Бабалар сөзі 24 том
Әзібаева Бақытжан
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Бабалар сөзі» сериясының 24-томына «Сұлтан патша», «Ақылды Ақым», «Ақбазарған», «Дастарқан», «Данияр», «Естігүл», «Жетім бала», «Қыз кереметі», «Шаймұза», «Төрт ғадыл», «Жасартқыш бұлақ», «Маймыл келіншек» атты хикаялық дастандар енді. Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................5 Мәтiндер Сұлтан патша .....................................................
Астана
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының
кітап сериялары
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың
бастамасы бойынша шығарылды
Тасмағамбетов И.Н., бас редактор
Тәжин М.М., бас редактордың орынбасары
Тәуекел С.Т., жауапты хатшы
Әбділдин Ж.М.
Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Зиманов С.З.
Кәлетаев Д.А.
Кекілбаев Ә.
Кенжеғозин М.Б.
Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.
Қосыбаев Е.М.
Құл-Мұхаммед М.А.
Мағауин М.М.
Мәмбеев С.А.
Нұрпейісов Ә.К.
Нысанбаев Ә.Н.
Рахмадиев Е.Р.
Сұлтанов Қ.С.
Сүлейменов О.О.
Хұсайынов К.Ш.
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының
кітап сериялары
Бас редакциясының алқасы
24том
БАБАЛАР
СӨЗІ
жүз томдық
Қытайдағы қазақ
фольклоры (2)
Хикаялық дастандар
ББК 82.3 (2 Каз) Б12 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С. (төраға), Қорабай С. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г. (жауапты хатшы), Әзібаева Б., Егеубаев А., Күзембаева С., Қирабаев С., Мамыраев Б. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Әзібаева Б. (жауапты редактор), Қасқабасов С., Егеубаев А., Ақан А. Қытайдағы қазақ фольклорын жинап, баспаға дайындаған: Егеубаев О. Томды жүйелеп, ғылыми қосымшаларын дайындағандар: Әзібаева Б., филология ғылымдарының докторы, Алпысбаева Қ., филология ғылымдарының кандидаты, Ақан А., Садықова Н. (жауапты шығарушылар).
Б12 Бабалар сөзі: Жүз томдық.—Астана: «Фолиант», 2005. Т. 24: Хикаялық дастандар.—2005.—352 бет, суретті.
ІSBN 9965-35-075-2 «Бабалар сөзі» сериясының 24-томына «Сұлтан патша», «Ақылды Ақым», «Ақбазарған», «Дастарқан», «Данияр», «Естігүл», «Жетім бала», «Қыз кереметі», «Шаймұза», «Төрт ғадыл», «Жасартқыш бұлақ», «Маймыл келіншек» атты хикаялық дастандар енді. Б 00(05)—06
ББК 82.3 (2 Қаз)
ІSBN 9965-35-075-2 (т. 24)
© Әдебиет және өнер институты, 2005
ІSBN 9965-619-60-3
© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2005
Құрастырушылардан
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мем
лекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде жарияла
натын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайын
дап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның
24-томы Қытайдағы қазақтардың фольклорына арналады.
Бұл томға «Сұлтан патша», «Ақылды Ақым», «Ақбазарған»,
«Дастарқан», «Данияр», «Естігүл», «Жетім бала», «Қыз ке
реметі», «Шаймұза», «Төрт ғадыл», «Жасартқыш бұлақ»,
«Маймыл келіншек» атты хикаялық дастандар енді. Аталған
дастандардың кейбірінің сюжеті шығыстық, яғни үнді, пар
сы, араб хикаяларынан алынса, кейбірі жергілікті оқиғаларға
негізделген. Сюжеттері бүкіл шығыс халықтарына белгілі,
әңгіме түрінде ел арасында бұрыннан таралып жүрген бұл
шығармалар нәзира үлгісінде дастан жанрында жырланған.
Бұл шығармалар ел аузынан алынып, біраз редакцияға
ұшырап, Қытайда баспа бетін көрген. Қазақстанда алғаш жа
рияланып отыр. Тағы бір ерекшелігі—бұл мәтіндерде араб,
парсы тілдерінен енген сөздермен қоса жергілікті сөздер де
жиі кездеседі.
Мәтіндерді жинап, баспаға дайындаған—Оразанбай Егеу
баев.
«Бабалар
сөзі»
сериясының
принциптеріне
сәйкес
аталмыш жиырма төртінші том ғылыми қосымшалармен
толықтырылды.
Ғылыми
қосымшаларға
томға
енген
мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атау
лары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есім
хикаялық дастандар дерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді. Томның көлемі—22 б.т.
М Ә Т І Н Д Е Р
Сұлтан патша
Қолыма қалам алдым еріккен соң,
Сөз жазбай неге керек зеріккен соң.
Бұл қиссаны жазуға ой ойладым,
Осылай сөз кезегі берілген соң.
Зерігудің мәнісі мынау болды,
Мертігіп ат міне алмай теріккен соң.
Ойладым бұл өлеңді жазайын деп,
Кейбіреу нәпсіден жүр азайын деп.
Бұл өзі өлең емес, әңгіме екен,
Бұл сөздің түбін терең қазайын деп.
Болыпты бір патша салтанатты,
Халқына әмірлері жүрген қатты.
Атын айтсам мұның баян етіп,
Аты екен патшаның Сұлтан атты.
Малы көп кереметті патша екен,
Үш ұлы бар білмеген жаманатты.
Жүріпті үшеуіне қалың бермей,
Ұлдарын жаман-жақсы, тәуір демей.
Үш ұлы бойдақ жүрсе елемейді,
Бұл ісім өзімізге ауыр демей.
Бір күні балаларын шақырады,
«Жылдам кел» деп патша ақырады.
Үш ұлын сол арада жиып алып,
Үшеуінен сөз сұрап тақымдайды.
хикаялық дастандар
—Үшеуің ойланып кел, балаларым,
Ой тоқтап, орнықты ғой саналарың.
Тапсырманы берді де қоя берді,
Ойланып кел бұл сөзді, даналарым.
Мен отырмын сендерге қалың бермей,
Аласың кімнің қызын сараларым.
Үш баласы ойланып кетті дейді,
Бір күні үлкен ұлы жетті дейді.
—Мен Шаһибаз уәзірдің қызын алам,
Ойым соған, ей, ата, кетті,—дейді.
Бір күні ортаншы ұлы және келді,
Бала еді өзі дана, аузы желді.
—Шаһибаз уәзірдің қызын алсам,
Бұған, ата, не дейсіз маған енді?
Бір күні ең кішісі және келді,
Шаһибаздың қызын мен алам,—деді.
Бұдан басқа қыздардың керегі жоқ,
Бұйырсаң сол қыз қажет маған,—деді.
Бұл өзі уәзір қызы, өзі сұлу,
Болмады балаларын одан тыю.
Патша да ой ойланып қалды сонда,
Бір қызды үшеуі де бірдей сүю.
Бұл қыздың өзі сондай керемет-ті,
Үшеуінің көңілі де соған кетті.
Патша бұған айла таба алмастан,
Үш ұлына былайша әмір етті.
—Үшеуің сапарға жүр осы жолы,
Бұған мақұл дейді ғой ақыл молы.
Ерен деген шаһар бар ұзақ жолда,
Әр түрлі өнер шығар сонан толы.
Азық-түлік үш ұлы алды сонда,
Сапар жүріп үшеуі шықты жолға.
сұлтан патша
Тілеуі үш ұлының бір болды енді,
«Бере көр бізге өнер осы жолда».
Үшеуі жүріп келіп қонбақ болды,
Неше күн ұйқы көрмей, түн қатты енді.
Келіп қонған жеріне қарап тұрса,
Үш айыр жол бұларға жалғасты енді.
Көңілі бұлардың да жаннан асқан,
Бір діңгек көрді бұлар тақтай асқан.
Ол тақтайдың бетінде жазуы бар,
Жазуды оқып көріп ақылдасқан.
«Бір жол бар адам барса қайтып келмес,
Бір жол бар келер-келмес адам білмес.
Бір жол бар барған адам қайтып келер,
Басқа жолмен әсілі адам жүрмес».
Үшеуі сол арада ақылдасты,
Көзінен төгіп бұлар қанды жасты.
—Барса-келер жолына мен барайын,—
Деді де үлкен ұлдың көңілі тасты.
Не келіп, не келмейтін мына жолға,
Сыйынам, ата-бабам, өзің қолда.
Екі ағасы екі жол таңдап алды,
Кішісі бұларға қарап тұрды сонда.
Кіші бала қайтерін біле алмады,
Бекер қарап бұл дағы тұра алмады.
—Барса-келмес жолына барайын,—деп,
Ағасының сөздерін бұра алмады.
Үшеуі үш жолменен кетіп қалды,
Құдайым осылайша бұйрық салды.
Қатерлі жолға шыққан ең кішісі,
«Құдай алар тәуекел,—деді,—жанды».
хикаялық дастандар
Бір жерге келіп тұрса әлгі бала,
Бала еді ойлайтұғын ақылы дана.
Қалың жылан ысылдап зуылдайды,
Құдайдың құдіретіне, міне, қара.
Әбжылан дейтұғын жылан екен,
Бір-біреуі білектей жуан екен.
Егерде оның біреуін өлтірсеңіз,
Бірінен үш дәу жылан шығады екен.
Сол арада бұл бала қылды қайрат,
Жылан тұрды ысқырып бәрі сайрап.
Қылышын қолына алды қорықпастан,
Айбаттанып алды да қылышын қайрап.
Бір жыланды үш-төртке бөле берді,
Бөлген жылан бір-бірлеп өле берді.
Ішіндегі жыландар бірге өліп,
Баланың қайратына көне берді.
Көп жыланды сол жерде тауысады,
Жыландар қырылған соң қабысады.
Жыландарды қырған соң әлгі бала,
Екінші жерге қарай ауысады.
Ақылы бұл баланың болды жиын,
Қорықпай өзі батыр жалғыз қиын.
Айтады өзіне-өзі жар болсын деп,
Пірлерді медет қылып, мекем сыйын.
Бұл пайда енді қайда жетер екен,
Ұзақ жолды жүруге бекер екен.
Жол жүріп иір жерлерде келе жатса,
Қалың ағаш ішінен өтеді екен.
Қалың ағаш ішінде қалың аю,
Енді болмай тұрады құлаш жаю.
Құлаштап қалың аю ақырады,
Бала да қайрат қылып бақырады.
сұлтан патша
Аюлар жеуге оны ұмтылады,
Бала да қорықпастан шақырады.
Ақырып ол да шапты, бұл да шапты,
Екпіні бір-бірінен болып қатты.
Қылышын қолына алып араласып,
Қырып жүр аюларды жаман қатты.
Үш сағатта аюды қырып салып,
Бала барып дем алып ұйықтап жатты.
Ұйықтап жатып бұл бала түс көреді,
Түсінде бір жақсылық іс көреді.
«Алдыңда бір шаһар бар, жаным балам,
Аю терісін апарсаң хош көреді».
Аюдың терілерін сойып алды,
Тамақ ішіп, дем алып, тойып алды.
Қырық аюдың терісін сойып алып,
Бүктеп бір орынға қойып алды.
Шәріге бала жетті теріні алып,
Аю мен жыландардан кегін алып.
Әкеліп бір көшеге қойды мұны,
Отырды бала енді демін алып.
Қараса көп халайық келіп тұрды,
—Қайдан келдің, бала?—деп жауап қылды.
—Сұлтан деген патшаның баласымын,
Дәм-тұз айдап бұл жерге мойын бұрды.
—Аюдың қайдан алдың бәрін?—дейді,
Сен өзің жан екенсің сарынды, енді.
Бала айтты:—Қалың ағаш іштерінен,
Қаптады, соғысумен алынды енді.
Қалың ағаш ішінен алдым,—дейді,
Осындай бір пәлеге қалдым,—дейді.
Қалың ағаш ішінен жүремін деп,
Өлтіріп көбін жолға салдым,—дейді.
хикаялық дастандар
Бір шал айтты сол жерде:—Балам,—дейді,
Талайдан артық екен шамаң,—дейді.
Ол жолмен білген адам жүрмеуші еді,
Жүргендер бітуші еді тамам,—дейді.
Бала айтты шалға:—Берші батаң,—дейді,
Теріге бата қосып, атам,—дейді.
Бір аюға қанша баға шығарасыз,
Мен сізден үміт күтіп жатам,—дейді.
Көпшілік «аламыз» деп шуылдайды,
Бекерге кейбіреуі дуылдайды.
Шал айтты:—Аю тері көп пұл болар,
Шал сөзінен бұлар да бұрылмайды.
—Мың ділдадан алыңдар—менің бағам,
Егерде алатұғын болса шамаң.
Осы бір қайратыңа разы боп,
Жақтырдым батырлыққа сені, балам.
Теріні мың ділдадан алып кетті,
Шал байғұс баға кесіп салып кетті.
Бұл бала ділдаменен байып алып,
Ақшаға әбден тойып қанып кетті.
Бұл бала базарларды аралады,
Көңіліне алар нәрсе жарамады.
Біреу келді сол жерге тақтай алып,
Жолықты әлгі адамға бала дағы.
Қараса жарқылдаған асыл тақтай,
Тақтайға бала қызды осы шақты-ай.
—Тақтайды аламысың?—дейді әлгі адам,—
Алмасаң жүре бергін маған бақпай.
Бала айтты:—Құры тақтай мұның өзі,
Адамның көріп тұр ғой екі көзі.
Ол айтты:— Кереметті осы тақтай,—
Деп айтқан ол адамның мынау сөзі.
сұлтан патша
—Бір жерге бармақ болсаң дайындалып,
Әп-сәтте апарар тақтай алып.
Егерде мұны саған айтпас едім,
Бір жерге қыжалатта барсаң қалып.
Дүниенің шетінде болса дағы,
Ақылың бұған жетіп толса дағы.
Жылдық жерге апарар сені,—дейді,—
Үстіне шығып алып қонсаң дағы.
Қас қаққанша басады жылдық жолды,
Зуылдап кетер ұшып оң мен солды.
Алсаң да, алмасаң да тек сөзің біл,
Бос қойып отырасың екі қолды.
—Тәуекел,—деді бала,—алайын деп,
Өнерін байқап енді қарайын деп.
Мың ділдаға тақтайды сатып алды,
Еліме жылдамырақ барайын деп.
Ортаншы бір шәріге келді жетіп,
Тұрады бекер босқа енді нетіп.
Аралап қан базарды келе жатса,
Біреу жүр бір айнаны жарық етіп.
—Осыны алғандар да бекер болмас,
Жылдық жерден жеткізер көңіл толмас.
Ойланады бұл жігіт «алайын деп,
Алмай кетсем арманда көңілім толмас».
Айнаны сол арада алды сатып,
Көрген жанды тұрды ол таңырқатып.
Айнаны сатып алып әлгі жігіт,
«Енді қайтсам болар» деп қалды жатып.
Үлкені бір шәріге келді дейді,
Аралап бұл шаһарды көрді дейді.
Базарда жүрген жанды тамашалап,
Бұл елдің бәрін тамам білді дейді.
хикаялық дастандар
Бұл шаһарды бұл жігіт жүрді аралап,
Барлығын көріп жүрді тамашалап.
Аралап қан базарды келе жатса,
Бір адам келді бұған жанасалап.
Қолында бір шиша бар су құйылған:
—Алады,—дейді,—бұны бұйырған жан.
—Кереметі бар ма оның?—деп сұрады,
—Мұны құйса тірілер өлген адам.
Аспайды уақыты сол сағаттан,
Асып кетсе болмайды әр жаһаттан.
—Керек екен,—дейді де әлгі жігіт,
Шишаны сатып алды саудаласқан.
Бұл қайтты ол шаһардан енді дейді,
Үш айыр жол басына келді дейді.
Бұл келсе еш адам жоқ әлгі жерде,
Сол жерде түнеп жігіт қонды дейді.
Ең кішісі қайтады тамашалап,
Ағасына жолықты бара сала-ақ.
Тапқандарын айтысып бұлар сыр қып,
Көрісті бір-бірінен көре сала-ақ.
Ортаншысы сол жерге және келді,
Әкелгенін бұл дағы баян қылды.
Үшеуі тамақ ішіп болғаннан соң,
Бұл қызды көрейік деп көңіл бөлді.
Айнаменен қараса қыз өліпті,
Қоюға даярланып ел келіпті.
«Ал енді, бұған жылдам жетейік» деп,
Тақтайға мініп алып жөнеліпті.
Қоюға алып жүрмек болған екен,
Бұлар жетіп көңілі толған екен.
Қызды көріп «тоқтаңдар!» дейді жұртқа,
Шаһибаз уәзір қайғыға шомған екен.
сұлтан патша
Жұрт тоқтап әлгі сөзбен тұра қалды,
Ортаншы жігіт келіп көзін салды.
Ең үлкені шишасын қолына алып,
Бұл қызға бір тамызып қолына алды.
Жұрт болып қайран қалып тұрды сонда,
Қыз да басын көтеріп алды сонда.
Үшеуі қыз тіріліп қалғаннан соң,
«Мен алам» деп әңгіме құрды сонда.
Кішісі:—Маған лайық осы бала,
Қалар ең мен болмасам айдалада.
Ортаншысы айтты:—Аламын мен қызды,—деп,
Алыс жолдан өлгенін көргіздім,—деп.
Мен болмасам өлгенін білмес едің,
Алыс жерден әсілі білгіздім,—деп.
Үлкені сөз сөйледі сонда тұрып:
—Мен болмасам қалар ең бекер тұрып.
Патша айтты:—Қараңдар, ей, халайық,
Осы қыз қайсысына болар лайық?
Ойланып осы сөзді шешіңдер,—деп,—
Айтыңдар,—деді көпке,—біз сынайық.
Осыны табыңдаршы деп айтамын,
Ойланып қараңдар деп көп айтамын.
Біреу көрді, біреуі жылдам келді,
Енді бірі жан салды деп айтамын.
Көпшілік сол арада таба алмады,
Басқа сөз бұл араға жамалады.
Патша айтты:—Ұзақта бір молда бар,
Бұларың мұны шешіп баға алмады.
Патша молдаға адам жіберді енді,
Молда да адамға еріп жылдам келді.
Патша үш баланы шақыртып ап,
Молдаға сап тыңдады осы елді.
хикаялық дастандар
Молда сонда кітабын қолына алды,
Ақылдың жиып әбден молын алды.
Жан салған бұған ұстаз болады екен,
Ұстаздықпен бұл енді жөнін алды.
Көрген алдымен бетін көріп,
Өлген шақта бұл қыздың етін көріп.
Бұл қызды сол себептен ала алмайды,
Шариғатта айтылған осы деп біл.
Кіші бала алыстан жылдам келді,
Бұл қызды осы бала алады енді.
Бала алды молда кесіп бұйырған соң,
Аналар алам деуден тыйылған соң.
Алдында халайықтың болды мәлім,
Көпшілік қабылдады жиылған соң.
Оқиға сан ғасырдың алдарында,
Айдын көл, асқар таудың заңғарында.
Айтайын бір әңгіме ескектетіп
Алтайдың осынау болған аңғарында.
Хан болған алты арыста Азатбақыт,
Талай жыл сонан бері өтті уақыт.
Азат хан Азияда үкім сүріп,
Билеген неше ықылым құрып тахыт.
Азаттың өз кіндігі хан Бақтияр,
Патшаның мұрагері сірге жияр.
Болыпты Бақтиярдан екі бала,
Атақты Алтай батыр, Аушадияр.
Бермеген елін Алтай сыртқы жауға,
Бақтияр шүкірлік деп, етті тәуба.
Қол бастап ел қорғаған ерлігі үшін,
Алтай деп ат қойыпты осы тауға.
Ащылы ханның орда салған жері,
Көл жайлау, томарлы сай қоңыр белі.
Қорымдық Борандық пен екі үлкен тау,
Құйқалы қалың орман жер бедері.
Алтайдан Қобда бойлап жол асыртқан,
Шадияр ақылы асқан кемеңгері.
Атанған Әбіл, Ғалам екі уәзір,
Орданың бас ақылгөй шешендері.
Ақылды Ақым
хикаялық дастандар
Бай, жарлы, мүсәпірді бірдей көріп,
Халқына қадірлі екен көсемдері.
Жүз шумақ Шадиярға өлең айтқан,
Атақты ақын екен Есенгелді.
Алғашқы өлең айтқан қадамымда
Дерексіз жалған істі жазамын ба?!
Болыпты ақылды Ақым деген адам,
Сол өткен Шадиярдың заманында.
Осыдан екі мың жыл өткен бұрын,
Жасапты екі тайпа—ырым, сылым.
Қысқарта айтайыншы мұны бірақ,
Түгетем алты арыстың қайсыбірін?!
Қолбасы Алтай батыр аты шығып,
Сол кезде мекен қылған таудың қырын.
Өткенгі іс уақыт озса естен кетпек,
Тарихтың кім біледі айтпай сырын.
Өмір—бір соққан боран, жауған жаңбыр,
Із-тозын басып кеткен бұрынғының.
Тағы бар сақтоғалақ тайпалары,
Бағынған бас ордаға баршалары.
Халқы өсіп, бақыт кешіп толықсыған,
Қадірлі ғадыл екен патшалары.
Алтайдың үлкен ұлы Сауыр екен,
Туысқан Тарбағатай бауыры екен.
Қорғаған әскер бастап елдің шетін,
Қолбасы, ерен батыр тәуірі екен.
Салдырған хан ордасын тас болаттан,
Көркемдеп алуан түспен бояулатқан.
Жасатқан алтын тахыт әсемдетіп,
Орнатқан қақпаларын зүбәржаттан.
Тең дамып мал мен егін, алуан кәсіп,
Ел болды бақыт қонып шалқып жатқан.
ақылды ақым
Сол өткен Шадияр ханның заманында,
Қашанда жарлы байдың табанында.
Қоңырға Ақым жалға тұрса дағы,
Қасірет арылмаған қабағында.
Қоңырдың сегіз жылдай қойын жайып,
Сан алуан еңбек етті таңғажайып.
Жарымай киер киім, ішер асқа,
Күндіз-түн бір дем алмай жүр мұңайып.
Борандық төр жайлауы Қоңыр байдың,
Бір шеті Олша, Мұңал, Қоңырқайың,
Қой жайып Ақым шықса тау басында,
Көрінді үлкен теңіз—жатқан айдын.
Ақымның сол теңізге көзі түсті,
Айтайын енді Ақымнан қызық істі.
Қоралап байдың қойын келгеннен соң
Бір шара бай үйінен сусын ішті.
Сол көлге барайын деп ойлады Ақым,
Бет алған бағытынан таймады Ақым.
Биеге қоңыр бедеу ерін салып,
Беліне селебесін байлады Ақым.
Бет алды көлге қарай түнделетіп,
Таң ата осы көлге келді жетіп.
Мөлдір су, көк шалғын—бейне жәннат,
Құстар жүр аясында әуендетіп.
Балығын шоршып шыққан су бетіне,
Аң мен құс жеп жатыпты кәсіп етіп.
Ақым да бірнешеуін таңдап алды,
Тәңірім бергеннен соң нәсіп етіп.
Семізін балықтардың таңдап алды,
Қақтауға ақылды Ақым отқа салды.
Алыстан арып-шаршап келген адам,
Жеген соң майлы тағам тойып қалды.
хикаялық дастандар
Бұл көлден Ақым қайтты кешке таяу,
Көңілден қайғы-қасірет кетіп қаяу.
Жол басып түнделетіп қайтып барса,
Әйелі жатыр екен ұйқылы-ояу.
Әйелі мұны көріп түрегелді,
Алыпсоқ байтөбеті үре келді.
Қой бақпай Ақым қайда кетіп ед?—деп,
Қоңыр бай ашуланып неше келді.
—Бұл жерден,—Ақым айтты,—кетелік біз,
Бақытты ұлы аңғарға жетелік біз.
Кәсіп қып май балығын тегін жатқан,
Өмірден рахатпен өтелік біз.
Жықты да қатқуырын жүгін артты,
Жетелеп сиырларын жолмен тартты.
Дамылдап жол бойына үдірген ол,
Теңізін ұлы аңғардың келіп тапты.
Күн бата келіп түсті шірік тастан
Тарығып қалып еді ішер астан.
Байлығын осы көлдің айта берсек,
Бұл өзі болар еді талай дастан.
Балықтан Ақым барып алып келді,
Қабына көтергенше салып келді.
Тойғызып балаларын көп балыққа,
Пісіріп жұмыртқасын жарып берді.
Берген соң маңдайына нәсіп қылып,
Балық пен жұмыртқасын кәсіп қылып.
Құс ұстап, балық аулап, серуен құрып,
Ақым жүр саяхатпен машық қылып.
Шығыпты көл жағалап Ақым ұзап,
Құс аңдып, қармақ салып, құрып тұзақ.
Мезгілде қас қарайған келе жатса,
Бір топ мал жайылып жүр сиырға ұқсап.
ақылды ақым
Қасына жануардың келді таяу,
Бұғынып, бой жасырып, Ақым жаяу.
Садағын адырналап қолына алып,
Анықтап көз жіберіп тұрды баяу.
Ақымды су сиырдың көзі шалды,
Аузына бірден гауһар тістеп алды.
Жарқырап қараңғы кеш күндізгідей,
Дүркіреп көлге қарай тура салды.
Кетіпті қашқан беті көлге кіріп,
Қайтыпты бұл жағдайды Ақым біліп.
Аузына гауһарларын тістеп шығып,
Су сиыр жайылады жарық қылып.
Жүріпті неше күндей Ақым байқап,
Сиыр жүр гауһар тістеп, шалғын жайпап.
Тап беріп талай жерден талпынса да,
Тастамай гауһарларын кетті тайқап.
Топтасып түнде шығып жайылысқа,
Ешбірі бөлінбейді шетке сойқап.
Ор қазып, шөп жамылып араласса,
Бұқасы алдырмайды мүйіз шайқап.
Ала алмай тарыққан соң ойға кетті,
Алуан ой, әр түрлі әдіс тауып кепті.
Бәрінен Сана деген артық шығып,
Алуға оңай амал таптым депті.
—Жүретін су сиырдың жолдарына,
Тезекті көбірек қып төксек,—депті.
Тезекті жайылысқа жаппай төксек,
Өрт қойып жалпы беттік күлін сепсек.
Гауһарды ол қалың күлге тастай берсе,
Теріп ап, мақсатқа біз солай жетсек.
Сананың бұл ақылын мақұлдапты,
Сана артық бәрінен де ақыл тапты,
хикаялық дастандар
Отырып тәуекелдің кемесіне,
Қолына қоңыр шекпен қап алыпты.
Неше күн Ақым тынбай терді тезек,
Дем алмай зайыбымен кезек-кезек.
Тезегін шамалары келіп терген,
Толтырды жолдарына бір-екі өзек.
От қойып тезектерін күл қылыпты,
Шығатын екі жолын толтырыпты.
Аңның да сезгірлігі оңай емес,
Шығуға басқа өзекті жол қылыпты.
Ала алмай тағы да Ақым ойланыпты,
Неше күн амал істеп айланыпты,
«Алдына Шадиярдың барайын» деп,
Ат ерттеп, киім киіп сайланыпты.
Шаһарға бет алған соң Ақым барды,
Ордаға патша тұрған жақын барды.
Көшенің бір шетіне отырды да,
Былай деп Ақым сонда айғай салды:
—Көптігі ақылымның тоғай депті,
Ақшаның, әттең, қолда жоғы-ай депті.
Қолыма мың ділдалық түссе сома,
Гауһарды қаптап алу оңай депті.
Шаһарда серуендеп жүрген халық:
—Апырау, мынау ғажап қалай,—депті.
Жеткізіп естігендер тіл ұшында
Бұл хабар падишаға барып жетті.
Айғайлап ертелі-кеш отырды Ақым,
Айғайға шаһар ішін толтырды Ақым.
Құпия жұрт аралап көретұғын,
Падиша бастайды екен сол күн салтын.
Баласы Бақтиярдың хан Шадияр,
Болмай ма тарыққанға Тәңірім жар.
ақылды ақым
Падиша мүсәпірше киім киіп,
Көретін жұрттың жайын әдеті бар.
Шадияр шықты үйінен қоржын салып,
Қолына мүсәпір боп таяқ алып,
Жүрген соң жырым-жыртық киім киіп,
Патшасын танымайды жүрген халық.
Көшенің пұшпағында бір адам тұр,
Озаңды пәрменімен айқай салып.
Падиша өз көзімен көргеннен соң,
Қасына тоқтады оның әтей барып.
Қасына сол адамның барады енді,
Назарын дабысына салады енді.
Қарадай зарлап тұрған қалай жан деп,
Бетіне таяу барып қарады енді.
Сөйлесіп еш біреумен тіл қатпайды,
Айғайлап, үзіп демін алады енді.
Назары ауып тұрған Шадиярдың,
Құлағы мына сөзді шалады енді.
Айғайшы:—Ақылымның көбі-ай—дейді,
Ақшаның әттең қолда жоғы-ай—дейді.
Қолыма бір мың ділда түссе сома,
Алуым гауһарларды оңай—дейді.
Падиша мына сөзге құлақ тікті,
Мақсатын назар салып әбден ұқты.
Анадан асып туған Аушадияр,
Көтерген халық үшін ауыр жүкті.
Шадияр қайтып барды ордасына,
Жетерлік қазына-мүлкі бар басына.
Бар еді ақылшы уәзір Әділ дейтін,
Шақырып баян қылды жолдасына.
—Ғаріп боп шаһар кезіп жүрдім,—деді,
Хал-жайын ел-жұртымның білдім,—деді.
хикаялық дастандар
Бір адам ақша жоқ деп айғайлайды,
Көзіммен әтей барып көрдім,—деді.
Талай пұл талай жерде қалар бекер
Осыған мың ділда пұл берсең нетер.
Дағарлап гауһар тапса үлкен бақыл,
Болмаса мың ділда пұл зая кетер.
Уәзір патша сөзін мақұл депті,
Жарандар, тыңдасаңыз мына кепті.
Қолына әлгі адамның пұл бермекке,
Шақырып әкелуге адам кетті.
Шақырып іздеушілер алып келді,
Санаттар ордадағы мұны көрді.
Алдына алтын тақтың отырғызып,
Қолына уәзір санап ақша берді.
Айғайшы мың ділданы алды санап,
Көрген жан қайран болып тұрды қарап.
«Жындыға жем боп кеткен қайран пұл» деп,
Жақтырмай санаттар тұр тамашалап.
Алды да мың ділданы жүріп кетті,
Көліне ұлы аңғардың барып жетті.
Бір ділдаға он қап тезек аламын деп,
Айғайшы халайыққа хабар етті.
Ақша алды жанның бәрі тезек сатып,
Ақшаға тезек терген қалды батып.
«Алтынды қу тезекке сатыпты» деп,
Патшаға әркім барды хабар айтып.
Тезекті неше мың қап алғызды Ақым,
Дарияның жағасына жиғызды Ақым.
Бір үркін терісінен соққан күні,
От қойып бір шетіне жанғызды Ақым.
ақылды ақым
Бұрқырап қу тезектер жанып жатты,
Көрген жан бұл қалай деп таңырқапты—
Ақшаңды ақымағың өртепті деп,
Ордаға жат хабарлар барып жатты.
Дұшпаны Шадиярдың күлкі қылды,
Дос тұтып тауыпты деп ақымақты.
Түңіліп падиша да үмітінен,
Көңілі енді қалып жабырқапты.
Аяғы мехнаттың оңға айналып,
Кім сезбек алда болар сор мен бақты.
Санамен ой қорытқан ақылды Ақым,
Сол ғана межелеп тұр болашақты.
Тезектер жанып болды күлге айланып,
Күн батты қоңыр жиек түнге айланып.
Шығыпты су сиырлар гауһар тістеп,
Болған соң кеш қараңғы ыңғайланып.
Әкеліп гауһарларды күлге қойды,
Ортасын төккен күлдің гауһар ойды.
Түскен соң күл астына терең батып,
Жарқырап тұра тұғын түрін жойды.
Тағы да гауһар әкеп тастай берді,
Жұмсақ күл арасына баттай берді.
Әкелді таң атқанша талай гауһар,
Аңдыған таң атқан соң Ақым келді.
Су сиыр қашып кірді көлге барып,
Панарын Ақым да жүр қолына алып.
Гауһардың күлге түскен ізіменен,
Бір-бірлеп Ақым терді қапқа салып.
Күн шығып таң атқан соң жарық болды,
Гауһарды теріп бұлар қарық болды.
Екеуі ерлі-зайып еңбек етіп,
Қалдырмай кеш батқанша алып болды.
хикаялық дастандар
Қара бұлт кешке таяу шықты аспанға,
Айналды дауыл соғып жер-көк шаңға.
Бір демде қалың күлді үрлеп кетті,
Қалдырмай айландырып шаң-тозаңға.
Гауһардан екі орта қап алды теріп,
Арманы іске асты Тәңірі беріп.
Ойлаған мақсатына жеткеннен соң,
Дем алды күркесіне Ақым келіп.
Гауһарды екі бөліп артып алды,
Арқанын кер өгіздің тартып алды.
Патшаның қарызынан құтылмаққа,
Ордасына күн-түн қатып алып барды.
Патшаға келген жөнін хабарлады,
Орда да естіп отыр болған халды.
Қарсы алып Әбіл уәзір өзі шығып,
Алдына Шадиярдың алып барды.
—Таң қалған ақылына бүкіл әлем,
Болса да басың кіші, бердім сәлем.
Алып ем ана жолы мың ділда пұл,
Өтеуге сол қарызды іздеп кеп ем.
Хан өткен Азатбақыт қарт бабаңыз,
Ғадыл ед хан Бақтияр өз атаңыз.
Жалғызың Иасукейге ғұмыр берсін,
Деп тілеп сахарада біз жатамыз.
Қарызды уағында қайтармаған,
Бар еді тақсыр сізге көп қатамыз.
Жомартсың мың ділданы берген маған,
Қарызды өтей алмай болдым алаң.
Алдыңа бір қап гауһар алып келдім,
Алыңыз бәрін санап, патша ғалам.
—Патша едім бақыт қонған Аушадияр,
Қызыққан жан емеспін дүние құмар.
ақылды ақым
Бір дана гауһарыңның бағасына,
Келеді артық емес, мың ділда дәл.
Жетпейді қазына малым біреуіне,
Гауһарды тапқан өзің қайтарып ал.
Патша тек бір гауһарға көзін сүртіп,
Ақымға қайта берді, «қабыңа сал».
—Бабаңның алып келдім ордасына,
Тапсырып өткізбекпін қазынасына.
Әй, тақсыр, бұл гауһар тұрса менде
Болады үлкен қауіп бір басыма.
Ғаріптің тағдырына көңіл бөлсең,
Тапсырып өткізіп бер қор басыңа.
Сұм нәпсі бір қызыл құрт елірмей ме?
Ойлаған мақсатына келтірмей ме?!
Бұл гауһар менде тұрса, патша ғалым,
Дұшпандар алу үшін өлтірмей ме?!
Патша айтты:—Артық екен ақылыңыз,
Ол шындық—кейін қалар қапылыңыз.
Сақтайын аманат қып қазынама,
Ақылдым, керегінше ақша алыңыз.
Өткізіп қазынашыға берді санап,
Ақымның ақылына тамашалап.
Берілген сый-құрметі түгеген соң,
Алдына Шадиярдың барды жанап.
Патшадан әлде нені күтпекші деп,
Жиналды талай халық тамашалап.
Арманы іске асқан соң орындалып,
Тымағын ақ төбелі қолына алып.
Рұқсат падишадан сұрады Ақым,
Бел буып аттануға порымдалып.
Барлығы мұны көрген қайран қалды,
Алдырды мың ділдалық алты жамбы.
хикаялық дастандар
«Алып қайт сауғалыққа, ақылдым» деп,
Шақырды өз алдына Ақымжанды.
Алмады жамбыларын ханның берген,
Ел-жұрты ғажаптанды мұны көрген.
Қажетсіз алтын, жамбы маған,—деді ол,
Денсаулық үлкен бақыт Тәңірім берген.
Хан деді:—Ақылың бар жұрттан асқан,
Қаласаң дос болайық Тәңір қосқан.
Тахытқа падишалық отырыңыз,
Сертім шын айнымайтын әуел бастан.
—Патшалық,—Ақым деді,—нәсіп емес,
Нәсілім дәл өзіңдей асыл емес.
Тілеймін ел-жұртымның амандығын,
Айтарым ақтық сізге осы кеңес.
—Ақылдым, айтқаныңа нанам,—деді,
Байқасам менен артық санаң,—деді.
Дос болып қияметте бірге өтелік,
Дананы сендей қайдан табам,—деді.
Мейман боп өз үйіме бір қонбасаң,
Көңілімнен түгемейді алаң деді.
Тағдырдан тілегенім сендей білгіш,
Ақылың жұрттан асқан данам,—деді.
Сыртыңнан қастық хабар жеткізгендер—
Ақылсыз көре алмайтын надан,—деді.
Тағдырдың рыздығын жолдан тосқан,
Әзәзіл, азғын болар жаман,—деді.
Көрсеткен құрметіме разы бол,
Қадари осы болды шамам,—деді.
Осылай ағылан шашып жариялаймын,
Туысқан Ақым менің ағам,—деді.
Өзіңе ақыл қоспай іс қылмаймын,
Барлығын алдыңызға салам,—деді.
ақылды ақым
Патшаның бұл сөзіне болды мақұл,
Бұрыннан ел аузында болған нақыл.
Басына бақыт құсы қонған шақта,
Бәрінен асырыпты Ақым ақыл.
Осымен бұл әңгіме болды қысқа,
Жүріңдер бұл істерден алып нұсқа.
Барлық іс ақылдыға тоқтайды ақыр,
Кезікпек осындайлар әрбір тұста.
Патша ертең ерте түрегелді:
—Ел-жұртым қазір түгел жиыл,—деді.
Кімде-кім жамандықтан қашып жүрсін,
Дарға асып осы қуды өлтір,—деді.
Келтірді Бақтиярды уәзір барып,
Тамам жұрт қиналысты ортаға алып.
Екі қолын қусырып сәлем беріп,
Аяңдап топқа келді-ау байғұс ғаріп.
Жиылып уәзірлері отырыпты,
Бақтиярды ортаға ап келтіріпті:
—Қылыш ап патшаға неге кірдің,
Ал, Бақтияр, сөйлеші өтірікті.
Уәзірлер жиналды бірі қалмай,
Өлтірмек болды тергеп күнә салмай.
Екі қолын қусырып тіке тұрып,
Зар жылап тұр жалынып дамыл алмай.
—Патша-ау, мені текке өлтір дейсің,
Күнәмді мойныма сап тергемейсің.
Арт жағымнан ақтығым мағлұм болса,
Нақақтан өлтірдім деп қайғы жерсің.
Өлімім қиын емес бір теңгелік,
Тірі болсам қызметім мың теңгелік.
Азғана күн артымды абайлаңыз,
Бәрімізден қалмай ма бұл дүниелік.
Ақбазарған
ақбазарған
Не үшін патшалар зындан қылған,
Жазықсызды зынданға қамап салған?
Әбден тергеп күнәсін тапса өлтірмек,
Адамзаттың бойында қалмас арман.
Шарам не ашуыңды бермесеңіз,
Дұшман болған уәзірге ермесеңіз.
Ақ-нақағым сол кезде табылмай ма,
Зынданға сап біраз күн тергесеңіз.
Жазам шыны табылса сонда өлермін,
Күнәмді мойныма артып жөнелермін.
Егерде нақақтығым мағлұм болса,
Саяңда әлі дағы күн көрермін.
—Ей, залым, жұрт көрмеді, өзім көрдім,
Үйіме қылыш алып түнде келдің.
Ханымға сөз айтқаның рас болды,
Рұқсатсыз кіретін кімді көрдің?
—Патша-ау, өлерімді енді білдім,
Бұл істен жолым таза, аппақ едім.
Өлсем жақын барармын Құдайыма,
Құдайым иман берсе ақыр көндім.
Құдай-ау, енді ажалым жеткен екен,
Ғаріп басым жалғаннан өткен екен.
Бұрынғылар үлгі ғып айтатұғын,
«Аққа зауал жоқ» деген бекер екен.
Ақ иіліп сынбақ жоқ деген қайда,
Аз тергесең ақтығым табылмай ма.
Патшам, жарлығыңды кім тоқтатар,
Әміріңе менде жоқ қылар хайла.
Өлтір деп қаһар еттің енді маған,
Сөзім қабыл болмай тұр, патшам, саған.
Бір заманда өтіпті бір саудагер,
Менің халым ұқсап тұр бейне соған.
хикаялық дастандар
Бар екен бір саудагер—Ақбазарған,
Ақ жолмен сауда ғып күнін көрген.
Ақ жолмен жүрсе де бейнет тартқан,
Өз халым сол секілді болған екен.
—Патша айтты:—Кім екен Ақбазарған?
Кім екен сен секілді бейнет көрген?
Ақ жолмен сауда ғып жүрген болса,
Не себепті бейнеті аса берген?
Патша Базарғанның халын сұрды,
Бақтияр жылап-еңіреп кеңес құрды.
Патша уәзірлермен отырысып,
Сөзіне құлақ салып тыңдап тұрды.
Бақтияр зар еңіреп құрды кеңес,
Айтқан сөзі бір күнге түгесілмес.
Бір саудагер бар екен Ақбазарған,
Басыра шаһарында өзі көпес.
Байлығы асқан екен талай жаннан,
Ғаріп пенен ғасірге қайыр қылған.
Бір кезде Базарғанның бағы тайып,
Басынан бақ-дәулеті кетті қонған.
Базарған дәулеті кетті бағы тайып,
Бейшара-ай аш көз болып болды ғаріп.
Бейнауа болды малы күннен-күнге,
Пайда жоқ сауда қылса қайда барып.
Қолында анша-мұнша аз мал қалды,
Бар малын ақша қылып жиып алды.
Өз елінде бір жылы астық қымбат,
Астық арзан бір үлкен шаһар барды.
Шаһардан ақшасына бидай алды,
Бидай алып шаһарына қайтып барды.
Қайтып келсе елінде астық арзан,
Алған бәсін кемітіп сата алмады.
ақбазарған
Базарған таба алмады ақыл-ойды,
Бұрынғы көп дәулеттің бәрін жойды.
Келер жыл қымбат болса сатамын деп,
Бар астығын қамбаға сақтап қойды.
Келер жылы және астық арзан болды,
Астығын адам алмай сарсаң болды.
Өз бағасын кемітіп сатпаймын деп,
Ол жылы бидай өтпей қалған болды.
Үшінші жыл көп шықты елге бидай,
Базарған ақыл-ойдан жаңылды ұдай.
Енді бидай шіріді, құрттап, сасып,
Қамбасын мекен қылды тышқан, торғай.
Базарған ешбір опа таба алмады,
Шіріген ескі астықты жан алмады.
Қамбасынан бидайды шығарды да,
Арбалап дарияға төге салды.
Қалмады өз бойында жалғыз тиын,
Бейшара-ай Базарғанға болды қиын.
Бекерден босқа қарап өлмейін деп,
Бағалап бір байға әкеп сатады үйін.
Үйін сатып қайтадан ақша алады,
Қайта сауда істеуді ойланады.
Теңізден сауда қылып өтіп жүрген,
Бір керуенге ілесіп кетіп қалды.
Керуендер кеме мініп суға кірді,
Базарған жолдас болып бірге жүрді.
Құданың құдіретімен бір жел соғып,
Кемесі су ішінде ғарық болды.
Керуендер білмеді бірін-бірі,
Мұндай пәле жол болды жүрген жері.
Таудай кеме бір сәтте быт-шыт болып,
Базарғанның не болды көрген күні?!
хикаялық дастандар
Базарған бір тақтаймен жалғыз кетті,
Жалғыз ағып теңізде зар-зар етті.
Талай халық бар екен су шетінде,
Құдай айдап Базарғанды кез келтірді.
Базарғанды олар да суда көрді,
Қайық сап дариядан алып келді.
Ауызда ас, үсте киім, қолда ақша жоқ,
Бейшара жан екен деп есіркеді.
Ол халық Базарғанға мойын бұрды,
Базарған жылап-еңіреп кеңес құрды.
«Құданың құдіретімен суға кетіп,
Құдай айдап сіздерге келдім,—деді.
Көңілім кедейлікке бір көнбейді,
Қылсам ісім орнына бір келмейді.
Әуелде бай, кейіндеп кедей болдым»
Деп, Базарған бейшара бәрін дейді.
Ол адамдар жай-күйді естіп білді,
«Бейшара жан екен деп есіркеді.
Бір көпес бай бар екен, ол адам да
—Кел маған еншілес боп жүрсе»,—деді.
Пысқанда бидай орып берсең маған,
Оннан бірін берейін, жаным, саған.
Соныменен ауқат қып, жан сақтарсың,
Жақсылыққа жеткізсін Хақ Тағалам.
Базарған «болады» деп қожаға ерді,
Қожекең тауып алды қызметкерді.
Бидай орып болған соң ақысына,
Оннан бірін есептеп бермек болды.
Базарған ол ақыны қабыл көрді,
Қожа ертіп үйіне алып келді.
Бір заман бидай пысқан уағында,
Базарғанды қасына әкеп салды.
ақбазарған
Базарған дамыл алмай бидай орды,
Көптігінен ора алмай дымы құрды.
Ақыға оннан бірін есептесе,
Оннан бірі бір үлкен таудай болды.
Базарған өз көңілінде ой ойлайды,
Оннан бірі көптігін абайлайды.
«Түгел берсе бірталай мал емес пе,
Осыны түгел бермес,—деп,—ойлайды».
Базарған сақтық қылды ақыл ойлап,
«Өз ақымды тығайын бір жерге ұрлап.
Еңбегімді еш қылып бермей қойса,
Мен бейшара ала алман мұнан даулап».
Базарған өз ақысын ұрлап тықты,
Тексі орып тік бидайдың бәрін жықты.
Оннан бірін есептеп берейін деп,
Мал иесі қожекең бір күн шықты.
Мал иесі малына енді келді,
Базарғанның қызметін жақсы көрді.
Табан ет, маңдай терін берейін деп,
Оннан бірін есептеп бөліп берді.
—Хисаплап бөліп бердім оннан бірін,
Көңіліңе қош келді ме, қызметкерім.
Мұны сатсаң бірталай мал аларсың,
Бейшара-ау, табан етің, маңдай терің.
—Бәлі, қожа, жақсылық сенен көрдім,
Оннан бірін хисаплап бөліп бердің.
Борыш болар, малыңды мен берейін,
Өз ақымды хисаплап алып болдым.
Қожаны өзі бастап алып келді,
—Сізден тыққан бидайым мынау,—деді.
Есеп қылып артығын қайырып ал,
Қожеке-ау, өз қолыңмен сана,—деді.
хикаялық дастандар
Қожекеңнің көңіліне қош келмеді,
Құдай берген халалды малым,—деді.
Бидайымды апар да орнына сал,
Енді менен жылдам кет, залым,—деді.
Сабады Базарғанды,—жылдам кет,—деп,
Біздің осы шаһарға тұрма беттеп.
Құдай берген халалды малымды ұрлап,
Өз обалың өзіңе бөлдің шеттеп.
Базарған бір пәлеге тағы қалды,
Бейшара ғаріп болып зар жылады.
Қожадан ақы санап алмақ тұрғай,
Аялдап ол шаһарда тұра алмады.
«Базарған ол шаһардан енді кетті»,
Көрмедім,—деп, жылайды,—ғанибетті.
Дариядан ау салып гауһар алған,
Бір топ жатқан адамға келіп жетті.
Ол адамдар жай-күйді сұрап білді,
«Бейшара жан екен деп есіркеді.
Құдай үшін дарияға ау салалық,
Бағыңа не шықса да бердік» деді.
Ғаріпке арнап дарияға ауын тықты,
Ауына алты дана гауһар шықты.
Құдайы деп беріпті Базарғанға,
Базарған қол көтеріп дұға қыпты.
Базарған қайыр алып онан кетті,
Тыңдасаңыз естисіз талай кепті.
Бейшара әрең жүріп келе жатса,
Алдынан бір топ адам көрініпті.
Ол адамдар жол тосқан қарақшы екен,
Залымдықпен талайдың малын жеген.
Бұл ұрылар жанжуымды алады деп,
Базарған жаман қорқып, дірілдеген.
ақбазарған
Базарған таба алмады ақыл-ойды,
Бұрынғы көп дәулеттің бәрін жойды.
Жанжуымның жартысын тығайын деп,
Киімінің әр жерін тесіп сойды.
Етегіне үш жанжуын тығып алды,
Түгел сатсам алар ем талай малды.
Көрсетпеймін деп хайла қылғаны сол,
Үш жанжуын аузына салып алды.
Аз ауқат болар еді бірі қалса,
Несі қалар киімді тонап алса.
Жанжуымды аузыма сап сөйлемейін,
Үндемесем қалмай ма тым болмаса.
Үш жанжуын аузына енді салды,
Аузын жұмып ұрыға жетіп барды.
Тонап алар нәрсесі болмаған соң,
Ұрылар көзін салып қарамады.
Ұрылар бір жерге кеп тамақ жепті,
Базарған аузын жұмып сөйлемепті.
Асты көріп аузынан су аққан соң,
Ұмтылып түкірем деп жерге түсті.
Байқамай бір жанжуы түсіп кетті,
Бір ұры кеп шоқпармен көсіп кетті.
Шықшытқа ағаш тығып, «шыныңды айт» деп,
Үшеуін тауып алып бөсіп кетті.
Бір ұры айтты:—Қинадық ғаріп басын,
Бар болса көп жанжуды неге айтпасын.
Бойында бар жанжуы сол-ақ шығар,
Бейшараны көп қинап не қыласың?!
Ұрылар сабап-сабап жүріп кетті,
Таяқтың уытымен халі бітті.
Ұрылар кетіп қапты маңайынан,
Бас-көзі көнектей боп ісіп-кепті.
хикаялық дастандар
Бейшара-ай ол арадан енді кетті,
Тәңірім адастырып тентіретті.
Тамақ таппай аш жүрді соры құрып,
Кешке кеп бір шаһарға әрең жетті.
Келді де бір бұрышқа жатып алды,
Кеңесіп өз көңіліне ақыл салды.
«Ертең мұны біреуге сатқызайын»
Деп, бағасын жанжудың біле алмады.
Базарған ертең ерте базар келді,
Бір үлкен жан кезігіп сәлем берді.
«Ей, аға, мынау қанша мал болат?» деп,
Шапанынан үш жанжуды көрсетеді.
Ол адам сәлем алып жақын келген,
—Сен кімсің? Адам едің қайдан келген?
Үлкен көпес саудагер емессің ғой,
Қолыңа бұл үш жанжу қайдан енген?
Базарған ол адамға жауап берген:
—Мен бейшара сұрағам қайырды елден.
Бардан жоқ боп зар болған бейшарамын,
Қайырға үш жанжуды біреу берген.
—Қайырға ешкім бермес мұны саған,
Бұл үш жанжу менікі, ұрлап алған.
Жаныңнан дәмең болса шыныңды айт,
Көптен бері дерегін таба алмағам.
Шап беріп Базарғанды ол ұстап алды,
Көшедегі адамға айғай салды.
Жабылып кеп тепкілеп тентіретіп,
Тас қылып қол-аяғын байлап алды.
Базарған бір пәлеге тағы қалды,
Сүйретіп патшаға оны алып барды.
«Не жазалы адамды таптыңыз?» деп,
Патша Базарғанға көзін салды.
ақбазарған
—Патша-ау, құтты болсын алтын тақтың,
Көп мүлікті жоғалтып іздеп таптым.
Жоғалған үш жанжуды танып алдым,
Сол ұрының біреуі—міне, таптым.
Әлгі адам патшаға қадірлі екен,
Патша мұның сөзін рас деген.
«Малың түгел анық боп табылғанша,
Мұны апарып зынданға салғыз» деген.
Базарған жатып қалды зындан барып,
Тәңірім жазғаннан соң болды ғаріп.
Бағана қайыр берген адамдары,
Сол шәрге келіп қапты жанжу алып.
Керуендер жанжу алып шәрге келді,
Жанжу сатқан керуенді патша көрді.
Сатып ап қазынаға жияйын деп,
Патша қонақ қылды керуендерді.
Жанжуының бәрін де патша алды,
Хисаплап керуендер де көп мал алды.
Бұл шаһарда жанжу рас қымбат екен,
Керуендер айдады талай малды.
Керуендер жанжуын сатып болды,
Аралап алыс-жуық жолды көрді.
Шаһардың тамашасын көреміз деп,
Әр көшені қыдырды оңды-солды.
Бір, екі-үш күн бұл шаһарда жүрелік деп,
Кеңесті зындан ішін «көрелік» деп.
«Зындандағы бейшара адамдарға,
Қолымыздан қол қайыр берелік» деп.
Зынданға кірді бұлар есік ашып,
Зындан ішін қарады қадам басып.
Бағана қайыр берген адам жатыр,
Танып келді қасына таңырқасып.
хикаялық дастандар
—Бейшара-ау, танимысың бізді,—дейді,
Қайыр ғып құрметтеп ек сізді,—дейді.
Ғаріп жолы қайсы деп жүре бермей,
Қандай шайтан көңіліңді бүрді,—дейді.
Базарған зар жылады мұны танып:
—Сіздерден кетіп едім, қайыр алып.
Тірі пенде «не көрем» дейтін емес,
Тәңірім жазғаннан соң болдым ғаріп.
Сіздерден кетіп едім қайыр алып,
Құдайға шүкір қылдым көңілім жанып.
Шыға бере үш ұры жолдас болды,
Соларменен сол түні қондым барып.
Хайла еттім жанжуымды ала ма деп,
Жаман қатты қайғыға сала ма деп.
Алтауын екі бөлек қылып қойдым,
Бірін алса, біреуі қала ма деп.
Үшеуін аузыма сап сөйлемедім,
Аузымды ашып ешқандай үндемедім.
Ешқандай менен де сөз сұрамады,
Мен дағы жауап айтып бермеп едім.
Ұрылар бір жерге кеп асын жеді,
Екі көзім солардың асында еді.
Сілекейім аузыма тола берді,
Таппадым түкірерге алыс жерді.
Шыдамай түкіріппін абайламай,
Жанжуым ыршып түсті жақын маңай.
Құдай есті алған соң, амал бар ма,
Өзіме өзім қылдым сорлы маңдай.
Жанжуым абайсызда түсіп кеткен,
Бір ұры тұра сала көсіп кеткен.
«Аузыңа жанжу ұрлап тығыпсың» деп,
Үшеуін тартып алып тентіреткен.
ақбазарған
Ұрылар сөйтіп мені көп сабады,
«Тағы бар ма, шыныңды айт» деп сабады.
Үш жанжу шоқпыт киім арасында ед,
Айтпаған соң оны іздеп кім табады.
Ұрылар сабап-сабап жүріп кетті,
Таяқтың уытынан халім бітті.
Адамнан бақ тайған соң, болмайды екен,
Құдайым мұндай қылып тентіретті.
Ұрылар сөйтіп мені тентіретті,
Неше күнде аш жүріп халім кетті.
Тентіреп тамақ таппай сорлы болып,
Ғаріп басым бұл шаһарға әрең жетті.
Шаһарға әрең жетті ғаріп басым,
Көп жапа, машақатпен өтті жасым.
Қайырға нан жеп, ас жеп қылдым шүкір,
Бойымда үш жанжу бар жан жолдасым.
Мал табылса бұл шаһарда жүрейін деп,
Шерік болып бір байға кірейін деп.
Үш жанжуды көрсеттім бір адамға,
Арзан-қымбат бағасын білейін деп.
Ол адам сөзге келмей ұстап алды,
Көшедегі көп елге айғай салды.
«Бұл үш жанжу менікі, ұрладың» деп,
Сүйретіп патшаға алып барды.
«Мынау менің үй бұзған ұрым,—деді,
Өзіңізге мағлұм бұрын,—деді.
Залымнан үш жанжуды танып алдым,
Жанжуымды ұрлаған зұлым» деді.
Мен айттым патшаға «ұрлық қылман,
Үш жанжуым бар еді қайыр алған.
Бұл адамға көрсетсем ұстап алды,
Міне, осылай жаланы жапты маған».
хикаялық дастандар
Ол адам патшаға қадірлі екен,
Патша оның сөзін рас деген.
«Малың түгел табылып болғанынша,
Мұны апарып зынданға салғыз» деген.
Кірмеді құлағына айтқан сөзім,
Анық ұры болғандай болдым өзім.
Қол-аяғым шегелеп, бейнет тартып,
Тар зынданда телмірді екі көзім.
Әр тараптан көңілім басылмаған,
Қайда барсам бақытым ашылмаған.
Азабым күн-күн сайын аса берді,
Сор, бейнетім көп екен таусылмаған.
Сіздерді кезіктірді Құдай маған,
Бұл шаһардан маған таныс табылмаған.
Тәңірім бір сауапқа жазбай қалмас,
Құдай үшін сұраңдар патшадан.
Бұлар айтты:—Бейшара-ау, қайғырмаңыз,
Қайғырып көп ақылдан айрылмаңыз.
Өзі бастап Құдай сізге бізді әкелді,
Шықпаймын деп зынданнан ойламаңыз.
Ең қаттысы қалармыз жолымыздан,
Үйтіп-мүйтіп берерміз пұлымыздан.
Бейшара-ау, не қылсақ та Құдай үшін,
Біз шығарып кетелік қолымыздан.
Саудагер осылай деп жүріп кетті,
Мекенді сарайына барып жетті.
Қолы жеткен көпестер дереу барып,
Патшаның алдына мағлұм етті.
—Патша-ау, тамашалап зындан келдік,
Ішіндегі адамға қайыр бердік.
Бір жалғаншы қожаның себебінен,
Бір адам жатыр екен оны көрдік.
ақбазарған
Нақақ жанға болыссақ Құдай сүйер,
Алалды харам десек иман күйер.
Сұраймыз сол бейшара шықса екен деп,
Патшам, қайырың бар ма бізге тиер?
Ол мүсәпір бізден кеп қайыр алған,
Алты жанжу беріп ек, үші қалған.
Үш жанжуын ұрылар жолдан соқса,
Үшеуін қожаң зорлап тартып алған.
Қайта екеуін тергеңіз біз тұрғанда,
Мағлұм болсын жұрт байқап отырғанда.
Әйтеуір екеуінің бірі ақ шығар,
Біреуі дүзі қара болсын сонда.
Патша жарылқады, жарлық берді,
Жарлық етіп жұмсады жендеттерді.
«Қол-аяғын босатып тез шығарып,
Базарғанды мұнда алып келтір» деді.
Саудагерлер «қожаны келтір,—деді,
Бұл істі жақсы сұрап бітір деді.
Халайықтың алдында мағлұм болсын,
Қайсысы жалған іс қылса, өлтір» деді.
Қожаны да шақырып алып келді,
Патша екеуіне «сөйле» деді.
Патшаның алдына кірген заман,
Қожаның өне бойы тітіреді.
Патша сөз сұрайды қожасынан,
Енді қожа жаңылды тәубасынан.
—Бұл ғаріпке жаланы қалай жаптың,
Енді қожа сөйлеші турасынан?
Қожаның сөйлей алмай дымы құрды,
Уәзірлер патшаға түгел кірді.
«Байғұс-ау, сөйле,—деген,—мойныңа алма»,
Деп уәзір жан-жағынан түрткіледі.
хикаялық дастандар
Қожаның сөйлей алмай мысы құрды,
Жендеттер дар алдында қарап тұрды.
Қожаның қаралығы білінген соң,
Патша жендеттерге жарлық қылды.
Патша жарлық етті бұйрық шашып:
—Қожаны өлтіріңдер дарға асып.
Қожаның мал-мүлкі мен үй жиһазын,
Бәрін де бұл Базарған қалсын басып.
Жендеттер ол қожаны дарға асты,
Ажалына харамдық араласты.
Қожаның мал мен мүлкін алып беріп,
Көпестер Базарғанның көзін ашты.
Патша Базарғаннан сұрайды сөз:
—Көп жапа, машақатты тартыпсыз сіз,
Ісің ақ боп бейнеттен құтылдыңыз,
Бейшара-ау, уәзірлікке жараймысыз?
—Патша-ау, қиын болар уәзір ісі,
Қартайғанда заң табу көп жұмыс.
Жасымнан сауда қылып, есеп қақтым.
Жарамас уәзірлікке мендей кісі.
—Қылмасын адам пенде саған зорлық,
Ол болмаса, қылайын саған бұйрық.
Қазынамды ұстап тұр хат-шот алып,
Жас күніңнен есепке болсаң жүйрік.
—Жан тәніммен ұстайын қазынаңды,
Патша-ау, жарлығыңа көңілім қанды.
Олай болса тұрайын қызыметке,
Қайда барсам еш опа табылмады.
Қазына басын ұстатты Базарғанға,
Базарған қазыналық тұрды шенге.
Барлық уәзір жиылып дұшман болды,
Ақсатып Базарғанды кемсітуге.
ақбазарған
Байғұсқа дұшман болды уәзірлері,
Базарған көп бейнетті көрген еді.
Нақ қылып қазынасын ұстаған соң,
Көбейді уәзірлердің іштен шері.
Уәзірлер кеңес құрды оңды-солды,
Көңілдері жабырқап жаман болды.
Қожамызды өлтіртіп орнын басты,
Көрмедік,—деп,—шулайды мұндай жолды.
Кеңес қылып жүр дейді талай халық,
Мұны жұрт бетімізге қылар салық.
Жүрсе-тұрса аңдылық бәріміз де,
Бір сөзін үш сөз қылып жамандалық.
Ішінде қазынаның бір сарай бар,
Бұл сөзге құлағың сал, ей, жарандар.
Адамнан бақ тайған соң болмайды екен,
Базарған жетісуге бірталай бар.
Нақақтан қор болудың келді кезі,
Бар екен патшаның жалғыз қызы.
Патша алты айда бір көреді екен,
Ол қыздың көркем екен шырай-жүзі.
Әлгі сарай сол қыздың жатар үйі,
Ол Базарған бейшара білмес бұны.
Қазынаның ішінде хат-шот ұстап,
Есеп қылып жатады екен күндер-түні.
Қыз сейілге көңілін бұрады екен,
Бес ай жүріп тамаша құрады екен.
Ол қызға тек бір кемпір күтуші боп,
Қыз кеткенде жалғыз сол тұрады екен.
Тышқан келіп сарайды қылған тесік,
Ін қылып саңылау салып қылған есік.
Базарған көрді дағы қайран қалып,
Апыр-ау, бұған қылар шарам нешік?!
хикаялық дастандар
Жарамас қазына ішін тесік қылсам,
Ұры кірер бекітпей есік қылсам.
Тесікті патша көрсе айып етер,
Бұл тесік бекімей ме қазық ұрсам.
Базарған тоқпақ пенен қазық алды,
Бітейін деп сарайға енді барды.
Қазық тіреп тоқпақпен қатты ұрғанда,
Керпіш сынып, дүркіреп құлап қалды.
Базарған ақыл таппай жаман састы,
Бейшара-ай бір пәлеге араласты.
Кетпенменен жер шауып бітейін деп,
Су құйып аяғымен топырақ басты.
Аңдып жүрген уәзірлер мұны көрді,
Патшаға жамандап жүгірді енді.
Патша-ау, бір нәрсені көзбен көрдік,
Сіз рұқсат берсеңіз айтсақ,—деді.
Айтайық десек дағы қорқып тұрмыз,
Тышқандай үрке қашқан шоршып тұрмыз.
Көрген істі айтпауға шара нешік,
Айталық деп белбеуді шешіп тұрмыз.
Патша айтты:—Айтыңдар білгеніңді,
Шын айтыңдар көзбенен көргеніңді.
Жарлық қылсам жарлығым жетпей қалмас,
Білдір дос боп көңіліңді бөлгеніңді.
—Қазынасын ұстаған Базарған ер,
Тауып жолдас қылыпсыз Құдай білер.
Көзбен көрсең білесіз не қылғанын,
Бізден басқа сенімді кісі жібер.
Біз көрдік сарай түбі бопты тесік,
Бір кісі сыйғандай ғып қыпты есік.
Күндіз аузын балшықпен бітейді екен,
Қызыңызды қойып ба ең соған қосып?
ақбазарған
Патша мына сөзді естіп болды,
Бір сенімді уәзірді ол жіберді.
Екі қолын балшық қып бітеп жатқан,
Әлгі уәзір көрді де қайтып келді.
Әлгі уәзір бара сап қайтып келді,
«Рас екен, көрдім» деп айтып келді.
Патшаның ашуы қатты келіп,
«Тез сүйреп Базарғанды әкел» деді.
Екі уәзір жүгіріп жетіп барды,
Базарғанды қақ басқа оңбай салды.
Екі қол, екі аяқтың балшығымен,
Сүйретіп патшаға алып барды.
—Өй, залым, саған нетті сарай тесіп,
Дараға астырайын басың кесіп.
Бейнеттен құтқарып ем өз қолымнан,
Енді саған қылайын, шарам нешік.
—Ашуланбай тұра тұр патша-ханым,
Жақсы-жаман Аллаға бәрі мәлім,
Әуелі бір жөн сұрап тексеріңіз,
Маған сонан кейін де жетер әлің.
Патша ашуланды жаман қатты,
Сарай бұзды деген сөз жанға батты.
Бір ауыз сөзге келмей ол патша,
Көп қинап екі көзін ойып алды.
Бейшараның екі көзін ойып алған,
Нақақтан қор боп қалды дүние жалған.
Екі көзден айырылып мақұрым болып,
Базарған сорлы болып тағы қалған.
Падиша сарайына өзі келді,
Сарай бұрышы тесігін көзі көрді.
Тесіктен көзін салса, қыз үйде жоқ,
«Ханышам қайда кеткен менің» деді?
хикаялық дастандар
Күтуші кемпір еді тастап кеткен,
Ол қызы бес ай болған сейіл кеткен.
Қызы үйде жоқ болған аң-таң қалып,
Патша сөз сұрайды күтушіден.
Күтуші патшаға жауап берді:
—Сейіл құра кеткелі бес ай болды.
Келетұғын уақыты болғаннан соң,
Келер деп тосып жүрмін оны,—деді.
Сұрады күтушіден ішкі сырын:
—Бұл үйде тесік бар ма ед мұнан бұрын?
Сарай бұрышын кім бұзды шыныңды айтшы,
Жарылқаймын жақсы айтсаң қызметкерім?
Күтуші патшаға жауап берді:
—Тышқан келіп сарайды тескен еді.
Ар жағынан бір адам қазық ұрды,
Іш жағында саңылауы кішкене еді.
Патша мына сөзге қайран қалды,
Қызынан сұрайын деп іздеп барды.
Сейілдеп қызы қайтып келеді екен,
Алдынан жол үстінен ұшырады.
Патша сөз сұрайды баласынан,
Сейіл ғып қызы келген даласынан.
Патшадан қыз именіп ұялып тұр,
Төменшік боп жаралған ту басынан.
—Ей, балам, қанша болды сен кеткелі,
Алты айда бір көруші ем ер жеткелі.
Қашан келер деп сені тосып тұрмын,
Сағындым көптен бері көрмегелі.
—Ей, ата, бес ай болды мен кеткелі,
Көп қызбен ойнап-күлдім, көрдім жерді.
Атам мені сағынар деп келемін,
Алты айда көретұғын уақ боп еді.
ақбазарған
—Шырағым, сағынбасқа шарам нешік,
Бұл дәурен әлі-ақ өтер желдей есіп.
Сарайыңның бір бұрышы бұзылыпты,
Сенен бұрын бар ма еді ақау-тесік?
—Жоқ еді мен кеткенде ақау-тесік,
Тышқан тескен тесік бар ол тым кішік.
Қарап тұрып неліктен бұзылды екен,
Құданың құдіретіне амал нешік?!
Патша бұл сөзді естіп қайран қалды,
Ішінен көп ойланып қайтып барды.
Базарғанға жалғаннан жала жапқан
Жинап алды дұшпандық қылғандарды.
«Тастадым бейшара ғып көзін ойып,
Енді сөзін тыңдайын құлақ қойып.
Көре алмай қастық қылса, уәзірлерден
Оның өшін алайын қырып-жойып».
Патша Базарғанға өзі келді,
Екі көзден айырылып жатыр еді.
Не аянар жаның бар көзіңнен соң,
«Ей, бейшара, басыңды көтер» деді.
Базарған бас көтерді жылап-еңіреп,
Жазықсыз көзімді ойып алдыңыз, деп.
Жалғанда еш жақсылық көре алмадым,
Ақыретте бермесе Құдай себеп.
Патша Базарғаннан сөз сұрайды
Жаман айтпай жақсылап еп сұрайды.
«Сарай бұрышын кім бұзды, шыныңды айтшы,
Не себептен тесілген» деп сұрайды.
Базарған зар еңіреп кеңес құрды:
—Ол тесіктің дауасы менен,—деді.
Білмедім, бітелсін деп қазық қақтым,
Бұрын тышқан тесіп ін қылған еді.
хикаялық дастандар
Білмедім, бітелсін деп қазық қақтым,
Кірпіші бұзылған соң балшық жақтым.
Уәзірлер сізге апарды ақырында,
Көзсіз боп еш кінәм жоқ бейнет тарттым.
Мағлұм бір Аллаға айтқан сөзім,
Ақ жолмен жүрсем де шықты көзім.
Білмеймін не қарғысқа қалғанымды,
Ақырында қор болып қалдым өзім.
Базарған осыны айтып зар еңіреді,
Жазықсыз екендігін патша білді.
—Нақақтан аппын екі көзіңді ойып,
Күнәмді ақыретте кешір,—деді.
—Патша ғып Құдай жаратқан сізді,
Өзі айдап кез келтірді бізге сізді.
Мен кешемін дегенмен Құдай кешпес,
Тәңірім тергемей ме екеумізді.
Патша мына сөзді естіп білді,
Нақақтан көз «ойдым» деп алды мінді.
«Ақыретте жазасын қайтемін» деп,
Патша зар еңіреп іштен тынды.
Бағанағы өлтірді уәзірлерін,
Дұшпандықпен айырған қызметкерін.
Өкінішін әр жерде айтар болар,
Күнәсіз Базарғанның өлген жөнін.
Базарған сөйтіп қор боп зарлап өлген,
Бейшара талай-талай бейнет көрген.
Күнәсіз Базарғанның көзін ойып,
Патша өзі ұялған қара жерден.
Бақтиярдың сөзі
—Өлімім Базарғандай болған екен,
Бұл дәурен енді менен қалған екен.
ақбазарған
Бейкүнә жазықсыздың қанын жүктеп,
Сіз секілді сан патша қайғы жеген.
Патша әрбір түрлі ой ойларсың,
Артымды тірі қойсаң абайларсың.
Шағым тілмен жіберсең мені өлтіріп,
Өкініп бармағыңды бір шайнарсың.
Бір қасық қанымды қи, ей, падиша,
Тергей берсең ақтығым табылмай ма?
Ақтығым мәлім болса жұрт алдында,
Дұшпаным аяқ асты болар сонда.
Патша-ау, мені өлтірмей сақта тірі,
Сабыр қылсаң тарқайды көңіл кірі.
Айтқан сөздің бейнесін байқадың ба,
Базарғанды не қылды уәзірлері.
Патша-ау, басыңда тәж, астыңда тақ,
Қайта қонбас басыңнан бір тайса бақ.
Әлгі сөзден өзің де білмейсіз бе,
Патша-ау, Аллаға аян, Базарған ақ.
Падиша мына сөзді естіп қалды,
Айтқан сөзі насихат ішке кірді.
«Бақтиярды апарып зынданға сал»
Деп, жарлық қып шақырды жендеттерді.
Шақырған соң жендеттер жетіп барды,
Бақтиярды жетелеп қолына алды.
Қол-аяғын бекітіп кісен салып,
Тар зынданның ішіне қамап салды.
Бақтияр тар зынданға барып жатты,
Уәзірлер өлтіре алмай күңкіл қақты.
Осы сөзбен бір күнге аман қалып,
Адамның бір шыбындай жаны тәтті.
Бақтияр:
—Кіргем жоқ үйіңізге қастықпенен,
Кіргізген арақ құрғыр мастықпенен.
Сөзіңіз «арам» деген бәрі жалған,
Қайсысы айтып отыр достықпенен.
Уәзірлер:
—Біз бе едік қолымызға қылыш алған,
Үйіне патшаның түнде барған.
Ханымға жаман сөзді айтқан біз бе?
Сен неткен кәззап едің Құдай ұрған.
Патша:
—Қоя тұр, уәзірлерім, егесіңді,
Білемін «мұны ая» демесіңді.
Кешегі істің жайы қалай болды,
Бастай бер, ал, Бақтияр, кеңесіңді.
Бақтияр:
—Айт дейсіз не деп кеңес, тақсыр ханым,
Қала ма қазам жетсе шыбын жаным?
Жүздерін уәзірлердің қара қылып,
Шықпады ісім аққа бір арманым.
Патша:
Бар шығар, ей, Бақтияр, көп арманың,
Ісіңнің кім біледі шын-жалғанын.
Таң атқанша аң-таң боп біле алмадым,
Кешегі қыз мәнісін айтшы, жаным.
Дастарқан
дастарқан
Бақтияр:
—Өтіпті бір патша Махмұт атты,
Бек құрметті еліне, салтанатты.
Сол патшаның болыпты жалғыз ұлы,
Бейне бір он төрт жаңа ай сипатты.
Бұл бала бір де болса болды дана,
Өзінде жақсылықтан бар нышана.
Бар көрген патшаның жарығы сол,
Толықсып он сегізге келді жаңа.
Аң аулап әлгі бала сейіл құрды,
Қасына қанша мерген жігіт ерді.
Аң аулап сейіл құрып жүргенінде,
Айдаладан бір жалғыз адам көрді.
Отырған қарап тұрса жалғыз адам,
Баспайды түрегеліп ешбір қадам.
Айдалада отырған не қылған жан,
Уәзірлер, барсақ қайтер деді соған.
—Ей тақсыр,—уәзір айтты,—барайық та,
Жөн сұрап анығына қанайық та.
Жолдан шығып адасқан адам болар,
Біз оны тура жолға салайық та.
Отырған жетіп келсе кәрі кемпір,
Түр салып, аят оқып, кілем тоқыр.
Тоқыған кілеміне таң қалғандай,
Аң-таң боп ханзада, уәзір қарап отыр.
—Кім едің,—ханзада айтты,—кілем жайған,
Өнерлі жан екенсің бірталайдан.
Кілемге салған түрің бәрі аят,
Ей, кемпір, қандай жансың, келдің қайдан?
—Жол болсын,—кемпір айтты,—балаларым,
Бар шығар мен секілді аналарың.
хикаялық дастандар
Шығып ем бұйрықпенен кілем тоқып,
Көңілім жұмыс бітпей болды жарым.
—Тоқытқан бұл кілемді неғылған жан,
Бағасы сатар болсаң қанша мың сан?
Айдалада тоқы деп әмір берген,
Мәнісін кілеміңнің айтшы маған.
—Шырағым жан екенсің ақылың мол,
Кілемнің түрі қалды бірталай жол.
Махмұт патша уәзірінің қызы еді,
«Тоқы,—деп,—бұл, кілемді бұйырған сол».
—Ей, ана, ол неткен қыз бұйрық қылған,
Айдалада тоқы деп зорлық қылған.
Әмірі патшадан үлкен екен,
Мәнісін осы қыздың айтшы маған.
—Шырағым, мен айтайын қыздың жайын,
Көркіне тең келмейді күн мен айың.
«Бір жақсы кілем тоқып бер» деген соң,
Шығып ем разылықпен, айналайын.
Қарағым, мен айтайын тағы кеңес,
Ондай қыз бұл жаһанда туған емес.
Қыз аты Сақыпжамал өзіңе тең,
Хор қызы да ол қыздан артық емес.
Сонда бір уәзір айтты:—Алдияр бас,
Ол қызды мен де көрдім онысы рас.
Қор болдым қолым жетпей амал қанша,
Жалғанда ондай бала жаратылмас.
Жүзі бар он төрт жаңа туған айдай,
Мойыны ақ алманың сабағындай.
Қиылған қас, тістері інжу-маржан,
Нұрына көрген адам таңғалғандай.
дастарқан
Сол қызға ғашық боп жүр көп халайық,
Атаңыз қабыл көрсе сөз салайық.
Шырағым, әйел алсаң осыны ал,
Сайма-сай өзіңізге тым лайық.
Ханзада қызды көрмей болды ғашық,
Сүйегі ғашықтықтан кетті жасып.
—Ішіме ғашық отын салдыңдар ғой,
Әкеме сөйлесіңдер ақылдасып.
Әперсін әкем маған уәзір қызын,
Сыртынан ғашық болдым көрмей жүзін.
Егер де осы қызды әпермесе,
Өлемін диуана боп, осы—сөзім.
Жан әкем тілегімді қабыл көрсін,
Аянбай Сақыпжамалды алып берсін.
Егер де осы қызды ала алмасам,
Тірі боп бүйтіп жүрген күнім құрсын.
—Ей, шырағым, олай деп назаланба,
Бұйрық болса аларсың ертең таңда.
Әкеңе айтып сол қызды әперейін,
Мен байғұс тірі болсам екі араңда.
—Ей, уәзір, әкеме тез барып айт,
Берсе де не деп жауап кешікпей қайт.
Ауызға алып бұл қызды ала алмасам,
Естіген дос-дұшпаннан болар ұят.
—Қарағым, патшаға тез барайын,
Өзім мақтап айтайын қыздың жайын.
Патшаға сөзімді құп алғызайын,
Жолымды оңғара көр бар Құдайым.
Аяңдап әлгі уәзір ханға келді,
Алдында тағзым етіп сәлем берді.
Баланың қызға ғашық жайын айтып,
Асыл сөзді аямай жиып-терді.
хикаялық дастандар
Жайының бәрін айтты бастан-аяқ,
Қалған жоқ бір сөз бөлек, некен-саяқ.
—Балаңыз ғашықтықтан өлер болды,
Сол қызды әперіңіз кешікпей-ақ.
Патша айтты:—Сіз қалай сөйлейсіңіз?
Уәзірдің қызы ма еді теңдесіміз?
Ақсүйек ханшайымдардан әперемін,
Патшалардан дәл сондай табылар қыз.
—Ей, патша, ұзын болсын өмір жасың,
Жарлық айт бұдан басқа жарылқасын.
Әперсең патшалардан қолың жетер,
Бала көңілін қайтарып не қыласың.
Егерде осы қызды әпермесең,
Патша, балаңыздан айырыласың.
Патша мына сөзге аң-таң қалды,
Уәзір мен молдаларын жиып алды.
Жалғыз бала осындай айтыпты деп,
Отырған көпшілікке ақыл салды.
Молда айтты:—Ғашықтықтың дерті қиын,
Мал-мүлкің керек болмас, ол бір тиын.
Әперіп ғашық қызын разы қыл,
Патша, бұл жұмыстың несі қиын?
—Олай болса бұл істі бітіріңдер,
Дереу мұнда уәзірді келтіріңдер.
Мақтап өлең айтуға ақын керек,
Шақырып бір ақынды әкеліңдер.
Ақынды шақыруға әмір қылды,
Домбырасын өзімен қоса алдырды.
Патша жұртын жиып тамаша қып,
Жан-жақтан екі-екіден ән салдырды.
Патша әлгі ақынға «сөйле» деді.
«Құлағын домбыраның күйле,—деді.
дастарқан
Саған хайран қылайын, жарықтығым,
Ақылмен бәрімізді биле» деді.
Отырды жүресінен ақын барып,
Сөйледі домбырасын қолына алып.
Ақынға тоқтау бар ма, желдей есті,
Отырды жұрт сөзіне құлақ салып.
Ақының қыза-қыза желдей есті,
Сөзіне жұрт сүйініп «бәлі» десті.
Бүйірі қызғандықтан әлгі ақын
Киімдерін жеңілдеп, белін шешті.
Мақтады патшаны әуел баста,
«Келдіңіз, ей патша, мұнша жасқа,
Патша, әділдігің жаннан асқан,
Еш зиян жеткізбедің қарындасқа.
Қылмадың зорлық, өктем қарындасқа.
Тағы көп қайырымыңыз бұдан басқа.
Әр елден жылаған жан сізге келер,
Жайылды әділдігің алты алашқа.
Аз бен көп, жақсы-жаман бәрі бірдей,
Теңелді әміріңде байға кедей.
Еліңнің кәрі-жасы сізге разы,
Ұстадың әділдікпен ішіп-жемей.
Патша, дария-көлдей дәулетің көп,
Дәм татқан кәріп-кәсір тамағы тоқ.
Басқарған әділдігің сол емес пе,
Тымағы бір уәзірдің қисайған жоқ.
Кеңес көп айта берсем патшалықта,
Жұрт тұтпақ патша болып даналықта.
Әр елде уәзір де бар, патша да бар,
Соның бәрі тұрған жоқ бір қалыпта.
хикаялық дастандар
Біреудің патшасы осал, уәзірі күшті,
Істейді олақтықпен әрбір істі.
Бірін-бірі жеңем деп табандасып,
Ақыры елдері оның бұзылысты.
Біреудің патшасы әділ, уәзірі жаман,
Адамға жаман жолдас ақырзаман.
Уәзірлер өз айыбын өзі білмей,
Қор болып ақырында өлер тамам.
Одан Тәңір сақтасын бәріңді аман,
Араңда әлі сөз жоқ жамандаған.
Қартайғанша тымағы қисайған жоқ,
Уәзірлерің разы, патшам, саған».
Әлі отыр патшаны ақын мақтап,
Түк қоймай асты-үстін жездей қақтап.
Сөз басы уәзірлерге жаңа келді,
Отырған бағанадан іште сақтап.
«Уәзірлер, құлағың сал мына сөзге,
Білгенді айтпақ жақсы көзбе-көзге.
Жамандық патшаға ойламаңдар,
Тұрмайды бір қалыпта заман кезбе.
Заманның қыры, сыры жатыр толып,
Айтамыз ақыл ғой деп ойға жорып.
Сөздеріңді бір-бірің мақұл көрмей,
Жүрмеңдер дос-дұшпанға күлкі болып.
Бойыңда қазір сенің не арман бар,
Жасыңнан уәзірлікке болдың құмар.
Орныңда қартайғанша әлі отырсың,
Артыңда таудай тірек патшаң бар.
Тағында патша отыр сұңқарға ұқсап,
Татулықты айтсам кетер жүйең босап.
Патшаның көргенін сен де көрдің,
Серік боп патшаға бірге жасап.
дастарқан
Уәзір, сен талай жанға білінгенсің,
Жасыңда-ақ уәзірлікке ілінгенсің.
Осы орайда құда бол патшаменен,
Сүйегіңнің қарасы білінбесін.
Туыпты екеуіңнен екі бала,
Асыл қылып жаратты Хақ Тағала.
Қосыңдар екі жасты ақылдасып,
Қарыздан құтылыңдар бір-ақ жола.
Шаһзада қызыңызға болған ғашық,
Жүре алмас ғашықтықтан қадам басып.
Құда боп екеулерің жақындасып,
Қосыңдар екі жасты ақылдасып.
Екеуің де ақылға болдың дана,
Жолдастық қарыз да бар бойларыңда.
Бұрынғылар мысал қып айтады екен,
Түбін сүйек айырсын достық жолда.
Патша, сен бұл сөзге ғаділдік ет,
Ұлыңды үйлендіру сізге міндет.
Уәзірім, қабыл көріп қызыңды бер,
Бұрынғы пайғамбардан қалған сүннет».
Уәзір айтты:—Ақыным мойын бұрман,
Патшамыз бұл кісі ғой қарап тұрған.
Патша қабыл көрсе мен дайынмын,
Қыз тұр ғой, патшаға жаным құрбан.
Патша айтты:—Мен дағы қабыл көрдім,
Уәзір өзі білер деп үндемедім.
Уәзірді өзім билеп үкім қылсам,
Жұрт жиып мұнша кеңес құрар ма едім?!
Тоқтады ақын сөзі осыменен,
Шыққан соң жақсы лебіз бір-бірінен.
Патша «Еңбегіңді жемеймін» деп,
Ақынға жамбы бастап тоғыз берген.
хикаялық дастандар
Уәзір айтты:—Берейін мен де тоғыз,
Басы жамбы, аяғы болсын сегіз.
Құда қып патшамен жарастырып,
Қанша сауап сөз айттың ұшан-теңіз!
—Үйіме,—уәзір айтты,—мен барайын,
Балам мен әйеліме сөз салайын.
Бой жеткен қыздан сабет сұрау керек,
Мақұл көрсе, жұрт жиып той қылайын.
Патша мына сөзді мақұл дейді,
Білген жанға бұл сөзің ақыл дейді.
«Бойжеткен қыздан сабет сұрау керек»
Дегенің шариғатқа жақын дейді.
Уәзір келді үйіне қадам басып,
Сөйлесті әйелімен ақылдасып.
—Құда боп патшамен кеп отырмын,
Бір үлкен той қыла көр шашу шашып!
Әйелі шат-шадыман қабыл алды,
Жүгіріп қуанғаннан қызға барды.
—Қарағым, айым, күнім, Сақыпжамал,
Сүйінші, әкең күйеу даярлады!
Ей, қызым, мына сөзге нанасың ба,
Патшаның сені бердік баласына.
Сөйлесіп әкең жаңа келіп отыр,
Қабыл қылып шын көңілмен аласың ба?
—Ей, ана, ол патша бізді нетсін,
Әншейін бекер сөзбен мұнда кепсің.
Әкем мені бермей-ақ, бұрынғыша,
Уәзірлік қызметімен күнелтсін.
—Шырағым, сені, әкең бермек бопты,
Баласы күйеулікке келмек бопты.
Қабыл көр, ей, шырағым, патша ғой,
Патша сені қабыл көрмек бопты.
дастарқан
—Ей, ана, айта берме жауап маған,
Айтасың бекер сөзді жарамаған.
Өзің ти патшаның баласына,
Қызықсаң патша деп бердім саған.
Анасы мұны естіп қайта қашты,
Айта алмай қайта жауап жаман састы.
«Қызың құрсын, осындай сөйледі» деп,
Әйелі кеп уәзірмен ақылдасты.
Уәзір енді аяңдап қызға барды,
Қолына өткір алмас қанжар алды.
«Қарағым, неге қабыл көрмедің» деп,
Сөйлесіп баласына ақыл салды.
—Қарағым, Сақыпжамал, жалғыз қызым,
Бар көрген жарығымсың—екі көзім.
Қыз да болсаң білуші ең дүниені,
Неге қабыл болмады айтқан сөзім.
Жасымнан патшаға уәзір болдым,
Қартайып жер ортасы жасқа келдім.
Жүруші ем теңін тауып берейін деп,
Патша баласына келді кезің.
Келіп ем патшаменен құда болып,
Айырылдым ақылымнан жұда болып.
Қызың қабыл көрмеді деп анаң келді,
Ішіме кетті, балам, қайғы толып.
Не деймін патшаға қайта барып,
Болдым ғой екі арада тірі ғаріп.
Қызым қабыл көрмеді деп қайта барсам,
Патша өлтіреді басымды алып.
Қызым, сені қосып ем теңің тауып,
Жақтырмайсың қабағың қарс жауып.
Патшадан қор болып өлгенімше,
Онан да өзің өлтір мені шауып.
хикаялық дастандар
Қылышын тастай берді қыз алдына,
Қарай қойшы уәзірдің амалына:
—Патшадан өлгенше өзің өлтір,
Дұшпанның салма мені табанына.
—Патша баласы емес тиер кісім,
Бұлайша емес еді көрген түсім.
Әкем маған сөйледің наразы боп,
Берейін тілегіңді Құдай үшін.
Әкелік тіл алмасам қарызың бар,
Менің де сізге айтар арызым бар.
Бойымда үш шартым бар, шыдаса алсын,
Шартыма шыдай алмас падишалар.
Шартыма шыдамаса тие алмаймын,
Тимеймін деп айтуға ұялмаймын.
Осы күнде айтар ем тимеймін деп,
Жан әке, дидарыңды қия алмаймын.
—Ей, шырағым, үш шартың не деген шарт?
Шартың жайын білмеймін, ақылым қарт.
Айтайын падишаға жауап қылып,
Мәнісін сол шартыңның енді өзің айт.
—Айтайын үш шартымды бір-бір бастан,
Дұшпан көп, досымыз аз әуел бастан.
Падиша абзал туған шыдай алмас,
Шарттарым қатты еді қара тастан.
Шартым сол менен бұрын дәм татпасын,
Жарым деп құшақтасып бір жатпасын.
Ханзада бұл сөзіме шыдаса—алсын,
Қырық күн жауап сұрап сөз қатпасын!
—Шырағым, мына шартың қиын екен,
Білгеннің көңіліне түйін екен.
Айтайын падишаға жауап қылып,
Уәзір сарсаң деген бұйым екен!
дастарқан
Уәзір енді аяңдап ханға келді,
Алдында қол қусырып сәлем берді:
—Қызымнан сабет салып сұрап едім,
«Бойымда үш шартым бар менің» деді.
Шарты сол—«Менен бұрын дәм татпасын,
Жарым деп құшақтасып бір жатпасын.
Ханзада бұл сөзіме шыдаса алсын,
Қырық күн жауап сұрап сөз қатпасын!
Шыдаса үш шартыма алсын дейді,
Бекерге шыдамаса қалсын дейді.
Шартыма шыдамаса қиын болар,
Болмаса қайта кісі салсын» дейді.
Патша мұны естіп аң-таң қалды,
Қайтадан баласына кісі салды.
«Үш шарты жүз болса да шыдаймын» деп,
Баласы қыздың сөзін қабыл алды.
Патша жұртты жинап той қылады,
Қанша мал екеуіне сойылады.
«Баянды болсын өмірі екеуінің»
Деп патша келін жайын ойына алды.
Есепсіз екеуіне мал сойылды,
Мереке, қызық-думан, салды ойынды.
Екі тойды бірлікте жасаған соң,
Қырық күнге толассыз той созылды.
Той өткен соң тарады өңгелері,
Жалтылдап омырауда теңгелері.
Құрбы келді сұлу ат, жорға мініп,
Күйеуді шақырады жеңгелері.
Дыр-думан сауықпенен күйеу барды,
Әкесі ақ күмбез үй дайындады.
Қыз да келмек сан түрлі сауықпенен,
Отауда күтіп оны күйеу қалды.
хикаялық дастандар
Бір кезде алып келіп қалыңдықты,
Сытылып жеңгелері үйден шықты.
Үндемей жігіт те отыр, қыз да отыр,
Бағана шарт қып айтқан сөзі мықты.
Етер ме мұнша әуре мүсәпірді,
Тас қылып жаратар ма бүйтіп қызды.
Не сөйлемей, не жатпай, не дәм татпай,
Бекер қарап отырып таң атырды.
Қыз кетті таң атқан [соң] үйден шығып,
Бекерге жігіт қалды аласұрып.
Бар көрген қызықтары осы болды-ау,
Болады қайтіп адам бүйтіп жүріп.
Үш күндей езу тартып күліспеді,
Жігітке қыз мінезі келіспеді.
Шыдамай мына азапқа құса болды,
Өзге адам оның жайын біліспеді.
Қызбенен үш күн болды кеңеспеді,
Сонда да көнбеймін деп егеспеді.
Уағдаға қылмай хилап егілді іштен,
Баласы патшаның емес пе еді.
«Зар болып алып едім уәзір қызын,
Тосып ем уағда деп айтқан сөзін.
Қыз жетіп уағдаға мен жетпесем,
Көрермін қайтіп барып әкем жүзін.
Неге айттым шыдаймын деп әуел баста,
Кез болдым ерімес қара тасқа.
Бойына уәзір қызы теңемесе,
Не дейін елге, жұртқа, туыс-досқа.
Болдым ғой екі арада тірі ғарып,
Қызбенен сөйлеспедім көңілі жарып.
Бекерге мұнда қарап отырғанша,
Көңілімді көтерейін базар барып».
дастарқан
Қапа боп құсалықпен жаяу жүрді,
Базарда бір сарайға таяу жүрді.
Дүкенде бір байбатша ақшаларын,
Есептеп жатыр екен соны көрді.
Шаһзада оған қарап біраз тұрды,
Байбатша бір заманда мойын бұрды.
Дәптерін қолындағы тастай салып,
Алдынан ол жігіттің қарсы жүрді.
Байбатша ханзадаға сәлем берді,
—Көңілім сізді көріп алаң деді.
—Ой мырза, танымадым жөніңді айт,
Білесіз мені өзіңіз қалай?—деді.
—Сіз патшаның баласы, мен бір ғаріп,
Мектептен оқып едік бірге барып.
Арабша, парсыша оқып мен қалғанмын,
Сіз шығып кеттіңіз ғой түркі танып.
Көп оқыдым, өнерді болып жеттім,
Дәулет құрап өзімше еңбек еттім.
Мектепте бірге оқыған жолдас едік,
Танымай мына арадан неге өттің?
Базарда жүзің сары, жүрісің жаяу,
Бар екен көңіліңізде қандай қаяу?
Қайғыңды көңіліңдегі айтшы маған,
Бір жерде отыралық оңашалап.
Ханзада жасырмады, айтты барын,
«Уәзірдің қызы,—деп,—ынтызарым».
Қыздың айтқан үш шартын қоса айтты,
Көңілі соның үшін болған жарым.
Жігіт айтты:—Қыз саған жар болмайды екен,
Мейірін шыныменен салмайды екен.
Сенен бұрын болған ғой біреу ғашық,
Сол ғашығы көңілінен қалмайды екен.
хикаялық дастандар
Бар деуші ед оның жақсы пері досы,
Қайғырғанда қуантар көңіл хошы.
Шарасыздан қасыңда жүрген шығар,
Құрғырдың шарт қып қойған хайласы осы.
Берейін мен бір кітап дұғасы бар,
Көңіліңе мұны тоқып үйреніп ал.
Оны оқысаң адамға көрінбейсің,
Ертең қыз қайда барса сен сонда бар.
Үш өткір алмас қылыш қолға берді,
Бойыңа мұны байлап бекіт деді.
Не көрсең соның бәрін кешке келіп,
«Түсім» деп қылышыңа жорыт деді.
Деп айтқайсың, қылышым, түсімді тап,
Сөйлеме сонда қызға, аузыңды жап.
Қылыштың тілі бар ма сөйлейтұғын,
Біреуін шаншып қойып, біреуін шап.
Қыз шошып түңілмей ме өз жанынан,
Бір жауап айтпас па екен қорыққанынан.
Қорқып жауап айтпаса болмағаны,
Әуре болма, қыз саған бұйырмаған!
Ханзада мұны біліп үйге келді,
Сол түні қалпынша үндемеді.
Қас қақпай қыз екеуі тағы отырды,
Таң атқан соң қыз шығып кете берді.
Дұғасын әлгі жігіт оқып еді,
Құбылып жан көзіне көрінбеді.
Сарайдан сағым болып шықты дағы,
Қыз соңынан ілесіп жүре берді.
Сақыпжамал үйіне қайтып келді,
Әкесі жоқ, шешесі отыр еді.
Шешесі жылап-сықтап, күйіп-жанып,
Жалбарынып қызына жауап берді.
дастарқан
—Шырағым, өлесің ғой бақтырмасам,
Керек болса өкпемен қақтырмасам.
Сарғайып жас басыңды қор еткенше,
Күйеуді өлтірсеңші жақтырмасаң!
—Ей, ана, бұл сөзіңнен немене өнер,
Менің не боларымды Алла білер?
Кісі қанын жүктесек оңай емес,
Өзі-ақ бір күн құса боп босқа өлер!
Апа, маған асып бер бір ақ тауық,
Барамын қайғыменен есім ауып.
Қайда еді дастарқаным алып берші,
Пері доспен келейін құрып сауық.
Анасы тауық асып алып келді,
Сарымсақтап, тұздықтап қызға берді.
Ханзада бекер қарап отырсын ба,
Тауықты қызбен бірге ол да жеді.
Тауықтың оң қанатын жұлып алды,
Білдіртпей қалтасына оны салды.
Қыз тамағын жеп-ішіп болғаннан соң,
Анасы алып берді дастарқанды.
Үстіне дастарқанның қыз отырды,
Ханзада неге қалсын бірге отырды.
Перілер дастарқанды алып ұшып,
Досына кешіктірмей тез жеткізді.
Пері айтты:—Сақыпжамал, келдің бе аман,
Сарғайып жүдепсің, не болды саған?
Қамырық қайғыңыз бар әлде недей,
Естиін мұның мәнін айтшы маған!
—Сен сұрасаң айтайын, жаным досым,
Түсімде Шәкіратжанның көрдім түсін.
Осыған тиесің деп неке қиып,
Қызыр еді бұйырып қосқан кісім.
хикаялық дастандар
Қызыр айтты:—Шәкіртке тиесің деп,
Жалғанда бір-біріңді сүйесің деп.
Осы айтқан жетпесең мұратыңа,
Барғанда ақыретке күйесің деп.
Түсімде Қызыр еді қосып берген,
Хабар жоқ ол жарымнан мұнда келген.
Ей, досым, мұратыма бір жеткізіп,
Хабар алып берер деп саған сенгем.
Осы еді көңілімдегі қайғы-арманым,
Кінә ғой сертке жетпей құр қалғаным.
Мені жатыр алам деп бір шаһзада,
Аумады оған тіпті ынтызарым.
Шаһзада әлі жатыр мені күтіп,
Сарғайып сәнаменен қайғы жұтып.
Не бетіммен тиемін бөтен жанға,
Қызырдың түсімде айтқан сөзін ұмытып.
Тиемін бөтен жанға не бетпенен,
Сарғайып өлер бодым бұл дертпенен.
Шаһзада бір асылзат адам екен,
Тоқтаттым хайла жасап үш шартпенен.
Уағданы күтіп жатыр ол қалт қылмай,
Мен жүрмін хайла жасап олай-былай.
Қайғысы досыңыздың, міне, осындай,
Келіп ем өзіңізден ақыл сұрай.
Шаһзада әбден көрді пері қызын,
Естіді екеуінің айтқан сөзін.
Сұлу жан деп енді ол ойламады,
Бұрынғы ғашық болып жүрген қызын.
Қас сұлу пері қызы шын перизат,
Бұл жерге Құдай келтірді сәт.
Шаһзада пері қызды көргеннен соң,
Бұған ғашық болды бек қабағат.
дастарқан
Бар сырды пері қызы естіп білді,
Аң-таң болып ішінен бір сыр түйді.
—Жауапты асықпай ал, жан досым, сен,
Тамаша оқиға екен бұның,—деді.
Ертең жауап берейін бүгін ойлап,
Келейік баққа барып күліп-ойнап.
Шәкіраттың қайда екенін білгеніңше,
Шаһзада жата тұрсын соры қайнап.
Қанша қыз күліп-ойнап жүрді бақта,
Қоспасын Құдай неге пиғылы аққа.
Тәңірге жалбарынып шаһзада жүр—
«Жан көзіне көрсетпей өзің сақта».
Қанша қыз баққа келіп жеді алманы,
Перінің қызы боп жүр жігіт жаны.
Қыздар терген алмадан о да теріп,
Толтырды бағанағы жан қалтаны.
—Ей, досым, рұқсат бер енді маған,
Қайтайын мен үйіме есен-аман.
Қайтып барып үйіме бүгін қонып,
Тірі болсам келейін ертең саған.
Бірталай бағанадан қылдық сауық,
Көңілімді көтердің ауық-ауық.
Досым-ау, таң атқанша ақыл ойлап,
Қойыңыз бұл дертіме дауа тауып.
Тағы да жайып салды дастарқанды,
Шаһзада бір шетіне қонып алды.
Перілер дастарқанды алып ұшып,
Үйіне бір сағатта әкеп салды.
Шаһзада ақ күмбезге қайтып келді,
Дұғасын бағанағы айтып келді.
Құбылып бұрынғы адам бейнесіне,
Дәнеңе көрмегендей түске енді.
хикаялық дастандар
Күйеу үйге келгенде қыз да келді,
Тыныш отырды, ешбір сөз сөйлемеді.
Ел жатқанша шаһзада жай отырып,
Жарым түнде бастады бір өнерді.
Жанынан алып шығып қанжарларды,
Біреуін жерге қадап шаншып қалды.
«Мен бүгін бір түс көрдім жорып бер» деп,
Сөйлесіп қанжарына әлек салды.
«Мен бүгін бір түс көрдім, ей, қылышым,
Теріс пе, яки оң ба қылған ісім?
Адамға айтпай тек қана саған айтам,
Қасымда жоқ түс жорып берер кісім!
Түсімде қайын енемнің көрдім түрін,
Естідім қызына әтей айтқан сырын.
Күнде бүйтіп сарғайып қор болғанша,
Күйеуіңді өлтір деп айтты шынын.
Мен естіп қастық сөзді кеттім жасып,
Анасы алып келді тауық асып.
Тауықтан ол да жеді, мен де жедім,
Қалыпты неше күндей қарным ашып.
Тауықтың оң қанатын жұлып алдым,
Бар екен бір жанқалтам соған салдым.
Дастарқанға отырып аспанға ұшып,
Қызбен бірге мен дағы кетіп қалдым.
Ұшып барып бір үлкен сарай көрдім,
Асылзат пері қызды талай көрдім.
Екі қыз көп сөйлесті досым десіп,
Айтылған сөздің бәрін санай бердім.
Көрдім мен ғажайып бір бау-бақшаны,
Қыздар теріп жүр екен көп алманы.
Қыздар терген алмадан мен де теріп,
Толтырдым бағанағы жанқалтаны.
дастарқан
Ішімді әбден толтырдым сол алмаға,
Таппадым қуыс ыдыс көп алуға.
Айтқандай алған алмам бар ма екен» деп,
Шаһзада қолын салды жанқалтаға.
Қанат пенен алманың бәрін алды,
Қылышым, мінекей, деп жайып салды.
Үндемей бағанағы отырған қыз,
Жігіттің мұнысына аң-таң қалды.
«Қылышым мен осындай бір түс көрдім,
Ілесіп дастарқанмен мұнда келдім.
Жорып бер бұл түсімді ей, қылышым,
Болмаса, иә сен өлдің, иә мен өлдім!
Бұл түсім, ей қылышым, не деген түс,
Жалғанда адам-пенде көрмеген түс.
Адамға айтпай, қылышым, саған айттым,
Жаныңнан дәмең болса жоры, қылыш!»
Бірін шаншып, біреуін қолына алды,
«Жауабын жылдам айт» деп әлек салды.
Қылыштың тілі бар ма сөйлейтұғын,
Қылышын шарт еткізіп салып қалды.
Қылыштар соғылысты шарқ-шұрқ етіп,
От шықты екі асылдан жарқ-жұрқ етіп.
Қыз байғұстың зәресі ұшып кетті,
Жалынды шаһзадаға есі кетіп.
—Шаһзада, айналайын, асылзатым,
Шыдамай мына іске менің дәтім.
Қайтыңыз ашуыңнан, алдияр бас,
Бойыңда үлкен екен шарапатың.
Қайтыңыз бір ашудан, алдияр бас,
Мен сізге асылзат деп қылмадым қас.
Шәкірат деген бар еді ғашық жарым,
Сол үшін көңілімді қылып ем тас.
хикаялық дастандар
Беріңіз бүгін маған бір кеңшілік,
Көңілге не алмайды пендешілік.
Сол досыма сіз көрген бір сөйлесіп,
Тірі болсам жетемін желден жүйрік.
—Мен еркекпін, деді ол,—сен—ұрғашы,
Тілесең тілегіңді берем, алшы!
Кетерсің әзер болса сүйгеніңе,
Армансыз сертке жетіп әбден қаншы.
Пері қызы жігіттің есіндегі,
Қыздың көңілі Шәкірат қой түсіндегі.
Екеуі тағы отырып таң атырды,
Ертең кеш тағдырлары шешілмегі.
Таң атқан соң Сақыпжамал жүре берді,
Ханзада қалған жоқ, оған ерді.
Әкесі жоқ, шешесі отыр еді,
Қыз байғұс қайғы жұтып үйге келді.
Шешесі қызды көріп қылады зар:
—Қайғыменен сарғайдың, не амал бар?
Не тимейсің, не оны өлтірмейсің,
Кең дүние бір басыңа болды ғой тар.
—Ей, ана, қалсын адыра айтқан сөзің,
Адам болсын демейсің сорлы қызым.
Кешіктірме алып бер дастарқанды,
Келейін тағы көріп досым жүзін.
—Ей, қызым, айналайын басыңыздан,
Ішіп-жеп бір тойып кет асымыздан.
Өлтір десем, тілімді бір алмайсың,
Не деп ақыл сұрайсың досыңыздан?
—Ей, ана, ішпедім сол асың құрсын,
Өйтіп маған үйреткен қасың құрсын.
Қас қылмасаң неге айттың оған ти деп,
Қуарып қақшаңдаған басың құрсын!
дастарқан
Анасы мұны естіп күйіп-жанды,
Қызынан күдер үзіп, көңілі қалды.
Ашумен жедел басып үйге кіріп,
Әкеліп дастарқанды жайып салды.
Сақыпжамал отырып көкке ұшты,
Білдіртпей шаһзада да бірге барды.
Үйінен досы шықты жүгіре басып,
Алдынан қуанышпен шашу шашып.
Пері қызы үйіне алып келіп,
Мәз-мейрам боп отырды хал сұрасып:
—Қанша қыз баққа шығып кетті жосып,
Мен қалдым келе ме деп сізді тосып.
Сен адамзат болғанда, мен перизат,
Дос қылды екеумізді Тәңір қосып.
Ей, досым, кеше бір сөз айттың маған,
Ертең келіп жауап ал дедім саған.
Көп ойланып ол іске шара таппай,
Әзер тұрмын алдыңда ұялғаннан.
Досым-ау, сыр жасырып қайтем сенен,
Көңілімде бір сөзім бар айтсам деген.
Таң атқанша жарыңмен ойнап-күліп,
Жасырайын деп пе едің оны менен.
—Жарыммен ойнағам жоқ, Тәңірге аян,
Сізге күңгірт болғанмен, маған жарық.
Жас басыма азапты қайғы түсіп,
Бақытсыз адам болдым мен бір ғаріп!
—Қинаған белгісі тұр кірпігіңде,
Қайтып тұр ұйқы байлап осы күнде.
Не рас, не өтірік деп білемін,
Әрине, өкініш көп бүгін түнде.
—Ұйғарды шаһзадаға ти деп халық,
Қастерлі адам деп мені көңіліне алып.
хикаялық дастандар
Ұйықтамаған айтайын себебімді,
Бетіме кірпігімді қылдың салық.
Ей, досым, мен айтайын сөзді бастан,
Жаман жан сыр жасырар жолдасынан.
Бір күні анам келді сүйінші деп,
Патшаның күйеу таптық баласынан.
Түсімде көрген едім Шәкірат жасты,
Қызыр қосып кеткен соң көңілім нанды.
Анам айта берген соң ұрыс қылып,
Қызықсаң өзің ал дедім патшаңды.
Сөзіме анам кетті күйіп-жанып,
Артынан әкем келді қылыш алып:
«Тимесең ол патша мені өлтірер,
Онан да өзің өлтір, басымды алып!»
Әкемді қия алмадым, айттым бір сөз,
Бас тартпас қиын іске болған соң кез.
Патша үш шартыма шыдаса алсын,
Дедім де шартымды айттым мен көзбе-көз.
Шартым сол менен бұрын дәм татпасын,
Жарым деп құшақтасып бір жатпасын.
Ханзада бұл сөзіме шыдаса алсын,
Менен бұрын сөйлесіп тіл қатпасын.
Шынымен бұған қайтып көнер дедім,
Көнбесе құса болып өлер дедім.
Болмаса ақылына келіп бір күн,
Шыбын жанға бір тілек берер дедім.
Осыны айтқан екен әкем барып,
Шыдаймын деп айтыпты ол қабыл алып.
Не жатпай, не сөйлемей, не дәм татпай,
Тірідей қор болды ғой байғұс ғаріп!
дастарқан
Қасында отырамын сөз сөйлемей,
Телміріп отырады ол да үндемей.
Кірпігім қатудағы себебім сол,
Досым-ау, неше күндей ұйқы көрмей.
Пері айтты:—Бұл күйеуің ер жан екен,
Уағданы берік тұтқан бек жан екен.
Жігіт болса дәл сондай болсын шіркін,
Басқа жан бір түнге де шыдар ма екен?!
Сен оған жүр екенсің обал қылып,
Кетті ғой бейшараға ішім жылып.
Ондай жігіт жалғанда табыла ма?
Неге қызмет етпейсің тағзым қылып?
Неге қадыр тұтпайсың ондай жанды,
Осынша қорлаймысың ер адамды?!
Перизаттың сөзіне шыдай алмай,
Шаһзада оң бетінен сүйіп алды.
Перінің сүйіп алды оң бетінен,
Өз жарының сүйді ол сол бетінен.
«Бетімнен сен сүйдің бе, кім сүйді?» деп,
Екі дос сұрасады бір-бірінен.
Пері айтты:—Айналайын келбетіңнен,
Кім сүйді, сен сүйдің бе оң бетімнен?
Қыз айтты:—Бетіңнен мен сүйгенім жоқ,
Қайта сен сүйдің менің сол бетімнен.
—Мен сенің сол бетіңнен сүйгенім жоқ,
Сүймек тұрғай қасыңа келгенім жоқ.
Алдамшы ма, шайтан ба аңдып жүрген,
Кім екен күйген бізге ынтызар боп.
—Ей досым, мен айтайын тағы кеңес,
Кеңесім бүгін менің түгесілмес.
Бетімізден сүйгенді жаңа білдім,
Арапшы емес, жын емес, шайтан да емес.
хикаялық дастандар
—Ей, досым, кеше екеуміз көп сөйлестік,
Барды айтып көңілдегі шүңкілдестік.
Екеуміз бірге жүріп, бірге тұрып,
Бірталай сіздің бақтан алма жестік.
Кеш болған соң үйіме қайтып бардым,
Үндемей күйеуіме жатып алдым.
Ел жатқанша күйеуім тіл қатпады,
Ел жатқан соң қағынды, аң-таң қалдым.
Жанынан үш қылышты суырып алды,
Біреуін жерге қарап шаншып қалды.
«Мен бүгін бір түс көрдім жорып бер» деп,
Сөйлесіп қылышына әлек салды.
Жорытты қылышына айтып түсін,
Теріс пе, яки оң ба қылған ісім?
Бейне көзбен көргендей бәрін тапты,
Тіл қаттым қорыққанымнан қашты түсім.
Суырып қалтасынан алды алманы,
Белгілі сіздің бақтан оны алғаны.
Бейне көзбен көргендей бәрін тапты,
Ей, досым, осы сөздің жоқ жалғаны.
Ол жігіт қайдан алған бақ алмасын,
Сөз қаттым қорыққанымнан байғұс басым.
Құбылып екеуміздің бетімізден,
Көрінбей келіп сүйген сол болмасын.
—Ей, досым, көрсең екен сол жігітті,
Бетімізден сүйді де тентіретті.
Кешегі сөздің басын біліпті деп,
Бағана келген жерден айтсаң нетті?
—Айтайын деп отыр ем келген жерден,
Қандай сыр жасырып ем, досым, сізден.
Жарыңмен ойнадың деп сөзді бастап,
Күмәнді болдыңыз ғой сіз де менен.
дастарқан
—Ей, досым, сол жігітті көрсет маған,
Көріп ақыл айтамын мен де саған.
Өзі бір шарапатты адам екен,
Қасиетті жаралған басқа жаннан.
—Ей, жігіт, көзге көрін, мұнда келсең,
Зарықтырмай тез көрін, қадыр білсең.
Саған біз дос болмасақ, қас болмаймыз,
Келіңіз жанымызға ойнап-күлсең.
Дұғасын сонда жігіт оқып еді,
Ап-айқын екі қызға көрінеді.
Дұғаның құдіретімен құбылды да,
Жігіттің шарапаты білінеді.
Қыз бен жігіт отырды амандасып,
Пері қызы қойып ед бетін ашып.
Сыртынан ғашық болып жүрген жігіт,
Есінен сол арада кетті адасып.
Шаһзада бір заманда есін жиды,
Ғашықтықпен сол қызға жанын қиды.
Әйтеуір не де болса болды ғой деп,
Пері қыздың бетінен тағы сүйді.
Пері айтты:—Сен адамзат, мен перизат,
Бұл жерге Тәңір сені келтірді әйбат!
Сөйлесіп жай-жапсарды біліскенше,
Сүйгенің бетімізден болды ұят!
Жігіт айтты:—Мен адамзат, сен перизат,
Мен мұнда жақсылықпен келгенім дәт.
Құдай қосқан жарым деп сені сүйдім,
Ізгілікті бұл істің несі ұят?
—Мына кісі бір Алла қосқан кісің,
Үш серт айтып алдыңнан тосқан кісің.
Жарың тұрып біреуге көз аударып,
Жаным-ау, келісе ме осы ісің?
хикаялық дастандар
—Мұнда менің жарым жоқ сенен басқа,
Қосылып жар болайық айырылмасқа.
Уағда беріп шақырдың, перизатым,
Өзің айтқан сөзің ғой, енді қашпа.
—Шақырғаным рас ед көрелік деп,
Мән-жайыңды өзіңнен білелік деп.
Білімді, абзал туған адам болса,
Құзыр етіп бір тілек тілейік деп.
—Тілеңдер тілегіңді уақыт болса,
Жалғанда жақсы болар сертте тұрса.
Не жалған, не ақыретте пайдасы жоқ,
Уағдаға хилап қылып мойын бұрса!
—Екеуміз көптен бері жолдас едік,
Бір жүрген жасымыздан құрдас едік.
Ханзада, мен айтайын саған кеңес,
Бірге өскен бала күннен сырлас едік.
Бұл туған соң алыпты менің шешем,
Үш ай сақтап беріпті аман-есен.
Екеуіміз ақыреттік дос болып ек,
Бір анадан сүт ему себебімен.
Бір дастарқан мен бердім қызға арнап,
Күнде келіп бұл жерден хабар алмақ.
Егерде құрмет етсең тілегіне,
Айтайын мен досымның сырын жалғап!
Сізден бұрын біреуге ол болған ғашық,
Сүйікті жарын тауып, көңілі тасып.
Қызыр келіп түсінде атастырған,
Шәкірат бала болыпты оған нәсіп.
Қызыр неке қиған соң жалған бар ма,
Мұратына жеткізсе арман бар ма?!
Ғашықтық бұрынғыдан мирас болған,
Мұратына жете алмай қалған бар ма?!
дастарқан
Бұл досымның осындай арманы бар,
Шәкіратжанға жар болып қалғаны бар!
Махаббатқа құрмет ет, тілегін бер,
Досым үшін мен сізге болайын жар!
Пері қызы осылай берді жауап,
Жігітті іштей сүйіп көңілі қалап.
«Мына ісім жөн болды ма» дегендей қып,
Бұрылды қасындағы қызға қарап.
Қостады Сақыпжамал мұны лезде,
Әкелді жақсы орай жаһан кезбе.
—Орындап тілегімді,—деп жалынды,
Болыңыз маған енді жақсы жезде!
Ханзада көңілі жай болды разы,
Масайрап келді алдан өмір жары.
Күй толқып, ән қалықтап кетті дереу,
Қосылып үшеуінің көңіл сазы.
Нұр құшты, ханзаданың бағы жанды,
Шаттанып Сақыпжамал үйге барды.
Адамзатқа қосылып көңілі тасып,
Перизат әкесіне кісі салды.
Әкесі перілердің патшасы,
Әлгі қыз патшаның ханышасы.
«Өз еркі,—деді патша,—қызым сүйсе,
Ұзын болсын екеуінің өмір жасы!»
Әкесі шын ниетпен қабыл алды,
Қыз бен жігіт қосылса өмір сәнді!
«Баламда қандай тілек бар екен» деп,
Әкесі қызына әтей кісі салды.
Қыз айтты:—Керек маған бір ақ күмбез,
Алтынменен аптатсын сарайын тез.
Қанша асылмен ұзатса өзі білсін,
Бұрынғының мұрасын істейміз біз.
хикаялық дастандар
Әкесі қыз тілегін қабыл алды,
Ақ алтыннан арнайы сарай салды.
Ғашық зарын Тәңірі қостады ма,
Мұратқа жетті екеуі, бағы жанды.
Перілер ақ күмбезді алып ұшты,
Бір сарайды көтеру қиын іс-ті!
Қайысып қабырғасы, бұғанасы,
Түн ішінде шаһарға келіп түсті.
Жан білген жоқ, ұйқыда ел жатыпты,
Сарғайып бір заманда таң атыпты.
Махмұт патша есігі алдына дәл,
Сарайды алтындаған орнатыпты.
Таң намазы болғанда патша тұрды,
Салтанатты сарайды көзбен көрді.
Таңғажайып сарайға аң-таң болып,
Тамсанып өз үйіне қайта кірді.
—Ей, ханым, таң атыпты, түрегелші,
Жалтыраған сарайды барып көрші!
Жалғызың үйін алып келді ме екен,
Жылдамырақ сарайға барып келші!
Ханымы жетіп келді жүгіре басып,
Жайнаған шымылдықты көрді ашып.
Ішінде ұйықтап жатыр өз баласы,
Төсекте пері қызбен құшақтасып.
Ұйықтап жатқан жерінен көріп жүзін,
Ойлады ол әкелді деп уәзір қызын.
Лепіріп қуанышпен қайта оралып,
Мағұлым қып патшаға айтты сөзін.
Патша мұның мәнін оймен тапты,
Мінәжат мың қайтара шүкір айтты.
Жар салып төңірекке жұртын жиып,
Ел-жұрты мәз-мейрам боп бәйге шапты.
дастарқан
Тамашамен кеш батты, ел де жатты,
Сақыпжамал сарғайып мұңға батты!
Білдірмей ешбір жанға сарайға кеп,
Пері қыз бен жігітті ол оятты.
Оянды қыз бен жігіт дереу тұрып,
Үшеуі сыр шертісті кеңес құрып.
—Ей, досым, ғашықтықтан өлер болдым,
Қайтіп өмір сүремін бүйтіп жүріп!
Дыр-думан болып жатыр той-тамаша,
Отырдым тілек тілеп мен де оңаша.
Мұратыма жете алмай, өмірім еш боп,
Өттім мен құсалықпен амал қанша!
Пері айтты:—Сабырлық ет, ісіңе дәт,
Қайтпаңыз үйіңізге осында жат.
Той өткен соң іздетіп Шәкіратжанды,
Бір хабарын алмасам елден ұят.
—Ей, досым, ақылыңнан айналайын,
Бұйырсаң қандай қызмет мен де дайын.
Жатайын қасыңызда жасырынып,
Жұртқа не деп айтасыз мұның жайын?!
Менімен достығыңды әкең білер,
Кім келіп рұқсатсыз бізді көрер.
Пері досы үй жасап беріпті деп,
Шаһзада әкесіне жауап берер.
Кеңесіп осылайша ақыл тапты,
Тығылып досы үйінде қыз да жатты.
Көтеріп оның көңілін кір жуытпай,
Ару досы аялап бағып-қақты.
Бір күні әкесіне бала келді,
Әдеппен қол қусырып сәлем берді.
Ата-ана қуанысып шашу шашып,
Мәз-мейрам қып қуантты туған елді.
хикаялық дастандар
Анасы айтты:—Қарағым, айым-күнім,
Әкесі айтты:—Жарығым, жаным-ділім.
Шырағым, бұл үйіңнің мәнісін айт,
Қайдан жасатып әкелдің асыл тегім?
—Әкетай, Құдай тілек бергені осы,
Алтынменен апталған іші-тысы.
Бір перінің қызы екен қимас досы,
Танысып барып қалап алғаны осы.
Перілер жасаған үй, ей, жан ата,
Ешбір мінсіз, өмірде болмас жапа.
«Ей, балам, алған жарың құтты болсын!»
Деп, әкесі қол жайып берді бата.
Мереке-сауықпенен той өтіпті,
Той тойлап, ойын ойнап ел кетіпті.
Тойдан кейін пері қыз жын шақырып,
Тұс-тұс жақтан Шәкіратты іздетіпті.
Жіберді ол перілерге салық салып,
«Шәкіратты табыңдар,—деп,—дереу барып».
Шәкіраттың әкесі бар Әшім деген,
Келіңдер бір сағатта хабар алып.
Перілер әмірді алып ұшып кетті,
Келетұғын уақытынан талай өтті.
Кезінде келмей олар кешікті деп,
Пері қыз қаһар шашып, ашу төкті.
Тағы да екі-үш сағат уақыт өтті,
Төртінші сағатында пері жетті.
«Жарлықты орындамай екі айттың» деп,
Пері қыз ашуланып жерді тепті.
—Ей, тақсыр, ашуланып қылма тарлық,
Жарлығыңша әкесі Әшім бардық.
Ол Әшімнің жанында баласы жоқ,
Шаһарын түгел тінтіп таба алмадық.
дастарқан
Шәкіраттың өз шешесі дүние салған,
Әкесі тағы басқа қатын алған.
Сол тоқал екеуіне қастық жасап,
Қаңғырған екі сорлы жетім қалған.
Екеуі қол ұстасып жүріп кеткен,
Бұларға өгей шеше қастық еткен.
Бірнеше күн жол жүріп Шәкір, Шәкірат,
Түбіне бір жартастың келіп жеткен.
Түбінде сол жартастың жатқан кезде,
Шәкіратқа Құдіреттен қаза жеткен.
Ағасы кеткеннен соң есін жиып,
Шәкірат бала бір керуенмен қаңғып кеткен.
Бұл жерге олар жетіп келген екен,
Керуендер бала ақылын көрген екен.
Шығарып арасынан үш түйе жүк,
Шәкіратқа қамқорлық қып берген екен.
Бір шаһарда Шәкіржан патша боп тұр,
Інісі Шәкірат бала осында жүр.
Қолында қарызға алған үш түйе жүк,
Жағдайын енді оның өзіңіз біл!
Бұл қызды базарға ап шық, сандыққа сап,
Ешбір жанға білдіртпей ауызын жап.
«Бұл сандықтың бағасы үш түйе жүк»,
Анда-санда қойыңдар деп айғайлап.
Пері қыз бұл хабарды естіп алды,
Ит шанаға сүйретіп қызды салды.
Базарды аралатып жүрген кезде,
Кез болып Шәкірат бала сатып алды.
Ендігі сөз кетеді бір қисса боп,
Дастарқан осы арада аяқталды.
Қолыма қалам алып жаздым хатқа,
Мән-жайын таныстырып жамағатқа.
Ертерек өтіп кеткен замандарда,
Бір асқан бай болыпты Бағдатта.
Данияр қалай өнер тапқандығын,
Үйренсін кейінгі жас ұрпақтар да.
Мысал ғып әрбір істі айтып кеткен,
Бұрынғы аңыз етіп ғалымдар да.
Қырық күндей Бақтиярға тергеу болған,
Құтылуға тәмсіл айтып ол зарлаған.
Бақтияр қырық күн зарлап айтып өткен,
«Қырық бұтақ» деген содан қалған.
Дарға асу үшін бала келген,
Көп халық сөзін тыңдап көңіл бөлген.
Сөйлейін соның сөзін, халық сізге,
Бағдатта бір бай болған Махмұт деген.
Махмұт дәулеті асқан бай болыпты,
Байлығы патшаға сай болыпты.
Келгенше елу жасқа бала көрмей,
Дүниеде бір балаға зар болыпты.
Бұл байдың бала үшін көңілі жарым,
«Жарылқар күн болар ма бір Құдайым?
Бір күні ажал жетіп өліп кетсем,
Кім ие болып алады жиған малым?»
Данияр
данияр
Айта алмас бұл қайғыны іштен жарып,
«Тәуап етсем қажыға Мекке барып,
Сарып қып Алла өзі берген малды»—
Малға бай, бала үшін болды ғарып.
Бағдатта Махмұт бай мекен еткен,
Жасы ұлғайып талайға келген екен.
Ие жоқ дәулетіне жүргенінде,
Елуде бір ұл бала берген екен.
Жалғызы шыққан кезде сегіз жасқа,
Беріпті ғалым дана молласына.
Қайырлы болашақтан үміт күтіп,
Тапсырып аманат қып Алласына.
Оқыды Данияр жас бірнеше жыл,
Жыл сайын балалардан озып ылғи.
Ішінен молла сынап зеректігін,
Даниярға көңілі толды ауып пиғыл.
Ғалымды Данияр жас асырады,
Балалықты өскен сайын қашырады.
Ғылымын өзінде бар үйренген соң,
Баласын молла әкеліп тапсырады.
Үйіне Данияр жас оралады,
Іздеуге тағы ғылым жол алады.
«Данияр»—Бақтиярдың бір бұтағы,
Сөйлейін соның жайын, тыңда мұны.
Молладан демалысқа бала келіп,
Әр іске зыр жүгіріп аттай желіп,
Болса да мұңсыз өскен бай баласы,
Жүргенді үйде бекер намыс көріп.
«Жүрмейін надан болып босқа бекер,
Дүние ақыр бір күн тастап кетер.
Серпіліп жас шағында ұмтылмаса,
Бос қалған бәрінен де арман өтер».
хикаялық дастандар
Махмұт шүкір етті жалғыз Хаққа,
Аллаға тәубә етті берген баққа.
Аяман жалғызымнан еш нәрсені,
Дос болып қолын созса жақын-жатқа.
Даниярдың талабы
Бала ойлап бір ақылды мақұл көрді,
Айтуға ата-анаға жақын келді.
—Жаратқан неше түрлі адамзаттан,
Аралап дүниені көрсем елді.
Ата-ана бата беріп, рұқсат қылсаң,
Сауда қып, сейіл құрып, ел танысам.
Мың түйе алтын-күміс берсең маған,
Тәуекел шығып жолға сауда қылсам.
Не жақсылық, жамандық бәрін көріп,
Үйреніп көп халықтан ғибрат алсам.
Жаһан кезіп әр шаһарды тамашалап,
Артық ғылым-өнер болса және тапсам.
Керуен болып аяқ жеткен жерге барып,
Бұйырса жыл толғанда қайта оралсам.
Әкесі айтты:—Бұл талапты қойдың маған,
Көңіл бөліп отырмын мен де саған.
Ерте ғой бұл бір ісің—жаһан кезу,
Толған жоқ жасың жетіп, ой мен санаң.
—Үйде тұру ойым жоқ, сірә, менің,
Бір Алла не жазса да мен де көндім.
Қандай іс бұдан бұрын істеп едім,
Ата, сіз қалай маған қауіптендің?
Тұрмасының баласының білді сонда,
Мың түйе тоғанақты берді сонда,
«Тәуекел сапарымды, Алла, оңғар» деп,
Бет алып Чин-Мәчинге шықты жолға.
данияр
Осымен бала жолға бара тұрсын,
Атажұрт, халқы артта қала тұрсын.
Данияр қандай өнер табар екен,
Мұны естіп тыңдауға жұрт құлақ түрсін.
Алтынмен сарайларын безендірген,
Шаһарға бек тамаша барып кірсін.
Не түрлі өнер-білім бәрі сонда,
Аралап тамашасын көзбен көрсін.
Жөнелді Чин-Мәчинді бетке алып,
Шеккен жоқ жол үстінде бала ғаріп.
Кез болып бек тамаша бір шаһарға,
Тәуекел сол қалаға кірді барып.
Данияр сол қалаға сауда қылмақ,
Шаһардың ортасына пәтер салып.
Данияр бірнеше күн алды дамыл,
Жас бала бос жатуға қылмас сабыр.
Білмейді не ғажайып болғандығын,
Көшеге адам сыймай, абыр-сабыр.
Данияр таң қалады «бұл не жүріс,
Дәт қылмай аласұрып жүріс-тұрыс.
Көрейін көппен бірге мен де барып,
Кез болған халайыққа бұл қандай іс».
Көз тігіп жанның бәрі телміреді,
Бір арқан алтын діңгекке кермелі еді.
Қауіпті жан шошырлық ғажап екен,
Бір-бірлеп оқушылар өрмелейді.
Данияр қайран қалды мұны көріп,
Қызықты үйренсем деп көңіл бөліп.
«Өзің өлмей өнерің жерде қалмас,
Оқиын қолымдағы барды беріп».
Көрмеген ғылым-өнер тағы да бар,
Бола көр талаптыға, Алла, өзің жар.
хикаялық дастандар
Кіреді бай баласы пұлы жеткен,
Кіре алмас бұл мектепке қолдары тар.
Бір топ жас Даниярға кезігеді,
Адамы бөтен елдің көрінеді.
Жас өрім өзі теңдес болғаннан соң,
Олар кеп Даниярдан сөз сұрайды.
Шығып ем Чин-Мәчинге Бағдаттан,
Сауда ғып әр шаһарға кіре тартқан.
Махмұт деген байдың баласы едім,
Байлықпен өз елінде аты шыққан.
Дәм тартып келіп тұрмын дәл осылай,
Сіздерге кез келтірді Жаппар Құдай.
Жиналған жұрт ынтығып мұнша неге,
Айтыңыз өз жұртыңды, бұл не сарай?
—Бұл сарай өнер мектеп аталады,
Үйретіп өнер-ғылым, оқылады.
Тамаша қандай өнер көру үшін,
Алты айда шаһар халқы жиылады.
—Не ғылым, ұқтыр маған айтқандарың,
Менің де кетті ауып ынтызарым.
Айтыңыз өнеріңнің түрін маған,
Оқиық жетер болса қолда барым.
—Өнердің не іздесең бәрі мұнда,
Өзің де таң қаласың тамашаға.
Мектепке кіріп өнер оқыр болсаң,
Алады бір жылына жүз мың ділда.
Еш нәрсе одан кейін керек емес,
Міндетің жыл толғанша болар сонда.
Музыка, керней, сырнай, дар ойын,
Өзіңнің бұдан басқа бар ма ойың.
Көз байлау, сиқыр ойын тағы да бар,
Ұғасың жарым жылда соның бәрін.
данияр
—Өнерді үйренермін етсем талап,
Надандық алды-артымды алар шырмап.
Ер жеткен соң арманда, бос қалармын,
Жасымда мақұрым боп қалсам қарап.
Құрбылар, ғылым жайын айттың жайлап,
Кірсем деп бұл мектепке тұрмын ойлап.
Ертіп бар бастығыңа, танысайын,
Оқитын жыл толғанша уағда байлап.
Сарайға Даниярды ертіп келген,
Таң қалып молла тұрып орын берген.
Ақыл, дәулет, бақыттың ұясы бар,
Осылай сипатынан сынап көрген.
Баламен Данияр жас келді еріп,
Мектептің тамашасын көзбен көріп.
«Өнеріне мектептің жетсе қолым,
Төленер оқысам да қанша беріп».
—Кіріп келдің тартынбай маған,—дейді,
Басқадан артық екен санаң,—дейді.
Жігерлі өз құрбыңнан жан екенсің,
Қайдан келе жатырсың, балам,—дейді.
—Ғылымды біраз оқып көрген жанмын,
Көңілімді ынта қойып берген жанмын.
Ғылымға көңілім олқы болғаннан соң,
Осылай өнер іздеп келген жанмын.
Жүз түйе тоғанақпен пұлды берсем,
Есептеп көресіз ғой артық-кемін.
Оқуға барды беріп, кірді бала,
Ақылы жаннан артық ой мен сана,
Алты айда басқалардан озып шығып,
Жөнелді алдын бермей жалғыз қара.
Даниярдың оқитұғын толды жылы,
Жеңетін пенде болмай, сірә, мұны.
хикаялық дастандар
Жетуі өз еліне мұң болады,
Даниярдың қалтасында қалмай пұлы.
—Өткіздім оқуменен бір жыл мұнда,
Қарамай артық-кемін жиған пұлға.
Сағынып жүрген шығар ата-анам,
Қайтайын батаңды бер маған, молла.
—Көңіліме ұнап едің, қарағым, сен,
Бес жүз шәкірт оқиды жалғыз менен.
Жеткенше Бағдатқа мен кепілмін,
Қарағым, немді аяйын енді сенен.
Жетуге жол қаражат берді молла,
Сақтасын сапарыңды жалғыз Алла.
Алдайды, әрбіреуге сырыңды айтпа,
Дұшпанның түсіп қалма тозағына.
Данияр, саған айтар өсиетім,
Қастықшыл қаскүнемнен қапа қалма.
Осындай әрбір істен сақтанып жүр,
Қастандық көп болады жүрер жолда.
Көп керуен Бағдатқа қайтады екен,
Даниярды бастығына берді қолға.
Қош айтып жолға салып молла қалды,
«Тапсырдым бір өзіңе, Құдауанда».
Данияр Бағдатқа аман жетті,
Кеткелі өз елінен бір жыл өтті.
Мұңайып ата-анасы отыр еді,
Есіктен әдеппенен кіріп кепті.
Қуанды жалғыз ұлы аман келіп,
Махмұт шүкір етті мұны көріп.
—Көрген ел, сапарыңнан сөйле, балам,
Ұғайын жақсы-жаман жәйін біліп.
Сөйледі атасына бала жөнін,
—Тамаша неше түрлі ойын көрдім.
данияр
Алты айға жүз мың ділда алады екен,
Мүлкімді алып барған соған бердім.
Үйреніп жыл он екі ай тұрдым сонда,
Ойынға мені ұтарлық жан жоқ онда.
Басқасын өз қолыммен анық ұттым,
«Артықсың менен дағы» деді молла.
Мұны естіп Махмұт бай көп ойланды,
Дөңбекшіп, тынышы кетіп қиялданды.
«Ақымақ боп бала келді, есек мініп,
Құмаршы атанады-ау» деп ойлады.
Мұны ойлап Махмұт айтты баласына:
—Қаламыз көп дұшпанның табасына.
Ділданы жүз мың алтын санап алып,
Шеткері сауда қып кел және барып.
«Мақұл» деп атасының бұл сөзіне,
Бет алып шықты жолға бала ғаріп.
Қандай іс кез келеді бұл балаға,
Ай жарым сапар шекті құр далада.
Тас көше, жарқыраған әйнек бетті,
Тамаша келіп кірді бір қалаға.
Бір жерден Данияр бала пәтер алды,
Базарға екі-үш күндей назар салды.
Лағыл, маржан, меруертті—ыңғай асыл,
Алам деп абайлады қандай малды.
Данияр бұл қалаға шеттен келді,
Аралап тамаша етер әрбір жерді.
Көп адам бір араға жиналысып,
Біріне бірі, сірә, жол бермейді.
Соларға Данияр жас келді таяу,
Танитын адамы жоқ, көңіл қаяу.
Көруге тамашаны жол таппады,
Ойлайды бұл қалай деп иә, Құдай-ау.
хикаялық дастандар
Сұрады біреуден жас бала сонда,
—Көп жиын мұнша неткен, не бар мұнда.
Ол айтты:—Қобыз деген осы болар,
Шырағым, тыныш тұрып, анық тыңда.
Бірнеше ән бір-бірінен озбағандай,
Сызылтып, сылдыратып сыбызғыдай.
Ән қосып мұңлы күйге тамылжытар,
Көңілін шерлі адамның қозғағандай.
«Үйренбей осы өнерді көңілім тынбас,
Үйренсем өкінерлік арман қалмас.
Берейін алып келген қазынамды,
Болама, қанша жисам дүние жолдас.
Түбінде өнерлі жан аштан өлмес,
Тиеді бір пайдасы, жерде қалмас».
Данияр бастығына жетіп барды,
Алты айға уағда жасап тұрып қалды.
Тәуекел, үйренуге тұрмақшы боп,
Қолдағы қазынасын түгел салды.
Молла айтты:—Сөзім тыңда, өңкей бекзат,
Бәрің де Даниярды көрмейсің жат.
Бұралған тал шыбықтай бір жас бала,
Отырғызып жақсы орынға, қылды құрмет.
Жиында қобыз тартқан неше жерден,
Шыға алмас бойын билеп мұнда келген.
Бәрі де сағым қуған сайыпқыран,
Алады ән мәнісін соққан желден.
Данияр соларменен бірге тұрды,
Өткізіп ойынымен талай күнді.
Келтірді ол үш айдан соң әнді түгел,
Үйреніп қобызды да көңілі тынды.
Белгісі шын жүйріктің осындайда,
Бұл іске бәйге алар қосылмай ма?
данияр
Кетеді қандай іске желіп-жортып,
Жабырқап жамандарша тосқындай ма?
Енді елге қайтайын деп ой ойлайды,
Көңіліне алған іске көз тоймайды.
Жат жерде таныс-біліс жоқ ыңғайлы,
Мәнісін жол жүрудің таба алмайды.
Айналып молласына қайта келді,
Мән-жайын бастан-аяқ айта келді.
«Қолымда пұл қалмады, өзім жалғыз,
Қалайша табам,—дейді,—елді, жерді».
Молласы бұл сөзді естіп тұрды ойлап,
Жасынан шыққан екен елден саяқ.
Шындықтан көз жұмуға, сірә, болмас,
Молла да жас баланы тұрды аяп.
Соны ойлай ертіп жүріп өз қасына,
Жетерлік пұлын берді бір басына.
Жүретін Бағдатқа көп керуен бар,
Тапсырып әкеп қосты қол басына.
Керуен Бағдатқа жүрді беттеп,
Баладан жөн сұрамас ешкім тектеп.
Бұларға Данияр да сездірмейді,
Ойлайды «өз еліме жетсем ептеп».
Бірнеше ай бұларменен жолдас болды,
Бағдаттың бір шетіне келіп еді.
Қош айтып жолдаспенен айрылысып,
Данияр өз үйіне келіп кірді.
Баласын қарсы шығып алды күтіп,
«Қарағым, қош келдің бе?» деп, қолын тұтып.
«Жалғызым, аман көрдім, арманым жоқ»,
Пұл үшін ренжімей қабақ шытып.
хикаялық дастандар
Ер еді қажымайтын дүние үшін,
Бұзбайтын малға бола ешбір түсін.
Алланың бір арнауы бар шығар деп,
Осылай қарсы алатын тағдыр ісін.
Тоқтатты сабырлықпен өзін-өзі,
Баланы жаяу келген көрді көзі.
Қандай іске пұл жұмсады, көрейін деп,
Махмұттың баласына айтқан сөзі.
—Шырағым, балалықтан енді тыйыл,
Жолаушы шығып жүрсің елден қиыр.
Күн бұрын салақсынбай сақтанбасаң,
Жат жерде пұлы көпке әр нәрсе үйір.
Мехнатын көріп келдің ұзақ жолдың,
Айырып артық-кемін оң мен солдың.
Хабар бер хал-жайыңнан енді маған,
Саудаңнан осы жолы қандай болдың?
Бала айтты:—Үйден шығып жүріп кеттім,
Арада үш ай жүріп сапар шектім.
Сипатын бұл қаланың өлшеп болмас,
Тамаша бір шаһарға барып жеттім.
Әйнекпен жарқырайды терезесі,
Алтынмен безендірген керегесі.
Нәрсені жолда жатқан алмайды ешкім,
Бұл елдің солай екен ережесі.
Месекер кәрі жастың бәрі шебер,
Жұмсайды қызметке ыңғай өнер.
Ғылымын дүниенің зерттегендер,
Өнерді ғылымменен тең білгендер.
Осындай бек тамаша халық көрдім,
Таршылық көрмесіне көңіл сенер.
Баққаны жастарының бәрі сауық,
Дүниеде кемдік бар деп қылмас қауіп.
данияр
Солардың қатарына мен де кірдім,
Бір өнер үйренуге көңілім ауып.
Бір жерден пәтер алған өңкей жастар,
Дүниеде бола бермес мұндай істер.
Бәрінің де іздегені өнер-ғылым,
Құбылып қобызына әнін қосар.
Сызылтып екі-екіден салған әнге,
Көтеріліп қызығына көңілің жасар.
Солардың қатарына мен де кірдім,
Құрбымнан кем болмайын деп ойладым.
Жарым жылда алады екен жүз мың ділда,
Қолымда апарғанның бәрін бердім.
Өнерге жұмсадым да пұлдың бәрін,
Денім сау, қайта айналып өзім келдім.
Махмұт бай бала сөзін естіп білді,
Шырайын қиял кернеп жүз құбылды.
«Баламды адамдыққа баулиын деп,
Өткіздім шығыны мол екі жылды.
Дүниеге көзім жетті тұрмасына,
Алланың арнауы бар бір басыма.
Құмаршы болып жүрер жалғыз балам,
Кім кепіл ондай пәле жұқпасына».
Айтады «саудаменен қайта бар,—деп,
Пұлды аяп жалғызымнан қайтемін,—деп.
Мал таусылып, жалғыз үшін қор болармын»,
Махмұт бай қайғы ойлап, уайым жеп.
Және берді қалған пұл мен мың түйені,
Айтады қалдырма деп несиені.
«Зарығып әзер көрген жалғызым ғой,
Қайтейін бұдан аяп дүниені».
Саудамен Данияр жас тағы шықты,
Именіп жас көңілі неден бұқты.
хикаялық дастандар
Чин-Мәчин, шықты жолға, үш айлық жол,
Бет алып солай таман сапар қыпты.
Он беске Даниярдың жасы келген,
Адамзат мал іздейді бөтен елден.
Атаның дәулетінде жүріп жатыр,
Ысылып әлі асқан жоқ үлкен белден.
Данияр тағы шықты жолға таман,
Сапармен үш ай өтті жолда бұған.
Жол ұзақ өтсе дағы тоқсан күндей,
Келіпті Чин-Мәчинге бұлар аман.
Осы жол ата тілін алмай қалса,
Дәулеті осыменен бітті тамам.
Ну орман, жасыл алқап, мөлдір бұлақ,
Керуен сахараға тоқтап қалған.
Бұл өзі аты шыққан үлкен қала,
Інжутас қорған екен шыр айнала.
Базардың бас-аяғы үш күндік жер,
Қызығып көрді бәрін кезіп жана.
Қаланы аралайды жалғыз жүріп,
Ешкімге жауап қатпас мойын бұрып.
Кезікті шет жағында бір адамға,
Тіл қатып сөйлеседі тоқтап тұрып.
—Сұрайын қалаңыздың сізден сырын,
Көргем жоқ бұл қаланы бұдан бұрын.
Ұғындыр жақсы-жаман, жасырмаңыз,
Халқыңның ұстағаны қандай ырым?
—Қарағым, түсің жылы бала екенсің,
Болса да жасың кіші дана екенсің.
Жай сөзің жанды еріткен, тілің майда,
Көңіліңді талап жеңген жан екенсің.
данияр
Жарамас артық айтқан сөздің босы,
Табылмас өтірікпен көңіл қошы.
Әлемге байлықпенен аты шыққан,
Чин-Мәчин деген шаһар болады осы.
Ғылыммен мал табады мұның халқы,
Кәрі-жас, ер мен әйел—түгел жалпы.
Рұқсатсыз жерде жатқан алтынды алмас,
Бұл елдің осылайша ұстар салты.
Өнермен сауық құрар жас ғадаты,
Шыққан жоқ, әзір ешбір жаман аты.
Көшеден бір кедейді көре алмайсың,
Байлықтың әркімде бар ғаламаты.
Өнермен іс қылады барлық адам,
Осымен мұның сыры болды тамам.
Келдіңіз бұл қалаға не жұмыспен,
Атың кім, қай жерліксің? Білдір маған.
—Шаруам сол—саудагермін мұнда келген,
Бет алып елге шықтым қалың керуен.
Атам Махмұт Бағдат шаһарында,
Біз келдік дәм бұйырып сіздік жерден.
Естіп мен ұқтым сізден елдің жайын,
Аралап көргенім жоқ жер ыңғайын.
Сауда қып азғана күн жайланғанша,
Орамды пәтер болса бізге дайын.
Бұл жігіт өз үйіне ертіп жүрді,
Данияр пәтер алып сонда тұрды.
Көшеге ертеңінде шығып еді,
Көрінді не ғажайып әрбір түрлі.
Көшенің сәулеті асты барған сайын,
Тамаша бірі бітсе, бірі дайын.
Данияр бәрін көріп келе жатыр,
Жоқ еді ойлап жүрген қайғы-уайым.
хикаялық дастандар
Қызығы жан жүйесін алды кернеп,
Аралап тамашасын болды көрмек.
Алтынмен безендірген үй сәулеті,
Байлық пен өнер тең боп салған өрнек.
Жас жігіт өнер білсе—дүние көркі,
Басты болып өз елінде жүрсе еркі.
Данияр біраз ғана жүріп еді,
Кезікті көп бозбала сап біркелкі.
Киінген бір кісінің баласындай,
Көк өрім бейне қолдың саласындай.
Сағымша құбылтады сөз сөйлесе,
Жайнайды жанған оттың шаласындай.
Жүргендей сап дүр етіп шыны-тойда,
Міні жоқ өңкей бекзат тұла бойда.
«Қайткенмен өнер тартқан бағландар ғой»
Дейді де, Данияр жас салады ойға.
«Бұл дүние адам үшін жаралған ғой,
Айырылып асыл жастық қаламын ғой.
Пендеден өнер-білім асқан емес,
Тағылым боп бірден-бірге таралған ғой.
Осылар сол тағлымды қуған жас қой,
Белдерін шын ізденіп буған жас қой.
Бірінен жөн сұраса айтпас па екен,
Бәрі де мен қатарлы туған жас қой».
Білуге біреуіне келді жақын,
Білдіріп шеруменен жүрген қалпын.
«Қош, мырза, жол болсын» деп, тұра қалды,
Ол дағы жігіт екен ашық-жарқын.
Данияр сөз сөйледі мың бұралып:
—Құрбылар неге мұнша жүр құралып,
Айтыңыз мұның жайын бізге тамам,
Дәм қосса жолдас болып бір тұралық.
данияр
Бұл жерде сабақ оқыр бай баласы,
Жеткілік қазынаны, мал-сомасы.
Жылдыққа ақы беріп, бірақ кірер,
Нашардың жете алмай жүр әл-шамасы.
Ғылым жоқ бұдан үлкен дүниеде,
Әйтсе де адам еркі бір неде.
Жігітте өз басындық өнер болса,
Ұнасып тұрады ғой бұл дүние.
Данияр айтты:—Сізбен ерейін,—деп,
Аралап өзім барып көрейін,—деп.
Оқуға бірге кіру мүмкін бе екен,
Моллаға жолығып мен көрейін,—деп.
Бұл жігіт Даниярды қасына алды,
Аралап баршасына көзін салды.
Мектептің мән-жайымен таныстырып,
Бұдан соң молласына ертіп барды.
Данияр кіріп келді сәлем беріп,
Инабатты әдеппенен қол қусырып.
«Мен көрмеген сен қайсы баласың» деп,
Амандасты молла да құрмет қылып.
—Иә, тақсыр, көрген жоқсыз бұдан бұрын,
Айтайын бастан-аяқ сізге сырым.
Алуан түрлі өнер-ғылым жолын іздеп,
Қайырлы құрметіңе келіп тұрмын.
Жәрдем ет, мен пақырды саяңа ал,
Адамға жолдас болмас дүние-мал.
Әуелі хақыңыздың мөлшерін айт,
Шамалайын, қолымдағы жете ме мал.
—Шырағым, әр нәрсеге көңіл керек,
Байқайды артық-кемін ақыл зерек.
Өзіңдей, бір сен емес, талай жас бар,
Солардың салған жолы маған дерек.
хикаялық дастандар
Мұны естіп Данияр бала моллаға ерді,
Әуелі аралатты жатар жерді,
Бір жылғы алатұғын хақысына,
Бағалап мың түйе мен жүгін берді.
Басында шығып еді өнер бағып,
Данияр тартынады бұдан нағып.
Жазуға қандай түспен жазу жазса,
Үндесіп жазар соның порымын сап.
Мұндай іс оңайменен келмес қолдан,
Түбінде өнер аспас ақылы молдан.
Бір мың бес жүз шәкірт екен бір моллада,
Көбінен Данияр жас зерек болған.
Әр іске адамзатты Алла бастар,
Бекерге талаптанбай қалмас жастар.
Өнерпаз жас шағында болар намыс,
Ақыл мен бұл өмірге ғылым бастар.
Данияр бұл оқуға кірді бастап,
Көрмеген жас көңілін ешкім жасқап.
Оқуда алты ай тұрған мөлшерінде,
Бәйгеден жеке шықты бәрін тастап.
Әр түрлі жазады ғой дана адам,
Нұсқасын аудармайды соның тамам.
Бәрін де өз орнына келтіреді,
Болса да неше түрлі жақсы-жаман.
Қашанда келе қалса іс басына,
Қадірлі өзі құрбы тұстасына.
Жыл толып, оқу бітті мезгілінде,
Данияр келді бір күн ұстазына.
—Иә, тақсыр, батаңды бер ғарібіңе,
Қолыңда бір жыл жатқан арығыңа.
Күн мен түн дүниенің мысалы ғой,
Өмірім шықса соның жарығына.
данияр
Өткіздім қолыңызда бүтін жылды,
Қайтуға өз еліме көңілім бұрды.
Әрбірін берген сабақ қабыл алдым,
Деді де Данияр жас сөзін тыйды.
Жасымай айтқан сөзін қылды пайым,
—Шырағым, менің батам тұр ғой дайын.
Еліме қайтам десең, ерік өзіңде,
Ықылас бермегенде не қылайын?
Нәрсеңді жол қаражат осыннан ал,
Адамға жолдас болмас дүние-мал,
Берді де керуенге кіре хақын,
«Бағдатқа,—деді,—жайлап апарып сал».
Қош айтып, молламенен амандасты,
Бет алып Бағдатқа қадам басты.
Үш айлық сау-саламат сапар шегіп,
Халқына—өз еліне амандасты.
Айырылып керуеннен кетті бөлек,
Оларға білдірген жоқ ешбір дерек.
Кеш болып, көз байланып кетіп еді,
Данияр сырттан қақпа қақса керек.
Махмұт бай қақпасына жүріп еді,
Сағынған баласына кезі келді.
Кеткелі жыл жарымдай болып еді,
Даниярды жаяу тұрған көзі көрді.
Құшақтап Даниярдың сүйді бетін,
Тарқатып ішіндегі қайғы-дертін.
Баласын қасына ертіп үйге кірді,
Қайғының ойына алды сонда шетін.
Көрісті аман келіп ата-анасы,
Қосылды үшеуінің қайта басы.
Он үшке шығарында жолға шықты,
Он бесте осы жылы анық жасы.
хикаялық дастандар
Кедейлік Даниярдың ойында жоқ,
Көрген соң ата-анасын көңілі тоқ.
Сылтаумен Махмұт бай сөз сұрайды,
Мән-жайын Даниярдың білмекші боп.
—Қарағым, қанша жерді араладың,
Бұл дүниенің қандай түрін шамаладың?
Ұмытып артыңдағы шал-кемпірді,
Жыл жарым неге артыңа қарамадың?
Солайша сөз бастады баласына,
Данияр берді жауап атасына.
—Арттырған мың түйе мен жүкті алып,
Мен бардым Чин-Мәчиннің қаласына.
Елі бай, жерінен май ағып жатыр,
Бітіпті райхан гүл даласына.
Ауызбен тамашасын айтып болсам,
Жолықтым бір мектептің сарасына.
Бәрі де ардақтаған байдың ұлы,
Кедейдің онда оқуға жетпес пұлы.
Мың түйе тоғанақты бердім дағы,
Оқыдым сол мектептен осы жылы.
Алты айда көп шәкірттен озып шықтым,
Болса да қандай ғылым, бәрін ұқтым.
Жыл толып молламыздан рұқсат алып,
Қосылып керуенмен мұнда жеттім.
Махмұт бай анық ұқты сөздің түрін,
Сыртына шығармайды ішкі сырын.
Қарады баласының көңіліне,
Қатты сөз айтпап еді бұдан бұрын.
Сонымен жатып қалды төсегіне,
Дүниенің ой жіберді есебіне.
«Кедей боп Махмұт бай қалды» деген
Жұртымның жолықтым деп өсегіне.
данияр
Жан емес малға бола жататұғын,
Әр жерде ерге намыс бататұғын.
Бола ма қайтқан малдың берекесі,
Қолында еш нәрсе жоқ сататұғын.
Қорлық жоқ дүниеде бұдан жаман,
Атандым Махмұт бай елге тамам.
Алланың бір арнаған кәсібі бар,
Кетейік танымайтын жерге таман.
Үшеуі осы сөзге бел байлады,
Жүруге азық-түлік ыңғайлады.
Сыртынан есігінің құлып салып,
Кілетіне тастады жүк-сайманын.
Киетін киімдермен кетті жүріп,
Түн қатып шаһарынан кетті шығып.
Жаяулап толық үш ай тыным көрмей,
Кезігіп бір шаһарға келді кіріп.
Таусылған азық-түлік мүлде тамам,
Көшеден танымайды ешбір адам.
Көрмеген тарлық дүние асылзаттың
Басына тез орнады ақырзаман.
Табылмады ойласа да ешбір жөні,
Өнердің терілген жоқ артық-кемі.
—Үшеуміз бірдей өлмей шын арманда,
Базарға құл деп сатшы, ата, мені.
Данияр атасына айтты солай,
«Арнаса қосылармыз Жаппар Құдай!»
Базарға алып шығып сатты атасы,
Анасы күн өткізді жылай-жылай.
Бір керуен Даниярды сатып алды,
Зар жылап Махмұт сорлы ақшаны алды.
Жетерлік бірер жылға азық-түлік,
Ішіп-жеп кемпір мен шал мұнда қалды.
хикаялық дастандар
Осымен бұлар мұнда жата тұрсын,
Сілесі жылауменен қата тұрсын.
Керуен қайтатұғын уақыты бар,
Данияр керуенмен бірге жүрсін.
Бет алып керуен басы шықты елге,
Дем алып жүк түсіріп қонған жерге.
Бес қонып, алтыншы күн толғанында,
Кезікті аты шулы Құмды шөлге.
Суы жоқ осы шөлдің даласында,
Бір үлкен құдығы бар арасында.
Сыртынан көргенінде жаның шошыр,
Бір түссең сонда мұнда қаласың да.
Түбі жоқ бір шыңырау көрсең бағып,
Түседі ерікті адам бұған нағып.
Құны жоқ өлсе дағы сатулы құл,
Түсірді Даниярды арқан тағып.
Өн бойы күйіп-жанып оттай ыстық,
Өлімді есіне алды зәресі ұшып.
Сыйынып, қайраттанып бір Аллаға,
Қош айтып жолдасына кетті түсіп.
Қолына шелек алып барды жетіп,
Қарайды жан-жағына тамаша етіп.
Құдықтың бір жағында алтын жатыр,
Данияр біраз тұрды есі кетіп.
Айқайлап қожасына айтты сонда
«Асылдың, алтын-күміс, бәрі мұнда».
Қазынаны құдықтан бай тарта берді,
Толтырып Данияр салған қауғасына.
Шығарып қазынаны болды тамам,
Іші тар, арам пейіл бай бір надан.
«Шығарсам осы еңбегін бұлдар бәлкім,
Бөліп алам деп жүрсе болар жаман!
данияр
Ортақпен тең бөлесің десе мұны,
Зор пәле болады ғой мынау маған».
Деді де бай бұзылды осыны ойлап,
«Шығар» деп, Данияр жас тұр айғайлап.
Арқанды қиды дағы тастап кетті,
Жас манап қалды сонда соры қайнап.
Керуен жүгін артып кетті жүріп,
Жылайды зар еңіреп бала тұрып.
Бір кесек тасты жұлып алып еді,
Сарай тұр ар жағында, келді кіріп.
Сарайда ешнәрсе жоқ жыбырлаған,
Қозғалып жанды-жансыз қыбырлаған.
Құрулы алтын тақта бір шал жатыр,
Ұйқыда—әрекет жоқ қимылдаған.
Шошымай тәуекелге бел байлады,
Оятып жөн сұрауға ыңғайланды.
Сақал-мұрт, шаш пен басы түгел аппақ,
Көрген жоқ өзі туып мұндай жанды.
Сонда да қорықпады бала ғаріп,
Оятты «тұрыңыз» деп шалға барып.
Халы жоқ сөйлейтұғын, қозғалмайды,
Аз тұрып үйір болды бала ғаріп.
Сарайдың жан-жағына көзін салды,
Тұр екен қара қобыз, қолына алды.
Құбылтып неше алуан күйге басып,
Шығарды көңіліндегі мұң мен зарды.
Қайғыда мұндай күйге қалған түсіп,
Барады көкірегін арман қысып.
Зарлаған мұңлы күйге тартып еді,
Орнынан түрегелді шал да ұшып.
хикаялық дастандар
Таңырқап бала қарап тұрды шалға,
Шал айтты:—Балам, менен шошып қалма.
Үш жүз жыл қобыз тарттым мұнда,
Бұл күнде жетіп едім өлер халге.
Жасымда сауық-сайран құрған шалмын,
Тілекті бір Алладан алған шалмын.
Қобызды өмір бойы тартып келем,
Қобызға жады болып қалған шалмын.
Бұл жерге келсе біреу дәмі тартып,
Ойнаса ол қобызды менен артып.
Бермекші екінші өмір тағы маған,
Бұрынғы өмірімнен мың жыл артып.
Түрлентіп күйді тарттың неше алуан,
Өзім туып естімеген күйлер болған.
Жасаймын тағы мың жыл бұдан кейін,
Себепкер өміріме болдың маған.
Бар болса қажетіңді ал енді менен,
Барымды аямаспын қолдан келген.
Жасыңнан ғылым оқып жетілгенсің,
Артықсың адамзаттан өзім көрген.
—Мен сізден сұрамаймын дүние-мал,
Әркімнің өз бойында бір арман бар.
Әзірге қажет болып тұрған ісім,
Ата, мені жер бетіне шығарып сал.
—Қарағым, жолың болсын оңғарылып,
Ашылсын бағың сенің Қыдыр дарып.
Жас манап өз құрбыңнан кем болмаңыз,
Қайтыңыз ықыласпен батамды алып.
Шал айтты:—Мына таяқ қолыңа ал,
Айтайын мұның сырын, құлағың сал.
Шығатын жер бетіне бұл таяқтың,
Ішінде басып шығар балдағы бар.
данияр
Таяқтың бүлдіргесін қолға ілсең,
Балдақпен өзің басып жүре берсең.
Қайтадан қаз-қалпында болар өзі,
Шыққан соң бүлдіргесін қоя берсең.
Шырағым, тағы айтар ақылым сол,
Жатса да жерде алтын көзің салма.
Қызыл тіл өз жаныңа қас болады,
Сырыңды айта көрме дос пен қасқа.
«Сары алтын сабыр түбі» деген сөз бар,
Асығып әрбір іске қапыл қалма.
Ойыңа келген іске берік болып,
Аузыңнан осылай деп сөз шығарма.
Кетеді әркім алып пайдаланып,
Албаты өнеріңнің сырын жайма.
Баланы жер бетіне шығарады,
Данияр «а, Құдайлап» қуанады.
Анық ер өткен кекті жібермеуге,
Соңынан керуеннің қуалады.
Данияр келіп тапты керуенді,
Аралап әтей іздеп байға келді.
Бай сасып: «Сау-саламат келдің бе?»—деп,
Даниярға түрегеліп орын берді.
Орнына бай отырды қайта барып,
Бөтен сөз айтылған жоқ тісін жарып.
Бір жерге жүк түсіріп жатты бұлар,
Кіруге қаласына үш күн қапты.
Сол күні керуенші бай көп ойланды,
Қазынаны білдірмеуге еп ойлады.
«Өзім бармай осыны өлтірсін,—деп,
Үйіне хат жазайын» деп ойлады.
Хат жазды қалам-сия алып қолға,
«Кезіктім көп олжаға осы жолда.
хикаялық дастандар
Мен бармай бұл баланы өлтіріңдер,
Бұл олжа біздің бойға сіңер сонда».
Хат жазып бай осылай басты мөрді,
Пешеттеп бай қолына хатты әкелді.
«Үйіме тез, кідірмей жеткіз» дейді,
Қолына Даниярдың хатты берді.
Қолына байдың жазған хатын алып,
Данияр жүріп кетті мақұл көріп.
Баланың бай білген жоқ ішкі сырын,
Білімін білдірмеген бұдан бұрын.
Қалаға таяу келді Данияр сонда,
Оқыды бұл қағазды алып қолға.
Жазылған сөзді көріп ойға қалды,
Қамшысын қолындағы сатты дағы,
Базардан қағаз бенен қалам алды.
Әуелі бастап жазды амандығын,
Ат-көлік тегіс, түгел тамамдығын.
«Қызымды бұл балаға бермек болып,
Түйеге артып келем соның малын.
Мен кетсем бар дүние бос қалады,
Сондықтан бала жалғыз бос барады.
Қолыңа осы қағаз тиісімен,
Той жасап күн-түн демей қос баламды».
Келтіріп осылайша жазды хатын,
Бәрінің бай жазғандай ұққан атын.
Әбігер болды бұлар есі кетіп,
Моншаға ғадеті екен апаратын.
Қыз-күйеу тамашалап жұпты болар,
Моншаға күн батқанда кірді олар.
Үлбіреп жас жүрегі, жандары еріп,
Қызыққа еркін батты екі құмар.
данияр
Болғанда түн ортасы бұлар жатты,
Ұйқыға жанның бәрі түгел батты.
Басында мұнараның екі шам тұр,
Данияр бұл қалай деп қызға айтты.
Қыз айтты:—Патшаның белгісі бұл,
«Шатрнаш» деген ойын ойнайтын ол.
Ұтылса қызы менен тағын бермек,
Ұтқанның басын алмақ, қағида сол.
Данияр мына сөзді естіп білді,
Көңіліне бақыт болып қиял келді.
Үйіне қызды әкеліп жатқызды да,
Сыр айтпай түнде тұрып ханға келді.
Келді де патшаға қақпа қақты,
Қорадан біреу шығып жауап қатты.
«Патшаның уағдасына келіп тұрмын»
Деген соң, патшаға барып айтты.
Патша:—Олай болса келсін,—дейді,
Жиылып дайындалды уәзір-бегі.
«Үш жолғы есеп емес кім ұтса да,
Төртіншіде бәйгелі болсын» дейді.
Осылай тоқтам етті билер жәйлап,
Әуелі патша ұтты, көрді абайлап.
Екінші тең, үшіншіде Данияр ұтты,
Төртіншіде патшаны закүт байлап.
Патша екі сөзді айта ала ма?
Шын білгіш бір айтқан соң қайта ала ма?
Тағдырдың Даниярға жазуы сол,
Арналған анық бақыт шайқала ма?
Жар салды ертеңінде бар қалаға,
Үй тікті той қылмақ боп сары далаға.
Қараған қол астына халқын жиып,
Уәдемен қызын берді бұл балаға.
хикаялық дастандар
Той қылып кәрі патша жұртын жиды,
Көрсетті бұқараға артық сыйды.
Ханшаны Даниярға қосты әкеліп,
Қолынан ата-анасы неке қиды.
Қыздың сипаты
Сөйлейін өлшеуменен қыздың түрін,
Түседі аш беліне алтын бұрым.
Қаракөз, жазық маңдай, қиылған қас,
Ақша жүз, алма мойын, қырлы мұрын.
Жел соқса нәзік белі бұралғандай,
Көргенде ақылыңды ұрлағандай.
Мүләйім көз қарау мен ыстық күлкі,
Түбінен жүрегіңнің сыр алғандай.
Сөйлесе сөзге орамды, инабатты,
Жаралсын әйел нағып мұндай затты.
Аса алмас ешбір ғашық қос бекзаттан,
Мысалы ай мен шолпан аспандағы.
Ерке өсіп патша қызы бұлғақтаған,
Еш адам тура қарап ым қақпаған.
Бұларды арнауымен Алла қосты,
Жандары екі жастың жадыраған.
Өмірге өлшеп біткен бақтың кезі,
Әдеппен әзілдесіп айтқан сөзі.
Әуелде Алла арнап қосылыпты,
Данияр ұмытпайды өткен істі.
Құлдыққа жоқшылықпен сатылып ед,
Ақырда патша болып таққа мінді.
Өткізді салтанатпен осы тойды,
Қоралап қисабы жоқ малды сойды.
Кәріні өз алдына жеке күтіп,
Жастарды бір-бірімен бөлек қойды.
данияр
Бұл жерде тамашаның бәрі тамам,
Қалады өнерді іркіп қандай адам.
Халыққа үлгілі ойын көрсеткен соң,
Сый алды өлшеуі жоқ халифадан.
Той солай осылайша жатсын қызып,
Жазайын қайсы бірін хатқа тізіп.
Хабарсыз керуенші бай үйге келсін,
Түйені бір-біріне тіркеп-тізіп.
Керуенші қорасына келіп кірді,
Ханымы үйден шығып қарсы жүрді.
«Күйеуің патша болды, сүйінші» деп,
Қарсы алып қошеметтеп қарап тұрды.
Бай айтты «Күйеу бар ма бізде?» дейді,
Түйені қоя беріп үйге келді.
«Өзіңнің қағаз берген күйеу балаң» деп,
Алдына жазған хатын тастай берді.
Қағазға қолына алып көзін салды,
Қараса өз жазуы, бай таң қалды.
«Әулие не сиқыршы—біреуі ғой»
Деп, ойлап есі кетіп көп сандалды.
«Мынаған ешбір пенде келтірмес шек,
Бәрібір қайда барсам қоймайды тек.
Апарып қазынасын берейін де,
Күнәмді менің білмес ғафу ет» деп.
Соны ойлап қазынаны алып ханға жүрді,
Тойдағы ел тамашалап қарап тұрды.
«Қазынаңды аман, түгел әкелдім» деп,
Зар жылап аяғына басын қойды.
Қарашы қонған бақтың порымына,
Әр жұмыс келіп жатыр орынына.
Алтынның үштен бірін байға берді,
Ақылдың осы сыйып толығына.
хикаялық дастандар
Бұл қазына Даниярдың ақ малы ғой,
Өнермен шалдың хақын ақтады ғой.
Бір күнде жүз мың ділда беріп еді,
Бәрі де сол өнердің тапқаны ғой.
Жиылды шын ынтамен елдің басы,
Бойына тарамайды ішкен асы.
Шығармай сырын сыртқа әрең шыдар,
Ойында кейін қалған ата-анасы.
Екі айда жұрт жағдайын болды реттеп,
Ыңғайлап артық-кемін бәрін тектеп.
Қасына қырық кісі нөкер алып,
Іздеуге ата-анасын шықты беттеп.
Ақылдың талас бар ма данасына,
Білгіштің не сыймайды санасына.
Жай ғана жолаушы боп келіп кірді,
Баяғы көрген өзі қаласына.
Көрісті ата-анамен көріп аман,
Шығарды қайғы-қасірет бәрін тамам.
«Жарылқау жақын болсын» дегендей-ақ,
Әркімге бола бермес мұндай заман.
Махмұтты Құдай артық жаратқан жан,
Байлықпен жұртты аузына қаратқан жан.
Бай болып қолы жеткен дәулетін де,
Қолымен бар дүниені таратқан жан.
Аллаға сыйынады Махмұт тұрып,
Баласын, келіндерін көзі көріп.
Бұл іске Махмұт бай шүкір қылды,
Талай жер аралаған сапар жүріп.
Данияр таққа отырды, жарлық шашты,
Өнердің өз еліне бетін ашты.
Оқып ғылым-өнер, мектеп салып,
Өнермен тәрбиелеп талай жасты.
данияр
Анасы Даниярды қасына алып,
Баяғы көрген түсін айтты жорып:
—Ұстап ем аппақ баулы бір ақ сұңқар.
Құдайым тап сол жылы сені беріп.
Түс көрдім өткен жылы тағы осындай,
Құс салып бау-шарбаққа шыққан екем.
Түсіпті бір жағымнан қатар екі ай,
Бау-шарбақ—мына сенің орның ғой.
Екі ай боп бір жағынан қатар туған,
Қарағым, мынау екі келінім ғой!
Осымен мұратына бұлар жетсін,
Бақытты мұнан артық адам нетсін!?
Артық-кем сөз қатесін ғайыпламай,
Оқыса тыңдаушылар ермек етсін.
Жақсыны—түсіндірмек өнер жайын,
Бұл істің білу керек түп ыңғайын.
Өнердің қолдан келсе жаманы жоқ,
Даниярдың жетіскен білсек жайын.
Болыпты Серік деген жетім бала,
Кезі екен жиырмаға келген жаңа.
Ішіне жиырманың келгенінше,
Баққаны осы жастың жалғыз ана.
Астында жалғыз ат пен он ешкі бар,
Ауқаты қолындағы осы ғана.
Үйленіп басын құрап ала алмапты,
Анасы қайтыс бопты қалған пана.
Дәстүрлі мұсылманның салтыменен,
Оқыпты тілек қылып жұрт жаназа.
Ел тарап үйді-үйіне кеткенінде,
Ұйықтапты жылай-жылай болып наза.
Сол күні бала Серік түс көріпті,
Ғажайып нақ өңіндей іс көріпті.
Аллаға шүкірлік қып қуанғаннан,
Ойлапты бар ма екен деп түс жорушы.
Туыпты оңынан күн, солынан ай,
Көрсеткен осылайша Жаппар Құдай.
Шаттанып күндізгідей келе жатса,
Бар екен үлкен қорған бұл бақшада-ай.
Бақшадан үзіп алды екі алманы,
Көңілі қуанғаннан болыпты жай.
Шығыпты өз шаһарынан басқа жаққа,
Жоритын сол өңірден жан таба алмай.
Естігүл
естігүл
Сонымен ай жүріпті, күн жүріпті,
Қосарын Алла неге кім біліпті.
Бір шаһарға қоналқы іздеп келе жатса,
Бір адам шаһар шетінен көрініпті.
Ат-тоны, киім-кешек, қоржын-қолаң,
Бар екен сымдап буған жүгі молаң.
Қасына қараңғыда жетіп кепті,
Шаһардың ұғайын деп жайын содан.
Бұл адам жетіп келсе көрікті қыз,
Тосыннан ойда жоқта жолықты қыз.
Келіпсің көп тостырмай кезінде деп,
Көтерген сымбал теңді беріпті қыз.
Жігіт те жарайды деп қызға еріпті,
Берейін әзірінше сізге ерікті.
Бір байдың көп оқыған баласы екен,
Алланың қосуымен кез келіпті.
Қыз екен оқу оқып, ғылым білген,
Ой қырын дүниенің біліп жүрген.
Көркі сай біліміне перизат деп,
Жанарын талай жігіт сүзіп жүрген.
Бір байға өзі кәрі құда бопты,
Естіп қыздың жайын біліп жүрген.
Баруға бұл адамға көңілі шаппай,
Қайғымен ішқұса боп, дәм-тұз татпай.
Басқа бір жігітпенен кетпекші екен,
Көңіліне атастырған жігіт жақпай.
Елші екен арадағы жалғастырған,
Жігіт деп өткір шоттай, ерттеулі аттай.
Мақтауға көрмей тұрып иланыпты,
Қиналып тұрған кезде амал таппай.
Өкпелеп әкесі мен шешесіне,
Бермек деп кәрі шалға мені жастай.
хикаялық дастандар
Осы екен жігіт іздеп келген кезі,
Уәде жолығуға берген кезі.
Шын сеніп, елші сөзін рас көріп,
Қарасын осы-ақ екен көрген кезі.
Жігітім келіп қапсың сертіңізге,
Мен күйдім көрмей сырттан өртіңізге.
Кәріге атастырған барғым келмей,
Мен болдым енді сіздің еркіңізде.
Елшіңіз арадағы таныстырды,
Дауа деп шипа болар дертіңізге.
Мен айттым ол адамға рахмет,
Берген соң ақылынан енші бізге.
Бәріне бас изеді жігіт ымдап,
Тұрғандай сыртқы жақта біреу тыңдап.
Келгенін біреу үшін іші сезіп,
Ауаша ұзап шығып жауап қылмақ.
Сонымен түн жамылып бұлар қашып,
Жаздырып нелер күдір таудан асып.
Із-тозсыз қыз әкесі баласынан,
Ғайып боп жалғыз түнде қалды адасып.
Өзінің сырттан ұққан лебіменен,
Жігіттен жөн сұрайды қасып-қасып.
Бермеді жігіт жауап алғашында,
Ойлады жігіт бір деп өте жасық.
Салмақты жігіт пе деп тағы ойлайды,
Бермейтін сөзге жауап асып-сасып.
Түнімен ат үстінде келе жатыр,
Бір кезде жүз көрісті таң да атысып.
Таң атып бірін-бірі анық көрді,
Түнімен басса керек алыс жерді.
Қара жол ел жүретін бөлек қалып,
Бір жерге бекінерлік алып келді.
естігүл
Жайласты осы араға аттан түсіп,
Орнықты ас әзірлеп, сусын ішіп.
Әңгіме осы арада дүкен құрып,
Сұрасып әрбір жақтан, жөн білісіп.
Шынайы жігіт қызға сырын ашты,
Мән-жайын бұлжытпастан дәл расты.
Арнауы бір Алланың осылай боп,
Ақыры қосты осылай екі жасты.
Болса да заты жетім бұйрық-ау деп,
Жігітті көңілі сүйіп қыз да ұнатты.
Абайлап артқы жағын, демін алып,
Тынығып осы арада үш күн жатты.
Қай жерге баратынын ақылдасты,
Ниеті көңіл қосып жақындасты.
Арабтың аты әйгілі бір қаласы,
Баруға Басыраға мақұлдасты.
Иенде шалғай жүріп ауашада,
Он күнде Басыраға жақындапты.
Өлшемді қыз үйінен алып шыққан,
Азығы барлы-жоқты ақырласты.
Жан бергенге дән берген Тәңір өзі,
Кез қылды күндей сұлу асылзатты.
Келді де бір пәтер үй алды майлап,
Пәтерін төлемек боп жылдап-айлап.
Жайлы орын өздеріне тауып алып,
Орнықты көңілдері «иә, Құдайлап».
Мекені—шаһар сыртында орындары,
Аңшылық еткен кәсіп порымдары.
Сор егіз адамзатқа бақыт пенен,
Болады бір кезегі оның дағы.
Патшаның уәзірлері келе жатып,
Бұларға кезігіпті жолындағы.
хикаялық дастандар
Еріккен маскүнемдер, нәпсі құмар,
Әркімге құра жүрер торын дағы.
Патшаға келе салып мәлімдеді,
Өзіңнің тәбетің деп қолыңдағы.
Бір жігіт бір сұлумен шеттен келген,
Шықпайды мұндай адам ексең жерден.
Лайық жанабыңа бір перизат,
Жөн болар өзіңізге ертең көрген.
Хан келді ертеңінде өзі жетіп,
Көрген соң құмарланды есі кетіп.
Жігіттің лаж тауып көзін жойып,
Сұлуды өзі алуды ниет етіп.
Алатын Әзірейілдей зәрін шашып,
Ордаға ертең кел,—деп айтты кесіп.
Сарайға ертең ерте жігіт келді,
Қанжар ғой хан жарлығы амал нешік?!
Патша айтты:—Менің бір сырқатым бар,
Дертімді жаза алмады ешкім кесіп.
Осыған жолбарыстың сүті ем дейді,
Бересің қайтсең дағы соны әкеліп.
Ақылы барлығының ойластырған,
Бұзылған бұзақылар ардан кешіп.
Сені жұрт бірталайда мықты,—дейді,
Сөзімді құлақ салып ұқшы,—дейді.
Алдырып жолбарыстың сүтін ішсем,
Міндетім саған берген бітті,—дейді.
—Мақұл,—деп Серік келді үйге қайтып,
Мән-жайды түсіндірді жарға айтып.
Ажалға азап қойса лажы бар ма?
Шара жоқ құтылатын бұдан қайтып.
—Қылатын жанашырлық нысайы жоқ,
Кеткендей сөз қайтарсаң істі ұлғайтып.
естігүл
Сырқаттан жылдамырақ құтылайын,
Қалма деп он бес күннен ұқтырды айтып.
Бір ғылым сол кезде бар «тылсым» деген,
Жері жоқ бұл білімнің қыз білмеген.
Көңілін жолдасының көтеруге,
Кісідей жауап берді көзге ілмеген.
Қыз қарап алдыменен кітап ашып,
—Шүйінші, Алла қосса болар нәсіп.
Ғылымның көрсеткені рас болса,
Жетелеп ап келесің жонын басып.
Қыз айтты:—Ей, сүйікті жарым,—деді,
Сапарға болды лайық бару деді.
Бұл жолы лаж тауып сені өлтіріп,
Мақсаты ханның—мені алу,—деді,—
Жолдасым, үрейленіп қобалжыма,
Мұнысын қиын емес табу,—деді.
Мен білдім мұның жайын оқуменен,
Түк өнбес үрейленіп қорқуменен.
Сен отыр тәуекелдің қайығына,
Амалын тауып беру болсын менен.
Осыдан үш күн жүрсең асқар тау бар,
Көп жыныс, қалың тоғай, бақша-бау бар.
Сонда отыр бір жолбарыс қозғала алмай,
Қарайды қол астына не түрлі аңдар.
Сида бар жолбарыстың табанында,
Еш хайуан таба алмады амалын да.
Жеті жыл жатқанына болса керек,
Осылай бұл кітаптың хабарында.
Осыған жан-жануар бағынады,
Кім бұған пар келеді аманында.
Сайланған патша болып мақұлыққа,
Ғазіреті Сүлейменнің заманында.
хикаялық дастандар
Жандының шарапаты білер тілін,
Дұғасы Сүлейменнің себебінде.
Осыны жан-жануар асырайды,
Осыған бәрі мұқтаж—басыбайлы.
Сиданы егер алып сен тастасаң,
Тұманың басыңдағы ашылады.
Алдыңнан кезігеді жан-жануар,
Не жыртқыш: аю, қасқыр, қабыландар.
Ысқырып айбат шегіп ұмтылады,
Жұтатын айдаһар мен әбжыландар.
Қолына бір ақ гүлді тұмар берді,
Тоқтайды осы гүлді ұсынсаңыз.
Жоғалтпай сен сақтап ал мықты жерге,
Демеңіз бір де зиян саған салар.
Бүктесең осы гүлді соған қарап,
Береді өз тіліңмен саған хабар.
Пысырып азық-түлік берді жайлап,
Сиынып аруақтарға «иә, Құдайлап».
Тәңірдің не салғанын көреміз деп,
Жөнелді тура ажалға басын байлап.
Көңіліне қыздың сөзі медеу болып,
Келеді жүрек тасып, жігер қайнап.
Кезікті нелер сұмдық жыртқыш аңдар,
Қояндай тарпа бас сап бір-ақ шайнар.
Ақ гүлін қолындағы көрсеткенде,
Ешбірі ұмтылмады ұрабайлап.
Сұрады мақлұқаттың падишасын,
Туралап айтып берді бәрін жайлап.
Ақыры жолбарысты келіп тапты,
Мөлшерлеп білгендей-ақ мимен ойлап.
Ақ гүлдің бір қабатын ашып еді,
Жөнелді жолбарыс та ұғып-сайрап.
естігүл
Алыстан шаршап келген мейманым деп,
Қажетті азық-түлік берді жайғап.
Бұл жерге демін алды Серік келіп,
Айтайын сөзді жинап теріп келіп.
Жалғасын қайта айналып біз айталық,
Хал-жайын Естігүлдің көріп келіп.
Естігүлдің мұң-зары
Жаратушы жасаған,
Адастым ба қатадан.
Қарғысыңа қалдым ба,
Қайран, шіркін, ата-анам?
Жеріңе айтқан бармадым,
Тіліңді айтқан алмадым.
Жаттың еріп тіліне,
Басқаны сүйіп таңдадым.
Ілесіп соған кетпек боп,
Мақсатыма жетпек боп,
Қажетімді қамдадым.
Кезіге кетті жас бала,
Бұрылмадым басқаға,
Көңіліме басқа ой алмадым.
Басқаның ердім тіліне,
Кім жауапты мініме?
Өзім қалай таңдадым.
Айналайын, Жасаған,
Істемес мендей мас адам.
Аспаннан түскен перідей,
Кез болды біреу тасадан.
Ұсындым қоржын-қолаңды,
Екен деп жігіт осы адам.
хикаялық дастандар
Ымдасып леппен ұғысып,
Еппен басып бұғысып.
Қараңғыда бағдарды,
Қолмен нұсқап білісіп.
Жөнелдік тездеп аттанып,
Қуанып жүрек шаттанып.
Таң атқанда көрісіп,
Жүректің сырын ақтардық.
Кезігіппін жетімге,
Басында бұл жоқ ниетімде.
Разы болып тағдырға,
Бел байладым кетуге.
Көңілім толды нарына,
Қарамадым санына.
Құлын-тайдай жарысып,
Келдік Басыра шаһарына.
Мұндағы жауыз ханның,
Кезіктік, міне, зарына.
Кез қылып Алла жолыма,
Ғайыптан қондың қолыма.
Сүйіктім, Серік, аман бол,
Шыбыным құрбан жолыңа.
Бір Алла берсін амандық,
Көрсетсін өзі аман қып.
Жыртқышты тауып әкел деп,
Жұмсады залым амал қып.
Болам ба себеп қаныңа,
Батады зарың жаныма.
Жіберді байлап өлімге,
Ертпеді жолдас жаныңа.
Жаным барда кеудемде,
Дақ түсірмен арыма.
естігүл
Құдайым аман көрсетсін,
Күтемін сені зарыға.
Жаратқан ием, Тәңірім,
Осылай болды әмірің.
Серікті аман көргенше,
Таусылар тақат-сабырым.
Артыңда сенің ағаң жоқ,
Ойлайтын сені алаң боп.
Артыңда сенің інің жоқ,
Ілесетін қараң боп.
Қанат-құйрық керек қой,
Жаралған соң адам боп.
Айығар ма қайғы-дерт,
Кек алатын заман боп?
Ғайып ерен, қырық шілтен,
Қорғасын өзі панаң боп.
Іздейтін сені елің жоқ,
Қайтадан елді көру жоқ.
Заманың қандай болады,
Бұл дүниеге сенім жоқ.
Естігүл ұйықтады жылап жатып,
Күйзеліп, жалғызсырап, басы қатып.
Бірі онда, бірі мұнда еңіреді,
Айырылған қастандықпен екі ғашық.
Жамағат, сөз жалғасын тыңдаңыздар,
Келейік Серік жаққа енді қайтып.
Серіктің өз тілімен Құдауанда,
Жолбарыс түсіндірді жайын айтып.
Өзінің түсіндірді хан екенін,
Сүлеймен арнап берген нақ екенін,
Білетін жанды заттың түгел тілін,
Өзінде шарапаттың бар екенін.
хикаялық дастандар
Жеті жыл биылғымен болғандығын,
Бір сида аяғында бар екенін.
Осыған қазірге ше лаж таппай,
Жүруге аяқ басып зар екенін.
Осыдан кім оңалтса жазып деді,
Берер ем өле-өлгенше азық деді.
Жәрдемді қолдан келген аямас ем,
Тастасаң аяғымнан алып деді.
Аяғын жолбарыстың анық көріп,
Бір сида май өкшеге алыпты еніп.
Қуантты жолбарысты бек қабағат,
Сиданы аяғынан алып беріп.
Қуанды жолбарысты шаттық кернеп,
Құтқарған мұнша дерттен шын шебер,—деп.
Май жағып өсімдіктен жетілдіріп,
Аяғын жолбарыстың жазыпты емдеп.
—Бұл жерге не жұмыспен келіп едің?
Сұрады,—Бұйымтайыңды айта бер,—деп.
Білетін жанды тілін, жердің сырын,
Жаралған жан екенсің, шын өнер көп.
Серік айтты:—Патшамыз дертті болып,
Жіберді соған шипа тауып кел деп.
Дауасы жолбарыстың сүтін ішпек,
Мұқтаж боп отыр соған әзір шөлдеп.
Падишам өстіп мұқтаж болғанында,
Отырам көре тұра қайтіп өл деп.
Мән-жайым мұнда келген, міне, осылай,
Адаммын сол себептен жүрген желдеп.
Жолбарыс сүтін ішсе жазылатын,
Өтінді бір жолбарыс тауып бер деп.
Қалпына денсаулығы келгеннен соң,
Құп алды жолбарыс та мұны жөн деп.
естігүл
Қайтамын рұқсат берсең, жұмыс бітсе,
Төрт болып екі көзі отыр мен,—деп.
Шақырды айғай салып төңірекке,
Жиылып бар жануар түгел кел,—деп.
Жарлықпен жиналыпты орманға кеп,
Кәсіппен өз алдында жүрген ендеп.
Келмепті бір жолбарыс туып қалған,
Санаса санақшылар дәл түгендеп.
Жиналды бар жануар шақырған соң,
Хабар қып жер күңірентіп бақырған соң.
Жақсылыққа жақсылық мен де істейін,
Қайғылы қара тұман ашылған соң.
Шақырып ертеңінде соны алғызды,
Жігітті бірер жұма демалғызды.
Мінгізіп жолбарысқа аттандырды,
Апар,—деп,—ел-жұртына бұл жалғызды.
Аларсың шаршағанда мініп,—деді,
Өзінше сенен мынау жүйрік,—деді.
Падиша сүтін сауып дертіне ішсін,
Ешбірің жәбірлеме ұрып,—деді.
Тілегі қабыл болып, көңілі көншіп,
—Алдияр, мұныңызға құлдық,—деді.
Апарып падишаға тапсырамын,
Менде жоқ бұдан бөтен сұмдық,—деді.
Шипасы боп жазылса болғаны ғой,
Падиша болып отыр мұңлық,—деді.
Шығарып өз жолына жібереді,
Менің мұным сізге айтар шындық,—деді.
Жолбарыстың айтқаны
Жетелеп жолбарысты ханыңа бар,
Жан тәтті, сені күтіп ол дағы зар.
хикаялық дастандар
Падиша жазылған соң сүтін ішіп,
Бұрынғы өз жолымен шығарып сал.
Мұртымнан ап берейін бір тал қылшық,
Басыңа іс түскенде қажеті бар.
Отқа салып тұтатсаң әзір болам,
Бола қалсаң пәлеге сен кіріптар.
Жәрдем қып өз кезінде құтқарамын,
Сөзімді қате екен деп ойлама сәл.
Жетелеп жолбарысты кетті жүріп,
Үстіне шаршағанда ат қып мініп.
Талай күн сахарада сапар қылып,
Шаһарына патшаның келді кіріп.
Әкеліп падишаға табыс етті,
Патшаның зәресі ұшты бұны біліп.
Ертіп әкелген соң сүтін ішті,
Сауықты жел мен құздан шын айығып.
Үйіне батыр Серік барады енді,
Қуаныш сертті орындап алады енді.
Бір рет қатерлі істен аман қалып,
Аз демін үйіне кеп алады енді.
Қыз айтты:—Ей, сүйікті жарым,—деді,
Бейнетің жан екенсің қалың,—деді.
Әлі де қандай пәле дайындайды,
Мақсаты ханның мені алу,—деді.
Сөйледі баяу ғана ұзақ тұрып,
Хан жатыр тағы саған тұзақ құрып.
Дайындап шынжыр арқан, шалма жасап,
Салмақшы мойныңа лақтырып.
Жиып ап жендеттерін ақылдасып,
Қандай пәле бастауды құрастырып.
Аққа зауал жүрмейді түбі қайыр,
Күтейік біз ақырын шыдап тұрып.
естігүл
Бұл жолы бауырына сені тартпақ,
Біреуін біреуіне ұластырып.
Жайланып жатты Серік демін алып,
Не жазса,—деді,—тағдыр көріп алдық.
Тәуекел, тау болса да көтерем деп,
Сөзіне Естігүлдің сеніп анық.
Үйінде бұлар жатты күліп-ойнап,
Қыз сезіп бәрін отыр біліп-ойлап.
Шақырды хан уәзірлерін ордасына,
Істеуге тағы қастық сұмдық ойлап.
Падиша уәзірлерімен құрып кеңес,
Серік те күш көрсетіп қылыпты егес.
Сұлуды ебін тауып ала алмасам,
Атыма патшалық лайық емес.
Бірі олай, бірі бұлай болса десіп,
Болысып расында қызыл өңеш.
Хан айтты:—Уәзірлерім, ақылын тап,
Барлығың ойланыңдар ақылға сап.
Бір іспен лаж тауып жоғалтайық,
Бұл үшін қалай етсек болады?—деп.
Жиылып ақылдасты кәрі-жасы,
Қатарлас, үзеңгілес мәртебесі.
Халықта сенен артық батыр жоқ деп,
Сайлайық бұл шаһарға әскербасы.
Келді бұл жолбарысты ап ортамызға,
Шақырып алдырыңыз ордаңызға.
Даңқына ханымыздың намыс болар,
Осындай қол жетпесе шолпан қызға.
Қолына бар әскерді тапсырайық,
Болады осы хайла нақты лайық.
Тұтқиыл түн ішінде жау келді деп,
Сыртына тас қорғанның ап шығайық.
хикаялық дастандар
Алдымен шаһар сыртынан қазайық ор,
Ұнамды әдіс болмас осындай зор.
Жау қайда, жау қайдалап нағра тартып,
Аттансын осы жаққа қайысқан қол.
Міндетті атқармасқа шарасы жоқ,
Бас болып бар әскерге шығады ол.
Алдымен шапқан беті орға түсер,
Құралық амал тауып осылай тор.
Осымен бұлар жатты қастық сайлап,
Қанжарын баскесерлер сырттан қайрап.
Әкелген жолбарысты өнерінен,
Бұл кезде хабар тапқан бүкіл аймақ.
Серікті әскербасы сайлаймыз деп,
Жіберді ұзын хабар елге жайлап.
Падиша жиып алып, елім,—деді,
Жарлығым халыққа айтар менің,—деді.
Тірі ұстап жолбарысты алып келді,
Байладым бұл жігітке сенім,—деді.
Қолбасы әскеріме болатұғын,
Еш батыр бұдан асар көрінбеді.
Өзіме үлкен қызмет сіңірді еңбек,
Еш адам қарсыласпас бұған тең кеп.
Сүтінен жолбарыстың сауып ішіп,
Дертімнен нақ айықтым тұрған меңдеп.
Көзіне көрсетіпті, көрсетіпті,
Жұрт көріп жолбарысқа таң қалыпты.
Орманға жетелеп кеп енгізген соң,
Жолбарыс маң-маң басып жолға түсті.
Албырт жас, аңқау батыр, адал жүрек,
Алдағы болжамады болар істі.
Лайық қас батырға қару берді,
Осылай ел көзінше наным берді.
естігүл
Сайлады жұрт алдында әскербасы,
Бір сұмдық осылайша табылды енді.
Ұсынды сауыт-сайман, қылыштарын,
Көрсетіп ерге лайық жұмыстарын.
Болжауын Естігүлдің есіне алып,
Аңғарды алдарында бір іс барын.
Ақылы Естігүлдің есінде бар,
Тұмары сиқыр жүрмес төсінде бар.
Өткізді көз алдынан ханның қолын,
Дегені көкейінде, есінде бар.
Кешіріп өз көзінен қалың қолын,
Байқады жұмылдырса күштің молын.
Алайын барлығына таныс болып,
Пайдасы ақыр тиер бір күн соның.
Өзімен-өзі болып жүргенінде,
Дайындап болған екен бұлар да орын.
Сол күні түн қараңғы бұлт басқан,
Бүркелген қара бұлтпен бүкіл аспан.
Шатырлап нажағаймен күн күркіреп,
Жарқылдап біреуіне бірі ұласқан.
Жатқанда әскер бейғам шырт ұйқыда,
Айғайлап «жау келді» деп шығады аттан.
Қалың жау қамап алды шаһарды деп,
Хан екен тақта отырып жарлық шашқан.
Жау келді ел шетіне дегеннен соң,
Айғайлап «жау келді» деп тұра шапқан.
Оқ бойы топ алдына алып шықты,
Серпіні күрең тұлпар жұлдызша аққан.
Ойынан қапелімде шыққан екен,
Ақылы Естігүлдің деген сақтан.
Ақыры не болады ол мәлімсіз,
Айналды құтқармауға құрған қақпан.
хикаялық дастандар
Көңілін көзбен көріп көншітуге,
Келіпті уәзірлер де тұс-тұс жақтан.
Жөнелді күрең тұлпар жұлдызша ағып,
Дұшпанның қыбы қанды тұрған бағып.
Екпінмен терең орға бір-ақ түсті,
Өте алмай секіргенмен ордан қарғып.
Тұлпардың ордан ыршып мойны үзілді,
Мөлшерге арқан бойы құлады ағып.
Ұйлықты орға келіп қалың әскер,
Біле алмай істің мәнін белгі тағып.
Түсті деп Серік орға естігенде,
Қуанды хан мәз болып рахат тауып.
«Жау қашты, әскер арттан қумасын» деп,
Тоқтатты нағырасын қайта қағып.
Шығарып жолбарыстың бір тал мұртын,
Тұтатты Серік сонда шақпақ жағып.
Мұртының отқа күйген иісінен,
Серікті ор түбінен алды тауып.
Жарқ етіп жетіп келді жолбарысы,
Өзіне бұрын мәлім болжаулы ісі.
Істеген жақсылығы алдына кеп,
Ақыры, міне, тиді қолғабысы.
Шығарып ор ішінен үйіне әкеп,
Жолбарыс қош айтып жолға түсті.
Үйіне аман келіп түгел айтты,
Қалтырмай Естігүлге болған істі.
Қасиетті жолбарысқа тылсым берген,
Дұғасы Сүлейменнің десті күшті.
Ақылмен екеуара бас қатырды,
Болар деп арты қалай бұл жұмысты.
естігүл
Хан айтты:—Жасауылдар шапсын,—деді,
Кідірмей орды барып жапсын,—деді.
Құтылдым масыл болған зор пәледен,
Кесекпен ор сыртынан атсын,—деді.
Бермейтін ешкімге есе батыр болса,
Қозғалмай ор түбіне жатсын,—деді.
Шайық, Ысқақ осы жолғы уәзірлерім,
Барлығы алтыннан шен тақсын,—деді.
Үйіне ордан Серік аман келді,
Шүкірлік, сүйген жарын аман көрді.
Сұлуды ордама әкеп табыс қыл,—деп,
Падиша жасауылға хабар берді.
Жасауыл бұйрығымен келді жетіп,
Падиша бұйырған соң жарлық етіп.
Бата алмай әскербасы айбатынан,
Үйіне жасауылдар қалды кетіп.
Үйінде Серік тірі дегенді естіп,
Падиша ойбайлады баж-бұж етіп.
Падиша уәзірлерін тағы жиды,
Бәріне қуанышқа берген сыйды.
Хайласы бұл адамның бірден асып,
Ауыртты мына пәле әбден ішті.
Кеңесті ары-бері сұмпайылар
Ақылды мына араға бір-ақ жиды.
Көрсетті бір уәзірі мына ақылды,
Салдырды бір зынданды сарай қылып.
Бұл залым істетіпті талай қулық,
Түбінде тас қараңғы бір шұңқыр бар,
Салғанын патша білмес қалай қылып.
Ең ауыр жазалылар қалатұғын,
Қылмысты күнәһарлар талай жылдық.
Осыны болған еді жаңа салып,
Сыртынан көріп қайтқан тамаша қып.
хикаялық дастандар
«Ісі аққа Құдайым жақ» деген рас,
Тыңдаушы, мына қызық тамашаны ұқ.
Хан айтты:—Енді өртеңдер үйге қамап,
Алғашқы екі хайла кетті ағат.
Ақылы—енді әкеліп өртеу ғана,
Қалайша бұдан артық қылам тағат.
Тез әкел, көзін жоғалт, өшір үнін,
Тұрғызуға уақыт жоқ жалғыз сағат.
Шақырып тағы келді жасауылдар,
Десе де олар дайын бас алыңдар.
Жүрерде Естігүлмен ақылдасты,
Істейтін енді бұған қайсы амал бар?
Кететін айдап алып адам емес,
Кетіпті жарлықты айтып хабаршылар.
Мұңдасқан екі ғашық оқиғасын,
Ұғынсын құлақ салып тыңдаушылар.
Серіктің сенімі
Ақыл тап, ойы озық Естігүлім,
Әр жерде ес қатып ед естілігің.
Мынаның ар жағында не сұмдық бар,
Бір хабар, кітап ашып, берші бүгін.
Артымнан құлғанадай қуғындауы,
Көңіліме көрініп тұр ерсі бүгін.
Өмірім осы жолы бітетіндей,
Бермесең ақылыңнан енші бүгін.
Айырмай мынау бізді тынар емес,
Сен деді есі-дертім, тіршілігім.
Ойлашы дұшпан қандай, достас қандай?
Сенімен болып тұрмын қоштасқандай.
Мына қылған қастық пен қылығына,
Күйеді көкірегім шоқ басқандай.
естігүл
Қасымда жалғыз сенсің жан серігім,
Мұңға ортақ боп кегімді жоқтасқандай.
Бұйрықпен елден шықтық екі саяқ,
Елім жоқ маңайыма топтасқандай.
Табасың қандай айла ойлап, жарым,
Қастығын мына сұмның тоқтатқандай.
Естігүлдің ақылы
—Ей, жарым, бақ тәуекел, бүйтіп саспа,
Су талдан аса алмайды, жардан асса.
Ниеті қайтсе дағы сені өлтірмек,
Ойы жоқ тірі қою сені патша.
Қанды қол, нәпсі құмар кімді аяйды,
Мен болып есі-дерті жатса-тұрса.
Сыр беріп дұшпаныңа абыржыма,
Ес берер ақылшың жоқ менен басқа.
«Зорлықтың түбі—қорлық» дейді халық,
Маңдайы ақыр бір күн тиер тасқа.
Салдырған жаңадан бір сарайы бар,
Хан сырын аңқау халық қайдан ұғар.
Бар ниеті қан ішу нәпсі үшін,
Дәл біздей жылағанның талайы бар.
Бар еді жаңа салған үйім,—дейді,
Жаны ашып саған патша күйінбейді.
Өртенсең от боп жанып, күл боп күйіп,
Мәз болып қуаныш қып күлімдейді.
Берік бол, қас алдында қалтырама,
Әрқашан күйсіз көлік жүгірмейді.
Қапысы хайласымен тең келмесе,
Бұл сірә, оңайлықпен түңілмейді.
Қорықпа үрейленіп жау алдында,
Әрқашан қазасыз қан төгілмейді.
хикаялық дастандар
Лаж жоқ, сен көрсеткен үйіне кір,
Тайынба қалай десе қасқайып жүр.
Сарайдың ішіне еніп барғаныңда,
Арнаулы жасап қойған бір жер үй бар.
Халайық мұның атын зындан дейді,
Сен үшін кім жаны ашып, қамың жейді.
Өлімге мәңгі бақи шығармайтын,
Кіреді қылмыстылар бұған,—дейді.
Сен үшін Алла берген бақыт үйі,
Серікжан бұған күмән қылма,—дейді,
Таң ата қызығыңды көру үшін,
Көрінбей мен де барып тұрам,—дейді.
Осыдан аман-есен жаның қалса,
Қорғанбай ерлігіңді шығар,—дейді.
Кір дағы зындан үйдің есігін іл,
Жан-жағың лаулап жанып болады күл.
Өрт сені соған кірсең шарпымайды,
Өзіңнің тірлігіңді қастерлей біл.
Мұны айтып, деді тағы:—Ей, жігітім,
Тәңірден құтқарар деп көп үмітім.
Жер үйдің мықтап бекіт есіктерін,
Ішіне кіре алмасын жанған түтін.
Шығарып салды Естігүл қошын айтып,
Жарына ұғындырып осыны айтып.
Мөлтектеп мөлдір көздер айырылысты,
Екеуі «аман болды» қосыла айтып.
Қатерін бәрінен де осы жолдың,
Ұқтырып қайта-қайта досына айтып.
Қош-қош деп қиыса алмай еңіресіп,
Кезекпенен бірін-бірі тосып айтып.
естігүл
Серіктің ханға келуі
Қасқайып қаһармандай келді ханға,
Ұқсатып түк сезбеген өзін паңға.
Қонаққа шақырып ем,—деді патша,
Қатерден осы жолғы сен қалғанға.
Зейнеттеп жасатып ем алтын сарай,
Пұл шықты еңбекпенен болған талай.
Көрсін деп бұл үйімді шақырып ем,
Қолбасым, бұл ойымды дейсің қалай.
Құп көрсең қуанышты сарайға кір,
Сән-сәулет тіршілікте қызық қой бір.
Сайлаған ел алдында қолбасымсың,
Берейін мен рұқсат, алдыға жүр.
Келтірдім тамашалап бір шықсын деп,
Кіреді артыңыздан барлық уәзір.
Мақұл деп іркілместен кетті кіріп,
Қастықты тұрса дағы іші біліп.
Жарының айтқан ақыл-кеңесімен,
Жер үйге кіріп алды есікті іліп.
Хан жіберген өрт
Сыртынан қарағайды көптеп үйді,
Отпенен лапылдаған сарай күйді.
Қадірлеп хан алдырған «қонағына»,
Осылай «құрметпенен» берді «сыйды».
Оқыстан сарайыма өрт кетті деп,
Падиша нағра тартып жұртты жиды.
Түндегі өрт шаһар маңын жарқыратып,
Хабарлы қылды апат деп барлық үйді.
Мәз болды қасындағы уәзір мен бек,
Барлығы мына хайла ұнасты деп.
хикаялық дастандар
Қарағай майға тиіп лапылдады,
Қап-қара түтін болды жер менен көк.
Тарады бұл арадан түн жарымда,
Қалғанын таң атқан соң көрерміз деп.
Жер үйде аман-есен қалды Серік,
Момынға Тәңір жар боп, медет беріп.
Сол үйде таң атқанша бұғып жатты,
Ақырын алармын деп ертең көріп.
Байқаса қалған екен таң да атып,
Атырды таңды ұйқысыз ойға батып.
Қараса хан намазға тұрған екен,
Моллалар жатыр екен азан айтып.
Патшаға Серік келіп берді сәлем,
Шыдасын бұдан артық енді қайтіп.
Шықты өрттен ешнәрсені білмегендей,
Немесе жанған өртті көрмегендей.
Бәрі аман—киім-кешек, үсті-басы,
Көзіне патша тұрды сенбегендей.
Айдынмен қаһар кіріп ажарына,
От жанып екі көздің жанарына.
Қасына падишаның келді жетіп,
Дәл келген Әзірейілдей ажалына.
Хан шошып қорыққаннан жығылыпты,
Ұшықтап уәзірлері су бүрікті.
Жабылып емшілері-құшнаштары,
Есіне әзер зорға келтіріпті.
Хан айтты:—Отқа өртедім, Серік, сені,
Таң қалдым күймей қалған көріп сені.
Естуші ем моллалардан бұдан бұрын,
Отқа түссе күймес деп періштені.
Сен өзің адамбысың, перімісің?
Пері мен періштемен телімісің?
естігүл
От ішінде көрдің сен қандай хикмет,
Адамдай от көрмеген көрінесің.
Не көрдің от ішінде жанғаныңда?
Бұл оттан кім қорықпас жан барында.
Басқа зат шоқ боп жанып, күл боп тынды,
Қандай іс себеп болды сау қалуға?
Серіктің айтқаны
Ханеке, сен өртедің, мен өліппін,
Аруақпен бұрын өлген теңеліппін.
Аруақтарды аралап келе жатып,
Әкеңнің аруағына кез келіппін.
Сыйласымды екеуміз болғандықтан,
Әкеңді өлгеннен соң мен көріппін.
Қолың тапшы кезі екен, әкең айтты,
Бір серкеш жаназаға сен сойыпсың.
—Ол күнде балам менің кедей еді,
Бақ бітсе дүние шіркін көбейеді.
Бермеді деп мен дағы кейігем жоқ,
Қолында болмаған соң не береді?!
Балама қазір Құдай беріпті бақ,
Хан болып, халық билеп, мініпті тақ.
Мені де балам сірә, ұмытпапты,
Беріпті қоралап қой, үйірлеп ат.
Беріпті алтын-күміс таразылап,
Көрген соң тапсырып ап, мен болдым шат.
Аруаққа арнағаны маған тиді,
Балама көп айтамын рахмет.
Бергенінің біреуі мың боп тиді,
Сауабын аямады Жаратқан Хақ.
Балам келсе дайындап қояйын деп,
Жатырмын тамашалап бір сарай сап.
хикаялық дастандар
Дүниеде ондай сарай жасалмайды,
Кірпіші меруерттен, саф зүбәржат.
Халық тұр, міне, қазір тамашалап,
Балама нақ көргенін жеткізсін деп.
Қайтарды алып қалып арашалап,
Балама айт, осы орынға келіп қайтсын.
Сен сияқты бір рет өліп қайтсын.
Алаң боп сағынып та жүрген шығар,
Көзбен көріп тынысы кеңіп қайтсын.
Ханеке, көп бергенің шын ба,—депті,
Хан тана алмай бұлтарып шынға кепті.
Сен сияқты өрт пенен жалын жұтып,
Келіп қайтсын тірідей мұнда,—депті.
Мен өртеймін қолыммен ханды,—дейді,
Хан ақымақ осыған нанды дейді.
—Көріп келген біледі бәрін осы,
Бектерге айтты:—жолатпа жанды,—дейді.
Ақымақ хан осыған көне кетті,
Көргісі кеп көзімен кереметті.
Қолбасыға өзгелер бағыныңдар,
Көп кешікпей өзім де келем депті.
Ханның қазасы
Алдымен лайықтап бір сарайды,
Десіпті уәзірлер де құп жарайды.
Хан берді халық еркін, әскер күшін,
Қалайша уәзірлері құптамайды.
Қолында барлық әскер, күші мығым,
Бар билік қолына өтті шықпай шығын.
Хан аузынан билігін бергеннен соң,
Заң да жоқ хан жарлығын бұзатұғын.
естігүл
Хан берген соң алдымен орданы алды,
Алтын тақты, таңбаны, қолда барды.
Дәрмен жоқ таласатын, жарлық біреу,
Уәзірлер, сұлтан, бектер жолда қалды.
Әкеліп падишаны кіргізді үйге,
Ашқызып есіктерін Бекен биге.
Есігін кіргеннен соң тас бекітті,
Халайық сыртта тұрды үйме-жүйме.
Патшаны көріп тұрды ханым дағы,
Бектері, уәзірлері жанындағы.
От қойып жан-жағынан жібергенде,
Түтіні қарақошқыл жалындады.
Май құйып жан-жағынан өртеген соң,
Ұйытқыды, қарағайлар лауылдады.
От жанып біткеннен соң қарап еді,
Келмек тұрғай сүйегі табылмады.
Кетіпті отпен бірге сүйегі еріп,
Белгісі адам сиқы танылмады.
Бір сарай от боп жанып бітті солай,
Керекке еш нәрсесі алынбады.
Халықтың сөзі
Шыққаны Серік аман алал,—деді,
Ешкімге істемеген залал,—деді.
Ақыры өз түбіне өзі жетті,
Есті адам бұдан ғибрат алар,—деді.
Ессізге ел билеткен лаж бар ма,
Бір дәуір сұм-сұрқия заман деді.
Кетті ғой мәз боп күліп, ақымақ хан,
Әкелмек боп әкесінен хабар деді.
Патшаның көзі жетті келмесіне,
Қайтарып алған Тәңір бермесіне.
хикаялық дастандар
Отпен ойны, жалынмен тойы болды,
Шын кернеп алған сайтан кеудесіне.
Тіріге тұзақ жасап өзі жанды,
Бермесін мұндай өлім пендесіне.
Өлсең өл адамдықпен, адамға ұқсап,
Жаралып келгеннен соң жер бетіне.
Сайлады ел ұйғарып басқадан хан,
Халыққа хан болмаса болмас деп сән.
Тарады лағынат айтып аруағына,
Құралған Басырадағы дін мұсылман.
Үйіне аман-есен Серік келді,
Сазайын дұшпанының беріп келді.
Қосағы—Құдай қосқан ақылшысы,
Барлығын Естігүлдер көріп келді.
Қорлығы Серік көрген әшкере боп,
Халайық хан зорлығын тегіс көрді.
Ішінде бірге болған уәзірлерді,
Оған да лайықты сөгіс берді.
Олардың басшыларын жазалы етіп,
Істеді әділдікпен көп істерді.
Әділдік ел үстіне заман орнап,
Бай, жарлы, кем мен кетік тегістелді.
Халыққа Серік айтты көргендерін,
Дәм айдап Басыраға келгендерін.
Қастықпен хан көрсетіп жәбірлікті,
Екеуін бірнеше рет бөлгендерін.
Алдымен жолбарысқа барғандығын,
Ақылмен одан жеңіс алғандығын.
Бір рет шаһар сыртында орға түсіп,
Саламат одан тірі қалғандығын.
естігүл
Ең соңғы ханның отпен өртегенін,
Алғанын ақыр кегін ханнан бүгін.
Мән-жайын сыпайылап таныстырды,
Екенін ханның залым халық білді,
Бұларға алғыс айтып халық тұрды.
Сүйінді Серік ерге кәрі-жасы,
Халықтың анық түсіп ықыласы.
Ханнан соңғы халыққа уәзір болып,
Серіктің өсті осылай мәртебесі.
Ел үшін адалдықпен қызмет етіп,
Қартайып ағарыпты сақал-шашы.
Сонымен жата берді уақыт өтіп,
Сауықпен өмір сүрді тамаша етіп.
Қосағы Алла қосқан жүкті болып,
Туыпты бір ұл, бір қыз күні жетіп.
Мезгілсіз күн шықпайды, таң атпайды,
Мезгілмен сынық бітіп, толар кетік.
Қос жұбай қуанышқа бөленіпті,
Алланың мұнысына шүкір етіп.
Өсірді тәрбиелеп ұл мен қызды,
Көргенше сағыныпты алтын жүзді.
Ақыры мехнаттың рахаты болып,
Алалдың дегені рас арқаны ұзын.
Өмірді бастан кешкен есіне алып,
Түсірді бірден-бірден есіне анық.
Баяғы түс—күн, айым—осы екен деп,
Құшақтап Серік жатты төсіне алып.
Бұрынғы өткен заманда
Шәмшә патша болыпты.
Он бір шаһар басқарып,
Хандық сәулет құрыпты.
Жақын тартып біреуді,
Уәзірім деп қойыпты.
Білімі бар адам деп,
Кейбіреулер сеніпті.
Қол астында осылардың
Жесір кемпір болыпты.
Әуес атты, кемпірде,
Жалғыз бала болыпты.
Малдан ешкі, бір лақ,
Қара лашық панасы.
Күнде ұршық иіріп,
Шекпен тоқыр анасы.
Таяқ алып қолына,
Бақты ешкісін баласы.
Әдетінше бір күні
Ешкі кетті өрістей.
Көз алдында Әуестің,
Көрінді көк теріскей.
Қарағанға жап-жасыл,
Тамашалап тұр еді.
Жетім бала
жетім бала
Бір топ киік көрінді,
Алтын мүйіз біреуі.
Бала бұрын көрмеген,
Тегі мұндай аңдарды.
Аузын ашып тұрысты,
Ғажайып іс көрісті.
Бір күні, жаным балам,—деп,
Апасы жайды құлашты.
Ақ бетінен сүйдіріп,
Тұрды Әуес шырағы.
Айтты ол көрген-білгенін,
Алтын мүйіз киікті.
Анаға бала қашанда
Болады ғой сүйікті.
—Алла бізге пана ма,
Біздей жетім балаға.
Ұстап шұбар киікті,
Ханға апарсам бола ма?
Қабыл алды анасы:
—Сөйте ғой, жаным, патшаға.
Әуес кетті өріске,
Ешкіні айдап келем деп.
Ханның берген сыйлығын,
Анама әкеп берем деп.
Көп ойланып отырды,
Қазбақ болып апанды.
Қуантайын ұстап ап,
Үйімдегі апамды.
Білуші еді киіктің
Жайылатын өрісін.
Орды қазды күрекпен,
Білдірместен ол ісін.
хикаялық дастандар
Үстін жауып майдалап,
Қайта өскендей жапырағы.
Шөп астында жасырын
Қала берді топырағы.
Күндегідей өріске
Келіп еді ертесі.
Орында тұр киіктің
Алтын мүйіз серкесі.
Кешке Әуес бетінен
Апасына сүйгізді.
Тарту етіп әкетті,
Ханға алтын мүйізді.
Көріп қалып баланың,
Сырт жағынан уәзірі.
Танымайды жас бала,
Жоқ еді төлер қарызы.
«Маған бер» деп жабысты,
Болмады бала разы.
Киікке уәзір қарады,
Ғажайып таңқалдырды.
—Ханға апарма, маған бер,
Хан не қылсын мұныңды,—
Деді уәзір Әуеске.
Алдағаны білінді.
Әуес оған көнбеді:
—Ханға тарту қыламын.
Хан мақұлдап мұны алса,
Мен бергенін аламын.
Ханға әкелді киікті,
Хан көзімен көріпті.
Жақсы көріп баланы,
Уәзірлерін жиыпты.
жетім бала
Уәзір басын құрады,
Бәрін түгел жияды.
—Бұл балаға не сыйлық,—
Деп ақыл сап сұрады.
—Бәріңіз де жақсысыз,
Ақыл айтар ақылшым.
Қандай сыйлық беремін,
Айтыңыздар нақ шынын?
Елден бұрын манағы
Жауап қатты уәзір кеп.
Қойған екен балаға
Бір сұмдықты әзірлеп.
—Жоқ, болмайды сыйлауға,
Көп кемшілік табылар.
Бұл киіктің астында
Алтын тағы тағы бар.
Бір қанаты тағының
Күміс суға малынған.
Бір қанаты тағының
Алтын суға малынған.
Суға шығып ойнайды
Алтын мүйіз киігің.
Соны әкелсе берелік,
Бұл баланың сыйлығын.
Хан мақұлдап, уәзірі
Зәресін алды баланың.
—Әкелмесең сен оны,
Басыңды кесіп аламын!
Хан осындай сылтаумен
Жоқ нәрсені тапсырды.
Тіліне еріп уәзірдің,
Балаға жала жапсырды.
хикаялық дастандар
Бала үйіне жөнелді,
Жылай-жылай мақұлмен.
Деп ойлады «жан олжа,
Бар болса жерде табамын».
Анасы естіп бұл істі,
Ханның білді мерезін.
Жылатпады баласын:
—Табам іздеп мен өзім.
Анасы кетті Әуеске,
Уәде беріп бірде-бір.
Көп жол жүріп, ұйқыда
Түсінде көрді бір кемпір.
Ана айтты мән-жайды,
Кемпірден жөн сұрады.
—Бер жағында Мысырдың
Бір өнерпаз тұрады.
Соған барсын балаңыз,
Мың ділда бер қолына.
Табылады алтын тақ,—
Деді кемпір ұлына.
Анасы естіп бұл істі,
Өзі байға жалданды.
Тауып берді, әйтеуір,
Балаға мың ділданы.
Бала қандай анаға,
Көзінің ақ, қарасы.
—Сау бол, балам, тірлікте
Болмасын адам таласы.
Саған тек ес қататын
Мысырдың,—дейді,—қаласы.
Түсімде айтты ақ кемпір,
Сөзінің жоқ шаласы.
жетім бала
Шешесі берді мың ділда,
Жолына салып баланы.
Батасын берді ұлына,
«Ізде,—деп,—Мысыр қаланы».
Жол жүріп бала іздеді,
Талай-талай қаланы.
Бір күндері болғанда,
Мысырдағы шебермен
Кездесіп те қалады.
Шебер айтты:—Киіктің
Тағын жасай аламын.
Мың ділданы бер маған,
Сорланбашы, қарағым!
Көп жол басып келіпсің,
Жерде қалмас талабың.
Көз алдында жолықты
Бір ғажайып бәйтерек.
Бала көріп қуанды,
«Осында дем алам» деп.
Жанында екі құдық тұр,
Бірі—күміс, бірі—алтын.
Шебер соқты алтын тақ,
Оң қанатын тағының
Алтын суға батырды.
Сол қанатын тағының
Күміс суға батырды.
Бала ақыры оралып,
Туған жерін табады.
Алтын тақты қастерлеп,
Ханға алып барады.
Алтын таққа шыға сап,
Киік билей бастайды.
Хан таңқалып бұл іске,
хикаялық дастандар
Елдің басын құрайды.
—Береміз,—деп,—не сыйлық,
Уәзірден сұрайды.
—Бұл балаға не сыйлап
Қайтарамыз қолқасын?
Айтыңдаршы ақыл сап,
Уәзірлерім—қалқашым!
Елден бұрын манағы
Жауап қатты уәзір кеп.
Қойған еді ол тағы
Бір сұмдықты әзірлеп.
—Жоқ болмайды сыйлауға,
Көп кемшілік тағы бар.
Жер астында жап-жасыл
Бір жемістің бағы бар.
Сізге айтам, ханеке,
Сөзге құлақ салыңыз.
Сол ағашты әкелсе,
Артар еді сәніңіз.
—Сол ағашты әкел!—деп,
Хан балаға тапсырды.
—Мақұл,—деп бала шықты үйден,
Құтылам қайтіп бұл күйден.
Жендет уәзір айлакер,
Рақымсыз ед ежелден.
Бала үйіне келеді,
Келіп жылай береді.
Залым жанның қылығын
Анасы ойлап біледі.
Бала айтты:—Жан апам,
Бар ма еді көп қатем?
жетім бала
Пәле болды бұл күйік,
Бар екен тартар көп жапам.
Рұқсат бер, жан ана,
Басқа сізге не айтам.
Ақ сүтіңді кеше гөр,
Батаңызды бер, апам!
Жапан кезіп іздеймін,
Жоқ қой басқа еш шарам.
Анасы берді батасын:
—Тартпа,—деп,—жол жапасын.
Құдайым оңға бастасын,
Қызыр, Ғайып қолдасын.
Кетті шығып баласы,
Жылаумен қалды анасы.
Хан қаһары қиын ғой,
Табатын жоқ шарасы.
Іздеді бала ағашты,
Не бір кезең тау асты.
Айлар өтті, жыл өтті,
Сенім билеп жүректі.
Жапанда қарын тойғызып,
Таба алмай мұны зарықты.
Қарсы алдынан сол кезде
Ақсақал шал жолықты.
Бала айтты мән-жайды,
Шал тыңдады ақырын.
Бала сөйлеп болған соң,
Шал айтады ақылын.
—Бетің дұрыс, қарағым,
Нақ осылай жүре бер.
Биік тау бар алдыңда,
Қатпар-қатпар жыра бар.
хикаялық дастандар
Қашар сонда алдыңнан
Таудың тарғыл қояны.
Балам, содан адаспа,
Кетсе де өрлеп жоғары.
Екі үңгірге кез болар,
Кірер қоян сол жақтан.
Біреуінен қорықпай,
Балам, сен кір оң жақтан.
Қырық ұры кез болар,
Құтты болсын қадамың.
Айт сонда тек оларға,
«Ет пысыра аламын».
Етті алып олардың,
Қазанына саларсың.
Барып мына кездікпен
Түртесің де қаларсың.
Ет пысар буы бұрқырап,
Майын қалқып аларсың.
Сені аспаз етеді,
Көргеннен соң бұл күйді,—
Деді дағы ақсақал
Кездікті оған ұсынды.
—Қолбала боп оларға,
Көрсетерсің күшіңді.
Бір күні қырық қарақшы
Бәрі сыртқа шығады.
Мүлкін тонап жай елдің,
Шаңырағын шағады.
Сен үйде сонда қаларсың,
Аралап үйді қарарсың.
Көзіңе түсер бір тесік,
Аяңдап соған барарсың.
жетім бала
Сонда тұрып қарасаң,
Көресің үлкен сандықты.
Оны ашып ішінен
Аларсың көк сандықты.
Көк сандықты тағы ашсаң,
Қағаз шығар ораулы.
Оны ашсаң ішінен
Ақ дәрі шығар бәрі улы.
Сол дәріні ал дағы,
Қазанға шаш еттегі.
Оны жесе қарақшы,
Жарылып өлер өттері.
Тағы үңгірді аралап,
Жан-жағыңа қарарсың.
Көрінеді көзіңе
Іздеген сұлу ағашың.
Мықты басып тамырын,
Бұтағынан ұстарсың.
Көзіңді қатты жұмып ап,
Еліңе қарай ұшарсың.
Сен шыдасаң қорықпа,
Ол ұшады арымай.
Ордасына ханыңның
Ағаш барып орнайды-ай.
Ақылын айтып, қоштасып,
Болды көзден шал ғайып.
Әуеске алыс бұлдырап
Тау көрінді шалқайып.
Қашты алдынан кешікпей
Таудың тарғыл қояны.
Қуа берді жалықпай,
Кетсе де өрлеп жоғары.
хикаялық дастандар
Кірді қоян зытып кеп
Бір үңгірге сол жақтан.
Әуес келіп бас сұқты,
Тез арада оң жақтан.
Қарсы шықты алдынан
Жендет қырық қарақшы.
Бәрі пышақ ұстаған,
Балаға төніп қарасты.
—Рұқсатсыз ордаға
Қалайша сен кіресің?
—Тоқта,—деді біреуі,—
Қан-жоса боп өлесің.
Бала біраз сескеніп,
Білмей қалды не дерін.
Есін жиып:—Иә, тақсыр,
Бар еді бір өнерім.
Өнерім сол, тыңдаңыз,
Ет пысырам лезде.
Өмірі жолдас боламын
Іздеп келген сіздерге.
Балдан тәтті пысқан ет,
Дәмі тәтті ішкенде.
Түсіме кіріп қырық аға,
Белді будым іздеуге.
Табам ба деп тау кезіп,
Кездім адыр, жалдарды.
Ақыры таптым, мінеки,
Іздеген аға сіздерді.
Ұрының айтты бастығы:
—Жоқ шығар бұның қастығы,
Біз кіріппіз түсіне,
Айтылды ғой достығы.
Қолымыздан келеді,
Болса егер бостығы.
Көрелік мұның өнерін,
жетім бала
Келді ме білмей өлерін.
Жас бала екен бұл өзі,
Құдай бастап келуін.
Көрсетпесе өнерін,
Ажалды бұған беремін.
Рас болса айтқаны,
Дегеніне сенемін.
Қосылды бұған бәрі де,
Үлкен-кіші, кәрі де.
—Етіңді пысыр, ей, бала,
Дайынбыз жеуге дәл міне.
Бала сонда қамданды,
Қолына алып қазанды.
Қазанға әкеп су құйды,
Оты жанып қозданды.
Көрсетпей пышақ қолға алып,
Қазанды түртіп қалады.
Былқыған майы ет болып,
Қазан тола қалады.
Таңырқады олар да,
Көздері көріп жайнады.
Еті пысып сылынып,
Майын қалқып алады.
—Отырыңдар, ағалар,
Дастарханды жайыңдар.
Ет те пысты, мінеки,
Табаққа да салынар.
Отырды қатар тізіліп,
Балаға отыр қызығып.
Етті жеп тойды барлығы,
Сорпасын ішіп қызынып.
Деді сонда:—Ей, бала,
Қолбала боп тұр мұнда.
хикаялық дастандар
Сырттан дүние табамыз,
Кетіп қалма бұл жерден.
Тамақты бізге дайында,
Тапқанды тек бөлеміз.
Басқаны алмай ойына,
Балада мақұл көреді.
Қарақшы да сенеді,
Сыр алдырмай ол бала
Біраз уақыт жүреді.
Ет пысырып елпектеп,
Сенімді де болады.
Бір күні жендет—қырық ұры
Аттанды елді тонауға.
Мүлкін тонап жай елдің,
Шаңырағын шағады.
Бәрі тұтас кеткен соң,
Қамданды бала қарауға.
Қарады үйді ақтарып,
Сандықты тапты бас салып.
Ақтарып ішін қараса,
Ішінен шықты бір сандық.
Оны ақтарып қараса,
Қағаз шықты ораулы.
Көрсе рас ақ дәрі,
Тығып қойған санаулы.
Көріп оны қолға алып,
Жанына қойды ол салып.
Біліндірмей сандықты,
Орнына қойды ол жауып.
Кешке жақын болғанда,
Ұрылар келді жабырлап.
Үйде бала естіді,
Келгенін сырттан дабырлап.
жетім бала
Талай дүние әкепті,
Елді тонап қырық ұры.
Ет пысырған бала да,
Қазаннан етті түсірді.
Білдірмей уды қосты ол,
Бәріне тең ішкізді.
Бәрі тойып алған соң,
Бір шетінен құсқызды.
Қырқының кетті дәрмені,
Бойында қалмай әлдері.
Бәрі бірдей өледі,
Жарылып іште өттері.
Қырық ұры өлген соң,
Бала алаңсыз болыпты.
Үйді түгел аралап,
Жан-жағын көз сап көріпті.
Аралап жүріп үй ішін,
Кірді тесік ішіне.
Кіріп барса ішіне,
Ағаш түсті көзіне.
Қарап тұрса ағашқа,
Неше қысым құбылған.
Миуасы бар не түрлі,
Нұры жерге құйылған.
Бала барып ұстады,
Мықтап ағаш бұтағын.
Тамырын басып аяқпен,
Босатпады шынтағын.
Көзін жұмып сол уақытта,
Ағашты қатты ырғады.
Көтеріліп бұл ағаш,
Өздігінен зулады.
хикаялық дастандар
Есігінің алдына
Ханның келіп орнады.
Киік келіп ағаштың,
Көлеңкесінде ойнады.
Қызығына хан қарап,
Екі көзі тоймады.
«Бекер емес бұл бала»,—
Деп ішінен ойлады.
Ақылшысы өзінің
Уәзірлерін шақырды.
—Бұл балаға не сыйлық?
Көрсетіңдер ақылды.
Елден бұрын манағы
Жауап берді уәзір кеп.
Тапқан еді тағы да,
Бір сұмдықты әзірлеп.
—Жоқ, болмайды сыйлауға,
Бір кемшілік тағы бар.
Күн астында Күнекей
Деген бір қыз тағы бар.
Соны тауып әкелсін,
Ханеке, өзің аларсың.
Құшып сүйіп сұлуды,
Қызығына қанарсың.
Құлақ салып хан бұған,
Деді:—Сөзің ұнады.
Тауып әкел сол қызды,—
Деп баланы қуады.
Бала шығып кетеді,
Үйіне келіп жетеді.
Анасына ұқтырып,
Тегіс баян етеді.
жетім бала
Анасы естіп мұңайып,
Төмен қарап кетеді:
—Жақсылық жоқ бұл ханнан,
Түбімізге жетеді.
Тәуекел деп бұл бала,
Жаһан кезіп кетеді.
Құмды белес таулардан,
Өзендерден өтеді.
Көрді Әуес алыстан
Келе жатқан бір дәуді.
Ойыншық қып ойнайды,
Соғыстырып тауларды.
Ғажаптанып бұл дәуге
Көзін тігіп қарады.
Ақырса да қорықпай,
Дәудің жөнін сұрады.
«Не қылған бұл жүректі
Бала»—деп дәу ойлады.
Апандай ашып ауызын,
Сөйлегенін қоймады.
—Қаһарлансам қолменен
Тауды жұлып аламын.
Күнікей қызды іздеген
Баламен дос боламын.
Әуес дәуге қол берді,
Дәу екеуі дос болды.
Сыр айтысып азырақ,
Көңілдері хош болды.
Жүріп кетті екеуі,
Бірін бірі ес көріп.
Көз алдынан көлбеңдеп
Тағы бір дәу кез келді.
хикаялық дастандар
Екі ұртына ұрттаған,
Екі бірдей көліңді.
Бала барып қорықпай,
Бұдан дағы жөн білді.
—Қаһарлансам аузыма
Көлді ұрттап аламын.
Сен жөнімді сұрасаң,
Күнікейді іздеп барамын.
—Қайда,—дейді—айтшы, аға,
Күнікей қыздың тұрағы?
—Қасымнан қалмай ер,—деді,
Қап тауында тұрады.
Әуес бұған жолығып,
Тату-тәтті дос болды.
Сапар шекті үшеуі,
Бұған бала хош болды.
Тағы алдынан кез болды,
Құлақтары жалтылдап.
Еңгезердей дәу біреу,
Жатыр екен жер тыңдап.
Әуес келіп қорықпай,
Мықтыдан жөн сұрады.
Елең еткен құлағы
Түңіліктей тұрады.
—Құлағы сақ жаһанда
Жер тыңдағыш боламын.
Күнікей қызды іздеген
Баламен дос боламын.
Әуес бұған қол берді,
Сыр алысып дос болды.
Сапар шекті төртеуі,
Күз айналып, жаз болды.
жетім бала
Киік қуған ғажайып
Желаяққа кез болды.
Дәулерден де дәу екен,
Бұған дағы көз толды.
Аяғына байлаған
Алты батпан тасы бар.
Көз аясы қазандай,
Үлкен үйдей басы бар.
Аяғына тас байлап,
Ұстамақшы аңдарды.
Басып өтіп замғайды,
Бала тұрып таңқалды.
Түсінген соң мән-жайды,
Жөн сұрасып достасты.
Бір-біріне ес болып,
Бесеу болып жол басты.
Талай күндер өтеді,
Жаһан кезіп жүреді.
Су ішінде малшынған
Құмырсқаны көреді.
Жатыпты бұлар шыға алмай,
Біраз суға шыланып.
Әуес мұның барлығын
Судан алды шығарып.
Бұлардың да бір мықты
Патшасы бар болатын.
Әуеске сол өзінің
Жұлып берді қанатын.
—Күйгіз осы қанатты,
Күн туса егер басыңа.
Сонда рақым етемін
Өзім барып қасыңа.
хикаялық дастандар
Күнікей қыз қайда деп,
Бес батыр тартып кетеді.
Сұлу қыздан біраз сөз
Қозғасақ енді не етеді.
Күнікей қыз кім екен,
Қандай жерде тұрады?
Бұл сұлу қыз—хан қызы,
Қап тауында тұрады.
Әкесі пері патшасы,
Жалғыз қыз екен шырағы.
Ханның қызын қорғайтын
Көк төбеті бар екен.
Күші оның ғажайып,
Тұлғасы бір нар екен.
Оның өзі сақ құлақ,
Күндік жерден біледі.
Қандай адам кезіксе,
Жарып тастай береді.
Хан қызына ғашық боп,
Ала алмаған ешбірі.
Аңыз болған бұл сырды
Бес батыр да сезеді.
Күнекей қызды бес батыр,
Іздеп келіп қалыпты.
Бесеуі де өнерпаз,
Таңғалдырған халықты.
Күнікей қызға күншілік
Жер қалған бір мезгілде,
Көк төбет те жетеді,
Жолаушыны сезгенде.
Көк төбетті алыстан,
Тау көтергіш көріпті.
жетім бала
Сілтеп қалса бір тауды,
Бастырылып қалыпты.
Жалтылдайды алыстан
Қыз қорғаны, қақпасы.
Ортасында көз тартты
Күнікей қыздың ордасы.
Жетіп келсе бес батыр,
Қалтырайды күзетші.
Қылыш қалды жайына,
Кетті қорқып жендеті.
Сәлем берді ханына,
Келіп жақын жанына.
Таңырқады көріп хан,
Бес батырдың халына.
Таңғалып хан тұрады,
Әңгіме сөз құрады.
«Жолықты ма жолда» деп,
Көк төбетті сұрады.
—Иә, тақсыр, жолықты,
Шәбелеңдеп кәнден ит.
Бір лақтырған кесектің
Астында-ақ қалды өліп.
Қайран қалды балаға,
Естіп мұндай жауапты.
Ханға қонақ болады,
Жатып бұлар, таң атты.
Хан ұққан соң мән-жайды:
Жар салады сәлемдеп.
—Күші асып жыққанға,
Күнікей қызды берем,—деп.
хикаялық дастандар
Бар екен бір пар келмес,
Ханның егіз палуаны.
Таусоғарға жекпе-жек
Соны әкеліп салады.
Екі палуан алысты,
Жақындасып шалысты.
Қатты ұстап бір-бірін,
Қолдары да қарысты.
Өгіз палуан біресе
Іштен шалып алады.
Таусоғар да дес бермей,
Тез талтая қалады.
Күрес ұзақ созылып,
Шаң аспанға шығады.
Таусоғар да өгізді
Жерге бір-ақ ұрады.
Хан қамықты ойланып,
Тапты бір ой жайланып.
Жариялады майданда,
Тапқан ойын толғанып:
—Екі жаяу жарыссын,
Өз көзіммен көремін.
Озып келсе қайсысы,
Қызымды соған беремін.
Бар екен бір жел аяқ,
Ханның мыстан кемпірі.
Жарысуға бұлармен
Шақырып соны келтірді.
Бұл жел аяқ қу мыстан
Жер түбіне кетеді.
Қарай-қарай қадалып,
Талай уақыт өтеді.
жетім бала
Кетті бұлар алысқа,
Зіркілдейді жер үсті.
Қос жел аяқ сол кезде
Қатар зулай жарысты.
Мыстан кемпір жол үсті
Бір уыс құм алады.
Желаяқтың көзіне
Құмды шашып қалады.
Қапты отырып Желаяқ,
Шашқан құмды тым қатты.
Алдында кім екен деп,
Жер тыңдағыш тыңдапты.
Білінбейді тыңдаса,
Желаяқтың дыбысы.
Жақындапты көмбеге
Мыстанның қу жүрісі.
Әуес мырза сол мезет
Ұстап еді кездікті.
Желаяқ тұрып орнынан,
Мыстанды қуып тездетті.
Алқынған кәрі мыстаннан
Желаяқ озып кетеді.
Ел жиылған майданға
Жалғыз қара жетеді.
Хан сөзінен жалтарды,
Бозарды бет реңі.
—Қызымды кім тапса іздеп,
Болар қабыл тілегі.
Қызымды соған беремін,
Тапсын қане зерегі.
Тың тыңдады халайық,
Қыз болған соң керегі.
хикаялық дастандар
Жер тыңдағыш жата қап,
Айналаны тыңдады.
Тыңдап-тыңдап отырып,
Тағы етпеттеп жатады.
Жеті қабат жер асты
Сонда бір үн естілді.
Кесте тігіп отырған
Қыздың үнін естіді.
—Қызың шықсын жерден,—деп,
Ханға хабар етеді.
Кесте тіккен қызыңды
Тау-тас басып кетеді.
Дегенде қыз шығады,
Сөзін әбден ұғады.
«Қандай амал табам?» деп,
Хан қамығып бұғады.
Тапты бұлар хан қызын,
Хан істеуде есебін.
Күнікей қызды бермек боп,
Қонақ қылды бесеуін.
Темір үйге мәпелеп,
Бесеуін де жатқызды.
Олар ұйықтап қалғанда,
Сыртынан от жаққызды.
Қызыл жалын аспандап,
Құстар ұшып, ит үрді.
Пештей болып қызарып,
Бір уақытта үй тұрды.
Тыныш жатқан қонақтар,
Түнде шошып оянды.
Жан-жағына қараса,
Қып-қызыл от таяды.
жетім бала
Бәрі бірдей түрегеп,
Асығып бұлар сасады.
Көл ұрттағыш бір ұрттың
Суын отқа шашады.
Дейді ол кеп Әуеске:
—Бұны дәл хан жасады.
Дереу олар өшіріп,
Қайта ұйқыға батады.
Ертесінде хан барды,
Өлгендерді көруге.
Бес батырды көргенде,
Жерге аз қалды енуге.
—Енді қайтем,—деді хан,
Тұрған қарап барлық жан.
—Кім таныса қызымды,—
Деді,—берем мен соған.
Қырық қызға бірдей қып
Киім тігіп кигізді.
Ел жиылған майданда
Бәрін бірдей жүргізді.
Бәрі бірдей бойжеткен,
Бәрі неткен тамаша!
Киім менен көркіне
Көз тоймайды қараса.
Күнікей қызды таба алмай,
Елдің бәрі зарықты.
Тани алмай бес батыр,
Олар дағы тарықты.
Әуес сонда күйдірді,
Құмырсқаның қанатын.
Қанат болды сол сәтте
Құмырсқа ұша алатын.
хикаялық дастандар
Қырық қызды аралап,
Күнікейге ол қонады.
«Күнікей қызың—мынау» деп,
Әуес танып алады.
Залым ханның қалмады
Енді қылар амалы.
Соққан желдей бұл хабар
Қап тауына тарады.
Оң қолынан ұстаған,
Қыз Әуестің қасында.
Бара алмады хан зұлым
Қызының да қасына.
Жүріп кетті бес батыр,
Күнікей қызды ертіп ап.
Қарамастан артына,
Еліне бетті бұрып ап.
Жол-жөнекей батырлар
Ақыл-кеңес құрады.
Дос болыстық бір сапар,—
Деп қоштасып жылады.
Әуеске беріп сұлуды
Ықыласпен достары,
Өз жөніне тартады,
Жоқтығын айтып қастары.
Сапар шегіп жапанда,
Талай күндер өтеді.
Әуес бастан өткенін
Қызға баян етеді.
—Сөйтіп сені, сұлу қыз,
Ханға апара жатырмын,—
Деп тоқтатты өз сөзін,
Әуес сынды батырың.
жетім бала
—Ойлаңдаршы,—деді қыз,—
Бұл не деген күй еді?
Бұдан былай тағы да,
Хан ауылына қанша жүреді?
Әуес айтты бұл қызға:
—Екі күндік жол қалды.
—Ондай болса,—деді қыз,
Олар бізді қарсы алсын,
Өзің жеткіз хабарды.
Осылайша болмаса,
Ханда кегің қалады.
Бала барып алдымен,
Ханға айтты мән-жайды.
Хан тұрсын ба, қарсы алды,
Естіген соң хабарды.
Күнікей қыз да керемет
Оқымысты жан екен.
Не ойласа істерлік,
Сиқыры да бар екен.
Хан хабарлап ел жұртын,
Ордасына жиды көп.
Уәзірлерін шақырды,
—Бірі қалмай келсін,—деп.
Қарсы шықты хан өзі,
Сәулетімді көрсін деп.
Сол арада Күнекей
Түлкі қылып жіберді,
«Құдіретімді білсін» деп.
Олар кетті аң болып,
Бала тапты анасын.
Күнікей мен Әуестің
Ел-жұрты ұқты данасын.
хикаялық дастандар
Бұдан былай екеуі
Халық қамын ойлайды.
Халқы Әуесті қастерлеп,
Еліне хан сайлайды.
Жетімнен хан сайланған
Жағымды болды мырзасы.
Осы өмірден туылды
«Жетім бала» қиссасы.
Қолыма қалам алып жазайын хат,
Болсам да өзім арзан, сөзім қымбат.
Бастайын бір қиссаны қызғылықты,
Тыңдасаң құлақ салып, көп жамағат.
Қанқұйлы бір заманның ертеде өткен,
Қиссамыз уақиғасын ертек еткен.
Қаналы он сегізде патша болған,
Кезі екен алалды арам өртеп өткен.
Ол патша тұрды талай үкім сүріп,
Басына бақыт құсы қонды күліп.
Патшалық таққа шығып отырған соң,
Халықтың арасына салды бүлік.
Патшаның ұстағаны дүре таяқ,
Көрмеген онан жәбір некен-саяқ.
Ақырса айдаһардай ә дегенше,
Өлгендер барады екен жүзге таяп.
Зар еңіреп ел-жұрты төкті жасын,
Жерге қойды хан десе ішкен асын.
Халықтың қарғысына қарамай ол,
Алыпты баса билеп тоғыз қатын.
Көрмеді бір шыр еткен тоғызынан,
Болмады ешбір қайыр тағзымынан.
Қауымды қан қақсатып күндіз-түні,
Дариядай сарайында ағызды қан.
Қыз кереметі
хикаялық дастандар
Қарғысқа, қан қарызға батып қалды,
Ордасын тастап үйде жатып алды.
Бар еді қол астында қырық уәзір,
Бір күні бәрін түгел шақырады.
Бас уәзір ақылы асқан Нәсіп уәзір,
Сарайға бәрін бастап келе жатыр.
Өзара қауіп ойлап күбірлейді,
Не пәле салады деп мына кәпір.
Жәм болып осылайша жиналады,
Жалтақтап жан-жағына қиналады.
Жұтып-ақ жіберердей патша сонда,
Отыра алмай қайта-қайта ырғалады.
Бір мезгіл сарайда сол кеңес құрды,
Шығарды қазынадан көптеп пұлды.
Алдына уәзірлердің кез келгенде,
Қаналы бір сұрауды қойды сырлы.
—Бала үшін тоғыз қатын алғаным-ай,
Кім тоймақ баласыз дүние жалғаның-ай.
Ерден бе, әйелден бе бала болмау,
Жетсем деп көп толғанам арманым-ай?!
Уәзірлер бірге сұхбат құрып отыр,
Кейбірі іштей үнсіз тынып отыр.
Әр істі әрқайсысы ойлай келіп,
Сөз бетін бір түйінге бұрды ақыр.
—Уа, тақсыр, қайғырасыз бала үшін,
Кім кімнің біле бермек қылған ісін.
Бір жауап сізге, тақсыр, қайтаралық,
Әр сөздің алдын байқап, артын түсін.
Ынсапты жоққа барлар қарасады,
Құдайың бермесе кім таласады.
Әйелдің міндеті ғой бала табу,
Осылай десек, тақсыр, жарасады.
қыз кереметі
Ойнатқан қанды қамшы елге деуге,
Бейімдер ауыз қалай ерде деуге.
Барады қайтіп дәті бұл зұлымды,
Орынды көмсек қазір жерге деуге.
Осымен уәзірлер қайтып кетті,
Бірталай аралықта күндер өтті.
Сарайда патша отыр жалғыз өзі,
Бір сұмдық бастайтұғын ойға шөкті.
Соңында патша тақта ақырады,
Ханымын тоғыз бірдей шақырады.
Арыстандай қаһармен айбат шегіп,
Оқ жыландай бәріне атылады.
—Бейбақтар, отырсыңдар мұнда келіп,
Мен бердім неше жылдай сендерге ерік.
Қызығын бір шыр еткен көрсетпедің,
Шығасың бұл сарайдан енді өліп!
Отырмын жарлық шашып елге,—дейді,
Қалған жоқ бір ауыз сөз жерде,—дейді.
Табасың тоғыз қатын тоғыз бала,
Бекерге қаның тасып өлме,—дейді.
Бала тапсаң тоғызың ата,—дейді,
Жоқ шығар бұл өзімде қата,—дейді.
Егерде бала мүлде таппасаңдар,
Патшаң да бола берер бақа,—дейді.
Осылай жарлық шашып есіреді,
Жаутаңдап тоғыз қатын тесіледі.
Жарлығым дегенімдей болмаса орын,
Бастарың бір жылдан соң кесіледі.
Ертерек бұл айтқаным ақыл,—дейді,
Көретін күндерің бар жақын,—дейді.
Хан жарлығы қашанда болған ба екі,
Амалсыз тоғыз қатын «мақұл» дейді.
хикаялық дастандар
Сонымен бәрі қайтты сарайына,
Патшаның қарап болмас райына.
Білгенін айтып бәрі зарлап жатыр,
Мінәжат қып, бала сұрап Құдайына.
Кішісі тоғыз қатын Құпия еді,
Тең көрген алаламай бүкіл елді.
Тоқал боп түскелі оған алты ай болған,
Әйтеуір жүкті екені білінеді.
Жеткендей болды патша талабына,
Не болып шығар екен аяғында.
Той жасап, қазына шашу ойына кеп,
Шақырып ат шаптырды маңайына.
—Жарлығым орындалды менің,—дейді,
Бірі қалмай жиылсын елім,—дейді.
Қазына, мал-мүлкімді таратамын,
Қуанып тұрған менің күнім,—дейді.
Осылай патша тойын жасай берсін,
Жал-жая, қазы-қарта асай берсін.
Ұғалық сегіз әйел жәйі қалай,
Естіңдер, тыңдағандар, тамашасын.
Бәрі де сарайына барды жылап,
Есіктен аттай бере түсті құлап.
Бармады патша іздеп сегізіне,
Тауық па, туатұғын күлге аунап.
Сегізі бір сарайда сырласады,
Бірінің бірі жанын қимас еді.
Бұрынғы күндестігі естен кетіп,
Серт байлап онан әрі сыйласады.
—Патшамыз әмір қылды туасың,—деп,
Қылмысты тууменен жуасың,—деп.
Патшаның бұйрығы екі болмақ емес,
Әйтпесе шыбын жанды қиямыз тек.
қыз кереметі
Сегізі зарлауменен күні өтті,
Құпия бәрімізден озып кетті.
Көрмедік ер атаулы не заманнан,
Зымырап жыл құсындай ажал жетті.
Патшаның заһар шашып қиналғаны,
Бала үшін шашылды оның жинағаны.
Болса да бала-бақа тап дегені,
Өлімге бізді және қимағаны.
Міне, өстіп сегіз қатын ақылдасты,
Сөзіне бір-бірінің жақындасты.
Әрбірі бірден бақа асырауға,
Келісіп сөзді солай доғарысты.
«Алла» деп өтірікшің сиынады,
«Қолдай гөр, пірлер-ай» деп қиылады.
Салдырып алтын науа, бақа алдырып,
Бағуға күңдеріне бұйырады.
Қуаныш осы сәтте ханға барды,
Бұл жайды сегіз қатын аңғарады.
Құпия толғатуда дегенді естіп,
Патшада қуанғаннан жан қалмады.
Құпияның сарайына патша келді,
Қуантып маңайдағы жалпақ елді.
Толғатып тоқалы осы отыр еді,
Қасына хан келгенін көзі көрді.
Сегізі аңдып жүрген тұрсын нағып,
Тұрғанда сегіз бақа әрең бағып.
Тұс-тұстан жүгірісті бебеу қағып,
Ішіне мақталарын тыға салып.
Шермеңдеп барлығы да талтаң қағып,
Самайдан бұлақ болып тері де ағып.
Басына қараңғылық орнағандай,
Барады іштері де оттай жанып.
хикаялық дастандар
Кигені сегізінің атлас көйлек,
Мақтамен қарындарын алған жөндеп.
Барды да патша алдына шұрылдады,
Бәріміз, міне, бүгін толғаттық деп.
Қаналы сонда өзі де сасып қалды,
Әйелдер тұс-тұсынан басып қалды.
«Бәрі де ішім, белім, ойбай-ай» деп,
Патшаға шуылдаса әлек салды.
Шыдамай сонда патша тұра қашты,
Бір бақа тарбаңдаған кеп айқасты.
Шатынап екі көзі, басы айналып,
Құшақтап жығылды хан қара тасты.
Есі ауып патша біраз қырқырады,
Қасында жендет сұмның кім тұрады.
«Тапқаны әйелдердің бақа екен» деп,
Қылышпен бас алуға ұмтылады.
Түскендей басына оның заман ақыр,
Тұрғанда Нәсіп оған келе жатыр.
Жаутаңдап Нәсіп жаққа қарай берді,
Байқауға артқы жағын ойлап ақыл.
—Бері кел,—деді ақыры ол,—Нәсіп батыр,
Толғатып абыржыған әйел жатыр.
Айналып басым менің зеңіп кетті,
Тапсаңшы бір айласын етіп батыл.
Босанар оң толғағын берсе Алла,
Келетін қолымыздан шара қайда?
Ойбайлап барлық қатын толғатқанмен,
Ішінде біле алмадым бала бар ма?
Сөйтті де ол уәзірді ертіп жүріп кетті,
Аялдап біразырақ тұрса нетті.
Толғатқан әйелдері естен шығып,
Өзінше тамашалап ойнап кетті.
қыз кереметі
Қаналы сауық-сайран ете тұрсын,
Ойлаған мақсатына жете тұрсын.
Не болды тоғыз әйел ахуалы,
Оқырман енді осыған назар бұрсын.
Толғатты тоғыз қатын, таң да атты,
Жанына Құпияның қатты батты.
Тудық деп сегіз әйел шұрқыраса,
Құпия ай мен күндей бір қыз тапты.
Күңі оның бара салып алды қолға,
Құдай-ау, артқы жағын өзің оңда.
Есігі сырт жағынан тас бекіген,
Жүгірді Құпия күңі оң мен солға.
Түн болды сүйте-сүйте тас қараңғы,
Қозданды сегіз қатын арамдығы.
Бір әйел есік ашып кіріп келіп,
—Сендерге,—деді,—мынау хан жарлығы:
«Құпия үйден шықпай жатсын,—дейді,
Тағамнан тәтті-дәмді татсын,—дейді.
Шүйінші менен келіп күңі алып,
Жақсырақ Құпияны бақсын»,—дейді.
Осылай алдауменен күңді әкетті,
Алдына сегіз жендет алып жетті.
Бәрі де қаһарланып отырыпты,
Істеді келе сала әрекетті.
—Сасық күң, өлтіреміз сені бүгін,
Алмасаң ханымдардың айтқан тілін.
Құпияны баласымен өлтіресің де,
Ашпайсың өле-өлгенше мұның сырын.
Сен өлтір Құпияны аспаққа асып,
Баласын өлтіресің бастан басып.
Патшаның бұйрығы осы бізге деген,
Жаман күң, құтылмайсың бұдан қашып.
хикаялық дастандар
Орында бұл жарлықты жаның барда,
Көздерін жоғалт оның бара сала.
Бір бақа ұстап әкеп бақаға қос,
Ойланып бекер босқа қапы қалма.
Бұл сөзден күң де қатты шошып кетті,
Сүйектен айтылған сөз өтіп кетті.
Бір қатын ертіп барып сарайына,
Сыртынан есігінің құлыптатты.
Күң үйге кіріп келді өңі қашып,
Қарайды жан-жағына асып-сасып.
Азырақ демін алып болғаннан соң,
Болғанын бір сұмдықтың айтты ашып.
—Баланы, сізді олар өлтір,—дейді,
Басына ажал оғын келтір,—дейді.
Егерде бұл бұйрықты атқармасаң,
Қасында жүре алмайсың тірі,—дейді.
Жалт қарап қайта тұрып есік ілді,
Келгенін нақ ажалдың енді білді.
Құпия бұл хабарды естіген соң,
Жаны шошып, денесі дірілдейді.
—Өлуден хабар кепті маған жаршы,
Қанеки, мен дайынмын жанымды алшы.
Өзіңмен ақыреттік дос болайын,
Бөбекті айла тауып сақтап қалшы.
Құпия осылай айтып жылап жатты,
Төсектен есі де ауды құлап қатты.
Ақыреттік достықты айтқаннан соң,
Күңі де қасына оның жақын жетті.
Екеуі құшақтасып егіледі,
Көлдей боп көз жастары төгіледі.
Арманы екеуінің бір нәресте,
Ойласа қабырғасы сөгіледі.
қыз кереметі
Көзіне Құпияның жас толыпты,
Екеуі қол алысып дос болыпты.
Қызығы патшамыздың атын «Гүл» деп,
Қойған соң көңілдері қош болыпты.
Маңдайға толған айдай жалтылдаған,
«Гүл» деген жазу жазды жарқылдаған.
Алтынмен буландырып болған кезде,
Бір дыбыс сырттан шықты сартылдаған.
«Кет тез!»—деп, Құпия да бұйрық етті,
Есікке жендеттер де келіп жетті.
Есіктің құлпын ашқан кезде,
Баланы күң көтеріп алып кетті.
Бұл күңнің, баланы алып кеткен, аты—Зәйіп,
Жүрмеңдер ей, жарандар, жолдан тайып.
Жақсылық пен жамандық егіз екен,
Тірлікте қағысып жүр тағып айып.
Күң кетті баланы алып құстай ұшып,
Денесі бірде ысып, бірде суып.
Кез келді алдына оның бір дария,
Байқаусыз соған олар кетті түсіп.
Дарияда біразырақ қалқып жүрді,
Біледі бұл жақтағы жатқан сырды.
Жақсылық нағыз жанға деген осы,
Сарайға жарқыраған барып кірді.
Барғаны бір сарайға болды анық,
Іштері әйнектен де болды жарық.
Жері жоқ, аспаны жоқ, халқы да жоқ,
Жұтқан ол еді нағыз алтын балық.
Зәйіптің жиырмаға келген кезі,
Жоқ еді тал бойында қылдай міні.
Балаға мейірі түсіп қос алмадан,
Сүт шықты қолдағаны Құдай мұны.
хикаялық дастандар
Баланың азықтанды шөлі қанып,
Ажалдан қалған солай осы ғаріп.
Жүргені-жүрмегені белгісіз боп,
Отырды сарайында алтын балық.
Осылай жапа көрген талай арық,
Басына қараңғылық күндер салып.
Достасқан Құпия—Зәйіп үнін естіп,
Келіпті құтқаруға алтын балық.
Заулайды алтын балық тыным алмай,
Тоқтамас уағдалы жерге бармай.
Ойланып қалдырмастан баян етіп,
Сүрінбей сөйлей берші тіл мен таңдай.
Осылай дарияда айлар жүрді,
Шалықтап жас сәби де жаңа күлді.
Толықсып айналғанда алтын балық,
Боларын бір сұмдықтың Зәйіп білді.
Саңқ етті адам дауысы ар жағында,
Ілінді балықшының қармағына.
А, Құдайлап жан-жаққа жүгіреді,
Сиынып арғы-бергі аруағына.
Құдайдың пенде көнер салғанына,
Шын тілек жеткізеді арманына.
Қуанып балықшы жүр жайнаң қағып,
Балықтың ауырлаған салмағына.
Балықшы суға қарай арқан салды,
Жағаға су ішінен тартып алды.
Тіл бітіп алтын балық балықшыға,
Сол кезде «Қоя бер»,—деп, қолқа салды.
—Өлтірме, ей, адамзат, нәпсіге ауып,
Жоғымды түсте көрген келем тауып.
Құдайдың бұйрығымен түстім ауға,
Құрарсың, алсаң тілді, үлкен сауық.
қыз кереметі
—Келіпсің, алтын балық, жерден ауып,
Құрамын кедейлікте немен сауық.
Қолымда ешнәрсе жоқ сенен басқа,
Әкелдің қандай нәрсе маған тауып?
Балықшы аз ойланып тұра қалды,
Өзінің түс көргенін ойына алды.
Балықтан көз айырмай тұрғанында,
Көңіліне бір қиялды Құдай салды.
Ойлай-ойлай балықшы «Құдай» деді,
Өзен суы салғанда ау лай еді.
Өткен түні көрсе ойлап балықшының,
Ғажайып көрген түсі былай еді.
Бір көгаршын, сегіз қарға, бүркіт қуған,
Өткізбей ұстап қалды терең судан.
Көгаршын бауырындағы баланы дәл,
Қорыққан тастап жерге айғай шудан.
Көгаршын бала үшін төкті жасты,
Бір аққу бұған келіп араласты.
Құтқарып алайын деп балапанды,
Көгаршын баласын кеп ала қашты.
Көгаршын аққуменен дос болыпты,
Аққу да балапанға ес болыпты.
Алтын бас, алтын жүнді аққу келіп,
Түсінде тұғырына кеп қоныпты.
—Мұндай түс өмірімде көрмеп едім,
Көрпеге өтіп кетті-ау тер дегенің.
Қуанып орнынан ол тұрған еді,
«Берер,—деп,—Құдай бүгін бермегенін».
Деді ол:—Жас кезімде жетім қалғам,
Теңізден қорек үшін балық алғам.
Ұстадым талай балық бұл теңізден,
Көрмедім сендей балық қолқа салған.
хикаялық дастандар
Көз жасын балықшы айтып сығып тұрған,
Бұл сөзді алтын балық ұғып тұрған.
Шығарды айдай сұлу қызды көрнеу,
Таса ғып көзден балық тығып тұрған.
Сөйледі алтын балық мойын бұрып,
Сұлудың бауырында тұр бала күліп.
«Жолдас бол ақыреттік екеуің» деп,
Суға сол алтын балық кетті сүңгіп.
Бұл іске балықшы да қайран қалды,
Кеткенін алтын балық білмей қалды.
Сұлудың келбетіне қарап тұрып,
Жығылып етпетінен естен танды.
Жүгіріп Зәйіп келіп басын құшты,
Көрмеген балықшы да мұндай істі.
Ойласақ «неке—ғайып» деген осы,
Екеуін қиын жерден Құдай қосты.
Балықшы бір уақытта есін жиды,
Некесін алтын балық өзі қиды.
Қызығы бұл жалғанның сол емес пе,
Тауыпты кеш батқанда олар үйді.
Үйіне бұлар барып жайласады,
Махаббат мәңгі солай байласады.
Зәйіппен бірге келген бала жайы,
Әр түрлі балықшыға ой салады.
Балықшы:—Гүлің—менің балам,—дейді,
Бала демей бар ма менің шарам,—дейді.
Он екіде бір гүлің ашылмаған,
Көңілім, таптың қайдан, алаң,—дейді.
Зәйіп сонда сөйледі көңілі тасып:
—Бұйырса Алла, құтылмас ешкім қашып.
Түсімде сенің маған берген балаң,
Ғайыбынан қосылдық екі ғашық.
қыз кереметі
Мінеки, осы өмірде болдым ғашық,
Өзіңді іздеп таптым арып-ашып.
Түсте көрген өңімде бойға бітіп,
Ұялғаннан ойымнан кеттім қашып.
Келдім де өлейін деп суға түстім,
Білмедім болатынын мұндай істің.
Ажалды маған Құдай бермеген ғой,
Ішіне алтын балық келіп түстім.
Құдірет әлмисақтан болған күшті,
Мен көрдім өмірімде талай істі.
Толғатып неше күндей қиналған ем,
Ақыры жерге тірі бала түсті.
—Дидарың маған бұрын таныс болар,
Елің де бұл жерде емес, алыс болар.
Сенсең сен, сенбесең қой, алған жарым,
Махшарда алтын балық қалыс болар.
Сонымен екеуара құрды кеңес,
Көрген түсі өзінің болып елес.
Балықшы сеніп қызды құшты барып,
Тұр еді болып аң-таң, сенер-сенбес.
Сөзді олар осыменен доғарады,
Балықшы өзен бойын жағалады.
Тілегі талай жылғы орындалып,
Тұрмысы күннен-күнге оңалады.
Сөйлейін уақиғаны қайта бастан,
Құпияға сегіз қатын қылды қастан.
Пос қойған сарайында зар еңіреп,
Өліпті түйір татпай Құпия аштан.
Сарайға жан келмеді қадам басып,
Рақымсыз жетсе де ажал аран ашып.
Кеткен соң күң жоғалып сегіз қатын,
Бір бақа науаға алтын қойды қосып.
хикаялық дастандар
Тыншымай сөйтсе де олар алаң болды,
Ішкені сегізінің арам болды.
Бойына үйретуге бақаларын,
Науаға ұстау үшін салды қолды.
Патшаның бір әйелі Әйім атты,
Ішінде сегізінің салауатты.
Құпия өлді деген хабар естіп,
Аһылап төсегінде жатып қапты.
Бір жендет бақаларды тарбаңдатып,
Қойынына салды оның қалған жатып.
Шыңғырды үрейі ұшып Әйім сонда,
Сілейе қалды бір дем тастай қатып.
Көтеріп жеті қатын алып кетті,
Амал не естен Әйім танып кетті.
Бақаның шуылынан жаны шошып,
Ақыры оған дағы ажал жетті.
Сарайын Әйімнің де пос қояды,
Құпия сарайына да пос қояды.
Болды деп тілек орын жеті қатын,
Масайрап бір-біріне бас қояды.
Қаналы аңға кеткен қырық күнге,
Көнді деп тоғыз қатын айтқан тілге.
—Көксеген мақсатыма қолым жетті,
Құдайдан не тілейін онан өзге.
Жетті оған хабар сол кез құстай ұшып,
Хабаршы тағзым етті аттан түсіп.
—Бұл дүние опасы жоқ кім тұрады,
Екі ханым кетті,—дейд,—аспанға ұшып.
Қайтты кейін ол патша күні бітпей,
Тоқтамады жүрегі үйге жетпей.
Жарлығы бұрынғы ойға енді оралды,
Тұрар деп барғанша өзім қапы кетпей.
қыз кереметі
Жетіп кеп желдей есіп сарайына,
Қарады аң-таң болып маңайына.
Сарайда аз отырып байқап еді,
Жолықты көңіл айтқан талайына.
Еш адам сөйлемеді сырды шашып,
Қаналы сыртқа шықты қадам басып.
Құпияның сарайына кіріп барды,
Ақырын еппен ғана есік ашып.
Құпия ұйықтағандай жатқан сұлық
Патшаның зәресі ұшты еті суып.
Өлімге қия алмады жас ханымды,
Жатқандай еркелік қып, ханға қулық.
Бассалды құшақ жайып, бетін ашып,
Көңілі ашылғандай судай тасып.
Өлгелі неше уақыт болып кеткен,
Бұзылып кеткен екен тәні сасып.
Жығылды патша шошып тайсап барып,
Өлгені Құпияның болды анық.
Еңіреп қос жанардан бұлақ ағып,
Сүйеді басын келіп көрген халық.
Қамығып қайғырғанда пайда бар ма,
Тоқтайды сыңар езу асау тай да.
Сұрады көпшіліктен мойын бұрып,
—Құпия жарым тапқан бала қайда?!
Бейтаныс бір ақсақал аттай желіп,
Сөйледі:—Отырмыз,—деп,—біз де келіп.
Баласын Құпияның біле алмадық,
Сарайға кіру қайда біздегі ерік.
Толғатқан тоғыз әйел бәрі тегіс,
Туды деп хабар алдық еміс-еміс.
—Сарайда бір жан қоймай қайтар дағы,—
Деді шал,—әйелдермен өзің келіс.
хикаялық дастандар
Болғанын бір сұмдықтың хан да білді,
Шығуға барлық жанға әмір қылды.
Қасына әлгі шалды ертіп алып,
Сегіз қатын сарайына барып кірді.
Сарайға жетіп барса алтын науа,
Ішінен көрді жортқан тоғыз бақа.
Шошынып патша сонда айғай салды,
Шалға әлгі,—Ұят-ай,—деп,—жұрттан, ата.
Атажан, маған жұмбақ істің сыры,
Кетеді шүберектің жуса кірі.
Патша боп бала орнына бақа бағып,
Жүруім енді қиын болды тірі.
—Қаналы, бастан-аяқ ісің қата,
Бермеймін дейді ақсақал саған бата.
Басын ал жеті жендет қастан болған,
Болады өлтірмесең басқа тата.
Бұл сөзді менен басқа жан білмейді,
Өзі болған Құдайды көзге ілмейді.
Тәңірге қарсылығың осы емес пе,
Бақалар адам болып өзгермейді.
Сен мені танимысың Қызыр атым,
Ұқтың ба ата-бабаң асыл затын.
Он бес жыл некеленбей сен жүресің,
Құдайым бұйырмады саған қатын.
Құдайдың құдіреті болар күшті,
Өзіңе тауып алдың қиын істі.
Алатын нақ некелік мұнан кейін,
Дүниеге данышпан қыз жаңа түсті.
Ақсақал сөзін солай айтып болды,
Көрсетті Қаналыға жүрер жолды.
—Он бес жыл білгеніңді істей бер,—деп,
Табанда Қызыр көзден ғайып болды.
қыз кереметі
Қаналы тұрып қалды аң-таң қалып,
Бір сөзді айта алмады ашып-жарып.
Ашумен сарайына қайтып барып,
Тастады жеті қатын басын алып.
Азырақ ой ойлады бұл кейіндеп,
«Бекерге халық қанын ішпейін деп.
Жолына ата-бабам оралайын,
Жауыздық жолға енді түспейін» деп.
Еліне ақиқаттың жолын ашты,
Ізімен ата-баба тура басты.
Халқына ақиқатты жариялап,
Жоқ, жетім, кедейлердің көзін ашты.
Осындай жылдар жылжып өтіп жатты,
Таратты кедейлерге сахауатты.
Патшаның даңқы шығып дүниеге,
Сапарлап сырттан адам келіп жатты.
Ақсақал Қызыр айтқан жылдар толды,
Жүргізді патша жарлық оңды-солды.
Шақырып уәзірлердің басын қосып,
Сарайда бірнеше күн кеңес болды.
—Қуанса,—деді,—жүрек жарылады,
Ағылса іштегі шер арылады.
Үш сұрау алдарыңа мен қояйын,
Бастарың таппасаңдар алынады.
Патшаның жанарын бұлт басып кетті,
Бір жарлықтан бір жарлық асып кетті.
«Тағы да қандай пәле тапты екен» деп,
Отырған уәзірлер шошып кетті.
Қаналы он бес жылдай сабаз болған,
Халқы да есін жиып жаңа оңалған.
Сұрауды таба алмаса қырғын болар,
Жолына қайта түсті бұл оңбаған.
хикаялық дастандар
Жан таппай уәзірлер үрейі ұшты,
Бірінен сұраулардың бірі күшті.
—Не тәтті, не қатты, не қызық?—деп,
Сұраулар осылайша келіп түсті.
Үш күнде жауап түгел табасыңдар,
Мал-мүлік тапсаң қанша аласыңдар.
Хан жарлығы екі емес, біреу ғана,
Таппасаңдар өлік боп қаласыңдар.
Ұстады уәзірлерді аяқ жақтан,
Патшаның сыры құпия іште жатқан.
«Құдай салса, құл көнді» деген осы,
Тіледі бәрі тілек жалғыз Хақтан.
Жауыздық ұнап отыр ханға мақтан,
Мойнына талай сабаз қанын артқан.
Үш күнде бір уәзірдің басын алды,
Жарлығын орындамай ол түспес тақтан.
Әрбірі жауап берді шатып-бұтып,
Патшекең отыр қанды ұрттап-жұтып.
Арада Әзірейіл де дем алмады,
Санаса отыз тоғызға барды жетіп.
Қырқыншы бас уәзір—Нәсіп батыр,
Аяңдап хан алдына келе жатыр.
Қар жауып қабағынан қарс ұрады,
Басына орнағандай заманақыр.
—Дат, тақсыр, алдыңызға келіп тұрмын,
Болмасам жарлығыңда неғып тұрмын.
Аруағы ата-бабам қолдамаса,
Жан қалмасын осыдан біліп тұрмын.
Қаналы, патша болдың дүрілдеген,
Он бес жыл жаман атың білінбеген.
Қарастың жетім-жесір, жоқ-жітікке,
Өзіңе адамдар аз қырын келген.
қыз кереметі
Саяңда мен ондаған жылдай жүрдім,
Тозсам да табанымнан зырлай білдім.
Жан қидым, өлтір мені алдыңда осы,
Қылығың жақсы болса шықпайды үнім.
Қаналы аз ойланып тоқтай қалды,
Екі адам уәзірге жақын аттай барды.
Қайтуы хан сертінен болмаса да,
Қостым деп саған үш күн тоқтап алды.
Нәсіп те патша алдында шалыс айтты,
Көз қылып, қол қусырып алғыс айтты.
Бергені үш күн өмір үш жылдай боп,
Еңсесі түсіп төмен үйге қайтты.
Үйіне Нәсіп барып жата алмады,
Түйір дән үйден үш күн тата алмады.
«Жетті,—деп,—ажал маған» бала-шаға
Алдында айтуға ашып бата алмады.
Қарыны аш, ас батпайды қиял басып,
Қып-қызыл кетті беттен шырай қашып.
Сүйекке ет жабысып табыт болды,
Құдайдан қасық қанын сұрай Нәсіп.
Әкесін кетті шошып қызы көріп,
Жабысқан дерттің ауыр ізін көріп.
—Жайыңды ұғайын деп іштен тынған,
Қасына отыр,—деді қызы келіп.
—Сүйікті, мейірімді ата,—деді,
Алайын деді өзіңнен бата,—деді.
Жасырсаң ауруыңды өлім анық,
Айтпасаң нақ сырыңды қата,—деді.
Шақты ата қандай жерден улы шаян,
Қалдырмай барлық істі етші баян.
Қайғыңыз сіздің бізге қарыз болар,
Сарайда болған істер маған аян.
хикаялық дастандар
Әкесі сонда орнынан аунап түсті,
Ішінде өзі білер дерті күшті.
Қызына бастан ақыр айтып берді,
Қалдырмай сарайдағы болған істі.
—Шырағым, айналайын, балам,—дейді,
Бұл іске болма, балам, алаң,—дейді.
Сауалын таба алмадым Қаналымның,
Өлімге ертең түсте барам,—дейді.
Сарайда бірнеше күн құрдық кеңес,
Өлімнен хабар келді бізге елес.
Таппаса басты алады үш сұрауды,—
Деп қалды жарлықтан ол қайтар емес.
Таба алмай отыз тоғыз өлді уәзір,
Маған да кезек, міне, келді қазір.
Жауабын сұрауының таба алмадым,
Ажалға Әзірейіл бол дейді әзір.
—Қаналы ебін тапса ақ көңілді,—
Деді қыз,—өткізбек ол жақсы өмірді.
Кім оған шағым айтып бас алдырса,
Ақыры өзінің де басын жейді.
Өлтірген талай-талай есіл ерді,
Жамандық бір күн іштен тесіледі.
Болса да қандай сұрау айтшы, ата,
Мағынасы көп ұзамай шешіледі.
Төсектен Нәсіп басын жұлып алды,
Қызының бұл сөзіне қайран қалды.
Өңіне қуқыл тартқан қан жүгіріп,
Айтуға ажарланды ахуалды.
—Ей, балам, әзір менің дертім күшті,
Сарайда баяндайын болған істі.
«Не тәтті, нелер қатты, не қызық» деп,
Патшадан табасың деп сұрау түсті.
қыз кереметі
Білердей барлық істі баяндайсың,
Әкеден шыбын жанды аямайсың.
Бесіктен белің шықпай нені ұғасың,
Шырағым, оған жауап таба алмайсың.
—Атажан, көтерші бір көңіліңді,
Құдайым ұзын етсін өміріңді.
Жауапты мен берейін хан алдында,
Таппасам мен алайын өліміңді.
Балаға әке мұңы биік белес,
Сарайда болған екен құрып кеңес.
Қай мезгіл өлерімді білмесем де,
Патшаның бұл сауалы қиын емес.
Рұқсат берші маған, ғазиз ата,
Құдайға түзу ісің болмас қата.
Жауапты хан алдында мен айтайын,
Қол жайып ықылас бер маған, бата.
—Құлыным, омырауда жалғыз танам,
Патшаға барамын деп болма алаң.
Сауалға жауап тапсаң айтшы қане,
Алдына ол патшаның өзім барам.
—Сөйлесе әке сөзі болады бал,
Бола көр ата-баба аруағың жар.
Сауалды шешіп берем, атажаным,
Сөзімнің бірін қоймай үйреніп ал.
Сөйлейін бірінші деп махаббатты,
Болмайды бұл жалғанда одан тәтті.
Екінші, ойлау керек жоқшылықты,
Жоқ екен бұл дүниеде одан қатты.
Патшаңыз бұдан кейін болмас бұзық,
Күнә мен сауап жазар Алла сызып.
Үшінші жауабы сол сауалыңның,
Келген соң тірлікке осы, бала қызық.
хикаялық дастандар
Бұл сөзді естіп Нәсіп күліп алды,
Орнынан қуанғаннан тұрып алды.
Жалғызын құшырлана бір сүйді де,
Сарайға іркілместен жүре барды.
Тоқтамай патша алдына жетіп келді,
Патша да уәзірге көңіл бөлді.
Жауабын қызы үйреткен бірін қоймай,
Ханға сол бастан-аяқ айтып берді.
—Ей, Нәсіп, қайда барып паналайсың?
Не үшін жан-жағыңа алаңдайсың.
Жауабын қандай адам тауып берді,
Сен мүлде бұл жауапты таба алмайсың.
Уәзір бұл сөзімді ойлап көрші,
Жауапты өзің тапсаң бері келші.
Екеуміз ақыреттік дос болайық,
Мәнісін үш сұраудың шешіп берші.
Уәзір Нәсіп сонда сасып қалды,
Аяғын кейін қарай басып қалды.
—Аз уақыт беріңіз,—деп,—алдияр хан,
Өзінің таппағанын ашып та алды.
—Уәзірім, қасарыспа, райдан қайт,
Алынса басың мүмкін боласың шейт.
Уақыт бере алмаймын үшінші рет,
Табанда өлмес үшін шыныңды айт!
—Алдияр, болса айтайын сөзің тамам,
Мен әйтеу бағынышты өзіңе аян.
Шырағым маңдайдағы он бестегі,
Үйретті жауапты сол қызым маған.
Сөзімнің нақ расын баяндайын,
Азырақ уақыт бер аялдайын.
Жолығып сол қызыма келем қайта,
Тезірек рұқсат етсең аяңдайын.
қыз кереметі
—Жалған сөз дүниеде болар арам,
Жазылып қашан кетер іштен жарам.
Бар да тез шақыр өзін, кешікпесін,
Мәнісін шешіп берсін келіп балаң.
Қаналы жерден ауыр ойға кетті,
Байқасам мақсатына ақыр жетті.
«Данышпан Қызыр айтқан қыз болар» деп,
Сабыр қып осы істің артын күтті.
Қыз кірді патша алдына ебін тауып,
Бетімді көрмесін деп перде жауып.
Қырандай қызыл көрген бас салар деп,
Сақтанды Қаналыдан етіп қауіп.
—Алдияр, шақырыпсың келдім жетіп,
Жұмсапсың әкемді де селкілдетіп.
Істейтін шашымнан көп жұмысым бар,
Шақырдыңыз неге мені әуре етіп?
Аман ба мал-басың, патша әйім,
Жаратқан бәрімізді бір Құдайым.
Халқымыз қазір ауыр күйзелуде,
Біліңіз осылардың халы-жайын.
Отырсың сарайыңда жарлық шашып,
Еш адам құтылмайды сенен қашып.
Данышпан жалғыз тудым деп ойлайсың,
Тумап па басқа адамзат сенен асып?
Жүретін түзу жолды біле алмадың,
Қызырдың айтқанына тіл алмадың.
Адамды сонша қырып кінәсі жоқ,
Атаңның аруағынан ұялмадың.
Сөйлеп тұр алдыңызда міскін-ғаріп,
Тастарсыз, қаһарлансаң, басымды алып.
Қайтпасаң райыңнан, патша әйім,
Өтерсің дүниеден көрмей жарық.
хикаялық дастандар
Сарайға уәзірді түгел жидың,
Бәрінің зұлпықармен басын қидың.
Жауабы әкем айтқан ұнамаса,
Оның да басын алмай несін қойдың.
Мәнісін шешсін депсің балаң келіп,
Жүгірдім қуанғаннан аттай желіп.
Шартым бар сізге айтатын, патша әйім,
Сөз аяғы біткенше берсең ерік.
Қаналы тағында отыр жауап күтіп,
Ашумен ара-тұра қабақ шытып.
Деді:—Ерік берем қалдырмай айт,
Тынғанша тоқтатпаймын сөзің бітіп.
—Сұрауың,—деді қыз да,—жанға батты,
Бірінші, тәтті дедім махаббатты.
Бір күні әке-шешем ұрсысып қалып,
Балтамен шешемді әкем ұрып қапты.
Шешеміз зар жылады ойбай салып,
Бір қолын кесіп кетті балта барып,
Есі ауып босағада жатып қалды,
Қолынан бейне судай қаны ағып.
Шешемді құшақтадым жаным ашып,
Кетіпті әкем қорқып қаны қашып.
Әкеме ұрсайын деп жалт қарасам,
Тұр екен таппай шара асып-сасып.
Кетер деп мен ойладым шешем қашып,
Екеуі бір-біріне болған ғашық.
Ортада екеуінің ұйықтап қаппын,
Оянсам жатыр екен сыбырласып.
Екеуі әңгіме айтып күліп жатты,
Махаббат қызығына терең батты.
Бір күндік араздық жоқ арасында,
Махаббат бұған қарап дедім тәтті.
қыз кереметі
Екінші, қатты дедім жоқшылықты,
Әкеме бір көршілес адам бопты.
Үйіне қонақ келіп осылардың,
Қазанын біздің үйдің сұрап кепті.
Біздің де үйге мейман келіп қапты,
Жоқшылық қажытады адамзатты.
Аһ ұрды ол, қазанды алдық, бұған қарап,
Жоқ екен деп ойладым жоқтан қатты.
Үшінші, мен сөйлейін бала жайын,
Сөзімді ұғын патша саралайын.
Көрсем деп бір шыр еткен мәлім патша,
Алды деп тоғыз қатын шамалаймын.
Бұл сөзді естіп патша таңғалыпты,
Өзінің ағаттығын аңғарыпты.
—Данышпан Қызыр айтқан қыз екенсің,
Некелеп аламын деп қамданыпты.
Деді қыз:—Патша мені ала алмайсың,
Неліктен сөз артына қарамайсың.
Шартым бар некелесіп шығуға ерге,
Сертіме мүмкін менің жарамайсың.
—Аш,—деді хан,—пердеңді ханышамыз,
Азырақ дидарласып танысамыз.
Он бес жыл бұрын айтқан Қызыр атам,
Дүниеге келеді деп данышпан қыз.
Серт берген айтып Қызыр Құдай атын,
Он бес жыл бұйырмады маған қатын.
Шартыңды орындаймын қанша болса,
Келсеңші бері таман маған жақын.
—Алдияр, айтам сізге арманымды,
Қызықпен өткіз дүние жалғаныңды.
Шартымды орындасаң, мен сендікпін,
Шайнарсың орындамасаң бармағыңды.
хикаялық дастандар
Өстіп қыз пердесін де ашып қалды,
Нұрланып сарай іші шамдай жанды.
Туғалы мұндай сұлу көрмеп еді,
Телміріп жүзіне оның қайран қалды.
—Айтқаны Қызыр атам болды-ау анық,
Барамын ғашықтықтан оттай жанып.
Деп патша айрылғандай ақыл-естен,
Асылды мүлде тағат таппай барып.
—Уа, тақсыр, құп алмаймын мұныңызды,
Тартыңыз мойнымнан тез қолыңызды.
Шартым бар демедім бе өзіңізге,
Түзулеп бір алайық жолымызды.
Жақсы күн туғызалық халқымызға,
Тура емес бұл ісіңіз салтымызға.
Сабырлы, салмақты бол сары алтындай,
Асықсаң жақсы болмас арымызға.
Жүргенге кезігеді еңіс пен өр,
Бұл іcті, патша әйім, ойланып көр.
Серт қайда баста айтқан өзіңізге,
Шартымды мен айтайын тілекті бер.
—Мен, міне, отыз беске биыл келдім,
Тілегін орындаймын дүние елдің.
Айт қане, шарттарыңды, данышпан қыз,
Мен мәңгі дидарыңа сүйінемін.
—Болмайды нақ алтындай қола мен жез,
Жақсыны жамағанмен көреді көз.
Не қылған Гүл Тәжіге?—шартым осы,
Шешіп бер мағынасын бір ауыз сөз.
Ер жігіт әрбір іске сақ болады,
Адамға Құдай өзі жақ болады.
Жауабын тауып қалсаң, патша әйім,
Басыңа бұдан артық бақ қонады.
қыз кереметі
Адамға рахат жоқ, жапа шекпей,
Отырсың тағыңда елді баса-көктей.
Түбіне осы сөздің бір жетіп қайт,
Дүниеге бекер келіп, бекер кетпей.
Кетпеңіз таппадым деп серттен тайып,
Батасын Қызыр берген қолын жайып.
Шеше алсаң өмірдегі қызығың сол,
Айтты деп жұмбақ сөзді қылма айып.
Бұл сөзді патша естіп болды алаң,
Ер жігіт серттен тайса бола ма адам.
—Сұрауың терең екен, данышпан қыз,
Іздейін,—дейді,—жауап қайдан табам?
—Деп аттан «ата-бабам өзің қолда»,
Көресің қиыншылық сапар жолда.
Сұрай бер кездескеннен сұрау мәнін,
Табарсың аз болғанда екі жылда.
Тәуекел деп жүрмек болды белді буып,
Сертінен қайтқан емес өзі туып.
Бастаса Қызыр атам оң жолына,
Екі жыл алыс емес о да жуық.
Қаналы серт бойынша кетті жүріп,
Қыз қалды болар істің бәрін біліп.
«Уәде Құдай аты» деген осы,
Тұрмас па ед аз уақыт ойнап-күліп.
Бастығы жолдасының болды Нәсіп,
Айтпады іште сырды оларға ашып.
Мінгені бәрінің де дүлдүл—тұлпар,
Бір айлық жолды кетер бір күн басып.
Қаналы сапар шегіп кете тұрсын,
Арада ай мен жылдар өте тұрсын.
Сөйлейін аз әңгіме Гүл жетімнен,
Тыңдайтын оқырмандар көңіл бөлсін.
хикаялық дастандар
Балықшы ау салып күн кешіреді,
Маңдайдан сылап Гүлді өсіреді.
Ержетіп толған айдай сұлу болды,
Көрген жан қарап көзден тесіледі.
Қырмызы мінез берді құралайдай,
Қарасаң сымбатына атқан таңдай.
Құбылып тоты құстай түрленеді,
Жарқырап тікше біткен ақша маңдай.
Қыпша бел қиылып тұр, қиғаш қасы,
Төгілген балтыр ұрды жібек шашы.
Үлпілдеп ақ торғындай кір шалмаған,
Он беске биыл міне келді жасы.
Гүл бір күн түске жақын суға барды,
Қолына екі шәугім ала салды.
Тасалап бір ағашты келе жатса,
Көреді суға түскен балаларды.
Баспалап тал түбінде тұра қалды,
Бір бала тақиясын қолына алды.
Басында алтын айдар жарқ-жұрқ етті,
Гүл көріп оны іші оттай жанды.
Қараса сымбатына толған айдай,
Қып-қызыл екі беті таңқурайдай.
Сымбатты тұрпатына көз тоймайды,
Жас жігіт Гүл жүрегін жаралады-ай.
Көрді де жүзін оның қайран қалды,
Өстіп те тартады екен тірі жанды.
Баланың шарапаты басып түсіп,
Гүл сол кез таппай тағат естен танды.
Балалар бір уақытта тарасады,
Қаншама күлсе де ойнап жарасады.
Бұл істің сырын қанық білмеген жан,
Бәрібір немен олар санасады?
қыз кереметі
Гүл келді судан қайтып өңі қашып,
Аяғын жүре алмайды тура басып.
Құманмен суды әкеліп қоя салды,
Ерекше асыққандай асып-сасып.
Шешесі баласына салды көзін,
—Не болып демде қалдың, қалқам өзің.
Еріксіз көзден жасы ағытылып,
Бір ауыр Гүлді баурап алды сезім.
—Не болды, айналайын, жаным саған,
Өңіңді көріп көңілім болды жаман.
Табанда қандай іске душар болдың,
Көкем-ау, көргеніңді айтшы маған.
Әр істі шешесі ойлап аң-таң қалды,
Бала үшін қисам дейді шыбын жанды.
Егіліп ана сұрап тұрғаннан соң,
Ақтарды қоймай түгел іште барды.
—Мен көрдім суға барып бір баланы,
Жүрегім соны көріп жараланды.
Тесіліп қарасам да көз айырмай,
Артына бұрылып ол қарамады.
Бұралған тал шыбықтай неткен сұлу,
Жарқылдап әдеті екен ойнап-күлу.
Мен соған болдым ғашық, жаным ана,
Не қажет онсыз маған тірі жүру.
Ойласам сол баланы күйіп барам,
Бір Алласы жар болар ма қиып маған.
Білсеңіз айтып берші, шешетайым,
Із-тозын енді оның қайдан табам.
Шешесі бір дем одан қылды қауіп,
Балаға кеткен-ау деп көңілі ауып.
Біреудің аманаты ақыреттік,
Берсем деп ойлайтұғын теңін тауып.
хикаялық дастандар
—Баланың,—деді анасы,—Ғалым аты.
Ақылгөй деп естігем асыл заты.
Өнерлі саудагердің ұлы дейді,
Халыққа білінбеген жаман аты.
Сауда алып дүкенінен көргем мен де,
Жаралмайды дүниеде ондай пенде.
Қол жайып бата берем, жаным балам,
Сол бала болса егер көрген сен де.
Саудагер баласы екен жалғыз туған,
Байлықпен өнер іздеп дүние қуған.
Дәл соған шын ынтызар болсаң, жаным,
Тос оны ертең түсте сол арадан.
Әр күні түске жақын суға келер,
Құдайдан шын тілесең тілек берер.
Бар дағы су бойына басыңды жу,
Ол бала ғашық болса белгі берер.
Жақтырса жолдас етер, ол да сетер,
Жүзіңе болса көңілі қарап өтер.
Егерде көз қиығын салмай кетсе,
Бір сенің ғашықтығың болар бекер.
Бұл дүние алдап жүріп өтіп кетер,
Біреуді-біреу әркез құмар етер.
Жүрекпен екі ғашық табысса шын,
Ойлаған мақсатына ақыр жетер.
Осындай сұхбаттасып жатып қалды,
Гүл сұлу қиялға ауыр батып алды.
Таң атты қыз да балқып сары алтындай,
Түрленіп су бойына жетіп барды.
Гүл отыр тамашалап күтіп жолды,
Екі аққу ұшып келіп көлге қонды.
Махаббат үнін олар сұңқылдатты,
Жалпылдап қуаласты оңды-солды.
қыз кереметі
«Құдай-ау, тілек бер» деп қылды талап,
Жолына ғашығының тұрды қарап.
Келер деп қашан жетіп таппай тағат,
Саусағын сағат қылып отыр санап.
Келді олар көл бойына түске жуық,
Еңкейді қыз да суға шашты жуып.
Сығалап шаш астынан қарап еді,
Денесін өтті өрттей ыстық ұрып.
Балалар дүрілдетіп жетіп келді,
Көлге кеп басын жуған қызды көрді.
Жалт қарап шашын сілкіп қалған еді,
Гүл деген тартты жазу көзі барды.
Көрді де Ғалым оны, оттай жанды,
Айналып басы зеңіп естен танды.
Қасында жолдастары байқап оны,
Ғалымның басын келіп сүйеп алды.
—Пері ме мынау өзі адамзат па,
Маңдайында жарқылдаған жазған хат па!
Аралап дүниені қыз іздедім,
Еш жерде кездеспедім мұндай затқа.
Жаһанда жаралмайды мұндай сұлу,
Денемді шарпып өтті ыстық жылу.
Байқасам қабағыңда қайғы ізі бар,
Қашанда парыз маған мұны білу.
Күндегі тоқтап тұрсын тамаша да,
Жолдастар бір сыр айтсам жараса ма.
Қыз нәзік ұялады балалардан,
Кезігейін өзім жалғыз оңашада.
Балалар бұл сөзді естіп жайраң қақты,
Табанда Ғалым амал ойлап тапты.
Бұл жерде жөні жоқ деп тұру енді,
Ауылына бірі қалмай түгел қайтты.
хикаялық дастандар
Жақындап Ғалым қызға қадам басып,
Ойлады сөз түйінін алсам ашып.
Гүл сұлу әрең тұрған құмарланып,
Ғалымды тартты өзіне құшақ ашып.
Тұнық көл жағасында екі ғашық,
Сырласты ғашықтықтың отын басып.
Құдіреті махаббаттың осы емес пе,
Жайнатты төңіректі нұрын шашып.
—Өзіңе, жігіт, жаным, күйдім,—дейді,
Жетерлік мал-дүние жидым,—дейді.
Мәңгілік қосылуға серт байласаң,
Сен үшін шыбын жанды қидым,—дейді.
—Ойлама,—деді қыз да,—олай-бұлай,
Өзіңе әрең жеттім жылай-жылай.
Сен күйген жалынға сол мен де күйдім,
Тілекке жеткізсе екен Жаппар Құдай.
Екеуі толықсыды толған айдай,
Уақыт өтіп жатты найзағайдай.
Ынтызар ғашықтардың бар ма арманы,
Арманға жетсе бәрі осылардай.
Қыз қайтып кетті үйіне судай тасып,
Асығыс келе жатты аяқ басып.
Патшасы осы жақтың Тәжі деген
Кездесті қарсы алдында қатарласып.
Құс салып, ит жүгірткен өңкей манап,
Асынған өн-бойында қару-жарақ.
Дидарын көріп Гүлдің мәңірейіп,
Аң-таң боп тұрып қалды сүзе қарап.
Пысқырып қыз бұларға қарамады,
Патшаның жанын жалын аралады.
Ақырған арыстандай қайран сабаз,
Батынып Гүлдің жөнін сұрамады.
қыз кереметі
Ол патша көз айырмай тұрып қалды,
Күрсініп іштен ауыр тынып та алды.
Дария жағасында жалғыз үйге,
Қыз барып кіргендігін көріп қалды.
Бұл патша биыл келген он бес жасқа,
Көрмеген айдай сұлу мұнан басқа.
Көркіне ғашық болып құлады аттан,
Соғылды тұрған жалғыз қара тасқа.
Ойласа осы қызды дерті күшті,
Басына Құдай салды мұндай істі.
Патшасын құлап қалған көзі көріп,
Жабырлап жолдастары аттан түсті.
Отырып айдалада кеңес құрды,
Болғанын қызға ғашық енді білді.
—Уа, тақсыр, тілегіңіз орынды,—деп,
Отырған жолдастары ойнап-күлді.
—Патша әйім, бұл ісіңіз жөн болмайды,
Төре мен қара әркез тең болмайды.
Десек те ғашықтықтың оты күшті,
Алмасаң қызды тағы ем қонбайды.
—Алғанның осы қызды жанар бағы,
Патшамын,—деді,—Тәжі сынбас тағы.
Аламын жаным пида осы жолда,
Кетсе де жеті атамның алтын тағы.
Қайталық, тақсыр, біраз көңіл ашып,
Барайық үйіне оның амандасып.
Көңілің ауған болса сол аруға,
Кетейік бүгін кеште құдаласып.
Жөн көріп осы сөзді жүріп кетті,
Сол үйге қоналқыда барып жетті.
Жүрісін салтанатты көріп оның,
Қыз білмей не қыларын зәре кетті.
хикаялық дастандар
Отырды жақсы-жайсаң мейман болып,
Балықшы қонақтарға берді ерік.
Арада біраз уақыт өте бере,
Бір жез мұрт сөз сөйледі аттай желіп.
—Патшамыз мына отырған Тәжі деген,
Үйіңе ат сабылтып әтей келген.
Қызыңа ғашық болды көріп жүзін,
Әйтпесе қыз табылар бүкіл елден.
Патшамыз он бес жасқа келді биыл,
Мүшелден асып кетті, жылы—сиыр.
Ғашықтық жазылмайтын үлкен дерт қой,
Өтпеді тамағынан жалғыз түйір.
Ұнатсаң кетпекшіміз құдаласып,
Алайық біржолата сөзді де ашып.
Отырсың, ата-анасы, қыз не дейді,
Патшамыз қара демей болды ғашық.
Балықшы бас көтеріп ырғалады,
Зәйіпке жауап бер деп ым қылады.
Мейманға бас көтеріп қыз қарады,
Дегендей сөзге құлақ кім бұрады.
—Келіпсің мейман болып өңкей аңшы,
Болсаңдар Әзірейіл, жанымды алшы.
Ғашық боп өтпесе егер бір түйір дән,
Көрейін көзімменен өліп алшы!
Аң емес қаңғып жүрген атып алар,
Жақсының айтқан сөзі іске жарар.
Айтқанды айып етпе, қонақтарым,
Қызығып қиялым жоқ ханға барар.
Ішпесең мен деп тамақ аш қаларсың,
Еліңді бүйтсең қайтіп басқарарсың.
Қара қызы тіліме көнбеді деп,
Мықтасаң жауыздықпен басты аларсың.
қыз кереметі
Балықпен күн көреді әке-шешем,
Бармаймын сарайыңа аштан өлсем.
Мұнан да ауыр сөздер айтылады,
Алдыма қайта айналып тағы келсең.
Ырғалды меймандары демі қысып,
Шыдамай отыр патша кеуіп-ісіп.
«Аңшылар» деген атақ алып қыздан,
Ләм демей кетті бәрі жолға түсіп.
Ашумен патша барып таққа мінді,
Шақыртты әмір беріп бүкіл елді.
Адамдар бірі қалмай келсе керек,
Алаңға көз жетпейтін әрең сиды.
—Халайық, патша сайлап бердің ерік,
Қыздарың өтсін алдан түгел келіп.
Бағыңа қызың маған жарап қалса,
Беремін қазынаның теңін бөліп.
Алаңға ертеңінде қыздар келді,
Бақытты қандай қыздың болар жолы.
Қыз деген патша елінде аз бола ма,
Үзіліп елу күнде әрең болды.
Ешкімге патша көз сап қарамады,
Бір де қыз көңіліне жарамады.
Шемен боп қатқан іште Гүлдің сөзі,
Ашуы патшаның да тарамады.
Бұл арман патшаны анық өртеп өтті,
«Әкел,—деп,—балықшыны» әмір етті.
Жасауыл балықшыны түстік жолдан,
Қаңбақтай дедектетіп алып жетті.
—Кетіпсің,—деді патша,—әлден асып,
Дедің бе құтылайын менен қашып.
Қызыңды жібермеген кінәң үшін,
Қазір мен өлтіремін дарға асып.
хикаялық дастандар
Ас,—деп,—тез,—жасауылға әмір етті,
Қыл арқан қысты мойнын, әлі кетті.
Перделі ақ боз атты құйғытқан жан,
Табанда қыл арқанды қиып өтті.
Алдына ол патшаның барып түсті,
Байқасақ топ ішінен құстай ұшты.
Пердесін қалғанда ашып Гүл екенін,
Тани сап патшаның да зәресі ұшты.
—Бұл қалай,—деді сұлу,—патша әйім,
Батыпсың күнәға ауыр барған сайын.
Кінәсіз неге әкемді дарға астың,
Ұғайын деп келіп ем мұның жайын.
Орынсыз жарлық шаштың халқымызға,
Бұл ісің жараса ма салтымызға.
Хан болып қараға кеп табынғаның,
Дақ салар деймін таудай даңқыңызға.
Бола ма әйел үшін үлкен жиын,
Кім келді алдыңызға сұрап тиын.
Елу күн қыздарды айдап алаңыңда,
Қорладың, сол ел жұртқа тартқан сиың.
Әкемді кінәсі жоқ байлап алдың,
Жауыздық деп мұныңды ойламадың.
Қызықпаймын тегі саған демедім бе,
Мен бе едім әлі сенің ойлағаның?
Босат деп әкемді тез қарады оған,
Сүйінді жұрт та оны орап алған.
Жүзіне қыздың патша телміруде,
Ғашықтық өйткені оты тарамаған.
Ғалым да жетіп келді топты жарып,
Гүл үшін түсті ортаға жанын салып.
—Тұтқынды босатыңыз,—деді ханға,
Берейін қыздан толық жауап алып.
қыз кереметі
Ғалым мен патша бұрын таныс екен,
Бұл дағы баяндасақ барыс төтен.
Сол патша балықшыны қоя берді,
Уәде ап қызды алуға арысекең.
Әкесін қыз үйіне алып қайтты,
Астарлы патша сөзін танып қайтты.
Ұзамай Ғалым арттан қуып жетіп,
Уәдесін патшамен анық айтты.
Айтайын аз әңгіме, тыңда сөзді,
Сен үшін патша мүлде жаннан безді.
Алады—алам десе, бәрі қолда,
Болмаса ойып алар екі көзді.
Патшадан келіп отыр үлкен қауіп,
Бармасаң басты алады түгел шауып.
Қайғысы әке-шеше бізге қарыз,
Болмаса кетер едім ебін тауып.
Ғалымға Гүл ашумен қарай қалды,
Өрт болып тұла бойы оттай жанды.
—Бар сенген ерлігің осы болса,
Көрмейін ендеше ертең атар таңды.
Тең емес саған қанша елді жиса,
Болар ма ер азамат серттен тайса.
Барғанша патшаға осы өлген жақсы,
Қара жер қабыл көріп құшақ жайса.
—Тілеймін Құдайдан, Гүл, өміріңді,
Босатпа маған деген сеніміңді.
Патшаға жалған неке қидырайын,
Бердің ғой маған мәңгі көңіліңді.
Өнерлі туып едім елден бөлек,
Шықпас деп ойлаушы едім менен зерек.
Патшаға көлеңкеңді көрсетейін,
Бар еді бір досымда сиқырлы әйнек.
хикаялық дастандар
Тілімді ал, барамын де, ғашық жарым,
Айламен сені алмасам кетер халім.
Патшаның ернін саған тигізбеймін,
Кеудемнен шықпай тұрса шыбын жаным.
Соны айтып Ғалым жолға жүріп кетті,
Келем деп алпыс күнде уәде етті.
Лебізі Гүл сұлудың барам деген
Патшаның құлағына барып жетті.
Падиша өз әлінше судай тасып,
Сарайда сауық құрды көңіл ашып.
Сүйікті Гүл ханымның құрметі үшін,
Қазынаның қойды есігін кеңір ашып.
Қыз да оған үйді патша көрсін депті,
Дүниесін бізге аямай берсін депті.
Алпыс күн толған кезде кездессін деп,
Кешікпей асықтыра елші кепті.
Бұл хабар патшаны тым желіктірді,
Желігін алуан түрлі ел көріп тұрды.
Біткенде уәделі алпыс күні,
Патшекең қыз үйіне келіп кірді.
Көрсін деп пиғылды ел кем-тарлығын,
Қатыгез тастады алып шен-жарлығын.
Бай қылды балықшыны бір-ақ күнде,
Әкеліп қазынасының тең жарымын.
Қыз бірақ ашуланды олқы көріп,
Жатса да мақтап көрген халқы толық.
—Әкелген алтын-күміс дүниеңді
Жайнатар үй жоқ деді шалқы дерлік.
Селк етіп патша қызға қарай қалды,
Қыз сөзі жабықтырды талай жанды.
Бар еді бұрын салған көшелі ғып,
Алтыннан орнай қалды сарай сәнді.
қыз кереметі
Бәрі де қыз айтқандай дайын болды,
Қырық күн той, отыз күн ойын болды.
Ғалымның кеңесімен ұзатылған,
Патша да толықсыған айын көрді.
Қараса тұрпаты оның елден бөлек,
Басына салған екен алтын желек.
Падиша салтанатпен Гүлге ұқсаған,
Сарайына алып келді сиқырлы әйнек.
Өзі еді толықсыған Гүлдің бейне,
Наз демі патшаны арбап жүрді кейде.
Падиша аймалады, сүйді құшып,
Гүл рас сүйіп өзін тиді дей ме.
Сиқырлы оқудың бұл құдіреті еді,
Тәжіні көрмей кейде жүдетеді.
Тұйықсыз асылса кеп патшасына,
Жүрегі қуанғаннан дір етеді.
Суретін Гүлдің Тәжі құша тұрсын,
Құшаққа ап көкірегіне қыса тұрсын.
Болды екен Қаналының халы қалай,
Оқырман біледі алғаш бет алысын.
Қаналы екі жылды келді басып,
Өзі де кеткен екен арып-ашып.
Таппады Гүл Тәжіге не қылғанын,
Қаншама іздесе де қаны қашып.
Кездесті сөйтіп жүріп бір сарайға,
Жүр екен бір ақсақал бұл маңайда.
Сұрайды сәлем беріп Гүл Тәжіге
Білер деп не қылғанын бұл қалайда.
—Шырағым, қайсы жақтан келген едің,
Мұндағы бөтен саған ел дегенің.
Сұрасаң Гүл Тәжіге не қылғанын,
Осында өзіңді-өзің жерлегенің.
хикаялық дастандар
Қайта бер жөніңді айт та бұл арадан,
Қатерлі бұл маңайда тұру саған.
Бұл жердің патшасының аты—Тәжі,
Өледі ол не қылғанын сұраған жан.
—Атажан, жоқты таптым осы жерден,
Екі жыл болған еді шыққалы елден.
Нақ ажал келіп тұрса, ер қаша ма,
Артық қой таппағаннан тауып өлген?!
—Кіре бер олай болса, жаным балам,
Тәжіге құрмет білдір, беріп сәлем.
Ол патша не қылғанын айтып берер,
Тілеймін шығуыңды есен-аман.
Қаналы кірді Тәжі құзырына,
Тояттап отырған кез қызығына.
Денелі ол жас жігіт ибаменен,
Қарсы алды өз қалыпты сызығында.
—Кім болсын кіруге ерік беріп едім,
Жол болсын, не жұмыспен келіп едің.
Дегенін Қаналы естіп:—Мен іздеген,
Тәжі атты осы жұрттың ері ме едің?
Жұмысым—дәл өз басың, жасырмаймын,
Көремін тегі таза асылдайын.
«Не қылған Гүл Тәжіге» берсең айтып,
Кетемін қайта саған асылмаймын.
Жұмысым осы менің ұққалы келген,
Екі жыл болып қалды шыққалы елден.
Бағымды осы сұрау байлап келді,
Жауабын табам деймін осы жерден.
—Сұрауың сезіледі кеп қиын маған,
Аллаға осы болар сиынбаған.
Жауабын берем шешіп, басыңды алам,
Көнбесең болма мүлде үйір маған.
қыз кереметі
Қаналы деді:—Арманым сертке жету,
Бұл жолда даңқ маған өртке кету.
Өлсем де берсең айтып, арманым жоқ,
Өлімнен ауыр ұқпай текке кету.
Тәжі оның қойдырды қол дегеніне,
Басқаның бақсақ оған керегі не.
—Не қылды Гүл Тәжіге деп бастады,
Еркіне Қаналының ере мүлде.
—Мейманым, болған істі баяндайын,
Қазір мен торда тұрған қояндаймын.
Ғашық боп балықшының қызын алдым,
Осы деп батпас мәңгі күн мен айым.
Сұлу жоқ бұл дүниеде Гүлден асқан,
Алам деп ант-су іштім, түссе де аспан.
Бірақ та қыз риза емес еді,
«Бармаймын,—деді,—ханға өлсем аштан».
Мен бірақ сертте тұрдым аламын деп,
Қалайша онан құр қаламын деп.
Шағламай өзімді-өзім ең соңында,
Отырмын өкініште жаралы боп!
Мен бір кез асқақтадым ісіп-кеуіп,
Қонардай Гүл қолыма ұшып келіп.
Елімде қыз біткенде қырқай матап,
Тағымнан ақымақ еттім түсіп көріп.
Бұл менің айлам еді Гүлге деген,
Қашпайд деп қалсам ұстап Гүл де менен.
Көрмеді ол пішту құрлы жарлығымды,
Сол үшін әкесін де бүрмелегем.
Ақырдым айбаттана қаным қайнап,
Әкесін әкелдірдім қолын байлап.
Жанынан үміт болса қыз менікі,
Болмаса басқа шара қойдым сайлап.
хикаялық дастандар
Өзімді әмір еттім дана біліп,
Қинадым қыл мойнынан дарға іліп.
Бетіне перде жапқан ақбоз атты,
Топ ішінен қиды арқанды жара шығып.
Сөйтті ол қарсы алдыма келіп түсті,
Болар деп ойламап ем мұндай істі.
Қарасам Гүл сұлудың дәл өзі екен,
Көргенде айбатынан зәрем ұшты.
Байқасам кегі күшті тарамас-ты,
Ғалым дос бұл іске кеп араласты.
Қызды өзі көндірмекке уағда етіп,
Әкесін босаттырды табан асты.
Гүл үшін қазына шаштым аямай-ақ,
Жаралар Гүлдей пенде некен-саяқ.
Үйіне алпыс күн кейін барғанымда,
Сөзбенен Гүлден және жедім таяқ.
Көз салды көшелі алтын сарайыма,
Қарадым сасқалақтап маңайыма.
Көшіріп алтын сарай әкелдірдім,
Гүл үшін дүниемді аяйын ба.
Қолқаңды және болса сал деп айттым,
Беремін қалауыңды, ал деп айттым.
Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап,
Гүл сұлуды сарайға алып қайттым.
Ендірдім Гүлді әкеліп сарайыма,
Бір адам келтірмедім маңайына.
Аймалап күні-түні жата бердім,
Берді деп сені маған талайыма.
Бір адым сыртқа шықпай жата бердім,
Қызықтың қызығына бата бердім.
Зерігіп бір күні кеш алағызып,
Аяңдап үйден шығып сыртқа келдім.
қыз кереметі
Бар еді қос күзетшім көрдім сырттай,
Гүл жайлы сөйлескен соң болмайды ықпай.
Деді олар:—Гүл Тәжіге не қылмады,
Тәжіміз жер құшақтап қалды ұқпай.
Жайланып екеуі де отырысты,
Қоспасыз баяндады болған істі.
Құшақтап сиқыр әйнек патша жатыр,
Өнері Гүл сұлудың асып түсті.
Туған жоқ сұлу нағыз Гүлден асып,
Патшамыз бұл сұлуға болды ғашық.
Өмірлік ғашығы оның Ғалым еді,
Патшамыз алмақ болды дүние шашып.
Өнерлі Ғалым бірақ бос келмеді,
Алданды патша оны өш көрмеді.
Гүлдің тек көлеңкесі түсірілген,
Сырлы айна жайын Тәжі ескермеді.
Орманда Гүл мен Ғалым некеленген,
Адам аз мұны қазір жете білген.
Патшаның он мың қолын құралымен,
Сатып ап үнсіз-түнсіз кете берген.
Ғалымнан туған емес адам асып,
Бар құралын патшаның кетті тасып.
Шайтанның патша жатыр құшағында,
Амал жоқ айту қиын араны ашып.
Ғалым кеп қаламызға ойран салмақ,
Патшаның басын кесіп, жанын алмақ.
Осылай күш көрсетсе ақырында,
Ғалымға босап тегін тағы қалмақ.
Жиылып әскер бүгін түгел барды,
Қолына бәрі дағы құрал алды.
Айтамыз ба, патшаға қашамыз ба?—
Деп екеуі тым-тырыс тұра қалды.
хикаялық дастандар
—Тоспадым онан арғы сөз аяғын,
Өзіме тиді бақсам өз таяғым.
Қайта келіп соқтықтым сырлы айнаға,
Мызғымайтын білдім тарын көз аямның.
Ұрдым, шақтым, талқандап тастайын,—деп,
Тұрып алды ол міз бақпай қашпаймын,—деп.
Тастадым да құлпылап діңкем құрып,
Тысқа шықтым бір қимыл бастайын,—деп.
Қайталай күзетшілерден алдым сұрап,
Тұрамын бұл қорлыққа қайтіп шыдап.
Бар еді қорғауымда бес мың әскер,
Жүруге бел байладым басын құрап.
Аттандым ымырт үйіріле орман жаққа,
Там-тұмдаған қалды әскер қорған жақта.
Таң сызылмай жетпекпіз шеру тартып,
Маған келген білмеймін сор ма, бақ па.
Келемін дүрілдете желдей есіп,
Белестен өттім талай ендей кесіп.
Түсірсем Гүл—Ғалымды қолға тірі,
Аламын дедім тірі басын кесіп.
Осындай сапар үшін ойға баттым,
Бір мезет өлтірем деп тастай қаттым.
Бірақ та Гүлді ойласам жүрек жылып,
Бір күн жатып өлтірсем деп те бақтым.
Өлімге Гүл сұлуды қия алмаймын,
Ойымды бір түйінге жия алмаймын.
Күйдіріп ғашық оты өзегімді,
Нәпсімді құлаш ұрған тия алмадым.
Бір биік шықтық тауға, сызылды таң,
Қайтар ма алған беттен қызулы жан.
Кіруге баса-көктеп сайланған ем,
Бір жайды көріп көзбен бұзылды сан.
қыз кереметі
Байқап ем дүрбі салып төңіректі,
Жанымды жат қылықтар тебірентті.
Таратып әскерлерін Гүл мен Ғалым,
Кіріпті қызыққа ыстық не бір отты.
Ойнады Гүл мен Ғалым аунап-қунап,
Жүрегім кетті көріп атша тулап.
Сүйді де құшырлана бірін-бірі,
Төсекте бір денедей жатты сұлап.
Жасшылық қызығына тойған бар ма,
Қадірін біледі жан тұл қалғанда.
Не күшті махаббаттан кетер асып,
Көрсеткен тәттілігін бұл жалғанда.
Жібердім алты жігіт алпарысқа,
Қызыққа батқан кезде бар дағы ұста.
Сөйтсе де Гүл дидарын көре тұрып,
Қимады өлім жолын мұндай жасқа.
Жүрегім жіби берді Гүлді көріп,
Мастықпен деп ойладым кеткен еріп.
Қалайын Гүлді сақтап, Ғалымға тек,
Жаза кессем деп тұрмын өктем келіп.
Үзілді қиял демде, төнді қауіп,
Тұс-тұстан оқ борады қардай жауып.
Бар еді қарауымда әскер басы,
Тоқтатты соғысты сол ебін тауып.
Құйылды қалың әскер сай-саладан,
Осы еді жақсы жәйт біз қалаған.
Құрал тастап, бәрі де басын иді,
Құтқар,—деп,—патша әйім бұл жаладан.
Олжаға кенеліпсің бәрің байып,
Қарсы алам беттен қайтсаң құшақ жайып.
Жалғанда дүние кімді аздырмайды,
Оралсаң қайта айланып салман айып.
хикаялық дастандар
Ғалым мен Гүлді әскерлер келді алып,
Байқасам Гүл есінен тұрды танып.
Жүрегім алып ұшып, бойым балқып,
Босаттым қол-аяғын өзім барып.
Жігітке қарсы жүрді қадам басып,
Дегендей кетпеймін деп серттен қашып.
Кетті де қаным қайнап қолбасшыға,
Ғалымды өлтір дедім дарға асып.
Қозғалды менен бұрын Ғалым бірақ,
Байлады бізді өнермен нанымды нақ.
Тастады қамап осы болат үйге,
Деді де тыныш жатып жаныңды бақ.
Жатырмын сонан бері ғаріп болып,
Ойнап жүр Гүл мен Ғалым қарық болып.
Тәжіге Гүлдің, міне, қылғаны осы,
Келген соң айттым саған азып-тозып.
Бітірді осылайша Тәжі сөзін,
Қылышын қолына алды—қазы өзің.
—Басыңды серт бойынша кесем,—деді,
Құдайға жан тапсырар жетті кезің.
Қаналы деді:—Қайғы ішім толған,
Келіп ем арып-ашып ұзақ жолдан.
Адамға өлім арзан, өмір қымбат,
Тілегім бала, патша әйім, өзің ойлан.
Мен емес отыратын жоқты езіп,
Шын жауап таптым іздеп дүние кезіп.
Кеңшілік пен таршылық өзіңізден,
Әлі де отырғам жоқ жаннан безіп.
Мақсатқа жетесің бе басымды алып,
Батасын Қызыр берген қолын жайып.
Абақта тас қараңғы бекер жатпай,
Түйінді шешкен жөн ғой ебін тауып.
қыз кереметі
—Айт деді арманыңды менен асқан,
Түйінді шешу қиын түспей аспан.
Отырды жайбарақат қылыш тастап,
Сөйлеуге ерік берді түгел бастан.
Қаналы сөз бастады тілді созып,
Туған жоқ қызыл тілде бұдан озып.
Бәйге аттай топқа түскен адым тастап,
Дегбірсіз делебесі кетті қозып.
Айтып сол оқиғаның берді бәрін,
Серт берген ойына алды ғашық жарын.
Талайдың басын алып, төккем қанын,
Келмепті бұл дүниеге мендей залым.
Халыққа басшы болдық сіз бенен біз,
Жіберген бұл сауалға данышпан қыз.
Серт үшін қайта алмаймын бас беруден,
Мінеки, басым дайын алсаңыз тез.
Тәжі де отыр еді ақыл тауып,
Қаналы өлтірер деп қылма қауіп.
Үш шарт бар, сол данышпан қызға сәлем,
Орындап бере алар ма жолын тауып.
Үш жылдық сапарға кет алыс жаққа,
Отырғыз данышпан қызды алтын таққа.
Бұйырып «бір ұл тап,—деп,—мен келгенше,
Өзіңді нәпсіге ермей таза сақта.
Отырсын қыз үйінде ұзатылмай,
Керме ат байласын өз атыңдай.
Бос сандыққа таңба бас пешет ұрып,
Толтырсын сол сандыққа алтын-жамбы-ай.
Осылай сөз доғарып кесіледі,
Біріне-бірі қарап тесіледі.
Бұл шартты орындаса данышпан қыз,
Түйіні барлық істің шешіледі.
хикаялық дастандар
Байқасам, сөзің майда, тілің тәтті,
Келмепсің бұл араға жалғыз атты.
Данышпан қыз орындаса ораларсың,
Сені тосып пақырың және жатты.
Екеуі қол алысып түрегелді,
Салмақпен майыстырып қара жерді.
—Өлсем де осы сертке жетемін,—деп,
Бір саусағын Тәжіге кесіп берді.
Жігітке жараса ма серттен қайтқан,
Адамға ас болар ма өтірік айтқан.
Осы екен өмір деген талас-тартыс,
Қырқысып біреудікін біреу қаққан.
Арманы орындалды Қаналының,
Қуанды қалғанына бір жанының.
Қош айтып Тәжіменен кетті жүріп,
Көрем деп көрсеткенін бұл Алланың.
Туралап бетін бұрды төте жолға,
Жалтақтап келе жатыр оң мен солға.
Тағы да қайғы-уайым басып оны,
Жазыпсың деді, Құдірет, қалың сорды.
Іс емес елге жайып тарайтұғын,
Көп ел бар мұнда бізге қарайтұғын.
Тәжінің қойған шарты қиын боп тұр,
Бұл шартқа пенде бар ма жарайтұғын.
Санасы сан бөлінді әрбір жаққа,
Жазды екен қандай жазу біздің баққа.
Қызға ғашық болды ма Тәжі патша,
Қалайша шығар деді алтын таққа.
Қосылды ой соқтымен жолдастарға,
Серт берді саусақ кесіп амал бар ма.
Досы бар, дұшпаны бар сыр ашпады,
Жетуге асық болды ғашық жарға.
қыз кереметі
Еліне айлар жүріп қайтып келді,
Тәжінің шартын қызға айтып келді.
Тағына шығаруға данышпан қызды,
Жинады қарауында бүкіл елді.
Отырды данышпан қыз алтын таққа,
Таласар қандай адам келген баққа.
Өткізіп барды-жоқты қазынаны,
Қаналы жүрмек болды сапар жаққа.
Патша қыз түрегелді басын иіп:
—Тақсыр-ау, тақты бердің елді жиып,
Өмірлік өзегіңде өртенейін,
Бірақ та кеткенің жөн неке қиып.
Шартыңды орындаймын, алаң болма,
Нәпсіні тиғаның жөн сапар жолда.
Кезіксе жалғыз киік алдыңыздан,
Өлтірмей ұстап алып жақсы қорға.
Тілегі данышпан қыздың қабыл болды,
Түзулеп алдым деді енді жолды.
Молданың демі тиген жалғыз қант
Екеуі ортасынан бөліп жеді.
Қаналы жүріп кетті шеру тартып,
Үш жылдық жететұғын азық артып.
Жарылқап бет алдынан жолы болсын,
Келелік арт жағына енді қайтып.
Данышпан қыз таққа отыра-ақ әмір қылып,
Қауымдағы қыз біткенді алды жиып.
Бірыңғай сүйек, тұлға өңдісінен
Жүз әскер талдап алды шашын қиып.
Перідей жасандырды барлық қызды,
Артынан жүрмек болды қуып ізді.
Патшаның жүрер жолы өзіне аян,
Таңбадай көкірекке бәрін сызды.
хикаялық дастандар
Таулары бұл өңірдің бәрі биік,
Асыраған бірге ап жүрді жалғыз киік.
Алдына айқасуға жолын түзеп,
Алды-артын әскерінің алды жиып.
Таң ата жолға шықты тартып сырнай,
Шілденің мезгілі еді күні жылдай.
Мінгені бәрінің де дүлдүл—тұлпар,
Қуырды жер апшысын аққан судай.
Бір сайға жетіп келді құлазыған,
Адамнан таусылар ма іштегі арман.
Шатырды қатар-қатар тігіп тастап,
Бір хабар алмақ болды Қаналыдан.
Тас-түйін бүгіп алды ішке сырын,
Шығарды қарауылға бес әскерін.
Бір белең сұлу жота аржағында,
Патшаның көріп қалды қонған жерін.
Күледі данышпан қыз миығынан,
Күрсініп дем алады иығынан.
«Тілекті Тәңір өзі бере ме» деп,
Әскерге қарайды көз қиығынан.
Істеді ойдағы бар әрекетті,
Тұрмайтын бекер қарап уақыт жетті.
Киігін еркелетіп, басын сипап,
Баруға Қаналыға жол көрсетті.
Жаңадан таң ағарып атқан еді,
Қаналы бір жазықты ап жатқан еді.
Аң аулап тамашалап әскерлері,
Қызыққа, тәтті ұйқыға батқан еді.
Келеді ерке киік ептеп басып,
Шалады шөптің басын қарны ашып.
Орын ап ортасынан әскерлердің,
Қамсыз тұр тұяғымен мойнын қасып.
қыз кереметі
Киікті күзетшінің көзі шалды,
Бұйрықсыз мылтықпенен атып қалды.
Түрегеп шырт ұйқыда жатқан әскер,
Қамалап тірі ұстауға ортаға алды.
Патшаның қос жанары оттай жанды,
Айтқанын данышпан қыз ойына алды.
—Не үшін жалғыз киік атасың,—деп,
Табанда күзетшіні байлап алды.
—Киікті ұстаңдар,—деп бұйрық етті,
Кімнен кетсе соныңа ажал жетті.
Ортаға алып жан-жақтан келген кезде,
Патшаның басынан киік қарғып өтті.
Жығылып патша тұрды екі аунап,
Барады киік кетіп, құстай заулап.
Бұрылып арт жағына қарағанда,
Тұр екен әскерлері көзі жайнап.
Түсірді киік қашып патша сағын,
Алғандай біреу тартып алтын тағын.
Ашумен көк тұлпарға жайдақ мініп,
Киіктің қуып кетті кеткен жағын.
Уақыт көп өтпеді арасында,
Киіктің көріп қалды қарасын да.
Кең сайда құлазыған қалың шатыр,
Бұл ғажап кімнің кірген санасына.
Түсім бе, өңім бе деп тұрып қалды,
Назарын киік жаққа бұрып та алды.
Киік те қашқан бойы бұрылмастан,
Шатырға іркілместен кіріп барды.
Ақ киген қалың әскер айналады,
Бәрі де мылтық алып сайланады.
Бір әйел ортасында қол бұлғап тұр,
Сол жерде патша тілі байланады.
хикаялық дастандар
Ажалы артқа қайтса келіп қалды,
Ес жиып тізгін-шылбыр қолына алды.
«Тәуекел не көрсем де, көрейін» деп,
Қасқайып көп алдына жетіп барды.
Құрметті барлығы да білгізеді,
Ерекше бір шатырға кіргізеді.
Ардақты адамзаттың патшасы деп,
Күтуге бірнеше қыз жүргізеді.
Сөйледі данышпан қыз перде жауып:
—Пері едік жеріңізге келген ауып.
Бір киік жоғалтып ап екі жылдай,
Отырмыз қуанышта жаңа тауып.
Көңілі түсті орнына Қаналының,
Түсер деп ойлап па еді қызға күнім.
Шахматты көріп қалды төрде тұрған,
Құмарын қандыратын ызалының.
Отырды тамашалап үйірлесіп,
Қалжыңмен көп отырды бүйірлесіп.
Шахматты әрі-бері қозғап қойды,
—Менімен кім ойнайды мүйіздесіп?
Бұл сөзді данышпан қыз жұлып алды,
Шахматты төрде тұрған қолына алды.
—Ұтысып ойнайтұғын хал бар ма?—деп,
Телміріп Қаналыға қарай қалды.
Қыз сөзі Қаналыға батып кетті,
Ақырын сыпайырақ айтса нетті.
Халыма қарамай-ақ қарсы кел,—деп,
Көк арғымақ беруге етті сертті.
Ойнады екі патша ортаға алып,
Алғандай ой-қиялын отқа қарып.
Қалжыңдап данышпан қыз жымыңдайды,
Екі жақ кетпесін деп серттен тайып.
қыз кереметі
Қаналы еңіс қарап бұға берді,
Биікке данышпан қыз шыға берді.
—Құдай салса құл көнді,—деді дағы,
Жеңіліп патша шетке ыға берді.
Мұңайып патша бір дем қалды жасып,
Салауаты данышпан қыздың алды басып.
«Ер кезек үшке дейін ойнаймыз» деп,
Алды олар уәденің алдын ашып.
—Тіресіп меніменен қапы қалма,
Енді ойнасаң тігесің хандық таңба.
Білмейміз іште қандай сырыңыз бар,
Жеңсеңіз алатынды өзің таңда.
Екінші ойнауына қадам басты,
Қатарлап қағыстырды қалың тасты.
Қаналы қарақора бола қалды,
Беруге хандық таңба қатты састы.
Ойнаудың қажеті жоқ тағы алмасып,
Қыз дереу қағазға алды таңба басып.
—Бір жолды сізге тарту еткенім,—деп,
Таңбасын жолмен қосып берді қайтып.
Патшаны қайтарды қыз көңілін аулап,
—Жүрмеңіз көк тұлпарды енді даулап,
Басынып әйел әскер деп жүрмеңіз,
Алам деп ойламаңыз бізді жаулап.
—Отырмын, пері патша, көңілім толып,
Мен сізден не қылайын жерді қорып.
Жамандық істемеске серт қылайын,
Қосыма барып қайтсаң мейман болып.
Тұр еді данышпан қыз денесі ысып,
«Барам» деп уәде етті қолын қысып.
Жүректен орын алды қол қысқаны,
Үндемей патша кетті жолға түсіп.
хикаялық дастандар
Жабырқап патша келді қосқа қайтып,
Әскерге көргенінің бәрін айтып.
Пері патша келеді мейман болып,
Тұрыңдар аспа-төкпе дайындалып.
Патшекең жатыр жалғыз тісін қайрап,
Ұйықтамай таң атқанша көзі жайнап.
Жамандық әрбір ойға кетті шомып,
Ақыры көрмек болды артын байқап.
Таң да атты, күн де шықты жылу беріп,
Патшаның не қылса да өзінде ерік.
Қоршауға алды сырттай данышпан қыз,
Кеткен жоқ Қаналыға ол да сеніп.
«Пері патша» көптеген нөкер ертіп,
Қосына Қаналының келді жетіп.
Патшаның сарайына кіріп келді,
Ақырын ибаменен тағзым етіп.
Патша да түрегелді қабыл алып,
Ерекше көңіл-күйі жарымданып.
Қолдағы бар тамақпен мейман етті,
Бәрі де ойнап-күліп болды қарық.
Үшінші кезек келді шахмат ойнау,
Патшаға керек болды жақсы ойлау.
Бұл жолы ер мен әйел бәске тігу,
Солардың ақырында тойын тойлау.
—Тақсыр-ау, бұл ісіңіз қиын болды,
Нәпсіге қалай бұрдың осы жолды.
Жеті түн ұйықтамасқа серт береміз,
Бір-бірінен ажыратпай екі қолды.
Бұл шартқа Қаналы да қойды қолды,
Салдым деп іште ойлады енді торды.
Өзіңмен бірге жатып, бірге тұрам,
Бұған да данышпан қыз мақұл болды.
қыз кереметі
Қырандар бәсекеге түсіп кетті,
Өнердің біреуінен-біреуі өтті.
«Пері патша» қанша шара қылса дағы,
Қаналы басым күшпен жеңіп кетті.
Қаналы қоразданды қақырынып,
«Пері қыз» қалды отырып іштен тынып.
Көшпендінің бұқасын бұзау қорқытты,—деп,
Қаналы езу тартып қойды күліп.
«Пері қыз» түрегелді кермаралдай,
Қаналының құмары қанбас бір тарамай.
Барады өліп-өшіп барған сайын,
Мінезі он үштегі жас баладай.
Ортада сұлу жота тікті шатыр,
Мақсатқа данышпан қыз жетті ақыр.
Алты күн алпарыста дымы құрып,
Қаналы кетсе білмей ұйықтап жатыр.
Дүзігін Қаналының алып кетті,
Болғанда түн ортасы қосқа жетті.
Әскері сақадай сай тұрған екен,
Еліне білдірместен көшіп кетті.
Ауылына данышпан қыз барып алсын,
Тыңдаушы, енді неге жалығарсың.
Дел-сал боп үш сөткеде түрегелді,
Несіне Қаналыға қамығарсың.
Жоқ болды көз алдында перделі қыз,
Деп еді жол-жөнекей ермегіміз.
Қаналы қаһарланды іле-шала,
Осындай көрмеп едік пендені біз.
Айғайлап әскеріне жарлық шашты:
—Мінеки, мен сорлыны қара басты.
Айырылдым дүзігім мен көк тұлпардан,
Іздеңдер бірін қоймай тау мен тасты.
хикаялық дастандар
Тінтумен тау мен тасты үш жыл өтті,
Ат болдырып, адамдар арып кетті.
Амалсыз жан тасалау ойына кеп,
Бейтаныс бір қалаға барып жетті.
Бәрі де қу нәпсінің таласы де,
Толмаған ақыл-ойдың шаласы де.
«Жоқ—сандал, жомарттық—бар» деген осы,
Бармасқа солай беттеп шарасы не.
Келеді жан-жағынан әскер шауып,
Қаналы қаңғып, міне, жерден ауып.
Ат-тонын, қару-жарақ тартып алып,
Тастады абақтыға бәрін жауып.
Қаналы түнерем деп түрмеге енді,
Қозғасын енді қайтіп дүрбелеңді.
Тордағы арыстандай аласұрды,
Тұзақты түрлі-түрлі түзде көрді.
Амал не қата басып мына жолын,
Қараңғы үй, қапас болды тұрағы оның.
Алтын бас, күміс көзді қайран патша,
Шаң басты, шашы ұзарып тұла бойын.
Күн санап өтіп жатыр жыл көшпелі,
Қаналы бір адаммен тілдеспеді.
Қайырылса бастан-аяқ қайырымдылыққа,
Арада алшаң басып жүрмес пе еді.
Қаналы әбден тозды тұяғынан,
Қыз кетті, қызық тарап қиялынан.
Қағылған қарақшыдан ұрыдай боп,
Сұркейлі күйге қалды құлазыған.
Тірлікте пенделікпен өңмеңдеді,
Ал бүгін аласапыран ой меңдеді.
Қағатын зеріккенде қақпақылдай,
Бейтаныс бір патшаның болды ермегі.
қыз кереметі
Кім енді мазақ етпес қаңғыбасты,
Сөз естіп күйдіргідей әр күні ащы.
Көз ілмей абақтының түкпірінде,
Қақ жарып көкірегін қайғы басты.
Түрмеде жатыр екен нелер ғаріп,
Олжа ғой аман шықсаң денеңді алып.
Сөзі де кеп қалды ма, кім біледі,
«Бір тосқан—бір асқанға» деген халық.
Көтеріп әрең зорға құр сүлдерді,
Қаналы бара-бара үнсізденді.
Осы екен бақыт-сордың егіздігі,
Хан тіпті қарадан да құнсыз болды.
Тоқтамай шыққанымен топ басына,
Келгендей ойға батты от қасына.
Зорлық пен зомбылығы өзіне кеп,
Ілінді зұлымдықтың ноқтасына.
Жатса таулар бөліп араны әлгі,
Түскенін Қаналыға жара мәңгі.
Емес пе «ел құлағы—елу» деген,
Бұдан да данышпан қыз хабар алды.
Бұлардың басы еріксіз құралмайды,
Қаналы өзін-өзі құр алдайды.
Егерде данышпан қыз бала тапса,
«Көрпенің сырты» ғой деп қиялдайды.
Жанына шер-шемені батады енді,
Сарғайып жолды күтіп жата берді.
Жайылып жалпақ жұртқа даңқы шықты,
Басқарып данышпан қыз аталы елді.
Қаналы бірталай жыл оралмайды,
Сырына көп істердің бара алмайды.
Берсе де үш түрлі әмір әйеліне,
Қолынан келмейді деп және ойлайды.
хикаялық дастандар
Кім білсін ұқпаған соң ана мұңын,
Бұйрығын орындады Қаналының.
Дайындап көк тұлпар мен алтын сандық,
Бір күні данышпан қыз табады ұлын.
Ілінді алты жасқа тапқан ұлы,
Қаналы санаса да жатқа мұны.
Өмір-ай, өлшенсе де теңшелмеген,
Жетер ме арамзаның аққа құны.
Жатты сөз неше алуан тарап бұдан,
Күндерін өсе берді санап қыран.
Ханды әлгі данышпан қыз босаттырып,
Алдырды алты жылда абақтыдан.
Дүние-ай, ақыл-ойды дел-сал қылған,
Әлі де көп қызық бар нансаң бұған.
Қарасы Қаналының көрінгенде-ақ,
«Аталап» ұлы шықты қарсы алдынан.
Қаналы ашуланды бұған тіпті,
Қыз басын алмақшы боп тұлан тұтты.
Кермеден көк тұлпарды көзбен көріп,
Сандықта алтын-күміс барын ұқты.
Хан шіркін, қайран қалып жақындады,
Жанғандай екеуінің ақыр бағы.
Шартыңды өткізіп ал, дегенде қыз,
Қаналы «жеңілдім» деп мақұлдады.
Жалғасты данышпан қыз сөз бастады,
Есен-сау табысқан соң өз бастары.
Жасанды десең егер дүзік міне,
Уәде солай еді алғаштағы.
Мынаны сарапқа сал саналы хан,
Бәрін де басқарады бағалы жан.
Ал енді қалай ойлап отырсаң сен,
Міндет бар алдымызда әр алуан.
қыз кереметі
Талай жыл сындырса да сағымды жау,
Қаналы сені ерекше сағындым-ау.
Отыршы енді өксімей тапжылмастан,
Апталған алтынменен тағың—мынау.
Қаналы сонда тұрып сөзге келді,
Не қылам сен тұрғанда өзгелерді.
Менің де амалым жоқ ақылың асты,
Көрсеттің көзге бүгін көздегенді.
—Ханеке-ау, алдыменен мынаны айтам,
Болуы мүмкін сізге бұ да қайқаң.
Менің де үш шартым бар, бірін таңда,
Жауап бер сауалыма үміт артам.
Өсиет қалдырады артқа дана,
Қаналы, баяндайын шартқа қара.
Барлығы да махаббат болса керек,
Өзіңді біреуіне нақ бағала.
Көп істің әлі өзіңе басы бөтен,
Осылай өмір сырын ашып өтем.
Нақ ғашық пен серт ғашық екі түрлі,
Үшінші зорлықты ғашық екен.
—Тірлік-ай, Қаналыны неше алдадың,
Аңсатып ертеңгіні кеше арманым.
Шартыңды ақылым жетіп, данышпан қыз,
Деді хан,—амалым жоқ, шеше алмадым.
Сол кезде былай айтты данышпан қыз:
—Жаумен де жағаласып алысқанбыз.
Барайық Тәжі, Гүл мен саудагерге,
Көп әскер жасауыл ап алыстан біз.
Жағдайды ел-жұртына мәлімдепті,
Жанады әділдіктен бағың депті.
Қаналы, данышпан қыз нөкерімен,
Алты айда Тәжі еліне барып жетті.
хикаялық дастандар
Гүл сұлу алыс емес іргесінде,
Бұл жерде Тәжі жатыр түрмесінде.
Хабарын Қаналының естіген соң,
Қарсы алып жүз әскері жүрмесін бе.
Ордаға ойда жоқта қадам басып,
Екі хан басты қоспақ саламдасып.
Қамақтан шарт бойынша Тәжі шықпай,
Еріксіз жатып алды табандасып.
Өзінің есепке алмай қажығанын,
Көнбеді Қаналыға Тәжі ханың.
Шарасыз данышпан қыз келді жетіп,
Бұл сырдың шешу үшін тағы бәрін.
—Ей, Тәжі, Ғалым тағы Қаналысың,
Басқадан сөз ұғатын саналысың.
Алыңдар үш шартымды бірден-бірден,
Жаралсаң ақиқат деп адам үшін.
Дегенге кім сенеді хан білмейді,
Мінеки, шыбын жанды алғын мейлі.
Сол кезде Тәжі сөзін бастап тұрып:
—Зорлықты ғашықтықты мен алдым,—дейді.
Мұндайда ешкімді ешкім сүйемеді,
Қаналы «серт ғашықты» иеледі.
Көксеген «нақ ғашықты» күні бұрын,
Ғалымның ойлағаны жүйелі еді.
Сонымен екі патша той жасады,
Ғалымға Гүлді әкеліп ол қосады.
Қатын боп Қаналыға данышпан қыз,
Соңында Тәжіні де ойласады.
От қойып оқиғаның білтесіне,
Оралып өткен жағдай кілт есіне.
Барлығы осылардың басты құрап,
Барады балықшының күркесіне.
қыз кереметі
Демеңдер әңгіменің бәрін бітті,
Біреу зәрін, біреулер жалын жұтты.
Ханды да, қараны да риза етіп,
Үйінде балықшының Ғалым күтті.
Айтылып өткен-кеткен, ана-мына,
Әркімнің әркім қарап қабағына.
Осы үйден кіріп-шығып Зәйіп жүрді,
Ой түсті шырамытып Қаналыға.
Таба алмай табанда сол тұрақты ұғым,
Жай-күйін білейін деп сұрап мұның.
Қаналы ойжотасын Тәжіге айтты,
—Бұл адамды бір көрген сияқтымын.
Қараңыз әңгімеме енді менің,
Бір істі өтіп кеткен келді дегім.
Алсам да сегіз әйел бала көрмей,
Өткіздім өксіп жүріп телміре күн.
Хан болып көкке төбе тіреп көрдім,
Қиыны-ай, ер жігітке шыр еткеннің.
Төсекті шарасыздан жаңалауға,
Жар салып ел-жұртыма тілек бердім.
Қызына Сабыр патша адам салдым,
Перзентсіз не керегі маған малдың.
Құпиям өзі білер кімге барса,
Деген бір дерексіздеу хабар алдым.
Сонымен сапар шектім жеріне оның,
Қайысқан қалың әскер оң мен солым.
Бермесе жолдан алу, берсе қолдан,
Ойрандап кетпекшімін шауып елін.
Тіршілік тынбай бізді таластырды,
Түлкі өмір кейбіреуді адастырды.
Сабырдың қызы маған ғашық екен,
Араға елші жүріп жарастырды.
хикаялық дастандар
Тынбапты ойға алғанын тірі көрмей,
Аңсапты атымды естіп перілердей.
Әкесі тұрмыс құрсаң десе дағы,
Жүріпті өзгелерге қызы көнбей.
Ешкімге айтпаса да ашық мұны,
Басқадан Құпияның асып құны.
Астынан алты қырдың аһ ұрғандай,
Бар екен маған деген ғашықтығы.
Көрген жан құмырсқадай беліне мәз,
Келбеті жаймашуақ еліне жаз.
Бал таңдай, тірі обыраз, оймақ ерін,
Дүниеден мұндай сұлу көрінеді аз.
Қыр мұрын, қиғаш қасты, тісі ақ маржан,
Күлкісі жанды ерітер ұсақталған.
Керме иық, кереге төс, жазық маңдай,
Аумайды балық бауыр, түсі ақ таңдай.
Сүмбіл шаш, жұпар тамақ, көзі қара,
Жалғанға жаралғандай өзі ғана.
Еріксіз от жүректі елжіретер,
Балқытқан қорғасындай сөзі жаңа.
Өмір-ай, неше алуан құбыласың,
Не жағдай енді маған туыласың.
Отыз күн ойын бітіп, қырық күн той,
Сабырдың алып қайттым Құпиясын.
Басылып көңіл шіркін тыншымайды,
Көрмесе түр-тұлғасын кім шыдайды.
Ордама тоғызыншы тоқал болды,
Құпия ай мен күндей тым шырайлы.
Сонымен бүгін мұнда сайрандадық,
Балықшының әйелі жүр жайраң қағып.
Міне, енді Құпияның күтушісін,
Тағы бір көргендеймін қайран қалып.
қыз кереметі
Заулапты аралықта талай заман,
—Ой, тәубе, ұқсайды екен адамға адам.
Қаналы сөзін солай доғарды да,
Еріксіз жылап кетті, оңай ма оған!
Аққанын көз жасының қалды білмей,
Өткізді әңгімемен таңды күлмей.
Күтуші бұл араға қайдан келген,
Тәңірім жаратқан ба жанды бірдей!
Тәжі енді сөз бастады оңды-солды,
Ол дағы Қаналыға аң-таң болды.
Қақпағын қарт тарихтың ашты айқара,
Ойлары екеуінің осы жолғы.
—Қаналы, бұл істерге болдың алаң,
Аударшы назарыңды енді маған.
Ұқсаттың күтушіге Зәйіпті сен,
Ұқсатып мен отырмын Гүлді саған.
Батты да терең ойға орта жолда,
Тоқтатып өзін-өзі әрең зорға.
Сезімін сең соққандай шарасыздан,
Қаналы қатты абыржып кетті сонда.
Сол кезде әйелі кеп балықшының,
Ақтарды оқиғаның анық сырын.
Баяндап хан-қараға барлық істі,
Түгелдей түсіндірді анықтығын.
Қаналы естен танды тағы жылап,
Түскендей төбесіне тауы құлап.
Тұрғызды тоқтау айтып Тәжі сонда,
Ақылға не амал бар бәрі де ұнап.
Өткен іс барды қайта ізіне енді,
Гүл сұлу Қаналының қызы болды.
Өзіне сайлап алды уәзір етіп,
Қаналы күйеу ұлы Ғалым ерді.
хикаялық дастандар
Кеудеге өнер жиған он жасынан,
Ақылы көпке таныс формасынан.
Балықшы бірінші қол уәзір болып,
Тәжінің орын алды ордасынан.
Адамдар азап-бақыт арқалады,
Әңгіме өстіп-өстіп тарқалады.
Тәжіге бір қыз беріп Қаналының,
Елінен аман-есен қайтарады.
Қаналы, Тәжі, Ғалым, Гүл, балықшым,
Зәйіпке дей алады кім ғаріпсің.
Достасты екі патша соныменен,
Жетіпті мақсатына мүлде анық, шын.
Ал енді кім жылады, кім қуанды,
Ақиқат сынбады, әсте, мың бұралды.
Жайылып «Кемеңгер қыз кереметі»
Ұрпаққа ұлы мұра үлгі қалды.
Ертеде Зайып деген патша болған,
Дәулеті асып, маңайы елмен толған.
Екі әйел алса дағы бала көрмей,
Тағы бір әйел алды, аты—Зорман.
Зорманның пейілі кең, ақылы артық,
Мінезді ойламы бар сөзге жатық.
Елге де тым жағымды, жарқын мінез,
Болмады кем-кетікке қолы тартық.
Үй іші шат-шадыман бола қалды,
Көргендер бұл жағдайды қайран қалды.
Сен анау, сен мынаусың, сен күндессің,
Дейтіндер әп-сәтте-ақ адыра қалды.
Жақсы әйел басқа қарар, жасқа емес,
Жаман болса әйелің күнде егес.
Зорманды жақтырмайтын жан болмады,
Оқырман ол жайында берсем кеңес.
Күндері осылайша өтіп жатты,
Қызығы бір күннен, бір күн артты.
Ниетке қарай бағы жанып Зорман,
Бір жылдан соң жүкті боп бір қыз тапты.
Сол қыздың Шаймұза деп атын қойды,
Отыз күн ойын жасап, қырық күн тойды.
Зайыптың қуанышы шалқып асып,
Іштегі уайымның бәрін жойды.
Шаймұза
хикаялық дастандар
Жас бөбек күннен күнге гүл жайнады,
Шешелері сол гүлін аялады.
Әлпештеп қолдан-қолға қондырып ап,
Бала үшін еш нәрсе де аямады.
Былдырлап сөз шыққанда тілге келіп,
Әке-шеше қызықтапты еміреніп.
Қаз тұрып бір аттаса күліседі,
Аяғын басқанына көңілденіп.
Шаймұза құлпыра өсті қанаттанып,
Өзінше өскен сайын талаптанып.
Оқыды медреседе көңіл қоя,
Аз күнде қалды жақсы қара танып.
Шамаша білім алды медреседен,
Шешеден де ақылды болды ерен.
Үйі базар, түзі той Шаймұзаның,
Жаралған деп қаласың көрсең неден.
Өңі бар таңқалдырар, сұлу көркі,
Тым салмақты, ойы да бар біркелкі.
«Жақсы қыз жағадағы құндыз» дейді,
Осылай өсті жайнап, өзінде еркі.
Бұл қыздан өзім деген жан аспады,
Талайлар осы қызға көз тастады.
Ақылды алдын ойлар дегендейін,
Ешкімге өз жайында сыр ашпады.
Әкесі ойланды қыз туралы,
Жат жұрттық делінетін сол мұраны.
Мінеки, жасы толды он сегізге,
Бар дейді мұның қандай жақсы амалы.
Ой ойлап осылайша жүрді патша,
Кетпеді көкейінен тұрса-жатса.
Жігітке берер едім, шартым осы:
Қызға да, өзіме де бірдей жақса.
шаймұза
Қызға да ой келді әкесіндей,
Ішінен талайларды жүр менсінбей.
Ойымды білдірейін, «тәуекел» деп,
Қабылдаса әкеме жүрексінбей.
Бұл ойда әкесіне барып жетті,
Жүрегін патшаның дүрсілдетті.
—Балама жаққандарды мен сынаймын,
Әуелі балам бірден көрсін,—дейді.
Сонымен патша елінен жігіт жиды,
Келіпті мен-мен деген нелер қилы.
Көп жігіттен үш жігіт көзге түсіп,
Шаймұза жүдең сырын ішке түйді.
Зарлық деп аталады оның бірі,
Шаймұза «жақтырдым» депті сөздің шыны.
Жігітің қайсы десе мынау дейтін,
Дүниенің екен ол дәл бір бұлбұлы.
Мүкәрам енді бірі бүлдіршіндей,
Қызды ұнатып тұр іштен сыр білдірмей.
Шаймұза да ғашық боп іші елжіреп,
Жадырап сала берді шыққан күндей.
Жігіттің енді бірі Нәри деген,
Шаймұза бойы балқып оған күйген.
Көргеннен көңілі ауып, көзі тұнып,
Жақтырып үшеуіне жаны сүйген.
Шаймұза біреуіне қайтсе бармақ,
Парықтау қиын болып түсті салмақ.
Жіберді әкесіне үш жігітті,
Деп «біреуін өзіме берсін таңдап».
Патша үш жігітке көзін салды,
Көргеннен қызықты ол, аң-таң қалды.
Қимады үшеуін де бірдей патша,
Таңдауға бірін амал таба алмады.
хикаялық дастандар
Үш жігіт үшеуі де осы қыздан,
Үміткер болып, жүрек қаны қызған.
«Қыз, патша бірімізді жақтырар» деп,
Бір талай күн өткізді амалсыздан.
Қыз жүрді ғашықтықтан уайым жеп,
Жүр патша «бұған не лаж қылайын» деп.
Сонымен патша оларды шақыртады,
Үшеуін және де бір сынайын деп.
—Үш айлық алыс жолда үш қала бар,
Үшеуің үшеуіне барасыңдар.
Мың ділдадан тең берем қолдарыңа,
Мың ділдалық үш нәрсе аласыңдар.
Қаладан алыстағы алып келген,
Көз тартар заттарыңды дейді көрем.
Беремін сол жігітке Шаймұзаны,
Болып шықса кімдікі сымбатты ерен.
Бір айлық жолға дейін бір барасың,
Онан соң әркім тапсын өз қаласын.
Бір айлық жолдан тағы қосылысып,
Келсеңдер беріледі ықыласым.
Үшеуі мың ділдадан санап алды,
Жарлығын патшаның мақұлдады.
Үш асыл үш қаладан табу үшін,
Бірлікте сол сапарға кете барды.
Үшеуі бір айшылық жолды басты,
Отырып алдағы істі ақылдасты.
Қайтып кеп осы арадан табыспақ боп,
Белгілеп қойды үлкен бір қара тасты.
Оң жақтағы жолменен кетті Зарлық,
Болған соң патшадан өктем жарлық.
Алдында зор үміткер іс тұрғанда,
Несі бар қыз жолында аянарлық.
шаймұза
Мүкәрам орта жолмен жүріп кетті,
Туралап бір қалаға алып бетті.
«Өлсем де жапа шегіп арман жоқ» деп,
Қыз жолында арнады бар ниетті.
Сол жақтағы жолменен Нәри зытты,
Жарлығын патшаның әбден ұқты.
«Қайтсемде осы қызды алам» деген,
Өзінше көкейінде сенім мықты.
Үшеуі үш қалаға жетіп барды,
Демалып бірнеше күн дамылдады.
«Мың ділда бағасы бар зат не екен» деп,
Не әсем дүкендерді аралады.
Кей нәрсе мың ділдаға жетпей қалад,
Кейбірі мың ділдадан сәл артылад.
Алуға мұның бәрі жарамайды,
Қиындық туды, сөйтіп, қабат-қабат.
Аралап қаладағы дүкендерді,
Баспа-бас мың ділдалық зат көрмеді.
Байқады ендігі лаж қаладағы,
Көтерме сауда сатып жүргендерді.
Зат іздеп Зарлық тағы зар желеді,
Деп «қайдан іздегенім кез келеді».
Сөйтіп жүріп алдынан айна сатқан,
Біреуді бұрыштағы ол көреді.
Барды да айнасының нарқын ұқты,
Дүкендегі басқа айнадан парқын ұқты.
Бағасы дәл мың ділда кесіп қойған,
Алды да қалтасына мықтап тықты.
Сатушы айтты оның қасиетін,
Бір айлық жолдағыны көрсететін.
Жүрегі орнықты да қобалжыған,
Жұмысы осыменен болды бітім.
хикаялық дастандар
Мүкәрам кезікті де жолаушыдан,
Мың ділдаға алды сатып бір дастарқан.
Қасиеті деді мұның айлық жолға,
Жетесің мінсең қалмай бір сағаттан.
Ол дағы тынышталып демін алды,
Жүрегі қуанғаннан оттай жанды.
«Жаратар патша мұны бір керекке,
Көз тартар бұйым екен аса сәнді».
Нәри де мың ділдалық зат іздеді,
Бір үйден тамыршыға дәл кез келді.
Бұйымтайын айтқан соң ол тамыршы,
Бір атым насыбайдай дәрі берді.
—Дәріні аз демеді мың ділда бер,
Қолдан келмес ісіңе пайда берер.
Жаңадан жаны шыққан ғазиз жанға,
Иіскетсең дереу ғана тірілдірер.
Мың ділда беріп Нәри дәріні алды,
Мақсаты орындалып арындады.
Патшаға мақтанышпен апармақшы,
Қиын ғой мұндай заттың табылмағы.
Келтіріп үшеуі де іс ыңғайын,
Қайтуға кейін қарай болды дайын.
Патша жаққа жол тартты бір уақытта,
Іс болмаса жақсы енді жазатайым.
Осымен бұл үшеуі жолға шықсын,
Жалғаспай сөз аяғы тұра тұрсын.
Айталық кейін қалған қыздың жайын,
Оқырман түгел бұған мойын бұрсын.
Қыз жүрді уайымдап үш жігітке,
Жетемін қай күні деп зор үмітке.
Көп ойлап, уайымдап, қасірет шегіп,
Кез болды ақырында ол бір дертке.
шаймұза
Сарғайды сағынышты қайғыменен,
Осылай өтіп жатты өмір деген.
Төсектен тұруы да мұң боп қалды,
Бір шипа болар екен бұған неден?
Шешесі зар жылайды төгіп жасын,
Қия алмай телміреді ол баласын.
Шақыртсам бақсы менен балгерді,
Таба ма деп ойлайды бір шипасын.
Патша да қысылады-ақ жаман қатты,
Қыз жағдайы рас-ақ жанға батты.
Атағы шығып жүрген еліндегі,
Шақыртты балгерді Жұмыш атты.
Жұмыш кеп тамыр ұстап ем-дом берді,
Әке-шеше «жазылар» деп көңілденді.
Қаншалық емдесе де шипа болмай,
Сорлы ана одан ары егіледі.
Жұмыш айтты:—Науқасы тым салмақты,
Қан баяулап, жүректе әл қалмапты.
Патшам, ақылдасып іс істесең,
Балгерлер шақыртсаңыз шарапатты.
Патша балгер мен бақсыларды,
Әкелді білед деген жақсыларды.
Біреу анау, біреуі мынау дейді,
Қыз оның барлығын да жақтырмады.
Сонымен қыз науқасы ауырлады,
Бір шипа пайда тиер табылмады.
Жұта алмай бір тамшы су халі кетіп,
Бойында қыздың әрең жаны бар-ды.
Әке мен шешелері қыз жанынан
Кете алмай телміреді абыржыған.
Қуарды шүберектей қыз келбеті,
Сезілді таусылғандай жүректе қан.
хикаялық дастандар
Халсіз боп осылай жатсын үйде,
Үш жігіт, көз салайық, қандай күйде.
Қыз үшін арнап олар жас жандарын,
Кетіп ед ұзақ жолға бекіп мүлде.
Үшеуі қуанышпен қайтты алыстан,
Келеді қызға қарай дем алмастан.
Екі айлық жолды басып арып-шаршап,
Кездесті уағдалы қара тастан.
Үшеуі құшақтасып амандасты,
Сағынған бірін-бірі мауқын басты.
«Шаймұза қайсымызға өмірлік» деп,
Отырып үшеу ара қалжыңдасты.
Алдымен Нәзи тұрып сөз бастады,
Тұр еді жақсы затпен танысқалы.
Деді ол:—Затымызды көріселік,
Қаладан алып келген алыстағы.
Олар да бұл сөзіне мақұл болды,
—Мынауың,—деді—рас ақыл болды.
Сынайық өзімізше осы арада,
Қайсымыздың затымыз болар оңды.
Зарлық айтты:—Қаланы араладым,
Мың ділдаға кішкене айна алдым.
Бір айлық жердегіні көрсетеді,
Мұның мен қасиетіне қайран қалдым.
Мүкәрам алғандығын дастарқанды,
«Қыранға тең» деп айтты аспандағы.
Отырсаң бір ай жолың бір-ақ сағат,
Дегенде қуаныштары тасқындады.
Нәри айтты:—Бір атым насыбайдай
Дәрі алып болды ғой көңілім жай.
Жаңадан жаны шыққан ғаріп жанды,
Тірілтеді иіскетсең аялдамай.
шаймұза
Үшеуі онан ары қуанысты,
Ойлады игілікті алдағы істі.
«Қыз қайтып отыр екен, көрейік» деп,
Сөйтті де бір-біріне жақындасты.
Айнаға қараса олар қыла алмай дәт,
Қыз өліпті у да шу қат-қабағат.
Дастарқанға отырып дереу ұшып,
Қырандай көк жүзіне қақты қанат.
Әп-сәтте бір ай жолға жетіп келді,
Көмгелі жатқан қызды олар көрді.
Жалма-жан дәріні әкеп иіскетіп ед,
Тіріліп қыз орнынан түрегелді.
Патша да, шешесі де, ел де қатты
Қуанып ризалық айтып жатты.
Өлгені тірілген соң Зайып патша,
Той жасап, мал-мүлікті аямапты.
Патша затын көрді жігіттердің,
Мың ділда беріп сатып әкелгенін.
Үшеуінің бағалы затыменен
Енді білді қызына жан кіргенін.
Айна сатып алмаса Зарлық егер,
Қыз өлгенін айтыңыз қайтып білер.
Дастарқаны болмаса Мүкәрамның,
Айлық жолға әп-сәтте қайтып келер.
Рас-ақ, дер кезінде жетіп келді,
Келді де өліп жатқан қызды көрді.
Болмаса Нәри алған сол бір дәрі,
Қарағанмен қызға жан кірер ме еді.
Шын ойлаған бұл істің мәнін ұғар,
Білмегендер шешуін теріс бұрар.
Рас-ақ, жан салатын дәрі болсын,
Көрмесе, жеткізбесе неге тұрар.
хикаялық дастандар
Бұл үш зат бір-бірінен қалыспайды,
Қалай деп түсінеміз бұл бір жайды.
Патша ойлай-ойлай басы қатып,
Қыз иесі кім боларын айырмады.
Қыз дағы бұл туралы сенделеді,
Үш жігіт пен үш затты тең көреді.
Өмірлік іс осылай тоқырап тұр,
Ақыры не боларын кім біледі?
Патша істің жайын көп ойлайды,
Асықпай жайыменен толғанады.
Халқыма ақыл салам, айтсын маған,
Бұл істің нақ шешуін деп ойлады.
Үш жігіт істеп берді шын ерлігін,
Патша халқын жиды келелі күн.
Деді патша:—Қайсысы қызды алады,
Қанеки, айтыңыздар төрелігін?
Бұл хабар дүниеге тарап жатты,
Төрелікті айтуды жұрт ұнатты.
«Көп табад бір ақылын» деп Шаймұза,
Көңілін онан ары жадыратты.
Өйткені үш жігітті қыз ұнатты,
Қызыққан жігіттер де, қыз сымбатты.
Бірақ та үш жігітке қосылатын,
Көрмедік дүниеден шариғатты.
Халықтың таңдап берген Зайып патша,
Бермекші жігітіне қыз ұнатса.
Қыз қиылып үшеуін де қияр емес,
Таң қалдық дәл осы бір махаббатқа.
Алдары жігіт емес қыздың тұйық,
Болашақ мұраты бар шығар биік.
Патшасы бір шаһардың Қабан дейтін,
Естіді бұл хабарды іші күйіп.
шаймұза
Бұл қызды Қабан патша алам деген,
Ниетпен әскер жиды өз елінен.
Зорлап таңды, оқырман, қараңыздар,
Шешпекші боп бұл істі соғыспенен.
«Соғысам, жеңіп алам» деп жар салды,
Қанша ер, жендеттерін жиып алды.
Зайыптың сұлу қызы менікі деп,
Шұбырып сілекейі лаң салды.
Зайыпқа хабар берді елшіменен,
Өр кеуде озбыр Қабан өкіректеген.
Тыныш жатқан ер қорғалды, ел күйзелді,
Тұтқиыл дәл осы бір дүрбелеңмен.
Бастады бір сұмдықты Қабан патша,
Қызды алар себебі жоқ мұнан басқа.
Қатыгез, қара ниет шықты шепке,
Қанжарын қан ішетін жанып тасқа.
Естіді бұл хабарды жігіттер де,
Қыз дағы түсті шұғыл әбігерге.
Зайып та ақылдасты оларменен,
Хабарды жаңалады бүкіл елге.
Делқұлы патша еді Қабан деген,
Бойында қастандығын жаһан білген.
Қатулы Нәри, Зарлық, Мүкәрамдар,
Не саңлақ, ердің ерін жинады елден.
Сайланды Зайып патша дайындалып,
Келер деп Қабан патша соғыс салып.
Жеңіліп Қабан жаудан қалсақ егер,
Үш жігіт қыз басына түсер салық.
Ерлікпен патша елі де жұмылды енді,
Патшаның айтқан сөзін қабыл көрді.
Ер-сабар Нәри, Зарлық, Мүкәрамның
Жоқ еді патшасына өкпелері.
хикаялық дастандар
Күйіп тұр үш жігіттің қызға жаны,
Қыз дағы қызықтады бұл арманды.
Арада пайда болған лаңды іске,
Қыз дағы, жігіттер де алаңдайды.
Зарлық, Нәри, Мүкәрам достар еді,
Қияда талай басын қосқан еді.
Кезігіп енді, міне, Шаймұзаға,
Ұласқан төртеуінің досқа демі.
Сонымен соғысуға дайындалды,
Қалдырды қаласына Шаймұзаны.
Өзі бастап аттанды Зайып патша,
Жеңуге Қабан сұмды қатуланды.
Жинап ап ақыл берер талай досты,
Майданда майталмандар басын қосты.
Айнаны, дастарқанды қызға беріп,
Жаулардың келе жатқан жолын тосты.
Қыз қарап отыр, міне, айна қолда,
Көз салды келе жатқан қалың қолға,
Қабанның ерткен қалың нөкері бар,
Бет алған дүрілдесіп сыймай жолға.
Қасқая шапты Зайып қарсы жауға,
Келмейді жау дегенің айтар дауға.
Болыпты қанды қырғын екі жақтан,
Көрініп тұрды майдан Шаймұзаға.
Жекпе-жек келіп жаумен араласты,
Талайды Зайып патша домалатты.
Қабанның басын кесіп өз қолымен,
Айнамен көрген қызды тым қуантты.
Бір сұмдық болып кетті сол арада,
Кезікті Зайып патша дәу қараға.
Зайыпқа дәу қара да қылыш ұрды,
Қыз көрді, бас кесілді амал бар ма!
шаймұза
Соғыстан Зайып патша өліп кетті,
Мініп ап дастарқанға қыз да жетті.
Сүйегін әкесінің алып келіп,
Шаймұза жанарынан жасын төкті.
Қыз тағы соғыс жаққа айна салды,
Көрді өлген Нәри менен Мүкәрамды.
Бас кесілді, амал жоқ, шерін төгіп,
Бел буып соғысқа өзі дайындалды.
Желікті жел өкпелер Қабан жақтан,
Зарлық жүр қан жосамен араласқан.
Қоян-қолтық келгенде дәу қараны,
Жоқ қылып қанжар ұрды кесер бастан.
Шаймұза жетіп келді бұл майданға,
Зарлықпен тізе қосып шайқасуға.
Жарымен жаудың қырып араласып,
Мініп ап дастарқанға шықты аспанға.
Қырылды Қабан жақтан қалың нөкер,
Ерлігі сұмырайдың болды бекер.
Өктемдік, озбырлықтың несі жақсы,
Еңбегің әуре болған селге кетер.
Ит, бөрі, қарға-құзғын Қабан басын
Жеп жатты дабырласып дайын асын.
Қалғаны тоз-тоз болып қашты кейін,
Білген соң мұнан опа табылмасын.
Зарлық пен Шаймұза алды бұл жеңісті,
Отырып дастарқанға көктей ұшты.
Қыз-жігіт екеуі де сыннан өтіп,
Шаһарын бір айналып жерге түсті.
Иіскетіп дәріні әкеп тірілтуге,
Амал не бас пен дене емес бірге.
Сүйікті патшасынан, қос досынан,
Ақыры айырылып қалды мүлде.
хикаялық дастандар
Қыз-жігіт еліменен басын қосты,
Қадірлеп қойды әке мен екі досты.
Азасын алпыс күнде аяқтатып,
Зорманға қыз бен жігіт ақыл қосты.
Зорманның алды жігіт ықыласын,
—Бұйрықтан аса алмайсың, екі жасым,—
Деді де Зорман ана бата беріп,
Зарлыққа Зайып патша берді тасын.
Жаңа бір жарқыраған нұр төгілді,
Шаймұза Зарлық ерді сүйе білді.
Қос ғашық тауып дұрыс өмір жолын,
Осылай риза етті бүкіл елді.
Сонымен жеткен екен мұратына,
Қыз-жігіт тал шыбықтай бұратыла.
Меңгеріп патшалықты Зарлық патша,
Жалғасқан мұрагері мыңдай жылға.
Сүлеймен патша бопты бұрынырақ,
Бар шығар естулерің мұны бірақ,
Ұшқан құс, дию, пері, құрт-құмырсқа,
Адамзат, айуанатты тұрған сұрап.
Асқар тау, ағынды су, ағаш пен шөп,
Осының барлығына үкім қылад.
Осының барлығының тілін білед,
Тұрады жиын ашып басын құрап.
Құдайдан құдіретше хабар алып,
Халқына бұлар істі айтып тұрад.
Тағдырға сенбегенмен серт жасасып,
Әтейге сендіруге сынақ қылад.
Халқына жиын ашып бір күн айтқан:
—Мәшүріп патшасынан бір ұл туад.
Мағұрып патшасынан бір қыз туып,
Екеуі ержеткенде неках болад.
Мұны естіп құс төресі Самұрық кеп,
Патшаның бұл сөзіне қарсы тұрад:
«Екеуі менше болса қосылмайды,
Арасы шығыс, батыс сонша жырақ.
Бұйрығы Құдайыңның болса дағы,
Қоспаймын ол екеуін берсең рұқсат» деп,
Самұрық Сүлейменге қылды ілтипат.
Сүлеймен Самұрыққа берді ерік,
—Талабың ақылыңа болсын серік.
Екеуін қоспай қойсаң мәнсап берем,
Қосылса қаламысың жаза көріп.
Төрт ғадыл
хикаялық дастандар
Не болмақ істің артын сыналық та,
Тәуекел соңын күтіп тұралық та.
Ерікті Самұрыққа сенгендерден,
Сөз бітсін бұған кепіл қылалық та.
Сауысқан, үкі, сарша, құзғын болып,
Төртеуі қол қойыпты куәлыққа.
Екеуі серт жасасқан он бес жылға,
Ұзарып кетсе сөзім ғайып қылма.
Әңгіме Самұрықтан басталғанмен,
Тағы да кез боламыз талай сырға.
Жазысты алтау ара тоқтам хатын,
Бекемдеп сөз байласты неше хатым.
Самұрық жеңсе қолын жеткізбекші,
Жеңілсе жері де жоқ құтылатын.
Самұрық еріктілік алды қолға,
Тәуекел сол бетімен түсу жолға.
Батысты бетке алып көп күн ұшып,
Патшаны батыстағы тапты зорға.
Патшаның қызын ұрлап әкетпекші,
Әкеліп бақпақ екен темір торға.
Батысқа патша болған қолы жеткен,
Таралып шартарапқа даңқы кеткен.
Болса да қисабы жоқ қазына-мал,
Көрмепті таққа ие бір шыр еткен.
Әйелі елу жаста бір қыз тауып,
Балаға ата-анасы мейірін төккен.
Той қылып ұлан-асыр, елін жиып,
Қайырын аямаған қалың көптен.
Көтеріп жас баланы бесігімен,
Бақшаға әр уақыт еркелеткен.
«Аңдыған жау алмай қоймас» дегендейін,
Баланы Самұрық кеп іліп кеткен.
төрт ғадыл
Шуылдап қала берді, амал бар ма,
Пәлеге не қылады түскен көктен.
Самұрық сол бетімен баланы алып,
Оңтүстік тарабына ұшып кеткен.
Арада талай заңғар таудан асып,
Не қилы көз жетпейтін судан өткен.
Бар екен оңтүстікте бір бәйтерек,
Ұя сап, соның басын мекен еткен.
Киіктің етін әкеп, қан сорғызып,
Самұрық бала баққан сөйтіп еппен.
Жеткенде ес білетін шамасына,
Әр түрлі амандыққа айла еткен.
Жасатып шойын сандық, есігі тар,
Бекітіп өзі жоқта тастап кеткен.
Басында бәйтеректің өмір сүріп,
Осылай айлар өткен, жылдар өткен.
Ал енді шығыс жақтан сөз сөйлейін,
Көпшілік, тыңдасаңыз шын ниетпен.
Шығыста бір патша бар, аты—Мәлік,
Қараған билеуіне қанша халық.
Дәулеті патшаның аз болар ма,
Айтайын мұның жайын осыншалық.
Жоқ екен мұның дағы бір баласы,
Жүргенде бір ұл көрген өліп-талып.
Қысқаша патша жайын таныстырдым,
Айтайын әңгімеге баланы алып.
Бұл бала жаралған жоқ, міне, бүгін,
Халыққа көрсетейін сөздің жігін.
Самұрық ұрлап кеткен батыс қызы,
Бір екен есептесек туған күнін.
Ер бала ержетіпті ай, жыл өтіп,
Молдадан білім алған ақылы жетіп.
хикаялық дастандар
Он, он бір шамасына келген кезде,
Жиналған қару, қайрат бойға бекіп.
Көңілі шартарапқа алып-ұшып,
Патша ұлы көрмеген соң адам зекіп.
Бір күні әкесіне бала келіп,
Бір талап қойған екен ойға кетіп.
—Ей, ата, маған тілек берсең екен,
Көз жасын балаңыздың көрсең екен.
Билеген ел-жұртыңды мен де аралап,
Сайрандап сахараны көрсем екен.
Қасыма көп адаммен сауда қылып,
Көтеріп көңілімді келсем екен.
Ер жігіт үйде туып, дүзде өспей ме,
Ей, әке, балаңызға жөн сол екен.
Патша рұқсат береді баласына,
Сенген соң ақылына, данасына.
Қасына адам қосып, сауда берді,
Кемемен сайрандамақ дариясына.
Бұлар да оңтүстікті бетіне алды,
Бар екен бір бау-бақша жетіп алды.
Төрт-бес күн осы арада сайран салып,
Кемені қайта түзеп суға салды.
Дарияда көп күн жүрді кемеменен,
Бетке алып оңтүстікті кенермен.
Кемені боран соғып қайтарады,
Ғаламат деп шулайды бұл не деген.
Кемені тасқа соғып быт-шыт етті,
Дүниеден кім бар дейсің жөнемеген.
Көп адам, көп қазына суға кетті,
Кез болды мұндай күйге елемеген.
төрт ғадыл
Кемені боран кеткен суға шағып,
Адамдар кете берген сумен ағып.
Әйтеуір тірі болсын, өлі болсын,
Адасқан бір-бірінен бәрі лағып.
Бала да бір тақтайға жабысыпты,
Айрылсын жан шықпаса бұдан нағып.
Қалжырап, халі кетіп бірнеше күн,
Келеді көздің жасы суға тамып.
Кез болды келе жатқан бір кемеге,
Олар да деп ойлайды бұл немене?
Баланы кемешілер ұстап алды,
Жабысқан жан қалыпты құр денеге.
Түспестей аш өзекке тамақ беріп,
Жатқызып бойын жылытты бірдемеге.
Алдымен әлдендіріп алмақшы ғой,
Әйтпесе жөн сұрауға тіл келе ме.
Баладан жөн сұрады ес кірген соң,
Кетпей ме жүк дүзеліп көш жүрген соң.
Бала да бастан-аяқ жөнін айтты,
Жылы сөз құлағына естілген соң.
Кемеде Сүлейменнің уәзірі бар,
Бір жомарт саудагер ед енді бірі.
Баланы жақсы көріп қызметкер қылды,
Белгісіз қайда барад ішкі сыры.
Бала да адал еңбек етіп жүрді,
Айығып ішіндегі қайғы-кірі.
Сөйтсе де ата-анасын іздемекші,
Қолдаса бұл баланы медет пірі.
Сонымен ай жүріпті, жыл жүріпті,
Жылатып талайды Алла, күлдіріпті.
Бір күні уәзір мен саудагерге
Жағдайды бала келіп білдіріпті:
хикаялық дастандар
—Сағындым ата-анамды күндіз-түні,
Бай, патша, уәзірлерім, тыңда мұны.
Егерде сіздер рұқсат етсең маған,
Іздеймін ата-анамды сөздің шыны.
Уәзір саудагермен ақылдасу,
Жауабы бір-біріне жақындасу.
«Көз жасы жібермесек жүк болар» деп,
Баланы босатуға мақұлдасу.
Уәзір ол баланы кеп көреді,
Уәзір бала сөзін еп көреді.
Көп уақыт сапар жолда бір емес пе,
Бір-бірін неге бұлар жек көреді,
—Балам-ай, кетер болсаң, ақыңды ал,—деп,
Қазынадан алтын, күміс көп береді.
Бала айтты:—Қарным тойды, киім кидім,
Ақыңды ал деген сөзді жек көреді.
—Мойнымда қарызым бар мен өтейін,—
Деп қайта берген пұлын өткереді.
—Ажалдан арашалап алып қалдың,
Болмаса суға балаң кеткен еді.
Білген соң ол баланың ақы алмасын,
Уәзір балаға бір шөп береді,
—Бұл шөпте қасиет бар, түсін, балам,
Көп пәле саған келген шектеледі.
Сүлеймен патша маған беріп еді,
Талайдың қолы бұған жетпеп еді.
Бұл шөптің қасиеті бұл ғаламның,
Білесің барлық тілін,—деп береді.
Бала да мықтап орап тығып алды,
Алтын алмай, шөпті алуды еп көреді.
Уәзір мен саудагер бата берді,
Баланың бұл сапарын шектемеді.
төрт ғадыл
Бұлардан бала сөйтіп айрылысты,
Көреді тірі пенде қайбір істі.
Болмыстың өзін ғана айтайыншы,
Тездетіп біраз ғана жәй жүрісті.
Бір шалға бала жүріп кез болады,
Жақсыдан үлгі нұсқа сөз қалады.
—Ассаламуаләйкум, кәрия,—деп,
Бала кеп ақсақалға кез болады.
—Уағаләйкумассалам, балам,—дейді,
Көңілің, балам, неден алаң,—дейді.
Берейін саған, балам, ықыласымды,
Жазылар жүректегі жараң,—дейді.
Айырылған ел-жұртыңнан жан екенсің,
Мен сені дүзу жолға салам,—дейді.
Басына Ніл дарияның тура бетте,
Осы жол төте болар саған,—дейді.
Бақытың көретұғын алдыңда екен,
Түбінде, балам, болмас жаман,—дейді.
Мен дағы бір нысана атам көздеп,
Шығыпсың өзің тілеп сапар көздеп.
Шаһизада әкең қойған атың екен,
Мен бір ат тағы қойдым «Жаһанкез» деп.
Сен, бала, енді аяңда, қарап тұрма,
Тәуекел сапар шегіп шықтың қырға.
Жасыңда мехнатты көре берсең,
Түбінде бөленесің бақыт нұрға.
Аласың бұл сапардан талай сабақ,
Жол үсті жолығасың талай сырға.
Сонымен бала кетті деген жаққа,
Бұрылмай жоғары да, төмен жаққа.
Сайланған салуетті бір топ адам,
Балаға кез болыпты келе жатса.
хикаялық дастандар
Бұл адам бір патша екен уәзірімен,
Серуендеп жүр екен саяхатта.
Баланы бұлар көріп ертіп алды,
Мінгізіп жетектеген артық атқа.
Барлығы бірге жүріп бірнеше күн,
Кез болды алтын-гауһар бір бау-баққа.
Ағаштың сабағы алтын, бүрі жеміс,
Сәулесі жарық берген шартарапқа.
Жанында сылдырлаған күміс бұлақ,
Сәулеті жарасып тұр бар тарапқа.
Аралап алтын бақты аттан түсті,
Жеміс жеп, тамашалап суын ішті.
Ағаштан күй шертіліп, бұлбұл сайрап,
Келген жан кетер емес іші пысып.
Иесіз көп алтынды көргеннен соң,
Жасырып алмақ болған талай пысық.
Қажетің қанша алса қамдаласың,
Кетеді артық болса қолдан түсіп.
Көрген соң әлгі патша бұл ғажапты,
Боларын мұндай істің болжамапты.
«Тарихын осы бақтың түсіндір» деп,
Патша-хан уәзіріне салды азапты.
—Бұл бақтың мән-жайын тапсаң жақсы,
Таппасаң көрсетемін бар ғазапты.
Уәзір айтты:—Рұқсат бер бір ай маған,
Баршаға несібеміз бір Алладан.
Тарихын осы бақтың толық ұғып,
Кезінде уағдаға мен бір айналам.
Егерде таба алмасам басым дайын,
Көрейін не жазса да Құдай маған.
Мен бұрын әңгімеден естімеппін,
Мұндай іс болады деп кім ойлаған.
төрт ғадыл
Уәзірге патша рұқсат еткен екен,
Уәзір солай сапар шеккен екен.
Баланың жүрер жолы бір болған соң,
Ілесіп жаһан кезіп кеткен екен.
Жол жүріп арып-шаршап бірнеше күн,
Шетіне бір шаһардың жеткен екен.
Айдаған бәрін дағы бір бұйрық бар,
Әйтпесе кім ойлаған шетке кетем.
Кезікті бір адамға егін еккен,
Егінші жолаушыны тебіренткен.
Егіннің алды пысып қурап жатыр,
Жартысы жайқалып тұр көгі жеткен.
Үстіне осы егіннің ұрық шашып,
Барады басып-жаншып жүрмей еппен.
Аралас пысқаны мен пыспағаны,
Қылтиып тағы да көп жаңа ержеткен.
Пысса да, пыспаса да, қураса да,
Әр жерден үйіп орып, су төккен.
Бұрылып егіншіден жөн сұрады:
—Мұның не, бұлай қылдың не себептен?
Жан екен әлгі адамның түсі суық,
Ала алмай одан жауап жүріп кеткен.
Ала алмай бұдан жауап жүріп кетті,
Кезігіп бір адамға тағы жетті.
Ол адам отын алып жатыр екен,
Ойлаған арқасына көтермекті.
Отынын неше ұмтылып көтере алмай,
Үстіне тағы қосу үміт етті.
Тағы да көтере алмай тағы қосты,
Көбейгенде көтеріп жүріп кетті.
Бұдан да жөн сұраса жауап бермей,
Бетіне бір қарап ап келіп кетті.
хикаялық дастандар
Көп адам тағы жүрсе жиылып тұр,
Басына бір құдықтың үйіліп тұр.
Құдықтан су алатын адам екен,
Бәрі де суға төніп қиылып тұр.
Құдықтың иесіне су берілмей,
Басқаға өз мәнінде құйылып тұр.
Суы көп болса дағы өз құдығы,
Өзіне жетпегенге күйініп тұр.
Бір адам тағы егінін суарып тұр,
Тоғаннан кезектесіп су алып тұр.
Ішінде бір адамға су жетіспей,
Егіні шөлден өліп қуарып тұр.
Кез болды одан шығып асханаға,
Деуші едік «Қой аспаздар аш бола ма».
Басқалар ет пен майға тойып отыр,
Аспазы кезігіп жүр масқараға.
Аспазы етек-жеңін түрініп жүр,
Теңселіп әр нәрсеге ұрынып жүр.
Өзіне жейін десе тамақ жетпей,
Аштықтан өле жаздап сүрініп жүр.
Осындай әрбір түрлі іс көріпті,
Әр нәрсе өз мәнінде істеліпті.
Таңырқап алдыңғы іске келе жатса,
Тағы да бір ғажайып құс көріпті.
Қанатын ғажайып құс жинап отыр,
Өз жанын өзі қатты қинап отыр.
Бағана ұясынан оңай шыққан,
Кірейін десе қайтып сыймай отыр.
Мұның да жөнін білмей кеткен екен,
Осылар өстіп сапар шеккен екен.
Кез болды келе жатса лақты ешкі,
Семіріп лағы майға бөккен екен.
төрт ғадыл
Лақтың енесінен бойы да үлкен,
Арықтап ешкі өлуге жеткен екен.
Түртініп екі емшегін кезек сорып,
Лағы енесіне өктем екен.
Бір жылан жатыр екен ісіп-кеуіп,
Көп адам өтіп жатыр басып-теуіп.
Ішінде бір адамға жабысып жүр,
Денесін шағып, сорып заһар сеуіп.
Кей жанның сырты бүтін, іші кірбең,
Тартады кей пенделер іші кірден.
Тағы да қаншық итке кез болыпты,
Ішінен тумай жатып күшік үрген.
Буаз ит тыным таппай жүріп барат,
Шуылдап күшік іште үріп барат.
Әр адам өз ісімен болып жатыр,
Тұрмайды жөн сұрауға қылып тағат.
Көз көріп, естімесек не білеміз,
Білгенді айтпай несіне ерінеміз.
Кез болды келе жатып қасапшыға,
Халыққа сойып сатқан еті семіз.
Елі тоқ, еті семіз, пиғылы кең,
Елінде бар сияқты жақсы негіз.
Және оның қасындағы бір жаймада,
Арық ет сатып жатыр, былай қара.
Сасып-шіріп кетсе де талап жатыр,
Халқы тұр есе тимей шыр айнала.
Аштан өлген адамдар тағы да көп,
Келерміз шешуіне бір айлана.
Бір адам тағы көрді киік қуған,
Құйрығына кейде қолы тиіп жуыған.
Киіктің сипатына жан таң қалар,
Шерінен айыққандай жуық тұрған.
хикаялық дастандар
Жеткізбей ақырында ғайып болды,
Осындай таң қаларлық қылық қылған.
Бір топ жан тағы көрді жағаласқан,
Жабылып бір нәрсені қамаласқан.
Бұлардың таласқаны бір-ақ нәрсе,
Ақырда біраз адам ала қашқан.
Тағы да бұдан шығып жол басады,
Тілегің қабыл болса жолды ашады.
Ақ сақалды, ақ шашты, белі бүкір,
Бір шалға тым кәртейген жолығады.
—Ассаламуаләйкум, шалым, қандай,
Жақсы ма денсаулығың, халің қандай?
Көп нәрсе жол-жөнекей көріп келдік,
Шешуі, ата, сізден табылғандай.
—Уағаләйкумассалам, балаларым,
Жетпейді оған менің шамаларым.
Жүз сексен жасқа келген алдарыңда,
Тағы бар менен үлкен ағаларым.
Мендегі өмір жүз елу жасқа келді,
Көргем жоқ содан бері басқа жерді.
Ағайынды үшеуміз бір туысқан,
Мекен ет деп осы жерге тастап еді.
Екінші ағасына тағы жетті,
Қол ұстап ақсақалға сәлем етті.
Алғашқы інісінен жастау екен,
Мәнісі мұның дағы қалай депті.
Жоғарыда көргендерін айтып еді,
Мына шал білген тұр ғой, естімепті.
Адамның дүние бір қашағаны,
Пенденің бар ма мәңгі жасағаны.
«Бұл сырды алдыңғы шал білсе екен» деп,
Уәзір екі көзге жас алады.
төрт ғадыл
«Мұның да бір тілегі тие ме» деп,
Қасынан Жаһанкезді тастамады.
Мына шал білмеген соң тағы кетті,
Ең үлкен ағасына барып жетті.
Ең үлкен деген менен жап-жас екен,
Болса да сәлем беріп тағзым етті.
Ең үлкен жағдайды айтты ағасына,
Жан екен білім құйған санасына.
Жоғарыда көргендерін түгел айтты,
Бұл адам ем болғандай жарасына.
Уәзір айтты:—Біздің ел қалды ұзақта,
Патшамыз ертіп шыққан саяхатқа.
Серуендеп сахараны кезіп жүріп,
Кез болдық алтын нұрлы бір бау-баққа.
Патшамыз «соның жөнін біліп кел» деп,
Бұйырды өзі отырып алтын тақта.
Шығып ек алғашында сол жұмыспен,
Жолықтық содан бері талай затқа.
Осындай ашылмаған сырымыз бар,
Бір жәрдем жолаушыға қылыңыздар.
Жоғарыда біз кезіккен екі ініңнен,
Дейтіндей сізді кіші түріңіз бар.
—Уағаләйкумассалам, балам, қалай?
Дем алып, тынығыңдар алаңдамай.
Шешуін көргеніңнің мен айтайын,
Жасырып білген істі қалам қалай.
Екі жүз жасқа шықтым биыл,
Жасымнан жаһан кезіп бастым қиыр.
Жақсы-жаман нәрсенің бәрін көріп,
Ғылымға әсіресе болдым үйір.
Дүние баяны жоқ бір күн қалар,
Шыққанмен мал, мәнсапқа екі бүйір.
хикаялық дастандар
Соны ойлап біздің елдің адамдары,
Нәпсіге дән бермейді жалғыз түйір.
Әуелі мен айтайын өз жөнімнен,
Айтамын өзім тұрып, өзге кімнен.
Аралап ел мен жерді жүргендегі,
Айтайын көргенімнен, сезгенімнен.
Патшасы біздің елдің өте ғадыл,
Халқына істетпеген жапа-жәбір.
Жолымен шариғаттың іс жүргізед,
Берсең де көз салмайды гауһар, лағыл.
Екінші, байларының қайыры көп,
Айтқызбай әр адамның жайын білед.
Бай, патша қайырымды болғандықтан,
Кедейлер бар мұқтаждан айығып ед.
Үшінші, кедейінің ынсабы бар,
Ағына қай-қашанда ісі ағылар.
Бұл елде жалпы алғанда жамандық жоқ,
Адамға ой түсіріп құса қылар.
Төртінші, молдасының ғылымы көп,
Ғылымды қандай адам көреді жек.
Патшасы, бай, кедей, жас, кәрісі,
Молдасы, ер, әйелі сақтамас кек.
Жамандап бірін-бірі күндемейді,
Тұрады бірі үшін бірі уайым жеп.
Жалынып молдалары Құдайына,
Дұға оқып күндіз-түні қылад тілек.
Жоғарыда сіздер көрген екі бауыр,
Білімі, хал-қуаты менен тәуір.
Біреуінің әйелі нашар болып,
Басына қиыншылық түскен ауыр.
төрт ғадыл
Біреуінің патшасы жемір болып,
Халықты алман-ақы қылған ауыр.
Кәртейген ол екеуі оймен тозып,
Кез болып бастарына мұндай дәуір.
Одан әрі кез болған буаз қаншық,
Білгенімше айтайын бәрін аршып.
Ата-анасы алдында ұл мен қыздың,
Есе бермей сөйлеуі бетке шапшып.
Адамға әр түрлі істер кез келеді,
Біреуге жәй, біреуге тез келеді.
Ата-анасы алдында көп сөйлеген,
Осы екен ғой ұл-қыздан без дегені.
Бір жылан тағы көрсең ісіп, кепкен,
Айырым адамдарды әуре еткен.
Қайыр-зекет бермеген төрт түлік мал,
Жылан болып иесіне заһар шеккен.
Жолдағы лақты ешкі сендер көрген,
Дүниеде адам бар ма сенделмеген?!
Лағы-төрелердің төленгіті,
Халықты әділдікпен тең көрмеген.
Ешкісі арықтаған халық еді,
Лағы көп сорған соң арық еді.
Шаш ал десе, бас алған шабармандар,
Халыққа ауыршылық салып еді.
Бір топ жан тағы көрсең жағаласқан,
Таласып ақ нәрсеге қамаласқан.
Ақ нәрсе исламның діні болар,
Ие боп дін мұсылман ала қашқан.
Тағы да сіздер көрген алтын киік,
Дүние алдың қызық, артың күйік.
Ол киік дүниенің бір белгісі,
Жеткізбей тастан кетті желпіндіріп.
хикаялық дастандар
Жеткізбей ол киіктің кеткендігі,
Адамға ажал уақыт жеткендігі.
Адамды киік болып қызықтырып,
Сұм дүние ғазиз бастан өткендігі.
Тағы да екі түрлі егін көрсе,
Жайқалған басқа егіннің түгін көрсе.
Өз суымен басқаның жерін бағып,
Өз егіні су ішпей шөлден өлсе.
Басқа адамның ілескен өсегіне,
Ілеспе өсек сөзге шамаң келсе.
Орны өлгеннен соң табылмайды,
Өсектің күнәсі көп айта берсе.
Арық ет тағы көрсең сасып жатқан,
Таласып бірін-бірі басып жатқан.
Біреуден бұлап алған дүние-мал,
Ғазабы күннен-күнге асып жатқан.
Семіз ет тағы көрсең онан әрі,
Беймаза болып тұрса жас пен кәрі.
Алалдан жинап-терген дүние-мал,
Өлгенде пайда қылар соның бәрі.
Білімнің ақылдылық бекінісі,
Адамның құлышылдығы өтініші.
Қайтадан ұясына сыймаған құс,
Орынсыз өтіріктің өкініші.
Тағы да асханаға келген болсаң,
Аш жүрген аспазыны көрген болсаң,
Халықтың сол аспазы имамы еді,
Күнә көп сұм нәпсіге ерген болсаң.
Аш жүрген асханада молда ғаріп,
Күндес боп көрінгенмен нәпсіге еріп.
Шариғатты елге айтып, өзі істемей,
Елі тоқ болғаны сол өзі арық.
төрт ғадыл
Аш көзге көп дүние көрінбейді,
Тыңдаушы болса тілім ерінбейді.
Халыққа бір құдықтың суы жетсе,
Ол қалай иесіне берілмейді.
Ол адам—дүниедегі байдың бірі,
Байлық та—жуса кетер қолдың кірі.
Бөлісіп алып жатқан бақташылар,
Ақысын бермеуші еді тірі күні.
Ғажайып тағы көрсең ол түрдегі,
Бір мисал дүниеге келтіргені.
Егінін пыспай орған ол—Әзірейіл,
Мезгілсіз жаныңды алып өлтіргені.
Жас та бар, орта жас та, кәрі де бар,
Адамның жақсы-жаман бәрі де бар.
Бай да бар, патша да бар, батыр да бар,
Бойында жаны бардың бәрін де алар.
Тағы да отын алып жатқан адам,
Күнәға үсті-үстіне батқан адам.
Отынын көбейтіп ап көтергені,
Бақиға көп күнәмен қайтқан адам.
Алғашқы алтын ағаш, күміс бұлақ,
Халыққа айқын емес бұл іс бірақ.
Он сегіз, он тоғызда кезім еді,
Егін сап елдің бәрі жұмыс қылад.
Сол бақша бір шаһардың орны еді,
Шаһарға дүние-мал толып еді.
Рахмет дейтұғын патшасы бар,
Ақылы кәмал ойлы толық еді.
Сол елде екі жігіт болған кедей,
Жүретін бүтін кимей, тойып жемей.
Бірінің меншік жері молдау еді,
Бар еді біреуінде жақсы мерей.
хикаялық дастандар
Назарбек біреуінің болады аты,
Ақылбек енді бірі парасатты.
Елі бір, патшасы бір, шаһары бір,
Тілі бір, діні де бір парсы затты.
Өзіне жетерлігін алып қалып,
Назарбек Ақылбекке аз жер сатты.
Жерінен сатып алған жыртып жүріп,
Ақылбек бір тұң алтын тауып апты.
Алтынды ап ерлі-зайып қатарласқан,
Қырықтан жандар еді қатар асқан.
Алдына Назарбектің алып келді,
Үйіне тым болмаса апармастан.
Ақылбек Назарбекке берді сәлем,
Түрленер күн нұрымен бүкіл әлем.
—Жеріңнен сатып алған алтын шығып,
Мінеки, алып келдік, аға, саған.
Назарбек Ақылбекке айтты сырын,
Көрсетіп ниетінің адал түрін.
—Бұл алтын менікі емес, өзіңдікі,
Қайда жүр алтын шықса бұдан бұрын.
Маған несін әкелдің, үйіңе апар,
Алладан саған берген ырыздығын.
Мен саған жерді сатып, пұлыңды алдым,
Кем қылмай бағасының бірде-бірін.
Ақылбек айтты:—Алтынды мен де алмаймын,
Соңынан сұм нәпсінің ере алмаймын.
Бүгін тірі жүргенмен ертең өлем,
Опасыз бұл жалғанға сене алмаймын.
Алтын сатып алғам жоқ, жеріңді алдым,
Алтынды қоса алып неге алдаймын?
Біреудің қазынасын қайтармасам,
Есебін ахиретте бере алмаймын.
төрт ғадыл
Назарбек те көнбеді Ақылбекке,
Ақылбек те көнбеді мақұл деп те.
Бір-біріне екеуі итермелеп,
Бұл оқиға білінді ақыр көпке.
Екеуі енді жөнге келейік деп,
Артық сөз әне-міне десейік деп:
—Бұл алтын—патшаның қазынасы ғой,
Апарып патшамызға берейік деп.
Болған соң ел мен жердің ақы иесі,
Соңынан не десе де ерейік деп.
Алла да адам хақысын жемейік—деп.
Өлсек те ел хақысын жемейік,—деп.
Екеуі ақылдасып мұныменен,
Алтынды алып келді тұңыменен.
Алтынды патша дағы алмай қойды,
—Өздерің алыңдар деп шыныменен.
Даладан тауып алдық дегенменен,
Істейік шариғаттың ығыменен.
Патша айтты:—Алман алам өлшемменен,
Алмаймын артық нәрсе теңшелмеген.
Шариғатқа сыйғызбай алып алсам,
Есебін алатын бар өлшемменен.
Көнбеді екі кедей мына сөзге,
Алтынды тастап кетпек болды лезде.
Алтынды тастап кетуге айналғанда,
Патшасы тағы бір сөз айтты өзге.
Патша айтты:—Екеуіңде бар ма бала,
Бар болса бір-біріне пар бола ма?
Бар болып бәлиғаға толған болса,
Біріңе-бірің берсең қар бола ма?
Біреуі айтты:—Менде бір ұл бар еді,
Болса да жасы он бесте тұлғалы еді.
хикаялық дастандар
Біреуі айтты:—Менде бір қыз бар еді,
Он беске жаңа шыққан сындар еді.
Патша айтты:—Онда екеуің құдалассаң
Болмай ма қуанышпен шашу шашсаң.
Барлығын осы алтынның тойға істетіп,
Дәулетті не байлардан сендер ассаң.
Екеуі «болады» деп құдаласып,
Қуанды ата-анасы шашу-шашып.
Той жасап өз елінің салтыменен,
Балалар тұрмыстанған қол ұстасып.
Шаһардан неше бөлек сарай алып,
Неше күн ойын болған әнге басып.
Алтын алған атызға ағаш өніп,
Жапырағы жеміс пен гауһар шашып.
Сылдырап маңайынан бұлақ шығып,
Сәулеті күн-күн сайын тұрған асып.
Бұл бақша көрерменге ермек болды,
Көңілі көргендердің сергек болды.
«Бақшаны жаңа шыққан отау ғой» деп,
Меншіктеп қос балаға бермек болды.
Алмады екі бала берсе дағы,
Барлығы өте тәуір көрсе дағы.
Бақшаны екі бала алмай қойған,
Патша уәзірімен келсе дағы.
Бала айтты:—Бай болсақ біз тасымаймыз,
Кедей болсақ арланып жасымаймыз.
Ата-анадан енші алып кету тұр ғой,
Ақ сүтін ақтау үшін асыраймыз.
Патша айтты:—Халық алсын, кедей-кепшік,
Берейік нашарына оны да екшеп.
Тағы да бай адамдар қайыр беріп,
Байлыққа пақыр-міскін өстіп жетсек.
төрт ғадыл
Алмай мұның бәрі не қылса да,
Ел-жұрты патшасы жалынса да.
Бұл не деген нәпсісін тыйған жандар,
Атыздан тегін ақша табылса да.
Сабырлы екі егінші неткен сабаз,
Қалтасы кедейліктен қағылса да.
Жиғаны, ойлағаны бір иманы,
Жалғанда жан баға алмай сабылса да.
Алтыннан артық қандай асыл болмақ,
Гауһар тас, інжу, лағыл ағылса да.
Көз қырын дүниеге салар емес,
Құлыбы кедейліктің шағылса да.
Бұл елдің халқы қандай нысапты еді,
Алтынға екі етегі малынса да.
Қос бала ата-анаға қызмет еткен,
Мәпеде мәуеленіп бағылса да.
Патшасы халқыменен бірге болған,
Әлемге аты шығып танылса да.
Патша тағы ойланып ақыл тапты,
Жиып ап ақылдасу жамағатты.
«Бәріміз бір Алладан тілек тілеп,
Күтейік, құрметтейік осы бақты.
Осы бақ жолаушыға тамақ болып,
Қамдасын киім-кешек, мінер атты.
Тынығып арып-ашып келген адам,
Бақшаны тамашалап салтанатты.
Еркіңше киіп, ішу рұқсатты,
Көресің бұдан да көп рахатты.
Жасырып ап кетейін дегендердің,
Тартылып екі қолы қалсын қатты».
Осыған барлық адам мақұл болып,
Мал сойып нәзір-шырақ беріп жатты.
хикаялық дастандар
Дұғасы көпшіліктің қабыл болып,
Бұл шаһардың адамы бақыт тапты.
Сондықтан осы бақша иен болсын,
Иен деп жолаушылап келіп қонсын.
Жанында алтын бақтың шаһар тұрса,
Салтанатты тазалығы қайдан болсын.
Бұл шаһар сол орнынан көшіп еді,
Сан жағдай сонан бері кешіп еді.
Біреуге мал мен басты ерте берсе,
Біреуге біраз уақыт кешігеді.
Біреуге рахатты тұрмыс берсе,
Біреуге бейнет қалай өшігеді.
Біреулер бақ, дәулетке жүзіп жүрсе,
Біреуге аз береді несібені.
Ниетің Хақ жолына дүзу болса,
Құдайым мал-басыңды өсіреді.
Істеген жамандыққа тәубе болса,
Рақымы көп Құдайым, кешіреді.
Шал айтты уәзірге сұрағыңның,
Жауабы осылай боп шешіледі.
Дүниенің тірегіне негізделіп,
Төрт нәрсе жаралыпты егізделіп.
Жер мен көк, жаңбыр мен шөп, күн мен түн,
Қыс пен жаз парыменен сегіз болып.
Дүние төрт нәрсемен дүзу болмақ,
Жеткізсін сол тілекке Құдай оңдап.
Бір елде сол төртеуі түгел болса,
Құдайым «қалмас,—деген,—пендем сорлап».
Бірінші, патшаның ғадалаты,
Екінші, бай болғанның сахауаты.
Үшінші, молалардың шариғаты,
Төртінші, кедейлердің қанағаты.
төрт ғадыл
Сол елдің мейірбанды халқы жақсы,
Нысапты екі кедейдің арты жақсы.
Ұл мен қыз ата-ана үшін қызмет еткен,
Болыпты Рахымет ханның салты жақсы.
Жоғары болмаған соң ой, қуатым,
Емеспін ой жетпестен ой қылатын.
Төрт ісін төрт адамның негізделіп,
Кітаптың «Төрт ғадыл» деп қойдым атын.
Көпшілік, көп ғажайып анықталған,
Нәрселер жақсы-жаман парықталған.
Енді айналып айтайын Жаһанкезді,
Араға сөз аралап қалып қалған.
Жаһанкез кеткен екен елге беттеп,
Өзінше келем дейді елге беттеп.
«Алды оң адасқанның, арты соқпақ»
Әйтеуір жүріп келед сенделектеп.
«Бір тойған—шала байлық» деген мақал,
Аш қарын дәмете ме төр керек деп.
Алдында келе жатса мал көрінед,
Ішінде бір адам жүр елбелектеп.
Жаһанкез кешке жақын малға кепті,
Қайырған мал түгендеп шалға кепті.
Әлгі адам амандасып болғаннан соң,
—Ал, балам, менде жұмыс бар ма?—депті.
Бала айтты:—Жұмысым бар, ата, сізде,
Жол көрсет рахым айлап енді бізге.
Мәлікриян атам патша, жерім—шығыс,
Дәм айдап сапар шегіп, шықтым дүзге.
Бала айтты бастан-аяқ көргендерін,
Уәзірге, саудагерге ергендерін.
Басында саяхатпен үйден шығып,
Ғаріп боп осы жерге келгендерін.
хикаялық дастандар
Екі жүз отыз жасқа шыққан шалдың,
Көп істің жөнін айтып бергендерін.
Айрылып ата-анадан, ел-жұртынан,
Жапанда жалғыз жүрген сергелдеңін.
Әлгі шал бала жөнін ұқты толық,
Сөйледі төңіректі көзбен шолып.
—Алдында жүре берсең үлкен тау бар,
Сол таудан ары асасың бір күн болып.
Үстінде әлгі таудың бір күмбез бар,
Дәрет ап, тілек тіле сонда қонып.
Күмбездің айналасы үлкен бақша,
Жемісі алуан түрлі жатыр толып.
Ар жағы әлгі таудың үлкен теңіз,
Ол теңіз біреу емес егіз-егіз.
Өте алсаң дариядан жолың болар,
Құдайға тілек тілеп өтсем деңіз.
«Бейнет түбі—рахат»—дейді,—балам,
Бұған да разылық бол, кейімеңіз.
Берейін ықыласымды жолың болсын,
«Адамға жарым ырыс жақсы лепес».
Берген соң шал батасын баласына,
Бала да таудың шықты дарасына.
Шал айтқан міндеттерді түгел өтеп,
Өзеннің бала келді жағасына.
Мөлшері үш ай уақыт кетсе керек,
Шамамен тау-дарияның арасына.
Бір кеме суға келсе жүргелі тұр,
Көп адам ақы беріп мінгелі тұр.
Бала да соның бірі бола кетті,
Кімді-кім жөнін сұрап білгелі тұр.
Бетке алып оңтүстікті қырындаған,
Айтпайды қайда барат сырын да оған.
төрт ғадыл
Болыпты он бір сөтке су ішінде,
Әйтеуір алған беттен бұрылмаған.
Бір күндік су шетіне таяғанда,
Бір кесел тағы болды жырымдаған.
Батыстан қара түнек боран соғып,
Кемеге су құйылды сырылдаған.
Білгені су бетінде малтап барад,
Кейбіреу суға батып бырылдаған.
Барлығы суға түсіп айрылысты,
Сөйтсе де адамдар аз қырылмаған.
Бар екен ол кемеде он арғымақ,
Әрнеге сауда бар ма ұрынбаған.
Алланың кім асады бұйрығынан,
Бір аттың жабысыпты құйрығынан.
«Біреудікін, біреуге» деген осы,
Бір аттың иелігі тиді бұған.
Малтапты арғымақта алға қарай,
Көрінген су шетінде жарға қарай.
Құтылып бар пәледен келе жатыр,
Алдында бір жақсылық бар ма, қалай?
Бұйрыққа амал бар ма көнбесіне,
Алланың рақымы көп пендесіне.
Сүйреліп арғымаққа судан шықты,
Баланың ат себеп боп өлмесіне.
Қарны ашып, қалжырап шыдай алмай,
Баланың бір іс түсті енді есіне.
Жұмысы Жаһанкездің ел іздеген,
Жақсылық жамандықпен егіз деген.
Жарылып жарқыраған атты көріп,
Келіпті Самұрық құс жем іздеген.
Самұрық жемтікті іліп ала кетті,
Кеудеге жасырынып бала кетті.
хикаялық дастандар
Апарып ұясына тастай беріп,
Жем іздеп ар жағына және кетті.
Дүние айдан аумайт дөп-дөңгелек,
Пенденің ырыздығы бөлек-бөлек.
Кеудеден біраз жатып шықты бала,
Жейін деп жер бетінен тауып қорек.
Қараса бәйтеректің басында тұр,
Әрі ұзын, әрі жуан шыққан ерек.
Қораның аумағындай ұясы бар,
Суреттеп оның бәрін неге керек.
Жүргісіз аяқ алып аң сүйегі,
Теңкиіп жатыр талай киік, елік.
Бір жақта шойын сандық көрінеді,
Су құйған жанында тұр бір тұң—шелек.
Ішінен сол сандықтың бір қыз шықты,
Бейнесі адамзаттан болса керек.
Екеуі таңырқасып біраз тұрды,
Кім білед кез келтірген қандай себеп.
Қыз бұрын Жаһанкезге жауап қатты,
Айбарлы құс тілімен саңқылдапты.
Самұрық нені әкелсе соны жейді,
Білмейді адамзатты, хайуанатты.
Бала да сескенбеді айбарынан,
Ұстамақ жағаласса айдарынан.
Жаһанкез құс тілімен жауап берді,
Адамның жаратылыс жайдарынан.
Жаһанкез бастан-аяқ жөнін айтты,
Бұл жерге келгендігін қай жағынан.
Ғаламның он сегіз мың тілін білед,
Балаға қасиетті шөп пайда қылған.
Құс тілінен басқа тіл қыз білмейді,
Ұяға жалғыз қамап қойғаннан.
төрт ғадыл
Адамзат екендігін түсіндірді,
Қыз білмейд қайдан пайда болғанынан.
Сөйлесіп құс тілімен үйірлесті,
Жақындап бір-біріне бүйірлесті.
Сандыққа Жаһанкезді тығып қойды,
Өлтірсе Самұрық кеп қиын десті.
Сонымен күндер өткен, айлар өткен,
Алғашта қыз жігітке айбар еткен.
Самұрық барда ұяға жасырынып,
Жоқ болса жер көреді бәйтеректен.
Қыз-жігіт бір-біріне барандаған,
Сөйтсе де жасырын сыр таралмаған.
Алланың бұйрығымен Сүлейменге,
Жәбірейіл болған істі хабарлаған.
Самұрық құс төресі көркем еді,
Патшаның уәзірі еді ертедегі.
Қанатты жәндіктердің бастығы еді,
Күшті еді, аңқау еді, үлкен еді.
Самұрық жердің жүзін шалып жүрді,
Әр кезде Сүлейменге барып жүрді.
Серттескен патшаменен жылы толып,
Сандықты қызыменен алып жүрді.
Патша да елін жиып болған екен,
Жәндікке жердің жүзі толған екен.
Самұрық сандыққа сап қызын алып,
Қасына патшаның қонған екен.
Сауысқан, үкі, сарша, құзғын кепті,
Жиынға барлығы да қызғын кепті.
Самұрыққа бұл төртеуі куә емес пе,
Жарайсың, Хақ бұйрығын бұздың депті.
хикаялық дастандар
Сүлеймен Самұрыққа:—Сайра,—депті,
Барсың ба уағдада, тайма,—депті.
Бұздың ба тағдыр ісін, халық көрсін,
Қызыңды әкелдің бе, қайда?—депті.
Самұрық айтты:—Қызымды алып келдім,
Ішіне шойын сандық салып келдім.
Басынан бәйтеректің жаңа түстім,
Жолатпай желден басқа бағып келдім.
—Ендеше қызыңды әкел халық көрсін,
Сандыққа жасырынбай жарық көрсін.
Қосты ма, қоспады ма Тәңір оны,
Ғаламға он сегіз мың анық болсын.
Деген де Самұрық құс:—Балам,—дейді,
Сандықтан шық, бәйгемді алам,—дейді.
Алдында патшаның мәнсап алып,
Қисықты дүзу жолға салам,—дейді.
Баласы шақырған соң келді шығып,
Отырған бағанадан жағдайды ұғып.
Жігіт те қыздан қалмай ере шықты,
Жатқанмен жан баға ма бекер бұғып.
Халайық мұны көріп таңырқасты,
Самұрық есі шығып, құты қашты.
Тағдырға сенбегенді сендіруге,
Сүлеймен тақта отырып хүкім шашты.
Жаратқан дүниені, жермен көкті,
Біліңдер иесі деп құдіретті.
Тау, жазық, тас пен өзен, ағаш пен шөп,
Жаратқан жанды-жансыз хикіметті.
Ай мен күн, күн мен түн, ұжмақ, тозақ,
Жаратқан зұлматты, керематты.
Жел жаңбыр, ыстық-суық, жаман-жақсы,
Әр басқа, әр нәрсеге хикметті.
төрт ғадыл
Жын, пері, құрт-құмырсқа, хайуан, адам.
Жәндікті бір-біріне жұпты етті.
Мінеки, соның бірі қыз бен жігіт,
Қосылып бір ұяны мекендепті.
Әуелде ол екеуін тағдыр қосқан,
Самұрық қоспаймын деп қосып кепті.
Жәбірейіл сол сағатта хабар берген,
Білінбей содан бері бес ай өтті.
Құдайдың бұйрығына көнбегенің,
Көресің өлгеннен соң кереметті.
Бұйрыққа бой ұсынған күлді мақұлық,
Алладан аласыңдар рахметті.
Ғаламға он сегіз мың үкім жайып,
Сүлеймен қыз-жігітті некелепті.
Самұрық ұялғаннан тұра қашты,
Білген соң енді жақсы бола алмасты.
Патшаның қаһарынан қашу салт боп,
Басталған Самұрықтан ең алғашқы.
Самұрық қашып кеткен сол бетімен,
Қап тауын іздеп тапқан жер шетінен.
Әрі өтіп Қап тауынан кеткен екен,
Бер жаққа жасамаған ниетінен.
Самұрық осыменен үшеу еді,
Бәрі де жоғалыпты іретімен.
Тұқымы Қаптан әрі бар ма, жоқ па
Бәрі де бір Алланың құдіретімен.
Ат қойды патша қызға Саменбой деп,
Оларда олқылық жоқ пәлендей көп.
Сүлеймен қыз-жігітті уәзір қылды,
Әлемге аты шықсын дегендей боп.
Олар да бір ұл туды өте көркем,
Мұратқа өлмеген жан жетеді екен.
хикаялық дастандар
Бала да өсе келе уәзір болды,
Шын асыл көзге түспей кете ме екен.
Шығыс, батыс патшасы келтірілді,
Құс әкеткен қыз, жоғалған ұл тірілді.
Ата-анасын, ұл-қызын таныстырды,
Жабырқаған көңілдер көтерілді.
Бұл кеңесті жаңартып қағыстырдық,
Парсы тілін қазаққа таныстырдық.
Бәрі дағы шүкірлік деген шығар,
Ата-анасын, баласын табыстырдық.
Ұшырған ұшпасынан талай қыран,
Қалың тау қатпарланып қамал құрған.
Сол тауда баяғыда болған іс деп,
Бір аңыз тарап келген бар арғыдан.
Жататын құшағында ырыс үйіп,
Қаратау ну салалы, күміс иық.
Бұлағы бұлдана ақса, бұлты желдеп,
Көрмеген қыратының қыры сынып.
Шыңынан мәңгі кетпес жатқан қары,
Ақырған өзенінің қатты айбары.
Осында қанатты құс қазынасы,
Қайысқан үйір айқас қапталда аңы.
Асқар тау ата тұлға, алма-салма,
Тұратын сабыр сақтап қай-қашанда.
Ол кезде иен-тегін жатады екен,
Оранып тұла бойы бар жасауға.
Құшағын етіп қалған туа мекен,
Сол тауда бір кемпір-шал тұрады екен.
Аулайтын ара-тұра аңнан басқа,
Кәсіп жоқ істеп кетер бұра бөтен.
Бойында болмаса да бала жігер,
Сыралғы шаруасымен шал әбігер.
Ол емес көрінеді Жәутік мерген,
Әр күні атқан аңын:—Жаралы,—деп.
Жасартқыш бұлақ
хикаялық дастандар
Қаңғырып кетпеген соң атқан оғы,
Жеткендей болады екен баққа қолы.
Аталы өнерімен кетсе ағаттық,
Бойына түскен ауыр дақ көреді.
Көз салмай жүрген аңға тау балақтап,
Шықты сәл шыңға бір күн талмай аттап.
Қалады бой көрсетіп тал ішінен,
Мергенге жалғыз бұғы қардай аппақ.
Әр шөптің басын шалып, үзіп тілі,
Жүр бағзор гүл теңізін жүзіп бұғы.
Он екі сала салған сандар мүйіз,
Аңшының есін алып қызықтырды.
Білмеген қартайса да көптен көріп,
Ғажайып мынау шіркін, неткен көрік.
Шал көзін сиқырлайды бұғы түсі,
Табиғат еншісіне кеткен беріп.
Сүрініп сұлулықтың лағылына,
Жұп жанар ішіп-жейді тағы мына.
Бұғыны ату үшін аңшы ақыры,
Мінеді тәуекелдің қайығына.
Аяғын аңдып басып айлалы шал,
Байыптап бас-аяғын парлады сәл.
Жақ-садақ, жабдалды тез ұшқыр жебе,
Кез жетті нысанаға заулап ұшар.
Жебеден қорғағандай жер еркесін,
Бұғыға төгеді тал көлеңкесін.
Жауып тұр жапырласып гүл-жапырақ,
Тағының керім кеуде, кемел төсін.
Былдырлап күрмелгендей бұлақ тілі,
Ұшпадан өзін төмен лақтырады.
Қиядан қиыс тауып шал аңдыса,
Жағада қылыш қырлы қияқ тұрды.
жасартқыш бұлақ
Көзіне күн нұрынан тамшы жинап,
Ақ бұғы жаудырайды жай шыбындап.
Бейімдеп тұрса дағы бейбіт орта,
Қайтпады алған беттен аңшы бірақ.
Садақтың у тілімен қатты ұрылған,
Өрт қызыл өндіршектен орғыды қан.
Көз жазып қалмау үшін ұмтылды шал,
Жаралы жанұшырған ақ бұғыдан.
Ақ бұғы дәл осыдан кетсе тірі,
Намыскер шалға тірлік жоқ секілді.
Дем алып екі иықтан ентіккенде,
Езуден көбік қайнап, ес кетулі.
Зақымдап уыз тәнін қастық уы,
Қарсыдан ары әзерге асты бұғы.
Шалынған шалбарына шалекеңнің,
Ағашқа қалды ілініп бас киімі.
Шайқастың қиян-кескі шағы бұл нақ,
Басты алға мергеніміз шабуылдап.
Әдейі тыныштығын жоқтағандай,
Сыңсиды ну орманнан сарын-ырғақ.
Десек те нудың осы ноған шалы,
Ауды әбден ақ бұғыға ой-аңсары.
Атпаққа енді бір жол қолын салса,
Салақтап бос қалыпты қорамсағы.
Шілде айы күн балқытып тұр құздарды,
Қапталдан қан-жоса боп із құлайды.
Қашқан аң қарлыққанда жата кетіп,
Дедектеп таяса аңшы, тағы ұзайды.
Ерігіп жарысатын ескен желмен,
Ақ бұғы барады ауып өскен жерден.
Сағымға жеткізбейтін қайран жүйрік,
Жаяуға болды мазақ мешкейленген.
хикаялық дастандар
Мүйізін ну шатқалда мойынға асып,
Кететін тұяқ ілмей қорымда ашық.
Тасадан тап берсе де талай жыртқыш,
Қашанда қалушы еді-ау орнын басып.
Жер соғып енді бүгін көркем кеуде,
Жан-жаққа жасты көзі мөлтеңдеуде.
Айналды алдыруға сорлы бұғы,
Күн құлап екінтіге еңкейгенде.
Бір қалып, қашқан аңды бір қусыра,
Белгісіз қалай өтті бұл күн, сірә.
Айтарға жүгіргенмен шоқақ қағып,
Қарлығып қалған екен қуғыншы да.
Бөленген қос жағасы гүл-құраққа,
Кенеттен кез болды аңшы бір бұлаққа.
Суынан сол бұлақтың жүзе жұтып,
Оқ шырқам шалдан бұғы тұр жырақта.
Қызыл қан ақ денеден тұрған ағып,
Ап-айқын тиылғаны құрғап анық.
Шал көрді бұғы ар жаққа өткендігін,
Жағаға көсіле аунап-қунап алып.
Қалдырып иығынан қағып төнді,
Мергенім оңағанша бағытты енді.
Сауыққан жарасынан тау еркесі,
Лезде шал көзінен ғайып болды.
Шегінен асқан сайын көркің, нұрың,
Жаныңның торауылдар еркіндігін.
Ақ бұғы ішпесе егер әлгі судан,
Аңшыдан тартар еді дертін бүгін.
Ерінін кеберсіген мерген тістей,
Бұлаққа басы құлай берді еңкіштей.
Таңданды мөлдір судан ішіп жатып,
Ғажайып бүгінгі іске көрген түстей.
жасартқыш бұлақ
Кемпірге бүгін айтар қош хабар жоқ,
Өкінді ол қалғаннан босқа жер боп.
Ес жиып, сусынды әбден қандырған шал,
Қайтты үйге:—Ер жақсысы қос табар,—деп.
Кәріліктің бойын жайлап дерті мүлде,
Қалатын күнде жалғыз кемпір үйде.
Ұршығын қозғап қойып отыратын,
Қиялмен барып-келіп жер түбіне.
Жас күнде өмір шалқар теңіз деген,
Өтеді соққан желдей сезілмеген.
Басы үміт, аяғы арман, аялы жоқ,
Бұл тағдыр кімге опығын жегізбеген?!
Түлеген асқар таудан ақиықша,
Тұлғасы көз қамаған бір айрықша.
Шалы да шабытты еді-ау жас кезінде,
Амал не болды өткен іс, бәрі қысқа!
Сәулеті таң шолпанын түсер үзіп,
Жаратқан өзін құлынмүше қыз ғып.
Ойласа діні қатты тағдыр ісін,
Кемпірдің кететұғын іші езіліп.
Бір сәтке кемпір енді жиып бойды,
Баянсыз бас торлаған ірікті ойды.
Ұршығын мұрындықтап отыр еді ол,
Есіктен жап-жас біреу кіріп келді.
Жігіттің көзбен шолып айналасын,
—Қарағым,—деді кемпір,—қай баласың
Жақ-садақ, жарғақ тонын тонап алып,
Ұшырдың қайда апарып шал қарасын?
Ащы үні аңыратып алыс сайды,
Жартастар жаңғырыға дауыс салды.
Үркітті күлтөгерден үрейлі әуен,
Сақ сүреу, сабау құйрық сауысқанды.
хикаялық дастандар
—Таусылмас кәртейгенде таптым азап,
Деп кемпір үрейлене қақты бажақ.
Жас жігіт аңтарылып тұрып қалған,
Кемпірге сонда барып қатты жауап.
—Жасаған, тәубе, Құдай бұйрығын-ай,
Кемпір-ау, бері қарашы қырындамай.
Отасқан отыз бес жыл шалыңмын мен,
Тал түсте танымайтын мұның қалай?
Байырғы баспана боп шыңдар мына,
Бірге өткен күнімізге жылдар куә.
Сынайтын жаңа түсіп тұрған жоқсың,
Болмаса пері соғып жындандың ба?
Жаңылып мінезінен құрақ ұшар,
Жігітке кемпір қарап тұрады сәл.
Аздан соң «Тәңірім-ау,—деп таңданды,
Кетіпті жасаңғырап мына қу шал!»
—Жарқын жүз жанарыңнан жарқырап от,
Алыпсың жиырма жас қалпыңа кеп.
Жастығын кімнің қалай жұқтырдың сен,
Деп кемпір шалға күмән артып әлек.
Күдігі қуат беріп бойға күшті,
Шалына бірде кемпір долдана ұшты.
Сонда шал басу айтып баяндайды,
Қалдырмай бастан-ақыр болған істі.
Мұндайда жабысатын қызғанышты ой,
Білінбей бойға қонар былғаныш қой,
Жайланып жата ма үйде енді кемпір,
Суынан сол бұлақтың бір қана ішпей?
—А, Құдай, жана көрсін бағым бүгін,
Деп кемпір киінді де абың-күбің.
Шалының өкше ізіне түсіп алып,
Ішіне кетті кіріп қалың нудың.
жасартқыш бұлақ
Аңшының сөзін ұқпай «тоқталаған»,
Бұлақты бүгін сөзсіз боп табарман.
Жінігіп кеткен кемпір оралмады,
Екі күн, е дегенше, өтті арадан.
Мосыда шайы қайнап тосаптаған,
Шалекең енді болды қосаққа алаң.
Кім білсін адасты ма, әлде жыртқыш
Кетті ме жазым қылып тосаттан аң?
Бұлдырап көз ұшында көрген тауы,
Шықты үйден кемпірді іздеп мерген тағы.
Келдім деп жас қалпыма өзім қалай,
Әрқилы жол-жөнекей ой қорытады.
Еш қате жүрген жолын баспай әсте,
Бұлақты бойлап келе жатса кеште.
Оранып жағадағы гүл-шешегін,
Іңгәлап жатады бір жас нәресте.
Бөбекті аңшы айналып шыр көбелек,
Таңданды болған іске шын керемет.
Әрине, оған мәлім кемпірінің,
Ішкені бұлақ суын тым керелеп.
Нәпсі ауса оңай емес бас алдырмақ,
Қалғанын білмей кемпір қашан құлап.
Іркілмей іше берген көрінеді,
Біржола алу үшін жасаңғырап.
—Түу, байғұс, ішкен бар ма осы ғұрлы,—
Деп аңшы күбірлейді шошынулы.
Сия ма ақ ордаға алты қанат,
Аяғын білмейтіндер көсілуді.
Озсаң да жалғыз дара қалың топтан,
Керек қой қайбір іске сабыр, тоқтам.
Аязда жұрттан бұрын жылынам деп,
Жандар бар күйіп өлген жалын шоқтан.
хикаялық дастандар
Алды-артын, хал-қуатын ол аңғарды,
Аң екеш ақ бұғыдай аң да білді.
Байқасаң өткен-кеткен дүниеде,
Қашанда қанағатшыл жан қадірлі.
Іс бітті мейлі құпта, мейлі жазғыр,
Біреуге дейтін емес енді лаж қыл.
Сәбиді жылбыраған етекке сап,
Үйіне қайтуға шал болды мәжбүр.
Бетке алып өскен ел-жұрт, ұлы ортаны,
Бекінді ол тастауға енді иен тауды.
Шалдығып келе жатқан шал басына,
Оралды көлденеңнен бір ой тағы.
Болды деп бастан өткен қандай жайт,
Өзінен сұрауы анық барғанда жұрт.
Әрине, айту керек аңшы шынын,
Сөйлесе жарамайды жалған-ғайып.
«Ойламай тек өзімді мен далбаса,
Көрген жөн иігілікті елмен қоса.
Бұлақтың қайнарынан әкетейін,
Көтеріп бір торсық су ең болмаса.
Қуансын ел, ағайын барғанда» деп,
Шал келген болды осындай байламға бек.
Бұлақтан бір торсық су алды құйып,
Қайтадан бейнеттеніп қайнарға кеп.
Мәжбүрсің тірі жүрсең харекетке,
Басың құл пайдаға да, пәлекетке.
Қарысып сүйегіне келеді шал,
Арқада қара торсық, бала етекте.
Малынып тұла бойы көлшік терге,
Құлдилап құламадан ол шықты өрге.
Кездескен кедергіден тайсалмады,
Қалайда жеткізуге торсықты елге.
жасартқыш бұлақ
Күніндей табиғаттың құбылмалы,
Істер көп болмайтұғын ұғынғалы.
Әйтеуір мергенімнің бұрынғыдай,
Әзірше босамады буындары.
Алды-артын аждаһадай орап-іліп,
Әкетті шалды кенет боран іліп.
Соңынан маңды басып соқыр тұман,
Көкжиек күңгірттеніп болады ымырт.
Болғанда сенім күшті, ниет берік,
Адамды іс бола ма иектерлік?!
Жол басты адасқан шал абыржымай,
Иенде бірнеше күн-түн өткеріп.
Бұлт көшіп тау артына шудаланып,
Шуағын, ашылды күн, қырға жайып.
Бағдарын енді аңдаған сұңғыла аңшы,
Адамға кез келеді бір ғажайып.
Жатқан жан екпетінен тұлғалы ерек,
Қарайды қос жанарын нұрға бөлеп.
Кеудесін түйреп өтіп ту сыртына,
Бір ағаш желге ырғалып, тұр мәуелеп.
Адамға қараса аңшы аңдап анық,
Шынында іс екен бұл таңданарлық.
Төсінен екпеттеген тамыр тарап,
Ағаш тұр арқа тұстан дәл қадалып.
Кім білсін, тілі сау боп қалды неден,
Әлгі адам жөн сұрады алдыменен.
Ол ұқты болған істің сыр-сипатын,
Аңшы айтқан ап-азғана әңгімеден.
Ағаштың саясында тұрған міне,
Жалғасып екеуара туды әңгіме.
Сұрады мерген әлгі жұмбақ жаннан,
—Қалайша тап болдың,—деп,—мұндай күйге?
хикаялық дастандар
Ол сонда бір күрсініп алды дағы,
Аңшыға баяндады мәнді-жайды.
Сол кезде айқындалды барған сайын,
Жүзінен ұялаған қайғы дағы.
—Бұлақты сендер ішкен суын бірден,
«Жасартқыш бұлақ» дейді сырын білген.
Кемпірің көп ішкен соң нәресте боп,
Аз ішкен сенің жастық сының кірген.
Басталған сол бұлақтың жер үйегі,
«Тірліктің қайнар көзі» делінеді.
Қайнардан «Абылхаят суын» ішсең,
Тимейді мәңгі саған өлім оғы.
Қанықпын бұл бұлақтың мен сырына,
Құйғаның қайнар суы торсығыңа.
Ендігі ауыз тисең егер онан,
Құшар ең аяғымды сен шынында.
Енді бұл ашылмаған жанға сырым,
Алдында өтіп кеткен сан ғасырдың.
Қайнардан «Абылхаят суын» ішіп,
Тірліктің аспағына мәңгі асылдым.
Көшті алға өмір керуен еш кідірмей,
Таң атса күн батады кеш білінбей.
Алды өлім адамзатты кезегімен,
Түсетін таудың шұғыл көшкініндей.
Өлместен жасай бердім, ал мен тірі,
Құрсаулап қасіретпен қайғы еркімді.
Мыңдап жыл жасасам да бойымдағы—
Жоғалттым тәтті ләззат, жан көркімді.
Айрылған тұқым-заузат, дос-жараннан,
Мен болдым обыр жалғыз оспадар жан.
Мақсатсыз, мағынасыз өмір өтті,
Шаладай айдалада босқа жанған.
жасартқыш бұлақ
Бүгінгің кешегіге келе ме тең,
Сезілер тозған жанға дене бөтен.
Адамға мәнсіз өткен тіршіліктен,
Кезінде келген өлім мерей екен!
«Тірі жан—тісті бақа» қаяу жүрек,
Дегендей кештім өмір жадап-жүдеп.
Ұғып ал мен айтайын аңшы саған,
Жалғанда жалғыздықтай жамандық жоқ.
Ішінде сан мың жылдық өмірімнің,
Нені істеп, жеке-дара нені білдім.
Өлімге итермелеп құсалық ой,
Ақыры осы ағашқа кеп ұрылдым.
Жасымнан ажырамай сор әлегі,
Сонда да тынбай жүрек соға берді.
Кеудемді түйреп өткен мынау ағаш,
Ол кезде қураған бір сояу еді.
Денемнен мәңгі нәрлі тауып қорек,
Бой тартып болды бүгін алып терек.
Жатамын құс саңғырса азық етіп,
Өлмесең болады екен жарық керек.
Жеткенде осы араға сөз аяғы,
Аңшының суқаны ұшып, көзі аларды.
—Қайтем?—деп, торсықтағы қайнар суын,
Сұрады әлгі адамнан өзі амалды.
Беріліп ерекше бір әсерлі ойға,
Сөйледі жұмбақ адам бәсең зорға.
—Онда сен торсықтағы қайнар суын,
Осынау қарағайлы шаш орманға.
Жайқалып қарағайлы гүлді бүрін,
Таулардың орман жапсын шың-биігін.
Мәңгі өлмес қазыналы жасыл нудың,
Адамзат көрсін ортақ игілігін.
хикаялық дастандар
Ұялап көкірегін азап-арман,
Заңынан табиғаттың жазаланған.
Әлгі адам осыны айтып аңшы шалға,
Күйінен сейіледі назаланған.
Сонда аңшы ойда болмай басқа бөтен,
Суды алып қарағайға шашқан екен.
Айналып жұмбақ адам тәні ағашқа,
Тұрыпты қарағаймен қасқара тең.
Жүзінен жас мергеннің өткір, өңді,
Үрейлі ойлар үркіп кетті дейді.
Тұр екен етектегі «сәби кемпір»,
Бойжеткен кемеліне кепті дейді.
Күштері бұрынғыдан тым бетер боп,
Шашады ну орманға суды екеулеп.
Қалады ақ бұғыда бір жарқ етіп,
Ізінен тастап шалға сурет-өрнек.
Тек қана қыран бүркіт ізін салар,
Жартастан жасыл түс ап қызылшалар.
Су тиген қиядағы арша албырап,
Шыршаның аймалапты жүзін самал.
Қосылып суға аңшының маңдай тері,
Ашылды, міне, осылай қайнар тегі.
Адамзат «Абылхаят суын» шашқан,
Мәңгі өлмес қарағайлар жайды өркенді.
Бой созып көк аспанға мөлдір-биік,
Тамыры тасты жарған, жерді идіріп.
Қалың ну қарағайлы сонан бері,
Жаратып келеді екен елге игілік.
Тараған бір ауызға бір ауыздан,
«Жасартқыш бұлақ» табар мұралы із, мән.
Жас достар жалғастырып айта жатар,
Түйгенін зердесіне бұл аңыздан.
Бұрын бір патша өткен Жәмшит атты,
Жасынан Құдай беріп оған бақты.
Халыққа көзқарасы жақсы болып,
Халайық өз тұсында шалқып жатты.
Патша әділ екен, білімі артық,
Әр істі біліп тұрар түптен тартып.
Қараған патшаңыз әділ болса,
Толықсып дүние жүзі тұрар балқып.
Сөйлеші, қызыл тілім, отыз тісім,
Әрқашан көргенім жоқ сізден қысым.
«Арттағы жас ұрпақтар оқысын» деп,
Мирас қып сөз қалдырдым соның үшін.
Жазайын бір әңгіме дастан етіп,
Болсам да өзім кәрі, көңілім тетік.
Патшадан едел-жедел үш ұл туды,
Көңілі қуанышпен қалған бекіп.
Үш ұлы тал шыбықтай бұралады,
Білгенге сөз жүйесі құралады.
Бірінен-бірі өткен балалары,
Патша көрмей қайтіп тұра алады.
Үш ұлды беріп қойды мектебіне,
Асығар адам болып жетпегіне.
«Көзімнің қуанышы, қарағым» деп,
Бір жаққа жібермейді кеткеніне.
Маймыл келіншек
хикаялық дастандар
«Үш ұлым қатар өсіп жасар ма екен,
Біреуі орынымды басар ма екен.
Бір ұлым патша болып орыныма,
Халыққа жеміс гүлін шашар ма екен».
Патша мейірімді қаласына,
Қараңдар, ақылының данасына.
Ер жетті азамат боп балалары,
Патша сынақ қылмақ баласына.
Үш ұлы біреуінен біреуі өтті,
Бәрі де үйленетін жасқа жетті.
«Бақытын үш ұлымның сынаймын» деп,
Патша көпшілікке берген сертті.
—Үш ұлым қарашығым, бағым,—деді,
Түспесін өз тұсымда сағым,—деді.
Баламның біреуіне бұйырса екен,
Отырған алтын сарай, тағым,—деді.
Ойлады «үш баламды сынайын деп,
Мойнымды сынау үшін бұрайын» деп.
Жасатып үш садақты үшеуіне,
Ойлады «айтқан сертте тұрайын» деп.
—Алпыс жас кәрілік келген шағым,—дейді,
Бақ қонып жылжымаған тағым,—дейді.
Қай жерден, қандай адам бұйырады,
Сынайын балалардың бағын,—дейді.
Патша тақта отырып еріккен соң,
Бұл істі ойлап тапты зеріккен соң.
Үш ұлын әйел үшін сынамаққа,
«Үш садақ үш ұлыма беріп көрсем».
Жұртына әмір қылды:—Келсін,—деген,
Істен бұйрығымды көрсін,—деген.
Жасатқан үш ұлына үш садақты,
Көпшілік қолыменен берсін,—деген.
маймыл келіншек
Тамам жұрт естігенде жиылысты,
Жан-жақтан бәрі келіп құйылысты:
—Патша қол жеткен соң не қылмайды,
Көрмедік өмір бойы мұндай істі.
Кигізген баласына асыл киім,
Бір тұтас келіп қалды елі жиын.
—Қай балам мақсатымнан шығар екен,
Шықпаса керегі жоқ жалғыз тиын.
Бақыты ер адамның әйел болар,
Мирас сөз мұның өзі ұзақ сонар.
Қайын жұрт, ата-анасы жақсы болса,
Жігітке анық бақыт сонда қонар.
Ойласам дүниені көңілім ерен,
Бақытты үш ұлымның сынап көрем.
Атқан оқ қандай жерге түскен болса,
Әйелді сол арадан алып берем.
Жұрт шулап патша сөзін қабылдаған,
Мұндай іс бұдан бұрын табылмаған.
Патша қолы жетіп мұны істеді,
Көңілі өзгеше бір жалындаған.
Көпшілік шапалақты дүрілдетті,
Үлкен ұл садақ атып гүрілдетті.
Бір үлкен патша бар дәулеті асқан,
Атқан оқ сол шаһарға барып жетті.
Екінші ұл кезек келіп садақ атты,
Көпшілік қызық көріп жырғап жатты.
Атқан оқ бір шаһарға түскен екен,
Қараңдар бұл балаға берген бақты.
Нысана кіші ұлға келді кезек,
Бұл бала ой ойлайды өзін тежеп.
Атқан оқ қаңғып кетсе иен жерге,
Патшаның қаһары бар тұрған кезеп.
хикаялық дастандар
Кенжесі садақ атты зырылдатып,
Бет алып күн шығысты қырындатып.
Бар екен күн шығыста көл-дария,
Атқан оқ ортасына кетті батып.
Патша үміт артқан кенжесіне,
Жеткізбей бара жатқан теңдесіне.
Сынақтан қайдан өтсін кенже ұлы,
Оқ кетті қайта айналып келмесіне.
Патша байғұс сертіме жетем дейді,
Баласының қарызынан өтем дейді.
«Сынауда екі ұлымның бағы жанды,
Кіші ұлым жарамады, бекер» дейді.
—Үш ұлдан екі ұлымды алдым таңдап,
Жетілген өнеріме ақылдырақ.
Бақыты жанбаған соң амал бар ма,
Уайым кіші ұлыма түсті салмақ.
Оқыттым қарызы жоқ оқу-білім,
Айтамын әділдікпен сөздің шынын.
Ойлаған талабымнан шықпаған соң,
Көруге тиіс болар өзі күнін.
Осымен бала жайы тұра тұрсын,
Әр іске патшамыз ақыл құрсын.
Бақытты екі ұлынан сөз бастайын,
Жамағат құлақ түріп, мойын бұрсын.
Патша үлкен ұлға құдаласты,
Келгенше келін бала жанталасты.
Той қылып ұлы думан салтанатпен,
Қуанып бәйбішелер шашу шашты.
Жеті күн той болғанда ұлы думан,
Ақындар босқа тұрмас өлең қуған.
Патша ойлап екі ұлын қуанады
«Өзіме тартқан балам асыл туған».
маймыл келіншек
Үйленіп үлкен ұлдың болған кезі,
Шаруаның жақсы болар біткен тезі.
Үйленуге екінші ұлды дайындық қып,
Сондағы патшаның айтқан сөзі.
Патша сөз сөйледі арындаған,
Қайрат-күш пайда болды табылмаған.
—Қорама мал, басыма тәж орнаған,
Бақытым өз басымнан арылмаған.
Үйленуге екінші ұл талаптанған,
Жай жүріп келіспейді салақтанған.
Ешкімнің таласы жоқ берген баққа,
Таңдай қағып жұрты тұр, қарап қалған.
Екі ұлды үйлендірді едел-жедел,
Бұдан артық болады қандай бедел.
Екі ұлы талабынан шыққаннан соң,
Екі ұлға патшамыз да сондай сенер.
Таусылмас айта берсем көп кеңесім,
Жазды деп сөкпеңіздер мұны несін.
Жамағат, құлақ салып тыңдаңыздар,
Сөйлейін үшінші ұлдың әңгімесін.
Қазезқан жалғыз қалды жетім болып,
Мұңайды екі көзі жасқа толып.
Бұл бала тірі жетім болып қалды,
Мәнісін құрастырып жазсам толық.
Қазезқан ойлайды өзін тірі жетім,
Орындалмай қор болды берген сертім.
Амал не, дүние шіркін, алдап отыр,
Қайткенде тірі көрем елдің бетін».
—Бұл шаһардан кетейін,
Ел шетінен өтейін.
Ата-анам қуып салған соң,
Талайым жоқ, не етейін.
хикаялық дастандар
Тірі жетім мен болдым,
Мүсәпірмен тең болдым.
Көзге түрткі мен байғұс,
Ит пен құсқа жем болдым.
Жүруге жолым тар ма екен,
Тауға шықсам қар ма екен.
Атадан тірі айырылған,
Мендей сорлы бар ма екен?
Ата деген бекер ме,
Қиын іс бастан өтер ме.
Зарлаған сорлы мен байғұс,
Мұратқа бір күн жетер ме?
Қарашы, халқым, сөзіме,
Жас келер толып көзіме.
Тірі жетім болғанға,
Таң қаламын өзіме.
Шығысқа Қазез жігіт аяңдады,
Азырақ осы арада аялдады.
«Басыма не жазса да, көрейін» деп,
Жүрістен бұл бейшара аянбады.
Күндіз-түн жүріп кетті демін алмай,
Ілгерілеп жүре берді кейін қалмай.
Алыстан көл-дария көрініпті,
Бұл бала тоқтамайды соған бармай.
Аяңдап көлге келді әлгі бала,
Көрінбес бас-аяғы мидай дала.
Үстінен қайық, кеме жүріп жатты,
Отырды Қазез жігіт демін ала.
Ойлады «бір кемеге шығайын деп,
Мәнісін бұл дарияның ұғайын деп.
Барғанда дарияның ортасына,
Түсейін өзімді өзім сынайын деп.
маймыл келіншек
Оғымның түскен жері осы екен,
Байлайын уағдаға белді бекем.
Өлімнен бір басымды аямасам,
Түбіне бұл дарияның түсіп кетсем.
Адамға оңай екен өлім деген,
Көзіне ешбір нәрсе көрінбеген.
Басыма ешбір пайда қылғаны жоқ,
Ата-ана, туыс-бауыр, елім деген».
Қазезқан бір кемеге алды шығып,
Қорғалап мүсәпірдей жүрді бұғып.
«Басыма не іс түссе көрейін» деп,
Оғының түскен жерін тұрды ұғып.
Дарияның ортасына барған кезде,
Сенсеңіз жалған емес осы сөз де.
«Дүниеде мендей сорлы бар ма екен» деп,
Жас алды бұл бейшара екі көзге.
Айнадай су тартады аспан-көкті,
Қазезқан өзін атып суға шөкті.
«Тәуекел, не жазса да көрейін» деп,
Көзінің зар еңіреп жасын төкті.
Қазезқан өзін атты жанын қиып,
Бойына бар қайратын алды жиып.
Сырқырап су түбіне барған кезде,
Тоқтапты екі аяғы жерге тиіп.
Қарайды жан-жағына көзін ашып,
Талықсып кеткен екен түсі қашып.
Қараса су аспанда қалған екен,
«Япыр-ау, неткен іс» деп қалды сасып.
Отырды түскен жерде демін алып,
Қарайды жан-жағына көзін салып.
Жақыннан алтын сарай көрініпті,
Отырды сол арада аң-таң қалып.
хикаялық дастандар
Байқаса осы сарай жеті қабат,
Айдынды көрінеді бек ғаламат.
Көрмеген істі көрді байғұс бала,
«Зор байлық, ең жақсылық,—деп,—саламат».
Көл екен сарай алды жалт-жұлт еткен,
Жағалай түрлі жеміс ағаш еккен.
Киімін үстіндегі шешіп тастап,
Қалың қыз суға түсіп ойнап кеткен.
Отырды қызға қарап жарқылдаған,
Сарайдың босағасын алтындаған.
Көрмеген дүниеде мұндай қызды,
Бір-бірлеп суға түсіп салқындаған.
Бұл қыздар шуылдайды шүйіншілеп,
«Кетер ме патша қыздың күйігі» деп.
Иектерін көтеріп жүгіреді,
«Шығады адамзаттың иісі» деп.
Бұл қыздар жүгірісіп безектеген,
Жігіттің ойы да жоқ сезед деген.
«Иісі адамзаттың шығады» деп,
Жүгірді патша қызға кезекпенен.
—Патша-ау, адам иісі бұрқырайды,
Біздерге қандай адам ұмтылмайды.
Көретін адамзатты күн бар ма екен,
Иісіне сай сүйегің сырқырайды.
Патша қыз айтты сонда:—Махаббатым,
Шешілер қуанышпен іште дәтім.
Басында өткен айдың қолға тиіп,
Тапсырып алып едім аманатын.
Патша қыз әмір қылды:—Табыңдар,—деп,
Қасына шапшаң іздеп барыңдар,—деп.
Бұл жігіт нақ махаббат жарым еді,
Сөзіме менің айтқан наныңдар,—деп.
маймыл келіншек
Жұмсады қырық қызды:—Барып кел,—деп,
Қасыма жігітімді алып кел,—деп.
Ауыртпай ешбір жерін жолдасымның,
Үстіне алтын кілем салып кел,—деп.
Айтқанын патша қыздың мақұлдады,
Қуанып бәрі келіп сақылдады.
Ай беті анадайдан жарқ-жұрқ етіп
Бұл қыздар Қазезқанға жақындады.
Қазезқан қызды көріп таңырқады,
Кейде қорқып жүрегі жабырқады.
Тағзым етіп қалың қыз бас игенде,
Күндіздей судың асты жарқырады.
Жігітпен қол ұстасып амандасты,
Бұл қыздар қырғи қабақ, қалам қасты.
Үстіне алтын кілем отырғызып,
Бұрылып сарайына қадам басты.
Қазезқан әрбір іске болған мықты,
Көнбеске мұндай іске болмас тіпті.
Ер адам әйел заттың пірі болар,
Алдынан патша қыздың өзі шықты.
Жігітпен амандасты мейірбан-ды,
Жолына пида қылар шыбын жанды.
Әр іске күдіктеніп жүрген жігіт,
Перінің қызы екенін дәл таныды.
Жігітті ертіп барды сарайына,
Перінің кім жолайды маңайына.
Пері қыз адамзатқа ғашық екен,
Бұл жігіт кез боп қалды талайына.
Арманы пері қыздың жүзеге асты,
Қуанып қалың қыздар шашу шашты.
Той қылып ұлы думан, рахаттанып,
Сол жерде ойнап-күліп көңіл ашты.
хикаялық дастандар
Қазезқан бір ай жүрді күліп-ойнап,
Дүниенің қызығына бар ма тоймақ.
Еліне қайта ма екен, тұра ма екен,
Патша қыз Қазезқанға сауал қоймақ.
—Қазезқан, сен келгелі бір ай өтті,
Тарқаттық қасірет пен қайғы-дертті.
Тұруға бұл арада мүмкін емес,
Қайтатын ел-жұртыңа уақыт жетті.
Қазезқан қыз сөзіне таң қалыпты,
Мәнісін әрбір сөздің аңғарыпты.
Шығуға жер бетіне бір мәселе,
Бұл жігіт ой соқты боп сандалыпты.
—Уәжіп екеумізге қырға шықпақ,
Бұйырған әрекеттің бәрін ұқпақ.
Жер беті, су түбінен қосылыстық,
Дүниеде дұрыс емес мұны ұмытпақ.
Екеуміз жер бетіне кетейікші,
Орталық дариядан өтейікші.
Ризық дәмі тартса сол араның,
Ел-жұртым, ата-анаға жетейікші.
—Еліңіз мені көріп ғашық болар,
Көргенше дидарымды асық болар.
Қандай жан көре алмастық істесе де,
Бұйырған махаббатың нәсіп болар.
Жаңбырсыз көктемейді салған егін,
Қазезқан, байқадың ба сөздің тегін.
Көрген ел мен байғұсқа ғашық болар,
Сол үшін мен киейін маймыл кебін.
Кезіккенде жамандық жаза баспау,
Басыңа не іс туса сонан қашпау.
Кебімді күні бойы киіп жүріп,
Болғанда жатар мезгіл шешіп тастау.
маймыл келіншек
Адам жоқ жаны ашитын, жақының да,
Өнер көп жолдас болған пақырыңда.
Сөзіме менің айтқан ұнасаңыз,
Жетерсің мұратыңа ақырында.
Қоштасты қырық қызбен бастық сайлап,
Бітірді әрбір істің бәрін жайлап.
Жүруге ыңғайланып тұрған кезде,
Қош айтып қырық қыз да тұрды жайнап.
Патша қыз жігітті алып көкке ұшты,
Өнері осы қыздың сондай күшті.
Аралап дария, көлдің ортасымен,
Тоқтамай көл шетіне келіп түсті.
Патша қыз маймыл кебін алды киіп,
Кимесе жүре алмайды жерге сыйып.
Аяңдап күнбатысқа жүріп кетті,
Бойына күш-қайратын алды жиып.
Бұл қыздың оқуы артық, өнері асқан,
Өнерді әдет қылған бала жастан.
Екі жас мұнан былай не істейді,
Мәнісін ұқтырайын бір-бір бастан.
Екеуі ел шетіне жақындасты,
«Немене істейміз» деп ақылдасты.
Баста үй, бауырында қазан да жоқ,
Қайтеміз мұнан былай ішер асты?
Қыз айтты:—Еш нәрсені ойға алма,
Әр істі уайымдап кейін қалма.
Опы салсаң ризық дайын болар,
Жүрекке уайымдап қайғы салма.
Екеуі опы салды күндіз-түні,
Ақиқат жақсы болар сөздің шыны.
Іші-сыртын лаймен сылағанда,
Болмайды салған үйдің ешбір міні.
хикаялық дастандар
—Ей, жарым, бір сөз айтам маған нансаң,
Аяңдап босағаға жақын барсаң.
«Биссмилла рахман рахим» деп,
Көтеріп, бір аяғың сыртқа салсаң.
Әуелден қыздың сөзі анық болды,
Бұл жігіт босағаға барып болды.
Бір аттап босағаға қайта айналса,
Панардай үйдің іші жарық болды.
Қыз отыр түгел ойлап оң мен солды,
Оқумен әдет қылған осы жолды.
Пүліс перде, кілем-кілше, ыдыс-аяқ,
Дастарқан, пысқан тағам дайын болды.
Қазезқан болып жүрген тірі жетім,
Көрем деп ойлаған жоқ елдің бетін.
Оқумен әр нәрсені келтіргенде,
Бұл қыздың сонда білді кереметін.
Панардың жан таңғалар жарығына,
Шықты ғой қыз өнері анығына.
Кеш болып маймыл киім тастағанда,
Сұлу қыз сонда келер қалпына.
Таң атса маймыл киім киіп алар,
Іс болды мұның өзі жан таңғалар.
Жігітке ақылды қыз пайда болып,
Жүрегі қуаныштан оттай жанар.
—Барып ата-анаңа келгеніңді,
Түгел айт, қиыншылық көргеніңді.
Оқ түскен жерге барып алып келіп,
Соңынан бір «маймылдың» ергеніңді.
Патшаға сәлем беріп келді жетіп,
Баланың сөзі шапшаң, көңілі тетік.
«Ей, балам, аман-есен келдің бе?» деп,
Патша қуанды енді үміт етіп.
маймыл келіншек
—Қазезқан, қайда барып, қайдан келдің,
Бұйырған дәмін таттың қандай жердің.
Оғыңның түскен жерін таба алдың ба,
Тастамай айтып берші, бүгін көрдім.
—Ей, ата, сөйлеуіме рұқсат бер,
Мен көрдім тіршілікте ел менен жер.
Шығарып ойда жоқта амал бар ма,
Әкелдім маймыл келін, көзіңмен көр.
—Не дейсің, бағы қайтқан сорлы байғұс,
Сыр берме еш адамға, көтіңді қыс.
Алып кет иен жерге әйеліңді,
Боларын біліп едім осындай іс.
Патша ашуланды қолын сермей,
Ұлына дәт айтуға есе бермей.
—Жоясың атағымды күлкі қылып,
Жоғал тез, ұзақ жерге елді көрмей.
«Жоғал» деп ашуланды қолын нұсқап,
Барады бір жағынан ашу қыстап.
—Көрінбе, бақсыз сорлы, бұдан былай,
Жіберем бір басыңды оққа ұстап.
Кемпірі сонда айтты:—Патша ағлам,
Бұл дағы іштен шыққан шұбар жылан.
Әр түрлі әр адамның бақыты бар,
Ісіне Құдіреттің бар ма шараң?
Кемпірі сөз сөйлейді осылай деп,
Байқасаң бұл кемпірдің ақылы көп.
—Халыққа зұлым атың шықпай қалмас,
Баласын жәбірлеген жемеңгер деп.
Соқтықпа балаңызға тілімді алсаң,
Патша пиғылыңмен маған нансаң.
Қуғаның балаңызды жұртқа естілсе,
Боласыз елге күлкі, әуре-сарсаң.
хикаялық дастандар
Патша осыменен тоқтап қалды,
Сөзіне әйелінің құлақ салды.
«Бұйрықтан артық нәрсе болмайды» деп,
Мысалдап әрбір істі есіне алды.
Өлеңге жас кезімнен болдым шебер,
Сөзіме осы айтқан халық сенер.
Шай-шәйнек, екі шыны, жыртық ожау,
Бір құман құрастырып мұны берер.
Осымен Қазез бала кетті қайтып,
Жүрген жоқ қайыр тілеп, ләпсі байытып.
Тастамай атасының бергендерін,
Ыңырсып келе жатыр өлең айтып.
Қазезқан қайта айналып келді үйге,
Түсіпті өз тұсында талай күйге.
Үстінде қыз кигізген шапаны бар,
Гауһардан жағалатып таққан түйме.
Қыз айтты:—Атаңызға бардыңыз ба,
Сөзіме менің айтқан нандыңыз ба?
Бұйрықша маймыл әйел әкелдім деп,
Пәлеге айықпастай қалдыңыз ба?
Барып тұр атаңызға сабаса да,
Атаға ұл қарызы жараса ма?
Ерінбей күнде ерте барып тұрсаң,
Ақырда жолығасың тамашаға.
Таңертең атасына тағы барды,
Маймыл қыз «барып кел» деп ақыл салды.
Тоқуға өнерменен мата-шекпен,
Келіндер мақта өткізіп қолына алды.
Қазезқан осы іске қарап тұрды,
Ішінен бәйге атындай жарап тұрды.
Тигені бір адамға неше дағар,
Білдірмей Қазез жіті санап тұрды.
маймыл келіншек
Патша жігіт аузын шегеледі:
—Жаман мен жақсы қайтіп теңеледі?
Қазезқан аң-таң болып қарап тұрсың,
Қолынан маймылыңның не келеді?
Сонымен амалы жоқ үйге келді,
Араға бір тоқтамай аттай желді.
«Келіңдер мата тоқып шығармақ» деп,
Көргенін осылай деп айтып берді.
Жігітін тағы жұмсар «Барып кел» деп,
«Жасымай шам-шырақтай жанып кел,—деп.
Шығармақ мата-шекпен оңай іс қой,
Мақтаны берер болса алып кел» деп.
—Бұйырған әр істің бәрін көрдім,
Жолдас боп маймыл қыздың соңына ердім.
«Мен дағы мата-шекпен тоқимын» деп,
Келінің жұмсаған соң соған келдім.
—Шаршадың бекер босқа күнде келіп,
Сандалдың бір маймылдың артына еріп.
Қолынан маймылыңның не келеді,
Сен жүрсің бекер босқа әуреленіп.
Кемпір айтты:—Бұл істі сынайық та,
Бергенің мақта жыңдап алайық та.
Мақтаны обал қылып төгіп-шашса,
Екінші мықты болып тұрайық та.
Қасына атасының барып келді,
Дағарға мақта жыңдап салып келді.
Қазезқан неше дағар көтеріп ап,
Қасына маймыл қыздың алып келді.
Көп екен маймыл қызда ақыл, айла,
Өнерін тасқындатты осындайда.
Маймыл қыз қаспыранды оқып еді,
Көк тоқал сиыр келіп болды пайда.
хикаялық дастандар
Маймыл қыз түрегеліп қазық қақты,
Басына шиден есіп ноқта тақты.
Тас қылып бұл қазыққа байлағанда,
Көк тоқал оқтаудай боп жарап қапты.
Өнерге маймыл келін жатылыпты,
Қасына Қазезқанды шақырыпты.
Алдына көк сиырдың мақта төксе,
Артынан мата-шекпен атылыпты.
Қазезқан бұл шекпенді жиып алды,
Үйіне атасының алып барды.
«Шіркін-ай, мұны қайтіп тоқыды» деп,
Патша сонда тұрып қайран қалды.
Патша екі келінін есіне алды,
Олардың жіп иіріп қолы талды.
Сұлулар не бітірген адам екен,
Жете алмай маймыл қызға артта қалды.
Баласы:—Тағы да мақта берсең,
Матаны шығаруды маған сенсең,
Әртүрлі нәрсе тоқып әкелеміз,
Өнерін маймыл келін енді көрсең.
Патша үй салдырған қиыстырып,
Бірімен-бірін жақын тиістіріп.
Үстіне бір түйенің артып берді,
Мақтадан бір тал қоймай жиыстырып.
Мақтаны түйедегі түсіреді,
Түсіру бұл да міндет ісі еді.
Алдына көк тоқалдың салмай қойса,
Жел соғып мұның бәрін ұшырады.
Көк тоқал зауыт екен мұны білем,
Ішінен неше түрлі шығыпты рең.
Мақтаны қарсы алдына төккен кезде,
Тоқылып арт жағынан шықты кілем.
маймыл келіншек
Құшақтап бұл кілемді қапсырады,
Әкеліп атасына тапсырады.
Кілемді кім тоқыды, халық білсін,
Үстіне қыздың атын жапсырады.
Патша бұл кілемге қалды қайран,
Маймылға мұндай өнер келді қайдан.
—Тексеріп уәзірлер барып келсін,
Патшаға осы болсын тиген пайдаң.
Уәзірлер тексеруге жүріп кетті,
Аяңдап опысына барып жетті.
Уәзір үйге барып кірген шақта,
Қазезқан сәлем беріп тұра кепті.
Уәзір таңырқапты әрбір істі,
Байқаса дайын тамақ түрлі-түсті.
Аңқыған иісі бар осы үйдің,
Уәзір сонда отырып тамақ ішті.
Уәзір соныменен кетті қайтып,
Патшаға көрген істің бәрін айтып:
—Тұрмысы екеумізден артық екен,
Патшамыз деп жүріппіз нәпсі байытып.
Әйелі, мәселе жоқ, маймыл екен,
Байқасам әрекеті жайбір екен.
Ноқта салып, қазыққа байлап қойған,
Бір көк тоқал сиыр тұр түрі бөтен.
Сиырда мәселе бар ойлағанда,
Басына ноқта салып байлағанда.
Көтінен әртүрлі зат шығады екен,
Мақтаны күрсілдетіп шайнағанда.
—Уәзір, қарсы аламын келгеніңді,
Тексеріп оны барып көргеніңді.
Өнердің үлкен басы сиырда деп,
Шынайы көңілменен сенгеніңді.
хикаялық дастандар
Сиырды мен де іздеп таптырайын,
Жан-жаққа екі ұлымды шаптырайын.
Екі көк тоқал сиыр тауып алып,
Әкеліп екі отауға бақтырайын.
Екі ұлы бұл сиырды іздеп кетті,
Маймылдың озып кеткен қорлығы өтті.
Шапқылап күндіз-түні әуре болып,
Екі көк тоқал сиыр алып жетті.
Патша қуанды «мерейім» деп,
Сөзіне уәзірінің «сенейін» деп.
Екі ұлы екі сиырды байлап қойды,
«Өнерін ерте тұрып көрейін» деп.
Түнімен екі сиыр шарқылдатты,
Былғанып ыдыс-аяқ боққа батты.
Бір жақтан шарылдатып сигеннен соң,
Сідігі боқ аралас ағып жатты.
Ауасы үйлерінің кетті сасып,
Қарайды балалары көзін ашып.
Үй іші боқ-сідікке толғаннан соң,
Екі ұлы патшаға барды қашып.
—Жан ата, үйдің іші сасып кетті,
Шылқылдап боқ пен сідік басып кетті.
Жасынан әлпештеген екі келінің,
Шыдамай иісіне қашып кетті.
Сиырлар пәле болды алып келген,
Пәле болмай немене тышты белден.
Қуалап жоғалтыңдар бұл екеуін,
Япыр-ай, ұят болды ұққан елден.
Сиырлар патша ұлын састырыпты,
Сасытып боқ пен сідік бастырыпты.
«Қорлығы сиырлардың өтті ғой» деп,
Апарып иесіне тапсырыпты.
маймыл келіншек
Осымен тоқтатайын мұның жайын,
Өнерлі алға басар күн-күн сайын.
Жамағат, құлақ салып тыңдасаңыз,
Әңгіме пері қыздан болсын дайын.
Аты екен пері қыздың Қорлығайын,
Бұйрықша әрбір іске болған дайын.
Білуге оқырманым іңкәр болсаң,
Ақырда ұғарсыздар қыздың жайын.
Қызметін күн-күн сайын қыздырады,
Есігін әкесінің тоздырады.
Қайтпайтын ешнәрседен Қазез бала,
Өнерін басқалардан оздырады.
Атаға және барды маң-маң басып,
Қобалжып, ет жүрегі судай тасып.
Білмейді не болғанын Қазез бала,
Көпшілік ат ерттепті жанталасып.
Атасы айтты:—Жатырмыз реттеніп,
Айдынды ерттеген ат суреттеніп.
Болсаң да қанша өнерпаз маймылыңмен,
Сен қалдың тойға бармай күлбеттеніп.
Патша жиып алды елі-жұртын,
Ән тартып жүріп жатыр дүркін-дүркін.
Сайран сап елдің бәрі кеткен кезде,
Жабырқап төмендеген көңіл, шіркін.
Үйіне Қазез келді шапшаңдатып,
Атаның айтқан сөзі жанға батып.
Есіктен кіріп келіп Қазез бала,
Жантайып төр алдына алды жатып.
Қыз айтты:—Неге жаттың, жан жұбайым,
Бетіме жарық болған күн мен айым.
Ренжіп бір нәрсеге келіпсің ғой,
Ұқтырып айтшы маған сөздің жайын.
хикаялық дастандар
—Қалың жұрт тойға жүрді өлеңдетіп,
Кембағал, нашарларды елеңдетіп.
Алдына шығатұғын күн болар ма,
Сортымды түсірді ғой төмендетіп.
Жасыма жақсылықтың келер кезі,
Адамға пайда берер істің тезі.
Бақ қонар бір басыңа, ренжіме,
Деп, сонда пері қыздың айтқан сөзі.
—Жасыма, жаным, жасыма,
Жүгіріп келдің қасыма.
Бірнеше күн ішінде,
Бақ қонады басыңа.
Басыңнан қайғы шешіліп,
Еркіңменен көсіліп,
Дұшпаның қалар жайында,
Аяқ-қолы кесіліп.
Бақ қонады табылып,
Ел таң қалар аңырып.
Шаһар халқы бір бүтін
Жүреді саған бағынып.
Бақ қонады бейімдеп,
Дұшпаның тұрар кейіндеп.
Алтын тақтың үстінде
Отырарсың сейілдеп.
Қолға алған қалам деп,
Әрбір істі жазам деп.
Албаты елге көрінсем,
Дұшпаның шығар алам деп.
Уайымдап тарықпа,
Көрінеміз халыққа.
Көпшіліктің алдында
Шығамыз енді жарыққа.
маймыл келіншек
Ел соңыңнан ереді,
Көпшілік мұны көреді.
Қорғалап жүрген жолдасын
Қалпына енді енеді.
Біз де тойға барайық,
Бармай неге қалайық.
Табылып қалса бұл жерден
Жетпіс жолдас алайық.
Бақ қонса Қазез сыйланды,
Ел шақырып жиналды.
Бас-аяқтан құралып,
Жетпіс жігіт жиналды.
Қыз қуанды күлімдеп,
Бір жақсылық білінбек.
Қаспыранды оқысам,
Арғымақ келер дүрілдеп.
Әдетіңді істе, Қазезқан,
Жолыңа пида шыбын жан.
Қара түнек жоғалып,
Жарықтап атты бізге таң.
Тойдың жөнін білгізді,
Жігіттерді үйге кіргізді.
«Биссмилла» деп Қазезқан,
Әдетін енді жүргізді.
Адамға пайда берер ақыл-айла,
Қазезқан қуанышты осы жайда.
Есікке «биссмилла» деп барып еді,
Арғымақ жетпіс екі болды пайда.
Жігіттер таңырқапты көріп істі,
Керемет болып жатыр түрлі-түсті.
Пысқан ас, неше түрлі дайын тағам,
Жігіттер сол арада тамақ ішті.
хикаялық дастандар
Сілкініп өзгереді порымынан,
Жігіттер тұра қашты орынынан.
—Халайық, шошымаңдар, затым—пері,
Мәнісін ұғасыңдар толығынан.
Қазезқан Құдай қосқан ерім еді,
Су асты мекен еткен жерім еді.
Мен үшін талай жерде бейнет тартып,
Бұл жерге мені алып келіп еді.
Бәріміз тең боламыз қатар өскен,
Сендермен сөйлесемін сескенбестен.
Барайық барлығымыз осы тойға,
Талай іс өтіп кетті бастан кешкен.
Бұл тойға барлығымыз барайық та,
Билікті енді қолға алайық та.
Елімен ханша, патша таныс болып,
Сайранды елшісіне салайық та.
Арғымақ жетпіс екі болып еді,
Ер-тоқым, киім-кешек толық еді.
Дайын ат, дайын киім жігіттерге,
Бақ, дәулет қыз тұсында толып еді.
Барлығы мініп алды арғымаққа,
Жөнелді дүрілдетіп батыс жаққа.
Таңырқап көрген елдер қайран қалды,
Ешкімнің таласы жоқ берген баққа.
Шашбауын пері қыздың алтындаған,
Келеді қалың адам жарқылдаған.
Арғымақ мінген аты бәрі жорға,
Төрт аяқ бауырына сартылдаған.
Келеді бір топ адам ағындаған,
Көрініп тамашасы сағымдаған.
Ішіне пері қыздың салқыны бар,
Айдыны көкке өрлеп жалындаған.
маймыл келіншек
Алдынан бірқанша адам шықты шауып,
Сөйлесті осылармен ебін тауып.
Дүниеде бір көрмеген адам екен,
Бұлардың патшалары қылды қауіп.
Айдыны осылардың сондай қатты,
Алдынан кісі шығып ақыл тапты.
Қараса бек әйбат, жақсы адамдар,
Қолдарын амандасып беріп жатты.
Көпшілік таңданыпты пормасына,
Қызығып аттарының жорғасына.
Айрықша келіп қалған мейман екен,
Түсірді патшаның ордасына.
Аттарын үйретіпті байламасқа,
Қайран қалды мүлтіксіз өңшең жасқа.
Көпшілік таң қалғандай орыны бар,
Мінген ат бәрі бірдей жирен қасқа.
—Бұларға түрлі тағам беріңіздер,
Шама бар, бек құрметтеп күтіңіздер.
Қай патша, қай жердің адамы екен,
Уәзірлер, жөнін сұрап біліңіздер.
Кіріп келіп уәзірлер сәлем берді,
Өңшең жас орнынан түрегелді.
—Жөн сұрап келіп қалдық, меймандарым,
Көрмедік дүниеде сіздей ерді.
—Сұрасаң Жәмшит патша баласымын,
Жайылған мың жылқының дарасымын.
Жөнімді әбден ұқсаң, ағаларым,
Ұлының ішіндегі данасымын.
Келіншек мына отырған махаббатым,
Пері екен сұрасаңыз арғы затын.
Халыққа ұқтырсаңыз мен пақырды,
Қазезқан Жәмшитұлы менің атым.
хикаялық дастандар
Уәзірлер бала сөзін келді ұғып,
Халыққа ұқтырады сыртқа шығып.
Әйелге маймыл кебін кигізіп ап,
Жарыққа шығара алмай жүрген бұғып.
Қорғаштап бір сұлуды жүрген өзі,
Белгілі байқағанда жігіт сөзі.
Жарыққа бұл сұлуды шығаруға,
Бұйрықша осы күннің келген кезі.
—Жәмшит хан, сенің кенже балаң екен,
Көңілі бұл ордаға алаң екен.
Өзіңнің балаңды өзің танымайсың,
Ниетің байқағанда жаман екен.
Жәмшит айтты:—Халайық, сөйлеп көрсем,
Істеген істерімді айтып берсем.
Танымайтын жөнім бар балаларды,
Айтайын бастан-аяқ маған сенсең.
—Үш ұлға оқ атқыздым әйел үшін,
Өткізген білместікпен бұл бір ісім.
Екі ұлым екі патша қызын алды,
Басымнан істер өтті неше қысым.
Кіші ұлдың оғы түсті суға барып,
Іздеген бірнеше күн арып-талып.
Бір күні кенже ұлым жетіп кепті,
Құрысқан бір маймылдың қызын алып.
Ойладым маймыл келіп намыс па деп,
Жоламай кетіп қалсын алысқа деп.
Жолатпай маңайымнан қуаладым,
Маймыл қыз саған үлкен табыс па деп.
Ақыры соныменен жүретұғын,
Көпшілік мұны естіп білетұғын.
«Кенжесі маймыл әйел алыпты» деп,
Кейбіреу сықақ етіп күлетұғын.
маймыл келіншек
Бұл ұлды жолатпадым маңайыма,
Ақ кірді қапаланып самайыма.
Ақыры маймыл келін пері бопты,
Баламның кезігіпті талайына.
Балаға ата-ана келісіпті,
Келінмен амандасып көрісіпті.
«Балалар, кінәмізді кешіңдер» деп,
Қолынан тәтті тағам берісіпті.
Басталды сол арада ойын-сауық,
Ары-бері дүрілдетті атпен шауып.
Палуан, көк лақты қойды ортаға,
Жұртшылық Қазезқанға қылды тәуап.
Қазезқан көңіл ашты ойнап-күліп,
Көкпарды жан беттетпей алды жұлып.
Палуан, көк лақты бірдей алып,
Шаттанып опысына кетті жүріп.
Дүниенің көз жіберсек ағымына,
Әркімнің байланысты танымына.
Жігіттер бек айбатты көрінеді,
Нұр шашқан пері қыздың сағымына.
Той тарқап патша келді базарына,
Таңырқап баласының ажарына.
Тексермей надандықпен жүрген екен,
Жолығып кенже ұлдың назарына.
Патша ақыл салды елін жиып,
Шақыртты балаларын басын иіп.
Ақсүйек жаңа шыққан асыл затты,
Бір сағат тұрар емес көзі қиып.
Патша той қылмақшы жиып елін,
Қайратты қуанышпен буды белін.
Патшаның алтын сарай ордасына,
Кіріпті тағзым қылып ұл мен келін.
хикаялық дастандар
Патша ұлы думан тойын істеп,
Бір күн, бір түн той қылды өзі күштеп.
Тағына кенже ұлды отырғызып,
Ықтияр өзі тақтан болды түспек.
Халқы да кенже ұлды қабылдаған,
Дүниеде бір іс болды табылмаған.
Жетелеп таққа ұлын шығарыпты,
Патша айтқан серттен жаңылмаған.
Патша осыменен тақтан түсті,
Жүргізіп әмірімен мұндай істі.
Бұрынғы өткен істің бәрін жойып,
Орнына отырғызды бұлбұл құсты.
Бірталай бұдан бұрын заман өтті,
Өтпесе бұрынғылар қайда кетті.
Өнермен әрбір істің бәрін істеп,
Қазезқан мұратына ақыр жетті.
Тоқтасын осы қисса аяқтасып,
Кітапқа жаздым өлең қалам басып.
Келгенде алпыс беске тебіреніп,
Жастарға кетпекшімін үлгі шашып.
Ғ Ы Л Ы М И
Қ О С Ы М Ш А Л А Р
Томға енген мәтіндерге түсініктеме
СҰЛТАН ПАТША
Дастанның сюжеті әйгілі «Мың бір түннен» алынған.
Шығарманың басында ол туралы жырлаушы:
«Бұл өзі өлең емес, әңгіме екен,
Бұл сөздің түбін терең қазайын деп» дейді.
Сұлтан патшаның үш ұлы да уәзірдің қызын өздеріне жар
еткісі келеді. Патша үшеуін алыс сапарға жұмсайды. Үлкені
өлген адамды тірілтетін шиша, ортаншысы алысты көретін
айна, кішісі ұшатын тақтай алып келеді. Олар қайтар жолда
кездесіп, айнадан қыздың өліп қалғанын көреді. Тақтаймен
ұшып келіп, шишамен тірілтіп алады. Үшеуі қызға таласып,
бір шешімге келе алмаған соң Сұлтан патша білімді молданы
алдырады. Молданың ұйғарымы бойынша патшаның кенже
ұлы уәзірдің қызын өзіне жар етеді.
Дастан оқиғасының сюжеті Базар жырау Оңдасұлы жырлаған
«Айна-тарақ» [ӘӨИ: Ш.917/8, 8-дәп. Араб әрпінде. Жинаушы
сы Ә.Қайнарбаев. Қорға 1974 жылы тапсырған] дастанның
мазмұнымен бірдей. Дегенмен «Айна-тарақ» дастанының
аталған дастаннан айырмашылығы жоқ емес, мысалы, бұл дас
танда үш ағайынды жігіт қызға таласып емес, кезекті саяхатқа
шығады. Бір шаһарға келіп, бірі—алыстағыны көретін айна,
біреуі - өлген адамды тірілтетін тарақ, енді бірі—ұшатын кілем
сатып алады. Айнадан өліп жатқан ханның қызын көреді.
Кілеммен ұшып келіп, тарақпен тірілтіп алады. Қыз тарақ са
тып алған жігітті таңдайды.
Сюжеттері ортақ екі шығармада ағайынды үш жігіт таласқан
қыздың тағдыры әр түрлі шешіледі. Қызды «Сұлтан патша»
дастанында білімді молда тақтаймен ұшып келген жігітке
хикаялық дастандар ұйғарса, «Айна-тарақ» дастанында қыз тірілтетін тарақ сатып алған жігітті қалайды. «Сұлтан патша» дастанында шығыс дастандарындағыдай сипаттау, суреттеу жоқ. Кейіпкерлердің бір-біріне айтатын ғазал, монологтар мүлде кездеспейді. Бұл дастан Қытай Халық Республикасының қазақтар көп қоныстанған Іле аймағына кеңінен тараған. 1985 жылы Нылқы ауданы, Мыс ауылы, Төте қыстағының тұрғыны Қасейін Нүсіпханұлынан жазылып алынған. 1990 жылы «Нылқы ауданының қисса-дастандары» атты кітапта Камалбек Жаров, Дәулетбек Қаңбақовтың дайындауымен жарық көрген. Томға аталған кітапта жарияланған мәтін алынды. Ж. Салтақова «АҚБАЗАРҒАН», «ДАНИЯР», «ДАСТАРҚАН», «АҚЫЛДЫ АҚЫМ» ДАСТАНДАРЫ Төрт дастанның мәтінінде де Бақтияр есімі аталады. ���� Бұл есімге байланысты шағын үзінділердің аталған дастандардың мазмұнымен еш логикалық я сюжеттік байланысы жоқ, олар кенеттен қосылады. Ол үзінділерден Бақтияр айыпталып, төніп тұрған өлім жазасын кешеуілдету мақсатымен патшаға түрлі әңгімелер айтып отырғаны белгілі болады. Бақтияр есімінің осы мәтіндерде аталуынан олардың жыршылары мен айтушыларының ортағасырлық парсы әдеби ескерткіші «Бахтияр-намемен» таныс болғанын көреміз. «Бахтияр-наме»—парсылардың қарасөз үлгісінде жазылған мазмұны қызықты, оқиғасы шытырман әңгімелер жинағы. Оны ХІІІ ғасырдың басында, дәлірек айтқанда 1211 жылдан бұрын жазған Дақаики1. ХІІІ ғасырда жазылған «Бахтияр-наме» біраздан соң түркі халықтарына, ал кейінірек еуропалықтарға белгілі болған. Түркі халықтары, солардың ішінде қазақтар да «Бахтиярнаменің» сюжеттерін арқау етіп, көбіне дастан үлгісінде төл шығарма туындатқан. 1 Кондырева Н.Б. Многоликая персидская проза // Средневековая персидс кая проза. – Москва, 1986. – С. 3-10.
ғылыми қосымшалар Парсылардың қара сөз үлгісінде жазылған «Бахтиярнамесінің»2 сюжеті төмендегідей: Ажам елінің Азатбақыт есімді патшасы уәзірінің қызына ғашық болып, уәзірі қарсы болғанына қарамастан, оған үйленеді. Қаһары келген уәзір әскер жинап патшаға қарсы шығады. Патша әйелімен жапан түзге қашады. Әйелі босанады. Ұл туады. Баланы құдық түбіне тастайды. Оны аярлар* тауып алып асырайды. Ер жеткен бала Азатбақыт патшаның сарайына келеді, бірақ әке мен бала бірінбірі танымайды. Жігіттің адамгершілігін, ақылын, адалдығын ұнатқан патша оған деген ықыласын білдіріп, өзіне жақын тартады. Уәзірлер күндестікпен оған нақақтан жала жабады. Патша Бақтиярды өлім жазасына кеседі. Сонда Бақтияр патшаға тоғыз әңгіме айтып, өлім жазасын кешеуілдетеді. Ең соңында өзін тәрбиелеп өсірген аярлардың бірі келіп, Азатбақыт патшаға Бақтиярдың тарихын баяндайды. Патша дар алдында тұрған бала өз баласы екеніне көз жеткізеді. «Бахтияр-наме» композициялық құрылымы жағынан тоғыз аралық әңгімеден тұрады. Демек, бір әңгімеден екінші әңгіме өрбиді. Сол әңгімелердің өзегі дастанның негізгі арқауымен шендесе бермейді. Дей тұрғанмен, дастан өзегінен әңгімелер өрбіп, тұтастық танытады. Яғни, алғашқы сюжеттің өзегі— шығарманың тақырыбын саралап, әңгіме сюжеттерінің іштей тұтастануына себепші болады. Сонымен қатар оларды тұтастандырып тұрған тағы бір жайт—дастанның бас кейіпкері аралық әңгімелердің кейіпкері болмаса да, сол әңгімелерді өзі айтады. Көне үнді әдебиетінен ауысып, басқа да шығыс әдебиеттерде жиі кездесетін бұл әдіс ғылыми еңбектерде «рамалық компо зиция», ал сол тәсілмен жасалған шығармалар «обрамленная повесть» деп аталады3. Кейбір деректерге қарағанда бұл тәсіл алғаш көне Египет әдебиетінде қолданылғанға ұқсайды4. 2 Средневековая персидская проза. Переводы с персидского. Составление Н.Ю. Халисовой. – Москва, 1986. – С. 103-208. * Аяр [а] – орта ғасырларда байларды тонаумен, айлакерлікпен айналысып өмір сүрген топ. Ортағасырлық Иран қоғамында аярлардың орны ерекше болғанға ұқсайды. Оған шамамен ХІ ғ. жазылған өте көлемді «Самақ - аяр» атты прозалық роман дәлел. 3 Гринцер П.А. Древнеиндийская проза [обрамленная повесть].—Москва, 1963. —С.3. 4 Коростовцев М.А. Литература древнего Египта // История всемирной лите ратуры. Т.1.—Москва, 1983.—С.65.
хикаялық дастандар Мұндай тәсілмен жасалған шығармалардың негізгі мақсаты—ғибрат айту, көңіл көтеру немесе өлім жазасын кешеуілдету. Қазақ тілінде жырланған «Бақтияр қиссасы» 1916 жылы араб әрпінде Уфа қаласында жарық көрді. Оны ХІХ ғасырдың екінші жартысында жоғарыда аталған парсылардағы «Бахтиярнаменің» желісімен жырлаған Жанұзақ ақын. «Бақтияр қиссасы» 2004 жылы «Бабалар сөзі» Жүз томдық сериясының 9-томында жарияланды5. «Бақтияр қиссасының» сюжеті «Бахтияр-наменің» негізгі сюжетімен, яғни Бақтиярдың тарихы баяндалатын алғашқы тарауымен бірдей. Нақтылап айтқанда, басталуынан кейіпкердің зынданға салынғанына дейінгі жалпы сюжеті, оқиғалары мен олардың орналасуы дәлме-дәл келеді. Бірақ Бақтияр түпнұсқадағыдай патшаға тоғыз хикаят әңгімелемейді. Оны төніп тұрған өлімнен тәрбиелеп өсірген қарақшылардың бірі құтқарады. Парсылық нұсқа да осылай аяқталады, тек кейіпкер құтқарушы [аяр] келгенге дейін тоғыз әңгіме айтып, патшаның қаһарын басып, өлім жазасын кешеуілдетеді. «Бақтияр қиссасы» дастанында жоғарыда айтылғандай тоғыз хикаят әңгімеленбейді. Неге? Парсылық хикаятпен жақсы таныс болған Жанұзақ ақын түпнұсқадағы тоғыз аралық әңгімені арқау етіп, кейінірек бірнеше бөлек-бөлек дастан жырлауды көздеп «Бақтияр қиссасын» қысқа қайырғанға ұқсайды. Бірақ ол мақсат жүзеге асты ма? Кейбір зерттеушілердің айтуынша, Қытай қазақтарының әдеби мұрасының бір саласы—Жанұзақ ақын жырлаған «Бақтияр және оның қырық бұтағы» атты топтама жырлар. Топтама құрамына кіретін дастандар туралы оны жеткізуші қиссагөйлердің де, зерттеуші ғалымдардың да арасында бір ауызды пікір жоқ. «Бахтияр-наменің» негізгі ойы, түйіні—әсіресе билік басында тұрған адам шешім қабылдағанда мәселені жан-жақты зерттеп, екі жақты да тыңдап, асығыстыққа, әділетсіздікке жол бермеу керек. Сондықтан кей зерттеушілердің «Бақтияр және оның қырық 5 Бабалар сөзі. Жүз томдық. Хикаялық дастандар. 9-том. Құрастырғандар: А.Ақан., Б.Әзібаева., Ж.Рақышева. Мәтіндерге ғылыми түсініктеме жазған Б.Әзібаева.—Астана: Фолиант, 2004.— 9-67-б.
ғылыми қосымшалар бұтағы» топтамасына кіреді деп жүрген біраз діни [«Әбушаһма», «Зарқұм», «Кербаланың шөлінде», «Салсал», «Миғраж», «Кесік бас», «Қиямет ахуалы»], ғашықтық [«Жүсіп—Зылиха»], жомарттықты паш ететін хикаялық [«Қасым Жомарт», «Атымтай Жомарт»] т.б. шығармалардың аталмыш топтамаға жатпайтыны анық. Ал «Дастарқан», «Ақбазарған», «Данияр», «Ақылды Ақым» дастандарының сюжеттері «Бахтияр-намеден» алынып жырланғаны анық. Бұлар Қазан төңкерісіне дейін баспа бетін көрмеген, бірақ ел арасында, әсіресе Қытай жерін мекендеген қандастарымыздың арасына кең тараған. Бізге бірнеше ұрпақ айтушы, жинаушы арқылы жеткен. Тұтас «қырық бұтақты» таратушылардың бірі—Сұлтан Мәжитұлы ақсақал тірі шағында мынадай дерек берген: «Бақтиярдың қырық бұтағы» атты бұл кітап, үш бөлімді, киіз қапты, лампик тысты, қара сиямен көне арап жазуында жазылған қалың кітап еді. Оны сол замандағы ел «Жанұзақтың киіз кітабы» деп атайтын... Әріпжан [Жанұзақтың баласы] қайтыс болған соң оның сексен жастағы апайы Жәмиләнің қолынан екі рет көрген мен оны ат-түйедей қалап сұрасам да, Жәмиләнің баласы Баймұрат: «Атадан қалған мұрамыз, тарихымыздың айғағы, қайтесің аға!» деп бермеді. («Соңғы тыныстағы соны ойлар» Жұмәділ Маман). Тарбағатай аймағының Дөрбілжін ауданында тұратын Жанұзақтың кейінгі ұрпақтарының бірі Ғарифолла Әріпжанұлы ақсақал бұл дастанды сол киіз кітаптан көшіріп алған, ұзақтан бері сандығында сақтап жүрген». Осы адамның табыс етуімен 1986 жылы «Мұра» журналының бірінші санында жариялаған—О.Егеубаев. «Дастарқан», «Ақбазарған», «Данияр», «Ақылды Ақым» мәтіндерінде осы шығармаларға арқау болған сюжеттік әңгімелерді Бақтиярдың өзі кесілген жазаны кешеуілдету мақсатымен айтты делінеді. Мысалы, «Данияр» дастанында жыршы былай дейді: Қырық күндей Бақтиярға тергеу болған, Құтылуға тәмсіл айтып ол зарлаған. Бақтияр қырық күн зарлап айтып өткен, «Қырық бұтақ» деген содан қалған.
хикаялық дастандар
Дарға асу үшін бала келген,
Көп халық сөзін тыңдап көңіл бөлген.
Сөйлейін соның сөзін, халық, сізге,
Бағдатта бір бай болған Махмұт деген.
«Ақбазарған» дастанында дарға асылғалы тұрған Бақтияр
патшаға былай дейді:
Патша-ау, өлерімді енді білдім.
Бұл істен жолым таза, аппақ едім.
Өлсем жақын барармын Құдайыма,
Құдайым иман берсе ақыр көндім.
Өлтір деп қаһар еттің енді маған,
Сөзім қабыл болмай тұр, патшам, саған.
Бір заманда өтіпті бір саудагер,
Менің халым ұқсап тұр бейне соған.
Бар екен бір саудагер—Ақбазарған,
Ақ жолмен сауда ғып күнін көрген.
Ақ жолмен жүрсе де бейнет тартқан,
Өз халым сол секілді болған екен.
Сонда:
Патша айтты:—Кім екен Ақбазарған?
Кім екен сен секілді бейнет көрген?
Ақ жолмен сауда ғып жүрген болса,
Не себепті бейнеті аса берген?
Сонда Бақтияр зар еңіреп көп бейнет көрген, нақақтан жала
жабылып, соның себебімен екі көзінен айырылып, ақырында
ақталған Ақбазарғанның тарихын баяндайды. Ал «Дастарқанда»
Бақтияр патшаның «Таң атқанша аң-таң боп біле алмадым, Ке
шегі қыз мәнісін айтшы, жаным» деген өтініші бойынша өткен
күні бастаған әңгімесін жалғастырады.
Сонымен, бүгінгі таңда Жанұзақ ақынның XІІІ ғасырда қа
ғазға түскен «Бахтияр-наменің» сюжеттерін арқау етіп жырла
ған бес дастаны белгілі боп отыр, олар: «Бахтияр қиссасы»,
«Данияр», «Дастарқан», «Ақбазарған», «Ақылды Ақым».
ғылыми қосымшалар Жанұзақ ақынның «Бахтияр-наменің» сюжеттерін арқау етіп жырлаған басқа дастандары болашақта табылып жарияла нып, зерттелетіні анық. Қара сөзбен әңгімеленген «Бахтияр-намені» ХІІІ ғасырдың басында парсы тілінде Дақаики жазған деген ғалымдардың пікірі жоғарыда келтірілді. Бұл ескерткішті ғалымдар парсы әдебиетінің туындысы ретінде қарастырып зерттейді. Ол әбден заңды. Сонымен қатар «Бахтияр-наменің» біраз кейіпкерлерінің есімі түркілік болып келетіні белгілі. Ондай жағдай парсылардың «Шерзад уа Голшад» хикаятына да тән екенін айтуға болады. Сондай-ақ Қытай қазақтары фольклорын зерттеушілер, мысалы О.Егеубаев «Бахтияр-наменің» пайда болуын дулат тайпасының ортағасырлық тарихымен байланыстырады. Әлбетте, бұл терең зерттеуді қажет етеді. «Ақбазарған» дастаны 1986 жылы «Мұра» журналының бірінші санында жарияланған. «Дастарқан» дастаны Толы аудандық мәдениет үйі жинаған нұсқа бойынша реттеліп жарияланған6. «Данияр» дастаны Тарбағатай аймағының Шағантоғай ауданының тұрғыны Әскен Адайұлының айтуынан сол ауданның мәдениет отауының қызметкері Әлімнасыр Әбдыкерұлы жазып алған. 1995 жылы «Шағантоғай ауданының қисса дастандары» жинағында жария болған7. «Ақылды Ақым» дастанын Бурылтоғай ауданының тұрғыны Шаяхмет Жәңгірұлы қолжазба күйінде табыс еткен. 1992 жылы «Бурылтоғай ауданының қисса-дастандары»8 жинағында алғаш жарық көрген. Томға ұсынылып отырған мәтіндер көрсетілген жинақтардан алынды. Қазақстанда алғаш жарияланып отыр. Б. Әзібаева 6 Қазақ қиссалары. Бейжің: Ұлттар баспасы. І т. 1982.—49-100-б. 7 «Шағантоғай аудандық қисса-дастандары». Үрімжі: Шыңжаң ғылым-тех ника баспасы, 1995.—31-74-б. 8 «Бурылтоғай ауданының қисса-дастандары». Күйтін: Іле халық баспасы, 1992.—88-106-б.
хикаялық дастандар
ЕСТІГҮЛ
Дастан ертегілік сюжетке құрылған. Бас кейіпкері Естігүл
мен Серік. Естігүлдің мақсаты—жары Серікті патшаның
зұлымдығынан аман алып қалу.
Шығарманың қысқаша мазмұны төмендегідей:
Серік деген жетім бала болады. Ол түсінде бақшадан екі алма
үзіп алыпты. Түсін жорытуға басқа қалаға шығады. Ай жүріп
бір шаһарға жеткенде алдынан бір қыз кезігеді. Қыз әке-шешесі
шалға бермек болғаны үшін ренжіп үйден кеткен екен. Екеуі
келісіп түнде жүріп, таң атқанда жүз көріседі. Бір-бірін ұнатып
қосылады. Басыра шаһарына келеді, қыздың сұлулығын
уәзірлер патшаға жеткізеді. Патша қызды алмақ болып Серікті
өлтіруге амал істейді; жолбарыстың сүтін әкелуге жұмсайды:
әскербасы етіп сайлап, орға түсіреді; сарайдың ішіне кіргізіп,
өртейді. Бұл сынақтың бәрінен Естігүлдің білімінің арқасында
аман қалады. Серік жұрт алдында патшаны өзі қазған орға
түсіріп, халықтың алдында патшаның істерін әшкере етеді.
Халыққа сыйлы, әділетті хан болады. Әйелі дүниеге бір ұл, бір
қыз әкеледі. Сонда жігіт баяғы түсінде көрген екі алманы есіне
түсіреді.
Шығармада бірнеше фольклорлық мотивтер қамтылған,
мысалы, түс көру мотиві. Оқиға бас кейіпкер Серіктің түс көруі
арқылы өрбиді және дастанның соңында түсінің шынайы өмірде
орындалғанына кейіпкердің көзі жетеді.
Дастанда ертегілік эпоста жиі кездесетін «орындалуы
қиын үш тапсырма» деп аталатын сюжет ерекше орын ала
ды. Дастанның бас кейіпкері кедей баласы Серіктің келіншегі
Естігүлдің сұлулығын, Серіктің бақытын күндеген уәзірлер пат
шаны Серікке қарсы қойып, өлтіртуге бел буады. Уәзірлердің
айтуымен патша Серікке орындалуы қиын үш тапсырма береді.
Әйелінің көмегімен барлық тапсырманы мүлтіксіз орындаған
жігіт ақырында патша тағына отырады.
Сонымен қатар бұл дастанда бас кейіпкерге жәрдем
берушілердің қатарында жолбарыс та бар. Жолбарыс тәрізді
«Ғажайып көмекшілер» туралы эпостанушы ғалым Б.Әзібаева
былай дейді: «Байырғы фольклорда «ғажайып көмекшілер»
ретінде табиғаттың алуан түрлі күштері, киелі жануарлар,
желеп-жебеуші аруақтар, кейінірек әулие-әнбиелер көрінеді.
ғылыми қосымшалар Жолбарыс бейнесі дүние жүзінің халықтарының, соның ішін де әсіресе Азия мен Еуропа халықтарының мифологиясына, фольклоры мен өнеріне тән екені белгілі. Қазақ фольклорын да, парсының байырғы және классикалық әдебиеті мен халық дастандарында, Ортаазиялық эпостарда арыстан мен жолба рыс бейнесі—кейіпкердің батырлық тұлғасын танытуда ұдайы қолданылып отыратын теңеулердің бірі. Яғни, жолбарыстың айбаты мен қайраты, жүректілігі мен жеңімпаздығы тұқым қуалайтын рулық қасиеттің символына айналған. Сонымен бірге байырғы түркі әдебиеті мен иран халықтарының фоль клорында арыстан мен жолбарыс бейнесіндегі ғажайып та мей ірімді, қамқор да көмекші кейіпкерлер туралы сюжеттер аз емес. Жолбарыс бейнесі көптеген халықтардың шығармашы лығында байырғы заманда-ақ пайда болып, оның өзі әр түрлі символдарды, міндет-мақсаттарды, ұғым-түсініктерді білдіріп отырған»9. Әйел затынан көрінетін ақылдылық, көрегендікті мадақтайтын «Естігүл» дастаны ел арасында «Естігүл мен Серік» деген атпен де мәлім. Ту баста кім жырлағаны анық емес. Ел аузынан 1940 жылдарда жазып алып сақтаған—Тарбағатай аймағының Дөрбілжін ауданындағы ағартушы Бейсенғали Сарқанұлы. Осы адамнан көшіріп алып, 1992 жылы сол ауданның «Қиссалар мен дастандар» жинағында жариялаған— Мұрат Байғалиқызы. Томға аталған кітапта жарияланған мәтін алынды. Н. Садықова ЖЕТІМ БАЛА Дастан «Қазақ қиссалары» атты жинақтың 3-томында жарияланған10. Шығарманы ел аузынан жинап, хатқа түсірген Мадияш Мәжінұлы. Дастан сюжетіне арқау болған—«Күн астындағы Күнікей 9 Шеризат—Гүлшат. Ғылыми басылым. Құрастырып кіріспе мақала мен ғылыми түсініктемелерін жазған Б.Әзібаева—Алматы, 2001.—22-б. 10 Қазақ қиссалары. 3-том.— Бейжің: Ұлттар баспасы, 1985.—633-735-б.
хикаялық дастандар қыз» атты белгілі ертегі. «Күн астындағы Күнікей қыз» ертегісі Қазақ ертегілерінің 1-томында11, «Алтын сақа» жинағында12 және «Ертегілер» атты кітапта басылып шыққан. Түпнұсқасы ОҒК-ның қолжазба қорында сақтаулы13. Дастанның қысқаша мазмұны мынадай: Шығарманың бас кейіпкері—жесір кемпірдің Әуес атты баласы алтын мүйізді киікті ұстап алып, оны ханға сыйға тартады. Хан уәзірдің тілі не еріп, баланы үш түрлі қиын тапсырмаларға жұмсайды. Ал дымен «киіктің астына қоятын алтын тақты», одан кейін «жер астындағы жеміс бағын», үшіншіде «күн астындағы Күнікей қызды» әкелуге жібереді. Бала басынан көп қиындықтарды өткеріп, шартты орындайды. Еліне хан сайланады. Дастанның оқиғалық құрылымы күрделі. Композициялық құрылысы жағынан қарағанда бұл дастанда бірнеше мотив қамтылған сюжет бар. Ал әр мотивтің өзі бірнеше эпизодтардан тұрады. Бірінші сюжет кейіпкердің алтын тақты іздер алдында ше шесі түс көреді. Түсінде ақ кемпір былай деп аян береді: —Бер жағында Мысырдың Бір өнерпаз тұрады. Соған барсын балаңыз, Мың ділда бер қолына. Табылады алтын тақ,— Деді кемпір ұлыңа... Түс шығармада болашақты болжау, оқиғаны әрі қарай сабақ тастыру қызметін атқарып тұр. Одан соң кейіпкердің анасының батасын алып алыс сапарға аттанғаны суреттеледі. Кейіпкер үй ден шығысымен-ақ дастанның оқиғасы күрделеніп, қоюлана тү седі. Оның орындайтын істері қиындап, әр түрлі бөгеттер кездесе ді. Соның бәрінен аман-есен келеді. Шартты орындайды. Міне, бұл дастандағы бір мотивтің ғана оқиғалары. Одан әрі жырдың өрбуіне себеп болған сюжет—кейіпкердің «жер 11 Күн астындағы Күнікей қыз // Қазақ ертегілері. 1-том.—Алматы: Ғылым, 1957.—81-89-б. 12 Күн астындағы Күнікей қыз // Алтын сақа.—Алматы: Қаз. мем. көркем әдеб. бас, 1950.—73-79-б. 13 Ертегілер. ОҒК, Ш. 212, 2-дәп.
ғылыми қосымшалар
астындағы бақты» іздеп шығуы.
Жапанды
кезіп,
түрлі
қиыншылықтарға
ұшырап,
тарыққан кезінде оған «ақсақал» шал жолығады. Ол балаға
ақылын айтып, жөн сілтеп, көзден ғайып болады. Балаға
ғайыптан көмек беруші—Қызыр Ілияс. Қызыр (Қыдыр)—
көптеген шығыс халықтарының, әсіресе мұсылман елдерінің
ауыз әдебиетінде жиі ұшырасатын, тіпті жартылай мифтік
тұлға.
Кейіпкер бұл жолы да аман-есен шартты орындап келеді.
Бұдан кейін «Күн астындағы Күнікей қызды» іздейтін эпизод
қосылады.
Бұл жолғы тапсырма бұрынғыдан да күрделі болып ке
леді. Бұл орайда кейіпкерге көмекке келетіндер: Таусоғар,
Көлтаусар, Желаяқ, Саққұлақ т.б. сияқты қиял-ғажайып кейіп
керлер.
Осылай бүкіл шығарма бойы мотивтер мен эпизодтар бірінің
үстіне бірі жамалып, дастанның оқиғалары қоюлана түсіп,
мазмұны өте қызғылықты болып шыққан.
Томға ұсынылып отырған «Жетім бала» дастанының мәтіні
Бейжіңдегі «Ұлттар баспасынан» шыққан «Қазақ қиссалары»
жинағының 3-томынан (639-735-беттер) алынды.
Қ. Алпысбаева ҚЫЗ КЕРЕМЕТІ «Қыз кереметі» Іле, Тарбағатай аймақтарына кең тараған дастан. Бұл дастанды жатқа айтушылардан жазып алған— Іле аймағы, Текес ауданының тұрғыны, зейнеткер Нұрдания Қасымбекұлы. Жинаушысы—О.Егеубаев. Жинаушының берген қысқаша түсінігіне қарағанда бұл дастанның бірнеше нұсқасы болған. Соларды салыстырып, толықтырып сараптап баспаға дайындағандар—Махмут Әбілқайұлы мен Әбдішүкір Тұрдыбекұлы. Дастан 1992 жылы «Текес ауданының қисса-дастандары»14 жинағында жарияланған. Дастанның қысқаша мазмұны мына 14 Қыз кереметі // Текес ауданының қисса-дастандары.—Үрімжі: №14 орта мектеп баспасы, 1992.—138-329-б.
хикаялық дастандар дай: Ертеде Қаналы деген патшаның тоғыз әйелі болғанымен, бір балаға зар болады. Ұзақ уақыттан соң Құпия есімді тоғызыншы әйелі Гүл атты қыз туады. Оны көре алмаған сегіз әйелі Құпияға қастандық ұйымдастырады. Құпияның Зәйіп атты күңі ба ланы алып қашып келе жатып дарияға түсіп кетеді. Оларды алтын балық жұтып құтқарып қалады. Алтын балық бір күні балықшының қармағына ілінеді. Балықшы Зәйіпке үйленеді. Ал патша 15 жылдан соң данышпан қызға үйленеді. Данышпан қыздың арқасында қызы Гүлмен табысады. Аталмыш дастанның композициялық құрылымы күрделі. Ол бір-біріне жалғасып, оқиғалары кезектесіп дамып отыратын бірнеше әңгімелерден құралған. Дастанда оқиғалар үдемелі түрде беріліп, тартыс шарықтау шегіне жетіп шешіледі. Кейіп керлерді сипаттау жүйелі түрде беріліп отырады. Мұндағы баяндаудың барысы үнемі әділдік пен ақылдылық жеңісіне бағытталады. Дастанда біраз мотивтер қамтылған. Солардың бірі—дүние жүзі халықтарының көптеген ертегі эпостарында әңгіме бола тын перзентсіз ата-ана мотиві. Бұл мотивтегі ерекшелік патша көп жыл бала тілеп жүргенімен әулие-әнбиелерге сиынып, бейіт басына түнеп, алыс сапарға аттанбайды. Келесі бір мотив— болашақ кейіпкердің әкесі үйде жоқта тууы. Қаналы аң аулап жүрген кезінде әйелі босанады. Мұның тасасында көне салттан қалған, ғылым тілінде кувада деп аталатын ырым да жатуы мүмкін15. Мұндай мотивтер «Қарашаш қыз», «Шал мен кемпір», «Алтын айдар» т.б. ертегілер мен «Мұңлық—Зарлық», «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» т.б. эпостарда кездеседі. Күндестердің қастандық жасап, бала орнына күшік, бақа т.б. мақұлықтарды салып қою мотиві де аталмыш дастанда кездеседі. Сол сияқты көптеген шығыс халықтарының, әсіресе мұсылман елдердің ауыз әдебиетінде жиі ұшырайтын Қыдыр ата образы да көрініс тапқан. Қызыр ата патшаға он бес жылдан кейін бір данышпан қызға үйленетінін айтады. Сол данышпан қыздың ақылымен патша қызы Гүлмен табысады. Қарапайым халықтан шыққан қыздың өзінің тапқырлығы 15 С.А.Қасқабасов. Казахская волшебная сказка.—Алма-Ата: Наука, 1972.— С.82.
ғылыми қосымшалар
арқасында ешкім шеше алмаған патшаның сауалына жауап
тауып, оған тұрмысқа шығатын сарын да аталмыш дастанда
көрініс тапқан.
Дастанның
мазмұны
тартымды.
Көлемі—2020
жол.
Шығарма өлеңмен жазылған. Көркемдігі жақсы, тілі жатық.
Томға ұсынылып отырған «Қыз кереметі» дастанының мәтіні
1992 жылы Үрімжі қаласында жарияланған «Текес ауданының
қисса-дастандары» атты жинақтан (138-329-беттер) алынды.
Қ. Алпысбаева ШАЙМҰЗА «Шаймұза» дастаны—Іле, Ерентау өңірлеріне кең тараған дастан. Бұл жырды домбыраға қосып айтушылар да көп. Дастан ның қолжазбасын О.Егеубаевқа табыс еткен Алтай аймағы, Буыршын ауданының тұрғыны—Мақсұт Сейітпекұлы. Мәтін алғаш рет 1982 жылы «Мұра» журналының екінші санында жарық көрген16. Екінші рет «Қазақ қиссаларының» үшінші кітабында жарияланды17. Хикаялық дастандар тобына жататын бұл дастанның негізгі тақырыбы—адал жар таңдау жайында. Дастанның қысқаша мазмұны төмендегідей: Зайып атты патшаның екі әйелі болғанымен бір балаға зар болады. Патша Зорман есімді үшінші әйелге үйленіп, одан Шаймұза атты қыз көреді. Қыз өте сұлу, білімді болып өседі. Қызы бой жеткен соң патша қызын тұрмысқа бермекші боп жігіттерді сынайды. Мүкәрам, Нәри, Зарлық атты үш жігіт көзге түседі. Қыз үш жігітке де ғашық болып, кімді таңдарын білмейді. Әкесі үш жігітті алыс сапарға жұмсап, кімнің әкелген заты қызына ұнаса, соған бермекші болады. Үш жігіт үш сиқырлы затты—айна, дастарқан, бір атым насыбайды сатып әкеледі. Жігіттер саудада жүргенде ғашықтық дертіне ұшырап, қатты науқастанған қыз жігіттер әкелген сиқырлы заттардың арқасында тірі қалады. Бірақ қыз тағы да кімді таңдарын біл 16 Шаймұза // Мұра журналы. Шыңжаң газеті баспасы, 1982. 17 Шаймұза // Қазақ қиссалары. 3-том. Бейжің: Ұлттар баспасы, 1985.—476497-б.
хикаялық дастандар
мейді. Сол кезде көрші елдің Қабан атты патшасы қызды тар
тып алмақшы болып соғыс ашады. Қыздың әкесі мен екі жігіт
соғыста қаза болады. Шаймұза тірі қалған Зарлықпен қалады.
Екеуі бірін-бірі сүйіп, бақытты өмір сүреді.
Дастанға қиял-ғажайып элементтері аралас, оқиғаға бай сю
жет арқау болған.
Оның құрамында көптеген сарындар көрініс тапқан, мыса
лы, балаға зарығу желісі; патшаның сынау мақсатымен елінен
жігіт жинап, қиын тапсырма беріп алыс жолға аттандыруы;
жігіттердің әрқайсының көмегі тиетін сиқырлы заттарды сатып
алуы; қыздың науқастанғанын бір айлық жолдағыны көрсететін
айна арқылы білуі; бір сағатта жеткізетін дастарқан арқылы тез
арада қызға жетуі; өлім аузында жатқан қызды қасиетті насы
баймен тірілтіп алуы т.б.
Жырда бұлардың бәрі де кең таратылып, келісімді сипатта
лады. Шығарма мазмұны қызғылықты, көлемі—424 жол.
Қ. Алпысбаева
ТӨРТ ҒАДЫЛ Дастан Алтай аймағы «Шіңгіл ауданының қисса-дастан дары»18 атты жинақта жарық көрген. Жыршысы—Нұртаза Сақауұлы. Жинаушысы—Қуанған Әбдікерімұлы. Жинаушы шығарманы жыршының айтуы бойынша 1986 жылы хатқа түсірген. «Төрт ғадыл» дастаны Сүлеймен пайғамбар туралы желі ден тараған. Шығыс аңыз-әңгімелерінде Сүлеймен патша ту ралы көп айтылады. Ол жайында «Рағбузи» қиссасында да бірнеше әңгіме бар19. Сүлеймен жайлы аңыз-әңгімелер қазақ арасында да едәуір кездеседі. Олардың кейбірі ҚР Білім және ғылым министрлігі ОҒК-сы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында сақталған: «Тақ Сүлеймен хикаясы» (ӘӨИ, Ш.100), «Сүлеймен патша ертегісі» (ОҒК, Ш.202. Тапсырған Ә.Марғұлан), «Сүлеймен 18 Төрт ғадыл // Шіңгіл ауданының қисса-дастандары.— Іле халық баспасы, 1991.—83-125-б. 19 А.Қыраубаева. Ғасырлар мұрасы.—Алматы: Мектеп, 1998.—35-37-б.
ғылыми қосымшалар
пайғамбар ертегісі» (ОҒК, Ш.923, Тапсырған Ж.Жантөбетов)
т.б. Солардың біразында Сүлейменнің бүкіл тіршілік иелерінің
тілін білетіндігі, барша хайуан, құстарға ақыл айтатыны тура
лы айтылады. Сол тәріздес сюжеттің бірі «Төрт ғадыл» даста
нына арқау болған.
Дастанның негізгі идеясы «жазмыштан озмыш жоқ», яғни
Алланың құдіретіне шек келтіруге болмайды дегенге саяды.
Оқиға Мағұрып пен Машырықтағы (батыс пен шығыс)
қыз бен жігіттің қосылуына күмән келтіріп, сынау үшін
Самұрықтың қызды алып ұшып кетуінен басталады.
Дастан мазмұны ертегілік, хикаялық сюжеттер мен мотив
терден құралған. Солардың бірі—дүние жүзі халықтарының
ертегі, эпостарында жиі кездесетін перзентсіздік зары. Мыса
лы, жалғанды жалпағынан басып жүрген Батыс пен Шығыс
патшаларының бір балаға зар болып, қартайған шақтарында
ғана перзент көруі; зәбір көрген, тарыққан, жазықсыз
жандарға қысылған кезде жәрдемге келетін ғажайып күш—
ғайып ерен, қырық шілтендер қызметі жырда көрініс тапқан.
Мұнда олар оқиғаны байланыстырып, дамыту қызметін
атқарып тұр.
Шығармада патша баласының бастан кешкен оқиғалары,
кеме оқиғасы, Сүлеймен пайғамбардың қасиетті шөбін иелік
етуі, ғажайып баққа тап болуы, ағайынды қарттарға жолығып,
жолда көрген істерінің мәнісін сұрап білуі, одан әрі қарай
біраз қиыншылықтарды жеңіп, бәйтеректің басындағы қызға
жолығуы т.б баяндалады.
Біраз жылдан соң Сүлеймен «Барсың ба уағдаңда, қызыңды
әкелдің бе?»—дейді.
Сонда Самұрық айтты:
—Қызыңды алып келдім,
Ішіне шойын сандық салып келдім.
Басынан бәйтеректің жаңа түстім,
Жолатпай желден басқа бағып келдім,—дейді.
Самұрық темір торды ашып қалса, ішінен қыз бен жігіт
шығады. Құдайдың құдіретіне шек келтірген Самұрық күлкі
болып, ұятқа қалады. Дастандағы Самұрық құстың бейнесі
«Шаһнамадағы» Залды асырап өсірген Самұрыққа ұқсас.
«Төрт ғадыл» дастанының бір нұсқасы «Қисса Самұрық» де
хикаялық дастандар ген атпен «Бабалар сөзі» атты Жүз томдық жинақтың 6-томында жарық көрді20. Осы екі мәтінді салыстырып қарағанымызда екі шығарманың да мазмұны бірдей болып шықты. «Төрт ғадыл» дастанындағы оқиғалық желілер мен сарындар түгелімен «Қисса Самұрықта» кездеседі. Яғни салыстыра зерттеу бары сында «Қисса Самұрық» пен «Төрт ғадыл» дастанының сюжеті бір нұсқадан өрбіген. Сонымен бірге екі мәтін арасында біраз айырмашылықтар да бар. Олар: «Төрт ғадыл» дастанының көлемі—888 жолды құраса, «Қисса Самұрық»—868 жолдан тұрады. «Төрт ғадыл» дастанын да кейіпкердің жолда көрген оқиғалары мен ағайынды қарттарға жолығып, көрген істерінің мәнісін сұрайтын тұстары кеңірек баяндалған. «Өгіз бен есек» туралы мотив аталмыш дастанда жоқ. Екі нұсқаның сөз саптаулары, баяндау мәнері де әр түрлі т.б. Томға ұсынылып отырған мәтін 1991 жылы «Іле халық баспасынан» шыққан «Шіңгіл ауданының қисса-дастандары» атты жинақтан (83-125-беттер) алынды. Қ. Алпысбаева. ЖАСАРТҚЫШ БҰЛАҚ Томға енген өзге дастандар тәрізді бұл дастан да ертегілік сюжетке құрылған. Шығарманың мазмұны қызық, оқиғасы шытырман. Нәзира үлгісінде жырланған мұндай сюжеттердің адамның мәңгі өмір сүру, мәңгі жас болуды армандаған қиялынан туғаны белгілі. Дастан ел аузынан алынып, редакцияланып алғаш 2001 жылы Бейжіңде «Қазақ қиссаларының» 17-томында жарияланған [193-212-б.б]. МАЙМЫЛ КЕЛІНШЕК Мазмұны қызықты, оқиғасы шытырман ертегілерді өлеңдетіп дастанға айналдыру үрдісі ертеден белгілі, сондықтан 20 Бабалар сөзі. Жүз томдық. Хикаялық дастандар. 6-том. Томды құрастырып, ғылыми қосымшаларын дайындағандар: А.Ақан, Б.Әзібаева, Т.Әлібек, Ж.Рақышева. —Астана: Фолиант, 2004.—68-93-б.
ғылыми қосымшалар
көптеген дастандардың фабулалық негізін ертегілік сюжеттер
құрайды. Халқымыздың төл ертегілерімен қатар біраз дастан
дар шығыс ертегілерінің ізімен жырланған. «Маймыл келін
шек» дастаны сондай үрдістің жарқын үлгілерінің бірі.
Дастанда бұрынырақта өткен әділ, білімі артық Жәмшит
атты патша «Қай жерден, қандай адам бұйырады, сынайын
балалардың бағын» деген оймен үш ұлына үш садақ береді.
Үш ұлы садақ тартады. Үлкен баласы мен ортаншы ұлының
садағы дәулеті асқан патшаның шаһарына түседі де, екеуі екі
патшаның қызына үйленеді. Ал кенже ұлы атқан садақтың оғы
алыста жатқан дарияның ортасына батып кетеді. Қатты ұялып
мұңайған Қазезқан елін тастап, тәуекел етіп оғы түскен дарияға
бет алады. Дарияға жетіп өзін суға атады. Судың түбінде жеті
қабат алтын сарай көреді.
Бұл ғаламат ғимарат перілер патшасы Қорлығайынның са
райы екен. Екі жас бірі-бірімен табысып қосылады. Біраздан соң
Қазезқан жас әйелімен еліне қайтып келеді. Өте сұлу, ақылды,
дана Қорлығайын еріне «Көрген ел мен байғұсқа ғашық болар,
сол үшін мен киейін маймыл кебін» деп маймыл киімін киеді.
Жәмшит патша екеуін де қуып жібереді. Екі жас біраз қиындық
көреді, бірақ барлық сынақтан өтеді, өйткені Қазезқан инабат
ты, мейірімді адам, ал қыз өнерлі, оң мен солды түгел ойлай
тын, іскер, кереметі көп, күйеуіне адал жар болды.
Дастанға арқау болған сюжет барлық халықтардың фоль
клорына, соның ішінде қазақтардың ертегілік мұрасына да тән.
Жалпы, бұл сюжет осы типтес кенже балаға арналған қиял-
ғажайып ертегілердің классикалық үлгісі болып табылады,
ол көптеген мотив, сарындарды қамтиды. Дастанда олар еш
өзгеріссіз жырланған.
«Маймыл келіншек» дастанын Ерентау өңіріндегі Ақмади
Мұхамеджанұлы 1970 жылдар соңында жатша айтып бер
ген. Жазып алған—Қапас Әсейінұлы. Шыңжаң халық баспа
сынан 1993 жылы шыққан «Санжы қазақ ауыз әдебиетінен
таңдамалылар» жинағының 1-кітабында алғаш басылым
көрген. Томға ұсынылып отырған мәтін сол кітаптан алынды.
Бұл дастан да алдыңғы «Маймыл келіншек» дастаны тәрізді
ертегілік сюжетке құрылған. Мұндай сюжеттердің адамның мәңгі
сүру, мәңгі жас болуды армандаған қиялынан туғаны белгілі.
Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер Алла (Аллаһ)—бүкіл ғарышты, тіршілік дүниесін және қиямет қайымды жаратушы, ислам дінінде баршаға бірдей, жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі. Құран Кәрімде айтылғандай: «Ол Алла біреу-ақ, Алла мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес»*. Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Алла Тағала әлемді, жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол адамдардың тағдыры—жазмышты белгілейді. Қияметте Алла барлық өлгендерді тірілтеді де, пәнидегі істерін тара зылап, біреулерін—жұмаққа, енді біреулерін—тозаққа жібе реді. Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мезгіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед (с.а.с.)**—Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен 23 жылда толық түсті. Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілген дікті білдіруге болады. Ал табынудың басты орны—Меккеде гі Қағба, онда аспаннан Алла жіберді деп есептелетін қасиетті қара тас бар. Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырымды лығын, т.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары), Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық (жара * Құран Кәрім. 112-«Ихлас» сүресі. ** с.ә.с.—салла Аллаһу әләйһи уас салам: Алланың жарылқауы мен қолдауы пайғамбарымыз Мұхаммедке—деген тілек сөздің қысқартылған түрі. Хазірет Мұхаммедтің атына жалғаса айтылады, жазылады.
ғылыми қосымшалар
тушы), Шәріп (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі), Жап
пар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді) т.б.
Алланың атын зікір ету рәсімі Аллаһу акбар деген мадақ
сөзді отыз төрт рет, Әлхамдулиләһи, Сұбхан Алла сөздерін отыз
үш реттен айтып, тасбих тастарын санамалау арқылы жүзеге
асады.
Әзірейіл—діни ұғым бойынша, Аллаға жақын періште
лердің бірі, жан алғыш періштенің есімі. Адамды жаратар
алдында Алла жердің әр тұсынан саз әкелуге періштелерін
жұмсайды. Жер оларға қарсылық көрсетеді. Жәбірейіл де, Ме
кайыл мен Ысрапыл да жерден бір шөкім саз үзіп ала алмай
ды. Бұл шаруаны Әзірейіл ғана атқара алған, осы қаталдығы
үшін ол жан алғыш бас періште болып тағайындалған. Адамға
ажал мезеті жеткен кезде Алла Тағаланың жанында өсіп
тұрған ағаштан әлгі адамның есімі жазылған жапырақ үзіліп
түседі. Әзірейіл қырық күн мерзім ішінде сол адамның жанын
алуға тиіс.
Ғайып ерен, қырық шілтен—мифологиялық түсінік бойын
ша, адамдарды қолдап жүретін, бірақ көзге көрінбейтін рух,
қыдыр.
Жәбірейіл—діни ұғым бойынша, Аллаға жақын періште
лердің бірі, Алла мен пайғамбарлар арасында жүріп, оларға
Алланың аянын айтушы. Ол Алла Тағаланың әмірімен
Мұхаммедке (с.а.с.) келіп Құран аяттарын жеткізген. Жәбірейіл
Адам атаға бейіштен қуылғаннан кейін де қамқор болған, Нұхтың
құтылуына көмектескен және оның ұлы Ыбраһымды құтқарған.
Жүсіпке көп тіл үйреткен, Дәуітті сауыт жасауға баулыған, со
нымен қатар Сүлейменге көмектесіп, Зәкарияға Жақияның
қашан дүниеге келетінін болжап берген.
Жәмшид—Ежелгі Иранның есімі аңызға айналған патшасы,
ол 700 жыл билік еткен. Аңыз бойынша, ол шарап ішкен
ыдысынан бүкіл дүние тіршілігін көріп отыратын болған.
Қызыр, Қыдыр баба—көптеген шығыс халықтарының,
сондай-ақ қазақтардың да мифтерінде, фольклорында, діни
аңыздарында жиі кездесетін, аты аңызға айналған архаикалық
образ.
Оның генезисі, тұлғалық сипаты өте күрделі, әлі толық
зерттеліп айқындалмаған. Бір ғалымдар Қызыр бейнесін көне
архаикалық түсінік, көзқарастармен байланыстырып зерттесе,
хикаялық дастандар
кейбір ғалымдар—тек ислам ықпалымен пайда болған деп
түсіндіреді.
Қызыр туралы әрбір халықтың ғасырлар бойы ұстанып келе
жатқан түсінігі бар.
Қазақ фольклорында Қызыр баба ������������������
[Қыдыр]—����������
ел аралап
жүрген ақ киімді, ақсақал кейпіндегі әулие, адамға қамқоршы,
бақыт, дәулет беруші, әр түрлі қиындықтардан қорғаушы.
Самұрық—мифтік аңыз, әңгімелерде, ертегі мен жырларда
кездесетін алып құс; мифологиялық ұғым бойынша, бүркіт
атаулының ең үлкені, зоры.
Сүлеймен—Құран кейіпкері, Дәуіт пайғамбардың баласы,
Інжілдегі Соломон. Шамамен б.д.д. 965-928 жылдары бұрынғы
Иудей патшалығын билеген деп есептеледі. Сүлеймен Иерусалим
қаласындағы Яхус храмын салдырған.
Аңыз бойынша, Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған.
Бір күні Алла Тағаланың әмірімен әлгі ұлдардың бәрі де бір
дей қаза болыпты. Сонда Дәуіт еш абыржымай, сабыр сақтап,
Алла Тағалаға одан сайын ғибадат еткен. Осыған разы болған
Жаратқан Ие Дәуіт пайғамбарға «отыз ұлға татитын» бір ұлды,
яғни Сүлейменді береді. Сүлеймен мұсылман елдерінің ертегі,
дастандарында «аң мен құстың, пері мен жынның, жан-жану
ар, құрт-құмырсқаның тілін білген» деп дәріптеледі.
Сөздік* * Басқа тілдерден енген сөздердің бірнеше мағынасы болуы мүмкін, сондық тан мәтін мазмұнына байланысты беріп тұрған мағынасын ғана сөз етеміз. Ағла /а/—жоғары, биік; құрметті, мәртебелі Ағылан /а/—жарнама, хабарлама, анонс, афиша Ақырет, ахирет /а/—ақырет күні. Мұсылмандардың ұғымы бойынша, бұл күні қияметтің болуы, Алладан өзгенің жоқ екендігі, өлгеннен кейін сұрақтың қойылатындығы анық сезіледі. Пенделер тірі кезінде істеген күнәларына жауап бере тін күн. Ары таза, күнәсі жеңіл болса, Алланың жақсылығын сезіп, ауыр болса, қабір азабын тартатын күн; о дүние деген ұғым; ақырзаман, дүниенің соңы. Алман-ақы—салық Әйтеу—әйтеуір Әтей—әдейі Бақи /а/—мәңгі, о дүние Бақыл—сатуға арналған ұсақ-түйек заттар Бек ������������������������������������ /т/—өте, тым; ел билеуші бай, феодал Бисмилла рахман рахим, бисмиллаһи /а/—мейірімді, рақымды Алланың атымен. Мұсылмандар әрбір игі істі, әрекетті осы сөзбен бастайды. Ғаріп, кәріп /а/—бейшара, мүсәпір, міскін; кәріп, шарасыз, бейшара, жарымжан Ғарық /а/—суға бату, шөгу Ғаскер /а/—әскер Ділда, тіллә /а/—алтын ақша; кейде алтын, зер мағына сында да қолданылады Жанжу /қ/—інжу, асыл тас Жаппар /а/—құдіретті, күшті; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі Жүдә /а/—аса, өте, қатты риза болу; бөлек, жеке, дара
хикаялық дастандар
Жыңдау /қ/—өлшем бірлігі, салмақ өлшемі; жың /
қытай/—700 г.
Закүт— шахмат, дойбы ойынында қарсыластың жүріс жа
сауына мүмкіндік бермеу әдісі
Замғау—зымырау, зыту
Зүбәржат /п/—жасыл түсті асыл тас
Зекет /а/—мұсылманның бес парызының бірі, нысапқа
жеткен бір жылдың мал-мүлкінің қырықтан бірін беру
Зұлпықар /а/—сермегенде жетпіс құлаш жерге жетеді деп
суреттелетін Әли Арсыланның қылышы
Ислам /а/—Құдайға берілу, Құдайға құлшылық ету; VІІ
ғасырдан бастап араб түбегінен дүние жүзіне кеңінен тараған,
ықпалды, соңғы дін
Кәззап—жұғымсыз, сұм, сұрқия, қу, ала аяқ
Кәмал, кәміл /а/—толығу, толықтық, түгелдік, кемел
Кәнден ит—иттің жұмсақ жүні, кішкене түрі
Кере—адамның өлер алдында ішкен соңғы тағамы, атау; ас,
ішім-жем
Көрнеу—айқындап көрсету
Күлбетті болу—масқара болу
Қабағат /п/—орасан, керемет; өте
Қатқуыр—жаппа, қос
Қарақора—қорғаныш
Қаспыран—дуалайтын дұға, аят
Қисса /а/—әңгіме, тарих
Құдауанда /п/—Құдай
Құлғана—жұқпалы, қауіпті жара
Құшнаш—ем-дом жасаушы; тәуіп
Лағыл /а/—жасыл түсті асыл тас
Лепес—айтылатын сөз, лебіз
Махшар /а/—діни ұғым бойынша, дүние салған адамның
күнәсі тексерілетін кезең; ақырет
Машриқ /а/—шығыс
Месекер—қолынан іс келетін, іскер, ісмер
Мінәжат /а/—жалбарану
Нағра—музыкалық аспап, сырнай
Нәзір—шырақ
Обыраз /о/—бейне
Озаң—ащы дауыс, айқай
ғылыми қосымшалар Опы—үй; лашық Панар /о/—фонарь Пешет /о/—мөр Порым /о/—пішін, форма Пос /о/— орын, күзет Сабет /о/—кеңес Санат /а/—құрметті, дәрежелі, атақты Сахауат /а/—ақыл-ой, ес, сана Сәна /а/—мақтау, алғыс, мақтан; қайғы, қасірет Сида—биік өскен, бұтақсыз ағаш Сорт /о/—сапа; түр Сөтке /о/—тәулік Сымбал тең—сығыр жүк, тығызданған жүк Тамам /а/—соңы; аяқталды Тәмсіл /а/—әсер; пікір; өсиет Тұң /қ/—қыштан жасалған көзе; қымбат заттарды сақтай тын аузы жабылатын ыдыс Тылсым—тыным, тыныштық, жым-жырт; жұмбақ, құпия, жасырын; адам баласының қолы тимеген, белгісіз тың, сиқыр; құпия хат Форма /о/— пішін, форма Хазірет /а/—жоғары мәртебелі; пайғамбарлардың, имамдар дың, белгілі әулиелердің есіміне қосылып айтылатын құрметті атақ Хайран /а/—жақсылық Хақ, Ақ /а/—шындық, күмәнсіз ақиқат, Алла Тағаланың 99 есімінің бірі Халал, алал /а/—шариғат бойынша ұлықсат берілген; заңды; некелеп алған; таза; адал; жарамды Харам /а/—шариғат бойынша тыйым салынған, яғни ішіпжеуге, қолдануға жарамайтын нәрсе [Құран Кәрімде бұл түсінік 71 жерде қолданылған]; таза емес, заңсыз Хатым /а/ —соңғы Хикмет /а/—керемет, ғажайып, дана сөз Хилап /а/—қарама-қарсылық, қайшылық, алауыздық, талас, дау Шаһизада—патшалар мен шаһтардың, имамдар мен халифтердің мұрагер ұлдарын осылай атаған Шәр, шаһар—қала Ықылым /а/—жер; таныс емес, бөгде ел
Жер-су атаулары
Алтай—Қазақстан, Ресей, Монғолия, Қытай жерлеріндегі
Азияның ірі тау жүйесі.
Бағдат—(кей жорамалдарға қарағанда ежелгі парсы тілінің
«бага»—құдай, «дад»—берген, яғни «құдай сыйы» сөздерінен
шыққан)—1921 жылдан қазіргі Ирак мемлекетінің астанасы.
Тигр өзенінің екі жағасын бойлай салынған.
Қаланы «Мадинат ас-Салам» (Бейбітшілік қаласы) деген
атпен халиф Мансур 762 жылы салдырған. Бағдат—орта
ғасырларда араб әдебиеті мен мәдениетінің орталығы болған
қалалардың бірі. Осында бірсыпыра шығыс ғалымдары
[Насреддин Туси, Әл-Фараби т.б.] оқып, білім алған.
Басра, Басыра—Ирактың оңтүстігіндегі қала, ірі порт,
жол торабы. Басраны б.д. жетінші ғасырында халифа Омар
салдырған.
Бәйтік—Алтай тауының баурайындағы құмды аймақ.
Қап тауы—Құран аңыздары бойынша, жер жүзін қоршап
тұрған тау тізбегі. Бұл таулар аспан түстес зүбәржаттан
құралған, ал ең биік шыңында вулкан орналасқан. Жер бетін
дегі барлық таулар Қап тауымен байланысты, Алла Тағала осы
таулар тізбегіндегі шыңдардың біріне қолын тигізсе, жер сіл
кінісі болады. Қап тауының арғы жағын йәжуж бен мәжүж
деген қорқынышты халықтар мекендейді, олар әр түн сайын
тауды егеу сияқты тістерімен кеседі, бірақ күндіз тау бастапқы
қалпына қайта келеді, сөйтіп, бұл халықтар жер бетіне шыға
алмайды. Қап тауымен байланысты көптеген аңыздар бар.
Солардың бірсыпырасында Қап тауының арғы жағында кере
мет мақұлықтар, дәулер мен перілер мекендейтін ғажайып ел
дер бар деп айтылады.
ғылыми қосымшалар Қытай—Азиядағы ірі мемлекет. Астанасы—Пекин (Бейжің) қаласы. Мекке—мұсылмандардың қасиетті қаласы. Онда бас мешіт әл-Мәсжид әл-Харам мен Қағба орналасқан. Исламның не гізін қалаушы Мұхаммед [с.ә.с.] осы қалада дүниеге кел ген. Мұхаммед [с.ә.с.] Меккеден кеткенімен Мәдинедегі жаңа құлшылық ету үйінің есігін Қағбаға қаратты (Құбыла). Мұсылмандардың Меккені 630-жылы жаулап алуы оның діни орталық ретіндегі айрықша жағдайын қалпына келтіріп қана қоймай, одан да жоғары дәрежеге көтере түсті. Меккеге барып тәуап ету исламның бес парызының бірі болып саналады. Мысыр—араб елінің африкалық бөлігіндегі көне шаһар әрі ел атауы. Жергілікті арабтар Египетті де, оның астанасы Каирді де Мысыр деп атайды. Қазақ фольклорында, сондай-ақ көптеген шығыс халықтарының ауыз әдебиеті шығармаларында Мысыр атауы жиі ұшырасады. Ніл—Африкадағы ірі өзен Чин-Мәчин, Шын-Машын—Орта Азия, Иран, араб ел дері орта ғасырда Қытайды «Чин» деп атаған. Бұл біздің дәуірімізге дейінгі 221-жылдан бастап Қытай елін билеген Цинь династиясының өзгертілген атауы. Сонымен қатар мәтіндерде Қытайдағы қазақтар мекендеген жер-су атаулары көптеп кездеседі: Тарбағатай, Қобда, Қаратау, Ерен, Олша, Мұңал, Қоңырқайың т.б.
Томға енген дастандарды жырлаушы,
айтушы һәм жинаушы туралы мәлімет
Оразанбай
Егеубаев—1935
жылы
Шыңжаң
өлкесі,
Шағантоғай ауданы, Ойқұдық ауылында туылған. «Өмір
өткелдері», «Тау ұлы», «Ту мекенде», «Қазақтың ғашықтық
жырлары», «Қазақ қиссалары—батырлық, тарихи жыр-
қиссалар» т.б. еңбектері жарық көрген.
Таңжарық ақынның өмірі мен шығармаларын ұзақ жыл
дар зерттеп жаладан ақтап, халық игілігіне қайта әкелген.
Таңжарықтану ғылымының іргетасын қалаушы.
ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР
ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр
дәп—дәптер
/а/—араб
/қ/—қытай
/о/—орыс
/п/—парсы
/т/—түркі, көне түркі
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Бабалар сөзі. Жүз томдық. Хикаялық дастандар. 9-
том. Құрастырғандар: А. Ақан., Б. Әзібаева., Ж. Рақышева.
Мәтіндерге ғылыми түсініктеме жазған Б. Әзібаева.—Астана:
Фолиант, 2004.
2. Бабалар сөзі. Жүз томдық. Хикаялық дастандар. 6-том.
Томды құрастырып, ғылыми қосымшаларын дайындағандар:
А. Ақан, Б. Әзібаева, Т. Әлібек, Ж. Рақышева.—Астана: Фоли
ант, 2004.
3. Бурылтоғай ауданының қисса-дастандары.—Күйтін: Іле
халық баспасы, 1992. 4. Гринцер П. А. Древнеиндийская проза [обрамленная по
весть].—Москва, 1963. 5. Ертегілер. ОҒК, Ш. 212, 2-дәп. 6. Кондырева Н. Б. Многоликая персидская проза // Средне
вековая персидская проза.—Москва, 1986. 7. Коростовцев М. А. Литература древнего Египта // Исто
рия всемирной литературы. Т.1.—Москва, 1983. 8. Күн астындағы Күнікей қыз // Қазақ ертегілері. 1-том.—
Алматы: Ғылым, 1957. 9. Күн астындағы Күнікей қыз // Алтын сақа.—Алматы:
Қаз. мем. көркем әдеббас, 1950. 10. Қазақ қиссалары. 3-том.— Бейжің: Ұлттар баспасы,
1985. 11. Қазақ қиссалары.—Бейжің: Ұлттар баспасы. І-т. 1982. 12. Қасқабасов С. А. Казахская волшебная сказка.—Алма-
Ата: Наука, 1972. 13. Қыз кереметі // Текес ауданының қисса-дастандары.—
Үрімжі қаласы: №14 орта мектеп баспасы, 1992. 14. Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы.—Алматы: Мектеп,
1998.
ғылыми қосымшалар 15. Средневековая персидская проза. Переводы с персидско го. Составление Н. Ю. Халисовой.—Москва, 1986. 16. Төрт ғадыл // Шіңгіл ауданының қисса-дастандары.— Іле халық баспасы, 1991. 17. Шағантоғай аудандық қисса-дастандары.—Үрімжі: Шыңжаң ғылым-техника баспасы, 1995. 18. Шаймұза / Мұра журналы. Шыңжаң газеті баспасы, 1982. 19. Шаймұза // Қазақ қиссалары 3-том.—Бейжің: Ұлттар баспасы, 1985. 20. Шеризат—Гүлшат. Ғылыми басылым. Құрастырып кіріспе мақала мен ғылыми түсініктемелерін жазған Б.Әзібаева—Алматы, 2001. 21. Арабско-русский словарь. Составитель Х. К. Баранов.— Москва, 1968.� 22. Древнетюркский словарь.—Ленинград, Наука, 1969. 23. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Құрастырушылар: Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.— Алматы: Дайк-Пресс, 2001. 24. Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 25. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Құрастырған І.К.Кеңесбаев.—Алматы, 1977. 26. Персидско-русский словарь. Под ред. Ю. А. Рубинчика. І-ІІ т.—Москва, 1970. 27. Татарско-русский словарь.—Москва, Советская энцик лопедия, 1966. 28. Турецко-русский словарь.—Москва, Русский язык ме диа, 2005.
РЕЗЮМЕ
Институт литературы и искусства им. М.О.Ауэзова Минис
терства образования и науки РК продолжает работу по подго
товке и изданию очередных томов Свода казахского фольклора
«Бабалар сөзі», выполняемого в рамках государственной про
граммы «Мәдени мұра»(«Культурное наследие»).
Предлагаемый вниманию читателей 24-том свода включает в
себя фольклор казахов, проживающих в Китае. В Китае прожи
вает около полутора миллиона казахов. Волею судьбы оказав
шиеся на чужбине, они сохранили свой язык, обычаи и фоль
клор. В репертуаре тамошних сказителей сохранились почти
все сюжеты общеказахского эпического, сказочного, песенного
и др. творчества. Наряду с ними бытуют сюжеты, возникшие в
новых условиях, в иной среде проживания.
Данный том включает в себя дастаны новеллистического
содержания, это такие произведения, как: «Сұлтан патша»,
«Ақылды Ақым», «Ақбазарған», «Дастарқан», «Данияр»,
«Естігүл», «Жетім бала», «Қыз кереметі», «Шаймұза», «Төрт
ғадыл», «Жасартқыш бұлақ», «Маймыл келіншек».
Сюжеты некоторых из них восходят к произведениям вос
точной литературы, другая же часть их сложена по следам реги
ональных легенд и преданий.
В соответствии с принципами издания «Бабалар сөзі» том
снабжен научными приложениями, которые включают в себя:
сведения о публикуемых текстах; краткий историко-фолькло
ристический и текстологический анализ их; данные о истори
ческих и религиозных деятелях, имена которых встречаются в
текстах; словарь древнетюркских, арабских и персидских слов,
терминов и понятий религиозного характера, а также геогра
фических названий; сведения о сказителях, собирателях и пуб
ликаторах; список использованной литературы; резюме на рус
ском и английском языках.
В Казахстане все тексты данного тома публикуются впервые.
Объем тома—22 п.л.
Summary M.O. Auezov Іnstіtute of Lіterature and Arts, Mіnіstry of Educatіon, Republіc of Kazakhstan іs contіnuіng actіvіtіes on preparatіon and publіshіng of the volumes of hundred volume serіes «Babalar sozy» іn the frame of the State program «Medenі Mura» («Cultural herіtage»). The proposed 24th volume іncludes folklore of Kazakh people who lіve іn Chіna. About mіllіon and a half Kazakh people lіve іn chіna. Hіstorіcally іt happened so that Kazakh people have left to Chіna, lіved there and preserved theіr natіve language, customs and folklore. The repertoіre of the narrators have preserved almost all plots of common Kazakh epіc, tale, song and other creatіve work. Alongsіde wіth them there the plots that have orіgіnated іn new condіtіons, іn a dіfferent envіronment. Thіs volume іncludes dastans of novelіstіc content such as «Sultan patsha», «Akіldі Akym», «Akbazargan», «Dastarkan», «Danіar», «Estіgul», «Zhetіm bala», «Kyz keremetі», «Shaіmuza», «Tort gadіl», «Zhasartkysh bulak», «Maіmіl kelіnshek». Some of theіr plots orіgіnate from the Orіental lіterary works, other part іs based on regіonal legends and tales. Accordіng to the prіncіples of the edіtіon «Babalar sozі» the volume has scіentіfіc supplements whіch іnclude the followіng: data on publіshed texts and theіr versіons; brіef hіstorіcfolklore and textologіc analysіs of the texts; data on hіstorіcal and relіgіous fіgures whose names are mentіoned іn the texts; vocabulary of the old Turkіc , Arabіc and Persіan words, terms, notіons and geographіc names; data on narrators of folk tales, collectors and publіshers; lіst of used lіterature; summary іn Russіan and Englіsh. Texts publіshed іn thіs volume have been publіshed іn Chіna. Regretfully they have been subject to edіtіng and lіterary processіng. Possіbly thіs happened both on the stage of recordіng texts from the narrators and іn the process of re-wrіtіng of the manuscrіpts (possіbly several tіmes) as well as durіng preparatіon of the texts for publіshіng. However they have preserved the peculіarіtіes of the folklore of Kazakh people who lіve іn Chіna. Іn Kazakhstan all texts of thіs volume are beіng publіshed for the fіrst tіme. Volume ����������������� ���������������� іncludes �������� 22 ���� p��� .�� p�.
Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................ 5 Мәтіндер Сұлтан патша ...................................................................... 9 Ақылды Ақым ................................................................... 19 Ақбазарған ........................................................................ 32 Дастарқан ......................................................................... 54 Данияр ............................................................................. 86 Естігүл ............................................................................116 Жетім бала .......................................................................144 Қыз кереметі ....................................................................171 Шаймұза ..........................................................................235 Төрт ғадыл .......................................................................249 Жасартқыш бұлақ .............................................................279 Маймыл келіншек .............................................................291 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме .....................................319 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер ...................336 Сөздік ..............................................................................338 Жер-су атаулары ...............................................................342 Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушы туралы мәлімет ............................................344 Шартты қысқартулар ........................................................345 Пайдаланылған әдебиеттер .................................................346 Резюме ............................................................................348 Summary ..........................................................................349
Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 24 том НОВЕЛЛИСТИЧЕСКИЕ ДАСТАНЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М. О. Ауэзова Шығаруға жауапты Р. Қ. Тұрлынова Редакторы Ұ. С. Тілегенова Техникалық редакторы Г. Бектібаева Компьютерде терген М. М. Әлсейітова Компьютерде беттеген М. О. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген �������������� «������������� Баур��������� » �������� баспасы ИБ № 2113 Теруге 21.10.05 жіберілді. Басуға 29.10.05 қол қойылды. Пішіні 60х901/16 . Қаріп түрі ����������������������������������������������� «���������������������������������������������� Мектептік������������������������������������� ». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 22. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс № 81. «Фолиант» баспасы 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1 «Фолиант» баспаханасында басылды 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру