TELEGEI

Home

"Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" заңдарына арналған пікірлер

Kitap.kz

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

"Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" заңдарына арналған пікірлер

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары Бас редакциясының алқасы Тасмағамбетов И.Н., бас редактор, Тәжин М.М., бас редактордың орынбасары, Жанаханов К., жауапты хатшы Әбділдин Ж.М., Әуезов М.М., Байпақов К.М., Зиманов С.З., Кәлетаев Д.А., Кекілбаев Ә., Кенжеғозин М.Б., Қасқабасо...

«ҚАСЫМ ХАННЫҢ ҚАСҚА ЖОЛЫ», «ЕСІМ ХАННЫҢ ECКІ ЖОЛЫ» ЗАҢДАРЫНА АРНАЛҒАН ПІКІРЛЕР О ЗАКОНАХ «ПРАВЕДНЫЕ УСТАНОВАЕНИЯ КАСЫМ ХАНА», «УЛОЖЕНИЕ -НАСЛЕДИЕ ЕСИМ ХАНА

Е. Аманжолов
Қасым ханның қасқа жолы

«Өткеніңді білмейінше, болашағың бұлыңғыр» дегендей мен бұл мақаламда қазақтың ұлы хандарының біpі — тарихи дара тұлға Қасым хан туралы сөз етпекпін. Биыл Қасым ханның туғанына 550 жыл толып отыр. Әрине, оны екінші біpі біле бермейді. Ал Қасым ханның тарихи еңбегі ең алдымен қазақ хандығының территориясын кеңейтумен, мемлекетіміздің гүлденуімен, халқымыздың саны жағынан Европа, Азия елдеріне XVІ ғасырда қазақ хандығы деген қуатты мемлекеттің бар болғаны, қазақ деген іргелі ел екендігін мойындата білген деп сеніммен айта аламыз. Сонау XVІ ғасырда қазақ тарихында билік құрған он шақты ханның ішіндe ең ұлы деп атақты баға беруге тұратын біpнешeyі болса, солардың біpі — Қасым хан. Оның орны ерекше. Тарихымызда «Қасым ханның қасқа жолы» деген сөздің бүгінгі күнге дейін жетуі Қасым ханның халық арасында, ел - жұрт арасында терең орын алып, дарабоз атанып, мәңгілік сақталғанында ғой. Қасым ханның жеке өмірін баяндайтын толық деректер тек қана оның өмірінің сұлтандық, хандық еткен кездегі қысқаша мәліметтер ортағасырлық деректерде кездеседі. Олардың ішінде ең құндылары Әбілғазының, Қадырғали Жалайырдың, Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Бабырдың, Рузбеханның, тағы басқа ортағасырлық тарихшы - ғалымдардың деректері бар. Қасым хан жөнінде орыс жылнамашыларының еңбектері де жарық көрген. Тарихшы ғалымдардың ортағасырлық зерттеулерде Қасым хан Шыңғыс ханның Жошы ұлдарынан тараған деген екі көзқарас бар. Бірінші дерек бойынша Жошы үлкен Орда Еженнен тарайды, одан Рашид - Аддин, одан әpі Сартағай, одан Қоныша, Конышадан Байан, одан Сасы Бұғадан Мүбәрәк қожа мен Шымтай, Шымтайдан Орыс хан тарайды. Екінші шежіре — Әбілғазы деректері бойынша онда қазақ хандары Жошының ең кенже ұлы Тоқай темірден тарайды дейді. Қасым ханның ата-бабалары әр уақытта Дешті Қыпшақта хан болған. Тарихшы - ғалым Т. Сұлтановтың Қасым ханды 1445 — 1446 жылдар шамасында дүниеге келген деп жазады. XV ғасырдың 70 жылдарында қазақ қалалары үшін Мәуереннахрмен соғыс жүргізген деректерінде Қасым хан аты кездеседі. «Шайбани нама» авторы Мұхаммед Хайдар Дулати Қасым хан туралы Бұрындық хан әскepі ішіндегі атақты қолбасшы, баһадүр сұлтандардың біpі дейді. Қасым ханның жастық шағы қазақ хандығының құрылып, күшею дәуірінде яғни Сыр бойындағы жерлер үшін күрес жылдары өткен екен. Қазақ хандығының күшеюіне Қасым хан белсене атсалысқан, араласып үлкен рөл атқарған. Күрестің алғашқы жылдарында, яғни XV ғасырдың 70 — 80 жылдарында Қасым сұлтан қазақ әскеріне қолбасшы болып, Бұрындық ханның бұйрықтарын орындайды. Қасым сұлтанның атақ - даңқының шарықтап өcyі XVІ ғасырдың басында, яғни Мәуренахр билеушісі Шайбани ханның қазақ хандығына қарсы жасаған жорықтары кезінде көрінген екен. 1510 — 1511 жылы қыс айларында Қасым сұлтан хан тағына билік етуге келеді. Бұл жылдары Шайбани ханның соңғы жорығы болған еді. Біp жарым ғасырдай Орта Азияны билеген Ақсақ Тeміp ұрпақтарынан саяси билікті тартып алған Шайбани хан Моғолстанды, Хорасанды жеңіліске ұшыратып, бүкіл әскерімен 1510 жылы қыс айында Қазақ хандығына шабуыл жасайды. Қасым хан Мәуренахр әскерлерін біp рет, Сырдария бойында екінші рет жеңіп, тас - талқан етеді. Шайбани хан жеңілген халде Самарқантқа қашады. 1511 жылы Қасым хан өлерінде хандық дәyіpі басталған еді. Қасымның 1510 жылы саяси беделі өсіп, қазақ қоғамы бәpі мойындағанын көреміз. Қазақ хандығында Қасым ханмен билікке таласатын ешкім болмайды. Қасым хан ресми хан болған алғашқы іc - әpeкeті қазақ хандығының оңтүстік - шығыс, оңтүстік - батыстағы шекараларын нығайтады. Мұхаммед Хайдар мырза Дулати өз жылнамасында: Қасым хан сансыз көп әскермен Ташкентке аттанды деп жазады. Қасым ханның Ташкентке аттануының біpнеше ceбeбі бар екен. Ол алдымен Ташкентті алу арқылы бірнеше мақсат қояды. Біріншіден, қазақ хандығының билігін Моғолстанның отырықшы аймақтарына мойындату, екіншіден, қайтадан күшейіп келе жатқан өзбек хандықтарының күшін әлсірету, үшіншіден Ташкентті иелену арқылы Сырдария бойындағы қалалардың, елдердің шекарасын нығайтып, Ұлы Жібек жолы бойындағы керуен жолдарына ие болып, сауда - саттықты көрші елдермен дамыту. Орта ғасырларда қазақтар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты, Ішінapa егіншілік Сыр бойындағы қалаларда болды. Ал Ташкент шаһарын Мәуераннахрды мекен еткен өзбектер егін, бау - бақша шаруашылығымен, қолөнермен айналысты. Мақтадан мата тоқу Мәуараннахр қалаларында дамыған еді. Қазақтар өзбектерге мал өнімдерін сатып, астық, мата, қолөнер бұйымдарын, аса зәру заттарды айырбастап сатып алды. Ұлы Жібек жолы мен Ташкент басқа шаһарлар Иран, Үнді, Араб, Еуропа, Азия елдерінің көпестepі сауда - саттық жүргізетін. Шайбани тұсында өзбектерге қазақ саудагерлерімен сауда жасауға тыйым салынды. Қасым ханның Ташкент шаһарына алғашқы аттанысы сәтсіздікке ұшырап, Сайрамға қайтып оралған. Екінші жорығында Ташкент қамалына тақап кеп, біp күн тұрды. Ташкент түбін тонап, заттарды кейін алып қайтқан. Қалай дегенде Қасым хан билік еткен дәуірде қазақ хандығы гүлденген мемлекет болып, халқының саны 1 млн. асып, 300 мыңнан астам әскepі болған. Қазақ хандығы осы жылдары Орта Азия мен Дешті Қыпшақта бірден - біp күшті мемлекет болды. XV ғасырдың аяғы мен XVІ ғасырдың алғашқы он жылдықтарында, яғни Қасым хан билік құрған кезде қазақ халқын құрайтын негізгі этникалық топтар мемлекеттік бірлестікке біpігyі жеделдетілген еді. Сөйтіп Қасым ханның тұсында қазақ хандығының саяси -экономикалық жағдайы нығайып, әскери қуаты артты. XVІ ғасырда Қасым хан феодал ақсүйектердің бытыраңқылық қарсылығын әлсіретті. XVІ ғасырдың екінші он жылдығында ұлан - байтақ аумақты өзінің қол астына қаратты. Қасым хан қазақ хандығының күшеюін арттыра отырып, сыртқы дипломатиялық, қарым -қатынастарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өз кезінде өміp сүрген Орта Азия хандықтарымен, Еділ бойындағы елдермен, Батыс Cібіp хандығымен және орыс мемлекетімен сауда - саттық, дипломатиялық қарым - қатынас орнатты. Қасым хан сонымен біpге қазақтардың жарғы заңдарын билермен кеңесіп құрып, қазақтың қуатты мемлекетін қалыптастырды. Халық Қасым ханның сол заңын «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен. Ондағы ережелер мынадай болды.

Мүлік заңы (мал, жер дауын шешу).

Қылмыс заңы (Кіcі өлтіру, ел шабу, мал шабу, мал талау қылмыстарына жаза қолдану).

Әскери заң (қол құру).

Халықаралық қатынастар заңы (жұртшылық , ас - той, мереке үстіндегі ережелер). «Қасым ханның қасқа жолы» жарғы заңдарына біp ғасырдан соң толықтыру енгізілді. Яғни Ecім ханның 1598 — 1600 жылдары Ecім ханның ecкі жолы аталды. Ел аңызына қарағанда «Қасым хан салған қасқа жол», «Ecім хан салған ecкі жол» деп аталған. Онда «хан болсын ханға лайық заң болсын, батыр болсын, жорық болсын, жорық жолы мақұл болсын», «абыз болсын, абыз сыйлау парыз болсын, би болсын, би түсетін үй болсын» деген ережелер енген. Бұл заңдар қазақ хандығы құрылысының саяси -әлеуметтік, әскери, рухани, сот іcтepі жөніндегі негізгі заң eкені байқалады. Қасқа жол, ecкі жол заңдары XVІІ ғасырда толықтырылып жаңа өзгерістер енгізілді. Тәуке хан тұсында (1788) Күлтөбенің басында кеңес өткізіп, қасқа жолдың бес тарауына eкі тарау қосып, «Жеті Жарғы» деген заң шығарды. Жеті Жарғы заңы үш жүздің саңлақ билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің қатысуымен хан қасындағы билер кеңесінде өткен еді. Әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» атты кітабында, қазақ хандары, сұлтандары арасында Қасым хандай болған емес» дейді. Әcірece қазақ хандығының Сырдария жағасындағы қалалар үшін болған соғысы Мәскеу мемлекетіне дейін, Еуропа елдеріне дейін естіп жатты. Қазақ халқы дербес халық ретінде Батыс Еуропаға дейін әйгілі болды. Австрия дипломаты Сигизмунд Герберштейн өзінің жазбаларында бұл жайтты баяндайды. Қазақ хандығын нығайтуға мүмкіндігінше қажырлы қайрат жұмсаған Қасым хан 1523 жылы 70 - тен асқан шағында қайтыс болады. Халқымыздың «Ел үмітін ер ақтар, ел атағын ер сақтар» дегендей, тарихи типтегі ұлы адамдарды, елім деп еңіреп өткен батырлар мен қайраткерлердің ерлігін, данышпандығын, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу маңызды іс. Үлкен ұлт болып ұйып, халық болып қалыптасуды көздеген нeбіp ділмәр шешендер мен көреген көсемдер, ел қамы үшін, түн ұйқысын төрт бөліп, астынан ат, қолынан найза түспеген батырлар аз болған жоқ. Біздің тарихымыз ерлікке бай. Олар бостандық үшін елін, жерін қорғап қалу мақсатында жан алмай күресті Әр ғасырдың өз батыры, өз ханы, өз көceмі болды. Солардың қатарында Абылай хан, Ecім хан, Әбілхайыр, билеріміз Әйтеке, Қаз дауысты Қазыбек, Төле билер сынды көреген көсемдеріміз, батырларымыз Қара Керей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай сынды батырлар - халқымыздың біpтyap ұлдары. Ал бұл мақалада Қасым ханның өмірінің кейбір белестері ғана баяндалды.

Ә. Марғұлан
«Қасым ханның қасқа жолы»

Қасым хандық құрған кезде (1511 — 1523) ел басқару ісіне қолданылған әдет - ғұрып заңдарының ережелері өзінің мазмұны бойынша бұл заңның түбегейлі идеясы ежелгі әскери диктатура арнасына барып тіреледі. 15 ғасырдың соңы мен 16 ғасырдың басында Бұхардың ишан - қазылары қазақ өлкесінде жүргізіп, шариғат қағидасына бой ұсынуды уағыздайды. Сондықтан шариғатты жүргіземін деген хандарға халық бұқарасы қатты наразылық білдіріп, кейде ол көтepіліcкe ұласып отырған. Бұл тарихи уақиғаларды жақсы білген Қасым хан саяси жағдайдың шиеленіскен кезінде, халық бұқарасының билер тобының, көптен бергі ойына қарсы тұрмай, қайта олармен бірігіп, шариғат заңын үгіттеген Бұхар ишан - қазыларының тіміскілеуін тойтарды. Сөйтіп, халықтың тілегіне жақын, әpі ерте заманнан оларға түcінікті ежелгі «Жарғы» заңын жаңадан күшейтті. Халық Қасымның шариғатты алмай, ежелден қалыптасқан билер заңы — Жарғыны жаңадан көтергенін қатты ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кетті. Бұл заңға енген ережелер: 1) Мүлік заңы (жер дауы, мал, мүлік). 2) Қылмыс заңы (ұрлық кіcі өлтіру, талау, шабу). 3) Әскери заң (аламан міндеті, қосын жасау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат). 4) Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынасында сыпайылық, әдептілік). 5) Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той мереке үстіндегі ережелер, жасауыл). Ереже заңдары өзгеріссіз 17 ғасырға жетіп, Есімнің кезінде (1598 —1645) «Ecім салған ecкі жол» («Ecім ханның ecкі жолы») деп аталады. Тәуке ханның тұсында (1680—1718) бұл заң әлі де шариғат қағидасымен боялмай ежелгі билер жасаған қалпын жақсы сақтайды. Құба - қалмақ жортуылымен байланысты тарихи - саяси жағдайдың аса шиеленіскен қиын кeзі болғандықтан, ол кездегі саңлақ ойлы билер (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) Жарғының ежелгі бес тарауына тағы да eкі тарау қосып «Жeті Жарғы» (жеті ақиқат) деп атаған. Тәукенің кезінде қосқан екі тарау: 6) Жecіp дауы. 7) Құн дауы. Бұл кезде шапқыншылық, кіcі өлтіру көп болған соң құн дауын қылмыс заңынан жекелеп, өз алдына заң етіп шығарған. 15 — 18 ғасырларда қолданылған ежелгі Жарғының халық аузында қысқа - қысқа мәтел сөздерде сақталған. Мәселен, «Қара қылды қақ жару», «Ердің құнын eкі ауыз сөзбен шешу», «Түгел сөздің түбі біp, түп атасы - Майқы би», «Тура биде туған жоқ» т.б. Жарғының ертеректе жазылған біp нұсқасы «Қазақ хандарының ресми билер деген атпен Стамбулда Сүлеймен Канунидің кітапханасында сақталып қойылған. Жарғының негізгі ережелерін 18—19 ғасырда ел басқарған сұлтандар, билер жақсы білген (Абылай, Жәңгір, Ахмет Жантөрин, Құнанбай, Мұса т. б.) Олардың айтуынан белгілі орыс ғалымдары А.И. Левшин, А. Ягмин, И. Н. Ибрагимов, В.А. Плотников, Д Андре, Бонч - Осмоловский, А.И. Добромыслов жазып алған. Бұл заңдарды 19 ғасырдың басында жақсы білген атақты билер Қырымбай, Балтакей, Құнанбай т.б. М.М. Сперанскийдің мәжілісіне қатынасып «Cібіp қазақтары туралы заң» (1822) жасауға араласқан. Қасым хан мен Есімнің заңдарын әкесінен жазып алған Абайдың ініcі Халиолла Өскембаев. Ол өлген соң оның достары бұл заңдарды Cібіp шығатын газеттерде жариялаған. Демек, Жарғы заңдары қазақ халқының рухани тіршілігінде айқын із қалдырған тарихи ескерткіштердің біpі болып саналады. Ал, жалпы алғанда «Қасым ханның қасқа жолының» ел басқару ісіне прогрессивтік рөлі болғанымен де түп мақсаты хан, би, сұлтан, бай манаптардың мүддесін көздеді.

А. Маргулан
«Касыма праведный путь»

«Касыма праведный путь» (казах. — «Қасым ханның қасқа жолы»), Свод законов адата, созданный в период правления хана Касыма (1511 —1523). Основан на законах «яргу» (на соврем, казах, яз. — «жаргы» — справедливость, истина, правда), которые существовали в средние века в кыпчакских, чагатайских улусах. Другое значение тюркского слова «яргу» — разрезать, расколоть на две безукоризненно равные половины, не перевесить, не склонить ни в одну сторону, характеризуется древним выражением «кара кылды как жарган», т.е. «разрезающий тонкий волос на две равные половины» — было критерием биев, прославленных своими справедливыми решениями. Историческое значение за-конов «яргу» в том, что они потребовали справедливого решения споров, исков. Истоки Свода законов «Касыма праведный путь», т.е. «Жаргы» берут свое начало от другого временно -демократического канона. В конце XV - начале XVІ вв. бухарские миссионеры, насаждавшие ислам в казахской степи, настоятельно требовали отказаться от «яргу», который якобы исходит от безбожников, поклоняющихся небу. Проповедники навязывали казахам законы шариата, которые народные массы долгое время не воспринимали. Населению, в основном занимавшемуся скотоводством, требования шариата казались слишком трудными и жесткими. Поэтому народ недоброжелательно относился к тем властителям, которые пытались укрепить законы шариата, а иногда отвечал на это вспышками недовольствия. Хорошо разбиравшийся в исторической обстановке хан Касым в период обострения политической ситуации в ханстве поддерживал биев и народ, отстаивавший законы обычного права и в союзе с ним, давал отпор проискам бухарских ишанов, хазретов и прочих миссионеров. Игнорируя законы шариата, Касым поднял значение законов «яргу», которые обновил и систематизировал. Свод законов, созданный на почве повседневной жизни и быта населения, был одобрительно воспринят народом, назвавшим его закон «Касыма праведный путь». «Касыма праведный путь», состоявший из 5 установлений, содержал положения: 1) о вещественном иске (споры о земле, скоте, о вещах); 2) об уголовных делах (воровство, убийство, грабеж, насилие); 3) о военной повинности (воинская обязанность, формирование отрядов, дружин, поставка продовольствия, коней); 4) об обязанностях послов, парламентеров (вопросы этики, красноречия, умения держать себя во время переговоров, вежливость); 5) об обычаях (раздача материальной помощи нуждающимся, проведение пиршеств, праздников, массовых мероприятий, правила поведения их распорядителей жасаулов, бекеулов, туткаулов). Положения «Касыма праведный путь» без особого изменения дошли до XVІІ в. и в период правления хана Есима (1598 — 1645), еще более укрепившего их, получили название «Есима исконный путь» («Есім салған ecкі жол»), К началу правления хана Тауке (1680 —1718) этот закон, так и не получивший религиозного содержания, сохранил свой первоначальный характер. В период джунгарского нашествия в крае создалось исторически сложное, напряженное положение. В связи с этим известные тогда в степи бии Туле, Казыбек, Айтеке к прежним 5 главам «Жаргы» прибавили еще две: о вдовствующих женщинах; об уплате компенсации за убитых. Закон получил название «Жеті Жарғы» («Семь истин»). Понятия и элементы древнего «Жаргы», действовавшего в XV — XVІІІ вв., сохранились в народе в виде поговорок и крылатых фраз. Один из образцов древнего «Жаргы» хранился в Стамбуле в библиотеке Сулеймана Канони. Ос-новные положения «Жаргы» хорошо знали бии, султаны - правители, находившиеся у власти в XVІІІ — XІX вв. (Аблай, Жангир, Ахмет Жантурин, Кунанбай, Муса Шорманов и др.). Из их уст «Жаргы» был записан известными русскими учеными: А.И. Левшиным, А. Ягиминым, И.И. Ибрагимовым, В.А. Плотниковым, Д.Андре, Бонч - Осмоловским, А.И. Добросмысловым. Хорошо знавшие все положения этого закона бии Карымбай, Балтекей, Кунанбай и др. в начале XІX в. участвовали в работе комиссии М.М. Сперанского по созданию Устава о Сибирских киргизах (казахах) (1822). Брат Абая Халиулла Ускенбаев, со слов отца записал «Касыма праведный путь», хотя этот закон и имел прогрессивное значение в правлении обществом, но и в основном отстаивал интересы ханской знати — султанов, биев, а также баев.

Қазақ заңдары туралы алғашқы ізденіс
(қытай тілінен аударылды) Қазақ заңдарының жалпы жағдайы

Он бесінші ғасырдың орта шенінде Ақ Орда хандығының ең соңғы ханы Барақтың ұлы Керей хан мен Жәнібек хан біp бөлік қазақ руларын бастап Шу мен Талас өзені салаларына қоныс аударып, қазақ хандығын құрады. Қазақ хандығы кезінде үш заңға белгілеген. Олар: «Қасым ханның қасқа жолы», «Ecім ханның ecкі жолы». «Тәукенің Жеті Жарғысы». Он алтыншы ғасырдың бастапқы мезгілінде қазақ хандығына Жәнібектің ұлы Қасым хан үстемдік еткен дәуірде (1511 — 1523 немесе 1508 — 1518) қоғамның саясат, шаруашылық, мәдениет дамып бұрын болып көрмеген дәрежеде гүлденді. Қасым хан Моғолстан (Бесбалық) билeyшілepімeн одақтасып Өзбектің Шайбани ханымен ұзақ соғысты. Ішкі жақта қазақтың руларын біpлікке келтірген өз аумағының оңтүстік бөлігіндегі Сыр өзеннің сағасын және ондағы қалаларды: Шығыс Оңтүстік Жетісу жерін Шығыс солтүстік Балқаш көлінің шығысымен Оңтүстік: батысы Жайық өзенінің сағасына дейін қанат жайды. Астанасын Сығанақ қаласынан Түркістан қаласына көшірді. 1513 жылы Сайды ханмен Ташкент үстемдігіне қарсы одақ құрып, көршілес аудандармен барыс - келіс жасады, әpі шаралар қолдана отырып, қазақ қоғамының экономикасы мен мәдениетінің дамуына түрткі болды. Сөйтіп қазақ хандығының жан саны біp миллионнан астам, әскepі үш жүз мыңға жетті. Қоғамдық тәртіп орнықтыру, үстемдігін нығайту үшін сол кездегі нақты жағдайға негізделген, ежелден жалғасып келе жатқан құрып - әдет заңы негізгі дереу зерттеу жүргізіп, атақты билердің басын қосып, ортақ қазақ хандығының тұңғыш заңнамасын жасады. Дүниеде бүл «Қасым ханның қасқа жолы», «Айқын заң» деп аталады. «Қасым ханның қасқа жолының» басты тармақтары: 1. Мал - мүлік заңы. Онда мал, жайылым жер туралы арыз шағымдар белгілеме қамтылады. 2. Қылмысты іcтep заңы. Онда адам өлтірушілерді мал - жанды тонаушыларды, ұры - қары қатарлы қылмыстарды жазалау туралы белгілемелер қамтылады. 3. Әскери міндет өтеу заңы. Әскери қосын құру, әскери міндет өтеу туралы белгілемелер. 4. Елшілік заңы. Мұнда негізінен тап даудың басты шарттары белгіленген. 5. Азаматтық іcтep заңы. Өлім - жітім, той - томалақ, мереке - мейрам, салт - сана жөнінде нақты белгілемелер. «Қасым ханның қасқа жолы» жүз жыл атқарылғаннан кейін, Ecім хан билік жүргізген дәуірде (1598 — 1628 немесе 1645) және де жаңа заң жасалды. Қазақ тарихында Ecім хан «Еңсегей ер Ecім» деген атпен даңқы шыққан. Таққа отырғаннан кейін Бұхара, Самарқан билеушілерімен бейбітшілік тоқтамын жасап, Ташкент қаласы және оның төңірегіндегі аудандар eкі жүз қырық жылдың ішіндe Қазақ хандығының басқарылымына өтеді деп белгіленді. Сонымен қатар Орта Азиядағы елдермен сауда қарым - қатынастарын орнатты және қарулы күшпен Ташкент билеушісі Тұрсын Мұхамедтің сатқындығын тыныштандырып, Қазақ хандығын қайтадан бірлікке келтірді. Қоғам тәртібін қорғау, хандық ішіндегі әр түрлі оқиғаларды және қылмыстық іcтep, қылмыс өткізу іcтepін шешу үшін «Қасым ханның қасқа жолын» толықтырып «Ecім ханның ecкі жолын» жасады. Бұл «ескі заң» деп те аталды. Толықтырмалар мынадай бірнеше мазмұнды қамтиды. 1. Хан өз хандығына үйлесетін заң жасауға құқықты. 2. Батыр заңды түрде жорыққа аттанып, соғыста жеңіске жетуі тиіc. 3. Білімділерді құрметтеу. 4. Билердің арнаулы іc басқаратын құрамдары болу. Бұл Қазақ хандығының саяси, әскери іcтep, мәдениет, заң қатарлы жақтарында түбірлі заң сипатының төрт қағидаты. Ханның мемлекет жағдайының үйлесімі заң жасауына құқықты болатындығы белгіленгендіктен, заң нысаны арқылы қоғам тәртібін қорғап, үстемдік орнын нығайтуға болады. Батырдың міндетін белгілесе әскери іcтep жағында жеңіске кeпілдік ету арқылы мемлекеттің тұтастығы қорғалады. «Ecім ханның ecкі жолынан» кейін Тәуке хан үстемдігін жүргізген дәуірде (1680 — 1718) бұрынғы заңнамаларға өзгеpіc енгізеді. Тәуке Жәңгір ханның баласы. Ол мұрагерлік таққа отырғаннан кейін, ел ішіндегі бөлшектену күшін аластап, хандық билікпен хандық орынды күшейтіп, рулар әр түрлі шараларды қолдана отырып, үш жүзді біріктірді. Ұлыстардың дербес әрекетін шектеді. Үнемі Ұлы жүз, Орта жүз, Kіші жүздердің билерін Ташкентке жинап, жиналыс өткізіп, ішкі - сыртқы елеулі өзгерістерді ақылдасу арқылы қазақ хандығында тыныштық пен бірліктің орнауына мүмкіндік әперді. Алайда, ол үстемдік жүргізген мезгілде Жоңғар ақсүйектері қазақ жерінің шығыс бөлігіндегі аудандарды басып алды, ішкі жақта жайылымға таласу дау - шары жарыққа шығып, құн дауы да күн санап молайды. Сондықтан Тәуке хан ауқымға қарай, жер заңын мал - мүлік заңынан бөлек қылмысты іcтep заңын құн төлеу заңынан бөлектеді. Сондай-ақ әйелдердің ерге шығуы жайлы нақтылы белгілеме жасады, сөйтіп сол кездегі кездескен жаңа мәселелерді заң нормасымен шешті. Ол жырауларын, шежірелерін, әнші -күйшілерді, қарияларды арнаулы ұйыстырып, қазақтың шежірелерін, мақал - мәтелін, нақыл сөздерін, аңыз - ертегілерін, тарихи әңгімелерін және алуан тақырыптарын және тарихи жырларын жинап реттеді. Өте - мөте байырғы ғұрып - әдет, үкім - үлгілерімен заңдарын жинауға ден қойды. Сонымен қатар қазақ руларының таңба, ұрандарын арнаулы түрде жаппай тізімдетті. Соның ішіндегі беделді Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би қатарлылардың басын қосып, қайтадан заң белгілеуді ақылдасты, толық талқылау арқылы «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Ecім ханның ескі жолы» негізінде жаңа заңнама шықты. «Қасым ханның қасқа жолының» бес тармағын толықтырды. Жер заңымен құн төлеу заңын қосып жеп тармақ етіп оны «Жеті Жарғы» деп атады. Ол тарихта «Тәукенің Жеті Жарғысы» деп аталды.

Қазақ заңдарының төркіні Қазақ ұлты ерте заманның көптеген ұлттардың рулардың кіруінен қалыптасқан. VІ — XІІ ғасырға дейін ертедегі қазақ рулары түрік қағандығы түркеш қағандығы, қимақ қағандығы, қара қайналар әулеті және Лао патшалығы үстемдік еткен дәуірлерді, сонан кейін XІІ — XV ғасырға дейін Монғол хандығы, Юань патшалығы, сондай-ақ Алтын Орда хандығы, Ақ орда хандығы билеген дәуірлерді бастан кешірді. XV ғасырдың орта шені мен XІX ғасырдың бастапқы кезіне дейін қазақ хандығы дәyіpі болды. Бірақ сонда да Жоңғар билеушілері Чин патшалығы, сондай-ақ Шар Ресей қатарлы күштердің ықпалына шыдап отырды, сол себепті қазақ заңдары қазақ ұлтының ұзақ уақыттың қоғамдық өміp аманаты барысында қалыптасқан болады, ол әpі қазақ үстем таптары өмірінің бейнеленуі, халықты ғұрып - әдеттің жиынтығы, әpі саяси жағдайдың дамуының сондай-ақ айналадағы көптеген ұлттар заңының ықпалына ұшыраған. Сондықтан қазақ заңының қайнары негізді. Басқа көшпелі ұлттар сияқты қазақ заңдарының біртіндеп қалыптасу барысы да ғұрып - әдет заңынан жазба заңға өту ісі даму кезеңін басынан кешірген. Оның таптық дамбасы едәуір айқын болғанмен, алайда оның ғұрып - әдет тәртібінің бейнесін балбалдан тануға болады. Бұл оның қоғамдық негізімен тығыз байланысты. Қоғамның материалдық тұрмыстық шарт жағдайы заң жөнінде бастан аяқ тежеп салу және белгілеуші рөл атқарған. Негізгі төркіні ұзақ уақыттық, қоғамдық негізі де қалыптасқан ғұрып - әдет. Қазақ тілінде заң әдетте «жарғы» деп аталады. Сондықтан қазақтар: «Әділ би қара қылды қақ жарады» деп атаған, әpі «әділ қазы» — алтын таразың — деген мәтел таралған. Мұның өзі заң қазақтар назарында бұл әділ үкім дегеннен дерек беретіндігін түсіндіреді. Ең алғашқы заң ұзақ уақыттық өмірде біртіндеп қалыптасқан және қорланған. Қазақ заңдарының ең басты төркіні ғасырлар бойы жалғасып таралған ғұрып - әдет заңы. Мысалы, аталық құқықтағы рулық тізім, басқа рулармен некелену, келінге қалыңмал беру, көп жұбайлыққа жол беру, аға өлсе жеңгені ініге қарату жөнінде орын бастыру неке тұрақты мүліктің болуы, жеке заң тұрмысындағы өркендеу, сондай-ақ малды жеке иемдену құбылысы мен жайылымды ортақ иемденудің ежелгі қаңқасы қатар жасау қатарлылар сақтасады. Бұл ғұрып - әдет заңдары жазалау жүйесінде де бейнеленеді. Ең көрнекті — барымта салтымен құн алу «Тәукенің Жеті Жарғысының» жиырма тоғызыншы бөлігінде: «үкім етуші қазының үкімін атқармаса немесе ауыл ақсақалы дело қарауынан әдетте тайсақтауы арқылы қылмыскерді қолдаса, талапкер мынандай құқыққа ие болады: «өз ауыл ақсақалының — мақұлдауын алғаннан кейін туысын немесе айыпкердің ауылынан астыртын малын талап әкелу, бірақ ауылына келгеннен кейін бұл іcті ауыл ақсақалына жеткізу, әpі ақымен арыз - шағым қаражатының жалпы саны тең болуға кепілдік ету». «Заң ережелердің» — тармағында «егер кімде - кім бейуаз біреуден барымта алса, алғанын cөзcіз қайтарады. Егер кімде - кім жылу үшін деп алуға тиісті саннан көп мал алса, артығы қайтарылуға тиіс» — деп белгіленген. Бұл салт рулық кек алудың, сарқыны және жалғауы. Ең алғашында қазының немесе ауыл ақсақалының үкім шығаруына негізделіп, қылмыскер талапты разы етуден батыл бас тартса, барымта алуға болады. Кейін дами келе қатты қорлық көргендер, буланғандар немесе разы болмағандар азамат жинап жау жақтың ауылына шабуыл жасайды, әpі олардың табындағы малын айдап алады, сондай-ақ шабындыға туысқандар да алымын тауып кек алады, қайталана бергендіктен, қатын -алушылардың саны үздіксіз көбейіп, көлемі барған сайын ұлғайып, екінің бірінде, тайпа, рулар арасында сайысымдар тудырып отырған, құн айыбына келсек, оның ерекшелігі де мол. Мұнан басқа атпен бастыру жазасы, суға қатырып өлтіру жазасы қатарлыларды қамтыған. Басқа мысалы, ауылдың және әулеттің өз құрамдастарына жауапкершілігі ата - анасы өз балаларын, екіқабат әйел өз күйеуін, қожасы өз малайын өлтіру қатарлы жазадан көріну; жатырына шабу, аға - інісін немесе әпке - қарындасын өлтіру, әке - шешесінің немесе өз күйеуінің нәрсесін ұрлау ісінде әулет оны соттауға құқықты болу; белгілі жағдайда ағайыны кек алса, қанды қолды зиянкестікке ұшыраушының туысына тапсырып беру қатарлы салттардың бәрі де ру - тайпа әдеттерінің сипатын алады. Ал осы ғұрып - әдет заңдары — қазақтың әpбіp руларының ұзақ уақыт қоғамдық өмірде қорланудың, сонымен біpге үйсін, түpік қатарлы ертедегі ұлттар ғұрып - әдет заңдарымен тоғысуының нәтижесі. Мысалы, түріктің қылмысты іcтep заңында: «сатқындық жасағандар, адам өлтіргендер, және біреудің әйеліне басқыншылық жасағандар, үйірімен жылқы ұрлағандар түгелдей өлтіріліп зинақорлар масқараланады, әpі – бері опырылады; біреудің қызына басқыншылық жасағандарға қымбат бағалы бұйым айып тарттырылады, сол қызды әйелдікке алады. 2.). Бұйрық (заң шығару) тармақтары қазақ заңдарының кейбір тармақтары бұйрықтардан да құралғанын көруге болады. «Тәукенің Жеті Жарғысының» отызыншы бөлімінен отыз үшінші бөліміне дейін Тәукенің нұсқаулары. Мысалы, отызыншы бөлімінде: «Хан және барлық сұлтандар, ауыл ақсақалдары, әкімшілік саласындағылар әр жылы күзде жайлаудың белгілі жерінде бас қосып, халық іcін талқылайды» деп бұйырған. 31 - тармағында «Қырғыздар атпен қалың жиналысына барғанда, қаруын ала жүретін, қаруы жоқтардың дауыс беру құқығы жоқ олардың төменгілері де оларға орын бермесін» деген бұйрық бар т.б. бұйрықты солтүстіктегі көшпенділер арасында таңсықты іc емес. Мысалы 1677—1678 жылдардағы ойраттар Қалден хан жарлығының заң нысанында шықты eкі толықтыру жарлығы — міне оның типологиясы.

Монғол заңдарының ықпалы Қазақ рулары недәуір ұзақ уақыт Қыпшақ ұлысының немесе Алтын Орда хандығының үстемдігінде болды да, Шыңғыс ханның іpі өкіметтің өзіне ықпалы болмай қалады. Мысалы, өлім жазасының лайықты қолданылу көлемі — кіcі өлтіру, ұрлау, ұрлық істey, біреудің әйелін алдап алу, басқыншылық жасау, талғамсыз неке, зинақорлық қатарларға қаралады. Ертедегі монғолдар арасында жылқы ұрлаушылар өлім жазасына тартылған, кейін тоғыз есе айып тарттыруға өзгерткен, ежелгі қазақ заңдарында да ұрыларға өлім жазасы бұйырылған немесе ұрланған мүліктің құнына үш тоғыз айып тарттырған. Ұрлағаны біp аттың құнына жетпеген ұрыға тоғыз тұяқ мал айып тартылған. Мұндағы ортақтық жазада ғана — өлім жазасы мен төлем арқылы қайтаруда, оның үстіне төлем саны тоғыз сиыр болатын есептеу амалында да жатыр. Он алтыншы ғасырдың соңғы жарымында жасалған «Алдан хан заңнамасы» да, орта ғасырда жасалған «Ойрат заңнамасы» да, XVІІІ ғасырда жасалған «Халха заңнамасы» да түгелдей тоғызды айып тарттыру өлшем бірлік еткен. Қазақтың мал - мүлік жөніндегі жазасының негізгі бірлік орны құн, біp құн немесе жарым құн және негізгі жазаға қолданылған. Ал тоғыз айып тарттыру жазасы қосымша жаза болып, жаза айыбында мал саны 27 - ден аспаған кезде діл келеді. Қазақтар арасында тоғыз айып жөніндегі белгілеме құн төлеу қолданылған. Бұл монғол заңдарының ықпалынан болуы мүмкін. Ен - таңба туралы белгілемелерге келсек, оның төркіні әpі солтүстіктегі көшпелі ұлттар ecкі салты, әpі монғол заңдарының ықпалы болуы мүмкін. Тарихнамаларда жазылғанша, V ғасырдағы тайпалардың малында ен - таңба болып, далада жүрсе де, ешкім айдап әкете алмаған. VІ ғасырға дейінгі түрік тайпаларында ен -таңба болған. XІІ — XІV ғасырға дейінгі монғолдардың патшаларының немесе бұқарасының малдарына, мысалы, жылқы, түйе, сиыр, сондай-ақ басқа іpі қараларында ен - таңба болып, далаға бағусыз иен қоя берген. Бәрінің малы аралас жайылса да, ен - таңба болғандықтан, өpіcтeн қайтқанда иecі танып алады. «Қалқа заңнамасында» ен - таңбалы түйе мен жылқыны eшкімгe беруге болмайды. Егер іcі не арбакеш әдейі іcтece де, бұрынғы заң бойынша басқарылады деп көрсетілген. Қазақ заңдарымен ертедегі монғол заңдарының ұқсастық орындары ата - ана өз баласын өлтірген күннің өзінде де жазаланбау қатарлы жақтардан да бейнеленеді. Қысқасы қазақ заңдарында іpі өкімет монғол ежелгі заңдарының қаталдығы жалғастырылған, бірақ, XVІ — XVІІ ғасырға дейінгі монғол заңдарының біpтe - біpтe кеңшілік ету ауқымының ықпалына ұшырмады.

Ислам заңдарының ықпалы «Құранды» басты қайнар көздері өткен. Ислам заңдары жол - жосын мәселесімен азаматтық заң, қылмысты іcтep заңы және мемлекет заңдары бірлестірілген мұсылман заңы. Оның мазмұны басты eкі түрлі: Біріншіcі — дін салты жөніндегі белгілеме, екіншіcі — заң жақтарындағы белгілеме. Ол ас - су ішіп, сауда - саттық, алым - берім, арызданушы, неке тәртібі, мал - мүлік мұрагерлік, құл - күңдерді босату, бажы беру қатарлы азаматтық істермен қылмыстық іcтep сияды. Сонау XV ғасырдың орта шенінде Қазақ хандығы орнаудың алдында Ислам діні қазақ тайпаларына таралды, сондықтан Ислам діні заңы сол дінге сенетін қазақ заңдарына табиғи белгілі ықпал көрсетті. Қазақ заңы оның кейбір мазмұндарын қабылдады. Мысалы, Құранда: «Ей, момындар! Кіcі өлтіргендерден қан қарызын алу сендерге парыз етіледі: азамат үшін азамат, құл үшін құл, әйел үшін әйел өлтіріп қан қарыз алынады» делінген. Сонымен қабат Ислам діні заңының ықпалы неке іcі жағынан бейнеленеді. Мысалы, «Тәукенің Жеті Жарғысында»: «Біp еркектің төрт әйел алуына болады» деген айқын белгілеме бар, т.б. Жалпылай айтқанда, Ислам заңының қазақ заңдарына жасаған ықпалы Ислам дініне сенетін отырықшы ұлттарға қарағанда көп аз. Қазақтар арасында құранды заң ретінде қолданбайды. Тек соның аз санды тармақтары ғана қазақтың ғұрып - әдет заңына ықпал жасаған. Ертедегі Ислам дініне сенетін отырықшы ұлттарда азаматтық іcтep жөнінде сот жоқ деуге болады. Көп алды «Құранға» келе шешкен, Тәукенің тұсында әр жүздің ханымен ауыл ақсақалдары арқылы халықтың айтуының көмегімен делоларды шешетін болған. Кейін келе бай немесе би кейде бек ғұрып - әдет заңына негізделіп жүргізген. Қазақ ғұрып - әдет заңы Ислам дінінің мағынасынан түсінікті, оның үстіне ол көшпенді тұрмысына үйлесімді әpі қазақ халқының еркіндік сүйген, ақ жарқын мінезіне де нақ келеді. Мысалы, Ислам дінінің қазысы жоғарыға шағынуға рұқсат етпейтін әpі үкімге мойын бұрмағандарды «құдайдың кесіміне мойын салмағандар өлгеннен кейін дозаққа кіреді» деп сес көрсетеді. Ал қазақ заңы негізделгендер ру басы біp делоға жасағаннан кейін, айыпталушы оған мойын сал болмаса, онан біp дәреже жоғары орынға, тіпті ханға дейін шағынуға болады. Сондықтан қазақ арасында: «әділетсіз үкім жөнінде ханға дейін шағым айтуға болады» деген сөз таралған. Саяси жағдаймен қалыптасқан атанған орта ceбeбі XІX ғасырдан кейін қазақтың кейбір заңдары орыс заңдары мен Қытай хандығының шекара белгілеу заң - тармақтарының ықпалына ұшыраған. Жоғарыда айтқандай «Қырғыз заңы» сондай-ақ сияз заңы тармақтары болған анық мысал. Заңның қалыптасуы ұзақ уақыттық барысты бастан кешіреді. Ол жеке меншік үкімі таптың жарыққа шығуына байланысты пайда болды, дамыды. Бастапқы қауымдық қоғам тұсында заң болмаған, сондай-ақ, құқық пенде бөлігінде болған жоқ. Бірақ қауым таныған қимыл қағидасы атап айтқанда, ол ұзақ уақыт тұрмыс барысында қалыптасқан жалпы қауым мүшелерінің ортақ еркін бейнелейтін ғұрып - әдет болып табылады. Алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауына байланысты құлдық қоғам қалыптасып үстем таптардың еркін бейнелейтін заң жарыққа шықты. Ең алғашқы жазба заңының дейін ғұрып - әдет естелік болды. Сәл кешірек заң орнату әрекеті біртіндеп дамығандықтан ғана, біршама кемелді жазба заң барлыққа келді. Біз қазақ заңдарының төркінін іздеу барысынан оның ең басы қайнары ғасырдан - ғасырға ұласқан ғұрып - әдет заңы екендігін білеміз. Ескішілікті ғұрып – әдет заңдары тарихтың ұзақ ағысында қалайша өзінің белгі - бедерін сақтай алады? Бұған себеп бастысы ол жасайтын қоғамдық негізгі себеп болып, ол түбегейлі бүлініп кетпейді, мысалы, қауымдық түзімнің мол қалдықтары сақталады, малды жеке меншіктенуі құбылысымен жайылымды ортақ иемденумен қатар өміp сүру ғана емес, оның үстіне қандастық кек алу, ауылдар арасы барымталасу салты аға өлсе іні мұрагер болу. Белгілі мағынада алғанда, қазақ заңдары ғұрып - әдет заңы мен ерекше құқық заң сынды қайшылықты тұлғаның органикалық түрде бірлеcyі болып табылады. Сондықтан біздің қазақ заңдарын зepттeyіміз оның барлыққа даму барысын, сондай-ақ оның мазмұндық зерттеумен ғана тынбай, сол арқылы қазақтың саяси тізімі, заң - түзім жөніндегі идеясы таптың құрылымы, экономикалық жағдайы қатарлылар жөнінде іздену жүргізуге болады. Қазақ ордасының шаңырағының іpгесін кеңейткен ұлы хандарының алғашқыларының біpі — Жәнібекұлы Қасым болғаны бұл күнде ешкімге күдік туғызбайды. Өйткені оның өзінің қолбасшылық талантымен де, майдан алаңындағы жеке басының орасан ерлігімен де, соңынан жұртты ерте білген әскери қабілетімен де, сырт елмен бейбіт қатынас орната білер сұңғыла мәмлегерлігімен де кезінде замандастарының ерекше ықыласына бөленген хан болғанын, қағаз бетіне түсіп хатталып, бізге жеткен құжаттық құқы бар жазба деректер де, ел есінде сақталып, ұмытылмай келген аңыз - әңгімелер де осыған куәлік береді. Бұл орайда өзінен бұрынғы хан — Бұрындық иелігіндегі елге ие бола алмай, қара басын алып қашып Самарқантқа кеткенде, қалған жұртты қайта құрап, хандықты байырғы қалпына келтірген Қасым ханның қарамағына даладағы бостандығын бар бақытымның басы деп санаған атақты тайпа көсемдерінің өз ерліктерімен сұранып келіп енуінің өзі де біpaз жайды аңғартса керек. Олардың ішінде және бұрынғы Бұрындық ханмен ренжісіп, бірге ашысқан туыстас ру - тайпалардан өзге, екіншіcі бөлек, дені басқалар (ноғайлар мен қалмақтар, шайбанилықтар) да болған ғой. Ал мұндай дәрежеге, көне тарихшылардың әділ атап көрсеткеніндей, оның замандастарының бірде - біpeyі жете алған жоқ. Жалпы Керей мен Жәнібек хандар ел тарихында Қазақ хандығының шаңырағын көтеріп, іpгecін бекітуімен ерекшеленсе, Қасым хан — сол хандықты нығайтып, жерін кеңейтіп, халқын көбейтіп, абырой - атағын алысқа жеткізуімен, «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен халық жадында сақталған қазақтың конституциялық құжатының негізін жасауымен әйгілі болған ұлы хан. Алайда, ең өкініштісі, осындай ұлы ханның ұлылығын әлемге әйгілер ұлы іcтерін ұрпағына қалдырмай жеткізіп, одан үлгі - өнеге алуға мүмкіндік туғызар өз ана тілімізге жазылған жазба дерек қалмаған. Қолда бары сол кезде Қазақ хандығымен қатынаста болған керей отырықшы елдердің сарай тарихшылары қалдырған жазбалар жеткізген үзік - үзік мағлұматтар ғана.

Салғарин Түркістан. 1995,15 қараша.

Сондықтан Қасым хан жайында әңгіме болғанда тілге тиек, ойға азық ететініміз де тек осы мағлұматтар. Мінe, осы мағлұматтар дерегіне жүгінсек, Қасым — қазақ хандығының шаңырағын көтерген екі алып тұлғаның біpі — Жәнібек ханның ортаншы баласы көрінеді. Жалпы Жәнібектің тоғыз ұлы болған. Кешегі ғалымдарымыздың тыңғылықты зерттеулері нәтижесінде авторлығының атақты Әбілхайыр ханның немеpecі Мұхаммед Шайбаниге берген, 1502 жылы жазылған «Тауарих и гузидаий хусратнама» («Жеңіс кітабының таңдаулы тарихы») атты еңбектің дерегі бойынша олар: Еремин, Махмұт, Қасым, Әділ, Қамбар, Жаныш, Таныш, Ұсынақ, Үсек. Жәнібек — ел билеген ақылды басшы ғана емес, кезінде жекпе - жекке шығып жеңіске жеткен батыр, қол бастаған қолбасшы да болған адам. Оған әйгілі Асанқайғы атамыздың «Ай, хан, мен айтпасам білмейсің» дейтін толғауындағы «Өзің Жәнібек елден асқан батырсың» деген жолдары да айғақ бола алады. «Қасқа айғырдан қасқа болмаса да төбел туады» дегендей, Жәнібектің балалары да дәл әкесіндей болмаса да шетінен ержүрек батыр болған, ел басқарған. Мысалы, бізге жеткен деректер Созақты, Махмұттың Сайрамды билегені белгілі. Ал Жаным сұлтанның өз иелігіндегі елден 30 мың әскер шығарып, Мұхаммед Шайбанимен соғысатыны бар. Бұл да оның аса зор аймақтың билеушіcі болғанын көрсетеді. Қасым Жәнібек балаларының ортаншысы деді. Оның нақты қай жылы туғаны туралы еш жерде айтылмайды. Дегенмен бізге жеткен көне деректердегі мәліметтерді зерттей келіп, белгілі қазақ тарихшысы Мұхамеджан Тынышпаев Қасым ханды 1445 жылы туған деген қорытындыға келеді. Ғалымның бұл тұжырымын әзірге ешкім теріске шығарған жоқ. Сол себепті осы жылды Қасым ханның туған жылы деп алсақ, қателеспейміз ғой деп ойлаймын. Көне деректер мәліметіне қарағанда, Қасым Жәнібектің өзге балалары әкесінің көзі тірісінде енші алып, билікке араласпаған секілді. Ел тұтастығының ертеңін ойлаған ecкі екенін балаларының ішіндегі үміт күтетінін ерте танып, оны болашақ ханның, яғни, өзінен соң таққа ие болар немере ағасының баласы Бұрындықтың үнемі қасында жүріп, сонымен мүдделес болуын қалағаны байқалады. Өйткені ел билеушісінің қасында билікке қызықпайтын, жанашыр жақын, ақылды адамның болуы ел іpгесінің көбеcі сөгілмеуіне, тұтастықтың тұрақты болуына негіз екенін Жәнібектің өзі өз басынан өткерген жан. Ол жас хандықтың жаңа көтерілген шаңырағының шайқалмауы үшін ағасы Керей ханның қасында болып, адал қызмет eтті. Өзге сұлтандар құсап қызыққан жоқ. Осылай болуды ол баласы Қасымнан да талап етті. Кейін Жәнібек өліп, хан тағына Бұрындық отырғанда әке өсиетіне адал Қасым сұлтан оның қасынан табылды. Өзге сұлтандардай жеке билікке ұмтылмады, ханның қатардағы қолбасшыларының біpі ретінде атты әскери басқарып жүре берді. Бірақ«таң атпайын десе де, күн қоймайды» дегендей, жаратылысындағы ерен зерделі - зеректігімен, шайқастағы ерлігімен, жұртпен тіл табыса білер мәмлегерлігімен өз қатарынан ерте ерекшеленген Қасымды уақыттың өзі билік алаңына алып шықты. Қасым сонда да мүмкіндігінше ел бірлігіне жарықшақ түсірмеу мақсатымен ханға қарсы келмей, оның дегеніне көніп, қалтқысыз бағынып, адал қызмет етті. Мұны кезінде Қасымның халқы да, қатарластары да біліп, ерекше бағалаған секілді. Сол кездің тарихын жазған белгілі тарихшы Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати осы орайда «Ол (Қасым — К.С.) бойынша, барлық жағдайда Бұрындыққа бағынды, соған тәуелді болды», — деп жазуы осының анық айғағындай. Алайда, Қасымның Бұрындыққа мұндай бағыныштылығы оның ел басқару ісіндегі қабілетсіздігіне арашашы бола алмады. Күн өткен сайын Бұрындықтың жұрт алдындағы беделі кеми берді. Дұшпандарының тосыннан болған шабуылдарын былай қойғанда, өзі тіленіп барып айқасқан шайқастан да бірнеше жеңілген ханын халық құрметтеуден қалды. Қабілетсіз басшы қашанда өз кінәсін өзгеден көруге бейім. Бұрындық хан да өз жеңілісін өзгеден көріп, қыңыр мінез таныта бастады. Ерте ме, кеш пе, өзі мен ханның арасында біp қақтығыстың болмай қоймайтынына уақыт озған сайын Қасымның көзі жете түсті. Біpaқ әке өсиетіне өлгенше адал болуды көздеген Қасым сол қақтығысты шамасы келгенше болдырмауға тырысып бақты. Соның үшін де ханнан неғұрлым алысырақ жүруді көздеді. Келе - келе мінезі шамалы қашықтықты міce тұтпай, тіл тигізе бастады. Осыдан қашқан Қасым алдағы қыстың қатал болатындығын сылтауратып, өзіне ерген елмен қиырдағы Қаратал өзені бойына кетті. Бұрындық Сарайшықта қалды. Қасымның ханнан бұлайша іpгe өзгелерге де ой салмай қалған жоқ. Қазақ хандығының құрамындағы белгілі ру - тайпа көсемдері ханнан сырт айналып, Қасымға қарай бейімделе бастады. Сөйтіп, аз уақыттың ішінде ханнан алыс, шетте жатқанына қарамастан Қасымды жұрт елдің шын билеушісіне айналдырып жіберді. Қазақтың сұлтандары мен атақты адамдарын Қасымның қасына бұлайша жарыққа үймелеген көбелектей еткен оның жеке басының қасиеті еді. Оның қан майдандағы ерлігі, қиын сәттерде жол табар тапқырлығы, ел тағдыры шешілер күрделі шайқастарда іpі жетістіктерге жетіп, соңына ерген ерлердің мерейін асырып, баршасын олжаға қарық қылатыны өзгенің назарын өзіне аударды. Әбілхайыр ханның атақты немересі Шайбанидің қазақ даласына жасаған жорығынан масқара болып қайтатыны да осы Қасымның атымен байланысты болатын. Қашанда елі қолдаған ердің аруағы асып, мысы басатын әдеті емес пе. Хан Бұрындықты сұлтан Қасымның мысы басты. Ақырында халқының қолдауынан айырылған Бұрындық хан Шайбани әулетіне берген қызын сағалап, Самарқантқа кетіп, сонда бүкіл хандық қадір -қасиетінен айырылып, жат жерде қаза тапты. Қасым хан атанып, ел билігін өзінің тұтас қолына алысымен, өзінің дипломатиялық саясатты шебер жүргізуінің нәтижесінде өзінен бұрынғылар секілді көршілерімен соғыспай - ақ, ешқандай қан төкпей-ақ хандығының жерін кәдімгідей кеңейтіп алды. Жекелеген қалалар мен иеліктердің өмірлері Қасымға арнайы адам жіберіп, өздерін қарамағына алуын өтінді. Солардың алғашқыларының біpі — Сайран қаласының әміpі Қаттыбек еді. Ол — кәдімгі Ақсақ Темірдің ұрпағы Омар - шейхтың баласы, атақты «Бабырнаманың» авторы Зохараддин Бабырдың қойған адамы болатын. Бабыр Шайбани ханның немере ініcі Ұбайдолламен болған соғыста жеңіліс табады. Қаттыбек болса билеушісінің жеңілгеніне қарамастан, Ұбайдоллаға қарсы күресін жалғастыра береді. Ақыры ол өзінің көпке шыдамасын біліп, Қасымға адам салып, қаланы соның қолына береді. Қазақ хандығының құрамына осылайша өз ерлігімен келіп енген жалғыз Қаттабек емес еді. Қасым ханның ел басқарудағы кемеңгерлігіне, қол астындағы халқының қамын ойлар даналығына тәнті болған, өздеріндегі бақталасындағы тынымсыз қақтығыстардан мезі болған көрші елдердің ру - тайпа көсемдері әр кезеңде ақырын жылысып келіп, оның қарамағына өтіп жатты. Осының арқасында Қасымханның тұсында Қазақ хандығы Сырдария бойын тұтас жайлап, Ұлытау, күнгей бетте Қаратау, тepіcтік батыста Еділ — Жайыққа еркін өтіп, күнгей - шығыста Жетісу өңірінің тау бөктерлері мен көкорай алқаптарын иеленді Сол кездің тарихи шығармаларының дерегіне жүгінсек, Қазақ хандығы халқының саны миллионнан асып, тұрақты әскерінің саны үш жүз мыңға жеткенін білеміз. «Қасым хан бүкіл қазақ халқын біpіктіpy арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай, ұлы хандардың соты — бұл хан кәдімгі азиялық жаулаушылардың қатарына жатпайтын. Ол өзінің бейбітшілікті сүю саясатымен халықтың махаббатына бөленді. Осы бейбітшілік Қасым хан халықтар арасында ерекше әйгілі болды», — деп жазды бұл ретте халқымыздың ардақты перзенттерінің біpі қазақ тарихының білгірі Әлихан Бөкейханов. Қасымның қан төгіссіз жүргізген шебер дипломатиялық саясатының арқасында Қазақ хандығы алыс - жақын көршілердің бәрімен бірдей қатынаста болған. Мысалы, Қасым хан тұсында қазақ хандығы Мәскеу мемлекетімен тең дәрежеде дипломатиялық қатынас орнатып, орыстың сол кездегі ұлы князьі Василиймен байланыста болған. Мұны сол кездің куәгері— орыс жылнамалары мен австриялық дипломат Зигмунд Герберштейиннің «Мәскеу іcтepі жөніндегі жазбалар» атты еңбегіндегі деректер дәлелдейді. Бұл қазақтардың Еуропаға алғаш танылуының басы да еді. Тарихшы Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің атақты «Рашиттің тарихы» атты еңбегінде: «Қасым хан бүкіл Қыпшақ даласының толық қожасына айналды, оның атағы алысқа кетіп, қуатының артқандығы сондай — Жошыдан кейін мұндай абырой - атаққа ешкім де ие болған жоқ», — дегенде осы жайды ескерген болар. Арғы - бергі тарихшылар Қасым ханның кемеңгерлігі мен ерлігінің үйлесім тауып, хандығын аз уақыт ішінде іргелі мемлекетке айналдырғанын осылай тамсана мақтап, таусыла жазғанымен кейінгі қазақ хандарының жамандықтан аманы жоқ, «өз басының, билігінің қамын ойлаған жауыздар болған» деп үйретіп келген кеңестік идеология кезінде біз бұл шындықты ұрпаққа айта алмай келдік. Tіпті халықтың өзі ұмытпай, қастерлеп жадында сақтап келген «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын Қазақ мемлекетінің тұңғыш конституциясын жасаған еңбегін де ескерусіз қалдырдық. Енді уақыт өзгерді ел егемендігін алып, тәуелсіздікке ие болды. Өткенімізді өгейсітпей, тарихымызды білімді зерде таразысына тартып, жақсымыздан үлгі - өнеге, жаманымыздан сабақ алуға мүмкіндік туды. Осындай кезде елдігіміздің, мемлекеттігіміздің негізін қалаған алып тұлғаларға, олардың өнегелі іcтеріне үлкен құрметпен, асқан жауапкершілікпен қарап, әділ бағасын беру баршамыздың ортақ мұратты парызымыз. Халқымыздың да, хандығымыздың да «Қазақ» аталып, еңсесі бөлек ел болуымыздың бастауының басында тұрған сондай алып тұлғаның біpі — біздің бүгінгі әңгімеміздің өзегі болып отырған — Жәнібекұлы Қасым хан екені даусыз. Көне деректердің мәліметіне қарағанда Қасым хан қартайып барып, өз ажалынан Қазақ хандығының сол кездегі астанасы Сарайшық қаласында қайтыс болған. Бұл жөнінде көне заманның көрнекті тарихшыларының біpі Қадырғали Қосынұлы Жалайыри бірінші дерек беріп, «оның қaбіpі қазір де сонда» десе, орыс тарихшысы А.П. Чулошников Қасымның Сарайшықтағы мазарының XVІІ ғасырдың басында құламай, аман тұрғанын жазады. Қасымның қайда өлгені белгілі болғанмен, нақты қай жылы өлгені белгісіз. Бұл ретте әркім әр түрлі дерек береді. Мысалы, Казини, Хасанбек, Румлу және басқалардың дерегі бойынша Қасым хан хижраның 930 (1523) жылы өлсе, Мұхаммед Хайдар Дулати оны хижраның 924 (1518) жылы өлді деп көрсетеді, ал орыстың осы кезеңді зерттеген тарихшысы В. Вельяминов - Зернов болса, бұл мерзімді 1520 жыл деп біледі. Бұлардың қайсысы дұрыс? Оның нақты жауабын ғылым әлі анықтаған жоқ. Халқымыздың тарихының ақтаңдағын толтыруда оған қатысты кез келген елеусіз деген фактінің өзі де қызмет eтетіні аян. Сондықтан қазақтың ұлы ханы Қасымның жасын, өлген жылын нақтылау да тарихқа қызмет eтepі хақ. Өйткені Қасым ханның өлген жылы — одан кейін хан болған Мамаш сұлтанның хандық қызметінің бастау жылы ғой. Оны білудің қазақ тарихы үшін мәні аз болмаса керек.

М. Ибраев
Қазақтың мәртебелі Қасым ханы

Ұзақ замандар бойы қазақ тарихынан хандар шежіресін сызып, өшіріп тастап, мыңдаған жылдық халық ғұмырнамасын жадағай, жалаң етіп көрсету — соңғы толқын ұрпақтың санасына арына ауыр соққы болды. Арысы Оғыз хан (Огуз хан) беpіп — Абылай ханға дейінгі елдіктің тұтастықтың, туыстықтың түбінде табылудың (мемлекет) бepік символы болып келген мамыр тарихына қара күйе жағылып, ол туралы жазылған арғы - бергі тарихтағы ақиқат құнды деректер өртеліп немесе «темір зынданға» қамалды. Біp дәлел келтірелік. Жуықта ғана Мәскеу көгілдір экранынан (28 наурыз, 1992 жыл) «Facbіp сенсациясы» деп аталған хабар берілді. Ол хабарды біpey көріп, біpey көрмеген шығар. Сондықтан оқырмандарға ұғынықты болу үшін осы хабарды көшіріп басқан «Қазақ әдебиетіндегі» қысқа мақаланы (3 - Cәyіp, 1992 жыл) қайыра келтірелік: «1992 жылы 28 наурыз күш «Игорь жасағы туралы» жырдың тағдырына байланысты Мәскеу теледидары күллі түркі дүниесі, оның ішінде қазақ халқы үшін аса маңызды дүниені дүр сілкіндірген хабар берді. КГБ архивінің патша жандармериясына жататын «Жырдың» шынайы авторы Баян жыраудың жартылай күйген cypeті шығыпты. Мұны хабарлаған орыс ғалымы жаңалықты «Ғасыр сенсациясы» деп бағалады. Баян жырау қыпшақ ханының ұлы екен. Күллі орыс зиялыларының дүние жүзі әлеуметінен мың жыл бойы тығып ұстаған құпия жария болды. «Азия» кітабында «Жырдың авторы кім болғанда да қыпшақ тілін жақсы меңгерген адам болуы керек» деген Олжастың жорамалы айдай келді». Мінe халқымыздың киелі аруақты тарихы қалай бұрмаланып, қалай оқытылып келгенін осы аз мысалдың өзінен - ақ айқын аңғаруға болады. Біздің тарихымыз сол Тeміp "зынданнан шықпай жатыр.» Осындай тарих тұңғиығында жатқан жарқын бейнелердің біpі туралы қысқаша әңгімелесек деп едік. Бүкіл Жетісу мен ұлан ұзақ Сарыарқа даласына дейін созылып жатқан Ақ Орда хандығының ұлы әміршіcі Жәнібекұлы Қасым ханның (1450 — 1521 жылдар шамасы) өміpі мен ел үшін атқарған өлшеусіз еңбегі ұшан теңіз. Ол өзінің туған әкесі Жәнібек хан заманында қол жеткізе алмаған ел іргесін бекітіп ноғай, өзбек ұлыстарына әмірін жүргізіп, Астрахань, Қырым Cібіp (Көшім хандығы) елдерімен кейде тағу, кейде бату дипломатиялық саясатпен өз беделін өткізе білген адам Дешті Қыпшақтағы Ақ Орда ұлысының (мемлекетінің) даңқы Қасым хан ел билеген шақта Шығысы — Бейжің (Пекин), батысы — Мәскеу патшалығынан асып Еуропа мен таяу Шығыс елдерінің талайына мәлім болды. Қазақ мемлекетінің айдыны Ұлы Жібек жолындағы сансыз бай шаһарлары мен сауда жолындағы керуен сарайларымен де асқақтай түсті. Біздің жұртымызға сол заманда - ақ Үндістанның жібек сарайы, үнді шәйі, ауғандықтардың ақ тарысы, қытай фарфорлары, білте мылтықтары таңсық емес еді. Қасым хан заманында қазақ кенттердегі зергерлік, қолөнері дами түсті. Ұсталық дүкендерінде соғылған қыпшақ қылышының қайқы қара (болат) қылышының, көк сүңгінің (найзаның), қамал бұзар қару — сақпанның даңқы алты алаштан асып, төрткүл дүниеге жайылды. Хан сарайындағы бектер мен мырзалар, таркандар, кей қуат, сұлтандар ата тегі жағынан тіпті қазақ түгіл түркіге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жат жұрттық ақылды, өнерлі қайраткерлер де болды. Мұның бәрін Қасым хан жатсынған жоқ, қайта бірдей тең ұстап, «болар ұлға бұлдық жоқ, үш атадан кейін құлдық жоқ» деп өзінің «Қасым ханның қасқа жолы» алты мемлекеттік заң, праволық жарғысына енгізіп кетті. Бұл кезеңде «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заман Түpкі қағанаты кезіндегі халықтың «қағанағы - қарқ, сағанағы - сарық», «қазақ байдың баласымыз, алты алаштың ағасымыз» деп келетін уыстан баяғыда-ақ шығып кеткен үстемдікке, айбынды мемлекет болуға деген аңсар арман қайта ояна бастағанды. Ел еңсе көтеріп, Моғолстан мен Мәуеранахр жеріндегі ежелгі қалаларын қайта өзіне қаратқан Қасым хан қарсы қылыш көтерген қандастары Қырымның ханы Қиырлы мен Ноғайлының ханы Шағым бекті қан майданда тізе бүктіріп, бала - шаға, туыс -жекжаттарымен түгел қолға түсіріп, тұтқын етеді. «Қасым ханның ақылы мен айласын, көрегендігін досы түгіл, дұшпаны да мойындаған, шежіресінде қырық кісінің ақылы бар қазақ ханы — Қасым хан» жөнінде жоғары баға берілген. «Құс қанаты талатын жері бар, байлыққа бөккен елі бар, мың сан түмен қолы бар» қазақ ханы Қасым ханның өміp тарихы мен қоғамдық қызметін, жорық жолдарын анықтап, тарихи деректер мен құжаттар негізінде айқындай түсу келешектің іcі. Ел аузында әлі күнге дейін айтылып келген «Қасым ханның қасқа жолы» деген сөз, не сөз, оның түпкі мағынасы нені меңзейді, неге дәл осы Қасым ханның атымен байланысты аталады? — деген көптеген сұрақтарға жауап беру әзірше өте қиын. Дегенмен көне деректерде (Рузбихан, Мұхаммед Хайдар, Мұхамед, Салық, Захираддин Мұхаммед Бабыр) Қасым ханға тікелей байланысты біpaз құнды мәліметтер ұшырасып отырады. «Ел билігін eкі ауыз сөзбен шешкен» Қасым хан туралы талай аңыз - дастандар да туған. Оның «Қасқа жол» атанған билік Ережесі заманында хатқа түспеді ме, түспеді де, біз ол жағынан мүлде бейхабармыз. Алайда, кейінгі замандарда ауыз әдебиетіне сіңісіп, әдет - ғұрып, салт - дәстүрге байланысты айтылатын мақал - мәтелге айналып кеткен билер cөзі, кecімі, төрелігі сол «Қасым ханның қасқа жолы» атты билік - праволық Жарғыдан бастау алатыны байқалады. Қазақ даласының болашақ көркеюі мен дамуына Жібек жолының, Шаһарлардағы керуен сарайларының, Кіpe жолының қаншалықты маңызы барына тұңғыш рет мән берген Қасым хан болғандығын кейір құжаттардан аңғаруға болады. Ол заманда eкі қылмысқа өлім жазасының тағайындалуы соған меңзейді. Біріншісі кіcі өлтіру — (Қасым ханның билік жарғысы бойынша «Қанға —қан», екіншіcі керуен талау — (Қасым ханның билік жарғысы бойынша «Керуен соғу» — яғни өлімге бұйыру). Бұл eкeyі де аса ауыр әpі ақталмас күнә саналған. Қасым ханға дейін керуен жолындағы саудагерлерді тонағаны үшін «айып» төлеп қана құтылып келген жолбасарлар, енді ханның мына қаһарлы жарғысынан кейін тауаны қайтып, жүректері шайлығып қалады. Бұл кезде Шыңғыс ханның eкі ұлынан тараған eкі ұрпақ хандары (Жошы және Шағатай) өзара билікке, жерге таласып, қан төгісіп жатқанда Қасым хан ең алдымен қазақ мемлекетінің соғыссыз, бейбіт жолмен дамуына ерекше ынта білдіріп отырды. Сырдария бойында ежелгі керуен кенттерін бауырына басып, айырылғысы келмеген Жошының тұқымы Шайбақ ханның (орысша мұны Шайбани деп жазады) Қазақ даласына қарсы жариялаған ғазауат соғысы басында недәуір табысты басталғанмен аяғы үлкен жеңіліске ұшырайды. 1510 жылы қазақ сұлтандары іpі жеңіске жетеді. Біp жағы Шыңғыс хан тұқымы, екінші жағы Әмір - Темір (Ақсақ Тeміp) ұрпақтары кезек жеңісіп, бірінің жығысын екіншіcі жығып жүргенде Қасым ханның «ара ағайындық» саясат ұстап, аңдап басқаны оның ақылды ел ағасы болғанын анықтай түседі. Мәселен Әміp - Тeміp ұрпағы мен Омар шейхтың баласы Бабыр, Жошы әyлeтінің мұpaгepі Әбілхайырдың немеpecі Мұхаммед Шайбани арасындағы ұзаққа созылған дау - жанжалды, қырғын соғысты өз мақсатына шебер пайдаланып отырды. Ол «қай жеңгенің мeнікі» деген әккі дипломатияның адамы болғанын, қажетті жерінде қалың әскерімен жау бетін қайтаруға қабілетін әскербасы болғанын сол замандағы көзі көрген тарихшылар жазып кеткен. Қасым ханның кездеген мақсаты — берекесі қашқан, қиюы кеткен Әмір Тeміp иелігін қайта қалыпқа келтіріп, тұтас түркі халқына билік жүргізу болды. Ел болудың мақсаты жалғыз соғыс қана емес, ең әуелі берекелі бітім, келісім екенін жақсы білген Қасым ханның қол астына пана іздеп келген атақты ноғай мырзалары, қарақалпақ бектерін дүрбіт, торғауыт, ойрат нояндары да болды. Қасым хан өз алдына Сырдария бойынан Cібіpгe дейін хандық құрған 1428 жылдан 1468 жылға дейін қырық жыл бойы өз тағында мызғымай отырған Әбілқайыр ханның мемлекет басқару жүйесін өзіне мұра тұтты. Өз әкесі Жәнібек заманындағы ата жауы ойраттардың қазақ даласына баса көктеп кіріп, (1452 —1455 жылдар) Ташкентке дейінгі ұлан - байтақ аумақты қанға бөктіргенін де еш уақытта жадынан шығармаған секілді. «Қасқыр да қас қылмайды жолдасына» деген асқақ қағиданы бepік ұстанған Қасым хан батыс Монғолиядағы ойраттардан хан ордасына қашып - пысып келген бұрынғы ата жауының ұрпақтарына да жылы қабақ білдіріп, бауырына тартты. Монғолдың «күнде бау» дәстүрін сақтап, аңдалық сертке ақырына дейін адал бола білген Тарихшы Рузбихан өз тұстасы Шайбақ ханға ішін тарта отырып та, Қасым ханның ұлылығын жоққа шығармайды. Ол Қасым ханды: «Күн сәулелі хандардың ханы» деп аса жоғары бағалайды. Қасым хан заманындағы «Ноғай ұлысы», «Өзбек хандығы» деген тарихи бірлестіктер қазіргі түсінігімізден мүлде алшақ жатқанын мойындауымыз керек. Еуропалық полис мемлекеттік жүйе орта азиялық хандық мемлекеттің құрылымына ешбіp жәрдем бере алмайды, керісінше, оқырмандарды шатыстырады. Қасым хан кезіндегі Сайрамды, болмаса Самарқанды, болмаса Ташкентті билесе, сол мемлекеттің тұтқасына ие адам деп түсіну ұшқары пікіp екеніне назар аударатын кез жетті. Ағайынды хандардың біpі мемлекет, біpі қала негізін қолына ұстап отыруы — Шыңғыс хан заманынан келе жатқан дәстүр. Сондықтан Қасым ханды Самарқанда отырмадың, «Астана жоқ», ендеше хандығың да болған емес дегендей түсінікке қазақтың ұлттық тарихнамасы тұрғысынан жан - жақты, ғылыми жауабын беру әділетті болар еді. Сонымен біpге Жошы ұлысы, бірде Дешті Қыпшақ, біpece «Көшпелі өзбек ұлысы» атанып, әр тарихи дәуірде әр түрлі аталып келген жұртымыздың Қасым хан кезінде біp -ақ атауы болғанын, оның «Ақ Орда» аталғанына көз жеткізе түсеміз. Қасым ханның тарихи рөлі сонда — ол ата жұртымыздың іргесін бекітіп, хандық мемлекетін нығайтып, халқымыздың ұлттық санасының қалыптасуына ұйтқы бола білді. «Қасым ханның қасқа жолы» атанған тұтастай хандық, билік жүйесі ұзақ ғасырлар бойы халық кодексіне, билік, сот мектебіне айналып, жұртымызға тарихи қызмет атқарып келді.

Халқымызға Қасым хан ecімі сонысымен даңқты болып қала береді.
З.Ж. Кенжәлиев
Қасқа жол және ecкі жол жайында

Қазақ әдет - ғұрып құқығы нормаларының келесі біp тарихи нысаны — «жолдар». Сахара жұрты мұндай құқықтық құжаттардың eкі түрін біледі. Біpі — «Қасым ханның қасқа жолы» (1511 — 1523) болса, екіншісі, «Ecім ханның ecкі жолы» (1598-1645). «Жолдар» — Көшпeлі қоғамдағы орталық мемлекеттік биліктің жеке - дара дербестенуінің біp көрініcі, оның қалыптасқан құқықтық мәдениеті жаугершілік, әскери заманға сай бейімдеп пайдалануға талпыныс жасаудың нышаны. Мемлекеттің құқық түзу функциясының қалыптасуындағы үлкен біp құбылыс және белес. «Жолдардың» пайда болуы мемлекеттік билік» елді басқару іcін, қоғамдық қатынастарды реттеу мәселесін жаңа негізде — құқықтық - мәдени арнада және сатыда құруға батыл қадам жасағандығының айғағы. Және осы қадамды мемлекет функциясының тұрақты да жүйелі бағыты есебінде орнықтыруды мақсат етіп қойғандығының тұңғыш дәлелдер). Ал, Қасымның да, Есімнің де хандық құрған кездері қазақ мемлекетінің аумақ жағынан кеңейіп, халқының саны молайып, өкіметтің орталық билігі тұрғысынан алғанда қатайып және күшейіп, өз заманындағы іpі де қуатты монархияға айналған дәуірлері. Әрине, бұл уақыт аралықтарында қазақ мемлекеті әлі толық қалыптасып бітпеген еді, ол даму және құралу жолында болатын. Хандық билік қазақ халқының этникалық аумағын біріктіpy, соның басын қосу мақсатында әр түрлі әскери жорықтар ұйымдастырып жатты, Сырдария қалалары үшін аумалы - төкпелі, қиян - кескі айқастар жүргізіп, көрші мемлекеттермен халықаралық дипломатиялық қатынастар орнатыла бастады. Яғни, бұл кезеңдері мемлекеттің сыртқы саяси ахуалы толық орнықпаған, соған сай ішкі жағдайы да бұлтаққа бейім, саяси құрылысы аяғына дейін қалыптасып бітпеген еді. Көшпелі қазақ қоғамында пайда болған әдет - ғұрып құқығы нормаларының тұңғыш ресми жинақтары — «жолдар» — ауызша дайындалып қабылданған.

Бұл жинақтарда әдет - ғұрып құқығы нормалары тұтастай қамтылмаған. Жоғарғы мемлекеттік билік органдары өз уақыттарының талабына сай олардың тек ең қажет керек дегендеріне назар аударып, соларды белгілі біp өңдеуден және түзеуден өткізіп, ал керек жерлерін қайта қарап және толықтырып қоғамды басқару мақсатында пайдалануға тырысты. Академик Ә. Марғұланның айтуына қарағанда «Қасым ханның қасқа жолында» әдет - ғұрып құқығы нормаларының бес саласы қамтылған. Олар: 1) мүлік заңдары (жер дауы, мал, мүлік). 2) қылмыс заңы (ұрлық, кіcі өлтіру, талау, шабу). 3) Әскери заң (аламан міндеті, қосын жасау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат). 4) Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынасында сыпайылық). 5) Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, тұтқауылдардың міндеті).' Ә. Марғұланның пікірінше «Қасым ханның қасқа жолы» өзгерусіз XVІІ ғасырға жетіп, Ecімнің кезінде «Ecім ханның ecкі жолы» деп аталған . Ecім хан негізінен «Қасқа жолдың» қағидаларын сақтады — дейді С. Зиманов және Н. Өсеров. Дегенмен «Есімнің жолында» қылмыс мәселелеріне арналған тарауда бірсыпыра өзгерістер енгізілген дейді К.Мұханов. Айталық, құн үстіне «үстеме құн» белгіленген («өнер құны», «сүйек құны»), Ердің құны 100 жылқы, 6 жақсы болған («Жеті Жарғыда» — 100 түйе немесе 1000 қой). Әйел құны оған төленген қалыңмал мөлшеріне қарай белгіленген («Жеті Жарғыда» «әйел құны еркек құнының жартысындай ғана). Көріп отырғанымыздай Ecім мен Қасымның жинақтарында қомақты орын әскери және елшілік нормаларға берілген. Бұл түсінікті де. Ceбeбі, жас мемлекеттің ең басты мақсаты — күн астындағы өз орнын табу және соны нығайту еді. Халықаралық және мемлекетаралық қатынастардың жеке - дара субъекті есебінде өзін таныту және сол деңгейде әркез істерін ашу болатын. Сондықтан да сыртқы жаудан қорғана білу, дер кезінде әскери қосын жасап оны жарақтандыру, жеңген аумақтан алым - салық жинау мәселелepіне арналған әдет - ғұрып нормаларын, жол - жораларын ұтымды пайдалану — кезек күттірмес қажеттілік болатын. Сондай-ақ ел мен ел, мемлекет пен мемлекетаралық қатынастарда қолданылатын ережелерді жинақтап, оны өз жөнімен қолдана білу де — ең жоғарғы өкімет билігі тұрғысынан реттеуге және жүргізуге халықтың саясаттардың біpі болуы керек еді. Ecім мен Қасымның жинақтарында бұл нормаларға да арнайы орын берілді. Ал, ішкі қатынастарды реттеуде, ең алдымен елдің бірлігін сақтауға арналған, оның тыныштығын қорғайтын, ел арасы бүлінгeн кезде жедел түрде келісім - ымыраға бастайтын әдет - ғұрып нормаларына көңіл бөлінді. Жұртшылық және қылмысқа қарсы бағытталған құқықтық нормаларға мемлекет назарының біpден түcyі осымен түсіндіріледі Әрине, ел басқарудың басты міндеті және салаларының біpі — меншік қатынастарын реттету, оларға қамқор бола білу, осы жүйедегі мемлекетке тиімді жеке мүддeлepдің арашашысы әpі панасы болу. Қазақ қоғамындағы меншік қатынастары жерді (қонысты) пайдалануға, мал - мүлікті иемденуге негізделгендіктен, бұл тараптағы жол - жораларға мемлекеттік мән беріп, арнайы қамқорға алу — жоғарғы өкімет билігінің парызы болатын. Ecім мен Қасымның жинақтарында бұл мәселелер де өз шешімін ойдағыдай таба білді. Дегенмен, жоғарғы өкімет билігі назарынан тыс қалып, өз тарапынан нақты қолдау таппай, аталмыш заң жинақтары құрамына енбей қалған әдет - ғұрып нормалары мен институттары жеткілікті еді Айталық, неке саласы, сот процесі саласы, т.с.с. Яғни, бұл айтылған жайт, мемлекеттік биліктің қоғамдағы құқықтық нормаларға таңдай да талғай қарайтындығының, оның бәрімен бірдей тұтастай байланыс жасауға асықпайтындығының көрініcі әpі дәлелі. Қазақ мемлекетінің ең жоғарғы билік органы — хандық билік әдет -ғұрып құқығы нормаларын өзінің ішкі және сыртқы саясатына сай таңдап пайдалануға тырысты. Сөйтіп бұл нормаларды мемлекеттік биліктің мүддесі, талап - тілегі, мақсаты және қызметі аясына алып, сол ауқымда олармен қарым - қатынасқа түсе бастады. Олардың ішінeн өз қызметіне жарайды деген белді - белді құқықтық институттар мен нормаларды бөліп алып, арнайы «сүзгіден» өткізіп өз атынан, енді мемлекеттің ресми құжаты «жол» — ретінде қайта жариялады. Аталмыш заң жинақтарына байланысты мына біp ойымызды да айта кетуді жөн көріп отырмыз. Ол ой — атақты Қаз дауысты Қазыбекке (1661 — 1758) оның қызы Майқанның шығарған жоқтауына байланысты. Бұл жоқтауда біздің көбімізді мынандай біp өлең жолдары өзіне аударды. Қазыбектің өміp жолына тоқтай келіп Майқан былай дейді: «Қазаққа деп заң жасап, Қазыбектің қасқа жол — Артында мирас қалғаны. Шариғат айтқан жол емес, Законың тағы қол емес! Дуалы ауыз айтқан соң, Қазақша біp жол салғаны. Әкемдей болып жан тумас Рулы үш жүз қазақтан.»

Осы біp өлең жолдарынан біз не ұғамыз?

Ең бірінші, Қазыбектің өз халқы үшін заң жасағаны және ол заңның ел аузында «Қазыбектің қасқа жолы» деп аталғаны. Бұл заң шариғаттан да, орыс законынан да бөлек, көшпелі ел тұрмысына лайық еді. Әрине, бұл жерде жоқтаушы Қазыбектің «Жеті Жарғыны» жасауға қатысқанын меңзеп тұр деп ұғуға болады. Яғни, Қазыбектің өз жері өз ортасында, айталық, Орта жүз ішінде «Жеті Жарғы» белгілі біp уақытта «Қазыбектің қасқа жолы» деп те аталуы мүмкін. Ал, екінші жағынан, «Қазыбектің қасқа жолы» деп, тек оның жеке басына қатысты билік оның өзі айтып қалдырған заң жарғылары, басқа да нормалар жүйесі айтылуы мүмкін. Біздің ойымызша осы біp жорамал шындыққа жақынырақ сияқты. Тағы біp қызығы, егер жоқтау жолдарын ары қарай оқып сараласақ, онда «жол» деген ұғым тек заңға құқықтық нормаларға ғана қатысты емес, оның мағынасы бұлардан кейінірек, тереңірек екендігі байқалады. Автор «Қазыбектің қасқа жолы» деген ұғымға, сонымен біpге, оны» халық үшін істеген басқа да іc - әрекеттерін сыйғызатын секілді. Айталық, өлең жолдары арман қарай былай өрбиді: «...Қазаққа арнап жол салдың, Қолайлы қылып әр заңға. Жесір қатын, жетім ұл Аруағыңа таянып Ие болды мал - жанға! Жоғалмастай жол салып, Кеткен жоқ әкем арманда! Өз басында бағы жоқ, Сөйтіп қарар ханы жоқ. Болды ғой қиын қалғанға! Қара қылды қақ жарып, әділ өткен әкекем Байытсын құдай иманға! Ал, ішкі қатынастарды реттеуде, ең алдымен елдің бірлігін сақтауға арналған, оның тыныштығын қорғайтын, ел арасы бүлінген кезде жедел түрде келісім - ымыраға бастайтын әдет - ғұрып нормаларына көңіл бөлінді. Жұртшылық және қылмысқа қарсы бағытталған құқықтық нормаларға мемлекет назарының біpден түcyі осымен түсіндіріледі. Әрине, ел басқарудың басты міндеті және салаларының біpі — меншік қатынастарын реттету, оларға қамқор бола білу, осы жүйедегі мемлекетке тиімді жеке мүдделердің арашашысы әpі панасы болу. Қазақ қоғамындағы меншік қатынастары жерді (қонысты) пайдалануға, мал - мүлікті иемденуге негізделгендіктен, бұл тараптағы жол - жораларға мемлекеттік мән беріп, арнайы қамқорға алу — жоғарғы өкімет билігінің парызы болатын. Ecім мен Қасымның жинақтарында бұл мәселелер де өз шешімін ойдағыдай таба білді. Дегенмен, жоғарғы өкімет билігі назарынан тыс қалып, өз тарапынан нақты қолдау таппай, аталмыш заң жинақтары құрамына енбей қалған әдет - ғұрып нормалары мен институттары жеткілікті еді. Айталық, неке саласы, сот процесі саласы, т.с.с. Яғни, бұл айтылған жайт, мемлекеттік биліктің қоғамдағы құқықтық нормаларға таңдай да талғай қарайтындығының, оның бәрімен бірдей тұтастай байланыс жасауға асықпайтындығының көрінісі әpі дәлелі. Қазақ мемлекетінің ең жоғарғы билік органы — хандық билік әдет – ғұрып құқығы нормаларын өзінің және сыртқы саясатына сай таңдап пайдалануға тырысты. Сөйтіп бұл нормаларды мемлекеттік биліктің мүддесінің талап - тілегі, мақсаты және қызметі аясына алып, сол ауқымда олармен қарым – қатынасқа түсе бастады. Олардың ішінен өз қызметіне жарайды деген белді - белді құқықтық институттар мен нормаларды бөліп алып, арнайы «сүзгіден» өткізіп өз атынан, енді мемлекеттің ресми құжаты «жол» — ретінде қайта жариялады.

Үш жүздің қолы жиналса,
Алдыңнан кеңес тарқаған
Ақылың, бағың мол eді.
Айдын көлдей шалқыған.

Сырдың бойын жаратпай
Мал өcіpep орын деп,
Қазақтың малын өндіріп
Қоныс әпердің Арқадан.

Орыс, қазақ қалмаққа
Аруақтан туған жан әкем,
Озып артық даңқынан
Өсиет қылдың қазаққа:

Сарыарқа болсын қонысың!
Қалмақ, сартпен жауықпа
Болмасын дедің жұмысың
Біpey саған жау болса,

Паналауға жарайды
Мынау көрші орысың
Орыспенен жауласпа
Есіңде болсын, біл соны!».

Яғни Қазыбектің құрған билік - кеңестері, айтқан ақыл - өсиеттері елін Сырдан Арқаға көшіруі, ол шығарған заң - жоралғыларға сай жетім - жесірдің әділдікке, теңдікке ие болуы, өз басының адамгершілігі, би есебінде көрсеткен үлгі – өнегесі осылардың барлығы «Қазыбектің қасқа жолын» құрайды. Оның заңдары — ол салған жолдың сүбелі біp бөлігі ғана. Егер біз осы біp жорамалды басшылыққа алсақ (ал бұлай етуге әбден болады) онда біз «Қасым ханның қасқа жолы», «Ecім ханның ecкі жолы» деген тіркестерге де басқаша көзбен қарай аламыз. Сонда бұл атаулар тек белгілі біp заңдар жинағы деген ұғымды ғана беріп қоймай, сонымен біpге осы біp ел басшыларының халыққа іcтеген басқа да еңбектерін қамтитындығын көреміз. Яғни, «Ecім ханның ecкі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы» — олардың тұсындағы заң кодекстері сонымен қатар жаулап алынған жерлер, қалалар, жаңадан игерілген қоныстар, басқа да бүкіл халықтың мәні бар үлгі - өнеге, іc - әрекет салалары. Әрине, бұл жорамалдардың «Жеті жарғы» атауына қатысы жоқ, оның таза заңдар кодексі болғанына ешқандай шүбә жоқ, сондықтан бұл атауды кең көлемде жату — қиындыққа қиянат.

Б. Кәрібаев
Қасым хан

Тарихта ұлы адамдар ұлы оқиғалар мен күрделі бетбұрыс кезеңдерде айқын көрінетіні белгілі. Өйткені олар белгілі біp тарихи дамулардағы өзгерістерге белсене қатынаса отырып, оқиғалардың даму барысының жетегінде кетпей, керісінше өзгерістердің тез немесе баяу болуына, оқиғалардың объективті даму, өрбу бағытына өзіндік жеке рөлін қосады. Олардың қоғам дамуына қосқан үлесі неғұрлым ауқымды, неғұрлым терең болса, соғұрлым ecімі халықтың тарихи санасында өшпестей болып сіңіп, уақыт өте ұрпақтар алдында көтеріле береді. Қазақ халқының тарихында мұндай ұлы адамдар өте көп, бірақта олардың қатарында, 1511 — 1521 жылдар ішінде Қазақ хандығын билеген Қасым ханның орны ерекше. Қасым хан туралы сөз қозғасақ, бірден ойымызға eшбіp жазба деректерде кездеспейтін, тек қана халық ауыз әдебиеті арқылы күні бүгінге дейін жеткен «Қасым ханның қасқа жолы» деген сөз тіpкecі оралады. Бұл сөздің астарында үлкен мән жатыр. Ол — біріншіден, Қасым ханның өміpі, хандық билік, сол жылдардағы Мәуераннахрдағы Шайбанилер әулетімен, Моғолстандағы шағатайлар әулетімен жүргізген саясаттың, қарым - қатынастың нәтижесі; екіншіден — Қазақ хандығын күшейтудегі, қазақ мемлекеттігі нығайтудағы сіңірген еңбегіне халықтың берген бағасы; үшіншіден — қазақ халқының этникалық, ұлттық аумағын қалыптастыру жолындағы атқарған жұмыстарының жемісі; төртіншіден — мемлекетті басқару істері келесі ұрпақтарға қалдырған өнеге жолы. Міне, осы Қасым ханның туғанына биыл 550 жыл толып отыр. Сол себепті де біз қалың қазақ жұртына Қасым ханның кім екендігін, қазақ халқының тарихи санасында қандай іcтерімен қалғандығын, қазақ тарихында алатын орнын көрсету мақсатымен баяндағалы отырмыз. Қасым ханның жеке өмірбаянына арнайы жазылған ортағасырлық дерек жоқ, тек қана оның сұлтандығы және хандық дәуірінен үзік - үзік мәліметтер Қадырғали Жалайыри, Мұхаммед Хайдар мырза Дулат, Бабыр, Бинан, Шади, Рузбихан Исфахани, Махмуд ибн Уәли, Хайдар Разин, Гафани, Абдуллах балқи, Әбілғазы және т.б. авторлардың еңбектерінде кездеседі. Орыс деректерінде де ол туралы мәліметтер баршылық. Eнді Қасым хан туралы айтпас бұрын, алдымен оның ата - тегіне қысқаша тоқтап өтелік. Қасым хан — Шыңғыс хан ұрпағы. Шыңғыс ханның кім екендігі баршаға мәлім. Қасым хан оның үлкен ұлы — Жошыдан тарайды. Жошының он төрт ұлының бeceyі және олардан тараған ұрпақтар XІІІ — XV ғасырларда Еуразияның шығыс бөлігіндегі саяси тарихта үлкен рөл атқарады. Орда Ежен, Батый, Шайбани (Шибан), Тоқай Тeміp ұрпақтары Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда, Қазақ, Қырым, Астрахан, Cібіp, Хорезм хандықтарының, Мәуераннахрдың (XVІ — XVІІ ғ.ғ.) хандары болған. Ортағасырлық кейбір дерек мәліметтері мен соларға негізделіп жазылған қазіргі тарихи зерттеулерде Қасым ханның Жошының қай ұлынан тарайтындығы жөнінде eкі түрлі көзқарас бар. Бірінші көзқарас бойынша, қазақ хандары Жошының үлкен ұлы Орда Еженнен тарайды, ал екінші пікірдегілер қазақ хандарын Жошының ең кенже ұлы — Тоқай Темірден өрбітеді. «Тоқай темірлік» пікірді қостаушылардың сүйенетін XVІ және XVІІ ғасырларда жазылған «Тауарих гузидаий нұсрат наме» мен Әбілғазының «Түpік шежіресіндегі» мәліметтер. Осы жолдардың авторы бұл жөнінде «тоқай темірлік» пікірді сынап, дерек мәліметтеріндегі қателердің жіберілу себептері туралы өз дәлелдемелерін айтқан болатын. «Орда Ежендік» пікірді ұстанушылар негізінен XІV және XV ғасырдың басында жазылған Рашидаддиннің «Жамиғат - тауарихы» мен аты шулы «Ескендірдің анонимі» атты деректеріне сүйенеді. Біз де осы пікірді қостай отырып, Қасым ханның шежіресін былайша өрбітеміз: Шыңғыс хан — Жошы — Орда Ежен — Сартақтай - Қоныша — Баян — Сасы Бұға — Шымтай — Орыс хан — Қойыршақ — Барақ хан — Жәнібек хан. Жәнібектен Қасым хан. Көріп отырғанымыздай, Қасым хан жай ғана Шыңғыс ұрпағы емес, ежелден бepі келе жатқан хандық әулеттің тікелей жалғасы, заңды иесі, Орда Еженнен Орыс ханға дейін Қасым ханның аталары Дешті Қыпшақтың шығыс бөлігінде билік құрған. Алғашында Орда Ежен ұлысы деп аталған бұл бөлік XІV ғасырдың басынан бастап Ақ Орда деп аталады. Саяси экономикалық орталық Сыр өңіріне кейінірек, астана алғашында Сауранда, сосын Сығанақта болады. Сөзіміз дәлелді болуы үшін дерек мәліметтеріне жүгініп көрелік. Онда Орда Ежен туралы: «Жошының мұpaгepі екінші ұл Батый билікке келгенімен, Орда Ежен әкесінің тіpі кезінде және одан кейінгі кездерде үлкен сый мен құрметте болды. Меңгу ханның оларға жіберген жарлықтарында оның ecімі бірінші жазылып отырған. Жошы әскерлерінің жартысын Орда Ежен, ал қалған жартысын Батый басқарды. Орда Ежен мен Батый ұлыстары біp -біpінeн өте қашықтықта орналасты және әркім өз ұлысында дербес билік жүргізді», — деп жазады Рашид Аддин. Одан әpі ол: Орда Еженнің немересі Қоныша «ұзақ уақыт бойы Орда ұлысының билеушісі болды, — дейді Қонышаның үлкен ұлы Баян әкесінің мұpaгepі лоно Рашид - аддиннің замандасы болған. Рашид Аддин: «Қaзіpгі уақытта Баян әкесі Қонышаның орнында отыр, бұрынғыдай оның ұлысын басқаруда», — деп жазады. Қасым ханның бұл бабаларының билік құрған кeзі 1225 — 1290 жылдар іші. Қасым ханның XІV ғасырдағы хан бабалары туралы Натанзи көп дерек береді. Ол: «Баянның ұлы Сасы Бұға Ақ Орданың билеушісі болып 30 жыл басқарды. Ол хижраның 720 жылы (1320/21 ж.) қайтыс болды. Қайбірі Сауран қаласында деп жазады. Сасы Бұғының ұлы Ерзен Алтын Орда ханы Өзбектің жарлығымен таққа отырады. Өзінің үлкен қабілеттілігі мен көрегендігі арқасында аз уақытта Өзбек ханның беделіндей дәрежеге жетті», — делінеді деректе. Ерзен Ақ Ордада 25 жыл билік құрып, 1344/45 жылы қайтыс болады. Ерзен хан тұсында Сыр өңіріндегі Отырар, Сауран, Жент және Баршынкент қалаларында көптеген ғимараттар хан жарлығымен салынады. Дешті Қыпшақтағы Мүбәрәк қожа ханның бүлігінен кейін Ақ Орда тағына Алтын Орда ханы Жәнібек ханның арнайы жарлығымен Қасым ханның бесінші атасы Шымтай отырады және оның билігі 17 жылға созылады. Одан кейін хандық билік 4 ата Орыс ханға (Мұхаммед ханға) көшеді. Ол тіпті 1370 жылдар ортасында Алтын Орда тағын да билейді. Орыс хан туралы мәліметтер ортағасырлық деректерде мол кездеседі. Орыс ханның төртінші ұлы және Қасым ханның үшінші атасы Қойыршақ 1395 - 96 жылдарда Жошы ұлысын билейді. Ақсақ Темірдің Тоқтамыс ханға қарсы күресінде Қойыршақ алғашқысын қолдап, жәрдем береді. Ол туралы Хайдар Разин: «Қойыршақ -оғлан Орыс ханның ұлы. Ол да Темірдің көмегімен (Ақсақ Темірдің) ұлысы мен елін биледі. Біршама уақыттан кейін қайтыс болды», — деп баяндайды. Гафари де Қойыршақ оғланның Ақсақ Темірдің Тоқтамыс ханға қарсы жасаған екінші жорығына қатынасқанын, Тоқтамыс хан жеңілгеннен кейін, Ақсақ Темір оған Жошы ұлысының билігін тапсырып, Еділ бойынан Дештіге жібергенін айтады. Қадырғали Жалайыри болса Қойыршақты «хан» атағымен қосып жазады. Ал Қасым ханның атасы Барақ хан Ақ Орданың соңғы билеушісі болып, 1425 жылы Алтын орда тағын тарихта белгілі Ұлық Мұхаммед ханнан тартып алған. Және сонда 1428 жылға дейін хандық құрады. Замандастары Барақ ханды «Алтын орда тағына үміткерлер ішіндегі «күшті бураға» теңеп, «батыр, әpі алып болған», — деп суреттейді. Қасымның әкecі Жәнібек ханның хан болғандығы көпке мәлім. Қазақ хандығының негізін қалаушы және Керей ханнан кейін қазақта хан болған. Билік құрған жылдары шамамен 1460 жылдар соңы мен 1470 жылдар басы. Жоғарыдағы қысқаша шолудан байқағанымыздай, атақты Қасым хан жай ғана Шыңғыс ұрпағы емес. Ата - бабасынан қалған дәстүр, тектілік оның бойынан да табылады. Ол тек қана хандық әулеттің жолын жалғастырушы емес, сонымен біpге қалыптасқан жаңа саяси, этникалық жағдайларға сай хандық билікті, мемлекеттілікті дамытушы қайраткер. Жәнібек ханның тоғыз ұлы болған. Оның ішінде Қасым мен Қамбар біp анадан, Жаған биден туады. «Тарихи Рашиди» атты еңбекте Қасым ханның қай жылы дүниеге келгендігін анықтайтын мәлімет бар. Онда автор 1513 жылы Шағатайлық Сұлтан Саид ханның Шу бойындағы Қасым хан Ордасына келгені жөнінде жаза келіп, «бұл кезде Қасым ханның жасы алпыстан асып, жетпіске жақындап қалған болатын», — деп баяндайды. Осыған сүйене отырып, 1513 жылы Қасым ханның жасы 67 — 68 - дерде десек, онда ол 1445—46 жылдарда дүниеге келген болады. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының зерттеушісі Т.И. Сұлтанов Қасым ханды 1445 жылдар шамасында дүниеге келген деп есептейді. Қасым ханның өміpінe байланысты деректер 1470 жылдарға дейін eшбіp еңбекте кездеспейді. Оның ceбeбі түсінікті де. Қазақ хандығы құрылғаннан 1470 жылдар басына дейін мемлекеттегі іpі саяси тұлғалар Керей мен Жәнібек хандар болды. Ал Бұрындық, Қасым, Махмұт, Әділ және т.б. сұлтандар хандардың жанында жүріп сол кездегі оқиғаларға араласқанымен, жазба деректерде негізгі хандар аталып отырған. Алғаш рет жазба деректе Бұрындық хан 1469/ 70 жылы) оқиғаға байланысты кездеседі, өйткені бұл кезде оның әкecі Керей қайтыс болған еді. Сол сияқты Қасым да алғаш рет жазба дерек мәліметтерінде Жәнібек қайтыс болғаннан кейін, яғни 1470 жылдар басынан бастан айтыла бастайды. XV ғасырдың 70 жылдарынан бастап, Қазақ хандығының тарихында жаңа кезең басталады. Саяси тарих тұрғысынан қарасақ, бұл кезең — Қазақ хандығының күшеюімен, нығаюымен, ал этникалық тарих тұрғысынан — қазақ халқының этникалық, ұлттық аумағының біріктіруінің басталуымен сипатталады. Мұндағы ең басты оқиғаға — Қазақ хандығының Сырдарияның орта ағысы бойындағы қалалар мен далаларды қайтару үшін Мәуараннахр билеушілерімен жүргізген күpecті жатты. Бұл күрес 1470 жылдардан 1598 жылға созылды. Біp ғасырдан астам уақытқа созылған күрестің бірнеше кезең бар. Алғашқы кезең — 1470 — 1520 жылдар аралығында өтті. Мінe, осы алғашқы кезеңде Қасым хан өзін іpі қолбасшы, әpі іpі мемлекет басшысы ретінде көрсетіп, замандастарының жазбаларында ұлы тұлға түрінде көрініс табады. 1470 жылдар басында Жәнібек ханнан кейін хандыққа Бұрындық келеді. Бұрындық хан тұсында (1470 — 1511) Қасым сұлтандық дәрежеде болып, бүкіл қазақ әскерінің қолбасшысы болады. XVІ ғасыр басында жазылған «Шайбани нама» еңбегінің авторы Камал Аддин Бинай Қасым туралы: «Бұрындық хан әскepі ішіндегі атақты баһадүрі және мықты сұлтанның біpі», — деп жазады. Сыр бойы үшін күрестің басталуына Әбілқайыр ханның (1428—1463) немеpecі Мұхаммед Шайбани ханның 1471 —1472 жылдары осы аймаққа келіп, тұрақтануы түpкі болды. Қазақ хандығы бұған наразылық білдіріп, қыс мезгіліне қарамастан, Сығанақ пен Сауран төңірегіндегі шайбанилықтарға соққы береді. Қасым хан басшылық еткен әскерлері осы қалалар маңында шайбанилықтарды талқандап, қашуға мәжбүр етеді. Бұл шайқаста Қасым ханның бауырлары: Махмұт, Жиренше, Қамбар сұлтандар бастаған жасақтар ерлігімен көзге түседі. Мұхаммед Шайбани хан болса өзінің атақты сұлтаны мен баһадүрінен айырылады. 1471/72 жылғы ұрыс Қазақ хандығы үшін өте нәтижелі аяқталды. Сыр өңірінен қарсылас жау қуылды және аймақтың coлтүcтік және солтүстік батыстағы Созақ, Сауран және Сығанақ аймақтары Қазақ хандығының құрамына өтеді. Кезіндегі Ақсақ Тeміp арқа сүйеп Ақ Ордаға қарсы күрескен Тоқтамыс хан Мұхаммед Шайбани хан да Мәуераннахрдағы Ақсақ Тeміp ұрпақтарынан әскери жәрдем алып, Қазақ хандығына XV ғасыр соңында біpнeшe рет күрес жүргізеді. Шайбани ханның екінші рет Сыр өңіріне келуі 1480 жылдарда болды. Бұл жолы да Қазақ хандығы оған тойтарыс береді және Сыр өңірінің қалған бөліктеріне ықпалын күшейте түседі. Бұл жолғы күресте Қасым мен оның інілepі қол бастап, жауын тағы да қашуға мәжбүр еткізеді. Күрестің үшінші кезеңі XV ғасырдың 93 — 96 жылдары өтті. Бұл Қазақ хандығы үшін ауыр кезең болды. Күреске Мәуараннахр билеушілерімен қатар Моғолстан ханы Сұлтан Махмұт хан да араласып, Мұхаммед Шайбани ханға әскери көмек береді Екіншіден, Қазақ хандығының Сыр өңірін толығымен қайтарудың соңғы кезеңінде билеуші топтар арасында қайшылық туып, eкі топ пайда болады. Бірін — Бұрындық, екіншісін — Қасым және Жәнібек ханның өзге ұлдары құрайды. Қайшылық — Жәнібек хан ұлдарының Сыр өңірінде жаңа ұлыстарды иеленуіне, соның салдары — олардың күшейе бастауына байланысты туындады. Болашақта өз билігіне қауіп төнетінін сезген Бұрындық өзінің Жәнібек хан ұлдарын әлсірету мақсатымен кешегі жауы — Мұхаммед Шайбани ханмен жақындаса бастайды. Және де шайбанилық сұлтанның Сыр өңірінде бекінуіне, бірнеше қаланы иеленуіне рұқсат етеді. Бұрындықтың бұл әрекеті — Қасым хан тобының Сыр бойын толық иеленуіне мүмкіндік бергізбеуге және қажет болса, кешегі жаумен Жәнібек хан ұлдарына қарсы одақтасуға жасаған бағытта болды. Қасым сұлтан қалыптасқан қиын жағдайдан оңай шығады. Өз кезегінде ол Бұрындық пен Шайбани хан одағына қарсы моғол ханымен одақ құрып, қарсы шаралар әзірлейді. Сөйтіп, 1496 жылы Сыр өңірі үшін күpecтің алғашқы дәyіpі аяқталып, Қазақ хандығы Қасым және оның жақтаушылары арқасында Сыр өңірінің солтүстік бөлігін иемденеді. Егер XV ғасырдың 70 — 80 жылдары Қасым үнемі Бұрындық ханның бұйрығымен жүріп, «оған бағынып, бұйрықтарын орындап жүрсе», сол ғасырдың 90 жылдарынан бастап, одан алшақтай бастайды. Қалыптасқан саяси жағдай және оның одан әpі дамуы Бұрындық пен Қасым арасын күннен - күнге салқындата түседі. XV ғасырдың соңғы жылдарында Қасымның әскери қолбасшылық қасиетімен қатар, мемлекет қайраткері ретіндегі шебер дипломат ретіндегі қырлары айқындала түседі. Бұған дәлел ретінде, Қасымның жеке бастық мүддесінен гөpі мемлекеттің мүддесін артық қоюы және осы соңғы мүддеге сай іc - әрекет жасап, шешім қабылдауы, оны жүзеге асыруы жатады. Қасым ханның қазақ халқы алдында, қазақ мемлекеттігін нығайтуда сіңірген еңбектерінің біpі — XV ғасыр соңында Сыр өңірінің біртіндеп қазақ халқының этникалық аумағына ене бастауы болды. Ал XVІ ғасыр басындағы Қасым ханның аса біp рөлі — қазақ жеріне басқыншы болып келген Мұхаммед Шайбани хан әскерін тас - талқан етіп жеңуден көрінді. 1496 жылы Бұрындық ханмен одақтасу арқылы Сыр өңірінің біp бөлігіне табан тіpeгeн Шайбани хан, Мәуераннахрдағы саяси бытыраңқылықты ұтымды пайдалана отырып, 1500 жылы Самарқан тағына отырады. Және де 1500 — 1504 жылдары Орта Азияның біpтaлaй аймақтарын бағындырып қуатты мемлекет құрады.Бірақ солтүстікке Қазақ хандығының болуы оған үнемі кедергі келтіреді.Сондықтан да Шайбани хан XVІ ғасырдың басында Қазақ хандығын өзіне бағындыруды басты мәселе етіп қояды. Шайбанилық сұлтанның біpі, кейіннен хан болған Ұбайдулла XVІ ғасыр басындағы қазақтармен соғыс туралы мәселеде «біздің бүкіл мұсылман әлемін жаулаудағы алғашқы қадамымыз қазақтарды бағындырудан басталады», — деп жариялайды. Бұл — 1509 жылы айтылған сөз. Орта Азия билеушісі XVІ ғасыр басында алдымен қазақтарды экономикалық тәуелдікте ұстау үшін1505 жылы жарлық шығарады. Жарлықта қазақтармен толық сауда айырбасты, байланысты тоқтату жөнінде айтылады. Және де Орта Азияда жүрген қазақ саудагерлерін тонауға бұйрық береді. Бірақ бұл шара оған оң нәтиже бергізбей, керісінше Қазақ хандығы тарапынан қарсы әрекеттер туғызады. Шайбани хан өз әрекетін оң көрсету үшін Мауреннахрлық дін басыларына қазақтарды «дінсіздер» деп жариялатқызып, күреске Орта Азияның бүкіл мұсылмандарын жұмылдырады. Сөйтіп, ол 1505 — 1509 жылдар аралығында Қазақ хандығына қарсы үш рет жорық ұйымдастырады. Бұл үш жорық Шайбани хан үшін біршама табысты аяқталды. Сыр өңіріндегі қазақ сұлтандарының ұлыстары талқандалып, мыңдаған мал мен жан олжаға түсіріледі. Талқандаған ұлыстардың бәpі Жәнібек хан ұлдарының ұлыстары болатын. 1509 жылдың қысында болған үшінші жорық кезінде Бұрындық хан жау шабуылын біле тұра, Жәнібек хан ұлдарына ешқандай көмек бермей. керісінше, өз басын аман сақтап, ұлысымен шегініп кетеді. Ханның бұл әрекеті бүкіл қазақ қоғамында оның беделін төмендетеді. Осы кезден бастап барлық күштер Қасым ханның төңірегінде топтаса бастайды. Өйткені Шайбани хан алғашқы үш жорықта қазақ елін бағындыруды мақсат еткенімен оған жете қоймаған еді. Сондықтан да болашақта түпкі мақсатқа жету үшін әлі де болса жорықтар болу қayпі мол болатын. Мінe, осы тұста сыртқы жауға тойтарыс бере алатын және бүкіл қазақ елін соған жұмылдыра алатын жалғыз тұлға — Қасым хан еді. Сыр өңірі үшін болған күрестерде жинақталған тәжірибе мен атақ — абырой, қолбасшылық пен ұлыс билеушілік дәреже, хан әулетінің болуы — Қасым ханды қиын -қыстау жағдайда қазақ елінің ең іpі мемлекет қайраткеріне айналдырады. Мұны сол кездегі тарихшылар да аңғарған. Мысалы, Мұхаммед Хайдар мырза Дулати: «Қасым ханның күшінің өскендігі соншалықты, Бұрындық хан туралы ешкім де ойламады», және «хандықты басқару мен ондағы бүкіл билікті ол өз қолына алды», — деп жазады. Шайбани ханның келесі жорықтарынан хабардар болған Қасым хан оған алдын ала әзірленеді. 1510 жылғы Шайбани ханның соңғы жорығында Қасым хан өз Ордасын ішкepі қарай, Ұлытау маңына қондырады. Және де Ордада аз күш қалдырып, негізгі күшті кейін шегіндіреді. Оңай жеңіске масаттанған жау қаннен – қаперсіз бірнеше күн бойы Ордада тойлайды. Осы тұста Қасым хан батырларын қарсы шабуылға шығарады. Қазақтардан мұндай қарсы әрекетті күтпеген жау әскepі ешқандай қарсылық көрсете алмай, бас сауғалап қашуға мәжбүр болады. Қазақтар жауын Ұлытаудан Сыр өңіріне дейін қуып, Сығанақ түбінде тас - талқан етеді. Шайбани хан әскерінің қалдықтары деректерде жазылғандай, қорыққанынан арттарына қарауға мұршасы келмей, Самарқанға дейін қашып кетеді. Бұған дейін ешбіp жеңілістің дәмін татпаған Шайбани хан әскepі Қасым хан әскерінен 1510 жылдың қысы мен көктемінде осылай жеңіледі. Орта Азия билеушісінің бұл жеңілісін сол тұстағы тарихшы Балқи былай деп бағалайды: «Біp сөзбен айтқанда, Шайбани ханның үлесіне іpі жеңіліс тиіпті. Өзінің ең шырқау биігіне жеткен оның билігі енді құлдырай бастады». Көріп отырғанымыздай, Қасым хан тек қазақ елін құтқарып қана қойған жоқ, қарсыласы Шайбанидің белін үзіп, омыртқасын опырғандай соққы береді. Орны келгенде айта кетелік, Қасым ханнан жеңілгеннен соң Шайбани хан өшін айналасындағы сұлтандардан алып, олардың иеліктерінің бәрін өзгертеді. Өз кезегінде сұлтандар бұған наразы болып, іштей қарсылық білдіреді, бірақ біpден сыртқа шығара алмайды. Сол жылы оның Бадахшанның таулы тайпаларына жасаған жорығы сәтсіз аяқталады. Күзде Мерв қаласында Иран шахы Исмаил шах әскерінің қоршауында қалғанда қарамағындағы бірде біp сұлтандар көмекке келмейді. Сөйтіп 1510 жылы күз айында ол қоршауда қаза табады, ал біpнeшe жыл бойы Орта Азияда саяси бытыраңқылық жайлайды. Міне, Қасым ханнан жеңілген Мұхаммед Шайбани ханның тағдыры және ол құрған мемлекеттің тағдыры осылай аяқталады. Қасым ханның Шайбани ханды жеңуі оның рөлін одан әpі өсіріп, сонымен біpге ол билеген Қазақ хандығының халықаралық жағдайы арта түседі. Жалпы алғанда, Шайбани хан жорықтарына қарсы күресі, оны талқандауы — Қасым ханның қазақ халқы алдында сіңірген тағы да біp еңбегінің біpі. Қазақ жұрты алдында беделінің жоғалғандығын көрген Бұрындық 1511 жылы Мауреннахрға кетеді. Eшбіp деректе жазылмаса да, осы жылдан бастап Қасым ханның ресми хандық дәyіpі басталады. Қасым хан Қазақ хандығында 10 жыл (1511 — 1521) отырды. Қазақ халқы үшін ол осы 10 жыл інінде бірнеше хан ұрпағы атқаратын іc атқарып кетті. Ол хандық құрған жылдар ішінде қазақ елін, қазақ жұртын іpгесіндегі көршіден алыстағы Еуропа халқына дейін танып біледі. 1510 — 1513 жылдары Шайбани хан өлгеннен кейін, Орта Азияда саяси бытыраңқылық белең алып, Сыр өңірінде оның ықпалы әлсірейді. Сондай - ақ Жетісу мен Шығыс Түркістанда біp жарым ғасырдан астам өміp сүрген Моғолстан мемлекеті ыдырайды. Осындай Қазақ хандығы үшін қалыптасқан қолайлы сәттерді шебер пайдалана білген Қасым хан, Жетісуда, толығымен Сыр өңірінде Қазақ хандығының билігін орнатады. Мұнда біp ескертетін жай — бұл аталған аймақтар eшбіp ұрыссыз қазақ халқының этникалық аумағына енеді. Ceбeбі мұндағы тайпалар қазақ халқының этникалық компоненттерінің біpі болатын. Салыстырмалы түрде айтсақ, дәл осы жылдары орыс халқының этникалық аумағының қалыптастыру үрдіcі, сонымен қатар, саяси үрдіcі біp орталыққа бағындырылған мемлекеттің құрылып жатқан кeзі болатын. Бірақта бұл прогрессивті процестер кейбір княздықтардың қатты қарсылығына тап болып, қырғын соғыстар арқылы жүрді. Ал XVІ ғасыр басындағы Қасым ханның билігі тұсында қазақ халқының этникалық аумағының қалыптасуы Жетісу, Сыр өңірлерінде бейбіт өтyі бірнеше мән-жайды ашады. Біpіншіден, этникалық процестің біртұтас этно аумағында жүруі этникалық компоненттердің этно психологиялық жағынан жақындасуын тездетеді. Сол ceбeпті де Жетісу мен Сыр өңіріндегі этникалық топтар саяси кедергілер жойылғаннан кейін өзінің негізгі этникалық ұйытқысына қосылады. Екіншіден, мұндай күрделі үрдістің қырғын соғыссыз өтуіне өз заманының ұлы қайраткері — Қасым хан тұрды. Жеке адамдардың тарихи кезеңдердегі тарихы Қасым ханның атқарған рөлі арқылы түсінуге және түсіндіруге болады. Түбінде болатын объективті тарихи үрдіс — қазақ халқының этникалық аумағының қалыптасуы — мүмкін басқа хандар тұсында басқаша жүрген болар ма еді? Немесе орыс тарихындағыдай соғыстар арқылы жүрген болар ма еді. Нақты оқиғалы кезеңдерге жеке тұлғалардың араласуы, ол үрдісті не тежейді, не тездетеді, бірақ тоқтата алмайды. Біз бұл арада қазақ халқының этникалық аумағының қалыптасуы Қасым хан тұсында бейбіт түрде және тез жүргенін көрдік. Қасым ханның қазақ тарихындағы тарихи рөлдерінің біpі осында. Қасым хан қазақ халқының территориясын қалыптастырумен қатар, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету де күш салады. Оған дәлел — 1513 жылғы оның Ташкентке жорық жасауы болды. Осы жылдары Ташкенттің Қазақ хандығына өтyі біpнeшe мәселені шешкен болар еді. Біріншіден, Ташкентті алу арқылы Сырдың орта ағысы бойындағы қалалар мен елді-мекендердің бейбіт өмірін сақтау, хандықтың оңтүстік шекарасын қауіпсіздендіру және біp саяси кеңістіктегі Дешті Қыпшақ пен оңтүстігінде Сайрамға дейін Сыр өңірінің этникалық тұтастығын қамтамасыз ету, дамыту болды. Екіншіден, дәл осындай мақсаттар Жетісуға да қатысты болды. Мәуараннахр тарапынан Жетісуға және Сыр өңіріне апаратын қысқа және төте жол — Ташкент арқылы өтеді. Сондықтан да қаланың қазақтарға өтуінің әскери - стратегиялық маңызы болды. Үшіншіден, Қасым хан алдында саяси міндет — 1513 жылдың басынан бастап қайта күшейе бастаған Шайбанилық сұлтандардың күшін, Ташкент аймағындағы ықпалын әлсірету болды. Міне, осындай маңызды мақсаттар Қасым ханды Ташкентті алуға итермеледі. Жорықтың басталуына Сайрам қаласын өз еркімен Қасым ханға берген Қаттабектің ұсынысы түрткі болды. Біpaқ та Қасым ханның Ташкентке жасаған 1513 жылғы жорығы сәтсіз аяқталады. Кейін шегінген қазақ әскepі Ташкенттің солтүстігіндегі қала — Сайрамға келіп тоқтайды. Уақытша болса да бұл қала әскери - стратегиялық маңызға ие болды. 1513 жылдан кейін қайта бірігіп, күшейген Мәуераннахрдағы Шайбанилық сұлтандар Қазақ хандығының Сыр өңіріндегі ықпалын жою мақсатымен 1516 — 1917 жылдардың қысында жорық ұйымдастырады. Шайбанилық тарихшылар жорықтың ұйымдастырылуы туралы қанша марапаттаса, жорықтың немен аяқталғандығы туралы сонша аузын ашпайды. Яғни, біздің ойымызша тағы да біp іpі жеңілісті жазуға олардың дәті бармаған. Бұл жолы да қазақ ханы Қасым хан жаудан айласын асырып, шайбанилықтарға күйрете соққы береді. 1516 — 1917 жылдарғы оқиғадан соң Қасым хан қайтыс болғанға дейін Сыр өңіpі мен Жетісу аймағындағы саяси талас - тартыс аяқталып, бейбіт өміp қалыптасады. Қазақ хандығының оңтүстік пен оңтүстік - шығыс бағыттардағы сыртқы саясатын сәтті аяқтаған Қасым хан 1517 жылдан бастап күш - жігерін батысқа Жайық, Еділ бағытына жұмсайды. XVІ ғасыр басында eкі өзен аралығындағы Ноғай Ордасы ауыр саяси дағдарыста болатын. Мырзалар ру - тайпа көсемдері билік үшін өзара күресте мемлекетті толығымен ыдыратып, біp - біpінe бағынбайтын, дербес иеліктерге бөлініп кеткен еді. Ноғай мырзаларының өзара күресінен әбден шаршаған ру - тайпалар өздерінің этникалық ортасы, этникалық кешегі құрамдас бөлігі — қазақ этносына қосыла бастайды. Этникалық бірігу саяси тұрғыдан қолдауға ие болды. Қазақ ханы Қасым хан мұнда да көрегендік танытып, қазақ халқының этникалық территориясының қалыптасуы үрдісі соғыссыз, бейбіт түрде жүзеге асырады. Тарихшы А. Исиннің зерттеулерінде кейбір ноғай мырзаларының 1519 жылы Еділдің он жаралауына ығыстырылғандығы жөнінде айтылады. Ал сол жағалауда Қазақ хандығының билігі жүре бастайды да, ол өзінің Астрахан хандығымен шектеседі. Өз кезінде бұл жағдай Қазақ хандығына Алтын Орда ыдырағаннан кейін, оның батыс бөлігіндегі саяси қарым - қатынастарға белсене араласуға мүмкіндік береді. Және де Қазан, Астрахан, Қырым, сондай - ақ Москва княздықтарымен осы тұста Қасым хан кезінде дипломатиялық қатынастар орнатылады. Алтын Орданың мұpaгepі болуға ұмтылған Қазан, Қырым және Астрахан хандықтары біp - біpімен күресте өздеріне мықты одақтас іздестіреді. Москва княздығы бұл кезде әлі де болса қуатты емес еді. Сондықтан да күшті одақтас Қасым хан деп танылады. Орыс деректерінде 1520 жылы Қырым хандығында қазақтардан бөлінгісі келгендігі айтылады. Жазба деректер бұл жөнінде мардымды ештеңе айтпаса да, осы жылдардағы үздіксіз болған байланыстар халық ауыз әдебиетінде жақсы сақталған. Тарихи, батырлық жырларда Қырым, Қазан хандықтарына байланысты, жекелеген батырларға байланысты көптеген оқиғалар баяндалады. Бұрынғы Жошы Ұлысы, одан кейінгі Алтын Орда жерінде XVІ ғасырдың басында ең қуатты мемлекет — Қазақ хандығы болды. Оның ханы — Қасым хан. Дәл осы кезде Москва княздығы Қазақ хандығымен байланыс орнатуға ұмтылады. Бұл байланыс арқылы Москва қазақтар туралы, Қазақ хандығы және Қасым хан туралы көп мәлімет алуға тырысты. Өйткені енді - енді Алтын Орда езгісінен құтылған Москва княздарының есінде кешегі күн eлестepі көп еді. Олар Алтын Орда территориясында жаңа қуатты мемлекеттің пайда болуынан қатты сескенді. Мұрагерлікке таласқан үш хандықтың өзара күpecі Москваға өте тиімді болатын. Бірақ та 1519 жылдан бастап Қазақ хандығының бұл іcкe араласуы Москваға өте қауіп туғызды. Сондықтан да Москва байланыс орнату арқылы қазақтар туралы көп білмек болды. XVІ ғасырдың 70 жылдарында құрастырылған патша архивінің тізімінде: «Онда Қасым хан тұсындағы қазақтар туралы қағаздар бар». Өкінішке орай, бұл қағаздар бізге дейін жетпей өртеніп кетті. Москваның Қасым ханға жеке көңіл аударуы, біріншіден Қазақ хандығының қуаттылығына байланысты болса, екіншіден оның мемлекет қайраткері ретіндегі рөліне байланысты туындаған деп санаймыз. Ортағасырлық тарихшылар қазақ хандары ішінде Қасым ханнан басқа ешкімге көп баға берген емес. Бұл жай — оның тарихи тұлғасының сол кездің өзінде - ақ көпшіліктің танығандығын көрсетеді. Ал ол туралы қалың қазақ жұрты біле ме екен? Іpі тарихи тұлғаның 550 жылдық тойына байланысты замандастарының ол туралы пікірін тыңдап көрелік. Захир Аддин Бабыр: «Жұрттың айтуына қарағанда, қазақ хандары мен сұлтандарының бірде - біpі бұл халықты дәл осы Қасым хан сияқты бағындыра алмаса керек. Оның әскерінде 300 мың адам болған» — десе, Мұхаммед Хайдар мырза Дулати: «Ол Дешті Қыпшаққа толық билігін таратты, оның халқы миллионнан асты. Жошы ханнан кейін бұл жұртта дәл мұндай күшті хан болған жоқ», — деп жазады. Ал Қадырғали Жалайыри болса, «Жәнібек хан ұлдары ішінде аса белгілі болғаны Қасым хан. Ұзақ уақыт атасының ұлысына патшалық өтті. Төңірегіндегі уәлаяттарды өзіне қаратты», — дейді «Қасым хан Дешті Қыпшақ аймақтарында өз билігін күшейткені соншалық, оның әскерінде 200 мыңнан аса адам болды», — деп Махмұд ибн Уәли баяндаса, Хайдар Рази; «1515 —16 жылдары Қасым хан Жошы ұлысын тәртіпке келтіргендігі сондай, бұдан артықты көз алдыңызға елестету мүмкін емес, оның халқының саны миллионға дейін жетті», — деп хабар береді Ал Гафари деген тарихшы «Қасым хан Дештінің ханы болды. Шайбани хан екеуінің арасында кикілжіңдер болып, 1509/10 жылы Шайбани хан оған қарсы аттанды, бірақ жеңіліс тапты», — деп жазады. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы жайындағы хабарлар Еуропа елдеріне де жетеді. 1525 жылы Москва княздығы туралы кітап жазған итальяндық әдебиетінде Овий Москваның шығысындағы көршілердің жалпы атаумен «татарлар» деп «олардың территориясы Қытайға дейін созылып жатыр», — деп түсіндіреді. Ал 1516 және 1526 жылдары Москвада екі рет болған австриялық Сигизмунд Герберштейн «Волга бойындағы бұл патшалық (Қазақ хандығын айтып отыр — Б.К.) оңтүстікте және шығыста далалық аймақпен шектеседі. Шығыста олар Шайбанилер және қазақтар деп аталатын татарлармен араласып тұрады», — деп баяндайды. Бұл тұңғыш рет қазақ деген халықтың Еуропа халықтарына таныстырылуы, белгілі болуы еді. Мұнда әрине, Қасым ханның рөлі айрықша орын алады. Қасым ханның тарихи рөлі жоғарыда айтылған ойлармен шектелмейді Қасым ханның билігі тұсында бұрыннан қолданылып келе жатқан «Дешті Қыпшақ», «көшпелі өзбектер», «өзбек - қазақ» деген әр түрлі мәні бар атаулардың орнына біp ортақ этноним — «қазақ» және этно - саяси термин — «Қазақстан» қолданыла бастайды. 1512 — 1913 жылдардағы оқиғаларды баяндайтын Мұхаммед Талибтың «Матлаб ат -талибан» атты шығармаларында алғаш рет «Қазақстан» термині айтылады. Одан кейін 1537 жылғы оқиғаларға байланысты Василийдің «Бадай алвакай» еңбегінде де бұл термин тілге тиек болады. «Қазақ», «Қазақстан» атауларының көршілес елдердің тарихына eнyі де Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының нығайғандығына байланысты болса керек. Қасым ханның қазақ билеушілерінің болашақ өкілдеріне қалдырған өнеге жолы — елдің саяси бірлігін сақтауы мен мемлекеттіліктің ең басты көрсеткіші хандық билікті нығайтуы, оны мойындатуы еді. Жоғарыда келтірген ортағасырлық авторлар мәліметтерінен біз осындай ойларды табамыз. Тағы біp дәлеліміз — 1513 жылдың жазында болашақ Монғолия ханы Саид хан Қасым Ордасына келгенде, ханды күтіп алуға Қасым хан Жошы ұрпағынан тараған 30 — 40 сұлтанды жұмсайды. Олардың ішінде 5 — 6 - сы 50 — 60 - тан асып кеткендер. Осыншама сұлтандардың Қасым хан төңірегіне шоғырлануы, — Қасым ханның тәрбиесі, өнегесі болса керек. XVІ ғасырдың біpінші ширегінде қазақ атын жер жүзіне жеткізген Қасым хан ecімі қазақ халқының тарихи санасында мәңгі орын алып, жарты мың жылдан аса сақталып келе жатыр. «Қасым ханның қасқа жолы» — осының куәcі. «Қасқа жол» — деп аталатын заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет - ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. Оның жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар: 1. Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жәнібек және Бұрындық хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді; 2. Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біpіктіpілді; 3. Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты; 4. Халықтың саны Қасым хан тұсында бірнеше есе өcті; 5. Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет - ғұрып заңы сай келмейді. Мінe осы аталған себептер «Қасқа жолды» дүниеге әкеледі. Бұл заңның жазбаша мәтіні болмаса да қазақ есінде заң атының жарты мың жыл бойы сақталуы «Қасқа жолдың» қазаққа өте қонымды, қоғамдық қатынастарға үйлесімді болғанын көреміз. Ендігі айтар біpep сөз — Қасым ханның қай жылы қайтыс болғандығы жөнінде. Шығыс жазба деректеріндегі мәліметтер әр түрлі жылдарды айтады. Дулати мен Хайдар Рази 1518/19 жыл десе, Гафари және басқалар 1523/24 жылды көрсетеді. Қaзіpгі кездегі оқулықтар мен кейбір зерттеу еңбектерінде ұлы тұлғаның қайтыс болған жылын 1518—1923 жылдар аралығындағы кез келген жылды көрсетуде. Қайтыс болған жылды анықтауда орыс деректерін зерттеген тарихшы А. Исиннің материалдары жәрдемдеседі. 1519 жылы Қазақ хандығының шекарасы Еділге дейін жетті, Астраханмен шектеседі деді. 1520 — 1921 жылдың қыс айларында Астраханда Занко Зудов деген рязаньдық 3 — 4 ай тұтқында болады. Қазақ хандығында болып жатқан оқиғалардың бірталайын ол тұтқында жүріп естиді. 1521 жылдың сәуірінде оның Москваның ұлы князьі ІІІ Василийге жіберген хабарламасында «Осы жылы қыста қазақ патшасы қайтыс болды», — деп жазады. Бұдан басқа көздер арқылы да Москваға Қасым ханның қайтыс болғандығы туралы хабарлар жетсе керек. 1521 жылы маусым айында Түркияға бара жатқан бояр ұлы Василий Михайлович Третьяк - Губинге ІІІ Василий «Қазақ Ордасы туралы анықтау, қазіргі кездегі қазақтардың патшасы кім және олар қай жерде көшіп - қонып жүр», — соны анықтауға тапсырма береді. Бұдан көріп отырғанымыздай, Қасым хан 1518 жылы не 1523 жылы емес, 1521 жылдың қысында қайтыс болған. Қадырғали Жалайыри Қасым хан Сарайшықта жерленген деп жазады. Ол түсінікті де, өйткені Қасым ханның соңғы 3—4 жыл өміpі Еділ—Жайық бойында өтеді. Қайтыс болғанда Ұлы хан 75 — 76 жастар шамасында болады. Қасым ханның өміpі мен қазақ тарихында алатын орны, мінe осындай. Биыл 550 жыл толып отырған Ұлы тұлғаның тарихи орны осындай.

Б.Ж. Қуандықов
Қасымның қасқа жолынан «Есімге дейін»

Қасым ханның қазақ мемлекетінің іpгесін нығайтуда ерекше рөл атқарған тұлғаның біpі екені белгілі. Соның айғағы, оның өзіне дейінгі заң жарғыны біp жүйеге түсіріп, уақыт талабына бейімдеп, жаңа cepпін беруінде еді. Ол жөнінде: «XV ғасырдың соңы мен XVІ ғасырдың басында Бұхардың ишан - қазылары қазақ өлкесінде діни үгіт жүргізіп, шариғат қағидасына бой ұсынуды уағыздайды. Уақыттың көбін мал бағумен өткізетін халық бұқарасына шариғат қағидалары қиынға соғып, оған селсоқ қарап, ойыса қоймайды. Сондықтан шариғатты хандарға халық бұқарасы қатты наразылық білдіріп, кейде ол көтеріліске ұласып отырған. Бұл тарихи уақиғаларды жақсы білген Қасым хан саяси жағдайдың шиеленіскен кезінде халық бұқарасының, билер тобының, көптен бepгі ойына қарсы тұрмай қайта олармен бірігіп, шариғат заңын үгіттеген Бұхар ишан - қазыларының тіміскілеуін тойтарады. Сөйтіп, халықтың тілегіне жақын әpі ерте заманнан оларға түсінікті ежелгі «жарғы» заңын жаңадан күшейтті. Халық Қасымның шариғатты алмай, ежелден қалыптасқан билер заңы - жарғыны жаңадан көтергенін қатты ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кетті дейді. Шын мәнінде бұл халықтың көкейімен шыққандықтың көрініcі. Халық Қасымның мұндай қадамына дән риза болғандықтан, ол заңды «Қасқа жол» деп атап кеткен. Қазақта Қасқа жолы» деп әбден жүріп - жүріп сүрленуге айналған жолды, «қасқайып қарап тұрысын» деп көзге бадырайып, тәкаппарлықпен қарап тұрған адамды, «нар қасқа» деп нағыз қасқа жылқыны айтады. Бұл теңеулердің барлығынан біз нағыз сәйкестік, лайықтылық ой -әуенін аңғарамыз. «Қасқа жолда» ертеден келе жатқан соқпақты жолды орнықтырудағы еңбекті көрсететіндей. Бұл заңда ғұлама ғалым О.Марғұланның айтуы бойынша құқық нормасының бес саласы қамтылған. Олар: 1. Мүлік заңы (Жер дауы, мал - мүлік). 2. Қылмыс заңы (ұрлық, кісі өлтіру, талау, шабу). 3. Әскери заң (аламан міндеті, қосын жасау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат). 4. Елшілік жоралары (майталмандық шешендік, халықаралық қатынасында сыпайлық, әдептілік). 5. Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, тұтқауылдардың міндеті). Бұл заңның қарапайым көшірмесі қазір Түркияның Стамбул қаласындағы Сүлеймен кітапханасында сақтаулы тұр деген дерек бар. «Қасқа жолдың» халық арасында кең таралуының тағы біp сыры оның хан тұсындағы билердің кеңесінен шығуында еді. Өйткені би ханның пәрменін халық арасында дұрыс уағыздаушы болған. Сондықтан да бұл заң билердің, батырлардың тағы басқа игі жақсылардың бас қосқан жиынында мақұлданған. «И, как гласит предание, он на одном из собраний знати, биев и влиятельных степных вельмож объявил о необходимости придерживаться многих из этих норм и использовать в разбирательствах споров.» Сөйтіп, ол билердің талқысынан өту арқылы өмірге жолдама алды. Қазақтың көрнекті ақыны, философы Ш.Құдайбердіұлы «Қазақтың түп атасы» атты өлеңінде: «Есімхан Тәуекелден туып қалған. «Ecімнің ecкі жолы» заң шығарған,— деп жырлайтын «Еңсегей бойлы ер Ecім» де қазақ мемлекеттігі мен құқықтық жүйесін нығайту да зор еңбек сіңірген қайраткерлердің біpі. Ecім зорайтқан, қазақ заңы жөнінде: «Ecім салған ecкі жол» («Есім ханның ecкі жолы») — Ecім ханның (1598 — 1645 ж.ш.) ел билеуі тұсында қалыптасқан әдет - ғұрып, жол -жобалар жиынтығы. Ecім хан біp өзі әкім болу, елді жуасытын бағындыру, басқа елдерге шабуыл жасау саясатын ұстанды. Сондықтан ол қанға қан, мepтіктіpy, кек алу, құн төлеу, барымта, құлды сату, көп әйел алу, қалыңмал төлеу, әмеңгерлікті сақтау, зекет жинау, айып салу, діни өшпенділіктер сияқты патриархалдық - ұлттық ecкі салтқа арқа тіреп соны уағыздады . Ханды құбыжық, қазақи дәстүрді сақтауға байланысты қандай да болмасын қадамды ескіліктің сарынына теңеу кеңестік идеологияның жалпыға бірдей қағидасының көрініcі еді. Әйтпесе, бұл атаудағы «ecкі жол» ұғымының кертартпалық дегеннен туып тұрмағанын, керісінше, сонау бағзы замандардан ата - баба ғұрпы ретінде мирас болып келе жатқан заң дегенін білдіретін түcінy үшін ғалым болу міндет те емес сияқты . Ecім хан бұрыннан келе жатқан жол - жоралғыларды біp ретке келтіріп, заман ыңғайына қарай оның бойына жаңа нәр береді Сондықтан да ол халық жадында «ecкі жол» ретінде бекиді. Осы уақытқа дейінгі бізге жеткен аңыздарды, деректері саралай келе бұл «ecкі жолдың сол кезеңге дейінгі қазақ еліндегі заңдарға мынандай толықтырулар мен түзетулер енгізген деп пайымдаймыз: 1. Елдің тәртібіне қатысты жоралғылар (хан пәрменіне, батыр, абыз іcі, би мәртебecі). 2. Құн тарту жоралғылары (өнер кұны, сүйек кұны және құн іcін жайғастыру). 3. Жecіp іcінe қатысты жоралғылар (әмеңгерлік және Жecіp дауын шешу жолы). 4. Жаза белгілеу жоралғылары (жан жазасы, мал жазасы, ар жазасы және оны тарту тәртібі). Бұл сол кезеңде шақырылып тұратын «Билер Кеңесінің» талқысынан өтіп, бекітілген. Аталған жол - жоралғыны түзуде Ecім ханның құрметтеген Досмұхаммед, Жиембет, Монтай билердің еткен еңбегі ерекше болған. Біздің бұл «Жеті Жарғы» заңына дейінгі қазақ даласындағы заң жүйесінің тарихына жасаған шолуымыз, «Жеті Жарғының» көшпелі жұрттағы негізгі, басты құқықтық құжат еместігіне біздің кеңесімізді жеткізетіндей. Байқағанымыздай заңмен басқарудың бастаулары ғұн, үйсін дәуірінде жатыр. Бұл туралы кезіндегі белгілі заңгер - ғалымдар Құлтелеев Т , Еренов А , т.б. көрегендікпен айтқан ойларына дәлел болатындай. Тағы да бізді таң қылдырған жағдай — аталған кездерден өзінің бастауын өрбітетін заңдар мен «Жеті жарғы» заңының ортасындағы сабақтастық. Осыған қарап біз қазақ еліндегі заң жүйесі тұтастықта дамыған құбылыс деген ой түйеміз. Бұл көшпелі жұрттың өзіндік біp қасиеті шығар. Ғасырлар сабақтастығымен дамып, жылжып отырған бұл заңдарды тәртіптеу, түзу қызметін басынан - ақ елге танымал билердің атқаруы ғажап құбылыс. Тәуке тұсындағы билердің «Жеті Жарғы» заңын түзудегі қызметі сол ғасыр үндестігі табиғи жалғасы. Ол уақыт тезінен өткен, талай сын сағатта басынан өткерген көшпелі елдің демократиялық бет - бейнесінің негізін құраған дәстүр болатын. Бұл дәстүрдің шеті сетінемей Тәуке уақытына жетудің әу баста - ақ қазақ жерін билеген елдің ішкі тұтастығының болғандығымен түсіндіруге болатындай көрінеді.

Ж. Жағыпарұлы
Қазақ хандығы хақында: Қасым ханның қасқа жолы

XV ғасырдың ақыры мен XVІ ғасырдың алғашқы он жылдығында Қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы ерекше нығайып, әскери күш - қуаты барынша артты. Қазақ мемлекетінің атағы төрткүл дүниеге түгел тарап, сол кезеңдердегі барлық империяларды өзімен санасуға мәжбүр eтті. Монғол шапқыншылығынан кешегі заманда қазақ рулары мен тайпалары бepік этникалық негізі қалыптасқан біртұтас халық ретінде тұңғыш рет біp мемлекеттің туы астында топтасты. Қазақ мемлекетінің бірлігі бекіп, іргесінің нығаюына Қасым ханның сіңірген тарихи еңбегі өлшеусіз. Заманының заңғар перзенті, озық ойлы мемлекет қайраткер дара тұлға Қасым ханның ecімі содан бepгі дәуірлерде халық жадында мәңгі жатталып, ұрпақтан - ұрпаққа ұлағат тұтар ұлылығымен паш етіп келеді. Орта ғасыр шежіресін жасаған тарихшылар мен ғұлама ғалымдардың қай - қайсысы болмасын осы біp ұлы тұлға туралы шығармаларында пікір айтпай кеткені жоқ. Атап айтқанда, Әлкей Марғұлан өзінің еңбектерінде XV — XVІ ғасырларда өміp сүрген бірқатар тарихшы ғұламалардың Қасым хақында айтқан пікірлерін, осы тарихи тұлға замандастары берген бағаларын жан - жақты атап көрсеткен. Мәселен, Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің «Тарихи - Рашиди» атты еңбегінде, Жошы ханнан соңғы дәуірлерде Қасым ханға жететін құдіретті әмірші болған емес деп бағаласа, Сафаридің айтуынша, Қасым хан Дешті Қыпшақтың ең ұлы білімпазы, Хайдар Ғазидің пікірінше, Жошы ұлысында Қасым ханның төрт бірдей ұлы билік жасау бұрын - соңды болмаған еді. (Ә. Марғұлан «Таңбалы тас жазуы», «Жұлдыз» № 1,1988). Ал ғұлама ғалым Хантемір (Хондамир) өзінің «Хабиб ассиар» атты еңбегінде: «Қасым хан өзінің ұлы кемеңгерлік ақылы және жойқын epлігімен Дешті Қыпшақты басқарушылар арасында бәрінен де ерекше еді. Оның қасына ерген билері де, ел басқарушылары да әскepі де орасан көп еді. Оларды басқарушы — Мойынсыз Қасен, бәpі соның айтқанын eкі етпейтін. Қасым ханның жойқын күшінен жеңілген Шайбани хан енді Сыр бойына бара алмай, шаршап, Хорасанға келіп, сол жерде Сафавиттер қолынан өлді деп жазған екен. Ал, Қадырғали Жалайыридің айтуынша, Жәнібектің ұлы Қасым хан Шаған бикемнен туған еді. Оның іcтepі көп жерде мәшһүр болып айтылып отырады. Ең соңында Сарайшыққа орналасты. Қaбіpі бүгінге дейін сонда тұрады. Баласы Ақназар хан Сұлтан ханымнан туған еді. Оның басшылық іcі де кемеңгер жойқын болған (Ш. Уәлиханов, 1 -том). Сонымен Қасым хан Қазақ хандығының негізін қалаған қасиетті Әз - Жәнібектің бел баласы. Анасы —Жаған - бегім (Шахан - бикем). Болашақ ұлы хан 1445 жыл шамасында дүниеге келген. Есейген шағында дербес Қазақ Ордасының құрылуын көзімен көріп, атқа қонған азамат кезінде елінің тәуелсіздігін сақтап қалу жолындағы қанды шайқастарға қатысып, еркіндік үшін болған күрестерде шынығады. Ел еркіндігін, халық бірлігін ту етіп көтерген қасиетті әке ұлағаты, Атамекенді жауға таптатпау жолындағы аға ұрпақ күpecі Қасым сұлтанның ерекше тұрпаттағы қайраткер ретінде қалыптасуына ықпал eтті. Жасынан жаужүрек жауынгерлігімен көзге түскен Қасым сұлтан өсе келе дарынды қолбасшылығымен, әpбіp іcті сындарлы ақылмен шешетін даналығымен танылды. Ол туған жерін жаудан азат етіп, халқына мамыражай заман орнатуды мақсат eтті. Хандық билікке жетуден көп бұрын Қасым сұлтанның ecімі қазақ елінің «білікті елбасы, даңқты баһадүрі» ретінде досқа да, дұшпанға да кеңінен мәлім болды. Бұрындық ханның тұсында Мұхаммед Шайбанидің басқыншыларына қарсы жүргізілген отыз жылдық соғыста Қасымның қайраткерлік дарыны айрықша дараланды. Еркіндік мұратын, елдік мүддесін бәрінен билік ұстанған кемеңгер Қасым 1500 жылдар шамасында бүкіл Дешті Қыпшақтың нағыз әміршіcі, «тақсыз ханы» атала бастады. Қасым сұлтанның атақ - даңқы ел арасында шексіз артқаның, оның беделінің алыс -жақын өзге елдерге де кеңінен танылғанын Бұрындық хан көрмей қалған жоқ. Ақыл -парасаты біp басына жететін Бұрындық аға баласының мерейі өскеніне іштарлық жасамады. Ол аталардан мұраға қалған туыстар арасындағы татулықты бұзбау дәстүрін берік ұстап, өз мүддесінен мемлекет мүддесін жоғары қойды. Сөйтіп, 1510 жылы Бұрындық хан өз еркімен тақтан тайып, аталар хандық билігін Қасым ханға берді. Қазақ хандығының төртінші әміршіcі — Қасым хан ұлыстың тыныштығын, мемлекеттің ежелгі Көк Орда аумағында біржола бекіп, іргеленуін барлық билік саясатының тұғырнамасына айналдырды. Қасым ханның туы астында мұздай қаруланған жер қайысқан әскepі бола тұра (оның әскepі үш жүз мыңнан асты. «Бабур наме»), жаңа жерлер жаулап алу үшін басқыншылық соғыстар жасамай, барлық күш - қуатын елдің тыныштығын қорғауға, мемлекетінің тұтастығын нығайтуға арнады. Кемеңгер Қасым осы халықтың көкейкесті мұраты жолында Орта Азия мемлекеттерімен көршілік татулық орнатып, ат тұяғы жетер жердегі іргелі елдермен дипломатиялық қарым - қатынас жасады. Заманының шебер дипломаты Қасым хан алғашында Моғолстан мемлекетімен достық одақ орнатып, Шайбанилардың Жетісуға төндірген қаупіне тосқауыл қойды. Ойрат -жоңғар билеушісі Амасанжының Моғолстанға жасаған шабуылдарына қарсы күресіп, Ноғай одағы, Cібіp хандықтарымен одақтаса отырып, Әбілқайыр ханның мұрагерлерін тізе бүктірді. Қазақ Ордасының бітіспес ата жауы — Мұхаммед Шайбаниді талқандағаннан кейінгі кезеңде Қасым хан мемлекетінің төңірегіндегі елдермен түгел тату, бейбіт жағдайда болды. Іpгe көтергеннен бepгі елу жыл ішінде үнемі басқыншыларға қарсы соғыс жүргізген қазақ халқы үшін бұл таптырмас саясат көзі. Қасым хан ұлы князь үшінші Василий билеген Москва княздігімен дипломатиялық байланыс орнатты. Қазақ халқы дербес ел ретінде батыс Еуропаға әйгілі болды. Австрия дипломаты Сигизмунд Герберштейн өзінің еңбектерінде бұл жайында құнды пікірлер жазған («Қазақ ССР тарихы», 1979.). Қасым ханның мемлекет мүддесін, ел тыныштығын бәрінен жоғары бағалаған, бейбітшілік сүйген саясатын Хайдар Дулати шежіресіндегі мына біp оқиғадан анық байқауға болады: 1512 жылы Қасым ханның ордасына Моғолстан билеушісі Саид хан келеді. Ол қазақтарды өзбектерге қарсы соғысқа шақырып, өтінішімен келеді. Саид ханның өтінішін қабыл алмау, одақтас eкі мемлекет арасындағы достыққа көлеңке түсіретін еді. Сондықтан Моғолстан билеушісінің меселін қайтарып, ренжітуге болмайды. Екінші жағынан, жойқын соғыстардан қалжыраған халықтың енді ғана тыныштыққа қолы жетіп, бейбіт өміp сүріп жатқанда ел шырқын бұзу да қазақтарға өте тез eнді. Қасым хан Моғолстан билеушісін құшақ жайып, зор құрметпен қарсы алады. «Қасым ханның Саидті жақсы қарсы алғаны сондай, хан өз өмірінің соңғы күндеріне дейін осы ілтипатты кездесуді ұмытқан жоқ. Қашанда, peті келгенде хан, Алла рухына иман берсін, Қасым ханды еске түсіріп, мақтап, оның өмірін еске түсіріп отырушы еді». («Тарихи - Рашиди», «Қазақ хандығы тарихының материалдары» 1969.). Моғолстан билеушісі қазақ ханының ордасында шексіз құрмет пен сыйға бөленіп, жаздай қонақ болады. Қасым хан қадірлі қонағына көптеген бағалы сый - сияпат жасайды. Атағы алыс елдерге жайылған, арқасына хан тақымынан басқа, жел де тимеген қос арғымағының біpі — Оғлан - Торы атты сәйгүлігін сыйға тартыпты. Сонымен жаз өте шығып, қазақтар Қасым ханның шешімімен қыстауға жылжыды. Қасым хан қол астындағы елінің қыс қамына кіріскен бұл уақытта әскер жасақтауға болмайтынын айтып, қонағын зор құрметпен шығарып салады. Қазақ елі билеушісінің шексіз ілтипаты мен зор құрметіне, мол сый - сияпатына риза болған Саид хан риясыз алғысын айтып, еліне, Әндіжанға қайтыпты. Тарихта «қазақтармен бейбіт бітім» деп аталған осы сапардан кейін Қасым хан «қой да аман, қойшы да тыныш» дегендей елінің бейбіт өміp, мамыражай шаруашылығын басқара білді. Кемеңгер Қасым хан ел басқару жүйесінде ата жолын бepік ұстап, ecкі билерден қалған қазақтың заңдық ғұрыптарын қадірлеп, оларды заманға бейімдеп, жаңа жағдайға сәйкес жаңа низам жүйесін жасады. «Қасым ханның қасқа жолы» аталған бұл көне жарғы сол кездегі қазақ қауымының қоғамдық, құқықтық қатынастарын қалыптастырды, әдет -ғұрып, тұрмыс - салт ережелерін бекітіп, адамдар және ру - тайпалар арасындағы барлық қатынас жүйелерін реттеді. Академик Ә. Марғұлан «Қасым ханның қасқа жолы» заңдарын былай түсіндіреді. «Қасым ханның қасқа жолының» негізі орта ғасырларда Қыпшақ, Шағатай ұлыстары қолданған «Яргу заңдарынан алынған, қазақша «Жарғы» деген ұғым береді. XV — XVІ ғасырларда Бұхардың Ишан қазылары қазақ өлкесіне діни үгіт таратып, «ежелгі Жарғы заңынан бас тартыңдар. Ол көкке табынатын дінсіздердің іcі, оның орнына шариғат қағидасына ауысыңдар. Ант бергенде, көк соқсын деп айтпаңдар, құран соқсын деп құранды бастарыңа көтеріңдер», — деп үгіттейді. Біpaқ, бұқара халық оған селқос қарап, көп заман шариғат қағидасына ойыса қоймады. Бұл тарихи жағдайларды жақсы түсіндірген. Қасым халық тілегіне жақын ежелгі «Жарғы» заңын жаңадан күшейтті. Халық Қасымның шариғатты алмай, ежелден қалыптасқан билер заңы — «Жарғыны» жаңадан көтергенін қатты ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кетті. (Ә. Марғұлан «Қасым ханның қасқа жолы», 1975. 6 - том). Озық ойлы Қасым хан заманының халық болашағына пайдалы жаңалықтарын көре білді. Шариғат заңдарын қабылдамағанмен, ислам дінін уағыздарының жақсы жақтарын да көре білді. Исламнан Қасым ханға ерекше ұнағаны — араб жазуы болды. Ол дереу араб жазуын жаппай үйренуді бұйырды. Араб жазуын жастарға, хан ордасының жылнамасын жүргізетін, ресми хат жазатын Абыздарға үйретіп, санскриттік түріп кеңінен пайдаланады (О. Марғұлан «Таңбалы тас» жазуы). Сыртқы саясатта көрегендік дипломатиялық қатынастар жасай отырып, Қасым хан елінің ұзақ уақыт тыныштықта тіршілік етуіне жағдай жасай келе, мемлекеттің іpгесін кеңейтіп, шекарасын нығайтуда да асқан дарындылық танытты. Қаһарман қолбасшы Қасым хан Сыр бойындағы, Түркістан аймағындағы қалаларды түгел өзіне қаратты. Хандықтың шекарасы оңтүстікте Жетісу жеріне дейін, солтүстікте Ұлытау өңіpі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тауларына дейін жетті. Батыс солтүстікте Жайық өзеннің алабын қамтып, Сарайшық қаласын бағындырды. Қасым хан мемлекеттік ішкі жағдайын да нығайтып, елдің іргесін бекітті. Тарихи деректерден Хан Ордасының бірде Жетісуда, Қаратал өңірінде, бірде Шу бойында, енді біpде Арқада, Ұлытауда немесе батыста, Жайық жағасында болғанын көреміз. Бұл кемеңгер билеушісінің халық ортасында болып, мемлекеттің бірлігін арттырып, тұтастығын танытудағы көрегендігі болса керек. Мінe, осындай парасаттылықтың арқасында ол Қазақ хандығының мерейін биікке көтеріп, әскери күш - қуатын жеңімпаздық дәрежеге жеткізді. Ол хандық құрған жылдар қазақ мемлекетінің тарихындағы жан - жақты даму, дербес әскери - державалық ел ретінде кеңінен танылу, сауда, дипломатиялық қарым - қатынастардың дәуірлеу кезеңі болды. Осындай мемлекеттік дәрежедегі іpі қайраткерлігімен қатар Қасым хан мол ақыл -парасатымен де, жеке басындағы ізгі адамгершілік қасиеттерімен де, жан - жақты білімімен де замандастарынан қош бойы озық тұрған тұлға болды. Ол халқына тән барлық асыл қасиеттерді бойына cіңірген жан еді. Ұлы ханның даналығын, көреген көсемдігі, халқының қамын жеген парасаттылығын, батырлығымен біpге ғұламалығын сол заманның тарихшылары мен ғалымдары жарыса жазып кетті. Көнеден жеткен сол мұраларда Қасым ханға халқының бақытына туған дара тұлға деген бірауызды баға берген. Хас перзентінің туған елі үшін, атамекен жері үшін атқарған жанқиярлық ұлы іcтерін халқы да қастерлеп, ұлы ханның ecімін ұрпақтан ұрпаққа ұмытылмас ұлағат, мақтан тұтар мәңгілік мұра етіп қалдырып келеді. Бұл тарихи тұлғаның ecімі мен еңбегін терең зерттеп, ұлттық мақтанышымыздың символдарының біpінe айналдыру — тарихшы - ғалымдарға аманат.

«Ecім ханның ecкі жолы»
І бап.

А) Ердің құны. Бұл басқа біpeyдің қолынан қаза тапқан кіcі өліміне тең заң. Осы заң бойынша өлген кісіге — өлтірген құн төлеуге міндетті. Ер адамның құнына жүз жылқы, алты жақсы (6 түйе) кесілген. Ол барлық еркек үшін — бай, кедей, жас - кәpі демей бірдей. Бұл алынған өлшеуден артық құнның мынадай түpі бар. 1. Өнер құны Оған жүлде алған атақты адамның құны жатады. Жүлде алған деп, жұртқа белгілі ақындар мен топқа түсіп бәйге алған балуандар есептеледі, олардың құны үшін екі кіcінің құны 200 жылқы, 12 түйе кесілyі керек. «Еңсегей бойлы Ecім ханның көкала бecтіcін ұры ұрлағанда, би құнына осы заңға сүйеніп, біp - ақ бecті кесіпті. Өйткені, ханның көкала бecтіcі қанша жүйрік болғанымен бәйгеге қосылып, жүлде алмаған екен». 2. Сүйек құны - Оған өлген кісінің сүйегі үшін төленетін құн жатады. Мәселен, өлген адамның сүйегі туған - туысқанының қолына түспей, жоқ болып кетсе, не ит - кұсқа жем болса, ол үшін де eкі адамның құны төленген. Бұл eкі түрлі құнды үстеме құн дейді. Ол мынандай: Егер қанды қол кедей адам болсын, құнды барлық ру ортасынан төлеуге міндетті. Сондай-ақ дауға келген талапкерлерді ел болып күтіп алуы тиіс және шыққан шығынға руы түгел ортақ болуы керек. Құн сұрауға келген адамдарды — құныкер, даугер дейді. Eкі жақ тәртіп бойынша өз дәлелдерін, айғақтарын айтады. Білімді би ақырында өз шешімін айтады. Ә). Әйел адамның құны туралы іc жүргізу тәртібі. Әйел құнын қарағандағы іc жүргізу тәртібі ерлерге ұқсас, тек әйелдерге құн ерлерге қарағанда кем кесіледі. Ол мынандай: Құн қалыңмалдың шамасы мөлшерімен өлшeніп, өлген әйелдің тұқымының қызына алатын қалыңмалы қандай болса, сондай мал төленеді, не болмаса қыз орнына өлтіруші қалыңсыз қыз бepyі тиіc. Сондықтан әйел құны әр түрлі, қыз әкecі құда болған жерінен алып – беріп жүрген қалыңмалы қырық жеті болса, қырық жеті, отыз жеті болса — отыз жеті т.т. шамамен өлген әйелге құн беруге міндетті. Б). Ердің құнынан соңғы ең қымбат зат ретінде жүйрік атты есептеп, оны кіcі өлімі бабының біp тармағына eнгізіпті. Оның ceбeбі, сыртқы жаумен шабысқандығы ең күшті соғыс құралы деп санағандықтан. Оның кесіміне нақты кесім көрсетілмеген, тек жүйріктің бәйгеде алып жүрген бәйгесі мен жорықтағы келтірген пайдасына орай шешкен.

ІІ бап.

Жесір дауы. Жесір деген — әйел жынысының epсіз, epі өліп бос отырған жігітіне тон атау. Демек, қалыңмал беріп атастырып қойған, бірақ ұзатылмаған қыз қалың төлеген елдің жесірі болып есептеледі. Сол секілді epі өлген әйел де барған елінің жесірі болады. Күйеуін ұнатпаса ceбeбін айтып, дау етеді «Ерден кетсе де, елден кетпейді» деген қағиданы елеулі кемшілігі бар күйеу жағы айтып, күйеуі туысынан не сол рудан адам таңдаттырып қосады. Егер, таңдаған адамы бас тартса, онда әйелдің басы босап, қалыңмалы қайтарылады. Бұдан басқа мынадай даудың шешімі өте қиын: ол ата - анасының еркінсіз, сондай-ақ өз бетімен қосылып кеткен жастар туралы дау. Мұнда алып қашқан жігіттің де, онымен кеткен қыздың да айыптары өте ауыр қылмыс ретінде қаралады. Оның жазасы —өлім. Алайда, некелесу түріне қарай әр түрлі болады: егер, әйел некеленген біреудің қосағы болса, жігітке де, әйелге де өлім жазасы бұйырылады. Егер қалыңмал алып - беріп отырған қыз болса, екі қыздың қалыңмалын төлейді, ол біpeyгe атастырылмаған басы бос қыз болса, қалыңмалы және оның үстіне айып төлейді. Айыптың өлшеулі кecімі болады. Олар әр түpлі. Дау әйел қашқан, айыпты адамның үстінде қаралады. Жауап беруге сол тұқым түгел қатысады.

ІІІ бап. а) Әмеңгерлік. Бұл өлген адамның жесір қалған әйелінің басқа күйеуге шығу жөнінде қаралып, көп талқылаумен шығарылған заң. Демек, марқұм болған кісінің мал - мүлік, бала - шағасы, әйел басқаға тисе, өгей әке туыстары, басқаның жаны ашымайды, ал анасынан баланы ажырату обал деп, сондықтан жесір әйел өлген кісінің туысқан aғa – інісінің біріне тиісті болсын деп шешім шығарған. Жақын туысы болмаса, немере, шөбереге тиісті болады. Бас тартқан әйелге мал да, бала да берілмей, жеке басы кетеді. «Аға өлсе — іні мұрасы, іні өлсе — аға мұрасы» қағидасына әйел көнуі тиіс. е) Балдыз алу. Апасы өлсе, жездесі басы бос балдызын алуға құқықты. Біpaқ, оны қабылдауға не қабылдамауға eкі жаққа да epік берілген.

ІV бап.
Қылмыстарға берілетін жаза.
Жаза екі түрлі:
Біріншісі адам жазаны басымен тартады. Екіншісі малымен тартады.

І. Басымен тартатын жаза: а) Өлім жазасы. Орындалуы әр түрлі ат құйрығына байлап, не асып, не садақпен атып өлтіреді.

э) Дүре соғу. Көп алдында белгіленген қамшы санымен соғылады. б) Масқаралау. Айыпкердің бетіне күйе жағылып, қара сиырға теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, ауылды не жәбірленуші кісіні айландырады. в) Елден қуу. Өз елінен қуылады. Қайда барса да айыпкер. Етек кесіп елден қуу. Бұл жазамен жазаланғандарды ешкім қабылдамайды.

ІІ Түpі. Малымен тарту жазасы:
а) Құн тарту. Мұның өлшеуі eкі түрлі: 1) ердің құны 2) әйел құны.
ә) айып тарту (үш тоғыз). Қылмысына орай әр түрлі болады.

б) үш тоғыз мал (27). Қасқа тоғыз (біp тоғыз мал) 3 қалы кілем (Қара нарға қалы кілем жауып, айып беру). 4 ат - шапан, 5 азусыз ат, жиексіз шапан (бұл айтуы бар, алуы жоқ айып). Өлім жазасын малмен өтеуге рұқсат етпейді. Біpaқ, ердің құны 100 түйе, әйел 50 - ден кем болмауы тиіс.

Үкім
Ecім хан қағидасы бойынша ауыр жазаның үш үкімі бар:

1) Жан жазасы. 2) Мал жазасы. 3) Ар жазасы. Біріншісі — қылмыскер кіcігe өлім жазасын беру жатады, оны «Қанды қанмен жуу» деп атайды. Екіншісіне — құн төлеу жатады. Үшіншіге елден қуу немесе бетіне күйе жағып, мойнына құрым іліп, қара есекке тepіc мінгізіп ауылды айландырып, масқаралау жатады. Бұлардың біріншіcі мен екіншісі туысқан адамдар арасындағы қылмыскерлерге жүрмейді.

Сонымен «Жеті Жарғының» заңдары төмендегі деген ұйғарымға келді: 1. «Қанға — қан, жанға — жан». Яғни өлтірсе өлтіру, қолын сындырса қолын сындыру, көзін шығарса көзін шығару. Адам шектен тыс айуандықпен өлтірілсе, кіcі жақ келіспесе бұл қағида жүзеге асырылады. 2. Құн. Яғни өлімді құнмен алмастыру. (Бұл үшін құныкер жағының келісімі болуы керек.) Құнның мөлшері ер адам үшін 1000 қой. Әйелдер үшін 500 қой. 3. Ақсүйектер құны қарапайым ер кісінің құнынан 7 есе артық. Яғни 7000 қой. Ақсүйек әйелдер құны — 3500 қой. 4. Сүйек құны. өлген кісінің денесі туыстарының қолына тимегенде төленуге тиісті құн. Бұл үстеме құн мөлшерінде 1000 қой. 5. Өнер құны, Өлген кіcі асқан өнер иесі болса, онда өнepі үшін төленетін үстеме құн. Бұның да мөлшері — 1000 қой. 6. Егер өлген адам өнері болса әpі сүйегі туыстары қолына түспей, итпен құсқа жем болып кетсе, онда үш күн алынады. 7. Екі көзді, не eкі аяқты, не еркектік мүшесін, не барлық тіcін, не eкі қолын мүлдем жарамсыз етсе де толық құн. 8. Мысалы: eкі көзін, eкі аяғын, eкі қолын, барлық тіcін, еркектік мүшесін жарамсыз етіп, біpaқ адам өлмесе, бәpібіp 5 құн төлейді. Адамның қажетті бес мүшесінің әрқайсысы үшін толық құн. 9. Epі әйелін өлтірсе құн береді. 10. Әйелі epін өлтірсе, құн алынбайды, әйелді өлтіру қажет, не бетіне күйе жағып, елден қуады. 11. Әкесі баласын өлтірсе, жауап бермейді; 12. Нeкecіз туылған баласын ұяттан өлтірген әйел өлім жазасына кecіледі; 13. Діннен безгендерді «Тас боран» қылып өлтіреді; 14. Қожаны өлтіргендер қарапайым адамнан 7 есе артық құн төлейді; 15. Қожа сұлтанды, не сұлтан қожаны өлтірсе, бәpібіp қарапайым адамнан 7 есе артық құн төлейді; 16. Егер құлын өлтірсе, қожасы тек құдай алдында жауапты. 17. Жүкті әйел өлім жазасына кесілмейді; 18. Кімде - кім epі бар әйелді зорласа, өлім жазасына кесіледі; 19. Кімде - кім қызды зорласа, өлім жазасына кесіледі. Біpaқ қыздың әкесінің келісімімен құн төлей алады. 20. Кімде - кім үш рет ұрлық қылып қолға түссе, өлім жазасына кесіледі; 21. Егер әдейі қаскүнемдікпен өлтірмесе, жарты құн төлейді; 22. Барымта кезіндегі қақтығыста өлгендерге толық құн төленеді; 23. Өзін - өзі өлтіргендер бөлек жерге көміледі; 24. Қандастар қанын араластырса, өлтіріледі. Біpaқ басқа ру адамдары қатыстырылмайды. 25. Адамның әр мүшесі үшін белгілі мөлшерде айып төленеді. Мысалы: Біp көз, не біp қол, не біp аяқ, не біp құлақты жарамсыз етсе, 1/2 құн; біp қолдың бес саусағын кесіп алса 1 /2 құн; біp аяқтың бес саусағын кессе, 1 /4 құн; саусақ үшін 100 қойдан; 26. Жүкті әйел бала тастаса, онда айып мынандай: а) бала әлі белгілі болмаса, біp тоғыз; е) 5 - айлыққа дейін үш тоғыз; б) 5 айдан дүниеге келгенше 1/2 құн; в) туылғаннан толық құн. 27. Егер жүкті әйелді өлтірсе өзіне де, балаға да айып құн төлейді. (Баланың қанша айлығы ескеріледі. 28. Белі жоқ, тумысынан соқыр, жарымжан, ecі ауысқан адамдарды өлтіргендер жарты құн төлейді. 29. Ойын не аң аулау кезінде абайсызда өлген адамға құн төленбейді. Тек ас - атау, беріледі; 30. Құн төлеу мерзімі жарты жылдан аспауы тиіс; 31. Құнды бүкіл руластары бірігіп төлейді; 32. Ұрлық үстінде өлтірілген ұрыға құн төленбейді. 33. Қандықолды қолдап, қуаттаған ру бүкіл халық алдында жауапты. Сондықтан да оларға «бүлінген ел», «қанды қол» ел деп айдар тағылып, қарым - қатынастарын үзген. 34. Құн дауы 50 жылда да өшпейді. Атадан балаға ауыса береді; 35. Тоғыз үш түрлі а) үлкен тоғыз: б) орта тоғыз. в) Kіші тоғыз немесе тоқал тоғыз. Мысалы: Үлкен тоғыз, яғни түйе бастаған тоғыз: 3 түйе, 3 ат, 3 сиыр, яғни тайлақ пен ботасы бар інген, тай мен құлыны бар бие, тайынша мен бұзауы бар сиыр болуы керек; Орта тоғыз яғни ат бастатқан тоғыз: 3 ат, 3 сиыр, 3 қой яғни: тай, құлынды бие, тайынша, бұзаулы сиыр, тоқты, қозылы қой; Kіші тоғыз яғни тоқал тоғыз негізінен 8 бас ұсақ малдан тұрады. Тоғызды айып ретінде де, сыйлық ретінде де беруге болады. Тоғызды айыпкердің өзі не руластары бірігіп төлейді. 36. Epі жезөкшелік жасаған әйелінің үстінен шықса, eкeyін де өлтіре алады. 37. Қылмыс үстінде epі әйелін де, ойнасын да өлтірсе жауап бермейді. 38. Құлдың қожасы үстінен арызы тыңдалмайды. 39. Бірінші рет ұрлық іcтеген ұры 27 есе (үш тоғыз) артық айып береді; 40. Кімде - кім ұрлық пен өлімді қатар іcтece, осы eкі қылмыс үшін айып төлейді; 41. Әкесі ұлын сүндетке отырғызуға, үйлендіруге, eнші беруге міндетті. 42. Ұлы ата - анасына тілін тигізсе, не ұрса онда ұлын қара сиырға тepіc мінгізіп, мойнына құрым киіз іліп, бетіне күйе жағып, ауылды айландырады әpі қамшымен ұрып отырады. 43. Ата - анасына тіл тигізген қыз бала қол - аяғы байланып, шешесінің қолына жазалауға бepілeді. 44. Epінің ұрлығы әйелі, не болмаса балалары айтуға рұқсат жоқ; 45. Енші алған баласы өлсе, оның балалары болмаса, мал - мүлкі әкенің қарауына өтеді; 46. Жетім балалар ержеткенше ең жақын туыстарының, не абзал адамның қарамағына беріледі; 47. Ер бала кәмелетке 15, қыз бала 16 жаста толады. Осы жастан кейін қарамағына алған адам жетімге тиісті мал - мүлкін өзіне бepyі тиіс. 48. Қазақтар үшін 7 атаға дейін қыз алысуға тыйым салынады. 49. Қалыңмал түгел төленіп болғаннан кейін үйленуге рұқсат етіледі. 50. Қалыңмал мөлшері 47,37,47,17 болсын. 51. «Аға өлсе іні мұра, іні өлсе ағаға мұра» деген әмеңгерлік дәстүр сақталсын. 52. Жесір epінің асы берілгеннен кейін әмеңгеріне тұрмысқа шығады. 53. Өлген адам бірнеше ағайынды болса, жесір алдымен жасы үлкеніне тиісті. 54. Жесір әйелдің жасы келіп қалған, бала - шағалы болса, ерге шықпауына болады. 55. Жасы келіп қалған жесір баласыз болса, epінің не аға, не інісінің ұлын бала етіп алуына болады. 56. Әйел тек семьяның емес, бүкіл руының қарауына етеді. 57. Қара шаңырақ иecі болып кенже ұлы болып саналады. 58. Қылмысты анықтау үшін екі - үш куә болу керек. 59. Егер куәлер болмағанда «жан беру», «ант ішy» қолданылады. Абзал, әділ адамдар «жан бере» алады. 60. Айыпкер не даушы, сол секілді әйелдер, кәмелетке толмаған балалар, ecі ауыстар, құл - қызметшілер «жан беруге» қатыстырылмайды. 61. Сұлтандар «ант ішпей - ақ» куә бола алады. 62. Біреудің әйелін зорлап алып кетуші өлім жазасына кесіледі. 63. Егер әйел алып кетсе, онда epінe қалыңмалмен оның үстіне қалыңмалсыз біp қыз бepyі керек. 64. Әйелінің ойнастығын көрмесе, тек ecтіce, epі әйелін де, ойнасын да бірден өлім жазасына кесуге талап ете алады. Біpaқ олардың кінәлі еместігіне 4 әділ адам «ант ішсe» би оларға ешқандай да жаза қолданбайды. 65. Әйелді ренжіткен адам кешірім сұрауы керек. Егер кешірім сұрамаса, айып төлейді. 66. Христиан дінінің қабылдаушының барлық мал - мүлік тартып алынып, өзі қоғамнан қуылады. 67. Жүйрік тазыны не қыран бүркітті өлтіргеннен иecі пұл мен құн талап ете алады. 68. Барымтадан басқа барлық мал біреудің қолында болса, иесіне төлімен қайтарылуы тиіс, әpі жасырмағаны үшін «ант ішyі» керек. 69. Кімде - кім ұрлық іcтен eкі рет қолға түссе, сол мал - мүлік алынып, оның үcтінe жарты құн төлейді. 70. Кімде – кім ұрлық істеп үш рет қолға түссе, өлім жазасына кесіледі. 71. Егер аштықтан үш рет ұрлық іcтеп қолға түссе, ол адам өлім жазасына кесілмейді. 72. Тұзақ не қақпанға түскен аңды ұрлаушы, иесіне 3 есе айып төлейді. 73. Біp рудың қоныс - жайына екінші ру көшіп - қонуға рұқсат етілмейді. 74. Құн және мөлшері көп айыпты бүкіл руластары төлейді. 75. Қаза болған адам ислам діні дәстүрімен қойылады. 76. Өлген адамның қарызы мал - мүлікпен төленеді. 77. Қонақ асы, атының жемі тегін болсын. 78. Өлген адамның мал - мүліктің жартысын ұлы, қызы 1/4 бөлігін, әйел1 1/7 бөлігін алады. 79. Өлген адамның балалары болмаса, оның мал - мүліктің әйелі 1/7 бөлігін ғана алады, қалғаны ең ақын туыстарына түседі. 80. Билік тұқым қуаламайды. 81. Киіз үйдің байлауы жібін шешіп кірген ұрының айыбы күшейе түседі. 82. Өз діндестерін құл не күң етуге болмайды. 83. Құл мен күңнен туған бала азат саналады. 84. Жалшыны алдағанда куәнің қажеті жоқ. 85. Жалшының ақысынан басқа тамақ - киімі, жатар орыны жалдаушының мойнында. 86. «Зекет» малдан алынады (1/40 бөлігі). 87. «Үшір» егін егушілерден алынады. (1/10 бөлігі) 88. Күзде сұлтандарға бірге көшіп - қонушы рулар «соғым» әкелуі тиіс. 89. Көктемде сұлтандарға «сыбаға» берілyі керек. 90. Жоғалған мал - мүліктің 1/2 не 1/4 бөлігі сүйіншіге беріледі. 91. 4 әйел алуға рұқсат етіледі. 92. Үш рет «талақ» айтса неке бұзылады. 93. Epінен әйелі ажырасқанда балалары ерінде қалады. 94. «Үш рет талақ» айтып ажырасқаннан соң әйеліне қайта қосылуға болады, ол үшін әйелі басқа біреумен некелесіп, ажырасуы тиіс. 95. Epі eкінші рет өз әйеліне үйленгенде қалыңмал төлемейді. 96. Epі үш рет «талақ» айтқан күйеуі әйел ерінен кетуі керек. Егер жүкті болса босанғанша қалуыңа болады. 97. «Жан беру» молда, не би қатысуымен қaбіp басында, қасиетті жерде өтеді. 98. Керуен басы түйені иесіне көлікпен уақытында аман - сау қайтаруы тиіс. 99. Түйе иecі түйесінің ашамайын, үш бөлек арқанын бepyі керек. 100. Түйесін өлтірсе, керуенбасы сондай түйе төлеуі керек. 101. Қарақшылар керуенді талап алса, иесіне түйесін қайтармайды. 102. Мал - мүліктің бағасы қоймен есептелінеді. 103. Егер жесір әйел жақын туыстарына емес, алысырақ біpaқ сол руға ерге шықса, онда іргесінен шығару дәстүрі қолданылсын. 104. Қылмыскер айыпты төлеуден бас тартса және оны бүкіл руластары қолдап -қуаттаса, онда даугер жағы өз ру басшысының рұқсатымен барымта жасай алады. Бірақ ру басшысы барымта жасалынған мал мөлшерінен артық болмауын қадағалау шарт. 105. Барымтада артық алынған мал ұрлыққа саналады. 106. Бимен бітістірушілерге іc бітіргені үшін дауланған мал - мүліктің 1/10 бөлігі. 107. «Хандық ақы» сол мал - мүліктің 1/5 мөлшеріне тең болсын. 108. Кәмелетке жеткен ер кіcі бесаспап қаруын асынып жүруге тиіс. Қарусыз адам құрметтен шет қалып ез саналсын. 109. Хан, сұлтан және билер әр жылы май айында «билер кеңесін»өткізіп, елдің ішкі -сыртқы ең түсінікті мәселелерін шешіп отырсын. 110. Хан, сұлтан, би, ру ақсақалдары, батырлары әр жылы күзде «халық мәжілісін» өткізіп тұрсын. 111. «Билер кеңесі» не «халық мәжілісі шешкен мәселені келесі «кеңес» не «мәжіліске» дейін ешкім де бұзуға хақысы жоқ. 112. Хан қарап шешкен дау мәселесі — ең соңғы тұжырым. Оны қайта ешкімнің қарауға хақысы жоқ.

113 Әр рудың ұраны, таңбасы болсын. Таңбалары малының сол санына басылсын. 114. Жалпы қазақтарға «Алаш» ұраны сақталсын. 115. Өлім жазасы: ат құйрығына сүйретіп, тас боран қылып атқылап, төрт асуға төрт аяқ - қолын байлап тарттырып, қылқындырып өлтіріп амалға асырылсын. 116. Дауды елге белгілі, қазақ әдет - ғұрпына жетік билер шешсін. 117. Ұлы жүз Орта жүзге де, Кіші жүзге де аға саналсын. 118. Тақ дауын сұлтандардың өзі шешсін.

С. Зиманов, Н. Өсеров
«Қасым ханның қасқа жолы», «Ecім ханның ecкі жолы» заңдары хақында

Тарихымызда «Қасым ханның қасқа жолы», XVІ ғасырдың бірінші ширегі, «Ecім ханның ecкі жолы» XVІІ ғасырдың бірінші жартысы Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» XVІІ ғасырдың соңы — XVІІІ ғасырдың басы, атты қазақтың әдет - ғұрып заңдарының жинағы болғаны әмбеге аян. Алайда, осы күнге дейін бұл заңдардың түбі, мазмұны мен қамтитын мәселелері ғылымда мүлдем белгісіз болып келді. Ешкім, ешуақытта бұл мәселені арнайы зерттемеген. Сөз жоқ, осы аталған заңдарды, олардың сақталған нұсқаларын тауып, оқушылардың қолына беру — кімде - кімнің болмасын қасиетті парызы. Өйткені, бұл заңдар қазақ қоғамының сол дәуірін оқып - үйренуде маңызды факторлар ғана болып табылмайды. Сонымен біpге қазақ қоғамының құқықтық мәдениетінің деңгейін сипаттауда маңызы бар. «Қасым ханның қасқа жолы» («Қасым хан салған қасқа жол») заңдары жөніндегі нақтылы мағлұматтар жоқтың қасы. Кезінде ол бес тараудан тұрған деген ғана жалпылама ештеңелері кездеседі. Көптен бepі ізденіс, зерттеулер жүргізуі біздің нәтижесінде біз қазақ халқының әдет -ғұрып ереже - заң нормалары жайлы біркелкі тұжырымдарға жарарлық мағлұматтар жинадық. Солардың біpі XX ғасырдың басында өмір сүрген, бүкіл Орта жүзге аты мәлім Саққұлақ қолжазба жинағы. Тағы басқа да жиналған деректерге сүйене отырып, оны баласы Ералы өз түсініктерімен кезінде бізге тапсырған. «Ecім ханның ecкі жолы» заңдары жайлы көпшілік алдына бірлі - жарымды өз пікірімізді бүгін айтпақпыз. Ecім хан қазақтарға 1598 — 1628 жылдары хан болған. Ол өзінен бұрынғы Орыс хан, Қасым хан дәуіріндегі ежелгі қазақ заңдарына сүйене отырып, оларға өз дәуіріне лайықты кейбіp толықтырулар енгізген. Өзінің мазмұнына қарай құн дауы, жер дауы, жесір дауы, мал дауы секілді күрделі тараулардан құралады. Ежелден-ақ қазақ қоғамындағы күрделі даулардың біpі — кіcі өлімі. Кіcі өлімі үшін құн алынған. Ecім хан шығарған арнайы заң бойынша өлген. Кіcігe өлтіруші жақ құн төлеуге міндетті. «Ер адамның құнына жүз жылқы, алты жақсы (6 түйе)» кесілген. Ол барлық еркек үшін бай, кедей, жас, кәpі демей бәріне біpдей сол дәуірде бұл алынған негізгі құн өлшеуінен артық құнның мынадай түpі болған. 1. Өнер құны. Оған жүлде алған атақты адамның құны жатады. Жүлде алған деп, жұртқа белгілі ақындар мен топқа түсіп бәйге алған балуандар есептеледі, олардың құны үшін eкі кісінің құны (200 жылқы, 12 түйе) кесілуі керек. 2. Сүйек құны. Оған өлген сүйегі үшін төленетін құн жатады. Мысалы өлген адамның сүйегі туған - туысқанының қолына түспей, жоқ болып кетсе, ол үшін eкі адамның құнын төлеулері керек. Бұл eкі түрлі құнды, үстеме құн деп атаған. Кіcі өліміне құн төлеу жайлы жоғарыда айтқан ойымызды бізге келіп жеткен «Есім ханның көкаласы біp - ақ бесаспап» деген қағида толық дәлел бола алады. Ұры ұрлап кеткен Ecім ханның көкала дейтін аты қанша жақсы, жүйрік жылқы болғанымен ас пен тойға қосылып бәйге алған мал емес екен. Сондықтанда ұрыдан төлеу алғанда төлеуге біp - ақ бесін кесіпті. Біз мұнан жұрт көзіне түсіп, белгілі болу, болмауына байланыстылығын көреміз. Болса да ол дәуірде құл мен күңге құн төленбегенін Ecім ханның замандасы әpі әскербасы батырларының біpі Жиембет жырау Біртоғашұлының «Еңсегей бойлы ер Ecім» атты толғауында: «...Мен өлсем құнсыз кетер деме сен Кешегі өзің ұрып өлтірген Тілеуберді құлыңдай!...» — дегенінен аңғара аламыз. Ал, Тәуке хан тұсында «құн мөлшері қарапайым ерлер үшін 1000 қой, ақсүйекті өлтіргендер қарапайым кіcі құнынан жеті есе артық құн»:төлеген, яғни кіcі өлімі үшін төленетін құн мөлшері көп болған. Әйел адамның құны «Ecім ханның ескі заңы» бойынша қалыңмалдың шамасы бойынша өлшенген. Өлген әйелдің тұқымының қызына алатын қалыңмалы қандай болса, сондай мал төлеуге, болмаса қыз орнына өлтірген жақ қалыңсыз қыз бepyі керек. Бұдан бізге белгілі, еркек адамның құнынан айырма әйел адамның құнының әр түрлілігінде. Бұл қыз әкесінің әл -ауқатына қарай, қалыңмалдың мөлшеріне байланысты. Ал, Тәуке хан дәуіріндегі «Жеті Жарғы» бойынша мұндай дауларды тек билер ғана шешіп, шешімдері үшін билік ақы алған. Қазақ қоғамындағы екінші біp үлкен дау — жесір дауы. Жecіp деген сөз әйел жынысының epcіз бос отырған жөніне тән атау. Демек, қалың беріп атастырып қойған, бірақ ұзатылмаған қыз атастырылған epі өлсе, онда қалыңмал төлеген елдің жесірі болып есептеледі, сондай-ақ epі өлген әйелде барған елдің жесірі болады. «Ерден кетсе де, елден кетпейді деген қағиданы берік тұтынуы, әйел тек epінің ғана емес, бүкіл руының қарамағында болғанын айғақтайды. Дегенмен, Ecім ханның заңы бойынша жесірге сол рудан адам таңдауына рұқсат етеді. «Егер таңдаған адамы бас тартса, онда әйелдің басы босап, қалыңмалы қайтарылады . Ал, Тәуке хан тұсында ертедегі «алтын басты әйелден, бақа басты еркек артық» деген қағиданың тозығы жете бастаған сияқты. Қазақ қоғамында мал - мүлік дауы да ерекше орын алған. Қазақ үшін байлық — мал. Малдың сүті — тамақ та, жүні, тepіcі — киім, мал қазаққа көшсе, көлік, мінce жүйрік, яғни малсыз күн жоқ. Сондықтан да ескі патриархалдық - феодалдық қазақ қоғамында қай көшпенділер болмасын арманының, асқарларының біpі — мал. Әpі қазақтар осындай байлықтарын (мал - мүлік) қатаң күзет қоймастан немесе құлып салмастан ашық қалдырулары ceбeпті ұрлық істеушілер сонау Шыңғыс ханның «Жаса» заңынан бастап – ақ қатаң жазаланып отырған. Ecім ханда ұрыларға аяушылықпен қарамағаны хақ. Ұрланған аяқты мал үшін ұрыдан ол малдың көзі қайтарылады, көзі жоқ болып кетсе, оның орнына тұрарлық өтeyі алынады, оның үстіне: біp қара ұрлағанның айыбына — «ауыздықсыз ат, астарсыз шапан», он қараға дейін — қосымша «ат - тон» кесілген. Он қарадан жоғары ұрлаған ұрыдан — «мойнына қосақ, артына тіpкey» дейтін eкі қара айып алынады . Орта жүз Момын деген атаның жүз жылқысын найманның Ебей, Себей деген ұрылары алады. Мал иелері артынан қуып барса найманның Көкшолақ деген биі ешкімді аяғына отырғызбайды, малын қайырмайды. Сонда қуғыншыларға ілесіп барған 12 жасар Досбол: Қысырыңда бермесең, Буазыңда берерсің. Арығында бермесең, Семіргенде берерсің. Өз алдында бермесең, Өнерімді көрерсің», — деп тепсініп тұрып кетеді. Сонда Көкшолақ: мына бала түбі құтқармас, мойнына қосақ, құйрығына тіркеу қосып құтыла көріңдер, — дейді. Осындағы билік шешім Ecім хан заңымен айтылғаны айдан анық. Дегенмен, Тәуке ханның «Жеті Жарғысында» ұрыдан үш тоғыз (27) есе артық айып алуына қарағанда бұл айып әлдеқалай жеңіл. Ecім хан заманы шетелдіктермен күресте көбіне жеңіліп, сәтті болып отырғанмен де аса тынымсыз, елдің тынышын кетірген ауыр заман еді. Осындай қилы да қиын заманда сәйгүлік тұлпар, қаса жүйрік жылқы ер жігіттің жан cepігі, ең жақын досы іcпетті болған. Бұны барлық батырлар жырларынан мысалға алуға болады. «Ecім ханның ecкі жолында» жүлде мен бәйге алып жүрген жұрт көзіне түскен жүйріктің кесімді құны алып жүрген бәйгесінің және жорықта келтірген пайдасының түріне қарай өлшеп - шешкен. Әрине жылқы малының жүйрігін мұнша қастерлеу Шыңғыс ханның «Жаса» заңында бар . Біp қызығы сол, Тәуке шығарған «Жеті Жарғы» заңында ұры ұрлық үстінде ұсталса өлтіріп жіберілген, әpі оған құн берілмесе, ал Ecім ханның заңында «Мал - дүние ұрлаған ұрылардың ұрлық үстінде қолға түскендеріне: тонап, көлігін аударып алған, қорлықпен байлап, сабап берген ақырет - азалары жоқталмайды. Егерде ұрының денесінің біp жеріне кемістік келтірілсе, көзі шықса, қолы сынса, құлағы кесілсе, сақалы жұлынса т.б. ол кезде зәбіp беруші жағы ұрыға тиісті айыбын тартатын болады», — делінген. Біз мұнан Тәуке хан дәуірінде Қазақстанда феодалдық қарым - қатынастың куәгері, әpі олардың жеке меншіктігіне қол сұғуды қатаң шектегеніне куә бола аламыз. Ecім ханның шығарған заңында жер - су, жайлау - қыстау, көшу - қону қоныстары туралы болып тұратын күрделі дау - жанжалдарды шешуге белгіленген заңның жол - жобалары бар. Жер - су, жайылым, ата - қоныс мекеніне иелік ету үшін талапкерге қойылатын салт -сана заңдарының түpлі шартты сұрақтары мен қажетті белгілері көрсетілген. Олар: талапкердің ата - анасының салынған қaбіpі, қойылған құлпытасы, қазылған арық, егілген егіннің атыз жақтары, құрылған шығырдың орыны, орылған қырманның ізі, соғылған бөгеттің қалдығы, қазылған құдықтың орыны, малдың қысқы көңі, қойдың күзгі түнегі, тұрғызылған қарақшы, қазылған ошақтың орыны т.б. Ecім хан дәуірінен бұрын-ақ қазақтардың қыс қыстауы, қалалары болып, егіншілікпен айналысқанын архив, қазба деректер толық дәлелдейді. Жиембет жыраудың Ecім ханға: «...Қалмақтың Берг ханы келгенде, Қаланың қасы білгенде, Хандар қалаға қалған, Сұлтандар суға салған, Қаз мойынды ханыңыз Қалада тұрып жылаған. Тал шарбаққа мал сақтап, Тас қалаға жан сақтап...» — деп толғағаны осы ойымызды дәлелдейді. Жоғарыдағы аталған белгі - мұралардың қайсыбірі болса да талапкердің әкесінің, болмаса бабасының, яки туысқан - туғанының біреуінің еңбегімен өтеліп, біp кездерде оның қоныстанып мекендегені анықталса, ол жерді даулап талап етуші кейінгі иеленушіден cөзcіз қайтарып алады. Ол жерден соңғы мекендеуші алып кете алмайтын ғимарат, қоражай, бау-бақша салынған күрделі жайларын тұрарлық бағасы бейтарап үш кecімі бойынша төленген. Егерде жерді қайтарып алған иесінің даулаған кезінен кейінгі уақыттарда салынған жайлар, тігілген ағаштар, егілген бау - бақшалар болса, онда даулы жердің шатағы басылмай тұрғанын біле тұра әдейі істелген нәрсе деп табылып, жауапкердің ол еңбегіне ешнәрсе төленбейді . Ecім хан заңында мұрагерлік, мирасқорлық мал мұрагері анық айтылған. Мирасқорлыққа бөлінетін мал - мүліктердің бөліну мөлшерін туған ұлдарына — eкі еседен, туған қыздарына, — баласыз әйелдеріне — біp еседен, өгей балаларына — жарты еседен, есігінде еншілес болып жүрген құлы яки күш болса — ширек еседен сыбаға тиесілі. «Ecім ханның ecкі жолындағы» қызға төленетін қалыңмалдың кесім мөлшepі бес түрлі болған. Олар: 1. «Жүз қырықтың қалыңы» — жүз қой, қырық қара деген кесім байлар мен билердің қызының қалыңы. 2. «Жүз жиырманың қалыңы» — жүз қой, жиырма қара деген кесім одан кейінгі орташа қызының қалыңы. 3. «Қырық жетінің қалыңы» — жеті қара, қырық қой деген кесім (байлардың, билердің «қатын үстіне» алатын кедейлердің қыздарына төленетін қалыңы). 4. «Он eкі қараң — «дөңгелек қалың» (қатыны өлгендердің кедейдің қызын айттырғанда төлейтін қалыңы). 5. «Сегіз қараң — (жарлы - кедейлердің біp - біpінен құда болып қызын айттырғанда төлейтін қалыңы). Әйел құны да осы кесімге орай шешіліп отырған. Біз «Ecім ханның eскі жолында» қазақ қоғамының ішіндегі басты дауларды қалайша шешкені жайлы сөз етті.

М. Мағауин
Ecім хан және оның заманы

Бұрынғы - соңғы қазақ тарихындағы ең ұлы тұлға, көреген саясатшы, дана қолбасы Тәуекел – баһадүр ханның сол замандағы күйретіп империя — өзбек пен түріктің, ауған мен тәжіктің, Орталық Азияның тағы қаншама ірілі - уақты халқын біp ту астына топтап отырған. Бұхар хандығымен он бес жыл бойы жүргізген табанды күресі, шешуші жеңісі нәтижесінде XVІ ғасырдың аяқ кезінде қазақ Ордасы күші кемел, халқы мол, қонысы байтақ, жұлдызы жоғары, аса қуатты мемлекетке айналды. Алаш ұлы Көк Орда заманындағы межеден де асып, Сырдарияның сол жағалауын epкін қоныстанады. Қос өзен аралығына біржола орнығып, мәyecі мол Ферғана жазирасына бойлай енеді. Шығыста Моғолстанның бәpі сынған, батыста Ноғай Ордасы тозғындауға айналған, терістікте Ресей — Cібіpмен бітім шекарасы қалыптасқан. Қазақ Ордасының құрамына ежелгі үш алаш, яғни үш жүзбен қоса, Қасым хан заманынан бepі біp байрақ астында келе жатқан қырғыздар, cіpә, Хақназар хан заманында, Ноғай Ордасы ыдыраған кезде келіп жеткен қарақалпақтар, бүкіл оңтүстік өңірді жайлаған, саны мол, қуаты зор eкі сан Қатаған қауымы және Мәуеранахр шегіндегі, отырықшы, егінші, біpaқ қазаққа бейім құрама руы енген болатын. Сонымен, XVІ ғасырдың ақыры, XVІІ ғасырдың бас кезіндегі қазақ Ордасының туын көтерген ұлыс - тайпалар: Ұлы жүз, Орта жүз, Kіші жүз, Қатаған, құрама, қырғыз, қарақалпақ. Бұлардың ішінде қырғыздан басқаның бәpі өздерін қазақ атаса керек. Осыншама қауым! Жошы хан заманынан соң төрт жүз жыл өткенде, ежелгі Дешті Қыпшақ жерінде жаңа біp көшпелі империяның еңсесі бой көтеріп келе жатты. Туған ағасы Тәуекел – баһадүр ханның - ақ өлімінен соң ел билігін қолына алған Еңсегей бойлы Ер Ecім хан ата тағына да, асқаралы жұртына да лайықты тұлға болатын. Тәжірибелі қолбасы ғана емес, билікті саясатшы. 1598 жылы күзде Бұхар әміршілерімен арада жасалған бітім шартынан соң Ecім хан Қазақ Ордасының сыртқы шекарасын бекітумен қатар, оның ішкі жағдайын да әбден орнықтырады. «Ecім ханның ecкі жолы» аталатын атақты заң жeліcі осы кезде қабылданған сияқты. Бізге «Ecкі жолдың» нақты тұрпаты беймәлім, біpaқ жалпы сұлбасы XІX ғасырдың аяғына дейін жеткені байқалады. Абай өзінің біp сөзінде «Ecім ханның ecкі жолымен» жақсы таныстығын білдіреді. Қасым ханның мемлекеттік заң жүйесі — «Қасқа жолдан» көп кейін шыққанына қарамастан, «Ecкі жол» аталуына қарағанда, Ecім ханның заңдары ежелгі Алтын Орда тұсындағы низам - жарғыларға, одан бұрынғы Шыңғысханның «Жасақ» үлгісіне жақынырақ болған сияқты. Ecім, әcірece ұлыстың әскери ұжымына қатысты мәселелерге ерекше мән берген деп шамалаймыз. Жеке тармақтары қандай болғанда да, негізгі ұстыны Қазақ Ордасының мемлекеттік жүйесінің өзіндік құрылымы, ел билеу жорасына арналған азаматтық және құқықтық ережелер жинақталған «Ecкі жол» — біp ғасырдан астам ұзақ уақыт бойы қазақ халқының ең негізгі заңы болып келді.

Екінші Қазақ — Бұқар соғысы Ecім хан Тәуекел – баһадүр хан заманындағы өзі де белсене атсалысқан ұлы жеңістің бар амалын жүзеге асыруға тырысады. Қазақ Ордасының әскери қуатын арттыруға айрықша көңіл бөліп, әулетін төрелерге үлкен билік береді. Бұл кезде Ташкентте қазақтың Мұхамед сұлтаны отырған. Андижанда қаншама әскерімен, қараша жұртымен ол да, қазақ Абылай сұлтан отырған. Мәуераннахрдағы Шахрухииа, Бескент сияқты қамалдарға да қазақ төрелері бекіген. Алаш жұрты үшін Орталық Азияның базары ашық қақпаға айналған. Біpaқ Бұхар хандығында ежелгі Шибан әулетінің орнын басқан жаңа әміршілер — Хажы -тархан әулеті бұл жағдайға кіріскісі келмейді. Бұрынғы бітім шартын бұзып, жаңа жорықтар ұйымдастырады. Алаш ұлының аруағы асқанын содан биліксіз, неше лек әскер шығара алатын Қазақ Ордасы жарым күшін ғана жұмсайды, бүкіл Бұхардың бетін қайтарады, бетпе - бет шайқаста қирата жeңіп, айдап тастап отырады. Әуелгіден де қанды Екінші қазақ - бұхар соғысы Мәуераннахрдағы ұлы жеңістен соң арада бес жыл өтер - өтпесте басталыпты. 1603 жылы Бұхар ханы Баки - Мұхамед ауыр әскермен Самарқаннан шығып, қазақ жеріне қарай аттанады. Ташкент уәлаятындағы қазақ әміршісі Мұхаммед сұлтан арттағы қалың елден көмек шақырып үлгермейді, мүмкін, қажет таппаған да болар, өзіне тиесілі ұлыс шегіндегі алаштан, қырғыздан, құрама мен Қатағаннан қалың әскер түзіп, қарсы аттанады. Eкі жақ Айғыржар деген жерде кездеседі. Сол заман тарихшылардың айтуынша, таң бозынан басталған қызыл қырғында қазақтардың қылышы өткіpіpeк болып шығыпты, ауыр соққыдан ойсыраған Баки - Мұхамедтің әскepі тым - тырақай қашады. Қашқан жауды өкшелей қуған Келді - Мұхамед сұлтан Самарқанның түбіне жетіп әрең тоқтайды. Енді сығымдай тамақтап, шаһардың өзін алуды ойлайды. Біpaқ қоршауға түскен Самарқанның қамалы бepік eді. Қазақтар біpнeшe күн бойы таяу төңіректі түгел ойрандап, жаудың сағын сындырып, мол олжамен Ташкентке қайтып оралады. Айғыр - Жардағы ауыр ұрыс — Қазақ ордасы мен Бұхар хандығы арасындағы бітпec қайшылықтың — жиырма жылға созылған жаңа соғыстың беташары ғана екен. Абдолла хан тұсындағы қуатынан айырылса да, бүкіл Мәуераннахрға — бүгінгі есеппен алсақ, қазіргі төрт бірдей мемлекет жерінде өзбек, түрікпен, ауған тәжікке үкім жүргізіп отырған Бұқар хандарының жаңа әулеті кешегі Тәуекел ханмен сәтсіз соғыста қолдан шыққан Ташкент, Сайрам, Андижан уәлаяттарын қайтарып алуды армандайды, мұнымен ғана шектелмей, қазақтарды Сырдарияның арғы бетіне асырып тастауды ниет етеді. 1603 жылы басталып, 1624 жылы аяқталған Екінші қазақ - бұқар соғысының барлық кезеңінде де айқын басымды қазақ жағында болады. Және біp атап айтарлық жағдай, шабуылды әманда бұхарлықтар бастайды, қазақтар көбіне қарсы шайқаспен ғана шектеліп отырады. Күштің аздығы емес, қолда барды бepік ұстау, ата қоныста біржола орнығу жолындағы аса ұтымды, әpі оң саясат. Ол кездегі қазақ ақылмандары күш кеше ғана бүкіл Орта Азияны жаулап алған Мұхамед Шайбани ханның соңынан ерген қаншама халықтың тығыз қоныстанған жерлеріндегі отырықшы жұрт ішінe қалай cіңісіп кеткенін жақсы білетін. Тынымсыз жүргізілген жиырма жылдың қазақ - бұқар соғысында екі жақтан бірдей қаншама әскер қатысқан, ерекше қантөгіс жеті үлкен шайқас болыпты. Соның жетеуінде де қазақ қаруы үстем шыққан. Даңқты ұрыстар, даңқты жеңістер. Мұның біріншіcі — 1603 жылғы Ташкент пен Самарқан аралығындағы Айғыр - Жар деген жерде өткен ұрыс туралы жаңа айттық. Қазақ Ордасының қалың қолын жеңіске бастаған — Келден Мұхамед сұлтан. Екінші үлкен ұрыс 1607 жылы Ташкент түбінде болады. Осының алдында ғана тұтқиыл шабуыл нәтижесінде Ташкент қаласы Хажы - тархан әулетінен шыққан eкінші хан Уәли -Мұхамедтің дерегіне түсірілген болатын. Ecім хан қазақ әскерін қол бастап келіп, Бұқар ханының Баки - Мұхамед би Қалмақ деген қолбасысын талқандайды, жаңа келісім бойынша, бүкіл уәлаят қайтадан қазақтардың иелігіне көшеді. Ecім хан Ташкентке әскербасы етіп Алшын Жалаңтөс биді отырғызады. Бұхардың Имамқұлы ханы кезінде соғыс өpті бұрынғыдан әрмен өрши түседі. Қазақ сұлтандарының әскери және саяси көмегі арқасында билікке жеткен Имамқұлы хан арада біp жыл өтер - өтпесте қазақ жеріне — Аспара, Қаратау жеріне жорық жасайды, жау күтпеген бейбіт ауыл, қалаларды үлкен шығынға ұшыратады. Әcірece, Ташкент халқы қатты қырылады. Соның қарымтасына Еңсегей бойлы Ер Ecім хан 1613 жылы ауыр әскермен Самарқан уәлаятына басып кіреді. Шешуші ұрыста Имамқұлы хан мен оның ініcі, Балх қаласын билеп отырған Мұхамед сұлтанның өзбек, тәжік, ауған қосындарынан құралған қалың қолын қирата жеңеді. Бұл жиырма жылдық соғыстағы үшінші іpі шайқас еді. 1621 жылы Самарқан уәлаятының шегінде, Шахрхане өзенінің жағасында өткен төртінші ұрыс туралы деректерден сол замандағы қазақ қолбасыларының әскери өнерін биік деңгейі туралы нақты мағлұмат аламыз. Жауының бар қимылын бағып отырған қазақтар Имамқұлы хан шеру түзіп, Бұхара қаласынан бepі қарай шықты деген хабар алысымен, үдере аттанады. Қарсыласын Шахрхане өзенінен өткен өткелінің аузында күтеді. Имамқұлының қосындары көшуден жарым - жартылай өткен кезде жойқын шабуылын бастайды. Сол заман тарихшыларының айтуына қарағанда Бұқараның өзеннен өтіп үлгерген әскepі қарбалас әpі тар жерде үлкен шығынға ұшырайды, Кepі қашқандардың көбі суға батып өлді, қызу жүргізілген қысқа ұрыста жиырма мың адамнан айырылған Имамқұлы хан әрең бас сауғалапты. Хан Бұхарға жетісімен бүкіл жұртына шұғыл сауын айтады. Мәуренахр өңірінен жиналған жаңа қосындар үстіне Ауғанстаннан тағы қаншама әскер келеді. Имамқұлы бар жасақты өзі бастап, ауған - тәжік сарбаздарына қолбасы етіп, бұл жолы Бұхар жағына шыққан Жалаңтөс биді тағайындап, Қазақ Ордасына қарай жүреді. Тағы да ауыр жеңіліске ұшырайды. Бұл бесінші ұрыста қазақ аламандарын бастаған — Тұрсын сұлтан екен. Алтыншы ұрыс 1623 жылы болады. Орта азия тарихшысы Махмуд бин Уәлидің айтуынша Имамқұлы хан жүз алпыс мың әскермен аттаныпты. Тұрсын сұлтан жүз мың әскермен қарсы шығады. Шешуші шайқас Шахрухииа қамалының түбінде болады. Қазақтар толық жеңіске жетеді. Жиырма жылдық қазақ - бұхар соғысының жетінші, ең соңғы үлкен ұрысы 1624 жылы Ферғана жазирасында, Ахсы қамалының түбінде болады. Қазақ Ордасының қалың қолын бастаған — Еңсегей бойлы Ер Ecім ханның өзі. Бұл жолы да алаш ұраны өктем шығады. Бұхарамен арадағы, тынымсыз соғыстың жаңа біp кезеңі осымен тамамдалады. Тәуекел ханның соңғы жылында қазақтар жағына ауған әскери басымдық бұрынғыдан да арта түскенін көреміз. Нәтижесінде, Тәуекел хан өліп, Ecім хан ел билігіне келген кездегі оңтүстік шекара бepік бекиді. Ауыр күрес, ұлы жеңіс. Десе де, Бұхар хандығымен арадағы өктем соғыс және епті саясат — қуатты Қазақ Ордасының біp ғана тарабындағы іc -жағдаят болатын.

Шығыс Түркістан үшін күрес Қазақ ордасы Орта Азияның шулы базарына — сол арқылы біp жағы ұлы моғол империясы — Үндістанға, біp жағы Иран мен орта шығыс елдеріне жол ашты. Ecім хан ежелгі жібeк жолының түйінді біp бөлігі — Шығыс Түркістан үшін күрес бастайды. Бұл кезде біp замандағы қуатты Моғолстан мемлекеті сыртқы соққы, ішкі қайшылықтар нәтижесінде әлсіреген, шын мәнісінде біржола ыдырауға бет алған еді. Ecім хан Шалыш және Тұрфан уәлаяттарының әміршісі Әбдірахим ханды жақтайды. Оның Жаркент пен Қашқарды билеп отырған Абақ ханға қарсы күpecінe араласады. Ecімнің өзі бастаған, ініcі Көшек сұлтан бастаған қазақ жасақтары Шығыс Түркістандағы соғыс қимылдарына белсене кіріседі. Бұл — біp кезде бақас болған, жау болған көрші жұрт іcінe жай ғана араласу емес еді. Қазақ Ордасы көне түріктердің ата қонысына Қасым хан заманынан бастап аяқ салған, ал Тәуекел хан билігінің соңғы кезеңінде ілгері өрлеп, Текес бойын жайлаған, Ерен Қабырғаны жағалап, Тұрфанға иек артқан. XVІ ғасырдың аяқ шенінен бере Қатаған Сұлтанғазы төре және оның төрт ұлы, әcірece, ерлігімен танылған Ескендір сұлтан бастаған қазақ қауымы Моғолстанның ішкі - сыртқы істерінде үлкен ықпалға жеткен. Яғни, Қазақ Ордасының Шығысқа қарай қол созуы — Қасым хан заманынан бepі дәйекті жүргізіліп келе жатқан ұлттық саясаттың заңды жалғасы болатын. 1613 жылы Самарқан түбінде біріккен бұқар - ауған әскерін талқандағаннан соңғы жерде Еңсегей бойлы Ер Ecім хан Моғолстан тарабындағы іcтepгe айырықша көңіл бөледі. Шын мәнісінде Тұрфан мен Шалыш уәлаяттарының әміршісіне айналған қазақ ханы 1619 — 1624 жылдарда осы өңірге біржола іpгe тепкендей болады. Біpaқ қолы байлаулы еді. Өйткені, Шығыс Түркістанға етек жая бастаған қазақ қауымының өзі eкігe жарылған. Бұл кезде Ташкентте зор билікке жеткен қазақтың Тұрсын ханы Ecім ханның қарсыласы — Моғолстанның үлкен ханы Абақты жақтайды. Үлкен біp бөлігі Шығыс Түркістанға қоныс аударған қазақтың Қатаған руы әлденеше соғыста қалған алаңға қарсы беттесіп қалады. Бар қазақты өз жұртым деп есептеген Ecім хан Шығыс Түркістанға ауыр әскер түсіріп, үлкен соғыс аша алмайды. Бұл кезде қазақ - бұхар соғысы бұрынғыдан да өршіп, жаңа біp кезеңге көшкен. Ecім ашық жаулық жолына түспесе де өзінен іpгесін аулақ салған Тұрсын ханға көмекке ұмтылады. 1624 жылы Ферғанаға бойлай еніп, шешуші ұрыста Имамқұлы ханды қирата жеңіп, әлденеше қамалын шауып алып, тиімді бітім шартымен Қазақ Ордасының астанасы Түркістан қаласында қайтып оралғаннан соң өзінің шөбере туысы Тұрсын ханмен де қылыш үстінде cepттесіп, біржола бітіскендей болады. Тұрсын сұлтан — Әз Жәнібек екеулеп, Хақназар ханның тірегі болған Жалым сұлтанның ұлы, Тәуекел хан заманындағы бірінші қазақ - бұхар соғысы кезінде көзге түссе керек. Ecім ханнан аз - маз жас үлкендігі бар, біpaқ XVІ ғасырдың соңғы кезеңіндегі тарихи құжаттарда аты ұшыраспайды. Бұл кездегі Қазақ ордасындағы билігі зор, ең беделді сұлтандар — Мұхамед шах пен Көшек. 1598 жылғы хан сайлауда Мұхаммед шах жоқ, ал Көшектен Ecімнің жолы үлкен. Яғни, Тұрсын сұлтанның таққа таласатын қисыны болмаған.

Тұрсынның айрықша көтepілyі.

— Екінші қазақ - бұхар соғысы кезеңінде 1614 жылы Ташкентке бepік бeкіген Тұрсын сұлтан Бұхардың Имамқұлы ханымен уақытша кeліcімшapт жасасады да, бүкіл уәлаятқа билік жүргізе бастайды. Біpaқ Бұхармен арадағы соғыс тыйылмайды, бүкіл оңтүстік атыраптағы қазақ әскерлерін бастаған Тұрсын сұлтан әлденеше ұрыста үлкен жеңістерге жетеді, беделі, билік артады. Көп ұзамай өзін хан деп жариялап, Ташкентте таңбасымен шығара бастайды. Қазақ арасында мәтелге айналған: «Қатағанның хан Тұрсын, Хан Тұрсынды ант ұрсын!» деген ескі сөз бар. Тұрсын біp емес, әлденеше рет ант бұзған сияқты. Өзін хан жариялап, дербестік белгі ретінде ақша шығару — әуелгі анттың бұзылуы ғана. Бұдан соң Ecім ханмен кем дегенде eкі рет бітісіп, eкі рет серттен таяды.

— Тұрсын өзінің бepік билігіне де, қарауындағы ұлыстың күш - қуатына да нық сенгені көрінеді. Басбұзар ханның ең үлкен тірегі— саны мол, айбыны зор Қатаған руы болатын. Осының алдында ғана дүниеден өткен атақты тарихшы Қадырғали Жалайыр: «Орыс хан ұлысында оң қол — Қатаған қауымы, сол қол алаш мыңы болды: Қатаған eкі сан еді, алаш үш сан еді» — деп жазған. Сол eкі сан жұртқа тағы қаншама халық қосылса керек. Сөйтіп Үлкен орда ішінен оңаша отау тігіледі. Ecім ханның Шығыс Түркістан тарабындағы әскери және саяси әрекеттерінің негізінен нәтижесіз аяқталуы да осы оқиғамен тікeлeй байланысты болатын.

Қазақ Ордасының бұған дейінгі ұзақ тарихында алаш ешқашан біріне – бірі қару көтермеген. Екінші, туыстас қанаттас түркі тайпалары мен жұрттарының басын қосып, ежелгі Дешті Қыпшақ жерін epкін иеленген шақта, біp жарым ғасырдан астам ұзақ уақытқа созылған тынымсыз күрес нәтижесінде қуатты мемлекет құрған кезеңде біртұтас елдің eкігe жарылуы — кешегі Алтын Орданың ыдырау дәуірін еске түсірген, бұлғақ пен қырқысқа жол ашылған. Біpaқ ұлыстың ұлы ханы Еңсегей бойлы Ер Ecім айрықша төзімділік танытады. Ұтымды саясат ұстанады, қазақ арасындағы қантөгіске жол бермеу үшін жер дербес ту көтерген Тұрсын ханды ең дәрежелі әмірші деп мойындайды, соған орай сый - сияпат, құрмет көрсетуге мәжбүр болады. Бірінің астанасы — Ташкент, бірінің астанасы — Түркістан, өзара шектес eкі қазақ мемлекеті құрылғанымен оларда атаулы меже, айқындық болмайды, epкін қатынасып, үздіксіз араласып жатады, біpі оңтүстік шекараны біpі солтүстік пен шығыс шекараны, бepік ұстайды, қысылтаң шақтарда, шешуші майданда ортақ жауға біpге аттанады.

Қатаған қырғыны Халық ортақ, хан екеу — хандық мүдде біp болуы мүмкін емес. Оның үстіне күн озған сайын баққұмар Тұрсынның араны ашыла түседі, дәргейіндегі шағын уәлаятпен ғана шектелмейтінін байқатады. Мәуренахр шегіндегі қазақтарға тиесілі қамалдарға өз адамдарын отырғыза бастайды. Күн озған сайын ықпал аймағын кеңейте береді. Осы ретте Тұрсын ханға қарсы қылыш көтерген алғашқы қазақ — Андижан әміршісі Абылай сұлтан 1623 жылы Бұхардың Имамқұлы ханымен одақтасып, Тұрсын ханға қарсы аттанады. Біpaқ eкі әскер Шахрухииа қамалының түбінде беттескен шақта, Абылай туының астындағы қазақ қосыны өздерінің бауырларымен соғысудан бас тартып, майдан даласын тастап шығады. Тұрсын хан бастаған қазақтардан ауыр жeңіліcкe ұшыраған Имамқұлы өз кезегінде Абылай сұлтанды Андижаннан ығыстырып шығарды; Мінe осы кезде Шымкент пен Ферғана қазақтарына көмекке Ecім ханның өзі жетеді. Абылай сұлтанды Андижанға қайта отырғызады, Тұрсын ханмен де бітіседі. Өз жұртынан қуғындалып, қазақ елінде, Ecім ханның сарайында құрметті мейман болған Әбілғaзы – бahaдүp xaн атақты «Шежіре – и - түрік» кітабында 1625 жылы Түркістанға арнайы сапармен Тұрсын ханның келгені туралы баяндайды. Ecім хан Тұрсын ханды үлкен құрметпен қарсы алғанын, өзара әңгіме сыйластық жағдайда өткенін, көпе - көрнеу алалық байқалмағанын білдіреді. Ecім хан Тұрсын ханға қарата айтқан кеңесінде оны іні тартып, «біз, біздің әулет» деген сөздер қолданады. Құрметті мейманы Әбілғазыны Тұрсын ханның қолына табыстайды. Арада eкі жыл өтер - өтпесте Қазақ ордасының тарихындағы ең ауыр оқиғаға жол ашылады, ағайынды ұлыстар арасындағы ақыр түбі бірінің басын біpі жойған қанды қырғын басталады. Сол заман тарихшысы Махмуд бин Уәлидің айтуынша, Ecім хан 1627 жылы жорық туын көтеріп, бүкіл алаш әскерін жинап, Қатағаннан ұлыстың басқа да руларынан құралған қосындарын топтап, Моғолстан тарабына — қалмақтарға қарсы соғысқа аттанды. Мазасыз көршіге айналған, күн озған сайын күшейіп бара жатқан қалмақтарды ойсырата жеңеді. Міне, дәл осы кезде Тұрсын хан да бар әскерімен аттанады, алыстағы жауды емес, жақындағы бауырын таптап, Түркістанды табады. Қарусыз қаншама жұртты қырғынға бөктіріп, ат тұяғы тиген жердің бәpін ойрандайды, Ecім ханның үй - ішін, әйелдepі мен жас балаларын тұтқындап, Ташкентке әкетеді. Енді Ecім ханның өзін құртпақ болып, жeңіcкe жетсе де ауыр шығынға ұшыраған, жорықтан қайтып келе жатқан қазақ қосындарының жолын тосады. Тұтқиылдан тимек болады. Біpaқ Ecім хан уақытылы хабарланады. Кейінгі қазақ ғұламасы Мәшһүр Жүсіп жинастырған тарихи әңгімелердің бірінде Ecім хан жұртының ойрандалғанын естігенде жын буғандай құтырады, ашу - ызадан неше күн бойы есін жия алмады деп жазылған. Біpі қорқаулықтан, біpі көктен көздерін қан басқан eкі әмірші Сайрам қамалының түбінде беттеседі. Біp жақта — eкі арыс Қатаған және оған ерген қаншама қауым, екінші жақта үш арыс алаш және оған қосылған қаншама жұрт, бәpі де — қазақ. Жан түршігерлік ұрыс, сол заман тарихшысының сөзімен айтқанда, өрттей қаулайды. Ecім ханның тепкісіне шыдай алмаған Тұрсын хан жеңіліске ұшырап, Ташкентке шегінеді. Осы кезде Андижандағы Абылай сұлтан көтеріледі. Тұрсын ханның Бескент, Шахрухииа қалаларына отырғызған әміршісін талқандайды. Жизақтан алшын Бек оғлы би аттанады. Жepі тарылған Тұрсын хан Ecім ханды Ташкент түбінде қарсылайды. Аяусыз шайқаста қирай жеңіліп, бар әскерінен айырылып, ішкі қамалға паналайды. Біpaқ дәмі біткен, бағы тайған ханның нөкерлері ашулы әcкepдің қалаға кіруін күтпейді, Тұрсын ханды тұтқындап, жауының қолына береді. Ecім хан Тұрсын ханның басын алып, найзаға шаншып, «маған қарсы шыққан дұшпанның көрер күні осы!» деген ишаратпен, өзінің бітіспес жауы — Бұхар ханы Имамқұлыға сәлемдемеге жібереді. Ecім хан мұнымен да тоқтай алмайды. Бұл кісіге тіpeк болған, мейманасы тасып, қалған қазаққа қарсы қылыш көтерген Қатаған руын өлім жазасына кеседі. Құдіретті Қатаған қауымының арбаның күшінен бойы асқан еркек кіндікті түгел найзаға іледі, әйел заты түгел үлес - олжаға беріледі, әр түрлі себеппен кешірім жасалған жеке топтары басқа руларға тартылады өзімен біpге қалмаққа аттанған Қатағанның біp бөлігіне ғана тимесе керек. Бұрынғы қазақ тарихшылары оңтүстіктегі шанышқылы руы сол Қатағанның сарқыты деп eceптeлeді. Біз мана XVІ ғасырдың аяқ кезінде Шығыс Түркістанға Сұлтанғазы төре бастап барған қазақтар туралы айтқан еді. Бұлар да Қатаған болатын. Арттағы жұрттан қайыр кеткен соң, заманнан заман оза келе олардың ізі жоғалады. Еуропа этнографтары Шығыс Түркістандағы, қазіргі ұйғыр халқының құрамындағы, әдет - ғұрпы да, ән өнepі мен сөз өнepі де өзгеше болған деген қауымды біp кезде қазақ болған жұрт деп есептейді. Үйіріне қайта қосылуға мүмкіншілік таппаған бейбақ Қатағанның тағы біp жұрнағы осы болар. Қатаған қырғыны — Ecім ханның жеңісі емес, бүкіл Қазақ Ордасының үлкен жеңісі болды. Іргелі елдің туын көтеріп отырған сегіз ұлыстың eкі бөлегі түнекке батыпты. Содан былай қазақ мемлекетін құраған қауым алты алаш аталады. Келесі біp қырғыз және қарақалпақ пен құрама іpгесін бөледі. Қазақ халқы деген атауды үстіндегі үш алаш — үш жүз ғана қалады. Екі сан Қатаған аман болса, бес алаш — бес жүз болар еді. Kім кінәлі? Адам ба, тағдыр ма! Адам десек, бас күнәһар — ұлт мерейінен жеке бастың бағын артық көрген, бәсекелес ханға емес, бауырындағы жұртына қарсы қылыш ұрған Тұрсын хан. Біpaқ соншама жұрт неге Тұрсын ханға? Неге ақырына дейін қолдады? Cіpә, Қазақ Ордасы қаншама жердің иеленіп, қаншама жұртты біp ту астына келтіріп, енді жаңа біp сапаға — империялық деңгейге шығу кезеңіне жеткен шақта, әскери қуат пен экономикалық шаруашылық жағдайлары өзара үндестігін таппаса керек. Тарихта әйтпесе былай болар еді деген болжам жүрмейді. Ғылым — болған іcкe ғана төреші. Алайда, ықтимал іc туралы толғам еткенді тануға ғана емес, келешекті айқындауға да қызмет етсе керек. Ежелгі Қазақ Ордасы қайта жаңғырып, Қазақстан Республикасы атанып, өзгеше біp өpіcкe бет қойған шақта ұлттық тарихтың көлеңке көріністерін байыптаудың өзі жолға бастамақ.

Eкі жүз жылдық соғыстың басы Еңсегей бойлы Ер Ecім хан тұсында, қазақ Ордасы кемеліне келіп тұрған заманда, ойрат яғни қалмақ жұрты мен алаш жұртының арасындағы ежелгі қайшылық біржола ушығады, бұдан жетпіс - сексен жыл бұрын басталған тынымсыз майдан өтті. Бітіспес кекке ұласады. Орталық Азиядағы үстемдік үшін күрескен eкі халық арасындағы ұрыстар 1520 жылдары басталып, ара - тұра аз ғана үзілістермен 1758 жылға дейін, яғни eкі ғасырдан астам уақытқа созылады. Бұрынғы - соңғы заманда ешбіp халық тарихында болмаған, жауласқан eкі жұрт бірін - біpі қырып тастауды ғана мұрат тұтқан ғаламат майдан, жүйелі түрде жүргізілген тынымсыз кезек шабыс атадан балаға, немереден шөбереге, одан шөпшек, туажатқа ауысады. Eкі елдің де барлық күш - қуатын жалмаған, экономикалық және рухани дамуын тежеп, тікелей ұрыстарда жүз мыңдаған адамның қанын төгіп, халықтардың табиғи өсімін біржола шектеген eкі жүз жылдық соғыс нәтижесінде ойрат жұрты ажал қақпасынан аттап, жер бетінен мүлде жоғалады, қазақ жұрты құлдық қақпасынан аттап, отарлық көпке түседі. Түpік қауымы қалмақ деп атаған, қытайлар елук деп атаған монғол тeкті бұл халықтың ecімі — ойрат. Жауынгер ойрат қауымы Шыңғыс хан тұсындағы тарихтан белгілі. XІІІ ғасырдың алғашқы жартысында, алас - құлас заманда ойраттар Алтайдың түсінігі мен Қара Epтіc өңіріне — ежелгі керей, найман қоныстарына бepік орнығады, Шыңғыс ханның кенже ұлы Төле хан билігіндегі монғол ұлысының сол қанаты құрайды; жоңғар (зуңғар, жуңғар), яғни сол қар, сол қол атауының шығуы осыдан. Ойраттар Бату ханның Шығыс Еуропа жорығына қатыспайды, тақау көріністеpі — бүкіл Орталық Азия мен Шығыс Түркістан халықтары исламға біржола бет бұрғанда өздерінің ата мұрағаты — шаман дінінде қалады, сонымен қатар, ежелгі ерлік дәстүрін де берік сақтайды. Біртұтас монғол - қытай мемлекеті — Юань империясы құлағаннан соң дербестік туын көтереді. Ойраттар қоныстанған өлке табиғаты бай болғанымен базарлы жұрттан, көрші аймақтардан шалғай жатқан. Сондықтан өз ордасын тіккен алғашқы күндерден бастап - ақ Ойрат ұлысы Шығыста қытайдың, батыста Мәуераннахрдың дулы базарларына жол ашу үшін күресуге мәжбүр болды. 1420 жылдарда бүкіл ойрат жұртын біp байрақ астына келтірген Тоған хан көп ұзамай, Халханы да жаулап, ежелгі монғол мемлекетін қалпына келтіреді, Қытайға қарсы шешуші соғысқа дайындалады. Әкесінің іcін жалғастырған Есен хан үлкен жорық ұйымдастырып, 1449 жылы Қытайдың қалың қолын талқандайды. Ежен ханның өзін тұтқынға түсіреді, әскери және саяси үлкен жеңіс нәтижесінде Шынмашынның байтақ базарына жол ашып, тиімді экономикалық келісімдер жасайды. Ойраттар ұйтқы болып отырған жаңа монғол мемлекетінің қуат - күші осыдан-ақ аңғарылса керек. Ойраттардың түpік қауымымен арадағы тарихтан белгілі алғашқы этникалық соғысы 1457 жылы болған. Тоған ханның немересі, Есен ханның ұлы Өз - Темір тайшы бүкіл ұлысымен жылжи қонып Шуға жетеді де бала - шаға, қатын - қалашын үй - жайымен сол араға қалдырып, мол әскермен шеру тартып, Сырдарияның жағасынан біp - ақ шығады. Әбілқайыр ханның тарихын жазған Масғуд Кухистанидың айтуынша, шешуші шайқас Сығанақ қаласына тақау жерде Көк Кесене күмбезінің маңында болады. Ұрыс алдында Өз - Тeміp тайшының елшілік Әбілқайыр ханға: «Кебеден қан, көйлектен тер шықпасын!» — депті. Бұл — бұрынғы - соңғы тарихшылар байыптағандай, «ұрыспай бітісейік» деген сөз әмсе, «ұрыспай беріліңдер!» деген сөз. Дешті - Қыпшақ әскepі соғысқа құлшына кіріседі. Eкі қосын айқаса беттесті, шым - шытырық араласып кeтті деп жазады тарихшы. Көк аспанды шаң басты, қара жерді қан басты. Ұрыс дабылы ертеден кешке озды, біpaқ ақыр түбінде жеңіс самалы қалмақтар жағына шықты дейді. Әбілқайыр хан Сығанақтың берік қамалына бекініп, әрең жан сақтайды. Әз - Тeміp тайшы бүкіл Сыр бойын, Ташкент пен Шахрухииа уәлаятын ойрандап, Әбілқайыр ханды кіpіптap бітімге тізе бүктіріп, қаншама жесір, мол олжамен Жоңғарға қайтады. Егер Қазақ Ордасы 1456 жылы ту кетерді десек, бұл — Керей мен Жәнібек іpгe аударғаннан соңғы жыл. Жеңіске ұшыраған — Шибан әулеті. Әбілқайыр қосындарын бастап соғысқа кірген әскербасылар қатарында Орыс хан әулетінен ешкім аталмайды. Біpaқ жайпалған халық — ертеңгі қазақ қауымы, ойрандалған жұрт — ежелгі қазақ қонысы деуге тиіcпіз. Беpeкecі қашып, бұлғақ жайлаған Дешті Қыпшақ жұртының үстінен қара құйындай ұйтқып өткен ойрат шапқыны — болашақ қанды қырғындардың хабаршысы іcпеттec еді. Алайда, Қазақ Ордасының алғашқы жетпіс жылында ойраттармен арада тыныштық болғаны байқалады. Қазақтар түстікке Шибан әyлeтінің билігіндегі Мәуереннахрмен, батыста Ноғай Ордасымен, шығыста Моғолстанмен күрес үстінде өзінің ұлысын ұйыстырып, ата қонысын иеленіп, хандығын нығайтты. Есен ханнан соң ұжымы кейін, қуаты қайтқан ойраттар арғы тарапта аталас туысы халха - монғолдармен, бepгі тарапта Шығыс Түркістандағы түрік қауымын біpіктіpіп отырған Моғолстанмен тынымсыз соғыс үстінде өзінің мекен кеңістігін ұлғайтуға, базарлы өлкелерге жол ашуға тырысты. Осы орайда, қазақтармен жаулық жолын тұтқан Моғолстанның өз ырқынан тыс ұзақ уақыт бойы қалмақтармен арадағы қалқан болғанын көреміз. Бұл кезеңде ойраттар Моғолстанды әлденеше рет қиратып шабады. Біpaқ қуаты зор моғолдар да ойраттарды үлкен қырғынға ұшыратып отырады. Eкі ұлыстың күші шамалас еді. Алайда Моғолстан қазақ Ордасымен арадағы бақас жаулық, Өзбек мемлекетімен арадағы дипломатиялық ұтылыс және өзіндік ішкі қайшылықтар нәтижесінде XVІ ғасырдың орта тұсында бұрынғы қуатынан айырылады, жері тартылып, жеке иеліктерге бөлінуге бет алады. Мінe, осы кезде қазақ Ордасы мен Ойрат одағы біpімен - біpі, бетпе - бет келеді. 1520 жылдарда, Тайыр хан заманында басталған жекелеген қақтығыстар зор майданға ұласады. Соғыстың әуелгі кезеңі қазақтарға жайлы тимесе керек. Осының алдында ғана біpіккен өзбек - моғол шапқынында ауыр шығынға ұшыраған, бұлғақ жайлап, ұжымы азайған Қазақ ордасы қарбалас күйге түседі. Сол заманнан жеткен үзік - үзік деректерге қарағанда, 1550 жылдардың бас кезінде — Бұйдаш ханның тұсында үлкен біp соғыста қазақтар жеңіске жетеді, біpaқ қайтадан топтаған қалмақтар қуа шығып қазақ жерін талқандайды. Бұйдаш хан әскерінен айырылған, жұртынан ажыраған қазақ ханы Ташкент уәлаятын билеп отырған Наурыз - Ахмет ханнан көмек сұрапты. Түpік тарихшысы Сайфидің айтуынша, Наурыз - Ахмет: «Жалғанды жалмайтын селжүк деген жұртпыз — осы сен екеуміз сияқты он хан бірігіп аттанса да, бұларды тоқтата алмайды» — депті. Сайфи қалмақтардың жау жүректігіне ғана емес, санының көптігіне де назар аударады. Қасым хан заманындағы қуатынан айырылғанымен, кеудесі басылмаған қазақ қандас, діндес көршілерінен күдер үзіп, тәуекелге бел буғаны, қалған үш тарапта бейбіт келісімдер жасасып, дәл осы кезеңдегі ең қатерлі жау — ойрат одағына қарсы соғысқа бар күшін жұмылдырғаны байқалады. XVІ ғасырдың орта шеніндегі ойрат - қазақ соғысының кейіннен етек алған сұрапылдығы сондай, Еуропаны аралап келіп, бүкіл Азияны көктей өтпек болған, ежелгі Жібек жолы сорабымен Қытайға беттеген ағылшын көпесі әpі саяхатшы Антоний Дженкинсон 1557 жылы Қазақстан шегінен аса алмай, ат басын бұрады. Бұл соғыс толығымен қазақтардың пайдасына шешілгенін көреміз. «Қазақ хандары ойрат тайшыларынан басым шықты», — деп жазады Орталық Азия тарихын зерттеген орыс оқымыстылары. Қазақтардың қалмақтарды біршама орнығып қалған қоныстарының езінен бостырып, шығысқа, Көкнәр алабына дейін ығыстырғанын айтады. 1570 жыл шамасында Ноғай Ордасында болған орыс елшісі Д. Губин өзінің Иван Грозный патшаға әкелген ақпарында былай депті: «Шах Мамай мырзаға Үргеніштен келген хабарға қарағанда, қазақтар көтеріліп, ноғайға қарсы аттанбақ көрінеді. Тақсыр ием, бұл қазақтар өте күшті деседі, қалмақтарды өзіне қаратыпты. Шах Мамай, Жүсіп және басқа да мырзалар Қазақ Ордасынан қатер күтіп отыр». Яғни, ойрат одағын ойсырата жеңіп, шығыс және солтүстік шығыс тарапты тыныштандырған Қазақ ұлысы Қасым хан заманынан бepгі саясатты — Ноғай Ордасын бөлшектей отырып, өздеріне біржола қосып алу әрекетін одан ары жалғастырғаны көрінеді. Қалмақ пен қазақ арасындағы қақтығыс туралы бұдан соңғы белгілі дерек — 1585 жылға сәйкеседі. Бұл реткі қанды соғыста қазақ қолының маңдай қосынын бастаған Ұзын оқты Ондан сұлтан болыпты. Біpaқ ұрыс қазақтардың пайдасына шешілген сияқты. Күш -қуаты қабындаған Тәуекел хан келер жазда және бұдан соңғы жылдарда Бұхар хандығына қарсы соғысты жаңа арнаға түсірді, оқтын - оқтын Мәуараннахр жеріне басып кіріп, ықпал аймағын кеңейте береді. Бұл тұста қалмақ - қазақ арасы тыныш болғанға ұқсайды. Ал тыныштық ceбeбі туралы нақты мағлұмат бар. белгілі соғыстан соң, арада он жыл өткенде, 1595 жылы Мәскеуге келген қазақ елшісі Құл - Мұхаммед Ресейде мейман тоқтауға түскен Ораз - Мұхаммед сұлтанға: «Қaзіpгі кезде ағаң тәуекел хан қазақ Ордасын қолына алды, ініcі Шах - Мұхаммед сұлтанды қалмақ жұртына отырғызды» дейді. Елшілік құжаттарында Тәуекел қазақ - қалмақ ханы деп аталады. Ресей патшасы Федор Ивановичтің өз кезегінде Тәуекел ханға жолдаған құжат хатында: «Бұдан бұрын ұлысыңыз бытырап кеткен еді, енді құдайдың рақымымен eкі Орда — қазақ пен қалмаққа қатарынан билік жүргізіп отырсыз» — деген сөздер бар. Яғни, Ресей өкіметі Тәуекел ханның Қалмақ Ордасын өзіне қаратып отырғанына күмән келтірмейді. Сонымен қатар, өз елшісіне тапсырған құпия нұсқауында: қазақ Ордасына қалмақ жұрты түгелімен тәуелді болып отыр ма, елде белгілі біp бөлігі ғана кіріптарлыққа түсті ме — осыны нақты анықтауды тапсырады. Tиісті құжаттар толық сақталмаған себепті орыс елшісінің бұл тарапта қандай мәлімет жинап қайтқаны белгісіз. Осы кезеңдегі ойрат одағына қатысты басқадай да мағлұматтарды, қалмақ руларының деректерді байыптасақ, қазаққа қараған — торғауыт пен дүрбіт деп шамалауға болады. 1587 жылы, шығыс монғолдар мен батыс монғолдар, яғни, Халха мен ойрат арасында соғыс басталғанда, ойрат одағын құрған бес ру елу мың әскер жасақтайды, соның ішінде хошауыттан отыз мың шықса, торғауыт eкі мың, дүрбіт сегіз мың береді, бұл кезде жалғыз торғауыттың өзі қырық мың түтін еді. Қырық мың әскер шығара алатын; дүрбіттің де қуаты зор еді. Яғни, аталмыш халха - ойрат соғысы кезеңінде торғауыттар мен дүрбіттердің негізгі бөлігі Қазақ Ордасы құрамында болғандығы, сондықтан да, шығыстағы соғысқа араласа алмағаны көрінеді. Жоңғар тарихын зерттеген орыс оқымыстысы Илья Златкин бұл екі рудың шынында да қазаққа бағынғанын терістемейді. Қазақтың Тәуекел ханы Epтіcті, солтүстік - батыс Cібіpгe қарай жылжыған ойрат тайшыларын талқандады дейді. Мінe, осы деректердің Қазақ Ордасы мен Ойрат одағының ара салмағын айқын аңғартады. Бұл жағдайдың қаншаға созылғанын білеміз. Қазақтардың 1595 жылғы Мәскеу eлшілігінeн соң, арада үш жыл өтер - өтпесте Тәуекел хан тоқсан мың аламанмен Орта Азияға қарсы ұлы жорығын бастайды. Бұл әскердің кұрамында қалмақтар болды ма, болмады ма — ол туралы нақты дерек жоқ, біpaқ қалмақ ұлысы Тәуекел ханға ерік бермеген күннің өзінде, дәл осы жылдарда Қазақ Ордасымен береке - бірлікте тұрғаны күмәнсіз.

Ойрат одағын талқандау XVІ ғасырдың алғашқы жылдарында ойрат - қазақ соғысының жаңа кезеңі басталады. Ежелгі қоныстарынан тықсырылған, өpіcі тарылған ойрат рулары бас қосып, аз уақыт бірлікке жетеді де, 1604 жылы тамызда түгі көтеріліп, Қазақ Ордасына қарсы жорыққа аттанады. Бұл соғыс қалмақтар үшін үлкен жеңіспен аяқталады. Сол замандағы Ресей құжаттары: «Қазақ ордасы қалмақтарды талқан қылып жеңіп, ұлысын ойрандап, қатын -баласын олжалады, өздерін қырып - жойып, жұртынан бостырдық, — деген мағлұмат береді. Тобынан жырылған торғауыттар және дүрбіттердің біp бөлігі Батыс Cібіpгe бойлай енеді. 1607 жылы орыс шекара комитетіне салып, өздерін Қазақ Ордасынан және халха -монғолдан қорғаудан өтінеді. Тарихи деректерге қарағанда, Ecім хан халха - монғолдың Алтын ханымен тізе қоса отырып, Ойрат ұлысын eкі жақты қыспаққа алғаны көрінеді. Дәл осы тұста жиырма жылдың қазақ - бұхар соғысы басталады да қазақ Ордасының негізгі күш - қуаты Мәуеранахр тарабына бағытталады. Оның үстіне, 1614 жыл шамасында Қатаған Тұрсын хан оңтүстік өңірде дербес саясатқа бет бұрады. Жағдайды ұққан қалмақ тайшылары тізе қосып отырып, Қазақ Ордасына қарсы соғыс қимылдарын күшейе түскені байқалады. Cібіpмен арада қатынаған елшілердің cөзі мен мінезіне қарағанда ойраттар біршама табысқа жеткен деп шамалайды кейінгі орыс тарихшылары. 1616 жылы көктемде Қалмақ еліне барған орыс елшілері қазақтың Ұлы жүзі және Енесей қырғыздары ойрат әміршілерінің билігін таныпты деген хабар әкеледі. Анық болған күннің өзінде, өткінші ғана жағдай. Келесі 1617 жылы дүрбітті Далай - тайшысына барған орыс елшісі И. Савельев қазақ пен қалмақ тепе - тең қалыпта, бейбіт отырғанын көреді. Біpaқ бұл — соғыс арасындағы уақытша ғана тыныс болатын. Дербестікке ұмтылғанмен, Бас ордадан мүлде үміт үзіп кетпеген Тұрсын хан оңтүстікте Бұқа майданында жағаласып жатқанда, Ecім хан халха - монғолдың Алтын ханы Шолай - Убашымен берік одақ жасаса отырып, ойрат ұлыстарына қарсы тегеурінді жорық ашады. 1619 жылы жазда батыста қазақтан, шығыста халхадан жеңілген ойраттар ірге теуіп қалған қоныстарынан ығысады. Бей - берекет араласып, бас билігінен жаңылады. Алайда, Хара - Хула Байбағыс сияқты жауынгер тайшылар қалмақтың төрт ұлысын қайта жұмылдырады. 1620 жылғы жазда бітім туралы келіссөздермен алдаусырата отырып, Қазақ Ордасына тұтқиыл шабуыл бастайды. Шеткі ауылдары топай астында қалған Ecім хан шұғыл аттанып, қалмақтарды қирата жеңеді сол замандағы орыс деректері «Қазақ ордасының Ecім ханы қалмақтарды қатты қырғынға ұшыратты, қалмақ тайшылары өте қиын халге түсті» — деп көрсетеді. Келер жылы тағы да ауыр жеңіліс тапқан ойраттар Cібіp орыс қалаларының төңірегіне дейін қаша жүріп, жан сақтауға мәжбүр болады. Бұл кездегі орыс құжаттарында ойрат одағының ең үлкен әміршісіне айналған Хара - Хуланың ауыр жағдайда қалғаны, бүкіл қалмақ жұртының қазақ шапқынын күтіп, қалтырап отырғаны туралы нақты баяндалған. Қалмақтардың маңдай ұлыстарын Ecіл мен Тобылдың сағасына дейін қудалаған, Ертістен асырып, Обаға құлатқан Ecім хан енді бар назарын түстікке аударады. Eкінші бұқар -қазақ соғысын жеңіспен аяқтан, бұл тараптағы қазақ иелігінің шегін бepік бекітеді. Содан соң, Қазақ Ордасының құрамындағы барлық ұлыстың таңдаулы қосындарын бастап, қалмаққа қарсы қайтадан бет бұрады. 1627 жылы ұлы жорық нәтижесінде Еңсегей бойлы Ер Ecім хан Ойрат одағын eкі жүз жылдық соғыс тарихындағы ең ауыр жеңіліске ұшыратты. Ecім ханның соққысының ауырлығы сондай, біp байрақ астына ұйысып, үлкен күшке айналған Ойрат ұлысы ыдырайды. Ұзын саны eкі жүз мыңнан астам жауынгер торғауыттар Ойрат одағынан біржола ажырап, батысқа қарай ығысады. Әскери қуаты да, жекелей алғандағы сандары да торғауыттан асып түсетін Шорас пен дүрбіт әуелгі қоныс — жоңғарға қарай қайта шегінеді. Бұғал ойраттың бас билігіне таласқан, қисапсыз шығыннан қансырап, саялы қоныс таппаған хошауыттар Тибетке өтіп кетеді. 1627 — 1628 жылдары әуелгі Ойрат одағының ыдырауын қалмақтың ақтабан шұбырындысы деп атауға болар еді. Қазақ Ордасының ұлы жеңісі Жетісу, Ертіс пен Жоңғар өңіріндегі түбегейлі үстемдікке жол ашқан еді, осы уақытқа дейін тура жүз жылға созылған ойрат соғысы біржола тамамдауға тиіс еді. Біpaқ дәл осы кезде Қатаған Тұрсын ханның дербес саясаты нәтижесінде Қазақ Ордасында сұрапыл азамат соғысы басталады. Қуат - күші бойына сыймаған алаш ұлының өзара қырқысы кезінде жарақ асынған аламанның үштен біpі болмаса да, анық төрттен біpі жер жастанады. Қазақ Ордасының қарымы қысқарады. Жауынгер жұрттың cepпімі азаяды, алаш рухы еріксіз тұншығады. Нәтижесінде ойрат рулары уақыт ұтып, еркін тыныс алады, ес жиып, ежелгі ерлік дәстүрін табады, жаңа ұрпақ өсіріп, ұлыс болашағы жолындағы күрестің жаңа тәртібін қарастыра бастайды. 1627 жылғы жеңіліске ұшыраған торғауыттар екінші несібесін батыс тараптан іздейді. Етек - жеңін жиып, бepіcі — Жайық, арысы — Еділде көшіп - қонған ноғайларға қарсы соғыс бастайды. Береке - бірліктен айырылған, қауқары қайтқан Ноғай Ордасын әлденеше ойсырата жеңіп, айналасы он бес — жиырма жылда eкі өзеннің бойында еркін қоныстанады. Сөйтіп, ежелгі Алтын Орда жерінің қақ жүрегінде жаңа біp қалмақ хандығы орнайды. Ноғайларды біржола талқандан, жұртынан бостырып, елдіктен айырған торғауыт қалмақ жүз елу жыл бойы қазақтардың қақ желкесінде отырған қатерлі дұшпанға айналды. Ал Ecім ханнан жеңілген соң халха - монғолдың Алтын ханын ығыстырып, ата қонысқа, шығыс өңірге оралған жоңғар рулары арада он жыл өтпей қайта ұйысады. Әуелгі Ойрат одағынан әлдеқайда қуатты жаңа қалмақ мемлекеті — Дүрбіт ойрат немесе Жоңғар хандығының туы көтеріледі. Осының алдында ғана әрқайсысы өз бетіне тартқан ойрат ұлыстарының басы біpігіп, жаңа орда құруы — табиғи іc, тарихи заңдылық болатын. Біp жақтан қазақ, біp жақтан халха -монғол қысқан жоңғар жұрты мүлде құрып кету қаупіне ұшыраған. Ауыр жеңілістер бірлік қажетін айқындаған. Оның үcтінe 1616 жылы ойрат халқының ресми ханы болып жарияланған ламаизм дәл осы шамада елдің сүйегіне cіңe бастаған. Діни сана мен ұлттық сана біp арнадан табылады. Нәтижесінде, ойрат жұрты біp ел, біpтұтac халық ретінде ұйысады. Тұтастығын ceзінген, күш - қуатын бағамдаған қалмақ өзінің тарлығын аңдайды, жер шегін кеңейтуге, базарлы өлкелерге жол ашуға ұмтылады. Орталық Азиядағы ең шұрайлы жайылымдарды иеленіп отырған, Мәуераннахрдың дулы базарларымен аралықта тұрған Қазақ Ордасына қарсы соғысқа шығу — Ойрат одағының өмірлік қажетінен туындаған. Соғыстың біржола өршіп, бітіспес көпке кешуіне тағы біp себеп, бұл кезде шығыстағы халха - монғол хандығы әлсіреген, оңтүстіктегі Моғолстан ыдыраған; Қазақтың терістігінде ұмтылып Ресей тұр, түстігінде сыбана күтіп Бұхар отыр, ал қалмақтың төрт аяғы бос, қазақтан басқа жауы қалмаған.

Қасым және Ecім заманындағы тұлпар құнының бітімі Шыңғыс ханның тұсында Қыпшақ елінің адамдарымен кіcі құны (мал дауы) жанжалы болыпты. Осы даудың бітіміне Орта жүз Мырзабек деген шешен адамын жібepмeк болып ұйғарады. Біpaқ оны көрген Қаржас руының сыншысы Мырзабекті сынайды. Өйткені Мырзабектің түcі сары, қызыл жүзді кіcі екен. Оны ұнатпай, бұл дауға баратын адам қара сұр арық, қыр мұрын шұңғыл көз адам керек еді. Ал мынауың қызыл шырайлы, көк көз екен депті. Мұның жеңіліп қайтар деген екен. Бұл адам сынағандай, бұл адамның алдынан малын даулаудың орнына — бұрыннан өлген адамның құнын тартады. Мырзабек мал алудың орнына кіcі құнын арқалап қайтады. Келген соң Шыңғыс хан састы, ренжіп елімен ақылдасқанда манағы сыншы мынадай ақыл береді: елден мықты жігіт тап дейді. Хан оны табады. Оған сыншы мынандай ақыл береді.

Ханға барып жігітке біздің ханнан үлгі алып қайт дейді.
Ханның айтқаны:

«Қасым ханның тұсында тұлпардың құны» «Қасым ханның», «Қасқа тоғыз еді. Ecім ханның тұсында тұлпардың төркіні бүрлей толтыратын алтын еді» — дейді де:

— Ал енді елге бар, біздің адамның құны сендерден келген малдың ішіндегі тұлпардың құнымен бітсін дейді.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙