Қазақстанның қазіргі замандағы ғалымдары (5)
ISBN: 9965-893-92-6 Беттер саны: 7 Жанр:
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: ISBN: 9965-893-92-6 Беттер саны: 7 Жанр:
ГАЛИЦКИЙ Франц Антонович (1958 ж.т., Солт. Қазақстан обл. Тайынша ауд. Ясная поляна а.) – мед. ғыл. докт. (1995). Целиноград мед. ин-тын (1981, қазіргі Астана мемл. мед. ун-ті) бітірген. 1981–83 ж. сот мед. сараптамасы бойынша клиник. ординатор, сот мед. сараптамасы бюросы обл. бөлімшесінің меңгерушісі (1983–85), Целиноград мед. интының сот мед. сараптамасы кафедрасында ассистент (1985–89), аға оқытушы (1989–92), доцент (1992–96) болды. 1996 жылдан Астана мемл. мед. ун-тінде кафедра меңгерушісі. 50-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. ГАЛИШНИКОВ Юрий Петрович (10.8.1939 ж.т., Ресей, Красноярск өлкесі, Минусинск қ.) – тех. ғыл. докт. (1980), проф. (1988). Томск политех. ин-тын бітірген (1961). Қарағанды политех. интында оқытушы (1967–72, қазіргі Қарағанды мемл. тех. ун-ті), декан (1983), Павлодар индустрия ин-тының ректоры (1984–87, қазіргі Павлодар мемл. ун-ті) қызметтерін атқарды. 1988 жылдан Челябинск политех. ин-тында проф. Оның ғыл. жұмысының бағыты – магниттік гидродинамика əдістемесінің мəселелері. ГАЛЬПЕРИН Роберт Израилевич (13.7.1934 ж.т., Ресей, Тамбов қ.) – геогр. ғыл. докт. (1996), проф. (1997). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) гидрометеорол. ин-тын бітірген (1957). 1957– 60 ж. Қиыр Шығыс ғыл.-зерт. ин-тында кіші ғыл. қызметкер, Қазақ КСРО «Гидрометқызметі» бөлімінің аға инженері (1958–60), Қазақстан ҒА-ның Геогр. ин-тында кіші ғыл. қызметкер (1960–65), «Қазжолжоба» мекемесінде аға инженер (1965–71), Қазақ гидрометеорол. ғыл.-зерт. ин-тында аға ғыл. қызметкер (1971–77) болды. 1977 жылдан ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) аға оқытушы, доцент, проф. қызметтерін атқарды. «Пространственно – временные закономерности водного и ледового режима рек Казахстана» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. 60-тан астам ғыл. жарияланымның, 2 монографияның авторы. ГАНЖАРА Владимир Иванович (1939 ж.т., Ресей, Чита қ. – 2007, Астана) – тех. ғыл. докт. (1997), проф. (2000). Целиноград инж.- құрылыс ин-тын (1969, қазіргі ЕҰУ) бітірген. 1969 жылдан осы ин-тта ассистент, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, проф. қызметтерін атқарған. 260-тан астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. ГАРКАВЕЦ Александр Николаевич (19.10.1947 ж.т., Украина, Донецк обл. Старбешево ауд. Светлый луч дер.) – филол. ғыл. докт. (1987). Харьков ун-тін (1970), КСРО ҒА Шығыстану ин-ты жəне Украина ин-тының аспирантурасын (1975) бітірген. 1970– 71 ж. «Соціалістична Харьківщина» газетінде, 1971–72 ж. Харьков ун-тінің баспасында қызметкер, 1975–88 ж. Украина Тіл білімі интында кіші, аға ғыл. қызметкер əрі Киев мемл. ун-тінде оқытушы (1978–81, 1984–85), 1988–92 ж. Қазақстан ҒА-ның Тіл білімі интында бөлім меңгерушісі, 1992– 94 ж. Қазақ ұлттық мəдениет қорының вице-президенті, ғылым жəне мəдениет бөлімінің директоры болды. 1994 жылдан «Украінскі новини» газетінің бас редакторы. «Разработка и структуГАРКАВЕЦ Ф.А.Галицкий Ю.П.Галишников Р.И.Гальперин В.И.Ганжара А.Н.Гаркавец
ра тюркских языков в иноязычном окружении» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Негізгі ғыл.-зерттеулері түркітану, тіл теориясы жəне тілдердің қарымқатынасы мəселелеріне арналған. ҚР Президентінің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйл. лауреаты (1998.). ГАТИНА Роза Фатыховна (7.3. 1953 ж.т., Тəжікстан, Гарм ауд.) – хим. ғыл. докт. (1994), проф. (1997). Тəжік мемл. ун-тін бітірген (1974). 1974–78 ж. №1 кəсіби тех. уч-щеде (Душанбе қ.) тəрбиеші, оқытушы, Тəжікстан ҒА-ның Химия ин-тында аға лаборант, кіші, аға ғыл. қызметкер (1978–94), Химия ин-ты тəжірибелік з-тының ғыл.-өндірістік фирмасының директоры (1994– 96) болды. 1996 жылдан Оңт. Қазақстан тех. ун-тінің проф. қызметтерін атқарады. 90-нан астам ғыл. жарияланымның авторы. ГАЦЕНКО Николай Антонович (1946 ж.т., Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. Благовещенка а.) – тех. ғыл. докт. (1993), проф. (1996). Халықар. жоғары мектеп академиясының корр. мүшесі (1997), Халықар. бизнес жəне əкімш. жетекшілері академиясының акад. (1998). Целиноград а. ш. ин-тын (1975, қазіргі Қазақ агротех. унті) бітірген. 1975–76 ж. Целиноград (қазіргі Астана) телімінің «Қазэлектржөндеу» тресінде инженер, Целиноград керамик. комб-тында бас энергетиктің орынбасары, бас энергетик, бас инженердің орынбасары, бас инженер (1976–89), Целиноград инж.-құрылыс ин-тында (қазіргі ЕҰУ) аға ғыл. қызметкері (1990– 92), кафедра меңгерушісі (1992– 94), проректор (1994–97) қызметтерін атқарды. 1997 жылдан ЕҰУде проф. 50-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. ГЕЛЬДЫЕВА Галина Викторовна (1939 ж.т., Қарағанды қ.) – геогр. ғыл. докт. (1990), проф. (1993). Дондағы Ростов мемл. ун-тін бітірген (1961). 1961–63 ж. Қазақстан ҒА-ның Геогр. ин-тында аспирант (1963–66), аға лаборант (1966–67), инженер (1967–68), кіші ғыл. қызметкер (1968–72), аға ғыл. қызметкер (1972–86), жетекші ғыл. қызметкер (1986– 89), лаб. меңгерушісі (1989–97) болып жұмыс істеді. 1997 жылдан ҚР ҰҒА Геогр. ин-тының бас ғыл. қызметкері. 100-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 4 монографияның, Қазақстан аумағының 3 ландшафтық картасының авторы. ГЕНБАЧ Александр Алексеевич (1952 ж.т., Алматы қ.) – тех. ғыл. докт. (1992), проф. (1990). Алматы энергетика ин-тын (1975, қазіргі Алматы энергетика жəне байланыс ин-ты) бітірген. Осы ин-тта 1975–80 ж. стажер, оқытушы, 1981–86 ж. ассистент, аға оқытушы, 1986–90 ж. доцент, 1990–92 ж. Мəскеу мемл. тех. ун-тінде докторант, 1992–95 ж. Қазақ мемл. сəулет-құрылыс академиясында (қазіргі Қазақ Бас сəулет-құрылыс академиясы) проф. болды. 1995 жылдан Алматы энергетика жəне байланыс ин-тында проф. қызметтерін атқарады. 160-тан астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 6 монографияның авторы. ГЕНДЕЛЬМАН Моисей Аронович (25.3.1913 ж.т., қазіргі Житомир обл. Олевск ауд. Каменка с. – 3.8.2005) – экон. ғыл. докт. (1957), проф. (1958). Қазақ КСРінің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1968). 1933 ж. Харьков жерге орналастыру ин-тын бітірген. 1933– 38 ж. Одесса аумақтық жерге орналастыру ин-ты мен а. ш. интында ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі, 1958–61 ж. Целиноград а. ш. ин-ты (қазіргі Қазақ агротех. ун-ті) директорының орынбасары, 1961–82 ж. ректоры, 1982–89 ж. кафедра меңгерушісі, 1989 жылдан салалық лаб-ның ғыл. жетекшісі қызметтерін атқарған. Ғыл. жұмыстаГАТИНА Р.Ф.Гатина Н.А.Гаценко А.А.Генбач М.А.Гендельман
рының негізгі бағыты – жерге орналастыру, а. ш. экон. жəне оны ұйымдастыру. 2-дəрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту жəне Халықтар достығы ордендерімен жəне медальдармен марапатталған. ГЕНКИН Игорь Львович (1931, Ресей, Свердлов обл. Березовский қ. – 10.5.2011, Ресей, Владивосток қ.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1973), проф. (1985). Мəскеу мемл. ун-тін (1954) жəне аспирантурасын (1962) бітірген. 1955– 59 ж. Түрікменстан ҒА-ның Физ. жəне геофиз. ин-тында аға, Қазақ КСР-і ҒА-ның Астрофиз. интында кіші, аға ғыл. қызметкер (1962–97), ҚазМУ-да (1978–87, қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі , проф. қызметтерін атқарған. 120-дан астам ғыл. жарияланымның авторы. ГЕРШУН Владимир Иосифович (1.4.1938 ж.т., Қостанай обл. Меңдіқара ауд. Боровское а.) – ветеринария ғыл. докт. (1983), проф. (1985). Троицк мемл. ветеринария ин-тын (1961) бітірген. 1960–70 Қостанай обл. Меңдіқара ауд. мекемесінде эпизоотолог-дəрігер, директор, Қостанай а. ш. ин-тында доцент, кафедра меңгерушісі (1970–80), 1994 жылдан ветеринария ф-тінің деканы қызметтерін атқарады. 100-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 6 монографияның авторы. Бірнеше медальдармен марапатталған. ГЕШТОВТ Юрий Николаевич (1936 ж.т., Алматы қ.) – а. ш. ғыл. докт. (1986), проф. (1988). Қазақ мемл. а. ш. ин-тын (1960, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. Қазақ өсімдік қорғау ғыл.- зерт. ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі (1961– 75), Арам шөптермен күрес жөніндегі қант қызылшасы бас дирекциясының кеңесші-сарапшысы (Куба Республикасы) (1975– 78), КСРО Мемагроөндіріс фитопатология лаб-нда аға ғыл. қызметкер, директор (1988–91), 1991 жылдан Қазақ өсімдік қорғау ғыл.-зерт. ин-тында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады. 70-тен астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 5 монографияның авторы. ГЛАДЫШЕВ Валерий Павлович (23.2.1925 ж.т., Алматы қ.) – хим. ғыл. докт. (1964), проф. (1978). ҚазМУ-ды (1957, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Осы ун-тте оқытушы, проф. (1957–61, 1973–80), Бүкілодақтық сырттан оқытатын кеңес сауда ин-тының Қазақ бөлімшесінде оқытушы (1962–68), Қазақстан ҒА-ның Хим.-технол. ғылымдары бөлімшесінде ғалым-хатшы (1964–71), 1984 жылдан Павлодар пед. ин-тында проф. қызметтерін атқарады. «Амальгамные методы разделения и получения некоторых металлов» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Оның ғыл.-зерттеулерінің нəтижесінде амальгаманың физ.-хим. жəне металдардың электрхим. қасиеттері зерттеліп, металдардың амальгамамен жəне галий қорытпасымен цемент түзу заңдылығы анықталды. Г. 85 өнертабыстың авторы. ГЛАЗЫРИН Александр Иванович (26.2.1937 ж.т., Ресей, Кузбасс қ.) – тех. ғыл. докт. (2000). Кузбасс политех. ин-тын (1965) жəне Мəскеудегі Бүкілодақтық политех. ин-тын (1970) бітірген. 1986 жылдан Павлодар мемл. ун-тінде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Оның ғыл. жұмысының негізгі бағыты – электрстансалардан шығатын қалдық заттарды қайта пайдалану, энергиялық құрал-жабдықтарды хим. жағынан қорғау мəселелері. Г. 10 өнертабыстың авторы. ГЛАЗЫРИН Вадим Михайлович (1924, Марий АКСР-і, Йошкар-Ола қ. – 2005) – а. ш. ғыл. докт. (1972), проф. (1974). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Қазақ а. ш. ин-тын (1953, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) жəне аспирантурасын бітірген. 1953 жылдан ассистент, доцент, проректор, кафедра меңгерушісі, проф. қызметтерін атқарады. 1970 ж. «Лесохозяйственные основы хозяйства в осинниках Казахстана» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. 70-тен астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. ГЛАУДИНОВ Бекримжан (13.11. 1942 ж.т., Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Малыбай а.) – сəулет ғыл. докт. (1999), проф. (1991). Ташкент политех. ин-тын (1965) жəне Мəскеу архит. ин-тының ГЛАУДИНОВ И.Л.Генкин В.И.Гершун Б.Глаудинов
аспирантурасын (1970) бітірген. 1965–66 ж. Қазақ қала құрылысын жобалау басқармасында архитектор, 1966–81 ж. Қазақ политех. ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) оқытушы, аға оқытушы, декан, 1981–88 ж. қазіргі Қазақ Бас сəулет-құрылыс академиясында кафедра меңгерушісі, 1998 жылдан декан қызметтерін атқарады. 100-ден астам ғыл. жарияланымның авторы. ГЛОЗМАН Осип Сергеевич (25. 1.1900, Литва, Вильнюс қ. – 27. 7.1976, Алматы қ.) – мед. ғыл. докт. (1937), проф. (1939). Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1957). Саратов ун-тін бітірген (1922). 1946 жылдан Алматы мемл. мед. ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) патофизиология кафедрасын, Өлкелік патология ғыл.-зерт. ин-тында (қазіргі Гигиена жəне эпидемиология ғыл.-зерт. орт.) патофизиология лаб-н басқарды. Негізгі ғыл. еңбектері гематология, жалпы патология, патология-физиология мəселелеріне арналған. Г. жедел өтетін токсикоздарды емдеу əдістерін тапты. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. ГОЛУБЕВ Владимир Григорьевич (14.2.1950 ж.т., Қызылорда обл. Арал ауд.) – тех. ғыл. докт. (2004), проф. (2006). Шымкент қ-ндағы Қазақ хим.-технол. интын бітірген (1976). Павлодар қндағы хим. з-тта қызмет істейді (1976–80). «Исследование тепло – массообмена при конденсации паров из запыленных парогазовых смесей» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. 200-ге жуық ғыл. жарияланымның, 15 өнертабыс пен патенттің иегері. ГОНЦОВА Софья Алексеевна (1933 ж.т., Мəскеу обл. Коломна қ.) – пед. ғыл. докт. (1987), проф. (1989). Қарағанды мемл. пед. ин-тын (1959, қазіргі Қарағанды мемл. ун-ті) бітірген. 1949–58 ж. Қарағанды қ. орта мектебінде мұғалім, Қарағанды политех. интында (қазіргі Қарағанды мемл. тех. ун-ті) қызметкер, оқытушы (1958–88), 1988 жылдан кафедра меңгерушісі, проф. қызметтерін атқарады. 50-ден астам ғыл. жарияланымның авторы. ГОНЧАРОВА Елена Ивановна (1931 ж.т., Ресей, Новосибирск қ.) – мед. ғыл. докт. (1985), проф. (1986). Мəскеу мед. стоматология ин-тын (1954) бітірген. 1954– 56 ж. тіс дəрігерлері мектебінде (Воронеж қ.) мұғалім, Ташкент мемл. мед. ин-тында ассистент (1956–63), Алматы мемл. мед. ин-тында (1963–67, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) ассистент, доцент (1967–77), Алматы дəрігерлер білімін жетілдіру ин-тында кафедра меңгерушісі (1977– 95) болды. 1995 жылдан Қазақ ұлттық мед. ун-ті жанындағы Алматы дəрігерлер білімін жетілдіру ин-тында проф. 80-нен астам ғыл. жарияланымның авторы. ГОРБУНОВ Алдар Петрович (1927 ж.т., Мəскеу қ.) – геогр. ғыл. докт. (1975), проф. (1979). ҚазПИ-ді (1950, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. 1950–68 ж. осы ин-тта аспирант, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, Қазақ гидрометеорол. ғыл.-зерт. ин-тында сектор меңгерушісі, аға ғыл. қызметкер (1968–76), Тоңқабаттарынтану ин-тында (КСРО ҒА Сібір бөлімшесі) лаб. меңгерушісі (1976– 90) қызметтерін атқарды. 1990 жылдан бас ғыл. қызметкер болып істеді. 140-тан астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 5 монографияның жəне бірнеше кітаптардың авторы. ГОРИН Александр Федорович (1935 ж.т., Ресей, Саратов обл. Бакурский ауд. Курчи с.) – тех. ғыл. докт. (1997). Бүкілодақтық т. ж. жəне көлік ғыл.-зерт. ин-тын (1964) жəне аспирантурасын бітірген. 1959–66 ж. Вагон депосында дəнекерлеуші, шебер-технолог, вагон депосының тəжірибелік цехында шебер (1966– 70), Бүкілодақтық т.ж. жəне көлік ғыл.-зерт. ин-тында аспирант, автотежегіш ш. бөлімінде инженер (1970–74), Орал бөлімшесінде кіші ғыл. қызметкер (1974– 75), Жобалау-тех. ғыл.-зерт. интының лаб. меңгерушісі (1975– 81), Батыс Қазақстан а. ш. ин-тында кафедра меңгерушісі (1981– 88) болып істеді. 1988 жылдан Батыс Қазақстан агр. ун-тінде доцент қызметін атқарады. 40тан астам ғыл. жарияланымның авторы. ГОРОХОВСКИЙ Николай Люциянович (2.1.1920 ж.т., УкраГЛОЗМАН О.С.Глозман В.Г.Голубев А.П.Горбунов
ина, Чернигов обл.) – ветеринария ғыл. докт. (1972), проф. (1973). Өзбек мемл. а.ш. ин-тын (1943) жəне аспирантурасын (1949) бітірген. 1963 ж. Семей зоотех.-малдəрігерлік ин-тында доцент, 1966–67 ж. кафедра меңгерушісі, 1969–72 ж. деканның орынбасары, 1975–79 ж. декан қызметтерін атқарды. Негізгі ғыл. жұмысының бағыты – қой қағанағының онтогенездегі пішінін құруы жəне қос өркешті түйе қағанағының морфогенездегі ерекшеліктері. «Қызыл жұлдыз» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. ГОРЮНОВ Николай Сергеевич (4.11.1921, Ресей, Мəскеу обл. Димитров ауд. – 8.11.1991, Симферополь қ.) – а. ш. ғыл. докт. (1970), Мəскеу гидромелиоративтік интын бітірген (1949). 1949–52 ж. Тамбов аймақтық мелиоративтік-тəжірибе ст-ның бөлім бастығы, 1952–54 ж. Херсон а. ш. интында кафедра меңгерушісі, 1954– 57 ж. Кишинев а. ш. ин-тында доцент, 1957–65 ж. Қазақ су ш. ғыл.-зерт. ин-тында бөлім меңгерушісі, 1965–71 ж. Тараз гидромелиоративтік-құрылыс ин-тында кафедра меңгерушісі, 1971– 91 ж. Херсон жəне Симферополь а. ш. ин-ттарында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазақстанда жұмыс істеген жылдары Г. «Гидротехник анықтамасын» жəне Қазақстанның бірқатар облыстарында а. ш-н тиімді жүргізуге арналған ұсыныстарды жасаған ғалымдардың бірі. Г-тың 100-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 4 монографияның авторы. ГРАБАРОВ Павел Георгиевич (7.6.1907 ж.т., Ресей, Краснодар өлкесі, Тихорецский ауд. Архангельский ст.) – а.ш. ғыл. докт. (1974), проф. (1976). Солт. Кавказ дəнді дақылдар ин-тын (1930), аспирантурасын бітірген. 1934–45 ж. Қазақ егін ш. интында лаб. меңгерушісі, 1955 ж. агрохимия жəне топырақ хим. мен физ. лаб-ның меңгерушісі қызметтерін атқарған. Оның негізгі ғыл. бағыты – топырақ пен өсімдіктердегі маңызды қоректік минералдық элементтердің мөлшерін анықтау. «Элементы минерального питания и методы химического контроля почв Казахстана» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның басшылығымен 96 обл. жəне 15 респ. жылжымалы микроэлементтердің картограммалары жасалды. «Ерен еңбегі» медалімен марапатталған. ГРАЩЕНКОВ Николай Федорович (4.2.1929, Ресей, Смоленск обл. Духовщина ауд. Сущево дер. – 2006) – тех. ғыл. докт. (1972), проф. (1972). Мəскеу тау-кен ин-тын бітірген (1955). 1959–62 ж. осы ин-тта ассистент, оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, Қарағанды политех. ин-тында ((1962–80, 1981–91, қазіргі Қарағанды мемл. тех. ун-ті) проректор болды. 1992 жылдан проф. қызметін атқарады. 230дан астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы. ГРИБАНОВ Леонид Никитович (1905–1975) – биол. ғыл. докт. (1965). Сібір ауыл жəне орман ш. ин-тын (1928) бітірген. Қазақ мемл. а. ш. ин-тында доцент, проф. (1953–75) қызметтерін атқарды. Орман ш. жəне орман мелиорациясы мəселелері бойынша 100ге жуық ғыл. еңбегі жарияланды. Г-тың ғыл.-зерт. еңбегінің негізгі бағыты – Қазақтың ұсақ шоқыларындағы орман түрлерін нəсілдік жағынан сыныпқа бөлу жəне Қазақстанның жолақты қарағайлы ормандарында орман ш-н ғыл. тұрғыдан зерделеу мəселелері. ГРИДИН Николай Федотович (26.1.1946, Ресей, Воронеж обл. Кантемиров ауд. Митрофановка с. – 13.3.2011) – тех. ғыл. докт. Воронеж а.ш. ин-тын (1967) бітірген. Целинный механизация жəне электрификация а.ш. ғыл.- зерт. ин-тында (1967–2011, АстаГРИДИН Н.Л.Гороховский Н.С.Горюнов П.Г.Грабаров Н.Ф.Гращенков
на қ.) қызмет атқарды. «Обоснование состава парка тракторов общего назначения для механизации производственных процессов в растениеводстве Северного Казахстана» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Г. 140-тан астам ғыл. жарияланымның, 10 өнертабыстың авторы. ГРОМОВ Александр Герасимович (1935 ж.т., Алтай аймағы, Краснощеково ауд. Усть-Козлуха а.) – тех. ғыл. докт. (1986). Алтай а. ш. ин-тын (1962), Челябинск а. ш-н механикаландыру жəне электрлендіру ин-тының аспирантурасын (1967) бітірген. Павлодар ауд. «Ауылшартехника» бөлімшесінде аға инженер (1962– 64), Мал ш. ғыл.-зерт. ин-тында лаб. меңгерушісі (1967–73), бөлім меңгерушісі (1973–86), директордың орынбасары (1986– 93) қызметтерін атқарды. 1993 жылдан Қазақ мал ш. ғыл-зерт. ин-тында бөлім меңгерушісі. 90нан астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 40 авторлық куəліктің авторы. ГРУЗИН Владимир Васильевич (17.4.1956 ж.т., Якут АКСР-і, Алдан қ.) – тех. ғыл. докт. (2000), проф. (2001). Қарағанды политех. ин-тын (1978, қазіргі Қарағанды мемл. тех. ун-ті) бітірген. 1981–86 ж. сол ин-тта ғыл. қызметкер, 1986–92 ж. «Союзспецфундаментстройда» сектор меңгерушісі, аға ғыл. қызметкер, 1991– 92 ж. «Фобоста» сектор меңгерушісі, 1992–95 ж. «Орант» шағын кəсіпорнының директоры, 1995– 96 ж. Қарағанды Бизнес колледжі директорының орынбасары, 1996 ж. Қарағанды бизнес басқару жəне құқық ун-тінде проректор. 2000–01 ж. Д.А.Қонаев атынд. ун-ттің Қарағанды бөлімшесінде доцент, кафедра меңгерушісі, директордың орынбасары, кафедра меңгерушісі, проректор қызметтерін атқарды. 2001 жылдан «Болашақ» Қарағанды унтінде проф. 150-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы. ГРЯЗИН Владимир Иванович (2.7.1905, Солт. Қазақстан обл. Петропавл қ. – 1991, Алматы қ.) – ветеринария ғыл. докт. (1962), проф. (1963). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Сібір (қазіргі Омбы) ветеринария ин-тын бітірген (1928). 1938 жылдан Қазақ ветеринария ғыл.-зерт. ин-тында а. ш. малдарында кездесетін жұқпалы аурулар лаб-ның меңгерушісі болды. 1960 ж. «Повальные воспаление легких (перипневмония) крупного рогатого скота в Казахской ССР (итоги исследований и наблюдений)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Г. ірі қаралардың өкпе ауруларына, туберкулезге, паратуберкулезге жəне басқа да жұқпалы ауруларына арнайы алдын алу шаралары жəне диагностика жасау мəселелерімен айналысты. 2-дəрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен жəне медальдармен марапатталған. ГУБАНОВ Николай Иванович (3.1.1948 ж.т., Курск обл. Ясенки а.) – филос. ғыл. докт. (1987). Воронеж мемл. ун-тін бітірген (1970). Ақтөбе мемл. мед. интында (қазіргі Батыс Қазақстан мед. академиясы) ассистент, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, проф. (1988) болды. 70-тен астам ғыл. жарияланымның авторы. ГУЛЬНИЦКИЙ Леонид Викентьевич (4.4.1908, Беларусь, Брест обл. Барановичи ауд. – 6.12. 1991, Алматы қ.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1951), проф. (1951). Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1958). Беларусь мемл. ун-тін бітірген (1930). 1932–41 ж. Осы ин-тта оқытушы, Минск геофиз. обсерваториясы директорының орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1941–46 ж. Алматы геофиз. обсерваториясының директоры, бөлім меңгерушісі, 1945 жылдан Қазақ политех. ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) кафедра меңгерушісі, 1945–52 ж. Қазақстан ҒА-ның Астрофиз. ин-тында сектор меңгерушісі, директордың орынбасары қызметН.Ф.Гридин В.В.Грузин Н.И.Губанов Л.В.Гульницкий ГРОМОВ
терін атқарған. Негізгі ғыл.-зерт. еңбектері қазіргі физиканың логикалық-теор. негіздеріне, актинометрия жəне радиац. метрология мəселелеріне арналған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен жəне медальдармен марапатталған. ГУРБА Виктор Васильевич (24. 9.1914, Украина, Сумы обл. Глухов қ. – 11.10.1981, Қарағанды обл. Жезқазған қ.) – тех. ғыл. канд. (1971). Соц. Еңбек Ері (1966). Қазақ КСР-інің еңбек сің. кеншісі. Екатеринбург тау-кен ин-тын бітірген (1936). 1952– 58 ж. Жезқазған мыс комб-тында бас инженер, Жезқазған таукен басқармасының директоры, 1958–81 ж. Жезқазған кен-металлургия комб-тының директоры болды. «Обобщение опыта и исследование технологии добычи руды с применением самоходного оборудования и перспектив повышения ее эффективности в условиях Джезказганского месторождения» деген тақырыпта канд. дисс. қорғады. КСРО (1965) жəне Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңестерінің (1985) депутаты, КОКП 25-съезіне делегат болып сайланды. КСРО Мемл. сыйл. лауреаты (1970). 2 рет Ленин орденімен марапатталған. Жезқазған, Сəтбаев қ-ларында Г. есімімен көшелер аталған. ГУРЕВИЧ Леонид Яковлевич (1950 ж.т., Алматы қ.) – тарих ғыл. докт. (1995), проф. (1997). ҚазМУ-ды (1973, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қарағанды политех.интының (қазіргі Қарағанды мемл. тех. ун-ті) Жезқазған бөлімшесінде оқытушы (1975–79), Қазақ КСР-і Жоғ. жəне орта арнаулы білім беру мин-лігінің Қоғамдық ғылымдарды оқыту басқармасында инспектор (1979–83), Алматы халық ш. ин-тында доцент (1983–88), кафедра меңгерушісі (1988–90), ҚР ҒА-ның Тарих, археол. жəне этнол. ин-тының докторанты (1990–93), Қазақ мемл. басқару академиясының доценті (1994–95), 1996 жылдан проф. қызметтерін атқарады. 50-ден астам ғыл. жарияланымның авторы. F ҒАББАСОВ Советхан (12.2.1939 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Зайсан ауд. Сұңқар а.) – мед. ғыл. (1978) жəне пед. ғыл. (2003) докт., проф. (2003). Алматы мемл. мед. ин-тын (1965, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген. Осы ин-ттың комсомол к-тiнiң бірінші хатшысы (1964–65), Алматы қ. емханасында дəрігер (1966–71), Қазақ клиникалық жəне эксперименттi ғыл.-зерт. хирургия интында кіші, аға ғыл. қызметкер (1971–78), Қазақ Онкология жəне радиология ғыл.-зерт. ин-тынВ.В.Гурба Л.Я.Гуревич да ғыл. қызметкер (1978–87), Əдебиет ин-ты жанындағы КСРО Жазушылар одағының мүшелерiне арналған екi жылдық жоғары курсында тыңдаушы (1987–89), Қазақстан Жазушылар одағында қызметкер, Пед. ғыл.-зерт. интында кеңесшi, Қазақ КСР-і Жоғ. Сотында заседатель (1973–78) қызметтерін атқарды. 1992 ж. Атырау обл. Балықшы ауд-нда «Советхан клиникасы» емханасын ашып, 1993 ж. Атырау мемл. ун-тінде дəріс оқыды. Білім академиясының «Мектепке дейінгі тəрбие» ғыл.-зерт. ин-тында директор, Д.А.Қонаев, С.Демирел ун-ттерінде жəне ҚазҰПУ-да проф. болды. Мед. ғылымы бойынша «Асқазан отасының жаңа əдісі», пед. ғыл. бойынша «Адам тəрбиесінің жаңа ілімі» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ғ-тың саласына байланысты қазақ тiлiнде ғыл.-көпшiлiкке арналған «Қан жүрiсi – жүрек тынысы» (1968), «Дəрiгер келгенге дейiнгi көмек» (1973), «Қатерлi iсiктiң алдын алуға бола ма?» (1980), т.б. деген кiтапшалардың, 50-ден астам мед. ғыл. мақаланың, 7 авторлық куəлiктің иегері. Ғ-тың «Қыран қия əңгiмелері» (1971), «Ана жүрегi» (1974), «Өскен ұя» (1976), «Серпер» (1979), «Порыв» (1982), «Кəусар» ғыл.-фантаст. роман (1985), т.б. кітаптардың авторы. КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1974), «КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздiгi» (1987), Шығыс Қазақстан обл. Зайсан ауд-ның құрметтi азаматы (1989). С.Ғаббасов ҒАББАСОВ
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру