Бабалар сөзі 90 том
Әлбеков Тоқтар
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Бабалар сөзі» сериясының 90-томына ғұрыптық фольклордың маусымдық фольклор, үйлену фольклоры, қыз бен жігіт айтысы сияқты жанрлық түрлері енгізіліп отыр.
Астана 2012
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың бастамасы бойынша шығарылды
Майлыбаев Бағлан, кеңес төрағасы
Асқаров Әлібек, жауапты хатшы
Абдрахманов Сауытбек
Атабаев Қамбарбек
Аяған Бүркітбай
Әбжанов Хангелді
Әбусейітова Меруерт
Әжіғали Серік
Әлімбай Нұрсан
Байпақов Карл
Байтанаев Бауыржан
Балықбаев Тахир
Дүйсембаев Еркін
Есім Ғарифолла
Жақып Бауыржан
Жұмағалиев Асқар
Жұмағұлов Бақытжан
Қасқабасов Сейіт
Қозыбаев Ілияс
Құл-Мұхаммед Мұхтар
Құрманбайұлы Шерубай
Мұхамадиұлы Арыстанбек
Мыңбай Дархан
Нысанбаев Әбдімәлік
Салғараұлы Қойшығара
Самашев Зейнолла
Сұлтанов Қуаныш
Тұяқбаев Қанат
Шаймерденов Ербол
Шеңгелбаев Бақытжан
«Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасын
жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес
4УДК 398 ББК 82.3 Б 12 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У., Күзембаева С.А., Әлбеков Т., Қосан С., Мамыраев Б.Б. Томды басуға М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Алпысбаева Қ.Б., Әлбеков Т. (жауапты редактор), Қасқабасов С.А., Қирабаев С.С., Пірәлиева К.Ж., Мурсалимова Н.М. Томды құрастырып, баспаға дайындағандар: Алпысбаева Қ.Б., Әлбеков Т., Қосан С., Мурсалимова Н.М. (жауапты шығарушы) Б 12 Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2012. Т. 90: Ғұрыптық фольклор.—432 бет. ІSBN 978-601-292-641-5 «Бабалар сөзі» сериясының 90-томына ғұрыптық фольклордың мау сымдық фольклор, үйлену фольклоры, қыз бен жігіт айтысы сияқты жанрлық түрлері енгізіліп отыр. УДК 398 ББК 82.3 ІSBN 978-601-292-641-5 (т. 90) © Әдебиет және өнер институты, 2012 ІSBN 9965-619-60-3 © «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2012
Құрастырушылардан
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Мәде
ни мұра» Ұлттық стратегиялық жобасы аясында жарық кө
ретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылы-
мын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін баспаға ұсынылған сексен тоғыз
томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді са-
ласы болып саналатын эпостық шығармаларға, ертегілерге,
шетелдердегі қазақ фольклорына, қара өлең, жұмбақтар мен
мақал-мәтелдер сияқты шағын жанрларға арналды. Дәлірек
айтқанда, «Хикаялық дастандардың»—он үш, «Діни дастан
дардың»—жеті, «Ғашықтық дастандардың»—он бір, «Тари-
хи жырлардың»—он бір, «Батырлар жырының»—жиырма,
«Мақал-мәтелдердің»—бес, «Қара өлеңнің»—екі, «Шежірелік
жыр-аңыздардың»—үш, «Ертегілердің»—бес томы, «Тарихи
аңыздардың»—төрт томы, «Жұмбақтардың», «Балалар фольк
лорының», «Қазақ мифтерінің», «Моңғолиядағы қазақ фольк
лорының», «Топонимдік аңыздардың», «Күй аңыздың», «Ру
аңыздарының», «Аңыздық жырлардың»—бір-бір томы баспаға
дайындалып, басылым көрді. Бұл жинақтардың он екі томын-
да Қытайдағы қазақтардың, бір томында Моңғолия қазақтары
ның фольклорлық мұралары қамтылды.
Қазақ фольклорының ең бір көне жанрларының бірі—
ғұрыптық фольклор. Халық шығармашылығының бұл түрле
рі ежелгі замандардан бері адам баласымен, оның тұрмыс-тір
шілік, әлеуметтік салт-сана, дәстүр, дін, кәсіп тәрізді өмірлік
басты құндылықтарымен қабаттаса, кезектесе, сабақтаса да
мып келгені мәлім.
ғұрыптық фольклор
Маусымдық ғұрып фольклорының үлгілері көбінесе, көне
салттық ырым-жоралғылар орындалатын ұлттық күнтізбелік
мерекелер кезінде немесе діни мейрам күндері айтылады.
Мәселен, мұндай тақырыптағы шығармаларға рамазан айы
ның соңындағы «ораза айты» кезінде жиі айтылатын «жара-
пазан» өлеңдерін жатқызуға болады. Бұл сөз—«йа, рамазан»
тіркесінің қайталануы нәтижесінде пайда болған. Кейбір жер-
лерде «жарамазан» деп айтылуы да осының айғағы. Жарапазан
өлеңдерін көбінесе, балалар мен бозбала жастар топталып, үй-
үйді аралап жүріп айтқан. Мұндай өлеңдердің мазмұны әдет
те, Ислам діні мен оның негізгі заңдарын насихаттаумен баста
лып, Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарды мадақтаумен жалғасады.
Сондай-ақ жарапазан айтушылар үй иесін, оның бәйбішесі мен
балаларын да мақтап өлеңге кірістіруді дәстүрге айналдырған.
Жарапазанды бір адам айтады да, екіншісі өлеңнің қайырма
сына қосылады. Салт бойынша, үй иесі оларға түрлі сыйлық, ас-
ауқат немесе ақша, пұл-шүберек, орамал сыйлайтын болған.
Қазақтың жарапазан өлеңдері туралы алғаш М.Ж.Көпеев,
А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин еңбектерінде бірқатар пікір біл
дірілді. Десе де Кеңес үкіметі жылдарында Ислам дініне деген
үстірт көзқарас қалыптасты және сол идеологиялық кедер
гілердің нәтижесінде жарапазан айту дәстүрі де саябыр тарт-
ты. Тек еліміз тәуелсіздік алған жылдары ғана қайта түлеген
мұсылмандық салтымен бірге жарапазан өлеңдері де халық
өміріне етене араласты. Жарапазан—қазақ фольклорының
ғұрыптық жанрлары қатарында зерттеле бастады. 2005 жылы
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты әзірлеген
«Қазақ музыкасының антологиясы» атты бес томдық жинақ
тың 1-томына жарапазан өлеңдерінің 16 нұсқасы мәтіндерімен
және нотасымен қоса жарияланды.
Қалың оқырманға жол тартқан «Бабалар сөзі» сериясының
кезекті 90-томына қазақ арасына кең тараған жарапазан
өлеңдерін 30-ға жуық үлгілері еніп отыр. Олардың басым
көпшілігі бұрын жарияланбаған. Жарапазан өлеңдерінің мә
тіндері ҚР БҒМ ОҒК-да және ӘӨИ Қолжазба қорында сақтал
ған фольклорлық үлгілерден дайындалды. Бұлардың арасында
Қазақстанның әртүрлі өңірлеріне жасалған мәдени-этногра
фиялық экспедициялардың материалдары да бар. Сондай-ақ
құрастырушылардан
томға жеке адамдар жазып сақтаған, болмаса аймақтық фольк
лор үлгілері жинақтарына енген жарапазан мәтіндері де кірді.
Сондай-ақ кезекті томға ғұрыптық фольклордың көне
түрлерінің бірі—наурыз өлеңдері де енген. Наурыз мейра-
мы қазақта «Ұлыс күні» деп аталады. Бұл маусымдық ғұрып
фольклорының ежелгі наным-сенімдермен, Қызыр Ата тура-
лы аңызбен, диханшылықпен, жыл маусымының ауысуымен,
тіпті, қазақтың тектік шежіресімен байланысты туған миф
тік, аңыздық сипаттағы халық әдебиеті үлгілері ұшырасады.
Әдетте, наурыз өлеңдері қазақ халқының бата-тілектерімен де
үндесіп келетіні мәлім. Қысқасы, наурыз—бүгінгі күні де қайта
жаңғырған, жаңа заманға сай ұлттық мереке ретінде бағалы.
Ғұрыптық фольклордың көлемді саласын отбасылық ғұ
рыпқа қатысты салт өлеңдері құрайды. Ішкі жанрлық тұрғы
дан үлкен үш бөлікке бөлінетін отбасылық ғұрып фольклоры
ның басты түрлері: құда түсу, тойбастар, жар-жар, сыңсу,
аушадияр, беташар, неке қияр өлеңдері және жерлеу салтына
қатысты ырымдар мен өлең-жырлар (жоқтау, дауыс, көңілқос,
көрісу т.б.) болып келеді.
Қазақ халқының өмірінде әсіресе үйлену, шаңырақ көтеру
немесе тұрмысқа шығуға, қыз ұзатуға байланысты салттық
өлеңдер маңызды орын алады. Мұның өзіндік себебі де бар.
Мәселен, үйлену жоралғылары бір күнде біте қалатын шаруа
емес. Айталық, құда түсу, сырға тағу (үкі тағу), ұрын бару,
қыз ұзату, келін түсіру, жасау апару сияқты кәделі рәсімдер
бірнеше айларға немесе жылға дейін созылуы мүмкін. Сондай-
ақ осы аталған үйлену ғұрыптарына қатысты орындалатын
ырымдар мен салт өлеңдерінің өзі әр алуандығымен ерекше
ленеді. Солардың ішінде, әсіресе ұзатылар қыздың ішкі толға
нысы мен өз еліне деген мұңлы назы мен сағынышты сезімде
рін суреттейтін сыңсу, қоштасу, аужар, қайым айту, жар-жар
өлеңдерінің орны ерекше. Бұдан кейінгі ғұрыптық фольклор
дың көркем де көлемді түрі қатарында келін түсіру тойында
орындалатын беташар өлеңдерін атаймыз.
Атап айтқанда «Бабалар сөзі» сериясының кезекті 90-томы
на сыңсу, қоштасу өлеңдерінің—36, ау-жар, жар-жар үлгіле
рінің 15-ке жуық, беташар өлеңдерінің—36, тойбастардың—
24 нұсқасы ұсынылып отыр. Ескеретін нәрсе—осы томға
құттықтау, көрімдік, неке қияр секілді дәстүрлі рәсімдік
ғұрыптық фольклор
өлеңдер де енді. Бірақ мұндай сипаттағы туындылар жаттан
дылау болатындықтан, саны да аз, нұсқалары да сирек ұшы
расты. Томның соңғы бөлігі қыз бен жігіттің айтыстарымен
аяқталады.
Жұртшылыққа мәлім, қыз бен жігіт айтыстары—бұрынғы
кездегі үйлену, қыз ұзату тойларының барлығында орында-
латын қызықты мәдени салт-шаралардың бірі. Қыздар мен
жігіттер арасында жұптасып немесе топтасып айтысатын жар-
жар, ау-жар, қайымдасу өлеңдері сияқты айтыстың мұндай
үлгілері—тойдың сәні болып саналатын.
Осы томға енген 35 қыз бен жігіт айтысының көпшілігі бұ
рын жарық көрмеген тың дүниелер. Баспаға әзірленген мәтін
дердің негізгі бөлігі ОҒК және ӘӨИ Сирек қорындағы қолжазба
материалдары бойынша дайындалды.
Көптомдықтың принциптеріне сай, беріліп отырған мәтін
дер ғылыми қосымшалармен қамтамасыз етіліп, жанрлар рим
санымен, шығармалардың нұсқалары реттік санмен нөмірлен
ді. Томның ғылыми қосымшаларын: томға енген мәтіндерді жа-
зып алушылар мен жариялаушылар және басылымдар туралы
мәліметтер, томға енген мәтіндерге ғылыми түсініктеме, сөздік,
жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен
діни есімдер туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі
мен томның орыс, ағылшын тілдерінде жазылған түйіндері
құрайды.
Томның жалпы көлемі—27,0 б.т.
Адам баласының ержетіп, қоғамның белді мүшесі болуының басты белгісі—оның өз алдына шаңырақ көтеріп, отау тігуі. Ол, ең алдымен, ұлының ержетіп, қызының бойжетіп, ел қатар лы үй болуын аңсаған ата-ананың қуанышы болса; екіншіден, өмірдің тізгінін өз қолына алып, жұрт қатарына қосылған жастардың орындалған мұраты; үшіншіден, іргесін кеңейтіп, тың күш қосып, жаңа шаңырақпен толыққан рудың, тайпаның (дәстүрлі қоғамда), халықтың, ұлттың, қала берді, барша қо ғамның қуанышы. Тойдың өзі, тұтастай алғанда, ойын-сауықтық тұрғыдағы көңілашар шара ғана емес, ол—ғасырлар бойына сандаған ұрпақ санасының сарасынан өткен тарихи мәдени құндылық. Онда ислам дініне дейінгі көне наным-сенімдердің, дәстүр лі дүниетанымның нәрі сіңген, әлденеше қатпарлы рухани құндылықтар қоймасы бар. Сондықтан да той дегенді тек көңіл көтеру, ойын-сауық жасау, жастардың үйлену рәсімін атап өту ғана деп түсінуге болмайды. Әсіресе, дәстүрлі қоғамда бұл аса жоғары мәнге ие, сол дәуірдің бүкіл дүниетанымы мен дәстүр лі әдет-ғұрпына, салт-санасына лайық қалыптасқан күрделі ғұрыптық рәсімдер кешені болып табылады. Үйлену ғұрыптары бір күннің немесе бір сәттің ішінде ат қарылатын іс емес, әлденеше сатыдан тұратын, әр сатысы өзін ше ғұрыптық салттармен рәсімделген, бірнеше айға (жаушы жіберу, құда түсу, ұрын бару, қыз ұзату, келін түсіру, т.т. дегендей), тіпті, жылдарға (құда болу салтынан бастап есептегенде) созылатын кешенді ұзақ процесс. Оны шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Оның алғашқысы—құдаласу кезе ңі. Мұның өзі біраз уақытқа созылған әртүрлі рәсімдерден тұ рады. Олардың қатарында «жаушы жіберу», «сырға (үкі) тағу», үйлену ғұрып фольклоры
ғұрыптық фольклор құдаласу, қалыңмал алысу, «ұрын бару» т.б. толып жатқан жол-жоралғыларды атауға болады. Әрқайсысы әртүрлі әдетғұрыппен, кішігірім той-думанмен аталып өтеді. Бұл кезеңнің де өзіндік айтылатын сөздері, фольклорлық мәтіндері болады. Құда түсуге келген жаушылар сөзін: «Сізде—аққу, бізде— сұңқар, ілдіргелі келгенбіз»,—деп тұспалдап бастайды. Оның өлең түріндегі нұсқасын «Қамбар батыр» жырындағы айттыра келгендегі Келмембеттің сөзінен көреміз: —Көтерсең менің назымды: Саусағы алтын сұңқарға Ілдірейін деп келдім Көлдегі үйрек, қазыңды-ай. Алтайы қызыл түлкіңе Қосайын деп ойлап ем Құмай жүйрік тазымды-ай1. Екінші кезең—қыз ұзатылатын той. Әдетте, бұл құдаласу бітіп, қалыңмал алу аяқталған кезде екі жақтың келісімімен жасалады. Дәстүрлі қоғамдағы тойдың сәндісі әрі маңыздысы осы болған. Сондықтан мұнда жасалатын ырым-жырымдар да, салт-дәстүрлер де, жол-жоралғылар да көп. Соған орай, мұнда орындалатын фольклорлық шығармалар ауқымы да мол. Мә селен, құдаларға құйрық-бауыр асатар сәтте: Құда, құда деселік, Құйрық-бауыр жеселік. Құйрық-бауыр жемесек, Несіне құда деселік2,— деп әндетіп, құдалар құйрық-бауырды отырған жұртты айнала жүріп, қолымен қыстап асатады. «Жар-жар», «сыңсу», «аушадияр» сияқты сүбелі жанрлық түрлер де осы тойда міндетті түрде орындалатын шығармалар. Қазақ тойының барша әдет-ғұрып пен рәсімдері, ойын-сауық, өлең-жырлары «қыз ұзату» кезінде жарқырай көрінеді. Асылында, ежелгі дәуірде «қыз ұзатудың адам мен қоғам өміріндегі аса маңызды 1 Батырлар жыры. —Алматы, 1987. 3-т. —24-б. 2 Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері: өткендегісі және бүгіні. — Алматы, 2001. —100-б.
үйлену ғұрып фольклоры
оқиға санаған, оған баса мән берген. Оның түпкі себебі арғы
матриархат дәуірінде жатуы да кәдік. Сондықтан да М.Әуезов
сынды ғұлама зерттеушілердің өзі бұл жанрлық топты «Қыз
ұзату кезіндегі салт өлеңдері» деп топтаған. Тіпті, беташарды
да осы топқа қосады3.
Үйлену ғұрпының үшінші кезеңі—келін түсіру тойы. Ғұ
рыптық жағынан алғанда, бұл да аса маңызды кезең, онда
атқарылатын рәсімдер мен жол-жоралғылар да жетерлік. Олар
дың қатарында «арқан керу», «келін түсіру», «отқа май салу»,
«бие қысырамас», «асықты жілік, төс тарту», «отқа шақыру»
деген сияқты толып жатқан рәміздер мен ырым-кәделерді
атауға болады. Бірақ фольклорлық тұрғыдан келгенде, нақ осы
тойда орындалатын міндетті ғұрыптық шығармалар қатарын
да «беташарды» ғана атай аламыз. «Той-бастар», «тойтарқар»
сияқты басқа да ән-жырлар барлық тойларда орындалады.
Отбасылық ғұрып фольклорының құрамдас жанрларының
ішінде үйлену ғұрып фольклоры көркемдік өрісі, эстетика
лық қуаты мен дүниетанымдық аясы жағынан ерекше көрнек
ті орынға ие. Дәстүрлі үйлену ғұрып жырларының мазмұн
дық шалқары қазақ халқының этникалық дүниетанымдық,
көркемдік-эстетикалық элементтері молынан қамтиды.
Қазақтың тойы дала төсіндегі үлкен сахнаны елестетеді.
Ондағы әрбір адамның, құда-құдағидан бастап шақырылған
қонақтарға дейін өз мәртебесі, белгіленген орындары мен өз
рөлдері бар. Күнделікті тіршіліктің ресми заңдары мен қағи
далары мұнда жүрмейді, ол—мерекенің, тойдың ежелден қа
лыптасқан өз қағидасына бағынады. Тойда хан мен қара, бай
мен кедей, қожайын мен қызметші қоғамдағы орындарынан
басқа мәртебеге ие болады. Бірі—құда-құдағи, бірі—күйеу,
қалыңдық, енді бірі—той бастаушы, бет ашушы, қалғандары—
ежелгі жақын-жекжат, қадірлі қонақтар т.б. Олардың әрқай
сысының дәстүрлі әдет-ғұрыппен белгіленген өз орны бар. Соған
лайық сый-сияпат көрсетіледі. Сондықтан құда болып келген
жақтың өкілдерін олардың жас ерекшелігімен, әлеуметтік
мәртебесімен санаспай-ақ, құдаға қажетті жасалатын жол-
жоралғының барлығын жасайтын болған (бет-аузына ұн, айран
жағу, суға тұншықтыру, құда тартысқа салып сүйрелеу, т.т.).
Өнерімен танылған кедей жігіт той басқарады, жар-жар немесе
беташар айтып, тойға келгендерді өз айтқандарына көндіреді.
3 Әуезов М. Әдебиет тарихы. —Алматы, 1991. —46-52-бб.
ғұрыптық фольклор Тіпті, тойға барынша жасанып киініп барудың өзі адамдардың жаңа сипатқа ауысуын бейнелейді. Той—үлкен халықтық сипатқа ие, оған аяғы жеткен алыс-жақын ағайын, ру, тайпа, қоғам мүшелері тайлы-таяғы қалмай, түгел жиналады. Тіпті, шақырусыз келген кембағал адамдарға да тойда сый-құрмет көрсетіледі. Ал таныс-білісті тойға шақырмау—үлкен айып. Қазақтың «той десе, қу бас домалайды» деп мәтелдейтіні сондықтан. Тойдағы ойын-сауықтық сипат—халықтық мәде ниеттің қайнар көзі. Өнердің пайда болуында мерекелік ойын-сауықтардың рөлі ерекше. Және оның бастау көзі ойын-сауықтың рухани қажеттілік болмауынан туғандығын әлем халықтарының дәстүрлі мәдениетін зерттеушілердің барлығы да жазған болатын. Өнер мен мәдениеттің дамып, қалыптасуындағы ғұрып тық ойын-сауық пен мерекенің рөлінің зор екендігінің қазақ зерттеушілері де атап көрсетіп келеді. Бұл орайда оның драма лық сипатын танытқан Ш. Хұсайынов пен Ы. Дүйсенбаевтың, С.Қасқабасов еңбектерін атап көрсетуге болады4. Үйлену тойында атқарылатын ойын-сауықтардың мазмұ нына назар аударсақ, ондағы қуаныш (күлкі) пен қайғы, мұң ның (жылау) қатар жүретіндігі. Олардың үнемі жарыса, шендесе қос қабат келіп отыратындығы айрықша көңіл аударуды қажет етеді. Мәселен, ел тойға жиналып, көңілденіп жатса, қыз сыңсу айтып, елімен қоштасып, жылап-сықтайды, құрбықұрдастар мен ата-ана, туған-туыстары да өлік жөнелткендей жылау үстінде болады. Әрине, той болған соң қуанышқа жасалатыны белгілі. Бірақ сол қуанышты барынша қыздыра түсетін небір күлкі туғыза тын рәсімдердің әдейі жасалатындығы көзге оқшау көрінеді. Бұл жерде әңгіме, біріншіден, тойда атқарылатын рәсімдердің жай ғана көңіл көтеру емес, еріксіз күлкі туғызарлық небір масқарампаздық жол-жоралғылармен атқарылатынына назар аударғымыз келіп отыр. Қазақтың үйлену тойындағы «рәсімдік күлкі» («ритуальный смех») тегі де ескі заманнан бастау алады және ол рулық қоғамда бертінге дейін сақталған. Ол ғұрыптық фольклордың 4 Хусаинов Ш., Дюсенбаев И.Т. Театрально-драматические элементы в казахском устном творчестве и народных играх // Известия АН КазССР. Серия искусствоведения. —Алма-Ата, 1959. Вып. 1; Каскабасов С.А. Колыбель искусства. —Алма-Ата, 1992. —С. 34.
үйлену ғұрып фольклоры
табиғатына да әсер еткен. Мәселен, құдалар айтысында өткір
әзіл, қалжың өте көп. Тіпті, ол айтыстардың «бәдік айтысқа»
(боғауыз айтысқа) ұласып кететін кездері де болады. Сол сияқты
беташар мазмұнында да осындай әжуа таныстырулар кездесіп
отырады. Тіпті, жеңіл әзіл бесік жыры мен балалар өлеңдерінде
де жетерлік.
Жалпы, дәстүрлі дүниетанымда күлкі—тіршіліктің, өсіп-
өнудің символы. Ол—тек тірілер әлеміне ғана тән құбылыс.
Сондықтан да баланың дүниеге келуінде, адамдардың үйле
нуіндегі күлкі—олардың жаңа өмірге аяқ басуының, өсіп-өнудің
белгісі іспеттес. Ежелгі дүниетаным бойынша, күлкі—дүниеге
жан бітіруші күшке ие, оның тірілер әлемінде ғана болатыны
сондықтан, өлілер әлемінде күлкі жоқ. Рәсімдік күлкінің мәні
осында. Кейін күлкінің орнын ән-күй, ойын-сауық басады.
Ал үйлену жырларындағы қайғы-мұң, зар қыздың жат елге
кетуіне байланысты туындайды. Дәстүрлі дүниетанымда басқа
әлем (өлікті жөнелтуде ол—өлілер әлемі, ал қыз ұзатуда—
жат жұрт)—әрқашан жұмбақ, қорқынышты, үрейлі, тылсым.
Міне, қыз осы өзіне жұмбақ әлемнен, жат елден қорқады, жа-
нына жақын алтын ұядан айрылғысы жоқ. Осыдан барып зар
туады. Шындығына келгенде, бұл да рәсімдік қайғы, тіпті, қыз
өзі баратын ауылды өте жақсы біліп, сүйгеніне қосылып бара
жатқан күннің өзінде өз елінен «сыңсып» аттануға тиіс. Мұндай
қос тінді сипат үйлену тойының драмалық табиғатын күшей
те түседі. Бұл рәсім, айналып келгенде, ғұрыптық жырлар
дың жаттандылығына, формулалығына алып келетін жол.
Ғұрыптық жырлар поэтикасын тексеруде мұны да есте ұстау
шарт. Былайша айтқанда, бір елден екінші елге аттанып бара
жатқан қыз жылауға тиіс болса, екінші жағынан, жаңа өмірге
келгеніне қуануы тиіс. Бұл—өтпелі ғұрыптар («обряды пере-
хода») кезінде болатын қос сипаттылық. Кең ұғымда алғанда,
жылау, қайғы, мұң өлімнің символы болса, күлкі—қуаныш
тың, өмірдің символы. Дәстүрлі мәдениетте осылай.
Сонымен қатар көңіл бөлетін тағы бір нәрсе—үйлену ғұрып
жырларының жанрлық табиғатын тек оның ғұрыптық сипа-
ты ғана анықтамайды, оның басты белгілерінің қатарында
поэтикалық ерекшеліктері де тұрады. Тойда орындалатын
шығармалардың барлығы тек ғұрыптың сөзге көшірілген
нұсқасы емес, өзіндік көркемдік әлемі бар эстетикалық кате-
гория. Оның шындықты бейнелеудегі өз заңдылығы бар. Оның
ғұрыптық фольклор
мазмұны да ғұрыптық рәсімді жалаң баяндамайды, сол дәуірдің
өзіндік ахлағы (мораль) мен ұстанымдарының көркем суретін
жасайды. Бұл орайда той жырларының мазмұны мен түрі
басқа жанрлық топтардан ірге ажырататын өзінше сипатқа ие.
Тойға, соның ішінде той жырларына тән басты қасиет—ондағы
драмалық сипаттың алабөтен айқын танылатындығында.
Үйлену ғұрып фольклорының жеке жанрлық түр ретіндегі
өзіндік ерекшеліктерінің қатарында олардың белгілі сарын
мен, яғни әнмен орындалатынын да атап айтқан жөн. Тойбас
тардың да, жар-жардың да, сыңсудың да, беташар мен той
тарқардың да домбырасыз, өзіне тән сазсыз орындалмайтыны
белгілі. В.Я.Пропп атап көрсеткендей, бұл да фольклорлық
шығармалардың жанрлық сипатын анықтаудағы басты сипат
тың бірі5.
Сонымен қатар аталмыш топтағы шығармалардың көпшілі
гі өзінің орындалу мәнерімен де ерекшеленеді. Олардың ішін
де, әсіресе қыз ұзату тойында айтылатын жар-жар, сыңсу, көрі
су сияқты өлеңдердің диалогпен, хормен орындалатындығын
атап айту шарт. Тіпті, беташардың өзінде де диалогтық сипат
тың бар екендігін (сөзбен болмаса да, келін мен беташушының,
келін мен, немесе беташушы мен жиылған жұрттың арасын
дағы ишаралық қарым-қатынас) аңдау қиын емес.
Жалпы, ұлттық ойындардағы жұптық тартыс (құдалар
тартысы, қыз қуу, палуан күрес, мешкейлер жарысы, ат жа-
рыс т.б.), өлең-жырлардағы жауаптасу (қыз бен жігіттер ай-
тысы, құдалар айтысы, жар-жар т.б.) сияқты ғұрыптық рә
сімдер—үйлену тойындағы дәстүрлі құбылыс. Егер зер сала
қарасақ, олардың арғы тегінің қоғамдағы қос ұйымдық (дуаль
ная организация) жүйеден бастау алып, екі ру (фратрия) ара
сындағы экзогамиялық некемен іргесін бекітіп, кейіннен
фольклордағы жұптық тай-таласқа (бинарная оппозиция)
ұласқанын байқаймыз. Дәстүрлі дүниетанымда бүкіл дүниені
ер мен әйелге бөліп қарау, бағзы заманнан келе жатқан үрдіс,
тіпті, табиғаттың өзін адамдар осылай жұптастыра қарайды.
Мәселен, күн мен ай немесе көк пен жер. Осыған ұқсастыра
кейде жансыз заттардың өзін еркек—ұрғашыға бөлу салты да
бар. Мәселен, тарақтың ұсақ жүзін ұрғашы жүзі десе, күмістің
бір түрін де зергерлер «ұрғашы күміс» дейді. Домбыра жасай-
5 Пропп В.Я. Фольклор и действительность. —М., 1976.
үйлену ғұрып фольклоры тын шеберлер де оның шанағы мен қақпағын ұрғашы, еркек деп бөлетін көрінеді. Мұндай мысалды көптеп келтіруге болады. Ал, әйел мен ерді тайталас қарастыру ежелден қалыптасқан таби ғи құбылыс. Қалай дегенде де, бұл «жұптық тайталас» үйлену салт жырларының формалық, мазмұндық сипатын қалыптас тыруға зор ықпал жасаған. Диалогтық түр тек «жар-жар» ға на емес, той жырларының көпшілігіне тән. Ал жар-жарда ол айқын көрінеді. Сонымен, үйлену ғұрып фольклорының қатарына үйлену ғұрпына қатысты айтылатын, өзіндік саз-әуені бар, көбінесе, жауаптасу-диалог түрінде, драмалық сипатта орындалатын өзіне тән поэтикалық түрі мен мән-мазмұны бар шығармалар ды жатқызамыз. Нақтылай айтсақ, олар: той-бастар, жар-жар, сыңсу, аушадияр, беташар. Тойбастар. Кез келген істің басталуы, оның ұйымдасты рушысы болатыны сияқты, әрбір ғұрыптың да басталуын ұйымдастырушысы болған. Мәселен, тәңірлік дінде ол қызмет ті бақсылар, абыздар атқарса, ислам дінінде қожа-молдалар, ал халықтық ғұрыптарды ел ішіндегі ақсақалдар мен әжеапалар атқарады. Ғұрыптық фольклор өзінің тұрмыстық не гізінен алыстап, көркемдік сипат ала бастаған кезден бастап, үйлену ғұрпын бастаушы мен ұйымдастырушының да сипаты өзгерген. Өйткені заман оза келе тойдың өзі ғұрыптық мәннен гөрі, ойын-сауықтық мәдени шара деңгейіне көтеріліп, елдің көңіл көтеретін, өнер қойылымы ретіндегі сипаты арта түскен. Той бастауға ақын-жыршылардың арнайы шақырылып, тойдуманды бастап, қыздыра түсетін дәрежеге көтерілетін тұсы да осы кезге дөп келеді. Қазақ халқының рулық қоғамнан келе жатқан дәстүрі бо йынша, жиын-тойда, аста атқарылатын рәсімдік жол-жорал ғылардың қай-қайсысын да әр жүздің «ноқта ағасы» саналатын рулардың белгілі адамдары бастайтын болған. Мұндай ғұрып ертеректе тойбастарда да сақталған. Мәселен, Н.И.Гродеков тың айтуынша, Ұлы жүздің қыз ұзату, келін түсіру тойларын міндетті түрде Жалайыр руының ақын-жыршылары бастайтын болған6. Өйткені, ноқта ағасы ретіндегі жол—солардікі. Және олар сол үшін жоғары құрметке, сый-сияпатқа ие болады. 6 Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сыр-Дарьинской области. Юриди ческий быт. —Ташкент. 1889. —Т.1. —С.7.
ғұрыптық фольклор Тойбастар—аты айтып тұрғандай, той басталар сәтте айтылады. Оны дәстүрлі тойбастарлардың мәтіні де дәлелдейді. Барлық тойбастарлар ең алдымен: —Ассалаумағалайкум, жиылған топ, Бұл тойға тағдыр айдап келіппіз дөп. Болыпты жұрт көрмеген бір ұлы той, Таң қалып қарағандай жер менен көк7,— деп, жұртқа сәлемдесуден басталып, өзін жұртқа таныстыра отырып, той жасаушыны дәріптейді, тойдың сән-салтанатын мадақтайды, арасында өзін де көтермелей отырып, той иесінен көрсетілетін сый-сияпаттың мырзалық белгісі екендігін ескерте кетеді. Қыз ұзату тойындағы тойбастардың соңы тілек айтумен, ұзатылатын қызға бата берумен аяқталады. Ал, жігіт үйінде болатын келін түсіру тойында бата айтылмағанмен, келінге өсиет, жастарға бақыт тіленеді. Бұл композициялық құрылым— тойбастарлардың барлығында сақталатын қалыптасқан үрдіс. Соның ішінде той бастаушының өз дәрежесін асқақтата, сер піле жырлау дәстүрі, ақындарға тән шабыт шақыру, шарықтау өрнегі ерекше көрінеді. Тойыңды баста десе бастайтұғын, Бергенше біздер бастап саспайтұғын. Сұрасаң, арғы атамды қол бастаған, Өлең түгіл жауыңнан қашпайтұғын8. немесе: Бұл тойды кім бастайды мен тұрғанда, Аузымда алақұйын жел тұрғанда. Бұл тойды алдыменен біз бастаймыз, Жол қайда шұқанаққа көл тұрғанда9,— деп желпініп алады. Бұдан әрі тойбастаушы: Белгілі бұл қазаққа тілдің желі, Той екен жұрт жиналған мерекелі. 7 Тал бесіктен жер бесікке дейін. Қазақтың отбасылық ғұрып жырлары. Құрастырып, алғысөзі мен түсініктерін жазған К.Ісләмжанұлы.—Алматы, 1996. —46-б. 8 Сонда. —47-б. 9 Сонда.
үйлену ғұрып фольклоры
Сәрсенбі—сәтті күні той жасапсыз,
Тойыңыз тойға ұлассын берекелі10,—
деп, құтты болсын айтып, қыз ұзату тойында арғы жағын көп
жағдайда ұзатылатын қызға айтылатын марапатқа ұласты
рады:
Түймедей басың сұлу домаланған,
Жібектей шашың майда шұбаланған...
Мөлдіреп екі көзің тұнжырайды,
Суреттей қойған жасап мірғарадан.
Айнадай екі бетің жарқырайды,
Айындай он бесінде қорғалаған.
Таудағы сен бір жатқан қызыл түлкі,
Ізіңе талай жандар қақпан құрған11,—
деп, барынша мақтай келіп, жұбату айтады. Ал жігіт үйіндегі
тойда мұндай марапат айтылмайды, тек той иесінің жомарт
тығы айтылып, кейде тойға келген қонақтарды санамалап та-
ныстыратын сәттер болады.
Мұндай сипаттауларда жалпы фольклорлық шығармалар
дағы сияқты жалпылама суреттеулер көрініс береді. Онда ұза
тылып жатқан қыздың немесе жаңа түсіп жатқан келіннің
нақты портреті, мінез-құлқы жоқ. Ондағы айшықты сөздер—
баламалар, теңеулер мен эпитеттердің барлығы да дәстүрлі
фольклордағы сөз қолданыстардан көп ұзап кетпейді. «Басы
түймедей», «шашы жібектей», «көзі қарақаттай», «жүзі—он
бесінде туған айдай» т.б. деген сияқты болып келеді. Мұндай
суреттеуді кез келген қызға қаратып айтуға болады. Демек,
тойбастар көркемдік жағынан дәстүрлі фольклорлық тәсілдер
мен үндесіп жатыр.
Мазмұн жағынан келгенде, тойбастар—той басталуының
хабаршысы, оның сән-салтанатын арттырып, қызға, той иесіне
мадақ айту, жас жұбайларға бата беріп, ақ тілек, өсиет айту
сияқты тағылымдық өнегеге құрылады.
Формалық жағынан тойбастарлар айтушының ыңғайына
қарай әртүрлі болып келеді. Ақын-жыраулар айтатын тойбас
10 Сонда. —48-б.
11 Сонда. —50-б.
2-169
ғұрыптық фольклор тарлар он бір буынды жыр ағымымен, шумақталмай, төгіле айтылса, кезектесіп айтатын сәтте көбінесе төрт тармақтан тұратын қара өлең үлгісінде жырланады. Жар-жар. Жар-жар—үйлену ғұрып фольклорының ішін дегі ежелгі жанрдың бірі. А.Байтұрсынов өзінің «Әдебиет танытқышында»: «Жар-жар—қыз ұзатар үйде ұзататын қыз ды жұбату үшін айтылатын өлең. Жар-жарды екі жақ болып бастап, соңынан бір жақты етіп жібереді. Олай болу себебі, жұбатушының сөзіне әуелі жауап қайырылып отырады. Сонан соң жұбату сөз қыздың жақындарын жұбатуға ауып кетеді. Екі жақ болған жерінде жұбатушы жақ жігіттер болып, қарсы жағы қыздар болып айтады»12,—деп жазады. Жалпы, тойда айтылатын өлең-жырлардың басым көпшілігі диалогқа құрылады. Мұның негізі ежелгі дәуірдегі жұптық тартыстан туған. Сол тайталаста үнемі ерлер жағы жеңіп отырады. Міне, осы «жеңіс» орайында, ата-баба салтына бойұсынған қызға жұбату айтылады. Жар-жардың соңындағы «бір жақты» айтылатын жыр да осы жұбату мазмұнында. Оны көп жағдайда ерлер жағы, кейде қыздың жеңгелері айтады. Сонымен бірге, жар-жарды ұзатылатын қыз бен үйленетін жігіт айтпайды, солардың атынан басқа адам, көбінесе өлеңге ұста қыз бен жігіттер айтады. Тіпті, әр ауылда соған машықтанған жастар да болады. Олардың ішінде ұзатылатын қызға көңілі жақын жігіт те болуы мүмкін. Жар-жар—ғұрыптық мәні аса терең, орындалу кезінде қатаң сақталатын рәсімдік реті бар жанрлық түр. Мәселен, жар-жар айту салты қыз аттанарға таянған уақытта, яғни той басталып, арқан тарту, жамбы ату, қыз қуу, палуан күрес, ат бәйгесі аяқталған соң орындалады. Оны белгілі этнограф Х. Арғынбаев былай сипаттайды: «Ат бәйгесі аяқта лар алдында (Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарында) күйеу отаудан шығып кетеді де, қалыңдықтың жанында қызкеліншектер қалады. Бәйге бітісімен жас жігіттер жиналып келіп, отауды қоршай тұра қалып, түндігін сыпырып алып, көкпар қып тарту әдеті болған. Бұған үйдегі қыз-келіншектер сойыл, қамшы, айбалталармен қаруланып, түндікті қорғауға шығады. Ақыр аяғында, күйеу атынан «түндік тарту» кәдесін беріп, жігіттерді риза етеді де, олар жайына кетеді. Бұдан кейін отау алдына жар-жар айтатын жігіттер жиналады...»13,— 12 Байтұрсынов А. Шығармалары. —Алматы, 1989. —252-б. 13 Арғынбаев Х. Қазақ халқындағы семья мен неке. —Алматы, 1984. —212-б.
үйлену ғұрып фольклоры дейді. Көріп отырғанымыздай, тойда атқарылатын рәсімдердің бұлжымайтын реті мен тәртібі бар және ол қатаң сақталуы керек. Ат бәйгесінен кейінгі түндік тарту әдеті ертедегі ас беру салтындағы бәйгеден соңғы жұрттың қаралы үйді сабалап, найза сындыру ғұрпын еске түсіреді14. Жар-жар түндік тарту ойынының жалғасы, былайша айтқанда, қыз ұзату тойында бастан-аяқ көрініс беретін екі рудың немесе қыздар жағы мен жігіттер жағының арасындағы тартыстың соңғы нүктесі іспеттес. Сондықтан жар-жар да екі жақтың айтысынан бас талады. Бірақ жар-жарда екі жақтың тайталасынан гөрі қыз дың мұңын тыңдап, жұбату сарыны әлдеқайда басым. Оның соңының бір жақты жұбатуға ұласып кететіні де сондықтан. Жар-жардың екі топ арасындағы хордың кезекпе-кезек айтысы арқылы орындалуы рулық қоғамдағы өте көне ғұрыптық рәсім екендігін көрсетеді. Оның арғы тегі «қос ұйым» арасында болатын экзогамдық неке кезіндегі рулық топтардың тартысынан туған. Үйлену тойында болатын құдалар тартысы, қыз қуу, палуан күрес пен ат жарыстарынан бастап, айтысқа дейінгі екі жақты тайталастың астарында да осы негіз жатыр. Мұндай тартыс наурыздағы қыс пен жаздың айтысы, бәдіктегі қыз-жігіттердің айтысы сияқты ғұрыптық фольклордың басқа жанрларында да бар. Ал үйлену ғұрпында бұл—құдалар арасы мен қыз-жігіттердің тайталасына көшкен. Рулар мен топтар арасындағы тартыс ежелгі рулық қоғамда барлық тайпаларда болған. Жар-жардың орындалу рәсімінде синкреттілік сипат айқын көрінеді. Жігіттер мен қыздардың жеке-жеке емес, топта лып, хормен өлең айтуы осы көне синкретизмнің белгісі. Көне заманда өлеңнің сөзінен гөрі, ғұрыптық мәні мен әрекетке, ырғаққа, музыкаға тереңірек мән берілген. Жар-жар мәтінінің жаттанды болып келетіні де сондықтан. Өлең ырғаққа, музыка әуеніне ілесе орындауға лайықтал ған. Соңындағы «жар-жар-ау», «үкі-ау», «сылқым-ай» деген сияқты қайталаулардың өзі осы ырғақтың ықпалынан туған. «Жар-жар» деген сияқты қайталаулар ырғақ екпінін нықтап, бекіте түседі. Келе-келе өлең сөзі түрленіп, көркемдік сипат салмақтанып, авторлық бояулар қосылып, әрлене түседі де, ғұрыптық мән әлсірей бастайды. Лиризм үстемдік алады. 14 Симаков Г.Н. Общественные функции киргизских народных развлечений в конце XІX—начале XX вв. —Л., 1984. —С.141-145.
ғұрыптық фольклор
Жігіттер:
—Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар,
Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар.
Әкем-ай деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар.
Әкең үшін қайын атаң онда болар, жар-жар.
Қыздар:
—Жазғытұры ақша қар жаумақ қайда, жар-жар,
Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар.
Азар жақсы болса да қайын атам, жар-жар,
Айналайын әкемдей болмақ қайда, жар-жар15,—
деп келетін өлең жолдары өзінің көнелік сипатын айқынырақ
көрсетеді. Оның бір белгісі кезектесіп, хормен айтылу мәнері
болса, екіншіден, қайымдасып келетін қара өлең түріндегі
өлең өрнегі де көне. Сондай-ақ, А.Н.Веселовскийдің айтуын-
ша, жырдағы көне сипаттың бірі ондағы үнемі қайталанып
келетін қайырмалардың, сөздер мен сөз тіркестердің тұрақты
болатындығы16. Бұл—ежелгі көне синкретизмнен қалған фор-
мулалар. Ғұрыптық лирика хордан, биден алшақтап, жеке
жанр ретінде отау тіккенімен, ондағы синкретизм үрдісінен
қалған қайталаулар ұзақ сақталады. Оны наным-сенімге байла-
нысты фольклор мен маусымдық жырлардан да айқын көруге
болады. Тіпті, ол сипат эпостық жанрлар табиғатында да бар.
Қолжазба қорындағы материалдар ішінде жыр ағымымен
жыраулық үлгіде айтылатын көп тармақты жар-жар үлгілері
де мол кездеседі, бұл да көне жыр үлгісі болғанымен, ол—хор-
мен емес, жеке адамның айтуына лайық түр. Оны қыз бен жігіт
жеке орындаған кездерде пайдаланған болу керек. Оның үстіне
бұл өлең түрі көп жағдайда жар-жардың жеке айтатын соңғы
шумақтарында кездеседі. Мұндай түрдің тууына өлең-жырдың
ғұрыптық негізден ірге ажыратып, көркемдік сипатқа ие бо-
луымен, ғұрыптық жырдың жаттанды мәтінін жеке авторлар
өздерінше өзгертіңкіреп, ғұрыптық орындаудың қалыптасқан
тәртібін бұзып, жеке орындауға қарай бет бұруы негіз бола
тындай.
Ал жар-жардың мазмұнындағы мұң-зарға келетін болсақ,
ата-анасының оң жағынан ұзатылып бара жатқан қыздың
ешқайсысы да оған қуаныш білдіре алмайтын. Өзі қалап сүйген
15 Тал бесіктен жер бесікке дейін. —Алматы, 1996. —71-б.
16 Веселовский А.Н. Историческая поэтика. —М., 1989. —С.76.
үйлену ғұрып фольклоры
жарына қосылған бақытты қыздың өзі де қуанышын жасырып,
дәстүрлі «жар-жар» мен «сыңсуын» айтып, жылап аттанатын.
Өйткені қоғамның ұстанымы солай. Біріншіден, оң жақтағы
балалық бал дәуренмен қоштасудың өзі аса мұңды дүние.
Екіншіден, баратын жат жұрт ұзатылатын қыз үшін мүлде
басқа жұмбақ әлем, тосын орта, бейтаныс адамдар оны қалай
қарсы алары белгісіз, міне, жар-жар мәтінінің бүкіл мазмұн-
мәні осы ахуалды жырға қосады. Мұндайда жыламау қыздың
өзіне, ата-анасына, қала берді, бүкіл елге сын.
Сыңсу. Жат жұртқа ұзатылып бара жатқан қыздың ата-
анасымен, ел-жұртымен, құрбы-құрдасымен қоштасу салты
барлық елдерде бар. Қыз ұзату тойында айтылатын мұндай
өлеңді қазақ арасында «қыздың қоштасуы», «қоштасу», «та-
нысу», «қыздың жылауы», «қыздың көрісуі», «сыңсыма»,
«сыңсу» деп алуан түрлі атап келген. Қазақ фольклорында оны
жеке жанрлық түр ретінде жіктеп, алғаш тексеру жасаған—
М.Әуезов. Ол «Әдебиет тарихы» еңбегінде оны «Қоштасу-таны
су» деп атаса17, С.Сейфуллин «Сыңсыма» деп айдар таққан18.
Дегенмен, соңғы кездегі жинақтар мен зерттеу еңбектерде
«сыңсу» термині жиі қолданылып, тұрақтанып қалған сыңайы
бар. Белгілі ғалым Б.Уахатов та өзінің монографиялық еңбегін
де осы терминді қолданып, зерттеу жүргізген. «Сыңсу,—дейді
ол,—ұзатылатын қыздың туып-өскен жерімен, ауыл-аймақ,
ағайын-туыстарымен, ата-ана, апа-жеңгелерімен, қала берді,
құрбы-құрдастарымен арыздасып, қоштасып, танысуы»19.
Қыздың бұлайша қоштасу рәсімі бір сәттік жағдай емес,
біраз уақытқа созылады. Қалыңмалы төленіп, күйеу жігіт
ұрын келіп, екі жақтың уағдаластығы орындалған кезде қыз
ауылындағы ұзату тойының соңында, кейде сәл бұрынырақ
қызды аттандыруға даярлайды. Бұл кезде қызды ауылдаста-
ры, жақын-жуық ағайыны кезекпе-кезек шақырып, соңғы са
парға шығарып салуға қам жасайды. Осы уақытта қыз ауыл
ды жағалай аралап, үйді-үйге кіріп, жақын-туыстарымен
«танысады». «Танысу» терминінің «сыңсу», «қоштасумен»
бірге қолданылатыны да сондықтан. Әр үйге барған сайын қыз
сыңсып жылап, мұңын шағады, өз кезегінде оған жұбату ай-
тылады. А.Левшиннің жазуына қарағанда, мұндай қоштасу
17 Әуезов М. Аталған еңбек. —51-52-бб.
18 Сейфуллин С. Шығармалар: 6-томдық. —Алматы, 1964. —6-т. —98-б.
19 Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. —Алматы, 1974. —197-б.
ғұрыптық фольклор кезінде қызды қалы кілемге салып, алып жүретін көрінеді20. Міне, осы кезеңде қыз үй сыртынан дауыс салып, өз мұңын шағып, өлеңдете жылап келеді. Оған туысқандары жұбату айтады. Ежелгі дәстүр бойынша, қыздың қоштасу-танысу кезінде ағайынның үйіне сырттан дауыс айтып, жылап келуі— қаза кезіндегі ежелгі үйге «ой, бауырымдап» келетін салтты елестетеді. Сыңсуды аза жырларымен туыстыра көрсететін сипаттар бір бұл ғана емес. Қыздың туысқандарымен көрісіп, қоштасу салты да аза жырларымен төркіндес. Сыңсудың орындалу рәсімі ғана емес, мазмұны мен сазы да жоқтаумен өзектес. Мұның барлығы сыңсудың шығу тегінің рәсімдік жылаудан (ритуальный плач) бастау алатындығын дәлелдей түседі. Яғни ежелгі дәуірде қыздың ұзатылуын өлім рәсімімен теңдестіре қарап, бір елден екінші елге, бір ортадан екінші ортаға, бір әлеуметтік топтан екінші әлеуметтік топқа (оң жақтағы қыз дәуреннен—келіншек мәртебесіне өту) өтуді «өтпелі ғұрып» рәсімімен атап өткен. Сондықтан дәстүрлі салт бойынша, қыз «сыңсу» айтып, рәсімдік жылау жоралғысын жасайтын болған. Оған қызды алдын ала даярлап, ел ішінде дәстүрге айналған тәртіппен аттандырады. Сыңсудың арты ойын-сауыққа ұласады. Ұзатылатын қыз ға кілем-кілшеден бастап, түрлі білезік, сырға, асыл бұйым сияқты сый беріледі. Мұның бәрі қыз жасауына қосылады. Міне, осындай ел аралау кезінде қыз өзінің аттанар сәтінде айтатын сыңсуына негіз қалайды. Өйткені сыңсуды көп жағ дайда қыздар өз жанынан шығарып айтады немесе оны алдын ала дайындайды. Өзі ұзатыларға дейін көрген сый-сияпат, қадір-құрмет, сыйластық қарым-қатынастар, тіпті, реніштер де сыңсудың өзегін құрайды. Сыңсудың шарықтау шегі қызды үйінен аттандырар сәтте болады. Некесі қиылып, батасы оқылған соң туысқандары қыз ды жолға әзірлейді. Оның тақиясынан бастап шешіп алып, жа ңа киім кигізеді. Отау жығылып, қыздың жасауы теңделіп де гендей қауырт шаруалар істеледі. Қыз мінетін ат әбзелденіп, көлденең тартылады. Қызды үйден шығарудың, атқа мінгізудің өз рәсімдері бар. Мәселен, киім кигізерде қыз тақиясын шеш пей: «Тақиямды алмашы, басыма шәлі салмашы»,—деп, онымен жылап қоштасады. Үйден шығарда босағадан ұстап, бүгіліп: 20 Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацских орд и степей. —Алматы, 1996. —С. 337.
үйлену ғұрып фольклоры
—Есіктің алды ошаған,
Ұстатпайды қашаған.
Жыл айналып келгенше,
Қош болып тұр, босағам21,—
деп сыңсиды. Атқа мінерде:
—Есіктің алды ақ қайың,
Ерттеп қойған аттарың.
Ерттеп бір қойған аттарың
Көлденең әкеп тартқанын22,—
деп өлеңдетеді. Одан әрі қыз әкесімен:
—Ақ торғынның қиығы-ай,
Жақсы адамның зиыны-ай.
Айналайын, әкем-ау,
Айырылысудың қиыны-ай.
Есіктің алды—дөңесім,
Таусылмас ақыл кеңесің.
Еркелеткен, әкем-ау,
Жат елге қайтып бересің?23—
деп егіле жыласа, одан соң:
—Қияйын қайтып апамды,
Өсірген тартып жапамды.
Жат елге кетіп барамын
Апам-ай, берші батаңды.
Апам-ай, апам, дегізген,
Бал беріп, қаймақ жегізген.
Ақтамай кетіп барамын
Ақ сүтін иіп емізген24,—
деп, шешесімен көрісіп, сыңси жылайды. Осылайша рет-реті
мен қыз ағасына, бауырына (інісіне), жеңгелеріне жеке-жеке
арнап, өлең айтады. Оларды кезек-кезек құшақтап тұрып, жы-
лай, жырлап айтады. Мұны «көрісу» деп те айтады. Мұндайда
21 Тал бесіктен жер бесікке дейін. —Алматы, 1996. —97-б.
22 Сонда. —101-б.
23 Сонда. —99-б.
24 Сонда. —100-б.
ғұрыптық фольклор
аракідік: «...Атасы басқа жау жеңге, отауға салып тыңдапты»
деген сияқты өкпе-наздар сыңсу ішінде аралас жүреді. Ал өз
кезегінде екіншілері де қызға жырлап жауап беріп, қызды
жұбатады.
Сыңсудың басты қызметі қыздың елімен, жерімен қошта
суы болғанмен, қыз осы тұста өзінің балалық бал дәуренімен де
қоштасады. Бұл—қыздың тақиясымен қоштасуы (тақияның
орнына сәукеле, кимешек киіп немесе жаулық жабылады),
төрімен, ақ босағасымен, маңдайшасымен қоштасудан көрі
неді. Тақия—қыз дәуреннің символы болса, төр мен босаға—
туған үйдің символы.
Сыңсу—той жырларының ішіндегі лирикалық толғаныс
тарға бай, аса бір көркемдерінің бірі. Оның ішкі мазмұны қайғы-
мұңға, толғаныс пен шерге толы болғанмен де, соңы әрқашан
оптимистік сарынмен аяқталып отырады. Ондай оптимистік
көңіл-күй халықтың салт-дәстүрін бұзбау, ата салтына бой
ұсыну сияқты дәстүрлі дүниетаным арнасымен сабақтас туын-
дайды. Және оның барлығы жалаң дидактикамен, ақылгөйлік
моральмен айтылмайды, көркем өрнектеліп келеді.
Қарағай ерге қас болмас,
Қыз бала елге бас болмас.
Өз үйіңнен кеткен соң,
Бал жесең де, ас болмас25,—
деген төрт жолдың астарында дәстүрлі дүниетаным мен
ұстанымның халық поэзиясына айналған көркем үлгісі
жатқандай. Қыз аузымен айтылатын өлең шумақтары тұр
мыстық өрнектерге, ұлттық нақыштарға аса бай. «Шашыма
таққан шаш теңге», «Жылқыда бар ту құйрық», «Былғары
тоқым бүкпелі, мен ағама өкпелі», «Қарадан қамзол пішіңдер,
жібектен арқан есіңдер», «Буынғаным беліме кісе ме еді»,
«Неге өсті екен қыз сорлы сылауменен, тал шыбықтай аш белін
қынауменен», «Бір бешпетім бар еді дүриядан» т.т. толып
жатқан мұндай этнографиялық детальдар жай ғана ұйқас үшін
алынған тіркестер емес. Олар келесі жолдармен іштей ұштаса
келіп, нәзік емеурін, астарлы ойға жетелейді. Жалпы, сыңсу—
астарлы ойға, мағынаны емеурінмен, символмен беруге бейім
форма. Ондағы кейбір символдар мен психологиялық парал-
25 Сонда. —87-б.
үйлену ғұрып фольклоры
лелизмдер, метафоралар мен теңеулер сыры бүгінгі оқырманға
тосындау көрінуі де мүмкін. Ал тереңірек үңіліп қарасақ, олар
дың тегінде ежелгі көне дүниетаным мен әдет-ғұрып, салт-сана
ның ізі жатқанын байқауға болады.
Өлең құрылысы жағынан сыңсу көп жағдайда төрт тар
мақты, он-он бір буынды қара өлең үлгісімен келеді. Аракідік,
әсіресе жұбатуларда жыр ағымымен келетін жеті-сегіз буынды
шұбыртпалы шумақтар да кездеседі.
Жинақтап айтсақ, сыңсу—қыздың өз ауылынан аттанар
қарсаңында туған әке-шешесімен, туысқандарымен, балалық
шақпен, ел, жерімен қоштасу кезінде айтылатын үйлену ғұрып
жырларының бір түрі. Оның композициялық құрылымы қыз
дың жастық дәуреніне, елі мен жеріне, туысқандарына арнаған
қоштасуынан, қыз туысқандарының қызды жұбатуынан және
оған арнап айтылатын үгіт-насихатынан құралады. Мазмұны�
—қыздың жастық дәуренін, елін, жерін, туған-туысқандарын,
құрбы-құрдастарын, балалық бал дәурен шағын қимай, зарла-
на қоштасу мен оған айтылған жұбатудан тұрады.
Аушадияр. Аушадияр—қыз ұзату тойында айтылатын
жанрлық түрдің бірі. Бұл жыр жөнінде ертеректе жарық
көрген зерттеу еңбектерде мағлұмат жоқ. Соған қарағанда, ол
Қазақстанның белгілі аймақтарында ғана айтылып, кейіннен
ұмытылып кеткен жанрлық түр сияқты. Оның аты да, мазмұны
да бұл түрдің ислам діні орныққаннан кейінгі кезде шыққанын
айғақтап тұр.
Жарияланған мәтіндер мен мағлұмат берген адамдар пікірі
не және өлең мазмұнына қарағанда, аушадиярдың үйлену сал-
ты кезінде айтылатындығы күмән туғыза қоймайтын сияқты.
...Аушадияр—екі де,
Орман—жердің көркі де.
Бірін-бірі ұнатқан—
Қыз-жігіттің көркі де26,—
деп жалғаса беретін өлең жолдарында ғашықтық пен жас
тарға үлгі-өнеге беру сарыны толастамайды. Сондықтан
У.Қыдырхановтың аушадиярдың айтылу мерзімі жөніндегі:
«...той үстінде, онда да, жоралғылардың бәрі аяқталып, жұрт
құлағы босап қалғанда, қыз аттанар әредікте айтылады. Айту-
26 Сонда. —61-б.
ғұрыптық фольклор
шы анау-мынау емес, жұрт тыңдайтын танымал ақын, ақылгөй
адам»27,—деген пікіріне толық қосылуға болады.
Аушадиярдың негізгі қызметі—қыз ұзатылатын кезде оған
арнап айтылатын ғибраттық мазмұнында болса керек. Бұл
жағынан ол үйлену салты кезінде айтылатын жар-жар, сыңсу,
беташар сияқты жанрлық түрлермен мағыналық жағынан
қабысып келеді.
Аушадиярда әлдеқандай рәсімге байланысты айтылатын
ғұрыптық сипаттан гөрі ұзатылатын қызға ғибрат айтудан
туған дидактикалық сарын әлдеқайда басым. Жалпы, санама-
лап отырып, тақпақтата насихат айту—халық өлеңдерінде жиі
кездесетін түр.
Санамалап айтылатын өлеңдердің барлығы дерлік дидак
тикалық сарынға, қалыптасқан халықтық ұстанымдарды са-
намалап айтуға құрылады. Аушадиярдың да арқауы осы—
санамалап айту. Бірақ әрбір сан «аушадияр» сөзімен басталып,
бір шумақпен түйінделеді.
…Аушадияр—түк емес,
Жүзге шөкім сан екен.
Қаласаңыз, хан ием,
Құлағыңды сала гөр,
Саусақ бүгіп, ой салып,
Керегіңді ала бер.
Жеткізіп жүзге жырласам,
Бір жасап мына қалады ел28,—
деген өлең жолдарына қарағанда аушадиярды жүзге дейін
жеткізе санамалап айтқан көрінеді. Бірақ бізге жеткен өлең
дерде жиырма беске дейін санамаланған үлгілер кездеседі.
Мазмұн жағынан алғанда аушадияр:
Аушадияр—сегіз де,
Су аяғы—теңіз-ді.
Ата-анадан аяма,
Жақсылықты ең ізгі29,—
деген сияқты нақыл түріндегі тақпақтау түрінде келеді. Де-
генмен, санамалап келетін өлең жолдарының барлығы бірдей
нақылға бергісіз халық жырларының озық үлгісі деуге кел
27 Сонда. —61-б.
28 Тал бесіктен жер бесікке дейін. —Алматы, 1996. —68-б.
29 Сонда. —68-б.
үйлену ғұрып фольклоры
мейді. Олардың ішінде, әйтеуір, ұйқас үшін алынған қарабайыр
шумақтар да жеткілікті. Сол сияқты аушадияр мәтіндері де той
жырларының басқа түрлеріндегідей астарлы мағына, терең ой,
көркем желіге құрыла бермейді. Ой қысқа қайырылып, тақпақ
тақылеттес тұжырымдарға құрылады. Аушадияр үнемі қара
өлең түріндегі төрт тармақты өлең шумағымен өріле бермейді.
Олардың қатарында:
Аушадияр бір дейді,
Бұрыннан қалған жыр дейді.
Арық мал ауқат болмаған,
Семізін сатсаң, пұл дейді.
Мамыр туса, мал өсіп,
Жердің беті гүлдейді.
Ниеті қара, көр көңіл
Жақсылықты білмейді.
Барды жоқ деп жалтарса,
Көңіл содан кірлейді.
Оңбайтын туыс белгісі—
Бірін-бірі күндейді.
Көргенсіз келін белгісі—
Енесін «қақпас», «күң» дейді.
Ибалы қыздың белгісі—
Беталды сөйлеп, күлмейді.
Көргенсіз жастың белгісі—
Үлкенді көзге ілмейді.
Адасатын ақымақ
Ақылға айтқан кірмейді.
Адам болар қыз-жігіт
Қисық жолмен жүрмейді30, —
деген сияқты шұбырта жырлап, алыстан қайыратын терме тә
різдес шумақтар да кездеседі. Мұндай өлеңдер мазмұн-мәні
жағынан беташардағы дидактикалық сарынды еске салады.
Аушадияр—үйлену тойында айтылатын отбасылық ғұрып
фольклорының жанрлық түрі.
Беташар. Беташар—үйлену ғұрпының екінші кезеңі—
келін түсіру тойында орындалатын бірден-бір жанрлық түр.
Әрине, қыз ұзату тойындағы сияқты келін түсіру тойы кезінде
30 Сонда. —69-70-бб.
ғұрыптық фольклор
де атқарылатын ғұрыптар мен ырым-кәделер жетерлік. Мә
селен, келе жатқан келіннің алдынан арқан керу, атасының
үйіне әкеліп, отқа май құюдан бастап, жас келіншектің қолы
нан шай ішуге дейінгі ғұрыптық шаралардың барлығы ойын-
сауық, балуан күрес, ат бәйгесі, көкпар сияқты думанмен қоса
атқарылады. Солардың ішінде өлеңмен өрнектеліп, ұзақ жыр-
мен толғанып айтылатын ғұрыптық рәсім тек беташар ғана.
Ұзатылатын қызға арнайы тіккізген сәукеле кигізіп, шы
мылдық артына жасырады. Сонымен қоса, сәукеленің өн бойын
төгілте жабатын ақ желек болады. Ақ желек шымылдық жоқта
шымылдықтың рөлін атқарады.
Жалпы, әкесінің үйіндегі қыздың орны киіз үйдің оң жақ
тағы қадірлі орында болады. Келін боп түскен соң ол орны үйдің
сол жағына ауысады. Бұл жерде де келінді шымылдық арты-
на жасырудың немесе оның бетін желекпен жабудың үлкен
ғұрыптық мәні бар. Біріншіден, ол қызды әдеттегі тірліктен
бөлектеудің нышанын білдіреді, яғни ұзатылған қыз жаңа
әлеуметтік мәртебеге ие. Сондықтан оны бүкіл тұрпатымен
бөлектеп көрсету қажет. Екіншіден, бұл дүниеден бөлектенген
қыз—өте кірпияз, оны көз тию, тіл тию сияқты сыртқы әсерден
қорғау ләзім, үшіншіден, қыздың да сыртқы ортаға тигізер әсері
болуы мүмкін деген түсініктен туған рәсім. Қыздың желегі
«беташар» рәсімі аяқталғанша ашылмайды. Және ол желектің
өзін жалаңаш қолмен ашпайтын болған. Мәселен, ертеректегі
деректерге сүйенсек, бет ашуды желекті үкіленген қамшымен
немесе басына ақ шүберек байланған таяқпен, кейінгі кезде
домбыраның басымен ашады. Мұның барлығы жас келінді кие
(сакральды) тұтудан туындаған салт.
Беташарды кез келген адам айта бермейтін болған. Ертеде
беташарды арнаулы, өзінің жолы бар, той иесіне сыйлы адам
ашқан. Кейін оны ел ішінде ақындығымен, өнерімен танылған,
әдет-ғұрып, салт-санаға жетік жігіт ағасы атқарған. Беташарды
міндетті түрде жігіт айтады, мұның да өзіндік мәні болса керек.
Ахмет Байтұрсыновтың айтуынша, ертеректе беташар көбінесе
әндетілмей, тақпақтап айтылғанға ұқсайды31. Сондықтан оны
ғалым «өлеңді сөйлемдерге» жатқыза отырып, онда әннен гөрі
мазмұнға көбірек көңіл бөлінетіндігін ескертеді.
Беташардың мән-маңызы мен мақсат-мұраты жөнінде
М.Әуезов: «...Беташар өлеңінің не мақсаттан туып, не үшін
31 Байтұрсынов А. Аталған еңбек. —254-б.
үйлену ғұрып фольклоры
айтылатынын тексерсең, мұнда үлкен мағына бар екенін ай-
ыру қиын емес. Беташар—беті ашылған жастың бетін ашып,
өмір таныту, әрбір елдің өзі қолданған жол-жобасын түсіндіру.
Тәжірибесіз жас әйел жаңа өмірге кіріп, жаңа қауымның ор-
тасына келгенде, сол қауымның қадірлі, құрметті үлкендерін
тануға керек. Солардың әрқайсысының орнын білу керек.
Жаңа қауымның қадірлейтіні кім, ұлық тұтып, сыйлайтыны
кім, жаста еркелетіп аялайтыны кім, жас келіннің бұларды
топ алдында танып, біліп алуы қажет. Үлкендердің алдында
келіннің тәжім қылуы—сол жаңа шарттарға көндім, қабыл ал-
дым дегенінің белгісі.
Екінші үлкен мағына: беташарда қазақ елінің жаңа түскен
келінді келешекте ана болуға, қадірлі келін, үлгілі жеңге
болуға үйретеді. Бұл өлеңнен қазақ жұртының әйелге жал-
пы көзқарасы білінеді. Әйел—үй ішінің, ауылдың, ағайын
ортасының ұйытқысы. Солардың жарастығы, гүлі, берекесі.
Күйеудің—сүйеніші, тірегі. Дос тауып, туысқан құрып беретін
көмекшісі, досы. Өлеңде сол міндеттер толық айтылады»32,—
дейді. Шынында да, беташарда дәстүрлі қазақ қоғамының
келінге қойылатын ахлақты (моральдық) ұстанымдары жан-
жақты жырланады. Оны өлеңнің мазмұндық-композициялық
құрылымынан айқын аңғаруға болады.
Тұтастай алғанда, беташар мәтінін екі үлкен бөлімге бөлуге
болады. Оның алғашқысы—келінді жаңа түскен жұртқа,
сондай-ақ жаңа туысқандарын келінге тәптіштей таныстыру
болса, екіншісі—келінге «Айт, келін-ау, айт, келін» деп, оның
назарын аудара отырып, үгіт-насихат айту. Бұл жердегі «айт»
сөзі «әй, келін-ау, әй, келін» деген сияқты қаратпа мағынада
қолданылған. Өлеңнің осы құрылымын ескергендіктен бол-
са керек, С.Сейфуллин оларды «беташар» және «Айт келін»
деп екі тақырыпқа жіктейді33. Шынтуайтына келгенде, бұл
бір жырдың екі бөлігі ғана. Оны басқа зерттеушілер де тұтас
жанрлық түр ретінде таниды.
Композициялық жағынан алғанда, осындай екі мағыналық
арнада өріс ашатын беташар мәтінін іштей ұсақ тақырып
шаларға да жіктеуге болады. Оларды бет ашушының шабыт
шақырып, өзін мадақтауы, той жасаушыны мадақтау, келінді
сипаттау, күйеу жігіттің туысқандарын, ауыл-аймақ, жақын-
жуықты атап-атап таныстыру, келінге үгіт-насихат айту,
32 Әуезов М. Әдебиет тарихы. —Алматы, 1991. —52-53-бб.
33 Сейфуллин С. Аталған еңбек. —110-б.
ғұрыптық фольклор
бата беру деп саралауға болады. Дәстүрлі беташарлардың
барлығында, негізінен, осы құрылым сақталады. Мазмұндық
жағынан беташарлар бірегей болғанмен, тіл кестесі, өлең өрімі,
ұйқас үйлесімдері жағынан әр алуан болады. Өйткені оны ай-
тушылар өз талант қарымына қарай түрлендіріп жырлайды.
Бет ашушы ақын немесе жырау болса, өлеңнің көркемдігі де
жоғары, формалық жағынан да түрленіп келеді. Ел жадына
жағып, ауыздан-ауызға таралатыны да осы жырлар.
Беташарлардың барлығы да, ең алдымен, жиналған жұртқа
қаратылып айтылатын:
—Алқалаған әлеумет,
Жұрт жиылған бұқара!
Сөз сөйлемей, сабыр ет.
Беташарға біз келдік,
Атадан қалған бұл ғадет34.
немесе:
Келін-келін келіп тұр,
Келіп үйге еніп тұр.
Қайын жұрты халқына
Иіліп сәлем беріп тұр35,—
деген сияқты арнау өлеңнен басталады. Одан әрі қарай:
Қолыма алдым мен қамшы,
Басына жібек байлаған.
Ар жағында жібектің
Ақ жұмыртқа, сары уыз,
Ұядан шығып гүлденген,
Ұшамын деп қомданған,
Ата-анадан тәрбие,
Жақсылардан үлгі алған.
Жақсы атаның данасы,
Көргенді жердің баласы.
«Қарағым» деп өсірген,
Әке менен ананың
Алдында жалғыз шырағы,
34 Тал бесіктен жер бесікке дейін. —Алматы, 1996. —128-б.
35 Тал бесіктен жер бесікке дейін. —Алматы, 1996. —136-б.
үйлену ғұрып фольклоры
Бауыр еті боршасы,
Ақ ботадай ойнаған,
Қолындағы наршасы...36,—
деген сияқты келінді таныстыра отырып, мадақ айтылады.
Бірақ мұнда беті ашылып отырған келінге қатысты нақты си-
паттар болмайды. Тіпті, оның сұлулығын, көркін, мінезін
сипаттаған сәттің өзінде де, «Айырған алтын секілді, күміске
меңзес өзіңіз», «Тал шыбықтай бұралған», «Мойның піскен
алмадай», «Шашың жібек талмадай, бетің аппақ айнадай, етің
жұмсақ майдадай, қасың қиғаш қаламдай...» деген сияқты
халық әдебиетінде қалыпқа айналған жалпылама теңеулермен
сипатталады. Сондықтан беташар мәтінінде нақты портрет не-
месе дәлірек мінездеулер кездеспейді.
Дәстүрлі халық беташарларындағы тұрақты өлең жолдары
келінге жаңа түскен жұртын қайын атасы мен қайын енесінен
бастап таныстыру болып табылады. Бұл таныстырудың өзіндік
ғұрыптық мәні бар. Бет ашушы әр адамды атап таныстырған
сайын келін оған иіліп «сәлем ету» салтын жасайды. Бұл—
қазақ ғұрпында тек беташар кезінде ғана емес, күнделікті тір
лікте берік сақталуы тиіс ғұрып. Келін алғашқы таныстықтан
соң өзі иіліп сәлем беруге тиісті үлкен сыйлы адамдарды біліп,
оларды көрген жерде оң тізесін бүгіп, қолын қусыра сәлем етуі
қажет. Сондықтан беташар елдің ең сыйлы адамдарын, етжа
қын үлкен туыстарды таныстырудан басталады. Таныстыру ба-
рысында оның жақын-жуықтығын айта отырып, атақ-абыройы
мен бедел-даңқын қоса таныстырады.
Ордаға салса, олжа алған,
Омырауға салса, төске алған,
Онан да байлық өткен жоқ.
...Ана отырған атасы—
Қара бір жердің жотасы37,—
деп, оның бары мен байлығын айта келіп, келінге көрімдік
сұрайды.
Дегенмен, бұл таныстыруларда да нақты сол адамға қатыс
ты ерекше сипаттар аз болады. Әр өлеңде әртүрлі сөз өрнегімен
36 Сонда. —131-б.
37 Тал бесіктен жер бесікке дейін. —Алматы, 1996. —109-б.
ғұрыптық фольклор
келгенмен де, қайын ата, қайын енеден басталатын туыстарды
таныстырудың реті мен мазмұны біркелкі қалыпта болады. Сол
сияқты таныстырулардың ішінде:
Ана тұрған қайнағаң,
Жанған оттай жайнаған.
Ішпей-жемей байыған,
Етігін таспаменен қайыған...
Бес таба нанға тоймаған.
Үйде тұрса, тынышы жоқ,
Етігінің қонышы жоқ...38,—
деген сияқты әзіл-оспақ түрінде келетін өлең жолдары да аз
болмайды. Олардың ішінде қатігез бишікешке, сараң байға,
таз кісіге, дүниеқорға, өтірікші-суайтқа арналған сатиралық
түрдегі шумақтар да жиі кездеседі. Оның бір үлгісі мынадай:
Даладан отын тасыған
Орақпен бұтын қасыған.
Насыбай атып түкірген,
Аузы боқтай сасыған...
Қапы қалған ақылдан,
Бұрынғы өткен нақылдан
Дүниеқорға бір сәлем!39
Мұның өзі ғұрыптық фольклордың моральдық нормалар
шеңберінен шығып, ащы әжуаға, сатираға да бара алатындығын
көрсетеді. Жалпы, мұндай әжуалар рәсімдік күлкімен астасып
жатады. Онда келеке ететін қылықтың аталмыш адамда болма-
уы да мүмкін, бет ашушы күлкі туғызу мақсатында өзімен за-
мандас, құрдас немесе нағашы, жезде болып келетін адамдарды
әжуа найзасына іліп кетуі де кәдік. Мұндайда ашу шақырып,
жанжал шығаруға жол жоқ. Той үстіндегі ретімен айтылған
әзілге қалай да шыдау қажет.
Беташарды той жырының басқа жанрлық түрлерімен ерек
шелейтін басты сипат—оның орындалу мәнерінде. Ол келінді
жұртқа таныстыру және жаңа жұртты келінге таныстыру
мақсатын көздеп айтылады. Сондықтан оның мазмұндық құ
38 Сонда. —110-б.
39 Сейфуллин С. Шығармалар. —Алматы, 1964. —6-т. —124-б.
үйлену ғұрып фольклоры
рылымын үш-төрт жікке бөліп қарастыруға болады. Оның
біріншісі—келіннің келбетін сипаттау, екіншіден, келіннің
жаңа туыстарын санамалап таныстыру, үшінші—келінге өсиет
айту, төртіншіден, келінге бата беру. Оның түр ерекшелігі мен
көркемдік сипаты да осы мақсат үдесіне қарай қалыптасқан.
Алғашқы келінді сипаттау кезінде бет ашушы оның келбетін
ай мен күнге, жұлдызға балап, әсірелей мадақтайды. Бұл
орайда небір баламалар, теңеулер мен эпитеттер, айшықты сөз
қолданыстары көрініс береді. Бірақ оның бәрі фольклорлық
дәстүрлі айшықтаулар шеңберінен шықпайды. Келіннің ата-
енесін, қайнағалары мен қайындарын, абысындары мен қайын
сіңлілерін таныстырудан да осы сипаттарды көреміз. Тіпті,
олардың ішінде тұрақты формулаға айналып кеткен жолдар да
жеткілікті. Мәселен: «Анау бір тұрған атасы—қара бір жердің
жотасы», «Анау бір тұрған енесі—қара бір жердің кемесі», «Ана
тұрған қайнаға, қайнаға жүрер пайдаға» деген тіркестер барлық
беташарларда қайталанады. Немесе «айт келін-ау, айт келін»
деп басталатын тіркестер—дәстүрлі беташардың формулала-
ры. Мұның барлығы айналып келгенде, ғұрыптық фольклорға
тән заңдылық. Мұнда фольклордың поэтикалық әлемін ғұрып
тық дүниетаным анықтайды. Жалпы, фольклордағы адам
сипаты—сол қоғамдағы ұстанымдардың жиынтығы. Ондағы
келіннің, күйеу жігіттің, ата-ана, аға-жеңге, қайын, балдыз
деген сияқты әрбір адамның орны дәстүрлі дүниетаным бойын-
ша фольклорлық дәстүр шеңберінде алдын ала белгіленіп қой
ған. Жыршылар сол межеден аспайды. Ал там-тұмдап енетін
жаңалықтар дәстүр арнасын түбегейлі өзгерте алмайды.
Бұдан, әрине, беташарлардың барлығы бір қалыптағы
туындылар деуге келмейді. Беташарларға тән өзіндік басты
сипаттардың бірі ретінде ондағы сипаттаулардың, адам келбе
ті мен мінезін бейнелеуге байланысты көркемдік тәсілдердің
көбірек кездесетінін айтуға болады. Сонымен қоса, беташар-
да үгіт-насихат, дәстүрлі қоғамның ұстанымдарын, ахлахтық
(моральдық) қағидаларын тәптіштей түсіндіру басым. Оның
көркемдік сипаттары да осы арнадан өріс ашады.
Қалай дегенде де, беташар—той жырларының ішіндегі
мазмұндық жағынан ғибратты, өлең кестесі жағынан көркем
жанрлық түрлердің бірі.
Неке қияр. Қазақ жеріне ислам дінінің орнығуынан пай
да болған жанрлық түрдің бірі—неке қияр. Жалпы, отбасы
3-169
ғұрыптық фольклор
лық ғұрып фольклорында көне тәңірлік діннің өзегі берік
сақталғанмен де, өлең мәтіндерінде ислам дінінің әсері де мо-
лынан ұшырасады. Ол «бісмілла сөздің басы екен» деген сияқты
рәсім басталардағы «әлқиссадан» басталып, өлең өзегіне шым-
шымдап енгенін байқау қиын емес. Оның біраз көрінісін «Ау-
шадияр» жырынан байқасақ, жар-жар, сыңсу, беташар мә
тіндерінен де молынан кездестіреміз. Ал жоқтауларда оның
тамыры тереңірек бойлаған. Онда пайғамбардан қалған сүн
неттер таратыла айтылатын сәттер аз емес. Ал неке қияр болса,
тікелей ислам дінінің ғұрпынан туған жыр. Шариғатқа сәйкес
неке қию рәсімі бойынша, молда екі жасқа неке суын ішкізіп,
дұғасын оқып, некелерін бекіту үшін екі адамды куәлікке тар-
тады, бірақ куәлік сөзін өлеңдетіп айту шарт емес. Ал қазақ ара-
сында ол өлеңге айналған. Мұның өзі қазаққа «қара сөзден, өлең
оңай» екендігінен болса керек. Оны алғаш ғылыми айналысқа
түсіруші—А.Байтұрсынов: «Неке қияр сөз деп неке қияр кезде
екі арада жүретін екі куәнің—күйеу мен қыздың ырзалығын
сұраған уақытта айтатын сөздерін айтамыз. Бұл әнмен айтыл-
майды. Бірақ өлеңде ұйқасқан, дәйім бір қалыпта айтылады:
Куә—куә—куәдүрміз,
Куәлікке жүрәдүрміз.
Мұнда халық қасында,
Таңда хақ қасында
Екі кісі хаққа куәлік бередүрміз.
Пәленшеден жазған (әкесін айтады),
Пәленшеден туған (шешесін айтады)
Пәленше қызды (атын айтады),
Қалал жүптілікке қабыл көріп алдыңыз ба?—
дейді.
Қызға айтқанда да бәрін осы қалыпша айтып, аяғында
«пәленшеге жүпті болдыңыз ба?»40—дейді. Куәгерлердің өз
сөзін бұлайша өлеңдетіп айтуы мұсылманша неке кию рәсімінде
жоқ. Онда арнайы дұға оқылып, сұрақтарға қара сөзбен жауап
беріледі. Дегенмен, кезінде орнығып қалған ғұрыптық рәсімге
байланысты туған бір ауыз өлең болса да, жеке қарастырылып
келеді. Оны былайша жеке жанрлық түр ретінде қарауға негіз
беретін басты сипаты—оның белгілі ғұрыпқа байлаулы болып
келуінде. Бір ауыз өлең болса да, неке қию ғұрпы кезінде ол
40 Байтұрсынов А. Аталған еңбек. —254-б.
үйлену ғұрып фольклоры
міндетті түрде орындалады, сондықтан оны елемеуге болмайды.
Тұсаукесу жыры да осы тәріздес бірер шумақтан ғана тұрады.
Той жырының қатарында аталып жүрген өлеңнің тағы бірі—
тойтарқар. Ол жөнінде алғаш мағлұмат беруші Б.Уахатов:
«Тойтарқар қыз беріп, қыз алу салтының көп кәде, жора-жо
сықтары әбден аяқталып болған соң айтылады. Бірнеше тәу
лікке созылған тойдың ең соңғы күні қыз-келіншектер мен
жас желең бозбалалар жиналып келіп, ақырғы қоштасу кешін
өткізеді. ...Сол кезде ойын-сауықты басқарып жүрген ақын
жігіт тойтарқар әнін бастап, бұған өзгелер қосылады»41,—дей
келіп, бір шумақ өлең келтіреді:
—Оу, халайық, халайық!
Көп отырдық думанмен,
Үркер ауып кетіпті
Тойтарқарға салайық! 42
Өкінішке орай, осы бір шумақтан басқа ел ішінен өзге
өлең үлгілері табылмай келеді. Сірә, бұл жанрлық түр уақыт
тезіне шыдамай, жойылған болуы керек. Ал той соңында ха
лайықтың:
Қош бол, сәулем, көргенше,
Қайта айналып келгенше,—
деген сияқты қоштасу жырын айтып, тарқасатын сәттер
кездеседі, бірақ ол міндетті түрде орындалатын салтқа жат-
пайды. Яғни «тойтарқар» той соңында орындалатын міндетті
рәсім емес, оған қатысты тұрақты орындалатын шығармалар
да жоқ. Былайша айтқанда, жоғарыда келтірілген бір шумақ
өлең «тойтарқарды» жанрлық түр ретінде бөле-жара көрсетуге
жетімсіздеу деп білеміз.
Сонымен, той жырының ішкі жанрлық түрлері: тойбас
тар, жар-жар, сыңсу, аушадияр, беташар, неке қияр болып
бөлінеді. Олар тақырыптық-мазмұндық сипатымен, орында-
лу мәнерімен, ғұрыптық рәсімдерге қатысымен, өлең түрімен
бір-бірінен ерекшеленгенмен, тойдың әр кезеңінде айтылатын
біртұтас идеялық нысанымен бір жанрлық топ құрайды. Олар-
41 Уахатов Б. Аталған еңбек. —190-б.
42 Сонда.
ғұрыптық фольклор
ды бір арнаға біріктіретін алғашқы дәнекер—үйлену ғұрпымен
байланысып келетін қызметтік мақсат-мұраты. Олар тойдың
басталуынан бастап, тарқағанға дейінгі аралықтағы рәсімдерді
сөзбен өрнектеп, оның атқарылуына қызмет етеді. Әрине, той
жырлары тек осы практикалық міндеттерді атқару зәрулігінен
ғана тумаған. Бұл жырлар, ең алдымен, халықтың рухани
қажеттілігінің жемісі. Сондықтан оларда тек практикалық
қажеттілік, тұрмыстық мағына ғана емес, көркем өнерге тән
эстетикалық нәр де жоғары. Міне, осы екі сипаттың тоғысы
үйлену ғұрып фольклорының жанрлық табиғатын мазмұндық,
көркемдік ерекшеліктерін айқындайды.
Қыздың ұзатылуынан келін болып түскенге дейінгі өтпелі
ғұрыптардың әр кезеңін мазмұнына арқау еткен жанрлық
түрлердің композициялық құрылымы да, көркемдік болмыс-
бітімі де алуан түрлі. Солардың барлығына ортақ сипат ретін
де үйлену ғұрып фольклорында диалогқа құрылған, драма
лық сипаты басым. Соған орай үйлену ғұрып жырларының
басым көпшілігінің композициялық құрылымы, көбінесе,
күрделі болып келеді. Мәселен, сыңсу сияқты жанрлық түрлер
қыздың мұңын шағып, жылауы, ағайындардың жұбатуы,
қыздың қоштасуы сияқты бірнеше бөліктерден құралады.
Ондай мазмұнды күрделілікті тойбастардан да, жар-жар мен
беташардан да көреміз. Сонымен бірге үйлену ғұрып фоль-
клоры метафораларға, символдық қолданыстар мен эпитет,
теңеу сияқты көркемдік айшықтарға өте бай. Жалпы, той
жырларының ішінде ғұрыптық мәнінен жырақтап, көркем
фольклорға айнала бастаған шығармалар да көп. Оған оның
адамның ішкі мұңын шертетін лирикалық табиғаты себеп бол-
са керек.
Сөйтіп, үйлену ғұрып фольклоры—мазмұн-мәні бай, поэти
калық әлемі көркем, ғұрыптық лириканың арналы саласы.
Кенжехан Матыжанов,
филология ғылымдарының докторы
І. ЖАРАМАЗАН —Пайғамбар айтып өткен жарамазан, Оразаң қабыл болсын, байекежан! Мінгені Пайғамбардың есек деген, Қолында жұдырықтай кесек екен. Осы үйде бір көкем бар Құдай сүйген, Қайыры ол көкемнің жұртқа тиген. Меккеде бір ағаш бар басы қара, Құдайым ұғыл берсін қасы қара, Жатасың бауырыңа басып қана. Өтіпті бай Қарынбай малға тоймай, Отыз күн оразаға бір мал соймай. Меккеде бір ағаш бар басы күйген, Жайқалып жапырағы жерге тиген. Осында бір тәтем бар Құдай сүйген, Қайыры ол тәтемнің жұртқа тиген. Құртты беріп қуантпа, Құр сөзіңмен жұбатпа. Талқан берсең, алмаймын, Төгіп-шашып обалына қалмаймын. * * * —Айтамын жарамазан, жарамазан, Бәлеге дәл болады ертең азан. Маусымдық ғұрып фольклоры 1. 2.
ғұрыптық фольклор Отыз күн оразаға бір мал сойсаң, Алдыңнан шауып шығар ишан мазан. Айтамын жарамазан, жан алдияр, Пайғамбар алпыс екі, төрт шадияр. Кей жаман оразаны жек көреді, Атасы оразаның Мамадияр. Мінгені Пайғамбардың інген дейді, Інгенге екеуара мінген дейді. Інгенге екеуара мініп алып, Бейіштің ортасымен жүрген дейді. Мінгені Пайғамбардың мәмбіл қасқа, Шабады шамырқанып қара тасқа. Шапқанда шамырқанып қара тасқа, Болады қара тасың алты басқа. Мінгені Пайғамбардың есек дейді, Қолында жұдырықтай кесек дейді. Қылмысын бұл дүниеде жақпағанның, Барғанда ана жайда есептейді. * * * —Үйің-үйің үй екен, Үйдің көркі ши екен, Саба көркі бие екен. Сандық көркі түйе екен. Әшекейлеп сырлаған Ақ сарайдай үйі бар, Ақ бөкендей қойы бар, Қара сақал, керме иық, Қандай байдың үйі екен? Мұхаммед, үмбетіңе жарапазан! Адыр-адыр таулардан Айғыр мініп біз келдік... Ауыздығы бой бермей, Бай үйіне кез келдік. 3.
маусымдық ғұрып фольклоры
Бұдыр-бұдыр таулардан
Бұқа мініп біз келдік.
Мұрындығы бой бермей,
Бай үйіне кез келдік.
Кірсін дәулет, шықсын бейнет,
Айтамын, байлар, сізге жарапазан,
Молдалар ертең ерте айтар азан,
Айтқанға жарапазан қайыр берсең,
Барғанда ақыретке болмас жазаң.
Айтамын жарапазан қожақайлап.
Жылайды қожа-молда түбін ойлап,
Тірлікте қайыр-зекет бермеген жан,
Тұрады ақыретте тайдай тулап.
Айтамын жарапазан еліңізге,
Байлаңыз жақсы орамал белімізге,
...............................................*
Кетеміз мақтай-мақтай елімізге.
Айтқанмен жарапазан тойған бар ма,
Әдетін бұрынғының қойған бар ма?
Әдетін бұрынғының қойып кетіп,
Барғанда ақыретке оңған бар ма?
Айтамын, байлар, саған жарапазан,
Айыпқа бұйырмаңыз есіткен жан,
Айтамын үмітпенен жарапазан,
Кәнеки, мырзалығың енді маған?
Айтқанның жарапазан сауабы бар,
Берсең де, беремесең де не қамым бар.
Астымда мінген атым, шу жануар!
Айтамын жарапазан жапсарыңа,
Дарысын құт-береке бастарыңа,
.............................................**
Қонады кедей байғұс қастарыңа.
∗ Қолжазбада бір жол қалып қойған.
*∗ Қолжазбада бір жол қалып қойған.
ғұрыптық фольклор
Айтамын жарапазан үйіңізге,
Ұстаған үй айнала шиіңізге.
Қой берсең, қозы берсең көпсінбеймін,
Келіпсіз биылғы жыл күйіңізге.
Ақ үйің айға қарап орда болсын,
Жиылып ұлы-қызың молда болсын.
Алғанда жау жағадан, бөрі етектен,
Пайдасы молдалықтың сонда болсын.
Айтамын үйіңізге жарапазан,
Алып шық жылдамырақ, жеңешежан!
Келгенде қайыр-зекет бере алмасаң,
Жібермес ақыретке менің назам!
Жарапазан айтамын мақтап қана.
Тұсыңа жетіп келдік ақтап қана,
Тұсыңа келгенімде, жатқан байлар,
Күтіп ал, мейманыңды мықтап қана.
Мінгенім астымдағы жирен дейді,
Намазды бес уақыт үйрен дейді.
Намазды бес уақыт үйренбесең,
Шынжырлап дұзаққа сап сүйрер дейді.
Бай үйіне берекет,
Қаша берсін бәлекет,
Кірсін дәулет есіктен,
Шықсын бейнет тесіктен!
Жарапазан жарықтық,
Жақсы дейді есіткен.
Үйің-үйің үй екен,
Үйдің іші ши екен.
Саба көркі бие екен,
Сандық көркі түйе екен.
Қарағай найза қаптаған,
Басына темір саптаған,
Сабы сырмен сырлатқан,
Ұшы болат қырлатқан,
Жауға білек сайлатқан,
Белдеуге бедеу байлатқан,
маусымдық ғұрып фольклоры
Қайсы бір байдың үйі екен?!
Адыр-адыр таулардан
Айғыр мініп мен келдім.
Ауыздығы бой бермей,
Сіздің үйге кез келдім.
Бұжыр-бұжыр таулардан
Бұқа мініп мен келдім,
Мұрындығы бой бермей,
Сіздің үйге кез келдім.
Мінгені Пайғамбардың қара қасқа,
Жанында мүсір қылыш, бауы басқа.
Ашуланып шабады қара тасқа,
Қара тас қақ айырылар екі басқа.
Мінгені Пайғамбардың кер деймісің,
Аққаны кекілінен тер деймісің.
Оразаң былтыр кеткен биыл келді,
Бітірін жылдамырақ бермеймісің.
Ораза жыл он екі ай бір-ақ келер,
Баласын мұсылманның жинап келер.
Айтқанға жарапазан жылқы берсе,
Қарасат майданында пырақ берер.
Дегенге, жарапазан, жарапазан!
Келеді таудан құлап жарық қазан.
Белдеуден ұстап кемпір түзге отырар,
Алып шық жылдамырақ, жеңешежан!
Астымдағы тана-ды,
Жатайын деп барады.
Құдайдың күні еңкейіп,
Батайын деп барады.
Қасымдағы бала еді,
Қайтайын деп барады.
Ассалаумағалейкум, жатқан байлар!
Қоңыр қой, қора толып жатқан байлар!
ғұрыптық фольклор Ол қойды ел көшкенде кімің айдар? Өгізбен қоңыр шолақ құлың айдар. Ассалаумағалейкум, ақтан келдік, Ауылы арғын-найман жақтан келдік. Жарапазан айтумен үміт қылып, Балалардың азығы жоқтан келдік. Бәйбіше айтады: «Боқшадан жаулық бер» деп, Бай айтады: «Қорадан саулық бер» деп. Байдың берген саулығын өңгерелік, Бәйбішенің жаулығын тең бөлелік. Аяқ-табақ сылдырап, Құрт бергелі жатыр ма? Аузы-басы жылтырап, Май бергелі жатыр ма? Сары аяққа салып бер, Сары майға малып бер, Қыздар берме, өзің бер, Қыздың қолы сұғанақ, Жеп қойды ғой бағана-ақ... Шаңырағы осы үйдің шап-шақ қана, Осы үйдегі жеңешем аппақ қана. Сақылығын көрген соң ырза болып, Жеңешемді жүремін мақтап қана! Жарапазан айта келдім есігіңе, Қошқардай қос ұл берсін бесігіңе! Қошқардай қос ұл берсе бесігіңе, Жауға шауып, батыр болсын несібеңе. * * * —Ей, балалар, жатырмысың ұйықтап қана, Тұсыңа Қыдыр келді заттап қана. Тұсыңа Қыдыр келсе заттап қана, Күтіп ал Қыдырыңды мақтап қана. 4.
маусымдық ғұрып фольклоры
Ей, балалар, жатырмысың ұйқылы-ояу,
Қасыңа Қыдыр келді атты-жаяу.
Қасыңа Қыдыр келсе атты-жаяу,
Күтіп ал Қыдырыңды дедім-аяу.
Айтамын жарамазан ауылыңа,
Ауадан зарлап шыққан дауылыңа.
Жігіттер, ораза тұт, намаз оқы,
Пейіштің қолың жетер қауынына.
Айтқанмен жарамазан тоямыз ба,
Кәдесін бұрынғының қоямыз ба?
Қой берсең, қозы берсең жарасады,
Апарып ауызашарға соямыз ба?
Меккеде бір ағаш бар басы күйген,
Жайқалып жапырағы жерге тиген.
Осы үйде бір адам бар Құдай сүйген,
Сауабы ол адамның жұртқа тиген.
Барып ем ана үйге, лағын берді,
Баласы «бәсірем» деп жылап берді.
Баласы «бәсірем» деп жылаған соң,
Шешесі ақ сандықтан пұл әперді.
Ана ауылға барып ем, тайлақ берді,
Тайлағын ала жіпке байлап берді.
Сол үйдің шешесіне рахмет,
Асырып ана қырдан айдап берді.
Осы үйдің шаңырағы шап-шақ қана,
Жеңешем осы үйдегі аппақ қана.
Береді бізге орамал сақтап қана,
Барамыз біз ауылға мақтап қана.
Айтамын жарамазан ай батқанша,
Шайыңа қарамаймын қайнатқанша.
Біздерге берер болсаң сөлкебай бер,
Сорымды талқан беріп қайнатқанша.
ғұрыптық фольклор * * * —Айтамын жарамазан үйіңізге, Үйіңнің сыртындағы шиіңізге. Қой берсең, қозы берсең жарасады, Ай, ой, Мұхамбет, үмбетіңе жарамаздан. Әлейкумассалам, халық ағасы, Осы үйдің қалайыдан босағасы. Борлатқан босағасы бай баласы, Оразаң құтты болсын, отағасы! Айтқанмен жарамазан тоямыз ба, Кәдесін бұрығының қоямыз ба? Қой берсең, қозы берсең жарасады, Апарып ауызашарға соямыз ба? Айтамын жарамазан ойлай-ойлай, Қарынбай өткен екен малға тоймай. Отыз күн оразаға бір мал соймай, Бара жатыр, әне келіп бойлай алмай. Айтамын жарамазан аға-ау, жеңге, Жүн шығар қызыл-ала қырғауылға. Жеңеше, барың болса алып шықшы, Барайық жайнай тұрып мына ауылға. Барып ем анау үйге, тайлақ берді, Тайлағын ала жіпке байлап берді. Сабаздың баласына бәрекелді, Шығарып қорасынан айдап берді. Барып ем анау үйге, лақ берді, Баласы «бәсірем» деп жылап берді. Баласы «бәсірем» деп жылағасын, Шығарып қалтасынан пұл әперді. Меккеде бір ағаш бар басы қара, Жеңешем ұл туады қасы қара. Жеңешем ұл туғанда қасы қара, Барады «сүйінші» деп қайсы бала? 5.
маусымдық ғұрып фольклоры
Жеңешем осы үйдегі аппақ қана,
Өзіңе шаңырағы шап-шақ қана.
Қояды сақинасын сақтап қана,
Барамыз біз ауылға мақтап қана.
Меккеде бір ағаш бар басы күйген,
Жайқалып жапырағы жерге тиген.
Осы үйде бір адам бар Құдай сүйген,
Сауабы ол адамның жұртқа тиген.
Мінгені Пайғамбардың ала дейді,
Үстінде киген тоны сара дейді.
Жарықтық пайғамбарды көргенім жоқ,
Шықпаған сақал-мұрты бала дейді.
Мінгені Пайғамбардың боз ат дейді,
Ескі темір жолда жатып тозат дейді.
Қылмысы бұл дүниеге жаққан сабаз,
Барғанда ана жайда озат дейді.
Мінгені Пайғамбардың боз бие еді,
Болғанда ақырзаман жез киеді.
Бітірін оразаның бер тезірек,
Барғанда ана жайға тез тиеді.
Мінгені Пайғамбардың қарала-ды,
Қара ат қазығына оралады.
Қылмысы бұл дүниеге жақпаған құл,
Барғанда ана жайда саналады.
Жер асты жеті қабат зындан дейді,
Көпірі қияметтің қылдан дейді.
Қылмысы бұл дүниеге жаққан сабаз,
Несі бар жүгіріп өтпей бұдан дейді.
Мінгені Пайғамбардың қызыл үлек,
Қолында лайшының темір күрек.
Қылмысы бұл дүниеге жаққан сабаз
Тұрады ол дүниеде құстай түлеп.
ғұрыптық фольклор
Айтамын жарамазан ауылыңа,
Ауадай зарлап соққан дауылыңа.
Жігіттер, ораза тұт, оқы намаз,
Пейіштің қолың жетер қауынына.
Айтамын жарамазан жар басына,
Кірендер қауын артар арбасына.
Жігіттер ораза тұт, оқы намаз,
Пейіштің қолың жетер әр басына.
Ар жақта тозақ тұрар тұздай болып,
Бер жақта пейіш тұрар мұздай болып.
Оразаң былтыр кеткен, биыл келді,
Ұзатқан Қарқаралы қыздай болып.
Мінгені Пайғамбардың торы дейді,
Үстінде жалтыраған тоны дейді.
Қылмысы бұл дүниеге жақпағанның,
Барғанда ана жайға соры дейді.
Мінгені Пайғамбардың ақ атан-ды,
Әр жерде мұнша тұрсам таң атады.
Таң атқанның белгісі күн шығады,
Жеңешем Жәкемізді оятады.
Мінгені Пайғамбардың есек дейді,
Қолында жұдырықтай кесек дейді.
Қылмысы бұл дүниеде жақпағанның,
Барғанда ана жайда есептейді.
Мінгені Пайғамбардың торала-ды,
Торала қазығына оралады.
Қылмысы бұл дүниеде жақпағанның,
Барғанда ана жайда сор алады.
Айтамын жарамазан еліңізге,
Байлансын елу бота желіңізге.
Байланса елу бота желіңізге,
Кім келіп, кім кетпейді шеніңізге?
маусымдық ғұрып фольклоры * * * —Айтқанда жарамазан қоямыз ба, Кәдесін бұрынғының жоямыз ба? Кәдесін бұрынғының жойғанменен, Барғанда ана жайға оңамыз ба? Жарамазан айта келдік есігіңе, Елу бие байлансын желіңізге. Айтамыз жарамазан есігіңе, Қошқардай қос ұл берсін бесігіңе. Қошқардай ұл берсе бесігіңе, Кім келіп, кім кетпейді үйіңізге. Меккеде бір ағаш бар басы күйген, Жайқалып жапырағы жерге тиген. Өзге ағаш қураса да, қурамайды, Құдайдың сол ағашқа нұры тиген. Ақ тауық, қызыл тауық қырман шашар, Осы үйде бір жеңгем бар теңге шашар. Теңгесін шашпай-төкпей қолыма бер, Артымда қу балалар ала қашар. Ана ауылға барып едім, үйрек берді, Үйрегін түйрегішке түйреп берді. Мына ауылға барып едім, тайлақ берді, Тайлағын ала жіпке байлап берді. Ойпырмай, баласының пысығын-ай, Асырып алты қырдан айдап берді. Ахау айдай, өмір жайда-ай, Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан! Алып шық, алып шық, Сары табаққа салып шық. Сары табаққа симаса, Қалтаңызға салып шық. 4-169 6.
ғұрыптық фольклор Үй иесі: —Бөлшіл, бөлшіл, бөлшіл бөл, Бұрама темір, сым темір. Отқа салса, жанбасын, Суға салса, батпасын. Қораңыз толы мал болсын, Шараңыз толы май болсын. Ұлыңыздың мінгені Жорға-жорға тай болсын! Ұлыңыз атқа мінгенде, Көңіліңіз жай болсын. Құдай берген несібең, Тепкілесе кетпесін! * * * —Айтамын жарамазан үй иесі, Осы үйдің үйіндей болсын дүниесі. Осы үйдің үйіндей болса дүниесі, Күркіреп күлге шөгер нар түйесі. Ей, байлар, жатырмысың ұйықтап қана, Ей, байлар, жатырмысың пыр-пыр етіп. Ит жейді шанашыңды тыр-тыр етіп, Итіңді ертең тұра өлтірерсің, Қиюын тапсаң, келтірерсің. Осы үйдің төңірегі тайдың ізі, Дейді екен «тай берейін» байдың қызы. Десе де «тай берейін» байдың қызы, Сыбыр етіп қояды байдың өзі. Осы үйдің төңірегі қойдың ізі, Дейді екен «қой берейін» байдың қызы. Десе де «қой берейін» байдың қызы, Сыбыр етіп қояды байдың өзі. 7.
маусымдық ғұрып фольклоры
Осы үйдің шаңырағы шап-шақ қана,
Жеңешем ішінде аппақ қана.
Береді бізге орамал сақтап қана,
Кетеміз біз ауылға мақтап қана.
Осы үйдің төбесімен түтін шығар,
Орамал бізге берген бүтін шығар.
Орамал бізге берген бүтін шықса,
Артынан ақ теңгені түртіп шығар.
Айта-айта жарамазан дінім қатты,
Баласы дін мұсылман тұрса қайтті.
Баласы дін мұсылман орнынан түрегеліп,
Қолынан қолқайырын берсе қайтті.
Ағатаңды, ағатаңды,
Әр жерде мұнша жүрсе, таң атады.
Таң артынан күн шығады,
Жеңешемнің қалтасынан пұл шығады.
Айтқанмен жарамазан тоямыз ба,
Кәдесін бұрынғының қоямыз ба?
Кәдесін бұрынғының қойғанменен,
Ана жаққа барғанда оңамыз ба?
Ар жақта тозақ тұрар тұздай болып,
Бер жақта пейіш тұрар мұздай болып.
Оразаң былтыр кеткен, биыл келді,
Ұзатқан сәукелесі қыздай болып.
Айтамын жарамазан жар басына,
Кірендер қауын артар арбасына.
Отыз күн ораза тұт, оқы намаз,
Пейіштің қолың жетер алмасына.
Меккеде бір ағаш бар басын иген,
Жапырағы шайқалып жерге тиген.
Осы үйде бір адам бар Құдай сүйген,
Пайдасы көп оның жұртқа тиген.
ғұрыптық фольклор Ақ тауық, қара тауық қырман шашар, Осы үйде бір жеңешем бар тіллә шашар. Тілләсін төкпей-шашпай қолыма бер, Алдында қу балдар бар ала қашар. * * * —Айтамын жарамазан, отағасы, Осы үйдің қалайыдан босағасы. Оразаң былтыр кетіп, биыл келді, Оразаң құтты болсын, отағасы! Айтқанмен жарамазан тоямыз ба, Кәдесін бұрынғының қоямыз ба? Қой берсең, қозы берсең жарасады, Апарып ауызашарға соямыз ба? Мінгені Пайғамбардың есек дейді, Қолында жұдырықтай кесек дейді. Жігіттер намаз оқы, ораза тұт, Барғанда о дүниеге есептейді. Мінгені Пайғамбардың сиыр дейді, Сиырдың тұрған жері шиыр дейді. Жігіттер намаз оқы, ораза тұт, Барғанда ана жайға қиын дейді. Айтамын жарамазан ойлай-ойлай, Қарынбай кеткен екен малға тоймай. Қарынбай кетсе кетсін малға тоймай, Отыз күн оразаға бір мал соймай. Барып ем ана үйге, тайлақ берді, Тайлағын ала жіпке байлап берді. Ол үйдің кісісіне рахмет, Тайлағын алдыма сап айдап берді. Ақ тауық, қызыл тауық қырман шашар, Осы үйде бір жеңешем бар тіллә шашар. Тілләңді шашпай-төкпей қолыма бер, Артымда қу қыздар бар ала қашар. 8.
маусымдық ғұрып фольклоры Айтамын жарамазан үйіңізге, Үйіңіздің сыртындағы шиіңізге. Қой берсең, қозы берсең жарасады, Келіпсіз осы биыл күйіңізге. Айтамын жарамазан еліңізге, Байлансын елу бота желіңізге. Байланса елу бота желіңізге, Кім келіп, кім кетпейді шеніңізге. Айтамын жарамазан есігіңе, Қошқардай ұғыл берсін бесігіңе. Қошқардай ұғыл берсе бесігіңе, Құдайдың ол да берген несібі де. Ар жақта бір ағаш бар басы күйген, Жайқалып жапырағы жерге тиген. Осы үйде бір адам бар Құдай сүйген, Сауабы сол адамның жұртқа тиген. Айтамын жарамазан ай батқанша, Шайыңа қарамаймын қайнатқанша. Біздерге берер болсаң, орамал бер, Сорымды талқан беріп қайнатқанша. * * * —Ей, байлар, жатырмысың пыр-пыр етіп, Ит жеді шанашыңды тыр-тыр етіп. Ол итті ертең тура өлтірерсің, Қиюын шанашыңның келтірерсің. Мінгені Пайғамбардың есек дейді, Қолында жұдырықтай кесек дейді. Отыз күн ораза тұт, оқы намаз, Барғанда о дүниеде есептейді. Мінгені Пайғамбардың қодық дейді, Қолында жұдырықтай тобық дейді. Отыз күн ораза тұт, оқы намаз, Барғанда ана жайда қорлық дейді. 9.
ғұрыптық фольклор
Меккеде бір ағаш бар басы күйген,
Жайқалып жапырағы жерге тиген.
Осы үйде бір адам бар Құдай сүйген,
Сауабы ол адамның жұртқа тиген.
Барып ем ана үйге, лақ берді,
«Бермеймін» деп баласы жылап берді.
Сабаздың баласына рахмет,
Асырып ана қырдан айдап берді.
Айтқанмен жарамазан тоямыз ба,
Апарып ауызашарға соямыз ба?
Қой берсең, қошқар берсең, жарасады,
Ақ атады әр жерден, тұра берсем, таң атады.
Таң атқанның артынан күн шығады,
Осы үйдің шаңырағы шап-шақ қана.
Осы үйде бір жеңешем бар аппақ қана,
Барамыз біз ауылға мақтап қана.
Ақ тауық, қара тауық қырман шашар,
Тілләңді төкпей-шашпай қолыма бер,
Қасымда қу балдар бар, ала қашар.
Айтамын жарамазан есігіңе,
Қошқардай ұғыл берсін бесігіңе.
Қошқардай ұғыл берсе бесігіңе,
Кім келіп, кім кетпейді есігіңе.
Айтамын жарамазан жар басына,
Кірендер қауын артар арбасына.
Отыз күн ораза тұтпай,
Толтырар ақшасын дорбасына.
Ана үйге барып ем тайлақ берді,
Тайлағын ала жіпке байлап берді.
Сабаздың баласына рахмет,
Асырып ана қырдан айдап берді.
Айтамын жарамазан ай батқанша,
Шайыңа қарамаймын қайнатқанша.
маусымдық ғұрып фольклоры Жеңеше, берер болсаң, сөлкебай бер, Сорымды талқан беріп қайнатқанша. Ана жерде бір ағаш бар басы күйген, Жайқалып жапырағы жерге тиген. Осы үйде бір адам бар Құдай сүйген, Ол адамның сауабы жұртқа тиген. * * * —Айтамын жарамазан үйіңізге, Үйіңіздің сыртындағы шиіңізге. Қой берсең, қозы берсең жарасады, Апарып ауызашарға соямыз ба? Айтамын жарамазан ауылыңа, Ауадан сырлап соққан дауылыңа. Жігіттер, оқы намаз, ораза тұт, Отыз күн оразаның қабылына. Ой, жеңеше, күбі піссең, май аласың, Шаршасаң, піспегіңе таянасың. Біздерді ырза етіп жіберсеңіз, Барғанда пейіштен жай аласың. Осы үйде бір жеңешем бар, аппақ қана, Өзіңе шаңырағы шап-шақ қана. Жарамазан айтып бір келеді деп, Май менен құрт қояды сақтап қана. Ала ат, бұла ат, жеңешемді балалат, Қыз тумасын, ұл тусын бәрімізге қолқанат. Айтамын жарамазан есігіңе, Қошқардай бала берсін бесігіңе. Бізді разы етіп сіз жіберсеңіз, Мол дәулет бере берсін есігіңе. Айтқанмен жарамазан тоямыз ба, Кәдесін бұрынғының қоямыз ба? Қой берсең, қозы берсең жарасады, Апарып ауызашарға соямыз ба? 10.
ғұрыптық фольклор
Осы үйде бір жеңешем бар аппақ қана,
Киген киімі өзіне шап-шақ қана.
Пұл береді біздерге сақтап қана,
Біз ауылға барамыз мақтап қана.
Айтамын жарамазан үйіңізге,
Үйіңіздің сыртындағы шиіңізге.
Сізді мақтап жүрер ек, жүрген жерде,
Бес қойсаң біз сияқты қызыңызға.
* * * —Жарамазан айтамын, жар алдияр, Алпыс екі пайғамбар, төрт шадияр, Оны туған анасы Мамадияр. Жарамазан айтамын өзім келіп, Қайыр берсең қолыңнан түрегеліп, Қыл көпірден өтесің аттай желіп. Жарамазан айтамын есігіңе, Қошқардай қос ұл берсін бесігіңе, Ұл болса туады несібеңе. Осы үйдің шаңырағы шап-шақ қана, Осы жеңешем аппақ қана. Осы үйдегі жеңешем аппақ қана, Бізге орамал береді шап-шақ қана. Пайғамбардың мінгені ақ атан-ды, Әр жерде мұндай тұрсақ таң атады. Таң атқанның артынан күн шығады, Жеңешемнің қалтасынан пұл шығады. Бізге берген орамал қиық шығар, Сөлкебайға теңгені түйіп шығар. Ақсақ інген ботасыз зарлап барып, тасқа кірген, Қараса, ол жағы құз, бұл жағы құз, Үш күн жатып аштан өлген. Пайғамбардың мінгені қара қасқа, Қатуланып шабады қара тасқа. 11.
маусымдық ғұрып фольклоры
Қатуланып шапқанда қара тасқа,
Қара тас бөлінеді алты басқа.
Бір жақта пейіш тұрар мұздай болып,
Ар жақта тозақ тұрар тұздай болып.
Былтыр кеткен ораза, биыл келді,
Ұзатқан сәукелелі қыздай болып.
Ана жерде бір ағаш бар басы күйген,
Жапырағы жайқалып жерге тиген.
Осы үйде бір адам бар Құдай сүйген,
Ол адамның қайыры көпке тиген.
Е, байлар, жатырсың ба, пыр-пыр етіп,
Шанашты ит жеп жатыр тыр-тыр етіп.
Ол итті ертең ерте өлтірейік,
Шанашты қиюына келтірейік.
Осы үйдің төңірегі тайдың ізі,
«Тай беремін» дейді екен байдың қызы.
«Тай беремін» десе де байдың қызы,
Қол көтеріп қояды байдың өзі.
Е, байлар, жатырсың ба, ұйқылы-ояу?
Тұсыңа Қыдыр келді атты-жаяу.
Қыдырыңды күтпеймін деген-аяу,
Дұшпанның көтеніне кірсін сояу.
Жарамазан айтамын үйіңізге,
Үйіңіздегі ішіндегі шиіңізге.
Қошқардай қос ұл берсе, жарасады-ау,
Осы биыл келіпсіз күйіңізге.
Айтамын жарамазан, үй иесі,
Үйдей болсын үйіңіздің дүниесі.
Күркілеп күлдей шөксін нар түйесі,
Айтамын жарамазан жар басына,
Кірекеш қауын артар арбасына.
Жігіттер, намаз оқы, ораза тұт,
Пейіштің қолың жетер алмасына.
ғұрыптық фольклор Айтамын жарамазан ойлай-тойлай, Қарынбай өтіп кетті малға тоймай. Тоқтысын құрбандыққа бірін соймай, Қара жер тартып кетті бойлай-бойлай. Ана үйге барып ем, тайлақ берді, Тайлағын ала жіпке байлап берді, Төрінде әкесі жауап берді, Үйінен шықпай жатып жайрап берді. Мұхаммед, үмбетіңе жарамазан, Оразаң қабыл болсын, байеке жан. Ақ тауық, қызыл тауық қырман шашар-ей, Осы үйдегі жеңгем теңге шашар-ей. Теңгеңді шашпай-төкпей қолыма бер, Қасымда жолдасым бар, ала қашар-ей. * * * (Жарапазан айтқанда кейде бірі айтып, екіншісі қостау шы болады). Айтушы: —Байлар, жатырмысың ұйқылы-ояу, Тұсыңа Қыдыр келді атты-жаяу. Мұхаммед, үмбетіңе жарапазан. Қостаушы: —Жарапазан, жарапазан! Алла, Құдай, би рамазан! Айтушы: —Осы үйдің шаңырағы шап-шақ қана, Жеңешем ішіндегі аппақ қана. Береді бізге орамал сақтап қана, Біз барамыз үйімізге мақтап қана, Мұхаммед, үмбетіңе жарапазан! Қостаушы: —Жарапазан, жарапазан, Алла, Құдай, би рамазан! 12.
маусымдық ғұрып фольклоры Айтушы: —Қой ішінде екі қошқар теңеседі, Бай-бәйбіше екеуі кеңеседі. Бай айтар: «Саулық берсек, қайтер еді», Бәйбіше айтар: «Жаулық берсек, шығар еді», Мұхаммед, үмбетіңе жарапазан! Қостаушы: —Жарапазан, жарапазан! Алла, Құдай, би рамазан! Айтушы: —Жарапазан айтқанның сауабы бар, Отыз күн оразаға жауабы бар. Берсеңіз, бермесеңіз не қамым бар? Бозшұбар, астымдағы, шу, жануар. Мұхаммед, үмбетіңе жарапазан! Қостаушы: Жарапазан, жарапазан, Алла, Құдай, би рамазан! * * * —Диуана келер есіктен, Пәлекет шығар тесіктен. Жарапазан айта бардым есігіңе, Қошқардай қос ұл берсің бесігіңе. Осы үйдегі жеңешем аппақ қана, Шаңырағы шап-шақ қана. Осы үйден бір нәрсе берсе, Үйіме барар едім мақтап қана. * * * —Айтамын жарамазан жапсарыңа, Дарысын құт-береке бастарыңа! Қи қораз, қызыл қораз қырман шашар, Осы үйде бір жеңгей бар теңге шашар. Теңгеңді шашпай-ақ қой, қолыма бер, Қасымда жолдасым бар, ала қашар. 13. 14.
ғұрыптық фольклор Жарамазан Жайыққа, Орыс мінер қайыққа. Жарамазан айтқаным, Ақсақалдар, айып па? Жарамазан есіктен, Дәулет кірер тесіктен. Қос орамал алып шық, Жарамазан есіткен. Жарамазан айтамын, Айтамын да қайтамын. Алпыс болсын байталың, Жетпіс болсын құла атың. Құла атыңның біреуін Оразаға сұлатқын— Сонда шығар мырза атың. Айтамын жарамазан есігіңе, Ұл берсін ханышадай бесігіңе. Ұл берсе ханышадай бесігіңе, Туады ол да қарай несібіңе. Жарамазан айтайын ойлай-ойлай, Қарынбай өткен екен малға тоймай. Отыз күн оразаға бірін соймай, Қара жер тартқан екен бойлай-бойлай. * * * —Үйің, үйің үй екен, Үйдің көркі ши екен. Саба көркі бие екен, Ақ ордадай көрінген, Қай кісінің үйі екен? Ассалаумағалейкум, ақтан келдік Күн шығып, айы туған жақтан келдік. Біз айтсақ жарапазан—әдет-ғұрып, Пайғамбар жолын қуып атқа міндік. Бай, Мұхаммед, үмбетіңе жарапазан, Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан! 15.
маусымдық ғұрып фольклоры * * * —Айына берекет, қаша берсін бәлекет, Шықсын бейнет, кірсін дәулет. Қиын дейді қиянат, жақын дейді ақырет, Ақыретке барғанда, қыл көпірден таймай өт. Ассалаумағалейкум, Ақтан келдім, Күн шығып, айы туған жақтан келдім. Баймұхаммед, үмбетіңе ай рамазан, Жыл он екі айда бір келетін жарапазан. Ассалаумағалейкум, мәнтассалам, Алланың рахметі жүз мың ғалам. Үр-рәсіл Мұхаммед пайғамбарға жүз мың сәлем. Жарапазан айта келдік елімізге, Байлай көр парша орамал белімізге. Байласаң парша орамал белімізге, Барайық мақтай-мақтай елімізге. Баймұхаммед, үмбетіңе жарапазан, Біз келген он екі айда ораза-иман. Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан, Күтіп ал, мейманыңды, ей, мұсылман! Айтқанмен жарапазан тоямыз ба, Санатын бұрынғының қоямыз ба? Санатын бұрынғының қойып кетсек, Барғанда ақыретке оңамыз ба? Мінгені пайғамбардың жирен дейді, Намазды бес уақыт үйрен дейді. Намазды бес уақыт үйренбесең, Ақыретте темір істік түйрер дейді. Мінгені пайғамбардың теңбіл қасқа, Шабады шамырқанып қара тасқа. Шапқанда шамырқанып қара тасқа, Қара тас қақ айрылар басқа-басқа. 16.
ғұрыптық фольклор Ақ үйің, аппақ үйің, шатыр болсын, Ішінде балаларың батыр болсын! Алғанда жау жағадан, бөрі етектен, Балаңның батырлығы сонда болсын! Ақ үйің, аппақ үйің орда болсын, Ішінде балаларың молда болсын! Алғанда жау жағадан, бөрі етектен, Балаңның молдалығы сонда болсын! Ішінде осынау үйдің құрық жатыр, Жеңешем «не берем?» деп тұрып жатыр. Ішінде осынау үйдің оймақ жатыр, Жеңешем «не берем?» деп ойлап жатыр. Жаққаны осынау үйдің арша ма екен, Орамал бізге берген парша ма екен? Орамал бізге берген парша болса, Құдайым ақыретте қоршар ма екен? Пайғамбар жүз мың қамыстан кеме пішкен, Кемесін бір күн болмай тышқан тескен. Тышқанның ұстап алып, басын кескен, Көп жылқы көкалалы содан өскен. Мінгені пайғамбардың ала аяқ ат, Бар екен маңдайында танадай ақ. Ірімшік, май мен құртты жеп жүрміз ғой, Берсеңші, бес, он тиын санамай-ақ. * * * —Жарамазан айта келдім есігіңе, Қошқардай қос ұл берсін бесігіңе. Тағысын тағы берсін несібеңе, ............................................* Он екі айда бір келген оразадан, Оразаң қабыл болсын, байекежан. ∗ Қолжазбада бір жолы түсіп қалған. 17.
маусымдық ғұрып фольклоры О, байлар, жатырсың ба дара-дара, Ит жейді шапаныңды пара-пара. Ол итіңді ертеңгісін өлтірерсің, Қиығын шапаныңның өлтірерсің. Он екі айда бір келген оразажан, Оразаң қабыл болсын, байекежан. О, байлар, жатырсың ба ұйқылы-ояу, Тұсыңнан Қыдыр келді аттылы-жаяу. Қыдырды күтіп алсаң, есің баяу, Қыдырды күте алмасаң, қалдың жаяу. Он екі айда бір келген оразажан, Оразаң қабыл болсын байекежан! Жарамазан айта келдік жар басына, Орыстың таң қаларсың арбасына. Ағалар, ораза тұт, намаз оқы, Өлгенде қолың жетер бейіштің алмасына. Он екі айда бір келген ораза жан, Оразаң қабыл болсын, байекежан! * * * —Мінгені Пайғамбардың жирен дейді, Бес намаз шамаң келсе, үйрен дейді. Бес намаз шамаң келмей үйренбесең, Тіліңді темір істікпен түйрер дейді. Жарапазан, жарапазан, Мұхаммед, үмбетіңе жарапазан, Алла, Құдай, би рамазан! * * * —Әлейкум-ассалаума, жарамазан, Бір келген он екі айда, оразажан! Оразаң құтты болсын, байекежан, Мұхаммед, үмбетіңе жарамазан. Жарамазан айта келдік есігіңе, Қошқардай қос ұл берсін бесігіңе. Тағысын тағы берсін несібеңе, Мұхаммед, үмбетіңе жарамазан! 18. 19.
ғұрыптық фольклор
Бір келген он-екі айда оразажан,
Оразаң құтты болсын, байекежан.
Шаңырағы мынау үйдің шап-шақ қана,
Үйінде жеңешем отыр аппақ қана.
Береді орамалын сақтап қана,
Барамыз ауылына мақтап қана.
Мұхаммед, үмбетіңе жарамазан!
Мінгенім көш алдына шұбар тайым.
Құйрығын шұбар тайдың шұбалтайын,
Әй, жеңеше, берер болсаң, сақина бер,
Үйдегі қарындасымды қуантайын.
Мінгенім көш алдына құла дөнен,
Туласа құла дөнен, құлап өлем.
Бермесем қарындасым жарамазан,
Кетпеймін, «кет» десең де тұра берем.
Қарағым, айналайын, қарындасым,
Басыңнан бақ-дәреже арылмасын.
Ағасы осылай деп мақтағанда,
Бермей ме қарындасы сақинасын.
Мінгенің пайғамбардың жирен деймін,
Бес уақыт бес намаздан үйрен деймін.
Бес уақыт бес намазды үйренбесең,
Тіліңе темір істік түйрер деймін.
Мұхаммед, үмбетіңе жарамазан!
* * * —Айтамын жарамазан жар басына, Кірендер қауын артар арбасына. Жігіттер ораза тұт, оқы намаз, Пейіштің қолың жетер алмасына. Айтамын жарамазан ойлай-ойлай, Қарынбай өткен екен малға тоймай. Отыз күн оразаға бір мал сойып, Әлі кетіп бара жатыр бойлай-бойлай. 20.
маусымдық ғұрып фольклоры Айтамын жарамазан үй егесі, Осы үйдің үйдей болсын дүниесі, Күркіреп күлге шөксін нар шүйесі. Айтқанмен жарамазан тоямыз ба, Кәдесін бұрынғының қоямыз ба? Қой берсең, қозы берсең, жарасады, Апарып ауызашарға соямыз ба? * * * —Айтайын жарапазан жөніңізге, Байлай бер парша орамал белімізге. Байласаң парша орамал белімізге, Барамыз мақтай-мақтай елімізге. Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан, Меккеде, Мединеде тұрады азан. Мінгені Пайғамбардың ақ атан-ды, Әр үйде мұндай тұрсаң, таң атады. Бал үйдің ұлы қайда, қызы қайда? Кемпір-шал ыңыранып көп жатады. Осы үйдің шаңырағы шап-шақ қана, Осы үйде жеңешем бар аппақ қана. Жеңешем осы үйдегі мырза болса, Береді орамалын баптап қана. Мұхаммед айтты деген жарапазан, Меккеде, Мединеде тұрады азан. Ил-ла-лоу, әтір мазан, сайра мазан, Мұхаммед айтты деген жарапазан, Меккеде, Мәдинеде тұрады азан. * * * —Айтпастан жарамазан қоямыз ба, Кәдесін бұрынғының қоямыз ба? Кәдесін бұрынғының жойғанменен, Барғанда ана жайға оңамыз ба? 5-169 21. 22.
ғұрыптық фольклор Жарамазан айта келдік есігіңе, Елу бие байлансын желіңізге. Айтамыз жарамазан есігіңе, Қошқардай қос ұл берсін бесігіңе. Қошқардай қос ұл берсе бесігіңе, Кім келіп, кім кетпейді еліңізге? * * * —Меккеде бір ағаш бар басы күйген, Жайқалып жапырағы жерге тиген. Өзге ағаш қураса да, қурамайды, Құдайдың сол ағашқа нұры тиген. Ақ тауық, қызыл тауық қырман шашар, Осы үйде бір жеңгем бар теңге шашар. Теңгесін шашпай-төкпей қолыма бер, Артымда қыз балалар ала қашар. Ана ауылға барып едім,үйрек берді, Үйрегін түйрегішке түйреп берді. Мына ауылға барып едім, тайлақ берді, Тайлағын ала жіпке байлап берді. Ойпырмай, баласының пысығын-ай, Асырып алты қырдан айдап берді. Ахау, айдай, өмір жайда-ай! Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан, Алып шық, алып шық, Сары табаққа салып шық. Сары табаққа сыймаса, Қалтаңызға салып шық. Сосын үйден шыққан кісілерге жарамазан айтушы бата бе реді: Бөлшіл, бөлшіл, бөлшіл бөл, Бұрама темір, сым темір. Отқа салса, жанбасын, Суға салса, батпасын. 23.
маусымдық ғұрып фольклоры Қораңыз толы мал болсын, Шараңыз толы май болсын. Ұлыңыздың мінгені Жорға-жорға тай болсын. Ұлыңыз атқа мінгенде, Көңіліңіз жай болсын. Құдай берген несібең, Тепкілесе, кетпесін. * * * —Айтамын жарамазан ауылыңа, Ауадан зарлап соққан дауылына. Жігіттер, оқы намаз, ораза тұт, Пейіштің қолың жетер қауынына. Айтамын жарамазан жар басына, Кезінде қауын артар нар басына. Жігіттер, ораза тұт, оқы намаз, Пейіштің қолың жетер алмасына. Меккеде бір ағаш бар басы күйген, Жайқалып жапырағы жерге тиген. Осы үйде бір адам бар Құдай сүйген, Ол адамның сауабы жұртқа тиген. Айтамын жарамазан жайыменен, Алып шық екі нанды майыменен. Алып шықсаң екі нанды майыменен, Отырып жеп аламын жайыменен. * * * —Маң-маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан, Төрт аяғын тең басқан, Бура бассын үйіңді. Шыңғыр, шыңғыр кісінескен, Құлыншақтың атасы— Айғыр бассын үйіңді. 24. 25.
ғұрыптық фольклор
Желге қарап қаптаған,
Қошақанның атасы—
Қошқар бассын үйіңді.
* * *
Үйің, үйің, үй екен,
Үйдің көркі ши екен.
Саба көркі бие екен,
Сандық көркі түйе екен.
Әшекейлеп сырлатқан,
Ақ сарайдай үйі бар,
Ақ бөкендей қойы бар,
Қара сақал, керме иық
Қандай жанның үйі екен?
Бұлдыр-бұлдыр таулардан
Бұқа мініп біз келдік.
Кірсін дәулет есіктен,
Шықсын бейнет тесіктен.
Жарапазан, жарапазан,
Алла, Құдай, би рамазан!
Уа, жамағат, жамағат,
Ісің болсын қанағат.
Ниетіңе нұр жаусын,
Пейіліңе бақ жаусын.
Жамандық біткен божырап,
Жоламасын отыңа.
Тәңірі сені қолдасын,
Қасірет-қайғы болмасын,
Жамандық тілеп, өшіккен,
Ниеті жаман оңбасын!
Құран сөзі қолдасын,
Дұғасымен оңдасын.
Оразаңды қабыл ет,
Жарылқасын ақ ниет!
маусымдық ғұрып фольклоры ІІ. НАУРЫЗ ТОЙЫ —Кел балалар, ойнайық, Наурыз тойын тойлайық. Сәтті күнгі мереке, Қуанышты ойнайық. Бүгін той, Наурыз той. Жаңа жылдың басынан Күнтізбекті іліп қой. Ата-ана жүзіне Нұр толыпты үзіле. Кең даламда береке, Құс та келді тізіле. Көктем, көктем жаңбырын, Себелетіп тамдырдың. Жалаң аяқ, жалаң бас, «Жау жаңбыр» деп жаудырдым. * * * —Наурыз құтты болсын, Сауған сиырыңыз сүтті болсын. Наурыз естен шыққан келді, міне, Ендігі Наурыз құтты болсын. Пышақ түсіп қалады, қын болмаса, Тышқан өліп қалады, ін болмаса. Айналайын, Наурызым, Қазақ салты келді, міне, Өлең айтып кетейік тым болмаса. Шыназ ғана, Шыназ ғана, Айналмайды Шыназдың суы аз болса. Наурыз тойы келді тағы айтыңыз, Өлең айтып кетейін біраз ғана. Біле қойшы, біле қойшы, Торы төбел ат мініп желе қойшы. Наурыз тойым, айналайын, келді, міне, Атыңнан айналайын, келе қойшы. 1. 2.
ІІІ. ТОЙБАСТАР Сөйлейін, сөйле десең, «бисмилладан», Білмейді бісмілләсін кейбір надан. Әуелі «бісміллә» деп сөз сөйлесек, Періште қашып, шайтан ұшқындаған. Өтіпті бізден бұрын көп пайғамбар, О дағы, бісмілләсіз іс қылмаған. Алланың атқан оғы өткір дейді, Ілмелі қара мылтық сарыжадан. Қайырылып қаз мойның құлағың сал, Келеді қаптап өлең құбыладан. Өлеңді мен айтамын аптап-баптап, Кей адам айта алмайды қорғалақтап. Жүргенде аттаймыз деп сүрінерміз, Аяғым тайдырмағай Құдай сақтап. Сүйреткен жез бұйдасын құба үлектей. Келемін сөз сөйлейін деп қыңыржақтап. Әуелгі Алла адамды-ай, Тәрбия құрған бір Құдай. Он сегіз мың ғаламда-ай, Мұхит тілі кетіп аралас, Жақсы менен жамандай. Бір қызын Мұхамметтің Ғали алған, Той қылып сахабаның бәрі толған. Үйлену ғұрып фольклоры 1.
үйлену ғұрып фольклоры
Басыма әйелдігім білінді деп,
Фатима ер Ғалиға жылап барған.
Той болса қыздар байқұс жыламақтық—
Әуелде Фатимадан мирас қалған.
Көп болсын құрметтеп еткен тойың,
Жарасқан той қылғанға әрбір ойың.
Жарқырап туған айдай нұрың балқып,
Аққудай көлге қонған алма мойын.
Құрбы да болса сендей асылзатым,
Сұңқардай еді сенің қанағатың.
Үйінде ата-енеңнің шандозы едің,
Шықпаған ел ішіне жаман атың.
Құдайым сүйген құлын нақтылы етер,
Бұл дәурен кімнен келіп, кімнен де өтер.
Әрі бай, әрі сабыр аталарың,
Сұрасаң бабаларың одан бетер.
Бұл дәурен әлі-ақ өтер басыңыздан,
Халқыңды қадірледің жасыңыздан.
..................................................
..................................................*
Ажары ақ бетіңнің ай секілді,
Көңілі көргендердің жай секілді.
Шығасың кеш болғанда серуенге,
Ойнаған жабағымен тай секілді.
Алдымда көлбеңдеген сен кеткен соң,
Артыңда қалад құрбың қай секілді.
Өлеңді ал айт десең, Сағира қыз,
Жиналған құрметіңе жамиға қыз.
Бұл тойды жасады деп ренжімей, қуаныш ет,
Қайысат қайғылансаң қабырғамыз.
∗ Қолжазбада екі жол түсіп қалған.
ғұрыптық фольклор * * * —Әуелі той бастамақ бізге міндет, Міндеттен құтылалық болсақ үмбет. Тойында бибатшаның шашып шекер, Той қылмақ мұсылманға болса сүндет. Әр жерде мен той бастадым мұсылманға, Құдайым жәрдем бергей қысылғанға. Қыз бала отырмысың кетейін деп, Мойныңды шариғатқа ұсынғанға. Ауылдың қонған жері жылға, сағыз, Жылжытып қара өлеңді ырғасақ біз. Айтайын сөз насихат бес-алты ауыз, Әлеумет, салып құлақ тыңдасаңыз. Баласы ата ұлының жас та болсам, Ақылға тоқтала алмай аспа болсам, Болғанда ернім епті, тілім сүйір, Сені мен ерітермін тас та болсаң. Құрбыны құрбы күтер дегендей-ақ, Көңіліңді мен сұрармын қас та болсаң. Болғанда трубаң түзу, түтінің қисық, Айтады халқың сені мырза қыз деп. Дәулетке қолың жетіп, мырза болсаң, Ақ жүзің жоғарғы ердің жүйесіндей. Гауһардай екі көзің жарқыраған, Шашың бар жайған тордың пәнеріндей. Ақ бетің Орынбордың әйнегіндей, Баласы ат айылдың, асылзатым Тозбаған тұқымынан алтын зердей. Қолымнан қара лашын кетсе қағып, Ажарын рулы елдің кетіргендей. Аққудың қалам қылдым қауырсынынан, Асыл ер қарлығаштың бауырысынан. 2.
үйлену ғұрып фольклоры
Кәтепті кейін серіпкен қара нарым,
Айтсам да қара орманды ауырсынба!
Көзіңнің ағы менен қарасындай,
Сыбызғы, қара сырнай, қара қурай.
Он сегіз, жиырманың арасында
Бұлаңдап бір азырақ жүрдің талай.
Отырсың сенің өзің кетейін деп,
Қызына бір елдердің жетейін деп.
Қиырдың қылаңындай келдім салып,
Алдыңнан мақтауменен өтейін деп.
Қабырғам қыз да болса қайысады,
Қыз қылып жасады Алла нетейін деп.
Түймедей басың сұлу домаланған,
Жібектей шашың майда шұбаланған.
Қаламдай қасың қара қиылыңқы,
Мәткінің мәшкісіндей талдап алған.
Мөлдіреп екі көзің тұнжырайды,
Суреттей қойған жасап мәрмәрадан.
Айнадан екі бетің жарқырайды,
Айындай он бесінде қорғалаған.
Таудағы сен бір жатқан қызыл түлкі,
Ізіңе талай жандар қақпан құрған.
Құрбыдан артық туған бір бала едің,
Сен өзің құрбыларға болдың қорған.
Келгенде сізге кезек аузым толған,
Аузыңнан миуа ақса, күнде сорған.
Тобылғы, сасық қурай судың басы-ай,
Көрпенің келер сұлу екі қызы-ай.
Бір жапсар айтар өлең жұбатарым,
Адайдың жаңа өспірім бозбаласы-ай.
Жалт ойнап жауар жаңбыр рамадай,
Шашыңның түбі сайын бір-бір теңге,
Шашыңнан түседі алтын тарағанда-ай.
Шарт беріп құйысқаның кес үзіліп,
Қарайсың жалт-жұлт етіп қарағанда-ай.
ғұрыптық фольклор Құйрығы торыша аттың ерек-серек, Біздерге той бастарға шарап керек. Басыңда қызыл шарқат алтын дудай, Көзіме көрінесің ақша қудай. Самаурын шай қайнаттым шәугімменен, Астынан шәугімімнің күн көрінген. Үстіне атластан киіп көйлек, Етегін дөңгелентіп, белін бумай. Бір жаман малын беріп кетсе алып, Қайғылы көкірегің, көзің сулы-ай. Жұп етіп бірді-бірге Ақ жасаған, Сөйлеуге қызыл тіл мен жақ жасаған, Хауа ана Адам асын шақ жасаған. Бір қызын Пайғамбардың Ғали алып, Той қылып, ел шақырмақ содан қалған. Той қылып, ел шақырып қызық еткен, Атымтай, Жомарттан да қызық өткен. Бір қызы Пайғамбардың Батима зада, О дағы Арсыланға жылай кеткен. Сұрасаң менің атым Әли Қанат, ................................................ Осы жерде сіздің тойды естіген соң, Құс болып ұшып келдім байлап қанат. * * * Әуелі сөзді бастайын, Ісімді Құдай оңдаса. Шешеннен сөз табылар, Жай бұлттай торласа. Ақсұңқар келіп шырмалар, Саятшы алдын торласа. Ақ бөкен келіп жығылар, Алдын қазып орласа. Жігіттің бағы ашылмас, Маңдайы қатты шорласа. 3.
үйлену ғұрып фольклоры
Дұшпаның қорлап не қылар,
Басыңа әруақ орнаса.
Алдыңызда желдіріп,
Біразырақ сөйлейін,
Жамағаттар құралса.
Бұл тойды баста десең,
Мен бастайын.
Аяғын анда-санда бір тастайын,
Кестесі қызыл тілдің асыл сөз болса,
Алдынан жүгіріп аттай ойқастайын.
Бұрынғы апам тойында жас қалыппын,
Осы апам тойында бір қақсайын.
Той болса, өлең айтпақ бізге міндет,
Құтылайық міндетті болсақ үмбет.
Тойына қыз баланың секер шашып,
Той қылмақ мұсылманға болған сүндет.
Той қылмақ сүндет болған мұсылманға,
Алласы рахметке қысылғанға.
Тойыңды айтып өлең сауық қылдым,
Мойныңды шариғатқа ұсынғанға.
Білген жан, шариғатқа мойныңды ұсын,
Мойныңды ұсынбасаң шығармысың.
Ұлы той жұрт жиналған болған жерде
Шулатып базар етемін қыздың тұсын.
Атаңның анаңменен тілін алсаң,
Басыңа қондырады дүмбез құсын.
Той-мереке, той, той, мереке-той берген қыз,
Құдайым падишадай ай берген қыз.
Туғасын анасынан түрленген қыз,
Бес жаста ақылменен күн көрген қыз.
Он жаста оймауыттан үлгі алған қыз,
Он бесте қызыл мақпал шұлғанған қыз.
Он беспен он алтының арасында
Күніне бір сөйлеуге бұлданған қыз.
ғұрыптық фольклор
Көк сауыр аяғына кебіс киіп,
Аяғын ырғай басып ырғалған қыз.
Алланың арыстанын сенен көрдім,
Кем емес, бейімбетпен тұрланған қыз.
Ағаның жеңгеменен тілін алмай,
Дүние өтіп кетеді, құр қалмаңыз.
Отырсың кетейін деп ойлап талап,
Қоямын бір өзіңді онға балап.
Анаңнан артық туған бір бала едің,
Өсірген атаң-анаң тәрбиелеп.
Өсірген тәрбиелеп атаң-анаң,
Кем емес ешкімнен де пікір, санаң.
Осындай алқалы ду болған жерде,
Әр жерде айтып өлең жолдық алам.
Құрбы қыз не түспейді ойыңызға,
Қызыл тон жарасып тұр бойыңызға.
Алдыңда бес-алты ауыз сөз сөйлейін,
Келген соң Тәңір айдап тойыңызға.
Әркімдер қайғырып тұр сіз кеткенге,
Көзінің қарашығы қыз кеткенге.
Мұндай қыз шешесіне таптырар ма,
Алты жыл арғымақпен іздесең де!
Астыма атым мінген күрең қулық,
Құрбыңды ғашық қылдың артық туып.
Алшаңдап-ақ сұратпай жүруші едің,
Бір елге кетпек болдың мүшкіл туып.
Беліңді бекем буып, қатая көр,
Барасың ата-анаңның жолын қуып.
Қыз туса, ұлға бермек Хақ бұйрығы,
Той қылып өлең айтпақ шат бұйрығы.
Жеңгеңді ағаң барып алып келген,
Біреудің ол да өзіңдей ақ сүйрігі.
үйлену ғұрып фольклоры Сөзіне құлағың сал асабаңның, Алтыны тайса кетпейді босағаңның. Тойыңда домалантып сөйлеймін сөз, Төңкерген құрығындай қашағанның. Мұндай той қара түгіл, хан істемес, Қарнын бір тойғызды-ау аш адамның. Той қылды мерекелі халқын жиып, Ісіне риза бол осы ағаңның. Өлеңге сен де жосын, мен де жосын, Шұбарға қонар, тобылғы, ұлы көшім. Жүк артып қос наршаға кеттің қайда, Замандас, қош-аман бол, жолың болсын! Батасы: Астыма атым мінген ақ сары тай, Берейін мен бір бата, қолыңды жай. Бата алған ақсақалдан болады бай, Үйіңе қонып кетсін Жылқышы атай. Жылына жетпіс інген боздасын-ай, Қораңнан ақтылы қой қоздасын-ай. Бағуы жылқы малының қиын дейді, Жылқы мал жеті жүзден озбасын-ай. Сиырдың көп те болса сәні жоқ дейді, Сиырың төрт жүзден аспасын-ай. Қос келін есік ашсын қосыменен, Қайнатсын шәйнегіңді мосыменен. Жарқыным саған берген менің батам, Дәулетің тамам болады осыменен. * * * Бісміллә сөз басталық, жұрт-жамиғат, Жарасар бір Аллаға еткен тағат. Талабың оңғарылсын Құдай қалап, Тойыңыз осы сәтке болады деп, Құс болып біз де келдік байлап қанат. Бедері бет біткеннің келістісіз, Сықылды опа сүйкеп, жаққан далап. 4.
ғұрыптық фольклор
Қыз еді шешеңіз де өзіңіздей,
Елінен о да келген бөлініп жат.
Бұ іске ренжімей, риза бол,
Ежелгі Алла салған ақ шариғат.
Ежелгі ақ шариғат Алла салған,
Қара ісін халық адасса, ханға салған.
Ағалар өзің айт деп ұйғармасаң,
Сөйлемейін, жол сенікі, жармаса алман.
Шүлдірлеп бес-алты ауыз айттық өлең,
Дүзіктей қос бауырдақ қолға салған.
Керіліп ақ боз үйде сен отырсың,
Ақ майдай жарқырайсың шамға салған.
Дауысың дауылпаздан еш кем емес,
Даңқыңды естіп жүрміз әрқашаннан.
Жылайды ұлы-кіші ас-абаңның,
Ісіне қарсы тұрма Жасағанның.
«Ас-аба» деген сөзге түсінбессің,
«Аға-іні» дегенім ғой осы араның.
Той күні ұлы ләскер базар етіп,
Қарынын бір тойғызды аш адамның.
Ақ отау әшекейлеп тіккен шетке,
О дағы бір белгісі босағаның.
Алланың шүкірлік қыл бұнысына,
Аман бар бұдан кетсең қонысыңа.
Шайтанның мында екен деп тіліне ермей,
Құрбыңның түспей кеттің уысына.
Осындай той-мереке болған жерде,
Даңқыңды шығарармын, Алтынсары,
Адайдың әр шығанақ бұрышына.
Айтамын мен бір өлең мына тойға,
Мекендер құлан-киік құба жонға.
Жарқыным, айтқан сөзге риза бол,
Айтамын бір басыңды балап онға.
Атаның артық дәулет арқасында
Айдатып алпыс атты жәрмеңкеге,
үйлену ғұрып фольклоры Саттырып Орынборда қызыл тонға. Жарасқан құлағыңа алтын сырға. Алдырған алпыс мәнет, екі сомға. Бұлаңдап асау кердей жүргеніңде, Қаршыға асыранды қондың қолға. Жарасар бота белбеу қынай белге, ...................................................... Сымбатың, сыртың сұлу боз жорға аттай, Емендей ырғайласып біткен шөлге. Білеміз халқыңызға қадірлісіз, Жылайды сен кетеді деп аға-жеңге. Алланың ақ бұйрығы болғаннан соң, Беріпті қиып сізді бөтен елге. Тойыңа бес-алты ауыз айттық өлең, Жарқыным, риза бол айтқан сөзге. * * * —Жамағат, құтты болсын тойларыңыз, Пәк ниет, ақ пейілді ойларыңыз. Бәрің де жүгірісіп қызмет еткін, Жарасып той сәніне бойларыңыз. Ас-тамақ, шарап-шарбат, мол дастархан, Келтіріп сәніменен жайғаныңыз. Ағайын, жекжаттар мен дос-құрбысы, Бұл тойға жамағат шам болғаныңыз. Қош келіпсіздер, қадамдар құтты болсын, Ортадан орын алып жайланыңыз. Бірің аға, бірің таға, бірің қайын, Белгілі өздеріңе жолдарыңыз. Адамзат заманға сай өмір сүрер, Кең заман, ырысты да қойнауымыз. Ұштасып еңбек, өнер білімменен, Аңсаған орындалып арманымыз. Бәріңнен байқалып тұр шаттық сезім, Куәсі талай тойдың болғаныңыз. Өмірдің ең негізі сіз бен бізде, Артық-ақ ынтымақты болғанымыз. Қосайық тамашаны тамашаға, 5.
ғұрыптық фольклор Таң ата бола берсін молшалыңыз. Бар шығар араңызда әнші-биші, Ән шырқап, әсем билеп қол жазыңыз. Танылар өнерлі жан той-жиында, Жараспас көзге түспей қалғаныңыз. Жақсылар, бәріңізге бақ тілеймін, Нұр шашып ата берсін таңдарыңыз. Өмірдің қызығынан тата бергін, Аяулы қиналмастан жандарыңыз. Білім, өнер, еңбектің егесі боп, Ер жетсін қыздарыңыз, балдарыңыз. Бәрі де тіршіліктен бақыт тауып, Жұбайлы, үйлі болсын бойдағыңыз. Ынтымақ боп ұл мен қыз келінің де, Бас болыңыз соларға, бар болыңыз. Солардан сый-құрмет, ізет көріп, Болмасын еш нәрседен қамдарыңыз. Немере сүй, шөбере, шөпшек тағы, Жалғасы өміріңнің шарбағыңыз. Жастарға абыройлы ата атанып, Ақ сақал, сары тісті шал болыңыз. Ал енді, ел ағасы, дастархан аш, Билігін бұл ортаның қолға алыңыз. Толтырылып тостаған, тост айтылсын, Тілек, ниет, үмітті ойларыңыз! * * * Белгісі той қылғанның отау жабар, Қиқу сап жас балалар атқа шабар. Той қылған қыз әкесі мырза болса, Жігітке той бастаған шапан жабар. Ақсай деген жеріміз, Кең жайлаған еліміз. Үйрек ұшып, қаз қонған Дария шалқар көліміз. Дегенге той қылған қыз, той қылған қыз, Тойына тоғыз бие сойдырған қыз. 6.
үйлену ғұрып фольклоры Атын ерттеп, түйесін қомдап қойып, Бір жаққа жүрейін деп ой қылған қыз. Келеді айым туып оң жамбастан, Құдайым айырмасын тең-құрдастан. Құдайым айырғанша тең-құрдастан, Қайтеді жаратпаса әуел бастан. * * * «Бисмилла» деп өлеңді дүкен құрдым, Бір сабағын өлеңімнің сізге құрдым, Бұрынғы ата-ананың жолыменен, Айыбы жоқ, шамы жоқ жайға тұрдың. Айт дегенде өлеңді аңыра ма, Ақын жігіт тойда өлең жаңыла ма. Айт дегенде өлеңді қоя бердім, Күнде мұндай мереке табыла ма? Тойлай келдік ендеше, тойлай келдік, Алтын сақа қолға алып ойнай келдік. Алтын сақа қолға алып ойнай келсек, Той бастаған тоғызды ойлай келдік. Ұстағаным қолыма шай тостаған, Шалбарым бар бұтымда айырбастаған. Арғы атамды сұрасаң, қол бастаған, Оңай-қиын болып па той бастаған. Алдыжар басып «бисмилла» деп отау жабар, Екі қатын жалпылдап атын жабар. Отау жапқан әкесі мырза болса, Той бастаған біздерге шапан жабар. * * * Бағлан серке—марқасқа қой бастайды, Қой алдында жануар ойқастайды. Құтты тойға кез болған жолды жігіт Бұрынғының жолымен той бастайды. 6-169 7. 8.
ғұрыптық фольклор Құнан қойын сайлатып, сойдырған үй, Табақ-табақ ет тартып, тойдырған үй, Сәтті күні—сәрсенбі той қылыпсыз, Құтты болсын тойыңыз, той қылған үй! Қотан толып қойыңыз, қойға ұлассын, Қырға сыймай шуласып, ойға ұлассын! Құтты болсын айтайын тойыңызға, Той иесі, тойыңыз тойға ұлассын! Белгілі бұл қазаққа тілдің желі, Той қылдың жұрт жиналған мерекелі. Сәрсенбі—сәтті күні той қылыпсыз, Тойыңыз тойға ұлассын, берекелі! * * * Бағлан серке —марқасқа қой бастайды, Қой алдында жануар ойқастайды. Құтты тойға кез болған жолды жігіт Бұрынғының жолымен той бастайды. Құнан қойын шайлатып сойдырған үй, Табақ-табақ ет тартып тойдырған үй. Сәтті күн—сәрсенбіде той қылыпсыз, Құтты болсын тойыңыз, той қылған үй! Жорашыға лайық жол тұрады, Жампоз парға лайық қом тұрады. Құтты болсын тойыңыз, үй иесі, Той есесін тәңірім толтырады. Қотан толып, қойыңыз қойға ұлассын! Қырға сыймай шуласып ойға ұлассын! Құтты болсын айтамыз тойыңызға, Той иесі, тойыңыз тойға ұлассын! * * * Бастайды «бисмилла» деп тойдың басын, «Әумин» деп көтерер қойдың басын. 9. 10.
үйлену ғұрып фольклоры Тойбастар бір-екі ауыз біздер айтсақ, Шайтан қашып, періште жақындасын. Тойларың құтты болсын, көп әлеумет, Тойыңда сөйлеп бермек бізге міндет. Ежелден еңбегі көп жас балалар, Заманның тұрған шақта көрсін құрмет. Қарағым, басыңа берсін мал мен дәулет, Сөйлеймін, сөйле десең, сөзден өрлеп, Бұрынғы қариялар бата берген, «Алдында үлкендердің сөйлей бер» деп. Дүние айналасы тебіндеген, Адамзат тіршілікте не көрмеген? Мұратқа өзім айтқан жете алмадым, Етсем де қанша тағлым көңілменен. Келіппін сексен жасқа, балам, міне, Дүние өтіп барады өмірменен. Аспанда ай болмаса, адасады, Көңілді, көтермесе, кір басады. Көңілі жақсылардың алтын сандық, Сандықты, кілт болмаса, кім ашады?! Қарағайлы ендеше, қарағайлы, Қарағайды көп жылқы аралайды. Аталы атшаптырым тойда отырып, Той бастамай отырған жарамайды. Көгала үйрек жүзеді көл бетінде, Көлеңкесі түседі су бетіне. Өлеңші елден асқан болмасам да, Өлең айттым көпшілік құрметіне. * * * —Ал, кәнеки, ағайын, Асқақ әнге салайын. Басы болсын бұл тойдың, 11.
ғұрыптық фольклор Шырқап-шырқап алайын. Кеңейтейін әніммен Көңіліңнің сарайын, Жүректердің талайын. Ақ сәуледей аралап, Аспан астын жайласын. Біздің әнге қосылып, Бұлбұл құстар сайрасын. Қансын әбден құмары, Қарт көңілі жайнасын. Қыздырыңдар думанды, Қыз-жігіттер қайдасың?! Той кезінде, жас құрбым, Жалтақтама, тайынба. Тартқан күйің тамылжып, Тіл бітірсін қайыңға. Жасырынып қалмасын, Жаныңдағы айың да. Ән кезегі келеді, Әндеріңді дайында. Кел, кәнекей, көңілді, Көтеріп бір алалық. Тойымыз да табысты, Жібермеңдер намысты. Айтыс қозғап ақынның, Үдетіңдер шабысты. * * * Ассалаумағалейкум, қайран елім, Қыр қонған Патылаудай шалқар көлім. Алдында жақсылардың сөйлемесем, Бір күні қаза жетер ажал-өлім. Тоқталман, әмір етсең, көп әлеумет, Мен онша ақын емен әлім-берім. Қаумалап шыға қалман, ортаға алсаң, Кейбіреу бұлданады қызмет салсаң. 12.
үйлену ғұрып фольклоры
Мен сізге құлақкесті құл болам ба,
Бір сапар айт дегенде тіліңді алсам.
Жөнелсем шалдырмастын жабыларға,
Сіздердей жақсы бізге табылар ма?!
Ағаның қызметінде болушы еді,
Інісі көкіректе жан барында.
Біреуге айт десе өлең, бұлданады,
Сөзінің сапасы жоқ, саны бар да.
Шыға шап, мен бір жүйрік, білсең қолдан,
Жақсылар келген екен оң мен солдан.
Бек тәуір айтқан сізге насихатым,
Аумаңыз өлгеніңше тура жолдан.
Ақ жүзің айбалтаның айбатындай,
Ер жігіт мінбейді ат ай батырмай.
Жан көріп жолдық берген, жақсыларым,
Артымнан айта көрме ғайбатыңды-ай.
Осындай көрсем дуды екпіндеймін,
Қарақшы тіке тартқан бәйге атындай.
Мәдет бер біздің тілге, жалғыз Аллам,
Кеңес бар көңілімде алуан-алуан.
Қайтсе де бұл дүниенің опасы жоқ,
Адам[ды] түгеседі дүние жалған.
Дүниеге талай адам келген болар,
Біреуі болсын дағы өлмей қалған.
Ер адам дүниеде қалар болса,
Ғали мен қайда кетті Қамза балуан?
Есіткен бұрынғыдан көп тәуәрік,
Ішінде аз сөзім бар теріп алған.
Пікірлеп асыл сөзді жадыңа алсаң,
Аузыңнан домалайды інжу-маржан.
Бұл сөзді көп білсем де, азайтамын,
Тауарды жая берсе, болады арзан.
Айтамын, айт десеңіз, кез келгенде,
Қайтейін аяп мұнша жақсылардан.
ғұрыптық фольклор
Шырағым, бір сөйлерге ынтызармын,
Қыз бала кетер жылы көңлі жарым.
Фатиха, сізге дұға беремін деп,
Жиналып келіп отыр жас пен кәрің.
Пәлендей артық айтқыш болмасам да,
Аз сөзді сіздің үшін амалдарым.
Аз сөзді амалдармын сіздің үшін,
Сіз сонда ойланарсыз біздің үшін.
Деймәтлі тойыңызға кез болған соң,
Кетейік аяп неге тілдің ұшын?
Самарқан аққу ұшады түн қатып-ай,
Барады анаң сенің ұзатып-ай.
Алланың артық берген дәрәжаңда
Мен тұрмын өлең айтып, жұбатып-ай.
Анаңыз жыламай ма бала кетсе,
Шешесін қыз өксімейді ала кетсе.
Ондағы ата-анаңыз қуанады,
Ұзатып бүгін-ертең барып жетсе.
Түспейсің еш адамның уысына-ай,
Жамандар жатар жүктің қуысында-ай.
Қақпақтай бар жаурының, белің қылдай,
Шырағым, бәрекелді туысыңа-ай.
Қара өзен таусылмайды кең болған соң,
Тойыңды мен бастадым жөн болған соң.
Тыңдаған құлақ салып, көп әлеумет,
«Алла» деп айтқан сөзім ем болған соң.
Керіліп, жаман болсаң, кетер едім,
Бастадым тойыңызды сен болған соң.
Әуеден күн жауады найзағайлап,
Ойнайды жабағы, тай жалын шайнап.
Шешеңнің жібек баулы сұңқары едің,
Өсірген қолаң шашың иіс майлап.
үйлену ғұрып фольклоры
* * *
—Бұл тойды баста десең, бастайтұғын,
Айтқанша біздер бастап, дариға,
саспайтұғын, әлуай.
Сұрасаң ұранымды-ау Райымбек,
Той тұрмақ жауыңнан да, дариға,
қашпайтұғын, әлуай.
Бес кәмпит, алты жаңғақ,
Он бауырсақ,
Барамыз жылдан жылға,
Дариға, мұны да аңсап, әлуай.
Бастайды «бісмілла» деп тойдың басын,
Көтерер «уа, әмин!» деп, дариға,
қойдың басын, әлуай.
Аударған ала қағаз жетік молда,
Болжайды үйде отырып, дариға,
қыбыласын, әлуай!
* * *
—Баста десең бұл тойды ақын бастар-ау,
Бастай алмай отырған есіл жастар-ау.
Албыраған, Гүлжамал-ай,
Осы әнге сал, дүние-ай.
Біз айтамыз өлеңді тыңдасаңыз-ай,
Құлақ салып тыңдасаң, мың жасаңыз-ау!
Түбі шірік дүние-ау бір бәйтерек-ау,
Шыңға құлап кетеді ырғасаңыз-ау.
* * *
—Отағасы, кәнәки, той бастаңыз, ахау,
Асықпай-ақ бұл тойды жай бастаңыз,
жан сәулем-ай.
Қуаныш қып балаларға той жасапсыз, ахоу,
Құтты болсын тойыңыз дей бастаңыз,
жан сәулем-ай. 13. 14. 15.
ғұрыптық фольклор
Біздің үйде мәшине,
Мәшинеде қос ине-ай.
Бүгін болған тамаша-ау,
Бола берсін осы үйде-ау.
Той Құдайдың, әнеки, қазынасы, ахоу,
Қор болмайды жақсының ғазиз басы,
жан сәулем-ай. Сәтті күні балаға той жасапсыз, ахоу, Құтты болсын тойыңыз, отағасы, жан сәулем-ай. Ойып қойған оюым, Сызып қойған сызуым-ай. Бала-шағаң ер жетіп-ау, Көре бергін қызығын-ай! * * * —Өлеңді айт дегенде, ахоу, іркілмеймін, Жүніндей ақ үкінің үлпілдеймін. Осындай игі жақсы, ахоу, бас қосқанда, Алдында желмей, жортпай бүлкілдеймін. * * * Сұрасаң арғы атамды қол бастаған, Ақ серке алшақ мүйіз қой бастаған. Құтты болсын тойыңыз, той иесі, Болып па, қолдан қиын той бастаған! Біз келдік той дегенде нарттай болып, Қаракөк жаз жайлаған аттай болып. Той иесі, тойыңыз құтты болсын, Жүріңіз тойда қуанып нарттай болып! * * * «Бисмилла» той бастаймын әуел бастан, Сұлу сөз жарасады қарындасқа. Құдайым көкірегіме жел берген соң, Бұл тойды кім бастайды бізден басқа. Бұлайша бұрынғыдан қалған жауап— Таласар жақсы орынға, жаман асқа. 16. 17. 18.
үйлену ғұрып фольклоры
Ағалар, тойыңызды бастай келдік,
Жақсы менен жаманды қоспай келдік.
«Билікке той бастамақ лайық» деп,
Рұқсат халық берген соң қақсай бердік.
Жиналар той дегенде түзік терек,
Жарасар жігіт қызға кілең серек.
Жұрт жиып, тәрбиелеп ойын қылып,
Алыстан тойыңызды бастай келдік.
Мұндай той бұ заманда қалып еді,
Той қылған бұл сықылды сізді көрдік.
Жұрт жинап той қылуға жар салған соң,
Ағалар, бұл заманда о да ерлік.
«Той қылмақ Пайғамбардың сүннеті» деп,
«Ата менен ананың міндеті» деп,
Шариғат той қылғанды бек сүйеді,
Айтқан соң Мұхаммедтің үммәті деп.
Осы сөз көрінеді ақ Кәлемнен,
Пайғамбардың құрметі асқан ғалемнен.
Сөйлесем шариғат пен тарихты,
Түскендей толықсисың күн төбеңнен.
Қосылған Атыраудан дарияменен,
Емеспін өзен судай өлкеленген.
Болмайды-ай дария өлке судай,
Әр сөзім сары алтыннан шыққан будай.
Әлеумет той дегенде топырлайды,
Тарқайды жөнін алып толай-толай.
Түн болса қыз үйінің жеңгелері
Көлдегі бая бұлбұл қаз бен қудай.
Айтсам да той болғанда нақ ат қызық,
Бәйгеге ат қосады жалын созып.
Болғанда қиқу салса шын жүйрік,
Белгілеп бәйге алады тойдан озып.
Наданға кәғда сөзі оқылмайды,
Оқылмай көкірекке тоқылмайды.
ғұрыптық фольклор
Кей жігіт той дегенде өлең таппай,
Әншейін-ақ былшылдап тақылдайды.
Әлеумет айт деп өлең қамалаған,
Тойбастарын Сабыржан жырау шамалаған.
Түрікменнің сары атанның бауырындай,
Көп ел мен көп руды аралаған.
Сауытты қалам қылған қара үшін,
Хайуандай жаратыпты адам үшін.
Шығарған той топырыны бұрынғылар,
Ғашықтар бір-біріне бармақ үшін.
Жан-жақта қосыларға бұйрық еткен,
Бұрынғы ымрай рулар үшін.
Бұл тойлар бұрынғыдан қалыпты ғой,
Той бастап ойынменен келу үшін.
Дыбысы бұл тойлардың жұртқа жетті,
Қазақтың әз Жәнібек хандарындай.
Жиналып мерекеге жеті ру ел,
Жүсіп пенен Зылиханың тойларындай.
Жарқыным, атаң қандай, анаң қандай,
Аш белің бұралады-ай тартқан сымдай.
Болмаса ұжмақтағы хор қыздары,
Әйелдің бәрі тегіс болмас сендей.
Сыйлаймын сырың қандай, түрің қандай,
Ажарың қараңғы үйде жанған шамдай.
Сипаты әрбір қыздың сендей болмас,
Қиғаш қас, оймақ ауыз, жазық маңдай.
Көрінер сыртың сұлу тартқан сымдай,
Адам сөзін сұлу қаққан сымдай.
Сыртыңнан қатар құрбың кеңеседі,
Ақылын Іле менен Тоңған судай.
Қыздардың бәрі сіздей асыл болмас,
Толқырсың жүзден жүйрік шыққанменен.
үйлену ғұрып фольклоры
Айна көзім, қарағым-ай, өткір жүйрік,
Аршын төс, алма мойын, күміс білек.
Бір құрбың қатарында салса биім-ай,
Назасын қайтара көр сөзге дерек.
Алғаның әлде жақсы, әлде жаман,
Біреуге тап боларсың әлде қандай?
Сөзімнің ажары бар әлек-әлек,
Айтамын асықтарың атын біліп.
Өлеңім алты алуан, қызыл желдей,
Отырмын өлең айтып тойға келіп.
Әлеумет, тыңдасаңдар судай тынып,
Сөйлеймін әрбір сөздің жөнін біліп.
Оларда қосылыпты асық болып,
Бәдіғұлжамал менен Сейпілмәлік.
«Ұл бала ата-анаға таяу» деген,
«Қыз бала үйге жаққан бояу» деген.
Құдайым тағдырда жазғаннан соң,
Қосыпты ерді жолдас әйелменен.
Шығады әдемі сөзім айтсам менен,
Жиналар той дегенде жігіт-желең.
Жарқыным, кетемін деп көп қайғырма,
Бұрынғы қалған жолы ата-енеден.
Осындай атаңызға енең ерген,
Сол жолы енеңіз де сізге келген.
Осындай ойлай туған ісің болса,
Солардай қосыларсың көзің көрген.
Бұрын-ау бұл тойлар болып келген,
Әлеумет жұрт жиналып тойын қылған.
Осындай ойлайтұғын ісің болса,
Құлақ сал бұл сөзімні үгіт берген.
Әлеумет айт деп өлең қамалаған,
Білгенің аулақ кетпес шамалаған.
ғұрыптық фольклор
Талай қыз қатарыңнан кетіп жатыр,
Сөзімнің міні бар ма, көп әлеумет?
Осындай топты көрсем сау аламын,
Арқамда қорғайтұғын періштем бар.
Қыз алмақ, қыз ұзатпақ қалыпты ғой,
Бұрынғы Адам ата, Хауа анадан.
Атаңыз қайғырады «кетеді» деп,
«Өзімнен қыз тумаса нетеді» деп.
Анаңыз тағы сізге қайғырады,
«Шырағым, қыз да болса жеке еді» деп.
«Ауылымның ашып тұрған көркі еді» деп,
«Қадірі қарағымның бітеді» деп.
Әлеумет жұрт жиналып, айтып отыр:
«Қарағымның қыз ғұмыры өтеді» деп.
Әкеңнің көріп тұрмын той қылғанын,
Көгендеп ылғи құнан қой қырғанын.
Отырмын шариғаттың жолын айтып,
Қайғысын осыменен қойдырғанын.
Тыңдасаң, жаман емес насихатың,
Болады ата-анаға бала жақын.
Қалған іс бұрынғыдан жол болған соң,
Ішімнің кетіре көр қайғыларын.
Жарқыным, «кетемін» деп көп қайғырма,
Құдайым жақсы жолдан сені айырма!
Насихат және айтамыз атаңызға,
Құлақ сал, біздің айтқан батамызға.
Болған соң Хақ бұйрығы не дүр шара,
Болмаса мың нар берсең, сатамыз ба?!
Насихат және айтамыз жеңгеңізге,
Бұл сөзім тағы ортақ өңгеңізге.
Бәріңізге мұның бәрі ортақ болар,
Құдайым бақыт берсе келініңізге.
үйлену ғұрып фольклоры Халықтан өлмей тұрып тірі айырылған, Тарттырған мұндай істі пендеңізге. Біздерге «айт» деп әмір бұйырған соң, Сөз таппай қапыда қаламыз ба? Жөнелсең, атқа көпшік ер саларсың, Барғанда, ұнамаса, енші аларсың. Енші мал араласып кетеді деп, Малыңның құлағына ен саларсың. Құдайым бақыт, дәулет берген шақта, Торы аттай түйеге алған ырғыларсың. Әркімнің досы да мал, жары да мал, Сұранып төңірекке қол саларсың. Түргенін сұрасып келсе, тұрсын, Құрметтеп аш тамағын сен берерсің. Жаныңда қатар халыққа қадірлі бол, Сөзіме менің айтқан түсінерсің. Отырма, құрбың келсе, төрге қарап, Қарнына тоғыз қабат толғайшалап. Үйіңе бөтен жерден қонақ келсе, Киіз сал құрмет етіп, беріп тамақ. Осындай айтсаң, басын жығыр болса, Шырағым, құлағың сал айтқан сөзіме. Жарқыным, шамаң келсе, жақсы бол-ай, Жамандық жарасады күң мен құлға. Той бастап тұрамғадан жол алалық, Әлеумет, көп жиналып той қылалық. Той бастап, өлең айтып, бата алалық, Болады жалған дүние кімге лайық? * * * —Әуелі той бастаймын «бисмилладан», Білмейді бисмилласын кейбір надан. Бастасам «бисмилла» деп бұл сөзімді, Жағыма жәрдем болған ер палуан. 19.
ғұрыптық фольклор
Бастадым «бисмилла» деп бұл тойыңды,
Тіліме жәрдем болғай бір Алладан.
Сәтіне сәрсенбінің той қылыпсыз,
Тойыңыз құтты болсын, көп алуан!
Өтіпті бізден бұрын көп өлеңші,
Олар да «биссмилләсіз» іс қылмаған.
Базардан алып келген ақ матасы,
Жақсының кімге тимейді бір батасы.
Сәтіне сәрсенбінің той қылыпсыз,
Тойыңыз құтты болсын, қыз атасы.
«Туады ат байталдан, алып анадан»,
Тұсыңа келді өлеңші алқалаған.
Сәтіне сәрсенбінің той қылыпсыз,
Тойыңыз құтты болсын, халық алуан.
Тойыңызға келіп тұрмын сынайын деп,
Болады көпке тентек—Тәңірге шет.
Сәтіне сәрсенбінің той қылыпсыз,
Тойыңыз құтты болсын, жиналған көп.
Базардан алып келген қара қойың,
Ағалар, мен бастаймын ханның тойын.
Өзің біл қайтеріңді деп айтамын,
Бұл тойға кез келдің алма мойын.
Құдайдан той тілеген бір бала едім,
Той бастап, көп ағадан бата алайын.
Не қылсам да білмеймін көптің ойын,
Құдайым тап келтірді қыздың тойын.
Біз келдік-ай, құрбы жан, тойыңызға,
Айтпай кетсем келгенді ойымызға.
Тойыңызды кез келіп, бастап тұрмын,
Лайықтап бере бер бойымызға.
Арғы атам ақ Ораққа ұқсағанмын,
Талайды қара өлеңмен тұсағанмын.
Құдайым кез келтіріп бастап тұрмын,
Берсең де ат пен шапан қоса аламын.
үйлену ғұрып фольклоры
Бір бөлек бозбаламыз тойға келген,
Ел сөзді айтпай кеткен ойға келген.
Тойыңызды кез келіп бастап тұрмын,
Сөйлесем, сөз қалмайды біздей ерден.
Жайлайды біздің қазақ Тағалаға,
Тағаладан қашады қоян шағалына.
Той болса, бір жаппа сырын қыз алады,
Бетіңе опа далап жағынбай қыз бола ма!
Шашың бар қылаң қара, төрттен өрген,
Үйректің жаңға ұшыраған мамығындай.
Асылың өз құрбыңнан артық екен,
Орынбордың пұты теңге ақ ұнындай.
Той болса, қыздар төрде түн жабынбай,
Қыздары осы ауылдың тәуір екен,
Шыққалы біз ауылдан көп күн болды,
Жүр едім той көре алмай сағынып-ай.
Өзің біл қайтарынды деп айтамыз,
Тойыңды бастап тұрмын ауылыңда.
Жолаушы атым арық, үйіңізге келдім,
Бір жан бізге бермей қаласыз ба-ау?
Әуелі сөздің басы әліппенен,
Тізілер сөз мәнісі қаріппенен.
Тойы бар тең құрбының дегеннен соң,
Жиналып біздер келдік халықпенен.
Пайғамбар Фатимаға той етіпті,
Әптиек, Құран сөзі шәрифпенен.
Құранменен Пайғамбар той қылған соң,
Атаңа қалған екен Хақтан фәрман.
Қыз беру ата-анаға болған міндет,
Тыңдаңыз бұл сөзімді құлақ салып.
Фатимаға Хақ пайғамбар той қылған соң,
Хақ пайғамбар Расулдан қалды сүннет.
Тыңдасаң құлақ салып айттым саған,
Бір жүйрік келді көзге сыналмаған.
Мен дағы топты көрген жүйрік едім,
Намысқа сөзге шыдап тұра алмаған.
ғұрыптық фольклор Жарқыным, қолыңды жай бата десең, Көңілің осы күнде орта десең. Құдайым төрт түлікке толықтырсын, Сөзімді менің айтқан хата десең. Құдайым төрт түлікке толықтырсын, Қазынаң бақытпенен толып тұрсын. Ағалар, айтпады деп өкпелеме, Тойбастар осымен тұрып тұрсын. * * * «Бисмилла» деп бастайды тойдың басын, «Аумин» деп көтерер қойдың басын. Той бастасам көргенім жоқ бір де екім, Құдайдың, айналайын, өзі оңғарсын. Ай бастаған, алшақ мүйіз ақ серке қой бастаған, Ата-бабам, сұрасаң, жауға аттанған, Одан қиын болып па той бастаған. Ақ жеңгем, есік алды түпті болсын, Көк сиыр шешең сауған сүтті болсын. Сәрсенбінің сәтіне той қылыпсың, Тойларың құтты болсын, той қылған қыз. Ағайындарым дегенде ағайындарым, Басыма шайы орамал жайғандарым. Той бастап бірді-екіні көргенім жоқ, Тілімді жаңылдырма, Пайғамбарым. —Саламын ақ киізді түңлік қылып, Жаратқан қызды Құдай мұңлық қылып. Әкемнің қызы болмай, ұлы болсам, Жүрер ем өз елімде билік қылып. Тойын екен көтерген, Дүйін тонды иін екен. Құдайым, қыз қылғанша, ұл қылсайшы, Елінен ажыраған қиын екен. 20.
үйлену ғұрып фольклоры
Қарашаға, кисе киім жарасар аласаға,
Өлеңнің тапсаң тәуір жобасын-ай.
Жиылған жұрт қарасын тамашаға,
Қарасын жиылған көп тамашаға.
Келеді өлең шығып өңешімнен,
Ұл кетпес, сірә, менің кеңесімнен.
Бірге өскен [кішкенеден] замандасым,
Айтқан сөзің кетпейді әлі есімнен.
Есім арық,
Ертең күнде барып батады бесін барып.
Бірге өскенбіз кішкентайдан-ай, замандас,
Қайда жүрсең жүрерсің есіңе алып.
Жерде Мәді болғанда Иса аспанда.
Әулиеге сиынар ер сасқанда,
Сіз де айтыңыз өлеңді, біз де айтайық,
Себеппенен осындай бас қосқанда.
Ай бұрыштан,
Ақ жапырақ, жел тұрса, аспанға ұшқан.
Қыл симастай арада тату едік,
Суытқан екеумізді қандай дұшпан?
Ақ қалады,
Аттың басқан жерінде дақ қалады.
Оралыңның барын да, ойна да күл,
Өлгеннен соң саудырап жақ қалады.
Аузымды ашсам келеді сөз дегенің,
Көбірек екен көргеннен көрмегенім.
Құдай айдап кезінде сөйлегенім,
Бәрінен де жақсы екен өлмегенім.
«Бисмиллә» деп өлеңге құрдым дастан,
Тіреусіз тұр баяндап жер мен аспан.
Көңілді көтерілік өлең айтып,
Бұл жалған баяндама өтер бастан.
7-169
ғұрыптық фольклор Бастап айтқан өлеңнің жалғаны жоқ, Бай боп өткен жігіттің арманы жоқ. Жастық шақ әттең қайдан өтіп кетті, Кәрілік келгеннен соң, амалым жоқ. Жақсылар, өлең айтпақ көңіл құшы, Бақ тайса, қашқақтайды ердің досы. .................................................... ....................................................* Келмейді балалық шақ екі қайтіп, Көңілді көтерейік өлең айтып. Қора саба, Жақсы адам ақылынан адаса ма? Жүрейік жастық шақта өлең айтып, Отырған бекер қарап жараса ма? Қарахатша, Өлең десе шұлқимын байлау атша. Әуелі Құдайды айтпай нені айтамыз? Он сегіз мың ғаламға болған патша. Құрбым-ау, айналайын, келдің қайдан, Ақсұңқар, алма мойын ұшар сайдан?! Құрбылар келіп-кетіп жүрмеген соң, Адамның жат болмағы осындайдан. * * * —Бұл науқан құтты болсын, көп аламан, Шуламай, сөз тыңдаңыз, бірер заман. Мереке мында қызық бар дегенмен, Жиылып бәріміз де келдік соған. Сөйлесем салып құлақ, халқың, тыңда, Дым онша жүйрік емен сөзге ділмәр. Мәжіліс мұнда жиылыс бар дегенмен, Келіпті қыз-келіншек өңшең сындар. Қалмаған үйден адам бұ дабылға, Дегенім кәрі қубас—ақсақалдар. ∗ Қолжазбада екі жол түсіп қалған. 21.
үйлену ғұрып фольклоры
Қуанып үш күн бұрын той болады деп,
Жиылып қалды үйде өңшең балдар.
Ат мініп, киім киіп, дидарласып,
Мәжіліс құрды кеңес асыл паңдар.
Заманда жан шақ келмес бұл тойыңа,
Бұрынғы болмаса тең патша, хандар.
Мұндай той қара түгел, хан еткен жоқ,
Қатарға сенен артық жан өткен жоқ.
Шақыртып бір тайпаны ақ үй тігіп,
Қызығын патшалардан кем еткен жоқ.
Көңілі балам шатты-қош болсын деп,
Тарылып дүнияға еб еткен жоқ.
Басыңда дәулетің бар баялаған,
Құдайым бір бергенін, аямаған.
Сидратель мүнтаһның ағашындай,
Аш-арық көлеңкеңе саялаған.
Ақыры, қайыр-тілек езгулікке
Беріпті артық дәулет Аллаң саған.
Басыңда қама бөрік, камзол бешпет,
Зер салдың етегіңе бұрамадан.
Он беске жасың жетіп толғаннан соң,
Халқыңа мінезің жоқ ұнамаған.
Үстіңе киген тоның тиын дағы-ай,
Көтерген тиын тонды иін дағы-ай.
Ішінде осыншаның сізді айтамын,
Тәңірімнің о да болса берген бағы-ай.
Құрбыңыз алдыңызда сөйлер талай,
Сау болса қызыл тілмен екі жақ-ай.
Сөйлейін алдыңызда, құрбым көрсін,
Бақ дәулет үстік-үстік Тәңірім берсін.
Айтпаймын көзің көріп, шырағым-ай,
Қызындай патша-ханның қадірлісің.
ғұрыптық фольклор
Қиылған қасың қара қырмызыдай,
Ашылған ақ күмістей алтын зерсің.
Сен болып жүйрік құлан жөнеле бер,
Соңыңнан құрбың тәуір ере берсін.
Әуелден жөн білместей адам ба едің,
Баласы атайының көргендісің.
Айналып аулыңнан шыға алмайды,
Жолаушы мекеніңді көрген кісі.
Құрбыңыз ғашық болған сыртыңыздан,
Шет жүрмін жел аударып ұлтымыздан.
Сайқалдап талай жерді көпке кетсем,
Жамандық таба алмадым құлқыңыздан.
Алдыңда бір сөйлеуге едім іңкәр,
Біздерге болса ұлықсат халқыңыздан.
Тауымды менің, сірә, қайтарсаңдар,
Сені мен кем көрмеймін хан қызынан.
Тыңдасаң бір сөз айттым қиғаш қасы,
Әйел де асыл сойлы түйме басың.
Аралас аз ауылдың ортасында,
Сен едің түсіп жүрген ықыласым.
Шырағым, қайтерімді енді өзің біл,
Сөйледім сені көріп төгіп жасым.
Құрбымсың зейлім салып жасым төккен,
Қатары жоқ бұл арада сенен өткен.
Білмесең қадірімді, жолың болсын,
Барымды аямайын тілге біткен.
Сөйлесем, сөз келеді қызыл тілге,
Зейілсіз жаман болсаң қадір білмей.
Белгісі қатар құрбы осы ғой деп,
Муафих сөз айтамын, құрбым, сізге.
Қалдырсаң назарымды, қалар қатты,
Бала едім көргендерге асылзаттан.
Қатарың келіп көзге сөз айтады,
Тыңдасаң қойып құлақ ілтипатқа.
үйлену ғұрып фольклоры Еділдің жарқырайсын құндызындай, Шолпанның екі көзің жұлдызындай. Қарасам порымыңа сен ұқсайсың, Базарда бұлы қымбат қырмызыдай. Ақкүміс, сап-сары алтын бар үстіңде, Бар екен салтанатың хан қызындай. Күмістей сымға тартқан сенің бойың, Тәрбиең, ұшан теңіз ақыл-ойың. Ойласаң ой түбіне жете алмассың, Жұм дағы екі көзің Хаққа зейін. Айдында мамырлаған сен бір аққу, Талпынған тұғырдағы біз бір тұйғын. Айтамын осылай деп қыз қызғалдақ, Бір Алла берген екен мал менен бақ. .................................................. ..................................................* Бала едің өзің зирек жетік заңға, Еш адам ілескен жоқ сіздің шаңға. Мінезің әрбір құлқың ойлап тұрсам, Ұқсайсың бұрынғы өткен патша, ханға. * * * —Ақ шайы, қызыл шайы кенересі, Келестің жорғалайды бөденесі. Тосырқап мынау кім деп қалмаңыздар, Той бастаған Сіргелінің мен баласы. Той баста деп қоймады ағаларым, Ақ жібекпен қайырған жағаларын. Той бастап бірді-екілі көргенім жоқ, Тілімді жаңылдырма, бабаларым. «Бисмилла» деп бастайды тойдың басын, «Аумин» деп көтерер қойдың басын. Той бастап бір де екілі көргенім жоқ, Құдайдың, айналайын, өзі аңласын. ∗ Қолжазбада екі жол түсіп қалған. 22.
ғұрыптық фольклор
Белгілі той болған қыз отау жабар,
Бір қыз бенен бір бала атпен шабар.
Той болған қыз ағасы мырза болса,
Жігітке той бастаған шапан жабар.
Зіл қорғасын дегенде, зіл қорғасын,
Ел көшкенде, әкеңнің мін жорғасын.
Той бастап бір де екілі көргенім жоқ,
Құдайдың, айналайын, өзі оңласын.
Ауада бір жұлдыз бар ай батпаған,
Ақ серке алшақ мүйіз қой бастаған.
Арғы атам қиын жерде қол бастаған,
Қолдан қиын болып па той бастаған?
Бисмилла тойдың басы Тоқтар-Ата,
«Аумин» той қылғанға тоқсан бата.
Той бастап мұнан бұрын көргенім жоқ,
Көпшілік, айып етпе болса қата.
Бисмилла, тойдың басы молда Алдияр,
Алпыс екі машайық бір Шадияр.
Серуі сексен екі, сегіз түлік,
Машайық алпыс екі бір Шадияр.
Тойыңды баста десең, мен бастайын,
Артыма алтын шашбау тең тастайын.
Бұл жерде үлкен де бар, кіші де бар,
Жасым кіші болса да, мен бастайын.
Айғандарым дегенде айғандарым,
Басына ақ шайыны жайғандарым.
Той бастап мұнан бұрын көргенім жоқ,
Тілімді жаңылдырма, Пайғамбарым.
Әулие әнбиялар, әулие әнбиялар,
Ағашқа қандай биік қарға ұялар?!
Бұл жерде үлкен де бар, кіші де бар,
Тілімді жаңылдырма, қариялар.
* * * Көшкенде қара нарым көш бастайды, Аяғын аннан-саннан бір тастайды. 23.
үйлену ғұрып фольклоры
Бұл заман жылдан-жылға азғаның ба,
Бұл тойды жігіт тұрып, қыз бастайды.
Ай еді кеше туған, бүгін сегіз,
Айтқанша сегіз өлең серпілмеңіз.
Ауызға біреу кіреді, біреу шығады,
Баласы көргенсіздің дей көрмеңіз.
Бітеді көл бойына желбір жекен,
Жекенді жел бір қара мал жей ме екен?
Биліксіз ағалардан айта алмаймыз,
«Барып кел ағаларға, нағыл?» дейді екен.
Аттымын, арбалымын, түйелімін,
Келгенде қара өлеңге киелімін.
Жігіттер, танымасаң, танытамын,
Дайымның аты шыққан жиенімін.
Кешім қыз келе жатыр деп жол беріңіз,
Өлеңнің пірі еді деп қол беріңіз.
Шашбауым шашым ұзын шашылыңқы,
Даусым тойға шықсам ашылыңқы.
Тарының қауызындай тасқан жігіт,
Шыққан да менің даусым басылыңқы.
Балдағы шымылдығымның алтын балдақ,
Құрбыға сөз айтамын тілім жалдап.
Бұл күні бозбаланың тіліне ерме,
Кетеді құрбы түгіл, Құдайды алдап.
Бір сайдан, бір сай шығады құрдым деген,
Құрбыға сөз айтпаңдар сыр білмеген.
Кигенім салқындыққа сары мауыт,
Асылды сағынамын ауық-ауық.
Намазшам, намаздыгер арасында,
Тұрушы еді, ойпырмай, атын жауып.
Асыл-ай, мен қосылдым қандай болып,
Шай ішкен шынаяқтан балдай болып.
Қойнынан шығушы едім шыбалаңдап,
Шығушы едім, айырылған шолпанынан
таңдай болып.
ғұрыптық фольклор
Асылым қосылып едім ашық болып,
Бара жатыр қасіретіңе ішім толып.
Ұйықтасам күн-түн демей бірге жатам,
Түрегелсем отырамын түсім жорып.
Үстіме көйлек кидім дүриядан,
Біткен жоқ еш арманым дүнияден.
Төбесін қарағымның көргенімде,
Асылымның қараушы ем,
Көз талғанша бір қиядан.
Бұрын да қалай еді ақылың-ау.
Әркімнің тіліне ерме, пақырым-ау,
Кеуліміз қырым жердей болып кетті-ау.
Көрдің бе дүниенің қапылын-ау?
Көз тиер татулыққа деген сөз бар,
Қалайша ренжістік апырым-ау?!
Бір бидай арпа ішінде піспейді екен,
Бір жерге екі жақсы түспейді екен.
Бір жақын, бір жаманды Құдай қосады,
Шырмауықтай шырмалып өспейді екен.
Бір құс бар әпшөк деген, бахар сайрайды,
Қаз баласын ертіп көл жайлайды.
Бір жақсы, бір жаманды Құдай қосады,
Жақсының жаман адам бағын байлайды.
Өлеңді айтушы едім әрдайым да,
Өлеңшіге келмей жүр жағдайым да.
Кісіге кісі жары жар бола ма?
Әркімге берсін Тәңірі маңдайына!
Насыбай аттым тағы, елттім тағы,
Көрінсе түсім сарғыш дерттім тағы.
Құдайдың қосқан жары жаман болса,
Көзі ашық дүниеден өттім тағы.
Домбыра шығар ма екен күйге салмай,
Бітер ме даудың ісі биге салмай?
Бір жақсы, бір жаманды Құдай қосады,
Кетеді өлгенінше үйлесе алмай.
үйлену ғұрып фольклоры Бастайды көштің елін елі бер құнажын, Бетіме қапалықпен енді-ау әжім. Қайыңды қарағайға қиғандай-ақ, Құдайдың құдіретіне бар ма ләжім? Арқада бір топ құлан сағымданған, Құрбысын адам емес сағынбаған. Баласын ақсұңқардың еліктірдім, Өлсем де ризамын, бағым, саған. * * * Әуеліміз қауыс болса, Қатады көлдегі мұз. Құдай айдап осында кездескенде, Құтты болсын келген келініміз. Ағы-тағы тақылдайды Ақынның тіл мен жағы. Бізге мұндай кезіміз келе бермес, Қызықшылық болсыншы тағы-тағы. Көк тал кескен, Шал шыбықтай бұралып бойың өскен. Күнде мұндай кезіміз келе бермес, Өлеңіңді айта бер, қатар өскен. Сары мақта деген соң, сары мақта, Сарт саудагер жүреді сәрі уақытта, Аман-есен болайық әр уақытта. Мұтты болсын деген соң, Мұтты болсын, Келін сауған көк сиыр сүтті болсын, Келген келініміздің қадамы құтты болсын! Алшақ мүйіз ақ серке қойды бастар, Біз сияқты жігіттер тойды бастар. Ата тегіне сұрасаң, қол бастаған, Қолдан қиын болып па той бастаған? Сіздерде ұл, біздерде қыз бар екен, Табыстырған біздерді тұз-дәм екен. 24.
ғұрыптық фольклор ІV. ЖАР-ЖАР —Сынбаса да қабырғам сөгіледі, жар-жар, Жатсам, тұрсам ата-анам кетпейді ойдан, жар-жар. Шымылдығым серке сан айналайын, жар-жар, Көрсін апам, жар-жар-ау, Көздің жасын иіріп ап, Көрсін әкем, жар-жар-ау! Есік алды қарағай майдан болсын, жар-жар, Ақ жүзімді көргендей айнам болсын, жар-жар-ау. Алған жары жігіттің жақсы болса, жар-жар-ау, Үйге келсем кереует қырынан көрінді, жар-жар-ау, Сынбаса да қабырғам, сөгіледі, жар-жар-ау, Ата-анамды ойласам, Көздің жасы қойныма төгіледі, жар-жар-ау! * * * —Істеп жатқан бұл тойды Той демеңіз. Бізге атаған той малды Сой демеңіз. Біз разы Аллаға, Алар болған десеңіз, Өзімді-өзіме жоқтайын, Қой демеңіз. Алып келген базардан ала шапан, Қатар өскен ізімнен Әлияжан, «Ата еріт» деп Қайпыш-ау барам десе, Аттың майын аяма, атекежан. Ақсақалдар бас жейді тұздық құйып, Қызды Құдай жаратты мұңлық қылып. О, басында Құдайым ұл қып жаратса, Отырмас па ем үйінде билік қылып. Ұл болсам, бір орында болар едім, Бермепті ол тілекті Құдай маған, Малым жатыр Арқада жиылмаған. Бұл дүниеде бар ма екен қыздан мұңлық, 1. 2.
үйлену ғұрып фольклоры Өз елімнен топырақ бұйырмаған. Қатар-қатар қара нар қауымдарым, Келіп-кетіп жүріңдер, бауырларым. Атан жетпес, ат жетпес жерге бердің, Мен ағаның білмедім ауырларын. Анығын мен білгенде тумас едім, Екі жұртқа салтанат құрмас едім. Қызыл мақпал тақия қырын кидім, Қырын тұрып жан ағам жүгін жидым. Бір баласы-ау ағамның өзім деуші ем, Айырбастап сатқанын биыл білдім. Буынғаным беліме-ау әрі-ді. Менен кейін кішкене інім бар-ды. Сылап-сипап өсірген, жаным әжем, Үйден шықпай сағындым дидарыңды. * * * Үлкені мен ауылдың, Жасы мұнда, жар-жар. Жас келінді көруге, Асығуда, жар-жар! Жұбайларға арналған Батасымен, жар-жар. Даярлап тұр жеңгейлер, Шашуларын, жар-жар! Осы өмірге лайық, Семья құрып жар-жар. Келеді, әне, екі жас Топты жарып, жар-жар! Ұялмаңдар, келіңдер, Күтудеміз жар-жар. Бүгнгі күн тамаша, Кел жырлайық, жар-жар! Жаңа отаудың еңсесі, Мықты болсын жар-жар. 4.
ғұрыптық фольклор Қадамдарың, екі жас, Құтты болсын, жар-жар! Ата-ананың борышын Ақтаңыздар, жар-жар. Махаббатты мәңгілік Сақтаңыздар жар-жар! * * * —Ақ отауым тіккен жер майдан болсын, жар-жар, Ақ жүзімді көргендер қайран болсын, жар-жар. Қайын атаң бар, енең бар дейді қазақ, жар-жар, Әкең менен шешеңдей қайдан болсын, жар-жар. Бұл жалғанда кім мұңлық, қыздар мұңлық, Ел-жұртынан барады тірі айырылып, жар-жар. Есік алды қарасу, келмес қайда, жар-жар, Бір кеткен соң бұл елді көрмек қайда, жар-жар! Бір заманда айналып бір көрерміз, жар-жар, Бұрынғыдай бұралып жүрмек қайда, жар-жар. Әкем менен шешемнің мейірі қатты, жар-жар, Әлдилеген баласын малға сатты, жар-жар! Шымылдығым желпи сал, Көрсін көкем жар-жар-ау. «Бір міндеттен құтылдым», Десін шешем жар-жар-ау! * * * —Қимаймын ғой өзіңді, Бала мекен, жар-жар. Барар жерім дәл сендей Болар ма екен, жар-жар! Ойнап-күліп жүретін, Жайраң қағып, жар-жар. Құрбы-құрдас ол жерден Табар ма екем, жар-жар! 5. 6.
үйлену ғұрып фольклоры Әлпештеген ортаңда Бір бала едім, жар-жар. Балалықпен бал дәурен Құрған едім, жар-жар! Құшағыңнан шынымен, Мені ұшырып, жар-жар. Қаламысың қол бұлғап, Туған елім, жар-жар! * * * Аужар басын сұрасаң, Былай болар, жар-жар. Қой кешкенде тынық су Ылай болар, жар-жар. Жылама деп, халық-ау, Айтасыңдар, жар-жар. Ел-халқынан айырылған Қалай болар, жар-жар! Алшақ мүйіз ақ серке, Той бастайды, жар-жар. Аннан-саннан аяғын Бір тастайды, жар-жар! Сәукелемнің шашағы Алым-жалым жар-жар. Жан әкемнің үйінде Мен бір ханым жар-жар! Кісі еліне барғанда, Келін дейді-ау, жар-жар. Жан ағамның үйінде Шықсын жаным, жар-жар! Көк шымылдырық көтерші, Көрсін әжем, жар-жар. Бір міндеттен құтылдым, Десін әжем, жар-жар! Көк шымылдық көтерші, Көрсін әжем, жар-жар. 8.
ғұрыптық фольклор Көзінің жасын көл қылып, Төксін әжем, жар-жар! Өп-өтірік жылайды-ау Менің әкем, жар-жар. Бір міндеттен құтылдым, Десін әкем, жар-жар! Көк шымылдық көтерші, Көрсін жеңгем, жар-жар. Көзінің жасын көл қылып, Төксін жеңгем, жар-жар! Өп-өтірік жылайды-ау, Менің жеңгем, жар-жар. Шаш өруден құтылдым, Десін жеңгем, жар-жар! Көк шымылдық көтерші, Көрсін ағам, жар-жар. Көзінің жасын көл қылып, Төксін ағам, жар-жар! Өп-өтірік жылайды, Менің ағам, жар-жар. Бір міндеттен құтылдым, Десін ағам, жар-жар! * * * —Сылдыр-сылдыр жерлерге Сырғам түсті, жар-жар-ау. Сыналмаған жерлерге, Әпкем түсті жар-жар-ау! Әпкем үшін қабырғам Қайысады, жар-жар-ау. Қолымдағы қос жүзік Қайысады, жар-жар-ау! Қой ішінен сауатын Ақ саулықты, жар-жар-ау. 9.
үйлену ғұрып фольклоры Құдай басқа салмасын, Ақ жаулықты, жар-жар-ау! Жан көкеме беріңдер Денсаулықты, жар-жар-ау. Қызыл керсең ендеше, Қызыл керсең, жар-жар-ау! Қызыл керсең ішінен Жүзім жесем, жар-жар-ау. Көрмегелі көп айдың Жүзі болды, жар-жар-ау! Аман-есен әкемнің Жүзін көрсем, жар-жар-ау. Асық жілік, ендеше, Сонда болар, жар-жар-ау! Қырық кісінің ақылы Ханда болар, жар-жар-ау. Шыңыра-шыңырау құдықтың Суы тәтті, жар-жар-ау! Әкем менен шешемнің Мейірі қатты, жар-жар-ау. Есік алды көк сиыр Құтты болсын, жар-жар-ау. Жешем сауған көк сиыр, Сүтті болсын, жар-жар-ау! * * * Әу жар болсын, жар болсын, Жар-жар болсын, жар-жар-ай. Ақ жүзімді көргендей Айнам болсын, жар-жар-ай. Атаң үшін қайын атаң, Дейді қазақ жар-жар-ай! Айналайын әкемдей, Қайдан болсын, жар-жар-ай! 10.
ғұрыптық фольклор
Көк етігім қонышы тар,
Кие алмаймын, жар-жар-ай.
Қолым барып дүниелік,
Жия алмаймын, жар-жар-ай!
Қолым барып дүниелік
Жияр едім, жар-жар-ау.
Айналайын, адамдар,
Қия алмаймын, жар-жар-ау!
Шаңғауызыш жанайын,
Шешем бе екен, жар-жар-ау.
Кеше кеткен апашым
Есен бе екен, жар-жар-ау!
Есен-есен дегенге,
Елікпейін, жар-жар-ау.
Өзім барып көзіммен
Көрсем екен, жар-жар-ау!
Сылдыр-сылдыр қамысқа
Сырғам түсті, жар-жар-ау.
Сыр бермеген жерлерге,
Апам түсті, жар-жар-ау!
Апам үшін қабырғам
Қайысады, жар-жар-ау.
Қолымдағы қос жүзік
Майысады жар-жар-ау!
Мен де кетіп барамын
Кісі еліне, жар-жар-ау.
Әкем-шешем қалады,
Жым-жырт болып, жар-жар-ау!
Сары алқа жерім,
Сағындым елім.
Не болар кісі елінде,
Көрген күйім-ай.
Дүниеде не мұңлы,
үйлену ғұрып фольклоры Қыздар мұңлы. Томағасы басында, Көзі жұмық. Барады өз елінен Тірі айырылып, Өмірде жоқ екен Қыздай мұңлық. Ай да мұндай туа ма, Күңгірт болып. Көктемеде қой өлер, Қылғұрт болып. * * * —Есік алды қара су, Майдан болсын, жар-жар. Ақ жүзімді көргендей, Айнам болсын, жар-жар. Қайын атаң әкеңдей, Дейді қазақ, жар-жар. Айналайын әкемдей Қайдан болсын, жар-жар?! —Есік алды қарасу, Майдан болсын, жар-жар. Ақ жүзіңді көргендей, Айнаң болсын, жар-жар! Білместік қып, шырағым, Жылай берме, жар-жар. Ана орнына қайын енең Орын басар, жар-жар! —Есік алды қара су, Майдан болсын, жар-жар. Ақ жүзіңді көргенде, Айнам болсын, жар-жар! Қайын енесі анадай, Дейді қазақ, жар-жар. Айналайын анамдай Қайдан болсын, жар-жар! 8-169 11.
ғұрыптық фольклор
Сылдыр-сылдыр оймағым,
Қағылайын, жар-жар.
Айналайын әкемдей,
Сағынайын, жар-жар!
Айналайын әкемді
Сағынар ем, жар-жар.
Малға сатып жіберді,
Неғылайын, жар-жар!
Сылдыр-сылдыр оймағым,
Қағылайын, жар-жар.
Айналайын шешемді
Сағынайын, жар-жар!
Айналайын шешемді
Сағынар ем, жар-жар.
Өзі апарып тастады,
Неғылайын, жар-жар!
Сылдыр-сылдыр оймағым,
Қағылайын, жар-жар.
Айналайын ағамды
Сағынайын, жар-жар!
Айналайын ағамды
Сағынар ем, жар-жар.
Өзі апарып салады,
Неғылайын, жар-жар!
Сылдыр-сылдыр оймағым,
Қағылайын, жар-жар.
Айналайын жеңгемді
Сағынайын, жар-жар!
Айналайын жеңгемді
Сағынар ем, жар-жар!
Кісі елінің адамы,
Неғылайын, жар-жар!
Сылдыр-сылдыр оймағым,
Қағылайын, жар-жар!
үйлену ғұрып фольклоры
Айналайын сіңлімді
Сағынайын, жар-жар!
Айналайын сіңлімді
Сағынар ем, жар-жар!
Ол да өзімдей мұңлық қой,
Неғылайын жар-жар!
Сылдыр-сылдыр оймағым,
Қағылайын, жар-жар!
Айналайын інімді
Сағынайын, жар-жар!
Айналайын інімді
Сағынар ем, жар-жар!
Ат шылауын ұстайды,
Неғылайын, жар-жар!
Көк етігім қонышы тар,
Кие алмаймын, жар-жар.
Қолым барып жұмысты
Жия алмаймын, жар-жар!
Қолым барып жұмысты,
Жияр едім, жар-жар.
Айналайын анамды
Қия алмаймын, жар-жар!
—Сылдыр-сылдыр қамысқа
Сырғам түсті, жар-жар.
Сыр алмаған жерлерге,
Әпкем түсті, жар-жар!
Әпкем үшін қабырғам
Қайысады, жар-жар.
Қолымдағы қос жүзігім
Майысады, жар-жар!
Қатар-қатар қаттамалар
Қатталып тұр, жар-жар.
Қызды алып жеңгелері,
Аттанып тұр, жар-жар!
ғұрыптық фольклор
Жылама, тұр,жылама,
Той сенікі, жар-жар.
Астанасы алтыннан,
Үй сенікі, жар-жар!
* * *
—Ақ тоқымның шетіне шектім шеше,
жар-жар-ау,
Жек көргенің мен болсам, кеттім, шеше,
жар-жар-ау.
Тоқсан басты, тор көзді сенің үйің, жар-жар-ау,
Торғай басым симастай кеттім, шеше,
жар-жар-ау!
Ау-жар басым тағы да ау-жар басым, жар-жар-ау,
Ау-шардияр машайық жан жолдасым,
жар-жар-ау.
Онда да бар қайын ата дейсің, жұртым,
жар-жар-ау, Айналайын әкемдей қайдан болсын, жар-жар-ау! * * * —Торғай сүйер баласын «таңғағым» деп, жар-жар, Тобылғының басына қонғаным деп, жар-жар. Қыз жылайды кетерде өксіп-өксіп, жар-жар, «Күздігүні қурайдай солғаным» деп, жар-жар! Қарға сүйер баласын «аппағым» деп, жар-жар, «Қарағайдың бұтағын қаққаным» деп, жар-жар. Қыз жылайды кетерде өксіп-өксіп, жар-жар, «Өз елімнен теңімді таппадым» деп, жар-жар! Қой сүйеді баласын «қозым-ау» деп, жар-жар, «Ештеңені сезбейтін бозым-ау» деп, жар-жар. Қыз жылайды кетерде өксіп-өксіп, жар-жар, «Енді кімге өтеді назым-ау» деп, жар-жар! 12. 13.
үйлену ғұрып фольклоры V. АУ-ЖАР —«Бісміллә» деп бастайын Ау-жар басын, жар-жар-ау. Әу дегеннен шығадай-ау Көзден жасым, жар-жар-ау! Шыңырау деген құдықтың Суы тәтті, жар-жар-ау. Ата менен ананың-ау Мейірі қатты, жар-жар-ау! Мейірі қатты демей-ау, Мен не дейін, жар-жар-ау. Балапандай баласын-ай Малға сатты, жар-жар-ау! Аппақ-аппақ жұмыртқа Ай болар ма, жар-жар-ау. Менен алған бес тайлақ Мал болар ма, жар-жар-ау! Мені қайтып жан әкем Көрмес пе екен, жар-жар-ау. Ет жейді екен үлкендер, Тұздық құйып, жар-жар-ау! Қызды Құдай жаратқан Мұңлы қылып, жар-жар-ау. Мұңлы қылып, Құдайым, Қор еттің ғой, жар-жар-ау! Ұл болғанда жүрмес пе ем, Билік қылып, жар-жар-ау. Алдырғаным базардан Құндыз бөрік, жар-жар-ау! Құндыз бөрік басыма Қырып кидім, жар-жар-ау. 1.
ғұрыптық фольклор Бір баласы әкемнің Мен деуші едім, жар-жар-ау. Айырбастап сатқанын Бүгін білдім, жар-жар-ау! * * * —Ау-жар басы, ендеше, ау-жар басы, Ау-жарменен құрылды қыздың жасы. Он бес жаста біреуге малға беріп, Етегімді толтырды көздің жасы. А, ей, қайран ауылым-ай! Ақ шәйнекке су құйсам жылымайды, Өгей емес, өз анам жыламайды. Жыламаған анамды жылатайын, Неден көңіл қалды екен сұратайын. А, ей, қайран ауылым-ай! Не тәтті дүниеде, тарлау тәтті, Тарлау жеген жылқының еті тәтті. Әке менен шешенің діні қатты, Өз баласын жылатып малға сатты. А, ей, қайран ауылым-ай! Ақ отауым тіккен жер майдан болсын, Ақ жүзімді көруге айнам болсын. Ол жақта қайын енем бар деп жүр ғой, Аялаған анамдай қайдан болсын. А, ей, қайран ауылым-ай! * * * —Ау-жар басын сұрасаң былай болар, Жаман болып жалғанға жарасаңдар. Жар-ау екі-ау көзім болар өлгенше, Торы ат пен боз атқа жектім шана. Жек көргенің мен болсам, кеттім ата, Тоқсан басты көз үй болды өзіңе, Торғай басым симастай кеттім, ата. 2. 3.
үйлену ғұрып фольклоры Неғып отырсың, Әмірхан, қойға бармай? Ата-анаңның біз келдік көңлін қимай. Жеті мезгіл, жеті аяқ көжеңді ішіп, Белбеуіңе барады кеудең сыймай. Осман байдың қызы едім, мен Зылиха, жар-жар, Зылиханың қолында гармония әлди, жар-жар. Жыламашы, ай, бөпем, жар-жар, Иіс майдан берейін, етіңе сылап, жар-жар. * * * —А, қаумалаған, ағайын, Сіздерден рұқсат алайын. Тыңдауға құлақ салсаңыз, Ау-жар айтып қалайын. Бұрынғыдан қалыпты Жар айтқанды тыңдамақ. Жақсы-жаман іс болса, Етіңдер, қыздар, қанағат. Ау-жар басы осы еді, Он үште көзге көріндің. Арасында екі үйдің Бұлаңдап көзге іліндің. Дәулетіне атаңның Батсайы берер, түрлі асыл, Киім киіп бөлендің, Шырағым, сонда, жар-жар-ай! 4.
ғұрыптық фольклор VІ. СЫҢСУ —Есіктің алды күрке еді-ау, Күркеден атым үркеді-ау. Бермеймін деген ағалар Басыма жаулық бүркеді-ау. Есіктің алды тал дейді-ау, Талдан да биік бар дейді-ау. Өз елінен айрылған Қыздан да сорлы бар дейді-ау. Ей, бүрлен-ау, Айрылттың, Құдай, елден-ау. Аға, жеңге, бауырым-ау, Қош-аман бол, ауылым-ау! Үкі тақтым бұлғақтап, Күн жауады-ау сырғақтап. Үкі тұрмақ, жүн қайда, Үйдегідей күн қайда?! Есіктің алды томаша, Орамал шеті бүрмеше. Мен айналып келгенше Қош-аман бол, жеңеше! Жүруші едім бір қыздай, Маңдайға таққан құндыздай. Енді кетіп барамын, Үркерден қашқан жұлдыздай. Есіктің алды қара жер, Жан қимай ағар тер. Бермеймін деген ағалар Көзімді қалай қия алар! *** Ақ киізді басамыз түңлік қылып, Қызды Тәңірі жаратқан мұңлық қылып. 1. 2.
үйлену ғұрып фольклоры Өз елімде жүруші ем билік қылып, Енді қайтіп жүремін сәлем қылып. Өз елімде жүруші ем барқыт пішіп, Қалай жүрем жат елде сарқыт ішіп?! Әкемнің қызы болмай ұлы болсам, Жүрер ем өз елімде билік қылып. Ағажан, кетер болдым рудан, Амал жоқ мойын бұрудан. Шашыма таққан теңгелер Қалады-ау, қайран жеңгелер! Босағада шашылып инем қалды, Кішкенеден жинаған дүнием қалды. Мен жыламай Тәңірге кім жыласын, Алты жасар артында інім қалды. Қалайы сандық кілтім, Кетпеймін деуші ем, үмітім. Кетерге басым байланды-ау, Енді аман бол, ел-жұртым! Үркерден шыққан жұлдыздай Бірге жүріп тұрушы ем, Жаңа ұстаған құндыздай. Ажыратты дүние-ай, Үркерден аққан жұлдыздай. Туып бір өскен жерім-ай, Қалды қайран елім-ай! * * * —Ақ отауым тіккен жер майдан болсын, Ақ жүзімді көрерге айнам болсын. Кісі әкесі кісіге әке дейді, Айналайын әкемдей қайдан болсын?! Ақ ат мініп боз атқа жеттім, әке, Көп көргенің мен болсам, кеттім, әке. Тоғыз қабат торқа екен сіздің үйіңіз, Торғай басым сыймастай кеттім, әке. 3.
ғұрыптық фольклор Шымылдықтың етегін серпісін шешем, Көздің жасын аямай төксін шешем. Көздің жасын аямай төге жүріп, Бір міндеттен құтылдық дерсің, шешем. Серпе сал шымылдығын, көрсін әкем, Көл қылып көздің жасын төксін әкем. Жылайық өксіп-өксіп өп-өтірік, Құтылдым бір міндеттен дерсің, әкем. Қолымда сақинам бар бармақ-бармақ, Сәукеле, басқа түссе, ауыр салмақ. Басымды балапандай малға сатып, Бар ма екен өз әкеңдей жаһил қалмақ. Салмайды қоян жатақ құм болмаса, Жақтырмайды қызды әке ұл болмаса. Кетеді бергеніне құл да болса, Айтсайшы бермеймін деп тым болмаса. * * * Заманым өтіп басымнан, Дәуірім өтті басымнан. Бұл не деген іс болды, Көлінен кеткен құс болдым. Бұлғақтап жүрген заманым, Қандай да жерге тұс болдым? Ата-анам еді дәулетім, Мен жұртыма жау ма едім? Жатжұрттық болып кеткен соң, Кетер-ау бастан сәулетім. Айналайын, ел-жұртым, Не болар менің заманым?! Дәуренім менің өткен соң, Бұралқы иттей кеткен соң, Естіле жүрер дейсіз бе Не болып жүрген хабарым. Заманым қиын болар-ау, Көкірекке қайғы толар-ау. Ел-жұртым сенен айырылып, Санамен жүзім солар-ау. 4.
үйлену ғұрып фольклоры * * * Көк шымылдық көтерші, көрсін әкем, Көзінің жасын көл етіп төксін әкем. Көзінің жасын көл етіп төге салып, «Міндетімнен құтылдым» дерсің, әкем. Текеметке түр салдым талдырмаша, Менің көңілім, әжеке-ау, қалдырмашы. Менің көңілім, әжеке-ау, қалдырғанша, Әдіре қалсын, ақ жаулық салдырмашы. Көк шымылдық көтерші, көрсін ағам, Көзінің жасын көл етіп төксін ағам. Көзінің жасын көл қылып төгіп болып, «Қыздың жолы осылай» дерсің, ағам. Жылай кетіп барамын, қош бол, елім, Кіндік кесіп, кір жуған туған жерім! Ұлдай етіп, жеңеше-ай, күтуші едің, Нендей ғана жазығым болды менің?! Күн бола ма қыз байғұс жыламайтын, Көзінің жасын еріксіз бұламайтын. Әке-шешем жалтақтап би-болыстан, Қыз теңіне лұқсат сұрамайтын. * * * —Қара суды жағалай қаз барады, Анасынан айрылған қыз барады. Қара суға қан құйсаң, ағар, кетер, Жат кісіге қыз берсең, алар, кетер. Аққу көнбес ешкімнің байлауына, Қайтар ән сап қалықтап жайлауына. Қыздан сорлы бар ма екен, Тәңірім-ай, Мал бергеннің кетеді айдауына. Уылжымай ақша бет қуарсайшы, Мөлдіреген екі көз суалсайшы. 5. 6.
ғұрыптық фольклор Бір жаманға қор болып кеткенінше, Өліп қана, қыз сорлы, уансайшы! Неге өсті екен қыз сорлы сылауменен, Тал шыбықтай тал белін қынауменен! Анасынан онан да тумасайшы, Өксігенше өмірі жылауменен! * * * —Қарасуды жағалай қаз барады, Анасынан айырылған қыз барады. Қара суға қан құйсаң, ағар, кетер, Жат кісіге қыз берсең, алар кетер. Аққу көнбес ешкімнің байлауына, Қайтар ән сап ақ сұлу жайлауына. Қыздан сорлы бар ма екен, Тәңір-ай деген, Мал бергеннің жетеді айдауында! Уылжымай ақша бет қуарсайшы, Мөлдіреген екі көз суалсайшы. Бір жаманға қор болып кеткенімше, Өліп қана, қыз сорлы уансайшы. Неге өсті екен қыз сорлы сылауменен, Талшыбықтай тал белін қынауменен. Анасынан онан да тумасай-шы, Өксігенше өмірі жылауменен. Өлең айтқым келмейді үнім бітіп, Сыңсу айтып отырмын күмілжітіп. Әлпештеген біреудің баласы едім, Әлдекімнің отырмын жүнін түтіп. Ұзатады бізді қайтып келмесін деп, Ақжаулық сап бұл үйге енбесін деп. Шешем байғұс айтпайды-ау әкешіме, «Үйдің көркі қыз екен, бермеші» деп. Көйлегімнің етегі қиылмаған, Не болғанын білмеймін биыл маған. 7.
үйлену ғұрып фольклоры Ойлағанға бар мекен қыздай мұңлық, Өз елінен топырақ бұйырмаған. Ай да мұндай туа ма күңгірт болып, Көктемеде мал өлер қылқұрт болып, Әкемнің қыз да болсам ұлындай ем, Мен кетсем, қалады-ау жым-жырт болып. Құдайым, қызды неге жаратасың, Қайырып арқа шашын таратасың? Үйренбеген барамын кісі еліне, Қандай жанның қолына қаратасың?! Өз елімде жүруші ем барқыт пішіп, Біреуінен біреуін артық пішіп. Өз үйімде ішуші ем астың алдын, Енді қайтып жүремін сарқыт ішіп. Дүниеде кім мұңлық қыздар мұңлық, Тұс-тұсына кетеді тұрмыс құрып. Туысқанын сағынып, аңсағанда, Жүреді мұңлықтығын сонда біліп. * * * —Басында керегенің қара далбай, Өсіп ем жан әжемнің тілін алмай. Жан шешем, мені өзің өсіріп ең, Кеттім ғой ақ сүтіңді ақтай алмай. Арқада жылқым жатыр жиылмаған, Үстімде ноғай бешпент қиылмаған. Құдай-ау, қызды мұңлық неге қылдың, Топырақ өз елінен бұйырмаған?! Базардан алған тарағым, «Жылама,—дейсің,—қарағым». Жыламай қайтіп кетейін, Жат елден болды тұрағым. Тауға бір шықтым қабындым, Батсайы шапан жамылдым. 8.
ғұрыптық фольклор
Батсайы шапан сөкпелі,
Мен әжеме өкпелі.
Өкпелі демей не дейін,
Бір жаз маған көп пе еді?
Ат шапса, тұяқ тигендей,
Құс ұшса, қанат күйгендей.
Айналайын, жан әже,
Не жазығым бар еді,
Алыста ай жерге бергендей.
Есіктің алды мың шыбық,
Ішінен алдым бір шыбық.
Айналайын, жан апа,
Басыма түсті мұңшылық.
Есіктің алды қоғалы,
Қоғасын жайпап мал өтер.
Айналайын, бауырым,
Қадірің маған енді өтер.
Ақ үйге салған үзігім,
Қолыма салған жүзігім.
Айналайын, бауырымның
Көре алмай кеттім қызығын.
Базардан алған түр кілем,
Масатыдан несі кем?
Тірі бір кеттің демесең,
Өлгеннен мұның несі кем?
Базардан алып келген палау қасық,
Сындырдым әдіренің сабын басып.
Кешегі өткен айдың он бесінде,
Айырылдым жан бауырмен амандасып.
Базардан алған құйысқан,
Тарамай шашым ұйысқан.
Жылама деп маған айтасың,
Жылатады екен туысқан.
Мінгенім көш алдынан нарша тайлақ,
Жібердім жайылсын деп шағылға айдап.
үйлену ғұрып фольклоры Бірге өскен кішкентайдан, жаным бауырым, Жүрмедім жеңешеммен бір жыл да ойнап. Есіктің алды шоралар, Аяғыма оралар. Енді айналып көргенше, Қош-аман бол, жоралар. Тау-таудан теріп жедік тәтті-ай мейіз, Тіккенім орамалға қошқар мүйіз. Біреуін қошқар мүйіз жаңылыппын, Алыста жан бауырымды сағыныппын. Кереге жайдым қапсыра, Ақ көйлек кидім жапсыра. Айналайын-ай, жан аға, Әжемді кеттім тапсыра. Адасса, жолға ала жүр, Шаршаса, атқа сала жүр. Басынан (өскен жердің) су тартайын, Бір ұшын арқанымның шұбалтайын. Есіме сен түскенде, жаным бауырым, Өзімді өлең айтып жұбатайын. * * * —Алтын да менің босағам, Аттап бір шығам деп пе едім... Күміс те менің босағам, Күңіреніп шығам деп пе едім?! Қарағай ма екен, тал ма екен, Талдан да биік бар ма екен? Үйде бір жүріп, түзде өлген Қыздан да мұңлық бар ма екен?! Қалайы сандық кілтім-ау, Жылама дейсің, жұртым-ау! Жыламай қайтіп шыдайын, Барасың қалып, жұртым-ау?! 9.
ғұрыптық фольклор Тоғайға құрған тұзағым, Үйім ғой менің ұжмағым. Ұжмағым демей, не дейін, Қайран қалды-ау оң жағым. Қайран ауылым қалады-ау, Қарасам, көзім талады-ау. Әлпештеген ел-жұртым, Жылай да жылай барам-ау! Бұлғақтап жүрген заманым, Білмей де қалдым өтерін. Малға мені сатқандай, Мен жұртыма жау ма едім?! Жат жұрттық болып кеткен соң, Кетер-ау бастан сәулетім. Дәуренім менің өткен соң, Естіле жүрер дейсіз бе, Не болып жүрген хабарым! Заманым қиын болар-ау, Көкірекке қайғы толар-ау, Санамен жүзім солар-ау!.. * * * —Ақ үйдің сәні дөдеге, Ақсұңқар ілер бөдене. Айналайын, жан әке, Сенсіз сәнім келе ме? Есік алды қара ағаш, Қабығын алсам, жалаңаш, Мен жыламай кім жылар, Әке бір кәрі, бауыр жас. Қарқара бойлап, Мұңайып ойлап, Барамын кісі еліне нәсіп айдап. Қара суды жағалай қаз барады, Анасынан айырылған қыз барады. Қара суға қан құйсаң, ағар, кетер, Жат кісіге қыз берсең, ала кетер. 10.
үйлену ғұрып фольклоры * * * —Байлар киіз салады Түңлік қылып. Қызды Құдай қойыпты Мұңлық қылып. Қызы болмай әкемнің, Ұлы болсам, Өз елімде жүрер ем Билік қылып. Қайың құрық, Құрығымды сындырдым Тайымды ұрып, Кететұғын барамын, сыңайланып, Өлеңіңді айта гөр мүнәйім қылып. Қызыл сиыр, Жатқан жері Сиырдың болар шиыр. Руымнан барамын кетер болып, Тамағымнан өтпейді жалғыз түйір. Ала қарға, Ұшып барып қонады жаман жарға. Мал бергенің барады алып кетіп, Ажыратып алуға шамаң бар ма? Ойлап тұрсам, жоқ екен қыздай мұңлық, Бөтен елдің баласын жолдас еттім, Жиырма бір, Жиырма бір шапанды жиынға ки. Жиырмаға келгенше қалың бермей, Әкеңнің жинаған малы бұйырмағыр! Қара құндыз, Қолыңды жауратар ұстаған мұз, Қолымды қайтсем саған жеткерем-ау, Ауада сен бір тұрған Шолпан жұлдыз. 9-169 11.
ғұрыптық фольклор
Өлеңге ақын болсам іркілмеймін,
Найзагердің атындай зіркілдеймін.
Өздеріңдей жақсыға кез келгенмін,
Алдарыңда желмей-жортпай бүлкілдеймін.
Үстіңдегі киімің—тоның құрсын,
Қарға тұяқ секілді қолың құрсын.
Келген жерден сақина сұрай келдің,
Көргенсіздің баласы, соның құрсын.
Бесті ала қой,
Күшің жетсе, тілімді кесіп ала ғой.
Қолымда ештеңем жоқ, не берейін,
Ертең барып қорадан ешкі ала ғой.
Көк бесті,
Қазанда қалқып жүріп өкпе пісті.
Теңге мірің біздерге ауысқандай,
Сіздер кімге қыласыз өкпеңізді?
Асыр-тасыр,
Тасырлатып жылқыңды таудан асыр.
Азды-көпті қолыңа барып қалдым,
Жаманымды жасыр да, жақсымды асыр.
Қызыл маңлай,
Арқадан шыт келеді, таңлай, таңлай.
Досым екеу болғанда,
Дұшпаным төртеу,
Аяғымды басамын аңлай-аңлай.
Аяғыма кигенім мәсі дағы,
Жаңылғаным өлеңнен жасымдағы.
Жаста болсам өлеңді тауып айтам,
Арғымақтай сүйегім асыл дағы.
Ақ қалпағың басыңда түбіттеген,
Сенен артық бола ма жігіт деген?
Осы тұрған тойларға келмей қойдың,
Ақ сандыққа түстің бе кілттенген.
үйлену ғұрып фольклоры Мінгенім дәйім менің торы жорға, Найман кіре салады Орымборға. Өзге жігіт үш тұрып, үш тұрғанда, Мына құрбың қасыңа келді зорға. Пирағынан, қызыл жіп үзіледі сирағынан, Үлкен жасын кішіртіп өлең айтты. Сүйреп таста қайын ағаның сирағынан, Қайын ағамыз, қайын ағамен асық та ойнағанбыз. Қайын ағаның асығын ұтып алып, Жолға салып қайын ағаны айдағанбыз. Көк көбелек, Көркемшенің, Жүзі бар дөп-дөңгелек. Жамандарды жиып кеп, Айландырып жіберсек шыр көбелек. * * * —Төрт бұрышы түндігімнің басбауым-ды Сұрайды алты жеңгем шашбауымды. Сұраса алты жеңгем алат дағы, Ел-жұрт, айналайын қалад тағы. Ел-жұрт айналайын қалғаннан соң, Мақсаты мал бергеннің болад тағы. Кісінің болса ағасы асқар тауы, Жал-құйрық, іні деген, қанат дағы. Дастандай, Рүстемдей ағаларым, Аман бол үлкен-кіші бабаларым. Өмірі Шәкірәттің жылап өткен, Алдында пәндә білмес ненің барын. * * * —Қарағай шаптым жан қалап, Өсірдім інім арқалап. Ұзақ бір жерге барамын, Барып бір жүрші апалап. 12. 13.
ғұрыптық фольклор Қолыма салдым жүзігім, Ақ үйге салдым үзігім, Түбім бір нашар болғасын, Айналайын, бауырым, Көре алмай барам қызығың. Ақ үй бір тіктім қапсыра, Ұзақ бір жерге барамын. Айналайын, жан аға, Жеңешемді саған тапсырдым. Қайран ауылым қалады-ау, Қарасам көзім талады-ау. Әлпештеген ел-жұртым, Жылай да жылай барам-ау. Заманым қиын болар-ау, Көкірекке қайғы толар-ау. Ел-жұртым сенен айырылып, Санамен жүзім толар-ау! * * * —Наны тәтті Ташкенттің, жолы қатты, Жанға салып айдайды арық атты. Әкем менен шешемнің мейірімі қатты, Әлпештеген баласын малға сатты. Ақ отау тіккен жерің майдан болсын, Ақ жүзіңді көргенде айдан болсын. «Шешең үшін қайын енең» дейді қазақ, Айналайын шешеңдей қайдан болсын! Ақ отауды тіккен жерің майдан болсын, Ақ жүзіңді көргенде айдай болсын. «Әкең үшін қайын атаң» дейді қазақ, Айналайын әкеңдей қайдан болсын! Сылдыр-сылдыр жерлерге сырғам түсті, Сырласпаған жерлерге апам түсті. Апам үшін қабырғам қайысады, Қолымдағы қос жүзік майысады. 14.
үйлену ғұрып фольклоры
Ақ киізден саламын түндік қылып,
Қызды Құдай жаратты мұңды қылып,
Қызы болмай әкемнің, ұлы болсам,
Өз үйімде жүрер ем билік қылып.
Базардан алып келген қара сырнай,
Басымнан өтіп дәурен барасың-ай.
Артымнан жалғас өскен екі бауырым,
Көзімнің ағы менен қарасындай.
Бір күйі домбырамның татауында,
Өсірген сылап-сипап, жаным көкем,
Жүреміз енді қайтіп жат ауылда.
Боз үйде отыр едім, боздай басым,
Сүтіне боз биенің жуған шашын.
Отырып көп ішінде таранушы ем,
Қор болды-ай бір жаманға әділ басым.
Боз үйде отыр едім барқыт пішіп,
Біреуін біреуінен артық пішіп.
Бар ма екен қыздай мұңлық сорлап өткен,
Отырып босағада сарқыт ішіп.
Тақия қызыл мақпал қырын ойдым,
Көкемнің қырын жүріп жүгін жидым.
Мінумен ақбоз атты алшаңдатып,
Көкемнің жөнер жерін биыл білдім.
Дегенге биыл маған, биыл маған,
Бұл дәурен биылдан соң қиылмаған.
Бар ма екен қыздай мұңлық, Тәңірі-ай деген,
Топырақ өз елімнен бұйырмаған.
Базардан алып келген кеселерім,
Кесені ұстап тұрмын нешелерін.
Аяғын үзеңгіге салып тұрмын,
Көргенше хош-аман бол, қайран жерім!
Базардан алып келген қара сырнай,
Басымнан өтіп дәурен барасың-ай.
ғұрыптық фольклор Артымда жалғас өскен екі бауырым-ай, Көзімнің ағы менен қарасындай. * * * Әкесіне айтқаны: —Көк көйлек кидім төкпелі, Мен әкеме өкпелі. Өкпелі болмай қайтейін, Бір жыл маған көп пе еді? Есіктің алды жапырақ, Жапырақ жатыр жалтырап. Әкем берем дегенде, Жүрегім ұшты-ау қалтырап. Базардан келген матадай, Бүктеп бір қойсаң жатады-ай. Ішінен шыққан баласын, Малға да қиып сатады-ай. Жағада шапан қинайды-ау, Жат елге барсам, сынайды-ау. Сынаса, сынға қалам ба, Үйдегідей болам ба?! Әуеде ұшқан сонадай, Солқылдап жерге қонады-ай. Жастай мені бердіңіз, Заманым қандай болады-ай?! Шешесіне айтқаны: —Базардан келген тақтайым, Сындырмай қалай сақтайын. Айналайын, анам-ау, Ақ сүтіңді қайтіп ақтайын?! Жылқы ішінде тебеген, Базарда келген ілеген. Айналайын, анам-ау, «Сен қалайсың?» демеген. 15.
үйлену ғұрып фольклоры Үй-ішіне айтқаны: —Есіктің алды ошаған, Жылқы ішінде қашаған. Жыл айналып келгенше, Қош-аман бол, босағам! Жеңгесіне айтқаны: —Көк көйлек кидім бүрмелеп, Етек пен жеңін түймелеп. Бермеймін деген, жеңгем-ау, Үйден де шықтың сүйрелеп. Шапан піштім бой-бойлап, Жағасын тіктім ой ойлап. Жыламай қайтіп шыдайын, Неге айтасыз қой-қойлап? Сіңлісіне айтқаны: —Басыма киген бөрігім, Қалтама салған өрігім. Жыл айналып келгенше, Қош-аман бол, серігім! Бауырына айтқаны: Әуеде торғай өріп жүр, Балапаны еріп жүр. Айналайын, бауырым, Сағындырмай келіп жүр. Соңында айтқаны: —Базардан келген бес кілем, Дүриядан несі кем? Тірі де отыр демесең, Өлі қыздан несі кем? * * * —Ақ өрмек жолға құрамын, Еркелеп кімге тұрамын. Ақылды берген, жан ана, Ақылды кімнен сұраймын? 16.
ғұрыптық фольклор
Есіктің алды талды ғой,
Төрімнің алды қалды ғой.
Бермеймін деген, жан ана,
Мойныма құрық салды ғой.
Көктем тола мұз кетер,
Орамал салып қыз кетер.
Артымнан ерген Жабайжан,
Көрісе кетсең, не кетер?
Шай ішінде қорғасын,
Қатар да құрбым, қайдасың?
Адыра қалғыр, ақ жаулық,
Түсетін болды-ау басыма.
Үкі бір тақтым шекеге,
Құс қоймады жекеге.
Бермеймін деген, жан дәде,
Қайтіп бір қидың некеге?
Базардан алған шай құман,
Шүмегінен майырылған.
Қыздай бір мұңлық бола ма?
Ел жұртымнан айырылған.
Төрге бір бидай шашайын,
Түрлетіп кілем басайын.
Айырма, қалқам, айырма,
Жылап бір мауқым басайын.
Есіктің алды шоралар,
Аяғыма оралар.
Енді бір қайтып көргенше,
Қош-аман бол, жоралар!
Ақ көйлек кидім белдемше,
Ойнаушы едім өлгенше.
Енді бір қайтіп көргенше,
Қош-аман бол, жеңешем!
үйлену ғұрып фольклоры
Есіктің алды ақ қайың,
Жапырағын баспайын.
Бұл есіктен кеткен соң,
Еркелікті тастайын.
Базардан алған тарағым,
«Жылама,—дейсің»—қарағым».
Жыламай қайтіп тұрайын,
Кісі есігі болды-ау тұрағым.
Базардан алған айнамсың,
Айнадай көзім жайнасын.
Айналайын, жан әке,
Осы бір күні қайдасың?
Қарағай шаптым жаңқалап,
Өсірдім, Мұстафажан, арқалап.
Өсірген бауырым сен болсаң,
Барғын жаным апалап.
Қарағайдың жаңқасы,
Құнан қойдың марқасы.
Ерте жатып, кеш тұрған
Жан апамның арқасы.
Базардан алған көк арба,
Жаңбыр да жауса оңар ма?
Айналайын, жан әже-ау,
Қыздай мұңлық болар ма?!
Есіктің алды бидайық,
Орып бір алдым бір баулық.
Айналайын, жан әже-ау,
Алла берсін денсаулық.
Боз үйден аққан тамшыдай,
Қолыма алған қамшыдай.
Күнім бір бітіп қалып па ед,
Есікке салған жамшыдай?!
ғұрыптық фольклор Сайдың бір суы сарқырар, Тайлақтың жүні бұрқырар. Жан әкем еске түскенде, Сай сүйегім сырқырар. Тауға бір шықтым қамығып, Падсайы шапан жамылып. ....................................... .......................................* Падсайы шапан сөкпелі, Мен Құдайға өкпелі. Өкпелі болмай қайтейін, Бір жаз да мені көп көрді. Төбеге шығып қарайын, Төбе шашым жаулайын. Қоя тұршы, қарағым, Әкем көңлін аулайын. Базардан алған кеселер, Шай сүзеді еселер. Енді бір қайтіп көргенше, Қош-аман бол, шешелер! * * * Ый-ый, ый-ый, ый-ый... Ақ түйеге жүк арттым, Ақ бөкебай шұбалттым. Ақ сүт берген анажан, Ақ сүтіңді суалттым. Ай-а-ай-й... Қарағай шаптым жаңқалап, Өсірдім бауырым арқалап. Өсірген бауырым сен болсаң, Арқамнан баршы апалап. Ай-а, а-й-ай... Тауға бір шықтым қамығып, Падсайы шапан жамылып. ∗ Қолжазбада екі жол түсіп қалған. 17.
үйлену ғұрып фольклоры Падсайы шапан сөкпелі, Мен әкеме өкпелі. Өкпелі болмай қайтейін, Бір қысқа мен көп көрді. * * * —Қалайы сандық, құлпын-ай, Жылама дейсің, жұртым-ай. Жыламай қайтіп шыдайын, Заманым өтті шіркін-ай! Төрге бидай шашайын, Түкті кілем басайын. Айырма, жұртым, айырма, Жылап та мауқым басайын. Қарадан кидім шапанды, Алмаймын, әке, батаңды. Он төртке жасым келгенде, Қол-аяғым маталды. Басымда бөрік үкісіз, Мен секілді жетім қыз Қырық жеті қара қалыңға Барамын кетіп мен құнсыз. Базардан келген нешелер, Самаурын, шәйнек, кеселер, «Балам, балам» деуші едің, Қош есен бол, шешелер! * * * —Қаралы тоқым қашаған, Артымда менің босағам. Аттап бір шығам деп пе едім, Құдіреті күшті Жасаған! Анасына: Қарадан камзол кие алмай, Айналайын, анам-ай. Бұл есіктен кеткен соң, Мен де бір өлген балаң-ай! 18. 19.
ғұрыптық фольклор
Туыстарына:
Базардан алған бас кілем,
Падсайыдан несі кем.
Тірі бір кетті демесең,
Өлгеннен бұның несі кем?
Базардан алған пәуеске,
Байлар да мінер әуеске.
Жеткіземін деуші едің,
Жеткізбей бердің он беске.
Қалайы сандық кілітім,
Кетпеймін деген үмітім.
Кетуге басым байланды-ау,
Қош-аман бол, ел-жұртым-ау!
Қалайы сандық қақпалы-ау,
Мен ағама өкпелі-ау.
Өкпелемей қайтейін,
Биылша жүрсем көп пе еді-ау.
Жаңа да туған айдай топ,
Жүруші едім тайдай боп.
Күнім бір менің бітті ме,
Базарға салған қойдай боп!
Базардан алған құндыздай,
Ауадағы жұлдыздай.
Күнім бір менің бітті ме,
Үркерден қашқан жұлдыздай!
Базардан алған құлындай,
Бұлаңдап өстім ұлыңдай.
Санаулы малың біткен соң,
Ұстап бір бердің құлындай!
Базардан алған көк кебіс,
Табаны жалпақ теп-тегіс.
Жат-жұрттық болып барамын,
Қош-аман бол теп-тегіс!
үйлену ғұрып фольклоры Жылқы ішінде керім-ай, Кенілдеп аққан терім-ай! Жат-жұрттық болып барамын, Қош-аман бол, елім-ай! Базардан алған кеселер, Шай, самаурын еселер. Жат жұрттық болып барамын, Қош-аман бол, шешелер! Базардан алған теңгем-ай, Тетелес өскен жеңгем-ай. Жат-жұрттық болып барамын, Қош-аман бол, жеңгем-ай! Үйде отырсам мұңдасым, Далаға шықсам сырласым. Біздердей мұңлық бар ма екен, Қош-аман бол, құрдасым! * * * —Сылап бір сипап өсірген, Еркелік қылсам кешірген, Айналайын, анашым, Алыста жүрсем сұрай жүр, Жақында жүрсем келе жүр. Атыңның жалын аяма, Түйеңнің қомын аяма. Атыңның жалын аясаң, Түйеңнің қомын аясаң, Балам бір бар деп ойлама! Шешесі: —Айналайын, құлыным-ау, Қалаулы бол халқыңа, Елеулі бол еліңе, «Атаңа нәлет» келтірме, Ат басына соқтырма, Алдыңнан күнің тусын, құлыным-ау! 20.
ғұрыптық фольклор
Әкесіне:
—Есіктің алды талды ғой,
Қайран бір төрім қалды ғой.
Бермеймін деген әкем де,
Мойныма құрық салды ғой.
Алыста жүрсең келе жүр,
Атыңның басын бұра жүр!
Ағасына:
—Ойбай, менің бауырым,
Алыс бір қалды-ау ауылым.
Келіп бір, кетіп, жүре гөр,
Қайран, бір, менің бауырым!
Жеңгесіне:
—Айналайын, жеңеше-ау,
Тату бір едік өлгенше-ау.
Талай сырды ақтарған
Қош-аман бол, енді айналып келгенше-ау!
Шашбау бір тақтым шашақтап,
Орамал тарттым моншақтап.
Шыға алмадым үйімнен,
Көзімнің жасы бұршақтап.
Шынымен қалып барады,
Алтын бір менің босағам.
Сіңлісіне:
—Тай-құлындай тебіскен,
Таласып емшек еміскен,
Қош-аман бол, бауырым!
Әпкесіне:
—Қара ағаштың жаңқасы-ау,
Қара қойдың марқасы-ау.
Алшаңдап аяқ басқаным,
Ата-әкемнің арқасы-ау!
Тебетей қызыл мақпал қырын кидім,
Әкемнің қырын қарап жүгін жидым.
Әкеме қыз да болсам ұлдай едім,
Әкемнің ұзатарын биыл білдім.
үйлену ғұрып фольклоры Базардан алған үш кілем, Үшеуі де тұс кілем, Тірі кетті демесең, Өлгеннен мұның несі кем? Кесе, кесе, кеселер, Шай, самаурын еселер. «Қызым, қызым» деуші едің, Қош-аман бол, шешелер! * * * —Қалайы сандық кілітім, Кетпеймін деуші ем үмітім. Кетерге басым байланды-ау, Енді аман бол, ел-жұртым! Екеу едік бір қыздай, Үркермен шыққан жұлдыздай. Бірге жүріп тұрушы ем, Жаңа ұстаған құндыздай. Ажыратып, дүние-ай, Үркерден аққан жұлдыздай. Үлкен арық жағасы ойдым-ойдым, Қыздардай-ақ қолыма қына қойдым. Елімдегі жас кезім еске түссе, Ішіп отырған асымды жерге қойдым. Мендей болып, мендей болып, Кескен терек құлайды сеңдей болып. Осы бүгін отырмын мұңлық болып, Енді кетіп барамын сеңдей болып! * * * —Не мұңлық, бұл дүниеде қыздар мұңлық, Мұңлық болып атадан неге тудық? Мұңлық болып атадан тумас едік, Бұрынғы ата-баба жолын қудық. Қонышы тар көк етікті кие алмаймын, Көл дария көз жасымды тия алмаймын. 21. 22.
ғұрыптық фольклор Көл дария көз жасымды тыйсам дағы, Анамды ақ сүт берген қия алмаймын. Түбінде боғжаманың бұйым қалды, Әңкиіп еңгезердей үйім қалды. Үйімнің қалғанына өкінбес ем, Өсірген кішкентайдан інім қалды. Ағаларым-ау, жан ағаларым, Ақ жібектен қайырған жағаларың. Құдай-ау, мұндай болса, қызы құрсын, Қалып кетіп барады-ау ағаларым! Үстімде көйлегім бар алты қиық, Ағашы туған жердің сымнан биік. Құдай-ау, мұндай болса, қызы құрсын, Тастаймын туған жерді қалай қиып! *** Базардан алған құйысқан, Қолыма жібек ұйысқан. Жыламайын десем де, Жылатады-ау туысқан! Базардан келген кеселер, Самаурын, шәйнек еселер. Қызым, қызым деуші едің, Қош-аман бол, шешелер! Базардан келген үш кілем, Біреуі оның тұс кілем. Тірі кетті демесең, Өліктен оның несі кем?! Базардан келген қасық-ты, Балалар ойнар асықты. Бермеймін деп жүруші еді, Беремін деп бірден асықты. Тауда болар тарғыл тас, Тарықсаң шығар көзден жас.
үйлену ғұрып фольклоры
Кетпеймін деп жүруші ем,
Қайыр-қош енді, замандас!
Қалайы сандық кілітім,
Кетпеймін деуші ем үмітім.
Кетуге басым байланды,
Қайыр-қош енді, ел-жұртым!
Шымылдықты көтергін, көрсін әкем,
Көзінің жасын көл қылып төксін әкем.
Өп-өтірік жылайды менің әкем,
«Міндетімнен құтылдым» дерсің, әкем!
Ақ киізді жабамын түңлік қылып,
Қызды Құдай жаратқан мұңлық қылып.
Қызы болмай, әкемнің ұлы болсам,
Өз елімде жүрер ем тірлік қылып!
Кішкене ұрлық қылдым қолайылатып,
Жан әке, мен неңді алдым малға сатып.
Менен алған он тайлақ өлмей ме, әке,
Енді қайтіп жан әкем көрмей ме екен?
Сары тауық, сары тауық,
Самарқандық сарт өлер көкпар шауып.
Қызы болмай, әкемнің ұлы болсам,
Өз елімде жүрер ем ойнап-күліп!
Ақсақалы елімнің Сайын еді,
Тойға барсам, орным дайын еді.
Өзіңменен барамын тірі айырылып,
Қайта айналып келгенше қайыр енді!
Әуелім шоқ, әуелім шоқ,
Ажалдыға тиеді алыстан оқ.
Өз елімнен барамын тірі айырылып,
Тағдырымда болған соң амалым жоқ!
Қара кеңде, қара кеңде,
Біреуге зар жылайды түскен пенде.
Өз елімнен барамын тірі айырылып,
Қайтейін, тағдырымда бар екен де!
10-169
ғұрыптық фольклор * * * —Есіктің алды қызыл жар, Қызылдан шапан жеңі тар. Айналайын, ауылым, Бір көруге болдым зар! Түзге де бидай шашайын, Түрлентіп кигіз басайын. Жылады деп сөкпеңдер, Жылап бір мауқым басайын! Жылқы ішінде ала тай, Аяғын арқан шалады-ай. Елімнен кетіп барамын, Заманым қандай болады-ай?! Басымдағы салым-ай, Шашағы суға малынды-ай. Елімнен кетіп барамын, Қабырғам менің сөгілді-ай! Кереге жайдым қапсырып, Ши ұстадым жапсырып. Айналайын, әкежан, Кімге де бердің тапсырып! Қолымдағы жүзігім, Қоладай болып батты ма? Кеше де жүрген ауылым, Қонақтай болып өттің бе?! Төрге де сандық қояйын, Төр қапсарын ояйын. Төредей болған анам-ау, Орныңа кімді қояйын?! Асадан соққан дауылым, Айналайын, ауылым. Елден де кетіп барамын, Аманда бол, бауырым! 23.
үйлену ғұрып фольклоры
Белдеуде бұзау емеген,
Жылқыда тайлар тебеген.
Айналайын, жан әкем,
Мынауың қалай демеген!
Жылқы ішінде қара аттай,
Жал-құйрығын тарапты-ай.
Ел-жұртынан кеткен соң,
Бауырынан жарапты-ай!
Тақия тіктім шарбақтап,
Өсірдің, анам, ардақтап.
Ардақтаған, анам-ау,
Кімге де тұрам жалтақтап!
Әуеде ұшқан көбелек,
Көлеңкесі дөңгелек.
Айналайын, анашым,
Орның сенің бір бөлек.
Базардан келген алаша,
Жүруші едім балаша.
Балаша жүрген күнім-ай,
Кімге де болам тамаша?!
Әуеде ұшқан ақ сұңқар,
Қанатымен жеп сипар.
Айналайын, әкежан,
Маңдайымнан кім сипар?!
Әуеде ұшқан сонадай,
Солқылдап жерге қонады-ай.
Айналайын, әкежан,
Заманым қандай болады-ай?
Есіктің алды су дейді,
Бетіңді суға жу дейді.
Артыңда баурың жоқ болса,
Жалғыз өскен қу дейді.
ғұрыптық фольклор
Есіктің алды шие еді-ай,
Шиеге жеңім тиеді-ай.
Елімнен кетіп барамын,
Ішім де бауырым күйеді-ей!
Қарлығаштың қанаты-ай,
Қайырылмастай көруші ем.
Қайран менің елім-ай,
Айрылмастай көруші ем!
Базардан келген пәуеске,
Байлар да мінер әуеске.
Елімде жүрген күнім-ай,
Қалдың-ау енді елеске-ай!
Жылқы ішінде күрең ат,
Күншілік жерден шабылад.
Қайранда менің ауылым,
Іздесем қайдан табылад?
Ақ көйлек жайдым кепсін деп,
Ат жібердім келсін деп.
Келе ме деп үй тіктім,
Келмеген соң зар жұттым.
Тобылғы басы гүлдеді-ай,
Елде де жүрген күндерді-ай.
Елден кеткен біз бейшара,
Жабағы тайдай жүнденді-ай.
Арқама таққан теңгелер,
Сумен ағып сең келер.
Елден кетіп барамын,
Аманда бол, жеңгелер!
Есіктің алды қарағаш,
Қабығын алсам жалаңаш.
Артымнан келер туыс жоқ,
Келіп те, бауырым, амандас!
үйлену ғұрып фольклоры
Есіктің алды қараған,
Тамыры жерге тараған.
Айналайын, жан анам,
Қабағыма қараған.
Әуеде ұшқан жапалақ,
Бауыр жүні ұйпалақ.
Алысқа кетіп барамын,
Орнымды қалды анам сыйпалап.
Көгершін құстар көлде ойнар,
Көлеңкесі жерде ойнар.
Өз құрбымды көргенде,
Екі көзім сонда ойнар.
Арқар деген аң екен,
Аунаған жері шаң екен.
Өз елінен айырылған,
Қыздан да сорлы бар ма екен?!
Базардан келген бас кілем,
Ұлдан қыздың несі кем?
Тірідей кетіп барамыз,
Өлгеннен мұның несі кем?!
Таққаным тақияма тал-тал моншақ,
Жарасар кер биеге кер құлыншақ.
Жылайды кер құлыншақ «ат болдым» деп,
Жылайды қыздар байғұс «жат болдым» деп.
Базардан келген тақтайым,
Сындырмай қалай сақтайын?
Ардақтаған анам-ау,
Ақ сүтіңді қалай ақтаймын?!
Жапалақтың баласы-ай,
Жарда қалды-ау ұясы-ай.
Жардың басын жел соқса,
Қайғырар соның анасы-ай!
ғұрыптық фольклор Қой келеді маңырап, Қозысы кетеді жамырап. Артымда анам қалған соң, Кетіп барам аңырап! Жылқы ішінде қара тай, «Қарағым» деген ағатай. Бөтен елге барамын, Заманым қандай болады-ай?! Ақ үйге жапқан үзігім, Қолыма салған жүзігім. Елден кетіп барамын, Аман да бол, өз үйім! Базардан келген көк арба-ай, Жаңбыр тисе, оңар ма-ай? Көкке де төбең жетсе де, Өз еліңдей болар ма-ай?! Сарғайып атқан таң ба екен, Сары аяқ толған бал ма екен? Артынан іздеп келмесе, Қыздан сорлы бар ма екен?! Тауға да шыққан қарақат, Сағындым елім қабағат. Сағынғаннан жылаймын, Сөге де көрме, жамағат! * * * —Базардан келген пәуеске, Байлар мінер әуеске. Жыламайын десем де, Жеткізбей бердің он беске. Шымылдық құрдым оң жаққа, Шыбын да қонар балдаққа. Әлпештеген ботаңды Аттандырдың қай жаққа? 24.
үйлену ғұрып фольклоры Есіктің алды қараған, Ақ бауырына жараған. Ардақтаған ата-анам Қабағыма қараған. * * * —Өрмекті қия жерге құрушы едім, Шаршадым деп мойнымды бұрушы едім. Енді менің назымды кім көтерер, «Шай қайнат» деп жеңгеме тұрушы едім. Орамалымның ұшында-ай, гүлі бар, Қолыңа алып қарашы қай гүлі бар? Өз елімде жүруші ем еркінсініп, Осы күнде құрбыңның қай күні бар? Құдайым қызды неге жаратады, Қыз қылып қолаң шашын таратады. Қыз да болсам, осы үйдің еркесі едім, Қандай жанның қолына қаратады? Ақ киімді қаққанда үкім қалды, Кішкентайдай жинаған жүгім қалды. Мен жыламай, Құдайға кім жылайды? Алты жасар артымда інім қалды. Ақ көйлектің етегі қиылмаған, Не болғанын білмеймін биыл маған. Не болғанын білер ем биыл маған, Өз елімнің топырағы бұйырмаған. Қос араба келеді, қос араба, Сылдырайды қай тұста бос араба. «Астың алдын әкел» деп отырушы ем, Енді қайтіп отырам босағада?! Қыз сыңсуы: —Ақ шарбақтай ауылым, Орамал тартқан дәуірім. 25.
ғұрыптық фольклор Артымда қалып барады Туысқан, туған, бауырым! Жеңгесіне: —Ақ көйлегім белдемше, Ойнаушы едім өлгенше. Енді айналып көргенше, Қош-аман бол, жеңеше! Ағасына: —Ши орадым, жапсырдым, Кереге жайдым, қапсырдым. Әкем менен анамды, Ағеке, саған тапсырдым! Анасына: —Көйлек кидім қынаумен, Өсірді анам сылаумен. Бүгінгі күні болғанда, Артымда қалдың жылаумен! Қыз сыңсуын жұбату: Әуел басын айтайын, әуел басын, Әулиелер санайды өткен жасын. Неге мұнша, шырағым, мұңаясың? Барған жерің кең сарай, бұдан жақсы. Сәрсенбінің сәтіне той қылған қыз, Көк биені тойына сойғызған қыз. Бір белгіңді бере кет, не де болса, Кетейін деп бір жаққа ой қылған қыз. * * * —Орамал тарттым шекеге, Құс қайтады Меккеге. Ішіңнен шыққан балаңды Қайтіп бір қидың некеге? 26.
үйлену ғұрып фольклоры
Қаладан алған кеселер,
Шай, самаурын еселер.
Қайта айналып көргенше,
Қош-аман бол, шешелер!
Қоғалы көлден қой өтер,
Қоғасын сипап ел өтер.
Айналайын, жан жеңеше,
Дәуірің сенің енді өтер!
Ақ көйлегім белдемше,
Ойнаушы едім өлгенше.
Енді айналып көргенше,
Қош-аман бол, жеңгелер!
Қаладан алған айна еді-ау,
Айнадай көзім жайнады-ау.
Осы көптің ішінде,
Жан әкем [менің] қайда еді-ау?!
Төрге бидай шашайын,
Түрлі бір киіз басайын.
Бауырымды әкелші,
Бауырыма басайын!
Жадағай тіктім жасылдан,
Жағасын салдым асылдан.
Қал дегенде қалмайтын
Бауырым қалды қасымнан.
Қарағай шаптым жаңқалап,
Өсірдім бауырым арқалап.
Өсірген бауырым сен болсаң,
Барып бір тұршы апалап!
Ақ көйлегім ала еді-ау,
Көкірегім бала еді-ау.
Жат елге ұстап бергендей,
Не жазығым бар еді-ау?
ғұрыптық фольклор
Қарағай ма екен, тал ма екен,
Талдан да биік бар ма екен?
Тірі айырылған бауырдан,
Біздердей сорлы бар ма екен?
Жең ішінде білегім,
Көп ішінде жүрегім.
Қиямет қайым болғанда,
Қосылғай біздің сүйегім.
Қаладан мақпал алдырдым,
Машинаға салдырдым.
Жат елге ұстап бергендей
Неден бір көңілің қалдырдым?
Бұл заманда қыздар мұңдық,
Қыздар мұңдық атадан болып тудық.
Мұңдық болып тумас едік,
Біздер де ата-баба жолын қудық.
Мен әкемнің қызы едім өкшем биік,
Өсірді мені әкем беттен сүйіп.
Жүрер ем ұл болғанда атқа шауып,
Жүремін әлдекімнің жүнін түтіп.
Сарайда да сарай бар,
Сары орамал орай бар.
Жан ағам тіккен ақ орда,
Біз көрмекке талай бар.
Ауылым көшіп барады Саралсаққа,
Ел қайда енді бізге сағынсақ та.
Анау бір тұрған нар ма екен,
Нар ботасы бар ма екен?
Тірі айырылған бауырдан
Біздей бір сорлы бар ма екен?!
Ақ көйлек кисем, кір болар,
Ақ жүзім жусам, нұр болар.
үйлену ғұрып фольклоры
Жат елге енді барғанда,
Қатар бір құрбым кім болар?
Қаладан алған қауыным,
Артымда қалды ауылым.
«Жылама,—дейсің,—қарағым»,
Қасымнан қалды бауырым!
Бұрама кілтім, бұрама,
Алладан нашар сұрама.
Алладан нашар сұрасаң,
Маңдайыңда тұра ма?
Нашары құрысын, бала емес,
Ешкісі құрысын, мал емес.
Тоқым бір салдым алама,
Қонысым ауды далаға.
Қонысым аумай не қылсын,
Дәнім бір түсті алысқа.
Жақынға түскен қыздарда,
Не арманы бар қауышқан?
Қаладан сатып алған тағаларым,
Білмедім тағалардың не керегін.
Аяғым үзеңгіге салып тұрмын,
Көргенше қош-аман бол, ағаларым!
Үйден бір тамған тамшыдай,
Күні бір біткен қайшыдай.
Шық дегенде шығамын,
Жалдап бір [алған] жалшыдай.
Қаладан алған құйысқан,
Тарамай шашым ұйысқан.
«Жылама» дейсің, жұртым-ай,
Жылатады екен туысқан.
Басыма сәукелені киіндіріп,
Ағайдың кірін жуып, жүгін жиып.
Ағайдың кенжетайы мен деуші едім,
Сұмдықтың басталғанын бүгін білдім.
ғұрыптық фольклор * * * —Қызғалдақ деген шөп екен, Алланың ісі көп екен. Бірге тумақ болса да, Бірге жүрмек жоқ екен. Тауға да шықтым жағалап, Соңыңнан ердім, ағалап. Ағалап жүрген күнім-ай, Малға да саттың бағалап. Базардан келген құйысқан, Тарамай шашым ұйысқан. Жыламайын десем де, Қиын екен туысқан. Базардан келген кілтім-ау, Кетпестей көрген үмітім-ау. Кетуге басым байланды, Ал аман бол, жұртым-ау! Тоқыған шыбық-шыбық шиің құрысын, Жаратқан жат жұрттыққа қызың құрысын! Ақ сүтін анамыздың суалтамыз, Оң жағын әлдекімнің қуантамыз. Базардан келген кеселер, Шай, самаурын еселер. Енді айналып келгенше, Аман-сау бол, шешелер! Базардан келген ақ жаулық, Шетінен алдым бір баулық. Айналайын, жан әкем, Тілеймін саған денсаулық! Базардан келген теңгелер, Шашыма тақсам жөн келер. Енді айналып келгенше Аман-сау бол, жеңгелер! 27.
үйлену ғұрып фольклоры Аспанда торғай өріп жүр, Балапаны еріп жүр. Айналайын, жан бауырым, Сағындырмай келіп жүр. Есік алды ошаған, Қой ішінде қошақан. Енді айналып келгенінше, Аман-сау бол, босағам! Жылқы ішінде керім-ай, Маңдайдан аққан терім-ай. Енді айналып келгенше, Аман-сау бол, елім-ай! Шешесі: Базардан келген көк арба, Жаңбырға тисе оңар ма? Төбең бір көкке жетсе де, Өз үйіңдей болар ма?! * * * —Ақтан көйлек алдырдым, Кестелі жаға салдырдым. Соңыңнан ердім ағалап, Ағалап ерген басымды Малға саттың бағалап. ................................................. Құдай-ау, қызды несіне жаратасың, Үйінен қыз байғұсты-ау кеткеннен соң. Қандай адам қолына қаратасың? Бір толарсақ, бір тобық санда да бар, Ақыл деген жүз мыңдаған ханда да бар. Сойылдасып, шоқпарласып қалсам дағы, Қайтейін, алып кетті-ау мал берген жақ. 28.
ғұрыптық фольклор * * * —Далада торғай толып жүр, Балапанын қорып жүр. Айналайын, жан анам, Сағындырмай келіп жүр. Есіктің алды ошаған, Қайыңнан арба жасаған. Енді айналып келгенше, Аман бол, қайран босағам! * * * —Базардан келген құйысқан, Тарамай шашым ұйысқан. Жыламайын десем де, Қиын екен туысқан. Базардан келген кілтім-ау, Кетпестей көрген үмітім-ау. Кетуге басым байланды, Енді аман бол, жұртым-ау! Тоқыған шыбық-шыбық шиің құрысын, Жаратқан жат-жұртыңа қызың құрысын. Ақ сүтін анамыздың суалтамыз, Оң жағын әлдекімнің қуантамыз. Ақ өрік пе, Ақ өріктің сабағы көгеріп пе? Жастық шақта, құрбылар, ойнап-күл де, Ойнамаған, күлмеген не көріпті? Ақтан ба екен көйлегің, Көктен бе екен өрнегің? Айналайын, жан аға, Биыл ма еді бермегің?! Ақ көйлек кидім, жеңі тар, Жең ішінде хаты бар. Хатын алып оқысам, «Аға» деген аты бар. 29. 30.
үйлену ғұрып фольклоры * * * Сары орамал басымда, Еркелеп өстім жасымда. Ер бала болсам, көкешім, Отырмас па едім қасыңда. Есіктің алды талды ағаш, Қабығын ал да малға шаш. Айналайын, апаке-ау, Қолыңнан ұшты қарлығаш. Қарағай есік қапсырдым, Сыртынан кілем жаптырдым. Айналайын, бауырым, Үй ішін саған тапсырдым. Базардағы кеселер, Шайқұманды еселер. «Қызым, қызым» деселер, Қош болыңыз, шешелер! Құдықтан екі-ау шелек су алайын, Біреуін біреуінен кем алайын. Есіме, қайран бауырым, сен түскенде, Күрсініп екі иықтан дем алайын. Екеу едік біріндей, Текеметтің түріндей. Айналайын, жан әке, Жатқа бердің тірідей. Есіктің алды талды-ау, ай, Төрімнің алды қалды-ау, ай! Бермеймін деген ақ көкем, Мойныма құрық салды-ау, ай! * * * Баяғыда қыздар сүйгеніне қосыла алмайтын. Олардың малға сатылып, еріксіз кетіп, зорлықпен әкетіп бара жатқанда мынаны айтушы еді: 31.
ғұрыптық фольклор Алтын менің босағам, Аттаттың ба, Жасаған?! Малға да сатып жіберді, Не пайда бар ағадан?! Ши ұстадым жағалап, Соңыңнан ердім ағалап, Айналайын, ағаке-ау, Малға да саттың бағалап. Базардан келген бас кілтім, Кетпеймін дейтін үмітім. Кетуге басым байланды, Қош-есен бол, ел-жұртым! Ақ үйдің салдым үзігін, Қолымдағы жүзігім. Артымдағы бауырым, Көре алмадым қызығын! * * * —Жылқы ішінде жиренше, Жал-құйрығын түйгенше. Жыл айналып келгенше, Қош-аман бол, жеңеше! Жылқы ішінде қарагер, Мойнына құрық сала гөр. Жыл айналып келгенше, Келіп-кетіп жүре гөр. Базардағы көк арба, Жаңбыр бір жауса оңар ма? Бөтен елге барамын, Өз елімдей бола ма?! Жібектен бе екен өрмегі, Шәден бе екен өрнегі. Айналайын, жеңеше-ау, Биыл да ма екен бермегі?! 32. 33.
үйлену ғұрып фольклоры Әуедегі айдай боп, Қосақталған тайдай боп. Енді бір кетіп барамын, Борышқа берген малдай боп. Қияға салған қауыным, Шалғайда қалды ауылым. Жыламайын десем де, Кейінде қалды бауырым. * * * Ағасымен қоштасуы: —Айналайын, ағалар, Ат тұяғын тағалар. Келіп кетіп жүре гөр, Дұшпаным мені табалар. * * * —Ақ көйлек кидім тозғанша, Сисадан кидім оңғанша. Келіп, кетіп жүре гөр, Түзеліп адам болғанша. Босағадан шығарда айтады: Алтыннан менің босағам, Аттап бір қалай шығайын. Күмістен менің босағам, Күңірентіп қалай шығайын! * * * —Базардан алған кеселер, Шай, самаурын еселер. «Қызым, қызым» деуші едің, Қош-есен бол, шешелер! Есік алды қараған, Тамыры жерге тараған. Айналайын, анашым, Қабағыма қараған. 11-169 34. 35. 36.
ғұрыптық фольклор
Базардан алған түйреуіш,
Түйреуіш десем, қалам үш.
Қызды бала демеңіз,
Азырақ күн-ау алдамыш.
Әуеде ұшқан боз сона,
Солқылдап шиге қонады.
Қыздан да сорлы бар ма екен,
Заманым енді не болады?
Айдағаным түйе еді-ау,
Түйе мойнын иеді-ау.
Бауырларым еске түскенде,
Жас жүрегім күйеді-ау.
Алыста жүрсем сұрарым,
Жақында жүрсем бұрарым.
Енді менің қалымды,
«Құлыным» деп кім сұрайды?
Айналайын, ауылым,
Бірге туған бауырым.
Сағынғанда сарғайып,
Келіп жүрер бауырым.
Өрме шашым өріңіз,
Жылағанымды көріңіз.
Жылама десең, қояйын,
Оң батаңызды беріңіз!
үйлену ғұрып фольклоры VІІ. ҚАЙЫМ АЙТУ, ҚОШТАСУ Жігіттер аттың үстінде тұрып, ұзатылған қыз отырған үйдің сыртынан айтады: —Тарының басы тарақты, бикем, Қыз қылып сені жаратты, бикем. Борышын кісі қоя ма, бикем, Қолқа бір салып сұрапты, бикем. Дүзге де туған баласың, бикем, Ата-анаң тілін аласың, бикем. Ата-ана тілін алған соң, бикем, Жылай да жылай барасың, бикем. Мінгенім менің қара ат-ты, бикем, Қаршыға құйрық, қанатты, бикем. Өксіп бір өксіп жылама, бикем, Бабалар салған санат-ты, бикем. Мінгенім менің құла ат-ты, бикем, Ата-анаң сені жылатты, бикем. Өксіп бір өксіп жылама, бикем, Бабалар салған санат-ты, бикем. Мінген де атым қара ма, бикем, Ауылың алыс бара ма, бикем? Өксіп бір өксіп жылайсың, бикем, Күйеуің сенің кәрі ме, бикем? Мінген де атым ала ма, бикем, Ауылың алыс бара ма, бикем? Өксіп бір өксіп жылайсың, бикем, Күйеуің сенің бала ма, бикем? Мінген де атым жиренше, бикем, Тыпыршып тұрмас мінгенше, бикем. Өксігің сенің басылмас, бикем, Әлдилеп бөбек сүйгенше, бикем. 1.
ғұрыптық фольклор
Мінген де атың боз ғана, бикем,
Күйеуің сенің бозбала, бикем.
Өксігің сенің басылмас, бикем,
Әлдилеп сүймей бір бала, бикем.
Қамшының сабы бола ма, бикем,
Жалғанға пенде тоя ма, бикем.
«Бермеймін» әкең десе де сені,
Мал берген жерің қоя ма, бикем?
Сарының басы Сарытау, бикем,
Сәукеле кисең баршабау, бикем.
Тірнектеп жиған мүкәммал, бикем,
Құтты да болсын ақ отау, бикем!
Керегені түріп тастап, үй ішінен жігіттерге қайтаратын
қалындық пен қыздардың жауабы:
—Ей, жерім-ау,
Қош-есен бол,
Елім-ау!
Ақ отауым тіккен жер майдан болсын,
Ақ жүзімді көруге айнам болсын.
Ол жақта да қайын енем бар дейді ғой,
Аялаған анамдай қайдан болсын?
Ей, сылқым-ау,
Қош-есен бол,
Жұртым-ау!
Жез шәйнекке су құйсам қайнамайды,
Өгей емес, өз әкем жыламайды.
Жыламаған әкемді жылатайын,
«Неден көңлің қалды?» деп сұратайын.
Ей, жерім-ау!
Қош-есен бол,
Елім-ау!
үйлену ғұрып фольклоры
Меруерт басқан сәукеле тағынармын,
Ақ орамал басыма жамылармын.
Еркін өскен елімде ерке басым,
Пенде болып біреуге бағынармын.
Торға түскен торғайдай болғаннан соң,
Екі көзім төрт болып сағынармын.
Ей, сылқым-ау,
Қош-есен бол,
Жұртым-ау!
Қызыл камзол кигенім қиюлаған,
Бермеді әкем рұқсат биыл маған.
Қыздан сорлы жалғанда жан бар ма екен,
Өз елінен ырыздық бұйырмаған!
Ей, ауылым-ау,
Қош-есен бол,
Бауырым-ау!
Тақияма таққаным таналарым,
Алыс-жуық, аман бол, аналарым.
Жыл айналып келгенше кім бар, кім жоқ,
Сағындырмай келіп жүр, ағаларым.
Ей, жерім-ау,
Қош-есен бол,
Елім-ау!
Түндігімнің төрт бауы мақта, ата,
Мен кеткен соң балаңды жоқта, ата.
Жыл айналып сағынып мен келермін,
Бозінгеннің ботасын сақта, ата.
Ей, танам-ау,
Қош-есен бол,
Анам-ау!
ғұрыптық фольклор 2. Жұбату
Есіктің алды тастақты, бикем,
Тастақты қоян баспапты, бикем.
Атасы басқа жау жеңген, бикем,
Боз үйге салып тастапты, бикем.
Есіктің алды құмдақты, бикем,
Құмдақтан қоян зымғапты, бикем.
Атасы басқа жау жеңген, бикем,
Боз үйге салып тыңдатты, бикем.
3. Қоштасу
Шешесінің қызымен қоштасуы
—Қарағым-ай,
Халқыңа қалаулы бол,
Еліңе елеулі бол!
Ертемен ерте тұрарсың,
Түндігіңді ашарсың,
Сиырыңды сауарсың,
Малыңды өріске айдарсың,
Самаурыныңды қоярсың,
Сүтімді сонда ақтарсың,
Қарағым-ай, не айтайын,
Енді жат жұрттық болғансын.
Інісінің апасымен қоштасуы:
Сылдыр-сылдыр қамысқа,
Сырғаң түсті, жар-жар-ау!
Сырғаң түскен жерінен
Тарғақ ұшты, жар-жар-ау!
Апам үшін қабырғам
Қайысады, жар-жар-ау!
Апам үшін қайыспай
Қалай болар, жар-жар-ау!
Қайыр қош боп тұрарсың,
Жан бауырым, жар-жар-ау!
үйлену ғұрып фольклоры
Жеңгесінің қоштасуы
Сылдыр-сылдыр қамысқа,
Сырғаң түсті, жар-жар-ау!
Сырғаң түскен жерлерден
Тарғақ ұшты, жар-жар-ау!
Сырласпаған жат елге
Бикеш кетіп барады-ау!
Қолымдағы бикешім—
Қос жүзігім, жар-жар-ау!
Қос жүзігім қолымда
Майысады, жар-жар-ау!
Сен кеткенге қабырғам
Қайысады, жар-жар-ау!
Қош-есен бол, бикешім!
4. О, тоба, пәни жалған-ай
Ендеше, ақ табан ат-ай, ақ табан ат-ай,
Бәйгеден қалмай келер мақтаған ат-ай.
Жүзіңді көрмегелі-ай көп ай болды-ай,
Жүрмісің аман-есен, сау-саламат-ай!
О, тоба, пәни жалған-ай,
Іштегі арман-ай!
Бар ма екен қыздан сорлы,
Тірі айырылған-ай!
Қараймын қарайғанға-ау қабан ба деп-ай,
Атымды қамшылаймын шабан ба деп-ай.
Сұраймын өткеннен де, кеткеннен де-ай,
Ауылын қалқатайдың табам ба деп-ай.
5. Қыздың қоштасуы
Үй артында үйген тас,
Болмайды екен қыз жолдас.
Болар болса қыз жолдас,
Болмас па ең тең жолдас.
ғұрыптық фольклор
Ауылым, елім-ай,
Аман бол елім, аман бол,
Ел қайда, жерім-ай!
Алатаудан ер келер,
Екі де шашбау тең келер.
Мен айналып көргенше,
Қош-аман бол, жеңгелер!
6. Аға, бауыр, қош-қош-ай!
Бұл жалғанда не қатты-ай, ырғай қатты-ай-ой,
Тарлан деген жылқының тілі тәтті, үрия-ай-ай.
Әке менен шешенің мейірі қатты-ай-ай,
Өз баласын жылатып жатқа сатты-ау, үрия-ой.
Әуелеп ұшқан бозторғай,
Ән шіркіннің бұлбұлы-ай!
Аударылды қонысым,
Аға да бауыр, қош-қош-ай!
Әуелеп ұшқан сұр мойын,
Сұр мойын салар бір ойын.
Солдаттағы ағаның
Көрмей де кеттім бір тойын.
Әуелеп ұшқан бұлындай,
Өсірдің, әке, ұлыңдай.
Өсіріп ап ұлыңдай,
Жатқа да бердің құлындай.
Базардан алған тақтайым,
Сындырмай қайтіп сақтаймын.
Әлпештеп баққан ананың
Ақ сүтін қалай ақтаймын?
Базардан алған кілемді-ай,
Шашағын суға матырдым.
Үлпілдетіп өсірген,
Ағаларым, жат қылдың.
үйлену ғұрып фольклоры Базардан алған матаны-ай, Буынса белге батады-ай. Он төрт жасқа толғанда, Аяқ та қолым маталды-ай. Есіктің алды тал ма екен, Талдан да биік бар ма екен? Өз елінен айрылған Қыздан да сорлы бар ма екен? Есіктің алды жас қайың, Жапырағын баспаймын. Есік аттап кеткен соң, Еркелікті тастайын. Әуелеп ұшқан бозторғай, Ән шіркіннің бұлбұлы-ай! Аударылды қонысым, Аға да бауыр, қош-қош-ай! 7. Қоштасу Жүкке жапқан ақ киіз талдырмасы, дүние-ай, Көңілімді, ағалар, қалдырмашы-ай-ай. Көңілімді, ағалар, қалдырсаң да, дүние-ай, Алақандай ақ жаулық салдырмашы-ай-ай. Өмір зая, жалған-ай, Қайран елім, қалғаны-ай. * * * Ақ өрмек жолын құрайын, Еркелеп кімге тұрайын. Ақылға дана, жеңеше-ау, Ақылды кімнен сұрайын. Ақ көйлек кидім белдемше, Ойнаушы едім өзгеше. Айналайын, жан апа-ау, Есен-аман бол көргенше! 8.
ғұрыптық фольклор
Есіктің алды шоғайна,
Шоғайна теру оңай ма?
Бір шет жерге барғанда,
Адам болу оңай ма?
Есіктің алды талды ғой,
Төрімнің алды қалды ғой.
Бермеймін деген жан ағам,
Мойныма құрық салды ғой.
Бермеймін, бермеймін дегенге,
Бермейді шығар деп едім.
Бірге туған бауырды
Қимайтын шығар деп едім.
Ақ үйден тамған тамшыдай,
Қолға ұстаған қамшыдай.
Айналайын, жан әкем-ау,
Жат елге бердің жалшыдай.
Ақ үйге салған дөдеге,
Әуеден ұшады бөдене.
Өз үйіңнен кеткесін,
Көрген күнің немене?
Жылқы ішінде көп қулық,
Алтын да жүген, жез сулық.
Қызыл орамал түсіріп,
Ақ жаулық салған не сұмдық?!
Әуеде ұшпас жапалақ,
Ағаш бір қидым жаңқалап.
Айналайын, бауырым,
Артымнан келші апалап.
Қоғалы көлден қой өтер,
Қоғасын жайпап жел өтер.
Айналайын, жан әке-ау,
Қадірің сенің енді өтер.
үйлену ғұрып фольклоры
Базардан келген асыл тас,
Айналайын, замандас.
Ел жайлауға барғанда,
Өзің бір келіп амандас.
Қара қойым қашаған,
Алтын да менің босағам.
Босағамнан аттатқан,
Құдіреті күшті Жасаған.
Базардан келген үш кілем,
Үшеуі де түс кілем.
«Шеше-шеше» деуші едім,
Есен-аман бол, шешелер!
ғұрыптық фольклор VІІІ. БЕТАШАР —Шу, шу, шу билер, Шуылдама көп, билер. Мерекелі той істеп, Толықсып тұрған бұ билер. Төрде отырған төрелер, Көпті көрген көнелер, Жабықтағы жас билер, Ақылы марқа бас билер, Құлағың сал да, сөз тыңда, Бола бермес әрқашан Мерекелі бұ күйлер. Біразырақ сабыр ет, Тыңдасаң, халқым, сөзімді. Тыңдамасаң сөзімді, Әуре қылма өзімді. Мынау бір келін келіп тұр, Басына бақыт қонып тұр. Атасы менен енесіне Тілегін Алла беріп тұр. Мынау бір келген жас келін, Кешегі жүрген біреудің Әлдилеген ұлы еді, Әлпештеген қызы еді, Кермыйықтың өзі еді. Хақ бұйрығы болған соң, Желегін салып басына, Бұ дағы енді көніп тұр. Атасына қарай отауы, Енесіне қарай жасауы. Үйіне қарай ілуі, Қызына қарай күйеуі. Жеріне қарай жыланы, Суына қарай құланы. 1.
үйлену ғұрып фольклоры
Аз деп бір, халқым, сөкпеңіз,
Осылайша болды заманы.
Баласына қарасам,
Ішпей-жемей тойғандай.
Мінезіне қарасам,
Кінәсі жоқ қойғандай.
Аспандағы жұлдыздай,
Еділдегі құндыздай.
Сөйлеген сөзін байқасаң,
Бақшадағы бұлбұлдай.
Ана отырған бұқараң,
Көңіліңде болғай көп санаң.
Құданың жазған бұйрығы,
Пайғамбардың сүндеті.
Ұлы, кіші жиналған,
Бұқараңа бір сәлем!
Ана отырған атасы,
Сөзінің жоқты қатасы,
Сол атаңызға бір сәлем!
Ана отырған енесі,
Қара жердің кемесі.
«Келінім менің келді» деп,
«Тілекті Құдай берді» деп.
Екі елі көкке жетпей тұр
Енесінің төбесі,
Сол енеңізге бір сәлем!
Ана отырған қайнағаң,
Алалы жылқы айдаған,
Желілеп түйе байлаған.
Қарсыласып келгенде,
Хан, төреден таймаған.
Жауаптасып тілдессе,
Қызыл тілмен байлаған.
Көрімдігіне келіннің
ғұрыптық фольклор
Екі түйе, бір жылқы,
Берейін деп ойлаған—
Сол қайнағаңа бір сәлем!
Ана отырған абысын,
Абысын алды табысын.
Абысын табысын алғасын,
Басқа кісі не қылсын,
Абысынға бір сәлем!
Ана отырған қайнысы,
Қайнысынан артық қай кісі?
«Жеңешем менің келді» деп,
«Тілекті Құдай берді» деп.
Кетіп отыр оның да,
Көңілдегі қайғысы,
Сол қайныңызға бір сәлем!
Ана отырған бикеші,
Жібектен ескен шүйкесі.
Мен де осындай болам деп,
Құрып отыр жүйкесі,
Сол бикешіңе бір сәлем!
Жаңа бір келген жас келін,
Мерекеңе кез болдым,
Байрақты жүйрік саңдағың.
Аралап біздер көп кездік
Жетіру, Әлім, Байұлы—
Кіші жүздің аймағын.
Сол кезгеннен бер қарай,
Мәжіліс болса базарлы,
Мереке, сауық ауладым.
Үлгі көрген тегім бар,
Сөйлесем, сөзім жөні бар,
Ойласам байқап аржағын.
Той базарын құрдым деп,
Бұйырды халық, елдерім.
Тамашаңа жиналды
үйлену ғұрып фольклоры
Қисапсыз адам күн бүгін.
Сөйлеген сайын табармын
Құрметті сөздің ұрғының.
Әрі де бері толғасын,
Шежіре жүрек бұлбұлың.
Атаң менен анаңыз
Өсірген сипап жасыңнан,
Құс ұшырмай басыңнан.
Көңілі өсіп, толсын деп,
Ләззаты тағам татырған.
Бойы өсіп, толсын деп,
Кигізген жібек асылдан.
Пайғамбардың сүндетін,
Үйреткен Хақтың бұйрығын.
Әуелі тудың анаңнан,
Несібе жеп халалдан.
Өз перзенті болған соң,
Ата менен ананың
Көңілі сізден ағарған.
«Сіз, біз» деп жауап айтыстың,
Туысқан іні-ағаңнан.
Сақилық ет те, жол көрсет,
Үлгісізге қол көрсет.
Не көреміз дүниеден,
Аз күнгі тірлік заманнан.
Сіздер кімнің шекіресі,
Формасы асқан дүниеден.
Піріңіз өткен әйелден,
Фатима өткен піріңіз.
Жұбансын деп көңіліңіз,
Насихат еттік мұны біз.
Айырған алтын секілді,
Күміске меңзес өңіңіз.
Әдебің артық адамнан,
Бегірек майда сөзіңіз.
Тал шыбықтай бұралған,
Сыртың сұлу беліңіз.
Мойның піскен алмадай,
Шашың жібек талмадай.
ғұрыптық фольклор Бетің аппақ айнадай, Етің жұмсақ майдадай. Қасың қиғаш қаламдай, Маңдайың жазық тараудай. Пәміңді айтып таусылман, Мысалың Шәмшіқамардай. Мәжіліс қылып алқаңда, Жиналып жұртың қамалды-ай. «Не беремін?» деп шашуға, Лайығым тұр ғой табалмай. Қызылың барда қиғашта, Оралың барда ойқаста. Бір күндей болмас осы күн, Басыңнан тұр дәурен ауғалы-ай. * * * —Бетіңді, келін, ашқаным, Жаңа жұртқа қосқаным. Жасы үлкенді сыйлап жүр, Құрмет қылып жасқанып. Балалық күнің өтті енді, Аналық күнің жетті енді. Жаңа дәурен есігі Алдыңнан енді ашылды. Бәйбішелер келтіріп, Шараларын толтырып, Шашулары сатырлап, Есіктен төрге шашылды. Айт, келін, ау, айт, келін, Атыңның басын тарт, келін! Қыз көңілден қайт, келін, Сауысқаннан сақ келін, Жұмыртқадан ақ келін! Күйеуіне шақ келін, Ел-жұртыңа жақ, келін! Өзің бір ақыл тап, келін, Ата-енеңді бақ, келін! Кісі келсе үйіңе, Киізіңді қақ, келін! Атаңды бұрын жатқызып, 2.
үйлену ғұрып фольклоры
Түндігіңді жап, келін!
Сүйгеніңнен сүйсініп,
Адалдан бала тап, келін!
Қалдырмай ақыл айтайын,
Құлақты, келін, саласың.
Қатасы болса сөзімнің,
Осы отырған, әлеумет,
Сынға салып қарасын.
Құлағың салып тыңдап тұр,
Келінжан, менің тілімді!
Әдеп жолын үйренбек,
Жас кісіге білім-ді.
Ақылсызға айтқан сөз—
Далаға кеткен шығын-ды.
Жырға қосып айтамын
Бар өсиет, сырымды.
Бұрынғы күнің—балалық,
Ер жеткен күнің бүгін-ді.
Өзім айтқан сөз емес,
Осылай деген бұрынғы.
Келін боп келмек оң жаққа,
Ата-ананың мұрасы.
Бұрынғы үйің бекер-ді,
Мекенің осы тұрысы.
Өз үйінде тұрмақ жоқ,
Ұл боп тумай әуелде,
Қыз болған соң ырысы,
Келін боп келген қиын іс
Жаңа өспірім балаға.
Қызмет қыл иіліп,
Ата менен анаға.
Өзіңнен үлкен адамның
Бетіне тіке қарама.
Үлкен кісі келгенде,
Қатарласып отырмай,
Кейін отыр панада.
Лажы болса шығып тұр,
12-169
ғұрыптық фольклор
Қайтқанынша далаға.
Бар айтқаным бұл емес,
Құлағың салып тыңдап тұр,
Сөзім бар айтар жана да.
Тұратын болса ата-анаң,
Отырып қалма орныңда.
Тұрып барып есік аш,
Еріп шықпа соңына.
Орамалын алып бер,
Ұмытып кетпе оны да.
Бұрынғыдай ойламай,
Сабыр етіп, шыдам қыл
Құдай қосқан еріңе.
Күле сөйлеп жауап бер
Оның айтқан сөзіне.
Тең құрбыңнан артық боп,
Үлкен емес, кіші емес,
Қосылыпсың теңіңе.
Еріңнен асыл адам жоқ,
Қарасаң ата-тегіне.
Күйеуің үйге келгенде
Қағып көрпе салып бер
Отыратын жеріне.
Бір нәрсеге жұмсарда,
Алыстан «ай» деп айтқызба.
Төсегін салып шешіндір,
Ерте тұрса, киіндір,
Киімін тұрып алып бер,
Белбеуін байла беліне.
Менің айтқан бұл сөзім—
Бәрі саған керек іс.
Абайлап қара ұғынып,
Сөлекет болып отырма,
Еркектей болып жүгініп.
Бір тізелеп жөн отыр,
Төмен қарап бүгіліп.
Қатты қылып сөйлеме,
Ақырын сөйле мүдіріп.
Майдалығы сөзіңнің
Кеткендей болсын үгіліп.
үйлену ғұрып фольклоры
Бір нәрсеге барғанда,
Көп кешікпе, кідіріп.
Үй арасы болса да,
Қатты жүрме жүгіріп.
Бозбалаға қарама,
Артық аса тігіліп.
Сыпсың болып біреумен,
Өсекке жүрме ілініп.
Жасырынбақ жаман ат,
Ақыр бір шығар білініп.
Жаман атың бір шықса,
Кетеді елің түңіліп.
Тәжім етіп, сәлем бер,
Үлкен үйге кірерде.
Сыртыңнан шық иіліп,
Есіктен шығып жүрерде.
Бір қиын іс дүниеде,
«Пәленше келін сондай»—деп,
Сыртыңнан әркім күлер ме!
Ерте тұрып түндік аш,
Ерініп жатпай төсекте.
Мезгілсіз келген ұйқыны
Өзіңе жақын дос етпе.
Жаңа түскен жас келін
Жақын болар өсекке.
Қатынға кәрі айып жоқ,
Мінсе де теріс есекке.
Сөйлеген кезде еркектей,
Дауысыңды қатты кенеме.
Жұмыс қылсаң, жылдам қыл,
Шұбалаң келін атанба.
Тастама белбеу беліңнен,
Жүріп жұмыс қылғанда.
Бәрімен ұста қолыңның,
Ұстама жалғыз жеңіңмен.
Қасыңа бала келгенде
Қабағың түйіп, тыржиып,
Жылатпа түртіп қолыңмен,
Орынсыз жаман іс қылып.
Жұртыңа жақ еліңмен.
ғұрыптық фольклор
Бар айтқаным бұл емес,
Құлағың салып тыңдап тұр,
Айтылар кейін қалғаны.
Жаулығыңды шұбалтпай,
Дұрыстап сал басыңа.
Астынан шығып жүрмесін,
Ие боп жүр шашыңа.
Қолын ұстап, бетін сүй,
Бала келсе қасыңа.
Қайныңды сыйлап қадірле,
Қарама үлкен, жасына.
Жасы құрбы екен деп,
Жаманға болма ашына.
Ойынның жөні осы деп,
Әркімге берме шашыла.
Біреу жаман айтты деп,
Болымсыз іске жасыма.
«Пәленше бүй деп айтты» деп,
Жарыңа сөзді тасыма.
Естісең де жаман сөз,
Жүргенің жақсы жасыра.
Көңіліңе келіп жүрмесін,
Айтты деп сөздің қиынын.
Бұл күнде жаман көргенмен,
Көңіліңе теріс келгенмен,
Бәрі де саған пайдалы
Ағаңның айтқан жырының.
Айт, келін, тағы айт, келін,
Атыңның басын тарт, келін!
Сауысқаннан сақ келін,
Жұмыртқадан ақ келін!
Келін, келін, келіншек!
Алдыңғы түйе итіншек,
Итіншек түйе екен деп,
Басқа соқпа, келіншек!
Артқы түйең тартыншақ,
Тартыншақ түйе екен деп,
Басқа соқпа, келіншек!
Өзің жатып төсекте,
Қасыңда жатқан байыңа
үйлену ғұрып фольклоры
«Тұр-тұрлама», келіншек!
Қаптың аузы бос тұр деп,
Құрт ұрлама, келіншек!
Жаман болса келіншек,
Күлкісін тіпті тыймайды.
Кісі келсе даладан,
Көсілген бұтын жимайды.
Көрінгенмен ұрсысып,
Ауылдың бәрін былғайды.
Қырыстанып үйінде,
Беті-қолын жумайды.
Ел қыдырып іңірден,
Кісінің үйін тыңдайды,
Шақырсаң үйде тұрмайды,
«Көргені жаман екен»—деп,
Есіткен ауыл шулайды.
Жақсы болар келіншек,
Ондайларды қылмайды.
Осынша айтқан ақылды
Демегейсің, келіншек,
Қайнаға—ақын, тақылдап
Мұнша неге жырлайды...
Ал бітірдім жырымды,
Айтып болдым сырымды!
Төрде отырған бабалар,
Қара сақал ағалар,
Жапсардағы аналар—
Жамағатқа бір сәлем!
Үлкен болғай дәулетің,
Әлемде асқан сәулетің,
Ықпалың жүрген шағында,
Таңдап қонған нәубетің.
Бектікпенен ағарды
Қара сақал қауметің!
Өзі теңдес адамнан
Мырзалығын асырған.
Көрген жан қолын қусырып,
Сәлем беріп бас ұрған.
Жақсылығын жайылтып,
ғұрыптық фольклор
Жамандығын қашырған,
Жақсы кісі атанған
Мырзекеңе бір сәлем!
Тай-құнанын мақтаған,
Шөбі көп жерді жақтаған,
Сексен сомға бір атын
«Сат!» десе де сатпаған,
Жазы, қысы өмірі
Жайлы жерге жатпаған,
«Көрімдік бер» деп айтар деп,
Жан-жағына бақпаған—
Сараң байға бір сәлем!
Бедеу атқа жем берген,
Тылдадан дабыл өңгерген,
Нан тілесе, май берген,
Бай кісі мен байғұсты
Бәрін бірдей тең көрген.
Шөлдеп келген кәріпке
Бал, қант қосып шай берген
Жомарт байға бір сәлем!
Таз үлкені Құлшықпай,
Кейбір таздың бастары
От шықпаған құмшықтай.
Жүсіп таздың бастарын
Төрт-бес құрт келіп шымшыпты-ай!
Таздың аты—Батырбай,
Кей таздардың бастары
Шөп шықпаған тақырдай,
Түгел тазға бір сәлем!
Даладан отын тасыған,
Орақпен бұтын қасыған,
Насыбай атып түкіріп,
Аузы боқтай сасыған,
Көмекейі ашыған,
Отырып көрмей еш рақат,
Ертеңді-кеш жүгіріп,
Бейнет көріп жасыған,
үйлену ғұрып фольклоры Бетінің нұрын қашырған. Қапыл қалған ақылдан, Бұрынғы өткен нақылдан, Дүниеқорға бір сәлем! Арғымақ мініп жемдеген, Пайдасы жоққа ермеген. Өз айтқаны болмаса, Бөтенге тіпті сенбеген. Мың рет өтірік айтса да, Жалғыз сөзден өлмеген. Халайық «жаман» десе де, «Өзімдікі жөн!» деген. «Пайда ал»,—десе,—үш тиын, Сом бермесе көнбеген, Бақылдыққа бір сәлем! Сықпа кетпес өреден, Ата-енеңнің салты сол, Сен де бол, қарғам, береген. Сиыр берсін қарадан, Қатығы кетпес шарадан. Төс алдыңа келгенде, Төстігін бөлек кесіп ал. «Бет ашқан құрбым қайда?»—деп, Сонда мені есіңе ал! * * * —Тұлғасына қарасаң, Асқарлы қара таулардай. Сүйегіне қарасаң, Қайнап та біткен болаттай. Қабағына қарасаң, Қаптаған қара бұлттай. Анау бір отырған қайын ағаң Ор қояндай ойнаған. Ақбоз үйдің артында Алтыннан қазық қаздырған, Сексен нарды байлаған, Үйінің іші жайнаған. 3.
ғұрыптық фольклор
Келін боп келін түскенде,
Көрімдікке боталы інген байлаған.
Анау бір отырған қайнағаң,
Қайнағаңа бір сәлем!
Анау бір отырған абысын,
Бұйымыңды алғасын абысын
Саған қарап не қылсын?
Абысындар, тату бол,
Өкпе менен бауыр бол.
Қиындасар қара ағаш,
Үйірлесер қарындас.
Басыңа желек түскеннен соң,
Абысыннан жақын табылмас.
Анау бір отырған абысын,
Абысынмен алыспа,
Өзі тисе, қалыспа,
Өзіңе тимесе, жарыспа.
Абысын сөзі асты деп,
Шаба берме намысқа.
Анау бір отырған абысын,
Абысынға етсеңіз бір сәлем!
Анау бір отырған бикешің,
Жібектен ескен шүйкесін.
Бар жасауын алған соң,
Теңіне буып салған соң,
Мен де осындай болам деп,
Құрып отыр жүйкесі,
Бикешіңе бір сәлем!
Анау бір отырған қайнысы,
Қайнысы деген қай кісі?
Жеңгесі келіп түскенде
Не болады бәйгесі?
Қайныңызға бір сәлем!
Әуедегі үркер-ай,
Өте шығар туған ай.
Атаңнан соңғы үлкен-ай,
Үлкендерге етші бір сәлем!
үйлену ғұрып фольклоры Әуедегі үркер, ай, Қайсы бірін айтайын, Баршаңызға бір сәлем! Бетіңді ашқан баламын, Шырқап та, әнге саламын. Толықсыған, келінжан, Құтты болсын қадамың. Биік болсын босағаң, Берік болсын керегең. Үлгі болып сақталсын Кейінгіге өнегең. Көмей етім сөгіліп, Маңдай терім төгіліп. Таныстырған ауылға, Ата-енеңе, бауырға, Махаббаттың жыршысы— Маған да етші, бір сәлем! Беташардан кейінгі берілген бата: —Ақ келін-ау, ақ келін, Көңілі таза, пәк келін. Сені, міне, күтіп тұр, Ақ желегіңді ашайын, Асыл да жүзін көріңдер. Қаумалаған көпшілік, Жастарға бата беріңдер! * * * —Келін келді, есік аш, Жамандарың кейін қаш. Жақсыларың ақыл қос, Иіліп сәлем беріп тұр, Енесі тұрып шашу шаш! Келін келді көріңіз, Көрімдігін беріңіз. Бетіңді сенің ашуға Таласып едім даладан, 4.
ғұрыптық фольклор
Күтіп жаттым сағадан.
Келіншек сіздей көп алдық,
Жетіру мен тамадан.
Тегім тойған баламын,
Шамадан артық сұраман.
Жақсы орамал тартсаң да,
Көп көрмеспін жағадан.
Әйди-ау, әйди, ақ келін,
Ата-енеңе жақ келін,
Атаң малын бақ келін!
Ертеңменен тұр, келін,
Малдың басын бұр, келін.
Бетің-қолың жу, келін,
Беліңді қынай бу, келін!
Ертеңменен түндік аш,
Шыға көрме жалаңбас.
Егер шықсаң жалаңбас,
Халыққа ісің ұнамас,
«Мұның не?» деп сұрамас.
Сені қылар келемеш,
Төңірегің елемес!
Көлбеңдеме, келіншек,
Көлбеңдейтін жер емес.
Мен айтамын үгіттеп,
Әрбір саққа түсіртіп.
Табаныңнан таусылып,
Кете көрме ұмытып!
Үлкендердің тұра көр,
Дәрет суын жылытып.
Келін келді-ау алыстан,
Өз елінде жүргенде,
Үйін санап танысқан.
Жаңа түскен келінсің,
Мінезің таста-ай, шалысқан.
Жақсы болсаң, шырағым,
Қайтып келген малымсың.
Жаман болсаң, келіншек,
Жанып тұрған жалынсың.
үйлену ғұрып фольклоры
Жақсы болсаң, келіншек,
Арқаға киім жабарсың,
Қағып көрпе саларсың.
Аттанып түзге кеткенде,
Ақ ниетпен отырып,
Шаруа бағып қаларсың.
Шаруаға, келін, жақсы мал—
Сиыр менен қой болар.
Күнде сойсаң біреуін,
Күнде базар, той болар.
Жақсы болсаң, шырағым,
Сойған қойдың терісі
Бір балаға бой болар.
Жаман болсаң, келіншек,
Әр ағаштың түбінде,
Әр төбеттің аузында,
Тамам итке жем болар.
Шаруаға, келін, жақсы мал—
Жылқы менен түйесі.
Жақсы болсаң, келін-ау,
Белгілі тұрар жүйесі.
Жаман болсаң, келіншек,
Кірлеу болып отырар
Төрде отырған үй иесі.
Анау тұрған атасы,
Сөзімнің болмас қатасы.
Келіні келіп түскенде,
Қабыл болғай батасы,
Атаңызға бір сәлем!
Сәлем бердік енеге,
Су жарылар кемеге.
Бұл жиһанның адамын
Енеңе жалғыз теңеме.
Енеңіз жақсы жайнаған,
Аққа көңлін байлаған.
Ғибадат етіп Аллаға,
Бес намазын қоймаған.
Құрбысы қарсы сөз айтса,
«Әрнеме» деп ойлаған.
ғұрыптық фольклор
Дұшпаны қарсы сөз айтса,
Бір ауыз сөзбен байлаған.
Енеге келін—баласы,
Ата-анадан бата алған.
Баланың қабыл тобасы,
Енеңе құрмет ете көр,
Келіннің ене—панасы.
Тәңірі өзіне берген соң,
Шаңырағынан жиырма жігіт өреді,
Бәрі де өзінің қайнысы мен баласы.
Түсіндіріп айтып кетпесем,
Жаңа түскен келінсің,
Білмейсің ғой шамасы.
Соның өзі енесі,
Қара жердің кемесі,
Тойтарып соққан шегесі.
Келіні келіп түскенде,
Көкке жетер төбесі,
Енеңізге бір сәлем!
Ішінде осыншаның келін аппақ,
Ешнәрсе ала қалсам сені мақтап.
Айғырдай ат қумайтын ақ пейіл бол,
Қоныстан көршің кетпес сені жақтап.
Өнері сіздің елдің тәуір дейді,
Жақсы өнер көрсете көр, үлгі бастап,
Келдің бе аман-есен, келінім-ай,
Келмедің аз кешігіп керіліп-ай.
Қайын аға, қайын інілерің келе қалса,
Келіншек, тұрмағайсың ерініп-ай!
Ендігісі абысын,
Абысын болмай аңдысын.
Қолына жүзік салған соң,
Абысын сені не қылсын?!
Абысынменен тату бол,
Шыға келсін дабысың.
Шықпаса егер дабысың,
Келер менің намысым.
Төрде отырған төрелер,
үйлену ғұрып фольклоры Жабықтағы жас билер, Бас-басыңа киім жоқ, Бұрынғыда сыйым жоқ. Бәріңізге бір сәлем! * * * Ал, ағайын, ағайын, Бір кәдеге жарайын. Бетін ашып келіннің, Көрімдігін алайын. Келін, келін, келіңіз, Келіп үйге еніңіз. Қаумалаған ағайын, Көрімдігін беріңіз. Келін, келін келді ғой, Келін үйге кірді ғой. Көрімдігін бермесең, Көрсетпеймін деді ғой. Алақанға алтын сал, Етегіме күміс сал. Ашық қолды халқым бар, Келін дұрыс сәлем сал! Аз алтының сен емес, Аз күмісің тең емес. Осы тұрған келінің Ай мен күннен кем емес. Байтақ елдің гүлі бұл, Бар ауылдың нұры бұл. Өскен жердің қызы бұл, Өнегенің ізі бұл. Көздерінен нұр тамған, Көмейінен жыр тамған. Беті таза айнадай, Көркі қандай жайнаған. 5.
ғұрыптық фольклор
Үлкендердің алдында,
Қылтыңдама, келіншек!
Жөн-жосықсыз желігіп,
Қутыңдама, келіншек!
От басына барғанда,
Отырып алма, келіншек!
Су басына барғанда,
Сумаңдама, келіншек!
Бозбала көз салды деп,
Тайраңдама, келіншек!
Қонақ келсе үйіңе,
Баланы ұрма, келіншек!
Ағайынды мазалап,
Қиын болма келіншек!
Жолдасыңның анасы,
Аузынан түспес тобасы.
«Сүйем-ау» деп немере,
Немереден шөбере,
Шөбереден шөпшек, немене,
«Келін-ай» деп отырған,
Көтерем деп төбеме—
Енеңізге бір сәлем,
Бір емес-ау, мың сәлем!
Мына тұрған қайын атаң,
Орыны бар сайлаған.
Кеудесінде жұлдызы
Жарқыраған, жайнаған.
Қашан оны көрсең де,
Елдің қамын ойлаған.
Ел ағасы—Ерекең,
Ерекеңе бір сәлем!
Ауылымыздың атасы,
Ауылымыздың батасы,
Ауылымыздың панасы,
Ауылымыздың данасы.
Даңқы елден ары асқан,
Көркі көкпен таласқан.
үйлену ғұрып фольклоры
Елдің көркі қайын аға,
Аталармен жарасқан—
Қайнағаңа бір сәлем!
Ана тұрған қайны апаң,
Орыны бар ойлаған.
Көпшіліктің ішінен
Жұлдыздардай жайнаған
Қайны апаңа бір сәлем!
Адалдықтан нәр алған,
Ақыл, нұрдан жаралған.
Ақ көңілі—гүл бақша,
Ақ жүрегі—ақ орман.
Тыңдайтын сенің сырыңды,
Жырлайтын сенің жырыңды,
Келінжан, қане, танып ал,
Қадірлі қайын сіңліңді—
Қайын сіңліңе бір сәлем!
Мына тұрған қайнысы,
Қайнысы деген қай кісі?
«Ағам әйел алды» деп,
«Кезек маған келді» деп,
Қуанып тұр бұл кісі,
Қайныңызға бір сәлем!
Мына тұрған жеңгеміз,
Талай жеңге көргенбіз.
Бұл кісінің алдында
Жеңгесымақ өзгеңіз.
Жақсы қонақ келгенде,
Төгіліп жатыр теңгелеп.
Қалта қалса жұқарып,
Жеңгемізге сенгенбіз.
Жеңгемізге бір сәлем!
Бетіңді ашқан баламын,
Шырқап әнге саламын.
Толықсыған келінжан,
Құтты болсын қадамың!
ғұрыптық фольклор
Маңдай терім төгіліп,
Көмей етім сөгіліп,
Таныстырған қауымға,
Таныстырған ауылға,
Келінжан, маған да бір сәлем!
Келін, келін, шаршама,
Қол-аяғың талса да.
Иіліп сәлем бере ғой,
Мына тұрған баршаға!
Бәрі сенің ырысың,
Халқым, саған көп рахмет,
Менің бітті жұмысым.
Көпшілікке, көпшілікке бір сәлем!
Халыққа білім үйреткен,
Ақ қағазды сөйлеткен—
Мұғалім қайын ағаңа бір сәлем!
Бозға шыққан бояндай,
Сары құлақ қояндай
Айтмұрат деген қайын ағаң,
Оған да берің бір сәлем!
Атыңа қоржын бөктерген,
Шайтандықты өткерген.
Жаңабай сенің қайын ағаң,
Оған да берің бір сәлем!
Арақ ішсе тоймаған,
Ресторанды қоймаған.
Шишаның қамын ойлаған,
Оған да берің бір сәлем!
Ауыл-елдің ағасы,
Елтірі тонның жағасы.
Пердебай деген қайын ағаң,
Оған берің бір сәлем!
Ақ терек көрсе пұтаған,
Сақал-мұртын тұтаған.
үйлену ғұрып фольклоры Шаңбай деген қайын ағаң, Оған берің бір сәлем! Қауын көрсе пышақтаған, Қатын көрсе құшақтаған, Базарбай деген құрдасың, Оған да берің бір сәлем! Атқа мінсе—арыстай, Жерге түссе—қарыстай, Сапарбай деген қайын ағаң, Оған да берің бір сәлем! Қарны буаз байталдай, Жымыңдаған шайтандай, Анарбай деген қайын ағаң, Оған да берің бір сәлем! Арақ десе аузын ашқан, Жұмыс десе тұра қашқан, Сұңғат деген құрдасың, Оған да берің бір сәлем! * * * Келіп тұрған келінге Өлеңмен шашу шашайын. Көруге халқым құмартад, Бетін жылдам ашайын. Бұрынғының кәдесін, Жас келінге жасайын! Қаумалаған келіншек, Көпшілігі ағайын. Келіннің жүзін көрсек деп, Анталап отыр маңайың. Еліңнен шығып келген соң, Келіншек болдың тоғайын. Белдеріне түсіріп, Сұлулар шашын тарайды. Қандай келін екен деп, 13-169 6.
ғұрыптық фольклор
Көпшілік сізге қарайды.
Әдепті келін атанып,
Таңдандырғын маңайды.
Жаман келін күніне,
Тізесін бүксе иіліп,
Оны да іске санайды.
Сабыр түбі—сары алтын,
Сабырлы болсаң жарайды.
Қадірлі бол, қарағым,
Өзіңнің келген жұртыңа.
Қатар құрбың сүйінсін,
Өзіңнің мінез-құлқыңа.
Ойнақтама орынсыз,
Әркімнің шығып сыртына.
Сыйлай білмес үлкенді
Бола көрме жырқылдақ,
Көсегің көктеп көгерер,
Атаң менен енеңнің
Көне білсең ырқына.
Орамалың өзгеріп,
Боларсың енді келіншек.
Тұғырыңа байырғы
Қонарсың енді, келіншек.
Келетін жерге келдім деп,
Жылмаңдама, келіншек!
Үлкендердің көзінше
Қылмаңдама, келіншек!
Ерте жатып, кеш тұрсаң,
Боласың нағыз еріншек.
Аяғыңнан алдырма,
Иіліп сәлем бергейсің,
Анда-санда көрінсек!
Шоңқайма кебіс кигенің,
Бәсеңірек жүрмесең,
Ерсілеу болар үйдегің.
Қадірсіз емес халқыңа,
Өзіңнің қалап сүйгенің.
үйлену ғұрып фольклоры
Жөніменен жұмсасаң,
Қолыңды біреу қақпайды,
Дүниеңді өзің билегін.
Кешігіп келсе жұмыстан,
Күйеуіңе ақырма.
Тауып бер деп жоқ затты,
Орынсыз басты қатырма.
Ұрмасаң да ұрғандай,
Шымшылап қолың батырма.
Алғыс алып үлкеннен,
Жеңдіргенің жөн болар,
Ашуыңды ақылға.
Үйір болып өсекке,
Әңгіме айтып сапырма.
Құдай айдап, тап қылып,
Келтіріп отыр кезімді.
Ыссы менен суыққа,
Болғайсың, келін, төзімді.
Құлағың салып, көп тыңда,
Тастамай жерге сөзімді!
Келіп тұрған ақ келін,
Сауысқандай сақ келін.
Қараңғыны түсірмей,
Үйіңе шырақ жақ, келін!
Атаң менен енеңді
Өлгенінше бақ, келін!
Қысты күні тоңдырмай,
Жылы көрпе жап, келін!
Бедеу келін атанбай,
Жалынды бір ұл тап, келін!
Жиналған жалпы, жамағат,
Жас келінді көріңіз,
Ата-баба мирасы,
Көрімдігін беріңіз!
Шығара алмай ештеңе,
Шықпасын босқа теріміз.
ғұрыптық фольклор
Бата алмай тұрған бар шығар,
Бастап берің еріңіз.
Мырзаларың көптен бер,
Сараңдарың еппен бер.
Көрімдігі несі деп,
Көргенсіздік етпеңдер.
Ақшамыз үйде қалды деп,
Тойдан шығып кетпеңіз.
Осындай жерде көрініп,
Азамат жігіт өктемдер.
Сараңдарың сазарып,
Бергендерді сөкпеңдер!
Наразын келін жықпаңыз,
Қайын ағасы, қайын інісі,
Көрініп қалың, бұқпаңыз.
Кемпір, шешей, келіншек,
Сақтаулы шығар, тықпаңыз.
Есіңде болсын, көпшілік,
Айтылған сөзді жұтпаңыз!
Ақ сақалды атаңыз,
Қабыл болсын батаңыз.
Бейбастық болма, келінжан,
Кешірілмес қатаңыз,
Енекеңе бір сәлем!
Анау тұрған қайын ағаң,
Қайын ағаңның әдеті—
Құр қалмайтын пайдадан.
Өзінің айтып білгенін,
Алдарыңда сайраған.
Қайын ағаңа бір сәлем!
Толып жатқан абысын,
Өзіңмен, келін, болады.
Абысындарға жағасың,
Көтерсең кейде қағысын.
Қырағы келін атанған,
үйлену ғұрып фольклоры
Көзіңмен көріп шаласын.
Ауыз бағып, сөз қусаң,
Тұтап тұрған жанжалға
Өзіңді-өзің саласың.
Абысындарға бір сәлем!
Ана тұрған құрдасың,
Құрдай тату сырласың.
Сыйламасаң құрдасты,
Абырой таппас бір басың.
Жөнімен жүріп, жол тапсаң,
Риза болар құрдастан
Еркегі мен ұрғашың.
Құрдастарға бір сәлем!
Шүпірлеген бикелер,
«Шашбауыңды берші» деп,
Келін, жаным, сүйкенер.
«Шығатұғын күйеуге,
Бізге кезек келді» деп,
Құрып отыр жүйкелер.
Бикештерге бір сәлем!
Қайныңыз тағы да келіп тұр,
Келінжан, сізді көріп тұр.
«Ендігі кезек менде» деп,
Өзіне-өзі сеніп тұр.
Қайныңызға бір сәлем!
Айналамда анталап,
Жақсылар бүгін жиналдың.
Алдымдағы келінжан,
Ұялғаннан қиналдың.
Бетін ашып талайдың,
Әлденеше сыйландым.
Бәріңізге бір сәлем,
Нышаны болсын иманның!
Келіп тұрған, келінжан,
Орамалың қызыл-ды.
ғұрыптық фольклор Орамалың туғаннан Ақ болсын деп сызылды. Әке-шешең риза, Теңін тауып қостым деп Қолаң шашты қызымды. * * * —Келін, келін, келіңіз, Күтуде сізді еліміз. Жиналған үлкен-кішіні Анықтап байқап көріңіз. Астана аттап келген соң, Осы ел сіздің еліңіз. Жайдары жақсы келінге Босаға емес төріміз. Тосырқап жүрме жатырқап, Жәудіреп қара көзіңіз. Ізет-құрмет жарасар, Ерке жанды өзіңіз. Әр қимылың, келінжан, Сынауда жүрер кезіңіз. Үріп-әдет, салт-сана, Бұған да көңіл бөліңіз. Есіткенде бал татсын, Әдеппен айтқан сөзіңіз. Тұрмыста болар кей жағдай, Елең етпей көніңіз. Қиын-қыстау кезеңде, Сабырлы болып төзіңіз. Отау құру әр жасқа Жауапты міндет, біліңіз. Қосылған мынау жұбайың, Қатарың да теңіңіз. Аңсап күткен ата-ана, Ізетпен көңіл бөліңіз. 7.
үйлену ғұрып фольклоры Құрметіне жұртыңның Иіліп сәлем беріңіз! * * * —Келін, келін келіп тұр, Келіп үйге еніп тұр. Қайын жұрты, халқына Иіліп сәлем беріп тұр. Үйдің іші толы адам Бәріңді келін көріп тұр. Көргенменен танымай, Қайсысы алыс, кім жақын, Сол жері көңілін бөліп тұр. Көрімдік берсе көп адам, Талай мал әзір болып тұр. Қайынаға, қайны, қарт ата, Сараңына кез қылмай, Мырзасына жолықтыр. Не қылсаң, халық, өзің біл, Жат елден келіп жас келін, Жаңа мейман болып тұр. Келін келді, көріңіз, Көрімдігін беріңіз. Жат елден келіп жас бала, Жаңа көрген еліміз. Әуелі бастан, ақсақал, Үміт еткен жеріміз. Берер берсең, жылдам бер, Келінмен бірге қосылып, Түрегеліп отырып, Ауырмасын беліміз. Нар берсеңіз, мая бер, Үстіне кілем жая бер. Одан артық айтуға Еркін келмес ебіміз. Маяның дауысын есітіп, Қаша көрме, көбіңіз. Не берсең, ырза келіншек, Қыстаймыз ба сені біз? Ақсақалдан құр қалсақ, Оңай болмас кебіміз. 8.
ғұрыптық фольклор * * * —Беташар жұртым қалаған, Айт десе, бойын балаған. Қапияда сөз таппай, Қиындау болды қайтейін, Ойлап бір келмей даладан. Үйдің іші толып тұр, Қатын менен баладан. Бәріне бірдей зат жетпес, Қоғалы істен қаладан. Ал, келінжан, ал келін, Лебізі шекер, бал келін, Азғантай үгіт айтайын, Құлағыңды сал, келін. Білсең бір үгіт-насихат, Білімді болсаң, айтамын, Айтпай бір кету бізге өлім. Айтпай босқа қайта алман, Қатында да тұлпар бар, Ат туғандай байталдан. Балапан болсаң тым жақсы, Сары уыздай шайқалған. Жорға болсаң тым жақсы, Төрт аяғың тайпалған. Қалмас бір мүлтік жел сөзде Біз секілді сайқалдан. Жұртым отыр өзіме, Дидарлы болып сөзіме. Жұртым, талас болмағын, Орамал берген бөзіме. Мен сөйлесем, кетермін, Ақ бөкендей өрмелеп. Тұсыңа келген адамдар Қарап бір қалмас бой балап. Пұлсыз алған бір өнер, Алмағын сатып саудалап. 9.
үйлену ғұрып фольклоры
Бұл сөз алған өнердің,
Соңынан түсіп көп ердім,
Қадірі бар ма халыққа,
Қолдағы шешен, шебердің.
Тек көргенім сіз емес,
Ашпадым бетін нелердің?!
Тағзым етіп атаға,
Құрмет етіп анаға.
Иіліп сәлем етпек бар,
Соған таман келерміз.
Ата-анадан туған соң,
Білгін барын өнердің.
Атқа бір мініп ар алған,
Асыл бір сойдан жаралған.
Ақтан жиған нәсібін,
Аузын тиған харамнан.
Осыным болмас залалдан,
Сол атаға бір сәлем!
Мен айтамын ақылын,
Ақыл бір айтсын ақының.
Айтса айтқандай ақының,
Алыста-ай емес, жақының.
Досыңнан дұшпан көп болар,
Абайлап басып, сақының.
Ашулы болса, сөйлеме,
Артынан айт ақырын.
Абайласаң асқары,
Таудан биік бастары.
Өз теңінен артылып,
Өрге бір жүрген тастары.
Ортаға халқым алған соң,
Бұл қадеттен қашпадым.
Қарап бір тұрсам тым жақсы,
Келіннің бетін ашқаным.
ғұрыптық фольклор
Хан қасында ханымдай,
Көздің жақұт шамындай.
Болмаңыз әсте залымдай!
Перзент бергей Құдайым,
Қарайып тұрсын жаныңда-ай.
Ертеңді-кеш жатады,
Төрден қонақ арылмай.
Сол қонақты атқарғын,
Күлімдеп әркез тарылмай.
Қолыма келін алсам деп,
Соны көріп өлсем деп,
Көп тартқан сенің зарыңды
Сол енеңе бір сәлем!
Ана бір тұрған қайын ағаң,
Шай ішіп, шекер шайнаған.
Сәскеде тұрып шай ішіп,
Шаруасын жайлаған.
Атының басын қаңтарып,
Кешке дейін байлаған.
Алалы жылқы айдаған,
Көшсе қызыл, жасыл боп,
Кереге нарды байлаған,
Еш қызыққа тоймаған
Қайын ағаңа бір сәлем!
Әне бір тұрған інісі,
Қайын інісі—мұның қай кісі?
Ағам қатын алды деп,
Жылмаңдайды байқұсы.
Қызықты нәрсе іс көрсе,
Сізге келер айтқысы.
Інісіне бір сәлем!
Әне бір тұрған бикешің,
Жібектен ескен шүйкесін.
Жылтыр қабақ, бал тамақ,
Балдырған белі үзілген,
Екі көзі сүзілген,
Күміс моншақ тізілген,
үйлену ғұрып фольклоры Көрген жігіт кіжінген, Айырған кекіл, ақ маңдай, Маңдайға біткен бақ қандай, Көргенді қатын тапқандай, Айтқан сөзі мақпалдай. Бикешіңе бір сәлем! Әне бір тұрған жас қатын, Абысын болар ол сізге, Шамаң келсе тату бол, Бір-біріңе дақ салмай. Тату боп жүргін, келіндер, Қыл өтпестей арадан. Абысынға бір сәлем! Базардан келген бөзім-ай, Бөз өлшеген кезім-ай. Ибалы тұрған, келінжан, Сәлем етші өзіме-ай, Келді енді кезім-ай! Астыңа мінген қаракер, Қаракер аттың жалын өр. Міндетіңнен құтылдың, Келінжан, енді жүре бер. Осы отырған көпшілік, Беташарым шешіп бер. Жанғалақтап айта алмай, Екі беттен шықты тер. Астыңа мінген кер еді-ай, Бір орамал береді-ай, Әлеуметтер, дәметпе, Мен сүртейін терімді-ай! Беташар —Бісміллә сөз басы, Ісімді Тәңір оңдасын, Қусырма жақ, қызыл тіл, Сырыңды ашып қолдашы, 10.
ғұрыптық фольклор
Қызыл тілім, бұлдашы.
Тасқын судай қайнатшы,
Халқыңа бүгін сайратшы.
Өнер алды—қызыл тіл—
Атаның мұра таңбасы.
Сол таңбадан белгі алған
Біз секілді пендесі.
Шабытың түссе бабына,
Сөйле, тілім, ағыла.
Әрі-бері толғашы,
Біздерден бұрын ертеден
Тайлайлар өтті еңсеген.
Өзгермеген ай мен күн,
Сәулесін беріп өртенген.
Жасарған жалын күнінде
Кім-кімге де парыз деп,
Жолдасты болу тіріңде.
Жетемін деп жалғанның,
Жете алмай төріне,
Өтпеді кімдер арманмен,
Шабыты соқпай сүріне.
Қазіргі, міне, заманым,
Еркі өзінде баланың.
Іні менен ағаның,
Тойға келген құрметін
Сөзбен қарсы аламын.
Ұзақ өмір болсын деу,
Сіздерге батам, қарағым!
Келіп тұрған, жас келін,
Берік болсын қадамың,
Орындалсын талабың.
«Әмин» десем, періште,
Қайырлы болсын қадамың.
Ескектей сөзім есілді,
Қарсы алдым сауық-кешіңді.
Аттай тулап көкірек,
Сөйлеуге көңіл шешілді.
Кешегі жүрген бала едің,
Екі айырып көңілді,
үйлену ғұрып фольклоры
Бұйрығымен тағдырдың
Келгендейсін секілді.
Келін болып ендіңіз,
Өзге жерге келдіңіз,
Ашайын енді бетіңді.
Келін келді иіліп,
Баршаңызға сиынып.
Он жетіге жеткенде,
Тағдыр солай бұйырып.
Мәжілістегі әлеумет,
Беріңіз бата жиылып.
Келіннің жүзін көріңіз,
Үлкен-кіші бәріңіз,
Жеткенінше әліңіз.
Мен үшін емес, той үшін,
Өзіңіздің сәніңіз.
Жарты үлесі келінге,
Деп арнаңыз кемінде.
Мына екі келінге
Берілсе керек делінген.
Ұсынысқа құмар боп,
Сөз шығады көңілден.
Тал шыбықтай бұралып,
Келіп тұрған келінді
Таныстырайын бәріңмен.
Мынау тұрған атаңыз,
«Баламнан» басқа сөзі жоқ,
Ибалық етіп байқаңыз.
Алыстан сәлем етпеңіз,
Алдынан кесе өтпеңіз.
Атаң отыр қуанып,
Балалы болып жуанып.
Атаңызға бір сәлем!
Мынау тұрған енеңіз,
Енемді төмен демеңіз,
Ата-анадай қадірле,
Тәрбиеге бөлеңіз.
Екі айтқызып бір сөзін,
ғұрыптық фольклор
«Сенікі жөнсіз» демеңіз.
Енеңізге бір сәлем!
Мынау тұрған қайын ағаң,
Күн нұрындай жайнаған.
Ақылы алтын, сөзі бал,
Қырандай ұшып ойнаған.
Жаңа көріп келінін,
Қуанып отыр көңілі.
Қайнағаңызға бір сәлем!
Мынау тұрған абысының,
«Қызықты күнің бүгін» деп,
«Басымнан өткен күнім» деп,
Бұл да отыр қуанып.
Абысыныңа бір сәлем!
Мынау—қайны сіңліңіз,
Тума деп оны біліңіз.
Тарлықта болар қолқанат,
Тату өтсін күніңіз.
Шашбауы төмен шұбалып,
«Қашан сендей болам» деп,
Ол да отыр қуанып.
Бикешіңе бір сәлем!
Мынау жүрген қайнысы,
Дерсін өзін қай кісі?
«Теңдік маған қалды» деп,
Қолына келіп бар күші,
Қуанышқа бөленді.
Баяғыдан бері қарай
Ағасы үшін бөгелді.
Қайныңызға бір сәлем!
Сөздерімді ұғып ал,
Ақылыңа түйіп ал.
Үлгі етіп айтамын,
Айтқанымды жиып ал.
үйлену ғұрып фольклоры
Ақылды болсаң, шырағым,
Осы орын болар тұрағың.
Өміріңде өшпесін
Жанып тұрған шырағың.
Сен демеңіз, сіз деңіз,
Мен демеңіз, біз деңіз,
Жамандық оңай адамға,
Жақсылықты іздеңіз.
Жолаушы кетсе жолдасың,
Күдеріңді үзбеңіз.
Ертеменен тұрыңыз,
Ұйқыдан көңіл бұрыңыз.
Шайтан болып дұшпаның,
Сөзіне айтқан ермеңіз.
Екі айтқызып қасарма,
Бір айтқызып ұғыңыз.
Үй-үйге өсек тасыма,
Өзгемен болма ашына.
Мұнысы қалай демеңіз,
Бәрі де қалар басыңа.
Үйге келген қонаққа,
Дайын тұр әр уақытта,
Шамаң келсе, шырағым,
Ілеспе теріс бағытқа.
Шаршадым деп жалықпа,
Сөйледі деп қамықпа.
Жалықсаң да ерінбе,
Шағаладай шалықта.
Көршіменен тату тұр,
Сүйкімді бол халыққа.
Ерің үйде жоғында,
Досы келсе орнына,
Құрмет етіп, сыйлай біл,
Үй иесі жоқ деп тарылма.
Ойыңызға жетіңіз,
Ашылды, келін, бетіңіз.
ғұрыптық фольклор Перзент көрсең, ұлды бол, Жолдасыңмен тату бол. Келінге, жұртым, бата бер, Сосын тарап кетіңіз. Бетіңді аштым, жас келін, Маған бір сәлем етіңіз! * * * Келінге жұрттың көрдім ынтызарын, Бұл елдің қазақ деген ұлты барын. Бет ашып бұрын-соңды көрмеп едім, Болсыншы бет ашудың кілті дарын. Қазақтың ежелден-ақ салты болған, Той қылып, мал сойылып, қонақ қонған. «Бет аш» деп мені халық қаумалады, Мен дағы шет қалмайын сол бір жолдан. Бұл елге келін кеп тұр қадам басып, Осы ел той қылыпты қазанды асып. Келінжан, көпшілікке бір сәлем қыл, Алайық көпшілікпен амандасып. Әлейкум ассалаума, көп жамағат, Жүрсіз бе ойнап-күліп сау-саламат?! Ал енді қонысыңыз құтты болсын, Жуытпа қоңысыңа еш жаманат! Болады қоңысыңда бір аманат, Ұрыссаң, жұрт күліп тұрар табалап. Сылтау қып әр нәрсені қырта берсең, Бір күні қаларсыздар сан сабалап. Жақсылар, қоңсыңмен болсаң тату, Деген сөз—дұшпан жолын бөгеп жату. «Жемейді біріккенді бөрі» деген, Баяғы Ізтілеуовтен қалған басу. Айбат қып арыстанша күжіреймей, Жөнімен жау келсе де болсын ашу. Мәз болған мысықтардай бажылдасып, 11.
үйлену ғұрып фольклоры
Болмасын араңызда бет тырнасу.
Жалғаннан көшпейінше сіз-біз дескен,
Неше бір кездеседі белден асу.
Болмашы бір нәрсеге бет жыртысып,
Ұялып боп жүрмесін желке қасу.
Халық боп отырған соң бір ауылда,
Сіз-біз деп қандай жақсы дидарласу.
Кетпесін көңіліңнен еш уақытта,
Жақсыға жөн іс емес асып-тасу.
Көпшілік, тыңдасаңыз ақыныңды,
Айтайын келінге де ақылымды.
Келінжан, құтты қадам болып тұрсың,
Иманды қылсын Құдай ақырыңды.
Ұғып ал ақылымды әзірлесем,
Біраздап кешірерсің әзілдесем.
Балдарың сендерді де сыйлай білер,
Өзің де ата-енеңді қадірлесең.
Сөйлейін тағы біраз бізді ұқсаң,
Бұрмайын қиялыңды теріс жықсаң.
Көтеріп төбесіне халық сыйлар,
Өзің де сол халықты қадір тұтсаң.
Жасынан үйретеді ботаны да,
Білсеңіз өзің шыққан жота бұ да.
Шығарсың аман болсаң тау басына,
Ете гөр ақ қызмет Отаныңа.
Бұзыққа құлақ салма бұлай десін,
Бұзықтар тасты қауып ылай жесін.
Таң қалып ауыл-аймақ «пәленшенің,
Па, шіркін, келіні мен ұлы-ай!» десін.
Жұмыста бір-біріңді күтіп тұрма,
Ақылын күйеуіңнің ұтып тұрма.
Адам деп үйіңе бір қонақ келсе,
Келінжан, қабағыңды шытып тұрма.
14-169
ғұрыптық фольклор
Күйеуің өзің сүйген асыл жарың,
Ортада болсын тапқан асылдарың.
Келінжан, жүзің әркез жарқын болсын,
Жүзіңді өміріңде жасырмағын.
Дәулетің жұрттан асса, шүкір қылғын,
Қалыптан мінезіңді асырмағын.
Жақсы іс, жақсы сөзге араласқын,
Күніңді құр күйбіңмен батырмағын.
Өзімнің жеке меншік күйеуім деп,
Жұрт барда иығына асылмағын.
Иіліп сәлем қып жүр жас-кәріге,
Беліңді иілместен қатырмағын.
Келінжан, бетіңізді ашамын деп,
Көрінбес жұртқа ерсі бұ тұрғаным.
Маған да бір иіліп сәлем қылсаң,
Келіп тұр шапқан аттай сатырлағым.
Көп жаса, бақытты бол жүзден асып,
Жақсылық үзілмесін, бәле қашып.
Қызығын ұл-қызыңның толық көріп,
Тойларың болсын қылған бізге нәсіп.
Немере, шөпшегіңнің тойларында
Кемпір боп жүретұғын шашу шашып.
Кішкентай тышқақтарын жұбата алмай,
Отырғын ортасында миың ашып.
Иіліп сәлем қылып болған кезде,
Алға жүр тағы төрт-бес қадам басып.
Той бопты қосылған соң екі ғашық,
Бұл келін кірмек алғаш есік ашып.
Қазақтың ежелден-ақ ата салты,
Қонақты күтетұғын етін асып.
Мен дағы беташарды бастап тұрмын,
Бұл тойдың тұз-дәмдері етіп нәсіп.
Келін де біраз жұмыс істеп тұрсын,
Халыққа сәлем қылып екі басып.
Айтайын адамдарым жақын тұрсын,
Жүрмесін там айналып жеке қашып.
Жақсылар, көрімдікті мықтап сайла,
Келінді көрсетейін бетін ашып.
үйлену ғұрып фольклоры
Қайын жұрт білсең, келін, алтын ордаң,
Шырмалсаң, ажыратар халқың тордан.
Осындай бақытқа сен ие болдың,
Мұндайды көреді жұрт парқы зордан.
Бұл елге бір семья қостың келіп,
Демейді енді ешкім жалқы қорған.
Көңілі шермендеге жәрдем қылып,
Жығылса, шығарыңдар тартып ордан.
Бірігіп қайын жұртпен тірлік қылсаң,
Болады басың ашық жалпы сордан.
Мінезің сұлу болып аққу қаздай,
Тұрсыншы үніңді естіп, балқып орман.
Үш аттап қайын жұртқа үш сәлем ет!
Осындай қазақтың бір салты болған.
Кім жетер ол кісінің бағасына,
Зерлі ішік, алтын тонның жағасына.
Басқарып осы тойды пәленше жүр,
Халықтың қалмайын деп табасына.
Алдына неше түрлі дәм жайдырып,
Бас иіп туыс, жекжат, нағашыға.
Әлтаман зәм-зәм суын тағы берер,
Жетерлік әр адамның шамасына.
Еңбегі ол кісінің ұшан теңіз,
Бір сәлем осы тойдың ағасына!
Көңілі күндей көлем, айдай әлем,
Мақтасам шытырламай көрсін, кәне.
Жүргені қалбалақтап қашан көрсең,
Олардың айтқанына деме «пәле».
Гауһардай қайын енең бар сазандай сай,
Өмірі демеген жұрт «қандай жан ең?!»
Алтындай қайын атаң бар ақ көңілді,
Дейтін жұрт қыздар тапқан жылы пана ең.
Осындай жақсыларға келін болдың,
Екі рет екеуіне қылғын сәлем!
Пәленше қайын ағаңыз екен аппақ,
Көрейін алдыңызда біраз мақтап.
Көркі мен мінезіне тұлғасы сай,
Киіпті әсем киім бойға шақтап.
ғұрыптық фольклор
Көркіне қарап тұрса адам тоймас,
Шәрбәттің болғанындай-ақ дәмін татпақ.
Кірпігі шымылдықтай жабылғанда,
Көздері сұлу таңдай кіріп жатпақ.
Керіліп кер маралдай жүргенінде,
Әйелдер әзілдейді қисалақтап.
Беттері жаңа піскен әңгелектей,
Жеуге көз қимайтындай нақтап айтсақ,
Сымбаты сынбайтұғын болат сымдай,
Садаққа қойғанындай-ақ жебе саптап.
Мақтасам қайын ағаңыз көрінбейді,
Тұр білем көрімдікке бір мал сақтап.
Осындай қайын ағаңа бір сәлем қыл,
Шырағым, қайын ағаңды тұрсам мақтап!
Келін, шырақ келіңіз,
Иіліп үйге еніңіз.
Абысындар шауып жүр,
Қызметін көріңіз.
Жаманына ермеңіз,
Жақсысына еріңіз.
Пысықтардың ісін қыл,
Салақтардан жеріңіз.
Абысынмен ұрысып,
Тарылмасын теріңіз.
Абысынмен тату бол,
Сонда құрсан еліңіз.
Еш қонақсыз болмайды,
Құтты болса төріңіз.
Қонақшыл ел атанған
Келіп тұрған жеріңіз.
Сөз айтпасын абысын,
«Болған,—десіп,—сері қыз».
Абысынның бәріне
Бір-ақ сәлем беріңіз!
Өмірі жұмыс қылмас шайға ұрынбай,
Тойған соң кісінейді Тайбурылдай.
Сөзіне қарсы келсең, күн бермейді,
үйлену ғұрып фольклоры
Шырылдап шегірткенің айғырындай.
Өзінің айтқаны жөн, қылғаны жөн,
Басқаның бәрі оған май қырындай.
Жүрсе де мидай тегіс иен далада,
Жолына қоймас оның сай бұрылмай.
Осындай бір адам бар бір сәлем қыл!
Жағалап жорғалайық сайда құрдай.
Бар екен әйелдің де осырағы,
Қарамай жан-жағына отырады.
Жалп етіп отыра сап пыш еткізсе,
Сол жердің бұрқ етеді топырағы.
Егерде бар күшімен тарқ еткізсе,
Шынымен біраз жерді опырады.
Осында пәленшедей жеңгелер жүр,
Осындай бар ұқсайды шоқырағы.
Бір сәлем сол өнерлі жеңгемізге,
Бұдан соң жасырынып осырады.
Сүйек қоймай кемірген,
Майын сорып семірген.
Бейқамдықта жан салмас,
Дәйім жарқын көңілмен.
Азып-тозып шаршамас,
Осылай өтер өмірден.
Бірақ іске жалқаулау,
Жұмыс көрсе ерінген,
Әбден мақтап істетсең,
Тау тұрғызар көмірден.
Дөңгеленіп жүреді
Жардай болып жел үрген.
Жамандасаң, жыртылар,
Не бір жаға, не бір жең.
Пәленшеге бір сәлем,
Салып қалар темірмен!
Ал енді бір қайның бар мақтағандай,
Сом білек, кең кеуделі ақша маңдай,
Көркіне мінезі мен ақылы сай,
Жебені садағына саптағандай.
ғұрыптық фольклор
Көркіне, қарап тұрса, адам тоймас,
Шәрбәтті көзбен көріп татпағандай.
Қастары қылыш ұқсап қиылып тұр,
Кірпігі келген жаудан сақтағандай.
Көздері кірпіктерін паналайды,
Бір сұлу шымылдыққа тап болғандай.
Беттері ең әдемі алма ұқсап,
Қызарып жаңа пісе бастағандай.
Керіліп кер маралдай жүргенінде,
Келін де басқа түгіл, мас болғандай.
Ішіне інжу, маржан, гауһар тығып,
Тұлғасын алтынменен қаптағандай.
Суретші болсам, анық бейнелер ем,
Боп тұрмын көп бейнесін таппағандай.
Сөзбенен суреттерін салып шықтым,
Шамалап өз бойына шақтағандай.
Өзі де көпті көрген жігіт екен,
Сөзімді ете көрмес жақпағандай.
Пәленше қайыныңа бір сәлем қыл,
Сөзімді келін шырақ жақтағандай!
Сөз айтам тұрған шақта назым өтіп,
Демеңдер көбі қалды, азы кетіп.
Қалып тұр айтылмаған қыздар ғана,
Ескерсек оларды да жазып өтіп.
Әр үйдің қыз дегені гүлі болар,
Тұрады бұлбұл қонса назым етіп.
Қыздардың қызыл гүлдей жайнағаны,
Тұрады жеңгесіне әзілі өтіп.
Қыздардың ақылдысы құда болып,
Береді екі елге бәзім етіп.
Екі елді бір шулатып, бір қуантып,
Қыз кетер мал-мүлігін әзірлетіп.
Оқытып тәрбиелеп ата-анасы,
Береді бөтен елге әзір етіп.
Қыздардың қашатұғын түрі бөлек,
Тұрады жігіт көрсе әзіл етіп.
Көркі гүл, мінезі бал тұрған қыздар,
Жүрмесін іштен қарғап жазым етіп.
Шырағым, бұрын сен де сондай едің,
Бір қойшы қыздарға да тәзім етіп!
үйлену ғұрып фольклоры
Бақ-дәулетің мал болып,
Баланы көп ертіңіз.
Әлсіреген адамды
Сусындатып желпіңіз.
Әлсіздерге қол берсең,
Ажарланар көркіңіз.
Арзымайтын нәрседен
Бұзылмасын сертіңіз.
Араласса шайтан кеп,
Маңдайына шертіңіз.
Қарыз алсаң біреуден,
Көп ұзатпай бер тығыз.
Салдырама арықтай,
Көлдей болып көлкіңіз.
Шын еліңді тапқан соң,
Боп жүрмесін төркін із.
Дүниеге мастанып,
Деме «елдің көркі—біз».
Дүниеге қызықпа,
Ол бір кәрі көрші қыз,
Дүние қыз қашқан күн
Көзден шығар өртіңіз.
Түсіндірдім барлығын,
Не істесең де еркіңіз.
Қалғандарға үш рет
Сәлем етіп, өршіңіз!
Келін, енді құлақ сал,
Ашылды ғой бетіңіз.
Арты үзілмей сүр болсын,
Сөредегі етіңіз.
Бала-шағаң он болсын,
Сегізі ұл, екі қыз.
Ақ сәлделі кемпір бол,
Иманды боп өтіңіз.
Сырдан жекжат басталып,
Таудан болсын шетіңіз.
Отан түсті басыңа,
Енді, келін, бекіңіз.
Аштық пенен тоқтық бар,
ғұрыптық фольклор Оған шүкір етіңіз. Ақыл сұрап жұрт келсе, Әділдікпен шешіңіз. Надан тисе көңіліңе, Кектелмей-ақ кешіңіз. Осыларды ұғарсыз, Бар ғой деймін есіңіз. Не тілесең қабыл боп, Ниетіңе жетіңіз. Жамандарға қалдырған, Жақсыларға жетіп із. Отқа майды сал дағы, Үйге кіріп кетіңіз. * * * —Ашайын «бісміллә» деп келін бетін, Айтайын бұрынғының өсиетін. Халыққа бір қадірлі келді келін, Сөз тыңда құлақ салып, әлеуметім! Мінекей, әлеуметім, көрсең келін, Келтіріп шешен сөйлер сөздің жөнін. Сәлем еткен бұ келін, Көрімдік дейтін қақы бар, Тумалас туған жақын бар. Ағалар «сөйле» дегесін, Шайырың тұрып тақылдар. Ана отырған атасы, Қабыл болғай батасы. Көрімдікке беретін Малыңның атын аташы. Түйе берсең ағынан, Өспей қалса қайтейін, Келін қарағым, бағыңнан. Жылқы берсе бозыңнан, Құлан құйрық тағыңнан. Сиыр берсең қарадан, Сауыныңа жараған. Қойды берсең қоңырдан, 12.
үйлену ғұрып фольклоры
Қоңыр қаздай байпаңдап,
Қозысын ертер соңынан.
Ешкі берсе семізден,
Серке туар егізден.
«Осыны айт» деп, әлеумет,
Мына отырған келінің
Шымшып алды санымнан.
А, Құдайым, пана бер,
Денсаулығын жана бер.
Екі иығымда екі періште,
Аузыма жауап сала бер.
Әуеде жұлдыз аспандай,
Дария суы тасқандай.
Сап азамат, сардар бек,
Мен сөйлейін, сабыр ет.
Ағалар сөйле дегесін,
Сөйлеуші едік жасқанбай,
Базардағы баршадай,
Кілем жапқан наршадай.
Бұ келінім бет алдына қарасам,
Қарсы біткен қайыңдай.
Күштілігін сұрасам,
Қалипаның жауындай.
Мықтылығын сұрасам,
Хазіреттің Алатауындай.
Суын туған тұлпардай,
Торғай қонған сұңқардай.
Тәтен дауыс таңдайлым,
Жете қарыс маңдайлым.
Бүлдіршін көйлек білегің,
Бүлкілдейді жүрегің.
Оймақ ауыз, қиғаш қас,
Жазық маңдай, толқын шаш,
Құмырсқа бел, түйме бас,
Бісміллә деп бастайын,
Бетіңді ашып тастайын,
Тұрмайын мен де байбайлап.
Бойым сұлу болсын деп,
Сәукеле кидің моншақтап,
ғұрыптық фольклор
Шархат тарттың шашақтап.
Еліңнен азар келіпсің,
Көзіңнен жас бұршақтап.
Үйренерсің мұрсатта-ақ,
Әлі-ақ адам боларсың.
Кербез сұлу келіншек,
Болмағайсың еріншек.
Ана-енеңді сыйлап бақ,
Ақыретте иман тап.
Келін келді көріңіз,
Көрімдігін беріңіз.
Ала-құла демеңіз,
Түсін айтып қойыңыз.
Ойына қарай қыраны,
Қырына қарай жыланы.
Атаға қарай отауы,
Енеге қарай жасауы.
Келін, осындай еді-ау заманың,
Ана отырған атасы,
Қабыл болар батасы.
Қоңырлы қойды айдаған,
Қазы менен қартаны
Қия кесіп шайнаған.
Көңілі оның Көкжардай,
Ақылы оның дегдардай.
Менменсіген дұшпанды
Табанға салып жүн қылды-ай.
Келінжан-ау, атаңызға бір сәлем!
Ана отырған енесі,
Қара жердің кемесі.
Келінім келді дегесін,
Көкке жетер төбесі.
Енеңізге бір сәлем!
Ана отырған қайнаға,
Көңілі шабар пайдаға.
Жасауы аз екен деп,
Жүгіре шығар пайдаға.
Қайынағаңызға бір сәлем!
үйлену ғұрып фольклоры Ана отырған абысын, Абысын емес, аңдысын. Абасыныңмен алыспа, Өзі тисе қалыспа, Өздігіңнен салыспа. Абысыныңызға бір сәлем! Ана отырған қайнысы, Қайнысы деген қай кісі! «Ағам қатын алды деп, Маған кезек қалды» деп, Күлімдейді байғұсың. Қайныңызға бір сәлем! Ана отырған бикеші, Құрып отыр жүйкесі. Бикешіңізге бір сәлем! Ал келін, шырағым, Дәулет сенікі, Бейнет менікі, Енді өзіме бір сәлем! * * * —Осы отырған әлеумет Жиналып келдік бәріміз. Сөзіме құлақ салыңыз, Келін келді көріңіз, Көрімдігін беріңіз. Ала-құла демеңіз, Түсін айтып қойыңыз. Келіннің несін сұрайсың, Әкесінің баласы, Шешесінің қарасы. Еңіреген де жылаған, «Бала бер» деп сұраған Жаратушы Алладан. Үйлер тігіп, мал сойып, Сөйтіп берген баласы. Ұзатпақ Алла бұйрығы, Міндетінен құтылып, 13.
ғұрыптық фольклор
Алып келген анасы.
Оймақ ауыз, бота көз,
Құдағайдың асыраған баласы.
Баласына қарасам,
Қырғандай да жойғандай.
Келініме қарасам,
Ішпей-жемей тойғандай.
Иман жүзді, ибалы,
Халық риза болғандай.
Ана отырған атасы,
Асқар таудың жотасы.
Неше күн бір сандалып,
Ала алмай жүрген ақ тауар
Алдына келді матасы.
Ана отырған енесі—
Дарияның кемесі.
Келіні келіп түскенде,
«Балам екеу болды» деп,
Көкке жетті төбесі.
Ана отырған қайын аға,
Ақшаны мыңдап байлаған.
Келіні келіп түскенде,
Жүз теңгесін сайлаған.
Ана отырған абысын,
Абысын бермейді табысын.
Аларын алып болған соң,
Абысын сені не қылсын?!
Ана отырған бикеші,
Жібектен ескен шүйкесі.
Өз малына жете алмай,
Кісі малына бата алмай,
Құрып отыр діңкесі.
Ана отырған қайнысы,
Қайнысы деген қай кісі?!
Жеңгесі келіп түскенде,
Атаның бұл бәйгесі.
үйлену ғұрып фольклоры «Ағам жолдас алды» деп, «Теңдік маған қалды» деп, Жылмаңдайды байғұсы. Беташар тойдың жосын-ай, Айтамын аздап осылай. Осы отырған көпшілік, Риза бол осыма-ай! * * * —Ал айтайын асқандай, Дария тулап тасқандай. Таң қаларсың, әлеумет, Келіншек бетін ашқандай. Сұлулығын айтайын, Базардағы паршадай, Кілем жапқан наршадай, Суын туған тұлпардай, Торға қонған сұңқардай. Татымды ауыз таңдайлым, Жырта қарыс маңдайлым. Бүлдіршін көйлек білектім, Үлпілдеген жүректім. Әйкелі моншақ тағынған, Беті оттай қабынған, Опа далап жағынған, Иісі жұпар аңқыған, Қорғасындай балқыған. Оймақ та ауыз, қиғаш қас, Жазық та маңдай, ұзын шаш Бір асылдың саны екен. Жақсы болса келіншек, Ерте тұрар әрдайым. Ауыл үйдің түндігін Аша тастар ол дайым. Жаман болса келіншек, Тал түсте тұрар ербиіп, Төбе шашы сербиіп. 14.
ғұрыптық фольклор
Жұмсағанда бұл кәпір,
Тіл алмай жүрер кірбиіп.
Сіз демеңіз, біз деңіз,
Инені жіпке тізбеңіз.
Күйеуіңіз кетсе алысқа,
Күйеуден күдер үзбеңіз.
Ел ішінде жақсы көп,
Көз алартып жүрмеңіз.
Айт, келін-ау, айт келін,
Атыңның басын тарт келін,
Сауысқаннан сақ келін,
Жұмыртқадан ақ келін,
Ата-енеңді бақ келін,
Ата-енеңнің төсегін
Ертеңді-кеш қақ келін.
Қағып-сілкіп болған соң,
Дұрыстап жинап қойғайсың.
Жұрт айтса да, сен айтпа
Ауыл үйдің өсегін.
Жасы жеткен кемпір-шал
Жолдас болар дейсің неше күн.
Жақсы болса келіншек,
Май тығылар ұртына.
Жаман болса келіншек,
Қамшы тиер сыртына.
Топырақтан көп жел сөздің
Қайсы бірін айтайын.
Иіліп сәлем ете бер,
Қаумалап тұрған жұртыңа.
Ана тұрған атасы,
Қара бір жердің жотасы,
Ықыласпен бергенде,
Қабыл болады дейді батасы.
Атасына бір сәлем!
Ана тұрған енесі,
Қара бір жердің кемесі.
Келін түсті оң жаққа,
Жасау жиып төр жаққа.
Жайылып бір отыр денесі,
үйлену ғұрып фольклоры
Көкке жетті ғой төбесі.
Енесіне бір сәлем!
Ана тұрған қайын аға,
Қайнағаның алдында
Саған айтқан ақылым,
Біреуменен ойнама.
Көрімдік берсең, мықтап бер,
Қайнаға шабар пайдаға,
Қайнағаға бір сәлем!
Ана тұрған абысын,
Абысын емес, аңдысын.
Бір-біріңнің қолыңнан
Сақина жүзік алынсын.
Алдыңғы келген жеңгелер,
Соңғы келген келіндер,
Осылайша айтайын
Татулықтың белгісін,
Абысынға бір сәлем!
Ана тұрған қайнысы,
Қайнысы деген қай кісі?!
Атан түйе бәйгесі,
Әр жерден шыққан әйгісі.
«Ағам қатын алды» деп,
«Маған теңдік қалды» деп,
Жылмаңдайды байғұсы.
Қайнысына бір сәлем!
Ана тұрған бикеші,
Жібектен ескен шүйкесі.
«Менде осындай болам» деп,
Құрып отыр жүйкесі.
Арқасын жүкке тақайды,
Бетін ашқан кісіге
Теңгелігін қадайды.
Бикешіңе бір сәлем!
Базардағы бөзім-ай,
Кездеп те сатқан өзім-ай.
ғұрыптық фольклор Сағынып көрген келінжан, Сәлем етші өзіме-ай! Астыңа мінген қара-ай кер, Қара-ай кердің жалын өр. Сыйың болды осымен, Тұр да орныңнан жүре бер! * * * —Салт болған келін түссе бетін ашқан, Ежелден елге мұра шашу шашқан. Әруақтың аты шыққан арна едіңдер, Өрбіген орталықта өскен бастан. Айт, қайным, насихатты алып теңнен, Күлкіні тамаша ғып, ойын кеңнен. Алғыс ал, мерекеңе ертең барып, Үмітпен келдім саған, болам жеңгең. Дегесін жазбаққа мен мәжбүр болдым, Сөз қарап тарабынан барлық жолдың. Шашылған назым сөздің басын қосып, Бітірдім көмегімен екі қолдың. —Қыз келіп, келін болған елдің сәні, Құттықтап жатса халық бар ғой мәні. ..................................................* Өлең-жыр, тамашамен жас пен кәрі. Өзгерді еркеліктер жасыңдағы, Орамал аққа айналды басыңдағы. Міне, сіз, келін деген атақ алдың, Күйеуің анау тұрған қасыңдағы. Тәрбие керек келін бала жастан, Жассыңдар он сегізден жаңа асқан. Бір үйдің гүл жайнаған еркесі едің, Сіз үшін жазылды бұл біздің дастан. ∗ Қолжазбада бір жолы түсіп қалған. 15.
үйлену ғұрып фольклоры
Тату бол жұбайыңмен алып келген,
Сөйлеңіз ой өрісін салып кеңнен.
Әуелгі қызығыңыз бұл кездескен,
Бақытты дәуірің бұл сүйсең теңмен.
Адамның аңсайтұғын арманы осы,
Түзелсе оңға басып жігіт қосы.
Дүниеге адам ұлы алаңдамас,
Ұнаса қыз бен ұлдың тапқан досы.
Жат жерге келдің, келін, елімізге,
Мәдени сөйле тілмен елімізде.
Тап-таза әдепті бол кішіпейіл,
Халқыңның тілегі осы қойған сізге.
Қамқор бол бір-біріне жанасқандай,
Тірліктің саласында жарасқандай.
Ашумен тілге сақ бол халық сыншы,
Ұшынған сөздерден қаш жол асқандай.
Сын бергін бір атаң бар сексен жаста,
Сөзі тең көпшілікке, кәрі-жасқа.
Тараған аз да болса мақалдары,
Шешендік тілді берген әуел баста.
Жазы-қыс аяғына етік киген,
Шықпайды семьядан, ұзап үйден.
Жаздырма сәлеміңді келе қойса,
Сау қалмас тірескендер оған тиген.
Шырағым, тағы бір сөз ойға тоқы,
Мәсілі бір атаң бар асқан сопы.
Аңлаусыз сәлеміңді бермей қалсаң,
Кешірім бермейтұғын діннің соты.
Әзірше бір атаң бар ауыл биі,
Ашуы тіл ұшында келер жиі.
Ақкөңіл ата жолын көп біледі,
Қаншама жұлқынғанмен жұмсақ иі.
15-169
ғұрыптық фольклор
Таяғын ұрмағанмен қайымдайды,
Өзі ерке, інілері қайырмайды.
Сәлем ет, ертең келер, бұл жерде жоқ,
Жолынан өкпелеудің тайынбайды.
Бірақ та бір ата бар аузын баққан,
Байсалды ауырлығы алты батпан.
Басына білік, бақыт қонса дағы,
Шашпайды сырын сыртқа іште жатқан.
Татулық белгісі ғой оған көнген,
Атақшы шынжыр қатар ордалы орын.
Шығарат сөйлеп кетсе сөздің зарын,
Сәлем ет бұл атаңа да кездескенде!
Атаң бар ішкі затқа бастық болған,
Бір түйір зат бермейді заңсыз қолдан.
Даурығып ақыл айтып мазалайды,
Шындықтың туралығы оған қонған.
Шырағым, адаспаңдар тура жолдан,
Қыр қазып, аралаған ойды, орман.
Бір сәлем сол атаңа да істеп жібер,
Кездесіп қала қойса оң мен солдан!
Көп жылдар района басшы болған,
Жастармен мұртын қырып жасты болған.
Сәлем ет, келін бала, үлкендерге,
Уақтында көпшіл сауық жақсы болған.
Ұлықтың жақсы болар сөзіне ерсең,
Бес жүздей қайнағаң бар сәлем берсең.
Абысын, апа, бикеш, жездең де көп,
Қайның да мыңға барады санап көрсең.
Келінжан, азғантайдан қалар өкпе,
Шырағым, жетсін дағы қолың көкке.
Ең соңғы сәлеміңді істеп жібер,
Жиналған халайыққа—осы көпке!
үйлену ғұрып фольклоры * * * —Төрде отырған сыпыра, Жастары үлкен ағалар. Айттырмай сөзді білетін, Ақылға артық даналар. Сіздерге де қуаныш Жастары кіші балалар. Келінді көрген адамнан, Көрімдік деп мал алар. Беретінін әр кісі Өз үйінде шамалар. Келініңіз құр емес, Отқа салып әкелген Нәрселері және бар. Кеулі жақын ағайын Ашып беріп құттықтап, Қалағанын және алар. Алған менен бергенді, Көре алмаған ағайын Сыртынан сөз қып табалар. Төрде отырған сыпыра, Ханы менен хадиша. Келіп келінді көріңіз. Осы отырған баршаңыз, Бәрің бірдей бекзатсың. Сұрамаймын көрімдік, Біреуіңнен табылса. Көрімдік үшін жүрмеңдер Бір-біріңе жабыса. Көрімдікті көп айтып, Шығыңдар бәрің жарыса. Бәріңе бірдей айтамын, Сұрамаймын көрімдік. Осындай жақсы жерінде Мырза, сараң адамды Ақылмен болар таныса. Ендігісін өзің біл. Берейін деп бермесең, Келінің сенің өкпелеп, Деп жүрмесін «мұнысы несі?». 16.
ғұрыптық фольклор
Есік жақта тік тұрған
Жастары кіші келіндер,
Келін келді қуаныш,
Ілгерірек келіңдер.
Шығарып берер жанынан,
Бергенім менің осы дер.
Бермеймін деген әйелдер
«Үйімде білер ерім» дер.
Сылтау айтып әрбірі,
Өкпелімін бұл тойдан,
Беретінім жоқ менің дер.
Алыстан келген әйелдер
Берер едім аямай,
Жақында жоқ елім дер.
Жылжытпалап кей қатын,
Сабыр қылып тұра тұр,
Берейін саған кейін дер.
Кейін барып сұрасаң,
Қабағын түйіп құржиып,
Ойнамай жүр менімен,
Мен емес сенің теңің дер.
Қаттырақ айтып сұрасаң,
Жайыңа жүр ұрыспай,
Ақың жоқ менде сенің дер.
Турасын айтып, туғандар,
Көрімдікті беріңдер.
Жастары кіші қайнысы,
Сіздер түгіл қуанар
Атасы бөлек жай кісі.
Балалардың ішінде
Көрімдікті көп айтар
Ақылға артық сайлысы.
Жалғыз қара болмасын,
Түйе болса боталы,
Аз демей-ақ алар ем
Бір аттан берсе әр кісі.
Осы отырған адамнан
Бас-басынан ат алсам,
Болар ем демде бай кісі.
Өңкей атты қайтемін,
үйлену ғұрып фольклоры
Болар еді бір жақсы,
Түйе болса жартысы.
Жапсардағы отырған
Жастары үлкен ағасы.
Айттырмай сөзді білетін
Ақылға артық данасы.
Аталарың тоздырған
Алтын сауыт жағасы.
Келін келді сіздерге,
Жеті атасы бай өткен,
Пәленшенің баласы,
Шыққан жері асылзат.
Келген жері мінекей,
Мұндай жақсы келінді
Іздесең қайдан табасың?
Құрбысына қосылып,
Өзгелерден келінің
Артық та қылды бағасын.
Көрімдік деген жолына
Не қылып құр қаласын?!
Көрімдік беріп, риза қыл
Атасы менен анасын.
Бергенің кетпес далаға,
Кеуіл етіп сен дағы,
Бір нәрсесін аларсың.
Арық қатпа, мал бермей,
Бер малыңның сарасын.
Сыпайыгерлік сөз айтып,
Бермей кетіп және де,
Маған қойма таласын.
Бермесең де кейіннен,
Кеуіліңнің білдір шамасын.
Берейін, тоқта, кейін деп,
Несиеге қаратпа,
Көрсетіп қой қарасын.
Келіннен енді сөйлейін,
Көп шуламай, тыңдаушым,
Құлағыңды саласың.
Осы отырған әлеумет,
Менің айтқан сөзімнің
ғұрыптық фольклор
Қатесі болса қарасын.
Қате сөзді айттырма,
Баршаға өзің пендесің,
Құлағыңды салып тұр,
Келінжан, менің сөзіме.
Әдептің жолын үйренбек
Жақсы адам өзіне.
Айтқанымды ұғасың,
Егерде болсаң білімді.
Ақылсызға айтқан сөз—
Далаға кеткен шығын-ды.
Бәрі сізге керек іс,
Тыңласаң, келін, жырымды.
Жырыма қосып айтамын
Бар насихат шынымды.
Өзім айтқан сөз емес,
Осылай айтар кітапта—
Бұрынғының бәріне
Бұл насихат қылынды.
Өзің де дайым әдет қыл,
Айтқанды қылып тұруды.
Бір жұмысқа бар десе,
Ерегіспей жүре бер,
Алдырмай халыққа сырыңды.
Айтпаса да өзіңе,
Жүрер мақтап көзіңе.
Сыртыңнан даттап жүреді,
Әртүрлі айтып мініңді.
Келін боп келмек қиын іс
Жаңа өспірім балаға.
Қызмет қылғын иіліп,
Атаң менен анаңа.
Тәзім етіп сәлем қыл,
Еріңнен үлкен ағаға!
Үлкен-кіші демей-ақ,
Жанның бәріне қызмет қыл,
Келер болса шамаға.
Үлкен адам келгенде,
Бетіне тіктеп қарама.
үйлену ғұрып фольклоры
Қатарласып отырмай,
Кейін отыр панаға.
Ылажы болса шығып жүр,
Қайтқанынша далаға.
Келін боп келдің бұл елге,
Өз үйіңдей санама.
Жаңа түскен жас келін
Жақын болар жалаға.
Жаман атың бір шықса,
«Әдепсіз келін екен» деп,
Жұрт аузынан қала ма?
Бар айтқаным бұл емес,
Құлақ салып тыңдап тұр,
Сөзім бар айтар жана да.
Келін боп келдің оң жаққа,
Ата-анаңның мұрасы.
Бұрынғы үйің бекер де,
Жеріңнің осы турасы.
Өз үйіңде тұрмақ жоқ,
Ұл болып тумай, әуелде
Қыз болған соң туасы.
Әмірін тұтсаң Алланың,
Ұлдардан да қыз жақсы,
Сөзімнің осы расы.
Жақсылығын айтайын,
Пайғамбары Құданың
Қызына кеткен дұғасы.
Осылай айтар кітапта,
Молдалардан сұрашы.
Опасы жоқ дүниеде
Адамзаттың көзінің
Перзент болар мұрасы.
Әйелге перзент туғызар,
Мархабат қылып Құдасы.
Әйел үйде отырса,
Ері қайда жүрсе де,
Бұзылмайды ұясы.
Әйелсіз еркек үй тігіп,
Тіршілік қылып тұра алмас,
ғұрыптық фольклор
Нанбасаң, байқап сынашы.
Ерсіз әйел болса да,
Тіккен үйін аздырмас,
Сөзімнің осы куәсі.
Айтқаным тура келеді,
Өзің ойлап қарашы.
Шығар болса ата-анаң,
Отырып қалма орныңда.
Бір жылға дейін қарайды,
Көрген адам пормыңа.
Тұрып барып есік аш,
Еріп барып соңынан.
Дәрет суын көтеріп,
Қарап бір тұрғын жолына.
Есік ашып кіргізіп,
Су құйғын қолына.
Орамалын алып бер,
Ұмытпағын оны да.
Жан-жағын жатса қымтай сал,
Бұрынғыдай ойлама.
Сабыр етіп шыдағын
Ашың менен тоғыңа.
Тамақ сұрап ішкенің—
Белгі беріп тұрады
Әдебіңнің жоғына.
Қай уақытта болса да,
Әдепсіз адам қосылмас
Жақсылардың тобына.
Шамаң келсе, ізет қыл
Үлкендердің бәріне.
Жас екен деп ойлама,
Өзіңнен кіші баланың
Қарап бір тұрғын әліне.
Әдепші болып іс қылсаң,
Алғыс беріп жүреді
Үлкен-кіші бәрі де.
Келін боп келдің бұл елге.
Бар айтқаным бұл емес,
Сөзім бар айтар әлі де.
Ықыласыңмен қызмет қыл,
үйлену ғұрып фольклоры
Құдай қосқан еріңе.
Күле сөйлеп жауап бер,
Еріңнің айтқан сөзіне.
Үлкен емес, кіші емес,
Қосылдың жақсы теңіңе.
Еріңдей асыл адам жоқ,
Қарасаң ата тегіне.
Қуаныш етіп, шүкір қыл,
Түскен соң жақсы жеріне.
Кеуілін тауып іс қылсаң,
Бұрынғыдай артықша
Ерің сыйлар сені де.
«Алғаным менің жақсы» деп,
Сыртыңнан мақтап жүреді
Ағайын, туған, еліне.
Ерің үйге келгенде,
Қағып көрпе салып бер
Отыратын жеріне.
Бір нәрсеге жұмсаса,
Алыстан «әй» дегізбей,
Жақын отыр шеніне.
Төсегін салып, шешіндір,
Еріңе қылған жұмысқа
Тұрмағайсың еріне.
Үйіңнің ішін жатқызып,
Қасына түнде кіріп жат,
Жарыңнан, сірә, жеріме.
Таңертең тұрса, киіндір,
Киімдерін әперіп,
Белбауын байла беліне.
Ерің үйден шығарда
Кебісін қойып, есік аш,
Үйіңнің тұрмай төрінде.
Не сөз айтса «құп» дегін,
Қарамағын әр уақытта
Сөзінің артық кеміне.
«Бұл айтқаның бекер» деп,
Қарсылық қылып отырма,
Келмесе де ебіне.
«Ер—әйелдің пірі» деп,
Пәтуалы кітаптың
ғұрыптық фольклор
Жазылыпты көбіне.
Еріне қарсы сөз айтқан
Қатын күнә болады
Шариғаттың жөніне.
Шариғат сөзін қоспасам,
Сөзімнің сәні келмейді
Қанша айтсам да ебіне.
Тамақ келсе алдыңа,
Үлкенге тұр ұсынып.
Орныңнан түрегеп,
Әдеппен тұр кіші боп.
Басыңды төмен иіп тұр,
Жеңіңді төмен түсіріп.
Әдепсіз жұмыс істеме,
Бір жеріңді қышынып.
Тамақ ішсе үй ішің,
Бата тілеп су құйғын
Болған соң тамақ ішіліп.
Артынан өзің алып іш,
Көгерерсің кешікпей,
Үлкенге қылсаң кішілік.
Жақсылық атың шығады,
Кеуліңде болса кісілік.
Отқа жақын отырма,
Кісіден келген ұсынып.
Еш адаммен ұрыспа,
Жесе де сөзбен пісіріп.
Менің айтқан бұл сөзім,
Бәрі саған керек іс,
Абайлап тыңда түсініп.
Отырмағын әр уақта
Еркектей болып жүгініп.
Бір тізерлеп отырғын,
Төмен қарап бүгіліп.
Даусыңды қатты шығарма,
Ақырын сөйле мүдіріп.
Майдалығы сөзіңнің
Кеткендей болсын үгіліп.
Бір нәрсеге барғанда,
үйлену ғұрып фольклоры
Кешікпей кел кідіріп.
Үй арасы болса да,
Қатты жүрме жүгіріп.
Бозбалаға қарама,
Әзілкеш болып әркіммен
Өсекке жүрме ілініп.
Жасырынбайды жаманат,
Ақыры шығар білініп.
Жаман атың бір шықса,
Кетеді халқың түңіліп.
Пайдасы бар сөзімнің
Ықыласыңмен тыңлап тұр,
Құлағыңа құй іліп.
Айтатыным және де
Түнде жүрме қыдырып.
Мансап емес қыдырған
Перизат, сіздей балаға
Сөзімді ұқсаң үңіліп...
* * * —«Бісміллә» деген сөз басы, Әрқашан да пенденің Қабыл болғай тобасы. Ақыл дейді иманның Жаратылғаннан жолдасы. Белгілі дейді шайтанның Пейішке кіріп бармасы. Осылай деп айтады Мұсылманның молдасы. Қисығы болса сөзімнің, Тыңдаушы халық, оңдашы. Беташар мен тойбастар, Бұл қызықтың қашаннан Келе жатқан мирасы. Өлгеніңше адамның Белгілі, сірә, емес пе, Еш қызыққа тоймасы! Бұрыннан қалған жол еді, Үлгілі пішкен тон еді, 17.
ғұрыптық фольклор
Біреуден-біреу көреді.
Үлгі болып солардан,
Содан бері келеді.
Қандай істер болса да,
Атаның жолы—дерегі.
Үлкендер, етсең ұрықсат
Келіннің бетін ашуға.
Халық ұйғарса, жағдай жоқ
Мерекеден бізге қашуға.
Беташар айтып берейін
Жиналып келген асылға.
Ата менен аналар,
Жеңге менен ағалар,
Жасы кіші балалар,
Жиылып келіп барлығы
Отырғанда қасымда.
Құдалар мен құдағай,
Құдаша көзі құралай,
Шығарыңдар отырған,
Бұрыннан келе жатырған,
Көрімдікті сұрауға.
Іні менен қарындас
Көрімдікке тарылмас.
Аталарым және бар,
Көрімдікке не табар?
Келін келді көріңіз,
Көрімдігін беріңіз!
«Келін қашан келеді» деп,
Ынтыққан едің көбіңіз.
Босқа терлеп шаппаймын,
Көрімдік берсең мақтаймын,
Мақтамай неге тоқтаймын.
Бәрің де мырза едіңіз,
Көрімдік деп келдіңіз.
Жас келін тұр алдыңда,
Көрімдігін беріңіз.
Көрімдікті көп көріп,
Тарылмасын ағалар,
үйлену ғұрып фольклоры
Өздеріңнің пейіліңіз.
Көрімдікті аз көріп,
Тарықпасын және де
Беташар айтқан ініңіз.
Абырой алар ат шығар,
Мерекесі жеріңіз.
Аға, жеңге, ініміз,
Байқағанда жақсы екен
Бәріңіздің түріңіз.
Сұрамаса көрімдік,
Беретұғын түрің жоқ,
Көргенсіздер көбіңіз.
Шешендерден сөз қалған,
Шеберлерден тез қалған.
Пікір етіп ойласам,
Бұл жердегі әйелдер,
Берсең өзің мерекең,
Бұл айтқан сөзім жөн екен.
Айтамын сөздің дерегін,
Сөздің шынын айтпасам,
Біте ме бізден керегің?
Әдет емес сараңдық,
Ендігісін өзің білесің.
Түсінгеннің ойы алтын,
Түсінбеген әйелдер
«Не айтып тұр мынау» деп,
Соныменен жүресің.
Ақылы бар әйелдер,
Жыршыға сыйлау бересің.
Іретін сөздің айтты деп,
Миығың тартып күлесің.
Бұл да атаның жолы еді,
Болмаса ауыр сөзіміз.
Аяғы талды келіннің,
Жақсысы көрсін елімнің,
Бәрің де болдың жас келін.
Еңбекпенен, шырағым,
Ата-енеңді бақ, келін!
Сауысқаннан сақ келін,
ғұрыптық фольклор
Жұмыртқадай ақ келін,
Еңбек етіп ықыласпен,
Адалдан бала тап келін!
Айтарсыз «халқым не екен?» деп,
Мақтауыма сөз тегін.
Абысын, ажын үш күнде,
Тағып берет ат, келін.
Не десе халық дей берсін,
Өз пайдаңа шап, келін!
Бала болып бір кезде,
Шүлдірлеп тілің сайраңдап,
Құлпырған гүлдей жайнаңдап,
Ата-анаңды алдадың.
Ермек етіп кезекпен,
Алдарында тынбадың.
Ол дәуренде жоқ еді
Ешбір қандай арманың.
Бастағының бірі деп,
Кетейін айтып ар жағын.
Бес жасыңа келгенше,
Өтірік пе, рас па,
Тап осындай болғаның?
Алты жаста ойнадың,
Ойын десе тоймадың.
Тоғыз жасқа келгенше,
Айыра алған жоқ едің
Арасын зиян, пайданың.
Он жасқа шығып ойладың,
Тұлымыңды қойғаның.
Қыз болам деп, әнекей,
Төбеңде шашты байладың.
Он екі жасқа келгенше,
Тап осындай болдыңыз—
Айттым ба сөздің жалғанын?
Айтайын және қалғанын.
Он үш жас келді мінекей,
«Сұлу қыз» деді жеңгеңіз.
Жүгің бөлек жиулы,
Ілулі тұр кермеңіз.
үйлену ғұрып фольклоры
Ол күндер өтті басыңнан,
Өтірік айтып жасырман.
Жалғаншыға сенбеңіз,
Қалып келе жатырған
Сіздей неше асылдан.
Он төрттен шығып, он беске
Қыз болғаның қылаңдап,
Шашыңды тарап, сылаңдап.
Қызыл-жасыл киініп,
Тал шыбықтай бұраңдап.
Сыртыңнан бағып құрбыңыз,
Жүруші еді бұлаңдап.
Оңашасын таба алмай,
Есебін тауып бара алмай.
Қағаздың бетін қаралап,
Тіке айтуға жарамай.
Он алты жасқа шыққанда,
Қыз болдың көзді құралай.
Оймақ ауыз, қиғаш қас,
Жазық маңдай, жалқын шаш.
Ақылың жетіп толығып,
Қатар қызға болдың бас.
Құлақта сырғаң сылдырлап,
Кигенің мақпал, атлас.
Қызыл шарқат басыңда,
Дәурен сүрдің жасыңда—
Қайран қалды ел көріп,
Халқың қайран қалған соң,
Анаңа қылдың еркелік.
Құрбыларың келеді,
Шәй ішуге бір көріп.
Шыны-аяққа шай құйдың,
Сары май мен бал құйдың.
Ақ шекерді төккенің,
Үстіне шәйдің уатып.
Мінезіңе мас болып,
Келгендер қайтты ұнатып.
Мінезге қандай бай едің,
Жайдары көңіл, жарқын жүз,
ғұрыптық фольклор
Жарқыраған ай едің.
Шығарсам сөздің шындығын,
Құрбыңнан асты-ау сұмдығың.
Жақсы айтып, жәймен шығардың,
Бітпесе де жұмысы,
Көңілі бітті олардың.
Жанаспады жаман жаныңа,
Көшейін сөздің ағына.
Берекет берсін бағыңа,
Түсейін жолға тағы да.
Ата-ананың жолы деп,
Жақсылардың соңы деп,
Келтірді кезек алдыңа.
Қабыл екен тілегің,
Отау иесі болғанға
Шәукілдеп тұр-ау жүрегің,
Тап келді келін бағыңа.
Ата-анаңның қолында.
Қызыл шарқат барында,
Ерте жатып, кеш тұрдың,
Құс төсекте керіліп.
Шай құйдың,келін, дәуріңде.
Басуға аяқ ерініп.
Құрбыңның ішін жандырдың,
Бір кеткенде көрініп.
Уәдеңді бермедің,
Мезгілсіз ойнап, күлмедің.
Ата-анаңды қия алмай,
Көзіңнің жасын тыя алмай,
Өз үйіңнен, шырағым,
Зорға шықтың егіліп.
Аға-жеңге, ата-анаң,
Қала берді бөлініп.
Жаралғаннан жат елдік
Болған едің, жас келін.
Үлкенді сыйла әуелі,
Дұрыс болсын сәлемің.
Ұят болар тағы да,
Көп ішінде сылқылдап,
үйлену ғұрып фольклоры
Бостан-босқа күлгенің.
Ибалы бол, әдепті,
Өткен істің бәрі өтті.
Жасыңа кесір болады,
Кесіп өтпе алдынан
Өзіңнен жасы үлкенін,
Жақсы десін көргендер.
«Қабы,—дейді-ау,—ұят иманның»,
Берекелі жыйғаның.
Көсеудей болып көсіліп,
Көп ішінде, келіншек,
Көрінбесін сирағың.
Сортаңға шыққан сорадай,
Ербимесін самайың.
Істейтін іске ерініп,
«Демеші қайдан тұрайын?».
Өсек айтпа жүгіріп,
Сөз тыңдама үңіліп.
Болмаған іске кейіме,
Өз-өзіңнен бүлініп.
Әр нәрсені бір сұрап,
Жүрмеңіз, келін, күбініп.
Орныңнан тұр да, төсек сал,
Қонақ келсе үйіңе.
«Қағыңғырлап» балаңа,
Кісі барда кейіме.
Қандай істі ойласаң,
Тап келет, келін, пейіліңе.
Ақылды болмас үйреніп,
Бермесе Құдай зейніңе.
Құлағың салып, тыңдай бер,
Тағы айтайын насихат.
Насихатты есітіп,
Халықтың көңілі болсын шат.
Бетінен алма, келіншек,
Өмірлік жолдас еріңнің.
Кеуліне тиме тағы да,
Еріңмен қатар теңіңнің.
Жасы үлкенін сыйлап жүр,
16-169
ғұрыптық фольклор
Келін боп түскен еліңнің.
Қызметкері сен болдың
Ата-ене, отау төріңнің.
Айтқан тілін қайырма,
Жұмсаса өмір-серігің.
Қатты сөйлеп, қабартпа,
Ата-енеңнің көңілін.
Бата алсаң атаңнан,
Гүлдей жайнар өмірің.
Көңіліне жақсаң енеңнің,
«Адал,—деп, мақтар,—келінім».
Уа, келінжан, келінжан,
Бала келсе қасыңа,
Шапалақпен шарт еткізіп,
Ұрып жүрме басына.
«Енем менің бүйтет» деп,
«Күйеуім менің сүйтет» деп,
Қасыңдағы көршіңе
Қалталап өсек тасыма!
Жиылып келген халайық,
Осы тойға лайық,
Тамаша әрі көңілді,
Көтеріңкі леп үнді,
Өлең іздеп табайық.
Қаумалап келген халыққа
Өлеңмен сарпай жабайық.
Уа, жарандар, жарандар,
Бәрің де бері қараңдар!
Сөз мәнісін түсінбейді
Ақылы кеміс жамандар.
Бар болса да «жоқ» дейді,
Дым бермейтін сараңдар.
Бізге мирас кәріден,
Ел кәдесі әріден.
Сол кәдені жасайық,
Келіннің бетін ашайық,
Думанды тойдың сәнімен!
Осында халық көп отыр,
Кәрі де, жас та кеп отыр.
үйлену ғұрып фольклоры
Әрқайсысы тың тыңдап,
Мынау жігіт сұңқылдап,
Не айтар екен деп отыр.
Бәсе, дұрыс байқадым,
Ең алдымен айтарым:
Сақ құлақтар, әрі отыр,
Қарт құлақтар, бері отыр,
Естілмей жүрер айқайым.
Жастарың бар, кәрің бар,
Тағы да тыңдап қалыңдар.
Осы айтылған сөздерді,
Көңіліңе тоқып алыңдар.
Бәрекелді, достарым,
Айтқанымды қостадың.
Беташар деп ал енді,
Ағытайын өлеңді,
Қосып әзіл-оспағын.
Келін, келін келіп тұр,
Келіп үйге еніп тұр.
Осы отырған қауымға,
Үлкен, кіші бауырға,
Қайын жұрты халқына
Иіліп сәлем беріп тұр.
Тойханада толы адам,
Бәріңді келін көріп тұр.
Көргенменен танымай,
Қайсысы алыс, кім жақын,
Сол жерді кеулін бөліп тұр.
Көрімдік берсе көп адам,
Талай мал қазір өніп тұр.
Қайнаға, қайны, қарт ата,
Сараңына кез қылмай,
Мырзасына жолықтыр.
Не қылсаң, халық, өзің біл.
Жат елден келіп жас бала,
Ауылыңа мейман болып тұр.
Айт, келін-ау, айт, келін,
Жұмыртқадан ақ, келін.
ғұрыптық фольклор
Аңқау болмай ісіңе,
Сауысқандай сақ болың.
Төмен салмай көзіңді,
Тыңда менің сөзімді,
Тыңшылдықтан пәк келін!
Келін бала, гүл бала,
Ақ жүзіңде нұр бала.
Көзің оттай жайнаған,
Тілің құстай сайраған,
Сендей болсын бір бала!
Ата-енені сыйлаған,
Басқаға да сыйлы адам.
Жас баланы жылатпай,
Саусағыңмен құрақтай,
Маңдайынан сыйпағын.
Анайы емес бір ісің,
Нәп-нәзік жүріс-тұрысың.
Біліп тұрмын, жан келін,
Інімізге сән келін.
Жақсы адамның бір ісін,
Озал дағы дегендей,
Мақтап кетпей түгелдей,
Бір-екі ауыз игі сөз,
Бір-екі ауыз үлгі сөз
Айтайыншы бөгелмей.
Келіншек-ау, келіншек,
Жақсыны әркім көрімшек.
Жақсымын деп өзің де,
Мақтанып әрбір сөзіңде,
Жылпылдама, келіншек!
Ақ жүзіңнен қан тамып,
Қарайды жұрт тамсанып.
Бекер оны опалап,
Жылтылдама, келіншек!
Киім киме демейміз,
Сәнді сүйме демейміз.
Қалай дағы шектен тыс
Қылтылдама, келіншек,
Кім сүйеді қаңбақты,
үйлену ғұрып фольклоры
Болған жақсы салмақты.
Бірақ та бәлсіп, керіліп,
Былқылдама, келіншек.
Көршіңіз адам өзіңдей,
Жақсысын оның көзге ілмей,
Жаман жағын өсектеп,
Сұңқылдама, келіншек!
Шаттанғаның жөні осы,
Лайық қой деп осы,
Шаршы топта бос күліп,
Сылқылдама, келіншек!
Жарыңыз барын аямас,
Жұтқанын қылып арам ас.
Қалмаймын деп қатардан,
Қыңқылдама, келіншек!
Дегенде кино-театр,
Демейміз мүлде «тый, отыр».
Бірақ та, күнде «танцы» деп,
Тымпылдама, келіншек!
Айтқан сөзді тыңдадың,
Негізің сенің асыл-ды.
Жақсы болсаң өзіңіз,
Ел қадірлер басыңды.
Подыр жағып бетіңе,
Бояулама қасыңды.
Келтіретін нәшіңді,
«Істиләгі» пормалап,
Ұзын өрім шашыңды
Модалатпа додалап,
Шүйкелеме, келіншек!
Ерте менен тұр ытып,
Тамағын берің жылытып.
Еріңіз аш қап, сен жатып,
Жүйкелеме, келіншек!
Болса да қандай қиын іс,
Әйел бізде ұлы күш,
Үйде қарап отырып,
Діңкелеме, келіншек!
Денсаулық алды—тазалық,
Үйіңді ұста таза қып.
ғұрыптық фольклор
Көйлектің кірін кетірмей,
Сіркелеме, келіншек!
Сөзім барады ұзарып,
Қысқартайын сөзімді.
Ашу шашқан көзіңді
Үйкелеме, келіншек!
А, жарандар, жарандар,
Әлі сөйлер шамам бар.
Ақылы бар тегінде,
Жетті, білем, келінге.
Күйеуге енді қараңдар,
Өнері бар не түрлі,
Өрен жігіт секілді.
Биязы екен мінезі,
Азамат екен бұл өзі.
Мақтағаным ұнап та,
Отырса да жігітім,
Босқа кетіп үмітім,
Қалдырып жүрме ұятқа.
Айлық сайын мас болып,
Қыз көрген сайын жас болып,
Сүйгеніңді күттіріп,
Түнделеп жүрме, жігітім!
Ертеңіне «пахмелге»,
Бір жартылық әкел деп,
Сүйгеніңнің сөмкесін,
Тінткілеп жүрме, жігітім!
Еркекпін деп едірейіп,
Қабақ түйіп бедірейіп,
Ескілерше келінді
Желкелеп жүрме, жігітім!
Бүгін болып қожайын,
Құрбыңнан дедің озайын.
Ендеше бол салмақты,
Селтеңдей берме, жігітім!
Ауыл үймен ұрыспа,
Ұятты ойла, келіншек!
Малды берген қораңа
Таяқтама, келіншек!
үйлену ғұрып фольклоры
Мырза атағым шықсын деп,
Бола берме көңілшек.
Салақ болма, ширақ бол,
Босаң болма, берік бол.
Кешірек жатып, ерте тұр.
Атаң менен енеңді
Қызмет еткін, сыйлап жүр.
Талапты болсаң, жауар нұр,
Дұшпаның бар, досың бар,
Ешқайсысына берме сыр.
Ақылым айтқан, жас келін,
Жақсы еді ата-енеңіз,
Сіздің де жоқты кеміңіз.
Артыңда қалды өзіңнің
Туып-өскен еліңіз.
Кешірерсіз, халайық,
Табылса сөзден мініміз.
Тойға сойған той малдың
Сорпасын ішіп азырақ,
Жібіді қатқан көніміз.
Беташар айтып шөлдедік,
Озыралықтан шай ішпей,
Қанбас, келін, шайымыз.
Ал, қарағым, келіншек,
Қашан сәлем етеді деп,
Күтіп жүр мынау еліміз.
Уа, келіншек, келіншек,
Әуелі мынау отырған
Кемпір менен шалдарға,
Қатар-құрбы балдарға,
Мүсәпір мен пақырға,
Мешел менен соқырға,
Ғаріп пенен қасерге,
Жетім менен жесірге,
Мейірімді болшы, келіншек!
Сөз мәнісін түсінсек,
Жиылып келген қауымға,
Осы отырған ауылға,
Үлкен-кіші бауырға
Сәлем етер жеріңіз.
ғұрыптық фольклор
О, әлеумет, көз тігіп,
Мынау тұрған келіннің
Сәлемін еткен көріңіз.
Осылардың бәріңе
Иіліп берші бір сәлем!
Келіннің барды-ау атасы,
Келін келді деген соң,
Ел-халқын жиып, той қылып,
Кеулінен кетті-ау қапасы.
Басынан кетті атаңның
Жәбір менен жапасы.
Көңілінен шығып іс етсең,
Қабыл болар батасы.
Жаңадан түскен жас келін,
Осы сөзді жаттап ал,
Көңіліңде мықтап сақтап ал.
Атаңызға бір сәлем!
Келін келді дегенде,
Көкке жеткен төбесі.
Қорқып едім мен сонда,
Созылып мойны кеткен соң,
Үзілер деп өңеші.
Болатын шығар осы үйдің
Әділдік берер төресі.
Ата менен енеңді
Өлгеніңше сыйлап жүр.
Еңбек етіп ықыласпен,
Жаныңды жағып қинап жүр.
Қарсылық қылма оларға,
Қарсылық қылсаң оларға,
Сол қарсылық ісіңнен,
Алдыңнан бір күн шығады
Тәңірдің құрған жебесі.
Құлағыңа қалдырсаң,
Жыршыңның осы кеңесі.
Енеңізге иіліп,
Бұған да берші бір сәлем!
Уа, келіншек, келіншек,
Көп екен сізде қайнаға.
үйлену ғұрып фольклоры
Күндердің күні болғанда,
Қайнағаң жарар пайдаға.
Қайнағаңменен, шырағым,
Әзілдесіп, ойнама.
Пайдасын тақай қалар деп,
Қайнағаңды ойлама.
Қайнағаңмен ойнасаң,
Жығылып қалып жүрерсің,
Құрулы жебе, найзаға.
Қайнағаларға бір сәлем!
Ал, қарағым келінжан,
Көп дейді сізде абысын,
Әркім бастың қамы үшін.
Жақсы болсаң, бәсің жоқ,
Жаман болсаң, келіншек,
Тек қамшының сабысың.
Ақылдасып іс қылып,
Көңілді мақұл табысың.
Егер тату болмасаң,
Абысын мен екеуің
Біреуің алып балтаны,
Біреуің алып кетпенді,
Көпшіліктің ішінде
Қылыштасып шабысың.
Өзі тисе, қалыспа,
Өздігіңмен жабыспа,
Абысындарға бір сәлем!
Келіннің бар-ды қайнысы,
Қайнысы деген қай кісі?!
«Ағам әйел алды деп,
Маған кезек қалды» деп.
Қуанып жүр байғұсы.
Қайын інілерге бір сәлем!
Келіннің бар дейді бикеші,
Жібектен дейді шүйкесі.
«Мен де сіздей болсам» деп,
Құрып тұр-ау жүйкесі.
ғұрыптық фольклор
Көбісінің басында
Толып жатыр сіркесі.
Сіркеден шашын ақтаған,
Өзін таза сақтаған,
Бикеш деген кім десең,
Сізді әкеліп отырған
Еріңіздің, шырағым,
Қарындас деген еркесі.
Ұзатуға жақындап,
Жиулы тұр үйінде
Мақпал, жібек көрпесі.
Бикештерге майысып,
Бұған да берші бір сәлем!
Ал, әлеумет, мінеки,
Қыздар келді-ау жиылып,
Қызыл-жасыл киініп.
Қолаң шаш пен қара қас
Қаламдай болып қиылып.
«Біздер де сіздей болсақ» деп,
Әйелдің пірі—Бәтима,
Бибәтимаға сиынып.
Біразы жүр білдірмей,
«Бізді алмады» деп пәленше,
Қыздардың тойын жейміз деп,
Қояйық тағы бүгіліп—
Барлық қыздарға бір сәлем!
Мінетұғын атына
Қаладан қоржын бөктерген.
Жас кезінен бері қарай
Мерекені көп көрген.
Басшылық етіп тойларға,
Елге кеңес көп берген,
Бұл ауылдың домкомы.
Домкомға берің бір сәлем!
Өзі ақтың жолында,
Ислам Құран қолында.
Ісқат Құран шығарып,
Иығын қысып құнтиған
үйлену ғұрып фольклоры
Пұл табудың жолында
Ауызы толы иман-ды,
Қойыны толы Құран-ды,
Молдаларға бір сәлем!
Көз пішімін қарасам,
Түнде жанған панардай.
Тылтиған тұлып тұлғасы
Топан тыққан қанардай,
Келтектеген томардай
Қыдырбай деген қайнағаң,
Оған да берші бір сәлем!
Қиынын сөздің келтіріп,
Ашылып тұр сарасы.
Келістіріп сөйлесем,
Қалмайды сөздің шаласы.
Еңкейіп түскен жеріңіз—
Хожелінің қаласы,
Амудария жағасы.
Құдайдың берген бағына
Ешкімнің жоқ таласы.
Оу, жамағат, ағайын,
Бұл келіннің егіліп,
Сәлемін еткен қарашы!
Уа, келінжан, шырағым,
Сізді әкеліп отырған—
Дәулетбайдай ағайдың
Ережеп атты баласы.
Бұл кісі білсең еріңіз,
Еріңіз болар піріңіз.
Еріңізге майысып,
Бұған да берші бір сәлем!
Емен жүйрік шабылған,
Есіткен құрбым сағынған.
Айырма, Құдай, әрқашан,
Өзіңнің берген бағыңнан.
Жыршы болып халыққа,
Шығып жүр даңқым табыннан.
ғұрыптық фольклор
Мерекелі тойларда
Сіздей талай келіннің
Бетін ашып әр жерде,
Асылдан сарпа жамылған.
Топ ішінде сөйлесем,
Көмекей менен тілімнен
Маржандай сөзім ағылған.
Қалмайын менде қатардан,
Маған да берші бір сәлем!
Келбетіне қарасам,
Қорғасын құйған сақадай.
Аяқ-қолы тарбиған,
Жарға асылған бақадай.
Қарны төмен салынған,
Шабақ жеген лақадай.
Мұрны батық бетінен,
Етікке салған тақадай.
Досымбет деген қайнағаң,
Бұған берің бір сәлем!
Сөйлеген сөзін көрсеңіз,
Бақырауық қоспақтай.
Байқыл-байқыл бет-аузы,
Қазанға қатқан қаспақтай.
Түр-сипатын көрсеңіз,
Жабулаған баспақтай.
Еркінбай жүр қайнағаң,
Бұған да берші бір сәлем!
Шидің түбін қайырған,
Есекпенен байыған.
Деңгенелеп мал салып,
Хожелінің еліне
Саудагер аты жайылған.
Қалбай—қасап қайнағаң,
Бұған берші бір сәлем!
Тарамыстанған қолдары
Шөп жинайтын тырмадай.
үйлену ғұрып фольклоры
Көздерінің шарасы,
Жуылмаған тостақтай,
Келбеті арық тырысқан,
Көлден ұшқан тырнадай
Арапбай деген қайнағаң,
Бұған берің бір сәлем!
Сақалы баулаған жантақтай,
Жүрген жүрісін байқасаң,
Құмнан қашқан балпақтай.
Үлкендігі аузының
Жекеннің соққан қалпақтай.
Есбол деген қайнағаң,
Бұған берші бір сәлем!
Папыросты көп шегіп,
Сарғайған беттің ажары
Кәрілердің жасындай.
Екі көзі қып-қызыл,
Көктен түскен жасылдай.
Формасына қарасаң,
Көтерем болған қашырдай.
Нұрила деген қайнағаң,
Бұған берші бір сәлем!
Төрге отырса төбедей,
Екі мұрты жебедей.
Енгезердей келбеті,
Қайыңнан соққан кемедей
Әбдікәрім қайнағаң,
Бұған берші бір сәлем!
Тарам-тарам тұлғасы,
Баржадағы көшкідей,
Жуандыққа шамасы,
Бес жүз салмақты бөшкедей.
Қарны төмен салынған,
Тұра алмай тұрған ешкідей
Махамбет деген қайнағаң,
Бұған да берің бір сәлем!
ғұрыптық фольклор Уа, келіншек, келіншек, Түсінсең сөздің парқына, Айтқан ақыл қандайды-ау, Ақылы төмен жартыға. Тағы да бір сәлем ет, Осы отырған халқыңа! Көпшілік аяқтайық осы тойды, Бір қатар баяндадық іштегі ойды. Құлақтың құрышы жоқ қанатұғын, Жыршыңыз осымен сөзін қойды. * * * —Келін, келді келіңіз, Көрімдігін беріңіз. Атын айтып берейін, Ала-құла демеңіз. Сауысқаннан сақ келін, Жұмыртқадан ақ келін. Келін алып қуанған, Көпшіліктен дуа алған Қайын атаңызға бір сәлем! Келін, келін келіп тұр, Келіп үйге еніп тұр. Сауысқаннан сақ келін, Жұмыртқадан ақ келін. Атқа мінсе тақадай, Қорғасын құйған сақадай Қайын ағаңызға бір сәлем! Келін, келін келіп тұр, Иіліп сәлем беріп тұр. Танымайтын жұртымен Танысуға келіп тұр. Ақ таяғын сүйреткен, Бар ақылын үйреткен Тоқсанға келген шешеңізге бір сәлем! Келін, келін, келіңіз, Көрімдігін беріңіз. 18.
үйлену ғұрып фольклоры
Там басында пақал жоқ,
Сипайын десе сақал жоқ.
Қайын ағаңызға бір сәлем!
Келін, келін келіп тұр,
Халқы риза болып тұр.
Сауысқаннан сақ келін,
Жұмыртқадан ақ келін.
Қапқа тыққан сабандай,
Тоғайдан шыққан қабандай,
Қайныңызға бір сәлем!
Әйт, әйт, келін, әйт, келін,
Атыңның басын тарт, келін.
Өзің жатып байыңа,
Тұр-тұрлама, тәйт, келін.
Таудан шыққан бұлақтай,
Жетім қалған лақтай
Қайын енеңізге бір сәлем!
Келін, келін, келіңіз,
Көрімдігін беріңіз.
Ала-құла демеңіз,
Атын айтып берейін,
Ауылымыздың ағасы,
Елтірі тонның жағасы,
Қайын атаңызға бір сәлем!
Әй, келін-ау, әй, келін,
Құлағыңды сал, келін.
Сауысқаннан сақ келін,
Жұмыртқадан ақ келін,
Қара сөмке қолында,
Автобустың жолында,
Абысыныңызға бір сәлем!
Келін, келін келіп тұр,
Жұртына сәлем беріп тұр.
Сауысқаннан сақ келін,
Жұмыртқадан ақ келін.
ғұрыптық фольклор Арқан ессе бос ескен, Отырғанда жер тескен, Қайын енеңізге бір сәлем! Әй, келін-ау, әй келін, Құлағыңды сал, келін. Ертемен күбі пісіп, Көйлегін түре жүріп, Арқалап отын тасыған, Қайырылып арқасын қасыған Қатындарға бір сәлем! Келін, келін, келіңіз, Көрімдігін беріңіз. Ала-құла демеңіз, Атын айтып берейін. Суға барған жеріңде Сусылдама, келіншек! Отқа барған жеріңде Отырып қалма, келіншек! Түртінгенін қоймаған, Ит балыққа тоймаған, Қайныңызға бір сәлем! Келін, келін келіп тұр, Мүлде өзге жұртына Иіліп сәлем беріп тұр. Шашын майлап тараған, Жігіт көрсе қараған Жалпы қызға бір сәлем! * * * —Әуелі жалғыз Алла Сұбыханым, Болғанда ғарипларға мехрибаным. Бір елдің алшаңдаған қыз баласы, Бұл елге келін болып келдің, жаным. Кеуліңді әр тарапқа алыстырма, Жарқыным, жақсы болар тыңдағаның. Қош десең, құлақ қойып ерік өзіңде, Етерсің көңіліңе ұнағанын. 19.
үйлену ғұрып фольклоры
Әуелі Құдай ақына,
Екінші, әруақ ақына,
Үшінші, атаң ақына
Иіліп, жаным, сәлем ет!
Сәлеміңе риза бола ма
Анау отырған қайны енең?
Енеңізге бір сәлем!
Иіліп жерге жетпесең,
Сары азамат, сабыр ет,
Етелік аз-маз қызмет.
Жерде қалмас деуші еді,
Жақсыға қылған қызмет.
Анау отырған қайнағаң,
Қайнағаңа бір сәлем!
Түйе мінсең, басқа ұрма,
Жылқы мінсең састырма.
Қайның бір сөз айтқанда,
Қатты сөйлеп осқырма.
Қайныңның атын сұрасаң,
Шырақ пенен Мырзаға,
Қайындарыңа бір сәлем!
Анау отырған абысын,
Абысын табар қабысын.
Әсілі әйел демесең,
Еркекке бермес намысын
Абысынға бір сәлем!
Анау отырған бикешің
Жібектен ескен шүйкесін.
«Қашан сендей болам» деп,
Құрып отыр жүйкесі,
Бикешіңе бір сәлем!
Арқаңды жүкке таяма,
Асыңды жұрттан аяма.
Үйден үйге жүгірме,
Бара қойсаң жұмысқа,
Көп кешігіп отырма.
17-169
ғұрыптық фольклор * * * —Келін боп келмек қиын іс Жаңа өспірім балаға. Алғыспен жолың ашылар Ізет қылсаң иіліп, Атаң менен анаңа. Шамаң келсе ізет қыл, Өзің менен еріңнен, Жастары үлкен ағаға! Үлкен адам көзінше Қабаттасып отырма Кейін отыр панаға. Ләжі болса шығып кет, Құлағыңды салып тыңдай бер, Сөзім бар айтар жана да. Келін боп келдің бұл елге, Бұрынғыдай қарама, Толықсыған сәніңе. Күле сөйлеп жауап бер Құдай қосқан еріңе. Еріңдей асыл адам жоқ, Сүйгеніңнің артықша Қарасаң ата тегіне. Үлкен емес, кіші емес, Қосылыпсың теңіңе. Даладан ерің келгенде, Күлімсіреп есік аш. Үйіңнің тұрмай төрінде. Ертеңмен тұрса, киіндір, Киімнің бәрін әперіп, Белбауын байлап беліне. Бір нәрсеге жұмсарда, Алыстан «ей» дегізбей, Жақындап отыр қасына. Бұл айтқанды бекер деп, Қарсылық қылып сөйлеме, Келмесе де ебіне. 20.
үйлену ғұрып фольклоры «Ер—әйелдің пірі» деп, Пәтуалы кітаптың Жазылыпты бәріне. Піріне қарсы сөйлесе, Қатты күнә болады Шариғаттың жөніне. Шариғатты қоспасам, Сөздің сәні келмейді, Қанша айтсам да ебіне. Ұлдан дағы қыз жақсы, Жақсылығын айтайын, Пайғамбары Құданың Қызына кеткен дұғасы, Қызынан қалған зурахат. Қыз болғанмен көп емес, Ұл баладан күнәсі. Осылай депті кітапта, Молдалардан сұрашы. Өз елінде тұрмақ жоқ, Ұл боп тумай әуелде Қыз болған соң туасы. Алғаныңмен қоса ағар, Мекенің осы турасы. Елтір тонның жағасы, Ауылымыздың ағасы. Самаурыны қайнаған, Мейман десе жайнаған... * * * —Келін, келін, келіңіз, Келіп үйге еніңіз. Мынау сіздің үйіңіз, Иіліп сәлем беріңіз! Айт, келін-ау, айт, келін, Атыңның басын тарт, келін. Сауысқаннан сақ келін, Жұмыртқадан ақ келін, Ел жұртыңа жақ, келін! 21.
ғұрыптық фольклор Келін, келін, келіншек, Болмашы, сірә, еріншек. Алдыңғы түйең тартыншақ, Артқы түйең итіншек. Өзің жатып еріңді, Тұр-тұрлама, келіншек. Беті ашық деп өреден, Құрт ұрлама, келіншек! Отқа барған жеріңде, Отырып қалма, келіншек. Суға барған жеріңде, Сусылдама, келіншек! Үлкендерді көргенде, Былқылдама, келіншек. Арзымасты сылтау қып, Қыңқылдама, келіншек! Әзіл-шыны аралас, Барлығына құлақ ас. Ұқпасаң, егер, осыны, Жас келін бізге ұнамас. Жұбыңа жүрме қосылмай, Көңілің жүрмес тасымай. Келін, келін, келіңіз, Келіп үйге еніңіз. Көрімдігін беріңіз, Атын айтып беріңіз. Осы үйдегі енеңе, Иіліп сәлем беріңіз! Ауылымыздың ағасы, Елтір тонның жағасы, Атаңызға бір сәлем! * * * —Жері алыс жерлерден Шартарапта жайласқан. 22.
үйлену ғұрып фольклоры
Айтулы таныс ерлермен
Құда түсіп, қыз алып,
Өсіп-өнген елдер ең.
Той десе әркім қуанар,
Ойын ойнап, серуендеп.
Қыз бен жігіт бас қосып,
Бір-бірінен сыр алар.
Бет ашатын жыраулар
Өсиет айтып келінге,
Ақ домбыра қолға алар.
Келеке сөз, мақтау мен,
Әртүрлі қиял толғанар.
Солардай мен де толғандым,
Оңай емес, қиналдым.
Жиналған көптің алдында
«Бет аш» деп бізді қинадың.
Келіншектің атынан
Шығарған сөз беташар.
Көпшілік, сізге сыйладым,
Асқар таудай көрінген,
Бабамыз өткен дүниеден.
Қызғалдақтай құлпырған,
Анамыз өткен емізген,
Біз солардың ұрпағы,
Ата жолын игерген.
Кеше сәби, бүгін қыз,
Жігіт қызға үйленген.
Келіншек түсті деген соң,
Қыз-келіншек жүгірген.
Жаңа түскен келіншек,
Ата-анаңның алдында
Еркін жүрген қыз едің,
Қыран құсқа алдырмас,
Алтайысы сіз едің.
Бойжеткен соң, қарағым,
Жат елдік бала болғаның.
Жат елдіктің белгісі—
Теңдесіңмен бас қосып,
Ақ орамал басыңда,
ғұрыптық фольклор
Жиналған көпті құрметтеп,
Салғалы сәлем тұрғаның.
Айналаңа қарасаң,
Жиналып халқың келіп тұр.
«Қандай екен жеңгей» деп,
Кимелеп жастар төніп тұр.
Өзге елді бауырдай
Таныстырған сіз болдың,
Келгенше шама жол нұсқап.
Жақсы келін белгісі—
Ерте тұрып, кеш жатқан.
Тұр-тұрлатпай еріне,
Есік ашып, от жаққан.
Үй шаруасын таза ұстап,
Ойынан шық ұнатқан.
Жолы үлкен, жасы үлкен
Бабаңыз болар, келіншек.
Үлкен айып болады,
Сәлем салмай ерінсең.
Атаңыздың атасы,
Қабыл еді батасы,
Қарт атаңа бір сәлем!
Жүзден ешкі айдаған,
Аруана мен нар мая
Қазыққа ондап байлаған.
Торы аты ойнап қазықта,
Мінілмей жемге шайлаған.
Төрт түлік малды қастерлеп,
Үсекең күтіп жайлаған.
Келін алған тойында
Бетін ашқан кісіге
«Бір қара» деп сайраған.
Әзіл ме екен, шын ба екен?
Берсе берер деп едік,
Дәулеті жетер жинаған.
Сөзінде айтқан тұрмайтын,
Қысыр сөзбен сыйлайтын
Жезде атаңызға бір сәлем!
үйлену ғұрып фольклоры «Құрайттап» қойды айдаған, Төріне туды байлаған. Қыс болса қыстап Үштөбе, Шарықтыны жайлаған. Қолайлы қоныс жерінде Семіздіктен отары Егізден төлдеп қоймаған. Еңбектің қайнар бұлағы, Бір қалыптан аумаған. Еңбекшіл атаң жасынан, Шынығып дене қайнаған. Ауданға аты әйгілі, Таласты жерден жүлде алып, «Жигули» машина айдаған. Аты шулы, ардақты Атаң Нышанбайға бір сәлем! Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік тербеткен. Бақыт жолы былай деп, Ұл-қызына үйреткен, Атаңыздың жолдасы— Қайыненеңізге бір сәлем! * * * Той болған соң болмайды, Ойнамасқа, күлмеске. Тарқаталық жақсы етіп, Ақыл қосып бірлесіп. Ал қалаған халайық, Келіншек бетін ашам деп, Келдік жиылып даладан. Келгенменен кідірдік, Талас етіп жолдыққа. Біразырақ данадан. Ақырда бізді шығарды, Баста деп сөзді арадан. Беташушы біз болдық, Көңілді толық шамадан. Жүдәлі жүйрік сойымын, 23.
ғұрыптық фольклор
«Шу» десеңіз, шабамын.
Қайырып салса қалыңға,
Қайтпас қорқып қабаның.
Асылық соғып кетпесе,
Тастан да таймайды табаным.
Өтіңкіреп барады
Жігіттіктен заманым.
Онан басқа әр жерде
Сөйлеп жүрген баламын.
Қашаннан сөйлеп жүрген соң,
Сөйлемей неғып қаламын?
Мойныма борыш етпеймін,
Айтып сөзім жеткізіп,
Айқайлаған әлеумет,
Алдарыңда алшайып,
Жолдығымды аламын.
Атамыз Адам атадан,
Анамыз Хауа анадан
Бермен қарай бастаған,
Болмаған еді жаңадан.
«Тойды жақсы баста» деп,
Астана бізді қалаған.
Тыңдамастай ажарсыз,
Тыс айтпаспыз шамадан.
Жақсы жарға қосылдың
Жанның бәрі қараған.
Қыз он беске келгенше,
Тізіп ақша қадаған.
Жібек бешпент, қызыл тон,
Екі қатар зер салдық,
Төмен қарай жағадан.
Ақ жаулықты әйелдің
Бәрі де сіздей қыз еді-ау,
Шашын өріп тараған.
Болдың әйел бәрің бір,
Басқа деп айырып санаман.
Сіз түгіл, әйел, басқа қыз
Қалмайды осы санадан.
Қайғырма, келін, қарағым,
Қыз ұзату бар әдет
үйлену ғұрып фольклоры
Бұрынғы ата-бабадан.
Жасы жеткен қарт адам,
Қонақ келсе қайыптан,
Қарсы тұрма түзбе-түз.
Екінші саған айтамын,
Дауыстап қатты күлмеңіз.
Жас ботадай маймаңдап,
Жұмыссыз босқа жүрмеңіз.
Үй арасын өсектеп,
Инені жіпке тізбеңіз.
«Сен» демеңіз, «сіз» деңіз,
«Мен» демеңіз, «біз» деңіз,
Қайтеріңді өзің біл,
Дегеннен басқа білмеңіз.
Жаманға жақсы тұрып қалыптанба,
Жәрдем ет шамаң келсе тарыққанға.
Күйеуің құрбысына лақ сойса,
Бір қолын саныменен алып қалма.
Сүйкімді бол, келіншек,
Ел-жұртыңа жаққандай,
Енеңнің бабын тапқандай.
Сөзімді тыңда, келіншек,
Дариядан сулар аққандай.
Күйеуім менің қалай деп,
Біздің әдет солай деп,
Жамандарша мақтанбай.
Үлкендер тұрса алдыңда,
Сөз сөйлеме сақтанбай.
Жұмсақ сөзді болғайсыз,
Етке тиген мақпалдай.
Сөзің қатты болмасын,
Жылан болып шаққандай.
Кемсітіп күш жұмсама кішкенеге,
Дүниеде кішкене емес ештеңе де.
Шаңнан жер, қиыршықтан тау құралған,
Кірпішсіз үлкен үйлер істеле ме?
Қақайғаннан қақиған қалай деме,
Қақиғаннан татады талай неме.
ғұрыптық фольклор Қақиып қайың болам деймісің, Байқап жүр, төбеңізді тасқа соғып, Жараңды қанатып ап жүрмегейсің. Кең ақыл, кең өзендей көлге теңес, Кең өзен көлдей кеуіп кебіркемес. Кеңесіп, кең ақылмен істелген іс Еш уақыт бекер босқа кеткен емес. Аспан да айналдырар толған сайын, Пенденің көңілі толмас болған сайын. Болғанда ақыл пышақ, ақыл таяқ, Таяқтан не қалады жонған сайын. Жолама опасызға көңілің сенбей, Зиянды ол бір ағаш. Көзіңше ит сияқты еркелейді, Сыртыңнан өлсең дағы қолын бермес. Ақша деген адамның тері, қаны, Осыған байланысты достың бәрі. Жұмсасаң алмас қылыш кесіп түсер, Орнына жұмсаушының жоқ арманы. Егерде ысырап етіп жұмсасаңыз, Қор етіп өзіңе-өзің қас қылғаның. * * * —Сөйле дедің, аламан, Керіліп бойып баламан. Бұл емес қой әр жерде «Сөйле!» деп халқым қалаған. Үйдің іші толып тұр Қатын менен баладан. Құлағыңды салып, сөз тыңда, Білгенімді аяман. Келін бүгін келді деп, Іздеп келген біз мұнда Қатын менен баламыз, Құмарын топтың қандырып, Сөз айтып жолды аламыз. Батыр менен биің-ді, 24.
үйлену ғұрып фольклоры
Бәрі бірдей жиылды.
«Жол сенікі, бет аш» деп,
Әлеумет маған бұйырды.
Құдай айдап келген соң,
Қиқу салмай кеткенім,
Енді маған қиын-ды.
Айтуға солай болса да,
Жігіттікке шешендік,
Көпті көрген көсемдік.
Шеберлеп бір сөйлейін,
Шыбын жан болса есендік.
Бәйгі атындай жараңдым,
Жал-құйрығым тарандым.
Қиқу салып, сөз айтып,
Жан-жағыма қарандым.
Ал, ал келін, ал келін,
Лебізің шекер, бал келін.
Азырақ үгіт айтайын,
Құлағыңды сал, келін!
Білгендей ақыл-насихат,
Айтпай кетсек бізге өлім,
Тыңдамасаңыз сізге өлім!
Жатым емес, жақыным,
Ағып жатқан жел сөздің
Айтайын саған тақылын.
Әйел деген асылзат,
Ат тумай ма байталдан?!
Қас жорға болсаң тым жақсы,
Төрт аяғың тайпалған.
Балапан болсаң тым жақсы,
Уыздай қалқып шайқалған.
Ағып жатқан жел сөзің
Ұмытылып қалмас бұл жерде,
Мынау біз сықылды сайқалдан.
Мен сөйлейін саумалап,
Ағалар отыр қаумалап.
Таусылмайтын ойлақпын,
Тарта берсең қауғалап.
Не қылып сөзім таусылсын
ғұрыптық фольклор
Алмаған пұлға саудалап.
Пұлсыз алған өнердің
Соңына түсіп көп ердім.
Бұл емес қой әр жерде,
Ашпадым бетін нелердің.
Тәжім етіп атаға,
Қызмет етіп енеге,
Иіліп сәлем етпек бар,
Жағалап саған келейін,
Әуелі көпке бір сәлем!
Ата-анадан туғаннан
Зәредей қарны ашпаған,
Қара түгіл, хандардың
Қатарынан аспаған.
Біткен бақыт, дәулетке
Жамандарша таспаған.
Мыңнан жылқы айдаған,
Жүзден бие байлаған.
Үйіне келген қонақты
Самаурынмен жайлаған.
Бақыр-мүскін кез келсе,
Қол қайырып, таймаған—
Анау тұрған атаңыз,
Атаңызға бір сәлем!
Хан қасында ханымдай,
Көзі панар шамындай.
Еретелі-кеш жалынды-ай
Бала тілеп Құдайдан,
Төрінен қонақ арылмай.
Келінім бүгін келсе деп,
Көп тартты сенің зарыңды-ай,
Анау тұрған енеңіз.
Енеңізге бір сәлем!
Анау тұрған қайнаға,
Қайнаға шабар пайдаға,
Келіні бүгін келген соң,
Мерекелі той жасап,
Асып тұр оның байрағы.
Сол қайнағаға бір сәлем!
үйлену ғұрып фольклоры Анау тұрған абысын, Абысын емес аңдысың, Оныменен ұрыспа, Дүние шіркін жетеді, Өздігіңнен салыспа, Бірақ та өзі тиіссе, қалыспа. Сол абысынға бір сәлем! Анау тұрған қайнысы, Қайнысы деген қай кісі?! Бұрынғы түскен жеңгедей Болатын еді қайныңыз, Атан түйе бәйгісі. Болатын шарға суартып, Қолына жасыл ту алған, Бедеу атын байлаған, Шабамын деп тойға ойлаған. Қайнысына бір сәлем! Анау тұрған бикеші, Жібектен еді шүйкесі, Бар жасауды алған соң, Теңіне буып салған соң, «Мен де осындай болам» деп, «Біреуге [мен де] кетем» деп, Құрып отыр жүйкесі. Бикешіне бір сәлем! Ей, сөз сөйледім, үлгілеп Кемім болар кім білед? Ерінбесең, келіншек, Енді өзіме сәлем ет! * * * —Келін, келін келіңіз, Құтты болсын жеріңіз. Хантауындай болсаң да, Басылар, келін, желіңіз. Қызыл тастан ақ салдың, Мұны байқап біліңіз. 25.
ғұрыптық фольклор
Орныменен сөз айтсаң,
Еш уақытта болмайды
Бибатпадан кеміңіз.
Келін деген келетін,
Жақсы менен жаманды
Ақылмен байқап білетін.
Жаман болсаң, келінім,
Жұрттың бәрі күлетін.
Алып келген адамы
Арланып бұған жүретін.
Кейбір әйел болады,
Отын жағып қоят та,
Үй қыдырып кетеді.
Оты сөніп қалған соң,
Үйіне зордан жетеді.
Оты сөнген әйелдің
Жұмысы қашан бітеді.
Мұны көріп ер жігіт,
Арманда болып өтеді.
Келінжан, енді ақыл бол,
Ақылды жаннан мақұл бол.
Мен білгенімді айттым ғой,
Ендігісін өзің біл.
Бибатпадан қалған жол,
Жақсылықты тоздырма,
Жамандықты оздырма.
Түрі арзан болад деп,
Тарыны қылма қыздырма.
Көрінгенмен ыржаңдап,
Көбейтпе, келін, күлкіңді.
Бір-екі күн болмай-ақ,
Біледі халқың құлқыңды.
Атаңның тілін қайт етпе,
Артарсың байлап көп түйе.
Атаңның тілін қайт етпе,
Сауарсың байлап көп бие.
Ана тұрған енесі,
Қара жердің кемесі.
Келіні келді дегенде,
Көкке бір тиді төбесі.
Енесіне бір сәлем!
үйлену ғұрып фольклоры Төрде отырған көбедей, Екі мұрты жебедей, Отырған жері орда ғой, Мыңнан шыққан жорға ғой. Заманынан қозғаған, Бұдан ешкім озбаған, Атаңызға бір сәлем! Ана тұрған қайнысы, Қайнысы деген қай кісі?! Атан түйе бәйгісі. Бір аяқ асқа тоймайтын, Екі аяқ ішпей қоймайтын Қайнысына бір сәлем! Ана тұрған бикеші, Жібектен ескен шүйкесі, Үйге жасау толғасын, «Мен де осындай болам» деп, Құрып тұр ғой жүйкесі. Бикешіңе бір сәлем! Төрде отырған төбедей, Екі мұрты жебедей Қайнағаңа бір сәлем! Ана тұрған абысын, Абысын табар қабысын. Өзі тисе, қалыспа, Өзі тимей, алыспа, Абысынға бір сәлем! Атсам оғым тиеді Құралайдың көзіне. Ерінбесең, жеңеше, Сәлем етші өзіме! * * * Бисмилла сөзді бастайын, Асықпайын, саспайын. Халық мені ұйғарса, 26.
ғұрыптық фольклор
Бет ашпай неғып қашайын.
Құлақ салғын, жамағат,
Бет ашудан бастайын.
Қосқанда басың, көпшілік,
Үлкен-кіші бастарың.
Ұсынып қалды ағайын,
Қосылып кәрі-жастарың.
Сіздер осылай деген соң,
Қалайша сөзді тастайын.
Айтпасам да бұрында,
Өзімді алып қашпайын...
Насихат еді бұрынғы—
Ауылдың барлық әйелі,
Қосқанда осылай бастарың.
Пайымдап айтқан сөзімнің
Ғибадат етіп, үлгі ал,
Осы отырған әйелдер,
Қосылып кәрі-жастарың.
Айып етпе, әлеумет,
Қатасы болса сөз сайын.
Алдымда тұрған келінім,
Саған зор менің сенімім,
Байқасаңыз сөз жайын.
Барлығы саған пайдалы іс,
Осы отырған көпшілік
Еріңе бәрі ағайын,
Бәріне тегіс сәлем қыл,
Біртіндеп атын санайын.
Сәлем қылмақ халқыңа,
Салтың болды әрдайым.
Әуелі сәлем етіңіз,
Жалпы өткен әруаққа.
Төрде отырған сыпыра,
Қарт, қария аналар,
Жапсардағы отырған
Жастары үлкен ағалар!
Келін келді көріңіз,
Ақылы артық даналар!
Сіздерге де қуаныш,
Жастары кіші қайнысы.
үйлену ғұрып фольклоры
Бұрынғының бір жолы
Келінді көрген адамнан
Көрімдікке мал алар.
Беретінін әр кісі
Өз ойында шамалар.
Келініңіз құр емес,
Отауға салып келгені,
Нәрселері және бар.
Көңілі жақын ағайын,
Ат жіберіп, құттықтап,
Қалағанын тағы алар.
Алған менен бергенді
Көре алмаған ағайын
Сыртынан сөз қып табалар.
Бар айтқаным бұл емес,
Құлақ салып тыңдап тұр,
Айтылар сөзім және бар.
Аузы-басы қаймақтай,
Шыбын шаққан тайлақтай.
Пәленшеге бір сәлем!
Жеңгең келді қуаныш,
Жасы кіші қайнысы,
Сіздер түгіл қуанар
Атасы бөлек жай кісі,
Балалардың ішінде
Көрімдікті көп айтар.
Ақылы артық сайлысы,
Берер болсаң көрімдік,
Жалғыз қара болмасын.
Түйе болса боталы,
Бие болса тайлысы.
Осы адамның бәрінен
Бас-басынан ат алсам,
Болар ем демде бай кісі.
Өңкей атты қайтемін?
Болар еді сәл тәуір,
Түйе болса жартысы.
Елтірі тонның жағасы,
Жасы кіші болғанмен,
18-169
ғұрыптық фольклор
Ол да жұрттың ағасы.
Пәленшеге бір сәлем!
Осы үйдегі бәрің де
Жастары үлкен ағасың.
Айттырмай сөзді білетін,
Ақылға артық данасың.
Аталарың тоздырған
Алтын сауыт сағасын.
Келін келді сіздерге,
Жеті атасы жақсы өткен баласы.
Шыққан жері әсілзат,
Келген жері мінекей,
Мұндай жақсы келінді
Іздесең қайдан табасың?
Осындай жақсы келіннің
Көрімдік деген жөнінен,
Не қылып құр қаласың?
Көрімдік беріп риза қыл,
Атасы менен енесін.
Бергенің кетпес далаға,
Көңіл қылып сен дағы,
Бір нәрсесін аласың.
Келініме әдеп айтайын,
Осы отырған жамағат,
Құлағыңды саласың.
Қатесі бар ма сөзімнің?
Осы отырған әлеумет,
Құлақ салып қарашы.
Қаталық сөзді сөйлетпе,
Жаратқан патша Құдайым,
Баршаға өзің панасың.
Тағарадай даңғыраған,
Бос арбадай салдыраған.
Ештеме жоқ ойында,
Ақ көңілді даудыраған.
Пәленшеге бір сәлем!
Келінжан, менің мұнымды,
Әдептің жолын үйренсең,
Жас кісіге ілім-ді,
Айтқан сөзді ұғарсың.
үйлену ғұрып фольклоры
Егер болсаң ұғымды,
Ақылсызға айтқан сөз,
Далаға кеткен шығын-ды.
Бәрі саған керек іс,
Тыңдасаң, келін, жырымды.
Жырыммен қосып айтайын
Бар насихат сырымды.
Өзім айтқан сөз емес,
Осылайша деген бұрынғы.
Бұрынғының бәріне
Бұл насихат қылынды.
Осы отырған жақсылар,
Құлағың салып тыңдап тұр,
Сөзімнен өткен мінімді.
Елтірі тонның жағасы,
Ауылымыздың ағасы,
Пәленшеге бір сәлем!
Келін боп келмек оң жаққа—
Ата-ананың мұрасы.
Бұрынғы үйің бәрі бекер,
Мекенің осы тұрасы.
Өз үйіңде тұрмақ жоқ,
Ұл болып тумай әуелде.
Қыз болған соң туасы,
Қыз болғанмен көп емес
Ұл баладан күнәсі.
Ұлдан дағы қыз артық,
Сөзімнің осы расы.
Жақсылығын айтайын,
Пайғамбары Құданың.
Қызына біткен бінәсі,
Осылай деген кітапта,
Молдалардан сұрашы.
Опасы жоқ дүниеде
Адамзаттың көзінің
Перзенті екен саясы.
Әйелден перзент туғызар,
Марқабат етіп Құдасы.
Әйел үйде отырса,
ғұрыптық фольклор
Ері қайда жүрсе де,
Бұзылмайды ұясы.
Әйелсіз еркек үй тігіп,
Тіршілік қылып жүре алмас.
Нанбасаң, байқап сынашы,
Ерсіз әйел болса да,
Тіккен үйін тоздырмас.
Сөзімнің осы турасы.
Айтқаным тура келеді,
Ақылға салып қарасаң.
Келін боп келмек қиын іс,
Жаңа өспірім балаға.
Қызмет қылғын иіліп,
Атаң менен енеңе.
Тәжім етіп, сәлем бер
Өзің менен еріңнің
Жастары үлкен ағаға.
Үлкен-кіші демей-ақ,
Бәріне тегіс ізет қыл,
Келер болса шамаға.
Өзіңнен үлкен адамның
Бетіне тура қарама.
Үлкен адам көзінше
Қатарласып отырма,
Кейін отыр панаға.
Ылажы болса шығып кет,
Қайтқанынша далаға.
Бар айтқаным бұл емес,
Құлақ салып тыңдап тұр,
Сөзім бар айтар жана да.
Қол қусырып сәлем бер
Жастары үлкен кәріге.
Шамаң келсе, ізет қыл
Үлкендердің бәріне.
Жас екен деп ойлама,
Өзіңнен кіші баланың
Қарап тұрғын қаліне.
Ізетті болып іс қылсаң,
Алғыс айтып жүреді,
үйлену ғұрып фольклоры
Үлкен-кіші бәрі де.
Келін боп келдің еліңе,
Бұрынғыдай қарама,
Толықсыған сәніңе.
Бар айтқаным бұл емес,
Құлақ салып, тыңдай тұр,
Сөзім бар айтар әлі де.
Ықыласыңмен ізет қыл
Құдай қосқан еріңе.
Күле сөйлеп, жауап бер
Еріңнің айтқан сөзіне.
Үлкен емес, кіші емес,
Сүйгеніңнен артықша
Қосылыпсың теңіңе.
Еріңдей асыл адам жоқ,
Қарасам ата тегіне.
Көңілін тауып, іс қылсаң,
Бұрынғыдан артықша,
Ерің де сыйлар сені де.
«Алғаным менің жақсы» деп,
Сыртыңнан мақтап жүреді
Ағайын-туған еліне.
Даладан ерің келгенде,
Қағып төсек салып бер
Отыратын жеріне.
Бір нәрсеге жұмсарда,
Алыстан «ей» дегізбей,
Жақын отыр шеніне.
Төсегін салып шешіндір,
Еріңе қылған жұмысқа
Жүрмегейсіз еріне.
Ертеңмен тұрып киіндір,
Киімнің бәрін әперіп.
Белбауын байла беліне,
Ерің үйден шығарда.
Кебісін қойып, есік аш,
Үйіңнің тұрмай төрінде.
Не сөз айтса «құп» дегін,
Қарамағын әр уақта
Сөзінің артық кеміне.
ғұрыптық фольклор
Бұл айтқаның бекер деп,
Қарсылық қылып тұрмағын,
Келмесе де ебіне.
«Ер—әйелдің пірі» деп,
Пәтуалы кітаптың
Жазылыпты бәріне.
Піріне қарсы сөз айтқан
Қатты күнә болады.
Шариғат сөзін қоспасам,
Қазақы сөзім келмейді,
Қанша айтқанмен ебіне.
Тамақ келсе алдыңа,
Үлкенге тұрғын ұсынып,
Орныңнан өзің түрегел.
Әдеппен тұр қысылып,
Жүзіңді төмен салып тұр,
Жеңіңді және түсіріп.
Артынан алып өзің іш,
Үлкенге алдын ішіріп.
Бата тілеп су құйғын,
Болған соң тамақ ішіліп.
Көгерерсің кешікпей,
Үлкенге қылсаң кішілік.
Жақсылық атың шықпайды,
Көңіліңде болса кісілік.
Отқа барсаң, отырма,
Кісідей үлкен күрсініп.
Біреуменен ұрыспа,
Жесе де сөзбен пісіріп.
Бәрі саған пайдалы іс,
Менің айтқан бұл сөзім,
Абайлап тыңда түсініп.
Қолыңмен ұрып ойнама,
Өзіңнен кіші баланы.
Жылап барса үйіне,
Бұл болар істің жаманы.
Ісі теріс болса да,
Қояды саған жаланы.
Сөзіңді сөйле әдеппен,
Ойнайтын болса адамы.
үйлену ғұрып фольклоры
Түбінде жақсы болмайды,
Ойынды қылма талабы.
Үлкен адам жұмсаса,
Бітіріп келгін жұмысын
Аузынан шыққан заманы.
Барған істі бітірмей,
Қыдырып кетпе даланы.
Қайтып келіп, жылдам бер,
Болса да қандай хабары.
Бар айтқаным бұл емес,
Құлақ салып тыңдай бер,
Айтылар тағы қалғаны.
Отырған адам көзінше
Бір жеріңді қасыма.
Жаулығыңды шұбалтпай,
Орап алғын басыңа.
Астынан шығып тұрмасын,
Ықтияр болғын шашыңа.
Қолынан ұстап, бетін сүй
Нәресте жас баланы
Отырған болса қасыңа.
Қайныңа қатты ізет қыл,
Қарама үлкен-жасына.
Жасы құрбы екен деп,
Жаманмен болма ашына.
Ойын жолы осылай деп,
Біреуге тұрма асыла.
Пәленше бүйдеп айтты деп,
Еріңе сөзді тасыма.
Есітсең дағы жаман сөз,
Жүргенің жақсы жасыра.
Өмірінше әдеп қылмағын,
Сөзіңді сөйле расына.
Ұзын да сөздің қысқасы—
Жоғары қылмай көңіліңді,
Төмен боп жүргін басыла.
Бір нәрсесін біреудің
Ұрлап алма жасырып.
Ұрлығың қылған бір шықса,
Кетеді жұртқа шашылып.
ғұрыптық фольклор
Сұғанақ келін атанба,
Бетіңнің әрін қашырып.
Тамақты жылдам жемегін,
Кісідей келген ашығып.
Жеңілтек келін атанба,
Салмақпен іс қыл басылып.
Кетсе де дүние бүлініп,
Сөйлеме кейіп, ашынып.
Үйіңнің ішін жинап қой,
Жатпасын жерде шашылып.
Келінжан, енді өзің біл,
Ұялар деп ойладым,
Айтуға мұнан асырып.
Бір үйде жүрме қыдырып,
Желең етіп бір істі.
Бір баланы жұмсай қой,
Егерде болсаң жұмысты.
Қайын жұртың жақтырмас
Атағыңды шығарып,
Ел қыдырып қылсаң жүрісті.
Орнына келтір жақсылап,
Қолыңа алған бір істі.
Біреу жаман айтты деп,
Ешкіммен қылма ұрысты.
Жасы құрбы екен деп,
Жаманның қылма жұмысын.
Абырой-әрің кетеді,
Егерде қылсаң бұл істі.
Менің айтқан бұл сөзім,
Түбінде саған дұрыс-ты.
Кеш болғанда, кейін жат,
Бұрын жатпай еріңнен.
Үй ішіңді жуып сал,
Ісіңді қой ерінген.
Бір жылға дейін ескеріп,
Сынайды сені көрінген.
Бір-екі жыл өткен соң,
Үлкен-кіші адамның
Ісі болмас сенімен.
Дүниеңді бүлдірмей,
үйлену ғұрып фольклоры
Орнын тауып жұмсағын,
Мал тапқандай тегіннен.
Бұрынғы күнің балалық,
Қатарға енді іліндің,
Келген соң туған жеріңнен.
Сөйлегенде еркектей
Даусыңды қатты қинама,
Нәзік сөйле ебімен.
Әр жұмыс қылсаң жылдам қыл,
Босаң келін атанба,
Тастама белбау беліңнен.
Үй тірлік, жұмыс қылғанда.
Қолыңның ұста бәрімен,
Ұстама қосып жеңіңмен.
Жоғары қылып көңліңді,
Көрінгенмен ұрыспа,
Нан пісіріп деміңмен.
Бұл ұят іс әйелге,
Үлкенге қарап керілген.
Ұялған бірдей болады,
Жас кісіге өліммен.
Өлімнен жаман болады,
Жас кісіге кемілген.
Сыртыңнан әркім мазақтап,
Ұрысқақ келін делінген.
Ілінбейсің жақсы атқа,
Отырған, тұрған, жүргенің
Болмасын қатты темірден.
Ертеңмен тұрып, түңлік аш,
Ерініп жатпай төсекте.
Мезгілсіз келген ұйқыны
Өзіңе жақын дос етпе.
Өзің жатып еріңе,
«Тұрсайшы» деп баж етпе.
Олайша деген әйелді
Тұтса да болар кесекке.
Ақ жолында кетеді,
Күнәкар болды десек те.
Әйелге кәрі айып емес,
Мінсе де теріс есекке.
ғұрыптық фольклор
Бәріңе тегіс айтамын,
Жалғыз маған айтты деп,
Өз ойыңды кеш етпе.
Жаулығыңның астынан,
Шықпасын тұрып бұрымың.
Жасырмайтын болсаң да,
Бұрыннан мұндай ырымың—
Шариғатта көп күнә,
Шашыңды ашып жүруің.
Халық ішінде айып іс
Бұл түрлі жұмыс қылуың.
Керегі не өзіңе
Пәленше келіп мұндай деп,
Халықтың айтқан тілінің.
Айтпай-ақ өзің білерсің,
Көңіліңде болса білімің.
Қаршыға болдың неше жыл,
Баратын енді жерің жоқ,
Қонатын осы тұғырың.
Көйлегіңнің астынан
Шықпасын тұрып балағың.
Қонышыңа тығып қоймасаң,
Ол дағы болар салағың.
Жалаң аяқ қыдырып,
Мінезін қылма баланың.
Есті әйел көрсетпес
Ыстаны менен аяғын.
Ибарат қылып, үлгі ал
Жақсы адамның аялын.
Үлкен адам алдында
Отырма мініп көсіле.
Пана жерге барғанша,
Жүруге жаяу ат ертте.
Хайуан тұтсаң міне бер,
Қарама сұлу көркіне.
Мінгенің есек болса да,
Басқа ұрып оны кемітпе.
Тең құрбым үйге кепті деп,
Бейорын сөйлеп демікпе.
«Қыдырайық, бикеш», деп,
Не болса соған желікпе.
үйлену ғұрып фольклоры
Қыдырсаң жалғыз қыдырма,
Ертіп жүргін серікті.
Я, қатын болсын, я бала,
Қасыңа ертпе жігітті.
Жігіт ертіп қасыңа,
Жазылмас қалма дертке.
Орамалды бос салма,
Мықтап ора басыңа,
Басыңдағы шашыңа
Ықтияр бол, көрсетпе.
Тәуір адам екен деп,
Жаманмен болма ашына.
Қадір білмес ол жаман,
Бәле болар басыңа.
Жақсы адамға келдім деп,
Өзіңнен өзің тасыма.
Жарым жаман болды деп,
Өзіңнен өзің жасыма.
Қорғасындай салмақты
Ауыр болғын басыла.
Көп ішінде отырып,
Етегіңді көтеріп,
Қабырғаңды қасыма.
Жаттай алсаң бұл сөзді,
Береке берер Құдайым
Өмірің менен жасыңа.
Арасында екі үйдің
Жүрмегін, сірә, жүгіріп,
Бірнәрсе жерде жатса да,
Жазым болып бүлініп.
Жығылып қалсаң мүлде айып,
Тезелдеп жүріп жүгіріп.
«Қу шұнақ келін» екен деп,
Бұл сөзге жүрме ілігіп.
Алдынан өтпе адамның,
Артынан өткін кідіріп.
Ізетің менен жүргенің,
Жасырма дүние бұрылып.
Аузым жылдам екен деп,
Сөйлеме қатты жұлынып.
Мазалығы сөзіңнің
ғұрыптық фольклор
Келгендей болсын үңіліп.
Біреу іске жұмсаса,
Қарамай кетпе ұрынып.
Жақсылықпен жауап бер,
Мәрт баласы екенің
Сол жерде қалсын білініп.
Айтар сөзім және бар,
Құлағың салып тыңдасаң.
Иә, бисмилла, қояйын,
Ағайын, шулап қоймасаң,
Халықтың бәрі зерігер,
Таң атқанша жырласам.
Күндерге дейін таусылмас,
Зейнімді қойып шындасам.
Тасқыным келіп кетеді.
Қыз-бозбала, қоймасаң,
Айтпай-ақ енді қояйын.
Өзгелерің білгізбей,
Айып қылма, әлеумет,
Қойыңыз десе келінім,
Болмайды енді тынбасам.
Менің берген алғысым,
Алғаныңмен екеуің
Қоса ағарып, мың жаса!
Келінге бата беріңдер,
Осы отырған, әлеумет!
Қойып енді бұл сөзді,
Құлағыңды салып өт.
Жақсы-жаман сөз болды
Ойын-шыны аралас,
Есітпеген ажайып,
Кешіріңіз, әлеумет,
Тілімде болса әр айып.
Келінжан, енді қолың жай,
Көптен бата алайық.
Көп дуасы қабыл-ды,
Көптен бата алмастан,
Неғылып құр қалайық.
Осы отырған жақсылар,
Ықыласыңмен бата бер,
Қолымызды жаяйық!
үйлену ғұрып фольклоры * * * —Айт, келін-ау, айт келін, Аттың басын тарт, келін! Сауысқаннан сақ келін, Жұмыртқадан ақ келін! Өзің жатып күйеуіңе Тұр-тұрлама, келіншек! Қаптың аузы бос тұр деп, Құрт ұрлама, келіншек! Аузы-басың сүйреңдеп, Өсек айтпа келіншек! Әңгіменің үлкені Су басында болады, Қариялар көз салып, Қыр басында тұрады. Еркекке де бергісіз Ұрғашы да болады. Жаңа түскен келіннің Мырзасы да болады. Келінжанның жан қияр Құрдасы да болады. Сыбырласар, сылқ етер, Сырласы да болады. * * * —Қуанышқа қарық қып келін келді, Көсілетін кезім бұл менің де енді. Осы бір аттап түскен ақ босаға, Мәңгілік құт мекенің сенің де енді! Бір ата шаңырағын тік көтеріп, Келінімен қоса қабат сенім келді. Аналар дәстүрімен ізет жасап, Шырағым, бір қуантшы еліңді енді! Тоң жібітер қар дағы, Көршіменен тату бол. Қажетін беріп, ал дағы, Айтпаса да білесің, Өмірдің көркі—еңбекпен. 27. 28.
ғұрыптық фольклор
Еңбекпен ер атанып,
Талай адам ер жеткен.
Еріншек жалқау болғандар
Көсегесі көгермей,
Ержетпек түгіл, кері кеткен.
Заманың мынау тамаша,
Жалындап жүріп жастықта,
Қандай жақсы тер төккен,
Бойыңа сіңген баласың,
Ана сүті жөргектен.
Сенімім күшті сен үшін,
Еңбеккер келін болар деп,
Өнерімен зер төккен.
Шемішке шағып шырт етіп,
Көшеге шығып қылт етіп,
Бос өткізбе өмірді
Берекесіз ермекпен.
Ашуыңнан, қарағым,
Ақылың тұрсын тым биік.
Әр нәрсеге әуес боп,
Жармаса берме жыртиып.
Баршылықтың арқасы,
Осы күнгі адамдар
Неше түрлі жүр киіп.
Судың да бар сұрауы,
Ылайықты іс емес,
Шешіп тастау бір киіп.
Моданың да түрі көп,
Бірі тұрса шұбатып,
Бірін кисең сымпиып,
Таңдап киіп, аңдап жүр,
Кетесің сөзге құр күйіп.
Жастар үшін бүгінгі
Басқан іздің бәрі сын.
Ұйқы менен өткізбе
Өміріңнің жартысын.
Берекесіз бос шашпа,
Азаматтың табысын.
Ойын менен күлкінің,
Жүріс пенен тұрыстың
Білген жақсы мәнісін.
үйлену ғұрып фольклоры
Өзіңнен бұрын өзгенің
Ойлау керек намысын.
Үйрене біл әуелден
Ізгіліктің әр ісін.
Өзіңе жақсы білгенің
Шаруаның әдісін.
Жын айналса боласың,
Он келінге абысын.
Өтіп жатқан ғұмырдың
Тоқтату қиын ағысын.
Ата-анаңа не қылсаң,
Айнымай келер алдыңа.
Айта берген үлкендер
Бастан кешкен бәрі шын.
Қалпыңды бұзбай, құл болмай,
Құлыптап ұста құлқынды.
Мақсатыңа жетпейсің,
Құлқынды ойлап бір күнгі.
Дүние қусаң түлкідей,
Қызылды-жасыл құлпырды.
Ақ жолынан айырар
Әзәзіл бар мың түрлі.
Шырмалып бір күн торына,
Тия алмай қап жүрме күлкіңді.
Қиянатқа жол бермей,
Ұқыпта ұста кілтіңді.
Осы екен деп жомарттық,
Шаша берме мүлкіңді.
Тәңірім тәтті жаратқан
Дүние деген шіркінді.
Түбіне, қалқам, жетпессің,
Басыңды тасқа ұрсаң да.
Бос жібермей күн-түнді,
Өмір заңы—күресу.
Қойылар сұрақ:—Кім, кімді?
Өз бағыңнан көресің,
Бәрі де болу мүмкін-ді!
Айтылмаған не қалды,
Өзіңше ойлап, сарапта.
Апта сайын бір «вечер»,
Дастарқан тола көл-көсір,
ғұрыптық фольклор Үйір болма шарапқа. Барған жерде безеріп, Бос отырма қарап та. Ши шығарып бір жерден, Отырысын досыңның Ренжітіп, таратпа! Бет ашатын елдегі Жалғыз ақын мен емес. Түсіп тұрған бұл елге Жалғыз келін сен емес. Барымды салдым ортаға, Алдыңа тарттым көп елес. Қысқартайын осымен, Соза беру жөн емес! * * * Қуанышқа қарық қып кейін келді, Көсілетін кезім бұл менің де енді. Осы бір аттап түскен ақ босаға Мәңгілік құт мекенің сенің де енді! Бір ата шаңырағын тік көтеріп, Келінімен қоса қабат сенім келді. Аналар дәстүрімен ізет жасап, Шырағым, бір қуантшы еліңді енді! Имене басып жасқана, Ортаңа келді жас бала. Сендерге айтам, ағайын, Жатырқамай жақын тұт, Бетінен қағып жасқама! Қолыңа қонды алтын құс, Айырбас етпе басқаға. Жібегін жүн қып түте алмай, Күмісін жез қып күте алмай, Болғандар көп қой масқара. Абырой, жақсы атақты Базарға түсіп саудалап, Ала алмайсың ақшаға. Жақсы ортада жас келін— 29.
үйлену ғұрып фольклоры
Сайраған бұлбұл бақшада.
Күйкі тірлік, күпір сөз
Сыпырып таста көңілден.
Жақсы жеңге, жақсы аға,
Кемшілігін кешіріп,
Жақсы ісі болса өсіріп,
Үлгі қып ұста басқаға.
Ықылас қойып, ұғып ал,
Саған айтам, келінім.
Жоғары болсын мәртебең,
Ұзақ болсын өмірің.
Ағайын, жекжат, достарға
Көлдей болсын сенімің.
Сен бір мысал диқансың
Еккен елдің егінін.
Жалықпасаң,жинайсың
Еккеніңнің өнімін.
Сен бір ұста дүкені,
Дулатқан еңбек көрігін.
Алдына қонған қос аққу—
Аман болсын серігің.
Келген күні-ақ, шырағым,
Сыншы жұртың сынайды.
«Қандай екен жас келін,
Көрдің бе?» деп сұрайды.
Кім болса да ел-жұртқа
Қылығымен ұнайды.
Сынық мінез сыпайы,
Жұрт сүйсінер былайғы.
Өзің қатар кұрбыңа
Қызмет ет шырайлы.
Үлкенді сыйлап, ізет қыл,
Ата-ана деген тілеуқор,
Баланы неге сұрайды.
Күте алмасаң ақ орда,
Жел соқпай-ақ құлайды.
Бәріне ортақ десең де,
Мына жерді, күн, айды,
Тату-тәтті от басын
Келіннің өзі құрайды.
Жас отаудың иесі—
19-169
ғұрыптық фольклор Болашақта анасың. Тынымсыз жүріп тірлікте, Бал жинайтын арасың. Қол қусырып отырмай, Осы үйдің отын жағасың. Жасатасын қатынас Ағайын, жекжат арасын. Бұзық пенен түзіктің Айыра біл шамасын. Беті күліп кейбіреу, Ішіне сақтар аласын. Өсек қума жыбырлап, Ашылып сырың қаласың. Көп сөйлесең безер боп, Жұрт сыртыңнан деп жүрер «Құдай құртсын қарасын». Жұрт алдыңнан әрқашан Риза болып тарасын! * * * —Анау тұрған бикеші, Жібектен ескен шүйкесі. «Менде осындай болсам» деп, Құрып тұрған бикешінің жүйкесі. Бикешіне бір сәлем! Анау тұрған қайын інісі, Қайын інісі емес қай кісі. «Ағам әйел алды» деп, «Маған кезек келді» деп. Қуанып тұр ғой байғұсы. Қайын інісіне бір сәлем! Анау тұрған абысын, Абысын сені аңлысын. Абысынмен алыспа, Өзі тисе, қалыспа. Өздігінен тиіссе, Шап терісін жұлып ал. Абысынға бір сәлем! 30.
үйлену ғұрып фольклоры Алдыңғы түйе артыншақ, Кейінгі түйе тартыншақ. Арықтың суы жақпайды, Мұздық суы жағады. Қайын ағаңа бір сәлем! Ата, міне, қазықтай, Қорғасын құйған асықтай. Атасына бір сәлем! Келін келіп қуанған, Қайнаған шай суалған. Енесіне бір сәлем! Келін, келін, келдіңіз бе, Келіп үйге ендіңіз бе? Ағай барып «жүр» деді ме, Өзіңіз-ақ келдіңіз бе? Жалпы жұртқа бір сәлем! * * * —Бисмилла деп бастайын, Басқа бір сөзді тастайын. Үлкен-кіші жамағат, Маған берсең ұлықсат. Келіп тұрған келіннің Бетін ашып тастайын. Келін, келін, келіңіз, Көрімдігін беріңіз! Есіктен аттап басарға Қолтығында қос жеңге. Үйді тігер насихат, Мұңды болған нашарға. Шу-шу, билер, шу, билер, Шуылдамай тұр, билер. 31.
ғұрыптық фольклор
Аузымдағы сөзімді
Алтынменен бу, билер.
Төрде отырған төре би,
Төбедегі көне би,
Жабықтағы жас билер,
Жаңа талап бас билер,
Бір сөзім бар айтайын,
Айтайын да қайтайын.
Осы сөзімді аңдасаң,
Салып құлақ тыңдасаң,
Азған екен заманың,
Көбейген екен жаманың.
Қырына қарай бұланың,
Суына қарай балығың.
Сар аяқта сорпаны
Обалы бар,төкпеңіз,
Төкпей ішіп бөкпеңіз.
Барын базар көрсетіп,
Құдағиды сөкпеңіз.
Анау бір тұрған атасы
Қара бір жердің бағбаны.
Атасына бір сәлем!
Ана бір тұрған енесі
Қара бір жердің кемесі.
Бүгін келін келді деп,
Көкке бір жетті төбесі.
Енесіне бір сәлем!
Ана бір тұрған қайын аға,
Қайын аға шабар пайдаға.
Қайын ағаңа бір сәлем!
Әне бір тұрған бикешің,
«Мен осындай болам» деп,
Құрып тұр ғой жүйкесі.
Бикешіңе бір сәлем!
«Ағам қатын алды» деп,
«Маған кезек келді» деп,
үйлену ғұрып фольклоры Екі езуі жиылмай, Екі елі жетпей төбесі, Осы үйдің серісі— Қайыныңа бір сәлем! Арқалап отын тасыған, Қайырылып артын қасыған. Еңбек десе жүгірген, Азанмен тұрып күбі піскен, Штанының бауы жерге түскен, Үлгі алар мұңдасың— Абысынға бір сәлем! Бүгін келін келді деп, Қуанышты бөліскен Ел, әлеуметке бір сәлем! * * * —Жаратқан бәрше жанды Сұбы ханым, Халыққа жар бола көр Жаратқаным. Бір елдің алшақтаған қыз баласы, Бұл үйге келін болып келдің жаным. Көңіліңді аулықтырмай әр тарапқа, Жарқыным, жақсы болар тыңдағаның. Бұл сөзді айтқан саған насихатым, Бұл жерде «бет аш» дейді халық маған. Көресің жақсыны да, жаманды да, Жүзінде дүниенің жүрсең аман. Еңкейіп, қол қусырып иіліп тұр, Қай-қалбыр тұрысыңнан етер гүман. Көп деген тұрысыңнан сынайтұғын, Еңкейсең, кәрі емессің құлайтұғын. Әр жерде айтып жүрген насихатым, Сіз емес әркімдерге ұнайтұғын. Құтқан қобызынан ашқан палын, Сыпырып берген соған жиған жолын. Хош десең, на хош десең ерік өзіңде, Ете бер көңіліңе ұнағанын. 32.
ғұрыптық фольклор
Сап азамат, сабыр ет,
Ертелі-кеш ет қызмет.
Жібінде түзу бала екен,
Берекелі келін ет.
Әуелі Құдай жолына,
Екінші аруақ жолына
Иіліп, жаным, сәлем ет!
Әуелгі сөзім осылай,
Қыздың да көңілі жай болмас,
Күйеуіне қосылмай.
Дәриәт пен шәриәт
Етсең сәлем түсіндір,
Қасыңда болған, қатындар.
Еңкейіп сәлем еткенің-
Мәртебеге жеткенің.
Төрде отырған төбедей,
Екі мұрты жебедей,
Атаңызға бір сәлем!
Анау отырған енеңіз—
Қара бір жердің кемесі.
Келін үйге келді деп,
Көкке бір жеткен төбесі.
Енеңізге бір сәлем!
Анау отқан балаға,
Сәлем ет сол бір балаға.
Баланың атын сұрасаң,
Шырақ пенен Мырзаға.
Анау отқан бикешің,
Жібектен ескен шүйкесі.
«Мен де осындай болам» деп,
Құрып отыр жүйкесі.
Бикешіңе бір сәлем!
Анау отқан абысын,
Абысын табад қабысын.
Арқалап отын тасыған,
Қайырылып к...н қасыған,
Абысынға бір сәлем!
үйлену ғұрып фольклоры Анау отқан қайын аға, Қайын аға жүрер пайдаға. Қайын ағаңа бір сәлем! Жалаулыны жайлаған Қаржау деген қайын ағаң. Есебі жоқ малының Нұратаға айдаған. Ешкі басқа, қой басқа, Түйе басқа, ат басқа. Иіліп,қалқам, сәлем ет Мұрны жалпақ Тоймасқа. * * * Айт келін-ау, айт, келін, Атыңның басын тарт, келін. Сауысқаннан сақ келін, Жұмыртқадан ақ келін. Үйіңе түйе сүйкенсе, Бақаңдама, келіншек. Қайын ағаңның алдында Қақаңдама, келіншек. Қаптың аузы бос тұр деп, Құрт ұрлама, келіншек. Аузы-басың сүйреңдеп, Өсек айтпа, келіншек. Өзің жатып байыңа Тұр, тұрлама, келіншек. Көн етігің күрпілдеп, Ел қыдырма, келіншек! * * * «Бисмилла» деген сөзі бар Әрқашан да пенденің, Қабыл болғай тобасы. «Ақыл—дейді,—иманның Жаратылғаннан жолдасы». «Белгілі дейді шайтанның Пейішке кіріп бармасы». Осылай деп айтады 33. 34.
ғұрыптық фольклор
Мұсылманның молдасы.
Қисығы болса сөзімнің
Тыңдаушы халық, оңдашы!
Беташар мен тойбастар—
Бұл қазақтың қашаннан
Келе жатқан мұрасы.
Өлгеніңше адамның
Белгілі, сірә, емес пе
Еш қызыққа тоймасы.
Бұрыннан қалған жол еді
Беташарды бастаған.
Адам ата, Хауа ана
Солардан қалған жол еді,
Біреуден біреу көреді.
Үлгілі болып солардан,
Содан бері келеді.
Қандай істер болса да,
Атаның жолы дерегі.
Үлкендер етсе рұқсат
Келіннің бетін ашуға,
Халық ұйғарса, жағдай жоқ
Мерекеден біз қашуға.
Беташар айтып берейін
Жиналып келген асылға.
Ата менен аналар,
Жеңге менен ағалар,
Жасы кіші балалар—
Жиылып келіп барлығы
Отырғанда қасымда,
Құдалар мен құдағай,
Құдаша көзді құралай,
Шығарыңдар отырған,
Бұрыннан келе жатырған
Көрімдікті сұрауға!
Іні менен қарындас,
Көрімдікке тарылмас.
Аталарым және бар,
Көрімдікке не табар?
Келін келді, көріңіз,
Көрімдігін беріңіз!
үйлену ғұрып фольклоры
«Келін қашан келед?» деп,
Ынтыққан едің көбіңіз.
Босқа терлеп шаппаймын,
Көрімдік берсең мақтаймын,
Мақтамай неге тоқтаймын.
Бәріңде мырза едіңіз,
Көрімдік деп келдіңіз.
Жас келін тұр алдыңда,
Көрімдігін беріңіз!
Көрімдікті көп көріп,
Тарылмасын,ағалар,
Өздеріңнің пейіліңіз.
Көрімдікті бер, көріп,
Тарықпасын және де
Беташар айтқан ініңіз.
Абырой алар ат шығар,
Мерекесі жеріңіз.
Аға, жеңге, ініміз,
Байқағанда жақсы екен
Бәріңіздің түріңіз.
Сұрамаса көрімдік,
Беретұғын түрің жоқ,
Көргенсіздер көбіңіз.
Шешендерден сөз қалған,
Шеберлерден тез қалған.
Пікір етіп ойласам,
Бұл жердегі әйелдер,
Берсең өзің мерекең,
Бұл айтқан сөзім жөн екен.
Айтамын сөздің дерегін,
Сөздің шынын айтпасам,
Біте ме бізден керегің.
Әдет емес сараңдық,
Ендігісін өзің білесің.
Түсінгеннің ойы алтын,
Түсінбеген әйелдер
«Не айтып тұр мынау» деп,
Миығың тартып күлесің.
Бұл да атаның жолы еді,
Болмаса ауыр сөзіміз,
ғұрыптық фольклор
Аяғы талды келіннің,
Бәрің де болдың жас келін.
Еңбекпенен, шырағым,
Ата-анаңды бақ, келін,
Неме емес, нақ келін.
Сауысқандай сақ келін,
Жұмыртқадай ақ келін,
Еңбек етіп ықыласпен,
Адал бала тап, келін.
Айтарсыз, халқым, не екен деп,
Мақтауыма сөз тегін.
Абысын-ажын үш күнде
Тағып беред ат келін.
Не десе халық дей берсін,
Өз пайдаңа шап, келін.
Бала болып бір кезде,
Шүлдірлеп тілің сайраңдап,
Құлпырған гүлдей жайнаңдап,
Ата-анаңды алдадың.
Ермек етіп кезекпен,
Алдарында тынбадың.
Ол дәуренде жоқ еді
Ешбір сенің арманың.
Бастағының бірі деп,
Кетейін айтып ар жағын.
Бес жасыңа келгенше,
Өтірік пе, рас па,
Тап осындай болғаның.
Алтын таста ойнадың,
Ойын десе тоймадың.
Тоғыз жасқа келгенше,
Айыра алған жоқ едің
Пайда менен зиянды.
Он жасқа шығып ойладың,
Тұлымыңды қойғаның.
Қыз болам деп, әнекей,
Төбеңе жібек байладың.
Он екі жасқа келгенше,
Тап осындай болдыңыз.
Айттым ба сөздің жалғанын,
үйлену ғұрып фольклоры
Айтайын және қалғанын.
Он үш жасқа келгенде,
«Сұлу қыз» деді жеңгеңіз
Жүгің бөлек жиюлы,
Ілулі тұрды кермеңіз.
Ол күндер өтті басыңнан,
Өтірік айтып жасырман.
Жалғаншыға сенбеңіз,
Қалып келе жатырған
Сіздей неше асылдан.
Он төрттен шығып, он беске,
Қыз болғаның қылаңдап,
Шашыңды тарап сылаңдап.
Қызыл-жасыл киініп,
Тал шыбықтай бұраңдап.
Сыртыңнан бағып құрбыңыз,
Жүруші еді бұлаңдап.
Оңашасын таба алмай,
Есебін тауып бара алмай,
Қағаздың бетін қаралап,
Тіке айтуға жарамай.
Он алты жасқа шыққанда,
Қыз болдың көзді құралай.
Оймақ ауыз, қиғаш қас,
Жазық маңдай, жалқын шаш.
Ақылың жетіп толығып,
Қатар қызға болдың бас.
Құлақта сырғаң сылдырлап,
Кигенің мақпал, атлас,
Қызыл шарқат басыңда,
Дәурен сүрдің жасыңда.
Қайран қалды ел көріп,
Халқың қайран қалған соң,
Анаңа қылдың еркелік.
Құрбыларың келеді
Шәй ішуге бір көріп.
Шыныаяққа шай құйдың,
Сары май мен бал құйдың.
Ақ шекерді төккенің,
Үстіне шайдың уатып.
ғұрыптық фольклор
Мінезіңе мас болып,
Келгендер қайтты ұнатып.
Мінезге қандай бай едің,
Жайдары көңіл, жарқын жүз,
Жарқыраған ай едің.
Шығарсам сөздің шындығын,
Құрбыңнан асты-ау құлығың.
Жақсы айтып жәймен жібердің,
Бітпесе де жұмысы.
Көңілі бітті олардың,
Жандаспад жаман жаныңа.
Көшейін сөздің ағына,
Берекет берсін бағыма.
Түсейін жолға тағы да,
Ата-ананың жолы деп,
Жақсылардың соңы деп,
Келтірді кезек алдыңа.
Қабыл екен тілегің,
Отау иесі болғанға,
Шәукілдеп тұр-ау жүрегің.
Тап келді, келін, бағыңа,
Ата-анаңның қолында,
Қызыл шарқат барында
Ерте жатып, кеш тұрып,
Құс төсекте керіліп,
Шай құйдың, келін, дәуірінде.
Басуға аяқ ерініп,
Құрбыңның ішін жандырдың,
Бір кеткенде көрініп.
Уәдеңді бермедің,
Мезгілсіз ойнап-күлмедің.
Ата-анаңды қия алмай,
Көзіңнің жасын тия алмай,
Өз үйіңнен, шырағым,
Зорға шықтың егіліп.
Аға-жеңге, ата-анаң
Қала берді бөлініп.
Жаралғаннан жат елдік
Болған едің, жас келін.
Үлкенді сыйла әуелі,
үйлену ғұрып фольклоры
Дұрыс болсын сәлемің.
Ұят болар тағы да,
Көп ішінде сылқылдап,
Бостан-босқа күлгенің.
Ибалы бол, әдепті,
Өткен істің бәрі өтті.
Жасыңа кесір болады,
Кесіп өтпе алдынан
Өзіңнен жасы үлкеннің.
Жақсы десін көргендер,
Қабы дейді ұят иманның,
Берекелі жиғаның.
Көсеудей болып көсіліп,
Көп ішінде, келіншек,
Көрінбесін сирағың.
Сортаңға шыққан сорадай
Ербимесін самайың.
Істейтін іске ерініп,
Демеші қайдан тұрайын.
Өсек айтпа жүгіріп,
Сөз тыңдама үңіліп.
Болмаған іске кейіме,
Өз-өзіңнен бүлініп.
Әр нәрсені бір сұрап,
Жүрмеңіз, келін, күбініп.
Орыныңнан тұр да, төсек сал,
Қонақ келсе үйіңе.
Қағыңғырлап балаңа,
Кісі барда кейіме.
Тап келед, келін, пейіліңе,
Ақылды болмас үйреніп,
Бермесе Құдай зейініңе.
Құлағың салып тыңдай бер,
Тағы айтайын насихат.
Насихатты есітіп,
Халықтың көңілі болсын шат.
Бетінен алма, келіншек,
Өмірлік жолдас еріңнің.
Кеуліне тиме тағы да,
Еріңмен қатар теңіңнің.
ғұрыптық фольклор
Жасы үлкенін сыйлап жүр
Келін боп түскен еліңнің.
Қызметкері сен болдың
Ата-ене отау төрінің.
Айтқан тілін қайтарма,
Жұмсаса өмір серігің.
Қатты сөйлеп қабартпа
Ата-енеңнің көңілін.
Пәтия алсаң атаңнан,
Гүлдей жайнар өмірің.
Кеуліне жақсаң енеңнің,
Адал мақтар, келінім.
Уа, келінжан, келінжан,
Бала келсе қасыңа,
Шапалақпен шарт етіп,
Ұрып жүрме басына.
«Енем менің бүйтед» деп,
Қасыңдағы көршіңе
Қалталап өсек тасыма.
Жиылып келген халайық,
Осы тойға лайық,
Тамаша әрі көңілді,
Көтеріңкі леп үнді
Өлең іздеп табайық!
Қаумалап келген халыққа
Өлеңмен сарпа-ай жабайық.
Уа, жарандар, жарандар,
Бәрің де бері қараңдар.
Сөз мәнісін түсінбейді
Ақылы кеміс жамандар.
Бар болса да, жоқ дейді,
Дым білмейтін сараңдар.
Бізге мирас кәріден,
Ел кәдесі әріден,
Сол кәдені жасайық,
Келіннің бетін ашайық.
Думанды тойдың сәнімен
Осында халық көп отыр,
үйлену ғұрып фольклоры
Кәрі де, жас та кеп отыр.
Әрқайсысы тың тыңдап,
Мынау жігіт сұңқылдап,
Не айтар екен деп отыр.
Ең алдымен айтарым,
Сақ құлақтар әлі отыр.
Естілмей жүрер айқайым,
Жастарың бар, кәрің бар,
Тағы да тыңдап қалыңдар.
Осы айтылған сөздерді
Көңіліңе тоқып алыңдар.
Бәрекелді, достарым,
Айтқанымды қостадың.
Беташар деп ал енді,
Ағытайын өлеңді,
Қосып әзіл оспағын.
Келін, келін келіп тұр,
Осы отырған қауымға,
Үлкен-кіші бауырға,
Қайын жұрты халқына
Иіліп сәлем беріп тұр.
Тойханада толы адам,
Бәрін де келін көріп тұр.
Көргенменен танымай,
Қайсысы алыс, кім жақын,
Сол жері көңілін бөліп тұр.
Көрімдік берсе көп адам,
Талай мал қазір еніп тұр.
Қайын аға, қайны, қарт ана
Сараңына кез қылмай,
Мырзасына жолықтыр.
Не қылсаң, халық, өзің біл,
Жат елден келіп жас бала,
Аулыңа мейман болып тұр.
Айт келін-ау, айт келін,
Жұмыртқадай ақ келін.
Аңқау болмай еліңе,
Сауысқандай сақ болың.
Төмен салмай көзіңді,
ғұрыптық фольклор
Тыңда менің сөзімді.
Паңшылықтан пәк келін,
Келін бала, гүл бала,
Ақ жүзіңде нұр бала.
Көзің оттай жайнаған,
Тілің құстай сайраған,
Сендей болсын бар бала.
Ата-енені сыйлаған,
Басқаға да сыйлы адам.
Жас баланы жылатпай,
Саусағыңмен құрақтай
Маңдайынан сыйпағын.
Анайы емес бір ісің,
Нәп-нәзік жүріс-тұрысың.
Біліп тұрмын, жан келін,
Інімізге сән келін.
Жақсы адамның бір ісін
Озал дағы дегендей,
Мақтап кетпей түгелдей,
Бір-екі ауыз игі сөз,
Бір-екі ауыз үлгі сөз
Айтайыншы бөгелмей.
Келіншек-ау, келіншек,
Жақсыны әркім көрімшек.
Жақсымын деп өзіңді,
Мақтанып әр сөзіңде,
Жылпылдама, келіншек!
Ақ жүзіңнен қан тамып,
Қарайды жұрт тамсанып.
Бекер бетті опалап,
Жылтыңдама, келіншек!
Киім киме демейміз,
Сәнді сүйме демейміз,
Қалай дағы шектен тыс
Қылтылдама, келіншек!
Кім сүйеді қаңбақты,
Болғын жақсы салмақты.
Бірақ та бәлсініп, керіліп,
Былқылдама, келіншек!
Көршіңіз адам өзіңдей,
үйлену ғұрып фольклоры
Жақсысын оның көзге ілмей,
Жаман жағын өсектеп,
Сұңқылдама, келіншек!
Шаттанғанның жөні осы деп,
Шаршы топта бос күліп,
Сылқылдама, келіншек!
Жарыңыз барын аямас,
Жұтқанын қылып арам ас.
Қалмаймын деп қатардан,
Қыңқылдама, келіншек!
Дегенде кино-театр,
Демейміз мүлде тиыш отыр.
Бірақ та күнде танцы деп,
Тыпылдама, келіншек!
Айтқан сөзді тыңдадың,
Негізің сенің асыл-ды.
Жақсы болсаң, өзіңді
Ел қадірлер басыңды.
Подр жағып бетіңе,
Бояулама қасыңды.
Кетіретін нәшіңді
Стиляға формалап,
Ұзын өрім шашыңды
Модалатпа додалап,
Шүйкелеме, келіншек!
Ертеменен тұр ытып,
Тамағын бер жылытып.
Еріңіз аш қап, сен жатып,
Жүйкелеме, келіншек!
Болса да қандай қиын іс,
Әйел бізде—ұлы күш.
Үйде қарап отырып,
Діңкелеме, келіншек!
Денсаулық алды тазалық,
Үйіңді ұста таза қып.
Көйлектің кірін кетірмей,
Сілкелеме, келіншек!
Сөзім барад ұзарып,
Түріңіз барад бозарып,
Қысқартайын сөзімді.
20-169
ғұрыптық фольклор
Ашу шашқан көзіңді
Үйкелеме, келіншек!
А, жарандар, жарандар,
Әлі сөйлер шамам бар!
Ақылы бар тегінде,
Жетті білем келінге.
Күйеуге енді қараңдар,
Өнері бар не түрлі,
Өрен жігіт секілді.
Биязы екен мінезі,
Азамат екен бұл өзі.
Мақтағаным ұнап та,
Отырса да, жігітім,
Босқа кетіп үмітім,
Қалдырып жүрме ұятқа.
Айлық сайын мас болып,
Қыз көрген сайын жас болып,
Сүйгеніңді күттіріп,
Түнделетіп жүрме, жігітім!
Ертеңіне пахмелге
Бір жартылық әкел деп,
Сүйгеніңнің сумкасын
Тінткілеп жүрме, жігітім!
Еркекпін деп едірейіп,
Қабақ түйіп бедірейіп,
Ескілерше келінді
Желкелеп жүрме, жігітім!
Бүгін болып қожайын,
Құрбыңнан дедің озайын.
Ендеше бол салмақты,
Селтеңдей берме, жігітім!
Ауыл үймен ұрыспа,
Ұятты ойла, келіншек!
Малды берген қораңа
Таяқтама, келіншек!
Мырза атағым шықсын деп,
Бола берме көңілшек.
Салақ болмай, ширақ бол,
үйлену ғұрып фольклоры
Кешірек жатып, ерте тұр.
Ата менен енеңді
Қызмет етіп, сыйлап жүр.
Талапты болсаң, жауар нұр,
Дұшпаның бар, досың бар,
Ешқайсысына берме сыр,
Ақылым айтқан, жас келін!
Жақсы еді ата-енеңіз,
Сіздің де жоқ-ты кеміңіз.
Артыңда қалды өзіңнің
Туып өскен еліңіз.
Кешірерсіз, халайық,
Табылса сөзден мініміз!
Тойға сойған той малдың
Сорпасын ішіп азырақ,
Жібіді қатқан көңіліміз.
Беташар айтып шөлдедік,
Өз қолыңнан шай ішпей,
Қанбас, келін, шөліміз!
Ал, қарағым, келіншек,
Қашан сәлем етед деп,
Күтіп тұр мынау еліміз.
Уа, келіншек, келіншек,
Әуелі мынау отырған
Кемпір менен шалдарға,
Қатар құрбы балдарға,
Мүсәпір мен пақырға,
Мешел менен соқырға,
Қаріп пенен қасірге,
Жетім менен жесірге
Мейірімді болшы, келіншек!
Сөз мәнісін түсінсек,
Жиылып келген қауымға,
Үлкен-кіші бауырға
Сәлем етер жеріңіз.
О, әлеумет көз тігіп,
Мынау тұрған келіннің
Сәлемін еткен көріңіз.
Осылардың бәріне
Иіліп берші бір сәлем!
ғұрыптық фольклор
Келіннің барды-ау атасы,
Келін келді деген соң,
Ел-халқын жиып, той қылып,
Кеулінен кетті-ау қапасы.
Басынан кетті атаңның
Жәбір менен жапасы.
Көңлінен шығып іс етсең,
Қабыл болар батасы.
Жаңадан түскен жас келін,
Осы сөзді жаттап ал,
Көңіліңе мықтап сақтап ал.
Атаңызға майысып,
Бұған да берші бір сәлем!
Келіннің бар дейді енесі,
Алтыннан соққан кемесі.
Келін келді дегенде,
Көкке жетті төбесі.
Қорқып едім мен сонда,
Созылып мойны кеткен соң,
Үзілер деп өңеші.
Болатын шығар осы үйдің
Әділдікке берер төресі.
Ата менен енеңді
Өлгеніңше сыйлап жүр.
Еңбек етіп ықыласпен,
Отыңды жағып, жинап жүр.
Қарсылық қылма оларға,
Қарсылық қылсаң оларға,
Таңда машһар күнінде
Сол қарсылық ісіңнен
Өз тәніңе сұғылад дейд
Тәңірдің құрған жебесі.
Құлағыңа қондырсаң,
Жыршыңның осы кеңесі.
Енеңізге иіліп,
Бұған да берші бір сәлем!
Уа, келіншек, келіншек,
Көп екен сізде қайын аға,
үйлену ғұрып фольклоры
Күндердің күні болғанда,
Қайын ағаң жарар пайдаға.
Қайын ағаңмен, шырағым,
Әзілдесіп ойнама.
Пайдасын таппай қалар деп,
Қайын ағаңды ойлама.
Қайнағаңмен ойнасаң,
Жығылып қалып жүрерсің
Құрулы жебе-найзаға.
Қайын ағаларға бір сәлем!
Ал, келіншек, келіншек,
Көп дейді сізде абысын.
Әркім бастың қамы үшін,
Жақсы болсаң бәсің жоқ,
Жаман болсаң, келіншек,
Тек қамшының сабысың.
Ақылдасып іс қылып,
Көңілді мақұл табысың.
Егер тату болмасаң
Абысынмен екеуің,
Біреуің алып балтаны,
Біреуің алып кетпенді,
Көпшіліктің ішінде
Қылыштасып шабысып.
Өзі тисе, қалыспа,
Өздігіңнен жабыспа.
Абысындарға бір сәлем!
Келіннің бар-ды қайнысы,
Қайнысы деген қай кісі.
«Ағам әйел алды деп,
Маған кезек қалды» деп,
Қуанып тұр байғұсы.
Қайныларға бір сәлем!
Келіннің бар дейді бикеші,
Жібектен дейді шүйкесі.
«Мен де сендей болсам» деп,
Құрып тұр-ау жүйкесі.
ғұрыптық фольклор
Көбісінің басында
Толып жатыр сіркесі.
Сіркеден шашын ақтаған,
Өзін таза сақтаған.
Бикеш деген кім десең,
Сізді әкеліп отырған
Еріңіздің, шырағым,
Қарындасы деген еркесі.
Ұзатуға жақындап,
Жиюлы тұр үйінде
Мақпал жібек көрпесі.
Бикештерге майысып,
Бұған да берші бір сәлем!
Ал, әлеумет, мінекей,
Қыздар келді-ау жиылып,
Қызыл-жасыл киініп.
Қолаң шаш пен қара қас
Қаламдай болып қиылып.
«Біздер де сондай болсақ» деп,
Әйелдің пірі—Бибі Батима,
Бибі Батимаға сиынып,
Біразы жүр білдірмей,
Бізді алмады деп пәленше,
Ішінен от боп күйініп.
Қыздардың тойын жейміз деп,
Қалмайық тағы түйіліп.
Барлық қызға бір сәлем!
Мінетұғын атына
Қалыдан қоржын бөктерген.
Жас кезінен бері қарай
Мерекені көп көрген.
Басшылық етіп тойларда,
Елге кеңес көп берген
Ауылымыздың домкомы.
Домкомға берің бір сәлем!
Өзі ақтың жолында,
Ислам Құран қолында,
Іскәт Құран шығарып,
үйлену ғұрып фольклоры
Иығын қысып құнтиып,
Пұл табудың жолына,
Аузы тола иманды,
Қойны тола Құран-ды.
Молдаларға бір сәлем!
Көз пішімін қарасаң,
Түнде жанған фонардай.
Тылтиған тұлып тұлғаға
Топан тыққан қанардай.
Қаржаубай деген қайын ағаң,
Оған да берің бір сәлем!
Қисынын сөздің келтіріп,
Айтылып жүр сарасы.
Келістіріп сөйлесем,
Қалмайды сөздің шарасы.
Еңкейіп түскен жеріңіз—
Хожелінің қаласы,
Әмудария жағасы.
Құдайдың берген бағына
Ешкімнің жоқ таласы.
О, жамағат, ағайын,
Бұл келіннің иіліп,
Сәлемін еткен қарашы.
Уа, келінжан, шырағым,
Сізді әкеліп отырған
Дәулетбайдай ағайдың
Ережеп атты баласы.
Бұл кісі, білсең, еріңіз,
Еріңізге майысып,
Бұған да берші бір сәлем!
Мен бір жүйрік табылған,
Есіткен құрбым сағынған.
Айырма, Құдай, әрқашан
Өзіңнің берген бағыңнан.
Жыршы болып халыққа,
Шығып жүр даңқым Табыннан.
Мерекелі тойларда
Сіздей талай келіннің
ғұрыптық фольклор
Бетін ашып әр жерде,
Асылдан сарпа-ай жабылған.
Топ ішінде сөйлесем,
Көмекей менен тілімнен
Маржандай сөзім ағылған.
Қалмайын мен де қатардан,
Маған да берші бір сәлем!
Келбетіне қарасам,
Қорғасын құйған сақадай.
Аяқ-қолы тарбиған,
Жарға асылған бақадай.
Қарны төмен салынған,
Шабақ жеген бақадай.
Мұрны батық бетінен,
Етікке салған тақадай.
Дошымбет деген қайын ағаң,
Бұған да берің бір сәлем!
Сөйлеген сөзін көрсеңіз,
Бақырауық қаспақтай.
Байқыл-байқыл бет-аузы
Қазанға қатқан қаспақтай.
Түр-сипатын көрсеңіз,
Жабулаған баспақтай.
Абдулла уар-уар қайын ағаң,
Бұған да берші бір сәлем!
Тарамыстанған қолдары
Шөп жинайтын тырмадай.
Көздерінің шарасы
Жуылмаған тостақтай.
Келбеті арық, тырысқан
Көлден ұшқан тырнадай
Түйебай деген қайын ағаң,
Оған да берің бір сәлем!
Сақалы баулаған жантақтай,
Жүрген жүрісін байқасаң,
Құмнан қашқан балпақтай.
Үлкендігі аузының
Жекеннен соққан қалпақтай.
үйлену ғұрып фольклоры Есбол деген қайын ағаң, Бұған да берші, бір сәлем! * * * (атасына қаратып айтқаны) —Шу-шу, билер, шу, билер, Шуылдаған көп билер. Аузыңнан шыққан сөзіңді Жібекпенен бу, билер. Төрде отырған төрелер, Көпті көрген көнелер, Жапсардағы жақсылар, Жасы үлкен ағалар, Кеңесіңді бері сал. Келіні келіп түскенде, Көрімдігін шамалар. Келін де келіп жатыр-ау, Үстіне тіккен шатыр-ау. Кірмес те үйге кіреді, Әйел де болса батыр-ау. Қулықтан туған құлаша, Ат болады сыласа. Біраз ғана сөйлейін, Әлеумет, сізге ұнаса. Ұнаса егер сөзімді, Әуре етпеңіз өзімді. Әуеде бұлт құрыстар, Беташарға бізді ұстар. Екі ат жектім парлатып, Алыс жерден біз келдік, Үлкен жолды шаңдатып. Күн жауады қарлатып, Беташарға келгенде, Сөз сөйлеймін зарлатып. 35.
ғұрыптық фольклор
Ана отырған атасы—
Қара жердің жотасы.
Келіні келіп түскенде,
Үйінің толды ортасы.
Қолын жайып бата етсе,
Бізге тиер батасы.
Ана отырған атаңыз,
Атаңызға бір сәлем!
Енесіне
Осы отырған әлеумет,
Ұнай ма сізге сөзіміз.
Ұнамаса сөзіміз,
Басқа біреуді қойыңыз.
Бізді қойдың ақын деп,
Сөйлер сөзге жақын деп.
Беташарға келгенде,
Сөз сөйлеймін тақылдап.
Көшкенде көшін бастаған,
Көпшігін кейін тастаған,
Абысындары қоштаған,
Ана отырған енесі:
«Баламды көзіме көрсет» деп,
Ертелі-кеш қақсаған.
Ана отырған енесі-
Қара жердің кемесі.
«Бір балам екеу болды» деп,
Көкке жетер төбесі.
Енеңізге бір сәлем!
Қайнағасына
Ана отырған қайнағаң,
Сыртынан біреу сөз айтса,
Шыныменен арланып,
Кәріне мініп шамданған.
үйлену ғұрып фольклоры
Тұлғасына қарасаң,
Асқарлы қара таулардай.
Сүйегіне қарасаң,
Қайнап біткен болаттай.
Қабағына қарасаң,
Қаптаған қара бұлттай.
Бет алдына қарасаң,
Жүзінен адам қорыққандай.
Ана отырған қайнағаң
Ор қояндай ойнаған.
Ақ боз үйдің сыртына
Алтыннан қазық қақтырып,
Сексен нарды байлаған.
Үйінің іші жайнаған,
Келіні келіп түскенде,
Көрімдікке боталы інген байлаған.
Қайнағаңа бір сәлем!
Абысынына
Ана отырған абысын,
Бұйымыңды алғансын,
Абысын сені неғылсын.
Абысыныңмен тату бол,
Өкпе менен бауыр бол.
Қиындасар қара ағаш,
Үйірлесер қарындас.
Басыңа желек түскесін,
Абысыннан жақын табылмас.
Ана отырған абысын,
Абысынмен алыспа,
Өзіңе тисе, қалыспа,
Өзіңе тимесе, жарыспа.
Абысын сөзі асты деп,
Шаба берме намысқа.
Абысыныңа бір сәлем!
ғұрыптық фольклор Қайын сіңлісіне Ана отырған бикеші, Жібектен ескен шүйкесі. Бар жасауды алған соң, Теңіне буып салған соң, «Мен де осындай болам» деп, Құрып отыр жүйкесі. Бикешіңе бір сәлем! Қайнысына Ана отырған қайнысы, Қайнысы деген қай кісі. Жеңгесі келіп түскенде, Не болады бәйгесі. Қайнысына бір сәлем! Ауылдың қарттарына Әуедегі үркер-ай, Өте шығар туған ай. Атаңнан соңғы үлкен-ай, Үлкендерді сыйласаң, Елің сыйлар сені де-ай. Ана отырған үлкендерге бір сәлем! Барша көпшілікке Әуедегі үркер-ай, Түйесін қомдап тіркер-ай. Осы отырған әлеумет, Қайсыбірін айтайын, Ерінбесең, келіншек, Баршасына бір сәлем! * * * Уа, халайық, бет аштым, Домбыра алып қолыма. Бақыт қонсын, келінжан, 36.
үйлену ғұрып фольклоры
Бас қоса келген жолыңа.
Жақсы атансаң ауылға,
Желің шығар оңына.
Жаман болсаң, келінжан,
Абысын түсер соңыңа.
Сабырлы бол, ашусыз,
Ақыл бітпес долыға.
Асың болса, елге бер,
Қызғанып жұрттан қорыма.
Ақсақал келсе, әдеппен
Су құйып бер қолына.
Кіші келсе, дүңкимей,
Шырайлы қарсы ал оны да.
Ғарыптарды күте біл,
Қарама оның тонына.
Көршіңмен тату бола біл,
Шөп салма жанның жолына.
Бар болсаң, аспа мақтанып,
Сабырмен қара жоғыңа.
Өнерпаз бол да, өрге бас,
Үлгі бол жастар тобына.
Ал, айт келін, айт келін,
Атыңның басын тарт, келін.
Жұмыртқадан ақ келін,
Періштеден пәк келін,
Сауысқаннан сақ келін,
Ата-анаңның жолы сол,
Еріңнің көңілін тап, келін.
Ел ісіне үлес қос,
Аймағыңа жақ, келін!
Ал, келіншек, келіншек,
Келіншек, болма еріншек.
Үлкендерді көргенде,
Орныңнан тұр, келіншек.
Қарсы келсе қарт адам,
Қайқаңдама, келіншек.
Байым жақсы көрді деп,
Тайтаңдама, келіншек.
Бірден-бірге сөз тасып,
ғұрыптық фольклор
Сыпсыңдама, келіншек!
Жабығынан әр үйдің
Тың тыңдама, келіншек!
Ерте тұр да, шаруа қыл,
Келіншек, болма еріншек!
Ал, ақсақал ағалар,
Әжей, жеңгей, аналар,
Құрбы-құрдас, балалар,
Жас келінді көріңдер,
Көрімдігін беріңдер.
Жақсы тілеу, ақ бата
Арнаңыздар келінге, ел.
Жақсы келін келіпті,
Оң аяқпен еніпті.
Екі жақта ата-ана
Ақ батасын беріпті.
Ақыл айтсаң ұғатын,
Әр көңілден шығатын,
Келіндерің көрікті,
Бұл сөзіме сеніңдер.
Ал, келінжан, келінжан,
Сіз де бері келіңіз,
Ел-жұртыңды көріңіз.
Құтты болсын сізге де,
Бас қоса келген жеріңіз.
Нұр жүзіңді аш дағы,
Бір адым алға бас дағы,
Осы отырған қауымға
Иіліп сәлем беріңіз!
37. Көрімдік
—Төрде отырған сыпыра
Жастары үлкен ағалар.
Айттырмай сөзді білетін,
Ақылға артық даналар.
Сіздерге де қуаныш,
Жастары кіші балалар.
үйлену ғұрып фольклоры
Келінді көрген адамнан,
Көрімдік деп мал алар.
Беретінін әр кісі,
Өз үйінде шамалар.
Келініңіз құры емес,
Отқа салып әкелген,
Нәрселері тағы бар.
Көңілі жақсы ағайын
Ашып беріп құттықтап,
Қалағанын және алар.
Алғанменен бергенді,
Көре алмаған ағайын
Сыртынан сөз ғып табалар.
Төрде отырған сыпыра,
Ханы менен падиша,
Келін келді көріңіз,
Осы отырған барынша.
Бәрің бірдей бекзатсын,
Сұрамаймын көрімдік,
Біреуіңнен табылса.
Көрімдік үшін жүрмеңдер,
Бір-біріңе жабыса.
Көрімдікті көп айтып,
Шығыңдар бәрің жарыса.
Бәріңе бірдей айтамын,
Сұрамаймын көрімдік.
Осындай жақсы жерінде,
Мырза, сараң адамды
Ақылменен болар таныса.
Енді, жиен, өзің біл,
Берейін деп бермесең,
Келінің сенің өкпелеп,
Деп жүрмесін мұнысы несі?
Есік жақта тік тұрған
Жастары кіші келіндер,
Келін келді қуаныш.
Ілгерірек келіңдер,
Шығарып берер жанынан
Бергенім менің осы деп.
Берейін деген әйелдер,
ғұрыптық фольклор Үйімде білер ерім дер. Сылтау айтып әрбірі Өкпелімін бұл тойдан, Беретінім жоқ менің дер. Алыстан келген әйелдер, «Берер едім аямай, Жақында жоқ елім» дер. Жылжытпалап, кей қатын, Сабыр қылып тұра тұр, Берейін саған кейін дер. Кейін барып сұрасаң, Қабағын түйіп тыржиып, Ойнамай жүр менімен, Мен емес сенің теңің дер. Қаттырақ айтып сұрасаң, Жайыңа тұр ұрыспай, Ақың жоқ менде сенің дер. Турасын айтып беріңдер, Көрімдікті беріңдер. Жастары кіші қайын інісі, Сіздер түгел қуанар, Атасы бөлек жай кісі. Балалардың ішінде Көрімдікті көп айтар Ақылға артық сайлысы. Жалғыз қара болмасын, Түйе болса боталы, Аз демей-ақ алар ем. ІX. НЕКЕ ҚИЯР Ку-куә-куәдүрміз, Куәлікке жүредүрміз. Мұнда халық қасында, Таңда Хақ қасында. 1.
үйлену ғұрып фольклоры
X. ҚЫЗ БЕН ЖІГІТ АЙТЫСЫ
1. Жар-жардың айтыс түрі
Жігіт:
—Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар,
Сыбдыр-сыбдыр жапырақ талда болар, жар-жар.
«Әкем-ай» деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар,
Әке орнына қайын атаң онда болар, жар-жар.
Қыз:
—Жазғытұры ақша қар жаумақ қайда, жар-жар,
Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар.
Қанша жақсы болса да қайын атам, жар-жар,
Айналайын әкемдей болмақ қайда, жар-жар.
Жігіт:
—Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар,
Сыбдыр-сыбдыр жапырақ талда болар, жар-жар.
Шешем-ай деп жылама, байғұс қыздар, жар-
жар,
Шеше орнына қайын енең онда болар, жар-жар.
Қыз:
—Жазғытұры ақша қар жаумақ қайда, жар-жар,
Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар.
Қанша жақын болса да қайын енеміз, жар-жар,
Айналайын шешемдей болмақ қайда, жар-жар.
Жігіт:
—Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар,
Сыбдыр-сыбдыр жапырақ талда болар, жар-жар.
Ағам-ай деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар,
Аға орнына қайынағаң онда болар, жар-жар.
Қыз:
—Жазғытұры ақша қар жаумақ қайда, жар-жар,
Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар.
Қанша жақсы болса да қайнағамыз, жар-жар,
Айналайын ағамдай болмақ қайда, жар-жар.
21-169
ғұрыптық фольклор
Жігіт:
—Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар,
Жарға соққан жаңғырық тауда болар, жар-жар,
Жеңгем-ай деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар,
Жеңге орнына абысын онда болар, жар-жар.
Қыз:
—Жазғытұры ақша қар жаумақ қайда, жар-жар,
Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар.
Қанша жақсы болса да абысыным, жар-жар,
Айналайын жеңгемдей болмақ қайда, жар-жар.
Жігіт:
—Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар,
Жарға соққан жаңғырық тауда болар, жар-жар.
Інім-ай деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар,
Іні орнына қайын інің онда болар, жар-жар.
Қыз:
—Жазғытұры ақша қар жаумақ қайда, жар-жар,
Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар.
Қанша жақын болса да қайын ініміз, жар-жар,
Айналайын інімдей болмақ қайда, жар-жар.
Жігіт:
—Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар,
Жарға соққан жағалтай тауда болар, жар-жар.
Сіңлім-ай деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар,
Сіңлі орнына қайын сіңлің онда болар, жар-жар.
Қыз:
—Жазғытұры ақша қар жаумақ қайда, жар-жар,
Құлын-тайдай тебіскен оң жақ қайда, жар-жар.
Қанша жақсы болса да, қайын сіңлім, жар-жар,
Айналайын сіңлімдей болмақ қайда, жар-жар.
Жігіт:
—Ақ қоян қашар жоталап, жар-жар-ау,
Ақ тайлақ өсер боталап, жар-жар-ау.
үйлену ғұрып фольклоры
Мұнша неге жылайсың, жар-жар-ау,
Артыңнан інің барар апалап, жар-жар-ау!
Қыз:
—Текеметтің шет бауын
Оя тұрсын, жар-жар-ау.
Той басына ту бие
Соя тұрсын, жар-жар-ау.
Мен шешеме айтайын
«Әкеме айт»,—деп жар-жар-ау.
Мені десе биылша
Қоя тұрсын, жар-жар-ау!
Жігіт:
—Қызыл қыршын замандас,
Қызыл қыршын, жар-жар-ау.
Қызыл қыршын ішінен
Қырғи ұшсын, жар-жар-ау.
«Әкем бар» деп арқаға
Медеу қылма, жар-жар-ау.
Алып кетер мал берген
Сен бір құссың, жар-жар-ау!
Қыз:
—Түндігімнің төрт бауы—
Бас бауым-ды, жар-жар-ау.
Алты жеңгем сұрайды
Шашбауымды, жар-жар-ау.
Алты жеңгем сұраса,
Аласың да, жар-жар-ау.
Айналайын, жан әкем,
Қаласың да, жар-жар-ау!
Жігіт:
—Мінген атың қара-ды, жар-жар-ау,
Жал-құйрығын тарады, жар-жар-ау.
Мұнша өксіп жылама, жар-жар-ау,
Шешең ертіп барады, жар-жар-ау!
Қыз:
—Түндігімнің төрт бауы
Мақта, шеше, жар-жар-ау.
ғұрыптық фольклор
Қызың кетіп барады
Жатқа, шеше, жар-жар-ау.
Он екі айда айналып,
Бір келермін, жар-жар-ау.
Сары інгеннің ботасын
Сақта, шеше, жар-жар-ау.
Шалшық па екен, су ма екен,
Сарқыраған, жар-жар-ау.
Ақ сүт беріп шешекем
Асыраған, жар-жар-ау.
Ақ сүт берген шешеме
Не көрсеттім, жар-жар-ау.
Жат кісінің баласын
Жолдас еттім, жар-жар-ау!
Жігіт:
—Есіктің алды қия еді, жар-жар-ау,
Қияға біткен мия еді, жар-жар-ау.
Әкең берген қамқа тон, жар-жар-ау,
Етіңе қайтіп сыяды, жар-жар-ау!
Қыз:
—Тоқпақ жалды торы айғыр
Етті ме, әке, жар-жар-ау.
Төркіндегі үйімнен
Кеттім, әке, жар-жар-ау,
Қыз да болсам, сізге мен
Перзент едім, жар-жар-ау.
Жалғыз басым сыймастан
Кеттім, әке, жар-жар-ау!
2. Жігіт пен қыз
Жігіт:
—Алып келген базардан
Қара нөсер, жар-жар-ау.
Қара мақпал сәукеле
Шашын басар, жар-жар-ау.
Мұнда әкем қалды деп,
Қам жемеңіз, жар-жар-ау.
Жақсы болса қайын атаң
Орын басар, жар-жар-ау!
үйлену ғұрып фольклоры
Қыз:
—Есік алды қарасу,
Майдан болсын, жар-жар-ау.
Ақ жүзімді көрерге айнам болсын,
жар-жар-ау.
Қайын атасы бар дейді,
Бозбалалар, жар-жар-ау.
Әлпештеген әкемдей
Қайдан болсын, жар-жар-ау!
Жігіт:
—Ақ қоян қашар жоталап, жар-жар-ау,
Ақ тайлақ өсер боталап, жар-жар-ау.
Мұнша неге жылайсың, жар-жар-ау,
Артыңнан інің барар апалап, жар-жар-ау!
Қыз:
—Текеметтің шет бауын
Оя тұрсын, жар-жар-ау.
Той басына ту бие
Соя тұрсын, жар-жар-ау.
Мен шешеме айтайын,
«Әкеме айт» деп, жар-жар-ау.
Мені десе, биылша
Қоя тұрсын, жар-жар-ау!
Жігіт:
—Қызыл қыршын замандас,
Қызыл қыршын, жар-жар-ау.
Қызыл қыршын ішінен
Қырға ұшсын,жар-жар-ау.
«Әкем бар» деп арқаға,
Медеу қылма, жар-жар-ау.
Алып кетер мал берген,
Сен бір құссың, жар-жар-ау!
Қыз:
—Тоқпақ жалды торы айғыр,
Етті ме, әке, жар-жар-ау.
Төркіндегі үйімнен
ғұрыптық фольклор
Кеттім, әке, жар-жар-ау.
Қыз да болсам, сізге мен
Перзент едім, жар-жар-ау.
Жалғыз басым сыймастай,
Не еттім, әке, жар-жар-ау?!
3. Қыз бен жігіт айтысы
Жігіт:
—Сәрсенбінің сәтіне той қылыпсың, жар-жар,
Жұртты жиып мерекемен тойғызыпсың, жар-жар.
Игілік іс қылыпсың өмір сауда, жар-жар,
Кісі еліне жүрмек боп ой қылыпсың, жар-жар.
Әкең еккен бәйтерек түпті болсын, жар-жар,
Шешең сауған көк сиыр сүтті болсын, жар-жар.
Табиғаттың заңымен той жасапсың, жар-жар,
Қылған тойың, замандас, құтты болсын, жар-жар!
Қыз:
—Ана таудың басында көш келеді, жар-жар,
Көшпен еріп бір тайлақ, бос келеді, жар-жар.
Өз елінен айырылған қиын екен, жар-жар,
Қара көзден мөлдіреп жас келеді, жар-жар!
Мені шешем өсірген айдай қылып, жар-жар,
Алақанға еріткен майдай қылып, жар-жар.
Өз жұртымнан барамын тірі айырылып, жар-жар,
Кісі елінде жүремін қандай қылып, жар-жар!
Есік алды қара саз, көлмек қайда, жар-жар,
Біреу жарлы, біреу бай өлмек, қайда, жар-жар.
Ата-анамнан барамын тірі айырылып, жар-жар,
Өз еліңдей кісі жұрт болмақ қайда, жар-жар!
Жігіт:
—Тұлпар мінсем, көрерсің қағысымды, жар-жар,
Көкпар шауып қамшымның сабы сынды, жар-жар.
Бибі Батима мамаңның салған жолы, жар-жар,
Шешей, бикеш, боларсың абысын да, жар-жар!
үйлену ғұрып фольклоры
Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар,
Сылдыр-сылдыр жапырақ талда болар, жар-жар.
«Шешем-ай» деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар,
Шеше орнына қайын ене сонда болар, жар-жар!
Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар,
Сылдыр-сылдыр жапырақ талда болар жар-жар.
«Әкем-ай» деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар,
Әке орнына қайын ата сонда болар, жар-жар! 4. Жігіт пен қыздың аужар айтысы
Жігіт:
—Айт дегенде, айтайын, той қылған қыз,
Семіз бие тойына сойғызған қыз.
Қыздар:
—Жақсыдан жамандар көп, амал қанша,
Бой сылап, өмір өтер, таранғанша.
Анадан неге еркек боп біз тумадық,
«Қыз жолы—нәзік» болып жаралғанша?
Жігіт:
—Жақсыдан жамандар көп, амал қанша,
Қайтесің дүние, шіркін, сараңданса?!
Құрбылар, босқа уайым жей бермеңдер,
Жолығар бір-бір жақсы аман болса...
5. Қайым айтыс
Жігіт:
—Қонады ен жайлауға көшкен ауылым,
Қолымнан қашып еді қыран шәулім.
Біз келдік ат өксітіп алыс жерден,
Жүрмісің аман-есен, құрбым, сәулем?
Қыз:
—Басыңа салдықпен шоқ тағып жүрсің,
Мереке жиын-тойды бағып жүрсің.
Жарқыным, бір құс үшін ат өксітіп,
Ел-жұртың амандық па, неғып жүрсің?
ғұрыптық фольклор
Жігіт:
—Басыма әсемдікке кидім сусар,
Көп жылқым көк алалы көлге жусар,
Тағы бір қысырағым желдеп кетіп,
Соны іздеп, мерекеге болдым душар.
Қыз:
—Кисең ки әсемдікке кәмшат сусар,
Көп жылқың көк алалы көлге жусар.
Іздеген қысырағың табылды ма,
Іздемей мерекеге болсаң душар?
Жігіт:
—Келер ем, атым өксіп сабылмаса,
Айқара атқа терлік жабылмаса.
Кез болдым ақ сұңқарға Тәңір айдап,
Ренжімен қысырағым табылмаса.
Қыз:
—Желкілдер таулы жерге біткен сасыр,
Жылқыңды тасырлатып таудан асыр.
Іздеген қысырақтан безгендей-ақ,
Не таптың, құрбым, сонша көңіл тасыр?
Жігіт:
—Үйірі қысырақтың мақпал қара,
Шашыңды күндіз жуып, түнде тара.
Көңілімнің тасығанын айтар едім,
Жан сәулем, сөйлес қылсаң екеуара.
Қыз:
—Айтайын, айт дегенде айым-қайым,
Жаратқан көпке ортақ қып тілдің майын.
Сөйлеске екеуара құмар жігіт,
Серттесіп айтысуға бар ма жайың?
Жігіт:
—Айт десең, мен де айтамын айым-қайым,
Жаратқан көпке ортақ қып тілдің майын.
Сөйлесең екеуара меніменен,
Сөзіңе тақ тұрайын, қалқатайым.
үйлену ғұрып фольклоры
Қыз:
—Киеді әсемдікке кәмшат сусар,
Көп жылқы көк алалы көлге жусар.
Көп жылқы көк алалы менің жылқым,
Менімен айтысатын қандай сылқым?
Жігіт:
—Ұшады көк ала үйрек көлге қарсы,
Ұясы жануардың желге қарсы.
Көрген соң, сәулем, сені тұра алмадым,
Талпынған балапандай жемге қарсы.
6. Қыз бен жігіт
Арын деген жігіт ел аралап жүріп бір үйге келеді. Сол үйде
екі қыз бар екен. Жігіттің үстінде қатқыл тоны болса керек.
Сонда қыздың біреуі айтады:
—Күн батса, қас қарайып түн болады,
Жүргеннің көбі мұндай сұм болады.
Қатқан тон шікірейіп кигенің кім,
Сұрашы, аты-жөні кім болады?
Жігіт:
—Басыңды көтер, жатқан қыз,
Берейін жауап тезбе-тез.
Екі қыз кекіп сөйлесе,
Ақын Арын келді кез.
Бірі едік қой ақсұңқар,
Асыл құстар бізге пар.
Сен тонымды жамандап,
Ішіме кірді кіріптар.
Осы тоннан шығады,
Дұшпаным қойдай ығады.
Әзіліме құмар боп,
Қыздар қолын бұлғады.
Сендей қызды көргенмін,
Сынамаққа келгенмін.
Келген жерден сөз бастап,
Шешін дегенің білгенім.
ғұрыптық фольклор
Жүзіп жүрген үйрек-қаз,
Атып алған мергенмін.
Әзіл сөзге келгенде,
Керіліп жауап бергенмін.
Қалам алып сөз жазсам,
Жүйрік аттай желгенмін.
Қатқан тонды кигенмін,
Өз бойыма сенгенмін.
Талайдың тілін кескенмін,
Ерегесте бәйгеге түскенмін.
Беліме кемер байладым,
Бұлбұл болып сайрадым.
Қызып кетіп сөзіңе,
Қылышымды қайрадым.
Төрде сұлап жатқан соң,
Ауру ма деп ойладым.
Шәлкем-шәліс сөз сөйлеп,
Жатқан қызым, қоймадың.
Сіздей қызды көрмедім,
Сөзіңе қызып өрледім.
Біздей ерге сөз бастап,
Бекер босқа терледің.
Сипап, қармап өтейін,
Ұқпағанға не дейін?
Замандасыма бір жолға
Сыпайы қызмет етейін.
Қатты сөзге бармайын,
Жақсы сөзбен қармайын.
Зейінің болса ұғарсың,
Сөзбен қамап шалмайын.
Тұйғын едім жез қанат
Айдын көлден қу ілген.
Жақсылар сөйлеп кеткенде,
Жаман адам не білген.
үйлену ғұрып фольклоры
Бізден бұрын сөйледің,
Амандыққа келмедің.
Жолдасыңа сөз бермей,
Екі қолың сермедің.
Мына тұрған замандас,
Терең ойлы қаламқас.
Бой-сипатын қарасаң,
Көрген адам болар мас.
Шіркін, көңіл болған жас,
Сөйлемеске шын қоймас.
Бұлбұл мысал құбылып,
Дидарына жан тоймас.
Қыз қайта жауап бере алмай, ұялғаннан қой сойып, күтіп,
сый беріп жөнелткен екен.
7. Жігіт пен қыз
Жігіт:
—Көрінген көгеріңкі көліңізді,
Келемін жаңа болжап еліңізді.
Алыстан ат арытқан біз жолаушы,
Айта кет, айнам, тоқтап жөніңізді?
Қыз:
—Көрінген көтеріңкі көл болады,
Арқаға жаңбыр жауса сел болады.
Ағайлар, сіз сұрасаң, біз айталық,
Азырақ арғын-найман ел болады.
Жылқымыз отар кеткен тау елінде,
Кегі бар ауылымның жау елінде.
Содан соң мен жөнімді айтамын ғой,
Әуелі мен сұрайын өз жөніңді?
Жігіт:
—Үйімнен шығып едім түнеугі айда,
Бес атым арып қалды қанды сайда.
ғұрыптық фольклор
Сұраймын беу қыздардан қыздың атын,
Қырғауыл қыз баланың аулы қайда?
Қыз:
—Қонғаны ауылымның Теңіз еді,
Құлын-тай еркін жайлап семіреді.
Сұрайсыз бұл қыздардан қыздың атын,
Қырғауыл, ол қыз бала неңіз еді?
Жігіт:
—Жапанда жалғыз ағаш киелі еді,
Қу ағаш жас ағашқа сүйенеді.
Беу қыздар, алыстан ат арытып келетұғын
Қырғауыл біздің елге жиен еді.
Қыз:
—Қос қамыс қоян көрсе, жым болады,
Замана жылдан-жылға сұм болады.
Қырғауыл қыз баламен жиен болса,
Аттары апа-жездең кім болады?
Жігіт:
—Неткен қыз мынау ғана сенбейтұғын,
Жақсы қыз жас жігітке кел дейтұғын.
Алыстан ар арытқан біз жолаушы,
Құдаша, сендей қыздар жемдейтұғын.
Қыз:
—Жақсы қыз жас жігітке кел дейтұғын,
Қыздарды қайдан таптың жемдейтұғын?
Ішіңіз сарысу толған ауру болса,
Бақсы жоқ біздің елде емдейтұғын.
Жігіт:
—Қосқамыс қоян көрсе, жым болады,
Замана жылдан-жылға сұм болады.
Қырғауыл жиен еді, айтшы, айнам,
Аттары апа-жездең кім болады?
Қыз:
—Елімнің ақсақалы—батыр Адай,
Басайын аяғымды қадай-қадай.
үйлену ғұрып фольклоры
Сұрасаң, шешем аты—Қарашебер,
Ағам мен жеңгем аты—Мырза, Жанай.
Жаныңа былғарыдан қыныңыз-ды,
Кісіге айт менен басқа мұныңызды.
Жөніңді ел аулақта мен сұрайын,
Ішінде жасырмай айт шыныңызды.
Жігіт:
—Қолымда алтын сақа, қой-лағым-ды,
Қылайын кімге міндет бойдағымды.
Арғын ел үйсін елмен жау болғанда,
Бұзбошай алып кеткен тайлағымды.
Қыз:
—Алты атыңның біреуі Алақулық,
Үстінде жаңбыр жауса шекпен, сулық.
Жігіттер, бір шұбар сөз тағы шықты,
Сөзінің «тайлақ» деген түбі сұмдық.
Жігіт:
—Арғын-найман болғанда, үйсін деймін,
Былғарыдан аңқыған исің деймін.
Бұл сөзім «тайлақ» деген тайсалғаным,
Аужайын ақылды қыз түйсін деймін.
Қыз:
—Сұрасаң, әне бір тау алмалы тау,
Көшпейміз қысы-жазы түйеміз шау.
Шырағым, екеу ғана қайтіп келдің,
Арасы екі елдің қып-қызыл жау?
Жігіт:
—Ішінде алты атаның қара самай,
Соқтырдым ширатпа қып күлдірмені-ай.
Кісідей қалың қанды шіренесің,
Аттары аға-жеңгең кім болады-ай?
Қыз:
—Ішінде алты атаның қара самай,
Соқтырдым ширатпа қып күлдірмені-ай.
ғұрыптық фольклор
Қызымды патша еліне бермен дейтін,
Сұрасаң, аға-жеңгем Мырза-Жанай.
Үйіңнен шықтың алғаш бек алысқа,
Қарағым, шаршадың ба жер алыста?
Сол жердің шөбі соны, суы тұнық,
Бар да жат сонау тұрған шоқ қамысқа.
Жігіт:
—Қылт етіп қамысыңнан қарайын ба,
Керуенін маржан жолдың ториын ба?
Ерте-кеш қой алдына шыға жүрсең,
Жаныңа жігітшілеп барайын ба?
Қыз:
—Қылт етпе қамысымнан қас болады,
Көп жиын жеті күнде ас болады.
Сол кезде дәм бұйырса табысарсың,
Ауылда кәрі менен жас қалады.
Қазығыңды қамысқа қақшы деймін,
Сөз тапқан қапияда жақсы деймін.
Артымнан құлдар келді бие байлап,
Амалын екі құлдың тапшы деймін.
Жігіт:
—Отырмын әнеу күннен жерді бағып,
Берейін мен өзіңе ақыл тауып.
Құлдарға киім кигіз, жақсы ат мінгіз,
Кетеді алды-алдына асқа шауып.
8. Жігіт пен қыздың айтысы
Қаратау деген жерде үйсін, жалайыр деген елде бір ақын қыз
болыпты. Ол осы елде арғын елінен кірме болып жүрген бір жігіт
болады. Бұл әлгі ақын қызбен айтысам деп іздеп жүрсе керек.
Бір күні өздерінің бір кішкене жиылысында қыздың жеңгесі:—
Әлгі бір неме біздің еркеммен айтысатын болса, осындай тойда
неге айтыспайды екен?—деп тұрғанда, іздеп отырған жігіт келе
жатыр екен. Қыз оны көріп есікті басып тұра қалып, өлеңді қоя
береді:
үйлену ғұрып фольклоры
Қыз:
—Қаратау басы биік асар едім,
Жайқалтып жапырағын басар едім.
Қолыма кетпен менен бір шот берсе,
Бір жігіт дәл осындай жасар едім.
Жігіт:
—Қаратау басы биік асар едің,
Жайқалтып жапырағын басар едің.
Түгендеп өңгелерін қаратсаң да,
Келгенде бір жеріме сасар едің.
Қыз:
—Құдеке, айтысайық жамандаспай,
Ешкімнен сөйлеуші едім қорқып-саспай.
Бұл үйге сен де қонақ, мен де қонақ,
Кетерміз жамандассаң амандаспай.
Жігіт:
—Алдында есігіңнің белестеген,
Белестен сенің төбең елестеген.
Бұл үйге сен де қонақ, мен де қонақ,
Бір жатсын екі қонақ демес пе екен?
Қыз:
—Ей, арғын, кел демесем, кет демеймін.
Көсе көп жалайырда, ет жемеймін.
Су әкел, отыңды жақ, күлді шығар,
Еш жұмыс мұнан басқа ет демеймін.
Жігіт:
—Ұятсыз-ау, кел демесең, кет демесең,
Жиылып бірдеңені ет жемесең,
Жүремін ел ішінде неғып жан боп,
Шіркін-ау, сені сүйтіп ерттемесем.
Сонда қыздың әкесі, осындай ұятсыз адаммен айтыса ма
екен деп, қызына ашуланып, оны үйінен қуып жіберіпті.
ғұрыптық фольклор 9. Қыз бен жігіт
Арғынның бір ақын қызы мен Жаппастың бір ақын жігіті
айтысады. Қатты жаңбыр жауып тұрған күн болуы керек. Жігіт
қыздың үйіне келеді. Екі қыз шапан қауып отыр екен.
Қыз:
—Шекпенің жаңбыр жауған кепкен болар,
Қатынын жаман еркек тепкен болар.
Сақалын, мұртын қосып күзеп алсаң,
Балаға он бес жасар шекпен болар.
Жігіт:
—Көрінер қос қарқараң мүйіздейін,
Жоқ еді көп сақалым киіздейін.
Басымды әбжыландай қайқайтайын,
Залалын сақалымның тигізбейін.
Қыз:
—Дегенде көшем-көшем Әйтем жаппас,
Жауаптың жаман адам жөнін таппас.
Адамға басың тимей бөксең тиіп,
Кеттің бе, бура болып, мұндар саппас?
Жігіт жеңіліп, шекпенін қыздың әкесіне жауып, атын бел
деуіне байлап, жаяу кетіпті. 10. Қыз бен жігіт
Жігіт:
—Ендеше, сылдыр мосы, сылдыр мосы,
Жайлайды төмен барып ноғай қосы.
Қимылда, өлеңіңді қос, әріптесім,
Іздеген сұрағанға деген осы.
Қыз:
—Өлеңге жетіксің бе, сен де мендей,
Қайда отыр бағанадан бұрын келмей.
Жарымай әріптеске отырғанда,
Сап еттің аш бүйірімнен қоңыр желдей.
үйлену ғұрып фольклоры
Жігіт:
—Ендеше, жауыр керді, жауыр керді,
Ер-тоқым жауыр керге ауыр келді.
Қимылда, өлеңіңді қос, әріптес,
«Іздеген сұрағанға» тәуір келді.
Қыз:
—Ендеше, қарала аяқ, қарала аяқ,
Көңілім жұбанады баладай-ақ.
«Іздеген сұрағанға тәуір» келді,
Өлеңді заулата бер қарамай-ақ.
Жігіт:
—Қос қалқа, домбыралы, домбыралы,
Құлағын домбыраның оң бұралы.
Шын болса әлгі сөзің, қарағым-ай,
Бір жерге екі ауылды қондыралы.
Қыз:
—Өлеңді желдететін біз бір ақын,
Мінеді жақсы жігіт баптап атын.
Ауылдың алыстығы дәнеме емес,
Болғанмен ауыл алыс, көңіл жақын.
Жігіт:
—Тұсыңа өлең айтқан құда бала,
Оңбасын жапқан адам аққа жала.
Шын болса осы сөзің, екі сәулем,
Төртеуміз қосылалық бір араға.
Қыз:
—Құдалар, керуенге, керуенге,
Көшкен ел таң қалады еруілге.
Шын болса әлгі сөзің, қарағым-ай,
Шығалық, кел төртеуміз серуенге.
Жігіт:
—Барады ауылым көшіп Бесапанға,
Артады үйдің жүгін қос атанға.
Шын болса осы сөзің, қос әріптес,
Өзіңе сәлем айтам күн батарда.
22-169
ғұрыптық фольклор
Қыз:
—Барады ауылым көшіп Қосарыққа,
Қонбай қайда барады осы арыққа?
Арасы екі ауылдың шалғай жатыр,
Қонғанын ауыл жақын тосалық та.
Жігіт:
—Ендеше, ахау долбай, ахау долбай,
Күн болса, қуанар ем, дариға, ондай.
Аралас екі ауылды қондыр десем,
Ақсақал ауылдағы қойды болмай.
Қыз:
—Мойным талар болды қарай-қарай,
Байлардың малын бағар кедей-малай.
Қос қалқа, ол уақытта өкпелеме,
Ақсақалды алдасақ айып қалай?
Жігіт:
—Тал құрық, қайың құрық, құрақ-құрық,
Көп қудым, қашағанды зорықтырып.
Ауылың алыс кетсе, қос бұраң бел,
Қараймын тұсаулы аттай тұрып-тұрып.
Қыз:
—Қараймын қарайғанға қабан ба деп,
Атымды қамшылаймын шабан ба деп.
Сұраймын өткеннен де, кеткеннен де,
«Ауылы қос әріптес аман ба?»—деп.
Жігіт:
—Кетпейді жазы-қысы таудың қары,
Сұраудан ығыр болды жанның бәрі.
Ойласам екеуіңді алыстағы,
Өтпейді тамағымнан жалғыз тары.
Қыз:
—Ендеше, дауылына, дауылына,
Шыдаймыз Қаратаудың жауынына.
Енді көп өгейсітпе, екі сәулем,
Келіп-кетіп тұрғайсың ауылыма.
үйлену ғұрып фольклоры
Жігіт:
—Ендеше, жирен тайым, жирен тайым,
Жақсы адамдар біледі сөздің жайын.
Ауылыңа алыс жерден барғанымда,
Қарағым, қайырып жүр аттың майын.
Қыз:
—Жорамалым, әріптес, жорамалым,
Жорамалды көрсетер орамалым.
Қасын қақса құрметтеп қарсы алғаны,
Естуші ме ең қыздардың сол амалын.
Жігіт:
—Мінгенім дәйім менің тарлан шұбар,
Жігіттің әдеті ғой қызға құмар.
Шын болса, әлгі сөзің, абзал қалқам,
Жеріңе уәделі келіп тұрам.
Қыз:
—Әріптес, сұлу шынар, сұлу шынар,
Жігіттер толып жатыр қызға құмар.
Жортақтап өлеңіңді дұрыстамай,
Жақсы өлең айтылсын көңілге ұнар.
Жігіт:
—Ауылыңа барайын ба, бармайын ба,
Шыдаймын қайтіп бармай әрдайым да?
Сақ құлақ ауылдағы кемпір-шалды
Барғанда ауылыңа алдайын ба?
11. Қыз бен жігіттің айтысқаны
Жігіт:
—Ал, құдаша, Алмажайын, Алмажайын,
Менімен айтысуға бар ма жайың?
Айтысуға егерде болса жайың,
Қашсаң да келіп отыр сайма-сайың.
Қыз:
—Құдеке, ауылым олай көшкен, бұлай көшкен,
Сымтастан Түйемойнақ құлай көшкен.
ғұрыптық фольклор
Тойында Бекалының бек сөйлеген,
Досым жоқ сенен өзге Құдай деген.
Жігіт:
—Ақ мылтық алты қарыс ата алмадым,
Аулыңа алты барып бата алмадым.
Алтауының біреуінде барып едім,
Шешең салған тар төсек жата алмадым.
Қыз:
—Құдеке, ендеше, Әбдіраман, Әбдіраман,
Бір түстік жаңа жолға таңқараған.
Әріптес екеуіңіздей қайда маған?
Шайыдай жалаң қабат жалбыраған.
Жігіт:
—Құдаша, тағы да жетім ала, жетім ала,
Ел көшер жеті таудың бетін ала.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Аман ба мал-жаның, екі бала?
Қыз:
—Қамшым басы қарақат қанымаған,
Бермейді тұрып орын танымаған.
Сый елдің сыйлағандай баласы едің,
Тәуір сыйлап өлең айт, қане, маған.
Жігіт:
—Құдаша, тұяқты көк, тұяқты көк,
Иті өлер қатып қалған тұяқты жеп.
Айтқанымда түйе байлап жүргеніңде,
Басың шайқап кетпеп пе ең«ұятты» деп.
Қыз:
—Ендеше, Қарамырза, Қарамырза,
Кереге он бес көкті арамызда.
Болса рас мына сөзің, беу, құдеке,
Қасыңа жылжып басып барамыз да.
Жігіт:
—Ендеше, Құласқасқа, Құласқасқа,
Құрыққа шеңбер салдым ұрламасқа.
үйлену ғұрып фольклоры
Болса рас мына сөзің, жан құдаша,
Беріп кет орамалың жыламасқа.
—Ендеше, сары мауық, сары мауық,
Сарт өлер Самарқанда көкпар шауып.
Түскенде сен есіме, беу, құдаша,
Жығылдым аттан ауа есім ауып.
Ендеше, Кершең деймін, Кершең деймін,
Жылқымды ми қайнардан терсем деймін.
Болса рас мына сөзің, құдашажан,
Шешеңді сырттан ғана көрсем деймін.
Қыз:
—Ендеше, шұбар тауық, шұбар тауық,
Есігі ағаш үйдің сықырлауық.
Болса рас мына сөзің, құда бала,
Келе ғой кешке өзің мені тауып.
Жігіт:
—Кигенім аяғыма орыс етік,
Жүруші ем Ақелекті қоныс етіп.
Егерде рас болса мына сөзің,
Түсейін жапсарыңнан торс етіп.
Қыз:
—Үйірі көкаланың көлге айналсын,
Ханның қызы көгеріп гүлге айналсын.
Бара ма жаның шығып, беу, құдеке?
Тым болмаса, кеш болып, көз байлансын.
Жігіт:
—Үйірі көкаланың көлге айналсын,
Анауың мен мынауың түнге айналсын.
Рас болса бұл сөзің, жан құдаша,
Аяғы бұл сөзіңнің күзге айналсын.
Қыз:
—Басынан Жосалының жоса алмадым,
Өлеңге атыңды атап қоса алмадым.
ғұрыптық фольклор
Айтқаның рас болса, жан құдеке,
Есітіп сөзіңізді бусанғаным.
Жігіт:
—Басынан Жосалының жоса алмадым,
Сөзіңді сенің естіп бусанғаным.
Егерде айтқан сөзің рас болса,
Осы ғой атымды атап қоса алғаның.
Қыз:
—Ұшады көк ала үйрек көл дегенде,
Сілекей сірне татыр шөлдегенде.
Болса рас мына сөзің, беу, құдеке,
Ұшарға қанатым жоқ сен дегенде.
Жігіт:
—Ұшады аққу көлден ұзай алмай,
Айрылдым мен қалқадан Құдай алмай.
Күйігің әзер болса үш-ақ күндік,
Үш күннен соң шай іштім шыдай алмай.
12. Жігіт пен қыз
Жігіт:
—Қайтейін сары желді, сары желді,
Жанайды сақа бойдақ көшкен елді.
Басыңды салбыратпай, көтеріп ал,
Сіресе екі қоржын дәрі келді.
Қыз:
—Сен айтсаң, мен де айтайын сары желді,
Жанайды сақа бойдақ көшкен елді.
Сірескен екі қоржын дәрің болса,
Әкеңнің екі қызы неғып өлді?
13. Қыз бен жігіт
(Есімбек жырық пен үш қыздың айтысқаны)
Жігіт:
—Далада тана баққан үшкене қыз,
Екеуі үлкен, біреуі кішкене қыз.
үйлену ғұрып фольклоры
Үйіне кіші қыздың мейман болып,
Аулына үлкен қыздың түстенеміз.
Қыз:
—Далада тана баққан үшкенеміз,
Екеуі үлкен, біреуі—кішкенеміз.
Қонақты мезгілі бар күтіп алып,
Мезгілі жоқ қонақтан сескенеміз.
Жігіт:
—Көрінер мұнан былай тау мен тасы,
Жігіттің құр болмайды айыл басы.
Жігітке қонағасы табылмай ма,
Өзіңдей іздегенім қыздың қасы.
Қыз:
—Көрінер мұнан былай тау мен тасы,
Жігіттің қор болмайды әділ басы.
Есеке-ау, әзіліңе жарамаймыз,
Білмейді қонақ жайын қыздың жасы.
Жігіт:
—Ендеше әкең тұйық, шешең қиық.
Алмаймын ақ етіңді сүйек жиып.
Ақылы әкекеңнің қайда кеткен,
Қоссаңшы екі ашықты неке қиып.
Қыз:
—Болғанда әкем тұйық, шешем қиық.
Алмайсың ақ етімді сүйек жиып.
Әкекем Құдай айдап қоса қалса,
Есеке-ау, мен қайтейін, ернің жырық.
Жігіт:
—Бетіме оның несін қылдың салық,
Жүргенде жаумен соғысып балта тиген.
Қыз:
—Көп жылқы көкалалы жусап тұр ғой,
Қолына мініскердің ұқсап тұр ғой.
ғұрыптық фольклор
Есеке-ау, оның несін қылдың намыс,
Іштен туған жырыққа ұқсап тұр ғой.
Жігіт:
—Қолымда бір қамшым бар айбалтадай,
Жауға шап, батыр болсаң, Наймантайдай.
Біреудің келмей жатып, мінін айттың,
Қызы едің әлдекімнің тай-байталдай?
Қыз:
—Кедейді кедей демей, бай дей ме екен,
Үйінен бай кедейдің май жей ме екен?
Біреудің патша қызын байтал дейсің,
Сасқан соң сорлы жырық сөй дей ме екен?
Жігіт:
—Ендеше, бұ да шалар, бұ да шалар,
Жігіттің түнде жүрген жолы ашылар.
Біздерден кер құнажын шығып кетті,
Көрдің бе ондай кеше, құдашалар?
Қыз:
—Ендеше, ала шалар, ала шалар,
Жігіттің түнде жүрген жолы ашылар.
Біздерден жырық бұқа шығып кетті,
Көрдің бе ондай бұқа, жолаушылар?
14. Қыз бен жігіт айтысы
Жігіт:
—Сары маңыз, Сары маңыз,
Сабын ұрса сарғайып қалар аңыз.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Көргенім, көріскенім, арымаңыз.
Қыз:
—«Арма?» деген адамға бар бол» деймін,
«Есенбісің?» дегенге «шүкір» деймін.
Есеншілік біздерден сұрасаңыз,
Құдайдың қармайында жүрміз деймін.
үйлену ғұрып фольклоры
Жігіт:
—Ұста темір соғады көрігімен,
Сарттың қызы ойнайды өрігімен.
Еліңнің үлкен-кіші, жалпы аман ба,
Есен-аман жүрмісің серігіңмен?
Қыз:
—Аяғыма кигенім мәсі, кебіс,
Ат шапқанда ауылымның бәрі тегіс.
Біздерден аманшылық сұрасаңыз,
Есен-сау кәрі-жасы бәрі тегіс.
Жігіт:
—Әкең алдап сатыпты арық атын,
Жеген адам етінен жалығатын.
Кездігі бар кемпірлер кесіп жейді,
Кездігі жоқ кемпірлер зар илейді.
Қыз:
—Әкем алдап сатыпты арық атын,
Етіне жеген адам жалығатын.
Арық пенен семізді ажыратпай,
Еліңнің мына тұрған бәрі қатын.
Жігіт:
—Ескі арықтан су ағар, ылайланып,
Кембағалға мал бітер жыл айналып.
Сен бір жүрген алдымда ұшқан қарға,
Қаршыға боп қуамын көп айланып.
Қыз:
—Қара сиыр желіні қасық қана,
Көкірегің отыр ма тасып қана.
Тасымасын жүрегің, болсын төмен,
Жүрегіңді қоярмын басып қана.
Жігіт:
—Дарияның ортасында борық тұрған,
Борықты қара балық сорып тұрған.
Өзіңмен айтыспаққа құмар едім,
Құдайдан айналайын жолықтырған.
ғұрыптық фольклор
Қыз:
—Өлеңді айт дегенде іркілмеймін,
Ақ бөкеннің жүніндей үлпілдеймін.
Айтысуға менімен құмар болсаң,
Алдыңда желмей, жортпай, бүлкілдеймін.
15. Қыз бен жігіт айтысы
Қыз:
—Жүк арттым ақ тайлаққа қатар-қатар,
Шудасы шөгіп жатса жанға батар.
Бар еді бір жұмбағым оны тапшы,
Дария ағып жатқан қашан қатар?
Жігіт:
—Жүк арттым ақ тайлаққа қатар-қатар,
Шудасы шөгіп жатса, жанға батар.
Шешуін жұмбағыңның мен айтайын,
Айдында шілде тоқсан дария қатар.
Қыз:
—Айтайын, айт дегенде, әуел айдан,
Бергей де бір Құдайым пірім жайдан.
Бар еді бір жұмбағым тағы айтайын,
Жаратқан Пайғамбардың нұрын қайдан?
Жігіт:
—Риза ай бір Алладан пайда болған,
Пайғамбар қазынасы нұрға толған.
Қабдолла бес тарапқа нұрын төгіп,
Нұрынан бір Құдайдың пайда болған.
Сонда қыз жауабын бермей, біраз тұрып қалғанға ұқсайды.
Сонда жігіт:
—Сексеуіл құмға біткен өсе алмайды,
Зиянқор бір Құдайды еске алмайды.
О дүние бұ дүниеден жақсы дейді,
Барайық бәріміз де жан қалмайды.
үйлену ғұрып фольклоры
Сонда қыз жігіттің руының қожа екенін біліп:
—Өлең деп өлең шіркін өтер еді,
Көңілді өлең шіркін көтереді.
О дүние бұ дүниеден жақсы болса,
Ешкімге айтпай қожалар кетер еді,—деген екен.
16. Қыз бен жігіт айтысы
Жігіт:
—Көше-көше ауылым, көше болар,
Ойынсыз, күлкісіз ел мешел болар.
Ақын болсаң, сөзіме жауап берші,
Тоқсан иттің емшегі нешеу болар?
Қыз:
—Айт десеңіз айтайын бұған, билер,
Ат жүйрігін біледі қуған билер.
Емшегі тоқсан иттің нешеу болар,
Қолына шелек алып сауған білер.
17. Қыз бен жігіттің жұмбақ өлеңі
Қыз:
—Ал, жігітім, жігітім,
Мен де бір жұмбақ айтайын.
Ақылыңның аз-кемін
Жұмбақпенен байқайын.
Қараң-қараң қарайған
Қара төбе болады.
Қара төбе астында
Жиған қамыс болады.
Жиған қамыс астында
Жылтырауық болады.
Жылтырауық астында
Пышылдауық болады.
Пышылдауық астында
Шошаңдауық болады.
Сендей ақылпаздарға
Мұндай бір оңай жұмбақты
Қашан да бір тауып болады.
ғұрыптық фольклор
Бұл жұмбақтың шешуін жігіт таба алмайды. Жұмбақтың
шешуін қыздың өзі айтады:
—Ал, жігітім, жігітім,
Қанша тапқыр болсаң да,
Шеше алмадың жұмбақты.
Ақылың аздау көрінді,
Тар болған-ау бесігің.
Оп-оңай-ақ жұмбақтың
Таба алмадың шешімін.
Қара төбе дегенім,
Бас дегенім емес пе!
Жиған қамыс дегенім,
Қас дегенім емес пе!
Жылтырауық дегенім,
Көз дегенім емес пе!
Пышылдауық дегенім,
Мұрын дегенім емес пе!
Шошаңдауық дегенім,
Шошаңдаған иегің!
Оп-оңай осы жұмбақты,
Таппағанға күйемін!
18. Қыз бен жігіттің жұмбақ өлеңі
Қыздың жұмбағы:
—Әуелде біреу жалғыз, екеу егіз,
Көзде жоқ, көкіректе нәрсе сегіз.
Әр жерде әрқайсының біреуі бар,
Бір нәрсе сырты арық, іші семіз.
Жігіттің шешуі:
—Дегенің біреу жалғыз Жаппар Құдай,
Екеу егіз дегенің күн менен ай.
Көзде жоқ көкіректе болса нәрсе,
Болмасын хақ шариғат күн менен ай.
Дегенің сырты арық, іші семіз,
Болмасын сегіз пейіш, жәннат сарай.
Қыздың жұмбағы:
—Намазды ерте оқисың, кеш оқисың,
Бір күндері болғанда бес оқисың.
үйлену ғұрып фольклоры
Көсілген көмекейің ақын болсаң,
Намазды он екі айда неше оқисың?
Жігіттің шешуі:
—Келмейді былтырғыдай биылғы қыс,
Уәзипа, жеңе алмайсың, күдеріңді үз.
Бейақыл, сен білмесең, мен айтайын,
Оқимын он екі айда мың сегіз жүз.
19. Қыз бен жігіттің айтысы
(Қыздар-ай әнімен айтылады)
Жігіт:
—Жымың-жымың етесің,
Сылаң қағып өтесің.
Жастық үлес есесіне
Құлпырып гүлдей өсесің.
Ой, қыздар-ай, ой, қыздар-ай!
Қыз:
—Жастық сезім серпілісі,
Қыз-жігітке болмай ма?
Бәйшешектей желпінісі,
Ләззат тыныс алмай ма?
Ой, құрбым-ай, жігіт-ай.
Жігіт:
—Жүрісіңде, күлісіңде
Ой шалқытар сезім бар.
Жүрегімнің желісінде
Құпия айтар сөзім бар.
Ой, қыздар-ай, ой, қыздар-ай!
Қыз:
—Жүрек сырын, көңіл күйін,
Көрінгенге бөлемес.
Тарту еткен өмір сыйын
Ешбір нәрсе бөгемес.
Ой, құрбым-ай, ой, жігіт-ай!
ғұрыптық фольклор
Жігіт:
—Табиғатқа сән беретін
Еркесісің өмірдің.
Жүрегіме ән беретін
Ұйытқысысың көңілдің.
Ой, қыздар-ай, ой, қыздар-ай!
Қыз:
—Сауық-сайран думанынсыз
Тіршілікте мән бар ма?
Қыз болмаса, сән болмаса,
Айтылатын ән бар ма?
Ой, құрбым-ай, ой, жігіт-ай!
Жігіт:
—Қиялыма шабыт берер
Қырдың қызы қырмызы.
Айдарынан жалт берер
Жарқыраған жұлдызы.
Ой қыздар-ай, ой қыздар-ай!
Қыз:
—Қылаң атпен жортуылдар
Қыр жігіті қырағы.
Дидарласар шартымыз бар
Жан ләззат шырағы.
Ой, құрбым-ай, ой, жігіт-ай!
Жігіт:
—Жүрегіміз әмір етсе,
Орындаймыз әмірді.
Өмір сыйы серуендетсе,
Жастық дәурен көңілді.
Қыз бен жігіт:
—Қол ұстасып, дуылдасып,
Ән қосайық әлемге.
Мән берейік, сән берейік,
Өмір менен өлеңге.
үйлену ғұрып фольклоры 20. Қыз бен жігіт
Қыз:
—Сең жігіт, сең-сең жігіт, сең-сең жігіт,
Сонда жігіт боласың жеңсең жігіт.
Қаңғып келіп елімде қайыр тілеп,
Құныңды кім береді өлсең, жігіт?
Жігіт:
—Сең қыздар, сең-сең қыздар, сең-сең қыздар,
Сең-сең тонды беремін жеңсең, қыздар.
Қараңғыда найзаға қарсы шауып,
Құныңды кім береді өлсең, қыздар?
21. Жігіт пен қыз
Жігіт:
—Айтайын, айт дегенде, той қылған қыз,
Тойына семіз бие сойғызған қыз.
Той қылып ұзатылу үлкен қызық,
Үйінен кетемін деп ой қылған қыз.
Қыз:
—Замандас сөз таба алмай сасайын ба,
Жолынан бұрынғының асайын ба.
Әдеті бұрынғының болғаннан соң,
Жапанға елден шығып қашайын ба?!
Жігіт:
—Өлеңге жас күнімнен қойдым қадам,
Ұмытар ескі досын кейбір адам.
Сөзім бар айтатұғын оңашада,
Қасында болмағанда бөтен адам.
Қыз:
—Өлеңге мен де өзіңдей құрдым дүкен,
Қой іздеп бөрі жортар бүкең-бүкең.
Ойыңда сөзің болса оңаша айтар,
Түйе боп түнде келіп үйге сүйкен.
ғұрыптық фольклор
Жігіт:
—Мініп ап торышама желемін де,
Төрт бөліп түн ұйқымды келемін де.
Бол десең түйе түгіл, бота болып,
Тұсыңа түнде боздап келемін де!
22. Жігіт пен қыз
Жігіт:
—Шыны кесе, ендеше, шыны кесе,
Береді ел тілеуін Құдай десе.
Өзіңді Құдай айдап кез келгенде,
Айта көр өлеңіңді жөні келсе.
Қыз:
—Отырдың жаңа келіп тұсымызға,
Алдырдың неше қоян құсыңызға?
Өлеңге еш жарымай жүргенімде,
Айтысуға кез болды осы мырза.
Жігіт:
—Қаракемер, ау, жаным, Қаракемер,
Айналып қара інгенді тайлақ емер.
Құдайым бірме-бірге кез келтірді,
Мінәйім жібектен де өлең жібер.
Қыз:
—Ақын Сартбай замандас, ақын Сартбай,
Өлеңді ал жібердім басын тартпай.
Қас дұшпаның кемітер, сені жігіт,
Ажарың бар қызарып жанған нарттай.
Жігіт:
—Сені көріп ішіме түсті ғой дерт,
Сүтке салған меруерт тарыдай бөрт.
Көзім көріп қошамет неге айтпаймын,
Талпынған бала құстай сертіңе жет.
Қыз:
—Немене өлең деген білген құлға,
Кім берер ақ теңгесін қара пұлға.
үйлену ғұрып фольклоры
Ақтаған ана сүтін адал ұлға
Төрт бұрышына дүниенің болар тұлға.
Жігіт:
—Кейбір жұлдыз әуеде ай секілді,
Кей жаман бас білмеген тай секілді.
Келген жерден өлеңді қоя беріп,
Баласы жақсы ауылдың қой секілді.
Қыз:
—Орман алды ауылға қыстау берген,
Шашымды он екіден ұстап өрген.
Келген жерден өлеңді қоя беріп,
Баласымын жақсы ауылдың нұсқа көрген.
Жігіт:
—Айды қара, ендеше, айды қара,
Көрейін шырайыңды, айға қара.
Сізге деген сөлкебай үйде қапты,
Келгенше базаршылар жайға қара.
Қыз:
—Меңдей болып, замандас, меңдей болып,
Жатады кескен терек жеңдей болып.
Дәм айдап осындайда кез келгенде,
Жүрейік те екеуіміз теңдей болып.
Жігіт:
—Көк ала үйрек ұшады көл дегенде,
Сілекей сірне татыр шөлдегенде.
Сен қайдасың, жан сәулем, мен дегенде,
Менде жоқ ұшар қанат сен дегенде.
Қыз:
—Мұрақ деймін, жан сәулем, мұрақ деймін,
Жарасар көрпелерге құрақ деймін.
Осындай бірме-бірге кез келгенде,
Айта көр өлеңіңді, шырақ, деймін.
Жігіт:
—Сырлы қасық, ендеше, сырлы қасық,
Қапияда сындырдым сабын басып.
23-169
ғұрыптық фольклор
Екеуіміз ойнап-күлсек жарасады,
Төстен қашқан түлкідей бір-бір басып.
Жоғары біздің ауыл құм болады,
Етегім жаяу жүрсем дым болады.
Осындай сәті түсіп кез келгенде,
Сұрасам аты-жөнің кім болады?
Қыз:
—Сақыр-сақыр қайнайды сайдың тасы,
Танисың ба мен кімнің қарындасы?
Танымасаң, сізді мен танытайын,
Аты шыққан елімнің жас баласы.
Жігіт:
—Әриялар, замандас, әриялар,
Үлгілі сөз айтады қариялар.
Жетем саған, қалқатай, арымай-талмай,
Кездессе де алдымда дариялар.
Қыз:
—Тауға біткен тобылғы шынары едім,
Түбінен басын тартса, сынар едім.
Дәм айдап сені маған кез келтірді,
Айтыспаққа өзіңмен құмар едім.
Жігіт:
—Асыл қалша, замандас, асыл қалша,
Ақ таудан жылқы айдадым асырғанша.
Оралыңның барында ойна да күл,
Ақ жүзіңді қара жер жасырғанша.
Қыз:
—Ақ қалады, ендеше, ақ қалады,
Аттың басқан жерінде дақ қалады.
Қызығыңның барында қиялай бас,
Өлгеннен соң саудырап жақ қалады.
Жігіт:
—Таудың елі жайлап жүр тайпағына,
Құндыз ұстап киемін байпағыма.
үйлену ғұрып фольклоры Сырлас болып бірге өскен, ой, сәулем-ай, Не сөз айтып отырмын, байқадың ба? Қыз: —Мая кетті, ендеше, мая кетті, Артқы аяғы маяның тая кетті. Сырлас болып бірге өскен, ай, жан сәулем, Саған айтқан өлеңім зая кетті. Жігіт: —Көгілдірік, ендеше, көгілдірік, Көк дөненге жарасар өмілдірік. Осындай бірме-бірге кез келгенде, Айта көр өлеңіңді төгілдіріп. Қыз: —Арғымақ ат шұлғиды ақырдағы, Диірменнің тек тұрмайды шақылдағы. «Заманың түлкі болса, тазы боп шал», Бұл сөзім менің айтқан мақұлдағы. Жігіт: —Бұлғар айна, жан сәулем, бұлғар айна, Жаманға құралмайды тапқан пайда. Білек бірге, жан сәулем, бармақ басқа, Айқасып құлын-тайдай жүрмек қайда? * * * Жігіт: —Айтысайын деп пе едің меніменен, Менің хошым келмейді сеніменен. Менің хошым келгенде сеніменен, Қағып кетіп жығармын жеңімменен. Қызыл құлып, ендеше, қызыл құлып, Екі бетің қып-қызыл, көзің тұнық. Құдай айдап осындай кез келгенде, Айта көр өлеңіңді қызық қылып. Қыз: —Асыл қайрақ, замандас, асыл қайрақ, Бау ағашта тұрады бұлбұл сайрап. 23.
ғұрыптық фольклор
Құдай айдап осындай кез келгенде,
Өлеңіңді айта гөр, тәуір сайлап.
Жігіт:
—Ташкен кетіп баратын қосын арба,
Жолдан шығып қонады бос араға.
Кішкентайдан бірге өскен, ей, замандас,
Айта гөр өлеңіңді осы арада.
Қыз:
—Өлеңіңді айт, ендеше, өлеңіңді айт,
Өлеңіңді айтпасаң, аулыңа қайт.
Қайт дегенде, қайқайып қайта берме,
Өлеңіңнің түбіне бір барып қайт.
Жігіт:
—Аққу көлден ұшады қаңқылдаған,
Әдемі балақ жүні жалпылдаған.
Томағасын сыпырған тұрымтайдай,
Көзіңнен жар айналсын жарқылдаған.
Қыз:
—Сұр бет деймін, ендеше, сұр бет деймін,
Бір бетіңнен бір бетің кір бет деймін.
Өлеңіңді айтар болсаң, жөнімен айт,
Тұсымнан міңгірлемей, тұр, кет деймін.
Жігіт:
—Шымырбайды, ендеше, Шымырбайды,
Ойнайды бала кесіп жыңғыл талды.
Кішкентайдан бірге өскен, әй, замандас,
Кім білер, сіз білмесең, біздің жайды.
Қыз:
—Ақсай басып келеді торы құнан,
Мойнында торы құнан тоғыз тұмар.
Құдай айдап осындай кез келгенде,
Айтыспаққа өзіңмен болдым құмар.
Құмған болып, ендеше, құмған болып,
Кімді алдайсың, көзіңді жұмған болып.
үйлену ғұрып фольклоры Сыйласқандай сый елдің баласы едің, Жүрейік бәріміз де туған болып. Ағаларым, ендеше, ағаларым, Қайырған ақ жібекпен жағаларым. Бір де келіп тойды бір бастағам жоқ, Жаңылдырма тілімді, бабаларым. Жігіт: —Айқайласам, ақ киік тау асады, Қатыны егіншінің бау басады. Жамандармен ойнасаң, дауласады, Жақсылармен ойнасаң, жарасады. Қыз: —Аулым көшіп барады Қоңыраулыға, Ши әдемі көрінер орауында. Кәріп жолы қайсы деп жүргенімде, Тілегім, кез келтірме сұраулыға. Тақияма таққаным тал-тал моншақ, Жарасар кер биеге кер құлыншақ. Кер құлыншақ ойнайды «ат болдым» деп, Ұзатқан қыз жылайды «жат болдым» деп. Жігіт: —Сары беткей, ендеше, сары беткей, Жатады саздау жердің қары кетпей. Қызылыңның барында қиялай бас, Бетіңнің алақандай қаны кетпей. Қыз: —Бір базары Ташкеннің—алма базар, Алма сатып отырған Алданазар. Жаманменен ойнасаң, көңіл азар, Жақсыменен ойнасаң, күнде базар. * * * Жігіт: —Атыңды шешең сүйіп қойған Еркін, Той болса, түзетесің кәмшат бөркің. Бұлаңдап ұжмақтың хор қызындай, Бітпеген еш пендеге сенің көркің. 24.
ғұрыптық фольклор
Қыз:
—Атымды шешем сүйіп қойған Еркін,
Той болса, түзетемін кәмшат бөркім.
Сипатымды келе сала баяндадың,
Есіңді аударды ма менің көркім?
Жігіт:
—Атыңды шешең сүйіп қойған Еркін,
Той болса, түзетесің кәмшат бөркің.
Жайлаудай көктемдегі көріктім-ай,
Ен жайлап, төскейіңде жүрсем еркін.
Қыз:
—Атымды шешем сүйіп қойған Еркін,
Той болса, түзетемін кәмшат бөркім.
Қолыңда еркің болса мені алғандай,
Неше жүз үйіңде бар сенің жылқың?
Жігіт:
—Атыңды шешең сүйіп қойған Еркін,
Той болса, түзетесің кәмшат бөркің.
«Ер күші тау аударар» деген бар ғой,
Алармын, болмаса да жалғыз жылқым.
Қыз:
—Атымды шешем сүйіп қойған Еркін,
Той болса, түзетемін кәмшат бөркім.
Қайраты кеуде жарған сен ер емес,
Маңыма жоламайтын сендей шіркін!
Жігіт:
—Атыңды шешең сүйіп қойған Еркін,
Той болса, түзетесің кәмшат бөркің.
Ерегіс екі талай болған жерде
Қыздарға сендей-сендей бар дүр еркім.
Қыз:
—Атымды шешем сүйіп қойған Еркін,
Той болса, түзетемін кәмшат бөркім.
Талаймен бізден бұрын айтысыпсың,
Үйіңе тізіп қойдың неше көркін?
үйлену ғұрып фольклоры Жігіт: —Атыңды шешең сүйіп қойған Еркін, Той болса, түзетесің кәмшат бөркің. Көргеннің бәрін үйіме тізбесем де, Өткенмін көп көркемге болып еркін. Менімен қол ұстасып сен айтыссаң, Боларсың соның бірі сен де көркем. * * * Қыз: —Сарманымды, ендеше, сарманымды, Сасықкөлге қамаймын бар малымды. Бірге өскен кішкентайдан, ай-ау, бала, Отырмын саған айтып арманымды. Жігіт: —Шешем тойға жіберді сайландырып, Беліме жібек арқан байландырып. Күллі сендей қыздарды жинап алып, Бір басыңнан жіберсем айналдырып. Қыз: —Әдемісің, сұлусың, мақтадайсың, Жақсы болсаң, қалқам-ау, дақ салмайсың. Көзім көріп, жаным-ау, мен айтпаймын, Алдыңда барлық жұртың датқадайсың. Жігіт: —Тесіп алып, ендеше, тесіп алып, Жыңғылдан жай қыламын кесіп алып. Кішкентайдан бірге өскен, әй, құдаша, Жүре гөр бұл құрбыңды есіңе алып. Қыз: —Ау, жаным, көк бұлдырған, көк бұлдырған, Жолаушы жолдан шығып ат шалдырған. Артыңа «әй, ау» десем қарамайсың, Көңіліңді қарамастай кім қалдырған? Жігіт: —Арқаның көріп пе едің мерген сайын? Шашың сұлу көрінер өрген сайын. 25.
ғұрыптық фольклор
Бірге өскен осындайда, ай, құдаша,
Төбеңді қуанамын көрген сайын.
Қыз:
—Құдай-ау, айналайын, несібе бер,
Күлгенді, ойнағанды кешіре гөр.
Күлгенді, ойнағанды кешірмесең,
Су құйып, тозақ отын өшіре бер.
26. Жігіт пен қыздың айтысы
Қыз:
—Құдықтан қой суардым құлап тұрып,
Ойнадым қызыл шарқат лақтырып.
Есіме сен түскенде, беу, қарағым,
Жібердім сәлемдеме жылап тұрып.
Жігіт:
—Ішпеймін құдық суын бұлақ тұрып,
Мінбеймін басқа атымды құла ат тұрып.
Есіме сен түскенде, беу, қарағым,
Жібердім базарлықты жылап тұрып.
27. Жігіт пен қыз
Жігіт:
—Егін айдап жүрген қыз,
Бетің қалай құбаша.
Көңілім кетті, берілдім,
Сүйдім сені, құдаша.
Қыз:
—Сүйерсің, сүйсе құдаша,
Құдашаң саған құласа.
Мен—бір жұлдыз замандас,
Қолға түспес сұраса.
Жігіт:
—Қымбаттама, құрбылас,
Қызықтан безіп жым-жылас.
Қасынысып құлындай,
Деген қайда шымшылас.
үйлену ғұрып фольклоры
Қыз:
—Қымбат құрбым, бәрі рас,
Албырт көңіл асау, мас.
Бұл турада жұмбақ бар,
Соны ойлайды кейбір жас.
Жігіт:
—Жұмбағыңыз жұмыс па,
Бұл сылтауың дұрыс па?
Жұмыс түгіл, жақсы қыз,
Қарай ма екен туысқа?
Қыз:
—Екеуіміз де бүлдірген,
Бізді кім ед күлдірген.
Шаруаны түзейік
Жау кешегі бүлдірген.
Жігіт:
—Жастықтың жолы тамаша,
Кездесіп қалай оңаша.
Махаббаттың тиді оғы,
Қолыңды бер, құдаша.
Қыз:
—Сонау қашан бітер деп,
Егістік көзім жотада.
Қолыңызды алмаймын,
Бос емес қолым, соқада.
28. Жұмбақпен жігіт қызға айтқаны
Жігіт:
—Тағы да мен отырмын жұмбақ ойлап,
Дүлдүлді сахараға қойдым байлап.
Басында бұлбұл отыр үйдің сайрап,
Бір гауһар қойнында тұрар жайнап.
Дарияның құрағы бәрі тулап,
Жел тисе, жанып кетер өрттей қаулап.
Болсаң да шын білгіш, бір сасарсың,
Тауып бер жұмбағымды бәрін ойлап.
ғұрыптық фольклор
Қыз:
—Болғанда ақыл—дария, кеудең—дүлдүл,
Басыңда сайрап тұрған тілің—бұлбұл.
Қойнынан шыққан гауһар—екі көздер,
Соққан жел—дауылдатып айтқан сөздер.
Дарияның жаны кеткен құрақтары
Адамнан қайта шыққан ашуы дер.
Бәрі де адамзаттың денесі екен,
Таптым ба жұмбағыңды?Өзің білдір.
Жігіт:
—Он екі көлді жайлар отыз үйрек,
Екі аққу бір шетінде жүрер бөлек.
Ішінде қырық сегіз ұясы бар,
Өзіңе қиын болар мұны білмек.
Қыз:
—Он екі ай отыз екі оразасы,
Қырық сегіз—он екі айдың бар жұмғасы,
Мәнісі сауал сөздің болады осы.
Жігіт:
—Айбаты айдарһардай арыстаным,
Өлеңге, сірә, менен қалыспадың.
Атасыз төрт нәрсені жаратыпты,
Тауып бер, мұны білсең, данышпаным!
Қыз:
—Мұсаға әуел бастан аса келген,
Құрбаннан Исмағұлды азат қылған.
Ибраһим пайғамбарға қошқар берген,
Салих пайғамбардың түйесімен,
Сүлеймен пайғамбарға жүзік берген.
Жігіт:
—Бір жайық тынбай жүрер дөп-дөңгелек,
Ұясы үш жүз алпыс болса керек.
Тағы да торға толған асыл шөлмек,
Мағынасы алмағайып Хақтан білмек.
Аспаннан алты арыстан ақырады,
Түрленіп миуаланар алты терек.
үйлену ғұрып фольклоры
Соларды жапырағымен гүлдендіріп,
Ғаламға он сегіз мың пайда бермек.
Жанады бір сарайда сансыз панар,
Пендеге хисап емес санап білмек.
Айдаһар Қаф тауынан ақырғанда,
Үйіне құмырсқаның бәрі келмек.
Сөзімді мен сөйледім тойдым-тойдым,
Пендеге қымбат болар мұны білмек.
Тауып бер жұмбағымды бәрін ойлап,
Шешенсің сен бір жүйрік, ақылы зерек.
Қыз:
—Күн мен ай тынбай жүрген аспандағы,
Ажалдан құтылмайсың қашсаң дағы.
Есіңе түсірейін, тамаша қыл,
Сол күннің үш жүз алпыс кірер орны.
Жұмыртқа жиырма төрт сағаттарың,
Күн мен түн, ақ пен қара қанаттарың.
Аспаннан алты арыстан ақырғаны—
Қар жауып қарға қайтып, қыс болғаны.
Әр нәрсе жаз болғанда мәз болғаны—
Миуа мен терек жанның бәрінде бары.
Аспанның жеті қат көк сарайлары—
Ішінде сансыз панар жұлдыздары.
Айдаһар Қаф тауынан ақырғаны,
Махшар күні Исрафил сүрең ұрса,
Қайтады құмырсқадай жанның бәрі.
Мәнісі үшбу сөздің бола ма осы,
Айта бер, бар болса жұмбақ әлі.
29. Жігіттер мен қыздардың жұмбақ айтысы
Баяғы заманда бір сұлу қызды алам деп жігіт келсе, қыз:—
Мен жұмбақ айтам, соны тапқан жігітке тием,—депті.
—Жақсы, айтыңыз жұмбағыңызды,—дейді сонда жігіт.
Қыз жұмбақ айтады:
—Балқан тау да, балқан тау,
Басына шыққан кім екен?
Жолда тұрған жоңышқа,
ғұрыптық фольклор
Ат семірткен кім екен?
Жез бұйдалы нар тайлақ,
Оны көрген бар ма екен?
Желдеп кеткен жеті атан,
Оны көрген бар ма екен?
Қайта шөккен қарт бура,
Оны көрген бар ма екен?
Егіз қозы сүйексіз,
Оны көрген бар ма екен?
Айдалада желі арқан,
Оны көрген бар ма екен?
Жай, жай кілем, жай кілем,
Оны көрген бар ма екен?
Түр, түр кілем, түр кілем,
Оны көрген бар ма екен?
«Жұмбағыңыз онша қиын емес екен»,—деп жігіт шешуін
айтады:
—Балқан тау да балқан тау—
Басына шыққан базаршы.
Жолда тұрған жоңышқа—
Ат семірткен жолаушы.
Жез бұйдалы нар тайлақ,
Бикешіңіз болмаса.
Желдеп кеткен жеті атан,
Жеті ағаңыз болмаса.
Қайта шөккен қарт бура,
Қайын атаңыз болмаса.
Егіз қозы сүйексіз,
Екі емшегің болмаса.
Айдалада желі арқан,
Түлкі бақыр болмаса.
Айдалада қу қазық,
Қаламыңыз болмаса.
Жай, жай кілем, жай кілем,
Жазылып жатқан жер болар.
Түр, түр кілем, түр кілем,
Түріліп шыққан күн болар.
—Таптым ба, тәлім қыз, енді не амалың бар?—дейді жігіт.
үйлену ғұрып фольклоры
—Таптың, жігітім, мен жеңілдім, енді сіз айтыңыз,—дейді
қыз.
Жігіттің жұмбағы:
—Тағы да отырмын мен жұмбақ ойлап,
Дүлдүлді сахараға қойдым байлап.
Басында бұлбұл отыр үйдің сайрап,
Бір гауһар қойнында тұрар жайнап.
Дарияның жағасында құрағы бар,
Жел тисе, жанып кетер өрттей қаулап.
Азар білгіш болсаң да, бір сасарсың,
Тауып бер жұмбағымның бәрін ойлап.
Қыздың шешуі:
—Болғанда ақыл—дария, кеудең—дүлдүл,
Басыңда сайрап тұрған тілің—бұлбұл.
Қойныңнан шыққан гауһар екі көзің—
Соққан жел дауылдатып айтқан сөзің.
Дарияның жанып кеткен құрақтары—
Адамның қатты шыққан ашуы дүр.
Бәрі де адамзаттың денесі екен,
Таптым ба жұмбағыңды, енді білдір.
Жігіттің жұмбағы:
—Бір жайық тынбай жүрер дөп-дөңгелек,
Ұясы үш жүз алпыс болса керек.
Тағы да торға толған асыл шөлмек,
Мәнісін ғылым ғана тауып білмек.
Аспаннан алты арыстан ақырады,
Гүлденіп миуаланар алты терек.
Соларды жапырағымен гүлдендіріп,
Ғаламға он сегіз мың пайда бермек.
Жанады бір сарайда сансыз панар,
Пендеге қисап емес санап білмек.
Айдаһар Қап тауынан ақырғанда,
Ұяға құмырсқаның бәрі келмек.
Сөзімді мен сөйледім түйдек-түйдек,
Пендеге қымбат болар мұны білмек.
Тауып бер жұмбағымды бәрін ойлап,
Шешенсің сен бір жүйрік, ақылың зерек.
ғұрыптық фольклор
Қыздың шешуі:
—Ай мен күн тынбай жүрген аспандағы,
Ажалдан құтылмассың қашсаң дағы.
Ісіне жаратылыс тамаша қыл,
Сол күннің үш жүз алпыс кірер орны.
Жұмыртқа жиырма төрт сағаттарын,
Күн мен түн көрсетеді қанаттарын.
Аспаннан алты арыстан ақырғаны—
Қар жауып қарлы боран қыс болғаны.
Гүлденсе миуаланып алты Терек—
Аспанда торғай шарлап жаз болғаны.
Аспанның жеті қараңғы сарайлары—
Ішінде сансыз фонарь жұлдыздары.
Мәнісі осы сөздің болмас па осы,
Таптым ба жұмбағымды, төрем, кәні!
Жігіттің жұмбағы:
—Он екі көлді жайлар отыз үйрек,
Екі аққу бір шетінде жүрер бөлек.
Ішінде қырық сегіз ұясы бар,
Өзіңе қиын болар мұны білмек.
Қыздың шешуі:
—Он екі ай отыз екі оразасы,
Екі аққу бір шетінде күн сәулесі.
Қырық сегіз-он екі айдың жұмасыбар
Мәнісі сауал сөздің болады осы.
Жігіттің жұмбағы:
—Бір қайың зинаты бар жүзі аппақ,
Аузында екі ашпалы бар бір қақпақ.
Жанында аңдып тұрған әскері көп,
Ортада құрулы тұр бір алтын тақ.
Қыздың шешуі:
—Бір қайың көзіңіз ғой әппақ болған,
Терісі көзіңіздің қақпақ болған.
Кірпігің аңдып тұрған әскерің сол,
Мұрныңыз екі ортада тақыт тұрған.
Жігіттің жұмбағы:
—Жаратқан ерді сұлу маңдай екен,
Жарылмақ қарағанда қандай екен.
үйлену ғұрып фольклоры
Көсілген көмекейің ақын болсаң,
Сипаты жер мен көктің қандай екен?
Қыздың шешуі:
—Жарамас білген сөзді білмен деген,
Қор болмас келешектің қамын жеген.
Аузыңнан ірің аққан иісі сасық,
Жалмауыз қара шене кемпір екен.
Жігіттің жұмбағы:
—Бір үй бар жалғыз есік кірсе тоңбас,
Жиылып мың адам бірде толмас.
Сол үйдің ортасында жалғыз тіреу,
Тоңамын деп, сірә, ойламас.
Қыздың шешуі:
—Аспанда жарқыраған күн емес пе,
Болғанда қаңқа басы бір емес пе? 30. Қыз бен жігіт
Керей Шорман молданың баласы Арын ел аралап жүріп бір
үйге келеді. Сол үйде екі қыз болады, үкілі домбырасы бар екен.
Жігіттің үстінде қатқыл тоны бар екен. Қыз кіріп келіп жігітке
қараса, жігіт секіре бір отырады. Сонда қыздың біреуі қисайып
қалып айтады.
Қыз:
—Күн батса, қас қарайып түн болады,
Жүргеннің көбі мұндай сұм болады.
Қатқан тон ескіріп кигенің кім,
Сұрашы, аты-жөні кім болады?
Жігіт:
—Басыңды көтер, жатқан қыз,
Берейін жауап тебе-тез.
Екі ұдайда сөйлеген,
Ақын аруым келді кез.
Бір едік қой ақ сұңқар,
Асыл құстар бізге пар.
ғұрыптық фольклор
Сен тонымды жамандап,
Ісіме кірді кіріптар.
Осы тоннан шығады,
Дұшпаным қойдай ығады.
Әзіліме құмар боп,
Қыздар қолын бұлғады.
Сендей қызды көргенмін,
Сынамаққа келгемін.
Келген жерден сен бастап,
Шешін дегін білгемін.
Жүзіп жүрген үйрек-қаз,
Атып алған мергенмін.
Әзіл сөзге келгенде,
Қызды сендей жеңгенмін.
Қатқан тонды кигенмін,
Өз бойыма сенгенмін.
Талайдың тілін кескенмін,
Ерегеске намысқа бәйгеге түскенмін.
Беліме қамар байладым,
Бұлбұл болып сайрадым.
Қызып кетіп сөзіне,
Қылышымды қайрадым.
Төрде сұлап жатқан соң,
Ауру ма деп ойладым.
Шалкем шалсын сөз сөйлеп,
Жатқан қызым қоймадың.
Сіздей қызды көрмедім,
Сөзіңе қызып ерледім.
Біздей ерге сөз бастап,
Бекер босқа терледің.
Сипап қармап өтейін,
Ұқпағанға не дейін.
Замандасым, бір жолға
Сыйпай қызмет етейін.
үйлену ғұрып фольклоры
Қатты сөзге бармайын,
Жақсы сөзбен қармайын.
Зейінің болса, ұғарсың,
Сөзбен қармап шалмайын.
Тұйғын едім жез қанат,
Айдын көлден қу ілген.
Жақсылар сөйлеп кеткенде,
Жаман адам не білген.
Бізден бұрын сөйледің,
Амандыққа келмедің.
Жолдасыңа сөз бермей,
Екі қолың сермедің.
Мына тұрған заманда,
Терең ойлы қалам қас.
Бой ширатып қарасам,
Көрген адам болар мас.
Шіркін көңіл болған жас,
Сөйлемеске шын қоймас.
Бұлбұл мысал құбылып,
Дидарына жан тоймас.
Шешен қызға сөзім көп,
Жарысқа түскен тойқын кеп.
Байтал шауып бәйге алмас,
Ай, құрбым-ай, саған дүр.
Жақсы қыз сонда тұрады,
Әңгіме дүкен құрады.
«Баян қыл,—деп,—затыңды»,
Бізден дағы сұрады.
Ақын Арын бұл сөзге
Жауған қардай борады.
Бақтыбайдан тоғыз ұл
Бір атадан тарады.
Ең үлкені кент-ай,
Біздің ауыл болады.
24-169
ғұрыптық фольклор
Шорман молда баласы,
Өнер тапқан данасы.
Құлақ салып тыңдасаң,
Атым Арын болады.
Қыз қайта жауап бере алмай ұялып қалып, қой сойып күтіп,
сый беріп жөнелткен екен.
31. Қыз бен жігіт
Бір ауылдың сыртына қос тігіп сауда қылып жатқан сарт
саудагердің қосының алдына сол ауылдағы байдың бір тентек
қызы келеді. Саудагерлер сауда қылып жатып қыздың келгені
не жоғары шық деп қошаметтеуші болмаған соң, қостың алдын
да бақыр қайнатып отырған бақыршы жігітке келіп айтады.
Қыз:
—Байбатшаңа сиейін қосыңменен,
Бақырыңа сиейін мосыңменен.
Мен келгенде, жоғары шық демейсің,
Тап өзіңе сиейін осымменен—
деп қыз бұтын қағады.
Сонда бақыршы жігіт:
—Байбатшама симеші қосымменен,
Бақырыма симеші мосымменен.
Сиетұғын жеріңе сіңір тығып,
Түк шықпастай қылармын осымменен,—
деп жігіт өзі бұтын қағады. Қыз қанша тентек болғанымен ұя
лып, бетін басып, кетіп қалады. 32. [Жігіттің қызға айтқаны]
Жігіт:
—Аққуға жайдың тұзақ жағалауға,
Ойым бар әр нәрсені бағалауға.
Аспанда алыс тұрған бір жас едің,
Жаманның қолы жетпес қармалауға.
Сыланған гүл ішінде сіз бір тоты,
Байқаусыз түсіп қалма құрған ауға.
үйлену ғұрып фольклоры
—Аққудың жайдың тұзақ жайлауына,
Ой, қалқа, сөзің берші байлауына.
Әртүрлі сүлік мінез жігіт болар,
Солардың ерме, қалқам, қайрауына.
—Аққуым, жайдым тұзақ ұясына,
Әр істің көз саламын қиясына.
Бөктергі жем аңдыған көп арада,
Жолатпай, маңайыңнан қуасың ба?
Ақсұңқарлар затыңа болған ашық,
Басыңды жаман үшін қиясың ба?
—Аққуға жайдың тұзақ көл ішіне,
Ей, қалқа, еш мінің жоқ келісіңде.
Назымды шырға қылып айттым, қалқа,
Пайымдап сөз асылын білесің бе?
Ойынан ақсұңқардың еш кетпейсің,
Сертіңе өзің айтқан жетесің бе?
—Мен өзім шабандармен жарыспаймын,
Жаманға жөн білмейтін жабыспаймын.
Көңілді шын ақиқат берген болсаң,
Қал кетіп өле-өлгенше қалыспаймын.
Көп дұшпан аңдыса да қорықпай жүр,
Айналып мен келгенше торықпай жүр.
Шекер тіл, құмырсқа бел, қалқатайым,
Айтылған уәдеңде бекем боп тұр.
—Ей, қалқа, алуа шекер, тілің балдан,
Мақсатың қасыл болсын ойыңа алған.
Қайыптан ұшып келген жігіт—сұңқар,
Қыз деген қаздың еті балға малған.
Жан еркем, өзің айтқан бір сезім бар,
Сол боп тұр көңілімде ендігі арман.
Отырсақ бір орында ғажап емес,
Қосуға Хақ Тағала етсе пәрмен.
Сүзіліп екі көзің қарағанда,
Қалмайды еш сабырлық, менде дәрмен.
—Көз салсам бейне қордай бір баласың,
Жүргенде қылдан нәзік бұраласың.
ғұрыптық фольклор
Дос болсаң шын ақиқат Құдай қосқан,
Жауаптың көрсетіңіз бір қарасын.
—Кім жетер уәдеңе бауам бостан,
Кәміл боп ашық ықылас шықса достан.
Ынтызар жанды құрбан етуменен,
Шын мақұл жар болыңыз Құдай қосқан.
33. Қойшы мен қыз
Бір байдың көші келе жатса, қойшы жол үстінде қой
бағып тұрыпты. Көш алдында ойнап, тамашамен келе жатып,
қойшыны мазақ қып қыздың айтқан өлеңі:
—Ей, қойшы, көш келеді,
Жол үстінде талапты сөйлеседі.
Қойыңды, сорлы қойшы, әрі қайыр,
Тайлағы біздің елдің бос келеді.
Қойшы:
—Ей, қыздар, қаралама, қаралама,
Қыз қуырса, күйгізбей тары ала ма.
Кейде адалсың, кейде арамсың,
Бай малын Қыдыр шалған аралама.
Қыз:
—Ей, қойшы, бағадақсың,
Сөзіңді байға айтып жағадақсың.
Қойыңды түске жақын иіріп тастап,
Желінге қара ешкіні қағадақсың.
Қойшы:
—Ол рас бағадақсың,
Сөзіңді байға айтып жағадақсың.
Байдан алған бестімді саған берсем,
Сендей қызды сауырға қағадақпын.
Қыз:
—Ей, қойшы, жемдеймісің,
Жондап барып бір сайға қондаймысың.
Байдан алған бестіңді маған беріп,
Шешеңе керегіңді қамдаймысың.
үйлену ғұрып фольклоры
Қойшы:
—Дұрыс-ақ жондаймысың,
Жондап барып бір сайға қонбаймысың.
Байдан алған бестімді саған берсем,
Әм түйем, әм әйелім болмаймысың.
Сөйтіп, қойшы жеңген екен.
34. Саудагер жігіт пен қыздың айтысы
Семейден Керейге саудамен кетіп бара жатып, жолындағы
бір керей қызының өлеңші дегенін естіп, саудагердің сусын
сұрауды сылтау етіп қызбен айтысқаны.
Жігіт:
—Аспанда ұшып жүрген көкше кептер,
Құдайым береріңе өзі ептер.
Алыстан ат арытқан жолаушы едім,
Жеңеше, шөлдеп тұрмын, сусын әпкел.
Қыз:
—Жеңеше-ау, сөйлескенің саудагер ме?
Қолайың тамыр болып ондайларға.
Бір көйлек бір серкешке бермей кетсе,
Жеңеше, қымыз тұрмақ, айран берме.
Жігіт:
—Келемін мен Семейден құстай ұшып,
Сөйлесең, сөйлесейін аттан түсіп.
Өзгем арзан болса да, бұлым қымбат,
Бір қой берсең, берейін ыштан пішіп.
Қыз:
—Мінгенің астыңдағы Қылқарасын,
Қылқарасын мінгенге кім қарасын?
Көтіңді арқан тескен, қу ноғайым,
Біздікіне бүйтіп жүріп қой бағарсың.
35. Қыз бен жігіт
Жігіт:
—Шырағым, айда болар, айда болар,
Мінбесе құлын-тайың байда болар.
ғұрыптық фольклор
Жағалай Көкөзекте отын терген,
Өткелі Көкөзектің қайда болар?
Жігіт:
—Ән салса бүлкілдейді тіл мен көмей,
Ар жақта шіренесің бар немеңдей?
Өткелін Көкөзектің менен сұрап,
Бара ма жылқың өтпей, қырма кедей?!
Жігіт:
—Мен өзім кедейлікті жасырдым ба,
Саған мен кедеймін деп бас ұрдым ба?
Сен болып қызыл сиыр күйлеп тұрсаң,
Мен болып тарғыл бұқа асылдым ба?
Қыз:
—Шырағым, жақсы айтасың қу манақты,
Түйені қуып жүріп сона шақты.
Баймын деп сен ар жақта шіренесің,
Бар болсаң, мінер биең қу шолақ-ты.
Жігіт:
—Бұ шолақ менікі емес, біреудікі,
Ауылда келіп жатқан күйеудікі.
Шолақ деп сен қалайша сын тағасың,
Болып па сенен шолақ күреңдікі?
Қыз:
—Атыңнан айналайын Несіп қойған,
Шашымды он екіден есіп қойған.
Бойыма мұның несін сын қыласың,
Анамнан тумай жатып кесіп қойған.
Жігіт:
—Атыңнан айналайын Несіп қойған.
Шашыңды он екіден есіп қойған.
Пайғамбар сені кескен олақ екен,
Кесемін деп ортасынан тесіп қойған.
Томға енген мәтіндерге түсініктеме
МАУСЫМДЫҚ ҒҰРЫП ФОЛЬКЛОРЫ
І. ЖАРАМАЗАН
1. Томға енген «Жарамазан» мәтінін 1997 жылғы «Шым-
кент облысы, Түркістан ауданындағы қазақтардың ауыз
әдебиеті үлгілерін жинау» экспедициясы кезінде Түркістан
қаласының тұрғыны Бекенова Битанның айтуынан жазып
алған—Салиха Жантасова. Мәтін кеңсе қағазына көк сия-
мен кирилл әрпінде жазылған. Қолжазбаны институт қорына
1990 жылы тапсырған—Қ.Саттаров. Шығарма мәтіні бұрын
еш жерде жарияланбаған.Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазба қорын
да (Ш.920/117) сақтаулы.
Томға ұсынылып отырған «Жарамазан» мәтіні түпнұсқа
(12-б.) бойынша дайындалды.
2. «Жарамазан» мәтіні бұрын еш жерде жарияланбаған.
Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/126) сақтаулы.
Мәтін ақ қағазға көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Жинаушысы—Қ.Саттаров. Қорға 1990 жылы түскен.
Томға «Жарамазан» мәтіні аталған қолжазбадан (1-б.) алынды.
3. «Жарапазан» «Айтыңыз құтты болсын!» (Ж. Дәуренбе
ков.—Алматы: «Өнер»,1993) жинағында жарияланған.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған жинақ (15-б.) бо
йынша әзірленді.
4. «Жарамазан» өлеңінің қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба
қорында (Ш.920/126) сақтаулы. Жинаушысы—Қ.Саттаров.
ғұрыптық фольклор
Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Айтушысы белгісіз. Мәтін бұрын басылым көрмеген.
Жинаққа ұсынылып отырған мәтін түпнұсқа (1-б.) негізінде
дайындалды. 5. «Жарамазан» мәтіні бұрын жарияланбаған. Қолжазба
сы ӘӨИ-дің қолжазба қорында сақтаулы. Айтушысы белгісіз.
Жинаушысы—Қ.Саттаров. Қорға 1990 жылы тапсырған.
Томға еніп отырған «Жарамазан» мәтіні аталған қолжазба
дан (3-б.) алынды.
6. «Жарамазан» мәтінін 1997 жылғы «Түркістан фольклор
экспедициясы» кезінде Шымкент облысы, Түлкібас ауданының
тұрғыны Құлымбетова Жұманияздың айтуы бойынша жазып
алған—Салиха Жантасова. Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен
кирилл әрпінде жазылған. Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазба қорында
(Ш.920/112) сақтаулы. Мәтін бұрын еш жерде жарияланбаған.
Жинаққа ұсынылып отырған мәтін түпнұсқа (71-б.) негі
зінде дайындалды.
7. «Жарамазан» мәтіні бұрын еш жерде жарияланбаған.
Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/56) сақтаулы.
Айтушысы белгісіз. Жинаушылары: Қ.Саттаров, Б.Сағатова.
Қолжазба қорға 1990 жылы түскен. Мәтін кеңсе қағазына қара
сиямен кирилл әрпінде түсірілген.
Томға «Жарамазан» мәтіні аталған қолжазбадан (11-б.)
алынды.
8. «Жарамазан» мәтінін жинаған—Анаргүл Құрбанова. Мә
тін бұрын еш жерде жарияланбаған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қол
жазба қорында (Ш.920/56) сақтаулы. Шығарма ақ қағазға қара
сиямен кирилл әрпінде түсірілген. Қолжазба түптелген. Қорға
1990 жылы түскен. Тапсырушысы—Қ.Саттаров.
Томға ұсынылып отырған мәтін түпнұсқа (89-б.) бойынша
дайындалды.
9. «Жарамазан» мәтіні бұрын басылым көрмеген. Түпнұс
қа ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/56) сақтаулы. Мәтінді
қағазға түсірген—Бисенгүл Сағатова. Айтушысы белгісіз.
Шығарма кеңсе қағазына қара сиямен кирилл әрпінде жа
зылған.
ғылыми қосымшалар
Томға еніп отырған «Жарамазан» мәтіні аталған қолжазба
дан (97-б.) алынды.
10. «Жарамазан» өлеңінің қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба
қорында (Ш.920/56) сақтаулы. Айтушысы белгісіз. Жинау
шысы—Айткүл Мамбетова. Мәтін ақ қағазға қара сиямен ки-
рилл әрпінде жазылған. Бұрын басылым көрмеген.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (98-б.)
алынды. 11. «Жарамазан» өлеңінің мәтіні бұрын басылым көрме
ген. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/137) сақ
таулы. Жинаушысы—Қ.Саттаров. Қорға 1990 жылы түскен.
Мәтін кеңсе қағазына қара сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Томға ұсынылып отырған мәтін түпнұсқа (88-б.) негізінде
дайындалды. 12. «Жарапазан» «Айтыңыз құтты болсын!» жинағында жа
рық көрген.
Томға мәтін аталған басылым (12-б.) бойынша дайындалды.
13. «Жарапазан» мәтінін 1989 жылы Қарағанды Мемлекет
тік университеті, филология факультетінің студенті Дамиева
Гүлмира Целиноград облысы, Қорғалжын ауданы, Коммуна
совхозының тұрғыны Байсмақова Тыныштықтың айтуынан
жазып алған. Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпін
де жазылған. Түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.943,
2-дәп.) сақтаулы. Шығарма бұрын басылым көрмеген.
Томға ұсынылып отырған «Жарамазан» мәтіні аталған қол
жазбадан (13-б.) алынды.
14. «Жарамазан» мәтінін 1990 жылы «Жамбыл облысы экс-
педициясы» кезінде Қарағанды Мемлекеттік университетінің
1-курс студенті Сағила Сыдығалиева Жаңа-Талап ауылының
тұрғыны Рыскелдиева Бекзат Жақсылыққызының айтуы бо
йынша жазып алған. Мәтін тор көзді дәптер қағазына көк сия-
мен кирилл әрпінде жазылған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба
қорында (Ш.937) сақтаулы. Қорға 1997 жылы түскен. Шығар
ма мәтіні бұрын басылым көрмеген.
Томға ұсынылып отырған «Жарамазан» мәтіні түпнұсқа
(2-б.) бойынша дайындалды.
ғұрыптық фольклор 15. «Жарапазан» «Айтыңыз құтты болсын!» (13-б.) жина ғында жарық көрді. Томға мәтін аталған жинақтан алынды. 16. «Жарапазан» мәтіні «Дидар» (Өскемен, 1991) газетінде жарияланған. Өлеңді ел аузынан жазып алып, баспаға әзір леген—Хадас Наханов. Айтушысы белгісіз. Томға ұсынылып отырған «Жарапазан» мәтіні аталған газеттен алынды. 17. «Жарамазан» мәтіні бұрын басылым көрмеген. Қол жазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/83) сақтаулы. Мәтін 1988 жылғы «Амудария құйылысындағы қазақтардың ауыз әдебиеті мен этнографиялық мұрасын жинау» экспеди циясы кезінде Амангелді Сәңгібаевтың қолжазбасынан кө шірілген. Көшіруші—Қалқа Оразбайқызы. Шығарма кеңсе қа ғазына көк сиямен кирилл әрпінде түсірілген. Томға ұсынылып отырған мәтін қолжазбадан (116-б.) алынды. 18. «Жарапазан» мәтіні «Айтыңыз құтты болсын!» (14-б.) кітабында жарияланды. Томға еніп отырған мәтін аталған жинақтан алынды. 19. «Жарамазан» өлеңінің қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжаз ба қорында (Ш.920/71) сақтаулы. Мәтін бұрын жарияланба ған. Айтушысы—Қуаныш Асылбаев. Жинаушысы—Қ.Саттаров. Көшірушісі—Ташкент қаласындағы Низами атындағы Педагогикалық институттың Өзбек және қазақ филология факультетінің 1-курс студенті Шаймұратова Ақсауле. Қорға 1990 жылы түскен. Мәтін ақ қағазға қара сиямен кирилл әрпінде түсірілген. Қолжазба түптелген. Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (3435-бб.) алынды. 20. «Жарамазан» бұрын жарияланбаған. Түпнұсқа ӘӨИдің қолжазба қорында (Ш.920/10) сақтаулы. Мәтінді Сейдулла Баймағанбетовтің айтуынан жазып алған—Ташкенттің Мемлекеттік Педагогика институтының ІV курс студенті Айтжанова Моншақ. Қолжазба кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
ғылыми қосымшалар
Томға ұсынылып отырған «Жарапазан» мәтіні түпнұсқадан
(25-57-бб.) алынды.
21. «Жарапазан» мәтіні филология ғылымдарының канди
даты Сағатбек Медеубековтың құрастыруымен шыққан «Жеті
су әуендері» (Алматы, 1998) атты жинақта жарық көрген.
Томға ұсынылып отырған жарапазан мәтіні аталаған жи
нақтан (18-бет) алынды.
22. «Жарамазан» ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/108)
сақтаулы. Қолжазба 1996 жылы ұйымдастырылған «Түркіс
тан фольклор экспедициясы» кезінде жазылып алынған. Жи
наушысы—Қ.Саттаров. Мәтін бұрын басылым көрмеген. Шы
ғарма қалың дәптерге көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Томға ұсынылып отырған мәтін түпнұсқа (178-б.) негізінде
әзірленді.
23. «Жарамазан» мәтіні қалың дәптерге көк сиямен ки-
рилл әрпінде жазылған. Түпнұсқа ӘӨИ-дің қолжазба қорында
(Ш.920/108) сақтаулы. Жинаушысы—Қ.Саттаров. Мәтін бұ
рын жарияланбаған.
Томға еніп отырған «Жарапазан» мәтіні қолжазба (179-б.)
бойынша дайындалды. 24. «Жарапазанды» жинаушы—Қ.Саттаров. Айтушысы
белгісіз. Мәтін бұрын жарияланбаған. Түпнұсқа ӘӨИ-дің қол
жазба қорында (Ш.920/108) сақтаулы.
Томға ұсынылып отырған мәтін қолжазбадан (181-б.) алынды.
25. Томға енген «Жарапазан» өлеңі «Айтыңыз құтты бол-
сын!» атты жинақта жарық көрді.
Томға өлең мәтіні (21-б.) жинағы бойынша дайындалды.
26. «Жарапазанды» жинаушы—Сағатбек Медеубеков. Мә
тін Алматы облысы, Райымбек (Бұрынғы Кеген) ауданында
ғы Қарқара ауылының жастарынан 1994 жылы жазып алып,
«Жетісу әуендері» (Алматы, 1998) жинағында жарияланған.
Томға жарапазан мәтіні жоғарыда аталған жинақтан (20-б.)
алынды.
ғұрыптық фольклор ІІ. НАУРЫЗ ТОЙЫ 1. «Наурыз тойы» бұрын басылым көрмеген. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (920/117) сақтаулы. Өлең мәтіні 1997 жылғы «Шымкент облысы экспедициясы» кезінде жазылып алынған. Жинаушысы—Салиха Жантасова. Айтушысы белгісіз. Қолжазба кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Томға ұсынылып отырған мәтін түпнұсқа негізінде әзірленді. 2. «Наурыз» өлеңінің мәтіні 1997 жылғы «Шымкент облысы экспедициясы» кезінде жазылып алынған. Мәтінді жазып алушы—Салиха Жантасова. Өкінішке орай, өлеңді айтып беруші туралы дерек келтірілмеген. Өлең бұрын еш жерде жарияланбаған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/118) сақтаулы. Томға енген өлең мәтіні аталған қолжазбадан (117-б.) алынды. ҮЙЛЕНУ ҒҰРЫП ФОЛЬКЛОРЫ ІІІ. ТОЙБАСТАР 1. «Тойбастардың» қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорын да (Ш.146, 2-дәп.) сақтаулы. Айтушысы—Төлеген Бадықов. Жинаушысы—Әнуар Омаров. Мәтін дәптер қағазына 1957 жы лы түсірілген. Бұрын жарияланбаған. Томға еніп отырған «Тойбастар» өлеңінің мәтіні аталған қолжазбадан (25-26-бб.) алынды. 2. «Тойбастар» мәтіні бұрын басылым көрмеген. Өлең кең се қағазына машинкамен басылған. Жинаушысы—Мұстахи Бимағанбетов. Ол Гурьев облысы, Шевченко ауданы, Ералиев атындағы колхоздың тұрғыны Әлқуат Қайнарбаевтың айтуынан жазып алып, кейін машинкаға басқан. Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.146, 2-дәп.) сақтаулы. Томға ұсынылып отырған «Тойбастар» мәтіні аталған қол жазбадан (27-29-бб.) алынды.
ғылыми қосымшалар 3. «Тойбастар» өлеңін жинаған—Әнуар Омаров. Мәтін тор
көзді дәптер қағаздарына көк сиямен кирилл әрпінде жазыл
ған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.146, 2-дәп.)
сақтаулы.
Томға еніп отырған мәтін аталған қолжазбадан (1-3-бб.)
алынды. 4. «Тойбастарды» айтушы—Қожа Қапұрұлы. Жинаушы
сы—Мұстахи Бимағанбетов. Шығарма 1958 жылы хатқа түс
кен. Мәтін кеңсе қағазына машинкада басылған. Қолжазбасы
ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.146, 5-дәп.) сақтаулы. Бұрын
басылым көрмеген.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазба (1-2-бб.)
бойынша дайындалды.
5. «Тойбастар» мәтіні бұрын басылым көрмеген. Қолжаз
басы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/75) сақтаулы. Айту
шысы—Ә.Мұсаев. Жинаушысы—Қ.Саттаров. Мәтін ақ қағазға
қара сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазба (221-
222-бб.) негізінде дайындалды. 6. «Тойбастар» мәтіні «Той» (Құрастырғандар: Ж. Дәурен
беков, Б. Сапарәлі. —Алматы, 1993) атты жинақта басылым
көрген.
Томға еніп отырған «Тойбастар» мәтіні аталған жинақтан
алынды.
7. «Тойбастар» өлеңінің қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба
қорында (Ш.955) сақтаулы. Айтушысы белгісіз. Жинаушы
сы—Л.Дүйсенбаева. Мәтін дәптер қағазына көк сиямен кирилл
әрпінде түсірілген.
Томға еніп отырған мәтін аталған қолжазбадан (10-б.) алынды.
8. «Тойбастар» мәтіні бұрын жарық көрмеген. Түпнұсқасы
ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.921) сақтаулы. Айтушысы—
Смағұл Тайжанұлы. Жинаушысы—Қарағанды Мемлекеттік
университетінің студенті—Рымханов.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазба (5-б.) бо
йынша дайындалды.
ғұрыптық фольклор 9. «Тойбастар» «Той» (Құрастырғандар: Бейбіт Сапаралы,
Жақау Дәуренбеков.—Алматы: Өнер, 1993. 236-б.) кітабында
жарияланған.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған жинақтан алынды.
10. «Тойбастардың» қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорын
да (Ш.135) сақтаулы. Бұрын басылым көрмеген.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (133-б.) алынды.
11. «Тойбастар» өлеңінің қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба
қорында (Ш.926) сақтаулы. Мәтін бұрын басылым көрмеген.
Айтушысы—Күлипа Құрманғалиқызы. Жинаушысы—Қара
ғанды Мемлекеттік университетінің студенті—Ж.Абдрахма
нова. Шығарма тор көзді дәптер қағаздарына көк сиямен ки-
рилл әрпінде жазылған.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (8-9-бб.) алынды.
12. «Тойбастар» өлеңі бұрын еш жерде жарияланбаған.
Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (920/56) сақтаулы.
Жинаушысы—Қ.Саттаров. Жазып алушы—Бейсенгүл Сағато
ва. Мәтін кеңсе қағазына қара сиямен кирилл әрпінде түсіріл
ген. Айтушысы белгісіз.
Томға еніп отырған мәтін аталған қолжазбадан (86-б.) алынды. 13. «Тойбастар» өлеңін айтушы—Молдасейіт Төлепқалиев.
Мәтін Батыс Қазақстан облысында жазылған. Дәптердің бірін
ші бетінде «1915 жыл» деген жазу бар. Жинаушысы белгісіз.
Өлең оқушы дәптеріне көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Бұрын басылым көрмеген. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба
қорында (Ш.146, 5-дәп.) сақтаулы.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан
(1-3-бб.) алынды.
14. «Тойбастар» өлеңі 1997 жылы ақпан айында жазылып
алынған. Айтушысы—Емелбай Айнақұлов. Жинаушысы—
Сағатбек Медеубеков. Мәтін «Жетісу әуендері» (1998) атты жи
нақта жарияланған.
Томға мәтін аталған жинақтан (24-б.) алынды.
15. «Тойбастар» 1990 жылы Ырымхан Әділбекованың
орындауында үнтаспаға жазылып алынған. Жинаушысы—
ғылыми қосымшалар
С.Елеманова. Мәтін «Жетісу әуендері» (1988) атты жинақта
жарияланған.
Томға ұсынылып отырған «Тойбастар» мәтіні аталған
жинақтан (24-б.) алынды. 16. «Тойбастар» өлеңі 1990 жылы Алматы облысы, Райым
бек ауданы, Қарасаз ауылының тұрғыны, халық өлеңшісі Ра
биға Досымжанованың орындауында жазылып алынған. Жа
зып алушы—музыка зерттеушісі С.Елеманова. Оның жазып
алған әндері мен өлеңдері Алматы Мемлекеттік консерватория
сының фольклор бөлімінде сақтаулы (Жетісу әуендері, 1998,
219-б.). Мәтін (Жетісу әуендері, 1998, 219-б.) атты жинақта
жарияланған.
Томға еніп отырған «Тойбастар» мәтіні аталған жинақтан
(25-б.) алынды. 17. «Тойбастар» өлеңі «Жетісу әуендері» (1998) атты жи
нақта жарияланған. Мәтін Алматы облысы, Жамбыл ауданын
дағы Ұзынағаш ауылының тұрғыны Қанағат Қарашевтің ай
туынан жазылып алынған. Жинаушысы—С.Медеубеков.
Томға мәтін аталған жинақтан (26-б.) алынды.
18. «Тойбастар» өлеңі 1990 жылғы Жамбыл облысы, Жуа-
лы ауданы, Жаңа-Талап ауылында өткен фольклорлық прак-
тика кезінде жазылып алынған. Жинаушысы—Қарағанды
Мемлекеттік университетінің 1-курс студенті Сағила Сыды
ғалиева. Тойбастардың айтушысы белгісіз. Мәтін тор көзді
дәптер қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Бұрын
басылым көрмеген. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында
937-бумада сақтаулы.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (1-б.)
алынды. 19. «Тойбастар» өлеңінің қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба
қорында (Ш.760) сақтаулы. Бұл қолжазба 1912 жылы Қазан
қаласындағы Каримовтар баспасынан шыққан «Қазақтың той-
бастары» деген кітаптың көшірмесі. Көшірмені ССР Ғылым
Академиясы, Қазан филиалының кітапханасынан 1954 жы
лы алып келген—Мәлике Ғұмарова. Мәтін кеңсе қағазына ма
шинкада басылған. Қолжазба түптелген.
25-169
ғұрыптық фольклор
Томға ұсынылып отырған «Тойбастар» мәтіні аталған қол
жазбадан алынды.
20. «Тойбастар» мәтіні алғаш «Қазақтың тойбастары»
(Қазан, 1912) басылым көрген. Кітаптың көшірмесі ӘӨИ-дің
қолжазба қорында (Ш.760) сақтаулы.
Томға еніп отырған мәтін аталған қолжазбадан (7-10-бб.)
алынды.
21. «Тойбастар» өлеңі 1957 жылғы Гурьев экспедиция-
сы кезінде Қабдеш Сейітовтың айтуынан жазылып алынған.
Жинаушысы—Әнуар Омаров. Түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазба
қорында 146-буманың 2-дәптерінде сақтаулы. Мәтін тор көзді
дәптер қағаздарына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Бұрын басылым көрмеген.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (10-
12-бб.) алынды.
22. «Тойбастар» өлеңі бұрын басылым көрмеген. Қолжаз
басы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/56) сақтаулы. Айту
шысы белгісіз. Жинаушысы—Қ.Саттаров. Мәтін кеңсе қаға
зына қара сиямен кирилл әрпінде түсірілген. Қорға 1990 жылы
түскен.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазба (107-б.)
бойынша дайындалды.
23. «Тойбастар» өлеңінің қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба
қорында (Ш.920/56) сақтаулы. Мәтін ақ қағазға көк сиямен
кирилл әрпінде жазылған. Қорға 1990 жылы түскен. Жинау
шысы—Қ.Саттаров. Тойбастар мәтіні бұрын еш жерде жария
ланбаған.
Томға еніп отырған мәтін жоғарыда аталған қолжазбадан
(89-б.) алынды.
24. «Тойбастар» өлеңі Қарақалпақстан АССР-і Қоңырат
қаласының тұрғыны Кешім Күзембаеваның айтуынан жазы
лып алынған. Жинаушысы—Қ.Саттаров. мәтін қара сиямен
кирилл әрпінде жазылған. Бұрын басылым көрмеген. Қол
жазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/137) сақтаулы.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазба (46-б.)
бойынша дайындалды.
ғылыми қосымшалар
ІV. ЖАР-ЖАР
1. «Жар-жар» өлеңінің мәтіні 1997 жылғы «Шымкент об-
лысы, Түркістан ауданындағы қазақтардың ауыз әдебиеті үл
гілерін жинау» экспедициясы кезінде жазылып алынған. Жи-
наушылар: Қ.Саттаров пен С.Жантасова. Айтушысы белгісіз.
Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (920/117) сақтаулы.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан
(119-б.) алынды.
2. «Жар-жар» бұрын басылым көрмеген. Қолжазбасы ӘӨИ-
дің қолжазба қорында (Ш.920/56) сақтаулы. Мәтін кеңсе қаға
зына қара сиямен кирилл әрпінде жазылған. Жинаушысы—
Қ.Саттаров.
Томға еніп отырған «Жар-жар» мәтіні аталған қолжазбадан
(11-12-бб.) алынды. 3. «Жар-жардың» мәтінін 1991 жылы Қарағанды Мем
лекеттік университеті, филология факультетінің 1-курс студенті
Қанжанова Меруерт жазып алған. Қолжазба Жезқазған об-
лысы, Ағадыр ауданы, Мойынты станциясында жазылған.
Айтушысы—Зылиқа Жүсіпқызы. Мәтін тор көзді дәптер
қағаздарына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Бұрын ба-
сылым көрмеген. Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.955)
сақтаулы.
Томға еніп отырған «Жар-жар» мәтіні аталған қолжазбадан
(8-9-бб.) алынды. 4. «Жар-жар» мәтіні бұрын басылым көрмеген. Мәтінді
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Жаңа Талап аулының тұрғы
ны Зауырбекова Сәпіштің айтуы бойынша жазып алған—Қара
ғанды Мемлекеттік университетінің студенті С.Сыдығалиева.
Өлең мәтіні бір жолды дәптер қағазына көк сиямен кирилл
әрпінде жазылған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында
(Ш.931) сақтаулы.
Томға еніп отырған «Жар-жар» мәтіні аталған қолжазбадан
(1-б.) алынды.
5. «Жар-жар» мәтіні 1988 жылғы «Амудария құйылысын
дағы қазақтардың ауыз әдебиеті мен этнографиялық үлгіле
ғұрыптық фольклор
рін жинау» экспедициясы кезінде жазылған. Жинаушысы—
Қ.Саттаров. Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде
түсірілген. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/83)
сақтаулы. Бұрын еш жерде жарияланбаған.
Томға ұсынылып отырған «Жар-жар» мәтіні жоғарыда
аталған түпнұсқадан (121-122-бб.) алынды.
6. «Жар-жар» өлеңінің қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қо
рында (Ш.920/83) сақтаулы. Мәтін ақ қағазға көк сиямен
кирилл әрпінде түсірілген. Бұрын басылым көрмеген. Айту
шысы—Жұман Абдумуминова. Жазып алушы—Дариха Аб-
дуллаева.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (106-
107-бб.) алынды.
7. «Жар-жар» бұрын еш жерде жарияланбаған. Қолжазба
сы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (920/56) сақтаулы. Жинаушы
сы—Қ.Саттаров.
Томға еніп отырған мәтін аталған қолжазбадан (26-27-бб.)
алынды.
8. «Жар-жардың» түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында
(Ш.920/56) сақтаулы. Мәтін бұрын жарияланбаған. Жинау
шысы—Қ.Саттаров. Айтушысы белгісіз.
Томға мәтін түпнұсқа (29-бет) негізінде ұсынылып отыр.
9. «Жар-жар» бұрын жарияланбаған. Түпнұсқасы ӘӨИ-
дің қолжазба қорында (Ш.920/56) сақтаулы. Жинаушысы—
Низами атындағы Ташкенттің Халықтар Достығы Орденді
Мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Әмина
Бейсенова. Қолжазба қорға 1990 жылы түскен.
Томға ұсынылып отырған «Жар-жар» мәтіні аталған қол
жазбадан (30-б.) алынды.
10. «Жар-жарды» айтушы—Алматы облысы, Іле ауданы,
Калинин колхозының тұрғыны Биғайша Бұйрабаева. Мәтін
1967 жылы жазылған. Басылым көрмеген. Жинаушысы—
Талиға Бекхожина. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында
(Ш.668, 1-дәп.) сақтаулы.
Томға енген мәтін аталған қолжазба (24-б.) бойынша дайын-
далды.
ғылыми қосымшалар 11. «Жар-жар» мәтіні «Той» (1993) атты жинақта жария
ланған.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған жинақтан (253-б.)
алынды.
V. АУ-ЖАР
1. «Ау-жар» өлеңінің қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қо
рында (Ш.920/83) сақтаулы. Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен
кирилл әрпінде түсірілген. Жинаушысы—Қалқа Оразбайқы
зы Өлеңді «1998 жылғы Амудария құйылысындағы қазақтар
дың ауыз әдебиеті үлгілерін жинау» экспедициясы кезінде
Амангелді Сәнгібаевтың қолжазбасынан көшірген. Мәтін бұ
рын басылым көрмеген.
Томға ұсынылып отырған «Ау-жар» өлеңінің мәтіні аталған
қолжазбадан (120-121-бб.) алынды.
2. «Ау-жар» бұрын еш жерде жарияланбаған. Жинаушы
сы—Гүлнәр Сеңгірбаева. Ау-жарды Шымкент облысы, Са
рыағаш ауданының тұрғыны Рахила деген кісінің айтуы бо
йынша жазып алған. Мәтін кеңсе қағазына қара сиямен кирилл
әрпінде жазылған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында
(Ш.920/83) сақтаулы.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазба (107-
108-бб.) бойынша дайындалды.
3. «Ау-жар». Өлеңнің қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорын
да (Ш.920/71) сақтаулы. Мәтін кеңсе қағазына қара сиямен
кирилл әрпінде жазылған. Қолтаңбасы Ташкент қаласындағы
Низами атындағы Педагогикалық институтының Өзбек және
қазақ филологиясы факультетінің 1-курс студенті Шамұратова
Ақсауленікі. Қолжазба қорға 1990 жылы түскен. Мәтін бұрын
басылым көрмеген.
Томға еніп отырған «Ау-жар» өлеңінің мәтіні аталған қол
жазбадан (37-38-бб.) алынды.
4. «Ау-жар» мәтіні «Той» атты (254-б.) жинақта басылым
көрген.
Томға ұсынылып отырған «Ау-жар» мәтіні аталған жинақ
тан алынды.
ғұрыптық фольклор
VІ. СЫҢСУ
1. «Сыңсу» мәтіні Жетісу өңірінде тұратын көнекөз әже
лерден жазылып алынған. Жинаушысы—С.Медеубеков. Мәтін
«Жетісу әуендері» (1998) атты жинақта басылым көрген.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған жинақ (10-б.) бо
йынша дайындалды.
2. «Сыңсу» бұрын басылым көрмеген. Қолжазбасы ӘӨИ-
дің қолжазба қорында (Ш.920/56) сақтаулы. Жинаушысы—
Низами атындағы Ташкенттің Халықтар Достығы орденді
Мемлекеттік педагогика институты, филология факультетінің
студенті Айткүл Мәмбетова. 2000 жылы қорға тапсырған—
Қ.Саттаров. Мәтін кеңсе қағазына қара сиямен кирилл әрпінде
жазылған.
Томға ұсынылып отырған сыңсу мәтіні аталған қолжазбадан
(109-б.) алынды.
3. Томға енген «Сыңсу» өлеңі «Той» (250-б.) атты жинақта
басылым көрген.
Томға өлең мәтіні «Той» жинағы бойынша дайындалды.
4. Сыңсуды 2002 жылы Шымкент облысы, Сарыағаш ауда-
нынан жинаған—М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
Мемлекеттік университетінің 1-курс студенті—Г.Сеңгірбаева.
Мәтін бұрын басылым көрмеген. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжаз
ба қорында (Ш.920/135) сақтаулы. Мәтін кеңсе қағазына қара
сиямен кирилл әрпінде түсірілген.
Томға ұсынылып отырған мәтін қолжазба негізінде (134-б.)
дайындалды.
5. Сыңсу бұрын еш жерде жарияланбаған. Жинаушысы—
Орал «Құрмет белгісі» орденді А.С.Пушкин атындағы педа
гогикалық институтының оқытушысы, филология ғылым
дарының докторы Мәтжан Тілеужанов. Қолжазба қалың
мұқабамен түптелген. Мұқабаның сыртында «Батыс Қазақ
станның ауыз әдебиеті. Орал, 1954-1984 жж.» деген жазу бар.
Мәтін машинкаға басылған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба
қорында (Ш.910/2) сақтаулы.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (135-б.)
алынды.
ғылыми қосымшалар 6. «Сыңсу» мәтіні «Той» (250-б.) жинағында жарияланған.
Томға ұсынылып отырған сыңсу мәтіні аталған жинақтан
алынды.
7. Сыңсуды 1988 жылғы «Амудария құйылымындағы қа
зақтардың ауыз әдебиеті мен этнографиялық мұрасын жинау»
экспедициясы кезінде жазып алған—Қалқа Оразбайқызы. Өкі
нішке орай, жинаушы кімнен жазып алғаны туралы мәлімет
жазбаған. Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде
жазылған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/83)
сақтаулы. Бұрын басылым көрмеген.
Томға еніп отырған сыңсу мәтіні аталған қолжазба (96-б.)
бойынша дайындалды.
8. Сыңсу мәтіні бұрын басылым көрмеген. Қолжазбасы ӘӨИ-
дің қолжазба қорында (Ш.920/83) сақтаулы. Жинаушысы—
Қ.Оралбайқызы. мәтінді 1976 жылы Юсупова Тұрсынкүлдің
айтуы бойынша жазып алған. Өлең кеңсе қағазына көк сиямен
кирилл әрпінде түсірілген.
Жинаққа ұсынылып отырған сыңсу мәтіні аталған қолжаз
бадан (98-б.) алынды.
9. «Сыңсу» өлеңі «Той» атты кітапта жарияланған.
Томға сыңсу мәтіні аталған жинақтан (251-б.) алынды. 10. Сыңсу өлеңінің қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында
(Ш.920/83) сақтаулы. Айтушысы белгісіз. Жинаушысы—
Қ.Саттаров. Мәтін бұрын басылым көрмеген. Өлең кеңсе қаға
зына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Жинаққа енген мәтін аталған қолжазба (101-б.) бойынша
дайындалды. 11. Сыңсуды Өтешова Гүлбаршынның орындауы бойын-
ша жазып алған—Дариха Абдуллаева. Мәтін кеңсе қағазына
көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің
қолжазба қорында (Ш.920/83) сақтаулы. Сыңсу бұрын еш жер-
де жарияланбаған.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (102-б.)
алынды.
ғұрыптық фольклор 12. Сыңсу мәтінінің бұрын басылым көрмеген қолжазбасы
ӘӨИ-дің қолжазба (Ш.920/83) қорында сақтаулы. Жинау
шысы—Дариха Абдуллаева. Айтушысы белгісіз. Мәтін кеңсе
қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Томға ұсынылып отырған сыңсу мәтіні аталған қолжазбадан
(105-б.) алынды. 13. Сыңсуды орындаған—Жұман Әбдімүмінова. Жазып ал
ған—Дариха Абдуллаева. Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен
кирилл әрпінде жазылған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба
қорында (Ш.920/83) сақтаулы. Басылым көрмеген.
Жинаққа еніп отырған сыңсу мәтіні аталған қолжазба
(106-б.) бойынша дайындалды. 14. Сыңсу бұрын еш жерде жарияланбаған. Түпнұсқасы
ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш. 920/83) сақтаулы. Мәтін көк
сиямен кирилл әрпінде жазылған. Жинаушысы—Д.Абдул
лаева. Айтушысы туралы дерек жазылмаған.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (108-б.) алынды.
15. Сыңсудың қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында
(Ш.920/83) сақтаулы. Жинаушысы—Қ.Саттаров. Мәтін кеңсе
қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Бұрын басы-
лым көрмеген.
Томға ұсынылып отырған сыңсу мәтіні аталған қолжазбадан
(109-б.) алынды. 16. Сыңсу мәтіні бұрын басылым көрмеген. Қолжазбасы
ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/83) сақтаулы. Жинаушы
сы—Д.Абдуллаева. айтушысы белгісіз. Мәтін ақ қағазға көк
сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Томға сыңсу мәтіні аталған қолжазбадан (110-б.) алынды.
17. Сыңсу ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/83) сақтаулы.
Мәтін бұрын жарияланбаған. Жинаушысы—Д.Абдуллаева.
Томға сыңсу мәтіні аталған түпнұсқа (116-б.) бойынша да
йындалды.
18. Сыңсу мәтіні 1996 жылы Ташкент қаласы, Ілтифат
көшесі, 95-үйде жазылған. Мәтін ӘӨИ-дің қолжазба қорында
ғылыми қосымшалар
(Ш.920/105) сақтаулы. Жинаушысы—Қ.Саттаров. Өлең бұрын
басылым көрмеген. Қолжазба кеңсе қағазына көк сиямен ки-
рилл әрпінде түсірілген.
Томға ұсынылып отырған сыңсу мәтіні аталған қолжазбадан
(36-б.) алынды.
19. Сыңсудың қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында
(Ш.920/105) сақтаулы. Жинаушысы—Қ.Саттаров. Мәтін бұ
рын жарияланбаған.
Томға еніп оытрған сыңсу мәтіні аталған қолжазбадан (37-б.)
алынды.
20. Сыңсу бұрын еш жерде жарияланбаған. Қолжазбасы
ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/105) сақтаулы. Мәтін ақ
қағазға көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Томға ұсынылып отырған сыңсу мәтіні аталған қолжазбадан
(39-42 бб.) алынды.
21. Сыңсуды Шыршық өзенінің жағалауы, Ташкент қаласы,
Сергелі ауылының тұрғыны Толған Қошқарқызының айтуы
бойынша жазып алған—Қ.Саттаров. Мәтін бұрын басылым
көрмеген. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/105)
сақтаулы.
Томға ұсынылып отырған сыңсу мәтіні аталған қолжазбадан
(42-б.) алынды.
22. Сыңсу бұрын басылым көрмеген. Қолжазбасы ӘӨИ-дің
қолжазба қорында (Ш.920/105) сақтаулы. Жинаушысы—
Қ.Саттаров. Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде
жазылған.
Жинаққа мәтін қолжазба (17-б.) негізінде дайындалды.
23. Сыңсуды жинағандар: Қарағанды Мемлекеттік универ
ситеті, филология факультетінің студенттері—Баймолдина А.,
Сыздықова С., Дүйсекина И. Айтушысы—Сыздықова Күлзия
Қабиқызы. Мәтін тор көзді дәптер қағаздарына көк сиямен
кирилл әрпінде жазылған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба
қорында (Ш.968, 1-дәп.) сақтаулы. Өлең бұрын еш жерде жа
рияланбаған.
Томға ұсынылып отырған сыңсу мәтіні аталған қолжазбадан
(5-б.) алынды.
ғұрыптық фольклор 24. Сыңсу Қарағанды облысы, Төрткөл ауылының тұрғыны
Жұмыкенова Мәркен Ишанқариқызының айтуынан жазылып
алынған. Жазып алушы—Э. Мардашева. Мәтін тор көзді дәп
тер қағаздарына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Бұрын
еш жерде басылым көрмеген. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба
қорында (Ш.953) сақтаулы.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (20-б.) алынды.
25. Сыңсу мәтіні бұрын басылым көрмеген. Жинаушысы—
Қ.Саттаров. түпнұсқа ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/126)
сақтаулы. Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде
жазылған.
Жинаққа енген сыңсу мәтіні түпнұсқа негізінде (6-б.) ұсы
нылып отыр. 26. Сыңсудың айтушысы белгісіз. Жинаушысы—Қ.Сатта-
ров. Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазыл
ған. Түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/106) сақ
таулы. Өлең бұрын жарияланбаған.
Томға еніп отырған сыңсу мәтіні аталған қолжазбадан (26-б.)
алынды. 27. Қыз сыңсуы бұрын басылым көрмеген. Қолжазбасы
ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.954) сақтаулы. Мәтін альбом
қағаздарына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Жазып
алушы— Құйқалақова А.
Томға ұсынылып отырған сыңсу мәтіні түпнұсқа (14-б.) бо
йынша дайындалды. 28. Сыңсуды айтушы—Б.Смайылұлы. Жазып алушы
Р.Мұқашева Қарағанды Мемлекеттік университетінің сту
денті. Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.928) сақтаулы.
Мәтін тор көзді дәптер қағаздарына көк сиямен кирилл әрпінде
жазылған. Бұрын басылым көрмеген.
Томға ұсынылып отырған сыңсу мәтіні жоғарыда аталған
қолжазбадан (17-б.) алынды.
29. Сыңсуды айтушы—Әшімова Г. Жазып алушы—Назым
бекова Р. Мәтін бұрын жарияланбаған. Түпнұсқасы ӘӨИ-дің
қолжазба қорында (Ш.929) сақтаулы. Өлең мәтіні бір жолды
ғылыми қосымшалар журнал қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Қорға 1991 жылы түскен. Томға еніп отырған сыңсу мәтіні түпнұсқа (1-б.) бойынша дайындалды. 30. Сыңсуды айтушы—Әшімова Г. Жазып алушы—Назым бекова Р. Мәтін бұрын жарияланбаған. Түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.929) сақтаулы. Өлең бір жолды журнал қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Қорға 1991 жылы түскен. Томға ұсынылып отырған сыңсу мәтіні аталған қолжазбадан (2-4-бб.) алынды. 31. Сыңсудың айтушысы белгісіз. Бұрын басылым көрмеген. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.910/) сақтаулы. Томға ұсынылып отырған сыңсу мәтіні аталған қолжазбадан (291-б.) алынды. 32. Сыңсуды 1956 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданы ның тұрғыны Несіпжан Тлеубаеваның айтуынан жазып ал ған—Өміржан Қашқынбеков. Мәтін тор көзді дәптер қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.146, 3-дәп.) сақтаулы. Томға ұсынылып отырған сыңсу мәтіні аталған қолжазбадан (1-б.) алынды. 33. Сыңсу бұрын еш жерде жарияланбаған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.688) сақтаулы. Мәтін кеңсе қаға зына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Жинаушысы—Та лиға Бекхожина. Сыңсу 1967 жылы Алматы облысы тұрғында рынан жиналған. Томға ұсынылып отырған сыңсу мәтіні аталған қолжазба (27-б.) бойынша дайындалды. 34. Сыңсуды 1989 жылы Целиноград облысы, Қорғалжын ауданының тұрғыны Тыныштық Байсмақованың айтуынан жазып алған—Гүлмира Дәмиева. Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.943) сақтаулы. Бұрын басылым көрмеген. Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Томға еніп отырған мәтін аталған қолжазбадан (14-б.) алынды.
ғұрыптық фольклор 35. Сыңсу мәтіні ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.943) сақ
таулы. Жинаушысы—Гүлмира Дәмиева. Мәтін кеңсе қаға
зына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Бұрын басылым
көрмеген.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған түпнұсқадан (14-б.)
алынды. 36. Сыңсу қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.921)
сақтаулы. Мәтін дәптер қағазына көк сиямен кирилл әрпінде
жазылған. Айтушысы—Орал Мұқиынқызы. Жинаушысы—
Қарағанды Мемлекеттік университетінің студенті Рымханова.
Мәтін бұрын басылым көрмеген.
Томға еніп отырған сыңсу мәтіні аталған қолжазбадан (4-б.)
алынды.
VІІ. ҚАЙЫМ АЙТУ, ҚОШТАСУ
1. Қайым айту өлеңі «Той» атты жинақта жарияланған.
Томға еніп отырған өлең мәтіні аталған жинақтан (254-б.)
алынды.
2. Жұбату мәтіні «Жетісу әуендері» (1998) атты жинақта
жарияланған. Томға ұсынылып отырған жыр аталған жинақ
тан (17-б.) алынды.
3. Қоштасу мәтіні «Той» атты жинақта жарияланған.
Томға еніп отырған «Қоштасу» өлеңінің мәтіні аталған жи
нақтан (252-б.) алынды.
4. «О, тоба, пәни жалған-ай» (қоштасу) өлеңінің мәтіні «Же
тісу әуендері» атты жинақта жарияланған. Жинаушысы—
С.Медеубеков.
Томға қоштасу өлеңінің мәтіні аталған жинақтан (14-б.) алынды.
5. «Қыздың қоштасуы» атты өлең «Жетісу әуендері» кіта
бында жарияланған.
Томға еніп отырған мәтін аталған жинақтан (13-б.) алынды.
6. «Аға, бауыр, қош-қош-ай!» өлеңін Алматы облысы, Ең
бекшіқазақ ауданына (бұрынғы Шелек ауданы) қарасты Сөгеті
ғылыми қосымшалар
ауылының тұрғыны Ілімхан Молдабаева өзі ұзатыларда айтқан.
Сол кісіден 1997 жылы жазып алған—С.Медеубеков. Мәтін
«Жетісу әуендері» (1998) атты жинақта жарияланған.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған жинақтан (14-б.)
алынды.
7. «Қоштасу» өлеңі де Ілімжан Молдабаевадан жазылып
алынған. Мәтін «Жетісу әуендері» (1998) атты жинақта басы-
лым көрді.
Томға мәтін аталған жинақ бойынша (16-б.) дайындалды.
8. «Қоштасу» өлеңі бұрын басылым көрмеген. Қолжазбасы
ОҒК-нің қолжазба қорында (Ш.910/1) сақтаулы. Мәтін машин
каға басылған.
Томға еніп отырған қоштасу өлеңінің мәтіні аталған қол
жазбадан (289-б.) алынды.
VІІІ. БЕТАШАР
1. «Беташар» мәтіні бұрын басылым көрмеген. Қолжазбасы
ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.146, 2-дәп.) сақтаулы. Бет
ашар өлеңін 1957 жылы Гурьев экспедициясы кезінде Сейітов
Қабдештің айтуынан экспедиция мүшесі Әнуар Омаров жазып
алған. Мәтін тор көзді дәптер қағаздарына көк сиямен кирилл
әрпінде жазылған.
Томға ұсынылып отырған «Беташар» мәтіні аталған қол
жазбадан (1-10-бб.) алынды.
2. «Беташар» «Той» атты жинақта жарық көрген.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған жинақтан (237-б.)
алынды.
3. Томға еніп отырған «Беташар» Бұхара облысының Ке-
нимех, Тамдыбұлақ аудандарында тұратын қазақтардың ай-
тып жүрген өлеңі. Аталған «Беташар» мәтіні бұрын басылым
көрмеген. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/
117) сақтаулы. Мәтін кеңсе қағазына машинкамен басылған.
Жинаушысы—Қ.Саттаров.
Томға енген «Беташар» мәтіні аталған қолжазбадан (134-б.)
алынды.
ғұрыптық фольклор 4. «Беташарды» айтушы—Молдасейіт Төлепқалиев. Шы
ғарма 1957 жылы Гурьев облысында жазылған. Жинаушысы
туралы мәлімет көрсетілмеген. Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазба
қорында (Ш.146, 4-дәп.) сақтаулы. Мәтін тор көзді оқушы дәп
теріне көк сиямен кирилл әрпінде түсірілген. Бұрын жарық
көрмеген.
Томға ұсынылып отырған «Беташар» мәтіні аталған қол
жазбадан (8-10-бб.) алынды.
5. «Беташар» мәтіні бұрын басылым көрмеген. Мәтін
Арал теңізінің жағасындағы Мойнақ ауылының тұрғыны
Ерғожа Құлпыбаевтың айтуынан жазылып алынған. Жазып
алғандар—Қ.Саттаров пен Қадиша Құлпыбаева. Мәтін кеңсе
қағазына қара сиямен кирилл әрпінде жазылған. Қолжазбасы
ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/32) сақтаулы.
Томға ұсынылып отырған «Беташар» мәтіні жоғарыда атал
ған қолжазбадан (110-116-бб.) алынды.
6. «Беташардың» қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында
(Ш.920/135) сақтаулы. Мәтін бұрын басылым көрмеген.
Жинаушысы—Қ.Саттаров. Беташар мәтінін қағазға түсірген�
—Г.Сеңгірбаева. Айтушысы белгісіз. Өлең кеңсе қағазына көк
сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Томға еніп отырған мәтін жоғарыда аталған қолжазба
(135-б.) бойынша дайындалды.
7. «Беташар» өлеңін Ташкент облысы, Жоғарғы Шыршық
ауданы, Ащысай ауылының тұрғыны Әшірмат Мұсаұлының
айтуынан жазып алған—Мүкаррам Сәрсенқызы. Қолжазба
ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/75) сақтаулы. Мәтін кеңсе
қағазына қара сиямен кирилл әрпінде жазылған. Бұрын басы-
лым көрмеген. Қолжазба жинақ болып түптелген. Жинақтағы
қолтаңба—Гүлзира Сегізбаеванікі.
Томға ұсынылып отырған «Беташар» мәтіні аталған қол
жазбадан (201-202-бб.) алынды.
8. «Беташар» мәтіні бұрын басылым көрмеген. Өлең
Шымкент облысы, Сарыағаш ауданында жазылып алынған.
Жинаушысы—Қ.Саттаров. Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен
кирилл әрпінде жазылған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба
қорында (Ш.920/135) сақтаулы.
ғылыми қосымшалар
Томға еніп отырған мәтін аталған қолжазбадан (135-136 бб.)
алынды.
9. «Беташарды» ел арасынан жинаушы—Ибрагим Өкпенов.
Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.131, 2-дәп.) сақ
таулы. Мәтін кеңсе қағазына машинкамен басылған. Бұрын ба-
сылым көрмеген. Қорға 1959 жылы түскен.
Томға ұсынылып отырған «Беташар» мәтіні жоғарыда
аталған қолжазбадан (84-85-бб.) алынды. 10. «Беташар» мәтіні бұрын басылым көрмеген. Ел арасы-
нан жинаған—М.Тілеужанов. Мәтін ақ қағазға машинкамен
басылған. Қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.910/2)
сақтаулы.
Томға еніп отырған «Беташар» мәтіні аталған қолжазбадан
(259-264-бб.) бойынша дайындалды. 11. «Беташар» мәтіні 1981 жылы «Қазығұрт фольклор экс-
педициясы» кезінде жазылған. Экспедиция мүшелері Аниса
Қайназарова мен Күзенбаева Жанар. Беташарды айтушы—
Тұрғанбай Күнтуғанов. Мәтін қара сиямен кирилл әрпінде
түсірілген. Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/53)
сақтаулы.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (73-
79-бб.) алынды.
12. «Беташардың» қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында
(Ш.910/5) сақтаулы. Мәтін кеңсе қағазына машинкамен
басылған. Жинаушысы—М.Тілеужанов. Беташар мәтіні бұрын
еш жерде жарияланбаған.
Томға еніп отырған «Беташар» мәтіні жоғарыда аталған
қолжазба (194-197-бб.) негізінде дайындалды. 13. «Беташар» мәтіні басылым көрмеген. Қолжазбасы ӘӨИ-
дің қолжазба қорында (Ш.910/5) сақтаулы. Жинаушысы—
М.Тілеужанов.
Томға мәтін аталған қолжазбадан (283-284-бб.) алынды.
14. «Беташар» мәтінін 1957 жылы Батыс Қазақстан өл
кесінің Денгиз ауданынан жазып алған—Мәлике Ғұмарова.
Жинаушысы—М.Тілеужанов. Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазба
қорында (Ш.910/2) сақтаулы. Мәтін бұрын басылым көрмеген.
ғұрыптық фольклор
Томға еніп отырған «Беташар» мәтіні аталған қолжазбадан
(60-63-бб.) алынды.
15. «Беташар» мәтіні 1974 жылы «Тамды фольклор экс-
педициясы» кезінде жазылып алынған. Айтушысы—Әлмен
Базарбаев. Жинаушысы—Тұрсынай Оңғарбаев. Мәтін кеңсе
қағазына қара сиямен кирилл әрпінде түсірілген. Бұрын ба-
сылым көрмеген. Түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында
(Ш.920/35) сақтаулы.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (148-
152-бб.) алынды.
16. «Беташар» қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында
(Ш.920/54) сақтаулы. Мәтін қара сиямен кирилл әрпінде
жазылған. Бұрын басылым көрмеген. Жинаушысы—Дүйсен
бай Қолдасов.
Томға еніп отырған «Беташар» мәтіні аталған қолжазбадан
(1-8-бб.) алынды. 17. «Беташарды» айтушы—Сейдулла Баймағанбетов. Жа
зып алушы—Анаргүл Құрбанова. Мәтін қара сиямен кирилл
әрпінде жазылған. Бұрын еш жерде жарияланбаған. Қол
жазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/54) сақтаулы.
Томға ұсынылып отырған «Беташар» мәтіні аталған қол
жазба (11-34-бб.) бойынша дайындалды. 18. «Беташар» мәтіні бұрын басылым көрмеген. Қолжаз
басы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/54) сақтаулы. Жи
наушысы—Ажар Ташенова. Мәтін кеңсе қағазына қара сиямен
кирилл әрпінде жазылған.
Томға еніп отырған «Беташар» мәтіні аталған қолжазбадан
(36-39-бб.) алынды. 19. «Беташарды» айтушы—Жантілеу Ахметов. Жинау
шысы—Құрсанай Нұрымбетова. Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазба
қорында (Ш.920/54) сақтаулы. Мәтін бұрын басылым көр
меген.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (45-
46-бб.) алынды. 20. «Беташар» мәтіні бұрын басылым көрмеген. Қолжазба
сы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (920/54) сақтаулы. Мәтін қара
ғылыми қосымшалар
сиямен кирилл әрпінде жазылған. Жинаушысы—Ажар Таше-
нова.
Томға еніп отырған «Беташар» мәтіні аталған қолжазбадан
(49-51-бб.) алынды. 21. «Беташар» қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында
(Ш.920/54) сақтаулы. Жинаушысы—Түймегүл Жылқыбаева.
Мәтін бұрын басылым көрмеген.
Томға ұсынылып отырған «Беташар» мәтіні аталған қол
жазба (54-53-бб.) бойынша дайындалды.
22. «Беташар» Ажарбай деген кісінің келінінің бетін ашуға
шығарылған. Мәтін 1976 жылы жазылып алынған. Жи
наушысы—Қ.Саттаров. Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазба қорында
(Ш.920/54) сақтаулы. Бұрын басылым көрмеген.
Томға еніп отырған «Беташар» мәтіні аталған қолжазбадан
(54-57-бб.) алынды. 23. «Беташарды» жинаушы—М.Тілеужанов. Айтушысы
белгісіз. Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.910/1) сақ
таулы.
Томға еніп отырған мәтін қолжазба (255-257-бб.) бойынша
дайындалды.
24. «Беташар» бұрын еш жерде жарияланбаған. Қолжаз
басы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (910/1) сақтаулы. Жинаушы
сы—М.Тілеужанов. Мәтін машинкаға басылған.
Томға ұсынылып отырған «Беташар» мәтіні аталған қол
жазбадан (284-287-бб.) алынды.
25. «Беташар» мәтіні М.Тілеужанов жинаған жинақта
(Ш.910/1) сақтаулы. Мәтін машинкаға басылған. Бұрын басы-
лым көрмеген.
Томға еніп отырған «Беташар» мәтіні аталған жинақтан
(287-288-бб.) алынды.
26. «Беташарды» 1997 жылғы Түркістан фольклорлық экс-
педициясы кезінде Түркістан қаласында тұратын Дамылла-
ев Мұстафаның айтуы бойынша жазып алғандар—Қыдырәлі
Саттаров пен Самиха Жантасова. Мәтін сарғыш түсті кеңсе
қағазына көк сиямен кирилл әрпінде түсірілген. Бұрын ба-
26-169
ғұрыптық фольклор сылым көрмеген. Түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/112) сақтаулы. Томға ұсынылып отырған «Беташар» мәтіні аталған түп нұсқа (16-38-бб.) бойынша дайындалды. 27. «Беташар» мәтіні бұрын басылым көрмеген. Қолжаз басы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.940, 2-дәп.) сақтаулы. Айтушысы—Тәттібек Омаров. Жинаушысы Қарағанды Мем лекеттік университетінің студенті Мәрияш Төлегенова. Мәтін альбом қағаздарына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Томға еніп отырған «Беташар» мәтіні аталған қолжазбадан (13-14-бб.) алынды. 28. «Беташар» қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.108, 4-дәп.) сақтаулы. Мәтінді жазып алған—Оразбек Беспаев. Айтушысы белгісіз. Өлең кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Бұрын басылым көрмеген. Қорға 1990 жылы түскен. Томға ұсынылып отырған «Беташар» мәтіні аталған қол жазбадан (Ш.108, 4-дәп.) алынды. 29. «Беташар» мәтіні бұрын басылым көрмеген. Қолжазба сы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.108, 1-дәп.) сақтаулы. Томға енген мәтін аталған қолжазба негізінде (2-б.) дайындалды. 30. «Беташар» бұрын еш жерде жарияланбаған. Жинау шысы—Қ.Саттаров. Мәтін ақ қағазға көк сиямен кирилл әрпінде түсірілген. Түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/105) сақтаулы. Жинаққа енген мәтін аталған қолжазбадан (55-56-бб.) алынды. 31. «Беташарды» жазып алған—Зүбайра Мамитова. Жи наушысы—Қ.Саттаров. Мәтін бұрын еш жерде жариялан баған. Түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/105) сақтаулы. Томға мәтін аталған қолжазбадан (60-63-бб.) алынды. 32. «Беташар» мәтіні басылым көрмеген. Түпнұсқасы ӘӨИдің қолжазба қорында (Ш.920/83) сақтаулы. Жинаушысы—
ғылыми қосымшалар
Қ.Саттаров. Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде
жазылған.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған түпнұсқа (117-
120-бб.) бойынша дайындалды. 33. «Беташар» өлеңінің қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба
қорында (Ш.953) сақтаулы. Айтушысы—Бибіжан Сыздық
қызы. Жинаушысы—Қарағанды Мемлекеттік университетінің
студенті Э.Мардашева.
Жинаққа ұсынылған мәтін аталған жинақтан (6-21-бб.)
алынды. 34. «Беташар» жырын жазып алған—Моншақ Айтжанова.
Орындаған Сейдулла Баймағанбетова. Мәтін 1980 жылғы Аму-
дария құйылысындағы қазақтардың ауыз әдебиеті үлгілерін
жинау экспедициясы кезінде жазылған. Қолжазба ӘӨИ-дің
қолжазба қорында (Ш.920/83) сақтаулы. Мәтін қара сиямен
кирилл әрпінде жазылған.
Томға еніп отырған мәтін аталған қолжазба (27-54-бб.) бо
йынша дайындалды.
35. «Беташар» «Той» жинағында жарияланған.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған жинақтан (245-б.)
алынды.
36. «Беташар» «Той» кітабында жарияланған.
Томға мәтін аталған жинақтан (248-б.) алынды. 37. «Көрімдік» өлеңінің түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазба
қорында (Ш.320/56 сақтаулы. Мәтін ақ қағазға қара сиямен
кирилл әрпінде жазылған. Бұрын басылым көрмеген. Жи
наушысы—Айткүл Мамбетова.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан (79-б.)
алынды.
ІХ. НЕКЕ ҚИЯР
1. Неке қияр. А.Байтұрсыновтың таңдамалы шығармалары
атты жинағында (Алматы, 1989) жарияланған.
Томға енген мәтін аталған жинақтан (253-б.) алынды.
ғұрыптық фольклор
Х. ҚЫЗ БЕН ЖІГІТ АЙТЫСЫ
1. Жар-жардың айтыс түрі «Той» атты жинақта жарияланған.
Томға мәтін аталған жинақ (274-б.) бойынша дайындалды. 2. Жігіт пен қыз қолжазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында
(920/135) сақтаулы. Жинаушысы—Г.Сеңгірбаева. Мәтінді
2002 жылы Шымкент облысы, Сарыағаш ауданында жазып
алған. Кімнен жазып алғаны туралы мәлімет бермеген. Өлең
кеңсе қағазына қара сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Томға ұсынылып отырған мәтін түпнұсқа (138-б.) бойынша
дайындалды.
3. Қыз бен жігіт айтысы бұрын басылым көрмеген. Қол
жазбасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/71) сақтаулы.
Мәтін кеңсе қағазына қара сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Жинаушысы—Қ.Саттаров.
Томға еніп отырған мәтін аталған қолжазбадан (22-23-бб.)
алынды. 4. Жігіт пен қыздың ау-жар айтысы «Той» атты кітапта ба-
сылым көрді.
Томға мәтін аталған жинақтан (277-б.) алынды.
5. Қайым айтыс мәтіні «Той» атты жинақта басылым көрді.
Томға ұсынылып отырған айтыс мәтіні аталған жинақтан
(257-б.) алынды.
6. «Қыз бен жігіт» айтысының қолжазбасы ОҒК-нің қол
жазба қорында (Ш.277) сақтаулы. Айтыс мәтіні бұрын жария
ланбаған. Жинаушысы—Ә.Диваев. Қолжазба ақ қағазға араб
әрпінде жазылған.
Томға еніп отырған айтыс мәтіні аталған қолжазбадан алынды.
7. Жігіт пен қыз. Айтыс бұрын жарияланбаған. Қолжазба
ОҒК қорында (Ш.303) сақтаулы. Мәтін ұзын, сарғыш қағазға
көк сиямен араб әрпінде жазылған. Жинаушысы—Фатима
Ғабитова.
Томға ұсынылып отырған мәтін түпнұсқа бойынша дайын-
далды.
ғылыми қосымшалар 8. Жігіт пен қыздың айтысының қолжазбасы ОҒК-ның қорында (Ш.250, 4-дәп.) сақтаулы. Жинаушысы—Мәди Сәр сенбаев. Қолжазба кішірек ақ қағазға қара сиямен латын әрпінде жазылған. Мәтін бұрын жарияланбаған. Томға ұсынылып отырған айтыс түпнұсқа бойынша дайындалды. 9. Қыз бен жігіт. Айтыстың қолжазбасы ОҒК-ның қорында (Ш. 277, 7-дәп.) сақтаулы. Мәтін ақ қағазға көк сиямен араб әрпінде жазылған. Жинаушысы—Әлкей Марғұлан. Айтыс мәтіні бұрын жарияланбаған. Жинаққа ұсынылып отырған мәтін түпнұсқа негізінде дайындалды. 10. Қыз бен жігіт. Айтыс мәтіні «Айтыс» (1942) кітабында жарияланған. Томға еніп отырған айтыс мәтіні аталған жинақтан алынды. 11. Қыз бен жігіттің айтысқаны. Айтысқан қыз бен жігіттің аты-жөні белгісіз. Айтыстың түпнұсқасы ОҒК-ның қолжазба қорында (Ш. 247, 1-дәп.) сақтаулы. Жинаушысы—Ә.Диваев. Тапсырушысы—Фатима Ғабитова. Қорға 1941 жылы түс кен. Мәтін ақ қағазға көк сиямен араб әрпінде жазылған. Ай тыс мәтіні 1988 жылы шыққан «Айтыс» кітабының 1-томында жарияланған. Басылым мен түпнұсқа салыстырылғанда, айыр машылық кездескен жоқ. Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазбадан алынды. 12. Жігіт пен қыз. Айтыс мәтіні бұрын басылым көрмеген. Түпнұсқа ОҒК-ның қолжазба қорында (Ш.277) сақтаулы. Мә тін ақ қағазға көк сиямен араб әрпінде жазылған. Жинаушысы белгісіз. Томға айтыс мәтіні аталған қолжазбадан алынды. 13. Қыз бен жігіт. Айтыс бұрын жарияланбаған. Түпнұсқа ОҒК-ның қолжазба қорында (Ш.277, 2-дәп.) сақтаулы. Жинау шысы—Ә.Марғұлан. Шығарма ақ қағазға қара сиямен араб әрпінде жазылған. Қорға 1941 жылы түскен.
ғұрыптық фольклор
Томға еніп отырған айтыс мәтіні түпнұсқа негізінде әзір
ленді.
14. Қыз бен жігіт айтысы. Бұрын жарияланбаған. Мәтін
1990 жылғы «Мырзашөл» экспедициясы кезінде белгілі халық
ақыны Анарқұл Құлмановтың айтуынан жазып алған—Қ.Сат-
таров. Кеңсе қағазына кирилл әрпімен жазылған қолжазба
ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.920/71) сақтаулы.
Томға ұсынылып отырған айтыс мәтіні аталған түпнұсқа
негізінде дайындалды.
15. Қыз бен жігіт айтысы бұрын еш жерде жарияланбаған.
Айтыс түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (920/55) сақтау
лы. Мәтін кеңсе қағазына қара сиямен кирилл әрпінде жазыл
ған. Айтушысы—Сманқұл Маханов. Жинаушысы—Гүлнәр
Арысбекова. Қолжазба қорға 1990 жылы түскен.
Томға ұсынылып отырған айтыс мәтіні аталған қолжазбадан
алынды.
16. Қыз бен жігіт айтысының айтушысы белгісіз. Жинау
шысы—Қ.Саттаров. Шығарма кеңсе қағазына қара сиямен ки-
рилл әрпінде жазылған. Түпнұсқа ӘӨИ-дің қолжазба қорында
(Ш.920/61) сақтаулы. Бұрын баспа бетінде жарияланбаған.
Томға еніп отырған айтыс мәтіні түпнұсқа бойынша дайын-
далды. 17. Қыз бен жігіттің жұмбақ өлеңі. Айтысты жинаушы—
Қ.Саттаров. Айтушысы белгісіз. Айтыс мәтіні бұрын еш жер-
де жарияланбаған. Түпнұсқа ӘӨИ-дің қолжазба қорында
(Ш.920/61) сақтаулы.
Томға ұсынылып отырған айтыс мәтіні аталған қолжазбадан
алынды. 18. Қыз бен жігіттің жұмбақ айтысы. ӘӨИ-дің қолжазба
қорында (Ш.920/61) сақтаулы. Мәтінді хатқа түсірген—Г.Са-
бырханова. Айтыс мәтіні бұрын жарық көрмеген.
Томға еніп отырған айтыс мәтіні аталған қолжазба бойынша
әзірленді.
ғылыми қосымшалар 19. Қыз бен жігіттің айтысы. Бұрын жарияланбаған. Айтыс
ты жинап, қорға тапсырған—Ахметжан Нұртазин. Шығарма
мәтіні кеңсе қағазына кирилл әрпінде машинкаға басылған.
Мәтін соңында «1960 жыл, июнь» деген жазу бар. Түпнұсқа
ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.825, 1-дәп.) сақтаулы.
Томға ұсынылып отырған айтыс мәтіні қолжазба бойынша
әзірленді.
20. Қыз бен жігіт айтысы «Айтыс» (1988) кітабының 2-то
мында жарияланған. Түпнұсқа ОҒК-ның қолжазба қорында
(Ш.859) сақтаулы. Басылым мен түпнұсқа арасында айырма
шылық кездеспеді.
Томға енген айтыс мәтіні түпнұсқа негізінде әзірленді.
21. Жігіт пен қыз айтысының жинаушысы—К.Тәкежанов.
Айтыстың түпнұсқасы ОҒК-ның қолжазба қорында (Ш.304)
сақтаулы. Араб әрпінде жазылған мәтін «Айтыс» (1988) кіта
бының 2-томында басылым көрген. Басылым мен қолжазба ара-
сында айырмашылық жоқ.
Томға айтыс мәтіні қолжазба бойынша әзірленді.
22-25. Жігіт пен қыз. С.Мұқанов пен Е.Ысмайылов құрас
тырған «Айтыс» (1924) өлеңдері жинағында, «Айтыс» (1965)
жинағының 1-томында және 1988 жылы шыққан «Айтыс»
кітабының 1-томында жарияланған. Басылымдарды өзара са
лыстырғанда, елеулі айырмашылық кездескен жоқ.
Томға
ұсынылып
отырған
айтыс
мәтіндері
«Айтыс»
кітабының 1-томынан (1988) алынды. 26. Жігіт пен қыздың айтысы бұрын жарияланбаған. Түп
нұсқасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.479, 1-дәп.) сақтаулы.
Мәтін тор көзді дәптерге көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Ел аузынан жазып алып, қорға тапсырған—Ж.Нұрмаханов.
Томға ұсынылып отырған айтыс мәтіні аталған қолжазбадан
алынды. 27. Жігіт пен қыз айтысы бұрын жарияланбаған. Түпнұсқа
сы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.287, 4-дәп.) сақтаулы. Айтыс
ғұрыптық фольклор
мәтіні кеңсе қағазына машинкамен басылған. Айтушысы—
Көшен Елеуов.
Томға ұсынылып отырған айтыс мәтіні аталған қолжазбадан
дайындалды. 28. Жұмбақпен жігіт қызға айтқаны алғаш рет «Дала уа
лаяты» газетінің бетінде (1900, №20, 23) «Жұмбақпен жігіттің
қызға айтқаны»—«Киргизские загадки в виде состезания джи-
гита с девушкой» деген атпен қазақша, орысша жарық көрді.
Жариялаушысы—А.В.Васильев. «Дала уалаяты» кітабында
(1992, 212-215) қайтадан басылған.
Томға ұсынылып отырған айтыс мәтіні «Дала уалаяты га
зеті» (1992) кітабынан алынды.
29. Жігіттер мен қыздардың жұмбақ айтысы 1959 жылы
шыққан «Қазақтың халық жұмбақтары» кітабында жариялан
ған.
Томға ұсынылып отырған айтыс мәтіні жоғарыда көрсетіл
ген басылым негізінде дайындалды.
30. Қыз бен жігіт айтысының мәтіні бұрын басылым көр
меген. Түпнұсқасы ОҒК-ның қолжазба қорында (Ш.289, 2-дәп.)
сақтаулы. Айтушысы, жинаушысы белгісіз. Мәтін кеңсе қа
ғазына латын әрпімен машинкаға басылған.
Томға ұсынылып отырған айтыс мәтіні аталған қолжазбадан
алынды. 31. Қыз бен жігіт айтысының түпнұсқасы ОҒК-ның қол
жазба қорында (Ш.277, 6-дәп.) сақтаулы. Жинаушысы—
Х.Биханов. Айтыс мәтіні кеңсе қағазына қара сиямен ки-
рилл әрпінде машинкаға басылған. Шығарма бұрын еш жерде
жарияланбаған.
Томға ұсынылып отырған айтыс мәтіні аталған қолжазба
негізінде даярланды.
32. Жігіттің қызға айтқаны бұрын жарияланбаған. Жи
наушысы—Сейілбек Төлебаев. Мәтін кеңсе қағазына латын
әрпімен машинкаға басылған. Түпнұсқа ОҒК-ның қолжазба
қорында (Ш.301, 3-дәп.) сақтаулы.
ғылыми қосымшалар
Томға ұсынылып отырған айтыс аталған қолжазба негізінде
әзірленді.
33. Қойшы мен қыз айтысының мәтіні бұрын жариялан
баған. Жинаушысы, айтушысы белгісіз. Түпнұсқа ОҒК-ның
қолжазба қорында (Ш.259) сақтаулы. Мәтін кеңсе қағазына ки-
рилл әрпімен машинкаға басылған.
Томға енген айтыс мәтіні аталған қолжазбадан алынды.
34. Саудагер жігіт пен қыздың айтысын 1947 жылы Тар
бағатай ауданы, Тополево-мыс совхозында тұратын қарт ба
лықшы Есентаев Ысқақтың айтуынан жазып алған—Қанай
Нұрмұханбетов. Айтыс бұрын жарияланбаған. Мәтін ақ қағазға
қара сиямен кирилл әрпінде жазылған. Түпнұсқа ОҒК-ның
қолжазба қорында (Ш.700, 2-дәп.) сақтаулы.
Томға ұсынылып отырған айтыс мәтіні аталған қолжазбадан
алынды.
35. Қыз бен жігіт айтысы бұрын басылым көрмеген. Түп
нұсқа ОҒК-ның қолжазба қорында (Ш.246, 2-дәп.) сақтаулы.
Мәтін ақ қағазға көк сиямен араб әрпінде жазылған. Айтушы-
сы—Бекмырза ақын. Жинаушысы—Әбдіғали Қарақұлов.
Томға ұсынылып отырған айтыс мәтіні аталған қолжазбадан
алынды.
Қ. Алпысбаева
Мәтіндерде кездесетін тарихи есімдер
Бәтима, Бибәтима (Фатима)—Мұхаммед пайғамбардың
қызы, төртінші халифа Әлидің әйелі, Хасен мен Хұсайынның
анасы, мұсылман әлемінде ерекше қадір тұтатын тұлға. Пай
ғамбар қаза болғанда қасында болып, әкесін арулап көмген,
аза тұтқан адал перзенті де осы Фатима хазірет. Бұл кісі тек ха-
лал жар, Расул Алланың қызы ретінде ғана емес, Әли қайтыс
болғаннан кейін мұсылмандардың басын қосуға, шариғат
істерін одан әрі дамытуға біраз еңбек сіңірген дін қайраткері.
Фатимаға табыну, шамасы, Х-ХІІ ғасырларда, содан тарайтын
әл-фатимийун әулиеті ықпалының күшеюіне байланысты туып,
қалыптасса керек. Фатима—шииттердің діни хикаяларының
ең басты қаһармандарының бірі. Көптеген мұсылман елдерінде
алақанды белгілейтін ежелгі нысана «Фатиманың қолы» де-
ген атақ алған. Оның небір үмітсіз ауруларға да ем қондырып,
дәру дарытатын қасиеті бар деп саналған.Қазақ әйелдері басқа
мұсылман қыздары секілді Фатиманы өздеріне қамқоршы—
пір, қолдаушы—қыдыр деп санаған. Көбінесе, оны Бибі Фати-
ма деп атайды.
Мұхаммед—ең соңғы пайғамбар, Ислам дінінің негізін са-
лушы. Мұхаммед (с.а.с.) 570 жылы Мекке қаласында дүниеге
келген. Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге кел-
местен екі ай бұрын қайтыс болған. Ал анасы Әмина Расул
Алла* алты жасқа толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа
(с.а.с.) алғашында сүт анасы Халиманың, онан соң атасы
Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің тәр
биесінде болған. Алғашқы уахи хазірет Мұхаммед Меккеден
* Расул Алла—[Расул (а)—елші]—Алланың елшісі.
ғылыми қосымшалар
үш шақырым жердегі Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні
таң алдында рамазан айында түсті. Мұхаммед 610 жылдары 40
жасында Алланы, яғни бір Құдайға табынатын дін—Исламды
уағыздай бастайды.Мұхаммед (с.а.с.) Ислам дінін жария еткен-
де арабтардың басым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар Ислам
дініне қарсылық білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан
б.д. 622 жылы Мұхаммед (с.а.с.) өзінің жақтастарымен бірге
Меккеден Мәдина қаласына қоныс аударады. Бұл жыл Ислам
жыл санауының басы деп есептеледі. Оның арабша атауы—
«хижра», яғни «қоныс аудару» деген сөз. Мұхаммед Мұстафа
(с.а.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдина қаласында қайтыс бол
ды. Мұхаммед пайғамбардың «Мұстафа» (таза, нұрлы, си-
патты), «Расул» (елші), «Хабибулла» (Алланың сүйіктісі),
«Сағидулла» (Алланың көмекшісі) т.б. эпитет есімдері бар.
Ғали—Оспаннан кейін билік басына келген төртінші әді
летті халифа. Хазірет Әли—Мұхаммед пайғамбардың немере
інісі, әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу баласы. Мұсыл
ман елдерінің ауыз әдебиетінде Әли—орасан, алып күш иесі.
Жаулары Әлидің айғайынан-ақ өліп, талып қалатын болыпты-
мыс. Фольклорлық туындыларда оның зұлпықар, қамқам,
самсам деген үш қылышы болғаны айтылады. Әлидің есімі
көптеген шығыс шығармаларында, оның ішінде діни дастан-
дарда жиі ұшырасады. Әдетте, хазірет Әли сол дастандардың
басты кейіпкері, жеңілмейтін батыр, халықтың қамқоршысы,
мұсылмандардың қорғаны, бетке ұстар қаһарманы ретінде
көрінеді. Дастандарда Әли өткен замандарда атақты Рүстемнің
өзі жеңе алмаған жауларды жеңген деп дәріптелген.
Хауа ана—діни аңыз бойынша, адамзаттың арғы анасы,
Адамның (ғ.с.) жұбайы.
Ақық—әшекей үшін пайдаланылатын, түсі ақшыл бағалы тас
Ақырет—өлген адамды орайтын ақ мата, кебін
Арзы—іске тату, тұру, жарау
Асқыру /ж/—асқыну
Әйкел—мойынға тағатын алтын, күміс әшекей
Әуел /а/—алғашқы, бірінші; Алла тағаланың 99 есімінің бірі
Батық мұрын—кеңсірігі ішке қарай кіріңкелеу мұрын
Бахар /а/—теңіз, көл
Бәс—талас, тартыс, егес
Бейіш, пейіш—жұмақ, ұжымақ
Боғжама—қолдан тігілген боқша, дорба
Боян—арық жағалауында өсетін жапырақты өсімдік
Бінә—құрылыс, ғимарат, негіз
Ғалем—ғалам
Деймәтлі—құрметті
Дөдеге—киіз үйдің сыртын айналдыра сән үшін үзік етегіне
салатын, жалпақтығы сүйем не қарыс мөлшеріндегі әшекейлі
киіз
Дүмбез /к/—бақыт құсы
Езгулік /т/—ізгілік, игілік, жақсылық
Елтірі—сойылған не өлген қозы-лақтың бұйра терісі
Жабы—қазақ жылқысының нашар, қарабайыр тұқымы
Жарамаздан (иа, рамазан) /т.а./—жарамазан, жарапазан
Жаһил /а/—надан; білімсіз
Желі—құлындарды байлау үшін екі қазыққа кере тартыл
ған арқан
Зина /а/—нәпсіқұмарлық, жезөкшелік, тұрақсыздық, бұ
зықтық; неке бұзушылық.
Ишан, Ишан мазан—дін басшыларының жоғарғы атақта
рының бір атауы; дін басшыларының жоғарғы лауазымы
Иін—иық
Кәғда—Құран, шариғат сөзі, діни кітап, ереже
КәлемАлла /а/—Алла сөзі, құран
Кәтеп—нардың өркешін сақтайтын, жүк арту үшін ағаш
тан жасалған
Кенере—бір нәрсенің ернеуі, шеті, жиегі
Керсең—ағаштан дөңгелектеп істеген үлкен шара, тегеш,
тегене
сөздік
ғылыми қосымшалар
Кеуіл—көңіл
Көнек—бие саууға арналған көннен жасалған шүмегі бар
ыдыс
Күбіну—ашулану
Күлдіра—шаңырақтың шеңберіне, уықтың қарына шашақ
тап, тоғанақтап, түйіндеп, сән үшін байлайтын қолдан терме-
леп тоқыған жалпақ бау.
Кіре—жолдамалы күш көлігі
Кірекеш—кіремен жүк тасушы, жүкші
Қабар—ашулану, ренжу, түнерту
Қадит—әдет
Қалы, қалы кілем—түрлі-түсті ою-өрнектермен безендіріл
ген, қымбат бағалы кілем
Қама—кішірек келген, жылтыр қара түсті, суда жүретін,
терісі бағалы аң
Қаумет/а/—күш, жігер, қуат, көтерілу
Қауыс (к)—қараша арабша атауы
Қашыр—есек айғыры мен биенің шағылысуынан туған бу-
дан мал
Қолқайыр—тапқан табыстан берілетін садақа
Қотан—мал түнейтін орын, қора
Қулық—тұмса құлындаған жас бие
Құрсан/п/—шат-шадыман, қуанышты
Қылаң—бозғылт түрі басым, ақшыл
Майдан—алаң, ашық жер
Мауыт—қалың мата, шұға
Машайық (к)—ақылды адам, абыз
Мая—жалғыз өркешті түйенің інгені, аруана
Мәмбіл—аңыз бойынша Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың
мінген аты
Меһрим, меһрибан /п/—мейірім, мейірімді
Миуа—жеміс
Муафих /а/—келісім
Мұрсат—мерзім
Мұт—1. Ұмыту. 2. Тегін, босқа.
Мүкәммал—дүние-мүлік, қазына-байлық
Мірәгар—мрамор
Мірғара—қара тиын, бақыр
Мірі (к.)—ескіше бес тиындық ақша
Наза—күйініш, нала, реніш
Озал, әзел—баяғыда, әуелде, ежелде, бұрыннан
ғұрыптық фольклор
Оймауыт—халықтың түрлі тобы
Өре—құрт-ірімшік, жеміс-жидек бір тегіс кебу үшін жа
салған биік сөре; жайма
Падсайы—шүберек, тауар түрі, жібек матаның бір түрі
Пақал—мұржа
Панар /о./—қол шам
Папырос /о./—темекі
Пәуеске—төбесін, сыртын былғарымен жапқан, ою-өрнек
сап сәндеп жасаған, күймелі жеңіл арба
Пирақ (пырақ)—жүйрік ат, жылқы түрі
Подыр /о./—опа
Пітір, бітір—ораза айында жан басынан алынатын діни
салық
Сақилық—жомарттық, мырзалық
Сақын—сақтық, қырағылық
Сана—тілек өкінішті білдіретін -шы, -ші орнына қолда
нылатын жұрнақ
Сара—асыл
Саржа /к/—сүйектен әшекейленген әдемі садақ; жақ
Сарпа (ж)—шапан
Серке сан—сұлу
Серу—өрмек тоқылғанда астыңғы жіп пен үстіңгі жіпті
жұптап тізу үшін қолданылатын жіңішке жұмыр ағаш
Сидратель мүнтаһ—жұмақтағы ең биік гүлді ағаш
Сора—сортаң жерге шығатын алабота тәрізді өсімдік
Сөлкебай—бір сомдық күміс ақша
Тана—ақықтан, күмістен жасалған әйелдер киіміне таға
тын түйме
Тарлау—биіктеу боп өсетін шалғын шөп
Тәтен—тәтті
Үмбет—мұсылман дініне мойынсұнған, бағынышты адам
Үріп—ғұрып
Фатиха /а/—беташар, кіріспе, құран кәрімнің бірінші
сүресі; бата
Шағыл—белес-белес, жота-жота боп үйіліп қалған құм
Шадиар—дос, серіктес
Шанаш—ешкі терісінен істелген торсық
Шаңғауыз—шаңқобыздың түрі
Шиыр—мал түспеген, жайылмаған кең жазира, тың жайлау
Шора/т/—күң
Ымрай—кіші, уақ
Жер-су атаулары
Орынбор—Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және оң
түстік-батыс иеліктерін отарлау мақсатында 1850 жылы құры
лып, 1881 жылға дейін сақталды. 1868 жылы орталығы Орын-
бор қаласы болған Торғай облысы құрылды.
Хожелі—бұрынғы Хиуа хандығына қарасты Үргеніш, Хо
желі, Төрткүл, Хиуа, Шымбай секілді көне шаһарларды қа
зақтар Бесқала деп атаған.
Томға енген мәтіндерді айтушы һәм
жинаушылар туралы мәлімет
Айнақұлов Е.—1931 жылы туған. Қазір Алматы облысы,
Еңбекшіқазақ ауданындағы Ащыбұлақ ауылында тұрады. Ол
халық әндерін, қара өлең сөздерін көп біледі.
Асаубаева Т. (1900-ө.ж.б.) Қарағанды облысы, Қарқаралы
ауданы, Бесоба ауылында туып-өскен.
Әділбекова Ы.—халық өлеңшісі. Алматы облысы, Райым-
бек ауданындағы Қаратоған ауылында тұрады.
Баймағанбетов С.—1940 жылы ҚҚ АССР-нің Кейгей ау-
данында туылған. Сейдулланың әкесі Баймағанбет асқан дом-
бырашы, күйші, белгілі әнші болған кісі. Сейдулла өлең, тер-
ме, қиссаларды өз әкесі Баймағанбеттен жазып алып, жаттап
үйренген. Ол қазір Қожелі қаласында тұрады.
Бекенова Б. 1924 жылы туылған. Шымкент облысы, Түр
кістан қаласында тұрады.
Бекқожина Т. (1919-1995)—музыкатанушы, қазақ фольк
лорының, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушы, әнші. Құр
манғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын та-
мамдап, ол ұзақ жылдар бойы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институтында қызмет атқарды. Ол қазақ халқы ауыз
әдебиеті үлгілерінің ноталық жазбаларын жасау арқылы қазақ
жырлары мен өлеңдері үлгілерін айтушылардың әуендеріне
мәңгі өмір сыйлады. Бекқожинаның еңбектері мынадай жеке
кітаптар түрінде жарық көрді: «Қазақтың 200 әні» (1972),
«Қазына» (1979), «Шәкәрім» (1989), «Даланың назды сазда-
ры» (1996).
Ғабитова Ф. (1903-1968). Талдықорған облысындағы Қа
пал селосында туған. Көп жылдар қазақ мектептерінде ұстаз
дық қызмет атқарған. Сонымен қатар ол қазақ ауыз әдебиетінің
ғылыми қосымшалар
жанашыры ретінде 20 ж. бастап атақты қазақ ақыны І.Жан
сүгіровпен бірге әр жанрлы нұсқа үлгілерді жинаған. Әсіресе,
Ә.Диваев еңбектерін сақтап, кейінге жеткізуде Ф.Ғабитованың
сіңірген еңбегі аса зор.
Ғұмарова М. (1918-1987)—фольклортанушы, текстолог
ғалым, филология ғылымдарының кандидаты (1953). 1943-
1987 жылдары Қаз. ССР ҒА-ның Тіл және әдебиет институты
ның Текстология, қолжазба бөлімінде жұмыс істеген. Жамбыл
шығармалары жинағын, Көрұғлы, Қамбар т.б. батырлық жы-
рын құрастырған. «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипат-
тамасына» батырлық, ғашықтық жырларға сипаттама жазды.
«Қамбар батыр», «Қыз Жібек» жырларының ғылыми басылы-
мын дайындады. Халық ақындарының өлеңдері мен айтыста-
рын жинады. ОҒК және ӘӨИ Қолжазба қорларындағы сирек
қолжазбаларды жүйеледі.
Дамылаев М.—Қызылорда облысы, Жаңақорған ауда-
ны, Қандоз ауылында туып-өскен. Кейін Түркістан қаласында
тұрған. Түркістан темір жолында жұмыс істеген. Руы—маң
ғытай, Орта жүз.
Диваев Ә. (1856-1932)—этнограф, фольклортанушы. Ұл
ты—башқұрт. Орынбордағы Неплюев кадет корпусының Азия
бөлімін бітірген, 1876 жылдан бастап Түркістан өлкесіне әс
кери қызметпен келген. Тәшкен қаласында Әскери-халық
тық басқармада қызмет еткен. Сол жылдардан бастап қа
зақтың ауыз әдебиетін жинап, зерттеп, баспа бетінде жариялап
отырған. Эпостық жырларды, ертегілерді, балалар фолькло-
рын, шешендік сөздерді қағазға түсірді, кейбіреуін орыс ті
ліне аударды. Ежелгі күнтізбе, астрономия туралы халық
ұғымдарын жинады. Диваевтың ғылымға сіңірген еңбегін
П.М.Мелиоранский, В.А.Гордлевский, В.В.Бартольд т.б. ға
лымдар жоғары бағалады.
Досымжанова Р.—халық өлеңшісі. Алматы облысы, Ра
йымбек ауданының Қарасаз ауылында тұрады.
Жұмекенова М. 1925 жылы Қарағанды облысы, Ульянов
ауданы, Қ.Бабаев совхозының Төрт-көл ауылында туылған.
Руы—қаражас ішінде Өтен.
Заурбекова С. 1920 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы,
Жаңа-Талап ауылында туылған.
27-169
ғұрыптық фольклор
Күнтуғанов Т. 1937 жылы Ташкент облысы, Шыназ ауда-
ны, Куйбышев совхозында дүниеге келген. Ұлы жүз, Сіргелі,
Жайдақ, атасы Жәдігер. Тұрғанбайдың мамандығы—механи-
затор. Кейін 2-жылдық музыкалық училищені бітірген. Қазір
Шымкент облысы, Сарыағаш ауданы, Полтарцкі селосында
тұрады.
Қайнарбаев Ә.(1898-ө.ж.б.). Қызылорда облысы, Қармақшы
ауданынан. Ұзақ жылдар партия-совет орындарында қызмет
істеген. Ол 1934 жылдан бастап Қазақ ССР Ғылым академия-
сына көптеген ауыз әдебиеті үлгілерін—Сыр бойынан шыққан
Оңғар, Базар жырау, Ерімбет, Кете Жүсіп шығармаларын жи-
нап тапсырған жинаушылардың бірі. Оның жазғандарының
бірсыпырасы «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындарының
шығармалары» және «ХХ ғасырдағы қазақ ақындарының
шығармалары» деген жинақтарда жарияланды. Сондай-ақ ай-
тыс томдарында жинаған айтыстары енді.
Қарашев Қ. 1936 жылы Текес өңірінде дүниеге келген.
Әнші, өлеңші, халық әндерін көп білетін өнерпаз. Өзі де ән
шығарады. «Жұлдызды жайлау кештері-ай», «Балдызым»,
«Түсімде мен өзіңді де көп көремін» т.б. әндері радио арқылы
кең тараған. 1970-1996 жылдары Жамбыл ауданы Халық теа-
трында режиссерлік қызмет істеді. Қазір Алматы облысы, Жам-
был ауданындағы Ұзынағаш ауылында тұрады.
Құлымбетова Ж. Ол 1923 жылы Шымкент облысы, Түлкі
бас ауданында туылған. Руы—дулат, оның Жаныс атасынан
тараған.
Марғұлан Ә. (1904-1985). Павлодар облысы, Баянауыл ау-
данында туған. Қазақстан археология мектебінің негізін қа
лаушы. Бүкілодақтық географиялық қоғамның толық мүшесі,
Қазақ ССР ҒА-ның академигі.
Молдабаева І. 1934 жылы туылған. Жетісу өңіріне кең
таралған әндерді айтады. Айтыскер, өлеңші. Исабек, Жұмабек,
Нұрсұлтан, Иемберген деген өлеңшілермен айтысқан. Әнді же
ке дауыста, аспап сүйемелінсіз созып айтады. Қазір Еңбекшіқа
зақ ауданындағы Сөгеті ауылында тұрады.
Мұқиынқызы О. Ол 1945 жылы Қарағанды облысы, Қар
қаралы ауданы, Атпаз селосында туған.
Мұсаұлы Ә. 1939 жылы Ташкент ұлысы Жоғарғы Шыр
шың ауданы, Ащысай ауылында дүниеге келген. Әшірмат өзі
ғылыми қосымшалар
мамандығы жағынан инженер болса да, домбыраны шебер тар-
татын, табан астынан өлең шығаратын қабілеті бар. Әшірмат
Мұсаұлы әртүрлі тақырыпта өлеңдер жазған. Ақынның кейбір
өлеңдері ауданның «Алға» газетінде жарық көріп тұрған. Ол
1982 жылы Алматыға келіп ақын Ә.Тәжібаевпен кездеседі.
Әбділда Тәжібаевтың алдында табан астында өлең шығарып,
өзін Шыршық аңғарынан келген ақын екенін таныстырады.
Әшірмат Мұсаұлы тек өлең-жыр жазумен шұғылданып қалмай,
қазақтың тұрмыс-салт өлеңдерінің сан түрін айтады.
Омаров Т. 1920 жылы туған. Туған жері Қарағанды облы-
сы, Қарқаралы ауданының Еңбек совхозының №2 Қарағаш
бөлімшесі. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері. Көп жыл Қарағаш
сегіз жылдық мектебінде мұғалім болған. Руы—шор. Шордың
ішінде—Ер.
Рыскелдиева Б. (1904 -ө.ж.б.). Жамбыл облысы, Жуалы
ауданы, Жаңа-Талап ауылында туып-өскен.
Саттаров Қ. (1941-2011)—филология ғылымдарының док-
торы, фольклортанушы. Оңтүстік Қазақстан мен Өзбекстан
Республикасы Ташкент өңіріне ұйымдастырылған бірнеше
фольклорлық-этнографиялық
экспедицияларды
басқарған,
ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институтының Қолжазба қорына тапсырған.
Сыздықұлы Б. 1907 жылы Қарағанды облысы, 9-ауылнайға
қарасты Айналы-Нияз ауылында дүниеге келген. Руы—қар
жас.
Тайжанұлы С. Қарқаралы өңірінде Абыралов деген жерде
туған. Кезінде бай-кулактарды ұстап конфискілеуге қатысқан.
Одан кейінгі өмірінде мал бағумен айналысқан.
Түгелбаева Н.—1926 жылы Қарағанды облысы, Шет ауда-
ны, Ленин колхозында туған. Салт өлеңдерді үлкен әжесінен
үйренген.
Шартты қысқартулар
А.—арабша
П.—парсыша
Т.—түрікше
Ж.—жергілікті
К.т.—көне түркі
Тат.—татарша
К.с.—көнерген сөз
О.—орысша
ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр
Пайдаланылған әдебиеттер
Қолжазбалар
1. ӘӨИ. Ш.920/1-140
2. ӘӨИ. Ш.146, 2-дәп.
3. ОҒК. Ш.910
4. ӘӨИ. Ш.937
5. ӘӨИ. Ш.760
6. ӘӨИ. Ш.928 т.б.
Зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық
жинақтар, сөздіктер
1. Арғынбаев Х. Қазақ халқындағы семья мен неке.—Ал
маты, 1984. 2. Байтұрсынов А. Шығармалары.—Алматы, 1989. 3. Батырлар жыры. 3 т.—Алматы, 1987. 4. Веселовский А. Н. Историческая поэтика.—М., 1989. 5. Гродеков Н. И. Киргизы и каракиргизы Сыр-Дарьинской
области. Юридический быт.—Ташкент, 1889. Т.1. 6. Әуезов М. Әдебиет тарихы.—Алматы, 1991. 7. Ж. Дәуренбеков. Айтыңыз құтты болсын! —Алматы:
«Өнер», 1993. —48-б. 8. Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері: өткен
дегісі және бүгіні.—Алматы, 2001. 9. Левшин А. И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кай
сацских орд и степей.—Алматы, 1996. 10. Пропп В. Я. Фольклор и действительность.—М., 1976.
ғұрыптық фольклор 11. Сейфуллин С. Шығармалар: 6 томдық.—Алматы, 1964.
6-т. 12. Симаков Г. Н. Общественные функции киргизских на-
родных развлечений в конце XІX—начале XX вв.—Л., 1984. 13. Тал бесіктен жер бесікке дейін. Қазақтың отбасылық
ғұрып жырлары. Құрастырып, алғысөзі мен түсініктерін жаз
ған К. Ісләмжанұлы.—Алматы, 1996. —46-б.
14. «Той» (Құрастырғандар: Ж. Дәуренбеков, Б. Сапарәлі).—
Алматы: «Өнер», 1993.—729-б. 15. Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері.—Алматы, 1974. 16. Хусайнов Ш., Дюсенбаев И. Т. Театрально-драматичес
кие элементы в казахском устном творчестве и народных играх
// Известия АН КазССР. Серия искусствоведения.—Алма-Ата,
1959. Вып. 1; Каскабасов С. А. Колыбель искусства.—Алма-
Ата, 1992. 17. Арабско-русский словарь. Составитель Х. К. Баранов.—
Москва, 1968. 18. Древнетюркский словарь.—Л.: Наука, 1969. 19. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Құрастырғандар:
Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.—Алма-
ты: Дайк-Пресс, 2001.
20. Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 21. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Құрастырған
І.К.Кеңесбаев.—Алматы, 1977. 22. Персидско-русский словарь / Под ред. Ю. А. Рубинчика.
І-ІІ т.—Москва, 1970. 23. Татарско-русский словарь.—Москва: Советская энцикло
педия, 1966. 24. Турецко-русский словарь.—Москва: Русский язык ме-
диа, 2005.
РЕЗЮМЕ
Институтом литературы и искусства им. М.О. Ауэзова про-
должается научное издание стотомного Свода «Бабалар сөзі»,
выпускающегося в рамках Стратегического национального
проекта «Культурное наследие». Предыдущие восемьдесят де-
вять томов серии были посвящены эпическим произведениям,
народным песням, сказкам, загадкам, пословицам и поговор-
кам, а также другим малым жанрам, которые являются са-
мыми многочисленными и высокохудожественными в нацио-
нальном фольклоре. Если быть точнее, то были подготовлены
к изданию и выпущены тринадцать томов «Новеллистических
дастанов», семь томов «Религиозных дастанов», одиннадцать
томов «Романических дастанов», двадцать томов «Героическо-
го эпоса», одиннадцать томов «Исторических поэм», пять томов
«Пословиц и поговорок», два тома «Народных песен», четыре
тома «Генеалогических преданий», пять томов «Сказок», четы-
ре тома «Исторических преданий», по одному тому «Загадок»,
«Детского фольклора», «Казахских мифов», «Фольклора каза-
хов Монголии», «Топонимических преданий», «Кюйских пре-
даний», «Поэм-преданий». В двенадцати томах этой серии были
использованы материалы из фольклорного наследия казахов
Китая, а в одном томе—казахов Монголии.
Одним из древнейших жанров казахского фольклора явля
ется фольклор, посвященный традициям и обычаям народа.
Пути развития произведений народного творчества, относя-
щихся к этому жанру, с древнейших времен всегда были тесно
взаимосвязаны, переплетены между собою, имеют общие кор-
ни с духовным развитием и бытом, его социальным мироощу
щением, обычаями и традициями, верованиями, ремеслами
и другими основными жизненными ценностями человека. К
ғұрыптық фольклор
основным видам данного жанра относятся: фольклор, связан-
ный с календарно-обрядовыми традициями (маусымдық ғұрып
фольклоры), и фольклор, связанный со свадебными обрядами
(үйлену ғұрып фольклоры).
Фольклорные произведения, связанные с календарными
традициями, как правило, исполняются во время празднования
национальных или религиозных праздников, где используют-
ся древние обычаи и ритуальные действия. В качестве таких
произведений можно назвать песни «жарапазан», повсеместно
исполняющиеся в конце мусульманского священного месяца
рамазан в дни празднования «ораза айт». Здесь слово «жарапа-
зан» появилось в результате повторения в конце каждой сроки
выражения «йа, рамазан», на это указывает и то, что в некото-
рых регионах песни «жарапазан» называются «жарамазан».
Жарапазан в основном исполняют дети, молодые девушки и
юноши. В конце мусульманского поста они небольшими груп-
пами ходят по домам, поздравляют хозяев с окончанием поста и
поют жарапазан. По содержанию они связаны с исламом, в них
в стихотворной форме рассказывают об основных постулатах ис-
лама, восхваляют пророка Мухаммеда, также исполнители жа-
рапазан в своих песнях стараются не обойти вниманием хозяина
дома и его домочадцев. Как правило, песни поет один, осталь-
ные подпевают вместе с ним припев песни. По обычаю хозяин
дома должен одаривать их сладостями, подарками, деньгами.
О песнях жарапазан как об одном из видов казахского фольк
лора впервые в своих трудах высказывались Копеев М.Ж., Бай-
турсынов А., Сейфуллин С. Однако в эпоху советской власти к
религии вообще, в т.ч. и к исламу, сложилось определенное не-
гативное отношение, и в результате этих идеологических запре-
тов традиция пения жарапазан тоже постепенно начала утра
чиваться. Только с обретением независимости, с возрождением
религиозных традиций песни жарапазан снова вошли в жизнь
народа. Песни жарапазан стали исследоваться в составе тради-
ционных жанров казахского фольклора. В 1-м томе пятитом-
ного сборника «Қазақ музыкасының антологиясы», изданного
Институтом литературы и искусства им. М.О. Ауэзова, приве
дены 16 вариантов песен-жарапазан с текстами и нотами.
В очередной, 90-й том серии «Бабалар сөзі» вошли около
30 вариантов песен жарапазан, основная часть которых нигде
еще не была опубликована. Тексты этих песен были взяты из
ғылыми қосымшалар
фольклорных материалов, хранящихся в рукописных фондах
ЦНБ и ИЛИ МОН РК. Среди них есть и материалы различных
культурно-этнографических экспедиций, организованных по
разным регионам страны. Также в том вошли тексты песен-жа-
рапазан, записанные и сохраненные или сочиненные частными
лицами и вошедшие в региональные сборники фольклорных
произведений.
В данный том вошел еще один из древнейших видов обряд
ного фольклора—наурыз өлеңдер (песни начала весны). Празд-
ник Наурыз казахи называют «Ұлыстың ұлы күні». Эта тра
диция календарного обряда зародилась в древние времена,
здесь встречаются произведения, напрямую связанные с древ-
ними верованиями и обрядами народа, легендами о Коркыт ата,
земледельческим ремеслом, сменой времен года, даже с пред-
ставлениями о происхождении самого народа. Обычно песни,
посвященные к празднику Наурыз, созвучны с бата-тілектер
(добрыми пожеланиями и напутствиями). Праздник Наурыз и
песни, посвященные этому празднику, являются возрожденной
народной традицией, сегодня они обрели новое, современное
звучание.
Самую многочисленную часть обрядного фольклора состав
ляют песни, связанные с семейными традициями и обрядами.
И по внутреннему жанровому содержанию они делятся на три
основные группы, такие как құда түсу (сватовство), тойбастар
(обрядовая песня к началу свадьбы), жар-жар, сыңсу, аушадияр
(песни, исполняемые во время проводов невесты), беташар, неке
қияр (обряды, проводимые во время бракосочетания) и обрядо-
вые песни, ритуальные действия во время похорон (жоқтау, да-
уыс, көңілқосу, көрісу и т.д.).
В жизни казахского народа важное место занимают обря
довые песни, связанные с женитьбой и замужеством. И это
естественно, к примеру, женитьба—это не одного дня дело. До
того, как состоится сам обряд женитьбы, обе стороны должны
соблюсти и исполнить целый ряд правил, обрядов и ритуалов—
құда түсу (сватовство), сырға салу (үкі тағу), ұрын бару, қыз
ұзату, келін түсіру, жасау апару и т.д. Это может длиться не-
сколько месяцев или лет, и каждый из этих обрядов сопровож
дается определенными ритуалами и песнями, отличающимися
многообразием, а прощальная песня невесты и другие обрядовые
песни, исполняемые во время проводов невесты, наполненные
ғұрыптық фольклор лиризмом, передающие внутреннее эмоциональное состояние и невесты, и ее окружения, являются образцами художественного творчества народа. Следующей обрядовой песней, относящейся к обрядного фольклору и являющейся такой же значимой в жизни казахского народа, считается беташар, это — обрядовая песня, исполняемая во время прибытия невесты в дом жениха, в этой песне представляют невесте всех ее новых родственников и дают ей советы, наставления, и конечно же, добрые пожелания. В очередном, 90-м томе серии «Бабалар сөзі» представлены более 36 видов песен сыңсу, қоштасу, около 15 видов ау-жар, жар-жар, 36—беташар, 24—тойбастар. Также следует отметить, что в данный том вошли песни, исполняемые в связи с такими ритуалами, как құттықтау (поздравления), көрімдік (подарок), неке қияр (собственно бракосочетание). Поскольку произведения подобного характера обычно бывают однотипными, они немногочисленны. Том завершает раздел, посвященный айтысу девушки и джигита. Айтыс девушки и джигита—это один из древних культурных обрядовых мероприятий, без которого не обходился ни один традиционный праздник, будь то свадьба, проводы невесты и др. Многообразие, красочность и художественность таких песенных состязаний между девушкой и джигитом или между группой девушек и группой джигитов придавали празднику особую атмосферу, и они являлись самой привле кательной частью праздника. 35 таких айтысов, вошедших в данный том, впервые представлены на суд читателей, поскольку до сих пор они нигде не были опубликованы. И основная часть айтысов подготовлена по рукописным материалам из редких фондов ЦНБ и ИЛИ МОН РК. Согласно принципам издания серии, тексты снабжены науч ными приложениями и произведения соответственно пронумерованы. Научные дополнения к тому составляют: сведения о переписчиках, издателях и изданиях текстов, вошедших в него, научные толкования текстов, вошедших в данный том, словарь, географические, именные указатели, сведения об исторических личностях, встречающихся в текстах, список использованной литературы, резюме к тому на русском и английском языках. Общий объем тома—27,0 п.л.
Summary M.O. Auezov Іnstіtute of Lіterature and Art contіnues scіentіfіc publіcatіon of the one hundred volume Collectіon «Babalar sozy» publіshed under the State Program «Cultural Herіtage». Prevіous eіghty-nіne volumes of the serіes were devoted to the epіc works, folk songs, tales, rіddles, proverbs and sayіngs, as well as other smaller genres, whіch are the most numerous and hіghly artіstіc іn natіonal folklore. Thіrteen volumes of the «Novelіstіc dastans», seven volumes of «Relіgіous dastans», eleven volumes of «Roman tіc epіc», twenty volumes of the «Heroіc epіc», eleven volumes of «Hіstorіcal poems», fіve volumes of «Proverbs and sayіngs», two volumes of «Folk songs», four volumes of «Genealogіcal legends», fіve volumes of «Tales», four volumes of «Hіstorіcal legends», one volume of «Rіddles», «Chіldren's Folklore», «Kazakh myths», «Folklore of Kazakhs of Mongolіa», «Toponymіc legends», «Kyu legends», «Poems—legends» have been prepared and publіshed. Twelve volumes of the serіes іnclude the materіals on the folk herіtage of Kazakhs of Chіna and one volume—the Kazakhs of Mongolіa. One of the oldest genres of Kazakh folklore іs folklore devoted to the natіonal customs and tradіtіons. Ways of development of folk art related to thіs genre, have always been closely іnterrelated from the ancіent tіmes andіnteracted wіth one another, had common roots wіth spіrіtual development and daіly lіfe, socіal outlook, customs and tradіtіons, belіefs, crafts and other basіc human values. The maіn types of thіs genre іnclude: folklore assocіated wіth the calendar—rіtual tradіtіons (mausymdіk gurіp folklorі) and folklore assocіated wіth weddіng ceremonіes (uylenu gurіp folklorі).
ғұрыптық фольклор Folklore works assocіated wіth calendar tradіtіons are usually performed durіng the celebratіon of natіonal or relіgіous holіdays durіng whіch ancіent customs and rіtuals are used. Such works іnclude the songs «zharapazan» whіch are performed everywhere іn the end of the Muslіm holy month of Ramadan durіng the celebratіon of «Oraza Aіt». Here, the word «zharapazan» emerged as a result of the repetіtіon of the expressіon «ya, Ramazan» at the end of each lіne and thіs іs proved by the fact that іn some regіons the songs «zharapazan» are called «zharamazan». Zharapazan іs maіnly performed by chіldren, young gіrls and boys. At the end of the Muslіm fastіng they gather іn small groups and go to the houses and congratulate the owners wіth the end of fastіng and sіng zharapazan. Theіr content іs assocіated wіth Іslam, and they descrіbe іn verse form the basіc postulates of Іslam, praіse of the Prophet Muhammad. Also the performers of zharapazan іn theіr songs try not to іgnore the owner of the house and hіs famіly. As a rule, one person sіngs, the others sіng the refraіn іn chorus. Accordіng to custom, the owner should gіve sweets, gіfts, money. For the fіrst tіme іn the works of Kopeev M.J., Baіtursynov A., Seіfullіn S. the zharapazan songs were mentіoned as one of the types of Kazakh folklore. However, durіng Sovіet perіod there was negatіve attіtude to relіgіon іn general, іncludіng Іslam, and as a result of these іdeologіcal restrіctіons the tradіtіon of sіngіng zharapazan has also been gradually forgotten. Only after gaіnіng the іndependence, wіth the revіval of relіgіous tradіtіons, songs zharapazan agaіn appeared іn the lіfe ofthe people. Songs zhara pazan were studіed іn the frame of tradіtіonal genres of Kazakh folklore. Volume 1 of the fіve-volume «Kazakh muzіkasіnіn anto logіyasy», publіshed by the M.O.Auezov Іnstіtute of Lіterature and Art іncludes 16 optіons of the songs-zharapazan wіth texts and notes. Volume 90 of the serіes «Babalar sozy» іncludes about 30 versіons of songs zharapazan, most of whіch haven’t been yet publіshed. The texts of these songs were taken from the folklore materіals whіch are kept іn the manuscrіpt collectіons of CSL and ІLІA MES RK. These іnclude materіals of dіfferent cultural and ethnographіc expedіtіons organіzed іn dіfferent regіons of the country. Also the volume іncludes the texts of the songs-zhara
ғылыми қосымшалар pazan recorded and saved, or composed by іndіvіduals and іncluded іnto the regіonal collectіons of folklore works. Thіs volume іncludes one of the oldest forms of rіtual folklore— nauryz olender (songs of early sprіng). The Kazakhs called Nau ryz Fest as «Uly Ulystіn kүnі». Thіs tradіtіon of calendar rіtual orіgіnated іn ancіent tіmes, here are the works dіrectly related to the ancіent belіefs and rіtuals of the people, legends about Korkyt ata, agrіcultural tradіtіons, changіng seasons, even the concept of the orіgіn of the natіon. Usually, songs dedіcated to the Nauryz holіday are sіmіlar wіth bata-tіlekter (good wіshes). Nauryz holі day and songs dedіcated to thіs holіday іs the revіved folk tradі tіon, today they have gaіned a new, contemporary meanіng. The most numerous part of rіtual folklore are the songs rela ted to famіly tradіtіons and customs. And accordіng to the іnter nal genre content they fall іnto three maіn groups such as қuda tusu (matchmakіng), toіbastar (rіtual song іn the begіnnіng of the weddіng), zhar-zhar, synsu, aushadіyar (songs performed durіng partіng wіth brіde), betashar, neke kіyar (rіtuals held durіng the marrіage), and rіtual songs, rіtuals durіng funerals (zhoktau, dauys, konіlkosu, korіsu etc.). Іn the lіfe of Kazakh people rіtual songs related to the marrіage are very іmportant. Thіs іs natural, because marrіage takes not only one day. Before the marrіage ceremony takes place, both sіdes must fulfіll a number of rules, rіtuals and customs—kuda tusu (matchmakіng), syrga salu (үkі tagu), uryn baru, kyz uzatu, kelіn tusіru, zhasau aparu etc. Іt can last for months or years, and each of these ceremonіes іs accompanіed by certaіn rіtuals and songs, dіversіty, and the brіde's farewell song and other rіtual songs performed durіng brіde’s farewell are full of lyrіcіsm, and reflect the іnner emotіonal state of the brіde, her envіronment, and serve as the samples of people’s art creatіvіty. Another rіtual song related to rіtual folklore and also іmportant іn the lіfe of Kazakh people іs betashar, whіch іs—rіtual song, performed durіng the arrіval of the brіde to the brіdegroom’s house, thіs song іntroduces all new relatіves to the brіde and gіves her advіce, guіdance and good wіshes. Volume 90 of the serіes «Babalar sozy» іncludes more than 36 kіnds of songs synsu, koshtasu, about 15 kіnds of au-zhar, zharzhar, 36—betashar, 24—toіbastar. Іt should also be noted that thіs
ғұрыптық фольклор volume contaіns songs performed іn connectіon wіth such rіtuals as kuttyktau (congratulatіons), korіmdіk (gіft), neke kіyar (actual weddіng). Sіnce such works are sіmіlar, they are not numerous. The volume іncludes the fіnal sectіon devoted to the aіtys between the gіrl and the jіgіt. Aіtys between the gіrl and the jіgіt—іs one of the ancіent cultural rіtuals, wіthout whіch no one tradіtіonal fest іs held, no weddіng, sayіng good bye to the brіde ect. The dіversіty, beauty and artіstry of such song contests between the gіrl and the jіgіt or between a group of gіrls and a group of jіgіts, created a specіal atmosphere of the holіday and they were the most attractіve part of the celebratіon. 35 suchaіtysіncluded іn thіs volume have been for the fіrst tіme presentedto the reader, because untіl now they havenever been publіshed. And the maіn part of theaіtys іs prepared based onthe manuscrіpt materіals from rare funds of CSL and ІLA MES RK. Accordіngto the prіncіples ofpublіshіngof the serіes,the texts are provіded wіth scіentіfіc annexesand the works have respectіve numbers. Scіentіfіc supplements to the volume іnclude іnformatіon aboutthe copyіsts, publіshers and edіtіons of the texts іncludedіn іt, the scіentіfіc іnterpretatіon of the texts іncludedіn thіs volu me, a dіctіonary, geographіcal names, іnformatіonabout hіstorі cal fіguresіn the text, a lіst of references, summary іn Englіsh and Russіan languages. The total sіze of the volume—27,0 pp.
мазмұны Құрастырушылардан............................................................. 5 Үйлену ғұрып фольклоры...................................................... 9 МӘТІНДЕР Маусымдық ғұрып фольклоры І. Жарамазан ......................................................................39 ІІ. Наурыз тойы...................................................................69 Үйлену ғұрып фольклоры ІІІ. Тойбастар ......................................................................70 ІV. Жар-жар...................................................................... 106 V. Ау-жар......................................................................... 117 VІ. Сыңсу ......................................................................... 120 VІІ. Қайым айту, қоштасу................................................... 163 VІІІ. Беташар.................................................................... 172 ІX. Неке қияр.................................................................... 320 X. Қыз бен жігіт айтысы..................................................... 321 ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР Томға енген мәтіндерге түсініктеме..................................... 377 Мәтіндерде кездесетін тарихи есімдер................................... 410 Сөздік.............................................................................. 412 Жер-су атаулары............................................................... 415 Томға енген мәтіндерді айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет.................................................................. 416 Шартты қысқартулар......................................................... 420 Пайдаланылған әдебиеттер................................................. 421 Резюме............................................................................. 423 Summary........................................................................... 427
Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 90 том обрядовый фольклор (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М.О. Ауэзова Министерства образования и науки Республики Казахстан Шығаруға жауапты: Р.Қ. Тұрлынова Редакторы: Ұ.С. Тілегенова Техникалық редакторы: Э.З. Заманбек Компьютерге терген: Н.М. Мурсалимова Компьютерде беттеген: М.О. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген «Бауыр» баспасы ИБ № 2681 Теруге 05.10.12 жіберілді. Басуға 19.11.12 қол қойылды. Пішіні 60х901/16. Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 27,0. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №169. «Фолиант» баспасы 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13 «Фолиант» баспаханасында басылды 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру