек, шым жібек,
Басына киді сəукеле,
Көрінбесін шашым деп.

Ақ бауырсақ жолыңа,
Аруақтар, саған шашу деп...
Далаға шықты жүгіріп,
Батырым келіп қалды деп.

Сөне ме деген бұл шырақ
Қайтадан міне жанды деп.
Сөйткенше болмай құйылды
Жақындап қалған шаңды лек.

Сескеніп қалды Шынар қыз,
Үйіне қайта жүгірді,
Сүрініп неше жығылды.
Шытырма көйлек, шым жібек,

Омырауынан сөгілді.
Сəн үшін киген сəукеле,
Бір қуысқа тығылды.
Қазықта тұлпар Сұркөжек

Жер тепсінді бүкшиіп.
Ауылда еркек бір жан жоқ,
Қыз соған қалды тіксініп.
Жалаулы найза қолға алып,

Абжыландай толғанып
Шауып шықты Шынар қыз,
Ыза мен кекке долданып.

– Кімсіңдер, жау ма, доспысың,

Адасып жүрген жоқпысың?!
Бұл ауыл неден жазықты,
Басқаның ақсақ тоқтысын
Жемеген еді, жай жатқан,

Көрмеген жаудың соққысын, –
Деп еді,
Біреу ақырды:

– Бұл елде сұлу Шынар кім

Бұқарбай батыр үйленген?

– Мен сол айтқан Шынармын! –

Деп басынан шарт түйген
Ақ жаулығын сыпырды.
Айдын көлден сұңқылдап,
Аққу ұшқан сықылды.

– Сенбісің сұлу Шынар?! – деп,–

Жұмысың енді тынар, – деп

Найзасын ала ұмтылды,
Жын қаққандай жұлқынды.

– Шыда, тоқта, тоқта! – деп

Найзасын бөгеп қыз тұрды.

– Қызыл-жасыл түр берген

Гүлдерім саған не жазды?!
Тыныштыққа бөленген
Түндерім саған не жазды?!
Үйрегі ұшып, қаз қонған

Көлдерім саған не жазды?
Апыл-тапыл жүгірген
Ұлдарым саған не жазды?!
Алданазар, Көтібар,

Зылиқадай нəресте
Қыздарым саған не жазды?!
Үйде отырған құдайлап,
Қарт анам саған не жазды?!

Ей, батырлар, батырлар,
Құдайың жоқ, дінің жоқ,
Сендер қалай батырсың?!
Əділдік жоқ, шындық жоқ,

Малын жайған, құрт жайған
Ауылды шауып жатырсың.
Түк айта алмай шапқыншы
Ала ұмтылды найзасын.

Шынар да қарсы ұмтылды
Жекпе-жек келіп қалғасын.
Батыр боп бұрын ел шауып,
Найза ұстап, сірə, көрмеген,

Біреудің жетім лағын
Бауыздап та көрмеген
Шынарды жау кеп түйреді.
Аппақ етін қан қылып,

Көлге дейін сүйреді.
Атаңа нəлет жауыздар
Жүгіріп келген балаларды,
Бала екен деп білмеді.

Көзіне де ілмеді.
Шынар қызды шыңғыртып,
Апарып терең көлге атты.
Көпіршіп көлден қан шықты,

Қанмен бірге жан шықты.
Қарағай басын мұң шалды,
Осынша қайғы-қасіретті
Ел басына кім салды?!

Батырмыз деп атанған,
Қырқысып қызға таласқан,
Найзамен ғана бал ашқан
Солар ғана жол салды...

Сейітнəби аңызды айтып ойландырды,
Əркімнің басында бір ой қалдырды.
Ол заман өтті-кетті жан билеген,
Көркейді, бақыт тапты, ел жаңғырды.

Сол көлді «Шынар көл» деп ел атапты,
Өлмейтін қызға ескерту ел жасапты.
«Мінеки, Шынар қыздың моласы» деп,
Сейітнəби соныменен сөз қысқартты.

Біз тұрдық сол Шынардың моласында,
Əдемі-ақ болу керек о басында.
Бұл кезде бəрі құлап, жер боп қапты
Жалағаш, Сырдың сұлу жағасында.

Өлмепті елдің аңыз-ертегісі,
Айтады егде тартқан елде кісі.
Көп тұрдық, көп ойландық ескірмес деп
Шындығы Шынар қыздың, ертегісі.

Келеміз көлге қарап сыр сақтаған,
Ішіне үлкен дастан, жыр сақтаған.
Шағала, қаз бен аққу бəрі де бар,
Тек қана Шынары жоқ жұрт мақтаған.

Əбірəш Жəмішев

ТАРЛАНЫ ЕДІМ ТАҒЫНЫҢ

(Нысанбай ақынға Бұқарбай батырдың айтқанынан)
О, бауырым Нысанбай,
Үндемей кейде жатамын,
Тұңғиық ойға батамын.

Жанымды қинар қиялдың
Ащы уытын татамын.
Қайратым менің кем бе еді?
Айбатым менің кем бе еді?

Ағайынның арманын
«Бұқарбай айтсын» дер де еді.
Сол ағайын алыста,
Біз жүрміз шарлап Арқаны.

Түн қатып, түс қашады,
Торсықта ерітіп малтаны.
Түсіме еніп кей-кейде
Туған ел лебі тартады.

Қаумалап тұрар күн қайда
Момын менен тарпаңы?!
Сол елден жүрген жанымда
Өзіңнен басқа кімім бар?

Сен болмай қалсаң кейде бір,
Жаутаңдап тұрар күнім бар.
Құла түзде құйғытқан
Тарланы едім тағының.

Арқандаулы аттай боп,
Жаздырмай қойды адымым.
Қиын-ақ екен болмаса,
Қалың ел тірер арқаңды.

Қаламын бүгер кейде іште
Айқайлап тұрып айтарды.
Екілесіп келгенде,
Сөзімді қостар кімім бар?

Кіл бөрі шулап кеткенде
Естілмей қалар үнім бар.
Олжа алып келсем аулақтан,
Кімім бар сауға сұрайтын?

Мерт болып кетсем қапыда,
Көз жасын кім бар бұлайтын?
Сыр бойынан бір келген
Сен едің сыйлас туысым.

Жаутаңдап тұрар жасқанып,
Сенің де күнің құрысын...
Дəл таппай қалсаң көңілін,
Қабағын түйер төрелер.

Қабағын түйген түк емес,
Қадап бір жерге шегелер.
Бірі олай, бірі бұлай боп,
Төренің өзі екіұдай.

Жауласқан екі қазаққа
Қарайтын қайсы бетім-ай?!
Қиын екен дүниеде
Жау күтіп жүріп алыстан,

Іштегі итің ырылдап,
Өзіңмен өзің алысқан.
Кенеден көңілін аударды
Бұл жақтың төре, байлары.

Қырындап шыға келеді
Бірі емес, ауыл-аймағы.
Қырық құрау болып бөлінген
Мұндағы жұртты көрдің бе?

Патшаға қарсы тұрарлық
Бірлігі жоқ елдің де.
Кімнің ақ, кімнің қарасын
Айыра алмадым арасын.

Айырып емдер бар ма екен
Айыра білмеу жарасын?
Осындай ойлар қамалып,
Үндемей ұзақ жатамын.

Өзімнің осы өміріме
Өкініштімін, қапамын.
Еркіндеп бұлай кеткелі
Ел жақ та бізге өкпелі.

Есет пен Бекет, Жанқожа
Бас қосып жүрсек көп пе еді?!
Қоқанның ханы қоқаңдап,
Жатыр ғой Сырды ылайлап.

Хиуаның бегі бөктерге
Байламақ болар бұғаулап.
Ақ патша көзін алартып,
Алмақшы шығар алқымнан.

Қазаққа осылай тұс-тұстан
Қыл арқан торы тартылған.
Мəз болып біз жүріппіз
Жақыннан жауды тапқанға.

Қуанамыз баладай
Арқадан біреу қаққанға.
Менен гөрі көп еді,
Ақыным, сенің ақылың.

Осыдан Сырға бет алсақ,
«Келдің бе, – дер ме, – батырым?!»
«Келгендерің дұрыс!» деп,
Құшағын жайып ашар ма?

Əлде бізді айыптап,
Бір кінə бетке айтар ма?
Қаумалап ел-жұрт келер ме,
Баяғыдай көрер ме?

«Жаусырап қайда кеттің?!» деп,
Ағалар ашу төгер ме?
Дей алмаймын бүгінде
Өзіме-өзім иемін.

Жортуыл, жорық күні-түн,
Қай жерде қалар сүйегім?..
Күн артынан күн туар,
Жыл артынан жыл туар.

Бабамыз деп Бұқарбай
Іздейтін қашан ұл туар?
Осындай ойлар қамалап,
Дөңбекшіп түнде жатамын.

Жанымды қинар қиялдың
Ащы уытын татамын.
Сен қапа болма, Нысанбай,
Көңілімде жүрген мұңым ғой.

Қылышымнан да өзімнің
Сенерім сенің жырың ғой!
Сол жырың, бəлкім, жеткізер
Іштегі шерді қайнаған.

Сау болсаң елге сəлем айт
Сыр бойын қыстап, жайлаған.
Сəлемін айт ұлының
Тағдырдың желі айдаған.

Қорғайм деп қазақ елдігін
Өлімге басын байлаған...
Қайтейін, қайран елім-ай,
Бара ма кетіп берекең?!

Біріктіре алмай басыңды,
Қиналып жүр-ау Кенекем!
Қоқан мен Хиуа, орыстар
Үш жақтап Сырды торлаған.

Содан да жаным жай таппай,
Қиналып мен де толғанам.
Мойнымызда парыз көп,
Оны қалай өтерміз?

Дəм мен тұз, топырақ бұйырып,
Елге қашан жетерміз?
Күн артынан күн туар,
Жыл артынан жыл туар.

Заманнан заман ауысып,
Айналып дүние зырқырар.
Не қыламын десе де,
Алланың ерік-ырқы бар.

Болған деп сондай бабалар
Іздейтін бізді ұл туар.
Жатқа айтып сенің жырыңды,
Ұрандап ұрпақ ұмтылар.

Ардақталар азамат
Аялар елі, жұрты бар!
Нысанбай бауырым, өзіңе
Ақтардым біраз сырымды.

Сен тоқтатпа жырыңды,
Мен жықпаймын туымды.
Кенекем жолы – қиын жол,
Тəуекел, бірге өтейік!

Алла жазса содан соң
Тезірек елге жетейік!

ӨР ТҰЛҒАСЫ ХАЛҚЫМНЫҢ

Аруақты батырға
Жалағаш пен Бұқарбайдай батырда
Жалғандық жоқ сайрап өтсе ақынға.
Нысанбайдай алып жырау туғызған

Аңыз жетер бұл топырақ хақында.
Қабан менен Меңлі батыр жорықтас,
Болған екен бір шоғыр топ қорықпас.
Азаттыққа жеткізем деп өз халқын,

Атқа мінген нағыз сардар торықпас.
Бұл есімдер бір жағы ғой бізге аян,
Тарих өзі жазып берген сөз де аян.
Өзгенің де ырза болсын əруағы,

Кезі келсе аңыздардан ден қоям.
Қасиетті көне Сырдың бойында,
Азын-аулақ алыптарым жайында
Сырын шерттім өткен ғасыр бір үзік

Бұқарбайдай аруақтың тойында.
Сыр-Анамның бір пұшпағы Жалағаш,
Көңлің сенің қалар, бəлкім, қаламас.
Сейфолла Оспан,

ақын

Маған бұл жер сынығындай асылдың
Көрінеді базары əсте тарамас.
Басқан талай дұшпандардың ашуын,
Бабаларым бағдар берген асуым.

Əрқашанда үстем болсын мерейің,
Қабылдаңыз бір балаңның шашуын!
Өр тұлғасы халқымыздың өрілген
Бүгінгі той Сырдың тойы төгілген,

Өңкей жайсаң жайлаған бұл өңірден,
Аруақты бабамыз ғой Бұқарбай
Желеу болған орын алып көңілден.
Бабамыздан жердің көрем сыйларын,

Бабамыздан елдің көрем дидарын.
Бабамызға қуат берген аруақ,
Атаулылар айбар берер күй-дарын.
Бұл тойымның ықыласты ордасын,

Əулиелер əруағы қолдасын,
Батыр, бидей қасиетті ұлылар
Ниеттері шапақ атып қорғасын.
Өткен ғасыр шежіресі бабамыз,

Көп аңызды жаңғыртқандай қараңыз;
Бəйтен, Сəрке, Байқадамдай алыпты
Тап бүгінде еске еріксіз аламыз.
Өткен ғасыр шежіресі бабамыз,

Көп аңызды жаңғыртқандай қараңыз;
Бет қаратпас Жанқожадай алыпты
Тап бүгіндер еске еріксіз аламыз.

Өткен ғасыр шежіресі бабамыз,
Жүзінен біз талай сырға қанамыз;
Досбол датқа, Бозжан билер дүрлеген
Заманаға ғажап қайран қаламыз.

Өткен ғасыр шежіресі бабамыз,
Сөздерінен жанға дауа табамыз;
Қалжан ахун, Сарыбайдан Сəдір би
Шешіміне тəнті болар санамыз.

Өткен ғасыр шежіресі бабамыз,
Іздерінен мол ұлағат аламыз;
Қоқыбайдай сейістер мен атақты
Ерубайдың бейнесіне қанамыз.

Өткен ғасыр шежіресі бабамыз,
Көп екенін еске салар данамыз;
Шортанбай би, Қырғи билер жайлаған
Қандай ғажап көрікті еді даламыз.

Өткен ғасыр шежіресі бабамыз
Жорығынан не мықтыны қалаңыз;
Кенесары, Наурызбай мен Ағыбай,
Иман батыр құдіретін табамыз.

Өткен ғасыр шежіресі бабамыз,
Қанша ой тастар, жалықпай сіз санаңыз;
Нысанбайдай өлең-жырдың кенішін
Қайдан ғана іздеп біздер табамыз.

Өткен ғасыр шежіресі бабамыз,
Киесінен қуат алған санамыз;
Қорқыт бабам, Марал ишан тағы да
Қосым қожа аруақтары, сан абыз.

Үнді болған, күйлі толғам билеген,
Біз халықпыз тыныс алған күйменен.
Сунақ ата əулиеміз өзгеше,
Жанына жат жалғандықты сүймеген.

Аллам өзі елден ерек мəн берген,
Қасиетімен жеті өлікке жан берген,
Мүсірəлі Сафы атамыз құдірет,
Табынумен барша халқым əл көрген.

Тұнып тұрған аңыз өлке бұл аймақ,
Тұран ойпат күш танытқан құдайлап,
Аңыз-Абыз Сырдың бойы самсаған
Көне құпия шежіреңді тұр жайлап.

Өткен ғасыр шежіресі Бабамыз,
Дидары өктем, табынамыз, барамыз;
Елдің қанша алыптары басқа да
Аунап түсіп жатыр қазір, қараңыз.

Бүгінгі той Сырдың тойы төгілген,
Шаттанатын, шарықтайтын көрінген.
Жасай берсін өр тұлғасы Бұқарбай
Көңілінен халқымыздың өрілген.

Сырым менің ошағы болған аңыздың,
Тарихы мол, тағлымы мол маңыздың.
Мəйегі боп жаратылған бабалар
Тілі болдың сайрап жатқан сан іздің.

Қатпар сырды бауырыңа жасырып,
Кейінгі ұрпақ мерейлерін асырып,
Үнсіз шертіп шежіресін даланың
Келдің-ау сен танытпай-ақ асылық.

Міне, бүгін батыр бабам Бұқарбай,
Тірілді өзі тұлғасымен құзардай.
Қанша аруақ сылтауымен батырдың
Қалғаны жоқ əңгіме боп тұтанбай.

Қанша таңды атқардыңыз көз ілмей,
Батырлармен бауырласып өзіңдей.
Көз алдымда көтеріліп барасың
Құдіретті бір дəуірдің көзіңдей.

Заманында сан батырдың самсаған
Алды болдың тəжім етер барша адам.
Елің үшін ақ алмастай суырылып,
Қолды создың бостандыққа аңсаған.

Тілектестік ниетімен еліңнің,
Жойқын күшін қуат тұтып сенімнің,
Қас батырдай қақыратып қалыңды
Аруақ-құдай тауыспаған деміңді.

Жан біткенің өкінішсіз болмайды,
Шешендік те батырға жай қонбайды.
Ақ жүрегің қақ жарылып тұрғанда
Халқыңның да меселі əсте солмайды.

Небір аңыз көмейлерге кептелген,
Небір жайлар құр бекерге көктелген.
Жаманы өшіп, жануы үшін жақсысы
Биік тұлғаң жарқырасын өткеннен.

Бір сиқыр бар бағалатар адамды,
Еске алдырар қасиетті бабаңды.
Бойыңа ол күш-қуат боп құйылып,
Еріксізден толғантады санаңды.

Жеткізетін арманыңа аңсаған,
Көңілдегі жыр-дауыл ол таң самал.
Қай жерден де алып шығар мақтаның,
Абыройың қадір тұтқан барша жан.

Сан құйтырқы жолын кескен айланың,
О, Құдірет, ай мүйізді айбарың,
Халық болып көтеретін көкке оны
Батырларың бар маңызың, қаймағың.

Ауар оған бүкіл елдің назары,
Өшпейтұғын өскен елдің ажары.

Тауқыметін жұрттың мына көтеріп
Ел тұлғасы аз болмаған азабы.
Елден ерек ойын ғажап қорытқан,
Аңсап елдің азаттығын жорытқан.

Жолы болмай қайтқанменен жорықтан,
Талай жандар ойға батып торыққан.
Егін еккен шау тартқан бір шағында,
Елін бастап алдандырмай сағымға.

Жайсаңдықпен өткен мына жалғаннан,
Бой алдырмай желөкпелік ағымға.
Көкіректе бұғып жатқан бар сырын,
Талай елді таңдандырған таңсығым.

Бүгін, міне, жарқырадың еліңмен,
Егінімен, лебізімен бал шырын.
Аңқылдаған батыр бабам Бұқарбай,
Батылдығы абжыланды жұтардай.

Айбарына, ажары сай келбетке
Не сұлуың өткен емес тұтанбай.
Тегеурінді төрт батыр
Қамын ойлап халқының

Қабырғасы қайысқан.
Бəсең тартып жарқын үн
Сəтінде бір майысқан.
Еңіреген ер елі үшін

Өзін оққа байлаған.
Ен жайлаған жері үшін
Бес қаруын сайлаған.
Кенесары Хан ием!

Қабырғасы сөгілген.
Бас көтеріп шыдамай
Найзағайдай көрінген,
Нөсер бұлттай төгілген.

Кенесары Хан ием!
Халқының болған айбары,
Басын қосып батырдың,
Ой ойлаған айлалы.

Билеуі үшін өздері
Туған елін-аймағын.
Айтатұғын көпке ақыл
Босқа жүрсе күйер іш.

Тұғыры болған төрт батыр
Төбе бидей сүйеніш.
Төрт құбыла төрт батыр
Түгелденген қабырға,

Іштерінде өрт жатыр
Дес бермейтін сабырға.
Жағаласып жауменен
Ынтымаққа бастаған.

Іс бітірмей дауменен
Мейманасы таспаған.
Ақжолтай батыр Ағыбай,
Сарбаздардың бағындай.

Тигенде жауға сағымдай,
Жау біткен өтпес табынбай.
Арыстан жалды Бұқарбай
Қас-дұшпанын жұтардай.

Қаһарына мінгенде
Тау көрінер тұтамдай.
Жүзінен нұры тасыған
Иман батыр – асыл жан.

Айбары асып, дұшпанның
Құты қашып басылған.
Бас батыры Наурызбай,
Қалт жібермес найзагер.

17-105

Қаптай берсін жау мұздай,
Ала алмайтын айлакер.
Небір алып самсаған
Қаншамасы тағы бар,

Азаттықты аңсаған
Марқасқалар бəрі бар.
Көрші бауыр інісі
Ынтымаққа көндікпей,

Тарылғанда тынысы
Тигені рас жан күтпей.
Күйінгенде көкжалдың
Өзіне-өзі шапқаны.

Тəркі дүние тажалдың
Жұтты өзінің қақпаны.
Біреуге жөн, біреуге
Болмағанмен қателік,

Ұрындырды бүгінде
Өтірік билік əперіп.
Болашақты ойлаған
Қамқорлығын əкелік,

Опасыздан жайлаған
Табыс еттік əкеліп.
Тартып бүгін зардабын
Міне, опынып отырмыз.

Көбейгенмен заржағың,
Шын мəнінде соқырмыз.
Көкесін көрген азардың
Құлшылық өмір құрысын.

Маңдайына аз елдің
О, құдірет, Хан Кене,
Сыймай да кеткен ұлысың.

Əруағыңды əлпештеп
Қастер тұтып жатырмыз.
«Күнəмізді
Ал кеш!» – деп

Кеш ұғынған пақырмыз.
Бұқарбай – Батыр бабам,
Соққан желдей аңқылдаған,
Қиянат қияпаты қия тартқан,

Түзеліп келе жатыр мына заман.
Түнектен түлеп ұшып тірілуде
Есімің жүректерге ұялаған.
Қалай ғана өзіңдей алыптарды

Мақтан тұтпай қоюға қияды адам?
Өзекті өртер өкініштің,
Өткен ғасыр өтін іштім!
Бұқарбай – Батыр бабам,

Болмаған қай кезде де халқың надан.
Қанша жерден жол таппай тұншыққанмен,
Өшпейді əсте ешқашан жақсы қадам.
Жайбарақат таң атып, күн шыққанмен,

Көкірек күмбірлейді, түлеп санам.
Көлеңкеде қалдырмай өздеріңді
Сөздерің ұлағат боп қанған қанам.
Келбетіңе бəрі сыйған,

Ерлігіңмен жігер құйған!
Бұқарбай – Батыр бабам,
Тарихи шежіреміз болмай тамам.
Бас көтеріп өндірдей ұрпақтарың,

Ажалға қарсы шапты тіреп табан.
Жанашырлық төркіні қанаушылық
Екенін түсінді ел де күйіп жаман.
Тартып алып өз тілін, салт-дəстүрін

Ұқсатып жатыр қазір, көңіл алаң.
Жаңғырып қайта таңым,
Жарқылдап атты таңым!

Бұқарбай – Батыр бабам,
Мерей болды ерлігің тартынбаған.
Іші тар, небір сойқан көріп жүрміз,
Өз басынан өзі əсте артылмаған.

Көрінгенге көз сатып, мүсəпір боп
Əлдекімдер алдында қалтылдаған,
Қағидалар бүгінде əдрəм қап,
Шеттеп жатыр бас алмас бал тұмадан.

Өрлікте парасатым,
Айбыным жарасатын!
Бұқарбай – Батыр бабам,
Мына той сыбағаң ғой тартылмаған.

Айта берсе, сыры мол тарам-тарам,
Кезінде күштен зорлық болған алаң.
Нарықтан халқың азып отырса да,
Қолға алды ұрпақтарың жайраңдаған,

Ерлікке таң қалардай бүкіл ғалам.
Тойыңды жасап жатыр ағыл-тегіл,
Дүбірлеп омырауы туған далаң.
Сауығып сағы санам,

Жазылып көне жарам,
Елендің асып бағаң,
Жеткендей асықпаған
Қайран бабам,

Өзіңнен артықты мен қайдан табам?!
Бабаларым айбынды
Бабаларым айбары едің, айбынды,
Əруағым ұмыттырар қайғымды.

Үстем болар қай жерде де мерейім
Додаларда көкжалданған айдынды.
Бұқарбай, Қабан, Нысанбай
Аңыз боп өткен бабалар.

Мақтансам көңіл тұсалмай,
Жан болмас бізді табалар.

Елімнің ерен қуаты –
Жерімде туған даналар.
Ерлігіне не мықтылар бас иген,
Атыңды айтсам, көңіл судай тасиды,

Жігер берер жеткілікті мақтаным,
Жетім емен, құлазып жан жаситын.
Қастер тұтам құдіретін жерімнің,
Жаттап өтем асыл жырын елімнің.

Аңыз болған жайсаң жанды бабалар
Асылдығын танытады тегімнің.
Небір ғажап тың ойларым туатын,
Аңыз біткен қанып ішер суатым.

Елім барда сарқылмайды ешқашан
Бұрқыраған бойдағы арман-қуатым.
Ол – Сырымның құдіреті даналар,
Аты шыққан мақтан болып бабалар.

Ол – құнары топырақтың өшпейтін
Жаңғыратын жаңа ойлар мен саналар.

Рахмет Батырбаев

(дастан) 1. Бастау

Сыр, мен де ұлыңмын сені мекендеген,
Кенжеңмін көшіңе еріп, көкем деген.
Санама сезім өріп, саз сіңіріп,
Əн – емшім, жыр – сыбағам екен деген.

Төріңде тұсау кесіп, тілім шығып,
Ой ұштап, үмітті ерттеп тепеңдегем.
Тарттырып томағамды талабыма,
Желпіндім, жерім де көп жетем деген.

Халқыма қолғанат боп, еліме ұл боп
Уəде, уəжім бар өтем деген.
Ожданым – оқа-зері, айшығы – арым,
Күйдемін күмбез қашап кетем деген.

Бір дастан Бұқарбайға бағыштауым
Белгім бұл білек, белім бекем деген.
Басқұры, босағасы ол байтағымның,
Бірліктің пірін кім бар бөтен деген.

Боздаған боз даламның «боз үлегі»,
Бастайын, батырды жыр етем дегем.

2. Бұқарбайға дейін

Сыр-ана, сірə, сенен сырға бай кім,
Сынаптай сұңғыламсың сырғанайтын.
Қонақжай қазағымның қалпы сенде
Қазаны, қара иесі құрғамайтын.

Күн туды құрметтейтін, қастерлейтін
Көненің құраны мен құрбан айтын.
Сыр-ана, сірə, сенен жырға бай кім?!
Дүлдүл де, дүр де өзіңдей жырламайтын.

Қоңыр үн қосылғанда қобызыңа
Қалың ел құлай тыңдап құрмалайтын.

Тарихи дастаныңды басташы бір
Күбірлеп күнде ішіңді тырналайтын.
Сыр ана, сенен бар ма мұраға бай,
Ұлағат, рух, көмбе, ұраға бай.

Ұраңда үлгі, ұлылық, көмбең күй, əн,
Тіл – дəстүр ту көтерді тұраламай.
Шешені, шежіресі сақ түріктің,
Тербеші ой, дуалы ауыр дүр анам-ай.

Оллаһи, ол күндерден демен жоқ із,
Өзгерген өмір көші тоқсан тоғыз.
Тұран мен Түркістанның дүр даласын
Көне ғұн, қоныстаған қыпшақ, оғыз.

Фараби байтаққа бақ тіледі де,
Тарихта қалды тартып Қорқыт қобыз.
Ақ мая мініп Асан жорта берді,
Замана зауалынан қорқа берді.

Жерұйық жұмақ іздеп, жыр кешкенін
Атырау, Арал көрді, Арқа көрді.
Үмітпен ұлысының ұлы көшін
«Тəуекел» деді де атам тарта берді.

О, сұмдық, тағдыр елді сынағаны,
Жылжыды жылан болып ылаң əні.
Аңырап ақтабан боп шұбырды ауыл,
Осы да аспанының құлағаны.

Қасіретті гимн боп қалып қойды
Елімнің «Елім-айлап» жылағаны.
Ұл өсті атан қомы, ат жалында,
Қыз өсті кекті, долы, от-жалында.

Жүрді атам ар-намысқа дақ түсірмей
«Жер-суым кетпесін» деп жат қолында.
Жоңғармен жан алысып, жан берісіп,
Білмеді ол күннің шығып, батқанын да.

Күн қашан, құдірет-ау, құрғайтын тер,
Қарттарсыз қараң қалды-ау тұрмайтын төр.

Жақтай гөр жасыбайлы, жауғаштарды
Бөгембай атын кері бұрмайтын ер.
Үш жүздің Ордабасы – киелі орны,
Аңырақай – ақ найзаны ырғайтын жер.

Ұлыстың от өргенін ыза, арынан
Өшпесе от өштік өре ұзарынан,
Қауіп қып, ақ тілегін Аллаға айтып,
Ғарыштың күн қарайтын құзарынан.

Құдірет-ай, Қабанбайдың сүйді етігін
Бейғам жау бірлік орда бұзарынан.
Халайық, қате бар ма, қара мұнда,
Шежіренің шындық жазған парағында.

Парасат – редактор, парыз – автор,
Тарихтың деректер көп тарауында.
Куə анау, құрбандардың кешені тұр
Қаратау, Қарақ Күлке, Қарақұмда.

Ғасыр ол бар тарихы құмда қалған,
Қанжарлар, қандауырлар қында қалған.
Тот басып дулығалар, дабыл тозып,
Тақ күйреп, там астында ділда қалған.

Ғаламат кесапатқа куə осылар,
Тұсы бұл тағдыры елдің қылда қалған.

Қос өзен қайырланды келе-келе,
Хазар да көлшік болды кебе-кебе.
Күйреген кенттер екен құм бүркенген,
Көп десек төңіректе төбе неге.

Жетіасар, Жетімасар жебе тиіп
Ұқсайды төңкерілген тегенеге.
Қоқанның қабағында қары тұрды,
Қан тілеп Хиуаның дары тұрды.

Зымыстан зындандардан ызғар есіп,
Жаулықтың жанарларда зəрі тұрды.
Құса-мұң қасіретке ұласқанда
Əділет, əттеген-ай, əрі тұрды.

Ғасырдың құлақта ауыр зары тұрды,
Жігіттің зарды жаттап жары тұрды.
Оянып осы зардан өз елінің
Ноян ер, намысы бір нары тұрды.

Ақмешіт, Арал, Құмға аталардың
Аттан сап əруағы менары тұрды.
Арасы Əму, Сырдың ала шапқын,
Демейтін бабам мəзбін, бала шатпын.

Ерігіп, елді тонап Нияз əкім,
Айтары «Алым төле, алашақпын».
Бұқарбай бұған төзіп отырмады,
Отырса оты өшеді болашақтың.

О, пəлі, бұлбұл əнің қонды ойыма,
Көк тоты, қонақташы таңдайыма.
Бала жыр, Бұқарбайға бұрыл бүгін,
Ұлыстың ырыс қой ол маңдайына.

Жан-жүйе жас жеткен соң жұқармай ма,
Жуынып жүрсең-дағы жұпар майға.
Қолдай гөр, Қожа Ахмет, Марал бабам,
Барымды бағыштайын Бұқарбайға.

Бұқарбай, Балқы Базар, Бұқар жырау,
Дүрліктен тегі ұрпағым деме құр-ау.
Қасқадан төбел туған тəріздімін,
Ділім – от тіліп түсер, тілім – дырау.

Даңмұрын, Тұрмағамбет, Ерімбетке,
Ерейін, ал мойныма ерім кетпе.
Тəуекел, ділім, ділгар дітіме жет,
Тіл-тұлпар, тепеңдей бер, терім кеппе.

3. Кек құны

Ару көл, айпара көл Аламесек,
Саумал көл сарқылмайтын сабаға есеп.
Құмы опа, құрағы оқа, қоғасы зер,
Құс шуы күбі піскен анаға есеп.

Балығы биші десек, бақасы əнші,
Даласы дарқан көңіл данаға есеп.
Жазира, жон-құмынан жол асатын,
Керуендер кəусарымен шөл басатын.

Жұрт жата жым ішінен жем іздеген
Жорығы жолбарыстың жалғасатын.
Сапырып сабатында сары қымыз,
Ел қамын толағайлар толғасатын.

Көп болды көл қабарып құлазуда,
Көш кетіп, қыдыр ауып, құмы азуда.
Суына сексеуілдің соры сіңіп,
Көк қурап, күн қуырып гүлі азуда.

Тамызда тақырына тамшы тамбай,
Жұтап жер, жүдеп ауыл, жыл азуда.
Өмір-ай, өзек толы өкінішке,
Өлетін үмітіңнің өкілі іште.

Хиуаның хандығына халық бодан
Қалған кез қол қойылмай өтінішке.
Аңызкөл Аламесек əдірə қап,
Айналған «Күмісқорған» бекініске.

Қорғанның іші пейіш, сырты дозақ,
Дозаққа төзе бермек түркі қазақ
Дегендей Нияз отыр несіне айтам,
Мəлімдер мəртебемді мұртым өзі-ақ.

Ол шіркін шерісініп шіренеді,
Сірə, оған Сыр бойының жұрты мазақ.
Көзіне қораштау ма қара малы,
Қарайды қара меске қорабалы.

Қалыңдап қалта, қарын қабат өсіп,
Оқалы ұштасты əрең орамалы.
Сорлы елді сорып жатқан сүлік осы,
Параның оған берген бар обалы.

Ойнақтың орда ту боп ошағына,
Айналды-ау ел намысы нашағына,

Тұнжыр көз тұлымдыны тізіп əкеп,
Таптатты-ау таптың арын жасағына.
Сұлу қыз, семіз кəуап, шымыр шарап,
Бек үшін біткен байлық аса мына.

Ықтырмақ айналасын əмірімен,
Ол əмпəй əм ұлығы, əм ұрымен.
Тұрады түйедейі түймедей боп
Тəрізді табақтас-ау тəңірімен.

Тоң-торыс табындарға тобырлары,
Тілдесер тіс жарғанға дойырымен.
Хаққа аян қалдырарын матқа кімді,
Отқа өртеп, ұшырарын оққа кімді.

Хиуаның қырына алып қыңыр бегін
Баһадүр Бұқарбай ер атқа мінді.
Байқадам, Мысық, Қабан, біл деп, сірə,
Аяздай арқамызға батқаныңды.

1826 жыл, бесінде,
Шыжғырған Сырдың сары шілдесінде
Батырлар қорғанды кеп қоршап тұрды,
Нияздың жоқ жұмыс қой мүлде есінде.

Үһілеп үш отырып, үш тұрды бек,
Сілейді сүйрей алмай сүлдесін де.
Ат қойды Бұқарбайлар «тостағандап»,
Қосылды ұран, рух қостабандап.

Сарайдың сап бастаған сардары да
Жүнжіген Жетіру үн тастағанда-ақ.
Тубегі ер Елқонды тұрды біліп,
Боларын іс баянды бастағанда-ақ.

Десек те бұл қорғанның биі Нияз,
Мақұрым мəртебеден міні миы аз.
Қорғаннан қорқақ іні шықпаған соң
Жұлқынды «жекпе жек деп Жұбанияз.

Тебініп Тортөбелін ер Бұқарбай
«Жақында, жегізейін, – деді, – пияз».

Күн туды құн алатын, кек алатын,
Төбе ойып, «дүрсін ең ғой» деп алатын.
Оңтайлап ақ найзасын о да ұмтылды,
Қамшылап қамыс құлақ, көк ала атын.

Жатқандай тау тоғысып, сең соғысып,
Кез осы кегін күші көре алатын.
Қайсысы қалтыраса қауіп етіп,
Дүлейі түтіп өтпек тауық етіп.

Кіжініп қағысқанда «қап» деседі,
Бірі əрі, бірі бері ауып өтіп.
Бұқарбай бір сəтінде аударды аттан,
Майданда мəйіт қалды, сауы кетіп.

Тұлға ғой тұла бойы тарамыстан,
Құйылған құдірет қой қара мыстан.
Толағай талқы білек толғағанда
Ақ найза қадалған-ды қарақұстан.

Батырдың бұланайы Бұқарбай-ау,
Жайрады салған жанға жара дұшпан.
Күні өтті қорған қақпа құлыбының,
Көк тиын қарабақыр құны мұның.

Күң өксіп, құлы өгейсіп өмірі өшкен
Тірлік тұл, тылсым еді түні мұның.
Байқадам ұстап алып басын кесті
Хиуаның ханы қойған ұлығының.

Бір келді хиуалықтар тəубасына,
Шықтық деп талтаңдаған тау басына.
Əуелден бір асқанға бір тосқан ғой,
Састы əбден сатып алып дау басына.

Көме алмай төрелерін тобыр қашты
Керуендей келіспеген саудасына.
Хас қыран қос қанатын қомдамас па,
Қомдаса таудан теке таңдамас па?!

Байқадам, Мысық, Қабан, Бұқарбай да
Хақы жоқ қаруларын қандамасқа.

Талай бас дулығалы домалады,
Құдірет те кектілерді қолдамас па?!
Табындар тобырларға тас атты да,
Қарғысын, халық кегін қоса атты да,

Əрі аспай «Аңламастан» тартты тізгін,
Еру той қорғанға кеп жасатты да.
Қайтты олар дүр даласын бір тəу етіп.
Қайтты олар, бейбақтарды босатты да.

Тебірендім, дей алмадым жасым марқа-ау,
Ойымды асқақтатты ақыл, ар-тау.
Бата алған байтағынан бұл жырыма
Жорығын жойқын ердің еттім арқау.

Жайсаңмен жұлқысқанда жебе тиіп,
Қорқырап, қор боп өлген талай қорқау.
Дегдардан дерек осы демейін де,
Сан сайыс сұранып тұр көмейімде.

Тоғыз жыл тоң төсеніп, қар жамылып,
Бөгдені ол деп жүрді ғой бөгейін де.
Батырдың басқа да бір парасатын
Толғайын, толағай жыр төгейін де...

4. Үш ноян, Шынар

Уақыт оғыңнан да ұшқыр маған,
Фургаңа, пырағыңа пысқырмаған.
Ғасырдың күміс үнді қоңырауы сол
Шаң сіңіп, шанағына ыс тұрмаған.

Өткерсек ой көзімен өткен күнді,
Бес қару беліне ер жоқ қыстырмаған.
Қолыңда құр күпінсең, күш тұрмаған,
Аташым өкініші іш тырнаған,

Сақтанып сақал сипар сəтсіздіктен
Нояндар найзаларын ұшқырлаған.
Заман ол жар астында жау жататын,
Жау жатса, жебе қашан ысқырмаған?

Жорықтан жол жаралы, жон жаралы,
Жар мұңлы, жүрек запа, жан жаралы.
Аңырайды адырналар, жебе зулап,
Кеткен жоқ қоныстардан Қоқан дағы.

Кеткен жоқ қоныстардан Қоқан, Хиуа,
Жансебіл жанығуда жоңғар əлі.
Шаңдатып шықты бірге жолға арыстар,
Жорықта жұп жазбаған жолбарыстар.

Наурызбай, ер Ағыбай, ер Бұқарбай –
Арқа, Сыр арқа сүйер ар-намыстар.
Сардарлар Сырдан келіп су ішкенде
«Алла жар, ауылым, – десті, – ар ма, достар!»

Бұрылды бұлар үйге жақындағы,
Тұр толқып ту, найзалар тақымдағы.
Қызға анау қауға тартқан тілдесуді
Батырлар бас изесіп мақұлдады.

Құдай-ау, Күнікей ғой мынау деген,
Айшықтап айта алмайтын ақын-дағы.
Тарқады таңырқаудың тұман, шаңы,
Оның жоқ күдіктенер күмəн шамы.

Қызығы, қыз шығарып жатыр екен
Құлаған құдықтағы құнаншаны.
Біріне-бірі қарап батырлар тұр,
Екен деп құрық үзер құнан шағы.

Сұлулық символы осы Шынар еді,
Шынарлар шыңға ғана шығар еді.
Пəкиза перзентіне Байұлының
Қиян, қыр, құлақ естір құмар еді.

Батырлар бекер мұнда келмеген-ді,
Ал Шынар ардың алтын тұмары еді.
Ағыбай:

– Бір гүлзар бар дегенге бөденелі,

Бағбаны ыңғай берсе е дегелі
Келіп ек қолқалауға балапанын.

Шынар:

– Түсіндім тұрғаныңды не дегелі,

Қоныңдар, ауылда атам, анам да үйде.
Үй анау алты қанат дөдегелі.
Бəрі:

– Не деген ерке бұлан, ер бетті еді,

Нояндар үйге түсті өр беттегі.
Құдайы қонақпыз деп қол берісті.
Өтекең:

– Хош келдіңіздер, төрлет, – деді.

Жай сұрап жайсаңдардан жатыр қария,
Балаға дейін сұрап жөргектегі.
Өтекең өкілі емес асқан бақтың,
Мінбесін мансұқ еткен мақтанбақтың.

Руы Наурыз Жаппас, рухы өр ер,
Жастығын жастанбаған жасқанбақтың.
Құдайы қонағына құрметі əзір,
Қаны ма дейді бір тай қасқалдақтың.

Сүбе, жал саусақтармен сарапталды,
Құрт сорпа, құнан қымыз сорапталды,
Шіркін-ай, Шынар құйған шайды айтсайшы,
Шылқытқан шайға ере алмай шарап қалды.

Түн ауды, дана қария ел жатты-ау деп
Қызы мен кемпіріне қарап та алды.
Түнерді түн шымылдық жайып ерте,
Ай туды ару қыздай сайын ерке.

Қонақтар сыртқа шықты, Шынар сұлу
Шығарды шұға жастық, шайы көрпе.
Қисайды құс төсекке жас батырлар,
Шам сөнді, шомуда ойға өңшең серке.

Ағыбай:

– Ақжолтай ем Арғындағы,

Арзу-тын Ақжүніске Тарғындағы.
Тəуекел, тəубе, тобам қабыл болса,
Шынарға Сыр сұлуы пармын-дағы.
Алып ер, Афрасияп формындағы.

Наурызбай мансабына тояттаған,
Қытықтап күдік көңілін оятпаған.

– Төреден тартынғанда тиері кім,

Қолайлы хан ұлынан қаяқта оған.
Ол-дағы осы ойдан соң көз ілдірді,
Ақындай алау жырын аяқтаған.
Бұқарбай дəт дəметіп шаңырақтан,

Абырой, аян тілеп əмір, ақтан.
Түнімен дөнбекшіді: «Тұл қалам-ау,
Бірі мен тəйт деп кетсе, тəңір атқан.
Жоқ, шайтан, шырмама ойды, Шынар мендік,

Шынайы Шынар маған өмір, ақ таң».
Дүр шашқан туған жердің таңы қандай,
Нұр шашқан табиғаты, талы қандай!
Кемерден көтеріліп келе жатты

Күн ғажап қозға піскен сары нандай.
Қара ойдан қоңыр салқын самал есті,
Перзентін Бұқарбайдай танығандай.
Шынардың түндік түріп, тұрды ауылы,

Оркестр күбі үнінен құрды ауылы.
Фараби сазын шертті Сыр, Шіркейлі,
Қуаңнан соқты Қорқыт жыр дауылы.
Мəз етті меймандары Мақпалкөлдің

Қоңырау үн қаз-құтаны, қырғауылы.
Жайылып кең дастарқан, алда ас тұрды,
Үш ноян төрге барып, молдас құрды,
Ағыбай бір ретте Өтеке-ау деп

Айтуға айшықты сөз қамдастырды,

– Қолқамыз қолыңдағы қарғаң еді,

Жандар ек етіп жүрген жолдас пірді.
Сілтідей үйдің іші тынды бір сəт,
Қаптар ма қара дауыл, қара құйын,
Қара бұлт алар ма екен күнді құрсап.

Жоқ, шүкір, пенделікке бармапты қарт.
Жымиды ол, жүрек жылар болды мұрсат,

Өтебай:

– Ата-ана диқан десек, бала – дақыл,

Балаңа бақ тілемеу бола ма ақыл?
Байырғы бабамыздан бар еді ғой
«Тегін бер теңі келсе» деген нақыл.
Бəрің де нар екенсің, нар еді ол да.

Шынаржан көреді екен кімді мақұл?
Бəйбіше:
Бұл еді бал бұлағым, бұла бауым,
Тақпаған татау тауып, кінə қауым.

Өссін деп екеуінің еркесі есен,
Тілейтін туыс туы құламауын.
Шешімін Шынарымның өзі айтады.
Қуантар қалқам қиып күмəн ауын.

Шынар:
Əкемнен екеу едік бір ұл, бір қыз,
Деп еді топ жаратын бурыл дүрміз.
Фəниден жан бауырым баз кешкен соң

Қарға боп қаз орнына тірі жүрміз.
Ендігі ермегі мен ата-анамның,
Тəуба ғып, дем біткенше деп ек бірміз.
Ағыбайға:

Ағеке-ау, айналған жер Арқа аңызға,
Қайтейін құп дей алман қолқаңызға.
Аттыға айшылық жол, жаяуға жыл,
Амал не, осы тосқау ортамызға.

Қарттарға қарайлаған халімді ұқ та,
Мұң шаққан мархабат ет марқаңызға.
Наурызбайға:
Дегдарға текті ылайық дүрден туған,

Ағзамға ару ылайық һүрден туған.
Қара емес, хан ұлына ханыша пар,
Бибі пар пайғамбарға пірден туған.
Қи табан қазақ қызы қадір білмес,

Күйе бет, күс қожалақ пірден туған.
Бұқарбайға:
Өнерлі озық емес ойым терең,
Білімді биік емес бойым ерен.

Тағдырлас тарихы бір Табын, Жаппас,
Сыралғы Сырдың сардар соңына ерем.
18-105

Байлауым осы, бектер, не жазды Алла,
Барған соң бақытымнан оны көрем.
Ағыбай, Наурызбайлар атқа мінді,
Арта алмай ару айтқан «датқа» мінді.

Қос ерге «қош бол» десіп қалды бұлар,
Көп егіп көңіл деген баққа гүлді.
Шынарға құда түсіп, неке қиып,
Бұқарбай байтаққа өзін «ноқта» қылды.

Шынар да емес еді жай ғана жар,
Пəруар берген білім бойға əр-ажар.
Шектескен сұлулыққа шынайы ерлік,
Болды əйел ақыл, арман, ойға базар.

Керілмей кезі келсе қылыш тартып,
Салатын «сері» де еді жауға назар.
Жалғыз үй жайлауда еді батыр бірде,
Жанында жасыл жебе, жатыр мір де.

Ай жарық, айқай шықты, атқа мінді,
Ер ісін оңға бастап отыр пір де.
Бұқарбай Торбестімен топқа тиді,
Қарайып қалды біраз пақыр мүрде.

Шынар да шыдап үйде отырмады,
Бабалар рухынан от ұрлады.
Бұрымын мықтап орап, мұрақ киіп,
Салды ұран «тостағандап», аһ ұрмады.

Дойыры Табын атам дөп тиді ме,
Құм құшып, талай даңғой топырлады.
Бұрыннан Бұқарбайда тісі барлар,
Пəмінде пасықтықтың ысы барлар

Қан төгіп, кек алуға келген екен,
Көңілінде қара күйе күсі барлар.
Жалғыздың жары құдай, жұбайы сай,
Қашты ерден ісі қара, іші тарлар.

Тартулы тартып туған бабасына,
Жетекші Жетірудың баласына

Бұқарбай: – Бұның қалай, Шынар? – деді,
Түскен соң сабыр тауып сабасына.

– Жазым боп найза тиер демедің бе,

Келсін, жүз келтірем ғой тобасына.

– О, батыр, от басында омалам ба,

Өзіңнен оңаша қап оңалам ба?
Тексізден тығулыға туғаным жоқ,
Келгенін көре тұрып топ алаңға.
Біргемін фəниде де, бақида да,

Сол үшін шықтым қарсы зобалаңға.
Сыйласты Сырдың сүлей екі нары,
Өмірден болмай өткен опынары.
Батырдың перзенттері сегіз дейді,

Айрықша Алданазар, Көтібары,
Зылиха – үшеуіне Шынар ана,
Солар ед оты бары, өті бары.
Алғыр боп Алданазар дес бермеген,

Топ жарып, тауып сөйлеп, төске өрлеген.
Жер дауын, жесір дауын, жетім дауын
Шешерде жарғы заңды қастерлеген.
Қол бастап Көтібары көшке ерген соң,

Бұқарбай би болуды қош көрмеген. 5. Қарабесбай, Бұқарбай

Би, батыр, бай Байқадам Табындағы,
Һəм тақсыр тақастықтың тағындағы.
Түксиген тұнжыр қабақ, түсі суық,
Қылыштай қыл қабатын қабындағы.

Кім білсін батырлық па, пақырлық па
Дем берген қызуына қанындағы.
Діліне дегбір, діті дамыл бермей,
Қарбалас қақтырды да дабыл керней,

Аттанды ақ найзалы нөкерімен
Қалайда кешігуді қабыл көрмей.

Түтілген тұяқтармен түбіт тозаң
Шүйкесін созды алдағы ауылға өрлей.
Көктемде қоздататын қырық мың қой,
Бай ойы «Пайғамбарша тұрыппын ғой.

Аймаққа атымтайша атым шығып,
Салтанат сахиларша құрыппын ғой».
Сол еді Ыдық керейт Қыстау деген,
Жырына мен де құлақ түріппін ғой.

Борбайлап атын батыр сар желеді,
Сайыста сарнатқан ер сар жебені.
Бұл жолы жүрегін жеп, жанын езген
Қыстаудың сəнқойы емес, Саржелегі.

Саржелек сұлулықтың символы ғой,
Бастаған боз інгендей бар келені.
Асау топ, адуын күш аласұрған,
Айбатын арыстаннан əрі асырған.

– Айттырған жері болса бола берсін,

Қайтсем де алам соны, еш жасырман.
Байқадам Саржелекті алып кетті,
О, тоба, күн тумағай қан сасыр маң.
Сусыды суық хабар сыр басы боп,

Сұлудың сылдырлады сырғасы боп.
Əлімге, Шөменге де сыбырлады ол,
Сұмдық-ай, сағатында-ақ шыға келді,
Саржелек саятшының шырғасы боп.

– Былықты Байқадамдай бөрі істеген,

Оң істің ол күмбезін өріспеген.
Құдай ма, Қарабесбай дегенің кім?
Осылай өсек шіркін өрістеген.
Қанына қарайды да Қарабесбай,

Қайрап тіс кектенді ерге көріспеген.
Беттерге неге сұрқай рең кірді,
Тегі елге, сірə, суық сүрең кірді.

Серлесек себебі сол Саржелек қыз
Бірін ез, бірін ер ғып шірендірді.
Байқадам бұйрығымен бас иісіп,
Боз үйге Бұқарбай мен Шірен кірді.

– Бірдейсің біріңнің жоқ бөгделігің,

Тіріде төрде басым, дөңде өлігім.
Ар ақсап, арымасын асыл ождан,
Ақырып əмір етсем егделігім.
«Табынға таң жоқ» депті Қарабесбай,

Екеуің елірменің емде елігін.
Шірен, сен шеруді игер, тубегісің,
Қон атқа, қолтығыңа су сеп, ісін.
Тапсырдым сені Аллаға, ерді саған,

Кемердің көремін деп бұл жемісін.
Бесінде Бұқарбай мен Қарабесбай
Беттессін, фəниден бір «қу» кемісін.
Оқыған дұға əліңді көп қылады,

Тəрізді дұшпаныңды жоқ қылады.
Осымен сөз бітті ме, сұқ саусағын
Үш рет бір-біріне соққылады.
Шапағат сəруарынан сұрағаны ол,

Көңілін сол үміті тоқ қылады.
Байқадам: – О, Пəуеддин пірім, – деді,

– Бұлардың ісін етпе қырын деді.

Бұқарбай, барысым-ай, бауырым-ай,
Жеңіңді тəуекел деп түрін, – деді.

– Шірен, сен сұңқарыңа серке алдырып,

Тектіңнің тұсауын кес, дүрім, – деді.
Киікті көде қойған қырға теліп,
Қыс қыспай, күні тұрса нұрға көміп.
Арқадан ауып бермен ақ бөкендер,

Төркіндеп жүр ме деген Сырға келіп.
Қанатты қариялардың сөзі бар-ды,
Сол нақыл, сірə, бүгін тұр ма келіп?

Тəңірінің ту көтерсе тыныштығы,
Көк найза, көрмес ек-ау қылыштыны.
Табысса тілек таупық, татулық тіл,
Қанжарын құлыптар ед күміс қыны.

Араға от қоюшы өзіне аян,
Жаратқан жазалар-ау жымысқыны.
Сірə да, сабыр, сарбаз сабылмасын,
Білген соң бірегей би табылмасын.

Қазалы, Жалағаштан жантүршігер
Қалың қол қаптап қалай тоғылмасын?
Наурызда Сырды бұған бура сеңдей
Біріне-бірі неге соғылмасын?

Бəкеңнің бата, назы қабыл, сірə,
Пірге де бермеген-ау дамыл, сірə,
Намазшам, намаздыгер шамасында
Тоғысты дүлей күштер дабыл ұра.

Біткенше батырлардың жекпе-жегі
Екі жақ тізгін тартып қалды тұра.
Тебініп Қаракерін Қарабесбай,
Ханға да, қараға да қармастай

Қар жауып қабағынан шықты ортаға,
Қаһар бұлт қан төкпесе тарамастай.
О, пəлі, Бұқарбайды баласынды,
Жолға ұзақ жабы көрді жарамастай.

– Табындар текті таңдап тоқтағанда,

Селт етер сенен басқа таппаған ба?
Қалармын обалыңа, о, бишара,
Бұғанаң бала екенсің қатпаған да.

– Өкінбе, өлігіңе өзім келдім,

Көкитін қос үрейсің қоттағанда.

– Қап, бəлем, кездестім-ау қалимаға,

Тіліңді келтіре бер кəлимаға.

– Қамдай бер кебініңді киетұғын,

Табында дарабозбын, далима, аға.

Сайыста салдырмай жүр бала найза,
Көз жетті, күш атасын тани ма, аға?
Жетіру, Жақайымға Бөгендегі,
Аралға алты Əлімге төмендегі

Бір суық шошып хабар Сыр үдерді,
Шұбалып шуда жіптей тебендегі.
Түрлі ру, туысқандар түрді құлақ
Қозыдай қатар жатар көгендегі.

Есті жел естігенді еселеді,
Кек қуу кемімеген кесел еді.
Төле би, Қазыбек би, Əйтеке би,
Олардың өсиеті «Өс, ел» деді.

Қос батыр құлап аттан жатыр, əне,
Қара жер қайсысының төсегі енді?
Ұрандап Əлім, Табын ат қойысты,
Ойранның ошағына от қойысты.

Ақ найза, қылыштардан қан тамшылап,
Аяғы оман өлім, оққа ойысты.
Ашпады-ау ақ-қараны ақыл десек,
Сəруар да сараптаған жоқ қой істі,

Тірек ол тіршілікке тұлға, найып,
Күн батты қара киіп, мұңға байып.
Аһ ұрып ай қарады, түн түнерді,
Бұрымын мəйіт болған мыңға жайып.

Ханды да, хайбарды да қайыстырар,
Ғасырдың кəрі шығар бұл, халайық.
Бұқарбай бұлқынды да бір гүр етті,
Жаралы жойқын дене дір-дір етті.

Əлгі бір айқастағы ақ найзадан,
Жартылып жыға, жаға дыр-дыр етті.
Батырдың бірі тірі, біреуі өлі,
Өліні тəңірі даңқтан тұлдыр етті.

– «Басын ез, жылан көрсең» деген бар ғой,

Асауға құрық, қойға көген бар ғой.

Қолдар-ау құдай-дағы кінəсізді,
Дітімнен дəрмен барда дəмем бар ғой.
Берікбол үшін алдым басыңды, ерім.
Нашаққа ноқталанбас намыс, абырой.

Кім білген көмір көп пе, өмір көп пе,
Етпеген Қарабесбай өмірге өкпе.
Қан құспай қағысқаны кеткен емес,
Түсінді ел тегеуріні темір деп те.

Бұқарбай деді: «Ей, марқұм, киелі ме ең,
Қалды ғой қара найзаң кеңірдекте».
Қинады Бұқарбайды жара сыздап,
Қойғандай құйып бұрыш, қара тұздап.

Тұншықты тер тамшылып, демі бітіп,
Қар толып қала берді бойы мұздап.
Ақыл-ес бірде келіп, бірде кетіп,
Əр жаққа ауытқыды ойы ансыздап.

Қамшының сабы бері, өрімі əрі,
Жанында жатыр дырау, серігі əрі.
Серігін сипап қойып, серлейді іштей,
Жау қайда, жеңіс беті бері ме, əрі.

Шірен де, соңына ерген сарбазы да,
Семсер тіс сияқты еді бəрі-бəрі.

– Ойпыр-ай, кешікті ғой неге-неге,

Жеткенде жер құшты ма жеме-жемге?
Тағы да толықсыды ол, танды есінен,
Қорлады-ау күдік мініп кежегеге.
Əлден соң есін жиды, көзін ашты,

Самал жел соғып-ақ тұр керегеде.
Бұқарбай көзін ашты, ыңыранды:

– Көп ішіп қойғанмын ба қымыранды,

Жар болса сендерге хақ, пірлер менің,
Қорғады ғұмыр деген құмырамды
Шүкір ғой, Шірен аға дейтін болдың
«Құлатар қаңғыған оқ қыңыр аңды».

– Бұқарбай, бұлай бұрма, бабаң нар ғой,

Нарды да ноян еткен намыс-ар ғой.
Аман қал, адам қанын арқала да,
Дана сөз «Дүрден мирас» деген бар ғой.
Шылбырды көк найзаға байлап берем,

Теуіп тарт, ойлануға уақыт тар ғой.
Табынның тілдескен соң тектісімен,
Тубегі, дүйім елдің ептісімін,
Қан тұтып, қатып қалған қара найза

Шықты əзер сайын ердің тепкісінен.
Жабылып жара орнына киіз басып,
Қақтырды қара қойдың тоқтысымен.
Баққанмен балгер-бақсы бірге тұрып,

Самал жел соқтырғанмен ірге түріп.
Ем қонбай, өңеші ісіп, ас жүрмеді,
Дерт беті түзелмейтін түрге кіріп.

– Бел бусын тəуекелге, – деді Шірен.

– Майға орап тобық жұтсын, кетер жүріп.

О, тоба, тобық басты жан дірілін,
Өңештің айдап шықты қанды іріңін.
Ас жүріп, жара бітті, жан бітті ерге,
Тізгінін тағы игерді тағдырының.

Бұқарбай бақ-құты елдің, балам, біл сен,
Құрбыңды қадіріне қандыр, інім.

6. «Қарасор» оқиғасы

Бұл кезде бурыл сақал, саба құрсақ
Сардарға сана көзін сала бұрсақ,
Сəруəрдан саулық тілеп, сабыр етіп,
Ұлағат ұлы ағадан ала тұрсақ.

Байқадым отыр ойыл «Қарасорда»,
Бағлан жеп, бимен бірге бола тұрсақ.
Саржелек сол бəйбіше сары қарын.
Саудырып сабатта отыр сары нарын.

Сабадан дулығалы шұбат құйып,
Тойдырды домаланған торыларын.
Бəйбіше біле бермес, білсе ұмытты,
Шам алып соңына ерген соры барын.

Тағдырдың тас емшегі жібімеген,
Кез əлі кеуде езілген зіліменен.
Сыздатып сор сананы, сана ойыңды,
Жөрмейді жараңды зар жібіменен.

Тыныштық, тəуба артында тауқымет бар,
Заманның зауал жүрер жымыменен.
Тың дерек таңның күтіп таратуын,
Ел тұрды, істеп тірлік таратуын.

Тербейді тамсандырып дулы дүние,
Жұмақ қып жасағанның жаратуын.
О, құдірет, «Қарасордан» қорғап сол сəт,
Қасірет қыстырды үйге қара туын.

Қазы жеп, қымыз ішіп, май кекіріп,
Би сөйлеп, бөсе берген бай көпіріп.
Жатыр-ау жантықтар да жағын жаппай,
«Хикаяң, – деген жан жоқ, – қой өтірік»,

Қонақтар көп отырып тараған-ды,
Майлы етті саумал басты, шай кетіріп.
Бұқарбай Елқонды мен Шіренді ертіп,
Шықты үйден үшеуі де реңді өр, тік.

Келенің күмбез өркеш үлегіндей
Барады өкшелері құмды кертіп.
Күдіксіз көңілдері күліседі,
Тарлан қан тамырларын тербеп, тертіп,

Ақиық аттандырып ойшаңдарын,
Жөнелтіп жорғасы мен жайсаңдарын.
Көлбеген көкжиекке көз жіберіп,
Жүздіріп ми мұхитқа ой-салдарын.

Сыртта тұр, сырттан адам Байқадам би,
Бу беріп, бойын билеп байсал дарын.

– Күйінде-ау кінаратсыз көз-құлағым,

Байқадам бабында-ау ой, боз құланым.
Байқадам беделіне, бек риза,
Дейді ойың «Жоқ бағыма өз күмəнім.
Мың тəубе тəңірісіне», дəрет алып,

Енді үйге қолына ұстап жез құманым.
Қадірлі қағба санап ақ ордасын,
Құтайтты құтпан оқып бақ ордасын.
Бет сипап Байқадам ер байқады енді,

Жанына жақын келген забардасын.

– Бəйбіше-ау, бөтекеңде бүлкіл бар ғой,

Бүйтуші ең, білсем, бір мұң шығарда шын.

– Бақпады байлатып ат бұл үй кімді,

Бұзылған бұзаушықтай біл ұйқымды.
Тəңірі-ай, тəулік болды түс көріп ем,
Түсіме қойды-ау ішім жылитынды.
Күйреді күлдіреуіш кетілдіктен,

Шығарды Байтөбет те ұлитынды,
Болып жүр бабалар да елестейтін,
Еді артық Едігең де емес дейтін,
Кірбің бар көңілімде, күдігім бар,

Е дейтін егделермен егеспейтін.
Аллаға атайықшы ақ сарыбас,
Əулет пе ек əулиелер елеспейтін.

– Бəйбіше, байыз тапшы сəл-пəлі,

Ырза ғой Расулдың үмбеті əлі.
Таусылма, «Түс – түлкінің боғы» деген,
Тіліңді кəлимаға келтір, кəні.
Көргем жоқ сағым сынып, салым кетіп,

Оқ жонып, оң мен солды танығалы,
Тəуекел, тыныстайық, түн ауыпты,
Келтірген қаперіне кім қауіпті.
Таң алды дүрсіл шықты, таяу келді.

Үй маңы ұйқы бұзбас құмдауыт-ты.

– Кім бар-ау? – деді біреу, би оянды,

Бөгде адам бидің үйін дəл тауыпты.
Байқадам: – Бұ қайсысың, қай баласың?
Жөніңді айт, қонақпысың, қайманасың?
Боз көйлек, боз дамбалы ағараңдап,

Жанасты жауабына тоймағасын.
Жарқ етті қара найза қадалды іштен,

–Аһ! – деді, оятты үні айналасын.

Емес пе ел құлағы елу деген,
Ескі салт естіген соң келу деген.
Нарлық қой, намысы үшін нашақ болмай,
Ар үшін абырой ғой өлу деген.

Ауқым боп атқа мінді Бұқарбайлар,
Қиын іс қиянатқа қалу деген.
Ойланса ықтыруға іргелі елді,
Тек жүрмей тілегені бір келеді.

Алты арыс Əлімдерден айбынған жоқ,
Табындар талай көрген дүрбелеңді,
«Бір асқанға бір тосқан» деген бар ғой,
Келгендер бұғауланды, сіргеленді.

Бұқарбай бұғы мойын, бұқа бұғақ,
Кеуде, жон киік жортқан бұйра құмақ.
Мұрт, мұрын мұзарт таудай ызғар шашып,
Сақалы сұр жебедей сұсты тым-ақ.

Үстінде Тортөбелдің төбедей боп
Толқиды талабы өрлеп, ісі құп-ақ,
Алдық-ау қиындатып халіңізді,
Қоғам боп көп жесек те қамыңызды,

Бұқарбай: – Бəке – деді, – бұйыр, бисіз,
Қорлатпан қасиетті қаныңызды.
Қырық жігіт пенде бізде, бастарын кес
Десеңіз, кім қағады қолыңызды?

Байқадам: – Көпшілікке кекті емеспін,
Кінəлап көпті сөксем көктемеспін.
Əр елдің тектісі бар, дегдары бар,
Тентекке тыйым салып, тек демес кім.

Бодауым басқада емес бес адамда,
Өктемдік өңгелерге ет демеспін.
Жанқожа інісіне Жауқашарға:

– Жақ емен жаға жыртып жауласарға, –

Деген-ді, – тілімді алсаң ту көтерме,
Ат салыс аға көңілін ауласарға.
Араз ғып арандатпа ағайынды,
Қайда бар айнымас бақ, аумас арба?

Алмады ол аға сөзін ілтипатқа,
Келді ертіп кер кеткенді кілки қатпа.
Қайыпбай, Дабыл, Тұрған, əм Боранқұл,
Десеңдер майды аямай кім құйды отқа.

Өңкей ез осыларда өшім, есем.
Кешірдім қалғандарын қайтар, атпа...
Бітті дем, үзілді би, дүр қабылан,
Дүние түнерді айнып ырғағынан.

Құлазып Нұра, Кемер қара киді,
Баһадүр бет бұрған соң нұр бағынан.
Күн ғана күліп шығып келе жатты,
Хабарсыз қанды қолың құрбанынан.

Кеше еді-ау, көңілді еді-ау Бəкең қайран,
Тілегі оң, төгілмеген ақыл-айран.
Желпінтіп зерделерді зəмзəм қымыз,
Би үйін биіктеткен əн-би сайран.

Арқа, Сыр арзу, əзиз осынау орда,
Дəл бүгін бүйі тиген ойбай, ойран.
Қайғыңа қайратың еш, кетер есең,
Өрепкіп өрлігіңе от өрмесең.

Қаза бұл қабырғаңды қайыстырар,
Қасіретін қара нардай көтермесең.

Жүгі зіл Жетіруға жұмыс болды,
Ер керек елге қызмет етер көсем.
Бұқарбай, Сейіл сүйрер ойыңды əрі,
Халқының солар емен, қайыңдары.

Кемелдер кеңесінде кенделік жоқ,
Үш жүздің сапқа тұрды сайындары.
Жаназа оқылған соң ахундардың
Томпайды таракимен қойындары.

Жұлды, езді жүректерді жоқтау, сарнау,
Бəкеңе бағышталды мақтау, арнау.
«Қарасор» қасіреті кеміген жоқ,
«Бесеуге» бораса да боқтау, қарғау.

Үлкендер деді «Тəубе ет, дем таусылса,
Лақатқа лəзім емес тоқтау, бармау».
Қайғыға қайратың не көнбегенмен,
Келеге келе ме ерің көмбегенмен.

Қорқытқа қойды арулап Байқадамды ел,
Ой, бауырым, ойбайдан іс өнбегенмен.
Дүние қар екен-ау, тар екен-ау,
Күн жақсы, көңіл қошта кең дегенмен.

Ағайын, итерме ерді аран, отқа,
Ар-баған ашу итке аралатпа.
Бірлікті білінбей жер біте əупейлеп,
Пəміңді пақырлыққа паралатпа.

Қарақшылар тобыры бұған дəлел,
Өңгерген өліктерін қаралы атқа.
Жанқожа Жауқашарды қарғап қалған,
Тентекке теріс бата арнап қалған.

Əлгілер оралғанмен опат болып,
Ой тоңы, ой түскен жоқ орнап қалған.
Пір тұтып Бұқарбаймен сыйластығын,
Құдірет ол қимастығын қорғап қалған.

Бір кезде бауыр басып Жанқожаға,
Бас қосса балқысатын бал бозаға.

Күйелеп күйеулігін Кене кейін,
Қара ұлы хан ұлынан алға оза ма?
Дегендей хан батырдың қарындасын,
Түксиіп, душар еткен ол жазаға.

Шекті азап, шекпен киіп Шекті қызы,
Дегдардың тепкі көрді текті қызы.
Бұқарбай батыл басып барды ордаға,
Қыз үшін қаһар шашып кекті жүзі.

– Қойшы ғып кімді қорлап жүрсің? – деді,

Тақсырды тілдің түйреп отты бізі.
Маған да, Жанқожаға қарындас бұл,
Фəниде Пəтимамен форымдас бұл.
Аруға азаттық бер, араздық – от

Жақсыға ешқашан да жағылмас кір.
Кінəлі қызды еткенмен, тегін сыйла,
Сүйегі сəруарларға сарындас, біл.
Кенеке, кеңесімді деме бөтен,

Жоқ менде тілегімнен дəме бөтен.
Е деген емеуріңіз үшін сізді
Тəңіріме төбемдегі теңеп өтем.

– Балқыттың, Бұқарым-ай, болды, болды,

Кең еді-ау деп жүргейсің Кене көкем...
Жаз өтті, жайлау киді ала шапан,
Мұнар бел мұрағындай Алаша хан.
Атырау, Алтай, Арқа жатыр көлбеп,

Мұра еткен мирас бізге Алаш-атам,
Сол күзде Сарыарқадан Сырға жетті,
Бұқарбай баһадүрмен «ана шопан»,
Көзде жас, құмын сүйіп Қазалының,

– Е, тəубе, енді Сырдың қазағымын.

Ауыр-ай, оттан ыстық екенсің-ау,
Арзумын, арылды ойдың азабы мың.
«Шүкір» деп Шекті қызы жылап тұрды,
Үмітпен үні ұласып ғазалының.

Жанқожа, Бұқарбайдың бұл арадан,
Өтпейтін достығын біл қыл арадан.
Қалған жоқ Жауқаштарды қорғап бекер,
Тікпеген отау ұзап діл, ар одан.

Дүр ерлер өткен дейді түспей, тегі,
Ту ұстап достық деген мұнарадан.
Байқадам баяғыда-ақ болып марқұм,
Қабірін қалғаны хақ қымтап қар, құм.

Тентекке тек отыру дерт дегендей,
Еді деп елімізге ес батыр, барқан.
Табындар дауға түрлі дəлел тауып.
Əлімді əуреледі əр күн, əр түн.

Апатқа алдырмайтын өр мысалы,
Еңіреген еңбегі еш ер құсалы.
Шақырды Сейіл менен Бұқарбайды,
Алмат пен Қарамамбет, Дербісəлі.

Деді олар: – Тыйылар ма тентектерің,
Тартты ғой талайларды көр құшағы.

– Керің мен кеңірдегім кекпен күйген,

Оқ тиіп, өкінішпен өкпем күйген.
Сейілмен екеумізді шақырғанда
Дегдарлар, діттерің не, деп пе ең имен?
Баһадүр Бұқарбайдың жауабы осы,

Шүйделі шенділерге шекпен киген.
Салмақтап сарабдалдар ой елегін,
Парықтап парасаттың бай əлемін.

– Бəкеңе бес əлімді беріп ек қой.

Жылатып жетім, жесір, бала, əйелін, –
Дегенде Бұқарбай ер қаһарланды,
Ағытып қылышының бəйенегін.

– Бір ат бар бес бестілік, бір бəйгілік,

Бір ат бар он бестілік ол сəйгүлік.
Кешегі қапыда өткен қайран ағам,
Көрсеткен Көрғұлыға ол сай қылық.

Бегімді он бестілік өлтірдіңдер,
Жұбанар жұмыс емес бұл жай күліп.
Қылышын қынабынан сəл шығарып,
Сестенді, селк етісті шаршы халық.

– Тағы да бес əлімнің басын алам,

Жаратқан жанын кетсін ғарышқа алып.
Кейбірі осы арада отыр оның,
Арамды ақ еді деп аршымалық.
Алқымға ашуы оның тірелгенде,

Төрдегі дырымбайлар тірі өлгенде,
Семсерде Сейілдің де екен қолы,
Бұқарбай боқыраудай түнергенде.

– О, батыр, ақылға кел, – деді бір би.

– Датым бар дүрлігіңнен тілер менде.

Фəниден өткен өтті, қалған қалды,
Қалаймын қалғанды ойлап толғанғанды.
Қайғыдан көкірегім қарс айырылып,
Далама талай көргем толған қанды.

Құрғатсын жесір көзін, жетім жасын,
Жазбасын жаза үзгі жалғанғанды.
Батама, Бұқарбайжан, əумин де,
Айтқызған Алла шығар-ау, биім де.

Əуелде араласқан ағайын ек,
Қалмайық жағаласқан жау күйінде.
Осымен бітсін бұл іс, бірлік берсін,
Əркімнің өссін бақыт бауы үйінде.

– О, биім, шыққан биік қияң дұрыс,

Тапты емін дұғаң менен құяң құрыс.
Бет сипап баталасты ел бұдан кейін,
Дау тынды, қиғылықшыл қиямпұрыс.
Қыз беріп, қыз алысып Əлім, Табын,

Бақ, бірлік баяндапты, болмапты ұрыс.
Бағзыдан бабам сахи, сый, асы көп,
Шалқыған шаруаға сай шығасы көп,
19-105

Туған ба күндестіктен, білместіктен,
Бір жайды айта кетем шүбəсі көп.
Бұл бұрын Бұқарбайдың, ер Сейілдің
Келді елім күмəні жоқ, кінəсі деп.

Гөйткен халық қиялына сыйысқанын,
Қодықтың көрге тағып құйысқанын.
Тұғырды тұлпарменен жарыстырып,
Жетпейтін мұнара өрген миы ұстаның.

Бұл сөздер бүлік сөздер, бір белгісі
Ескертер ерді өсекке қиысқанын.
Тағы да бұрылайын Байқадамға,
Ойымды Байқадамсыз айта алам ба?!

Саржелек бəйбішесі еді-ау оның,
Олқы емес ажар, көрік, ой-таланға.
Ақсақал екеуінің кенжесі ғой,
О, тоба, ол еткен іс қайталанба.

Қатайса қайың құрық дымы кепкен,
«Тентектің» темірленген дығы кекпен.
Қалды ма құлағында құны əкенің,
Дегізді «дүлей еді діні неткен».

Ақсақал атқаны анық Жанқожаны,
Жауап деп ілтифатқа інің еткен.
Өткен өте əріде оқиға тым,
Аңыз бен абыз айтқан ақиқатын.

Бұқарбай, ер Сейілге ергізбей сөз,
Қалдырған баба тарих бақи хатын.
Орынсыз оқаламай, əпсананың
Жеткіздім ағайынға ақиқатын.

7. Қарабөгет хикаясы

Тоң жібіп, таудан бұлақ тасығанда,
Жер жонын жылы шуақ қасығанда,
Бұйрығын, бетегелер бүршік жарып,
Жыл құсы жайсынына жосығанда

Егделер «Е, бұған да тəуба» десті,

Сыр, Арқа сауырында сағым ойнап,
Оянды ой, ағзаларда ағын ойнап.
Қыс өтті, кер бедеулер кермеде тұр,
Биылғы бағымы ерен бабын ойлап.

Бұқарбай бұл күндері безді ұйқыдан,
Байырғы байтағының бағын ойлап.
Соқтырған Сырға Қоқан Қарабөгет,
Онсыз да жанымызда жара көп ед.

Сыр, Қуаң, Сырдария сусыз қалды,
Боран құм, басқа төнді бар əлемет.
Ашынды ел, ашуын ер еселеді.
Депті хан «Енді қазақ арам өлед».

Бұқарбай: – Елқонды аға, елді көтер,
Елеулі ерік осы ендігі етер.
Сейілжан, сен сарала сарбаздарды,
Бұл жолға буған болма белді бекер.

Аталар аруағын ақ ту етіп,
Реті бір парыздың келді өтер.
Тегі алда түнеп өтер төбе, құзар,
Ат терлеп, аптабына деме қызар.

Артылсын ақ шатырлар атандарға,
Түлік жи, жол бейнеті деме ұзар.
Қампитсын қарындарын қорамсақтар,
Кернесін қозы жауырын, көбе бұзар.

Қылпысын қара қылыш қынаптағы,
Семсерді сыннан өткер сынап тағы.
Шұғамен сүрткіз сауыт шарайнаны,
Сырғадай сыңғырласын құлақтағы.

Түрлі аспап тұтынарлық түгелденсе,
Түлеп ой сонда көңіл тынат-дағы.
Қалмасын қара балта, айыр-кетпен,
Демесін халық бұлардан қайыр кеткен.

Алмасақ ата-анадан алғыс, бата,
Тигендей түспей ме еңсе дойыр беттен.

Жеңе алсақ зобалаңды жолымыз боп,
Жыр туар жаңа ерлікпен зайыр өктем,
Бұқарбай тең тұлға ғой пірғауынға,
Мың күнгі міз бақпайтын мір, дауылға.

Ақ боран айбатына айғақ етіп,
Байрағын байлатты ұзын сырғауылға.
Төбеде тұрды ол туы шақыртқы боп,
Көрінді күншілікпен қырға, ауылға.

Туыстар, ту туралы не білеміз,
Тəу етіп, төр тұғырға неге ілеміз?!
О, əзиз, əулие ту, əмбие ту,
Ізгілік игілікке ие ол негіз.

Құйрығы сусиырдың қара қыл ту,
Еді деп ел айтатын бар бір лебіз,
Келіңдер қиналып көп толғатқанда,
Тəбеті тартпай дəмді талғатқанда.

Қыл тумен қасиетті қағып, сипап,
Тез түстен сəті егделер қол қатқанда.
Құдіретті қыл ту тағы көтерілді,
Ел мұңы ерлеріне мол батқанда.

О, шүкір, ту түбіне ел дүмей берді,
Би бабам бəріне ақ жол тілей берді.
«Ақсудан» ат суғарып, ас-су ішіп,
Топ нөпір төбе айнала түней берді.

Сəтіне сəрсенбінің Бұқарбай ер
Жүрді алып сүлейлер мен дүлейлерді.
Дей алмай екі мың қол ышқынбады,
Сегіз мың тұяқтан от ұшқындады.

Түмендер түнде жүрді, күндіз еру,
Жол ұғып, жорық үнін құс тыңдады.
Көпіріп, көкнəр ішіп қоқандықтар,
Мансұқ қып, мыңның ісін мысқылдады.

Оқ артқан ортаға алып кірелерді,
Жанғабыл Жаппастармен жүре берді,

Міней ер Керейттерге қос басы боп,
Білегін болар іске түре берді.
Бұқарбай, Сейіл, Шірен, Елқондылар
Қызылға қыруар қолмен кіре берді.

Дүйім ел тұрақ еткен бұл түбекті,
Тұз-дəмін тосып, тат деп тілек етті.
Батырлар баптарға əзиз бас иісіп,
Тұсына əулиенің түнеп өтті.

Иассауи аян берді: – Ар ма, – деді.
Бұқарбай: – Бабам жар, – деп түлеп өтті.
Қыранды құдірет десек қияқтыда,
Торбесті дүлдүл еді тұяқтыда.

Білмейтін барлығуды, болдыруды,
Теңселткен тегеуріні түйе, атты да.
Бұқарбай торы үстінде толқыды əнтек,
Көңілінен көк дөнен жыр, күй ақты да.

Кемерін қатты тартып қынамақшы,
Бөгетке бүгін жетіп құламақшы.

– Келеді Қыдыр қолдап, аруақ жебеп, –

Деген-ді қаба сақал, құламақшы
Қасына Сейілді ертіп озды ілгері,
Сергек пе сəйгүлікке, сынамақшы.
Тізгінін сүзе тартып Торыбесті,

Бөкенше басты аяғын, арыны өсті.
Туып күй төрт тұяқтың шанағынан,
Сарыарқа, Сыржайлаудың сарыны есті.
Торбесті төл малы емес Бұқарбайдың,

Білгендер берген екен бұған десті.
Құлақта не бар екен, сірə, қалған,
Мирас боп муссанифтен мұра қалған.
Дүрден сөз, данышпаннан дəріс десек,

Ерден даңқ, егіншіден ұра қалған.
Бұқарбай бір соғысқа баратқанда
Торбесті көлденеңдеп тұра қалған.

Жанарын алмай сейіс жануардан:

– Жаһанда жанды озбайды жалы бардан.

Таласар тұяқтыдан тағы да жоқ
Жоғары жұлдызы мен жолы нардан.
Тəңірінің таландағы тартуы екен,
Батырым, бұл ,– деп еді, – бағың, ордаң.

Құтыңды қыдыр дарып құрасын да,
Арқаның қаракемер Нұрасында.
Қоңыраулы бас палуанды жықтым, пəлі,
Осынау Орта жүздің бір асында.

Сондағы сейіс айтқан сында мін жоқ,
Бəйгеден Торы келді расында.
Сол төзді сауыт-сайман салмағыма,
Ат еді Алла берген ол бағыма.

Кездессе кек,есемді кетірген жоқ,
Хиуа ма, қоқаны ма, қалмағы ма.
Себепкер шаһ Сəруар, сосын Торы,
Сап түзеп, сарас сардар болмағыма.

Долы еді, дүлей еді тізгін үзер,
Қасымда қас қағымда сеңше сүзер.
Көбіне жауды жерде шаншушы едім,
Келтірмей ебіне ерді еңсе түзер.

Жидырмай жылдамдығы жаудың есін,
Торбестім топ жардырды, болдық біз ер.
Көргенді ер көкірегін көрген емес,
Дүр, дана дəмсіз сөзді терген емес.

Торымның тектілігі-ау, түссем құлап,
Қасымнан қарыс ұзап көрген емес.
Бұқарбай бек риза бедеуіне,
Екі өрен өзгеге олжа берген емес.

Тұрғанда Торбестісі тақымында,
Ажалдың айбындырған атымын да.
Дұғаның оқ дарымас оты бар-ды
Дулыға, торкөз сауыт, тоқымында.

Киелі қылыш, найза қолында оның,
Сары алтын сақиналы сапы қында.
Бұқарбай Торбестімен, Сейілдермен,
Сардарлар Сырға келді кеуде керген.

Көргенде Қарабөгет хикаясын
Іштегі күркіреді ашу дермен.
Қап, бəлем, қақпас қоқан табағыңа,
Қан құйып қайтарармын бассаң бермен.

Деп ерлер сөз байласты, баталасты,
Қолда, аруақ, ағайынды, аталасты.
Қос-қосқа қолды бөліп, күзет қойды,
Қамқорлар қайда, қашан қаталасты?

Адамға арқау-өзек Ақсу жайлы,
Жаңсақсыз заң жүзеге қатаң асты.
Қадімнің Қарабөгет қайбырындай,
Қалапты тасып Қырым, Қордай.

Көлденең қара бұра жатыр қат-қат,
Түксиіп туа тарпаң түрін нардай.
Қызыл да, Қарақұм да көшіп кепті,
Соларға сауын айтқан сырыс бардай.

Қадалған қатар-қатар бөренелер,
Тартылған темір торлы керегелер.
Сыналып саз домбауыл саңылауына
Қаппенен құм өруі ерен өнер.

Бөгетті бұза алар ма Бұқарбайлар,
Болмаса өрендері өрелі егер.
Жарқ етті Жетірудың кетпендері,
Қауымнан қайдан болсын кеткендері.

Балтасын балташылар басты ағашқа,
Ерлердің еш кетпеді еткендері.
Асау су ақтарылмақ бүгін-ертең,
Сыр белдің салқындамақ от демдері.

Аттар да, атандар да арып талды,
Ісімен батырлар да парықталды.

Зор жұмыс жойқын күшпен жүгенделіп,
Бітті ғой деуге де ауыз барып қалды.
Адамдар азабы мол апта өткенде
Ғаламат Қарабөгет қорықты алды.

Қол тиді қатыгездік қақпағына,
Ауыздық, ауыз су да ақпағына.
Жұмыс па жұмылса жұрт жару тауды,
Төзер ме Бұқарбайлар тоқтығына?

Соңынан соңғы кетпен су лақ етті,
Арнаның ора құлап оқпанына.

– Я аруақ, аруақ! – десті дала, халық,

Көздерден моншақ түсті домаланып.
Алды-арты осы болсын қасіреттің,
Кəнікей, қуанышпен қол алалық.
Жүрегін сарбаздардың лүпілдетіп,

Толқындар ұзай берді доғаланып.
Бүрлей ме боз қараған, боз долана,
Еркелеп еңлік гүлдер наздана ма?!
Көлдерге қоға, құрақ қаулап өсіп,

Қаз қонып, қуаныш от қоздана ма?!
«Сүйінші, су келді!» деп жария етті
Бозторғай бар даусымен боз далаға,
Қуанды Қызылқұм да, Қарақұм да,

Қуанды Қаратау да, Қарағың да.
Қосасар, Жетіасарлар жеткізді əрі,
Қалды есіп Қаракеткен, Қарарын да.
Күрсінткен қыдыр, құтым оралды деп.

Ашты омырау алақайлап Аралым да.
Ғасырдың он тоғызыншы жаңалығы,
Жаһанда жан бітірді жаңа алыбы.
Бұрыннан байтақ білсе батырлығын,

Бүгін паш мұрап, диқан ағалығы.
Ерді айтсақ, Едіге ғой ер Бұқарбай,
Аяз би, əділді айтсақ, нақ анығы.

Ел бұзар еркінсіткей «ебелекті»,
Бұғаулап бұзық деген бөгелекті.
Баққан-ды ел бірлігін, бейбіт күнін,
Қоқан да Сырды қайтып бөгемепті.

Билікті бері келе қойып батыр,
Енді елге ұрпақтарым еге депті.
Дерекке түрсек құлақ бізге жеткен,
Бұқарбай бұқараға қызмет еткен.

Танапқа дəн септіріп, бақ ектіріп,
Жемісін жер-ананың же деп кеткен.
Қойдырып көші-қонды, кент салдырып,
Өсуін ел-халықтың жеделдеткен.

Күш қайтқан егде тартқан шау шағымда,
Жұртымның жыр арнадым жайсаңына.
Дастанды тəмəмдаған сыңайлымын,
Батырдың мерейтойы қарсаңында.

Ата-баба аруағы қолдап жүргей,
Тілеймін тек жақсылық баршаңызға!
Қызылорда, 1991 жыл

Сейтмұрат Ембергенов,
ақын

ЖОЛБАРЫС ЖҮРЕГІНЕ

ЖЕРІК БОЛҒАН АНА

Өткерген бастан талай тағдыр сынын,
Бермепті Алла ананың қалайтынын.
Қалайтыны бір бала тірілікте,
Онсыз таппақ тағаттап қалай тыным?

Парықсыз перзентсізге дүние – сылқым,
Болғанда ішің – ойран, бүтін – сыртың.
Мағынасыз, меже де жоқ мезгілінде,
Кілегей көңіл-көлде күлген күлкің.

Тұтамдай санаулы өмір өтер бір күн,
Қалады дөңгеленіп дүние шіркін.
Жоғалтпай жалғастырар үзігіңді
Сенімді сəби сенің құнсыз кілтің.

Тербеліп, теңселді ана жылдар,
Ерінен басқа оны кім бар ұғар?
Үміттен үрке қашқан жадау көңіл
Лебізге достар тілер, сабыр қылар.

Зар илеп зарыққанда Зағипа ана,
Күңірене, күрсінеді сайын дала.
Аңсаған аққу арман аршын қанат
Көрінген соңғы кезде сағымдана.

Əулие аян беріп Бұқардағы,
Болған-ды жамалғандай жұқарғаны.
Алаулап өмір оты, жүрек жылып,
Жігердің тоқтаған-ды мұқалғаны.

Бойдағы қуат беріп «білінгені»,
Күн де оған нұрын төгіп күлімдеді.

Қуаныш қытықтаған жан сезімін,
Ой тербеп кейде көзі ілінбеді.
Апыр-ай, жұрт жағдайын біледі ме,
Жоқ əлде əжуалап күледі ме?

Əйтеуір соңғы кезде Зағипа-ана
Таба алмай таңсық асын жүр егіле.
Əлдене жетпегендей құрып əлі,
Еріксіз бір нəрсе іздеп ұрынады.

Жүрегі жолбарыстың ойын арбап,
Аузынан сілекейі шұбырады.
Белгісіз бұл не тылсым ерікті алған,
Беймəлім дəмге үйріліп сеніп қалған.

Жоқ еді естігені, көргені де,
Етіне түз тағының жерік болған.
Бір татсам, отқа қақтап дəмін дейді,
Жер ме едім құшырланып бəрін дейді.

Қалайда ойын айтып оңашада,
Күйеуі Естекбайға мəлімдейді.
Естекбай кəсіп етіп аңшылықты,
Жұтта да көрмепті əлі таршылықты.

Жүйрік ат, құмай тазы, қыран құспен
Саятқа сынға түсер сан шығыпты.
Кемісі бір бала еді басындағы,
Елге аян ақтан тілеп ашынғаны.

Жарының жанға жайлы шуақ сөзі
Тұманды түріп шықты басындағы.
Алайда жерігіне таңғалады,
Таңданып бір сыр барын аңғарады.

Есіне түсті кезбе сəуегейдің
Жолбарыс жайын айтып памдағаны...
Арман жақын, байлам бекем, алды ашық,
Жұбайлар жүр қуаныш жайын қамдасып.

Бұлыңғыр күннің бұлдырап өткен зар-мұңы,
Сəулелі нұрмен баратқандай алмасып.
Болашақ ұрпақ жалғанда жалғыз тілегі,
Есітіп жайды Естекбай қайта түледі.

Сəбиі үшін құрсақта жатқан жаралып,
Қайтпақ емес неден де болса жүрегі.
Жаратып жедел жалғыз аты тарланды,
Тоқтатты əзір аулауды басқа аңдарды.

Сайлап алып құрал-сайман арнайы,
Аулауға енді жолбарысты қамданды.
Бұл өңір жолбарыстың мекені еді,
Кейде малды соғып кетер еді.

Аңшының Естекбайдай аты мəлім,
Айласы оны ұстауға жетер еді.
Соқтырды нəһан қақпан əдейі арнап,
Шоқпар мен қыл арқанды қойды қамдап.

Жасады айла-шарғы əлденеше,
Жолына тастады да жемін қамдап.
Алайда кездеспейді, уақыт өтті,
Аңшыдан барған сайын тағат кетті.

Қапыда ойламаған жерден соғып,
Жолбарыс алдырмады, алаң етті.
Күтпеген кереметті қара мына,
Əлемнің тіл жетпейді-ау ғажабына.

Тал түсте жолбарыстың келді өзі,
Бір қара керек болып тамағына.
Жар шіреп Сырдың суы ағып жатты,
Суатқа малдар түсте бара жатты...

Кенеттен ауыл іші «жолбарыс» деп
Айқайлап, абдырасып, дабыл қақты.
Естіді мұны Естекбай заматында,
Тауысып жүрген еді тағатын да.

Жүгірді шор томар бас шоқпар жəне
Арқан мен аша сырық ала шыға.
Білекке қыл арқанын орап алып,
Барады суат жаққа дараланып.

Бəйгеге басын тігіп бір бала үшін,
Айқасқа ажалменен барады анық.
Суатқа келді аңшы жəне жақын,
Ғажапқа таңданарлық қара да тұр.

Шоқиған жар астында жолбарыс та,
Жиекте лақтырған ол қара жатыр.
Естекбай одан əрі жақындады,
Басқаның бармады оған батылдары.

Гүрілдеп айбат шегіп ұмтылғанмен,
Жолбарыс əдетінше атылмады.
Апыр-ай, бұл қалай деп таңданады,
Алайда тосын жайға қамданады.

Адамға атылардай жолбарыс та,
Əйтеуір шама жоғын аңғарады.
Үрейден дала тегіс тынып қалды,
Зəре-құт жаннан кетіп ырықты алды.

Болжаған əлденені айлалы аңшы
Қолына ашаланған сырықты алды.
Жыртқышқа ашаны ала ұмтылады,
Осы еді сенген баста бір құралы.

Тірелген жарға ашаның арасынан
Жолбарыс шыға алмай бұлқынады.
Дəрмен жоқ бұлқынғанмен бұрынғыдай,
Айырған дүлей күштен бүгін құдай.

Естекбай шоқпарымен салмағы сом
Дəл бастан жаза баспай мығым ұрды-ай.
Жолбарыс үн шығармай өліп кетті,
Жан-жақтан жапырласып жұрт та жетті.

Адамға қарсы қайран қылмағаны
Жұмбақтай шешілмеген аң-таң етті.
Білуге жұрт жұмбақты қызығыпты,
Ақыры ажал тапқан сырын ұқты.

Өгізді лақтырғанда суаттағы
Салмақтан омыртқасы үзіліпті...
Тірі жан тітіркенген айбатынан,
Ешкім мін таба алмаған қайратынан.

Сол қайрат себепші боп мертігуге,
Жолбарыс осылайша жайратылған.
Қарасай құдіретінен тəңірінің,
(Білмейміз терең сырын əлі мұның)

Қалайда қолға түсіп жерік асы,
Кеп қалды Зағипа-ана сəні бүгін.
Мына жай таңдандырып жатыр елді,
Шынында таңдануға татыр еді.

Анадан жолбарысқа жерік болған
Дүниеге Бұқарбайдай батыр келді.
Қаһарлы, қаруы мол қолда күші,
Елінің болған батыр қорғанышы.

Атақты Бұқарбайды жебеп жүрген
Сол ма екен аруақты жолбарысы.
Таратқан талайларға жар ғып ақын,
Аңыздың бастауында шындық жатыр.

Тарихтың керуеніне қазына етіп,
Уақыт та сырын артып сырғып жатыр...

Сейтмұрат Ембергенов,
ақын

КҮМІСҚОРҒАН ХИКАЯСЫ

Қазақтың өткен басынан
Азабы көп қой шашынан.
Қапталдап келіп қаумалап,
Кетпеген жауы қасынан.

Жоңғар, қалмақ жабылып,
Қоқаны қойдай ағылып.
Орысы келді отарлай,
Шен-шекпенін тағынып.

Айта берсе жыр талай
Дегізер жұртты «Бұл қалай?»
Қылыштан мойны қиылған
Сан мыңдаған ұл талай.

Солардың бірін естіген,
Құйма құлақ естіден.
Смайыл ұлы Қасымхан
Ақсақалдан естіп ем.

Келтіріп соны қалыпқа,
Шығармақ болып жарыққа.
Өлең сөзбен өрнектеп,
Ұсынбақпын халыққа.

Мың сегіз жүз отыз бір,
Жылында болған осы бір.
Үстемдік алған кезі екен
Қоқандық əскер қосының.

Қоқанның ханы Аллақұл
Ұмытып мүлде Алласын.
Есірді, еркін сайрады
Сырды жаулап алғасын.

Ұлдарға төгіп ызғарды,
Зорлады қанша қыздарды.
Мұсылман жолын осылай
Айуандықпен бұзған-ды.

Бір қой, бір қыз салыққа
Аптасына халыққа,
Салды да, кім бас тартса,
Жіберіп жатты тамұққа.

Көгендеп қанша өндірді,
Дегеніне көндірді.
Қарсы шыққан қазаққа
Ажал оғын төндірді.

Берді аямай жарлығын,
Тыңдамай ешкім зар-мұңын,
Шыбын құрлы көрмеді,
Бүкіл қазақ барлығын.

Лайық тек жауызға-ақ,
Жүретін жыр ғып ауызға ап.
Қазақтың төрт жүз боздағын
Бір түнде кеткен бауыздап.

Қаралы хабар қайғылы,
(Кім айтар іс деп жай мұны)
Байқадамға жетеді
Табында асқан айбыны.

Байқадам мінді қаһарға,
Мұндайда батыр жатар ма?..
Көтерді дабыл аттандап,
Сарбазын жиып қатарға.

Жігіттер тегіс сайланды,
Садақ пен қылыш, найза алды.
Намысты жанып жігерге,
Кек алмаққа айналды.

Бұқарбай бар-ды ішінде,
Сол кезде толған күшінде.
Қалың қабақ, қырғи көз,
Ерекше сұс бар түсінде.

Мысық батыр Қабылан,
Оларға ерлік дарыған.
Жүздеген жігіт тағы бар
Тоқтатқан жылқы жалынан.

Жарақтанып жиылып,
Бір Аллаға сиынып,
Айбарлана аттанды,
Тау суындай құйылып.

Қоқандық тұрған мекені
«Күмісқорған» екені
Бұрыннан мəлім бəріне,
Оған да хабар жетеді.

Аллақұл енді толғанды,
Толғанып істі қолға алды.
Əскерлерін жасақтап,
Күшейте түсті қорғанды.

Бұлар да жайды пайымдап,
Ат-көлігін айылдап,
Қамалдан шығып қаймықпай
Жасағын қойды дайындап.

Қайғылы жайға күйініп,
Ызадан түгел түйіліп,
Қазақтар тобы сəскеде
Келіп қалды шүйіліп.

Тыңдамай тосын əй-шайды,
Жағдайын жаудың байқайды.
Жақындап келіп қорғанға
Байқадам салды айқайды:

20-105

– Басынып байтақ елімді,

Аллақұл, сонша не болды?
Жоқтаусыз кетер жан болмас,
Қайтарам қазір кегімді.
Əскеріңді шабамын,

Басыңа ойран саламын,
Ұл-қызымды қолыңнан
Босатып бүгін аламын.
Атқа мініп Аллақұл

Əскерінен алда тұр.
Салды ол да айқайды:

– Сайыста қапы қалмағын!...

Қазақтар, кепсің өкпелеп,
Ұрыстың шарты – жекпе-жек.
Ерліктің жолын ер болсаң,
Көлденең кесіп өтпе! – деп.

Алды да сəл тынысын,
Құп алған соң мұнысын.
Шығарды топтан шақырып
Ниязымбет інісін.

Бұл да бір ердің бірі екен,
Тұлғасы ерен ірі екен.
Күркіреді батырың:

– Шығатын маған кім екен?

Шығыңдар, қазақ, шығыңдар,
Шығатын қандай ұлың бар?
Ер туған жоқ па қатының
Ұл-қызын жоқтап шырылдар?

Мына сөз батты шымбайға,
Шыдайды кімдер мұндайда?..
Қызуы бар қас батыр
Қанды майдан қылмай ма?...

Намысқа тиіп бұл қылық,
Бұқарбай шықты бұлқынып.

Байқадамға келеді
Бата алмаққа ұмтылып.

– Байқадам аға, ұлықсат,

Батаңды маған бер! – дейді.

– Тап бүгінгі ұрыста

Қаруымды көр, – дейді.

– Бар, інім, ұлықсат Алладан,

Белгілі қазір хал маған.
Ермін деп еркін жүрер ме,
Дұшпаннан кегін алмаған!
Бұқарбай шықты алаңға

Жекпе-жекке барарға.
Бір Аллаға сиынып,
Жауына ойран саларға.
Екі жақтың батыры

Бетпе-бет келіп ақыры.
Бірі өліп, бірі қалмаққа
Атқа тиді тақымы.
Қарсыласып шабысты,

Жібермеске намысты.
Аямай найза салысты,
Дарытпасқа қағысты.
Ниязымбет те зор екен,

Қаруы аса мол екен.
Додаға салар наһаны,
Əрқашан да сол екен.
Қимылы да шалт екен,

Шамаға келмей жалт етер.
Беріспей қойман өліспей,
Дейтін нағыз мəрт екен.
Бұқарбай да кем емес,

Кем болам дейтін ер емес,

Жастыққа салып есесін
Жіберер бұл жер емес.
Бір-біріне беріспей,
Жұлқыласып жеңіспей,

Тыңдар емес қос батыр
Екінің бірі өліспей.
Тағы да қарсы шабысты,
Тағы да қарсы салысты.

Тағы да сарт-сұрт қағысты,
Тоқтата алмай ағысты.
Ниязымбет өте бергенде
Бұрыла беріп Бұқарбай

«Өлер жерің осы» деп
Желкеден найза шанышты.
Бұқарбай атты бұрады,
Тізгінін тартып тұрады.

Ниязымбет ыңырана
Ат жалын құшып құлады.
Жаудың жайын байқаған,
Осы кезде Байқадам

Атойлады «Сəркелеп»,
Көтеріп қолды қайтадан.
Аллақұлды тыңдамай,
Береке кетіп, ду-дамай,

Бытырай қашып қоқандық
Шағалаша шулады-ай.
Қазақтар қиқу салады,
Батырлар бастап барады.

Жеткендерін аямай
Қылышпенен шабады.
Қақпасын ашып қамалдың,
Жаулап тегіс алады.

Ескерткен-ді Байқадам,
Нығарлап əр сардарға,
Қамалды жаулап алғанда,
Тимеңдер деп қоқандық,

Қарусыз қатын-балдарға,
Қызықпаңдар олжа деп
Дүние-мүлік, малдарға,
Зəбірлеп жапа шектірме,

Кінəсіз бейбіт жандарға.
Босатыңдар тұтқынды
Жəбір көрген жалғанда.
Шер болып жүрек жат елге,

Қапыда кеткен арманда.
Мерейіміз тасысын,
Елге аман барғанда.
Батырдың айтқан уəжін

Орындамай қалған ба?..
Мəрттердің ісі осылай,
Əсте бұған таңданба.
Елге салған кешегі

Азары дұшпан өтеді.
Аллақұлды қуады
Қабылан, Мысық екеуі.
Көп ұзатпай қорғаннан

Қаумалап келіп жетеді.
Байқадамға тұтқындап,
Қолымен табыс етеді.
Ел қарғысы жаман-ды,

Қорлама əсте адамды.
Жазықсыз азар көрсеткен
Жазасын түбі алар-ды.
Қаншама оттың басына

Аллақұл ойран салған-ды.
Қаншама қызды азаптап,
Обалына қалған-ды.
Боздақты қанша қылыштап,

Бояды қанға даламды.

Қаншама жастар төгіліп,
Қаншама шаштар ағарды.
Осы үшін жауыз күнəсі
Көпке салып қаралды.

Сұрауы көптің сол болып,
Бекке қазық қадалды.
Іске асып ниет еткені,
Қайтып кеткен кектері,

«Аққа Құдай жақ» деген,
Жұлдызы жанды көктегі.
Салтанат құрып сарбаздар,
Еліне қарай беттеді.

Бұқарбайдан бірақ та
Əлдебір түйткіл кетпеді.
Байқадамға айтпақ боп
Оңашалап беттеді:

– Байқадам аға, тыңдаңыз,

Бұған айып қылмаңыз,
Сырын айтып шешілмек,
Бұқарбайдай мырзаңыз.
Қанды айқаста бүгінгі

Қоқанның туы жығылды.
Ниязымбет алайда
Менен басым тұғын-ды.
Айламен алдым, күш емес,

Жасырмай айтсам шынымды.
Ерлікке ерсі деп тұрмын,
Байқадам аға, мұнымды.
Осы бір ой мазалап,

Қинағандай ініңді.
Былай деді Байқадам:

– Дұрыс деп мұны айта алман,

Қаймықпай барып қас жауға,
Өзіңсің кекті қайтарған.
Мұныңды оқыс сыр етпе,
Жеткізді Алла тілекке,

Жауыңмен қанды шайқаста
Білімің керек, білек те.

Алайда, інім, батырлық
Еліңді сүйген жүректе.
Қайырымы жоқ қара күш
Кімге керек пайдасыз?

Жауыңды əсте алмайсың
Ептілік пен айласыз.
Батыр батыр бола алмас
Қылыш пен садақ, найзасыз.

Қолдана алмасаң бұларды,
Додаға түспей жайрарсыз.
Асырмасаң айлаңды,
Қарудың бəрі қайрансыз.

Ердің даңқы шықпайды,
Егескен жауын жайратқан
Бүгінгідей майдансыз.
Байқадам батыр бастаған,

Мысық пен Қабылан қостаған,
Жарақталған жасақтар
Ұрандап «Cəрке», «Тостаған».
Жауын жеңіп қашырып,

Абырой-даңқын асырып,
Жауыздығы үшін жазалап,
Аллақұлды басы ғып.
Жөнелтпек болған Қоқанға

Келесі таң атарда
Жүз елу тұтқын ұл-қызды
Босатып қосып қатарға,
Олжамен қайтты еліне,

Жайқалған көгі-жеріне.
Жекпе-жек шыққан жас батыр,
Жауын алған қас батыр,
Риза болып, бақ тілеп,

Бұқарбайдай еріне.

ШЫНАР КӨЛІ

(поэма)
Сөз басы
Шынар көлі – сыңар көл,
Ұран салған қамысы.

Жағадан ап жылан қол,
Жығылғанда намысы.
Шынар көлі – айдыным!
Шарайнасы жұртымның.

Қамағанда қағы-мұң,
Саған барып сілкіндім!
Шынар көлі – шындығым!
Шынар ару бесігі!

Шырғалаң күн шылбырын
Жылдар алып жосыды...
Шынар көлі – несібім,
Тектілердің тұғыры.

...Қақтым аңыз есігін,
Шынар болған құлыбы...
Елена Əбдіхалықова,
ақын

1. Бұқарбай

Дүние деген дүрбелең
Дақпырты – дабыл, даңқы бар.
Дүрбелеңдерде кіл берен,
Дүлдүлдер туған халқы – нар!

Сыр өзен бойы сан тарих,
Шертіссең сырды, кел, достым.
Орнаса дағы қанша жұт,
Тірлікке себеп өлмес Күн.

Сонау бір түбек – Күңтүбек
Көпке де қоныс құт-мекен.
Сардар ел сарбаз ұл тілеп,
Сыбаға кімнен күтті екен?!

Туған ел алтын тұғырлы,
Түбегі – толғау, баба сыр.
Тудырған батыр бір ұлды,
Бір қызды оған жанашыр!

Бұқарбай еді сол ұлың,
Атағын Қыр мен Сыр білер.
Ордадан сайлап орынын,
Сөзі мен ісін үлгі дер.

Асынып қару, қол бастап,
Салт атты, суыт жүрісті.
Қорғайды жаумен шайқаста
Туған жер деген ырысты.

Орыстар ойын ұзартып,
Хиуа – жау, Қоқан қоқаңдар,
Иыққа тағдыр жүк артып,
Именсе, Елі, Отан бар.

Салдырмай таңба сүйекке,
Сүйетін елін сол батыр.

Сенетін кие-тілекке,
Даланың ғана солдаты.
От еді ол кез елдерге,
Намыс та одан асатын.

Қия да, қия белдерге
Қиялмен қадам басатын:

– Қараша жұртым, өз елім,

Қайранда қалған балықтай
Ойранға түсті-ау өзегің!
Күн қайда шығар жарыққа?!
Халқыма теңдік əперсем,

Садаға – жаным сұраусыз.
Амалым қанша екі өлсем?
Көміңдер онда құрансыз.
...Жақсылар ұйып сөзіне,

Жасағы-жұрты, жақтасы.
Төменде Əлім тектесі,
Қыпшақта Досбол датқасы.
«...Жаратқан ием жар болып,

Жүрегін намыс, ар қорып,
Сайланса жауға ерлері,
Дұшпаны болса жеңгені.
Ырысты жұрттың сарқылмай,

Ұрыстан ұлы тартынбай,
Ел қамы болса ер қамы,
Жеріңнің болса қорғаны,
Бағыңның онда болғаны!"

Осы сөз ұран антындай,
Олардан мəңгі өтті өмір.
Дауылпаз далам, даңқыңды
Шығарып кеткен көкке бір.

Бұқарбай сынды тұлғаның
Ерлігі, сосын есі еді.
Жанымды қарып бір жалын
Жалтылдап алдап көшеді.

Кеңтүбегімде-кие жыр,
Шынар көл, сенсің – сырлы əнім,
Сыңсиды толқып сырғалы үн,
Сен жақтан самал еседі!

...Сонау жылдары Қасым ханның бір баласы Елікей сұлтан (Ер-
мұхамбет Қасымов) Сыр бойында билік құрады. Бұл кезең хан тұ-
қымдарының басынан бағы қайтып тұрған кез-тін...
Əсіресе, Кенесарыға да соңғы тұяқ серпетін уақытында Сыр

бойының көп көмегі тигені тарихи шындық. Соның айғағындай Ке-
несары Сыр бойына келіп қайтадын қол жинайды...

2. Кенесары

Сонау бір сонау күндерде,
Сыбызғы мұңды үндерге
Үзірік болған үміттер
Үзіле жаздап жүргенде,

Үкімі қатал Ақ патша
Үстемдік етті біздерге!
Жандаралдарға жан бітіп,
Жайсаңдарымды қаңғытып,

Хиуа, Қоқан хандығы
Қойғанда тұяқ қарғытып,
Жағалай қонған Сыр суын
Сарсылды халық қан жұтып.

Байтақ та байтақ даламды,
Байсалды, арлы бабамды,
Болашақ деген баламды,
Ататын арлы күнімдей

Ақ жаулықты анамды.
Арша да еті борша боп,
Бақытым түгел болса деп,
Сол үшін жанын аяспай,

Мезгілмен, күнмен санаспай,
Шыбын да жанын бөлмелеп
Серттесер мəңгі ер керек!

От кешер қанды ер керек!
...Ерлігі ердің қорек боп,
Ес жинап қалды ел ептеп.
Төренің ұлын зерек деп,

Кенені хан деп сайлады
Торғай мен Сырдың аймағы.
Қияға хабар салдырып,
Батырдан-батыр алдырып,

Қол жинап, қатар тұрысты,
Бастамақ болып бір істі,
Батырға батыр қосылды.
Аққан қан судай жосылды,

Ақ Патша болып əбігер,
Қоқанның демі тосылды.
Салтанат, сауық ханда жоқ,
Уақыт-ты ол кез тым қатал!

Санатта, сірə, санда жоқ
Санаса күндер түн қатар.
Шығыстан шалқып шықпай күн,
Шырайы келмей күн батар!

Өзекті жесе өрт-қайғы,
Өзендей тулап үн қатар.
«Елді де билер ұлықтар
Жауыңа болса кіріптар,

Кеудеңе мəңгі мұң қатар!
Атасыз бидің ісінен,
Опасыз жаудың күшінен,
Шемен де шемен шер қатар

Шерлі бір ердің ішіне.
Шемен де шемен шер қатса,
Шырқырап күйіп ел жатса,
Шіреніп тартар ақ жебе

Шегініп оғын кімге атар?!
Кімді атар? Кімді атар?..»
...Жасағы ханның кіл батыр:
Ағыбай еді бір батыр,

Наурызбай ханның інісі,
Ерлердің болған тынысы,
Бұқарбай, Сейіл Сырда тұр...
...Қияда жатқан қырғызды

Құрыққа тағы ілгізді.
Орынбор, Ырғыз, Торғайдың
Даласындағы ел-қайғы
Жайсаң бір күнді көп күтті,

Жегідей жанын жеп бітті... 3. Бірігу

Кеудесін ханның кек қысып,
Орнатып мұңға, от құшып,
Ойлаумен елдің қайғысын
Көп күндер көзден кетті ұшып...

Хан Кене Сырға беттеді,
Ойға алған ісі көп тегі.
Ес жиып алса азырақ,
Жауына қайта кекті еді.

Шұбыртпалы Ағыбай,
Наурызбайы бағына,
Бұқарбайы тағы да...
Батырлары отты еді.

Сан-саққа тартып ой-сарын,
Төбеден ауып Ай-сағым,
Адыра қалмай ар-намыс,
Ақ сөзге құлақ қойса кім,

Ханның да болмас арманы!
Аманат сөзді төрелер
Сөйлесе, ізге ел ерер.
Бір тайпа елдің Сырдағы

Болар деп жауда бір жаны,
Құрмаққа кеңес жинады
Жұртының жақсы-жайсаңын.
Хан ием тілін кім алмас,

Қосыны мұндай құралмас,

Бұқарбай батыр, бұл – алмас,
Мергенде Меңлі, Қабандар
Халқына ғана алаңдар!
Ағыбай батыр қол бастар,

Наурызбай батыр жол бастар!
Ақмешіт шаһар-қаласын,
Аралап шүйгін даласын,
Жаппастың біліп бағасын,

Алдырып ақыл-ағасын,
«Қосыл» деп хабар салдырды,
Мініске жүйрік алдырды...
Сыр бойына келіп, ат тұяғын қосысқан батырлар ел аралып жү-

ріп, елге сыйлы Жаппас Ізбас баласы Өтебай байдың үйіне түседі.
Болдырып талай жорықтан,
Шалдығып, шаршап зорыққан
Батырлар бұрып ат басын,

Кісінің қақты қақпасын.
Өтебай жаппас сол елде
Еретін елім дегенге,
Ауқатты, арлы кісі еді,

Үйіне қонақ түседі.
Өтебайдың аса ақылдылығымен, ғажайып сұлулығымен елге даң -
қы шыққан Шынар атты қызы бар еді...

4. Шынар

Жөн сілтер алда жүгендей,
Жауына түскен шерідей
Ерлердің биік бағасын,
Батырын, биін, ағасын

Басымда бақ деп білетін,
Тілегін тілеп жүретін,
Арзан бір сөзге алынбас,
Сұйық бір ізге салынбас,

Сүйріктей ұлмен жалындас,
Қазақта бар-ды қарындас!

Ол қыздың аты Шынар-ды!
Сөзіне əркім құмар-ды!
...Батырлар төрге жайғасты,
Бағылан басы – қойды асты.

Бірінен бірі сөз алып,
Мəн-жайды былай қозғасты:
Наурызбай батыр:
«Тек сұрасаң тегім бар,

Кімнен менің кемім бар?
Ордалы тұқым, бегім бар,
Санаспаған адамға
Қайтпас қатал кегім бар».

Ағыбай батыр:
«Менің атым Ағыбай,
Кеткен емес дарымай,
Біреулерге күнмін,

Біреулерге мұңмын,
Бірақ қатынға жүрмін жарымай,
Осынымды ескерерсің, жаным-ай»
Бұқарбай батыр айтты:

«Қас дұшпанға қадалсам,
Қан алмастан бір тынбадым,
Кеудемді кек, көзімді жас қысқанда
Күң еттім дұшпанымның сылқымдарын.

Қарын мен қайғы болмай ұртымдағым,
Жеп өстім жастайымнан жұртым қамын.
Ізетті бала едің, тəлімің бар,
Ісіме қанағат қып, іркіл, жаным».

...Сөз бітті, сусын ішіп, сыр алысты.
Үшеудің басылмады күмəні ішкі.
«Қыз біреу, құда төртеу» дегендей-ақ,
Таңдауы керек қыздың бір арысты.

Демейді мынаны артық, ананы кем,
Бəрі де өскен жандар дала əнімен.

Кетуге ыңғайланған батырлардан
Қыз бұйым сұрады сөз сабағымен.
Күткені осы сынды Ағыбайдың:
"Дұшпанға танытсақ та, жаным, айбын,

Жан едік саяқ кілең, сезінбеген
Жан құшып, жандасудың əлі қайырын.
Кү десе, атасы оның болғандаймыз,
Атүсті жау жағалап, жол қамдаймыз.

Мастықпен қызық қуып, ойын ойнап,
Қыздарды күзетпеген сормаңдаймыз.
Бас қосып өзіңіздей бір арумен,
Баянды үй болсақ деп армандаймыз!»

«Ендеше, – деді Шынар, – мынау сөзім:
Төгіліп үшеуіңнен тұр-ау сезім,
Бағамды білген жанға басымды ием,
Тəңірден соны ғана сұраушы едім.

Наурызбай, батыр ағай, төре тұқым,
Қастерлеп ел-жұрты пір көретұғын.
Ақ сүйегің арам боп азбайды ма,
Біздей қара болғанда өбетінің.

Жақсының жанын былғап, салтты бұзып,
Жағдайым жоқ қой Сізге еретұғын!
Ағалар,бағы-жанжал батыр да бір,
Қазығын жұлып ұшқан шатыр да бір.

Арғымақтан түспеген саңлақ та бір,
Жел айдаса жүйткіген қаңбақ та бір.
Сіздер жау күзеткенде мал күзеткен
Мені де санайды жұрт шаңырақтағы ұл...

...Ағыбай, асыл аға, ауылың қашық,
Əйтпесе, жіберер ем жалғап қазір!.."
Жауабы Бұқарбайдың берілмеді,
(Дəстүр-ау бұл осындай о күндегі).

Шынар қыз бір қарады, үндемеді
Шынайы ілтипатпен көңілдегі.

...Нық еді қыз кесімі.
Бас құрады.
Бұқарбай барын тойға шаштырады.
...Басталды тағы жорту, жау кимелеп,

Жас жардың басылмай-ақ мастығы əлі... 5. Жорықта

Жұрт алаң, жақсылары отты құшқан.
Жер дауы, жесір дауы... көп-ті дұшпан.
Алаусыз елдің іші оған қоса
Ілік мол сыртқы жаумен қақтығысқан.

Құрығы ұзын еді ақ патшаның...
Қазақтың біледі де топтасқанын,
Кенені талқандауға шақырады
Қырғыздың манаптарын-жақтастарын.

Сыр бойы – Хан Кененің шегінері,
Сан оймен қабырғасы сөгіледі.
Қоқан – зіл, орыста күш, қырғыз анау...
Бұлдырлау болашағы көрінеді....

...Басталды ұрыс тағы,
Қанды жорық,
Шайқасу, сілтеп найза жанды беріп.
Қырғыздар қажыр қылып қоршауымен

Басқадан Бұқарбайды алды бөліп.
Берісер емес көпке жалғыз батыр,
Шашылған төңіректе қанды із жатыр.
Торбесті тақымдағы жараланып,

Серігі хас батырдың жанды үзді ақыр.
Жау бекем, күш күмəнді көбейткен-ді,
Батырлық сынға түсер кезек келді.
Қоршауда жаяу қалған жолдасына

Көмекке келіп жетті Керейт Меңлі.
Үдейді қырғыз біліп ұтылмасын,
Қос батыр, қаймығу кем, күпір басым.
21-105

Жатса да қанша жерден қайрат қылып,
Сезеді жаудан оңай құтылмасын.
Жолдасын бірге жүріп жұтар қайғы,
Жау жеңсе, қалай жаны мұқалмайды?

Меңлі астындағы атын беріп,
Құтқарып жібереді Бұқарбайды.
...Оларды жараса ма дана десем?
Бағаңды өзіммен бір ала көшем...

Меңлідей асыл достың арқасында
Бұқарбай қалған дейді аман-есен...
...Əлқисса, Кенесары жасағының негізгі батырларының бірі,
мың басы Бұқарбай əрдайым ел тыныштығын қорғаумен жортуылда

жүр генінде елдің ішкі саясатына оның жары Шынар шешеміз егелік
ет кен көрінеді...
Бірде жары Бұқарбай жорықтан қашан келер екен деп күтіп
отырғанда Сыр бойындағы Бұқарбай ауылын Хиуадан төтеннен ке-

ліп жау шабады...
Шаңдатты ауыл сырты. Ат дүбірі...
Сарт етті санадағы сақтық үні.
Шынар қыз шарт түйініп, атқа қонып,

Барлайды "кім екен?" деп аттылыны...
«Ойпыр-ай, мынау неме,
Қалай-қалай?
Ауылға беттей шауып абайламай,

Жоқ жерден жаман ырым бастамақ па?»
Шынар қыз тебінді солай қарай...
Бір ойы бара жатыр жанын үгіп,
Тұрған жоқ кім екенін əлі біліп.

...Аттылар Шынар шапқан жаққа қарай
Екпіндеп жетіп қалды салып ұрып.
Қыз тартты ат тізгінін.
Сөз бастады:

«Уа, кімсіздер?»

Олар ой қозғаспады...
Біреуі төне түсті...Бекершілік
Бұдан соң əңгіменің жалғаспағы.
«Кім бұлар, ұстамы не, дұшпаны кім?

Жұмсайды неге сонша күш-қаруын?»
Шынар қыз шайқасуда түк түсінбей
Шап берген қылығына дұшпанының.
Бұл ойын бұзды біреу болған күпті:

Бұйырмай біздейлерге қолдан шықты,
Шынарды еститінбіз ержүрек деп,
Келеміз сынайық деп сол қаншақты!
«Ендеше, іздегенің менмін Шынар,

Жау тисе, жалғыз шапқан белгім шығар.
Қамшының сабы емеспін, өле қалсам,
Қанға қан, ер құнындай ел құн сұрар».
...Жан еді дидары күн, тілегі мың,

Даланың тосады екен кім елігін?
Найзасы сілтеп салған бір сарбаздың
Дəл тиді нақ тұсына жүрегінің.
...Көл əне көбік атқан мұңы ішінде,

Көнердей аңыз жұрттың жүр ішінде
Төбе боп жатыр бүгін жағасы оның
Текті қыз мекен еткен тірісінде.
Сөз соңы

Шынар апа,
Аруым!
Адалдығың анық Ай!
Ала күнге тəлімің

Айтылар-ау сан ұдай.
...Намысымды жаныдың,
Ұсақталсам тарыдай...

Шынар апа,
Шынарым!
Шежіресі жерімнің.
Кеудемдегі тұмарым!

Көнекөзі елімнің!
...Соры болған бұла күн
Қазы қалқып жүр əні,
Қайтылмаған кегінің...

Шынар апа,
Шеше-дүр,
Шаңырағың – Ар, Намыс.
Шежіре еді кеше қыр –

Шаранаға қорғаныс.
...Елдің іші – есер ұл...
Естілерім болды алыс...
Ертеңгі күн – толғаныс...

Шынар апа,
Сал құлақ!
Шындығы сен заманның.
Затың əйел,

Арғымақ
Дүлділісің даламның.
...Өтті уақыт, ал бірақ
Өзгерген жоқ қалпынан

Қараулы адамың.

Елена Əбдіхалықова

ӨКІНІШ

(баллада)
Кенесары жасағының айтулы батырларының бірі – Сыр бойынан
шыққан Бұқарбай батыр Естекбайұлы (1812-1898). Ел ішінде ба-
тырдың немересі Ахметбай ақсақал айтып отырады екен деген

Бұқарбай батыр туралы көптеген аңыз-əңгімелер қалған. Солардың
бірі – «Бұқарбай батырдың өкініші».
Уақыт-ты ұйқысыз түн, күн аласа,
Жау десе сейілмеген күмəн аса.

Қара үзіп кеткеніне айдың жүзі,
Тыныштық болса, елге құламаса.
Күйдіріп Қызылқұмның ыстық лебі,
Қырағы қабағымен құсты іледі.

Дамылсыз қарайлайды елдің шетін,
Жау күшті, жұрт жағдайы мүшкіл еді.
Қызылқұм жиегі құм, төбесі бел,
Тым суық Қоқан жақтан жел есілер.

Батырдың бар арманы елге қайту,
Тойтарса жаудың күшін егесіп ер.
Күндіз-түн бағатыны Хиуа жағы,
Секілді сол күндердің бұл да заңы,

Тыныштық орнағалы бірнеше күн,
Қобалжи береді тек Сыр қазағы.
Қарайды көлегейлеп қыр қабағын,
Жауының күтетіндей сыр-хабарын,

...Көзіне елес пе əлде, сағым ба екен,
Сұлбасы шалынады бір қараның.

«Тыңшы ма, дұшпанының қалжасы ма?
Жоқ əлде жайлау кезген мал басы ма?..»
Əйтеуір, тура салып келеді анау...
...Батырдың қолы тиді найзасына.

Жүрегі дүрсілдейді алып-ұшып,
Кеудесін өртеп кектің қаны қысып.
«Күйме ме, керуен бе өзі мынау,
Адасқан жолын таппай жаңылысып?»

Жақындап келеді анау түйе мінген,
Батыр да қарсы шапты түнерумен.
Белгісі батырлықтың осы емес пе,
Əйтеуір, дəмеленер бір өлімнен.

...Жетегі тоғыз түйе жүк артылған,
Жалғыз жан көздеріне мұнар тұнған.
Жүк артқан түйелердің жабуларын
Бастырған жарқыратып кіл алтыннан.

Батыр да ойлай шапты керуенге,
«Бай екен. Бұл Қоқанның елінен бе?
Келеді именбестен менен тіпті,
Кім өзі?

Əлде қораш көрінем бе?»
Кез еді қарайғанның бəрі күмəн,
Сананы серпілтпейтін сары тұман.
Тұмшалап бет-ауызын, түйе мінген,

Баспайды басқа жаққа бағытынан.
Жақындап қалды батыр екпіндетіп,
Кеудеде намыс ойнап, отқа үрлетіп.
Анау да түйелерін қоршау қылып,

Ортада өзі қалды көштің бекіп.
Бас салды қоршауына батыр күшпен,
(Болады мұндай кезде ақылды іс кем!)
Бұйдамен тізбектелген түйелер де

Енуге ырық бермес батырға іштен.

Болса да жеңе алмады қанша амалы,
Белгісіз кім екені ортадағы.
Осал жан емес сынды тайталасып,
Көп уақыт арпалыстан шаршамады.

Сын-уақыт берген бе еді саралауға еп,
Сұмдық кез жан-жүрегін жаралау көп.
Ойлайды «Дəу де болса, көш тонаған
Қоқанның қарақшысы болар-ау» деп.

Батырдың амалы көп, білек күшті,
Көздеді найзасымен жүрек тұсты...
...Дулыға ұшты бастан, ал бұрымы
төгіліп тобығына бір-ақ түсті.

Селк етті батыр жүрек қызды көріп,
Сап болды кеудедегі сызды желік,
Атынан қарғып түсіп, сүйей берді,
Аруды қансыраған ізгі көрік.

Балауса жастық шақтан жалын ішіп,
Тірліктің көз алдында сағымы ұшып,
Сұлудың соңғы демін үзіп-үзіп
Сөз шықты қыз аузынан талып ұшып:

«Ағатай, мен қазақтың бір қызы едім,
Əкемнің аялаған құндызы едім.
Сыр бойы, бабам жатқан жерді аңсаумен,
Сары ала таңда сол-ды мұңды үзерім.

Туған жер, сені қоссам, жетер ме өлең?
Еліме борышым бар өтелмеген.
...Біз де бір Табын деген ел боламыз,
Нүкіс пен Қоңыратты мекендеген.

Хиуаның езгісінде біздің ауыл,
Сезіндім ерте жастан күз қырауын.
Үстімнен ұшса шыбын қағып-баққан,
Үгіліп бара жатыр ізгі қауым.

Намысын елдің таптап нөкерлері,
Қоқанның əйел қылмақ екен бегі.
«Сыр жақта Бұқарбайдай ағаң бар» деп,
Бір түнде аттандырды əкем мені.

Жан əкем сол ағаны батыр дейтін,
Əр сөзі жанға шипа нақыл дейтін,
«Теңіне қосам десе, ақылын ал,
Боларсың мəңгі сонда өкінбейтін»

Деп жəне тоғыз түйе жасау берген,
Шығарып салған өзі асар белден.
Батырмен, тым құрыса, тілдесе алмай,
Басымнан көшкені ме жасар дəурен?!

...Қыз жұмды қос жанарын.
Сынағы көп
тірлікке қош айта алмай, тұрағы жоқ.
«Қалқам-ай, қалқам-ай» деп,

Батыр сонда егіліп ет-жүрегі жылады кеп...

Р. S.

Сезбеспіз ол дəуреннің біздер күшін,
Іздейміз батыр басқан іздерді шын.
Сол қыздың тоғыз түйе жасауына
Хас батыр орнатыпты «Қыз белгісін».

Ойынан сол қыз кетпей елде жүрсе,
Азабы басылар ма жерге кірсе?
Өтіпті қайран батыр жаза басқан
Өңгеріп өкінішін өлгенінше.

...Солқылдап сызды күннің от қабағы,
Өшкен жоқ сұрапылдың соқпағы əлі.
Қанша хан, қанша батыр болса-дағы
Адам бір ар сотымен сотталады.

2007 жыл

Нұрмат Мансұров,
Мұхтар Ниязов

ҰРПАҒЫМЕН ҚАУЫШЫП ҚАЙТА БҮГІН

Кіші жүз табындағы нар Бұқарбай,
Қарсы келген дұшпаны қан жұтардай.
Ұрпағымен қауышып қайта бүгін,
Арғымағын аспанға қарғытардай.

Ақырып атой салса жау көшіне,
Тұлғасы түсіретін тауды есіңе.
Сары орысты өзімен санастырып,
Талай мəрте келтірген тəубесіне.

Ақиқаттың алдында кішірейіп,
Алты алашқа самғаған құсы биік.
Жауырынын көре алмай ер бабаңның,
Жауы кеткен арманда іші күйіп.

Кер заманда қазақтан теңдік қашқан,
Бөлінгенді бүтіндеп ел ғып қосқан.
Бата түгілі атының басқан ізі
Ертегіге бергісіз ерлік дастан.

Дұшпанның сезінгесін дəндегенін,
Жақыннан аямаған бар көмегін.
Жан-жақтан жау анталап қысылғанда,
Жанынан табылыпты хан Кененің.

Ақорданың төрінде күтімі асқан
Батырдың сыбағасын бүтін асқан.
Бабамыз «тостағандап» атқа мінсе,
Күндік жерден қоқанның құты қашқан.

Тұғырына жатқанда қыран қонып,
Тойын жасап бермекші Тұран болып.
Ғасырдан ғасырларға кетеді əлі
Есімі ұрпағына ұран болып.

Ахмет Тілеулиев БҰЗЫЛҒАН БӨГЕТ (əңгіме) Қайту кезінің өзінде кері ағысы шыркөбелек айналып, иірімі шұрылдаған, екпіні қатты Жамандария – кім көрінгенге өткел бермейтін асу дария. Өзеннің оң жағалауын Қоқан алып, түстігі Хиуаға қараған, батыстан орыс мылтығының түтіні шыққан қиын кезең туған жердің тағдырын таразыға салып, Бұқарбай батыр қалың өрттің арасында қалған жолбарыстай ширыққан еді. Кенесарымен он жыл жорықтас болып Алатаудан оралғаны аз болғандай, соңғы үш-төрт жылдың сыбағасы да осал соқпады. Байқадам батырдың қазасы орыс дəргейіндегі жұрт пен табындардың арасына араздық, жаулық тастап кетті. Қара қазақ, сары баланың қамына ер намысы, батырдың құны қосылып, Бұқарбай аттан түскен жоқ. Шабындыға түскен ел, барымталанған мал, кісі өлімі... төрелік айтатын ара ағайын табылмай бітімнің ауылы алыстай түскен. Соңғы шайқас Ақшабұлақта болды. Қыраттардың теріскейі мен жыра-сайларда қар жатқан наурыз айының басы еді. Жүзден астам мылтығы мен доп ататын зеңбірегі бар патша солдаттарына қарсы жігіттер күн батқанша төтеп берді. Қайта-қайта ат қойып, солдаттар мылтығын оқтап үлгіремін дегенше бірнешеуін найзалап кетіп жүрді. Сондай бір жанын шүберекке түйіп, көзсіз ат қойған ұрыстардың бірінде Бұқарбай батырға оқ тиіп, аттың жалын құшып қалды. Періштесі қағып, оқ сүйекке зақым келтірмей, бұғанадан төмен тесіп өткен екен. Киіз күйдіріп басса да біразға дейін қан тоқтамады. Батырдың жүзі бозарып, əлсіреп қалды. Сол жарақатынан жазылғанша ол атқа мінген жоқ. Қай жағына қараса да жаудың төбесі көрінген алмағайып заман еді. Шілде-тамызда орыс əскерінің Қосқорғанды құлатып, Көктондының үстімен Ақмешітке қарай өткенін, бірақ қамалды қамағанымен ала алмай, қайту жолында Шымқорғанды талқандап, өртеп кеткендерін естіді.

Кенесары қайтпас сапарға аттанғаннан кейін иесіз қалған қазақ жеріне мысықтабандап еніп келе жатқан орыс патшасының əскерлері батыл қимылдай бастады. Əбден жеккөрінішті болған Қоқанның улы тырнағы да бүре түседі. Сыр бойына хан болсам деген ниет Елікей төреден байқалады. Бұқарбайға кісі салып, ішке тартқандай сыңай танытқан. Алайда «Қоғамы күшті ер еді, киімді бала тудырған» Кенесарыдай болу қайда?! Амал қанша, қоңылтақсыған көңіл Елікейді қара тартатын сияқты. Жасанған жаудан сескенбеген жүрек ел тағдыры, балашаға еске түскенде қобалжып, саясатшыл боп кеткенін сезбей де қал ды. Сондай ауыр ойлар кім-кімге де опасынан гөрі жапасы басым Қоқаннан біржола ат құйрығын кесуге əкелді. Оның соқырға таяқ ұстатқандай анық белгісі дария, кəдімгі ағысы қатты Жа ман дарияның сол жағына – түстігіне өту еді. Сүмбіле тасуы аяқталып, дария сабасына түссе де, лайланып аққан судың екпіні шапқан атқа бергісіз. Қарсы беттегі қабақтың астындағы кері ағыс қарауыта иірімденеді, бірін-бірі қуып білемденген сары толқындар жолбарыстың жонындай тарғылданады. Жігіттер ер-тоқымдары мен қару-жарақтары, сырт киімдерін жалғыз үй арғын қайықшыға беріп арғы бетке өткізді де, өздері ереуіл аттарымен өзеннің өткел беретін ұрымтал тұсын іздеді. Батырдың ту ұстаушысы Елқонды мерген бастаған он шақты жігіт жасақтың керек-жарағын қайықпен өткізіп жатқанда атқа жайдақ мінген жеңіл киімді екі жүздей жігіт қайта-қайта тебініп дарияға түсе беріп еді. Бостанның Байторысынан туатын Байболаттың қабырғалы Қаракөгі пырылдап, пысқырынып суға қойып кеткен соң, өзге аттар да кідірген жоқ, бірін-бірі ес көріп, бəрі де үрікпей алға бас ты. Бірақ шымырлап бабымен қайнаған қазан сияқты тыныш көрінген дария малтыған аттарды шоқтығынан ұстаған иелерімен бірге ықтырып ала жөнелді. Қанша батыр болса да, қасындағы жігіттердің өлім-қазадан сескенген сəті осы шығар. Жасанған жаудан қайтпайтын түгі бар жүректер қатты-қатты соғып, бəрінің де тілдері кəлимаға келген. «Лə-илақа-ил-лала! О, жаратқан жаббар ием, бір өзің жар бол!» деп дария бетінде қаптай ағып бара жатқан батырлар

іштерінен осы тілекті қайталауда еді. Бір жағалаудан екінші бетіне қарағанда көз алдында жарқырап жататын дария жігіттер жүзе жөнелгенде ұшы-қиыры жоқ жойқын суға айналып жүре бергендей. Əсіресе, ортасына барған тұста не əрі, не бері жоқ жойқын ағым қалқытып ала жөнелген сияқтанды. Алла тағаланың аты да осы кезде жиі айтылып еді. Енді бір сəтте ағып бара жатқандардың табаны қайырға ілінді, су аттың омырауынан келді. Əлгінде ғана алмағайып халде естерінен айырылып келе жатқан жауынгерлер жан шақырып демдерін «уһ» деп бір-ақ алды. Азырақ тыныстап алға қарай жылжығанда тағы да терең су тобықтан қағып жүзе жөнелді. Дегенмен дарияның үштен екісінен кесіп өткен еді, жүрек тоқтатқан соң қалған бөлігінде анау айтқандай қиналған жоқ. Біраз малтыған соң алдыңғы аттың аяғы да қайырға тиіп, сауыры мен қыр арқасы қарайып су бетіне шыға келді. Ілесіп жүзіп келе жатқан өзгелер де бірінен соң бірі суға бойлай бастаған. Таяқ тастамдай жердегі жағаға бəрі де жаяулап су кешіп шықты. Құрғаққа шыққан аттар дүр-дүр сілкінді. Су суыған кез болғандықтан жігіттер дариядан тоңып шықты. Арғын шалдың үлкен қайығымен Елқондылар қайта-қайта қолтықтап қосынның үш-төрт түйелік жабдығын, ер-тоқым, қару-жарақтарды өткізіп болған еді. – Алла тағаланың кеңшілігінде шек жоқ, – деді Бұқарбай батыр судан шыққан жаураған жігіттеріне қарап. – Біздің суға кете жаздағанымыз мынау, ал енді біреулер осы судың бір тамшысына жете алмай отыр. Қыркүйектің шілдеге бергісіз ыстық шуағы су болған жанжануар, адамзатты жылдам дегдітіп, кептіріп жіберді. Екіндіге таянған күннің қызуынан дария бойының ит тұмсығы батпас ну тоғайы балбырап, маужырап кеткендей. Жиде ағашының мəуесі пісіп тамылжиды. Маусымда сүттеніп, тамызда қатайып жарылған шырмауықтың собықтары түте-түтесі шығып жалбырап тұр. Пырпыр етіп қырғауылдар жиі ұшады. Тоғайдың сыртындағы сулы ойпаңдарда, балдырғанды-балқанды табандарда жолбарысы ыңыранған ну қарағай қалың қамыс жатыр. Тоғайды əзер дегенде жарып өткен жігіттер арқаш-арқашты қуалап түстік-шығысқа қарай жүріп кетті. Қамшылар жақ бетте үкілі бастары ырғалған қамыстан бойларын асырып бірді-екілі асарлар көрінеді.

Торбестінің қатты аяңымен қосыннан құрық салым алда келе жатқан Бұқарбай батыр айналаға ойлана көз тігеді. Төңкерген тостағандай көк жүзінде кіршік жоқ. Даланың ендігі суреті алтынкүмісі, гауһар-інжуі аралас сандықтың қақпағын ашқандай алуан түрлі бояумен көрінеді. Мінер жақтағы дария бойының күміс тозаң басқан бозаң жиде тоғайы қызғылтым жыңғылға тіреліп, одан запыран түстес қамысты алқапқа астасып жатыр. Күз мезгілінің алғашқы белгі-нышандары жіті көзге білінер-білінбес қана аңғарылады: бұл өңір алтын буына шала ұсталған бұйым сияқты. Алысалыстан жеңіл ғана жұғылған сарғылтым рең қылаңытады. Кебірдің ортасында шеңгел, жыңғыл, қарабарақтың арасынан көтерілген биік асар, атам заманғы қаланың құландысы оң қапталда күннің астында зорая қарайып қалып барады. Қарсы алдында, қозы көш жерде бір сондай биік кезең соры бетіне шығып жолбарыс пішінді тарғылданып жатыр. Осынау өлкеде қалың шалғын, сүйекті бұталардың арасынан қоянжонданып ағарып көрінген құм төбенің сипаты бұл төңіректе ерекше еді. Қарақұмның Дəреталдысын құдіретті күш көтеріп əкеліп батырдың алдына тастай салған сияқты. Бұқарбай Торбестіні тебініп жіберіп төбенің басына қасқыр текірекпен желіп шықты. Ат ойынды еттері бұлтылдап, ұмтылып төбенің басына жете бере тізгіннің емеурінімен кілт тоқтады. Қос құлағы тігіліп, бауыры тартылып, бір сəтке мүсінге айналып шыға келді. Батыр биіктен төңіректі үнсіз шолып тұрды. – Осында еру боламыз! – деп батыр аттан түсті. Төбенің теріскей баурайына жорық тəртібімен қолдан жасалған қостар жапыр-жұпыр тігіліп, күй таңдамайтын жауынгер жігіттер бір шай қайнатымда Аққұм төбесіне ағаларының үйіне келгендей жайғасты. – Аласапыран шақ, аумалы-төкпелі заман... Мына қоныс төрт құбыласы түгел дерліктей жайлы екен... Алла тағаланың жазуы біледі... Бəке, осы жерге балалар бауыр басса, бөтен болмас еді-ау, – деп батыр күн ұясына қонған зауал шақта жанындағы Байболат ағасына бір сөз айтып еді. Дуалы ауыздан шыққан сөз ақыры жүйесін тапқан Байболат ұрпағы ғана емес, Теке руының көпшілік аталарына мекен болған,

осы жерде Сарының арығы қазылып, тіршілікте ұйытқыға айналған өтен еді. Бірақ олай болуы үшін араға ондаған жылдар түсуі керек болатын. Сыр бойын діні бір болса да, тілегі бөтен хандықтар жұлмалап жатты. Аққұм төбесі Хиуа ханына бағынышты еді. Ал Бұқарбай батырдың Аққұмға келіп ту тігуі Қоқан ханына қарсы соғыс жариялағанмен бірдей еді. Өзара қырқысқан Қоқан, Хиуа, Бұқара хандықтарының бір-біріне есе жібермеу үшін жасаған қысастықтарының зардабынан қарапайым қара шаруа күйзелді. Сол қысастықтардың бірі Қарабөгет болатын. Қоқан хандығы 1817 жылы Ақмешіт қамалын қымтап болған соң, Сырдариядан су алып жатқан Жаңадарияны Сандыққорған түбінде тас қылып байлап тастаған еді. Сөйтіп, мыңдаған жылдар Жаңадарияны еміп күн көрген тұрғындар – қазақ, қарақалпақ ша руа лары тіршілік көздерінен айырылды. Бұл жөнінде Хиуа ханының мəмілегерлік өтінішіне Қоқан құлақ асқан жоқ, қайта бақталас хан дықтың кіріптар болғанына айызы қанып, бөгетті биіктете түс кен. Төмендегі елге ауызда тұрған несібесін бұйыртпай отырған қо қандықтардың мұсылманшылыққа жат қылығы қазақтарға тізе батырып отырған əдеттегі жүгенсіздіктеріне қосылып, зорлық иелерін күллі қауымға жеккөрінішті еткен. Қаймана қазақ атанғанымен, Жаңадария бойының шаруалары Табындармен құдаңдалық жібі үзілмеген адамдар болса, екінші жағынан, əлдінің əлсізге зорлығын көріп отыра беру елдікке, ерлікке бастаған. Бұқарбайдың Сырдың сол жағына өтуі қордаланған ыза-кектің пісуі еді. Аққұмға ту тігілген күннің ертеңіне батыр екі жігітті түстікке алпыс шақырымдай жердегі Қожанияз бектің қамалына жөнелтті. – Алдағы сəрсенбіде біз Қарабөгетті шабамыз. Бөгетті бұзып төмендегі елге су жығамыз. Бекке осыны білдіріңдер де, қайтыңдар! – деді батыр оларға. Найзаларын көлденең ұстаған екі атты күннің астына қарай соқтыра жөнелді. Сыр бойы табындары қос, таңбалы болғанда, Бұқарбайдың жаса ғында терістаңбалы, оңтаңбалы аталықтарынан жігіттер бар. Кенесары қосынындағы жылдар бойы сүргін жорықта біраз жігіттер шейіт болды. Солардан қалған көнекөздерден қазір Қабан батыр, Байболат, Елқонды, Шалбас жүр. Батыр Алатаудан орал-

ған соң қосылған жігіттер де шетінен найзагер. Бесіктен белі
көтеріле ат жалын тартып мінген қазақ баласынан тұрмыстың өзі
жауынгер жасап шығарады. Төрт тараптан ұйытқыған жел іспетті
шапқыншылықтар елдің берекесін алғандықтан, еркек тоқты құр-

бандық болып, бозбала шағынан атқа мінген буын тағдырдың
жазуымен ел қорғанына айналған.
Бұқарбай батыр Қарабөгетке араға бір қонып, ұлы сəскеде жетті.
Олардың қарасын көрген бөгет басындағы бірнеше аттылы Ақме-

шітке қарай безіп жоғалды.
Үсті арба жүретіндей кең бөгетті осы өңірдің бейшара қазақта-
рын найзамен шабақтап отырып, қарабуралап салдырған екен,
жиырма-отыз жылдан бері əбден нығыздалып шеге болып қалыпты.

Батыр жанындағы кісілермен ақылдасып бөгетті Жаңадарияның
сол жағалауынан жырғызды. Қарулы жігіттер бөгетті тіліп, енді бір
құ лаштай ор қазып, суды жырып жіберіп еді, шіреп тұрған дария
еңіске қарай сар ете қалды. Биіктен құлаған су жан-жағын же міре

көңілдене шұрылдап, сарқырап ондаған жылдар бойы ылғал түс-
пеген арнаға құлады.
Енді бөгеттің ортасынан да бұдан екі-үш еседей кеңірек ор
қазылып жырылып жіберілуі мұң екен, сұрапыл күшпен гүр етіп

ойға құлаған су жолындағының бəрін жұлып əкетті. Жігіттер шет-
ке əзер қашып шықты.

– Əлей болды! – деп айқайлап жіберді Байболат.

Бөгет бұзудың қызығына түскен олар оң жағалауға жақын жер-
ден тағы да жырды.
Ондаған жылдар қаңсып жатқан арнаға жығылған су жұмыры-
на жұқ болмай, жуыр маңда толар түрі байқалмайды. Дегенмен

Сыр дарияның ағыны қатты суы үш жерден жырылған бөгетті сəт
сайын опыра құлатып, шай қайнатымда-ақ жалданып тұрған үлкен
бөгет шағын-шағын аралға айналды. Дарияның жортқан аттай
қатты ағысы мына бұзылған бөгетке келгенде бауыры барынша

жа зылғандай қорқырап, гүрілдеп, сарқырап бұла күштің өнерін
көрсеткендей, үлкен бір мейрам жасағандай. Жігіттер əсерленіп бі-
раз уақыт алапат тасқыннан көз алған жоқ.

Жойқын күшпен жөңкіген асау ағын табандағы шөп-шалам, бо-
рық-бұталарды қуалап, жүздеген шақырым арна бойындағы ша-
руаларды қуандыруға асығып бара жатты.
Қарабөгет оқиғасына қаншама жылдар мүдделі болса да, Хиуа

жағы араласпады.
Бөгеттің қалдықтары мүжіле-мүжіле жойылуға жақындағанда
Жаңадарияның шығыс бетінде, Ақмешіттен шығатын жолда қоқан-
дықтар көрінді. Жиыны елу қарулы атты сыпайлар көбігі көкке аты-

лып, кемпірқосақтанып сарқырап жатқан дарияға жетіп қалды.
Сол кезде батыстан, Кубас өткелі жағынан жиырма-отыздай қо-
қандық жетіп қалды.

– Аттан! – деді Бұқарбай батыр. – Кейін қарай кететін жолын

кесіңдер!
Бір топ жігіт ердің қасына еңкейіп, бұталарды тасалап қоқан-
дықтардың сыртын орағалы сыдырта жөнелгенде Бұқарбай батыр
Торбестіні жай бастырып алдынан шықты. Қоқандықтар батырды

танып, бұрылып қашуға ыңғайланғанда ол жақтан да төніп келе
жатқан қазақтарды көрді.

– Тоқтаңдар! Жандарыңды қидым! Аттан түсіңдер, қарула рың-

ды тастаңдар! – деді əмірлі дауыспен батыр. – Мен Бұқарбаймын!
Өздерінен он есе көп қазақтан құтыла алмасын білген қоқан-
дықтар батырдың сұсы басып, айтқанын орындауға мəжбүр болды.
Оларды Кубас өткеліне қарай қару-жарақсыз, жаяу босатып жі бер-

ген соң батыр бөгеттің басына қайтып оралды. Бұл кезде бөгет жоқ
еді, оның орнында білеуленіп жалданған толқын еңіске қарай өкіре
құлап жатты.

Сартай Жүсіп ЕЛ БАТЫРЫ – БҰҚАРБАЙ (пьеса) Қ А Т Ы С У Ш Ы Л А Р: Бұқарбай батыр Хан Кене Наурызбай – Кенесары ханның інісі Ағыбай – хан батыры Ержан – Кенесары ханның ағасы Күнімжан – Кенесарының бəйбішесі Бəтима – Кенесарының тоқалы Байқадам – Табынның биі Бай Күреш Айнагүл Елқонды Нысанбай – жыршы Хұсни – башқұрт жігіті Меңлі – батыр Иван Карбышев – Ақмола бекінісінің коменданты Поручик Солдат Сержан – хабаршы 22-105

Бірінші бөлім
Бірінші көрініс
Шабылған ауыл көрінісі. Өртенген киіз үй, шашылған мүлік.
Зарлы дауыс.

Кемпір. Ей, құдая, бұл не зауалың бізге жіберген? Бұл қашан
ға на тоқтайды? Біресе Хиуасы, біресе Қоқаны? Бұларға тыйым
болатын күн бола ма? Ей құдай, не жаздық саған, не жаздық?
Ақсақал. Құдайда нең бар, қарғасаң ана Қоқанды қарғамайсың

ба? Хиуаны қарғамайсың ба?
Кемпір. Ол бəлелерге қарғыс та жүрмей қойды ғой! Ей, атаңа
мың дағы лағнет Қоқан! Ей, атаңа жүз мыңдаған лағнет Хиуа!
Ақсақал (тың тыңдап). Тоқтай тұр... (тағы да тыңдап) Ия,

алла, өзің жарылқай көр. Бұқарбайым болмасын! Əй, қараңдаршы-
əй!..
Бір-екі бала жүгіріп өтеді.
Мына дүбір соның күрең тұлпарының дүбіріне ұқсайды.

Кемпір. Ия, сенің құлағыңа келген дүбірдің бəрі күреңнің дү-
біріне ұқсайтын əдеті ғой. Бұқарбай қайда, жел қайда? Ол да бір
құйын жүрген. Қай жерде бастанғы, қай жерде шілдехана, қай
жерде той.... Ал елі шабылып, жұртының шашылып жатқаны

мынау... Ойын-тойды сағалап жүріп Күрешін де ұмытты... Ол қыз-
ды ат көтіне салып кетті əне Қоқан! Далақтап, далақтап, далада
қалды деген осы!
Ақсақал. Туу, бейпіл ауыз неме-ай! Бұл өзі дарияның жағасында

отырған елге келген зауал емес пе?
Балалар жүгіріп келеді.
1-бала. Бұқарбай көкем келеді!..
2-бала. Жетегінде бір түйесі, бір жылқысы бар...

Бұқарбай кіреді.
Бұқарбай (мəн-жайды түсініп). Қоқан ба?.. Атаңа нəлет ит
Қоқан! Менің жоғымда, қарашы... Жайратқанын... Шығын көп пе?
Ақсақал. Қыз-келіншекті жасырып үлгердік... Шығыннан...

Өткен жолы өзің əкелген қара-құра, осы ауылдағы азын-аулақ
жүруге жарайтын жандық, түгел алдарына салып қуып кетті. Ия,
өзің қайдан қайттың?
Бұқарбай. Қаракесекте бір той болып... Белдесуге шығып... Бір

түйе, бір жылқы жетектеткені... Балуан аталып қуанып қайтып ем...
Ақсақал. Алмағайып заман боп тұр ғой... Қуанышынан қайғысы
басым... Ең үлкен шығын ана бай ауылында болды. Байдың екі
табын жылқысын, қыз-келіншек, ішінде Күреш сұлу да бар... Түгел

сы пырып кетті...
Бұқарбай. Күрешті қоқандықтар алып кетті деймісің?
Кемпір. Ия, түйеге мінгізіп, жасаулап алып кетті. Сондағы бір
байға беретін болу керек. Саған енді Күреш сұлу жоқ... Қалың мал

жинап əуре болмай-ақ қой...
Бұқарбай. Əй, апажан-ай! Ашық жараға тұз себуге құмарсың-ау!
Сусын əкеліңдерші, сусын!..
Бір келіншек тостағанымен сусын əкеледі. Бұқарбай оны басына

бір-ақ көтереді.
(Ақсақалдан) Олар қалай қарай кетті?
Ақсақал. Беталысы – Ташкент, жоқ... Солай қарай беттеп бара
жатты деп келді соңынан жіберген бала...

Бұқарбай. Ал, ақсақал, батаңды бер, маған оң сапар тіле!..
Ақсақал. Ойбай-ау, Бұқаржан-ау, жалғыз өзің... Демалмастан...
Бұқарбай. Демалатын уақыт па қазір?
Бірте-бірте көпшілік жиналып қалады. Ішінде Елқонды да бар.

Елқонды. Батыр, мені қасыңа ал! Серік ет!

Бұқарбай. Бұл жолы емес, Елқонды, бұл жолы емес! Сенің... Менің қасыма еретін күнің алда. Ақсақал. Ия, Алла тағала, батырдың оң сапарын бере гөр! Екінші көрініс Түн ортасы. Қоқан керуені аялдауға тоқтаған. Біреудің зарлы əні естіледі. Жұрттың арасынан ақырын жылжып бір қара көрінеді. Бұл – Бұқарбай. Шеткі отырғандарға жақындайды. Бұқарбай (сыбырлап). Сен – Күрешпісің? Күреш (жылап отырған бетін ашып). А? Сен кімсің? Бұқарбай. Тсс! Мен Бұқарбаймын. Күреш. Бұқарбай!? Бұқарбай. Мен сені құтқаруға келдім... Күреш. Кімім деп?.. Бұқарбай. Сырттай білесің ғой, Күреш... Күреш. Ия, сырттай... Өзіме де жолықпай... Бұқарбай. Ауылыңа қаншама рет бардым, Күреш... Қаншама рет тойларда болдым... Алтыбақан тептім... Бірақ бір сені кездестіре алмадым... Күреш. Көрмеген... Кездеспеген екенсің... Енді несіне қуып келдің? Бұқарбай. Өткен күзде көштің үстінде көрдім... Сол қалпы сен менің көз алдымдасың... Жасыл көйлегің... Оқалы қызыл камзолың... Желбіреген үкілі тақияң... Сен менің бар ойымды жаулап алдың... Күреш. Сосын бірден қалың мал жинауға кірістім де... Бұқарбай. Қайтейін... Əкеңмен сөйлессек... Қырық жетіңді айдап келесің, əңгіме содан соң дегесін... Соншама қараны матап беретіндей, қол қысқа... Күреш. Онда мына Айнагүл жақын сіңілім еді, соны құтқар... Маған қырық жетіңді түгендеген соң келерсің... Айнагүл. Жоқ, Күреш, жігіт сен деп келіп тұр ғой... Жанын шүберекке түйіп, сен деп келіп тұрған жоқ па? Бұл кісі келмесе,

көзімізден сорамыз ағып осылай кете беретін едік қой... Ертең біреулерге күң болу үшін... Менің бір жөнім болар... Жолың болсын, апашым... Бұқарбай. Айналайын-ай! Жаның қандай таза адамсың... Күреш! Сен мені ұнатарсың-ұнатпассың... Қазіргі əңгіме ол емес... Шынында да мен сен үшін келіп тұрмын... Тым болмаса, мына бұғаудан босаншы... Əттең, екеуіңді бірдей алып кетер едім... Астымдағы атым біреу-ақ... Күреш келісім бергендей үнсіз қалады. Мына құбыла беттегі жарық жұлдызды көріп тұрмысың? Күреш. Ия?!. Бұқарбай.Түзге шыққан болып солай қарай беттей бер... Күреш тұра бергенде күзетші келіп қалады. Күзетші. Сен қайда барасың? Айнагүл. Түзге? Біз екеуміз шығып келейік... Күзетші. Ұзаққа бармаңдар! Шетте садақшылар отыр. Атып тастауы мүмкін... Екеуі ақырын шығып кетеді. Мынау кім дүңкиіп жатқан. Кімсің-əй? Бұқарбай. Бұл мен ғой... (Орнынан тұрып, күзетшіні үнін шығармай буындырады) Танымай қалдың ба, пəтшағар? Тағы бірде тани жатарсың. Əзірше қош! Күрештердің соңынан бұл да жылжиды. Пауза. Сəлден кейін Айнагүлдің өзі келеді.

Айнагүл. Керуен сыртында садақшы отыр екен. Бұқарбай оның
да үнін өшірді-ау деймін. Аман-есен кетсе екен екеуі.
Аттың шабысы естіледі.
Ия, сəт, ақсарбас, ақсарбас. Аттарына жеткені ғой бұл...

Жолдарың болсын, жандарым.
Аттың шабысын естіген керуен абыр-сабыр боп қалады
Дауыстар.

– Əй, мынау не шабыс?

– Түн ішінде бұл кім тағы?

– Біреу-міреуді ұрлап кетпесін əлі?

– Ой, жүрегі дауалап кім ұрлайтын еді?

– Жаңағы күзетші қайда?

– Əй, тұр, сен кімсің?

Айнагүл (ұйқысынан оянғандай болып). Не болды сендерге?
Керуен басы көрінеді
Керуен басы. Байдың қызы бар ма?
Жасауыл. Жоқ, қасындағысы ғана... Байдың қызы қайда?

Айнагүл. Ағатай, мен білмеймін... Ұйықтап жатырмын... Көріп
тұрсыз ғой...
Керуен басы. Бəлені білмессің?! Қасыңда жатқан адамды
біл мей. Қане, айт жаныңның барында... Əйтпесе, қазір мына жа-

сауылдардың қолына тапсырам. Айт, қане! (Қамшысымен тартып-
тартып жібереді).
Айнагүл. Əй, қанішер! Бұқарбай келіп алып кетті, ал! Күзет шің-
ді тұншықтырып, көздеріңді бақырайтып қойып қалыңдығын алды

да кетті, ал! Өздеріңе сол керек! Жауыз, қанішер өңшең!
Керуен басы. Жап ауыңызды! Қане, атқа қон түгел! Екеуінің
астында бір-ақ ат. Онша ұзай қоймас. Қуып жетеміз! Мойнына қыл
шылбыр салып сүйретіп əкелеміз əлі! Сол кезде сен, қайсар қыз,

басқаша сайрайтын боласың! Ендігі ісім сенімен болсын! Қане, бол
тез! Тездетіңдер, тездетіңдер!
Үшінші көрініс
Таң бозара бастаған кез. Бұқарбай мен Күреш бір жыңғылдың

тасасында тұр. Жалғыз аттың шауып келе жатқаны естіледі.
Күреш. Бұқарбай, не амал істемексің?
Бұқарбай. Бұл тарлан аттыны атынан аударып ала алсам – жо-
лымыздың болғаны, аудара алмасам – бізге қауіп. Онда сен менің

арғымағыма мінесің де, тартасың. Жалғыз сені ол ешкімге жеткізбей
елге аман-есен алып барады.
Күреш. Сен ше? Сені тастап қалай кетем? Ендігі жерде мен
өзіңмен біргемін...

Бұқарбай. Күрешжан, лебізіңе ризамын. Алла тағалам саған
келісті шыраймен бірге ақылды да аямай берген екен. Алла нəсіп
етсе, қол ұстасып өтерміз бұл дүниеден, ал жазым болсам...
Күреш. Атама, атама! Ондай сөзді алма аузыңа!

Бұқарбай. Ия, алла, өзің жар бола гөр!
Шығып кетеді.
Соғыс сахна сыртында өтіп жатады.
Күреш. Алла тағала, жалынып сұраймын, Бұқарбайымды аман

қыла гөр! Ойбай? Анау тура батырға қарсы шауып келеді. Найзасын
сілтеп қалды! Уһ, Алла-ай, Бұқарбай оның найзасын қағып үлгерді.
Ана ант атқан қайырылып алып тағы шауып келеді. Қолында
қылышы! Не болды? Аты омақаса құлады! Батыр оны шұрқылдай-

дан көк семсермен дəлдеп тұрып беріп қалды... Ақсарбас, Ақсарбас!
Бұқарбай шығады.
Батырым, батырым!
Бұқарбай. Не дейсің, Күреш?

Күреш. Батырым деймін... Батырым, батырым! (Бұқарбайдың құшағына құлайды. Жүгіре басып шығып кетеді). Осы кезде «Абылайлап» ұрандаған əскердің дауысы шығып зорая береді. Соғыс, қырғын аяқталғанда ортада Хан Кене, ханның нөкері бір шетте, ортасында Байқадам би, Бұқарбай бар, Кіші жүздің Табын руының адамдары, бір шетте Күреш əке-шешесімен тұрады. Хан Кене. Уа, халайық! Орталарыңа елдік сапармен келе жатқан бетіміз еді, мынадай ерекше жағдайға тап келіппіз. (Бұқарбайға) Бұрын да сыртыңнан естуші едім. Енді міне көзсіз ерлігіңе куə болып тұрмыз. Жаудың тұп-тура ортасынан елдің сұлуын жалғыз өзің барып, аман алып шығыпсың! Нағыз ерлік деген осы болар! Уа, Байеке, сен не дейсің? Теңін тапсаң тегін бер деген қазақ атам. Балаңды қолыңа аман-есен табыстапты. Екеуін бір-біріне лайық көріп тұрмын. Бəріміздің назарымыз сізде, байеке! Бай. Ойбай-ау, ойбай мен не дейін? Жау талап, малымнан мал қалмады. Жандығым азайып зарлап отырмын. Дəулетім шайқалды. Ер деп жатсың. Ер болса, найзасын оңды-солды сілтеп табыс тауып, байлап-матап қырық жетісін əкеп берсін де, қызымды алсын. Хан Кене. Ойпырмай, Байеке-ай! Бала жастан бір сараңды білуші ек, Қарабай деген, сіз əңгімені одан да асырып жірдіңіз-ау. Ортаға Күреш шығады. Күреш (хан алдында келіп). Дат, Хан ием! Хан Кене. Датың болса, айт, қарағым! Күреш.Рұқсат етсеңіз, əңгімемді əкеме айтсам деп едім... Хан Кене. Айта ғой, қарағым, бөгелме! Күреш. Əке! Мен, Бұқарбай болмаса, сарттың бір бегіне күң болып кетпекші емес пе едім? Бұқарбайдың еңбегі менің бір қара басыма татитын болған жоқ па? Енді Бұқарбайдан басқа ешкімге бармаймын, əке! Хан Кене. Бəрекелді! Туымың бөлек екен! Байеке, Бұқарбай балаңның бақытына жаралған болса, жалғыз қызың да Бұқарбайды

бақытқа жетелейтін жан екені көрініп тұр. Балаңда құтты орнына
қондырғаның жөн-ау, байеке!
Сырттан шабарманкеліп Хан Кененің құлағына сыбырлап
кетеді.

Айнагүл келіп Күрешті құшақтайды.
Міне, Міне! Уа халайық! Менің қосыным ауылдарыңды шапқан
жауды тұтқындап, бар малдарыңды қайтарып отыр. Əсіресе сіздің
малыңыздың бір тұяғы да қисаймай түгел келіпті, байеке. Енді

тойдан бас тартпассың!
Хан Кене.Уа, Байқадам би! Мені үш жүздің игі жақсылары хан
көтерді. Мен қазақпын деген бір тудың астына жиналып жатыр.
Менің де аңсарым тақ емес, қазақ халқын орыс езгісінен құтқару.

Қоқан мен Хиуаның шапқыншылығынан азат ету. Кіші жүздің
көптеген рулары қатарыма қосылды. Ендігі сөз өздеріңде ағайын!
Ал, сен Бұқарбай жалғыз-жарым шапқанды қойып еліңнің ту көтерер
азаматының бірі бол! Қатарға қосыл.

Байқадам. Осында жиылған көптің дені сені қуаттайды, хан ием.
Атыңды естігелі елеңдеп отырмыз. Тек сəтін күтіп отырған жайымыз
бар еді. Міне, сол сəт туды. Тарыдай шашылып, əркімнің жемсауына
азық болғанша, тұтас ел құрып, соның жоғын жоқтамаймыз ба? Уа,

батырлар сендер не дейсіңдер?
Бұқарбай. Дұрыс айтасыз, Байқадам көке! Қанатының астына
аламын деген басшы болса, неге оның етегінен ұстамасқа? Елқонды,
рулы ел болып, хан иемнің ордасының жанынан шаңырағымызды

көтерейік, біз де ел қатарлы тұтастық үшін үн қосайық. Ханымызбен
бірге болайық!
Дауыстар: – Біргеміз, біргеміз,

–Дұрыс айтасың, Бұқарбай!..

– Уа, хан ием, баста бізді,

– Бəріміз бір болайық...

– Ел болайық ағайын, ел...

Хан кене. Уа, халайық, мына Бұқарбай ел назарында жүрген
бозбала-балуан еді. Бүгінгі ерлігі бəрімізді риза еткен жайы бар.

Бұдан былай Бұқарбай жай Бұқарбай болмасын, бұдан былай
Бұқарбай батыр атансын.
Дауыстар. – Бəрекелді, хан баланың атын тауып берді.

– Қайдағы бала? Батыр де! Бұқарбай батыр!

– Жаса, Бұқарбай! Батыр атың құтты болсын!

– Көп жаса, хан ием! Ризамыз...

Байқадам. Ал бүгін той, хан ием! Басты қонағымыз– өзіңіз!
Ақ түйенің қарны жарылды деген осы шығар! Ау, Нысанбай ақын
қайда? Келді деп едіңдер ғой. Тойдың сəнін келтірмей ме?
Нысанбай. Мен де жеттім, мінекей! Уа, хан ием, біз Керейт

деген ел боламыз! Қатарыңа біз де қосыламыз деп келіп тұрмыз!
Ендігі əңгімені домбырам айтады.
Домбырам-ау, домбырам,
Кең даламның жырын айт!

Халқымның еңсесін биіктеткен
Хан Кененің сырын айт!
Уау, ордалы қазақ, ортаңа
Өкіндірген заманда

Оралып келген бақ қандай?
Өлеріңе жеткенде
Өлтірмес дəру тапқандай.
Ала тулы жас ұлан

Ұраны шырқап аспандай.
Қазақ көшін бастап ед,
Жылағанын уатты,
Жүдегенін жұбатты,

Бұдан артық кім керек
Құдіретті де қуатты?!
Екі тізгін, бір шылбыр
Ұстат енді Кенеге.

Қамап тұрған құлдықтың
Тас қорғанын бұзатын
Ақ алмастай жебеге.
Басымызды қосатын

Түстік, міне, кемеге!

Жасасын енді ханымыз!
Жолында шықсын жанымыз!
Төртінші көрініс
Хан Кененің ордасы. Кенесары жалғыз. Бұқарбай кіреді.

Бұқарбай. Уа, хан ием, рұқсат етіңіз. Батырлардан бұрын кіріп
уəж айтсам деп едім.
Хан Кене. Бұқарбай батыр, арыныңды бас. Сабаңа түс. Айтар
əңгімеңді кейінге қалдырғаның жөн болар.

Бұқарбай. Айтар əңгімем қара басымның шаруасы емес, хан
ием. Елдік намысты қорғайтын уəж.
Хан Кене. Ел сөзін айтамын дейсің, бірақ сол сөздің ауырт-
палығын көтере алар ма екенсің?

Бұқарбай. Қайтейін, хан ием, көтере алсам нар болармын,
көтере алмасам мəстек атанармын, бірақ айтпасыма болмай тұр,
хан ием!..
Хан Кене. Ал, тыңдадық уəжіңді.

Бұқарбай. Хан ием, Сыр бойы табыны ішінде шынжыр балақ,
шұбар төс, қас батыр Сəркенің немересі Байқадам биді «қарсылық
білдірді» деп жөнсіз айыптап, басына зəулім кигізіп, тұтқынға
қаматыпсыз. Бұл деген сөз қаншама ел сізден теріс айналады деген

сөз ғой, хан ием.
Хан Кене. Олардың ішінде сен де бармысың?
Бұқарбай. Хан ием, бұл оқиға бір рудан шығып, күллі Жетіру-
дың талқысына түсіп кетті. Іс аяғы насырға шауып, қолға қару

ұстанар уақыт туса, қатарыңыз азаятыны анық. Кіші жүздің сар-
баздары өз ағайындарына қарсы қару көтермейді.
Хан ием. Бұл не сөз? Мынау... мынау деген бас көтеру... Қысым
ғой...

Бұқарбай. Жоқ, хан ием, бұл бас көтеру де, қысым да емес...
Болар істің ақиқатын білсін дегендік. Қарамағыңыздағы сарбаздың
бірімін, сізге сөз келетін шаруаны айтпай бүгіп қалсам, менің кім

болғаным? Сізді хан етіп көтерген бүкіл қазақ елі, бірақ дəл қазір қол астыңыздағы қолына қару алған сарбаздың дені – Кіші жүз. Міне, сол Кіші жүз сізден теріс айналып жатса, бұл қалай болады? Қылышыңызды орысқа сермесеңіз, қатарыңызда боламыз, ал елге қарсы біз, батырлар, қару жұмсай алмаймыз ғой, хан ием... Хан Кене. Сонда, сеніңше, менің не істеуім керек? Бұқарбай. Əңгіменің анық-қанығын тексертіңіз. Байқадам батыр дың тұтқынға алынуы жаламен болған іс. Байқадам жас ортасынан асқан, найза мен қылыштан қол үзген кісі. Жұртын егіншілікке тартып жүрген адам. Өзіңіз барғанда сізді қолдаған лебізін естідіңіз... Наурызбай, Ағыбай кіреді. Наурызбай. Біз сені шарқ ұрып іздеп жүрсек, Кенекеме біз ден бұрын келіп бөсіп тұр екенсің ғой. Бес жүз орысты бір өзің жайратқандай. Ағыбай. Бес жүзіңді қайдам, солардың жартысы Бұқарбайдың найзасының ұшын көрді-ау, шамасы. Хан Кене. Ағыбай, Наурызбай, Бұқарбай маған басқа шаруамен келіпті. Жорық жайлы сендер айтыңдаршы. Наурызбай мен Ағыбай бір-біріне қарасып қалады. Ағыбай. Біз сізді естіген екен десек... Орыс отрядының саны бес жүздей екен. Офицерлері аттылы, қалғандары жаяу əскер. Сыртынан бақылап жүріп өзен жағасына, еңіске келіп орналасқан сəтін күттік. Біздегі үш жүз адамды үшке бөлдік те, үшеуміз бас болып, орыстарға үш жақтан шабуыл жасадық. Бірімізден кейін біріміз атой салып кіріскенде олар не істерін білмей есі шықты. Алғашқы шабуылдан-ақ Бұқарбай олардың бір зеңбірегін арбасымен ала қашты. Сосын күтпеген беттен Наурызбай атойлап берсін, ол да екінші зеңбіректі əкетіп үлгерді. Қарсы бетінен біз лап қойдық. Наурызбай жусатып салды, Бұқарбай да аттың үстінен жаяу əскерді найзалауға шебер екен, талай орыстың солдаты мылтығын ата алмай

жерде домалап жатты. Бізден шығын жоқ, он шақты сарбаз ғана жарақат алды. Екі зеңбірек, бес жүзден аса мылтық, оқ-дəрі түгелдей біздің қолға көшті. Жүз елуден аса жау солдатын тұтқынға алдық. Хан Кене. Бəрекелді, бұл дегеніңіз дер кезіндегі жеңіс болған екен. Бізге қосылып жатқан елде есеп жоқ. Олар біздің əділдігімізге сеніп келіп жатыр. Бізді орыс қысымынан құтқаратын бірденбір күш деп біледі. Қатарымызға қосылған қалың ел бізден ірі қимылдар күтеді. Бүгінгі жеңістерің сол үлкен жорықтардың басы болды. Ендігі жерде жерімізді басқыншыларға беріп қойып тыныш отыра алмаймыз. Орысты басындырғанымыз жетер. Ол үшін қазақтың жүрегіне тікендей қадалған орыс бекіністерін жоюымыз керек. Соның алғашқысы – Ақмола бекінісі. Келесі шабуыл сол Ақмола бекінісіне болмақ. Ағыбай. Орыстар бекіністі мықтап салғанға ұқсайды. Сыртқы қорғанының биіктігі бес сажын. Айналасын тереңдігі бес құлаш, енін он құлаш ормен бекіткен. Төрт жағында төрт дарбазасы бар деп естимін. Одан да тек пəуескемен ғана өте аласың. Бұқарбай. Мына түрінде бекініске шабуыл жасау өлімге қарсы шапқанмен бірдей ғой. Наурызбай. Əй, Бұқарбай, Ағыбай сені жаңа ғана мақтап тұр еді. «Жүрегі жаудан қайтпайтын батыр» деп. Сол сөз өтірік боп шықты ма, қалай? Бекіністің сұлбасын көрмей жатып о дүниеге аттанып барасың ғой? Бұқарбай. Төрем! Олардан қорқатындай орыс көрмеп пе екем мен? Кеше ғана өзіңмен бірге болып солардың маңдайын жарған мен емес пе? О дүниеге асығатын да ештеңем жоқ. Əзірге мен үшін бұл дүниенің қызығы таусыла қойған жоқ. Менікі – сондай берік қорғанның осал жері қайсы екен – соны білгім келеді де. Ағыбай. Дəл айттың, Бұқарбай. Жауыңның осал жерін білмей тұрып, оны жеңе алмайсың! Біз кешегі жорықта қалай жеңіске жеттік? Біз олардың осал жерін дөп бастық. Олардың осалдығы – даңғойлығы, бейқамдығы. Мына далада бізге қарсы келетін кім бар деп, бізді жабайы санап, көкірек қаққандары. Ал сол жабайылар тап бергенде кірерге тесік таба алмай, жан сауғалап сасқалақтағаны сондай, бірін-бірі атып алып жатты. Ал мына хан иемнің айтып отырған жорығының жөні мүлде бөлек екен.

Хан Кене. Дұрыс айтасыңдар, батырларым! Бекіністің қорғаны
берік екені рас. Бірақ олардың да осал жері бар. Ең осал тұсы –
бекіністегі үйлер түгелдей дерлік ағаштан тұрғызылған. Жебенің
басына қарамай жағып орға дейін барамыз да, қарамайды

тұтатып, сонымен қорғанды атқыласақ, сөз жоқ, қорғанның ішін
өрт қаптайды. Жау əскері түтінге қақалып өртті сөндірмек бо-
лып жүргенде біз де түтінді қалқалап, зеңбіректерді жақындатып,
қорғанды атқылап, қабырғасын қақыратамыз. Сөйтіп, бекініске тап

береміз. Жəне тағы бір айтарым, садақшылардың бəрі де бір кісідей
киінетін болсын. Жау кімнің басшы, кімнің қосшы екенін білмей
қалсын. Пілтені қорғанға жақын қалғанда жағып, садақты атысы-
мен дереу кейін қарай қашу керек. Осы жерден қайта келеді-ау деп

күтіп тұрғанда басқа жердегі садақшылар отты оқты жаудыру керек.
Жəне тағы бір пысықтап алатын нəрсе, маған түскен хабарларға
қарағанда Ақмола бекінісінде шілденің ортасында жəрмеңке өт-
пекші. Жəрмеңкеге бекіністің айналасындағы қазақ ауылдарын да

шақыратын көрінеді. Міне, осы жəрмеңкені пайдаланып, бекініс-
ке адамдар жіберсек, бекіністің осал жерін əлі де анықтай түссек,
дұрыс болар еді.
Ағыбай. Мынау бір табылған ақыл екен. Бірақ оған кімді лайық

көріп отырсыз, хан ием.
Хан Кене. Соны өздеріңмен кеңесіп шешсем деймін.
Бұқарбай. Хан ием, рұқсат етсеңіз...
Хан Кене. Ия, Бұқарбай батыр, сөйле.

Бұқарбай. Тап осы сапарға мені жіберіңіз, хан ием.
Хан Кене. Əлі де ойласайық. Сен қазір белгілі болып қалдың...
Сені ол жерде танып қалса, қалай болады?
Бұқарбай. Арқаға мен жаңадан келген адаммын. Кешегі үлкен

шайқас болмаса, əзірше мен үлкен ұрыстарға қатысқаным жоқ.
Орыстың арасында, Аштархан жағында болғам.
Наурызбай. Е, орыстармен бұрыннан-ақ араласып жүрмін де-
сеңші?! Үйдегі үш əйелдің біреуі орыс емес пе?

Бұқарбай. Кəпірден əйел алуды, төрем, өзің бастасайшы, сосын
біз қостай береміз ғой. Хан ием, тап осы жолға менің барғаным

дұрыс. Маған Башқұрт Хұсниды қоссаңыз. Орыс тіліне жетік. Сау-
да-саттықтың да жолын біледі.
Наурызбай. Əттең, менің-ақ баратын жерім екен...
Ағыбай. Онда сені білмейтін адам жоқ шығар. Əсіресе, Қоңыр-

құлжа сұлтан аса сағынып отырған болар, сені көрсе қуана-қуана
мойыныңа тұзақты іле салар еді-ау.
Хан Кене. Əлі де ойланайық, батырлар. Кеңесіп пішкен тон
кел те болмас деген.Ал енді тағы бір айтарым, Бұқарбай жүзбасы

еді ғой. Соңғы кезде бірнеше жорыққа қатысып ерекше көзге
түсті. Бүгіннен бастап Бұқарбай батырға мыңдықты басқаратын
қолбасы атағын беремін. Батырым, білегің мығым, ойың ұшқыр
болсын.

Қолын қысып, иығынан қағады.
Ағыбай. Бəрекелді, Кенекем! Бұқарбай мыңбасының дəл өзі
ғой. Найзаның ұшымен ғана емес, ақыл-айласымен де жауын
жайратар батыр ғой бұл!

Наурызбай. Сен əлі мыңбасы болдым деп бізге мұрныңды
шүйіріп жүрме. Кенекеме ризалығыңды айт! Ортада Ағыбай, екі
қапталда екеуміз – енді бізге ешбір жау төтеп бере алмас.
Бұқарбай. Сеніміңізден шығуға бар күшімді саламын, хан ием!

Хан Кене. Жарайды, жарайды, оң болсын! Əзірге боссыңдар.
Нау рызбай?!
Бұқарбай мен Ағыбай шығады.
Наурызбай, Байқадам биді тұтқынға алған сен бе?

Наурызбай. Ия. Тілі тиді. Оның үстіне менің қасыма ерген кісі-
лерді бауыздайтын жаппастармен сыбайлас деп ойлаймын.
Хан Кене. Ойлайсың ба, əлде нақты сыбайлас екеніне көзің жете
ме? Тексеріп анықтадыңдар ма?

Наурызбай. Оның не анықтайтыны бар? Тұтқында ұстап, жауап
алған соң өзі де мойындайтын болады.

Хан Кене. Наурызбай, Наурызбай, сенің осындай асығыс, ойсыз
істерің мені жарға жығумен келеді. Елді бездіріп біттің ғой. Мен
елдің басын қосумен əлек, сен бүлдірумен əлек. Сенің кесіріңнен
Сырдариядан су ішіп отырған ел көтерілгелі жатыр. Тама Өмірбай

би бүкіл Жетірудан қол жиып, бізге қарсы шықпақшы.
Нурызбай. Бұны айтқан Бұқарбай ма?
Хан Кене. Мен бұл хабарды одан да бұрын алып отырғам.
Наурызбай. Ол да соларға қосылады əлі... Жетірудың батыр-

ларын Бұқарбайды бас қылып тұтқындап, көздерін жойсақ, Өмірбай
би де шегінетін болады.
Хан Кене. Сен не деп тұрсың? Өзіңнің жасағыңның жартысы кі-
ші жүз емес пе? Онсыз да ушығып тұрған істі одан сайын бүлді-

рейін деп педің? Қой, шырақ! Бұқарбай батырдікі жөн. Ақыл қосып,
бізді сақтандырып отырған. Біздің қатарымызда осындай батырлар
болмаса, біз ұзаққа шаба алмаймыз, бауырым. Дереу Байқадам биді
босатып, айыбын төлеп, еліне шығарып сал.

Наурызбай. Оны Бұқарбайға тапсырыңыз.
Хан Кене. Оған да тапсырам, сен де бірге барасың! Болды! Сөз
бітті! (Қоңырау соғады, қызметші кіреді) Бұқарбай батырды шақыр!
Бесінші көрініс

Ақмола бекінісінің іші. Сахнаның бір шетінде қорғанның құлаған
сұлбасы, екінші шетінде казармаға кіретін есік бар. Түтінмен
араласып Кенесарының қолы бекініске басып кірген. Ағыбай батыр
мен Бұқарбай батыр он шақты солдатпен қылыштасып сахнаға

шығады. Солдаттар оларды қоршай бастайды. Екеуі біріне-бірі
арқасын беріп олармен сайысқа түсіп, сосын бір мезгілде қоршаудың
екі шетіндегі екі солдатты қағып түсіріп, айналып келіп, өзара
соқтығып қалған солдаттарға тап беріп, оларды жайратып салады.

Бұқарбай (соңынан келген сарбаздарға). Ілгері ұмтылыңдар!
Жауға аял бермеңдер! Түтіннен қақалмас үшін ауыздарыңды таза
шүберекпен байлап алыңдар? (Олар кетеді.)

Хұсни (жүгіріп кіреді). Дəл солай екен, Бұқарбай. Иван Карбышев мына казарманың ішіне жасырыныпты. Ол өздігінен шыға қоймас, түтінге тұншықтырайық. (жанып жатқан шаланы алып, ка зарманың сынған терезесінен ішіне лақтырып жібереді) Бұқарбай. Осылай тұра береміз бе сонда? Ағыбай, сен оң жағынан, мен сол жағынан, бірімізді-біріміз қорғап ішке енейік те!... Хұсни. Бұқарбай батыр, асығыстық жасамайық. Олардың тапаншалары бар ғой, жазым етуі мүмкін. Сендер тек аңдып тұрыңдар. Ол қалай да шығады. Мен казарманы айналып келейін, ол жақта қашатын жер жоқ па екен? (Бұрыла беріп) Байқаңдар, бұл жерден тышқан да жорғаламайтын болсын. Ағыбай. Мен білетін Карбышев болса, ол көпке шыдамас. Өзі-ақ шығады інінен. Бұқарбай. Осындай қарбаласта жай ғана тұрғанымызды Наурызбай көрсе неғылар еді? Күлер ме еді мазақтап? Əлде қалай? Ағыбай. Біз босқа тұрмыз ба? Иван Карбышевті қолға түсірсек ол аз жұмыс па? Наурызбайды ойлап қайтесің? Бұқарбай. Ойламайын-ақ дейсің ғой, бірақ білмеймін... Несі екенін... Қараптан қарап тұрып тиіседі ғой... Мазақ етуге... ілік іздеп тұрады... Ағыбай. Наурызбай абыройлы адам ғой, төре тұқымы, Кенеса ры ханның туған інісі. Найзагер, батыр... Бірақ бақ таластырып, оның сөзіне мəн берудің қажеті шамалы... Əл-қадірің жеткенше, одан бойды аулақ ұстаған дұрыс... Казарманың есігі ашылып, бір-біріне сүйеніп екі əйел шығады. Ағыбай. Мыналар қайдан жүрген əйелдер? Кетіңдер тез! Хұсни қайтып келеді. Хұсни. Əй, мыналардың жүрістері бөлек қой! Тоқтаңдар! Əйелдер тоқтап, бұрыла бере Хұсниды атады. 23-105

Бұқарбай. Əй, оңбаған қатын, сен не істедің, не істедің сен?..
Əйел Бұқарбайды да атады, бірақ тапаншасы атылмай қалады.
Хұсни. Ол қатын емес, Иван Карбышевтың дəл өзі (құлайды).
Иван Карбышев қылышын суырады.

Иван Карбышев. Ах ты, башкир, киргиздарға сатылдың ба?
Бұқарбай. Нет, господин войсковой старшина. Я истинный казах
жəне қазақтың батыры Бұқарбайдың өзімін. Жаныңды жаһаннамға
жіберетін мен боламын! Құдайыңа сыйына бер!

Ағыбай. Сен Карбышевті жер қаптырғанша, мен мынаның əусе-
лесін көрейін.
Ағыбай екіншісімен қылыштасады.
Иван Карбышев. Ах, сен, боқ сасыған қой неме! Осы күнге

дейін жаналғышты танымай жүр екенсің. Енді танитын боласың!
Екеуі сайысыды.
Бұқарбай. Эх, ты, войсковой старшина! Я – руский солдат деп
көкірегіңді қаққанда төсіңді сындырғанша ұрғылайсың. Ал енді

істеп тұрғаның мынау. Тал түсте мұртты қатын болып. Как тебе не
стыдно!
Иван Карбышев. Сендей ақымақтарды осылай алдау керек!
Бұқарбай. Алдағанды көрсетемін мен саған! Уа, əкең Бұқарбай!

(Бұқарбай Карбышевтің қылышын қағып түсіреді. Ағыбай
қарсыласын жайратып салады.)
(Сарбаздарына) Байлаңдар қолын! (сарбаздар Иван Карбышевтің
қолын байлайды. Тізерлеп, Хұсниге иіліп.)

Хұсни, бауырым, қалайсың?
Хұсни. Ай, аңғал батырым-ай... Мен саған айттым ғой... Бұл
жерден тышқан да жорғаламасын деп... (көзін жұмады).

Бұқарбай. Хұсни!.. Хұсни!.. Шынымен-ақ көз жұмғаның ба?
Ағыбай-ау, бұ қалай болды? Қалай ғана айырылып қалдық Хұс-
нидан? Бауырым-ай, қапыда кеттің-ау...(Иван Карбышевқа) А,
жауыз, жан-жағыңды жалмап, өртеп, қиратып ажал шашумен келе-

сің... Сен ешкімді аямайсың... Үстемдігіңді орнату үшін тіршілік
атаулыны жоюға барсың! Бірақ саған да зауал келді бүгін! Ажал
сағатың соқты! (Ағыбайға) Хұсниды осы Ақмолаға, жəрмеңкеге кел-
генде жақын тұтып, бауыр басып кетіп ем... Сауда-саттық жасаған

болып жүріп, қорғанға жақындаған бір сəтте мынаның қолына тү-
сіп қалдық. Құрыдық-ау деп ойладық. Сөйтсек бізді жұдырық са-
йысқа жем жасау үшін тұтқындаған екен. Дубный деген бір жуан
жудырығы бар екен. Соған қарсы шығатын ешкімді таба алмай бізді

тұтқындапты. Хұснидың ойлап таппайтыны жоқ... Мені башкир деп
таныстырды... Əлгі Дубныймен жұдырық-сайысқа түстім...
Иван Карбышев. Есесіне ат міндің. Қолыңа орыстың қылышын
алдың.

Бұқарбай. Міне, сол өз қылышың өз мойыныңды кессін, кəззап.
Уа, əкең Бұқарбай!
Қылышын сермей бергенде, Ағыбай өз қылышын тосады.
Ағыбай, неге тоқтаттың мені? Бұл иттен Хұснидың кегін алмақ

едім ғой.
Ағыбай. Кекті аламыз əлі! Еселеп аламыз. Ал Иван Карбышевті
маған бер. Сауға, батырым! Мен бұл жексұрынның талай қиянатын
көрген адаммын. Ауылымды шапты. Өзімді ата-баба қонысынан

қуды. Жерімді переселендеріне таратып беріп, жұртымды қаң ғыр-
тып жіберді.
Иван Карбышев. Ах, это ты, Агибай? Сеники əйел меники
болған, білесің бе? И твоя земля тоже – меники. Онда менің туыс-

қанда рым турады. Олар сениң могилаларыңнан туалет жасаған.
Солай!
Ағыбай. Мені ызаландырып, шауып тастасын деп тұрсың ғой!
Жоқ, Қарпыш, мен сені қазір өлтірмеймін. Əуелі туған ауылымды

қайта жаулап аламын. Сенің адамдарыңды өздерің құрған дарға

бір-бірлеп асамын. Ең соңында сен итті аяғыңнан асып азаптаймын.
Міне, сен сонда көресің адамға жасаған қиянаттың не екенін.
Сарбаздарымен Хан Кене келеді.
Хан ием, Ақмола бекінісінің коменданты, войсковой старшина

Иван Карбышев тұтқындалды. Тұтқынға алған Бұқарбай батыр.
Хан Кене. Жарадың, батырым! Иван Карбышев, бұдан былай
осылай болады. Қазақ жеріндегі орыс бекінісін түгел жойғанша
сендермен алысып өтетін боламыз. Аяу жоқ! Алып кетіңдер! (Иван

Карбышевты алып кетеді) Батырларым! Темірмен құрсаулы,
берік деген қамал да қирап, орыс та жеңіледі екен. Ақмола бе-
кінісі қирады. Бұл біздің ең үлкен жеңісіміз. Ендігі жерде, тыным
болмайды. Кеудемізге қанжардай қадалған қаншама бекініс тұр

бізді күтіп. Атқа қоныңдар!
Екінші бөлім
Алтыншы көрініс
Жаттығу алаңы. Бұқарбай батыр сарбаздарының найза өнерін үй-

ренгеніне қарап тұр.
Бұқарбай (өзі де кірісіп). Найзаны қалай ұстайсыңдар? Мына
түрлеріңмен тек таяқ жеуден көз ашпайсыңдар ғой! Найзаны мығым
ұстау керек! Соққанда қолың ғана емес, бүкіл кеудең қатыссын.

Найза соққан жерін ойып түсуі керек.
Наурызбай көрінеді.
Нағыз найзагер батыр келді. Төрем, менің сарбаздарым сенен
найза өнерін үйренгісі келеді.

Наурызбай. Несі бар, үйретуге болады... Қолыңа қалқан ал. Ал,
ал! (Бұқарбай қалқан алады) Найзаны аттың үстінде түп жағына
жақындатып ұстайсың! Найзаның сабы білегіңе жабысып тұруы

керек. Міне, былай! Сосын жаудың есін тандырып найзамен былай
ұрғылайсың! (Бұқарбайдың есін тандыра ұрғылай бастайды).
Ал енді жерге түскенде найзаны беліне таман ұстаған ұтымды.
Кəне, қалқанды ұстап Бұқарбай батырдың айналасына тұра қа-

лыңдар! Бұқарбай ортада болсын. (сарбаздар тұрып жатады)
Бұл – найзаны оңды-солды сілтеу əдісі. Ал, бастадым! (оң жақта
сарбаздардың қалқанын ұрып, сол жақта Бұқарбайдың қалқанын
ұрып естерінен тандырады. Бір-екі сарбаз құлап түседі. Соңғы

ұр ғанда Бұқарбайдың қалқаны қақ айырылып, ұшы жоқ найза
Бұқарбайға тиеді. Бұқарбайдың ауырсынғанын елемейді) Міне,
осы лай! Жылдамдығың жауыңнан кеміс болса, жеңілесің. Артық
болса – жеңіс сенікі. Енді ойнай беріңдер! Аянбаңдар! (кетеді).

Бəрі үнсіз Бұқарбай батырға қарап қалады.
Бұқарбай. Əлі де жаттыға түсіңдер! Елқонды, енді атқа мініп
ойнап көріңдер!
Сарбаздар кетеді. Елқонды екеуі қалады.

Елқонды. Наурызбай сұлтанға не болған? Қатты тиген жоқ па?
Бұқарбай. Оңдырмай кетті. Əрең шыдадым. Маған Ақмола бекі-
нісін кешіре алмай жүрген болуы керек. Менің атым көп шықты ғой.
Наурызбай қайтып оралады.

Елқонды, бара беріңдер!
Наурызбай. Қаттырақ тиіп кетті ме? Ешнəрсе етпес. Тəн жарасы
тез жазылады.
Бұқарбай. Наурызбай, сен неғып маған тоң-теріс боп жүрсің?

Саған сонша не жаздым?
Наурызбай. Маған сенің көкірек кергенің ұнамайды. Ақмола
бекінісін жалғыз өзің алғандай.
Бұқарбай. Ақмола бекінісі – бəріміздің ортақ ісіміз...

Наурызбай. Кенекемнің ісі дегенің жөн болар...

Бұқарбай. Хан иемнің еңбегі ерекше екені рас. Мұндай басшы болмаса, біз бұл жеңіске жете алмас едік. Дегенмен біздің де еңбегіміз бар екені рас қой. Сенің де, менің де... Наурызбай. «Менің еңбегім, əсіресе, көп болды де!» Бұқарбай. Болғаны рас... Наурызбай. Солай де! Байқа, Бұқарбай! Ханмен, сұлтанмен теңе сем деп, омыртқаң опырылып жүрмесін. Бұқарбай. Ей, төрем, не деп келесің? Оның бəрі ортақ іс емес пе? Менің еңбегім көп болды деп көкірек керген жерім болды ма? Еңбегімнің бар екенін айтсам, оның несі айып? Төрем дегеннен басқа не жаздым саған? Найза десең найзаң болдық! Қылыш десең қылышың болдық! Ал, шындап келсек, сені төре қып төрге отырғызып жүрген мына біздер – қарапайым қазақтар! Сондықтан төремін деп құр босқа көкірегіңді күмпите берме! Бізде де кеуде барын ұмытпа! Жетінші көрініс Жайылым. Маңыраған қойдың үндері шығып тұрады. Бір бұрымы кесілген Бəтиманы сүйретіп Төлеңгіт, жанында Күнімжан бəйбіше бар, сахнаға шығады. Күнімжан. Қара бұл бетбақты. Шалжиып жатпақ?! Ол күнің өткен! Сен енді ханның тоқалы емес, табалдырығын жалайтын күңісің. Ендігі ісің мына қойдың көтінде сүмеңдеу. Шалжиып жату емес. Еркелігіңді ешкім көтермейді... Бəтима (дауысы зорға шығып). Алланың атымен ант етейін... Күнімжан. Алладан садаға кет сен, садаға кеткір. Алланың атын не бетіңмен атап тұрсың, күнəһар? Бəтима. Би апа, шынымды айтсам, науқастанып... Күнімжан. Өйтіп өтірік көлгірсіме... Қайдағы науқас?! Тіпті науқас болмақ түгілі қағынды болсаң да, осы қойдың соңында жүресің бұдан былай... Солай жазаңды өтейсің... Ойнас жасайтын немесің ғой, сайқал...

Бəтима (батылданып). Мен сайқал емеспін. Күнімжан. Сайқалдығың емей немене? Тоқал боп түскеніңе төрт жыл. Төрт жыл бойы ортақ айғырды жалғыз өзің иемденіп... Қалған тоғыз қатынның төсегін қаңыратып... Шектінің молдаларының дуасы қатты деуші еді... Əлде хан иемнің басын жадылап, дуа беріп, есін алып қойдың ба? Бəтима. Оны менен несін сұрайсыз?.. Хан иемнің өзінен сұрамайсыз ба? Дуаға көнетін, жетекке жүретін кісі ме екен ол? Күнімжан.Тілін қарашы салдақының... Кесіп алар ма еді? Бəтима (қатқыл). Пісіріп жейін деп пе едіңіз? Күнімжан. Не сандалып тұр мына қар? Маған қарсы шапқың келе ме? Мə, саған! (қамшысымен осып-осып жібереді) Ит жесін сенің тіліңді... Қасқыр жесін... Қой соңында жүргенде неге қасқыр таламайды сені... Бəтима. А, құдай, қандайсыз? Итке, қасқырға талатып не болды сонша?.. Не жаздым сізге өлімге қиятындай? Күнімжан. Не жазбадың сен?! Қойнымдағы байымды тартып алдың! Бұл аз ба саған?! Əр тоқалды түсірген сайын бір өлетінім аздай... Құдайға шүкір, ол бейшаралардан екі-үш айдан кейін қайтып қазығын табатын... Ал сенің ініңді төрт жыл болды ғой, қазумен келеді, немене алтын тығып қойып па едің? Құдайым-ау, сенен жерісін деп қаншама дəрі, қаншама дуа бердім... Бір қайтпады ғой... Бəтима. Құдай-ай, не естідім?.. Не деп тұрсыз?.. Хан иеме дуа беріп... Бəсе, бəсе... Маған айтқанда сенбеп ем... Сақтан деп... Бəйбіше бала көтермейтін дəрі береді деп... А, құдай, бойыма бала бітпегені сенен екен ғой... Бəйбіше болмай кет... бəйбіше... Анамыздай көріп сыйлайтын едік... Нағыз сұр жылан... сен екенсің ғой... Күнімжан. Тоқтат тіліңді, қаншық.... Сұр жыланның қандай болатынын көрсетемін мен саған... (қамшысымен сабай бастайды) Мə, саған! Мə, саған, салдақы! Асығыс басып Бұқарбай батыр шығады.

Бұқарбай. Ханша! Күнімжан ханша! Тоқтаңыз! Хан иемнің қорлағаны аздай, əйел басыңызбен мүсəпір жанды қамшының ас тына алып жатқаныңыз қалай? Ашуыңызды сабырға жеңдіріңіз! Күнімжан тоқтап, Бұқарбай екеуі бір-біріне қарасып қалады. Ханша бір ауыз сөз айтпай шығып кетеді. Айналайын, Бəтима, шырағым-ай, əбден қорлапты-ау мына қорқаулар... Осы жерде жүріп білмеппіз... Жігіттер айтқанда сенбеп едім... Іздеп келсем, мына қияметтің үстінен түстім... Қарағым-ай, ханы бұрымыңды кессе, бəйбішесі қамшының астына алып... Бəтима. Бұқарбай аға емессіз бе? Бұқарбай. Ия, айналайын, Бұқарбай ағаң мен болам. Жанқожа көкеміздің жақын көретін інісінің бірімін... Жылама, айналайын... Бір мен емес, кіші жүздің көп жігіті бұл істің ақ-қарасын білгісі келеді... Ханның бұл ісіне риза емес... Бəтима. Жаңа ғана өз көзіңізбен көрдіңіз ғой... Бар бəле бəйбішеден... Əйтпесе, ақпын... Ондай пəлені істемек түгілі атын атауға жиіркенем... Күні кешеге дейін ханнан жамандық көргенім жоқ, ал бəйбішенің атарға оғы жоқ... Бүгін де науқастанып жатып қалып едім. Төлеңгітін жұмсап, сүйретіп əкелді... Бұқарбай. Жоқ, мұны бұлай қалдыра алмаймыз... Ханның өзімен сөйлесем... Жанқожа батыр кіші жүздің бетке ұстар ағасы... Текті жан... Оның сүйегін қорлатып қойып біз тірі жүре алмайтын шығармыз... Бəтима. Ағатай, енді мені ақтай алмайсыз. Бұрымнан айрылдым. Жаманат тағылды. Маған бататыны – Жəкемнің атына кір келтірдім. Соған қиналам. Маған ара түсем деп сіз де арандап қалмаңыз. Мен бұлардан шошиын дедім. Кез келген қиянатқа барады. Абай болыңыз. Жəкеме хабар жеткізер кісі болса, мені алып кетер еді. Мына азаптан құтылар едім. Бұқарбай. Некелі қатыныма не істесем де өзім білем деп шіренетіні бар ғой бұлардың. Əзірше Жəкеңе хабар бермей қоя тұрайық...

Бəтима. Ханның өзі талақ деп үш рет қайталады. Енді мен оның некелі қатыны емеспін. Жəкем келсе, мені байлап ұстап тұра алмайды. Ал өзіңіз сақ болыңыз, ханға барып пəлеге қаласыз, ағатай. Жəкеме хабар жеткізсеңіз де сол жақсылығыңызды ұмытпас едім, аға! Бұқарбай. Хан маған не істей қояр! Артымда қалың елім, Жанқожа мен Байқадамдай тірегім бар емес пе? Одан қорықпай-ақ қой, айналайын. Енді бара ғой, тағы да таяқ жеп жүрерсің... (Бəтима кетеді) Əбден қорқып қалыпты...Қайтсін енді... Хан мен төре бізді мал санайды ғой... Қамшыға жығылса да ашыну жоқ... күңдіктің қамытына мойынсұнып тұр. Маған да бармаңыз дейді... Арандап қаласыз дейді... Шындығы да сол ғой... Алдына барғанда хан менің маңдайымнан сипай қояр ма екен? Жоқ, əлде қаһарына мініп... жендетіне тапсыра ма? Тіпті өзімді қаралаудан да тайынбас... Сонда не? Бəтиманы тыңдап, бұғып қалам ба? Жоқ, олай істей алмаймын... Қыз намысы – ел намысы. Жанқожа намысы – менің намысым... Ханның бетіне айтып, тəубесіне келтірмесе болмас... Қиянаты бол са, оны да көрерміз... Қара халықтың да ел екенін білсін... Нар тəуекел! Хан Кененің ордасы. Кенесары намаз оқып отыр. Асыға басып Күнімжан кіреді. Көзінде жас. Намазға тосылып қалады. Кенесары намазын бітіріп, бəйбішесін көреді. Хан Кене. Намазымды бұза жаздадың! Ордаға аяқ баспа дегенім қайда? Күнімжан (көзіне жас алып). Қорлық көрдім, қорлық... Сосын амалсыз... Хан Кене. Қорлық? Аюдай ақырған ханшаны қорлайтын ол кім сонша? Күнімжан. Сүйікті батырың Бұқарбай. Хан Кене (таңданып). Бұқарбай?! Күнімжан. Ия... Ана... Күңің... Əлгі... Бəтима қар... Өтірік ауырып... Қойға шықпай қалыпты... Соны... Қойдың соңына сүйретіп

апарғам... Содан жай ақыл айтып тұрсам... Қамшыма жармасып...
Батырың зірк-зірк етеді.
Хан Кене. Айтып тұрған шаруа... Сен араласатын іс пе? Құдай-
менде бар емес пе? Төлеңгіттер бар. Үлкен басыңды төмендетіп...

Күнімжан. Əлі де сол қатынға жаның ашып тұр ғой... Төсегіңді
арамдаған сайқалға... соның отауынан шығып бара жатқан еркекті
өз көзіңмен көрген жоқсың ба? Менің қасымда жатып... Көрдің
ғой...

Хан Кене. Соның бəрі күндес қатындардың амалы емес пе
ұйыстырған?
Күнімжан. Құдай-ай, құдай, не дейді? Əдейілеп ұйыстырып
маған не көрінді? Одан да əлі де қимай отырмын десейші. Онда

молда шақыртып, некеңді қайта қидырарсың.
Хан Кене. Тəйт əрі! Не көңірсітіп келесің, нəлет! Талақ айтылды,
қатын кетті. Күң болып қой соңына түсті. Енді тағы не арманың
бар? Мен айтсам... бəйбіше басыңмен ондай іске араласпа деймін...

Соншама бишара болып...
Күнімжан.Ал Бұқарбай ше? Бұқарбайды қайтесің?
Кенесарының ағасы Ержан кіреді.
Ержан. Бұл не дау Орданың ішінде?

Күнімжан сəлем жасап, шығып кетеді.
Хан Кене. Əлгі əйелдің дауы. Күнімжан қамшы көтеріп, Бұқар-
бай ара түскен бе? Оған не жоқ десейші...
Ержан. Асығыстық жасадың, Кенежан. Бір Бұқарбай емес,

біреу шəйт десе бүкіл кіші жүздің жігіттері атқа қонғалы отыр.
Құдай оның бетін аулақ қылсын, қол екі жарылады онда. Сол
əйелі құрғырдың суық жүрісі болды ма? Жоқ па? Өзіңнен тоят
көріп жүрген келіншектің суық жүріске уақыты болды ма екен?

Бəрі күмəнді... Жанқожа батыр естісе, ол не дейді? Кіші жүздің
ортасында орнықты орда құрған едік... Тағы да ірге көтеріп жүр-
мейік...

Хан Кене. Сыйдық батыр жақсы хабар əкелген жоқ па? Ұлы жүз
өздері шақырып отыр...
Ержан. Көшсең де жайлаған қонысыңа жексұрын болмай көш-
кен жөн ғой. Күнімжан келіннің де ордаға келіп шу шығарғаны...

көңі ліме жағып тұрған жоқ.
Пауза
Мен кетейін... (шығып кетеді.)
Пауза

Сыртта біршама адамның шуы естіледі. Шу басылып ішке
ентелей басып, қару асынған Бұқарбай батыр кіреді.
Бұқарбай. Дат, тақсыр!
Хан Кене (сыздап). Əуелі амандық-саулық сұралмайтын ба еді?

Бұқарбай. Амандық-саулық жайшылықта ғой, хан ием...
Хан Кене. Жайшылықтың шырқы бұзылатындай не болып қал-
ды сонша?
Бұқарбай. Болды ғой, хан ием, болды. Ордаңда əділетсіздік

орнап, іргең ыдырағалы тұр.
Хан Кене. Датыңды айтсаң да жаманшылық шақырмай айт.
Орданың сыртын шулатып, ішін азан-қазан қылып тұрған өзің, əлде
елді бүлдіруге бет алдың ба?

Бұқарбай. Аһ, ей!
Əй, Хан Кене, қыздырма менің тілімді,
Қаздырма маған түбіңді!
Сыртыңа салып түгіңді,

Бастама жаман ырымды!
Қара қазақ қозғалса,
Ауыздан жиып күлкіңді
Айтқызбай тияр жырыңды!Уа, хан ием, сен Шектінің бір шөп-

желке қызы Бəтиманы емес, сол арқылы Жаңқожа батырдың сүйегін
қорлап отырсың! Сыр бойында Жаңқожа батырдай ер туып па еді?
Бəтима сол қасиетті адамның қарындасы емес пе? Жанқожамен

жақындасу үшін қарындасына құда түстің. Батыр да сенен қызметін
аяған жоқ. Басқа еңбегін айтпай-ақ, Созақ қамалын айтсам да жетіп
жатыр. Неше батырыңды оққа ұшырып, өзіңіз жарақат алып,
қамалдың қасында қамалып жатқанда алдымен көмекке келген кім

еді? Жанқожа батыр емес пе? Қорғанды құлатып берген Жанқожа,
абыройы төренікі болды. Бəтима болмағанда Жанқожа сол
ерлікті жасар ма еді? Ал енді шектінің қызы осалдық жасаған
болса, күнəсінің үстінде ұсталса, неге оны халық алдында жазаға

тартпасқа. Керегенің көзі емес, ойнап қойғаны еркек кіндікті адам
шығар. Неге олардың басын жұрт көзінше алмасқа. Шындыққа кім
қарсы тұрар, онда бəріміз де əділ жазаңа риза болар едік. Ал енді
күнəсі күмəнді қыздың бұрымын оңашада кесіп, қойдың соңына

салып қойған қорлықтарыңызға біз шыдай алмаймыз...
Хан Кене. Ей, Бұқарбай, сен Табынның батыры, ол болса Шекті.
Қайдағы біреудің намысын жыртып саған не болды?
Бұқарбай. Түбін қазсаң, сол екі ру Жетірудан тарамай ма?

Шекті де менің бауырым. Алдыңызға бір өзім келгенмен, мен жал-
ғыз емеспін. Кіші жүздің жігіттері сіздің жауабыңызды күтіп есік
алдында тұр. Олардың да айтатыны сол сөз, хан сүйегімізді қор-
ламасын дейді.

Пауза
Хан Кене. Алдыңғы ашумен «талақ» деп айтып қалып ем,
күмəн ді іс иманнан айырады ғой адамды. Атылған оқ, қайтып
өз ұңғысына кірмейтіні анық қой. Жақын тұтқан батырым едің,

Шекті бауырың болса... Бəтиманы төркініне жеткізуге жəрдем ет.
Жəкеме қылдай өкпем жоқ, соны айтарсың.
Наурызбай кіреді.
Наурызбай. Бұқарбай-ау, саған не болған? Бүкіл Кіші жүзді шу-

латып, есік алдына байлап қойыпсың. Өзіңнің əлің келмегесін осы
шумен Кенекемді қорқытпақ ойың бар ма? Төре тұқымы мұндай
шуды масаның ызыңындай көрер ме екен?

Бұқарбай. Тап осы іске сен араласпай-ақ қой, Наурызбай. Кіші
жүз шуласа... намысын шабақтап, шулатып отырған кісілер бар да...
Абыройымды алсаң, амалым қане, бірақ намысыма ши жүгіртпе,
төре ағайын! (шығып кетеді.)

Наурызбай. Мынаны не түлен түртіп жүр?
Хан Кене. Бəтиманың дауы... Жанқожаның қарындасын қайтар-
дым.
Наурызбай. О бастан-ақ солай істеу керек еді... Қойға салмай-

ақ!..
Хан Кене. Оның тамыры кім болғанын білгің келе ме? (Наурыз-
бай таңырқап қарап қалады.) Бұқарбай!
Пауза

Ия, ия, Бұқарбай!
Пауза
Неге үндемей қалдың? Əлде сенбей тұрмысың?
Наурызбай. Бұқарбай?!. Қайдам...

Хан Кене. Мен айтып тұрғам жоқ па? Бұқарбайдан қорқатын
болып қалдың ба? Онда шыныңды айт.
Наурызбай. Мен неден қорқам? Ия ол алар, ия мен алармын. Бірақ
Бұқарбайдың арамдыққа баруы... Менде сенім жоқ... Сенім жоқта

ашу да жоқ... Ашусыз жазаға қалай тартам? Наха Бұқарбайдың
басы саудаға түсетін болса, басқа да сылтау табылар. Мені бұл
жолы қинамаңыз (кетеді).
Хан Кене. Бұл дүние не боп барады өзі? Ордамды шаңдатып

бəйбіше кетті... Ақылын салмақтап Ержекем... Алқымнан алып
Бұқарбай... Сөзімді екі етпейтін Наурызбайдың қылығы мынау...
Сырттағы жау аз болғандай... Бəрі басынып... Қамалын қаптатып
жан-жағымнан құрсаулап келе жатқан орыс анау... Шылбыр, тізгі-

німнен айрыла бастағанымның басы ма бұл?.. Не нəрсе?..

Сегізінші көрініс Соғыс алаңы. Наурызбай, Бұқарбай, Меңлі жəне тағы бір екі-үш сарбаз. Жаудың беті қатты. Наурызбай жаралы, Бұқарбайға көнбей жатыр. Наурызбай. Жоқ, Бұқарбай, мен енді бұл жерден жылжымаймын. Жылжитын халім де жоқ. Сен жөнеле бер, Кенекеме болған жайды айт. Біз жаудың бетін бөгей тұрайық. Бұқарбай. Мен қалай кетем? Наурызбайды өз қолыммен жауға тапсырып кеттім дейін бе хан иеме? Жоқ, Наурызбай, мен сені қалай да алып кетем. Меңлі. Бұқарбай, сенің айтқаның дəл... Жауды бізге қалдыр. Сен қалай да Наурызбай төрені құтқар. Наурызбай. Меңлі, не деп тұрсың? Сендер екеуің кетіңдер қайта, сарбаздармен мен қалайын. Бұқарбай. Онда бəріміз де осында қаламыз. Біздің жанымыз сенен артық па? Төре де емес, өзіңдей батыр ұлды жау қолына тастап мен қалай кетем? Жоқ, Наурызбай, маңдайымызға жазылғаны сол болса, мен сенімен бірге өлем. Наурызбай. Менің көңілімде саған деген дық бар еді, Бұқарбай. Тіпті кейде найзамның ұшы сені іздегендей болатын. Қызғаныш деген бір қызыл ит... Сенің елден ерекше батырлығыңа ма... Əлде тағы бір нəрселер бар ма? Бірақ сен шын батыр екенсің! Досың үшін жан қиятын батыр екенсің! Меңлі. Ей, мыналарға не болған? Осылайша араздасып, құр өле бересіңдер ме? Бəріміз ажалды қарсы алып, елжіреп отыра берейік онда. Ей, адам деген өмір сүретін бір саңылау көрінсе, соған тас кенедей жабысып, құтылудың амалына кіріспей ме? Жетер енді! Бұқарбай, Наурызбайды арқаңа сал да мына саймен төмен түсе бер, алдарыңда аттар күтіп тұр. Болды, болды, тыңдамаймын сөздеріңді. Жөнел, жөнел енді... Наурызбай. Меңлі, батырым...

Меңлі. Төрем, артық ауыз сөзге уақыт жоқ. Сендер аман жет-
сеңдер болды, ел намысын қорғайтын батырсыңдар, ал мен дос
алдындағы парызымды орындап барып көз жұмсам, арманым жоқ.
Өй, мына атаңның гөрі, сары шұнақтар келіп қалыпты ғой (атуға

кіріседі).
Бұқарбай Наурызбайды арқалап шығып кетеді. Меңлі де, сар-
баздар да біресе садақпен, біресе мылтықпен атысып уақытты
ұстауға тырысуда. Бір сарбаз оққа ұшады.

Меңлі жараланып, орыстардың əскері басып кіреді.
Солдат. Ах, оңбаған ит! Ажалың жетті сенің!
Поручик. Тоқта! Атпа! Атпаңдар!
Солдат. Неге? Біздің қаншама жолдасымыздың көзін жойды бұл

жауыздар?! Бұларға неге аяушылық жасауымыз керек?
Поручик. Аяушылық емес. Бұлардан допрос аламыз. Кенесары
Қасымовтың ставкасы қай жерде, соны білетін боламыз. Бізге ол
бунтардың нақты тұрағы керек. Əйтпесе, əр жерде құм кешіп жүре

береміз.
Солдат. Жоқ, мен бұларға жаза қолданбай қала алмаймын. Тым
болмаса! (Меңліні, тағы бір солдат сарбазды тебе бастайды)
Поручик. Отставить! Прекратите! Босқа өлтіресіңдер... Бізге

бұлар тірідей керек. Қолдарына кісен салып алып жүріңдер!
Тоғызыншы көрініс
Таңертеңгі елең-алаң. Киіз үйдің алды. Бұқарбай келіге отыра
кеткен.

Ақырын басып Хан Кене келеді. Бұқарбай орнынан тұрады.
Хан Кене. Халдерің қалай?
Бұқарбай. Түнімен мазасызданып сөйлеп шықты. Осы жаңа ғана
көзін ілді.

Пауза Хан Кене. Орыс отрядының қарасы көп пе екен? Бұқарбай. Атты казактардың саны үш жүзге жақын, солдаттар екі жүзден асатын шығар. Екі зеңбірегі бар, оқ-дəрілері, мылтықтары жеткілікті көрінеді. Хан Кене. Мен сендерге оларға тиіспей, сыртынан бақылап қана келіңдер демедім бе бағытын білу үшін. Бұқарбай. Өзіміз де солай еттік. Алыстан бақылап, олардың жүрген жерін белгілеп отырдық. Енді қайтамыз деп бет алғанда екінші жақтан келе жатқан отрядтың шолғыншы тобына тап болдық. Аяқ астынан соғысуға тура келді. Хан Кене. Демек, орыс əскерінің бізді қоршауға алмақ болғаны рас екен ғой. Бұқарбай. Біз шегіне ұрыс жасап, сытылып кететін де едік... Хан Кене. Енді неге өйтпедіңдер? Бұқарбай. Хан ием, бұл бар болғаны шолғыншы топ. Біз бұларды жойып жібере аламыз. Қаншама қаруды қолға түсіреміз дегесін атымыздан түсіп, оларды төбе басында күтіп алдық. Бізден мұн дай ерлікті күтпеген олар ұйлықты да қалды. Садақпен, мылтықпен атып олардың есін тандырып жібердік. Енді жеңіс біздікі деп тұрғанда тағы да қосымша əскер келіп жетті. Хан Кене. Меңлі батыр ер екен. Сендер үшін жанын бергені үлкен ерлік қой. Батырдың батырының ғана қолынан келетін іс. Ол осы ерлігімен өзін де даңққа бөледі. Достықтың биіктігін көрсетті. Мен Бопайға тапсырдым. Меңлінің үй-ішіне көмек беріледі. Соны қадағаларсың. Пауза Наурызбай көзін ашып, ақылға келгелі менің қасымда ғой. Ол ауырса, менің мазам кетеді, ал мен төсек тартып қалсам, күні-түні қасымда отырады. Ұйықтамайды-ау, ұйықтамайды. Бұқарбай. Жазылып кетер. Тəуіп те, орыс дəрігер де сүйегі аман деді ғой. Көп қан кеткен. Мылтықтың екі оғы бірдей тиіп, сан етін

ойып жіберген ғой. Мен екі жерден қатты байлап тастағам. Сонда да... Хан Кене.Үлкен қамқорлық жасапсың. Екеуіңнің бір-біріңе де ген қабақтарыңнан күмəн алатын едім. Содан ғой екеуіңді шабуылдың екі жағында ұстайтыным. Бұқарбай. Осы жолы достасып қайтқандаймыз. Өзі де «Найзамның ұшы қай жерде тиіп кетер екен деп жүр едім» деп салды. Хан Кене. Араларыңдағы қырғиқабақ көңілдің бар екенін бі ліп, өзім де айтқалы жүр едім. Біздің жолымыз ақ, өлсек шейітпіз. Осындай жолда жүріп бір-біріңе өкпе-қақпа сақтап, жастықпен өш пенділік өрбітіп жүрсеңдер не боламыз?! Сені Наурызбайдан кем көрмеймін, бірақ оның менен де бөлек артықшылықтары бар, оның бетін мен де қайыра бермеймін. Егер сен суға түскенде Наурызбай ды жалаңаш көрсең, жүрегінен жарып шыққан жылқы ның қыл құйрығындай ширатылған түкті байқар едің. Əлгі «Жүрегінің түгі бар» деген осы. Ал ойнап отырып білегінен ұстасаң, шыбығы екеу емес, біртұтас. Оның найзагерлігіне, қайратына себеп осы. Екеуіңнің татуласқандарыңа риза болып отырмын. Бір болсаңдар ғана жауды аласың. Біреу атпен шауып келеді. Бұқарбай алдынан шығып тоқтатады. Бұқарбай. Ақырын, ақырын... Үйде əл үстіндегі кісі жатыр, жаңа ғана көзін іліп еді. Кімсің? Қайдан келесің? Хабаршы. Бұқарбай аға, мені танымайсыз. Атым Сержан. Байқадам бидің жігітімін. Батыр мені сізге жіберді, реті келіп жатса, Кенесары ханға да айт деп еді. Хан Кене (жақындап). Ия, Байқадам би не айтты? Хабаршы. Армысыз, алдияр! Сырдан бөлінетін Жаңадарияға қоқандықтар Қарабөгет салып, бір тамшы су бермей отыр. Биылғы ерте көктемде егілген егін тұрған бойы күйіп кетуі мүмкін. Сосын сіздерге астықты қайдан береміз? Біздің Қарабөгетті бұзарлық шамамыз жоқ. Соған көмекке келсін деді батыр. 24-105

Хан Кене. Қоқанның қоқаңы жүдетіп болып еді. өзім де тиісу-
дің сылтауын іздеп жүр едім. «Іздегенге сұраған» деген осы шығар.
Бұқарбай, өз мыңдығыңнан екі жүз сарбазды ал. Жағдайды біл.
Қажет болса, қосымша күш жібереміз.

Бұқарбай. Наурызбайдың оңалғанын көріп...
Хан Кене. Наурызбайды бізге тапсыр. Ал сен егінді құтқар.
Ертеңгі біздің сарбаздардың да тамағы сол егін емес пе? Байқадам
би дұрыс шешім жасапты. Аттан, батырым. Еліңе де қайратыңды

жұмсайтын кезіңнің келгені осы шығар.
Оныншы көрініс
Жаңадарияның сағасы. Бұқарбай батыр бастаған сарбаздар
бекіністе отыр. Сахна төрінде Қарабөгеттің сұлбасы көрінеді. Үс-

тінде Қоқан жасауылдары жүр.
Ізін білдірмей басып хабаршы кіреді.
Бұқарбай. Ия, не айтасың?
Хабаршы. Мұндағы жасауылдар саны елу шақты. Бөгеттің екі

бетінде екі зеңбірек тұр. Жасауылдардың қолында бір-бір мылтық.
Бұқарбай. Ия, бұл деген туралап шаба алмаймыз деген сөз.
Дұрысы, түнді күтейік. Жасауылдың бір бөлігі ұйқыға кетеді. Ал
бөгеттің үстіндегі жасауылдарға бір мезгілде жеке-жеке шабуыл

жасап, залалсыздандыру керек. Бəрі қара киім киінсін. Жəне сол
мезетте ұйықтап жатқандарын да бас салу керек. Артық үн шық-
пағаны дұрыс. Шабуыл мына биікте тұрған отын тұтанғанда бас-
талсын.

Қараңғылықта жылжып бара жатқан сарбаздардың қарасы
көрініп қалып жатады. Қараңғылық қоюлана бастайды.
(Көмекшілеріне) Отынды тұтатыңдар! Келесі топты дарияның
жа ғасындағы құрақты паналатып жіберіңдер.

Хабаршы. Құп, батыр! (кетеді)

Бұқарбай. Не болар екен? Сол жерге өзім баруым керек еді. Белгісіздікті күткеннен артық азап бар деймісің? Хабаршы да жоғалды ғой. Хабаршы (қараңғылықтан шыға келіп). Мен осындамын, батыр! Бұқарбай. Сарбаздар кетті ме? Хабаршы. Ия. Құрақтың ішімен. Олар екі аттағанда-ақ көзден таса болды. Бұқарбай. Ия, сəт, анау от па? Бізге берілген белгі ме? Бөгетті алып үлгергені ме? Сарбаз жүгіріп кетеді. Ия, не болды? Сарбаз. Бір оқ шығармай Қарабөгетті басып алдық. Қоқандықтарды байлап тастадық. Сарбаздар енді не істейміз деп бұйрық күтіп тұр. Бұқарбай. Маған мынадай бір ой келді. Біз зеңбіректерді іске қосайық. Кетпенмен қазып жатқанша, бөгетті зеңбірекпен атқы лайық. Сонда бөгеттің быт-шыты шығады. Ал, қанакей, зеңбіректерді Қарабөгетке бағыттап атқылаңдар! Бəрі кетеді. Пауза Сəлден кейін зеңбіректен атқылаған түтін көрінеді. Қуанышты дауыс ақырындап көтеріліп, бірте-бірте шаттық айқай үнге ұласады. Бөгеттің үстінен сарқырап аққан су көрінеді. Бұқарбайлар алаңға жиналып аққан суға қарап тұр. Баһадүрлер, дихандар! Міне, суларың! Бізге өмір əкелетін, тіршілік əкелетін Сырдарияның қасиетті суы. Ал біз, сарбаздар, жау көрінсе бір тойтарыс беріп, бұл жердің иесі кім екенін білдірейік. Дауыстар. – Жаса, батыр! – Бəрекелді, Бұқарбай... – Еліңнің қамқоры өзіңсің ғой...

– Халқыңа тəтті бол!

– Жауыңа қатты бол!

Бұқарбай. Бауырларым! Сарбаздарым! Мені өздерің білесіңдер,
өзім өз болғалы, он тоғыз жасымнан өмірім жаугершілікпен өтіп
келеді. Қадалғанда қан алдым, қаһарыммен де жан алдым, бірақ əр
кез есті азамат саналдым. Əділет пен ақиқатқа бірінші кезекте жол

бердім. Дүние-мал жинағанымыз жоқ, жанымызды шүберекке
түйіп жүріп, халқымызға, туған топыраққа қызмет еттік. Қа-
раңдаршы, таң шапағы атып келеді, астында бөгетті қопара түсіп
Жаңадария сарқырап жатыр. Осындай бейбіт, тыныш өмір тілейміз.

Бірақ жауларымыз бізді таптап, жерімізді, суымызды, елімізді
тартып алмақшы. Сол бейбіт күнге жету үшін басқыншылармен
алысып өтеміз. Азаттықтың ақ туына қолымызды жеткіземіз. Біз
жетпесек, біздің ұрпағымыз жететін болады. Соған сенейік, сол

үшін кү ресімізді жалғастырайық!
Соңы

Қалмақан Нұрғалиев, Қазақстан Жазушылар жəне Журналистер одағының мүшесі СƏУЛЕЛІ ШАҚ («Еліне пана болған Ер Бұқарбай» атты пьесадан үзінді) Қатысушылар: Өтебай бай. Шынар – байдың қызы, Бұқарбай батырды ұнатады. Бұқарбай батыр. Жылқышы, сарбаздар, барымташылар. Өтебай байдың үйі. Ортада жаюлы дастарқан. Бəйбіше əредікəредік сапырып, сырлы тостағанмен күйеуі мен қайнысына қымыз таратып отыр. Сырттан ат тұяғының дүбірі естіледі. Отырғандар үрпиісе қалады. Ішке самайына сауыс-сауыс қан қатқан, басы таңулы жылқышы жігіт кіреді. Жігіт (даусы жарықшақтанып): Мырза! Айрылдық! Бір қос жылқыны таң қараңғысымен алдына сап қу ып кетті. Өтебай мен Байбатыр қосарлана: -Не дейді?! -Мына тантық не деп тұр?! Жылқышы: (кемсеңдеп) Мұз төсеніп, қар жастанған тесік өкпе 5 жылқышыңды жасанған жау сойыл-шоқпармен қан жоса ғып, ат бауырына түсіріп кетті. Өліспей-берісер жайымыз жоқ еді. Қапелімде құйындай үйіріп, құм қаптырды. Өтебай: Уа, құдай төбеңнен ұрсын! Құдай төбеңнен ұрғыр, сүмелектер! Байынан таяқ жеген қатынша осылай қарай шаба бергенше, қолында ғана неге өлмедің? Нег-ге өлмедің? (Текеметті жұдырығымен қойып-қойып қалып, шарасы таусылғандай інісіне қарайды). Байбатыр, жина, інілеріңді! Онсыз да тарыдай шашылған несібесіне еге болсын, түге! Енді тайынар да, тая соғар да жөніміз жоқ! Ат-тан-н! (Байбатыр мен жылқышы шығып кетеді. Ішке ерлерше киінген Шынар кіреді).

Шынар (ширыққан жүзбен): Əке, рұқсат етіңіз! Мал ашуы-жан ашуы! Қуғынға мен де шығайын! Бəйбіше (абыржып): Шынаржан-ау, о не дегенің? Бұл айлы түнгі жылқы күзеті емес. Сойылға жығылып, жазым боларсың, жақсы балам! (Өтебай үнсіз). Шынар: Əке, кішкене кезімнен ат үйретіп, жай тарттым. Алдыма жан салдым ба? Сар жебені аңыраттым, нысанамды қақыраттым, өкінішке қалдым ба? Енді бүгін бұғып қалсам, кімге таба болғаным, сеніңіз маған! Бəйбіше (шыр-пыры шығып): Қой, Шынаржан – бұл қимылтөмен етектінің қолы емес! Шынар: Əке-е! Өтебай (тез серпіліп): Бердім, балам, тілегіңді! Я, құдайым оңдасын. Еш жамандық болмасын! Ғайыперен қырық шілтен, Қыдыр болсын жолдасың! Бабалардың əруағы, əулие-əмбие қолдасын! Əумин! (Əкелі-балалы екеуі бет сипап бата қайырады. Қолдары дірілдеп бəйбіше де ілеседі. Шынар тез-тез басып шығып кетеді). Екінші көрініс Қыр астынан кісінескен жылқы дауысы, қарлыққан қиқулар естіледі. Желе шоқытқан он шақты сарбаз бір-бірлеп тізгін тартып, ат басын тежейді. Бұл – елден жасақ жинап жүрген Бұқарбай батыр еді. Бəрі де ілгері ұмсына түсіп, қарап қалыпты. Бұқарбай: Көші-қон уақыты емес, бұл не қуғын? Көмекші сарбаздар: (Күн сала қарайды). Иə-ə, мына қиқу тегін емес... Неғыса да елден қара үзіп, ізін жасырмақшы. Төсектен безіп, түн қатқан барымташылар қимылы осылай келетін еді. Бұқарбай: Қазір бозала шаңның астымен қанатымызды жайып, бергі қапталдан біз де ілесейік. Сезік тудырмас үшін найзаларыңды құрық қып сүйретіп алыңдар! Бағыт-бағдарын білсек, олжа мал иесін табар. Бірақ менсіз іс қылмаңдар! Ал жөнелдік. (Бəрі жекелеп, желе шоқытып, ұзай береді. Кенет алыстан құйысқан тістесіп, құйындата шапқан жəне бір шоғыр көрінеді.

Батыр соларға қарсы салады. Астындағы теңбілкөгін ұршықша
үйір ген жас жігіт атының басын тежейді).
Жігіт (саңқ етіп): Армысыз, аға!
Бұқарбай: Бар бол, інім. Жүрістерің суыт қой. Бағыттарың қа-

лай?
Жігіт: Сіз бендеге қиянаты жоқ, бей-сеубет жолаушыға ұқсайды
екенсіз, сыр ашпасам болмас. Біз Жаппастың жоқшысымыз, аға.
Сонау қуғын көрген мол қылқұйрықтыны өрісіне қайтарғалы

келеміз!
Бұқарбай (елеңдеп): Жаппастың? Апыр-ай, Жаппастың дедің бе?
Жігіт (отты жанарынан əлдебір сыр ұқтырғандай күлімсіреп):
Иə-иə... Жаппас Өтебай байдың жылқысы.

Бұқарбай (қапелімде балаша абдырайды): Қызық болды-ау
өзі... Жарайды. Онда не тұрыс бар, інім! Жоқшың Жаппас болса,
қуғыншың мен-ақ болайын. Тарт алға!
(Үздік-создық шаң бір-біріне қосыла береді. Көп қиқудың ара-

сынан «əкең Бұқарбай!», «əкең Бұқарбай!» дескен сарбаздар ұраны
естіледі. Қуғыншылар қалың жылқының алдынан шығып, бағытын
бұрады. əдепкіде сойыл шоқпарымен күшті қимыл көрсеткен ба-
рым ташылар Бұқарбайдың атын естігеннен тым-тырақай қаша

жөнеледі).
Дауыстар:

– Бұқарбай дей ме?

– Шын өзі ме?

– Ойбай, онда бас сауғалайық! Қадалған жерінен қан алатын ба-

ыр ешкімді аямайды.
(Сарбаздар қуып жетіп, бəрін де аттарынан аударып түсіреді.
Сөйтіп шерменде қалпында Бұқарбайдың алдына айдап əкеп,
тізелерін бүктіреді. Жаппастың қуғыншы жігіттері де жақындайды).

Бұқарбай: (ашулы үнмен). Қане, шыбын жанды олжа еткілерің
келсе, шындарыңды айтыңдар. Басшың кім? Барымтаға кім
жұмсады?
(Тұтқындар қабақтарының астымен бір-біріне қарасады.

Батыр ұнжырғасы түсіп, жер шұқыған төртбақтау жігітке
жақындайды).

Бұқарбай: Кімсің, кəне? (Бүктеулі қамшысымен иегінен көтереді де, қадалып қатып қалады). Өй, сен... Сен Кене ханның шабарманы емеспісің? Ант ұрғыр, қашаннан барымташыға айналып ең? (Шабарман ілгері бір аттап, кісесінен алмас кездігін суырып алады. Батыр қамшымен білектен тартып жіберіп, қаруын ұшырып түсіреді). Бұқарбай: Мынадай батпаққа қалайша баттың? Кім жұмсады? Арқа тұтар сойылшың кім? Шабарман (ауырсына екі бүктетіліп): мен Кене ханның əмірімен жүрмін бат-тыр... Бұқарбай (ақырып): Жал-ға-ан! Ханның адалдығына иманым куə. Есітемісің, мал-ғұ-ұн! (Иығынан қос қолдап ұстап, ұзақ сілкілейді). Бұқарбай: Шыныңды айт деймін мен саған. Шабарман (жүзі қуарып): Ай-тай-ын. Бұл Наурызбай төренің тапсырмасы... Бұқарбайдың шеңгелі жазыла береді. Енді ұшқындаған жанары шабарманның жанындағы алаңкөз қара жігітке ойысады. Бұқарбай (шаншыла қадалып): Ал сен кімсің? Тұтқын (безгек ұрғандай қалшылдап): Мен – Айтмұратпын... Бұқарбай: Кімнің тапсырмасымен жүрсің? Тұтқын: Бір қасық қанымды қия гөр, батыр. Бұқарбай: Қидым. Тек ағыңнан жарыл. Тұтқын: Біз мына бəріміз Созақ əміршісі Бабажан датқаның жансызы-мыз... Мін... (Кенет шабарман аяғының астындағы алмас кездікті іліп алып, серігінің ішінен сұғып жібереді де бұрап суырып алады. Тұтқын тəлтіректеп барып етпеттей құлайды. Сарбаздардың бірі өзінде жазым еткісі келген шабарманның ту сыртынан кеп, қолын қайырып үлгіреді). Бұқарбай (қаһарын төгіп): Кеудеңді жарып, өзіңді тірідей ит жемі етер ме еді? Қанқұйлы ісің ел естімеген сондай жазаға лайық-ақ емес пе? Хан кененің атын жамылып, Наурызбай төренің атағын былғап, Созақ əміршісінің қазынасын толтырғың келген түлкі бұлғаң сатқындығың үшін ел жазасы да, шариғат үкімі де біреу-ақ. Ол – өлім.

(Сарбаз шабарманның қайырулы қолын босата беріп, жуан мойнын сығымдап қыса түседі. Əлдебір уақытта ол көзі аларып, сылқ етіп құлайды). Бұқарбай (қалған тұтқындарға жағалай қарап): «Бастары бірік пей, іркітше іріп, үдере көшкен қазақтардың арасына отты біз жа ғайық, жаласы өздерінде қалсын» деп бөдене төбелестіргендей қыт-қыттаған сендердің де барар жерлерің – бақи. (Бұқарбай сарбаздарына иек қағам дегенше, əлгідегі қуғыншы жас жігіттің жан ұшырған даусы естіледі). Жігіт: Сауға, батыр! Бұқарбай: Айт сауғаңды! Жігіт: Қолға түскен соң дұшпан да мүсəпір. Кім бұрын райдан қайтса, соған Алланың нұры жауады деуші еді. Маған салсаңыз, бəріне де азаттық беріңіз! Қайтыңыз райдан! Бұқарбай: Ел арасына от тастап, арандатушы да – жау. Ендеше жауды аяған жаралы қалмай ма? Жігіт: Бұлар жау емес, шам жарығын айнала ұшқан соқыр көбелек. Кешірім етіңіз, батыр. (Тұтқындар қозғалақтасып қалады. Біреуі қос қолымен бетін басып, еңкілдей жылайды). Бұқарбай: Сарбаздарына қарайды. Тұтқындарды ойлы жүзбен тағы шолып өтеді. Қалың қасы түйіле түсіп жазылады. Жігітке бұрылып: Сөзің қандай ұрымтал еді, бала. Бердім кешірім. (Тұтқындар шегіне жылыстап, жайраңдаса күліп, аттарына жүгіреді). Жігіт: (серіктеріне ажарлы жүзбен қарап) «Ал сендер суыт жүріп отырып, байға сəлем жеткізіңдер. Балаңыз еліне ықпана болат ын арыс танын ертіп келеді, жолына ақ киіз төсеп, ақ тілеулеріңізбен қар сы алыңыздар» деңдер. (Қуғыншылар жөнеле береді). Бұқарбай (ақтарыла күліп): Ау, жігітім, əуелі бағыт-бағдар біліп, жөн сұраспас па екен? Біздің бет алысымыз Қыпшақ ауылы еді. Бар тізгінді өз қолыңа алғандай сөйлесуіңде не мəн бар. Жігіт: (Жұмсақ жымиып). Əйтеуір жолымыз түйісті ғой, батыр. Жөн сұрау да қашпас. Бұлайша еркіндеу сөйлесуімнің мəнісін де ұғарсыз.

Бұқарбай (əлденеге елегзігендей көңілмен): Əй, сен бала... (Жаңа
көргендей бет жүзіне таңдана қарайды). Жігіт... Сен... Өтебай
байдың баласымысың? Сонда Шынар сұлудың...
(Жігіт сəл кейіндей беріп, басынан тымағын алғанда төбесіне

түй ген қос бұрымы сусып алдына түседі).
Бұқарбай (қатарласа берген қызға состия қарап): Ө-й! Ас-та-
пырыл-ла! Өзі ме? Ойпырмау, Шынар болмасаң нетті. Солмысың?
Шынар... өңім бе, əлде түсім бе? Не дейін?.. (Ұмтыла береді).

Шынар (батырдың кеудесіне басын қойып): Өңің! Өңің, батыр!
Аңсай күткен арыстаным! Жарық жұлдызым!
Бұқарбай (қыздың шашынан аялай сипап): Шынарым! Көңіл
айдынында жүзген көгілдір аққуым! Кездестірген тағдырыма риза-

мын! Ри-за-мын-н!

Пьеса Қызылорда облысында батырдың 180 жылдық
мерейтойында сахналанған. «Сыр бойы», «Жалағаш жаршысы»
газеттерінде жарияланды.

МАЗМҰНЫ М. Құл-Мұхаммед. Алғы сөз .................................................................3 Б. Қуандықов. Ұрпаққа ұлағат ..............................................................5 С. Оспан. Халық батыры – ел мақтаны ................................................7 Бұхарбай батыр туралы зерттеулер С. Мұқашев, Қ. Сыдықов. Бұқарбай батыр ........................................19 К. Бердаулетов, Т. Тəшенов. Бұқарбай батыр ...................................26 А. Жанаев. Сайын даланың сардары .................................................39 С. Ембергенов. Батыр бабалар шежіресінен ......................................63 Т. Дайрабай. Бұқарбай батыр туралы жазба деректер .....................72 Ғ. Тұяқбаев. Қазақ əдебиетіндегі Бұқарбай батыр бейнесі ..............83 Н. Мыңжасов. Батырлар институтындағы Бұқарбай бейнесі .......125 Р. Оразов. Бұқарбай батырдың Кенесары бастаған көтеріліске қатысуы ...........................................................................168 Бұқарбай батыр туралы тарихи аңыз-əңгімелер Бұқарбай батыр əңгімесі .................................................................. 179 Наурызбай мен Бұқарбай ................................................................. 182 Бұқарбайдың Кене ханға қосылуы ................................................. 184 Бұқарбай батыр мен Қарабесбай ..................................................... 186 Бұқарбай батырдың екі қорқынышы ............................................... 189 Бұқарбай батырдың өкініші ............................................................. 191 Хан Кененің көк бурасы ................................................................... 193 Батырдың өзіне ұқсайтын ұлдары ................................................... 194 Өмірбай шешенге арғымақ сыйлауы ............................................... 195 Батыр жəне Қалжан ахун .................................................................. 196 Мағыналы ғұмыр кешкенге не жетсін ............................................ 197 Бұқарбай мен Меңлінің достығы..................................................... 198 Сыр бойының Бұқарбай батыр жайлы негізі шындыққа ұласқан аңыз-əңгімелері .............................................. 200 Бұқарбай жəне жолбарыс ................................................................. 205 Аңғал батыр мен бозбала ................................................................. 209

Батырдың бозбалалар төбелесіне катысуы ..................................... 212 Досбол би мен Бұқарбай батыр ....................................................... 216 Бұқарбай батыр туралы көркем шығармалар А. Тоқмағамбетов. Бұқарбай батыр .................................................219 А. Тоқмағамбетов. Шынар туралы шындық ...................................229 Ə. Жəмішев. Тарланы едім тағының ................................................246 С. Оспан. Өр тұлғасы халқымның ....................................................251 Р. Батырбаев. Бұқарбай батыр .........................................................262 С. Ембергенов. Жолбарыс жүрегіне жерік болған ана ...................298 С. Ембергенов. Күмісқорған хикаясы ..............................................303 Е. Əбдіхалықова. Шынар көлі ...........................................................312 Е. Əбдіхалықова. Өкініш ...................................................................325 Н. Мансуров, М. Ниязов. Ұрпағымен қауышып қайта бүгін ..........329 А. Тілеулиев. Бұзылған бөгет .............................................................330 С. Жүсіп. Ел батыры – Бұқарбай ......................................................337 Қ. Нұрғалиев. Сəулелі шақ ................................................................373

Ғылыми-танымдық басылым
Құрастырған Ғабит Тұяқбаев

Редакторы Каракөз Ерс
лтанова
Техникалық редакторы Эльмира Заманбек
Көркемдеуші редакторы Жеіс азанапов

Корректоры Ботагөз М
хиденызы
Компьютерде беттеген Аерке Саова

Басуға 10.09.12 қол қойылды.
Пішімі 60х90 1/16. Қағазы офсеттік.
Офсеттік басылыс.
Шартты баспа табағы 24,0+2,5 б.т. фотосурет

Тапсырыс №105. Таралымы 2000 дана.

«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13
«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙