Кирилл Кузмич
Бауыржан Момышұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Бауыржан Момышұлының шығармалары батырлыққа, өрлікке баулиды. Жазушы шығармашылығының ерекшелігі – ойдан шығарылған оқиға мен жасанды кейіпкерлерден аулақ. Көзбен көрген оқиғаларын бойына сіңірген туындылардың әлеуметтік, қоғамдық сипаты басым. Салт-дәстүрін ұлықтап, соның негізінде түйген ойлары...
(әңгіме) Келесі күні таң сәріде поездан түстім. Мені қарсы алған ешкім жоқ. Поезд алдында корзинамен шерешня көтеріп жүрген бір орыс шалы кез бола кетті.
— Шерешня алыңыз! — деді ол маған.
Қарап тұрсам, түрін шырамытам.
— Кирил Кузьмич! Это вы? — дегенімде
— Мен сизди танымай тұрмын, — деді шал.
— Қанша төлейін?
— Үш сом.
— Алыңыз, Кирил Кузьмич, — деп ақша бердім де күліп, — сатып алған шерешняны мен көтерейін, менің чемоданымды сіз көтеріңіз, Кирил Кузьмич... — деп екеуіміз вокзалға шықтық.
Такси жоқ екен.
— Темір жолдың астында, төменде таксилер болушы еді. Соған барып қайтыңыз. Мен сіздің жүктеріңізді қарауылдап тұрайын, — деді Кирил Кузьмич.
Мен төменге кеттім... Онда да такси жоқ. 200-300 метрдей жерде милиция мекемесі бар екен. Соған бардым. Алдында бір такси тұр.
— Мен полковник Бауыржан Момышұлымын. Таксидің айдаушысы қайда екен? — дегенімде майор орнынан ұшып тұрып маған сәлем берді. Оның алдында көзі жыпылықтап тұрған орақ мұрын әзірбайжан жігітке ол:
— Полковникті алып барып, бізге қайта оралыңыз. Содан кейін кім кінәлі екенін тексерерміз... — деді.
— Майор жолдас! Мен кінәлі емеспін! Саудагерлер шатастырып отыр.
— Жап аузыңды! Айтатын сөзіңді полковникті алып барып қайтқан соң айтарсың.
— Құп, майор!
* * * Менің баратын жерім екі жарым-ақ километр. Жолда шофер арыз айтып мазалап келеді...
* * * Келсем, барлықтары ұйықтап жатыр екен. Оларды ояттым. У-шу болдық та қалдық. Шоферге мен екі сом бердім.
— Ақшаңыздың керегі жоқ. Майорға бір ауыз ғана сөз айтып, мені төтеннен келген пәледен құтқарыңыз, полковник жолдас.
— Мен ешкімді пәледен құтқармайтын полковникпін... Майордың ісіне мен қатыспаймын, қарағым... Майор өзі әділеттікпен шешеді деп сенем... Ал, ақшаңды, балам!
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру