Құлпытастың көз жасы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Жабал Ерғалиев
Жабал Ерғалиев УДК 821. 512. 122 ББК 84 Қаз 7-5 Е 65 Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Ерғалиев Жабал Е 65 «Құлпытастың көз жасы» (хикаяттар, əңгімелер, драмалар). – Алматы: «Жауһар» баспасы, 2012. – 424 б. ISBN 978-601-80146-1-1 Өмірлік шындықты көркемдік биік талғам тұрғысынан ашық та айқын көрсетуді жалпы суреткер атаулыға ортақ шығармашылық мақсат деп қарайтын болсақ, бұл кітаптағы жазушының əрбір көркем шығармасындағы ой-қуаты мен сөз тасқыны кім-кімді де бей-жай қалдырмасы анық. Заман мен қоғам жəне адам аралығындағы тіршіліктің үш болмыс кеңістігіндегі кереғарлықтар мен өзара ықпалдастықтар, теріс көзқарастар мен дағдылы ой пікірлер шарпылысы, пенделік тағдырдың тамшы уы, өкініші мен қуанышы, ізгілік атаулының жасампаз жеңісі көркемдік тұрғыдан айшық тапқан. Өткен өмірдің мəртебелі мінберінен қарайтын ізгілік мұраттардың бүгінгі күндегі мүшкіл халі, дəстүрлі ғадеттердің жанашыл үрдістермен үнемі ымыраға келе бермейтіндігі, адам мінезінің алуан қырлылығы, оның қия құздары, шынырау тереңдігі суреткер жазушы тарапынан жан-жақты екшеліп, тартымды əрі нанымды қарастырылған. Жазушының əңгімелері қарапайым өмір тіршіліктің өзегінен нəр алып, күрделі философиялық ой түюге бейім келеді. Тілі көркем де бай, ойы орамды. . УДК 821. 512. 122 ББК 84 Қаз 7-5 ISBN 978-601-80146-1-1 © Ерғалиев Ж., 2012 © «Жауһар» баспасы, 2012 Бұл еңбегімді жиырмасыншы ғасырдың тауқыметі мен қасыретін көп тартқан əкем Ерғали мен анам Үмітжанның рухтарына арнаймын. Автор. ШАБЫТТЫҢ ШАЛҚАР ШАҒЫНДА Сусыған құмдай, сыңсыған желдей уысыңа тоқтап бермейтін уақыт шіркіннен жүйірік не бар дейсіз?! Апталар-айлар, жылжыған жылдар адам пендені өз күймесіне мінгізіп, өткен мен бүгіннің арасында ала қашқан асау тағдыр мінезімен бірде өрге жұлқи тартып, бірде ылдиға ығыстырып, əйтеуір бір сіз мен бізді өмір атты сүрлеудің сорабынан жаңылыстырмай алға сүйреп келе жатқанын өмір заңдылығы, тіршіліктің əлмисақтан жазылған жазымыш дүниесі дейміз де. Уақыт өтіндегі замана көші бізге дейін болған жəне бізден кейін де бола беретіні ақиқат. Данышпан Абайша айтқанда, «Дүние – үлкен көл, замана – соққан жел, алдыңғы толқынағалар, артқы толқын-інілер...». Адамның жасы ұлғайып келгенде жақсы-жаманды жазбай танитыны бір бөлек, оның сыртында əлгі көргенбілгеніңді, оқыған-тоқығаныңды ақыл таразысының басына тартып, өз ізіңді өкшелеп келе жатқан кейінгілердің əрбір ісіне талғам мен талап терезесінен қарағыш, жылт еткен жақсы дүниесін көрсең шын қуанғыш һəм тілекшіл болады екенсің. Өйткені қайқашаннан алдыңғылардың соңғыларға алаңдаулы болмақтығы, солардың тілеуқоры есепті ағалық ақылкеңесіңді айтуың, ыстық ықыласыңды танытып, ізгі ілтипатыңды білдіруің, жаңа ісіне жанашырлық та-
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев нытпақтығың – ең əуелі азаматтығыңа, қала берді қарға тамырлы қазақтығыңа, анығына келгенде жатсынбайтын, жатырқамайтын бауырмалдығыңа қатысты болып келсе керек. Қазақ əдебиеті дейтін қабырғалы алып қамалдың ішіне кірген із бар да, одан шыққан із жоқ. Олай дейтініміз əдебиет атты əдемі əлемге енген қаламгердің ізгілікке іңкəр, жақсылыққа жанашыр, адалдыққа аңсар, сұлулыққа тұтқын болып қалатыны бар жəне осының өзі екінің бірінің, егіздің сыңарының тағдыр-талайына бұйырта бермейтін Жаратқанның жасампаз сыйы деп білген жөн. Жақсы көретін іні-дос Жабал Ерғалиев те осынау əдемі əлемнің «тұтқындарының» бірі. Анау бір жылдары жазғандарын баспа беттерінен анда-санда оқып, аракідік болса да сөйлеген сөзін тыңдап жүргенімізде Көкшенің көк бойлаған қарағайындай қалыпты тұрпаты бар қайсар мінезді жігіттің өн-бойынан тектіліктің тегеуірінін, кісіліктің айнымас қалпын, кішіпейілділіктің жақсы ілепесін байқағанымызда несіне жасырайық. Астанаға қоныс аударып, Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты болғаннан бері қарай жүзбе жүз жолығысып, ашық дидарласып көргенде бір байқағанымыз біршама жылдар солтүстік өңірдегі қазақ баспасөзінің тұтқасын ұстаған азамат журналистика деген жауынгер, жұлымыр жанрда əбден ысылып, шыңдалып келіп көрем əдебиеттің көк жайлауына ат басын бұрған сыңайлы. Əсілі, ат үсті асығыстық, ұстамсыз ұшқалақтық, көзсіз көрсеқызарлық Жабалға əу бастан жат дүние секілді. Көсілген көсем сөзімен, көркем очерктерімен көпшілік оқырманға əбден мəшһүр болған қаламгердің ендігіде жазушы болмасына қақысы жоқтай. «Əрбір ғалым – хəкім емес, əрбір хəкім – ғалым» – дегендейін, жорналшы біткеннің бəрі бірдей жазушы емес екендігі рас. Қазақ əдебиетінің қадау-қадау қаламгерлерінің дені қазақ баспасөзінің қабырғасынан өрмелеп шыққанын тағы да жасыруға болмас. Шерағаңдарды айтпағанда кешегі Оралхандар, Ақселеулер осы мектептен өткен жампоздар еді. Шындығына келгенде өмірдің өзін танып білмейінше ешкім де жақсы адам, жақсы жазушы болмақ емес. Қай заманнан бері өмір – əдебиеттің объектісі, ал адам соның – предметі болып келеді. Осыны марқұм Зекең, Зейнолла Қабдолов жиі айтушы еді ғой. Журналистиканың жалына жармасып жүріп Жабал да өмірді өзінше танып білген, содан ордалы ой қорыта білген жəне сонысын оқырманға өз пəлсапасымен жеткізіп келе жатқан қаламгер. Сонау сексенінші жылдардың басынан əдебиеттің табалдырығын имене аттаған сол кездегі жас қаламгер ең əуелі əдемі əңгімелерімен таныла бастаған. «Сөне көрме, жұлдыздар» атты əңгімелер жинағы соның айғағы. Жазушының нəзік иірімге, сыршыл лиризмге, ішкі тартысқа құрылған əңгімелері оқырманын бейжай қалтырмайды. Осынау үлкен өмір дариясындағы ескексіз қайықтың күйін кешкен қауқарсыз қарапайым пенделердің аңсар арманы, өмірлік мақсұты, бар тілек талпынысы, ар-ождан дүниесі көркем тілмен, ұтымды деталь-шрихтармен берілген. Өмірде сіз бен біз мүмкін білетін, бəлкім күнделікті кездестіріп жүрген əншейінгі бір қалыпты көріністерден, жан дүниеміз селт ете қоймайтын жағдайлардан тапқыр тақырып тауып, содан пəлсапалық көркем ой түйе білу əсілі жазушының талантын танытса керек. Дəл кім екені есімде жоқ, бір ойшылдың, «Біз адамдар өмірдің трагедиясына қатысамыз, ал комедияны сырттан бақылағанға бейілміз» – дегені бар еді. Сол айтқандайын адам пенденің жан дүниесіндегі жарылыстарды, тоқтаусыз ағыстарды, дүр сілкіністерді, апалас-төпелестерді, қайғы-мұң кемірген мүжілістерді, бақыттан басы айналған шаттаныстарды
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев сезе, көре білу, соны жетесіне жеткізе суретті баянмен бере білу біз жиі айта беретін көркемдік өлшем, көреген суреткерлік сол болса керек. Осы үдеден қарағанда Жабал Ерғалиевтың көркем əңгімелеріндегі бейнелі образдар жиынтығы өз тағдырының талқысында əбден иі қанған, жасанды боямалықтан ада өмірдің өз адамдары. Олар бəлкім сенің апайың яки ағаң, мүмкін жеңешең, əлде сенің баяғыда ұмыт бола бастаған көршің... Сен оларды білесің, көргенсің, алайда олардың жан дүниесіне, сезім тереңіне үңілген емессің. Сондай кейіркердің бірі – «Сөне көрме, жұлдыздар» əңгімесіндегі Нəзия. Мынау жарық жалғанда ана болу бақыты бұйыра қоймаған мұңылық жанның ішкі жан тебіренісі осы Нəзия арқылы нанымды берілген. «Бір бала, шіркін-ай, бір бала! Бір балаға зар қылып қойғанын қайтерсің?! Бір бала, шіркін-ай, бір бала!.. Моншақтай домалап, етегіне үзіліп түсіп тұрған мөпмөлдір жас тамшыларынан шіркін, мұның жанының пəктігін, мұның өмірге деген іңкəрлігін, мұның... мұның мынау аппақ əлемге деген жан дүниесінің сүйіспеншілігін анықтаса ғой. Денінің саулығын қан арқылы анықтап білетін дəрігерлер адамның көз жасынан да оның ішкі ой əлемін, көңіл-күйін, жүрек сезімін де анықтай білсе ғой, шіркін!». Осылайша кейіпкердің ой ағысымен берген ішкі монологтағы сезім селі, уайым мұхиты тереңнен тереңге қарай батыра береді. Бала сүйіп ақарлы-шақарлы күй кешіп отырған қызметтес келіншектердің əрбір сөзі оқтай қадалып, іс-əрекеттері оттай қариды. Бəрі, бəрі мұны кінəлайтындай, мұны табалайтындай. Ендігі үміті заманауи медицинаның көмегі. Уайым мүжіп тауысып құр сүлдері қалған келіншекке дəрігерлерден келген тілдей телеграмма үміт сəулесін сыйлайды. Мынау жарық дүниеге деген шексіз құштарлықтың жетегінде жүрген Нəзияның арман аспанында қайта жанған жарық жұлдыз анау алқара көк түннің түңілігінен сығалаған үлкен, оқшау жұлдызбен тіл қатысқандай ендігі бар үміт дүниесін сонымен байланыстырады. Расында, адамның арман жұлдызы сөнсе онда оның-өлгені. Жазушының авторлық идеясы осыны меңзейді. «Құмарлан» атты əңгімесі де осы тақылеттес ұрпақ сабақтастығын, өмір жалғастығын арқау еткен. Алайда мұнда қатал уақыттың, қатыгез адамдардың түр сықпыты бар. Кешегі сұм соғыстың ауыртпалығын арқалаған қазақ ауылындағы адамдардың қилы тағдырлары, адамның адамға дос һəм қас болмағының дүниауи түсінігі, ит те болса иесіне адалдық ететін төрт аяқты хайуан – Құмарланның өлімі əңгіменің өзек жұлыны болып тартылған. Қанды қырғында жалғыз ұлы Құрмаштан айырылып жал-құйрықсыз қалған Əбдірахман қарттың ендігі көңіл медеуі келіні Сандуғаш пен Құрмаштың күшігінен асыраған иті Құмарлан болатын. Опасыз дүние оларды да көптік етіпті. Соғыстан жараланып келген Біти секілді есерсоқ бригадирдің текекөз тентектігі мен қызылшыл құмарлығынан мезі болған келіні Сандуғаш көрші ауылдағы біреуге тиіп кетіп «көзін құртса», иесі Құрмаштан əбден күдер үзген Құмарлан өз қорасынан қашып кетіп Сандуғаш барған үйдің босағасына барып өлді. «Мен сенің босағаңда өлдім, сен де ана байғұстардың босағасында өлуің керек еді ғой, Сандуғаш! Текті төбеттің жатысынан Сандуғаш осы бір ойды ұққандай болды». Міне, қысқа əңгіме осылай түйінделеді. Осындайда, Қадыр ақынның, «Қастасуға адам, достасуға ит жақсы» – деген оймақтай ойлы сөзі ойға оралады. Жабалдың «Жаңбырсыз жаз» əңгімесінің негізгі оқиғасы кешегі тоқсаныншы жылдардағы берекесіз тірлік, бейбастақ мінез, бетімен кеткен анархия табиғаттың катаклизімімен ұштастырылған. Бір сөзбен айтқанда, адам – табиғат экологиясы.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Қазақ ауылын дендеген маскүнемдік, соның қолам тасын қозғатып отырған «спиртсмен» Серік секілділердің кесірінен алақандай ауылда өрт тұтанып, ақыры шыжыған ыстықта шыжғырылған майдай болып қаулаған алапат оттың құрбанына айналғанның бірі Қалидың шідерлі қоңыр биесі болады. Өрт жалынның ортасында қалып, құйрық-жалынан ғана емес шыбын жанынан айырылған есті жануар қатты қиналса керек құлынын тастап жіберіпті. Қазақ үшін киелі саналатын жылқы малына қатысты айтылған əңгімедегі соңғы түйін кім-кімді де селк еткізбей қоймайды. «Тұтқын» əңгімесіндегі тағдыры талқыға түскен Қали, «Қош бол, құлыным» əңгімесіндегі ата кəсібінің керексіздігін көріп пұшайман болған жылқышы қарт Сералы, «Жаңбырсыз жаздағы» Бекіштер кешегі қазақы ауылдың соңғы қазығы іспеттес. Жазушы солардың аңсайды, соларды көксейді, солардың ар-ождан тазалығын үлгі етеді. Жалпы алғанда жазушының қай əңгімесінде болмасын ұлттық психологизм басым. Арұяты бетіне тепкен, обал мен сауапты жақсы білетін ұлттық персонаждар өздеріне тəнті етпей қоймайды жəне осындай адамдардың жыл санап, ай санап азайып бара жатқанына шын өкінесің. Əңгімелердің драмалық желісі кейіпкерлердің ішкі лиризімімен үндесе отырып, кешегі мен бүгіннің, жалқы мен жалпының, адалдық пен арамдықтың, қоңыр тіршілік пен қорқаулықтың бітіспес күресіне құрылған. Жазушының осы бір айпара ақиқат дүниесі оның көлемді шығармалары «Ескі арба», «Соңғы тұяқ» хикаяттарында одан əрі ұлғайтылып, кең ауықымда өз суретін тапқан. Жазушының қысқа əңгімелермен шектеліп қалмай тақырыбы зəру, идеясы айқын, оқиғасы күрмеулі, образдары күрделі сүбелі шығармаларға ден қоюы оның қаламгерлік қабілетінің шыңдалғанынан, талант табиғатының жетілгенінен хабар берсе керек. Өткен өмірдің өркен жайғызар өнегесі де, өзекті өртер өкініші де жоқ емес. Адам ғапылдың бір басына жетерлік тағдыр тепкісі, талқан несібесі Ахметті де айналып өтпепті. Арбаның дөңгелегіндей зыр айналған осынау ғұмырдағы оның көрген құқайы аз емес. Өткен ғасырдың солақай саясаты кесірінен жаппай тəркілеуге ұшыраған əкесі Байбазардан қалған жалғыз мүкамамүлік – ескі арбаның да керексіз болатын кезі болады екен. Бір ауылды, бір əулетті бүгінгі күнге сүйреп жеткізген ескі арбаның қаңтарылғаны қашан. Енді міне, күңірсіп далада қалған арбаның тат басқан теміртерсегін немересі Əділ аз-мұз пұлға айырбастамаққа əрекет етіп жатыр. Ескі арбаның күйін кешуге тақа қалған қаусаған қарттың жан дүниесіндегі аласапыран халді кім ұқсын. «Заманың өтіп, дəуренің көшер сол бір қылта тұсқа таялған шағыңда кезіңде өзіңді, өзіңді емес-ау, тұтас бір дəуіріңнің, одан қалды өлмелі өз өміріңнің небір жүгін артып, тасыған арбаңды да, өз ұрпағың балғалап бөлшектеп, қиратып жатса ол да бір қасірет шығар... Бұл арбаның да, онан қалды адам пенденің өзіннің де күнің өткелі қашан! Күпшегі қаңсып, қаусап қалған ескі арбаның да, онан қалды адам пенденің өзінің де күні өтер шақ келеді əлі, туады əлі. Сол бір шақ келіп саған да жеткенде қалай ғана шашылып қалар екенсің?!». Осылайша Ахметтің сана ағысымен берілген пəлсапалық тіркестердегі қатпарлы қалың ой, ауыр мұң, жалтара алмайтын шындық, айналып өте алмайтын ақи қат бір сəт оқырманын жүрек басын шым еткізіп, мынау жалғанның жазмышын еріксіз еске түсіреді. Күні өткен, уақыты біткен ескі көз Ахмет пен ескі арбаның халі ұқсас. Арбаның темір-терсегі талауға түсіп жатса, Ахметтің жан дүниесі азынап, Тілебайлар үстемдік құра бастаған азған қоғамның арсыз, имансыз адамдарына қатты қапалы, лағнет қарғысын айтуға шақ қалып жүр.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Жазушы, Ахметтің атынан өзі сөйлей отырып, жан айқайын жайып салады. Босқа өткен ит өмір, бодауы жоқ тіршілік, болмашыға үміт қылған дəрменсіздік, бордай үгіліп бара жатқан босбелбеу ұрпақ, шаптығып шыға келетін шайпау келін, ар-иманынан алыстап кеткен абыройсыз ағайын-бəрі бəрі Ахметтің өлер шақтағы көрейін дегені ме еді. Тек қана оның көңіл жұбатары жалғыз немересі Əділдің періште ниеті, «аталап» алдынан шығатын риясыз ықыласы. Бар дүниеден түңіліп, мынау жарық жалғанды тəрік етіп бара жатса да, ақырғы демі үзілгенше ұрпағы Əділдің амандығын, саулығын Жаратқан иесінен сұраумен болды... «Бір сөз келесі сөзбен сəулеленіп тұру керек» – деген мағынадағы Ғабеңнің, Ғабит Мүсіреповтің қатаң қағидасын қалт жібермеуге тырысқан жазушы Жабал Ерғалиевтың əдеби көркем тілге деген талғампаздығы танылып-ақ тұр. Шығармаларының айшықты тіл бояулары осының дəлелі. «Тіл – ойдың киімі» – деп Самюэль Джонсон бекер айтпаған. Сөзді ойнату, түрлендіру, ойды образды түрде көркем əрі нақты қапысыз жеткізу, психологиялық мотировкаларды ұтымды пайдалану, өмірлік детальдарды көркем түрде өре білу, оқиғаларды нанымды қиюластыру секілді көркемдік талаптарды еркін меңгерумен ерекшеленеді. Жабал Ерғалиев соңғы жылдары драматургияға да қалам тартып жүрген қаламгер. Оның «Бұлтты күнгі толған Ай», «Құлпытастың көз жасы» атты психологиялық драмалары республикамыз театрларында сəтті қойылып келеді. Драма – өмірдегі қайшылықтарды, адамдар арасындағы тартысты, қоғамдағы кереғарлықты, жалпы айтқанда бітіспес күрес майданын берудегі ең бір ұтымды, ең бір тиімді жəне ең бір күрделі жанр ғой. «Характердің толық ашылып, тұтас көрініс беруіне ситуация, драмалық жағдай əсер етсе, екінші жағынан ол ситуацияның жаңғыруына, басқаша қалыпқа түсуіне өз тарапынан ықпал жасайтын күшхарактер» – деген қағиданы (Р. Нұрғалиев) басшылыққа алар болсақ, Жабалдың драмаларындағы Үміт, Бибіжан, Жексенбай («Бұлтты түнгі толған Ай»), Ербол, Ержан, Жамал («Құлпытастың көз жасы»), Жазира, Сəбит, Дəурен, Сəуле («Жетім тағдыр») бейнелері типтік жəне даралық қасиеттерге ие болған характерлер. Бірінде кешегі кеңестік кезеңнің ащы ақиқаты айтылса, енді бірінде бүгінгі қоғамда қорқау қоңыздарға жем болған қорғансыз жастардың мұңылы трагедиясы драма арқауына айналған. Драматург өткен мен бүгінгінің ащы ақиқатын, шыңғырған шындығын ашу барысында билік пен байлыққа ие болған рухани тоғышарлардың тоңмойын қылықтарына əлсіз, көкөрім, қорғансыз, бейкүнə жандардың жанкешті күрестерін қарсы қояды. Ақыр аяғында махаббат пен ізгіліктің салтанат құрумен түйінделіп жатады. Көрерменнің көз алдында өрбіген ситуация дами келе драмалық тартыстардың ошағына айналып кете береді... Қорыта айтқанда, көркем проза мен көшелі драмада көсіле жазып, көптен бері көрнекі дүниелер туғызып келе жатқан Жабал Ерғалиев толстойшылап айтқанда «нені, қашан, қалай жазуды» жақсы білетін қарымды қаламгер. Шабыттың шаңқай түсіне келген азаматжазушыдан алдағы уақытта күтеріміз əлі де көп. Өмір көші бек сол үдеге жеткізгей! Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ
Жабал Ерғалиев ХИКАЯТТАР ЕСКІ АРБА Талқаны таусылуға таялған тағдырының тəлтіректеген тал таяғына таянып тұрып тың тыңдады. Талықсыған тылсым тіршіліктің таңғы тынысын тіліп түсіп, құлағына еміс-еміс шалынған балғаның тықылы шыққан тұс – ескі шым қораның сыртына ақырын басып келіп еді, əлдеқашан күпшегі қаңсып, шабақтары шашылуға айналған баяғы өзінің көк арбасының дөңгелегін бұзып жатқан немересі Əділдің үстінен түсті. – Əй… өй!.. Не бүлдіріп жатырсың?! Андағы сау тұрған арбаны қиратып, не көрінді, шырағым-ау?! – Түктеме көрінген жоқ! Осы үйде нан алатын көк тиын қалмады деп апам кешеден бері қақсап жүрген жоқ па?! Ата-ау, бір өзіңнің пенсияң неге жетсін!.. – Е, иə?!. – Е, иə… дейді ғой!.. – Үйде ақша жоқ деймін!.. Мына арбаның темірлерін таз Қойшының үйіне апарып өткізсем, соған ақша береді ол... – Е, иə!.. Шырағым-ау, анада талайдан бергі дəрет алып жүрген жез құманымды да сол Қойшы ағаңа өткізіп жіберіп едің…
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Көңіл түкпірінен шыққан Ахметтің осы бір ауыз зілсіз сөзіне немересі құлақ аса қоймады. Арбаның артқы дөңгелегінің шенін бекітіп ұстап тұрған ортан саусақтың жуандығындай бұранды темірді қашаумен қиып түсіре алмай əуреленіп жатқан Əділінің мына əрекетіне іштей сүйсініп те тұр. Сол сүйсінген көңілмен тұрып: – Е, иə… сол андағы темір шенге Қойшы ағаң қанша ақша береді, – деді немересіне. – Қайдам!.. Ана жолғы жез құманға берген ақшаға əкем бір бөтелке коньяк алып ішті емес пе?! Андағы қолыңдағы дəрет алып жүрген бөтелкең сол коньяктікі ғой… – Е, иə!.. Солай ма еді, құлыншақ?! – Солай, солай, ата! Қарашы əне, бөтелкенің сыртына «Түркістан» коньягы деп алтындап жазып, ол аздай Қожа Ахмет Яссауидің кесенесінің суреті де салып қойыпты ғой, əне!.. Қолындағы шың балғаның сабын түбінен жерге бір соғып, нықтап алған Əділ орнықты отырып, орнықты сөйлеуге жəне де шаруаны тиянақты істеуге үйреткен атасының дағды, тəрбиесімен мүдірмей жауап беріп отыр. – Е, иə, – деп біраздан бері құман есебінде ұстап, дəрет алып жүрген бөтелкенің сыртындағы жапсырма қағазға зер сала үңіліп еді, о тоба… Түркістандағы… иə… иə… қасиетті Түркістандағы əулие бабаның басына Ақсақ Темір əмір тұрғызған дейтін кесененің суретін көріп, тұла бойы шымырлап кетті. Жылымшылау суы бар бөтелке құманын жерге қоя салды да: – Е, иə… заман-ай, бұл да бір зауалың ба еді, – деген бір ауыз сөзбен жан күйігін қалай айтып қалғанын да білмеді. – Ата-ау, сен оны айтасың, зауал бұл ғана дейсің бе?! Анада… əлгі бұрынғы деректір бар ғой… əлгі Тілебай… Сол қазір кəммерсант болып, дүкен ашып алған жоқ па еді? Вот, ата, соның дүкеніне барсаң ғой… неше түрлі арақты көрер едің! Ата, тіпті бар ғой əлгі Алматыдағы керемет бір əнші апамыз бар еді ғой, соның … иə сосын əлгі «Қыз Жібекте» Төлегенді тасадан атып өлтіретін Бекежан бар еді ғой… Иə ата соның … Бекежанды ойнайтын əртіс ағаның да суреттері бөтелкелерге жапсырылған керемет бір арақтар сыңсып тұр. Рас айтамын, ата! – Е, иə , – деп ойлана отырып, Əділінің мына айтқанын тыңдаған қарт ұзақ уақыт үнсіз қалды. Не айтарсың, кімге не дерсің?! Сасық суға өкпесі қабынған ұрпағының санасы уланып жатса, ол барып ұл мен қызын халал мен харамды айыра алмайтын күйге душар етсе, тəңіріңнің жіберіп отырған зобалаңы да бұл. Зобалаң дүнияның дариясын кешіп жүріп, бұл тіршілігіңде көретінің де, еститін небір сұмдықтарың да жүрегіңді шайлықтырып жібереді екен-ау?! Күресерге дəрменің жоқ бейшара да мүсəпір қалпыңмен «е, иə» дейсің де, талқаның таусылар, демің үзілер сəтіңді тосасың осылай!.. Көрешегің алда деген!.. Алла! Алла! Қарияның иманы кəміл болды. Харам ас – арақ құйылған ыдыспен дəрет алып, бес уақыт намазға тұрып жүргендігі есіне түсіп, күнəсіне күнə жамағандай болса… сурет те болса мына шыны ыдыстың сыртындағы құл Қожа Ахметтің кесенесінің киесі атса не етер?! – Е, иə… киені таныр, киеден қорқып, үркіп отырған ұрпағың бар ма осы күні?! Қасиетсіздік жайлаған дүние əлемінің ары арып, ұятының жұлынына құрт түскелі құрдымға кетуге айналған адам пендесінің де ақылы
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев азайып, сүбесін сүлік тесіп бара жатқан жоқ па? Ананың сүтімен сүбесіне берілер қасиет дегеніңнің араммен лайланып, былғанған өзегін кім аршып ала алар енді?! Қай өсиетіңді айтарсың?! Айтарсың-ау, бірақ соны тыңдар, соған құлақ асар есті бір жан иесі қалды ма екен айналаңда?! Əй, қайдам!.. Өзгені қойып, бауырына басып бала қылған, өресі жеткенше обал мен сауапты, адал мен арамды құлағына сіңіріп келе жатқан мына Əділінің өзіне бүгінгі күні қартайған басының пəлсапасы жүре қояр ма екен? Ел ішінің əлде бір жаманшылығын адам баласы түгілі мал екеш малдың өзі естімесінші деген бейкүнə пейілмен əуелі «мал құлағы саңырау» деп барып, аузын басып, бір бірінің құлағына ғана сыбырлап қана айтатын қаймана қазақтың қотанын қаптаған небір сұмдықтар мен көргенсіздіктерді көз көріп, көкірек қаныққалы жан баласын кие, қасиет деген ұғымдар сескендірмейтін де болды. Анада осы ауылдың саудагер дүкеншісі Тілебай елді жинап, кенже ұлының оқу бітіргеніне орай құдайы құрмалдық атаған. Көкшетаудың қаптап кеткен бір университетіне жыл сайын ақысын төлеп, оқытқан ұлының қуанышын айлап болмаса да, апталап тойлаған Тілебай сол қызығының ырду-дырдуының соңын ала өз ауылдастарын хан сарайындай кең үйіне жинаған. – Бес баламның бəріне де жоғары білім əпердім, – деп бастаған ол өз құрмалдығының бисмиллəсін. – Міне, кенже ұлым да юристік оқуды бітіріп отыр. Ол дегенің – болашақ прокурор! Ол дегенің – болашақ сот! Қысық көзі қанталап, қызарып алған Тілебай дүниенің, соның ішінде өз баласының, онан қалды барша адам баласының тағдырын өз уысында ұстап тұрғандай екілене, тіпті, тап бір құдаймен құпиялап барып жолығып, сонымен ақылдасып, бар шаруасын мақұлдасып келіп отырғандай сөйледі. Өзінің осы елге сіңірген еңбегін де алға тартты. Назын да, онан қалды осы елге деген өкпе мен ренішін де жасырған жоқ. Əйтеуір, көңіл түкпіріндегі ақ ұлпа мақта-мақтанышын да, маза бермей ызыңдап жүрген ызасын да армансыз бір ақтарсыншы бір. – Мына мені осы ауылға кірме деп шыдатпай, үстімнен біресе райкомға, біресе обкомға арыз жазып, осы елдің шетінен айдатып-ақ тастағыларың келіп еді. Ау, тіпті бар ғой, – деп Тілебай тап қазір кезінде өз үстінен айтылған сол арыз атаулы жанын қайра бір отқа салып, қуырылып жатқандай ышқынып, қызбалансынай келіп. – Ау, ЦК-ға, тіпті Қонаев пен Брежневтің тура өздеріне де арыз айдадыңдар ғой мына сендер! Тіпті, қыр соңымнан ит қосқандарыңды қоймадыңдар ғой түге бəрің жиылып алып… Қоймадыңдар ғой, қоймадыңдар ғой!.. Құрмалдыққа жиналғандардың кəрі-жасының бəрі де бастарын төмен салып, бұрынғы басшыларының алдында əрқайсының арқалаған айыптары бардай үнжұрғалары түсіп, жер болып қалды. Тілебай болса малшы, егінші халыққа жекіп, зіркілдеп қалған бұрынғы ғадетіне басып тұрғанын да аңғара алмай, өз құрмалдығын есе алу жиынына айналдырып жібергендей болды. Іштегі біраздан бергі қыжылы қайнап-ақ жатыр. – Мен деректірліктен кетерде совхоздың мыңнан аса қара малын, бес мыңдай саулығын, үш жүздей жылқысын санап тұрып, өткізіп кетіп едім өз қолдарыңа. Ал, сол мал қайда қазір?! Ау, сол мыңдаған мал қайда
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев кетті деймін?! Кім əкетті, кім жеп кетті? Менен қызғанғандарың ақыры келіп қызыл итке жем болған жоқ па? – деп Тілебай дүйім жұртты енді табалау дегеннің қар табасына салып, шыжғырсын-ай келіп. Шіркін, қазакемнің көнбіс көңілі-ай! Үстінен түйе жүріп өтсе де, мыңқ етпейтін жұртың осы болар бəлкім? Бұрынғы басшылары жандарын шыжғырып жатса да, жөн…жөн мұнысы, шын… шын бұл айтқаны деп іштей құптап отырғандары да бар болатын. Ет жеп, шəй ішеміз деп үйлерінен нəр татпай келгендері де бар еді, солардың алдының шектері де шұрқырауға айналды. Өзі де тоқ, көңілі де тоқ Тілебай болса исі танауыңды жарып бара жатқан сол піскен еттің табаққа тартылып, өз алдарына қашан келерін күтіп, көздерінің астымен босаға жаққа сүзіле қарап қойып отырған құрмалдыққа жиналғандарға аш құрсағының құрышын жазар ас беру керектігін де есіне алар емес. – Шырағым, – деді осы бір ұрымтал тұста Бірəлі шал сақалын салалы саусақтарымен сауа сылап қойып, – екінті намазының уағы жақын қалды. Əуелі құран оқып, сонан соң ас ішіп алсақ жөн болар еді… – Біреке, намазыңды үйіңе де барып оқи жатарсың! Асымызды бермей қояды деп үркіп отырсың ба?! Береміз! Ол қайда қашар дейсіз?! Басымыз күнде қосыла бермейді. Сондықтан да осындайда айтарымызды айтып, мұнан əргі күнкөрістің жайын ақылдасып алайық бір, – деп Тілебай əлі де аптығының басылмағандығын аңдатты. – Бұл елге менің ғана жаным ашитындығына көздерің енді жеткен болар осы отырған бəріңнің де!.. Тілеуіңді бергір Тілебай жуыр маңда тоқтар болмады. Тоңы жібіген тоң көңілінің ашуы арнасынан асып, кек көпірін қопарардай екпінмен ағыл-тегіл тасыған асау сарқымалы сарындысын əбден сарыққанша сабасына түспесін аңдатты. Е, сол сабыр сабасын көңіл желі желпімесін, дауыл шайқамасын деңіз! Шайқай қалса, бар болса ақылыңның ойран-асыры шығар. Сол ақыл дегеніңнің өзі əуелден жаралғаңыннан бұйырмай қойса, онда жаман ойың жалмаңдап, арам ниетің кімді арандарын жəне де кімге соқтығысарын білмей, ұрынарға қара таба алмай, осылай көк езуленетінің болады. – Əй, Біреке, сен енді мына жерде отырып алып намазым қаза болып барады деп əулие кейіпке түсе қалыпсың. Қашаннан бері пірəдар едің?!. Жер шұқып отырған Бірəліге қызарған көзі түсуі сол еді, Тілебай есі кеткен есірікпен қарқылдап күлсін-ай келіп. – Əй… өй!.. ік…ік…ік… Тілебайдың қарға болып қарқылдап, сауысқандай шықылықтап басталған күлкісі біраз жерге жетіп, іркілдеп барып əзер дегенде басылды-ау, əйтеуір. Бірақ сол күлкісінің басылғаны болсын, зілді тілі қайра бір зіркілдесін. Төрдің төбесінде отырса да, үнжұрғасы түсіп, еңсесі езіліп, төменшіктеген, бұйығы қалыптағы Бірəліге шүйліккен Тілебайға басу айтар жан иесі бола қоймады. Бұрынғы болса да басшының сол баяғы мысы басып тұра ма, ешкім бетіне тіке келе алмай-ақ қойды. Ығына жығылып, əбден меселі қайтып қалған елінің иығына мініп алған Тілебай тершіген маңдайын бір сүртіп қойып, есіп отыр. – Əй, Біреке, – деді екіленіп жүндей түтіліп, əбден сілікпесі шыққан мейманына. – Мына сен менің деректір кезімде сонау Балтық жағалауынан əкелген қара ала бұқаларды бағып едің ғой, солар қайда кетті, ə?!. Қайда
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев жібердің?! Ана ветврач екеуің сол бұқалардан алынатын ұрықтарды сақтайтын ыдыстарды сүртуге берілетін спірттің түгін қоймай ішіп қоюшы едіңдер, енді намаз, намаз дейсің! Намазыңа болайын сенің! Қара басқанда қара басына тағылған мына айып Бірəліні есеңгіретіп тастағандай болды. Тартып отырған ташпиғын жан қалтасына салды да, Тілебайға тесіле бір қарады да, сонан соң көзін төмен салған қалпы отырып қалды. Бірəліні мүсəпір күйге түсірген Тілебай енді халқына жанашырлық сөзін айтуға кірісіп кеткен еді. – Вот, жиырма шақты бұқаны қойып, мыңдаған малдан айырылдыңдар ма? Айырылдыңдар! Сол мал тұрған анау қоралардың кірпішін кірпіштей, темірін темірдей, бетон плиталарын түгелдей бұзып саттыңдар ма? Саттыңдар! Қазір мал тұрған сол біздің қораларымыздың ескі-құсқы кірпішінен Астанадағы кейбір байлардың салып, кіріп алған үйлерін көрсеңдер ғой? Үй емес ол, хан сарайы!.. Хан сарайы ол дегенің! Қирағаны, сауы бар бүкіл техниканың темір-терсегін Қытайға өткізіп жіберіп, енді əр үйдің су құйып жүрген бəктерін, шылапшын, құмандарына дейін біріңдікін бірің ұрлап, əлі де өткізіп жатқан жоқсыңдар ма?! Тілебайдың мұнысы, бұл айтқаны жөн енді!.. Ана бір жылдары ел ішінде қоғамның бар малы мен мүлкін жекешелендіру деген науқан жүрген кезде басшылар жағы: «Ана жерде ана, мына жерде мына қарызымыз бар еді»,– деп мал атаулыны күні-түні жүк машиналарына тиеп, жөнелтіп жатты. Малдың қайда, кімге жəне не қылған қарыздары үшін өтеліп жатқандығын сұраушы да бола қойған жоқ. Соны сол кездегі не үкімет, не осы отырған халық сұрауды білмеді ғой. Осы елді жанжақтан жиналып келіп басқарған сол кездегі басшыңнан бастап барлық мамандары дейін меншіктеріне сонау Германиядан тасылып əкелініп жатқан бұрын мініліп, ұсталған болса да, бір-бір жеңіл машина сатып алып, осы ауылдың қотанынан тайып отырды. – Вот, жиырма бес жыл совхоз болып отырып едіңдер, – деп, Тілебай əңгімесінің ендігі бір əлқиссасын бастады. – Сегізінші деректір мен екенмін! Арызданып жүріп, мені орнымнан алғызып, тынышталып едіңдер, ал менен кейін де екі деректірлерің болды ғой. Ау, солар қайда кетті? Іздедің дер ме, сұрадыңдар ма, білесіңдер ме? А… білмейсіңдер! Біреуі – Ресей, біреуі – Германияда жүр! Өзгенің емес, өздерің ғана бір-біріңнің арттарыңа ши жүгіртіп, құйрықтарыңды шұқисыңдар! О… бұл жағына келгенде сендер ме… сендер ешкімнен де ши сұрамайсыңдар!.. Ау, соны дұшпанымыздың өзі білген… білген ғой! Мына қараңдаршы, – деп Тілебай дастархан үстіндегі тіс шұқығыш сауыттан бір тал шиді алып, пəлсапа ойын онан əрі сабақтады. – Түкке де тұрмайтын осы бір тіс шұқығыш шидің өзін де бізге іргедегі жат ел жасап беріп, сатып жатыр. Солар қазақтың етті көп жейтінін де, ет жеп болғаннан соң рахаттанып отырып алып, тістерін шұқитындарына дейін сол ел қалай біліп отыр ə?!: Білгені де! Қазақтың базарын міне, осы шиге толтырып тастаған жоқ па?! Құдай ақы, біріміздің артымызды біріміз шұқитын шидің осы елге қажет емес екендігін де солар бар ғой əбден біледі! Вот, біледі деп ойлаймын!.. Қызғаныш… бақталастық… көре алмаушылық… іштарлық сияқты тағы да бір толып жатқан қазақтың өткір шиі осы отырған əр қайсыңның өз іштеріңде жатыр!.. – Ал, болды енді! Мен айтарымды айттым! Қане, осыған кімнің қосып, алары бар, – деді Тілебай сəл-пəл үнсіздіктен кейін.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Мына отырған халықты құрмалдығына емес, шаруашылықтың өндірістік жиналысына жинап алған ба дерсіз! Енді жарыссөз басталып кетіп жүрмесе жарар еді. Осыны ойлап, іштей қобалжи бастағандардың көңілін орынықтыра Ахмет тамағын бір қырнап алып, сөз бастады. – Тілеке, манадан бері айтқандарыңның бір өтірігі жоқ! Бəрі шын, бəрі рас! Қадіріңді білмегендігіміз де болды. Кешір, Тілеке, кешір!.. Ахметтің үні жалынышты əрі жарықтана шықты. Мына басшыларының ғұмырында осы елге алғаш рет бергелі отырған құрмалдығы дау-дамаймен басталып кете ме деп елеңдеп, сақ отырған өзгелердің үстерінен ауыр бір жүк түскендей болып, жеңілденіп қалды. Ахметтің жаңағы бір ауыз сөзінен кейін отырған жұрттың: – Кешіріңіз, Тілеке, кешіріңіз, – деп жамырауы мұң екен, Тілебай босап сала берсін. Еңкілдеп жыламаса да, қысық көздерінен шыққан жасын қол орамалымен қайра-қайра сүртіп, мұрны бырқылдап, басын төмен салып кемсеңдеп-ақ қалғаны. – О, тоба-ай, деректір де жылайды екен-ау, – деп ойлады бір сəтке ауылдастары. Мұнда да жүрек, мұнда да селт етер сезім, жасқа бұланып, діріл қағар кірпік бар екен-ау?! Соны ойлаған сəтте, бұрын ылғиына ызбарланып алып, осы елдің үлкен-кішісін бір шыбықпен айдағандай қылып, үйіріп ұстайтын бұрынғы басшыға деген көптің көңіл түкпіріндегі бір аяушылық та оянып жатты. Айғайласаң айбарланып, аясаң жайылып, жайланып сала берер қазекемнің кең қолтық күпі көңілінде кірбің қалушы ма еді?! Ағарып атқан таңның ақ шапағының шуағына шыланып барып, тазарып шыға келген Тілебай үйіндегі көңіл атаулының барлығы да айығып, жадырап сала берді. – Ал, қазір ет жейміз, – деді Тілебай жадыраған сол шуақты көңілдердің аш құрсағына хабар салып. – Ал енді, менің осы елге, осы отырған өздеріңізге жаным ашып, жүрегім ауыратыны да рас. Айтайын деген тағы да бір ақылым бар еді, соған мұрсат бересіздер ме? – Тілеке, айтыңыз, айтыңыз!.. Тым болмаса сол ақылыңызды тыңдайық енді!.. Жұрт осыны айтып, тына қалды. Бұрынғы басшыларының енді көңілін қалдырмай, жанына кейістік салмай, осы жолғы ақылын құлақтарына құйып алғысы келетіндей зейін мен ынта танытқан еді. Масаның ызыңы ғана естілер дейтін осы бір өлі тыныштықтың тынысын пайдаланған Тілебай обалы нешік жалпақ елге жанашыр сөзін созып алмай, қысқа ғана қайырды. – Баяғыда мен салғызған… қазір сойдиып-сойдиып тіреулері ғана қалған ана мал қораларының маңындағы баяғы мен өсірген мыңдаған малдың тау-тау болып үйіліп жатқан қиын бір-біріңмен таласпай, жаға жыртыспай осы отырған барлығың бүгіннен бастап, бөліп алып, ие болып қалыңдар! – Тілебайдың ферма маңындағы қырық жылғы боққа ие болып, соны бөліп алыңдар, енді содан айырылып қалмаңдар дегені əдеттегі тағы бір көңіл қыжылы емес пе екен? Сол боқтың енді кімге қажеті бола қояр дейсің, – деген ойларымен отырған манағы жайбарақат көңіл атаулының бəрі де жиырыла қалды. – Мені тағы да қырсық сөйлеп отыр деп ойлайтын шығарсыңдар!
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Тілебай өз қонақтарына зер сала қарады. – Кекесінім, болмаса таба сөзім емес бұл! Шын жанашырлығым бұл! Тілебайдың бұл жолғы осы сөзі расында да көңілге қонымды шықты. Сол ескі ферма маңындағы біраз жылғы қиды маңайдағы орыс ауылдарының қатынқалашы мен бала-шағасы шұқылап жүріп, тасып-ақ алып жатыр. – Əй, олар сол боқты неге тегін əкетеді? Неге сатпайсыңдар оны? Ойбай-ау, солардың өз боқтарыңа өсірген қияры мен сəбізін теңгелеріңе сатып алып, жеп жатқан жоқсыңдар ма? Бір кездері есесі кеткен дүниеге сол есесін енді қайра жіберіп алғысы келмегендей Тілебайдың осы жолғы даусы ышқына шықты, қаһарына қайра мінді. – Есектің артын жу да, мал тап деген бар емес пе?! Қазіргі заманда боқ сатудың ешбір айып, жазасы жоқ. Давайте, ертеңнен бастап ферма маңындағы қидың маңына қарауыл қойыңдар! Сырттан келіп ешкім де тегін алып кетіп жүрмесін! Сатыңдар соны! Ол-көң, олқи, ол-боқ екен деп қарамаңдар оған! Сатыңдар соны! Сосын көресіңдер! Ол дегенің – қып-қызыл ақша… ақша! Біздің ауылдың қиы əлемдегі экологический ең чистый тыңайтқыш! Қазір темір-терсегіңе дейін жалапжұқтап, жинап алып əкетіп жатқан Қытайың ертең осы боғыңды да сұрайтын болады əлі. Сол кезде соны пұлға өткізуге осы бастан əзір отырыңдар. Ауыл ішінде шашылып жатқан сол қытайыңның ала қабына сол боқ атаулыны қаптап, үйлеріңнің маңына қазірден тасып, үйіп алыңдар. Ақша дегенің қазақтардың аяғының астында жатыр, соны жерден көтеріп алуға не икемдері, не бейімдері жоқ дейтін былайғы жұрттың табасына бұдан былай төзуге болмайды… болмайды енді! Ал, ие болыңдар! Осы отырған бəріңе кешегі Кеңес үкіметінен қалған да, бұйырған да, қолдарың жетіп, тигені де – сол боқ! Онан басқасын көріп те тұрғаным жоқ, білмеймін де, айта да алмаймын əзірге! – Апыр-ай, ə, осы Тілебайдың осы жолғы бұл айтқаны жөн-ау енді, – деп ойлады Ахмет мүлгіген санасымен. «Дүние-боқ», – деп бар дүние байлығын боққа теңеп өткен қазақ та данышпан-ау осы! Сол боқ дүниені жинамай-ақ қазақы қалпымен-ақ өмір сүргісі келіп еді, аштан өлмегені анық, алайда, көштен қалып қойғаны бар. Жинау керек… жинау керек енді бұдан бұлай, сол боқ дүниені! Құрмалдыққа деп сойылған семіз қошқардың былқылдап пісіп тұрған етін жеуге құмартып отырған жұрттың ендігі сілекейі ауыл сыртында тау болып үйіліп жатқан мал қиының шіріндісін тезірек бөліп алу ойымен шұбыра жөнелгендей еді. Біреуі терезеге, енді бірі есік жаққа мойындарын созып, елеңдей бастады. Сол елең-алаң жұрт көңілін əлден уақытта алдарына табақтап тартылған ет тарқатты. Əп-сəтте туралып, табаққа түскен сол етке енді қол сала бергендері сол еді, даяшы екі жігіт сылдырлатып алып кіріп, босаға жаққа қоя салған бір жəшік араққа жұрт назары еріксіз ауа берген еді. – Мұны арақ деп қалып жүрмеңіздер! Сол даяшы екі жігіттің соңын ала келген Тілебай солай деді. – Бұл – арақ емес! Бұл дегеніңіз – «Түркістан» коньягі, – деді ол тағы да меймандарына қарап, жайдары көңілімен. – Міне, – деді бүйірлі бөтелкені мойнынан ұстап жоғары көтеріп: – Мынада «Түркістан», – деп жазылған, сонымен бірге өзіне ұлы бабамыздың
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев кесенесі де салынған. Бұл əдейі осы құрмалдыққа деп сонау киелі Түркістаннан алдырған бір татар. Қазір содан өз қолыммен бəріңе де құямын! Ішіңдер, киелі «Түркістанды»! Дəмін татыңдар… ішіңдер түге!.. Дастархан басында отырғандардың бірде-бірі Тілебайдың бұл айтқандарына қарсы бола қойған жоқ. Сол күні Тілебайдың құрмалдығынан жұрт мас болып кеш тарады… * Дүние атаулының аузындағы тағдырыңның қашан шайналып, қашан жұтыларын білмей, таңнын атысынан, күннің батысына дейін шыр көбелек айналар тіршілігіңнің де дөңгелегінің əйтеуір бір күні шашылып қалары бар. Заманың өтіп, дəуренің көшер сол бір қылта тұсқа таялған шағыңда кезінде өзіңді, өзіңді емес-ау, тұтас бір дəуіріңнің, онан қалды өлмелі өз өміріңнің небір жүгін артып, тасыған арбаңды да өз ұрпағың балғалап бөлшектеп, қиратып жатса, ол да бір қасірет шығар. Дегенмен, соның да бір шүкіршілігі бар əйтеуір! Ескі арбаңды өзге емес, өз ұрпағыңның балғалап, бұзып жатқанына да, соған өзіңнің де сүйсіне қарап отырғаның да бүгінгі күніңе де, күйіңе де лайықты, əбден жарасыпақ тұр. Бұл арбаның да, онан қалды өзіңнің де күнің өткелі қашан! Күпшегі қаңсып, қаусап қалған ескі арбаның да, онан қалды адам пенденің өзінің де күні өтер шақ келеді əлі, туады əлі. Сол бір шақ келіп саған да жеткенінде қалай ғана шашылып қалар екенсің?! Бұл енді тағдырыңның тізгінін өз қолына ұстаған тəңіріңнің ісі. Осы бір ой қамауында отырып қалған Ахметтің құлағына: – Болдым-ау, əйтеуір, – деген Əділінің үні шалынды. Немересіне көз салып қараса, ол дегенің үлкен бір шаруа тындырған адамдай маңдайынан шыққан терін көйлегінің жеңімен сүртіп тастап, шашылып жатқан əлде бір темірлерді жиыстырып, кішкене бір сүйретпе қол арбасына салып жатты. – Е, иə… болдың ба? Əбден зықың шықты-ау өзіңнің сол бір болмашы темір үшін! Баба мейірімінің осы бір ауыз жылы сөзі бала жанының ерке қылығын оятып, Əділ атасының жанына келіп отырды. – Өй, құлыным! – деп қарт өз ұрпағын басынан сыйпап, бір иіскеп қойды да: – Сендерге темір-терсек жинатып қойған бұл заманды қойсаңшы енді! Е, Алла, өзің жарылқап, сақтай көр пенделеріңді, – деді де салалы саусақтарымен сақалын сыйпады. – Ата-ау, дəретіңді алмайсың ба, намазың болып қалды ғой! – Қазір… қазір, құлыншақ! – Суыңды əперейін бе? – деп Əділ ұшып тұрып, бөтелке құманды əкеліп берді. – Андағыңды қоя қойшы осы! Əлгі үйдегі пештің үстінде тұрған шəй қойып ішіп жүрген шəйнекті əкеп берші,– деді Ахмет немересіне. – Қалай білмей, көрмей келгенмін, ə!.. Бөтелкенің сыртында əулие баба кесенесінің суреті тұр ғой! Обал болды-ау өзі! Андағы өткізгелі тұрған темір-терсегіңе алар ақшаң жетіп жатса, маған бір кішкентайлау, өзі жеңілдеу шəугім сатып алсайшы!..
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев – Жарайды, ата! Əперемін… əперемін, – деп Əділ үйге қарай жүгіріп кетті. Сол Əділ əкеліп берген шəй-шəугіммен дəрет алып, қора сыртында тағы да ұзақ отырды. Əділі ескі арбаның біраз темірлерін қол арбасымен сүйретіп таз Қойшыға өткізуге əкетті. Немересінің соңынан қарап тұрған сəтінде қарт жанары жасаурай берді… Бар ғұмыры осы бір ескі арбаның үстінде өткен Ахмет үшін ілгерілеген күндерің мен жылжыған жылдарыңның жылнамасы немесе додаға түскен дəуірің мен дəуреніңнің естелігі бола ма, соның бəрі əйтеуір сол бір ескі арбамен байланысып жатыр. Ой, заман-ай! Əуелде əулетінің бар мал-мүлкі кəмпескеге түскен кезде Ахметтің əкесі Байназардың үш-төрт көк арбасы да байлықтың басы ретінде хатталып, ортақ меншікке өткізілген-ді. Сол да байлық болып па екен?!. Əр кезеңнің байлық бірлігінің өлшемі əртүрлі болып келе жатқан шақтардың таразысына салып тартсаң да, өз заманына шақ байлықтың басы да болатын бұл көк арба! Көкшетау аймағының бай шонжарларын Ақтөбенің құмдауытты, шөлді өлкесіне жер аудару туралы үкімет қаулысы шығып, ел ішінің дүрбелеңі күшейген тұста осы көк арбаға бала-шағасын мінгізіп алып, жарықтық əкесі Байназар, бір күн, бір түн жүріп Бурабайдың төңірегіндегі алтын шығарып жатқан Степняк кен орнындағы шахтаға келіп, қара жұмысқа түскен-ді. Жан сауғалап жүріп, ауыр жұмыстан қажыған сол жан құрғырың кеудеңнен ұшып кете қоймаған соң, көрер көрешегіңді көріп-ақ бағады екенсің! Əкесінің əр жұмысшыға күн сайын өлшеп, оның өзін арнайы кəртішкемен беріп тұратын аздаған ас-суымен жан сауғалады. Ал, енді татарға нəр таба алмай аштықтан шұбырған қаймана қазақты көрсең, зауал дегеніңнің осы екендігін ұғынарсың. Аштықтан бұратылып өліп, сүйегі қала шеті мен көшелерінде шашылып қалған сорлылардың қанқасын НКВД шығарған арнайы құрам сабында жүріп арбамен жинаған қарғыс атқыр бір кезең де болған. Сол бір кезеңнің қасірет сүйегін сүйреген бұл арбаның тағдыры адам өмірінің тағдырымен бірге сүйретіліп келе жатқаны жəне де бар. Тілі бола қалса, мұның да жыр етіп айтар мұңы мен сыры жетерлік. Алайда, өткеннің бəрін ескірген, сол ескіргеннің бəрін жарамсыз қылған сайқал саясаттың сарқытын ішіп, сонымен жетіліп, өрекпіген өркенің өсіп жетілген тұста бұл да ескінің көзі, мұнда да ескі дəуір дүниесінің сіңген тері, тамған қаны мен көз жасы бар-ау деп жатқан кім болды? Енді де кім бола қояр дейсің?! Осы арбаның қаңсып, шашылған шабақтары сияқты өз қабырғаң да жер астында қаусап, шашылып қалар əлі де! Тіршілік дегенің əне, осы! Бір тоқтамай мəңгі айналып тұрар дөңгелекті адам баласы қаншама бас қатырса да, əлі де ойлап шығара алмай жатыр. Соны жасай алмайтыны да анық нəрсе. Адам баласы өлместей болып мəңгі өмір сүру үшін жаратылғанда ғана барып, сол адам баласы сонда ғана мəңгі айналып тұрар дөңгелегіңді ойлап, жасап алар еді-ау! Дөңгеленіп тұрған дүния атаулының бəрінің де əйтеуір өлшемді бір жерге барып тоқтарын бір білсе, санасы бар, бақай есепке жүйрік осы адам баласы-ақ біліп, əуелі өзін-өзі, онан қалды айнала тіршіліктің қадірі мен қасиетін бағалауы керек-ақ еді. Соны жасай алмады ғой! Əуелден күнə атаулыдан пəк жаратылған
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев адам баласының ісіне пендешілік деген сайтан араласа бастағаннан-ақ, дүние шіркіннің шырқы кете бастағаны бар. Тіршілік шырылдап-ақ жатыр. Жан даусы шығып шырылдаған тіршіліктің жүрегін тіліп түсіп жатқан өзге де емес, адамның өз қайғысы мен өз зары екендігін де түйсінетін сана жоқ осы күні. Сана қайдан болсын! Əйтпесе, сана дегеніңнің сабасы мен сабыры адам пенденің қанағат аранының қара қақпағы болып тұрмас па еді?! «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» – дегеннің нұсқасы да бұл. Адам қазанының, қанағат аранының қақпағы да қаусап, шашылып қалып еді, байлығына масайрап, сонан тоят табар көз құрт пайда болды. Сол тойымсыз көз құрт жеп жатқан сол дүние байлығының бəрі де түбінде бір таусылады, қаусайды, сосын келіп шашылады бəрі де!.. – Ау, Аха-ау, қора сыртында бүгін əдеттегіден ұзақ отырып қалдың ғой! Жайшылық па, əйтеуір?! – Е, иə... не болып қалды дейсің? Жай отырған да! Терең ойдың тонын жамылып отырған Ахмет жанына келіп жайғаса берген бүкір Əубəкірге солғын ғана жауап берді. Бұл да, келіні мен баласының қолына қарап отырған өзіндей бір бейбақ жан. Бел омыртқасы шойырылып барып, бүгіле біткен жəне де сонысына орай бүкір Əубəкір атанып кеткен бұл шалың да өз кезінде атқа мініп, осы елдің үстінен қамшы үйіргендердің бірі. Қой фермасының бригадирі болған сонау бір соғыс жылдарынан кейінгі кезеңдерде колхоздың қара кер атына мініп алып, дүниенің тұтанып жатқан өртін сөндіруге асыққан жандай ала құйындатып, шабатын да жүретін. Елге қыр көрсеткісі келгендегі айтар сөзі: – Мен хан, мен Абылай, – деп қолындағы тобылғы сап қамшысын иіріп, бар қотанды басына көтере шабар есерлігіне шыдай алмағаннан да бел омыртқасы шөңкейіп қалды-ау деймін! Əйтеуір, ненің зауалы тисе де, қара басының кезіндегі ығыры мен ызғарынан ыққан осы елдің бұл да бір мүсəпірі енді. – Бұл елге басымды имей өтемін; – деген Əубəкірдің де екі көзі желкесінен шыққан басын бір Алланың өзіақ игізіп жəне де енді осылай мəңгі иіліп өтетіндей қылып қойған жоқ па? Бұл ел ішіндегі кейбіреулердің Əубəкірге қарата айтар табасы болғанымен де, адами ақиқат есебінде қабылданары да анық. Бұдан қиянат көргендердің талайы ауыл шетіндегі қорымда жатыр. Жəне де солардың бəріне де өз қолымен топырақ салу да осыған бұйырғанын қайтерсің?! Бір уыс қабір топырағын қолына алып: «Е, жаратқан ием, мына пендеңе иман байлығын бере көр»,– деген бір ауыз тілегін даусын шығара айтатын да, сонан соңғысын тəңірінен үнсіз сұрайтын. Қос уыс топыраққа телміре қарап, ерні жыбырлап, кей-кейде ұзақ тұрып алатыны да бар. Осы бір ғадеті кейде қабір басындағылардың жан ашуын да туғызып жататын. Бораны ұлып, аязы ақырып тұрған қыс айының бірінде қайтыс болған марқұм Бейсенді ақ жауып, арулап жерлеу кезінде ар ұялар бір іс болды. Қазан ұрдының қара суығынан тілім-тілімі шығып жарылып, тоң болып қатып қалған қара жерге қабірші жігіттердің қадаған сүймендері тасқа тигендей шақылдап, қазғызбай қойды. Тас қопарудан қайтпаған қарулы дейтін жігіттердің өздерінің де жүректері шайлығып, белдері талып, білектері сынып, əбден титықтауға айналған тұста, əлдекім əр үйдің алдында жарамсыз
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев болып шашылып қалған небір техника атаулының резеңке доңғалақтарын əкеліп, соларды жағып жердің тоңын жібітуге кірісті. Не керек, өлдік-талдық дегенде барып, қабір де қазылып бітті-ау əйтеуір... Күні бойы қара жердің тоңын тоқпақтап əбден қалжыраған ауылдың бас көтерер азаматтары енді марқұмның бетін тезірек жауып, үйлеріне қайтуға да асықты. Күн болса екіндіден ауып барады. Енді болмаса қыстың қысқа күнінің қараңғылығы да басайын деп тұр. – Ау, Əуке, қолыңдағы андағы топыраққа ұзақ үңіліп тұрып алдың ғой! Зират басындағы сол сəттегі меңдеген үнсіздікті бұзған марқұм Бейсеннің інісі Оразай болды. – Немене, ағама жасаған бар қиянатың үшін енді келіп анда ғы бір уыс топырақтан кешірім сұрап тұрмысың?– деді Оразай түтігіп. – Тіршілігінде өзінен сұрап қалмаған кешіріміңді, ана көрде жатқан көкеме андағы бір уыс топырағың енді жеткізе алмайды. Кеш қалдың! Қасиетті топырақ сендейлердің аузын жауып, көзіне ғана құйылатын құм! Андағы топырақ топан судың тасқанын, адам мейманасының асқанын ғана тоқтата алады. Сені топырақ қашан тоқтатар екен?!. Андағы бір уыс топырағың көкемнің сүйегіне де ауыр болар. Салмай-ақ қой! Кет əрі, жұртты бөгемей!.. Оразайдың тұла бойы қалшылдап кетті. Бет тақтайы енді ғана жабылған жан дегендегі жалғыз ағасының қазасы бар, онан қалды марқұмды ақтық сапарға жөнелтудің қам-қарекет шаруасы бар, соның бəрі жүйкелетіп тастаған еді. Қалың қардың көбесін сөгіп, зиратқа жол ашудың да өз машақаты діңкелетіп кетті. Баяғыдай, қыс ішінде қара жолды қар басып, жабылып қалса болды, қуатты трактормен аршып, тазалап алып қатынайтын қауқар жоқ енді бұларда. Кешегі кеңшар дегеніңнің қалың тракторын қыл үстінен бөліп, əркім жекешеліндіріп алғаннан кейін, бəрі де адыра қалды. Енді келіп қарасаң, əр үйдің алдында біреуінің доңғалағы, біреуінің белдігі жоқ, əйтеуір сау-тамтығы қалмаған сол техника атаулы дейтіннің құр қаңқалары ғана қараңдайды. Қыс ішінде дүниеден озған біреуді бүгінгідей жерлеу үшін де қалың қарды сырып, ауыл сыртындағы зиратқа жол салатын да күш көлік қалмағанын қайтерсің?! Əйтеуір, абырой болғанда ауыл жігіттері сілікпелері шықса да, қалың қарды күрекпенақ ерсілі-қарсылы лақтырып, жол салып алды. Дəл қазір жетісіп тұрған бірі де жоқ. Қабыршы жігіттер Оразайдың бүкір Əубəкірге қарата салған айқайының соңын күтпестен, тобарсып, қатуға айналған топырақпен Бейсенбінің қабірін жаба бастады… Күндердің бір күнінде бүкір Əубəкірге əйтеуір бір айтылуға тиісті бұл айыптаудың əріде жатқан өз сыры да бар болатын. Ел іші оны жақсы біледі. Қолына тиген билігін адам баласының тағдырымен ойнауға пайдаланар пендеге кез қылдыра көрмесін деңіз! Алдына келген адам баласын билігінің айбынымен ығындырып алумен бірге, соған қоса жазығы болмаса да жаза тартқызудың өзінен айызы қанар күй кешер қылығы көп болған бүкір Əубəкірдің көп сорлатқан ауылдастарының бірі осы марқұм Бейсен еді. Бай-құлақтың баласы деген қарғыс атқыр қара таңба қыр соңынан бір қалмай қойды. Сол қара таңбаны қаныммен жуайын деген ниетімен, соғысқа да өзі сұранып барып келді. Бір құдайға аян, жанын аяп қалған жері жоқ. Қырық жыл қырғын болса да ажалы жетпеген адам өлмейді дейтін қазақы қағида рас екен. Татар дəмі ұзағынан жазылған Бейсен де майдан өтінде
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев төрт жылдай жүріп, туған топырағына он екі мүшесі сау оралды. Ел ішінің бас көтерер ер азаматтарының қатары сиреп қалған сол бір тұста Бейсенге осы ауылдың қой фермасын басқару шаруасы жүктелді. Сол жылы Арқаның алтай қысынан арып-ашып шыққан сабалақ құйрықты саулықтар көктемнің қалың шыққан көгін көтере алмай, тышқақ тиіп, шығын бола бастады. Бүкір Əубəкірдің белін жазып атқа мінуіне тура келген. Шауып отырып, Қырауқамыстағы райком барған. Ондағылар жағдайды біліп отырғандықтарын, көмекке қосымша мал мамандарын жіберіп жатқандықтарын, енді қойдың жаппай қырылуына қайра жол берілмейтіндігін айтып, шығарып салған еді. – Е, Бейсен райкомдағылармен ауыз жаласа қалған екен ғой, – деген оймен алысқан Əубəкір түн баласы дөңбекшіп, төсегінде жата алмады. Таң ата төсегінен тұрып, қолына қаламын алып, екінші дүние жүзілік соғыстағы ұлы жеңісінің қуанышынан əлі де айыға алмай жатқан Мəскеудегі Сталиннің өзіне хат жазып, қой қырылып жатыр деп хабар салсын. – Жолдас, Сталин, Сіздің басшылығыңызбен фашистерді жеңсек те, ел ішіндегі баяғы сол халық жауларының құйыршықтарын құрта алмай-ақ қойдық, – деп басталған бүкір Əубəкірдің Сталинге жазған хатының аяғы қатты болды. Бейсен айыпталып, ұзақ мерзімге кесіліп, айдалып кете барды… Марқұм абақтыдан босап, туған елінің қасиетті топырағына табаны тиген сəтте көзіне жас алып еді. Жаратқан иесіне жалбарынып, ризашылығын білдірген, шүкіршілігін айтқан. – Е, жаратқан, бергеніңе шүкір! Кешегі қанды қасап соғыстың қырғынынан да аман сау алып келіп едің, енді мына бір айдаудан да аман қайтардың. Ендігі бар сұрайтыным, өз елімнің топырағын бұйырта көр, – деп жалбарынған Жаббар иесінің қабыл еткен тілегімен Бейсеннің де беті жабылды. – Мынау арбаң баяғы колхоздан қалған жоқ па еді?! Ойпыр-ой, сонан бері қаншама заман өтті десейші?!. – Заман емес… қаншама адам өткенін айтсайшы! Өткен заманын көксеп отырған бүкір Əубəкірдің көмейіне бір ауыз осы сөзімен құм құйған Ахмет мұнан əрі жанында отырған оны елей де қоймады. Бірін-бірі жақтырмаған қалыптары əлден уақытта бүкір Əубəкір отырған орнынан қиралаңдап тұрды да, өз үйіне қарай бет алды. Тағы да өз ойымен өзі қалған Ахмет қора сыртында ұзақ отырды. Сағымдай мұнартқан елес күндердің ой қармағына іліккені де, сол баяғы Бейсен марқұмның əкесі жарықтық Сабырдың халық жауы болып айдалып кеткендігінің жайы еді. Бұл қасіреттің жай-жапсарын бір кісідей-ақ осы Ахметтің əкесі Байназар жақсы-ақ білген-ді. Сол бір қасыретті отызыншы жылдардың қырғынды нəубəтінің бірі аштықтан жан сақтау үшін Бурабайдың төңірегіндегі Степняк кен шахтасына алтын қазуға Байназармен бірге түскен Сабыр жарықтық дене сүйегі ірі біткен қарулы болатын. Əрдайым жарқылдап жүретін бала көңілі де бар. Аузын ашса көмейі көрінетін дейтіннің нағыз өзі! Не нəрсеге болса да сенгіш, аңқаулығы да молдау еді. Сол аңқаулығы ақыры келіп өз түбіне жеткенін де не қыларсың?! Қазақ даласын жайлаған ашаршылықтың зардаптарын жою ісінің орындалу жайын байқап, бақылау үшін Мəскеуден, орталықтан жіберілген партияның көп серкелерінің бірі Сергей Киров дегеніңнің осы
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Степняк кен орынында болғаны да бар. Абыройы аспандап, сол тұста ең ірі əрі ең төңкерісшіл ұйым – Ленинград обкомын басқарып тұрған сол Кировты Смольныйда атып өлтірген жағдай біртұтас Кеңес Одағын дүр сілкіндірген оқиға болды. Мұны да тап жауларының ісі деп даурықты. Ленин идеясына адал болып, сол Ленин деген көсемі құрып беріп кеткен большевиктер партиясының, оны басқарып отырған Сталин жолдастың төңірегіне тығыз топтаса түсейік, тап жауларынан сақ болайық, олардың əрбір əрекетіне тойтарыс беріп отырайық деген ұрандаған жиындар Кеңестер Одағының жер-жерінде өте бастады. Сондай бір тап жауларына қыр көрсету жиыны Кировтың қазақ даласында жүріп өткен жерінің бірі Степняк кен орнында да ұйымдастырылды. Тас қопару жағынан алдына жан салмай, еңбектің озаты, сол кездегі стахановшы дейтін атағы бар Сабырға сөз берілген-ді. Жарықтық сөзден тосылған жоқ. – Тап жаулары бізді қорқытып, үркітіп, қаншама қастандық жасағандығымен, біз советтің еңбекші жəне жұмысшы табының өкілдері олардан ешбір жасқанбаймыз! Өйткені, бізді басқарып отырған Ленин партиясы бар, көсеміміз Сталин жолдас бар, – деп Сабыр аптығын бір басып алды да, сөзін онан əрі жалғастырып əкетті. – Мен, стахановшы Сабыр Жалмұқанов тап жауларының Киров жолдасты атып өлтірген қарақшылық қастандықтарына өз ісіммен қарсы тұрамын. Мəселен, бүгін мен кен қазу жөніндегі өзімнің күндік нормамды бір жарым есеге асыра орындаймын. Ал, əгəрки, тап жаулары Сталин жолдасты атып кететін болса, сол күні менің бір өзім ғана екі норма беремін, – деп мінбеден түсті. Дүние шыр айналды… Кең дүниенің тарылып сала берерін де қайтерсіз?! «Берер жерін кең қылсын»,– дейтін қазақы тілеудің не қасиеті бар екендігін де осы арада ұғынар едің! «Тап жаулары Сталин жолдасты атып кетер болса, сол күні кен қазудың нормасын екі есе орындаймын»,– деген Сабыр мінбеге шығып, осы бір-екі ауыз сөзді айтқанға дейін мына жалпақ дүниені жалпағынан басып жүргендердің бірі еді. Еңбек озаты, стахановшы!.. Бəрің де Сабырдан үлгі алыңдар деген қызылды-жасылды үгіт парақшалары да көрнекі жерлердің тұс-тұсында ілулі тұратын. Сол Сабыр енді, міне, күнде тергелудің үстінде. НКВД-ның тар қапасында жатқан Сабырды сен күні кешегі еңбектің озаты едің-ау, стахановшы едің-ау деп есіркеп те, мүсіркеп те жатқан жан баласы болмады. «Сен оңбаған Сталин жолдасқа қарсы ұйымдастырылып жатқан қастандықты білетіннің бірісің! Ол қастандықты кімдер жасамақшы?!. Жаның барыңда айт!..Осы бір айт… айттың астына алынып тергелген Сабыр байғұс ақыр соңында Жапонның шпионы болып шыға келді. Сол айыппен айдалды. Сорлының сонан бергі тағдыры күні бүгінге дейін беймəлім… Дүние – мəңгілік беймəлім!.. Алдың – қараңғы!.. Күннің шығуымен оянып, кештің түсуімен сабыр табар күнбе-күнгі тіршіліктің жетегінде жүрер адам баласының барып тоқтар мекені ғана белгілі. Өзің мінген дүние қайығыңның түптің түбінде, бұйрықты күнің жеткенінде барып ажал атты өз аралына келіп тоқтары ғана мəлім. Соны ғана білесің… Жəне қашан келерін, қалай тоқтарын тағы да біле бермейсің. Бұл да бір беймəлім жай… Көңіл түкпірінде күмбірлеп жатқан осы бір ой
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев толқынымен отырған Ахмет қарт басын көтеріп, ауыл сыртындағы көз көрім жердегі қорым жаққа қарады. Ажалдың аралы болар бұл бəлкім?! Осы бір ой санасын тіліп өткені сол еді, о, тоба… қорымдағы əр қабыр көз алдына қайық болып елестей жөнелді. Жасаураған жанарын сүртіп, қайра бір анықтап қараса, əр ажалдының үстіне үйілген топырақ тап бір аударылып қалған қайықтай болып көріне берді көзіне. Е, шіркін, қазақтың дүниені жел қайық дегені бекер емес екен!.. Енді, менің де, сол қайығым осы бір қорымдағы сол өз ажал аралына барып аударылып қалуға жазсын деген іштей бір тілеуімен ой кешті. Туған жерінен бір уыс топырақ бұйыруын тəңірінен тілеп өтер қазақтың осы бір ниетінің өзінен оның адал бір көңілі мен ізгі жанын жəне де ғұлама ақылой санасын тани білуің керек. Ғұмыры таусылған пенде баласы өлгеннен кейін қай жерге көмілсе де… əйтеуір, бір бұйырар топырақ бар ғой! Ал, сол бір уыс топырағымды тек туған жерімнен ғана бұйырта көр деп осы біз несіне жалбарынамыз?! Ата-бабамыз білегінің күшімен, найзасының ұшымен, атының тұяғымен қорғап алып қалған осы бір ұлан байтақ өз жерінен жаратқан иесінен бір уыс топырақ бұйыруын ғана тілеп өткені солардың бойындағы осы жерге деген өзгеде жоқ ұлы сүйіспеншілігі болар бəлкім?! біле-білгенге, бұл жер жаратқанның осы жерге деген өзгеде жоқ ұлы сүйіспеншілігі үшін қазаққа тартқан ұлы сыйы да болар бəлкім?! Жер кіндігі Ұлытау, жер жəннаты Жетісу, жер шоқтығы Көкшетау деп сол тəңір сыйының қасиетін тани білген сол қазақтың да қасиетті халық екендігін аңдатар бұл бəлкім?! Ай-хай, шіркін, ой дегенің қайда барады мына! Қос жанары жасаурап, сырық сілтем жердегі қорымды əзер көріп тұрған Ахметтің мына ойы əлемге, оның қиыр шетіне иық артып, назар аударғандай ма қалай?! Е, көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе дегендейін, сол көңілдің бір ұшына байлап алған ой қоржыны да ескіріп, тозығы жетіп, тесілуге айналғаны ма? Əйтпесе, ой əлемі шар тарапқа шашырамас та еді ғой. Сол шашырай берген бір ойы мына маған да топырақ үй іргесіндегі осы бір қорымнан бұйырсын дегенді айтады. Қураған қалақайы мен қурайы бебеу қағып, ызыңдап тұрған осы бір ескі қорымнан топырақ бұйырмай кеткендер де аз емес қой. Көп олар… Соның бірі кешегі Степняк кен орнының стахановшысы Сабыр еді ғой. Онан кейін… иə, онан кейін мына ауыл қотанында бірге асыр салып ойнаған, бірге есейіп, ер жеткен азаматтардың біразына да бұл қорымнан топырақ бұйырмай кетті. Апыр-ай, ə, нешеу еді өздері?!. Құдай сақтасын, кешегі қанды соғыстан отызға тарта азамат оралмаған екен-ау! Ойлап отырса, майдан даласында оққа ұшып, сүйектері шашылып қалған солардың қазір міне, қотандағы да, қорымдағы да орындары бос тұр, əне! Жаратқанға не айтарсың?! Мың шүкіршілік! Ауыл шетінде Ахметтің үйі дейтін тапал тамы бар! Енді құдай бұйыртса, анау қорымда топырақ болып үйіліп жатар төмпешік ордасы да болады мұның. Ана құрсағынан басталар адам баласы ғұмырының өлшемі тал бесік пен жер бесіктің аралығы ғана екенау! Қысқа ма, ұзақ па бұл?! Ғұмырың қысқа болды не, ұзақ болды не, жарық дүниеге шыр етіп келгеннен соң адам баласы деп ат тағып, аттанған сапарыңда неге жылайсың, неге адасасың, неге күн сайын бақытты өмір сүре алмайсың?! Жолыңды кім бөгеп, кім кедергі болып
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев тұрған?! Адам баласы өзіне-өзі жасаған қастандық пен қысастықтан, бір-біріне атқан оқтан неге запа шегіп, қасірет тартып, неге ажал құшып, өлуі керек?! Не деп кетті мына ойы?! Ажалды адам баласының зауалынан зардап шегіп жатқан дүниенің бар жарасын жазайын деп пе едің?! Дүние жарасының емі жоқ енді! Адал асы мен харам асы араласып кеткен ендігі дүниенің іріңді жарасын жуып, шайып, тазартып, жазып алар күш бір Алланың ғана қолында қалды. Əне… мəңгі мұздықтар да біртіндеп еріп жатыр!.. Соғыста бірі опат болған, бірі хабарсыз кетіп, мына ауыл қотанында не үйі, ана қорымда не қабырі жоқ ауылдас сол замандастарын ел іргесіндегі Тайынша стансасына тасыған да, майданға жөнелтіскен де осы бір шашылып жатқан мына көк арба болатын. Соғыс басталды деген хабар жеткен күннің ертесінде-ақ, əскери комиссариаттан шақырту алған он шақты азаматты тұтас ел болып, жылап-сықтап Құсмұрынның төбесіне дейін жаяулап-жалпылап шығарып салған еді. Жылаған əйел, жылаған бала!.. Дүние де ыңырсып кеткендей болып еді сол бір заматта. Қырғынды соғыс басталар жылдың алдында ел шаруасы түзеліп, халқының қарны тойына бастаған күндердің де туғаны болған. Сол шалқыған шатқаяқ тұрмыстың желігін баса алмаған елдің кейбір келінсымақтары ауыл үйді аралап, ұршықтарын көшеде жүре иіретін жаман бір ырым бастаған-ды. Ел ішінде өз байларын менсінбей, тастап кетіп, өзге біреуге тиіп алған бұрын-соңды көз көрмеген, құлақ естімеген де бірен-сараң жайлар да болған еді. Келіндерінің осы бір өрескел қылықтарын əуелден ұната қоймаған ауылдың тақуа қарты Есім шал Құсмұрынның төбесіне тоқтаған арбадан жайлап түсіп, соғысқа кетіп бара жатқан ер азаматтардың бəрін де бауырына басып, маңдайларынан иіскеп, қоштаса бастады. Əлден уақытта, шұбырып келе жатқан топқа қарап, Есім қарт саңқ ете түсті. – Бай таңдаған, жай таңдаған, келіндерім, ұрықсат… ұрықсат! Ер азаматтарым, сендер аман оралыңдар! Е, жаратқан ием, мынау бір-бір үйдің арыстай азаматтары еді, аман сақтай көр,– деп беліндегі кісе белбеуін шешіп алып, мойнына салып, құбылаға қарап, қос қолын жайып тілек тілеген жарықтық Есім қарттың жанарынан саулаған көз жасы желмен діріл қаққан күміс сақалынан тарамданып, жерге тамып тұрды… Арбаға мінген азаматтар да ұзап, көзден ғайып болып кете барды!.. Енді, міне, бəрі де ғайып!.. Көзден де, көңілден де кетіп бара жатқан өміріңнің өзі біртіндеп шашылып, қалып барады. Қай жерде нең қалды, кімге не беріп кетерсің?!. Мынау сенің өзіңнен қалған дүние еді деп өз ұрпағың қолына ұстап жүрер бір нəрсе қалдырып кетіп бара жатырсың ба? Мынау арбаң ба?!. Өзіңнің көзің тірі отырғаныңда керексіз, жарамсыз болып қалған сол арбаңды қойып, сол арбаңның үстінде өткен өміріңнің де, өткеніңнің де қазір жан иесіне қажеті шамалы. Дүниеден қасиет қашқалы қай заман?! Тірегі мен тіреуі теңселген дүниеауи ойдың желі шайқаған жады мен есінің өткен өмір кезеңдерінен ұстап қалған жайларын ойға алған сайын көз алдына келіп жандана берер елестер Ахмет қарттың қос жанарын да жасаурата беретіні бар. Өткен өміріңнің өтеуі жоқ енді! Жеткен жерің де осы болар, бəлкім?! Жалқы келген жалпақ дүниенің дəл ортасында шошайып жалғыз өзі
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев отыр. Көз алдында манадан бері көлбеңдеп жүріп алған жалғыз көбелегі – немересі Əділі болса, ол да мына тап өзіндей қаусаған арбасының темірін теріп алып, ақша табам деп əбігерге түсіп жүр. Дүниенің көкірегін ақша деген бір пəлекет тесіп бара жатқан мына заманда, сол ақшаны табам деп бесіктен белі енді шыққан бала да неге зарламасын, неге зырылдамасын?! Зар заманның тарыншылығы да бар болар деуші еді баяғылар. Келді сол тарыншылық! Дүниенің сол тарыншылықтан қауызы қуырылып бара жатса, ол да адам баласының ниетінің тарылғандығынан! Алып жатса да жетпейтін, асап, жеп жатса да жетпейтін дүниенің ешбір жазығы жоқ. Адам баласының өзін-өзі бай сезінуі үшін бəлкім, үш-ақ нəрсе – ынсап, тəубə, шүкіршілік қана қажеттігін ұғынады көңіл шіркін! Кімге айтар бұл ойын?! Біреу-міреуге осыны айта қалса, сол байлығыңның үшеуін де өз басыңа езіп жақ та, жайыңа отыр алжыған шал десе, не етер?! Үндеме! Адам баласы ендігі өз зауалы мен өз ажалын да өз ақшасына өзі сатып ала бастаған өз ақымақтығын өзі ұғынар өзекті жан қалмай барады. Өкініші де осы, міне! – Ата, ассалаумағалейкүм! Шым қораңның сыртында күнге қақталып əлі отырмысың?! Ойы үркіп, бойы селк ете түскен қарт басын көтеріп алып еді, ентелеп, төніп ат үстінде теңселіп отырған осы ауылдың жылқышысы Манатты көрді. – Шырағым-ау, түс болмай жатып тағы да ішіп алып, мас болғаның не? – Мен бе… мен бе мас?! Айтақ шал, – деп ат үстінде шайқалған Манат өрекпи сөйледі. – Ата, деймін… енді қайт дейсіз? Осы ауылдың күн де бір биесі құлындап, күнде көтен жеймін! Күнде көтен!.. – Шырағым-ау, сол көтенді күнде жегенің жақсы-ау! Сол көтенге күнде саған арақ құйып бере ме солар?! – Береді… береді, ата! – деді Манат ықылық атқан күйі. Қары қалың, аязы қатты болатын Арқа елінде суық түсе бастаған қараша мен желтоқсан айларының аралығында, туар жылға жеткізбей, əр үй өздерінің қысқы азығы ретінде соғымға бір-бір семіз жылқы сойып алар жақсы бір дəстүрі бар. Қыс бойы əр үй сол соғымының етінен өз ауылдастарына, ағайын-туыс, құда-жекжаттарына ауыз тигізу үшін бірінен соң бірін қонаққа шақырып, ел іші бір ырғап-жырғап қалатын. Ал енді, сойылған малдың майлы көтеншегін əр үй жылқышының сыбағасы деп сақтайды. Жазға салым жылқыда жүрген биелері аман-сау құлындайтын болса, жаңағы сары майдай сақтап келген көтеншекке тағы да бір тəуір мүшелі ет қосып, соларды асып, жылқышыны арнайы шақырып, қонақ қылады. Ат үстіндегі Манаттың көтен желігінің бар сыры осы болатын. – Осы біздің үйдің боз биесі былтырдан бері құлындамай қойды ғой, – деді Ахмет басын көтеріп. – Боз биені де құлындатамыз, ата! Сол да сөз болып па?! – Сол боз бие тағы да қысыр қалды деп едің, енді оны қалай құлындатпақсың? – Міне, – деді Манат қойнындағы бір бөтелке арақты көрсетіп. – Мынау болса…қысырың да құлындайды! – Білем… білем сендердің қысырды да қалай құлындатып жүргендеріңді, – деп ытырына қалған қарттың өзін де, сөзін де жақтырмай қалғанын сезген Манат атының басын бұрып, жылыстай берді.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев – Е, бұл шіркіндер, өздерін де жылқы бағып жүрмін, жылқышымын дейді-ау! Жылқышы деген аттан садаға кеткірлер! Қарттың ендігі ойы бүкіл даланы басына көтеріп, əлеулетіп əн салып кетіп бара жатқан Манатпен болды. – Оу, бұл шіркіндерде ар-ұят болсайшы! Осы бір ауыл қотанында қалған аз ғана жылқыны бағып жарытып жатқандары да шамалы осылардың! Маңайдағы егінге түсіп, соны отап, басып, таптап тастайды деп бар жылқыны іңір түсе темір шарбаққа таң атқанша қамайды да тастайды. Сонан жылқы дегенің күзге арып-ашып жетеді де, көбі қар түскенге дейін ет жинап ала алмай, қыстың басында-ақ көтеремнің ар жақ-бер жағы болып қолға қарайды. Ең аяғы жылқының да өрісі тарылып барады. – Ақымызды төлеп тұрамыз. Жаз айында еркін жайылып, семіретін жылқы малын неге қамап тастайсың? – деп талай бір айтып көріп еді, əлгі Манатың: – Ал, енді, жылқыларыңды өздерің бағыңдар, – деп үйіне барып жатып алатынды да шығарды. Осы ауылда өзінен басқа атқа мініп, жылқы баға алатын еркек кіндікті жоқ екендігін, ол да біліп алған. Темір шарбақта екі-үш күн бағусыз, қараусыз қамалып тұрған аш жылқы бірінің құйрығын бірі шайнауға айналған шақта ауыл үлкендері Манатқа келеді. – Шырағым, ана жылқыға обал болды! Есің бар азаматсың ғой, ашуыңды таста да, жылқыға шық! – Немене, осы ауылда менен басқа жылқы бағатын өзге жан иесі жоқ па? – Шырағым-ау, болмай тұр ғой, болмай тұр! Нансаң, дəл өзіңдей малды танитын да ешкім жоқ.. Манатқа керегі де осы! Бүкіл ауыл болып, енді Манатқа жалынады. Ол жатып алып, бұлданады. – Осы ел өздерің ғой, малды тып-тыныш бағып жүрсем… анау деп, мынау деп түртпектеп, шыдайтпайсыңдар!.. – Ой, шырағым, қойшы енді, жаздық, жаңылдық! Айып бізден! Бар, ана жылқыға ие бол! Обал болды, бірнеше күннен бері қамауда тұр! Өзінің алдына келіп, құрақ ұшып тұрған елдің осы бір бас көтерерлеріне əккі Манат енді өз шартын да қоя бастайды. – Жарайды, болмадыңдар ғой, шығайын жылқыға! – Ой, айналайын-ай!.. – Тек бір шартым бар, мына бензин, сəлəркə дегенің ай сайын қымбаттап жатыр. Ал, əр үйдің мал басына беретін ақыларың бір жылдан бері өскен жоқ. Жылқы басының бағасын өсіремін…?! – Ау, неге үндемей қалдыңдар? Қымбатсынып тұрсаңдар, онда осы қазіргі бағаға жылқы бағатын өзге біреуді тауып алыңдар. Əрбіріңнің пенсияңа биыл тағы да бес жүз теңге қосылды емес пе?! Бұл арада Манатқа қарсы дау айтуға болмайтынын біледі бұлар. Былтыр бір ауыздарының күйгендері де болды. Онда да дəл осылай Манатпен тағы да жылқы бағу жөнінде келісім жүргізіліп, ол енді иіліп, ыңғайға көне бастағаны сол еді, жоқ жерден дау шықсын. Мəселе тағы да əр мал иесінің əр малына ай сайын төлеп тұратын ақыға келіп тірелгенде барып, шалдардың бірі аузын бақпай: – Өй, сенің бұл не қылғаның? Бағаны жылына екі рет өсіретін болдың ғой. Мына іргедегі көрші ауылдың бірде-бірінде дəл біздікіндей баға жоқ. Сені əбден құтыртып, басымызға шығарып алдық-ау осы?! – Онда сен өз жылқыңды сол арзанға бағатын көрші
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев ауылға апарып қос, солардың жылқышысы бақсын! Ал, мен өз басым жылқыларыңды қазіргі арзан бағаға бақпаймын! Бензин ай сайын қымбаттап жатқанда, мен неге өз еңбегімнің ақысын өсірмеймін? Бағаны өсіремін десем болды, бəріңнің өре түрегелгендерің не осы?!. – Əй, бақпасаң бақпа, сол жылқыны! Бензиннің қымбаттап жатқандығының жылқыға не қатысы бар? Немене, жылқы қайырып жүрген құла атыңның құйрығына күн сайын сатып алып, бензин құюшы ма едің?!. – Өздерің біліңдер! Малдарыңа ие болатын басқа бір жылқышы тауып алып, баққызыңдар, – деп Манат үйіне кіріп алып, малға шықпай сол жолы мол жатсын. Қамауда тұрған аш жылқының жаңа туған төлі, арық-тұрағы толарсақтан батпаққа батып, жығылуға айналғанда барып: – Манат-ау, шырағым-ау, ана малға обал болды ғой енді! Жылқыға шықшы! Өзің ие бол! Сенен басқа құрық ұстар лайықты адам жоқ осы ауылда, – деп ауылдың кəрі-жасы тағы да жалынып, тағы да алдына келсін. Ұзақты күн үйінде жатып өзінің де іші пысуға айналғаны бар Манат та үндеместен құла атын ерттеп, жылқыға қарай беттеген. Мұны көріп ауылдың бар адамдары өздерінің үстерінен ауыр бір жүк түскендей болып жеңілденіп қалатын. Жыл ішінде екі-үш қайра қайталанып жататын осы бір жайлар есіне түсіп еді, Ахмет сəл жымиып, езу тартқандай болды. – Боқмұрын!, – деді көз алдынан ұзап барып ғайып болып бара жатқан Манаттың ту сыртынан. – Елдің ендігі күні тап саған қарап қалғаннан кейін бұл жаратқанға не айтарсың?! Е, айтпақшы, мына шашылып жатқан көк арбаны іске жаратып, ең соңғы рет шаруаға мінген де осы Манаттың əкесі Кəкім еді жарықтық! Шаруашылықтың қорасындағы мыңдаған ортақ малдың еті мен сүті жетпей жатқандай, ана бір жылдары ауылдық совет арнайы кісі шығарып, ақысын төлеп, əр үйден сүт жинатып алатын болған. Сол шаруаға арба қажет болып, ол дегенің бүкіл шаруашылықтан табылмай, Ахметтің осы арбасын атқа мінерлердің өздері келіп, сұрап алған-ды. Жаз бойы сүт жинаушы Кəкім осы арбаның қызығын көретін. Осы ауылдағылар өрістен қайтқан сиырларының кешкі жəне таңғы сауын сүттерін жинап қояды да, соны алып кету үшін əр үйдің алдына осы көк арбамен ертеңгілігіне келіп тұрар Кəкімге өлшеп, қаттап-шоттап, өткізіп тұратын. Жəне де сол өткізген сүттерінің мөлшері мен майлы-маңыздылығына орай ай сайын əжептəуір деуге тұрарлық ақы да алып, соған бар жұрт мəре-сəре болып жататын. Дайындаушыға өткізген сүтінің майлылығы неғұрлым жоғары болса, оның бағасы құрғыр да жоғары көтеріледі екен. Алайда, орталыққа өзгелермен бірдей жаз бойы сүт өткізген ауылдың бір ғана үйінің сүті маңыздылығы жағына келгенде көк сүтпен парапар шығып жүрді. Осы ауылда ұзақ жылдар бойы бірі мектептің директоры, бірі сол мектептің мұғалімі болып жүрген ерлі-зайыпты Хамит пен Айманның ғана сиырларының сүтінің сүт жинаушы Кəкімнің бағалауы бойынша майлылығы екі де үш пайыздан аспай қойғаны бар. Бұлар осы ауыл үйдегі абыройлы, ұятты дейтін жандардың бірі. Кейбір пысықайлардай сүтке су қосып өткізу дегенің жоқ бұларда. – Қой, жағдайды білейік, біздің үйдің сүтінің тым осыншалықты сұйылып кеткені несі? – деген оймен Хамит пен Айман екеулеп,
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев тəңертенгілік сүт жинап жүрген Кəкімнің алдынан шықсын. – Кəкесі-ау, осы біздің үйдің сүтінің майлығы екіүш пайыздан аспай қойғаны несі? Сауып отырған сиырларымыздың сүті маңызды деп ойлаушы едік, – деп Хамит сөз бастасын. – Ə, Хаке, ол солай болады! Сендер мектепте оқып жүргенде менің жан дегенде жалғызым Манатқа əр пəннен қойған бағаларың да екі мен үштен аспаушы еді ғой! Міне, дүние кезек дегенің осы болады, – деп Кəкім жауаптан тосылмай, қарқылдап, күлсін-ай келіп. – Ойбай-ау, сүттің майлығы екі де үш пайыз дегенің, ол енді көк сүтпен пара-пар ғой! Күмілжіп қалған Хамиттің мұнан басқа уəж айтуға дəті шыдамай, теріс айнала берді. – Хаке, не қыл дейсіз енді, дүние кезек дегенің осы болады! Тағы да қарқылдай күлген Кəкімнің сөзі мектеп директорының құлағына еміс-еміс қана естілді. Енді, міне, сегіз жылдық мектепті екі мен үшке əзер бітірген сол Манат та осы елдің жылқысын да көтерем етіп, халқын да əуре-сарасаңға салып жүр. Жайлауынан жылқысы, желісінен құлынды биесі, сабасынан қымызы кетіп көрмеген жəне де жаратып, жүйрік ұстаған ауылдың қара домалақ балалары бəйге аттарының басына шабуға таласып жатар сол кездегі Аралағаш ауылының қолында ұстап отырған ендігі азмұз қыл құйрығы мен солардың иелерінің тағдыры енді келін маскүнем жылқышы Манаттың қолында қалған соң, кімге не айтарсың, не қылар амалың бар?! Ой-хой, шіркін, алтай қыста азбан айғыр мініп, даланың не бір дүлей боранынан ықпай жылқы бағатын баяғы жарықтық Аяп пен Құлтандардай мал иесі енді қайдан болсын?! Семіздің жал-жаясына, жұмсағына əбден тойып барып, құрт-көженің үлкен ағаш аяқпен бір-екеуін тастап алып, екі беттері нарттай қызарып, булары бұрқырап, ат үстінде қаққан қазықтай болып отырар оларды даланың тап бір қас батырындай сезінуші еді ел іші. Əне… ендігінің жылқышысының түрін қара! Ат үстінде шайқалып барады. Жылқышының қара қосының қасиеті болады деуші еді! Бұл ауылдың қара қосынан да сол қасиеттің үркіп, безіп кеткені де қашан?! Шошынды ғой деймін! Бір замандарда… даланың жазылмаған заңы бойынша қара қостың есігін ит-құс кіріп кетпесін деп, ала жіппен жай ғана байлай салатын. Ен далада жүріп, жолыңдағы қара қосқа кезіктің бе, бисмиллахиіңді айт та, қара қостың ішіндегі ас-судан тойғаныңша іш, же, алайда, еш нəрсесіне тиісуші болма, алма, бүлдірме! Бұл дала осы бір ұлы заңмен өмір сүретін! Сол далаға түрен саламыз деп ұрандап, тың жерін игереміз деп жалаңдап, өздерін «целиншиктерміз» деп кеуде қаққандар бұл араға егін егеміз деп қазақтың қасиетті бір қара қосын бір түнде талқандап, қиратып, өрттеп жіберді. Жарықтық, қасиетті қара қос жылқышыға пана болса, жылқы малына қарайған ес болушы еді. Көзге түрткісіз қараңғы түн құшағындағы даланың ит-құсынан үркіп, дүркірей жөнелер жылқыға қостың есігін ашып қойып, қиқу салсаң болды, жануар жылқы малы есті ғой, қосты айнала иіріле қалатын. Осы елдің бар жылқысының құты болып жүрген боз айғыр қызыл отқа оранып, жалыны аспанға шығып, өрттеніп жатқан қосты айнала шапқыласын-ай келіп!.. Жануардың шұрқыраған даусы түн түндігін тіліп өтіп, айға да жетті ме деймін! Жер
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев бетіндегі тағы бір сұмдық істі, боз айғырдың боздай шыңғырғанын көріп, естігісі келмеген жарықтық ай да, жел қуған бұлтқа барып жүзін жасыра берді. Боз айғыр əп-сəтте түгі қалмай жанып кеткен қара қостың орнында қалған қара шала шоқты жер тарпып тұрып иіскеді де, əлден соң… түнгі даланың тылсым тыныштығын тілгілеп, жан аярлық кісінеген қалпы шошынып… үркіп… үйіріле қалған жылқыға қарай шауып бара жатты. Көп ұзамай жануар, сол боз айғыр да мертігіп өлді… Адамына қарап құбылып тұрған мына заманыңның құрдымға кетер тұсы ма екен бұл?! Не нəрсенің болсын құты қашып, берекесі кетіп бара жатқаны несі?! Азбайтын ақыл деуші еді, адам баласына оның да серік боларлық қауқары қалмай барады. Қулығына құрық бойламайтындар мен қу құлқынына жердің үстін қойып, соған қоса оның астының да байлығы жұқ болмай бара жатқан ашқарақтар мекендеп отырған мына əлем солардың аранына түсіп, жұтылып кетер ме екен, қайтер екен осы?!. Осы бір үрей мен қорқыныш билеген бойын жазып, қора сыртында ұзақ отырған Ахмет шал орнынан тұрып, сырғи басып үйінің босағасын аттағаны сол еді, шəйпау келінінің шаптығып, Əділіне зекіріп жатқандығын естіді де өзіне де тілі тиіп кетер деп қаймығып, босағадан əрі аттай алмай, бүгжеңдеген қалпы тұрып қалды. – Өй, жүгірмек, немене, сол қаусаған шалға бола, ақша жұмсап, андағы шəугімді несіне алдың ей, ə?!. – Атама керек… дəрет алуға керек бұл шəугім! Өзім тапқан ақшаға алдым мұны! Осы сендер көрмей отырсыңдар ма, атам көптен бері бөтелкемен дəрет алып жүрген жоқ па?! – Өй, жүгірмек неме, бөтелкемен дəрет алып жүрсе, сол қақпасқа бірдеме болып қалушы ма еді, ей?! Осы елдің айына бір адам өліп жатады, сол өлім осы біздің қақпасқа да келмейді екен?! – Айтпа олай! Менің атам өлмейді… өлмейді ол! Бала жүрегін өз анасының суық сөзі қарып түсіп, шыр-пыры шыққан Əділ əлден уақытта жылап жіберді. – Өлмейді… өлмейді менің атам! – деп егілген сəби көңілінің осы бір ауыз сөзін қайра-қайра қайталай берген Əділінің періште ойы Ахмет қарттың жанжүйесін босатып жіберді. – Е, жасаған ием! – деді кемсеңдеп.– Тəуба… тəуба!.. Мен… мен-ақ өлейін енді! Сен… сен аман бол, құлыным!.. Қатыгез дүниенің ызғарлы тіршілігінің жар жағасында тұрған қарт жанары жасаурай берді.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев СОҢҒЫ ТҰЯҚ Біраздан бері ат ізін салмай кеткен туған ауылынан хат алған күні Тельман Ерденовичтің қуанышында шек болмады. Оқушының торкөз дəптерінің бір парағына жазылған хат жолдарын қайра-қайра оқи берді. Ауылдастарының мына жазғандары жанын бір рахат сезімге бөлеп, жүрегін қозғап кетті. Өз үйіне өзі сыймауға айналды. Осыдан екі-үш жыл бұрын ғана салғызып, кіріп алған кең сарайдай үйінің дəл ортасындағы дəлізде тұрған қара былғарымен қапталған жұмсақ креслоға отырып, қолындағы хатты тағы бір асықпай оқуға кірісті. «Құрметті Тельман Ерденович», – деп басталған хатта мұның елге сіңірген еңбегін жерлестері əбден білетіндігін, бұл Аралағаш ауылынан шыққан тұңғыш обком хатшысы, қазір белгілі бизнесмен болып отырғандығын мақтаныш ететіндігін айтыпты. Əп бəлем-ай мені де бұлар мойындаған екен-ау деген бір ой көңіл түпкірінен қылаң бергені де анық. Сол масайраған қалпымен орнынан тұрып, балконға шықты. Көкше таудың етегін шайып жатқан Қопа көлінің айнадай жарқырап жатқан шексіз-шетсіз айдынынан ескен ерке самал да оны осы бір қуанышымен құттықтағандай болып, қызуы мол еріндерімен өбіп алғандай, екі беті алаулап жүре берді. Көз ұшында тұрған анау Бұқпа тау, сыбдырлаған сырлы үні құлағына жетіп жатқан мына Қопа көлінің тұнжыраған қоңырқай қалпы ғана ішкі жан дүниесімен үйлеспейтіндігін енді аңдаған сынды. Тельман Ерденовичтің қуаныштан жан дүниесінің астан-кестені шығып жатқан осынау бір айшықты сəтінде Бұқпа тау жасыл желегімен неге желпінбейді? Қопа көлдің дір-дір етіп жатқан үркек айдынында ақ шабақтар неге шоршып ойнамайды? Бұл екеуі неге қуанбайды, неге, неге?!. Қазіргі адам баласының бар қуанышы байлығында қалғандығын, бауырына жастанып, аяғына басып жатқан сол байлық атаулының бəрін де солар табиғат аналарынан аяусыз талап алып жатқандығын біле берер ме екен?!. Сол адам баласы тонамаса мына Бұқпа таудың қойнын тесіп қопарғыш дəрі салып жарып алып жатқан тас үгінділерінің етегінен əріререк барып, біріменбірі жымдасып, жалғасып кете беретін Имантау мен Сандықтаудың ұшар басынан төмендегі кең алабына дейін біткен көк қарағай қайда кеткен?! Тельман Ерденовичтің санасын осы бір ойдың жалыны шарпып өткені мұң екен, дөңгелек жүзі алаулап жүре берді. Өзі-өзінен тынысы тарылғандай болып кетті. Ас үйдегі дəрісін ішуге беттеген Тельманның аяғының астындағы еден тақтайлары басқан сайын сықырлап, мұның қадамын ауырсынғандай еді. Таудан кескізіп алғызған көк қарағайды төрт қырлата салғызған үш қабатты мына үйдің едені бұрын-соңды бұлайша сықырламаушы еді ғой… Орманды отау, орманды өрттеу соңғы бірер жылдың аясында жиілеп те кетті. Ит тұмсығы өтпейтін қалың жынысты көк орманға біреулер əдейлеп те от салады деп жүр. Өйткені сол от шалған орманның ағашын кесіп алу əрі оңай, əрі арзанға
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев түсетін көрінеді. Сау орманды ешкімнің де отатпасы анық. Аңдыған қорықшы, бақылап жүрген орманшы атаулы алғызар емес. Ормандағы ағаштың өзін мол табыс табудың көзіне айналдырып алған əккілер сол өртті де өздері салатын болған. Көкейлерін көк ақша тескендар көк желектің, онан қалды сол орманды мекен етіп жүрген жүгірген аң мен ұшқан құстың да обал-сауабынан сескенуді қойып алған. Қызыл жалын бұтағы мен қабығын ғана шарпыған қарағайды тезірек кесіп алуына орманшылардың өздері-ақ асығады енді. Жапырақ жансыз қалған ағашқа құрт түседі екен де, ол індет сияқты тез жайылып кететін көрінеді. Бұған жол бермеудің бір ғана жолы – орманды отау керек. Сол кезде Қап тауының баурайынан келгендер қаптайды-ай келіп. Өктем сөйлеп, ширақ қимылдап, қаладан алып келген орман отаушылардың қолдарына бір-бірден моторлы ара ұстатып көк қарағайды аяусыз сұлатады. Сол қарағайларды тиеп алған ауыр «КамАЗ» автомашиналар керуенін бүкіл қазақ даласының жолдарынан жолықтырар едің. Туған елінен алған хаттағы жалынды əрі жан тебірентерлік жылы сөздерінің əсерінен əлі де айыға алмай жүрген Тельман енді аяғының астындағы еден тақтайларының сықырлаған үнінен шошынуға да айналды. Ұзақ жылдар басшы қызметінде жүрген шағында Мұса дейтін шешен жігітіне талай бір қамқорлығын жасап еді. Қар түсе қазақ ауылдарының жылқысын ұрлап, бірінікін біріне сатып, соны кəсіпке айналдырған Мұса ана бір жылдары қолға түсіп, абақтыға қамалып, сотталайын деп жатқан жерінен өзінің аман алып та қалғаны бар. – Ой, аға, – деген таза қазақ тілінде сөйлейтін Мұса бір кеште Тельманның үйіне келіп. – Мына жақсылығыңыз Алладан қайтсын. Жаным тірі болса мен де қайтарармын бір. Қазақтан оңды, қазақтан асыл халық жоқ деген сол жолы Мұса көңілденіп отырып. – Атаңа нəлет Сталин менің аталарымды ақпанның ақ бораны соғып тұрған қыс ішінде осы қазақ даласына əкеліп шашып тастаған жоқ па еді?!. Талайы үсіп өліп, қардың астында қалды ғой. Біздің атайды бір қазақтың шалы үсікке ұрынған жерінен үйіне алып келіп жылытып, есін жинатып, қыстатып, өлімнен алып қалса, енді міне Сіз де мені бір өлімнен алып қалып отырсыз. Мұсаның мына бір сөзінен Тельман өзінің ірілігін танығандай болып, əсерленіп, көңілі өсіп қалды. Кеңк-кеңк күліп: – Мұсеке жарадың, жарадың! Несі бар, менің өзіңе жасаған жақсылығымды Алла да қайтара жатар, өзің де ұмытып кетіп жүрме, – деген. – Ағасы, о не дегеніңіз! Ұмытпаймын, ұмытпаймын, – дей жүріп Мұса «жеңгеме деп» əкелген асыл тасты жүзігін тастап, Алласына да, ағасына да уəдесін беріп кете берген. Обалы нешік, сол Мұса Алласын ұмытқан, ұмытпағанын бір өзі біледі, бірақ ағасын ұмыта қойған жоқ. Соңғы бір-екі қыста ғана көрінбей кеткені болмаса ағамның сыбағасы деп жыл сайын бір жылқысын сойып əкеліп беріп тұрды. Сонан өткен күзде Мұсаның тағы да пайда бола кеткені бар. Тельманның Алматыдағы үлкен ұлы үлкен бір бастықтың көмекшісі болып орналасқандығын естіп, соған қуанып, шын ниетімен келіпті. – Əй, Мұса сен өзің біраздан бері көрінбей кетіп едің, амансың ба? – деген Тельман. Ағасының баяғы
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев жақсы көңілін сезген Мұса да сағынғандығын жасыра алмаған. Құшақтасып, төс қағыстырып, мəз-мəйрам күйге түскен. – Сенің осы хабарсыз кетуіңе қарағанда жылқыларың бітіп қалған-ау деймін?.. Ағасының əзіл де болса бұл сауалының түптөркінін түсіне қалған Мұса қу да: – Рас айтасыз, бірақ менің емес, анығында қазақтардың жылқысы азайып қалды. Сонан соң да ғой қазанға салар ештеме əкеліп бере алмай жүргенім, – деп қарқ-қарқ күліп алды. – Қойшы-ей, талай қырғын болса да қазақтың қолынан да, қотанынан да қылқұйрығы кеткен жоқ еді, ағаңды өзіңнің ұмытып кеткенің де бұл! – Алла сақтасын! ОллаҺи – биллаҺи, аға өзіңізді қалай ұмытармын!.. Мұса ағасын үнемі есінде ұстап жүргендігін айтып азар да безер болып, ақталып-ақ жатыр. Өзінің алдында құрақ ұшып, бəйек болып жатқан Мұсасының мына қылығына Тельман болса масайрап, марқайып қалып еді. Қой көздері күлімдеп, екі беті нарттай жанып, қалың еріндеріне жиналған күлкі табын жасыра алмай жымия берген. – Рас айтамын аға, қазақтардың жылқысы шынында да азайып қалды, – деп Мұса енді еркінси бастады. – Е не, қасқыр шауып жатыр ма оларға!.. – Қасқыр емес, жылқыға қазақтар шауып жатыр, аға! Екі бетін түк басқан шешен жігіттің əжім-əжім маңдайындағы қос жанарының өткір сəулесі жарқ етті де, екі иығы селкілдеп кеңк-кеңк етіп күліп тұрған Тельман ағасына қараған. – Аға, күлмеңіз бұған! Мұсаның қатқылдау шыққан үнінен секем алған Тельманның күлкісі ізім-ғайып жоғала қалды. – Күлмеңіз, аға! Ауылдағы қазақтардың малына да, жылқысына да қасқырдан бетер адамдардың шапқаны опат болды. Мұсаның айтқанындай бұл күлетін жəйт емес еді. Соңғы уақытта қазақ ауылдарындағы мал ұрлығының етек алғандығы соншалықты, жұрт енді мал ұстауға да қорқа бастады. Ана бір жылдары қала іргесіндегі бір ауылда тұратын жалғыз басты əйелді қарақшылар аяусыз өлтіріп, қорасындағы бар малын тиеп алып кеткені де бар. Осы оқиғадан кейін ауыл қазақтары қорасындағы малы ұрының қолында кеткенше онан да сатып құтылайын деген əрекетке көшті. Сатқанда да тұздығы татырлық баға болса бір сəрі еді-ау! Бір тоқтының құны таңертең кисең кешке жұлығы түсіп қалатын базардағы қытайлық етіктің нарқына да жетпейді ғой, шіркін! – Жылқы жарықтық азаймағанда қайтсын, – деген Мұса мысы басылып қалған ағасына. – Ойбай-ау – деді қызбалыққа салынып: – Бұрын осы сіз соғымға деп жылына бір-ақ рет жылқы сойып алмаушы ма едіңіз?.. – Иə, иə… – Ал, енді қараңыз, жылқының етін қазір сіз күн сайын жеп отырсыз ғой. Көкшетаудың базарындағы сөрелерде қысы-жазы қайысып та, қарайып та жататын жылқының мол етін бұрын-соңды қашан көріп едіңіз?!. Ауылды сорлатып малын тонап жатқан ұрылар да, жеп жатқан жемқорлар да өзге емес қазақтардың өздері… – Иə, иə… Манадан бері мына шешен жігітінің айтқандарын басын шұлғып мақұлдаудан басқа амалы қалмай
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев отырған Тельманның көңіліндегі манағы қуаныштың ошағындағы отына Мұсаның соңғы бір ауыз сөзі су сепкендей əсер етті. Тұла бойы мұздап сала берді. Қан қысымы көтеріліп кеткендіктен бе, əйтеуір тау жігітінің ендігі айтқандарының бірін естіп, бірін естімеген қалпы меңіреу күйге түсті. – Жылқы жарықтық азаймағанда қайтсын. Манағы ойын Мұса онан əрі жанығып жалғастырып жатыр. Оллаһи-биллаһи, еті тəтті екен деп былай жей берсеңіздер жылқыдан тұқым да қалмас. Қазақтар қазір кез-келген қонағына да, тойына да қыс болсын, жаз болсын жылқы соятынды шығарды. Барлық қазақ атаулы тап бір өзінің қорасынан жылқы алып сойып жеп жатқандай екілене сөйлеп тұрған Мұсаның мына айтуының да жаны бар. Бір ауыл келесі бір елдің жылқысын үйірімен айдап əкету əрекеті белең алды. Жерге алғашқы қар түссімен жылқыны шекара асырып, орыс қалаларына өткізіп жіберетіндер де кəнігіп алған əбден. Сонан да болар күш көлігі барлар қазір қысқы соғымдарын іргедегі ірі орыс қалаларының базарларынан сатып əкеліп жеп жатыр. Жыл бойы оңтүстік облыстың жидек-жемісін тасып солтүстіктің базарларына салып жатқандар да енді құр бос қайтпайтын болған.Олар да ауыр жүк машиналарына не көк қарағай, не жылқы малын тиеп алып, жылы жаққа апарып соларды саудалауды қолға алған. Ен даласынан тіс шұқырлық ши табыла қоймайтын шөлді аймақ үшін Көкшенің көк қарағайы да, ерте көктемнен бастап қара күзге дейін жап-жасыл болып жайқалып тұрар Көкшенің көк бетегесіне тойынған жылқы малының бал татыған еті де өтімді болуға айналғаны қашан. Сарыарқаның төскейіне ел ордасы Астана қаласы орныққалы да Көкшенің көк қарағайы мен қылқұйрығына да сұраныс көбейіп кетті. Қарағайдан үй салғызбаса тынысы тарылып ұйықтай алмайтын жəне Көкшенің семіз жылқысының жалжаясын жемесе ішкендері ас болмайтын қалталы шенеуніктер қаптағалы орманға да, малға да кесел тигендей болды. Алматыдан билігімен бірге көшіп келіп жатқандарға үйін салып береміз, асын тауып, қонағын күтіп аламыз деп жанығып та, жағынып та жүргендер жұтып жатыр бəрін де. Ауылдарды аралап жылқысын саудалап сатып алып жатқан астаналықтар көбейгелі баға дегенің де шарықтап шыға келді. Жылына бір келетін соғымы үшін мал сатып алып жеудің өзі де енді арманға айналып бара жатқандай… Байлығына масайрауға келгенде бірінің даңқын бірі көміп кете беретіндер қазір өздерінің не бір дəмнен сыңсыған дастархандарына Көкшенің жылқысының етін тартуды да мерей санайтын болған. Жарықтық қазанға салғаннан-ақ иісі бұрқырап шыға келетін семіздің бабымен піскен жал-жаясы мен қазысын кертіп жеп, ықылық атып отырған қонағына: – Биылғы соғымды да Көкшеден алғыздық, – деп бір айтып қалмаса беріп отырған асының берекесі кірмейтіндей лепіретін тоқ көңіл. – Ойбай-ау əлгі байсымақтарды айтамын, – деп Мұса онан əрі қызбаланған. – Еркек малдың етіне мұрындарын шүйіре қарайтындықтарын қайтерсің?!. Бəрінің де іздегендері еті дəмді келетін ұрғашы мал. Союға бəріне де байтал, бесті бие керек. Үйірдегі түсіп құлындайтын малды сойып жеп, жылқысын өсімсіз қалдырып жатқандықтарын қала қалталылары ойлап та жатқан емес.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Осының бəрін бір деммен мүдірмей жеткізген Мұса: – Қазақтардың қазір қатындары да, жылқысы да қысыр қалып жатыр, өсім жоқ – деп екі иығы селкілдеп, қою қара кірпіктерін жиі қағып, қарқылдап күліп алды. – Əй, əй… не деп кеттің осы сен, – деп манадан бері өзінің жан дүниесінің тыныштығын бұзған ауыр ойлардың салмағымен езіліп, есеңгіреп, меңіреу күйімен мəңгіріп отырған Тельман отырған орнынан тұра берген. – Сіз бұған намыстанбаңыз! «Айғыры жаман үйірді қасқыр алмаушы ма еді», – Тельман Ерденович! Бар қазақтың қазіргі күйін сол қазақтың осы бір мақалымен-ақ түйіп, өз тапқырлығына өзінен өзі масаттанып тұрған Мұса ішегі қатқанша күлсін-ай келіп. Көзінен аққан жасты қол орамалымен сүртіп жатып: – Ал, аға мен қайтайын енді. Жылқының осындай жыры көбейгесін ол кəсібімді тастағанмын əлдеқашан. Қазір ағаштан үй бұрап, соны сатумен айналысамын, қазіргі өте тиімді, өте ақшалы кəсіп бұл! Бұйырса сізді де мына тар үйде отырғызып қоймаспын. Қаланың ортасынан ойып тұрып орын алсаңыз болды, ағаштан жаңа бір үй тұрғызып беремін. Оның іші-сыртын бар ғой европалық үлгімен жасандырамын. Əлгі Алматыдағы інім де жоражолдастарымен келе қалса əкесінің хан сарайындай үйінде аунап-қунап жатуы керек қой… Мұсаның ағаштан жаңа бір үй тұрғызып беремін деген сөзін Тельман анық естіп еді. Күңгірлеп бітеліп қалған құлағы да ашылып, жаны да жадырап сала берді… * Аралағаш ауылының бас көтерер азаматтары əр жерде тұрып жатқан жерлестерінің бəрін де тізімдеп, бəрін де туған елдеріне шақырып жазған хаттарын аудан орталығанан почта арқылы жөнелткеннен кейін дайындыққа кірісіп те кеткен болатын. «Құлтөбенің басындағы күнде жиын» енді осы ауылдың көшесіне көшкен. Ауылдастарының басын қосу ісіне ұйтқы болып, сол істі ұйымдастырушылардың бірі -– Жанат еді. Ұзын бойлы, ат жақты Жəкеңнің қызыл шырайлы өңіне сəн беріп тұрған күміс сақалы мен қырау шалған басы болмаса жас шамасы пайғамбар жасы дейтін мөлшерден енді кетіп барады. Тельман екеуі бір жылдың төлдері, құрдастар. Екеуі мектепке де бірге барды, бірге оқыды. Қойшы əйтеуір бұл екеуінің бір елдің топырағынан жаралғандарынан бастап өмірлері де ортақ бір мүдде, асқақ арманмен жалғасқан-ды. Бейкүнə сəби күнгі сол адал арманың күйкі тіршіліктегі есеп бақастыққа барып ұласып жатса, бұл да қасірет екен. Ауылдағы сегіз жылдық мектепті аяқтаған күзде Тельман болса Көкшетаудағы интернатқа кетті де орта білім алуын онан əрі жалғастырды. Жанат болса Бурабай маңындағы Қатаркөл кентіндегі ежелгі оқу орнының бірі – мал мамандарын даярлап шығаратын техникумға түсті. Жанат та Көкшетауға барғысы келген, Тельман досынан ажырағысы жоқ-ты. – Балам, деген бір күні əкесі. – Көзімнің тірісінде бір мамандық алып ал. Бір əулеттен мен жалғызбын, менен сен ғана өсіп отырсың. Сен менің балам ғана емессің, арқа сүйеп жүрген ағам да сенсің, тірек етіп жүрген інім де сенсің…
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Үнсіз қалған əке жанарына қарап еді, қою қара қасты қабағын түйіп алған қалпы, кеудесі көріктей көтеріліп барып ауыр демін алды. Қашан болсын жатаған там үйдің төрінде жасаулы тұратын шағын дастархан басына отырып, ауқаттанып алғаннан кейін сол араға қисая кетіп, біраз жатып тынығатын. Арқат қарияның күрсінетін күйі бір бүгін емес еді. Есін біліп, етегін жапқалы күрсініп, күйініп келеді. Кедейкепшікті жарылқаймыз деп атқа қонған шолақ белсенді коммунистерден-ақ теперіш көріп бақты. Кеңес үкіметі орнаған кезеңде əкесі Жаңабатыр қажының мал-мүлкі кəмпескеге бір түссе, өзін жер аударды. Əйтеуір, бір зобалаң күн туғанын іші сезген қажы бір түнде балашағасын алып, Омбы жаққа өтіп кетіп, жан сауғалады. Қажыға топырақ та сол арада бұйырды. Жарықтық соңғы аманатын берер шақта зіңгіттей бес ұлын жанына отырғызып қойып, өсиет айтқан. – Мен не көрсем де бір Алланың жазуымен болды – деген бір ауыз сөзін үзіп-үзіп айтқан қажы демін бір алып, айтар аманатын онан əрі сабақтаған. – Қандай заман болса да адам баласынан ешнəрсе сұраушы болмаңдар, бəрін де бір Алладан сұраңдар, - деген қажы өз өсиетінде. – Жарылқаймын десе бір Алла ғана жарылқайды. Менің əулетіме өтірік, өсек, ұрлық, арамдық жақпайды. Осыдан аулақ болыңдар. Мұнан кейін қажы өз ұлдарына туған жерін аманаттаған. «Түптің түбінде заман түзелер» – деген жарықтық. Сондай күн туа қалса елге қайтыңдар. Ұрпағының болашағына алаңдаған көңілінің күйігі өзегін ыстық жалынмен өрттеп жатқанына қарамастан қажы сабырлы сөйлеп бақты. Əзірге елге қайту ертерек екендігін, қазір ол жақта кеңес үкіметінің жауларын іздеп табу науқаны жүріп жатқанын, əкесі баласын, баласы əкесін жау етіп көрсетіп, ағайын болып жауласып, жанығып жүргендіктерін күрсіне айтқан. – Сендерді де жау етіп көрсетіп айдаттырып жіберулері əбден кəдік. Заман-ай… бай болғанымды да, қажылығымды да енді сендерге көз түрткі қылар. Бəріне де шыдаңдар, көніңдер, қарақтарым!.. Мен өз ұрпағым сендерді аман сақтап қалудың қамымен туған жерімнен кетуге, қашқын атануға мəжбүр болдым. Енді сендер де өз ұрпақтарыңның кіндігін үзіп алмауды ойлаңдар… Қажының осы бір соңғы өсиетін балалары өксіктерін баса алмай тыңдап еді… Заман-ай!.. Ыдыс-аяғы жиналмаған дастархан жанында шалқасынан түсіп, демін алып жатқан Арқат шал да қажы əкесінің осы бір ауыз сөзін күрсіне есіне алды. Өз заманының қатты бір иіріміне тап келді ме, кешегі əке аманатын бірге отырып, бірге тыңдаған сол бір бес ұлдан сопайып бір өзі ғана қалды. Кеңестер мен фашистер арасындағы бес жылға жуық созылған соғыс жалмап кетті бұларды. Майдан даласынан оралмаған бауырларын орыс жеріндегі əке шаңырағында отырып ұзақ тосты. Əскери комиссариаттарға сұрау салғанымен, бəрінің берген жауабы, хабарсыз кетті дегеннен аса алмады. Туған еліне көшіп кетсе, соғысқа кеткен бауырлары келіп қалып, əке шаңырағының орнын сипап қалар деген оймен ұзақ жыл бөгеле берді, тəтті бір үмітпен өмір сүрді. Жаралы көңіліндегі көп үміттің бірі – жалғыз ұлы Жанаты еді. Бəйбішесі Асылтас дүниеге əкелген сегіз баланың жетеуі жер қойнында қалды. Бірінен соң бірі шетіней берген соң осы Жанатын туа салысымен қажы əкесінің қолда қалған тымағына салып,
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев керегеге ілгізіп қойған. Жаратқанның рахымы түсті ме, сол бала əйтеуір тұрақтап қалды. Соған да шүкіршілік қылып, өз кіндігінен өрбіген сол ұлын алып соғыстан қайта алмай жүрген төрт бірдей бауырының үміті мен үнін келер күндерге, өшпес күндерге Жанаты жалғар деген ниетімен тың игерудің дүрбелеңі басталған жылдары ата жұртына көшіп келіп, елін тапты. * Қатаркөлдегі техникумдағы оқуын үздік аяқтап, қолына қызыл дипломын алған Жанат та бөлімшенің зоотехнигі деген қызметтің тізгінін ұстады. Жас əрі алғыр, оның үстіне бұл мамандықтың не быр қыры мен сырын жетік білетін ұстаз алдын көргендіктен бе шаруасын дөңгелетіп əкетті. Қоғам малын күтудің, бағудың жаңа бір əдістерін үйретіп, зыр жүгіріп жүріп оны да меңдетті. «Қойшының таяғынан» дейтін ырымшыл халықтың текке айтпаған осы бір ауыз сөзін Жанаттың əр қадамы айғақтап тұрушы еді. Фермадағы іс оңға басып, мал өнімі жақсарып сала бергендігіне риза болған шаруашылық директоры Антон Генрих мұны бір күні өзіне шақыртып алғаны бар. Жасы болса біразға келіп қалған, өңінен шаршағандықтың ізі білініп, қос жанарының асты күлтеленіп ісіңкіреп тұрған Антон бұған былай деген: – Ай да молодец, Жанат! Жұмысты міне осылай істеу керек!.. Жанаттың мақтауын біраз жерге апарған Генрих мырза Көкшетаудағы жаңадан ашылып жатқан ауыл шаруашылығы институтының сырттан оқыту бөліміне оқуға түсуді міндеттеген. Обалы нешік Жанатқа өз баласындай қамқор көңілін білдірген. Осы шаруашылыққа қазір-ақ бас зоотехник етіп қойғысы келетіндігін жасырмады. Ертең ол үшін жоғары білім қажет екен. Елгезек Жанат та бұл істі ұзаққа созып алмай Көкшетаудағы жоғары оқу орнына сырттан оқитын болып орналасып алды. Техникумнан алған терең білімі əрі өндірісте жүріп жинақтаған тəжірибесі бар Жанат үшін жұмыс істеп жүріп оқудың ешбір қиындығы да бола қойған жоқ. Сессия дейтініне жылына бір барып бір курсын аяқтап келіп жүрді. Институттағы оқуының екінші жылын аяқтап келген бетте Жанаттың қызметі де жоғарылап, бас зоотехник деген лауазымды иеленді. Қат-қабат шаруаны сеніп тапсырып кете алатын бір бас маманның табылғандығына директордың өзі де қуанған. Кезекті еңбек демалысына шықса да, əлде бір жерге ұзақ жүретін іссапарға кететін болса да директорлық міндетті уақытша атқаруды Жанатқа сеніп тастап жүрді. Кезекті бір сапарынан жайдары көңілмен оралған директорына өзі жоқта атқарылған іс жайында есеп бере бастаған Жанатты Генрих тоқтатып тастағаны да бар. – Жарайды, жарайды… Қажеті не соның… Мен саған əбден сенемін ғой!.. – Рахмет оныңызға! Дегенмен де есеп бергенім дұрыс қой. – Қажеті жоқ оның, деп Антон орнынан тұрып, сəл бөгеліп тұрып: – Сен білесің бе, жасым болса келіп қалды. Мен енді зейнеткерлікке шығамын. Осы
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев қызметті де, осы шаруашылықты басқаруды да саған беріп кетсем деп ойлап жүрмін. – Антон Людвигович, мұныңыз не? Мен əлі… мен əлі жаспын ғой!., – деп тап қазір бүкіл шаруаны мойнына артып, тастап кеткелі тұрғандай Жанат ыршып түскен. – Жас емессің! Үйленбегенің болмаса жас емессің сен енді! Бастығының үйлену жайлы сөз қозғауы мұң екен Жанаттың екі көзі күлімдеп, жүзі бал-бұл жанып нұрланып сала берген. Сол сəтте институтта өзімен бірге оқып жүрген, бір көргеннен жанына жағып, жүрегін дір еткізген бидай өңді, қолаң шашын төбесіне түйіп алып, мұны көрсе болды бота көздері ерекше бір мейірленіп, күлімсіреп сала беретін Рауза есіне түсті. Жанында жүргенде мəн бере қоймайтын сол Рауза енді міне мұның жан дүниесінің астан-кестенін шығарып, сағынышқа бөледі. Раузаны тұңғыш рет сағынды. Көргісі келді, сөйлескісі келді. Бұрын-соңды жігіттік жасап көрмеген еді, енді сол Раузасы қазір жанында тұрса, бас салып, құшақтап, сүйгісі келді. Алабұртқан осы бір сезіммен жұмысын тиянақтап бітірсімен Рауза тұратын көрші ауылға барған. Сол ауылдың кеңсесінде есеп-қисап жұмысында қызметі бар Рауза да орнында екен. Ішкі ыстық сезімінің қуатынан жан дүниесі алаулап тұрған Жанатты көріп, Рауза да қыз көңілінің ынтықтығы мен қуанышын жасырып тұра алмады. Көңіл түпкіріндегі мөлдір сезіммен ұғынысқан екеуі сол кеште-ақ қол ұстасып, жұбайлық өмірлерін бастаған. Ақтығы мен пəктігін сақтаған қалпымен Рауза келін болып Арқат шалдың босағасын аттаған… * Жерлестерінің шақыру хатын қолына ұстаған қалпы Тельман ұзақ ойланды. Манағы есін алып, миын айналдырған Мұсаның көп сөзінен кейін бір уақ санасын дір еткізген ойларға ерік берген. – Елге қалай барамын?!. Санасына қылаң берген осы бір сауалдың түптөркінінде «елге не бетіммен барамын» деген азапты ой жатқан-ды. Жəне де шақырту хатты жазып, соған қол қойғандардың бірі ауыл молласы Жанат болса ше?!. Əттеген-ай деген бір өкініш өзегін өрттеді осы сəтте. Билік дегеннің тұрлаусыздығына мəн бермегендігіне өкінді. О дүниенің жауабы өз алдына! Тіршілігіңде қаншалықты билігің жүріп, бишігіңді үйіргеніңмен түптің-түбінде жасаған қиянатың үшін тірі күніңде əйтеуір бір жауап беретіндігін енді ұққандай. Тірілер алдында тірі жүріп жауап ұстаудың азабын айтсайшы бəрінен де! Сол азапты бұл енді тартар ма екен?! Жер басып жүрген екі аяқты пенделер алдында да көзі жұмылып кеткенше жауап ұстар болса, Тельман ең əуелі кімнің алдында ар азабымен қиналар еді?!. Ащы ішектей бірінен соң бірі шұбатылып кете барған ойлар мұны өз тұтқынына əбден алып еді. Жүрегі қысылғандай болып, тілінің астына салған түймедей ақ дəріні сорудың орнына жұтып жібергенін де білмеді. Сол бір азапты ойлардың жылан арбауына түсіп, ағылтегіл терлеп отырған Тельман əйелінің де үйге кіргенін сезбеді. Жасы біразға келіп қалса да əлі де өңін бере қоймаған Зүлфия күйеуінің меңіреу күйін көріп шошып та қалды.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев – Не болды саған? Нимə?! Зейнеткерлікке бес бала туып ертерек шыққаны болмаса Зүлфия əлі де ширақ еді. Дəрігерлік тəжірибесі барлығына сүйеніп, бірден Тельманның қан қысымын өлшеген. Қалыпты жағдайдан көп асып кеткен қан қысымын түсіретін дəрі беріп, күйеуінің басына жастық салып, сол отырған орнына ептеп қисайтып жатқызып қойды да, дереу жедел жəрдем шақыртты. Жедел жəрдемнің дəрігерлері де Тельманның қан қысымын өлшеп алды да, əлдебір дəрімен ине салды. Кетерлерінде орнынан қозғамауды, жағдайы нашар болса өздерін қайра шақыру қажеттігін ескертуді де ұмытпады. Сүт пісірімдей уақыттың аралығында Тельман есін жиғандай болды. Қолын сипап бас жағында отырған Зүлфиясын көріп, тұрмаққа ұмтылып еді, əйелі зыр-зыр етті: – Тұрма, тұрма! Қозғалушы болма! Дəрігер əйелінің айтқанын екі етпейтін дағдысымен Тельман басын жастыққа қайта салып, жайбарақат күйге түсті. Зүлфия болса қазақша мен татаршаны араластыра сөйлене жүріп, күйеуіне жеңіл-желпі ас əзірлеуге кірісті. Кей-кейде бір сөйлеп кетсе аптығы басылмайынша тоқтай қоймайтынын айтпасаң Зүлфиясы Тельман үшін жаман əйел бола қойған жоқ. Ауылдан шыққан Тельман сияқты жаман қазақтың баласын мен адам қылдым деп намысқа тиетіні болмаса, бұдан басқа оғаш қылығын көрсете қойған жоқ. Ал, енді Тельманның мансаптағы жолы болғыштығына қарасаң Зүлфияның да бұл сөзінің жаны бар ма деп қаласың… Көкшетаумен іргелес жатқан Атбасардың көп татарының қыздарын алған біраз қазақ жігіттерінің бақтары жанды десе де болғандай. Ертеректе осы Атбасардың татар көпесінің қызын алған дөкей бір азамат билік басында отырды да, əйелі татарлар татымды болып, іске жарап тұрды. – «Əйелім татар болса – Алматы, орыс болса – Мəскеу қолдар еді», – деген ащы да болса шындық бір сөзді еңбегі жанбай жүрген кей қазақтың азаматтары сол кездері тегіннен тегін айтпаған да болар. Бұлаңы көп түлкі заманның олжасы мен мансабын тазыдай ілеміз деген үмітпен талай бір қазақтың марқасқалары басқа ұлттың қыздарына бұйырғанын да қайтерсің?!. Өкінесің, өкінесің де қоясың… Сол өкініш өзегіңді тессе де көніп келесің бəріне де. Алайда сол өкінішті кей-кейде қалжыңмен болса да айта білгенге де қазақи көңіл шүкіршілік қылады əйтеуір. Мансаптың мақсатты баспалдағымен жоғарылап, қызметі өсіп, шаруашылықтың бас мал мамандығынан енді аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас зоотехнигі болып ауысқанына көп болмай жатып, Тельман өз шаңырағында үлкен бір қонақтарды қабылдаған. Ауданға іспен келген облыстық партия комитетінің хатшысы Алма Тəкеноваға бір шай беру үшін өз үйіне алып баруға əйелінің орыс болғандығынан ыңғайсызданды ма, ауданның бірінші хатшысы Əмір Қалиевич қолқаны Тельманға салған-ды. Обалы нешік, қонақтар келетін кезде Тельманның кең үйінің кең дастарханы мол тағамымен жасалып тұрған. Бауырсақтан бастап, шақ-шақ дейсің бе, не бір тəттілер мен арақ-шараптың ең бір тəуірлері дастархан үстінде самсап, көзіңді де, көңіліңді де тойдырғандай. Сол тоқ дастархан басына қонақтар да ерекше бір тоқ көңілмен келіп жайғасқан-ды. Алманың да келісті көркі « анаңнан сені тапқан айналайын» дегізерліктей екен. Екі бетінің
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев ұштары сəл қызаңқырап, қой көздері əрдəйім күлімсіреп тұратын Алманың шиедей балбыраған сəл қалыңдау еріндері, қою қара қастары мен ай маңдайлы ажары қай тəбетіңді болса да ашпай қалмас еді. Əрдəйім лауазымды қонақ күтуге əккіленіп алған Зүлфия да мына арумен өз сұлулығын салыстырғысы келгендей тал бойына жараса кетер бар тəуірін киіп алып, дастарханға ананы-мынаны əкелген болып ерсілі-қарсылы жүріп алды. Қаз мойнына салып алған алтын алқасының сүйірлеу ұшы жүрген сайын ашықтау тұрған омырауының үстінде ойнақ салып, еріксіз назарыңды аудартады екен. Зүлфияның жалаң омырауындағы алтын алқа жарқ еткен сайын хатшының да қос жанары жалт етіп, сол бір жарқыраған жерге қадала берген. Үйіңе келген ұрың арсыз болса атыңа, қонағың арсыз болса қатыныңа көз салар дегенің осы шығар. Дəл қазір қатынының омырауына көзін салмақ түгілі қолын салса да тырп етер Тельман ба?!. Бір ауданның малының да, жанының да тағдыры бір өзінің қолында тұрған біріншінің назары өзіне ауғанын сезген қу əйел Əмірді онан əрі ынтықтыра түсейін деді ме, əдемі нəзік дауыспен қонақтардың құрметі үшін деп «Ғалиябануды» сызылтқан. «Машинаның тəгəрмəсе нигə сигез булмаған, Бұл дүнияның хизықларе нигə тигес булмаған!» Пау, шіркін! Зүлфияның үзілдіре салған мына əнінің жəне ішке түскен армиян коньягінің қызуына мына тоқ дастархан басындағы қос сұлудың желігі қосылып біріншіні əбден есінен тандырды. Оң жағында отырған Алманың обком хатшысы екендігін де ұмытып кеткендей, еркінси бастады. Тыңқаланың жоғары оқу орнында Алма екеуі қатар оқып, қатар бітіргендіктерін қайра-қайра еске алып, дастарханды бір өзі билеп-төстеп отырған Əмір не бір əдемі де орынды əзіл, қалжыңдарымен бұлардың езуін мүлдем бір жиғызбады. – Күні бүгінге шейін осы сен неге тұрмысқа шықпай жүрсің, ə?!. – деген осы бір сауалды манадан бері Əмір өзіне бірнеше қайтара қойғанымен Алма сабыр сақтап бақты. – Көз тоятын көркің, екінің бірінің қолы жете бермейтін кісі қызығатын қызметің бар саған бойдақ жүру жараспайды енді. Мынандай товардың құр қалып жатуының өзі-ақ өкінішті!.. Осы бір өкінішін айтқан сайын ажарлы Алманың алабұртқан сұлу жүзіне қысықтау көздерімен тесіле қадалып, Əмір етіп отыр. – Туһ, Əмір сұрай беріп қоймадың-ау қай-қайдағыны – деп Алма да сəл жымиған. – Ақыры сұрап болмадың, байға неге тимей жүргенімді айтайын ба?!. – Айтсайшы енді, – деп Əмір өзінің тағатсыздығына басты. – Айтыңыз… айтыңыз – деп Тельман да сыпайлылық танытты. – Айтсам сол, – деді Алма қыз намысының жігерімен. – Қайтейін енді, қазақтың іске татитын бірінші сортты жігіттерін орыстың қыздары, екінші сортты жігіттерін татардың қыздары иемденіп алды. Ал, мен үшінші сорттыларға шыққым-ақ келмей жүргені!.. Нысанаға дəл тиген сөз болды бұл. Тельман мен Зүлфия жалт етіп Əмірге қараған. Бірінші іренжіп қалмас па екен?!. Осы бір ой тұтқынында үнсіз отырып қалған
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Тельман мен Зүлфияның күдікті көңілдерінің тұманын Əмір Қалиевичтің екі иығы селкілдеп, рахаттана ұзақ бір күлгені сейілтіп жіберген-ді. * Сол бір кештен бастап ықыласы əбден ауған Тельманды Əмір Қалиевич көп ұзамай өзінің туыпөскен ауылының шаруашылығын басқаруға жіберді. Зейнеткерлікке жасы келіп қалған шаруашылықтың бұрынғы директоры Антон Генрих өз орнына Жанатты лайық көргенімен, – кадр мəселесін аудандық партия комитеті өзі шешеді, - деп Əмір ырық бере қоймады. Қу тіршілік кімге опа берсін?!. Мұраты мен мақсатына кім жеткен дейсіз?!. Санасына қылаң берген осы бір ой жетегімен Жанат шаруашылыққа жаңа келіп жатқан директордың кабинетіне кірген. Директорлығы жаңа демесең, осы ауылда өзімен бірге ойнап өскен, бірге оқыған баяғы Тельман емес пе?!. Əйтеуір жат біреудің келмегеніне қуанған. Адал көңілімен ақ ниеті мен тілегін білдіріп, өзі жауап беретін мал шаруашылығы саласындағы істің мəн-жайын баяндап берген Жанаттың сөзін Тельман ықылассыз тыңдады. Мектепте оқу оқығанда білімімен алдын орай берген Жанаттың бұл елдегі абырой-беделі де аспандап тұрғандығын əбден білетін. Оның үстіне осы шаруашылық директорының тағынан үміткердің біреуі де осы Жанат еді. Ендігі директорымыз Жанат болса екен деп оның тілеуін бүкіл ел болып тілегендері жəне де бар. Мені бетімнен бір алса жəне де алдымды да орай беретін түбінде осы Жананат болар деген оймен шаруашылықтың жаңа директоры Тельман бұған бірге өскен бір жылдың төлі едік қой деп жылы қабақ таныта қоймаған. Бірден ықтырып, биліктің кімнің қолында екендігін көрсетіп, өзінің ел алдындағы айбынын асырғысы келді ме шаруашылықтың партия жиналысының кезекті бір күн тəртібіне мал шаруашылығының барысын шығарып, бас зоотехник Жанаттың есебін тыңдатқан. Мал басының өсімі, оның өнімдерін өндіру мен мемлекетке тапсыру болсын, аудан бойынша алдыңғы қатарды ұстап тұрғаны бар Жанат есебін еркін берді. Саланың өркендеуіне сыни көзбен қарап, бірер кемшіліктерді айтудан да жасқанған жоқ. Өркендеу үшін қандай шаруа тындыру қажеттігін де байсалды қалыппен байыптап берді. Жанаттың есебін талқылап сөз сөйлеген мал өсірушілер мен орта буын мамандарының бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай «осы табыстарымыздың бəріне бас зоотехнигіміздің арқасында қол жеткіздік» дегендерін естіген сайын директордың мазасы кете бастады. Қызғаныш деген қызыл ит ішінде жатып алып, қыңсыласын-ай келіп. Мыналардың «бас зоотехнигіміз» деп өрекпіген көңілдерін қайтсе де басып тастауы керек. Əйтпесе … иə əйтпесе күні ертең мұның өзіне жабыла кетулері кəдік. Жан дүниесі қызғанышпен қуырылған қалпы Тельман мінбеге шыққан. Жаңа басшыларының не айтары бар екен деген оймен жұрт тына қалды. Тамағын бір қырнап алған Тельман бірден Жанаттың атқарып келген бар істерін жоққа шығаруға кіріскен. – Мен де мал маманымын, – деген Тельман салған
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев жерден. – Тəжірибем сіздердің бас зоотехниктеріңізден əлде қайда артық жатыр. Бір ауданның мал шаруашылығына басшы лық жасағанмын. Тельман əуелі өзінің атқарған қызмет жолына шолу жасады да, бірер аптаның ішінде өзі байқаған кемшіліктерді, алда не істеу керектігін айтып ұзақ сөйледі. – Бұл шаруашылықтың бас зоотехнигі ірі қараның мүйізін кесіп, тұяғын жонудан басқа дəнеңені білмепті, – деді Тельман бір сөзінде. – Етті молайту үшін шошқа өсіру жөніндегі жоғарыдан беріліп жатқан нұсқауды орындау əлі де қолға алынбаған… Алқа қотан жұрт алдында Тельманмен сөз таластырып сағын сындырмай-ақ қояйын деген пайымымен Жанат үндемеді. Жиналыс тарқағаннан соң, Тельманның кабинетіне кіріп өз ойын ортаға салған. – Тельман Ерденович, – деген Жанат ресми ретпен, – менің атыма айтқан манағы сыныңызбен келіспейтін жерлерім бар. Ауыл шаруашылығын терең білмей де басқаруға болады, бірақ ақымақтықты төзбейді деген екен ертеде бір данышпан!.. – Сондағы сенің ақымағың менмін бе?! – деп Тельман шарт кетті. – Тапқан екенсің ақымақты?.. Екі көзі қанталап, орнынан атып тұрды, сонан кейін байыз таба алмай ерсілі-қарсылы екпіндей жүріп Жанатты жерден алып, жерге салсын-ай келіп. Өзің директор бола алмай қалған соң көре алмай отырсың… Менімен мектепте оқып жүргенде-ақ бақас едің… Ертеде кəмпескеленіп кеткен ата-бабаңның кегін алайын дедің бе?! Несін айтасың осы бір тектес айыптауларды Жанат үнсіз тыңдаумен болды. Біраздан соң арыны басылып, креслосына келіп отырған Тельманның қарсы алдына таяп келді де, шиыршық атқан үнімен сөз бастады. – Мал құлағы саңырау, мына айтқандарыңды екеумізден басқа бөтен біреу естімей-ақ қойсын, – деген Жанат ашуын ақылға жеңдіріп. – Елге айқайлап басшы бола алмайсың. Манағы менің атыма айтқан сындарыңның негізсіз екендігін білген жұрт мырсмырс күліп отырды. Сол арада орнымнан атып тұрып, ойланбай сөйлеген сөзіңе ойлы дəлелімді айтқанымда, іштерінен тынып отырған халық саған бас салатын еді. Қанша айтқанмен бірге өскен, бір елдің бір жылғы төліміз ғой деп талатқым келмеді… Абыройыңды сақтадым… Жанат өз сабырымен-ақ сағын сындырды Тельманның. Жынын алған бақсыдай екі көзі бақырайып, үнжұрғасы түсіп қалған директорының мына бейшара күйі жатырынан болмаған тексіздігін аңғартқандай. Жанаттың кешегі ата-бабасының есігінде жүрген құлдан туған құл ғой негізі… «Құм жиналып тас болмас, құл жиналып бас болмас», – дегенді айтып кеткен адам данышпан-ау, шіркін! Көмейіне келіп сабақтала берген осы бір ой жібін осы арадан түйіп тастады да, Жанат онан əрі сөйлеп кетті: – Қазір бүкіл əлем болып мүйізі жоқ мұқыл сиыр өсіре бастағанын білмеуші ме едің?! Үнемі бірінбірі бүйірлеп, мүйіздеп жүретін ірі қара мал бірінбірі жарақаттамасын деген оймен жазға салым мүйіз кестіретінім рас. Ал, енді алты ай қыс бойы бір орында байлаулы тұрған малдың тұяғы өсіп кететіні болады. Сол өскен тұяқ жазды күні тасқа тиіп сынбасын, мал ақсамасын деп бар малдың тұяқтарын жонғызатыным да рас… Мұным маған тағылар айып па екен?!.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев – Осы ауылдың қотанына шошқа əкеліп өсіремін деген ойыңды мүлдем қой! Арамдамаған дүниелерің аз ба еді?.. Заты неміс демесең күні кешегі директорың Генрих та бір орысы жоқ осы елдің халқын сыйлады, қорлаған жоқ. Жоғарыдан берілген нұсқауды орындаймыз деп шошқа өсіруді қолға алғандардың да жетіліп кеткені, жетісіп қалғаны шамалы… Оны саған айтып жатудың қажеті де шамалы. Осы аудандағы шошқа өсіріп, оны көбейту науқанының басы-қасында жүргендердің де бірі өзіңсің… Жанаттың осы айтқан əр сөзі Тельманның көкейіне кек болып қатты. Қанын ішіне тартып, сұрланған өңінен кісі шошырлық еді. Кабинетінен шығуға ыңғайланған Жанатты үндемеген қалпы суық көзімен шығарып салды. Мұның алдына келіп иіліп жастық болар деген Жанаттың əңгімесінің төркінін қара. Əлден ықтырғысы келгендей мұны. Осы ауылдың бар халқын өзіне қарсы салып қойса, бəрі де Жанаттың айтқанын жөн санап өрекпиін деп тұр. Кеш болмай тұрғанда Жанаттың абыройын айрандай төгіп, жұрт алдында бір масқаралап алмаққа бекінді. Кек қуған пиғылымен ауданға барған. Баяғы өзін қолдап, қолпаштаушы бірінші хатшының алдына жүгініп, шаруашылықтың бар жағдайын айтқан. Айтқанда да адалын айтпай, қара аспанды төндіріп, шұғыл шара қолданбаса Аралағаш ауылының шаруашылығының жағдайы құрдымға кеткелі тұр. Ертең мал жаппай қырылса ауданды басқарып отырған біріншінің абыройына дақ түсетіндігін, əне-міне жоғарылайын деп тұрған жолына тосқауыл болатындығын аңғарта білді. – Не істеуіміз керек? Қандай ұсынысыңыз бар?.. Тершіген маңдайын қол орамалымен қайра-қайра сүртіп отырған аудан біріншісінің аузынан осы сөздің шығуын күтіп отырған Тельман селк ете түскен. – Мен олай да, бұлай да ойладым, əлгі біздегі бас зоотехникті орнынан алмайынша болмайды. – Əй, – деді бірінші жұлып алғандай. – Мініп жүрген астыңдағы «Волгаңның» төрт доңғалағын қайсысын қалай ауыстырамын десең де өз еркің өзіңде ғой. Саған бір елдің тізгінін беріп қойған жоқпын ба? Не істесең де өзің білесің!.. Біріншінің қатқылдау шыққан үнінен сескеніп қалған Тельман орнынан ұшып тұрды. Қапелінде аузына сөз түсе қоймай, бадырайған екі көзімен хатшыға тесіле қарап қалды. – Əй, есіңнен танып қалған жоқсың ба өзің? Миына сақ етіп тиген хатшының осы сөзінен кейін барып, есін жиғандай болған Тельман тілге келген. – О, не дегеніңіз?! Есім бүтін… бүтін! Ұсақ-түйек шаруаны əкеліп алдыңызға салғанымды кешіріңіз! Əйтеуір бəрін де Сіз білсін, алдыңыздан өтейін дегенім ғой… Аудан хатшысының алдына жасқана кіріп, қанаттанып шыққан Тельман ауылына қайраттана, қаһарлана келді. Алғашқы бұйрығын шығарып, Жанатты бас мал маманы қызметінен босатып, шаруашылықтың орталық қонысынан қашықтау жердегі бөлімшеге меңгеруші етіп қоя берді.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев * Шаруасы шалқып, ынтымағы айрандай ұйып отырған бір елдің берекесін кетіруге бір адамның ғана қыңырлығы əбден жетіп жатады екен. Өз дегенінен басқаны білмейтін Тельманның өзімшілдігінен запа шеккен бір Жанат қана болса бір сəрі ғой! Ауыл қотанында көзіне түскендерді кəрі демей, жас демей жұмыс уақытында неге бос сандалып жүрсің деген тергеудің астына алып, балағаттап жататын директорларынан ел түңіле де бастады. Өзінен басқаны адам деп танымайтын қасиетсіздігінен, кім көрінгенмен ілінісе кететін ожарлығынан өзі де талай бір тіл де естіді, əлдекімдердің жұдырығы да тие жаздады. Анада шаруашылық шеберханасына келіп, алдағы егіске техника атаулыны жөндеуді тексергені бар. Сол арада Тельманның астына мінген жеңіл автокөлігі от алмай қалсын. Өзі де терледі, басқаны да терлетіп, боқтанып əбден ширыққан директорының жайын сезген шеберхана бастығы Əлім де əбігерге түсті. Директордың «Уазигінің» ана жерін, мына жерін шұқылағанымен ол құрғырың от ала қоймады. Ауданның озат зоотехниктерінің бірі деп əдейі осы ауылға бөлінген су жаңа «Уазикті» Жанатты орнынан босатқаннан кейін директордың өзі мініп алғандығын Əлім де, өзгелер де біліп тұр. – Əй, əлгі Бористі шақырыңдаршы! Соның білмейтіні жоқ еді, көріп берсінші мынаны, – деп Əлімнің шыр-пыры шықты. Əлгіндей болған жоқ қолы-басы қара май ұзын бойлы жас жігіт от алмай діңкелетіп тұрған директордың машинасын шұқылай бастады. Ызадан кімге соқтығарын білмей тұрған Тельман əлдебір уақытта: – Əй, – деді жан тері шығып, əлдебір тетікті бұрап жатқан жігітке. – Сенің атың неге Борис, əй… əкең орыс па еді?!. – Жоқ əкем қазақ! – деді жұлып алғандай Борис. – Шын атым Бердібек, мына жігіттер ғой Борис деп кеткені. Ал, өзіңіз айтыңызшы, сіз неге Тельмансыз, өз əкеңіз неміс пе еді?!. Қапелінде мына жігіттен мұндай сөзді күтпеген Тельман аузына құм құйылған қалпы үндеместен, от алған машинасына мінді де, есердің екпінімен шеберханадан шығып кете барды. Билік атты мансаптың тізгіні өз қолына тигенінің анық екендігіне көзі жеткен сайын есерлігі мен ессіздігі де қатар жүрген Тельман өз мамандарының ешқайсысының пікірімен санаспай шошқа өсіру ісін қолға ала бастады. Ауылдың жел жағындағы мал қораларының бірінде семіріп тұрған өгізшелерді ет комбинатына өткіздіріп жіберді де, сол қораға елу бас шошқа кіргізді. Аудандық милиция бастығына қолқа сала жүріп, Омбының вокзалында қашан болсын толып жүретін мекені де, тұрағы да жоқ қаңғыбас үш орысты алғызған. Жаңағы шошқа қорасының бір жағынан сол үш орысқа жатар орын жасатып берді. Шаруашылықтың орталығындағы асханадан күнде ет жеп, сорпа ішкен жаңағы үшеуі аз күнде қоңданып шыға келді. Обалдары нешік, араққа сылқиып тойып алып жүретіндері болмаса, Тельманның шошқаларын бағуға келгенде мін таққызбайтын өздеріне. Арам дүниенің өсімтал келетінін қайтерсің?! Жазға салым шошқалар торайласын-ай келіп. Бір мегежінінің бір өзінен он, он бестен туған торайлар да аз уақытта қампиып-қампиып өсіп шыға келген. Бұл арада аудан
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев орталығынан шығатын "Знамя коммунизма« атты газет «Аралағаштың шошқа өсірушілері» деген үлкен бір тақырыппен Тельманның іскерлігін мадақтап жазған тілшісінің мақаласын жариялап та жіберген. Қазақтың үнемі бір таусыла бермейтін құдалық, басқа да бір ойын тойларына, өлім-жітіміне бара қалған осы ауылдың адамдарын Аралағаштың шошқа өсірушілері келе жатыр деп мысқылдайтындар көбейді. Жаратқан ием арамдықпен бір жанастырмасын деңіз! Өзіңнен туған ұл өзегіңнен теуіп, билігін өзіңді қорлауға жұмсап, соған өзі масаттанатын болса – бұл да сорың. Маңдайындағы сол соры бес елі қайран қазақты өзгенің ұлы қорласа да бір сəрі-ау! Жатыры басқа жат еді дер едің де, түңіліп барып қоярсың. Осы бір ауыр ойдың азабына түсіп, қиналып та күйзелген ауылдың тірі жүрген бір шоғыр қарттары оқыстан қайтыс болған Жəнипа кемпірді жерлеп келген күннің ертесіне Тельманды іздеген. Байғұс кемпір ұшынып өлді дейді. Сəл жел тұрса болды ауыл үстін алып кететін күлімсі иістің ненің иісі екенін де білмепті кейуана… – Далаға шықсам болды осы бір күлімсі иіс қолқамды қауып, тынысымды тарылтып жүр, - деп кейіпті бір күні Жəнипа байғұс. – Осы ас-судың бəрін де сол бір жаман иіс алып кеткендей болады да тұрады. Шыны аяқтағы бір ұрттам шəйін ептеп сыздықтап ішіп отырған кейуанаға баласы да, келіні де еш нəрсені айта қоймады. – Апа, – деді немересі Əсет əкесі мен шешесінің үндемегендерін пайдаланып. – Ол күлімсі иіс шошқаның иісі ғой, соны да білмейсіз бе?!. Қолындағы шыны аяғынан ұрттай берген шəйін жұта алмай, шашалып бүркіп жіберді. – Не дейді мынау?!. – Рас, айтамын, апа! Күлімсі сасыған шошқаның иісі ол!.. – Құдайым-ай, құдайым-ай!.. Бəсе, бəсе… өзім де сол күлімсі иісті бір арамның қоңырсып сасығаны емес пе екен деп сезіктенуші едім. Ол лағнеттің иісі солай болушы ма еді?! Келесі күні-ақ аузы-басына ұшық қаптап шыға келген бəйбіше мұнан соң қара су да татып алмастан бүркеніп жатып алды. Балалары қаратайық деген оймен алып келген дəрігерлерді де жанына жақындатпады. Арам дүниеге деген өз наразылығын өз ажалымен ала кетті. Шалдардың əдейілеп іздеген Тельманы кеңседе жоқ болып шықты. Хатшы қыз оның асхана жақта жүргенін нұсқаған. Ел үлкендері сол асханаға келіп кіргендерінде, табақпен алдына тартылған қоянның үлкендігіндей тұтасымен пісірілген торайдың жонына бір қолымен шанышқысын шаншып, екінші қолындағы пышағымен кескілеп жатқан Тельманды көрген. Бір дастархан басында отырған шошқа өсірушілер орындарынан ұшып тұрғандарымен Тельман қозғала қоймады. – Əй, найсап! Қашан болсын осы елдің сөзін ұстап, басын қосып ұйытып отырған Мəнап ақсақал ызбарлана айқай салды. – Қарғыс атып, арам туғаныңды таныттың-ау дүйім жұртқа! Əкең Ерденнің осы елге жасаған қыстағы аз ба еді?! Басқармамым деп есіріп, елдің күн көріп отырған
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев малын, жандарын сақтау үшін үй іргесіне тығып қойған бір қалта бидайына шейін қоймай, тіміскілеп, тінтіп, тартып алып халықты аштан қырып еді, енді сол елді сен ит сорлаттың-ау! Əкет… əкет… доңызыңды! Көзін жой лағнеттердің!.. Көзін жой!.. Көп ұзамай бұл ауылға тағы да бір зауал келді. Əлдебір індеттің кесірінен бе жаңа туған торайлар жаппай қырыла бастады. Мал фермасының іргесіндегі қи төгетін орынға шығарып тастаған сол торайлардың өлімтігін ауыл иттері жабыла кеміріп, кей өлекселерін əр ит өз иелерінің қорақопсысының маңына сүйретіп əкеліп тастауға айналды. Отын-шөбін сақтайтын ауланың əр жерінде торайдың не басы, не сидиған сирақтары шашылып жататын болды. Бұл кəпірдің арам екендігін осы ауылдың адам деп өсірген Тельманы білмегенде, асырап отырған иттері қайдан білсін?! Бəрінен де аяғы ауыр əйелдер жағына обал болды. Анада Бəлекейдің келіні Ғалия үйінен шыға беріп, босағасын аттай бергенде иттері сүйретіп əкеліп тастаған дəл аяғының астында жатқан торайдың өлексесін көріп, жан даусы шыға шошына айқайлаған. Сол қатты шошынуының əсерінен түсік тастап, аудандық ауруханада ұзақ емделіп қайтты. Тельманынан тепкі көріп, шошқасынан шошына бастаған ауылдың кейбір азаматтары іргелерін көтеріп, туған ауылдарынан көше де бастады. Ел іргесі онан əрі сөгіліп, берекесі мен құты онан əрі қаша берер ме еді, күздің қатты бір қара дауылы соққан түні шошқа қорасы өрттеніп, түп орнымен жанып кетті. * Шошқа фермасын күйдіріп жіберді деген күдікпен Жанат ұсталып, аудан милициясының тергеу қапасына қамалып, үш күн бойы жауап алынды. Сол үш күнде атын атап соңынан іздеп келген жан иесі болсайшы. Үйінде аңырап қалған Раузасы болмаса мұның өлі-тірісін кім жоқтар?!. Сорлы басы қарауылға ілініп кетсе де іздеу сала қояр туыс, туғанының жоқтығын тар қапаста жатып тұңғыш рет сезінді. Жалғызсың Жанат!.. Жалғыздың үні шықпас дегенді білмеуші ме едің?!. Айыпты болмасаң да ақталамын деп шырылдаған үніңді кім естіп жатыр, кəне! Солай… солай… Біздерге жала-қаза жоқ демеңіз… Шырылдап келген дүниеңнен шырылдап өтерсің сен де! – Ферманы не үшін өрттедің! Милиция бастығы Ыдырыстың үш күн бойы қайрақайра қойып келе жатқан осы бір сауалы Жанаттың жүйкесін жұқартуға айналды. Бұл іске аудан басшысы Əмір Қалиевичтің өзі мəн беріп, бақылауында ұстап отырғандығын аңдатқан Ыдырыс та қадалған жерінен қан алмастың нақ өзі болатын. – Өрттедім! Қылмысымды мойындаймын, – деп мына бір парақ қағазға қолыңды қоя салсайшы, ей! – Істің ақ-қарасын айырар сендер ме десем, сендер де жазықсызға жала жапқыш екенсіңдер-ау! Ыдырыстың бұл істі қайтсе де өзіне мойындатарын сезген Жанат та бет бақтыра қоймады. Кешеден бері нəр сызбаған таңдайы кебірсіп, маңдайы тершіп сала берді. – Өз ақтығым бір құдайға аян! Менің ешнəрсені күйдірмегенім анық! Бірақ дəл қазір сендер мені жалған жаламен күйдіріп тұрсыңдар-ау!..
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Қолымен істемегенді істедім деп қалай айта алар?!. Жалған сөйлеуді білмейтін Жанаттың жан дүниесі сол жалған жаланың жалынынан өртеніп жатты. Бəрі де жалған деуді айтудан тергеу барысында бір танбаған қалпы бұл да тергеу қапасында қасарысып жатып алды. Көңіл түпкірінде əлі де болса иненің жасауындай бір кішкене үміт сəулесі жылтырайтын. Ашуға қиса да, өлімге қимайтын қазақтың кең қолтық ниеті тарыла қоймаған шығар əлі де!.. Қапаста жатқан қапалы көңілімен Тельманнан қайыр күткен. Сыртқы əлемде не болып жатқанынан хабарсыз қалған бұл нені білсін, Тельман да мұның еш жазығы жоқтығын айтып əр кеңсенің табалдырығын тоздырып жүрген болар!.. Араша түсер!.. Үйінде қалған Раузаның да ай-күні жақын қалғандығын ойлады Жанат. Құдай қаласа, бұл да əке болмақшы! Біраз жылдардан бері бала көтере алмай қойған Раузасы аяғы ауырлағанда-ақ бұл есі шығып қуанған. Қанаттанып кеткен. Көңіл түпкірінде жатқан бар өкпесін дүниеге келер сəби елесі жуыпшайып жіберген. Жаны жадырап, жан-дүниесі жасанып дүр сілкініп шыға келген. Сол жадыраған көңілінің таза үмітімен дүниеге ұрпағының келуін тосқан… Тасадан оқ атыларын біліп пе бұл?!. Сабыр… сабыр… жабырқама көңілім… Қайратыңа мін! Өмір сүруің керек əлі де. Бір əулеттің үзіліп кетейін деп тұрған жалғыз кіндігі де өзіңсің əзірге. Үзіле көрме, үмітім! Анау… анау… Раузасының екі бүйірін тепкілеп жатқан ұрық ұрпағыңның жарық дүниеге аман-сау келуін тіле… Апыр-ай, ə ұл болса жарар еді ол ұрпағым! О, тəңірім маған ұл керек, ұл бере көр! Ұл бере көр тəңірім! Заманының зобалаңынан зар еңіреп, запа шегіп жалғыз қалған ая мені … ая мені… Мал арамы мен адам арамылығының құрбаны болып кете барар күн туса да, соңымда тұяғым қалғанын көрейін… Жан дүниесінің астан-кестенін шығарып ой теңізінің асау толқыны Жанаттың жалғыз ғана үмітін кейде жағалауға алып шықса, кей-кейде сол үмітін өз тереңіне батырып та жіберіп жатты. Тергеу қапасының темірден жасалған ауыр есігі сықырлап барып ашылғанда сол үміт ойлары тарыдай болып шашылып қалған Жанат тағы да Ыдырыстың алдына келген. Салбыраған бұғағыннан-ақ тоқтығы байқалып тұрар милиция бастығы алдында отырған Жанатқа тесіле қараған. Сағы сынды ма екен?! Жасыды ма екен?!. Осы бір пиғылмен Жанатқа қаншалықты тесілгенімен, өңінен сəл-пəл қажығандықты ғана аңғарған Ыдырыс Жанаттың отты көздеріне тіке қарай алмай, жанарын тайдырып əкете берген. – Так, азамат Жанат! Сенің бізде қонақ болғаныңа да бүгін міне үшінші күн! Мысқылыңа болайын сенің!.. – Иə… - деді Жанат сабырлы қалпымен. – Бірақ қонағыңды дұрыс күтіп ала алмайды екенсің! – Түсінбедім мұныңды… – Е, түсінбейтін несі бар?!. Жанат милиция бастығына еркін жауап бере бастады. Түрмеге де, өзін есін жинатпай тергеуші Ыдырысқа да əбден бойы үйреніп алғаны да болар мұнысы. Басқа салса көнерсің деген де осы шығар бəлкім! – Кеше кешкісін мен отырған камераға əкеліп қамағандарыңның кім екенін білмеді дейсің бе? – Е, ол кім екен? Не істеп қойыпты?! – Кім екенін де, не істегенін де, Ыдырыс-ау, менен артық білесің ғой өзің.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев – Жоқ, білмеймін! – Білмеймін дейсің бе? Онда мен айтайын білмесең, – деп Жанат шиыршық ата сөйледі. – Ауыр қылмысының жазасын өтеп жүргендердің колониясынан алғызған оларың да жетім балалар үйінде өскен, əуелден-ақ маңдайының соры бес елі пенденің бірі екен. Институтқа түсіп, енді-енді жетілдім-ау деп жүрген шағында жастардың би кешінде төбелес шығып, сотқар біреу қыз балаға пышақ салып алыпты ғой. – Иə… иə… сосын! – Сосын ба? – деді Жанат үнін бəсеңдетпеген қалпы. – Пышақ жұмсаған қанды қол есер үлкен бір қызметкердің баласы болып шығып, содан өздеріңнен өздерің үрейленіп, дүрліккен жоқ па едіңдер? – Иə… сосын! – Сосын дейсің бе, ə? – Сосын əлгі пансы да, қорғаны да, жоқтаушысы да жоқ сорлыға сол дөкейдің қылмыскер баласының қылмысын мойнына алғызып едіңдер ғой. – Ə, солай ма еді?! Мен мұны неге білмегенмін, ə?! – Білмеймін дейсің, ə?!. Ал, мен болсам мені өзіңнің кабинетіңе алып келіп тергегеніңде Тельман мен анау…ауданның бастығы Əмірдің өз терезелерінен сығалап қарап отыратындықтарын да білемін. Тергеуіңді аяқтасымен менің бар айтқанымды соларға барып жеткізетініңді де білемін… Кешке үшеуің отырып алып өздеріңнің алғашқы жеңістеріңді тойлағандықтарыңды да білемін… – Білгіш болсаң айта қойшы біздікі ол не қылған жеңіс?!. – Ол ма, ол – арсыздық пен заңсыздықтың жеңісі!.. – Айттың-ау сен де, білгішім! Мұнан əрі отыруға дəті шыдамаған Ыдырыс орнынан тұрып, Жанаттың қарсы алдына келді. Жүзінде ешбір қобалжудың ізі байқалмайтын Жанаттың дидарына тесіле қарап тұрып қалды. – Ал, мен не істеуім керек енді, – деді сəл-пəл үнсіздіктен кейін Ыдырыс торыққан үнмен. – Сен бе, сен… Əрине, – деді Жанат жігерленіп, – райкомың жəне оның біріншісі тапсырма бергеннен соң мойындатуың керек бəрін де маған. Кешегі сорлыны да сағымды сындырайын, мойытайын деген ниетпен менің жаныма салып қойған жоқсыңдар ма?!. Ыдырыс Жанаттың осы айтқандарын үнсіз тыңдаумен болды. – Ал, ол дегеніңнің адамгершілігі сен үшеуіңнен əлдеқайда жоғары болды. Дорбасына салып берген ақ нандарың мен шұжықтарыңа дейін түні бойы менің аузыма тыққылаумен болды. Бүгін сенімен тың сөйлесіп тұрғаным да соның арқасы. Құдай өлтірмейді мені!.. Жанат ауыр күрсінді. Милиция бастығының кабинетін өлі тыныштық жайлады. Ыдырыс болса кең кабинетіне күн сəулесін молынан түсіріп тұрған терезе алдына келді. Біраздан бері жарық күн нұрын көруден қалып, тіршілік əлеміне ақ сəулесін мəңгілік шашып тұрар сол бір күнге ұмтылған. Жанаттың да орнынан тұрып, өзінің жанына келгеніне де еш мəн бермеген Ыдырыс тұрған жерінен тапжылмады. Мөлдір шуақ болып төгіліп тұрған күн сəулесін қос уысына қондырғысы келген бейкүнə оймен қос алақанын терезе əйнегіне салған. Əлдебір жылылықты сезінді. Қос алақанынан сезіне бастаған сол бір жылылық əлгіндей
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев болмай жайылып тұла бойын шарпып өтті. Тіршіліктің ақ сəулесімен шағылысып жапалақтап жауып тұрған ақ қардың ақ ұлпасы қалықтай келіп терезе əйнегіне қонады. Əлгіндей болмай жатып, еріп кетіп… еріп кетіп жатқан сол ақ ұлпаның көз жасындай бір тамшы жас Жанаттың да жанарынан жылт еткен. Қаталдық пен жылылықтың түйіскен тұсынан тамшылап тұрған сол бір тамшы көз жасы адам баласының тұтас бір тағдыры еді. Мұны ұғар жүрек бар ма?!. Сезінер сезім қалды ма?!. Адам баласының жан дүниесіндегі қуанышын, мұңы мен сағынышын, қайғысы мен қасыретін кең əлемге жайып салар тек сол бір тамшы көз жасы ғой… Жанаттың жанарындағы да сол бір тамшы тағдыр жас та үзіліп түсіп… үзіліп түсіп екі қолын артына ұстап алып, ерсілі-қарсылы жүре бастаған милиция бастығы аяғының астында басылып жатты. Бейопа мұңсыз тіршіліктің мұңсыз бір күйін билеп, аспан тұңғиығынан мың сан ырғақпен жапалақтап түсіп жатқан ақ ұлпа қардың ар жағынан Раузасы қол бұлғаған. Елес болса да көз алдына көлбең берген Раузасы Жанатына қолын бұлғап оны өзіне… анау түпсіз тұңғиық əлемге шақырған. Ақ ұлпа қармен оранып алған сол əппақ əлемнің тереңіне сіңіп көз алдынан ғайып болған Раузасы кеткен кеңістіктен жас сəбидің шырылдаған үні келген құлағына… – Əй, Ыдырыс! Сенің де көңілің жай тапсын жəне де кезекті бір атағыңның өсуі үшін де жасамаған қылмысымды маған мойындатуың да қажет болып тұрған шығар. Əкел, андағы қағазыңды қолымды қойып бере салайын! – Жанаттан əсте де мұны күтпеген милиция бастығы жалма-жан қолындағы қағазын ұсына берген. Ақ қағаздың соңғы бір беттеріне қолын қойып жатқан Жанатқа: – Тым болмаса оқып шықсаңшы андағыны – деуге ғана шамасы келген Ыдырыстың. – Несі бар дейсің оқитын. Сендерден сөз қалған жоқ шығар?!. Таққан айыптарыңды андағы ақ қағаз көтеріп тұр ғой, мен де мойныммен көтерермін… Жанат осыны айтты да үнсіз қалды. Сол бір үнсіздікті пайдаланған Ыдырыс орнына келіп, қарауыл бастығын шақыртты. – Азамат Арқатовтың ендігі ісін сот қарағанша еш жаққа кетіп қалмаймын деген қолхат алып, үйіне босатыңыз, - деген Ыдырыстың тапсырмасын қаздиып тұрған қарауыл бастығы екі еткен жоқ, Жанатты алдына салып кабинеттен шыға берді. * … Жайлы төсегінде біраз жатып көңілі орныққан Тельман басын көтеріп, алдына алып келген кешкі асын сүйсіне жеді. Қан қысымы да орнына түсіп, қарны да қампайып тойғаннан кейін қарсы алдында тұрған теледидарын іске қосты. «Хабардың» соңғы жаңалықтары жүріп жатыр екен. – Ертең – деді диктор қыз өзінің сүйкімді үнімен, – біздің елімізге Сауд Арабиясы Корольдігінің корольі келеді. Осыған орай «Хабар» жаңалықтарынан кейін Қазақстанның осы Корольдіктегі елшілігінің жауапты қызметкері Ерұлан Жанатұлы «Бетпе-бет» студиясының қонағы болады… Диктор қыздың айтқанына сенерін де, сенбесін де білмей дал болған Тельман теледидарға тесірейіп,
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев телмірді де қалды. – Апыр-ау сол ма? Жанатұлы дейді. Сол… сол ғой!.. Осы бір ой санасынан қылаң бергені сол еді ас үйде жүрген Зүлфиясын шақырды. – Зүлфия!.. Зүлфия!.. – Қазір… қазір… Не болып қалды?! Ас үйден қолындағы майлығымен жанұшыра жеткен Зүлфия Тельманның тағы да қан қысымын өлшеуге ұмтылған. – Қоя тұр оныңды, – деді Тельман жайлы үнмен. – Қараш, ананы қараш… Қазір… қазір… Оң қолының салалы сұқ саусағымен теледидарды нұсқаған Тельман бар мəн-жайдың өзін Зүлфияға шешіп айта алмады. – Сол ма?!. Сол ма?!. Сол бала ма бұл?!. Миын солқылдатып соғып тұрған білеудей қан тамырынан көтерілген ыстық жалын тұла бойын өртеп бара жатқандай болды. Əлі де əжім түсе қоймаған екі беті қызарып шыға келді. Күйеуіне бір, теледидарға бір, екеуіне алма-кезек қарап тұрған Зүлфия өңі өзгеріп бара жатқан Тельманын көріп, жанына отыра қалып тамырын ұстаған. Жиі соққан қан тамырынан Тельманның аласұрып жатқан жүрегінің дүрсілін сезгендей болды. Бұл жүрек аласұрар, тынши алмас енді... Бұл жүрек осы бір аласұра соққан екпінімен мəңгілік тоқтап қалғанынша оның иесіне де маза бермес бұдан былай. Қуанышыңды да, қайғың мен қасыретіңді де көтеріп ала алатын қайран жүрек тіршілігіңде жасаған қиянатың үшін де тар кеудеңе сыя алмай дəл осылай қиналады екен... Сол қиналған жүректің терең түпкірінде тығылып жатқан қиянатшыл өмірің көз алдыңнан ғайып та болар. Күні ертең жоғалар ол да! Өшерсің… өтерсің… Ғайып болар ғұмырыңның соңынан қалып бара жатқан қиянатың өзге бір жан иесінің жүрегіндегі мəңгілік… тіпті мəңгілікке біте қоймас, жазылмас жара болып сыздаса қайтерсің?!. Өзгенің кеудесінде жүріп, сол сыздаған жаралы жүректің сызын сезіп қалтырарсың осылайша. Қалтыраған қалпыңмен қалдырарсың дүниені… Тельман ауыр күрсінді. Жалын атқан жанының ыстық демін бір шығарып алды да, тілшінің қойған сауалдарына жауап беріп, теледидардан сөйлеп отырған жігіттің сөзіне бар ынтасын салып, тыңдай бастады. Беріліп жатқан хабардың соңын ала тілші: – Ал, енді Ерұлан Жанатұлы, сізге соңғы бір сұрағымызды қойғым келіп отыр, – деді. – Іркілмеңіз, сұрағыңыз болса қоя беріңіз, – деп жымиып ықылас білдірген жас жігіттің жан мерейі күлімсіреген қос жанарында тұр еді. Сəндеп қойған қою қара мұрты да қоңырқай өңін аша түскендей. – Араб тілін қалай меңгеріп алғансыз жəне алға қойған мақсатыңыз қандай? Тілші қыздың бұл сұрағын аса бір зейінмен тыңдап алған Ерұлан сəл-пəл ойланыңқырап барып жауап берді. – Араб тілін əкем Жанат бала күнімнен үйретті. Мен Көкшетау қаласындағы жетім балалар оқитын пансионда тəрбиелендім де, жазғы каникул кездерінде ғана ауылдағы əкемнің жанында болып жүрдім. Сол бір каникул кездерінде əкем есікті іштен жауып алып, сандықтың түбінде тығулы жататын араб тіліндегі ескі бір кітаптарды, құрандарды шығарып маған үйретумен болатын. Ал, енді алдағы мақсатыма келетін болсақ,
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев өзінің бар ғұмырын менің тілеуімді тілеумен жалғыз өткізіп жатқан əкемді осы жолы Алла жазса өзіммен бірге ала кетпекшімін. Бұған Үкіметтен арнайы рұқсат та алдым. Əкемді Мұхаммед Пайғамбарымыздың табаны тиген қасиетті жерге алып бармақшымын. Атабабамның туған жеріне араб достарымның көмегімен мешіт салып бермекшімін. Осы келген сапарымда бұл істі де пысықтап қайттым… Теледидардан сөйлеп отырған Ерұланның бұл айтқандарын Тельман да, Зүлфия да үнсіз тыңдады. Хабар аяқталғаннан кейін де біразға жалғасқан сол үнсіздік екеуінің де жүректерін бір өткір өкінішпен тырналап жатқан. Өкіндің не, өкінбедің не енді?!. Тіршілігіңде тірі жан иесіне қиянат жасау үшін тіршілік кештің бе? Мəңгілік тіршіліктің бір демін сен тоқтатып, соғып тұрған бір тамырын қансыратқаныңмен ол өлген жоқ мінекей!.. Сол тіршілік міне өмір болып жалғасып жатыр. Өмір жалғасар əлі де… Жалғасқан да жылаған, жылағанда да сен жылатқан пенделеріңнің құрғамай кеткен көз жасын қайтерсің?!. Тельман-ау, өртеніп кеткен шошқа фермасының өзің жапқан жаласымен істі болып жүргенінде Жанаттың түн ішінде үйіңе келіп ер басымен еңірегені есіңде ме?!. Онда да ол сенің аяғыңа өзін түрмеден алып қал деп жығылған жоқ еді. Толғағы қысып, жанын қоярға жер таба алмай жатқан Раузасын аудан орталығындағы ауруханаға жеткізуге өзіңнен машина сұрап келіп еді ғой… Есіңде ме… есіңде ме?!. Есіңде болса, басына іс түсіп күйзеліп жүрген Жанатқа машинаңды бермек түгілі, өзегінен теуіп үйіңнен қуып шығып едің ғой. Сөйтіп, сен жанталасып дүниеге келе жатқан періште өміріне де обалдық жасағансың… Үзіліп кеткен ана өмірінің кіндігімен жалғасып қала берген сəби ғұмырдың аралығындағы Адам тағдыры да, сен үшін ойыншыққа айналған сол жолы… – Сол, сол бала бұл! Жанаттың баласы бұл! Осы бір жайды ерлі-зайыпты екеуі де үнсіз мойындады. Мынау Жанаттың баласы ғой десе болды-ақ Тельманның жүрегі жарылып кетердей сезімде болған Зүлфия үн-түнсіз ас бөлмесіне кетіп қалды. Жұмсақ орнынан тұрмаған қалпы Тельман да өз ойымен өзі арпалысқа түсті. Сол, сол бала бұл! Жанаттың соңынан ерген жалғыз ұлы, асылдың соңғы тұяғы бұл! Бораны ұлып, аязы қақыраған сол бір қыс ішінде, қараңғы түннің мүлгіп тұрған тыныштығын шар еткен сəби үнімен селт еткізіп, шананың үстінде туған бала бұл! Бұл жарық дүниеге келер түні аяқ астынан толғағы қысқан Раузаны аудан орталығындағы ауруханаға жеткізуге Тельман көлігін бермегеннен кейін не амал жасарын білмей сасқалақтаған Жанат қорасында тұрған кер биесін шанаға жегіп, «а құдайлап» жолға шыққан. Жыландай ирелеңдеп сырғып жатқан ақ қардың сумаңдаған суық тілінің өн бойыңды жалап өтер ызғарын Жанат бірден сезіп еді. Тұла бойы сол ызғардан қалтырамағанымен, тай теріден тігілген үлкен тұлыпқа орап, шананың үстіне шалқасынан жатқызып қойған Раузасын ауруханаға тез жеткізе аламын ба деген хауіп пен үрейден өн бойы мұздап сала берді. Обалы нешік біраздан бері иығына қамыт кимеген кер бие тыңайып қалса керек, ақ қарды оппылап тартып-ақ келе жатыр еді, жануар Қызылшіліктің тар қылтасынан өтер тұста болдыруға айналды. Алдына салған жемі мен шөбін күні бойы емін-еркін жеп тойынған əрі көктемгі көк салымда айғырдан шығып кеткен буаз биенің жеткен жері осы болып еді. Жанат қолындағы қамшысын
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев үйіргенімен де, шанадан түсе салып жетектегенімен де қара терге малшынып, қос бүйірін соғып тұрып алған кер бие ілгері баса қоймады. – Жануардың жанын қинадың-ау, обал болды-ау! Ұрмашы енді! Құлын тастап кетіп жүрмесе жарар еді?!. Ішінің бүріп ауырғаны күшейіп, қара тері шығып, қиналып, азапқа түсіп жатқандығын сездіргісі келмеген Рауза бар күшін жинап осы бір ауыз сөзді əрең айтты. Құлын тастамақ түгілі зорығып өліп қалса да кер бие Раузасынан, оның жанынан садақа! Адамның ауыртпашылығын мал көтереді деуші еді, қос бүйірін соғып тұрған мына кер бие Раузасының, сол кер биенің құрсағында жатып тынысы тарылып, демі кеңіп сала беретін кең дүниеге ытқып шығып кеткісі келіп аласұрып жатқан құлыны мұның мынау əне-міне … əне міне… қараңғы түннің, ызғарлы түннің аспанын ащы бір дауысымен селт еткізіп дүниеге келейін деп жатқан шаранасының жанын аман алып қалар құрбандыққа жараса, жаратқан иесінің көз жасын игені мұның. Болдырып, əбден арындап алған кер биені жалма-жан доғара салып, қамытты өз мойнына іліп алған Жанат атшананы өзі сүйремек болды. Түстіктен соққан ызғарлы желмен бірге ұйытқып, борай көтерілген ақ қар қойнықонышына тығылып, бетін қарып барады. Аспан мен жерді тұтастырып жіберген ақ түтек ақ боран ысылдаған ызбарлы үнімен есінен тандырмақшы. Шолақ жеңінің етек-жеңін жұлмалап, бірде қою қара аспан əлеміне көтеріп əкетпекші болып, бірде қара жерге қадалып жабысып алған ақ қардың үстіне алып ұрмақшы болып алысқан есер жел мен еспе боранға да есі мен күшін алғызбай Жанат шананы орнынан қозғады. Ілби басқан Жанаттың ізімен ілгері жылжыған тағдыр шананың үстінде жатқан Раузаның да өн бойынан қара тер саулап жатқан еді. Қос бүйірін бүріп əкетіп бара жатқан əлдебір жараның аузы ашылып кетер сыздауын сезінбейін, сездірмейін десе де, анда-санда ыңырсып қояды. – Жаным-ай, – деді əлден уақытта талықсыған үнмен. – Тынысым тарылып, тұншығып бара жатқанымды қарашы. Ашып таста денемді! – Сабыр, сабыр! Сəл шыдашы! Оранған денеңді ашып тастауға болмайды ғой. Өзіңе де… ана… – Ана балаға да салқын тиеді ғой, – деген Жанаттың ентігіп тұрып айтқан сөзін Рауза ести де алмай талықси берген еді. Қамыттан босағаннан кейін солығын басқан кер бие Жанат сүйреген шананың соңынан бір елі қалмай, еріп келеді. Есті жануар иесіне шананы итерісуге көмектескісі келгендей шабақты қалқанды тұмсығымен анда-санда нұқып, нұқып қояды. Сол сəтте сəл де болса шананың ілгері жылжуы жеңілдеп сала беретіндігін Жанат анық сезеді. Маңдайынан сорғалаған ащы тер екі көзін ашқызбай қойды. Сорғалаған сол терінің кірпігіне қырау болып бір қатып, бір жібірін қайтерсің. Өн бойының ақ жалыны шүмелектеп аққан терімен су болып сыртқа шығып, шолақ тонға ол да мұз болып қатып жатыр. Қаудырап қатып бара жатқан тонының жылуы кетіп, арқасын аяз қарып, əлі кете бастаған өлімді шақта ұйығып жүрген үйірлі қасқырдың қоршауына тап болды. Біраз жылдардан бері күтім көрмей қараусыз қалған бұрынғы айнала егістікті қурай басқалы бұл төңіректі, соның ішінде Қызылшіліктің тал мен терегі ұйыса біткен қалың жынысын дала бөрілері үйірсектеп алған-ды. Онсыз да аяусыз бұрқап тұрған ақ
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев қардың ақ көбігін аласұра шашып бұларды қуып келе жатқан бөрілер тобын сезген кер бие болды. Жануар кісінеп жіберді де, шананың қос жетегін құлақбауына байланған қамытынан мойнына іліп алып, маңдайы жерге тиердей болып, еңкейіп, бар күшімен тартып келе жатқан Жанаттың алдына шықты. Біресе осқырынып, біресе кісінеп, əлдебір хауіп пен қатерді сезген кер биенің екі қолтығы дір-дір етіп, мына жан иесінен пана іздегендей аласұрады. Əлгіндей болмай жатып бөрілер шанадағыларды жан-жағынан айнала қоршап алып, ақ көбік қардың түте-түтесін шығарып, бұларға қарай боратсын-ай келіп. Манағы ақ боран мұның жанында боран болмай қалды. Үйірлі қасқырдың өткір тырнағының арасынан атылған ақ қар Жанат пен кер биенің танауларына дейін жабысып, тыныстарын да тарылтып барады. Шана үстінде бірде есі кіріп, бірде есі шығып толғақпен жатқан Рауза да ақ қарға көміліп барады. Ессіз далада аш бөрілерге жем боламыз ба деген ауыр бір ойдан өн бойы қалтырап кеткен Жанат қасқырға қарсы тұрар амал таппай дағдарды. Біратар мылтығын да өткен жолы өзін түрмеге қамар алдында үйін тінтіп жүріп милициядағылар тауып алып кеткен. Жалма жан шұрқырап тұрған кер биені ноқтасымен шанасына байлай салды да, жетектің біреуін ағытып алып, бар күшін жинап, топ қасқырға оңды-солды сілтей бастады. Есі кеткен еркектің мына қауқарынан сескенді ме, жоқ əлі де байқап көре тұрайық деген айламен бе, үйірлі қасқыр бұларды қамаудан босатты да, сырық сілтер жерге барып, шоқиып отыра қалды да, ұлысын-ай келіп. Үйірлі қасқырлардың ұлыған үнінен түн қараңғылығының қара түндігін жамылып алған аспан асты да қорқыныш пен үрейден қалтырап кеткендей болды. Сол бір қорқыныштың қара қақпаны мен сол бір үрейдің үңгірінен құтыла алмай дағдарған үмітсіз үшеудің тағдырын ұлыған боран мен ұлыған қасқыр азапқа салып-ақ бақты. Манадан бері кіресілі-шығасылы есі бар Рауза əлден уақытта бар дауысымен ышқына айқай салды. «Алламай, жаным-ай» деген əйелдің қиналған жан дауысы ұлып отырған үйірлі қасқырларға оқыстан атылған оқтан кем тимеді. Ұлығанын бір сəтте қоя қойған түз бөрілері от шашқан отты көздерімен бұларға қарап қалған. Əйелінің шырқырап шыққан жан дауысынан Жанат та қатты шошынды. Қолындағы бар қаруы қайыңнан жасалған жетекті сүйреткен қалпы Раузаға ұмтылды. Салқын тимесін деп орап тастаған үлкен тұлыптың омырауынан қос танауынан шыққан ыстық демі ғана білінетін Раузаға: – Шыдашы, бір кішкене шыдашы, – деумен болды. – Жүрегім… жүрегім қысып барады. Шешіп тасташ үстімдегілерді, бастырылып қалдым ғой!.. Раузасының еміс-еміс естілген үнінен əлі құрып бара жатқанын сезген Жанат тынысы жеңілдесінші деген оймен тұлыптың орауын босатты. Өн бойынан ағылған қара терге малшынып жатқан сорлы əйел дүниеге əкелер сəбиінің мына тылсым дүниенің қараңғылығына тұншығып қалмасыншы деген аналық сезімімен тоғыз ай бойы құрсағында көтерген ұрпағын жарық дүниенің суық қолына беретін мезгілінің келгенін сезіп жатыр. – Бəкің, болмаса балтаң бар ма еді? – деді Рауза өзіне үңіле қарап отырған Жанатқа. – Бар, бар ғой… – Бар болса, қазір мына туайын деп жатқан баланың
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев кіндігін балтаңмен кес өзің! Қорқақтап қалып жүрме, кіндігінің түбін нығыздап түй… – Не дейсің?! Не дейсің, жаным-ау?!. Үрей мен суықтан қалтыраған Жанаттың бұл айтқандарын Рауза еміс-еміс естіп еді. – Балтамен кес… Кіндігін балтамен кескен бала тұрып қалады деуші еді… Рауза соңғы бар күшін жиғандай. Үнінен ешбір қиналған азабы сезілмеген жандай еркін сөйлеп жатыр. Тыңдап ал… – Кіндігін кескеннен кейін, мынаған орап ал да, баланы қойныңа тығып өлсең де, талсаң да ауруханаға жеткіз. Маған алаңдама. Ешнəрседен қорқушы болма! Мына қоршап тұрған қасқырлар саған да, маған да тимейді. Ал, жаным, ие бол балаға!.. Қойнына тығып алған жып-жылы ақ матаны Рауза дірілдеген қолымен Жанатқа ұстата берді. Осы сəтте ғазиз ананың тар құрсағын керіп барып, кең дүниеге шар етіп ұмтылған сəби үні тылсым тыныштықты тіліп түсті. Біраздан бері жатыры тартып, іш қызуы есін шығарып мазасызданып жүрген күлгін қаншық қасқыр қос бүйірін кезек-кезек жалап, біресе алдын орап, біресе желкесіне асылып іші-бауырына кіріп бара жатқан арланға арс етті де, адам баласының беймəлім, бір нəзік үнімен шырылдаған дауысы шыққан жаққа жалт қарады да, шоқиып отыра қалып ұзақ ұлыды. Күлгін қаншыққа қосылып үйірлі қасқырлардың бəрі де ұлыды. Шырылдаған жас сəби мен ұлыған қасқырлардың əлдиінен түнгі даланың шар аспаны жыртылып айырылғандай, осы сəтте құланиектеніп ақ таңның нəзік бір сəулесі де көріне бастап еді. Раузаның айтқанындай, дүниеге келген жас сəбидің кіндігін қара балтаның өткір жүзімен кесті де, жалмажан жылылап орады да, жерден көтеріп алған баласын Жанат қойнына тықты. Ессіз-түссіз жатқан Раузаның үстін қымтап жапты да, кер биесіне жайдақ міне салып, əлгінде ғана басылған ала құйын бораннан кейін көз ұшында жарығы көрініп тұрған аудан орталығына жетуге асықты. Қара термен бусанған денесін түнгі суық сорып, қалтырап тұрған кер бие бір осқырынды да, үрей құрсауынан құтылғысы келгендей иесінің тебініп қалуы мұң екен бауырын жазып, шаба жөнелді. Манадан бері күлгін қасқырдың ыңғайымен болған арлан осы сəтте өзінің тағылық мінезіне басып кер биенің ізіне түсіп қуып берді. Біраздан бері үйірлі қасқырды бастап жүрген арланның соңынан өзге көкжалдар да дүрліге шапты. Жанаттың шолақ тонының ішіне тығып алған бейкүнə сəби жарық дүниеге əкелген тəңірінен араша сұрағандай шырылдап келеді. Осы сəтте араны ашылған арланның соңынан құйрық тістем аралықта ғана көсіліп келе жатқан күлгін қаншық көкжалдың алдын орай берді де, сұр арланның алқымына ауыз салды. Арлан мен қаншықтың ырылдасып алысқанын көрген өзге көкжалдар да бір-біріне тістерін ақситып, ырылдасып, бірімен бірі алысып тып-тыныш жатқан тылсым даланың жер басып жатқан ақ қарының ұйпа-тұйпасын шығарды. Тап өзі үшін болған талай бір азу қайраған айқастарда басқа ешбір көкжалға дес бермеген арланның алапат күшіне қарсы тұрар қайраны қалмаған күлгін қаншық қыңсылаған қалпы, арланның алдына жонымен сырғанап барып жығыла берді. Азу тісін ақситып бас салып, тағы да талағысы келіп төніп қалған арлан біраздан бері ырқына көнбей
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев жүрген қаншықтың өн бойынан əлдебір жағымды иісті сезді. Сол бір иіс түз тағысының жылына бір селт етер аталық құмарын оятып жібергені анық еді. Күлгін қаншықтың қос бүйіріне қара тұмсығын сұғып жіберіп, күлгін қаншықтың иісін алып тұрған арланның алданған осы бір сəтін тосқан үйірдегі өзге қасқырлар да төрт аяғы тəлтіректеп əрең жортақтап бара жатқан қойнында шырылдаған сəбиі бар кер биенің үстіндегі бейбақты қуғанды қойып, аспанға қарап, ұли бастады. Күлгін қаншық та ұлыды. Біресе ана болып, біресе сəби болып ұлыған күлгін қаншық жылаған сол өз үнімен көк бөрілердің талауынан қорғап, аман алып қалған бейопа дүниенің есігін жаңада ғана ашқан адам өмірі де шырылдап барып ажалдың тырнағына ілінбей сау қалған еді… * Тайталасы мол ажалды өмір шанасының үстінде алай-дүлей соққан ақ боран мен қасқырлар ұлыған түні туған сол шаранасын Жанат араға сегіз жыл салып барып көрді. Жол үстінде босанып қалған əйелді құтқаруға шыққан аурухананың жедел жəрдемі қалың қарға бір батып, бір шығып жеткенінше Рауза да ажалмен алысып бақты. Денесінің қызуы біресе көтеріліп, біресе қалтырап, сандырақтауға көшті. Баланың ұясынан тоқтамай ағып жатқан жылымшы қанмен бірге əлдəрмені де құри бастаған сорлы əйелдің жүрегі де соғуын бəсеңсітуге айналды. Соңғы демін жиып, көзін бір ашқанда Жанаты тұрған жанарына ілініп. – Ті-рі-ме, бала?!. Ті-рі-ме?.. – Тірі!.. Тірі!.. Ер бала, ер бала!.. Қуанғаны мен қорыққаны бірдей Жанат осы бір екі ауыз сөзді айтып қана үлгерді. Қос дəрігер қансырап қалған əйелді зембілге салып алды да, жедел жəрдемге ұмтылды. Қыстың ұзақ түнінің мың сан құбылар райының əдетімен манағы асау боранның ашуынан із де қалмағандай. Енді түнгі ай да бабына келіп толысып, ұлпа қармен көмкеріліп жазылып жатқан кең даланың момақан үстінен шырағын жағып, төңіректі сүттей ұйытып, мөлдіретіп тұр еді. Шала жансар Раузасының қаны қашып, қуарып қалған, тіпті … ұлпа қардай ағарып кеткен ақ жүзін Жанат анық көрді. Бас жағында Жанаттың келе жатқанын сезді ме, кірпігін қағып, көзін ашқанда жанарына үйіріле берген бір тамшы жас іркілмей домалап түсті. – Ер… ер… Ерұлан қой атын, – деді Рауза естілерестілмес бəсең үнмен. Ана болу үшін жаралған, соны аңсаған, бесік тербетуді көксеген, тəңірі жан салған ұрпағын тоғыз ай, тоғыз күн көтеріп, тар құрсағын кеңейтіп, тас емшегін жібітіп көкжалдар қоршаған кең дүниенің суық ит көйлегін кигізіп шырылдатып тастап кетіп бара жатқан сорлы əйелдің өз ұлының Ерұлан деген есімін əрі тұңғыш, əрі соңғы рет атап, соңғы рет еміренгені еді. Сол түні сүттей жарық айға қарап күлгін қаншық ұза-а-ақ ұлыды…
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев * Өрттеліп кеткен шошқа қорасының залалынан келген зардабын арқалап кете барған жазасын Жанат Атыраудың мұнайлы қаласында өтеді. Көкшетаудағы жетім балалардың пана үйінде қалған жалғыз ұлының өліп қалмай, аман-сау өсіп жетілуін тіледі. Таң сəріден тұрғанда да нар үстіне отырып, ең əуелі сол жалғыздың амандығын сұрайтын жаратқан иесінен. Жатар орынға келіп, көз шырымын алар сəтте де сол тілеуін қайталайтын. Көңіліне демеу болған бір жай балалар үйінің директоры Ольга Петровна Красновская Жанаттың айына бір рет жазуға ғана құқы бар хатына жауап беріп тұрды. Соғыс жылдары құрсауда қалған Ленинград қаласынан Қазақстанға əкелінген панасыз балалардың бірі болатын ол да. Қазақ жерін мекендеп, жетімдік пен жоқшылықтың зардабын бір кісідей-ақ тартқан Ольга да əкелі-балалы Жанат пен Ерұланның қасіретті тағдырларына бей-жай қарай алмады. Жанатқа жазған хатында Ерұланы дені сау болып өсіп келе жатқандығын айтатын. Қапаста қамығып жүрген көңілі көтерілсін дей ме екен кейде Ерұланның тіпті бір сəбилік қылықтары мен тентектігін де баяндап тұратын. Өз басына өзінің еркі жоқ жан иесінің тар қапаста жүріп, есі шыға айқайлап қуанғанын көргеніңіз бар ма еді?!. Міне, сондай бір қуанышты сəттің тəтті бір шуағына Жанат та малынды. Кезекті бір хатында балалар үйінің директоры Жанатқа ұлының суретін салып жіберіпті. «Мынау сіздің ұлыңыз Ерұлан» деген сыртындағы жазуды оқыды да жалғызының суретін əуелі кеудесіне басты. Сол бір кеудесіне сыймай аласұрып жатқан жүрегінің ыстық шуағы мен мейіріміне жалғызының суреттегі жансыз бейнесін қандырды да, қос жанарынан парлап тұрған көз жасына ие бола алмай Ерұланына, оның суретіне қарап тұра берген. – Құлыным, – деген еміреніп. – Құлыным, омыртқадағы жұлыным, жалғызым менің! Сен тезірек өс, тезірек үлкен бол. Е, Тəңірім, – деп жалбарынды Жанат жаратқанына. Заманының зобалаңын тартқан бір əулеттің соңғы бір тұяғы осы бір сəбиің сенің. Өкінбеймін өткеніме, тек осы бір… осы бір тұяғымды аман сақтай көр! – Тəңір иесі естисің бе? – деген қапалы көңі лінің түпкірінде жатқан жан айқайын сыртқа шығармағанымен өз қолымен шаранасынан шырылдатып тағдырының қолына тастап кеткен жалғызының тілеуін тізерлеп отырып, тұңғиық түпсіз терең көк аспанан қолын жайып тілеген. Жетім балалар үйінен айына бір рет орыс əйелі жазып тұратын хаттан басқа ел, ағайын тіршілігінен өзге ешбір хабар ала алмай жүрген шағын айтпаңыз! «Қарағай өзін кессең түбі қалар, екеудің біреуі өлсе бірі қалар, жалғыздың өзі өлсе кімі қалар?» – деген Мəди ақынның жан толғанысы мен көңіл наласын ұғарлық күйді кешіп қапаланып жүрген күндердің бір күні Көкшетаудан тағы да бір хат келген. Ақ конверттің сыртындағы Ольга Петровнаның сол бір баяғы қолын жазбай таныды. Конвертті желімдеген тұсынан еппен ашып, ішіндегі бір парақ қағазды алып, оқи бастағанда өз көзіне өзі сенбеді. «Көке, сағындым сені! Қайда жүрсің? Мамам қайда менің? Мен қазір мектепте оқып жүрмін. Оқуым жақсы. Хатты саған енді өзім жазып тұрамын. Балаңыз Ерұлан» деген хат
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев жолдарын оқығанда басы айналып, тұрған орнынан шайқалып кетті. Жер айналды. Жел тұрды. Құмды даланың апшысын қуырып бара жатқан аптап ыстықтың лебінен де Жанаттың ішкі жан толқынысының ыстық демі тиген жеріңді күлдіретіп күйдіріп түсірер еді дəл қазір. Мүсəпір көңілдің қамығып жүріп ашылған түпкір сарайында бір үміттің ошақтағы өшіп қалған оты қайра бір лапылдап тұтанып жанып жүре берген. Жанының əлдебір қуат көзін ашқан Ерұланның пəк көңілімен, адал саусақтарымен ұстаған қаламының ұшымен жазылған сол бір тұңғыш хатымен байланысқан əке мен бала тағдыры өлмес өмірдің мəңгілік құшағында сонан бері бірге тербеліп келе жатыр… * – Еріккен екенсіңдер осы сендер, – деді қашан болсын тойымсыз көңілінің қыжылын баса алмай əбігерленіп жүретін Құлқожа. – Қаңғырып кеткен осы ауылдың иттерін жинаймыз деп, күнде ел ішін дүрліктіргенше, қыс келе жатыр отын, шөптеріңді жинап алсаңдаршы! – Құлеке, жөн, жөн сіздікі! Орақ болса егінге жаңа салынып жатыр, шөп сабаннан құр қалмаспыз – деп Жанат ақсақал біріне бірі сөз бермей дауласа жөнелер ауылдастарын сабырға шақырды. – Аларсың, атаңның басын!.. – Құлеке, қой деймін енді! – Ал, қоймасам ше?! Əй, Оспанның алқаш баласы, қоймасам сен мені жағамнан аламысың?!. – Құлеке, қой деймін енді… – Ал, қоймаймын, не қыларың бар маған?!. Бет-аузы ісіңкіреп, қою қара шашы көптен бері ұстара тимегендей жалбырап өсіп кеткен Жұмабек отырған орнынан атып тұрып, Құлқожаны өңменінен итеріп қалды. Өзінің баласымен жасты Жұмабектен тап мұны күтпеген Құлқожа шалқалақтап құлап бара жатып: – Тап əкеңнің аузын… Сені ме, сені түрмеде шірітейін, алқаш, – деп айбат шегуге ғана мұршасы келіп, мұрттай түсті. Құлап жатып, сыпыртып боқтап жатқан Құлқожаға ұмтыла берген Жұмабекті екі-үш қарулы жігіттер ұстап қалды. – Құлқожа дұрыс айтады осы! Биыл малдың жемі мен шөбі де қиын болады-ау осы! «Осы, осымен» сөзін аяқтап отырған ел ішінде жыбыр атанып кеткен Самиғолла бұрын осы елдің партия ұйымының хатшысы болған тік бақайлау, кірпияз жан. – Қаншама достасқанымызбен Əмериканың қастандығы қалушы ма еді, – деді Самиғолла. Бүгінгі жиыны шағын жанжалға ұласып бара жатқан аралағаштықтарды бұрынғы парторгтың Американың тағы бір қастандығы жайлы айта бастаған əңгімесі сабасына түсірді. Елең еткен ауылдастарының бар назары өзіне ауғанын сезген Самиғолла Америка жайлы, оның жасап отырған қастандығы жайлы ыңырана отырып сөзін онан əрі сабақтады. – Əлгі біздің осы ауылды жекешелендіріп ие болып қалған жаңа қожайындар, ту-ту Əмерикадан астық оратын бір комбайн сатып алыпты, – деп бір қойды Самиғолла. Жұрт тым-тырыс. Сол комбайнның ішіне американдықтар атом бомбасын салып жібергендей үрей-
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев ленген ара ла ғаштықтар осы араға не мəселемен жиналғандықтарын да əбден ұмытып, естен танар күйге түсті. Самиғолла да үнсіз. Аса бір қауіпті, болмаса қатерлі бір жағдайды баяндайтын шығар деген оймен сабыр сақтап, əліптің артын бағып отырған жастар жағының шыдамдары да таусылуға айналды. – Сəке, айтсаңшы енді əлгі Американың қастандығын!.. – Тұра тұрсаңшы, біреу қуып бара ма, асығып. Айтады ғой қазір. Екеу ара дауласуға айналған Көбетей мен Нұрланның бір-біріне қораздай қоқилана қалған түрлеріне қарап, тамашалап отырған жұрттың назарын өзіне аударған Самиғолла қарлығыңқы дауысын қырнап барып: – Ал, айтайын енді,болмадыңдар ғой осы, – деді. – Əмериканың қастандығы қалушы ма еді осы, – деген сөзге мəн беріп сөйледі. – Əлгі біздің қожайындар əкел ген Əмериканың «Жын-дир» деген комбайны бар ғой… – Сəке, «Жын-дир» емес, «Джон-дир» деңіз. Ой, ол өзі бір керемет ғажап комбайн ғой, – деп Самиғоланың сөзін əлдекім бөліп жіберді. – Иə, иə… сол Əмериканың комбайны бар ғой, – деп Самиғолла ешкімге назарын салмастан əңгімесін онан əрі жалғастырып алып кетті: – Егіннің сабанын түгін қоймай ұп-ұсақ етіп майдалап турап, үгітіп шашып кетіп отырады екен. Бұрынғы советтің комбайндарының соңынан көпене-көпене болып қалып жататын сабан жоқ енді бізге. Малымыз аштан қырылмағанда қайтсын осы?!. Отырған жұрт ду күлді. – Бар уайымың сабан ба сенің? – деді Жанат ақсақал жақтырмай. – Иə, тағы не жаңалығың бар?.. – Айтайын ба? – Е, айта ғой! Тыңдап отырған жоқпыз ба, бəріміз де бір сені, – деді Жанат сабырлы үнмен. – Айтсам бар ғой осы… Самиғолла мұрнының астынан бір міңгірлеп алды да: – Əлгі біздің ауданда баяғыда бірінші хатшы болған… əлгі орыс қатына бар, кім еді əлгі… əй, əлгі… Əмір Қалиевич ше, сол қайтыс болыпты, – деді. – Е, жарықтық иманды болсын! Жанат іштей дұға қылып, бетін сыйпады. – Əй, оның өзі Қазақстаннан көшіп кеткен жоқ па еді?! Қызу қанды Көбетей Самиғоллаға алара қарады. – Əй, неменеге осы сен адырая қаласың? Ал көшіп кеткен… Немене Қазақстаннан көшіп кеткендерге өлім жоқ деп пе едің? Самиғолла шарт кетті. – Ту, Сəке-ай, жай сұрап жатқаным ғой! Жараңызға тұз сепкендей осыншалықты ыршып түскеніңіз не? – деп Көбетей кейіп қалды. Тап алдарында тұрған коммунизмге жетеміз деп ұзақ жылдар бойы алашапқын болып, ақыр соңында ішер ас пен киер киімге жарымай, тауы шағылып, еңсесі түскен елдің енді бұрынғы жасағандары мен замандарын қайта құру қажеттілігі жайлы Мəскеу жақтан нұсқау түскен-ді. Бəрін де қайта құрамыз деп жүріп бұрынғы құралғанның өзіне ие бола алмай қалған кезеңдерде Əмір Қалиевич басқарып отырған аудан да түгелімен сол заманның қысқарту атты қырсығының қайшысымен қиылып кете барған. Заманның зауалына орайлас жүрген қайта құру мен қысқартудан жапа шегіп, басынан билігі, қолынан қызметі кеткен осы бір өліара тұста жалғыз қызы
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Натальясы да неміс жігітімен көңілін жарастырып, тұрмыс құрған болатын. Алайда көп ұзамай күйеу балаға ата жұрты Германиясынан шақырту келіп еді, ол болса қазақ елі туып-өскен жерім еді деп алды артына қарап жатпастан, көшіп кетті. Маңдайына жазған қызметінің қызығынан да, жан дегенде жалғыз қызынан да бір сəтте айрылып қалған Əмір енді өз үйіне өзі сыймауға айналды. Электр қуаты бір үзілмей беріліп тұрған шақта, тіпті түннің бір уағына дейін теледидар көруді арман қылатын. Енді электр жарығы да шектеліп, тəулігіне бірекі сағат қана беріле бастағалы, бұл ермегі де ертегіге айналғандай еді. Май шамның жарығымен əйелі екеуі үн-түнсіз отырып, кешкі тамақтарын ішіп бола берген сəтте Мария Васильевна өксіп-өксіп жылсын-ай келіп. Жан күйзелісінен көптен бері құса болып қалған сорлы əйелін Əмір не деп жұбатарын біле алмай дағдарды. Бір ауданның халқына билік айтып келген басы бір əйелінің көз жасын қойғыза алмай əңкі-тəңкісі шықты. – Болды енді! Төзімім əбден таусылды! Қажыдым! Тезірек бұл арадан басқа жаққа кетуіміз керек! Өксігін баса алмай отырып айтқан əйелінің түптің түбінде осы бір сөзді қоңырсытатынан Əмірдің іші сезетін. Қашан болсын ер адамның ығында емес, жел жағында жүріп тізгін ұстауды ғадет етіп алған əйелінің бұл бір жай байбаламы емес, кесімді ойы екенін ұққан Əмір басымды мінезіне басып, үндемей құтылған. Əмірі тіс жарып үндемесе болғаны, енді өзінің дегенін істеуге ақырындап кірісе беретін Мария Васильевна тез арада басы артық-ау деген дүние мүліктерін сатып, қоныс аударудың қамын жасады. Бастан кеткен дəуреннің қызығы мен сайраны түгесіліп, сəулесі қалмаған қара көлеңкелі ғұмырынан түңіліп те отырған келер күндерінің көмескі келешегінен Əмір үшін ендігі арада жер шарының қай қиырына қоныс тепсе де бəрібір болатын. Əмірді осы бір үзілгелі тұрған үмітімен поезға отырғызып алып Мария Васильевна Мəскеу түбіндегі өзі туған Иванова қаласына көшіріп алып келген-ді. – Сорлыны табытқа салып орыс зиратына жерлепті. Тағдыр дегенің міне осы! Самиғолла осыны айтты да ауыр күрсінді. Қашан болсын бөтен дінге, оның ғұрпына үрке қарайтын қазақы көңіл бұл жолы да шошына қалды. Əркімнің сол бір шошынған жан дүниесінде іштей тынған ой əлемінің үнсіздігін Көбетейдің мырс-мырс күлгені бөліп жіберді. Отырған жұрттың назары Көбетейге ауды да, ол күлкісін басып: – Сəке-ай, кешегі күні бастығым деп жалпаңдағанда сондай едіңіз, сол Əмірдің жаназасын өзіңіз барып шығарып, арулап көміп келмедіңіз бе? – деді. – Тəйт əрі, бұл да күлетін, бұл да сөз қылатын жай ма екен? Топырақ кімге қайдан, қалай бұйырарын бір Алла ғана біледі. Аузыңа келгенді оттамай, жайыңа отыр! Жанат осылай деп Көбетейді тиып тастады. Сөзге сөз жалғағысы келіп, тілі қышып отырғандар да бар еді, бəрі де отты көздерімен алара қараған Жанаттан ығынып, тиыла қалды. Тына қалған осы бір тылсым дүниенің опа бермес тіршілігі көз алдарынан Əмір болып үнсіз өтіп жатқан жандарды қалың ойдан Жанат болды оятқан. – Ал, ағайын! Бүгін осы елге жан-жақтан өз бауырларымыз, өз балаларымыз жиналады, – деді Жанат тебіренген үнмен. – Олар өздерінің туған топырағын, кір жуып, кіндік кескен ата жұрттарын сағынып,
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев аңсап келе жатыр. Жыл құсындай қанаттары талып өз ауылдарына жетуге асығып жолдан шаршап, шалдығып келген ауылдастарымызды дұрыстап күтіп алайық, көңілдеріне кірбің түсірмейік əйтеуір! Ел ішінің боқ əңгімесін бықсыта бермеңдер түге!.. Естінің есін кіргізіп, есерді сабасына түсіріп сөйлеген Жанаттың бұл айтқандарын ауылдастары ұйып тыңдады. Əрқайсысы өздеріне бөліп берілген шаруаны ойша пысықтауға кіріскендей, үнсіз қалды. Дабыра болмай тұрған мына топтың тыныштығын пайдаланған Жанат тағы бір істі пысықтады. – Қонақасыға сойысқа мал іздеп бастарыңды қатырып, əуре болмаңдар, – деді өктемдеу сөйлеп. – Анау менің қорама жуырда өздеріңнің апарып байлап берген қызыл қашар қысыр əрі семіз көрінеді өзі, соны жұмсаңдар! Менің құрбандығым сол болсын! Осы ауылдың бұған дейін ортақ болып келген малмүлкін жекешелендіру басталғанда Жанаттың үлесі бір қашардан аспады. Бесікте жатқан баладан бастап, еңкейген кəрі-құртаңға дейін үлестері қатталып-шотталып есепке түскенде осы елді он бес жыл басқарғандығын алға тартып жіліктің майлы басына ең əуелі Тельман жармасқан болатын. Көгілдіртау облысының партия комитетіне хатшы болудың тізгіні бұйырып, басына қона қалған мына баққа масайрап жүрген шағында орыс патшасы Ельцин дегенің өз елінде коммунистер партиясының жұмыс істеуіне тиым салған жарлыққа қол қоймасы бар емес пе?! Қашан болсын Мəскеу жаққа қарап алып барып, түшкіруді əдетке айналдырған өзгелер де бірінен соң бірі коммунисттер партиясының іс-əрекетіне тыйым салып, əлемде бұрын-соңды болып көрмеген не бір қызықтар болып, дүние атаулының астан-кестені шыға бастаған шыжымды бір шақ еді. Сол шақта бұрын ортақ болып келген мал мен мүлікті, жалпы дүние атаулыны тезірек бөліп алмаса жел көтеріп алып кететіндей əбігерге түскен əуелі Тельман сияқтылар болды. Ұзақ жылдардан бері көптің маңдай тері, ақ адал еңбегімен құралған дүние атаулыға қол салуға елі мен жұртынан ұялғандар да бар еді. Ондайлар əліптің артын бағып отырғандарында аяқ астынан пайда бола кеткен пысықтар мен алаяқтар ешкімнің де, ешнəрсенің де обал-сауабынан ығынбады. Кейіннен арлылар бармақтарын тістеп, сандарын соғып өкініп қала берген заман келді зауылдап… Облыстың дүние-мүлікті жекешелендіретін мекемесінен ала келген мамандары мен соңынан еріп жүрген милиция қызметкерлері бар Тельман өзімнің үлесім деген малды ауыр машиналарға тиетіп жатты. Соның алдында ғана іске татиды-ау деген су жаңа тракторлар мен жүк машиналарын, бір-екі астық оратын комбайндарды да Көкшетауға жөнелтіп жібергені де бар еді. Сол мал-мүлікті жөнелтісіп жүрген ауыл жігіттерінің зықын дəу қара бұқа шығарды. Мүйізін ерсілі-қарсылы шайқап, арқанмен жетелегендерге ырық бермей-ақ қойды. Ауыл жігіттерінің ақ тер, көк терлері шығып əбден қалжыраған бір сəттерінде Жұмабек келе қалсын қаңғалақтап. – Əй, – деді жеңіл машинаның жанында тұрып, зекіріп бұйрық беріп жатқан Тельманның жанына келіп: – андағы бұқаны қайда апарасың? Əлгі татар қатыныңа апарып салайын деп пе едің?!. Қапелінде мұндай сөзді ести қоямын деп ойламаған болар, Тельман үнсіз қалды. Жанындағы милицияның біреуі барып, Жұмабектің бұл маңнан жүрмеуіне кеңес беріп еді, ол тіпті өршеленіп кетті.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев – Сен кім едің, анау итті қорып жүргеннің бірі сенбісің? Тапқан екенсің адамға опа беретін ізгі жанды. Анау ма, а-нау бар ғой, – деп Жұмабек оң қолының сұқ саусағымен Тельманды нұсқап, – барып тұрған қанішер ғой ол. Оның мына қара жерді басып жүруге де ешбір хақысы жоқ. Сен соны білесің бе?!. – Тельманға қарай ұмтыла берген Жұмабекті екі милиционер ұстап қалды. Қанша ышқынса да қарулы екі жігіттің қолынан шыға алмаған Жұмабек сөйленіп тұр. – Əй, оңбаған, осы ауылды тонағаның, жұтатқаның, халқын зар илеткенің аз ба еді сенің?!. Обкомға хатшы болып жетілгенің осы ма, билігің өз ауылыңды тонаудан аспай қалған жетесіз немене, көрейін де өлейін деп пе едің бар мал-мүлікті тасып əкетіп… – Кет, маскүнем сен едің маған ақыл айтатын, - деп манадан бері сабыр сақтап, Жұмабектің бір сөзін естіп, бірін естімеген күйде тұрған Тельман мұнан əрі шыдай алмады. – Көзін құртыңдар анау маскүнемнің!.. – Əй, найсап, сенің көзін құртпағаның енді мен едім осы ауылда аман қалған. Құртқан, жылатқан жандарың аз ба еді-ей сенің?!. Жіберіңдерші, жіберші қане, ана антұрғанның өңешін жұлып алайын… Тельманға қарай ұмтылып, бас салуға ұмтылған Жұмабектің отты көздеріндегі кек отынан сескенбеген жан баласы жоқ еді осы арада. Ыза мен кекке булыққан сорлы неме екі қолтығынан ұстап алған екі жігіттің өзін сүйрей жөнелді. Тап қазір сол екеуінің қолынан бір босап шығып кетсе болды, Тельманды жүндей түтіп тастамақшы. Милиционер екі жігітті біраз жерге дейін сүйреткен Жұмабектің күші таусылды ма, əлден уақытта сүрініп барып, етпетінен құлады. Сол құлап жатып, екі жұдырығымен қара жерді соққылап булығып жыласын-ай келіп. Ара-арасында сөйленіп қойып жылап жатқан бейбақтың жанына бір тірі пенде жоласайшы, тым болмаса біреу табылса етті араша түсетін. Біреудің қайғысы қамықтырмайтын, өзгенің көз жасы жабырқата қоймайтын таскерең заманның зарлы уын татып, жылаған пенделер көбейген сайын адам атаулының бойындағы аяушылық сезімдерінің түп-тамыры қиылып қалған ба деп те ойлайсың. – Мені… мені… мас… мас… күнем деді-ау анау оңбаған!.. Булығып барып осы бір сөздерді əзер айтқан Жұмабек жер соққылаған қалпымен ұзақ сөйленді. – Мен… мен ішсем əй, оңбаған Тельман, жаныма сенің салған жараңды жазайын деп ішемін… Өмірімнің сен улаған уытын қайтарайын деп ішемін мен… Сен жұтатқан жанымды жұбатайын деп ішемін мен… Шерлі көңілімнің қалың қайғысының қара бұлтын тарқатайын деп ішемін мен… Əй, əй… оңбаған сен соны білесің бе?! Білесің бе?!. Күні бойы ішкен арақтың уытынан аш өзегі талып, əлсіреп барып Жұмабек сол жатқан орнында ұйықтап қалған болатын. Сонан кейін мұнда ешкімнің шаруасы болған жоқ еді. Құлаған жерінде ұйықтап жатып қалатындығы күндегі дағдысына айналғандықтан да əркім өзінің күйбең тіршілігінің қамымен кете барды. Түнгі салқыннан денесі қалтырап, дірдектеп барып оянған Жұмабек есін жиғанда, біраз малды тиетіп алған Тельманның керуені Көкшетаудағы ет комбинатының алдына келіп ат басын тіреп те жатқан болтын… Арлыға арсыздың күле қарайтын күні де туып,
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев адам баласының ары да, қолындағы бары да базардағы саудаға түсіп жүре берген кезеңдерде көптің игілігін иемденіп кеткендер кеудесімен көк тіреп шыға келген. Жанына да барғызбайтын, жонынан да ұстатпайтын сол көкіректілердің бітеліп қалған көкірек көздері ашылар ма екен, шіркін?!. Ашыла қалса ше?!. Онда олар ең əуелі билік пен байлық атаулыны бір өзінің уысына ғана жинап алудың қамымен жүріп, қаншама бейбақты жылатып кетіп жатқандарын байқар еді-ау! Адамның араны ашылып кеткен замана дүниясының адалын да, арамын да қылғытып жұтып жатқан қомағай жандар бір тояр күн де туар ма екен, шіркін?!. Биік төбенің басында жалғыз өзі ғана отырған Жанат осы бір түпсіз терең ой əлемінің шылауына шырматылып, жанына келген Жұмабекті де аңдамады. – Аға, – дегенде барып селт еткен. – Əу, жаратқаным, не дейсің?.. – Аға, мен тағы да іштім. Аға, мен тағы да маспын! Күйіп барамын! Күйдірді ғой бұлар мені! – Қой, қой, айналайын! Сабыр… сабыр. Күйетіндей жарқыным-ау, не болып қалды осы саған? – Маған ба?.. Е, аға сіз білмейсіз ғой, білмейсіз… Сіз онда ана жақта жүргенсіз əлі… Түрмеде болатынсыз… – Сіз білмейсіз ғой, – дегенді масаңдау үнмен қайталаумен болған Жұмабек біресе қыстығып, біресе еңіреп жыласын-ай келіп… – Қой, айналайын бəрі де бір Алланың ісі де! Бейшара жанды сабырға шақырған Жанатқа ол болса, өңменіңді тесіп жіберердей өткір көздерімен қараған. – Алланың ісі дейсіз бе?!. Сіздің əйеліңіздің қыс ішінде жол үстінде босанып, қансырап өлгені де Алланың ісі ме, ə?!. Сол жолы туған жалғыз ұлыңыздың тілеуін тілеп, осы жасыңыздың біразын түрмеде, ендігісін бір үйде бір өзіңіз жалғыз өткізіп жатқаныңыз да Алланың ісі ме?!. Алла неге қатал болды мына сіз бен маған?!. Айтыңызшы, айтыңызшы, аға! – Қой, қой айналайын, жарылқаймын десе Алланың рахымы мол ғой! Сабыр… сабыр… шырағым! Ботадай боздап жылаған Жұмабектің тап қазір жан дүниесін арақтың уыты емес, өмірдің өз уы ойып бара жатқан болатын. Жəне де сол уды да сол бейбақтың тағдыр талқанына аяусыз сепкен пенденің жер басып тірі жүргені-ақ күйдіреді. Тұзы шыққан тағдырының кермек дəмін татып жүрген Жұмабектің басынан өткен жайды Жанат түрмеден босап шыққаннан соң осы елден еміс-еміс естіп еді. Ол жылдары ауыл үйдің іргесіне дейін жыртылып, тұқым салынған егістікке жаз жауынды болып, астық бітік шықса болды, басшылар жағынан Мəскеуден алатын жаңа ордендерін қадау үшін күздің қара басынан-ақ бір-бірден жаңа костюм-шалбар сатып алып қоюлары айнымайтын дағдыларына айналған еді. Науқаннан қолы босай қалған қалтарыс бір сəтте Тельман да іргедегі Көкшетауға машинамен жүгіртіп барып, қаланың көп дүкендерінің бірінен жап-жаңа сұр костюм-шалбар сатып алып, облыс орталығынан шыға бергенінде тас жолдың айрығында тұрған бір əйел қол көтерген. Тани кетті. Өз совхозының комбайншысы Жұмабектің əйелі Шолпан екен. Директордың «Уазигіне» міне беріп, машинаның жүргізушісі бастықтың өзі екенін байқап қалған жас келіншектің екі беті ду ете түскен.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев – Аға, кешіріңіз, тоқтатқаныма! Қалаға дəрігерге көрінуге келіп едім, автобустан қалып қойыппын. Елден біреу-міреу жолығар деп жолға шығып едім… – Оқасы жоқ! Жолымда тап сіздей əдемі əрі сұлу, өзі жас келіншектер кездесе берсе, менің де ісімнің оңғарылғаны! Жеңіл машинаның артқы орындығында үріккен еліктей болып отырған Шолпанға Тельман мойнын бұрып, күлімсірей жауап берді. Көңілі көл болып, масайрап келе жатқан директордың жанына бір желік кіргені анық еді. Жымыңдап қояды, біресе ыңылдап əндетіп, маңдай тұсындағы айнадан Шолпанның ұялғаны мен сасқанынан алабұртып, қызара түскен жүзінен көзін алмай келе жатқан Тельманды бір құмарлық биледі. Бойындағы нəпсі құмарлығымен бірге Жұмабекке деген кеудесінде біраздан бері бұғып жатқан кек оты бірге тұтанып ала жөнелді. – Сенің қаншығыңды мен бір көрейін! Бір тал қылға ілініп жаратылған адам тағдырын үзіп түсер осы бір ойға бекінген Тельман қанын ішіне тартып ала қойды. – Сенің қаншығыңды мен бір көрейін!.. Осы бір қиянатқа жетелеген сайтан ойымен алысып, қаны қарайған Тельман машинаның жүрісін де үдете түсті. Жолындағы барлық машина атаулыны басып озып, ерсілі-қарсылы ағылған сан түрлі көліктердің ара-арасымен зулап келеді. Біріне болмаса біріне қақтығысып қаламын-ау деген ой болсайшы өзінде. Тельманның бір тоға момын Жұмабекке осыншалықты кектенуінің əріде жатқан сырын айтуға айтар ауыз қиналар еді. Бəрі де директордың үйіндегі ақ қаншық итінен басталған болатын. Тельманның қазір Алматыда тұрып жатқан жалғыз ұлының туған күніне деп іргедегі Омбы қаласынан орыс жолдастары салпаңдаған екі құлағы жерге тиюге сəл-ақ қалған сүпсүйкімді ақ күшікті сыйлаған. Тельман мен Зүлфия ұлына ат мінгізгеннен бетер қуанған бұл сыйлыққа. – Бұл анау-мынау күшік емес! Соны біліп қойыңдар, – деді қолындағы арақ толы стақанын ерсілі-қарсылы шайқап сөйлеп тұрған ұзынтыра Николай. – Бұл тек ағылшын аристократтары мен Ұлыбританияның ханзадасы ғана ұстайтын иттің тұқымынан… Несін айтасыз, ұзынтыра орыс жаңағы ақ күшіктің жаралған сідігінің ата-тегін тізбелеп, олардың қай елдің көрмелерінде болып, қандай медаль, алқа алғандарын айтқанда, дастархан басында отырғандардың аузынан сілекейлері шұбырған. Мұндай текті итке жəне де кім көрінгеннің қолдары жете бермейтіндігі бар екен. Тіпті бəлен мыңдаған ақшаңды санап беріп те қолға түсіре алмайтыны бар екендігін айтып Николай Тельманның қолына сол ақ күшіктің ата-тегі тіркелген кітапшаны да ұстатқан. – Бірақ, байқаңыз, Тельман Ерденович! Сіздей ұлы адамның баласына сыйлап тұрған бұл текті күшікті… қазақтардың көшеде қаңғырып жүрген бұралқы жаман иттері нетіп… əлгі ұйлықтырып кетіп жүрмесін. Мұның ұйлығатын кезінде өзіміз Омбыға алып барып, текті бір асыл тұқымды итті таңдап отырып, ұйлықтырып береміз… Сол ақ күшік Тельманның отбасының бір мүшесіндей болып кеткен еді. Шаруашылықтың өзінің шұжық цехында күн сайын жасалып жататын дəмді шұжыққа екінің бірінің қолы жете бермесе де, директордың ақ күшігінің күн сайынғы сыбағасын бас зоотехниктің өзі
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев əкеліп, тастап кетіп жүретін. Соны жеп қыс бойы жылы үйде, жылы төсек үстінде жатып бой алып өскен ақ күшік көктем шыға, далаға шыққысы келіп, босағаны тырмалап қыңсылап тұрып алатынды шығарды. Мұның енді күшік емес, жаратылыстың күйіне түсіп қаншық болып қыңсылап жүргенін ұққан болатын Тельман. Егіс жұмыстарын бір ыңғайлап алсымен ақ қаншықты Омбыға алып барып, Николай досының текті төбеттеріне қосып келмекші болды. Ауылдың шаруасы біткен бе? Тельман əне-мінемен жүргенде ақ қаншық жай жабыла салған үй есігін тырналап ашып, далаға босап шығып кеткен. Аяғының астынан жылымшылап аққан қар суын еппен басып, есік алдындағы көрінген ағаш бұтағын иіскелеп тұрған ақ қаншықтың жанына дəу төбет келе қалған. Табиғаты тілеп тұрғанынан бас тарта қоймаған ақ қаншықты бұл осы ауылдың директорының жəне мұның асыл тұқымды бір тұқымнан жаралғанын да, мұндайды тек ағылшынның ақсүйектері мен ханзадасы ғана ұстайтын тектілігін қыс бойы ауыл үйдің сойып жеген соғым етінің сүйегін кеміріп шыққан Жұмабектің қазақы сарыала төбеті ғана елеген жоқ... Сол күннің кешінде егіс басынан кеш келген Жұмабекті Тельман кеңсесіне шақыртып алған. – Əкеңнің аузын… сенің жаман төбетің менің породистый қаншығыма артылатындай сен кім едің өзің?.. – Ойбай-ау, тақсыр-ау, иттің аты ит емес пе енді, менің жазығым не? – деген Жұмабек əуелде сабыр сақтап. Екі көзі қанталап кеткен Тельманның ашуы жуыр маңда басылар емес. – Бұл мені қорлауың, əрбірден соң менің бүкіл семьямды қорлауың – деді Тельман аптығып. – Итіңді де, соған қоса өзіңді де атып тастаймын қазір… – Ойбай-ау, тақсыр-ау, енді бір ит үшін атып тастасаңыз, көндік оныңызға да… – Атамын… атамын!.. Ал, не қыласың маған, – деп əбден есіріп алған Тельман кабинеттің бұрышында тұрған темір сейфті ашып жіберіп, қос ауыз мылтықты суырып алды да, қарсы алдында тұрған Жұмабекке кезенген. – А-ата-мын!.. А-ата-мын қазір! Үні дірілдеп, қолы қалтырап, ашудан булыққан Тельманның қолындағы қос ауыз мылтыққа Жұмабек мысықша атылып барып, жармаса кетті. Жан дəрменде мұндайды күтпеген директор сасқалақтап, абдырап қалды. Соны пайдаланған Жұмабек Тельманның қолындағы қос ауыз мылтықты жұлып алды. Жалма-жан ұңғысындағы жалғыз оқты суырып алып Тельманға жіберіп қалды да, қос ауызды еденге бір салып, ортасынан қақ бөлді де Жұмабек есікке ұмтылды. Ашуға мінген ол да жай кете қоймады. – Директордың қаншығы қалай болады екен, соны көргісі келген ғой біздікі!.. деп мырс-мырс етіп Тельманның жанды жеріне шоқ тастай шықты. – Сенің қаншығыңды мен бір көрейін!.. Хайуан санасын осы бір ой ғана билеген Тельман əлден уақытта зулаған машинасын кілт бұрды да, үлкен тас жолдан шығып, даланың сүрлеу жолымен жүріп барып қайыңды шоққа кіріп барып тоқтаған. – Аға! Аға, не болды? Қайда келдіңіз? Бұл араға неге тоқтадыңыз? Қорқыныштан қалтырап, жүрегі аузына тығылған Шолпан бір сұмдықтың қармағына түскенін сезіп, жылап жіберді.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев – Аға, аға, – деймін… Машинасының артқы есігін ашып жіберіп, өн бойы үрейден дірілдеп,қыстығып жылап отырған Шолпанды қарулы қолдарымен машинадан жұлып алған Тельман оның шырылдағанына да ешбір қараған жоқ. Жас келіншекті бүріп əкетіп барады. – Аға, аға деймін… Менің аяғым ауыр! Естисіз бе, аға, менің аяғым ауыр!.. Қойыңызшы, құдай үшін, қойыңызшы!.. Аяғым ауыр… аяғым ауыр… Жан дауысы шығып шыңғырып та, қол-аяғын сермеп те арын қорғаған Шолпан өзінің үстіне қара терге малшынған қара жүректің төніп, иі қанбай былжыраған көн терідей қолдарымен үстіндегі жұқа көйлегінің омырауын дыр еткізіп айырып, жыртып жіберген сəтте талықси берген еді… Денесі қалтырап тоңып жатып көзін ашқанда тылсым бір қою қараңғылық арасынан сақ-сақ етіп күлген əлде біреулердің дуысын құлағы шалды. Жалма-жан дал-дұл болған көйлегінің етегін жауып, ашық қалған омырауын қос қолымен бүркемелей берген сорлы əйел жатқан орнынан атып тұрып, жан дауысы шыға шыңғырып, қаша жөнелді. Біресе еңіреп, біресе шырылдап жылаған бейшараның зар үнін естуге дəті шыдамағандай ай да қою қара бұлттың арасына қорғаланып барып жасырына берді. Сол бір түннің жабылып қалған түндігіндей болып Шолпан қайрадан өз ақыл-есін жия алмады. Келесі күні таң сібірлеп атқан шақта үсті-басы албажұлба əлдебір əйелдің тас жолмен өтіп бара жатқан көрінген машинаға тас атып, соларды біресе қуып, біресе қашып, біресе жылап, біресе жан дауысы шығып шыңғырып жүргенін көрген болатын талайлар. Құдайға қараған біреулері сорлы əйелдің қуып жүріп, ұстап алып жындыханаға тапсырып кеткен. Бұл – Шолпан еді. – Аяғым ауыр… аяғым ауыр… Осы бір екі ауыз сөзді ғана қайталаумен жындыхананың тар бөлмесінің бір бұрышына тығылып, бүрісіп отырған қалпы жан күйзелісінен ол да күйіп кетті… * – Алланың ісі дейсіз бе?! Аға, рас, бəрі де Алланың ісі ме?!. – Иə, шырағым, Алланың мейірімі де, шапағаты да, қаҺары да жетеді ғой өз пенделеріне. Сабыр… сабыр, қарғам… Адам баласынан қиянат көрсе де ғұмыры мен үміті қиылмаған Жанат өзегін өртеген өкініші, қайғысы мен ызасының отын заманының зəр суымен өшіргісі келіп жүрген Жұмабек бейбаққа ауыл шетіндегі биік төбе басында ұзақ отырып бұл дүние мен ол дүниенің растығы мен жалғандығы туралы ұзақ бір əңгіме бастаған. Сол ақиқат пен жалғандықтың ара жігін көрсетіп берейін дегендей күні бойы ен даланы ыстық аптабымен қуырып, жарық та нұрлы сəулесіне шомылдырған күн көзі де жер əлемнің бір жиегіне батып барып, көзден ғайып болды. Қос бейбақты қара көлеңкелі құшағына қалдырып кетіп бара жатқан күннің қызыл жалқынды шапағаты тарасымен Жанат орнынан тұрып: – Қой ұзақ отырып қалыппыз-ау өзі! Мен дəретімді алып құтпан намазын оқиын, – деп қолындағы жез құманын ұстап төбенің етегіне түсе берді.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев – Қорылыңа болайын сенің!.. Сүт пісірім уақыт болар-болмастан қорылға басып, қалың ұйқыға кеткен Жұмабекке Жанат мейірлене қарады. Шыр айналған жер жиегінің күн батқан жақ қарама-қарсы беткейінен көтеріліп келе жатқан сүттей мөлдір ай сəулесі түсіп тұрған Жұмабектің қоңырқай өңінен қайғы салған қара дақ өшіп кеткендей болған нұрлы жүзінде сəбиге ғана тəн тəтті бір пəктіктің жылы бір табы бар еді. – Е, жаратқан ием! Жарылқай гөр өз пенделеріңді, – деп терең бір күрсінді де, сол бір тілеуімен намазына тұрып, азан шақырды. Бұл аймақта ұзақ… тіпті ұзақ жылдардан бері естілмей кеткендігінен болар, шақырылып жатқан мына азанға түнгі дүние тіршілігінің сусап қалғандығы анық еді. Ай да жылжыр емес орнынан. Шегірткелер де түнгі шырылын қой-ақ қойғандай бүгін. Сүттей аппақ дүние əлемінің ұйып бара жатқан мына шырайын ұйықтап жатқан Жұмабектің жанұшыра шыңғырып оянғаны бұзып жіберді. Намазын оқып болып, жайнамазын енді ғана жинай берген Жанаттың өн бойы қалтырап, тітіркеніп жүре берді. – БисмиллаҺи, бисмиллаҺи! Жын қағып кетті ме сорлыны?!. Еппеп басып, құбыла бетке барып қалған айға қарап, азан шақырғандай болып, қос қолын көтеріп тұрған Жұмабекке таяған. – О не, жарқыным?! Шошып ояндың ғой өзің…– ?! – Аға, құманыңызды беріңізші, мен де дəретімді алайын. Құтпан намазын тағы бір қайырайықшы! – Е, жарқыным, жарайды… жарайды… Құтпан намазын ымырт үйірілгеннен бастап таң арайланғанға дейін оқи беруге болады, – деуге ғана шамасы келген Жанат жаратқан иесінің мына бір құдіретті амалын көріп, тағы бір тəубесіне келген-ді. Аспан астының тұтасып жатқан қараңғылығы мен жарық сəулесінің ара жібі айырылғанша құтпан намазын үш-төрт мəрте қайырған тəңірінің қос пенделері сол биік төбенің басына қайра қисайған. – Ертеде… сонау бір жылдары осы төбенің үстінде не болғанын білесің бе, – деді Жанат жанында үнсіз жатқан Жұмабекке. – Жоқ, аға, білмеймін ғой оны! – Біліп қой, балам, бұл арада менің атам Жаңабатыр қажының көк мешіті тұрған. – Иə… иə… есіме жаңа түсіп жатыр, Ақəжем көзіне жас алып айтып отыратын соны. – Сенің Ақəжең жарықтық, иманды болғай, бір қасиетті адам еді ғой. Білесің бе, сен соны?!. – Жоқ, аға, білмеймін… білмеймін. – Біліп қой, балам, сенің Ақəжең Марал ишанның қызы еді ғой!.. – Марал ишан дейсіз бе?.. – Осы төбенің басындағы менің əкемнің көк мешітінің күмбезін жаңа үкімет құрған дінсіздер балталап құлатқан заман болған… Сол заманның сорынан қашқан Марал ишан Сырдарияның бойына қашып барып, жан сауғалаған. Жарықтыққа топырақ та сол арадан бұйырды. Қазір сол бабамыздың басына түнеп, тілек тілеп, тағзым ететіндерден бейіт басы арылмайды дейді. Жарықтығым-ай!.. Үнсіз қалған екеудің онан əргі əңгімесін енді-енді
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев атар ақ таңның хабаршысы даланың бозторғайлары жалғастырған. – Аға, ұйықтаған жоқсыз ба? Əлден уақытта Жұмабек тағы да əңгіме бастаған. – Балам-ау, бүгін маған ұйқы қайдан келсін?!. – Мана неге шошып оянғанымды айтайын ба сізге?!. – Е, айтқың келсе айта ғой, шырағым! – Мана деймін үсті-басы аппақ ұзын бойлы бір қария келіп, қол-аяғымды тырп еткізбей басып отырып, аузыма ыстық бір дем салды. Оттай шарпыған сол ыстық демнен тұншығып бара жатып оянып кеттім. Намазға тұр қазір, – деді де өзі көз алдымнан ғайып болып кетті. Соны Марал ишан ба деймін! – Е, жарықтығым-ай, болса болар, балам! Сені айықтырып, кеудеңе құйып кеткен екен ғой бəрін… Жолың оңғарылар енді, тəңір жазса! Жанында ояу жатқан Жұмабекке Жанат біраз аманат іс тапсырды. – Есің бар баласың ғой, – деді ол əуелі. – Мына араға менің атам Жаңабатыр қажының көк мешітін əлгі балам, Ерұланымды айтамын … сол қайра тұрғызбақшы. Ертең ол да келеді Алла жазса! Жанында бір араб досы бар дей ме, сол мол қаржы бөліп бермекші екен. Сол мешітке сен ие бол, айналайын! Өзім-ақ ие болып отырар едім əлгі бала, өмір бойы жалғыз отырғаның жетеді енді деп болар емес. Мені өзі қызмет істеп жүрген қазіргі жері Мекке-Мəдинаға алып кетпекші осы жолы. – Барыңыз аға, барыңыз! – Өзім де бармақшымын. Ендігі қалған ғұмырым өз əулетімнің соңғы бір тұяғының тілеуін тілеумен, соның жанында өтсін деп отырмын. Таң шығымен қайра тазарып, қайра шығып келе жатқан жаңа бір күн шапағына нұрлана малынып оянып келе жатқан дүние базардың сайранды тағы бір тіршілігі басталды. Сол тіршіліктің əр қиырынан тарам-тарам тартылған жолдармен Аралағашқа сол елдің ұл-қыздары келген улап-шулап. Жанаттың Ерұланы да жанында араб досы бар, ата жұртымен, əкесімен, сағына қауышқан. Иіріліп, өздерін тосып тұрған елінің кəрі-жасына сəлемін берді де, Ерұлан барлық аралағаштықтарды бастап алып барып, ауыл шетіндегі қорымдағы аруақтарға арнап құран оқыды. Өзіне мына жарық дүниені қиып, өмір беріп кеткен анасы Раузаның да басына келіп, ана қабірінің бір уыс топырағын иіскеп, бұл ел бұрынсоңды ести қоймаған адам баласының сай-сүйегін сырқыратар мақаммен құранның ұзақ бір сүресін оқып, ғазиз анасының рухына бағыштай отырып, жүрегіндегі мұң мен наланың салмағын көтере алмай бірде жұмылып, бірде ашылып дір-дір етіп тұрған кірпіктерінің арасынан үзіліп түсіп… үзіліп түсіп отырған көз жасына да ие бола алмаған. Күнəсінен арылып жатқан пенделері басып жүрген жер ананы да бір тазартып алайыншы дегендей осы сəтте ақ жауын да бүркіп өтті. Көп дайындық жасап, ұзақ тосқан бұл кездесуге осы ауылдың бір тумасы – Тельман ғана қатыса алмады. Туған ауылына келмейін деген ниеті жоқ еді, бар жақсыларын үстеріне киіп, бар асылдарын тағынып жолға шыққан Тельман мен Зүлфияны тəңір иесі жетер жерлеріне жеткізбеді. Көтеріліп барып піскен көңілінің тоқмейіл күйімен үлкен шапшаңдықпен зулатып келе жатқан шет елдік
Құлпытастың көз жасы машина кенеттен Тельманның басқаруына ырық бермей, ерсілі-қарсылы жыландай ирелеңдеп тас жолдан шығып кетіп, бір аунап, бір төңкеріліп барып шоқ қайыңға соғылған. Бет аузын қан жауып жатып көзін ашқан Тельман сол шоқ қайыңның арасынан «Аға қойыңызшы, құдай үшін қойыңызшы! Аяғым ауыр… аяғым ауыр» деп бірде жылап, бірде шыңғырып зар илеген Шолпанның аянышты үнін құлағы шалған-ды. … Тельман мен Зүлфияның жол үстінде апаттан қаза болғандарын аралағаштықтар тойлары тарқаған күннің ертесіне естіді. ӘҢГІМЕЛЕР Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев ЖАҢБЫРСЫЗ ЖАЗ
Үрпиген дүниенің үрейін ала биылғы үркер тасқа түсті... Əуелден күн райының құпиясы мен құбылысының жеті амалын жете білетін жетелі үлкендер жағы мына үркердің көкжиекке жақындай келіп, тасқа түскенін көрсе... бір жаманшылық болар деп іш тарта қалатын. Сусыма құмның арасындағы соғыс əрекеттері жүріп жатқан əлдебір араб елінің жаз бойы жанып жатқан мұнай өртіне қос қанаты бірдей күйген шала жансар тылсым тіршіліктің қара түндігінен будақтаған қара түтінінен жасаған дүниенің төрт бұрышы да тұншығып бара жатқандай еді. Жер үстінің тоңы жібіп, топан суы қайтқалы шаңқайынан шақырая шығып келе жатқан күн көзінің шарпыған жалыны күйдіре алмаған шағыл құмның бауырымен жорғалаған бар тіршілігін мына өрт аяусыз жалмап келеді. Сол өрт шалып, қос өкпесі қабынып, алқынып жатқан дауасыз дүниенің келер күндерінен үмітін үзбей, бір ауыл болып ала жаздай ала аспанға телміре қарағандарымен, жарықтық бір тамшы жауын тамсайшы! – Құдайдың мына күні тағы шақырайып кеткен екен, бұл бүгін де жаумайын дегені ме, ə?.. Қап əттеген-ай, ə... егін-шөп күйіп кететін болды-ау енді?!. Жасаулы тұрған таңғы шайын ішуге отыра бере көңіліндегі күндегі уайымын жасыра алмаған Бекіш қарттың бұл дегені бір үйлі жанның ішінде əуелі өз əйеліне жақпай қалды. – Күйіп кетпек түгілі, – деді екі көзі қанталаған салпы ерін бəйбіше ытырынып: – -Жанып кетсе де, онда не ақың бар осы сенің?! Шайыңды іш онан да! Немене əлі күнге дейін біргəдірлігіңді ұмыта алмай жүрмісің?! Аяғын бұзау басып кеткендей долырып шыға келген əйеліне ежелгі ғадеті бойынша лəм-мим деп жауап қатпаған қалпы ол да өзінің шайын сораптауға кірісті. Осы үйдің қазанын қырып келе жатқанына да қырық жылдай уақыт болғандығына қарамастан қабағына қар жауған қалпы түнеріп отырар түрі осы байғұстың. Бойға біткен мінезі де бұл! Түзелмесіне де, өзінің түзей де алмасына көзі əбден жəне де баяғыда жеткеннен кейін барып, əйеліне жұдырығын ала жүгіруді бұл да қойған. Сабағаннан сабасына түсер болса Бекіштің осы Мəриямі-ақ адам болып қалар едіау! Ол жеңді, бұл жеңілді. Жеңістік бермей-ақ қойған əйелдің ығына шығып, ыңғайына жығылып, айтқанын істеп, айдағанына көнгеннен басқа лажы да қалмады. Төркініне жас кезінде-ақ апарып тастағысы келіп еді, шекесі торсықтай екі ұлын қимағанынан бұрын, қалтасындағы қызыл билеттің қаһарынан қорықты. Ол кезде өзің коммунист болып, өзің қатын жіберіп қойсаң, итжеккенге айдалмағаныңмен де, соңыңнан ит қосып, айтақтап, айқайлатар ағайыннан ығынған. Жəне де əйел затының ішіне қызғаныштың қызыл шоғы бір
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев түспесін деңіз! Сол қызыл шоқ бір түсті ме, ол өзін де, жанында жатқан байы сені де сол қызғаныштың қызыл қоламтасымен өмір бойы қақтап өтеді екен-ау. Бекіш осы ауылдың бригадирі болып жүрген сонау бір жылдары орталықтан жаз бойы осы ауылға ас пісіруге жіберіліп жататын целинщик қыз-қырқыннан қызғанып, төсегінде дөңбекшитін Мəриямінің жаңағы «біргəдірлігіңді ұмыта алмай жүрмісің» деген кекесінінің көңіл кесесінің түбінде қалып қойған баяғы сол... сол бір жылдардың қызғанышынан қалған бір тамшы уы болатын əлі де қыжылдап жатқан. Қайыңның қызыл шоғымен бұқтырылып əкелінген ақ самауырдың суы орталанған тұста маңдайы жіпсіген Бекіш үнсіз жымиды. Есіне əр ненің түскені де бұл. – Сайтаның елестеп отыр ма көз алдыңа?! Бол енді, сораптамай! Сүт тартуым керек!.. Тағы да өзінің Мəриямінің айтқаны бұл! Үйренген, үйренгені былай тұрып... тіпті құлағына қазір майдай жағатын осы бір үр үнінің ар жағынан осы бір əйелінің өзіне деген жүрек түкпірінде жатқан əлдебір тəтті сыбысын еститін. Табиғатынан тұйық, оның үстіне «қырық жерден тыйым» көріп өскен қазақ қызы қашан да болсын құшағында жатқан еріне де еркін еркелей алмай, тұла бойында булыққан сезіміне де ерік бере алмай қыстығып, қысыла-қысыла қыз, ұяла-ұяла ұл табатын əйтеуір. Обалы нешік, қысылса да, ұялса да солардың көбі қазіргінің қызыл ерін бес-алты əйелі жабылып таба алмайтын он шақты баланы бір өздеріақ қиналмай-ақ туып тастай беретін батырлықтары да болушы еді. Заманына орай қайтсе де бала тумаудың əдісін де, дəрісін де тапқалы, салт басты, сабау қамшылы қыз да, келіншек те көбейгені бір басқа, сор болғанда талай бір күйіп-жанып қосылған қосақтардың бір төсектегі қызықтары да ұзаққа бармай жүр. Үйленбей жатып, мінездері үйлеспей қалатындықтарын қайтерсің солардың?! Оңып тұрған мінез мұның мына Мəриямында бар еді деп кім айта қояр, кəне?! Үйленген екен... үйлесті де, үйренді де... сосын көнді де бəріне... Екі қолын кеудесіне қойып, адалын айтар болса əуелде Бекіштің де көндіккісі жоқ болатын. Бас асауы бар мұның бұлаң кезінің бұлтағына салғызбаған жарықтық əкесі еді. Көңіліндегі қалмай қойған қызғаныштың табасына салып қуырып ала жөнелген Мəриямінің улы тілімен шаққанына онан əрі шыдай алмай, босағада ілулі тұрған қамшысын алып, шыңғыртып, шырылдатып, жан дауысын шығарып сабап жатқанының үстіне əкесі түскен. – Тəйт əрі,-деп ақырды айбынды əке. – Қатын сабағышын қарай көр мұның!.. Сол жолы сол əке төркініне кетіп қалған келінінің соңынан үлкен басын иіп өзі барған. Даладан тұнжырай келіп, кешкі асын асығыс-үсігіс ішіп бола берген Бекішке əкесі: – Отыра тұр, – деген. – Сен шаруаңнан қалмай-ақ қой, ана Үлгіліге өзім барып қайтқалы отырмын. Келінді алып келейін! Сабасына түскен болар ол да!.. Бекіш үндей қоймады. – Əй, неге үндемейсің?! Қатының керек жоқ па əлде саған?.. – Керек қой енді... – деген Бекіш басын көтеріп. – Керек болса, бұдан былай қатыныңа қол салғаныңды қой! – Жарайды, – деп мұрнының астынан міңгірлеп қана жауап беріп отырған ұлына, əмірші əке ғұмыр
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев бойы ұмытыла қоймас тағы бір өсиетін қалдырған еді сол жолы. – Мынаны көрдің бе, – деген жарықтық əкесі жаңа ғана мүжіп тастаған қойдың қабырғасын қолына алып. – Мына қабырғаның басы қисық па, ей?! – Иə, қисық... – Иə, болса, құдай əйелді əуелде ер адамның қабырғасынан жаратты деген сөз бар. – Қабырғаның мына қисық біткен басын түзете алар ма едің?! Тумысынан жуастау Бекіш əкесіне бір, қабырғаның қисық басына бір жалтақтап қарап отырып, өзінің сауалына өзі жауап беріп, сөйлеп кеткен əкені онан əрі тыңдаумен болды. – Ешқашан түзете алмайсың!.. Түзетемін деп көрші кəне, сынып кетсін. Ендеше, əйел де сол сияқты. Қатыныңды түзетемін деп енді əуреге түсуші болма. Жазым қыларсың... Жарықтық əкенің сол жолғы айтқаны есіне түсіп жымиғаны сол еді Бекіштің... – Ата, осы... барлық ауыл болып күйдіріп жіберді деп күнде құдаймен ұрсыса бергенше, сол құдайдан жаңбыр тілеп, тасаттық неге бермейсіздер?.. – Ə!.. Ойбай-ау, не дейт мынау?!. Төрдегі түгі шыққан қызыл-ала текеметтің үстінде ала мысықпен алаңсыз ойнап жатқан немересінің мына сөзі аспаннан жай түскендей əсер етті. Ə дегенде не айтарын білмей қалған Бекіш қарт қуанғаны болар, екі иығы селкілдеп, көзінен жас парлағанша рахаттана күлсін-ай келіп. – Əй, күшік, сен оны қайдан естіп, қайдан біліп жүрсің?! – Білемін!.. Атасына өзінің ұнағанын ұға қалған есті бала масаттанып қалды. – Ой, құлыншақ! Аузыңа бұл сөзді құдайдың өзі салған болар?! Рас-ау, осы біз несіне тасаттық бермей жүрміз, ə?! – Мына Ұлан ғұрлы миларыңның жоқтығы да! Қабағына сəл-пəл болса да жылылық орнаған Мəриям тағы да мұны іліп қалды. Ілгені болмаса , зілі жоқ бұл жолғы оның да көңілінен немересіне деген жан шуағы төгіліп тұрған еді. Аяқ астынан əбігерге түсе қалған Бекіш сөйлене жүріп, далаға шықты. Ұлы шілде аптабының оттығынан соғып тұрған аңызақ жел бірден тынысын тарылтып жіберді. Ауаның өзі алаулап жанып тұрғандай. Жаппа қораны паналап, құйрығын сабалап, соналап тұрған тор биенің оқта-текте пысқырғаны болмаса, бөтен тіршіліктің өзге белгісін байқай алмады. Тіпті ауыл қотанының өзі қаңырап, бос қалғандай. Миыңды қайнатып, аузыңа түсірер шақырайған күн көзінің күйдіріп əкетіп бара жатқан жалынынан жан сақтарлық көлеңке іздеген. Сөйтіп тұрғанда осы ауылдағы он қаралы неміс түтінінен қалған жалғыз тұқым Карлдің дарылдаған мотоциклінің даусын құлағы шалды. Ауылдың арғы басынан зулап келіп, жанынан өте берген Карлге: – Əй, тоқташы, – деп қолын көтеріп, белгі берді. Ол да өтіп барып, жалт бұрылды да, көшенің қою шаңын аспанға көтеріп, Бекіштің алдына келіп тұра қалды. – Əй, Кəріл, кімге айтарымды білмей тұр едім, жақсы жолықтың-ау өзің! Мына күн болса күйіп кетті, ауыл болып жиналып, тасаттық беріп, құдайдан жаңбыр тілесек қайтеді осы ?!.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев – Жөн... жөн, Беке! Баяғыда біздің бала кезімізде осы ауылдың үлкендері солай жасап жатпаушы ма еді?! Бұл ниетің дұрыс екен! Бекіш өз ойының алғаш айтқан адамынан қолдауға ие бола кеткеніне шын қуанып қалды. Енді əр үйден тиын-тебен жинаудың, құрбандыққа шалар малдың жайы қалай болар екен деген ішкі ойын айтуға оқтала бергені сол еді: – Əй, Беке, – деді Карл. – Бірақ осы бар ғой!... – Иə, бірағың не! Бекіш таңданған үнін жасыра алмады. – Алты ай қыс бойы «Алла тағала аспанымызды ашық қылсын» деп ет жеп, арақ ішіп тілек айтушы едіңдер біріңнің үйіңе бірің омыртқаға барғанда. Енді сол Аллаларыңнан жаңбыр сұрағандарың... былай өзі... кішкене ыңғайсыздау да екен. Сол арада ойып түскен мына сөзімен адал ойының айран асырын шығара салған Карлге тіс жарып, жауап қайтара алмастан, теріс айналып, тауы шағылып, жүнжіген қалпымен қайрадан өз үйіне келіп кірді. – Үнжұрғаң түсіп кетіпті ғой, төбеңнен құдай ұра салғанның қай жағындасың?! Сүтін тартып болып, ыдысына жұққан қаймағын саусақтарымен жалап отырған əйелі шалын тағы да шалып түсті. – Мəриям-ау, сен қалып едің енді мені жер қылмаған! Сыртқа шығарып айта алмаған ой тілінің осы бір назасымен булыққан қалпы салқын үйінің төріндегі бөстегіне келіп қисайған. Келер аптаның келер жұмасында тасаттық береміз деп уағадаласқан шағын ауылдың шырқына көп ұзамай шырпы түскендей болды. Əуелде қарсылық білдіре қоймаған ауыл үй əр шаңырақтан ақша шығарып, соған соятын қой сатып алуға келгенде қинала бастағандары да болмай қалмады. Айтары жоқ, қой дегеніңнің бағасы да күйіп тұр. Шіркін, баяғыдай Мəскеу арағының бір бөтелкесіне бір қойды өңгеріп алып жүре беретін заман қайда енді. Құйымшағы құрттап,сабалақ құйрығы күлдіреп жүрген қойының өзіне жүз доллар сұрағанда, қаның басыңа теуіп қалшылдап кеткеніңді де білмей қаласың. – Ақ тауықтың артын аңдып, соның екі жұмыртқасының біреуін жеп, біреуін базарға шығарып күн көріп отырған менен не сұрайсың,- деген сылтауын айтып, сырт айналғандар көбейгенін көргеннен кейін, дəу де болса бір қойдың құнын шығарар қаражат жағынан бір қараса қалса өзінің құрдасы Құлынбайдың кекеш баласы Сағынтай көмектесер деген дəмесімен кеш түсе Бекіш сол үйге барған. – А - а-аас-ас – салаумағалейкум, – деп қос қолын қусыра келіп сəлем берген Сағынтай өз əкесінің сыйлы бір құрдасын жылы қарсы алды. Тілінің осы бір мүкістігі бар демесең, шаруасына пысық, кісілігі де мол, басқалай бір айып таға қоярлық міні жоқ, бір құдайға қараған дейтін осы елдің білікті азаматы осы Сағынтай. – А-а-ааға! Т-т-т-та-атасаттыққа , – деп Сағынтай тұтыға сөйлеп, өзінің қорасында семіртіп отырған бір қойын ақысыз-пұлсыз беретіндігін айтқанда, бір малдың ыңғайы келе қалғандығына есі шыға қуанды. – Алда, жарқыным-ай, мың жаса! Ниетіңді Алла жарылқасын! Құрдасының баласына батасын беріп, көңілі бір
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев орныққан Бекіш алдағы жұма күні берілетін тасаттықтың жай-жапсарын Сағынтаймен ақылдаса бастағаны сол еді, көшенің арғы бетіндегі қарама – қарсы үйдің кең қорасының есігі сықырлап ашылды да, іштен бірін-бірі сүйей-мүйей, əндете тəлтіректеген екеу шықты. Көшкенде жылқы айдаймын а-ха-а-ау!.. – Пəлі, мына екеуінің əні бүгін де жараса қалыпты ғой?! Етегіне ел қонып, Көкшетау атты қала түскелі көк желегі қиылы-қиыла қырқылып біткен Бұқпа атты жалаңаш бір тау бар жалғанда. Сол Бұқпа таудың бүгінгі айтақыр төбесіндегіəбден тозығы жетіп, кие-кие өңі де қашып, жапырая қалған таз басының тақиясындай сиықсыз да сұрықсыз «Көкшетау оттары» деген əлде бір ресторанының толас таппайтын даңғазасынан шығып, күні бойы арпалысқан, аласапыран тіршіліктің тауқыметін тартып, көп көліктің көк түтінінен де тұншығып, қажыған да қамыққан, өз мұңы, өз сырымен бұйығып, күнбе-күнгі қалың ұйқысына кірер түнгі қалаға қарата талтая қалып шаптырар талайлардың сарындысын, еріген қар мен жауған жаңбырдан кейінгі жөңкілген қақ суын, көшекөшенің ласы мен лайсаңын сарқырата ағызып алып келіп, əлде қашан... мына дүние атаулыдан адалдық пен тазалық кеткеннен бері... тұнығы лайланған Қопа көлінің жағалауын қаулап өсіп кеткен қалың қамыс арасынан ағараңдаған шатырының ғана əр жері əзер-əзер көрінер, іргесі қисайып барып, бір жамбастап батпаққа батып жатып қалған жатаған көп үйлердің бірінде жасырын сатылып жатар қытай спиртінен қолдан арақ жасап шығаруды біраздан бері кəсіп етіп жүрген Серіктің шым қорасынан шығып, алқымдары ісініп, ахаулап, алқынып алдына келген мына екеуін көріп, тыжырына қалды. – А-ға! Бізге ұр – ұрыс-паң-ызшы! Іш-сек, өз еңбегімізге іш-тік! – Бұлдап жүргендерің қай еңбек осы сен екеуіңдікі?! Ықылық атып, күрмелген тілдерімен əзер сөйлеп тұрған Қадырдың бетіне қарап еді, күлдіреп ісініп,іріңдеп тұрған аузы-басына сары ұшық қаптап кеткен екен. Жүрегі айнып, жерге бір түкірді де: – Е, ішіңдер... ішіңдер, – деді қамығып. – Сендер ішпей қойсаңдар сол іспіртіңді жасап шығарып жатқан қытайыңның зауыты тоқтап қалып, көрші мемлекетке залал тигізіп жүрерміз. Ішіңдер... ішіңдер. Əй, айналайындар-ай!.. – Аға рахмет! – Іштік қой, міне! Ішіп жүрміз ғой, міне! Ішеміз... Көшкенде жылқы айдаймын а-а-ха-а-ау!... – Қой деймін, пəтшағар, бүкіл ауылды дүрліктірмей! Əн айтқан не теңің еді сенің? – Аға, мен не əн айта ал-май-мын-ба, ə?! Ай-тамын! Дом-бы-ра бар ма, əкелш!.. – Əй, домбрист кончай,-деді Бейсенбай домбыра сұратып тұрған Қадырға. – Онан да тіске басар жейтін бір нəрсең бар ма, алғызшы үйіңнен,-деп Сағынтайға қарады. – Ішімді жалап барады. Көрсетемін мен оларға! Ана алаяқ Серіктің қатқан қара қатынынан закускаға тым болмаса бір тілім қара нан да сұрап ала алмайсың. Сайқал неме, қыруар бөтелкелерін жуғызып алды да, торғайдың тобығындай рөмкемен бір-бір рөмке іспірт берді де қуып жіберді. Ішім күйіп, жанып барамын. – Күкү-Күлəш! М... мымыналарға ... Сағынтайдың тілінің ұшында тұрған ойын айтпайақ түсінуге дағдыланған Күлəш шошаласынан жаңа пісірген бауырсағы мен сары майын салған табағын алып шығып, алдарына қойды.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев – Сенің қатының мынау, міне!.. Баланың жұдырығының басындай қызыл бауырсақты сары майға батырып алып, қомағайлана аузына салып жіберіп, мылжалаңдап шайнай бастаған Бейсенбай Сағынтайға қарап, бас бармағын шошайтты. Осы ауылдың қабырғасы ғана қалқиып,үрейіңді алып, үңірейіп, қаңырап иесіз бос қалған шағын клубтың шамдары бір сөнбейтін замандардың талай да талай бір кешінде осы Бейсенбай мен Қадыр да үкілі домбыраларын ұстап қол соғып, қолпаштауменсахнаға да шыққан күндер болған. Қатар отыра қалып, бұл екеуі Дəулеткерейдің «Қосалқасын» сылқылдата тартқанда, арқасы бар талай қазақ орындарынан бір тұрып, бір отырып желпініп те желігіп те қалушы еді. Осы екеуі болатын сол өнерлерімен аудан, онан əрі Көкшетау асып, ел ішінің өнерлі жастарының талай бір байқауларына да қатысып, мақтау естіп, сан мəрте жүлделер де алған. Бұларды алға салып, мақтанып, «ауылымыздың қос алқасы» деп мақтанып, мерейленген елдің қос бірдей өнерлі азаматтарының соңғы бірер жылдың аясында, енді араққұмар, «осы ауылдың қос алқашы» атанып, аза бастағандығына солардың заманын ба, əлде адамын айыптарсың ба?! Кəне, осы екеуінің кінəлісі қайсысы?! Айыпты кіміне тарттырарсың, соның қайсысын жазалап, қайсысына соғарсың дүреңді?!. Заманының осы бір зар илетіп,өзегіңді тесер қасіретімен Бекіш қарттың жүрегі түн баласы жылап шықты. Ұйқы көрмей дөнбекшіген төсегінен ерте тұрып, өрісте тұсаулы жүрген биесін ұстап алып, салт мінді де, жолға шықты. Көрші ауылдың көңілі жақын молласы Меңдібай болса ұйқысынан жаңа тұрып, таңғы шайын ішуге отыра бергені де жаңа еді. – Апыр-ау, құлқын сəріден не ғып жүрсің? Ауылаймағың тыныш па əйтеуір? – Аллаға шүкір! Тыныш, тыныш, Меке! – Е жарады онда! Жамандамай жүреді екенсің, кел шайға отыр! Ауыл үйдің амандығын сұрасып алып, өзекті өмірдің тағы бір таңының шəйіне қанып, сусындарын басып барып, қос қария əңгімеге кірісті. – Тасаттық береміз деген ниеттерің жөн екен! Алла разы болсын! Меңдібай молла сол тасаттық күні жаңбыр тілеу дұғасын оқып беруге өзінеқолқа салып отырған сыйласы Бекішке бұлданбай-ақ бірден келісімін берді. Соған іштей қуанып, мəз болып отырған Бекіштің таң гүліндей ашылып, жадырап жайнай бастаған райхан көңілі əлгіндей болмай жатып солып қаларын кім білген?! – Осы, Беке, сенің еліңнің ниеті жаман... Бекіш Меңдібай моллаға жалт қарады. – Иə, неге олай дейсіз? – Неге дейсің бе, айтайын!Анада əлгі... кімнің баласы еді асылып қалған?!. – Смағұлдың ғой... – Иə... иə...сол Смағұлдың баласының жаназасын шығарып бер деп қолқа салып өзің келгеннен кейін көңіліңді қимай бара қалып едім... Сондағы еліңнің жас өліктің жыртысына таласып, үйлеріне ет орап алып қайтып жатқандарын көріп түңіліп кетіп едім... Бекіш үндей алмады. – Ертең тасаттығыңда да солай болып жүрмесін, – деді Меңдібай молла сырбазданып. – Етке таласып зират басын дүрліктермесін. Соны қатты тапсыр еліңе!..
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Бірер апта бойы өзінің елін тасаттық беруге əзер дегенде көндіріп, бар шаруасын ретіне келтіріп барып, көңілі бір жайланған Бекіш қарт « Е, Алла, сəтін сала гөр» деген тілеуімен төсегіне жатқан бейсенбінің кешінен жұмаға ауған түн ортасында Серіктің шым қорасынан өрт шықты. Түнгі аспанға өріліп барып, жалаңдап көтерілген қызыл жалынның ортасында қалған үй мен қорасына қарай тап-тап беріп, есі кетіп жұлқынып, зар илеп еңіреген Серіктің Гүлнəріна бес-алты əйел əзер ие болып тұр. – Қу, құдай, құрттың-ау,- деп зарлаған əйеліне бір, өртеніп жатқан үйі мен қорасына бір жүгіріп келіп, жүгіріп кетіп жүрген Серіктің де кіресілі-шығасылы есі бар еді. – Көк бөшкедегі көп іспірт жанып жатыр. Қап, түгі қалмайтын болды-ау, – деп өкінген Бейсенбай шарпыған жалыннан екі бетін қолымен көлегейлеп қорғаланып тұрған Қадырға айқай салды. – Əй, есəлəң, не ғып тұрсың?! Бол... бол... су... су əкелсейші! Атаңа нəлет, іспірт... іспірт жанып жатқан жоқ па, не ғып тұрсың, бол... бол!.. Бейсенбай досының «іспірт жанып жатқан жоқ па деген» жан айқайынан селт етіп есін жиып ала қойған Қадыр қолындағы бос қауғамен құдыққа қарай жүгірді. Əлгіндей болмай жатып жел тұрып, əп-сəтте дауыл көтерілді де, өршіп алған өрттің қызыл жалынының қызыл шоғы ұшып барып Серіктің қорасымен жапсарлас салынған үйдің үюлі тұрған шөбіне түсті. Қырдың басын, ойдың түбін қырып қысқа дайындаған бір үйдің азын-аулақ шөбі шытырлап жанғанда, құдай сақтасын… жанына жан баласы жақындай алмады. Шөбі жанып жатқанын көріп əу деуге де шамасы келмей, сол үйдің байғұс əйелі талып жығылып, балашағасы улап-шулап жатқанда, соққан желдің екпінімен гуілдеген қызыл жалын келесі... онан кейінгі де біраз үйлердің от ораған төбесін қызыл тілімен жалмап, жалап жатқан еді. Солынан тұрып, желігіп алған желдің еліккен екпінімен бірге ойнаған қызыл жалын да əлде кімдерден... тіпті мына жер үстінің бар тіршілігенен алар өші бардай, енді сол кегінің қайтар кезі келгендей құтырынып, өрши түсті. Жалпақ жаһанның сайтан жайлаған бар сайтан дүниесін сол сайтанның өзінің отты тілімен əуелі бір жалмап,бір тазартып алып, сонан соң... сонан соң ғана тіршілікке қайра жан салып беріп, жаңартып, жаңалағысы келгендей жағаласып бара жатқан жаратқанның əмірімен Серіктің іспірт қорасынан басталған өрт таң қылаң бере ала жаздай бір тамшы жауын тамбаған шілденің аптап ыстығына əбден күйіп, қурай басып, қурап қалған егінге түсті. Қызыл дүниеге қызыққаннан көздері қызарып, есі де кеткен, есірік жүректерін жын да жайлағаннан бері бірінің етін бірі жеп, қанын ішуден де құдайынан қорқудан қалғанкүнаһар пенделерін шыжғырып қақтайтын дəл осындай оттың бұл дүниеде де барлығын... онан соң ... о дүниеде де болатындығын ұлыларым да... ұлықтарым да... ұрыларым да ұғар... ұғынар да ұр да жық мына заманның зар илеп, запыран құсқан тіршілігінің иелері тым болмаса ... ендігі арада... бір-бірінің көз жастарынан именер де иманына иілер деген үлпілдеген үкілі бір үмітін үзбей барып…сол өрт аудан орталығына жетержетпес аралықтағы тас жолдан аса алмай, бықсып барып сөнген еді.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Ауыл іргесіндегі талы мен терегі, ақ қайыңы аралас өскен қалың тоғайдың арасына жаз бойы ұры алмасын деп арқандап ұстап жүрген қарау Қалидың қоңыр биесі шідерін үзгенімен, қыл мойнындағы шынжырын үзе алмай, буынып арам өлді. Жал-құйрығы күйген екен. Жануардың жаны қиналса керек... құлын тастап жіберіпті. ТҰТҚЫН Бұл өмір абақты ғой саналыға… Мағжан. Тағдырының өз табасына салып, талай бір қуырған ғұмырының тағы бір көрер таңын көзін ілмей күтіп жатыр. Е, жалғыз бүгін дейсің бе, мұндай күйге түскені. Талай да, талай бір қараңғы түндердің қақпанына түскен не бір ойлардың қос шаппасынан босана алмай, азап шеккені аз болмағандай еді. Қай жерде, қай төсекте жатпасын жалғыз ғана серігі болып келе жатқан сол ойлардан өзге көңіл жұбатар да ешкімі жоқ бұл байғұстың. Түн баласы санасында сарнар зарын да өзінен басқа ұғынар жан иесі табыла қойған жоқ əлі де. Ондайдың енді табылмасы да анық! Азабы да, тіпті… мазағы да молдау болған өмірінің түгесілер сəтінің таяп келе жатқанын біліп те жатыр. Соны біліп, сезген сайын өз өмірінің енді бір таңын көріп қалуға соншалықты құмартқан көңіл шіркіннің босағанын қайтерсің!.. Қарттар үйінің көңіл құлазытар тіршілігіне қаншалықты көндігіп қалғанымен, осы бір түннің қатерінен құтыла алмасын сезіп жатқан жүрегі алқына соғып, тынысын тарылтып бара жатыр.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев – Уһ дүние-ай!.. Жаным-ай!.. Осы бір-екі ауыз сөздің жалын атып жатқан аузынан ышқына шыққанын Қали қарттың өзі де сезген жоқ. – Аға, не болды? Қара терге түсіп жатырсыз ғой?.. Не болды?.. Керуетінің жанына келіп, қара көлеңке сəуле түсіретін түнгі шамның жарығымен қарттың бетіне үңілген Шəкібайдың бас жағында тұрғанын сезген болатын. Бір бөлмеде біраздан бері бірге тұрып жатқан төрт бейбақтың біреуі осы – Шəкібай. Бұл да осы қарттар үйіне биыл екі қайыра қыстап отыр. Байғұстың кемпірі дүние салғаннан кейінгі күні келіні мен баласына қарап қалған. Арақ деген ащы судың зардабын тартқан жалғыз ұлы мас күйінде машина жүргізіп, жол үстіндегі апаттан опат болды да, келіні күйеуінің жылын тоспастан жалғыз қызын ертіп алып, төркінін тапқан. Жалғызынан айырылып, үміті үзіліп, талай жыл өз шаңырағында жалғыз өзі-ақ отырып бақты. Ер адамға, оның үстіне қайғымен қайысқан қартқа сиыр сауып, от жағып, күл шығару сияқты үй шаруасы оңайға соқпады. «Құдай салды, мен көндім», – дей жүріп, жылай-жылай осы бір қарттар үйін паналағаны бар еді. – Шəкібай, сенбісің?.. – Иə…иə… аға менмін! Шəкібаймын!.. – Ə, шырағым, жанымда болғаның жақсы болды-ау! Тыңдап ал да ұғып алшы жарқыным, айтқандарымды… Қара терге түсіп жатқан Қали қарттың онан əрі сөйлеуге əлі жетпеді. «Кел, мына жерге отыр» дегенді ымдап қана жеткізді. Қарттың керуетінің бас жағында тұрған орындыққа отырған Шəкібайға қос жанарын бір ашып қарады да, Қали қарт ауыр дем алған қалпы біршама үнсіз жатып алды. – Мені…мені…мындағылар орыс моласына апарып жерлеп жүрмесін… Шəкібай селт ете түсті. – Аға, не деп жатырсыз? – деген бір ауыз сөзді айтуға ғана мұршасы жеткен Шəкібайдың білегін уысынан босатпаған қалпы біршама уақыттан кейін тағы да тіл қатты. – Мына…жастығымның астында жиған біраз ақша бар. Соны жұмса… Ақирет алғыз… Мешіттегі моллаларға хабар айтып, жаназамды шығарт. Ұғып ал… Өз атым – Қалижан, əкем – Уақбай… Уақбай баласымын… Топырағым жермен жексен болып кетіп жүрмесін, басыма бір белгі тас қойғыза сал!.. Адамның да, онан қалды санасын сан-саққа жүгіртетін ойлардың да тұтқынынан қаншама құтылып көргенімен де, осы жолғы аламын деп келген ажалдың құрығына ілінерін, енді сол тұтқыннан босана алмасын сезіп жатқан Қали қарт осы бір аманаттарын Шəкібайға ширақ жеткізді де, алқынып барып тоқтады. Бұл оның тірі пендеге соңғы бір тіл қатуы болды… Тілден қалғаны болмаса Қали қарттың санасы қалғи қойған жоқ еді. Сол баяғы өткен күндерінің өкініші өзегін өртеп, тұла бойы күйіп-жанып жатқан қарттың жұмулы жатқан көздерінің айқаса қалған кірпігінің арасынан сорғалап, тыйылмай ағып жатқан жас тамшылары іште жатқан қалың қайғының сыртқа тепкен бір белгісіндей еді. Қайғының қара қазанында қайнаған бар ғұмырының солуынан жанарынан саулаған сол көз жастары ғана қалып бара жатыр. Басқа кімі, несі бар артынан ілесер?! Ұға білер жан иесіне қарттың қос жанарынан сорғалап ағып жатқан мына көз жастары осыны айтып жатқандай. Тілсіз қалған байғұс жанның мұңы мен сырын тірі
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев пендеге ұқтыра алмай өтіп бара жатқан көңіл көзінің мөлдіреп төгіліп барып, діріл қағып тұрған сол бір жас тамшылары бүгінгінің адамына біткен ет жүректі селт еткізуге қауқары жетпегенімен де, жерде жатқан қара тасты ойып түсері анық нəрсе. Тасқа айналған тас жүректерден көрген азабы мен қиянатын ертең… ертеңдер өзімен бірге көрге көметіндердің бойы мен ой саналарында қалып бара жатқан жамандық, қиянат атаулының қара жерге түгелімен жерленбейтініне ғана өкінеді. Өзі өтер-ау, кетер-ау бұл дүниеден! Жер бетінде қалып бара жатқан жамандықтан тамырланған зұлымдықтың зынданына түсер пенделерін аяйды. Пендесі аямағанды тағдыры аяп не қылсын?! Қали қарттың мына көз жасы осыны айтады сіз бен бізге. Қысырақ мініп жылқы бағып жүрген қыр қазағының біреуі – осы Қали қолындағы құрығын тастап, оның орнына қару ұстап соғысқа кіремін деп ойлап па еді?! Пендешілікпен басталған кешегі сол соғыс өрті небір тағдырларды күйдіріп, жандырып жіберді. Атылған оқтың құлақты тұндырған ызыңынан есалаң болып майдан шебінде жүріп немістерге қалай тұтқынға түсіп қалғанын қызылəскер Қали Уақбаевтың өзі де көпке дейін есіне түсіре алмай дал болған. Мең-зең болып басы айналып жатып, лоқсып құсқысы келіп барып көзін ашқан. Қайда жатқанын есіне түсіре алмай, сəлпəл үнсіз жатып тың тыңдап еді, түсініксіз тілмен сөйлескен адамдарың даусын естіген. – Су…су…вода…вода… Іш қызуының жалынынан кеберсіп, кеуіп қалған еріндерін жалап, қаталап жатып бір жұтым су сұраған. Қалайы күрешкенің жартысына жетер-жетпес суды қылғыта салып еді, маңдайынан суық тер бұрқ ете түсті. Бір жұтым қара сумен əлін жинады. Қали деген бір пенденің ғұмыр бойы татып өтер өз тұтқындығының алғашқы бір жұтым қара суы осы болатын… Əуелде Флоссенбюрг қаласының маңындағы лагерьде қамалып ұсталған. Бəрі де өзі сияқты бұрынғы кеңес əскерінің жауынгерлері. Арып-ашып, ауыр жұмыстан қалжырап барып жығылатын. Бəрінен бұрын, сапта келе жатып, сүрініп барып, құласаң болды, арсылдаған иттеріне талатарын қайтерсің?! Атып тастай салудың өзі де түкке тұрмайтын іс екен. Адам баласының жанын шыбын құрлы көрмейтін бұл не қылған қаныпезерлік?! Жан иесіне деген жан баласының дəл осыншалықты өшпенділігі қайдан келген?! Түсініп болмайтын тіршілігінің осы бір күйіне іштей наразы, қылар қайраны жоқ. Түн баласы түсіне туған ауылы кіріп шығатын. Əлдебір ақбоз атпен шауып жүріп Жуантөбенің басына шығып алып, ағыл-тегіл жылап жатып оянып кеткені бар еді. «Е, туған еліме аман-сау оралатын шығармын. Мынау бір тəуір түс болды-ау» – деп тұтана қалған сол бір қуаныштың бір жарық сəулесі көңіл түкпіріне үміт болып орныққан-ды. Сол үмітпен жүріп бойы сергіп қалатын. Сондай күндердің бірінде лагерьдегі бүкіл тұтқын атаулыны сапқа тұрғызған. Əлгіндей болған жоқ қара былғарыдан тігілген ұзын плащтары сықырлап, бір топ əйдіктер сапты аралап, əр тұтқынның жүзіне көгілдір өткір көздерімен тесірейе қараған. Тұтқындар сабының алдынан бір өтіп, екінші рет қайра өтіп бара жатып, көзіне киген көз əйнегі күннің көзіне жарқ еткен, ұзын бойлы, атжақты неміс Қалидың тұсына тоқтап: – Азиат…азиат… – деп сұқ саусағымен мұны нұсқаған болатын.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Соңынан ерген көп нөкері бар сол ұзынтұра неміс мінген машинаға отырып Қали да əлде бір тоғай ішіне орналасқан үйге келген. Кейін білді, бұл жаңағы ұзынтұра немістің жеке имениесі екен. Тау аңғарын бойлай өскен көк шыршаның етегін ала созылып жатқан жазыққа салынған түрлі үйлерді көріп, мұндай да əсемдік болады екен-ау деп таңқалды. Жаңағы неміс Генрих Штумф дегенің болып шықты. Өзі əскери адам болмаса да, қолына біраз қаржы шоғырланған банкир екен. Мына тау аңғарындағы үй жайлар Генрих мырзаның ат ұстап, сонымен серуендеп, демалатын мекені. Қорасындағы не бір асыл тұқымды аттарына күтім жасайтын адам керек болған екен де, сол жұмысқа жақын маңдағы тұтқындардан кісі таңдапты. Азиаттар мал соңында жүретін халық деген ұғым əуелден қалыптасып қалған бұл немісің де мыңдаған тұтқындардың арасынан сахараның күн көзіне қақталып, шойындай шыңдалған қазақтың түр-тұлғасына қызыққан. Жасы болса жиырмаларға енді келген, туғанынан қымыз ішіп, ет жеп, ат үстінде өскен азиатыңның соңғы төрт-бес айда тұтқындар лагерінде жүріп жүдегені болмаса, əуелден сүйегінің ірілігі бар өн бойының күші мен қуаты кете қойған жоқ еді. Бəрінен бұрын ботаның көздеріндей мөлдіреп тұратын қос жанарының қалың қас пен ұзын кірпіктерімен тұтаса біткен бет жүзіне қарасаң əлдебір сұлулықты аңғарар едің. Банкир немістің ат қорасындағы жұмыс лагерьдегіден көп оңайға түсті. Бəрінен бұрын соңдарынан арсылдатып ит ертіп, қолдарындағы қаруларын кезеніп жүретін сақшының жоғын айтсайшы! Жат жерде жүрмін демесең, жатар орны, ішер асы дайын. Өмір бойы жылқы баққан Қали банкирдің ат қорасының шаруасын үйіріп-ақ алып кетті. Жайлы тұрмыстан көңілі орнығып, қарны тойынып, екі беті жылтырап шыға келген. Ат қорасының бұдан басқа да екі-үш қызметкерінің біреуі орыс тілін шала білетін еді. Көбінесе Қалиды сол жұмсап, сол билік айтатын болды. Əр аптаның демалысы мен əлдебір мейрам күндері Штумф мырза табиғаттың ғажайып бір осы мүйісіне əйелі, балашағасы, соңынан еріп қолпаштаған нөкерлерімен келіп тынығып қайтады. Қожайын келетін күнді алдын-ала біліп отыратын ат қораның қызметкерлері де бұл демалысқа əбігерлері түсіп, əзірленіп бағатын. Аттарды сылап-сыйпап тарап, олардың ер-əбзелдерін, жеңіл доңғалақты сəнді арбаларды сүртіп, жалтыратып дайындап отыратын. Өз қожайынының үш бірдей қыздарының Қалиды алғаш көргенде ауыздарын ашып, таңырқап тұрып қалғанын ұмыта алар емес. Тап бір адамды емес, əлдебір аюанды көргендей болған əп-əдемі, аппақ қыздар əуелде Қали жегіп алып келген арбаға мініп, серуендеуге шығуға да қорыққан болатын. Қыздардың анасы өз тілінде бірнəрселерді айтқаннан кейін барып, үшеуі де арбаға мінген. Ұзын сирақ əдемі қос күреңді парлап жеккен арбаның алдыңғы орындығында отырған Қали делебені еппен қағып, серуендеуге бөлінген жолға түскен. Көп ұзамай жаңағы үш қыздың үлкені Эльза дегенің Қалиды үйірсектеп алды. Тіпті мұны көрсе болды, өн бойын көк көздерімен ішіп-жеп, күлімсіреп, қылмыңдап қалатынды шығарды. Жасы сол он сегіз бен он тоғыздың аралығындағы Эльзаның сұлулығын аңғармай қалуға да болмас еді. Етжеңділеу келген қыздың қос анары үстіне киген жұқа көйлекті керіп жіберердей болып
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев тысырайып тұратын. Күн сайын пісіп, енді болмаса үзіліп түсейін деп тұрған сол қос алмаға Қали да қара көздерін қадап қоятынды шығарды. Екі сіңлісі серуен жолды бір-екі айналып шыққаннан кейін-ақ, шаршадық деп, арбадан түсіп қалып, жайлы үйлеріне дем алуға кетіп қалып жүрсе де, Эльза арбадан түспейтін болды. Басында билігі жоқ ат айдаушы Қали болса Эльзаны онан əрі серуендететін. Серуен жолдың көзден тасалау бір тұсында Эльза келіп Қалидың жанына қатар отырып, аттарды өзі айдайтын да болды. Сол қылта тұста ат арбаны тоқтатып қойып, басын төмен салып отырған Қалидың қолдарын ұстап, екі бетін алақанымен сипалап, қоп-қою қара шаштарынан тартып, бұрын-соңды қолға ұстап көрмеген əлдебір ойыншықты шұқылағандай қызықтайтын-ды. Əу баста бойын əлдебір үрей билеп жүрсе де, кейін қыздың бұл қылығына да үйренді. ¶йренгені былай тұрсын, тіпті оның бұл қылықтарын жаны жақсы да көре бастады. Кейде Эльза жұп-жұмсақ аппақ қолдарымен Қалидың жүн басқан апай төсінен сипағанда əлдебір құмарының оянатыны байқалды. Тұтқын болса басы тұтқын емес пе, сезім атаулыны ешқашан, ешкім де тұтқын етіп ұстай алмасын Қали сол жолы ұққан. Қалидың еркектік құмарлығын əбден қоздырып болған сол көк көз қызды тұла бойын кернеп алған əлдебір сезімнің күшімен арбаның үстінен тік көтеріп алып, қуатты қолдарымен қапсыра құшақтап, төсін төсіне басып қалай құмарлана сүйгенін өзі де аңдай алмай қалған сол жолы. Мына азиаттың осынысын көптен тосып жүрген Эльза да сол сəтте бойын билей алмай, талықсып жүре берді. Өн бойын əлдебір ыстық жалын шарпыған сұлу қыз өз ырқын да, еркін де билей алмай Қалидың мойнынан асылып тұрып, тұла бойын кернеп əкетіп бара жатқан еркектің қуатты сезімін аңғарған сайын былқ-сылқ етіп, сол сезімнен не де болса қанып бір ішуге əбден бекінгені анық болатын. Жан дүниесін билеген осы бір тəтті сезімнен бе, əлдебір үрейден бе алқына соққан жүрегін тоқтата алмаған тұтқын жігіт қолындағы қызды тік көтеріп əкеліп арбадағы орнына отырғызып, жан ұшыра делебені қағып жіберіп, аттарды айдай жөнелгені бар еді. Əр кездескен сайын алаулап жүре беретін осы бір сезімнің ыстық жалынына шарпыла білген тұтқын жігіт пен нəзік жанды еркін де ерке қыздың бұл ойындары балқыған көңілдерінің бір-біріне деген ынтызарлықтарын арттыра түскен-ді. Алайда сол аймаласқан қос жүректің бірін-бірі құлай сүйе білген құштарлықтарының тар құшағынан құлап түсер тағдырлары бар еді əуелден жазылған… Қыздардың үлкені Эльзасының əлдебір тұтқын азиатқа деген құмарлығын əкесі мен шешесінің аңғармауы мүмкін де емес еді. Мінезі де, қылығы да күрт өзгеріп шыға келген Эльзаның бойындағы жаны мен тəнін билеп алған сезімі түн баласы төсегінде ұйықтатпайтын да болды. Эльзаның түні бойы қыстығып жылап шығатынын сіңлілері аналарына айтқан. Ол болса қызының қасарысып, қарсыласқанына да қарамастан қолынан жетелеп жүріп көрсетпеген дəрігері қалмады. Ешқайсысы ешқандай диагноз қоя алмаған Эльзаның дертін сезіп жүрген ең кіші сіңлісі Эльвира болатын. – Мама, ол əлгі біздің имениедегі ат күтуші азиатқа ғашық! Соны ойлап жылайды!.. Кіші қыздың мына сөзін естіген қыз аналары төбесінен əлдекім мұздай су құйып жібергендей баж ете үскен. Еркетотай Эльвирасының не нəрсені болсын, жасырмай
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев айта салатын қылығын əбден білетін анасы Эльзаның екінші қабаттағы бөлмесіне көтерілген. Төсегінің үстінде етпетінен түсіп, жастығын құшақтап, қыстығып жылап жатқан қызын көрген қыз анасы да Эльзаның бойындағы дерт сырын ұққан болатын. Көңіліндегі күдігін орайы бір келгенде, жайлап отырып күйеуіне айтуы мұң екен, ол дегеніңнің қаны басына теуіп, шаң-шұң етіп, əйеліне зекіп, ашудан булығып өліп кете жаздаған. Сол əңгімеден кейін ол келесі күні қызметіне де бармастан, жеңіл көлігіне мініп алып, ертелетіп имениесіне келген. Қожайындары əдеттегі жұмыс күндері бұл араға келе бермейтінін білетін ат күтушілер аң-таң. Осындағы іс жүргізушімен сəл-пəл тілге келгеннен кейін, ол барып ат қорадағы шаруасымен айналысып жүрген Қалиды жуындырып, киіндіріп, қожайынның алдына алып келген болатын. – Сұлуын-ай, мынау азиаттың!.. Генрих мырзаның өзі де мына жап-жас жігіттің түрі мен түсіне іштей болса да, таңырқанбай тұра алмады. Осы бір ойын жасырғысы келгендей ол жалмажан машинасына беттеді. Іс жүргізуші Қалидың да мырзамен бірге қалаға бару қажеттігін түсіндіріп, мөлдіреген қос жанарын үрей билеген тұтқын жігітті машинаның артқы орындығына отырғызды. Көп ұзамай əлдебір əскери госпитальдың ауласына келіп тоқтаған жеңіл машинадан түскен Генрих мырза Қалиға «сен де түс, менімен еріп жүр» дегенді ыммен білдірді. Машинадан жасқана түскен тұтқын жігітті соңынан ертіп алып, əлдебір дəрігердің алдына алып келді. Ол болса, орысшаны сəл-пəл білетін біреу болып шықты. – О, азиат, ештеңе етпейді, бізде бірер күн жатып емделіп, тынығып қайтатын боласың, – деп Қалиға қарап күлімсіреп қояды. Мынаның жылы сөзі мен жылы қабағы қорқынышын сейілткендей болды. Қалидың банкир қожайыны жаңағы дəрігерге немісшелеп əлдебір істі қадағалап тапсырды да, көп бөгелместен тұтқынды госпитальда қалдырып кете барды. Бір-біріне қиянат жасауға келгенде адам баласының зұлымдығына құрық бойлай алған ба?! Ой тереңінің түкпірінде ғұламалық та, даналық та, сонымен бірге зұлымдық та бұғып жатары болмаса, бұл дүниенің жақсылығы мен жамандығы қатар өріліп, бірге өсіп, бірге көктеп тұрар ма еді?! Өмірі де, ажалы да бар тіршіліктің қуанышы мен қайғысының қос бұрымын бірге өріп, бірге тарқатар тағдырыңның уысынан шығып қайда барармын дейсің?! Қали да сол өз тағдырының уысынан шыға алмады. Əскери госпитальға келген күннің кешінде екі шабының арасы ашып, күйдіріп əкетіп бара жатқан қалпы шошып оянған. Басы – мең-зең. Қалай ұйықтап қалғанын, өзіне не болғанын да біле алмай дал болған ол шыңғырып жіберген. Палатаға ентелей жүгіре кірген қос дəрігер кереуетінен тұрмақшы болып ұмтыла берген Қалидың қол-аяғын басып, қайра жатқызған. Жамбасына ине салып еді, жаны тыныш тапты. Жер шарының біраз бөлігіне үстемдіктері жүріп тұрған неміс елінің өндірісі де қуатты болатын. Тіпті өздері басып алған елдердің қолға түскен мыңдаған, миллиондаған тұтқындарының көзін жою үшін оқтың өзін шығынсынған фашистер адам баласын өртейтін пеш, уландыратын камералар ойлап тапқандықтарын да қайтерсің?! Оны айтасыз адамның сойып алған терісінен қолға ұстайтын əсем де бағалы əмияндар мен сөмкелер шығарудың өзін өндірістік жолға қоя білген немістер үшін əлдебір азиат
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Қалидың аталық қос безін сылып алып тастаудың өзі түкке тұрмайтын іс болды. Еркек тоқтыны піштіргенді ғана көріп өскен қыр қазағы Қали бейбақ немістердің госпиталынан осылайша піштіріліп шыққан еді. Қызының абыройын ойлаған неміс əке сөйтіп, əлдебір пендесін жар құшып, бала сүю сияқты қос бақытынан бірдей айырған болатын. Міне, сол бір қиянаттың қайшысымен қиылған бақытты уысына түсіре алмай өтіп барады жалғаннан. Селт етер сезіміңнің есін жинап, басын көтере алмайтыны қиын екен бəрінен де. Көзің қызығып, жаныңа жағып тұрған сұлулық атаулыны өліп-өшіп сүю арқылы лəззат алуыңның өзі бойға біткен сол қос тамырдың күші мен қуатынан нəр алатынын кім білген?! Азиат Қалидың госпиталға нендей жағдаймен жатып шыққандығын Эльза өз анасынан екеуара əңгіме арасында естіген сəтінде-ақ, қолындағы кітабын тастай салды да, үстіндегі бір киер жеңіл көйлегімен далаға атып шықты. Үнемі тұман басып, буланып, буалдырланып жататын Эльба өзенінің жағалауындағы қайық станциясын бетке алып, қос жанарынан парлаған ыстық жасы омырауын жауып, жүгіріп келеді. Батар ұясына қарай ақырын жылжып бара жатқан күн көзінің кешкі қызыл шапағымен сол нұрға малынған төңіректің жан алып, жан берісіп жатқан қырғын соғыстың қанына боялып жатқандай. Сол бір қызыл дүниенің қызығынан түңілген де, безінген қалпымен жүгіріп келе жатқан қыз жүрегі сол бір азиатты… тұтқын Қалиды көруге, соған жетуге аласұрып, асығып, жанталасып келеді. Біресе қайықшының, біресе жолда кезіккен көлікшінің көмегімен су кешіп, жер басып имениеге жеткен сəтте қызылкөз дүниенің тағы бір таңы оянып келе жатқанды. Əр сəйгүлікті қолындағы ұзын арқанмен жетектеп алып шығып, бойын жаздырып жүрген Қали жеңіл көйлегінің етегі желпілдеп, өзіне қарай құстай ұшып келе жатқан қызды көргенде шошынып қалды əуелде. Сайтан ба, пері ме мынау деген бір ой санасында қылаң беріп үлгергенше болған жоқ, өзіне таныс қыздың бейнесі көзіне оттай басыла берді. Қолындағы сəйгүлікті шұбатылған арқанымен қоя берді де, Қали да сол қызға қарай ет жүрегін ала жүгірді. Үрей де жоқ, қорқыныш та қалмаған тұла бойында. Біраз жылдардан бері қауышу мен табысудан ада болып, соны аңсап, соны көксеп жүрген кісендеулі көңілінің кілті ашылып, бұғаудан босаған бойын жазып, Қали да өзіне қарай жан ұшырып келе жатқан қыз ғұмырдың құшағына жетіп құлауға асықты. Санасынан азаттық алған тұтқын жігіттің қазіргі жан күйінің бар сезімін енді ешкімнің тұзаққа түсіріп, тоқтата алмасы анық жай. Алаулап жанып жатқан сол отты сезімнің мұңлы сағынышының жалынымен өрттелген тұтқын жігіттің анау… өзіне қарай екі өкпесін қолына алып жүгіріп келе жатқан азат қыз мұның алыста… қиырда қалған… бір көруге зар болып жүрген туған елі мен туған жерін, бар ағайыны мен дос-жарандарын, қыр үстінде қиқу салған еркін де ерке күндерін, бəрін…бəрін де өзімен бірге көтеріп алып келе жатқандай ессіз күйге түсті. Сол ессіз күйдің күйігімен айқаса қалған мына қос құшақты ажыратып алуға тірі пенденің күші де жетпесі анық еді. Айқаса бітіп, бүтінделіп, тұтасып бара жатқан қос жүректің мөп-мөлдір осы бір сезімдеріне дəл қазір оқ атып, найза түйресең де аққан қызыл қанның қайсысынікі екендігін де ажырата алмасың хақ. Қос мұңлық бірге құлап, бірге мұрттай ұшып, жандары да бірге шығар еді сол сəтте.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Қыз ернін елім деп сүйіп елтіген тұтқын жігіттің он екі мүшесінің бірі ет жүрегінің ғана аласұра соққаны болмаса, осындайда тəтті бір сезімнің күйін келтіре, құмарландыра, құлшындыра түсіп, өзі болса асқақтап шыға келетін өзге бір ынтызар мүшесі жансыз күйінде, жайбарақат жатқан еді. Жүрек тауының биігінен жөңкілген алапат сел сезімнен есі кеткен қыз тұтқын жігіттің жалын атқан деміне тұншығып бара жатса да, семіп қалған сезім шыбығының селт етпегендігіне көзі жетіп, иланды да, ол енді…тіпті…мəңгілікке солып, қуарып қалғандығын ұқты да, жібектей жұмсақ құлын мүшесін аймалап өбіп жатқан Қалидың құшағынан сусып шығып кетті де, жұп-жұмсақ көк шөптің үстіне отыра қалып, ағыл да тегіл жыласын-ай келіп. Ғайыптан тұтанып алып, маздап жатқан жүрек ошағындағы екеуінің де сезім оттарының осылайша өшкені ме бұл?! Қали да егілді. Əбден құса болып қалған тұтқын көңілдің қасіретімін еңіреп отырған ол əлден уақытта «Халли…Халли…» деген қыз нінен селт етіп, дауыс шыққан жаққа жалт қарады. Су жинағыш биік мұнараға шығатын баспалдақпен соның ұшар басына көтеріліп алған Эльза сол арадан қанатын қомдап, аспанға ұшар құстай болып, екі қолын жайып қойып, біресе сөйленіп, біресе жылап тұр еді. Сол жылаған сезім əлгіндей болған жоқ көзінің жасын тыя алмаған қалпы, биік мұнараның басынан секіріп кетіп, адам баласының қолымен төселген қара тастың үстіне келіп томп ете түсті. Төмен қарай құлдырап құлап келе жатып «Халли…Халли…» – деп шырқыраған қыз сезімнің жан дауысы зеңбірегі атылып, қаны шашылып, оқ иісі қолқаңды қауып, көк түтінге тұншығып жатқан кең əлемнің қойнына сіңіп, əп-сəтте ол да тыныш тапты… Бір басына жамалған осы бір қайғымен неміс жерінде жүрген шағында Қали сияқты тұтқындарды ағылшын мен американдықтардан тұратын екінші майдан жауынгерлері босатқан болатын. Неміс лагерлерінен азаттық алған бұларды, американдықтар үлкен кемелермен өз елдеріне алып келген. Қай жердің дəмін татарың да тəңіріңнің қолындағы іс қой. Тəңіріңнің маңдайыңа жазғанын көресің дегенің осы екен! Соғыс аяқталғаннан кейін тұтқындағы кеңес адамдарын өз отандарына қайтару мəселесі қозғала бастаған шақта, бұл соғыста өз елінің жеңіске жеткендігіне іштей қуанса да, көңілдерін күпті етіп алған бір ойдан күні-түні арылған емес. Америкадағы кеңестік əскери атташе өкілдері келіп: – Кеңес одағының абыройы аспандап тұр. Жолдас Сталин бастаған коммунистер партиясы ұлы жеңіске ие болды. Кеңес үкіметі енді əр мемлекетте тұтқында жүрген сіз сияқтыларды өз елімізге қайтарып алуға күш салып жатыр. Жеңімпаз елдеріңіз бар. Сол елдеріңізге қайтыңыздар, – деп сайрағанда сай сүйегіңді сырқыратып жүрді. Кеңес үкіметінің насихатшы өкілдері келіпкетісімен, тұтқындар лагеріне американдық шешендер келіп сайрайтын. – Бəрі де өтірік! Қызылдар ешкімді де аямайды, Сталиннің қаһарына ұшырайсыздар. Елдеріңізге қайту, қайтпау өз еріктеріңізде! Қайтпаймын десеңіздер бұл арадан Сіздерді ешкім де күшпен зорлап алып кете алмайды… Бір-бірімен аңдысқан екі елдің де сұрқиялылығынан сескенгенімен, туған еліне қайту жайы ойынан бір шықпаған қалпы Қали да Кеңестер одағына оралушылар тізіміне жазылып, ақ кемеге келіп мінген-ді. Мұхит
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев арқылы ұзақ жүзген сол ақ кеме бұларды Балтық теңізі жағалауындағы үлкен бір айлаққа алып келіп, түсірген болатын. Кеменің жағаға түсер баспалдағынан бастап қатар-қатар сап түзеген солдаттарды, арсылдаған иттерді көрді. Бұл жай елім деп алаңдап келе жатқан тұтқындардың көңілін су сепкендей басып тастады. Тұтқынға басынан ауыр жарақат алып, ессіз-түссіз қалпында түскендігін жеңімпаз Кеңес елінің соты елеген де, ескерген де жоқ. Сот өз үкімімен тұтқын атын сатқын дейтін атқа алмастырып, жиырма бес жылғы ғұмырын абақтыда өткізуге кесіп, Сібірге айдатып қоя берген. Сатқын атанғанша да тұтқын болып жүре бермеген екенмін деген қалың ойларға Тайганың орманынан ағаш даярлап жүрген шағында Қали сан-мəрте берілген де еді. Əйтеуір кеудесінде шықпай қалған тірі жаны бар демесең, осы ғұмырында жанына медет, қуат болар не тапты?! Дүниеге ұрық та шаша алмады, туған елінің топырағын да емін-еркін басып жүре алмады. Тұтқындығы мен сатқындығы үшін сот кескен мерзімін өтеп, əке шаңырағына ие болып отырған інісі Бəридің үйіне келген. Шіркін, бауырдың аты бауыр емес пе, ағасының азап тартып, тар жерден аман-есен келгендігін көріп, қуанғанынан жылай жүріп, жалмажан қойын сойып, ауыл үйдің кəрі-жасын жинап, кішігірім той жасады. Айлар өтіп жатты. Қали да қарап жатпай інісінің шаруасының бір жағына шығысып, шаруашылықтың тиіп-қашпа жұмыстарына да араласып, алған айлығын да келінінің қолына ұстатып жүрді. – Аға-ау, оныңыз не? Өз тапқан ақшаңызды өзіңіз ұстап жинай беріңіз. Таяуда ауылдан көшкелі жатқан бір ағайынның үйін сізге əпергелі жүрміз. Келісіп қойдық…. Бəридің бұл айтқанына Қали онша қуана қоймады. Інісі бөлек бір үй сатып əперіп, сонан соң ағасын үйлендіріп, алдына мал салып бергісі келетіндігін көптен бері айтып та жүрген болатын. Оның мұнысы жөн-ау тіпті. Ағайыншылық дегенің де міне осы ғой. Бірақ… қайтерсің?!. Тұтқын болғандығымды бетіме басып, көз түрткі болмайын жəне қиянат қолымен жасалған белсіздігімді сездіріп алмайын деген ниетпен жан баласына айтпастан бір түнде жырақтағы қалаға кетіп қалып, соның əлдебір қазандығының өмір бойы от жағушысы болып жүрді де, сол арадан азын-аулақ зейнетке берер ақысын алып, осы қарттар үйін паналаған болатын. Жалқы келіп, жалқы кетіп бара жатқан мына дүниеден алашағы да, берешегі де жоқ мұның. Есебі тең. Өкпесі де, назы да жоқ айта қояр. Жарық дүниеге шырылдап келді, енді тіл-аузы байланып сол дүниеден үнсіз-түнсіз кетіп барады. Дəл қазір тілге келе қалар болса да, ол өзіне жан салған, жарық дүниені сыйлаған, осыншалықты ғұмыр қиған тəңірін сөкпесі анық. Тəңірін не деп сөксін, болса сол тəңірі жаратқан адамының тұтқыны болды. Жарық дүниенің азабын да, мазағын да өзі сияқты адамдар тартқызды. Соттаған да солар. Тəңірінің алдына барып, жауап берер қиямет күндері: – Е, пендем, не ұқтың жарық дүниеден, – деген сауал қойылар болса, өмір – абақты, адам соның тұтқыны екендігін айтар еді əуелі. Тіршілігінде тірі пендесі азапқа салған Қали қартты онан əрі қинағысы келмеген өз тəңірі өзі сыйлаған жанын ажалын жіберіп, оны өмір абақтысынан құтқарып алды. Жаратылыс пайда болғалы жан қадірін ұғына алмай келе жатқан адамдарына сол тəңірі Қалидың ет пен сүйектен
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев тұратын тəнін ғана қалдырып кетті. Жан мен оның иесін емес, əзірге… тəнді ғана қадірлеуді үйренген пенделері Қали қарттың да сүйегін арулап, аққа орап, ардақтап апарып, қара жердің қойнына берді. ҚОШ БОЛ, ҚҰЛЫНЫМ – Е, балам, жоғары шық! Кемпір, əй, кемпір, шəй əкел мына балаға! Сералы қарт үйіне келген шаруашылықтың жас басшысы Еркінді осылай қарсы алды. Сəлем беріп, есік көзінде бөгеліп тұрып қалған жас жігіт үй иесінің қатулы қабағы мен қатқыл үнінен қобалжып қалғандай еді. Осы елге келгелі екі жыл болса да, алғаш бас сұғып тұрған қарттың шағын ғана аласа үйі еңсесін басқандай. Ен бойы қазандықпен ғана бөлінген қазақы үйдің қақ төріндегі түс киізде ілулі тұрған күмістелген жүген, тобылғы сапты ат жəне салт қамшылар «мені көр» дегендей көздің жауын алады. Қазандықтың мұржасының дəл түбінен сорғалаған жауынның салтақтанып сарғылт тартқан іздері жыландай ирелеңдеп белгі тастапты. Осыны көргенде жас директордың екі беті дуылдап кетті. Анада, ұмытпаса, күзде-ау деймін, осы қарттың өзінің алдына келгені бар. «балалар болса жұмыста, кемпір екеуміздің отырған үйіміздің төбесінен жауын жауса болды, су сорғалай жөнеледі. Шипырлатып жапқызып алайын деп едім. Не көмегің бар, балам?» – деген қарт өтініші есіне енді түсіп отыр. Бұл да ойланып жатпастан: «Ақсақал, сол шипырды
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев совхоздың мал қоралары мен салып қойған үйлерінің төбелерін жапқызуға да таба алмай, басым қатып отыр», – деп қартқа қамқор бейіл көрсете қоймаған-ды. – Жоғары шық, балам! Оразамызды ашқалы жатыр ек, кел, шəй іш бізбен, – деп қария жас жігітке төрден орын ұсынды. Бұл жолы Еркіннің қарт тілегін аяқ асты етіп, шығып кетуге батылы жетпеді. Нұсқаған орынға үнсіз ғана жайғасудан өзге амалы қалмап еді. Шəй үстінде əңгіме өз арнасын тауып, жүйесімен өрби қоймады. Қарт болса «іш, же» деуден артық ауыз сөзге бармады, түнерген қабағын ашпады. Еркін өзіне ұсынылған қызыл гүлді кеседегі қою шайды тезірек ішіп тауысуға асыққаны сондай, мұрнының ұшы шыпшып терлеп шыға келді. Осыны байқап, аңдап отырған зерек қарт: – Балам, асығыссың-ау деймін, шаруаң болмаса біздікіне бас сұғуың да неғайбыл, дəм айдап келген шығар. Қысылма, бұйымтайыңды айта отыр, – деді. Қарттың бұл сөзі шаруашылықтың жас басшысының иығындағы ауыр жүкті жеңілдеткендей болды. орнынан қозғалып, көптен бері жерде малдас құрып отырмағандықтан, құрыстанып, ұйи бастаған аяқтарын жазып алды. – Ақсақал, – деді үніндегі жасқаншақтықты білдіргісі келмегендей, бір жөткірініп алып, – біздің ауылда қырықтықшылардың кеңесі өткелі отыр. Бүкіл облыс аймағындағы қойлы ауылдардан өкілдер келеді. аудан басшылары елге келетін сол қонақтарға қымыз беруді жөн көреді. Соған он шақты бие байлап, қымыз ашытатын кісіні кешеден бері таба алмай жүрмін. Қарт «көкейіңді ұғындым» дегендей кейіп танытып, жауап беруге асықпады. Шыны-аяғын кемпіріне қарай ұсына түсіп, маңдайынан білінген терді алдында жатқан ақ сүлгімен асықпай сүртіп, қалайы қасықпен сары майдан шəйіне салып, баяу былғап қояды. Қартының аяқ астынан паңдана қалғанына, алдына келген жас жігіттің өтінішіне əлі де мəнді жауап бермей бəлсінгеніне Меруерт əжей қысылып-ақ отыр. Бірақ, қырық жыл отасқан ерінің жайын өзі біледі, сосын да үндемейді. Шалының томырық мінезінің өктемдігі-ақ өзгелерден оны айбаттандырып тұрады. Бірақ, қарттың көңіліндегі зіл жоғын былайғы жұрт біле де бермейді. Бұл да адам, мұның да ет жүрегі, сезімі, ой түйсігі бар, мұның да адам сияқты шаттанатын, күлетін кездері болады. Бірақ, ішкі дүниесін қалың бір ой торлап алса болды, ашылмаған күздің қара бұлтындай көпке дейін түнереді де жүреді. Қазір ле ойының əлем-тапырығы шығып отырғанын мына кемпірінен артық ешкім де сезе қоймас. Мұндайда оған бір ауыз сөз айттым дегенше болды, ең əуелі анау қырғидың көзіндей шегірейген қос жанары өңменіңді тесіп өтіп, «тəйт əрі, тантымай отыр, сенен жөн сұраған жоқпын əлі» – деп бұлқан-талқанға түсетіні бар. Үндемесең, үйдей пəледен құтылғаның, сол қамалған көп ойлар өз шешімін тапқан соң, жауыннан кейінгі даладай жадырап, шешілетіні бар, тек сабыр қылып артын күте біл. – Ана жылқышысымақтарың он биені өздері-ақ байламады ма?! Қарт дауысы тосыннан əрі зілді шықты. Еркін басын көтеріп алып, қартқа не деп жауап берсем дегендей ойланып қалды. Осы дүйім елден бие сауып, қымыз ашытатын жан иесін таба алмағанын айтса, таяқтың бір ұшы ең əуелі өз маңдайына тиерін сезгендей еді. Ақиқатына келетін болсақ, айналасындағы елдің
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев жұмыс істеп, мал бағып, егін өсіргеніне мəз болып жүре беріпті-ау өзі. Директор болып, ел басқара жүріп бірде бір үйдің ошақ басындағы тіршілік-тынысына құлақ түріп, көз салмаған екен. Тым болмаса осы елде кімнің бие байлап, қымыз ұстайтынын, кімнің іркіт жиып, құрт қайнататынын бұл білмейтін болып шықты. Өткен күнге ой жүгіртсе, біраз үйдің дастарханынан небір дəм татып, арақ-шараптың алуан-түрі алдына қойылғанымен, бір аяқ қымыз, не болмаса бір кесе ақ айранның ұсынылмағаны енді есіне түсіп, бей-жай күйде отыр. – Балам-ау, – деді қарт мұны онан əрі қинағысы келмегендей. – Ана жылқышыларыңды айтам, аттарымен мəгəзінге сабылып, ер үстінде теңселіп жүргенше бие байлап, сары қымызды сапыра ішіп, өздерін де, халқын да қарық етпес пе?! Мен болсам қартайдым, мына шешеңнің де енді бие сауып күбі пісер қауқары шамалы. Бірақ алдыма келген екенсің, меселің қайтпасын, байла деген он биеңді байлап, қонаққа деген қымызыңды ашытып, əзірлеп берейік. Жылқышыларыңа айт, түске қарай табынға өзім барамын, сауын биелерін таңдасып, асау құлындарды байласуға жəрдемдессін… Кемпірінің қуатты кезінде ескен қыл арқаннан тартылған желіге байланған жас құлындар əуелгідей емес, ноқтаға үйреніп, жуасып, бастығайын деді. Ыстық сумен қайыра-қайыра жуғызып, ең əуелі қайыңның қабығымен, сонан соң торы тобылғының тəтті түтінімен ыстап, жылқының семіз қазысының сүр майымен сылаған қара сабадағы саумал үй ішіне хош иіс бергендей болды. Көптен бері сауылмай тағыланып кеткен биелердің аяғына өре салып, шошынғанына қарамастан, шал өзі де, кемпіріне де сауғызып, сауынды өткізіп алмауға тырысып жүр. Қарт жылқышы бар қайрат-күшіне мініп, дүр сілкініп алды, бұрындары – жастау кезінде колхоз жылқысын түнде өзі бағып, күндіз бие сауғызып, шаруа қамымен жүргендерді сусынсыз қалдырып көрген жоқ еді. Тақымынан небір жүйріктер өтпеді дейсің. Ой-хой, шіркін, талай аламан бəйгеден озып келген Балыққара мен Жайнардың шабысын бұл қартың тірі жүргенде ұмыта ала ма! Ойлап отырса шағын ғана Аралағаш ауылының атақ-даңқы сол кезде табысымен емес, аттарының бəйгедегі шабысымен дүрілдеп еді. Бəрі бірдей жабы болып кетті деймісің, ат десе алдындағы асын жерге қояр қарттардың тізесі қалтырап, жанарлары əлсіреп, күш-қуаты тайған соң, табын жылқының ішінен бəйгеге қосар қыл құйрық таба алмай жүрген бүгінгі аралағаштықтарға не айтарсың. «Ат аунаған жерде түк қалатын» демейтін бе еді. Жіті көзбен қарап отырса, сол Балыққара мен Жайнардың тұяқтары бүгін де бар ма деп көңілі алабұртады. Əне бір сүйкімді қоңыр құлынды қарашы, түрі де, түсі де Балыққарадан аумайды. Желідегі құлындардың арасында «мен болашақ Жайнарыңмын» деп жер тарпып тұрғандары жəне бар. Жылқы малы дегенің ер азаматтың қанаты, қуаты емес пе. Қарт жылқышы Сералы өзі пенсияға шығып үйінде отырғалы Аралағаш ауылының жылқысының бағы тайғандай еді… Талайдан бері үйірге түсіп, өзі сияқты сəйгүліктердің қатарын молайтқан Балыққараны өткен қыста жылқышылар аяусыз мініп, көтерем қалпында шаруашылық қорасына əкеп тастайды. Фермадағы моторшының өз ісін жете білмеуінен бе, болмаса жауапсыздығынан ба, үзілген электр сымының ұшы
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев науаға түсіп, су іше берген жануарды ток соғады. Қоңыр айғыр шыңғырып барып мұрттай ұшады… Е, айта берсең, болмаса өткен өміріңді еске алып, жаныңды тыныштандырсаң, қаймағы бұзылмаған дəуренді күндердің қызығы Сералы қарт үшін тек қана ат үстінде өткен екен. Шүкіршілік, əйтеуір қара кемпірі мұның тіршілігін күйттеп, екі ұлы мен бір қызын өсіріп, қанаттандырды. Сол болмаса, бұл өмірде жылқы тұрғанда бала керек деп ойлап көрмеген екен. Құтты орнына қонған жалғыз қыз бен қос ұлдың тілеуін тілеп отырған жайы бар əзірге. Ұлдары болса мұның жолын қуа қоймады. Үлкені Алматыда оқу оқып, сондағы бір бастықтың қызына үйленіп, еркетотай келіншегінің салған тұсауынан соң еліне қайта алмай, астанада қалып қойды. Қолындағы ұлы Берікбай біртоға, жуас. Отыздан асып барып осы ауылға мұғалім болып келген біреудің жас баласын алып қашып барып үйленіп тынды. Бұл келіні сүп-сүйкімді-ақ. бірақ қартпен тіл ашысып бір еркін сөйлесіп көрген жоқ. Өзі балаларға сабақты ағылшынша береді деген сыбыс қарттың да құлағына жеткен. Тегі өз тілін жетік білмейді-ау деп қарт өзінше топшылап, келінін ұялтпайын деп көбінесе кемпірін жұмсайды. Осыны ойлағанда қарт сəл жымиып қойды. Құрдасы Өскенбайдың басынан өткен бір хикая ойына орала кетті. Былтыр құрдасының да баласы үйленген болатын. Өсекең бір күні жас келінге: «Шырағым, бір аяқ шалап құйып берші, шөлдеп тұрмын» десе, ол жазған атасының айтқанына түсінбей, қарттың мəсі киген аяғына жəудіреп қарап тұрып қалыпты. Күндер дегенің зулап-ақ өте шықты. Шаруашылықта қой қырқушылардың жиыны өтетін күнге дейін жылқышы қарт бар шеберлігін салып, бал қымызын жеткілікті етіп əзірлеп қойды. Аудан басшылары тапсырған бұл ісінің оңға басқанына жас директор да ерекше қуанулы. Қарттың қажет шипырларын бөлгізіп, үйінің төбесін жедел жапқызып та тастады. Өз шаруасының оңай шешіле кеткеніне қарт та іштей қуанып, марқайып қалды. Абыройлы іс екеуіне де қуаныш əкелгендей. Расында да, кеңеске жиналғандар осы шаруашылықтың қонақжайлылық көрсетіп, бал қымызбен сусындарын қандырғандарына əбден риза болды. Əр ауданнан келген басшылар Еркінді шақыртып алып, өз директорларына мұны үлгі ете сөйлеп, мадақтап жатты. Əйтеуір, қасиетті дəм Еркінге жаңа абырой, бедел əкелгендей еді. Күні бойы жас құлын, асау қулықтармен алысып, қымыз ашытқан қос қарттың есімі тағы да аталмай қалды. Тілдерін үйірген мына қымыз тап бір биенің желінінде өзі пісіп, өзі ашып жатқандай көреді-ау. Ең болмаса, ішіп отырған қымыздарының кімнің қолынан шыққандығын сұраған біреуі болса-шы. Жиын тарқарда облыс орталығынан келген бір басшы Еркінді шақырып алып, биелерді бұдан былай ағытып жіберуші болма, қымызды аңсасақ ауылыңа келіп тұрамыз деп кетті. Қарт көнсе, Еркін өз шаруашылығында қымызды ала жаздай өндіргісі-ақ келеді. «Ақыңызды төлеп отырайық, қысқы отын-шөп үшін де алаңдамаңыз, бəрін де совхоз есебінен дайындатып беремін» – деген директордың қолқа-өтінішіне қарт орынды дəлелін айтты: – Балам, өзің айтқан соң дүйім жұрт алдында абыройың төгілмесін деп он биеңді байлап, қымыз дайындап бердім. Естуімше жиналған халқың дəміңе риза болып аттаныпты. Ал, енді бұдан əрі биенің бұтына еңкейіп жататын шама мына кемпірде де, менде де жоқ.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Сексеннің желкесіне шыққан біздерді əурелеме, жастар сауамыз десе үйретейін, бас-көз болайын, ал сол үшін мен сенен ақы-пұл сұрамай-ақ қояйын. Бүкіл ел ішінен «бие сауып, қымыз ашытуға ниеттері болса, кез-келген жұмыстан босатып аламыз» деген хабарға ешбір жауап болмады. Басшылар мен мамандар сауыншыларға, үйде жай қарап отырған əйелдерге де əдейі барып, «бие сауыңыз» деп өтініп те, болмаған соң бұйырып та көріп еді, нəтиже шықпады. Тіпті, кейбіреуі шамданып, шаптығып, «аулақ жүр, ендігі көрмегенім бие сауу еді», «бейнеттенгенше, шөлдесем шөлімді шампанмен-ақ баспаймын ба» десе, енді біреулері «өз əйелдеріңе сауғызыңдар» деп ешкімді маңайлатпай-ақ қойды. Осы əңгіме гулеп елге таралғаннан бері бұдан əрі бие байлап, қымыз ашыту ісінің қиюы қашып, тұйыққа тірелетінін қарт та, директор да анық ұғынғандай еді. – Бұл бір енді болмайтын іс. Бие сауып, қымыз ішіңдер деп едіңдер, осы ауылдың қатын-қалашы ұлардай шулаған жоқ па?! Жас кезім болса, оның үстіне кемпірім дімкəстенбесе, сол биелерді өзімақ сауар едім-ау, – деп Сералы қарт директордың кең бөлмесіндегі арқасы биік орындықта үнсіз отырып қалды. Əжімді жүзінен əлі де қайраты танылғанымен, қушиып, кішірейген дене бітімі кəрі бəйтеректің солып бара жатқандығынан белгі бергендей еді. Қарт бөгеліп отырып қалғанын сезінгендей ойын жинақтап, директорға өз бұйымтайын айтты. – Балам, бір саба қымыз жинап қойдым. Биелерді ертең ағытамын. Ақысын төлейін, сол бір саба қымызды өзіме бер. Осы ел бие байлап қымыз ішпегелі біраз болды. Құрдастарым мен кəрі-құртаң қарттарды үйге шақырып, қымыз ауыз тигізейін деп едім. Сенен тілегім болсын, сол қымызды өзім сатып алайын, айналайын! Əуелде Еркін бұған таңырқап қалса да, сəлден соң ой-санасын жинап алды да, қарсы отырған көне-көз қарияның дарқан көңілі тұла бойын билегендей болды. «Қайран қартым-ай, – деп ойлады Еркін. – Өмір бойы жылқы бағып, бəйгеден бір атың озып келсе, бөрігіңді аспанға атып, құла дүзге шаба жөнелетін жел көңілің əлі де өзінің сол дарқандығы мен кеңдігінен жаңылмаған екен-ау!» – Жарайды ата, сол қымызды алыңыз, сіз де бізге тегін қызмет еттіңіз ғой, біз де тегін берейік, əрі-беріден соң бұл өз еңбегіңіз, өз қымызыңыз ғой. – Рахмет, балам! Өзің де ертең қымыз ішуге кел. Өзі мініп жүрген жуас торы атқа көршінің он жасар баласын мінгізіп, ауыл қарттарын қымыз ішуге үйіне түгел шақыртты. Қарттар жиналғанша шошалада жатқан киіз үйді есік алдына шығартып, өзі көрсетіп тұрып əлді жігіттерге құрғызып алды. Қара қостан қалған жалғыз белгі – осы киіз үй. Ерте туған жас бағланның біреуін сойғызып, қыстан қалған жалжаядан салғызып, кемпіріне қазан көтертті. Қымызға шақырылған қарттар түгел жиналған соң, көптен бері ұсталмай жүрген ағаш астауға етті түсіртіп, киіз үйге кіріп отырғандардың алдына тартты. Біраздан бері үйлерінен шықпай іштері пысқан қарттар əңгіме-дүкен құрып, жайлауға шыққандай желпініп бір жасап қалды. Əбден пісіліп, сапырылып қойылған бал қымызды сіміре отырып, олар кеш түскенше отырды. Қарт жылқышыға, совхоз басшысына деген алғыстарын айтып, қарттар разы көңілімен тарай бастады. Қонақтары əбден тарап кеткеннен кейін Сералы қарт кемпірі екеуі желі басына келіп, биенің кешкі сауынына кірісті. Енді өздерінің
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев ноқтадан босап, түнгі жайылымға шығатынын сезгендей құлындар да тыпыршып, күміс үнімен кісінеп қояды. «Енді сендерді ноқталап қинамайтын боламын, құлындарым» – деді қарт күбірлеп. Желідегі соңғы ақ бақай құлынның маңдайынан сипап, мойнынан құшақтап, қарт жылқышы ұзақ тұрып қалды. Кемпірі сауылған саумалды үлкен ыдысқа құйып болғанша жас құлынды құшақтаған қалпынан бір айныған жоқ. Ендігі бір сəтте қарт қолынан босаған ақ бақай құлын күннің кешкі шапағына малынған кең далаға шұбап бара жатқан жылқыға қарай құйрығын шаншып шаба жөнелді. Қолына күмістелген ноқтаны ұстап əлі де өз орнында тапжылмай тұрған қарт жылқышы өз өмірінің соңғы құлынын ағытып жібергенін сезгендей, көзіне келіп қалған ыстық жасты ірке алмады, Қош, құлыным, қош!.. КҮН БАТҚАН ШАҚТА Көріп, естіп отырған құқайы жалғыз дейсің бе?! Алсын малын, алам десе! Артық мал дейтін мұнда корасына сыймай тұрған малы жəне жоқ. Бір биесі, бір сиыры, оған қоса қызыл қашары, он шақты уақ малы ғана бар. Солардың қайсысын артық деп тапса алсын, таласы жоқ! – Таңат осы ойлармен болып еді күні бойы. Кеше ауылдық Кеңестің хатшысы келіп, жоғарыдан артық малды үкіметке өткізу жөнінде жарлық келгенін айтып кеткен-ді. – Ау, артық мал дегенді осы сендер қайдан тауып алдыңдар? Бұрынғыдай үйір-үйір жылқы, табын-табын сиыр, жүздеп қой ұстап отыр деп пе едіңдер,-деген бұл назарылығын ашуға жеңдіріп. – Ақсақал, мен үкіметтің айтқанын істеуге тиістімін! Сізде де артық мал бар. Бір бие, бір сиыр, соған қоса бес қой ұстауға ғана правоңыз бар! Не биеңіз, не сиырларыңызды, өзіңіз білесіз, əйтеуір біреуін, сосын есептен артқан қой-ешкіңізді үкіметке тапсыратын боласыз!
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев – Не дейді, мынау?! Мен сонда биемді үкіметке беріп, жаяу қарап қалуым керек пе?! Қарт үнінде дəрменсіздік бар еді. Шалының кіріптар күйге түскенін көріп тұрған Жамал əжей көзіне іркелген жасты жаулығының ұшымен сүрте берді. – Сорлы-ау, үкімет айтса алғанын алмайды деп тұрмысың, сол бие жаныңнан артық па, берем десейші енді!-деген кемпірінің сөзінен есін жиған қарт əлде не ойына түскендей: – Үкіметке менің биемнің не қажеті болып қалыпты, балам, соны айтты ма саған,-деді хатшыға. – Ақсақал, сұрамайтынды сұрайды екенсіз. Хрущев жолдас айтты ғой, біз коммунизмге жақындап келеміз. Ал, сіздер болсаңыздар, мал-мал деп соның соңында жүріп қараңғы қалдыңыздар. Енді ет те, сүт те, не керектің бəрі де дүкендерде бос тұрады. Барасыз да алып, ішіп жей бересіз. – Ауыл Советтің хатшысы мұны лепіре айтты. Тіпті көңілінде күмəн болсайшы. Коммунизм бір жерде орнап, соны өз көзімен көріп келгендей, ағыл-тегіл, бос əрі тегін дүние жөнінде айтқанда еріксіз ұйып қалғаныңды өзің де білмей қаласың. – Əй, шырағым, көмөнезіміңде сол дүние тегін əрі ағыл-тегіл, аста-төк болып жатса сол ырыздықтарыңа өлмелі мына кемпір, шалды ортақ қылып қайтейін деп едіңдер?! Соның игілігін өздерің-ақ көрмейсіңдер ме?! Ал, менің биеме көз алартпай-ақ қойсаңдар осы?! Біз өз күнімізді өзіміз көрейік те! – Жоқ, ақсақал, бұл кулығыңыз іске аспайды, болмайды ол болмайды,-деді хатшы манағы қиялынан айыққандай. – Кəне, тап қазір айтыңыз, үкіметке биеңізді өткізесіз бе, əлде сиырыңызды бересіз бе? Мен ерігіп жүрген жоқпын, осы ауылдағы жұрттың артық малын анықтап, қанша мал жиналатындығын ауданға айтуым керек. Болыңыз енді, кəне, кəне. Төрт түлік малын жанына балаған Таңат сияқты қарттардың қайсысына болмасын бұл оңай соқпады. Ел ішін хауіп биледі. Қауесет, түрлі өсек те лапылдап ала жөнелді. Жұрттың басы артық малын үкіметке жинап алады екен деген сөз ғана ел ішінің аузында жүрді. Кең даланың белін қайыстырып шұбырған мал халықтың ырысы, қуанышы еді-ау. Заманның түрлі-түрлі əрі сан қилы жібімен көгенделген қазекем бір кездері малынан айырылып арып-ашып жүдегенін, сандаған ұрпағының сүйектерінің далада шашылып қалғанын қайдан ұмыта қойсын. Соңғы ашарлылық бүгінде ел үлкендерінің есіне қайта түсіп, мына жарлықтан шошына қалғандықтары да сол болатын. Күннің қызыл жалқын сəулесі көкжиекке тартылып, ымырт үйірілген сəтте Таңат қарт ауыл шетіндегі Əбілдің қақапасын ашып, ішке енді. Кешкі шайларын алдарына алып отырған Əбілдің үй-іші мезгілсіз жүрген қартқа үрпиісе қарады. – Таңатпысың?-деді Əбіл қарлығыңқы үнмен. – Мен ғой. Əбе, мен ғой кештетіп жүрген, -деп Таңат шал кебісін шешіп төрге шықты. – Ə, жоғары шық, шайға кел, амансыңдар ма өздерің,- деп Əбіл де құрдасына жылы пейіл көрсетті. Бұлар құйылған шайларын ұртай бергендері сол еді, есік ашылып, осы ауылдың тағы да төрт, бес шалы сау етіп кіріп келді. – Əу, өздерің жай жүрсеңдер етті! Жақсылық па əйтеуір?!
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Манағыдай емес үй иесі Əбілдің бойын үрей биледі. Қашан, қандай жағдай болмасын сабырлы қалпынан Əбекең де сасайын деді. Осы уақытта буын-буындарын сықырлатып, төсектеріне құлайтын мына құрдастарының кештетіп жүргендіктері əйтеуір тегін болмаса керек еді. Əбіл қарт осыны ұқты. Сыр бермегенсіп, меймандарын жайдары көңілмен төрге шығарып жатты. – Өздерің бір қойлық болып жиналып келе қалған екенсіңдер, мал сойғызып, қазан көтертейін,-деді Əбіл құрдастары жайғасып болып тілге келген соң. – Бұйырған дəмді татып жүрміз ғой, Əбе! Тап қазір ас ішіп отыратын уақыт емес жəне оған көңіл құрғыр да шабар емес. – Иə, иə Ахаң дұрысын айтып отыр. Жөні сол, əңгіме бар, өзіңмен ақылдаса келдік,-деп қарттар сақалын салалап Ахметтің сөзін қостап ала жөнелді. – Əңгіме мынау,-деді Ахмет өзіне сөз тізгіні берілгенін ұққандай.-Үкіметке артық малды тапсырыңдар деп осы елдің белсенді балары ертелі-кеш шапқылап жүр. Оны өзің де естіп жатқан боларсың. Жалғыз биені өткізіп, бір сиырға, болмаса сиырды өткізіп, бір биеге қараған күніміз не болмақшы?! Не істейміз, не қайран қыламыз? Соны білейік, ақылдасайық,-деп келіп отырмыз. Мына қарттардың тұнжыраған қабақтарындағы ауыр ойлар қараша үйдің еңсесін басқандай. Тымтырыс, тыныштық əлемі қалғып кетер ме еді, қайтер еді, Əбіл қарт əлден уақытта саңқ ете түспегенде. – Көтер бастарыңды! Еңселердің сиырдың жапасындай езіліп кеткені несі бұл! Жаугершілік, болмаса аштық заманы келеді деп пе едіңдер? Əлде малмен бірге жандарыңды да қоса алайын деп жатыр ма?! Өз құрдастарын Əбіл осылай бір бастырмалатып алды. Бастарын төмен салбыратып өз ойларымен өздері мүлгіп отырған мыналардың əрқайсысына жеке-жеке көз тоқтатып еді, жүрагі шымыр ете түсті. Бұлардың əрқайсысы заманның бір бір жылнамасы екен-ау, шіркін! Балдағын тізесінің үстіне қойып отырған мына Зейнештің сыңар аяғы кешегі соғыста Мəскеудің түбінде қалды. Анау отырған Əбіш əне! Шіркін, Əбішім-ай, көкірегіңнің зеректігін не қылайын! Маңдайыңды тайпақ қылған тəңіріңге не айтарсың! Əлі күнге дейін немістерде тұтқында болғаны бетіне шіркеудей жабысып, өз елінде бұғып жүрген жайы бар. Жанын аяп тұтқынға түсті дейсің бе, сол жаны құрғыр кеудесінен шықпай қалып шала-жансар, ессіз қалпында қолға түскені өзіне, одан бір тəңіріне ғана аян. Оған сене қойған ешкім болған жоқ бірақ. Жау қолында тұтқын болғаны аздай, өз еліне келген соң тағы да ұзақ жыл айдауда жүрді. Шіркін, заман-ай... Əп-сəтте осы бір ойлар миын шарпып өткен Əбіл қарт күрсініп қалды. «Өзің ше, өзің не көрмедің бұл тірлігіңде»-деген бір ой санасынан жылт еткендей болды. Е, өтті, кетті ғой бəрі де. Бірақ ұмыта алармысың соның бəрін. Əсіресе, əлгі Зəкер қайда? Соғыстан кейін емес пе еді, елге аман-сау оралғандар бір-бірімен жылап көрісіп табысқандары. Иə, сол жолы Зəкер екеуі бұрынғы ескі дағдымен дойбы ойнауға отырған еді-ау. Сол жай да күні бүгінге дейін есінде мұның. – Сен Сталин болып ақ таспен ойна, ал, мен Гитлер болып қара таспен ойнап көрейікші бір,-деген Зəкер аңқылдаған көңілімен. Оқ-дəрінің иісі кете қоймаған əскери киіммен қарсы отырған Зəкердің уылжыған бейнесі күні бүгінге
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев дейін көз алдынан кетер емес. Сол ойында қара таспен ойнаған Зəкер-Гитлер ақ таспен Сталин болып ойнаған мұны ұтып кеткені. Ақырғы əрі соңғы ойындары екен бұл екеуінің де. Көп ұзамай екеуін де үндеместер тұтқындап түн ішінде алып кетті. Зəкерден күні бүгінде дейін хабар-ошар жоқ. Дойбы ойнап, Зəкер-Гитлерден Сталинді ұтқызып алған Əбіл он жыл Колыманың мұзын жастанып қайтты. Сөйткен Əбілден бастары мəңгірген мына тұстастары ақыл сұрап отыр енді, міне! Не дер екен, қай сөзі, қай ақылы жағар бұларға?! Осындай ой шырмауына түскен Əбіл қарт тұйықтан жол іздеумен əуреленді. Басы артық малды халықтан жинап алу науқаншылдығы түптің түбінде жақсылыққа жеткізбесін де аңғарады. Бірақ саясатқа қарсы тұрар бел, білек қайда?! – Құрекеңе осы шалдардың атынан хат жазайық жайымызды баяндап,-деді үнсіз отыра беруге жалыққандай Таңат шал қарлығыңқы үнмен. Өзінің осы айтқанын тұстастары қалай көрер екен дегендей айналасындағыларға жаутаңдай қалды. – Құрекең дегенің кім өзі, тəңір-ау?! – Хрущев жолдас ше, соны айтамын да,-деп Таңат оң жағында отырған Сəлменнің сұрағына үнін нығырлай жауап берді. – Онымыздан түк шықпайды,-деді Əбіл сəлден соң .-Бұл тұтас ел бойынша жүріп жатқан науқан. Наразы болып жатқан жұрт жалғыз біз дейсің бе, жазып та жатқан болар. Одан да сауын малдарыңды алып қалыңдар да, басы артығын үкіметке табыс етіңдер. Бірақ бүкіл тұяқты беріп қойып жүрмейік. Дау-дамайды көбейтпей бірен-саран жылқыны, қой-ешкіні сойып, етін қақтап алсақ артықшылығы болмас. Қандай күн туарын болжап бола ма қазір... Қарашынаң қоңыр салқыны тұрып Таңат шал құла биені қаншама қимаса да, сойып алуға мəжбүр болды. Оның өзінде де мұны кемпірі ғана иліктірді бұл іске. – Қайтесің, үкіметтің шаруасына қарсы тұрып. Осы бар ғой сенің кесірің əлі баларға тиеді. Онан да қызыл қашарды үкіметке өткізіп, құла биені сойып ал. Етін, қақтап, суық түскенше бүлдірмей сақтармын. Құла биенің жирен қасқа құлынын қораға байлап, тығып таста. Жылқы баласы емес пе, ертең-ақ мінісіңе жарап кетеді,-деген кемпірінің ақылын құп көрген Таңат та елмен бірге амалы жоқ шарасыз іске кірісті. Құла биеден қалған жирен қасқа құлынды бағу оңай іс болмады Таңат үшін. Шұрқырап енесін іздеп бірер күнде арықтап, жүдеп сала берді. Жетім құлынның шұрқырап, кісінегені-ақ қарттың жүрегін сыздатып, жанын ауыртатын болды. Содан да құлынның жемсуын беруге көбінесе кемпірін жұмсайтын əдет тапты. Бүгін де сөйтіп төсегіне қисая бергені сол еді, кемпірі үйге абдырап, айғайлай кірді. – Тұр, енді ойбай! Құлын далаға шығып кетті! Бол,бол! Айнала маңайды дүрліктіріп шапқылап жүр, ұстататын емес,-дегенді ентіге айтқан Жамалдың сөзінен шошынып, ұшып тұрған қарт кебісін іле сала далаға атып шықты. Ауыл иттері де елігіп, шапқылап жүрген жетім құлынды қуалап, есін шығарған еді əбден. Қарт үй алдындағы шарбаққа кіріп «қайт, қайт» деп бар дауысымен шақырып еді, иесінің үнін танып, төбеттерді шаңға көміп, құйрығын шаншып бері қарай желдей ақты. Өн бойынан саулаған тер көзін ашқызбады да, қасқа құлын күнде өзі кіріп жүрген шарбақтың ашық тұрған қақпасынан кірмей, сол аққан бойда омырауын
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев тірейтін биік албардан бір-ақ қарғыды. Таңат қарт сол тұрған жеріне отыра кетті. Шұрқырған құлын үнінен ғана сəлден соң есін жиды. Шабына шарбақтың өткір қадасы қадалып, ыңырсып, қып-қызыл қан болып жайрап жатқан қасқа құлынды көріп көзі қарауытып кетті. Батып бара жатқан күн көзі қып-қызыл еді. Аспан көкжиегі де қызыл жалқын тартты. Қансырап бара жатқан құлын соңғы рет кісінеп жіберді. ЗАРЫҒУ Шоғы сөніп, қызуы қайтып бара жатқан өмірінің осы бір соңғы сəттері қарт ана Жүрсиланың жүрегін сығымдай езіп, қинап-ақ жатқаны. Қанша жыл төсек тартып жатып алса да ақыл-есінен кейуана бір айныған жоқ. Қос жанарының нұры сөніп, жарық дүниені су қараңғылық меңдеп алса да, тырс еткен дыбысты зерек көңілінің сезімдері айнытпай танып-ақ береді. Көңілін сұрай келген жанды да аяқ басысы мен дем алысынан аңдай қояды. Шіркін, бəтуасыз тіршілік-ай! Мына жанында отырған буырыл сақалы омырауына түскен атжақты ақұба шал мұны сонау Есілдің бойындағы Қалқұтан елінен өз заманының келбетіне тəн сəнсалтанатпен, қыз жасауымен осы елге келін қылып алып келген жоқ па еді?! Арманы жоқ, бір елдің қолы ашық, дəм тұзы татымды, дастарханы берекелі, сүйікті келіні бола білді. Мына қолынан күні бойы кітабы түспейтін шалы Жұмжұма екеуі біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей тұрмыс құрып, тіршіліктің қара қазанын əлі күнге дейін қайнатып-ақ келеді. Өмірдегі бар бақытының шыңы деп білетін ана тар құрсағынан шыққан өзінің бес ұлының төртеуінен бірдей капыда айырылып, өзегі
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев өртеніп аї ұрарын, төрт бірдей балапанын сағына күтіп зарығатынын, жылай, жылай қос жанарының суалып, су қараңғы соқыр болып қаларын білген жоқ еді-ау! Іштегі қызудың жалынынан ерні кезеріп, тұла бойы өртеніп жатқан қарт ана ауыр дем алып, əлсіз ғана үн қатты. – Келді ме, Қинаятжан, келді ме? Баршы, қарап келші, келе жатыр ғой деймін. Өй, құлыным... Соғысқа кетіп əлі күнге дейін оралмаған төрт ұлының кішісі, сүт суалар кенжесі де ананың алаңдап іздеп жатқаны. Зіл-зала сұм соғыстың да лаңы басылып, аяқталғанына да табаны күректей он жыл болса да қайран ана жүрегі өз ұлдарын бүгін-ертең келіп қалатындай елегізи береді. – Келді ме, Қинаятжан келді ме?! Қамшының сабындай келте ғұмырдың шолтаң етіп өте шығар осы бір үзілмелі сəтінде қарт ананың ауызына кіші ұлы Қинаятының есімі ғана түседі де ана сезімі қашан болсын айнымайтындығын паш еткендей. Өзге төрт ұл бір төбе, бір Қинаятжанның өзі бір асқар еді-ау бұл үшін!Ересек ұлдары Мұхамедқали, Нұрғали, Берғали мен Нəбіғали осы қара шаңырақтың үлкендері Бабаназар мен Əушама қарттардың ықпал-тəрбиесінде жүріп тез есейді, өзіне бұйырып, күні-түні жанында жүріп, бауырына басып, емін-еркін иіскенгені де осы Қиянаты ғана еді. Əсіресе, ерке баланың тілі қандай тəтті еді. Кейде бір айтқан сөздері əл үстінде жатқан ана санасынан демі үзілгенше өше қойған жоқ. Зейінді ана қазіргі сол бір алаңсыз да тыныш, қаймағы бұзылмаған бейбіт өмірдің қызықтарының буалдыр сағымына еніп, бал-дəуреннің базарын оймен əлсін-əлсін шарлап қайтады. Жаңабатыр ауылы ол кезде Бүйректалдың қойнауында отыратын. Аққайың мен көк теректің, қызыл талдың жапырықтары сарғылт, күз айының лебі сезіле бастаған шағы еді. Бұл үйдің балаларының бəрі де ол кезде осы төңіректе тұңғыш ашылған Аймақ ауылындағы мектепке барып оқитын-ды. Мүйізі тұқылданып, əбден қартайған осы үйдің қызыл өгізін жегіп алып, бес-алты шақырым елдегі мектепке қатынып оқудың азабы мен қызығы да көп болушы еді балалар үшін. Көліктің қожасы баланың кішісі Қинаят болғандықтан бұған қалғандары жалынышты, дегенін екі қылмайды. Ерке де бұлаң қаққан өмірдің қайбір сəтін есіне алсын, қайран ана! Е, айтқандай, Қинаятжаны оқуға кеткелі жатқан мезгілде осы үйге сау етіп бір арба қонақ келіп қалғаны бар. Дəстүр бойынша қой сойылды, қазан көтерілді. Кеш түсе, қарны ашып оқуынан келген Қинаятжанына ет болмай қалып, оның лаң салғаны бар ғой. – Апа, апа қарным ашты, ет əкелші! – Құлыным-ау, саған ет калмады ғой! Мұның сөйдеуі мұң екен, ауыз үйдегі қара текеметің үстіне шалқасынан жатып алып жер тепкілеп, ерке ұл ал жыласын келіп, айтынып, айтынып қоярын қайтерсің. – Ойбай-ай, бəрінен бұрын қой сойып, бір жілік жемегенім масқара болды-ау! Төрт бірдей боздағынан əлі хабар ала алмай, өмір өзегін қайғы мүжіп, солуға айналған əлсіз ана құс жастықтан басын көтеріп алып, қос қолымен ауаны қармап, құшағын жайды.Манадан бері алдындағы кітабынан бас алмай оқып отырған Жұмжұма қарт та кемпірінің бұл қылығына секемдене қарап, селк ете түсті.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев – Сабыр, сабыр ет! Жат енді əлсіреп қаласың ғой, байғұс! – Тоқташы, Қинаятжаным келді ғой, есік ашылды ма, құлыным, келші маған! Сорлы ананың үміті бұл жолы да үзіліп кетті. Бидай ақтап қырмандағы жұмыстарынан келген келіндері Бикен мен Үмітжан екенін сезе қойған ана жүрегі талмаусырап кетті. Сырт киімдерін босағаға іле салып, екеуі бірден қарт ананың жанынан келді. Əжімді жүзін жас айғыздаған қарт ананың мына бір қасіреті бұл екеуінің де жанын жегідей жеп барады. Əсіресе, осы үйдің үлкен келіні мына Бикеннің көңілінен бір ауыр ойдың бұлты сергімей-ақ қойды. Соғыс басталғаннан кейін көп ұзамай майданға кеткен ері Мұхамедқалидан күні бүгінге дейін хат-хабар жоқ. Жеңіс тойының тойланғанына да он жыл болса да, сол бір ұлы мейрамда жұрт қатарлы күліп, өз теңімен тізе қосып отыра алмай жүр. Ендігі анау пеш түбінде күпіге оранып қос құлыны Рахия мен Сарасы əне! Сол екеуін адам қылып қатарға қоса алса арманы болмас еді. жəудіреп отырғандарын қарашы, екеуі де əкелерін күте-күте əбден зарықты, ауыр ойдан бала жүректері қапа болып, қөздеріне мұң түнғандай. Əйтеуір, шағын үйдің шаруасы жүдемейақ тұр. Соғыстан кейінгі ауыр кезеңнің ендігі жүгінің бар салмағы майданнан дін аман-есен оралған мына Берғалидың иығына түсуде. Ел ішінде жете алмай жүрген төрт бауырының белгісіз тағдыры ерінің қабырғасын қайыстырып-ақ жүргенін сезетін Үмітжан осы үйдің тіршілігінің шырағын жағып, əйтеуір төсек тартып жатқан байғұс ана мен қарт əкенің алдындағы келіндік парызын адал атқару үшін шыбын жанын шүберекке түйіп, таңның атысынан, күннің батысына дейін зыр жүгіретін. Өйтпесе бола ма, қос абысын белді бекем буып алып, бір шаңырақтан соғысқа кеткен бес ұлдың көш көлігін сүйретіп, қартайған ата-ананы, екі ортада жүрген қос сəбиді жүдетіп, жадатып, ас-суынан тарықтырып көрген жоқ əйтеуір. – Келді ме, Қинаятжан келді ме? Қарт ананың əлсіз жүрегі тіршіліктің ақ демін үзгісі келмегендей өрекпіп, тулай соғады. Кешкі үй тіршілігі қазанға су құйып, ас қамдаудан басталып кете барды. Екі иығынан алқына дем алған ақ самауыр да əлгіндей болған жоқ өз орнын тапты. Өмір мен өлімнің тартысына түсіп жатқан қара кемпірдің жаны сəл-пəл тыныс алғанын пайдаланып, басына тақиясын киген шалды ортаға алып, бір үйлі жан шəй ішуге кірісті. Көргені көп зейінді, зиялы қарт мына қарсы алдында отырған ұлын соғыстан келгенде баурына басып өксіп-өксіп бір жылап еді-ау! Қайран қарт елі үшін қан майданға аттанған бес ұлының біреуі ғана бес жылдан соң көзіне тірі көрінгенінде қуанышын да, қасіретін де жасырып қала алмады. – Қой Жұмеке, көңілі алаң болып келген баланы босата берме,-деген Есім ақсақалдың сөзі ғана ауыр ойдан, бір қуаныш, бір қасіреттен қақырай бастаған мұның көңілін бекітіп, қайрадан орнықтырған еді. – Балам,-деген Жұмжұма қарт шағын тойға ел адамдарына жайылған дастархан басында ұлын өзіне қаратып: – мынау төсек тартып жатқан сорлы анаң екеуіміз бесеуіңді ел шетінен соғысқа аттандырарда бес рет қамықтық, бес рет жыладық. Тағдыр əзір біреу үшін ғана той жасатуды бұйырып тұр. Ана қалған төртеуінен де күдерімді үзбеймін, кебін киіп кеткен жоқ қой, келер, олардың елге оралғанын көрмесек те
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев сен көресің, үмітіңді үзе көрме, күт!-деп қабағын түйіп үнсіз отырып қалды. – Тойдың сəні əн емес пе, бір мезгіл əн айтайық та! Əй, əлгі Үмітжан қазан-ошақтан шыға алмай жүр ме, əлгі қайнысы Нəбіғалидың соғыстан жазып жіберген əнін шырқасыншы! Адуынды əрі сыйлас жеңгесі Күлімжан қолқалаған соң Үмітжан дүйім жұрттың шетін ала отырып, əн бастады. Бастады демекші, ең əуелі көзіне жас алып, жан жүйесі босап, сəл-пəл үнсіз отырып алды да ашық дауысымен мұңды əрі сағыныш сазына толы əнді əуелетсін-ай келіп. «Туған ел, жаздым сəлем өскен елге, талпынып талай аяқ басқан жерге» Əн əуені осылай басталады. Уа, шіркін, туған жер-ай! Ер, азамат басына күн туып, оқ пен оттың арасында ажалмен сəт сайын тайталасып жүрсе де, туған топыраққа деген ыстық сезімін суыта алмаған екен-ау! Аңырап əн болып қайран ерлердің теңіздей тулап соққан жұдырықтай ет жүректерінің туған жерге деген махаббаты бəсе, дəл мына əннің жырындағы жолдарындай нəзік те айбатты болмаса, құрсаулы лағнет фашист иттерді жеңер ме едік. Əн əуені сай-сүйекті сырқыратып, адам жанын толқытып, тербіретіп барады. Майданда жүрген боздақтың сағынышы, үміті мен қуанышы, зұлым жауға деген қаїар, бəрі-бəрі əуені болып төгіліп жатыр. Өзінің азаматтық борышын сезіне білген қайран ер қос жеңгесіне көп аманат айтқанын кайтерсің». «Пана бол кемпір-шалға өле-өлгенше», деп елде қалған туған атаананың тағдыры үшін алаңдаған ақ көңілді, пəк сезімді ұрпақтың ақыл-ойы мен парасатына риза боласың. Əлі жар сүйіп, бесік тербетіп үлгермеген балғын жас үлкен жеңгесі Бикенге: «Ал, Бикен, саған айтам үлкен жеңгем, бет қақпа Рахия мен Саражанның»,– деп үлкен ағасының артта қалып бара жатқан қос балапанын да аманаттап тапсыруы, естір құлақтың есті сезімі болса, көзіңнен жас парлатып, тұңғиық ой əлемінің шыңырау тереңіне түсіп кеткен көңілің əбден бұзылып, жылағың-ақ келеді. Бірақ мына бір сүйкімді сұлу үннің тəтті əуенін бұзып алмас үшін кірпігіңді де сақтықпен қимылдатасың. Майданнан жазған əнімен дүйім бір елдің еңсесін бекітіп, сезімін дір еткізген Нəбіғалиды мына отырған халқы жай ғана Нəбікен деуші еді. Оқыған дейтін, көзі ашық сауатты, елдің камын жеген қайран ер осы елдің колхоз болып қалыптасуына да аз еңбегін сіңірген жоқ. Соғысқа да колхоз партия ұйымын басқарып жүрген жерінен аттанды. Енді тағдыры не болды екен азаматтың?! Мына отырған алқа-қотан ел болып, соны ойлап əркім өзінше ой түйеді, тұжырым жасайды. Есті, ақылды еді-ау, қайран ер. Осы соғыстың ұзаққа созылатынын, жеңіске оңайлықпен қол жетпейтіндігін айтып, енші алып бөлек отырған ағасы Мұхаметқалидың үйін өз қолымен кемпір-шал отырған осы қара шаңыраққа көшіріп, өз қолымен кіргізіп кетіп еді. – Жеңеше, ренжи көрме маған, үлкен ағам болса майданда, бұл қай басынғаның деп тағы ойлама, кемпіршалдың жанында бол, балаларды солар қарайды ғой, ал сен ана Үмітжан жеңгем екеуіңіз бірігіп, колхоз шаруасыа араласыңдар. Бірігіп еңбек етіп, бірлесіп қажыр-қайрат көрсетпесеңдер, қиналып, жүдеп қаласыңдар,-деген Нəбікеннің сөзі шындыққа айналғандығын ауыр соғыс жылдарының өзі-ақ көрсетіп берді. Расынды да қасіреті мол болған сұм соғыс жылдарында қос абысын бірбірін жұбата біліп, қарт ана солардың барына, күйбең тіршілігіне тəубе етіп, көңілдерінен тіршіліктің үміт шырағын сөндіргілері келмейтін.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Атар таңның ақ үмітінен қаншама күдерін үзбесе де қарт ананың соғыстан қайтпай қойған төрт бірдей ұлының қасіреті əзиз жанның жүрегі мен жүйке тамырына қара тырнағын салмай қойған жоқ. Ең əуелі уақыт табымен əлсіреп жүрген қос жанары сөнді де, айнала төңіректі түнек басты. Төсек тартып жатқаннан бергі қарт ананың бір уақ жүрегінің сыздаған жарасын жазып, демалысын жеңілдетіп тастайтын дəрісі де осы əн еді. Күнде кешкісін айтқызады, күнде кешкісін төсекте ұзақ жатып, жылап жатып тыңдайды. Сонан соң əн аяқталып бітісімен қарт ана өзі де аңырайдыау дерсің. «Хат-хабарың əлі жоқ, қайда жүрсің төрт ботам»,-деп те, «Сендерді сағынған соң еңіреймін, сендерсіз күнім қараң меңіреумін» дей ме, не керек, əйтеуір ешбір ақын, небір жыршы сүлей айтып жеткізе алмайтын ана жүрегінің қасіретті сыры əн болып қалықтап, шағын үйдің еңсесін басып, құлақ түбінен қалықтап ұзақ кетпей, бала біздердің санамызға да сіңе беріпті. – Əй, қайсысың барсың, жолға шығып қарадыңдар ма, Қинаятжан көрінбей ме екен? Келді ме, құлыным, келді ме?! Соғыстың қасіреті шөктірген қарт ана бүгін түн тағы да кірпік ілмей, үнемі осылай алаңдап, елегізіп жатты. Таң ата басын көтеріп, жастыққа сүйеніп отырды да, шалының қолын алып тарамыс саусақтарымен сипаған болды. Екі көздері алайып, үрпиісіп ұйықтамай отырған қос немерелерін жанына отырғызды да кезерген, бірақ салқын тарта бастаған ернімен əкелерін соғыс жалмаған бейкүнə қос сəбиді сүйген болды. – Мені жайлап жатқызшы енді.-деп ол шалына соңғы рет тілегін айтты.-Əлгі Қинаятжан неге кешігіп жатыр екен құлыным-ай, аман келсең еді! Мынау айналып тұрған айналайын жер-ананың бейбіт тіршілігі үшін күресіп, əлі күнге қара шаңыырағына қайтып келмеген төрт бірдей боздақтың, төрт бірдей жауынгердің қайран анасы таң ата дүниеден өтті. Тіршілік тамыры өз соғуын тоқтатқанша асыл ана жүрегі өз құлындарын іздеумен болды. Қайдасыңдар, қайдасыңдар, арыстарым!
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев АЛТЫНШЫ БАЛА Кімнің аузына қақпақ боларсың! Айтқандары айта берсін, бəрі де рас, баласы да көп, шешесі де орыс мұның. Отыздың бесеуіне жаңа келген Кəрімнің əйелі кеше тағы да босанды. Ұл тапты. Шекесі торсықтай бұл ұл Кəрімнің алтыншы баласы. Мұны өсек қылып, сыртынан күлер несі бар екен. Сол балаларын асырай алмай жатқан бұлар жоқ. Кəрімнің шешесі Варвара əжей жедел туған үш ұл мен екі қызды қашан болсын үйректің балапандарындай тізбектеп соңынан ертіп жүргенін көргенде, кімнің болмасын іші жылып сала беретін. Əрине, соңғы уақыттың əдетімен бір, борлмаса екі, одан асып кетсе үш бала асырау бесеуіне қарағанда жеңілірегін Кəрім де, жолдасы Данаш та біледі. Бұлардың да əр неден хабары бар. Бойға біткенді сылып алғызып тастаудың да болатындығын Данаш бір əйелдей-ақ біледі. Тəңірі сақтасын, өз ұрпағына бұлайша қастандық жасау мұның ойына кірсе болды, төбе шашы тік тұрып, əбдісі ұшатын. Рас, көп баланы киіндіру, тамағын тауып берудің машақаты да көп. Өз құрбылары сияқты бұлар үйлерін мүлікке толтырып, үлде мен бүлдеге малынып отырған жоқ. Екеуінің табысы бір айлықтан бір айлыққа əзер жетіп, үнемдеп, барды ұқсатып ұстаумен жетіп келеді. Кəрім осы шағын аудан орталығына да балаларының қамы үшін көшіп келді. Қаланың аты қанша айтқанмен қала ғой. Əсіресе, бұларды үй жайы қатты қинады. Облыс орталығынан əне пəтер аламын, міне аламынмен жүріп, балаларының үлкені Жанаттың мектепке баратын жасқа да келіп қалғанын сезбей қалды. Бірнеше жылдан бері пəтерін жалдап тұрған орыс кемпірі Варвара əжей обалы нешік бұларға аса қысастық көрсете қойған жоқ. Шағын ғана ағаш үйдің екі бөлмесін бұлар иемденді де, бір кішкенесінде кемпірдің өзі тұрды. «Жілік алмақ баланың мінезінен» дегендей Варвара да бұлардың балаларының туған анасындай болып кетті. Кəрім болса жалғыз басты кемпірдің үйін, қора-қопсысын жүдетпей ұстады. Жылына бір іші-сыртын Данаш екеуі сылап, жұмыртқадай жұтындырып əктеп қоятын. Ауладағы талдан тоқылған кең шарбақтың ішіне жаз болса түрлі жеміс-жидек өсіріп, бəрі қарқ болып жататын. Бір үйдің қысқы отын-суын да Кəрім өзі əзірлеп, Варвара əжесінің сеніміне əбден кіріп алған-ды. – Кəрім жақсы жігіт, – деп көрші кемпірлеріне мақтап отырғанын естігенде Данаштың ашаң жүзіне қан жүгіріп сала беретін. Жаздың сол бір кешінде бақшаны суарып жүрген Жанаттың бір ауыз сөзі бұлардың ішкі ой əлемін төңкеріп кеткендей болып еді. – Папа, мен биыл оқуға ана мектепке барамын ба, – деп үш қабатты қызыл түсті мектепті нұсқап көрсетіп тұрған Жанаттың қуанышты жүзін көргенде екеуі бірбіріне аңтарыла қарап тұрып қалған-ды. – Иə, сол мектептен оқитын боласың, – деп Данаш ұлының қуанышын құптағандай көңілді жауап берді.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев – Мектепке барып оқу оқысам үйде сабақ қарайтын орын да жоқ қой. – Жанаттың сəби көңілінен шыққан бұл сөзі Кəрімнің жүрегін езгендей болды. Бұлардың, əйелінің, одан қалды бес баланың біреудің үйін үй қылып, аядай жерде сығылысып отырғанына өзін алғаш рет кінəлі сезінді. Кəрімнің көңіліндегі осы бір жандардың алдындағы айыбы күн сайын ұлғая түсті. Өзінікі деген бір баспанаға қолы жетпей жүргеніне қорланатынды шығарды. Сөйтіп, өз жанын өзі жеп еңсесі түсіп, көңілі жүдеп жүргенде институтты бірге бітірген Əбдіманның жолыға кеткенін қайтерсің. Ол Кəріммен даурыға амандасып, жай-күйді сұрасып жатыр. – Естідің бе мен əлгі жаңадан құрылған аудан орталығындағы есептеу станциясының білдей бір бастығы болдым ғой, – деп Əбдіман өзіне тəн аңқылдаған көңілімен қызметінің өскенін де ақтарып салды. – Өзің ше, баяғы бір орыннан тапжылмай қойдың ғой. Айтпақшы Данаштың, балалардың жай-күйі қалай? Өй, өзің үй алдың ба? Əбдіманның соңғы сұрағы Кəрімнің көңіліндегі қуанышты су сепкендей басты. Бірақ жүрегіне тына қалған іреніштің табын сездіргісі келмеді. «¶й алудың реті əлі келмей тұр ғой» деп Əбдіманның соңғы сұрағына баяу ғана жауап берді. – Ойбой, сорың құрыған екен əбден! Данаш пен бес балаңды аясаңшы. Біреудің қас-қабағына қарап отырғанша бізге көшіп кел. Дəл қазір біздің мекемеге бас бухгалтер ауадай қажет болып тұр. Данашқа да жұмыс табылады. Бір үйдің кілті міне қалтамда жүр, – деп қалтасынан қос кілтті алып, шығыршығынан ұстап қоңырау қаққандай сылдырлатпасы бар емес пе. Досына өзінің жайынан, көңіл күйінен қаншама сыр бергісі келмесе де Кəрім қос кілттің мынау сылдырын естіп күліп жіберді. – Ол құрғырың неше бөлме өзі? – Деді Кəрім басқа ойды ұмытып. – Əзірге саған жетіп жатыр, ас бөлмесінен басқа үш бөлмесі бар. Жылу жүйесі тартылған, мал ұстайтын болсаң шағын қора-қопсысы да əзір тұр. Жата-жастана жатып кең үйге де кірерсің. Кəне; бас бухгалтер болып келесің бе бізге, соны айтшы. Қалған шаруаны басшылармен өзім-ақ шеше беремін. Мен мұнда екі күн боламын, Данашпен ақылдас та таңертең жауабын беретін бол. Кəрімнің баспанадан жүдеп жүргенін қазіргі көңіл күйінен жазбай таныған Əбдіман досының ойын əбден матап тастады. «Көшу керек, көшу керек» – деген ой Кəрімнің есінен күні бойы бір шыққан жоқ. Құлағының түбінен досының қолындағы қос кілтінің манағы сылдыры жаңғырып тұрып алды. Кешке жұмыстан Кəрім үйге ауыр оймен оралды. Күндегі дағдысынан да жаңылғандай, бақша суаруға да шықпады. Темір керуеттің үстіне шалқасынан түсіп жатып алды. Балаларының бақ ішінде бір-біріне су шашып мəз болып ойнаған тəтті күлкілері де бойына дарыр емес. Кешкі астарын ішіп, балалар орындарына жайғасып, тынышталған соң Кəрім ыдыс-аяқты жинастырып жүрген əйеліне қарап: – Көшуіміз керек, кетуіміз керек бір жерге, – деді. Əуелде мұның бұл сөзіне жете түсіне алмай қалған Данаш Кəрімге үрейлене қарады. Əйелінің істің мəніне бойлай алмай əбдісі ұшып кеткенін көрген Кəрім Данашты бұдан əрі қинағысы келмеді ме, Ə!бдіманмен
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев болған əңгімені түгел айтып берді. Ас столына шынтағын таянып отыра қалған Данаш алжапқышының етегімен бетін басып, солқылдап жыласын келіп. Онысы несі екен?! Біреудің үйінің отын жағып, күлін шығарудан құтылғанына қуана ма, не өздерінікі болмаса да бес баласының алтын ұясындай болып кеткен осы бір ескі үйді қимай отыр ма екен?! Данаштың өзі тілге келгенше Кəрім бұл арасын ұға алмап еді. – Мен саған баяғыда-ақ, мына балалар тумай тұрып қоныс табайық деп едім ғой, – Данаш солығын баса алмай əзер сөйледі. – Енді мынау құлайын деп тұрған жер үйге анау өлмелі кемпірді қалай ғана жалғыз тастап кетерсің?! Балалар да, тіпті өзіміз де сол кемпірге бауыр басып кеттік қой. Енді қалай ғана қиып тастап кетерсің?! Данаш осыны айтты да көзін сүртіп, аулаға шығып кетті. Бірақ «көшемін, кетемін» деген ойлар көңіл түкпіріне бойлай еніп алған Кəрімді əйелінің бұл көз жасы да ығындыра алмады. Сабасына түскен Данашқа бұл қызметтің де, жаңа пəтердің де үш ұйықтаса түсіне кірмейтін жақсылық екенін айтып ұғындырғандай болды. Қанша айтқанмен əйел заты ерінің қызметі жоғарылап, тұрмысының түзелгенін жек көруші ме еді. Кəрімнің «жаңа үйіміз болады, от жақпайсың, мал ұстап, жұрт қатарлы тұрмыс түзейміз» – деген сөздері Данаштың да бойын ұйытқандай, көңілі орнына түсті. – Варвара əжейге обал ғой, оны не қыламыз? – деген Данаштың сұрағына ғана Кəрім тосылып жауап бере алмай қалды. – Бейшара кемпір мана қала аралап кетіп еді, – деді біраз үнсіздіктен соң Данаш, – балаларға біраз киімкешек алып келіпті. «Əже-ау, Кəрім болса əлі айлығын алған жоқ, сізге бере қоятын ақша болмай тұр ғой менде», – деп қатты састым. «Саспа қызым, бұл менің балаларға əкелген сыйлығым» – деп мəз-мəйрам болған бесеуін шыттай жаңа киіндіріп, оны өзі қызықтап отырған кемпірмен бірге менің де көңілім босап кетті. Осыны айтты да Данаш қайырадан көзіне жас алды. Бұлар өздерінің басқа жерге көшетіндіктерін қаншама жасырғанымен Варвара əжей ол ойларын сезіп қалған еді. Күнде жолығып, əңгіме-дүкен құрып жүретін кемпірлердің біреуінің қызы Кəріммен бір мекемеде жұмыс істейтін еді. Сол қыз айтқан ба, əйтеуір Варвара əжей Кəрімнің аудан орталығына көшейін деп қазіргі мекемесінен есееп айырысып жүргенін естіп, үйіне кейіп келді. Данаш жасап алдына қойған шəйді де зауықсыз ішіп, бүк түсіп жатып қалды. Сол жатқанынан күн кешкіргенше қарт ана орнынан қозғалған жоқ. Кəрім мен Данашты бақ ішінен балалардың біреуін жұмсап шақыртып алды. Данаштың жүрегі аузына тығылып, Кəрімнің тасасына қарай ығыса берді. Қазір бəрі де бітпекші, бұлардың ұрлығының беті ашылып, сорлы кемпірдің соңғы үмітінің жібі үзілмекші. – Қорықпа қызым, – деді Варвара əжей. – Сендер айтпағанмен бəрін де естідім. Өкпем жоқ сендерге, маған туған аналарыңдай қызмет еттіңдер, əрине, сендерге үй керек, соғысқа дейін шалым салып беріп кеткен мынау үйді сендерге бергеннен бұл баспана болып жарытпайды ғой, оны өздерің де білесіңдер. Көшулеріңе рұқсат, бара қойыңдар, айналайындар! Варвара əжей үшін бұл сөздерді айтудың қаншалықты азабы болғандығын көріп отырған Кəрім мен Данаш отырған орындарынан қыбыр ете алмай қалды. Қарт
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев кемпір қолындағы ақ орамалмен көзіндегі қос тамшыны сүртті де буын-буыны сырқырап орнынан тұрып темір кереуеттің астындағы ескілеу қобдишаны алып, оның аузын ашты. – Ех, менің Миколам міне, – деді ол үні дірілдеп. – Қолында ғы əскери киімді жас жігіттің ескі бір суретіне қарап отырған қарт ананың жүзіндегі əзірдегі мұң ізімғайып жоғалып кетті. – Миколам, балам қайда жүрсің, келсеңші енді – деп суретті сипап оны кеудесіне басты да қарт ана ауыр күрсінді. Қолы дірілдеген қарт ана демі үзілердей ауыр күрсініп қалды. – Варвара апай, біз мұнда сізді тастап ешқайда кетпейміз, – деген Кəрімнің үні дірілдеп шықты. – Бізбен бірге боласыз. Сіз бəріміздің анамызсыз ғой, – дегенде Данаш шыдай алмай өкси жылап, кемпірді құшақтап алды. Айқаса кеткен қос құшақ арқылы ана мен баланың жүрегі табысқандай болған сол бір сəттегі бұлардың жан күйзелісінен ұғар сыр да мол еді. Қарт ананың кəрі жүрегі өзі дүниеге əкелген ұрпағының қызығын көре алмағандығын айтқысы келсе, Данаш пен Кəрімнің қиын сəтте пана болған, қамқоршы ана болған осы бір орыс кемпіріне деген ет жүректеріндегі ыстық сезімдері көз жастары болып тұңғыш рет тысқа шыққан еді. – Мə, мынаны ұста, – деп Варвара əжей ақ шүберекке оралған түйіншекті сандықтан алып Данашқа ұстатты. – Бұл не, Варвара əжей?! – Жаңа үй алсаңдар дүние-мүлік əперемін ғой деп жинап жүр едім, бұл сегіз жыл бойы өздеріңнің маған төлеп келген пəтерақыларыңның ақшасы ғой. Қанша екенін санаған жоқпын, жаңа жерге көшу үшін де қаражат керек. Сендер үшін жинап сақтап едім, айналайындар! Данаш қолындағы түйіншекті ұстаған қалпы қимылсыз қатып қалды. Аузына сөз түссейші, мына шүйкедей ғана орыс кемпірінің мына қылығы Кəрімді де есінен тандырғандай ол да үн-түнсіз қарап тұр еді. – Варвара əжей, мұныңыз не?! – Данаштың үнін діріл билеп ол қолындағы түйіншекті қарт кемпірге қарай ұсына берді. – Жо-жоқ, қызым, шын ниетіммен сендердің игіліктерің үшін жинадым, ала ғой! Бұл ақша маған неменеге керек дейсің?! – Ал енді ертеңнен бастап жаңа мекенімізге көшуге əзірленейік. Сен екеуің, – деді Варвара əжей кəрім мен Данашқа бұйыра сөйлеп, – балаларды алып бара беріңдер, – маған Жанатикті тастап кетсеңдер болды. Мына үйді алатын біреулер болса сатып, сонан соң баламыз екеуміз сендерді өзіміз-ақ тауып аламыз. * Кəрімнің шағын ғана аудан орталығының күнгей жақ бетіне орналасқан қос қабатты кеңсе үйінің есігіндегі «бас бухгалтер» деген жазуы бар есікті ашып, өз орнына жайғаса бергені сол еді, бір топ адам сау етіп кіріп келді. Бəрінің аты-жөнін түгел білмесе де жүздерінен шырамытады. Осы мекеменің қызметкерлері болатын. Жапатармағай бəрі де Кəрімді тумасымен құттықтап, қайырлы болсын айтып жатыр. – Кəреке, бұл тума енді біздің ұл болды. Көрмейсіз
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев бе, жаңа жер жаққалы тұр, келінді айтамын-ау, жарап-ақ жатыр, бұл араны бөтенсінбей бірден ұл тауып бергенін айтсайшы! – Жотан бəрінен бұрын келіп Кəрімнің қолын алып еді, тағы да міне өзі бастап еркінси сөйлеп тұр. Неге екенін білмейді, алғаш көргеннен Кəрім осы бір толықтау келген, былайша айтқанда үрлеген қарындай домаланып тұрған осы бір жігіт ағасынан тіксініп қалды. Быртыйған саусақтары да сүйкімсізақ. Мұның өмірбаянымен таныса келіп Жотанның бір шаруашылықта бас бухгалтер болып қызмет істегенінде жолын тауып мемлекет қаражатын оңдысолды шашқаны үшін орнынан түсіріліп, төмендеп осында келгенін білді. Өзінің алаяқтығын ол енді міне Кəрімнің қазіргі қуанышты сəтінде де жағына сөйлеп, білдіріп алған еді. Бұлар біртіндеп тарай бастаған сəтте Кəрімнің бөлмесіне Əбдіман келіп кірді. Табалдырықтан бері өткен бойда Кəрімге анталай ұмтылған ол бұрышта елеусіз отырған Жотанды көріп бойын жинап, сабырлы қалпына түсе қойды. – Əбдіман Қалиевич, сəлематсыз бе, үй-іштеріңіз, бала-шағаларыңыз тегіс аман ба? – деп, майға салған қасықтай жылпылдап тұрған Жотанның амандықсаулығына бұл басын изеп қана ниет білдірді. – Ал, мен кетейін, мына Кəрім айналайынның қуанышына шыдай алмай, ертерек келіп, құттықтағаным ғой! Əбдіман Қалиевичтің де бастықпын демей өзінің келіп құттықтауы міне, нағыз азаматтық іс. Ал, айналайын Кəрім шырақ, ұлыңның бауы берік болсын! Қас-қағым сəтте Кəрім мен Əбдіманның жылтыр сөзбен асты-үстіне түскен Жотан жорғалай басып бөлмеден шығып кетті. – Иə, батыр, тумаң құтты болсын, – деді Əбдіман есін жиғандай. – Əй, өзің ауданға келмей жатып Данашты перзентханадан бір-ақ шығардың ғой. Қазір бүкіл аудан орталығы сендерді гу-гу əңгіме қылып жүр. Бəріне бірақ танылдың, молодец! Əбдіманның орынды қалжыңына риза болған Кəрімнің еңсесі көтеріліп қалды. – Ал, енді менде көп уақыт жоқ. Данаш перзентханадан шыққан күні Варвара əжейді, балаларды алып біздің үйге келіңдер. Ерулік беруге дайындалып едік, Данаш сол жоспарымызды бұзып жіберді, – деп Əбдіман шығуға ыңғайланды. – ¶йде кеңінен отырып əңгімелесеміз, ал уəле сол болсын. Кəрімнің үй-ішін Əбдімандар жылы қарсы алды. Ас желініп, шəй ішіп болған соң Варвара мен Əбдіманның шешесі Зейнеп əжейлер бір бөлмеде сырласуға кіріссе, балалар өздерімен өздері мəз-мəйрам болып жарасып кетті. Кəрім мен Əбдіман оңаша бөлмеге кіріп жайғасты да əуелі түрлі шаруаның басын бір шалып əңгіме қылып отырды. Досының көңілі мен ниетіне риза болған Кəрім: – Əбдіман, – деді, – оны өзіне жалт қаратып, – осы жаңа жерге көшіп келгелі мені жұрт сан саққа жүгіртіп отырғандығын сезіп жүрмін. Біреулер балаларын асырай алмаған соң көшіп келіпті, анау орыс кемпірі өзінің шешесі емес екен, соның көп ақшасына қызығып əдейі ала келіпті деген сөздерді естіп жаным күйзеледі. Саған Варвара əжейдің сыры əбден белгілі ғой. Ал менің алтыншы балам туралы не білесің? Əбдіман үнсіз отырып қалды. Əуелде ол Кəрімнің бұл айтқандарын түптеп ұғына қоймап еді. «Жұрт мені баласы көп деп əңгіме қылатыны несі екен», – деген
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Кəрімнің сөзінен кейін барып алдында отырған дос көңілінің түкпіріндегі сырды ұққандай болды. – Ой, Кəрім, сен де қызық екенсің. Айтқан жұрт айта берсін, сол балаларың өз ұрпағың емес пе. Қайта алты балам бар деп мақтанбайсың ба? – Дұрыс айтасың. Əрине, бəрі де өз кіндігімнен шыққан ұрпақтарым ғой. Мен əкемнің бір ауыз өсиетін орындап келемін. Данаш екеуміз тəңір берген баланы көпсінбей, есептеп шектемей жарық дүниеге келтіріп жатырмыз, – деп ойлы жанарымен шам жарығына қарап ұзақ отырып қалды. Рас, бұл əке аманаты еді. Ол кезде мұның жаңа үйленген кезі болатын. Марқұм əкесі Сауыт мұны ерте үйлендірді. Көп сөзді білмейтін бір тоға мінезді əкенің көңіл-күйін Кəрім қабағынан-ақ танып өсті. Бүгін шалың күндегі əдетінен ерте тұрып, қорадағы қойлардың ішінен семіз біреуін таңдап, Кəрімге сойғыза бастады. Кəрімнің үйлену тойына келе алмаған шалдың үлкен ұлы Сертай бүгін кешке осы үйде болмақшы. Қарт бұл ұлын көрмегелі он шақты жыл болды. Оқимын деп Алматы кетті, қарсы болмады. Үйленемін деп еді қаражатын жинап өзі барып тойын жасап берді. Əйтеуір көз алдында Кəрімі болған соң қарт əке үлкен ұлдың тілеуін ғана тілеп, көп іздеп əуре бола бермейтін. – Содан Алматыдан аға-жеңгем келді, – деді Кəрім əңгімесін жалғастырып. – Байғұс əкемде ес қалмады, бүкіл елді жинап той жасады. Ағам да ағайын-туысты, елді сағынса керек өзін еркін ұстап, жеңгемді де, өздерімен бірге ере келген екі баласын да еркелетіп көңілді жадырата түсті. Жарасқан көңілдің тұғырына қонған ақ кептерлер ұзақ отыра алмады. Қуаныш шырқы келесі күні-ақ бұзылып еді. Ел тарқап, бойына күш-қуатын қайыра жинаған қарт астанадан келген баласын жанына отырғызып, сырласуға кірісті. Баласының қызмет бабында бағы жанып жүргеніне көңілі марқайып отырған қарттың көзі қос немересіне түсіп еді, ойлана қалып баласын тізесінен түртіп өзіне қаратты. – Əй, осы сенің үйленгеніңе ұмытпасам он бес жыл болған жоқ па? – Иə, солай, əке! – Əй, содан бері көргенің осы екі-ақ бала ма?! – Ой, əке, соны да сөз қылып, осы екеуі де жетеді. – Тек балам, жеткені несі? Тəңір бұдан басқа бала бермей жүр ме сендерге?! Сертай мырс етіп күліп жіберді. Қызған көңілімен лепіріп отырған ол бұл күнде əйелге бала көтерту мұның қолында екенін айтып салмасы бар емес пе. – Не дейді мына патшағар, – деп қарт баласына үрейлене қарады. – Сонда не амал жасайсың, балам?! – Əке, мен дəрігер гинекологпын, бала көтергісі келмеген əйелдердің бойына біткенін сылып алып тастау мамандығым менің. – Бір уақытта əкемнің жан дауысы шықпасы бар емес пе, – деп Кəрім мынау оқиғаның қызығына əбден беріліп мұқият тыңдап отырған Əбдіманға қарады. – Кəрім, əй Кəрім, мында кел, – деген əкем қалш-қалш етіп орнынан əзер тұрды. Қолындағы таяғымен Сертайды нұсқап: – Мынау найсаптың көзін жоғалт бұл үйден. Жол қаражатын бер. Мал сойып бер де, түнгі поезға мінгізіп жібер. Енді қайтып көзіме көрінбесін. əй, естідің бе, – деп маған бар дауысымен айғай салды. – Ол найсапты мен өлгенде де алдырушы болма. Өз ұрпағын өлтіріп жүрген бұл
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев анау арам қолымен менің қабіріме топырақ салушы болмасын. Ұқтың ба, сен! Тұла бойын ашу қысқан қарт өз орнына барып теріс қарап жатып алды. Сол жатқаннан оңалып тұрып та кете алмады. Сертай ағаларын Кəрім мен Данаш көңілдерін тауып сол күні-ақ Алматыға аттандырып салды. Жай қол алысып қоштасқандары болмаса ағалы-інілі болып бір-бірімен ашыла сөйлесе де қойған жоқ. Данаш екеуі бəйек болып төсек тартып жатып алған қартты ренжітпей күтудің қамына кірісті. Өңі сынық болғанымен бүгін басын көтеріп отырды. Келіні демдеп құйып берген шəйді баппен ішіп болды да орнынан тұра берген келін баласына отыра тұрыңдар дегендей қолымен нұсқап белгі берді. – Əкем ойланып ұзақ отырды. Көкейіндегі бір ауыр ойды бізге қалай айтарын білмей қиналды ғой деймін, ауық-ауық дем алып тынысы тарыла берді. – Балам, деді біраздан соң маған қарап, – анау Сертай ағаң жаныма ауыр жара салып кетті. Оны неге қуып жібергенімді сезетін шығарсыңдар. Ал сендерге айтар аталық тілегім, соңғы аманатым, өз қолдарыңмен болашақ өз ұрпақтарыңның жарық дүниеге келуіне тоқтау сала көрмеңдер. Баланы көпсінбеңдер, тəңірдің бергенін ала беріңдер, шырақтарым. Менің де немерелерім, ұрпақтарым көп болсыншы, айналайындар, – деген əкемнің үні дірілдеп, жалынышты шықты. Сауыт қарттың бұл келін баласымен соңғы тілге келуі еді. Əке өсиетін Кəрім аяққа басып отырған жоқ əзірге. Данаштың «қой, ұят болар, хабар берейік» дегеніне қарамастан қарт дүниеден өткенде Сертайға да хабар жібермеді. – Міне, алтыншы баланың осындай хикаясы бар, – деді Кəрім орнынан тұрып. – Əке өсиетін орындау парыз. Данашты енді «мать героина» қылып абыройға бір-ақ бөленсем бе деп ойлап жүрмін. Кəрім осыны айтты да рахаттана күліп алды. Досының бұл əзіліне риза болған Əбдіман мұны қаусыра құшақтап, арқасынан қақты. – Кəрім, əй Кəрім, үйге қайтпаймыз ба, бабалардың ұйқысы келе бастады, – деген Варвара əжейдің қарлығыңқы үні шықты. Төргі бөлмеден жас нəрестенің іңгəлаған күміс үні бүкіл үйге естіліп жатты. Бұл жылаған жарық дүниеге кеше ғана келген Кəрімнің алтыншы баласы еді.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев ДАРИҒА, ДҮНИЕ-АЙ! Жан сырын ұғар кім қалды?! Сері көңілін аялар тағы кімі бар мұның?! Беу, дүние-ай! Жұдырықтай ет жүрегіне мынау тылсым əлемнің барлық ақ сəулесін сіңіре білген өр көңілінің жабырқап, жүдеп отырғаны несі! Баянсыз тіршілік… Дүние жалған… жалған… жалған… Жабырқау жанын жадыратып, көңілін шалқытар бір перизатқа қолы жетпей өткені ғой. Дүние-ай, шіркін!.. Осы бір ішкі ой-толғамымен мең-зең болып отырған Ақан ауыр дем алып, көкірегі айырылардай күрсінді. Қоскөлдің ақ қайыңды алқабының саумал ауасы тынысын кеңіткендей болды. айналасындағы бар тіршіліктің үні, желдің уілі де, ақ селеудің суылы да мұның жүрегін діріл қаққызады. Жүйкесі жұқарғаны ма, сол дыбыстың бəрінен көзден ғайып болған аяулыларының үнін естігендей елегізиді. Ақ қайыңның жапырағы сыбдыр етті де шəйі орамалы желбіреп, көйлегінің етегі төгілген Ақтоқтының елесі бұған қарсы жүрді. Ақан орнынан лып етіп, ұша тұрды. – Ақтоқтым, Тотым, сенсің бе, сенсің бе, – деп өзөзінен құшағын жайған серінің жанарын жас жуып жүре беріп еді. – Тоқтым!.. Тотым!.. Сүйіктім! Құшағын жайған қалпы жанарынан жас парлап мұң, наласын айтып, күбірлеп келе жатқан Ақан үшін мынау дүние Ақтоқты болып кеткендей еді, осы бір бейуақ мезгілде. Ақтоқтысы бұл үшін тұтас бір əлем еді ғой шіркін! Сол əлемнің құшағынан ғана өз лəззатын табатын. Жабырқаған көңілін Ақтоқтысының ақ сезімі ғана жадырата алатын. Ақтоқтысының ыстық демі ғана баянсыз тіршіліктен мазаланған жүрегіне ем болушы еді ғой. Шарықтаған көңілімен, көл-дария сезімдерімен мынау кең əлемге сыя алмай жүрген шағында өз сүйіктісінің ғана құшағына сыятын бұл. Өрекпіген жүрегі де тыныстап, əлденіп сала беретін-ді сол бір лəззатты шақтарда. – Ақтоқтым! Тотым!.. Мен сезіммен, мынау шарықтаған жүрегіммен сенің құшағыңа, одан қалды қара жердің қойнына ғана сыярмын. Одан басқа дүние тар… тар маған. Сөйткен, сөйдеген күндер де өтті-ау, кетті-ау! Оралар емес, қайырылар түрі жоқ жалғанның. Анда-санда көңілінің көк кептері сол бір күндердің бал ұясына барып қонақтағаны болмаса, бəрі де көрген түстей қазір Ақан үшін. Сол бір елес күндер міне, тағы да оралғандай. Айлы түн Ақтоқты екеуін құшағына алғандай қайта бір. Ақан жымиып езу тартты. Қарсы алдындағы ақ қайыңның саясына отыра кетті. Бейуақ іңір… Көңілі де мынау іңір қараңғылығымен көмескіленіп, жүдеп барады. Ақтоқтысы жоқ жанында. Кеткен… Əлде бір жаманның тырнағына ілінді-ау! Қайтерсің, көз алдында ілінді ғой! Бейопа дүниенің тағы бір жалғандығын
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев сезінген Ақан сол сəтте. Сері жүрегі ғана тулай соғып, көзінен қанды жасы тыйылмай қала берген зарланып. Бірге өскен кішкентайдан сəулем едің, Айрылдым қапияда сенен неғып! Ұзатылған қыз көшінің соңынан еріп, Үркеккерімен Ақтоқты мінген күймелі арбаның алды-артын орағыта шауып, жүрегі шырылдап айтып еді осы бір əнді. Бұл шырылдады-ау деп көш тоқтаған жоқ. «Ақтоқтыны алдым ба» – деген таба көңілмен масайраған Жалмұқан ғана мəз, қарқылдап күледі. – Ақтоқтым!... Тотым!.. Алтыным, қор болдың-ау, қор етті-ау!.. Қоскөлдің шөп шабушы ем қияғынан, Шошимын бір жаманның сыяғынан. Жұртым-ау, мен риза болар едім, Құтқаршы сол жаманның тұяғынан! – Ақ жүзіңе мұң ұялайтын болды-ау! Жүрегіңнің мөлдір сезімінен қанып ішіп, ойыңның тереңіне бойлай алар адамға да кезікпегеніңді қайтерсің? Қош ардағым, қош… қош. Ақан жанымен налып, торға түскен торғайдай шырылдаған жүрегінің қасіретін есер топтан естір жан иесі шыққан жоқ. Мынау аппақ əлем де таскерең, мылқау болып кеткендей. Түңілді, түңілді бəрінен де Ақан. Жалған екен… жалған… жалған! Тіпті анау күймеде отырған Ақтоқтының жарық дүниеде бар екендігі де жалған болып кетті серіге. Əйтпесе мойнын созып, серісіне бір көз қиығын салмас па еді?! Ақтоқтысы көзіне бір көрінсе де жаралы жанына шипа болар еді ғой. Көрінбейді… Көш ұзап кетті. Бейуақ іңір. Сырымбеттің бөктерінен ескен кешкі самалдың жан сергітер лебіне күйігін басқызғысы келгендей, сері ақ жейдесінің омырауын ашып тастады. Жаны шуаққа малынғандай екі көзі мейірленіп, қоңырқай жүзі жадырап салды Ақанның. Бейкүнə сəби кейпіндегі серінің зар жүрегі əппақ бір сезіміне шүпілдей толып тұр еді осы сəтте. Ақтоқтысын ойлады. Жүрегінің тулап ала жөнелгеніай! Санасы серіні Ақтоқтының елесімен тағы да сырласуға ынтықтырды. – Несіне сүйдің, несіне сүйдім?! Шерменде болып өтсін дедің бе дүниеден. Ақтоқты, кеткенің бе шыныменен, Тар жерде бал беруші ең тіліңменен… – Серім-ау, осыншама жүдегенің не?! Мен өзіңмен мəңгі бірге боламын деп айтқан жоқ па едім?! Сен жүрегімдесің! Мен сені құндақтап орап тұрып, жүрегімнің түкпіріне салып қойғанмын жанымның алтын қазынасындай. Ақтоқтының діріл қаққан нəзік үнін құлағы айнытпай шалып еді. Сері басын көтеріп алды. Жаңа туып келе жатқан айға қадады қос жанарын. – Ақтоқтым!.. Тотым! – деді сері. – Қайда тұрсың, жасырынбай келші енді, көзіме көрінсеңші бір! Құшағын жайып, айға қасқая қарап тұр Ақан. Ақтоқтысы сол айдан топ етіп түсердей мұның құшағына. Қас қылғандай бұлт тұмшалап алды айдың жүзін. Серінің қолдары сылқ етті, көңілінде аласапыран
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев дауыл басталып, от жүрегіндегі от сезімді онан əрі үрлеп əкетті. Қараңғылық қоюланып, түн салқыны бой тітіркендірді. Жанының ащы мұңымен Ақан айдыны жарқырап жатқан Қоскөлдің жағасына аяңдады. – Табамын сені, Ақтоқтым! Табамын бəрібір! Қадіріңді білмес жанның толқыны соғып, дария көңілің лайланса да мен үшін сен мөлдір, таза да тұңғиық қалпыңда қаласың əрдайым! Ақтоқтыға деген құштарлық жүрегін күйдіргендей Ақанның жан азабына түсіп, оңашада өзді-өзіне ақтарған бұл сырын түнгі күзеттегі жылқышы жігіттер томар ішінде жасырынып жатып естіген сəттерінде шын шошынып, аттарына міне сап ауылға қарай шаба жөнелген-ді. – Ақан түнде перінің қызымен кездесіп, сөйлеседі екен, – деген лақап сөз содан бері ел ішін кеулеп кетіп еді. Түскенде сен есіме, беу қарағым, Қойныма ыстық жасым кетер тамып… Ақанның жүрегінде шер, көзінде жас. Жүрегімен, тілімен тəтті лебіз, үн шығарған Ақтоқтыға деген мұңлық көңілінің ынтызары басылмай келеді. Қас қағым сəттік бал күндер! Дариға дүние-ау, өтесің-ау, осылай! ЖЕТІМДІК – Асель! Аселька! Қайдасың, ботам-ау?! Үйге аптыға кірген əкесінің жан шуағына толы осы бір сөзі ас бөлмеде жүрген он жасар Əселдің сəби көңілінің қуанышын еркелікке ұластырып жүре берді. – Папа-ау, не болды, сонша айқайлап, мен міне мындамын, саған шəй қойып жатырмын, – деп бұртия қалған Əсел əкесінің қолындағы əлде бір тосын затты көріп, онан əрі тіл қатпады. Соны сезген Кеңес та аяқ киімін шешіп, қызының басынан сыйпап, құшағына басты. – Міне, мынау – сенің мамаңның суреті, – деп ол қолындағы жаңағы заттың орауын жазды да, ас үйдегі стол үстіне жайып салды. – Үлкейттіріп əкелдім. Бұл суретті Əсет екеуіңнің ұйықтайтын бөлменің төріне іліп қоямыз, – деген Кеңестің де үні дірілдеп кетіп еді. Ботадай мөлдіреген кіп-кішкене жанарына жас үйірілген Əсел əке құшағынан пана іздегендей Кеңеске қарай ұмтыла берді. Əселінің жетімсірей қалған мына бейнесін көрген оның да жүрегі аузына тығылып, кеудесіне өксік толды. Бірақ босамады. Кішкене ғана Əселін құшағына басып отырды да:
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев – Аселька, сен далаға шығып ойнай ғой! Мен оған дейін бақшадан Əсетті алып келейін де сендерге тамақ істеп қояйын, – деп ойын жинақтап, үй тіршілігіне кірісті. Бір үйлі жанның жетімсіреген тіршілігі міне осылайша жалғасып жататын-ды. Ауыр сырқаттан қырыққа да жетпей дүние салған марқұм Ақнұрдың мына үш бірдей жетімегінің қазіргі көңіл-күйлері бейуақ іңірдің тылсым қараңғылығымен бірге күңгірттеніп барады. Үшеуі үн-түнсіз отырып, тамақтарын ішеді. Қос балапанының көңілдерін қаншама жадыратқысы келіп, небір қызықты жайларды айтса да, Əсеті болмаса, Əселі езу де тартпайды. Содан Кеңестің бар ұққаны – анасының қайғысы сəби жүрегіне меңдеп еніп бара жатыр-ау осы! Тұла бойы тұңғышым деп еркелетіп өсіріп келе жатқан Əселінің жанарына əйтпесе мұң тұнар ма еді?! Тегі қыз бала шешеге жақын тұрады деуші еді, сол рас екен-ау! Тірі адам тіршілігін жасайды деген өмір заңы бойынша Кеңес те екі баласымен маңдайына жазғанын көріп жатты. Шаршап, қажыды да. Бірақ мына Əселі мен Əсеті үшін босаңсуына мұның хақысы да жоқ болатын. Осы екеуінің жан жүректеріне ең жақын адамы өзі екенін ол білетін-ді. Соны сезінген сайын əкелік жүрегі тағат таппай таңның атысынан күннің батысына дейін мұны зыр жүгіртетін. Əсетті бақшаға апарып, алып келуден басталып, Əселін мектепке шығарып салуы бар, əйтеуір осы екеуінің тіршілігінің дөңгелегін бір өзі-ақ айналдырып, қажуды да, жалығуды да ұмытқалы қашан. Бірақ өздері үйренісіп алған осы бір қоңыржай тіршіліктерінің шырқы бұл үйдің босағасын Ажар атты əйел аттаған соң көп ұзамай сеңдей бұзылып жүре беріп еді. Əсетті қойшы əлі де ой тоқтатпаған немене, ойыншықтан ойыншық қоймай ойнап, өзімен-өзі мəзмəйрам болады да жатады. Əкесі «мама деп айтыңдар» деген соң Ажарды алғаш «мама» деген де Əсет болды. Бірақ осы бір əйелді Əсел «мама» дей алмай қойды. Тіпті үйлеріне бір бөтен жан кіріп кеткендей бойына əлде бір үрей пайда болды. ас ішерде де өзін тап бір бөтен үйде тамақ ішіп отырғандай, тіпті артық бір тілім нан алып жеуге де жасқаншақтай берді. Қолдары да дірдір етіп, əкесіне жаутаң-жаутаң қарап, содан бір пана тауып, соған тығылғысы келеді де тұрады. Бұрынғыдай емес, бұлардан гөрі қарсы алдында отырған əйелге назарын көбірек салатын сияқты. Тіпті жанында Əселі мен Əсеті барын да ұмытып кетіп жүр. Бұларға түсініксіз əлдебір жайларды айтып, бұлардың көзінше жаңағы əйелді еркелетіп, құшақтап, қарқылдап күлетін де болды. Сол сəтте Əсел мен Əсет бірбіріне жаутаңдай қалып, ішіп отырған астарын да қоя қоятын. – Ішіп болсаңдар тұрыңдар да ана жаққа барыңдар, отыра бермей! Ажардың бұл зілді сөзі Əселдің кішкене ғана ет жүрегіне оқтай қадалып еді. Жаутаңдап əкесіне қараған бойы Əсетті қолынан жетектеп алды да, өздерінің бөлмесіне келді. Бөлменің есігін ашқан сəтте тап қарсы алдарында түнеу күні əкелері үлкейттіріп əкеліп, іліп қойған өз аналарының суреті, жансыз бейнесі тұр еді шуақ төгіп. Мына жарық дүниеге тастап кеткен қос сəбиін көріп, күлімсіреп тұрғандай, анасының суретіне көзі түскен
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Əсел өзіне өзі ие бола алмай өксіп-өксіп жылап жіберді. «Мама, ма-ма» деуге ғана шамасы келіп еді сəбидің. – Əне, айттым ғой мен саған! Сенің мына екі балаң тұрғанда біз бір-бірімізбен тұра алмаймыз, – деп Ажар осыдан кейін Кеңестің құлақ етін жей бастады. – Анау қызың тіпті түк те істеуді білмейді екен. Қалай тəрбиелегенсіңдер? Тіпті өзі мені жеп қоятындай көзбен ататынын қайтерсің. Қанша айтқанмен əкесі ғой. Əсел жайлы айта бастағаннан-ақ Кеңестің жүрегі сыздайтын, жаны қамығатын-ды. – Қой, өй деме, бала емес пе əлі, – деп Əселіне ара түскісі келіп еді, Ажардың баж-бұж еткен даусынан балаларын қойып, өзінің зəресі ұшып, төбе шашы тік тұрған-ды. Бірін-бірі жетелей оянған Əсел мен Əсеттің сəби өмірлерінің жазы бітіп, мынау келген күз қос жетімнің жабырқау көңілдерінің бұлтын ауырлата түскен еді. Əселді əкесі апарып қаладағы мектеп-интернатқа орналастырды да, Əсетті апта бойы күндіз-түні бағатын бақшаға берді. Сөйтіп Ажар екеуі жаңа қосылған ғашықтардай болып шыға келді… – Сен, Əсел, енді үйге келмейсің, каникулға ғана келіп тұрасың. Каникул болғанда өзім алып кетемін. Ал, Əсет, сен бақшада бір апта бойы боласың, сені тек демалыс күндері ғана үйге əкеліп отырамыз, – деп Кеңес жəудірей қараған қос балапанының киімдерін жинастырып, мəн-жайды өзінше ұғындырдым деп ойлады. Əкесінің сөзінен де, көзінен де əлдебір салқын леп сезгендей Əсел: – Папа, неге мен үйге келмеймін? Əсет жалғыз өзі қалай ұйықтайды, қорқады ғой ол. Бойын үрей билегендей дір-дір етіп жылап жіберді. Кеңес үндеген жоқ. Балаларының киімі салынған сөмкені алды да, Əсетті жетектеп, Əселін соңынан ертіп үйден шыға берді… Жаңа оқу жылының алғашқы каникулы қарсаңында Кеңес Əсел оқитын интернатқа барды. Жатақхананың кең дəлізінің ана басынан өзіне қарай аяңдап келе жатқан қызын көргенде жүрегі тулап қоя берген еді. Əсел асығар емес, баяу салмақты жүріспен жанына келді де, əкесінің мойнына асыла кетті. – Құлыным, – деді Кеңес те көзінен жасы ыршып. – Жаным, кішкене жаным сол менің!.. – Жə, папа, жылама, балалар көріп қалса ұят болады! Əсет қайда, ол жылап жүрген жоқ па?! Əселдің мына сөзінен есейіп кеткендігін ұғып еді əке жүрегі. Құлазыған жаны мұңға малынған екен ғой Əселінің. Көңіліндегі көл-көсір қуанышымен ұшқандай болып, өз үйіне келісімен Əсел жүгіре басып, Əсет екеуі жататын бөлмеге кірді. Кірді де сілейіп тұрып қалды. Тап қарсы алдындағы қабырғада ілулі тұратын жан анасының суретін көзімен іздеп еді, таба алмады. Қос жанарына жас үйіріліп, ас үйге келді де: – Ажар, тəте, менің мамамның суреті қайда? – деді үні дірілдеп. – Ой, қаншық неме, саған ол сурет неменеге керек еді? Қаршадай болып қарай гөр мұны, жыртып тастағанмын, – деп Ажар көздері жасаурап өзіне қасқая қарап тұрған Əселге айқай салды. – Неге, неге жырттыңыз, ол менің мамам ғой, мамам ғой!
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Сəби жүрегін өксік буған Əсел егілген қалпы өз бөлмесіне келіп, солығын баса алмай ұзақты кеш жылады. Мұның сəби жанын уатар, уыз жүрегіне жылу шашар дəл қазір ешкім де жоқ еді. Мейірімін төгіп тұратын анасының суретін де көпсінгендей тағдыры. Бөлме іші қою қараңғылыққа малынса да, шамды жақпай терезе алдына келген Əсел сыртқа көз салып еді, табиғаттың да ойран асыры шығып жатыр екен. Аспаннан қаптаған қара бұлттар жер əлемді жалмап жіберердей, ызбарлы, сұсты кейіппен төніп-ақ тұр. Жапалақтап жауған ақша қар ұшқындары терезе əйнегіне қонақтап, іле еріп, мөп-мөлдір тамшы болып, сорғалай жөнеледі. Табиғат та жылап тұр. Ол да мынау өзінің төл перзенті, сонау кең де байтақ дүниеден бір анасы болмағандықтан ғана пана таба алмай тұрған мына кішкене Əселмен бірге жылағандай. Бірге мұңайып, бірге егілгендей еді. Кіре берістегі қоңыр телефон ұзақ шырылдады. Барып тыңдауға ас үйде жүрген Ажардан батылы жетпеген Əсел «бұл кім болды екен, осыншама қоймай қоңыраулатып жатқан» деп ойлады. Əлден уақытта барып еденді сықырлата басып Ажардың телефонға бара жатқанын сезді де, құлағын түре қалды. – Е, ауырса не қылайын оны?! Қызуы көтеріліп жатса өлер деп пе едіңдер, сендер не бағып отырсыңдар, – деген Ажардың сөзінен есін жиған Əсел əлде бір жағдайды сезгендей, тұрған орнынан жүгіре басып телефонның жанына келді. Осы сəтте Ажар да телефон трубкасын сарт еткізіп қоя салған еді. – Тəте, тəте, не болып қалды, Əсет емес пе екен ауырып қалған? – деп үні дірілдеп жылап жіберді. – Иə, Əсет қатты ауырып жатыр дейді, – сен не істей қоясың оған, – деп Ажар сəби жүрегіне өгейліктің тағы бір өткір найзасын сұғып алды. Бота көздерінен жасы парлай жүріп, үстіне қолына түскен кеудешені іле салған Əселдің тəпішкесімен далаға жүгіре шыққанын Ажар байқамай да қалып еді. Алай-дүлей соққан қарашаның қара суығы мен қарына да қарамастан Əсеттің бақшасына қарай тас қараңғы көшемен жүгіре басып келе жатқан қаршадай Əсел «мама, ма-малап» шырылдап келеді.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев ҚҰМАРЛАН Күшігінен асыраған ит бір түнде жоқ болып кетті. Бір үйдегі кемпір мен шал бұған əуелде мəн де бере қоймады. Күндегі дағдысымен Əбдірахман қарт қорадағы малын жайлап, айырының сабына сүйеніп, белін жазып, итін есіне алып еді, жүрегі шымыр ете түсті. Соңынан бір елі қалмай еріп жүретін иттің өзі жалғыз-жарым адамға əжептəуір ес екен-ау! Шым қораның сықырлауық есігін итере салды да, қолына таяғын алып, маңайды шолуға кірісті. – Құмарлан! Құмарлан, кə…кə…кə! Көрші үйдің маймақ аяқ Құтжолы ғана əуп деп бір үрді де, қайрадан қораға кіріп кетті. Қарт шағын ауылды бір шарлап шықты да, қайтып үйіне келді. Əр жері шұрқ-шұрқ болып тесіліп біткен сарғылт шекпенін босағадағы елік мүйізінен жасалған ілгішке іле салды да, пештің тап іргесіндегі қалың бөстегіне келіп қисайды. Ала көңіл болып отырғандығын Жəнипа бірден сезіп еді. Аяғының ұшымен жүріп, шалының алдына дастарханын жайды да шайын беруге кірісті. Кəрі жүректеріне көп мұң мен қасірет тұнған, сағыныштан сарғайып қажып, тозуға айналған қос бейбақ ұзақ отырып таңғы шəйлерін ішті. Соңғы аяқты төңкерді де, шалы күндегі əдетіне басып, қолын жайды да: «е, тəңірім, ақырын қайырлы қыла гөр» – деп бетін сипады. – Əлгі Құмарлан үй маңынан табылмады да ақыры, – деді Жəнипа. Үні аянышты естілді. Кеудесін өксік қысып тұрғаны анық. Қазір бір нəрсе десең болды дауыс салып жылағысы бар. Бірақ мына шалының қатулы қабағынан ғана сескеніп тұр. Тарам-тарам əжім торлаған кəрі жүзінен сорғалаған көз жасын қолындағы майлықпен бір сүртті де, орнынан тұруға ыңғайланды. – Отыра тұрсаңшы сəл! – Шалы қолымен ишара жасады. Сəл-пəл ойын жинақтап алды да, Əбдірахман қарт кемпіріне басу айтып сөйледі. Құмарланға оқыстан бəр нəрсе болған ғой. Əйтпесе, есті ит бұларды тастап кетіп қалушы ма еді? «Жақсы ит өлігін көрсетпей өледі» деген бар. Енді бұған да көну керек. – Е, тəңірім-ай, ақыры кеп бір иттің де қайғысын тартқыздың-ау, біз бейбаққа! – деген жан айқайы тілінің ұшынан шығуы мұң екен. Жəнипа боздасын-ай кеп. Мынау қу тірлігіне айтар назын да, өкпесін де, тіпті лағнетін де ақтарып жатыр қамыққан сорлы. – Құдайым-ай, құдайым, қураттың-ау, суалттың-ау осылай! Не жазып едім ойбай-ау, Құрмашымды оны алдың, тым болмаса одан бір тұяқ та қалмады-ау! Ермек қып отырған Сандуғаш ол кетті бізді тастап! Байбалам салып, жан дүниесінің қайғы-қасіретін ақтарып, жылап отырған кейуананың боздаған үнінен осы бір күйік сөздерді əзер ұғар едің. – Құдайым-ай, құдайым!.. Кейуана боздап отыр.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Жəнипаның есі ауып кетпесе жарар еді-ау деп ойлады шалы. Өзінің де босаған көңілін бекітті де орнынан тұрып, кемпірінің жанына таяп келіп: – Сабыр қыл! Байғұсым-ай, ауырып жатып қалатын болдың-ау енді, – деді. Ұзақ жыл отасқан жан серігіне өз ғұмырында тұңғыш рет осылай бір аяушылық білдіріп еді. Əбдірахман қарттың осы бір ауыз сөзі көңіліне демеу болды ма, бейшара кемпір, солығын басайын деді. Дудырап кеткен шашын жиыстырып, жаулығын түзеп жөнделе бастады. Қайтсын-ай, бейбақтар?! Із-түзсіз жоғалып кетіп отырған Құмарлан жай бір бұралқы ит болса бір сəрі ғой, оған бұлайша күңіренбес еді екеуі де. Бұл дегенің кешегі қанды соғыста опат болған Құрмашының көзі еді ғой. Көзін ашпаған сары күшікті сонау нағашы жұртынан қалап алып келген Құрмаш сол күшікпен бірге ұйықтап, бірге өсіп еді. Құмарлан деп ат қойған да Құрмаштың өзі. Текті иттің баласы Құрмаштың өзі десе жаны бөлек екендігін сезінген Құмарлан да иесіне адал қызметін көрсетіп, аң қағуға шыққанда небір қызыққа кенелтіп еді-ау. Бұл төңіректе мұның жүйріктігі мен ептілігіне, ақылдылығына қызықпайтын аңшы болмаған-ды. Құмарлан келіп қала ма деп үйде отырған қос қария əуелі осы бір жайды ойлап еді. Қартайуын қартайды ғой Құмарлан да! Құмарлан Құмарлан болғалы қай заман?! Содан бері бұл екеуі де не көрмепті? Осы ойлар Əбдірахман қартты өзінің терең иіріміне қарай тартып бара жатқан-ды. Көз алдына фашист оғы қыршынынан қиып кеткен Құрмашы келіп тұра қалды. Əне, астындағы Кертөбелін ойнақтата қыр астынан шыға келген Құрмашының жүзі қандай нұрлы еді. Соңынан ерген Құмарланның тілі салақтап кетіпті, көп жүгірген ғой сірə. Жанары бұлдырап, көзіне келіп қалған қос тамшы жасты ірке алмаған қарт, жақтауларын қалың қырау басқан терезе əйнегінің алдына таянды. Сол тор көзəйнектің қырау ұстамаған тұсынан далаға көз салды. Дала бұрқасындатып борап тұр. Құмарлан көрінбейді. – Қап, мына боранда аңшылап кетті ме екен, – деп ойлады қарт. – Мүмкін емес! Құмарланның да аңнан қалғаны қашан?! Қартайды ғой жарықтық! Бірақ, сүйегін сүйретіп жүріп бір үйлі жан бұларға талайталай қиын да қиналған сəтте ес болған Құмарланның күйігі оңай тимесі де анық. Апыр-ай деймін, алапат қырғын соғыс боларын бəрінен бұрын осы Құмарлан сезгендей, өз өзінен мазасы кетіп еді-ау! Берген асыңды ішіп, үйренген жеріне ғана жатуды күшік күнінен дағды еткен Құмарланның аяқ астынан өнер шығарып, итаяғына құйылған асқа да қарамай аласұрып, Құрмаштың аяғына оралып, жүргізбей қойғаны бар. Тіпті бірде жұмысқа баруға шығып келе жатқан Құрмашты желеткесінің етегінен тістеп алып, үйіне қарай тартып, жібермей, қасарысып отырғанын қайтерсің? Əуелде, Құмарланның бұл қылығынан Құрмаш тіксініп қалып еді. «Кет əрі», деп Құрмаш даусын қаттырақ шығарып еді, Құмарлан оны қоя берді де, үріп алып далаға қарай шаба жөнелді. – Ух, жаным-ай!.. Ту сыртындағы кемпірінің аузынан жалын атып, көкірегі қарс айырыла күрсінгенін, кемпірінің есін енді жинап, қазандық күлін шығарып, əбден шырмалып алған қалың ой өз құрсағынан босатар емес. Айналасындағы
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев тіршілік атаулының бəрінен безіндіре түсер мына ойлардың өзі қасіретті жанына демеу болғандай. – Не ғып тұрсың? Андағы терезеден жарықты да көлегейлеп, жауып тастадың-ау, қисайып деміңді алсайшы. Жəнипаның бұл айтқандары да көңілін серпілте алмады. Ол да тұрған орнында, қырау басқан мынау тор көз əйнектен беймəлім, түпсіз терең тұңғиық əлемге қарап тұра берді. Алдағы жаман істі ит жарықтық күні бұрын сезеді деуші еді, сол рас екен. Құрмашты етегінен тартқылап, үйінен шығарғысы келмей жүрген Құмарлан мұның жан дегенде жалғыз баласының соғысқа кетерін де сезген. Қатын-баласы улап-шулап қалып бара жатқан ауылдан ұзап шыққан Құрмаштар мінген көліктің соңынан Құмарлан ермей, шошаланың іргесіне сүйеулі тұрған кəшауа шананың көлеңкесіне кіріп, жатып алған-ды. Екі көзі де, құлағы да үй жақта болды. Мынау тіршілікке бір мазасыздық кіргенін есті ит сезіп еді. Бір ашып, бір жұмған қызарған көздерінен парлай аққан жасы алдыңғы аяғының сабалақ жылтыр жүнінен жылт етіп, жерге тамып жатыр. Бие сауым уақыт сол орнынан тапжылмаған Құмарланның ауылдың іргесіндегі темір жол стансасына қалай кетіп қалғанын да Əбдірахман білмей қалып еді. – Ата-ау, əлгі ит жоқ болып кетті, – деген келіні Сандуғаш тың айтқанынан барып Құмарлан есіне түскен-ді. – Е, жүрген шығар, – деп қойған-ды бұл. – От ойранға Құрмашым кетіп отырғанда бір ит сол жалғызымның жолында құрбан болсын» Тілінің ұшына келіп қалған бұл сөзін келініне айта алмады. Стансаға барғандардан келесі күні естісе, ығы-жығы халықтың ортасынан Құмарлан поезға мінейін деп сапта тұрған Құрмашты тауып алып, етегінен тістелеп, тағы да сүйрей жөнеліпті. Əуелде бұдан шошына қалған əскери адамдар итті атып тастамақшы болып, қаруларын да кезеніпті. Құрмаш айналасындағыларға: «Бұл мені үйге жүр деп сүйреп тұр» – деген екен, есті иттің мына қылығын көріп манағы қару кезенген кейбіреулерінің көңілдері босап, көздеріне жас та алыпты. – Телміріп қалғыр-ау, əлі тұрмысың қалшиып?! Жатсаңшы енді! Сықырлап ашылған есіктен сөйлей кірген Жəнипа бір құшақ кепкен қиды қазандық алдына əкеліп тастай салды. Қажыған, талған көңіліне осы бір сəтте демеу болып тұрған тəтті ойын уысынан шығаруға қимай тұрған қарт селт еткен жоқ. Анау аппақ далаға, көз жетпес сонау көкжиекке көз тіккен сайын өмір елесі ұлғайып көрінгендей əсерленіп отыр. Құмарлан! Көкейінен де, көз алдынан да кетпей тұрғаны осы Құмарлан. Əне, сынық мүйіз кер өгіз бен шолақ құйрық қызыл өгіз жегілген шанамен бір топ əйелдер кетіп барады. Араларында келіні Сандуғаш та бар. Колхоз малына даладан шөп тасып, əкеліп беруге кетіп барады байғұстар. Сандуғаштың үстіне Құрмаштың аңға шығарда киетін тайтері тонын кигізгендері қандай жақсы болған! Күртік қарды оппалап, баяу жылжып бара жатқан өгіз шананың соңынан Құмарлан да еріп барады. Ферма бригадирі бұрын да есерсоқтығы мол жан еді, соғыстан жараланып қайтқалы тіпті бет қаратпайтын боған. «Мен немістерді қырып келдім, қан көрдім,
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев өкпемді оқ тесті», – деп бір ауылға əңгір таяқ орнатқанда, бар соғыстың ауыртпашылығын осы байғұс қана көрген ғой деп ойлап қалуың да кəдік. Бір күні кеште Əбдірахманның үйіне келіп: – «Сенің келінің неге үйде отырады? Дабай – ертеңнен бастап фермаға барсын», – деп отырып алған. Бұл болса: біреудің жас баласы ғой, Құрмаш екеуі бір-бірімен дұрыс отасқан да жоқ. Мына қыста қалай жұмыс істетіп қоямыз, – деп бастап еді Біти шапшып шыға келген. «Жаусыңдар, – деген бұларға шүйіліп. – Сталин жолдасқа жеткіземін бұларыңды, айтамын, бір үйдің жап-жас келіні қасарысып пронтқа көмектеспей отыр деймін. Ашуға мінген бригадир оң жақ жамбасындағы қоңыр сөмкесін ашып, умажума болған əлдебір қағаздарды алып, тырнағы қарайып, мұжырайып қалған өзінің бас бармағының ұзындығындай көк сия қарындашты тілімен сулап жаза бастап еді, Жəнипаның жан дауысы шыққан. – Айналайын, қайным! Білмедік қой біз. Андағы пəлеңді жазбай-ақ қойшы енді. Əбдірахманның келіні жұмысқа шықпай отыр дегеніңнің өзі Сталиннен ұят болар! Тіпті өзім барайыншы сол жұмысқа! – Жоқ, сүйегің саудырап далада қалады сен кемпірдің! Маған келінің, келінің керек, – деп өзеуреген Бітидің шықылдақ үнінен мұның өне бойы мұздап сала берген-ді. «Көппен көрген ұлы той» деп жұмысқа шыққан күннен бастап Құмарлан таң ала көбеден оянатын Сандуғашпен үйден бірге еріп шығады. Сандуғаш жұмыс істеп жүргенде жанына жоламай, сырық сілтер жерге барып жатады да қояды. Сандуғашты көзінен бір елі таса қылмайтынын қайтерсің. Ала құйындатып шапқылап, есіре де есеңгірей Бітидің келе жатқанын бірден сезеді де орнынан баяу тұрып Сандуғаштың жанына барады таяп. – Жұмыс істеп жатқанында Құмарлан Сандуғаштың жанына келсе болды, Біти келе жатыр деп əйелдер бұрын біліп отырады, – деп мəз болып айтып келуші еді келіні. Иə, иə айтпақшы сол Біти бір күні шөпті дұрыс маяламадыңдар деп əйелдерді бір уыс қылып, əңгір таяқ орнатса керек пішен басында. Содан атын омыраулатып аңдаусыз тұрған Сандуғашқа қолындағы қамшысын сілтей бергенде, Құмарлан арс етіп ұмтылып, Бітиді алқымынан алып түсе жаздағаны бар. – Көменесті сендер əдейі итке талатқыларың келеді, түрмеде шірітемін, – деп ен даланы басына көтерген Біти екі көзі от шашып тұрған Құмарланнан ғана ығып, ауылға қарай шаба жөнелген-ді. Жер үйдің ішіндегі жатаған қазандықтың қызуынан терезе əйнегіне қатқан қырау еруге айналды. Еріген қалың қыраудың суы сорғалап аққан сайын терезе əйнегінің шынылары жылтырап, кең даланың құшағы да қарт көзіне кеңи бастағандай. Дүние кең ғой, шіркін! Бірақ қу тағдыр өз пендесін қауызына салып қуырған шақта, сол дүние дегеніңнің өзі жалған болып шығады екен. Жалған емей немене, тəңірден ұрпақ сұрады, жарайды берді онысын, бірақ бергенін қайтерсің, сол жалғыз ұлының қай жерде оққа ұшқанын, қай жерде топырақ бұйырғанын күні бүгінге дейін біле алмай күрсінумен күнін өткізіп жатқаны мынау міне! Тəңірі өз пендесінің бəріне бірдей жаны ашыса, сол жалғыз ұлдан бір тұяқ қалдырар еді-ау! Ол да жоқ. Құрмашынан қалған сол бір тұяқ болса, онда Сандуғаш та осы босағада отырмас па еді?! Ауыл үйлерді аралап, Құмарланның жоқ болып
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев кеткендігін айтып, сұрастырып қайтқан Жəнипа үйіне сөйлене кірді. – Əдірəм қал, «арбасы сынбағанның бəрі ақылшы», – байлап неге қоймайсыңдар дейді ғой! Тіпті анау ақсақ Мұқымның Бəтжаны қайдағы бір итті іздеп алжиын дедің бе деп, өзімді сөгіп те тастады! Біреудің қайғысы біреуге батар дейсің бе?! Қарт өз ойын онан əрмен сабақтап отыр. – Біреулерге қайдағы бір ит болып көрінгенімен, бұл үшін Құмарлан жалғыз баласы Құрмаш пен көрші ауылдағы Сəрсенге тиіп кеткен Сандуғашының көзіндей ғой. Сол екеуінен, сол екеуінің тəтті де мұңды күндерінен қалған жалғыз елес осы Құмарлан ғана еді. Ол да жоқ енді! Өткен өмірінің сəулесі өшкендей осымен. Алдағы тірлігі тəңірі алған күні ауыл іргесінде қорымнан бұйырар топыраққа барып сіңерін білмей отырған жоқ, біледі бұл, біледі! Сандуғаш келді көз алдына. – Ата, кешір дейтін сияқты, өңі жасып. – Кешірем ғой, құлыным! Саған несіне ренжимін, Құрмаш тірі тұрып Сəрсенге кетіп қалсаң онда іренжір едім. Аман бол, айнайлайын! Осы бір ойлар миын шарпуы сол еді, қарт орнынан ұшып тұрып, кемпірінен қалың киімдерін сұратып киіне бастады. Түлкі тымағының бауын байлап жатып, – Құмарлан дəуде болса Сандуғашқа кетті. Мен сонда барып келейін, – деді де үйінен шығып жүре берді. Сандуғаштың ауылына жетелеп əкелген қарт түйсігі алданбап еді. Үйдің есігінің астынан суық кірмесін деп тастай салған ескі құрақ көрпешенің үстіне келіп жатып серейіп, өліп қалған Құмарланды таңертең сиыр саууға шыққан Сандуғаш жазбай танып еді. Əуелде шошынып қалды. Босағасына келіп басын салып өліп жатқан Құмарланды көріп жүрегін өксік қысты. Мен сенің босағаңда өлдім, сен де ана байғұстардың босағасында өлуің керек еді ғой, Сандуғаш! Текті төбеттің мына жатысынан Сандуғаш осы бір ойды ұққандай болды.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев СӨНЕ КӨРМЕ, ЖҰЛДЫЗДАР!.. Бір бала, шіркін-ай, бір бала! Бір балаға зар қылып қойғанын қайтерсің?!. Бір бала, шіркін-ай, бір бала!.. Нəзия көкірегіне келіп қонақтай бастаған осы бір ойларды жанына қаншама дарытқысы келмесе де, жүрек шіркін, еркіне көнбей алқына соғып жүре береді. Нəзік жанды əйелдің сезімтал да сергек ой əлемі осы бір сəтте бар дүниенің қызығы мен шыжығын да ұмытып, көңілі жүдеп, жабырқап салады. Бір қолына жуып отырған кесесін ұстаған қалпы Нəзия орындыққа сылқ етіп отыра кетті. Ауыр əрі мұңлы ойлар тағы да жан-жағынан анталап, қаумалай бастаған əйел жаны қашанғы өз серігі көз жасына ырық беріп еді. Моншақтай домалап, етегіне үзіліп түсіп, тұрған мөп-мөлдір жас тамшыларынан шіркін, мұның жанының пəктігін, мұның өмірге деген іңкəрлігін, мұның… мұның мынау аппақ əлемге деген жан дүниесінің сүйіспеншілігін анықтаса ғой. Деннің саулығын қан арқылы анықтап білетін дəрігерлер адамның көз жасынан да, оның ішкі ой əлемін, көңіл-күйін, жүрек сезімін де анықтай білсе ғой, шіркін! Онда мына Нəзия сияқты əйелдердің жан дүниесін ешкім жаралай да бермес еді. Ал, мұның жан жарасы да, дерті де – бала! Жеткізбей жүрген бар дүниесі де сол бала. Көңілінің осы бір жарасы барған сайын меңдеп бара жатқандай. Бірақ, осы күні кім-кімнің көңіліне қарап жатыр дейсің. Көшедегі қозғалыстың шапшаңдығындай, адамдардың бір-біріне деген көзқарасында да жылдамдық бар. Қазір есен-саулық сұрасудың өзінде де асығыстық бар. Сол асығыстық көңілдерге қаншама кірбің түсіріп, жүректерге қаншама жара салды десеңізші. Оны ойлап жатуға да уақыт жетпейді. Ең ақыры, бір бөлмеде отырып, бір кеңсенің кірісі мен шығысын бірге есептейтін бес əйелдің əрқайсысы əртүрлі амалмен мұның баласының жоқтығын ыңғайлы бір реті келген сəтінде сездіріп қалуға тырысып тұрады. Аға бухгалтер ретінде Нəзия: «айдың аяқты күндері ғой, есепті түгел бітіру үшін бүгін жұмыс соңынан қалып, тындырып тастайық» – деп еді, терезе əйнегінен үнемі далаға қарап, өткен-кеткенге көз салып отыратын жуан сары əйел ыршып түсті. – Ибай-ау, бізде үй жоқ па, бала жоқ па?! Жұмыстан кейін қала алмаймын, қаламын десең өзің қал, үйіңде не бітіремін дейсің, жылап жатқан балаң жоқ қой, – деп киінді де, шығып жүре берді. Бұл оған лəм деп аузын аша алмады. Не десін, бəрі де рас қой əйтеуір. Баласы да жоқ, үйде бітірер шаруасы да жоқ. Бұл шындық еді. Нəзия өзінің жанын қан жоса етіп тілгілеп өтетін мұндай сөздерге кей сəттерде мəн бермеуге де тырысатын. Жанындағылар не нəрсені айтпасын, естімеген адамша алдындағы қағаздарына шұқшия түсетін. Бір бөлмедегі сол əйелдер өз үстерінен
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев қарайтын болған соң ба, Нəзияға қыр көрсетуге, əйтеуір жанына шоқ салуға əуес тұратындары бар. Бірақ соншама бұлардың қазбаланатын жөндері жəне де жоқ. Əйтеуір жұмыстарын істеп үлгерсе болды деп, Нəзия да бұлардың басқан ізін аңдып отырған жоқ, еріктері өздерінде. Жұмысқа кеш келдің-ау, ерте кеттің-ау деп ешқайсысына ескерту жасап көрген жоқ əзірге. Жұмыс арасында жүгіріп дүкенге барып келсе де, бұл үндей қоймайды. Тіпті мұның төзімін онан əрі сынағысы келгендей, балаларына сатып алғандарын алдарына жайып салып: – Əй, мынау біздің Жорикке шақ па екен, ə?! – Мынау сенің Жанарыңа əдейілеп тіктіргендей ғой өзі, – деп өз-өздерінен мəз болып, масайрайтындары жəне бар. Кейде бұл аз дейтіндей балаларының түрлі қылықтарын айтып, көз қиықтарымен бұған назар салып қояды. – Əлгі біздің Маратик садиктен бір жаман сөз үйреніп келіп, соған кеше кеш бойы шегіміз қатқанша күлдік, – деп Нəзияға қарама-қарсы отыратын Əсемгүл өзінен-өзі қарқылдап күлсін-ай келіп. Əуелде оған еріп өзгелері де, біреуі қарқылдап, біреуі өзеуреп күле бастады. Өз қылықтарының қызуымен лепірген төрт əйел Нəзияның орнынан баяу көтеріліп, терезе алдына келіп сыртқа көз салып, қарап тұрғанын да елемегендей болды. Күн сəулесінің қызуымен жаңа-жаңа бүр жара бастаған ақ қайыңның ұшар басына сүзіле қараған Нəзияның қос жанары осы сəтте жасқа тұнып тұрған-ды. «Уағы келіп еді, табиғат та түлеп сала берді. Ақ қайыңның бүршігінен де, міне, дүниеге жапырақ туып келеді. Ал мен ше, мен ше, мен ше…» Осы бір өз ойының өз жанына соққысының ауыр тигені сонша, ол онан əрі өз санасына ие бола алмай қалды. Қос алақанымен бетін басты да, шынтағымен терезе жақтауына таянып, солқылдап, ал жыласын-ай келіп. Əуелде Нəзияның мұнысынан шошына қалған əйелдер отырған орындарынан ұшып-ұшып тұра келді. Бір-біріне жаутаң-жаутаң қарап отырған олар үшін «қасқыр, сібер» деп білетін Нəзияның мына жыласы расын айтқанда, аспаннан жай түскендей есеңгіретіп тастады. Нəзия, Нəзия! Ойпырмай, не болды саған, – деп Əсемгүл есін жинағандай, екі иығы солқылдап, жылап тұрған əйелдің қасына таянды. – Нəзия, Нəзия… Ту сыртынан төрт əйелдің кеп тұрғанын аңдамай-ақ, сезді… Бір сəтке көңіліндегі көлкіген кірбің басылда ма, Нəзия солығын басып, терезе əйнегінен көз алмаған қалпы бұларға бұрылмастан: – Мені… мені кешіріңдер, – деді ол əуелі жүрек лүпілін орнықтыра алмай. – Кешіріңдер мені! Менің бедеулігіме əрине сендер кінəлі емессіңдер! Менің көзімше… өз балаларыңның қылықтарын айтып мəз-мəйрам болатын сəттеріңде, мына байғұс менің егілетінім жалғыз бүгін ғана деймісің, жүрегім сыздап қан жылаушы еді əрдайым. Тұрмыс құрғаннан бері жан жүрегімнің езіліп келе жатқандығын ұғынсын деп бүгін əдейі жыладым. Əрине, балаларың бар, сендер бақыттысыңдар. Ал мен… мен бақытсыз бейбақтың бірімін ғой… Нəзияның өз құрбыларына бұдан басқа да айтары бар еді. Бірақ жаралы болса да, көңілінің тəкəппар бір түйсігінен хабар келгендей, есін шапшаң жиды да, үстел үстінде бұрқырап шашылып жатқан қағаздарын да жинамастан, киім ілгіштегі ілулі тұрған қол шатырын алды да, бөлмеден шығып жүре берді.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Кеңсе алдындағы бақ ішіне кірген ол жол жиегінде сусын сатып тұрған əйелден бір стақан алма шырынын ішті де, ақ қайыңды алаңқайдағы орындыққа келіп отырды. Көктемнің нұрлы сəулесі де, саумал лебі де Нəзияны сергітіп, бойы жеңілдеп сала берді. Айналасындағы тіршілік атты əлемнің дəл ортасына келіп отырғандай сезінді өзін. Бірақ бұл жерде онымен ешкімнің шаруасы болған жоқ. Ерсілі-қарсылы өткендер албырт жүзді, қой көзді, қыр мұрынды сұлу əрі нəрлі жас əйелге көз қиықтарын салғандары ғана болмаса, бірі мұның жанына аялдаған емес. Бəрі асығыс əлденеге, əлдекімдерге асығып бара жатқан адамдар, адамдар… Мұнан əрі өз миын көп оймен торлағысы келмеген ол, қарсы алдында өсіп тұрған ақ қайыңның бүр жарған жапырақтарына назарын салды. Қаулап өсіп келе жатқан мың сандаған көгілжім жапырақтар осы сəтте қос қолын ербеңдетіп, анасына қарай талпынған бесіктегі сəби болып елестеп жүре берді. Адамның жан дүниесіне жүрек көзімен қарауды қашан үйренер екенбіз осы біз! Апыр-ау, сендер өз балаларыңды əңгіме етіп, қолдарыңа ұстап отырған құйтақандай көйлекті ерсілі-қарсылы көлбеңдетіп отырған сəтте, тым болмаса, біреуің менің мына жан дүниеме ойларыңмен тереңірек неге бойламайсыңдар! Бұл мана өз құрбыларына айтпай кеткен Нəзия көңілінен ақтарыла жөнелген көп ойларының жалғасы еді. – Əлде менің… малынып киінгеніме, үйімнің дүниеге толғанына қарап, ойсыз, мұңсыз деп ойлайсыңдар ма?! Баласы жоқ үйдегі бар дүниенің жансыз, қуатсыз, əсерсіз екенін біреуің де сезбейсіңдер ғой, білмейсіңдер, білмейсіңдер! Күнде мына мен, босап, қаңырап қалған меңіреу бір кеңістікке бара жатқандай боламын. Кей-кейде өз үйімдегі өлі тыныштықтан шошынатын кездерім де бар. Тіршілік, өмір, бақыт, байлық дегендеріңнің бəрі де бала, бала, бала екен, айналайындар! Күні бойы ауыр ойдан жаны күйзелген Нəзия қолындағы сағатына қарап, уақытты шамалауға да зауқы соқпай, үйіне келіп, жиюлы төсектің үстіне құлай кетті. Қанша жатқанын, ұйықтағанын, ұйықтамағанын да сезбеген ол, есіктің қатты соғылған қоңырауынан оянып кетті. Үсті басының қырыс-тырысын жүре түзеп, жүгіре басып, есік ашып еді, күлімсіреген қыз баланың жүзі шалынды көзіне. – Апай, кешіріңіз, сізге телеграмма, соны табыс еткелі келдім. – Ə, маған ба? – деп таңырқаған Нəзияның сұрағына «иə, иə сізге», – деп, қыз бала телеграмманы мұның қолына ұстатты да, қоштасып шығып жүре берді. Кіре берістегі шамды жаққан Нəзия қолындағы ақ қағаздан телетайп əріптерімен басылған: «Сіздің хатыңызды алдық. Біздің клиникаға келіп қаралып емделуіңізге болады, қабылдаймыз» деген сөздерді оқыды. Əйгілі профессордың атынан келген мына хабар Нəзияның үзілгелі тұрған үмітін қайра жалғағандай болды. Лүплүп соққан жүрегіндегі мынау дүниеге деген іңкəрліктің тағы да бір жарық сəулесі жанғандай еді. Екі бетіне қан жүгіріп, жүзі жадырап сала берді. Желдеткіші ашық тұрған терезе əйнегінің алдына келіп, көктемнің кешкі салқын ауасымен кеудесін керіп дем алды да, төсегіне келіп, қайра жатты. Терезе əйнегіне жүзін бұрып жатып еді, өзгелерінен гөрі жарық əрі үлкендеу бір жұлдызға көзі түсті. Сонау, тым-тым биіктегі аспан төсіндегі сол бір жұлдыз өзінің сабырлы қалпынан айнамай
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев тұруымен-ақ Нəзияның күні бойғы ауыр ойлардан жырымдалған көңілін бүтіндеп, бекіткендей болды. Ол ұзақты түн ұйықтамады. Бар ниетімен сол бір жарық жұлдыздың сөнбеуін тілеп жатты. ӨТТІҢ ЖАЛҒАН – Ойпырма-ай, жүрегім, жүрегім-ай! Тапал тамның сықырлауық есігін ентіге ашып, кемпірінің ішке əлде неден шошына сөйлене кіргенін төсегінде ояу жатқан Темірбай қарт ұнатпай қалды. – Əй, не боп қалды, таң атпай түлен түртіп кетті ме, өзіңді?! – Жүрегім-ай! Тоқташы, жағың қарысқыр, қазір айтайын, – деп Бибіжамал шалына дүрсе қоя берді. Алқынған жүрегін баса алмай əлде неден əбдісі ұшқан ол пеш алдындағы орындыққа сылқ етіп отыра кетті. – Уһ, жүрегім-ай! Тұрсаңшы, жата бермей! Əлгі Өтебай дың соры тағы да қайнаған екен. Байғұстың сақау ұлы асылып қалыпты. – Өй, не дейсің, есің дұрыс па өзіңнің?! Жастықтан басын оқыс жұлып алған қарт кемпіріне алара қарады. – Ойпырма-ой, бұл енді бар ғой айтқаныңа нанбай діңкемді құртады осылай. Бибіжамалдың даусы ашына да, қатқыл шықты. – Терезеден қарасаңшы, əне, бүкіл ел болып дүрлігіп жатқан жоқ па, байғұстың үйінің алды толған халық қой, əне!
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев – Қап, байғұс бала-ай, неден ғана былайша өмірін қиды екен, ə?! – деп Темірбай да өз құрдасы Өтебайдың қазіргі мүсəпір халін ойлап, тез киіне бастады. Əлгіндей болған жоқ тысқа шықты. Таң жаңа атып келеді екен. Күн көзі əлем көкжиегіне иегін енді сүйеп, еркелей көтеріліп барады. Жаздың осы бір тыныш та бұйығы сəтінде жер əлемінің бетінде тек қана дəл қазіргідей ұйыған тыныштық па деп қаласың. Жоқ олай емес екен. Өтебай үйінің алдына жақындаған сайын əйел дауыстары естіле бастады сыңсыған. – Құлыным-ай, боздағым-ай, – деп еміреніп отырған ақ жаулықты ауыл əйелдерінің үні таңғы тыныштықтың айдынын тілгілеп жатқандай. Жиналған топ Темірбай қартқа орталарынан ошарыла орын берді. Мəн-жайға əбден қанығып, суық хабардың ақиқаттығына көзі жеткен соң ол:– Өтебайға етірттіңдер ме? – деп айналасындағыларға сұрау сала қарады. – Жоқ əлі! Сізді тосып тұр едік. Темірбай бастаған бір топ ауыл адамдары қаралы үйдің есігін ашқанда төрдің дəл ортасындағы жер төсекте қырынан жатқан Өтебай булыға жөтеліп жатыр еді. Сəлден соң жөтелі басылып, демалысы қалпына келген соң барып: – Бердібекпісің, құлыным-ау, түні бойы қайда жүрсің? – деп баяу үн қатты. – Айналайын-ай, шөлдеп жатқанымды қарашы, су əкеліп берші. Мына тамақтан өте қойса жұтып көрейінші! – ?! – Əй, қайда жүрсің өзің, неге үндемейсің?! Құс жастығына түзеліп шалқалай жатқан қарт көзін ашқанда көргені Темірбай болды. Жанарын бір нүктеге қадай қараған Өтебай əуелде мұны танымай да қалды білемін, əйтеуір ұзақ тесілді. – Өтеке, Өтеке, мен Темірбаймын ғой! – Əй, Теме сенбісің? Өзі түс болып қалған ба? – Жоқ, таң жаңа атып келеді. Ұйқым келмей ертерек кіріп тұрғаным ғой. Бойың қалай? – деп Темірбай құрдасының секем алған көңілін орнықтырғысы келгендей халін сұрауға кірісті. – Е, не хал бар дейсің, мына кеудеден жаным қашан ұшар деп күн санап жатқан ғой біздікі! Ауруы меңдеп, əбден жүдеген қарт жүзіне қараудың өзі тым ауыр еді. Екі беті суалып, қушиған жақ сүйектері арыған адамның ауыр халін сездіргендей. Осы бір пəлекет ауру жабысып, төсек тартып жатып алғанына да біраз болып қалды. Бұл ажалдан қаймыға да қоймас еді, үш жүзге аты мəлім болған Біржандар да: Білмеймін бұл аурудың не қыларын, Егер де алам десе таласам ба? – деп зарлаған жоқ па ед, шіркін! Əттең дүние, ындының кеуіп шөлдегенде бір қасық қара суды жұта алмай көз алдыңдағы тағамға телміргеніңнің өзі азап екен-ау! – Əлгі біздің Бердібек бүгін түн үйге түнеген жоқ. Жанымнан бір елі кетіп көрген жоқ еді, қайда жүр екен өзі, – деді сəл үнсіздіктен соң Өтебай. – Е, жігіт емес пе, жүрген шығар, – деді Темірбай өз көңіліндегі ауыр ойдың жарықшақтығын сездіргісі келмей. – Əй, қайдам?! Осы сəтте тағы да жөтел қысып, мұнан əрі сөйлеуге мұршасын келтірмей ауру жанның тыныштығын ала бастады. – Əй, қайдам, – деп Өтебай жөтелі сəл басылған сəтте көкейіндегісін айтып қалайыншы деген жандай, əлсіз үн қатты:
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев – Ол мүсəпірді кім есіркеп жатыр дейсің! Байғұстың көкірегі зерек. Көкейіңдегіні бірден сезетін қасиет бар өзінде. Айналайынның бағы жанбады ғой! Осы сəтте қарт əкенің көңіл түкпірінен өз ұрпағына деген мөлдір бұлақтың көзінен шым-шым тамшылап тұрған сүйініш пен күйініштің аптабы мен ызғары да бірдей болатын. Бір өкініш, бір үміттей алдамшы өмірдің өзіне кіріптар еткен осы сəтін қасқая көтеретін зерделі қарт тек осы ұлының алдағы тағдырын ойласа күйреп сала беретін. Қазір де жанын езер ауыр ойлар миына инелерін сұққылап жатқандай еді. – Қой, Өте, олай деме! Бəрі де жазмыштың ісі ғой! Не нəрсеге болсын берік бол! Аузынан шықан осы бір сөздердің құрдасының мына жан сыздатар уайымына сеп болмасын анық білсе де, Темірбай оның көңілін ауламақшы болды. Бірақ көмейіне тас тығылып тұрған жандай бұдан əрі аузына сөз түспей қойғаны. Осы бір өлі үнсіздіктен секем алған Өтебай көзін ашып алды да, бас жағында отырған Темірбайға тағы да тесіле қарады. Көз жанары өңменіңнен өткендей өткір екен. – Əй, – деді Өтебай əлін жиғандай, – осы үйде сен өзің ғанасың ба, əлде тағы да біреулер отыр ма? Өтебай көздерін тағы да жұмып алды. Сөйтті де өз сұрағына жауап күткендей естіп жатырмын дегендей оң алақанымен құлағын қалқалады. – Балалар ғой отырған, – деп Темірбай орнынан ұмтылып барып құрдасының құлағына аузын таятып жауап берді. – Бердібек бар ма араларыңда?! – деді Өтебай əлсіз үн мен?! – Əй, неге үндемейсіңдер?! Темірбай, əй Темірбай, неге айтпайсыңдар, қайда деймін əлгі Бердібек?! Бұл жолы бар күшін жиып, айғай салмақшы болған. Аурудан қажып ашынған жанның қарлығыңқы үні үйде отырғандарды селт еткізді. Темірбайдан басқалары орындарынан қалай ұшып тұрғандарын өздері де сезбеп еді. Бір-біріне жалтақ-жалтақ қараған олар Темірбай қарттың басын төмен салып, шошқа сақалы кемсеңдеп, солқылдап отырғанын көргенде көздерінен бір-бір тамшы жас ытқып шығып кеткен-ді. – Өте, Өтем, сабыр қыл, біздің де қабырғамыз қайысып тұр. Бердібегің… Одан əрі Темірбай тілі күрмелген жандай айта алмай қалды. Өмірдің талай жүгін қайыспай көтеріп келе жатқан Өтебайдың жүрегі ауру жанның тұла бойына тіршілік демін беріп тұру үшін осы сəтте жанталасып бар екпінімен бұлқына соғып тұр еді. Екі шынтағымен жер таянып, кеудесін сəл көтерген қарт жанында отырған құрдасына: – Тірі ме, бар ма өзі деп сауал қойды да жастығына сылқ етіп құлай кетті. Қаралы күй ойнай жөнелгендей ашық тұрған терезе əйнегінен жел уілдеді. Темірбай бастаған топ Өтебайға баласының қазасын əупірімдеп жеткізді əйтеуір. Мұнсыз да аурумен алысып, жаны күйзеліп əлсіреп отырған байғұсқа Бердібегінің ащы ажалы оңай тимеген еді. Дауыс қылуға да əлі келмеді. Кəрі жанарынан жас ұдайы сорғалап тұрды, бір тиылмады. Кəрі көкірегі мұңға тұнған айналасындағы барлық тіршіліктен күдерін үзгендей. Тіпті дəл қазір кеудесінен жаны шықпай тұрып мұны Бердібегімен бірге көмсе де еш бұлқынбас күйде еді. Мұның жаны ана оң жақта шалқалап жатқан жан баласынан артық болып па?! Демі жалын атқан ауру қарт оқта-текте күрсінгені болмаса ешкімге де тіл қатқан жоқ. Тек қазір санасы ғана сайрап
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев жатыр. Бəрімен сол санасымен ғана тілдесіп жатқандай. Міне, жанына марқұм Балкүмісі келді білем! – Əй, қайда кетіп қалдың осы сен?! – дейді кемпіріне бұл. – Мен бе, жаным-ау, мен анау Жаманшоқтың жанындағы зираттан келіп тұрмын ғой. – Зираты несі, тəңір-ау? Сен бізді тастап неге кетіп қалғансың?! – Сорлы-ау, мен дейсің бе, ажал бұрын жеткен соң да кеттім ғой. Кейіме, батырым, келіп тұрмын ғой міне. Сені де, Бердібегімді де алып кетуге келдім өзіммен. – Енді тастамашы бізді? Өзіңмен кетейінші! Тірі күніңде қадіріңді білмеппін-ау, сен əулием екенсің. Сен жоқ болып едің, мына мен де, ана балаң да не көрмеді. Кешір əулием, кенжем деп еркелеткен Бердібегіңді сақтай алмадым. Кеш, мені! Қайтсін, байғұс! Өзегін өртеген өкініш оты енді сөнер ме?! Тағдырына ғана қабақ шытар. Бірақ одан не пайда енді. Жасы жер ортасына жеткен шақта мұның үйірінен ажал кемпірін бөліп əкетті. Əй-шəйға келмедім деп айта алмас, бірақ бір-бірін сыйлап өмір сүрді. Ел қатарлы бала өсіріп, тұрмыс құрды. Тек қана Бердібегі болмаса, соңынан қанаты құсап ерген балаларының бəрі қалаған жерлерінен оқуларын оқып, үй болды. Жазмыштан ба, əлде анасының жоқтығынан ба, кім білсін осы Бердібегінің жолы ауыр-ақ басталды. Анасы дүние салғанда Бердібек онда үш жаста еді. Тілі де ендіенді шығып, əр нəрсені былдырлап жүрген базарлы шағы болатын. Сол бір күн, иə сол бір күн мұның есінен мəңгілік кете қояр ма екен?! Кемпірі өліп, ендігі бүкіл үй тірлігі өзіне қарап қалған Өтебайдың тіршілігі таңғы тауық шақырған сəттен басталатын. Қойнында жатқан Бердібегінің көрпесін қымтап орнынан тұрды. Терезеден далаға көз салып еді, күздің жылауық аспаны көз жасын мөлтілдетіп төгіп тұр екен. Бұл оянғанда Бердібегі де оянды көзін уқалап: – Жат, құлыным, – дейтін бұл. – Мен қазір малды өріске шығарып келейін. Кел, мына терезеге шық та қарап отыр. Қорқушы болма, мен келемін қазір. Тəмпіш мұрын қара бала отырып алатын терезе алдына. Бұл оның күндегі əдеті, оған үйреніп те алған. Анасын ойлайды осы сəтте. Қайда екен, ə?! Қаншама ойласа да сəби санасы өз анасының қайда жүргенін сезе қоймайтын-ды. Қайда екен, қайда екен? Қарақаттай мөлдіреген қос жанарына осы бір ой тұнған сəтте үш жасар Бердібек терезе əйнегінен сонау кеңістікке телміре қарайтын. Телміре қарайтын да анасын аңсайтын. Сол сағыныштың бесігі тербеп, ұйқысырап отырған таңғы шақта қызыл гүлді көйлегінің етегі желбіреп əлде бір əйел терезенің дəл алдынан сиырын айдап кетіп бара жатқан-ды. Сəби жүрегі дір етті. Шырылдап қоя берді. – Апа! А-а-па! Жан дауысы шығып, еңіреп қоя берген сəби терезеден шапшаң түсіп, ашық тұрған есіктен далаға жүгіре шықты. – А-па, а-па! Сиыр айдаған гүлді көйлекті əйелдің соңынан жүгіріп келеді. Анасы ол! Мұның да апасының дəл осындай көйлегі болатұғын. Сол, сол, апасы бұл! – Апа! А-а-па! Апалап жан дауысы шығып, жүгіріп келеді жалаң аяқ, жүгіріп келеді. Əттең, шіркін осы сəтте жаңбыр суына толып тұрған əлде бір орға түсіп кеткенін
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев қайтерсің. Анасына жете алмай қалды ол. Осы бір рақымсыздықтан шошынған сəбидің тілі байланды. Енді ол сақау Бердібек атанды. Өсіп, ер жеткен соң үй шаруасына Бердібек өзі араласты. Араласуға амалы қалмап еді. Үйге ие болар дейтін жеңгесі Күлтай біреудің жалғыз еркесі. Шаруа істеуге икемі де, зауқы да онша емес. Үлкен ағасы Сейтімбек түздің жұмысынан шаршап келіп, кеш болса төсекке қисая кетуді ұнатып тұратын. Өздігінен хат танып, жазып, оқуға дағдыланып, есейіп қалған Бердібек болса бұл екеуінің қас-қабағына қараумен өсті. Сонда бар байқайтыны, əкесінің бабы бола бермейтін. Сосын шайды да өзі қойып, пешке от жағып, түрлі тағам əзірлеп, əкесі екеуі өз беттерінше күндерін көруге дағдыланды. Қазандыққа су жылытып, əкесінің үстібасын жуу да енді мұның міндетіне айналып еді. – Əй, сақау, – деді бірде əкесі жоқта Күлтай. – Ана əкең екеуіңнің кірлеріңді жуып, тамақтарыңды істеп отыратын мен күңдерің емеспін, ана кірді де жуа сал, – деп бұрышта үюлі жатқан киімдерді мұның алдына қарай лақтырғаны бар. Долырған Күлтайдың мына қылығынан бар жайға түсінген еді Бердібек. – Бердібек-ау! Өтебайдың аузынан шыққан осы бір ауыз сөзге отырған жұрт елең ете түсті. Бірақ бұдан кейін тілге келе қойған жоқ сырқат қарт. – Байғұс-ау, баласын шақырып жатыр екен ғой, – деп шалдар жағы ауыр дем алып, күрсініп қойды. – Бердібек, – дегісі келді қарт. – Құлыным-ай, бұл тағдырың уызыңнан суалтты-ау сені. Алдағы күндеріңді ойлап қабырғам қайысушы еді, мəңгілікке тыныштала қалғаның не?! Əлде, əлде мына əкең байғұсқа ренжіп кеттің бе?! Кеш құлыным, кеш мені… Өз баласының тағдырдан азап шегіп, мына ажалға душар болғанына өзін кінəлі санап жатқан əке осы шақта Бердібектің қалтасынан табылған бір тілім қағазға жазылған сырын білмей кетті. «Əке, – депті Бердібек, – ажалдың тырнағына ілінгеніңе көзім жетті, сен өлген соң кімге керекпін мен. Одан да қара жердің қойнында құшақтасып екеуміз бірге жатайық. Кешір, əке!» Бердібек жерленгеннен кейін қарт та ұзамады. Тағдыр азабының ауыртпалығын көтере алмады кəрі жүрек.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев СЫР Алатау көрінісі ғажап-ақ. Тау бөктерін қиялай, биік шыңға қарай таласа өскен шыршалардың қойнауына орналасқан аққудың еркесіндей ақ шаңқан еңселі үйдің сəн салтанаты табиғаттың сұлулығымен жымдасып, жарасып тұр. Сылдырлап аққан тау өзенінің бір тынбайтын гүрілі де бұл араның тіршілігінің қоңырауын қағып, бірден адам жанын баурайды. Кез келген келгіншінің құлағына əуелі тау өзенінің əуені жетер еді де, ол бір сəт бұлбұл əнін естуге құмартқандай тұра қалып, құлағын түрер еді. Табиғаттың осы бір зерлі сұлулығы адам көңілін жадыратып, бойыңа сергек те серпінді күш құяды. Демалыс үйіне келгелі бар тəртіпке үйреніп, ауа қысымы жоғары болатын таулы мекенге де көндігіп алдық. Жырға да, əнге де, аңызға да арқау болған қасиетті Алатаудың сұлулығын көбірек танысақ, соған молырақ сүйсінсек деген ынтық көңілмен серуенге ерте шығып, кеш қайтып жүрдік. Бүгін де Медеу шатқалына барып, адам қолымен жасалған ғаламат платинаны көріп, үлкен əсермен оралып, тыныс алып отыра бергенім сол еді телефон безілдей жөнелді. – Кеш жарық, Ербол Есенович! Қалай дем алып жатырсыздар, маған келіп кетіңізші, – деген бас дəрігердің даусын бірден таныдым. Бірақ оған жауап қатып үлгергенімше телефонның ауық-ауық гуілі естілді. Демалыс үйінің бас дəрігері мені көңілді қарсы алды. Үстіне киген шыттай ақ халаты мен бас киімі бөлме шамының жарығымен нұрланып, қоңырқай жүзінің реңін ажарландырып, əрлендіріп тұр. – Ə Ербол, келіп қалдың ба? Жақсы болды ғой. Көңіл күйіңіз қалай, – деп ол орнынан тұрды да ежелгі танысындай ақжарқын əңгімеге көшті. – Рахмет, Қанат Əренович! Бəрі де жақсы. Қазір ең аяғы шаршап-шалдығуды да ұмытып кеттік, – деп дəрігер жігіттің пейіліне ризашылығымды білдірдім. – Мұның жақсы екен, інім! Біздің жердің ауасының өзі кез келген дертке шипа ғой. Əсіресе, мына кешкі самалды айтсайшы, – деп Қанат ашық тұрған терезе алдына таяп келді. Таудың кешкі самалы кең əрі жинақы бөлме ішін еркін билеп, жаныңды рахат бір күйге бөлеп, тыныштандырып, желпіндірді. Алыстан сан мыңдаған шамдардың сəулесі кешкі Алматының əсемдігін мына дүние əлемге көрсеткісі келгендей жарқырап, нұрға малынып тұр. Ешкімге бас ұрмас, ырыққа көнбес тау өзені ғана баянды да ажарлы кештің тыныштығына ұйымай, арқыраған ағынмен асығыс ағып барады. Қанат екеуміздің əңгімемізге манадан бері көңіл бөлместен креслода үнсіз отырған қарт ауыр күрсіне дем алып, орнынан тұрды да жайлап басып терезе алдына жақындады. – Міне, табиғат дегенің осы, – деп сүйінішін білдірді де бейтаныс қарт өз орнына қайрадан келіп отырды.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев – Андрей Алексеевич, сіздің палаталас серігіңіз міне, мына жігіт болады. Ербол Есенович сізге қалқадірінше қызмет етуге əзір. Алматымен, Алатаудың көрікті жерлерімен таныстырады. Сізге жүріп-тұру қиын болмасын деп осы жігітке өзіңізді тапсырып отырмыз, – деп дəрігер «неге шақыртқанымды ұқтың ба» дегендей маған қарады. – Рахмет, балам, мен əскери адаммын ғой, яғни бұл менің адютантым болды емес пе, – деп Андрей Алексеевич масайрап қалды. – Манағы дəрігер айтқандай мен саған көп масыл бола қоймаспын, балам. Сен деген қылшылдап тұрсың, қыдыруың керек қой. Маған көп қарайлай берме, – деп Андрей Алексеевич алғашқы күннен еркіндік те беріп қойды. Бірақ та осы бір жинақы əрі сымбатты қарт полковникке аз күнде мүлдем үйренісіп алғаным соншалық, тіпті одан ажырасқым келмейді. Таң ертесі дəл белгіленген уақытында тұрады да ертеңгілік жаттығу жасайды. Жуынып, сүртінгеннен кейін бақ ішіне барып аз-кем серуендеп қайтады. Қарттың ерте тұрып алып мазалайтынына алғашында риза болмасам да кейіннен бұған да көндігіп кеттім. – Ертеңгілік жаттығу дегенің ұлым, əрі денсаулық, əрі жастық, əрі сымбаттылық қой, – деп Андрей Алексеевич бір күні таңертеңгілік серуеннен қайтқан соң төсекте ояу жатқан менің жаныма келіп отырды. – Ал сен жылы орныңда керіліп əлі жатырсың. Жас жігіт дегенің ұйқыдан оянысымен атып тұрып, жаттығу жасап, таңғы ауамен тыныстап, жүгірмес пе! Ажарлы жүзінде қан ойнап, екі көзі мейірімге шүпілдеп тұрған қарттың дəл осы бір мейірбан кескінкелбеті жаныңды елжіретеді. Ол орнынан тұрып өзімен бірге əкелген жап-жас əйелдің стол үстіндегі суретін алып, таза орамалмен оның шаңын сүртіп күндегі дағдылы ісіне кірісті. Көзі мөлдір, кірпігі ұзын, екі беті балбырап тұрған уыздай осы бір сұлу əйелдің əдемі үлкейтілген суретін Андрей Алексеевичтің келген күніақ жол чемоданынан алып, стол үстіне қойғандығын байқаған едім. Сол суретке терең ойға беріліп, ұзақ қарап отыратын сəттері де бар оның. Ұйқыдан оянған соң кешкілік жатар алдында да немесе ұзақ қыдырып келгенінде де Андрей Алексеевич осы суретті қолына алып, алақанымен бір сипап қайрадан орнына қоятын. Соңғы күндері Андрей Алексеевичтің демалысынан да түрлі кездесулерге баруы жиілеп кетті. Революциялық даңқы мол Ленинград қаласының құрметті азаматы, отставкадағы полковник Андрей Алексеевич Рогатин азамат соғысына қатысып, Ұлы Отан соғысын да бастан кешірген, көпті көрген көнекөз қария еді. Міне, демалыс үйінің тынығушылары осыны біліп алған соң Андрей Алексеевичтің əңгімесін тыңдауға құмар бола бастады. Алғашында кездесу ұйымдастырайық, көрген-білгеніңізді ортаға салыңыз деген демалыс үйі əкімшілігінің өтінішіне қарт көне қоймаған-ды. Аулаға шығып дем алуға отыра қалса болды, төңірегіне тынығушылар біртіндеп ақырын басып жинала бастайтын-ды. Қарт шешіле қоймаған соң өздері де əрнені айтып, қайрадан біртіндеп тарайтын еді. Көпшілік қайра-қайра қолқа салып маза бермеген соң Андрей Алексеевич енді міне кезегімен əр корпуста тынығушылармен болатын кездесуге бара бастады. Мұндай кездесулерде қарт əдеттегідей əскери киімдерімен барады. Мен кительдерін кигізіп, төсіндегі ордендерін, медальдарын, түрлі белгілерін қадасып, полковникті қолтықтап, кездесуге апарамын, алып қайтамын.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев * – Ал, ұлым, мен ертең қайтатын болдым. Дəрігер келісімін берді. Ленинградымды сағындым, кетемін енді, – деп Андрей Алексеевич серуендеп кеш қайтқан мені жайсыз хабармен қарсы алды. Қарт полковниктің қалжың айтып, тəлкек сөйлейтіні жоқ еді. Сонда да сенбедім. – Андрей Алексеевич, бұл не дегеніңіз?! Демалысыңыздың мерзімі əлі біткен жоқ қой, – деп қарт полковниктің жанына келдім. – Отыршы ұлым! Қуаныштан ба, əлде біраздан бері жайлы тыныққан қарттың өңі ажарлы еді. Мейірбанды жүзіне қона қалған күлкі табы көңілімдегі қимас сезімнің қылын шерткендей, осы қартпен айырылысу оңай болмайтындығын енді ұққандай едім. – Отыршы, ұлым, – деді ол тағы да, орындықты нұсқап. – Сен асықпай дем ал. Мына қаусаған шалдай емес сендерге денсаулық əлі-ақ керек. Ал, енді бар ғой күнде таңертеңгілік жаттығу жасауды ауылыңа барған соң ұмытып кетіп жүрме. Қане, осыған келісейікші, – деп Андрей Алексеевич арқамнан қақты. – Кетуім керек, ұлым! Таяуда Натальяның туған күні. Сол үшін де үйде болғаным жөн, – деп қарт орнынан баяу көтеріліп, стол үстіндегі əйелдің суретін алды. – Міне, -Натальямның туған күні де жақын. Жансыз болса да іңкəрлік сезіммен қарап тұрған əйелдің осы суретіне ұзақ сүйсінген Андрей Алексеевич жанындағы мені де ұмытқандай, аса бір сезімділікпен күбірлеп сөйлеп отыр. – Наталья, жаным менің. Туған күніңде əрине үйде боламын, – деген қарт жүрегінен шыққан нəзік те лағыл үнін анық естідім. Қарт суретті стол үстіне қойды да шалқасынан жатып ауық-ауық күрсінді. – Бұл кіміңіз, қызыңыз емес пе? – дедім Андрей Алексеевичтің көңіл толқуы басылды-ау деген сəтте. Көптен бері сұрай алмай жүрген жайдың реті енді келгеніне қуансам да бекер-ақ сұраппын деген екінші бір ой көңілімді тырналап жатты. – Жоқ, ұлым, қызым емес, бұл Натальям ғой менің, – деп қарт кінəмшіл дауыспен үн қатты. – Тағдыр маған қатал болды, ұлым. Отан үшін көппен көргенімді айтпаймын. Ол міндетімді бір кісідей атқарып адам бақыты үшін шыбын жанымды да аяған жоқпын, – деп қарт осы бір сөзді аса бір жігерлі сезіммен айтты да, тағы да ауыр күрсініп ойға беріліп кетті. – Ұлым, бұл Натальям менің, – деп қарт əңгімесін қайтадан жалғастырып, суретті қолына алды. – Əйелім менің. Мына суретке жиырма беске толғанда түсіп еді. Отыз бес жыл бойы осы сурет қана менің серігім болып келеді. Натальямның бұл дүниеден мəңгілік жоғалғанына да отыз бес жыл. Қарт полковник одан əрі мына хикаяны ауыр күрсініп, көзіне жас ала отырып баяндап берді: – Əскери училищені аяқтап, Ленинград қаласына қызметке келдім. Отыздарға жаңа толған біздер енді өзіміздің де командир болғанымызға масаттансақ, қол бос сəтте реті келсе би кештеріне барып, қыздармен танысуға асығатынбыз. Əлі есімде Натальямен де жастар кешінде танысып едім. Бір-бірімізді тез ұғысып, көп
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев ұзамай үйлендік. Тату-тəтті болып, жарлық өміріміздің басталғанына көп ұзамай-ақ соғыс басталды. Мен соғыс басталған түні əскери кезекшілікте едім. Натальямен таңертең телефон арқылы хабарластым да тығыз шаруамен ұзаққа кетіп бара жатқанымды айттым. Əбдісін ұшырмайын деп соғыс жөнінде лəм-мим деген жоқпын. Соғыстың алғашқы күндері мен айлары өте ауыр болды ғой. Жау əскерлері күн сайын небір зұлымдықтар жасап, ішке бойлап еніп жатты. Міне Ленинград қаласының басына да күн туғанын естіп жатырмыз. Натальяға бір-екі рет хат жазуға мүмкіншілігім болды. Жау Ленинградты темір құрсаудай қоршауға алып, қаланы ашаршылық жайлады. Волхов майданының алдыңғы шебіндегі бір айқаста ауыр жараланып, есімді госпитальда бір-ақ жинадым. Бірер апта емделгеннен кейін комиссияның шешімі бойынша үш күнге үйге демалысқа барып келуіме рұқсат берді. Келетін күнімді айтып Натальяға хат жазып жібердім. Өзіме берілетін нанның дəл жартысын жемей, кептіріп Натальяма апару үшін жинап жүрдім. Наталья сол күні мені қарсы алу үшін вокзалға келіпті. Поезд келіп тоқтап жолаушылар ағыл-тегіл түсіп, бірі мініп, ығы-жығы болып жатқан сəтте əуе дабылы қағылды. Əлгіндей болған жау самолеттері бомбалай бастады. Мен жүгіріп бара жатып: «Андрей, Андрюша» деген өзіме таныс жылы əрі сағынған Натальяның дауысын естіп қалт тұра қалдым. Темір жол вокзалынан шығып мені көріп ашық алаңға қарай жүгіріп келе жатқан Натальяны көріп «Наталья, қайт кейін, қайт деймін» деп жаным ышқына бар дауыспен айғай салдым. Естісе де, бар қатерді сезе тұра тура маған жүгіріп келе жатқан Натальямның бейнесі əлі күнге дейін көз алдымда, жүрегімнен өшер емес. Төңірек айғай-шу, ызыңға толып кетті. Мен де Натальяға қарсы жүгіріп келе жатқанымда жақын маңда жарылыс болып, бомба жарықшағы көз алдымда Натальяны аспанға бірақ көтерді. Натальяға деп үнемдеп жинаған жарты бөлке наным шашылып, мен есеңгіреп барып құладым. – Міне, ұлым, Натальямнан мен осылай айрылып қалдым, – деп қарт полковник көзін сүртті. – Содан бері Натальямның осы суреті қайда барсам да жанымда. Жыл сайын жолдас-жораларымыз жиналып еске түсіреміз, менің асығуымның себебі де осы, – деп қарт полковник төсегіне жайлап жатуға ыңғайланды. Стол үстіндегі Натальяның жансыз суреті маған тірі адамдай əсер етті. Сол түні кірпік қақпай шықтым.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев ҮМІТІМДІ ҮЗБЕЙ ӨТЕМ Тіршілік атты телегей теңіздің арнасымен сырғып өткен өмірінің сексен жылға тақау кезеңінде бұл тап қазіргідей бейнет пен жан азабын тарта қойған жоқ шығар. Басынан нелер өтпеді дейсің! Тіпті кешегі қанды қырғын соғыстың да үш жылын бастан өткізді. Əттегенай, талай ерді жер жастандырып кеткен қаңғыған бір оқ келіп мұның да жүрегіне қадалмаған екен! Сөйтсе бұл сол үшін тап қазір өкінбес те еді. Онда… онда мына жанын күйзелтіп қойған жалғыз ұл да дүниеге келіп, жер басып жүрмес еді. Əттең, шіркін! Осы бір ауыр ойлар жан дүниесін жегідей жеп жатқан Əлі қарт басын əзер көтеріп, отыруға бейімделді. Төсек тартып осылайша мүсəпір халге жеткеніне жылға жуықтады. Өткен жылдың қоңыр күзінде кемпірі де осы арада төсек тартып жатып алғаны бар-ды. Көп сөйлеуді білмейтін, үнемі шалының қабағын бағумен, соның көңіл күйінің ыңғайын тауып өмір сүрген сол байғұс кемпірі мұның маңдайына біткен бағы, қолындағы ырысы екен-ау! Өз ғұмырында тоғыз құрсақ көтеріп, бірақ соның бірінен соң бірі шетінеп тұрмайтын болған соң əбден зəразаптанып, əбдісі ұшқан кейуана шалының алдында бұғып өсті. Апыр-ау, бір шаңырақтың ұрпағының кіндігін үзіп аламын ба деген қауіпті ой күні-түні ол байғұстың жүрегін қақырататын. Тəңірі көз жасын иді ме, əйтеуір соңғы көтерген мына Аманбайы қалқайып өсіп қатарға қосылды. Бір кіндіктен жалғыздығын да уайымдай қойған жоқ еді. – Е, тəңірім жалғызыма өзің жар бола гөр, – деп жатса да, тұрса да Аманбайының тілеуін тіледі екеуі де. Сөйткен ұлдары өсті, ешкімнен кем де болған жоқ. Бір үйдің жалғызы болған соң да оны маңдайынан шертпек түгілі ешкім мұның бетіне тік қарап көрген жоқ шығар. – Кеше өлейін деп жатыр едің, тұрыпсың ғой! Манадан бері көзі қарауытып, басын еркін көтере алмай əзер отырған қарт ту сыртынан шыққан мына бір рақымсыз үннен есеңгіреп кеткендей болды. Ол өзінің жалғыз ұлының дауысын көптен бері естіп тұрғаны да осы еді. – Ба-ла-мау!.. Жастыққа басы сылқ етіп құлай кеткен Əлі қарт «балам-ау» деген бір ауыз сөзді тілі күрмеліп, əзер айтты. Онан əрі қимылдауға да шамасы келмей тек ауыр дем алысы ғана тіршіліктен хабар беріп жатты. – Балам-ау! Осы бір сөзден қарт жүрегінде əлі де өз кіндігінен шыққан ұрпағына деген суымаған сезімі жатыр еді. Қайран қарт тағы да не айтқысы келді екен! Тұла бойын шөл қысып жатқан соң, бір кесе айран, болмаса бір ыстық шай ішкісі келгендігін айтқысы бар ма? Əлде… əлде мұның… Аманбайдың былайша неге тас жүрек болып кеткендігін сұрағысы келді ме. Не де болса Əлі қарттың көкірегінде үлкен бір қасіретті ойдың тұншығып жатқаны анық болатын.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев – Əй, сүмелек, əкеңді жаңа көріп қалдың ба? Мəгəзін ашылса бар да бірдеңе алып кел! Жүнжи қалғаның не, əкеңді бүгін өлет деп пе едің?! Аманбай селк ете түсті. Төргі үйден шашы-басы удар-удар болып сөйленіп шығып келе жатқан əйелінің мына ащы үні Аманбайдың масаңдау миына шақ ете түсті. – Əй, тарт тіліңді! Бұл менің əкем… əкем ғой! – Əкеңді жаңа танығаныңа да шүкіршілік! Итаяқтан ас ішкізіп жүрген əкеңді жаңа көріп қалған екенсің. Əй, кеше кешке ғана жағасынан алмап па едің?! Енді əкем, əкем дейсің! – Тарт тіліңді!.. Əйеліне мысықша атылған Аманбайдың көзі қанталап қолымен еденді қарманып əуре болды. Қолына арақтың бос шынысы ілегіп еді, бар пəрменімен əйеліне қарай жіберіп қалды. Баж еткен əйелдің ащы дауысымен бірге, сарт етіп күл пəршасы шыққан бөтелке сынықтары жайрап жатты. Ащы айғай мен əлдебір сартылдан қарт қойнында ұйықтап жатқан бала да шошып оянып, жылай бастады. – Əй, əй, қарақтарым!.. Қарт үні естілер естілмес əлсіз шықты. Баяғы күні болса мына қылықтары үшін бұл екеуін де қамшының астына алып сазайын тарттырар еді. Қартайып, шөгіп, буыны қалтырап, тізесі дірілдеген осы бір мүсəпір уағында жалғыз ұл мен келіні мұны «əкем деп» күтпек түгілі жанын азапқа салғанын қайтерсің. Бұл жалғыз ұлдың тілеуін тілегенде ол осылай болсын деп тəңіріне жалбарынып па еді?! Егер құдай бары шын болса, бір мұны жарылқар еді ғой. Тіршілік иесіне қиянат жасамағандардың бірі осы. Тəңіріне жаңылмай-ақ құлшылық еткендердің де біреуі осы. Сондағы жарылқағаны кеудесінен жаны шықпай көкірегі сайрап, бəрін де сезіп жатқан қарттың жалғыз ұлы мен келінінен естігені жаңағы ма?! Мұндай тіршіліктің құны да көк тиын онда. Əттең, əттең мына қойнында жəутеңдеп тығылып жатқан сəбидің күні не болар екен? Ұлын бауырына басып бағар дейтін шешесінің сыйқы анау, баласын аялар дейтін əкесі арақтың уынан есін жия алмай мəңгіріп əне отыр. Сорлыай, күнің не болар екен! Əкең де, шешең де осы үйге мас болып келгенде ойнап отырған ойыншықтарыңды тастай салып, жүзіндегі шаттық əлде неден үріккен торғайдай ғайып болып, екі көзің мөлдіреп қашанға дейін қойныма жасырынармын дейсің, ботам! Əттең, дүние-ай… Қарттың зерек көңілінде сайрап жатқан осы бір ойлар селі кəрі жүректі қысқан кезде ол алқынып, демігіп қалады. Санасы бүтін шағында анау отырған жан дегенде жалғыз ұлына ақтық айтарын айтуға сан бекінгенімен тілеуің құрғыр ол «əке, жайың қалай, науқасың жаныңа батып жүр ме» деп бала болып жанына бір жоламағанын қайтерсің. Өз қызығы өзінде, сайраны арағында болып қана жүрген ұлының көз алдында өзін жатсына, жатырқай да бастағанын кəрі жүрегі сезіп, көңілін қауіп те билеп алатын еді. Мұның маңдайына жазған келіні Бақытжамал да соңғы уақытта ішімдікке əуес болып алды. Сауыншы болған соң уақытының көп бөлігін түзде өткізетін ол да əлде бір желіккендерге ілесіп, ақыры ар-ұяттан безінуге айналды. Ақыры міне, қартқа тілін тигізуден де тиылар емес. Балаң кəпір болса да келінің кəпір болмасын дегенді бір ойшыл тауып айтқан ғой шіркін!
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев – Ата, ата, ата-а-а-а!.. Қарт жүрегі сəбидің шырылдаған үнінен дір етті. Өзін жұлқылап екі көзінен жас парлап тұрған немересінің бейнесі болды көзін сəл ашқанда бар көргені. – Құлыным, құлыным сол! Еріндері күбірлеп қана əзер сөйлеген қарт кемсеңдеп жатыр еді. Оң қолын əзер көтеріп көкірегіне басын салып солқылдап тұрған немересінің маңдайынан сыйпады. – Құлыным, құлыным… – Ата, шай əкеп берейін бе, шай ішесің бе, ата?! Сəби жүрек атасының маңдайынан сыйпағанына шаттанып жүре берген-ді. Манағы бар қауіпті ұмытқан ол орнынан ұшып тұрды да қазандық үстіндегі шəйнекке су құйып баудай шұбалған сымын тоққа қосты. Ас үйдегі бықып жатқан стол үстіндегі қатқан нан қалдықтары мен туралған жуаларды əрі ысырды да басталмаған бір таба наннан бір үзім кесіп алып, үстіне жұқалап май жағып, аздап шекер сеуіп атасының жанына жүгіріп келді. Қазір атасы да, өзі де мына май жағылған нанды армансыз жейтін болады. Сол нанды жеп рахаттана жайланған атасы бұған қызық-қызық əңгімелер айтады. – Баяғыда, əжең марқұм, онда тірі болатын. Сен туған жылдың күзі жарықтық берекелі болды. Ойпырмо-ой сондағы астықтың шығысы-ай, ел болып ие бола алмай қалдық қой. Мен де қарап отырмайын деп қырман күзетіне бардым. Бір күні түнде қырманды айналып жүріп келе жатсам анадайдан бір нəрсе қараңдайды. Қолыма ешбір қару алған жоқ едім, тіксініп қалдым. Қорбаң-қорбаң етіп өзіме қарай таяп келеді əлгі. Кімсің-ей десем де ол не үн қатар, не тоқтар емес. Енді қасқыр болсаң да көріп алайын деп қасқайып тұра бердім. Сөйтсем əлгі сенің əкең болып шықты. Ой сені түнде сайтан жетелеп əкелді ме десем: «Бақытжамал босанды. Апам шалды да қуантып кел деген соң келіп едім» деп міңгірлеп тұр. Сөйтсем сен келіпсің мына жарық дүниеге. – Ата, ата, мас емес пе екен сол жолы?! – Жоға, Аманбай ол кезде ойын-тойда ғана ішуші еді ғой. – Баяғыда, əжең марқұм онда тірі болатын… Əрдайым осылай деп басталар қарт əңгімесі оның өзін де, жас сəбиді де қиял бесігіне салып тербейтін еді. Бейкүнə қарт пен сəби екеуара шүйіркелесіп ұзақты күнді бірге өткізетін. Əлі қарт үй шаруасын келінбаласына қаратпай-ақ өзі тындырып қоятын. Соңынан бір елі қалмайтын Нұрбегіне де түрлі шаруаның аужайын айтып, түсіндірумен болатын. Əйтеуір көзі қаныға берсін дейтін бұл. Тіршіліктің бұл ұрпағына да қандай керуен тартқызарын кім біліпті. Əйтеуір ұшар қанаты беки берсін деген ізгі ой қарт көкірегінің түкпірінде жататын. – Ата, мə нан жеші! Қарның ашты ғой, нан жеші, нан жеші! Бала үніндегі бұрынғы еркелік мүлдем жоғалғандай еді осы сəтте. Қарт та іріңдеген көзін аша алмай отыр. Сақал-мұрты қаулап өсіп, жағы суалуға айналған атасының мына күйі сəби жүрегін шошындырғандай еді. Үстіндегі көнетоз шапанын əлсіз қолдарымен немересінің жұлмалап жатқанын да, жүрегін үрей билеп алғанын да қарт көңілі сезіп жатыр. Көзін ашып немересі ұсынып тұрған нанды жер де еді, басын көтеруге əлі келмей жатқаны ғой. Əйтпесе ата, ата деп
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев аталаған немересініңқұлын дауысы шұрқыраған сəтте кеудесіндегі жүрегі тіршіліктен сыбыс беріп тұрса, бұл көрде жатса да орнынан бір аунап түспес пе еді, шіркін. Əлінің біткені де бұл. Мұны қалжыратқан да қайран шіркін анау жалғыз ұл мен келінінің қылықтары ғой. Апыр-ай тым болмаса біреуі сау жүріп, мынау үйге, мынау балаға қарасайшы. Оған да тəубе қылар едің. Ал екеуінің бірдей мастықтан сең соққан балықтай сандалып жүргенін көріп, мына ел бетіне қарай алмай бұл бұған дейін де күніне мың өліп, мың тірілген шығар. Баласы арақ ішсе, анасы у ішеді деген ып-ырас екен. Байғұс кемпірінің əлсіз жүрегі жалғыз ұлының, одан қалды үмітім деп басына ақ жаулық салып, ақ босағасына түсірген келінінің бұл масқаралықтарын көтере алмай мезгілсіз үзіліп кетті. Жан-жағынан осы бір ойлар анталағанда Əлі қарттың көз алдына кемпірі Ақықтың бейнесі келіп тұра қалатын. – Əй, байғұсым-ай, мен өлген соң күнің не болар екен, – деп төсек тартып жатқан Ақық пештің күлін алып, от тұтата алмай əуреге түсіп отыратын шалына аянышпен қараушы еді. Қайран əйел жүрегі өзінің өмірлік серігінің жетімсіреп, қазіргідей кіріптар күйге душар боларын сезінген ғой шамасы. Не де болса əйтеуір асыл ана қарт басына осы бір қараң күннің туарын жəне оны тудыратын тоғыз ай, тоғыз күн көтеріп, ақ сүтін берген өзінің жалғыз ұлы екендігін сезетін де, жүрегі қысылып, талықси беретін. Ол да осы бір ойдан тұншығып, мəңгілік дүниеге кете барды. Осы бір шаңырақтың, мына дəрменсіз қарт пен жас сəби екеуінің де қызығын да, қуанышын да өзімен бірге ала кеткендей болды жарықтық. Əлден уақытта қарт санасы қалпына келіп, немересінің «нан жеші, нан жеші» деген үнін айқын ести алды. Басын көтеруге ыңғайлана беріп еді, немересі əлсіз қолдарымен сүйеп отырғызды да, жастығын түзеп, биіктетіп берді. Көзін ашып, немересіне қарап, күлімсірегісі келді. Алайда жанындағы сəбиіне жүрек мейірімін төгіп, күлімсірей алды ма, жоқ па, оны өзі де сезе алмады. Немересі ұсынған нанды қалтыраған қолына алып, басын сəл еңкейтіп, алақанындағы нанға ернін тигізді. Кеберсіген еріндері діріл қаққаны болмаса, жағын ашып, тісіне қатқан нанды баса алмай, қолы сылқ етіп, қайтадан көзін жұмып алды. – Ата, ата, наныңды жеші енді! – Қазір, құлыным, қазір, – деген қарттың əлсіз үні сəбидің көңіліне шаттық сəулесін шашқандай болды. – Ана терезенің пердесін ашсайшы, үйге жарық түссін! – Қазір ата, қазір ата, – деп сəби жүгіре жөнелді. Сəби қолдары перделерді сырғаны сол еді, күн көзінің шуағы үй ішіне төгіліп сала берді. Жарық əлемнің ақ сəулесіне қараған қарттың жүзінен əлде бір жылылықтың лебі ескендей еді. Сол сəтте ол жанына келген немересінің маңдайынан сипап, кекілінен иіскеді де əңгімесін бастады. – Баяғыда, əжең марқұм онда тірі болатын. Ол кезде колхоз өнім сеуіп бітісімен сабантой жасайтын еді. Ойпырмо-ой, небір қызықтар болушы еді-ау. Бəрінен бұрын ат жарысты айтсайшы. Əлгі Аманбай да атқа шабатын. Əй, өзі бар ғой сенің əкең атқа жақсы шабушы еді, ылғиына ол мінген Топайкөк бəйгенің алдынан келетін. Қарт осы бір əңгімені айтқан сайын жалғыз ұлына деген көңіл мұзы жібігендей болатын. Сол
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев сəтте қасындағы үнсіз тыңдап отырған сəби жүрегі де қуаныштан шаттанып, лүп-лүп соғатын. Қанша айтқанмен ылғиына бəйгеден озып келіп жүрген мұның əкесі ғой! Мынау қаңырап тұрған үйдің бір бұрышында отырған дəрменсіз қарт пен əлжуаз сəби тағы да өткен күндердің қиял кемесіне мініп алып, ой əлемімен шарықтайтындары бар. – Ол, əлгі сенің əкеңді айтам да, өзі жаман болмаушы еді. Жаман емес, ол тек əлгі аздап арақ ішкені болмаса, сенің əкең жаман емес. Арағын қояды ғой, сен оны жек көруші болма, ол сенің əкең ғой! Соны ұмытпа, құлыным! Ол қазір ақымақ болып жүргенімен, ақылы кірген соң арағын қояды ғой, қояды. Мен… мен одан үмітімді үзбеймін. Сен… сен бар ғой құлыным, əкеңді сыйлайтын бол… Жарай ма, құлыным?! – Жа-рай-ды, а-та! Осыны əрең айтқан сəбидің екі көзі мөлтілдеп жасқа тұнып тұр еді. – Жарайды, жарайды ата! – Өй, сен жылап отырмысың! Тек, құлыным, жасық болма олай! Аманбай бар ғой, əлгі сенің əкеңді айтамын да, арағын қояды, қояды, құлыным! Мен саған тағы да бір қызық əңгіме айтып берейін бе? Тыңдашы, құлыным! – Баяғыда, əжең марқұм онда тірі болатын… Бұл Əлі қарттың немересіне айтып берген ақырғы əңгімесі еді. У ДҮНИЕ Астының суы қысы-жазы бір құрғап көрмеген жатақхананың төменгі қабатындағы сыз бөлменің қолқаны атар борсыған исінен тынысы тарылып, түн баласы кірпік қаға алмайтын күйге жеткелі ауылды көп ойлайтын болды. Қайың шоқтарының қойнауына бауырлай орналасқан Өрнек ауылының осы бір қысқы кешінің тынысы мен тіршілігі қазір де көз алдында тұр. Əр үйдің мұржасынан будақтап жатар түтінінің аспан əлеміне салған ақ жолақ іздерінің өзі-ақ сүйкімді болатұғын. Шіркін, тап қазір сол бір мөп-мөлдір, тұп-тұнық ауасынан бір жұтып, тынысымды кеңейтіп алар ма едім?! Жанын мазалаған осы бір ойлармен Сəду түн баласы алысып шықты. Бəрінен бұрын, əр үйдің «қысқы азық» деп сойылатын бір-бір жылқысының табақ-табақ етін жеп, күн сайын түннің бір уағына дейін мəре-сəре қонақшылап жүретін сəттері есіне түсіп еді, мұнан əрі жата алмай, терезе алдына келді. Бөлме шамын жақпастан қала көшесіне қарап еді, ерсілі-қарсылы
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев ағылған небір машиналарды көрді. Біреу… екеу… ойпырмай, тіпті санап та болмайды екен ғой өздерін. Жəне де заты қандайлығын танып болмайтын шет жердің көліктері қандай көп еді. Бұрын ғой «Волга», «Жигули», «Москвич» сияқтыларды бір-бірінен оңай ажырата беретін. Ə, айтпақшы «Запорожец» дейтін де машина болған екен-ау елімізде… Осы бір «Запорожец» деген машинаның ойына оралуы мұң екен, Сəдудің жүрегі атша тулап, жүзі жылып сала берді. Сол Өрнекте тұрып жатқан күндердің бір күнінде «районодан» телефон шалып: «сендердің мектептеріңе бір «Запорожец» бөліп отырмыз. Алғысы келетіндер болса тезірек хабар жеткізіңдер», – деген. Бұл құрғырды ала қоюға өзге мұғалімдердің ақшалары болмады ма, əлде «Запорожец» дегенді менсінбеді ме, мектеп директорынан бастап: «сен жассың ғой, көлік керек, əрі біздей емес ақшаң да бар емес пе», – деп, сол «Запорожецті» осы мектептен ешкім алмай қойса «районодан» сөгіс еститіндей Сəдуді «ал, алдың» астына алды. Ақшасы бары рас еді. Кассаға салып тастаған бес мың сомы жатыр. «Запорожецтің» құнына да жетіп тұр. Көңілі жығылуға айналды. Су жаңа «Запорожецтің» алдына Гүлнəрін, артқы орындықтарына Гүлжаны мен Гүлзарын отырғызып алып, қара жолмен жүйткіп келе жатқандай сезінді өзін. Қиялданып, сол қиялы өзіне қанат бітіріп, құстай ұшқан көңілімен ауыл ортасындағы дүкенге сатушы болып жүрген əйелі Гүлнəрға жетті. Гүлнəр күліп жіберді. – Мəссаған, «Запорожец» алып елге күлкі болайын деп пе едің?! Жұрт мұны тегін алып жатқан жоқ па? Əлгі Айдардың бір аяғы жоқ əкесіне былтыр ғана тегін берген «Запорожецін» қазір бүкіл ел болып итеріп қақалдырыпшашалдырып əсер «завайттап» жүргенін көзің көрмей ме сенің?! Алып ұшқан көңілі су сепкендей басылды. Расау, Гүлнəрдің осы айтқанын өзі не қылып ойламаған?! Қанша айтқанмен əйел заты дүние дегеннің қадірі мен қасиетін еркектерге қарағанда тəуірлеу бағалай біледі-ау, осы! «Енді бір екі-үш мың сом жинап, бірден «Жигули» алмаймыз ба», – деген Гүлнəрінің де сөзінің жаны бар екен… Бірінен кейін бірі сабақталып, жүрегіндегі сағыныш пен мұң атулы сезімдерінің нəзік пернесін қағып тұрған дəл осы тəтті де күйлі бір əуенді сəттің арқауын дүрсдүрс еткізіп, есік қағып: «сосед, у тебя бутылка водки не найдется» деген əлдебіреудің масаң даусы үзіп жібергендей болды. Бұл жалған дүние кімді мұратына жеткізген дейсің?! Опасыз дүниенің уын ішпеген пақыр бар ма екен жер бетінде?! Сəдудің жүрегі қан жылады. Түлкідей бұлаңдаған қу өмір бұған да құйрығын ұстатпай кетті ақыры. Ойға алған «Жигулиін» əне-міне аламыз деп жүргенінде ақша дегенің ауысып, бұлардың жинап қойған бес мың сомы он теңге болып шыға келген-ді. Гүлнəрінің сол жолғы ботадай боздап жылағанын көріп, дəті шыдамай далаға шықты. Жапалақтап қар жауып тұр. Бірде отқа салып шыжғырар, бірде мұзға орап арқаңды қаритын адам тіршілігінің жəйімен ешбір шаруасы жоқтай қою қараңғы түннің құшағына кіріп алып, алаңсыз маужырап, мүлгіп тұрған мына байтақ əлемді сол жолы өзінің жан айқайымен оятпағандығына өкінді. Өкінеді… Өкініш дегенің көп қой мұнда!..
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Өз ғұмырының бар өкініштерін жиып алып жаратқан иесінің алдында мұңын шағып, арызданар болса, бұл ең əуелі өзінің жетімдігін… ана мейірімін көрмей, əке пейілін танымай жалқы өскен жалғыздығын айтып шағынар еді. Бірақ, қазіргі айтары да, қазіргі мұңы да, өкініші де бұл емес оның… Өзінің институттан кейінгі мұғалімдік қызметін бастаған, үйленген, балалы болған аяулы мекені – ауылын тастап, осы бір қалаға көшіп келгендігінің өкініші еді дəл қазір өзегін өртеп тұрғаны! Өкінгенмен бола ма?! Осы бір аз ғана уақыттың арасында өкініп те, өкіріп те көріп еді, қалпына келе қалған дүние жоқ əзір! Сол өкініш дегенің ойланған сайын қайғы дегеннің қара қазандығына май құя түскендей болады да, сол жанған от жүйке дегеніңді тасқа салып үйкегендей қажап, аяусыз-ақ жұқартып тастайды екен. Сəду осы бір өкініш отына күн сайын өртеніп, жанып бара жатқандығын сезеді. – Əттеген-ай, – деп күрсінді Сəду, – сол жолы солардың тілін неге ғана ала қойдым екен?! – Ауылда тұрып, əбден қайыршы болуға айналғансыңдар ғой өзі! Ақшаларың болмай нанды да бөтелке тапсырып алып жүргендерің ұят екен! Масқараай!.. Үлкен қалада тұратын Гүлнəрдің Нұргүл деген «коммерсант» апасы бұлар тұратын ауылға келіп кезекті бір саудасын жасарда Сəду мен Гүлнəрдің расында да, нан аларлық жағдайлары болмай отырған жүдеу бір сəтінің үстінен түсіп, «масқараны» қайыра-қайыра қайталап, бетін жыртқан-ды. Өзін қайын бикесінің алдында кінəлі сезінген Сəду: – Енді қайтейік, мұғалімдердің ақшаларын бермегелі үш-төрт ай болып қалды. Директорымыз ауданға күнде барып жүр, бүгін де кеткен. Ақшамызды бүгін əкеп қалар, тосып отырмыз, – деп жаси сөйледі. – Əй, сонда, сол үш-төрт айыңа алатын жалақың қанша, – деді мыналардың «қайыршылығына» əбден назаланып алған «коммерсант» қайын бикесі. – Енді төрт айымдікі сегіз мыңнан асады да! – Масқара, төрт айға сегіз мың дейді! Əй, мен қазір мына бір күртені сатып қана сегіз мың аламын! Ал мынаны… ал мынаны сатсам… – үлкендігі кішігірім қара əбдіреден кем түспейтін дəу сөмкедегі не бір көздің жауын аларлық қызылды-жасылды дүниелерді Сəдуге қарай лақтырсын-ай келіп. – Жарымаған қайыршы! Байсыз қалатындай осы бір сүмелекке «ойбай, ол – əнші, ойбай, ол – домбырашы» деп болмай тиіп едің! Ал, айтқан əніне, тартқан домбырасына нан бере қоятын жер болса жібере қой байыңды, қане! Нұргүл əбден долырып алған. Сіңлісі Гүлнəрдің де көңіліне қарамастан, оның да жанына ащы тілін аямайақ сұғып жатыр. Сол жолы Сəдудің «коммерсант» қайын бикесі бұларға «үйлеріңді, малдарыңды сатыңдар да, қалаға көшіңдер», – деп нақтылы нұсқап, ақыл беріп кетті. – Өлмейсіңдер, – деді ол нығарлап. – Қазір ауылдағылардың бəрі де қалаға көшіп келіп жатыр, сауда жасап үй сатып алып, машина мініп байып алды əбден. Мына менің өзім де пəтерді, машинаны да бір жылдың ішінде-ақ алған жоқпын ба, – дегенде Нұргүлдің көздерінен от ұшқындап, ішкі жан дүниесін қазіргі байлығы мен қазіргі дүниесі ғана жылытқандай еді. Шағын ауылдың дүкені болса да, əйтеуір, сауда
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев жасауға бойы үйренген Гүлнəр қала базарының дүрмегіне де тез үйреніп еді. Обалы нешік, ауылдан көшіп келгеннен кейін бұлардың қала тіршілігіне үйренгендерінше Нұргүл жəрдемдесіп-ақ тұрды. Базарға жақын бір маңнан ескі бір ағаш үйді жалдап əперіп, тиесілі пəтер ақысын да өзі төлеп жүрді. Шын аты Насыр, өзі Насик деп атап кеткен аузы-басын жүн басқан өзбектен жəшік-жəшік алма, алмұрт дейсің бе, жемістің не бір түрлерін əкеп беріп, оларын Гүлнəрға сатқызып тұрды. Көп ұзамай, мына өзбегіңнің алмасы мен алмұрты Гүлнəрдің талайдан брі қажеті болмай бос қалған əмиянын теңгеге толтыра да бастады… Бірақ осы бір тіршілікке Сəду көндіге алмай жүрді. Жұрт базарға шықпастан бұрын қос доңғалақты темір арбаға тиелген жəшіктерді Гүлнəрдің сауда жасайтын алаңына жеткізіп береді де, пəтеріне қарай зыта жөнеледі. Осыдан кейін киініп, қыздарын ертіп, мектептегі сабағына шығады. «Базарға жəшік сүйретіп жүргенімді біреу-міреу көріп қалған жоқ па екен» деген ойдан қала мектебінің шуы да, айқайы да мол дүрмегіне еніп кеткенше арыла алмайтын-ды. Бұлардың сауда жасап, ақша жинап тез арада пəтер аламыз деген үміттерінің ауылы күн сайын алыстай беретін болды. Гүлнəрдің ертелі-кеш жасаған базардағы саудасынан түскен азын-аулақ тиын-тебенге «сатылады деп» құлақтандырылған пəтер атаулыны көруге барса болды, баға жағына келгенде маңдайларына тас тигендей, есеңгіреп қалып жүрді. «Қымбатырақ қой» десең, «алмасаң өзің біл, бұл – менің жекешелендірілген пəтерім», – деп тап бір əкесі салып беріп кеткендей бұлданарын қайтерсің. Бəрінен бұрын, теңгені атасаң болды-ақ, мойнына əлдебіреу мұз салып жібергендей ыршып түсіп: «сенің теңгең керек еді, долларға, болмаса маркаға ғана сатамыз», – деп бəлсінетіндері өтіп бара жатыр. Дүние дегеніңнің бағасы айлап емес, күн сайын қымбаттап бара жатқан мына заманда бұлардың тек Гүлнəрдің саудасымен ғана көгермейтініне көзі жеткен Сəдудің «коммерсант» қайын бикесі бұл жолғы билікті тағы да өзі айтты. – Иə, педагог, қаланың мектебінен тауып жүрген табысың қалай? Сол билікті Сəдуді тергеуден бастаған Нұргүл мұның: «ставкам бір жарым мың, класс жетекшілігіне қосылатын тағы да жүз теңгесі бар», – деген сөзінің аузынан шығуы мұң екен, есінен танып қала жаздады. – Əй, жарымаған қайыршы, сен соны ақша тауып жүрмін, өзіңді еркекпін деп жүрмісің?! Қайын бикесінің мына сөзі Сəдудің жүрегіне оқша қадалды. Қаны басына тепті. Тас түйілген жұдырығы көтеріле берді. Өзінің жаңа оқу жылы басталғалы əлі күнге дейін тиесілі жалақысын ала алмай отырғандығы есіне түсті. пəтер ақыны да осы қайын бикесі төлеп тұрмаса, мына қыс ішінде улап-шулап өздерінің далада қаңғырып қалатындығы жайлы ойлағанда, қолы сылқ етіп түсіп кетті. Ызадан булығып тұр. Қорланған ар-намысы шыдатар емес. Сол жылы қайсар көңілінің мұқалғаныай! Шіркін, жеткізбеген боқ дүние-ай, ердің көңілін борша езетін сенің де сұрқиялылығың жетеді екен-ау?! Сəдудің кекке толған жанарынан жасқанды ма, «коммерсант» қайын бике үйден жылыстап шығып бара жатып: «мұғалімдігін тастап, Сəду де сауда жасауға шықсын», – деген өз кесімін айтып кетті.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Манадан бері күйкі тіршіліктің ұшы-қиыры жоқ осынау ауыр да азапты ойлары қамалап тұрған Сəдудің өгейлік жасап, өзін өзектен тепкен қаланың мына қатқыл қабақты түнгі сұрқынан басы айналып кетті. Терезенің сынық көзінен суық жел саулап көк мұз қатқан жақтауынан теңселіп барып ұстай алды. Осы бір қапалы көңілімен Сəду темір кереуеттегі сұпсуық төсегіне жетіп, етпетінен құлады да, кішкене ғана көк жастықты кеудесіне басып азапқа толы өз жанының ащы жастарын төкті-ай келіп. Сол бір жылап түсіп, жылап түсіп жатқан əр тамшы көз жасы мына өмірдің опасыздығына, қайырымсыздығы мен қаталдығына деген адал да пəк жанының наразылығы еді. Билігі бардың бишісі, долларлының досы, теңгелінің теңі, ақшалының ағайыны болып өмір сүре бастаған адамдар-ай, бір-біріміздің көз жасымыздан қорқуды білмей бара жатқан мына заман, мына дүние не болып барады өзі?! Сəдудің бұл жан айқайына үн қатқан ешкім де болған жоқ. Жан азабы қинап жатқан осы бір таңғы бір сəтте жанжарым деп құшқан Гүлнəрінің де «коммерсант» апасын қолдап: «сауда жасап мол ақша таппасаң, сендей байдың қажеті шамалы маған, үйден кет! Ақша болса еркек атаулы дегенің қаладан табылатын көрінеді», – деген даусы ғана құлақ түбінен тағы бір жаңғырып тұрып алды. «Алтын көрсе – періште де жолдан таятын» көрінеді дейді ғой, Гүлнəрға не жазық бар?! Өзгелермен теңгең болса ғана теңелеріңді сауда жасап жүрген əйелдің залым көңілі аз уақытта-ақ ұғына қалса керек-ті. Саудагер Насыр келе қалса болды, екі беті бал-бұл жанып, көздері жайнап құлпырып шыға келетін Гүлнəр соңғы уақытта мұны байым бар-ау деп қымсынуды да қойып, ертелі-кеш демей өзбек «аканың» машинасына мініп кете беретінді де шығарды. Гүлнəр мен оның «коммерсант» апасы сауда жасауға көне қоймаған Сəдудің ар-намысына тиерлік осындай бір сорақылықтар жасап, қорлап-ақ бақты. Жалғанда ер азаматтың ақша үшін өз əйеліне тəуелді болуынан артық мазақ пен азап жоқ екен. Əлдебірде қала шетіндегі мектебіне автобуспен жетіп қалу үшін жолақысына төлейтін ақша сұрап еді: – Е, жұмыс істеп жүрген жоқсың ба, ал да жұмса, – деп Гүлнəрі мұның мысын осылай да бір басқан-ды. Өз ошағын, бота көздері жəудіреген қос балапанын қимағандықтан-ақ шыдады бəріне. Бұлардың мазағы мен азабына əлі төзе берер ме еді, Гүлнəрінің өзбек саудагерінің көзінше «кет дегенде, ит те кетеді деуші еді, осы сен маған жабысып қалып па едің», – деп мұның бір киерлік киімдерін есікке қарай лақтырғаны өтіп кетті. Дүние-пұлмен ниеті бұзылған əйелмен өмір сүрудің қадірі мен қасиеті қалмағанын ұққан ол, егіле жүріп, жатақханаға кеткен-ді. Шіркін, ауылды айтсайшы! Аппақ қарын сықырлата басып, дем үзілдірер таңғы бір аязбен мектебіңе ақырын аяңдап барғаннан артық рахат өмір жоқ екен-ау өзі деп ойлады Сəду. Осы ойы жүрегіндегі ауыр мұңның мұзын сəл де болса жібітіп сала берді. Бір ашылып, бір жабылып жатқан жатақхана есігінің сартылынан-ақ таңның атқанын, өзінің базар түбіндегі ағаш үйіне барып, киініп алып, өзін тосып отырған қос балапаны Гүлжаны мен Гүлзарын ертіп мектебіне
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев баратын уақыты болғандығын ұққан ол мең-зең күйінде орнынан тұрды. Мазасыз басталар қаланың тағы бір тіршілік таңы қапалы көңілін жұбата алмады… АЛДАМШЫ ӨМІР Бір күн… шіркін-ай, тым болмаса бір күнге сауығып, екі аяғымды тік басып жүріп кетер ме едім?! Сырқаты əбден меңдеп, жаны да, тəні де қиналып жатқан Жылқайдардың осы бір ойдан мазасы кетіпақ болды. Өз ауруының сырын біле тұра, тəңірінен бір күнге айықтыруды несіне тілеп жатыр? Сол тəңірі тілеуін бере қалса, сол бір күннің ішінде бұл не бітіріп, не қоймақшы?! Қу тіршіліктің соңынан еріп, өз ғұмырының қалай өтіп кеткенін де байқамапты. Өмір бойы аңсап, сол үшін жанын жеп, беттің арын белге түйіп алып, өзінен дəрежесі үлкендердің алдында иіле жүріп, түбінде маған осы кедергі жасар-ау дегендердің обал-сауабына қарамай, қабырғасын қақыратып, жолынан сырып тастай отырып, биік бір мансапқа қолы енді-енді жеткені сол еді, тəңірі бір-ақ күнде аурухана төсегіне алып ұрды. Сайраны мол дəуренді күндерінің бар қызығы тап қазір сырқат жанын тыныштандыра алар емес. Бірдей бір мекемені басқара жүріп, алшаңдай басып, кең көсіле сөйлеп, өз қарауындағыларды ашса алақанында, жұмса
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев жұдырығында ұстап-ақ бақты. Обалы нешік, бұл не айтса да: «Жықа, сіздікі дұрыс», – деуден басқа сөз айтуды білмеген өз қарауындағыларға бұл өлер шағында не айтсын енді?! Жықа, Жықалап өткен сол мұңдардың бірде-бірі көңілін сұрап келіп кетуге жарамады-ау! Тəйірі-ай, бəрі де өз тіршілігіңде екен ғой! Аяғыңнан жүріп, қолыңда билігің болса, бəрі де маңайыңа үйіріліп, түшкіріп қалсаң да бірге түшкіріп, жарамсақтанған соларды да бұл азаматтар деп жүрді-ау! Бетіне келмей, өзіне қарсы сөз айтпағандардың бəрін досы санап келгендігі үшін өзін-өзі тұңғыш рет кінəлап жатыр тап қазір. Бірінің үстінен бірі өсек айтып, кімнің қалай сөйлеп отырғандығын өзіне жеткізіп отырған сол кездегі адал достарынан да жиіркенгендей еді. Жылқыайдар ауыр күрсінді. Қарлыққан дауысы жарықшақтанып, ышқына шықты білем, бас жағында отырған əйелі Раушан селк ете түсті. – Не болды? Шыдай тұршы, дəрігер шақырайын ба? – деп телефон құлағын қолына ала беріп еді, Жылқыайдар: – Жоқ, əуре болмашы, қажет емес, – дегенді үзіп-үзіп, əрең айтты. – Маған…ма-ған Тəкеңді шақыртып беріңдерші! Жылқыайдардың мына сөзін естіген Раушан үндей алмай қалды. Өзі əрең сөйлеп, жаны азапталып жатқанда Тəкеңді қайтпекші екен?! – Жықа-ау, – деді Раушан өзінің бұрынғы назды үніне басып, – Тəкеңді қайтпекшісің, онымен сөйлесуге əлің де келмес бүгін. Əбден сауыққан соң барып сөйлеспеймісің онымен! Əйелінің бұл айтқандары санасына еміс-еміс кіріп жатқан Жылқыайдар жұмулы көзін ашты да, күшін жинап, Тəкеңді қайтсе де бүгін шақыртып беру керектігін айтты. – Ертең кеш болуы мүмкін. Сол Тəкеннен кешірім сұрау үшін тəңірімнен бір күнге сауықтыра тұруды тілеп жатырмын, – дегенді Жылқыайдар бас жағында жыламсырап отырған əйеліне жаны қинала əзер айтып шықты. Ет жүрегін езіп, кеудесін қысқан өксігін сыртқа шығара алмай булыққан Раушан келесі бөлмеге өтіп, анықтамалықтан Тəкен жұмыс істейтін мекеменің телефон нөмірін тауып алды. Ойын жинақтап, қоңырау шалып көріп еді, бір ер адам күрілдеуік дауыспен: – Тəкен жоқ, ол тапсырмамен жол жүріп кеткен, – деп сөзді бір-ақ үзді. Қолындағы телефон құлағын өз орнына қоярқоймасын білмей аңырайып тұрып қалған Раушан қарсы алдындағы үлкен терезе əйнегінен далаға көз салды. Тіршілік сан құбылып жатыр. Есік алдындағы ақ қайыңдар бүршік жарып, балапан жапырақтар қаулап келеді. Төгілте не бір əнге салған құстар үні де айнала тіршіліктің қайғы-уайымы жоқтай əсер етерін қайтерсің?! Базары да, ажалы да көп дүние-ай, шіркін! Есін жиып, көңіл толқынысын басқан Раушан сырқат жатқан бөлмеге қайра келіп енгенде, Жылқыайдар сəлпəл тыныс алғандай болып жатыр еді. Көзі жұмулы болғанымен, көңілі, санасы ояу Жылқыайдар бас жағына келіп отырған жарынан ешнəрсе сұрамады. Тəкенге телефон шалып, іздестіріп жатқандығын көңіл түйсігімен сезгені бар-ды. Өзінің шақыртқанына Тəкеннің келер-келмесі беймəлім нəрсе. Келсе өзінің осы бір азаматқа кезінде нақақтан-нақақ қиянат жасағандығын айтар еді, ғапулық өтініп, бақылдасар еді. Ал енді, өзінің сол қиянатын əлі де ұмыта алмай, Тəкен кек сақтап мұның алдына келмей қалса да, өмірінің
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев ақтық сəтінде тəубесіне келіп, кешулік жасасып, жанын бір күпірліктен тазартқысы келетіндігі бір тəңіріне аян. Бұл да тəңірінің бір пендесі ғой! «Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ» жоқ дегендей, өз ғұмырында қателік жіберіп алмаған адам баласы жоқ-ау сірəда?! Қу тіршілік үшін алдап, арбап өмір сүруді үйренбесең өзің біреудің жемтігі болар едің. Адал, əділ боламын, турасын айтамын дегендердің талайы тайып жығылып, мансаптың тұғырына қайра шыға алмады. Ал бұл тайып жығылғысы келмеді, айналасындағы тіршілікке сақтықпен сығалай қарай жүріп, биліктің басында отырғандардың көзіне түсе білді. Ақ сазандай толықсыған ақшылт жүзіне өң беріп тұратын бурыл шашты осы бір биязы жігіт жоғарыдағы басшыға да ұнап қалып еді. Білдей бір мекемеге бастық болып тағайындалатындығын білгенде Жылқыайдар есі қалмай қуанып еді-ау. Бірақ, жүректе жатқан сол алып-ұшып тұрған қуанышын айналасына осыншама сездіргісі келмей бақты. Ондағы ойы партиялық мінездемеде жазылғанындай, өзін сыпайы, ізетті адам ретінде көрсетудің амалы еді. Обалы нешік, сыпайы, ізетті көрініп, солай-ақ болғысы келіп еді əуелде. Бірақ, мына биік мансап дегеніңнің қызуы адамның ішінде бұғып жатқан қандай қасиетің бар, соларды шыдатпайды екен, сол бұғып жатқан пəлелердің бірте-бірте оянып, ақылесіңнен тандырып жібереді екен. Оның үстіне облысты басқарушының өзі бұған жылы шырай танытып тұрса, асқақтамай көр кəне! Қарауындағылар болса болмасын бұл келген күннен бері, біреуі «Жықа», біреуі «Жылқыайдар Мырзаевич» деп асты-үстіне түскендей күй кешуде. Мансаптың құлы болып өткенмін-ау! Жылқыайдар қинала жатып осыны мойындады. Бұл ақиқатты мойындамасқа амалы да жоқ еді тап қазір. Өзін де, өзгелерді де алдап өмір сүргендігіне иланбасқа қайтерсің?! Ауруы меңдеп жатып қалып еді, мансабы, сол мансабына ғана бола бастарын шұлғып жүргендер көзінен бір-бір ұшып жатыр. Əлден уақытта көз алдына Тəкеннің бейнесі келді. Екі көзі от шашып, тайсалмай бұған тура қарап тұр. – Алла-ай! Раушан шошынып қалды. Орнынан ұшып тұрып, Жылқыайдардың жанына тақау келіп, маңдайынан шығып жатқан суық терді ақ сүлгімен сүртіп алды. – Түс көрдің бе, шошындың ғой? Тəнінің жарасынан гөрі жанының жарасы есін алып бара жатқан Жылқыайдардың санасында бір ғана Тəкен сайрап тұр еді осы қазір. – Жықа, мен тірімін, міне! Билігің барда жұмыстан да, партиядан да қуғызып жіберіп едің, өлген жоқпын! Не жазығым бар еді, айтшы кəне? – Не жазығым бар еді? Не жазығым… не… Тəкеннің үнін құлағы анық шалғандай. Жанына Тəкен келіп қалған ғой деген болуы керек. Жылқыайдар басын көтеріп, төсегінен тұруға əрекет жасады. Басын сүйей берген Раушанға: – Тəкен қайда? – деді үні үзіле. Əттең, дүние-ай! Қу тіршілік алдапсың-ау мені! Алданғаным емей немене, өзімнің төңірегіме ылғиына араққұмар, жағымпаз, жарамсақтарды топтастырып, солардың пікірімен ғана санасатындығымды, кемшілігімді
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев бетіме айтқан Тəкен-ау, сені неге ғана қас көріп кеттім екен?! Əттең, шіркін!.. Бəрі де кеш енді. Апыр-ау, балама Алматыда операция жасайын деп жатыр, соған баруым керек дегенде неге ғана сені жұмыстан босатпадым екен, Тəкен?! Осындай бір сұраулары көп күйкі тіршіліктің қай сауалына жауап берерсің?!. Жауап та берер-ау, бірақ оның ендігі арада кімге қажеті бар? Бірақ ақиқатты мойындап барып та өмірден өту керек шығар. Олай болса мойындайын, Тəкен мойындайын, мен саған қиянат жасадым, жазықсыз болсаң да қаралап, тереңге батырып жібердім. Мойындаймын, мойындаймын… Тынысы ауырлап жатқан Жылқыайдарға жедел жəрдемнің дəрігерлері ине салып, түрлі ем жасаған болып жатыр. Бұрын дəрігерлер келгенде желпініп, қуанып қалатын ол бұл жолы көзін де ашқан жоқ. Мосқалдау біреуі сырқаттың тамырын ұстап, біраз уақыт отырып алды. Тамыры соғып жатыр. Баяу, бірақ баяу да болса соғып, ет-жүрегіне қан жеткізіп беріп тұр əзірге. Осынау тамыры, осынау жүрегі соғып тұрған сəтте мансапқа арбалып алдамшы ғана өмір сүргендігін мойындай білді. Өз ғұмырында өз қателігін мойындап көрмеген жан үшін мұның қаншалықты азапты екендігі бір өзіне ғана мəлім. Қайдан оңай болсын, сол қателіктерін мойнына салып, көзіне көрсетіп беремін деп жағаласқан талайлардың біреуі Тəкеннің өзін майлы табаға салғандай шыжғырып, шырылдатып қоя берген жоқ па еді?! Əй, Тəкен-ай, өзіңде де бар-ау енді! «Өлер бала молаға қарай жүгіреді», – демекші Жылқыайдар Мырзаевичтің кемшілігін, қателігін айтып обкомға несіне ғана арыз жазып едің?! Отқа май құйғандай болған сол оқиғадан кейін саған не істеуім керек еді, Тəкен-ау?! Жанын жегідей жеп жатқан толассыз сауалдар мен түпсіз ойлардың азабы Жылқыайдарға ауыр тиіп жатыр. Тап қазір тəңірі сауықтырып жіберсе, көктен іздесе де Тəкенді тауып алып, кешулік сұрар еді. Бірақ бұған тəңірі босатар ма? Тегінде жер бетінде екі аяғыңды тең басып жүргеніңде қателесе көрме! Сүрін, өз маңдайыңды тасқа соқ, жардан құла, өз омыртқаң үзілсін, бірақ өзің теңдес екі аяқты адам баласына қысастық жасама, жамандық ойлама! Бұл оның өзегін өртеген өкініші еді. Бір өкініші, бір үміті қосарлана жүрмесе мына өмірдің несі қызық? Өкінеді, əрине! Сол Тəкенмен тіл табыса қоюы керек еді. Өкініші осы, міне! – Ой, Жылқыайдар Мырзаевич, сіздей адамды жазып жүрген Тəкен сияқтылардың шілəпісін теріс айналдырып жібермейміз бе? Ол кім, сіз кім? Оның үстіне обкомдағы ана кісінің өзі бар… Жанына жақын тартып жүргендерінің бұл сөзі Жылқыайдар Мырзаевичтің пəс болып қалған көңілінің бір үмітін оятып еді. Расында да айналасындағылардың бəрі сөзін сөйлеп тұрса, бұл неден қорықсын? Жоғарыда ана кісі ол отыр… Осы бір үміт мұны қиянатқа бастап еді. Қайткен күнде де Тəкенді жұмыстан қуу керек, – деген ой билеп алды санасын. Бірақ, ол оңай жау еместігін де білмеді емес, білді. Жігіттер аман болса, бір амалын табармыз деген үмітпен ол ақиқатқа қарсы əрекет жасауға кіріскен-ді.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Иə, иə, сол бір жиналыс! Құрып қана кеткір-ай, сол жиналыс өткен күн менің ар алдында қылмыс жасаған күнім екен-ау! Жағына пышақ жанығандай жұқа өңді, шынысы қара көзəйнегін үнемі тастамай тағып жүретін обкомның жауапты қызметкері Жəлел Асайынович бұл басқарған мекеме партия ұйымының жиналысына Тəкен жазған арыздың қорытындысын мəлімдеп тұр. Қайсы бірі есте қалсын, əйтеуір Тəкен көрсеткен біраз жайдың анықталғандығы сөз болды. Обком бюросы Жылқыайдар Мырзаевичқа сөгіс берді, – дегенді ол нығарлай айтты. Тəртіп бойынша жиналысқа қатысушылар обкомның ұйғарымын ескере отырып, мұның қылығын талқылаулары керек еді. Обалдары нешік бірде-біреуі бұған бəлен деп ауыз ашқан жоқ. Сөйлегендердің біразы сол арада Тəкенге бас салсын. – Сен неге арыз жазасың? Жалақорсың, пəле қуған оңбаған адамсың! Тəкеннің өзін жұмыстан қуып жіберу керек. Бəрін де мен білемін деп үнемі көкірек керіп, өзінің айтқанына көнгісі келмегендерге жұдырығын ала жүгіретін Нұржанның осылай деуі мұң екен тобыр шу ете түссін. – Нұржан дұрыс айтып тұр! Тəкен оңбаған! Жұмыстан қуу керек. Қуу керек… Қуу керек… Осы бір сөздер құлағының түбінде жаңғырып тұрып алды. Жалын атқан ішкі қызуынан кебірсіп қалған еріндерін тілімен жалай бастап еді, шөліркегенін сезе қалған Раушан шай қасықпен аузына су тамызды. – Қуу керек! Қуу керек… Бір тамшы судан бойын жеңіл сезінгендей болды. Көзін ашып еді, үй ішіне күн сəулесі төгіліп тұр екен. Қарсы алдындағы үлкен əйнектен тылсым əлемге көз салып еді, не сиқыры бар екенін кім білсін, қарсы алдына тағы да Тəкеннің елесі келіп тұра қалды. – Не жазығым бар еді? – Не жазығым… не…не… Санасын тағы да Тəкеннің үні билей жөнелді. – Ағайындар-ау, не жазығым бар? Жылқыайдар Мырзаевичқа мен ешбір жала жапқан жоқпын. Жазған мəселелерімнің бəрі де анықталды ғой, солай емес пе, Жəлел Асайынович, – деп Тəкен осы арада обком қызметкерін пана тұта сөйлеп еді, онысы төмен қараған күйінде үндемей отырып қалды. – Нұржанның мені атарға оғы болмай жүргендігінің себебін бəріңіз де білесіздер, – деп шырылдап тұр Тəкен. Өйткені оның бірнеше рет мас күйінде айықтырғышқа түскендігі жөніндегі анықтаманы осы сіздерге мен өз басым талай əкеліп бергенмін де. Бірақ, партия ұйымы, одан қалды сіздер бұдан ешбір қорытынды жасамап едіңіздер. Енді міне, сол Нұржан маған үкім айтып тұр! Қуу керек… қуу керек. – Не жазығым бар еді, не жазығым не… не… Күш-қуаты əлсірей бастаған осы сəтте екі құлағының түбінен жарыса естіліп, жаңғыра қалған осы екі ауыз сөз Жылқыайдардың тынысын тарылтқандай болды. Шіркін-ай, адалын айтып, екеуін табыстырып жіберетін бір азаматтың болмағаны-ай сол сəтте! Тəкенді бұған, мұны Тəкенге шағыстырып, бірімен бірін шабыстырып қойған сол, сонау бір күндерден ұтылған екеуі ғана болып шықты ақыры. Қалған жұрттың несі кетті? Сөзімді сөйлеп, дұшпанымды табаныма басып
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев бергендердің талайларының қызметтерін жоғарылатып, жақсылықтарына бұл да жақсылық жасап еді. Сол сеніп, сүйенгендерінің біразы кейіннен тойда отырып жаман бір жел шығарып алған қыздың кебін киді. Бір күн… шіркін-ай, тым болмаса бір күнге сауығып, екі аяғымды тік басып жүріп кетер ме едім?! Жылқыайдардың санасына сыналай кіріп, əбден орнығып алған осы бір ой оның өмір деп соққан жүрегін бейуақ іңірдің қара көлеңкелі шағында талықсыта берді. АРМАНДЫ КҮЙ Құрбылар, бұл қалай деп сөге көрме, Ғашықтың тарқамаған құмары бар. Халық əні. Бұқпа тауының етегін шайып жатқан айдынды көл беті діріл қақты. Үп еткен леппен :су беті шымырлап жүре берді. Жақпар тастардың мүйісіне тұмсығын сүйеп тұрған кішкене ағаш қайықта отырған Зада мен Балнұрдың ой əлемі шар тарапта еді. Сүйріктей кірпіктері дір-дір етіи, мөлдір жанары түнгі ай сəулесіне шағылысып, ботаның көздеріндей мөлдіреген сол қос жанарға жас тұнған Заданың майда қоңыр үнін терең ойға берілген жігіттің естіп отырғандығы да беймəлім еді дəл қазір. – Күн сайын көз алдымда жүргенің-ақ жетеді маған, сол да көңіліме медеу мен үшін, сол да бақыт, жаным! Əйтеуір өзіңді көріп жүрсем де болды маған. Үйіме кетіп бара жатып саған көз қиығымды салып өткенім де жетеді. Қинама жаным, қинама мені... Лүп-лүп соққан кішкене ғана ет жүрегінін, пəк те адал сезімін қалтқысыз жеткізгісі келген Зада өзінің, ішкі ой-əлемін əлі де ақтара алмай, қиналып отыр еді осы сəтте. Мұны сүйетіндігін ол қазір ешбір пендеден жасырмақ та емес. Мейлі, мойнына қандай күнə арқаласын, Зада бұған деген өзінің адал махаббаты мен
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев ыстық сүйіспеншілігін кім-кімнің алдында өле-өлгенше мойындап өтуге бекінген əлдеқашан. Ой иіріміне батып, əлі де қимылсыз отырған осы бір жігітті алғаш көрген күннен мұның көңілінде көктемнің, шуақты лебіндей бір сезімі оянған-ды. Ешкіммен артық ауыз сөз-ге бара да қоймайтын, өзді-өзімен, томаға тұйық жүретін мұның жанарынан терең бір ойды аңғарған алғашында. Қөп күлмейтін, күле қалса жарқылдап бар ниетімен рахаттана күлетін көңілінен бір жылылықты сезген. Түрлі іс-қағаздарын алдына əкеліп, өзгелердей ентелемей, сол тапсырмаларын сұлу да сыпайы айтып, қапелімде əзілімен де көңіліңді жадырата салатын бұл осы бір қасиетімен Заданың жүрегіне мөлдір тамшы болып ақырын-ақырын жинала бастаған-ды. Бара-бара сол бір мөлдір тамшылар жүрегіне салмақ түсіріп еді едəуір. Сол жігіттің көңіліне ынтыға түсті онан əрі. Көргенше асығатын болды, бірер күн тілдесе алмай қалса жүрегін сағыныш билейтін. Əйел көңіліндегі өзіне деген іңкəр бір сезімді Балнұр да сезінген еді. Өзін көрген сəтте Заданың, қос жанарынан қуаныштың жылы шуағы төгіле жөнелетін. Сол ашық жүзіне ерекше бір сымбат беріп, үнемі мөлдіреп тұратын оның қос жанары тұла бойының сұлулығының белгісіндей əсер ететін бұған. – Өмірдің опасыздығы дегенің осы екен ғой, жан жүрегімді саған ынтықтырып қойғанын қайтерсің! Тағдыр маған сені жарым деп емін-еркін құшуға да жазбады. Осылайша жасырынып жүріп, сенің ыстық құшағыңа кірген сəттен, анау күйіп-жанып тұрған еріндеріңмен аймалаған шақтан бастап мен бəрінен де безінуге айналдым. Бəрі сенсің, сенсің, сенсің... Айта түсші, айта түсші! Заданың жүрегінің өзіне деген ыстық та ынтық үнін естіп, осылай отыра бергісі кёледі оның. Зада мұның ішкі əлеміндегі терең ойларын таратып, соны айтып отырғандай болады да тұрады ылғиына. Əр кездескен сайын «осыны айтармын-ау, осы бір сезімімді білдірермін-ау» деп сан рет ойларын жинақтаса да, сол өзінің мөлдір сезімдері Заданың көңілінен сыр болып төгіліп жатады əрдайым. Мұның да көкейіндегі сырды сезіп, соны сөйлете білетін Заданың көріп келі бар ма, жоқ əлде бір-бірін қылаусыз да таза сүйе білетін жүректердің сыры бір болатындығында ма екен?! Тегі солай шырар. Бір-біріне дəйім ынтыға соғар жүректердің айтары да, сыры да, мұңы да бір болары шындық енді, шындық еді. Осы бір ақиқатты лажы қалмап еді мойындамасқа екеуінің де. Балнұрдың дəл қазіргі ой əлемінің тереңдігі мынау көлдің тереңдігінен əлде қайда асып түсер еді. Мұның да өз өлең төсегі, өз жары, өз балалары бар. Өмір атты үлкен айдынның үстінде кездескен осы бір аққу келіншекті ендігі арада ұмытуы да, болмаса көз көріп, құлақ естімейтін жаққа кетіп қалуы да мүмкін еместігін əбден сезініп отыр. Əуелде бұған да əдеттегі əйел затының біреуі деген ниетпен қарағаны да жасырын емес. Үрке шапқан асау тайдың арынындай бір сезім болар бұл дағы деген. Жоқ, қателескен екен! Заданың жүрегіндегі өзіне деген мөлдір де кəусар сезімі мұның көңіліндегі де осы уақытқа дейін бұйығы жатқан сезімін оятып, жанбай келгеп жүрегін лаулата түсті. Заданың бүкіл болмысындағы, ет жүрегіндегі өзіне деген ағыл да тегіл сезім селін аттап өтудің мүмкін еместігін əр кездескен сайын Балнұр ұғына берді. Тіпті əйел көңіліндегі өзіне деген адал да пəк сезімді аяққа басудың өзін обалсынып еді ол. Заданың өзіне деген адал сезімі мұны өмірдің жаңа бір арнасына салғандай болды. Ең əуелі Балнұрдың жүрегі сағынышқа толды, Заданы көре алмай қалса, не болмаса тілдесе алмаса мұңға батып ойға берілетін. Сол сағыныш пен тəтті
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев мұң Балнұрды Зада тұратын көп қабатты үйдің терезе əйнегінің алдына жетелеп əкелетін еріксіз. Ас бөлменің терезе əйнегінен Заданың бейнесін көріп тағы да мұңаяды бұл. Ол, əне басқа бір үйдің отын жағып, ас қамдап жатыр. Екінші бір бөлмедегі қеруетте шалқасынан түсіп газет оқып жатқан ерінің кешкі тамағын берудің қамымен жүрген Заданың қолдары амалсыз қимылдап, тап осы сəтте жүрегі де еріксіз соғып тұрарын сезеді бұл. Жол жиегіндегі жалғыз терекке сүйеніп тұрған Балнұрын көрген сəтте ол осынау үйінен безіп, далаға, мынау аппақ əлемге жүгіре шыққысы келеді. Жанарына мұң ұялаған Заданың көздері қарауытып, алапат сезімін жарық дүниеге шығара алмай жүрегі үнсіз сыздайтын кеш бойы. – Сен келіп сүйеніп тұратын сол жалғыз теректен қорқамын, сол терекке жоламашы, сүйіктім! Соның жалғыздығынан шошимын. Естіп тұрмысың, жалғыздықтан қорқамын мен. Мені қорқыта бермеші, қорқытпашы, жаным! Зада əлде неден шошынғандай, осы бір сөздерді əлсін-əлсін қайталап, Балнұрдың құшағына кіре түсті. Еліктей елпілдеп тұрған үркек көңілі əлде неден секем алғандай. Балнұрынан тап қазір айырылып қалардай оны өз құшағынан босатқысы келмейді. Осылай отыра берсе екен екеуі мəңгілік! Мына қара тасқа ұқсап қатып қалса осылай екеуі. Жалғыздықтан шошынған жүрегі Балнұрды көріп, соның құшағына енген сəттен бастап орнығатыны бар. – Ешкімнен де, еш нəрседен де қорықпашы, – деген Балнұрдың мəп-майда үнін естіген сəтте Заданың тұла бойы жадырап салады əркез. – Сен осылай жанымда болсаң ғой ылғиына, сонда мен ешнəрседен қорықпас едім, – деген Зада үнінен терең бір мұңнық лебі еседі. Əйел жүрегінен əлде бір неден шошынғандық, əлде бір жайдан елегізіп үрку бір арылмайды əйтеуір. Бір жанып, бір сөнер үмітпен өмір сүрудің қаншалықты азапты екендігін бұдан басқа жан баласы ұға қояр ма екен сірə да?! Сол жалғыздықтан шошынған үркек жүрегі мұны Балнұрмен табыстырды. Ендігі арада өзінің жанына деген бір жылылықты, көңіліне демеу болар жанашыр-лықты осы бір жігіттен ғана күткен-ді. Сол үміті ақталғандай да еді. Бірақ... Тағдыр мұның алдына тағы бір бөгетін қарсы қойғанын қайтерсің. Сол есіне түскен сəтте налып алатыны бар оңашада. Балнұрдың өз оты, ошақ басы бар екендігін біле тұра жалғыздықтан шошынғандығынан ғана оның құшағына еріксіз жығылған жоқ па еді?! Əйтеуір көңіліне медет болары Балнұры мұны түсіне білді, кінəлаған жоқ. Мұның, жанын аялау керектігін де сезеді ол. Өмір бойы ынтыға да адал сүюді аңсап келген жүрегінің іңкəрлігін де ұғынды. Содан болар көрген сайын əйтеуір Балнұрға баладай еркелегісі келіп тұрады əрдайым. – Саған құр əйел заты деп қарасам, пəк жаныңды қадірлемегендігім болар еді. Сені тек қана сүю керек, сүйе білу керек, сүйе беру керек! Міне, былай, былай, – деп Балнұр жалт етіп өзіне қараған Заданың көздерінен де, діріл қаққан еріндерінен де, құлағының түбінен де құмарлана сүйетін келіп, сүйетін бір армансыз. Осы бір сəтте ғашық жүректердің бір-біріне деген ынтыққан сезімдерінің шарпуынан қара тас та балқып кетердей болушы еді. Дүниедегі бар қуаныш, бар бақыт тап қазір осы екеуінің ыстық-құшақтарына келіп тоғысқандай лəззатты сəтті бастарынан кешіріп отыр. Зада тағдырының өзіне осы бір сəтін қиғанына да риза. Біреудің бақытын қызғану ешқашан ойына кіріп көрген жоқ əлі. Бəрін де өзінің сараң тағдырынан көреді, сөйтеді де, əлгіндей болмай қуаныштан гүлдеп тұрған көңілі қайта солып сала береді.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев – Құшақтасаң құшағың толар сені жарым деп иемденген адамда да арман бар ма екен, шіркін! Зада ауыр күрсініп, терең ой иіріміне тағы да сүңгіп бара жатқан еді. Дүниенің жалған екенін шын ұққандай қазір. Сүйген адамын өз жарым деп емірене алмағанына да өкінеді. Ей, екі мұңлық жүректеріңді бір-бірімен кеш табыстырған жазымыштарыңа өкпе айт! Жүректерің зар илесін, егіл, өксі! Бəрі де кеш енді, кеш енді, кеш енді! Осыны ұққандай еді екеуі де! Бірақ Жібегіне қосыла алмай бұл дүниеден арманда кеткен Төлеген, Ақтоқтысын қолына қондыра алмаған Ақан сері махаббаттарының бақытын да, тəтті мұңың да бұл екеуі өз бастарынан кешіріп жүр тап қазір. Адал махаббаттың өлмейтіндігін иə болмаса жер бетінен жойылып кетпегендігін екеуі ғана сыр етіп айта алар еді. Бірақ, мынау кең əлемнің аспан асты сүйген екі жүрекке таршылық қылып тұр əзірге. Сонысы ғана өкінішті-ақ! Қалай жырлар бір-біріне деген сүйіспеншіліктерін! Қазірдің өзінде сырттан қадалған суық көздердің сыпсың сөздері бұл екеуінің нəзік махаббатының бал гүлін қалтыратып кетеді. Сол суық көздер ғой Заданың ақ көңіліне қылау түсіре беретін де. – Мені кешірші, жаным! Енді кездеспейтін болайықшы! Сен мəңгілік менімен біргесің, жүрегімдесің! Ұйықтасам құшақтап жатамын өзіңді. Өз үйіріңмен бол, мен жалғыздыққа үйренгенмін… –Зада, сен не айтып тұрсың?! Балнұрдың үні дірілдеп кетті. Осы бір ауыз сөзді жаны ышқына айтқан ол сабырлы əрі суық жүзбен қарсы алдында өзіне жылуы жоқ көздерін қадап қарап тұрған Заданың нəзік саусақтарына қолын соза берді. – Келші, жаным! Сенен айырылып қаламын ба деп қорқамын. Кетпеші, тастамашы, мені! – Шошынбашы, мен өзіңдікімін ғой, сенікімін, сенікімін! Көңілдің ынтызары басылар ма?! Жо-жоқ, ең əуелі тез тояттаған көңілден сақтай гөр! Егер дəл осы ынтызарлық басылар, болса, онда екеуінің де жүректеріндегі сезімдердің бекершілігі. Бірақ сол алапат сезім жарға жығар ма, жоқ əлде ынтыққан қос көңілді мəңгілікке табыстырар ма, сол арасы беймəлім əзірге. Зада əйтеуір өзінің жеке дара екенін сезінеді. Күйеуі бары несі, мұны жарым деп еміреніп, еркелетіп бір көрген жоқ əлі. Күні бүгінге дейің бір балаға зар болып өтіп келе жатқан өз өмірін əйтеуір бұл да бір адамға арнауы керек қой! Сол адамы осы Балнұры! Жайда үндей қоймайтын Қанат болса жынды су ішіп келген күні мұның көрер таңын көзімен атқызады, оны еш жанның басына бермесін де. Тəніне, тиген ащы таяқтан гөрі жанын мың жаралар ауыр сөздерін бұл қалайша ұмыта алар. Ер адамның алдында ығып өскен əйел заты əйтеуір табиғатына тартып бұғып тұруы Задаға да тəн қасиет. Бар айыбы боз өкпе бір бала таппағаны мұның! Бар кінəсі де осы! – Əй, андағы қызарған бетің маған неменеме керек, – деп Қанат қолындағы ыдысқа толтырыла құйылған арақты қағып салды. Аузынан сілекейі шұбырып, сəл үнсіз отырды да миына арақтың ащы уыты тараған сəтте, тілі күрмеле берді. – Əй, тесек сал енді, маған... бала... бала... ха-хаха... бала керек... Осылайша былапыттағанын көріп, естіп отырған Заданың тап осы сəтте кеудесінен шыбын жаны шығып кетсе оған ешбір өкінбес те еді. Көңілі жүдеп, бір ауыз жылы сөзге зарығып жүрген сəтінде кездескен Балнұрынан бұл енді айырылар ма тірі жүрсе! Ендігі мұның үміті де, қуанышы да, бақыты да осы Балнұры!
Жүдеу көңілін тағы да жабырқатып, тағдыр тəлкегіне Зада-ны қайта итере салудың ендігі арада осы бір аяулы жан үшін өлім екендігін де Балнұр да сезеді əбден. Заданың жүрегіндегі өшіп бара жатқан үміт шоғын үрлеп, бала күнгі еркелігін қайта оятып, солуға айналған жүзіне əр кіргізген де Балнұр ғой. Осыиы түсіне білуі керек əр жүректің. Бір-бірін адал да, іңкəр сезіммен сүйген адамдардың жүректерін кінəлəй көрмеңдерші! Ғашық жандар мəңгілік өмір сүрсе екені! Жаса, махаббат! Зада мен Балнұр қол ұстасып көл жағалап кетіп барады. Қайда бара жатқандықтары екеуіне де беймəлім. Бұлардың алдынан тағдыр кеші қандай сыбағасын тосып тұр екен? ДРАМАЛАР
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев БҰЛТТЫ ТҮНГІ ТОЛҒАН АЙ (трагедиялық хикаят) Қатысушылар: Бибіжан – қарт ана. Байбек Жұмажанов – Бибіжанның ұлы. Үміт – Бибіжанның келіні. Майқы Əлиев – ауыл Совет төрағасы. Бəтжан – Майқының əйелі. Ерқасым Рахманов – колхоз басқармасы. Бұғыбай Шалабаев – соғыстан жараланып оралған жауынгер. Төлеубай Наркенов – аудандық сот төрағасы. Жексенбай Қарасартов – НКВД тергеушісі. Манақ Зəкіров – милиция қызметкері. Бесіктегі бала. Ауыл адамдары, қарттар, əйелдер. І-көрініс Жұпыны үй. Жүдеу тіршілік. Төрде төсек тартып қарт ана жатыр. Бұл – Бибіжан. Ұлы Отан соғысы аяқталғанына біраз болса да, қарт ананың майданға кеткен бес ұлының біреуі ғана оралған. Төртеуінен əзірге еш хабар жоқ. Ыңырсып, сөйленіп жатыр. Қолындағы таяғымен төсегінің бас жағында тұрған бесікті тербетіп қояды. * Бибіжан: – Əй, бармысың біреуің?! Қайсың барсыңдар?! Жолға шығып қарап келіңдерші! Барыңдаршы енді, құлындарымның біреуі келе жатқан жоқ па екен?! (Үнсіздік). Əй, бардыңдар ма? Қарадыңдар ма, көрінбей ме екен, құлындарым?! Қайғы басып, жатып қалмасам, сендерге жалынар ма едім шіркін?! (Басын көтеріп, отырады). УҺ… А, құдайым-ай! Бір көруге зарықтырып қойғаның не құлындарымды?! Соғыс бітті ғой! Құлындарым-ай, қайдасыңдар, қайда жүрсіңдер?! (Азаланған жан күйігімен). Шалқыған шалқар дүние-ай… суалайын десең шөл екенсің! Жайнаған жарық дүние-ай… тартылайын десең көл екенсің! Бастағы бақ… үркейін десең пырақтай,
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев сөнейін десең шырақтай екенсің!.. (Үйге Бұғыбай кіреді). Бибіжан: (елеңдеп) – Бұл қайсың, əй?!. Мұқатпысың?.. Нұрғалимысың?! Нəбікенбісің?! Қинаятпысың?! Құлындарым-ай, қайсың келіп қалдыңдар?! Бұғыбай: – Бұл – мен, Бұғыбаймын ғой апа! Бибіжан: – Е, сенсің бе, шырағым?! Құлындарымның біреуі болмаса біреуі келіп қалды ма десем… (Үнсіздік) Айналайын-ай, жараң жазылып келе ме əйтеуір?!. Анада қатты бір сырқаттанып қалды деп еді өзіңді. Шүкір болдың ба? Бұғыбай: – Шүкірмін, апа, шүкірмін! Үйде жалғызсыз ба, апа? Əлгі Байбек пен Үміт қайда? Бибіжан: – Неге жалғыз болайын? Ананы көрмейсің бе, пысылдап ұйықтап жатқанды? (Бесікті нұсқайды) Келін мен бала егістікке астық соғуға кеткен. Оларды үйде отырғыза ма, колхозыңның бастықтары? Бұғыбай: – Апа, үйде жалғызсыз ба? Бибіжан: – Ой, құлыным-ай, жалғызбын… жалғызбын… Қайра-қайра сұрай бердің ғой… жалғызбын… Ана бесікте жатқан сəби болмаса жалғызбын, айналайын… Бұғыбай: – Апа! Апа-ау, мен неге соғыста өліп қана қалмадым екен!.. Бибіжан: – Астапыралла! Тек, күнім, олай деме? Аман-сау оралғаныңның өзі бақыт қой. Жараң күні ертеңақ жазылып кетеді айналайын… Бұғыбай: – Жоқ, апа! Мен сол соғыста өліп қалуым керек еді. (Егіліп жылайды). Бибіжан: – Тек, айналайын, осыншама қиналып, күйзелетіндей не болды?! Бұғыбай: – Жоқ, апа! Жоқ!.. Кеудесіне қорғасын оқ қадалып, жан тəсілім еткен талайлардан мен артық па едім! Немістің қаңғыған бір оғы келіп, мына жүрегіме келіп қадалғанда бар ғой, мен күнде бір қазіргі мына азапты көрмес едім-ау! Мына аяғымды қара саннан жұлып əкеткен, атаңа нəлет, сол снаряд мына менің иығымдағы сорлы басымды неге ғана жұлып əкетпеді екен?! (Егіс басынан Майбек пен Үміт оралады). Байбек: – А. Бұғыбай, сенбісің, бой қалай? Үміт: – Қайным-ау, тəуір болдың ба, əйтеуір? Қабағыңда кірбің тұрғаны несі? Уайымдай берме. Күні ертең-ақ тəуір болып кетесің. Бибіжан: – Бұл айналайынға мен де соны айтып отырмын. Қайтсін-ай, байғұс, ана-мынаны ойлап қиялданады да… Тəн жарасы жазылар-ау, жан жарасының азабын тартқызбасын де… Үміт: – Қойшы, апа! Сіз тағы да сары уайымға салынайын деп отырсыз ғой… Бибіжан: – Е, қарағым-ай, соғыстан əлі оралмаған ана төртеуінің, төрт ұлымның қайғысынан сарғаймақ түгілі, солып бара жатырмын ғой… солып… Тек соларды бір сəт қана көріп, «Апа» деген бір ауыз сөздерін естіп барып, өліп кетсем жарар еді!.. Үміт: – Қойшы, апа! Біз қойын-қоншымызға тығып бір азырақ бидай əкелдік! Онан да соны қуырып, шəй ішіп, бір жайланайықшы! Мына қайным да шəй ішіп кетсін!.. (Байбек пен Үміт етіктерінің қоныштарына, қалталарына, қойындарына тығып əкелген бидайларын ыдысқа төге бастайды)…
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Бұғыбай: – (Орнынан тұрады) Əй, Байбек! Əй, Үміт! Сендер мына бидайды бекер əкелдіңдер! Əй, бекер… бекер əкелдіңдер! (жылайды) Бекер…бекер…əкелдіңдер! Үміт: – (таңданған үнмен) Қайным-ау, не болған саған осыншама бордай егіліп?! Бар болғаны бір шелек толартолмас суы ағып тұрған осы бір қара бидай үшін бізді айдаттырып жіберер деймісің?! Қазір-ақ тыға саламын ғой… Қой, не тұрыс бар. Мен қазандыққа от жағайын. Шай қайнаған кезде əлгі келіншектер де келіп қалар. Бəрі де егіс басынан қалжырап қайтты ғой, белдерін бір жазып, қуырған бидай жеп отырмақшы едік… (Шығып кетеді). Байбек: – Бұғыбай, осы сені ауданға жиі шақырады деп естимін. Жайшылық па? Бұғыбай: – (кекесінді, ашынған үнмен) Жай шақыра ма екен бұлар? Мына ауданның шаруасы қараң қалып барады… Соны түзе, сол үшін ауданның райкомына хатшы бол деп жатыр маған… Байбек: – (аңқылдап) Əп, бəрекелді! Райкомға хатшы бол десе несі бар?! Бұрынғы хатшылар сенен артық болды дейсің бе? Бұғыбай: – Кеммін ғой мен, кеммін ғой олардан!.. Бұрынғы хатшылардың өзгесі кем болса да, əйтеуір аяқтары түгел болатын… Бір аяғы жоқ маған аудандарыңды басқартып қойсаңдар, талай-талай екі аяқты хатшыларың басқарғанда оңға баспаған істерің, сыңар аяқпен жүріп мен басқарғаннан кейін оңалып, шаруаларың төрт аяғынан тік тұрып кетер деймісің?! Жай шақырталы да… ІІ-көрініс Аудандық НКВД-ның кеңсесі. Төрде – Сталиннің портреті. Кеңседе отырғандардың қабақтары қатулы, бойларында үрей бар. Жеке орындықта Бұғыбай отыр. * Жексенбай: – Так, жолдас Бұғыбай Шалабаев!.. Сіз бар ғой өткендегі бір жауабыңызда: «мен Отан үшін, Сталин жолдас үшін адал соғысып қайттым», – демеп пе едіңіз?.. Бұғыбай: – Иə, солай дегенмін… Ақиқаты да сол ғой енді, жолдас тергеуші! Міне, бір аяғымды да беріп кеттім емес пе?! Жексенбай: – Кімге беріп кеттің сонда ол аяғыңды? Бұғыбай: – (абдырап) Енді Отанға… Сталин жолдасқа… (Бəрі күледі де, тез ширыға қалады). Бұғыбай: – (əбден сасқалақтап) Қайдан білейін енді?!. Қалды ғой Сталинград майданында… Жексенбай: – (ақырып) Сен Отан мен Сталин жолдасты енді осылай мазақ еткің келді ғой, ə! Не, сонда, Отан сенің аяғыңды отқа жағып жылынды дейсің бе? Əлде Сталин жолдас… (сəл үнсіздік).
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Кəне, сот төрағасы, Төлеубай Наркенович, Сіз айтыңызшы, мынаның (Бұғыбайдың маңдайына сұқ саусағын қадап) мына сөзі үшін-ақ бұған неше жыл беруге болар еді? Төлеубай: – РСФСР қылмысты істер кодексінің 58ші статьясы бойынша ату жазасы, болмаса, 25 жылға бас еркінен айырып, соттауға əбден болар еді. Манақ: – (орнынан атып тұрып) Абақтыға апарып жауып қоя тұрайын ба өзін?! Жексенбай: – Па, шіркін! Жасасын Совет милициясы! Сендер, əйтеуір, қамауға келгенде қатырасыңдар! О жағынан молодецсіңдер енді! Ал, маған мұны қамаудан бұрын…бұған анау аяғын жау снарядының жұлмағандығын… əйтеуір, жаным аман қалса болды деген арам ниетпен… өз аяғын танкінің астына өзі салғанын мойындатуым керек… Бұғыбай: – Əй, Жексенбай! (отырған орнынан тұрады) Жабар жалаң, жағар күйең енді осы ма еді?! Талай дананы да, талай баланы да, талай қатынды да Совет үкіметінің жауы деп жазықсыз айдатып, жазықсыз атқызып, талайларының обалына қалғаның аз ба еді сенің? Совет үкіметінің ел ішіндегі жауларын елдің жылы-жұмсағын жей жүріп, əлі жойып бітіре алмап па едің?! Ал, мен сол Совет үкіметінің жауларын қан кешіп жүріп, жеңіп келген жауынгермін! Сен сияқты қотанда жүріп, елдегі қатын-қалашқа қоқаңдап, біресе алты атармен қорқытып, біресе айдатамын деп қорқытып, біреудің қан жылаған жесірінің қойнына барып, дүниені арамдаған жоқпын. Көкейіңде қандай арам ой, арам пиғыл жатқанын білмеймін мен. Əйтеуір, өзіме аян, қара саннан жұлынып түскен… қызыл қаны шапшыған аяғымның жығылмай… жау жақ бетке қарай жүгіріп бара жатқанын еміс-еміс көріп, есімнен танып түскенім бар еді. Əй, Жексенбай, күйдірдің-ау! Тəнімнен ажыраса да, үзіліп түссе де жүгіріп бара жатқан сол сыңар аяғымның, шапшыған қызыл қанымның киесі атсын сені! Ал, нені мойындайын? Жаз енді андағы қағазыңа! Иə, мен қайтсем жанымды аман алып қаламын деп өз аяғымды өзім кестім. Кесуден қорқатын мен емес. Бала кезімде бір жерімді қожа кескенінде де қыңқ еткен жоқ едім, сол қыңқ етпестен аяғымды да өзім кесіп алып, сол арадағы иттерге тастап кеткенмін… Жексенбай: – (ашулы, қатулы үнімен) Қысқарт, тарт тіліңді! Иттерің кім сенің сондағы айтып отырған?! Мана ғана аяғымды Отан үшін, Сталин жолдас үшін беріп кеттім деп едің?! Сонда сен Отанымызды, Сталин жолдасты итке теңеп отырсың ғой! Бұғыбай: – Қалай ойласаң, олай ойла! Кескенім бар, айтқаным бар, статьяңа сай келіп жатса… не атқызып, не айдатып жіберсеңші тезірек! Жексенбай: – (бір бұрышта бұғып, зəрелері кетіп отырған колхоз басқармасы мен ауыл Совет төрағасының алдына келеді. Олар орындарынан ұшып тұрады). Так, жолдас колхоз басқармасы мен ауыл Совет! Майқы, Ерқасым: – (екеуі қосарланып) Иə…иə… сізді тыңдап тұрмыз… Жексенбай: – (кекшіл əрі зілді үнмен) Иə, кəне, қай жерлеріңмен тыңдап тұрсыңдар. Майқы: – (сасқалақтаған үнмен) Енді…əлгі қай жермен тыңдаушы еді… сол жермен тыңдап тұрмыз да… Ерқасым: – О не дегеніңіз! Құлағымызбен, міне мына құлағымызбен тыңдап тұрмыз! Жексенбай: – Жарайды, біреуің құлағыңмен, біреуің
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев ана жеріңмен тыңдап тұрсаңдар, бұлай енді… мынаның (Бұғыбайды нұсқайды) жаңағы сөзі үшін де, соғыста жасаған ісі үшін де екеуің де жауапқа тартыласыңдар. Понимаешь, бұл бір аяғын бұлдап, əңгір таяқ орнатып отыр. Бұл, біле білсе, Советтік Отан үшін, Сталин жолдас үшін аяғын емес… жанын беріп келуі керек еді ғой, а! Майқы, Ерқасым: – (тағы да жарыса) Дұрыс айтасыз… өте дұрыс айтасыз… Тауып айттыңыз… Бұл шын отаншыл, шын сталиншіл болса, жанын беріп қайтуы керек еді, əрине!.. Бұғыбай: – Əй, əлі де кеш емес! Отаншыл екендіктерің рас болса, осы тұрған өздерің сол Сталин жолдасқа кеуделеріңдегі жандарыңды қолдарыңнан өздерің-ақ неге апарып бермейсіңдер?! Ерқасым, Майқы: – (Бұғыбай тап береді) А, атаңа нəлет, құрттың ғой бізді! Құрттың-ау, құрттың-ау!.. Бұғыбай: – (алысып жатып) Əлі құрымассыңдар сендер! Басқа шығып алған балақтағы биттер… сендер көпсіңдер ғой, тым көпсіңдер! Арам жеп əбден тойынып алдыңдар ғой… Əзірге құрымассыңдар! Тойынып алған сендерді əзірге сорлы бастан түсіру де оңай болмас!.. Жексенбай: – (алты атарын қолына ұстап) Хватит сволочи! Қазір бəріңді де жайратып саламын! (Шошып кеткен Ерқасым мен Майқы тік тұра қалады, Бұғыбай балдағына қарай еңбектейді. Сол арада Жексенбай аяғымен Бұғыбайдың басын жерге тұқыртады. Колхоз басқармасы мен ауыл Совет төрағасына ақырады). – Совет үкіметі орнаған 29 жылдың ішінде, ЛенинСталин идеясына адал колхозшы тəрбиелей алмаған сен екеуіңді қазір-ақ атып тастаса еш обалы болмас еді… Ерқасым, Майқы: – (қосарланып) Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз! Енді бір жолға кешіріңіз, ғафулық өтінеміз… Төлеубай: – (маңғазданып) Əрине, бұл үшеуін де ешбір сотсыз-ақ, ешбір тергеусіз-ақ атып тастауға, немесе колонияға, не Сібірге айдатып жіберуге болар еді. Мына басқарма мен ауылсоветті бір жолға кешірейік. Ал, мына оңбағанның ісін онан əрі зерттейік. Майқы, Ерқасым: – (қосарланып, жарамсақтана) Е, бəсе! Иə, иə, сөйтсеңіздерші! Зəреміздің кеткені соншалықты…бұтымызға жіберіп қоймасақ та…соған жақын тұрмыз… Бұғыбай: – (кекесінді үнмен) Əй, бұттарыңа жібермей-ақ сасып, мүңкіп тұрған жоқсыңдар ма?! Бəріңнен жүрегім айнып, құсқым келіп тұр… Майқы, Ерқасым: – (Бұғыбайға ұмтылады) Қап, мынаны-ай! Жексенбай: – (қолын көтеріп бөгейді) Жə, болды енді! Мынау жатқан… (Бұғыбайды нұсқап) сволочь өз аяғын танкінің астына өзі əдейілеп салғанын мойындамаса, мойындамай-ақ қойсын! Оны біз кешіре де саламыз… Ал енді бұл өзімен Аралағаштың даласында бірге өсіп, бірге ер жеткен, тіпті Сталинград үшін болған шайқаста да бір окопта жатып соғысқан қызыл əскер Нұрғали Жұмажановтың не өлілердің, не тірілердің есебінде не себепті болмай шыққандығын… немесе жау қолына өз еркімен түсті деген біздің күдігімізді қуаттайтын болса… не болмаса, сол Жұмажанов дезертирство жасап соғыстан қашып кетіп, осы төңіректе тығылып жүрсе… соны ұстап берсе болды бізге. Бұл онда ақталады… судан таза, сүттен ақ болып шығады. Бұғыбай: – (басын көтеріп) Əй, имансыздар… (ашу
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев ызадан қалшылдап кетеді. Егіліп жылайды. Үнсіздік) – Сорлы… сорлы… басым (маңдайын жұдырығымен соғып) сол жолы сен неге ғана жұлынып қалмадың екен?! Əй, сыңар аяқ, (балдағымен аяғын қағып) неге ғана мені тірі алып келдің екен сен мыналардың арасына?!. (жігерленіп). Шыбын жанымды аман алып қалайын деп өз аяғымды өзім танкінің астына салған қылмысымды мойындаймын…Ал, енді еркек тоқты құрбандық деген, мені атып-ақ тастай беріңдер… Тек Нұрғалидың… атын қорлап, аруағын қозғағандарыңды қойсаңдар болды. Қайтып қана жүректерің қарайды екен сендердің?!. Нұрғали ол кешегі… ессіз кезде елімізге ес болған, ашыққандарға ас берген…дүниеден озған əкелерің мен аталарыңның намазын шығарып, иман айтқан қажының баласы еді ғой. Сол қажы атаның аруағынан қорықсаңдар етті тым болмаса… (көзіне жас алып, тебіренген үнмен). Шыбын жанымды аман алып қалайын деп өз аяғымды танкінің астына өзім салған қылмысымды мойындаймын… Нұрғалидың аруағын мазаламаңдар… Бір құдай, онан кейін мен куə! Біз бір окопта жатқан едік. Пулеметімен жауға қарсы оқ жаудырып жатқан Нұрғалидың дəл үстінен келіп бомба түскенін көзіммен көрдім… Нұрғалидың «Апа» деген жан дауысының шыққанын өз құлағыммен естідім… Нұрғалидың сол дауысы… сол үні… сол жан айқайы құлағымның түбінен күні бүгінге кетпейді… Түн баласы оның «Апалаған» жан даусы ұйқы да бермейді маған… (Бұғыбай талықсып кетеді. Сахнада сартсұрт етіп атылған оқ жарқылы, ызыңдаған мина, бомба жаңғырығы, «Апа» деген шырқараған жан даусы тұрып алады). Жексенбай: – Так, сен екеуің…сендер… Майқы, Ерқасым: – (қосарланып) Иə, иə… біз… Жексенбай: – (маңғаздана) Колхозға барғаннан кейін, əлгі қажының үйін… Оның кемпірі əлі де тірі ме еді? Майқы, Ерқасым: – (қосарланып) Иə, иə, тірі. Өлген жоқ əлі ол қақбас!.. Жексенбай: – Сол үйді, əлгі соғыстан аман келген баласын, келінін көзден таса қылмай бақылаңдар. Не деп сөйлеседі, не дейді, не ішіп, не жейді, міне, соған дейін бақылап, аңдып біліп отырыңдар. Ұқтыңдар ма, ей?!. Майқы, Ерқасым: – Ұқтық, ұқтық, тақсыр! Жексенбай: – Так! Онан кейін, мына басқарма мен ауыл Советті алып ауылдың маңын тағы да шолып шығыңдар. Ескі қорымдарды, зираттарды байқаңдар. Тіпті əлгі қажының зиратын қазып та көріңдер. Майқы, Ерқасым: – (шошып кетеді) Астапыралла! Жексенбай: – «Астапыралла» дегендерің үшін-ақ сендерді, «ан-на, ан-на» жаққа (саусақтарымен тор көз жасап сығараяды) жіберуге болар еді? Майқы: – Ойбай, кешіріңіз! Құп болады, бəрін де істейміз. Қажының зиратын да қазамыз. Айтқаныңыз болады. Ерқасым: – (жасқана) Аруақ атып жүрмей ме?! Жексенбай: – Əй, сен не деп міңгірлеп тұрсың мұрныңның астынан?! Ерқасым: – Аруақ атып жүрмей ме деп сескеніп тұрмын да! Жексенбай: – Жолдас, милиционер! Мынаны көзін жылтыратып абақтыға қазір-ақ апарып қамап тастасаңыз. Н…К…В…Д…нің тапсырмасын тəлкек етіп тұрған кəкой-то колхоз басқармасын қарай көр, ə!.. Əй, бала… Совнаркомның председателі болған
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Сəкеннің де халық жауы екендігін əшкерелеген біз екенімізді білемісің ей?!. Бейімбет… ілияс…Тұрар Рысқұлов…тағы кім еді əлгі… Мағжан…Байтұрсынов… сияқты халық жауларын да біз…əшкерелегенбіз. Шəкəрім Құдайбердиевті де…құлан жығылар құдыққа да құлақтан Н…К…В…Д…і екенін білемісің, ей, сен?!. Ерқасым: – (үреймен) Білем ғой, білемін. Əрине, НКВД-ңыз халықтың жауы солардың бəріне де дұрыс істегенсіздер, дұрыс құртқансыздар, соларды!.. Жексенбай: – (рахаттанған күймен) Е, бəсе, солай деп жөнге кел, үйреншікті көлге қон, біз илеген көнге көн, шырақ! Əйтпесе…Əлгі қажының зиратын қазатын күні маған хабар жіберіңдер. Қазуымыз керек! Мүмкін соғыстан қашып кеткен Нұрғали өз əкесінің көріне кіріп алып, жасырынып жатқан шығар?! Ал, əлгі…аруақ атады деп қорыққанды қойыңдар…Мына мен (тапаншасын қолына алап) мына тапаншаммен-ақ аруақты…өзім атып, өзім-ақ жайратып салайын!.. (қарқылдап күледі). Төлеубай: – Бұл екі жігіттің енді екеуі де коммунистер, ел басқарып жүр дегендей… Өзіңіз істің партиялық мəнмаңызын əбден ұқтырдыңыз ғой бұларға. Елдеріне тезірек қайтып, сол сіз тапсырған істі дөңгелетсін енді… Жексенбай: – Барыңдар! Онсыз да видет не хочу сендерді… (НКВД тергеушісі орнында отырып қалады. Төлеубай, Майқы, Ерқасым сыртқа шығады). Майқы: – (жарамсақтанып) Апыр-ай, Төке-ай! Қысқа күнде біздің жанымызды екі рет аман алып қалдыңыз-ау! Рахмет, рахмет! Бала-шағаңыздың қызығын көріңіз! Ерқасым: – Иə, иə… Арандалайын деп тұрған жерімізден арашалап қалдыңыз. Бүгін кешке атқосшымнан үйдегі жеңгейге бір қой, бір қап ұн, бір қарын май беріп жіберемін. Тағысы, тағы да бола жатады ғой… Төлеубай: – Енді біз советтік халық соты дегенің… өздерің сияқты халықтың өздерің беріп жатқан нанын жегеннен кейін де, сол халықтың қамын ойлаймыз да… Бұғыбай: – (балдағына сүйеніп, сахнада жалғыз қалады). Əй, шіркіндер-ай! Сендер халықтың нанын ғана жеп жай жатсаңдар бір сəрі ғой. Сорлы, халықтың, жанын да бірге жеп, қанын да қасықтап ішіп жатқан жоқсыңдар ма?!
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев ІІІ-көрініс Бибіжанның үйі. Қарт ана төсек тартып жатыр. Дастарқан жайылған. Біраз ауыл адамдары қуырған бидай жеп, шай ішіп отыр. Жүздерінде мұң бар. * Бибіжан: – (сандырақтап) Əй…бармысың біреуің?! Қайсың барсыңдар?! Қарап келсеңдерші! Барсаңдаршы енді! Құлындарымның біреуі келе жатқан жоқ па екен?! Үміт: – (орнынан тұрып Бибіжанның жанына келеді). Апа-ау, жаңа ғана қарап келдім. Күн болса кешкіріп кетті ғой, енді ешкім де келе қоймас бүгін. Қызылжардан Тайынша стансасына поезд енді ертең түске қарай келеді. Құдай жазса, сонымен келіп қалар. Шай ішесіз бе? Бибіжан: – (басын көтеріп). ішпеймін шайыңды! Мені қаталап өлер деймісің?! Мен өлсем төрт құлынымды сағынып, сарғайып өлермін. Нəбікенімнің майданнан жазған өлеңін көптен бері айтпай қойдың ғой осы сен… Құлыным-ай, зарықтырдың-ау əбден… Əйелдер: – (бəрі жамырап) Иə-иə…апам дұрыс айтады. Бəрін қой да, Нəбікеннің өлеңін айтшы. Көңіліміз бір жұбансын!.. Үміт: – (көз жасын сүртіп) Қазір…қазір. (Үміт Нəбікеннің соғыстан жазған əн сəлемін айта бастайды. Əйелдердің біреуі жылайды, біреулері сол əнге қосылады). Туған ел, жаздым сəлем өскен елге, Талпынып талай аяқ басқан жерге. Жаз болса жан-жануар саялайтын, Бағалы біздің колхоз берік жерде. Ақсақал елдің құты үлкендерге, Жалғанда жасты аяйтын шешейлерге. Қаталық ісім болса ғапулық қып, Салатын талай жасты бейбіт жөнге. Жасы үлкен қадырласқан, аға-жеңге, Замандас ойнап-күлген бейбіт күнде. Жалпыңа еске алатын менен сəлем, Кейінгі, бала-шаға, інілерге. Қадірлі ел ішінің жастарына, Əр түрлі мекеменің бастарына. Сəлемім барлығыңа аманатым, Алыңдар біздің үйді естеріңе. Уа, көңілім, жақсылықтан күдер үзбе, Жекелеп хат жазар ем əрбіріңе. Кіші іні, үлкен аға, естеріңе ал. Уақыт жоқ, түгел жазып үлгеруге. (Əн аяқталады. Бəрі де үнсіз, əйелдер жағы сыңсып жылап отырады). Бибіжан: – (қайғылы үнмен) Құлыным-ау, жетемін деп, жете алмай жүрсің-ау еліңе. Көремін деп, көре
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев алмай жүрсің-ау жеріңді. Қайтейін енді, бір құдайға тапсырдым. 4-əйел: – Келгенде қандай! Əлі осы үйде той да болады, сол тойда талай бір əнге де саламыз əлі… Бибіжан: – (жадырап) Айтқандарың келсін!.. Кəне, тағы да бір əн бастаңдаршы!.. 4-əйел: – Осы Бұғыбай да баяғыда тəп-тəуір əнші еді. Кəне, қайным, бір əн салып берші. Бұғыбай: – (күрсініп) Е, бізде не əн, не сəн қалды дейсіңдер?! Айтайын, айтайын. Көңілдегі қай-қайдағы бір жайды қозғап, жүрек түкпірінде жатқан мұзды жібітіп отырсыңдар-ау. Айтайын, айтайын. (Əн бастайды). Бұл дүние – жеткізбейтін арман дүние, Бұрынғы бабалардан қалған дүние. Барында оралыңның ойна да күл, Бізден де өте шығар жалған-дүние. Дүние – ойлап тұрсам, терең теңіз, Жақсылық жамандықпен болады егіз. Басқайсың аяғыңды аңдап-аңдап, Болғанда досың біреу, дұшпан сегіз. Дүние – ойлап тұрсам, шолақ екен, Адамдар бір-біріне қонақ екен. Барыңда оралыңның ойна да күл, Қызығы бұл жалғанның сол-ақ екен. (Əйелдер жағы бəрі бірдей сүйсініп, Бұғыбайға риза болып жатады). І-əйел: – Ой, пəлі-ай, десеңші! Дүние жайлы айтқан мына əніңіз қандай тамаша еді. Шіркін, дүние-ай!.. ІІ-əйел: – «Шіркін, дүние-ай» деп күрсінетіндей не болып қалды саған. Соғыс болса бітті. Күні ертең-ақ бəрі бірдей ұмытылар əлі. І-əйел: – Əй, қайдам! Кешегі күні осы ауылдың қотанына сыймай жүрген арыстай-арыстай азаматтардың біразы болса жоқ арамызда. Соларды қалай ғана ұмыта аларсың?! Көз алдыңнан кетер ме екен сол бейнелер?! ІІ-əйел: – Иə… Иə…соғыстан оралмай жатқан сол ағалар көңілден кете қояр ма екен?! Айтпақшы, Үміт сенің осы майдандағы ағаларға арнап анада бір жазған өлеңін бар еді ғой. Кəне, соны тағы да бір айтшы! (Үміт əн бастайды) Сағат бес тұратұғын уақытымыз, Ашылар қай уақытта бақытымыз. Ағалар армиядан аман келіп, Көретін күн болар ма шаттықты біз. Ертемен даласынан егін жақтың Таң салқын аз жатқанда жаурап қаппын. Өгізім айданғанға жүрмеген соң, Сиырын кіші апамның жегіп жаттым. Соқамыз жеңіл жүрді сиыр тартқан, Ауылдан көлік шықты тұқым артқан. Обалы көп сиырдың фашистерге, Қан төгіп, бейбіт елді зар жылатқан. Ағалар, осынау жайды жаздым хатқа, Бой түзеп, дем алу жоқ қарындаста. Көзде жас, көңілде мұң, зат күтеміз, «Жеңіс бер» деп тілейміз майдан жаққа. Майданнан батыр боп қайт, ағаларым, Осымен тəмамдаймын сөз аяғын. Кегін ал, қас батыр боп қаймықпайтын, Туған ел, Отан ана сүйген жардың!..
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев (Əн аяқтала бере қолында ұршығы бар Бəтжан кіреді) Бəтжан: – Əй, өздерің шай ішіп, қуырған бидай жеп, қызара бөртіп, желпініп, əн салып, сайрандап та, жайраңдап отырсыңдар ғой. Үміт: – Кел, жоғары шық! Біздікі не қылған сайран дейсің. Жайраңдап не көрініпті бізге, қайраңдап қалған көңілімізді бір көтерейік дегеніміз ғой! Кел, шайға кел!.. (Бəтжан дастархан басына отырады) Бəтжан: – осы мен жаңа ғана басқарманың үйінен шай ішіп шықтым. Əй, бар ғой, сол басқарманың үйі дəл осындай қуырған бидай жеп отырған жоқ. Сендерге бұл қайдан келе қалған?! Үміт: – Мұны бізге құдайдың өзі берген. Немене, басқарманың үйі мына сияқты қуырған қара бидайды ғана талғажу етіп отыр деп едің. Басқарманың ана қатпа қара қатыны бар жылы-жұмсағын сенің аузыңа тоса қойды деп пе едің? Байбек: – Осы бір уыс қуырған бидайды сөз қылып не қылайын деп едіңдер. Еңбек күніме берген бидай ғой. Мен əкелдім. Бəтжан: – Қайдам… Колхоз əлі еңбек күнге бидай үлестіре қойған жоқ еді. Байбек: – (ұнатпаған кейіппен) Үйінде отырып-ақ, сен осы колхоздың шаруасын қайдан біліп отырасың?! Бəтжан: – (шаптығып) Үйімде отырсам да осы ауылдың не істеп, не қойып жүргендерін, не дейтіндеріне дейін бəрін де біліп отырамын мен. Бұғыбай: – (əзілмен) Əй, осы сені соғысқа ала кетіп, разведчик қылмаған екенмін. Фəшистердің не істеп, не қойып жатқанын біле алмай, не тіл ала алмай, талай бір азапты көріп едік. Сен енді бұл жағын қатыратын едің. Тыңшылық жағынан сен əлдеқашан Герой болар едіңау!.. Бəтжан: – (кектеніп) Көрерміз, əлі кімнің Герой болғанын! (кетіп қалады). (Дастархан басында отырғандар орындарынан тұра бастайды). І-əйел: – Қой, біраз отырып қалыппыз-ау. Жұмысқа баратын да уақыт жақын қалды. Ұйықтап қалып жүрмейік, əлгі бригадир тағы да əңгір таяғын ойнатып жүрер. Үміт: – Қазір мына баланы емізген соң мен де барып қалармын. Сендер, бара беріңдер енді. (Үйде қарт ана, Байбек пен Үміт, Бұғыбай ғана қалады) Бұғыбай: – (ойланып) Əлгі Бəтжанның сұрланып, кегін ішіне түйіп кеткенін көрдіңдер ме? Бір нəрсені бүлдіріп жүрмесе жарар еді. Əй, осы сендер, осы бидайды бекер…бекер əкелдіңдер!.. Байбек: – Е, не қылар дейсің. Əкелген мен…Басымда шауып алар деймісің?! Үміт: – (бесікке баланы бөлеп жатып) Мына бидайды мен əкелдім деп айтайын. Емшектегі алты айлық мына бала барда маған түк қыла қоймас. Тек, сен əкелдім деуші болма, құртады сені бұлар. Сені ұстатып, айдатып жіберсе, онсыз да қайғы кеміріп жатқан сорлы апам өліп қалып жүрер. (көзіне жас алады) Мен…мен əкелдім дейін.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев ІV-көрініс Үйге Бəтжан кіреді. Біреудің қайғысынан қызық қуып, əлдекімнен ала алмай жүрген кегі бардай ширығып алған. * Бəтжан: – Апа! Апа-ау!.. Əлгі екі ортада ұйықтап қала қойдың ба?! Бибіжан: – (басын көтеріп) Е, менде не ұйқы бар дейсің. Не болып қалды осынша? Ақырын… мына баланы шошытасың. Не айтайын деп едің? Бəтжан-ау, не болып қалды? Ала құйындатып жүрсің ғой. Бəтжан: – Апа, мен сіздің балаларыңыздың хабарын əкелдім. Бибіжан: – Не дейсің, жарығым-ау. Сүйінші сұрамайсың ба? Уа, құдай, ақсарбас, ақсарбас! Құлындарым аман-сау көзіме көрінсе бəрін де…бəрін де… ал осы үйден сүйіншіңе! Бəтжан: – Түктерің де керек жоқ сендердің. Аулақ… Бүлінгеннен бүлдіргі алма деген. Сендерден бірдеңе алып…басыма пəле тілеп алар жайым жоқ… Бибіжан: – Аллам-ай! Бүлініп не болып қалыпты бізге… Бізден не пəле жұғар дейсің… Сөзді қой да, онан да əлгі менің құлындарым жайында əкелген хабарыңды айтшы, айналайын. Құлың болып кетейін… Бəтжан: – (қалтасынан қаралы қағазды алып) міне, мынау үш бірдей қара қағаз, сенің ұлдарыңнан келгелі қашан… Бибіжан: – (жүресінен отыра кетеді) Не дейт! Шырағым-ау, не деп тұрсың?! Рас па… шыныңды айтшы. Андағыларың (қолын созып) расында да менің үш бірдей ұлымнан келген қаралы қағазың ба?! Сен рас қаралы хабар əкеліп тұрмысың?! Құдай-ау, ол сұмдық хабарың қашан келіп еді?! Қайсы… (үні дірілдеп) қайсы…оққа ұшты екен құлындарымның?! Бəтжан: – Бұл қара қағаздың келгеніне де үш жылдай болып қалған… Бибіжан: – Өзім де сезгенмін… Құдай-ау, құдай… қаралы қайғыны жеткізген сол бір тарақ қағазыңды келісімен неге ғана əкеп бермедің, Бəтжан-ау?! Осы ауылдың бар хат-хабарын жеткізіп, күн сайын зыр жүгіріп жүруші едің ғой… Тап бір іргеде отырған мына мен бейбақа жете алмадың ба сен?! Бəтжан: – Енді қайт дейсің?! Əлгі сельсовет байым бергізбеді. Қара қағаз келген сайын қажысымақтың үйі бүкіл елді жинап, құран оқытып, дұға жасап, колхоздың шаруасын бөгейді, соғыс біткен соң апарып берерсің деген… Бибіжан: – Апыр-ай, ə!.. (еңіреп жылайды) Менің оққа ұшқан… үш бірдей ұлымнан да… сендердің колхоздарыңның шаруасы қымбат болған екен-ау!.. Қалай… қалай ғана… шыдадыңдар! Төрт бірдей құлындарымнан бір хабар ала алмай… не өлісін… не тірісін… біле алмай, зар илеп отырған… мен бейбақты күн сайын көріп жүріп мына қаралы қағазды бəлен жылдан бері жасырып, бермеуге дəттерің қалай ғана жетті екен сендердің?! (үнсіздік) Бəтжан-ау, сен осы
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев мені қинай түсейін деген оймен, жалған айтып тұрған жоқсың ба?! Бəлкім, қара қағаз келген де жоқ шығар… ойнап айтып тұрған жоқсың ба?! Кəне, рас болса, көрсетші соларыңды!.. Бəтжан: – Тапқан екенсің ойнайтын адамды! Қара жүрегіңді қақ айырар, шаңырағыңды ортасына түсірер қара қағазың, міне…қолымда тұр… Бибіжан: – (селк ете түседі) Əй, пəтшағар! Не деп тұрсың?! Қажы атаңның шаңырағы ортасына түссе, есептерің түгенделер ме еді сендердің. Қара жүрек дедің-ау мені. Бұл шаңырақтың басынан бағы тайған соң ғана босағасын сен сияқты қара жүректілер аттайтын, ауыздарына келгенді оттайтын болды ғой. Бұл шаңырақтың ісі де, дастарханындағы асы да, азаматының басы да ақ… адал болатұғын… Қара ниеттерің өздеріңмен кетсін! Бəтжан: – Қаңсырап жатсаң да тектімін деп тепсініп тұрсың-ау?! Жаңағы… сендердің колхоздарың деп тантығаның не, ей сенің!.. Қасқырды қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды деуші еді… Совет үкіметіне əлі де тосырқап қарайсыңдар-ау сендер… Бибіжан: – Əй, сенің үкіметіңде не шаруам бар дейсің?! Тосырқап қарайын… емешем үзіліп, емірене қарайын, содан сол үкіметіңе келіп-кетері бар ма кəні?! Бəтжан: – Неге сенің үкіметің дейсің? Сонда бұл үкімет сенікі емес пе? Бибіжан: – Əрине сенікі… əрине сендердікі. Бүйірің тойып тамақ ішпеген қу кедейлер… Тойынып алып, міне төске шауып… басқа секіріп тұрған жоқсыңдар ма?! Бəтжан: – Бүйірім тойса, үкіметімнің бергені де! Ау, сендердің сыйынған құдайларыңның жарылқағаны, бергені осы ма? Бибіжан: – Кет, сайтан! Құдайға тіліңді тигізбе! Бəтжан: – Əй, əлі де құдай… құдай дейсің. Бес уақыт намаздарыңды оқып, арып-ашып оразаларыңды ұстап… тіпті сенің байыңның жаяулап-жалпылап Мекке-Мəдинаға қажыға барғанда… құдайларыңның жарылқағаны осы ма? Қара басын сауғалап Совет үкіметінен қашып, іш жаққа өтіп кетіп, жанын аман алып қалған қажыны жарылқағаны осы ма, сол құдайыңның? Бибіжан: – Бəтжан-ау, қажы атаңның аруағын қозғап қайтесің енді. іш жаққа өтіп кетсе сендер сияқты кедей-кепшіктің қорлығын көрмейін деді ғой. (Үнсіздік. Əлдене есіне түскендей болады) Бəтжан, сен осы сол қажы атаңның сенің əкеңе не айтқанын білесің бе?! Бəтжан: – (елең ете түседі) Жоқ, білмеймін? Естіген жоқпын. Не деп еді?! Бибіжан: – Е, ол бір ұзақ əңгіме ғой. Жарықтық, қажы атаң шешен еді ғой. Əлгі қызылдардың үкіметі орнап, осы қотандағы мұрнын сүрте алмай жүрген бар кедей-кепшік жаппай көменніст болып шыға келген жоқ па шікірейіп! Сол бір заманда сенің көмменіс əкең мал біргəдірі болып шыға келді ғой. ұұмыр бойы біздің үйдің жылқысын баққан əкең, қанша айтқанымен, мал таниды ғой… Қажы атаңның қара айғырын ұстап мініп алыпты. Малының құты болған қара айғырды мініп, жарықтық қажыға қыр көрсеткісі келді ме, əкең біздің үйге шауып жетіп келмесі бар емес пе?! Жау шапты ма деп тысқа атып-атып шықсақ, желігіп алған сенің əкең екен… «Қажы, қажы, міне, мен де адам болдым» деп ыржиып тұр… Е. Басынан бағы, астынан тағы тайған соң не десін оған…
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Шырағым, əкең сенің пақыр еді, Ол да бір түк бітпеген тақыр еді. Алдыма ат ойнатып кеп тұрғаның Бұл да бір заманның ақыры енді, – деп қажы атаң үйге кіріп, теріс қарап жатып алып еді, сол жатқаннан оңбады ғой, əйтеуір… Бəтжан: – Əй, не айтқың келіп тұр сонда сенің? Не сонда, сенің қажыңнан… менің көмменнис əкем кем болып па?! Бибіжан: – Артық па, кем бе, оны енді өзің біл, айналайын. Сен оқыған адамсың… сен де көменнессің… Бəрін оқып, біліп жүрсің… Қой, айналайын, тереңге барып қайтеміз енді. Сен əлгі… менің құлындарымнан келген қара қағазың рас болса да, онан да, кəне, соларды оқып берші. Өзі қай тілде жазылды екен?! Бəтжан: – Немене… қажының қатыны орысша оқи алмайды деп… арабша жазып жіберді деп пе едің. Бибіжан: – Жарайды енді. Жай бір сөзге ілінсе бермей, оқышы қағазыңды. Бəтжан: – (қара қағазды оқи бастайды). Қызылəскер Жұмажанов Мұқат… 1941 жылдың желтоқсан айының 2 күні Москва түбіндегі шайқаста хабар-ошарсыз кетті… Не өлілердің… не тірілердің… тізімінде болмай шықты… Қызылəскер Жұмажанов Қинаят 1943 жылдың 15 наурызда Курск майданында хабар-ошарсыз кетті… Қызылəскер Жұмажанов Нəбікен 1943 жылдың қараша айында Волхов майданында хабар-ошарсыз кетті… (Үнсіздік) Бибіжан: – (үні дірілдеп) Бəтжан-ау, Нұрғалиымның қағазы қайда?.. Осы үйден… осы шаңырақтан менің бес бірдей ұлдарым соғысқа кеткенін білесің ғой сен! Төртеуі… ана төртеуі… қайда деймін?!. Бəтжанау, Мұқатым… Қиянатым… Нəбікенім, Нұрғалиым… қайда… қайда деймін… Бəтжан: – «Қайда, қайда» деп менен сұрайды ғой… Не, менің малымды бағып, шөбімді шауып келуге жіберіп пе едің? О несі, əй… Үшеуінің бірдей соғыста хабар-ошарсыз кеткенін, міне, мына қара қағаздан оқып бердім ғой мен саған… Бибіжан: – Хабарсыз кетті дегені несі? Аты бар… Анасы бар… Туған елі… Өскен жері бар адам баласы қалай ғана хабар-ошарсыз… іс-түссіз жоғалып кетеді, ə?! Бəтжан: – Е, соғыста не болмайды? Соғыста көрген талай бір сұмдықтарды əлгі Бұғыбай да айтып жүрген жоқ па?! Бəлкім, тас төбелерінен бомба түсіп, бір тал шаштары да қалмай, өртеніп, жанып кеткен шығар… Бибіжан: – Тəйт, əрі! Аузыңа келгенді сандалмай… Бəтжан: – Ə… кемпір! Балаларың өлді дегенге əлі де сенбейсің, ə… сенгің келмейді… ə! Бибіжан: – Айналайын-ай! Өлді демеші… мүрделерін өз көзіммен көрмей… арулап, ақ жауып қолыммен қара жердің қойнына бермеген соң… қалай ғана өлді дермін… Құлындарым-ай… Бəтжан: – Ал, енді…бəлкім сенің ұлдарың расында да…тірі шығар! Бибіжан: – Е, айналайын! Бір мезгіл осылай бір жақсы да сөз сөйлеші! Сенің де көрер қызығың бар ғой алда… тірі болса, тірі де шығар менің ұлдарым… Кеуделеріндегі шыбын жаны аман болса…бір келіп қалар, əйтеуір… Бəтжан: – Рас… рас… тірі болса, тірі де шығар сенің ұлдарың… Бəлкім, олар Герман жақта жүрген шығар…
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Бибіжан: – (таңданып) «Керман жақта жүр» дегені несі мұның тағы?! Ол жақта қай ағайыны бар деп едің олардың? Бəтжан: – А… бəлкім… олар елін сатып… немістерге беріліп кетіп… қазір совет үкіметіне қарсы əрекеттер жүргізіп жатқан да шығар… Бибіжан: – Бəтжан-ау, не деп отырсың өзің?! Елін сатар менің ұлдарым деп пе едің?! Бұл қай сұрқиялығың енді. Қара аспанды қай жағымыздан жаудырайын деп тұрсыңдар енді… Бəтжан: – Қара аспанның қай жағынан жауғанын көресің əлі. Сен соны көрмей өлмессің де… Ал жарайды енді… үшеуі бірдей өйтіп-бүйтіп… енді… хабарсыз кетті дейік. Ал, əлгі төртінші ұлың… Нұрғалиың қайда сенің? Не өлілердің, не тірілердің… не хабар-ошарсыз кеткендердің есебінде жоқ… Бибіжан: – Иə… иə… Бəтжан-ау, Нұрғалиым қайда, расында да… Бəтжан: – Нұрғалидың қайда екенін… мен сенен сұрайын да онан да… Соңғы екі-үш жыл бойы үйіңді, қора-қопсыңды… онан қалды, зиратқа дейін тінтіп жүрген НКВД-нің сенің үйіңнен алтын іздеп жүр деп пе едің. Олар із-түссіз жоқ… сенің Нұрғалиыңды іздеп жүр. Немістерге беріліп кетті деген күдік бар… Бибіжан: – Жауға беріліп кетті дегенің не сұмдық?! Нұрғалиымның қалай опат болғанын əлгі Бұғыбай айтып жүрген жоқ па осында?! Соның айтқанын естімеп пе ең, əлде ұмыттың ба сен… Бəтжан: – Ұмытқан жоқпын! Біздің еш нəрсені де ұмытуға хақымыз жоқ. Сендердің күні кешегі совет үкіметінің жаулары екендеріңді де ұмытуға болмайды. Бибіжан: – Е, баяғы «жау-жау» деген əндеріңді əлі қоймап па едіңдер? Сенің үкіметіңе жаулық қылатындай бізде не дəрмен, не қауқар қалды дейсің?! Бəтжан: – А, неге болмасын?! Мəселен, сенің жаңағы із-түссіз жоғалып кеткен Нұрғалиыңды немістер тапсырма беріп, бізге қарай өткізіп жіберіп, ол қазір астыртын əрекет етіп, қастандық жасап жатқан болар. Ал, біз оны қайдан білеміз, ə… Мəселен, анада найзағай оты түсіп өртеніп кетті деп жүрген колхоз маясындағы шөпті сол жандырып жіберген шығар, а?! Бибіжан: – Алла! Алла! Тауығың ақсап қалса да біз сорлыдан көретін болдыңдар-ау осы! Жабар кінəлерің, жағар күйелерің бітер күн болар ма екен, шіркін?! Бəтжан: – Болмайды ондай күн, болмайды… Ешқашан болмайды… ешқашан… Бибіжан: – Е, неге болмасын, айналайын! Құдай оңдаса, туар ол күн де. Қашанғы жылата берер дерсің бізді… Бəтжан: – Жылайтын күндерің əлі алда сендердің… Бибіжан: – Не деп тұрсың осы сен? Тағы да не пəлеңді жапқалы тұрсың, айналайын?! Тағы да не білгенің бар еді?! Бəтжан: – Білгенім дейсің бе?! Кеше сендердің… қырман басынан бір шелек қара бидай əкелгендеріңді де біліп отырмыз… Оны біз түгілі аудан да біліп отыр қазір… (Үйге, Бұғыбай, Байбек пен Үміт, əйелдер кіреді) Үміт: – Апа-ау, не боп қалды? Жан даусыңыз шығып жатыр ғой! Бибіжан: – Жан дауысым шыққанша сол жанымның өзі неге шығып кетпейді екен мына кеудемнен?!
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Мұқатымнан да… Нəбікенімнен де… Қинаятымнан да… қара қағаз келіпті. (Суыт хабарды естіп, əйелдер жағы сыңсып жылай бастайды. Жоқтау айтады) 1-əйел: – Дүние жылдан-жылға өзгеріп тұр, Не сұмдық қасіретті көз көріп тұр. Ағалар оққа ұшты деген хабар Жанымды қайғы болып езгілеп тұр… 2-əйел: – Қай ғапыл, мына ғапыл, дүние ғапыл, Басасың аяғыңды апыл-тапыл. Ағалар, енді қайтып келмейсің бе, Туған ел, туған жерге адыр-адыр… 3-əйел: – Күш-қуат қайдан келсін аш адамға, Қуатсыз аяғымды баса алам ба?! Ағалар қан майданда опат болса, Несімен жақпады екен жасағанға?! (Жоқтауды Үміт жалғастырады) Үміт: – Ұшады аққу көлден ұзай алмай, Айрылдым ағалардан құдай алмай. Күйігі бұл қайғының жаман екен Түйіліп қалдым тынып, жылай алмай. Терең көл шым тастасаң шымырлайды, Ағалар, бастан біздің бақыт тайды. Дұшпаның басынып тұр, кіл есерлер, Кім білер ендігісін біздің жайды. Жоқ еді, артымда іні, алдымда аға, Асқар тау ағаларым болдың пана. Тағдырға не жазып ем зар тұтқызып, Қалдырды-ау қасіретпен жеке дара. Тұрмайтын жайнамаздан қайран атам, Болмады-ау ешбір қабыл еткен батаң. Апажан, ақ тілеуден шыға алам ба, Тілекті бермес тағдыр неткен қатаң… Ауылым Қарағаштың қойнауында, Қаларсың қайран басым қай дауыңа?! Ағалар, өздеріңсіз қиын болар, Отырмын дұшпанымның қамауында. Жел мая қайыра енді желермісің, Кеудемді қайғы мен мұң кернермісің. Туған жұрт, туған үйге қайыра оралып, Ағалар, енді қайтып келермісің?! Құсмұрын, төбең биік өрлейміз де, Біз сорлы, толған айды көрмейміз бе?! Ағалар, біз сіздерді, сіз біздерді, Сұм жалған қайтып енді көрмейміз бе?! Бибіжан: – (жан дауысы шығады). Не дейсіңдер?! Құдайым-ау, не дейсіңдер осы сендер?! (зар еңіреп жылайды). Құлындарым-ай!.. Құлындарым-ай!.. Енді өздеріңді қайырып көре алмайтыным, енді қайыра өз үйлеріңе кел мейтіндерің рас па, рас па құлындарым-ау?! Менің Мұқатым… Нұрғалиым… Нəбікенім… Қинаятым… Жоқ, жоқ!.. (жан дауысы шығады). Өлген
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев жоқ, өлмейді олар. Олар тірі… тірі олар… (үні дірілдеп) Айтыңдаршы… тірі ғой олар, ə… тірі ғой, ə… Неге үндемейсің, сұм дүние! Ботасын алдырған аруанадай аңырап тұрған мына менің… зар үнімді неге естімейсің, сұм дүние!.. (зарланады). Құлындарым!.. Құлындарым!.. Мен өліп қалып, сендер аман-сау өз үйлеріңе оралып, мен өздеріңді қайра бір көре алмайтын күн болса… мына сорлы аналарың… ақ сүтін… кешті деп ойлаңдар… кештім… ақ сүтімді, құлындарым, кештім… О… мен сендердің бəріңді де қалай жақсы көрем десеңдерші… Қазір… дəл қазір жанымда болсаңдар ғой… сендерді аналық құшағыма алғанда бар ғой… жүрегімдегі сағыныштың отымен күйдіріп те алар едімау деп қорқамын… Өздеріңді сағындым… сарғайдым… зарықтым… құлын дарым!.. Айтыңдаршы…келеді ғой… келеді ғой… менің құлын дарым?! Тірі ғой. ə… тірі ғой… құлындарым… (үнсіздік). Неге үндемейсің, сұм дүние?! Керең, мылқаусаңырау болып қалдың ба, неге үндемейсің, сұм дүние?! (зарланады). Сұм дүниені неге жауықтырып, неге тарықтырып қойдың, жаратқан ием?! Өзің жаратқан пенделерің – Адам баласын бірбірімен неге жауластырып қойдың, жаратқан ием?! Сол жауласқан дүниенің… сол жауласқан Адамдардың кек оғының құрбаны болсын деп ұрпақ əкеліппін бе, дүниеге?! Мен – Ана… сорлы Ана… зарлы Ана… Ей, Тіршілік… сен өлмесін, сен менің ұрпағыммен жалғассын… ей, жарық күн… сен сөнбесін деп ұрпақ əкеліп едім ғой мына – жарық дүниеге!.. Ей, дүние! Жарық күнді сөндіргің келмесе… тіршілікті тұншықтырғың келмесе… тимеңдер… тимеңдер менің ұрпағыма! Ей, жауласқан, сұм дүние!.. Бір-біріңнен кектеріңді алғыларың келсе… біріңді-бірің… дүние атаулыны жойғыларың келсе… мына… мына… жарық күнді сөндіргілерің келсе… заманақыр орнатқыларың келсе… мына мені… Ананы құртыңдар əуелі… мені құртыңдар! Бəріңнің… бəріңнің де құрбандарың мен… мен болайын, құлындарым!.. Тоғыз ай көтеріп, ақ сүтімді беріп асырап, өсірген, Адамзаттың баласы-ау, бір-біріңмен жауласып… соғыс ашып… біріңді-бірің құрта берсеңдер ақ сүтімнің киесі атпай ма сендерді!.. Өмір – Ана!.. Дүние – Ана!.. Тіршілік-ана!.. Жарық күн де – Ана!.. Бақыт та – Ана!.. Байлық та – Ана!.. Мен сияқты аңыраған сорлы Ананың жалғыз ғана бақыты… жалғыз ғана байлығы… баласын оққа байлап неге ғана зарлаттың, сұм дүние! Ананың зарын тыңдай алмасаң – керең боларсың, сұм дүние… Ананың жүрегін жаралап, зар илетсең – қатал боларсың, сұм дүние… Ананың бауырындағы баласын ала берсең – тасбауыр боларсың, сұм дүние… Ананың бауырындағы ұрпағының қанын төге берсең – тажал боларсың, сұм дүние… Анаңды зарлатып өтсең – зар дүниеге тап боларсың…
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Анаңды тарықтырып өтсең – тар дүниеге тап боларсың… Нақақтан-нақақ көз жасымды төксең – тозарсың… Ақ сүтімді… аяққа бассаң – соларсың… (Үнсіздік) Əй… əй… естисіңдер ме?! Əне… əне… апалап менің құлындарым келе жатыр… (сахна «Апа» деген дауыспен жаңғырып кетеді) Əне… əне… көріп тұрсыңдар ма, ей. (Үнсіздік, сəлден соң аңырап жылаған ана, қайғылы үнмен) Неге үндемейсің, сұм дүние!.. Ботасын алдырған аруанадай аңырап тұрған мына менің… зарымды, неге естімейсің, сұм дүние!.. V-көрініс Колхоз басқармасының кеңсесі. Аудандық халық сотының көшпелі мəжілісі өтіп жатыр. Айыпталушы – Үміт. Сотқа қатысып отырған колхозшылар үрейлі. Көз жастарын сүртіп отырған əйелдер де бар. * Төлеубай: – Айыпталушы, азаматша Үміт Жұмажанова! Сіз өзіңіздің колхоз қырманынан он килограмм, понимаешь, бақандай он килограмм… бидай ұрлап, соны үйіңізге алып келген қылмысыңызды мойындайсыз ба?! Үміт: – (орнынан тұрып) Жолдас сот! Енді бір кішкене бидайды, бас орамалыма түйіп алып, үйге əкелгенім рас. Қырманнан бір де бір түйір дəн алған жоқпын. Бұйырмасын!.. Егістік үстінде жəне жол бойы шашылып жатқан бидайды жинап, біраз масақ теріп алғаным рас енді… нансаңыз сол күні үйде бір таба нан салатын ұн қалмап еді. Үйімде қарт анам бар… Күйеуім де соғыстан арып-ашып келді… Емшекте алты айлық балам бар… Солар талғажу қылсын деп əкелгенім рас еді… Сол күні бір дорба бидайды əкелмесем кəрі шешем.. күйеуім… жалпы үй-ішіміз ашығып та қалар едік. Тап сол күні үйімізде аш өзегімізді жалғайтын бір үзім нан болмай қалып, жолдас сот… Оның үстіне,
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев білесіз… біздің шаңырақтың төрт бірдей азаматы əлі соғыстан орала да қойған жоқ. Солар түгел болып, төрт құбыламызды түгендеп тұрса (көзіне жас алады) даладағы шашылып жатқан бидайды жинап алып, үйге əкелер ме едім, мен сорлы?! Манақ: – Жолдас сот! Айыпталушының астық ұрлаған қылмысына ғана емес, үй-ішімізбен ашығып қалар едік деген сөзіне де назар аударуыңызды сұраймын. Бұл не деген масқара! Біз сияқты қой бағып… мал соңында жүріп мал болып кеткен халықтың қолын теңдікке жеткізген Совет үкіметінде аштан өлер едік деуінің өзі үлкен айып! Бұл осы сөзімен тұтастай бір… Совет системасын қаралап отырған жоқ па? Мен коммунист ретінде мынаның бұл сөзін айыптамай тұра алмаймын… Үміт: – (ширығып) Əй, Манақ! «Ашықтық» деген сөзден неге шоши қалдың?! Не, əкеңнің ана бір жылы қыс ішінде аштықтан бұратылып айдалада өліп қалғанын… сүйегін менің атам жинап əкеліп, өзіне деп алып қойған ақыретіне орап көмгенін де ұмыттың ба?! Манақ: – (Үмітке тұра ұмтылады) Қап, бəлем, сен қатынды ма! Көзіңді тұздай құрттырмасам ба?! Жексенбай: – (қолындағы наганын кезеніп Манақты бөгейді) Тоқта! Тоқта деймін… Бұл не қылған бассыздық… Орныңнан қозғалсаң… жайратып саламын… Төлеубай: – (айқай салады) Сволочи! Хватить!.. Бұл не қылған масқаралық, ə!.. Халық сотын сыйламағанды көрсетемін бəріңе де… кəне, тынышталып, орындарыңа отырыңдар… (Тыныштық орнайды. Үнсіздік. Сотқа қатысып отырған əйелдер жаулықтарының ұшымен көздерін сүртіп, үнсіз жылап отыр) Так!.. айыпталушы жолдас! Сіз менің ғана сұрақтарыма жауап беруге тиіссіз. Сот тəртібін бұзбауыңызды ескертемін… Үміт: – Кешіріңіз, жолдас сот! Енді қайтейін. Шыдай алмай кеттім. Отызыншы жылы əкесі аштан өліп, өзі біздің үйдің кебегін жеп, аман қалса да көкіп тұрғанына шыдай алмай, қанымның қайнап кеткені де… Манақ: – (кектеніп) Көзіңді құртамын… құртамын мен сені… Үміт: – Е, дүниенің əділдігі мен адалдығы бір саған тіреліп қалды деп пе едің? Сол əділдік пен адам тағдырының үкімін саған айтқызбасын де… (жігерленіп) Əй, Манақ! Əй, Əлиевтің баласы! Етегі көйлегімнің бəсең деймін, Баласы Əлиевтің есер деймін. Қаралап сен ісімді бергенменен, Əділ сот бұл ісімді шешер деймін… Қарғыс атсын сені! Көрем деген қызығыңды көрсетпесін бұл құдай!.. (өксіп жылайды). Төлеубай: – (даусын көтеріп) Так, жолдас айыпталушы! Бұл ара сіздің өлең айтатын əйелдерің бастаңғысы емес… қысқартыңыз анау-мынау деп тақпақтағанды… қарғағанды… Так, ал енді осы іс бойынша куəлерді тыңдаймыз. Кəне, куəлерді бірбірден шақырыңыздар… (Сырттан Бəтжан кіреді. Қобалжитыны сезіліп тұр). Жолдас, азаматша Бəтжан Əлиева, егер сіз жалған куəлік беретін болсаңыз, өзіңіздің жауапқа тартылатыныңызды білесіз бе? Бəтжан: – (абдырап) Қайын аға, ол не дегеніңіз! Жалған куə болып, үкіметті, болмаса, сотты алдайды
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев деп пе едіңіз? Көрген-білгенімді… анық-қанығын айтып беремін де… Төлеубай: – (түсін суытып) Жолдас куəгер! Во первых… бұл арада мен сізге ешбір қайын аға емеспін əзірге… Мен қазір… халық сотымын… сотпын… соны біліп қойныңыз… Бəтжан: – (сасқалақтап) Иə, иə… кешіріңіз, сот қайын аға! Төлеубай: – «Жолдас сот» деңіз… Так куəгер! Сіз азаматша Үміт Жұмажанованың колхоз астығын ұрлап, үйіне əкелгенін растай аласыз ба?.. Жəне де қалай растайсыз?! Бəтжан: – (əбден сасқалақтап) Қайын аға!.. ойбай көтек… жоқ-жоқ, қайын аға емес… сот, сот… айтайын… айтайын… Осы бір екі кештің арасында бұлардың үйлерінен əн салған дауыстар естілді. Содан е, бұлар неменесіне жетісіп əн салып отыр деп сол үйге бара қалсам… дастарханның үстінде қуырылған бидай… өздері қызара бөртіп отыр екен… Төлеубай: – Иə, бұл қайдан келген бидай екен? Бəтжан: – «Бұл сендерге қайдан келді» деп мен де сұрадым дəл осылай. «Онда не шаруаң бар, бізге құдай берген бидай бұл» деді мына Үміт. Төлеубай: – Сонда сіз қуырып жеп отырған бидайды… ұрлаған деп санайсыз ба? Бəтжан: – Иə… иə… Əрине… ұрланған астық… əйтпесе егін орылып жатқан сол тұста тіпті өз үйімізде де бұйырмасын бір түйір бидай жоқ болатын. Төлеубай: – Жарайды! Мұның ұрланған бидай екендігіне көзіңіз жетсе, сіз коммунист ретінде айыпталушыға, бұл бидай – социалистік меншік… оған қол соғуға борлмайтынын… оны колхоз қоймасына апарып, өткіздіруге неге əрекет жасамадыңыз? Жəне де Сталин жолдастың өзі қол қойып, «Социалистік меншікті талан-таражға салуға қарсы күрес» туралы 1936 жылдың 7 авгусында шығарған заңы да бар екендігін бұлардың естеріне неге салмадыңыз?! Бəтжан: – Айттым! Құдай ақына, айттым! Көп болса бір тостаған бидай қуырып жеген шығарсыңдар, қалғанын қоймаға өткізіңдер деп айттым… Сталин жолдас тіпті есімнен шығып кетіпті… Жо-жоқ, Сталин емес… ол есімде… əлгі заңы да есімнен шығып кеткені… Бұлар бет бақтырмаған соң, үйге келіп… əлгі ағаңа… əлгі… əлгі ауылсəбет байыма… Майқыға айттым. Ол тез киініп, қорадағы атын ерттей салып, ауданға шауып, мына мелиция қайным Манақты алып келді ғой… (маңдайындағы терін сүртеді). Төлеубай: – Куəгер Майқы Əлиевті шақырыңдар! (Майқы кіреді). – Так, Майқы Əлиев! Бұл іске куə болудың заң алдындағы жауапкершілігін білесіз ғой?! Майқы: – (сəл-пəл тұтығыңқырап) Бі-бі-лемін! Төлеубай: – Сіз мынау айыпталушы Үміт Жұмажанованың колхоз бидайын ұрланғандығын қалай растайсыз?! Майқы: – Ме…мен…бе?! Əйелім айтып келді ғой енді. Сосын атқа міне салып, түн болса да шауып отырып аудан орталығына барып, милицияны аяғынан тік тұрғыздым ғой. Мына Манақты ертіп əкеліп… осындағы колхоз басқармасы Ерқасым Рахмановты алып, бірден үйлерін тінттік… Содан бидай тауып алдық… Кірге салып өлшесек тура жеті келі тартты. Бір кесе қуырған бидай да бар екен… Жаңағы табылғаны бар… қуырып жегендері бар… енді он келі бидай ұрланды деп протоколдадық қой…
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев (Сотқа қатысып отырған ауыл адамдары бірбірімен сыбырласып, гуілдесіп кетеді. «Ə…жауыз… Ə…қара жүрек» деген сөздер естіліп қалады) Үміт: – Əй, Майқы! (жұрт елең ете қалады) Мен бүгін айдалармын, сор кешермін, Бұл жолдан не қайтпаспын, не келермін. Өзіңді көріңде де қарғап өтем, Қызығын жалғызыңның көрсетпесін… (Əйелдер жағы күрсініп, дауыс шығарып жылай бастайды) Төлеубай: – Жолдас, колхозшылар! Тынышталыңдар! Бұл сот! Тыныштықты сақтамасаңыздар бəріңді де осы арадан тырқыратып қуып шығуға правом бар. (Тыныштық орнайды) Так, келесі куə… Ерқасым Рахманов кірсін!.. (Ерқасым кіреді) Сіз…жолдас Рахманов сот ісіне куəгер болудың заң алдындағы жауапкершілігін білесіз ғой, ə… Ерқасым: – Білемін…білемін… Төлеубай: – (кекетіп) так, тағы да не білесіз?.. Өзіңіз басқарып отырған колхоздың меншігін талантаражға салғызып қойған сізге де іс қозғалатындығын да білесіз бе?! Ерқасым: – (батылдау) Оныңызды білмеймін енді. Менің не жазығым бар? Бұлар бидай ұрлайды екен… ал мен оған жауап беруім керек…ə!.. Төлеубай: – (шамданып) Жолдас, басқарма! Ақырын… ақырын… Қазір осы жерден-ақ қолыңызға кісен салғызып… айдатып жібере алатын құдіретім бар екендігін білесіз бе…ə?!. Ерқасым: – (жүні жығылып) Білемін… білемін! Енді қайтейін… күйіп кетемін де… Қай қатынның қайсы бидай ұрлап бара жатыр деп… қайсысының қойнына қолымды салып тексеріп жүремін… Төлеубай: – (масаттанып күледі) Ха-ха-ха!.. Тап мұның… өз қатынынан басқа қатынның қойнына қол салмай жүргендей мүлəйімсінуін қарашы… Əй… басқарма… біз… мына біз… сенің талай қатынның қойнына қол салмақ түгілі… ышқырына қол салып жүргеніңді білмейді деп ойлайсың ба?! Ха-ха-ха!.. Так… НКВД-шник… Жексенбай Қарасартович! Жексенбай: – (орнынан ұшып тұрады) Мен, жолдас сот! Төлеубай: – Сенде… мына басқарманың қолына салатын кісенің бар ма дəл қазір?! Жексенбай: – Бар… бар болғанда қандай… Айтсаңыз болды, мұның қолы түгілі аяғын да кісендеп тастай аламын… тіпті осы арада отырған халықтың тең жартысын да кісендеп тастаса жетерлік кісендерім бар… Міне… міне… (кісен алып шығады). Төлеубай: – Жарады, Жексенбайым! Жарадың! Наганыңда оқ бар ма? Оқтаулы ма наганың?! Жексенбай: – Оғы бар, бар!.. Оқтаулы! Оқтаулы! Шүріппесін бассам болды. Жайратып саламын… Төлеубай: – Жарадың Жексенбайым! Жарадың!.. Қатырдың Қарасартовым! Қатырдың!.. Так… куəгер Ерқасым Рахманов! Айтыңызшы… Мына айыпталушының бидай ұрлағандығын сіз қалай растай аласыз? Əлде, жоққа шығара аласыз ба? Ерқасым: – Мұның (Үмітті нұсқайды) колхоз бидайын ұрлағаны рас. Енді мына ауылсовет Əлиев, мына милиция
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Манақ Əлиев бар… үйлерін тінтіп едік, жеті келі қара бидай екен… Үш келідейін қуырып жегендері бар… он келі бидайды ұрлап отыр ғой бұл қатын… (үнсіздік). Айтпақшы, сот жолдас! Осы бидайды мына Үміт емес, соның күйеуі колхоздан ұрлап əкелді деген де сөз бар… Төлеубай: – (елең ете түседі) Так… так… міне, қызық! Айтыңыз… айтыңыз… ол қайда, кəне?! Мына арада… айыпталушының мына орындығында неге Байбек Жұмажанов отырмайды, ə?! (Халық шуылдап кетеді. «Бүлдірді-ау мынау… аузынан қағынып» – деген сөздер естіліп қалады). Төлеубай: – Так..тынышталыңыздар…тынышталыңыз дар!.. (Халық тына қалады) Үміт: – (орнынан тұрып, жан даусы шығады) Жоқ! Жожо-жоқ! Бұл – жалған… Бидайды мен… мен əкелдім үйге… наныңыздаршы маған… мен… мен…айыптымын… Төлеубай: – Так… Басқарманың жаңағы айтқанын да тексере жатармыз… Бізде уақыт бар… Біз анықтаймыз… Тексеру… тергеу… соттау… ол – біздің кəсібіміз… жұмысымыз… Сол үшін бізге үкімет ақша да төлейді… Əгəрда, Байбек Жұмажанов өз қылмысын… яғни… он келі бидайды əйелі емес… өзі ұрлап əкелгенін өзі мойындаса… əлемдегі ең əділ советтік сот оған кешірім де жасауы де мүмкін… Қарасартов солай ма?.. Жексенбай: – (орнынан ұшып тұрып) Солай… солай… Төлеубай: – Жарадың, Жексенбай! Жарадың! Қатырдың, Қарасартов! Қатырдың!.. Байбек: – (баяу орнынан көтеріліп) Жолдас, сот! Мен күнні кеше ғана қан майданнан оралған жауынгер едім. Совет үкіметінің қас жауы – пəшістерге қарсы аянбай соғыстым… Бас қолбасшы Сталин жолдастың алғысын да алдым… Оның үстіне… екі бірдей ағам… екі бірдей інім соғыстан қайтпай қалды… Мына менің əйелімнің түк те жазығы жоқ. Бидайды ұрлаған мен едім… (үнсіздік. Үміт жылап отырады) Ұя бұзбаған… обал болады деп тіпті қасқырдың бауырындағы күшігін де алмайтын халық едік қой… бауырымда мына (алдындағы бесікті көрсетіп) сəбиім бар… мына мені соттамас…айыптамас деген оймен менің қылмысымды мына сорлы əйелім өз мойнына алып отыр… (Халық шулап кетеді. Жылап, сықтаған дауыстар) Үміт: – (көз жасын сүртіп, орнынан шапшаң көтеріліп) Жоқ! Жо-жоқ! Мен айыптымын! Мен… мен ұрладым бидайды… Бұл қанша айтқанмен ер-азамат қой, мəрттік жасап, менің қылмысымды өзі арқалағысы келіп тұр да!.. Төлеубай: – Так… міне… мəселе қайда жатыр, ə?! Сот бұл жағдайды да тексеріп, тергеп, аныққанығына жетеді əлі. Ал, əзірге айыпталушы Үміт Жұмажанованың ісін тыңдау осымен аяқталды. Қазір сот өз үкімін шығаруға үзіліс жариялайды! Айыпталушы, Сізге соңғы сөз беріледі. Сөйлейсіз бе?! Үміт: – Сөйлеймін!.. Бірақ та мен ақталып жатпаймын. Қылмысымды мойындаймын… Баяғыда хан қылышы басын қиып түсейін деп тұрған сəтте де, жазаланушыдан: «Не тілегің бар, ақырғы үш тілегіңді айт» дейді екен. Жұмыс басты адамсыздар ғой… мен
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев үш бірдей тілегімді айтып… бастарыңызды қатырмайақ қояйын… Менің екі-ақ тілегім бар… Сол екі тілегімді беріңіздер… Бірінші тілегім… (үнсіздік) Біздің үйден бес бірдей… бес бірдей… азамат соғысқа кетіп еді… солардың… (үні дірілдеп) төртеуі… төртеуі бірдей майданда мерт болды деген суық хабар бар… Бірде-біреуінің соңынан ұрпақ ермеді… тым болмаса… сыңар тұяқ та қалмады… Анау отырған… Байбек… кешегі өздерің көзін көріп… қасиетін таныған… еліңе иманын айтқан қажы аталарыңнан қалған соңғы бір ұрпағы еді… Құдай тілеулеріңді берсін… Сол қасиетті қара шаңырақтың түндігі жабылып қалмасын.. десеңдер Байбекке… Байбекке тимеңіздер… Он келі қара бидайдың қара қасіретін мен-ақ тартайын… (үнсіздік) Екінші тілегім (үні дірілдеп) мына арман дүниенің… мына жалған дүниенің… қулық-сұмдығын, опасыздығы мен сатқындығын сезбей… тал бесікте пысылдап ұйықтап жатқан анау кіп-кішкентай ботақанымды… соңғы рет… соңғы рет… емізіп, ақ сүтіме соңғы рет тойдырып кетуіме… рұқсат беріңіздер!.. Төлеубай: – Жə… емізсін баласын… Сот өз үкімін шығаруға үзіліс жариялайды…. (Төлеубай, Ерқасым шығып кетеді. Үміт бесікке сүйеніп, баласын емізе бастайды. Жексенбай мен Манақ күзетіп тұрады. Бəрі үнсіз) Үміт: – (қайғылы ананың көкірегінен сүт шықпай, бала жылай бастайды. Ызалы үнмен) Неменеге жұлмалайсың?! Неменеге тістелейсің?!. Неменеге жылайсың?! Сүт шықпай қойса мен бе екен жазықты?! Жарытпай қойған мен бе сені?! Жылайтын күнің алда… алда əлі сенің!.. (Бесікті итеріп жібереді де, ащы зарын төгіп аңырап жылайды). Құдайым-ау!.. Құдайым-ау… Зар еңіретіп жылататындай, айыптап… айдататындай не жазып едім?! Жазығым не, айыбым не, құдайым-ау!.. Мені… мені болмаса да… төрт… төрт бірдей боздағынан айырылып қан жылап… қан құсып отырған сорлы апамды аясаңдар етті… Қара жүректеріңе осыншалықты қалай ғана қан қатты екен сендердің?! Замана зардабын тартып жылағаның аз ба еді, халқым-ау?! Біріңді-бірің дұшпан санап, біріңді-бірің орға жығып, оққа байлап жылатқаның да, құлатқаның да аз болып па еді, халқым-ау?! Жылап қалған, боздап қалған, тентіреп кеткен жетімдерің аз ба еді?! Құдайым-ау… (бесікті көрсетіп) ананы… анау жарық дүниеге келгеннен басқа ешбір айыбы жоқ… ешбір жазығы жоқ… анау сəбиді шырылдататындай не жазып едім, халқым-ау?! (зар еңірейді) (Бесіктегі баланы шешіп, Үміттің қолына əкеліп береді) Құлыным!.. (тебіренген, еміренген үнмен) титтей ғана, қарғам-ау, менің! Арқамды аяз қарып, табанымнан суық өтіп, талай бір ызғардан тұла бойым қалтыраса да… сені ойласам болды… тұла бойымды ысытып сала беретін періштемау… Енді, міне, ақ сүтімді иіп бере алмай… мына елімнің залымдығынан қалтырап… дірілдеп… өз тағдырымның
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев үкімін күтіп тұрған мына менде не ақыл… не ес қалды дейсің, құлыным-ау?! (Баланы қос қолымен жоғары көтереді). Халқым-ау, мына қараңдаршы… мені соттатып, құртақандай мына сəбиді анасынан, мені бауырымдағы сəбиімнен айырып, шырылдатуға қалай ғана дəттерің барады екен?! О, құлыным, жыларсың əлі! О, құлыным, зарларсың əлі!.. О, құлыным, тарығарсың, сағынарсың… іздерсің анаңды! О, құлыным! Сорлы анаң да… сені ойлап сарғаяр… баяны да жоқ… аяры да жоқ… аяны да жоқ… көрсоқырлардың қамауында сен де… сен де… қалып бара сың! Бидай ұрлап сотталған жауыздың баласы деп көзге де түртер бұл ел… (өксіп жылайды) Халқым-ау, мына сəби жазықсыз ғой, айыбы жоқ қой мұның! Өздеріңе аманат, жалғызым, туған жұрт, ағайыным! Ей, Күн мен ай, ел мен жел, көк аспан, сендерге аманат жалғызым! Сақтай көріңдер менің жалғызымды! Сақтай көр Тəңірім жалғызымды!.. (Баланы бесікке бөлейді «Бесік жырын» айтып, емізе бастайды) Əлди, əлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем! Жылама, бөпем, жылама, Сорлы анаңды қинама! Əлди, əлди, əлди-ай!.. Əлди, əлди аппағым, Жылама менің жүрегім! Айдалып барат сорлы анаң, Бір құдай болсын тірегің! Əлди, əлди, əлди-ай!.. Жылаған біздей зарлыға, Қуғын көрген жарлыға. Жаным менің ер жетіп Көсем болар ма екенсің?!.
Əлди, əлди, əлди-ай!?? Əлди, əлди, бөбегім, Ақ бесікке бөледім… Тезірек еміп, бір тойшы, Анаңды қамап қойғанша Əлди… əлди… əлди-ай!?? (Əлденеге абыржыған əйелдің біреуі, дауыс салып жылап кіреді). Əйел: – Ой-бай!.. Сорлы апам… сорлы апам… Екі көзі төрт болып, көкірегін дерт билеп өтіп кетті-ау өмірден… Апам-ау… апам-ау!.. Үміт: – (орнынан ұшып тұрып) Ойбайламай айтсаңшы енді, не болып қалды?! Апам жүріп кеткен жоқ па о дүниеге… Əйел: – Иə…иə… Басында күзетіп отырдым тапжылмастан. Əлден уақытта қимылдап… көзін ашты да, «бар, қарап келші, құлындарымның біреуі болмаса біреуі келе жатқан жоқ па екен» деген соң тысқа шығып, лезде қайтып келдім. «Келді ме, құлындарым» деді де иегін бір қағып жүре берді… Сорлы апам-ау… екі көзі төрт болып, зарығып өткен, апам-ау. Байбек: – Үміт, жаным! Бір құдайға тапсырдым сені! Əділдік біз жақта ғой! Əйтеуір, соған көңілім сенеді. Сот қазір-ақ өз үкімімен ақтап, осы арадан босатып
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев қоя берер… Еш нəрсені уайымдама! О дүниелік болған анам бір үйде иесіз жатып қалды-ау… барып бетін жаба берейін… өйтіп-бүйткенше сен де келіп қаларсың… Үміт: – (көзіне жас алып) Бар, бар енді тезірек. Апам мен бақылдыққа да келе алмадым-ау!.. (Төлеубай, Жексенбай, Майқы мен Ерқасым кіреді. Халық іштен тына қалады). Төлеубай: – Халық сотының үкімін тыңдаңыздар! Азаматша Үміт Жұмажанованың он келі колхоз астығын ұрлаған қылмысы толығынан анықталып, мойнына қойылды. Халық соты Үміт Жұмажанованы он жылға бас еркінен айырып… соттауға өз үкімін шығарады. (үнсіздік) Бұғыбай: – (ашудан түтігіп) Не дейсіңдер, оңбағандар?! Он жыл… обал емес пе мына сорлыға! Əй, жетесіздер, далада шашылып, іріп-шіріп, көр тышқан жеп жатқан бір шелек қара бидай үшін он жыл кескендерің пəшістердің қаталдығынан да асып кетті-ау. Қап, əттеген-ай, қолдарыңда өлейін… (сыңар балдағын судья Төлеубайға жіберіп қалады да, атылып барып Жексенбайдың қолындағы қаруына жармасады. Алысжұлыс басталады) Қап, əттеген-ай, ə!.. Бір оқтың болмағанын қарашы. Тұрған жерлеріңде жайратып салар едім. Сендер де бір… пəшістер де бірдей екен-ау… Талай пəшістерді жайратып едім… сендерді де обалсынбай атар едім… Əй, Жексенбай, андағы наганыңа қолым бір жетсе бар ғой… Жексенбай: – Тыныштал, жауыз! Əйтпесе қазір жайратып саламын!.. Бұғыбай: – (еңбектеп Жексенбайға жақындай береді) Ат, ат!.. Жақындашы кəне бір… мен жаралы арыстан… алысқан да… жұлысқан… жақындашы кəні? Жексенбай: – Кері қайт, жолама! Атамын!.. Атамын қазір!.. (атып салады. Əйелдер улап-шулап жылайды. Баланың шырылдаған жан дауысы шығады). * Лагерь. Темір тордың арғы бетінде сотталған бір топ əйелдер сап түзеп кетіп барады. Солардың соңында – Үміт те бар. Тоқтап, темір торға таяу келіп, мұңды да ойлы жүзбен қарап тұрады… Дауыс: – Басқа салғанды, тағдырыма жазғанды көріп, тар жерде жүріп жатырмын. Ешкімнің басына бермесін де мұны… Бесігінде шырылдап қалған құлынымды күні-түні ойлаумен, жылаумен, кесілген мерзімнің əр күні тезірек өтсе екен деп тілеумен жүріп жатырмын. Зарықтым… Сарғайдым… Сары уайым мүжіп жеп барады… Көптен бері ешкімнен де хат ала алмай қойдым… Апыр-ау, құлыншағым аман ба екен?! Əлде, ұмытты ма бұлар мені?.. Гудегі айқайлайды сағат сайын, Əрдəйім барып тұрам, почта дайын. Поштада бір мыңдаған хат жатады, Оқимын соның бəрін шықпайды атым. Анадан жетім қалған мен бір мұңды, Жүремін жалғыз басым сары уайым. Сіздермен хат арқылы сөйлескенмен, Іштегі тарқамайды қалың қайғы.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Жаралған сорлы болып, қу маңдаймы, Жүремін жалғыз басым сары уайым. Құдай-ау, мұныңа да көнбек үшін, Тəуба қып ақылыма ой саламын. Қар жауып жердің жүзі ағарады, Дария сулар мұз болып көгереді. Сіздерді көрмеген соң көптен бері, Сағынып менің жаным сарғаяды. Хат жазам амандықтың түгел бəрін, Тұрмысың қандай-қандай жағдайларың. Денім сау, аман есен жүрмін əзір, Жалғыз-ақ бар уайымым балапаным! * Тордан ұстап тұрған Үміт талықсып, тізерлеп отыра береді. Бала шырылдайды. Бір сəтте темір тор көрінбей кетеді де, тербетілген ақ бесік қана қалады. Бұлттар көшіп, сол көшкен бұлттың ара-арасынан толған ай сəулесі тал бесікке түсіп тұрады. Бесік тербеліп, бала жылап жатады. (Шымылдық). ҚҰЛПЫТАСТЫҢ КӨЗ ЖАСЫ (Психологиялық драма) Қатысушылар: Əбіл Аужан – бір ауылдың үлкендері Қалима Əйелдер Ербол (ол қаңғыбас от жағушы) – жазасын өтеп келген жас жігіт Ержан – үлкен бір шенеунік Жамал – Ержанның əйелі Сəкен – Ержанға бағынышты мекеме бастығы Оққағарлар
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Адам баласы ендігі арада тұрып та, онан соң туып та өмір сүруге болмайды деген кесіммен қотаны жүдеп қалған шағын ауылдың бес-алты қаралы үйінің біреуінде ас берудің қамы жасалып жатыр. Бір шаңырақта жалғыз отырған аурулы-сырқаулы, уайым мен қайғы жеген Əлима кемпірдің қайтыс болғанына да қырық күн толмақшы. Осы ауылдан көше алмай қалғандар жалғыз кемпірді жер қойнына беріп, кейуананың шаңырағының шамын қырқы өткенше сөндірмейік деген ниетпен марқұмның үйіне кезектесе түнеп, енді, міне бəрі жабылып ертеңгі асқа да əзірленуде. Үлкендер жағы намаз оқып болып, дастархан басына жиналып, əңгіме бастап жатыр. Əбіл: – Е, марқұмның аруағы шат болсын де! Апырай-ай, ə!.. Зымырап өтіп бара жатқан уақытты қарашы, ə! Жарықтықтың қырқы да болып қалды. Аужан: – Осы Əбесі, мына көрші ауылдарға да хабар берген дұрыс-ау деймін. Ас-су жетеді. Ол жағынан ұялмаспыз. Əбіл: – Енді бар шаруаны өзің қолға алып, соның басы-қасында өзің жүрсің ғой. Айтамын, шақырам, хабар берем деген мəселенің бəрін өзің-ақ ойластырып шешсейші. Аужан: – Айтқаныңыз-ақ болсын!.. Əбе, осы марқұм Əлиманың жалғыз ұлы бар еді ғой, əлгі Алматыда оқып жүріп, сотталып кететін. Əбіл: – Е, сорлы бала! Несін айтасың, тектінің бір ұрпағы еді ғой ол да! Сайтан адастырайын десе, ол да оңай көрінеді ғой. «Кебенек киген келер» деген бар ғой, жазасын өтеген соң аман-сау келсе болар. Аужан: «По моему» соның «срогы» биыл бітетін жыл. Əлгі қай жер еді, «аспанда құдай, астында мұнай, ортасында адай» дейтін бір жер бар ғой, əлгі қара май шығатын, сол арада деуші еді. Əбіл: – О, жазған құдай, əлгі қалай еді, Гуриіп пе еді? Аужан: – Иə…иə…Гуриіп…бірақ қазір сол əлгі Атырау деп аталады ғой. Сол Ербол босапты, Алматыға келіпті, əлгі оқуының дипломын аламын, сосын ауылға келемін деп хабар айтыпты. Соны марқұм Əлима осыдан бір ай бұрын шамасында қуанып, үй-үйді аралап айтып шыққанын құлағым естіп еді. Əбіл: Осы сол əңгімені мен де естіп едім. Сорлы бала бүгінді-ертеңді келіп қалса жарар еді. Анасына топырақ салу бұйырмаса да, тым болмаса бір дұғасында бетін сипар еді-ау! (Əбіл қарт осыны айтуы мұң екен «Ағатай!», «Ағатайлаған» əйел дауысы шығады. Əңгіме сап тиылады. Қазан-ошақтың жанындағы əйелдер дауыс шыққан жаққа қарай үрейлене қарап, аңтарылып тұрып қалады. Бұл ауылдың шеткі үйінде тұратын Қалима кемпір болатын). Əйелдер: – Ойбай-ау, мынау Қалима ғой! Екі өкпесін қолына алып жүгіріп келе жатқаны несі?! Не ғана болып қалды екен? Бойым ауырлап тұр деп төсек тартып жатыр еді мана. Қалима: (ентігіп, əлденеге абыржыған қалып үйге кіреді, Əйелдер де соңынан ереді). -Ағатай!..Ағатай!.. Ух…ох..ах…Ағатай!..Ағатай!.. Əбіл: – Шырағым келін, тыныштық па əйтеуір! Не болып қалды? Айтсаңшы енді ентігіңді басып, жүрегіңді орнына түсіріп… Қалима: – Ағатай!.. Ағатай!.. Қазір… қазір айтамын. Тух, мына жаман жүрегім аузыма тығылып,
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев орнына келмей тұрғанын қарашы! Қазір…қазір…Ауыл шетіне… ана жерге… (қолымен қара жол жақты нұсқайды) бір мəшине келіп тоқтады… өзі такси мə деймін. Аужан: – Иə Қалимаш, сонан кейін деймін… Қалима: Тұра тұршы! Жан алқымнан алмай! Ағатайға айтып жатырмын ғой енді. Əбіл: Сөзін бөлмеңдерші енді! Тыңдасаңдаршы сабыр сақтап! Келін шырақ, айта бер! Қалима: Соны айтам-ау! Сол əлгі мəшинеден біреу түсіп жатқан соң, терезеден үңіліп қарап тұрсам… шырамыттым, сол əлгі осы үйдің Ерболынан аумайтын біреу. Құдай ақы, көз алдымызда өскен бала еді ғой, бейшара неме, құдды Ербол! Сол…сол ағатай! Ербол келе жатыр. Қазір өзі де осында, үйіне кіріп келер. Əбіл: Келін шырақ! Мынауың тосын да болса… жақсы хабар екен. Ал, енді келе қалса, бірден жылапсықтап ала жөнелмей, сабырмен, байыпты қарсы алайық. Алып-ұшып келе жатқан жүрегін шошытып ала көрмейік. Естірту жағын маған қалдырыңдар. (Үйге қолында жол сөмкесі бар Ербол кіріп келеді). Ербол: (сəл-пəл тосырқап тұрып қалады). Ассалаумағалейкум! Əбіл: Уағаликумассалам! Бар бол, балам! Кел… кел…айналайын, құрдасымның баласысың ғой, келе ғой, маңдайыңнан иіскейін! Орнымнан тұрып барып, өзім-ақ құшағыма алар едім, мына аяқ құрғыр басқызбайды. (Ербол Əбіл қартпен, үйде отырғандармен қол беріп амандасады). Ербол: – Аға, апам қайда? Əбіл: – Балам…балам əуелі өзің менің қасыма келіп, мына араға отыршы. Келші… Ербол: Апам қайда? Апам қайда жүр? (Қарттың жанына келіп жайғасады). Əбіл: – Ал, кəне шəйлеріңді əкеліңдер! Кəне, наннан ауыз ти! Е, балам ендігі татар дəміңді адалыннан татқыза көрсін! Ербол: Аға, апам қайда деймін? Аужан: (Əбілге қарап) Ербол шырақ, апаң манағы бір кезде мына көрші ауылдағы бір жамағайындарының жайын біліп келемін деп сонда кетіп еді. Осы қазір-ақ келіп қалар… (Əйелдер жағы көздерін жаулықпен басып сыңсып жылайды). Ербол: Аға, апам қайда деймін? Əбіл: Ербол, айналайын! Мына жалған дүние кімге опа берген дейсің?! Есің бар азаматсың сен де! Ер азаматтың басына не түспес, ол не көрмес, неге көнбес!.. «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ»,-демеп пе еді баяғылар. Сенің де ендігі алдың жөн, Ербол, шырақ! Адасқан боларсың! Шатасқан боларсың! Мына тұрлауы жоқ дүние шіркінде кімнің сүрінбегені, кімнің күрсінбегені бар?! Ендігі қалған ғұмырыңда айың оңыңнан тусын! Берік бол! Мықты бол! Анаң Əлима дүниеден озып кеткен, ақ жуып, арулап қойғанымызға да міне, ертең қырық күн болады. Жазу солай болды, айналайын! Əйелдер: (дауыс шығарып) Сорлы апам-ау! Ерболым деп өтті ғой!.. Бір көре алмай өзіңді, зарығумен кетті ғой! (Ерболдың көзінде жас. Орнынан тұрып келіп, екі бетін қос қолымен басқан қалпы, тізерлеп отырған бойы, үнсіз қалады).
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Ербол: (жан даусы шырқыраған күймен) Апа-а-а-а! (Тағы да сəл үнсіздік, сол отырған қалпынан қозғалмайды). Ербол: (сол жан даусы шырқыраған күймен) Апа-аа-а! Апа-а-а-а!.. Апа-а-а-а!.. (Үнсіздік. Сəлден соң Ербол орнынан тұрып екі көзінен жасы парлай жүріп жан азабымен ерсілі-қарсылы сенделген қалпы назын айтады). Ербол: Апа! Апа деймін! Білесің бе, мені естисің бе, апа!.. Мен... мен кінəлі емес едім ғой. Ешнəрсеге жазықты емес едім ғой, апа-ау!.. Ешкімге…ешкімге де зорлық жасаған жоқпын, апа! Апа… апа… естисің бе?! Тым болмаса сен естіші, сен тыңдашы! Жазықты емеспін деп шырылдаған жан дауысымды тірі пендеге жеткізе алмай, айыпталып кете барды сорлы ұлың, апа-ау! Енді… енді мен өзімнің жазықсыздығымды да, жанымның жазылмас жарасын да ешкімге айтып жатбаспын да! Апа… апа-ау, соны бір сен… менің жазықсыз екендігімді бір сен ғана білсең болды! Енді өзге ешкімнің де алдында ақталып жатпаймын! Апа… апа… а… а…а!… Əбіл: (Ерболдың жанына келеді, басу айтады)— Қой… қой, балам! Сабыр қыл айналайын!.. Əлима жарықтық та сенің жазықсыз істі болғаныңды өзі де айтып өтті ғой! Білді… білді… апаң! Ербол: Аға… аға… əлгінде сіз де маған адасқан боларсың дедіңіз-ау! Аға… аға-ау, мына дүниеде … мына өмірде адасып жүрген жалғыз мен ғана ма екенмін?! Мен де… сіз де… бəріміз де адасып жүрміз! Дүниеден тұрақ таба алмай барлық адам баласы адасып жүр қазір! Біресе ана қоғам… біресе мына қоғам…біресе социализм… біресе коммунизм… толып жатқан бір реформалар жасаймыз деп сандалып, барлық адамзат адасып барады. Ей адамзат, қайрып енді шыға алмайтын қалың тұманға еніп, беймəлім бір тұңғиыққа батып бара жатырсың! Естисің бе?! Естисің бе?! Сен адасып… адасып жүрсің! Естисің бе… естисің бе?! (Шымылдық). Ақ қайыңы мен көк қарағайы ұшар басына дейін жарыса өскен Көкше таудың етегін шайып жатқан Əулиекөлдің жағасындағы «Найзажетпес» шағын мейрамханасында көңілді бір топ дем алып жатыр. Көл жағалап серуендеп келе жатқан Ержан мен Жамалға сол көңілді топтың дастархан басындағы дуылдаған əңгімелері анық естіліп тұр. Сəкен: (орнынан тұрып). – Мен үшін бүгін бір сəтті күн болды! Апыр-ау министрліктен келетіндер шіреніпшіреніп келетін бір дөйлер ме десем, оу, айналайындар бəрің де бір тамаша азаматтар екенсіңдер-ау! Тіпті кейбіреулерің баламдайсыңдар! Аптаның басында Ержан Төлеуович жолдастарыммен барамын, қарсы аласыз ба дегелі, шынымды айтсам, сонан бері не ұйқы, не күлкі көрген жоқпын. Əйтеуір білетіндерден сұрай жүріп… қарсы алып жатқан жай осы, бауырлар! Осыған риза болыңдар! Ал, кəне Ержан Төлеуовичтің өсе беруі үшін… бəрің де өсіңдер, айналайыңдар! Ал, кəне… алып қоялық! (Дастархан басындағылар гуілдеп орындарынан тұрып, ағынан жарылған Сəкенге риза болып жатады. Дуылдап жатқандардың үстіне Ержан мен Жамал кіреді).
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Ержан: Əй, осы сендер осы бір дастархан басында жайындай жайылып отыра-отыра шаршаған жоқсыңдар ма?! Манадан бері жеп жатырмыз… ішіп жатырмыз… ішіп жатырмыз… Мына Сəкен Бөрібаевичтің бар тапқантаянғанын бір күнде ішіп-жеп кететін болдық-ау! Ұят тағы! Кəне қояйық…қояйық та тұрайық! Мына орман ішін серуендеп қайтайық та!.. Сəкен: Ержан Төлеуович… күнде келіп жатқан жоқсыздар ғой. Айына-жылына бір келгендеріңізде тік көтеріліп, жиған-тергендерімізді алдарыңызға тосып күтіп ала-алмасақ не болғанымыз? Ішіңіздер… жеңіздер! Осының бəрі өздеріңізге бұйырған ақ адал асымыз. Ал енді, орман ішін аралап, тау-тасты кезіп дем аламыз десеңіздер, ол да болады… Моншаны да жағып, саунаны да дайындап қойдық. Қазір моншаға түсіп, буланып, денемізді… қанымызды қыздырып, сонан соң орман ішіндегі бұлақ басына барып, серуендеп қайтуға да əбден болады. Бəрі де дайын… бəрін де əзірлеп қойғанбыз өздеріңізге. Ержан: Енді, о не дегеніңіз? Қонақ қойдан жуас демеуші ме еді?! Бізде ерік бар ма, май берсең де жей береміз ғой… Əй, бəрін де дайындап қойдым дейсің бе? Сауна… о… ғажап… əй, қыз да бар ма, ей?! Сəкен: О, ол не дегеніңіз… əрине қыз да бар, қымыз да бар дегендей. Сіз үшін бəрі де əзір… бəрін де алдыңызға əкеле аламыз. Жамал: Əбекесі!.. Àу, Əбекесі! Сылаңдап көз алдыңызда мен тұрғанда құмартып іздеп тұрғаныңыз ол не қылған қыз!.. Əбе…ке!.. Қыздың қызығын көргеніңіз аз да емес еді ғой?!. Ержан: Жамалчик!.. Ну, Жамалчик! Болмашы жерден қызғаныш шақырмай, шағын жанжал шығармай отырыңыз. Ұмытып кеттіңіз бе, сіз бен біз қалай келісіп едік? Мен дегенің түз тағысымын дегендей… Түзде не кездеспейді… соның бəрінің дəмін татуым керек, қолыммен ұстап көруім керек… қызықтауым керек… Мен еркекпін ғой! Оның үстіне маған қызықпайтын… маған құмартпайтын… мені сыйламайтын…тіпті мені ойлап төсегінде аунақшып түн баласы ұйықтай алмайтын қыз-келіншектер қанша ма? Міне, мыналардың бəрі де жік-жапар болып, қолдарын қусырып, мені сыйлап отырған жоқ па? Ішіңіз дейді… жеңіз дейді… мына дүниенің қызығын көріңіз дейді, қызықтаңыз дейді. Сен де бір қызығым емес пе едің, көріп жүрмін ғой сені де! Бір сен… бір сенің ғана қызығың қазір аз маған. Біле білсең бəрі де…бəрі де аз маған осы күні. Так что… сол аз дүниенің қызығынан мені қаға көрме, қарашығым! Жамал: Аз дейсіз бе?! Он екімде бір гүлім ашылмаған пəк жаныма жара салғаныңыз да аз ба еді? Менен басқа жылатқандарыңыз да аз ба еді?! Ержан: Жамалчик… ау, Жамалчик!.. Мына жұрттан ұят тағы… өзіңіз масайып қалғанның қай жағындасыз? Баяғыда…а… біздің ауылда өткен бір той-томалақта бір ағамыздың əйелі қызыл шарапты құмарта сіміре берсе керек. Сонысын ұнатпаған ағамыз анда-санда жеңгемізге: «байқап ішсеңші» деп қоятын көрінеді. Қаны қызып алған жеңгеміз де бой бермей: «қайтер дейсің, бұл қызыл арақ қой»—деп сіміре… сіміре берсе керек. Тойдың соңында орнынан тұра алмай қалған əйелінің масайрағанына намысы келген ағамыз: «Айттым ғой саған! Ойнайсың қатын қызыл арақпен»,-- десе керек… Сол сияқты қызыл шарап сенің де буыныңды алып қалғанның қай жағы?!. Жамал: Мастығым əлде қашан тараған менің...
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Есіңізде ме… профессор деген дардай атағыңызбен екі жыл бойы маған бір пəннен зачет қоймай əуреге салғаныңыз... Солай уысыңызға түсіргенсіз! Мен ақымақпын, шын ақымақпын! Университеттегі оқуымнан шығып кетсем де пəктігімді кəрі теке тап саған алдырмауым керек еді… Ержан: Міне, айттым ғой!.. Айттым ғой!.. Сен массың!.. Масайып қалдың!.. Қай-қайдағыны айтып, сандырақтай бастадыңыз!.. Жамал: Сорлы қызды зорлаған қылмысыңның ізін жасыру үшін не істемедің сен? Не бір зұлымдыққа бармадың сен?!. Ержан: О… мемлекеттік, айыптаушым! Айтыңыз… айтыңыз… айта түсіңіз! Қазір əркімнің өз аузына келгенін оттайтын заман!.. Демократия… бостандық … Байыңа да, патшаңа да не айтам десең де… оларды қалай қаралаймын десең де болатын заман…өз еркің!.. Ау, не?.. Не?.. Не істеппін мен осыншалықты?!Айтсаңшы тірідей өлтірмей! Жамал: Айтамын, Əбекесі! Мен айтсам аузыма келгенді емес, көкірегіме кек болып қатқан… жаныма қайғы мен сары уайым салған зарымды айтамын… Не істедім деп енді мүлəйімсімей-ақ қойсаң да болатын еді ғой. Мүлəйімсіген, мүсəпірім! Не… сенің театрдағы жастар кешінен мені жатақханама шығарып салған Ерболды дəл үйінің алдында ұстатқызып, бейбақтың қалтасына наркотик салғыза қойып… онан кейін оны нашақор саудалаушы… онан кейін өзің зорлаған қыздың ажалына себепкер ретінде айыптатып… көзін жойып… мені алдап-арбап, қорқытып-үркітіп… уысыңа түсіргенің есіңнен кете қойған жоқ шығар əлі!.. Енді, міне, мазағыңа да айналдыра бастадың! Ержан: Жамалчик!.. Оу Жамалчик, қойсаңшы енді, ұят тағы мына жұрттан. Болды!.. Ал, болды… бояуы сіңді… Жалғыз сен дейсің бе маған зачет тапсырған. Талай… талай ұлы бар, қызы бар дегендей… Талайлардың… біреуінің біліміне… біреуінің көркіне қарап зачет қойып оқытып… білім беріп, ұшырып жіберіп жаттық қой əйтеуір. Солардың далада жылап қалған ешқайсысы да жоқ əйтеуір. Қазір сол ұлдардың бəрі де бір-бір қыздың байы, сол қыздардың бəрі де бір-бір еркектің қатыны… бір-бір үйдің иесі болып жүріп жатыр əйтеуір. Мен сүйкегендердің, маған сүйкенгендердің еш нəрсесі кеткен жоқ əйтеуір. За то… оқуларын бітіріп, дипломдарын алып… бəрі де адам болып кетті. Солардың арасынан…ау, мың қыздың арасынан… сені ғана алақаныма қондырып, уысымда ұстап қалған жоқпын ба? Не өкпеңіз бар? Ау, жарығым, айтсаңшы, не өкпең, не назың бар? Жамал: Өкпем көп! Көңілім қалды бəрінен де… Тойдым бəріне де…тойдым əбден… Ержан: Тойдым демеңіз… тойындым деңіз! Жамал: Иə… иə… тойындырдыңыз!.. Тойындырдыңыз арамға! Ержан: Так…мыналар…бəрің де шыға тұрыңдар! Мен өз əйелімнің маған деген қара қазандай өкпесін жападан жалғыз отырып, өзім ғана рахаттана тыңдағым келіп тұр. Сəкен, Сəкен шырақ» Сен де… сен де бара тұр? Ана «Вискиіңнен» өз қолыңмен мына рюмкеге шүпілдетіп бір құйып кетші. Иə…Жамалчик…ал енді сөйлеңіз, айтыңыз! Сүйіктім-ау, өзіңді осы кеш бойы тыңдауға əзірмін. Сен… бірдей бір Министрліктің мен сияқты бірдей
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев бір Вицесін, бірдей бір ірі тұлғасын мына тəмəм елдің алдында масқаралағың келді ме? Ау, жаңағыңыз не?!. Атым ел аузында жүрген… ертең Парламентке депутаттыққа дауысқа түскелі отырған мен сияқты азаматты қорлағың келді ме? Ал айтыңыз… айтыңыз кəне! Тыңдайын!.. Жамал: Айтамын… Айтар болсам…ең əуелі бəріне де өкінетінімді айтамын. Сенің үлде мен бүлдеге бөлеп, тойдырған бар арам дүниеңнің бəрін де құсып тастағым… құса алмағанымды тап қазір отқа жағып жібергім келеді. Сенің жылатып тастап кеткен өз əйелің мен екі балаңның көз жасы… Сонан соң əлгі… өзің зорлап, сол қорлыққа шыдай алмай жатақханасының жоғары қабатынан секіріп кетіп, жұлыны үзіліп өлген сенің мойнындағы жас қыздың көз жасы… Ержан: Енді қайт дейсіз?! Бəрі де бір сіз үшін. Қатыным мен баламды тастап кетсем, ол да мына сіз үшін… Бірақ өзіңіз білесіз... Мен оларды ренжітіп де жүрген жоқпын ғой... Енді қазір Алматыда бас қатын, Астанада жас қатын ұстайтын заман ғой. Так что, сіз ол үшін уайымдамаңыз? Ақшаларын беріп тұрмын, жағдайларын жасап тұрмын… Олардың маған деген еш өкпелері, тіпті еш іреніштері де жоқ. Соны біліп қойыңыз!.. Жамал: Маған ше? Біреудің ұясын бұзған мені… сенің сол əйеліңнің күнде қарғап отырмасына кепіл бола аласың ба? Ержан: Енді… қарғаса қарғайтын… айтса айтатын болар. Əйелдің қарғысы əйелге дарымайтын дейтін. Қамықпаңыз, Жамалчик!.. Жамал: Сен қорықпасаң да, мен қорқуға айналдым. Мен қорқамын!.. Қорқамын!.. Бірге оқып студенттік кезеңнің дəуренін бірге өткізген маған деген мөлдір махаббаты мен кіршіксіз сүйіспеншілігін аяғыма басып, таптап кеткен Ерболдың шынайы көңілінің киесінен де қорқатын болдым. Ербол, жаным! Кешір мені! (Ағыл-тегіл жылайды). Адастым…адастырды мына адамдар! Жаңылдым… жаңсақ бастым. Сүріндім, тұзағына түстім мына құзғынның! Масайрадым… Мына жалғанның қызылды-жасылды алдамшы дүниесі есімнен тандырды, мас қылды. Міне, ішемін… ішемін қазір де. Мен мынаның арқасында қымбат шарап ішіп, масайрап жүрген жоқпын, Ербол! Бұл… бұл…мына тостағаныма шүпілдеп толып тұрған сенің көз жасың… қанды жасың… Сен білесің бе, Ербол, мен қазір күн сайын не бір жазықсыз жандардың көз жастарын ішіп жүрмін ғой… Сен соны білесің бе, Ербол! Əй, (Ержанға ұмтылады) уың бар ма? Оны да ішемін… уланбаған нем қалды? Арамдалмаған не қалды? Əкел кəне, уың бар ма?!. Уың бар ма деймін?!. Құй… құй мынаған! Бəріне де сен… сен кінəлісің! Сен… сен… Ержан: Өй… Жамалчик! Өй… өй! Не болды саған?!. Не?!. Не?!. Жынданғанның қай жағындасың өзің?!. Жамал: Жоқ!.. Əзірге жынданған жоқпын! Жындансам екен тезірек! Есі кетіп есірген мына дүниенің сен сияқты ессіздерінің етегінен ұстап өмір сүргенше… енді өлгенім жақсы. Өле қоймасам… сол сен айтқандай жынданып кеткенім тіпті де жақсы! Еркегі сайқалданып кеткен мына дүниеде не ақыл, не ес қалды дейсің?!. Некелі əйелінен ұрлана жүріп, көрінген жерге ұрығын шашып, ұрпағын аздырған еркектің мына дүниеге жасаған қиянатын мына қара жер… қалай …
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев қалай ғана көтеріп тұр екенсің?!. Ей, қара жер! Қалай … қалай ғана көтеріп тұрсың деймін?!. Ержан: Жамалчик! Ау, Жамалчик, айналайын қойсаңызшы енді! Бүкіл еркек атаулыны ессіз қылғаныңыз жетер енді. Ал енді біз…біз мына еркектер кəне, нені… кəне, кімді аздырып, нені арамдап біттік? Əйел мына сендердің де азғандарың мен азғындағандарың аз ба еді, ей?! Жамал: Ей дүние! Сорлы дүние!.. Рас…рас айтасың! Соры қайнаған сол сорлы дүниеде əйелдің азғаны да, азғындағаны да аз емес. Иə… иə… аз емес! Сəби дүниені… пəк те таза дүниені аздырған да… тоздырған да мына сендерсіңдер!.. Ержан: Қойшы, ей, ақылманым! Қалайша,ей?! Жамал: Былайша, ей! Осы күннің еркек атаулысының бəрі бірдей аңшы болып кеткен жоқ па? Еркек болып атқа мінбек түгілі… сол атыңды ерттей де алмайтын… қолдарына шоқпар, сойыл ұстамақ түгілі… боққа толған қарындарын ырсылдап, көтере алмайтын сен сияқты еркектер ғой обал-сауабына қарамай осы даланың үркек елігінің бəрін де атып алып, қырып жатқан. Біз де… мына əйел біз де… сол елік емес пе едік?!. Қорғансыз, панасыз… Мына дүниенің бəрінен қорқып… бəрінен үркіп… бəрінен үрейленіп жүрген біз сияқтыларды сендер емессіңдер ме қан жылатып, аяусыз атқан… əлі де аяусыз атып алып жатқан. Сен де мені… Оқуымды бітіре алмай, дипломымды ала алмай қалам ба деп үркіп жүрген мені… сен… сен де атып алғансың. Мен де бір күнəсіз, үркек елік едім ғой… Ержан: Елігім-ау! Жарайды енді, атып алған екенмін… ал енді содан өлген жоқсың ғой! Жамал: Пəктігім үзілген сол түні-ақ, сол төсекте өліп-ақ кетуім керек еді… Өлмедім ғой мен сорлы! Бірден өлмей қалғаным несіне керек енді?!. Енді міне… күн сайын өліп бара жатырмын. Сол күн сайынғы ажалымның азабын өзім ғана күн сайын тартып келемін. Менің жанымның созылмалы ажалын ешкімнің басына бермесін де! Ержан: Жарайды…жарайды!.. Ал, ақылманым, сен енді мынаны айтшы! Əйел азбаса… əлгі қыздардың өздері тапқан өз балаларын емізбестен де… шырылдатып босанған жерлеріне тастап кетіп жататындықтарына… мына еркектер тағы да біз кінəліміз бе?! Ал, кəне, айтарыңыз бар ма осыған?!. Жамал: Сөз жоқ, біз кінəліміз! Иə..иə…бəріне де əйел біз кінəліміз! Өзің жасаған қиянат атаулының кінəсін де, күнəсін де біреудің мойнына жүктеуге келгенде ешкімге дес бермей, еселеріңді жібермей, жалынан ұстатпас асау да тəкаппар… паң да асқақ болып шыға келесіңдер ғой əйтеуір сендер!.. Өйткені… сендер … еркектер жаңбыр жаумай жер қуарып кетсе де, көк аспанды кінəлап, құдайға қарғыс айтып үйренген жансыңдар. Əрине… баласын шырылдатып тастап кетіп жатса, сөз жоқ оған əйел кінəлі! Бірақ… сол баланы сол əйел кімнен тапты екен?!. Əйелдің жанымен бірге ұрпағы үшін сол əйелі мен бірге сол еркегінің жаны неге бірге шырқырамайды? Мына жарық дүниеге іңгəлəп, шырылдап келген сəбимен бірге оның əкесінің жаны да неге бірге шырылдамайды?!. Хайуан… хайуансыңдар! Ержан: Жамалчик, қойшы енді. Хайуан… хайуан дейсің ғой тіпті өзің!.. Біздің əзірге сол хайуаннан көп артықшылықтарымыз да… біраз айырмашылықтарымыз да бар ғой…
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Жамал: Білем… білем… ол артықшылықтарыңды! Менің қолымда дүниені қайра жарататын құдірет болса ендігінің еркегін ұрғашы атаулымен сол хайуандар сияқты жылына бірақ рет жанасатын қылар едім. Ержан: Əй, вот это идея! Əй, дұрыс айтасың!.. Тіпті дұрыс айтасың!.. Осы біз адам баласының ендігі еркегі де бар ғой… сен айтқандай сол хайуандар… яғни, барлық жан-жануарлар сияқты… сендермен бар ғой… əйелдермен жылына бірақ-рет шағылысып тұратын болсақ бар ғой… онда мына дүниеде тастанды балалар дегеніңіз атымен болмас та еді!.. Мына қарашы! Жылына бірақ рет шағылысып, табатын өз баласын жылқы малы тастай ма?!. Ит те тастамайды ғой! Сиыр да… қой да… шошқа да тастамайды ғой! О, ғажап!.. Міне ғажап!.. Жамал: Сорлы… ақылың жаңа кіргендей мəз болдың-ау! Алла тағала нəпсісін тиып ұстасын деп саған берген ақыл мен ой-сананы сол хайуандарға қимағанын қайтерсің?!. Хайуан болғысы келген сорлым-ай… Сен онсыз да… өзің де хайуансың!.. Соны да білмей келгенсің-ау!.. Бар … бар… бастығымыз келеді деп саунасын жағып.. суын жылытып, қыздырып… қызқырқынын жинап, өзіңді тосып отырғандарға бөгелмей бар енді!.. Араларында пəктігі үзілмеген үркек еліктері де бар шығар! Бар, атып ала ғой! Ержан: Жамалчик!.. Атып алу… атып алатын дегеніңіздің қалғалы қай заман?! Қазір атып емес, Жамалчик, сатып алатын … сатып алатын заман!.. Жамал: Бар… бар!..Ұрлап-қарлап жинап алған байлығың жетеді ғой… бар да сатып ал! Арамнан келген дүние байлығының арамға шашыларына көзім баяғыда жеткен менің!.. (Қалта телефонын алып əлдекіммен сөйлеседі). Нұрлан, айналайын машинаңды əкелші есік алдына. Мені тезірек қалаға жеткізіп тасташы! Шаршап кеттім… Жо-жоқ ағаң қалады осында! Ол аңға … аңға шығамын дей ме?! Тез келе қойшы, енді айналайын!.. (Жамал далаға шығады. Кетіп бара жатып Сəкенге жолығысып қалады. Ол Жамалды байқамай өтіп барып, кері бұрылады). Сəкен: Жамал, айналайын-ау, қара басып, өзіңді көрмей өтіп кете жаздағанымды қайтерсің?! Ғафу ет, айналайын! Сізді қалаға қайтқалы жатыр дей ме?! Несіне асықтыңыз?! Жамал: Оқасы жоқ, аға! Қайтпасам болмас, шаршаңқырап кеттім. Көрмей өтіп кете жаздағаңыздың да еш айыбы жоқ. Ағасы-ау, біз көруден… көруден қалғалы қашан?!. Бəріміз де көрсоқырмыз осы күні!.. Сəкен: Айналайын-ау, осыншалықты несіне қамығып, неменеге күйініп кеттіңіз?!. Көңіліңізден шыға алмай, ренжітіп алған жоқпыз ба? Жамал: Жоқ, аға, сіздің еш айыбыңыз жоқ! Оған қысылмаңыз! Бəріміз көруден қалған көрсоқырмыз деген сөзіме ренжи көрмеңізші, аға! Менің жан дүниемде не болып жатқанын кім біліп, кім көре алар дейсіз?! Адам баласы бірін-бірі көруден қалды ғой!.. Көруден қалды ғой, аға!.. Соны білесіз бе?! Басты қайғы да осы ғой… осы ғой, аға! (Шымылдық). Ұзақты күн, онан қалды түн баласы құрылысы бір тоқтап көрмеген үлкен шаһардың əр тұсына бірер жылдың ішінде салынып қалған не бір сəулетті де дəулетті жеке үйлер кімкімді болмасын
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев сүйсіндіргендей. Сол қаладан не бір тұрақ, не бір баспана таба алмай жүрген бір қаңғыбас əр үйдің танбаланған белгілеріне жете көз салып келеді. Шаршаған, өңі де, түрі де жүдеу. Қолындағы шағын бір қапшығынан уқаланып, жыртылуға айналған газетті алып, соған шұқшияды. Сəлден соң ол əлдебір үйдің қоңырауын басады. Қаңғыбас: – -Сейфуллин көшесіндегі 45-ші үй осы болды ма екен, ханым?! Жамал: Па, шіркін! Ханым деп сызылып тұрғаныңызға қарағанда хан сарайынан шыққан біреу болдыңыз-ау деймін, мырзам?! Қаңғыбас: О, ханым! Мырзам деген бір ауыз сөзіңіз жан жүйемді босатып жіберді-ау! Үніңіз қандай майда еді! Мен дегеніңіз жолым болмай жүрген бір бейбақ едім, енді сəтін салар. О тəңірім, сəтін сала гөр! Менің де айымды оңынан тудыра гөр! Жамал: О, мырзам! Жаныңыз да, бойыңыз да босамасын. Сіз босағанмен бос жатқан жан мен емес. Еміренуіңді қоя тұрып, онан да не шаруамен келіп тұрсыз, соны айтыңыз. Қазір не көп, кім көп, үй-үйді аралап, қайыр-садақа сұрап, болмаса қоқыс теріп жүрген көп! Солардың бірі ме десем, сөзің ірі, етің тірі біреу көрінесің! Үсті-басыңның жүдеулігі болмаса. Қаңғыбас: Қазіргінің адамынан қайыр-садақа сұрап жүрген солардың есі бүтін емес-ау деймін. Қайырымдылықтың қанаты қайырылып, мейрімділіктің сағы мүжілгелі қай заман, ханым-ау?! Меселімді енді Сіз қайтара көрмеңіз-ші! Осы үйге от жағушы қажет болып тұр деген құлақтандыруды мына бір газеттен оқып келіп тұрмын. Сол оттарыңызды осы мен-ақ жағып тұрайын. (Үйден Ержан шығады). Ержан: Əй, ханым… ханым деп қақсап тұрған андағың кім өзі? Кісінің жүрегі айнығандай өзінің түрін қарашы. Азған біреу ме! Жамал: Қайдан білейін, кім екенін?! От жағушылыққа сұранып тұр. Сол от жағушыны іздеп жарнамалап, жар салып жүрген де өзіңсің ғой. Ал енді өзің сөйлес! Ержан: Иə… айта ғой, сөйлеңіз енді! Қаңғыбас: Мына газеттен осы үйге от жағушы қажет дегенді оқып, келіп тұрғаным ғой. Біреу-міреуді алып қоймасыңыз мен-ақ от жағушыларыңыз болайын. Ержан: Иə… от жағушы қажеті, қажет бізге! Ал енді, мына түріңе қарағанда сенің қолыңнан сол от жағу дегеніңнің өзі келе қояр ма екен деп күмəнданып тұрғаным. Мұншама азып кеткен не қылған жансың? Қаңғыбас: Мен бе? Мен де … мына азған заманның бір азғынымын да! Оны айтасыз… менің мамандығымның өзі осы от жағушылық. Тіпті өзімді сол от жағуға жаралған жандай сезінемін. Ержан: Болды енді! Жақындамай əрі тұршы, иің шығып, жидіп кеткеннің қай жағындасың? Қаңғыбас: Енді үйі-күйі жоқ мен сияқты қаңғып жүрген адамнан қақ исі шықпағанда жұпар иісі шығуы керек пе?! Ержан: Болды енді! Анау көк есікті кішкене сарайды көрдің бе? Бар…бар…соған кір де андағы үсті-басыңдағы алба-жұлба шоқпыттарыңды таста да, сол арадағы пешке салып, жағып жібер. Сол арада жуынатын жер бар, жуын, қырын, жөнге келіп алшы. Мен қазір саған жөні түзу киім əкелткізіп берейін. От жағатын да … жататын да жерің сол арада, білдің бе, ей?!
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Қаңғыбас: Білдім…білдім! Құдай жарылқасын! Барайын…барайын. Ержан: Əй от жаққаныңа қанша ақы сұрайсың?! Қанша айлық төлеп тұрайын? Қаңғыбас: Қажеті жоқ сол айлық дегеніңіздің! Оны айтпасаңыз да болады. Сосын кейін… кейін бір реті келгенде есеп айрысармыз өзіңізбен. * Жамал жасанған жарасымды үйіне кіреді де, əлде бір тəтті де мұңылы музыканы жібереді. Өзі сол саздың əлдилеуімен терең ойға беріледі. Жамал: (ішкі ойы).-Апыр-ау, кім болды екен əлгі бейбақ! Апыр-ау, кім болды екен? Жатсам түсімнен, тұрсам есімнен бір кетпей қойған Ерболымның қос жанарының ұшқынын сезгендей болдым ба əлгінде?! Менің бетіме тура қарамағаны несі! Ербол!.. Ербол!.. Бірақ сен осыншалықты азып, осыншалықты жүдеп кете қойдың ба екен? Мені сүйген алаулап жанған жүрегің қайда? Жалындай жарқылдап жүрер жаның қайда? Сөнген бе?.. Сөнген бе бəрі де! Маған деген жүрегіңдегі тəтті бір сезімнің сол отын сөндіріп, жан жүрегіңдегі маған деген аяулы сүйіспеншілігіңді жоғалтып алсаң… оған мен…мен… бір мен ғана жазықтымын! (Үйге Ержан кіреді). Ержан: Туһ, əлгі бір бичтің үсті-басының сасып кеткені-ай! Сол шоқпытын үстінен əзер тастатып, зорға дегенде отқа салғызып жібердім. Тап бір француздың модельерлері тігіп берген киімдей тастағысы келмейді өзі! Ау, Жамалчик, сен неге томсырая қалғансың? Жай ма, əйтеуір?! Жамал: Жай, əшейін! Басымның ауырыңқырап тұрғаны. Қазір дəрімді ішсем, басылады!.. Ержан: Дəрігерге көрін, болмаса үйге шақырайық! Жамал: Жоқ, қажеті жоқ! Бір бүгін ауырған, бір бүгін қақсаған бас дейсің бе? Дəрі ішсем басылар! Ержан: Ал, бопты онда! Мен жұмысқа кетемін. Бүгін кештеу келетін шығармын. «Важный» бір кеңес болады деп отырған. Жамал: Қашаннан бері сенің ерте келгеніңді есептеп, кеш келгеніңді шотқа қағып күтіп отырушы едім. Бар, жолыңыз болсын! (Қолында дипломаты бар Ержан үйден шығып кетеді. Ізінше қолында түрлі құрал-жабдықтары бар қаңғыбас от жағушы кіреді). От жағушы: Ханым, кіруге болар ма екен?! Өзімнің от жағушылық қызметіме кіріспес бұрын, əуелі үйдің ішіне жылу жүйелері қалай тартылды екен, су ағызатын шүмегі, бу шығаратын тетігі қай арада, соның бəрін өз көзіммен көріп, қолыммен ұстауым керек. Бетін аулақ қылсын, қыс ішінде жылу жүйесі қатып, жарылып жатсақ қиын болар. Сақтықта қорлық жоқ деген, бəрін көріп алайын деп едім. Жамал: Кіріңіз, көріңіз! Осы үйдің несін көргіңіз келсе де еркіңізде! От жағушы: Жо-жоқ! Сіз дұрыс түсініңіз! Маған хан сарайының да қызығы жоқ. Қызарған қызыл дүниеден көңіл шіркін қалған соң, сол енді көзіме қызыл шоқ болып басылмасын деп, міне, осы үйге де қара көзілдірік киіп алып, кіріп тұрмын.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Жамал: Па, шіркін! Байлығың тасып, сол тасыған байлықтың кемесінен түсіп қалған жандай сөйлейсіңау өзің? От жағушы: О, ханым, имандай шынымды айтайын! Мен дегінің шексіз бай едім ғой! Тіпті сол байлығымның шегі де, шеті де болмайтын. Жамал: Е, сол байлығыңды қай араға шашып кетіп, қай жерде жоғалтып жүрсің? Біреудің отын жағып, күлін шығаруға мəжбүрлеп, дəрменді еткен, оның үстіне бір шашылғанда жоқ болып, адыра қалған ол не қылған байлық? От жағушы: Ол ма?!. О… мен оны ешкімге де, тірі пендеге айта алмаймын! Ал, енді мен мына бір суы тамшылап тұрған шүмекті бекіткенше (əлдебір тетікті бұрай бастайды) сізге бір сауал қояйын, соған жауап беріп көріңізші! Жамал: Енді сен қалып едің маған сұрақ қоймаған? От жағушы: Талай бір төрелер мен талай бір мырзалардың алдында небір сауалдарға жауап берген боларсыз?! Енді мен сияқты да бір міскіннің бір сауалын тыңдаңыз! Жамал: – Ал, тыңдалық! Ал, құлағымыз сізде! От жағушы: Е, бəсе! Ханым деген солай болар? Ал, енді осы байлық дегеніміз не? Сізден соны сұрайын деп едім. Жамал: Байлық дегеніңіз бе… ол не дейсіз бе?!. От жағушы: Иə…иə… байлық дегеніміз не? Жамал: Енді ол… Қалай десем екен?!. От жағушы: Қалай десеңіз де… байлық дегеніңіз не екенін айтып берсеңіз болғаны! Жамал: Денсаулықты байлық дейді. Сосын… От жағушы: Дұрыс! Денсаулық - басты байлық! Сосын… Жамал: Өзіңіз мені тергеудің астына алдыңыз ғой. Онсыз да басым сынып ауырып тұрғаны! Білмеймін... ойлап көрмеппін байлық дегеннің не екенін?! От жағушы: «Вот», міне, көрдіңіз бе? Жалғыз сіз ғана емес, осыны бірде-бір адам білмейді! Бірде-бір адам білмейді! Ал… мен… мен… білемін!.. Жамал: – Ал, енді соны сен өзің ғана білсең əй, қаңғыбас, айтсайшы кəне! О, менің ендігі сырласарым да, ермегім де өзің ғана болып қалмасаң қайтсын осы?! От жағушы: Болсақ, болармыз? Несі бар? Мен де ермегі болғанмын сіз сияқты еркелердің!.. Мені не, осылай...азып, тозып, қаңғыбас болып туды деп ойлайсыз ба?!. Жамал: Жо-жоқ!.. Қалай болып туғаныңызды ойлап, басымды қатырып нем бар?! Онсыз да басым қаңғып отыр. От жағушы: Ауырып қаңғыған бас ешнəрсе емесау, түймедей-ақ бір дəрімен жазылар! Адасып, жаралы болып қаңғыған бастың күнін кеше көрмеңіз! Оның дəрісі түгіл, дəруін де таба алмайсыз. Жоқ ол… жоқ!..жоқ!.. Жамал: – Иə, сосын əлгі байлық дегенің не болды өзі? Қысыр əңгімеңді қой да, білсең соны айтшы! От жағушы: Білемін дедім ғой! Білемін! Сабыр сақтаңыз, айтамын қазір. Сіз…осы бар ғой қазір, міне… мынау үш қабатты коттеджіңізді…құлағыңыздағы андағы гауһар сырғаңызды, тағы неңіз бар еді?.. Жамал: Көгілдір құндыз ішігім… «Джипім» бар! От жағушы: Иə, сол құндыз ішігіңізді…сол «Джипіңізді»… соның бəрін… бəрін өз байлығыңыз деп санайсыз, ə?!.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Жамал: Енді ше? Байлық емей немене ол! Байлық болғанда қандай? Ал, сол сенде неге жоқ?!. От жағушы: Мен де -- баймын! Жамал: Қойшы, ей!.. (қарқыладап күледі). Əй, ол байлығың қайда? Көрінбейді ғой! От жағушы: Көрінетін байлық бар, көрінбейтін байлық бар! Менікі сол… көрінбейтін байлық! Жамал: Көрінбей қалған, болмаса көрініп, көзге түскісі келмейтін ол не қылған байлық?! Пұлым жетеді! Мүмкін мырзалығыңыз ұстап, сол көрінбейтін байлығыңызды маған сатарсыз, ə?! От жағушы: О, бəрін де… дүниенің бəрін де… тіпті адамның арын да саудалап жүрген өздеріңіз-ақ өзге дүниені өзгелерден сатып-ақ ала берсеңіздерші! Менімен саудаласпай-ақ қойыңыз! Мен сата алмаймын! Жо-жоқ… сата аламаймын!.. (От жағушы жақындап Жамалдың жанына келеді де, стол үстінде тұрған арақ-шараптың ішінен, бір шыны сыраны қолына алады). От жағушы: – О, жарықтық, сыра! Ханым, боршаборшам шығып, əбден терлеп, сусап кеткенім. Мына бір бөтелке сыраны ішуге рұқсат па екен? Жамал: Ішіңіз!(Зілсіз кекесінмен). Көрінбейтін байлығыңызбен түбінде бір өтей жатарсыз?!. (От жағушы сыраны аузынан сіміріп салады). От жағушы: О-о-о… шіркін! (қолындағы бос бөтелкені ұстап тұрып) Ханым, міне, менің байлығым!.. Жəне де көзге анда-санда болса да бір көрініп қалатын байлығым осы, міне! Ал мен дегенің бір бөтелке сыра ішкен күні баймын! Бай болғанда да қандай, мына жалпақ дүниеге сыймай кетемін! Жамал: (Орнынан тұрып, арақ құйып ұсынады). - Ау, сорлы бір бөтелке сыра ішкен күні байығаныңнан жалпақ дүниеге сыймай кетесің… тойып арақ ішсең байлығың қай жағыңнан шығар екен? Мə, ішші мынаны, көрейік байлығыңның сыйқын!.. Ербол: (масайыңқыраған күймен, бос бөтелкені көтеріп). Менің байлығым мынау, міне! Сіздің байлығыңыз мынау хан сарайындай үйіңіз!.. Сіз де байсыз, мен де баймын!.. Сонда екеуіміз де теңбіз! Нөл де нөл!.. Сонда байлық дегенің -- нөл!.. Иə… иə… нөл... нөл!.. Түк те емес ол… нөл… нөл!.. Сол нөлді қуып барады ақымақтар… (қарқылдап күледі) Əй, неменені қуып бара жатырсыңдар? Нөлді ме?!. Ха-ха-ха!.. Нөлді ме?! Ха-ха-ха!..Нөлді қуып барасыңдар ақымақтар! Əй, қайтыңдар бері!.. Ол нөл ғой…нөл!.. Нөл дегенің түк те емес… ол нөл… нөл! Сол нөлге тең байлықты қуған өмірлерің де нөл! Нөлден түк қалмайтынын білмейді сол ақымақтар! Əне, қуып барады! Əй, қайтыңдар… қайтыңдар бері!.. (Сəл үнсіздік. От жағушы сабасына түскен кейпімен). Нөл!.. Нөл!... Өл!.. Өл!.. Ханым деймін! Уа, ханым! Байлық дегеніңіз осы, міне… нөл… нөл!.. Ал, қазіргінің байлары мен мен сияқты қаңғыбас бичтерінің арасында қандай айырмашылық барын білесіз бе? Жамал: О, сенің білгеніңді бізге білу қайда? Айта беріңіз! Ең əуелі өз қолымнан құйып берген андағы арақты алып қойыңызшы! Сосын айтыңыз! От жағушы: (арақты ішіп қояды). О… шіркін! Ал, енді… мысалы мен өлсем, осы маңдағы өңкей БИЧтер жиналып көмер де, əзер болса сол бейшаралар екі бөтелке арақ ішер сол күні! Ал енді… сіз кешіріңіз… осы үйдегі бай мырза өлсе… сіздер… ал, əзер болса
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев екі жылқы соярсыздар сол күні… Міне…ха… ха… ха… қазіргінің байы мен сорлысының арасындағы айырмашылық осы! Екі бөтелке… екі жылқы!.. Екі бөтелке… екі жылқы!.. Ха… ха… ха!.. Екі бөтелке, екі жылқы!.. (масайыңқыраған қалпы, орындыққа отырып қалады). Жамал: Ау, кеш болды! Осы байыған қалпыңызбен барыңыз енді жатар орныңызға! От жағушы: Қазір…қазір… Мен осы сізге көрінедіау дейтін байлық атулыны көзіңізге көрсетіп, қолыңызға ұстаттым ғой деймін. Енді не қалды?!. Жамал: Енді ме, əлгі көзге көрінбейтін… ешкімге сатпаймын деп бұлдап отырған байлығыңыз қалды. Көрінбесе көрінбесін, тым болмаса соның не екенін айтып қалыңызшы! От жағушы: Көзге көрінбейтін бе?.. Көрінбейтін байлығым ба?!. Ол… ол ма… ол-менің жан-дүнием! Ол – менің жүрегім… сезімім… сүйіспеншілігім… махаббатым!.. (Жамал шошынған күймен орнынан тұрып кетеді. Сол сəтте от жағушы қара көзілдірігін шешіп, ерекше бір толғаныс, тебіреніс үстінде). Жамал! Жамалым!.. Менің жан дүнием сен едің ғой! Жүрегім де… сезімім де… сүйіспеншілігім де, махаббатым да сен едің ғой! Сен едің ғой бəрі де мен үшін!… Байлық та… бақыт та! Азсам да, тозсам да, жүдесем де мен осы… саған деген жан дүниемді… аяулы бір махаббатымды ғана сақтап қала алдым!.. Сақтадым… сатқан жоқпын… сата да алмаймын!.. Мен…мен бір кездегі өзіңнің Ерболыңмың ғой! Ерболмын мен! Жамал, мен Ерболмын!.. Жамал: (Жан даусы шығып) Ер-бол! Ер-бол! Бұл сенсің бе, жаным?! Ербол, рас бұл сенсің бе? Рас па... рас па?!. Ербол!.. Ербол! Бұл сенсің бе, жаным?! Айтшы... айтшы... бұл сенсің бе, Ербол?!. Ербол: (шаршаған, қажыған үнмен) Жа-мал, иə, бұл менмін! Менмін, жаным! Іздеп, таптым сені! Менмін… менмін, жаным! Жамал: (Көзінде жас. Қос тізерлеп отыра қалады). Қос жанарымнан сорғалаған көз жасыммен күн сайын мен өзіңнен кешірім сұраумен болдым десем… оған не иланарсың, не иланбассың! Өз зарыммен, өз мұңыммен өлмей тірі жүрсем өзіңді бір кездестірермін… іздермін… табармын… əйтеуір бір жолығармын… сол сəтте аяғыңа жығылып тұрып кешірім сұрармын деуші едім. Соның сəті енді келді! Ақталмаймын алдыңда! Тек қана кешір! Кешіре біл мені! Сенің маған деген жаныңның пəк те мөлдір сезімін, ғашық болған жүрегіңнің іңкəрлігінің жан даусын шығарып шырылдатып тастап кеткенім менің опасыздығым да болар. Мынау опасыз дүние ең əуелі жаны да, жүрегі де нəзік əйел затын алдап, жалмайды екен. Опасыз дүние! Қайда… қайда жетелеп, желіктіріп əкетіп бара жатырсың əйел жанын?! Қайда… қайда деймін?! Сол опасыз сорлы дүниенің сорлы əйелі менмін… менмін! Əй, дүние, неге… неге ғана сорлатасың əйелді, неге… неге ғана жылатасың əйелді! Есерліктен кекірік атып жатқан есер дүниенің ермегіне айналу үшін жаратылып па едік?! Аппақ пəк дүниені… бəріңді… бəріңді… ақ сүтімен ауыздандырған əйел ананың жаны мен тəнін неге… неге саудаға салып қойдындар?! Кешір, дүние!.. Кешір Ербол! Зарланып замананың ащы запыранын ішкен жалғыз мен дейсің бе?! Кешір… кешір мені! Ербол: Менің алдыма келіп басыңды июдің де, зар
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев иленіп кешірім сұрауыңның да ешбір қажеті жоқ енді! (Үнсіздік). Мен үшін еш нəрсенің де қажеті жоқ ендігі арада. Жалынан ұстатпай кеткен жалған дүниенің жазасын тарттым, көңілім қалды бəрінен де! Суындым… өмір алдамшы екен! Соны ұғыну арқылы… мына өмірде адам баласына бір ажалдың барлығына қуанатын болдым. Мен де… сен де… бəріміз де… əйтеуір бір өлеміз! Міне, мен қазір осыған ғана қуанамын! Дүниенің əділдігі—ажал екен! Ешбір байдың да, ешбір əміршінің де дүниеге əділдік, теңдік орнатуға əлмисақтан бері құзыры жүрмей, құдіреті жетпей келсе, сол əділдікті ажал… ажал ғана орната алады екен! Сен соны білесің бе! Жасасын өлім! Жасасын ажал!.. Жамал: Не дейсің?! Не деп кеттің сен?! Бір кездері өмірге құштар болған көңіліңді өлім əлдилеп, ажал аужарын айтып тұр ма тап қазір саған? Мен де… мен де өзіме өлім тілеп, өз ажалыма асығып, өз ажалымды аңсап күн кештім, түн қаттым! Сенсіз өткен менің өмірімнің əр күні өлген өмір! Сенсіз жүрген жарық дүниенің əр күні сөнген өмір! (Солқылдап жылайды). Мен əлде қашан өлгенмін! Мен баяғыда өлгенмін, Ербол, сен соны білесің бе?! Ербол: Өлген өмірімнің соғып тұрған мына ғазиз жүрегімнің саған… бір өзіңе … бір өзіңе деген аяулы да тəтті сезімі ғана мені айдаһар ажалдың аузына түсірмей өзіңнің алдына алып келіп тұр, міне! Шаршасам да, шалдықсам да… жүдеп жадасам да сол бір сезім… өзіңе деген осы бір сүйіспеншілігім сүріндірмеді… от болып жанған сол сезім өзің болып əлдилеп, аялады, өзің болып тербетіп, тебірентті… жанымды жылытты, қуат құйды бойыма, əл берді… сағыныш болып өртеді.. Сəулесі мол жарық күнге асықтырды! Сол сезім менің өмірім екен! Өмір дегеніңнің өзі білесің бе, сезім… сезім екен! Сезімі барлар ғана сүйе алады… Сезімі барлар ғана ғашық бола алады. Мен – бақыттымын! Жан дүниемде сол сезімнің болғандығы үшін, сол сезіммен мына өмірдің лəззатын сезініп, сүйе білгенім үшін, сол сезіммен өзіңе ғашық бола алғаным үшін бақыттымын! Ол сезім… сол сезімнің иесі де.. киесі де… құдіреті де… қасиеті де сенсің … сенсің, Жамал! Менен… ешқашан кешірім сұрамай-ақ қой, жаным! Ынтыққан ынтызар қос көңілдің, бірі-біріне асық та, ғашық та болған қос жүректің жаныммен ғана сезіне алған аппақ қардай кіршіксіз ақ сезімнің бір-бірінің алдындағы еш айыбы да, еш жазығы да жоқ. Сені мен менің бір-бірімізге деген сол бір сырлы сезімдердің ешбір айыбы жоқ еді ғой?! Жамал: Сенің сол құдіретті сезіміңнің алдында басымды иемін! Сезімсіз қалып семіп бара жатқан дүние ақиқатын айтайын ба саған! Айтар болсам, сезімі жоқтардың алдына бара көрме, күйзелесің, жаның жаралы болады! Сезімі жоқ өлі жүректің жанына жата көрме, дүниенің нəзіктігін сезіне алмай қапаланасың! Сезімі жоқ ерінді сүйе көрме, дүниенің бал лəззатын тата алмайсың! Сезімі жоқ құшаққа құлшынбай-ақ қой, ондайлар сенің жаныңды жылыта да алмайды, жұбата да алмайды! Арам жеп, семіріп май басқан жүректердің өліп қалған осы өлі сезімдері қауіпті бір дерттей таралып… ол аппақ дүниені лайлап… жалмап бара жатқандығынан шошынамын, қорқамын мен! Мені… өз сезіміңмен мына сезімсіз қалған дүниеден құтқара көр! Əлдилеші… аялашы… еркелетші… тербетші… жан лəззатына бөлеші… сүйші, сүйші мені! (Шымылдық)
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Ержан қаһарлы. Кең үйді ерсілі-қарсылы кезіп жүр. Жанындағы түр-түстері сұсты оққағарлары үнсіз. Ержан: Ах, сайқал! Ах, сайқал! Тірідей қанын ішермін қазір! Əй, сен (бір оққағарын иегінен көтеріп) бəрін біліп жүріп… маған неге айтпадың, ə! Қақ маңдайыңа бір оқты жібере салайын ба? Ал, сен ше!.. (екіншісін құлағынан жұлқылайды). Бəлкім… менің əлгі бедеу қатынымның қойнына сен де барған шығарсың?! Оққағар: Құдай сақтасын! Ержан: Құдай!.. Құдай! Білем сендердің құдайшылықтарыңды! Анау бич-от жағушы қойнына барғанда… біз де құр қалмаспыз деп қутыңдаған шығарсыңдар, ə!.. Əй.. сендердің əрқайсыларыңа ай сайын… əй… ай сайын бəлен жүз доллардан төлеп… басымды қорғатқаным құрысын! Əй төсегімді… төсегімді неге бірге қорғамадыңдар! Қорладыңдар-ау!.. Өлтірдіңдер-ау! Алып келіңдер ана сайқалды! (Үнсіздік. Лып еткен екі оққағар Жамалды алып кіреді. Жүзінде ешбір абыржу, қорқу, үрку байқалмайды. Ажарлы. Жүкті екендігі сезіледі. Ержан жағынан тартып жібереді). Жамал: – Жағымнан тартпақ түгілі, жанымды суырып алсаң да, бəрібір маған енді! Ержан: Ах, сайқал! (қалшылдап кетеді). Сайқал! Сайқал! Тұрған жеріңде буындырып тастайын ба өз қолыммен! Жамал: Мейліңіз! Еркіңіз білсін! Ержан: Қызығыңды көрген алғашқы түннен бері… өткен оншақты жылдан бері…бала көтермей келе жатыр едің, андағың қайдан пайда бола қалды? Жамал: Құдайдың бергені! Ержан: Құдай атсын! (Тағы да жағынан тартып жібереді). Ах, салдақы! (Ашуға мініп) Мен… мен елдің сөзіне сенбедім ғой. Қатының өзіңнің «бичіңмен» əуейі болып алыпты дегенді айтқандардың жағасынан алып… қой, бұлар ішіп отырып, мас болған соң ауыздарына келгендерін айта салған шығар дейтінмін. Көзім жетті! «Видеонаблюдение» қойып, сонан көріп, бəріне де өзімнің көзім жетті! Əй, анау қаңғыбас бичпен, ана қара шаласы шыққан от жағатын жердегі қақ төсекке жатып та лəззат таптың ба, ей?!. (Жамалды тағы да тартып жібереді). Жамал: Болды, енді! Жетер сенікі! Сенің ұрлыққарлықпен, алдап-арбаумен салған үйіңнен де... со-нау Араб Əмірлігінен «самолет» жалдап алғызған арабтың былқылдаған ақ төсегінен де… ана бичтің қара шаласы шыққан қақ төсегінің лəззəті есімді алғанын несіне жасырайын?!. Мə… кесіп ал басымды! Мына бала да … соныкі!.. Арам сенен зұлым туар, ол да адал дүниені былғар деп… бəрін байлатып тастап, тап сенен бала көтермей келгенім де рас! Қайда ол? Мына жендеттерің ол сорлыны қай жерге апарып көзін жойды? (Жамалдың көзінде жас) Қайда... қайда деймін ол! Ержан: Ох… оңбаған… емешең үзіліп, бүйірің бүлкілдеп тұр екен əлі де! Қанбағансың-ау деймін, қаншық неме? Кім ол? Кім?.. Кім?!. Кім ол?!. Жамал: Иə… иə… оның ыстық құшағына мейірімімнің қанбай қалғаны да бар, оны несіне жасырайын? Мен деп соққан жүрегінің лүпілін де естіп тұрмын тап қазір! Білмейсің бе?… Ол – Ербол ғой! Ербол! Ербол!.. Менің Ерболым!.. Ержан: (Ыршып түседі). Ер-бол! Ербол дейсің бе? Болса несі бар? Болсын… ал болсын! Ендеше мен оған
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев итаяқтан ас ішкізіп, мойнына қарғы бау тағып, үйшікке қамап қойдым! Итше ұлытып, қыңсылатамын мен оны! Ит өліммен өледі ол əлі! Жамал: (кектеніп). Ол сорлыға көрсеткен азабың аз ба еді? Аз ба еді ей?! Ең əуелі жүрегіндегі мені жұлып алып… онан соң жаламен басын еркінен айырып… сағын сындырып… бағын қаққаның да аз ба еді?.. Өтінемін… көрсет маған Ерболды! Мені де соның жанына апарып бірге байлап қой. Енді өлтірсең де бірге… бірге өлтір! Өтінемін… өтінемін сенен!.. Ержан: Қаншығы болып əлі де бірге қыңсылағың келеді ме, ей?!. Əкетіңдер… андағыны көзіме көрсетпей.. . Мен ана шатқалға бара берем. Өшім бар… өшім!.. Кегім… кегім бар! Андағыны сендер сол араға түс ауа алып келіңдер!.. Көрсін көзімен! (Шымылдық) Өзінің сəнді жатын бөлмесіндегі төсегіне келіп сұлқ түсе құлаған Жамал солқылдап ұзақ жылайды. Əбден шаршап барып, басын көтереді. Қол сөмкесін алып, əлдебір қағаздарды, түрлі бір заттарды салып алады. Сонан соң қалта телефонмен сөйлеседі. Жамал: Алло… бұл полицияның кезекшісі ме? Маған бастық керек еді. Жамал десеңіз біледі өзі. Тезірек қосыңызшы! (Үнсіздік). Алло… аға, мен ғой! Анада біздің үйдің бір от жағушы «бичі» жоғалып кетті деп сізге арыз беріп едім ғой. Сол күйеуімнен болды-ау деймін. Қазір мені от жағушыны тұтқындап, азаптап ұстап отырған сол жерге алып бармақшы! (Есік ашылып, оққағар кіреді. Жамал жалма-жан əңгімесін қоя қояды). Оққағар: Жүріңіз! Есік алдына шығыңыз да машинаға отырыңыз! Кетеміз! Тез жиналыңыз! (Тау шатқалына келеді). Ержан: О… даланың аруы… таудың сұлу маралы… шатқалдың шаттығы… қаңғыбастың қатыны келдің бе, ей?!. Жамал: Келдік, алдыңызға! Ербол қайда? Ербол!.. Ербол!.. Ержан: А… а… а!.. Сізге Ербол керек пе? Көресіз… көресіз қазір!.. Көресіз!... Шыдамай бара жатырсыз ба?!.. (Оққағарға ыммен бұйрық бергендей болады). Сəл шыдаңыз… сəл ғана!.. Сəл ғана!.. (Əлгіндей болмай оққағар аузы буулы, қарғы баумен байланған Ерболды алып келеді). Жамал: Ербол! (ағыл-тегіл жылайды). Ендігі көрмегенің… жо-жоқ мына менің саған көрсетпегенім осы еді енді! Құдай-ай!.. Құдай-ай!.. Бəрін де… өмірдің азабын да… мына сұмның мазағын да бір мен үшін… бір мен үшін ғана тарттың-ау! Қайтейін?! Қайтейін енді?! Кешір, жаным! Кешір мені! (Ержанға бұрылады) Аяғыңа жығылайын, табаныңды сүйейін, босатшы… босатшы! Тар қапасқа қаматқаның аз ба еді? Енді мына қамағаныңа жол болсын! Құдайым-ай!.. Құдайым-ай!.. Ержан: (кекті ызғармен) Ол… ол ма… ол осылай өледі! Өледі ол!.. Қалған ғұмырыңда сосын сені ит қыламын… Андағы бүгін-ертең табамын деп отырған балаңды да үйшікке қамап өсіремін. Мені ит қылғандардың бəрі де… бəрі де… ит болады… ит қыламын мен оларды!.. Андағы иттің (Ерболды нұқсап) аузын шешіңдер де, қарғы бауымен төрт аяқтатып жетелеп əкеліп, ана иттің алдындағы ана итаяққа ас құйып беріңдер…соны жалап ішсін! Көрсін мына қыңсылап тұрған қаншығы!
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев (Оққағарлар төрт аяқтаған Ерболды жетектеп əкеліп, аузын босатады). Ербол: (шынжырмен байлаулы қалпы бұлқынып, ащы дауыспен айқай салады). Əй, Ержан!.. Ал… ал енді қыларыңды қыл! Төсегіңе жатып, төсіңе шаптым! Қылып ал… қылып ал енді! Ха… ха!.. Қатып қалған көніңді жібіттім! Жамал: (бетін басып отыра қалады) Ер-бол! Не … не деп кеттің сен?! Əлде сен де ақылыңнан адастың ба? Ер-бол, не дедің?!. Не дедің сен?!. (жылайды). Ербол: Жамал! Жамал! Жамалым менің! Кешір… кешір… мен сорлыны! Жанымды жаралаған оқ едің ғой сен! Кеудеме кек болып қадалған сол оқты жұлып алып… анаған атып жатқаным ғой! Маған деген үзілмеген үмітіңнің… суымаған жүрегіңнің… ешкім де… мынау да… (Ержанды нұсқайды) ешбір байлығымен лаулатып, маздата алмаған маған деген ыстық сезімің алдында басымды иемін! Қазір тап осы арада… тап осы сəтте өліп кетсем де арманым жоқ менің! Андағы… қос бүйіріңді солқылдата тепкілеп жатқан ұрпағым!.. Əй,.. (Ержанға алая қарайды) менің ұрпағымның…өз ұрпағымның алдындағы бар айыбыңды кештім, жаным! Сен де.. сен де… кеш… кеш мені! Ержан: – Əй!.. (оққағарлар селт ете түседі). Мына Қозы мен Баянның жырын маған əлі де естірте бермекшісіңдер ме, ей! Не қылып тұрсыңдар, өңкей малғұндар! Əкел!.. Əкел.. анау итаяқты! Сол итаяқтан өз ғашығының ас ішкенін көрсін мынау! (Ержанның оққағарлары өздерімен алысып болмаған Ерболды жығып салып, басып отырып, зорлап итаяқтан ас ішкізе бастайды). Ержан: Тұмсығын тығып тұрып ішкізіңдер! Əй… соған енді шамаларың келмей ме, ей, өңшең бөз өкпелер! Ішкізіңдер… ішкізіңдер!.. Кəне!..кəне!.. Ап, бəлем!Ал іш!.. Ал іш.. Ал, іш!.. (Жамал екі бетін басып отырған орнынан ұшып тұрып, қол сөмкесінен əлденені алып шығады). Жамал: Əй, Ержан! (бəрі жалт қарайды). Тұра тұр! Міне… міне… мен ішейін, мынаны! Əйтеуір бір ішетін уым болған соң… сақтап-ақ жүр едім, реті енді келді! (Қолындағы кішкене шишаны көрсетіп, жылап тұрады). Мынау… міне… мынадағы менің ащы жасым… улы жасым! Барша жылаған… жылап жүрген… сен… сен… сияқтылар (Ержанға бұрылады) жылатқан əйел затының көз жасы бұл! Ішемін соны! Ербол жаным, қызыл дүниеге қызығып сен сияқты өзінің аяулы жанын, бақытын танып ала алмай өкінген… опық жеген… мен сияқты бақытсыз да… бақытты да əйелдердің көз жасы бұл! Ішейін… ішемін соны! Ержан: Іш!.. Іш!.. Ал, іш! Несіне тұрсың? Бақытты да бақытсыз бүкіл əйелдің жолында бір өзіңді құрбаң еткің келіп тұр ма, ей?!. Іш!.. іш! Ербол: Жа-мал! Жа-мал! Жамал!.. Мен десең… Ертең… ертең-ақ дүние есігін ашқалы тұрған сəбиіміз үшін… ішпеші… ішпеші…андағыны!.. Жамал: Жоқ… жоқ… Ішемін… ішемін!.. Бұл у емес мен үшін… (күледі). Бұл менің өз өмірімнің өз уы ғой!.. Ішемін!.. (Уды ішіп салады, «Ербол» деген жан даусы шығып, құлап түседі. Сол сəтте қаруланған полиция нөкерлері келіп Ержанның жəне оның оққағарларының қолдарына кісен салып тұтқындай бастайды. Тау аңғарын жаңа туған жас сəбидің ащы даусы тіліп
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев түседі. Жамалдың «Жаным… ботам… күнім… деген үш ауыз сөзі естіледі). (Шымылдық). Сахна қайра ашылғанда əсем бір мұңлы күй ойнап тұрады. Жарасымды киінген жігіт ағасы мен бүлдіршін қыз бала қолдарына гүл ұстап келе жатады. Анадай бір тұста, Жамалдың құлпытастағы бейне суреті байқалады. Қыз бала əкесінің қолынан сытылып шығып, құлпытастың алдына келіп тұрады. Қыз бала: Ма-ма! .. Ма-ма!.. Біз папам екеуіміз келіп тұрмыз саған! Ма-ма… ма-ма!.. Естисің бе? Естисің бе! Мама! Мама! Ербол: (көзінде жас) Жанарым! (қыз баланы құшағына басып) Жанарым! Мамаң естіп тұр, бізді! Көріп тұр бізді!.. Жа-мал! Жаным, естисің бе, бізді! Келіп тұрмыз саған! Жанарың… Жанарым келіп тұр саған! (Əкелі-балалы құлпытастың алдына келіп, тізе бүгеді. Сол сəтте түнгі түскен шықтың тамшылары ма, жоқ əлгінде ғана бүркіп өткен ақ жауынның тамшылары ма, əйтеуір құлпытастағы Жамалдың суреттегі жансыз жанарынан жас сауғалап тұрады). (Шымылдық).
ЖЕТІМ ТАҒДЫР Қатысушылар: Мұхит Абзалұлы – биліктің ықпалды адамы. Сəуле – Мұхиттың əйелі. Жазира – Мұхит пен Сəуленің Америкадан білім алып келген қыздары. Шахан Есенұлы – академик, ғылыми-зерттеу институ тының директоры. Елена Ивановна – Шаханның əйелі. Райбек Əлімұлы – үлкен бір лауазым мен байлықтың иесі. Тамара – Райбектің əйелі Дəурен Исабеков – осы институт директорының орынбасары. Сəбит – жас ғалым. Құмар Сəлімұлы – жүйке ауруларын емдейтін диспансердің бас дəрігері. Əзина Серікқызы – осы диспансердің дəрігері. Есен, Жəнипа – жұрты көшіп кеткен ауылда қалған қарттар.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев (Кең əлемнің жарасымды жаратылысымен жайнаған сұлу да момақан дүниенің мүлгіген кешкі тыныштығын екі жастың ғашық жүректерінің лүпілі ғана бұзғандай .Сол қос ғашықтың мөлдір сезімдерінің үнін бүкіл əлем естіп, елітіп тұрғандай еді сол сəтте). Жігіт дауысы: –Ей, кең дүние!.. Естисің бе сен мені... естисің бе?!. Қыз дауысы: Естимін!.. Естіп тұрмын!.. Естимін!.. Ей, кең дүние естисің бе мені?!. Мен ғашықпын! Ей, кең дүние... мен саған ғашықпын! Естисің бе мені?!. Мен саған ғашықпын! Естимісің мені... естимісің?!. Қыз дауысы: Естимін... естимін!.. Кімге.... кімге ғашықсың сен?!. Жігіт дауысы: Мен... мен бе...мен кең дүниеге ғашықпын! Мен...күнге...күнге ғашықпын! Мен... гүлге... гүлге ғашықпын! Қыз дауысы: Кімге... кімге ғашықпын дейсің?! Кең дүниеге неге ғашықсың?! Күнің кім?!. Гүлің кім?!. Жігіт дауысы: Күнім де сенсің! Гүлім де сенсің! Кең дүниеге сен... сен үшін... ғашықпын! Мен үшін сен əлемсің...сен кең дүниесің! Ей, күнім менің!.. Ей, гүлім менің! Мына менде сенен өзге ешкім де жоқ... ешкім де жоқ! Мен ғашық болып жүрген кең əлем сенсің... сен ғанасың... сен... сен!.. Өмірсің... менің өмірімсің сен!.. Өмірсің!..Өмірімсің сен менің!.. (Сахна ашылғанда бір-біріне ынтыққан көңілмен қарсы жүрген қыз бен жігіттің алаулаған жан жалындарының қызуын сезінер едіңіз. Өйткені олар ... бір-біріне ғашық жандар.) Сəбит: (алаулаған сезіммен) Жазира... Жазира деймін! Осы күні бар ғой мына менің жүрегімді бұрынсоңды... ешқашан билемеген бір сезім билеп алғандай. Неге екенін білмеймін... өзімнен өзім əйтеуір ерекше бір қуанышқа бөленемін де жүремін! Өмірімнің əр таңы тезірек атса екен деймін! Сені... Жазираш, мына сені... тезірек көрсем екен деп асығамын! Асығып... аптығып, сүрініп, қабынып, қазір де, міне, көшедегі бір автобустың бірінен соң біріне мініп, əзер жеттім осы араға! Жазира: (ынтық көңілмен) Білемін... білемін ғой! Сезіп жүрмін ғой соның бəрін де! Білемін ғой!.. Сəбит: (қос жанары жалт етіп) Қайдан білесің?!. Сен оны қалай сезіп жүрсің?!. Жазира: (жүздері алаулап) Өйткені бар ғой... өйткені... сен соңғы уақытта тым əдемі болып кеттің?! Қос жанарыңда от бар қазір! Сосын бар ғой... бұрын... бұрын бар ғой... ылғиына ойланып, үнемі бір тұнжырап жүретінсің! Ал, қазір бар ғой... жаның жалындап, екі бетің алаулап, күн сайын құлпырып барасың!.. Сəбит: (сүйген жүректің үнімен) Маған жалындап жанар да... алаулап арайланар да от берген сенсің... сенсің, жаным!.. «Бос күлкіні ұнатпаймын өз басым»,– деп Мұқағали ақын айтқандай... бала кезімде көп күлмеген соң ба екен... мен де əйтеуір бос əрі өтірік күле алмаймын!.. Осы несі бар екенін қайдам... мен үшін... əйтеуір бос күлкі... өтірік күлкі сияқты болады да тұрады. Жазира: (əсерлене жыр оқиды) Мен сені сүйгем, Жаныммен сүйгем, Жарық күн! Жатсам да сүйем, Тұңғиығында табыттың!..
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Сəбит: (таң-тамаша қалып) Жазира... Жазираш... ғажап қой мынауың?! Ғажап қой мынауың?! Мен сені... мен сені... Мұқағалидың жырларын дəл осылайша жатқа оқиды деп мүлдем ойламап едім! Тамаша мынауың, тамаша!.. Жазира: (таңдана сұрайды) Неге?!. Неге бұлай деп ойлайсың? Əлде... мені... Сəбит: (Жазираның сөзін аяқтатпай) Енді... сен болсаң... мектепті орысша оқып бітірдің дегендей... Онан кейін... Америкада білім алдың дегендей!.. Жазира: (сол бір көңіл əсерімен) Жүрегінде өмірге деген сезімі бар адамның бəрі де Мұқағалидың жырларын іздейтін болар! Мұқағалидың жырынсыз ғашықтық сезімнің тəтті бір дəмін толық сезіне де алмауың мүмкін ғой əбден?!. Сəбит: (риясыз жан тазалығымен) Ғажап айттыңау Жазираш!.. Мына өмірден түңіліп жүрген осы бір сəттерімде... жүрегіме махаббат сезімінің сен... сен болып құйылғаны да қандай ғажап еді! Сен де... сол саған деген бұл сезім де Жаратқанның маған берген сыйы ғой! Жазира: (Сəбитке жалт қарайды) Өмірден неге түңілесің, жаным?! Не болды саған осыншалықты?! Ешнəрседен түңірмеші... түңілмеші мына өмірден! Сəбит: (ойлы жүзбен) Осы қазір бар ғой... жалғыз мен ғана деймісің мына өмірден түңіліп жүрген?! Кей-кейде ойланатыным да бар...Өмірдің өзінің де... мына бізден... адам баласының өзінен де көңілі қалып, түңіліп жүрген жоқ па екен?! Өйткені... осы күні адам баласының бойынан сол өмірге деген құштарлықтан гөрі... сол өмірге деген ыза мен кекті, ашу мен озбырлықты көбірек байқап жүрмін! Жазира: (сəл-пəл ойланып барып) Бəріне де сол адам баласының өзі кінəлі болар бəлкім?!. Адам баласының бірін-бірі қызықтауы қалып барады. Онан да өз дүниелерін қызықтауы көп қазір! Бірін-бірі қызықтай алмайтыны да... бірін-бірі құрметтеп, сүйе де алмайтыны... өйткені, сезім жоқ... сезім жоқ қазіргінің адамында! Бəрінің де... ар мен ұяттың да... тəн мен жанның да ақшаға сатылып жатқандығы сол сезімнің жоқтығынан болар деп ойлаймын!.. Сəбит: (қызбалыққа беріліп) Жазираш!.. Өмір... өмір өліп жатыр... өмір өліп жатыр!.. Сен соны сезесің бе?! Өмір... өмір... өліп жатыр!.. Жазира: (Сəбиттің құшағына тығылады) Былай демеші... айтпашы... қорқамын мен! Сəбит: (терең күрсініп) Кешірші, жаным!.. Мен де... мына мен де қорқамын! Мен... əуелі өз ойларымнан қорқамын! Жазира: (үрейлі жүзбен) Айтпашы енді ешнəрсені де! Айтпашы, жаным!.. Мына есі кетіп жатқан есер де, мылқау дүние сені мен мені де... біз екеуміздің лүп-лүп соққан кішкентай ғана ет жүректеріміздегі махаббат атты сезімдерімізді де жалмап, жұтып қоя ма деп үрейленемін!.. Сəбит: (сабырлы) Менде де сол үрей бар, аяулым! Көзімді тырнап ашқан сəттен бастап, өз өгейлігімен өзегімді өрттеп келе жатқан мына өмірдің бағы мен қуанышы тағы да менен сырт айналып кетпес пе екен деп қорқамын! Жазира: (көзіне жас алады) Неге... неге олай дейсің?!. Сен əлде менімен бақытты боларыңа сенбейсің бе? Маған сенбейсің бе?!. Неге... неге, жаным?!. Сəбит: (ауыр күрсінеді) Қыз жанын жылатқым-ақ
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев келмейді, Жазираш!.. Сені мен менің... біз екеуміздің тағдырымызды... біз үшін əлдекімдердің шешіп жатқанын жүрегім сезетін сияқты. Сен сияқты бақыт... мына мен сияқты жетім тағдырға артықтау болмас па екен деп шошынатын кездерім де аз емес!.. Жазира: (тұла бойындағы үрейін жасыра алмай) Қалайша бұл?!. Түсінбей қалдым ғой мұныңды! Сен де... мына мен де өз тағдырымызды өзіміз шешетіндей жаста емеспіз бе қазір?!. Оқуымызды бітірдік... еңбек етіп жатырмыз!.. Бізге ешкім де кедергі бола алмайды енді! Мен сені сүйемін! Сүйемін мен сені! Ең бастысы міне, осы! Ал сен ше... сен ше?!. Сүйесің бе мені... сүйесің бе?!. Сəбит: (ойлы кейіппен) Сүйемін... сүйемін жаным! Менің саған деген сол сүйіспеншілігім осы күнгінің сезімсіз қалып бара жатқан адамдарының айласы мен аярлығына қарсы тұруға қауқары жете қояр ма екен деп ойлана беретінім бар. Жазираш... мен тұл жетіммін ғой! Балалар үйінде өстім!.. Ал сен болсаң... ауқатты тұрмысы бар жəне де атақты əрі белгілі адамның алақанынына салып, үлпілдетіп өсіріп отырған жалғыз қызысың! Əне... астыңдағы мініп жүрген анау көлігіңнің өзі соны айтып тұрған жоқ па?! Жазира: (сол үрейлі кейпімен) Сəбит!.. Сəбит!.. Сен не деп тұрсың, жаным-ау! Осы бір көлікті сен мініп ал деп... кілтін баяғыда-ақ қолыңа талай рет ұстатып едім ғой! (Автокөліктің кілтін ұсынады) Мə... алшы мына кілтті! Алшы... алшы мына кілтті!.. Сəбит: (Жазираның қолынан ұстайды) Рахмет, жаным! Ала алмаймын! Мына дүниеге қызығатындай күн туып, күй біткен жоқ əлі маған! Өзіңде болсын да! Саған жарасады! Бəрі де саған жарасады!.. Жазира: (ынтыға түсіп) Мен... мына өмірде бір сенімен ғана... бір өзіңмен ғана жарасып жүргім келеді! Сен... сен... осыны ұғына білші əйтеуір! (Жазира автокөліктің кілтін тастап, қос жанарынан парлаған жасымен жүгіре басып кетіп қалады. Сахнаны қою қараңғылық басады. Қыздың нəзік үні сол қараңғылықты тілгілеп тұрғандай еді). Жазира: (қараңғы сахнадан қыз бейнесі сəл-пəл елес береді. Қыз дауысы естіледі) Сəбит!.. Жаным менің!.. Менің өзіңе деген таза да... мөп-мөлдір сезімімді бəрінен де биік қойып,сол сезімімді бəрінен де қорғай білші! Жаным, қорғашы мені! Өз жүрегіңдегі мені сақтай білші! Қорғашы... сақташы мені!.. Мына... мына дүниенің қараңғылығынан... қаталдылығынан... қорқамын мен! Қорқамын... қорқамын мен! Сен соны білесің бе?!. (сəл үнсіздік). Ей, адамдар! Сүйіңдерші бір біріңді! Бір біріңе ғашық болыңдаршы! Қайдасың сен махаббат?! Қайда кеткенсің?! Ей, адамдар, өлтірмеңдерші... қиянат жасамаңдаршы ғашық жүректерге! Қорғашы... сақташы мені! Ей дүние, естисің бе?!.. Естисің бе мені?!. Сəбит: (қараңғы сахнадағы жігіт бейнесі сəлпəл елес береді. Жігіт дауысы естіледі). Жазира... Жазираш! Кешір мені! Қайдасың... қайда кеттің, жаным-ау?! Жетімнің өзі жетілгенімен жетім көңілі жетілмейді екен ғой! Сен соны ұғына білші, түсінші мені! Сол жетілмеген көңілімнің мұңымен... сенің де нəзік жаныңды жауратып алдым-ау мен бейбақ! Кешір... кешір мені! Менің жүрегімдегі де, сезімімдегі де сен... сен ешқашан өлмейсің... өшпейсің, жаным! О, Тəңірім, сақтай гөр менің періштемді!
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Жа-зи-ра! Жа-зи-раш! Қайдасың... қайдасың, жаным?! Тастап кетпеші мені... тастамашы мені!.. Мен де...мен де қорқамын, жаным! Қайдасың... қайдасың, жаным?!. Қорқамын... қорқамын!.. (Шымылдық). (Ғылыми-зерттеу мекемесінің кеңсесінің сəнді бір кең бөлмесінде өтіп жатқан салтанатты жиын дастарханы да, көңілдері де тоқ жандардың əлдебір жеңісін айғақтағандай. Төрде отырған төренің бірі орнынан найқала тұрып, жан-жағына маңғаздана қарап сөз бастайды. Бұл осы институттың директоры Шахан болатын). Шахан: (масаттана) Достар!.. Мына біз... мына біздің институт ендігі арада табиғатты қорғау жəне құтқару проблемасы бойынша əлемдік қауымдастықтармен бірлесе жұмыс жасайтын болады. Біле білсеңіздер... бұл дегеніңіз үлкен... тіпті де... үлкен жетістік!.. Елена: (сыңғырлай күліп) Əрине... əрине, Шаха!.. Бұл институт өзі құрылған қырық жылдан бері халықаралық деңгейге шықса қайда қалыпты?! Шаханчик, мой умный... мой любимый... əрине... жəне де əрине... бəрі де Сіздің арқаңыз! Шахан: (отырғандарды айнала жүре сөйлейді). О, сүйіктім! Сен болмасаң... менің бағамды кім білер дейсің?! Осы институтқа директор болғаныма екі ай болмай жатып Киота конференциясына қатысып, онда мəртебелі елімнің атынан сөз сөйлеу дегеніңіз біле білгенге... басқа қонған бақ қой... бақ қой бұл!.. Дəурен: (орнынан ұшып тұрып). Шахан Есенович, əрине... əрине!.. Бақыт бұл, бақ... бақ... бақыт бұл!.. Нағыз бақыт! Сол бақ мына Сіздің ғана... тек сіздің ғана басыңызға қонуға лайықты еді! Тапты!.. Тапты да... қонды сол бақыт! Шахан: (маңдайын, басын сыйпалап). Солай ма еді,.. ай, а!.. Дəурен: (жан-жағына күлімсірей қарап) Солай... дəл солай!.. Ə, жігіттер... айтыңдаршы кəне, солай емес пе? Солай ғой, ə... солай ғой! Бұл бақ дегенің біздің Шахан Есеновичтің басына ғана лайықты бақ! Тапты... тапты да қонды!.. Шахан: (жалт қарап) Əй, тапты... қонды дейсің... бұл өзі не сонда... табатын да, қонатын да... не өзі?! Не айтқың келіп отыр осы сенің?!. Елена: (айналасын жақтырмай) Да... да... Шаханчик! Мен де түсінбей отырмын, бұл не... сенің басыңа қонатын «муха» ма, əлде «комарь» ма ол? Андағы замың «издеваетъся над тобой!» Айтам ғой мен саған... «вообще» бұлар сені жек көреді!.. Сенуге болмайды бұларға!.. Дəурен: (жалтақтаған қалыппен) Да, вы что, Елена Ивановна! Если не то сказал... я прощу свое извенение! Кешіріңіз... кешіріңіз! Қазақта бақты құсқа теңейді... мен соны айтып едім... Елена: (мысқылмен) О... это что ... птица счастъя что ли?!. Дəурен: (қуанған кейіппен) Иə... иə... дəл өзі сол... сол «птица счастъенің» нақ өзі!.. Бақ құсы... бақ... бақыт құсы ол дегеніңіз, Елена ханым!.. Шахан: (бойындағы ызамен) Əй... ал... сол құс келіп осы сенің басыңа неге қонбайды...а ?!. Менің Еленам... менің сүйіктім... дұрыс айтып отыр. Вы все издевайетесъ над мной!
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Дəурен: (жалынышты күйге түсіп) Шахан Есенович! Шаха!.. Ойпыр-ай... бұл не ойыңыз?! Құдай сақтасын! Сіз дегенде осы отырған бəріміз де ішкен асымызды жерге қойып, иіліп жастық, жайылып төсек болып жүрген жоқпыз ба?! Айтыңдаршы... айтыңдаршы кəне!.. Сəбит: (сабырлы үнмен) Шыбын... шіркей де ақылды, есті шығар... оларда да ақылмен ес деген болар!.. Олар да жылмаңдап жүргендердің мына Сіздікі сияқты жылмаң да жалтыр басқа байқап та қонатын шығар! Тайғанап жығыларын білгені ғой! Ана қасқа бас бақ құсы қона қояр бас па екен?! Тайып жығыламын ба деп... бақ құсы да да қонуға қорқатын болар! Дəурен: (шарт кетеді) Əй, бала, сен... сен бар ғой... «давай» бас жаққа баруыңды қой! Қысқарт, кəне!.. Шахан: (дауысын көтеріп) Ей, вы прекратите полемику о какой то жалтыр бас! Онан да айтшы,осы сен кандидаттығыңды жуырда қорғаған жас ғалым ба едің-ай?! Дəурен: (шапшаң) Сол... сол! Соның нақ өзі! Жас ғалым... жас... жас ғалым!.. Шахан: (Дəуренге алара қарайды) «Ну что», менің сұрағыма сол жас ғалымның өзі неге жауап бермейді, ə?! Болмаса шет елден оқып келгендердің бəрі өздерін бізден зор санай ма екен?!. Сəбит: (сол сабырлы қалпымен) Шахан Есенович, осы институтта сіздің алдыңызда өзіңіңіздің замыңыз Дəурен Сартаевичтан өзге ешкімнің де сөйлеуге хақы жоқ деген бір тəртіп бар екен, сол тəртіпті енді келіп мен бұзбайын да! Жəне де бəріміз үшін дəйім Сіздің алдыңызға барып есеп беріп тұратын Дəурен көкемді сол қызметінен қалдырғым жоқ! Шахан: (таңданысын жасыра алмай) Да... а... а!.. Ал бұл институтта бұл тəртіпті кім орнықтырып жүр екен?! Тем более... мен басқарып отырған институтта?! Кім...кім деймін?! Дəурен: (күйінген раймен) Жала бұл!.. Жала... қып-қызыл жала бұл! Шаха, осы жігітіңіз бар ғой... аздап өзімшілдеу... самоуверенный! Өзінше осы институтты басқару ісіне бір жаңашылдық керек деп анада маған айтып та кеткен болатын. Ол жайында... бұл жас ғалымның сол айтқандарын өзіңізге айтқан да шығармын! Шахан: (Сəбитке тесіле қарап) А... а... аха! Бұл жас ғалым əлгі... анау... үлкен кісінің жалғыз қызына үйленгенгелі жүрген жігіт пе еді?! Дəурен: (жалп ете түседі) Иə... иə!.. Нақ соның өзі! Сол... сол, Шаха! Соның нақ өзі! Сол... сол жігіт бұл!.. Шахан: (маңғаздана) А вот какой ты?! О, сен екенсің ғой?! Сені шақырып алып өзім де сөйлескелі жүр едім! Ну и что это тоже случай... сенімен сөйлесудің! Мен бар ғой... сен үшін ана кісіден, то есть... сенің болашақ қайын атаңнан ауыр сөз естідім. Ты кончай... ол кісінің Америкадан оқып келген қызына жақындағаныңды! Құмырсқа əліңді біл... деп пе еді əлгі... кім еді... а... əлгі Аяз би... деген шал. Дəурен: (жəдігөйленіп) Өте дұрыс, Шахан Есенович! Сіз дұрыс айтып отырсыз. Ана микробиология лабараториясындағы Аяз би ме, əй... ол шал ма еді?.. Мəселе онда емес,кім де болса дұрыс айтып отыр! Сен бар ғой біздің институттың... онан қалды мына Шахаңның атына кір келтіруші болма! Біздің бəріміздің тағдырымыз сол кісінің қолында! Байқа бала... шоқ басып алып жүрме!
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Сəбит: (тайсалмас мінез көрсетіп) Кешіріңіздер, менің жеке өмірім... ол осы институттың өмірі емес шығар! Жəне де мен кімді сүйемін, мені кім сүйеді... ол тағы да жүрек əмірі! Бұл мəселе осы тұрған ешқайсыларыңызды толғандырмай-ақ қойсын! Əрбірден соң шаруаларыңыз болмасын жəне де оған бола бастарыңызды да қатырмай...ақ қойыңыздар!.. Дəурен: (орнынан ұшып тұрады) Мына бала не дейді-ай! Шахаңнан да сескенбей... шікірея сөйлеуін қара мұның! Шахан: (жақтырмай қалады) Былай... жайына тұр қолға жұққан желімдей болып жабыспай! Айтсын... айтсын кəне! Дəурен: (əмірлі үнмен) Ал, айт... айт енді! Шахан Есеновичтің өзі рұқсат беріп тұрғанда айтып қал... айт... айт, ал енді!.. Сəбит: (сол сабырлы қалпымен) Мен айтарымды айттым! Менің жеке өміріме қол сұқпаңыздар! Шахан: (əмірлі үнмен) Ты смотрика...а! Жеке өмірім дейді, а! Ал ана кісінің жалғыз қызының өмірі де сол кісінің де жеке өмірі болар! Сен де онда біреудің сол жеке өміріне көзіңді тігуші болма! Бəрібір де сен ол қызды ала алмайсың! Ол дегенің бар ғой... сен үшін... мына тап сен үшін қол жетпейтін ай... қол жетпейтін күн! Соны біліп қой! Сəбит: (ойға беріліп) Жазираның кім көрінгеннің қолы жете бермейтін ай да, күн де екендігін Сіздер айтпай-ақ өзім де білемін! Ал енді бір бірімізді сүйген жүректегі сезіммен... бір бірімізге ұмтылған да... ынтыққан, асық та ғашық та болып созылған қос жүректің қос қолы алар ол айды да, сол созылған қол жетер ол күнге де! Елена: (Шаханға қарап) Шахан, а что вы все зацепились за этим молодым и даже очень симпатичным молодым человеком?! Түсінбей тұрмын,осы бір жапжас əрі сұлу да сыпайы жас жігітке неге бəріңіз бірдей қадала қалдыңыздар?! Дəурен: (еліре сөйлеп) А он... а он... этот ваш молодой и очень даже симпатичный человек претендует занят директорское кресло нашего института! Шахаңның орнынан дəмесі бар мұның! Шахан: (даусын созып) А... со...лай... ма еді өзі?!. Дəурен: (жылмаңдап) Солай... дəл солай,Шахан Есенович!Анада айттым ғой мен сізге сондай бір əңгіме айтылып жүр деп! Оның үстіне бұл жігіт ана кісінің қызына үйлене қалса... онда сіздің орныңызға некесі қиылған күннің ертесіне келіп отыра қалады да!.. Сəбит: (жасқанбай) Шахан аға, креслоңыз үшін күрес дəл осы арада басталып тұрғандығын сезініп секем алып тұрсыз ба? Күмəнданбай-ақ қойыңыз! Біз ел болашағы кресломен емес, ұстанған кредомен... ұстаным арқылы шешілетіндігін ұққан ұрпақпыз! Шахан: (риза болғандай) Ай, да молодежь!.. Əй, осы жастар-ай, ə! Керек болса сол креслоны мен саған бере де саламын!.. Ала ғой... əне тұр сол кресло! Бере саламын!.. Ал... ал енді!.. Дəурен: (жарамсақтанып) Иə... иə... бере салады біздің Шахан Есенович! Бере салады!.. Бере салады... қара да тұр!.. Шахан: (Дəуренге жалт қарап, жақтырмай) Ал, сол кеслоны мына саған бере салсам қайтеді, ə!.. Аламысыңей! Отырамысың-ей менің орныма! Отырамысың-ей?! Дəурен: (жүрегін ұстап) Ойпырма-ай, ə!.. Ой, Алламай!.. Шахан Есенович, мына тал түсте не деп тұрсыз
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев осы сіз?! Бұл орынға сіз... бір сіз ғана лайықтысыз! Біз осы Сіздің көлеңкеңізде... сол креслоңыздың айналасында жүрсек болды да! Ант етейін... маған... тап мына маған... сіздің креслоңыңыздың қажеті жоқ!.. Тіпті де мен лайықсызбын ғой ол кресломен, ол орынға! Шахан: (сұсты жүзбен) Ант ішейін дейді, ə! Ант ішкішін мұның! Қазіргінің адамына ант ішкен де, арақ ішкен де бірдей болып қалғанын мен білмейді дейсің бе, ей?!. Кез-келген жерде... кездескен жерде арақ ішіп жүре беретін алқаштар сияқты қазіргі адамдар да кез-келген жерде ант су іше салады да, онан кейін де жамандығы мен қиянатын жасап, мұртынан күліп жүре береді. Ол сен сияқты жəдігөй сұмпайылар!.. Дəурен: (жүрегін ұстаған қалпы) Апыр-ай, ə!.. Шаха, Шаха деймін... қатты кеттіңіз-ау! Сізге адал.. ақ болып жүрмін ғой осы! Сізге деген адалдығымды кəне, қалай... немен дəлелдесем екен, а?!. Қазір... қазір! Мархабат, Елена Ивановна, андағы мойныңызға таққан кресіңізді шешіп беріңізші! Еленажан, айналайын, крестіңізді шешіп беріңізші! Сүйемін... сүйемін мен қазір андағы алтын кресіңізді! Шахан Есеновичке деген адалдығымды мен солай дəлелдеймін! Шешіңізші... беріңізші... кресіңізді... сүйейін андағы кресіңізді!.. (Мына тосын жайға бəрі аң-таң. Сыл-сылқ күлген Елена мойнына таққан алтын кресті алқасын маңғаздана шешіп, алақанына салып Дəуренге ұсына береді, ол алуға ұмтылады. Сол сəтте Сəбит Дəуреннің қолын қағып жібереді). Сəбит: (қызбаланып) Тəйт əрі, сүмелек!.. Өзіңді сорлы бір жəдігөй... мүсəпір жан ғой деп жүрсем, өзің барып тұрған ез екенсің ғой! Сорлы болсаң да... осыншалықты сорақылыққа бармасаң етті! Мансабы мен байлығы үшін дінін де, тілін де қоса сатып жүре беретін намыссыз да, рухсыз да қазақтың бірі сен екенсің ғой! Шахан: (қолындағы шарабын ұстап, ерсілі-қарсылы жүре бастайды) Да... молодой человек! Оказывается вы очень... очень... даже очень амбициозны! Өзің намысшыл екенсің ғой, ə! Ал... мына Дəурен... менің замым... менің Еленамның əппақ мойнына таққан алтын кресін сүйді дейік!.. Ал... онда тұрған не бар, кімнің несі кететін еді?!. Сəбит: (айбаттана) Ұлттың намысы...намысы кететін еді,Шахан аға! Шахан: (таңдана сұрайды) Да вы что?! Ұлттың намысы дейді!.. Ə... ұлттың намысы, ə!.. Қайда қалмаған, қайда кетпей жатқан намыс ол! (Қарқылдап күледі). Ха...ха...ха! Сəбит: (қызбалығы басылып) Дұрыс айтасыз!.. Қайда қалмаған... е, шіркін, қайда кетпеген намыс дейсіз?! Сіздің Еленаңыздың құшағында да кетті ол намыс. Ол намыс əне ұлт таңдамай, ел таңдамай көрінгеннің етегінен ұстап шет ел асып тұрмысқа шығып кетіп жатқан қазақтың қара көз қыздарының құшағымен де кетіп барады. Шахан: (алара қарап) Тисін!.. Аяисың ба?!. Қазақтың қызына да бай болса болды емес пе?!. Негрі не... арабы мен түркі не... орысы, немісі не,қытайы не?! Тисін!.. Тисін! Қазақтың қыздарына да бай керек! Зато... вот зато... сосын... кейін барып соның рахатын да көреміз! Əлі... түптің түбінде сол қазақтың қыздарынан туған балалар бар ғой... олар қазақтың жиендері болып келмей ме?!. Вот міне, əлемнің кез-келген жеріне бара қалсақ болды... сол жиендеріміз... былай енді...
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев алдымыздан жүгіре шығып, қарсы алып, қызмет ететін болады бізге... өз нағашыларына! Ха-х-ха! Ал... мұның несі жаман?! Жақсы емес пе?!. Біз дүние жүзіне қыз беріп, қыз алудан да, ұрық пен ұрпақ шашудан да үлгі болуға тисті халықпыз! Сəбит: (ойлы) Ұрпақ шашамыз деп жүріп,көкке қарап, ұлып қалмасақ болды, Шахан аға! Шахан: (өз ойына масаттанған кейіппен) Да, ты, оказываеться большой пессемисть! Бұл жақсы емес! Сен мына ойыңмен бар ғой... ұлтшылдыққа ұрынасың... іріткі саласың! Немене қазақтың қызы кез-келген ұлтқа байға тиемін десе, болмаса олар аламын деп тұрса бермейсің бе, бергің келмей ме...ə?! Ойбай-ау бұл дегенің енді... халықаралық келісімдерге қарсы болғаның ғой! Оның үстіне қазақта қыз көп! Еркектер аз! Əлгі бір демограф ағамыз қорасындағы қойын санағандай етіп, қазақтың қырық жасқа дейін байға шықпаған сексен мың қызы, үйленбей жүрген қырық мың жігіттері бар деп жүр ғой! Вот... мəселе қайда жатыр?! Сəбит: (жаны күйініп) Мəселе онда емес! Мəселе ұлттың жаны мен қанын таза ұстауда болып тұр ғой! Жан ауысқан соң қан ауысады! Бітім болмыс өзгереді! Ол келіп ұлттың тұқымы мен тегін жоя бастайды ғой! Қасиет... қасиет қалмайды ғой! Дəурен: (даусын көтеріп) Слушай... сен өзің манадан бері Шахаңның басын қатырдың ғой! Болды енді... пəлсапаң керек еді сенің! Ендігі пəлсапа мынау... кімге тисін, кімді алсын... қызға бай... жігітке қатын болса болды! Кончай, давай! Шахан: (сайқымазақтанып) Əй, менің қатынымның мойнындағы кресін сүйемін деп есеңгіреп қалып едің... есіңді жыйдың ба-ей?! Ха-ха-ха!.. Дəурен: (күлген болып) Шаха... Шаха... жидым!.. Жидым есімді! Жидым!.. Жидым! Есім кіріп қалды!.. Сəбит: (ойлы кейіппен толғана) Қайдам!.. Осы біз енді... қайтып өз есімізді жинай алар ма екенбіз?! Есіңді жый!.. Есіңді жыйсаң етті!.. (Шымылдық). (Жасауы да, жасалып, əрлендірілуі де осы заманға əбден лайықты дейтіндей үйдің кең асханасында ас ішіп отырған ерлі-зайыпты жандардың əлденеге көңіл хоштары болмай отыр. Əсіресе, отағасының қабағы қатулы. Алдындағы асын шұқылап қана қоя салады. Көңілі де, зауқы да ешнəрсеге соқпай отырғандығы байқалады). Сəуле: (биязы) Папасы...бүгін түскі асқа да келе алмадыңыз, енді мына кешкі тамағыңызды ішіп отырсаңызшы! Мұхит: (басын көтерместен) Сенің де, осы үйдің де осы ботқасын отыз жылдан бері жеп келе жатқан жоқпын ба?! Бір тоятын уақытым болған шығар менің де?! Сол... бүгін тойып отырмын да! Ешнəрсеге де зауқым соғар емес! Сəуле: (жанашырлықпен) Папасы, шаршап, жүйкеңізге салмақ түсіп жүрсе, бір жерге... шет елдің біріне барып дем алып, сергіп қайтпайсыз ба? Мен үйде болайын!.. Мұхит: (жұлып алғандай) Немене... үйде қалып... мен жоқта ана қызыңды детдомның жетім бір баласына ұзатып, беріп жіберейін деп пе едің?!. Сəуле: (үрейлене қалады) Папасы... папасы!.. Сол ма еді... осы ма еді сенің жүйкеңді жұқартып жүрген жай?! Біледі екенсіз ғой?!.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Мұхит: (жүзін суытып) Білемін! Бүкіл ел... бүкіл қала халқы біліп отырғанда, мен... мен неге білмеуім керек?! Ал, білемін... білемін де!.. Сəуле: (абыржып қалады) Папасы... білсең дұрыс болды! Сабыр сақтаңыз да, қызыңыздың бетінен қақпаңыз, жолын бөгемеңіз! Жəне де екі жастың обалына қала көрмеңіз! Жаман бала көрінбейді! Мұхит: (ашуланып) Əй... сен не өзің... болашақ күйеу балаңмен танысып та, білісіп те алғанбысың?! Иə... əңгіме сенде ғой өзі! Ал, айта отыр... тыңдалық! Сəуле: (сабырынан жаңылмай) Айтар болсам... ешнəрсесі жоқ, біреудің алтын асықтай баласы... тəптəуір азамат! Білім десең білімі, көрік десең көркі бар. Сол азаматтың етегінен ұстаса Жазирашымыз жыламас, бақытты болар деп ойлаймын... Мұхит: (қызбаланып) Иə... тағы да не ойлағаның бар еді? Айт... ал айт енді... айтып ал! Тағы да не ойлайсың?! Сəуле: (жүзін төмен салып) Ойым сол папасы!.. Батаңызды беріңіз де... екеуін үй қылып жіберейік!.. Мұхит: (зілмен) Ақмақ!.. «Қатынның шашы ұзын, ақылы қысқа»,.. дегенді айтқан қазақ бар ғой... дəл қазір сол табыла қалып, «осы мақалды мен... мына мен шығарып едім» деп алдыма келіп тұра қалса бар ғой... осы арада... тап қазір күні кеше сатып əкеліп ана гаражға кіргізіп қойған су жаңа «Джипті» сол қазаққа мінгізіп жіберер едім! Ақмақсың!.. Вот все!.. Сəуле: (шарасыз күйге түсіп) Папасы!.. Бұлайша... қатты кетпесеңізші! Енді қайтейін?!. Əйтеуір жүрегіңіз қысып қалып жүрмесінші! Дəріңізді əкеліп берейінші!.. Мұхит: (қатаңдау) Жоқ... керегі жоқ енді маған сол дəрінің! Мына қорлықты көргенімше... «ойбай, бəленбайдың қызы детдомның бір жетім баласына тұрмысқа шығыпты» дегенді естіп...досыма күлкі, дұшпаныма таба болғанымша... жүрегім жарылып, өліп-ақ кетейін осы арада! Сəуле: (жалынышты кейіппен) Папасы.. қойыңыз... мұныңыз не? Мə... мына дəріңізді тіліңіздің астына салыңызшы! Сабыр... сабыр етіңізші!.. Мұхит: (ашулы, ерсілі-қарсылы жүріп алады) Қой дейсің маған... сабыр сақта дейсің маған! Сен осы... менің... мына менің жағдайымды ойладың ба? Соны ойлайтындай қызың екеуіңде ми қалды ма өзі?! Жарайды... ертең қызымды ана детдомовецке тұрмысқа бердім дейін! Сонда менің қасымда «құдамның» орнына детдомның директоры... ал мына сенің жаныңда «құдағиың» болып детдомның тəрбиешісі тұра ма қатарласып?! Сен... сен... қызың екеуің осыны... осыны ойладыңдар ма, ей, ə?!. Ақымақсыңдар... ақымақсыңдар екеуің де!.. Ақымақсыңдар!.. Сəуле: (жүзін төмен салып,жасқанған үнмен) Папасы!.. Папасы енді... «жас өспей ме, жарлы байымай ма?!» демеуші ме еді! Осы күні «қанаты бүтін сұңқар, тұяғы бүтін тұлпар бар ма»?! Жетім де жетіледі, кетігі де толады дүниенің! Былайша... ақылыңыздан адаспаңызшы! Іштен шыққан бала үшін бəріне де көнуге тиістіміз! Мына сөзіңізді де... осы көңіл күйіңізді де ана балалар естіп, біліп қалып жүрмесінші! Обалдарына қалып жүрмейікші əйтеуір! Мұхит: (ширығып) Ə... сен маған... мына маған... бəріне де көн... бəріне де келіс... бəріне де төз деп отырсың ғой!.. Солай ма?! Солай болды ғой, ə?!. Соны айтып отырсың ғой мына маған?!.
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Сəуле: (жыламсырап) Папасы-ау... папасы-ау, енді қайтеміз? Көнеміз де! Одан басқа амал да жоқ бізде! Балалардың бағы жансын деп тілейміз де отырамыз! Біздің қолдан ендігі бар келері де осы қазір!.. Мұхит: (зілмен) Оны енді... бір Құдай... бір Құдай ғана біледі!.. Ал, енді сен бар ғой... мына менің де... менің де қолымнан не келерін əлі де біле бермейді екенсің-ау?! Білмейді екенсің ғой!.. Əй, білмейді екенсің ғой! Білмейсің, ə... білмейсің, ə... білмейсің?!. Сəуле: (жалына сөйлейді) Бір құдай біледі деп... тағы да не ойлағаныңыз бар еді, папасы-ау?! Балаларға қиянат жасап жүрмеңізші əйтеуір! Папасы-ау, қызыңыз бес жыл қатарымен Америкада оқи жүріп, басқа нəсілдінің біріне тұрмысқа шығып кетсе не қылар едіңіз? Талайлардың қыздары кетіп жатыр ғой! Қайра өз еліне, өз үйіне келіп өз ұлтының бір азаматына тұрмысқа шығамын десе, оған қуанбайсыз ба? Мұхит: (ойға берілген қалпымен) Соның... осы соның қуанышы аз бола ма деймін?! Сəуле: (сескеніп қалады) Папасы! Мына сөзіңізден тұла бойым мұздап сала берді ғой! Құдайым-ай, тағы да не ойлағаныңыз бар еді?! Тағы да не істемекшісіз?! Құдайым-ай, құдай... құдай!.. Мұхит: (ашу шақырып) Ойбайлама! О несі-ей! Қой енді!.. Кезі келгенде ойбайларсың əлі! Онан да ана қызыңа ақылыңды айт! Əкең қарсы де! «Жал құйрығы жоқ құланды, аяғы мен қолы жоқ жыланды»... соған қоса детдомның бір қу жетімін... бір жалғызды... жоқ қылып жіберу осы күні боқтан да... боқтан да оңай іс! Сəуле: (шарасызданып) Па-пасы!.. Ау, папасы!.. Не деп тұрсыз... не... не айтып кеттіңіз?! Есіңіз дұрыс па өзіңіздің?! Есіңіз дұрыс па?! Құдайым-ау... құдай, құдай!.. Мұхит: (алара қарайды) Əзірге... есім дұрыс менің! Сонан соңғысын көре жатармыз! Абыржыма... өз қолыммен ешнəрсе істемеспін, ал, бірақ істете алатыныма сенімдімін! (Шығып кетеді). Сəуле: (Мұхиттың соңынан ереді) Папасы! Тоқтаңыз деймін... тоқтаңызшы енді! Қызыңыздың бағының қанатын қия көрмеңізші! Анау бір сорлы баланы да жазым етіп жүрмеңізші!.. (Бір орында тұрып қалады да, еңіреп жылайды). Ей, маңдайынан... тас маңдайынан сор айырылмаған сорлы жетімек! Кім... кім екен... кім екен сені тірідей шырылдатып тастап кеткен?! Сенің анаң болып енді... мына мен аңырап... сенің анаң болып мен тілеуіңді тілейінші бір Құдайымнан! Аман болыңдаршы, құлындарым! (Аналық тебіреніспен). Айналайындар-ау!.. Мына мейірімсіз заманның мейірімсіз адамдарының арасына өз сəби періштелеріңді шырылдатып тастап кете көрмеңдерші! Адамы қатыгез болып кеткен мына қатыгез дүниенің талауы мен азабына, қорлығы мен сұмдығына өз сəби періштелеріңді талатып,оларды қорғансыз да панасыз қалдыра көрмеңдерші, айналайындар! Ей, сорлы тастанды бала... қос жанары жəудіреген жетім бала! Тастамаңдаршы... тастамаңдаршы... сəбиді! (Шымылдық). Жүйке ауруларын емдейтін аурухананың бір бөлмесі. Жас дəрігер Əзина қабылдау жүргізіп жатыр. Ақылесінен жаңылғандарға кигізілетін қауіпсіздік көйлекті бір емделушіні екі жағынан жетектеген екі медбике алып кіреді. Əзина: (əлдебір таңданған жылы бір үнмен) Шешіп тастаңыздар, андағыны! Енді қайтып бұл
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев кісіге бұл көйлекті кигізбей ақ қойыңыздар! Жүре беріңіздер! (Медбикелер шығып кетеді.) Осы Сізді жындыханаға несіне жатқызғанына таңым бар. Біраздан бері бақылап жүрмін, бойыңыздан ешбір психикалық ауытқушылықты байқай алмай-ақ қойдым! Сəбит: (көңілді, бірақ наразы раймен) Сонда мені жынды емес дегеңіз келгені ме? О, дəрігерім рахмет! Тіпті... мың да бір рахмет!.. Менің есуас, ессіз, тіпті жынды да емес екендігіме тым болмаса Сіздің көзіңіз жетіп, илаңғаныңызға шүкіршілік етіп тұрмын!.. Əзина: (жымиып) Кəне, тағы бір бақылап көрейін! Келіңіз, отырыңыз! Сəбит: (ойлы, мұңайған күйде) Дəрігерім, айтыңызшы... осы жындыханада жатқандардың бəрінің бірдей естері ауысқандар деп ойлайсыз ба? Тіпті болмаса... қазір мына есі кетіп жатқан есер дүниеде... дені сау... есі бүтін бір жан иесі қалды ма екен осы күні ?.. Əзина: (мейірімді бір оймен) Тап осыншалықты күйзелмеңізші!.. Жер бетіндегі адам баласының бəрі бірдей есуас болып кете қойған жоқ шығар əзірге. Дені сау, есі бүтін біреулер бар болар... жүрген шығар арамызда!.. Сəбит: (жанары жалт етіп) Күйзелме дейсіз-ау! Міне, көрдіңіз бе, Сіздің өзіңіз де... маған күйзелме деп тұрсыз. Сіз білесіз бе... қазір есі дұрыс емес, басында миы жоқ жан баласы ғана күйзелмей, ойланбай-ақ өмір сүре алады. Естілер... ақылы мен санасы барлар... əрине қиналады... күйзеледі... күңіренеді... жылайды!.. Əзина: (Сəбиттің қолын мейірлене ұстайды) Сіз осыншалықты неге үрейленесіз? Жаныңыз күйзеліске түсерліктей не болып қалды?!. Бойыңызда не қорқыныш бар билеп алған?!. Сəбит: (терезеден сыртқы көз салып) Мен бе... мен ... өз ойымнан да қорқамын осы күндері! Өз ойымнан да үрейленемін. Əзина: (шынайы бір көңілмен) Ол не қылған ой Сіздегі... осыншалықты үрей туғызатындай ?!. Сəбит: (Əзинаға бұрылып) Осы... мына дүниенің есі кетіп бара жатқандай емес пе екен?!. Жалған дүние өзінің жалғандығын танытып... адам баласынан да сырт айналып бара жатқандығын білесіз бе? Құрдымға кетудің жар шетіне келіп қалғандығымызды да білмейсіз бе? Сіз... сіз... соны да сезбейсіз бе?!. Əзина: (орнынан тұрып) Сабыр... сабыр!.. Сəбит: (баяу, ойлы үнмен) Иə... иə... сол сабырымнан айырма... сол сабырымды ала көрме деп сұраймын жаратушымнан. Алайда... күн сайын сол сабырым да сарқылып бара жатыр ма деймін?!.. Əзина: (жанарындағы жасты сүртіп, Сəбиттің ту сыртынан келіп тұрады) Бұл дүниеден сая таба алмай жүрген жалғыз жан иесі сіз ғана ма едіңіз?! Мен сізден дəрігер есебінде сұрайыншы! Сіз осы Адамзаттың бүгінгі сырқатының жалпы диагнозын білесіз бе?! (Сəбит орнынан ұшып тұрады да, Əзинаны мейірлене қос қолынан ұстайды). Сəбит: (аптыға сөйлейді) Жоқ, білмеймін!.. Білмейді де екенмін. Ойламаппын да соның жайын! Білмеймін... білмеймін!.. Əзина: (ойға беріліп) Адам баласының жан дүниесі жансызданып, сезімсіз қалып, сол жан дүниесі өліп жатқандай!.. Адамзаттың бүгінгі сырқатының түрі осы, міне!.. Дəрі дəрмектің... мыңдаған, тіпті енді миллиондаған жаңа түрлерін ойлап тауып, шығарып жатқанымызбен... бір біріне жақсылық ойлаудан қалып
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев бара жатқан адамзаттың бүгінгі ой əлеміне, сезімсіз қалып бара жатқан жан дүниесіне жабысқан осы сырқатынан ендігі адам баласын айықтырып, сауықтыра алар ма екенбіз?! (Үнсіздік. Сəлден соң Əзина Сəбиттің иығына басын салып, құшағына тартылады. Сол сəтте жанында қарулы екі жігіт бар, бас дəрігер Құмар кіріп келеді). Құмар: (кекесінмен) Ау... біз сізді есі ауысқандарды емдеп жүрген шығар десек!.. Сіз өзіңіз олармен махаббат құрып жүр екенсіз ғой! Əзина: (байыпты үнмен) Құмар Салимович, шіркін... жер басып жүрген сол бүгінгінің адам баласының бойында сол махаббат болсайшы, шіркін?!. Жоқ қой ол... жоқ қой!.. Құмар: (қулана қарап) Немене, сол махаббатты жер шарын шарлап, іздеп көріп пе едіңіз?! Əзина: (көңіл толғанысымен) Көргенмін!.. Іздегенмін!.. Əлі де... тіпті күн демей де, түн демей де те іздеп жүрмін сол махаббатты!.. Құмар: (кекесінді күлкімен) Оу, тіпті зарығып жүр екенсіз ғой өзі?! Ха... ха... ха... Əзина: (Құмарға қаратып) Иə... зарығып жүрмін... дұрыс айтасыз!.. Құмар: (күлген болып) Қап... сізді зарықтырып қойғанымыз жарамады-ау осы! Əзірміз... əзірміз біз дегеніңіз! Қызға жарап тұрмыз... жарап тұрмыз... əлі біз! (Манадан бергі əңгімені үнсіз тыңдап тұрған Сəбит көз ілеспес шапшаңдықпен жетіп келіп, Құмарды жағасынан алады). Сəбит: (кектеніп) Антұрған неме... қызыңдай балаға... қызыңмен жасты балаға... аузың барып андағы сөзді қалай айтып тұрсың?! Құмар: (сасқалақтап) Əй...өй...мынау жынды маай! Өй... жібер деймін! Əй... патшағарлар, жыны қозып, мынау құтырып кеткен жоқ па, ай?! Ауру, ауру бұл!.. Əй, неге сілейіп тұрсыңдар? Мені мына бір есалаңның қолынан өлсін деп тұрсыңдар ма, ей?!. Сəбит: (екі көзі оттай жанып) Саудың асын ішіп, аурудың сөзін сөйлеп тұрған сен де... есалаңның бірісің!.. Əзина: (араға түседі) Сəбит, жібер андағыны!.. Қолыңды былғап қайтейін деп едің?! Құмар сынды құмалақ адамдардан жер бетін сен енді тазарта алмайсың! Олар жер бетін түгел жайлап, басып кеткелі қашан?!. Жібер деймін... жібере ғой енді!.. (Сəбит Əзинаға жалт қарайды.Құмарды босатады. Қос қолымен бетін басқан қалпы басын төмен салып отырады.) Құмар: (жағасын түзеп, ашуға мінген) Əй, есуас!Мен бе... мен сені бар ғой... бұл арадан тірі шығармаймын... Сүйегіңді сүйретіп далаға шығартып тастаймын да... кебінсіз көмгізе саламын!.. Кімге керексің?! Кімің бар, сені іздеп жатқан?! Өй, есуас!.. Ит... ит!.. Əзина: (ызбарлы үнмен) Құмар Салимович! Ауруханада емделіп жатқан пациентке былайша жекіруге жəне жанын күйзелтетін мұндай ауыр сөз айтуға дəрігер ретінде сіздің ешқандай хақыңыз жоқ! Бұл əдепсіздік! Бұл ешбір этикаға сыймайтын жай! Құмар: (өршеленіп) О, тамаша! Міне... бір əдепті жанның мына арадан табыла қоюын қараңыз! Этикаға сыймайды дейді, ə!.. Э-ти-ка-ға!.. Сіздің мына сырқатпен құшақтасып тұрғаныңыз... болмаса... басқадай болып
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев жүргеніңіз де... этикаға сыйып, жұғысып тұр ма? Бұл мəселені біз əлі кейін қарайтын боламыз! Сəбит: (жалынғандай) Құдай үшін... маған бола жан иесін жазғырып, жазалай көрмеңізші! Бүгінгінің адам баласының бір бірінен тартқызып жатқан жазасы аз деп пе едіңіз?! Бəріне де мен... мен бейбақ кінəлімін! Сол үшін мына Əзинаны жазғырып, жазалай көрмеңіз! Манағы өзіңіз айтқандай, кебінсіз көмгізе салыңыз! Кім бар дейсіз... кімім бар дейсіз мені іздеп жатқан?! Құмар: (екіленіп кетеді) Иə... иə... кімің бар сені іздеп жатқан, ə?! Дүниеге келмей жатып... көзіңді ашпай жатып... шырылдатып балалар үйіне тастап кеткен көкек анаң келер деймісің?! Əлде...əкең келе ме іздеп?!. Ха...ха..ха... Əй...сол əке дегенің бар ма еді, болып па еді өзіңде?! Ха...ха...ха... Сəбит: (жан күйзелісін жасыра алмай) Дұрыс айтасыз! Келмейді олар... келмейді!.. Өз тастандыларына тағдырымның да тас атып жатқанын білмейді олар... білмейді!.. Құмар: (өшіккен кейпімен) Ал... білді дейік... білгенде не қылар еді соларың?! Сəбит: (сахнаға қарап,ойлы жүзбен) Менімен бірге жылар еді олар да!.. Ей, адамдар! Жүректерің бар болса, тым болмаса... менімен бірге сендер де жылаңдаршы!.. Жылаңдаршы!.. Тым болмаса жанымыздың кірі мен кірбіңін де көз жасымызбен бір шайып алайық та! Жылаңдаршы!.. Жылаңдаршы!.. Құмар: (мысқылы бар əмірмен) Немене... сен жылады деп мына дүние атаулының бəрі де жылауы керек пе ей, есуас?! Əкетіңдер, мына есуасты!.. Сəбит: (сабырлы қалпымен) Жүрек көзіңді салып,жаныңның түйсігімен тыңдай білгенге... мына дүниенің өзі де мен жыламай ақ... өзі де жылап тұр ғой! Соны сезіне білу керек...ести де білу керек! Е, сорлы дүние жыламақ түгілі... шырылдап... шырылдап жатыр ғой, шырылдап!.. Құмар: (даусын көтеріп) Əй... сол дүниені кім өзі жылатып... кім өзі шырылдатып жатқан?!. Сəбит: (баяу үн қатады) Сен... жəне сендер!.. Сендер сияқты сезімі семіп тас жүрекке айналған... жылтыраған дүниеден өзгені көре алмайтын көрсоқырлардан көрешекті көріп жатыр мына сорлы дүние!.. Мен де... мен де... сол сорасы аққан сол сорлы дүниенің жылап тұрған бір сорлысымын!.. (Қарулы жігіттер Сəбитке күштеп, жуасытқыш көйлек кигізіп, алып кетіп бара жатады). Сəбит: (ашынған терең бір жан күйзелісімен) Жылайсың...жылайсың əлі сорлы дүние! Ей, дүние, жылайсың əлі...жылайсың!..Ей, сорлы дүние!.. Жылайсың...жылайсың əлі талай!.. (Шымылдық) Мұхит: (көңілді раймен) Так, Саулешка, кешке үйге құдалар келеді! Дайын бол! Үлкен адамдар! Екінің бірінің босағасын аттай бермейтін адамдар олар! Сəуле: (таңданысын жасыра алмай) Ол не қылған құдалар аяқ астынан келгелі жатқан?! Мұхит: (көтеріңкі көңілмен) Құда емес... Құдай олар! ...Құдай!.. Құдай берген құдалар олар! Сəуле: (абыржып қалады) Апыр..ай, жүрегім аузыма тығылды ғой! Құда келеді дегеніңіз не?! Кімге.... Жазираға құда түспекші ме? Жазираны сұрап келгелі жатыр ма?
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Мұхит: (сəл-пəл қабақ шытады) Жазираға болмағанда, енді не саған құда түскелі келеді деп пе едің?! Давай... есіңді жина... тап қазір келіп қалуы да мүмкін! Сəуле: (сабырсызданып) Апыр-ай, папсы-ау... асығыс жасадыңыз-ау деймін! Жазираш та əлі есін жинай алмай жүр. Жазираш білетін жан ба? Жөні түзу адам ба өзі?!. Мұхит: (əмір бере сөйлейді) Ол бала сенің əлгі детдомовец күйеу балаңнан тəуір болар! Сөзді қой да, киінуге əзірлен. Ресторан дайын. Құдаларға дəмді сол арадан береміз. Біраз азаматтар да, жора-жолдастар да сол арада болады. Шақырып қойғанмын! Сəуле: (тағаты кетіп) Папасы-ау, тым асығыстық жасадыңыз-ау деймін! Жазирашқа айтпастан оның үстіне. Қызыңыз келісе қойса жарайды ғой! Мұхит: (ашуға басып) Келіссе... менің қызым, келіспесе... сенің қызың! Хабарла, айт! Қазір... тап қазір құда... құдағи мен күйеу бала осы үйге кіріп шығып, босағаға сəлем береді.Дайын болсын! Сəуле: (аналық алаңдаушылығымен) Папасыау, жалғыз балаға неге осыншалықты қатал болып кеттіңіз? Өз ықтиярымен, өз еркімен өз серігін, өмірлік жарын таңдауға мұрсат беруіміз-ақ керек еді ғой! Сіз ықтиярсыз берейін деп отырған жерге барып, бағы ашыла қояр ма екен қызымыздың?!. Жазира: (қорғансыз күйге түсіп) Папа, ал менің сіз берейін деп отырған жерге баратын,бармайтынымды қайдан білдіңіз?! Ма-ма!.. Ма-ма... ма-ма! (Жылайды). Мұхит: (Жазираға мейірлене қарап) Қызым, мен сенің əкеңмін! Сенің келешегіңді ойлаймын! Мына заман қатал! Қазір ықпалды жердің, бай жердің, бар жердің босағасын аттамасаң өмірің қорлықпен, жоқшылықпен өтеді. Ана қара базарда «дорога, дорога» деп арба сүйреп жүргендер мен қыс болса аязға тоңып, жаз болса күнге қақталып сауда жасап тұрғандардың күнін кешейін деп пе едің?! Қай жерден оқып кел... қаншалықты білімің болсын, тіпті шет елдің он тілін біліп тұрсаң да, бір жерге іліндіріп жіберетін күш керек. Ол күш... ақша! Ол күш... лауазым, билік, мансап! Жазира: (жасқана қарап) Папа, қазір заман емес, адамдар... адамдар қатал! Туған əкем сіз де маған қаталдық жасағалы тұрсыз! Рахмет, өсірдіңіз, оқыттыңыз! Кемдік көрген жоқпын! Мұхит: (қуанып қалады) Міне... міне, ақылдым! Бəсе... менің қызым ақымақ болмауы керек еді ғой деп өзім де ойлаушы едім! Папасының айтқанына осы жолы да көнеді қызым! Осы жолы да папасының дегенімен болады менің қызым! Жазира: (əкесіне жалт қарайды) Жоқ, əке! Мың да бір кешірім сұраймын! Бұл жолы олай болмайды. Ата-анасының батасын аттап, өз сүйгенімен де жылап кеткен қазақтың қызының басы да, соңы да мен емес болармын! Мен өз сүйгенім Сəбитпен боламын! Сəуле: (үрейленіп қалады) Қызым... қызым!.. Мұхит: (ашуға булығып) Əй... қызым... қызым деп неменеге қиыла қалдың? Онан да мына ақымақ қызыңа ақылыңды айтпайсың ба?! Бұл не сонда... елдегі жоқ сұмдықты шығарып, ана жетім «детдомовецке» кетпекші ме?! Өлтіресіңдер ғой мені «инфаркт» қылып! Жазира: (алған бетінен қайтпай) Иə, əке,өзіңізден тағы да мың кешірім сұраймын... мен сол «детдомовецке» кетемін!
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Мұхит: (жаны ашынып) Сорлы қызым менің!.. Сен оның... сол Сəбитіңнің есі ауысып, жындыханада жатқанын білесің бе? Жазира: (тайсалмастан) Білемін!.. Сіздердің жасағандарыңыз ол! Сіздің ақшаңыздың жасағаны ол! Мені ауруханаға кіргізбей де, Сəбитпен жолықтырмай қойғандарыңызды да білемін! Қазіргі сіздердің арам ақшаларыңыздың арамдығы ол! Ақшамен ғана адам болып жүрген бүгінгінің адамының сиқы да, жасайтыны да, міне, осы! Сəуле: (араға түскендей болады) Қызым... қызым!.. Жазира: (анасына жалт қарап) Жоқ мама!.. Мен енді папамның бұл жолғы айтқанына көнбеймін! Кешіріңіз маматай, көнбеймін... көнбеймін! Əке... əкем менің!.. Аяңызшы... аяңызшы мені! Əке, аяғыңызға жығылайын! Аяңызшы мені! Жетім болса да, бойында асыл адами қасиеттері бар, өз ойы бар... өзім сүйген адаммен бақытты болайыншы! Мені өз мансабыңыз бен өз байлығыңыздың құрбаны ете көрмеңізші! Əке... əке... əкетайым!.. (ағыл-тегіл жылайды). (Осы сəтте қолында бір шоқ гүлі бар бір ер азамат пен малына киінген əйел кіреді.Өздерін өктем ұстап, өктем сөйлейді. Бұл екеуі болашақ құда мен құдағи Райбек пен Тамара болатын.) Райбек: (көңілді) О, не... біздің болашақ келін баламыз, өз ата-анасын... өз босағасын əлден қимай жылап жатыр ғой деймін! Шіркін, қыз бала-ай!.. Мұхит: (абыржып қалады) Иə... иə... солай!.. Жазираш кішкене жүрексіне ме, қалай өзі? Сол ғой жылап тұрғаны! Сəуле: (жүзін төмен салып) Қыз бала ғой, əлі де үйде жүргісі келеді де...Жоғары шығыңыздар... төрлетіңіздер!.. Райбек: (марқайған əсермен) Құдай бұйыртса... осы үйдің төрінде де құда болып шалқиып отырармыз əлі! Соған жазсын деңіз!.. Тамара: (Райбекке ала көзімен қарап) Бұйыртса дейді ғой!.. Əй, не бұл өзі?! Осы үйдің босағасын аттамай жатып... құдайшылап, əлден сыпайылана қалғаның не?! Осы уақытқа дейін ешкімге имей келген басыңды əлден төмен сала қалғаның не, ей сенің?! Жараспайды бұл сіз бен бізге! Біреулердің алдында бұлайша төмендеу жарамайды... жараспайды бізге! Мұхит: (Тамарының сөзін құптайды) Құдағи, бұл не дегеніңіз?! Əрине... əрине Райбек Салимовичке бұл жараспайды... мүлдем жараспайды! Вообще... басқалардың алдында төмендеу жараспайды сіздерге! Біз... біз-ақ төмендейік! Біз-ақ бас иіп өтейік сіздерге! Біз оған əрдайым əзір жандармыз! Сіздердің біздің шаңырақтың босағасын осы аттап отырғандарыңыздың өзі бақыт, өзі абырой біз үшін! Ой... бой... Райбек Салимовичтің өзі келіп... бəленбайдың қызына өз баласына құда түсіп кетіпті дегеніңнің өзі қайда жатыр біз үшін?!. Сəуле: (ақылды əрі байыпты кейіппен) «Қызы бардың назы бар» демеуші ме еді?! Папасы, сіз де қара жаяудың бірі емессіз... осыншалықты неге төменшектей қалғансыз?! Тең сөйлеспейсіз бе?! Тамара: (Сəуленің сөзін ұнатпай қалады) А, что... бұлар да бізбен теңескісі келе ме?! Этого не хватало еще?!. Райбек: (жалынғандай болып) Ну... ну... «женушка»... Тамара айналайын, қатты кетпесеңші!..
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Құдалар көңілдеріне ауыр алып қалып жүрер! Əй... осы сенің мінезің-ай! Мынадай қызын берейін деп тұрған құдалар бізбен тең болады да!.. Жазира: (намыстанып қалады) Кешіріңіздер, сіздер өздеріңізге тең болатын құда тауып ала көріңіздер! Мен тап сіздерге келін болайын деп те құлшынып тұрған жоқпын! Кешіріңіздер!.. Тамара: (баж ете түседі) Ужас!.. Это же ужас!.. Мынау бізге келін болмай жатып, масқара... мынаны айтып тұр! Ертең не дерін кім біліпті?! Вот не воспитанная! Масқара!.. Бұлар не тəрбие берді дейсің қыздарына?! Райбек: (сабырға шақырады) Ну..ну... «женушка»!.. Спокойся, пожалуйста! Не надо... Не надо так говорить... ұят болады!.. Мұхит: (жалынғандай болып) Құдағи... алтын құдағиым менің! Кешіріңіз бізді... кешіріңіз менің ерке қызымды! Тамара: (өрекпи түседі) Не надо было баловать! Надо было воспитывать, как воспитвыють нормальные люди своих детей!.. Сəуле: (сабырлы раймен) Кешіріңіз!.. Əркімнің өз баласы өзіне патша деген ғой! Осыншалықты таусылмасаңыз да болатын еді ғой!.. Жазира: (жасқанбай) Сіздің тəрбиелеген балаңызды да білемін! Сіздің балаңыз емес пе еді ауылдан келген сорлы екі бірдей қыздың абыройын шашып жүкті қылып, тастап кеткен?! Сонан соң сол балаңызды Америка асырып жіберген де жоқ па едіңіздер?! Онда да оқып, жарылқап келгені шамалы! Тамара: (байбалам салады) Да... как ты смеешь о моей сыночке так говорить?! Посмотрика,а!.. Вот, не воспитанная! Мен айтты гой... айтты гой!.. Осы киз керек емес деп!.. Мен айтты гой!.. Мұхит: (абыржыған күйге түседі) Ал, кəне... бос əңгімені қоялық! Келіңіздер! Хош келдіңіздер дейміз! Қазір... бəріміз жиналып, ана ресторанда күтіп отырған ағайынның ортасына барайық! Сол арада көңіл жарастырармыз! Ал, кəне тұралық! Кəне, құдағи! Кəне, құда!.. Сəулеш!.. Жазираш!.. Тез жинала қалыңдар! Сəуле: (баяу ғана) Папасы... Сіз мына қонақтарды алып бара берсеңіз етті! Біз Жазираш екеуміз біразырақ жиналып алайық, көп ұзамай келіп қаламыз! (Мұхит болашақ құдаларын алып, үйден шыға береді. Сəуле мен Жазира отырып қалады. Екеуінің де жанарларында жас). Жазира: (анасының құшағына тығылып, жылайды) Ма-ма! Ма-ма! Менің тағдырымды неге саудаға салып қойдыңыздар?! Мен олардың босағасында дəулетті болғаныммен, бақытсыз боламын ғой! Ма-ма! Ма-ма! Қорқамын мен! Қорқамын!.. Сəуле: (жанарында жас) Қызым! Ботам менің! Не қылайын енді?! Мүлдем басым қатты! Жыламашы... жыламашы, жаным! Жыламашы!.. Жазира: (жан толғанысымен) Бұл менің ендігі өмірімнің... ендігі қалған ғұмырымның енді қайтып құрғамайтын көз жасы екенін біліп қойыңыз! Өмір бойы құрғамайтын! Өмір бойы!.. Өмір бойы!.. Ма-ма! Ма-ма!.. Сəуле: (жылай жүріп) Айналайын... ботам менің! Құлыншағым менің! Онсыз да жүрегім қан жылап тұр! Бұлай деп айтпашы! Айта көрмеші! Бір Алла өзі жар болар, жаным! Жүр, жиналайық! Ақылың бар бала едің ғой, сабырлы бол! Əлгі жаңағы қонақтардың сөзіне
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев араласа берме! Не айтса да естімеген бол! Абыройыңды сақта, жаным! Əкеңнің де абыройын ойла! Жарай ма, жаным?! Жүр, жинал, енді!.. Жазира: (орнынан тұрып) Ма-ма!.. Ма-матайым, əзірге өзіңіз бара беріңізші! Мен бір кішкене өзіме өзім келіп, есімді жинап алайыншы! Біраздан соң келермін! Сіз бара беріңізші!.. (Сəуле шығып кетеді. Жазира тағы да солқылдап жылайды). Жазира: (сол жылаған қалпы) Ей, кең дүн-и-е! Ей, кең дүн-и-е! Ес-ти-сің бе, ме-ні?!. Ес-ти-сің бе?!. Естісең айтшы, айтшы маған! Мен... мына сорлы мен... өзімнің пəк өмірімді байлығы мен барлығы бардың базарына саудаға салайын ба?! Жоқ əлде... əлде... өзімді де... өмірімді де... ей, қия-нат, саған қиып кете барайын ба?!. Жоқ əлде... əлде... жас өмірім... пəк өмірім... сені... сенің өзіңді-ақ қиып кете барайын ба?! Сені... сені қисам ба екен, жас өмір?!. (Осы сəтте Жазираның қалта телефоны шырылдайды. Ұзақ шырылдап қоймаған соң, алады да, үнсіз құлағына тосады). Жазира: (есін жия алмаған, таңданған кейпімен). Бұл кім болды екен?! Бұл кім өзі?!. Бұл кім?!. Тыңдап тұрмын!.. Сə-бит! Сə-бит! Жаным, сенбісің?! Сенбісің?!. Сə-бит!.. Сə-бит!.. (Асығып, аптыққан Сəбиттің шырқыраған жан дауысы кең əлемді жаңғыртып тұрғандай, естіліп жатады). Сəбит: (жаны шырқырап) Жазира! Жазираш! Менмін, бұл менмін ғой! Жындыханадан қашып шығып кеттім! Қазір... тап қазір мені іздестіріп жатулары да мүмкін. Тезірек жет! Əйтпесе... енді қолдарына түссем, ол арадан қайтып шығуым екі талай болар! Тезірек... тезірек жете көр! Жазира: (жылаған қалпы) Қазір, жаным... қазір! Қай жердесің,қай арада тұрсың?!. Түсіндім, түсіндім! Киім... киім ала кел дейсің бе?! Қазір... қазір жетемін! Ұшамын... ұшамын саған! Қазір... қазір ұшып жетемін саған!.. (шығып кетеді).
(Шымылдық) Қалың жұрты көшіп, құлазыған ауыл шетіндегі жатаған қазақ үйі. Есігінің алдында қазан көтеріп, ас қамдап ауыл əйелі жүр. Айналадағы тылсым тіршіліктің тыныштығын бұзып, отын бұтап отырған қарттың жанына қол ұстасқан екі жас келіп тұрады. Бұлар... Сəбит пен Жазира болатын. Есен: (үрейлі, таңырқаған кейіпте) Əй... əй кімсіңдер? Кімсіңдер... əй?! Сəбит: (жылы да биязы) Біз осы ауылға қаладан келе жатқан жастар едік! Қорықпаңыз, ата! Есен: (қуақы раймен) Е... əлгі дипломы бар жастарды ессіз қалып жатқан ауылдарға жіберіп жатыр деп еді, сендер де солардың бірі болдыңдар ғой?! Өзі бір қызық заман осы! Мына ауылдың есігінде қара құлып тұрған ана мектебін əзер бітіріп... кейін бірде бір оқу оқымаған дипломсыз жастардың барлығы да қалаға кетті де, дипломы бар қаланың жастары ауылға келіп жатыр! Қызық екен,ə!.. Дипломдарың бар ма еді, өздеріңнің?! Сəбит: (кішіпейілділікпен) Дипломымыз бар, ата!.. Бар... бар!.. Жəнипа: (үй сыртынан) Əй, жыныңмен сөйлесіп жатырмысың?!. Кім андағыларың?!
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Есен: (даусын көтере) Жыныңмен дейді ғой! Əй! Қаладағылар біздің ауылға да дипломы бар жастардың екеуін бірдей жіберіпті! Солар келіп тұр дағы!.. Біреуі мұғалім... біреуі дəрігермін дейді! Мұғаліміне сені оқытамын... тым болмаса өлер шағыңда ақылың кірер ме екен? Дəрігеріне өзімді емдететін боламын! Өй... тізем-ай... қақсап тұрғаны несі!.. Жəнипа: (қол ұстасып тұрған жастарға таңырқап қарайды) Амансыңдар ма, шырақтарым?! Жоғары шығыңдар, үйге кіріңдер! Сəбит: (балалық мейіріммен) Ата, əкеліңізші балтаңызды! Мен-ақ жаңқалап тастайын андағыны! Есен: (жалт қарап) Жаңқалап дейді-ау! Жаңқа тамызық болушы ма еді?! Əй...осы күнгінің жастары қолдарына айыр... күрек ұстай білуші ме еді?! Дегенмен рахмет, шырағым! Иə... иə... шырақтарым! Үйге... үйге кіріңдер! (Бəрі де қоңыр тіршілігі бар үйдің дастархан басына келіп отырады. Жəнипа қымыз сапыра бастайды. Сахна шамы баяу сөніп барып, жарқырап қайра жанады. Жəнипа көзінің жасын сүртіп, ауыр кұрсінеді. Сəбит пен Жазира да ауыр ой үстінде.) Есен: (қапаланып) Қап, қарай көр бұларды! Атаңа нəлет ендігінің байлары да өз балаларының тағдырларын да байлықтарымен байлап тастамақшы ма ей, ə?! Баланың бағы байлықта ма екен, ə?!. Қолыма түссе ғой солар! Жəнипа: (аналық жүрегімен) Жарайды, шырақтарым! Біраз азаптанып барып, қол ұстасып, кең даладан пана іздеп жүр екенсіңдер, жаратқан ием алдарыңнан жарылқасын! Осы үйді өз үйлеріңдей көріңдер! Біз сендерге пана болуға жарасақ болды дағы! Есен: (қуанышын жасыра алмай) Иə... иə!.. Мына апаларың жөн айтып отыр! Мына мен тұрғанда осы екеуіңе енді ешкімнің де тісі батпайтын болады енді!.. Жəнипа: (жүзін төмен салып) Өй, шіркінің-ай! Кімге қарсы тұрар қауқарың бар осы сенің?! Есен: (намыстанып) Менің бе... менің бе?! Менің бар ғой əлі талайлардың танауын бет қылуға жететін күшім бар! Жəнипа: (жүзінен күлкі табы сезіліп) Қой... мына балалардың көзінше жел көңілдене бермей! Ұят тағы! Сəбит: (күлімсіреп) Құп көрсеңіздер сіздермен бірге қыстап шықсақ! Мына келе жатқан қыста қайда барамыз! Сіздерге қолқабыс жасап, бірге тіршілік жасармыз! Оның үстіне мына келіндеріңіңіздің де аяғы ауыр еді!.. Есен: Ау, қарақтарым, осы екеуіңнің мына иесіз қалған ауылда отырған біздің жанымызда болғандарыңның өзі қолқабыс! Əжəптəуір ес болып қалар едіңдер-ау! Міне,сендер келген əлгі арада мына кемпір екеуіміздің көңіліміз өсіп, өміріміз көңілілдірек бола бастағандай! Əуелде сеніңкіремей... тіпті үрейленіп те қалғаным болды. Қазір не көп, болмашы тиын... себен үшін өлтіріп кете беретіндер көбейді ғой! Əй, заман-ай, несін айтасың?! Жəнипа: (жақтырмай қалады) Жай отырсаңшы, аузыңа ие болып! Қай қайдағыны айта бермей! Есен: (аптығы басылғандай) Ал, қойдық... қойдық енді! Осы сен өмір бойы аузымнан қағып еркін бір сөйлетпей келесің əйтеуір! Жəнипа: (жаулығын түзеп) Жоқ... былай енді... баяғының үлкендеріндей болып, жөні түзу бір əңгіме айтсайшы бір!
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Есен: (қайраттанып) Ал... айт десең айтайын енді! Баяғыда... Ескендір Зұлқайнайыр деген патшаның заманынан кейін бе екен, жарты əлемді жаулап алған бір патша болыпты дейді. Өзі жаулап алып,билеп, төстеген патшалығының қай жеріне бармасын, жаңағы патшаның алдында халық иіліп те, үйріліп те тұра қалатын көрінеді. Жəнипа: (төмен қарап) Өй, сорлы неме... сол айтып отырған патшаң кімге керек енді! Айтар болсаң... ащы ішектей шұбалтпай... қысқартып айт енді!.. Есен: (шарасызданып) Тұра тұр деймін енді жағаласпай! Əй, патшағарым-ай! Сол баяғы... қыз күніңдегі əдетіңнен əлі де жаңылмапсың-ау! Нағыз қызық жеріне келгенім енді еді... жаңылыстырып... əңгімемді үзіп тастағаныңды қарашы, ə!.. Жəнипа: (қатаңдау) Ал... айт... айт енді!.. Иə, содан... айта бер енді!Айта бер!.. Сəбит пен Жазира: (қосарланып) Ата...ата!.. Айта беріңіз! Қызық екен! Есен: (маңғазданып) Содан əлгі... жарты əлем алдында иіліп тұрар əлгі патша өз үйіне келсе болды... өз үйіндегі мына менің кемпірімдей өзі кіп-кішкентай... өзі шүйкедей ғана қара кемпірінен өлердей қорқады екен. Жəнипа: (көзі күлімсреп) Əдірəм қал!.. Өзі бір жетісіп тұрғандай... əуелі өзіңе қарап ал! Есен: (жүзінен күлкі табы сезіліп) Содан... бір күні əлгі патшаның намысы келіп, əй... əйелінен қорықпайтын осы жер бетінде еркек бар ма екен?! Жоқ... əлде мен ғана қорқамын ба деп ойлайды ғой! Ақыры соны білмек үшін өз патшалығындағы əйелі бар дейтін бүкіл еркек атаулыны жинауды бұйырады ғой!.. Жəнипа: (тағатсыздық танытып) Өй сорлы, неме! Андағы патшаңның əңгімесі созылып барады ғой! Бол енді! Сүт тартуым керек! Есен: (наразы күймен) Туһ, осы сен де болмадыңау қақсап қалғыр! Нағыз қызық жеріне келе бергенімде аузымнан қағып, жағаласа беретінің не осы?! Мына балалардан ұялсайшы бір мезгіл! Сəбит: (баяу ғана) Оқасы жоқ, ата! Айта беріңіз... айта беріңіз! Қызық екен! Жазира: (ерке бір үнмен) Ата-мына апама іренжімеңізші! Сізді қатты жақсы көреді! Тіпті сіздердің бір бірлеріңізбен ұрысқандарыңыздың өзі де бізге қызық көрінеді! Есен: (күлген болып) Мені жақсы көрмей қайда кетер дейсің бұл апаларың! Жақсы көргені сол емес пе, мен мұны он алтыға толар толмаста... бір түнде алып қашқанмын! Міне... вот это... «любоп»! Жəнипа: (бетін жыртып) Ұят-ау, мына балалардан! Осы сен өлер шағыңда шатасып кетпесең жарар еді!.. Айтсайшы əлгі патшаңды!.. Есен: (қуақы үнмен) Иə... əлгі... айтпақшы... содан... əлгі патша бұйырған күні барлық еркек атаулы бірі қалмай бір төбенің басына жиналды дейді. Əне... анау төбенің басына ақ ту тігілді. Көрдіңдер ме дейді патша! Сол ақ ту тігілген сол төбенің басына əйелінен қорқатын еркектер жиналсын да... ал, енді осы төбенің басындағы мына, көк тудың жанында əйелінен қорықпайтын еркектер ғана қалсын деп əмір береді патша... Жəнипа: (шыдамсыздана) Шұбалттың-ау андағы патшаңды! Есен: (даусын көтеріп) Тұра тұр деймін енді жағаласпай! Нағыз қызық жері енді басталайын деп
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев тұр! Содан... жаңағы əйелінен қорықпайтындар ғана қалсын дейтін төбенің басындағы көк тудың жанында жалғыз өзі сопайып... бір ғана еркек қалды дейді! Жұр та... патша да аң-таң! Апырай, ə... менің патшалығымда да əйелінен қорықпайтын бір еркек бар екен-ау деп патша қайран қалыпты да... барыңдар...біліп келіңдер ана жүрек жұтқан кім болды екен өзі? Кім де болса алдыма алып келіңдер деп бұйырыпты. Жəнипа: (тыжырынып) Делқұл... мəжнүн... мəңгүрт біреу шығар! Есен: (əсерлі көңілмен) Апырым-ай, ə!.. Болмадыңау! Əй... өзі жауға шауып, ел қорғап жүрген еркек болса, ол дегенің делқұл... мəңгүрт болушы ма еді-ей?! Тіл мен жақ өзімдікі деп айтасың-ау, осы сен де! Жəнипа: (жұлып алғандай) Немене... сол еркекті сен көріп тұрып па едің,болмаса жауға бірге шауып па едің?! Есен: (амалсыздың күйіне түсіп) Əй, сен де болмайды екенсің жағаласып! Қолымдағы мына таяғыммен беріп қалып... басыңды жарайын ба, а?! Сəбит пен Жазира: (күліп) Үйбөй, ата, андағымен өлтіресіз ғой апамызды! Есен: (алара қарап) Əй,саған манадан бері қой деп келемін ғой! Жəнипа: (жымияды) Қойдық... қойдық енді бас жарғышым! Есен: (шабыттана түседі) Содан... əлгі патша алдына алып келген жаңағы батырыңнан «сен əйіліңнен қорықпайтын не қылған жансың, оның сыры қалай?» деп сұрай бастайды ғой! Сонда əлгі батырың айтты дейді... О, мəртебелім! Осылай қарай үйден шығарымда əйелім патшаң қойған жерден, сол тұрған орныңнан ешқайда қозғалушы болма деп тапсырып еді. Өле алмай жүрмін бе, əйелімнің айтқанын орындағаным ғой! Тұрған жерімнен қозғалмағаным сол еді! Əйтпесе... əйелден қорықпайтын... əлгі ... əлгі не... əлгі арт... маған қайдан келсін депті! Жəнипа: (көзіне жас алып) Е... əлгі біздің жалғыз ұл да əйелінен қорыққан соң барып бізді тастап қалаға кетіп қалған екен ғой! Сорлы бала-ай!.. Не істеп жүр екен? Əлгі сабалақ қатыны дұрыс тамақ та істей білмеуші еді, қарны да ашып жүрген шығар сорлы баланың!.. Есен: (жақтырмай) Не істеп жүр дейді-ау мынау да! Немене... Астанада Министр болып жүр деп пе едің?! Базарда арба сүйретіп жүргенін өткенде өз аузынан естімеп пе едің?! Қарны ашса өз обалы өзіне де! Дайын асты ішіп, өлер шағымызда осы ауылда жанымызда жүрмес пе екен, мына мал мен дүниеге ие болып?! Жəнипа: (жалынғандай болып) Сен андағы патшаңның əңгімесін бітірген соң, сол қаласы түскірге барып балаға бір ас-су апарып келмес пе екенсің?! Шал: (шарт кетеді) Не десең де барар жайым жоқ!..Сенен туған бала дұрыс жерден қатын алушы ма еді?! Жəнипа: (шаптығып) Немене... мен саған тигенімде үйімнен шұбыртып бала ертіп келіп пе едім?! Өзіңнің тапқызғаның сол болды да! Есен: (сабырға келіп) Жоқ, айтамын-ау, əлгі сенің келініңді айтам да... тұңғыш немереме ырымдап қойған атымды да жақтырмай... өзі тапқан баласын да емізбей... шырылдатып қойып... сазарып жатып алған жоқ па үйден де шықпай?! Жəнипа: (өршелене) Өзіңе де сол керек! Сол балаға қоятын ат құрып қалғандай, қайдағы жоқты қойып!..
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Есен: (күйгелектеніп) Əй, патшағар... қайдағы жоғы несі əй... ə?! Əй... сенің де бұл не дегенің... бəрің мені ақымақ етіп... Бұлар күйдіреді ғой мені осылай!.. Қайдағысы несі-ей?!. Шырақтарым, оқыған балаларсыңдар ғой... осы сендер айтыңдаршы... мен тұңғыш немеремнің атын Мұхтар деп қойдым... жақсы ат емес пе, а?! Жөргегінде жатқан сол жаман күшік неме Абайды жазған Мұхтардай болса жарап жатар едіау! Өй... өңшең ақымақ немелер!.. Жəнипа: (өктемдеу) Ойбай-ау... шыж быж болып енді несіне күйінесің осы сен?! Келініңнің айтқанын өз құлағыңмен естідің ғой! Есен: (есіне түсіре алмай) А... не деп еді сол өзі?! Өй... құлындарым сол! Жəнипа: (күлімсірей, Сəбит пен Жазираға қарайды) Үйбой... жаңа ғана... маған сен осы оңған бала тауып па едің деп шікірейіп отыр едің ғой! Енді əлгіндей болмай жатып... құлынымдап...шұрқырай қалыпсың ғой!.. Не деп еді дейді ғой! Келінің мен тапқан балаға қайдағы бір иттің атын қойдыңдар деп... баласын да емізбей жатып алып, тепсінген жоқ па еді?! Есен: (таңырқай сұрайды) Иті несі ай бұлардың, ə!.. Мұхтарды... əлгі Абайды жазған Əуезов Мұхтарды білмегендердің өздері де... соның ішінде осы отырған... сен де итсің ендеше! Жəнипа: (жаратпаған қалпы) Жарайт... мен ақ ит болайын осы! Келін қайтсын енді?! Сол кезде Ресейдің мына «телебизірі» құрғыр да əлдебір ит жөніндегі «Кө мне, Мұхтар» деген бір киносын күні-түні көрсетіп жатпады емес пе?! Өзің де сол кезде мына «телебизірдің» алдында телміріп отырып алған жоқ па едің?! Есен: (күйіне) Өй... солар дегенің ненің қадыры мен қасиетін білуші еді?!. Кинодағы сол итке басқа ат табылмай қалғандай! Тым болмаса Мұхтар кісінің аты-ау... бұл қазақтың мынау деген бір ғұламасы-ау деп ойласа етті! Жəнипа: (наразы кейіппен) Иə...өзіңдікі ойламай жатқанда... солар ойлайт дегенің!.. Есен: (көңілді əрі қуақы көңілмен) Əй... кемпір! Осы сен де бір жөн сөз айттың-ау осы жолы! Өзіңдікі деп отырғаның... əлгі мойындарына «галстік» байлап алып жүрген əлгі шілтигендерді айтасың ба? Əй... сен бар ғой енді... жаныңда жатқан мені шұқылай берсейші!.. Үкіметтің жұмысымен бастары қатып жүрген сол балаларда не шаруаң бар осы сенің?! Жəнипа: (сəл-пəл ашулы) Шаруамен бастары қатып жүр ме... жоқ, əлде көп ақшаларын қайда жіберерлерін білмей сонымен бастары қатып жүр ме олардың?! Сен оны қайдан білуші едің?! Есен: (амалы таусылғандай) Апырмай... ə!... Сен патшағар мені қойып енді сол Үкіметтің балаларына да соқтықтың-ау!.. Жəнипа: (ешнəрседен тайынбайтындығын сездіріп) Тілімді кесіп алсын солар!.. Енді қайтейін... тым болмаса солардың біреуі болмаса біреуі... ана киноны түсіріп жатқандарға Мұхтар деген біздегі ұлы жазушының, данышпан адамның аты... халық іренжіп отыр, сол иттеріңе өзге бір ат қойыңдар деп айтпай ма екен?! Есен: (даусын көтеріп) Өйтөйт дегенің... Мəскеу тыңдайтындай!.. Жəнипа: (жайлап, сабырына түскендей) Тыңдасын, тыңдамасын елдің атынан біреулері айтулары керек еді ғой соны! Тыңдамады екен... сол киноны көрсеттірмей таста! Не істер екен?!
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев Есен: (қуақыланып) Əй...əй!... Дүние пəле қатыннан деуші еді... сен бар ғой... мына сөзіңмен тыныш жатқан екі мемлекеттің арасына от салғалы отырсың осы! Байқа... байқап сөйле!.. (Шымылдық). Сахна ашылғанда қолдарына көтерген жаңа туған сəбилері бар Сəбит пен Жазира келе жатады. Екеуі де бақытты. Ауыл қарттары Есен мен Жəнипа да қуанышты. Есен: (қуанышты көңілмен) Иə... шырақтарым, андағы шарананың бауы берік болсын! Жəнипа: (баяғы еркін сөйлеп қалған дағдысымен) Тұра тұршы... балалардың алдын орамай! Аман сау жаның қалған екен, қол аяғың жеңілдеп дегендей... Бəрі құтты болсын! Əкел... маған бер андағыны!.. (жөргектегі сəбидің бетін ашып қарап тұрып) Құдайау, адам болып мұның да пысылдап ұйықтап жатқанын қарай көр өзінің! Тіфа... тіфа!.. Е, жаратқан ием, пəлежаладан сақтай көр өзің! Сəбит: (жарқын жүзбен) Ата, мына немереңіздің атын қойып беріңіз! Есен: (қуанып) Мен бе... маған мынаған ат қойып бер деп тұрсыңдар ма,шырақтарым?! Жəнипа: (мейірлене əрі наздана) Иə... саған айтып тұр ғой енді! Тағы да əлгі кинодағы иттің атын қойып жүрме масқара қылғанда! Есен: (жанары жалт етіп) Өй, есуас, неме... иті несі-ай бұлардың?! Жазира: (көңіл қуанышын жасыра алмай) Ата... ата!.. Осы немереңізге Мұхтар деп азан шақырып, ат қойып беріңізші!.. Есен: (аталық əрі қуанышты мейріммен) Өй, құлыншағым! Əй, кемпір, естіп тұрмысың-ей?! Мұхтар деп қой дейді!.. Мұхтар болсын!.. Мұхтар... Мұхтар! Əй, кемпір мен ана сиыр қораның керегесінде ілулі тұрған тал бесікті алып келейін де! Ұрыспаймысың, ей?! (Есен жүгіре басып, кетіп бара жатады. Айналаны кісінеген құлын үні мен сəбидің іңгəлағаны... Мұхтар... Мұхтар деген дауыс жаңғыртып жатады. Сəбиттің жанарын жас жуып кетеді.) (Соңы. Шымылдық.)
Құлпытастың көз жасы Жабал Ерғалиев ӨМІРБАЯН Жабал Ерғалиұлы – 1952 жылы 30 қазан күні Көкшетау облысы Чкалов ауданының Қарағаш ауылында туған. Журналист, публицист, жазушы-драматург, қоғам қайраткері. 2011 жылдың 19 тамызында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды. Сенаттың əлеуметтік-мəдени даму комитетінің мүшесі. 1979 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1973-1997 жылдары облыстық «Көкшетау правдасы» газетінде кіші əдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтерінде болды. 1997 жылы Көкшетау облысы таратылғаннан кейін Көкшетау қалалық «Көкшетау» газетін ұйымдастырды. Бұл іргетасы 1824 жылы қаланған Көкшетау қаласының тарихындағы тұңғыш шығарыла бастаған қалалық газет болатын. 1997-2005 жылдары «Көкшетау» газетінің бас редакторы болды. Ақмола облысы əкімінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы шешімімен облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторлығына тағайындалды. Ақмола облысы жəне Көкшетау өңірінің тарихында тұңғыш рет «Көкшетау» əдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналын шығаруды ұйымдастырды. Ақмола облысы əкімінің 2009 жылғы 6-шы шілдедегі қаулысымен облыстық «Арқа ажары», Көкшетау қалалық «Көкшетау» газеттерінің жəне «Көкшетау» журналының бас редакторы болып тағайындалып, газеттер бірлестігін 2011 жылдың 1 қыркүйегіне дейін іскерлікпен басқарды. 2007 жылы «Арқа ажары» газетінің 90 жылдығында қазақтың аса көрнекті ақыны, қоғам жəне мемлекет қайраткері Сəкен Сейфуллинге, 2010 жылы «Көкшетау» газетінің құрметіне ескерткіш тақталар орнатты. Екі газеттің тарихын жинақтап, музей ұйымдастырды. 2011 жылы «Арқа ажары» газеті Қазақстан Республикасы Президентінің Грантын жеңіп алды. 1989-1994 жылдары халық депутаттары Көкшетау қалалық кеңесінің депутаты, жылдың тамызындағы сайлауда Ақмола облыстық мəслихатының депутаты болып сайланды. Облыстық мəслихаттың əлеуметтік мəселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, Ақмола облысы əкімдігі жанындағы бюджет комиссиясының, діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының, тіл жəне ономастика жөніндегі жəне тағы да біраз облыстық комиссияларының, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы Саяси Кеңесінің мүшесі, партияның жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы сияқты қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытты. Қазақстанның «Бас редакторлар клубының» мүшесі. 2011 жылдың 3-ші сəуірінде кезектен тыс өткізілген Қазақстан Республикасының Президенті сайлауында Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың Ақмола облысы бойынша сенімді өкілі жəне Ақмола облыстық қоғамдық штабының төрағасы міндетін абыроймен атқарып шықты.
Құлпытастың көз жасы 1995 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстан Журналистер одағының жəне Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтарының лауреаты. Көкшетау қаласындағы музыка училищесіне Біржан салдың атын беру жөніндегі мəселені алғаш көтергендердің бірі. Абылайханның ескерткішін орнату жөніндегі комиссияның мүшесі болып, Түркістан қаласынан хан бабаның жерленген жерінен топырақ алып келді. Қазақтың Қарасай батырының қазақ тарихындағы орнын анықтау ісіне белсене қатысып, ке сене тұрғызудың басы-қасында жүрді. «Қарасай батыр» қоғамдық қорын басқарды. «Еңбектегі ерлігі үшін», «Қазақстан Конституциясына – 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасына – 20 жыл» ме дальдарымен, екі мəрте Қазақстан Республикасының Құрмет Грамоталарымен марапатталды. Елбасының 2007 жылдың 7 желтоқсандағы Жарлығымен «Қазақстан ның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды. 2010 жылы «Нұр Отан» партиясы өткізген «Елім деп соққан жүрегім» республикалық шығармашылық байқауда екінші орынды жеңіп алды. Есімі «Қазақстанның үздік адамдары», «Солтүстік Қазақстан» жəне «Ақмола облысы» энциклопедияларына, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі «Ақмола облысының тұлғалары» анықтамалық кітабына енгізілген. Алматы облысы Қарасай ауданының Құрметті азаматы. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау Университетінің профессоры. Жазушының алғашқы əңгімелері 1978 жылы Алматыда жарық көрген жас жазушылардың антоло гиясында басылып шықты. Жазушының «Сөне көр ме, жұлдыздар», «Қазақтың Қарасай батыры», «Ұлтым менің, ұлысым менің», «Хан көтерген ел едік ер ұланын», «Бұлтты түнгі толған Ай», «Жол сапар жалғаса береді» «Тəуелсіздік толғауы» атты кітаптары жарық көрген. «Соңғы тұяқ», «Ескі арба» повестерінің, «Бұлтты түнгі толған Ай» жəне «Тойғандар мен тозғандар» драмалық шығармаларының авторы. Бұл екі драмалық шығарманың екеуі де Көкшетаудағы Шахмет Құсайынов атындағы қазақ драма театрының сахнасында сəтті қойылып келеді.
МАЗМҰНЫ Хикаяттар Ескі арба . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .13 Соңғы тұяқ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .52 Əңгімелер Жаңбырсыз жаз . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .128 Тұтқын . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 143 Қош бол, құлыным . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .161 Күн батқан шақта . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .171 Зарығу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .179 Алтыншы бала . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . 188 Дариға, дүние-ай! . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 202 Жетімдік . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .207 Құмарлан . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .214 Сөне көрме, жұлдыздар! . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 224 Өттің жалған . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 231 Сыр . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 240 Үмітімді үзбей өтем . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .248 У дүние . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 257 Алдамшы өмір . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 267 Арманды күй . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .277 Драмалар Бұлтты түнгі толған Ай . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 286 Құлпытастың көз жасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 335 Жетім тағдыр . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 371
ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ ҚҰЛПЫТАСТЫҢ КӨЗ ЖАСЫ (хикаяттар, əңгімелер, драмалар) Корректоры Е. Шалғынбай Техникалық редакторы И. Степаненко Суретші Р. Құрмашев Компьютерде беттеген Е. Болатұлы ИБ № 32 Басуға 15.08.2012 ж. берілді. Пішімі 84х1081/32. Қағазы офсеттік. Қаріп түрі «Times New Roman». Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 24.0 Есептік баспа табағы 26.5. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № «Жаухар» қоғамдық қоры. 050009. Алматы қаласы. Радостовец көш., 152/6., 515 бөлмесі
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру