Kөкжиек
Әділ Дүйсенбек
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қазақтың белгілі журналист-жазушысы Әділ Дүйсенбектің (Дүйсенбеков) бұл шығармалар жинағына әр жылдары жазған әңгімелері мен повестері еніп отыр. Автор қай тақырыпқа қалам тартса да кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесін жан-жақты ашып көрсетуге тырысады. Оқиғалары тартымды, сюжеті шымыр. Тілі де көркем, жеңіл оқылады.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК * КӨКЖИЕК Әңгімелер мен повестер А с т а н а - 2 0 1 2
© Дүйсенбек Ә., 2012
© «Фолиант» баспасы, 2012
ІSBN 978-601-292-619-4
УДК 821.512.122
ББК 84 (Қаз) 7-44
Д 87
УДК 821.512.122
ББК 84 (Қаз) 7-44
Д 87
ІSBN 978-601-292-619-4
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды
түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды
Дүйсенбек Ә.
КӨКЖИЕК. Әңгімелер мен повестер. – Астана: Фолиант, 2012. – 368 б.
Қазақтың белгілі журналист-жазушысы Әділ Дүйсенбектің
(Дүйсенбеков) бұл шығармалар жинағына әр жылдары жазған
әңгімелері мен повестері еніп отыр. Автор қай тақырыпқа
қалам тартса да кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесін жан-жақты
ашып көрсетуге тырысады. Оқиғалары тартымды, сюжеті
шымыр. Тілі де көркем, жеңіл оқылады.
ЖЫЛЫ ЖҮЛГЕ
Айдын шалқар дариядан бастап тұңғиық теңізге дейін
мың сан кәусар бұлақтардан құралады. Әр қиырдан бас
тау алып, жүлге тартқан осы жылғалар дарияның арна
сын толтырып, теңіз айдынын кеңейте түседі. Қазақтың
бүгінгі сөз өнерін, көркем әдебиетін онымен тікелей байла
нысып жатқан журналистикаға да телитін болсақ, жаңағы
сан мыңдаған кәусар бұлақ секілді қаламы қарымды
журналист-жазушылардың да қалың легі көз алдымызға
келер еді.
Нағыз журналист-жазушылар өмірге бейтарап қарай
алмайтын, өзгені де соған үндейтін жаны сергек жампоз
дар ғой. Олар жақсылық атаулыға жадырап, балаша
қуана алады; жамандық атаулыға жабырқап, жан даусы
мен жамиғатқа жар салады. Қаламы қайралып, ұштала
түседі. Бұл ретте кәсіпқой қаламгердің шеберлігі мен өмір
танығыштық көрегендігіне тәнті болып, амалсыз бас иесіз.
Міне, осындай ойдың жосығын бұл күндері есімі елі
мізге кеңінен мәлім болып отырған жазушы-журналист
Әділ Дүйсенбекке де қатысты айтуға болады. Көне Тараз
қаласының жанындағы Жасөркен ауылында дүниеге кел
ген (1942 жылы) оның өмір жолы өзінің сан мыңдаған
замандастарының тағдырымен шендес.
...Отан соғысының отты жылдарымен тұспа-тұс келген
балалық бал дәурен, әке артынан келген қаралы қағаз,
жесір ана мен жетім бала, мектеп қабырғасында өткен
мерейлі жылдар, анасының қас-қабағына қарап, ауыл
шаруашылығында еңбек еткен екі жыл, сонан соң аңсаған
арманымен табысқандай Алматыдағы Қазақ ұлттық уни
верситетінің филология факультетіне түсіп оқыған кезең,
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
студенттік бал дәурен, арасында қатарынан үш жыл жүріп
Әуе десантында атқарып қайтқан әскери міндет, қайтып
келіп қайта оқу, қызметке орналасу, содан күні бүгінге
дейін шығармашылықтың «тұтқынынан» бір сәтке боса
майтын қаламгерлік өмір...
Әрине, ауыздың ебімен, қаламның желімен сыдыр
тып шыққан осынау қысқа-қайырым өмірбаян айтуға
ғана оңай. Әйтпесе Әділдің шығармашылық жолы бас
талған «Егемен Қазақстан» газетінде («Социалистік Қа
зақстан») еңбек етудің өзі не тұрады десеңізші! Бұл ба
сылымға ол, өзі айтқандай, бала кезінен келіп орналасып,
тапжылмай отыз үш жылдан астам қызмет еткен. Иә,
әйгілі газеттің дәстүрі қалыптасқан мектебінен сүрін
бей өтіп, тұяғын тасқа кетілтпей, шашасын шаңға қап
тырмай, ондаған жылдар бойы барша қабілет-қарымын
бір шаңырақтың астында жүріп таныту екінің бірінің
маңдайына жазылмаған. Бұлай дейтініміз, еліміздің бас
газеті «Егемен Қазақстанның» қашанда жөні бөлек. Бұл
газет қай кезде де заманымен бірге тыныстап, уақытымен
қадамын қатар алып жүрді. «Егемен Қазақстан» сонысы
мен қазақ тарихындағы ең жанды шежірелерінің бірі, ұлт
өмірі тарихының айнасы болып қалмақ. Мұндай баспасөзде
еңбек ету, әсіресе, социдеологияның ақ дегені алғыс, қара
дегені қарғыс кезеңінде еңбек ету әрі қиын, әрі мерей-
мәртебе болатын. Сонымен бірге қоғамдық өмірдің ең өзекті
мәселелерін парықтауға баулитын, ел қамы мен халық
тағдырына қатысты істерді тамыршыдай тап баса білуге
қалыптастыратын ұлы мектеп ордасы болғанын да айта кету
керек. Әділ Дүйсенбек болса, осындай баспасөздің талғам-
талабынан шыға білген жазушы-журналист. Газет оны
ұдайы өмірдің алғы шебінде болуға, ел өмірінің қайнаған ор
тасына құлақ түріп отыруға баулыды. Бұл ретте ол өзін жай
бақылаушы, жайдақ баяндаушы емес, қоғам өміріне сергек
ден қойып, өмірдің ретті де берекелі бола түсуіне белсенді
араласа алатын қарымды қаламгер ретінде таныта білді.
К Ө К Ж И Е К
Әлі есімізде, сексенінші жылдары қазақ журналистика
сы жалаң ұраншылдықтан бой жиып, әрекетшілдікке ден
қоя бастаған кез еді. Содан да болар, ол кезде жазылатын
әрбір мақалада елдің әлеуметтік-мәдени өміріне қатысты
проблема көтеру, өміршең бастамаға мұрындық болу әрбір
қаламгер-журналист үшін шығармашылық мұратқа айнала
бастаған. Бірде Әділ Дүйсенбек білікті диқандардың ашық
хатын ұйымдастырып, егіншілікте озық технологияның
аса тиімді қолданылуы жөніндегі бастамаға мұрындық
болды. Еңбектің өнімділігін, елдің берекесін арттыруды
мұрат тұтқан бұл бастаманы кешікпей-ақ Қазақстан Ком
партиясы Орталық Комитеті мақұлдап, арнайы қаулы
қабылданды. Әрине, бұл сияқты елдік іске деген сергектік
тек қана Әділ үшін ғана емес, сол кездері тізе қосып бірге
еңбек еткен біз сияқты қаламдас әріптестері үшін де мерей-
мәртебе еді. Оны әлі де мақтан етеміз.
Әділдің қаламгерлік қарымы мен азаматтық позиция
сын оның публицистикалық материалдарынан ғана емес,
сонымен бірге әдеби көркем шығармаларынан да анық
байқаймыз. Оның әр жылдары жарық көрген «Ақ күмбез»,
«Жүрек жылуы», «Көкжиек», «Тергеу әлі біткен жоқ»,
«Қара шаңырақ» сияқты тағы басқа да әңгімелер мен по
вестер жинағын оқырмандар жылы қабылдады. Әсіресе,
кейінгі шыққан «Шерағаңның шеруі» атты роман-эссесі
туралы ерекше айтуға болады. Әдеби қауым ортасында
лайықты бағасын алып, бірсыпыра басылымда жарық
көрген әріптестерінің ортақ пікірін айтар болсақ, кітапқа
алғы сөз жазған атақты жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың
лауреаты Дулат Исабековтың пікірінше, бұл шығарма
«қалың оқушыны таза әдебиеттің ауылына қарай қайта
жетелеуде, арзанды қымбаттан ажырата білуде елеулі
еңбек» екені сөзсіз.
Суреткер ретінде Әділ Дүйсенбек шығармалары өмірдің
өзінен ойып алғандай шыншылдығымен ден қойдырады.
Қай тақырыпта қалам тартса да, қалың оқырманға түсінікті
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
қарапайым, бірақ қарабайыр емес, құнарлы да көркем сөз
тіркестерін қолданып, шеберлікпен меңгеріп шығады.
Сондықтан да болар оның өмір шындығын шынайы бедерле
ген әңгімелері мен повестері бірнеше дүркін республикалық
конкурстарда жүлделі орындарға ие болды.
Отан алдында сіңірген еңбегі үшін жазушы Әділ Дүй
сенбек Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Грамо
тасымен (1987 ж.), «Еңбек ардагері» (1988 ж.), «Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздігіне – 10 жыл» (2002 ж.), «Ерен
еңбегі үшін» (2003 ж.) медальдарымен марапатталған. Ал
2009 жылы оған Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығымен
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы
берілді.
Жазушы-журналист Әділ Дүйсенбек халқымыздың
өмір салты мен төлтума қасиеттерін жетік біледі. Сол біл
гендерін шұрайлы тілмен, орамды оймен, сыршыл сезім
мен жеткізе де алатын қаламгер. Сондықтан да болар
оның шығармаларында адам өмірінің мәні мен сәні табиғи
оқиғалар арқылы көрініс тауып жатады. Оқырмандарын
шынайылығымен баурап алады.
Қорыта келгенде, Әділ Дүйсенбектің шығармашылық
табыстарын шын мәнінде қазақтың айдын-шалқар сөз
өнеріне өзіндік өрнегімен қосылған кәусар бұлақтың бір
жүлгесіне балауға болады.
Иә, ұлттық мәдени-рухани дәулеті шеті, шегі жоқ дария
болса, ондай дария мың сан кәусар бұлақтардан құралып,
арнасын толтырып, айдынын кеңейте бермек. Сол кәу
сар бұлақтың әр жүлгесі өзінің тазалығымен, тұнық
мөлдірлігімен ерекше. Әділ Дүйсенбек жүлгесі – осындай
таза да мөлдір жүлге.
Қойшығара САЛҒАРАҰЛЫ,
жазушы, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының иегері
ӘҢГІМЕЛЕР
АЛҒАШҚЫ АЛҒЫС
Түн өрмек жүзінен ауып қалған шақ.
Марат өзі күзетіп жүрген қоймаларды бірнеше рет ай
налып, тексеріп шықты. Бәрі бұрынғы қалпында сияқты:
есіктердегі құлыптар да, терезелердегі белгілер де өз ор
нында. Тышқан жорғалап өтсе зың етіп бүкіл қарауылды
аяғынан тік тұрғызатын сезімтал жіптердің де жігі ажыра
маған, тартылған күйі жіптіктей боп тұр.
Бұл жақта қыс болмайтынын ол әскер қатарына алын
ған күннің ертеңінде-ақ естіген еді. Өздеріне жол бастап
келген аласа бойлы аға сержант бұл жайында бір күн, бір
түн әңгімелеген. Міне, қазір де қараша айы орталап қалса
да, күн май тоңғысыз. Қаладағы тал-теректің де, сай-
саладағы көк шөптің де реңі бұзылған жоқ. Көкпеңбек.
Қала тәтті ұйқы құшағында. Тыныштық. Табиғат та
осы бір үнсіздікке бойсұнғандай мүлгіп тұр. Жаңа ғана
аңқылдап тұрған жел де тына қалған. Тек офицерлер қала
шығы жақтан шәуілдей үрген қанден итте ғана тыным жоқ.
Үздік-үздік вокзал маңынан пысылдап, ырсылдаған
паровоздың үні де естіліп қалады.
Марат айналасына жіті қарап, аумақты қоймаларды
тағы да бір айналып шықты. Сөйтті де сағатына қарады.
Ауысуына әлі біраз бар екен.
Ол әскер қатарына жақында ғана алынған болатын. Бұ
ған дейін мектепте дене тәрбиесінен сабақ берді. Аздаған
өмір көрді. Дегенмен бұл жерде әлі талай сыннан өтіп,
әскери тәртіпке көндігіп кеткенінше «жас» боласың ғой.
Сондықтан болар, алғашында ол да өзін өте икемсіз сезініп
жүрді.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Сонан екі жарым ай дегенің көзді ашып-жұмғанша өте
шықты. Бірақ осы аз уақыттың ішінде-ақ ол біраз тәжірибе
жинақтап үлгірді. Үстіне солдат киімін киіп, қолына қару
ұстады емес пе? Оның осы түрін ауылдастары көрер ме еді?!
Әсіресе, Науат көрсе!...
Есіне Науат түскенде көңілі көтеріліп, мерейі өсіп қалды.
Әйтсе де, дәл осы сәт Мараттың көз алдына Науаттан
гөрі алып денелі, мұртты старшина көбірек елестеді. Ол
өзінің сұқ саусағын шошайтып: «Байқа, Жолдасбаев, бүгін
сен жауынгерлік күзетте тұрсың!» – дегендей айбар шегеді.
Марат автоматын нық ұстап, қоймаларды сегіздік жа
сай аралады. Бұл да жаңа ғана күзетке келер алдында
старшинаның берген кеңесі еді.
Старшина Нечитайло – өмірінің жартысын дерлік әскер
қатарында өткізген кісі. Ол кешегі Ұлы Отан соғысы жыл
дары барлаушы болып, кейін десантшылар дивизиясына
ауысыпты. Қазір он бес жылдан бері рота старшинасы.
Солдаттар қауымы оның майдандағы ерліктері мен осы
күнгі еңбегін қадірлей ме, жасын сыйлай ма, өзінен қатты
именеді.
Старшина офицерлер қалашығында шағын отбасымен
тұрады: өзі, әйелі және жалғыз қызы. Оның оныншыны
биыл бітірген қызын Марат солдаттар клубынан сан рет
көрген.
Осы бір сырт көзге сұсты көрінетін алып старшина Ма
рат өмірінен ерекше орын алады. Ол ана жолы жастарды
бөлгенде, бірнеше жауынгерлермен бірге Маратты да өз
ротасында қалдырды. Жаңадан келген жастарға старши
на бейне туған балаларындай қамқорсиды. Міне, бүгін
де кейбір жастардың алғашқы күзетке шығуына байла
нысты қарауыл бастығының көмекшілігіне өзі сұранып
келіп еді. Ол жастардың алғашқы тапсырмаларды орындау
кезінде үнемі жандарында болуды бейне бір өз борышын
дай сезінеді. Әсіресе, Марат алғаш ұшақтан парашютпен
К Ө К Ж И Е К
секіріп жерге түскенде өзін мұртты старшинаның жүгіріп
кеп құшағына қысқанын, әсте ұмытпас. Шынында, ақ
көңіл адам-ау!
Қарсы жақтағы қойма есігі сылдыр еткендей болды.
Селк ете қалған Марат дыбыс шыққан жерге қанша тесіле
қарағанымен, сезікті еш нәрсе байқамады.
Онсыз да анық көрінетін қойманың айналасына про
жектор мол сәулесін төгіп тұр. Күдік туғызатындай нышан
білінбейді.
Тосын дыбыс тағы қайталанды. Марат шындап қауіп
тенді. Денесі дірілдеп, жүрегі жиі-жиі соқты.
Бұл не, қорқу ма? Жоқ, жоқ! Ол автоматын қыса ұстап,
қараңғылау бұрышта тына қалды. Тысыр сырын жете
ұқпақшы. Мұндайда уақыт өтуші ме еді?..
Кенет үлкен есіктің жоғарғы жағындағы топсадан
жұдырықтай бір нәрсе атылып шықты да, жақын тұрған
жапсарға соғыла-моғыла аспанға далбалақтай көтерілді.
Жарқанат!..
– Тү, шайтанның зәремді алғаны-ай! – деп Марат күліп
жіберді. – Бұл шіркіндер де қыссыз жерді біле ме деймін.
Жағасының түймесін ағытты. Терлеп кетіпті.
Офицерлер қалашығы жағындағы қанден тағы да шаба
лана үрді. Үздік-үздік қыңсылап та қояды.
Ит тегін мазасызданбапты. Бір кезде жаңағы жақтан
адам аяғының тықыры естілді де, артынша қараңдаған
бейнелер көрінді.
«Тексерушілер болар? Онда олар неге алдымен қарауыл
үйіне бармады?..»
Алыстан қарағандықтан ба, екі адам кейде бір денедей
болып жұптаса қалады.
«Ғашықтар болар? Иә, сүйіскен жандар ғой. Жігіт
қызын құшақтап келеді...»
Сұлу түн енді ғана өз сәніне кіргендей. Ғашықтар дабыр
лап сөйлеспейді, бірін-бірі іштей ұғысып келе жатқандай.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Олар жұптарын жазбаған күйі, қойманың қарсы жағында
өсіп, жайқалып тұрған топ талға қарай жүрді. Марат қыз
бен жігіттің қазіргі көңіл күйлерін айтпай-ақ түсінді.
«Осыдан бірнеше ай бұрын өзім де мыналар құсап
жүрмеп пе едім? Шіркін, ол кезде тіпті солдат қадірін біл
меппін-ау! Мен алаңсыз жүргенде, бұл жерде біреу тұрды
ғой бізді күзетіп. Сондай-ақ мына екеуі де тыныштыққа
сенімді, себебі біз тұрмыз күзетте...»
«Солдат! Отан солдаты!.. Өз елімнің, өз жерімнің ты
ныштығын күзету сеніп тапсырылды емес пе маған! Соны
сезінудің өзі рақат екен-ау!..»
Мараттың көңілі көтеріліп, жүрегі жылып сала берді.
Тіпті ыңылдап, ән айтқысы да келді.
Бірақ, қас қылғандай, тағы да мұртты старшина көл
денең келді. Ол: «Байқа, Жолдасбаев, қырағы бол! Жау
лар айлалы келеді. Олар сен күзетіп тұрған жерге адасып
жүрген кісі болып та, кейде серуендеп жүрген ғашықтар
сияқты болып та келуі мүмкін!» – деп бағанағы сөзін
қайталағандай болды.
Марат бойын тез жиып, ойланып қалды. «Шынында,
ана екеуінің қандай пиғылмен жүргенін кім білсін. Егер
олар мына топ талдың ішіне кірсе не істемекпін? Жарғы
бойынша бөтен адамдарды мұншалықты жақын жіберуге
болмайды ғой...»
– Тоқта, кім келеді?!
Мараттың даусы қатқыл шықты.
Ана екеуі біраз аңырап тұрды да, жүгірген бойы топ тал
дың ішіне еніп кетті.
«Не істеу керек? Аналар тал арасынан қойманы бақы
лап, суретке түсіріп жатса ше?.. Ал егер шын сүйіскен
жандар болса қайттім? Олай болса, менің бұйрығымды неге
тыңдамады? Ғашықтар бұлай қашпас еді ғой. Қарауыл
үйіне тез хабарлауым керек» деп түйді ойын Марат.
К Ө К Ж И Е К
Белгі беру кнопкасы әр жүз метр сайын кездесетін. Ол
қарсы қабырғадағы кішкене кнопканы қолымен сипалап
жүріп тапты да, ұзақ басты. Бұл кезде ойы да, екі көзі де
жаңағы топ талда еді.
Айналдырған екі-үш минуттың ішінде Нечитайло бір
топ солдатпен жетіп келді.
– Не болды? Неге шақырдың? – деді старшина алқына
дем алып.
– Жолдас старшина! Ана топ талдың арасында күдікті
адамдар отыр. Менің бұйрығымды тыңдамады, – деп Марат
болған оқиғаны қысқаша түрде баяндап өтті.
– Иванов, Акопян, осында қалыңдар! Басқаларың менің
соңымнан!..
Старшина жүгіре жөнелді.
Кішкенеден соң ана жақтан:
– Тоқта! Орындарыңнан тапжылмаңдар! – деген Нечи
тайлоның әмірлі үні, артынша «Папа!..» деп үрейлене
шыққан қыздың жіңішке даусы қатар естілді.
Мараттың жүрегі бір нәрсені сезгендей зырқ ете қалды:
«Япыр-ау, мына қыз Све...»
Нечитайлоның таңдана шыққан даусы оның ойын бөліп
кетті.
– Светлана?!
Қыз орнына еркек жауап берді:
– Степан Иванович, кешіріңіз, біз байқаусызда... Аздап
қыдыруға шығып едік...
– Күзетке берілген объектіге мұншалықты жақын келу
ге болмайтынын білесіз ғой, Сергей Михайлович...
– Сергей Михайлович!.. Сергей Михайлович Лицис! Ой,
ол ана жаңадан келген лейтенант қой, – деп Акопян ішін
баса күлді. – Үһ, өлтірдің, өлтірдің сен күлкіден! Өлтірдің,
Марат!..
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Марат оқиғаны мұндай насырға шабар деп ойлаған жоқ
еді. Өзінен өзі қысылып, әбіржіді де қалды. «Енді қайттім?
Старшина мұның өшін менен алар!..»
Нечитайлоның түрі шынында қату екен.
Марат бірден ақтала сөйледі:
– Жолдас старшина! Кешіріңіз, мен білмей...
– Тоқтат сөзді! – деп старшина кесіп тастады.
...Келесі күні кешке жақын кезекші сержант ротаны
шұғыл жинап, есіктен кірген Нечитайлоға:
– Жолдас старшина! Рота сіздің бұйрығыңыз бойынша
сапта тұр! – деп баяндады.
– Қатардағы жауынгер Жолдасбаев, алға шық! – деп
бұйырды старшина.
«Басталды... – деп ойлады Марат. – Әзірше екі-үш рет
жұмысқа салады, сонан кейінгісін тағы да көре жатар. Бұл
мұрттыдан қашып құтылмайсың...»
Ол кінәлі адамдай жолдастарының алдына кібіртіктеп
шықты.
Енді старшинаның өзі бұйрық берді:
– Рота, тік тұр! Күзетте көрсеткен қырағылығы үшін
қатардағы жауынгер Жолдасбаевқа алғыс жариялаймын!..
Қапелімде сасып қалса да Марат:
– Отаныма қызмет етемін! – деген сөзді көкірегін кере
нық айтты.
Бұл оның әскер қатарында алған алғашқы алғысы еді.
ЕСКЕРТКІШ
Тағдырдың ту баста маңдайға жазып қойғаны шығар –
Асқар анасын жерлеуге қатыса алмады, ауылға араға бір
күн салып, кешігіп келді.
Оның үйі орталықтан шалғай жатқан учаскеде болатын.
Өз алдына бұрын ұжымшар атанған бұл елді мекен бертін
К Ө К Ж И Е К
келе заман ағымына қарай көршілес ірі шаруашылыққа
қосылды да, кейін соның бір бөлімшесі болып қалып қой
ды. Оған қазір орталықтан күн сайын бір-екі рет көлік қа
тынайды.
Ауылдастары оны түскі автобустан күтіп алды. Күтіп
алушылардың көпшілігі бірге өсіп, біте қайнасқан, он
жылдықты бірге бітірген жора-жолдастары еді. Әнше
йінде құшақтаса кетіп, мәре-сәре болып жататын құрбы-
құрдастары бұл жолы қол алысып, төс түйістіріп, қайғыға
ортақ сынық жүз танытып, көңіл айтысты. Сонан соң
әудем жердегі ауылдың қазіргі тірі ескерткіштері – шал-
шауқандар топталып тұрған қаралы үйге қарай үн-түнсіз
жылыстай берді.
Асқар аяғын санап басып, қара шаңыраққа қарай бет
алды. Тізелері бүгіліп, буындарының әлі құрып бара жат
қандай. Туған ауылы мен анасына деген ыстық сағынышы
азалы қайғыға ұштасып, дәл қазір «беу» деп біреу дауыс
көтерсе-ақ болды, көкірегін кернеген өксік пен өкініш лақ
етіп ақтарылғалы тұр. Көзінде көлкілдеген ыстық жасын
өзі туып-өскен қара шаңырақтың ауласына кіре бере-ақ те
жей алмады.
– Қатар өскен тел қозым-ау, апамнан айрылып, сорлап
қалдық қой!...
Көрші ауданда тұратын әпкесі Сәлима екен. Асқарды
бауырына басып, дауыс салды. Бұрынғы бес биенің саба
сындай әпкесі өзі көрмегелі жылға жуық уақыттың ішінде
біраз шөгіп қалыпты. Асқар әпкесін қапсыра құшақтап,
көз жасына ағыл-тегіл ерік берді. Көп жылдан бері бүйтіп
жылап көрген емес еді, іштегі запыран қайғы көз жасымен
бірге көл болып шығып жатқандай. Әрі-беріден соң еңсесі
езіліп, басы айнала бастады.
– Қарағым, Асқар, ер-азаматсың ғой, қой енді, өзіңе
берік бол, жасыңды тый, – деп үлкендер жағы басу айтты.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Әлден соң іштегі жылау-сықтау басылып, көпшілік
Асқарға тұс-тұстан көңіл айтып жатты. Ара-тұра сұрақтар
да қойылып, күнделікті тіршілік күйбеңі ауыз ләміне ай
налып жүре берді. Қазақтың кәдімгі «Қиын сәтте тоқсан
адам жиналады, соның тоғызы жылауға келсе, қалғаны
сынауға келедінің» кебі басталды да кетті.
– Қарағым, әскери міндетіңді біржолата бітіріп келдің
бе? – деді қариялардың бірі.
– Жоқ, демалысқа келдім.
– Телеграмды уақытында алдың ба? – деді жездесі.
– Иә, – деді Асқар оны не себепті сұрап отырғанын
сезіп. – Жеделхатты сол күні-ақ алып, ертеңінде жолға
шыққанмын. Бірақ күн жауын-шашынды болды да, ұшақ
ұшпай, бір сөтке әуежайда отырып қалдым.
– Бәсе, – деді Сәрсенбай деген қарт кісі, – кеше Сейдешті
жерлейтін күні бізде ауа райы ашық болғанымен кешке
дейін сүйек-сүйегім сырқырап, мазамды алып бітіп еді, бір
жерде жаңбыр жауғанын сезген екен ғой...
– Ту-у, сіз де қайдағы жоқты айта бересіз-ау, – деді
жастар жағынан біреу, – сонау бәленше мың километр
жердегі жауын-шашынды болжап-білетін денеңіз ауа ра
йын зерттейтін аспап болып кеткен бе?..
– Бұл қайсысы-ей өзі? – қарт жақтырмай жан-жағына
қарады. – Немене, сонда мені аппақ сақалыммен өтірік ай
тып отыр дейсіңдер ме?
Бұл пендешілік дегенді қойсаңызшы, жаңа ғана жылап-
сықтап, Асқарға көңіл айтып қара жамылып отырған көп
шілік енді өзді-өзі болып, дүнияуи сөздің тиегін ағытып
қоя берді. Асқар осы ада-күдені пайдаланып, олардың
арасынан сытылып сыртқа шықты да, ауылдың шығыс
жағындағы үлкен қорымға қарай беттеді. Алғаш бір-екі
жолдасы ілеспек боп ыңғай танытып еді, қажеті жоқ де
гендей қолын серпіген соң, состиып-состиып тұрып қалды.
Анасының сүйегі осы қорымға қойылғанына ол іштей
К Ө К Ж И Е К
сенімді болатын. Себебі ілгеріде бандылар өлтіріп кеткен
атасы мен кешегі жаһан соғысынан ауыр жараланып келіп,
араға бес-алты жыл салып барып дүние салған әкесі де сон
да жатыр. Анасы марқұм көзі тірісінде «Мені солардың
жанына қойыңдар, орын бар» деп жиі айта беруші еді.
Енді, міне, сол тілегі де орындалған сияқты.
Асқардың анасы үш-ақ құрсақ көтерген кісі. Тұңғышы
туа салысымен қайтыс болыпты. Одан кейінгісі – Сәлима,
Асқардың әпкесі, Ұлы Отан соғысы басталар жылы, ал өзі
соғыс аяқталып, ел енді-енді есін жия бастаған тұста өмірге
келді. Қыз баланы жатжұрттық көрді ме, анасы марқұм
кілең өзін «жалғызым, қасиетті қара шаңырақтың енді
гі иесі өзіңсің, құдай саған қуат берсін» деп отыратын.
«О, қайран ана! Енді сол жалғызыңның да қызығын көре
алмай кеттің-ау!..»
Ана арманы шексіз еді. Соның ішіндегі ең асылы Асқар
ды үйлендіріп, немере сүю болатын. Жалғызын ел қатары
нан кем қылмай өсірді. Оқытты, жеткізді. Тіпті ол әскер
қатарында жүргенде бар жиған-тергенін сарп етіп, бес
бөлмелі үй де салдырып қойды. Асқар ауылға хат жазып:
«Апа-ау, соншама көп бөлменің қажеті қанша?» – дегені
де бар. Анасының жауабы қысқа болған: «Болашақ үшін,
немерелерім үшін!» О, ғазиз ана!..
Кенет ту сыртынан машинаның даусы естілгендей бол
ды. Асқар жолдан шығып, сол жаққа қарай бұрылды. Ма
шина оған жете бере тоқтады да, сау етіп іштен екі-үш адам
түсе қалды. Асқар ауыл басшысы Кәрім Ахметұлы мен
оның орынбасары Иван Васильевичті бірден таныды.
Кәрім Асқармен аталас, туыс адам болатын.
– Сәләмат па, қарағым Асқар, – деді ол бірден екі қолын
алға созып, – қайғыңа ортақпыз, айналайын. Жаңа ғана
естіп, жеткеніміз осы мына Иван екеуміздің.
Асқар олармен қолдасып амандасты.
2-151
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Апайды жақсылап аттандырдық, – деді Кәрім маши
наға отырған соң. – Бірақ өзің бола алмадың, бір өкініштісі
сол-ақ. Өмір деген осы ғой: бүгін бар адам – ертең жоқ. Иә,
ажал айтып келмейді. Әйтпесе апай байғұс білді дейсің бе
ақыры осылай боларын? Үнемі айтып жүруші еді, өзің кел
ген соң дүрілдетіп той жасаймын деп. Ана үйді де сен үшін
салдырды емес пе? «Орнында бар оңалар» деген, Сарман
атамның түтіні өшпейді ғой, артында өзің барсың. Ертең
әскери міндетіңді өтеп келген соң отау құрып, әлі-ақ үй бо
лып кетесіңдер...
Асқар машина аумағы ат шаптырым келетін қорымның
жанына келіп тоқтағанша жақ ашпады. Атасы мен әкесінің
зираттарының шығыс жақ шетінде томпайып жатқан жас
топырақты алыстан байқады. Байқады да жүрегі өрекпіп,
көзіне тағы да жас тығылды. Онысын жанындағыларға
көрсеткісі келмегендей, аяғын тез-тез басып, алға қарай
ұзай берді. Жас жігіттің қазіргі жан күйзелісін сезіп қалған
Кәрім де Иван Васильевичтің қарынан тартып, жүрісін
тежеді.
Анасының моласының басында қанша отырғанын өзі де
білмейді. Тек: «Асқар, қарағым, үй жаққа барайық та», –
деген Кәрімнің даусын естігенде ғана барып есін жиғандай
болды.
Орнынан көтеріліп, сол жағына көз тастады. Ес біліп,
хат танығалы бері өзі талай рет келіп, жаттап өскен қос
құлпытастың үстіндегі жазулар көзіне оттай басылды.
Оның біріншісінде ескі әріппен: «Қожанұлы Сарман. 1859-
1919», ал екіншісінде жаңаша әріппен «Сарманов Азат.
1918-1959» деп жазылған еді.
«Апамның да басына белгі орнату керек екен-ау», – деп
ойлады Асқар. Оның осы ойын дәл сезгендей:
– Апайдың басына ескерткішті ұжым күшімен орна
тамыз, – деді Кәрім. – Ол кісінің еңбегі еш уақытта ұмытыл
мақ емес...
К Ө К Ж И Е К
– Ықыластарыңызға рахмет, – деді Асқар жолда келе
жатып. – Ескерткішті еңбегіммен өзім орнататын боламын.
Анасына деген ең соңғы балалық парызын сонда ғана
өтейтіндей сенім бар үнінде.
Мұнан кейін олар үйге жеткенше бір-бірлеріне ләм-мим
деп тіл қатысқан жоқ.
Арада екі-үш күн өтті. Бөлімшеден шыққалы бері бір
жарым сәтке әуежайда отырып, көлік тосқан, одан соң
анасының қазасына келіп-кетушілерді күткен Асқар қат
ты қалжырап барып көз ілген еді. Тосын дабырдан оянып
кетті. Күн әлдеқашан шықса керек. Үй іші жап-жарық.
Алғаш ол әскерде қалыптасқан әдеті бойынша атып тұрып
киіне бермекші болды да, артынша ауылда, өз үйінде екенін
есіне алып, орнынан қозғалмаған күйі жата берді.
Даладан оқтын-оқтын сыңғырлай күлген балалардың
дауысы естіледі. Мана өзі солардың шуылынан оянып кет
се керек.
Бұлардың үйі ауылдағы балалар бақшасымен іргелес
болатын. Апасы соңғы жылдары осы бақшада еңбек етті.
Алғаш оның меңгерушісі еді, кейін денсаулығына байла
нысты өзі сұранып күтуші, күзетші болып істеді. Жалпы
Сейдеш марқұм қызмет таңдамайтын, кез келген жұмысты
жапырып істей беретін. Кешегі ел басына күн туып, ер
азаматтың бәрі ел қорғауға кеткен кезде ол трактор да ай
дады, колхозды да басқарды. Ал соғыстан кейін ұзақ жыл
бойы ауылдық кеңестің төрайымы болып істеді.
Бүлдіршіндер тағы у-шу болып, әлде күліп, әлде айқай
лап, ауланы бастарына көтерді. Бұл жолы олардың дау
сы дәл үйдің іргесінен шықты. Сәбилердің күлкілері мен
қоңыраудай сыңғырлаған үндерін естіп жатып, Асқар өзі
әскери міндетін өтеп жүрген бөлімшесін еске алды. Жылға
жуық бір шаңырақтың астында жатып, бір қазаннан тамақ
ішкен жолдастарының бейнесі кезек-кезек көз алдына келе
берді.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Ол жолдастары мен командирлері арасында беделсіз
емес тұғын. Алғашқы айлардан бастап-ақ Асқар әскери
және саяси даярлықтың үздігі атанды, бөлімше командирі
болды, сонан кейін рота старшиналығына жоғарылатылды:
іскер де әділ, шыншыл да батыл командирді бөлімше
офицерлері де қатты сыйлайтын. Тіпті соңғы кездері олар
Асқарға «сен әскерде қалсаңшы, оқуыңды осы жерде де
жалғастыруға болады ғой» деп қолқа да сала бастаған.
Бірақ Асқар ауылда жалғызілікті шешесінің барын, оған
өзінен басқа көмектесетін адамның жоқ екенін айтып, тура
жауаптан жалтарып жүретін. Міне, сүйткен анасы қара
жердің суық құшағында жатыр...
Үй іргесін дүрсілдете жүгіріп өткен бүлдіршіндер үні
Асқардың ойын тағы да кілт үзді.
Артынша арғы жақтан:
– Балалар, бері ойнаңдар! – деген тәрбиешінің дауысы
естілді.
Аздан соң жаңағы үйді көшіріп кете жаздаған сәбилердің
аяқ дүрсілі де, сыңғырлаған күлкілері де бірте-бірте алыс
тап, естілмей кетті. Асқардың көңілі біртүрлі құлазып,
жүдеу тартып жүре берді.
Кенет ол батыл бір шешімге келгендей орнынан атып
тұрды да, тез-тез киіне бастады...
Кәрім Ахметұлы мен Иван Васильевич екеуі әлденені
қызу талқылап жатса керек; біресе орысша, біресе қазақша
сөйлейді. Асқар алғаш тоса тұрмақшы болды да, артынша
өзінің уақытының шектеулі екені есіне түсіп, ішке рұқсат
сұрап, кіріп келді.
– Ә, Асқармысың? Кел, қарағым, жоғары шық, – деп
Кәрім орындық ұсынды. – Көктемгі науқандық жұмыстың
қызған кезі ғой қазір. Адам күші жетіспей жатыр, соны
мына Иван екеуміз сөз етіп, қызыл кеңірдек болып жатыр
едік.
К Ө К Ж И Е К
– Үнемі осылай, – деді Иван Васильевич – науқандық
жұмыс басталған сайын адам күші жетпей жатады.
Жастардың біразы қалаға қоныс аударған...
– Өздеріңізбен ақылдасатын бір жәйт болып тұр, – деді
Асқар енді өз мәселесін алға тартып.
– Айта бер.
– Мен ендігі өмірімді әскерге қызмет етуге арнасам ба
деп едім...
– Оны қалай түсінуге болады? – деді Кәрім,
– Әскер қатарында ұзақ мерзімге қалмақ ойым бар.
Кабинет ішінде бір сәтке тыныштық орнады.
– Сонда ана үйіңді, ондағы дүние-мүлкіңді қайтпексің,
әлде сатып кетесің бе? – деді Кәрім сұраулы көзбен.
– Жоқ, үйді апамның бұрынғы өзі еңбек еткен балалар
бақшасына сыйға тартсам ба деймін, ал дүние-мүліктің бір
реті табылар...
Екі басшы бір-біріне қарап, біраз тұрып қалды.
Кәрім даусын қырнап:
– Сөйтіп үйімді балалар бақшасына қалдырсам ба дейсің
ғой. Мұның өзі қалай болар екен? – деді.
– Өтінемін сіздерден... – деді Асқар. – Мұның мен үшін
ерекше мәні бар...
– Сыйлықтан бас тартуға болмайды, – деді енді үнсіз
қалуды жөн көрмеген Иван Васильевич жылы жымиып. –
Әйтсе де, сен, Асқар, әлі де ойланғаның жөн. Ұжымымыз
сенің бір үйіңмен байып кетпейтіні белгілі. Оны өзің де
білесің. Рас, біз сендер тұратын бөлімшеде осы уақытқа
дейін жаңадан балалар бақшасын сала алмай келеміз. Бірақ
ол уақытша ғана. Шүкір, қазір шаруашылығымыздың
дәулеті ешкімнен кем емес. Заман осылай болып тұрса, бәрі
де салынады. Ал сен әлі жассың, болашағың алдыңда, ойла
ну, туыстарыңмен, жолдастарыңмен ақылдасу артықтық
етпейді.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Кешіріңіз, Иван Васильевич, – деді Асқар, – мен бала
емеспін, өз тірлігіме өзім жауап бере алатындай жасқа
жеттім ғой деп ойлаймын. Бұл шешімге мен жүрек қа
лауыммен келіп отырмын.
– Онда біз де келістік, – деді Кәрім Ахметұлы әңгімені
ары-бері соза беруден ештеңе шықпайтынын біліп. – Қа
былдаймыз сыйлығыңды. Сондай-ақ сенің әскер қатарын
да ұзақ мерзімді қызметте қалып, біздің елімізді, іргесі
мәңгі шайқалмайтын қасиетті қара шаңырағымызды қор
ғаушылардың бірі болуыңды да мақтан тұтамыз. Әйтсе де
Сәлимамен тағы бір ақылдасып ал.
– Міндетті түрде, – деді Асқар екі беті алаулап. – Кетуге
рұқсат па?
Қос басшы құптағандай бастарын изесті.
...Асқар әпкесімен апасының жетісін өткізіп болған
соң сөйлесті. Алғаш ол жылап-сықтап, құлақ қойғысы да
келмеді. Бірақ жастайынан айтқанынан қайтпайтын бір
бет болып өскен інісінің мінезін жақсы білетін ол құр жы
лаудан түк шықпайтынын сезіп, ақылға келді.
– Сонда сен өмір бақи әскерде болып, бізді көрмей кет
пекшісің бе?
– Неге? Жыл сайын демалысқа келіп тұрмын ғой. Келесі
жылы келгенімде апамның басына ескерткіш орнатамын, –
деді Асқар. – Айтпақшы, мына үйдегі дүние-мүлікті, ана
қорадағы малды қолдарыңа көшіріп алыңдар.
Сәлима тағы жылады. Бұл жолы солқылдап, ұзақ жы
лады.
– Бұларды апам марқұм сен үшін жинады емес пе? – деді
ол өксігін баса алмай. – Қара шаңырақтың иесі өзіңсің,
өзің ал.
– Маған дүниенің керегі жоқ, – деді Асқар әпкесінің
арқасынан қағып. – Әскерде бәрі бар, бәрі тегін. Тамақ пен
киімге дейін өздері береді.
К Ө К Ж И Е К
– Қайдам, – деді әпкесі, – тірі адамға бұл қу дүние көптік
етпейді ғой. Өзің біл...
Бұл оның келіскендік белгісі еді.
Арада екі күн өткен соң Асқар ауыл-аймақпен жылы
қоштасып, жолға шықты. Үлкен сапарға аттанарда ол қара
шаңырақтан тек төрде қыстырулы тұрған атасы мен әкесі
нің портретін және сандықта жатқан анасының шағын
ғана суретін алды.
...Келесі күні ол бөлімшеде болды. Ал оның ертеңінде
полк командирінің алдында Асқардың өзін ұзақ мерзімді
әскери қызметке қалдыруды сұраған өтініші жатты.
АЩЫ АЛМА
– Қатардағы жауынгер Молдабаев!
– Мен.
– Рота старшинасы шақырып жатыр, тез жет!
– Құп болады, жолдас сержант!
Дәулет кіші командиріне жарғы бойынша жауап бер-
генімен орнынан самарқау тұрып, есікке қарай көңілсіз
беттеді. Старшина босқа шақырмаған болар. Тағы біреуге
көмектесіп жібер дейді де. Осы он минуттық үзілісті де
қимайды маған. Ел болса жуынып-шайынып тамаққа да
йындалып жатыр деп ойлады ол жол-жөнекей.
Старшина солдаттардың демалыс киімдері сақталатын
бөлмеде жалғыз отыр екен. Дәулет рұқсат сұрап кіріп барды.
– Ә, Молдабаев! Кел, кел, – деді ол орнынан тұрып. –
Еліңнен саған сәлемдеме келіпті. Соны табыс етейін деп
едім. Сөйтті де үлкен столдың шетінде тұрған посылка жә
шігін Дәулеттің қолына ұстата берді.
– Рахмет, жолдас старшина! – деді ол манағы өз ойынан
өзі ұялып.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Рахметті посылка салған кісілерге айт! – деді старши
на қулана. – Сыртындағы жазуына қарағанда қыздардан
ғой деймін...
– Үйден, апам салыпты...
– Онда, бүгін міндетті түрде хат жазып жібер, – деді
старшина бірден салмақты қалпына көшіп. – Ұмытпа,
мұны бұйрық деп біл!
– Құп болады, жолдас старшина!..
Дәулет шағын ғана посылканы ішке көтеріп келгенде
солдаттардың көпшілігі казармада болатын. Оған ортала
рынан қақ жарылып жол берді. Бірақ Дәулет жан-жағына
бұрылмастан, тіке өзі жататын кереуетіне қарай тартты.
Алматының апорты кімді қызықтырмас дейсің?.. Қазір
де оның тек өзіне тән тәтті де қышқылтым иісі мұрынды
жарып барады. Тіпті кейбір шыдамсыз жандар ауыздарын
көлегейлеп, тамсанып та алды.
Дегенмен Дәулет алмаларын бөлуге асықпады. «Ро
тада алпыстан аса жігіт бар, – деді ол өзін өзі жұбатып. –
Бұлардың бәрін сыйлау үшін кемінде осындай тағы да екі-
үш жәшік алма керек. Тәйірі, ешкім өкпелемей қоймас».
Ол екі үлкендеу алманы қалтасына салып алды да,
қалғанын жәшігімен кереуетінің астына итере салды.
– Менің кәнігі мұрным қателесіп көрген емес, алманың
иісі біз жақтан шыға ма деймін?..
Мұрат екен. Оның кереуеті Дәулеттікімен қатар бола
тын. Үнемі көңілді жүретін ол қазір де кішкене мұртын си
пап күліп тұр.
– Иә, маған аздап алма салыпты. Кел, Алматының дәмін
татып көр, – деді Дәулет кереуетіне қайта еңкейіп.
– О, Алматының апорты екен ғой!
– Ой, ақырын..
– Сен, не мұны ұрлап алғаннан саумысың? – деді Мұрат
бірден тіксініп.
К Ө К Ж И Е К
– Е, жоғ-а.. Жәй, әншейін, ақырынырақ сөйле дегенім
ғой. Казармада адам көп емес пе?..
Алғаш жігіттер бұл екеуіне не істер екен дегендей,
сырттай ғана қарап тұрған. Соңынан Дәулеттің сөзін естіп
қалды ма, әлде кешкі тамаққа баратын уақыт болды ма –
тегіс сыртқа шығып кетті.
Мұрат алманың жартысын тістеген бойы сілейді де
қалды. Бейне бір тамағына тас тұрып қалғандай. Бар
болғаны аузын қолымен басып, қырын қарай берді.
– Саған не болды? Жесеңші! Әлде ащысы тап болды ма?
Мә, онда мынаны байқап көр, – деді Дәулет жәшіктен тағы
бір алма алып.
– Ж-о-о... жоқ, өте тамаша көрінеді. Бірақ, сен кешір
мені, тісім ауырып...
Ол қолындағы жарты алманы Дәулеттің алдына тастай
салды да, аузын қолымен көлегейлеп басқан күйі сыртқа
қарай жүгіре жөнелді.
Ертеңгілік Дәулеттердің взводы дабылман көтерілді де,
тактикалық сабаққа кетті. Күні бойы ашық далада дайын
далған солдаттар казармаға тек кешке қарай оралды.
Дәулет ішке жігіттердің соңынан ала кірген болатын.
– О, екінші взводтағы біреуге посылка келген ғой
деймін, – деді Мұрат одан оза беріп.
Дәулет сонда ғана барып аңғарды: әр кереуеттің үстінде
бір-бір алма мен екі-екіден печенье тұр екен.
– Сен кеше тісім ауырып жүр деп едің ғой, – деді Дәулет
бір кезде Мұраттың қашырлатып алма тістегеніне қарап.
– Мынау Алматының апортына қарағанда жұмсақтау
екен. Нанбасаң байқап көр.
Дәулет кереуетінде тұрған өз үлесін батылсыздау алды.
Шынында бұл алма Алматының апортынан әлдеқайда
кішілеу еді. Сонда да тым дәмді сияқты. Дәулет оны асық
пай шайнап, тамсана жұтты.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Кешкі тамақтан кейін жігіттер әдеттегідей өз істерімен
шұғылдануға кірісті. Біреулер хат жазып, біреулер кітап
оқуда. Ал төр жақтағы үлкен айнаның алдына ерекше топ
жиналыпты, бәрі баянға қосылып ән салып отыр. Әсте, сөзі
күлдіргі болса керек, өздері айтып, өздері күледі. Казарма
іші көңілді-ақ.
Бірақ мұның бәрі Дәулеттің көңілін селт еткізбеді. Ол
өзінен-өзі оқшауланып, бұл ортаға жаңа қосылғандай бол
ды да қалды. Бұрынғыдай аналар да «кел, Дәулет ән са
лайық» демеді...
Дәулет өзіне-өзі іштей кейіп, қатты қысылды. «Не істе
сем екен? Жігіттер мен жөнінде жаман ойлап қалмасы
на кім кепіл? Ана жәшіктегі алмаларымды қайттім? Енді
бұлар жалынсаң да татып алмас...»
...Түн ортасы. Казармада әлсіз сәуле төгіп, көгілдір
лампочка ғана жанып тұр. Солдаттар күндізгі жаттығу
дан соң мықтап шаршаса керек, тәтті ұйқыда жатыр.
Кенет Мұрат бері қарай аунап түсті де, күбір ете қалды.
Түс көріп жатса керек.
Дәулет осының бәрін байқап жатыр. Ол әлі көзін іліп те
алған жоқ. Әншейінде қисая салысымен келетін ұйқысын
бүгін мазасыз ой маңына жуытпады.
Бір кезде ол шұғыл шешімге келгендей орнынан атып
тұрды да, кереуеттің астындағы посылка жәшігін қолына
алып, сыртқа қарай беттеді.
...Дәулет ішке сергіп кірді. Аяғын еппен басып
кереуетіне отыра бергенде, сергек ұйқылы Мұрат оянып
кетті.
– Әй, сен не ғып жүрсің аю құсап?..
– Асханаға барып келдім...
– Жұмыс істедің бе? – деді Мұрат жастықтан басын кө
теріп.
– Жоқ... Жаңа ғана тамақ пісіруге аспаздар келген екен,
соларға алмаларды өткіздім.
К Ө К Ж И Е К
Мұрат «е, енді түсіндім» дегендей екінші жағына аунап
түсті.
Бұл сәтте Дәулет те ұйықтап кеткен еді.
...Ертеңгілік жауынгерлер асханадан Алматының апор
тын сүйсіне жеді. Бірақ олар бұл алманың қайдан, кімнің
атына келгенін білген де, сезген де жоқ.
СОҢҒЫ ТРАМВАЙ
Аспан жерге айналып түскендей тым ыссы: қапырық
ауа қала халқының апшысын қуырып, берекесін алып тұр.
Әншейінде міз бақпай сіресіп жататын сұр асфальттың да
беті бусынап, жіпсіп қалыпты, баланың еңбегіндей былқ-
былқ етеді. Кей жерде жаңа ғана жүріп өткен автобус
доңғалақтарының ізі де білініп қалады.
Жарқын бензин мен смола иісі аралас қапырық ауаны
тыжырына жұтты да, гимнастеркасының түймесін ағытты.
«Тәйірі, осындай ми айналдырарлықтай ыстықта патруль
кездесе қояр деймісің». Бірақ бұл тәсіл де пайдаға аспа
ды. Енді оның тершіген денесі үстіндегі демалыс киімін де
ауырсына бастады. Ол жағасын қайта түймелеп, орталық
көшеге қарай бұрылды.
Маңдайшасында «Салқын сусындар» деген жазуы бар
ағаш дүкеннің ішінде жан жоқ екен. Жігіт мұзы мен суы
аралас үлкен ағаш кеспекте тұрған бөтелкелерге қимас
тықпен қарады да, сыртқа қайта шықты.
– Солдат, саған не керек? – деді дәл осы сәтте есіктің ал
дындағы көлеңкеде отырған алпамсадай кісі дауысын жер
гілікті халықтың тіліне сай әндете созып.
– Су ішейін деп ем...
– Іштің бе? – деді анау толық денесін қолымен желпіп.
– Жоқ, сатушыны таппадым.
Денелі қара еңкілдей күліп, екілене сөйледі.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– У-ай, сен қызық екенсің?.. Біз қай ғасырда өмір сүріп
отырмыз, білесің бе? Жиырма бірінші! Олай болса магазин
ге сатушының қажеті не? Тіпті керегі жоқ!.. Дүкен ашық
па? Ашық. Су бар ма? Бар. Тек, ал да іше бер...
– Рақмет кеңесіңізге, – деп Жарқын бұрыла беріп еді,
анау қайта дауыстады.
– Әй, солдат, тоқта! – Ол астына төсеніп отырған ақ
желеңін кие-мие түрегелді. – Сатушы менмін. Сен не,
әзілді түсінбейсің бе? Сірә, қалаға бірінші шығуың ғой
деймін... Әлде салагасың ба?.. – деп қарқылдап күлді де,
артынша, – жарайды, көңіліңе алып қалма, менікі ойын
сөзі ғой, – деді. – Дегенмен кәнігі солдаттар демалысын
бүйтіп өткізбейді. Олар мұндай кезде теңіз жағасында бо
лып, қалаға салқын түскенде ғана келеді.
Жарқын онымен сөз жарыстырып жатпады.
– Сыра ма, лимонад па? – деді сатушы ішке кірген соң.
– Лимонад.
Ол бір бөтелке салқын суды сүйсіне ішті де, көңілді
сатушыға сыпайы түрде рахметін айтып, сыртқа шықты.
Шынында да Жарқын Асыловтың әскер қатарына
алынғанына әлі бір жыл да толған жоқ болатын. Оның
үстіне бүгін бірінші рет демалысқа шығып отырғаны да рас
еді. Жаңағы әзілқой сатушының «салагасың-ау» деуінде де
шындық бар.
«Осы біздің бірінші жылғы екеніміз маңдайымызға жа
зулы тұра ма? Кез келген солдат түгіл жергілікті адамға
дейін сезіп қояды, – деп қынжылды ол былай шыға бере. – Де
генмен жаңағы қарынды қараны менімен күрестіріп көрер
ме еді? Сонда көрер едік кімнің салага екенін?!» Осы тұста
Жарқын өзінің әскер қатарында жүріп самбо күресінің
кейбір тәсілдерін шебер меңгергенін және өзімен қарайлас
көп жігіттен басым түсетінін есіне алып, көтеріліп қалды.
Теңіз қаладан онша қашық емес тұғын. Жарқын үлкен
асфальт жолдан бұрылды да, тоғай арасындағы жалғыз аяқ
К Ө К Ж И Е К
сүрлеуге түсті. Қалың өскен үйеңкі мен қарағай қолмен
қондырғандай самсап тұр. Жол бойы осы бақ ішінде дема
лып жатқан халық ағаш санынан да көп. Олардың таңдап
алған жерлеріне қарап, жас шамаларын да мөлшерлеуге
болады. Егде кісілер көлеңкесі мол, жазықтау жерлерде
кездессе, керісінше, жастар жағы қайдағы бір оңашалау
бұрыштарды таңдапты. Мұндай жерлерге келгенде Жар
қынды ерекше бір әуестік жеңіп, көп қарайлайды да, ар
тынша өз қылығынан өзі қысылып, жүгіре жөнелгендей
болады.
Күннің ыстығы басылайын деді ме, әлде теңіз жаға
лауының ауасы себеп болды ма, денесі сәл сергиін деді.
Теңіз құлаш тастам жерде. Оның шуылы да құлаққа
анық естіледі. Жарқын бас киімін қолына алып, орама
лымен маңдайын сүртті. Қатты жүрсе керек, алқынып
қалыпты. Ол суға түспес бұрын біраз терін басып алмақшы
болды да, қарсы алдындағы топ шыршаға қарай бұрылды.
Құнарлы жерге өскен мап-майда көк шөптің үстіне
тізерлеп барып отыра кетті. Сазды жердің топырақ иісі
аңқып тұр екен. Құдды Ақжардағы көктің иісі. Айнымаған
дәл өзі. Бір сәтке ол өзінің туған жері Талас өзенінің бойын
сағына есіне алып, қиялдай жөнелді.
...Ол кезде Жарқынға дүние жүзінде Талас суындай
мөлдір де таза өзен жоқ сияқты болып көрінетін. Әсіресе,
оның жағасындағы көк майсаны айтсаңшы! Күні бойы шо
мылып алып, осы көк шөптің үстінде ары-бері жүгіргенге
не жетсін?! Оның екі табанында жас баланың әлсіз сау
сақтарындай талай қытықтаған Таластың көк шалғыны
әлі де сезіліп тұр емес пе?! Шіркін, туған жердің топырағы-
ай!..
Жарқын екі аяғын көсілте созды. Тағы да дәл баяғы
сәттегідей бейкүнә де әлсіз көк шөп аяғын қытықтай
жөнелді. Жігіт етігін қалай шешіп тастағанын өзі де бай
қамады...
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Сен не, мұнда өзіңнің қисық аяғыңды көрсету үшін
келгеннен саумысың?!
Жарқын селк ете қалды. Жаңағы тәтті қиял да тұманша
сейіліп жүре берді. Ол орнынан атып тұрып, дауыс шыққан
жаққа қарады.
Гүлді төсеніштің үстінде қыз бен жігіт қатар жатыр
екен. Бейне «Өз үйі – өлең төсегі». Жартылай жалаңаш
денелердің әншейінде көп көріп, көз тойдыра алмастай
аяулы жерлері арбап алады екен.
– Ой, сен көп қарап қалдың ғой, – деп жігіт басын жұлып
алды.
– Кешіріңіздер, мен байқаусызда...
Жарқын топ шыршаның ішінен атып шықты.
«Бүгін тіпті жолым болмас, – деп күйінді ол тағы да
торығып. – Ұят-ай! Қайдан ғана етігімді шеше қойдым
екен? Теңізге жеткенше өлмейтін едім ғой».
Жарқын теңіз жағалауында өмірге келмесе де, жаста
йынан үлкенді-кішілі өзендер мен көл суларына көп шомы
лып, малтуды барынша жетік меңгеріп алған еді. Қазір де
ол теңізде еркін жүзді.
Айнала у-шу. Қала халқының көпшілігі осы жерде
сияқты. Қалт-құлт еткен қарт та, желкілдеген жас та бар.
Алыстан көңілді музыка даусы талып естіледі.
Жарқын біраз шомылды да, жағалаудағы құмайтқа жатып
ұзақ қыздырынды. Салқын су мен таза ауа әп-сәтте-ақ көңі
лін сергітіп жіберді. Уақыт та білінбей өте шыққан сияқты.
Қалаға қайтар кезде Жарқынның автобусқа отырғысы
келмеді. «Асығып қайда барам, – деп ойлады ол ішінен, –
демалыс қағазым сағат түнгі он бірге дейін емес пе? Екінші
жағынан, жаңағы саялы бақты аралап өтудің өзі бір ғанибет
қой...»
Ыстық басыла серуендегі кісілердің көбі қайтып кетсе
керек. Бақ іші босап қалыпты. Жарқын жан-жағына қи
мастықпен қарап, манағы жалғыз аяқ жолға түсті.
К Ө К Ж И Е К
Кенет алдыңғы жағынан «Ағатай, не жаздым!» деп
жыламсыраған баланың ащы даусы естілді. Жігіт жүрегі
көңілсіз бір оқиғаны сезгендей дір ете қалды. Дауыс
манағы топ шыршаның ішінен шығады. Ойланып тұруға
уақыт жоқ. Ол жүгірген бойы шырша ішіне кірді де, қалт
тұрып қалды.
Манағы ұзын бойлы жігіт жас шамасы он үш-он төрттегі
баланың жағасынан алып сілкілеп тұр.
– Оңбаған! Мен саған көрсетем қалай сығалауды!..
– Оллаһи, байқаған жоқпын сіздерді! – деді бала жұлқы
нып.
– Онда сенің көзіңді ашу керек екен!..
Жігіт салып қалды. Бала баж етіп ұшып түсті.
– Тоқтат!
Жарқын жігітті ұрған жоқ, итеріп жіберді.
– Сен, қисық аяқ та осында ма едің? Аманыңда жөніңді
тап, әйтпесе мынаның кебін киесің, – деді жігіт тісін
қайрап.
– Сабыр, батырым, сабыр...
Бөтен адамның дауысын естіп, гүлді төсеніштің үстінде
жатқан қыз басын көтеріп алды да, жалма-жан көйлегіне
қол созды. Оның сұлу жүзінде үрейден гөрі таңдану басым.
Соққы жеген бала жерде қыбырсыз жатыр. Бейне тыны
сы да тоқтап қалғандай. Жарқын оның басын көтерді де,
мұрнының қанын сүртті.
– Тасжүрек! Жас баланың жазығы не?
– Мүмкін сен, сен салага да сығалаған боларсың? – деді
жігіт қанын ішіне тартып.
«Салага!» Осы сөзді Жарқын бүгін екі рет естіді. Тым
көп емес пе?
– Ұятсыз! – ол даусының қалай ашулы шығып кеткенін
білмеді. – Көпшілік дем алатын орында өзіңді адам құсап
ұстай білсеңші!..
– Мен саған!..
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Жарқын бүйіріне тиген ауыр соққыдан бір сәтке
есеңгіреп кеткендей болды. Көзін ашып алып еді, ананың
ұзын аяғы енді тұмсық жағына таяп қалған екен.
Жарқын өзіне-өзі тез келді. Ол екі қолын айқастыра
қалып, сілтенген аяқты нық ұстады да, алға қарай жұлқи
тартып, бұрап қалды. Жігіт кесілген теректей сұлап түсті.
Әскерде үйренген самбо күресінің тәсілі бойынша енді
іштен теуіп барып, мойнын қылқындыру керек. Бірақ
бұл оны істеген жоқ. Мұндай тәсіл тек жауларға ғана
қолданылады.
Сұлу қыздың дауысы сүйкімсіз шықты.
– Көмектесіңдер... Өлтірді!..
Жарқын оған зілдене бір көз тастады да, жерде жатқан
жас баланың басын қайтадан көтерді.
Бала есін жиып қалса керек, көзін ашты да, солдат
киіміндегі адамды көріп күлген болды.
– Еш жерің ауырған жоқ па?..
Бала «жоқ» дегендей басын шайқады да, артынша
«сақтан!» деп шыңғырып жіберді.
Жарқын артына шұғыл бұрылып, қайран қалды.
Көңілін бір сәт діріл билеп, маңдайынан жалғыз тамшы
суық тер үзіліп түсті. Қанша бір оңбаған болса да, мұндай
опасыздыққа барар деп кім ойлаған: жігіт қолына ұзын
жүзді пышақ алып, тақап қапты.
Не істеу керек? Жарқын өзінің күнделікті жаттығу
үстінде жасайтын тәсілдерін ойына түсіре, кейін шегінді.
Жігіт құдды жаттығу кезіндегі қарсыласындай пышақ
ұстаған оң қолын жоғары көтерген күйі аяғын алшаң ба
сады. Бірақ оның қолындағы ағаштан жасалған пышақ
долбайы емес, кәдімгі пышақ. Тисе осып түсетін болат
пышақ!..
Кенет пышақ сілтеліп, жарқ ете қалды. Бірақ Жарқын
титтей де қателескен жоқ. Ол жігіттің пышақ ұстасына
қарап, соққының жоғары жақтан болатынын алдын ала
К Ө К Ж И Е К
сезген еді. Осыған орай жеңіл әдіс қолданып та үлгірді:
жігіт бір жаққа, пышақ екінші жаққа ұшып түсті. Енді
оны аяуға болмайды. Анау да осыны сезсе керек, орнынан
тез көтерілді де, алды-артына қарамастан зытып отырды.
– Орындарыңнан тапжылмаңдар!..
Істің ақырын күтіп тұрғандай, осы сәтте жасақшылар
мен екі милиционер шыға келді.
Әбүйір болып, милиция бөлімі оны көп ұстамады. Аты-
жөнін, қай бөлімнен екенін жазып алды да, қаладағы
әскери комендатураға жіберді.
Комендант та оқиғаны алдын ала естіген болу керек,
әңгімені көп созған жоқ.
– Уақытың бітуге таяп қалыпты, сені көп ұстамай
мын, – деді комендант. – Бірақ сен баланы соққыдан ара
шалап жұбатқаныңмен, азаматшаны жігітінен ажыратып
жылаттың...
Жарқын комендатқа таңдана қарап, ақтала сөйледі.
– Жолдас майор, мен жігітті қуған жоқпын... Өзі ғой
қашқан.
– О-о! Әңгіменің түйіні осында жатыр ғой, – деді енді ко
мендант күлімсіреп. – Бұл жерде жігіттің ішкі сыры ашы
лып отыр емес пе? Оның бұл опасыздығы бүгін болмаса,
ертең білінуі хақ қой. Ал сен сол азаматтың бетпердесін дер
кезінде жұлып алып, әшкере еттің. Ақылды қыз мұндай
істен қорытынды шығарып, жігітінен ерте құтылғанына
қуанатын болар. Егер де жеңіл өмір қуған бике болса,
қайтеміз, жылай берсін!..
«Өмір деген қызық-ау!» деп ойлады Жарқын сыртқа
шыға. «Жақсы да, жаман да мәңгілік жасырынып қал
майды. Бірде болмаса, бірде ана жігіттің сыры құсап ашы
лып қалмай ма? Комендант өте дұрыс айтты, күні ертең
манағы сері жігіт өзінің сүйіп қосылған жұбайын ана жас
бала құсатып шырылдатпасына кім кепіл?..»
3-151
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Көшеде адам аяғы саябырлап қалыпты. Оқтын-оқтын
азынап автобустар, сып-сып етіп жеңіл машиналар ғана
өтеді.
Қаланың арғы шетінен майланбаған арбадай шиқылдап,
сықырлап трамвай бұрылды.
Жарқын сағатына қарап еді, демалыс уақытының
бітуіне жиырма минуттай қалыпты. Ол енді кешікпейтініне
толық сенді.
Трамвайдың ішіндегі адам шамалы-ақ екен. Есік жақ
тағы орындықта қалғып-мүлгіп мосқалдау келген кондук
тор әйел отыр. Арт жақтағы орындықтарға қыз бен жігіт
бөлек орналасыпты. Екеуі екі шетте. Жігіт кінәлі адамдай
анаған жалтақ-жалтақ қарайды. Ондай кезде қыз жігіттің
бұл түрін елемегендей, көзін басқа жаққа тайдырып әкете
ді. Ақыры қыз шыдай алмады, екеуінің жанарлары түйісіп
қалды. Қыз жымиды, жігіт күлді.
Аздан соң олар бір орындықта бастарын түйістіре қатар
отырды. Татуласқан түрлері бар.
Жарқын олардың бұл қылықтарына қызыға қарап,
еріксіз жымиды. Ойына тағы бүгінгі оқиға сап ете қалды.
«Нем бар еді соларға соқтығысып. Егер менің кесірім тиме
генде, олар да мыналар құсап, бірге жүрер ме еді? Олар да
мыналар құсап, соңғы трамваймен үйлеріне қайтып келе
жатар ма еді? Япыр-ау, осы мен махаббат обалына қалған
жоқпын ба? Әлде...»
Асылов бұл күні казармаға біріне-бірі қарама-қайшы
екі түрлі пікірді арқалап қайтты.
* * *
Арада бірнеше күн өтті.
Сәті түсіп, бір жексенбіде Жарқын тағы да кезекті
демалысқа шыға қалды.
К Ө К Ж И Е К
Табиғат бұдан үш апта бұрынғы қалпынан аумайды.
Баяғы ыстық, баяғы қапырық ауа. Ол бұл жолы су сатушы
ны іздеп әуреге түскен жоқ. Дүкеннен бір бөтелке лимонад
ты өзі алып ішті де, ақшасын стол үстіне қалдырып кетті.
Есік алдында отырған үлкен қара тағы әзілдеді, бірақ «са
лага» деген жоқ.
Ол теңізге қарай келе жатып, баяғы бақ ішіндегі жастарға
да көңіл бөлмеді. Тек өзіне таныс топ шыршаның тұсына
келгенде ғана өткендегі оқиғаны есіне алып біраз тұрды.
«Мүмкін ол жерде қазір басқа біреулер отырған болар...»
– Жарқын!
Жігіт өз құлағына өзі сенбегендей дауыс шыққан жаққа
жалт қарады. Ғажап! Ол енді өз көзіне өзі сенбегендей бол
ды – баяғы сұлу қыз.
Ол қазір тіпті сымбаттанып кеткендей. Дене пішімінде
мін жоқ. Қысқа жеңді шыт көйлегі топ-толық денесіне
жарасып-ақ тұр. Қыз өзінің көркем де келбетті кейпін
мақтан еткендей асқақ жүріп келеді.
– Жарқын! – деді ол тағы да. – Мен сіздің аты-жөніңізді
ана жолы милициядан сұрап, біліп алған болатынмын.
Оған таңданбаңыз. Содан бері әр жексенбі сайын осында
келіп, сізді кездестіріп қалам ба деп іздестірумен жүрмін.
Айтайын деген сөзім бар. Ол ана жолғы оқиғаға байланыс
ты еді... – Қыз осы тұста біраз кібіртіктеп қалды. – Мен
сіздің алдыңызда кешірім сұраймын. Әсіресе, Андрейдің
ішкі дүниесін ашып бергеніңізге рахмет. Бұл маған өмірлік
сабақ. Көп-көп рахмет сізге!...
Қыз осыны айтты да ізетпен басын иіп, тық-тық басып
жүріп кетті...
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
«ҚЫЗЫЛ АУЫЗ» ХИКАЯСЫ
Ежелгі дағдысы бойынша Қымқа бүгін тағы да ерте
оянып кетті. Таң жаңадан атып келе жатса керек: үй іші
алагеуім. Ол оң жамбасына аунап түсті де, көзін қайта
жұмды. Бірақ ұйқысы келмеді. Мұндайда адам баласының
басына қайдағы бір өткен-кеткен оқиғалар оралады емес
пе? Әсіресе, жасамыс тартқан сайын ойшыл болады екен.
Ол заңды да сияқты. Адамдар жасы ұлғайған сайын арт
та қалған өміріне қимастықпен қарап, «япыр-ау, осы
уақыттардың ішінде не істеп, не қойдым, кімге қандай
жақсылық немесе жамандық жасадым» дегендей өзіне-өзі
есеп береді емес пе? Бұл сәтте олар жақсы істеріне жасарып,
жаман істеріне жасып қалады. Сондықтан да қарт кісілер
өздерінің бастарынан өткен тек қызықты шақтарын ғана
еске алуға тырысады. Содан ләззат алады.
Шалының қазасы Қымқа әжейді қатты жүнжітіп жібер
ді. Рас, кейде ол Бүркітбай өлімін еске алғысы келмегендей
«Қойшы, осы қартайғанда не жоқ маған қай-қайдағыны
ойға алып, одан да сол жаман шалдан қалған үш қызым
мен Айтанымның және мына қара домалақ немерелерімнің
тілеуін тілейін де, осылар аман болсын, біздің өмірімізді
алға апарушылар осылар емес пе?!» деп өзін-өзі қайрайтын
кездері де бар. Сөйтіп балаларының «апалап» аймалауын,
немерелерінің «әжелеп» еркелеуін еске түсіреді. Бірақ дәл
осы кезде олардың «аталап» қара шалдың алдынан шық
пайтын кездері ойға сап ете қалады. Мұндай сәтте Қымқа
әжей Бүркітбай қарттың: «Е, қара қозыларым, сендердің
алдарыңда қазір өліп кетсем де арманым жоқ» деп айта
беретін жаттанды сөзін тағы да есіне алады. Сол сол-ақ екен
қарт ананың көз алдында көлбеңдеп Бүркітбай тұрады да
қояды. Бұл жәйт, әсіресе, соңғы күндері тым жиілеп кетті.
Оның да өзіндік себебі бар.
К Ө К Ж И Е К
Бір-екі жылдан бері «Қамыс зауыт» поселкесінің тұр
ғындары «Үкімет Іле өзенін бөгейтін болыпты. Біз тұрған
жердің бәрі су астында қалатын көрінеді» деп әңгімелеп
жүрген болатын. Алғаш бұл сөзге Қымқа әже онша мән
берген жоқ. «Тәйірі, ел не демейді. Ғасырлар бойы адам ба
ласына бой бермей жатқан көне Іле оған дес бере қояр ма
екен? Жәй айтыла салған сөз шығар...»
Жас кезінде Қымқа үлкендердің аузынан талай аңыз-
әңгімелер естіген болатын. Соның бірі мәңгілік жадын
да қалып қойыпты. Ол осы Іле өзеніне байланысты аңыз
тұғын. Көнекөз қарттар Іле өзенін «киелі өзен» деп атай
тын.
...Ертеде Іле бойында атақты бір бай өмір сүріпті. Оның
мыңғырған малы бір мезгілде келіп Іледен су ішкенде,
өзен көп орта түсіп қалады екен. Сараң бай халықтан суды
да қызғанатын көрінеді. Сондықтан ол Іледен алғаш өз
жылқылары су ішіп болғаннан кейін ғана барып, басқа
елдің арық-тұрық малына жол береді екен. Бір жылдары
құрғақшылық болып, Іле өзені орталанып қалады. Мұнан
қатты қорыққан бай қарауындағы халықты жинап алып,
«Өзенді бөгеп беріңдер» дейді. Бай сөзі – бұйрық. Халық
жүн түтіп, ұршық иіріп мыңдаған қап, қанар тоқиды.
Сөйтіп оларға тас, құм толтырып салады да Іле арнасына
тастайды. Дегенмен ағысы қатты өзен қаншама орталанып
қалғанымен халыққа бой бермейді. Ашуға булыққан бай
өз дегенінен қайтпайды. Халық қатты титықтайды. Асау
Іле өзіне түскен қаптар мен қанарларды құм-тасымен бірге
жұлып алып, төмен қарай ағызып кете береді. Көптеген
мал-жан суға да кетеді. Бай сонан кейін ғана барып амал
сыз райынан қайтады.
Сонан тағы бірде байдың жылқылары су ішіп тұрғанда
Іле өзені табан астында тасып, ернеуінен асып кетеді. Тау
дай-таудай толқындар жағаға қашып үлгірмей қалған
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
мыңдаған малды құшығына алып, ағыза жөнеледі. Бай
жылқыларының денелері баяғы халық бөгемек болып
әуреге түскен Іленің қысталаң иініне соғылады. Жарқабақ
қызыл қанға боялады. Осылайша сараң бай бар малынан
ажырап, бишара халге түсіп қалады...
Осыдан бері халық Ілені «киелі өзен» деп атайтын кө
рінеді. Ол адамның шектен тыс асып-тасуын көтермейді.
Өз қара басы үшін қандай да болмасын зұлымдыққа бара
тын жандарға әлгі сараң бай құсатып сыбағасын береді.
Осы аңызға байланысты халық байдың жылқысы ағып,
жартасқа соғылған мойынды «Қызыл ауыз» деп, ал өздері
бөгемек болып, қап-қанарлар салған өзен арнасының қылта
жерін «Қапшағай» деп атап кетсе керек.
Бұл аңыз-әңгіменің қаншалықты шындыққа жанаса
тынын Қымқа әже білмейді. Дегенмен ол Іле өзенінің адам
баласына бой бермейтініне толық сенетін. Мұнан кейін де
Қымқа осы өзенге байланысты көптеген аңыз естіді. Бірақ
оның бәрі есінде қалмады. Мәңгілік ұмытылмастай болып
жадында қалғаны тек осы ғана.
Міне, осы кәрі Ілеге бұғалық түспек. Енді сенбеске әд
дісі жоқ. Бұл күндері «Қызыл ауыздың» маңына техника
толып кетті. Тау қопарып, тас қашаған адамдар ол жерде
күндіз-түні бір тынбайды. Қымқа әже олардың үлкен бір
іске бекем бел буғанын іштей сезуде.
«Иә, өкімет Іле өзенін бөгеп, жасанды теңіз жасаймын
десе, қолынан келеді. Аспандағы ай мен жұлдыздарға ра
кета ұшырып, алып стансалар салып жатқан адамдарға
Іле өзенін бөгеу сөз болып па?! Ал Іле бөгелді делік. Сонда
мына өзіміз отырған «Қамыс зауыт», ана Бүркітбайдың
сүйегі жатқан «Қараой» өңірі де су астында қалмақ па?!»
– Уһ!..
Әже терең күрсінді де, көзін ашып алды. Таң аппақ атып
ты. Алыста сарылдап аққан өзен шуылы мен маңыраған
қой-ешкілердің даусы естілді.
К Ө К Ж И Е К
Қымқа жанында жатқан жеті жасар немересі Әлік пен
туғанына бес-алты ай болған Айгүлдің көрпелерін қымтап
жапты да, сыртқа беттеді.
Күн ұясынан енді-енді ғана шығып келе жатыр екен.
Таңғы ауа салқындау. Оның үстіне өзен жақтан баяу жел
соғып тұр. Қымқа жаулығын жөндеп тартты да, қарсы
беткейдегі төбеге қарай аяңдады.
Дәл осы кезде «Жаманқұм» жақтан гүрілдеп трактор
лардың даусы шықты. Оған теріскейдегі жартастар да
жаңғырықтыра үн қосып тұр. Әже көзінің алдын қолымен
көлегейлеп, дауыс шыққан жаққа қарады. Сағым қуған
даланың төсінен бері қарай бірнеше трактор бөлініп
шықты. Олар барған сайын айқындалып, бейне таптап
кететін жау қолындай жақындай берді. Енді біраздан соң
тракторлар тобы қызыл құмның шаңын аспанға көтеріп,
«Қараойға» қарай бет алды.
Кенет әже жүрегі зірк ете қалды. «Япыр-ау, бұлар Бүр
кітбайдың денесі жатқан зиратқа бара жатқан жоқ па?!.»
Қымқа жедел бұрылды да, үйге қарай жүгірді. Бұл
жолы таңғы ауаның салқынын анық сезгендей болды. Де
несі тітіркеніп, қалш-қалш етті. Мұнысы несі? Тоңғаны ма
әлде. Әлде...
Әже аулаға айқайлай кірді:
– Зоя, а, Зоя. Оят, ана Айтанды. Тұрсын тез!
Енесінің мына сөзінен шошып кеткен Зоя атып сыртқа
шықты.
– Апа, не болды?
– Не қыласың не болғанын, оят дедім ғой ана күйеуіңді,
оят!
Сырттағы абыр-сабырдан Айтанның өзі де оянып кет
кен еді. Ол жедел киінді де аулаға шығып, аңырап тұрып
қалды. Оқиғаның байыбына түсінбей аң-таң.
– Жайшылық па, апа? Түсіңіз бұзылып кетіпті ғой.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Қайдан жайшылық болсын, – деді әжей сұп-сұр болып. –
Ана, көрде жатқан әкеңе тыныштық бересің бе, жоқ па?..
– Не боп қалды?
– Түсінбей тұрғаның! Сен дейді ғой ана молаларды бұз
дыруға бұйрық берген. Ең болмаса әкеңді аясаң етті!..
Айтан анасының неге ашуланғанын енді түсінді. Сөйтті
де үнсіз ғана оны құшақтап, үйге алып кірді.
Осыдан бірнеше ай бұрын ауданда алқалы жиын өткен
болатын. Сонда болашақ теңіз астында қалатын үйлерді
сыртқа көшіру туралы сөз қозғалған еді. Басшылар бұл
жөніндегі пікірлері бір жерден шыққанымен, сөз кезегі
ескіден келе жатқан молаларға ауысқанда өзара дауласып
көп отырған еді. Біреулер оларды бульдозерлермен сырып,
сыртқа шығару керек десе, біреулер тіпті қозғап қайтеміз,
сол бетімен жата берсін деген болатын. Сол кезде поселкелік
кеңестің төрағасы ретінде Айтан Әлманов мінбеге шығып:
«Жолдастар, ескі молаларға тимейік. Оларды трактор
лармен талқандап жатсақ, халық бізге не демек? Одан да
молалардың үстін топырақпен нығыздап, үстін бетондап
тастайық», – деген еді. Бұл пікірді бәрі қостаған.
Содан бері ел арасында неше түрлі сөз де болды. Оның
арасында ойдан шығарылған өсегі де бар еді. Ал олардың
кейбіреуі Қымқа әжейге там-тұмдап жеткен. Әсіресе, бала
сына байланысты әңгімелелер көп еді. Оны Айтанның өзі
де сезетін. Бірақ тіс жарып ешкімге ештеңе деген емес.
Енді үндемей қалмасқа болмайды. Айтан апасының
иығынан құшақтаған күйі ескі зиратқа байланысты өз
ойын там-тұмдап жеткізді.
Қарт ана біраз үнсіз отырды да:
– Ең болмаса сүйегін қазып алып, басқа жерге қояйық
та, су астына қалай қиып тастайсың. Ертең ел әкеңнің мо
ласы қайда десе, не дейсің? Ойлан, ұлым, – деді.
Айтанның бір сәтке үнсіз қалғанын келіскендік болар
деп түсінген ана өз ойын одан ары жалғастырды.
К Ө К Ж И Е К
– Сол маңда жатқанның бәрі өз аталастарың. Біреудің
әкесі, біреудің шешесі дегендей, «ие болыңдар» десең осы
«Қамыс зауыттан» қалың қол өріп шықпай ма?..
Ауыз ләмі араға біраз уақыт салып барып әрең шықты:
– Ол не деген сөз?
– Ол дегеніміз әркім өз жақындарының моласына ие бол
сын деген сөз, – деді Қымқа әжей баласын ымыраға шақы
рып. – Қазып алып, басқа жерге қойғысы келе ме, жоқ әлде
сол қалпында қалдырғанды жөн көре ме – өздері білсін.
Сенің арың таза болады. Алдарынан өттің. Ал біз әкеңнің
сүйегін ана Сарыөзек жақтағы әулиелер қорымына апа
рып қоямыз.
Әншейінде діншілдігі тасып бара жатпайтынын жастай
ынан жақсы білетін Айтан апасының «әулиелер» деген
әуеніне сай:
– Аруақтарды мазалауға болмайды деген бар емес пе? –
деп қалды.
Қымқа қынбады.
– Әй, онда ана шешендердікі де шет болғаны ма, – деді
тосын ой табан астында басына сап ете қалып. – Елдеріне
көшерде сонау Кәпкәзіне әке-шешелерінің де сүйектерін
киізге орап ала кетіпті деп естідік қой. Дінді құрметтейтін
нағыз мұсылмандар солар емес пе? Демек бізге де сөйтуге
болатын шығар.
– Қойыңыз, апа, ол кейбір жеңіл ауыз адамдардың
шығарып жүрген өсегі ғой.
– Қайдам, «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды»
емес пе?
– Шөптің басы ауызбен үрлесе де қимылдайды...
– Жарайды, қойдық оны. Жаңағы мәселені қайтеміз?
– Нені? – деді Айтан қасақана түсінбегенсіп.
– Өз әкеңнің моласын айтам.
– Жоқ, ол айтқаныңыз болмайды, – Айтан шешесінің
сөзін кесіп тастады. – Мен ондай іске бара алмаймын. Бүгін
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
мен әкемнің сүйегін қазып алып жатсам, ертең басқа жұрт
қайтпек. Қинамаңыз, апа...
Қымқа ауыр күрсініп орнынан тұрды да, немерелері
жатқан бөлмеге қарай беттеді. Бұл жолы ол Айтанын
қатты аяп кеткен еді. «Шынында маған не болған, – деп
ойлады ол немерелерінің жанына келген соң. – Қарағыма
көмектесудің орнына, әкеңнің сүйегін қазып ал деп маза
сын алдым. Қой, мұным жарамас...»
Әже шыдай алмай тысқа қайтып шықты да:
– Әй, Зоя, шәй қойсаңшы. Әлгі бала жұмысқа барады
ғой, – деді.
Айтан үйден шыққанда күн едәуір жоғары көтеріліп
қалған еді. Құмның беті лезде қызып қалыпты. Көз жететін
жердің бәрі сағым құшағында, бұлдырап көрінеді.
Алдымен жаңа қала салынып жатқан жерге соғайын,
сонан соң ГЭС құрылысына барармын деп ойлады ол жол-
жөнекей. Сөйтті де батысқа қарай бұрылды.
Іле поселкесінен қозыкөш жердегі дөңес үстінде са
лынып жатқан жас қала күн сайын емес, сағат, тіпті ми
нут сайын өсіп келе жатқандай. Бір күннің, бір түннің
өзінде өзгеріп шыға келеді. Қазір де солай. Айтан кеше
ғана өзі көріп кеткен тұрғын үй құрылысының тағы
бір қабырғасының көтеріліп қалғанын байқады. Түнгі
сменадағы құрылысшылардың өндіре жұмыс істегені
осыдан-ақ көрініп тұр.
Ол аумақты келген құрылыс алаңынан айналып өтті
де, екінші көшеге түсті. Мұнда да қайнаған жұмыс. Ары-
бері ағылған машиналар мен жоғарыға құрылыс матери
алдарын әперіп тұрған көтергіш крандардың үні басты
айналдырады. Бірақ осының өзі рахат сияқты. Бұл да
уыс Айтанға көптен таныс. Өзі құрылысшы болмаса да ол
күн сайын осылардың арасында жүр емес пе? Құрылыс
алаңдарындағы бұл үн оның құлағына бейне бір құдіретті
саздай естіледі. Ол жатарда да осы әуезді жүрегімен тың
К Ө К Ж И Е К
дап, ерекше бір ләззат алатын. Ал таңертең тұра салып
тағы да сол үнді естігісі келеді. Көңілі әлденеге елегізіп,
осы жерге, құрылыс алаңына жеткенше асығады.
Өйтпегенде ше! Бұл құрылыс оның төл баласы іспетті
емес пе?! Бәрі де күні кеше ғана сияқты. Ал қарап отырса
қаншама жыл өте шыққан. Он, он бес... Жылдар да жыл
дам екен!..
* * *
Әжей биыл тоғызыншы ондықты майдалады. Әйтсе де әлі
тың. Сол бұрынғы құнақы қалпынан өзгермеген. Өзгерген –
өңір. Қапшағайдың қанаты қатайып, теңіздің суы молайды.
Қазір бұл жер «Қызыл ауыз» деп аталмайды. Ол теңіздің
астында қалды. Бұрынғы «Жаманқұм» да, «Қараой» да,
«Қамыс завод» та жоқ. Қазір бір-ақ Қапшағай бар. Қапшағай
қаласы, Қапшағай теңізі бар. Бүркітбай қария соның бәрін
судың астынан бақылап, риза болып жатқандай.
...Теңіз шалқып жатыр. Оның арғы шеті көкжиекпен
шектесіп, сағымдана көрінеді. Теңіз де көк, аспан да көк.
Айдын шалқар төсінде жарқ-жұрқ етіп шағалалар ойнай
ды. Анда-санда кемелер мен катерлер жүзіп өтеді.
Теңіз шетіндегі дөң үстінде манадан бері осы көріністен
көзін алмай қарт әже отыр. Бұл Қымқа болатын.
«Қызыл ауыздың» осы бір дөңестеу келген оң қапталы
Қымқа әжейдің сүйікті орнына айналғанына көп болды.
Бұл жерден теңіз алақанда жатқандай болып көрінеді.
Әжей анда-санда осы жерге келіп өзімен-өзі оңаша сырла
сады, өткеніне көз жіберіп, болашағын ойлайды...
Теңіз де адам сияқты. Ол да күрсінеді, ол да сылқ-сылқ
етіп күледі. Кейде теңіз томсырайып та жатып алады. Оның
мұндай сырын әже кейінгі кездері байқағандай.
Теңіздің бүгінгі мінезі өзгеше сияқты. Ақжарқын. Бұй
ра толқын өзіне-өзі риза болғандай баяу ғана көсіледі. Кей
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
сәтте солардың арасынан шалының нұры шалқып, бар дене
сімен селкілдеп күлгені естілгендей болады.
Кенет айнала бейжай күйге түсіп, тына қалды. Бір
сәтке самал жел де ішін тартып алды. Теңіз толқындары да
маңдайын жиып, моп-момақан күйге түсті. Алыстан, сонау
теңіз төрінен сазды әуен естіледі. Мына кең дүние, ана тау-
тас, айбынды теңіз сол әннің сазды әуеніне елтігендей ұйып
тұр. Әже де тынысын ішіне тартып тұра қалды.
Сары уыздай таң рауандап атса жай,
Самсай қалса кілең биік ақ сарай,
Шатырларын аспанға ата шаттанып,
Қала болып оянғаны Қапшағай!..
Қыз бен жігіттің қосылып салған әнін әже көзін жұмып,
жүрегімен тыңдады. Иә, жүректе де құлақ бар екен. «Осы
бір құдіретті ән сонау су түбінде жатқан Бүркітбайдың да
құлағына жеткен болар...»
Әже бір сәтке көзін ашып алды. Теңіз үстінде жалғыз
қайық бері қарай жүзіп келе жатыр екен. Үстінде екі адам
отыр. Бірі қыз да, екіншісі – жігіт. Жаңағы ән салған осы
лар болса керек. Олар қайық ішінде біріне-бірі қарама-
қарсы отырып алып, әлгі әуенді тағы жалғастырды:
Құм қайраңда ару жеңгей, жақсы ағай,
Күн шуақтап суға сүңгіп, тапса жәй,
Шабақ шоршып, шағаласы қалқыған,
Теңіз болып тербелгені Қапшағай!
Әже селк ете қалды. Бейтаныс ән, таныс үн... Япыр-ау,
мынау Айгүлдің даусы емес пе?..
Көк айдында көлкіп кешкі жатса арай,
Ақ шарадай бояу жүзіп батса да ай,
К Ө К Ж И Е К
Жетісудің жаңа туған жердегі
Шолпаны боп жарқырайды Қапшағай...
Әже орнынан жылдам көтеріліп, кейін қарай жылыс
тай берді. Жастарды көріп, ұялтқысы келмеді ме, әлде
өзін көрсетіп ыңғайсыз күйге түскісі келмеді ме, әйтеуір
екіұдай пікірмен төменшіктей түсті. Төмен түсіп келе
жатып немересінің жасын есептеген болды. Өзен бөгелер
жылы өмірге келген. Содан бері де біраз уақыт өтіпті-ау!
Өзен бөгелген жылы өмірге келген өрендер де өз үнін таны
та бастапты-ау!..
ЖАҢА ТАНЫСТАР
Думан казармадан шыққанда күн арқан бойы көтеріліп
қалған еді. Ол өзі әскери міндетін өтеп жүрген осы бір
кішкене қаланың көрікті деген барлық жерін бес сау
сағындай жатқа біледі. Сондықтан онша асыға қойған жоқ.
Күн қызғанша қаланы аралап, одан ары киноға бармақшы
болып бекінді. Уақыт мол, оның үстіне демалыс қағазы да
толық бір тәулікке берілген.
Бүгін сенбі де, жексенбі де емес, дүйсенбі – Думанның
туған күні. Осыған орай оны жаңа ғана рота командирінің
өзі босатып:
– Ал, Исаев, жақсылап демалып қайт, – деп қалған.
Жаз айында дүниеге келу неткен тамаша!
Айнала құлпырып тұр. Табиғат та бейне оны туған күні
мен құттықтағандай мейірлене қалыпты. Күміс кірпікті
алтын күн кербездене күледі.
Думан жан-жағына сүйсіне қарады. Қаланың шет жа
ғындағы бір қатарлы жатаған үйлер оған өзі туып-өскен
ауылының келбетін елестеткендей болды. Көшені бойлай
өскен зәулім тал-теректер күн көзіне арқасын тосып, ап
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
тап ыстықты саябырлата түскендей. Жолдың екі шетіндегі
арықта ағып жатқан суда үйрек-қаздан гөрі жас балалар
көп. Олар қағаз кемелер жүзгізіп, су бөгеп, өз ойындарымен
у-шу. Думан қалаға демалысқа шыққан сайын үнемі осы
жермен жүруді ұнататын. Міне, бүгін де шағын қаланың
шет жағы оның ойынан шыққандай тынысын кеңейтіп,
мерейін өсіре түсті.
Думан қарсы үйдің алдындағы көшеден орталыққа
қарай бұрыла беріп, еріксіз кідірді. Оң жақтағы үлкен
шиферлі ақ үйдің жанындағы сарайды екі адам сылап жа
тыр. Оның бірі – он үш-он төрт шамасындағы сары шашты
бала да, екіншісі – қартаңдау, еңкіш тартқан әйел.
Бала сарайдың үстінде, әйел төменде. Төбенің жарты
метрдей жері ғана сыланыпты. Бір кезде сары бала бос
шелекті жерге лақтырып тастады да, төмендегі әйелге
(шешесі болар) бір нәрсе деп қолымен түсіндіре баста
ды. Әйел түсіндім дегендей басын изеді. Сонан соң бір
қолымен белін басып, екінші қолына шелекті алды да,
үйдің алдындағы апанға қарай беттеді. Оған дейін анау
төбенің сылағын қайта тегістеп, лайға кеткен шешесін шы
дамсыздана күте бастады. Көптен кейін әйел де көрінді, ол
кішкене шелекті күшпен көтеріп келді де, жоғарыға әперу
үшін аспалы ағаштың екінші басына ілді. Бірақ оған арқан
байланған сырықтың екінші жағын басу үлкен күш бол
ды. Лайы бар шелек сарайдың бұғатына екі рет ілініп, екі
ретінде де жерге қайта түсті.
Төбедегі бала шыдамады білем, бірдеме деп айқайлады
да жерге қарай секіріп кеп қалды. Әйел қолындағы сы
рықтың екінші басын лақтырып жіберіп, балаға қарай
жүгірді. Енді ол айқайлады. Әсте, «төбеден неге секіресің,
бір жеріңді мертіктіріп алсаң қайтесің?» деп ұрсып жатқан
болу керек.
О, қайран, ана!..
К Ө К Ж И Е К
Думанның анасы да құдды мына кісі сияқты емес пе? Ол
кісі де Думан секіріп ойнаса, бір жеріңді ауыртып аласың
деп «ұрыспаушы» ма еді? Шіркін, бұл ана дегеннің жөні
бөлек екен ғой? Дүниедегі адамдардың көңілінің бәрі осы
ақ шашты, абзал басты аналардың жанындай ашық бол
са ше?.. Онда соғыс деген де, солдат деген де болмас еді
ғой...
Өздеріне жақындап қалған солдат киіміндегі адамды
байқап қалған әйел бері қарай жүгіріп барып тоқтады.
«Әскерде баласы бар болар. Әсте, мені соған жорып қалған
шығар» деп ойлады Думан.
– Сәлеметсіз бе, шеше? Еңбек сәтті болсын!
– Сәлем! Сәлем, ұлым! Айтқаның келсін! Бірақ сол ең
бектің реті келмей жатыр... – Көрдің бе дегендей әйел лайы
ақтарылып жатқан шелекті нұсқады. – Күн ашықта төбені
сылап алайық деп тірлік етіп ек...
– Үйде сіздерден басқа көмек беретін кісілер жоқ па? –
деді Думан.
– Е, олардың өздеріне көмек керек... – деді әйел маң
дайының терін сүртіп. – Ана Лизаға бір күн жұмыстан қал
десең, зар илейді; Коля болса армияда, ал Витя ғой, айын
да, жылында бір-ақ рет келеді.
– Геолог, – деді сары бала мақтанышпен жасыра алмай.
– Иә, қиындау екен, – деді Думан біраз тұрып барып, со
нан соң балаға қарап сөйледі:
– Дегенімен бұл істі тез-ақ бітіріп тастауға болады емес
пе, інішек?
– Әрине, тек маған серік табылса...
– Ал кірісейік онда, – деді Думан мундирін шешіп. Оның
ойын енді ғана түсінген әйел, күйгелектеп қалды.
– Қой, қарағым. Көңіліңе рахмет! Бізге бола жолыңнан
қалма. Солдат жағдайын білеміз ғой, сендерге бір минут те
қымбат.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК Думан өзінің толық бір күнге демалыс алғанын және көптен бері мұндай жұмыс істемей сағынып қалғанын айт ты. – Олай болса, өзің біл, ұлым. Бұл әйелдің келіскендік белгісі еді. – Ура! – деді бағанадан бері қиястанып тұрған сары бала қолын шапалақтап. Таныстық қызу жұмыс үстінде басталды. Кішкене бала ны Миша деп атайды екен. Ал әйел өзін тетя Таня деп атау ды өтінді. Думан Миша екеуі алдымен лайдың аумағын өсіре қай та иледі. Енді тетя Таняның бұрынғы міндетін Миша ат қарды да, Думан төбеге көтерілді. Думан шынында да мұндай жұмысты көптен бері істеме гендіктен сағынып қалған еді. Қазір ол ерекше жігермен, шабыттана қимылдады. Тетя Таня алғаш төмендегі Мишаға көмектеспекші бо лып, біраз күйбеңдеді. Сөйтсе де өзінің пайдасының аз екенін сезсе керек, қарсыдағы үлкен бөрененің үстіне оты рып алды да, Думанды сөзге тарта бастады. Осылайша тетя Таня Думанмен тағы біраз әңгімелесті де, түскі тамақ дайындамақшы болып үйге қарай беттеді. Күн шыжып тұр. Алғашқыдай емес, Мишаның шар шағандығы білінді. Жүрісі шабандап, оқтын-оқтын аяғы да шалыныса бастады. Бірақ сыр бермеді. – Аздап демалсақ қалай болар екен, Миша? – Мен қарсы емеспін, – деді ол екі қолының шаңын шал барының балағына сүртіп. Думан сарайдың көлеңкесіне келіп отырды да, қал тасынан темекі алып тұтатты. – Маған да біреуін беріңізші!.. – Сен, не темекі тартасың ба? – Жоқ, сізге серік болайын дегенім ғой. Думан үнсіз күліп, оған бір тал папирос ұсынды.
К Ө К Ж И Е К
– Сіз десантшылар бөлімшесіненсіз ғой, ә? – деді Миша
бір кезде. Думан қайдан білдің дегендей, оған үнсіз қарады.
– Сіз айтпасаңыз да мен бәрін білем. Анада Коля кел
генде мундирдегі әскери белгілерді қалай ажырату керек
екенін түсіндірген.
– Сенен болашақ жақсы солдат шығайын деп тұр.
– Мен міндетті түрде ұшқыш болам. Онжылдықты бі
тіре сала әскери училищеге түспек ойым бар, – деп Миша
қызбалана сөйледі.
– Өте дұрыс. Бірақ ұшқыштарға темекенің зиян екенін
білесің бе?
– Әрине, – Мишаның екі беті томпия қалды. – Сіз мені
шынымен темекі тартады деп ойлап қалдыңыз ба? Мен
жай сізге серік болайын деп... – Сөйтті де ол темекісін лай
салынған шелекке лақтырып тастады.
Тетя Таняның тамаққа шақырған көңілді даусы ол
екеуінің әңгімесін бөліп кетті.
Үлкен столдың үсті жайнап тұр. Думан столдың басы
на отыра беріп, шетте тұрған бір бөтелке шарапты байқап
қалды да басын шайқады.
– Ал, қарағым, ұялма. Өз үйіңдегідей сезін, – деді тетя
Таня тарелкаға борщ құйып жатып.
– Тамақты ішеміз ғой, бірақ ана бөтелкеңізді столдан
аулағырақ қойсаңыз жақсы болар еді?
– Ол не дегенің? Біздің Коля үйге келгенде ішті ғой. Еш
нәрсе етпейді, ас алдында алып қой.
Думан бүгін өзінің туған күні екенін есіне алды. Осы
дан бір жыл бұрын бұл күнді дос-жарандарымен бірге
жақсылап қарсы алмап па еді? Ол кезде аздап ішкен. Қазір
байқап отырса, оны татпағанына біраз болып қалыпты-ау.
Туған күннің құрметіне бір стакан іше салуға болады, бірақ
кейін жолдастарының алдында не демекші.
– Жоқ, тетя Таня, мен мұны ауылда жүргенде де ішпеуші
едім, – деп жалтарды ол.
4-151
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Тетя Таня оны қайтып қыстамады.
Қалған жұмыстарды Думан мен Миша түстен кейін
лезде-ақ бітіріп тастады.
– Моншаны дайындап қойдым, – деді тетя Таня ол
екеуіне орамал мен сабын беріп жатып. – Жөке соның
ішінде. Жақсылап жуынып алыңдар.
Миша азар да безер болды.
– Осындай ыстықта моншаға кім түспекші? Онан да
өзенге барамыз, – деді ол езеуреп.
– Тек, ары! Адамның алдын қақпайлама! Ағаңның қа
лауы білсін.
– Әрине, салқын суға түссек жақсы болар еді? – деді Ду
ман.
– Әне, айтпадым ба? Кеттік өзенге! – деді Миша қуанып.
– Жарайды, тек кешікпей қайтыңдар. Кешкі ас суып
қалады.
Өзен онша қашық емес екен. Думан мен Миша салқын
суға ұзақ шомылды.
– Ауылда жүретін қызыңыз бар ма? – деді Миша Думан
ға қайтып келе жатып.
– Үлгіре алмадым. Оны неге сұрадың?
– Жәй. Біздің Коляның қызы бар. Осында бізбен көрші
тұрады. Ой, анада келгенде қыдырғандарын көрсеңіз!..
– Ал, Лизаның жігіті бар ма? – деді Думан бір кезде.
– Ой, ол қыз өте қу, жымын білдірмейді. Анық білмеймін.
Әйтсе де бір-екі рет бір жігітпен қыдырып жүргенін байқап
қалғам. Бірақ ол жігіт маған ұнамады, барып тұрған стиля
га. Мүмкін сонымен жүретін болар...
«Дегенмен өзі өте ашық бала екен» деп ойлады Думан
ішінен.
Күн қызарып барып ұясына батты. Қоңыр салқын кеш
Думанды сергітіп жіберді.
Ол үйге жақындай бергенде есік алдында тұрған ұзын
бойлы сары шашты қызды көріп, Мишаға бұрылды.
К Ө К Ж И Е К
Ол да байқап келеді екен.
– Лиза ғой, Лиза, – деді Миша қулана көзін қысып.
Лиза да бұларды анадайдан көріп, қарсы жүрді.
– Сәлем, жолдас ефрейтор. Мамам солдат деп еді, сіз еф
рейтор екенсіз ғой, – деді қыз бірден күле сөйлеп.
– Сәлеметсіз бе? – Думан өзінің атын атады.
– Лиза! – деді қыз да өзін таныстырып.
Лиза да отбасына тартқан өте ашық, ақкөңіл жан екен.
Думан өзін оның алдында еркін ұстады.
Аздан соң Думан тетя Танямен есік алдында қоштасты.
– Қарағым, енді демалысқа шыққан сайын келіп тұр, –
деді тетя Таня.
– Салют! – деді Миша да Думанға қолын созып.
– Сен ағаңды неге шығарып салмайсың? – деді тетя Таня
оған таңдана қарап.
– Мен өте шаршадым. Лизаның шығарып салғысы келіп
тұрғанын көрмейсің бе? – деді ол қуақыланып.
Уақыты бітуге таянып қалғандықтан Думан ол күні
қызбен көп қыдыра алған жоқ.
– Келіп тұр, – деді Лиза Думанмен қоштасарда, – қуана
қарсы аламыз.
– Міндетті түрде келемін! – деп жігіт қыздың нәзік қо
лын ұзақ қысты...
АҚ КҮМБЕЗ
Ауа тымық, күн жылы. Табиғаттың қай мезгілі екенін
ажырату қиын: жақын маңдағы қурап, сұлай түскен
жердің сарғыш шөбіне қарап, күз бе деп ойласаң, алыста,
сонау ұжымшар жақта, көгеріп көрінген егіс алқабы мен
тал-теректерге қарап көктем екеніне шүбә келтірмейсің.
Бірақ жыл мезгілі көктем де, күз де емес, қыс, оңтүстіктің
жұмсақ қысы болатын.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Аумағы ат шаптырым келетін үлкен алаңның үсті әзір
ше бос тұр. Оны күн сайын ертеңгілік кесіп өтетін көрші
шаруашылықтың малы да бүгін өріске басқа жақпен айна
лып кетті.
Осы алаңның шетіндегі бақылау пунктінің алдында екі
адам жайлап сөйлесіп тұр. Бірі – мығым денелі, орта бойлы
капитан дәрежесіндегі офицер де, екіншісі – судай жаңа де
сантшылар киіміндегі арықтау келген адам. Капитанның
түрінен аса бір сабырсыздық білінсе, ананың мосқал
тартқан жұқалаң өңі сол күйі, сыр бермейді.
– Жолдас капитан, сіздің гвардияшыларыңыздың тегіс
секіретініне сеніміңіз мол ма?
– Дәл солай, жолдас майор! Бірақ... – Капитан сөзінің
аяғын жұтып қалды.
– Сөйлеңіз.
– Бірақ қатардағы жауынгер Демешевтен сәл-пәл қауіп
тенем.
Десантшылар киіміндегі кісі елең ете қалды.
– Оның өзі қайда?
«Анда» дегендей, капитан әуежай жақты нұсқады.
Майор тағы бір нәрсе сұрағалы бұрыла беріп, гүрілдеген
ұшақтың даусын естіді де, тына қалды.
Алғашқы келген ұшақ десантшылар түсірілетін алаң
ның үстін бір айналып шықты.
– Қазір тастайды, – деді капитан шыдамсызданып.
Майор құптағандай басын изеп, иығын қозғап қойды.
Қанша сыр бермеймін десе де кезекші майор бұл жолғы
жаттығуға өзі тікелей жауап беретін болғандықтан, аздап
қобалжулы да еді. Әсіресе, жаңағы Рудневтің айтқан сөзі
көңіліне ұнамады. Мұны капитан да сезіп тұр.
Ұшақ алаңды екі рет айналып шықты да, парашютис
терді тастай бастады. Бұл кезде алаңның үстіне тағы да
бірнеше әуе кемесі келіп қалған еді.
К Ө К Ж И Е К
Аспан асты тіпті сұлуланып кетті. Алғашқы ұшақтан
түскен десантшылар парашюттерінің ақ күмбездері енді-
енді жерге тие бастағанда, келесі ұшақтан секіргендер
әлі жоғарыда болатын. Жерге қарай жұбын жазбастан,
топ-топ болып түсіп келе жатқан парашютистердің аппақ
күмбездері көк аспанды көлдеңінен бөліп-бөліп тастады.
– Неткен дәлдік!.. – деді майор қуанышын жасыра ал
май.
Капитан Руднев майорға қосылып езу тартқанымен,
шындап қуанудың ертерек екенін білді. Себебі өзінің ро
тасы екінші кезекте секіретінін ол мана сұрап, біліп алған
болатын.
Жаңа ғана көңілсіз жатқан далаға жан кірді. Алаң үсті
десантшы жауынгерлердің көңілді дауыстарымен у-шу.
Капитан Руднев пен кезекші майор алаңның арғы
шетіндегі жиналу пунктіне қарай бет алды. Капитан өзінің
ауыр денесін жеңіл алып жүргенімен, кешегі оқиға есіне
түскенде көңілі жүдеп қалады. Елгезек майорға ілесем деп
кейде ақсаңдай басып кеткенін де байқамайды.
Ертең кезекті секіру болады дегенді естісімен ол рота
сын клубқа жинап, әңгіме өткізді. Капитан екінші жылғы
солдаттарына өзіндей сенетін. Олар – талай сыннан өткен
кәнігі парашютистер. Сондықтан Руднев сөзін көбінесе
әлі секіріп көрмеген жастарға арнады. Десантшылардың
қолдарына сеніп тапсырылған техника мен парашюттердің
жетістігі туралы бұрын талай әңгіме өткізілсе де, капитан
оны тағы бір рет қайталауды артық көрмеді. Әңгімесінің
соңында ол: «Ал, қалай секіреміз бе, сұңқарлар?» – деген
де, жастар: «Міндетті түрде секіреміз», – деп шуласқан
еді. Барлығы құлшынып тұр, мұндай жігіттермен айға да
ұшып баруға болады. Дегенмен капитан алдыңғы қатарда
басын салбыратып отырған ұзын бойлы қараторы жас
жігітті байқап қалды. Оның түрінен ешбір қуаныш ны
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
шаны білінбей, жолдастарына ұрлана қарап, өзінен-өзі
берекесі кетіп отыр еді.
– Ал сен неге үндемейсің, қатардағы гвардия жауынгері
Демешев? – деген капитанның сөзіне, ол: «Мен... мен де
секірем ғой», – деп еді.
Мұндай қобалжу алғашқы секіретін кез келген адамның
басында болады. Сондықтан да капитан оны кейін өзінің
жолдастарынан қалмас деген ниетпен тізімге кіргізген еді.
Руднев қазір соны ойлап келеді. «Әлде қателік жасадым
ба? Ең болмаса, араларында өзім де жоқпын...»
– Николай Федорович, қалың ойға беріліп кеттіңіз бе
деймін, – деді майор күлімсіреп, – құпия болмаса ортақтас
сақ қайтеді?
– Еш құпиясы жоқ, жолдас майор. Тек өзімнің осы бір
жауапты кезеңде жігіттерімнің жанында болмағаныма
қиналып келем.
Руднев жақында ғана аяғының ескі жарасына байланыс
ты госпитальда екі аптадай жатып шыққан еді. Сондықтан
дәрігерлер оны бүгінгі жаттығуға жібермей қойды. Қанша
сұранғанымен, бөлімшедегі дәрігер Рудневтің өтінішіне
«рұқсат етпеймін» деп үзілді-кесілді жауап берген.
– Қапаланбаңыз, Николай Федорович! – деді майор
өзінің салалы саусақтарымен капитанның арқасынан қа
ғып, – әлі-ақ секірерсіз. Нағыз сын алда емес пе?..
Ұшақ даусы тағы естілді. Енді екінші кезектегі десант
шылар секіретіні даусыз. Капитан өз ротасын осы жерде
қарсы алмақ болып тоқтады. Майор да біраз жүріп барып,
Рудневтің жанына қайтып келді.
Аспан қайта сәніне кіргендей. Жерге қарай қалықтай
түсіп келе жатқан десантшылар гүлге ұқсайды: парашюттің
аппақ күмбездері үлбіреген кіршіксіз үлпек басын елесте
те, одан сәл төмендеу сусып түсіп жатқан арқау жіптері
бейне ана гүлдің сабағындай.
К Ө К Ж И Е К
Кенет... Капитан мен майор өз көздеріне өздері сенбе
гендей аспанға қайта қарады: соңғы келген ұшақтан бес-ақ
адам түсті. Әуе кемесі мөлшерлі жерден өтіп барып, есігін
жауып алды да, екінші айналымға кетті.
– Техникалық себеппен тоқтатқан болар, – деді капи
тан. Майор үнсіз қалды.
Ұшақтың есігі қайта ашылды. Руднев қара нүктелерді
күбірлеп санай бастады: «Алты, жеті...»
Бір адам жетіспеді.
– Міне, жолдас капитан, «отказчиктер» де табылды де
ген осы, – деп майор алға қарай адымдай жөнелді.
Руднев майорға ілесе берді де, артынша аяғын ауыр
сынғандай бір орында тұрып қалды. Бұл сәтте оның тек
аяғы ғана емес, бүкіл денесі, тіпті жүрегі де сыздап бара
жатқандай еді...
* * *
Түн ортасы. Солдаттардың ұйқысын бұзып алмайын
дегендей сержант Селезнев казармада аяғын еппен ба
сады. Кезекші сержант әр келген сайын біреудің үстін
қымтап, біреудің жастығын түзейді. Бейне қамқор ананың
тірлігіндей.
Төкен мұның бәрін бағанағыдан бері байқап жатыр. Ол
өзінің жанына кезекші жақындағанда, ұйықтаған болып
көзін жұма қояды. Селезнев те бұл қулықты сезгендей
кереуеттің жанында көбірек тұрып, оған ұзақ қарайды.
«Сержант та қамығып жүр-ау, – деп ойлайды бұл кезде
Төкен, – ұят-ай! Енді ел көзіне қалай қараймын. Әсіресе ау
ылдастарым естісе қайттім. Мына Жақаңның оларға жаз
бай қоюы мүмкін емес. Япыр-ау! Осы мен не істедім?»
Төкен өзінің терлеп кеткенін сезбеді. Үсті-басы су-су.
Бүкіл денесі өксіп жылап жатқандай дір-дір етеді.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
...Ол ұшақ жоғары көтерілісімен-ақ өзін өте қолайсыз
ұстады: басы айналғандай болып, құсқысы келді. Қатар
отырған жерлесі Жақанға қарап еді, ол да мәз емес сияқты
көрінді. Онсыз да үлкен көзі шарасынан шығып, қоңқақ
мұрны ұзара түскендей. Қыбыр етпейді, алдыңғы за
пас парашютін ұстаған күйі қатып қалыпты. Мұндайда
адамның басына не келіп, не кетпейді. Дәл осы сәт Төкен
бірінші өзін емес, ана отырған Жақанның, не басқа бір
жігіттің сыр беріп секірмеймін деп айқайлағанын қалады
емес пе?..
Механиктің «Карабинді қыстырыңдар!» деген команда
сы Төкенді одан әрі жүнжітіп жіберді. Тізелері қалтырап,
денесі дірілдеді. Арқасында жүздеген жылан жорғалап
жүргендей жыбырлап кетті. Бір тылсым күш жүрегін суы
рып алатындай жиі-жиі солқылдата жоғарыға қарай тарт
ты. Сол кезде Төкеңнің аузы құрғап, құрлыққа шығып
қалған балықтай қинала жұтынды. Секірер кездегі ең
жақсы тәсіл – бұрынғы өткен көңілді оқиғаларды еске
алып отыру, сонда сен өзіңді жақсы сезінесің» деп айтқан
тәжірибелі десантшылардың кеңесі де пайдаға аспай
қалды.
«Дайындалыңдар!» деген команда мен сиренаның ащы
даусын Төкен естіген жоқ. Тек өзін біреудің сүйемелдеп
тұрғызғанын ғана біледі. Енді бір қарағанда, алдындағы
жігіттер жер жұтқандай зым-зия жоқ болып, өзі есіктің ау
зына таяп қалыпты. Бар бәле осы жерден шықты,
Есіктің сыртында үйіріле соққан жел толқыны мен
шексіз тұңғиық Төкеннің кеудесінен итеріп, аяғын тұсады.
Еріксіз қолдары созылып, есіктің ернеуіне тиді. Қапелімде
сасып қалған жіберуші аға лейтенант пен бортмеханик
есікті жауып алды. Ал аздан соң ол ұшақтың ішінде жалғыз
қалды!..
«Ұят-ай!.. Мен не істедім. Қорқақ мың өледі деген осы
екен-ау! Ауырып қалмасам жарар еді!..»
К Ө К Ж И Е К
Төкен аударылып түсті.
Кезекші сержант ішке тағы кірді. Бұл жолы Төкен өтірік
ұйықтаған болып көзін жұмған жоқ. Керісінше, осындай
кезде жанында біреудің болғанын жақсы көріп-ақ тұр.
– Демешев, неге ұйықтамай жатырсың? – деді Селезнев
бәсең дауыспен.
– Жәй...
Сержант жақынырақ келіп Төкеннің басын сипады да,
тез қолын тартып алды. Сөйтті де:
– Ой, сенің басың күйіп-жанып барады ғой. Мен қазір, –
деп жүгіріп кетті.
Кезекші тез оралды. Ол Төкеннің басына орамалмен
суық су басып біраз отырды да:
– Қапаланба, Демешев! Әлі-ақ секіресің. Мұндай жағдай
алғаш менің басымда да болған, – деді.
– Қалайша, сіз де алғаш секіруден бас тартып па едіңіз?
– Жоқ, сен мені түсінбедің, Демешев, қазіргі көңіл кү
йіңді айтам. Мен бірінші рет секіретін түні әр нәрсені ой
лап шала ұйықтасам, екінші түні секіріп келгеннен кейін
қуанып, көпке дейін ұйықтай алмағам. Өз жолдастарыңнан
бөлініп қалмаған қандай бақыт! – Сержант тағы біраз
әңгімелер айтты да:
– Ал, енді ұйықта! – деп сыртқа шығып кетті.
Кезекшінің сөзі себеп болды ма, әлде салқын су бойын
жеңілдетті ме, Төкен аздан соң қалжырап барып, ұйықтап
кетті.
* * *
Капитан Руднев казармаға кіргенде таң енді-енді атып
келе жатты. Солдаттардың тұруына әлі қырық минут
тай бар. Есіктің аузында тұрған күзетші жауынгер рота
ұйықтап жатқандықтан команда берген жоқ, тек сымдай
тартылып сәлемдесті. Іштен шыққан кезекші сержант
командирін байқап қалып:
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Жолдас капитан!.. – дей беріп еді, капитан:
– Тс-с... – деп саусақтарын ерніне апарды.
– Сағат екіге дейін көзін ілмеді, – деді сержант капитан
ға Төкеңнің жанына келгенде.
– Иә, Демешев үшін бұл ауыр сын болғалы тұр. Қазір
оған дос көмегі, ұжымның жылы алақаны қажет. Сон
дықтан бұйрықтан гөрі достар сөзі өтімді болатынын
ұмытпаңдар, – деді капитан оның ашылып қалған денесін
жауып жатып. Сержант командирінің ойын бірден сезіп:
– Түсіндім, жолдас капитан, – деді.
«Не істеу керек?.. – деп ойлады Руднев кеңседе бүгінгі
кестені қарай отырып. – Рота жиналысын шақырса қалай
болар екен, жоқ әлде Демешевтің өзімен жеке сөйлесу ке
рек пе? Шынында мұндай жағдай ротада, тіпті бөлімшеде
бірінші рет кездесіп отыр. Сондықтан капитан оқиғаны
пайымды шешу жолын қарастырды. Мүмкін, оған жеке
сөйлескен жолдастарының пікірі де әсер ететін болар...»
Созыла шыққан горнның даусы капитанның ойын бөліп
жіберді. Неткен сүйкімді үн! Осы бір үйреншікті үнді капи
тан жиырма жылдан бері естіп келе жатыр емес пе? Ол әр
ойналған сайын жүрегін қуаныш кернеп, тынысын кеңейте
түседі.
Дәлізде жүгірген аяқ дүрсілдері, артынша рота стар
шинасының «сапқа тұрыңдар!» деген әмірлі даусы естілді.
Руднев стол үстіндегі лампочканың кнопкасын басып
өшірді де, терезені ашты.
Әскери өмірдің қызығы мен думаны мол тағы бір күні
басталды.
* * *
Капитан Руднев өзін полк командирі шақырғанда әңгіме
Демешев жайлы екенін айтпай-ақ сезді.
Жол-жөнекей жауабын да әзірлей бастады. Командирдің
кабинетіне бөлімшедегі офицерлер тегіс жиналыпты.
К Ө К Ж И Е К
Полк командирі қарауындағы қызметкерлерді көп
ұстаған жоқ. Ол келесі аптада десантшыларды тауға апа
рып, шаңғы тебуге үйрету керек екенін баяндады. Рота
командирлері өздеріне нұсқау алып бола берген кезде пол
ковник Баранов Рудневке қарады да, «Сіз қала тұрыңыз»
дегендей белгі берді.
Аздан соң іште екеуі-ақ қалды. Полк командирі қолын
артына ұстап, бөлме ішінде ерсілі-қарсылы жүре баста
ды. Руднев Демешевке байланысты сұрақтардың қазір
қойылатынын сезіп, тынышсыздана күтті.
Полковник Баранов – алпысты алқымдап қалған, ұзын
бойлы сұлуша келген кісі. Жастайынан әскер қатарында
шыңдалып өскен денесі тіп-тік. Әжім түсе қоймаған өңі де
жас. Алпыс жылдың ішінде көрген өмір жолдары оның тек
шашына ғана әсерін тигізгендей: сары шашына ақ араласа
қоймаса да, маңдай үсті мен төбе жақтары сиреп қалған.
Ол, әсіресе, еңкейгенде анық байқалып қалады.
– Рота парашютін кезекті секіріске қашан дайындамақ
сыздар? – деді кенет Баранов.
– Бүрсігүні, жолдас полковник.
Полк командирі жалт бұрылды:
– Бүрсігүні?!.
– Иә, бүрсігүні, жолдас полковник, ротамыз бүгін
нарядқа баратын болғандықтан...
Полковник оның сөзін бөліп тастады.
– Екі күн даяр парашютсіз... Сіз білесіз бе, жолдас капи
тан, бұл екі күн бойы десантшылар полкіндегі бір ротаның
қатардан шығып қалуы деген сөз. Ұмытпаңыз, жау сіздің
парашютіңізді секіріске дайындауыңызды күтіп тұрмайды.
Түске шейін талай уақыт бар, сондықтан парашюттеріңізді
нарядқа барар кезге дейін жинап кетіңіздер.
– Құп болады, жолдас полковник!
Баранов тағы ерсілі-қарсылы жүре бастады.
Аздан соң Рудневтің көптен күткен сұрағы да басталды.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Демешевтің көңіл күйі қалай?
– Өте қамығып жүр, жолдас полковник, түн ортасына
шейін көзінің шырымын алмапты, – деді капитан.
– Сіз қалай ойлайсыз, жолдас капитан, Демешев қорқақ
па?..
Командир мұндай сұрақ қояр деп Руднев тіпті ойлаған
жоқ еді. Сондықтан ол мүдіріп қалды. Бірақ жауапты
күтпей тағы да Барановтың өзі сөйлеп кетті:
– Жоқ, ол қорыққан жоқ. Біздің арамызда ондайлардың
болуы мүмкін емес. Демешев тек бір сәттегі көңіл құбылы
сына солқылдақтық жасап, кейін өзін-өзі ұстай алмады. Бұл
жағдай сіз бен біздің әлі көп еңбектенуімізді керек етеді.
– Мен сізді өте жақсы түсіндім, жолдас полковник.
– Олай болса, Демешевтің мәселесін өзіңіз шешіңіз, –
деді Баранов.
– Құп болады, жолдас полковник!
– Жақын күндердің ішінде ауылдан хат алған жоқсың
ба? – деп сұрады Жақан Төкеннен столдағы нанның
қиқымдарын жинап жатып.
– Жоқ...
«Неге сұрадың?» дегендей Төкен жуып жатқан стол
жапқышын қолына ұстаған күйі тұрып қалды.
– Ал мен Бекзададан хат алып, мана нарядқа келерде
жауап жазып жібердім, – деді Жақан.
Төкеннің қолы енді жұмысқа бармады. «Жақан Бекзада
ға не жазды екен. Мен туралы бірнәрсе деп бүлдіріп жүрсе
қайттім?»
Бекзада – Жақанның ауылдағы көңіл қосып жүрген
қызы. Оның үстіне Бекзада – Әлияның ең жақын құрбы
ларының бірі. Ауылда жүргенде төртеуі жұбын жазбаушы
еді. Тіпті бір-бірлерінен сырларын да жасырмайтын.
К Ө К Ж И Е К
– Әй, көжек, мұнда кел!
Дауыс шыққан жаққа екеуі де жалт қарады. Евсеев
екен. Ол залдың арғы жағында ыдыс-аяқты реттеп жат
қан болатын. Екі жеңін шынтағына шейін түріп алып
ты. Көжек дейтіндей теңеуге дәл келетін Төкеннің де,
Жақанның да бойы бәкене емес тұғын. Бірақ Евсеев өзінің
тосын тапқан жанама атына мәз болғандай ыржиып тұр.
Төкен мен Жақан жұмыстарына қайта кірісе беріп еді, ол
қайта айқайлады:
– Әй, сендер құлақтарыңа мақта тығып алғаннан сау
мысыңдар?..
– Не керек саған? – деді Жақан ашуланып.
– Ваннаның суын төгісіп жібер, – деді Евсеев саған ай
тып тұрмын дегендей Төкенге саусағын шошайтып.
Евсеев – әскери міндетінің соңғы жылын өтеп жүрген
жігіт, сонысын мақтан еткендей, бөлімшеге келген жас жа
уынгерлер арасында өзін өте биік ұстайды. Ебі келсе оларды
тәлкек етуден де тайынбайды. Төкен жаңағы «көжек» де
ген сөздің кімге арналғанын, қандай пікірмен айтылғанын
түсініп, ызасы келді.
– Бекзадаға не жаздың? – деді ол Евсеевке көмектесіп
келген соң.
– Секіргеніміз туралы...
– Сен жынданған боларсың, бұл әскери құпия емес пе?
– Ал, сенің «ерлігіңді» командир үйіңе жазып жіберсе
қайтер ең, сонда ол да әскери құпияны жария еткені ме?
Төкен шошып кетті. Қараторы өңі жәбір көрген жас ба
ладай құбылып шыға келді. Оның осы түрін байқап қалған
Жақаң:
– Мен Бекзадаға сені де секірді деп жаздым, – деді.
Төкен шының ба дегендей бір сәт аңырап тұрды да:
– Рахмет, бірақ өтірік айтудың қажеті жоқ еді, – деді.
– Неге? Сен келесіде секіресің ғой...
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Әрине, сонан соң хабарлағанда да болатын еді ғой, –
деді Төкен ауыр күрсініп...
* * *
Капитан Руднев кеңсенің шамын жақты да, қолына
ертеңгі күннің кестесін алды. Алғашқы екі сағат – саяси
сабақ. Мұнан кейінгі сабақтар парашютшілер қалашығында
өтеді екен. Осы тұсқа келгенде рота командирі ойланып
қалды. Ертең Демешевтің жаттығуын өзім бақылауым ке
рек. Батылдықты жерден үйренбей ол аспанда өзін еркін
ұстай алмайды. Әлде Демешевпен бұл сабақ аз өткізілді ме?
Қалайша уақытында байқамағанмын. Бірақ басқа жігіттер
де онымен бірге дайындалған жоқ па?..
Әлсіз ғана есік қағылды. Руднев алдындағы қағазын
кейінірек ысырды да:
– Кіріңіз, – деді.
Төкен екен. Ішке батылсыз кірді де, табалдырықта
тұрып қалды.
– Ә, Демешев. Кір! Кір! – деп Руднев оған қарсы жүрді.
Рота командирінің жылы жүзін көріп, Төкен бірден
өзіне келді.
– Жолдас капитан, баяндауға рұқсат етіңізші.
– Құлағым сенде.
– Жолдас капитан, сіз мені кешіріңіз...
– Алдымен отыр, жолдас Демешев, – деді Руднев әңгіме
төркінін бірден сезіп.
Демешев қарсы орындыққа отырды. Командир асықпай
стол үстіндегі кітаптар мен қағаздарды жинап, сейфке
салды. Сонан соң суырмадан бір тал темекі алып жайлап
тұтатты да, ұзақ сорды. Мұның бәрін ол Демешев айтар
ойын бір жүйеге түсіріп алсын деген ниетпен істеген еді.
– Ал енді сөйлеңіз, – деді Руднев темекісін күл салғышқа
жаншып.
К Ө К Ж И Е К
– Жолдас капитан, сіз мені кешіріңіз... – деді Төкен
тағы да манағы сөзін қайталап. – Ана күнгі қылығымнан
қазір өзім ұялам. Енді бұдан былай олай істемеуге уәде бе
рем... Шын сөзім, жолдас капитан, сенуіңізді өтінем.
Төкен командир сөзімді бөліп кете ме деген қауіппен
асығып, қыза сөйледі. Бірақ Руднев оның сөзін бөлмек
түгіл, тіпті өзінен жауап күте екі-үш минуттай отырғанда
да үнсіз қалды.
Капитан қазір өте жақсы әсерде еді. Себебі ол Демешев
тің айтқан сөздеріне қалтқысыз сенді. Бір сәтке орнынан
атып тұрып, алдында отырған солдатын құшақтап бауыры
на басқысы келді. «Жоқ, бүйтсем өзімнің жеңілтектігімді
сездіріп алам. Бұл жерде солдатты ойландырарлықтай сөз
айтуым қажет».
– Сен ұшақты қанша уақыт ұстадың?
– Жерге қонғанша? – деді Төкен сұраққа түсінбей.
– Жоқ, секіру басталған кездегі уақытты айтам.
– Анық неше минут екенін білмеймін.
– Ал мен білем, – деді капитан орнынан тұрып, – ұшақ
сенің кесіріңнен алаңда кестеден тыс толық бес минут
ұсталды.
Төкен де төмен қараған күйі орнынан атып тұрды.
– Отыра бер, – деді Руднев оның иығынан басып. – Бес
минут біздің ғасырда бұл өте көп уақыт. Есіңде болсын,
соғыс жағдайында ұшақ бүйтіп көлбеңдеп ұшып жүр
мейді. Бес минуттің ішінде жау оны жойып жібермей ме?
Дұрыс, сен қазір менен кешірім сұрап отырсың. Соғыс
кезінде бүйтіп кешірім сұрауға уақыт болмайды. Мен сенің
айтқандарыңа толық сенем. Енді сен өз жолдастарыңнан
кешірім сұрап, соларды сендір. Ол үшін не істеу керек? Біз
дің міндет тек ұшақтан парашютпен секірумен шектеліп
қана қоймайды. Десантшы ержүрек парашютші болумен
қатар, өзіне сеніп тапсырылған техниканы да жетік меңгере
білуі керек. Ал сенің оған күшің жете ме? Әрине, жетеді.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Сонда ғана сен өз жолдастарыңның алдында күнәңді жуған
болып есептелесің, сонда ғана жолдастарың сені кешіреді.
– Жолдас капитан! – деді Төкен. – Мен бірінші жылдың
аяғында әскери дайындықтың үздігі болам деп міндеттеме
алғам. Сол сертімді сөзсіз орындаймын, тағы сұранам, се
ніңіз маған.
Руднев сенем дегендей басын изеп, Демешевке күлім
сірей қарады.
– Жарайды, жолдас Демешев, мен ертең полк коман
диріне сенің сөзіңді жеткізем. Ал енді барып демал.
Төкен есікке жете беріп қайта бұрылды.
– Бір сұрақ қоюға рұқсат етіңізші, жолдас капитан.
– Рұқсат.
– Жолдас капитан! Бұл туралы үйге жазбайсың ба?
– Жоқ! Себебі мен саған сенем.
Төкен соңғы үш күннің ішінде бірінші рет езу тартып,
беті гүл-гүл жайнады.
– Рахмет, жолдас капитан! Сеніміңізді ақтауға тырысам!..
* * *
Капитан Руднев сыртқа шыққанда түннің бірталай уа
қыты болып қалған еді. Айсыз түн. Қараңғы. Аздаған ыз
ғырық жел соғып тұр. Алыста әуежай жақта ұшып-қонып
жатқан ұшақтардың даусы естіледі.
Рота командирі офицерлер қалашығына қарай төте жол
мен тартты. Қазір оның көңілі біртүрлі көтеріңкі еді. Күн
дегідей ақсаған да жоқ. Тіпті жолда жүгіріп те көрді. Аяғы
сап-сау сияқты. «Келесі жолы секіруге болады» деп түйді
ол ойын.
Аздан соң Рудневтердің терезесі үсті-үстіне қағылды.
Сергек ұйқылы Нина тез тұрып, есікке жеткенше, ана
жақтан: «Жолдас капитан, дабыл!» – деген бір-ақ ауыз сөз
естілді. Нина ішке қайта жүгірді. Бұл арада Руднев киініп
К Ө К Ж И Е К
те үлгерген еді. Тосын дауыстан кішкене Миша да оянып
кетті.
Нина шкафтан тез оны-мұны алып сумкаға салды да
Рудневке ұстата берді.
– Папа, тез келесің бе? – деді Миша кішкене қолдарымен
көзін уқалап.
– Тез келем, тез келем, – деп капитан оның бетінен сүйді
де, сыртқа атып шықты.
Дала қараңғы. Ызғырық желдің әлі басылмаған түрі
бар. Автопарк жақта дабырлаған адамдардың, гүрілдеген
машиналардың даусы естіледі.
Парашюттер тұратын қойманың барлық есіктері ашы
лыпты. Жүк машиналары оның алдында қатар-қатар тұр.
«Ана күні полк командирі маған бір нәрсе біліп ренжіген
екен ғой. Рота парашютін сол күнгі кезекті секіріске да
йындағанымыз мұндай жақсы болар ма?» – деп ойлады ка
питан жүгіріп келе жатып.
Руднев өзінің ротасын анадай жерден байқады. Елгезек
взвод командирі Матевосян ерте келсе керек.
Ол капитанды байқап қалып, сапқа команда берді де,
Рудневке қарай жүрді. Капитан алдымен солдаттарының
қару-жарақтарын тексерді.
Демешев станция бастығы ефрейтор Кузнецов екеуі рота
командирі жақындағанша бірінің киімін бірі тәртіпке кел
тіре бастады.
– Жолдас капитан, экипаж жауынгерлік тапсырманы
орындауға даяр! – деді Кузнецов тәртіп бойынша.
Рота командирі олардың заттарын және қару-жарағын
мұқият тексеріп шықты да, Демешевке ұзақ қарады.
Төкен командирінің бұл мінезіне таң қалғандай, абды
рап қалды.
– Көңіл күйің қалай, Демешев?
– Өте жақсы, жолдас капитан.
5-151
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Руднев дұрыс дегендей басын изеді де, алға беттеді. Ка
питан ротасын толық тексеріп болған соң, команданы өзі
берді.
– Рота тік тұр! Оңға қарай түзеліңдер! – Аяғын нық-нық
басып, шені өзінен үлкендеу келесі офицерге қарай адым
дады.
Полк командирі капитанның дайындығы туралы баян
дауын тыңдап болып:
– Еркін тұр! – деді.
Руднев бұл бұйрықты ротаға жеткізе қайталады.
Полковник Баранов полк офицерлері толық жиналып
болған соң жауынгерлік тапсырманы баяндады.
– Гвардияшылар! Біздің десантшылар полкі бүгін түнде
«жау» тылына түсіріледі. Міндетіміз – жауға тұтқиылдан
шабуыл жасап, Н нүктесін басып алу. Қазір әуежайға бет
аламыз, онда ұшақтар даяр тұр...
Десантшылар әуе көлігіне отырар кезде капитан Руднев
полктегі парашют спорты жөніндегі нұсқаушы майор Ко
новаловпен сөзге келіп қалды. Әңгіме тағы Демешевке бай
ланысты еді.
– Мен оны кезекті секіріске жібермеймін, – деді майор.
– Сіз түсініңіз, жолдас майор, ол бүгін менімен бірге мін
детті түрде секіру керек.
– Атай көрмеңіз, жолдас капитан. Күндізгі секіруден
өтпеген адам түнгі секіріске жіберілмейді. Оның үстіне
сіздің Демешевіңіз бұрын секіріп көрмеген жан...
– Жолдас майор, бұл жерде адам тағдыры сөз болып тұр
ғой.
– Мен де адам тағдыры туралы айтып тұрмын. Өмірі
секіріп көрмеген жанды бірден түнгі секіріске жіберу –
қылмыс.
– Адамның басына қиыншылық түсіп, өз ортасынан кө
мек күткенде, қамқорлық көрсетпеу – одан өткен қылмыс.
К Ө К Ж И Е К
– Жолдас капитан!.. – Коновалов аузына түсіп тұрған
ашулы сөзді тежеп қалды да:
– Сіз де, біз де солдатпыз. Сондықтан әскери заңды
бұзуға құқығымыз жоқ, қысқасы, полк командирімен сөй
лесіңіз, – деді.
Руднев ойына ана күнгі Барановтың сөзі түсті. «Деме
шевтің мәселесін өзіңіз шешіңіз» демеп пе еді. Ал егер...
Кейін ұрсып жүрмес пе екен? Жоқ, Демешевті бүгін мін
детті түрде секірту керек! Жауапкершілікті өзім аламын».
...Ұшақта Төкен ана күнгідей емес, еркін отырды. Әлде
түнгі салқын ауа себеп болды ма – оның жүрегі қобалжыған
жоқ. Қатар отырған Жақан мен Селезнев өзара әңгімелесіп,
күлісіп қояды. Басқа жігіттер де көңілді-ақ. Белгісіз «жау»
тылына секіру үшін емес, бейне нағашысының ауылына
қонаққа ұшып келе жатқандай Евсеевтің екі езуі жиылар
емес. Ол Төкеннің түрінен келесі қылжаққа сылтау табам
ба дегендей, жиі қарайды. Мұны Демешев ұшаққа отырған
кезде-ақ байқаған. Қазір соған ерегіскендей сыр бермеді.
Бір кезде Руднев Демешевтің жанына келіп:
– Сыртта жел қаттылау көрінеді. Сондықтан жерге
жақындағанда аяғыңды алға қарай көбірек соз. Егер па
рашют сүйрететін болса астыңғы жіптерін өзіңе тартуды
ұмытпаған боларсың? – деді.
Төкен «білем» дегендей басын изеді.
Капитан бұл ақылын келесілерге де айтып жатты.
Әуе кемесі ұзақ ұшты. Руднев сағатына қарап еді, бес
ке қарай кетіпті. Сыртта әлі қараңғы. Іштегілер енді қалғи
бастапты. Тек Демешев пен Евсеев қана тік отыр. Евсеевтің
қуақы түрінен күлкі табы білінсе, ананың қараторы жүзі
баяғы қалпы: не қуану, не ренжу сезілмейді. Капитанның
өзіне қарап тұрғанын аңғарып, Төкен де бұрылды. Руднев
оған «өзіңді мықтап ұста» дегендей белгі беріп жымиды.
Демешев күлімсіреді.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
«Карабинді қыстырыңдар!» деген команда іштегілерді
дүр сілкіндірді. Руднев парашютшілердің қимылын қалт
жіберместен қадағалап тұр. Төкен орнынан жеңіл кө
терілді. Алғашқы жолғыдай емес, тізелері де, денесі де
қалтыраған жоқ. Сонда да жүрегі жиі-жиі соғып, құлағы
шыңылдағандай болды. Аузына бір нашар тамақтың түйірі
түсіп кеткендей жылымшы татып, мазасын алды.
Дегенмен сиренаның дауысы шыққанда Төкен есікке ба
тыл ұмтылды. Руднев бір нәрсе деп оның арқасынан қақты.
Бірақ Төкен командирдің сөзін ести алған жоқ.
Төкен өзін ауа толқыны неше рет айналдырғанын сезбеді,
тек кішкенеден соң төбесінде парашюттің аппақ күмбезі
ашылып, жерге қарай қалқып түсіп келе жатқанын бір-ақ
білді. Айналасы көзге түрткісіз қараңғы болса да, жақын
маңдағы кейбір десантшылардың парашюттері көлбең етіп
көрініп қалады.
Енді бірде ол қуаныштан айқайлап жібергісі келді. Ар
тынша өздерінің «жау» тылына тасталғанын есіне алып,
жым болды.
Жел үдей түсті. Демешевті бейне мұхиттағы кішкене
қайықша тербетті. Рудневтің ақылы бойынша ол екі аяғын
сәл бүгіп, алға қарай соза ұстады.
Жерге жақындаған сайын қараңғылық қоюлана түсті.
Төкен енді аса сақ болу керек екенін сезді. Ол желдің
бағытымен ыққа қарай бұрылды да аяғын босаңдау ұстады.
Оның осы сәтін күткендей жер де бетпе-бет келіп қалған
еді. Қыртысты жерге Төкен алғаш аяғымен түсті де, артын
ша оң жағына қарай құлап кетті. Парашюттің күмбезін
жел үрлеп, жердің бетімен сүйрей жөнелді. Ақ күмбез бей
не аспанға қайта көтеріліп кететіндей жұлқынды. Төкен
парашюттің астыңғы жіптерін өзіне қарай тарта түсті. Аз
дан соң ақ күмбездің бір шеті Демешевтің қолына тиді де,
арғы жағы жердің бетінде жатты. Енді жел оның үстінен
К Ө К Ж И Е К
сипап қана соқты. Төкен орнынан атып тұрып, парашютін
жинауға кірісті.
Жер!..
Айнала тып-тыныш. Тек аспанда ыңырана ұшқан
ұшақтың даусы мен төменде әр жерден көлбең ете қалған
парашюттің ақ күмбезіне қарап, бұл жерге десантшылар
түсіріліп жатқанын байқауға болады.
Төкен парашютін иығына салып, жиналу пунктіне
қарай бұрыла бергенде, оң жағынан шыққан тосын дыбыс
оны еріксіз тоқтатты. Анадай жерде ағараңдаған бір зат
жердің бетімен желдің ығына қарай жөңкіп барады екен.
Десантшы!.. Қазір тоқтайтын болар деп ойлады ол. Бірақ
ағараңдаған парашют ұзай бастады.
Мүмкін десантшы өз парашютін тоқтата алмаған болар.
Не де болса білу керек. Артынша ол жаңағы ағараңдаған
жаққа қарай жүгіре жөнелді. Жел кернеген парашют әлі
сүйретіліп барады екен. Төкен енді күдіктің шынға айнал
ғанын сезді. Ол өзінің арқасындағы парашютінің салмағын
елең етпеді. «Тезірек, тезірек, тек көз жазып қалмасам
болғаны».
Жел ығымен жөңкіп бара жатқан ана парашют те өзінің
қимылына жылдамдық қоса түскендей. Бейне Демешевті
мазақ еткендей анда-санда алдыңғы жақтан жалт ете
қалады. Сонда да Төкен оған жақындап қалғанын сезіп
келеді.
Ол ақ күмбездің шетінен ұстап парашютті тоқтатқанда
ар жағында шалқасынан сұлай түсіп жатқан солдатты да
байқап қалды.
– Рахмет, жолдас!..
«Таныс үн, япыр-ау, мынау Евсеев емес пе?»
– Гена, сенбісің?
Анау да Демешевті танып, сасып қалды. Орнынан тұрды
да ақтала сөйледі.
– Менің салмағым жеңіл ғой, өте жеңіл...
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Қалайша шалқаңнан түстің?..
Евсеев енді өзінің сылтау іздеуінен түк шықпайтынын
сезді де:
– Мен жерге дұрыс түскен жоқпын. Желдің ыңғайына
бұрыла алмай, шалқалай құладым, – деп шынын айтты.
– Жарайды, еш жерің ауырған жоқ па?
– Сап-саумын. Тек сәл-пәл арқам ашып тұр.
– Тезірек жүрейік. Ендігі бізді іздеп те жатқан болар.
Олар жиналу пунктіне келгенде полк рота-рота болып
сапта тұр екен. Бұл екеуін Руднев тез байқап, өзіне қарай
шақырды.
Евсеев рота командиріне жақын келді де, неге кешік
кенін қысқаша баяндап шықты.
Демешев өз кезегі келіп:
– Жолдас капитан... – дей берген кезде, Руднев оның
сөзін аяқтатпай құшағына басты.
– Ақтадың, Демешев, сенімді. Рахмет саған, – деп ол
ішкі қалтасынан парашютшінің бейнесі салынған десант
шылар значегін шығарып ұсына берді.
Төкен осы қарапайым да қымбат значекті алақанына
қысып ұзақ тұрды...
Таңғы ауаны жаңғырықтыра полк командирінің даусы
шықты.
– Сапқа тұрыңдар!..
Иә, асығу керек. Алда әлі талай сын бар.
ДИАГНОЗ
Бұрын кім білген, ауру деген алыстан аттандап келмей,
үнсіз жатып балтырыңнан тістейтін қандендей ойлама
ған жерден жабысып, ойбайлатып тастайтын пәле екен
ғой. Жұмыстан келісімен басымды көтере алмай жаттым
да қалдым. Желкем тұтасып, белгісіз бір пәле шекемді
К Ө К Ж И Е К
шемішкедей шағып, кеміріп барады. Екі көзім суырғанда,
шыбын жан шырқыратып мені тастап кететіндей көрінеді.
– Давление! – деді әйелім сырқатымның диагнозын қол
ма-қол қойып. – Асқындырып алмай, ертең дәрігерге көрін.
– Жарайды, – дедім басымды көрпеммен тұмшалап,
терлесем жазылып кетер деген ниетпен. Көзім ілінер емес.
Басымды біреу темір құрсаумен құрсап қойғандай зілдей.
Басы ауырмағанның тәңірімен ісі жоқ деген, үй іші шырт
ұйқыда. Өлдім десем оянар түрлері жоқ. Қойшы, сонымен
көрер таңды көзіммен аттырдым-ау.
Ертеңгілік әйелім тұра салып, телефонның құлағына
жармасты. Бірақ онысынан еш нәтиже шықпады білем. Бір
номерді қайта-қайта теріп, жарты сағат уақытын өткізді.
Маңдайы жиырылып, екі танауы қусырылып кетіпті.
Бұл – оның ашуланғаны. Бірдеңе демесе болмас.
– Несіне звондайсың, өзім-ақ барамын ғой.
– Барғышын... – әйелімнің дауысы кекесінді шықты.
Номерсіз сені кім қабылдамақшы. Дәл осы кезде телефон
қажетті номерін іліп түспесі бар ма? Ол маған ары тұр
дегендей қолын сермей салды да, трубканы аузына тосып
сөйлеп кетті:
– Алло, емхана ма, маған дәрігерге номер керек еді...
а-а... Қалайша?..
Арғы жақ телефонды тастай салса керек, әйелімнің қо
лындағы трубкадан «тук-тук» деген дыбысты анық естідім.
– Күніге өзгеріп жатады, – деді әйелім әлдекімге кейіп. –
Номерді келіп алу керек дейді, бар енді барғыш болсаң.
Мен жуынып-шайынып, киінгенімше әйелім алдымен
қай терезеге баратынымды, сонан соң не істейтінімді ай
тып, түсінік бере бастады. Несін жасырайын, осы жасқа
келгенше денсаулықтан ақау болмапты, мен қасқа дәрігер
жағалап көрмеппін ғой. Мұныңа да біраз сауат керек екен.
Ең болмаса, әйеліңнің дәрежесінде пысық болғаның жөн
көрінеді.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Ұмытып қалма, әй, – деді менің осы сауатсыздығымды
білетін әйелім есіктен шығып бара жатқанымда, – алдымен
тіркеуден өтіп, номер аласың.
– Мақұл, ұмытпаймын.
Емхананың дәрігерге номер беретін есігінің алдында
қаптаған халық екен. Кезекке тұрдым. Бірақ кезегім жете
берген кезде, есік тарс жабылды.
– Болды, бүгінге жетеді, – деді екі көзі табан балықтың
көзіндей толық ақ сары қыз басын тесіктен шығарып.
– Жеткені несі? – дедім түсінбей.
– Бүгін күні бойы қабылдауға жетерліктей адамды тір
кеп біттік, дәрігерлер де өздерің сияқты ет пен сүйектен
жаралған адам. Оған да демалу қажет, түсінулеріңіз керек
қой, – деді қыз аузын бұртитып.
– Қалқам, ауру жаныма батқан соң келіп тұр едім, бір
мүмкіндігі болмас па екен, – дедім жалына үн қатып.
– Ыстығыңыз бар ма?
– Білмеймін.
– Ана бөлмеге кіріп, өлшетіңіз, – деді қыз қарсы есікті
нұсқап, – егер ыстығыңыз болса, дәрігер кезексіз қабыл
дайды.
Қас қылғандай ыстығымның қалыпты болып шықпасы
бар ма? Амалсыз салым суға кетіп, үйге тарттым. Бас болса
зеңіп барады.
Түнімен тағы дөңбекшіп ұйықтай алмай шықтым. Ауру
жанға батса қиын екен, ертесін емхананың нөмір беретін
есігінің алдына елдің бәрінен бұрын жеттім.
– Кімге? – деді кешегі балық көз қыз.
– Дәрігерге.
– Сізбен әзілдесіп тұруға уақыт жоқ, қайсысына?
Сауатсыздығым осы арада тағы бір көрініп қалды. Ау
зыма сөз түспей сасқанымнан құлақ шекемді ұстаппын.
К Ө К Ж И Е К
Ол «түсіндім» дегендей басын изеді де:
– Фамилияң? Қай учаскеден? – деді.
– Асылов, учаскесін білмедім.
– Адрес?
Мен тұратын жерімді айттым.
– Үшінші қабат, 14-бөлме, – деп қыз қолыма бармақтай
ақ қағазды ұстата берді.
Ашып қарасам «Сегіз» деп жазылыпты. Бұл менің дәрі
герге көрінетін кезегімнің рет саны. Бірінші болып келіп
қалайша сегізінші болғанымды түсінбей, сұрауға бата ал
май, аталған бөлмеге тарттым. Мұнда да халық жиналып
қалған екен. Бұлардың қашан келгенін құдай білсін. Әр
есіктің алдында 7-8-ден адам отыр. 14-бөлменің алдына
келіп, соңын сұрадым.
– Номеріңіз нешінші? – олар менің өзіме қарсы сұрақ
қойды.
– Сегізінші.
– Онда менен кейін боласыз, – деді жағын таңып алған
мосқалдау әйел. Соның жанына бардым да отыра кеттім.
Басым әкетіп барады. Шүйдеме біреу ине сұғып жат
қандай солқ-солқ етеді. Қанша отырғанымды білмеймін,
біреу иығымнан түртті.
– Кіріңіз, сіздің кезегіңіз келді.
Сүйретіліп орнымнан тұрдым. Есікке келдім де баяу
тықылдаттым.
– Кіріңіз.
Іште екі-ақ адам: бірі – дәрігер, екіншісі көмекшісі бол
са керек.
– Фамилияң?
Тегімді қайталадым.
– Отырыңыз.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Жанындағы орындыққа жайғаса бергенім сол еді.
– Жоқ, мұнда емес, ана жерге, – деді көмекшісі саты
лы арба сияқты неше түрле тырбиған аспаптың астындағы
жұмсақ орындықты нұсқап. Соған келіп жайғастым.
– Қайсысы? – деді дәрігер жаныма келіп.
– Дәрігер, менің басым...
– Әрине, сөйтеді, нервтері бір ғой, – деді дәрігер басы
на қыстырып алған дөңгелек айнасын көзіне түсіріп. –
Аузыңды аш!
– Амалсыз аузымды аштым. Дәрігер аузымның ішін
мұқият қарап шықты да, жоғары азу тісімді қолындағы
шағын балғасымен шақ-шақ еткізіп ұрып қойды.
– А, а...
– Ауыра ма?
Басымды изедім (Балғамен ұрып жатса, қалайша ауыр
масын).
Ол басын шайқады:
– Жұлу керек, бұзыла бастапты.
– Дәрігер...
Ол «үндеме» дегендей саусағын шошайтты да:
– Шприц! – деді.
Одан арғысы көзді ашып-жұмғанша болды. Дәрігер ау
зыма укол жіберді де, артынша азу тісімді жұлып алып,
көз алдыма көрсетті.
Аздан кейін өзім-өзіме келдім.
– Дәрігер, менің тісім емес, басым ауыратын еді, – дедім
аузымның қанын сүртіп.
– Е, оны маған неғыл дейсің, терапевтке көрін, – деді ол
алдындағы қағазын толтырып жатып.
Бүйткен дәрігері құрысын. Басым ауырды десем, тісімді
жұлды. Ендігі кезек басыма келіп жүрмесін. Одан да бас
аманда үйге қайтқан жөн болар. «Басым өзіме олжа!» деп
орнымнан тұрдым...
К Ө К Ж И Е К
ҚОЯН ҚУҒАН ҚОЙЕКЕҢ
Осы бір қуақы тілді шынашақтай шалды елдің бәрі
жақсы көреді, күндіз балалар, кешке қарай ересектер жа
нынан шықпайды. Жаспен жас, қариялармен қарияша
сөйлесіп, көпшіліктің көңілін таба білетін Қойекеңнің
шын атын ешкім дөп басып айта алмайды. Біреулер Қой
шыбай десе, біреулер Қойлыбай дейді. Тіпті Қойшыбек
те, Қойшыман да екен деушілер бар. Қалай болса да
негізгі түбірі қой екені сөзсіз, сондықтан да, жастар жағы
«Қойекең атам» десе, өзі құралыптастары «Қойекең» деп
қоя салады.
Қойекеңнің шын атының кім екенін білмейтіндер оның
айтатын әңгімелерінің қайсысы рас, қайсысы өтірік екенін
де ажырата алмайды. Себебі ол әңгіме соққанда ақсақты
тыңдай, өтірікті шындай қылып жымдастырып жібереді,
сонда оның қайсысына сенеріңді білмей отырып қаласың.
Міне, осы Қойекең екеуіміз колхоз тарап, ауылдың тоз-
тозы шыққан тұста қолда қалған жекешенің азын-аулақ
ұсақ малын кезектесіп бағуға бірлесіп шығып жүрміз.
Жалпы біздің ауылда бадаға қосылған малды әр үйдің
бас көтерері жеке-жеке бағу дәстүрге енген. Ойын қуып
кететін жас балалар мен жүріп-тұруы қиындай бастаған
кемпір-шалдарға ғана қосақтасып шығуға рұқсат етіледі.
Онда да, қазір халық қуланып алған ғой, екі күнің бір күнге
есептеледі, яғни екі тәулік қой соңында салпақтайсың.
Бірақ оған мен өкінбеймін. Қойекеңмен қанша күн бол
са да бірге жүруге бейілмін. Оған бір-екі қисса оқып беріп
шабыттандырып алсаң-ақ бітті, қалған әңгімелерді өзі
жалғастыра береді.
«Қозы Көрпеш – Баян сұлуды» аяқтап бола берген ке
зімізде бағып жүрген малымыздың арғы шеті дүр ете
қалды. Орнымыздан атып-атып тұрып, солай қарайлап лап
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
қойдық. Майлыаяқ – алда, Қойекең – артта. Мен екеуінің
ортасында жүгіріп келемін.
– Арғы шетінен, отардың арғы жағынан айналып кел, –
деп айқайлады маған Қойекең.
Малды ту сыртынан айналып келсем, төтелеп Қойекең
де жеткен екен. Бірақ кеш қалыппыз, Майлыаяқ үлкендігі
жаңадан туған қозыдай сұр қоянды белінен тістеп, қарсы
алдымыздан шыға келді.
– Обал-ай! – дедім мен теріс айналып.
– Қоян деген де қой сияқты аң ғой, – деді Қойекең бы
лайырақ шыққан соң менің көңілімді аулап. – Кейін
халық оның сияқтысын алып тастап, «қойаң» деп атап кет
кен. Қой жарықтық олардан үрікпеуші еді, әсте бар бәле
жаңағының өзінен шыққан болу керек. Қоянның кейде
осындай «ерлік» көрсететін өнері де бар.
– Ойпыр-ай, ә, – дедім мен оны әңгімеге шақырып.
Қойекең екі көзін тарс жұмып, арық та салалы саусақ
тарымен сақалын тарамдап біраз отырды. Әйтсе де көп
күттірмеді.
– Ана бір қиыншылық жылдары елдің пейіліне қарай
түзде аң көп болды, – деп бастады қария әңгімесін. – Пай,
пай, жыртылып айрылушы еді! Әсіресе, қоян көп болатын.
Онда мылтық деген жоқ. Аңды тұзақпен немесе қақпанмен
ұстаймыз.
Қыстыгүні болатын. Аңға шықтым. Жанымда жетектеп
алған тазым бар. Құрған тұзақтарым мен қақпандарымды
тексеріп келе жатқанмын. Бір кезде алдыңғы жағымда
бұлқынып жатқан бір аңды байқап қалдым. Тазым алға
атылды, мен жетегінен босатпадым. Ит деген неме кейде
тұзаққа түсіп тұрған аңды да бас салатыны бар.
Тұзағыма ту қоян түсіпті. Қуанып кеттім. Өз басым
бұрын-соңды ондай ірі қоянды көрген емеспін. Және бір
қызығы, тұзаққа оның басы емес, аяғы ілініпті. Мұның өзі
де сирек кездесетін жәйт.
К Ө К Ж И Е К
Еңкейіп барып, қоянның құлағынан ұстадым да, ба
сын қолыммен баса қойдым. Мұндайда қоян тырп етпейді.
Жайлап аяғындағы тұзақты босаттым. Оңай олжаға тазым
да ортақ қуаныш танытқандай құйрығын бұлғаңдатып, ба
сын төмен сала берді. Дәл осы кезде басып отырған қояным
қолымнан атып шығып, тазының тұмсығына келістіре бір
тепті де, зытып кеп бермесі бар емес пе? Қасқырға шауып,
түлкі алып жүрген итім қаңқ етті де, жалпасынан түсті.
Міне, мен сонда көргемін бұл қоянның ерлігін...
Мен еріксіз езу тарттым.
– Сөйтіп, құтылып кетті дейсіз ғой әлгі қоян.
– Ол жолы құтылып кеткенімен, келесі күндері қолға
түсті ғой. Ойпырым-ай, өзі де үлкен екен. Ішінен жарты
қадақ май шықты.
– Тазыңыз қайтті? – дедім мен.
– Е, қоянның тепкісіне ит өлуші ме еді, тәйірі, тұрды
ғой артынан. Бірақ сонан кейін-ақ қоян атаулысына өшігіп
алды, ұстаса болды – күл-талқанын шығарып талап тас
тайтынды шығарды. Сөйте берген соң оны тек түлкі мен
қасқырға салатын болдым. Әй, өзі де иттің сырттаны еді.
Соңына түскен аңын алмай қоймайтын. Жоқ, өтірік айта
мын, бір рет түлкіден айрылып қалғаны бар екен-ау.
– Ойпыр-ай, ә! – дедім мен тағы да Қойекеңнің қол
тығына су бүркіп, – оныңыз да түлкінің сырттаны болып
шықпасын!
– Әй, қу бала, алдымен сен ана қойдың алдын қайырып
кел, көрдің бе, төбеге шығып барады, – деді Қойекең жы
миып. – Қалған әңгімені сонан соң жалғастырамыз.
Лып етіп орнымнан тұрып, жүгіре жөнелдім. Қойдың
бір шеті егін өсіп тұрған тұсқа таяп қалған екен. Рилап
жүріп кейін қайырдым. Мал екеш мал да қорыған жерге
өш. Әйтпесе, шүйгін шөптен өсіп тұрған көк егіннің несі
артық? Қырға қарай қисаяды да тұрады.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Қайтып келсем, Қойекең көзін жұмған бойы жантайып
жатыр екен. Мызғып кетсе мазасын алмай-ақ қояйын деген
ниетпен, сыбдырсыз жанына келіп отырдым.
– Бұл оқиға да сол жылдары болған еді, – деп Қойекең
әңгімесін одан әрі жалғай жөнелді. – Тағы да аңға шық
қанмын. Жерде белуардан қар бар. Омбылап әрең жүріп
келемін. Жетегімде баяғы тазым. Бір төбеден асып түс
кенімде, алдымнан бұлаң етіп түлкі шықты. Менен де,
тазыдан да сескенер емес, күртік қардың үстінде ары-
бері аунап алды да, жазыққа қарай жайлап бұрыла берді.
Тазының қарғыбауын ағыттым. Ол байғұс қарға бір батып,
бір шығып, алға жүгірді.
Мен түлкінің қулығын біле қойдым. Ой жақтың қары
қалың. Ол жаққа табаны бір ілінетін болса, тазыға ұстатпай
кететіні кәдік. Сондықтан мен төбенің екінші жағынан ай
налып, түлкінің қарсы алдынан шықтым. Ол енді амалсыз
қырға қарай ойысты. Бірақ тазыны маңына жақындатар
емес. Күртік қардың үстінде қаңбақша ұшып жүр. Тазы ар
сылдай аспанға атылады да, артынша қарға батып, көрінбей
кетеді. Қап, бәлем, осыдан қырға шықсаң, ешқайда қашып
құтылмассың деп мен келемін. Себебі қырдың қары жазық
жерге қарағанда жұқалау болып келеді.
Қойшы, сонымен арада шай қайнатымдай уақыт өткенде
барып түлкіні қырға қуып тықтым-ау. Енді тазы еркіндік
ала бастады. Барған сайын екеуінің арасы жақындай берді.
Түлкі шындап састы. «Бас!» деп төменде мен айқайлап
келемін. Бір кезде түлкі тура менің өзіме қарай жүгірді.
Алғаш сасып қалдым. Кейде аңды да аяйсың ғой. Иттен
қашып құтылмасын білген соң, мені пана тұтып келеді деп
ойлап қалдым. Тіпті тазымды зекіп, тоқтатпақшы да бол
дым. Бірақ түлкі маған он қадамдай қалған кезде, ұшты-
күйлі жоқ боп кетті. Арсалаңдап тазым да жетті-ау бір кез
де. Ол маған, мен оғай қараймын. Түлкі жоқ. Бейне жердің
тесігіне кіріп кеткендей. Қайран қалып, манағы өзім кел
К Ө К Ж И Е К
ген жаққа қарадым. Сөйтсем, саған өтірік, маған шын,
түлкі сол жақта тұр. Біз жаққа бір қарап алды да, алғаш өзі
аунаған жерге барып тағы аунады. Жыным келіп жерге бір
түкірдім де, отыра кеттім. Түлкіні ұстай алмасымды сезген
соң, ең болмаса қалай құтылып кеткенін білуге ынтығып,
ізіне түстім. Сөйтсем, ол қу маған жете бере қардың асты
мен қашқан екен ғой. Кейін жүрген жерін көріп, жағамды
ұстадым, дәл менің аяғымның тұсынан өтіпті.
– Нағыз қудың өзі екен, – дедім күліп.
– Дегенмен бұл қулықтың да кейін пайдасы тиді бізге, –
деді Қойекең қулана көзін қысып.
– Иә, соны айтыңызшы, – дедім мен ынтығып.
Қойекең бәлденген жоқ.
– Бұл Отан соғысының қайнап тұрған кезінде болған
оқиға еді, – деді сақалын сипап. – Қатты қыс. Фашистердің
сесі қайтып қалған. Сүйем жер, бір метрге алға жылжу
үшін шайқасамыз. Бір алаңқайға келгенімізде тұрдық та
қалдық.
Фашист иттерің әлгі алаңқайдың арғы жағындағы төбе
шікке мықты атыс ұясын жасап алса керек. Тұрсақ болды,
оқ жаңбырша жауады. Бірнеше рет көтеріліп, бірнеше рет
басылдық. Жеткен жерімізге окоп қазып, біз де бекіндік.
Бірақ жата беруге болмайды ғой, алға жылжу керек.
Командиріміз жаудың атыс ұясын жоюға үш-төрт рет
адам да жұмсады. Бірақ олардың бәрі межелі жерге жетпей
оққа ұшты. Не істеу керек? Дәл осы кезде ойыма сап етіп
баяғы өзіме ұстатпай кеткен түлкінің қулығы түсе кетпесі
бар емес пе!
Еңбектеп командирге келдім де, рұқсат сұрадым. Ол
сөзге келген жоқ.
– Рұқсат, ефрейтор Естемесов, егер осы атыс ұясының
көзін жоятын болсаң, орденге ұсынамын, – деді.
– Қойныма толтырып гранаталарды салып алдым да,
қардың астын кеулеп еңбектей жөнелдім. Тіке баруға бол
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
майды. Жаудың оғы алдыңғы жағымыздың топырағын
шығарып орып тастаған. Айналып ту сыртынан келмек бол
дым. Сонымен қардың астымен жарты сағаттай еңбектеп,
жаудың атыс ұясы тұрған төбеге жақындадым. Фашистер
де ақымақ емес, атыс ұясының айналасын жалаңаштап тас
тапты. Көзбен мөлшерлеп көрдім. Жүз метрдей жүгіруім
керек екен. Бір кезде орнымнан атып тұрдым да, құйындай
ұштым. Жүгіріп келе жатып қолымдағы гранаталарды
бірінен соң бірін лақтырып үлгердім. Артынша «уралаған»
біздің жігіттердің даусын естіп, құлап түскенімді ғана
білемін. Міне, содан қалған ескерткіш – мынау, – деп
Қойекең көйлегін көтеріп, иығындағы бір қарыстай
тыртықты көрсетті.
– Командир наградаға ұсынды ма?
– Ей, тәйірі, сен де не болса соны сұрай береді екенсің,
алдық қой медальды. Міне, мынау сондағы алған наградам.
Қойекең омырауындағы жалғыз медалін көрсетті.
– Мұны ана жолы самолет атып түсіргенім үшін алдым
деп едіңіз ғой.
– Сол үшін де, мына ерлігім үшін де берді, саған бәрібір
емес пе?
Қойекеңнің сөзіне ішек-сілем қата күлдім де:
– Енді танкі қиратқаныңызды айтыңызшы, – дедім.
– Бүгінге осы да жетеді, – деп Қойекең орнынан көтеріл
ді. – Оны тағы бірде айтып беремін...
ПОВЕСТЕР
6-151
КӨКЖИЕК
Бірінші бөлім
Кеш жатсам да ұйқым қанып, тыңайып қалыппын.
Үйдің іші жап-жарық: терезеден түскен күн сәулесінің жы
луы да, нұры да мол сияқты. Дегенмен, сыртта суық екенін
білемін: қыс аяғы, көктемнің басы.
Көктем!.. Бұл менің он сегізінші көктемім. Иә, мен шыр
етіп, өмірге келгелі бері он сегіз қыс өтіп, он сегіз көктем
шықпақ. Бажайлап қараған адамға аз уақыт емес сияқты.
Әйтсе де осы мерзім ішінде не істеп, не тындырдым деген
сұраққа өзім де ауыз толтырып жауап бере алмас едім.
Онжылдықты бітірдім. Бірақ онда тұрған не бар, елдің бәрі
де орта мектепті бітіріп жатқан жоқ па?! Оқуға түспек бо
лып, астанаға бардым. Онда тұрған да еш нәрсе жоқ сияқты,
жастардың бәрі де жоғары білім алуға талпынып жатыр
ғой. Тіпті жолдастарымның бірсыпырасы оқуға түсіп те
кетті емес пе? Ал мен құлап қалдым. Әттең, сол шет тілі
сабағы болмағанда... Кім біледі, қазір мен де оқып жүрер
ме едім.. Ту-у, не болған, осы маған, соңғы кездері тым уа
йымшыл болып кеттім бе деймін, қояйыншы, жаспын ғой
әлі. Көктем! Келсе екен көктем, келсе екен ертерек менің
он сегізінші көктемім!..
Апам үйге кіріп-шығып, өз шаруасымен жүр. Анда-
санда күбірлеп сөйлеп те қояды. Бұл – оның ежелгі әдеті.
Қазір де мен ол кісінің тырп-тырп басқан аяғының дыбысы
мен ауыз ләмін анық естіп жатырмын.
Бүгін демалыс болғандықтан апам мені оятпаса ке
рек; кереуеттің бас жағындағы үстелдің үстінде тұратын
қоңыраулы сағатты үлкен құс жастықпен бастырып тас
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
тапты. Еріксіз езу тартып, қолымды созып жастықты
көтеріп қалдым. Сағат он болыпты. Сонда ғана барып есіме
түсті: сағат он бірде клубқа жиналуымыз керек екен ғой.
Біз, бір топ ауыл жастары, концерт дайындап жатқан бола
тынбыз. Түнде әзірліктен өте кеш шығып, бүгін күндізгі он
бірде қайта жалғастыруға келіскен едік.
Атып тұрып, апыл-ғұпыл киіне бастадым. Дәл осы сәтте
сырттан ат тұяғының дүбірі естіліп, артынша:
– Сәлем бердік, апай, – деген біреудің даусы шықты.
– Амансың ба, қарағым.
– Аманбыз, өзіңіздің денсаулығыңыз қалай?
– Шүкір, жаман емес.
– Әбен үйде ме?
– Иә, ұйықтап жатыр.
– Ұйықтап жатыр дейсіз бе? – Анау шықылықтап күлді. –
Жігіт адам осы уақытқа дейін жата ма екен?
Сонда ғана барып, күлкісінен таныдым. Бұл келген
ұжымшардағы қой фермасының меңгерушісі Айтқұл еді.
– Жә, сауысқанша шықылықтай бермей, келген ша
руаңды айт. – Әсте, апам Айтқұлдың мені «жігіт адам» де
ген сөзін ұнатпай қалса керек.
– Жарайды, үйге кіріп сөйлеселік, – деді Айтқұл дауы
сын өзгертіп.
– Онда аттан түс.
– Бұл құдайдың күні қайтадан қақап кетті ғой. – Айтқұл
дың шіңкілдек даусы дәлізден естілді. – Мына қардың тағы
бір аязы болмас дейсіз бе?
Қар!.. Терезеге жетіп бардым. Далада аппақ қар. Құдды
қыстың алғашқы айларында жауған қар сияқты; бір ап
тадан бері алағат боп қалған жер қайтадан ақ көрпеге ора
ныпты. Жалпы біздің жақта көктем ерте шығады. Қары
еріп, тоңы түсе бастаған жерге қарап, биыл да солай бола
тын шығар деп ойлаушы едім. Қателескен екенмін. Қап,
қыс аяғы ұзап кетпесе еді!..
К Ө К Ж И Е К
– Е, Әбеннің өзі де тұрыпты ғой, – деді Айтқұл мен жата
тын бөлмеге басын сұғып. – Сәлем бердік, сері жігіт.
– Сәлеметсіз бе, Айтқұл аға. – Мен онымен қолдасып
амандастым.
Шайдан бір-екі ұрттап, нан ауыз тиген соң Айтқұл өз
шаруасына көшті. Бірақ маған емес, апама қарап сөйледі:
– Қыс аяғы созылып барады, апай. Бұл, әсіресе, бізге,
малшыларға, қиын болып тұр, шаруашылық малының
қолға қарап қалу қаупі бар. Отарларда адам күші жетіспей
жатыр. Сондықтан мына Әбенге қолқа сала келіп едім...
Апам ыршып түсті.
– Тәйт, ары! Ауылда бұдан басқа адам құрып қалып па?
Босқа сенделіп жүрген жігіттер көп қой, жіберіңдер солар
ды. Әбенім әлі жас, малға жібере алмаймын. Оның үстіне
мұнда өз жұмысы бар емес пе?..
– Мұндағы жұмысты әзірше жиып қоя тұрамыз, апай.
Қазіргі біздің міндетіміз – қоғам малын аман сақтап қалу.
Бұл жөнінде мана ертеңгілік басқармада да арнайы сөз
болды. Сонан Қасекеңмен ақылдаса келіп, ауылдағы адам
күшінің бәрін құмдағы малға жұмылдыруға ұйғардық.
Балаңыз ол жақта көп болмайды, кейін сақманшылар
жіберер кезде қайтарып аламыз. Ойланыңыз, мен өз
шаруама жұмсап отырған жоқпын, бәріміздің шапқылап
жүргеніміз осы шаруашылықтың тірлігі емес пе, білсеңіз?
Өзіңіз де ілгеріде ел басқарып көріп едіңіз ғой...
Айтқұл апамның жанды жерінен ұстады. Сонау Ұлы
Отан соғысы жылдары ауыл азаматтары тегіс майданға
кеткен кезде апам бригадир, ферма меңгерушісі, тіпті кол
хоз председателі де болып істеген көрінеді. Сонда өзінің осы
Айтқұлдарды сан алуан жұмыстарға салғанын апам жыр
ғып айтып отырушы еді. Ал қазір мына қу соны меңзеп
отыр.
Апам бір сәтке үнсіз қалды. Өз басым ол кісінің ке
ліспеуін қалап-ақ отырмын. Мынадай аласапыран мезгілде
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
кімнің қой соңында жүргісі келеді дейсің? Ендігі бар үмітім
апамда: «қайдам» десе – кеткенім, «жоқ» десе – қалғаным.
Бірақ апам бар салмақты өзіме салды. Келіскені емей
немене – «Баланың өзі білсін» деді.
Мен тосылып қалдым. Не десем екен? Мұнда да
жұмыссыз жүрген жоқпын ғой. Апам айтқандай, тұрақты
жұмысым бар – тракторшы Жақанға көмекші болып істей
мін. Әлде концертке даярланып жатқанымызды айтсам ба
екен, әлде...
Айтқұл менің жауабымды күткен де жоқ. Өзі сөйлеп
кетті:
– Е, Әбен келіседі ғой, қоғамдық малға бұлардың жаны
ашымаса, кімдердің жаны ауырмақ? Қазір барлық газет-
журнал «Мал шаруашылығы – екпінді майдан!», «Мал
шаруашылығына жастық қамқорлық» деп ұран тастап жа
тыр емес пе? Өзің жастар ұйымына мүшесің ғой, ә?
Ой, қу-ай. Қатырды-ау мені. Не дейін, апам жаққа бір
қарап алдым да, амалсыз басымды изедім.
– Онда келістік, буынып-түйініп даяр тұр, – Айтқұл ор
нынан көтерілді. – Бүгін түстен кейін жүріп кетеміз.
* * *
Орталықтан шыққалы бері қатты жылдамдықпен келе
жатқан машинамыз құм жолына түсісімен-ақ кібіртіктеді
де қалды. Алды мен арты бірдей тартатын алып «Вездеход»
жаңадан жауған ұлпа қарды елемегенмен, ойылып кеткен
жол табанына түскенде ыңыранып барып әрең шығады.
Үсті ашық машина қорабында жиырма шақты адам
отырмыз. Бұлардың бәрі мен құсап жәрдемге келе
жатқандар. Арамызда жастар да, қарттар да бар.
Құм! Қызылқұм! Мойынқұм! Осы бір өркеш-өркеш бо
лып, бір-бірімен құшақтаса, қойындаса жатқан қызыл
құмның өзіндік қызығы да, сыры да мол. Жай көзге ол
байқала бермейді. Тіпті алғаш көрген адамға құм сұрықсыз,
К Ө К Ж И Е К
меңіреу сияқты да болып сезіледі. Ал, шын мәніне келетін
болсақ, құм қызығы кез келген орманды, таулы жерлерден
кем емес.
Мойынқұмда ойдым-ойдым ойпаттар көп. Жергілікті
халық оларды шұрат деп атайды. Әр шұраттың аты
бар. Оның көпшілігі ежелден сақталып қалған. Егер
Қоянды, Қырғауылды, Түйеқарынды, Қопалы, Жусан
ды, Шошқалы, Жолбарысты, Жыланды, Жүзгенді, Тыш
қанды, Сексеуілді, Борсықты, Селеулі, Теріскенді деген
шұраттар жер жағдайына немесе оны мекен еткен аң-құс
аттарына қарай қойылса, Қалмақ қырылған, Хан өлген,
Жау қамалған, Қылыш сынған деген сияқты жер аттары
сонау өткен заманғы тарихи оқиғалардан да елес беріп кет
кендей болады. Оларға байланысты аңыз әңгімелер де көп.
Құмда сондай-ақ қазақтың ертедегі кәсіптік өміріне бай
ланысты Көш ауған, Кісен қалған, Кебеже сынған, Көсеу
жоғалған, Ошақ қазған деп қойылған жерлер де кездеседі.
Ал бұған Дайрабай, Қамқабай, Алуа, Әсем, Қырғызбай,
Есенбай, Шалғынбай деген сияқты кісі есімдерімен ата
латын шұраттарды қосатын болсақ, Мойынқұм өңірін
халқымыздың ежелден-ақ өздеріне құт мекен еткенін жаз
бай аңғаруға болады.
Қазір бұл өңірді малшылар жайлайды. Олардың үйлері
де осы шұраттарға орналасқан.
Мойынқұмда көл де, орман да кездеседі. Бірақ олардың
да өзіндік өзгешілігі бар. Құм көлдері шұраттарда, көктемгі
қар суынан пайда болады. Рас, олардың көпшілігі шілдеде
тартылып, кеуіп қалады. Ал бірсыпырасы өйтпейді; олар
анда-санда жауған жаңбыр суынан қорек алып келесі
көктемге дейін жетеді, сөйтіп, кәдімгі айдын көлге айнала
ды. Мұндай көлдердің тереңдігі тіпті түйелі кісінің бойы
нан да асып кетеді.
Құм орманы сексеуіл мен жүзгеннен құралады. Көктем
де олар гүл жарады да, қоянсүйек пен теріскеннің, қылша
мен адыраспанның, жусан мен алаботаның, жантақ пен
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
мияның, түйетабан мен сарымсақтың, шашыратқы мен
жаужұмырдың және құмның басқа да шөптерінің жұпар
иісіне араласып, ауаны жаңартып жібереді. Бұл иіске
елтімейтін тірі пенде болмас. Мұндай кезде аң атаулы
да да ес қалмайды. Тіпті ол байғұстардың мас болғаны
соншалықты, жанына таяқ тастам жақындағанша селт ет
пей тұра береді-ау!
Құмның жұпар иісі адамның тәніне емес, жанына себі
леді. Және осындай дарқан өңірдің ең қожасы – малшы
лар. Сондықтан да болар, олардың бүкіл болмысынан осы
құмның жұпар иісі бұрқырап тұрады.
Құмда бұрын да сан рет болғанмын. Ертеректе әкемнің
інісі колхоздың қойын бағып, Мойынқұмды біраз шарлаған
еді. Кейін жасы ұлғайған соң демалысқа шығып, ауылға
көшіп келген болатын. Сол кісі айтатын:
– Ауылдың ауасына үйрене алмай-ақ қойдым. Қайран,
құмым! Саф ауаңды бір жұтсам, бүкіл дертімнен жазылып
кетер ме едім!..
Сонда мен ойлайтынмын «Ауада тұрған не бар екен?
Әсте, адам қартайған сайын кінәмшіл бола ма» деп...
Ақыры ағам көндіге алмады, құмдағы шұраттың бі
реуіне қарауыл болып, қайта көшіп кетті. Ол кезде төменгі
класта оқитынмын. Жазғы демалыста ағамның үйіне бар
дым. Арада екі-үш ай өтсе де, алғаш ол кісіні танымай қала
жаздадым: бұрынғы бозғылт өңі қып-қызыл болып, нұры
тая бастаған көз жанары шырақтай жаныпты, ауруынан
да айығып кетіпті. Соған қарап құм ауасының ерекше бір
дарулық қасиеті бар ма деп те ойлаймын. Содан бері мен де
құм өңірін іштей жақсы көріп кеттім.
Міне, қазір де мына қар басып, мелшиіп жатқан өркеш-
өркеш құм жоталарына қарап, ерен бір әсерде келемін.
Мана біз орталықтан шығарда-ақ Айтқұл әрқайсымыздың
қай шопанға баратынымызды белгілеп қойған болатын.
Мен Әзіретәлі деген шопанға бөліндім. Атын еміс-еміс
естігенім болмаса, өзін көрмеген адамым. Бар білетінім:
К Ө К Ж И Е К
ұлты – қарашай, сегіз жылдық мектепте менен бес-алты
жылдай бұрын оқыған. Бірақ оны тамамдамағанына
сенімім мол. Себебі мектеп залында қыстырулы тұрған
бітірушілер суреттерінің арасынан оның Хасанбиев деген
фамилиясын кездестірген емеспін.
Машина баяу жүріп келеді. Үп еткен жел де, бетшым
шыр аяз да білінбейді. Құмның іші ықтасын, жылы. Ма
шина құм жолына түскенше сырт киімдерінің жағаларын
көтеріп, бір-біріне тығылысып келген жұрт енді аяқ-
қолдарын созып, түзуленіп отырды, құлақшындарының
бауларын көтере байлап, күбір-күбір әңгімеге көшті.
– Ахмет аңқылдап қалған, ашық адам. Үй іші де өзіне
тартқан, – деп Сәрсенбай қария жанымдағы жігітке бара
тын үйін сырттай таныстырып жатыр.
– Шырақ, сен кімнің отарына барушы едің? – деді бір
кезде маған бұрылып.
– Әзіретәлінің...
– Е, әлгі қарашай жігіт қой, білем, білем, – деді Сәрсекең
сақалын тарамдап. – Көп сөзі жоқ жуас адам. Шаруасына
тындырымды. Бірақ өзі сәл нелеу... қалай деуші еді, әлгі... –
Ол қажетті сөзін таба алмағандай екі қолын екі жағына
ербеңдетіп біраз көтеріп тұрды да, кілт түсірді, – өбшім,
барғасын өзің көресің ғой...
– Сол тоңмойынды мақтамай-ақ қойыңызшы, – деп
Қапан деген жігіт сөзге араласты. – Оны адам қылып отыр
ған ана Жауһарат әпкесі ғой, әйтпесе көрер ем...
– Білмесең, оттамай жайыңа отыр! – Сәрсекең Қапанды
тыйып тастады. – Әзіретәлі әйбәт жігіт. Тек өзінің оқымай
қалғандығы ғой, әйтпесе...
– Әйтпесе, қойшы болып жүрмес еді ғой демекшісіз
бе? – деп екінші бір жігіт әзіл тастады.
– Е, қойшы кімнен кем? – Сәрсекең ширығып, дау
сын көтере сөйледі. – Қазіргі атақ та, абырой да солар
да емес пе? Қолыңнан келсе, өзің шопан болып көрші,
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
көрейін әуселеңді. Сол Әзіретәлінің шаңына да ілесе алмай
қалатыныңа бәс тігемін.
– Ойбай, қойдым, ақсақал, әншейін Әзіретәлі құрдасым
болған соң қалжыңдағаным ғой.
– Құрдас болсаң, Әзіретәлінің өзімен әзілдес, ал жөн
сөзге бұдан былай босқа килігуші болма!
– Қойдым, ақсақал.
Машина үстіндегілер тым-тырыс бола қалды. Енді біраз
дан соң жұрт бір-біріне сүйеніп, қалғып-мүлги бастады.
Алғашында Әзіретәлі жайлы көпшіліктің пікірін білгім
келіп, құмартып-ақ едім. Бірақ әңгіме қайтып жалғаспады.
Сонан соң «бара көрермін» деген ниетпен, қасымдағы
жігіттің тізесіне басымды қойып, мызғып кеттім.
* * *
Арада қанша уақыт өткенін білмеймін, біреулердің «Әй,
тұр, келіп қалдық» деген даусынан оянып кеттім. Түн тас
тай қараңғы. Өзіме-өзім келе алмай, біраз отырдым. Оң
қолым ұйып қалыпты, зілдей, уқалап жатып әрең икемге
келтірдім. Машина соғып тастаса керек, денем дел-сал, ба
сым мең-зең.
Аздан кейін байқадым, шопанның шағын үйінің алдын
да тұр екенбіз. Машинаның қызыл шамы өшпепті, моторы
да жұмыс істеп тұр.
Бір ала қаншық пен ақ төбет машинаны айналып шаба
лана үреді. Үстінен біреу түссе-ақ, түтіп жейтіндей. Әсіре
се, ала қаншықтың айбаты қатты.
Іштен күжірейген біреу шықты да, иттерді қуды. Сонан
кейін ғана барып кабинадан Айтқұл түсіп, әлгіге қарай бет
алды. Бірақ екеуі қолдасып амандасқан жоқ. Оның есесіне
анау саусағымен аспанды нұсқады, Айтқұл машинаны
көрсетті. Одан ұққаным... шопан: «Ауа райы бұзылып
кетті ғой» десе, Айтқұл: «Саған көмекке адам әкелдім»
К Ө К Ж И Е К
дегені болар. Екеуі осылайша біраз сөйлесіп тұрды да, лып
беріп ішке еніп кетті.
Күн бағанағыдай емес, шымырлана бастапты. Денем
тоңайын деді. Жанымдағылар да қолдарын уқалап, аяқ
тарын бір-біріне ұрғылап қояды.
– Әзіретәлінің үйі осы, – деді ауылда тракторшы болып
істейтін Алтынбек деген жігіт құлағыма сыбырлап. – Байқа,
Халима деген сұлу қарындасы бар, ғашық болып қалып
жүрме!
Алтынбектің менен бір-екі жас үлкендігі бар. Бірақ
екеуміз әзілдесе береміз. Соны малданып:
– Онда сенің жұмысың болмасын, уақытында көрерміз, –
деп дүңк ете қалдым.
Төменде иттер әлі шабаланып жүр. Ала қаншықтың
дауысында үруден гөрі қыңсыл басым. Соған қарағанда
күшіктері бар болу керек. Ары-беріден соң ақ төбеттің
даусы саябырлай бастады, тек ала қаншықтың көңілін
аулағандай анда-санда арс-арс етіп қана қояды. Мағынасыз
бос үрістен түк шықпайтынын сезгендей, енді біраздан соң
ала қаншықтың да даусы семді.
Айтқұл іште біраз ұсталды. Мен енді шындап тоңа бас
тадым. Денем қалшылдап, тісім-тісіме тимеді. Шыдай ал
май жерге секіріп түстім. Ары-бері жүгіріп бойымды жы
лытып алдым да, машинаға жақындай бергенім сол еді,
арт жағымнан бір нәрсе «ар» ете қалды да, артынша біреу
балтырыма ине тығып алғандай тыз ете түсті. Біле қойдым.
Бұл ала қаншықтың тірлігі. «Қап, әбден масқара болдым-
ау!».
Ит қапқан кезде даусым шығып кетсе керек, машина
дағылар жерге секіріп-секіріп түсті.
– Байқасаң еді...
– Тісі онша бата қоймаған сияқты, – деп күлген болдым.
– Тез, үйге кіріп, йод жаға қой, – деді Сәрсекең. Сонан
соң:
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Әй, әлгі Айткұлдың мұнша кешіккені несі-ей, осын
шама халықты суыққа иіріп, шақырыңдаршы өзін, – деп
ашу шақырды.
Бұл кезде Айтқұл да келіп қалған еді. Ол сүт пісірім
уақыттың ішінде қызып алса керек, көңілді. Даусы да
жарқын-жарқын шығады.
– Уа, не болып қалды? – деді ол.
Менің жағдайымды естіп, күлді де қойды.
– Түк те етпейді, өз итің ғой, ертең-ақ үйреніп кетеді. Ал
енді біз жүреміз, сен осында қаласың.
Мен машина ұзап кеткенше, соңынан қарап тұрдым да,
үйге қарай бұрылдым.
Үй иесі есік алдында тұр екен.
Сылти басып жанына келдім де:
– Сәлеметсіз бе! – дедім.
Ол үндеген жоқ. Бейне мынау мылқау түн құсап
мелшиіп тұр.
– Сіздерге жәрдемші етіп қалдырып еді, – дедім қарадай
қысылып.
– Сен не, ақсақсың ба? – деді ол көптен кейін барып.
– Жо... жоға, жаңа ит...
– Ә, біздің Майлыаяқ па, ол сөйтіп амандасады келген
кісілермен, – деп жігіт бар даусымен қарқылдап күлді. Үй
иесінің даусының күштілігі соншалық, қорадағы қойлар
үркіп, атақырда байлаулы тұрған аттарға дейін оқыран
ғандай болды.
Мен тіксініп қалдым. «Мас емес пе өзі?»
Жігіт бұрылды да жүре береді. Мен соңынан ердім.
Үйге кірдік. Жігіт келген беті төрде төсеулі жатқан құрақ
көрпенің үстіне жантая кетті. Мен енді оның Әзіретәлі
екеніне шәк келтірмедім. Себебі үйде одан басқа ер адам
көрінбейді. Есік жақтағы ошақ басында теріс қарап ыдыс-
аяқ жуып жатқан келіншектің түр-түсін байқап үлгере ал
мадым. Оң жақ бұрышта біресе аузымен, біресе мұрнымен
К Ө К Ж И Е К демалып, шүйкедей қара кемпір ұйықтап жатыр. Үй ішін бір шолып өттім де: – Сәлеметсіздер ме! – дедім. Ыдыс-аяқ жуып отырған келіншек мен жаққа жалт қарап, орнынан ұшып тұрды. – Ей, сен не көкек құсап бір сөзді қайталай бересің? Сәлемшілін өзінің, сәлем... сәлем... одан басқа білерің бар ма, уа, сәлембай, – деп Әзіретәлі тағы да қарқылдап күлді. Бұл жолы оның үнінен терезенің әйнектері сыңғырлап, үйдің төбесі де дірілдегендей болды. Пештің жанындағы бөстекте жатқан бала мысық құлағын сабалап, ішкі үйге зып берді. Былқ етпеген кемпір ғана. Ол сол баяғы қалпын ша біресе аузымен, біресе мұрнымен демалып шырт ұйқыда жатыр. Әсте ол кісі Әзіретәлінің мұндай күлкісіне үйреніп кеткен, не құлағы түк естімейтін саңырау болса керек. Келіншек Әзіретәлі жаққа ала көзімен бір қарап алды да: – Сәлемет пе, қарағым, жоғары шық, – деп мені төрге шақырды. – Бұл шіріктің осындай өнері бар. Отызға келсе де он жастағы бала құсап, о несі, ей... Мен етігімді шешіп, жоғары өрледім. – Әй, орын берсеңші, – келіншек Әзіретәліге тағы кейі ді. – Аядай төріңе өзің шіреніп жатып алмай. Жігіт ары қарай аунап түсті де, артынша ойына бір нәрсе түскендей басын көтеріп алды. – Арақ ішесің бе? – Жо...қ, аузыма алып көрген емеспін. Онда өзің біл дегендей ол қайтадан аунап түсті де, ар тынша «қор» етіп ұйықтап кетті. Мен оның қызулау екенін сонда ғана барып білдім. Айналама жайлап көз салдым. Үйдің жиһазы жұ пыны ғана. Ішкі бөлменің есігі ашық қалыпты. Төрге қатарластыра көрпе жиналған. Олардың астында екі үлкен қазақы қара сандық тұр. Одан ары кереует қойылған. Шымылдық мен отыра берген кезде бір-екі рет бүлк ете
Әділ ДҮЙСЕНБЕК қалған. Манағы Алтынбек айтқан Әзіретәлінің сұлу қа рындасы сонда жатса керек. Біз отырған бөлмеде де көрпе-жастық мол көрінеді. Олар ескі әбдіренің үстінде жиналған. Төменгі жақтағы шағын үстелдің үстінде «Родина» атты радиоқабылдағыш және екі транзистр тұр. Оған қарама-қарсы ыдыс-аяқ салатын буфет қойылған. Буфеттің астында екі бос шиша қылжиып жа тыр. Арақтың құтысы. Жиналып үлгірмегеніне қарағанда жаңа ғана Айтқұл мен Әзіретәлі босатқанға ұқсайды. Біртүрлі жүрегім сазып, балтырым сыздағандай болды. Шай қамымен жүрген үй иесіне білдіртпей аяғымды сипап көрдім. Қан білінбейді, бірақ ара шағып алғандай ашып ба рады. Одан ары шыдай алмадым. – Йод табылмас па екен? «Оны қайтесің?» дегендей келіншек маған таңдана қарады. – Жаңа байқаусызда ит... – мен балтырымды сипадым. – Не дейді? – Келіншек жетіп келіп балтырыма жармас ты. – Ит қауып алды ма? Басымды изедім. – Баламысың деген, бағанадан бері неге айтпай отыр сың? – Келіншек қайта тұрып кетті де, үстелдің суырмасы нан йод пен дәке алып келді. Сөйтті де қарсыласқаныма қарамай, шалқамнан жатқызып қойып, аяғымның жара сына йод жағып, таңа бастады. Келіншектің бет-пішінін енді ғана анықтап көрдім, көзі өткір, мұрны имектеу екен. Ақшыл өңі мен қиғаш қасы, жазық маңдайы мен қара шашы оның жас кезінде сұлу лардың қатарында саналғанын жазбай танытады. – Қарағым, атың кім? – деді келіншек дәкенің ұшын байлап жатып. – Әбен. – Әбен, е, әлгі көшенің басында тұратын Жәмила жеңе шемнің баласы екенсің ғой.
К Ө К Ж И Е К – Иә, – дедім мен келіншектің апамды «жеңеше» дегені не біртүрлі ішім жылып. – Білем, білем, сырттай білеміз. Оқуда баласы бар деп естуші едік, онда ол сенің ағаң болды ғой... – Иә, – дедім мен тағы да мақтанышымды жасыра ал май. – Ағам қалада, мал дәрігерлік оқуда, келесі жылдары бітіреді. – И, айналайын-ай, ә! – деді келіншек әлденеге риза болғандай. – Жәмила жеңешемнің құдай көз жасын көрген екен ғой, жетті деген осы емес пе?! Келіншек қолын жуып жатып өздерін таныстырды. – Менің атым Жауһарат, жеңеше деп те, әпке деп те атауыңа болады. Әзіретәлінің туған әпкесімін. Ана жатқан кісі осы үйдегі ең үлкеніміз – шешеміз болады, – деді ол манадан бері қыбыр етпей ұйықтап жатқан қара кемпірді көрсетіп. – Ол кісіні сенің де апа деп атағаның жөн шығар. Ал қалғанымызбен өзің таныса жатарсың. Жауһараттың үй-ішімен жарым-жартылай ғана таныс тырғанына қайран қалдым. Аздан кейін Жауһарат маған ақ құманды демдеп берді де: – Ал, енді ұялуды қой, бұдан былай өзіңді осы үйдің бір адамындай сезін. Мен малды байқап келейін, – деп сыртқа шығып кетті. * * * Тосын дыбыстан көзімді ашып алдым. Таң қылаң беріп қалыпты. Өзімді сергек сезіндім. Аяғым да ауырмайтын сияқты. Ақырын басымды көтеріп, жан-жағыма көз салдым. Жа нымда теңкиіп Әзіретәлі жатыр. Одан әрі апай орналасқан. Ол кісі түндегі қалпынан қозғалмаған сияқты, біресе ау зымен, біресе мұрнымен дем алып, баяу қорылдайды. Ішкі үйдің есігі жартылай жабылып, пердесі түсірілген.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Пеште гүрілдеп сексеуіл жанып жатыр. Отын дымқыл
дау болса керек, ортасына патрон түсіп кеткендей, анда-
санда шатыр-күтір ете қалады. Мен соның даусынан оян
сам керек. От жарығы терезеден түскен таңның бозамық
сәулесімен араласып, үйдің ішін сан алуан нұрға бөлейді.
Оның ішінде қызылы мен жасылы да, сарысы мен қоңыры
да, күлгіні мен ағы да бар. Осы бір түрлі-түсті бояулар
бөлменің төрт қабырғасы мен төбесіне бірдей жайылып,
дір-дір етеді.
Сыртқы есік сықыр етіп ашылды да, үйге Жауһарат
кірді. Екі қолында – екі қозы. Ол мені байқап қалып:
– «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» дегендей Әбен
сенің қадамың құтты болды, – деді көңілдене дауыстап. –
Көрдің бе, қойымыз төлдей бастады. Міне, мыналар – төл
басы.
Пештің жанында тұрған қозыларға жақындадым. Қан
дай жануардың баласы болсын, жарық дүниеге келісімен
бір-ақ нәрсе іздейді ғой. Ол – анасының бауыры. Міне,
қазір де мына екі кішкентай қошақан буындары бекініп
үлгермеген әлсіз аяқтарын қалт-құлт етіп әрең басып,
бір-бірінің денесін түрткілейді. Жүремнен отыра қалып,
арқаларын сипадым. Екеуі де жапа-тармағай тұмсықтарын
көтеріп, алақанымды иіскелей бастады. Сөйтті де артын
ша «мә-ә!.. мә-мә!» деп маңырап жіберді. Әлсіздеу болса
да тосыннан шыққан дауыс үй ішіне тегіс қозғау салған
сияқты. Алғаш түйенің жарты етіндей Әзіретәлінің денесі
қимылдады. Соның артынша апай да бері қарай аунап
түсіп, «афтшу-у!» деп түшкіріп қалды.
Дәл осы сәтте ішкі үйдегі есікке тартылған перде сыр-р
етіп ашылды да, арғы жақтан талдырмаштай қара торы
қыз шыға келді. Келген беті екі қозыны екі қолымен тік
көтеріп алып: «Қошақандарым менің!» – деп сыбыр ете
түсті.
– Әй, қу қар!..
К Ө К Ж И Е К
Бәріміз дауыс шыққан жаққа жалт қарадық. Апай екен.
Әп-сәтте мұздай болып киініп алыпты. Мен: «Сәлеметсіз
бе?» – деп үлгірдім. Бірақ ол кісі менің сәлемімді құлағына
да қыстырған жоқ. Қызына қаһарлана қараған күйі:
– Бар, киініп кел, көргенсіз! – деді.
Қыз қып-қызыл болып, бұрылып кетті. Сонда ғана ба
рып аңғардым: ол иығы ашық ішкөйлегімен шығыпты.
Мен далаға ата жөнелдім.
Күн ұясынан әлі шыға қоймапты. Аспан ашық. Айнала
ны айқара жапқан ақ қардың үстінен болар-болмас дымқыл
бу білінеді. Бейне жер тыныс алып жатқандай.
Есік алдында біраз тұрдым да, қарсы жақтағы төбеге
беттедім. Ала қаншық соңымнан ілесе шықты. Ол түндегі
әбестігінен кешірім сұрағандай, құйрығын бұлғаңдатып
қояды. Итпісің деген..
Әзіретәлінің қыстауы шұраттың қызыл құмға тірелген
ернеуінде екен. Ықтасын жер. Оң жағымда қолмен үйіп
жинағандай төбе-төбе болып қызыл құм жатыр. Шетсіз де
шексіз. Сол жағымда жап-жазық болып шұрат жатыр. Оның
арғы шеті көзді талдырып барып тағы да құмға тіреледі.
Әзіретәлі малын қызылға шығаратын болса керек, төбе
жақты қой ізі шиырлап тастапты. Ал ой жақтағы қардың
мұрты бұзылмаған, сіресіп жатыр.
Төбе үстінде біраз тұрдым да, төменге түстім. Қой қора
қамыстан жасалған екен. Оны малшылар «фашын» қора
деп те атайды. Үсті жабық мұндай қораларды бұрын да
көргенім бар. Есіктің аузына қойылған бір құшақ жүзгенді
көтеріп, ішке көз салдым. Жылы леп мүңк ете қалды,
кәдімгі қышқылтым шайыр иісі. Қойлар жапа-тармағай
орындарынан тұрып, бері қарай ұмтылды. Өріске шығатын
кездерін олар да біліп жатса керек. Жалма-жан есікті
жүзгенмен қайта бастыра қойдым.
Қораның жанына жарты маядай шөп жиналыпты.
Оның да айналасы жүзгенмен қоршалған. Одан әрі үйге
таяу жердегі ашық қорада аттар тұр.
7-151
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Әзіретәлінің үш аты бар екен. Екеуі шаруашылықтың
мініс малы да, біреуі өзінің жеке меншігіндегі болса керек.
Себебі қоянсүйектің жіңішке бұтақтарынан өріп жасалған
үлкен атақырда байлаулы тұрған екі аттың да сыртқы по
шымы бір-бірінен айнымайды: алып бара жатқан арық та
емес, семіз де емес; әбден көмпіс болып қалған, домбал.
Ал бұлардан сәл төмендеу шағын ғана атақырда тұрған
жирен айғырдың денесі сымбатты да жұмыр. Екі құлағын
қайшылап, еліріп тұр. Алдындағы кәшегі де ана екі атқа
қарағанда молдау көрінді.
Үйдің артқы қабырғасына жапсарластырыла ағаш са
рай салынған. Есіктің саңылауынан сығалап, ішке көз
жібердім. Арғы жақтан үсті брезентпен жабылған жеңіл
машина көрінді. Тұрқы мол екен, «Волга» сияқты. «Қызыл
құмның ішінде босқа тұрсың-ау», – деп күбір ете қал
ғанымды өзім де байқамай қалдым.
* * *
Әзіретәлі мені сол күні-ақ қойға жұмсады.
– Байғұс-ау, бір-екі күн жанында жүріп, үйретпейсің
бе? – деген әпкесінің сөзін құлағына да қыстырмады.
– Еш нәрсе етпес, – деді ол бәріміз сыртқа шыққан соң
манағы көмпіс аттардың біреуіне ер салып жатып. – Біз
алғаш қой баққанымызда бастық келіп үйретіп кетті дейсің
бе?..
– Өзіңмен елді салыстырма, – деді Жауһарат даусын
көтеріп. – Жас емес пе бұл әлі? Тіпті бұрын мал қайырып
көрмеген бала болуы мүмкін, өзінен сұрадың ба?
Әпкесінің соңғы сөзі Әзіретәліге аздап әсер етті ме
деймін, аттың айылын тартып жатып, мен не дер екен де
гендей, көзін сығырайтып бері қарады.
– Бала емеспін ғой, – дедім дәл осы тұста үйден шыға
келген манағы қара торы қызды көзім шалып қалып. –
Сенулеріңізге болады...
К Ө К Ж И Е К
Сөзімді құптағандай Әзіретәлі басып изеп, аттың тізгінін
қолыма ұстата берді.
– Қайдам, жер қара болса бір сәрі, ақ қар, көк мұзда
қойдың сусылдап тұрмайтыны кәдік, әйтеуір, сақ болғай
сың, – деп Жауһарат бұрылып кетті.
Бұл кезде мал тегіс қорадан шығып, алды қызылға еніп,
көрінбей кеткен еді. Атыма міндім де солай қарай шоқыта
жөнелдім.
– Әй, байқа, қой бөлініп қалып жүрмесін, – деп Әзіретәлі
соңымнан айқайлады.
Естімеген кісіше жауап қайтпадым. Сонан манағы
өзім шыққан төбеге көтерілгенде ғана барып төменге көз
салдым. Жапырайып Әзіретәлінің тоқал тамы тұр. Қара
қызды тағы көрдім. Бір кезде ол екі қолын жоғары көтеріп,
бір-біріне түйістірді. Мен мұны оның сәлемдескені неме
се «өзіңе мықты бол» дегені шығар деп ұқтым. Әйтеуір
жүрегім жылып сала берді. Басымдағы құлақшынымды
жұлып алдым да, ары-бері бұлғадым... Қыз жалт беріп үйге
кіріп кетті. Мен атымды тебініп қалдым.
Қой ұзап кетіпті. Алдын қайырып, артын айдап, ала
құйын боп шауып жүрмін. Шынында да, мал сусылдап
бір орында тұрмайды екен. Жем іздеген балапандардай
жүзгендерді қуалап, жүгіреді де отырады. Әзірше шашау
шығармай мен де еріп келемін. Анда-санда артыма айна
лып соғып, қой жүріп өткен әрбір ойды сүзіп шығамын.
Ондағы ойым, қалтарыста мал қалып қоймасын дегенім.
Қайырмай, сәл еркіне жіберсең-ақ қойдың басын біріктіру
қиямет-қайым сияқты: алды тай шаптырым жерге кетіп
қалса, арты қасақана кейін қарай жайылатынын қайтерсің!
Ит жының келеді. Мұндайда қой жаюдың оқуы тұрмақ ака
демиясын бітіріп келсең де түк істей алмайтының сөзсіз.
Одан да өзіңнің даусың мен атыңның күшіне сенгенің жөн.
Түске таман атым да сыр бере бастады, өзім де мықтап
шаршадым. Айқайлай-айқайлай даусым да қарлықты.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Екі қара санымды біреу жіппен таңып тастағандай, қа
рысып қалса керек, удай ашиды.
Аттан әупірімдеп әрең түстім. Аяғымды баса алатын
емеспін; көзім қарауытып, басым шыр көбелек айналып
барады. Тізерлеп барып, бір түп жүзгеннің үстіне жантая
кеттім.
Сүт пісірімдей уақыттың ішінде сергіп қалыппын. Бірақ
бүйтіп демалғаны құрысын, малым шашырап кетіпті; қай
сысының қай тұста екенін білмеймін, қай төбеден асып
түссем де – қой, бес-оннан бөлініп алып жайылып жүр.
Енді бір сәтте атымды шідерлеп жібердім де, мал
ды жаяу қайыруға көштім. Жан-жағымның бәрі – қой,
жан-жағымның бәрі – құм. Қой қойға, құм құмға ұқсас.
Ары-бері жүгіріп жүріп, малдың басын әрең біріктірдім-
ау! Бірақ қарасы ертеңгілік қорадан шыққан кездегіден
шағындау ма, қалай?..
Жүгірген күйі атыма келдім. Аздап тыңайып қалыпты,
тебініп едім, қопаңдап желе жөнелді. Сол бетіммен жаңағы
өзім мал қайырған төбелердің қуыс-қуысын тағы бір шо
лып шықтым. Қой бөлінгеннен аман сияқты.
Бағанағыдай емес, малдың жүндері дүрдиіп, бүйірлері
шығыпты. Сағатыма қарасам – бес. Қойды ауылға қарай
қаптаттым. Әп-сәтте айналам күңгірт тарта бастады.
Жайылған малдың мимырт жүрісіне ілесіп, көз байлана
бастаған шақта үйдің жанындағы үлкен төбеге де іліктім-
ау, әйтеуір!
Шұратқа жете мал бірінің соңына бірі түсіп, шұбыра
бастады. Қораның аузында Әзіретәлі тұр екен. Қолында
келте шыбығы бар. Ол біресе төмен иіліп, біресе жоғары
көтеріліп, шошаң-шошаң етеді. Әзіретәлінің мал санап
тұрғанын түсіне қойдым. Үн-түнсіз аттан түсіп жетегіме
алдым да, солай қарай беттедім.
Міне, соңғы қой да өтті. Әзіретәлі соңғы саусағын бүгіп,
қолындағы шыбығын лақтырып жіберді де, артына жалт
қарады.
К Ө К Ж И Е К
– Қой жоқ, – деді ол жерге шырт еткізіп бір түкіріп алды
да, – пәшти жарымы жоқ. Бәсе, сенен оңған жәрдемші
шықпайтынын мана атқа отырысыңнан-ақ сезген едім.
Не дейін, басымды салбыратып төмен қарадым.
– Қай жаққа жайып едің?
– Қызылға, – дедім төбе жақты қолыммен нұсқап.
– Қызылға, – деді ол да менің даусымды айнытпай са
лып. –Құмның бәрін қызыл дейді, одан да атын айтпайсың
ба?.. Сонан соң ол «Әй, сенімен салғыласып тұрған мен де
ақымақпын-ау» дегендей қолын бір сілтеді де, атымның
тізгініне жармасты.
Жанымызға Жауһарат пен манағы қыз келді. Олар
үрпиісіп бізге қарады. Бұл кезде Әзіретәлі ат үстіне
қонжиып үлгерген еді. Мен қарадай қысылып, қызылға
қарай жылыстай бердім.
Дәл сол сәтте төбе жақтан маңыраған қойдың даусы
естіліп, артынша мана қайта-қайта қайыру бермей шеттеп
жүрген көк серкенің қарағайдай мүйізі көрінді. Өз айы
бын өзі түсінгендей, бөлінген қойды өзі бастап келсе ке
рек. Қуанғанымнан айқайлап жібердім де, жүгіріп барып,
қораның аузын аштым. Әзіретәлі атынан түсті. Жауһарат
жерден жүзгеннің бір бұтағын алып, ішке шұбырып кіре
бастаған қойды санауға кірісті. Оған мен де қосылдым.
– Бір, екі, үш... елу тоғыз...
Ауыр басып арт жағыма біреу келді. Сезіп тұрмын –
Әзіретәлі.
Міне, соңғы қой да өтті.
– Нешеу?
– 253, – дедім мен.
– 247, – еді Жауһарат қораның аузын жауып жатып. Әзірет
әлі ләм-мим деместен бұрылып кетті. Сөйтті де есіктің
алдына барып, аттың тартпасын босатты да, мама ағашқа
шылбырын бос тастай салды. Жүрегім сонда ғана орны
на түскендей болды. Демек, мал түгенделді. Осылайша
бірінші күнгі қой бағуым онша сәтті бола қойған жоқ.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
* * *
Келесі күні үйде қалдым. Әзіретәлі, сірә, маған сенбе
се керек, қой жаюға өзі кетті. Дегенмен Әзіретәлі менің
алғашқы күнгі шалағайлығыма онша қатты ренжіген жоқ.
Тіпті ертеңгілік атын ерттеп жатып:
– Зерікпейсің, үйде де жұмыс көп, – деп әзілдеген де
болды.
Айтса айтқандай-ақ, қой өрісімен Жауһарат мені қораға
ертіп келді де, аяғымның астында нөпір болып шашылып
жатқан қиды көрсетіп:
– Әзірше осыларды бір жерге үйіп, жинай бер, соңыра
таман сыртқа шығарысуға Халима екеуміздің біреуіміз
келерміз, – деді.
Халима! Ол – осы уақытқа дейін мені ешкім таныстыр
май келген үйдегі сіңлісінің есімі. Оған шәк келтірген
жоқпын. Себебі зембілдің бір жағын көтерісуге апайдың
келмейтіні белгілі. Демек Жауһарат оны айтқан жоқ.
Жедел іске кірістім. Суы мен қиы шыланып, миы
шығып жатқан қора табанын күрек бойы ойып, бір жерге
үйе бастадым. Байқаймын, жұмысым онша өнетін емес.
Оның үстіне үй орнындай жерді аршымай жатып-ақ, екі
алақаным күлдіреп, ойылып шыға келді. Қолдарымның
қары талып, күрегім де бұлғақтай бастады. Аздап демал
маса болмайтын сияқты. Күректі тастай салдым да, терезе
орнына ашық қалдырылған тесіктен сыртқа қолымды со
зып, қар алдым. Уысым лезде суға толды. Артынша тағы
да қайталап, маңдайыма бастым. Денем сергіп сала берді.
Шамалы уақыт өткен соң Халима келді. Үстіне шолақ
қара тон киіпті. Өзіне жарасады екен. Ол менімен бұрыннан
таныс адамдай-ақ:
– Халың қалай, Әбен? – деді бірден.
– Жақсы, – дедім қолымды артыма жасырып.
– Маңдайыңа қар басқансың ба? – деді ол бетіме тіктеп
қарап. – Ауырып қаласың ғой... Онысы несі-ей бала құсап...
К Ө К Ж И Е К
Мұндайда аузыңа сөз түсуші ме еді, ыржиып күле
бердім.
– Мен саған көмектескелі келдім, – деді жауабымды
күтпестен. – Қане, қанша жер тазаладың?
Мақтанатындай шама жоқ, бетім ду ете түсті.
Халима жан-жағын шолып шығып, басын шайқады.
– Қораны бүйтіп тазалауға болмайды, Әбен, – деді ол
мен ойып тастаған жерге еңкейіп. – Құрғақ көңнің бәрін
қопарып тастапсың. Егер бүйтіп тазалайтын болсақ, ең
кемі екі апта кетеді. Ол дәл қазір бізге де, малға да тиімсіз.
Себебі тұяқты мал мынадай жауынды-шашынды көкөзек
шақта көңі жоқ қара жерді бір кіргенде-ақ миын шығарып,
көкбатпақ етіп айдап тастайды. Сондықтан көңге тиіспей,
оның үстіндегі жас қиды ғана тазалауымыз керек. Көрдің
бе мынаны? – Ол маған қолындағы екі-үш елідей келетін
құрғақ көңді ұстап көрсетті. – Құп-құрғақ. Бұдан су да,
ызғар да өтпейді...
– Көң малды қотыр қылып, жүнін бүлдірмей ме? – дедім
мен білгішсініп.
– Е, оның жөні бөлек, – деді Халима. – Сен сіре көңді
айтып отырсың ғой. Ондайға ұжымшар да, малшы да жол
бермейді. Егер мына көң келесі жылға қалатын болса,
сіреленіп кетеді. Сол қауіпті. Сондықтан басшылар біз жаз
да жайлауға шыққанымызда арнайы трактор мен адамдар
бөліп, мұның бәрін тазалап, сыртқа шығартқызып тастай
ды. Сонан ол күзге дейін кеуіп, дайын тұрады.
– Халима, сіз мұнда көптен бері істейсіз бе?
Ол бір сәтке аңтарылып, тұрып қалды. Сұрағымды
естімеген болар ма деп, тамағымды қырнай бір жөтеліп
алып:
– Кешіріңіз, – дей беріп едім.
– Тұра тұр, – деді ол сөзімді шорт бөліп. – Алдымен өзің
жауап бер: біріншіден, менің атымды қайдан білдің? Екін
шіден, мұнда көптен бері істейсіз бе дегеніңді қалай түсіну
ге болады?
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Кешіріңіз, – дедім мен тағы да. – Сұрақты дұрыстап
қоя алмай отырғаным ғой. Малдың сырын жақсы біледі
екенсіз, қайда жүріп үйрендіңіз демекші едім... Ал
есіміңізді Жауһарат әпкейден естідім.
– Жарайды, іске кіріселік! – деді Халима үстіндегі тонын
шешіп, қолына кетпенін алып. – Маған да сенің атыңды
әпкем айтты. Ал мал сырын жасымнан білемін, сұрағыңа
қарай жауап беретін болсам, мұнда ес біліп, етек жиғалы
еңбек етіп келемін.
Дегенмен мықтап қатырды мені. Үн-түнсіз барып,
қолыма күрегімді алдым. Екі алақаным дуылдап тұр, удай
ашиды. Сонда да қызға сыр бермедім.
Халима мұндай жұмысқа төселіп алса керек. Жапырып
барады. Мен де әлімнің келгенінше, тырбанып жатырмын.
Аздан соң денем бусанып, алақанымның ашығаны да ба
сылды. Бұрынғыға қарағанда жұмысым өнімді де көңілді
бола бастаған сияқты.
Қораның орта шеніне жете бергенімізде Халима:
– Болды, – деді, – қалғанын түстен кейін тазалаймыз.
Ал қазір мына үйінділерді сыртқа шығарып тастаймыз.
Сөйтті де өзі барып зембіл алып келді.
Зембілдің алдыңғы жағында – ол, соңында – мен.
Далаға он шақты рет қатынаған соң денем ауыр тартып,
шындап шаршайын дедім. Халима сыр бермейді. Тершіген
маңдайын жібек орамалымен желпіп қойып жеңіл жүр.
Нәп-нәзік қыздың мұншалықты қайратына іштей таң
қаламын.
– Халима, азырақ демалсақ қайтеді?
– Шаршадың ба?
– Жоға, сіз...
– Мәймөңкелемей, ашып айт, – деді Халима маған жалт
қарап.
– Сіз шаршаған боларсыз деп ойлап едім...
– Сен мені мүсіркемей-ақ қой, – деді Халима бұртиып. –
Одан да өзіңе мықты бол.
К Ө К Ж И Е К
– Дегенмен қыз бала ер жігітпен теңесе алмайды ғой, –
дедім мен бар батылдығымды бойыма жиып.
Халима мен ойлағандай шәт-шәлекей болған жоқ. «Ә,
солай ма еді?» дегендей басын әнтек көтеріп қалып, көзінің
алдына түскен шашын артқа қарай серпіп тастады да:
– Осы, сен нешедесің? – деді.
– Он сегіздемін.
– Қай айда тудың?
– Ақпанда...
– Бәсе, бала екенсің ғой, әлі.
– Ал өзіңіз нешедесіз?
– Мен сенен бір айға үлкенмін, бұдай былай әпке деуіңе
болады.
– Жарайды, әпке, онда кішкене демалайық, – дедім мен
тағы да.
– Жоқ, – деп Халима күрекке қайта жармасты. – Бүйтіп
салғыласып тұра беретін болсақ, мына қораны бүгін таза
лап бітпейміз.
Амалсыз көнуге тура келді. Зембілді қайта толтыра
бастадым. Осылайша біз түске дейін манағы өзіміз үйген
қиды сыртқа тегіс шығарып үлгердік.
Тамақ ішіп келген соң қалған жерді бір пәсте тазалап
тастадық. Жұмыстың бәрін бітіріп болдық та қораның
алдындағы жүзгеннің үстінде отырып, терімізді бастық.
Халиманың екі беті алаулап, бусанып тұр. Тонының
түймелерін ағытып, бет орамалымен маңдайын, мой
нын сүртті. Қырынан қарағанда тіпті сүйкімді екен: қыр
мұрынды, бірақ үлкен емес. Үлбіреген түріңкі еріндері
бір ашылып, бір жабылады. Қап-қара көзі үнемі күлімдеп
тұрады.
Еріксіз қарай бергім келеді. Бірақ ыңғайсыз.
– Әпкесі, әңгіме айтсаңызшы, – дедім бір кезде оған
тіктеп қарап.
– Әңгіме дейсің бе?..
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Ол әсем жымиып күлді. Жүзі нұрланып, жайнап шыға
келді. Осынысының өзі қандай жарасымды еді!..
Дәл осы тұста үй жақтан:
– Халима-а, Халима! – деген дауыс естілді. Апай екен.
Ол белін жазып, бері қарай қолын сермеді. Онысы маған
жұдырығын түйгендей болып көрінді.
– Не, апа? – Халима орнынан көтерілді.
– Болдыңдар ма? Үйге кел, жұмыс бар.
– Қазір, апа. – Халима енді мен жаққа бұрылды:
– Әңгіме дейсің бе? – деді жаңағы сөзін тағы қайталап.
– «Әңгіме бұзау емізер, бұзау таяқ жегізер»... – Сөйтті
де ол мұрнымнан шертіп жіберді де, үйге қарай жүгіре
жөнелді.
Мен не істерімді білмей, мелшидім де қалдым. Әйтсе де
ерке қыздың бұл қылығына титтей де ренжіген жоқпын.
Сол қалпымда біраз отырып қалсам керек, тоңа бастадым.
Басым да ауыратын сияқты. Тәлтіректеп орнымнан әзер
тұрдым. Ілбіп үйге жеттім.
Жауһарат түрімді көріп шошып кетті.
– Әбен, не болған саған, өңің қашып кетіпті ғой.
– Білмеймін, тоңып барамын. – Даусым дірілдеп шықты.
– Ойбай, суық ұстап қалған ғой. – Ол жүгіріп келіп қол
тығымнан демеді. – Мына біздің Халимада да ес жоқ, секеңдеп
өзі жүгіріп келгенше, сені де ерте келмей ме мана. Тер қатып
қалған ғой... Ішкі үйден Халиманың өзі де шыға келді.
– Көрпе сал, – деді әпкесі оған. – Мына пешке тақау жер
ге. Әбенге салқын тиіп қалса керек, жатып терлесін. Дәрі
бар ма еді?..
Аузыма екі түйір ақ дәрі салып, Халима ұсынған судан
бір ұрттадым да, төсекке жантая кеттім. Үстіме екі көрпе
жабылды. Кішкенеден соң бойым балқып, маужырап
ұйықтап кеттім.
...Екі адамның табаны ғана сиярлық дөңгелек табақша
екен. Соның үстінде біз түрегеп тұрмыз. Жоқ, ұшып келеді
екенбіз, құлап қалмас үшін бір-біріміздің білегімізден
К Ө К Ж И Е К
тас қылып ұстап алыппыз. Бұл кім өзі? Бұрылып, бетіне
қараймын. Япыр-ау, мынау Халима емес пе?! Иә, сол ғой,
соның дәл өзі...
– Халима!
– Ау!
– Біз қай жаққа ұшып келе жатырмыз?
– Айға.
– Айға! Онда не істемекпіз?
– Бірге тұрамыз..
– Шын айтасың ба?..Онда менен мықтап ұста!..
– Әбен!
– Ау!
– Ыстықтадым.
– Сәл шыда.
– Шыдай алатын емеспін, күйіп барамын.
– Шыда, сәл шыдашы, мықтап ұста!...
– Әбе-н!..
Кенет ол құшағымнан сусып шығып, төменге қарай
құлдырай жөнелді. Шыңғырып жібердім.
– Ха-ли-ма-а-а!
... Қос көрпені қолыммен серпіп тастап, басымды жұлып
алдым. Үй іші тамақ ішіп отыр екен. Жауһарат пен Халима
үрпиісіп маған қарады.
Түс көріп, шошып оянғанымды сезе қойдым. Ұялған тек
тұрмастың кебін киіп:
– Су, – дедім.
Жауһарат пен Халима орындарынан атып-атып тұрды.
Денем дел-сал. Басым зілдей. Көзім қарауытып, қайтадан
жата кеттім.
Жауһарат басымды көтерді де, Халима әперген кесені
аузыма тақады.
– Әбен, іше ғой.
Салқын суды екі-үш рет тамсанып, әрең жұттым. Денем
сәл-пәл жеңілденіп қалғандай болды.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Бір кезде Әзіретәлі орнынан көтеріліп, жаныма келді.
Күректей қолын маңдайыма басып көрді де, басын шай
қады. Сөйтті де асықпай киіне бастады.
– Қайда жиналдың? – деді әпкесі оған таңдана қарап.
– Сарышағылға, штабқа, – деді ол етігін киіп жатып. –
Дәрігер алып келемін.
Сарышағыл – көрші шұрат. Осыдан жиырма-отыз ша
қырымдай жерге орналасқан шопандар штабы. Күні бойы
мал жайып, шаршап келген адамның соншама жерге ат са
былтып баруын құп көрмей-ақ тұрмын.
– Әзеке, әуре болмай-ақ қойыңыз, – дедім басым
ды көтеріп. – Мен өзімді жақсы сезінем, ертең-ақ тұрып
кетемін ғой.
Ол жауап қатпастан, үйден шығып кетті.
– Тамаққа тәбетің шаба ма? – деді Жауһарат ыдыс-
аяқты жинап жатып.
Мен басымды шайқадым.
– Онда ыстық сорпа іш, – деп үлкен тостағанды ұсынды.
Бірақ оны да жарытып іше алмадым. Бір-екі ұрттадым
да, ыдысты қайтып бердім.
Арада шай қайнатым уақыт өтпей жатып-ақ ыстығым
қайта көтерілді. Аузым кермек татиды. Екі құлағым тас
болып, бітеліп қалғандай. Денемді бір жойқын күш басып,
жаншып барады. Тағы да сандырақтап, сөйлеп қоймасам
екен деп қорқа бастадым.
– Су...
Бір аялы қол басымды көтеріп, ерніме кесенің ернеуін
тигізе берді. Көзім жұмулы болғанымен, көңілім сайрап
тұр. Қолының сыртынан сипадым. Жұп-жұмсақ. Халима
ның қолы болуы керек. Ойыма жаңа ғана көрген түсім сап
ете қалды. «Жоқ, жоқ, мүмкін емес... Халиманың қолын
тас қылып ұстап тұрдым ғой, ол құлаған жоқ»... Одан әрі
түсім мен өңімді шатастырып алдым.
...Алдымен сезгенім дәрінің ащы иісі болды. Көзімді
ашып қалсам, бас жағымда бейтаныс қыз отыр екен. Үстінде
К Ө К Ж И Е К
ақ желең, қолында – шприц. Ол күлімсірей, қолындағы
шприцін оңтайлай берді. Түсіне қойдым. Айтқанына көніп,
етпетімнен аударылып түстім.
«Байғұс бала, қатты сырқаттанса керек, түні бойы сан
дырақтап шықты». Мұны айтқан – Жауһарат.
«Суық тиіпті. Ештеңе етпес, организмі жас қой, ертең-
ақ тұрып кетеді». Мұны айтқан – дәрігер.
Мен ойладым: жаңа ғана көзім ілінген сияқты еді ғой.
Жауһарат: «Түні бойы сандырақтап шықты» – дейді. Сонда
қазір таң атып қалғаны ма?
Дәрігер өкпемді тыңдап шықты да:
– Қорқынышты еш нәрсе жоқ, – деді. – Өкпең таза.
Бірақ өзіңді жылы ұста.
Мұнан кейін ол тағы да бірсыпыра ақыл-кеңестер ай
тып, сөмкесінен үш түрлі дәрі алды да, Жауһаратқа берді.
– Күніне үш реттен, – деп үш саусағын көтерді.
– Мақұл, айналайын, – деді Жауһарат.
Таң аппақ атқанда дәрігер шайға қарамастан қайтып
кетті. Апай орнынан тұрды. Әзіретәлі малын өргізді. Жау
һарат пен Халима түні бойы ұйықтамаса керек, көздері
қып-қызыл. Әзіретәлі байғұс та тізесін бүкпеген күйі малы
на кетті. Ал менің түрім болса мынау. Жатырмын шәниіп.
Алғашқы күнгі Әзіретәлінің сөзі ойыма түсті. «Сенен оңған
жәрдемші шықпайтынын атқа отырысыңнан-ақ сезгендей
едім» деп пе еді? Дәл білген екен-ау. Келгелі бері осы үйге
титтей пайдам тиді ме? Керісінше, ауырып өздерінің маза
сын алып біттім-ау. Ұят-ай!
– Әбен.
– Әу.
– Ыстық шай ішесің бе?
Құлқым жоқ болса да, Халиманың көңілін қалдырғым
келмеді. Басымды изедім.
Халима шағын дастарқан жайып, ақ құманмен шай
алып келді. Іште екеуміз-ақ.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Халима, сіздер мені кешіріңіздер, – дедім мен оның
қолынан кесе алып жатып. – Әбден мазаларыңызды алып
біттім-ау деймін.
– Мұндай сөзді бұдан былай айтушы болма, – деді ол дау
сын қатайтып. – Әпкем мен көкем естісе мықтап ренжиді.
– Өзің ше? – дедім сөздің аяғын әзілге бұрған болып.
– Мен саған түні бойы ренжіп шықтым.
Жүрегім зырқ ете қалды.
– Неге?
– Қайта-қайта менің атымды атап айқайлап шықтың.
Қояр ма екенсің деп жаныңа барып едім, қолымнан тас
қылып ұстап алдың. «Құлап кетесің», «Құладың» дейсің
бе, әйтеуір сөзіңе түсініп болмадық. Әпкемнен ұялғаным-
ай! Абырой болғанда апам естімеді. Ол кісінің құлағы ауыр
лау ғой...
Қысылғанымнан қолымдағы кесем түсіп кетті. Дәл
қазір жердің тесігі болса, кіріп кетуге әзірмін. Масқара-ай!
Түсімде көргенімді сандырақтап айта бергенмін ғой.
– Халима, кешіріңіз мені... Түс көрген едім. Түсімде
екеуміз Айға ұшыппыз. Содан соң... арғы жағын айта ал
май мүдіріп қалдым.
– Жарайды, – деді Халима. – Мен кешірдім. Бірақ
бұдан былай түсіңді елге жария етуші болма. – Ол жыми
ып күлді. – Тағы бір айтайын дегенім, енді маған «сіз» деп
сызылғаныңды қой, бір айлық үлкендігімді сыйлағаныңа
рахмет, «сен» деуге рұқсат етемін.
– Келістік, – дедім мен де жадырап.
Үйге апай мен Жауһарат кірді. Әңгімеміз кілт үзілді.
Мен кесемді төңкеріп, Жауһаратқа ұрлана қарадым. Бірақ
ол кісі сыр берген жоқ.
* * *
Арада бірсыпыра күн өтті. Сырқатымнан құлантаза
айығып кеттім. Жауһарат «қайталап қалуы мүмкін» деп
К Ө К Ж И Е К
ауыр жұмысқа жібермейді. Ауылдағы арық-тұрық малға
жем беріп, бір мезгіл суарғаннан басқа түк істемеймін.
Үй іші төрт мезгіл тамағын аузыма тосып, жас бала
дай күтіп бағады. Дәрігер келіп кеткен күннің ертеңінде-
ақ Әзіретәлі әпкесінің айтуымен бір қойын жайратып
салған болатын. «Жас сорпа ішпей күш алмайсың», – деп
Жауһарат содан қайта-қайта ыстық тамақ жасап береді.
Құдды осы үйдің тұңғыш ұлы сияқтымын. Шәниіп жата
бергенге адамның өзі ыңғайсызданады екен.
Түннің бір уағында күшті жел тұрды. Үйдің терезелері
тырсылдап, сыртқы есіктің ашық-машығы шиқылдады.
Төргі үйдің есік пердесі сыр етіп ашылды да, жеңіл ба
сып біреу сыртқа беттеді. Жауһарат екенін іштей сезіп
жатырмын. Малды байқап келмек қой. Күндіз қой бағып,
сілесі қатып келетін Әзіретәліні оятуға болмайды. Ал менің
жағдайым белгілі. Сонан соң түнгі күзетке өзі шығады да.
Құмға келгеніме бір апта. Енді уәде бойынша, екі-үш
күннен кейін Айтқұл келіп, бізді ауылға алып кетпек.
Ол қудың «Ал, батыр, не тындырдың, Әзіретәліге қандай
көмек көрсеттің?» деуі сөзсіз ғой. Сонда не деп жауап
бермекпін? «Бір күн қой бақтым, бір күн қора тазалауға
көмектестім» деймін бе? Басқа не айтамын.. Ұят-ай!
Әзіретәлінің есебі бойынша, енді біраз күннен кейін
күйек түспек. Ал мұнда әлі қоралар да әзір емес. Оны салу
үшін алдымен жүзген мен қоянсүйек бұзып, дайындау
керек. Сонан соң оларды үйдің жанына тасып жеткізу де
едәуір жұмыс қой. Ертең Айтқұл келгенде мен ілесіп жүре
берсем, осы жұмыстарды тындыруға жалғыз Әзіретәлінің
күші жете қояр ма екен? Әй, қайдам. Жарайды, оған
Жауһарат көмектеседі делік. Сонда қойды кім бақпақ?
Үйге Жауһарат кірді. Артынша оның төргі үйден «уһ»
деп күрсіне дем алғанын естідім. Бір түрлі жаным ашып
кетті. Қайтсін, күндіз-түні дамыл таппайды, шаршайды
ғой.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Екінші жағыма аударылып түсіп, басымды көрпемен
тұмшалап алдым. Бірақ ұйқым келмеді. Қайтадан ойға
шомдым. Ертең не істемекпін? Әзіретәлі мені қойға жіберер
ме екен, әлде тағы да үйдегі ұсақ-түйек жұмысқа қалдыра
ма? Өзімен сөйлесу керек екен. Бүйтіп жата беруге болмай
ды ғой.
Сыртта жел күшейе түскен сияқты. Есік-терезелердің
сылдыры манағыдан да қатты естіле бастады. Ақырын ор
нымнан көтерілдім де, сыбдырсыз киініп алдым. Сөйттім
де сыртқа беттедім. Дәлізде әлсіз сәуле шашып фонар шам
жанып тұр екен. Пілтесін көтеріңкіреп қойдым.
Дала қараңғы екен. Жып-жылы желге көкірегімді то
сып біраз тұрдым. Аспанда жөңкіп бұлт көшіп барады.
Олардың арасынан анда-санда жылт етіп жұлдыз да көрініп
қалады.
Жаныма Бөрібасар келді. Төбетті жонынан сипап, біраз
еркелеттім. Артынша итті ертіп алып, күнде өзім шығып-
түсіп жүретін төбенің басына көтерілдім. Жалғыз болсам
мынадай меңіреу түнде бұл жаққа аяғымды аттап баспас
едім ғой. Бөрібасарды медеу тұтып отырмын.
Кенет төбет орнынан атып тұрып, тың тыңдады да, ар
тынша арс-арс етіп үріп, алға қарай тұра жүгірді. Төменнен,
үй жақтан қаншықтың да дауысы естілді.
– Бөрібасар, кә, кә! – дедім елегізіп. Төбет төбе айналып,
қайтып келді. Келген беті аяғын алға созып, көсіліп жата
кетті. Алқынып қалыпты.
Құмда не көп, жабайы аң көп. Түлкі қуған болар деп ой
ладым. Себебі соңғы жылдары ит-құс көрінбей кетті дейтін
малшылар.
Арада бірсыпыра уақыт өткен соң жел саябырсып, аспан
ашыла бастады. Шығыс жақ қызарып, айналам бозамық
тартты.
Мен сол күні таңды бетпе-бет қарсы алдым. Төменге
түстім. Есіктің алдында Жауһарат тұр екен.
– Ерте тұрыпсың ғой, – деді ол езу тартып.
К Ө К Ж И Е К
* * *
Көктем күшіне еніп келеді. Құмның нағыз бабы
на келген шағы, жүзген гүл жарып, жер көктеп жатыр.
Табиғаттың осы бір тамаша кезі менің де өміріме өзім
түсініп болмайтын өзгеріс ала келгендей, көңілім көңілді
әуеннің сазына елтіп күмбірлейді де тұрады. Кейде соған
қосылып ән салғым келеді. Бұл не? Көктем әсері ме, әлде
еңбек қуанышы ма?..
... Айтқұл айтқан күнінде келген. Келген де «кеттік» де
ген. Мен не дерімді білмей, үй ішіне қарағам. Бірақ Әзіретәлі
де, Жауһарат та, Зайнап апай да, Халима да Айтқұлдың
сөзін естімегендей кейіп танытып, мен жаққа көздерінің
қияғын да салмаған. Осында келгелі бері көңілімді күпті
етіп жүрген мәселенің дәл сол мезетте шешілерін білгенмін.
Кетемін десем, жолыма ешкімнің қарсы тұрмайтыны
белгілі. Бірақ не тындырдым деп барамын ауылға? Тіпті
Әзіретәлінің төл алатын қораларын да салған жоқпыз.
Ертең мал төгіп бергенде не істемек бұл бейбақ? Осындай
қауырт шақта зытып отыруым адамгершілікке жата қояр
ма екен? Осы ойымды Айтқұлға жұқалап түсіндіре келіп:
– Қаламын! – дегенмін.
– Қалсаң, қал! – деген Айтқұл да жымиып. – Әзіретәліге
сақманшы да керек қой...
– Сақманшыдан бұрын көмекшілік орын да бос тұр емес
пе? – деген болатын Жауһарат жадырап.
– Маған бәрібір, – деп сыртқа шығып кеткем. Содан үйге
Айтқұлдың машинасы ұзап кеткен соң ғана кіргенмін.
Жұмысымыз бір жүйеге түсіп қалды. Қораны салып
алдық. Қойды кезектесіп бағамыз. Мал жаюға күннен-
күнге машықтанып келемін. Жердің көгі жетіліп келе ме,
әлде күйек уақыты жақындап қалды ма, әйтеуір ішті мал
бұрынғыдай көп жүгіре бермейді, аяқтарын еріне басады.
Әзіретәлінің жеке меншігіндегі екі-үш тұяқтан бас
қа қоғамдық қойдың әлі бірде-біреуі төлдеген жоқ.
8-151
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Жауһараттың есебі бойынша, енді бір аптадан кейін нағыз
науқан басталмақ.
Күн екіндіге құлай берген кезде малдың алдын қайырып
ауылға қарай қаптаттым.
Аспанда шөкімдей бұлт жоқ. Көкпеңбек. Дүркін-
дүркін топ-топ болып үйректер ұшып өтеді. Анда-санда
қаз-тырналар тізбегі де көрініп қалады. Олар тым алыста,
заңғар көкте қанаттарын баппен қақса, үйректер одан бері,
тас лақтырым жерден сып-сып етіп өте шығады.
Малды қызыл құмның шұратқа ұласар кемеріне түсірдім
де, өзім биіктеу төбенің үстіне көтерілдім. Бір жағымда
бұйраланып қызыл құм, екінші жағымда құлпырып жа
сыл шұрат жатыр.
Шұраттың орта тұсындағы үлкен көлдің үсті азан-
қазан: қаз қаңқылдап, үйрек барылдайды, бірі қонып, бірі
ұшып жатыр. Бәрі алаңсыз, мұнда оларға ешкім мылтық
кезенбейді.
Аумағы ат шаптырым келетін бұл шұратқа екі-ақ отар
орналасқан. Бірі – біздікі де, екіншісі – шұраттың арғы
шетіндегі Майлыбай қариянікі. Бұл екі үйден де аңшылық
желігі басыла қоймаған адамдардың шықпасына шәк
келтірсем де, құстар келгелі бері көл жақтан әлі бір рет те
мылтық даусын естіген емеспін.
Күйек түсер шақта өрістен қайтқан малдың алдынан
шығу – шопандар отбасының ежелгі дәстүрі. Міне, қазір
де үй жақтан біреу көрінді. Қызыл свитерінен таныдым –
Халима. Ол қойдың алдыңғы жағын қайырып, шұратқа
түсірді де, мен жаққа қарай жүрді.
Халима төбеге жүгіріп шықты.
– Бізге сақманшылыққа кімнің келгенін білесің бе? –
деді ол жаныма тақау келіп. Екі көзі күлімдеп, беті алау
лап тұр. Төбеге жүгіріп шыққандықтан болар, жеңіл демігу
бар, төсі бір көтеріліп, бір басылады. Денесімен дене болып
жабысып тұрған свитерін жұдырықтай қос анары сыртқа
тебеді.
К Ө К Ж И Е К
– Білмедім, – дедім мен жедел көзімді басқа жаққа тай
дырып.
– Ойлан, тап! – деді Халима қолымнан тартып.
– Кім білсін?! – Мен қыздың жұм-жұмсақ қолын қыса
ұстадым.
– Ойлан, тап! – деп Халима екінші қолын да ұсына берді.
Мен аттың тізгінін жібере салдым да, оны шап беріп ұстай
алдым. Сол-ақ екен Халима бір жағына шұғыл бұрылып,
айнала берді. Құлап барып, бойымды жиып алдым.
Сөйттім де қызды сол бағытта айналдыра жөнелдім. Мек
тепте оқып жүргенімізде, үзіліске шыға қалсақ, екі-екіден
қол ұстасып, бір-бірімізді дәл осылай шыр көбелек айнал
дырып ойнаушы едік. Қазір де сол балалығым ойыма түсе
кетіп, Халиманы ұршықша үйіре жөнелдім.
Алғаш ол сықылықтап күлді. Мен де күлдім. Сонан
кейін... Сонан кейін екеуміз де шарықтап көкке ұшып кет
кендей болдық. Құлағым тас болып бітеліп қалды. Аспан
да көк, жер де көк. Бәрі шыр көбелек айналып жүр...
Енді бір сәтте жер төңкеріліп кеткендей болды да екеуміз
де құлап бара жаттық. Мен қыздың бір жерін ауыртып ал
майын деген оймен оны үстіме ала жығылдым.
Аспан да жасыл, жер де жасыл. Екеуінің жігін
ажыратуға болмайды. Бәрі жөңкіп көшіп жүр...
– Ту-у, ойының қандай жаман еді.
Тіл қатуға шама жоқ.
– Мен енді сенімен бүйтіп өмір бақи ойнамаймын!..
Жауап қатсам-ақ болды жаңағы тәтті әсерімнен жұрдай
болатын сияқтымын.
– Әбен, неге үндемейсің? Бір жеріңді мертіктіріп
алғаннан саумысың?
Мен тіл қатпастан жата бердім.
Қыздың төзімі жетпеді. Жүгіріп келіп, басымды
көтереді.
– Әбен, Әбен деймін, не болды саған?
– Кім? – дедім көзімді ашып.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Мен ғой, мен Халимамын, – деді ол шын үрейленіп.
Одан әрі қызды қорқыта беруге дәтім бармады.
– Кім? Келген кім деймін? – дедім күліп.
– Ту-у, адамды, сонша қорқытқаның не? – деп Халима
да күліп жіберді. – Бейсен атам ғой келген. Бейсен атам.
Сенің білуің мүмкін... Айтқұл кейінірек тағы бір сақманшы
жіберем депті.
Бейсекеңнің атын естіп, мен де елең ете қалдым. Қойдың
алды қораға кіріп жатқанда біз де үйге келдік.
* * *
Бейсекең келгелі бері Әзіретәлі екеуміздің арқамыз
кеңіді. Келесі күні-ақ ол кісі: «Күйек жақындап қалды ғой,
сендер ауылдағы жұмысты реттей беріңдер, қойға мен-ақ
барайын», – деп мал жаюға шыққан. Содан, міне, бүгін үш
күннен бері Әзіретәлі екеуміз үйдеміз. Ауылдағы майда-
шүйде жұмыстарды алғашқы күні-ақ бітіріп тастағанбыз.
Кеше Әзіретәлі жирен айғырына мініп, көрші отарларға
да барып келді. Қыс бойы үйден шықпай, еңсесі түсіп
жүрген жалғызілікті шопан бір сейілдегеннің өзіне мар
қайып қалған сияқты.
Кешкілік ол Бейсекеңнің әңгімесін де, мен оқыған хис
саларды да зейін қоя тыңдап, үлкен ойдың үстінде отырды.
Бұрын кітап түгіл әңгімеге құлқы болмайтын оның бұл
мінезіне қатты таңғалдым.
Жалпы Әзіретәлі, мен алғаш ойлағандай, жаман жігіт
емес екен. Ақкөңіл. Тек мінезі тік. Көңілдегісін бет-жүзіңе
қарамай бірден айтады. Маған бәрінен де осынысы көп
ұнайды. Кейде мен оны өзім талай рет көрген бір кинодағы
батырға да ұқсатам. Бірақ оған оның түрі, дене пішімі дәл
келгенімен, сөйлеген сөздері сәйкес емес. Әзіретәлінің сөзі
кейде анайылау да шығады. Әйтсе де мұның өзі оған жара
сып тұратын сияқты.
К Ө К Ж И Е К
Әзіретәлінің мінезін Бейсекең де жақсы білетін болып
шықты. Оны маған оңашада өзі айтты. «Ешкімге арамдығы
жоқ адал жігіт. Өз ісіне мығым», – деген Бейсекеңнің сөзіне
де іштей қосылған едім.
Бейсекеңнің зейнетке шыққанына үш-төрт жылдай
болған. Бірақ ұжымшар жұмысынан біржолата қол үзіп
кете қойған жоқ. Жыл сайын көктемгі мал төлдету кезінде
Әзіретәліге сақманға келеді екен. Ауылда Бейсекеңнен
өткен сөзшең де, әңгімешіл де адам жоқ. Біз, жастар
жағы, әсіресе, оның кешегі Ұлы Отан соғысына байланыс
ты айтқан әңгімелерін аузымызды ашып тыңдайтынбыз.
Міне, сол Бейсекеңмен Мойынқұмның төрінде кездескеніме
қатты қуандым.
...Ертеңгілік Бейсекеңе малды өріске шығарысуға кө
мектесіп болып, үйге жақындай беріп едім, қора жақтан
Әзіретәлі айқайлады.
– Сәлембай, бері кел!
– Жайшылық па, Әзеке? – дедім жанына жақындап. Ол
басымнан аяғыма дейін шолып шықты да:
– Осы сен темір-терсекке қалайсың? – деді.
– Қалайы несі? – дедім не айтқысы келіп тұрғанын ұқ
пай.
Өмірі жұмбақтап, мәймөңкелеп сөйлеп көрмеген Әзірет
әлі турасына көшті.
– Ана машинаны көріп шықшы, – деді үйдің арт жағын
дағы гаражды қолымен нұсқап. – Өткен күзден бері дема
лып тұр. Кейін көше қалсақ қиын болар.
– Байқап көруге болады, – дедім.
– Сөйтші, – деді Әзіретәлі қуанған кейіп танытып. – Кілт
әпкемде, бензин, майдың қайда екенін де сол кісі көрсетер.
Мен мына Майлекеңдердің жағдайларын біліп келейін.
Мен шофер емеспін. Бірақ машина тетіктерін бір кісідей
жақсы білемін. Мектепте өткенбіз. Оның үстіне онжыл
дықты бітірген соң тракторшы Жақанға көмекші болып
істедім емес пе?..
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Әзіретәлі машинаны сыртқа итеріп шығарысты да, жи
рен айғырға мініп, тартып отырды. Үйге кіріп, Әзіретәлінің
ескі шалбары мен көйлегін үстіме өлшеп көрдім. Кеңдігі –
кең, ішіне мендей екі Әбен сияды. Бірақ оған қарап жатпа
дым. Шалбарды шалбарымның сыртынан киіп алдым да,
ескі күпәйкені желбегей жамылып сыртқа шықтым.
Машинаның моторы сау сияқты. Корбюраторды ашып,
майын ауыстырдым, бензин жүретін түтіктерді тазаладым.
Свечалардың тот басып кеткен жерлерін егеп, бос тетіктерді
бекіттім. Түске таман барлық жұмысты бітіріп, моторға от
бердім. Машина көксау кісідей қақалып-жөтеліп барып гүр
ете қалды. Көктемгі таза ауада ақшылтым түтін шәлідей
қалқыды.
Көкірегімді қуаныш кернеп барады. Иә, іске сәт!
Жылдамдықты біріншіге қосып, газ бердім де, муфтаны
жайлап босаттым. Машина орнынан қозғала берді. Бұл кез
де іштегілер тегіс сыртқа шығып, мен жаққа қарап тұрған
болатын. Халима қолын ары-бері сермеп, әпкесі мен апасы
на бірдеңе түсіндіріп жатыр.
Үйді бір айналып шықтым да моторды өшірдім. Айнала
құлаққа ұрғандай тып-тыныш. Есікті ашып сыртқа шыға
бергенімде Халима келді.
– Жарайсың, Әбен!..
Ыржиып күле бердім.
Халима машинаның есігін ашып, ішке кірді де:
– Біраз жүріп қайтайықшы, – деді.
Мен рульге қайта отырдым. Машинаны үлкен жолға
бұрдым да, көлге қарай заулата жөнелдім. Теп-тегіс шұрат
жолы анау-мынау асфальттан кем соқпайды. Лезде спидо
метр тілі сексенді көрсетті.
– Ақырын, Әбен, жайырақ жүргізші, – деп Халима
қолыма жармасты.
Жылдамдықты сәл-пәл кеміттім. Бірақ Халима қолын
босатқан жоқ, оң білегімнен тас қылып ұстаған күйі қатып
қалыпты. Жақсы әсерде отырса керек.
К Ө К Ж И Е К Басымды басына тақадым. Түйістірдім. Мұрныма бір түрлі хош иіс келді. Мас адамша басым айналып, бүкіл жан дүнием босап кетті. Машина лықси келіп, тұрып қалды. Артынша дір-дір етіп бір-екі рет сілкінді де, моторы да сөнді. Айнала тып-тыныш. Тырсылдай соққан Халима мен өз жүрегімнің дыбысын да естігендей болдым. Жайлап қыздың жауырынынан сипадым. Ол дір ете қалды. Құдды жаңағы машинаның дірілдегеніндей. – Халима!... – Әбен, саған не болған?.. Ту-у, жіберші, өкпелеймін, енді... Сонда ғана барып есімді жидым. Мен оны қапсыра құшақтап алыппын. Екі бетім ду ете қалды. Тез қолымды тартып алдым. Жаңағы алақұйын сезімімді Халиманың «өкпелеймін» деген бір ауыз сөзі су сепкендей басып таста ды. Өлі тыныштық. Екеуміз де алдымызға қараған күйі мелшидік те қалдық. Бірақ оның қаншаға созылғанын білмеймін. Бірінші боп Халима сөйледі: – Өстіп отыра береміз бе? – Үйге қайтайық па? – деп мен сұрағына сұрақпен жау ап қайтардым. – Көлге барайықшы! – Мақұл, – дедім моторға от беріп жатып. Машина қай тадан жылдамдық алды. Спидометр тілі тағы да сексенді көрсетті. Әйтсе де бұл жолы Халима «Жайырақ жүргізші» деп қолымды ұстаған жоқ. Әне-міне дегенше айдын көлге де жетіп келдік. Машинаның алдыңғы дөңгелектері суға тиер-тиместен тоқтаттым. Есікті ашқан жоқпыз. Екеуміз де алдымызға қараған күйі отырып қалдық. Көл ортасында жүзіп жүрген үйректер мен қасқалдақтар арғы жағадағы қамысқа қарай бет алды. Екі әсем ақ құс қана бізді елең етпестен бір-бірінің қанаттарын түрткілеп асыр салып жүр. Енді бір сәтте әлгі екеуі қатарласа жүзді
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
де, мойындарын әсем иіп, қанаттарын қағып-қағып қалды.
Көл үсті толқынданып барып қайта басылды. Құстар
ұшпапты. Олар бір-біріне қарсы жүзіп, мойындарын, бас
тарын түйістіріп ойнай бастады.
– Аққу! Әбен, мыналар аққу ғой, – деді Халима сыбыр
лап.
Аққуды бұрын да мен бірнеше рет көргенмін. Бірақ дәл
мынандай жақын көруім – бірінші. Оның үстіне қып-қызыл
Қызылқұмның ішінде аққу болады деп кім ойлап көрген.
Қазір де мен өз көзіме өзім нанбағандай орнымнан қоз
ғалып, машинаның алдыңғы жағындағы әйнекке басымды
тақай түстім. Бейне бір оларды үркітіп жіберетіндей Ха
лима қолымнан ұстай алды. Денемнен тоқ жүріп өткендей
дір ете қалдым. Екі көзім көлде болғанымен, көңілім басқа
жақта. Менің қазіргі бар бақытым Халиманың екі қолына
тіреліп тұрғандай, білегімді сығымдай ұстаған ып-ыстық
қос уыс ажырап кетпесе екен деп тілеймін.
Жайлап басымды бұрып, Халимаға қараймын. Ол демін
ішіне тартып, қатып қалыпты. Сәл қыбыр етсе-ақ ана аққу
лар ұшып кететіндей әсерде отыр. Тіпті қазір сүйіп алсаң
да қыбыр етпейтін секілді.
Аққулар бізге тым жақын жүзді. Мен олардың ақ үлпе
жүндері мен қап-қара көздеріне дейін анық байқадым. Құс
аруларын қара тұтты ма, әлде біздің тиіспейтінімізді сезді
ме, сақ қасқалдақтар мен үйректер де көл бетінде қайтадан
еркін жүзе бастады. Енді олардан аққулар бөлектенді,
құстар онша бара бермейтін көлдің төріне шыққан олар
бірте-бірте су толқынына сіңіп, аздан кейін мүлде көрінбей
кетті.
Халима сонда ғана барып қолын босатты.
Мен машинаны ауылға бұрдым.
Жол-жөнекей біз бір-бірімізге тіл қатқан жоқпыз.
К Ө К Ж И Е К
– Үйдегі қант-шайдың түбі көрініп қалды, – деді кешкі
ас үстінде Жауһарат. – Әлгі Әшірбайдың автодүкені де кел
мей кетті ғой.
– Е, онда арақтан басқа не болушы еді, – деп күңк ете
қалды әншейінде сөзге көп араласа бермейтін Әзіретәлі. –
Онан да Сарышағылға барып келейік те, қант-шай сондағы
магазиннен де табылады емес пе?..
– Кетпекшісің ғой той тойлап...
Обалы не керек, Әзіретәлі көп іше бермейтін. Бірақ реті
келсе, алдына келгенін қайтарып та жатпайды. Мен осын
да келгелі ол екі-үш рет арақ ішті. Әйтсе де оның қатты
мас болғанын көрген емеспін. Ішіп алған кезде айқайлап
сөйлейтіні болмаса, көп көтерілмейді де.
– Онда Сәлембай барып келсін, машина жүріп тұр ғой, –
деді Әзіретәлі әпкесіне көзінің астымен қарап.
– Машинаң Сарышағылдың асуынан қалай өтпек?
– Асуға дейін жетсе болды емес пе, арғы жағы – таяқ тас
там жер, жаяу-ақ барады да...
– Жарайды, ертең көрерміз, – деді Жауһарат ыдыс-
аяқты жинап жатып.
Сарышағылды Халима «Құмдағы қала» деп түсіндірген.
Атын естігенім болмаса, көрген емеспін.
Жауһарат екі сөйлемейді. Оның «жарайды» дегенінің өзі
жарап жатыр. Ертең сәті түсіп, Сарышағылды да көретін
болдым. Бірақ менің жалғыз бармайтыным хақ. Сонда жа
ныма кім ермек? Жауһарат па, Халима ма? Жауһараттың
өзінің баруы мүмкін. Халима үй шаруасынан не білер
дейсің? Ой, осы мен де қызықпын, не болса соған басымды
қатырып. Кім барса да маған бәрібір емес пе?..
Әзіретәлінің жастыққа басы тиісімен қор ете қалған.
Апай да ұйықтап жатыр. Ол кісіні әбден зерттеп біткенмін:
қыбыр етпей тыныш жатса – ұйықтамағаны, ал демін бірде
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
аузынан, бірде мұрнынан шығарып жатса – ұйықтағаны.
Ал қазір біресе пырылдап, біресе пышылдап, аузы-мұрнын
кезек іске қосуда.
Төргі бөлмедегі темір керует анда-санда сықыр-сықыр
ете қалады. Ол – Халиманың аударылып түскені. Соған
қарағанда ол да ұйықтамаған болу керек.
Бейсен атай кешке қарай Майлыбайдың үйіне кеткен.
«Аталас адамдармыз, үйінің іргесіне келіп тұрып хабарлас
пай жатқаным ұят болар, қонып, ертең қайтамын», – деп
аттанған.
Бұл үйде елдің бәрін ұйықтатып барып жататын –
Жауһарат. Таңертең де бәрімізді оятатын сол кісі. Міне,
қазір де ол сыртқа кіріп-шығып, тыным таппай жүр.
Әдеттегідей Әзіретәлінің түшкіргенінен ояндым. Ол
киініп жатып, әзіл тастады:
– Мұрным жыбырлайды, сенің Сарышағылға барарыңды
сезіп тұр ғой деймін.
– Мүмкін, – дедім мен де езу тартып.
– Онда әпкеме өзің айтып түсіндірерсің...
– Нені? – деді дәл осы сәтте үйге кіріп келген Жауһарат.
– Жай, өзімізше ғой, – деп Әзіретәлі маған көзін қысты.
Сонан соң сыртқа шығып бара жатып:
– Сонымен Сарышағылға кім баратын болды? – деді.
– Әбен мен Халима барып қайтсын, – деді Жауһарат. –
Не алатындарын жазып беремін.
– Онда машинаны жолға әзірлей берейін, – дедім
қуанышымды жасыра алмай.
Төргі бөлмедегі темір кереует те сықыр ете қалды. Маған
ол Халиманың да қуанышын паш еткендей болды.
Біз үйден шыққанда күн көкжиектен сырық бойы
көтеріліп қалған еді. Аспанда ала шарбы бұлт бар. Шұрат
тың шұқанағы аз түп-түзу жолымен ызғытып келеміз.
Айнала
көкпеңбек.
Жап-жазық.
Анда-санда
шағын
төбешіктер кездесіп қалады. Бірақ олар да жалаңаш емес,
бірін желкілдей өскен жас жүзгеннің шырпысы көмкерсе,
К Ө К Ж И Е К
бірін күлтелене көтеріліп келе жатқан қоянсүйектің жасыл
жапырағы жапқан. Тақырларды жасырған таспа шөптерді
де алыстан аңғармайсың. Машина ішінде бізге оның бәрі
көк шөп сияқты көкпеңбек болып көрінеді.
Көктем мықтап күшіне енген. Жер-ана түлеп тұр. Құрт-
құмырсқалардың белдері қатайып, қозғалыстары ширап
қалған. Құмайт жолдан ары-бері жүгіріп кесірткелер өтеді.
Анда-санда тасбақалар да кездеседі. Ал жол шетіндегі
төбешіктерде алдыңғы аяқтарын аспанға көтеріп, қарауыл
қарап тұрған сарышұнақтар дәл тұсына жете бергенімізде,
лып беріп індеріне кіре-кіре кетеді.
Халиманың екі көзі терезеде. Дала көркіне құмарта
қарап, өзімен-өзі болып отыр. Көз қиығым еріксіз Халимаға
ауа береді. Бүгін ол тіпті сұлуланып кеткендей. Әншейінде
өріп, төбесіне түйіп жүретін шашын бос жіберіпті. Сәл
көтеріңкі қыр мұрны мен түріңкі ерні сопақша келген бет-
жүзімен жымдасып, қалың қара шаштың аясында ерекше
жарастық тапқандай. Ұзын кірпіктері қайқы емес, түп-
түзу.
Маңдайы жазықтау, қасы қалың, мойнының ұзынды
ғынан ба, иегі сүйріктеу көрінеді.
– Әбен, сен сурет сала аласың ба? – деді бір кезде ол екі
көзін терезеден алмаған күйі.
– Иә... жоқ. Оның несін сұрадың? – дедім қапелімде са
сып қалып.
– Жай, – деді ол күліп. – Тесіліп қарай берген соң
суретімді салғалы келе ме деп ойлағаным ғой...
Екі бетім біреу шапалақпен салып қалғандай ду ете
қалды. Не дейін? Бар болғаны газды баса бердім. Машина
ызғып келеді.
Көлге тақай бергенімізде манағы ала шарбы бұлттар
тұтасып, күннің көзін көлегейлей берді. Машинаны
өткендегі өзіміз аялдаған жерімізге келіп тоқтаттым. Көл
үсті көк шәлі орамалмен бүркеп қойғандай көкпеңбек.
Әншейінде қазы қаңқылдап, үйрегі барылдап жататын көл
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
беті қазір бос қалыпты. Тек арғы шетінен қамысы қалыңдау
қойнауға кіріп бара жатқан екі қасқалдақты ғана байқап
қалдық.
Есікті ашып сыртқа шықтық.
Аспан демін ішіне тартып, тым-тырыс бола қалды.
Екеуміз үн-түнсіз көлге қарап тұрмыз.
Кенет құмды үйіріп жел соқты. Көл шетіне тұтаса өскен
ажырық пен өлеңшөп толқындана жөнелді. Қамыс шулап,
көл тулады.
– Нөсер болатын шығар, – деді Халима.
– Иә, нөсер болады, – дедім мен оның сөзін қостап. Бұл
кезде қалың қара бұлт аспанды тұтас қымтап алған еді.
Артынша жарқ-жұрқ етіп найзағай ойнады да, аспан асты
шатыр-күтір ете қалды.
Бейғам тұрған Халима селк ете түсті. Мен оның
қолтығынан ұстадым.
– Кетейікші, Әбен...
– Қорқып қалдың ба?
– Жоға, – деді ол машинаға отырып жатып, – жүрмейміз
бе, Сарышағылдың асуына дейін әлі біраз жер бар ғой.
Біз орнымыздан қозғала бергенімізде машинаның үстіне
тырсылдап алғашқы тамшылар да түсе бастады. Бірте-бірте
ол нөсерге ұласты.
Көлден айналып өтісімен-ақ жолдың құмы молайып,
ірілі-кішілі төбешіктер де көріне бастаған. Бұл – шұраттың
қызыл құмға ұласар жері. Машинаны өте ақырын жүргізіп
келемін. Құм жолы су тиген соң шиыршықтанып қалады.
Шүмектеп құйған жаңбыр суын машинаның әйнек
тазалағышы сүртіп үлгіре алмайды. Одан пайда болмайты
нын сезген соң өшіріп тастадым.
Құмда жаңбыр суы көп жатпайды. Жауғаны жауғанша
сіңіп кетеді. Қазір де солай. Жол табаны мен жыра-жыра
ны қуалай аққан су болмаса, қызыл құмға жауған жаңбыр
дың қайда кеткенін білу қиын, түскенін түскенше қағып
алып, мелшиіп жатыр.
К Ө К Ж И Е К
Жаңбыр өткінші екен. Табан астында басылды. Ар
тынша жарқ етіп, бұлт арасынан күміс күн де шыға келді.
Машинаның әйнегін түсірдім. Жауыннан кейінгі таза ауа
ішке лап қойды. Қышқылтым иіс. Адамды елітіп, көңілге
ерекше бір сезім әкелді. Бар даусыммен айқайлап ән
салғым келді. Байқаймын, Халима да жақсы әсерде отыр.
Екі беті гүл-гүл жайнап, көзінде күлкі ойнайды.
Машинаны жал-жал болып жатқан қызыл құмның
етегіне тоқтаттым. Одан әрі біздің «Волга» жүре алмай
ды. «Енді не істейміз» дегендей Халимаға қарадым. Ол үн
қатпастан, есікті ашып сыртқа шықты. Сөйтті де қарсы
жақтағы төбеге жүгіре жөнелді. Әлсін-әлсін жерге еңкейіп,
бір нәрсе жинап жүр.
Жер әп-сәтте дегдіп үлгеріпті. Жаңа ғана нөсерлетіп
жаңбыр жауып өткеніне шүбә келтіресің.
Айнала құлпырып тұр. Қызыл құм да, жасыл шұрат та
ерекше бір көрікке енген. Әсіресе, ауасын айтсаңшы! Бүкіл
жан сарайыңды жаңғыртып жібереді. Құмарланып жұта
бергің, жұта бергің келеді.
– Әбен!
Дауыс шыққан жаққа қарасам Халима жүгіріп келеді
екен. Ол қолымен менің ту сыртымды меңзеп:
– Ананы қара, ананы, көрдің бе, қарақұйрық! – деді.
Сонда ғана барып аңғардым, ой жақта үш қарақұйрық
құйғытып келеді екен, екеуі ересектеу де, үшіншісі тым
кіші, лағы болса керек. Олар біздің тұсымызға жете беріп,
құлақтарын едірейтіп, бастарып кекжитіп, біраз тұрды да,
қызылға қарай жалт берді.
Қарақұйрықты бірінші көруім, ірілігі ешкідей екен.
– Қап, фотоаппаратымды ала шықпағанымды қара
шы! – дедім өкініп.
– Енді бұдан былай жаныңнан тастамайтын боласың, –
деді Халима күліп. – Мә, мынаны саған сыйладым. – Ол ма
надан артына жасырып тұрған сол қолын алға созды.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Гүл! Иә, кәдімгі құмның сарғалдақ гүлі. Арасында үш-
төрт тал жалбыз бен қылша да жүр.
– Рақмет, Халима!
Қыз ұсынған гүлді құшырлана искедім. Ғажап! Мана
дан елітіп, есімді алып тұрған құм ауасының құдіретін дәл
осы бір уыс гүлден сезгендей болдым.
– Көп иіскей берме, елітіп құлап қаласың, – деп әзілдеді
Халима.
Мен үнсіз күліп, басымды изей бердім.
– Ал, жүрейік, – деді бір кезде Халима. – Сарышағыл
осы жерден бір-ақ шақырым.
– Машинаны қайтеміз?
– Көтере алсаң, өзіңмен бірге алып жүр. – Халима тағы
әзілдеді. – Әйтпесе, осында тастап кетеміз.
– Жолдың үсті ғой, ары-бері өткендер бір жерін бұрап
жүрмей ме?
– Одан қам жеме, ешкім тиіспейді. Бізде де – орман
заңы.
Жаңбырдан соң қызылға әлі із түсіп үлгермепті. Бірінші
болып біз жол салып келе жатқандаймыз. Халима – алда,
мен – артта. Екеуміз де аяқ киімдерімізді шешіп, қолға
алғанбыз. Халиманың табанының ізі әлдеқайда кіші. Ізін
басып жүрдім. Адымы да шағын болып шықты. Аяғым
шалынысып бойымды әзер жинап алдым. Осылайша біраз
жүріп барып, арт жағыма қарадым. Асудан қатарласа
шыққан екі адамның біреуі артынша үшті-күйлі жоқ бо
лып кеткендей, құм үстіне жалғыз ғана із қалыпты. Еріксіз
күліп жібердім.
Халима жалт бұрылды. Жазылмаған ақ парақтың
үстіне түскен таңбадай сайрап жатқан жалғыз ізді көріп,
ол да күліп жіберді. Сөйтті де мені алға шығарды.
– Ал енді сен басташы, ізіңмен жүріп көрейін.
– Мақұл.
Мен аяғымды қаттырақ созып, адымымды ұзарттым.
Халима алғашқы үш ізімді дәл басқанмен, төртіншісіне
К Ө К Ж И Е К
келгенде адымы жетпей қалды. Еңкейіп барып, етпетінен
түсе жаздаған қызды демеп қалдым. Мойнымды, бетімді,
күллі жан дүниемді ыстық леп шарпып, құшағыма
тығыншықтай қыз денесі құлап түсті... Мұрныма манағы
өзім иіскеген гүлдің иісі келді...
– Әбен, мұның әділетсіздік, – деді қыз демігіп...
Мен бұл сөздің қандай мағынада айтылғанын, әлде
қатты адымдағаныма, әлде өзін қолайсыз демеп қалғаныма
айтылғанын ұққан жоқпын.
Қатар жүріп келеміз. Екеуміз де үнсізбіз. Жан-жа
ғымызды қоршап құм жалдары жатыр. Олар да үнсіз.
Кенет алдыңғы жағымыздан кемпірқосақ түзілді.
– Жасыл менікі, – деді Халима.
– Сарысы менікі, – дедім мен.
– Неге? – деді Халима, – қызылы жақсы емес пе?
– Сарысы менікі, – дедім тағы да. – Сарысы жақсы.
Жаңа өзің маған сарғалдақтар ұсынған жоқсың ба? Сол
себепті сарысын ұнатамын.
– Солай ма?
– Солай!
Ол менің қолтығымнан ұстады. Дәл осы сәтте мен өзім
ді Халима екеуміз алдыңғы жағымызда түзіліп тұрған
кемпірқосақтың күмбезіне кіргелі келе жатқандай әсерде
сезіндім. Осылайша қол ұстасып кете берсек деп те арман
дадым.
Бірақ жол тез қысқарды. Келесі төбеге көтерілгенімізде
қызыл құм бітіп алдымыздан аумағы ат шаптырымдай
келетін екінші бір шұрат көрінді.
– Сарышағыл осы, – деді қыз алға қолын созып. – Ал
орталық штабы – мынау. – Ол қолымен төменгі жақты
нұсқады.
Алғаш байқамаған екенмін, дәл иегіміздің астындағы
қалтарыста төбесін шифрлермен жапқан ақ шағаладай
үйлер самсап тұр.
– Қарашы, нағыз қала емес пе?!
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Иә, қала ғой, құмдағы қала, – дедім мен. Малшы
лар штабының бір шетте тұрған телевизия мұнарасы мен
шағын әуежайы және әр үйге тартылған электр желілеріне
дейін анық көрінеді. – Шынында да қаладан қай жері кем?
Төбеден түсісімен аяқ киімдерімізді киіп алдық. Сары
шағылда бір бастауыш мектеп, клуб, кітапхана, дәрігерлік
пункт, екі магазин бар екен. Біз алдымен кітапханаға кіріп,
бірнеше кітап жаздырып алдық. Сонан соң магазиндерді
араладық.
Жарты сағаттан кейін қайтадан жолға шықтық.
* * *
– Мынау бастықтың машинасы ғой, – деді Халима үйге
жете бергенімізде есіктің алдында тұрған «ГАЗ-69»-ды
нұсқап.
Мен басымды изедім. Дәл осындай сәтте Қасым ағай
келіп қалар деп кім ойлаған. Біртүрлі ыңғайсызданып
қалдым. «Көмекшілікке жіберген жігітіміздің ел қыды
рып, магазин аралап жүргені несі» демесіне кім кепіл?
Машинаны үйдің артына тоқтаттым. Халима сөмкелерді
алып, ішке кіріп кетті. Қызбен бірге қосақтасып жетіп ба
руды сөкет көріп, сыртта қалып қойдым.
Артынша Халима қайтып шықты.
– Жүр, сені Қасым ағай шақырып жатыр, – деді ол.
– Қазір, – дедім мен оған «бара бер» дегендей ыңғай та
нытып. Халима иығын қайқаң еткізді де, қайта кіріп кетті.
Төрде төрт жігіт отыр екен. Ортада – Қасым ағай.
Одан әрі ұжымшардың бас зоотехнигі – Жапар орнала
сыпты. Бергі шетте Қасекеңнің шофері Қали отыр. Оның
жанындағы ақ құбаша келген жас жігітті танымадым.
– Ассалаумағалейкум! – дедім алдымен төрағаның
қолын алып.
– Әликүмассалам! – деп Қасекең орнынан бір қозғалып
қойды. Басқалары еріндерін жыбырлатты.
К Ө К Ж И Е К
– Иә, қалай, Әбен, жаңа мамандығыңа үйреніп қалдың
ба? – деді төраға күлімсіреп.
– Әлі үйреніс үстіндеміз ғой, ағай, – дедім мен өзімді
еркін ұстап,
– Дұрыс, – деді Қасекең, – үйренудің зияны жоқ.
Әзіретәлі – шаруашылығымыздың алдыңғы қатарлы шо
пандарының бірі. Одан көп нәрсені үйренуге болады. Мына
Жауһарат та өзіңді мақтап отыр.
Мен қызарып, Жауһаратқа қарадым. Ол: «Қой, шай жа
сайын», – деп орнынан тұрып кетті.
– Жауһарат қарағым, әуре болмай-ақ қой, біз жүреміз, –
деді төраға.
– Оларыңыз қалай? – деді Жауһарат. – Мен қазанға
тамақ та салып қойып едім.
– Бекер болған екен, тамақты күте алмайтын шығар
мыз, – деп Қасекең Жапарға қарады.
– Иә, әрине, әлі екі-үш шұратты аралап шығуымыз ке
рек, – деді Жапар. – Дегенмен шайланып алу артық етпес,
Қасеке, әйтпесе мына практикантымызды аштан қатырып
жүрерміз.
Бейтаныс жігіт әсем жымиып, әзіл тастады:
– «Күріш арқасында күрмек су ішіпті» деген бар емес
пе, Жапеке!
– Қатырдың, бала! – Қасекең қарқылдып күлді. – Жа
пар сені сылтауратып өз қамын да ойлап отыр ғой.
– Ол жағы да бар, – деді Жапар да езу тартып.
Шайды бізге Халима құйып отырды. Жауһарат жаныма
білдіртпей екі бөтелке арақ әкеліп қойды. Біреуінің аузын
ашып, алдымдағы төрт стақанға теңдей қылып құйдым да,
қонақтарға жағалаттым.
– Өзің ше? – деп Жапар маған иегін көтерді.
– Ішпеуші едім.
– Қой әрі, осы күнгі жастардың ішпеймін дегеніне өз ба
сым сенбеймін, көріп жүрміз ғой осы...
9-151
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Жарайды! – Қасекең оның сөзін бөліп тастап,
Жауһаратқа бұрылды:
– Қарағым, кел, өзің де отырсаңшы.
– Ала беріңіздер, Жәке, мен бауыр турап жіберейін,
пісіп қалыпты, тым болмаса содан ауыз тиіп кетіңіздер, –
деп Жауһарат табақ пен пышағын көтеріп сыртқа шығып
кетті.
Стақандар сыңғыр-сыңғыр етісті. Бірақ оның екеуі-ақ
бос қайтты. Бірі – Жапардікі де, екіншісі – практиканттікі.
Мен екінші бөтелкені аштым. Стақандарды әперіп жа
тып, практиканттың Халимаға көзімен ішіп-жеп тесіле
қарап отырғанын байқап қалдым. Тамағымды қырнай жө
теліп, орнымнан қозғалып отырдым. Ішімді мысық тыр
нап алғандай, кіржие қалдым. Алғаш байқамаған екенмін,
өзінің көзі жаман екен ғой, кілегейленіп, жылт-жылт етеді.
– Алып жіберіңіздер, – дедім бұрын үлкен кісілерден
көргенімді қайталап.
– Кел, Мұхтар, бұл жерде екеумізден басқа ешкімнің
ішпейтінін сезіп отырған шығарсың, – деді Жапар прак
тикантқа бұрылып. – Қасым Сыланович шампаннан басқа
ны татып алмайды, ал Қали болса – рульде.
Практикант сөзге келген жоқ. Шегір көзін Халимаға
тағы бір тастады да, алдындағы арақты қағып салды. Сөйтті
де шанышқымен бір түйір бауырды алып ұзақ иіскеді. Бұл
кезде де оның ұры көзі жылт-жылт етіп, Халима жақты
тінткілеумен болды. Мен енді оның жымысқы көзқарасын
Халима байқап қалмаса екен деп қауіптендім.
Жауһарат жаныма тағы бір бөтелке әкеліп қойды. Бірақ
мен қасақана оның аузын ашпадым.
– Жігіттер, енді тұрайық, – деді Қасым ағай шайдың
қызылы сұйыла берген кезде.
– Жауһарат қарағым, ниетіңе көп-көп рахмет. Әзіретәлі
мен Бейсекеңе сәлем айт. Егер адам күші жетіспейтін бол
са, тағы бір сақманшы жібереміз. Төл алып болған соң
К Ө К Ж И Е К
жайлауға дайындала беріңдер, жылдағы өздерің жайлап
жүрген «Алмалыға» барасыңдар.
– Алақай! – деді Халима қолын шапалақтап.
– Рақмет, Жәке, – деді Жауһарат та қуанып. – Өзіміздің
бұрыннан үйренісіп қалған жайлауымыз ғой.
Қонақтарды мен аттандырып салдым.
– Айналайын, Әбен, малдарыңа абай болыңдар, – деді
Қасекең машинасына отырып жатып. Осы бір ауыз сөзге
мен де марқайып, мәртебем өсіп қалды.
Күн ұясына еңкейіп қалған шақ. Малдың алдынан шық
пақшы болып, төбеге қарай көтеріле беріп едім, үй жақтан
Халима дауыстады:
– Әбен, мен де барайыншы!
Мен, «өзің білесің де» дегендей, екі иығымды бір көтер
дім де, алға ұзай бердім.
Ол мені төбенің басында қуып жетті.
– Тоқташы, неғып бұртиып жүрсің? – деді ол өкпеле
гендей кейіп танытып.
«Шынында да, неменеге қыржия қалдым, осы мен де
қызықпын».
– Неткен сұлулық! – дедім бір кезде оның ойын басқа
жаққа бұрып. – Айналаңа қарашы, Халима.
Қыз мына пәк дүниені жаңа көргендй сілейіп тұрып
қалды.
Кешкі уақ. Құм іші бейжай күйде. Тым-тырыс. Тек алыс
тан маңыраған қойдың даусы талып естіледі. Күн ұясына
тақап қалыпты. Құм үсті теп-тегіс болып, бұйраланып жа
тыр. Ақ сары, шағылдар батып бара жатқан күн арайына
малынып, жалқын қызыл түрге енген. Көкжиек қол созым
жерде тұрған сияқты. Жүгірсең қазір ғана жетіп барып,
заңғар аспанды қолыңмен тіреп қалатындайсың.
Халиманың деміге шыққан үні естілді:
– Тамаша!..
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Иә, дедім мен де сыбырлап. «Уа, туған жер, сенің
мына көркіңді дәл осы қалпында көшіріп алатын суретшіде
арман болмас, сірә!»
– Әбен суретке түсіріп алсаңшы.
– Мұны суретке түсіре алмайсың, Халима. Мынадай
сұлу көрініс фотоаппараттың обьективіне сыюшы ма еді,
оны тек жүрекпен ғана сезіне білу керек.
– Шынында, солай екен-ау!..
Кенет алдыңғы жақтан Бейсекеңнің рилаған дауысы
естілді де, артынша сау етіп қойлар да шыға келді.
Біз төбе басында көбірек тұрып қалғанымызды сонда
ғана барып аңғардық. Көлеңкелеріміз көрінбей, көкжиек
те көмескіленіп қалыпты. Екеуміз бірден алға жүгірдік.
Бейсекең бізді алыстан байқап, атының басын бірден үй
жаққа қарай бұрды.
– Жайлау да тамаша ғой, шіркін, бірақ түні тез түседі, –
деді Халима қой айдап жүріп.
– Амандық болса, оны да көререміз.
– Бағана қонақтарға неге арақ құймай қойдың, аядың
ба? – деді Халима тағы да менімен қатарласа беріп.
– Иә, аядым, Әзіретәліге де қалсын да, – дедім қиыс
танып.
– Жететін еді ғой. Дегенмен өзі де сілтейді екен-ау...
– Кімді айтасың? Жапар ма? – дедім әдейі түсінбегенсіп.
Әйтпесе, оның мана «қонақтар» дегенінен-ақ әңгіменің кім
жайлы болатынын іштей сезе қойғам.
– Е, жоға, әлгі практикантты айтамын да, аты қалай еді,
өзінің...
– Мұхтар.
– Иә, айтпақшы, Мұхтар, аты жақсы екен-ау?!
– Өзі де жаман көрінбейді ғой, – даусым қатқылдау
шықты. – Жарайды, мен қой санауға кеттім.
К Ө К Ж И Е К
Жүгіріп келіп, жаздық қораның аузын аштым да, жерде
жатқан жүзгеннің бір бұтағын сындырып алып, ішке кіре
бастаған малды санауға кірістім.
Қойлар бастарын төмен салбыратқан күйі топ-тобымен
өтіп жатыр. Біртіндеп санасаң жаңылып қаласың. Сондық
тан екі-екіден қосып, топтап санау керек.
– Тоқсан сегіз, тоқсан тоғыз...
Жүздікті айтып, саусағымды бүге бергенімде, «мынау,
өзі не істеп тұр» дегендей бір қой жерден басын көтеріп
алып, мен жаққа қарады. Көзіне көзім түсіп кетті. Кілегей
леніп жылт ете қалғаны. Таныс көз. Қайдан көріп едім...
Е, әлгі практиканттың көзі екен ғой... Иә, дәл өзі!
Бұл кезде қойдың бірсыпырасы өтіп кеткен еді. Тфу деп
жерге бір түкірдім де, шыбығымды лақтырып жібердім.
– Не болды? Неге санамадың? – деді Халима соңғы
қойды қораға айдап.
– Қараңғы түсіп кетіпті, санау мүмкін емес.
– Түгел шығар, қайда кетер дейсің!
– Түгел шығар, – дедім мен де қораның аузын бекітіп.
* * *
Мал жаппай төлдей бастады. Әзіретәлінің жағы үрпиіп,
орақ мұрны одан сайын ұзара түсті. Жауһарат пен Халима
да жүдеген сияқты. Бейсен атай да көп бейнет көріп жүр.
Ол кісі қазір түнгі күзетте. Қараңғы түсісімен қораның
айналасына фонар шамдарды қыстырып, түнімен туған
қойларды бөледі, қозыларды ауыздандырады.
Осындай қарбалас шақта бізге орталықтан тағы бір
сақманшы келді. Ол Бәкір деген жігіт еді.
Тракторшы Бәкірді ауылдағылар «Жынды Бәкір» деп те
атайтын. Мінезінің шәлкестігінен бе, жасы қырыққа келіп
қалса да әлі үйленбеген. Аяқ-қолдары балғадай, денесі де
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
ебедейсіз, ірі. Бірақ сонысына қарамастан тым жалқау,
нағыз «Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүруге»
құмар жан.
Өз басым оны бұрыннан жақтырмайтынмын. Келген
күні-ақ ілінісе кеттік.
– Бастыққа жақсы істесең де жақпайсың, – деді ол
екеуміз оңаша қалғанда қабағын қарс түйіп. – Елден бұрын
тракторымды жөндеп бітіп, көктемгі егіске кірісе берген
кезімде осы жаққа барасың деген сөзді естіп қалғаным. Со
дан үш күн жұмысқа шықпай жатып алдым.
– Қатырған екенсің! – дедім мен.
Бірақ ол менің сөзімді тура мағынасында ұқса керек.
– Қатырғанда қандай! – деді екіленіп. – Басшылардың
бәрін жалындырғандай болып келіп отырмын бұл жаққа.
– Әрине, – дедім мен оны тағы да кекетіп, – мұндай
жауапты науқанға өзің сияқты жауапты адамдарды жі
береді ғой. Сол себепті жалынған болар басшылар саған.
Ол сонда ғана барып сөз астарын түсінді. Түсінді де, түсі
өзгеріп шыға келді.
– Осындай қызыл сөздің қажеті қанша? – деді даусын
көтеріп. – Жауапты науқан... Жүрсің ғой жауапты нау
қанда... білеміз сені де...
– Нені білесің?
– Бұл жерде неге жіпсіз байланып жүргеніңді?
Біреу маңдайыма салып жібергендей отырып қалдым.
«Мына жынды не шатып тұр?..»
Бәкір әлденеге риза болғандай, басын кекжең еткізді де:
– Мен емес, бүкіл ауыл гуілдеп жүр ғой, – деді.
– Әй, ашып айтсаңшы, не үшін?
– Сені Әзіретәлінің қарындасымен әмпей-жәмпей деп...
Көз алдым тұманданып, жерде жатқан томаршаны алып
орнымнан атып тұрдым.
– Ұятсыз. Тұра тұр, бәлем, осы сөзіңнің бірде-біреуін
қалдырмай Әзіретәліге жеткіземін.
К Ө К Ж И Е К
Бәкір шошып, кейін шегінді. Бірақ оның қолымдағы то
маршадан ба, әлде Әзіретәлінің атынан ба – нақ қайсысынан
сескенгенін анық білмедім.
– Әй, әй, тентек болма, – деді ол енді даусын жұм
сартып, – сен өзің бала екенсің ғой әлі қалжыңды түсін
бейтін.
– Маған ондай қалжыңыңның қажеті жоқ.
– Қойдық онда, – деді ол суық жымиып, – екеуміздің
бұл әңгімеміз осы жерде қалатын болсын. Сонда ғана барып
мен оның Әзіретәліден сескенгенін білдім.
«Айтылған сөз – атылған оқ». Бәкірдің сөзін қанша
ұмытайын десем де, көкейімнен кетпей қойды. «Жел
тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» ғой. Жынды Бәкір
бұл сөзді біреуден естіген соң көңсітіп отыр. Сонда ол
кімнен шықпақ? Ана жолғы «қайтпаймын» деген сөзімді
біреулер басқаша түсініп қалды ма екен...
Көпке дейін өзіме-өзім келе алмай жүрдім.
Қойды қызылға шығармаймыз. Шұратта жайылады.
Көк жетіліп қалған. Бірақ малды тек көкке қаратып қоюға
болмайды. Сондықтан күніге бір мезгіл шөп те шашамыз.
Мен қазір әлі тумаған қойларды бағамын. Бәкір малға
шөп шашу, өрісте туып қалған қойларды ауылға тасу
сияқты шаруалармен айналысатын болды. Екеуміздің де
жанымыз тыныш, түнгі ұйқымыз қанық.
Күн өткен сайын өріске шығатын ішті малдың қарасы
азайып, осыған орай менің жұмысым да жеңілдене баста
ды. Оның есесіне үйдегілердің жұмысы ауырлай түсті.
Туған қойларға жем беріп, суғару, қозыларды енесіне телу
сияқты қат-қабат жұмыстардың бәрі солардың мойнында.
Кешкі тамақтан соң төсегіме келдім де жантая
кеттім. Біз апай екеуміз бұрынғыша ауызғы бөлмедеміз.
Сақманшылар келгелі бері еркек атаулының бәрі киіз үйде
жатып жүр. Алғаш мен де солардың жандарына баруға
ниет білдірген едім, бірақ Жауһарат: «Жақында ғана ау
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
ырып тұрғансың», – деп көнбей қойған. Содан бері бұл
жөнінде әңгіме қозғаған емеспіз.
Көзім ілініп барады екен, біреу келіп бүйрімнен түртті.
Көзімді ашып алсам – Бәкір.
– Арырақ жатшы, – деді ол жаныма жайғасып, – белімді
салқын ұстап қалса керек...
Сөзіне мән берместен аударылып түстім.
Таңертең әдеттегідей Жауһараттың аяғының тықыры
нан ояндым. Ішкі бөлмеден Халиманың да кереуеті сықыр
лады. Күнде осылай. Ояна салысымен оның кереуетінің
сықырын естимін.
Жанымда теңкиіп Бәкір жатыр. Басын көрпемен тұм
шалап алыпты. Жұлқып ояттым. Ол басын жұлып алды да:
– Қап, қара басып ұйықтап қалыппын-ау! – деп күбір ете
қалды.
– Күндегі тұрып жүрген уақытымыз ғой, Бәке, – дедім
сағатыма қарап. – Беліңіз қалай? Жақсы ма?
– Кетші әрі! – деп ол орнынан атып тұрды. Сөйтті де
шалбарын кие-мие, көйлегін иығына желбегей тастай са
лып, сыртқа беттеді. Тепсе темір үзетін мұндай жігіттерді
ауру дегенге аузың бармайды екен.
Оның «ауруының» сыры кейін белгілі болды. Әзірет
әлінің орталықта тұратын жамағайындарының бірі қайтыс
болып, апай екеуі соған бата оқуға кетті. Сол күні кешкілік
Бәкір тағы да ауырып, түнде менің жаныма келіп жатты.
Бірсыпыра уақытқа дейін ол бір нәрсені бір айтып, мені
әңгімеге тартпақ болды. Бірақ мен көпке шыдай алмадым,
кішкенеден соң ұйықтап кеттім.
Түннің бір уағында тосын дыбыстан ояндым. Дыбыс
ішкі бөлмеден, Жауһарат пен Халима жататын бөлмеден
шығатын сияқты. Алғаш түсім шығар деп ойладым. Жоқ,
өңім екен. Оң жағымды сипаласам жып-жылы, Бәкірдің
төсегі бос жатыр, өзі жоқ. Жүрегім су ете қалды.
К Ө К Ж И Е К
Дыбыс тағы қайталанды. Артынша Бәкірдің үздігіп,
өліп-өшкен жалынышты үні естілді:
– Жауһарат, жаным...
– Кет дедім ғой мен саған, пасық неме!
– Кетпеймін.
– Мә, онда сыбағаңды ал!
Бір нәрсе сарт ете қалды. Бәкірдің «ойбай» деген ащы
даусы оған ілесе шықты. Сөйткенше болған жоқ, темір ке
реует сықыр ете қалды да:
– Ол не, әпке? – деген Халиманың ұйқысыраған даусы
естілді.
– Мысық қой, – деді Жауһарат жаймен ғана.
Бәкір еңбектеп келіп, төсегіне жата қалды. Шынында да
оның қазіргі қимылы ұры мысықтікінен айнымайтын еді.
Ертеңгілік Бәкірдің бүйірінен түрттім.
– Не? – деді ол басын көрпемен тұмшалап.
– Тұрмайсың ба? Таң атты ғой.
– Ауырып жатырмын, – деп ол аунап түсті.
* * *
Бүгін өріске жүз қаралы ғана мал шықты. Бәрі мамыр
лап, аяқтарын әрең басады.
Үйден жарты шақырымдай ұзаған соң, қойдың ал
дын қайырдым да, төбешіктің үстіне шығып кітап оқуға
кірістім. Анда-санда басымды көтеріп, мал жаққа қарап
қоямын. Шеткі қой жата қалды. Кітабымды жаптым да,
солай қарай беттедім. Қозының алдыңғы аяғы мен басы
көрініп қалған екен. Мен келген сәтте түсе берді. Орамал
мен аузын сүрттім. Сол-ақ екен кіп-кішкентай қошақан
сілкініп-сілкініп алды да, жарық дүниеге келгенін паш
еткендей «мә-ә» деп маңырап қоя берді. Енесі мекіренді.
Қозысын алдына тостым. Ол бір-екі рет жалап, иіскеді
де, қайтадан ышқына бастады. Артынша екінші қозы да
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
өмірге келді. Ол алғашқыға қарағанда нәзіктеу. Әзер аяқ
тандырып, әзер ауыздандырдым.
Мұнан кейін тағы үш қой туды: біреуі – егіз, екеуі –
жалқы. Жалқы туған қозы ірі де ширақ болады. Бірден
аяқтанып, шауып кетеді.
Ауыл жақтан Бәкірдің төбесі көрінді. Батырға да жан
керек. Жата беруге Әзіретәлі келіп қалар деп қорыққан
болар, сірә. Соңғы күндері Бәкір қозыларды атпен та
сып жүр. Арбаны алғаш төл алу науқаны қызған кезде
қолданғанбыз. Кейін малдың тууы саябырлай бастаған соң
оны ауылдағы қозылы қойларға қарайтындарға бөлгенбіз.
Бәкір аттан түскен жоқ.
– Бар ма? – деді иегімен қой жақты нұсқап.
– Бар.
– Нешеу?
– Төртеуі қоздады, екеуі – егіз.
– Мә, қозыларын мынаған сал, – деп қоржынын алдыма
лақтырып жіберді.
Жаңағы төрт қойды бір жерге топтадым да, қозыларын
үш-үштен бөліп, үлкен қоржынға салдым. Бәкір оны
қолымен іліп алды да, ерге басты. Сөйтті де:
– Әй, біраз жерге дейін айдап, шығарып сал, – деп аттың
басын үйге қарай бұрды.
Қоржыннан бастары қылтиып шығып тұрған қозылар
маңырап қоя берді. Саулықтар атты айналып, соңына ерді.
Мен оларды біраз жерге дейін айдап бардым да, қалып
қойдым.
Сәл ұзай бере жаңағы саулықтардың біреуі қайта-қайта
өріске қаша берді. Бәкір оны атпен қуып, ауылға айдайды.
Қойдың маңыраған даусы мен Бәкірдің былапыт сөздері
еміс-еміс естіліп қалады. Саулық өз дегеніне жетіп тын
ды. Әлгі топтан сытылып шығып, манағы өзі туған жерге
қарай тура тартты.
К Ө К Ж И Е К – Қайтар, әкеңнің... – деді Бәкір шауып келе жатып. Мен жүгіріп қойдың алдынан шықтым. Бірақ маған да қайыру бермеді. – Қап, мына басы мүжілгір ит қылды-ау адамды, – деп Бәкір де жанымнан зу етіп өте шықты. Саулық манағы қозысын туған жерге барып бір-ақ тоқтады. Бәкір аттан түсті. Мен келсем ол саулықты жаяу қуып жүр екен. Қой да әккі болып қалса керек, Бәкірді маңына жақындатпайды. Бірақ жанағы өзі туған жерден ұзап та кетпейді. – Жарайды, осында-ақ қала берсін, – дедім. – Қозысын жібере сал, кешке отармен бірге барар. Бәкір қалт тұра қалды да, атына қарай бұрылды. Қоржыннан жаңағы қойдың қозысын алып, жерге түсірді. Бірақ жібермеді. Артқы аяқтарын тас қылып ұстап алып ты. Саулық қозысын көріп, Бәкірдің жанына жетіп барды. Мал екеш мал да баласы үшін отқа түсуге даяр ғой. Міне, қазір де қашаған саулық қозысы үшін Бәкірдің қолына өзі келіп түсті. Бәкір қозыны лақтырып жіберді де, саулықтың аяғынан шап берді. Артынша мойнынан қылғындыра ұстап, бұзау тіс қамшысымен басынан пергілей бастады. Дүниеде қойдан момын мал жоқ. Тіпті оның төрт аяғын буып, кеңірдегіне пышақ тақағанда да мыңқ етпестен жата береді емес пе? Сондай-ақ мына саулық та Бәкір ұрған сайын басын кегжең-кегжең еткізгені болмаса, үнін шығармады. Шыдай алмадым. Бәкірдің қолына жармастым. – Ағатай, қойыңызшы! – деп жалындым. – Кет, әкеңнің!.. – Ол менің кеудемнен итеріп қалды. Жалп етіп құлап қалдым. Орнымнан қайта тұрып, қайта жармастым. Бұл жолы жалынған жоқпын. Бәкір малды емес, адамды ұрып жатқандай сезілді осы сәт маған. – Хайуан! – Жұдырығым өзінен-өзі түйіліп, артынша тастай қатты бір нәрсеге сарт ете қалды.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Ойбай, әкеңнің!.. – Бәкір қойды жібере салды да, маған
ұмтылды. Одан арғысын анық білмеймін. Құлақ шекем
«дың» ете қалды, көзім қарауытып жүре берді. Етпетімнен
құлап түстім.
Есімді жиып, басымды көтерсем, Бәкір атына мініп,
төбе асып барады екен. Жанымда манағы саулық тұр. Ба
уырында қозысы. Еміреніп қозысын иіскейді.
Шалқалап жатып, аспанға қарадым. Көкпеңбек. Алыс
та қалықтап қара құс ұшып жүр. Екі көзі төменде. «Қозы
ілмекші ғой, дәмесін қарай гөр...»
Еппен қолымды көтеріп, көзімді сипадым. Құрғақ екен.
Демек, жылаған жоқпын. Қуанып кеттім. Аузым мен
құлағым дымқылдау сияқты. Ештеңе етпес. Қайтадан ет
петімнен түстім. Тағы да саулыққа көз салдым. Ол қозы
сының бауырынан басын жұлып алып, мен жаққа қарады.
О, сұмдық! Қойдың көзінен пара-пара жас көрдім. Мал да
жылайды екен-ау, ә! Жан дүнием босап, денем шымырлап
кетті. Көзімнің алды көлкілдеп шыға келді. Өзімді тежей
алмадым, көз жасыма ерік бердім. Қанша жылағанымды
білмеймін. Әйтсе де осыдан кейін денем сергіп қалды.
Кешке үйге келсем, Бәкір ауылға қайтып кетіпті. «Кір-
қоңымды жудырып келемін», – депті. Бірақ мен оның енді
қайтып оралмайтынына шәк келтірген жоқпын.
Шынында да солай болды, Бәкір келесі күні де, одан
кейінгі күні де оралған жоқ.
– Мейлі, келмесе келмей-ақ қойсын, жұмыс жеңілденіп
қалды ғой, – деді Бейсекең.
...Бәкір екеуміздің төбелесімізді ешкім сезген жоқ.
* * *
– Оқы! – деп Бейсекең шапанының етегін көк майсаға
төседі де, жантая кетті.
– Қайсысын?
К Ө К Ж И Е К
– «Қыз Жібекті».
– Бейсеке-ау, оны кеше ғана оқыған жоқ па едік?
– Оқы! – деді ол кісі тағы әмірлі дауыспен. – Кеше –
кеше, бүгін – бүгін, «Қыз Жібекті» күн сайын екі реттен
оқысаң да артықтық қылмайды.
Қарттың көңілін қалдыруға болмайды. Тағы да «Қыз
Жібекті» қайталауға көштім. Бейсекең көзін жұмып
тыңдап отыр.
Бейсен атай екеуміздің бірге жүргенімізге бүгін –
бесінші тәулік. Осы бес күннен бері қозылы қойды бірлесіп
бағамыз. Саулықтар есін жиып, қозылар қатайып қалған.
Сонда да ауылдан көп ұзамаймыз. Көктемнің күніне сену
ге болмайды, аяқ астынан құбылып шыға келеді емес пе?
Ал жаңбыр – жас төлдің жауы. Сондықтан күн бұлттана
бастаса-ақ, біз малды ауылға, ықтасынға қарай айдауға
даяр тұрамыз.
Бейсекеңмен бірге жүргелі бері уақыт білінбей өте
шығатын болды. Әңгімешіл қария кітаптарды да жақсы
көреді. Әсіресе, ескі хиссаларды тыңдауға құштар. Көбін
жатқа да біледі. Сөйте тұра маған қайта-қайта оқытатынын
қайтерсіз! Мен алғаш «өзі жатқа білетін жырды қайталап
тыңдай беретіні несі екен» деп ойлайтынмын. Кейін
Бейсекеңнің одан үлкен ләззат алатынын білдім. Қарияны
бір-екі жыр оқып, көңілдендіріп алсаң-ақ болғаны, мұнан
кейін ол сөз кезегін өзіне аударады. Тек тыңдай бер, тыңдай
бер. Қызып алған кезде әңгімесінің арасына өтірікті де
қосып жіберетіні бар. Ондай сәтте «ойпыр-ай, ә» десеңіз
қарт шабыттана түседі, ал «Бейсеке, осы шын ба?» десеңіз
бәлеге қалғаныңыз. Ол табан астында шат-шәлекейі шығып
«Немене, мұндай оқиға тек ертекте ғана болу керек пе, мен
өз басымнан кешіп, өзім куә болған жайларды айтып отыр
мын» дейді. Сөйтеді де келесі бір әңгімені бастап кетеді.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
* * *
Күндіз біз қой жайып жүргенімізде Айтқұл келіп кетіп
ті. Әзіретәлінің сөзінен ұққаным: енді төрт-бес күннен кейін
қой қырқым басталмақ, сонан соң біз жайлауға көшетін
болыппыз. Айтқұл Бейсен атайдың ауылға қайтуына да
рұқсат беріп кетсе керек. Оны Жауһарат айтты.
– Әзіретәлі қарағым, онда осы төрт-бес күннің ішінде
ауылдағы шаруаларыңды тындырып ал, – деді Бейсекең. –
Мен асықпаймын, зейнеткер адаммын ғой. Оның үстіне
бүгін рұқсат берген екен деп ертеңінде тайып отыруым
үлкен басыма жараспас.
Бейсекеңнің сөзіне үй іші риза болып қалды. Әсіресе,
мен қатты қуандым. Бейсекеңмен бір күн бірге жүріп,
әңгімесін тыңдағанға не жетсін!
Малды бірте-бірте ауылдан ұзартыңқырап, оты мол
жерлерге жая бастадық. Осыған орай түскі тамақты да
түзде ішеміз.
Түске таман саулықтар үйездейтінді шығарды. Бұл
бір жағынан малдың тойына бастағанын білдірсе, екінші
жағынан көктемнің жазға ұласып келе жатқанынан да
хабар бергендей еді. Түскі тамақты біз осы мал үйездеген
кезде ішеміз. Күндегі дағдым бойынша қоржынды алып,
көк майса шөптің үстіне дастарқан жайдым. Бейсекең қой
жақта жүрген. Ыдыс-аяқтарды шайып, тамақты дастарқан
үстіне қоя берген кезімде жирен айғырына мініп, Әзіретәлі
келе қалды.
– Мақтап жүреді екенмін, тамақтың үстінен шықтым
ғой, – деп ол атынан түсіп, ауыздығын алды.
– Иә, – дедім мен, – дастарқанға жақындаңыз.
Бұл кезде Бейсекең де келіп қалған еді. Әзіретәлі атын
тұсап жіберді де, Бейсекеңнің алдынан шықты.
– Бейсеке, бүгін шайды үйден ішсеңізші, – деген сөзін
естіп қалдым мен оның.
К Ө К Ж И Е К
– Шайдан шайдың жорғасы бар дейсің бе, оны осы
жерден-ақ іше саламыз ғой, – деді Бейсекең күліп.
– Қарындасыңыз қатырып қаттама нан жасап қойды, –
деді Әзіретәлі ауыл жақты иегімен нұсқап. – Шайды үйден
ішсін деп мені әдейі жұмсады.
– Қой, Жауһарат айтса, болмас, барайын, – деді
Бейсекең.
Мен жүгіріп барып атын әкеліп бердім. Түскі тамақты
Әзіретәлі екеуміз үнсіз іштік. Мен дастарқанды жинап
қоржынға салдым да, кітап оқуға кірістім.
– Сәлембай, дауыстап оқысаңшы, біз де тыңдайық та, –
деді Әзіретәлі шыдай алмай.
– Қайсысын?
– «Қозы Көрпеш – Баян сұлуды».
Мен өзім оқып отырған кітапты жаптым да, қоржында
ғы екінші кітапты алдым. Мұнда кілең халық жырлары
басылған еді. Бұл кітапты да жанымнан тастамайтынмын.
Себебі Бейсекең кез келген уақытта хисса оқы деп қалуы
мүмкін ғой.
Кітаптың бетін аштым да, судырата жөнелдім. Ойым
алаң. Ара-тұра Әзіретәліге қарап қоямын. Ол болса, өткір
қара көзін бір нүктеге қадап, ұйып тыңдайды. Қалың қасы
жиырылып, үлкен бір ойдың үстінде отыр.
– Сәлембай, – деді бір кезде ол мені бөліп.
– Әу!
– Менің қатын алғым келеді.
– Не?
– Қатын алғым келеді деймін.
– Әйел алу үшін алдымен қалыңдық таңдау керек емес
пе? – дедім мен әзілдеп.
– Сол мәселе жөнінде ақылдасайын деп едім...
Әншейінде хисса тыңдауға құлқы жоқ Әзіретәлінің
«Қозы Көрпеш – Баян сұлуды» оқышы деген өтінішінің
сырын сезе қойдым. Кітаптың бетін жаптым да:
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Менен қай бір ақылшы шыға қояр дейсің, онан да
жаңағы Бейсекеңмен кеңескенің дұрыс болатын еді ғой, –
дедім.
– Тс-с, – деді Әзіретәлі саусақтарын еріндеріне апарып. –
Бұл сөз Бейсекеңнің құлағына шалынып қап жүрмесін.
– Пәлі, көздегенің сол кісінің жақыны болып шықпасын.
– Мына Майлекеңдер Бейсекеңнің туысы емес пе? – деді
Әзіретәлі шұраттың арғы шетіне көз қиығын тастап.
Түсіне қойдым. Майлекең – Майлыбай. Бейсекеңнің
онымен аталас екені де рас. Демек, Әзіретәлінің көздеп
отырғаны Майлыбайдың қызы болды. Аты кім еді? Е,
айтпақшы Баян екен-ау! Бізден екі класс бұрын оқыған.
Көзі тұздай сары қыз болатын.
– Майлекең мен Бейсекең аталас кісілер, – дедім мен. –
Қатысып тұрады. Бірақ олар шешпейді ғой. Қыздың өзі
қалай? Баянмен өзің сөйлесіп көріп пе едің?
Әзіретәлінің көзі бақырайып кетті.
– Сен білетін бе едің?
– Нені?
– Менің Баянды жақсы көретінімді.
– Е, жоға, қазіргі сөз саптауыңа қарап жорамалдағаным
ғой, – дедім шын ықыласымды танытып.
Әзіретәлің үн-түнсіз жерге қарап, мөлиді де қалды. Ал
памсадай жігіттің жас балаша абдырауы қызық екен. Бір
түрлі аяп кеттім.
– Енді не істемекшісің? – дедім мен оны сөзге тартып.
– Білмеймін.
– Қыздың көңілі қалай?
– Оны да білмеймін, – деді Әзіретәлі күрсініп. – Бірақ
әке-шешесінің сөзін жерге тастамас деп ойлаймын.
– Олармен сөйлесіп пе едің?
– Жоқ, – деді Әзіретәлі. – Сол кісілермен Бейсекең сөй
лесіп көрсе деп ойлап едім де.
– Бейсекең сөйлесуден қашпас, – дедім мен. – Дегенмен
алдымен қыздың ойын біліп алған жөн сияқты.
К Ө К Ж И Е К – Баянмен жеке сөйлесуге батпай жүрмін, ұяламын. – Онда неге хат жазбайсың? – дедім мен білгішсініп. Әзіретәлінің көзі жайнап шыға келді. Ойын дәл тап қаныма қуанғандай, екі қолын бір-біріне сарт еткізіп соқты да: – Міне, мұның жөн сөз, – деді. Сөйтті де төс қалтасынан қойын дәптерін шығарып, арасынан төрт бүктелген бір парақ қағазды суырып алды: – Мә, оқып көрші. Қағаздың бүктелген жерлері жыртылып, бөлініп түсуге аз-ақ қалыпты. Соған қарап, бұл хаттың иесінің қалтасында біраздан бері жатқанын шамаладым. «Алтыннан ардақты, күмістен салмақты Баян! – деп бастапты хатын. – Мен сені жақсы көремін. Егер маған тиетін болсаң, өзіңді өмір бақи ренжітпеуге ант етемін. Әке-шешеңді туған ата-анамдай сыйлайтын боламын. Жауабыңды асыға күтуші – Әзіретәлі». – Ойың дұрыс қой, – дедім мен, – бірақ бәрін бірден ашып айту ыңғайсыздау сияқты. – Нені? – деді Әзіретәлі түсінбей. – Бірінші хатыңда-ақ «маған ти» дегеніңді айтамын да. – Мен «ти» деп отырған жоқпын, «тиетін болсаң» дедім ғой. – Бәрібір. Әзіретәлі тосылып қалды. Бір сәтке томсырайып отыр ды да: – Онда өзің көмектессеңші?! – деді. Үні жалынышты шықты. Мен бәлсінген жоқпын. Қалтамдағы қойын дәптерімнің арасынан бір парақ ақ қағазды жұлып алдым да, «Ғашықтар жырының» үстіне төсеп, «Баян!» деп жазып қойдым. Бірақ одан әрі не жазарымды білмей, дағдарып отырып қалдым. – Сен асықпа, – деді Әзіретәлі менің ойланып қал ғанымды сезіп, – асықпай жаза бер, мен малды байқап келейін. 10-151
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Алғаш хатты өлеңмен жазбақ болдым. Артынша Әзірет
әлінің өлең шығаратынына қыздың онша илана қой
майтынын біліп, қара сөзге көштім. Бірақ ол жазғаным да
оңып шықпады. Жыртып тастадым. Қайта жаздым. Қайта
жырттым. Байқаймын, түк шығатын емес.
Әзіретәлі қойдың арғы шетінде жүр. Бері келетін емес.
Менің ойлануыма жағдай жасағаны ғой.
Кенет басыма тосын ой сап ете қалды. «Әзіретәлінің ор
нында мен болсам не істер едім? Мәселен, мен де бір қызға
ғашықпын. Сонда оған өз ойымды қалай жеткізер едім?»
Көз алдыма Халима елестеді. «Соңғы кездері ол ме
нен неге қашқақтай береді. Әлде бір сыбыс естіді ме екен.
Жынды Бәкір ауылға барып тағы бірдеңкені көңірсітіп
жүрмесе?.. Жоқ, мүмкін емес. Ана бір практикант бала да
көп келгіштеп кетті ғой өзі... Ту-у, мен де қызықпын осы,
не болса соны ойлап...»
Ақ қағаздың ортасына «Халима!» деп жаздым да, біреу-
міреу көріп қоймады ма екен дегендей алақтап жан-жағыма
қарадым.
Қойдың арғы шетінде Әзіретәлі жүр.
Ақ қағазға қайта шұқшидым. «Халима! Сені көргелі бері
мен ерекше бір жақсы әсерде жүретін болдым. Көңілімде
асыл арман, іңкәр сезім бар. Ол менің дүниеде теңдесі жоқ
байлығым болып есептеледі. Кейде менің осы байлығым
ернеуінен шыға шалқып жатса, кейде одан жұрдай болып
тоналып қалатын сияқтымын. Оның бәрі саған, тек бір
өзіңе ғана байланысты. Өтінемін сенен, айырмашы мені
осы жақсы әсерімнен, тонатпашы байлығымды...»
Хатты жазып біттім де, қайталап оқып шықтым. Ұнады.
Жүрегім жиі-жиі соғып, тіпті дүрсіліне дейін естідім.
Әзіретәлі қойды өргізді.
Мен басқа қағаз алдым да, «Баян!» деп жаздым. Сөйттім
де әлгі жазғандарымды көшіре бастадым. Бірақ хаттың
орта тұсына барған кезімде қолым жүрмей қойды. Бұл
жазғандарымды Әзіретәліге көшіріп беретін болсам, өз
К Ө К Ж И Е К
бақытымнан ажырап қалатындай сезіндім. Бір түрлі
көңілім құлазып, өзімді-өзім жек көре бастадым. Айналам
сұрқай тартып, жаңа ғана тамылжыта сайрап тұрған боз
торғайдың даусы да құлағыма түрпідей тиді.
Орнымнан атып тұрдым да, көшірген қағаздарымды
пәрше-пәршесін шығарып жыртып тастадым. Халимаға
арнаған хатымды төрт бүктеп төс қалтама салып алдым.
Сол-ақ екен денем жеңіл тартып, тынысым да кеңіп жүре
берді. Айналам да бұрынғысынша құбылып шыға келді.
Бозторғай тамылжыта сайрай жөнелді.
Дауыстап Әзіретәліні шақырдым. Далақтап шауып
келді.
– Иә, не болды, бірдеңе шықты ма? – деді ол атынан
секіріп түсіп.
– Түк шығара алмадым, – дедім мен нөпір боп үйіліп
жатқан қағаз жыртындыларын көрсетіп.
Әзіретәлі ренжудің орнына қуанды.
– Бәсе, айтып едім ғой, – деді ол масайрап. – Менің
жазғанымнан артық хаттың шығуы мүмкін емес. Оны мен
бір жылға жуық ойланып барып жаздым.
Мен де қатты қуандым. «Неткен абзал жан едің, Әзірет
әлі». Екеуміз бір-бірімізге қарап, мейірлене жымидық.
Дәл осы сәтте маған бұл әлемде екеумізден өткен бақытты
адам жоқтай болып көрінді...
Пошта таситын машина келесі күні кешкілік келді.
– Асығыспын, – деді шофер әрі пошташы болып істейтін
Құрал деген жігіт жерге бір бума газет пен журналды тас
тай салып. – Беретін хаттарың мен сәлемдемелерің болса
тез әкеліңдер.
Мен оған Әзіретәлінің хатын ұсындым.
– Басқа еш нәрселерің жоқ па? – деді ол конверттің
сыртына қарап. Сөйтті де артынша: – Әй, сенің есің дұрыс
па өзі, түкірік түсетін жерге хат жазып, жоқ әлде мені
мазақтап тұрсың ба? – деп шабына жөнелді.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Жұмыстан қол тимейді, өзің білесің ғой, – деп мен
мұрнымның астынан міңгірледім.
– Сонда сендер жұмыс істеп, мен ойнап жүрген болдым
ғой, ә?! – деді ол одан әрі жұлқынып. – Көнбеймін ондай
мазағыңа! Мен қолбала емеспін, үй арасына хат тасып
жүретін...
Шаң-шұң дауысты естіп Әзіретәлі де жетіп келді. Ол
шатақты бірден түсінсе керек.
– Әй, тілің мен жағыңа сүйенбей, міндетіңді жөндеп
атқар, – деді ол Құралға түсін суытып.
– Әзеке-ау, біз өз міндетімізді білеміз ғой, – деді Құрал
бірден жуасып, – мына көмекшің емес пе, мені мазақ етіп
тұрған, қол созым жердегі үйге хат жазып...
– Онда сенің жұмысың болмасын, – деді Әзіретәлі. –
Апар деген жеріне мөріңді басып, заңдандырып апарып
бер.
– Қойдық, ойбай! – Құрал хатты сөмкесіне салып алды. –
Бұлардың бәрі заңқой.
Сөйтті де ол кабинасына кіріп, машинасын от алдырды
да, қоштаспастан тартып отырды.
Біз машина көлді айналып, Майлыбай қарияның отары
на апаратын жолға түсіп, көрінбей кеткенше орнымыздан
тапжылған жоқпыз...
Екінші бөлім
Жайлауға көшіп келгенімізге бір аптадай болды. Екі
үй – Әзіретәлі мен Майлыбайдікі – басын таудың сонау мұз
басқан шыңынан алатын ағыны қатты шағын өзеннің екі
жағына орналасқан. Екі шопанның малы да осы өзеннің екі
жағына өреді.
Жайлаудың оты шүйгін, мал түске дейін-ақ мамырлап
қалады. Бірақ мұнда құмдағыдай көп жусамайды. Сондық
К Ө К Ж И Е К
тан да біз Әзіретәлі екеуміз қойды түске дейін және түстен
кейін кезектесіп бағамыз.
Менің кезегім түстен кейін болатын. Таңертең кештеу
тұрдым. Әзіретәлі малды өргізіп кетіпті. Өзеннің мұздай
салқын суына беті-қолымды шайып, үйге қайтып кірдім.
Үй ішінде ешкім қалмапты, бәрі Майлыбайдікінде болса
керек.
Шарадан бір тостаған қатық айран құйып іштім. Ішкі
сарайым ашылып жүре берді.
Сырттан сыңғырлай күлген дауыс естілді. Елең ете қал
дым. Күлкі тағы естілді. Халиманың күлкісі. Киіз үйдің
есігін серпіп тастап, далаға атып шықтым. Өзеннің арғы
жағында, Майлыбайдың үйінің алдында тұр екен ол. Мені
көре салып, бері қарай жүрді.
– Халима, көпірден абайлап өт! – Мен де қарсы ұмтыл
дым. Көпіріміз – өзеннің қылта жеріне қойылған ескі саты.
Ана жолы Майлыбайдың үйі ерулікке шақырғанда Халима
одан әрең өткен болатын.
Бұл жолы ол сатының үстімен жүгіріп өтті. Жүзінде
ешбір қобалжудың белгісі жоқ. Керісінше, екі көзі күлім
деп, беті алаулап тұр.
– Қашан тұрдың, тамақ іштің бе? – деді ол ентігіп.
– Иә, айран іштім.
– Шай қоюды ұмытып кетіппін, – деді ол қызарып. –
Мұхтарлармен дойбы ойнап отырып қалыппын.
– Мұхтар! Ол қайдан жүр?
– Орталықтан түнде келіпті. Осы жерде біраз болып
практикамның қорытындысын жазам дейді.
– Дұрыс болған екен, ел көзінен тасалау тыныш жер
ғой, – дедім мен кекесінді үнмен. Даусым өзімдікіне ұқ
самай біртүрлі қатқыл шықты.
– Әне, өзі де тұр ғой, сәлемдеспейсің бе? – деді Халима
менің сөзіме мән берместен.
– Сәлем беретіндей немене соншама, мұхиттың арғы
жағынан келіп пе? – деп Халима қолын сілтеген жаққа
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
қарасам, практикант тұр екен. Ол тісін ақситып, басын
изеді. Мен де басымды изеген болдым. Сонан соң бұрылып
кеттім.
– Апай мен әпкей де сол үйде ме? – деп сұрадым шай
үстінде Халимадан.
– Иә, әңгіменің басына су құйып жатыр.
Жайлауға келгелі бері Зайнап апай мен Жауһарат
әпкей Майлыбайдікіне жиі баратын болды. Әсіресе, Би
кен апаймен әңгімелері жарасып қалса керек. Оған мен де
іштей қуанып жүрмін. Ал Әзіретәлінің қуанышында шек
жоқ. Апай мен әпкейдің өздеріне жиі келіп, шешесімен
әңгімелесуіне, байқаймын, Баян да қарсы емес сияқты.
Самаурынды алдымызға ала берген кезімізде Мұхтар
кіріп келді.
– Иә, хал қалай, Әбен? – деді ол амандықтан соң.
– Шүкір, жаман емес. – Оған кесе әпердім.
– Оқуды қайттың?
«Пәлесін қарашы, менің оқуға түсе алмай қалғаныма
дейін біліп алыпты. Кім жеткізе қойды екен бұған?»
– Оқимыз ғой, – дедім мен тамағымды қырнап.
– Оқу керек, – деді ол кесесін төңкеріп. «Жасымда ғылым
бар деп ескермедім, пайдасын біле тұра тексермедім» деп
Ыбырай жырлағандай жас кезде оқып алғанға не жетсін!
– Бұл өлеңді Ыбырай емес, Абай жазған, – дедім мен
шыдай алмай. – Және айтпағым: біреудің ақылгөйсуін жа
ным жаратпайды.
– Солай ма? – деді Мұхтар қасын керіп.
– Солай!
– Шай ішсеңдерші! – деді Халима әңгімені басқа жаққа
бұрып.
Кесемді мен де төңкере салдым.
– Болдым.
Халима да қайтып тіл қатқан жоқ. Үн-түнсіз дастар
қанды жинауға кірісті.
К Ө К Ж И Е К – Мен қайтайын, Әзекең қай кезде келетін еді? – деді Мұхтар орнынан көтеріліп. – Түске таман, – деді Халима. – Онда сол кезде соғармын, практикама байланысты бір сыпыра мәліметтер сұрап алайын деп едім. Мұхтар шығып кетті. Мен қолыма кітабымды алдым. * * * Жайлау күні қып-қысқа: күн шықса-ақ, түс болып, түс болса-ақ, кеш келіп қалатын сияқты. Құмның жазық да ласына үйреніп қалған өз басым алғаш жайлаудың мұндай құбылысын онша ұната да қоймадым. Бірақ бірте-бірте оған да үйрендім. Енді тау, жайлау қызықтары еліте баста ды. Біз тұрған жер «Алмалы» деп аталады екен. Алмалы десе, дегендей-ақ. Тау өзені ағып өтетін аңғардың қойны тола жабайы алма. Тістесең, тісіңді тұтар ащы алма. Әзіретәлі бұл алмаларды күзде піседі дейді. Мен олардың күзге дейін тұра алатынына шәк келтірем. Себебі бәрі то пырлап, үзіліп түсіп жатыр. Өзен суының беті осы жабайы алмалардан бір сәтке босамайды. Қызылы, көгі, үлкені, кішісі аралас күндіз-түні нөпір болып, төменге қарай ағады да жатады. Кейде олар маған таусылып қалатын сияқты көрінеді. Әйтсе де таусылмайды. Әзіретәлі бұл алмалар күзге дейін осылай ақса да таусылмайды дейді. Сондай-ақ, ол бұл ағып жатқандар алманың әлжуазы екенін, ал нағыз тау алмасының қанша қатты жел тұрса да, сабағынан үзіліп түспейтінін де айтқан болатын. Отарды төскейге қаптаттым да, төменгі өзеннің аң ғарына түстім. Жерде пырдай болып жабайы алмалар ша шылып жатыр. Әзіретәлінің айтқаны рас екен. Жердегі алмалардың бәрі әлжуаз, бірсыпырасы суыққа үсіп, бүрі сіп қалса, бірсыпырасын құс шұқыса керек, шіріп кет
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
кен. Жерге мезгілінен бұрын үзіліп түсетіндері де осылар.
Ал сау алмалар сабағында тұр. Қолмен тартып, әрең үзіп
аласың. Әлі піспеген. Күзге қарай піседі. Иә, бәрінің де өз
уақыты болады...
* * *
Тоңып ояндым. Кәдімгідей денем мұздап қалыпты.
Тұра салып киіндім де сыртқа шықтым. Таң жаңадан
атып келеді екен. Есіктің алдында ары-бері жүгіріп, түрлі
жаттығулар жасап бойымды жылыттым.
Үйден Жауһарат шықты. Қолында шелегі.
– Тым ерте тұрыпсың ғой, – деді ол.
– Тоңып қалыппын, содан ояндым.
– Жайлау құм емес, – деді Жауһарат. – Абай бол, жазды
гүні тиген салқын адамды алып ұрады.
Ыңғайсызданып қалдым. «Тағы да төсек тартып жа
тып қалып жүрме дегені ме?» Осы ойымды сезіп қалғандай
Жауһарат:
– Таңертеңгі тау ауасы салқын болады, үстіңе киім ки,
– деді.
Мен үйге кіріп, күпәйкемді жамылып шықтым.
– Мал түнімен өріп шықты, – деді Жауһарат самауырға
су құйып жатып. – Қайта-қайта қайырумен болдық,
Әзіретәлі әлгінде ғана жатты.
– Онда менің ерте тұрғаным дұрыс болған екен ғой, мал
ды өріске шығара берейін.
– Сөйте ғой, – деді Жауһарат.
Керегеде қыстырулы тұрған жүгенді алып, атқа кеттім.
Жайлаудың кеші қалай тез түссе, таңы да солай тез
атады. Жаңа ғана айналам бозамық тартып, сонау шың
басындағы ақша бұлтқа дейін ұласып жатыр еді, міне, енді
соның бәрі кері ысырылып, тау қойнауына еніп барады,
таң шығыстан емес, дәл төбеден атып келеді. Құз басынан
К Ө К Ж И Е К
бүркіт шаңқылдап, өзен жақта бұлбұл сайрады. Артынша
төменгі жақтан бір топ бұлдырық ұшып шықты.
Жайлауға келгелі бері қойды ертеңгілік Әзіретәлінің
өзі өргізетін. Бүгін ғана керісінше болды. Мал жоғары
өрлеп келеді. Төменгі жаққа көз салдым. Алыстан инедей
болып аспанға шаншылған екі ақшылтым түтін көрінді.
Бұл Әзіретәлі мен Майлыбайдың жерошақтарынан шығып
жатқан түтіндер. Кенет осы қос түтіннің дәл түбінен бір
қара бөлініп шықты да, бері қарай тура тартты. Жүрегім
алабұртып жиі-жиі соқты. «Тыныштық болғай». Жирен
айғырының шабысынан таныдым: Әзіретәлі екен. Бас
киімін қолына алып, бұлғап келеді. Мен еш нәрсе ұқпастан
қарсы шаптым.
– Не болды?
– Қойды кейін қайыр! – деп ол жанымнан зу етіп өте
шықты. Шоқытып соңынан ілестім. Әзіретәлі отардың
шетіне жете беріп, екі саусағын аузына салды да, ысқырып
қалды. Сол-ақ екен, қойдың алдыңғы жағы жапырылып,
кейін қарай ысырылды. Әзіретәлі сол шапқылаған беті
малдың арғы шетіне жетіп, төменге қарай қуа бастады.
Рилап мен де шауып жүрмін. Қойды қуған бойы төменге
түстік. Содан кейін ғана барып Әзіретәлі уһ деп демін алып,
атының тізгінін тартты.
– Өзіме де обал жоқ, – деді ол маңдайының терін сүртіп.
– Саған ескертемін деп тарс есімнен шығып кетіпті, шық
кеппей малды бұл жаққа жаюға болмайды.
– Неге? – дедім мен таңданып.
– Ана кезеңді көрдің бе? – деді ол қамшысының сабымен
жаңа ғана мал жайылып өткен қапталды нұсқап. – Шытыр
өсетін жер. Оны ертеңгілік су күйінде мал жесе, іші кеуіп
кетеді.
– Қап! Енді қайттік? – дедім қысылып.
– Түске дейін байқайық, – деді Әзіретәлі атын тебініп, –
мүмкін еш нәрсе етпес. Бірақ малға су ішкізбеу керек.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Қойды жайлаудың етегіне түсірдік. Бұл жердің шөбі
сирек, күнге күйіп, қурай бастапты. Шүйгін де шұрайлы
жерге дәнігіп қалған мал сусылдап бір орнында тұрмады.
– Осынысы дұрыс, – деді Әзіретәлі қойды одан сайын ай
дай түсіп, – жүрсе, малдың іші жеңілдейді.
Түске таман үйге кезектесіп барып, тамақ ішіп келдік.
Малды жусатқан жоқпыз. Кешке қарай екеуміз де сілеміз
қата шаршадық. Қойлар да бүгінгі жүріске қажыса керек,
қотанға келісімен жата-жата кетісті.
Келесі күні де ерте ояндым. Әзіретәлі менен де бұрын
тұрыпты. Қораның ішінде жүр екен. Көзі кіртиіп, қабағы
түсіп кетіпті. Түні бойы ұйықтамаған адам сияқты.
– Жағдай нашар, – деді ол мен жанына тақай берген кез
де басын шайқап.
– Қой аман ба? – дедім шошып.
– Аманы аман-ау, бірақ ананы көрдің бе? – деді ол ал
дымыздан кесе көлденең өте берген саулықтың құйрық
жағын қолымен көрсетіп.
Сонда ғана барып байқадым: саулықтың мәліш құй
рығы, екі артқы саны былғаныш тартып, бүйірі бүйіріне
қабысып қалыпты. Артынша тағы да осындай екі-үш қой
ды көзім шалып қалды. Біле қойдым, іштері өткен. Бұл
кешегі шытырдың шатағы екені сөзсіз.
– Енді не істейміз?
– Малды жедел дәрілетуіміз керек, – деді Әзіретәлі үйге
қарай асығыс адымдап. Мен соңынан ердім.
– Аттарды алып келейін, сен оған дейін ана практикант
баланы шақырып кел, – деді бір кезде ол артына бұрылып.
Майлекеңнің үйіне қарай құстай ұштым. Мұхтар шырт
ұйқыда жатыр екен. Жұлқылап жатып, әзер ояттым.
– Не боп қалды? – деді ол екі көзін уқалап.
– Тез киін, Әзіретәлі шақырып жатыр.
– Әзіретәлі?! Тыныштық па?..
– Әзірше тыныштық. Тез кел, жұмыс бар, – деп шығып
кеттім.
К Ө К Ж И Е К
– Қазір, қазір барамын, – деп ол киіне бастады. Әзіретәлі
атын ерттеп, бізді күтіп түр екен.
– Сәлеметсіз бе, Әзеке, – деді Мұхтар. – Жай шақырдың
ыз ба?
– Ана қойларды қарап шықшы, – деді Әзіретәлі оның
сәлеміне жауап қатпастан. – Егер қауіпті болса, мына атқа
отыр да штабқа тарт. Мал дәрігерін ертіп кел.
Мұхтар отарды бір аралап шықты да:
– Тез дәрілемесе болмайды, – деді.
– Онда мін мына атқа, – деп Әзіретәлі жирен айғырының
тізгінін Мұхтарға ұстата берді. – Мал дәрігері тез жетсін,
біз малды өріске шығармаймыз.
– Мақұл, Әзеке, мақұл! – Мұхтар атқа мінді де, тасырла
тып шаба жөнелді.
Түстен кейін біздің үйдің айналасы салт аттыларға то
лып кетті. Ұжымшардың бас мал дәрігері Сүгірбайдың
өзі келді. Жанында екі веттехнигі бар. Олар отарды көріп
шықты да, жедел іске кірісті.
Көмекке көрші отардан Мерлан мен Баян келді. Мерлан
– Майлекеңнің сүт кенжесі. Ауылдан «алтыншы класты
тамамдап, жетіншіге өттім» деп келгеніне бір аптадай бо
лып қалды. Пысық бала.
Біз – Әзіретәлі, Мерлан, Жауһарат және мен қойларды
шетінен біртіндеп ұстап, Сүгірбай мен Мұхтар бастаған
екі веттехникке жеткізіп тұрдық. Олар әлгінде ғана өздері
езген дәріні малдың аузына құюмен болды. Ал Халима
мен Баян дәрі ішкен қойлардың жоталарына сия жағып,
белгілеп тұрды.
Қой сүйреп жүріп мен Халима мен Мұхтардың бір-
біріне қарап, мейірлене жымиғандарын бірнеше рет байқап
қалдым. Тіпті Халиманың өзі қайта-қайта Мұхтардың
жанына барып, соның дәрілеген қойына ғана белгі салып
тұрғандай болып көрінді маған.
Әншейінде бір ауыз артық сөзі жоқ Әзіретәлі де бүгін
әзілқой болып кетті. Күлдіргі әңгімелер айтып, тауды
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
жаңғырықтыра күлген кезде жыным да келді. «Мұнікі не
жарқыл малы тышқақ болып дәріленіп жатқанда?..»
* * *
Мұхтардың біздің үйге келуі жиілеп кетті. Сылтауы көп:
бірде малдың жасын сұраса, бірде шөптің атын сұрайды.
Байқаймын, оның келуін Халима да жек көрмейтін сияқты.
Керісінше, беті алаулап, қуанып қалады.
Мұхтардың біздің үйге келе беруін екі-ақ адам
ұнатпаймыз, бірі – мен де, екіншісі – Зайнап апай.
Тіпті бірде Зайнап апайдың қызын үйге қамап алып
ұрысқанын да білемін. Халима да бірбеткей ғой, үйден жы
лап шыққанымен, «Менде жұмыстарың болмасын, бала
емеспін ғой» деп әпкесіне қатты кейіген еді. Жауһарат та
сіңлісіне ауыр сөз айтып қалмаса екен деп қауіптенгем.
Бірақ ол жауап қатпастан өз шаруасымен айналыса бер
ген. Ал Әзіретәлі бұл мәселеге араласқысы келмегендей
қора жақты айналып кеткен болатын. Бұдан мен Жауһарат
пен Әзіретәлінің өз бауырының тағдырына немқұраймен
қараушылықты емес, керісінше, отбасы мүшелері арасын
да кездесетін табиғи ұяңдықты сезгендей болдым.
Соңғы күндері Халима түнге қарай жиі қыдыратынды
шығарды. Көбінесе ол Баянды сылтауратады. Кеш болысы
мен-ақ: «Баянның үйіне барып келейінші», – деп қиылады
да отырады. Алғаш Зайнап апай «тез кел» деуші еді, бірте-
бірте ол ескерту де ұмытыла бастады.
Мен бұрынғыша қойды түстен кейін бағамын. Бірде
кешкілік малды қоралап, үйге кірсем, апайдан басқа жан
жоқ екен. Әзіретәліні сұрап едім, «мына көрші үйге кет
кен» дей салды.
Кешкі шайымды ішіп бола бергенімде Әзіретәлі мен
Жауһарат келді. Әзіретәлі көңілді. Келген беті жата кетті.
Майлыекеңнің үйінен «жынды су» ұрттап алған сияқты.
К Ө К Ж И Е К
Жауһарат тамақ дайындауға кірісті. Мен тысқа шық
тым. Ай әлі туа қоймапты. Дала тастай қараңғы. Малды
байқап шықтым да, мама ағашта байлаулы тұрған атыма
жақындадым. Ол «уақыт болды ғой» дегендей оқыранды.
Қолымды тоқымның астына тығып көріп едім, аттың тері
кеуіп қалған екен. Ер-тоқымды сыпырып алдым.
Атты ой жаққа апарып, тұсап жібердім. Қайтар жолда
өзеннің жағасымен жүрдім. Бұл кезде қолсозым жердегі
жартастың арасынан күміс теңгедей болып дөңгеленіп ай да
шыға келген еді. Сол-ақ екен айналам ақшылтым тартып,
табиғат бар болмысымен айқындала бастады. Аспандағы
самсап тұрған сан жұлдыз кері ысырылып, алыстай түсті.
Жайлаудың түні-ай, шіркін!
Көңілімді әлдеқандай сағыныш билеп, тербетіп тұр.
Соның өзі рақат бір сезімге бөлейді. Бірте-бірте ол арманға
ұласты. «Шіркін, қанатым болса! Мына жайлаудың үстімен
ары-бері қалықтай ұшар едім. Ұшар едім. Сонан соң бар
даусыммен Ха...»
Кенет алдыңғы жағым сылдыр ете қалды. Кілт тоқ
тадым. Жаймен басып екі адам келе жатыр. Алаңсыз. Мені
сезген де жоқ. Айдың жарығынан екеуін де жазбай таны
дым: Халима мен Мұхтар. Олар құшақтасқан күйі бір топ
жабайы алмалардың арасына кіріп кетті.
Денем бір ысып, бір суыды. Көзім қарауытып, басым
айналды. Тамағыма тас тұрып қалғандай әрең жұтындым.
Ілезде жаңағы жақсы әсер де, тылсым сұлулық та ғайып бо
лып шыға келді. Құлағымда тек сарқыраған өзен суының
шуылы ғана бар. Мәңгіріп жүре беріппін...
Үйден ұзап кеткенімді көптен кейін барып білдім. Жо
ғары қарай, манағы өзім ұшып шықсам деп армандаған
шыңға қарай жүрсем керек. Төменге көз салдым, жылтырап
екі от көрінді. Майлыбай мен Әзіретәлінің ошақтарының
оты. Жоғарыға қарадым. Самсаған сансыз от. Жымыңдап
өздеріне шақырғандай болды.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Құлағымда бір-ақ үн. Ол сол баяғы өзен шуылы. Ағысы
қатты, сарынды үн...
Үйге келсем, Жауһарат тамағын түсіріп, күтіп отыр
екен.
– Қайда жүрсің, ас суып қалды ғой, – деді ол таңданып.
– Жай, серуендеп қайттым. – Даусым тарғылданып
шықты.
– Жүзің сынық қой, ауырғаннан саумысың? – деді ол
менің түріме сынай қарап. – Кешке қарай желең жүрме
дегенім қайда, байқасаң етті, салқын ұстап қалмаса бол
ғаны тағы...
– Қойыңызшы! – дедім мен тұңғыш рет оған қарсы келіп. –
Мүсіркегенді жаным жек көреді. Бала емеспіз ғой...
Айтарын айтсам да, артынан қатты өкіндім. «Баланың
сөзі батпандай» демекші, қап, көңіліне алып қалмаса екен.
Жазғаны – қамқор болғаны ма? Әй, менің де оңған мінезім
жоқ-ау осы».
Жауһарат ләм-мим деместен алдыма бір табақ ет әкеліп
қойды. Мен одан бір-екі асадым да, дастарқанның шетіне
ысыра салдым. Сөйттім де төсегіме киімшең қисая кеттім.
Бірақ таң атқанша кірпігім айқасқан жоқ. Халима бұл түні
үйге қонбады.
* * *
Арада бірсыпыра уақыт өтті. Бірде ертеңгілік шаң-шұң
еткен дауыстан ояндым. Жайлауды басына көтеріп жүрген
Бикен апай екен.
– Қап, мына қу қарды-ай, ә, ел мен жұртқа масқара
қылып...
Жауһарат пен Зайнап апай Майлкеңнің қара кемпірін
айналып-толғанып, үйге кіргізе алмай жүр.
– Кірмеймін, не бетіммен кіремін?! – дейді Бикен апай
одан әрі долданып. – Өздері қайда жүр? Көрсетші әлгі қу
қарды менің көзіме...
К Ө К Ж И Е К
– Біз қайдан білейік, апа-ау? – деді Жауһарат. – Осы
күнгі жастар бізге жөнін айтушы ма еді?
Жүрегім зу ете қалды. «Халима көрінбейді ғой...»
– Мұхтар қайда? – дедім орнымнан атып тұрып.
Майлыекеңнің қара кемпірі маған жақтырмай алая бір
қарады да, ләм-мим деместен үйіне қарай тартып отырды.
Дәл осы сәтте ой жақтан менің атымды жетелеп келе
жатқан Халиманы байқап қалдым. Қуанғанымнан күліп
жібердім.
– Е, тәйірі, соншама шулатып...
– Сен білетін бе едің? – деді Жауһарат маған жалт қарап.
– Нені?
– Біздің Әзеш пен Баянның... – Жауһарат сөзінің соңын
жұтып қалды.
– Әрине, – дедім мен даусымды көтеріп, сөзімді ат бай
лап жатқан Халима да естісін деген ниетпен. – Мен оны
құмда жүргенімізде-ақ білгенмін. Үндемегенге мені түк
сезбейді дейсіздер ме? Мен одан да басқаны білемін. Мен,
мен... бәрін білемін...
Жауһарат мені жаңа көргендей аузын ашып қалыпты.
Халима қып-қызыл болып, төмен қарай берді. Сонда ғана
барып мен өзімнің қатты кетіп қалғанымды сезіп, ернімді
тістедім.
Бірақ менің білмейтінім көп екен. Әзіретәлінің Баян
ды жақсы көретінін білгеніммен, ол екеуінің бір түнде қол
ұстасып тайып отыратынын ойыма да алып көрген емеспін.
Ал шындығында сөйтіпті. Екеуінің қай жаққа кеткені
белгісіз. Жаңағы Бикен апайдың да шаптығып жүргені сол
екен.
Қой соңында келе жатып Әзіретәлінің бұл туралы маған
бір ауыз сөз айтпағанына іштей өкпелеп те алдым. Әйтсе де
оның бір жолы: «Сәлембай, бір аптадай қойға өзің ие бола
алар ма едің?» – деп сұрағаны да бар болатын. Мен оған
онша мән бермей, «әрине» дей салғам. Ол сонда осы оқиғаны
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
меңзеді ме екен. Мүмкін. Ал үй іші ше? Олардың да білуі
сөзсіз. Мана Жауһарат пен Зайнап апайдың Майлыекеңнің
бәйбішесіне: «Үйге кірсеңші, кіріп сөйлеселік те» деген
сөздерінде де үлкен мән бар ғой. Тіпті әншейінде сәске түске
дейін жататын Халиманың таңғы азанмен тұрып, менің
атымды алып келуінің өзі де көп жайды аңғартпай ма?
Майлекеңнің қара кемпірінің айқайы да жай болуы хақ.
Ашуы тез басылды емес пе? Соған қарағанда, бұл мәселеден
екі үй де хабардар болуы тиіс. Ту, мен де қызықпын, не бол
са соған басымды қатырып. Өздері біледі де...
Түске таман өріске Халима келді.
– Ыстық тамақ алып келдім, – деді ол қой қайырысып
жүріп. – Малды суатқа түсір, мен дастарқан жая берейін.
Өзеннің жанындағы үлкен жалпақ тастың үстінде
отырып тамақ іштік. Үн-түнсізбіз. Халима маған тіке
қарамауға тырысады. Жазатайым көзіміз түйісіп қалса,
жүзін тез бұрып әкетеді. Неге? Бұл жағы маған – жұмбақ.
– Қой, тұрайын, – деді ол дастарқан жиналған соң, –
үйде ешкім жоқ. Апам мен әпкем мана орталыққа кеткен...
Кешке қарай келіп қалатын шығар...
– Әзіретәлілерден хабар бар ма?
– Апамдар соны біліп келуге кетті емес пе?
Халиманы атқа қолтығынан демеп отырғыздым. Қолым
оның жұп-жұмсақ денесіне тигенде бойымдағы қаным
тоқтап қалғандай болды. Ол арғы аяғын үзеңгіге салған
күйі мен жаққа қайта еңкейді де, бетімнен шөп еткізіп
сүйіп алды. Сөйтті де:
– Әбен, өтінемін, сен маған ренжімеші, – деп атын
тебініп қалды да шоқыта жөнелді.
Тас мүсін болып қаттым да қалдым. Сол бетіммен қанша
тұрғанымды білмеймін. Бір кезде жан-жағыма қарасам Ха
лима да, жаңа ғана суатта жатқан қой да ұшты-күйлі жоқ
екен. Атыма міндім де, қой өрген жаққа қарай құйғыта
жөнелдім. Бетім өрт болып жанып барады. Жүрегім тулап,
К Ө К Ж И Е К
енді болмаса ұшып кетуге бар. Құлағымда Халиманың:
«Әбен, өтінемін, сен маған ренжімеші» деген бір-ақ ауыз
сөзі. Мұны ол неге айтты? Бетімнен сүйгені үшін бе? Жоқ.
Мүмкін емес, әлде... Жоқ, ол да мүмкін емес. Әйтеуір Ха
лимада бір өзгеріс бар сияқты.
Кешкілік малдан оралсам, Жауһарат пен Зайнап апай
орталықтан жаңа ғана келіп отыр екен. Екеуі де жол
дан шаршаған сыңай білдірмейді, көңілді. Халима да
қуанышын жасыра алмады.
– Той жайлауда өтетін болды, – деді Жауһарат. – Оған
ұжымшар, тіпті аудан басшылары да қатысып қалуы
мүмкін. Сондықтан, қарағым Әбен, енді біз осы той қамы
мен жүреміз. Малыңа өзің ықтият бол.
– Оған қам жемей-ақ қойыңыздар, – дедім мен.
Мұнан кейін Жауһарат Әзіретәлі мен Баянның көрші
шаруашылықта тұратын Қара деген жамағайындарының
үйінде екенін, бұл үйде олардың қыздың әке-шешесінің
ашуы басылып, қашан өздері кешіріп, баталарын бер
генге дейін болатынын да айтты. Соған жаңа Майлыбай
ақсақалмен арнайы сөйлесуге Бейсен атай кетіпті. Қазір ол
кісі Майлекеңнің үйінде көрінеді.
– Е, Бейсекең келсе, істің оңға басқаны ғой, Майлыекең
мен Бикен апай тулап қайда барар дерсіздер? – дедім мен үй
ішінің көңілін аулап.
– Біз де сол Бейсекеңе сеніп отырмыз, – деді Жауһарат.
* * *
Баладан әке-шеше безбек емес. Сондай-ақ Майлы
бай қария мен Бикен апай да біраз тулап барып басылды.
Оның үстіне Бейсекеңнің келуі қарттардың көңілін жібітіп
жіберген сияқты.
Сонымен той қамына кірісіп кеттік. Екі жақ қыз бен
жігітті жайлауға дәл той болатын күні келтіруге уағда
ласты.
11-151
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Той сенбіге жоспарланды. Оған дейін бақандай төрт күн
бар. Ана жолы Жауһарат орталықта болған кезінде Қасе
кеңнің кабинетіне кіріп, тойды жайлауда өткізу жайлы
және оған дайындыққа байланысты бірсыпыра мәселеге
келісіп келсе керек. Келесі күні-ақ үйге бір топ адам сау ете
қалды. Келді де бірден іске кірісті. Алдымен олар Майлекең
мен Әзіретәлінің үйлерінің арасына бірнеше баған орнатып,
электр желісін тартты. Мұнан кейін өзеннің жанындағы
ашық алаңқайға «П» әрпімен үлкен стол жасады. Ол жер
лерге электр желілерін тартты, күйеу жігіт пен қалыңдық
отыратын столдың жанындағы бағананың жоғары жағына
үлкен прожектор орнатты.
Той болардан екі күн бұрын үйіміз қонаққа толып
кетті. Кілең еркектер, кілең қарасақалдылар. Көбін бұрын
көрмеген кісілерім.
– Біздің туыстар ғой, – деді Халима күліп. – Бір
сыпырасын мен де танымаймын, той болатынын бір-бір
лерінен естіп келген ғой.
– Бұлардың әйелдері қайда, сопиып өздері келгені несі? –
деймін мен.
– Әйелдері той болатын күні келеді, – деді Халима. – Заң
солай.
Халима есті қыз ғой. «Заңымыз» немесе «заңдары»
деместен «заң солай» дейді. Қарашай бауырлардың бұл
заңынан нағыз туысқандық пен жанашырлықтың көрінісін
байқауға болады. Той болатын үйдің барлық жұмысын
өздері көтеріп алады екен. Тіпті қой жаюға да үшеуі бірдей
кетті. Алғаш малға өзім барғым келіп, көніңкіремеп едім,
Жауһарат: «Әбен, сен той иелерінің бірі емессің бе, мына
үйдегі жұмыстың басы-қасында өзің болуың керек», – деп
тыйып тастады. Бірақ қалған еркектер де «той иесіне» шөп
басын сындыртпады, малды да өздері сойып, ошақты да
өздері қазды.
Дәл той болатын күні түске таман жайлауға шаруашы
лықтың екі машинасы келді. Қасекең оған екі киіз үй бас
К Ө К Ж И Е К
тыртып жіберіпті. Оның біреуін біздің, екіншісін Майлы
бай қарияның үйінің жанына тіктік.
– Бастық біздің Әзештің отауына дейін қамқор болды-
ау, – деп Жауһарат қатты қуанды.
Той кешкі сағат алтыға келісілген болатын. Уақыт
таянған сайын қонақтар ауыл жақтан келетін машина жо
лын торауылдап қарайлай берді. Бұл жаққа машинаның
төте жолы жоқ. Көрші облыстың аумағын басып өтетін
жол – ұзақ жол. Жарты тәуліктік жол. Сондықтан да
орталықтан мұнда қатынайтындар көбінесе төте жолды –
тек атпен ғана жүре алатын бұралаң жолды тәуір көреді.
Уақыт үлкен бесінге таяп қалған кезде төбе үстінде ма
надан қарауыл қарап тұрған балалардың «Келе жатыр!» де
ген қуанышты дауыстары шықты. Көпшілік тегіс сыртқа
шығып, құда-құдағилардың маңына топталды.
Жайлаудың арғы төрінен ақтаңдақ шаң көрінді де, ар
тынша қаздай тізіліп бірнеше жеңіл машина шыға келді.
Алда келе жатқан Әзіретәлінің «Волгасын» бірден таны
дым.
Машиналар үйге жетпей тоқтады. Халық енді солай
қарай лап қойды. Есік алдында қыз бен жігіттің жақындары
мен бірнеше қарт кісілер ғана қалды.
Жастар Әзіретәлі мен Баянның қолтығынан алып бері
қарай жүрді. «Жар-жар» айтылды. Шашу шашылды.
Жас жұбайлар бірінші Майлыбай қарияның алдына
келіп тоқтады. Халық шу ете қалды:
– Әзіретәлі, атаңа сәлем бер!
Әзіретәлі кібіртіктеді де қалды. Екі көзін жерден ал
майды. Әзіретәліге бұл қылық жараспайды екен. Еріксіз
күліп жібердім.
– Әй, неғып тұрсың мөлиіп, атаңның қолын алсаңшы! –
деп арт жағынан біреу кеңес берді.
Әзіретәлі алға қарай екі-үш қадам адымдап барып, екі
қолын ілгері созды. Майлекең де қолын ұмсына берді.
Мен тұңғыш рет Әзіретәлінің кісімен қол алысқанын көр
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
дім. Зайнап пен Бикен апай жастардың беттерінен сүйді.
Көңілді музыка ойнап, тағы да шашу шашылды.
Той басқарушы жігіт қонақтарды столға шақырды. Бұл
кезде күн таудың батыс жақтағы жатаған жоталарына таса
лана берген еді. Жайлау үсті ерекше бір көрікке енді, күн
нің көзі екі таудың аңғарындағы алқапқа дәл түспегенімен,
шығыс жақтағы алып шыңды мол қамтып, қар аралас мәңгі
мұзын ебділ-себділ етіп жіберетіндей мейірлене сүйеді,
міне, соған шағылысып, бері, төменге қарай түсетін сәуле
нің ашуы жоқ, қоңыр салқын. Жайлаудың осы бір кеші-ай!
Қонақтар тегіс отырып болған соң той басқарушы жігіт:
– Әзіретәлі мен Баянның үйлену тойын ашу үшін сөз
ұжымшар төрағасы Асанов жолдасқа беріледі, – деді.
– Жолдастар! – деді Қасекең орнынан жайлап тұрып.
Сөйтті де артынша:
– Құрметті ағайындар! – деп сөзін қайтадан бастады. – Бүгін
біз шаруашылығымыздың маңдай алды шопандарының
бірі Әзіретәлі мен Баянның үйлену тойына жиналып отыр
мыз. Бұл – бәріміз үшін үлкен салтанат. Мен Баян мен
Әзіретәліні титтейлерінен білемін. Екеуі де көз алдым
да өсіп, көз алдымда ер жетті. Енді, міне, тұрмыс құрып
отыр. Үлкен өмірде екеуіне зор бақыт, мықты денсаулық
тілеймін. Махаббаттарың баянды, еңбектерің жемісті бола
берсін. Тойды ашық деп жариялаймын...
Оркестр «Тойбастарды» ойнай жөнелді. Қонақтар ыдыс
тарын түйістірді. Сөз Майлыбай қарияға берілді. Бұрын-
соңды көпшілік алдында сөйлеп көрмеген Майлыекең
«Балалардың бақыты үшін алып қоялық!» деген сөзді
терлеп-тепшіп әрең айтып шықты. Сөз кезегі келгенде
Жауһарат та қысылды. Әйтсе де айтқаны дәмді, ойы нәрлі
болып шықты. Әсіресе ол: «Майлекеңмен бұрын көрші
едік, енді жекжат, туыс болдық. Сол арқылы бәріңізбен
жақындасып отырмыз. Осы жақындығымыз, туыстығымыз
одан әрі нығая берсін, соған тілек қосыңыздар!» – дегенде
халық: «Дұрыс, өте дұрыс айттың» деп ұзақ қол соқты.
К Ө К Ж И Е К
Ән мен күйге кезек берілді. Алғаш көркемөнерпаздар
үйірмесінің мүшелері өнер көрсетті. Сонан кейін қонақ
тардың өздері де ән айтуға шықты. Қазақ, орыс, қарашай
тілдерінде айтылған әндер кезек-кезек қайталанды. Өз ба
сым қарашай әнін осы тойда тұңғыш рет естідім. Сөзінің
бірін түсінсем, бірін түсінбеймін. Ал әні жүрек елжіретер
ліктей сазды келеді екен.
Биді де көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшелері бастап
берді. Басына үкілі тақия киген талдырмаш бойлы ақ сары
қыз бірнеше қазақ билерін орындап шықты да, Мұхтарға,
иә, кәдімгі практикант Мұхтарға иіліп келіп сәлем қылды.
Бұл оның би кезегін соған ұсынғаны еді.
Халық кеу-кеулеп ала кетті:
– Ал, көрсет өнеріңді, алматылық!
– Бірге билеңдер!
Мұхтар бәлсініп көп тұрмады. Қолын көтеріп көпшілік
тің сәл тынышталуын күтті ме, оркестр жаққа қарап:
– «Шешен биі», – деді.
Оркестр би әуенін бастай жөнелді. Сол-ақ екен, Мұхтар
секіріп ортаға түсті де екі аяғының ұшымен тұра қалып,
«ассаға» басты. Билесе жанып кетеді екен. Келісті денесі
тек биге арнап жаратылғандай, артық қимылы жоқ.
Қызығып та қызғана қарадым.
– Пәлі, мынау нағыз әртіс қой!
– Азамат, биші-ақ екен!
– Жігіт болсаң, осындай бол!
Көпшіліктің бұл қолпаштауы жүрегіме шаншудай қа
далды. Қиял дегенді қойсаңшы! «Шіркін, асқан биші бол
сам деп армандаймын. Мұхтардікі би ме, тәйірі. Мен одан
да асып түссем. Халық маған қол соқса. Сонан соң Халима
ны биге шақырсам. «Жұрт мақтаған жігітті қыз жақтаған»
дегендей, ол бірден келісер еді ғой. Сөйтіп екеуміз құмардан
шыққанша билесек!..»
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Біреу иығымнан салып қалды. Жалт қарасам Мерлан
екен.
– Билемейсің бе? – деді ол әпкесінің байға тигеніне мәз
болғандай ыржиып.
– Білмеймін биді.
– Қой әрі, «Фокстротты» да білмейсің бе?
Жан-жағыма қарасам, көпшілік шынында «фокстрот
ты» билеп жүр екен. Көз қиығыммен Мұхтарды іздедім. Ол
халықтың қақ ортасында жүр. Құшағында – Халима!
– Билемеймін.
Бұрылдым да жүре бердім. Мерлан сілейіп тұрып қалды.
Бір сәтке оңашада болғым келді. Кімге, неменеге ренжі
генімді өзім де білмеймін. Өзенді жағалап біраз жүрдім де,
бір топ сүмбі талдың жанындағы жалпақ тастың үстіне
келіп отырдым.
Менің мінезім қызық, кімге тартқанымды өзім де
білмеймін. Апам – аңқылдап қалған ақкөңіл кісі, көпшіл,
әкем... әкем соғыстан жараланып келіп, бертінде, мен ес
білмейтін кезімде қайтыпты, ер мінезді адам болуы керек.
Апам оны: «Бірбетті, өткір жігіт еді» деп отыратын. Мен
де соған тартқан шығармын. «Бірбетті», «өткір» деп алған
бағытынан таймайтын, өз дегенін орындап шығатын адам
дарды айтпай ма? Ал менің мақсатым не? Осының айнала
сында өмірі ойланып көрдім бе?..
Ту сыртымнан бірдеңе тырс ете қалды да, ойым кілт
үзілді. Дыбыс шыққан жаққа бажайлап қарағаныммен,
ештеңе көре алмадым. Ауыл жақтан қонақтардың гу-гу
еткен дауыстары естіледі. Музыка тынышталыпты. Би
аяқталған сияқты.
Әлден соң әлгі дыбыс тағы қайталанды да, артынша
сүмбі талдың арғы түбінен:
– Қорқамын, Мұхтар, – деп жыламсыраған дауыс
естілді.
Жүрегім жиі-жиі соғып, аузыма кептелді. Халиманың
дауысы... Япыр-ау, сенейін бе, сенбейін бе?..
К Ө К Ж И Е К
– Ту, сенің балалығың әлі қалмаған екен, айттым
ғой келемін деп. Төрт-бес ай шыда. Оқуымды біткен соң
келемін, келемін де алып кетемін.
– Сөйтші, Мұхтар!..
Орнымнан атып тұрдым. Қос жұдырығым тас түйін,
бір сәтке жетіп барып, Мұхтардың жағасынан ала түскім
келді.
Жалпақ тастың үстінен жайлап түстім де, өзенді жо
ғары өрлеп кете бердім. Көңілім әлем-тапырақ. Қатты жүр
гендіктен бе, әлде ызадан ба – қатты терлеп кетіппін. Аз
ғана демімді алдым да тағы жүрдім. Барған сайын жоғары
көтерілуім қиындай түсті. Сонда ғана барып «қайда
асығып бара жатырмын» деп өзіме өзім есеп бердім. Шы
нында қайда асығып барамын? Төменге көз салып едім,
алыстан әлсіз жымыңдаған электр жарығын көрдім. Көкте
де осындай жұлдыздар самсап тұр. Осы тұста ойыма өткен
жолғы оқиға сап ете қалды. Жан-жағыма қарадым. Та
ныс жер. Иә, бұл жерде мен бұрын да болғанмын. Онда да
осындай түн еді ғой. Ол жолы Халима мен Мұхтарды бірге
көргенмін. Бүгін де бірге көрдім. Бүгін де ана жолғы жерге
келіп тоқтаппын. Не деген ұқсастық!..
Төменге түсіп, салқын суға ұзақ жуындым. Тарақ іздеп
төс қалтама қол салып едім, бір парақ қағаз ілесе шықты.
Шекем ысып, денем қайта қызынды. Бұл баяғы құмда жүр
генімізде, Әзіретәлінің атынан Баянға жазбақшы болған
хатым – Халимаға арнаған өз хатым. «Біреудің жүрек сөзі
екінші біреуге жүрмейді» деген осы екен-ау! Сол жолы
Баянға Әзіретәлінің өзі жазған хатын жібергеніміз қандай
жақсы болған. Міне, енді олар тойларын да өткізіп жатыр.
Көптен бері қалтамда жүріп, шет-шетінің жұлым-жұлымы
шыққан хатымды ұсақтап жырттым да, суға тастадым.
Сол-ақ екен бар асыл дүниемнен ажырап қалғандай көңілім
құлазып шыға келді, денем тітіркеніп, жан-жағыма елегізе
қарадым. Әншейінде сұлу да паң көрінетін тау құздары көз
Әділ ДҮЙСЕНБЕК алдыма құбыжықтай елестеді. Той болып жатқан жерге жеткенше асықтым... Тойдың бір ерекшелігі – біреудің біреумен ісі болмай ды ғой. Жоқ болып кетсең – іздеп жатпайды, отырсаң – неге отырсың демейді. Көпшілікке тек күйеу жігіт пен қалыңдық отырса болғаны. Сондай-ақ мені де ешкім ізде мепті. Қайда жүрсің, қайдан келдің деген пенде жоқ. Мұхтар мен Халималар отырған столдың қарсы жағында бос орын бар екен, соған бардым да қонжия кеттім. Отырған бетте аузы ашылмаған «Портвейннің» тығынын суы рып алдым да, қырлы стақанға толтырып құйып, тартып жібердім. Жалғыз адам қол соқты. Халима екен. Басын изеп, ризашылығын білдірді. Екінші рет стақанымды көршім толтырды. Сөз кезегіне қарамастан оны да алып қойдым. Бұл жолы бір адам да қол соққан жоқ. Халима маған таңдана қарады. Столға қызмет етіп жүрген қарашай жігіті алдыма екінші бөтелкені әкеп қойды. – Бағанадан бері қызмет жасадың ғой, айналайын, енді тойдың соңына таман алғаның дұрыс, – деп мақтап кетті. Той басталған сәтте мен столға қызмет етіп, шарап та, тамақ та татпағаным рас. Жалпы менің ішімдікке әуестігім жоқ. Талай тойда болып жүріп, бір стақан шараптан артық ішіп көрген емеспін. Көршім стақанымды рюмкамен ауыстырып, арақ құй ды. Дәл осы сәтте күтіп тұрғандай той басқарушы жігіт: – Әзіретәлінің көмекшісі әрі інісі Әбенге сөз беріледі, – деп жар салмасы бар ма. Қонақтар: – Дұрыс, өте дұрыс, – деп шу ете қалды. Орнымнан әзер тұрдым. Ұят-ай! Жаңағы бір бөтелке «портвейн» өз міндетін атқарып үлгеріпті. Табан астынан не айта қоймақпын. Көпшілік сілтідей тына қалған. Тіпті ауыздарына түк татып алмаған сияқты.
К Ө К Ж И Е К
Мен микрофонды қолыма алдым да:
– Құрметті ағайындар, мен осы тостты Әзіретәлінің адал
махаббаты үшін, Баянды өмір бақи ренжітпей, алақанына
салып аялап жүруі үшін және Майлыекең мен Бикен апай
ды туған ата-анасындай сыйлап, құрметтеп жүруі үшін ақ
қылып алып қоюларыңызды сұраймын, – деп алдымдағы
арақты қағып салдым.
Жұрт ду қол соқты.
– Алда, айналайын-ай, ә!
– Сөзінің дәмдісін қарашы!
Бұл айтқанымды Әзіретәлінің Баянға жазған баяғы
хатының мазмұны екенін жұрт қайдан білсін. Төр жаққа
көз салсам, Әзіретәлі мен Баян бір-бірінің құлағына сыбыр
ласып мәз болып жатыр екен.
Мұнан кейін қанша ішкенімді білмеймін. Жүрегім лоб
лып, басым айналғандай болды. Орнымнан тұрайын деп
бірнеше рет ұмтылдым. Тұра алмадым. Сонан соң сәл мыз
ғып алайын деп столға басымды сүйедім.
Иығымнан біреу түрткендей болды. Басымды көтеріп
алсам, Халима екен.
– Әбен, жүрші, демалшы, – деді ол құлағыма сыбырлап. –
Өтінемін, ел қарап отыр, өзіңді түзу ұсташы!
Халиманың демеуімен тұрдым да, жетегінде кете
бердім...
* **
Сөйтіп, бұрынғы қоңырқай үйіміздің жанынан тағы
бір ақ боз үй ірге тепті. Ол – Әзіретәлі мен Баянның отауы.
Той өтіп кеткенімен, тойға құтты болсын айтып келушілер
толастаған жоқ. Күніге кешкілік ақ боз үйде той-думан бо
лып жатады.
Баян пысық келіншек болып шықты. Келе салысымен-
ақ үй ішінің шаруасын дөңгелетіп ала жөнелді. Жауһарат
бар билікті соған беріп, «қолын жылы суға малып» отыр.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Баянға дән риза. Келініне Зайнап апайдың да көңілі тоқ.
Халиманың да құдайы беріп қалды. Баян екеуінің әңгімесі
көп, орталарында бір құпия сырлары бар сияқты.
Әзіретәлі әлі тойдың әсерімен жүр. Күніге қонақ келетін
үйдің тірлігі белгілі емес пе? Арақ-шарапсыз болмаймыз.
Ал үйдегі арақ ішетін жалғыз Әзіретәлі ғана. Мен тойдан
кейін аузыма арақ түгіл шарап алмайтын болдым. Содан
бар ауыртпалық Әзіретәлінің өзіне ғана түседі.
Арада он шақты күн өтті. Кешкілік қойдан келсем,
есіктің алдында жеңіл машина тұр екен. Құтты болсын
айтып келушілердің бірі шығар деп оған онша мән бере
қоймағам. Атымды қазыққа байлап, тартпасын босаттым
да, өзенге бет алдым.
Осы кезде Әзіретәлінің отауының есігі ашылып, сыртқа
Баян шықты да:
– Әбен, сені шақырып жатыр, – деді.
Ішке кірсем, төрде Жапар мен кассир Сәмен отыр екен.
Орталарында – жартылық арақ. Жапар қызу, Сәмен сау.
– Ақшаңды алмайсың ба? – деді Жапар амандықтан соң.
– Апама бере салмадыңыздар ма? – дедім мен. – Солай
келісіп едік қой.
– Бұл жүннің ақшасы, – деді Сәмен сөзге араласып, –
тізімге өзің қол қоюың керек.
– Жарайды, – дедім мен төс қалтамнан шарикті қа
ламымды шығарып.
– Міне, мына жерге, – деді Сәмен тізімнің орта тұсындағы
тегімді көрсетіп.
Ахметов деген тегімнің тұсындағы цифрды көріп қалт
тұрып қалдым. 111100 теңге, 11110 теңге болар деп қайта
қарадым. Жоқ, 111100!
– Мынаның бір нолі артық түсіп кеткен сияқты ма,
қалай? – дедім күмілжіп.
– Бәрі дұрыс, – деді Сәмен шын пейілімен күліп. –
Қолыңды қоя бер. Еңбектеріңе қарай берілетін материал
дық көтермелеу ғой.
К Ө К Ж И Е К
Жүрегім лүпілдеп, қолып дірілдеп, әзер дегенде қол
қойдым. Осыған дейін мұндай ақша алмақ түгілі, қолыма
ұстап көрген емеспін.
Сәмен ақша санауға кірісті. Санап жатыр, санап жатыр.
Қаттап қойып жатыр, қойып жатыр. «Шынымен осы ақша
ның бәрі менікі ме?..»
– Санап ал, – деді Сәмен соңғы мыңдықтың белін жүз
теңгелікпен бүктеп.
– Несіне санаймын, өзіңіз санасаңыз болды да, – дедім
бір буда ақшаны газетке орап жатып.
– Көрсеткіштерің жақсы болса, жыл аяғында тағы да
артық өнімге ақша аласыңдар, – деді Жапар қутыңдап. – Ол
бұдан да көп болады. Мал деген, шіркін, байлықтың көзі
ғой. Ал, сендер, жастар, осы байлықтан қашасыңдар. Мал
бағуға сендер келмесеңдер, кімдер келмек?
– Жастар қой бағудан қашпайды ғой, – дедім мен күліп. –
Тек оларға жағдай туғыза білсеңіздер...
– Оу, не айтып отырсың? Бұдан артық қандай жағдай
керек сендерге, ай сайын күреп ақша аласыңдар. Мына
алып отырғаның тағы бар...
– Мәселе ақшада емес қой, ағасы...
Орнымнан тұрып, жүре беріп едім Жапар дауыстап
тоқтатты.
– Әй, сен не, осыншама ақша алып, ағаларыңа ырымын
жасамай-ақ кете бермекшісің бе?
Ыңғайсызданып қалдым.
– Жақын маңда магазин де жоқ қой.
– Шикілей де тастап кетуге болады.
– Шикілейі несі? – дедім түсінбей.
– Әй, баламысың деген, – деді Жапар өтірік күліп, –
ақшалай да бола береді, ертең бас жазамыз.
– Қой, баланы қинамаңыз, – деді Сәмен қысылып.
– Е, бұл да бір үйдің азаматы емес пе?
Әділ ДҮЙСЕНБЕК – Әрине, – дедім мен ақшаны орамымен Жапардың ал дына қойып. Жапар лып еткізіп екі жүздікті суырып алды да: – Міне, мұның нағыз азаматтық, – деді. * * * – Ауылға барып, жеңешеме сәлем беріп қайтсаңшы, – деді бір күні Жауһарат маған. – Ол кісі де қайбір жетісіп жүр дейсің, екі көзі төрт болып сағынған шығар өзіңді. Қуанып кеттім. Өзім де алған ақшамды апамның қолына ұстатып, мақтануды армандап жүр едім. Жүрегім алыпұшып жолға жинала бастадым. Жауһарат тойдың сарқыты деп қоржынның екі басын сықа толтырды. Көңілім одан да тоқ. Түс қайта күнде өзім қойға мініп жүрген атыммен жолға шықтым. Машина жүретін айналма емес, төте жолға түстім. Тауға шығудан түсу қиын. Жүрісім маңдымады. Таудың бұралаң жолымен жүріп-жүріп келіп артыма қарасам, алғашқы тұрған жерімнен арқан бойы ұзағандайақ боламын. Ал кейде қайта-қайта айналып жүріп, манағы қол созым жерде тұрған екінші бір таудың желкесінен шыққаныңда тіпті жының келеді екен. Осындайда құс бо лып ұшып кетер ме едің деп те ойлайсың. Таудың етегіне түскенімше атым да, өзім де мықтап шаршадық. Үйге апақ-сапақ уақытта жеттім. Апам байғұстың қуанышында шек жоқ. Айналып-толғанып қайта-қайта бетімнен сүйе береді. Мауқы басылған соң қоржынға қол салды. Қоржынның бір басы толы ет те, екінші жағы құрт, ірімшік, кәмпит, шай екен. Әп-сәтте аласа дөңгелек столдың үсті жайнап шыға келді. – Тойдың сарқыты ғой, – дедім мен. – Алда, айналайын-ай, ә, – деді апам риза болып, – бәрі Жауһараттың тірлігі ғой.
К Ө К Ж И Е К
Қоржынның түбінен газетке оралған тағы бірдеңе
шықты.
– Мынасы не болды екен?
Шындығына келсем, қоржынның ішінде не барын өзім
де білмеуші едім. Үнсіз қалдым.
Апам жауабымды күтпестен орамды ашты. Екі түрлі
мата екен. Екеуі де таза мата.
– Сіз көйлек тігіп кисін дегені ғой, – дедім білгішсініп.
Апамның қаны қаша бастаған бозғылт реңі нұрланып
шыға келді. Бұл, шіркін, көңіл дегенді қойсаңызшы!
– Екеуінен де өзіме көйлек тігіп киемін, – деді апам ма
таларды кезек-кезек үстіне жауып көріп. – Әзіретәлінің
тойынан кидім деп айтамын елге.
Апамды біржолата қуантайын деген ниетпен қалтамдағы
бума ақшамды да шығарып, столға тастадым.
– Бұл не?
– Ақша.
– Ақша? – Апам газеттің орамын ашып көрді де, сости
ып тұрып қалды. – Қайдан алдың?
– Қайдан алғаны несі? Өз ақшам, адал еңбегіммен тап
қан ақшам.
– Жалақыңды мен алып жүрмін ғой...
– Е, бұл шаруашылықтың артық өнімге бергені ғой.
Жүнді нормадағыдан көп өткіздік, сол үшін берді, – дедім
мен мақтанышымды жасыра алмай. – Жүз мың теңге, апа
кейін жыл аяғында бұдан да көп алып қалуымыз мүмкін,
тек малымыз аман, күйлі болсын...
– Тоқта, балам, – апам менің сөзімді бөліп кетті. – Сен
Әзіретәліге қай кезде жәрдемші болып бардың?
– Оның несін сұрап отырсыз, өзіңіз де білесіз ғой.
– Білемін, білген соң сұрап отырмын, – деді апам. – Сен
Әзіретәліге көктемде жәрдемші болдың. Олай болса, сен
қыс бойғы еңбегіне ортақтасып отырған жоқсың ба?
Тосылып қалдым. Қойдың жүні жылына бір-ақ рет
қырқылатыны белгілі. Шынында да мен үш-төрт ай жәр
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
демші болдым екен деп біреудің бүкіл жыл бойғы еңбегіне
ауыз салып отырған жоқпын ба? Бұл жағын тіпті ойламап
пын-ау, ә...
– Басшылар солай ұйғарған шығар, – дедім мен көптен
кейін барып.
– Қайдам, – деді апам. – Барған соң Әзіретәлімен сөйлес,
әйтеуір оған қиянатың тиіп жүрмесін.
– Мақұл, апа.
Апам столдың үстін жиыстырып, ақшаны әбдіреге сал
ды да, далаға беттеді.
Арада шай қайнатымдай уақыт өтпей жатып-ақ үйдің
іші кісіге толып кетті. Көбі – көршілер. Апам оларға
тойдың сарқытын үлестіріп, Жауһараттың беріп жіберген
көйлектік маталарын көрсетті.
– Азамат-ақ екен!
– Қазақтың заңын мықты білетін болып шықты ғой
өздері!
– Е, білмей не болыпты, титтейінен өз арамызда өссе!
Мен сытылып сыртқа шығып кеттім. Атымның ерін
алып, ауыл шетіндегі канал суына суғарып келдім де, үйдің
жанындағы жоңышқалыққа арқандап қойдым.
Есіктің алдында қой сойылып жатыр. Біле қойдым:
апамның тірлігі ғой ағамның келуіне деп сақтап жүрген
жалғыз қойды құрбандыққа шалса керек. Мейлі. Ақша
жетеді. Ағама арнап ертең-ақ қой сатып аламын.
Үйге кіріп киімімді ауыстырдым да, қайтып шықтым.
Ай әлі туа қоймаған. Қараңғы. Көшеде клуб жаққа кетіп
бара жатқан бірен-саран адамдардың нобайы көрініп
қалады. Көңілімді ерекше бір сағыныш билеп, мен де солай
қарай жүрдім.
Клубтың алды күндізгідей жап-жарық екен. Топ-топ
болып жігіттер мен қыздар тұр. Бұрын да үнемі осылай
болатын, қазір де солай. Өзгермеген. Мені көріп бәрі жалт
қарады. Маңғаз басып шеткі топқа қарай беттедім. Бір кез
де қыздар тобы үріккен қойдай дүр ете қалды да, артын
К Ө К Ж И Е К ша сықылықтай жөнелді. Әсіресе, онжылдықты менімен бірге бітірген Сайран деген қыздың даусы ерекше шығады. Мектепте біз оны «таңқылдақ Сайран» дейтінбіз. Күлгенде трактордың от алғанындай таңқылдайтыны бар. Жігіттермен бас изесіп, онан кейін қол алысып аманда сып шықтым. Бәрі өзіміздің сүр бойдақтар. Ішінде Алтын бек те бар. Бір шеттен «жынды Бәкірді» көзім шалып қалды. Бері бұрылды. Байқамағансып төмен қарадым. – Иә, қалай, қойшы бала? – деді ол жаныма тақау келіп. Даусы бір түрлі кекесінді естілді. – Жақсы, өте жақсы, – дедім мен даусымды қасақана соның үніне сай үйлестіріп. Бәкірдің даусы іле-шала шықты. Бұл жолы шын өз дау сы. – Әрине, аға шопанның қарындасымен әмпей-жәмпей болған адамның жағдайы жаман болушы ма еді? – Әй, не дейсің?.. – Жұдырығымды түйіп алға ұмтылдым. Жігіттер қаумалап, ұстап қалды. Бәкір тайқып шыға берді. – Алматыға қашан жүресің? – деді Алтынбек әңгімені басқа жаққа бұрып. Алматыны біз оқу деп ұғамыз. Себебі жоғарғы оқу орны на түскіміз келетініміздің бәріміз сол жаққа барамыз ғой. Алтынбек те қазір соны меңзеп тұр. – Отбасы жағдайына байланысты биыл Алматыны қоя тұрамын-ау, – дедім қиқарлығыма басып (Менің де құдай сүйер қылығым жоқ қой). – Жаспыз ғой әлі, оқу қайда қашар дейсің?.. Әйтсе де бұл шешімге мен бұрыннан бел буған едім. Оның өзіндік себебі де бар. Біріншіден, ақыры жұмыс істеген соң еңбек стажымды екі жылға толтырып алуды мақсат етсем, екіншіден, ағамның оқу бітіріп келуіне де қарайлап жүрмін.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Менің бұл есебімді жігіттер қайдан білсін?! Сөзімді әркім
әр түрлі түсінді: біреулер «шының ба» дегендей таңдана
қараса, біреулер қиқаң еткізіп иықтарын көтерді де қойды.
Мейлі, кімнің не ойлағанында жұмысым қанша?!
Соңғы қоңырау соғылып, халық есікке қарай бет алды.
Кішкенеден соң сыртта Алтынбек екеуміз-ақ қалдық.
– Кірмейміз бе? – деді ол иегімен клуб жақты нұсқап.
– Билетім жоқ.
– Мен де жоқ еді, жүр бірге алайық, – деді ол алға түсіп.
– Алтынбек!
– Әу, – деп ол кері бұрылды.
– Кірмей-ақ қояйықшы,
Ол состиып тұрып қалды.
– Біраз жүріп, әңгімелесіп қайтайықшы?
Ол үн-түнсіз алдыма түсті.
Екеуміз ауылдың сыртына шықтық. Ай туған. Дала
сүттей жарық. Ел жатпаған шақ. Алыстан гүрілдеген
трактордың бірқалыпты дауысы да естіліп қалады. Бақа
лардың құрылына, шегірткелердің шырылына қосылып,
дала да өзінше бір күй шертеді.
Ойыма жайлау сап ете қалды. Халиманы ойладым.
«Не істеп отыр екен? Әзіретәлінің үйі қонақсыз бол
майды. Баянға көмектесіп жатқан шығар. Әлде... әлде
Мұхтар екеуі тағы да қыдырып жүр ме екен? Қап, соның-
ақ қорлығы өтті-ау!»...
Даусым шығып кетсе керек. Тілімді тістей қойдым.
– Сен оған қапаланба, – деді Алтынбек. Әсте, ол мені
жаңағы Бәкірдің сөзіне ашуланып келеді деп ойласа керек. –
Ел не демейді?
– Ел не дейді? – дедім мен қасақана.
– Сол жаңағы сөз ғой, – деп Алтынбек те тура жауаптан
жалтарып.
– Мейлі, не десе ол десін!
Екеуміз де бір сәтке үнсіз қалдық.
К Ө К Ж И Е К – Әй, дегенмен өзі де көрікті-ау! – деді Алтынбек аздан кейін күрсініп. – Кімді айтасың? – Халиманы! – Алтынбектің даусы дірілдеңкіреп шық ты. Мен де оған таңдана қарадым. Бірақ үндеген жоқпын. ...Ертесінде кемпір-шалдар енді-енді тұра бастаған елеңалаңда жайлауға жүріп кеттім. * * * Менің ерте келгеніме Әзіретәлінің үй іші аң-таң болды. – Қарағым-ау, мұның не? – деді Жауһарат таңдана дауы сын көтеріп. – Жеңешемнің жанында екі-үш күн аунапқунап жатпадың ба, ол кісі өкпелейтін болды ғой. – Жоқ, жоқ... апамның өзі ғой жұмысыңнан қалмай-ақ қой деген, – деп мұрнымның астынан міңгірледім. – Қап, баламысың деген... – деп Жауһарат сөзінің артын жұтып қалды да, өз шаруасымен болып кетті. Әзіретәлі сөзге жоқ адам ғой, үндемеді. Ал Халима: «Иә, келдің бе, ауыл аман-есен бе екен?» – дегеннен басқа тіс жармады. Сыр берген жоқ. Кешкі асты Әзіретәлінің отауында іштік. Дастарқан жиналысымен бәрі тұра бастады. Баян ыдыс-аяғын жуып болды да: – Халимаш, қыдырып қайтпаймыз ба? – деді. – Шаршап отырмын. Баян «өзің біл» дегендей басын кегжең еткізді де, сыртқа шығып кетті. Үйде екеуміз-ақ қалдық. Мен – төрде, ол – есік жақта. Аласа дөңгелек столға шынтағын тіреп, қалың ойдың үстінде отыр. Жүзінде шаршағандық белгі бар. Бұрынғы сүп-сүйкімді домалақ беті сопайып, жақ сүйектері біліне 12-151
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
бастаған. Мұрны да сәл-пәл ұзара түскен сияқты. Екі көзін
бір нүктеден алмаған күйі қатып қалған.
– Халима!
– Не? – деді ол селқос қана.
– Неге көңілсізсің, әлде біреу ренжітті ме сені?
– Не дейсің? – Ол басын кейін қарай бір серпіп тастады
да, шашын түзулеп, мен жаққа қарады. – Е, айтпақшы неге
көңілсізсің деген екенсің-ау. Неге көңілсізбін? Көңілдімін.
Көңілді екенімді білдіру үшін не істеуім керек? Ән салайын
ба, жоқ би билеп берейін бе? – деді күліп. – Мені ешкім де
ренжіте алмайды, тек кейде өзіме өзімнің ренжитінім бол
маса...
– Қызық екен.
– Қызығы қызық емес пе, – деп Халима орнынан тұрып
кетті.
Дәл қазір оның ешбір әңгімеге құлқы жоқ екенін біліп,
мен де орнымнан көтерілдім. Төсегіме келдім де жата
кеттім. Ат соғып шаршап келсем де, көпке дейін дөңбекшіп,
ұйықтай алмадым.
Келесі күні кештеу тұрдым. Күн арқан бойы көтеріліп
қалыпты. Бірақ жылуы шамалы, шілдедегідей емес, пәс,
бет қарпымайды. Тау да сілейіп маңғаз тұр. Асқар шыңына
ақ шарбы бұлт қонақтаған. Өзеннің мұздай суына беті-
қолымды шайдым да, үйге кіріп, столдың үстінде жасау
лы тұрған шайдан бір-екі кесе ұрттадым. Сөйттім де үйдегі
ұсақ-түйек шаруаларды қолға алдым.
Түске таман ауа райы табан астында бұзылды. Алғаш
жел тұрды, сонан соң манағы шыңның басындағы бұлттар
қозғалып, бірте-бірте аспанды қымтай бастады.
– Мына күннің түнерісі жаман, – деді Жауһарат аспанға
қарап. – Әбен, сен тезірек өріске жет. Нөсер болып кетсе
Әзіретәлінің жалғыз өзіне қиын соғар.
Жүгіріп барып тұсаулы жүрген атымды алып келдім.
Мен үйден шыққанша қорғасындай ауыр бұлт аспан
К Ө К Ж И Е К
ды тегіс тұмшалап алды. Жел де үдей түсті. Жаңбыр иісі
мұрнымды жарып барады.
Өрісті бетке алып, құйғытып келемін. Желдің бағытын
білу қиын, біресе алдан, біресе арттан соғады. Аспанда
найзағай ойнады. Артынша сатыр-күтір етіп күн күркіреді
де, жаңбыр төпеп кеп берді.
Отарды алыстан байқадым. Әзіретәлі қойды төменгі
ықтасынға айдап жүр екен. Келе мен де іске кірістім. Бірақ
малдың жүрісі маңдымады. Бәрі ұйлығып, бір-бірінің ба
уырына тығыла береді. Тіпті болмаған соң аттан түсіп,
қойды жаяу айдадық. Онымыздан да түк шықпады.
Бір кезде Әзіретәлі атының шылбырын маған ұстата
салды да, иіріліп тұрған малдың арасына қойды да кетті.
Барған беті әншейінде дағарадай мүйізін сілкіп тастап,
сәнімен мал бастайтын, ал қазір мына таудың тастай
суық жаңбырына шыдай алмай, қалың топтың арасына
тығылған қара серкені шап беріп ұстап алды да, бері сүйреп
шықты. Қара серке жайлауды басына көтерді. Отар соның
маңына топталды.
– Мен мынаны жетектеп отырамын, сен малды осының
соңына айда, – деді Әзіретәлі серкенің мойнына шылбырын
салып, жетекке алды. Сол-ақ екен қой да оның соңынан ере
жөнелді. Осылайша малды төмендегі ықтасынға аман-есен
түсірдік.
Нөсердің басылатын түрі жоқ. Үсті-басымыз малмандай
су. Әрі-беріден соң дірілдеп тоңа бастадық.
– Бұлай қол қусырып отыра берсек, қатып қалармыз, – деп
Әзіретәлі орнынан көтерілді. – Отын жинап, от жағайық.
Жаңбырдың астына қайта түстік. Жүгіріп жүріп, отын
да жинап алдық.
Әзіретәлі де, мен де темекі шекпейміз. Әйтсе де екеуміз
де сіріңкесіз жүрмейміз. Және де оны үнемі ішкі төс
қалтамызда ұстаймыз. Мен қалтамдағы газетті бұталардың
астына қойып тұтата беріп едім, Әзіретәлі «тоқта» деген
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
дей белгі берді. Сөйтті де ол бірнеше бұтақты қара тасқа
сабалап ұрып суын сорықтырды да, газет салып, тамызық
тұтатты. Сонан кейін ғана барып, оның үстіне басқа
бұтақтарды тастады. Арада сүт пісірімдей уақыт өткен соң,
отқа қыздырынып, ес жинадық.
Жайлауда жаңбыр жиі жауады. Көбі өткінші болады.
Бүгінгі жаңбырдың сыңайы бөлек, тамшысы тастай суық.
Және жуық арада басылатын түрі жоқ, сабалап әлі құйып
тұр.
– Майлекеңдер не тірлік қылып жатыр екен? – деді
Әзіретәлі оттан көзін алмаған күйі.
– Олар да мына біз құсап бір қуысты паналаған болар...
– Мерланы жас қой ол кісінің, көмекке жараса...
– Е, Мұхтар жатыр емес пе үйінде шәниіп, көмектесер...
– Ол кетіп қалды ғой!
– Қалайша? Қашан? – Даусым қатты шықса керек, Әзірет
әлі маған одырая бір қарады да:
– Сол өзің ауылға кеткен күні, – деді. – Практикасы
біткен көрінеді, ендігі Алматысына да жеткен болар.
Жаңа ғана жылынып, рақаттана бастаған денем қайта
тоңып, дір-дір ете қалды. Ойыма анадағы түнгі оқиға орал
ды. «Төрт-бес ай шыда. Оқуым біткен соң келемін, келемін
де аламын да кетемін», – деп еді-ау. Шыны ма, әлде өтірігі
ме? Халиманың көңілсіз жүруінің себебі де сол екен ғой...
Жаңбыр бұрынғыдан да үдей түскен сияқты. Жартастың
ернеуінен су сарылдап ағып түсіп жатыр. Іштен қараған
адамға сарқыраманың астында тұрғандай әсер етеді.
Кенет осы сарылдың арғы жағынан біреудің «Әбен!» деп
айқайлаған әлсіз даусын естігендей болдым. Әзіретәлі де
елең ете қалды.
Дауыс тағы да естілді. Атып сыртқа шықтым. Манағы
қой жайылған жақта ары-бері шапқылап бір салт атты жүр
екен. Әзіретәлінің жиренін жазбай танып:
– Халима! – деп айқай салдым.
К Ө К Ж И Е К Ол да мені бірден көрді. Сөйтті де аттың басын бері бұрды. – Мен сендерді бағанадан бері іздеп жүрмін, – деді ол атының тізгінін қолыма ұстатып. – Қалай, малдарың аман ба? – Аман, ішке кір, – дедім жол бастап. Жирен айғыр үркіп, сарқырамадан әзер өтті. Мен оны қосақтаулы тұрған аттардың жанына әкеліп, қаңтарып қойдым. – Мыналарың нағыз жабық қора ғой, – деді Халима жан-жағына көз тастап. – Жаңбыр басылмаса малды осы жерге түнетуге де болатын сияқты. – Оны уақытында көрерміз, – деді Әзіретәлі отқа бұтақ тастап. – Майлекеңдердің жағдайын білдіңдер ме? – Білдім, жақсы. Қойды қарағайдың арасына айдап тықты. – Дұрыс болған екен. Халима термоспен ыстық шай ала келіпті. Соны ішіп, әл жинадық. – Үйге барып, жылы киім-кешек алып келіңдер, – деді Әзіретәлі шай ішіліп болған соң. – Шынында да бүгін осы жерде түнейтін шығармыз. Халима екеуміз екі атқа мініп ауылға қарай құйғыта жөнелдік. Жаңбыр әлі құйып тұр. * * * Ені екі-үш, ұзындығы жиырма-отыз метрдей келетін үңгірдің бір жағында мен де, екінші жағында Әзіретәлі. Мал осы екі ортада. Отынды көп қылып жинап алғанбыз. Түні бойы от жағып шықтық. Бір жақсысы, жел қараңғы түсісімен-ақ басылып қалды. Оның есесіне жаңбыр армансыз-ақ жауды. Мен тіпті өзен тасып, төмендегі үйімізді су алып кетер ме екен деп те қорықтым. Бірақ бұл қаупімді Әзіретәліге айтуға жүрегім дауаламады.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Нөсер таң алдында ғана басылды. Сыртқа шықтым.
Аспанда алба-жұлбасы шыққан ала бұлт батысқа қарай
жөңкіп барады. Сиреп, сетіней бастаған кейбір тұсынан
таңның бозғылт сәулесі байқалып қалады.
Қойлар орындарынан тұрып, сілкініп, пысқырынып
өруге әрекет қыла бастады. Әншейінде түн бойы емін-
еркін жайылып, қарындарын қампитып алатын аттар да
жүгендерін сылдыратып, оқыранып-оқыранып қояды.
Жаңбырдың басылғанын мал екеш мал да сезіп жатыр.
Арғы шеттен Әзіретәлі айқайлады:
– Сәлембай, хал қалай, жаураған жоқсың ба?
– Жаман емес, түні бойы от жағып, жылынып шықтық
қой.
– Жаңбыр басылды ғой деймін? – Даусы жарқын шық
ты. Жаңбырдың басылғанын айтпаса да біліп тұрғанымды
сезеді. Сезсе де сұрайды. Кейде адамда осындай осалдық та
болады ғой.
– Солай сияқты, – дедім мен де.
– Малды өргізейік те.
– Өргізейік.
Отты су сеуіп сөндірдік те, аттарды алып шықтық. Сол-
ақ екен бақырауық серкенің бастауымен қойлар да сыртқа
лап қойды.
Таң толық атыпты. Бұлттар қашып, төменге түскен.
Тау етегінде әр шатқалдың қуысы мен ығында түте-түтесі
шыққан бұлт па, әлде тұман ба – ақ шабдар сағым мұнар
тады.
Жайлаудың шөбі жапырылып, реңі қашып кетіпті.
Жаңбыр суы тілім-тілімін шығарып орып кеткен. Ол жер
лерден сылдырап әлі су ағып жатыр. Қып-қызыл қой
малжың су.
Ашыққан мал сусылдап жүріп берді. Әзіретәлі екеуміз
екі шеттен түре айдап келеміз. Бағытымыз – төменгі жақ.
К Ө К Ж И Е К
Малды ойға түсіріп болған соң Әзіретәлі екеуіміз кезек
тесіп үйге барып, киім ауыстырып, ыстық тамақ ішіп қайт
тық.
Түске таман жер әжептәуір дегдіп қалды. Малды жо
ғарыға, оты мол жаққа шығардық.
Осы жаңбырдан кейін-ақ жайлаудың сәні кете бастады.
Түнді айтпағанның өзінде күндіз, күн ашықта да үстімізден
жылы киімімізді тастамайтын болдық. Ауық-ауық бұлт
шығып, тұсымыздағы таудың төбесіне үйірсектей бастады.
Оның дымқыл демі күздің де жақындап қалғанынан белгі
бергендей еді...
* * *
Қайта-қайта жаңбыр жауып, малдың мазасын ала бер
ген соң, күздеуге көштік. Күздеуіміз – таудың етегі, құм
ның шеті. Жергілікті халық оны «Жиек» деп те атайды.
Шаруашылық орталығы біз тұрған жерден төрт-бес-
ақ шақырым. Соның өзінде үйге анда-санда ғана соғып,
апамның көңілін аулап қайтамын. Жиі баруға қолым
тимейді. Қойшының тірлігі таусыла ма, тәйірі? Рет-ретімен
алдыңнан шығады да отырады. Қозы бөлу, қой тоғыту,
малды күйекке түсіру сияқты науқандық жұмыстарды
айтпағанның өзінде, мал дәрілеу дегенің де үлкен ша
руа. Басқа отарларда қалай екен білмеймін, бізде осы мал
дәрілеу жиі болып тұрады.
Сәске түс болатын. Мал дәрілеп жатқанбыз. Сүгірбай
жалғыз. Ашулы. Веттехник Мәдібек келем деп кеткен
екен. Сәске түске дейін күттік. Келмеді. Содан малды аш
тан иіріп қоюға дәті шыдамаған Сүгірбай іске кіріскен бо
латын.
Ауыл жақтағы қара жолдан шаң көрінді. Бәріміз елең
етіп солай қарадық. Артынша секең етіп үш дөңгелекті мо
тоцикл шыға келді. Алтынбектің мотоциклі. Ол біз осын
Әділ ДҮЙСЕНБЕК да көшіп келгелі жиі қатынап тұратын болды. Екеуміздің достығымыз бұрынғыдан да нығая түскен. Бір-бірімізден сыр жасырмаймыз. Алтынбек малды үркітіп алмайын дегендей, мотоциклін аулаққа өшіріп, үйдің жанына итеріп келді. – Еңбек сәтті болсын! – деді ол үсті-басының шаңын қағып. – Айтсын! – деп бәріміз үшін Жауһарат жауап берді. Мен басымды изедім. – Көмекке кел, – деді Халима. – Қой сүйреп, бойыңның құрыс-тырысын жаз. Алтынбек сөзге келместен, іске араласып кетті. Манадан бері Әзіретәлі екеуміздің ұстап әкеліп жүрген қойымызды әзер дәрілеп үлгеріп тұрған Сүгірбай арамызға Алтынбек қосылған соң алаөкпе болды. Ары-беріден соң қара терге түсті. – Мен сізге көмектесейін де, – деді Алтынбек шыдай ал май. – Қой, әрі, бұл сенің темірің емес, лақ еткізіп көмейіне май құя салатын, – деді Сүгірбай ақ желеңнің етегімен маңдайын сүртіп. – Бір грамм артық кетсе, малдың уланып қалуы мүмкін. – Қорықпай-ақ қойыңыз, одан біздің де хабарымыз бар, – деді Алтынбек. Бірнеше рет дәрілескенмін. Сүгірбай ойланып қалды. Малға бір, күнге бір қарады да: – Жарайды, онда сен менің ыдысымды ал, – деп қолын дағы белгі салынған бөтелкесін Алтынбекке ұсынды. – Бірақ байқа, дәріні мына сызықтан асырушы болма. Екі адамның аты – екі адам. Жұмысымыз жанданып жүре берді. Түске таман қойды тегіс дәрілеп біттік. – Ал, мен кеттім, – деді Алтынбек қой өрісімен. – Саған ескертуге келіп едім, кешке – концерт. Алматыдан келіпті, даяр тұр, алып кетемін.
К Ө К Ж И Е К
– Ау, қарағым, мұның не, тамақ ішіп кетпедің бе, дайын
тұр, – деп Жауһарат қиылды.
– Рақмет, жеңеше, асығыс едім, – деді Алтынбек.
– Онда қатық іш. Жауһарат үйдің ішіндегі сіңлісіне дау
ыстады. Халима айран алып шықты.
Алтынбек Халима ұсынған үлкен тостағанды басына
бір-ақ көтерді де:
– Рақмет, өте дәмді екен, – деді. Аузын сүрткен болып,
қолын қалқалап: – Концертке барасыз ба? – деп сұрағанын
да естіп қалдым.
Халима «көреміз» деп, мен жаққа қарады.
– Барамыз, – дедім мен нық сеніммен, Алтынбектің
сыбырлағанын жақтырмағанымды жасырмай. – Алматы
ның артистері күніге келіп жатқан жоқ қой.
– Келістік онда, кешке келіп екеуіңді де алып кетемін, –
деп Алтынбек мотоцикліне отырды.
Кіші бесін кезінде өріске Әзіретәлі келді де, мен үйге
қайттым. Халима киініп, даяр отыр екен. Жуынып-шайы
нып, киімімді ауыстырғанша Алтынбек те жетіп келді.
– Тракторымды көмекшіме тапсырып шықтым, – деді
ол аптығып. – Болыңдар тез, мен де үйге барып киініп
шығайын.
Халима люлкаға, мен Алтынбектің артқы жағындағы
отырғышқа жайғастым. Жиектің құмайт жолымен мо
тоцикл әзер жүріп келеді. Қызылы қалыңдау төбешіктер
кездессе «тырылдағымыз» тырылдап, тығылып та қалады.
Ондай сәтте мен түсе қалып, артынан итеремін.
Жиектен жеңіл машиналар емін-еркін жүре береді.
Ал мотоциклге қиындау екені рас. Оның үстіне үш бірдей
адамды ауырлайтыны да сөзсіз ғой.
Әзіретәлінің «Волгасын» осында келгенімізден бері
Қара мініп жүр. Бір-екі күнге сұрап алған еді, бір-екі аптаға
созылып кетті. Әзіретәлінің есіне салу керек екен өзі...
– Ана төбеден асып түссек болды, тақыр басталады, –
деді Алтынбек.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Айтқанындай-ақ, төбеден асып түсісімізбен құм тақыр
ға ұласып, асфальттай жалтырап жатқан қара жолға шық
тық. Алтынбек мотоцикліне газ берді.
Дүниеде мотоциклдей жайсыз көлік жоқ па деймін.
Тегіс жолдың өзінде секектеп, әбден мазамды алып бітті.
Алтынбектің белінен тас қылып ұстап алғам. Қолымды сәл
жіберіп қалсам, жалп етіп ұшып түсетін сияқтымын.
Халиманың да жағдайы мәз емес көрінеді. Өңі боп-
боз. Шыда дегендей арқасынан қағып, белгі бердім. Ол
бір сәтте күлген сияқты болды да, артынша екі қолымен
бетін басқан күйі, алға қарай құлап бара жатты. Алтынбек
«тырылдағын» кілт тоқтатты.
– Халима, не болды? – деп қолтығынан демедім. Ол жа
уап қатпастан мотоциклден түсті де, жолдан біраз шығың
қырап барып, отыра кетті. Жүгіріп жанына бардым.
– Халима, не болды, айтсаңшы?!
– Жай, – деді ентігіп, – жүрегім көтеріліп... бензиннің
иісі болар, ары баршы, өтінемін... мен қазір...
Ізімше кері қайттым.
– Не болған бұл қызға? – деді Алтынбек таңданып.
– Не болушы еді? – Даусым қаттылау шықса керек, Ха
лима да біз жаққа бұрылып қарады. – Еш нәрсе де болған
жоқ. Бензиннің иісіне елітіп қалған ғой. Жын қуғандай ай
дайды екенсің тырылдағыңды, менің де ішек-қарным ара
ласып кеткендей, жүрегім лобығып тұр, – дедім мен.
– Қайтейін, кешігіп қалмайық дегенім де. – Алтынбек
сағатына қарады. – Киімімді ауыстырып үлгірмейтін бол
дым.
– Сенің киіміңе кім қарап жатыр дейсің...
Шай қайнатымдай уақыттан соң Халима өзіне-өзі келді.
– Алтынбек, ақырын жүргізші, – деді ол орнына отырып
жатып.
Алтынбек мотоциклін қаншама ақырын жүргізгенімен
жарты километрдей жүрген соң тағы да тоқтадық, Халима
К Ө К Ж И Е К
ның жүрегі қайта көтерілді. Бұл жолы бағанағыдан да
қатты қиналды.
Әп-сәтте қараңғылық үйіріліп, аспанда жұлдыздар да
жымыңдай бастады. Біз сағатқа қараған жоқпыз. Концерт
тен кешігіп қалдық.
– Мен дәрігер алып келейін де, – деді бір кезде Алтын
бек.
– Келе ме?
– Неге келмесін, кісі ауырып жатса.
– Халиманың өзі не дер екен?
Ол дәрігердің атын естіп, ат-тонын ала қашты.
– Сендер не мені шынымен ауырып қалды деп тұрсыңдар
ма? – деді Халима күліп. – Сөз емес. Мен өмірімде ауырып
көрген адам емеспін. Тек бензиннің иісіне басымның айна
латыны болмаса, оның иісін жаным жек көреді... Кеттік...
Клубқа концерттің соңын ала кірдік. Есіктің аузында
тұрып екі ән тыңдадық. Халық сыртқа беттеген кезде біз
көлігімізге отырып та үлгердік. Ешкімнің көзіне түскіміз
келмеді.
Мотоцикл жалғыз жарығымен қара жолды қайыстай
тіліп, ағып келеді. Халима бұл жолы «ақырын жүргізші»
деген жоқ. Соған қарағанда денсаулығы түзелген сияқты.
Мен соған қуанып келемін.
– Қалай? – дедім бір кезде үнсіздікті бұзып.
– Жақсы, – деді Халима.
– Жақсы, – деді Алтынбек.
Менің нені сұрағаным, олардың неге жауап бергені
белгісіз. Әйтеуір сөйлесуіміз керек сияқты.
– Нені жақсы деп келесіңдер?
– Жүрегімді айтамын, басылған сияқты, – деді Халима.
– Мен концертті айтып келемін, – деді Алтынбек.
– Ал мен ауа райын сұраған едім.
Үшеуміз де ду күлдік. «Жиекке» тез жеттік.
Алтынбекпен құдықтың басында қоштастық.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Рақмет, – деді Халима оның қолын алып. – Келіп тұр
мына Әбенді сағындырмай.
– Бәрімізді десеңші, – дедім мен де әзілдеп.
– Ал, жарайды, бәрімізді, – деді Халима өзінің өжет
тігіне басып. Әзілге олақ Алтынбек тісін ақсита күліп,
кепкасының күнқағарын баса берді.
– Әбен, менің жүрегімнің ауырғаны жайлы үй ішіне
айтпай-ақ қойшы, – деп Халима құлағыма сыбырлады Ал
тынбек ұзап кеткен соң. – Қорқып қалып жүрер...
– Мақұл, – дедім мен. Қыздың демі ыстық екен, жалын
шашып тұр, құлағымның түбін күйдіріп жібере жаздады.
* * *
Бірде кешкілік малдан келсем есіктің алдында Әзіретәлі
бір қозыны жәукемдеп жатыр екен. Жемге үйренген бір-
екі қозыны біз үнемі ауылда қалдырамыз. Себебі «Жиек
ке» келгелі бері меймансыз болмаймыз. Ал оларға мал сой
ып, бас көрсету – парыз. Сондай-ақ үйге тағы да бір сыйлы
қонақтың келгенін сездім. Атымды діңгекке байладым да,
қойды қоралауға өзім кеттім.
– Қонақ келді, – деді Баян қораның аузын жауып жа
тып.
– Әзіретәлінің мал сойып жатқанынан-ақ білгенмін, –
дедім онша мән берместен.
Есіктің алдындағы бетжуғышқа қолымды шайып үйге
кірсем, төрге төселген төрт қабат көрпенің үстінде апам
отыр. Бір жағында – Зайнап апай, екінші жағында – Жау
һарат. Үшеуі ұзақ сонар әңгіменің соңына түссе керек, бас
тары түйісіп қалыпты.
– Апа-ау, сіз қайдан жүрсіз? – деппін сасқанымнан.
– Қайдан жүргені несі, ауылдан, – деді апам мейірлене
жымиып. – Алдымен өзің амандаспайсың ба, балам-ау.
К Ө К Ж И Е К
Әншейінде айналып-толғанып, жүгіріп келіп бетімнен
сүйетін апамның қазір сырт көзге жай ғана тәкаппарсып
отырғанын ішім сезіп тұр. Әтпесе, ол кісі мана қой
келгеннен-ақ дегбірсізденіп, қайта-қайта есік жаққа қарау
мен болған шығар.
Апама тұңғыш рет қол бердім. Бұдан кейінгі ресмилікке
ол кісі шыдай алмады. Бас салып құшақтап, бетімнен
сүйді. Апам үйреншікті айналу-толғануларын түгендеп
шыққаннан кейін барып, мауқын басқандай болды.
Сол күні біз жұлдыз сирегенше ұйықтаған жоқпыз. Ет
тен кейін Баян екі рет дастарқан жайып, екі рет баптап шай
жасады. Әзіретәлінің үй іші апамды аяқтарынан тік тұрып
күтті.
Ертеңгілік шай үстінде апам бір әңгіменің шетін шы
ғарды.
– Қарағым, Жауһарат басыңа бас, табағыңа табақ қосы
лып жатыр, оның бәріне қуаныштымыз, – деп бір қойды.
Асықпай алдындағы кесесін алып, шайдан бір-екі ұрттады
да, сөзін одан ары қарай жалғады: – Шүкір, Әзіретәлі отау
құрды. Оның үстіне өзің барсың, балаларға басшылық жа
сайтын. Енді мына Әбеніме рұқсат берсеңдер...
– Бұл не деген сөзіңіз, жеңеше? – Жауһарат апама өк
пелей сөйледі. – Әбенді біреу қуып жатыр ма, әлде өзі осы
лай деп айт деді ме сізге?
Апам сасып қалды.
– Е, жоға, өз ойым ғой, айналайын, «Қойшы көп болса,
қой арам өледінің» кебі келмесін дегенім де.
– Пәлі, сіз Баянды Әзіретәліге көмекші шопан етіп сай
лап келгеннен саумысыз, – деп Жауһарат күлді.
– Болса несі бар.
– Келінім әлі жас қой, жеңеше. Бірер жыл қоя тұралық.
Сонан соң өзі-ақ араласып кетер жұмысқа. Оның үстіне... –
Жауһарат апамның құлағына бірдеңені сыбыр ете қалды
да, сөзін одан әрі қарай сабақтай берді:
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Солай жеңеше, өзіңіз білесіз ғой... жүрегі көтеріле ме,
басы айнала ма... әйтеуір, бір қуаныш күтеміз...
Киіз үйдің есігі жалп ете қалды. Басымды көтеріп ал
сам, жаңа ғана шай құйып отырған Халима самаурынды
көтеріп, сыртқа шығып барады екен.
– Жөн, жөн, – деді апам, – құдай қуанышынан жазба
сын, менікі жай ақыл қосу ғой...
– Әбен менің туған інімдей болып кетті, апа. Қозғамай-
ақ қойыңызшы, оқуына барғанша бізде жүрсін, – деді
Әзіретәлі де сөзге араласып.
Бұл оның осында келгелі алғашқы рет менің атымды
дұрыс айтуы. «Батырға да жан керек» деген осы болса ке
рек.
– Сіздердің дегендеріңіз болсын, – деді апам. – Бірақ
баланың өзі не дер екен?
– Ауылға барғанда не істеймін, осында қаламын, – дедім.
Үй іші жадырап шыға келді.
– Шай алыңыз, – деді Жауһарат көңілді дауыспен. Ар
тынша алдын сипалап:
– Мына қыздың есі дұрыс па-ей, ішіп отырған шайы
мызды алып кетіп? – деп күбір ете қалды. – Халима самау
рынды әкел! – Бұл жолы даусы қатқыл шықты.
– Қазір, әпке, ысытып жатырмын.
– Өзі де ысып тұр еді ғой, әкел тез.
Халима самауырды қайта кіргізді. Бірақ оған шоқ са
лынбапты, сол бұрынғы қалпынша мелшиіп тұр.
Қалған шайды шала-шарпы ішіп, орнымыздан көтеріл
дік. Мен апамды үйге Әзіретәлінің «Волгасымен» апарып
салдым.
К Ө К Ж И Е К
* * *
Малды күйекке күйлі түсірдік. Пункт басында Әзіретәлі
екеуміз де болып, барлық жұмысты өзіміз қадағалап отыр
дық.
Әзіретәлінің көңілі көтеріңкі. «Беталысымыз жаман
емес», – деп қояды ол, – амандық болса, келесі жылы
қозыны биылғыдан да көп аламыз». Оның сөзіне мен де
іштей қуанып жүрмін. Өз ісінің абыройлы болуын кім жек
көреді дейсің?
Күйек өтісімен Айтқұл: «Көшуге дайын отырыңдар», – деп
кеткен. Буынып-түйініп жолға әзірлене бастадық. Қойды
ауылдан көп ұзатпаймыз. Жолға шығарда малды сабыл
тып, қажытудың қажеті жоқ. Оның үстіне «Жиек» шұ
райлы жер. Шөбі тұнып тұр. Мал бір-екі төбе айналса-ақ,
тойынып шығады.
Күткен күн де келіп жетті. Жүкті екі машинаға сықа
тиедік. Жүкпен бірге апай, Жауһарат, Баян және Халима
да кетті. Әзіретәлі екеуміз малды жайып айдап, қыстауға
үшінші күні түнемеде жеттік. Біз келсек Жауһарат баяғы
тоқал тамның алдына екі киіз үйді қатар тігіп, іші-сыртын
жасандырып қойыпты. Тамағымды іше салып, мен осы
киіз үйдің біреуіне кірдім де, ұйқыға бас қойдым. Сонан
келесі күні түске таман бір-ақ ояндым.
– Таңертеңгі тамаққа әдейі оятпадық, қалай ұйқың
қанды ма? – деді Жауһарат.
– Дұрыс болған екен, жақсы демалып қалыппын.
Жуынып-шайынып алдым да сыртқа шықтым.
Қыстауды баяғы бірінші рет келген кезімдегідей бір ай
налып шықтым. Бұрынғы қалпы. Тек қоралардың іші та
заланып, ашық жерлері бүтінделіпті. Жабық қораға жап
сарластырыла бір мая пішен және сол шамалас тайланған
шөп жиналыпты. Үнемдеп ұстаса біразға жетіп қалатын
түрі бар.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Жайлаудағы құздарға көзім үйреніп қалғандықтан ба,
баяғы маған тым биік болып көрінетін төбе шөгіп кеткен
сияқты. Үстіне көтерілдім. Ары-бері жортқан аңдар мен
жорғалаған жәндіктердің ізі сайрап жатыр.
Ана бір қойдікі сияқты аша тұяқ, бірақ одан гөрі
жіңішкелеу де үшкірлеу із – қарақұйрықтікі. Ал мынау
жалғызаяқ жол сияқты шиырланып қалған сүрлеу –
қоянның жымы. Арагідік күшіктің ізіндей белгілер де
көрініп қалады. Ол – түлкінікі. Абайлап қараған адам
борсықтың да, жабайы шошқаның да, мәліңнің де іздерін
тауып алады. Жерге үш тармақ болып түскен белгіні
тауықтікі деп жүрмеңіз. Ол – қырғауылдікі. Кесіртке мен
оқжыланның, қосаяқ тышқан мен сасық қоңыздың қоз
ғалысына дейін ақ қағазға түскен таңбадай боп жазылып
қалыпты.
Мұнда көптен бері жел тұрмаса керек. Мына сайрап
жатқан іздер соның куәсіндей. Күз. Қоңыр күз. Енді құм
ның жылауық күзі де келеді. Сонан кейін қылышын
сүйретіп қыс та жетпек.
Төменгі жақтан Халима айқайлады.
– Әбен, шайға кел.
Құм жаңғырықты. Бірақ жайлаудікіндей емес, пәстеу,
құлаққа күңгірлеп жағымды естіледі екен.
Жайлап төменге түстім. Соңыма қарасам, аппақ болып
ізім қалыпты. Япыр-ау, құм қызыл емес, ақ екен-ау.
Тоқал тамға да біраз өзгеріс еніпті. Іші әктеліп,
терезелері сырланған. Пеші де жаңадан салыныпты.
Малға Баян кеткен екен. Әзіретәліні әзер ояттым.
Қыстаудағы алғашқы сәскелік асымыз көңілді өтті.
К Ө К Ж И Е К
* * *
Күн бірте-бірте суыта бастады. Түнде түскен шық сәске
түске дейін кеуіп үлгермейді. Күн де шілдедегідей аспанға
тік көтерілмей, көкжиекті көлбей береді.
Құм күзі байқалмай келіп, байқалмай кетеді. Жаздың
алғашқы күнінен бастап-ақ бұл өңірдің шөбі сарғайып
шыға келеді. Ал шындығына келсек, олай емес. Құм шөбі
нің сарғыш тартуы олардың нағыз пісіп-жетілгенін біл
діреді. Осы қалпымен құм шөбі келесі көктемге дейін
тұрады: қурамайды, шірімейді және барлық қуатын бой
ында сақтайды. Осылайша құм шөбі өз өңірін мекен еткен
жануарларды жыл он екі бойы асырап шығады.
Міне, құмның құдіреті де осында жатыр.
Құмның қызыл шағылы мен сарытап өсімдігіне үй
ренген көз күн суытқанда ғана барып күздің өтіп бара
жатқанын сезгендей болады. Ал күн суытты дегенше қар
да жауып салады.
Бір аптадан бері түнеріп тұр. Ауада дымқыл бар. Жүз
геннің шырпылары суланып, жусанның бүрлері бүрісіп
қалды.
Мал да бытырамай, топтанып жайылатын болды. Жиі-
жиі пысқырынып, бастарын шайқай береді.
Мана ертеңгілік қойды өргізгенімізде күн бұлыңғыр
болатын. Малды ауылдан көп ұзата қойған жоқпын. Жер
шүйгін. Қыстаудың шұраты да, қызылы да тұнып тұр. Жаз
бойы мал тұяғы тимеген.
Түске қарай жел көтерілді. Малдың бетін ауылға бұр
дым. Жел бірте-бірте күшейе түсті. Жал-жал төбелерге
жан бітіп, билей бастады. Малды қуып айдап келемін.
Бірақ жүрісім маңдымады.
13-151
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Қойдың желге қарсы жүретін әдеті ғой. Әйтсе де қатты
желде бәрі керісінше болады екен, ұйлығып, біріне-бірі
тығылады. Орталарында – көк серке. Ойыма жайлаудағы
оқиға түсе кетті. Тіпті бір сәтке сондағыдай серкені же
текке алғым да келді. Бірақ жалғыз өзім не істемекпін?
Серке сүйреймін деп жүріп малды ықтырып алуым кәдік
қой. Ал ыққан малды тоқтату қиын. Қойды желдің ығына
жібермеуге тырысып, шетке шыққандарын топқа айдап
тығумен болдым.
Атым қатты болдырды. Малды жаяу қайыруға көштім.
Байқаймын, тасбақа аяңмен ығып келеміз. Жүрегім тас
төбеме шықты. Қолыма күпәйкемді шешіп алып, қойды
үркітіп те байқадым. Бірақ мал үрікпек түгіл, селт етпейді
де. Әп-сәтте қара терге түстім. Басымнан сорғалаған су
мойныма құйылды. Салқын. Дене түршігерліктей сұйық.
Сөйтсем жаңбыр жауып тұр екен. Қуанғанымнан айқайлап
жібердім. Жаңбыр жауса, жел басылады.
Иә, сөйтті. Дауыл басылды да, қара нөсер төпеп берді.
Жаңа ғана аспанға ұшып кететіндей болып, селкілдеген
құм жоталарының жыны басылып, моп-момақан күйге
түстім. Мал ыққанын қойды. Мен уһ деп демімді алдым.
Ойыма тағы да бір күдік келіп, малды тықсырып айдай
бастадым. Күйектен жақында ғана шыққан қойды күздің
мына қар жауыны оңдырмай кетуі мүмкін ғой. Қап, енді не
істесем екен? Пана болатын ықтасын да жоқ.
Кенет алдыңғы жағымнан гүрілдеген трактордың дау
сы естілді де, артынша төбе үстіне алып «ДТ» шыға келді.
Айқайлап, қарсы жүгірдім. Кім де болса көмекке келе
жатқандары белгілі ғой.
Трактор жаныма келіп кілт тоқтады да, іштен Алтынбек
пен Әзіретәлі секіріп түсті.
– Амансың ба, малың бөлінген жоқ па? – деді екеуі жа
рысып.
К Ө К Ж И Е К
– Тракторға отыр, – деді Әзіретәлі. – Үстің малмандай су
болыпты ғой, ауырып қаларсың.
– Ойбай, сөйт, ішке кір, – деді Алтынбек.
– Еш нәрсе етпес, – дедім мен Әзіретәлінің «ауырып
қаларсың» дегеніне қасарысып. – Онан да малды тезірек
қораға жеткізейік.
Екеуі де қарсы келе алмады.
...Қойды қоралап біткенімізше қараңғы түсіп кетті.
Үйге кіріп киімімді ауыстырдым да, қайтып шықтым.
Есіктің алдында Халимамен бетпе-бет келіп қалған едім.
Ол бірдеңе айтпақшы болып бейімделе берді де, тұрып
қалды. Батпады білем. Қайтсін, ол да мені ауырып қалмаса
екен деп жүр де.
Алтынбектер тайланған шөп пен жем әкелген екен.
Соны түсіріп, үстін брезентпен жауып тастадық. Үйге со
дан кейін ғана жайғастық.
– Әңгіме бар, сыртқа шығып келейікші, – деп сыбыр ете
қалды Алтынбек тамақ ішіліп, дастарқан жиналған соң.
Босағада ілулі тұрған брезент плащтарды иығымызға
іле-іле салып, есікке беттедік. Дала көзге түртсе көргісіз.
Қап-қараңғы. Жаңбыр әлі құйып тұр. Алтынбек тракто
рына қарай жүрді. Мен соңынан ердім. Ол «ДТ»-ның есігін
жұлқып ашты да, маған ішке кір дегендей белгі беріп,
қолтығымнан демеді. Кабинаға екеуміз қатар жайғастық.
Алтынбек қалтасынан темекісін шығарып, сіріңке
тартты. Бірақ ол жанбады. Екінші шиді суырды. Ол да
тұтанбады. Тағы біреуін шығарды. Ол да быж етіп дыбыс
шығарды да, сөніп қалды. Алтынбек аяғының астына бір
түкірді де, сіріңкені қорабымен сыртқа лақтырып жіберді.
– Шақпағың бар ма?
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Мен төс қалтамнан сіріңке шығардым. Құрғақ ши
қорапқа бір жанылғаннан-ақ лап ете қалды. Ол «Беломо
рын» тұтатып, құшырлана бір-екі сорды да:
– Сен, білесің бе, Халиманың аяғы ауыр екен ғой, – деді
төбеден қойып қалғандай.
– Аяғы ауыры несі сонда...
– Иә, – деді Алтынбек темекісін терезеден лақтырып жі
беріп, – жүкті екен, елдің сөзіне сенбеп едім...
Біреу аңдаусызда қақ шекемнен қойып қалғандай
мелшиіп отырдым да қалдым. «Япыр-ау, шынымен солай
ма. Жоқ. Жоқ... өсек болуы мүмкін».
– Сен Баянмен шатастырып отырған боларсың.
Алтынбек екінші «Беломорды» тұтатты.
– Алтынбек, айтшы, сен Халиманы Баянмен шатасты
рып отырсың ғой, ә...
– Жоқ. – Оның даусы қатты шықты. – Мен ешкімді
ешкімнен шатастырып отырған жоқпын. Айда, кеттік,
ұйықтаймыз, – деп ол кабинаның есігін ашып, орнынан
көтеріле берді.
– Тоқта, Алтынбек. – Мен оның иығынан басып
қайта отырғыздым. – Мына сөзің рас болса, шынында да
әңгімелесуіміз керек.
– Не айтпақшысың сонда?
Тосылып қалдым. Шынында да не айтпақпын?
– Ел не дейді? – дедім көптен кейін барып.
– Айттым ғой, елдің не дегенін, Халима жүкті екен деп
еді, айтқандары дәл болып шықты.
– Мүмкін олар болашақ баланың әкесін де білер?
– Оны елден өзің сұра. Сенде де ауыз, сенде де құлақ
бар ғой, – деп Алтынбек айқайлай сөйледі. Ол бір нәрсеге
ренжісе немесе біреуге ашуланса үнемі өстіп даусын
көтереді.
– Сен неге айқайлайсың? – дедім мен томсырайып, дау
сым жыламсырап шықты. – Әңгімелесейік деп алып шық
К Ө К Ж И Е К
қан өзің едің ғой, енді әңгімелесейік десем ашу шақырасың,
жарайды онда қойдық, үйге барайық, демал, ертең жолға
шығасың ғой...
Енді мені Алтынбек ұстады.
– Кешір, Әбен, менің мінезімді білесің ғой...
– Жарайды қойдық.
Екеуміз үнсіз қалдық. Жаңбыр әлі құйып тұр.
Кабинаның төбесін тесіп жіберердей төпелейді. Ойыма
Халима екеуміздің көктемде «Сарышағылға» бара жа
тып нөсердің астында қалғанымыз сап ете қалды. Онда да
жаңбыр машинаның төбесінен төпелеген еді ғой. Бірақ сол
нөсердің тырсылын дәл қазіргідей сезінбеген едім. Мүмкін,
жанымда Халима отырғандықтан оны сезбеген болармын.
Пай, пай сондағы Халиманың көркі-ай! Әсіресе, гүл терген
кезі ше! Еліктің лағындай лыпып тұрушы еді-ау!..
Соңғы кездері ол қатты жүдеп кетті. Бұрынғы тентек
ерке мінезін де тастаған. Үнемі ұшқын атып, күлімдеп
тұратын қара көздері де тұнжырап, айналасына енжар
қарайтынды шығарды. Иә, оның мінезінде өзгеріс бар. Оны
мен жайлауда-ақ сезгенмін. Ол ғашық. Ол біреуді ойлай
ды? Кімді? Әрине, практикантты. Ал практикант ше? Ол
Халиманы шын сүйді ме екен? Бірақ шын сүймесе: «Оқуым
біткен соң келемін де, алып кетемін, – деп уәдесін бермес
еді ғой. Содан бері қанша уақыт өтті. Төрт ай. Бақандай
төрт ай өтіпті. Әлде алдады ма екен? Жоқ, мүмкін емес. Ха
лимадай қызды алдау күнә ғой. Ендеше осы уақытқа дейін
қайда жүр? Бір алаяқ болып шықпасын. Оңбаған».
Даусым шығып кетсе керек, Алтынбек бүйірімнен
түртіп қалды.
– Әй, кімді айтып отырсың?
Абдырап қалдым. «Алтынбекке айтсам ба екен, әлде
үндемей-ақ қойғаным жөн бе? Ауылға тарап кетуі мүмкін
ғой. Бірақ Алтынбек ішінде сыр сақтай алатын жігіт емес
пе? Тісінен шығармас. Айту керек».
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Алтынбек, сенің білуің мүмкін, жазда бізге Алматы
дан бір жігіт келіп еді ғой...
– Әлгі практикант па? – деді ол сөзімді бөліп.
– Иә...
Алтынбек одан әрі мені тыңдаған жоқ. Өзінен-өзі
кіжініп, тісін шықырлатты.
– Өзім де сезіп едім, – деді трактордың жылдамдық
ауыстырғыш темірін қарулы қолдарымен қойып қалып. –
Қап, көзіме бір көрінер ме еді, иттің баласы...
– Ол Халиманы жақсы көреді... Екеуі тұрмыс құратын
болады. Тек оған хабар беру керек, – дедім білгішсініп.
– Не деп? Халиманың аяғы ауыр, алып кет деп пе?!
– Жоға... былай аман-есендік сұрасып дегендей...
– Сағынып отыр еді сені, – деді Алтынбек мысқылдап. –
Айтпақшы, ол Халимамен хат алысып тұра ма?
Ойыма пошта келген сайын Халиманың елеңдеп, Құрал
ұсынған газет-журналдарды селқос алып: «Тағы беретін еш
нәрсең жоқ па?» – дегендей ұзақ телміріп тұратыны орал
ды. Бірақ оның бірде-бір рет хат алғанын көрген емеспін.
Демек, ол Мұхтармен хат жазыспайды.
– Жоқ, байқаған емеспін.
– Онда Алматыға жеделхат салсақ қайтеді?
Алтынбектің манағы өз сұрағын өзіне қойдым:
– Не деп?
– «Жусандымен» хабарлас дейміз, аты-жөнімізді көр
сетпейміз, арғы жағын өзі шешер...
– Адресін қайдан алмақшысың?
– Е, тәйірі сол да сөз бе екен, Алматыда мал дәрігерлік
институт біреу-ақ емес пе, соған салсақ алатын шығар.
– Бірақ мұны екеумізден басқа ешкім білмейтін болсын, –
дедім сыбырлап.
– Әрине, – Алтынбек те сыбырға көшті. – Мен келесі
апталарда тағы да жем әкелуге тиіспін. Сонда бір хабарын
берермін. Жерге кіріп кетсе де тауып аламын.
К Ө К Ж И Е К
– Сөйт, міндетті түрде тап.
Кабинадан түннің бір уағында түстік. Жаңбырдың арты
қарға айнала бастапты. Аспанда ызғар бар. Биыл қыс ерте
түсетін сияқты.
Киіз үйге кіріп, екеумізге салынған төсекке жата-жата
кеттік.
* * *
Қыс бірден күшіне енді. Үш күн қатарынан жауған қар
жерді басып қалды. Малды сыртқа шығарып жайған бола
мыз. Бірақ одан пайда шамалы. Сондықтан малға қайта-
қайта шөп шашамыз.
Қарауымызда биыл ат-шана бар. Әзіретәлі екеуіміз
күнде таңертең осы шанаға үйдің жанындағы маядан шөп
басып, аулаққа апарып шашамыз. Малды сонан кейін ғана
қорадан шығарамыз.
«Келесі апталарда келіп қалармын» деп кеткен Алтын
бектен әлі хабар жоқ. Ол кешіккен сайын менен дегбір
кетті.
Пошташы Құрал екі рет келіп кетті. Екі ретінде де газет-
журналдардан басқа түк алған жоқпыз. Хатты Халимаға
білдірмей мен де, үй ішіне сездірмей ол да күтеді. Бірақ
бәрі бос күтіс.
Халима күн өткен сайын жүдеп барады. Оның себебін
мен білемін, Жауһарат сезетін сияқты. Әзіретәлі сыр
бермейді.
Қазір үйде төртеуміз-ақ қалдық. Зайнап апай мен Баян
орталықта. Соңғы кездері Баянның «ыңқыл-сыңқылы»
жиілеп кеткен соң Жауһарат оларды ауылға, Қараның
үйіне апарып салған болатын.
...Алтынбек араға үш апта салып барып келді.
– Кетіп қалыпты, – деді ол екеуміз оңаша қалған кезде.
Кімді айтып отырғанын бірден сездім.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Қайда? Қай жаққа кетіпті?
Ол жауап орнына, қалтасынан бір жапырақ сарғыш
қағазды суырып алып көрсетті. Жеделхат екен.
«Студент четвертого курса Мухтар Бурханов по семей
ным обстоятельством перевелся на заочное отделение.
В данное время работает в Северо-Казахстанской области.
Декан ветфака Асылов»
деген сөзді үш қайтара оқып шықтым.
– Жерге кіріп кетсе де табамын деп едім ғой, – деді Ал
тынбек. – Таптым. Солтүстік Қазақстан облыстық ауыл ша
руашылығы басқармасымен байланысып адресін алдым.
Ол тағы бір тілдей қағазды қолыма ұстатты. Онда: «Се
веро-Казахстанская область, Сергеевский район, коопера
тив «Айнакульский» деп жазылған екен.
– Міне, біздің практикантымыз осы шаруашылықта
еңбек етіп жатқан көрінеді, – деді Алтынбек.
– Хат жазамын, – дедім мен.
– Ендігісін өзің біл, – деді Алтынбек.
Сол күні Мұхтарға арнап хат та жаздым. Онда келесі
жылы оқуға бармақ болып өзін іздегенімді, сонан сырттайға
ауысып кеткенін біліп, жағдайын сұраған болдым. Хатты
келесі күні Алтынбек алып кетті.
* * *
Қыс қысып барады. Жемшөпті қанша үнемдегенімізбен,
түбі көрініп қалды. Ана жолы Жауһарат Баянның
жағдайын білмекші болып орталыққа барып келген.
«Кеңсеге кіріп Қасекеңнің өзімен сөйлестім, екі-үш маши
на жем бөлдірдім», – деген еді. Одан әрі хабар жоқ.
Соңғы жауған қар малды біржола қолға қаратып кетті.
Шөпті екі мезгіл шашамыз. Анда-санда жем де беріп қоя
мыз. Бірақ қолға қараған малдың күні құрысын. Бір тал
К Ө К Ж И Е К
шөптің басын шалса да, өз аяғымен жайылғанға не жет
сін. Оның үстіне өріске шығып, бой жазбаған қойдың көңіл
күйі де болмайды екен, алдына шашылған шөпті жеп бо
лып, бастарын аспанға көтерген күйі кекжиеді де тұрады.
Малға шөп шашу үшін шанаға ат жегіп жатқанмын.
Үйден Әзіретәлі шықты. Қолында үлкен сүймені мен кү
регі бар.
– Кішкенеден соң малды жайлап, мына көлтабанға тү
сірерсің, – деді ол қолымен төменгі жақты нұсқап. – Бірақ
мен белгі бермей жақындатушы болма, малды бөліп-бөліп
суғарамыз.
– Мақұл, – дедім мен, божыны сілкіп қалдым. Күрең ат
өзінің үйреншікті жолымен маяға қарай желе жөнелді.
Бір шана шөпті малға шаштым да, атты босатып, отқа
қойдым. Қойлар шөпті кәшектеп болды-ау деген кезде
жайлап айдап көлтабанға түсіре бастадым. Қар малдың
бауырынан асады және де соңғы жауғаны бұрыннан жатқан
сүр қарды одан әрі нығайтып, басып тастаған. Мал үшін өте
қауіпті. Сүр қар малдың тұяғын жараласа, соңғы жауған
үлпілдек қардың ызғары оның ішіне ұруы ықтимал. Ал ол
болашақ төлге зиян.
Бірақ басқа лаж жоқ, малды суғаруымыз керек. Олар
дың су көрмегеніне төрт-бес күн боп қалды. Қар қарпы
ғанмен шөлі қанбайтыны белгілі. Құрғақ шөп пен жемге
қарап тұрған малды дер кезінде суғармасаң қаталап өліп
қалуы мүмкін.
Осындайда трактор болар ма еді деп армандаймын. Анау
көлге дейін жол салып, қарын тазалап тастар ма еді!.. Мы
нандай қатты қыста әр отарға бір-бір трактордан бөліп
қойса артық болмас еді-ау. Тіпті малдың жемшөбіне дейін
тапшылық көреміз... Бастықтың айтқан жемі қашан келер
екен? Оны Алтынбектің жеткізуі мүмкін ғой... Көптен бері
пошта да келмей кетті. Мұхтардан әлі хабар жоқ. Ендігі ол
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
менің хатымды алған болар. Не деп жауап қайырар екен?
Ал егер жауап жазбаса ше? Онда, онда...
Азан-қазан болып маңыраған қойдың даусы ойымды
бөліп кетті. Манадан бері ілбіп, әзер келе жатқан мал көлге
жақындай беріп, судың иісін сезіп, төменге қарай лап
қойса керек. Әп-сәтте алдым сиыр жалағандай тып-типыл
болып шыға келді. Сонда ғана барып манағы Әзіретәлінің
айтқаны есіме түсті. Айғайлап алға жүгірдім. Бірақ кеш
қалыппын. Малдың алды көлге жетіп үлгеріпті. Жаяу
түгіл атпен қусаң да жеткізетін емес.
Айналам азан-қазан, у-шу. Құдды көктемде қозы жамы
рап жатқандай.
Көлге ең соңғы қоймен қатар жеттім. Мал топтанып, бір
жерге үймелеп қалыпты. Бірін-бірі басып-жаншып ортаға
ұмтылады. Әзіретәлі көрінбейді. Қорыққанымнан даусым
шықпай қалды. Алдымдағы қойларды ары-бері итеріп,
ортаға кірдім. Сөйтсем үй орнындай ойылған суаттың ор
тасында кеңірдегіне дейін су кешкен Әзіретәлі тұр. Суға
түсіп кеткен қойларды жағаға шығарып жүрсе керек. Сол
бетімен мен де мұзды суға қойып кетер ме едім, егер ол:
– Қайт кейін! Қойды айда! – деп айқай салмаса. Жалма-
жан шолақ тонымды шешіп алдым да, басымнан асыра ары-
бері сілкілеп, қойларды үркітіп, қуа бастадым. Екі көзім
қарауытып кетті, жас па, тер ме, білмеймін көлкілдеп тұр.
Жан ұшыра айқайлап жүріп, малды суаттан әзер дегенде
қуып шықтым. Бұл кезде Әзіретәлі де соңғы қойды судан
көтеріп шыққан болатын.
– Ойбай, өлесің, тез үйге жет! – деп тонымды ұсына
бердім. Ол кеудесіндегі бар киімін сыпырып тастап, жа
лаңаш денесіне іле салды да.
– Қойды қораға айда, бол жылдам, – деп малдың соңы
нан жүгірді.
– Мен өзім-ақ... тез үйге бар, – дедім мен оны қуып
жетіп.
– Көп сөзді қой.
К Ө К Ж И Е К
Қойды қуып айдап, қораға жеткіздік. Үйден Жауһарат
пен Халима шыға келді. Ол Әзіретәлінің түрін көріп шо
шып кетті.
– Байғұс-ау, саған не болған? – деді Жауһарат інісінің
қолтығынан демеп.
Әзіретәлінің сөйлеуге дәрмені келмеді. Бар болғаны мен
жаққа қарап, қолымен малды нұсқады.
– Бөлек қо-о-раға...
Түсіне қойдым. Жаңағы суға түсіп кеткен қойларды
бөлек, жылы қораға қама деп тұр.
– Мақұл, мақұл, Әзеке..
Суатқа түсіп кеткен қой он шақты екен. Бәрін бөліп
алып, жылы қораға кіргіздім де, жылы су бердім. Сонан соң
алдарына жем қойып, бес-алты айыр шөп шаштым. Қойлар
қайта-қайта сілкініп, пысқырып, шөп пен жемге бас қойды.
Үйге кірсем, Әзіретәлі пешке сүйеніп отыр екен. Төсекке
жатпапты, екі көрпе де аяқ жағына ысырылып қалыпты.
«Не бітірдің?» – дегендей сұраулы кейіппен иегін көтерді.
– Бәрі реттелді, Әзеке, – деп шаруаны қысқаша ғана ба
яндап шықтым. Сонан кейін ғана барып оның көңілі жай
ланғандай болды. Бір сәтте көзін жұмып, мызғып кетті.
Дәл осы кезде сырттан гүрілдеген трактордың даусы
естілгендей болды. Әзіретәлі көзін ашып алды. Сыртқа
жүгірдім.
Ауыл жақтағы үлкен төбеден екі трактор асып түсіп
келеді екен. Екеуінің де тіркемесі бар. Біреуі – аумақты да,
екіншісі – аласа. Аумақтысының шөп екенін, ал аласасын
да жем барын сезіп тұрмын. Жүрегімді қуаныш кернеп, бар
даусымен айқай салдым.
– Ура, Алтынбектер келе жатыр!
Әзіретәлі де орнынан тұрып кетіпті. Мінезі тік қой,
Жауһараттың да, Халиманың да айтқанын құлағына ілмеді.
Тракторлар үйдің жанына тоқтады да, алдыңғысынан Ал
тынбек секіріп түсті. Беті домбығып, көздері қызарып
кетіпті.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Мына Мақанның тракторы бұзылып, жолда бір сөтке
тұрып қалдық, – деді амандықтан соң, соңында келе
жатқан серігін нұсқап.
– Өздеріңіз амансыздар ма? – дедім мен оның қолын
сілкілеп.
– Е, біздің көрген құқай бір бұл дейсің бе? – деді Ал
тынбек күліп. – Онан да өз жағдайларыңды айтыңдар,
байқаймын, шөптерің де таусылып қалған сияқты ғой.
– Дер кезінде келдің, қарағым Алтынбек, – деді Жау
һарат.
Шынында да Алтынбектер дер кезінде келген еді.
Малшының ойлайтыны малдың қамы ғой. Малы тоқ бол
са, малшының да көңілі тоқ. Ал көңіл тоқ болса, жұмыс
та өнімді болмақ. Сондай-ақ, Алтынбектердің алып келген
жемшөбі бәріміздің көңілімізді көтеріп, бір демдеп таста
ды. Бірақ үй ішінің көңілділігі көпке созылмады. Кешке
қарай Әзіретәлінің екі танауы қусырылып, реңі кете баста
ды. Үй іші үрпиісіп, маған қарады.
Жанына барып жастығын түзулеп, басын көтердім.
Маңдайын ұстап көріп едім, жанып тұр. Дәрі бердік,
шекесіне салқын су бастық. Бірақ ыстығы түспеді. Барған
сайын Әзіретәлінің жағдайы нашарлай берді. Дем алысы
ауырлап, жиі-жиі күркілдеп жөтелумен болды.
– Суық тиген ғой, дәрігер шақырту керек, – дедім.
– Дәрігерді шақырып келгенше бірталай уақыт өтеді,
одан да Әзіретәлінің өзін алып барайық, – деді Алтынбек.
Алтынбектің бұл сөзін Жауһарат та құп көрді. Әзірет
әлінің өзінен сұрап едік «өздерің біліңдер» дегендей иығын
көтерді. Оның да дерт жанына батса керек. Әйтпесе мұндай
ұсынысты ол қабылдамас та еді ғой.
Әзіретәліні жылылап киіндіріп, сыртқа алып шықтық.
– Әбен, сен үйде қал, өзім барамын, – деді Жауһарат
трактордың жанына келген соң.
– Сіз әуре болмай-ақ қойсаңызшы, біз Алтынбек екеуміз-
ақ апарып келеміз ғой.
К Ө К Ж И Е К
– Жоқ, – деді Жауһарат Әзіретәлі екеуі кабинаға қатар
отырып, – мен жанында болуым керек, сен малыңа абай
бол.
Алтынбек таң ата жалғыз келді.
– Әзіретәлінің өкпесіне суық тиген көрінеді, – деді ол. –
Ыстығы укол салса да түспей қойды. Зина орталықтан
тікұшақ шақыртам деді. Ал Жауһарат соның жанында
қалды.
Мен Жауһараттың: «Өзім барамын, жанында болуым
керек, сен малыңа абай бол», – деген сөзінің мәнін енді
түсіндім. Ол кісі де інісінің жағдайын алдын ала сезген
болды-ау. Әзіретәлі әлсіреп қалған сияқты. Әйтпесе анау-
мынау ауруға мойынсұнбас еді ғой.
Шай ішіп алды да Алтынбектер аттанып кетті. «Бірден
кеңсеге барамын, бастықтың өзіне кіріп, барлық жағдайды
түсіндіремін, көмекке кісі жібер деп айтамын», – деген
оның сөзін көңілге медет етіп мен қалдым. Әншейінде бол
са: «Кісінің қажеті қанша, мен бар емеспін бе?» – деп Ха
лима айтыса кетер еді, бұл жолы еш нәрсе демеді. Ол да өз
жағдайын сезіп, біліп жүрсе керек...
* * *
Қаңтардың арқан бойы ғана көтеріліп барып қайтадан
көкжиекті жағалайтын күні ала бұлттың арасына жасы
рынды. Айнала бұлыңғыр. Көңілім де табиғаттың осы
бір сұрықсыз күніндей әлем-тапырақ. Әзіретәлінің ауы
рып қалғаны жаныма қатты батады. Оған, ең алдымен,
мен кінәлімін. Егер оның айтқанын бұлжытпай орындап,
суатқа малды бөліп-бөліп түсіргенімде мұндай қолайсыз
жағдай болмайтын еді ғой.
Жалғыз адамның тірлігі өне ме? Маядан шөп алып, оны
аулаққа апарып шашып, малды қорадан өргізгенімше сәске
түс болып қалды. Үйге кіріп, бір-екі кесе ыстық шай іштім
де қайтып шықтым. Арнайы күтімде тұрған арық-тұрық
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
қойларға жем беріп, шөп шашқанымша күн де кешкіріп
қалды. Сырттағы малды қора жаққа айдадым.
Көмекке Халима келді. Аяғында ақ пима, үстіне қара
тон киген. Белін буып алғандықтан ба, тоны тым шолақ
көрінді, тізесін әрең жауып тұр. Былтырғы жай есіме түсе
кетті. Алғаш маған қора тазаласуға көмекке келіп, екеуміз
танысар кезде ол дәл осындай киінген болатын. Онда тоны
өзіне қандай жарасушы еді. Ал қазір тоны тозып, шуып
кеткен бе, әлде Халиманың денесі толып, бойы шөгіп кет
кен бе, көзге сәл қораштау көрінді.
– Мені жаңадан көріп тұрғандай неменеге бажырая қал
дың, қораламайсың ба мына малыңды? – деді Халима сір
кесі су көтермей.
– Мен өзім-ақ... Несіне әуре болдың, – дедім міңгірлеп. –
Үйге бара бер, күн суық екен.
– Біреудің мүсіркегенін жаным сүймейді, – деді ол
қораның аузын ашып жатып. Менің сөзім... Өзімді өз сөзім
мен қатырды-ау!
Бұрыннан мінезі тік Халима соңғы кездері тым күйге
лек. Тез ашуланады. Енді бірдеңе десем-ақ оның бұлқан-
талқан болып шыға келетінін білемін. Ләм-мим деместен
бұрылып кеттім.
Қойды қоралап біткенімше қараңғы түсіп кетті. Үйге
кірдік. Бір-бірімізге өкпелеген адамдай томсырайып отыр
мыз. Аздан кейін Халима орнынан тұрып, қамыр илеуге
әрекет жасай бастады. Мен ескі газет-журналдарды қарауға
кірістім.
Халима маған теріс қараған күйі бүкшеңдеп нан илеп
жатыр. Әрең еңкейеді. Анда-санда маған білдіртпеген бо
лып, қолын сыпыраға тіреп, дем алады.
– Халима етті қамырсыз жесек қайтеді? – дедім шыдай
алмай.
Ол біреу бүйірінен түртіп қалғандай селк ете қалды да,
қайтадан өз жұмысына кірісіп кетті.
К Ө К Ж И Е К
– Рас айтамын, мен етті қамырсыз жегенді ұнатамын.
Ол маған жалт қарады да:
– Ондай еркелігіңді ә... ә... әжеңе жасарсың, – деді
қатуланып.
Бетімді біреу шапалақтап осып жібергендей ду ете қал
ды. Оның «ә...ә» деп кекештенгенін түсініп отырмын,
«әйеліңе» деген сөзді, артынша көңіліме келіп қала ма деп
«әжеңе» деп түзетті емес пе?
– Кешір, менде ә...ә...әже жоқ...
Халима жүгіріп келіп, мойнымнан құшақтады.
– Әбен, сен де кешір мені. – Оның ыстық демі бетімді шар
пып өтті. – Байқаусызда аузымнан шығып кеткені ғой...
Өзімді өзім ұстай алмай, Халиманы құшақтай алдым. Ол
бар денесімен маған қарай құлай берді. Адам қанша еркінен
айрылса да, есінен жаңылыспай ма деймін. Өзім құлап
бара жатып, оны қолтығынан демеп қалдым. Халиманың
дөңгеленіп білініп қалған іші денемді жанай өтті. Дәл осы
сәтте арғы жақтан бір әлсіз де әлеует күш мені есік жаққа
атып жібергендей болды.
Менен бұрын ол тұрып кетті.
– Болды, қимылың қандай жаман еді! – деді үсті-басын
ретке келтіріп.
– Кешір, Халима...
Ол үн-түнсіз қазан жаққа барды да, етті түсіре бастады.
Қамыр иленгенімен, нан жайылған жоқ, етті құрғақ
жедік...
Түні бойы кірпік ілмей шықтым.
Ол көптен кейін барып жатқан. Қыбыр етуге қорықтым.
Ояу жатқанымды сезіп қоймаса екен деймін. Түн ортасын
да орнынан тұрды. Киінгенін сыбдырынан біліп жатыр
мын. Ішкі үйден еппен шыққан ол, менің жаныма келгенде
аяғының ұшымен басып өтіп кетті.
Сырттан сүт пісірімдей уақыт өткен соң келді. Тағы да
жанымнан аяғының ұшымен басып өтті. Бірақ ұйықтай
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
алмады. Қайта-қайта аһлап-уһлеп төсегінде дөңбекшумен
болды. Аздан кейін қайтадан далаға беттеді. Осылайша ол
дембіл-дембіл сыртқа шығып, таң атқанша көзін ілген жоқ.
Ертеңгілік шай үстінде мен оның бір түннің ішінде қат
ты жүдеп қалғанын білдім. Екі танауы қусырылып, көздері
шүңірейіп кетіпті. Ішімнен секем алып қалдым.
Арада аптаға бергісіз ауыр бір күн өтті.
* * *
...Екінші күні орталықтан поштаның машинасы келді.
Кабинадан домаланып түсіп жатқан Бейсен атайды көріп,
жүрегім жарылып кете жаздады. Халиманың қуанышында
да шек жоқ. Екеуміз мәре-сәре болып, қара шалды ортаға
алдық.
– Кеше кеңсеге барып қалып едім, бастықтың кабинетін
де ана Шартайдың жаман баласы, кім еді, әлгі?..
– Алтынбек, – дедім күліп.
– Иә, Алтынбек отыр екен, сол айтты жағдайларыңды, –
деді Бейсекең аяғының құрыс-тырысын жазып. – Сонан
шыдай алмадым. Көк дөненімді ерттеп алып жолға шық
қалы жатыр едім, табан астында мына Құралдың кездесе
кеткені... Қалай, өздеріңнің жағдайларың жақсы ма?
– Жаман емес...
– Мен кетейін, – деді Құрал.
– Әй, қарағым, түсіп шай-пай ішпейсің бе?
– Жоқ, ақсақал, бүгін Сарышағылға жетіп қонуым ке
рек, асығыспын. Сонан соң ол маған қарап: – Пошталарың
ды алыңдар, – деді.
Бейсекең мен Халима үйге кіріп кетті де, мен машина
ның жанында қалдым. Құрал қораптан бір бума газет-
журнал мен бір көкшіл конвертті... Иә, мен көптен күтіп
жүрген хатты ұсынды. Адресіне бір қарағаннан-ақ оның
К Ө К Ж И Е К
Мұхтардан екенін біле қойдым. Жүрегім лүпілдеп, қолым
дірілдеді.
Құралдың машинасы гүр етіп орнынан қозғалғанда ба
рып, сілейіп тұрғанымды білдім. Жалма-жан есіктің алды
на келіп, газеттерді тастай салдым да, қора жаққа барып
конвертті аштым. Ішінен оқушы дәптерінің бір парағына
жазылған хат та шыға келді. Асығыс оқи жөнелдім.
«Әбен, хатыңды алып қуанып қалдым, – деп жазыпты
Мұхтар. – Жағдай осылай болды. Практикадан келсем,
үйден хат келіп жатыр екен. Жолдасым әкемнің қайта-
қайта ауыра беретінін жазыпты. Ескі жарасы болар деп,
елең етпегенмін. Артынша «Әкең хал үстінде жатыр» деген
жеделхат та алдым. Үйге келсем, әкемді жерлеп қойыпты.
Сөйтіп қамқор болып жүрген әкеден де ажырадық. Ендігі
ауыртпалық өзіме түскен сияқты. Апам кәрі, әйелім
аурушаң. Оның үстіне үйелмелі-сүйелмелі екі баламыз бар.
Солардың жағдайларын ойлап, сырттайға ауыстым»...
Одан ары хатты оқи алмадым. Қаным басыма шапшып:
«Бәсе, біліп едім, сенің сондай екеніңді, оңбаған», – деп
өзімнен-өзім күбірлей бердім. Енді бір сәтте ойыма оның
баяғы жайлауда Халимаға айтқан сөздері түсіп, тісімді
шықырлаттым. Көкшіл конверт пен ақ парақты бейне
Мұхтардың кеңірдегін сығымдағандай, умаждап-умаждап
жырттым да, лақтырып тастадым.
Үйге кірсем Бейсекең төрге төселген екі қабат көрпенің
үстінде жамбастай жатып, шай ішіп отыр екен.
– Қатты жүдеп кетіпсіңдер ғой, – деді Бейсекең маған
мүсіркей қарап. – Биылғы қыс шаруаға жайсыз тиіп тұр.
Мешін жылы ғой, мешін жылы үнемі өстеді. Баяғы жыл
дары болса ғой, нағыз жұтың жетіп келер еді. Ал қазір
басқаша емес пе?.. Айналайын, үкіметтің арқасында ғой
осының бәрі...
14-151
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Бейсекеңнің әңгімесін құлықсыз тыңдап, кеседегі ша
йымды сораптай бердім. Көңілім алақұйын. Ойымнан
хат кетер емес. «Апам кәрі, әйелім аурушаң. Оның үстіне
үйелмелі-сүйелмелі екі баламыз бар...»
Халимаға қараймын. Ол алаңсыз. Бейсекеңнің әңгімесін
ұйып тыңдайды. Тіпті ара-арасында жымиып, күліп те
қояды. Мендегі хатты білмейді ғой. Мейлі, білмей-ақ
қойсын...
– Көкемнің жағдайын неге сұрамайсың? – деді бір кез
де ол маған бұрылып. – Ауруханада дейді, енді төрт-бес
күннен кейін шығып қалатын көрінеді.
– Е, айтпақшы Әзекеңнің...
– Аурухана дегеннен шығады, – Бейсекең мені бөліп кет
ті. – Алжыған басым бірін айтып, біріне кетіппін-ау, мен
осында жүрердің алдында Баян да сол аудандағы Әзіретәлі
жатқан бәлніске түсіпті. Бірақ босанған-босанбағанын біл
медім. Жауһарат соған қарап жатса керек, сірә...
– Онда үшеуі де бір жерде екен ғой, – дедім мен.
– Иә, біріне-бірінің себі тиер дегендей, жақсы болды. –
Бейсекең кесесін төңкерді.
Халима бұл сөзді естімегендей үн қатпастан орнынан
тұрып кетті. Ошақ жақта күйбеңдеп жүрді де, сыпыраны
алып, қамыр илеуге кірісті. Байқаймын, қимылы кешегі
ден де ауыр. Халиманың бұл халін Бейсекең де сезген
сияқты. Бірақ әр нәрсені бір әңгімелеп, байқамағансып
отыр.
Кеш келген тамақты тәбетсіз іштік. Көзіме ұйқы тығыла
береді. Сөйтіп отырып Халиманы аяймын. Ол да қай бір
жетісіп жүр дейсің.
– Қой, демалайық, бізге төсек салып бер, – деді Бейсекең
дастарқан жиналысымен.
Басым жастыққа тиісімен ұйықтап кетіппін. Біреу
иығымнан түртіп оятты. Бейсекең екен.
К Ө К Ж И Е К
– Әбенжан, тұршы, – деп сыбырлады ол. – Халима тысқа
шығып кетіп еді. Біраз болды...
Ұйқым шайдай ашылды. Апыл-ғұпыл киініп, сыртқа
жүгірдім.
Түннің қай мезгілі екенін білу қиын. Аяз шымыр.
Есіктің алдында жан жоқ. Жүгіріп қора жаққа бардым.
Кенет арғы бұрыштан бірдеңе қараң ете қалғандай болды.
Сол ғой, соның дәл өзі.
– Халима!
Дыбыс бермеді. Қораның бұрышына жақынырақ
келдім.
– Халима-а! – Дауысым бұл жолы қатты шықты.
– Не? Не боп қалды? – деді ол жаймен ғана. – Бүкіл
шұратты басыңа көтеріп.
– Неғып тұрсың?
– Жай, жүрегім көтеріліп...
– Үйге жүрсеңші, тоңып қалдың ғой.
– Қазір, сен бара бер.
– Жоқ кетпеймін, сені күтем!
Жүрегінің көтерілгені басылды ма, әлде менің кетпесіме
көзі жетті ме, Халима алдыма түсіп жүре берді. Бірақ дәл
табалдырыққа жете берген кезде. «Ойбай, і...іш..ім» деп
отыра кетті. Қолтығынан демей беріп едім:
– Жақындама! – деп айқай салды. Даусы өте ащы
шықты. Арғы жақтан Бейсекең шыға келді.
– Халима қарағым, үйге кіре ғой, – деді Бейсекең түлкі
тымағын басынан жұлып алып.
Халима төрт тағандап барып әзер тұрды да, екі қолымен
ішін басқан күйі үйге кіріп кетті.
– О, алла, өзің жар бола гөр! – Бейсекең тымағын қайта
киді. Сөйтті де маған қарап:
– Сен тұрма, Сарышағылға тарт, дәрігерге хабар бер,
жол-жөнекей Майлыбайдың үйіне соғып, кемпіріне айта
кет, тез жетсін! – деді.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Жүгіре басып қораға келдім де, Әзіретәлінің жирен
айғырына ер салдым.
* * *
Аяз бет қариды. Алғаш ет қызумен байқамаған екенмін,
Майлыбайдың қыстағына жеткенше аяқ-қолым тоңып,
икемге келмей қалды. Жирен айғырдың денесі бусанып, екі
танауының астына қырау тұрды, қайта-қайта пысқырына
береді.
Иттерді шәуілдетіп, есіктің алдына келе бергенімде іште
шам жанып, артынша сыртқа Майлекеңнің өзі шыға келді.
– Бұл қайсың, әй? – Ол фонар шамын жоғары көтерді.
– Сәлеметсіз бе, ата, менмін, Әбенмін ғой.
– Әбен? Амансың ба, айналайын, аттан түс.
– Асығыспын, ата, Сарышағылға бара жатыр едім...
Майлекең сөзімді бөліп кетті:
– Тыныштық па, айналайын? Әй, бұл ит тірлікті қой
саңшы, дауыс жетерлік жерде тұрсақ та, бір-біріміздің
жағдайымызды біле алмаймыз. Әзіретәлінің бәлніске түсіп
қалғанын кеше естідік. Сонан...
– Ата, – дедім шыдай алмай. – Халима қиналып жатыр,
дәрігерге бара жатыр едім. Соған дейін апай үйге барып
бас-көз бола тұрса...
– Не дейді? – Қарттың даусы қатқыл шықты. – Ойбай,
онда тұрма! Мен, мен қазір кемпірді шанамен жеткізіп са
ламын.
Менің де күткенім сол еді. Аттың басын Сарышағылға
бұрдым. Төтелеп шауып келемін. Күннің зәрі сынайын деді
ме, әлде қызылдың іші ықтасындау ма, Сарышағылдың
жалына шыға бойым ептеп жылына бастады.
Штабқа былтыр көктемде Халима екеуміз жаяу кел
ген төбелерді қиып түстім. Жұрт шырт ұйқыда жатқан
көрінеді. Тым-тырыс. Ең ақыры иттерге дейін дыбыс бер
К Ө К Ж И Е К
меді. Штаб бастығы Жарболдың үйіне келіп, терезесін
қақтым.
Аздан кейін іштен:
– Бұл кім? – деген дауыс естілді.
– Жусандыданмын, дәрігерге келдім, – дедім.
– Қазір.
Аттан түсіп, бойымды жазғанымша Жарбол да сыртқа
шығып қалды.
– Халима ма?.. – деді ол амандықтан соң.
– Иә, – дедім таңданып. «Бұл кісі қайдан білген?..»
– Жүр, Зинаны оятайық. – Жарбол келесі үйге қарай
жол бастады.
– Медпунктпен қатар тұрған үлкен ақ үйдің есігін
қағып, дәрігерді тұрғыздық. Зина киініп, қажетті дәрі-
дәрмектерін жинағанша, Жарбол екеуміз оның атын ерт
теп, жолға әзірлеп те қойдық.
– Шай ішіп аттаныңдар, – деді Жарбол.
Мен үзілді-кесілді бас тарттым. Зина да қарсы болды.
Таңмен таласа екеуміз Жусандыға қарай тарсылдата шаба
жөнелдік.
Жусандының ойына түсе бере, үй жақтағы үлкен төбе
нің үстінде тұрған кісінің төменге қарай бет алғанын бай
қап қалдым. Бізді тосып жүрген Бейсекең екенін сезіп,
атқа қамшы бастым. Зина да шоқыта жөнелді.
Бейсекең бізді есіктің алдында күтіп алды.
– Қатты қиналып жатқан көрінеді, – деді ол Зинаны
аттан демеп түсіріп жатып. – Жанында Бикен бар. Байқа,
қарағым. Ендігі үміт тек өзіңде ғана.
Зина қол чемоданын алып, үйге кіріп кетті. Біз сыртта
қалдық. Бұл кезде күн ұясынан көтеріліп қалған еді.
– Күннің шеті тағы да қызарып шықты ғой, аяз болады-
ау, сірә, – деді Бейсекең көкжиекке көз салып.
Үн-түнсіз қораға бет алдым.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Арада бірсыпыра уақыт өтті. Үйге кіруге батылымыз
жетпеді. Бейсекеңнің екі көзі шүңірейіп, реңі сұрланып
кетіпті. Әлсін-әлсін мұрнын уқалай береді. Әйтсе де
тоңғанын сездіргісі келмейді.
– Шай ішуге қалайсыз? – дедім.
Бейсекең «Оны бізге кім беріп жатыр?» дегендей
сығырая бір қарады да қойды.
Одан ары Бейсекеңнің жауабын күткен жоқпын. Тоным
ды шешіп тастадым да, сонау күзден бері есіктің алдында
тігулі тұрған киіз үйге кіріп, ішін ретке келтіре бастадым.
Мұнда біз көбінесе азық-түлік пен жем сақтайтынбыз.
Солардың бәрін жинастырып, бір бұрышқа үйдім де, үстін
алашамен жауып тастадым. Үйдің ішін мұнтаздай қылып
сыпырып, төрге киіз төседім. Сөйттім де сырттан бір құшақ
отын әкеліп, дәл ортаға от жағуға кірістім. Сонда ғана ба
рып Бейсекең менің ойымды түсініп, кішкене көздері
күлімдеп шыға келді.
– О, ақылыңнан айналайын, – деп алдымен мені бір
мақтап алды да, – уа, заман-ай, бәрін ұмытып кетеміз-ау, –
деді өзінен-өзі күйініп. – Осындай үйде туып, осындай үйде
өскен мені қай албасты басты десеңші? Түні бойы бүрсеңдеп
далада жүргенімше, осы киіз үйге кіріп, от жағып отыр
самшы!..
Сыртта Бикен апай жүр екен. Бірдеңе айтар ма екен деп
бетіне қарадым.
– Доқтыр қыз көріп шықты, – деді апай. – Қайдам, бала
сы құрысын, өзінің жаны қалса екен байғұстың...
Жүрегім тас төбеме шықты. Тынысым тарылып бара
жатқандай. Есінен ауысқан адамша қалшидым да қалдым.
– Киіз үйге от жаққансыңдар ма? – деді апай жеңімнен
тартып. – Дұрыс болған екен. Шалды өлтіріп алмайық.
Мен үйден ыдыс-аяқ алып шығайын, ыстық шай бер.
– Иә, иә, – деп ілбіп үйге қарай бет алдым.
К Ө К Ж И Е К
Бейсекеңе кесені енді ғана ұсына бергенімде, ішке Би
кен апай мен Зина апай кіріп келді.
– Әбен, сенің Сарышағылға тағы да баруыңа тура келіп
тұр, – деді Зина бірден. – Халиманың халы нашар, бала
теріс біткен бе деп қорқамын. Жарболға айт, облысқа звон
дап, вертолет шақырсын.
Атып сыртқа шықтым. Қойға мінетін көмпіс қараға
отырып, Сарышағылға тура тарттым.
Әбүйір болғанда Жарбол облыспен сөйлесіп жатыр екен.
Мені көріп ол алғаш шошып кетті.
– Алло, алло, қазір бір минутке, – деп басындағы
қабылдағышты сыпырып алды. – Тыныштық па?..
– Халиманың халы нашарлап кетті, Зина вертолет
шақырсын деді, – дедім аптығып.
Жарбол қабылдағышты қайта киді.
– Заря! Заря! Мен – Земля! Мен – Земля! Прием...
Арғы жақтан әуе толқыны шуылының арасынан
қырылдаған дауыс естілді.
– Бір шопанның кел.. то есть, қызы қатты ауырып
қалды, вертолет керек, прием, – деді Жарбол.
Қырылдаған дауыс тағы шықты.
– Иә, иә... жоқ, толғақ, босана алмай жатыр...
Ары-бері айтысып жатыр, Жарбол өз ойын әрең дегенде
жеткізді. Қара терге түсіпті. Маңдайын сүртіп рациясын
өшірді де:
– Байланыс аяқталды, заявка қабылданды, енді жарты
сағаттан кейін тағы байланысамыз, сонда қайталап айта
мын, – деді.
Мен рақметімді айтып, есікке бұрылдым.
– Әй, тұра тұрсаңшы, – Жарбол да орнынан көтерілді. –
Қалай өзі, былай адам құсап түсіндіріп айтсаңшы?..
– Не түсіндіретіні бар, вертолет керек! – Есікті сарт
еткізіп жауып шығып кеттім.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Жарбол ренжімепті. Артымнан ілесе шықты.
– Одан қам жеме, тез келеді, – деді ол мені атқа
отырғызып жатып. – Тіпті сен үйіңе жеткенше де барып
қалуы мүмкін. Ол ат емес – вертолет.
– Жарайды, рақмет!
Мен атқа қамшы бастым.
* * *
Бірнеше күн бойы ұйқы көрмегенім әрі жөндеп тамақ
ішпегенім қайтар жолда білінді. Сарышағылдың қызылына
ілінісімен көзіме ұйқы тығылып, бірнеше рет аттан ауып
қала жаздадым.
Ойыма Жарболдың: «Сен үйіңе жеткенше вертолеттің
де келіп қалуы мүмкін», – деген сөзі оралды. Сол-ақ екен
ұйқым да ұйтқып шыға келді. Көмпіс қараға қайта қамшы
бастым. Манадан бері омбы қарға белуарынан батып,
малтығып келе жатқан көмпіс қара шабысын түзеген бол
ды. Бірақ көпке бармады. Пысқырынып, алқынып қалды.
Тізгінін тартып, аяңға көштім. Аяңы шабан, желісі жайсыз
аттың көретін күні құрысын. Біраз жүрген соң қайтадан
шаптым. Осылайша біресе аяңдап, біресе шапқылап,
Жусандының жазығына да іліндім-ау.
Бейсекең ауыл сыртында малға шөп шашып жүр екен.
Аттың басын үйге емес, солай қарай бұрдым. Ол да мені
алыстан байқаса керек, айырын тастай салып, бері қарай
жүрді.
– Қалай? – дедім үй жақты иегіммен нұсқап.
– Самолетің қайда? – Ол өзіме қарсы сұрақ қойды.
– Жарбол рациямен хабарлады, орталық жібереміз деді,
келіп қалар, – дедім мен аспанға қарап.
Бейсекең содан кейін ғана барып:
– Бұрынғы қалпы, – деді.
Мен үйге барып, Зинаға хабарымды айтып келдім. Сонан
соң атымның ауыздығын алып, алдына бір айыр шөп таста
К Ө К Ж И Е К дым да, Бейсекеңе көмектесе бастадым. Қолым жұмысқа бармады. Елеңдеп, біресе ауыл жаққа, біресе аспанға қарай беремін. Әзірше екі жақ та тым-тырыс, үйден сыртқа ешкім шыға қоймады, аспаннан тікұшақтың даусы естілмеді. Бір жақсысы күн әдеттегідей бұлыңғыр емес, ашық. Мұндай кезде ұшақтар ұша беретіні сөзсіз. Тек орталықта да осындай күн ашық болғай! Шанадағы шөпті шашып болдық та, Бейсекең екеуміз қыс аяғы ұзап кетсе кейін қайталап малға шашуға боладыау деген мақсатпен бөлек жинап жүрген кәшектің үстіне келіп отырдық. Бейсекең тымағын шешіп, бусанған маң дайын сүртті де, қалтасынан шақшасын алып, насыбай атты. Мен шалқалап қисая кеттім. Аспан мұздай жалты рап жатыр. Титтей де сызат жоқ. Анда-санда күн сәулесіне шағылысып, жылт-жылт еткен мөлдір мұз ба, әлде қар ұшқыны ма көзге шалынып қалады. Кенет гүрілдеген мотордың әлсіз даусын естігендей болдым. Басымды жұлып алып, қайта тыңдадым. Иә, мотордың даусы!.. – Келе жатыр! – Кім? – Бейсекең елеңдеп маған қарады. – Вертолет! – Кәні? – Бейсекең екі қолын көлегейлеп аспанға қара ды. – Даусын естіп тұрмын ата, шын айтамын. – Атыма қа рай жүгірдім. Бейсекең қорбаңдап соңымнан ілесті. Атымның ауыздығын салып, ердің тартпасын тарт қанымша тікұшақтың да қарасы көрініп қалды. Ол маған қиғаштап, Сарышағылға қарай бара жатқандай болып көрінді. – Әбен, анаған белгі бер, айқайла, – деді Бейсекең тағатсызданып. Атыма міне салып, тұра шаптым. Тұмағымды қолыма алып, бұлғап келемін. Тікұшақ тым биікте емес екен. Тіпті ұшқышына дейін анық көрдім. Ол бізге қолын бұлғады.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Мен үй жақты меңзедім. Ұшқыш «түсіндім» дегендей, ба
сын изеді. Мен енді үйге қарай шаптым.
Тікұшақ үйден екі жүз метрдей жердегі ашық алаңға
қонды. Есігі ашылысымен іштен екі еркек пен бір әйел
түсіп, бері қарай жүрді.
– Науқас қайда? – деді әйел бірден. Мен үй жаққа жөн
сілтедім. Бұл кезде іштен Зинаның өзі де шығып қалған
екен.
– Ләтифа Есімхановна, мұнда бері жүріңіздер, – деп
айқайлады ол.
Халиманы зембілдің үстінен көрдім. Бүк түсіп жа
тыр екен. Өңі оңған шүберектей боп-боз. Астыңғы ернін
жымқыра тістеп, екі көзін тарс жұмып алыпты. Жүгіріп
барып зембілдің бір жағынан ұстай беріп едім, ана жігіттер
«қажеті жоқ» дегендей бастарын шайқады. Сонда да
қатарласа беріп:
– Халима, Халимаш!.. – деп сыбыр ете қалдым.
Ол көзін бірден ашып алды. Мені көріп басып изеп, езу
тартқандай болды. Сөйтті де қайтадан көзін жұма қойды.
Мен тікұшақ көкжиекке сіңіп, көрінбей кеткенше ор
нымнан тапжылған жоқпын.
* * *
Жаңалықты екінші күні-ақ естідік: Әзіретәлінің ша
ңырағына екі азамат қосылыпты. Баян да, Халима да аман-
есен босаныпты. Сол күні кешке Бейсекең екеуміз дастарқан
басында ұзақ отырдық. Екеуміздің де қуанышымыз ерек
ше еді. Күрең шайды сораптап отырып, Бейсекең түннің
бір уағына дейін әңгіме айтты.
Арада төрт-бес күн өткен соң орталықтан Жауһарат
пен Зайнап апай келді. Бейсекең оларды кезек-кезек құт
тықтап, мәре-сәре болып қалды. Үйдің іші қайта сәніне
кіре бастады.
К Ө К Ж И Е К
Бейсекең қайтпақшы болып еді, Жауһарат жібермей
қалды.
– Ата, бір аптадай бола тұрыңыз, оған дейін Әзіретәлілер
де келіп қалар, кішкентайлардың шілдеханасын өткізіп
кетіңіз, – деді.
Бейсекең Жауһараттың өтінішін жерге тастаған жоқ.
Ерлі-зайыптыларды Жусандыға бастықтың машина
сы жеткізіп салды. Әзіретәлі қатты жүдепті, мұрны сал
бырап, жақ сүйектері шығып кетіпті. Бұрыннан да көп
сөйлемейтін ол томаға-тұйық тартып, тұнжырай түскен.
Баян керісінше бұрынғыдан да толыға бастаған. Беті
бал-бұл жанып, әдеміленіп кетіпті. Кішкентай Қанатын
(Әзіретәлі тұңғышының атын осылай деп қойыпты) айна
лып-толғанып, өзімен-өзі болады да жатады.
Адамның өмірге келуі әрқашан да той емес пе? Сондай-
ақ, келесі күні-ақ Жауһарат шілдеханаға даярлана баста
ды. Әзіретәлі Сарышағылға барып, оны-мұны сатып әкелді.
Кешке қарай үйге Майлекеңдер де келді. Сөйтіп шағын той
өткіздік.
Дастарқан жиналар кезде Майлекең Бейсекеңе қарап:
– Бірдеңе демейсіз бе? – деді.
Бейсекең көзін жұмып біраз ойланып қалды. Сонан соң:
– Қарағым, Әзіретәлі, – деді даусын қырнап. – Кіш
кентайыңның бауы берік болсын, денсаулығы мықты бол
сын. Өзің сияқты ер-азамат болып өссін! – Бейсекең тағы
бір жөткірініп алды. – Мұндай тілекті ана Халиманың
кішкентайына да тілеймін. Біле білсең, ол да өз бауырың,
өз қуанышың... Бұдан былай қуаныштарың қуанышқа,
тойларың тойға ұласа берсін! – деп сақалын сипады.
Үй іші бір сәтке тым-тырыс бола қалды. Әркім өз ойы
мен отырған сияқты. Бірінші болып Әзіретәлі қозғалды. Ол
басын дастарқаннан көтермеген күйі қырлы стақанға тол
тырып арақ құйып алды да аузына бір-ақ лақ еткізді.
– Айтқаныңыз келсін, ата! – деді Жауһарат.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Аумин! – деді Майлекең.
– Атын кім қойдыңдар ол неменің? – деді Бейсекең.
– Қазақбай.
– И, и, айналайын-ай, ә, жақсы ат екен!..
Мен үлкен кісілердің сөзіне араласқым келмей, орным
нан тұрып, сыртқа шығып кеттім.
Бәрін бастықтың шоферінен естігенмін. Халиманың ба
ласын ішін жарып алыпты. Қазір ол облыстық перзентха
нада жатқан көрінеді.
Әзіретәлі әйелі мен қарындасының босанғанын ауру
ханада жатып естіпті. Қандасы Қара жеткізіпті. Айтушы
лардың сөзіне қарағанда, Әзіретәлі ләм-мим деместен
теріс қарап жатып алыпты. Тек Қара есіктен шығып бара
жатқан кезде: «Менің баламның атын – Қанат, ал екіншісін
Қазақбай қойыңдар», – депті.
Бастықтың шофері бұған қоса Халиманың жақын ара
да ауруханадан шығатынын, сонан соң баласы қатайғанша
Қараның үйінде болып, кейін Кавказдағы туыстарына
кететін көрінеді деген хабарды да жеткізген еді.
Үйдегі үлкендердің әңгімесіне араласқым келмегені де
осы себеп болған. Бар оқиғаны білемін, несіне отыра бе
рем деп ойлағам. Бір жағынан, қарттардың оңаша қалып
ақылдасқаны да жөн ғой.
* * *
Қыс аяғы созылып барады. Қорадағы жемшөптің тағы
да түбі көрініп қалды. Әзіретәлі екеуміз малды бір мезгіл
қызылға да шығарып жүрміз. Қойлар көзіне көрініп
тұрған жүзгендер мен қамыстардың басын шалғаны бол
маса, қардың астында жатқан шөпті аршып жей алмай
ды. Соңғы кездері қорадағы азын-аулақ пішенге бұрыннан
жинап жүрген кәшекті де араластырып шашатын болдық.
Бірақ одан да ұтқанымыз аз. Мал аралас шөптің пішенін
теріп жейді де, кәшегіне кәшек қосып кетеді.
К Ө К Ж И Е К
Бірде кешкілік Әзіретәлі:
– Сәлембай, осы сен орталыққа барып келсең қайтеді? –
деді. – Бастыққа айт, жемшөп жеткізсін.
– Мақұл, – деп келісе кеттім. Себебі өзім де ауылды
сағынып жүр едім.
– Онда ертең таңертең жүріп кет.
– Сөйтсем сөйтейін.
Түнде шала ұйықтадым. Басым жастыққа тиісімен сан
алуан ойдың шырмауына түсіп, оның бірсыпырасы түсіме
ұласып жатты.
Қараның үйіне барыппын. Халима күліп, алдымнан
шығады. Көңілді. Қазақбайын көрсетеді. Ол да күлімсіреп,
қолын созады. Сүп-сүйкімді. Өзін бір жерден көрген
сияқтымын. Түрі таныс. Қайдан көріп едім? Ту, есіме
түспегенін қарашы!.. Дәл осы мезетте Халима: «Әбен, айт
шы, балам кімге тартқан?», – дейді. «Саған», – деймін мен.
«Рас па?» – дейді ол. Кенет үйден бір жігіт шыға келді.
Оны да бір жерден көрген сияқтымын. Түрі таныс. Бірақ
есіме түсіре алмаймын. Халима айтады: «Ұмытып кетіппін
ғой, Мұхтар келген, ертең жүргелі отырмыз». «Қайда?» –
деймін мен. «Алматыға, енді біз сол жақта тұратын бола
мыз», – дейді ол. Сөйтеді де өзі қарқылдап күледі. Қазақбай
да күледі. Бәрі күледі. Мен де күлемін...
Ояна келсем, түсім екен. Күліп ояндым. Түсіңде
күлгенің де адамның көңіл күйін сергіте ме деймін. Шала
ұйықтасам да, тыңайып тұрдым.
Шайымды шала-пұла іштім де жолға шықтым.
Қызылқұмның ең шеті – «Жиектен» асып түскенімде,
қыстың қысқа күні ұясына шым батып кеткен еді. Алдым
нан самсаған жарық көрінді. Бұл – біздің ұжымшар, менің
туған ауылым. Көңілім алып-ұшып, атыма қамшы бастым.
Үйге көше емес, аула жақтан кірдім. Ат тұяғының
дүбірін естіп, апам далаға шықты.
– Бұл қайсың?
– Қонақпыз, – дедім мен даусымды жуандатыңқырап.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Не дейді? Әбенбісің? Уа, айналайын, алтын қозым! –
Апам екі қолын алға соза берді.
Мен де сүріне-қабына жүгіріп келіп, апамның жылы
құшағына сүңгіп кеттім.
Үйге кірдік. Үй ішінде титтей де өзгеріс болмапты. Был
тыр да, бұрнағы жылы да, тіпті есімді білгелі осындай:
кіреберіс есіктің артына ағаштан жасалған киімілгіш, одан
әрі ыдыс аяқ салатын шкаф қойылған. Төрде – көнетоз
кілем, оң жақтағы үлкен әбдіренің үстіне мен әрбір тігісіне
дейін жатқа білетін он шақты көрпе мен төрт-бес жастық
текшеленіп жиналған. Бәрі, бәрі көзіме оттай басыл
ды. Тіпті ана столдағы кітабымның беті де ашық күйінде
қалғандай.
– Апа, үйдің іші түк өзгермепті ғой, – дедім күліп.
– Несін айтасың, құлыным?
– Үйдің ішіндегі заттарды айтамын да, бәрі бұрынғы сол
қалпында тұр, өзгермеген.
– Е, не бопты оларға өзгеріп? – Апам маған таңдана
қарады. – Ана ағаң келсін оқуын бітіріп, үйленсін, мал тап
сын, сонан соң жаңарады дүние дегенің.
– Ал маған осы тұрысы ұнайды.
Апам қайтадан айналып-толғануға көшті. Айналып-
толғанып жүріп шай қойды, айналып-толғанып жүріп
ауыл жаңалықтарын айта бастады.
Бірінші ұққаным: ағайым жазға салым апамның қолын
жылы суға малмақ, яғни үйге келін түсірмек. Екінші
ұққаным: Халима Кавказдағы туыстарына кетіп қалыпты.
Алтынбек шығарып салса керек. Бұдан кейін де апам
бірдеңкелерді айтып жатты. Бірақ оның бірде-бірін ұққан
жоқпын. Меңіреу адамдай мелшиіп отырдым да қалдым.
Апам иығымнан түртіп, қолыма тілдей қағаз ұстатқанда
ғана барып, өзіме-өзім келдім.
– Бұл не, апа?
– Манадан бері мен не айттым саған, өзің ұйықтап отыр
ғаннан саумысың? – деді апам.
К Ө К Ж И Е К
Қағаздың бүктелген жерін ашып қалғаннан «Повестка»
деген ірі жазуға көзім түсті.
– Оһо, шақыру қағазы екен ғой! – дауыстап жібердім. –
Бүрсігүні кел депті. Апа-ау, мұны келе салысымен бер
медіңіз бе маған?
– Қарағым-ау, манадан бері айтып жатқаным осының
жыры емес пе? – деді апам. – Айттым ғой, сен ұйықтап
отырсың деп, шаршағандікі ғой...
– Жоқ, жоқ, апа, мен шаршаған жоқпын, айта беріңіз
әңгімеңізді.
– Айттым ғой айтарымды, жолық сол Айтқұлға, алып
қалам деді.
– Қайдан? Неден? – дедім мен түсінбей.
– Армиядан.
– Армиядан? Неге? Ол мені неге алып қалмақшы?
– Қарағым-ау, айттым ғой жаңа, қойшыларды алмай
тын заң бар дей ме... тимейтін көрінеді.. Әлгі Айтқұл біледі
бәрін...
Одан әрі күлкіден шыдай алмадым. Ішімді басып жата
кеттім. Алғаш апам маған бірдеңе болып қалды ма деп
қорқып кетсе керек, жүгіріп келіп басымды көтерді. Ар
тынша сықылықтап күліп жатқанымды көріп, состиып
тұрып қалды.
– Апа-ау, сонда қалай, менің азамат болмағаным ба?
– Тек ары, кім сені азамат емес деп отырған?
– Онда менің де әскерге баруым керек қой. Ол – біздің
азаматтық борышымыз, – дедім орнымнан көтеріліп.
Апам состиған қалпы тұрып қалды.
Сыртқа шығып, атымның ерін алдым. Сонан соң
бастырманың астына әкеліп байладым да, апамның ұсақ
малға сақтап жүрген пішенінен үш құшақтай шөп әкеліп,
алдына салдым.
Шайды апыл-ғұпыл іштім де киіне бастадым.
– Қайда жиналдың? – деді апам жақтырмай.
– Аздап көшеде жүріп қайтайын.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Жолдан келдің, демалмайсың ба? – апам біраз кейіп
алды. – Жарайды, тек көп кешікпе, мен сен келгенше
тамақ асып қоямын, – деді.
Бастырмаға кіріп атымды тағы бір байқап шықтым да,
көшенің бас жағында тұратын Алтынбектердің үйіне қарай
бет алдым.
Есікті Алтынбектің әкесі Шартай ақсақал ашты. Сек
сеннен асып кеткен кісі. Менің әкеммен түйдей құрдас
екен. Сонысын малданып, үнемі «балам» дейді. Қазір де
мені көріп.
– Иә, балам аман-есенбің бе? Қашан келдің? – деп дәу
дірлеп қалды.
– Сәлеметсіз бе, ата? Жаңа ғана келдім, сонан өзіңізге
сәлем берейін деп шығып едім.
– О, айналайын! – Шал бетімнен сүйді.
Дабыр-дүбірді естіп, ішкі бөлмеден Алтынбек те шыға
келді.
– Уа, мырза, өзің де келіп қалғансың ба? – деді ол екі
қолын алға созып. – Мен сендерге ертең жүргелі отыр едім.
Екі шанамен шөп жеткізетін болдық, білесің бе, екі шана
мен. Ол – жарты мая деген сөз.
– Онда мен орталыққа текке келген екенмін ғой.
– Неге, апаңды қуантқанның өзі бір ғанибет емес пе?
Екеуміз ішкі бөлмеге кіріп, біраз әңгімелестік. Бірақ
ешқайсысымыз да Халима туралы бірінші болып сөз бас
таған жоқпыз, екеуміз де бір-бірімізден күтетін сияқтымыз.
– Мен қайтайын, шаршап келдім. Оның үстіне ертең
сен де жолға шыққалы отыр екенсің, жатып демал, – дедім
кішкенеден соң.
– Отыра тұрсаң еді, түн ұзақ қой...
– Жоқ кетемін, кейін тағы кездесерміз.
– Халима кетіп қалды, естіген боларсың. – Алтынбек ор
нынан тұрды.
– Иә, естігем, сен шығарып салыпсың ғой.
К Ө К Ж И Е К
Алтынбек басын изеді де:
– Саған көп-көп сәлем айтты, – деді.
Алтынбек тағы да бірдеңе дер ме екен дегендей үмітпен,
аузына қарап біраз тұрдым. Бірақ ол қайтып үндемеді. Тез-
тез басып, шығып кеттім.
* * *
Ертеңгілік кеңсеге келдім. Қасым ағай орнынан тұрып,
құрметтеп қарсы алды. Аман-есендіктен соң жұмыс жағ
дайын баяндап шықтым. Төраға көп мәселені қолма-қол
шешіп берді. Бір байқағаным, Қасекең мені бұрынғы ауыл
да жүрген кезімдегідей баласынбай, терезесі тең еңбек ада
мы – шопанды қабылдағандай шешіле сөйледі.
– Жаңалықты естіп жатқан шығарсың, – деді бастық
қоштасар кезде. – Келесі жылдан бастап қой өсіруді өндіріс
тік жолға қоятын болдық. «Жиектен» ірі кешен салып жа
тырмыз...
Бұл хабардың шет жағасын ана жолы Айтқұлдан есті
ген едім. Демек, рас болып шыққаны ғой. Қасекең екі сөй
лемейді. Нағыз шаруаның адамы емес пе? Айтты, болды,
орындайды.
Кеңседен мерейім өсіп, марқайып шықтым.
Алтынбектер жемшөп тиейтін базға келсем, шөп
шілер екі шананы да жартылай толтырып, демалып
отыр екен.
– Келгенің жақсы болды, – деді Алтынбек. – Асығыспыз.
Көмектесіп жібер. Оның үстіне «Өзім дегенде өгіздей қара
күшіңді» көрсететін жерің бұл.
Маяның үстіне шықтым. Құлқайыр мен жусанның,
күйреуік пен шағырдың, ермене мен ебелектің, шырмауық
пен құрақтың қышқылтым иісі мұрынды қытықтайды.
Бірақ оларды мына көкпеңбек те мап-майда сәмек шөптің
арасынан ажырату қиын. Тек иісінен ғана білуге болады.
15-151
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Жігіттер маяның жігін дәл тауып бұзыпты. Айырды ба
тырып қалсаң, шөп қат-қатымен шыға келеді. Шананың
үстіне түскенін жаймалап, басып тұрған екі жігітке кезек-
кезек шөп әпердім. Әп-сәтте денем бусанып шыға келді.
– Жетеді, – деді бір кезде Алтынбек қолын жоғары
көтеріп, – трактор сүйреуін сүйрейді-ау, бірақ шана шыдас
бермес, жолда сынып қалса, қызықтың көкесі сонда болады.
Екінші шананы да лезде толтырдық. Сөйтіп, айналасы
бір сағаттың ішінде барлық шаруаны тындырдық. Трак
торлар шаналарын сүйреп баздан шықты. Алыстан қараған
кісіге екі тау жылжып келе жатқандай көрінеді екен. Мен
шөптің мөлшерін шамалап, іштей қуандым. Көктемге де
йін мол жетеді.
Баздан ұзаңқырап барып, екі трактор да кілт тоқтады.
Алдыңғы кабинадан Алтынбек секіріп түсті де, маған қа
рай жүрді.
– Біз үйге соқпаймыз, тіке тартамыз, – деді сағатына
қарап. – Бүгін қалай да болса Жусандыға жетіп қонуымыз
керек. Ал өзің қашан қайтпақшысың?
– Әлі бір-екі күн болатын шығармын, – дедім мен. –
Әскери комиссариат шақырыпты, ертең соған барамын...
– Әзір ала қоймайтын шығар?
– Кім білсін?
– Жарайды, біз жүрдік. – Алтынбек маған домбалдай
қолын ұсынды.
– Жолдарың болсын!
Үйге көңілді оралдым.
* * *
Аудандық әскери комиссариат орналасқан екі қабат
қызыл үйдің алды абыр-сабыр. Кілең жас жігіттер. Ішке
бірі кіріп, бірі шығып жатыр.
К Ө К Ж И Е К
Бізді алдымен дәрігерлік комиссиядан өткізді. Қара
маған, тексермеген жері жоқ. Бәрінен «жарамды» деген
белгімен шықтым. Ең соңғы бөлмеге кірдім. Төр жақтағы
столдың басында шашы бурыл тартып қалған әскери комис
сар бастаған бір топ адам отыр екен. Араларында офицерлер
де бар. Ол менің құжаттарымды кезек-кезек қарап шықты.
– Денсаулығың жақсы, әскери қызметке жарамдысың, –
деді комиссар маған тіктеп қарап. – Өзіңнің қайда барғың
келеді?
– Маған бәрібір, жолдас комиссар.
Арғы шетте отырған көк киімді екі офицер өзара бас
изесіп алды да, жасы егделеуі:
– Әскери әуе десантына барғың келе ме? – деді.
– Онда не істейді? Ұшақпен ұша ма?
– Ұшақпен де ұшады, парашютпен де секіреді.
– Жіберсеңіздер барар едім, – дедім.
Жаңағы екі офицер тағы да өзара ақылдасып алды да,
комиссарға қарап, бастарын изесті.
– Олай болса, Ахметов, сен келешекте әскери әуе де
сантында қызмет ететін боласың, құттықтаймын, – деді
комиссар орнынан тұрып.
– Рақмет. Рұқсат болса бір сұрағым бар, жолдас комис
сар.
– Рұқсат. Айт.
– Мен алыстағы мал... Жоқ-жоқ... – Ойыма апамның
ана күнгі «қойшыларды алмайтын көрінеді» деген сөзі
түсе кетіп, маңдайымнан тер бұрқ ете қалды. – Орталықтан
қашықтау жерде істейтін едім. Құпия болмаса айтсаңыз
екен, қай кезде шақырасыздар, – дедім.
– Оның ешқандай құпиясы жоқ, – деді комиссар. –
Көктемге салым шақыртамыз. Ал қазір ешбір алаңсыз
қойыңды баға бер.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
«Қап, қатырды-ау, мына бурыл бас. Қарашы, өзі бәрін
біліп отыр...»
Келесі күні ерте тұрып, құмға аттанып кеттім.
* * *
Ақпанның орта тұсы. Күннің зәрі сынып қалған, бұрын
ғыдай бетті қарып, мұрынды шымшылайтын аязы жоқ.
Түстен кейін бұғаттарға мұз сүңгілері пайда болатынды
шығарды.
Ана жолғы Алтынбектер алып келген екі шана шөптің
әлі біразы бар. Оны барынша үнемдеп пайдаланудамыз.
Малды жайып бағамыз. Қызылқұмның күнгей беттеріндегі
қардың өкпесі тесіліп, жалаңаштанып келеді. Ауа райы
осы қалпымен тұра беретін болса, малдың ашықпайтыны
белгілі.
Әдеттегі бұлыңғыр күннің бірі болатын. Қойды жайылу
ға еркін жіберіп, соңынан еріп келемін. Бір кезде айналам
табан астында қарауытып шыға келді. Аспанға көз салсам,
ақ түтек, бұлт па, тұман ба, белгісіз. Күн көзі көрінбейді.
Атымды тебініп, малдың алдына шықтым. Шетке
шыққандарын қайырып, бір жерге топтай бастадым. Дәл
осы кезде жапалақтап қар да жауып берді. Қар болғанда
қандай! Әдеттегі қиыршықтанып түсетін майда қар емес,
әрқайсысы бармақтай ірі қар. Қалбалақтап түсіп жатыр.
Бажайлап қараған адамға ақ мақтаны біреу түйдек-түй
дегімен жұлып алып шашып жатқандай.
Атым оқырынып, төбе жаққа басын бұрды. Мен де
қарадым. Бірақ жапалақтап түсіп жатқан қалың қардан
ештеңе көре алмадым. Атым тағы оқыранды. Сөйткенше
болған жоқ төбе жақтан екінші бір ат кісінеді де, артын
ша Әзіретәлі шыға келді. Жүзі жарқын, күпәйкесі мен
жейдесінің үстіңгі түймесі ағытулы, алқам-салқам.
К Ө К Ж И Е К
– Қорыққан жоқсың ба? – деп аспанды қамшысымен
нұсқады.
– Жоқ, несіне қорқамын.
– Дұрыс, – деді ол. – Бұл – көктем нышаны. Амандық
болса енді көктем де алыс емес.
– Қайдам, мына қарың сіресіп жатып алмаса?
– Пәлі, өзің әлі түсінбепсің ғой. Мұндай қарды «құс қа
натының суылы» дейді халық. Демек, бұл бізге ұшып келе
жатқан жыл құстарынан хабар беріп тұр. Көресің, енді бір-
екі күннен кейін көктем де нышан беріп қалады.
Әзіретәлінің көңілі үшін басымды изей салдым. Қар әлі
жапалақтап жауып тұр. Әзіретәлінің киіміне, тымағына
қонған қар көз алдымда қалыңдап, өсіп келеді, бейне біреу
текшелеп жинап жатқандай.
Аспанға көз салдым. Қыстыгүні жауған қар тым биіктен
көрінбейтін. Ал қазір олардың әрқайсысын көз жетерлік
жерден анық байқауға болады, алғаш титтей ноқат көрінеді
де, жерге жақындаған сайын тұлғалана түседі. Кей сәттерде
ол ұшып келе жатқан ақ көбелектерге де ұқсайды.
Қардың жаууы табан астында басылды. Тіпті мен оның
ең соңғы түйіршіктерінің жерге қалай түскеніне дейін
көрдім.
Жарқ етіп күн шықты. Көзімді қолыммен көлегейлеп
жан-жағыма қарадым. Құм аппақ көбік қарға бөгіп, моп-
момақан күйге түскен.
– Ал, мен кеттім, – Әзіретәлі атының басын ауыл жаққа
бұрды. – Тез барып қораны күреп тастайын, қары еріп ке
тер.
Аппақ қардың үстінде Әзіретәлінің атының ізі қалып
барады. Қолмен сызғандай түп-түзу екен...
Үсті-басымдағы қарды қамшының сабымен қағып
түсірдім де, ұзап кеткен қойдың соңынан ілестім.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
* * *
Әзіретәлінің айтқаны рас болып шықты; соңғы жауған
қар көп жатқан жоқ, келесі күні-ақ оңтүстіктен жылы жел
соқты да, жердің бетін ебіл-себіл етті. Қыс бойы қыбыр
етпей жатқан көлге де жан біте бастады. Мұз жарылып,
қамыстың айналасындағы ойығы кеңейді. Қазір олар
қызыл иегі босаған қарт кісілердің тісі құсап жел тұрса
түбімен қозғалады.
Күннің де арқаны ұзарып, бұрынғыдан жылуы да,
жарығы да арта түскен. Көктем көктен де, жерден де белгі
бере бастады...
Көктем! Менің он тоғызыншы көктемім! Міне, ол да
келіп қалды. Менің қой баққаныма да аттай бір жыл
толыпты-ау. Бір жыл. Бірақ осы бір жылдың өзінде өмір
ден көп тәжірибе үйренген сияқтымын. Жақсылық пен
жамандықты, қуаныш пен қиыншылықты ажырата ала
тындай дәрежеге жеттім. Ең бастысы, еңбек деген қасиетті
атаудың мәнін ұғып, оның ащысын да, тәттісін де та
тып көрдім емес пе? Ризамын бұл жылыма. Уақыт текке
өтпеген сияқты. Әр жылым осындай мәнді де сәнді болса,
бұл ғұмырға неге келдім, неге өмір сүрдім деп өкінбейтінім
сөзсіз.
Күн ұзақ мал соңында жүретін шопанның қиялы
жүйрік. Сондай-ақ мен де бірде өткен оқиғаларды еске
түсіріп, жақсысынан ләззат алып, жаманына жиренсем,
бірде болашаққа қиял жасаймын. Иә, енді бір аптадан
кейін ауылға да кетемін. Сонан соң азаматтық борышымды
өтеуге аттанамын. Ол да бір өмір, ол да бір мектеп қой.
Енді бір сәтте сонау заңғар көкке қарап, болашақта
ұшақтан парашютпен қалай секіретінімді елестетем. Содан
мерейім өсіп, көңілім көтеріліп қалады.
Әйтсе де көңілімде мына құрыс-тырысы жазылмаған
көктемнің күніндей бір алабұрту бар, арман ба, аңсау ма,
оны өзім де білмеймін, әйтеуір бірдеңе жетіспейтін сияқты
К Ө К Ж И Е К
болады да тұрады. Әсіресе, бұл сезім соңғы күндері ерекше
білінетін болды. Әлдекімді алаңдап, іздейтін сияқтымын.
Ол кім? Өзіме де жұмбақ.
...Қыстауға тақап қалғанымда малдың алдынан біреу
шықты. Алғаш мән берген жоқпын. Бірақ жақындаған
сайын оның Әзіретәліге де, Жауһаратқа да ұқсамайтынын
байқадым. Сонда кім болмақ? Зайнап апай мен Баянның
малдың алдынан шықпайтыны белгілі.
Атымды тебініп, алға ұмтылдым. Ол да бері қарай
жүрді. Қолын жоғары көтеріп, белгі бергендей болды. Қо
лындағысы не болды екен? Орамал! Иә, қызыл орамал
ғой!.. Жүрегім өрекпіп, аузыма тығылды. «Япыр-ау, мына
Халима ғой! Дәл өзі. Оның да осындай орамалы бар емес пе
еді?! Иә, бар болатын!..»
Атыма қамшы бастым. Ол да маған қарсы жүгірді. Жете
беріп, кілт тоқтадым. Жаңа ғана аузымнан шығып кетер
дей болып тұрған жүрегім де табан астында су сепкендей ба
сылды. Қарсы алдымда Халима емес, Сайран тұр. Кәдімгі
Сайран, онжылдықты менімен бірге бітірген – «Таңқылдақ
Сайран».
– Сәлемет па, Әбен? – деді ол екі езуі құлағына жетіп.
– Сәлем, – дедім селқос қана.
– Сақманға келдім, – деді Сайран. – Жаңа ғана Айтқұл
ағай жеткізіп салды.
– Жарыған екенбіз сақманға.
Сайран менің бұл сөзімді естімеді ме, әлде әзіл деп
түсінді ме, мән бермеді.
– Сенің отарыңа келетінімді естіп қатты қуандым...
– Менікі емес, Әзіретәлінікі.
– Бәрібір емес пе, екеуіңдікі ғой.
– Бәрібір емес, білмесең босқа сөйлеме! – Манадан та
мағыма кептеліп тұрған ызамды лақ еткізіп құя салдым.
Сайран кірпігін жыпылықтатып, төмен қарады. Қатты
кеткенімді сонда ғана барып аңғардым. «Мен де қызықпын
осы. Бұл байғұстың жазығы не? Жазығы – жалпаңдап
Әділ ДҮЙСЕНБЕК алдымнан жүгіріп шыққаны ма? Әй, менің де оңатын қылығым жоқ-ау...» – Мен бір аптадан кейін кетемін, – деп атымнан түсіп, Сайранның қолтығынан ұстадым. – Әскерге жүремін. Сайран: – Солай ма? – деді де қойды. Бірақ әдеттегідей күлмеді. Әсте, жаңағы сөзді көңіліне ауыр алып қалса керек. Сол қалпы үйге жеткенше екеуміз бір-бірімізге тіл қатысқан жоқпыз. Қойды қоралап, атты жайлап үйге кірсем столдың үстінде бір бума газет-журнал жатыр екен. Сірә, жаңа Айт құл әкеп тастаса керек. Әлі байлауы да шешілмепті. Төрге апарып, ақтара бастадым. Газет-журналдарды рет-ретімен сұрыптап жатқанымда қолыма бір хат іліне кетті. Адресіне қарадым. Қарадым да, қалшидым да қалдым. Жіберілген жері: Ресей, Ставрополь өлкесі, КарачайЧеркес Республикасы, Прикубан ауданы, Николаев селосы. Артынша: – Хат! Халимадан хат келді! – деп айқай салдым. Үйдегі лердің бәрі орындарынан ұшып-ұшып тұрып, жаныма же тіп келді. Хатқа Жауһарат пен Баян қолдарын қатар созды. Мен хатты Жауһаратқа ұсындым. Жауһарат конвертті айналдырып ұзақ қарап шықты да, жайлап аузын ашты. Сөйтті де ішінен шыққан бір парақ қағаздағы жазуды үн-түнсіз оқи бастады. Бәріміз соның ау зын бағудамыз. Ол хатты аяғына дейін ішінен оқып шықты да: – Дұрыс, өте дұрыс істегенсің, – деп күбір ете қалды. Сөйтті де: – Халима қайтып келемін депті, – деді. Біз елеңдеп бір-бірімізге қарадық. Жауһарат жүгіріп барып, манадан бері әрқайсымыздың бетімізге жалтақ-жалтақ қарап отырған Зайнап апайдың құлағына аузын тосты: – Апа, сүйінші, қызың қайтып келемін депті!
К Ө К Ж И Е К
Зайнап апай алға ұмсынып барып, қайта отырды да, ар
тынша:
– Әлде, айналайын-ай, ә!... – деп жылап жіберді.
Мен Зайнап апайды тым қатал шығар деп ойлаушы едім.
Қазіргі жан толғанысын көріп, мықтап қателескенімді біл
дім.
Тіпті Әзіретәлінің өзі де қопаңдап, сыр беріп қалды. Ал
Баянның қуанышында шек жоқ, жас балаша екі қолын
шапалақтап жүр. Үйдің іші мәре-сәре.
Осы сәтте мына үй ішіндегі адамдардың бәрі менің ең
жақын туыстарымдай болып кетті. Олардың әрқайсысы
менің қуанышымды бөлісіп, мені құттықтап жатқандай
әсерде болдым. Сондықтан да, болар бәрін құшақтап, сүйе
бергім, сүйе бергім келді...
* * *
Арада екі-үш күн өткен соң мен өзім отбасының бір
мүшесіндей болып кеткен Әзіретәлінің үй-ішімен қош
тасып, жолға шықтым.
Көктем күшіне еніп келеді...
Міне, мен тағы да көкжиекті бетке алып жүріп келемін.
Бағытым дұрыс: алдымда ауылым бар. Одан әрі? Одан әрі
тағы да көкжиек басталады. Көкжиек! Көкжиектің шегі
жоқ. Олай болса, адам өмірінің де шегі жоқ. Әйтсе де өмір
көкжиегінің болмауы мүмкін емес. Бірақ оның қандай
екенін өзім де білмеймін... Жүріп келемін... Әйтеуір,
бағытым дұрыс...
КӨМЕСКІ ІЗ І Дала манаурап, таң алаулап, жарық белгі бере баста ды. Тым биікте, сонау көк жүзінде мөлтек мөлиіп тұрған соңғы жұлдыздардың да нұры таюға айналды. Қара түннің қалың бұлты қуыс-қуысқа тығылып, аспан аясы біртебірте кеңейіп келе жатыр. Топ көденің түбінен пыр етіп бозторғай көтерілді. Ол тымық ауаны ары-бері жосып өтті де, кенет бір орнын да қатты да қалды. Бәлкім, ұясының тұсы болар. Қанат қағысы да байқалмайды, бейне бір ғарыш кеңістігіне ілініп қалған қара ноқат сияқты. Осылайша ол жоғарыда біраз тұрып, жер-жаһанды тегіс шолып шықты да, құйқылжыта сайрай жөнелді. Сол-ақ екен дала дүр сілкінді, шегірткелер шырылдап, құстар шықылықтады. Бір-біріне қарамақарсы тігілген киіз үйлердің түндіктері ашылып, қотандағы қойлар пысқырынды, иттер үріп, маңайдағы тұсаулы жүрген аттар оқыранды. Түні бойы қой күзеткен Ұзақбай көрпе-жастығы мен қос ауызды қара мылтығын қолтығына қысып, шеткі үйдің жанына әкелді де, тастай салды. Сонан соң ер-тоқымының үстінде жатқан жүгенді алып, қырға қарай беттеді. Іштен қыңқылдаған жас баланың, артынша: «Жә, жата тұр, мен қазір келем», – деген шешесінің даусы естілді. Киіз үйдің есігі шалқасынан ашылды да, сыртқа ақ құба өңді әйел шықты. Ол анадай жерде атқа кетіп бара жатқан күйеуін байқап қалып: «Мынаның есі дұрыс па, жатып демалудың орнына тағы да бір жаққа бармақшы ма?» – деп өзінен-өзі күңк етті де, қайтадан ішке еніп кетті.
К Ө К Ж И Е К
Бұл кезде қарсы жақтағы аға шопанның үй-іші де
оянған еді. Аға шопан Арқабай да өрістегі атына беттеді.
Бәйбішесі Күмісай шай қоюға кірісті.
Арқабай – алпысты алқымдап қалған кісі. Бірақ әлі тың.
Денесінен күш, бойынан қуат кете қоймаған. Сондықтан да
ол осыдан бес-алты жыл бұрын өзі сұранып, ұжымшардың
бір қора қойын алған еді. Шүкір, әзірше, абыройсыз емес,
қойлары қоңды, өлім-жітім аз.
Ал Ұзақбай – оның көмекшісі. Ұзақбай да Арқабайдың
аяғын алып қалған адам. Бірақ үнемі жасын жасырумен
келеді. Оның неге бүйтетінін Арқабай түсінбейді. Өзінен
сұрауға ыңғайсыз сияқты. Әйтпесе, Арқабай Ұзақбайдың
өмірін жатқа біледі емес пе?
Көзкөрім жерден көмекші көлденеңдей берді. Же
тегінде – жекеменшік бәйгекері. Ұзақбай Қаракерді көп
міне бермейтін. Сондықтан Арқабай көмекшісінің бүгінгі
қылығына таңданғандай біраз аңырайып тұрып қалды.
«Бұл шіркін қайда жиналды екен? Орталыққа өткен ап
тада ғана барып келген еді ғой. Одан бері қант-шайдың да
таусылатын реті бола қойған жоқ. Қой, не де болса өзінен
сұрап білейін...»
Ұзақбай алыстан айқайлай амандасып, Арқабайдың жа
нына келген соң басын иіп, қолын алды.
– Қаракерге ер сала бермеуші едің, жайшылық па? –
деді аға шопан көмекшісімен сыпайы амандасып.
– Орталыққа барайын деп едім.
– Жақында ғана барып келген жоқсың ба?
– Ол жолы, Ақа, тек орталықтың өзінен қайтқам. Енді
ағамның үйіне соқпақпын. Ол ана көршілес ауданда тұрады
ғой. Байғұстың өзі дімкәс кісі еді. Содан қорқыңқырап
жүрмін. Олай-бұлай болып кетсе, менен басқа көмек
көрсетер кімі бар дейсіз оның?
– Әрине, әрине, ағайынның амандығын біліп қайтқаның
дұрыс қой, – деп Арқабай шоқша сақалын сипады. – Малға
өзіміз-ақ қарай тұрармыз. Бірақ көп кешікпессің.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Ол не дегеніңіз, барам да қайтам, тек аманшылығын
білсем болды да, – деп Ұзақбай Қаракерге қарғып мінді.
Арқабай оның атқа отырысына қарап: «Иттің әлі
қайраты қайта қоймаған, жас жігіттердей лыпып тұрғанын
қарашы», – деп күбір етті де, жылқылар жайылып жүрген
қырға қарай жылдам басып жүріп кетті.
* * *
Ұзақбай үйден шыққанда күн арқан бойы көтеріліп
қалған еді. Ол Қаракерді сары желіске салып, орталыққа
тіке тартты. Осы жүрісінен танбаса, межелі жерге үш-төрт
сағаттың ішінде жетіп баратыны сөзсіз. Бірақ ол өйтпеді:
үйден сәл ұзап шыққан соң атының тізгінін тартып, жай
аяңға көшті. Иесінің бұл қылығын құп көрмегендей
Қаракер жан-жағына осқырына қарап, ауыздығын қарш-
қарш шайнады.
Бұл маң таулы-тасты жер. Жазғы мал жайылымы. Жаз
айларында малшылар осы жерде екі-үш ай ғана мекендеп,
сонан соң күз келіп, суық түсе бастаған соң қыстауларына
көшіп кететін. Биыл да солай. Әрқайсысының аумағы
атшаптырым жерде екі-ақ отар бар. Бірі – осы Арқабай
мен Ұзақбайдікі де, екіншісі – ана Жұмандардікі. Бірақ
екі отардың иелері де бір-біріне көп қатынаса бермейді.
Әсіресе, соңғы кикілжіңнен бері Жұман бұларға қарасын
көрсетуді қойды. Қойын да басқа жаққа өргізеді, өзімен-
өзі.
Әйтсе де, бәріне Ұзақбайдың өзі кінәлі емес пе? От
арына қосылып кеткен Жұманның екі-үш қойын көпке
дейін қайтарып бермей қойғаны да рас. Бұл іске ферма
меңгерушісі Сәбиттің тікелей араласуымен ғана Жұман
ның әділдікке қолы жеткен болатын. Содан бері Жұман
бұлардан іргесін аулақ салды. Әшейінде бір-бірімен арала
сып, жағдайларын білісіп тұратын малшы ауылдары бұл
күндері тым-тырыс.
К Ө К Ж И Е К
«Мейлі, өкпелесе тойға берген тайын қайтып ал
сын», – деп Ұзақбай тебініп қалды. Қаракер ыта жөнелді.
Бағанадан бейқам келе жатқан ат иесі ерден ауып барып,
әрең дегенде өз денесін жиып алды. Сонан соң қолындағы
сегіз өрме қамшысымен айғырдың қара санынан салып
қалды да, құйғыта жөнелді. Бірақ артынша тізгінін қайта
тартты.
Жамал Ұзақбайдан отыз жастай кіші. Әйтсе де, өзінің
жас екенін күйеуіне міндет етіп көрген емес. Керісінше,
Ұзақбайдың көңілін аулап, кейде еркелеп те алады. Осы
қылығымен ол Ұзақбайдың жүрегін талай елжіреткен еді.
Әсіресе, өмірге Ақылбай келгелі бері екеуінің арасындағы
жас алшақтығы көмескі тартып, білінбей кеткен сияқты.
Дегенмен уақыт қатал сыншы емес пе? Күн өткен са
йын Жамал құлпырып, Ұзақбай жүнжи бастады. Жас
келіншекке ары-бері өткен жігіттер де көз қырын салып,
реті келсе, бір ауыз қалжың айтып қалуға тырысады.
Мұндайда Ұзақбай еріксіз жұдырығын түйіп, күнде қыра
берген соң қатқан көңдей болып көгеріп кеткен етсіз иегін
ысқылайтын. Қолынан келсе, Жамалға қарап сөйлеген
жігіттерді сабап та алар еді. Әттең...
Адам бір нәрсеге күмән келтірсе, соның түйінін шеш
кенше сең соққан балықтай боп өзіне-өзі келе алмай жүреді
ғой. Соңғы кездері Ұзақбай осындай күдікке жиі берілетін
болды. Енді оған Жамалдың күлкісі де, ерке қылығы да
секем туғыза бастады. «Ойпыр-ау, осы, несіне жетісіп мәз
болып жүр, әлде мені мазақ етіп, басқа біреулермен көңіл
қосып жүр ме?» – деп те ойлайды. Бірақ оған да дәлелі
аз. Дегенмен ана Сәбит, ана оқуды жаңа бітіріп келген
доқтыр бала, неге келгіштей береді? Тіпті келген сайын
Арқабайдың үйіне түспей, біздікіне қонатыны несі?..»
Атқа қамшы сарт етті. Қаракердің төрт тұяғы жерге
қандауырдай қадалып, жан-жаққа ұсақ тастар ұшты. Бұл
жолы ол атының басын тежеген жоқ. Манадан бері іші пы
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
сып, тыпыршып келе жатқан бәйгекер де қолтығын жаза
түсті.
Ұзақбай тізгінді асуға жетерде ғана тежеді. Бұл жерде
әскери бөлімше тұратын. Оның командирі Василий бірнеше
рет қойлы ауылға келіп, сусын да ішіп кеткен. Елпілдеген,
төрешілдігі жоқ жақсы жігіт. Алғаш Ұзақбай бөлімшедегі
дүкенге кіріп шықпақшы болды да, артынша оған арақ-
шарап түспейтінін есіне алып, бұрылып кетті.
Ұжымшар орталығына ол түс қайта жетті. Ұзақбайдың
бұл жерде ұнататын екі-ақ орны бар, бірі – кеңсе де,
екіншісі – дүкен. Сондықтан да ол алдымен үнемі осы екі
үйдің біріне кіретін.
Дүкенде адам аз екен. Ұзақбай екі шөлмек ақ арақ алды
да, сыртқа шықты. Атының жанына келген соң, бара
тын үйлерін іштей таразылап біраз тұрды да, кенет жедел
шешімге келгендей үзеңгіге аяғын салды.
Ұзақбай көшенің шет жағындағы аласа үйдің алдына
тоқтап, аттан түсті. Іштен есейіп қалған ер бала шығып,
тізгінді ұстады.
– Қарсыбай үйде ме?
– Көкем жұмыста, енді бір-екі сағаттан кейін келіп қа
лар, – деді бала кішіпейілділік танытып.
– Үйде кім бар?
– Менен басқа ешкім жоқ, жеңешем де жұмыста.
– Онда тезірек шай қойып жібер, қаталап келдім, – деп
Ұзақбай үйге кіріп кетті.
Шай үстінде Ұзақбай бір шөлмек арақты екі кесеге
теңдей қылып құйды да, бірінен соң бірін тартып жіберді.
Маңдайы лезде тершіп шыға келді. Шайды да сораптап ұзақ
ішті. Сонан соң қалтасынан тұтас бес жүз теңге шығарып
балаға ұсынды:
– Қарсыбай байғұс та қай бір жетісіп жүр дейсің, барып
екі жарты әкеле қойшы, көкең келген соң әңгімелесіп оты
рып ішейік.
К Ө К Ж И Е К
Бала жігіт теңгені селқос алып, сыртқа көңілсіз беттеді.
– Әй, тезірек бар, дүкен жабылып қалып, масқара бо
лармыз, – деп Ұзақбай жастыққа қисая кетті.
Үй иелері келген соң Ұзақбай: «Шаршап келдім, дема
лам», – деп ет астырмай қойды. Ұмсынайға жеңіл қуырдақ
жасатқызып, Қарсыбай екеуі тағы да біраз арақ ішті.
– Атты қайтеміз? – деді жатар кезде Қарсыбай Ұзақбайға
қарап.
– Үй іргесіндегі жерің кең көрінеді ғой, арқандап
қояйық. Ертең ана жаққа жүрерде жылқыға қосып кетер
мін.
Өзің біл дегендей Қарсыбай қорадан бес-алты құлаш
арқан алып шықты.
– Айтпақшы, Ұмсынайға ескертші, маған төсекті далаға
салсын, – деді Ұзақбай.
– Ой, оның не, үй тұрғанда далаға жатам деп...
– Еш нәрсе етпейді, біз қойшымыз ғой, даланың таза
ауасына үйреніп қалған. Үйде жүрегім қысылып, ұйықтай
алмаймын. Оның үстіне «Жаман айтпай жақсы жоқ» деген
дей, атымды байқап жатайын, – деп Ұзақбай күлген болды.
– Сен-ақ осы елге сенбейді екенсің. Атыңды жау алып
кетер деймісің?
– Е, жоға.. – Ұзақбай ойланып барып, – Қаракер арқанға
үйренбеген мал. Түнде оралып қалып жүре ме?.. – деп
сөзінің артын жұтып қалды.
– Үйбай, ол жағын мен ескермеппін-ау, – деп Қарсыбай
үйге қайта кірді.
Артынша Ұмсынай іштен көрпе-жастық көтеріп шықты
да, Ұзақбайдың көрсеткен жеріне жақсылап төсек салып
берді. Енді кішкенеден соң атын жайлап келген Ұзақбай
төсекке кірді де, лезде қор етіп ұйықтап кетті.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
* * *
Таңертең оны Қарсыбай оятты.
– Тұр, әй, батыр, тұр. Қойшылардың ұйқысы сергек бо
лушы еді, сен әлі жатырсың ғой.
– Ішкендікі ғой, – деп Ұзақбай орнынан ақтала кө
терілді. – Ту-у! Басымның сынып бара жатқанын-ай.
Түндегіден бірдеңе қалып па еді?
– Алдымен жуынып-шайынсаңшы, немене оразаңды
арақпен ашпақсың ба? – деп Қарсыбай қақырынып-
түкірініп қора айналып кетті.
– Әй, мына мақтаулы бәйгекеріңнің қарны қабысып,
көзі кіртиіп қалыпты ғой. «Иттің ішіне сары май жақ
пайды» дегендей, сенің атың жоңышқа жемейді ғой дей
мін, – деп Қарсыбай қайтып келе жатып тағы да қалжың
дады.
Ұзақбай оған жақтырмағандай адырая бір қарады да,
ішке еніп кетті. Қарсыбай оны байқаған да жоқ.
Күн шықпай жатып бір шөлмек арақты бөліп ішіп алған
екеуі қайта қызды. Таңертеңгі тамақ үстінде Ұзақбай ескі
досына: «Сен бүгін жұмысқа бармай-ақ қойсаңшы», – деп
қолқа салды.
Ұмсынай бірдеңе дей беріп еді, Қарсыбай гүр ете қалды:
– Жарайды, күңкілдемей жайыңа отыр, – деді ол әйеліне
даусын көтеріп. – Ұзақбай біздің үйге күнде келіп жатқан
жоқ қой. Бір күн қалсам, үкіметтің жұмысы қирап қалмас.
Сен-ақ бара бер. Тамақты өзіміз жасап ішерміз. Сұраса айт,
үйге қонақ келді деп.
Түске таман Ұзақбай Бейсеннің ұстаханасына барып,
Қаракерін тағалатып келді де, жақын маңдағы ұжымшар
дың атына қосып жіберді. Сонан соң Қарсыбайдың өзін
жұмсап тағы да арақ алдырды.
Ұзақбай бұл күні ағасы тұратын көрші ауданға бара
алмай қалды. Ол келесі күні де жолға шыққан жоқ. Оған
қосылып Қарсыбай да үйінде арақ ішіп жатып алды.
К Ө К Ж И Е К
Төртінші күні жағдай табан астында өзгерді. Күндегі
әдетінше Қарсыбай мен Ұзақбай бастарын жазып бола
беріп еді, терезе үсті-үстіне қағылды. Бригадир екен. Ол
Қарсыбайды ұжымшар төрағасының шақырып жатқанын
айтты да, жөніне тайып тұрды.
– Құдай ұрды, – деді Қарсыбай досына қарап, – бастық
ішкен-жегенімді сығып алатын болды. Өзіме де обал жоқ.
Нем бар еді, сонша іше беріп, ішпесем ғой жұмыстан да
қалмас ем.
– Жарайды, жылай бермеші, – деді Ұзақбай кейіп. –
«Күрекке боқ қат» дейсің бе?
– Сонда да «Мешкей деген жақсы ат емес» қой, – деді
Қарсыбай есікке беттей беріп, сонан соң есіне әлдене
түскендей: – Сен кетіп қалып жүрме! Мен тез келем, – деді.
Ұзақбай жауап орнына аузына арақ толы стақанды апа
ра берді.
Қарсыбайды кеңседе ұжымшар төрағасы Ақан Ақаев
және милиция формасындағы бірнеше бөтен адам тосып
отыр екен.
«Бұлар мені түрмеге айдатып жібергелі отырғаннан сау
ма?» – деп ойлап қалды, алғаш ол. Шынында да іштегі
лердің түрлері қату екен. Қызу бір мәселені талқылап
отырған олар ішке Қарсыбай кірген соң жым бола қалды.
Сөзді Ақан бастады.
– Ұзақбай сенің үйіңде ме?
– Иә, не болып қалды?
– Қалай өзі.. – төраға айтатын сөзін жүйеге келтіре ал
мағандай біраз тұрды да: – Мас емес пе? – деді.
– Жоқ, онша мас емес, бірақ қатты қызу, – деді Қарсыбай,
сонан соң шыдай алмай. – Немене өзі, жайшылық па? –
деді.
– Қайдан жайшылық болсын... Жамалды және Арқа
байдың үй ішін біреулер өлтіріп кетіпті!
– Қалайша?!
16-151
Әділ ДҮЙСЕНБЕК – Қалай екенін өзіміз де білмейміз, жаңа ауданнан теле фон соқты, – деп төраға жүзін бұрып әкетті. – Ақа, оқиға болған жерге тезірек жетуіміз керек, – деді осы кезде лейтенант дәрежесіндегі милиционер. – Иә, сөйту керек екен-ау. Бірақ алдымен бұл оқиғаны Ұзақбайға естірту керек қой, – деді төраға Қарсыбайға қарап. Қарсыбай қолымнан келмейді дегендей басын шайқап, кейін шегінді. Төраға оған жақтырмағандай бір қарады да, сыртқа беттеді. Іштегілер де тегіс далаға шықты. Екі жеңіл мәшине Қарсыбайдың үйінің жанына келіп тоқтады. Бұл кезде Ұзақбай шырт ұйқыда жатқан бола тын. Оны Қарсыбай ары-бері жұлқылап оята алмады. Осы сәтте Ақан қатты ашуланып: – Тұр, оңбаған, маскүнем, ана жақта ел қырылып жатқанда, сен мұнда той тойлап, арақ ішіп жүрсің, – деп Ұзақбайдың бетіне бір кесе суық суды шашып жіберді. Ұзақбай орнынан атып тұрды. Ақан алғаш сасып қалса да, өзіне-өзі тез келіп: – Ұзеке, бекем бол, – деп барып, қайғылы оқиғаны естіртті. ІІ Республика Ішкі істер министрлігінің жауапты қыз меткері Владимир Михайлович Журавлев облыс орта лығына сол күнгі түскі рейспен ұшып келді. Жанында өзінің қарамағында істейтін Мұрат Ахметов пен Кәрім Садықов бар. Владимир Михайлович оларды бұл сапарға әдейі ертіп шықты. Біріншіден, олар жергілікті халықтың тілін жақсы біледі; Ахметов – ұйғыр да. Садықов – қазақ. Екіншіден, полковник жас лейтенанттарды жұмыс үстінде сынап көрмек болды.
К Ө К Ж И Е К
Әуежайда бұларды облыстық, аудандық ішкі істер
бөлімінің қызметкерлері күтіп тұр екен. Полковник олар
мен тегіс амандасып шықты да мәшинеге қарай жүрді.
– Алдымен ұжымшарға барамыз ба, әлде бірден оқиға
болған жерге тартамыз ба? – деді облыстық ішкі істер
бөлімінің қызметкері.
– Оқиға болған жерге! – деді полковник.
Мәшине орнынан қозғалған соң Владимир Михайлович:
– Ал, баяндай беріңіз, – деп жанындағы майор дәреже
сіндегі облыстық ішкі істер басқармасының қызметкеріне
қарай бейімделіп отырды.
Майор алдында жатқан қара пәпкісін ашып, бір
жапырақ қағаз алды да, сөйлеп кетті.
...Оқиға «Жаңа талап» ұжымшарының мал жайылым
учаскесінде болды. Осы шаруашылықтың көмекші шо
паны Ұзақбай Арынов 15 шілде күні аға шопан Арқабай
Сепбосыновтан сұранып, көрші ауылдағы ауру ағасының
денсаулығын біліп қайту үшін орталыққа келеді. Жайлау
да Ұзақбайдың келіншегі – Жамал екі жарым жасар бала
сымен және Арқабай әйелі Күмісаймен қалады. Сонан үш
күн өткеннен кейін сол маңдағы әскери бөлімшенің солдат
тары айдалада иесіз жайылып жүрген қойларды көреді.
Бұған таңданған бөлімше командирі Василий Куз
нецов шопандар ауылына келіп, қайғылы оқиғаның
үстінен шығады: белгісіз біреулер Жамалды, Арқабайды,
Күмісайды және сол үйде қонып жатқан медицина
дәрігері Эмма Цойды айуандықпен өлтіріп, үй-ішін тонап
кетіпті. Василий Кузнецов киіз арасында аштан бұралып
жатқан Жамалдың екі жарым жасар баласын тауып ала
ды. Қылмыскерлер әсте жас баланы кейін аштан өлуі
мүмкін деп ойласа керек. Оны үйдің ішіндегі киіздің үстіне
лақтырып кетіпті. Кузнецов баланы бөлімшеге алып келеді
де, жедел ауданға хабар беріп, оқиға болған жерге солдат
тардан күзет қояды.
Міне, бар оқиға осы.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Владимир Михайлович облыстық ішкі істер басқармасы
қызметкерінің әңгімесін бөлмей тыңдады. Тіпті ол баян
дап біткеннен кейін де үн-түнсіз қалды. Іштей өзімен-өзі
ойланып-толғанып отырды да, сәлден кейін ғана барып:
– Бала сөйлей ала ма? – деді.
Майор полковниктің қай бала жөнінде сұрап отырғанын
бірден түсінді де:
– Жоқ, оның тілі әлі жөнді шықпаған көрінеді, сөйлей
алмайды, – деді.
– Жайлауда бұлардан басқа шопандар бар ма?
– Иә, ұжымшарда тағы бір отар қойы бар.
Полковник артына жалт қарады:
– Кімдікі ол?
– Жұман деген шопандікі.
– Жайлауға жақын маңда тағы қандай елді мекендер
бар?
– Әскери бөлімше бар. Ал ең жақын елді мекен – ұжым
шар орталығы. Оның өзі мәшине жолымен есептегенде
қырық шақырымдай қашықтықта жатыр.
– Ұжымшардан жайлауға төте жол бар ма?
Майор мүдіріп қалды.
Владимир Михайлович оған сынай бір көз тастады да,
жөнделіп отырды. Сонан қайтып артына бұрылған жоқ,
сұрақ та қоймады.
* * *
Қатарласа тігілген шопандар үйінің сыртқы көрінісі
қазір тым жүдеу. Әншейінде у-шу болып жататын екі үйден
де тіршілік белгісі білінбейді. Түндіктері жабулы, сұсты.
Күзетте тұрған солдаттардың да қабақтары қату. Автомат
тарын нық ұстап, қалт тұр.
Владимир Михайлович үйдің ішін тегіс шолып шықты.
Төр жақта екі кісілік кереует тұр. Одан бергі жерде тағы
К Ө К Ж И Е К
да бір адамға арнап төсек салынған. Жамал үйдің ортасы
на етпетінен түсіпті. Жотасына қатқан қан кеуіп үлгірген.
Жұқа көйлегін және одан әрі денесін тесіп өткен пышақ ізі
білінеді.
Арқабайдың үйіндегі көрініс те көңілге күдік әкелді.
Ұмсынайдың денесі табалдырыққа жақын жерде жатыр.
Әсте, оған соққы сыртқа шығып келе жатқан кезінде тисе
керек, есікке жетпей құлапты. Ал Арқабайдың денесі үйдің
ортасында. Басы Ұзақбайдың үйіне қараған. Екі қолын
алдына жайған қалпы құлапты. Одан әрі төрдегі төсекте
Эмманың денесі жатыр, ол көйлегін бауырына басқан күйі
етпетінен түсіпті...
Полковник өзінің көмекшілері мен облыстан келген
мамандарға нұсқау берді де, сыртқа шықты. Арғы шетте
ауданнан, ұжымшардан келген бір топ адам иіріліп тұрған.
Баяу басып солай қарай жүрді.
Көпшілік полковникпен салқын амандасты. Владимир
Михайлович олардың арасынан ұжымшар төрағасы Ақан
Ақаевты, бөлім командирі Василий Кузнецовты және Ұзақ
бай Арыновты жеке-жеке алып шықты да, оңаша әңгіме
лесті. Бірақ көп сұрақ қойған жоқ. Оған қазір уақыт тар.
Аздан кейін көпшілік у-шу болып қалды. Қаза тапқан
адамдардың денелері мәшинеге салына бастады. Күні бойы
жылап, құр сүлдесі қалған Ұзақбай да осы мәшинеге оты
рып кетті.
Жайлауда Владимир Михайлович көмекшілерімен
және Василий Иванович солдаттарымен ғана қалды.
– Василий Иванович, айтыңызшы, мұндай жауыздық
кімнің қолынан келеді деп ойлайсыз? – деді полковник
бір кезде екі көзін манағы мәшине кеткен жақтан алмай
тұрған қалпы.
– Кім білсін, кім білсін? – еді майор сасып қалып. – Кім
болса да, барып тұрған жауыздар екен...
– Сонда, сіздің ойыңызша қылмысты бірнеше адам
ұйымдасқан түрде жасағаны ғой.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Әрине, жолдас полковник. Мұндай айуандық, тіпті,
екі адамның да қолынан келуі мүмкін емес.
– Ұйымдасқан ұрылар демекшісіз бе?
– Кім білсін?
– Солай болғанның өзінде, олар бұл жерден не ізде
мек? – Владимир Михайлович Василий Ивановичке
сұраулы жүзін бұрған қалпы қайта сөйлеп кетті. – Мал
түгел. Үй ішінің дүние-мүлкіне де тиіспеген сияқты. Бұл
бір өзі шешуі қиын жұмбақ болғалы тұр ғой.
Майор полковниктің айтқанына іштей қосылып, басын
изей берді.
– Василий Иванович, сізге тағы бір аздаған өтінішіміз
бар, – деді полковник аздан соң. – Шопандар ауылындағы
қайғылы оқиғаны бірінші көрген өзіңіз. Сондықтан да
байқаған жәйттеріңіздің бәрін қағазға түсіріп берсеңіз
жақсы болар еді.
– Мен қазір-ақ жазып берейін, – деп майор қойын
дәптерін ала бастады.
– Жоқ, жоқ, асықпаңыз, – деді полковник. – Ертең
жазып әкелсеңіз де болады. Бүгін онсыз да шаршаған
шығарсыз, барып демалыңыз.
* * *
Аудан орталығындағы қонақ үйге олар түн ортасын
да жетті. Полковник өз бөлмесінің кілтін алып жатып,
көмекшілеріне: «Жуынып-шайынып болған соң маған
кіріп кетерсіңдер», – деп ескертіп үлгерді.
Мұрат пен Кәрім полковниктің бөлмесіне төрт-бес
минөттен кейін кірді. Владимир Михайлович үстел үстіне
қағаздарын жайып тастап, бұларды күтіп отыр екен.
– Ал, уақытты босқа өткізбейік, – деді полковник
көмекшілеріне кезекпен қарап. – Бүгінгі мәселеге байла
нысты қайсың сөйлейсіңдер?
К Ө К Ж И Е К
– Маған рұқсат етіңізші, жолдас полковник, – деді
Кәрім.
– Рұқсат, рұқсат, жолдас Садықов, сөйле.
– Біздіңше, жолдас полковник, жайлаудағы шопандар
ға қастандық көп адамның қатысуымен жасалмаған болу
керек, – деді Кәрім тамағын кернеп, – бір немесе екі-ақ
адамның ісі. Себебі төрт адамға да жұмсалған қару біреу-ақ.
Ол – пышақ және бір-ақ пышақ. Сол сияқты екі үйдегі төрт
адамның төрт жерде құлауы да осы ойымызды дәлелдей
түседі. Қылмыскерді алыстан келді деуге де қисын жоқ.
Оның жақын маңдағы елді мекеннен болуы мүмкін.
– Баланың тірі қалуы жөнінде қандай пікірдесің?
– Қылмыскердің жас баланы өлтіруге қолы бармауы
немесе оның кейін аштан өлетініне шек келтірмеуі де ық
тимал.
– Дегенмен ол екі-үш күндей тамақсыз және сусыз жат
ты емес пе? Бұл мерзімнің ішінде жас баланың, әсіресе,
сусынға шыдай алмауы мүмкін ғой.
– Ол рас. Бірақ біз қылмыстың әлі қай күні жасалғанын
толық білмейміз ғой, – деді осы кезде Мұрат сөзге арала
сып.
– Мәселе осында болып тұр, – деді полковник. – Сондық
тан дәрігерлік сараптың қорытындысын күтуіміз керек.
Полковник орнынан тұрды да, бөлме ішінде ары-бері
адымдап жүре бастады. Осылайша ол айтпақ ойын жүзеге
түсіріп алғандай, баяу сөйлеп кетті.
– Қылмыскердің аспаннан түспегені белгілі. Сондықтан
біз оны жайлауға жақын тұрған негізгі үш бағыттан
іздеуіміз керек. Оның біріншісі – әскери бөлімше,
екіншісі – көрші отырған шопан аулы, ал үшіншісі –
ұжымшар орталығы. Ол үшін оқиғаға қатысы бар-ау де
ген адамдармен жеке-жеке сөйлесіп шығу керек. Ертең
мен ұжымшарға барамын. Лейтенант Садықов, әскери
бөлімшемен айналыс, ал, лейтенант Ахметов, сен ана
көрші отырған шопанның үй ішімен сөйлес. Әрбір елеусіз
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
мәселенің өзін назардан тыс қалдырмауға тырысыңдар.
Сөйлесетін адамдарыңның шопандар ауылымен бұрынғы
қарым-қатынасын және қайғылы оқиға болатын күні олар
дың қайда жүргенін, немен айналысқанын біліңдер. Ал
шопандар отбасының қашан, қай сағатта опат болғаны
жөнінде дәрігерлік сараптаманың қорытындысы таңертең
даяр болады.
Мұрат пен Кәрім полковниктің айтқандарын қойын
дәптерлеріне тез-тез жазып алды да, орындарынан тұрды.
– Тапсырма түсінікті ме?
– Түсінікті, жолдас полковник, – деп екі лейтенант та
жарыса жауап берді.
– Онда бөлмелеріңе барып, үш-төрт сағат мызғып алың
дар, – деді полковник сағатына қарап.
Мұрат пен Кәрім бастығымен сыпайы қоштасты да
шығып кетті. Владимир Михайлович мұнан кейін де біраз
отырды. Сонан ол таң атуға бір сағаттай қалғанда барып
төсегіне киімшең қисая кетті.
* * *
Полковник Журавлев «Жаңа талап» ұжымшарының
төрағасы Ақан Ақаевпен ұзақ әңгімелесті. Алғаш ол
Арқабай Сепбосынов пен Ұзақбай Арыновтың өмірбаяны
мен танысты. Төраға оны бес саусағындай білетін болып
шықты. Екі шопанның да жай-жапсарын толық айтып
берді. Тіпті Ұзақбай бен Арқабайдың көрші отырған аға
шопан Жұманның үй ішімен ренжісіп қалғандары да ай
тылды. Полковник мұның бәрін жазып алды да, кенеттен:
– Ұзақбай мен әйелі арасындағы қарым-қатынас қалай
еді? – деді.
Төраға аңырып, тұрып қалды.
Владимир Михайлович өз сұрағын төрағаның жөнді
ұқпағанын біліп, турасына көшті:
– Ұзақбай Жамалды ренжітпеуші ме еді?
К Ө К Ж И Е К
– Кім білсін? – деді төраға ойланып барып. – Ол жағын
анық білмеймін. Бірақ Ұзақбай әйелін қатты қызғанады
екен деп елден еститінмін.
– Мүмкін, әйелі өзінен жастау көрінеді ғой, – деді пол
ковник.
– Мәселе сол жас айырмашылығында болып тұр ғой, –
деп Ақан да полковникті қостап қойды.
– Ұзақбай 15 шілде күні орталыққа неге келгенін білген
жоқсыз ба?
– Ол байғұстың осында жүргенін жайлаудан қайғылы
хабар жеткен күні ғана естідім, – деді Ақан. – Кейін сұрас
тырып білсем, көрші ауданда тұратын ағасының үйіне бар
ғалы Арқабай марқұмнан сұранып келіпті ғой.
– Бірақ ол ағасының үйіне барған жоқ қой?
– Иә, барған жоқ.
– Неге?
– Бәрі сол арақтың кесірі емес пе? Қарсыбайдың үйінде
екі-үш күн арақ ішіп жатып алыпты.
– Ол кім?
– Ол осында тұрады, қатардағы жұмысшы.
– Рақмет, уақытыңызды алғаныма кешірім сұраймын, ма
ған сол Қарсыбайды шақырып беріңізші, – деді полковник.
Сөйтті де, артынша есіне әлденелер түскендей: – Жоқ, жоқ,
әуре болмай-ақ қойыңыз, мен өзім-ақ барып сөйлесейін, –
деп орнынан тұрып кетті.
* * *
Тал түс. Дәл төбеде шақырайып тұрған күн бір орнынан
жылжымайтын сияқты. Жерге жарығын да, жылуын да
мол төгіп тұр. Бірақ ауа қапырық емес. Тау жақтан дембіл-
дембіл самал соғады. Оның қоңыр салқын лебінен арша
иісі сезіледі. Күннің ыстығын білдірмей, ауаны жаңартып
тұрған да осы самал болса керек.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Владимир Михайлович кеңседен шыққан соң енді не
істеу керек екенін ойына алғандай жан-жағына қарап біраз
тұрды. Сонан кейін қалтасынан бір тал темекі алды да,
асықпай тұтатты.
Көшеде адам аз екен. Полковник жайлап темекісін
тартып болды да, ауылдың батыс жағына қарай аяңдады.
Мана ол Қарсыбайдың үйінің қай жерде екенін анықтап
біліп алған болатын. Сондықтан жол-жөнекей ешкімнен
сұрамауға бекінді.
Полковник Қарсыбайдың үйін бірден тапты. Сыртқы
қабырғасының ағы түсіп, жүдеу тартқан шағын үй көше
сәнін бұзғысы келмегендей оқшау тұр. Одан әрі егіс даласы
басталады екен. Ол жақ көкпеңбек болып сонау тауға дейін
ұласып жатыр.
Владимир Михайлович жолдан бұрылды да, алдындағы
шағын арықтан секіріп өтті. Осы кезде үйден 15-16-лар
шамасындағы бала шықты да, «бұл кім өзі» дегендей пол
ковникке әуестікпен таңдана қарады.
– Сәлемет пе, інішек? – деді полковник орысша тіл
қатып.
– Сәлеметсіз бе? – деді бала мүдірместен.
– Қарсыбайдың үйі осы ма?
– Иә...
– Ол кісінің өзі қайда екен?
– Жұмыста.
– Ім-м, өзің кім боласың?
– Қарсыбайдың інісімін.
– Дұрыс екен. Айтпақшы, танысып қояйық, – деді пол
ковник балаға қолын созып. – Владимир Михайлович Жу
равлев.
– Асқар...
– Өте жақсы, қай класта оқисың?
– Енді біраз күннен кейін қолымызға аттестат алып
қалатын шығармыз.
К Ө К Ж И Е К
– О, мықты екенсің ғой, – деді полковник шын пейілмен.
Мұнан кейін ол Асқармен тағы да біраз әңгімелесті де,
өзінің кім болып істейтінін және мұнда қандай мәселемен
келгенін жасырмай айтты.
– Неткен жауыздық? – деді Асқар өзінен-өзі қызынып. –
Ондай жауыздарды аяусыз жазалау керек.
– Ол үшін алдымен қылмыскерді тауып алуға тиіспіз
ғой.
– Не, сіздер таба алмайсыздар ма?
– Неге? Табамыз! Бірақ ізін суытпау керек. Ал уақыт
өткен сайын қылмыскер өзінің ізін бүркемелеп, бұлаң
құйрыққа салып кетеді. Сондықтан өздеріңнің көмектерің
қажет.
– Ол үшін не істеуге тиіспіз?
Полковник біраз ойланып тұрды да:
– Асқар, айтшы, сен соңғы үш-төрт күннің ішінде үйден
ұзап ешқайда шыққан жоқсың ба? – деді.
Бала шошып кетті.
– Владимир Михайлович, сіз менен күдіктеніп тұрғаннан
саусыз ба?
– Е, жоға, – полковник езу тартты. Сонан соң: – Ұзақбай
қонаққа келгенде үйде ме едің? – деді.
– Иә, оны неге сұрадыңыз?
– Мәселе былай, қарағым Асқар, – деді полковник үйдің
көлеңкесінде жатқан үлкен томардың үстіне жайласып
отырды да. – Қылмыс Ұзақбайдың ауылдан кеткен кезінде
жасалынып отыр, яғни ол күн ілгері ойластырылған іс
екені белгілі. Бұған қарап біз қылмыскердің Ұзақбайдың
ұжымшарға кеткенін алдын ала білуі немесе осы жерде
жүргенін сыртынан көруі мүмкін деп ойлаймыз. Сөйтіп, ол
жайлауда қалған кемпір-шал мен жас балалы әйелдің өзіне
қауқар көрсете алмайтынын сезген болу керек. Сондықтан
сен Ұзақбайдың әрбір сөзін есіңе түсіріп көрші. Мүмкін,
ол Қарсыбай екеуі әңгілемесіп отырып, соңғы кездері
өзімен ерегесіп жүрген кейбір адамдардың да атын атауы
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
ықтимал ғой. Бұл мәселелерді қазір Ұзақбайдың өзінен
сұрау мүмкін емес. Ал уақыт болса өтіп барады. Мұндай
жағдайда қылмыскер өзін еркін сезінеді. Оның еркіндікте
жүруі бәріміз үшін қауіп.
Асқар өзі көрген, байқаған нәрселердің бәрін жасыр
май айтып берді. Бірақ үлкендердің сөзіне көп араласа
қоймаған болып шықты.
Полковник қойын дәптеріне әлденелерді түртіп алды да:
– Ұзақбай үйге қай кезде келді? – деді.
– Түс қайта.
– Яғни, оның бұл келгенін басқа біреулердің де көруі
сөзсіз ғой.
– Әрине.
– Аты тың ба еді?
Бала бас бармағын көрсетті. Сөйтті де, ойына әлденелер
түскендей, ақырын жымиды.
– Бірдеңе айтпақ болдың ба, Асқар?
– Жай, әншейін, – деп бала күлді.
– Айта отырсаңшы, біз де күлейік.
– Жоқ, ағай. Мұның сізге қатысы жоқ сияқты.
– Сонда да?
– Ұзақбай ағай Қаракерін өте жақсы көреді ғой. Тіпті
атың нашар деп айтсаң, шатақ шығарып, жанжалдасуға
дейін барады. Соны Қарсыбай ағам бір қатырды.
– Не деп?
– «Иттің ішіне май жақпаушы еді, ал сенің атыңа жоңыш
қа жақпайды екен», – деп.
– Қалайша?
– Сол күні түнде Ұзақбай ағай айғырын мына үйдің
жанындағы жоңышқа өсіп тұрған жерге арқандап қойған
болатын. Таңертең тұрсақ ат мүлде оттамаған сияқты. Іші-
ішіне қабысып қалыпты. Соны әңгіме қылып, ағатайым
Ұзақбайды біраз әжуалады. Әшейінде ұрсыса кететін
Ұзақбай сол жолы еш нәрсе дей алмады. Сөйтіп, ағатайым
Ұзақбайды бір қатырды, – деп Асқар тағы да күлді.
К Ө К Ж И Е К
– Шынында, қызық екен!... – Полковник ойлана басын
шайқады.
* * *
Лейтенант Ахметов жанына ферма меңгерушісі Сатанов
ты ертіп, жайлауға атпен шыққан болатын. Лейтенанттың
өтініші бойынша Сәбит оны төте жолымен алып жүрді.
Ұжымшар орталығынан күн көтеріле шыққан олар
Арқабай мен Ұзақбайдың бұрынғы мекенжайларына әп-
сәтте-ақ жетіп келді. Қазір мұнда адамдар тұрмайды.
Арқабайдың отарын басқа біреуге өткізген еді. Олар ана
Жұмандардың жанына жақын көшіп барып, қоныстанған
болатын.
Қос салт атты тізгіндерін тежеп, алдарына қарап, ұзақ
тұрды. Ескі жұрт. Оң жақта қойдың тұяқтары шиырлап
тастаған қора тұр. Одан ары екі үйдің орны көрінеді.
– Жақсы адамдар еді!
Мұрат жауап қайырған жоқ. Ол серігінің кімдерді ай
тып тұрғанын іштей ұғып тұр. Қазақта қайтыс болған адам
дардың артынан жаман сөз айтпайтынын ол жақсы біледі.
– ...Бірақ аздап сараңдау еді.
Осы кезде ол жолдасына жалт қарады.
– Қайсысы?
– Арқабайды айтам, – деді Сәбит өзінен-өзі ыңғайсыз
данып.
– Қай жағынан?
– Барлық жағынан. Марқұмға қара жер хабар бермесін,
кейде өзіне бірдеңе сатып алуға ақшасын да қимайтын.
Әйтпесе табысы мол-ақ еді...
Мұрат Сәбитке бар денесімен бұрылып, тағы да айта
түссе екен дегендей ыңғай танытты. Бірақ анау атының
басын бұрып алып, Жұмандардың отарына қарай жүріп
кетті. Мұрат атын тебініп, оны қуып жетті де:
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Сәбит, сен бұл жерде қайтыс болған адамның соңынан
сөз айттым деп ыңғайсызданба, қайта сен оның ішкі мінез-
құлқын кеңірек суреттеуге тырыс. Ол тіпті қылмысты істі
ашуға да себін тигізуі мүмкін, – деді.
Сәбит лейтенантқа таңдана қарады да:
– Өлген кісінің мінез-құлқы өзіне қастандық жасаған
адамды табуға көмектесіпті дегенді естіген де, кітаптан
оқыған да емеспін, – деді.
– Қателесесің, Сәбит. Біз оның мінез-құлқы, арман-ойы
арқылы өз ортасын, тіпті қандай адамдармен пікірлес, жол
дас болғанын да ажырата аламыз. Ал бұл – дәл қазір бізге
аса қажетті мәселелердің бірі. Сондықтан сен Арқабайдың
кейбір мінездерін айтып берсең, артық болмайды.
– Мен оның ішкі сырын көп біле бермеймін. Бірақ ақ
шаны жақсы көретінін анық білем, – деді Сәбит аздан
кейін. – Бірде біз оған кезекті айлығын әкеліп беріп, «Аре
ке, осы айлық жалақыңыздың бәрін қайда жұмсап жатыр
сыз, не кассаға салмайсыз, не мәшине сатып алмайсыз»
деп қалжыңдадық. Сонда ол шошып кетіп, «Тәйт, ары,
менде көп теңге бар екенін қайдан білдіңдер, салмаймын
кассаларыңа, мінбеймін мәшинелеріңе» деп ат-тонын ала
қашқан болатын. Мұнан кейін біз бұл жөнінде қайтып
әңгіме қозғаған емеспіз. Ай сайын әйелі екеуіне буда-бу
да ақша әкеліп беріп кетеміз. Ал жыл аяғында тіпті күреп
алады. Әйтсе де, оның сатып алып жатқан дүниелерін де
көрген емеспіз. Соған қарап сараң ба деп ойлайтынбыз...
Сәбит бір сәтке үнсіз қалды.
– Сонда Арқабай жалақысын үйде ұстағаны ғой?
– Кім білсін, біреулер Арекең жиған-тергенін өзімен бір
ге алып жүреді екен дейді.
– Біреулерің кім?
– Мәселен, Жұман, Орынбасар, Ұзақбайлар солай деген.
– Орынбасар кім?
– Ол ана Жұманның баласы ғой.
К Ө К Ж И Е К – Солай ма?.. Мұнан кейін екеуі үн-түнсіз біраз жүрді. Алдан шағын көлшік көрінді де, екеуі де аттарының басын солай қарай бұрды. Екі тастың арасынан атқылап шығып жатқан бұлақ суы молая келе шағын көлшікке айналыпты. Айналасы көк майса. Лейтенант пен Сәбит жерге түсіп, аттарының ауыздықтарын алды. – Ой, мынау не? – Мұрат тауып алған затын жерден көтерді. – Бәкі ғой, – деді Сәбит селқос қана. – Бәкі екенін көріп тұрмын, кімдікі? – Орынбасардікі, – деді Сәбит тағы да немкетті түрде. – Мен мұны сонан көргенмін. – Ал ол мұнда қайдан келмек? – Е, қойдың өрісі емес пе?.. Демалып отырып түсіріп алған да. – Жұманның отары осы арадан қаншалықты жер? – Онша алыс та, жақын да емес, үш шақырымдай бола ды. – Ол жақта көл жоқ па? – Бар, неге болмасын... – Ал онда бұл жаққа неге келеді? – Сен, қызықсың, – деді Сәбит, – қойды бұл жаққа жайма деп оған ешкім бұйыра алмайды ғой. Малды қайда өргізу керек екенін малшының өзі біледі. Бұл жерге қойын жайып келген болар. – Сонда да мұның бір кінәраты бар сияқты. Бәкінің бұл жерде жатқанына үш-төрт күндей болған, – деп Мұрат та уып алған затын орамалға орап, төс қалтасына салып алды. Сонан соң серігіне қарап: – Бұл жөнінде... – ол екі саусағын ернінің ұшына апарды. – Қам жемей-ақ қойыңыз, жолдас лейтенант, – деп Сәбит атына секіріп мінді.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК * * * Жұманның қараша киіз үйі қалтарыста екен. Сәбит Мұратты дәл төбесінен түсірді. Екі дөңнің арасындағы үлкен сайдың табанында жылтырап су ағып жатыр. Киіз үй сол судың жағасына тігіліпті. Мұрат тағы та сағатына қарап, артынша қойын дәптеріне бірдеңе түртіп алды. Үйде Жұманның кемпірінен басқа ешкім жоқ болып шықты. Орынбасар қойға, Жұман қайтыс болғандарды жерлесуге ауылға кетіпті. Қара кемпірдің аузы бір тынған жоқ. Ара-арасында көзінің жасын сығып-сығып алады. – Апа, соңғы кездері сіздер Арқабайлардың үйлерімен қатынаспай кетіпсіздер ғой. Неге өйттіңіздер, әлде ренжісіп қалдыңыздар ма? – деді бір кезде Мұрат кемпірден сыр тар та. – Иә, қарағым, солай болғаны рас. Ана біздің бала да оңбайды, тоңмойын, алған бетінен қайтпайды. Оған мына жаман шал да қосылып... Ойбай-ау, несі кетеді екен-ей, ба рып араласып тұрса? Байғұс Арқабайдың өзі келіп кешірім сұрап кетті... Кемпір өзімен-өзі сөйлеп кетті. Мұнан кейін Сәбит Мұратқа Арқабай мен Жұманның арасындағы бұрынғы кикілжіңді толық айтып берді. – Иә, сөйтті, сөйттік, қарағым, – деді кемпір Сәбит әңгімесін аяқтап болған соң. – Сонан кейін оларға ешқайсыңыз да барған жоқсыздар ма?.. – Ойбай-ау, бармайын деді дейсің бе, мен бейбақты ана шал мен бала ғой жібермей қойған. – Кемпір тағы да ақтала жөнелді. – Әйтпесе Арқабай байғұста титтей де кінә жоқ. Әй, аруағыңнан айналайын-ай, өлерін күн ілгері білгендей, келіп кешірім сұрағанын айтсайшы бәрінен... Уа, құдіреті күшті құдай-ай, бәрін қолмен қойғандай есеп пен жасайсың-ау!..
К Ө К Ж И Е К
Қара кемпір сөйлей жүріп шай қойды. Ара-арасында
әлдекімге кейіп, ұрсып та алады.
Шай үстінде де аузы бір тынған жоқ. Мұрат оның
айтқандарын үнсіз ішіне түйе берді. Аракідік сұрақ қой
ғаны болмаса, бір рет те кемпірдің сөзін бөлген жоқ. Сәбит
болса бір-екі шай ішісімен-ақ «кішкене мызғып алайын»
деп ірге жаққа қисая сап қорылға басқан.
Күнұзақ айдаладағы үйде жалғыз қалып, іші пыса
тын қара кемпір өзін тыңдайтын адамның табылғанына
қуанғандай біраз әңгіменің басына су құйды.
Кішкенеден соң үй иесінің өзі де келді. Жұман көп сөй
лемейтін томырық кісі екен. Мұрат одан үш-төрт сұраққа
әрең дегенде жауап алды. Оның өзі де тым келте «бар»,
«жоқ», «көрген жоқпын», «білмеймін» деген сияқты сөз
дер еді.
Бір үйдегі екі түрлі мінезді адамдардан ол сонда да өзіне
қажетті-ау деген біраз мәлімет алды да, манадан қорылдап
ұйықтап жатқан Сәбитті түртіп оятты.
– Тұр, жүрейік, жол-жөнекей Орынбасармен де сөйлесе
кетерміз.
– Қарақтарым-ау, бұларың қалай? – деп қара кемпір
шала бүлінді. – Мен қазанға тамақ салып қойып ем.
– Қонбайсыңдар ма? – деп Жұман да күңк ете қалды.
– Рақмет пейілдеріңізге, тамақты тағы бірде жерміз, –
деп Мұрат орнынан көтерілді.
– Қап, бұларың жарамады-ау, – деп қара кемпір әлі
кейіп жүр.
Аттанып бара жатып олар үй иесінен Орынбасардың
қойды қай жаққа өргізгенін сұрады. Жұман жауап орны
на батыс жақты қолымен нұсқады. Бұл кезде күн еңкейіп
қалған еді. Екі атты ауылдан желіп шықты да, сәл ұзаған
соң манағы шал сілтеген бағытқа қарай тасырлатып шаба
жөнелді.
17-151
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
* * *
Мұрат пен Кәрім полковниктің бөлмесіне бір мезгілде
кірді. Владимир Михайлович үстел үстіндегі шамды
жағып, жұмыс істеп отыр екен. Үйдің іші күңгірттеу. Бірақ
үстел үстіндегі қағаздар анық көрінеді. Шамның жарығы
соған бағытталған.
Полковник үстелдегі қағаздарын жинап бір шетке
қойды да, көмекшілеріне отырыңдар дегендей ишарат жа
сады. Сөйтті де өзі барып бөлменің ортасында тұрған үлкен
шамды жақты. Үй іші самаладай жарқырап шыға келді.
Владимир Михайлович көмекшілеріне сынай бір көз
тастады да:
– Немене ұнжырғыларың түсіп кеткен, шаршағаннан
саусыңдар ма? – деді.
– Тіпті де олай емес, жолдас полковник, – деп екі лейте
нант еңселерін көтеріп күлімдей жауап қатты.
– Ал онда баяндай беріңдер.
Мұрат пен Кәрім бір-біріне қарады.
– Садықов, алдымен сен сөйле, – деді полковник.
Кәрім орнынан атып тұрды да, бүгін әскери бөлімде
болып, солдаттар мен офицерлердің біразымен әңгімелес
кенін және өзі байқаған бірсыпыра жайларды айтты.
– Қылмыс жасалатын күнгі күзетте тұрған солдаттар
дың бәрімен сөйлестің бе?
– Біразымен, бірақ олар тосын еш нәрсе байқамаған
дарын айтты, – деді Кәрім.
Полковник әдеттегідей бөлменің ішінде әрі-бері адым
дап біраз жүрді де, қайтадан орнына отырды. Сөйтті де
Мұратқа қарап «енді сен сөйле» дегендей басын изеді.
Манадан бері тықыршып әрең отырған Ахметов бүгінгі
оқиғаны түгел баяндап шықты да, Орынбасардан күдік
тенетінін айтты.
– Дәлелің? – деді полковник.
К Ө К Ж И Е К
– Дәлелім сол – қылмыс жасалатын күні ол түн ортасы
на дейін үйінде болмаған. Оны шешесі айтты. Сондай-ақ
Орынбасардың сол күні Арқабайдың отарында болғанын
дәлелдейтін заттай белгі де бар, – деп Мұрат қалтасына
қолын салды.
– Ол не?
– Бәкі, Орынбасардың бәкісі. Арқабайдың үйінің жа
нындағы бұлақтың басынан тауып алдық.
– Орынбасардың өзі не дейді?
– Біз оған қой жайып жүрген жерінде кездестік. Өзін
өте мазасыз ұстады. Сылтауратып, бәкі сұрап едік, оны жо
ғалтып алғанын айтты.
– Сол мезетте бәкісін көрсеттің бе?
– Жоқ, оны келесі кездесуге қалдырдым.
– Сонда, сенің ойыңша, қылмысты Орынбасар жасаған
болып шықты ғой?
– Әзірше ашып айту қиын. Бірақ күдік күшті.
– Күдіктену бір басқа да, айып тағу бір басқа. Ал сенің
Орынбасардан күдіктенетіндей дәлелің аз. Бұл бәкі,
мүмкін, оныкі емес шығар. Тіпті, соныкі болған күнде де,
«бәкің Арқабайдың үйінің жанындағы бұлақтың басын
да жатыр екен, ендеше қылмысты сен жасауың мүмкін»
деуіміз ағаттық емес пе? Әзірге үзілді-кесілді қорытынды
жасауға асықпа. Ертең жайлауға барып, тағы да Жұманның
үй ішімен сөйлес. Ал сен, Кәрім, менімен бірге боласың, –
деп полковник орнынан көтерілді.
Оған ілесіп екі лейтенант та атып-атып тұрды.
* * *
Ұзақбай кеңсеге таңертеңгі сағат тоғызда келді. Бұл
кезде Владимир Михайлович пен Кәрім де осында отырған
болатын. Ұзақбайды олар дәл осы мезгілде шақырған еді.
Есік әлсіз қағылды да, артынша «Мүмкін бе екен?» де
ген дауыс естілді.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Иә, Ұзеке, кіріңіз, жоғары шығыңыз, – деп Владимир
Михайлович орнынан тұрды.
Ұзақбай екеуімен бас изеп амандасты да, төрде тұрған
бос орындыққа келіп отыра кетті.
Владимир Михайлович қалтасынан бір тал темекі алып
тұтатты. Ол Ұзақбайға беретін сұрақтарын күн ілгері
әзірлеп қойған болатын. Бірақ асыққан жоқ. Темекісін
жайлап сорып, қайтадан отырды. Бұл кезде ол алдындағы
адамның ішкі құбылысын бет-пішінінен білгісі келгендей
ұзақ бақылады.
Ұзақбай соңғы екі күннің ішінде қатты жүдепті. Көздері
шүңірейіп, жақтары қушиып қалыпты. Сақал-мұрты да
алынбаған. Басы төмен салбырап, екі иіні түсіп кеткен.
Бір кезде ол басын көтеріп алды да, полковникке
қарады. Екі көз түйісіп қалды. Ұзақбай көп шыдаған жоқ,
үх деді де жанарын басқа жаққа тайдырып әкетті.
Полковник орнынан жедел көтерілді де:
– Ұзақбай, айтыңызшы, қылмыскерлер сіздің үйден
теңгеден басқа ешнәрсе алмап па? – деді.
Ұзақбай полковникке жалт қарады.
– Оны неге сұрадыңыз?
– Қажет болған соң сұрап отырмыз да...
– Алыпты, алтын қасығымыз жоқ.
– Таза алтын ба еді?
– Иә, таза алтын болатын. Ол әкемнің әкесінен қалған
мұра еді.
– Сіздің үйде ондай қасық барын кімнің білуі мүмкін
деп ойлайсыз?
– Ешкімнің де білуі мүмкін емес, оны өзім мен Жамал
дан басқа ешкім білмейді.
– Басқа дүниелеріңіз аман ғой?
– Аман.
– Сіздің сол күні ауылға кеткеніңізді Арқабайдың үй
ішінен басқа кім біледі деп ойлайсыз?
– Орынбасар, Орынбасардың білуі тиіс.
К Ө К Ж И Е К
– Орынбасар? Қалайша?
– Себебі сол күні түнде Арқабайдікіне Эмма келіп қонды
емес пе? Ал Эмма болған жерде Орынбасардың да бір соқпай
кетпейтіні сөзсіз.
– Мынауыңыз қызық жаңалық екен. Сонда қалай, Эмма
Орынбасардың қалыңдығы ма?
– Ол жағын білмеймін, бірақ Эмма жайлауға кел
се, Орынбасармен кездеспей кетуі мүмкін емес. Ал ана
Жұманның жаман баласы ол қыздың соңынан бір елі
қалмауға тырысады.
– Тіпті бұлай болса, Эмма Жұманның үйіне неге қона
салмады? – деді бір кезде Кәрім сөзге араласып.
– Е, оған ана қисық шал көнер дейсің бе? Кәрістің қызын
келін етіп алғысы келмейтін шығар. Әйтеуір Эмманың
олардікіне қонбақ түгіл, жайласып отырып бір шәйнек
шәйін ішіпті дегенді де естіген емеспін.
– Ақылбайдың денсаулығы қалай? – деп полковник
әңгімені басқа жаққа бұрып кетті.
– А...а... Ақылбайым жақсы...
– Соңғы рет ауруханаға қашан бардыңыз?
– Жамалды жерлердің алдында. Енді бүгін тағы бар
мақпын.
– Онда бірге кіріп шығайық, – полковник Кәрімге
қарады да, – сен де бізбен бірге жүр, – деді.
Аудан орталығы ұжымшардан онша ашық емес тұғын.
Олар жеңіл мәшинеге отырып, он бес-жиырма минөттің
ішінде аудандық ауруханаға жетті.
Бас дәрігер полковникке баланың көңіл күйі мен
денсаулығының онша жаман емес екенін айта келіп,
әрқайсысына бір-бірден ақ желең берді.
Ақылбайдың кереуеті шетте екен. Ол ішке кіргендерді
байқаған жоқ. Өзімен-өзі болып, теріс қараған күйі жатыр.
Бірақ ояу екені белгілі: екі қолын алға созып, қабырғаны
әлсіз саусақтарымен анда-санда сызғылап қояды.
– Ақылжан! Ақылбайым!..
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Бала селк ете түсті. Артынша, бері қарай аударыла беріп
шыр ете қалды. Сөйтіп, екі қолымен бетін көлегейлеп,
бүрісе берді...
– Ақылжан, алтыным, не болды?..
Балаға қарай жүгіре берген Ұзақбайды бас дәрігер ұстап
қалды да, полковникке «шыға тұрыңыздар» дегендей ым
мен есікті нұсқады.
Владимир Михайлович пен Кәрім есіктен шығып бара
жатып: «Сіз неге тұрсыз, сіз де барыңыз», – деген бас
дәрігердің өктем де қаһарлы даусын естіп қалды. Артынша
Ұзақбай да сопаң етіп, атып шықты. Өңі құп-қу.
Полковник есік алдындағы сәкінің үстіне отырды да,
темекісін тұтатты. Екі көзі манағы өздері шыққан есікте,
«Япыр-ау, бала мұнша неге шошыды? Мұндай дауыс тек
бір нәрседен қатты қорыққанда яки шошығанда шығады
емес пе? Әлде ол дәрігерлерден қорқып қалды ма екен?
Жоқ, жоқ, мүмкін емес. Бала Ұзақбайдың даусын естігенде
селк ете түсті ғой. Тіпті алғаш соның өзін көріп шыңғырып
жіберді емес пе? Ғажап! Жас баланың туған әкесінен
соншалықты шошығаны несі? Мұнда бір құпия сыр болма
сын...»
Полковник сөніп қалған темекісін лақтырып жіберді де,
орнынан атып тұрды. Осы кезде іштен бас дәрігер де шыға
қалды.
– Енді баланың мазасын алуға болмайды, үйлеріңізге
қайта беріңіздер, – деді ол кабинетіне кіріп бара жатып.
– Сіздер машинаға бара беріңіздер, мен қазір бес минөт
тен кейін шығам, – деп полковник те бас дәрігердің соңынан
ерді.
Бастығының ойын емеуріннен түсінетін Кәрім:
– Құп болады! – деді.
Полковник іште бес минөт емес, бақандай жарты сағат
кідірді. Бірақ ол өзіне-өзі риза болғандай көңілді шықты.
Мәшинеге отырып жатып:
– Ал, мен жалғыз куәгермен сөйлесіп шықтым, – деді.
К Ө К Ж И Е К
– Шын ба, ол не деді? – Ұзақбай полковникке таңдана
қарады.
– Ақылбай ма?.. Ау, ол айтпақшы әлі сөйлей алмайды
екен ғой... тілі шықпаған... Осы мен де қызықпын, не болса
соны айтып, – деп полковник құмыға күлді.
Бұл оның осы жерге келгелі бері тұңғыш күлгені еді.
Кәрім бастығының дәл осы жолғы мінезіне түсінбегендей
аң-таң болды.
* * *
Жеңіл мәшиненең ұжымшар кеңсесінің алдына келіп
тоқтай бергені сол еді, іштен төрағаның өзі шыға келді.
– Жайшылық па, Ақан Ақаевич? – деді полковник оған
қарсы жүріп.
– Владимир Михайлович, сізді әскери бөлімшеден теле
фон соғып, қайта-қайта сұрап жатыр, – деді ол.
– Кім?
– Майор Кузнецов.
– Не болып қалды екен? Бұл жерден оларға телефон соға
аламыз ба?
– Жоқ, тек өздері ғана хабарласа алады.
– Онда мен сол жаққа барып қайтайын. Өзімнің де Ва
силий Ивановичпен тағы бір әңгімелескім келіп жүр еді, –
деп полковник мәшинесіне қарай қайта беттеді.
Журавлев пен Садықов Ұзақбайды сол жерде қалдырды
да, бірден әскери бөлімшеге тартып кетті. Жол-жөнекей
полковник өзімен-өзі болып, үлкен ойдың үстінде отыр
ды. Кәрім де бастығына сұрақ беріп, мазасын алған жоқ.
Осылайша олар әскери бөлімшеге де келіп жетті. Штаб
жабық тұр екен. Полковник сағатына қарап еді, бірден он
минөттей кетіпті. Екіге дейін әлі біраз уақыт бар. Қазір
әрбір сәт қымбат екені белгілі. «Не істеу керек? Қой, не
де болса майордың үйіне баруға тиіспіз», – деп түйді ойын
полковник.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Офицерлер тұратын үйлер казармалармен қатарлас
болатын. Бір-бірінен аумайтын аласа үйлердің арасынан
Владимир Михайлович пен Кәрім майордың пәтерін әрең
тапты. Есікті ашқан әдемі сары қыз бұларға таңдана бір көз
тастады да:
– Сіздерге папам керек пе, қазір шақырайын, – деп ішке
еніп кетті.
Артынша майордың өзі де шыға келді.
– О, Владимир Михайлович, жолдас Садықов! Сәләмат
сыздар ма? Кіріңіздер, кіріңіздер үйге, – деп елпектеп
қалды.
– Мазаңызды алғанымызға айып етпеңіз, Василий Ива
нович, – деді полковник амандасып болған соң, – біз үшін
әрбір минөт қымбат қой. Ал уақыт болса өтіп барады...
– Жоқ, жоқ, сылтауратпаңыз, Владимир Михайлович,
есіктің алдына келіп тұрып, үйден дәм татпай шығу деген
ұят болады, – деді майор. – Кіріңіздер, тамақ даяр тұр.
Полковник пен лейтенант амалсыз үйге кірді.
– Мынау менің қызым болады, аты – Маша. Онжылдық
ты өткен жылы бітірді. Қазір институтқа түсу үшін дай
ындалып жүр, – деді майор қонақтарына манағы ақсары
қызды таныстырып. – Мамасы курортта жүр, аздап
жүрегінің ауыратыны бар еді, соны «күрделі жөндеуден»
өткізіп жатыр, – деп күліп қойды.
– Мәселе былай болып тұр, – деді Василий Иванович
тамақтан кейін, – ана жолы мына Садықов бөлімдегі сол
даттармен әңгімелесіп кеткеннен кейін мен командирлерді
қайтадан жинап алдым да, 15 шілде күні нарядта болған
адамдардың тізімін жасаттым. Сөйтіп, олардың әрқайсы
сымен жеке-жеке сөйлестім. Қысқасы, ішкі нарядта бол
ған Лаврушкин деген жас жауынгер сол күні түнде Есенов
деген кіші сержанттың үш-төрт сағат бойы далада болып,
казармаға таң ата келіп жатқанын айтты. Өз басым Есе
новке еш кінә таға алмаймын. Жақсы солдат, іскер ко
мандир. Мерзімді әскери міндетін өтеп болып қалды, енді
К Ө К Ж И Е К
біраз күннен кейін туған еліне де қайтпақ. Бірақ мені таң
дандарып отырғаны басқа мәселе болып отыр. Түн ішінде
ол сыртқа неге шықты және үш-төрт сағат бойы қайда
жүрді?
Үй іші бір сәтке тым-тырыс бола қалды. Бәрі де осы
сұраққа жауап іздеп отырғандай.
Бір кезде сақыр-сұқыр ете қалған ыдыстың даусынан
бәрі де елең ете қалысты.
– Кешіріңіздер, мен байқаусызда... – деп қып-қызыл бо
лып кеткен Маша еденде жатқан тәрелкелердің сынығын
жинай бастады.
– Бұл жақсы ырым ғой, бақыт үшін, – деді полковник
қызға күле қарап.
– Иә, бақыт үшін, бақыт үшін! – деді Василий Иванович
те орнынан тұрып жатып. – Енді қалған әңгімені штабқа
барып жалғастырайық.
Оған ілесіп Владимир Михайлович пен Кәрім де орында
рынан көтерілді.
Штабқа келген соң майор есік алдындағы күзетші
солдатқа: «Маған кіші сержант Есеновты шақырып жі
бер», – деп бұйрық берді.
– Алдымен күзетте тұрған солдатпен әңгімелескенімізде
болатын ба еді? – деді полковник.
– Ә, айтпақшы, сөйту керек екен ғой...
Майор қайта бұйрық берді.
Лаврушкин көп кешікпеді. Есікті қағып ашқан ол:
– Жолдас майор, қатардағы жауынгер Лаврушкин сіздің
бұйрығыңыз бойынша келіп тұр, – деп оң қолын шекесіне
апарып сәлем берді.
Владимир Михайлович алдында тұрған жас жауынгерге
сүйсіне қарады да, өзіңіз бастай беріңіз дегендей майорға
басын изеді.
– Отыр, Лаврушкин, – деді майор жауынгерге орындық
ұсынып, өзі орнынан тұрды. – Мына кісілер ішкі істер
органдарынан. Естіген боларсың, ана күнгі мәселемен
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
жүр. Сондықтан сен 15 шілде күні нарядта тұрған кезіңде
байқаған, көрген жайларды тегіс айтып бер, – деді.
Жас жауынгер манағы майордың айтқан әңгімесін қаз-
қалпында қайталап шықты да:
– Кінәмді мойындаймын, жолдас командир, – деп төмен
қарады.
– Түнде демалып жатқан солдаттар сыртқа шықса, он-он
бес минөттен кейін қайтып оралуға тиіс. Ал бұл уақыттың
ішінде казармаға қайтып келмесе, кезекші командирге
хабарлауың керек еді. Жарайды, бұл жөнінде кейін тағы
да сөйлесеміз, – деді майор, сөйтті де Владимир Михайло
вичке қарады:
– Сіздің сұрағыңыз бар ма, жолдас полковник?
Журавлев басын шайқады.
Лаврушкин шығып кеткеннен кейін ішке кіші сержант
Есенов кірді. Есенов ысылып қалған жауынгер екен. Денесі
тіп-тік. Қоңырқай жүзінен қайсарлық пен жастық лебі есіп
тұр, сүп-сүйкімді. Командирдің алдында өзін еркін ұстады.
Бірінші болып әңгімені тағы да майор бастады.
– Кіші сержант Есенов, сен 15 шілде күні нарядта
болдың ба?
– Жоқ, жолдас командир.
– Онда түнгі сағат екі-үштерде қайда жүрдің?
Кіші сержанттың қоңырқай жүзі лып етіп, қызыл
күреңденіп кетті.
– Далада таза ауада жүріп қайтып едім, жолдас коман
дир, – деді Есенов көптен кейін барып.
– Неге? Қанша сағат?..
Кіші сержант тосылып қалды. Кабинет іші бір сәтке тым-
тырыс болып, ұшқан шыбынның ызыңына дейін естілді.
Егер дәл сол кезде есікті біреу қақпаса, бұл үнсіздіктің
қанша уақытқа созылары белгісіз еді.
– Бұл кім тағы?
Есік сарт етіп ашылды да, ішке Маша кіріп келді.
К Ө К Ж И Е К
– Маша! Не болып қалды, жай жүрсің бе? – деді майор
қызына қарсы жүріп.
– Папа, жолдас полковник, – деді қыз Кузнецов пен Жу
равлевке кезек қарап, – Ерболдың сіздер ойлап отырған
іске ешбір қатысы жоқ. Ол күні түнде біз бірге қыдырған
болатынбыз...
– Не дейді?
Василий Иванович біресе қызына, біресе Владимир Ми
хайловичке қарап, абдырап тұрып қалды. Полковник сөз
кезегінің өзіне тіреліп тұрғанын іштей ұқты. Сонан соң
жайлап орнынан тұрды да:
– Сен қателесесің, Машенька, біз Есеновты қылмысты
іске қатысы бар деп жазғырып отырған жоқпыз ғой, –
деді салмақпен. – Керісінше, сол қылмысты ашуға се
беп тигізерліктей, көмектесерліктей фактілер іздестіріп
жүрміз. Ал ондай жайларды біреу болмаса, біреудің байқап
қалуы мүмкін. Қылмыскер аспаннан түскен жоқ. Ол осы
өз арамызда жүр. Ал оны көп сайрандатпай, жедел ұстау –
бәріміздің міндетіміз. Сен, алдымен, осыны түсін.
– Оны түсінеміз ғой, – деді қыз манадан сілейіп тұрған
Ербол мен тосын оқиғадан есеңгірегендей боп қалған
әкесіне кезек-кезек қарап, – сонда біздің не істеуіміз керек?
– Қыдырып жүргендеріңде көңілге күдік келтірерліктей
тосын жәйтті байқаған жоқсыңдар ма?
– Жоқ, тек сай жақтан жүгіріп өткен елікті ғана байқа
дық.
– Елік емес, ат, – деді Ербол.
– Сен маған елік дедің ғой, – деп қыз бұртиды.
– Ат?.. Жалғыз ат па?.. Қай жерден? – деді полковник
Ерболдың жанына келіп.
Манадан сызданып тұрған майор да елең ете қалды.
– Иә, ат, тіпті атты адам болуы да мүмкін. Себебі жалғыз
жүрген жылқы біреу әдейілеп қумаса, өзінен-өзі шаппайды
ғой, – деді Ербол мал сырын жақсы білетінін танытып. –
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Ал мына ат біз отырған сайдың арғы бетімен асуға қарай
құйындатып шауып өтті.
– Сағат нешелер шамасында?
– Бір-екілер шамасы, – деді қыз.
– Үштен отыз-қырық минөттей кеткен болатын, – деді
жігіт көзінің астымен командиріне қарап.
– Анық қой?
– Анық, себебі соның алдында ғана сағатыма қараған бо
латынмын.
– Рахмет, менде басқа сұрақ жоқ, – деді мұнан кейін
полковник.
– Онда бара беріңдер, – деп майор қызы мен Ерболға
қарап, сонан соң есіне бірдеңе түскендей:
– Есенов, уставтың ережелерін бұзғаның үшін мен
сенімен кейін жеке сөйлесем, – деді.
– Құп болады, жолдас майор! Кетуге рұқсат етіңізші?!
– Барыңыз!
Кіші сержант сымдай тартылып, оң қолын шекесіне
апарды да, шығып кетті.
– Мен жаңағы ат өткен жерді шолып шықсам ба дей
мін? – деп Кәрім бастығына қарады.
– Дұрыс, сөйте ғой, – деді полковник көмекшісінің ойын
бірден түсініп.
– Василий Иванович, сізге біраз сұрақ қоюға бола ма? –
деді полковник майор екеуі оңаша қалған соң.
– Құлағым сізде, Владимир Михайлович.
– Жайлаудағы қайғылы уақиғаны бірінші көрген сіз
сіз, – деп бастады сөзін полковник тағы да өткендегі сөзін
қайталап, – тірі қалған баланы да жерден алғаш көтеріп
алған сізсіз. Сұрайын дегенім: бала жатқан жерде көзіңізге
оғаш еш нәрсе түсе қойған жоқ па?
– Бала үйдің ішінде жерде жатыр екен, әбден әлсіреп,
қалжыраған. Басқа ештеңе байқаған жоқ сияқтымын.
– Мынаған қарап айтыңызшы, мүмкін есіңізге түсер. –
Полковник пәпкісінен сурет алып, майорға ұсынды.
К Ө К Ж И Е К
– Бұл үйдің ішкі көрінісі ғой, – деді майор суретке үңіле
қарап. – Бала, міне, мына киіздің үстінде бүк түсіп жатыр
екен.
– Дұрыс, ал оның бергі жағындағы мына бір домалап
жатқандар не?
– Е, ол құрт қой. Мұндай құрт үйдің ішінде тегіс шашы
лып, тіпті, бір шетте айран да төгіліп жатқан.
– Айран демекші, ол күбіде ме әлде ыдыстарға құюлы
тұрды ма?
– Білмедім, бірақ екі үлкен шара қатар тұрған болатын.
– Түсінікті.
– Айтыңызшы, Владимир Михайлович, мұның қылмыс
керге қандай қатысы бар? – деді майор шыдай алмай.
– Мүмкін, қатысы жоқ та шығар, – деді полковник езу
тартып, – дегенмен Ұзақбайдың баласы екі-үш күндей осы
сіз айтып отырған тамақтарды қорек еткен.
– Қызық екен, сонда...
– Дәл солай, – полковник майордың сөзін бөліп жіберді, –
қылмыскер жас баланың аштан өліп қалмауына да «қам
қорлық» жасаған. Ал оның мұндай «адамгершілігін» сот
кезінде ескеретін болар деп ойлаймыз...
Майор полковниктің сөзінің не шын екенін, не қалжың
екенін түсінбей, аңырап тұрып қалды.
* * *
Түнге қарай жедел топтың қызметкерлері полковниктің
бөлмесіне тағы да жиналды. Бұл жолы Владимир Михайло
вич көңілді де сергек еді.
– Иә, қалай, Ахметов жолдас, бәкінің иесі табылды ма? –
деді ол Мұратқа қарап.
– Дәл солай, жолдас полковник, табылды, – деді Мұрат
күліп, – баяндауға рұқсат етіңізші!..
– Рұқсат, бірақ қысқартып айт.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК – Бәкі, шынында, Орынбасардікі екен, – деп баста ды сөзін Ахметов, – мен оны алғаш шешесіне көрсеттім. Ол «Баламдікі» деді. Содан соң әкесіне көрсеттім. Ол кісі қисық мінезділеу ғой, «Өкіметтікі» деді. «Өкімет шығар ғанын білем, балаңызда осындай бәкі бар ма еді?» деп едім, «Рас, бар болатын, бірақ нақ Орынбасардікі екенін анық білмеймін, менің қойым сияқты салып қойған ені жоқ қой» деді. Ал Орынбасардың өзі бірден мойындады. Мұнан кейін Мұрат Орынбасардың сол түні Эмманы Ар қабайдың үйінің жанына дейін шығарып салғанын, сонан қайтып келе жатып бұлақтан су ішкенін айтты. – Бұл сөзге сендің бе? – Сендім, жолдас полковник. Мұрат полковник тағы да дәлелде дейтін болар деп іштей жауабын да әзірлей бастаған. Бірақ Владимир Михайлович қайтып сұрақ қоймастан, өзі сөйлеп кетті: – Жолдастар, жұмысымызды қорытындылайтын уақыт жақындап қалған сияқты. Өздеріңе мәлім, алғаш біз қылмыскерді үш бағыттан іздестірген болатынбыз. Оның екеуі – әскери бөлімше мен Жұман аулы – толық тек серуден өтті, яғни, әзірше оларды күн тәртібінен шығара тұрайық. Алда әлі толық зерттелмеген ең шешуші де негізгі бір-ақ бағыт қалды. Ол – шаруашылық орталығы. Бірнеше күнгі іздестіру мен зерттеудің қорытындысы қылмыскердің нақ осы жерден шыққанын дәлелдей тү сетін сияқты. Жорамалдауымызша, қылмыскер жайлауға атпен бар ған. Ендігі мақсат – атты және оны жайлауға мініп барған адамды анықтау. Сол сияқты қылмыскердің жас баланың тірі қалдырып кеткеніне де көп көңіл бөлу керек сияқты. Бұл жерде бір құпия сырдың беті ашылып қалуы ғажап емес. Байқайсыздар ма, қылмыскер, тіпті, жас баланың аштан өліп қалмауына да «қамқорлық» жасап, үй ішіне құрт-ірімшік шашып, шараларға айран құйып кеткен. Мұндай «мейірімділік» кімнің қолынан келмек? Оны
К Ө К Ж И Е К
бүгінгі жай да дәлелдей түскен сияқты. Қайғылы оқиғаның
жалғыз куәгері – Ақылбай өз әкесі Ұзақбайды көргенде
неге шырылдап жылады? Сәбидің пәк жүрегінде қатал да
мейірімсіз зұлымдық ісі сақталып қалмасына кім кепіл?
Бірақ тағы да қайталап айтамын, мұның бәрі әзірше
жорамал ғана. Сондықтан біз үстірт қорытынды жасауға
асықпайық. Ал Ұзақбайды бүгіннен бастап бақылауға алу
керек, иә, арнайы бақылауға алу керек...
Мұнан кейін полковник ертеңгі жұмыстың жоспарын
жасап, көмекшілерімен түннің бір уағына дейін тағы да
отырды.
* * *
Көшенің шет жағындағы Қарсыбайдың үйіне жанына
жеңіл мәшине келіп тоқтағанда, күн ұясынан енді-енді
ғана сығалай бастаған еді. Көліктен Журавлев, Ахметов
және Садықов түсті. Полковник көмекшілерін ертіп ана
жолғы Ұзақбай атын арқандаған жерге барды.
Үй іргесіндегі жоңышқалықтың бір шеті жапырылып
қалған. Әр жерде аттың тезегі жатыр. Полковник оларды
шыбықпен түртіп, аударып тастады. Сонан соң Кәрімге
қарап:
– Садықов, саған бүгін жайлауға тағы баруға тура келіп тұр.
Төте жолмен, атпен жүресің. Міндет біреу-ақ. Ол – жайлауға
барған аттың ізін және басқа да белгілерін табу! – деді.
– Құп болады, жолдас полковник!
Кәрім жерде жатқан аттың іздерін өлшеуге кірісті.
Қаракердің тұяғы жоңышқалыққа анық түскен. Кәрім ат
арқандалған жерден өзіне қажетті біраз мәлімет жинады
да, сілейіп тұрып қалды.
– Не болды, неге тұрсың? – деді полковник оның бұл
мінезіне түсінбей.
– Жолдас полковник, мен мына жерден екі түрлі ізді
байқап тұрмын.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Қалайша?
– Бірі тағалы да, екіншісі тағасы жартылай сынған
аттың ізі. Міне, өзіңіз көріңізші.
Полковник пен Мұрат Кәрім нұсқаған жерге үңілді. Шы
нында да жоңышқалықтың үстіне тағасының бір жақ шеті
жартылай сынып, түсіп қалған тұяқ ізі анық көрініп тұр
еді. Қатарласа түскен екі іздің біреуі тағалы да, екіншісі
жартылай сынған. Полковник оны қайтадан өлшеді де,
Кәрімге күлімсірей қарады.
– Ал енді Қаракердің тағасы түспей тұрған кезіндегі ізін
тауып көрейік.
– Ол, міне, жолдас полковник, – деді Мұрат оң жағына
бұрылып.
Бұл жолы да екі із қатар түсіпті. Бірақ екеуінің де тағасы
бар. Қара жердің топырағын ойып кеткен.
Владимир Михайлович жедел шешімге келді.
– Бәрі де түсінікті сияқты, – деді ол екі қолын бір-біріне
ысқылап, – Қарекер жоңышқалыққа екі рет арқандалған.
Алғаш арқандалғанда оның төрт аяғындағы таға да түгел
еді. Ал екінші рет арқандалғанда оның оң аяғындағы тағасы
сынық болды. Бұдан шығатын қорытынды: қылмыс жасалы
натын түні белгісіз біреу Қаракерді жайлауға мініп барған.
Төте жолдың таулы, тасты екені белгілі. Сол жолда ат тұяғы
тасқа тиіп, бір тағаның сынуы да ғажап емес қой. Сондықтан,
Садықов сен жол-жөнекей осыған да көңіл аударғайсың.
– Түсінікті, жолдас полковник, бара беруге бола ма? –
деді Кәрім.
– Барыңыз!
Кәрім кеткеннен кейін Владимир Михайлович пен
Мұрат Қарсыбайдың үйіне келіп, терезесін қақты. Есікті
көп уақыт өткен соң барып Ұмсынай ашты.
Келіншек полковник пен лейтенанттың бұл келісіне
таңдана қойған жоқ. Себебі олар бұл үйге кез келген
уақытта келетін, Ұмсынайдың өзін іздеп полковник талай
рет бас сұққан.
К Ө К Ж И Е К
– Үйге кіріңіздер, – деді келіншек иба сақтап.
– Рақмет, мезгілсіз мазаларыңызды алғанымызға ғафу
етіңіз, – деді полковник, – Қарсыбайды оятып жіберіңізші...
– Қазір, – деп келіншек ішке қайта кіріп кетті.
Қарсыбай сыртқа тез шықты. Полковник пен лейтенант
одан Ұзақбайдың Қаракерін ана жолы кімге тағалатқанын
сұрап, біліп алды да, мәшинеге отырып, Бейсеннің
ұстаханасына тартты.
Бұл кезде күн әжептәуір көтеріліп қалған еді.
* * *
Лейтенант Садықов орталықтан шығысымен, бірден
әскери бөлімшеге келді. Себебі, ол ана жолы Маша мен
Ерболдың сілтеген бағытынан орталыққа қарай жүріп
өткен аттың ізін тауып, белгілеп кеткен еді. Онсыз мына
таулы-тасты жерден із кесу мүмкін емес. Ол бір мая шөптің
арасынан жалғыз инені іздеумен бірдей екені белгілі.
Атынан түсіп, сайдың табанындағы ізді өлшеді. Дәл өзі!
Қаракердің ізі. Кәрім істің сәтті басталғанына іштей қатты
қуанып, енді ізден ажырап қалмауға тырысты. Сөйтіп, ол
атын жетекке алды да, іздің соңына жаяу түсті.
Бірақ оның қуанышы көпке созылмады. Қаракердің ізі
асуға жете бере көмескі тартып, жоқ болып кетті. Шынын
да да қиыршық тастың үстінен аттың ізін табам деу құр
әурешілік еді. Кәрім Қаракердің ең соңғы ізі түскен сазды
жерге белгі салды да, ары қарай кетті. Ендігі мақсаты –
асудың арғы жағындағы ойпанға жету. Одан әрі егіс даласы
басталды. Қаракер аспанға ұшып кетпесе, таңбалы ізін сол
жерге бір түсірмей өтуі мүмкін емес.
Кәрімнің мінгені мінезі шайпаулау ат еді. Жол-жөнекей
не болса, содан үркіп, осқырына берді. Лейтенант атының
тізгінін тарта ұстап, сақ отыр.
Тау іші. Ат тұяғынан ұшқан әрбір тастың өзі ызыңдап,
аңғарды басына көтереді. Төменде аққан бұлақтың сылды
18-151
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
ры талып естіледі. Ауа тымық, күн ыстық. Кәрім өзінің
шөлдегенін сезді.
Кенет оның аты құлағын қайшылап тұра қалды. Артын
ша, осқырынып, солға қарады. Кәрім ат бұрылған жаққа
жалт қарап, қарсы жағындағы сайдан шығып келе жатқан
Ұзақбайды көрді. Астына мінгені – Қаракер. Артына
бөктерген қомақты заты бар.
Ұзақбай бұл кездесуді күтпесе керек. Сасып қалды.
Бірақ онысын сездіргісі келмегендей, бірден тілге келді.
– Уа, Кәрімбісің? Сау-саламат па, қарағым, қайдан
жүрсің?
– Аман-есенсіз бе, Ұзеке? – Лейтенант та тез бойын
жиып алды. – Жұмыс қой... Мына Жұмандардың ауылы
нан келе жатыр едім... Өзіңізге жол болсын?..
– Ә, мен бе, менікі жай сандалыс қой. Тау кезіп, құс
атып дегендей, көңілімді сергітсем бе деп едім...
Ұзақбай тақымындағы қос ауызды мылтығын қолымен
сипап көрсетті де, артынша оны көз ілеспес жылдамдықпен
жұлып алып, шүріппені қайырып қалды. Манадан бері
оның әрбір қимылын қалт жібермей аңдып тұрған лейте
нант атын тебініп қалып, мылтыққа жармасты. Қос ауыз
ды қара мылтық гүрс етіп атылды да, екі ат екі жаққа жалт
берді. Қара мылтықты қапсыра құшақтаған Кәрім атынан
аударылып түсті. Сол қолының қары шым етіп, артынша
әлі кете бастады...
Атқа бекем Ұзақбай Қаракерге қамшы басты. Бәйгекер
кісінеп, аспанға атылды. Лейтанант бар күшін бойына жи
нап, жан қалтасынан пистолетін алды да, алда арқан бойы
ұзақ кеткен Қаракерді қарауылға алып, екі-үш рет басып
қалды.
Бір сәтте оның құлағына аттың қатты кісінегені ме, тау
дан құлап аққан бұлақтың сарылы ма, бір түрлі шу естілді,
артынша тып-тыныш болып тына қалды...
Енді бір есін жиғанда, ол өзін ұстап отырған полков
ник Журавлевті, алдына басын төмен салбыратып тұрған
К Ө К Ж И Е К
Ұзақбайдың мүсәпір бейнесін, одан әрі өзіне тесіле қараған
досы Ахметовты, майор Кузнецовты, кіші сержант Есенов
пен бірнеше жауынгерді байқап қалды.
«Тү-у, әп-сәтте бұлар да көмекке келіп үлгірген бе?..»
Кәрім қайтадан есінен танып қалды.
– Батыр-ау, бізді қатты қорқыттың ғой, – деді полков
ник Кәрімнің жастығын көтеріп. – Қалайсың, көңіл күйің
жақсы ма?
– Рахмет, жолдас полковник, еш жерім ауырмайтын
сияқты, өзімді жақсы сезінем, – деді Кәрім езу тартып.
– Сонымен, іссапарымыз да бітті, – деді полковник
күліп.
– Қалайша, әлі сынық тағаны тапқан жоқпыз ғой, – деді
Кәрім.
– Е, айтпақшы, ол да Ұзақбайдың қапшығынан шықты.
– Шынымен бе, жолдас полковник?
– Дәл солай. Қапшықтан алтын қасық та және Арқа
байдың үйінен ұрланған теңге де табылды.
– Сонда?
– Иә, дәл солай, жолдас Садықов. Арқабайдың үй ішін,
Эмманы және өзінің әйелін пышақтап өлтірген Ұзақбай бо
лып шықты.
– Япыр-ау?! Не үшін, сонда не үшін?
– Жарайды, жолдас Садықов, саған көп сөйлеп, шар
шауға болмайды. Бәрін, бәрін кейін естисің. Алдымен
жақсылап жазылып шық, сонан соң Ұзақбайдың сотына
өзің де қатысасың. Алматыдан қазір самолет келуге тиіс.
Біз сені соған шығарып саламыз, – деп полковник орнынан
көтерілді.
Владимир Михайлович былай шыққаннан кейін де
жаңағы Кәрімнің сұрағын есіне алып: «Не үшін, иә, не
үшін Ұзақбай осындай жауыздыққа барды?» – деп күбірлей
берді.
...Ұзақбай өз кінәсін бірден мойнына алған болатын.
Бірақ оның ары-бері бұлаңқұйрыққа салып, жалтаратын
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
дай да ешбір дәлелі жоқ еді. «Бәрі де ішкіліктің кесірі
ғой... әйелімді қызғандым ғой.. әйелімді қызғандым...
Арқабайдың теңгесіне қызықтым...», – дейді. Дегенмен
мұның бәрі негізгі себеп пе екен?! Ұзақбайдың өмірбаянына
тағы да бір көз жүгіртіп шығу керек екен...»
* * *
«Жаңа талап» ұжымшарының орталығынан шыққан
мәшине үлкен қара жолға түсті де, зымырай жөнелді.
Артқы орындықта лейтенант Мұрат Ахметов отыр.
Алдыңғы жаққа жүргізушімен қатар жайғасқан Вла
димир Михайловичтің түрінен ешбір өзгерістің нышаны
білінбейді, сол бұрынғы қалпы, қалың қабағының астынан
ойлана қарайтын көкшіл көздері алдындағы бір нүктеге
бағытталған, сирек кірпіктері анда-санда ғана қағылады.
Полковниктің дәл қазір не ойлап отырғанын болжап білу
қиын.
Владимир Михайловичтің қатты ойланғанда үнемі өстіп
өзімен-өзі болып, көзін бір нүктеден алмай, тым-тырыс
отырып қалатынын Мұрат жақсы біледі. Мұндай кезде
оны сөзге тарту мүмкін емес. Бастығының осы мінезін бес
саусағындай білетін Мұрат үнсіз отыр.
Мәшине шағын тауды айналып өтті де, жазық дала жо
лына түсті. Осы тұсқа келгенде ғана іштегілер жан-жағына
қарап, орындарынан бір-бір қозғалысып қойды. Жайлау
әлі де жайқалып тұр. Тіпті таудың тасына да шөп шығып
кеткен сияқты. Алыстан қараған кісіге көкпеңбек болып
көкжиекке ұласып жатыр.
Кенет осы көкжиектен титтей бір қара ноқат бөлініп
шықты. Осы кезде арғы жақтан оған тағы да бір қара
қосылды. Манадан бұл көріністен көз алмай, қарап келе
жатқан Мұрат оларды алғаш көкпаршылар ма деп ойлаған
еді. Бірақ бағыты – мәшине жақ. Дәл осы сәтте барып
Мұрат:
К Ө К Ж И Е К
– Жолдас полковник, аналар бізге жолыққалы келе
жатқан жоқ па екен? – деп салт аттыларды көрсетті.
Владимир Михайлович мол денесімен оң жағына
бұрылды да, шопырына «тоқта» дегендей белгі берді.
– Ой, мынау келе жатқан Василий Иванович қой, – деді
күлімсіреп, – ал екіншісі Орынбасар емес пе?
– Дәл өзі, – деді Мұрат та балаша қуанып.
Бұл кезде қатарласа шапқан қос салт атты жақындап
қалған еді. Владимир Михайлович пен Мұрат мәшинеден
түсіп, жолдың шетіне шықты.
Василий Иванович Орынбасардан арқан бойы озып
келді. Амандықтан кейін сөзді де сол бастады.
– Владимир Михайлович, Мұрат Ахметұлы, сіздер
шынымен-ақ бізбен хабарласпай кетіп бара жатқаннан сау
мысыздар?
– Иә, қашанғы жата бермекпіз ауылдарыңызда, бізде де
бала-шаға бар емес пе? – деді полковник қалжыңдап.
– Ол түсінікті ғой, ауылға бұрылып, бір-екі сағат қонақ
болып қайтпайсыздар ма? – деді осы кезде Орынбасар да
сөзге араласып.
– Рақмет, Орынбасар, біз қызметте жүрген адамдармыз
ғой, уақыт жоқ. Оған ренжімеңіздер, – деді полковник, со
нан соң майорға қарап:
– Василий Иванович, сізге де, сіздің жауынгерлеріңізге
де көп рақмет, – деді.
– Республикаға қызмет етеміз! – деді майор шын
пейілмен.
– Қатардағы жауынгер Лаврушкин мен кіші сержант
Есеновке және Машаға көп сәлем.
– Міндетті түрде жеткіземіз, жолдас полковник. Есенов
пен Алматыда кездесіп қалуыңыз мүмкін.
– Солай ма?
– Иә, біз оған университетке жолдама бердік.
– Дұрыс болған екен. Айтпақшы, Маша да оқуға түсуге
даярланып жүр емес пе еді? Ол қайда бармақ?
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Ол да сол жаққа, – деді майор мүдіріп барып. –
Алматыдағы медицина институтына баруға жиналып жүр.
– Өте жақсы, сәлем айт. Алматыға келгенде ол да маған
жолықсын!
– Құп болады! – деді майор.
– Ал онда біз жүрейік, – деді полковник сағатына қарап, –
самолеттің ұшуына аз ғана уақыт қалды.
Осы кезде Орынбасар жанқалтасына қолын салып,
бәкісін шығарды да Мұратқа ұсынды:
– Ескерткіш болсын, алыңыз.
Өзінен-өзі ыңғайсызданып қалған Мұрат не дерін біл
мегендей полковникке қарады.
– Ал, – деді полковник оған әмірлі дауыспен. – Орын
басардың бұл сыйлығы сен үшін бәрінен де қымбат болуға
тиіс. Оны өзің де сезіп тұрған боларсың.
Мұрат үн қатпастан бәкіні алды да, Орынбасардың алып
денесін бауырына қысып, бетінен сүйді...
Жеңіл мәшине гүр етіп орнынан қозғалды да, сырғып
жүре берді. Мұрат артта қалған Василий Иванович пен
Орынбасардың қаралары көрінбей кеткенше терезеден
көз алған жоқ. Сонан соң манағы Орынбасар берген бәкіні
қолына алып, әлдекімге серт бергендей бірнеше рет қайта
лап сүйді де, қалтасына салып қойды.
Бірақ мұны бастығы байқаған жоқ.
Полковник алдына қараған қалпы әлі де ойланып
отыр...
ҚҰМДАҒЫ ҚУҒЫН
Тосын шыққан қоңырау даусынан оянып кетті де, өзіне
тән құмбыл әдетімен бас жағындағы аласа үстелдің үстінде
тұрған телефонға қол созды. Көзін ашпаса да, көңілімен
сезді: тұтқадан тук-тук деген қысқа дыбыстан басқа
түк те естілмеді. Соңғы кездері жұмысы көбейіп кетіп,
шаршаңқырап жүрген. Түсім болар деген бір түйсік сана
сына жеткен қалпы қайта қалғып кетті. Жоқ, түсі емес
екен, қоңырау тағы шылдырлады.
Мақсат орнынан атып тұрды да, шам жақты. Ұйқысы да
табан астында шайдай ашылып шыға келді. Қатар жатқан
келіншегі де оянып кетсе керек, бері қарай аударылып
түсті де, жайлап көзін ашып, «тыныштық па» дегендей
күйеуіне иегімен ишара жасады.
– Біреу есіктің қоңырауын басып тұр, маған келген бо
лар, – деп Мақсат киімін кие-мие дәлізге беттеді.
Бұл екі ортада қоңырау тағы бір-екі рет қағылып қалған
еді.
– Бұл кім? – деді сыртқы есіктің кілтін бұрап жатып.
– Кешіріңіз, жолдас капитан, мен ғой, мен сержант
Сәлімовпін ғой, – деген дауыс естілді арғы жақтан.
– Дүйсенбісің? Не боп қалды?!
– Айып етпеңіз, – деді Сәлімов ішке кірген соң тағы да
кешірім сұрап. – Өзім де білмеймін. Сізге хабарлаған жоқ
па? Кезекші едім, жаңа бастық келді де, жедел осында
жіберді. «Киініп, даяр тұрсын» деді. «Бірлікте» бірдеңе
болған дей ме, жөнді ұқпадым. Содан сізге жеткенім осы...
Сәлімовтың сөзін безілдеген телефонның шырылы бөліп
кетті. Мақсат тұтқаны құлағына апарар-апармастан-ақ
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
арғы жақтан «Сәлемет пе?» деп саңқ ете қалған бастығы
ның өктем даусын жазбай таныды.
– Сәләматсыз ба, жолдас полковник, – деді капитан
сыпайылық сақтап.
– Сәлімов жетті ме?
– Иә, жолдас полковник, Сәлімов осында, кәзір кірді.
– Онда былай болсын, – деп бастық айтар сөзін саралап
алғысы келгендей біразға дейін үнсіз қалды (Мақсат оның
арғы жақтан сырт еткізіп оттық жағып, темекі тұтатқанына
дейін естіп тұрды). Сөйтті де, артынша тез-тез сөйлеп кетті:
– Жақсылап ұғып ал. Жаңа ғана «Бірліктен» телефон
соқты, орталықтағы дүкенге ұры түскен, қарауыл опат
болған сияқты. Соған қарағанда қылмыскерлерде қару бар
болу керек. Сақ болған жөн. Қазір онда учаскелік милицио
нерден басқа ешкім жоқ. Соған көмекке өзің бар. Жаныңа
Сәлімовті ертіп ал.
– Құп болады, жолдас полковник!
– «Бірліктің» жер жағдайын білетін боларсың, – деді
бастық даусын сәл-пәл жұмсартып. – Ол біздің ең шеткі елді
мекеніміз ғой. Қылмыскерлер ұзап кете қоймаған шығар.
Алдымен олардың қай бағытқа – бізге, қалаға қарай ма, әлде
ары қарай – Бетпақдалаға қарай қашып құтылғысы келе ме,
соны анықтап алуға тырысыңдар. Рация арқылы тікелей
өзіммен хабарласып тұр. Қалған мәселені ретіне қарай шеше
жатармыз. Ал, жолдарың болсын, тез жүріп кетіңдер!
– Мақұл, жолдас полковник, міне, қазір аттанып
кетеміз! – Мақсат телефонның тұтқасын жайлап орны
на қойды да, өзіне үрпие қарап тұрған келіншегіне «қор
қатындай ештеңе бола қойған жоқ» дегендей көзін қысып,
күлімсірей сөйледі:
– Сен жата бер, Қатира, амандық болса кешке қарай
қайтып қалармыз...
– Шәй ішпейсіңдер ме? – деді ол күйеуінің сөзін есті
мегендей сыңай танытып.
К Ө К Ж И Е К
– Жоқ, асығыспыз.
Қатира ас үйге кіріп кетті де, артынша жылтыр ақ
дорбаға салынған азық-түлік алып шығып, Дүйсенге ұсына
берді.
– Рақмет, жеңгей, – деп ол дорбаны алып жатып әзіл ай
тып та үлгірді:
– Ағайдың бүгін жол жүретінін білгендей алдын ала
әзірлеп қойғансыз-ау, сірә?
– Әрине, – деді капитан келіншегінің иығынан құшақ
тап, – біздің қызмет осындай ғой, үнемі жол үстіндеміз,
оны Қатира білмегенде, кім білмек?! Ал кеттік!
Олар сыртқа шыққанда шығыс жақтың етегі енді-енді
ғана түріліп, таң қылаң беріп қалған еді. Таза ауа көңіл
дерін сергітіп, бойларын жеңілдете түскендей. Әйтсе де,
жалын лебін ішіне тартып, тымсырая қалған тұңғиыққа
қарап, Мақсат бүгін де күннің ыстық болатынын алдын
ала сезді. Аздан кейін белдеуінде жасыл жолақ белгісі бар
полицияның ескі сары УАЗ-игі «Бірлік» жақты бетке алып
зымырап келе жатты.
* * *
«Бірлікте» Мақсаттың бұрын да бірнеше рет болғаны
бар. Ауданның алыстағы ауылдарының бірі. Тәртіп жағы
нан да тәуір елді мекендердің қатарында. Бұрындары жа
ман аты шығып көрмеген. Әйтеуір өзі осы ауданға ауысып
келгелі бері бұл жерден басты жарып, көзді шығаратындай
оқыс оқиға болыпты дегенді естіген емес.
Келгені кеше ғана сияқты еді. Қарап тұрса, оған да үш-
төрт жыл болып қалыпты-ау. Күнделікті күйкі тірлікті ан
да-санда болса да түрлендіріп тұрмаса, уақыт деген шіркін
білінбей өте шыға ма деймін. Осы жылдар ішінде не істеп,
не қойды? Былайша алып қараса, тындырған шаруасы ша
малы. Ал, шын мәніне келетін болса, осы үш-төрт жыл із-
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
түссіз өтпеген де сыңайлы. Атағы да, қызметі де өсті, аға
лейтенант еді, капитан болды.
Алғаш Қатира екеуі қала маңындағы ауданнан осы жер
ге ауысып келгенде қатты қиналған еді. Жаңа аудан, жаңа
орта. Оның үстіне тым шалғайда, қазақшылығы да басым
жатқан жер. Кадр тапшы. Аппараттағы қызметкерлердің
көпшілігі қарапайым практиктер, арнайы мамандығы бар
адамдар некен-саяқ. Бірақ бір тәуірі – тәртіп бұзушылар
аз. Ал оның ішінде ауыр қылмыс жасау деген атымен жоқ.
Соған орай, аудан да үнемі үлгілілердің қатарында аталып
жүреді. Оған елдің бәрі үйреніп кеткен сияқты: қарапайым
халық та тыныш, құқық қорғайтын заң орындары да
риза.
Мұндай бұйығы өмірге аудан көндігіп кеткенімен,
Мақсат үйренісе алмай біраз жүрді. Алғашқы кездері ал
дына келген істерді апырып-жапырып, сол күні ғана тын
дырып тастауға тырысып жататын. Оның бұл қылығын
біреу ұнатса, біреу ұнатпай, осы бала-ақ қара аспанды
суға алдырып, аптығып-саптығып жүреді екен деп сырт
тай сынап отыратын. Сонда да, обалы не керек, біреуі де
бетіне тіке келіп, сенің мұның дұрыс емес деп көрген емес.
Сондықтан да болар, бұрындары жұмыстары бастарынан
асып, құжаттары ұдайы ретке келмей, бұрқырап жата
тын қылмысты іздестіру бөлімінің қызметі Мақсат осында
ауысқалы бері тап-тұйнақтай болып, етек-жеңі жиналып
қалғантұғын.
Жалпы Мақсат бұл жаққа келгелі бері бір байқағаны –
бөлімдер толық сақталғанымен, «мынау менің жұмысым,
мынау сенің жұмысың» деп араларына шек қойып, бөліп
алып атқаратын іс аз көрінеді. Бастық не айтса – сол заң.
Міне, қазір де ол «Бірлікке» сол бастығының бұйрығымен
келеді. Аудан көлемінде бұрын-соңды болып көрмеген
мұндай оқиғаға бастығы сынап жіберді ме, әлде сеніп
жіберді ме, ол жағы – жұмбақ.
К Ө К Ж И Е К «Бірлікке» Мақсат осылайша қалың ойдың жетегінде отырып қалай жеткендерін сезбей де қалды. Шығыс жақты от-жалынға бөлеп, күн шығып келеді. Ауыл әлі тегіс тұрып болмаған, ұзыннан-ұзақ созылған жалғыз көшенің бойы на орналасқан үлкенді-кішілі үйлердің дарбазалары мен есіктері кезек-кезек ашылып, ары-бері жүрген адамдардың сұлбалары көрініп қалады. Қой маңырап, сиыр мөңіреп таңертеңгі қам-қарекеттен хабар бере бастаған. Көшенің екі жағына орналасқан маңғаз талдар мен зипа теректердің бұтақтары үп еткен жел болмаса да, ілгеріндікейінді тербеліп, бір-біріне сыбырласып, сыр айтысып жатқандай. Осындай мамыражай тыныш жатқан жерде қылмыс болуы мүмкін дегеннің өзіне адам сенбейтіндей. Аудан орталығынан шыққалы бері тым-тырыс келе жатқан сержант пен капитан «Бірлікке» жеткенде ғана ба рып бір-біріне қарап, қабақтарымен тіл қатысқандай бол ды. «Бірден оқиға болған жерге баралық», – деді Мақсат. Дүйсен түсіндім дегендей басын изеп, мәшинесінің жыл дамдығын ауыстырып, газды баса түсті. Магазин көшенің орта тұсында болатын. Негізгі күре жолдан бұрыстау ашық алаңқайға салынған үлкен ақ үйдің алдында төрт-бес адам үйіріліп тұр екен. Әсте, осы шаруашылықтың басшылары болса керек. Бәрі ошарылып бері қарады. Артынша, араларынан милиция киімін киген біреуі суырылып шығып, өздеріне қарай жүрді. Мақсат учаскелік милиционер Асыл Жарқынбаевты жазбай таны ды. – Сәлеметсіз бе, жолдас капитан, – деді ол ресми түрде оң қолын шекесіне апарап. – Қалай, жақсы жеттіңіздер ме? Айтпақшы, бастық сізге келе салысымен хабарлассын деп еді. Мақсат машинадан түсті де, алдымен Асылмен, сонан соң оның артын ала жеткен басқа адамдармен тегіс қолда сып амандасып шықты. Шаруашылық директорынан
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
басқасын жыға танымады. Бірақ бәрінің жүзі таныс: күнде
көріп, амандасып жүрген кісілері сияқты.
– Рация бар ма? – деді капитан жан-жағына қарап.
– Бар, бері жүріңіз, – деп Асыл алға түсті.
Дүкеннің қарсы жағындағы үш аяқты мотоциклдің ра
циясы шиқылдап-қиқылдап жұмыс істеп тұрған сықылды,
Жарқынбаев жайлап микрофонды алды да, ауданды бай
ланысқа шақыра бастады.
Аудандық ішкі істер басқармасының бастығы Мәулен
Қорабаев құрамында облыстық сарапшы-криминалисі бар
тағы бір топтың жаңа ғана аттанып кеткенін айта келіп,
манағы аманатын және қайталады: «алдымен қылмыс
керлердің қай бағытқа қашатынын анықтап алуға тырыс».
«Иә, онсыз операцияны бастау қиын, – деп ойлады
Мақсат бастығының бұйрығымен іштей келісіп, – біз бір
жақта іздеу салып жүргенімізде, олар екінші жақпен
қашып, іздерін суытып кетуі мүмкін ғой. Сондықтан екі
бағытқа да қуғыншы жіберу керек...»
Оперативті топтың мүшелері оқиға болған жерді же
дел тексеріп шықты. Күзетшінің ағаш үйшігі дүкенмен
жапсарластыра салынған екен. Марқұмның сүйегі соның
ішінде жатыр. Екі қолы артына шандып тасталған. Аяғы
да байлаулы. Әсте, қарақшылар оны сыртта, есік алдын
да кездестіріп, табан астында ұрып жықса керек. Аяқ-
қолы кейін байлануы да мүмкін. Неге өлтірген? Әлде тірі
куә қалдырғылары келмеді ме екен? Соған қарағанда
қарауылдың оларды тануы да ғажап емес қой. Сарапшылар
не дер екен? Солардың қорытындысын да күткен жөн...
Ауыл активтерінің айтуына қарағанда, түнде секем
аларлықтай тосын жәйт бола қоймаған. Той-томалақ та
өтпеген сияқты. Тіпті бұл оқиға таң атқанша сезілмес пе
еді, егер... «Иә, айтпақшы алғаш мұны кім көріп, кім ха
барлап еді?..»
Мақсат директорға қайта бұрылды:
– Сізге бірінші болып хабар берген кім деп еді?
К Ө К Ж И Е К
– Кім еді, әлгі... – директор атын есіне түсіре алмағандай,
жанындағы активтеріне қарады.
– Әшім ғой, Әшім...
– Иә, Әшім.
– Ол кім? Қайда істейді?
– Жұмыс істемейді, ол бір мүсәпір кісі, аздап арақ
ішетіні болмаса...
– Арақ ішеді дейсіз бе?
– Иә, сондай әлсіздігі бар.
– Не, күзетші арақ сатушы ма еді?
– Е, жоға-а, – деді директор ыңғайсызданып, – күзетші
нің ондай өнері жоқ болатын. Ал Әшім болса, адам баласы
на залалы жоқ, өзімен-өзі жүрген жан...
– Дегенмен сол кісіні шақыртыңыздаршы, әңгімелесіп
көрелік, – деп капитан алға озды.
Директор жанында тұрғандардың біріні иек қақты. Ол
түсіндім дегендей басын изеді де топтан шығып, көше ай
налып кетті.
Бұл екі ортада сарапшы-криминалист Егембердиев
бастаған топ та келіп қалған еді. Оның жанында да сайдың
тасындай екі жігіт бар екен. Жай киім киіп алған оларды
капитан жете танымады.
– Бастай береміз бе? – деді олар бірден өз міндеттеріне
кірісіп.
– Сөйткендеріңіз жөн болар. Уақыт өтіп барады. Ал
дымен күзетшінің қай уақытта, қалайша көз жұмғанын
анықтап алсақ, жақсы болар еді...
Егембердиев жігіттеріне нұсқау беріп, жедел іске кірісіп
кетті. Күзетшінің денесіне түскен жарақатты зерттеу,
суретке түсіру көп уақытты ала қойған жоқ. Дүкеннің
есігіндегі үлкен қара құлып кілтпен ашылды. Сатушы
оған салған белгісінің сол қалпы тұрғанын айтты. Демек,
ұрылар дүкенге ауладағы терезеден кіріп, сол арқылы
шыққан. Іштегі заттарға да көп тиісе қоймаған. Ашық-
шашық жатқан шкафтар мен суырмаларға қарағанда,
Әділ ДҮЙСЕНБЕК ақша іздегендері көрініп тұр. Соның дәлеліндей еденде ұсақ теңгелер шашылып жатыр. – Ақшаны күнделікті өткізіп тұрасыздар ма? – деп сұрады капитан сатушы келіншектен. – Иә, жоқ... – Мұныңызды қалай түсінуге болады?.. – Өткізетін жер жоқ қой.. – Сонда қайда сақтайсыздар? – Тәртіп бойынша, мұнда қалдырмауымыз керек. – Бірақ оны сіздер орындай бермейсіздер ғой. – Оныңыз рас, – деді сатушы кінәсін бірден мойындап, – мұндай боларын кім білген, оның үстіне кеше күні бойы арақ сатқан едік. – Қанша жәшік? – Бір мәшине. – Бір мәшине? Соның бәрін бір күнде сатып жібердіңіздер ме? – Бізде ол өтімді тауар ғой, көп жатпайды. Қалғаны осы іштегі ғана, – деп сатушы ортада тұрған екі-үш жәшікті иегімен нұсқап көрсетті. – Ақшалары қайда? Сатушы жыпылық-жыпылық етіп, ашық жатқан кас са аппараты мен суырмаларға қарады. Олар жылан жала ғандай еді. Онсыз да есі шығып отырған сатушыны одан әрі сұрақ қойып қинай бергісі келмегендей Мақсат: – Осы айтылғанның бәрін түгел қағазға түсіріп беріңіз, – деп сыртқа беттеді. Біраз жайға қаныққан сияқты, қарақшылар саны онша көп емес. Және олар алыстан келмеген. Жергілікті ерекшеліктерді, оның ішінде дүкеннің жұмыс тәртібін де, сатушылардың мінез-құлқын да жақсы білетін болуы мүмкін. Ал кісі өлімі ше? Ол кездейсоқ жәйт емес. Ондай тәуекелге кез келген жан бара бермейді. Күзетші танып қалған болу керек. Сонан соң қылмыскер ізін жасыру үшін
К Ө К Ж И Е К
оның көзін жойған. Не, бұл кәнігі қарақшының тірлігі.
Олар үшін кісі өлтіру тауық бауыздағанмен бірдей. Бірақ
мұндай қаныпезерлер бұл жақта қайдан жүр? Аядай ауылда
олар бірден көзге түсіп қалады емес пе? Біреу болмаса, біреу
байқар еді ғой, не де болса, бәрін-бәрін қайта тексеріп шығу
керек шығар. Әйтсе де, оған уақыты жетер ме екен. Ауыл
ды тексерем деп жүргенде, аналар із жасырып үлгірмей ме?
Мана бастық не деп еді? Өзі де соны құп көрген жоқ па еді. Не
де болса, тәуекел! Қылмыскерлер ұзай қойған жоқ, ауылдың
айналасынан, не қалаға баратын жол бойынан іздеген жөн.
Осылайша ой түйген Мақсат рацияға қол соза бергенде,
кеңшар директоры келіп:
– Манағы шақыртқан адамыңызды алдырттық, – деп
сыбыр ете қалды.
– Қайда? Келсін бері! – Мақсат тұтқаны қайта орнына
қойып, бойын тіктеп алды.
Әйткенмен Әшім де мардымды ештеңе айта алмады.
«Осы жерден өтіп бара жатып, шалға сәлем бере кетейін деп
арнайы бұрылып едім. Алғаш ат үстінде тұрып, айғайлап
шақырдым. Шыға қоймаған соң үйшігінің есігін қақтым.
Онда да дыбыс бермеді. Сонан соң ашып қалсам... Бірден
шапқылап директордың үйіне бардым...» деген сөздерді
бөліп-бөліп әрең түсіндірді.
– Сол кезде сағат нешелер шамасы еді? – деді капитан
табан тірерлік бір айғақ іздестіргендей.
Әшім білмеймін дегендей, иығын көтеріп, көзін
жыпылықтатты.
– Маған келгенде сағат үштен асып кеткен болатын, –
деді директор қайта сөзге араласып.
– Айтыңызшы, – деді капитан Әшімнің көзіне тура
қарап, – сол уақытқа дейін сіз қайда жүрдіңіз, кімнің үйі
нен шықтыңыз?
– Қайда жүруші едім, үйде болдым, үйде ұйықтап жат
қам, ояна кетсем түн екен, тұрдым, тұрдым да тартып
кеттім.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Қайда?
– Қайда болушы еді... Алдымен Қажымның үйіне бар
дым.
– Ол кім? Не үшін бардыңыз?
Әшім үшін тағы да директор жауап берді:
– Ол осындағы біздің бригадиріміз ғой, ішімдікпен
әуестігі жоқ адам. – Артынша Әшімге бұрылып:
– Онымен сенің жұлдызың қалайша жараса қалды? –
деді.
– Мен оның өзін емес, ұсталарын іздеп барғам, – деп
Әшім күңк ете түсті.
– Ұсталарын дейсіз бе? – Мақсат елең ете қалды. – Олар
кімдер? Неге іздедіңіз? – деп үсті-үстіне сұрақ қойды.
– Қажым оларды қаладан алып келген, үй салады...
– Иә, айта беріңіз, сонан соң...
– Сонан соң қолдары босап қалса арақ ішетін, жалпы
олар ішкіліксіз болмайтын...
– Сонда сіз ішімдік іздеп барған болдыңыз ғой, қалай,
берді ме?
– Жоқ, ұсталары жоқ екен, кетіп қалыпты.
– Қайда?
– Е, олар тұрмайды, – деді директор тағы да сөзге килігіп. –
Өткен аптада біткен үйлерін, содан қалаға қайтып кетті-ау
деймін.
«Анықтау керек» деген ой жылт ете қалды. Артынша
тағы бір сұрақ қойғалы оқтала беріп еді, сарапшы Егембер
диев келіп қалып екеуі оңашалана берді.
– Күзетші түнгі сағат бір мен екілер шамасында опат
болған, – деді Егембердиев тамағын қырнап. – Қан көп
кеткен. Алғаш басынан ұрып, сұлатып түсірген. Сонан соң
қол-аяғын байлап, матап тастаған. Әсте, кейін қарақшы
тірі куә қалдырғысы келмей, пышақтап кеткен сияқты.
– Ұрланған дүниелердің мөлшері қанша?
– Оны дәл айту қиын, – деді Егембердиев. – Жігіттер
есебін алып жатыр. Сол күнгі саудадан түскен ақшаның
К Ө К Ж И Е К көлемі де аздық етпес. Дүкенде не бар, не жоғын сатушы ның өзі де нақты айта алмай отыр. Мұнан кейін екеуі тағы да бірсыпыра мәселелер жөнінде ақылдасып алды да, ауданмен хабарласуды жөн деп тап ты. Мақсат тікелей бастығы Мәулен Қорабаевқа барлық мәселені рет-ретімен айтып шықты да, қылмыскерлерді мана өздері келіскендей екі бағыттан іздестірген жөн болар деген жорамалын тағы да қайталады. – Өзің қай бағытқа бармақшысың? – деді полковник. – Рұқсат етсеңіз, ішкі жақты, қалаға шығатын бағытты байқап шықсам ба деп едім. – Себеп? – Себебі: сырт жақ – айдала, қылмыскерлер қызыл құм ға қусаң да кірмейді. Олар қалайда қала жаққа қашуға ты рысады ғой. – Жарайды! – деп полковник капитанның сөзін бөліп жіберді. – Сен сол сырт жақпен өзің айналыс. Бергі жақты бізге қалдыр. Әзірше Егембердиевтің жанына учаскелік милиционерді қосып бер. Оларға біз көмекке барамыз. Ал өзің Сәлімбаев екеуің құм ішін сүзіп шық. Із кесу білесің бе? – Білеміз ғой, – деді Мақсат селқос қана. – Білсең, іске кіріс! Кешке дейін құмның қызылға ұла сар тұсын сүзіп шығыңдар. Аспанға ұшып кетпесе, бір белгі қалса керек қой. Ұрылар ұзап кете алмайды. «Ба рар жерің Балқан тау» дегендей, көп болса, құмды кесіп өтіп, Қарағанды жаққа шығып кетуге тырысар. Бірақ оған жібере қоймаспыз. Тапсырманы орындауға кіріс! – Құп болады! – деген сөзді капитан рацияны орнына қойған соң ғана айтты. Бастығының «сырт жақпен айналыс» деген сөзі Мақ сатқа операциядан шығып қалдың дегенмен бірдей бо лып естілді. «Мұнысы несі, – деп ойлады ол полковник ке іштей өкпелеп, – қылмыскерлер қып-қызыл құмның ішінде не істемек? Адам түгілі аң тұрмайтын мынандай 19-151
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
аптап ыстықта қызылға қусаң да кірмес. Тіпті қашып кірді
дегеннің өзінде қайда бармақ? Ар жағы – ен дала. Елсіз,
сусыз қызыл құмның ішінде бір күн де тұра алмайды ғой.
Ұры да ақымақ емес. Қашса, олар қаптаған адамы бар
қалаға қарай қашып, бас сауғалауға тырысады. Кім біледі,
қазірдің өзінде межелі жерлеріне жетіп те қалған болар. Ал
біз оның алдын алып, шара қолданудың орнына айдалаға
аттанып барамыз. Бірақ бұйрықтың аты – бұйрық. Оны
орындау керек».
Қарауылдың денесі мен дүкеннің ішінен табылған
айғақты заттар аудан орталығына жіберілгеннен кейін
оперативті топтың мүшелері өздеріне тапсырылған міндет
терді орындауға аттанып кетті.
* * *
Дүйсен де бұл жақты бес саусағындай жақсы білетін
болып шықты. Ауылдан шыққан қасқа жол жиекке жете
беріп қан тамырындай болып, тарау-тарауға бөлініп кетеді
екен. Сол тұсқа тақай бергенде ол мәшинесін тоқтатып,
«қай жағынан бастаймыз» дегендей бастығына қарады.
– Шыныңды айтшы, сержант, қылмыскерлер осы жақ
қа қашып, бас сауғалауы мүмкін дегенге сенесің бе? – деп
сұрады Мақсат әріптесін сынағандай.
– Кім білсін? – деді Дүйсен сыр бермей. – Олар да
ақымақ емес қой айдалаға қашатын. Бірақ қала жақты
қатты қадағалайтынымызды қай-қайсымыздан да жақсы
білетініне күмәнім жоқ...
Рас-ау. Оның үстіне қала жаққа баратын жолды бастығы
ның өзі назарда ұстап отыр. Демек, ол жақтан «тышқан
жорғаламайды» десе де болғандай. Өзіңе тапсырылған істі
біл. Оны ары-бері аунақшыта беру – намақұл. Бұл – заң
қызметкерлері үшін кешірілмес күнә.
Дүйсен өзінен-өзі қысылып, көңілі май жегендей кілкіл
деді де қалды. Осындай ада-күде күйден арылу үшін жерге
К Ө К Ж И Е К
секіріп түсті де, ары-бері керіліп-созылып, бір-екі жеңіл
жаттығу жасап үлгірді.
Солтүстік-шығыс жағы доғаша иіліп келіп, қызыл
құмға дендей енетін ауылдың бұл тұсы ала жаздай бос жа
тады десе де болғандай. Анда-санда аң аулап немесе соңғы
кездері әр жерде кездесіп қалады деген қара сораны іздеп
шығушылар болмаса, тірі пенде ат ізін сала бермейтінін
бұрыннан білетін. Оның үстіне шілде айы. Дәл қазір
аңшылар түгіл нашақорлардың өзі де тәуекел ете қоймасы
анық.
Қызыл құм күзге салым ғана кісіге оң қабақ таныта
ды. Шілде шығып, күннің пәсі қайтысымен-ақ сонау ерте
көктемде үдере көшіп кеткен малшылар қауымы қайта
қауышып, алғаш жиекті, артынша қараша түсе қалың
қызылға біртіндеп ене бастайды. Құм қойнауында тіпті
қойшылар қыстап шығатын қыстауларға дейін кездесіп
қалады. Қызмет бабымен Мақсат ол жерлерде бірнеше рет
болған.
Қыстау демекші, құмның кіре беріс аузында, бір бел
өткен соң қорықшының үйі кездесетін. Қарауылдықты
қоса атқаратын ол кісімен Мақсат былтыр қыста ойда
жоқта кездесіп қалғаны бар. Қаладан келген жолдаста
ры «қоян атайық» деп қоймаған соң, осы жаққа алып
шыққан болатын. Бірақ қырсық қылғанда, бірде-бір аң
ұшыраспады. Содан қызыл құмның ішін күні бойы шар
лап, түк таппай шаршап-шалдығып келе жатқанда жол-
жөнекей жаңағы қарауылдың үйіне соққан еді. Сондағы
әңгіме әлі де көңілінде сайрап тұр. Сөзден сөз шығып,
бұрын құмда аң көп болатын сияқты еді ғой дегені бар
мұның. «Е, қарағым-ай, ол бұрын болатын, қазір түз
аңынан гөрі адам аңы көп емес пе, солардан артылар дейсің
бе» деген еді қарауыл. Өмір деген қызық-ау! Енді, міне, сол
адам аңын іздеп жүр. Не деген ұқсастық?! Осы жәйт ойына
түсіп кеткен Мақсат өзінен-өзі мырс етіп күліп жіберді де,
мәшинеге қайта келіп отырды.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК – Кеттік. – Қайда? – деді Дүйсен мәшинесін гүр еткізіп. – Ана белдің арғы астында қорықшының үйі болу керек, – деді Мақсат алдыңғы жағын иегімен нұсқап. – Біреулер бар шығар, солардан жөн сұрасып көрелік. Қарауылдың қараша үйі сол қалпы тұр екен. Мәшиненің даусын естіп, іштен иесі де шыға келді. Сақал-мұртына көптен бері ұстара тимеген жігіт ағасы «бұл кім өзі» деген дей көзінің үстіне қол салып біраз қарап тұрды да, кабина дан түсіп жатқан Мақсатты танып, қарсы жүрді. – Ассалаумағалейкум, – деп капитан екі қолын алға соз ды. – Әліксәлам, – деді қарауыл оның қолын алып. – Қалай, тағы да қоян аулап шықтыңыздар ма? – Жоқ, бұл жолы анадағы өзіңіз айтқандай адам аңын аулауға шықтық. – Қызық екен, – деді қарауыл таң қалғанын жасыра ал май. – Қызыл құмға ауып келген ол қандай ақымақ аң бол ды екен? Мақсат өткен жәйтті қысқаша ғана айтып шықты. – Не дейді? – деді қарауыл шошып. – Бізде ондай пәле болмаушы еді ғой... – Соған өзіміз де қайран қалып отырмыз, – деп капитан бір сәтке ойланып қалды да: – Қылмыскердің сырттан келуі де мүмкін. «Сасқан үйрек артымен жүзеді» дегендей, тіпті мына қызыл құмыңызда жасырынып жатуы да ғажап емес, содан сізден ақыл сұрай келгеніміз ғой. Бірақ қорықшы да жарытып ештеңе айта алмады. Керісінше, оның қызыл құмнан қылмыскер іздеп жүрген естерің дұрыс па, онан да ана ішкі жақты тексермейсіңдер ме деген ойын тұспалынан түсінген капитан уақытты бос өткізгісі келмегендей жедел аттанып кетті. Былай шығысымен Дүйсен екеуі құм жиегін жағалап өтіп шығуға келісті, әрбір шақырым сайын тоқтап, төбеге шығып айна
К Ө К Ж И Е К ланы бақылау әрі із кесу қатар жүргізілетін болды. Айтуға ғана жеңіл екен. Әйтсе де, екі-үш шақырымнан кейін-ақ екеуі де сыр бере бастады. Шаршағанға күннің ыстығы қосылып, аттап басу мұң болды. Қызыл құмның түйетайлы етегіндегі қатқылдау жердің шаңын бұрқыратып қанша жүргенін болжап білу қиын. Бірер шақырым ызғытып барады да, түсе-түсе қалып қызылға беттейді. Мұнда жорғалаған кесіртке мен қи домалатқан қара қоңыздың ізіне дейін сайрап жатыр. Қылмыскерлер, шынында да осы жаққа бет алған болса, мына өзен жағалауындағы құмайттай болып бұйраланып жатқан шағылға із тастамай өту мүмкін емес. Қолмен жаймалағандай ой-шұңқыры мен қыртыстарына дейін тегістеліп кеткен құм жолдарынан үп еткен желдің лебіне дейін сезіліп қалатын сияқты. Сол маңнан із кеседі де, мәшинеге қайта келеді. Сөйтіп алға біраз жүріп барып, әлгі әрекеттерін тағы қайталайды. Осылайша сан жүріп, сан тоқтаған болар. Бірақ әзірше күдік келтірерліктей дәнеңе де кездесе қойған жоқ. Қызылдың бұл тұсы биіктеу де қалыңдау еді. Сусы ма құм табанға тірек болудан қалғандай, сәл кешіксең тереңге тартып, жылымша жұтып жіберетіндей. Жыл дам жүрмесең, аяғыңды суырып үлгіре алмай қаласың. Мақсат жалаңаш төбеден жүгіріп түсті де, төменде тұрған мәшинеге тұра тартты. Алғаш УАЗ-ик от алғандай болды, артынша орнынан қозғалып, жаңа ғана өзі іс кесіп өткен төбені бетке алып жүре берді. Жөпелдемеде түкке түсінбей қалған Мақсат «мұнысы несі» деген ой-сезім санасына жетіп үлгіргенше, мәшине біраз жерге ұзап кеткен еді. «Есі дұрыс па мынаның?» деген екінші бір ой елес бере берген сәтте арғы беттен екі қолын ербеңдетіп, жүгіріп келе жат қан Дүйсеннің өзін байқап қалып, жүрегі зу ете қалды. Бір сұмдықтың болғанын сезе қойған ол: – Не болды-әй, ана мәшинеңдегі кім?.. – деп айқай сал ды.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Білмеймін, ойба!..
– Не дейді?!
Құдайдың тас төбеден ұрғанын екеуі де бірден түсінді.
Түсінді де, жер сабалап отыра кетті. «Қара басты деген осы
емес пе? Ойпырай, бұдан өткен масқара бола ма екен! Енді
не істеу керек?..»
* * *
Бірінші болып Мақсат есін жиып алды. Орнынан атып
тұрды да:
– Болды, – деді Дүйсенге қарап, – енді өкінгенмен еш
теңе де өнбейді. Уақыт өткізбейік, орталыққа хабар беру
керек. Сен жедел сол жаққа жететін бол. Жол-жөнекей
қарауылдікіне соқ, одан да бір көмек болып қалуы мүмкін.
Ал мен мына иттің соңына түсем. Жердің тесігіне кіріп кет
се де, табуға тырысамын. – Осыны айтты да, мәшине кет
кен қызыл құмды бетке алып жүгіре жөнелді.
Құстай ұшып келеді. Бойын кернеген ашу мен ыза
күшіне күш қосқандай. Жүгіргенде табаны табанына
тимеді. Манағы шаршағаны да жайына қалғандай. «Аттың
сыры иесіне мәлім». Мынадай сусыған қызыл құм мен ми
қайнаған ыстықта ескі УАЗ-иктің көпке бармайтынын
біледі. Оның үстіне майы да таусылуы тиіс қой.
Құм іші жанып тұр. Алаулаған от жалыны алып пештің
аузынан шығып жатқандай бет қариды. Тыныс алудың
өзі азап. Мақсат біресе аузымен, біресе мұрнымен дема
лып әлі жүгіріп келеді. Көзі – ізде, көңілі – әлем-тапырақ.
Аяғы еріктен тыс қозғалатын сияқты. Кішкенеден соң
шаршағанын да ұмытты.
Белес-белес құмның ойпаңдау жерімен орағыта қашқан
мәшиненің бұлғалақтаған ізіне қарап, Мақсат рөлде
отырғанның кәнігі шопыр емес екенін іштей сезіп келеді.
Бұл жүріспен ұзаққа бармас деген бір үміт жылт ете қалды
да, көңілі сәл-пәл болса да орнына түскендей болды.
К Ө К Ж И Е К
Бұлт ала, жер шола деген осы-ау. Қызыл құмда кім
кездесе қояр дерсің деп, сақтық сақтамағаны санаға сарт
ете қалса-ақ, қайта құлазып, күйіп тұрған күнмен бірге
қабаржып шыға келеді. Бұл не қылған жұмбақ жан?
Аспаннан түсті ме, жерден шықты ма? Кім болды екен?
Кездейсоқ кездескен тентек пе, жоқ әлде қылмыскер ме?
Өздері нешеу екен? Олар мұнда неғып жүр? Неге құмға
қарай қашады? Әлде Бетпақдала арқылы Қарағанды
жаққа шығып кеткілері келе ме? Ойпырай, «Жау жоқ деме
жар астында» деген осы екен-ау! Мұншалықты аңғал бо
ламыз ба? Біреуміз із кескенде, біреуміз мәшинеде отыра
тұруымыз керек еді ғой. Не деген қорлық! Ертең ел бетіне
қалай қараймыз?
Құмға дендеп енген сайын жердің шырайы да өзгере
бастады, белес-белес қызылдар аракідік адырға ұласып,
тырбық өскен қоянсүйек пен сексеуіл селдірі де байқалып
қалады. Мұндай жерлерге келгенде жүгірісі жеңілдеп,
өндіріп-ақ тастағандай болады. Бірақ қанша дегенмен, қал
жырайын деді. Бойынан әл кетіп, аяқтары да сырқырай
бастады.
Алдан тағы бір бел кездесті. Доңғалақ ізі тік түсіпті,
сусыма құмды суырып, біраз жерге дейін айдап тастапты.
Тығылып, әрең шыққаны білініп тұр. «Иә, сәт!» – деп бұл
да тың күшпен төтелей тартты. Төбеге шыққаны сол еді,
арғы еңісте қисайып тұрған таныс УАЗ-игінің пошымын
көріп, бұға қойды. Жүрегі жиі-жиі соғып, қаны басына
шапшыды. Жүгірген қалпы барып қылмыскерлермен алы
са кеткісі келіп, артынша ашуын сабырға жеңдіргендей
болды. Аңдаусызда тағы да от басып алуы мүмкін. Алдымен
өздерінің қанша екенін білу керек. Қарулары бар шығар,
оны да ескерген жөн. Бұқпантайлап біраз жатты. Бірақ
мәшине жақтан тырс еткен бөтен дыбыс біліне қоймады.
Бұл кезде күн ұясына жақындап, көлеңке ұзарып
қалған шақ еді. Мақсат бұғып жата бергенді жөн көрмеді.
Не де болса тәуекелге бел буып, қолына пистолетін алған
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
қалпы еңіске, мәшине тұрған тұсқа жүгіріп түсті. Сол
күйі мәшиненің есігін ашып қалды. Бірақ іште ешкім жоқ
еді. Сонан кейін ғана барып аңғарды: УАЗ-иктің алдыңғы
жағы жүзгеннің діңіне соғылып, бел темірі шығып кетіпті.
Әсте, қашқын қатты айдап келе жатып, рөлге ие бола ал
май қалса керек. Қираған көлік кімге қажет дейсіз? Тастап
тайып тұрған көрінеді.
УАЗ-иктің жанындағы із жалғыз кісінікі болып шықты:
кабинадан түскен бойы мәшинені біраз айналып жүріпті,
содан ішке қайта кірген де тәрізді, заттарын алса керек,
қарсы есіктен қарғып кеткен. Аяқ киімінің аумағы мен
батыңқы іздеріне қарап, қашқынның бойы мен салмағын
да іштей шамалап үлгірді – ортадан биік, өзінен ауырлау.
Мейлі, әйтеуір, жалғыз ғой. Көңіліне сол медеу. Бір адамға
жетерлік күш-қуаттан да, айла-тәсілден де кенде емес.
Оның үстіне спортшы деген аты да бар ғой. Қалай болғанда
да бір кісіге әл бере қоймайтынына сенімді. Тек тезірек
қуып жетсе екен. Одан кейінгісін көре жатар.
Із бел-бел болып жатқан жалаңаш қызылдарда ойпаңдау
жерлерге түссе, құмнан гөрі шағыры молдау адырларға
келгенде тіке тартады. Төбелерге шығып, жер шолмай,
соның өзінде бір бағыттан таймай, сенімді келе жатқанына
қарағанда, қолында картасы болуы да ғажап емес, не бұл
өңірді бес саусағындай жақсы білетін әккі болуы мүмкін.
Япыр-ау, сонда қайда бармақ? Көрші облыстарға дейін
жаяу түгіл, көлікпен жетудің өзі қиын. «Әлде кездейсоқ
жәйтке сеніп келе ме екен? Әлде?.. Өздері де осындай
кездейсоқтыққа тап болды емес пе?»
Ой-қиял да қашқын сияқты: біресе аннан, біресе мұннан
із тастап, капитанды қара терге түсірді. Бірақ оқиғаның
басталуы бір сәтке де естен шығар емес. Қанша ойламай
ын десе де, қайта-қайта көз алдына келіп, бар дегбірін
алып бітті. Жалқаяқ жұтқандай жүрегі лоблып, көңілі
қобалжыды. Енді бір сәтте аузы кермектеніп, құлағы
шыңылдады. «Бұл кім өзі? Бізге қайдан тап болды?
К Ө К Ж И Е К
Қарауылды өлтірген қарақшы ма, әлде қаңғып жүрген
қаңғыбас па? Біздің назарымызды басқа жаққа бұру үшін
әдейі жасалған жәйт те болуы мүмкін ғой. Онда мұны тек
мәшине айдап кеткені үшін ғана жазаламақшымыз ба?
Сонда негізгі қылмыскерлер қайда қалмақ? Қой, мүмкін
емес...»
Көкжиекті өрттей шарпып, күн ұясына еніп бара жат
ты. Аспан қызыл, құм қызыл, айналамен астасып, бүкіл
әлем лаулап жанып жатқандай. Енді бір сәтте Мақсат өзін
өрт ішінде жүргендей сезінді. Бүкіл денесі күйіп-жанып,
көз жанарының қызыл түйіршіктері көбейіп кетті. Әйтсе
де алдындағы ізден айырылып қалмауға тырысты.
Қашқынның да халі онша мәз болмаса керек. Шаршап-
шалдыққанын шатқаяқтаған ізі-ақ айқындап тұр, тіпті
кей жерлерде сүрініп-қабынып, қолымен жер тіреп
көтерілгеніне дейін байқалып қалады. Ондай кезде Мақсат:
«Иә, сәт, сырың белгілі болды, енді көпке бармассың» –
деп, өзіне-өзі қуат бергендей алақанын ысқылап қояды.
Күтпеген жерден қызылдың қылтанақсыз қызыл
құмы ақтаңдақ адырға ұласып барып, алдан аумағы ат
шаптырымдай алаңқай көрініс берді. Шұрат деп атала
тын шалғайдағы мұндай қойнауларда ілгеріде малшы
лар мекендеп, тіпті, қыстап шыққан кездері де болған.
Бірақ соңғы жылдары оның бәрі қаңырап бос қалған.
Шұраттардан су қашып, құм басып барады. Оның үстіне
жер шалғай, құмның құнарлы оты да азайып кеткен.
Адырға түсе ізден адасып қалды. Ары-бері жүгіріп, аяқ
адымын айғақтарлықтай белгі таба алмай, амалсыз арғы
беттегі белге беттеді. Тіке тартса, осы тұстан шығар-ау де
ген шамамен жүгіріп келе жатып, дәл төбеге жете бергенде
қалтарыста тұрған иесіз қораны көзінің қырымен шалып
қалған. Сол-ақ екен тексеру керек деген тосын ой да сап
етіп, солай қарай бұрыла берді.
Ұзындығы жүз метрге жетер-жетпес қамыс қораның екі
жағы да аңғал-саңғал ашық жатыр екен. Капитан ортасы
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
мен жүгіріп өтті де, арғы сыртын айналып шықпақшы бо
лып қайта бергенде, қақ маңдайдан тиген қатта соққыдан
мұрттай ұшып түсті. Құлап бара жатып, ең болмаса қару
жұмсап қалайын деген ниетпен оң қолын кабурына апара
берем дегенше бір алпауыт күш астына алып, езгілей баста
ды. Мақсат тағы бір ағаттық жіберіп алғанын аңғарды да,
айлаға көшті. Бейнебір есінен танып қалғандай былқ-сылқ
ете қалды да, анау бір қолын босатып, Мақсаттың қаруын
алам деп әрекеттене бергенде шалт қимыл жасап, аудары
лып түсті де, бетпе-бет келіп қалған жауын қос аяқтап тұрып
теуіп кеп жіберді. Анау анадай жерге домалап, ұшып түсті.
Мақсат атып тұрды да, пистолетін суырып алып: «Тоқта!
Атамын!» – деп айқай салды. Бірақ өзіне солай көрінді ме,
әлде шынында осылай ма, даусы қырылдап шықпады. Бұл
кезде анау да сүріне-қабына орнынан тұрып, біраз жерге
ұзап кеткен еді. Капитан соңынан бір-екі рет атып қалды.
Пистолеттің ащы даусы мүлгіп жатқан құм ішін
жаңғырықтырып, айналаны дүр сілкіндірді, жылдар бойы
жиналып қалған шаң-тозаңдар аспанға көтеріліп, қора
маңын ақ түтек етіп жіберді. Түтін бе, әлде шаң ба, әйтеуір
осы ақ шарбы тозаң арасынан атып шығып, жауын қуа бе
рем дегенше бойын жинай алмай қайта құлап түсті. Басы
айналып, көзі қарауытты. Мана ет қызулықпен тұрып
кетсе керек, енді ғана жағдайының жақсы емес екенін
жете түсінді. «Тұру керек, қалай да тұру керек, әйтпесе,
анау менің мүшкіл халімді білсе, тағы да айналып соғып,
қаруымды тартып алуға тырысады ғой» деген ой қайта
қуат бергендей, ептеп екі қолымен жер тіреп барып денесін
тіктеп алды.
Енді не істеу керек? Жауы да осал жан емес екенін
мана байқап қалғандай, бойы да, салмағы да өзі алдын ала
жорамалдағандай болып шықты. Жарысқа қосса, екеуін
екі топқа бөліп жіберер еді. Бірақ бұл саған ринг емес.
Өмір не өлім! Екеуінің біреуін қабылдауың керек. Қайта
кездесетін болса, осы екеуінің біреуі үшін ғана белдесетіні
К Ө К Ж И Е К
сөзсіз. Жауы мұны екі рет қапы қалдырды. Екі ретінде
де өзінің жанкештілігі жебеу болып, жүгіріп те, жүріп те
келеді. Үміт үшке дейін. Оны жауы да жақсы білсе керек.
Дәл қазір бетпе-бет келіп, ұстаса кетсе, қайсысының
жеңіп, қайсысының жеңілерін бір құдайдың өзі білсін...
Діңкесі құрып, өзі әрең келе жатқан жанда қайбір қауқар
бар дейсің. Қуат тұтары – қолындағы қаруы. Жауында
ол жоқ болуы мүмкін. Болса, әлдеқашан-ақ жалпасынан
түсірмес пе еді...
Бағанағы бағытымен жүріп барып, қызылдан із кесті.
Төбеден ары асып түскен белгі жоқ. Жал-жал болып
жатқан құмды жағалап тағы біраз жүрді, бірақ шұраттан
шыққан із біліне қоймады. Көңілге күдік ұялады. Қашқын
да осында болуы мүмкін. Тіпті өзін сырттай бақылап жүруі
де ғажап емес. Сақ болған жөн. Ол үшін ой жақта қалуға
болмайды, қараңғыда жауыңның қай жағынан шыға кел
генін байқамай қаласың. Не де болса, қызылға шығып,
төбе үстінде күткен жөн.
Таңдағаны таудай төбе еді. Түнде солай көрінді ме, әлде
шынында да биік пе, төменнен қарағанда бас айналғандай
болды. Бір сүрініп, бір тұрып төбеге де шықты-ау. Сол кезде
барып Мақсат өзінің әбден қалжырағанын сезді. Қозғалуға
мұршасы келмей, етбетінен жата кетті...
* * *
Қанша жатқанын өзі де білмейді. Сәл-пәл болса да,
тыңайып қалған секілді. Кенет төмен жақтан, сынған
жүзгеннің бұтағы ма әлде лықсып құлап түскен құмның
бөлігі ме, тырс ете қалған дыбыс шықты ма, артынша тым-
тырыс бола қалды. Жүрегі жиі-жиі соғып, денесі тас түйін
қалыпқа түсті. Бұл не? Адам ба, аң ба? Жел де емес. Ауада
үп дейтін леп жоқ. Аңнан да аңғалдық күту екіталай. Ен да
лада анда-санда кездесетін бұтаға соқтығысып не көрініпті
соншама? Адам болуы мүмкін. Иә, адам қимылы. Қашқын
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
қашып кетпеген сыңайлы. Аңдысын аңдып жатпасына кім
кепіл? Сақтық керек!
Сақтықты ойлаған сайын Мақсаттың санасы сарала
нып, денесі жеңілдей түскендей болды. Бір сәтте орнынан
тұрып қанға сіңген қасиет бойынша оңды-солды керіліп-
созылып, түрлі қимылдар да жасап көрді. Әп-сәтте күш-
қуаты да қайтып оралғандай сезінді өзін-өзі. Дәл қазір
қандай алпауыт күш иесі қарсы келсе де, қағып түсетін
сыңайлы. Бірақ мұның бәрі сәттік қана әсер екен. Артын
ша құлағы шулап, көзі қайта қарауыта бастады. Денесі
дел-сал болып, еркіне көнуден қалды. Енді бір сәтте ол осы
бір у-шуы көп дүниеден баз кешіп, терең ұйқы құшағына
еніп бара жатқандай болды...
Есімнен танып қалмасам екен деген ескертпе күдік
еңсесін көтертіп, қайта тұрғызды. Аяқ буындары дір-дір
етіп, мұрнына кекіре ме, әлде қылша ма – бір қышқылтым
иіс келді. Сол сеп болғандай, бойы аздап серги баста
ды. Дәл осы кезде манағы тысырды тағы естіді. Енді бұл
кездейсоқтық болмаса керек. Аң емес. Түз тағысы сонша
түйсіксіз болса да, осындай орашолақ қимылға қатарынан
екі рет жол бере қоймас. Адам! Адам болғанда өзін аңдып
жүрген жан. Ол, әрине, жауы. Жауы болғанда, манағы өзі
қуып келген қашқыны. Қашқыны – қылмыскер.
Өмір деген қызық-ау! Жаңа ғана жауын қуып келе
жатыр еді, енді, міне, жауы өзін аңдып жатқан сияқты.
Зұлымдық пен ізгілік! Күн мен түн сияқты бірін-бірі қуып,
бірін-бірі алмастырып жатқан заман. Дүние – кезек деген
осы ма екен? Әлде бұл өмір заңдылығы ма?..
Тағы да талып па, ұйықтап па бара жатқандай болды.
Енді ерік берсе, қайтып қалпына келе алмайтынын сезді.
Сөйтті де бар күшін бойына жинап, қайта тұрып, тіктеліп
отырды. Зейінін басқа жаққа аударып, ұйқысын ашып
алмақшы болып екі бетін шапалақтап көріп еді, қолдары
жаңадан сойылған қойдың қарнына тигендей былжы
рап шыға келді. Кілк-кілк еткен бет-аузы мен басын си
К Ө К Ж И Е К
пап көріп, жағдайының мәз емес екенін түсінді. Егер осы
қалпымен іси берсе, екі көзі жұмылып, түк көрмей
қалатыны хақ.
Таңның атып келе жатқанын бүкіл болмысымен сезді.
Айнала бозамық тартып, алыстан бозторғай ма, әлде жау
шымшық па шырылдағандай болды. Жастайынан жаттап
өскен тәтті үн бүкіл жан-тәнін дүр сілкіндіріп, таңдайына
тақалды. Жайлап жұтынып көріп еді, аузы да, тамағы да
епке көнбеді, қаңсып қалған құдыққа қауға жүгірткендей
құрғақ кеңірдегі ары-бері бір-екі рет бүлк етті де, артын
ша удай ашып қоя берді. «Шіркін-ай, бір жұтым су болар
ма еді!» деп армандады. Су ойына түскенде аңқасы кеуіп,
бүкіл жүйкесі жиырылып қалды, денесінде тамшы тер
түгіл, титтей де ылғал қалмаған секілді, манағы былжы
рап тұрған беті кебірленіп, енді күн шықса, жұртта қалған
тулақтай қаңсып шыға келетінін іштей сезді.
Күн шыққанын көңілімен ұқты. Айнала әп-сәтте ты
мырсық тартып, оттың жалынындай ыстық леп құмның
қызыл шағылын қайта қыздыра түсті. Қазан астындағыдай
қапырақ ауадан қашып құтылғысы келгендей, мана
таң қараңғысынан сайрай бастаған әнші құстардың да
даусы бірте-бірте алыстап барып, жоғалып кеткендей.
Көзін қанша тырналап ашқанымен түк көрмеді. Жоқ,
бұл мүмкін емес. Басы ісіп, көзі қаншама жұмылып қал
ғанымен жарықты сезуі керек еді ғой. Бірақ ондай хал
байқалмайды, бейне бір тас қараңғы түн ішінде жүргендей
түк көрмеді. Екі қолын алға созып барып, қайта түсіре
қойды. Қылмыскер байқап қалса, сезіп қояр деген күдік та
бан астында басқа тәсіл табу қажеттігін санасына жеткізді.
Күжірейіп біресе тұрды, біресе отырды. Бірақ барған сайын
әлсіреп, енді сол отырып-тұрудың өзі қиямет-қайымға ай
налып бара жатты.
Кенет құлағы дүңгірлеп, сарылдаған су ма, гүрілдеген
мотор ма, әйтеуір адам біліп болмайтын бір шу естілгендей
болды. Жан жары Қатира ма, шопыры Дүйсен бе... бірдеңке
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
дейді... Бастығы Қорабаевтың даусы қоса шыққандай
ма, қалай? Мақсат өзінің талықсып, есінен танып бара
жатқанын сезді...
Дауыс қайта шыққандай болды. Жоқ-жоқ, бұл жолы
анық естіді. Бастығы Мәуленнің өктем үні:
– Абайлаңдар! Иә, сол, дәл өзі.
– Жолдас пол... – Арғы жағын айта алмады. Оны біреу
жалғастырды:
– Жолдас полковник!... Сізді сұрайды...
Ау, мынау Дүйсен ғой.
Біреу маңдайына дымқыл шүберек басып, аузына су та
мызды. Ерніне тиген ыдысты суымен қоса жұтып жібергісі
келгендей қанша ұмтылғанымен, қайта ұсына қоймады.
– Су, су! – деді тағы да. Ептеп ернін сүрткені болмаса,
емін-еркін ішуге жібермеді.
– Шыда, айналайын, көп ішуге болмайды. – Мәуленнің
даусы. Иә, бастығы Қорабаевтың дәл өзі. Ол да жұмсақ
сөйлей алады екен-ау. Әлде солай көрінді ме?..
– Жолдас полковник, қашқын қайда, ұсталды ма? – де
ген сөзді үзіп-созып әрең айтты.
– Ұсталды, өзің ұстадың ғой, – деді полковник, – тек
қашқынды ғана емес, оның сыбайластарын да қолға
түсірдік.
Осы бір сөз медет болды ма, Мақсат табан астында түлеп
шыға келді. Денесі сергіп, орнынан тұрды. Демей берген
Сәлімді де, Мәуленді де серпіп тастап:
– Мен көрмей тұрмын ғой, көзім сау ма? – деді бір
жамандықты іші сезгендей.
– Сабыр сақта, айналайын, – деді полковник, өзі онша
көп қолдана бермейтін сөзін тағы да қайталап. – Көзің ор
нында, сау! Көрмеуің – уақытша, жүйкеге салмақ түссе
сөйтеді. Сондықтан өзіңді ұста!..
– Иә, сүйт! Сүйт, қарағым! – деген сан дауыстың ішінен
Мақсат кешелі-бүгінді өзімен бірге жүрген біраз кісінің
даусын шырамытқандай болды да, қайта талықсып кетті...
К Ө К Ж И Е К
* * *
Келесі күні облыстық ішкі істер басқармасы бастығы
ның алдында бір беттік ақпарат жатты. М. Қорабаев қол
қойған онда бар болғаны төрт-бес сөйлем жазылған еді.
«Бірліктегі» қылмысты оқиға ашылды. Кісі өлтіруші Ба
заров қолға түсіп, барлық айыбын мойындады. Мұнымен
бірге құм ішінде қарасора әзірлеп жүрген бір топ нашақор
лардың да жолы кесілді. Операцияның сәтті өтуіне капи
тан Мақсат Қонысбаев бастаған топ көп еңбек сіңірді. Осы
ны ескере келіп, капитан Қонысбаевтың офицерлік шенін
кезектен тыс көтеру жөніндегі мәселенің дұрыс шешілуін
сұраймыз».
Арада бірсыпыра күн өткен соң Мақсат Қонысбаев та
ауруханадан айығып шықты. Бұл екі арада ол құмдағы
операцияның сәтті аяқталғанына үлес қосқаны үшін ке
зектен тыс майор атағына ие болыпты. Оны ол емдеу орны
нан шығар кезде ғана естіді. Кейін Мақсат: «Ауруханаға
капитан болып түсіп, майор болып шықтым», – деп көпке
дейін айтып жүрді.
ТЕРГЕУ ӘЛІ БІТКЕН ЖОҚ
Кабинетіне кіріп шешіне бергені сол еді, үстелінің
үстінде тұрған ішкі байланыс телефоны шыр ете қалды.
Нұрлан оң қолын сулығының жеңінен суырған күйі тұтқа
ны көтерді.
– Аға лейтенант Шәріпов тыңдап тұр.
– Сәләметсіз бе, жолдас аға лейтенант. Сағат тоғыз жа
рымда – Садырбаевқа!
Нұрлан аузын ашып үлгіргенше анау трубканы орнына
қоя салды. Даусын да шырамыта алмады. Әсте, кезекші
милиционерлердің бірі болса керек. «Тыныштық па? Са
дырбаев неге шақырды екен?» деген ой басына бірден сап
ете қалды.
Жалпы басқарма бастығының шақыруы сирек жәйт.
Тапсырманы көбінесе бөлім бастығынан яки оның орын
басарларынан алатын болғандықтан, Нұрлан өзі қызмет
ететін мекеме басшыларымен көп кездесе бермейтін. Әйтсе
де, Садырбаев өзін жете таниды. Көріп қалса-ақ: «Халың
қалай, Шәріпов жолдас», – деп жағдайын сұрап тұрады.
Бастығының ілтипатын кім жек көрер дейсің. Мұндайда
Нұрланның де мерейі өсіп, «Халім өте жақсы, жолдас пол
ковник», – деген сөзді көтеріңкі дауыспен айтып, сонан
бірнеше күн бойы көңілді жүретін. Міне, сол үлкен бастық
өзіне шақырып отыр. Әрине, текке шақырмаса керек. Аса
бір маңызды мәселе болмаса, ол кісі қызметкерлерін көп
мазалай бермейтін.
Қарсыдағы қара телефон тағы шылдырлады. Бұл жолғы –
бөлім бастығының орынбасары Жайнақов екен.
– Ана жолғы мен тапсырған істі қайттің? – деді ол бірден.
К Ө К Ж И Е К
– Зерттеп жатырмын, жолдас капитан.
– Сен оны қашанғы зерттемексің, асығу керек, жолдас
аға лейтенант.
– Асығыстық ағаттыққа апарып соқпаса...
– Сен ондай пәлсапаңды қой, – деді бөлім бастығының
орынбасары өзінің тыз етпе мінезіне басып, даусын көтере
сөйлеп. – Маған бос сөзден гөрі іс керек, білдің бе, нақты іс
керек.
– Жолдас капитан...
– Болды, сөзді бөлме, әбден беттеріңмен кеткенсіңдер,
ауыздарыңа не келсе соны айтып. Үш күн берем, естідің
бе, үш күн, осы мерзімнің ішінде тапсырманы орындайтын
бол!
– Құп болады, жолдас капитан! – деді Нұрлан онымен
босқа дауласып жатқаннан түк шықпайтынын біліп.
– Міне, мұның жөн сөз. – Жайнақовтың даусы жай
дарыланып шықты. – Артынша тағы ескі әдетіне көшіп,
өктемси сөйледі. – Жарайды, мені бастық шақырып жа
тыр, кішкенеден соң маған кіріп шық, – деп телефонды тас
тап жіберді.
Тук-тук еткен трубканы біраз ұстап тұрып Нұрлан да
жайлап орнына қойды. Бөлімдегілер өздерінің тікелей
бастығын «шеф» дейтін. Оны, әсіресе, Жайнақов жиі
қолданатын. «Бұл – шефтің нұсқауы». «Мұны шеф айтып
отыр», «Шефтің бұйрығы бойынша» деген тіркестерді ол
әр сөз сайын айтатын. Ал қазіргі сөз саптасы басқаша. Де
мек, «Мені бастық шақырып жатыр» деп өз бағасын асыра
айтып отырған бастығы басқарма бастығы Садырбаев бо
луы мүмкін.
Сағатына қарап еді, тоғыз жарымға тақап қалған екен.
Орнынан тұрып, үсті-басын тәртіпке келтірді де есікке
беттеді.
Қылмысты іздестіру басқармасының бастығы полков
ник Қапан Қаратайұлы Садырбаевтың кабинетінің алды
на біраз адам жиналыпты. Көпшілігі – аса маңызды істер
20-151
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
жөніндегі бөлімнің қызметкерлері. Нұрлан тікелей «шефі»
майор Герасименконы көріп қалып, бас изесіп амандас
ты. Қасында жаңа ғана өзіне ақыл айтып, біраз сілкілеп
алған «шеф» орынбасары Жайнақов тұр. Ол Нұрланды
байқамағансып, теріс айналып кетті. Шақырылғандар ара
сында сарапшы-криминалистер де жүр. Соған қарағанда,
бастық қызметкерлерін текке жинап отырмаса керек. Тағы
да бір төтенше оқиға болып қалмасына кім кепіл?
Тура тоғыз жарымда арғы жақтан кезекті миллицонер
шықты да:
– Кірулеріңізді сұраймын, сіздерді бастық күтіп отыр, –
деді. Қызметкерлер ішке енді.
Полковник Садырбаев жиналғандармен амандасып
шықты да, бірден сөйлеп кетті:
– Жолдастар, жаңа ғана ертеңгілік Қапшағай қалалық
ішкі істер бөлімінен телефон-хат алдық. Қысқаша мазмұны
мынадай: СЭС маңынан белгісіз адамның сүйегі табылған.
Жергілікті тұрғындардың ешқайсысы танымаған. Соған
қарағанда, өлген адам басқа жақтан, тіпті біздің қаладан
да болуы мүмкін. Бірақ мәселе онда емес. Біз өлген кім,
ол қалай өлген, соны анықтауымыз керек. Егер біреудің
қолынан опат болса, қылмыскерлерді табуға тиіспіз.
Осыған орай, жедел топ құрғанымыз жөн. Оны менің орын
басарым майор Соболев басқаратын болады. Кімде қандай
ұсыныс бар?
Іштегілер бір сәтке жым-жырт бола қалды.
– Қане, жолдастар, тездетіңдер, – деп, бастық жұртты
асықтыра бастады, сосын оң жағында отырған Соболевке
қарап:
– Петр Николаевич, мүмкін сіздің өзіңіз бірдеңе дерсіз? –
деді.
– Дұрыс қой, – деді майор орнынан көтеріліп.
– Дұрыс болса, жедел топқа кімдерді алатыныңызды
айтыңыз?
– Дәл қазір ме?
К Ө К Ж И Е К
– Иә, дәл қазір.
– Ім, олай болса, – майор жиналғандарды бір шолып
шықты да, – олай болса, сарапшы Егеров пен аса маңызды
істер жөніндегі бөлімнен Шәріповты алсам, жетіп қалар, –
деді.
– Шәріповтың мұнда жұмысы бар ғой, – деп Жайнақов
күңк ете қалды.
Полковник дауыс шыққан жаққа жалт қарады:
– Ол не жұмыс?
– Жай, арыз тексеру болатын, жолдас полковник, оны
өзіміз-ақ аяқтай саламыз, – деп, орынбасарының орнына
Герасименко жауап берді. Қасында отырған Жайнақовтың
сұрғылт өңі өрт сөндіргендей қызарып шыға келді.
– Онда келістік, – деп Садырбаев орнынан көтерілді. – Со
болев жолдас, жедел іске кірісіңіздер. Істің барысын ұдайы
маған хабарлап тұрыңыздар.
Бастықтың кабинетінен шыққаннан кейін Соболев же
дел топтың мүшелерін жинап алып, шағын кеңес өткізді.
Оған басқарманың аса маңызды істер жөніндегі бөлімінің
бастығы майор Герасименко де қатысты. Пікірлесу бары
сында оқиға болған жерге Шәріпов пен Егоров жіберіліп,
жалпы басшылық жасау үшін Соболевтің өзі Алматыда
қалатын болды. Қажет деп табылса, тағы да екі-үш адам
беруге Герасименко да уәдесін берді. «Сапарларың сәтті
болсын!» деген бастықтарының тілегін көңілге медет етіп,
Шәріпов пен Егоров жолға шықты.
– Әңгіме айт, жол қысқарсын, Саша, – деді Нұрлан
мәшине Қапшағайға қарай қасқайып жатқан үлкен жолға
шыққан соң артқы орындықта өзімен қатарласа отырған
серігіне бұрылып.
– Әңгіме дейсің бе? – деп Егоров желкесін қасыды, – сол
құрғырдың өзі бізде болыңқырамай тұр ғой.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Онда анекдот айт, күліп отырайық, – деп, Нұрлан
өзінің Александрдан екі-үш жас үлкендігін білдіргендей,
арқасынан қақты.
– Есіңде ме, ана жолы бір топ пәтер тонаушыларды тұт
қындаған едік қой.
– Иә, есімде.
– Есіңде болса, сол қарақшылардан қайтарылып алын
ған бірсыпыра дүниелердің иесі шықпай жатыр.
– Е, оны ұрылардың өзінен сұрау керек қой, – деді
Нұрлан. – Қай затты қай үйден алғанын бес саусағындай
жатқа білетін болар.
– Олар айтуын айтқан көрінеді, бірақ иелері «Бұл менікі
емес, мұндай зат біздің үйде болған емес», – деп ат-тонын
ала қашыпты.
– Ол не зат соншама ел қашатындай?
– Алтыннан жасалған дүниелер, ішінде ескі икон да бар.
– Дегенмен ұрылардың да қателесуі мүмкін ғой.
– Жоқ, олар алған жерлерін дәл айтып отыр.
– Сонда қалай, иелері өз дүниелерінен бас тартқаны ма?
– Иә, бас тартып отыр.
– Мынауың шынында да анекдот екен, жолдас лейте
нант, – деп Нұрлан ойланып қалды.
– Дәл солай, жолдас аға лейтенант, – деді Александр да
бірден ресми қалыпқа көшіп.
Бұдан кейін екеуі де көпке дейін үнсіз қалды.
Жеңіл мәшине Қапшағайдың тақтайдай тегіс те түзу
жолымен зымырап келеді. Жолдың екі қапталындағы
қолмен отырғызылған оқтай түзу тал-теректер зу-зу етіп
қалып жатыр. Бейне бір кино экранындағы сурет сияқты.
Кей тұста ашық алаңқай да кездесіп қалады. Мұндай жер
лерге келгенде Нұрлан терезеге тесіле қарап, көз жанары
талғанша со-о-нау көкжиекке дейін сүзіп шығады.
Жердің тоңы жібіп, қар ери бастаған шақ. Төбелердің
басы бусанып, жалаңаштанып қалыпты. Қырда жайылған
мал, ойда егістікке көң тасыған көліктер қарасы көрінеді.
К Ө К Ж И Е К
Даланың да өз қызығы өзіне жетерлік. Мына көрініске
қарай отырып, Нұрлан сонау балалық шағын есіне алғандай
болды. Көңілін бір түрлі сағыныш билеп, жүрегі жиі-жиі
соқты.
Манадан бері үнсіз қалғанына қысылғандай, жанындағы
серігіне еңсеріле бұрылып қарады. Саша орындықтың
арқалығына шалқалаған күйі мызғып кетіпті, біресе аузы
мен, біресе мұрнымен дем алып, пыс-пыс етеді. «Қайтсін,
шаршаған ғой, – әріптесіне іш тарта қарады, – үнемі жол
үстінде жүреді, сарапшылардың да араласпайтын жері жоқ
қой, ең ақыры біреудің мұрны қанап қалса да, алдымен
осылар шақырылады. Әй, біздің жұмысымыз да мазасыз-
ау осы...»
Жалпы Нұрлан қызметіне кінә артып көрген емес.
Керісінше, мамандығын мақтап тұтып, өз ісін жақсы көреді.
Адам қызметін сүйіп атқарса, жұмыс та жеңіл жүреді емес
пе?! Сондай-ақ, Нұрлан да бастықтары тапсырған кез кел
ген істі зор ыждағатпен атқарады. Кейін содан өзі ләззат
алады. Рас, кейде қызмет бабында түсінбестік те болып
қалады. Тіпті көңілге кірбің түсірерліктей жәйт те кездесіп
тұрады. Ұрыспағанымен ұрысқа бергісіз ескерту де естіп
жатасың. Бірақ соның бәрін қабылдай білуің керек.
Әйтсе де, Нұрлан ана жолы алған бір жұмысына қарны
ашыңқырап қалғандай болды. Өйтпегенде ше! Ойлап отыр
са, тіпті өздері айналысатын шаруа да емес сияқты. Қарап
жүріп, қыздарының мазағына қала жаздады. Бірде бөлім
бастығының орынбасары Жайнақов шақырып алып:
– Кондитер фабрикасының қыздары кәмпит ұрлайтын
көрінеді, соны тексеру керек, – деді.
– Мүмкін емес, – деді бұл.
– Неге?
– Мен оларды жақсы білемін.
– Қай жағынан?
– Оның қызметке қатысы жоқ.
– Солай ма?
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Солай!
Сол жолы неге қиястанғанын өзі де білмейді. Қаладағы
кондитер фабрикасына барып тұратыны ақиқат бола
тын. Әсіресе, соңғы кездері жиілеп кеткені де шындық.
Онда Раушан жұмыс істейтін. Барса, соған барады. Бірақ
олардың кәмпит алып жатқанын бірде-бір рет көрген
емес. Тіпті ондағы жұмыс істейтін қыздар жөнінде бұлай
ойлаудың өзі қиянат сияқты.
Осы бір үріп ауызға салғандай сүйкімді қызбен та
нысуы да қызық. Қызметке орналасқан алғашқы жыл
дары кезекшілікке жиі шығатын. Жаңадан келген жас
қызметкер көрсін-білсін дей ме, әлде салт басты, сабау
қамшылы болғандықтан бәрібір үйінде отырмайтын
шығар дей ме, әйтеуір бастықтары өзін түнгі кезекшілікке
көп қосатын. Бұл да бас тартып көрген емес. Бірде осын
дай кезекшіліктен келе жатып, кондитер фабрикасының
жанындағы аялдамада екі жігіттің жап-жас қызды ортаға
алып әлденені қызу талқылағандай қолдарын ары-бері сер
меп, дауыс көтере сөйлеп тұрғанын байқап қалған. Алғаш
бір-бірлерін бұрыннан білетін адамдар шығар деп өте
шықпақшы болған. Бірақ артынша іші бірдеңені сезгендей
қайтып оралған еді. Сол кезде қыз да:
– Ағай, сәлематсыз ба, мен Раушанмын ғой, немене,
мені танымай қалдыңыз ба? – демесі бар ма!
– Ә, сәламат па, қарағым, неге танымайын, таныдым,
таныған соң бұрылдым, – деген бұл. Екі жігіт ығысып жүре
берген.
Былай шыққан соң Раушанның күлгенін көрсеңіз. Тау
бұлағындай сыңғырлаған оның сүйкімді үні сықылықтаған
шат-шадыман күлкіге ұласып, түнгі таза ауаны жаңғырық
тырып жіберген еді. Сол дауыс жас жігіттің жалын атқан
жүрегін дүр сілкіндіргендей болды. Күліп тұрып Раушан
өзінің осындағы кондитер фабрикасында жұмыс істейтінін,
жатақханада тұратынын, технология институтында сырт
тан оқитынын айтып, жаңағы екі жігіттің тәлкегінен ара
К Ө К Ж И Е К
шалап алғаны үшін ризашылығын білдіруді де ұмытпаған.
Нұрлан да өзінің өмір жолын өрнектеп шыққан. Содан бері
екеуінің кездесуі жиілей түскен. Нұрлан оны қақпа алды
нан талай рет күтіп алды емес пе? Оны Раушанмен бірге
еңбек ететін қыздар да жақын тарта бастаған. Міне, осы
қыздарға сенімсіздік білдіріліп отыр.
Әйтсе де, бұл істі тексеруді Жайнақов Шәріповке тап
сырды. Бастықтың айтқанын бағыныштысы орындайтын
қағидаға сай, Нұрлан бірнеше күн қатарынан фабрика
да болып, күзет жұмысымен танысты, жекелеген адам
дармен сөйлесті. Раушанның құрбылары енді бұған бір
түрлі сенімсіздікпен қарайтындай жәйтке де жеткен. Тіпті
біреулерінің «Немене, күйеубала бізге жұмысқа орна
ласқалы жүр ме?» деген мысқыл сөзін де естіп қалған. Бұл
манағы бастығының «Маған бос сөзден гөрі нақты іс керек»
деп зіл тастағанынан да ауыр еді. Енді, міне, Жайнақов сол
істі аяқтау үшін үш күн беріп отыр. «Үш күн түгіл үш ай
жүрсем де бұл істен ештеңе шығара алмаспын, – деп ойла
ды Нұрлан. – Болмаған нәрсені болды деп қалай ғана айта
алам. Қыздарда кінә жоқ. Талан-тараждың көзін басқа
жерден іздестіру керек. Жә, не болған маған, не болса
соған басымды қатырып. Ол тапсырмадан босадым емес пе?
Маған одан гөрі жауапты іс тапсырылып отыр. Кісі өлімі!
Өзі опат болды ма, әлде біреу қастандық жасады ма? Міне,
соны табуымыз керек. Бұл – бәрінен де жауапты тапсыр
ма». Нұрлан тағы да терең ойға беріліп кетті...
* * *
Қапшағай қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы под
полковник Ушаков жап-жас жігіт. Бұл жерге Алматыдан
ауысып келгеніне көп бола қойған жоқ. Нұрлан оны сырт
тай білетін. Іскер, өз жұмысына мығым жас басшы мұнда
да жақсы жағынан көріне бастаған. Қазір де ол сол құмбыл
мінезіне басып бірден шаруаға көшті.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Оқиға осыдан үш шақырым жердегі станса маңын
да болған, – деді ол тез-тез сөйлеп. – Жұмысшылар теңіз
үстінде қалқып келе жатқан бір затты байқап қалады.
Алғашында мұздың сынығы ма деп ойлайды. Жақын
дағанда ғана барып бағдарлайды, адамның мәйіті екен.
Содан осында хабарлайды. Мен кісілер жіберіп, күзет
қойғыздым. Бойынан ешқандай құжат табылмаған. Әсте,
бұл жердің адамы болса керек. Соңғы бес-алты ай бойы
мұнда тосын оқиға болған емес. Сондықтан сіздерге хабар
бердік. Алматы үлкен қала ғой. Мүмкін, із шығып қалар.
– Мүмкін, – деді Нұрлан да басын изеп. – Біз сол оқиға
болған жерге барсақ.
– Иә, сөйткендеріңіз жөн, – деп Ушаков алдындағы
қоңырауын басты. Кезекші милиционер көрінді.
– Маған Қапасовты шақырып жіберіңізші.
– Құп болады, жолдас подполковник!
Арада екі-үш минөт өткен соң, бөлмеге ұзын бойлы,
сыриған қара жігіт кіріп, әскери тәртіппен сәлем берді.
– Танысып қойыңыздар, учаскелік инспектор Қапасов, –
деді бастық қонақтарына бұрылып. – Сіздерге кез келген
мәселеде көмектесе алады. Нұрлан мен Александр өздері
қатарлы жас лейтенантпен қол беріп амандасты.
СЭС-ке дейін жол асфальт болатын. Нұрландар мә
шинені стансаның жанына қалдырды да, қарсы беттегі
жотаға жаяу көтерілді. Бұл жерден жасанды теңіздің үсті
алақанда жатқандай жақсы көрінеді. Қолдан қашалғандай
қос қапталдың қолтығына итіне кірген Қапшағай суы
шалқып жатыр. Жал-жал толқындары жағаны ұрып, бұрқ-
сарқ етеді. Түйетайлылау келген таса жерде беті кенеппен
жабылған марқұмның денесі жатса керек. Одан әрі мили
ция киімін киген екі жігіт тұр.
– Осы! – деді Қапасов иегімен алдыңғы жағын нұсқап.
Шәріпов үн-түнсіз келіп, жамылғыны ашты. Орта
жастағы орыс жігіті екен. Толық денелі. Бетіне таңба түсе
қоймаған. Мойнына байланған сым темірдің ұшы да мықтап
К Ө К Ж И Е К
түйілген, о әрпіне ұқсап дөңгеленіп жатыр. Тергеушінің
кәнігі көзі оған тас па, темір ме, әйтеуір бір ауыр зат бай
ланып, денемен бірге суға тасталғанын, бірақ оның кейін
сусып түсіп қалғанын бірден сезді. Әсте, сүйек сонан кейін
теңіз бетіне қалқып шықса керек. Үстіндегі киімі де бүліне
қоймаған. Костюмі мен шалбарының қалталары сыртына
қарай айналып қалыпты.
Шәріпов сұраулы кейіпен Қапасовқа бұрылды.
– Жігіттер марқұмның аты-жөнін білдірерліктей бір
деңе табыла ма деп қараған болар, – деді ол.
– Қалай, таптыңыздар ма?
– Жоқ, жылан жалағандай тып-типыл екен, – деп жауап
берді күзетте тұрған милиционердің жастауы.
Нұрлан оның бұл әрекетін құптамағандай басын шайқап
бұрыла берді де, қалт тұрып қалды. Дәл аяғының астында
әбден сусіңді болып, шиыршақталып қалған қағаз жатыр
екен. Егоров та елең ете қалды. Шәріпов әлгі қағазды жер
ден еппен көтеріп алды да:
– Ал, мынау қайдан шыққан? – деді.
– Ол, әншейін, жай қағаз ғой, шалбарының қалтасынан
табылды, тастай салдық...
– Мұндай тастай салған заттарың көп пе? – деп Саша
сөзге араласты.
– Жоқ, осы қағаздан басқа түк табылмады.
– Демек, қалтасы жылан жалағандай емес екен ғой, –
Нұрлан күзетші милиционерге сынай қарады. Сөйтті де
есіне әлдене түскендей:
– Бізде көптен бері істейсің бе? – деп сұрады.
– Жоқ, бес айдай болды, әскерден келісімен орналасып
едім.
– Бес ай да аз мерзім емес, – деді Нұрлан жаңағы қағазды
арнаулы пакетке салып жатып. – Біздің жұмысқа қалып
тасатындай уақыт өткен сияқты. Есіңде болсын, мұндай
істе, әсіресе, тергеу тақыр жерден басталғалы отырған
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
дәл мынадай істе, бірде-бір ұсақ-түйек нәрсе назардан тыс
қалмауы тиіс.
Жас милиционер әріптес ағасының айтқан ақылын
алғыс сезімін білдіре қабылдағанын қас-қабағымен сездір
гендей сыпайы жымиып, басын иді.
Арада жарты сағат өткеннен кейін Нұрлан мен Алек
сандр қайтадан Қапшағай қалалық ішкі істер бөлімінде
отырды.
– Иә, іс қалай жүріп жатыр? – деп Ушаков оларға
сұраулы кейіппен қарады.
– Әзірше, бір-ақ нәрсе ақиқат, – деді Нұрлан өз ойын
ортаға салып. – Кісі өлімін қасақана жасалған қылмысты
іске жатқыза аламыз. Оған марқұмның мойнына сым ұзақ
салынып, суға тасталуы дәлел болады.
– Мен де Шәріповтың пікіріне қосыламын, – деді Его
ров. – Қылмыс қыс айларында жасалған. Оның дәл мерзі
мін сараптау қорытындысы ашып көрсете жатар. Жалпы
көп мәселе сарапшы-криминалистердің жұмысына байла
нысты болмақ.
– Бізден қандай көмек керек, – деді подполковник.
– Әзірше, бір адам бере тұрсаңыз жақсы болар еді, – деді
Нұрлан. – Себебі, Егоров жұмыс бабымен қазір Алматыға
жүргелі отыр. Ал мен біраз болам. Кейбір мәселелерді
анықтау керек болып тұр.
– Жарайды, – деді Ушаков, – кімді алғыңыз келеді?
– Кез келген жігітті, – деді Нұрлан күліп, – мәселен
манағы күзетте тұрған милиционерді.
«Ол кім еді?» дегендей Ушаков Қапасовқа қарады.
– Әлімов, бізге жаңадан келген адам, – деді учаскелік
инспектор.
– Әлімов дейсіз бе? – Ушаков сәл ойланып барып, қайта
сөйлеп кетті. – Иә, иә, білем, ана әскерден келген солдат
жігіт қой, ұмытпасам, аты Асан болар.
– Дәл өзі, жолдас подполковник, – деді Қапасов.
К Ө К Ж И Е К
– Несі бар, алуыңызға болады, – деп Ушаков та Нұрланға
күле қарады. – Оны бұрыннан білетін бе едіңіз?
– Жоқ, жаңа ғана таныстық.
– Солай ма, – деді Ушаков риза болған кейіппен. – Рұқ
сат, алыңыз. Жастарды мұндай жұмыстарға жиі тартуы
мыз керек. Үйренгені өздеріне жақсы.
Ішкі істер бөлімінен Нұрлан мен Александр да риза бо
лып шықты. Мұнан кейін олар қонақ үйге келіп, жедел
топтың бастығымен сөйлесті. Нұрлан барлық жағдайды
майор Соболевке баяндап шықты да, суға кеткен адамның
киімін және қалтасынан шыққан қағазды сараптаудан
өткізу үшін Егоровтың Алматыға қайтуына рұқсат сұрады.
Топ бастығы бұған келісіп, тағы да бірнеше қосымша
тапсырма берді. Осылайша бірінші күнгі қауырт жұмыс
түннің біразына дейін созылды.
* * *
Нұрлан ертеңінде қасына Асанды ертіп алып, СЭС
маңына тағы барды. Кешегі өздері көтерілген жотаға
шықты, одан қайтып төмен түсті. Осылайша жүрісін екі-
үш рет қайталағаннан кейін ғана барып, кенеттен өрмегінің
келебесін үзіп алған жандай қалт тұра қалды да, қайта ой
құшағына батты.
Теңіз сол бұрынғы қалпы: бар сырын ішіне бүгіп, саза
рып жатыр. Шәріпов соның құпиясын білгісі келгендей,
су бетіне ұзақ қарады. «Бұл кім болды екен, – деп ойла
ды кешегі адамның денесі жатқан жерге көз қиығын
тастап. – Қылмыс қыста жасалғаны мәлім. Сонда қай
жағадан? Теңіздің шығыс жағы – Талдықорған, ал батыс
жағы – Алматы. Екі қалаға да сұрау салған жөн болар.
Қапшағайдың жағалауындағы елді мекендерді де тексеріп
шыққан ләзім. Теңіздің ағыны бар. Иә, ағыны...»
Аға лейтенант төбенің үстінде тұрған Асанды дауыстап
шақырды. Ол төменге жүгіріп түсті.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Бірдеңе сұрадыңыз ба, жолдас аға лейтенант?
– Асан, айтшы, кеше сендер денені алғаш қай тұстан
байқадыңдар?
– Оны бірінші көрген СЭС-тің жұмысшылары ғой. Ай
туларына қарағанда, теңіздің дәл ортасынан шыққан, –
деп ол алдыңғы жағын нұсқады. – Біз келсек, дене жағаға
жақындап қалған екен.
– Сонда ол қай жағалықтан ағып келуі мүмкін?
– Әрине, оң жағалықтан, – деді ол ойланбастан.
– Неге?
– Себебі ағыс оң жағалықпен айналады ғой.
– Шынында да солай екен-ау, – деді Нұрлан даусын
көтеріп. – Азаматсың, Асан. Сенен болашақта жақсы заң
қызметкері шығуы тиіс.
Асанның екі беті алаулап, көзі күлімдеп кетті.
– Ал енді осы теңіздің ағынын арнайы зерттейтін меке
ме бар ма?
– Оны балық зауытындағылардың білуі мүмкін.
– Кеттік онда сол жаққа, – деп, Нұрлан мәшине тұрған
тұсқа қарай жедел бұрылды.
Балық зауытында теңіз ағынын арнайы зерттейтін меке
ме болмағанымен, маман бар екен. Өзін Иван Семеновичпін
деп таныстырған арықша келген адам алғаш Шәріповтың
құжатын көріп, шошып кетті. Нұрлан оны әзер дегенде са
басына түсіріп, келген шаруасын айтты.
– Браконьерлер ме? – деді Иван Семенович өзіне-өзі кел
геннен кейін.
– Түсінбедім.
– Теңіз ағынының құпиясын білуді айтамын да, – деп
маман көзін қысты, – браконьерлерді ұстау үшін қажет пе?
– Иә, – дей салды.
– Онда жақсылап тыңдап алыңыз, – деп Иван Семено
вич ұзын сонар әңгімеге көшті. – Қапшағай – ағынды теңіз.
Мұндайда балықтар ағынға қарама-қарсы жүзеді. Кейде екі
К Ө К Ж И Е К
ағынның бір-біріне бетпе-бет келіп қалатын кездері де бола
ды. Ондайда балықтар көбінесе теңіздің түбіне қарай кетеді
де, артынша екі жаққа бөлініп шыға келеді. Сөйтіп, тағы
да ағынға қарсы жүзеді. Сіз аквариумдағы балықтардың
қозғалысына зер салып көріп пе едіңіз? Ой, оның өзі бір
қызық дүние ғой. Міне, сол аквариумға жоғары жағынан
су құялық делік. Сонда балықтар жапа-тармағай су келіп
жатқан жаққа қарай жүзеді емес пе?
– Карта бар ма? – деді Нұрлан шыдай алмай.
– Қандай карта? – Иван Семенович сөзін бөлгенге жақ
тырмағандай сұраққа сауалмен жауап берді.
– Осы өзіңіз айтып отырған ағысты белгілеген теңіз кар
тасы.
– Бар, әрине, бар. Онсыз бола ма?
– Онда соны көрсетіңізші.
Иван Семенович сейфін ашып, ішінен төрт бүктелген
Қапшағай теңізінің картасын шығарды. Нұрлан оны жа
йып жіберіп, өзіне қажетті деректерді тез-тез көшіріп
алды. Сөйтті де, теңіз ағынын зерттеумен арнайы айналы
сатын маманға алғысын айтып, есікке беттеді.
– Келіп тұрыңыз, көмек көрсетуге әрқашан да әзірміз, –
деп Иван Семенович қалды.
* * *
Келісім бойынша белгіленген уақытта жедел топтың
бастығымен байланысты.
– Қандай жаңалығың бар, Шәріпов жолдас? – деді Со
болев әдеттегідей өзінің сабырлы үнімен.
– Әзірше, айта қаларлықтай жаңалық жоқ, Петр Ни
колаевич, – деді Нұрлан да бастығын аты-жөнімен атап. –
Қапшағайдың ағысын зерттедім...
– Қалай, қалай дейсің? – майор телефонның тұтқасына
үрледі.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Қапшағайдың, теңіздің ағысын айтам, жолдас май
ор, – деді Нұрлан. – СЭС-ке дейін қай бағытпен, қандай
жылдамдықпен ағатынын анықтадым.
– Мынауың қызық екен, иә, айта бер.
Мұнан кейін Шәріпов іске байланысты өз жорамалын
баяндап шықты. Ол мынаған саятын: суға кеткен адам –
Алматы жақтан болуы мүмкін. Қыста өлтіріліп, мұз астына
жіберілген. Сондықтан Қапшағайдың оң жағалауындағы
елді мекендерді аралап, жергілікті тұрғындардан сыр тар
тып көру керек.
– Дұрыс, – деді бастық риза болған үнмен. – Соны
аяқтасымен Алматыға кел, осы жерде ақылдасайық.
Оған дейін сараптау қорытындысы да шығып қалар. Ана
қалтадан шыққан қағазға көп үміт артамыз. Қазір оны
өңдеумен Егоров айналып жатыр.
Шәріпов бастығымен сөйлесіп болған соң Асан екеуі
қала орталығындағы халық көп баратын асханаға келіп
тамақтанды.
– Асан, сен Қапшағайда көптен бері тұрасың ба? – деді
Нұрлан дастарқан үстінде серігінен сыр тартып.
– Ертеде бір бөспе «Мен зеңберекті пистолет кезінен
білем» деген екен, сол айтқандай-ақ, мен Қапшағайды по
селке кезінен білем. Осында тудым, осында өстім, осында
қызмет етіп келемін.
– Онда теңіздің айналасындағы елді мекендерді де тегіс
білетін боларсың.
– Әрине.
– Осы жерден он-он бес шақырымдай жерде қандай елді
мекен бар?
– Оң жағалауда ма?
– Иә, оң жағалауда, – деді Нұрлан күліп.
– Балық шабақтарын өсіретін поселке бар, одан әрі
балық ұжымшарының бөлімшесі орналасқан.
– Ол жерлерде танитын кісілерің бар ма?
– Көпшілігін танимын.
К Ө К Ж И Е К
– Олай болса, сол жаққа барып қайтсақ.
– Мен әрқашан да дайынмын.
Енді кішкенеден кейін Нұрландардың мәшинесі шабақ
өсіретін поселкеге қарай жүйткіп келе жатты. Жол-жөне
кей оның екі көзі алда болғанымен, ойы басқада еді.
Қапшағай суы сағатына жүз сантиметрден жылжыса, екі-
үш айдың ішінде он-он бес шақырымды емін-еркін ала
ды. Демек, қылмыс осы елді мекендердің бірінде жасалуы
мүмкін. Халықпен сөйлесу керек, бірі болмаса, бірінің то
сын оқиғаларды байқап қалуы ғажап емес.
Шабақ өсіретін поселке он шақты үйден тұратын шағын
ғана елді мекен екен. Тура теңіздің жағасына орналасқан.
«Ұста пышаққа жарымас» дегендей, судың жағасында
тұрса да, тал-теректен мақрұм. Көгеріш те байқала қой
майды. Көшелері сиықсыз. Әр жерде әр түрлі жобамен
салынған үйлер кемпірдің тісіндей сойдиып-сойдиып тұр.
– Кеңсеге кіреміз бе? – деді Нұрлан Асанға қарап.
– Өзіңіз біліңіз.
– Дабыра етпей-ақ қойғанымыз жөн болар еді.
– Онда ана шеткі үйге бұрыңыз.
Поселкенің шығыс жағындағы оқшау тұрған үйге
жақындай бергенде арғы жақтан қаба сақалды кісі шығып,
бері қарай жүрді.
– Сәлеметсіз бе, Лион атай, – деп Асан мәшинеден атып
шықты.
– Сәлемет пе? – Шал екі көзін қолымен уқалады. –
Асанбысың, аман ба, қарағым?
– Иә, Асанмын, денсаулығыңыз қалай, ата?
– Денсаулықтың несін сұрайсың, теңізге шыға алмаған
соң...
– Балыққа онсыз да кенде емес шығарсыз, – деді Асан
сөзін әзілге бұрып, – теңізге шығып қайтесіз?
– Құдайға шүкір, әйтсе де, өзің ұстап жеген бір шабаққа
не жетсін, – деп қарт жақтырыңқырамай қалды. – Немене,
мені тексере келгеннен саумысыңдар тегі...
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– О, не дегеніңіз? – Асан сасып қалды. – Сәлем бере
келдік.
– Онда үйге кіріңдер.
Лион атай осы жердің күзетшісі екен. Кемпірі өткен
жылы қайтыс болыпты. Жалғыз ұлы Солтүстікте еңбек
ететін көрінеді. Оны-мұны айтысып, біраз отырысты. Бірақ
әңгімелері жараса қоймады.
– Лион атай, – деді бір кезде Нұрлан ашық әңгімеге
көшіп, – естіген боларсыз, жақында СЭС маңынан өлген
адамның денесі табылды. Ол Қапшағайдың суымен ағып
барған. Біз соның себеп-салдарын іздестіруге шығып едік.
– Е, бәсе, сөйтіп бірден шындарыңды айтпайсыңдар
ма? – деп пейілденіп қалды қария. – Өзім де сендердің тек
ке жүрмегендеріңді сезіп едім. Ал менен не сұрайсыңдар?
Айта беріңдер.
– Соңғы екі-үш айдың ішінде көңілге күдік келтірер
ліктей тосын оқиға болған жоқ па бұл маңда?
– Тосын оқиға дейсіз бе? – Қарт ойланып қалды. – Мен
бұл өңірдегі тышқанның жорғалағанына дейін білетінмін...
– Бұл кісі бәрін біледі, мен сізді мұнда әдейі әкелдім, –
деп Асан көтеріліп қалды.
– Енді, міне, қартайдық, көрмек түгіл, естуден де
қалдық, – деп шал қайта қыңырайды.
– Әйтсе де, есіңізге түсіріп көріңізші, мүмкін, бейсауат
жүрген біреулерді байқап қалған боларсыз.
– Бейсауат жүрген дейсіз бе? – Қарт көптен кейін барып
қайта сөйледі. – Иә, есімде, қаңтардың 23-і күні кешке та
ман мына балық ұжымшарының бөлімшесіне қарай кетіп
бара жатқан қызыл «Жигулиді» көріп қалдым.
– Иә, айта беріңіз, – деді Нұрлан. – Ішінде кімдердің ба
рын байқаған жоқсыз ба?
– Жоқ, бізге соқпай тіке тартып отырды.
– Күні қалай есіңізде қалған?
– Есімде қалмай ше, ол марқұм кемпірімнің туған күні
болатын.
К Ө К Ж И Е К
– Тағы басқа айтарыңыз бар ма?
– Жоқ, – деді қарт. – Сендерді қызықтырарлықтай басқа
ештеңе айта алмаймын. Тек сол мәшине қайтарда бұл жол
мен өткен жоқ.
– Бөлімшенің ар жағында жол бар ма?
– Бар.
– Ол қайда барады?
– Алматыға.
– Алматыға дейсіз бе?
– Иә, Алматы қаласына, – деп қарт нығыздап айтты.
Нұрлан мен Асан Лион атайға рақметтерін жаудырып,
сыртқа беттеді.
* * *
Араға бірнеше күн салып жедел топтың мүшелері
Соболевтің кабинетінде тағы да бас қосты.
– Сонымен, жорамал дұрыс болып шықты, – деді ма
йор қызметкерлеріне кезек-кезек қарап. – Сарапшы-кри
миналистер өліктің қалтасынан табылған қағаздың кви
танция екенін нақтылады. Ол Алматыдағы нөмірі 2-ші
гастрономның шыны ыдыстарын өткізгені жөніндегі
құжат болып шықты. Ендігі мәселе біреу-ақ. Ол – өлген
адамның аты-жөнін анықтау. Бұл жұмыс Шәріповтің өзіне
тапсырылады. Бірақ өте сақ болу керек. Қылмыскерлерді
үркітіп алмау жағын ойластырған жөн. Сондықтан, жол
дас аға лейтенант, әрбір қадамыңды аспай-саспай ойласты
рып барып жаса. Титтей шалағайлықтың өзі операцияны
сәтсіздікке ұшыратуы кәдік.
Нұрлан майор Соболевтің кабинетінен шығысымен
өзінің тікелей бастығы Герасименкоға кірді. Владимир
Никитович әдеттегідей алдындағы қағазына шұқшиып
жұмыс істеп отыр екен. Нұрланды көріп орнынан тұрып
жылы амандасты.
– Шаруа қалай? – деді бастық қамқор үнмен.
21-151
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Жаман емес, іздестіріп жатырмыз.
– Жөн-жөн, – деді Герасименко басын қайта-қайта
изеп. – Петр Николаевич сенің жұмысыңа ризашылық
білдіріп отыр. Ол біз үшін де мерей. Әрқашан да осылай
жұмыс істеуіңе тілектеспін. Оған сенің білімің де, қабілетің
де жетеді. Мен сенемін.
– Рақмет, жолдас майор. Сеніміңізді ақтауға тырыса
мын.
– Айтпақшы, сенің ана жолғы жұмысыңды архивке
тапсырдық, демек, оған көп алаңдамай-ақ қой.
– Дұрыс болған екен, – деді Нұрлан қуанып. Дәл сол
сәтте өзінің бірнеше күннен бері кондитер фабрикасына
бармағаны, Раушанның сүйкімді даусын естімегені есіне
түсіп, жүрегі шым ете қалды. Соның артынша:
– Жолдас майор, осы айда демалыс алуыма бола ма? – де
ген сұрақтың аузынан қалай шығып кеткенін де байқамай
қалды.
– Қалай өзі, кезегің келіп пе еді?
– Иә, жолдас майор, кесте бойынша осы ай.
– Онда, әрине, рұқсат етеміз, – деді бастық жымиып, –
тек мына жұмыстарыңды тезірек бітіріңдер, сонан соң
жақсылап демалуыңа болады.
Нұрлан бастығының бөлмесінен мерейі өсіп шықты.
* * *
№2 гастроном – Алматыдағы ең ірі сауда орындарының
бірі болатын. Нұрлан оның ішін жарты сағаттай арала
ды. Сатушылармен сөйлесті. Азық-түлік, арақ-шарап
бөлімінің жұмысымен танысты. Сауда орнының іші са
пырылысқан халық. Кімнің не алып, не қойып жатқаны
белгісіз. Қаптаған кезек.
Нұрлан елдің арасынан сытылып шықты да, үйдің арт
жағына орналасқан шыны қабылдау пунктіне келді. Мұнда
да бір қауым ел кезекте тұр. Қабылдау пункті – төменгі
К Ө К Ж И Е К
қабаттағы гастроном үйіне жанамалай салынған жабық
баспана. Сауда қызметкерлері кіретін есікпен есіктес
отырған бұл пункттің де жұмысы қызу жүріп жатыр. Ан
да-санда арғы жақтан қабылдаушы ма, әлде бұғалтыр
ма, әйтеуір егде тартқан бір ер кісі шығып, бөтелке
өткізіп жатқандармен есеп айырысып кетеді. Бергі шет
те арықшалау келген тағы бір жас жігіт шыны салынған
жәшіктерді қатарлап қойып жатыр.
Бір кезде манағы есеп айырысушы бері шықты да:
– Кезектің соңы кім? – деді.
Халық ошарылып, шетте тұрған Нұрланға қарады. Есеп
айырысушы оған ежірейе тесіліп:
– Сен бе? – деді. – Онда ескерт, сенен кейін ешкім тұр
майтын болсын, қабылдамаймын, жәшік жоқ.
Нұрлан қапелімде не дерін білмей, состиып тұрып қады.
«Қап, бүлдірдім-ау, – деп ойлады іштей. – Әзірше, көзге
түспей-ақ қойған жөн бе еді. Асығыстық жасаған жоқпын
ба? Мейлі. Енді шегінетін жер жоқ. Ол бәрібір мені байқап
қалды. Кетіп қалсам сезіктенуі мүмкін. Тәуекел. Шешінген
судан тайынбас».
– Болсаңшы, шыныларың қайда? – деген дауыстан
кейін ғана барып бойын да, ойын да жиып алды. Аға қабыл
даушының көмекшісі өзіне бажырая қарап тұр екен.
– Мен сенің бастығыңа жолығайын деп едім.
– Менде бастық көп қой, соның қайсысы керек? – деді
жігіт мысқылдап.
– Шыны қабылдайтын тікелей бастығыңды айтамын.
– Е, аға қабылдаушыны айтады екенсің ғой, – деді де,
іле ары қарай айқай салды:
– Слободников, саған бір кісі келіп тұр.
– Ол кім өзі? – деген дауыс естілді арғы жағынан.
– Білмеймін.
Шәріпов Слободниковтың жауабын күтпестен, есікті
жұлқи ашып, ішке кіріп келді. Аға қабылдаушы жалғыз
отыр екен. Бөлме іші көк түтін, бір түрлі жағымсыз иіс
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
шағады. Үстелдің үстінде ашылған консерві мен жарты
бөлке нан тұр.
– Шаруаңды айт, – деді анау жақтырмай.
Нұрлан төс қалтасынан куәлігін алып көрсетті де, «аға
лейтенант Шәріпов!» деп қолын шекесіне апарды. Манадан
жайбарақат отырған Слободников орнынан атып тұрып,
қаққан қазықтай қалшиды да қалды. Көзі ежірейіп, өңі
құп-қу болып шыға келді. Нұрлан оның бұл құбылысын
байқамағансып:
– Шыны қабылдау пунктінің бастығы сіз бе? – деді.
– Иә, менмін, аға қабылдаушымын.
– Аты-жөніңіз?
– Слободников Ефим Иванович.
– Қарауыңызда қанша адам істейді?
– Қазір бір-ақ адам... – Слободников мүлт кеткенін сез
гендей, ернін жымқырып қалды.
Оның бет құбылысын қалт жібермей қадағалап отырған
Шәріпов іле-шала:
– Бұрын қанша адам істеген еді? – деді.
– Жалпы бізде маусымға қарай ғой...
– Сұраққа нақты жауап беріңіз...
– Жазда – үшеу, күзде – екеу.
– Қыста бір-ақ адам жетеді демекшісіз ғой, – деп Шәріпов
жұмбақтай сөйледі. – Жарайды, ол жағы түсінікті болды.
Енді мынаған жауап беріңізші: жұмысқа жүкшіні өзіңіз
қабылдайсыз ба, әлде басқа біреу жібере ме?
– Кейде өзім, кейде бастықтар жібереді.
– Бастықтарыңыз кім?
– Гастрономның директоры Юнусовты айтамын. – Сло
бодников бастығының фамилиясын құрметпен атап, содан
бір қуат алғандай батылдана сөйледі:
– Жалпы, мен түсінбей тұрмын, жолдас... жолдас мили
ционер, мұның бәрін неге сұрап отырғаныңызды, немене,
халықтан арыз түсті ме?
К Ө К Ж И Е К
– Біздің текке жүрмейтінімізді білесіз ғой, – деді Нұрлан
тіке жауаптан жалтарып. – Жарайды, әзірше сіз боссыз.
Маған көмекшіңіз кіріп кетсін.
Слободников күңкілдей сөйлеп, сүйретіле басып шықты
да, есікті жылдам жаба қойды. Нұрлан орнынан жеңіл
көтеріліп, солай қарай жақындады. Жұқа есіктің арғы
жағынан аға қабылдаушының көмекшісіне:
– Кір, сені шақырып жатыр, бірақ байқа, аузыңа сақ
бол! – деген сөзін естіп қалды.
Үсті-басын қаққылап, қолдарын екі қолтығының асты
на қайта-қайта сүрткілеп, ішке жүкші жігіт кірді. Нұрлан
оған отыруға орындық ұсынып, аты-жөнін, қашаннан бері
істейтінін сұрады. Жүкші жігіт бастығына қарағанда өзін
сабырлы ұстады. Қойылған сұрақтарға да аспай-саспай,
нақты жауап берді.
– Шыныларды қайда өткізесіңдер? – деді бір кезде негіз
гі мәселеге көшіп.
– Көбіне арақ-шарап зауытына.
– Оны кім тапсырады?
– Білмеймін, менің міндетім тиеп беру.
– Квитанция толтырылмай ма?
– Толтыратын болар, иә, толтырылады, оны аға қабыл
даушының өзі жазады.
– Мүмкін, өткізуге де өзі баратын болар? – деді Нұрлан
суыртпақтап сыр тартып.
– Кейде өзі.
– Кейде кім?
– Ол қазір істемейді, бізде Мәскеу облысынан келген
бір жігіт бар болатын, кейіндері аулына кетіп қалды деп
естідік... Анда-санда сол тапсыратын.
– Фамилиясы кім?
– Білмеймін, біз оны «Москвич» дейтінбіз.
– «Москвич» аулына қашан кетті?
– Білмеймін, қыстан бері көрінбейді ғой...
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Дәл осы кезде есік ашылып, ішке орта бойлы, толық
денелі жігіт ағасы кіріп келді де:
– Сәлемет пе, інішек, мен осы гастрономның директоры
Юнусов деген боламын, естуің бар шығар? – деді.
– Кешіріңіз, – деді Нұрлан онымен салқын амандасып, –
естімеген есімім және мен сізді шақырған жоқпын ғой.
– Білем, білем, біле тұрып әдейі келдім. – Юнусов сөзімді
бөліп кете ме дегендей бастырмалата сөйледі:
– Тексеруші келіп жатқанда, қалай ғана дәтім шыдап
отыра аламын. Құжаттардың бәрі бізде емес пе? Қой, бұл
не тұрыс, жүріңіз біздің кабинетке барайық. Мынаның
іші не сасып кеткен өзі? Әй, осылар-ақ шашымды ағартып
бітірді-ау...
– Тексеріп жатыр деп кім айтты сізге? – деді Нұрлан ор
нынан көтеріліп.
– Ешкім де... осы жерден өтіп бара жатыр едім... ана
Слободников...
– Мен қалалық қылмысты іздестіру басқармасынанмын,
фамилиям Шәріпов, естуіңіз бар ма? – деді Нұрлан да
Юнусовтың танысу тәсіліне сай жауап беріп.
– Жоқ... бастықтарыңызды танитын едім.
Нұрлан директордың бұл сөзін естімегенсіп, жүкшіге
қарай бұрылып:
– Сіз бара беріңіз, қажет болса кейін тағы сөйлесе жатар
мыз, – деді.
Жүкші шығып кеткеннен кейін Нұрлан директорға
қарап:
– Дүрліге қоятындай ештеңе бола қойған жоқ, – деп
көңілін аулады. – Жай мына жігіттеріңізбен әңгімелестім.
Ал енді кабинетіңізге барайық. Өзім де сізбен жолыққалы
отыр едім, жақсы болды.
– Сол дұрыс болар, – деп Юнусов алға түсті.
Директордың кабинеті дәліздің орта тұсында екен.
Шәріпов Юнусовтың есікті кілтімен бұрып ашып жатып,
қолының болар-болмас дір ете қалғанын байқап қалды.
К Ө К Ж И Е К
«Мұнысы қалай? Директор неге мазасызданады? Шыны
қабылдайтын жерге неге келді? Менің не мақсатпен жүр
генімді қайдан біледі? Әлде бұларға тексерушілер жиі
келіп, мазасын ала ма?» Нұрланның осы ойын дөп бас
қандай Юнусов:
– Соңғы кездері тексерушілер көп келетін болып кетті, –
деді жұмсақ креслосына отыра беріп. – Ана аптада трестен
келіп еді, кеше ғана халықтық бақылаушылар болып кетті.
Жоқ, жоқ, сіз басқаша ойлап қалмаңыз. Дұрыс қой бәрі.
Қазір талап күшті. Біз де соған сай қызмет етуіміз керек.
Тексерсін, кемшілігімізді көрсетсін. Түзейміз. Бәріміздің
де міндетіміз халыққа мінсіз қызмет ету ғой.
– Кешіріңіз, – деді Нұрлан директорды тағы да бөліп. –
Сіздерде неше адам істейді?
– Жалпы саны ма?
– Иә, жалпы саны.
– Елу-алпыстай ғой.
– Нақты айтсақ.
– Нақты айтсақ, бухгалтерді шақырайық, – деп алдын
дағы селекторды басты. Арғы жақтан «Сізді тыңдап тұр
мын» деген жіңішке дауыс естілді.
– Маған бас бухгалтер кірсінші.
– Жыл басынан бергі жалақы ведомосын ала келсін, –
деді Нұрлан. Бұл сөзді Юнусов тағы қайталап айтты.
Шәріпов бас бухгалтерді көп ұстаған жоқ. Күдік туғыз
бас үшін есеп-қисапқа қатысты екі-үш сұрақ қойды
да, бара беруін өтінді. Бірақ ведомосты алып қалды.
Ол көбінесе қыс айларында жалақы есептелгендердің
тегіне шұқшия қарады. Соңғы ведомосты қыс айларын
да жалақы алғандардың аты-жөнімен салыстырып көрді.
Алғашқы айда айлық алған төрт адамның тегі келесі айдың
ведомосында болмай шықты. Ол төртеуінің аты-жөнін
іштей қайталап, Шәріпов құжаттарды жапты.
Бүгін де бірсыпыра іс тындырылған сияқты. Тосын кез
дескен жағдайға байланысты кейбір мәселелер жөнінде өз
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
бетінше шешім қабылдап, ашық қимылдауына тура келді.
Мүлт кеткен жерлері де бар шығар. Бірақ онсыз болмайды
ғой. Тергеу ісі екі нүктенің бойымен тартыла салатын түзу
сызық емес. Оның да көзге түсе бермейтін қалтарыстары
бар. Оларды дәл табу үшін ақыл-ой парасаты мен біліктілік
керек. Ал мұның бәрі жұмыс барысында жинақталып, то
лысатын тәжірибелер емес пе? Олай болса, өкінетін несі
бар? Әйтсе де, басшылармен ақылдасып алу да артықтық
етпес. Күдік келтірерліктей көп мәселе көлденең тұр. Оны
тек топ бастығымен келісіп барып қана шешуге болады.
Осы ойға тоқтам жасаған Шәріпов, әзірше өзінің келу
мақсаты мен күдігін Юнусовтан ірке тұруды жөн көрді.
Есіктен шығып бара жатып, дәліздің арғы шетінде ди
ректордың кабинетін аңдып тұрған адамның Слободников
екенін көз қиығымен байқап қалды. Бірақ көрмеген боп өте
шықты.
* * *
Шәріпов пен Соболев басқарма бастығының кабинеті ал
дында кездесіп қалды. Майордың қолында бір бума қағазы
бар. Жұмыс барысын Садырбаевқа баяндап шықса керек.
Нұрланға сығырая қарап:
– Юнусов шағым айтып жатыр ғой, – деді.
– Қалайша? Не деп?
– Қызметкерлерімізді негізгі жұмысынан бөліп, алаң
датты деп.
– Жолдас майор!..
– Жарайды, абыржымай-ақ қой, – деді Соболев есігін
ашып жатып, – ақталатындай ештеңе бола қойған жоқ. Бел
гілі тәсіл емес пе? Жаңа Юнусов Садырбаев жолдасқа теле
фон соғыпты. Осында сіздердің бір жігіттеріңіз жүр, не
мақсатпен келгенін білмейміз, сатушылар алаңдап жұмыс
істей алмай жатыр деп. Оны бастық та қатырса керек:
К Ө К Ж И Е К
«Адал адам алаңдамаса керек, саудаларын жасай берсін, ал
біздің қызметкер жұмыс бабымен жүрген шығар», – депті.
Нұрланның көңілі сәл-пәл орныққандай болды. Қал
тасынан бет орамалын алып, жіпсіген маңдайы мен мой
нын сүртті.
– Ал, айта бер, не тындырдың? – деді ішке кірген соң
үстелінің үстінде жатқан «Қазақстан» сигаретінің бір та
лын суырып.
Нұрлан бүгінгі оқиғаны бастан-ақ баяндап шықты да,
қылмысты неғұрлым тез ашу үшін аға қабылдаушыны
тұтқынға алу керектігін айтты.
Жедел топтың бастығы үнсіз қалды. Нұрлан оның әрбір
қимылын, бет құбылысын қалт жібермей бақылап отыр.
– Дұрыс қой, – деді майор көптен кейін барып. – Негізгі
мәселеге осылайша бірден кірісіп кеткенің бір жағынан
жөн де сияқты. Уақыт өткен сайын қылмысты іс көнере
бермек. Суға кеткен адам өзің әкелген мына тізімдегінің
біреуі екені сөзсіз. Ендігі мәселе – оны кім өлтіргенін, неге
өлтіргенін анықтау. Бұл үшін әлі де көп жұмыс істеуге тура
келеді. Слободниковқа күдігің негізсіз. Нақты фактің жоқ.
Сондықтан оны тұтқындай алмаймыз.
– Жолдас майор, оны біраз отырғызып, сұрап көрсек,
көп мәселенің басы ашылар ма еді деп ойлаймын.
– Заңсыз ешкімді де отырғыза алмаймыз. Ол үшін
күмәніңді дәлелдейтін нақты фактілер керек.
– Ондай фактіні ертең-ақ табамын.
– Міне, содан кейін ретіне қарай көреміз, – деді майор
жымиып.
Мұнан кейін Соболев сарапшы Егоровты шақырып
алып, Нұрлан екеуіне тағы да қосымша тапсырмалар берді.
Александр Нұрланның гастрономнан әкелген қағаздарын
өңдеуге алды. Шәріпов тағы да сауда орнына баратын бо
лып келісілді.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК * * * Келесі күні Нұрлан гастрономға ертемен келді. Бірақ шыны қабылдайтын пункт жабық тұрды. Кезектегі халық у-шу. – Бұлар үнемі өстеді. – Ойына келген уақытында ашады. – Әбден бетімен кеткен, – деген дауыстар тұс-тұстан естіліп жатты. Нұрлан жүгіре басып, директордың кабинетіне кө терілді. Юнусов телефонмен сөйлесіп жатқан. Шәріповті көріп, тұтқаны орнына қоя салды да: – Оһо, тағы келіп қалдыңыз ба, жолдас аға лейтенант, жоғары шығыңыз, – деп қарсы жүрді. – Слободников қайда? – Өз жұмысында болар, – деді Юнусов өзін сабырлы ұстап, – Жұмыс орны жабық қой, халық күтіп тұр, – деді Нұрлан ашуын ақылға жеңдіріп. – Оған не болды екен? Мен барып байқап келейінші, – деп директор кабинетінен шыға жөнелді. Осы сәтті пайдаланып, Шәріпов Соболевке телефон соқ ты. – Жолдас майор, мен Шәріповпын ғой, – деді Нұрлан ба рынша сабыр сақтап. – Иә, сізді тыңдап тұрмын. – Жолдас майор, шыны қабылдаушы жоқ, жұмысқа шық пай қалыпты. – Неге? – деді майор жұлып алғандай. Сөйтіп біраз үнсіз тұрып барып. – Мені күт, қазір келемін, – деп тұтқаны сарт еткізді. Бұлқан-талқаны шығып Юнусов қайтып келді. Екі беті күреңітіп, көздері қанталап кеткен.
К Ө К Ж И Е К
– Қап, мынаның қорлығын-ай! Ішіп, жайына кеткен
ғой. Қазір мен оны таптырып, әкесін көзіне көрсетейін, –
деп селекторды басты:
– Қараңдаршы арғы жақтарыңды, Алексей болса, маған
кірсін.
Жауапты күтпестен сыртқа беттеді. Нұрлан да бірге
ере шықты. Директор сату залында жүрген ұзын бойлы,
ақжелеңді жігітті өзіне шақырып алып:
– Ана Слободников тағы да ішіп кетсе керек. Желкесінен
сүйреп, осында жеткізетін бол. Мә, кілт, менің мәшинеммен
барып келе ғой... Есіктің алдында тұрған қызыл «Жигу
ли», – деді.
Нұрлан елең ете қалды. «Қызыл Жигули». Осы сөзді
қайдан естіген еді? Е, Лион атайдан екен ғой. Не деген
ұқсастық!..»
Гастрономның арғы шетінен бері қарай асығыс басып
келе жатқан Соболевті байқап қалып, қарсы жүрді.
– Не боп қалды? – деді майор түсін суытып.
Нұрлан мән-жайды баяндап шыққанша, директор да
тақап қалған еді.
– Петр Николаевич! – деді ол екі қолын бірдей алға со
зып. – Сәлеметсіз бе? Сізді де біздің гастрономнан көреді
екенбіз-ау. Қош келіпсіз!
Соболев онымен салқын амандасып, алға оза берді. Ди
ректор мен Нұрлан соңынан ерді.
– Мынаны танисыз ба? – деп, Соболев директордың
кабинетіне кірген соң Юнусовтың алдына баяғы суға кетіп
қайтыс болған адамның суретін тастай салды.
Нұрлан бастығының ойын жазбай түсінді. Оқиға өзінің
шарықтау шегіне жеткен сияқты. Енді «мысық-тышқан»
ойнауға уақыт жоқ.
Юнусов суретке тесіліп ұзақ қарады. Бұл кезде Соболев
пен Шәріпов те одан көз алмай бақылап тұрған. Бірақ ди
ректор сыр берген жоқ.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Бір жерден көрген сияқтымен, бізде істемей ме екен? –
деді көптен кейін барып.
– Дұрыс айтасыз, сіздерде істеген, Слободниковпен
бірге, – деді майор директорды сөзге тартып.
– Иә, иә, сонымен бірге істеген...
– Фамилиясы?
– Есімде жоқ.
– Краснаперов, Заварин, Короткеевич... – Майор бір
неше фамилияны айтып шықты. Бұлардың аты-жөнін
кеше Шәріпов+ жалақы ведомосынан көшіріп алған бола
тын.
– Есімде жоқ, Петр Николаевич, жұмыс көп, күнде ара
ласып жүрген қызметкерлер болмаса, қатардағы жұмыс
шылардың фамилиялары есте қала бермейді ғой, оның
үстіне өздері жиі ауысып жатады. Бұл не, бірдеңе бүлдіріп
қойып па?..
Майор болған оқиғаны қып-қысқа етіп хаттама тілімен
баяндап шықты да:
– Соны өлтірген адамды іздеп жүрміз, – деді.
– Солай ма? – Тосын оқиға директорға шыбын шаққан
құрлы әсер еткен жоқ.
– Солай! – деді майор даусын көтеріп. – Соған сіздердің
көмектеріңіз керек.
– Біз қолымыздан келетін көмекті аямаймыз, – деді ди
ректор да өзінің бастық екенін сездіріп. – Ұжымның бәрін
жұмылдырамыз. Айтпақшы, жаңағы аға қабылдаушы та
былды ма? – деп селекторды қайта іске қосты.
– Слободников жоқ, көмекшісін алып келдік, – деген да
уыс естілді арғы жақтан.
– Ол неге кешіккен, халықты күттіріп, тез жұмысына
барсын!
– Жоқ, осында шақыртыңыз, – деді майор жайлап қана.
Директор майордың бұйрығын қайталап айтты, бірақ
бұл жолы даусы біртүрлі қарлығыңқы шықты.
Есіктен жағасын сипап, шашын түзулеп көмекші кірді.
К Ө К Ж И Е К
– Қайда жүрсіңдер? – деп директор бірден дүрсе қоя
берді.
– Слободников бүгін демаламыз деген.
– Немене, сендерге өкіметтің заңы қатысты емес пе, өз
деріңе өздерің демалыс жариялап.
Соболев жайлап орнынан тұрды да:
– Жарайды, оны кейін өздерің шеше жатарсыңдар, – деді
директорға бұрылып, сонан соң жүкшіге қарай жүріңкіреп
барып:
– Сен айтшы, мына кісіні танисың ба? – деп суретті
көрсетті.
– Танимын, бұл «Москвич» қой, – деді жүкші директо
рына жалтақ-жалтақ қарап, – солай емес пе, Юнусов жол
дас?
– Мен оны қайдан білмекпін, – деді директор ашу ша
қырып. – Мүмкін, мен сені де танитын шығармын, мүм
кін сендермен бірге отырып арақ та ішкен шығармын,
аузыңа келгенді оттап... Сен байқа, әр сөзіңе жауап беретін
боласың...
– Кешіріңіз, – деді жүкші екі қолын бір-біріне қаққылап.
– Дұрыс, – деді майор өзінің сүйікті сөзін тағы қайталап. –
Осы айтқандарыңызды қағазға түсіріп бере қойыңыздар.
Ал оны біздің кеңсеге барып жасайық. Кейін өзіміз жеткізіп
саламыз.
Директор жүкшіге адырая қарап, орнынан тұрды.
* * *
Келесі күні тағы да күтпеген оқиға болды. Жедел топ
қызметкерлері жан-жаққа хабар жіберіп, іздеу салып
жатқан кезде басқармаға белгісіз біреу телефон соғып, тау
жақтағы саяжайдан Слободниковті көргенін айтты. Тек
сере келгенде телефон гастроном маңындағы автоматтан
соғылғаны анықталды. Бұл жұмбақтың шешуін әзірге
кейінгі қалдыра тұрып, жедел топтың мүшелері алдыңғы
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
хабарды тексеріп көрді. Оның айна-қатесіз ақиқат екені
анықталды. Слободников обсерватория жақтағы саяжай
лардың біреуінің есігін бұзып кіріп, арақ ішіп, ес-түссіз
мас болып жатқан күйінде қалаға жеткізіліп, содан жедел
топ қызметкерлерінің алдынан бір-ақ шықты.
Ол қылмысын бірден мойындады. «Бәрі де арақтың
кесірі ғой, – деп бармағын тістеді. – Короткеевич екеуміз
Қапшағайға бардық. Арақ іштік. Жас сорпа ішкіміз келді.
Балықшылар аулын іздеп шықтық. Жолда тағы бір-екі
бөтелке түгестік. Ерегесіп қалдық. Төбелестік. Ол менен
қарулы ғой. Ұрып, өлтіріп қоюы мүмкін еді. Содан қапысын
тауып, басына таспен ұрдым. Құлап түсті. Сөйтіп, мойнына
тұзақ салып тас байлап, мұздың астына батырып жібердім.
Ағымнан жарылып, мойындап отырмын ғой. Шыбын жа
нымды сақтап қалуларыңызды сұраймын».
Жедел топтың қызметкерлері күндіз-түні жұмыс істеп,
тапсырманы аяқтауға жақын қалған. Енді істі сотқа тапсы
ра беруге де болады. Әйтсе де, Шәріповтің көңілі әлденеге
мазасыздана берді. «Япыр-ау, осы біз тым асығыстық
жасаған жоқпыз ба?! Әлі де тексере түсетін күңгірт жай
лар бар емес пе? Слободников қылмысын неге тез мо
йындай қойды? Қара ниет ойын жүзеге асыру үшін оған
Қапшағайға барудың қажеті қанша? Тіпті солай болған
күнде де қылмыс жасалған жерге жаяу жете қоюы екі та
лай ғой. Осы тұста оның ойына Лион атай айтқан қызыл
«Жигули» сап ете қалды. Юнусовтың мәшинесі де қызыл...
Екеуінің арасындағы жай ғана ұқсастық па? Жалпы сол
Юнусовқа сенуге болар ма екен? Слободниковтың таудағы
саяжайда жүргенін бізге телефонмен айтқан кім?..»
Нұрлан осы ойдың жетегімен кабинетінен шықты да,
топ бастығына жолығуды жөн көрді. Бұрыла берем деген
де дәлізден өзінің тікелей бастығының орынбасары Жай
нақовпен жолығысып қалды.
– Әй, слушай, сен демалысқа шықпайтын ба едің? – деді
ол бірден.
К Ө К Ж И Е К
– Шығамын, мына жұмысымыз бітсін де.
– Давай, асығу керек, – деді ол тағы да өз мінезіне ба
сып, – біздің де демалғымыз келеді. Графикті сақтау керек.
Оның үстіне бөлімде де жұмыс барын ұмытпа...
Шәріпов Жайнақовтың сөзіне онша мән берместен
Соболевтің кабинетіне қарай бұрылып кетті. Көңілге
түйген күдіктен біржола арылғысы келді. Жедел топтың
бастығы Нұрланды зор ықылас қоя тыңдап болды да:
– Айтып отырғандарыңның қисыны бар, – деді. – Біздің
ісімізде титтей де шалағайлық болмау керек. Егер қайта
тексерем десең, бұл жұмысты өзіңе тапсырамын.
– Рақмет, жолдас майор, сеніміңізді ақтауға тырыса
мын.
– Онда іске кіріс, – деді жедел топ жетекшісі.
Мұнан кейін екеуі біраз отырып, болашақ жұмыстың
жоспарын жасады.
* * *
Арада бірсыпыра күн өткеннен кейін Қапшағайға қарай
жедел топтың мәшинесі тағы да жүйткіп келе жатты.
Артқы орындықта үш адам қатар жайғасқан: екі шетте –
Шәріпов пен Егоров та, орталарында – Слободников.
Шәріпов тергеу барысында Слободниковтен бірнеше
рет жауап алды. Бірсыпыра мәселе айқындалып та қалды.
Слободников қанша түлкібұлаңға салғанымен, жауабынан
жаңылысып шатаса берді. Ол шатасқан сайын шындықтың
да беті ашыла түсті. Жедел топқа Короткеевичтің өмірі тура
лы да нақты деректер белгілі болды. Мәскеулік әріптестері
оның бір басында бірнеше фамилиясы бар, алтынмен сауда
жасайтын аса қауіпті қылмыскер екенін, милиция орган
дарынан қашып жүргеніне біраз болғанын хабарлады.
Шәріпов былай ойлады: «Короткеевич – қауіпті қыл
мыскер. Демек, ол жалғыз емес. Алматыда оның сыбай
ластары болу керек. Ендігі міндет – соларды әшкерелеу.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Ал Слободников болса, жай бетперде, қылмыскерлердің
қолына ұстаған қуыршақ іспетті. Олар бар бәлені осы
Слободниковқа жауып, тасада қалмақшы. Бірақ бұл арам
ниеттері жүзеге аса қоймас...»
– Мені қыдыртуға алып шыққаннан саусыңдар ма? –
деді Слободников мысқылмен.
– Иә, біз қазір Короткеевич екеуің сайрандаған жолмен
жүріп өтетін боламыз.
Слободников ернін жымқыра тістеп, үнсіз қалды. Содан
олар Қапшағайға жеткенше бір-бірлеріне ләм-лим деген
жоқ.
– Ал, Слободников, көрсет бізге Короткеевич екеуің
жүрген жолдарыңды, – деді Шәріпов қалаға келген соң.
– Ұмытып қалыппын, мас едім...
– Слободников, баланың сөзін сөйлеме. Бұл сандырағың
ның бәрі кейін өзіңе таяқ болып тиюі мүмкін. Жалған ай
ғақ берген сайын жазаңның да ауырлай түсетінін білесің
ғой.
Слободников көзін жыпылықтатып, жанарын тайды
рып әкетті. Нұрлан қылмыскердің жанды жеріне дөп
тигенін сезе қойды. Соның әсерін одан әрі еселей түсейін
деген ниетпен:
– Есіңде болсын, біз шындықтың түбіне жетпей қой
маймыз, – деді. – Сотта жасаған қылмысыңмен бірге тер
геу кезінде жауаптарың мен айғақтарың да ескеріледі.
Сондықтан тек шындықты ғана айтатын бол.
– Шын айтам, қай жермен жүргенімізді ұмытып қалып
пын...
– Онда мен көрсетейін, мүмкін есіңе түсер, – деді Нұрлан
да мысқылдап. – Кеттік, оң жағалыққа қарай.
Слободниковтің өңі құп-қу болып кетті.
Мәшине шабақ өсіру поселкесінен өтіп, балықшылар
бөлімшесіне жақындай бергенде:
– Тоқта, бұдан арыға шыдай алмаймын, сен жеңдің, бас
тық, – деп Слободников жылап жіберді. Жылап отырып
К Ө К Ж И Е К
Короткеевичтің алтынмен сауда жасағанын, оны Юнусов
арқылы өткізгенін, бірақ соңғы кезде екеуінің әлденеге
ілінісе бергенін, содан үшеуінің директордың «Жигулиі
мен» осында келіп арақ ішкенін, соңынан Короткеевичті
екеулеп өлтіріп, мұзға батырып жібергенін мойындады.
– Бұларды бірден неге айтпадың?
– Юнусов «Бәрін сен мойныңа ала бер, өзім құтқарып
аламын» деді. Айтшы, азамат бастық, мені атпай ма?
– Оны сот шешетін болады.
* * *
...Мәшине Қапшағай – Алматы жолына шығып, жыл
дамдығын үдете түсті. Көктем толық күшіне енген. Айнала
құлпырып тұр. Нұрлан осы көрініске сүйсіне көз тастады
да, жанындағы серігіне бұрылды:
– Саша, ана жолғы анекдотың есіңде ме?
– Есімде, оны неге сұрадыңыз? – деді Егоров.
– Есіңде болса, соның оқиғасы біздің мына ісімізбен бай
ланысты емес пе екен деген ойдамын...
– Мүмкін, ұрланған заттың иелері әлі шықпай тұр ғой.
– Иә, тексеріп көруге болады.
Сол күні Юнусов тұтқынға алынды. Ал келесі күні
Шәріпов Короткеевичтің аса қымбат тауарларды қайдан
алып тұрғанын анықтау үшін Мәскеуге ұшып кетті.
Иә, тергеу әлі біткен жоқ.
22-151
ЖАСЫРЫНБАҚ
Жекешелендірудің алғашқы желігі басылып, өзі басқа
ратын оқу орнының кәдеге жарарлық бірсыпыра дүние-
мүлкін май жұтқандай жұмырынан өткізіп жіберген На
заров Алматыдағы Наурызбай батыр көшесінің бойына
орналасқан бас ғимараттың екінші қабатындағы кең, мол
кабинетінде тойған қозыдай боп томпиып отырған ма
мыр айының сәтті бір сенбісінде есіктен сылаң қағып, екі
жас қыз ба, әлде келіншек пе, кіріп келе жатты. Жар
ты ғасырға жуық жар сүйіп, одан балалы-шағалы болып,
бірлі-жарымды немере-жиенге де ата атанып үлгірген На
зар Назарович мына хор қызындай бикештерді көргенде
әлі де аттан түсе қоймаған, желігі жапырылып қалмаған
қалып танытқандай орнынан бір тұрып, бір отырды. Екі
жанары жылт-жылт етіп, жаңа ғана шеңгел арасынан
жүгіріп өткен қырғауылдың жас иісін сезіп қалған аңшы
итіндей арқа-басы жыбырлап, алдына қарай итіне берді.
– Бизнесмендер едік, – деді келгендердің жасамыстауы
сөзді мен бастайын дегендей жанындағысының жеңінен
тартып.
– Бизнесмендердің бізге ісі түсерліктей қандай тірліктері
бар екен? – деп Назаров назарын басқа жаққа бұрып кетті.
Әккі басшы көп қарай берсем ішкі сырымды сездіріп
алам ба дегендей құйқа иегін сипаған боп саусақтарының
саңлаулары арасынан бикештерді тағы бір сығалап өтті.
– Ол не дегеніңіз, қазір біздің қатысуымызсыз бірде-бір
шаруа тынбайтын болды ғой, – деп енді жастауы әңгімеге
араласты. – Әлде сіздердің оқу орындарыңызға нарық
қатынастары әлі жете қоймаған ба?
К Ө К Ж И Е К
Дауысы сыңғырлап тұр. Ерке қыздың егде ағайына
айтқан назындай үздіге шыққан үнінде еркек атаулысын
елең еткізіп, еріксіз қарататын нәзіктік басым. Назар На
зарович ұшып тұрып орындық ұсына бермекші болды да,
жеңілтектігін байқатып алғысы келмегендей:
– Білімге бизнес үйлесе бермейді ғой, – деді байсалды
қалыпқа көшіп, – біз нақты мамандық иелерін даярлайтын
оқу орнымыз, ал оны...
– Кешіріп қойыңыз, сіз бізді ұқпай қалдыңыз, –
жасамыстауы ректордың сөзін бөліп кетті. – Гүлсараның
айтпағы ол емес еді, – деп демін бір демдеп алды да, –
айтпақшы, біз әлі танысып та үлгірмеген екенбіз ғой, менің
есімім Бибісара, – деді қолын ұсынып.
– Назар Назарович!..
Гүлсара да өз кезегінде ректордың ұсынған қолын алып,
есімін атады.
– Аттарың да, түрлерің де ұқсас екен! – деді Наза
ров күлімсіреген қалпы отырыңыздар дегендей алдыңғы
жағындағы орындықтарды қолымен нұсқап.
– Мамандықтарымыз да бірдей, – деп екеуі жарыса жа
уап берді де, артынша жастауы жасамыстауының аузын
бағып тына қалды:
– Мәскеудің сауда институтын бітіргенбіз, қазір мына
Бішкекте еңбек етіп жатырмыз, – деді Бибісара орындыққа
отырып жатып.
– О, онда қ... – Назар Назарович бөгде адамдардың ал
дында бірден жеңілтік танытып алғысы келмегендей, –
...қырғыз ағайындардан екенсіздер ғой, қош келдіңіздер, –
деп екі қолын екі жаққа жайып барып өзі де креслосына
жайғасты.
– Иә, алыс адамдар емеспіз, – деді Бибісара сұңғылалық
танытып. – Мына Гүлсара сондағы Сауда министрлігінде
істейді, шетелдермен байланыс бөлімінің жауапты қызмет
кері, ал мен орталық универмагта еңбек етемін. Бұлардан
басқа өзіміз меншіктеп жүрген жеке фирмамыз да бар.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Шүкір, жағдайымыз жаман емес, біреуден ілгері, біреуден
кейін дегендей, әйтеуір, жүріп жатқан жәйт...
– Дұрыс, дұрыс, – деді ректор енді маған қандай шаруа
мен келіп отырсыздар дегендей сыңай танытып.
– Бәрі сол тірліктің қамы ғой, – деді Бибісара тағы да сөз
тізгінін өзіне алып. – Жақында фирмамызға Сеулден бір
партия компьютерлер келетін еді, біздің ішкі рынок белгілі
ғой, зерттеп көрсек, біраз жатып қалатын сыңайлы, соған,
бай елсіздер ғой, сіздерден де сатып алушылар шығып қала
ма деп жүргеніміз ғой...
– Қаншадан екен? – деді Назаров елеусіз ғана.
– Ол енді маркасына қарай ғой, – деді Гүлсара сыңғырлай
күліп, – мыңнан мың жарымға дейін баратындары да бар.
– Толайым сатып алушылар табылса бағасын түсіруге
де болады, – деді Бибісара ректордан сыр тарта. – Мәселен,
өздеріңіз сияқты мекеме басшылары топтап алса, үшеуіне
біреуі деген сияқты.
– Оны қалай түсінуге болар екен? – Назаровтың сұрғылт
беті жыбыр ете қалды.
– Оған ешқандай бас қатырудың қажеті жоқ, – деді Гүл
сара күлкісін одан әрі түзеп. – Үш компьютердің толық
бағасы және біреуі тегін, жалпы мұндай мәселені есеп
қызметкерлері жүргізеді ғой, келісетін болсаңыздар, біз
солар арқылы тез-ақ тіл табысар едік.
– Бухгалтерияға дейін де үшке бірді қоса алатын адам
дар бар шығар, – ректор сөзін жұмбақтай келді де, – ойла
сып көрелік, маркасы қандай, ақшасы қандай, алу, жеткізу
жағы қалай болады деген сияқты, – деп аузы-басын сипап,
екі қолын бір-біріне ысқылады.
– Әрине, сүйтіңіз, сүйтейік, – деп Бибісара құрбысына
қарады. – Дұрыс қой, ә, Гулечка, бұл кісілер әбден ойлан
сын. Асығатын не бар? Компьютерлер әлі Сеулде. Тауар
келіп түскенше Назар Назарович бір шешімін айтар. Оған
дейін телефонмен хабарласып тұрамыз ғой. Солай ма, На
зар Назарович?
К Ө К Ж И Е К
Ректор келіскендей, басын изей берді.
Үшеуі осымен сөз бітті дегендей, бір-бірімен қол алы
сып, орындарынан тұрысты.
Назаров екі қыз ба, келіншек пе, есіктен шығып кет
кенше сол сілейіп тұрған қалпы аузын аша бір есінеді де,
сілекейін алақанымен сүртіп, тамсана жұтынды. Іште әтір
ме, әлде әйел исі ме – әдемі бір леп қалып қойды...
* * *
Арада бір апта өткен соң Назаровтың қабылдау
бөлмесіндегі қара телефон безілдей жөнелді де, тұтқаны
көтерген хатшы қыз «Бішкекке жауап беріңіз» деген
бөгде дауысты естіп, бұл кім болды екен дегендей, сәл-пәл
бүгежектеп барып:
– Алло, Алматы тыңдап тұр, сізге кім керек? – деді
тікелей өзінің міндетіне көшіп.
– Назар Назарович өзінде ме екен? – алыстан сызы
ла шыққан әйел даусы одан сайын сыңғырлап бір түрлі
сүйкімді естілді.
Өз жыныстылары жағынан жылтыраған бет, жақсы
киім көрсе тырыса қалатын қалпына көшіп:
– Бұл кім екен? – деді хатшы қыз жақтырмай.
– Бішкектен, министрліктен, Назар Назарович біледі
бізді, қосыңызшы бар болса, – деді тұтқаның арғы жағынан.
Хатшы қыз амалсыз алдындағы кнопканы басып:
– Сізді сұрайды, Бішкектен, министрліктен, – деп бей
таныс әйелдің сөзін қайталады.
Ректор проректорымен отырған. Бішкек дегеннен-ақ
бірдеңкені сезсе де, орынбасарына сыр бергісі келмей, сұлу
бикештермен қалай сөйлесу керектігін іштей топтап, труб
каны көтерді.
– Назаров тыңдап тұр!
– Сәләматсыз ба, Назар Назарович, мен Гүлсарамын
ғой, – деген жағымды дауыс сыңғырлай жөнелді, – ұмытып
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
қалған жоқсыз ба, ана жолы Бибісара екеуіміз кабинетіңіз
де болған едік қой.
– Сәлемат болыңыз, – деді ректор тұтқаны қолымен
көлегейлеп, сонан соң «Сіздердей бикештерді қалайша
ұмытпақпыз» деп әзіл айтқысы келіп тұрды да, проректо
рына көз қиығын тастап барып:
– Иә, есімде, – деді.
– Есіңізде болсақ, сол уәде бойынша телефон соғып тұр
мын, тауар Сеулден шығыпты, әріптестеріміз хабарласты,
енді бір-екі аптадан соң келіп қалар...
– Дұрыс, сол кезде тағы да телефон шаларсыз.
– Әрине, – деді Гүлсара. – Бірақ қанша алатындарыңызды
алдын ала айтып қойсаңыздар дұрыс болар еді...
– Оны сол т... – Назаров «тауар» деп айтып барып, тілін
тістей қалды да, – ...сол тұста шешерміз, – деді.
– Дұрыс, дұрыс екен, – деп Гүлсара да лып ете қалды. –
Тауар түскен кезде тағы хабарласармын, сау-саламат
болыңыз.
– Сау болыңыз, – деп ректор да тұтқаны орнына қойды.
* * *
Жаздың жайма-шуақ әдемі күндерінің бірінде Бішкек
жақтан тағы да қоңырау шалынып, қабылдау емтиханда
ры алдындағы қарбалас жұмыстардың қамымен жүрген
Назаровтың назарын бір сәтке де болса басқа жаққа бұруға
мәжбүрледі. Бұл жолғы телефон соғушы Бибісара болды.
– Бәрі келісілді, кісілеріңізді жібере беріңіздер, – деді
ол асығып-аптығып. – Тауарларды тиеп алып қайтатын
көліктеріңіз де болсын. Айтпақшы, ақшасын да ұмыт
пайсыздар ғой...
– Қолма-қол төлейміз бе?
– Әрине, ана жолы келістік қой, сіздерге перечисление
жүрмейді...
– Ойпырай-ә, – деді ректор бір қолымен қалталарын си
палап, – қаншадан еді өзі?
К Ө К Ж И Е К
– Бұл жолы екі маркасы жеткізілді, – деді Бибісара труб
каны тесіп жібере жаздап. – Бағасы мыңнан мың жарымға
дейін, таңдауларыңыз білсін.
– Қымбат та болса, кейінгі маркасы дұрыс қой.
– Оны енді өздеріңіз білесіздер.
– Дұрыс қой, – деді Назаров сәл ойланып барып. – Жігіт
терді бүгін жіберемін, өзіңді қайдан тауып алады?
– Орталық универмагтан, – деді Бибісара. – Сол жерге
келсеңіздер өзім тауып аламын, мен дембіл-дембіл сыртқа
шығып қарауылдап жүрем. Қазақстанның мәшинесін та
нимыз ғой...
– Жарайды, жігіттерге солай деп түсіндірермін... Қан
шауын бере аласыздар?
– Оны қалталарыңыз біледі, қанша ақша жіберсеңіздер,
соншасы болады.
– Түсіндім, толайым баға күшінде ғой?
– Әрине, біз бизнесмендер, уәдеге берік халықпыз.
– Олай болса жігіттерді қазір жіберемін, күтіңдер.
– Күтеміз.
* * *
Назар Назарович Назаров жетпіске жақындап қалса да
әлі өңі тая қоймаған, түріне қарап ердің жасы – елуді біреу
берсе, біреу қимайтындай қалпын сақтап қалған қағылез
де қарапайым жан. Үлкендермен үлкендей, кішілермен
кішідей тез тіл табысып, сөйлескен адамын үйіріп әкететін
қасиетіне қарай бір басына жетерлік қағидаты мен насиха
ты, нәсияты мен өсиеті және бар. Бұлардың бәрін ол іштен
оқып туа қойған жоқ. Өз заманы, өмір үйретті. Әйтпесе
елден ерек асып бара жатқан білімі де белгілі. Әулетінен
өзінен басқа оқымысты шығып көрген емес.
Әкелерінің әкелері ілгеріде Еуропа жақтан жер ауып
келген поляк па, неміс пе, түп тегі дүдәмал эмигрант –
Орталық Ресейдегі орыс байларына жалданып жоқшы
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
лықпен өмірін өткізсе, өз әкесі еті тірлігінің арқасында
елден ерек асып бра жатқандай дүние-мүлік жинамаса
да, жалғыз ұлының оқып, оң мен солын танып шығуына
жетерліктей жағдайы бар орта шаруа еді. Сол еті тірі
әкесінің арқасында көп тапшылық көре қоймады, мектеп
бітірді, Санкт-Петербург Ленинград болып тұрған кезде
сондағы медицина университетіне түсіп, қызыл дипломмен
тәмамдап шықты. Осы оқу орнында ординатурада оқып
жүргенде ойда жоқ жерден Алматыдан келген атақты бір
қазақ ғалымының баласымен танысып, жақсы жолдас бо
лып кетті. Кейін ол үлкен достыққа ұласып, Назаровтың
Алматыдағы медицина институтына ауысуына да себепші
болды. Арғы жағын алыстан ойластыратын «еті тірі» әкенің
баласы Қазақстанға келер кезде құжаттарын тегіс өз атына
көшіріп алды. Сөйтіп ата-тегіне екі Назарды қатар тіркеп,
Назарұлы Назаров болып шыға келді. Қазаққа да, орысқа
да ортақ, керек десеңіз бүкіл Еуропа мен Азия халқына да
жат емес бұл есім кейін де оны қыдырдай қолдап, талай
бәле-жаладан алып шықты.
Назаровтың ата-тегі сияқты соңғы кездері заман да
қырық құбылып кетті ғой. Кеңес үкіметі күйреді. «Мәңгі
мызғымас» одақ тарады. Тәуелсіз елдер өз алдына бөлініп
шыға бастады. Әйтсе де Назар Назарович уақытты бос
өткізбеді, тиімді пайдалана білді. Аспирантураны бітірді,
кандидаттығын қорғады, кафедра меңгерушісі болды.
Докторлығын Семей медицина институтына ректор болып
тағайындалғанда қорғады. Міне, осы жерден аман-есен
зейнеткерлікке шығам ба деп жүргенде аяқ астынан өміріне
үлкен өзгеріс әкелген тағы да бір жәйт сап ете қалды.
Оған да өзінің Қазақстанға келуіне көмек қолын созған
адам себепші болды. Одақ тарар кезде республикадағы
әжептәуір басшы қызметтердің бірін иемденіп үлгірген
әлгі досы Семейге телефон шалып, басы жоқ, аяғы жоқ
«Алматыға ауысуға қалай қарайсың?» деп сұрағаны бар.
«Ол жаққа бізді кім шақырып жатыр дейсің?» деген бұл
К Ө К Ж И Е К
әзілдеп тұрған болар деп. «Мен шақырам, не, мені қом
сынып тұрсың ба?» «Сен шақырсаң, жердің түбі болса
да барам ғой, мені осындай дәрежеге жеткізген өзің емес
пе едің?» деп досына көпшік қоя сөйлеген. «Онда күт,
осындағы мединститут басшысының орны босап қалуы
мүмкін, сол орынға мен сенің кандидатураңды ұсынам»
деп досы трубканы қойған. Сонан айтты, айтпады не ке
рек, айналасы бір аптаның ішінде Назаров Алматыдағы
дәрігерлер даярлайтын бас институттың басшысы болып
шыға келген.
Содан бері білінбей бес-алты жыл да өте шықты. Ел
тәуелсіздік алды. Нарық келді. Реформа басталды. Қанша
қиындық болса да, егемен ел еңсесін көтере түсті. Ұлттық
кадрлар да қаулап өсіп келеді. Назар Назарович бұл орын
да отыра бермесін өзі де іштей сезеді. Жасы зейнеттен асып
кетті. Оның үстіне досы да жоғары лауазымды қызметпен
қош айтысты. Осының бәрін алдын ала ойластырған Наза
ров жалғыз қызын бұрын өзі оқып, жастық шағын өткізген
Санкт-Петербургке жіберіп, жақсы қызметке орналасты
рып та үлгірген болатын.
...Алматыға ауысқалы бері тасы өрге домалап жүре
берген. Ойып тұрып орталықтан үй алды, саяжайдан екі
қабатты коттедж салды. Қос-қостап мәшине алды. Бірін
өзі, екіншісін әйелі айдайды. Қызын да ұмытқан жоқ. Оған
да сол жақтан үй сатып алып беріп қойды.
Әйтсе де адам дүниеге тойған ба? Алған сайын алсам,
байыған сайын байи түссем дейді. Әйтпесе осы өзіне не
жетпейді? Бәрі бар. Не ішем, не жеймін десе де жетеді.
Бірақ алып қалған алақан ала берсем екен деп жыбырлай
ды да тұрады екен. Міне, қазір де Бішкекке адам жіберіп
компьютер алдырам дегенде, ол ең алдымен өз бас пайда
сын ойлады. Ана жолғы қос бикештің «үшеуіне – біреуі»
дегені көкейінен кетпей-ақ қойды. Әр үш компьютерден
бір компьютер түсіріп отырса, қалтасын тесіп кетер дейсіз
бе?..
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Осылайша ой түйген ол өзі осында ауысып келгелі бері
айтқанын қас-қабағынан түсініп, қалтқысыз орындайтын
шаруашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары Пернебай
Жақсылықовты шақырып, пікір алысты.
– Мынауыңыз тамаша идея екен, – деді Пернебай кез-
келген алыс-берістен бір асап қалуды алдын ала ойласты
ратын әдетімен. – Қазір елдің бәрі компьютерлендіруге
көшіп жатыр ғой. Соның ішінде біз де алғашқылардың
бірі болып осы озық техниканы меңгеріп жатсақ, кейбір
әріптестерімізді шаң қаптырып кетпейміз бе? Оның үстіне
ұсынып отырған шарттары да жаман емес сияқты. Алдыңа
келген – тегін демекші, тартынбайық Назар Назарович!..
– Дұрыс, онда осы іске өзің кіріс, – деді ректор орын
басарының арқасынан қағып. – Бішкекке бүгін жүріп
кетіңдер, жаныңа сенімді адамды ерт.
– Нешеуін алайын?
– Көрсейші өзің, ана жолғы ақшадан қанша қалып еді? –
деді Назар Назарович сөзін жұмбақтап.
– Ой, ол біразға жетеді ғой, – деп Пернебай лебізін жұ
тып қалды.
– Біраз болғанда қанша? Нақты айтсаңшы!
– Он шақты компьютерге жетіп қалады? – деді Пернебай
сонда да сомасын дәл айтпай.
– Институттан тыс менің өзіме бесеуі керек, – деп рек
тор орынбасарына сынай қарады. Сонан соң қолын төс
қалтасына салып, бір конвертті шығарды да:
– Мә, мынаны да қос, екі мың доллар, компьютердің зи
яны жоқ, кейін сатып жіберсек те, – деді.
– Өте дұрыс айтасыз, – деді проректор бастығы екі аса
са өзі бір асап, бір асаса жартысын жалап қалмаса ішкені
бойына сіңбейтін қасиетіне басып, – бізде де бала-шаға бар
дегендей, маған да бір-екеуі артықтық етпейді.
– Оны енді өзің білерсің, ал жолдарың болсын, – деп На
заров Жақсылықовтың қолын қысты.
К Ө К Ж И Е К
* * *
Жұмыс күні аяқталар тұста Назаровтың қалта телефо
ны әуезді сазды әндетіп барып иесінің құлағына қонжиды.
– Иә, тыңдап тұрмын, – деді ректор бұл нөмірге өзінің
етене жақындарынан басқа адамдардың соқпайтынын
іштей сезіп.
– Назар Назарович! Масқара болдық! Алып кетті! Алдап
кетті!.. – Телефонның арғы жағынан жыламсырай сөйлеген
Жақсылықовтың даусын жазбай таныған Назаровтың жү
регі тас төбесіне шықты.
– Әй, не болды? Нені алып кетті? Жөндеп түсіндірсеңші
аптықпай-саптықпай...
– Ақшамызды алып кетті! Алданып қалдық!
– Қалайша?..
– Солай, ана қатындар нағыз алаяқтар болып шықты...
– Қазір қайда тұрсыңдар? – деді ректор әйтеуір бірдеңке
деу керек екені есіне түсіп.
– Бішкекте, сол орталық универмагтың жанында тұр
мыз. Милицияға хабарласақ қалай болар екен?
– Қой әрі! – деп Назаров шошып кетті. – Милиция не
істеуші еді? Дабыра қылмаңдар. Мәшинелерің аман ба?
– Аман, аманбыз әзірше...
– Тез кері қайтыңдар! – деді ректор. – Келген соң сөй
лесерміз.
– Түсіндім, қайтамыз... келе жатырмыз...
– Дурак! – деді ректор жүздігін өшіріп, қалтасына са
лып жатып.
Аз-кем ойланып отырды да қалалық телефонды теріп
үйімен хабарласты. «Жұмыс болып қалды, тамақтарың
ды іше беріңдер, кештеу барам», – деді. Тұтқаны ор
нына қойып, тағы да «дурак» деді. Сол-ақ екен мұрты
едірейіп, орынбасары Пернебайдың бет-бейнесі көз ал
дына келе берді. Сөзге болмаса, іске жоқ, қопалдау кісі.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
Сонысына қарамай танымайтын адамы жоқ. Жоғары
лауазымды қызметкерлерден бастап, қатардағы мили
ция қызметкерлеріне дейін біледі. Және солардың бәрі
мен жақсы. «Текені жезде, ешкіні әпке етуге» де шебер-
ақ. Істемеген жері жоқ. Бірақ байыз тауып бір жерде
ұзақ ұсталған емес. Еңбек жолын Оқу министрлігінің
көмекшілігінен бастап, қаладағы орта мектептің дирек
торлығына дейін адақтап шыққан. Кейін мамандығын
өзгертіп, құрылыс жағында жұмыс істей бастаған. Ілгері
де министрдің көмекшісі болып жүргенде ілдалдалап
алып алған педагогика ғылымының кандидаты деген бір
жапырақ қағазының арқасында бір-екі жоғары оқу орын
дарының да есігін ашып көрді. Әйтсе де ол жерлерде де
тұрақтап жұмыс істей алмаған.
Жақсылықовтың кандидатурасын Назаровқа Алматы
ға ауысуына себепші болған баяғы досы ұсынған еді.
«Жаңадан келіп жатырсың, ешкімді танымайсың, өзіңе
тірек боларлықтай көмекші керек, Жақсылықов деген
жақсы жігіт бар, соны қарауыңа ал, айтқаныңнан шық
пайды», – деген. Алды, ары-бері жұмсап көрді. Алып кел
мен барып келге болмаса, басқа тапсырмаларды орындауға
құлқы жоқ па, әлде өресі жетпей ме, кежегесі кейін тарта
ды да тұрады. Сонан кейін тек шаруашылық мәселелеріне
байланысты жұмыстармен айналысуға арнайы бөліп
қойған болатын. Бұл жағына келгенде қамшы салдыра бер
мейді. Өзінің де, өзгенің де көңілін таба біледі. Институт
қарауындағы үш жатақхана мен бірнеше зертханаларды
заман талабына қарай сатқанын сатып, жекешелендіргенін
жекешелендіріп, бастығының да, басқаның да жағдайын
жасап берді. Соның арқасында Назар Назарович соңғы
кездері жалғанды жалпағынан басатындай жағдайға жет
ті. Қалтасына шетелдің көкала қағазын басты. «Ортақ
қазанға» ондаған мың доллар түсті. Оның біразын ай
налымға жіберіп, еселеп те жатқан. «Ақшаны ақша ша
К Ө К Ж И Е К
қырады» деген осы болса керек. Компьютерлерді де сол
«ортақ қазан» есебінен алмақшы болған еді. Бірақ бұл
жолғы ойлағандары діттеген жерлерінен шықпай қалған
сияқты. Оның үстіне өз қалтасынан қосып берген екі мыңы
да жерде жатқан ақша емес...
Назар Назарович осыларды ойлап, іші қан жылады. Ор
нында отыра алмай, далаға он шығып, он кірді. Әншейінде
екі-үш сағаттың ішінде-ақ жетіп келуге жетерлік Бішкек
тің жолы ұзарып, жер түбіне кеткендей. Пернебайдың те
лефон шалғанына үш-төрт сағаттан асып барады. Бірақ әлі
тым-тырыс.
Телефон есіне түскенде барып, тосын ой да топ ете қал
ғандай болды. «Мен білетін Жақсылықов болса, жүздіксіз
жүруі мүмкін емес» деп үйінің телефонын терді. Тұтқаны
көтерген жұбайымен жылы сөйлесе келіп, «жүздігі бар ма
еді?» деген жоқ, бірден нөмірін сұрады. Әйел деген халық
та кейде аңғал ғой. «Ә, сіз білмеуші ме едіңіз?» деп ұялы
телефонының нөмірін сарт еткізді. Бұл да сыр бермеді.
«Білем ғой, үйде қалған еді» деп цифрларларды жазып
алды да, «Сволочь!» деді, айтпауын қарашы осы уақытқа
дейін. Алдыңғы сөзін тағы бір қайталады да, жазып алған
нөмірін терді. Сол-ақ екен «Әлеу!» деген орынбасарының
даусын естіп, «Қайда жүрсіңдер осы уақытқа дейін? Неге
хабарласпай жатырсың?» деп айқай салды. Анау алғаш са
сып қалғанымен, «Кешіріңіз, Назар Назарович қайта-қайта
звондап мазаңызды алмайын дегенім ғой, келдік, міне,
кірдік қораға, қазір өзіңізге көтерілем» деп бәйек болды.
Артынша төрт-бес минут өтпей жатып-ақ Жақсылықов
тың өзі де жетіп келді.
– Не болды? – деді Назаров Пернебайды періп жіберетін
дей кейіп танытып.
– Құрысын, Назар Назарович, ана қатындарыңыз қа
тырып кетті! – Жақсылықовтың даусы жарықшақтанып
шықты.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
«Қатындарыңыз» дегенге кіржің ете қалған ректор:
– Қысқартып айт! – деді.
– Бардық, – деді Жақсылықов бастығының ыңғайына
көшіп. – Келісілген жерде бір келіншек күтіп тұр екен, ол
министрлікке алып кірді. Министрліктен тағы бір жастау
келіншек кездесіп, мәшинемізге отырды. Содан бәріміз
орталық магазинге бардық. Екі келіншек ішке кіріп кетті
де біраз болып, қайта шықты. Сөйтті де «тауарды қойма
дан алатын болдыңыздар» деді. Жол-жөнекей жастауы
министрліктің жанында түсіп қалды да, екіншісі бізді қоймаға
бастап барды. Мәшиненің ішінде келе жатып екеуіміз ақшаны
санап, менің паспортымның арасына салдық. Қоймаға жет
кен соң әлгі келіншек ақшамыз бен паспортымызды алып
«қазір мен төлеп, чегін алып шығайын» деп ішке кіріп кетті.
Сол кеткеннен зым-зия жоғалды. Бір сағат күттік, екі сағат
күттік. Тағатымыз таусылған соң, шопырды қалдырып мен
де ішке кірдім. Әр есікті ашып, келіншекті сұрадым. Жоқ.
Сөйтсем қойманың келесі жағында тағы бір есік бар екен ғой.
Әлгі әперист содан шығып кетсе керек...
Назаров тілі байланып қалғандай сазарып біраз отырды да:
– Қанша еді? – деді.
– Сағат төрт-бестер шамасы болатын...
– Әй, мен сенен уақытты емес, ақшаны сұрап отырмын, –
деді ректор көзілдірігін қолымен түзеулеп. – Қанша доллар
беріп едің?
– Екі жүз елу мың!
– Екі жүз елу мың? – Назаровтың даусы ащы шықты. –
Әй, сенің есің дұрыс па, соншама ақшаны танымайтын
адамның қолына ұстата салып...
– Қайдан білейік, сізбен алдын ала келісіпті ғой, – деді
Жақсылықов бар кінәні бастығының өзіне аударып. –
Сіздің атыңызды айтқан соң сеніп қалдық.
– Енді не істесек екен? – деді ректор амалсыздық таны
тып. – Екі жүз елу мың аз ақша емес, айдалаға тастай сала
тын.
К Ө К Ж И Е К
– Сіздің қолыңыз ұзын ғой, таныс полицейлеріңізбен
ақылдасып көрсеңіз қайтеді...
Назар Назарович бір сәтке көзін сығырайтып ойланып
қалды да:
– Несі бар, – деді, – сөйлесіп көруге болады. Бірақ бұл
іске мені араластырушы болма. Онысыз да соңғы кездері
менің атым жиі аталатын болып жүр емес пе?
– Әлбетте, бәрін өзім мойныммен көтерем, сіздің онсыз
да көре алмайтын дұшпандарыңыз жеткілікті ғой.
Ректор проректорына сынай бір қарады да алдындағы
телефонын алып, біреудің нөмірін терді. Сонан артынша:
– Сәлематсыз ба, Виктор Борисович, бұл мен ғой, На
зар Назарович, – деді. – Уақыт тым кеш болса да, жұмыста
екеніңізді біліп хабарласып отырмын...
Назаров өзі телефон шалған кісісін «иә, иә» деп басын
изей тыңдай келіп:
– Онда сол бітпейтін шаруаларыңызға тағы бір істі
қосып алсаңыздар қалай болар екен? – деп мәселені тігісін
жатқыза жеткізді.
Виктор Борисович сөзге келген жоқ. Әскери адамдарға
тән мінезіне басып, Назаров жіберген Жақсылықовты сол
мезетте-ақ қабылдап, қажетті бөлімнің жігіттеріне тапсыр
ма беретінін айтты.
* * *
Қайта құруды қажетті де, қажетсіз де тықпалап,
кейбір буындарды қырық құбылтқан жаңашылдар да
шыққанымен милицияның атам заманнан бері атқарып
келе жатқан негізгі міндеті сол қалпы қалғаны мәлім.
Жақсылықовтың бұл салада да таныстары аз емес. Солай
бола тұра олардың бірде-біреуіне хабарласпай, бастығының
айтқан адамына жолықты. Ал ол өз кезегінде тағы бір
кісіге жұмсады. Арыстанов деп айтқан тегінен-ақ оның
осыдан он шақты жылдар бұрын Алматының біраз адам
Әділ ДҮЙСЕНБЕК дары білетін, әсіресе, құқық қорғау органдары арасында ерекше құрметпен аталатын жанның бір жақыны екенін іштей сезген еді. Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция бас қармасы орналасқан үш қабатты сары ғимараттың бірінші қабатындағы ең шеткі аядай ғана кабинетте Арыстанов жалғыз отыр екен. Жақсылықов сәлем беріп кіріп келген де орнынан сәл-пәл қозғалып қолын ұсынғаны болмаса, шүйіркелесе кететіндей қалып таныта қоймады. – Әкелеріңді білуші едік, – деді Жақсылықов өзінің жеңілтек мінезіне басып. – Қай әкемді айтып отырсыз? – деп анау бірден дүңк ете қалды. – Егер сіз полковник Арыстановтардың әулетін айтпақшы болсаңыз, онда қателесесіз, біздің тегіміз ғана аттас, мен мүлде басқа Арыстановпын. – Сөйтті де алақанымен алдындағы қағазын сипап: – Жарайды, оның ортақ ісімізге ешқандай қатысы бол мас, айта беріңіз шаруаңызды, – деді. Жақсылықов Арыстановтың бұл мінезін онша жақтыра қоймаса да, жайлап отырып болған оқиғаны баяндап шық ты. – Қанша төлейсіздер? – деді Арыстанов бірден. – Қаншасы қалай?.. – Іс ашылып, ақшаларыңыз толық қайтарылған жағ дайда соның қаншасын бізге бересіздер? – деді Арыста нов бірден бұқаны мүйізінен ұстағандай столдың үстіңгі қақпағын екі қолымен тіреп. – Оны енді басшымен келісуім керек қой, – деп Перне бай бүгежектеп қалды. – Қазір нарық заңы, – деді Арыстанов орындықтан көтеріліп. – Ештеңе де тегін келмейді. Оның үстіне мен жеке із кесушімін. Орысша айтқанда – частный детектив. Алатын ақшамызды алдын ала келісіп, нотариус арқылы заңдастырып алмай, іске кіріспейміз.
К Ө К Ж И Е К
– Дұрыс қой, – деп Жақсылықов та орнынан тұрды. –
Сонда қанша аласыздар?..
– Ол енді жұмыстың көлемі мен сіздердің көңілдеріңізге
қарай... мына іс сәл күрделілеу екен, оның үстіне шетел
ге шығуымызға тура келеді дегендей... жарайды, мен
ширегіне келісемін.
– Онда біз де келісеміз! – деп Жақсылықов та лып ете
қалды.
Арыстанов жаңа ғана бастығымен келісуім керек қой
деп солқылдақтық танытып отырған серігіне сынай бір
қарады да:
– Мұндай төмен бағаны мен біздің бастық сіздің
бастықтың жақсы танысы болғандықтан ұсынып отыр
мын, – деп қолын алға соза берді...
* * *
Ахмади Арыстанов ширек ғасырға жуық құқық қорғау
органдарында жұмыс істеп, кейін тергеу комитеті тарар
тұста зейнетке шығып алған запастағы офицер тұғын.
Жасы келіп, қартайып тұрмаса да, өзі еңбек ететін саладағы
таныстарының бәрі жаппай құжаттарын жинастырып, зей
неткерлікке тапсырып жатқан соң, бұл да қалыс қалмаған.
Әйтпесе майор шеніндегі кейбір құрдастары әлі де саптан
шықпай, алды полковник те атана бастаған.
Көзкөргендерден қалған сондай полковниктердің бірі –
Криминалдық полиция департаментінің бастығы Вик
тор Борисович Овчарков өзіне медицина институты
басшыларының өтінішін табыстағанда Ахмади осы Біш
кек маңындағы Қордай ауданына қызметтік іссапар
мен келіп-барып жүрген еді. Қызмет демекші, тұрақты
жұмыс орны жоқ демегені болмаса, зейнетке шығып алса
да, органнан қол үзіп кете қоймады. Кәнігі, тәжірибелі
қызметкерді ішкі істер мекемесіндегі әріптестері өз мүм
кіндіктері шектеулі тұста әр түрлі тапсырмалар беріп,
23-151
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
сала жұмысына ұдайы тартып отыратын. Штаттан тыс
із кесуші атанып кеткен. Арыстановтың бұл қызметі
әлі толық заңдастырылмағанымен, бұлай етуге болмай
ды деген қағида және жоқ тұғын. Заң бойынша тый
ым салынбағанның бәрі заңды. Демек, Ахмади да өзін
бұрынғыша құқық қорғау органдарының тең құқықты
қызметкері санайтын.
Қордайға жүретін күні Овчарковқа кіріп, Қырғыз Рес
публикасы Ішкі істер министрлігі басшылығына арнайы
хат та жаздырып алды. Ондағы кейбір әріптестерін өзі
танитын болса да, шетелдің аты – шетел, ресми қатынас
қағаздың артықтық етпейтінін заң қызметкері ретінде зер
делей білген.
...Обалы нешік, бішкектік милиционерлер Арыстанов
ты ашық-жарқын қарсы алып, жанына Ибрагимов деген
жас-жас капитанды қосып берді. «Бұл екі елдің де беделіне
нұқсан келтірерліктей іс екен, бұл екеуіңе де елеулі сын
болмақ, қылмысты қалай да тезірек ашуға күш салыңдар»
деген министрлік басқармасы басшысының тапсырма
сын Арыстанов та, Ибрагимов та әскери тәртіпке тән
құмбылдықпен тік тұрып қабыл алған.
Болат Ибрагимовтың кабинеті екі кісі әрең сиярлықтай
шағын ғана бөлме екен. Шығыстық қонақжайлыққа тән
қасиетке сай Болат орындығын Ахмадиға ұсынды да, өзі
сәл төмендеу жайғасты.
– Ал енді неден бастаймыз? – деді Арыстанов жас
әріптесіне сынай қарап.
– «Күндіз бізде әйелдердің ықпалы тым төмендеп
кетеді» деген екен орыстың бір сатирик жазушысы, – деп
әзілмен бастады сөзін Болат. – Сол айтқандай кешке дейін
әлі біраз уақыт бар емес пе, ас-су ішіп әлденіп алайық та,
ағасы-ау, сонан соң ойластыра жатармыз.
– Әй, мынауың, шынында да құлаққа кіретін сөз екен, –
деді Ахмади да күліп. – Алдымен сол ықпалы күшті бикеш
К Ө К Ж И Е К
терді анықтап алғанымыз жөн болар. Мұндай іс дәл сондай
бикештердің ғана қолынан келетіні сөзсіз.
– Ондай бикештерді түгендеп шығу үшін біздің Бішкекте
кемі бір жылдай жүруіңізге тура келер, – деп Болат тағы да
әзіл тастады.
– Неге? Біз тек Қазақстанмен байланысы барларын ғана
анықтамаймыз ба?
Капитан бір сәтке ойланып қалды да:
– Дұрыс айтасыз, – деді желкесін қасып. – Бірақ
олардың да саны аз емес, ауылымыз аралас, қойымыз
қоралас жатқан ел емеспіз бе?
– Сауда жағында істейтіндерді сүзіп шықсақ дегенім
ғой...
Асханадан жеңіл-желпі ас ішіп отырып та, әңгімелерін
одан әрі жалғастырды. Пікір алыса келіп, мәмілеге кел
гені: Болат сауда министрлігі мен орталық универмагқа
соғып, қызметкерлерден сыр тартып көреді, ал Ахмади
халықаралық телефон стансасымен айналысады.
Осылайша бір күнгі міндеттерін өзара бөлісіп алысқан
әріптестер кешке қарай қонақүйде қайта кездеспек болып
жөндеріне кетісті.
* * *
Арыстанов бірден Байланыс министрлігіне кіріп, халық
аралық телефон стансаларының жай-күйімен танысып
шықты. Бішкектен шетелге шығуға барлық жағдайы бар
бір-ақ пункт және халықаралық бірнеше бөлімше жұмыс
істейді екен. Алатаудың арғы жағында жатқан Алматы
мен осы бөлімшелер арқылы да сөйлесе беруге болатын
көрінеді. Демек, Бибісара мен Гүлсараның Назаровпен қай
жерден тілдесем десе де мүмкіндігі мол. Әйтсе де Ахмади
өзінің органдағы ұзақ жылғы тәжірибесіне сүйене келіп,
олардың кеңсенің де, пәтердің де емес, дәл осы қалың
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
көпшілік пайдаланатын АТС-тердің қызметіне жүгінетінін
жүрегімен сезген тұғын.
Алматыға телефон соғылған күндерді алдын ала білетін
ол сол тәуліктердегі мәліметтерді ғана қарап шықты.
Орталық пункттен ондай жәйт байқала қойған жоқ. Ал
қалааралық бөлімшелерден хабарласқандар бірнешеу бо
лып шықты. Соның ішінде Назаров айтқан мезгілге дәл
келеді-ау деген бес-алты нөмірді жазып алды да, Арыста
нов алғашқы күнгі жұмыс қорытындысына іштей риза бо
лып, қонақүйге оралды.
Болат та көп күттірген жоқ. Шешініп, жуынып-ша
йынып, киімін ауыстырып үлгергенше ол да жетіп келді.
Келді де бір құлаш тізімді Ахмадидің алдында тастай берді.
– Мынаның ішінде қазағы да, қазақтармен байланысты
лары да бар, – деді сөзін жұмбақтап.
– Қазақтармен байланыстылар дегеніңді қалай түсінуге
болады? – деп Арыстанов Ибрагимовке сығырая қарады.
Болат сасқан жоқ. Жауабын жүйелеп, іштей даярлап
алды да, қарсы сұрақ қойды:
– Айтыңызшы, Аха, осы ойынды ұйымдастырып жүр
гендер қырғыз келіншектері деп ойлайсыз ба?
– Кім айтты оны? – Арыстанов Ибрагимовтің өздері айна
лысып жүрген істі «ойын» деп дөп басқанына риза болған
дай күліп жіберді. Сөйтті де даусын жұмсартыңқырап:
– Ойын дейсің бе, жасырынбақ дейсің бе, оны өзің
білерсің, бірақ бізге осы елді алдап, ақшасын алып жүрген
алаяқтарды әшкерелеу міндеті тұр. Олар қазақ па, қырғыз
ба – бәрібір, ұлтқа бөліп жатпаймыз. Біз үшін қылмысты
істі ашуға себі тиерлік куәгер керек.
– Міне, сондықтан мен осы екі ел арасындағы бір-бірімен
байланысып, барып-келіп тұратындардың ғана тізімін ал
дым, – деді Болат та ыржиып.
– Сонда осылардың бәрі де бір мекемеде істей ме екен? –
деп Ахмади алдындағы қағазға шұқшиды.
К Ө К Ж И Е К
– Иә, министрлік қызметкерлерінен бастап, магазин са
тушыларына дейін қамтыдым.
Арыстанов қағаздарды ары-бері араластырып, арасынан
таныс аттар мен тектерді табам ба дегендей ұзақ қарады.
– Есімдерін жалған айта салуы да мүмкін ғой, – деді Бо
лат Ахмадидің кімдерді іздестіріп жатқанын іштей сезіп.
– Есімдерін жасырғанмен, тектерін лақтырып тастай
алмайды ғой.
– Не, сіз тектерін де білесіз бе?
– Е, жоға, – деді Арыстанов алдындағы қағаздан бас
алмаған қалпы, – ұқсас тектерді теріп алсақ, іздестіруіміз
де оңай бола ма дегенім ғой. Міне, байқайсың ба, Аман
баева, Дүйсеева деген тектер бірнеше жерде жүр. Демек
олар бір отбасынан болмаса да, апалы-сіңлілер, тіпті күйеу
лері жағынан да жақын болулары мүмкін.
– Ойыңызды түсіндім, – деді Болат Ахмадидің тапқыр
лығына тәнті болғандай. – Жұмыс істейтіндердің арасында
бір-бірімен ілік-шатыс ағайындылар да аз емес.
– Міне, біз алдымен осы кісілерден сыр тартып көрсек
қалай болар екен, – деп Арыстанов Ибрагимовтың иығынан
қақты.
* * *
Келесі күні Ахмади мен Болат Сауда министрлігінде
де, орталық универмагта да болып, өздері тізімін алған
қыз-келіншектердің жұмыс орындарын аралап шықты.
Күдік туғызбас үшін, басшылармен сөйлескенде көбіне
тұрмыс жағдайлары туралы айтылды. Бішкекте бұрыннан
тұрып келе жатқан бірен-сараны болмаса, басым бөлігінің
тұрмыстары тым қораш екен. Жатақханада жатып, тіпті
қалаға жақын Қазақстан аумағынан келіп жұмыс істеу
шілер де табылды. Арыстанов пен Ибрагимов олардың да
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
біразымен кездесіп, әңгімелесіп көрді. Бірақ ешқайсысы
сыр бере қойған жоқ.
Түстен кейін қала шетіндегі қоймаға соқты. Сырт жағын
бетон қабырғалармен қоршап, үстіне айқыш-ұйқыш тіке
некті сымтемір тартып тастаған мұндай жерге бөтен кісі
кірмек түгілі, сырттан сығалап та қарай алмайтынын
түсінген із кесушілер қойманың екінші жағындағы іштен
жабылатын екінші дарбазаның алдына келгенде, бір-біріне
сұраулы жүзбен қарап, қалт тұрып қалды. Айқара ашы
латын үлкен қос есіктің төменгі жағынан темір жолдың
айқыш-ұйқыш релістері сұғына кіріп жатыр. Әсте алыстан
әкелінетін тауарлар қоймаға осы жол арқылы енгізілетін
тәрізді.
Дәл осы кезде жандарынан қос дөңгелекті жеңіл арба
сүйреткен бір жас жігіт өте беріп, әлгі екеуі соған қарай
ошарыла бұрылысты.
– Сіздің бір минутке уақытыңызды алуға бола ма екен? –
деді Ахмади жақындай беріп.
Жігіт жайшылық па дегендей аңырып тұрып қалды.
– Мына есіктің кілті кімде болады?
Жүкші жігіт білмеймін дегендей басын шайқап жүре
беріп, біраз жерге барған соң:
– Меңгерушіде шығар, – деп күңк ете қалды.
– Аты-жуни ким? – деді Болат оны қуып жетіп.
– Аманбаев! – деп анау аяғын жылдам-жылдам басып
жылыстай берді.
– Аманбаевтар мұнда да бар болып шықты ғой, – деді
Ахмади әріптесіне көзін қысып.
– Иә, бұл тек бізде өте көп тараған әулет, – деп Болат та
жымың ете қалды.
Аманбаев аттастар бұл жерде біреу ғана емес бірнешеу
екен. Қойма меңгерушісі орта жасқа келіп қалған сали
қалы кісі көрінеді. Тектестер туралы тосын әңгіме туа
қалған кезде: «Е, қазіргі еңбек етіп жүрген біздің бәріміз
К Ө К Ж И Е К
де соғыстың алды-артын ала өмірге келген ұрпақтардан
емеспіз бе, ол кезде амандықтан асқан байлық болды дейсіз
бе, Аманбаевтарды көпсінбейік», – дегеннен басқа артық
сөз айта қойған жоқ. Соның өзінде қайта-қайта сұрақ қоя
отырып, Арыстанов пен Ибрагимов өздеріне қажетті біраз
мәлімет алғандай болды.
Ең бастысы – темір жол арқылы келіп түскен тауарлар
дың нақты күндерін біліп алды. Қойманың екінші басын
дағы есік тек сол күндері ғана ашылатын көрінеді. Демек,
оны алдын ала білетін адамдар ғана өз мақсаттарына пай
далана алады.
– Шетелдік тауарлар жиі түсіп тұратын болар? – деді
Ахмади кетер кезде елеусіз ғана.
– Әрине, қазір негізінен сол жақтан келіп жатыр, – деді
меңгеруші кілттерін сылдыратып.
– Ресейден ғой...
– Ресейден... Әр жерден келеді... Қытайлар да, корейлер
де, араб елдері де жіберіп тұрады.
– Соңғы рет қашан қабылдадыңыздар?
– Шілденің оны күні.
– Кореядан ба?
– Иә, Сеулден, – деді меңгеруші аң-таң болып.
– Рақмет, аман-сау тұрыңыз. Қажет болса, біз өзіңізге
тағы да келіп жолығармыз, – деп із кесушілер сыртқа
беттеді.
– Біраз мәселе айқындалып қалды, – деді Ахмади қонақ
үйге келген соң алдына қағаздарын жайып. – Мен мына
төрт-бес адамнан ғана күдіктенемін. Тектері текке ұқсас
болмаса керек. Бірі универмагта, бірі қоймада істейді.
Шілденің оны күні және оның алдында бірнеше рет Алма
тымен сөйлескендер де осылардың біреуі болуы мүмкін.
– Оны немен дәлелдей аласыз? – деді Болат.
– Мен олардың қалааралық сөйлесу пункттерінен дәл
сол күні Алматымен де байланысқаны жөнінде анықтама
алдым.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Мүмкін, сөйлескен олар емес басқа біреулер шығар..
– Әйтсе де тексеру керек. Назаров келіншектердің дау
сын таниды ғой, – деді Ахмади нық сеніммен. – Беттес
тірген кезде безіп кетпес. Айтпақшы Алматыға телефон
соғушылар сол күндері Назаровтан басқа тағы да бір-екі
адаммен хабарласып тұрған. Мен ол нөмірлерді де жазып
алдым. Қазақстанға барған соң оның иелерін де тауып
алып сөйлесем. Олар бұл жақтан дәл сол күні кімнің теле
фон шалғанын айтып бермес дейсіз бе?
– Міне, мұныңыз бұлтартпас дәлел болар еді, – деді Бо
лат қолын бір-біріне сарт еткізіп соғып.
– Онда уақытты созбайық, – деді Ахмади тізімді қайта
дан Болатқа ұсынып. – Мына кісілердің Қазақстандағы
байланысып тұратын адамдарының мекенжайын анықтау
саған жүктеледі. Кімдер екенін, немен айналысатынын
білу де артықтық етпейді. Бірақ байқа, сезік тудырып, шо
шытып алмайық. Ал мен Алматыға барған соң өзіңмен күн
сайын телефон арқылы байланысып тұрамын.
Сол күні кешкілік Арыстанов Алматыға аттанып кетті.
* * *
Келесі тәуліктің ертеңінде Ахмади Бішкектен алып кел
ген телефон нөмірінің иесі мен мекенжайын орталық теле
фон стансасы арқылы біліп алды да, үйіне бірден барсам ба
екен, әлде алдымен хабарласқаным жөн бе екен дегендей
біраз ойланып қалды. Сонан соң тәуекел деп тұтқаны көтеріп,
қажетті нөмірді терді. Іле-шала әлеу деген әйел даусын естіп:
– Сәлематсыз ба, мен Бішкектен едім, – деді.
– Пронзеден бе? Біл кім? – деп әйел оны бөліп кеті.
– Иә, Фрунзеден келдім, – деді Ахмади әлгінің ығына
жығылып, – кеше...
– Мені қайдан білесің? Не, Бибка берді ме телефонды? –
деп бейтаныс әйел тағы да бастырмалата жөнелді.
К Ө К Ж И Е К
– Иә, иә, – деді Ахмади сөзін бірнеше рет қайталап, –
сізбен кездесуіміз керек еді, қалай жолықсақ екен?
– Кел, олай болса үйге, – деді әйел бірден келісіп, –
әдірісті білесің бе?
– Білемін, міне шықтым, – деп Ахмади сүріне-қабына
сыртқа беттеді.
Арада аз уақыт өткен соң Ахмади өзіне қажетті пәтердің
алдына келіп, қоңырауды басты. Есікті ақ шашты ана
ашты.
– Кешіріңіз, мен жаңа ғана өзіңізге телефон соққан жігіт
едім, – деді Арыстанов үлкен кісіні әбігерге түсіргеніне
қысылыңқырап.
– Оқасы жоқ, жоғары шық, – деп апай алға түсті.
– Мен көп уақытыңызды алмаймын, – деді Ахмади
ішке кірген соң құжатын көрсетіп. – Бір іспен айналысып
жүр едік. Соған сіздің көмегіңіз керек болып тұр. Кейбір
мәселелерді анықтап алсақ па едік...
– Бибка бірдеңкеге ұрынып қалғаннан сау ма? – деді
апай үрейленіп.
– Әзірше қорқатындай ештеңе бола қойған жоқ, – деп
Ахмади жайлап сұрақ қоя бастады.
Суыртпақтап сыр тарта отырып ұққаны: Бибка, шын
аты Бибіш – біраз жылдан бері Бішкек жақта тұратын
апайының үлкен қызы екен. Сауда жағында істейтін
секілді. Анда-санда осы жаққа келіп сауда-саттық жасап
тұратын көрінеді.
– Соңғы рет ол Алматыға қашан соғып еді? – деп сұрады
Ахмади.
– Жазға салым.
– Уақытын нақты айта алмайсыз ба?
– Білмедім, әйтеуір соның алдында ғана Май мерекесін
өткізген едік...
Арыстановтың есебі дәл шықты: мамырдың ортасы,
бұл – Бибісаралардың Назаровқа келген кезі.
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Жанында жолдас қызы болды ма? – деді Ахмади
сұрағы нысанаға дөп тиіп жатқанын сезіп.
– Иә, бірге істейтін подругасы екен.
– Гуля ғой.
– Дәл өзі.
– Рақмет, апай, – деді Арыстанов орнынан көтеріліп.
– Шырағым, мұның бәрін неге сұрадың? – деді апай
әлденеден секем алып.
– Апай, сол сауда-саттыққа байланысты бір түсініс
пеушіліктер туындап жатыр, – деп Ахмади шынын айтты.
* * *
Ахмади Бішкекке қайта айналып соғам дегенше, бар
мәселе шешіліп қойған сыңайлы. Болат министрліктегі
әріптестерімен келісіп, Бибіш пен Гуляны тергеу орында
рына шақырған күні-ақ олар барлық кінәні мойындары
на алып, ағынан жарылады. Бірақ Жақсылықовтан алған
ақшаларын 250 мың емес, 100 мың доллар деп көрсетіпті.
Арыстанов алдымен Қордайға соғып, сонан соң Бішкек
ке келді. Келген беті Ибрагимовтің кабинетіне кіріп, мекен
жайды сұрады.
– Бибісара мен Гүлсара – лақап аттары екен, – деді Ах
мади. – Екеуі де біздің елдің азаматтары болып есептеледі.
Сыртқа шықпау жөнінде тілхат алдық. Осы тақылеттес
басқа істерге де қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр...
– Онда біздің жұмыс та аяқталып қалды деп айтуға бола
тын шығар, – деді Ахмади езу тартып.
– Солай деуге болады, – деп Болат әріптесінің ығына
жығылып. – Айтпақшы, басшылар сізге рақмет айтып жа
тыр. Тапсырманы жедел орындағанымызға ризашылық
білдіруде.
– Дұрыс болған екен, – деді де қойды.
Сол күні ізінше кейін қайтып кетті.
К Ө К Ж И Е К
Алматыда да айтарлықтай жаңалықтар күтіп тұр екен.
Назаров айналдырған бір аптаның ішінде үйі мен дүние-
мүлкін сатып, Санкт-Петербургке тайып тұрыпты. Елдің
айтуына қарағанда, енді қайтып Қазақстанға келмеймін
деп кетіпті. Ресейдің азаматтығын қабылдап та үлгеріпті.
Жақсылықов та басқа қызметке ауысыпты. Қазақ қой,
бірақ Қазақстаннан кетіп қайдан пана таппақ? Арыстанов
ары-бері звондап, тез-ақ тауып алды.
– Жақсылықов, халың қалай? – деді жаңалықты өз ау
зынан тыңдағысы кеп.
– Мәз емес, естіп жатқан боларсыз? – деді анау қара
аспанды суға алдырып.
– Сотқа дайындала беріңіздер...
– Не қылған сот? – Пернебайдың даусы қатты шықты.
– Ана компьютерлерге байланысты істі айтамын, – деді
Арыстанов. – Бикештер ұсталды ғой, жақында соты бо
лады Бішкекте, соған қатысасыздар. Айтпақшы, олар екі
жүз елу мың емес, жүз мың алдық дейді ғой...
– Құрысыншы, – деді Жақсылықов күйініп, – ақшасы
құрысын, соттасуды жаным сүймейді.
– Неге? Екі жүз елу мың жерде жатқан ақша емес, оның
үстіне алаяқтарды әшкерелеуіміз керек. Міндетті түрде қа
тысатын боласыздар.
– Ана Назаровты қалай келтірмекшісіздер?
– Оған сенің басың ауырмай-ақ қойсын, – деді Ахмади
Пернебайды тағы бір қырынан сынап көргісі келгендей. –
Біздің үш ел арасында келісімшарт бар, күдікті кісілерді
бір-бірімізге сот арқылы шақыртып аламыз, міне, сонда
дәлелдейсіздер қанша ақша бергендеріңізді...
– Құрысыншы ақшасы, – деді Пернебай тағы манағы
сөзін қайталап, – қояйықшы, осы пәлені қозғамай-ақ, мен
еңбегіңізді жемеймін, бұрынғы уәдеміз уәде...
– Қызық екенсіздер! – деді Арыстанов. – Біресе олай,
біресе бұлай деп... Мен еңбегімді сатпаймын. Бірақ естері
ңізде болсын, сотқа билігім де жүрмейді...
Әділ ДҮЙСЕНБЕК
– Сонда да бір салада істейсіздер ғой, бір-бірлеріңіздің
сөздеріңізді жерге тастамайтын шығарсыздар...
– Жарайды! – деді Арыстанов Жақсылықовпен сөз жа
рыстыра бергісі келмей. – «Мысық-тышқан» ойынын ойна
май-ақ қояйық. Бәрін сот шешеді.
* * *
Бәрі де ың-шыңсыз басылды. Арыстанов Бішкекпен
бір хабарласқанында Ибрагимов «Іс тергеліп жатыр,
жақында соты болып қалар» деген еді, екінші телефон
шалғанында «Фактілері жетімсіздеу боп тұр» десе, енді
бір байланысқанында «Президент рахымшылығына сәй
кес іс қысқарып кетті» дегенді естіп, мәселенің осылай
шешілерін алдын ала білгендей уһ деп демін алып, бір
жеңілденіп қалды.
Бірақ содан бері Назаров бізге аяғын аттап басқан емес.
Ал Жақсылықов сияқты жандар әлі де жылтыңдап жүріп
жатыр. Қазақстаннан басқа қайда бармақ ондайлар?!
МАЗМҰНЫ Қойшығара Салғараұлы. Жылы жүлге................................ 3 Әңгімелер Алғашқы алғыс....................................................................... 9 Ескерткіш.............................................................................. 14 Ащы алма.............................................................................. 23 Соңғы трамвай ..................................................................... 27 «Қызыл ауыз» хикаясы........................................................ 36 Жаңа таныстар...................................................................... 45 Ақ күмбез.............................................................................. 51 Диагноз ................................................................................. 70 Қоян қуған Қойекең............................................................. 75 Повестер Көкжиек ................................................................................ 83 Көмескі із............................................................................ 234 Құмдағы қуғын................................................................... 279 Тергеу әлі біткен жоқ......................................................... 304 Жасырынбақ ...................................................................... 338
Әділ
ДҮЙСЕНБЕК
Көкжиек
Редакторы Қаракөз Ерсұлтанова
Көркемдеуші редакторы Жеңіс Қазанқапов
Корректоры Шолпан Оразбаева
Компьютерде беттеген Дәурен Какимов
Басуға 15.10.12 қол қойылды. Пішімі 84х108 1/32.
Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.
Шартты баспа табағы 19,32
Тапсырыс №151. Таралымы 2000 дана.
«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13
«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру