TELEGEI

Home

Тұман айығарда

Мұхтар Әуезов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Тұман айығарда

Қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы XX ғасырдың қайталанбас құбылысына айналды. М.Әуезов шығармаларында халықтың тыныс-тіршілігін, арман-мақсатын, тарихи болмысы мен бүгінгі келбетін көрсетіп берді. Алғашқы жылдары жазылған көркем туындыларында елдің тұрмыс-т...

Болашақ роман планы

І тарау Сейіл ауылға келеді. Қарсы алу. Өз ауылы жеке. Көрші ауылдың еркек-ұрғашы, бала-шаға, қойшы-қолаң, дағдылы амандасу, көрісу. Бұл жолы өзгерек шеткі үй. Онда Сәлім ауру. Оның әкесі және Сейілдің ағасы, барлығы ашулы, томсарған. Сейілді күткен. Сөлімнің қалыңдығы Қабыштың, бәйбішенің қызы. Соны Сейілдің құрдасы — бұлардың туысқаны Самат бұзып алатын бопты. Бала Сәлім көзі жасты, ашу айтады.

— Саматты атам, — дейді. — Мылтығың бар ма? — деп Сейілден сұрайды. Үй іші басу айтады. Сейіл:

— Жазыл, сонан соң көрерміз, — дейді. Серік комсомол тыңдайды, басу айтады.

Отауда келіншек түседі. Жұрт Сейілді оңаша қалдырады. Күтуші қатын және Қаныштың жеңгесі, Қанышқа қалжың айтады. Ол дімкес, жүдеу. Сейіл көңілсіз, зорлықпен сергиді. Алдынан бір сыбаға — осы уақытта Гүлсімнен хат келеді. Самат ұялатын емес. Екі ағасы ереуілдеп шабуылға әзір. Қолтығына Қабыш аулы дым бүріккен.

— Бір-екі ат жоқ болса, соны мылтық алып іздеседі, — дейді.

Сейіл Саматтың ағаларын еске алады. Кімдер?.. Сейіл қайынында болады. Бұның үй-іші қыстауынан айрылған. Берем деген қыстауларын бермейді. Әрі-сәріде. Бәйбішенің екі аулының бірі осы... екіншісі Әкім ағаң аулы, бұндағы бәйбіше нық, берік, тоңмойын ауыл. Бұ да Сейілдердің құдасы. Екінші жағынан Саматпен құда. Онда қыз береді. Самат пен Сәлім әңгімесінде бүл ауыл екіұдай. Оның үстіне жер мәселесінде Асылбек аулын алдаған. Енді Қабыштың өзіне жабысыңқы. Асылбек ауылынан кетісе алмайды. Жер дауын шештіруді Қабыш әдейі Сейіл билігіне беріңдер деген. Сырттарынан Сейілді сыйлап қарсы алады. Бірақ іштей тығынулы. Жер мәселесінде бүл екі ауылды отыртқан Қабыш. Бүл билік Сейілге тағы бір сын.

Қабыш әзірлеген екінші сыбаға:

— Өзі тартып алмай, Сейілден жиреніп өздігінен келсін,— дейді Әкімбек аулын.

Қабыш аулына келеді Сейіл. Бұл ауыл тобырлы, қарақұралы — орда ауыл. Қабыш өз басын кемітпей, кішірейтпей отырып жайды айтады. Сыпайы сызылып, екі қыз көлбектейді. Сәлима — бәйбіше қызы. Қыздың биі - тоқал. Болған хал. Қызының қарекеті. Екі қыз қатар көне жаздайды Саматқа. Самат оқыған, саудагер, мал тапқыш. Бұның үйі ежелден Қабыштың бір жақын жерден жем іліп отыратын (...). Қыз берген құда. Тәтті дәмдісі осылардікі болатын. Екінші — Сейіл бұның туысқанын, бір атаның баласын екі бөліп әкетті деп қорғанады. Бәйбіше наразылығы тұтасып кетсе елге әйгіленеді. Жер жайындағы қиянаты сөз болады. Бәйбіше баласы бұлардан ажырағанда да Сейіл Асылбектің қызын алған соң ажыраған. Оған уақытында қарсы болған. Соған қарсы Саматты қолға ұстап, Сейілдің өз аулынан бақан, тіреу жасау бір ұпай. Екінші - қыстау мәселесі арқылы Әкімбек аулын ұстап, оны наразының бірі Саматпен байланыстыру. Бұның бәрін әйел бостандығымен бүркеу.

Қабыш:

— Қыз менің қызым емес. Мен лағнет айттым, өзің біл, өзің жайға, — деп, Сейілдің алдына тағы сөз тастайды. Сейілдің амандасатын тағы бір аулы. Смайыл аулы — қыздарын қала байларына беретін сәнді, паң, таза ауыл. Маңайында қара құрым көп. Саудагер болған. Өздерін-өздері қатты күтеді.

Сләмнің тоқалы бар. Қабышпен аталас. Тең ата. Басым ауылдардың таразысына қарайды. Жуан ауыл. Ел ішіне шөп машинасын кіргізген. Балалары бұрын оқыған. Қабыштың арқа тіреу аулының бірі. Сейілге қатты сый көрсетеді. Күтеді. Қабыш Сейіл аларда осы ауыл достық еткен. Бәйбіше балаларының зорлық көрінде, бүгінгі қалдерде бұның сыны көп. Өкпесін сыртқа сала айта жүрген бір болыс ел осы екі ауылдың таразысын бағады. Бірақ бұл екеуі от басынан қорғанып енді суыса бастаған. Қыста олары да қатар. Бұл ауыл кірпі таза, анадан жиреніңкіреп отырады. Бәйбіше баласын қолына баурап келе жатқандықтан ана жақ араз. Бұл бірақ Асылбек аулымен ата дос. Қабыш қылығының барлық қоймасын біледі. Сейілге сырлас. Тыныш отырғызатын емес. "Отыра алмаймыз" деп дүмбілез сөйлейді. Айт күні. Сейіл Қабыш жағындағы елдің молдығын көреді. Ол өзінің үзеңгі жолдастары екі бай, бірі (Бекең, Жәкең, Бейсенбі) дегендерді өзімен бірге жайлатқан; Жортар да осында қонақта. Сләм аулы ішіндегі кірін жасырмайды. Тоқал:

— Басты Сейілге бердім, ендігінің басы осы болады екен, — дейді.. Қабыш аулына атқан оқтай тиіп жатады. Сейіл өзін шөре-шөре сияқты көреді.

Үшінші сыбаға Сейілдің кедей туысқаны Әлім Қабыш аулындағы кедей шал Ботбайдың келінін айналдырады. Шал, оның баласы, келіні Қазынаның қолында құл мен күң. Әмір алмақ. Бұл құмарлық тарихы. Әмір Сейілмен ақылдаспай сырттан бел қылып, Қабыш аулына барғыштайды. Ана ауыл аңдиды. Ұстап алып сабамақ. Атын алып қалады. Қабыш Бейсембіні салып, салмақ тастайды Сейілге... Әмірдің ағасы малшылықта жүрген. Оған ақы төлемейді Қабыш. Нағашыны, құданы, көршіні малшы қып, ақы төлемеу әдіс-дағдысы. Әмір Сейілге салмақ салады, Оны да Сейіл шеше алмайды. Сотқа бармақ. Тоқтатады. Серік комсомол Сейіл мінезіне ашуланады. Бірақ "қатынын сабап қайтты" дегізіп қойған Қабыштар. Асылбек аулының қыстауын алғаннан бері қорықтан жер бермес. Тықсыра бастаған олар шығады. Жатақ. Сейіл келгенде Қабыш осы жатақтың бірін бұзып отырады. Сейіл "біріктіріп соңына салса қусырар еді" деп ойлайды. Бірақ, істемейді. Комсомол Серік, Еркін барлық күйге қарсы. Қабыш оның ағасы Шаяхметті әздерінің союзына, кооперативіне кіргіздіртіп жем жегізіп қояды. "Қазынаны жейді, совет мүлкін шашады" дейді. Серік, Сейіл түсінеді. Бірақ кооператив басындағыларды тәуір көреді... Бұл кооператив тарихы. Жақыпбек, Жортар, Қабыш, Самат, түбі Сыдыққа барып тіреледі. Серік қостаған. Әмірге қарсы тұсау қып, Қабыш Қордабайдан қара биенің көзін сұратады. Жортарға бұл алдынан кеп, екі ауылдың таразысын иіскеп қайтқан. Қордабай Сейілдің баласыз, әлсіз туысқаны. Сотқа жетпей Сейіл билік айтады. Жер мәселесіне билік айтады Сейіл. Қасында Сләм, Қабыш болады. Қабыш Әкімбек малдарын қорғайды. Келіспей айрылысады. Бұл бауырдағы күй, Сейілге қарсы бауыр осындай екі жік боп қалды. Сләм, Қабыш қылығын Сейіл өз көзімен көрсін деп, ешбір жанды айтпайды. Тек күледі. Не үндемей томсарады.

ІІ тарау

Сыртта. Тау сыртында. Сайлау. Ел іші жік. Ауыл-ауыл тартысып жатады. Жортар, Жақыпбек. Қалдыбай аулы болып қырқысқан. Төрттоқал, Қуатжан, Жақыпбек, Сләм сыр айтпаған, барын ашпаған Сейілге. Бұның қасында көп оқыған шәкірт, жас-кәрі, күлдіргі жігіттер жолдасы. Сот жатқан жерде сайлау. Сот тарихы. Судья, Қабыштар жағы қолға қондырған. Бұл араға көп оқыған тоқайласады. Сайлаушы жанында көп пысық. Сотты торыған сүліктер — Қабыштың топтары. Сот арзанды, жақынды, момынды ұстайды. Ең мықты, өз қасындағы ұрымен және барлық оқығанмен достасып жүретін Қабыштың оң қолы Жақыпбектің ағасы Әлімбек аман жүреді. Одан көрмеу, дау даулау ішінде жоқ. Соттың хатшы, қосшыларымен бай балалары бәрі Жақыпбекті:

— Жақа, Жақып аға,— дейді. Бұның аулында үлкен ұлтшылдың қатын-баласы қонақта жатады. Және Наурызбай аулында жатқан Гүлсім де жастармен осы сайлау басына келеді. Елдің қырқысқан тартысы болыспалком мүшелерін де қыздырған. Олардың партиядағысы да ру қуларының қолтығында. Сайлаушы меңгере алмайды. Ол жан-жағынан Сейілге билік береді. Сейіл болса палком сайлайды.

Гүлсім мен Сейіл. Сәлем жағын Сейіл наразы қып кетеді. Әділдік көксегені... Қабыш жағы құтырып кетеді. Құлке тарихы... Гүлсім, сайлаушы, Сейіл әңгімесі, қызыл отау бастығы әйел... Белсенді әйел. Әмір уақиғасын есіткен. Қарсы. Сейілдің өзін кінәлайді. Сот ең ұры рудың үстінде тергеу жүргізеді. Қашқындар үшін ру ел жапсарында, қолында. Қаракүшік ит төң-торыс. Иткөрмес, Құлайғырлар. Ырду-дырдудан Құлайғыр қашып құтылады. Жақыпбек бұларды өзінше қулықпен қорғайды.

Сайлаудан соң ойын күндері...

Наурызбай аулында. Бұл ауыл тарихы... Ақтың, алаштың тұсы. Мектеп салдырған. Қонақтап отырып Тоқышқа жетеді. Әбіш оқыған. Тәңірберген, Қаратайлар — бұлар тарихы. Әбіш, Тәңірберген дос, жақын. Екі болыс ел, Қаратай мен осылардың араздығына қарап жіктелген. Құс салу... ит қосып қасқыр алу... ел қызығына масаю... Қабыш пен Сейіл.

ІІІ тарау

Сот пен Наурызбай аулында кезек жүретін уақиғалар. Сот сайлаушы, мұғалім. Елге келген батырақ, комсомол Серік. Барлығына Сейіл ақыл қосады. Сайлау үстінде осы мәселе қозғалған. Сейілдер Қабыш жағында. Сләм жағында мырза Қалтай. Арадан іріктеп алған кісіні Жақыпбектердің, Қабыштың жан салуында сан ұрды. Бегендік "соған ыңғайлы болыспалком, старшын сайлап алу қажет" деп қойған. Енді Қабыштар елді жиып, шығынды үлестіріп салып, елді тағы жегізгелі жүрген. Бұл бір. Осылардың кейбірі қашқындыққа бой ұра бастаған — үш ел жапсарында жатқан қашқын тек қашқын емес, оны ұстауға ел көмек етпейді. Қайта Қабыштың болыс қойғызам деген кандидаты Жортар, Кенжебек және Жақыпбекке, қашқындыққа айналған іс рудың қу жігіті астыртын хабарласып жүрген, сайлау үстінде Жортар руы қалпақтан Наршаның аулы деген ауыл жаза шегетін болды. Бұл шетінен ұры ауыл. Соларға малды аздап төлетіп, енді "сот ұстайды" дегенде Жортар мен Жақыпбек қашыртып жіберген. Олар Құлайғырды босатып, құмға кетеді. Ішкім білмейді. Сейіл ғана сезеді. Жортарды сайлатпаған Сейіл. Жортар тарихы. Кіші елі. Ел ішінің өрті, құн, жасақ... Партия мүшесіне өткен емес. Жортарды Гүлсім көзінше Сейіл қысады. Анау кесек, кесір жауап берді.

— Бәрің бірдей Қабыш болам дейтін шығарсың. Жағыңды айырып жіберемін, — дейді.

Сейіл:

— Түбіңмен қопарармын, — дегенде — туысқанындағы қара биені сотқа кестірмесең, — дейді.

Қасында Сләм, Қабыш болады. Қабыш Әкімбек малдарын қорғайды. Келіспей айрылысады. Бұл бауырдағы күй, Сейілге қарсы бауыр осындай екі жік боп қалды. Сләм, Қабыш қылығын Сейіл өз көзімен көрсін деп, ешбір жанды айтпайды. Тек күледі. Не үндемей томсарады.

ІҮ тарау

Гүлсім, Сейіл, Серік өзге дұрыс жастар өзге жерде қонақта. Гүлсім, Сейіл арасында жақсы жай. Наурызбай, Қабыштар бұлардың жақсы болғанын сүймейді. Жәкеңнің тәрбиесінде өскен қызы Гүлсімнің шет қалғанын қабылдамайды. Сондықтан елдің өзге оқыған жастарын қосады. Олар араларын шіріте береді. Бір жағынан Сейілді өзімен жақындастырып, екінші жағынан өздері Гүлсімді хабарландырып отырады. Гүлсімнің салқындығын Сейіл аналарға оралғандық деп түсінеді. Сол түнде Сләмнің баласы (я інісі) Мәлік Қаратайдың ағасының қызын алып қашады. Ол қыз Наурызбайдың ағасы Сармырзаның келіні. Наурызбай тас-талқан. Сейілден көріседі. Мәлік қызды алып қалаға қашқан. Қызын қашырды деп бір жағынан Қаратайға Тәңірберген, Наурызбай жала жабады. Осы топалаң хабар дүрбең беріп, Сейіл жатқан ауылға жеткенде Наурызбай жігінің жастары Сейіл қасынан түн ішінде серпілісіп жөнеледі. Гүлсім мен Сейіл сөзге келісе алмай, айрылысып кетеді. Размолвка.

Наурызбай өзім деген елді жиып, бастығы Қабыш баталасады.

ҮІ тарау

Осы күндерде партияның желігі Қалдыбай ауылынан бір пәле шығарды. Сейілдің өз елдеріне келе берген кезі еді. 9 балалы Қалдыбай бұл елдің болған аулы. Қабыштың өмірбойы жұлысып өткен туысқанының аулы. Алаш, ақ тұсында Қаратаймен жалғасқан. Одан бұрын Сләмнің тоқал шешесін алып қашқан. Кісі өлтірген. Оқыған дегендерді жатырқайды. Кітап жағынан есіткендері — екі молда ертегілері. Өздері суық. Барып тұрған жуан. Бұрынғы кезде ұры сақтайтын. Бәйбішеден жалғыз бала қалған. Алты ұл бір шешеден — кіші қатын. Бәйбішенің үлкен баласы өлген. Ол көп жыл болып осы елді сыпырып өткен. Сақтаған осы Қаратайдың ұстазы. Қолы қатты ауыл. Ақтың қашатын тұста байып, тілмашты өлтіретін де осылар. Енді бәйбіше баласын Қабыш қолға ұстаған. Мұны Жортар әкеп тапсырған. Алты баланы Сләм ұстап қалған. Құрдасы — Жақыпбектің руы Төрттоқал. Бұлар құтыртқан. Кіші қатын баласы Рашид, бәйбіше баласы Қамит. Партия осы елдер үстінде нық болған. Осы екеуі ерегісіп, бәйбіше баласы "қаншықта көп күшік табады" деп содан оны Рашиттің інілері ұрып жіберіп (себеп ат жоғалу), ел жасасып қалады. Өз қолын Сләм жияды. Рашид жасағы. Наурызбай бар-барлық достарын Қабышқа жібертеді. Жортар мен Жақыпбек тап ортада. Жақыпбектің бір жалғыз жігіті - Байжігіт, Қуатжан деген дәулетмасы. Қамит сияқты боқтампаз, ұрдажық, ержігіт інісі бар. Бұл осы заманда әсіресе құтырып кеткен. Ұрыс-төбелес болып қалады. Сләмдер жағы қуып жібереді. Коммунист жігіт келіп қалады. Ол араласпайды. Әбіш, Сыдықты Жәкең жұмсайды. Ел татулығын еске алып, Сейіл бар, барлық басқа ел кісілері боп тоқтатады. Бос мор қып басып жіберіседі. Бұл істе де Қабыш жалғыздың, аздың досы боп шығарады. Татулық сырттан ғана. Іштей кіжінісіп тарайды. Баласы көп ел мұғалім екпін алады. Серікте солай. Бұл Сейілден екінші рет түңіледі.

Қабыш қулығын осы жерден сезеді. Ол қара биенің түп иесі осы Жортар.
Жортар Қабыш кісілеріне, өзге елге хабар таратады.

— Сейіл менің соңыма түсті Туысқанын қорғады. Ел партиясына араласты,— деп осы күйімен Наурызбай аулына Сейілдер келгенде қаладан, орталықтан дос елдерін қонақтап, өз еліне қайтып келе жатқан Жөкең кеп түседі. Айналасында Қабыш, Әбіш, Наурызбай, Тәңірберген, Жортар, Жақыпбек бәрі дос. Және Наурызбайдың әрі ағайындары, досы. Дәрігер Сыдық бірге келген. Жұрт мәре-сәре. Оқыған бай балалары, жастар Жөкең айналасында. Сейіл Жәкең әңгімесінде болады. Жортарды сөйтіп қарсы алғанын көреді. Ел іші шірік дейді. Қабыш мінездерін айтады. Жөкең: "өзгенің бәрі Қабыш, Наурызбайдан садаға" дейді. Наурызбайдың ақтар өткендегі қимылын айтады. Сейіл келсе үндемей атқа мінеді. Өзге оқығандар Сыдық, Әбіш болып оны басады.

ҮІІІ тарау

Сләм, Қадыр тізе біріктірген. Жастар жағына жамбастай жүреді. Кедейлер ішіне өз кедейлерін де кіргізеді. Сейілді ағайыннан жиренту үшін Әкімбекұлы және Қабыш болып Қадыр да Жармаққа мал даулатады. Сейілді би қылады. Сейіл Сләм көзінше Әкімбек аулында өтірік жалаға Қадыр кеп, ерегіс үстінде Жармақты сабап, басын жарады. Әкімбек аулы тас-талқан. Бірақ соғыса алмайды. Қабыштар жиылып тағы баталасады. Сол кезде передел келеді. Облысқа жаңа бастық келген. Мықты жігіт Гүлсімнен дәмелі. Соның екпіні. Кедей ата ұлын сілкінтеді. Қабыштардың, Сләмдердің, оқығандардың сырларын ашады. Сот жаңғырады, болыс жаңғырады. Қабыш бастаған Жақыпбек, тағы басқалар абақтыға жабылады. Бірақ, қалғандары кедейлерді алдап-сулап жағынып, шөп үлесін тағы алады. Тобымен қалаға айдалып, жуандар келеді. Сейіл кетеді. Кетерінде Самат ағасы ұсақ даулармен басын қатырады. Қашқындар қуылады. Союзды құлады дегенде ұсталады, бірақ қашқын қолға түспейді. Жортар хабарландырады. Облыстық қалада жоқшылар шығады. Іс кіндікке шейін барады. Гүлсім, Сейіл облыста кездеседі. Облысқа келген жаңа бастық, жақсы большевик іс сонікі. Бірақ қуғыншылар бастығы Жәкең болып, Қызылордадағы Қабыш, Жәкең достары болып, Қабышты шығартып жібереді. Сейіл "партияға араласты, ол бетін бұра бастапты" деген хабарлар тарайды. Оқығандар ортаға алып, құрықтай бастайды. Негізгі қайшылықтар — коммунистер ішінен Жөкең ықпалындағы Жүніс, Сейіт әрекеті Сейілді неше саққа жүгіртіп, өсек тарату үшін жұртқа "агент" деп қояды. Сейіт өзі Нығметжанның күйеуі болуға айналған. Сақыпжамал — Нығметжанның қарындасы. Мұғалімдік үнстетінде оқиды. Бұл — Жәкеңмен елге келген, оқығандардың ішінде болған. Өз оязына - ел аралап бірге өткен. Әбішті көріп келген. Бұлардың арасы сайлау кезіндегі Гүлсім-Сейіл арасындағы шытырман хал болады. Ел Сақыпжамалды "келін" деп те сөйлеген. Бірақ әлсіз жан емес. Сейіл облыс бастығының мінезіне сүйсінеді. Өзінің қолынан келмеген істі мынаның істей білгені сүйсіндіреді. Гүлсім қоса тамашалайды. Бұрын дүмбілез Сейілмен екі арасында дел-сал болады Гүлсім. Бірақ Қабыштар ұсталғанмен, ел материал бермей қояды. Облыс пен жоғары соттағы ұлтшылдар шығаруға себепші болады... Бұл құдалық болмай кеткен. Ол кезде Қызылордада Сейіт түсіп жүреді. Содан "қалыңдық" деп аталып қалған еді. Енді келіп соған тимек. Бірақ Нығметжан бұны тани түспек. Жолдастарына мадақтайды. Өзгелер үндемей, Сейіл жек көреді. Жүніс құда болып құтырады. Ішкіш Нығметжан ел қамын жеген болып, өтіріктер сөйлейді. Мен "үйдедім, бүйдедім" деп келеді. Гүлсім, Сейіл жақсы коммунистен анығын біледі. Өтірікші екенін таниды. Сейітті жазықтыға санайды. Анау мұны Жүніспен, ұлтшыл оқығандармен бірігіп жамандай бастайды. Гүлсімді де салқындатып жібереді. Облыс бастығы большевик, жақсы жігіт. Гүлсімнің сонымен жақындығы басталған. Сейілмен екі аралықта делсал. Латын мәселесі, емле жайы, жер жұмысы, сот ісі, оқу, мектеп, баспа, осының бәріне жаңағы ұлтшылдар қанат жайған. Елден хабар алып, Сейіл солға тарта береді. Оқығандар бұның сыртынан өсектер тарата бастайды. Бұл, бірақ коммунистерге де жанасып кете алмайды. Ұлтшыл жазушының жолын, өмірін көреді. Барлық ұлтшыл ел деген жалпы дақпыртта екенін түсіне қарамайтынын таниды. Шығар жолды Нығметжандар да, Асқар, Жәкеңдер де айта алмайды. Елге келеді. Кетер алдында Гүлсіммен соңғы кезде суық, ұғыспай айрылысу.

X тарау

Канпескеге қарсы келеді. Облыс бастығы Әзімжан елді бауыр басып алған. Облыстар осы жұртшылықпен тұрып екшеліп қалған. Гүлсім де осында келген. Ұста большевик болып елге көшіп шыққан. Қалада. Серік те елде. Ел кедейі ауыл басы сайын ұйымдастырып құраған. Кооператив жеушілер абақтыда. Қаратай, Тәңірбергендер қалада татуласып қалған. Ұлтшылдар барлық араздарды татуластырып, өздері Қызылордадан Қабышқа хат-кісі қатынасады: "Араздарыңмен табыс, татулас" дейді. Айтысып келіп кеткен және Тәңірбергенді ашық қорғауға кіріскен. Бұлар Қызылордада жүргенде көктемге шейін госпланда отырып канпескеленетін байлардың тұрмысы жөнінде қырқысып шыққан. Бұларды азайтпақ. Сейіл бұнымен Қабыш, Тәңірберген жөнінде ұрысқандай боп айрылысқан. Сейіл оларды "кетсін" дейді. Екеуінің қайшылығы - тай суықтығы сияқты. Ұлтшылдық түбі сая келгенде туыспен, тамыр-тобымен жуанға байланысты екенін тағы айтып сезеді. Қабыш кісілері ауыл-ауылды тори бастаған. Болысполкомнан қорқады. Енді тығылып істейді. Союз кісілері абақтыға түскенде Жортар, Қабыш, Жақыпбек аман қалған. Өйткені өз аттары спескте жоқ. Қала болған ел бар. Сләмдер, Қадырлар соған кірген. Оның тұсында былтырғы күзде Жақыпбек, Қабыш, Жортарлар бөгет шығаратын боп, Сейіл араласқан. Серік те көмекші боп, жер жөнін бітіріп берген. Бірақ қазіргі күнде ел жатырқап қарсы алады. Комсомол, партия адамдары Сейілді ел торығып көреді.Екінші жағынан Қабыштар да құбыжық көреді. Ел кедейін қолына ұстау дағды болған. Әмір аулынан болыстық ячейка хатшысы Серік. Болысполком сыпайы жұмыскер, мықты большевик. Бұл әсіресе сенбейді Сейілге. Қалаға облыс бастығына хат жазады. Өзі хабарласады. Гүлсім мен облыс бастығы жақын. Бұлар "Сейілге сену керек" деп елдегілерге басу айтады. Бірақ "сынаңдар" дейді. Канпеске елге шықты. Қуатжан ілінді. Тәңірберген ілінетін болды. Қабыш басы екі ұдайда. Оны алты қырдың астынан қорғағандар шыққан. Осы кезде Сейілдің келіншегі Қаныш қайтыс болады. Сейіл белсенген.

— Қабышты канпескелемесем кеңестің досы емеспін, — дегенге келеді.

Қуатжанды бұғып жүріп қорғаған Жақыпбектер талай пәле туғызады. Бес рет старшын қайта сайланады. Батырақтар арасын ылаңдайды. Болысполкомның елден сайлаған мүшелерін тартып алады. Қабыштар астыртын. Ақыры керейден келген өкіл және облыс бастығы елге келеді. Сейілмен, Серікпен сөйлеседі. Серікпен Ұста найзабасы боп алған. Бірақ Қабыш Серікке қарсы атасы Шаяхметті салады. Болмайды. Сонан соң бір старшынның бригадаларын шығартып, Серіктің атасы Жүністің атын ататады. Серік күйіп арашалайды. Бәйбіше естиді. Қабыштың Данияш қызы сот хатшысымен жақын боп, жаман байлау жасайтын түрі бар. Қызына екеуін еркін ойнатады деп бұл Әкімбек қызының қалада қалуына бейімдегені. Қабышпен араздаса бастайды. Кедейлерді еліне жібереді... Қабыштар Серікке осы жөннен пәле салады. Ел іші қырқысып кеп, Қабышқа келгенде үндемей қалады. Бірақ барлық жуан сол уақытта табысады. Әмірді ұры қып шығармақ, бұның әйелі өсіп адам боп алған. Ол белсенді. Сыпайы жұмысшы Серікті шетке қағады. Ел өшіктіре түседі. Серіктің атасы қатты қорқатындар арқылы Қабыш кісілері шағым жүргізеді, баталасады. Бұрынғы араздардың бәрі табысады. Серікті комсомолдан шығартып, қалаға айдап келе жатады. Дәл осы қарсыға облыс бастығы мен кіндік өкілі келеді. Балалары ол кедейлерді азғырады. Бірақ енді бүлдірушілер дегенде сөздерінен суық хабар шығып қалады. Әр ауыл кедейін жиып, соларға Серікті сұрап, арыз етпек боп жүреді. Әкімбек, Сейіл ол жайын баян етеді. Серікті айырып, малы толмайды деп, алдыңғы өкіл қалдыруға айналған. Қабышты кәнпескелейтін болады. Дәл кәнпеске күнінде Тәңірберген жылқысына милиция барғанда соғыс шығады. Тәңірберген қашқын. Баяғы қашқындар кеп бұның жылқысын айырып әкетеді. Түнделетіп кісі келіп, Қабышты өздеріне қосып әкетпек боп жатқанда Қабыштың қызы сот хатшысымен қашатын болады. Соның әлегімен көндіре алмай бөгеліп қалады. Өйткені, бұл қыз Тәңірбергеннің келіні болатын. Сот хатшысының бұрынғы қатыны Әкімбек қызы болады. Бұрын қалада дүмбілез боп шыққан хабар енді анықталады. Қасым аулы ашу шақырып, "Қабыш кеткелі жатыр" деп хабар қылады. Ол уақытта ГПУ адамдары келіп, Қабышты басып қалады. Қызы жырылып қалады. Қуатжан жөнеледі. Сараң кемпір шешесі сенделіп, есінен айрылып қалады. Қабыштың арты араздық. Бірақ сыртынан бұрынғы араздың бәрі шуласып жылап көрісіп шығарады. Тәңірберген қашқын. Әбіш абақтыға алынады. Сләм Қабыш кетерде мүйізі сырқырап қимайды. Табысады. Серік пен Ұста оны қала қауымынан шығартып тастайды. Осы күні қаланың азығы жүреді. Кедей тойы болады. Сейіл кеңеске шын келгенін айтады. Облыс бастығы осы тойда. Гүлсімнен "тием" деген хат келеді. Сейіл көңілінде азғантай құлазығандық, қимағандық болады. Аз ғана психология, бірақ онысын жеңіп, ел-жұрт тапқанына, төңкеріске қосылғанына қуанып кеп, Әзімжанға шын көңілмен құтты болсын айтады. Екі жатақты біріктіріп, Ұста, Жұматай мен Серік және ел батырағы Болат қала боламыз деген әрекетте жүреді. Жатақ көп рудан құралған. Бұлар қала боларда толып жатқан бөгетке ұшырайды. Жер комиссариаты қала болатын елге, оның орналасуына заң ыңғайламаған. Бұлар үшін ауылдың қорығынан пішендік алмақшы. Қуатжан, Қабыш, Сләм жерлері, қала салатын жері Әкімбек аулының қыстауына жақын. Асылбек аулымен даулы жер. Тағы бір жартысы Қалдыбай аулының баяғыда отыратын күзеуі. Бұл күнде екі жар болған елдер берекемен жер бермейді. Қабыштар мұны құбыжық көреді. Қала болдырғысы келмейді. Отырмайтын қоныстарына енді кейін қыстау саламыз деген боп Жақыпбек туысқандары, Жортар туысқандары, Қуатжан, Бейсембілер орнамақ болады. Пішенді өздері алатын болады. Көктемде Смағұл, Жүсіптердің былтыр жыртқан аңыздарын биыл өздеріне бермей, Жақыпбек, Жортар кеп егін ектірген. Былтыр Әмір, Смағұл егінді жақсылап жия алмай, төгіліп қалған. Биыл былтырғы бидай мен сұлы аралас шығады. Күзде Қуатжан сабайтын Сабырдың уақиғасымен қатар осы егін жөнінде тағы шатақ боп екі кедей төбелеседі, Әмір мен Жортар туысқаны. Жортардың туысқаны өледі. Облыс бастығы келіп Қабыштар жабылғанда бір жағында осы шатақ та болады. Серік пен Ұста пәленің түбін қазып, Сейілдің бойынан асырып жібереді істі. Сейіл келіп сыртқа жұрт жүрместен бұрын бұларға көмек еткен. Өткенде бір землемер алдында келіп жерді кеспей кетеді. Қабыштар астыртын арыз бергізіп (бұнда Самат іс қылады, заң үйретеді), алам деген жерлерге кедейлер атынан дау шығартып, землемер сөйлестірем дегенде бармайды. Жөнін хабарлаған землемер қайтып кеткен. Сейіл қайтадан землемер алғызып, елдің барлық жуанын шақыртады. Ру-ру бастықтары. Бұлар неше түрлі айлаға салып, жалтақтағысы келеді. Мыналар қоймайды. Жер кесілгенше жатақ азық алып жатады. Өз беттерімен ой-жобамен кіріскен. Қиын жұмыс Байқұстар халі.

Барлық заман бойында олар осымен алысып жатады.

Жәкең Сейілді Наурызбай аулында көргенде бұған да қарсы болады. Ғылым жөнін айтады.

ІX тарауға Облыстық қалаға күз келгенінде Сләм, Қадырлар "кір-кір" дегенмен Серіктерді көндіріп, Сейіл кіргізіп кеткен. Содан қаладағы оқығандармен байланысқа пайдаланып кредит әпертіп, гидротехник шығартады. Кооператив аштырады. Мектеп ісіне бастық қып мұғалімді белгілейді. Бірақ Қабыш жабылатын қарсыда ол қаланың ісін мазақтап оңға баспауын талап етеді. Жөкең сөзін сүйеу қылады. Тіпті болмаса Жортарлар егіндікке түнде жылқысын түсіріп жіберіп, қысқы мал жайылатын өрісіне мінбелеп, көрші кеп қуып алып, тістеп-жұлып мазаларды кетіреді. Смағұл Отырмайтын қоныстарына енді кейін қыстау саламыз деген боп Жақыпбек туысқандары, Жортар туысқандары, Қуатжан, Бейсембілер орнамақ болады. Пішенді өздері алатын болады. Көктемде Смағұл, Жүсіптердің былтыр жыртқан аңыздарын биыл өздеріне бермей, Жақыпбек, Жортар кеп егін ектірген. Былтыр Әмір, Смағұл егінді жақсылап жия алмай, төгіліп қалған. Биыл былтырғы бидай мен сұлы аралас шығады. Күзде Қуатжан сабайтын Сабырдың уақиғасымен қатар осы егін жөнінде тағы шатақ боп екі кедей төбелеседі, Әмір мен Жортар туысқаны. Жортардың туысқаны өледі. Облыс бастығы келіп Қабыштар жабылғанда бір жағында осы шатақ та болады. Серік пен Ұста пәленің түбін қазып, Сейілдің бойынан асырып жібереді істі. Сейіл келіп сыртқа жұрт жүрместен бұрын бұларға көмек еткен. Өткенде бір землемер алдында келіп жерді кеспей кетеді. Қабыштар астыртын арыз бергізіп (бұнда Самат іс қылады, заң үйретеді), алам деген жерлерге кедейлер атынан дау шығартып, землемер сөйлестірем дегенде бармайды. Жөнін хабарлаған землемер қайтып кеткен. Сейіл қайтадан землемер алғызып, елдің барлық жуанын шақыртады. Ру-ру бастықтары. Бұлар неше түрлі айлаға салып, жалтақтағысы келеді. Мыналар қоймайды. Жер кесілгенше жатақ азық алып жатады. Әз беттерімен ой-жобамен кіріскен. Қиын жұмыс Байқұстар халі.

Барлық заман бойында олар осымен алысып жатады.

Жәкең Сейілді Наурызбай аулында көргенде бұған да қарсы болады. Ғылым жөнін айтады.

ІX тарауға

Облыстық қалаға күз келгенінде Сләм, Қадырлар "кір-кір" дегенмен Серіктерді көндіріп, Сейіл кіргізіп кеткен. Содан қаладағы оқығандармен байланысын пайдаланып кредит әпертіп, гидротехник шығартады. Кооператив аштырады. Мектеп ісіне бастық қып мұғалімді белгілейді. Бірақ Қабыш жабылатын қарсыда ол қаланың ісін мазақтап оңға баспауын талап етеді. Жөкең сөзін сүйеу қылады. Тіпті болмаса Жортарлар егіндікке түнде жылқысын түсіріп жіберіп, қысқы мал жайылатын өрісіне мінбелеп, көрші кеп қуып алып, тістеп-жұлып мазаларды кетіреді. Смағұл қарсы болғанда жасаса ғой деп Жортар күшін айтады. Анау ызаға шыдамай: "шық-шық" дейді. Жортар қолын жиып барады. Аналар жоқ болады. Пішенші таяқ жеу, екі кедей төбелесу, осы уақиға бөрі бірақ күн ішінде болады.

ПЛАН 1

Жылдан-жыл балалық шағы шегініп, ұзап бара жатқанын Сейіл осылай ауылға қайтқан күні сезді. Балалық күндерде осы жайлаулардан, не күзгі күзеуден қалаға қарай кету қандай еді. Әрбір көгал, өр төбе, тіпті, өр түп ши, асық ойнайтын там, жасырынып ойнайтын жар-жыра, там соғатын, дөңгелек жасайтын қоғалы, сазды қасқа бұлақ — бәрі-бәрі де "кеттің бе, қалдық па?" дескендей болатын. Бала көңілі туып өскен көрпе төсегінен кеткендей, жыртылып айрылғандай болушы еді. Оның есебіне жыл жүріп, не жарым жыл жүріп ауылға қайтқан қандай еді. Оны құдықтың майысқан шалғыны, қоңыр қайқының сары төбесінде тұрғандай толқыған қылаң кәде, көк қасқа бетегеге шейін "келдің бе, келдің бе?" деп, басын изесіп, күліп қарсы алғандай болатын. Одан бері келе, осындай бірер жыл бұрынырақ, алғаш рет Сейіл елге қайтқанда, күдікпен қайтты. Ауыл тұрмысы — шытырман. Бұл жазық дала, жадағай адыр, жайдақ көлдер сыртынан ғана ап-ашық, ап-айқын сияқты. Ішін көрсең?! Ол — қиын жықпыл, жыраның ондағы адамы ғой. Өмірінің ғасырлар ылатын жиған, дертінен арылмаған. Арылайын деп ойламаған. Сол бір кірлігін сүйетін қиын, шатақ тіршілігі ғой. Бұл жағынан қарағанда, Сейілге қыр қызығы біртіндеп тоналып, жұтаң тартқан сияқтанады. Сондықтан ол соңғы жылдарда күліп келіп, күңіреніп кеткендей болатын. Сонда да әлі қырға келуінен талмайды. Енді бұны сүюін маскүнемнің ішкілік орнын сүюі сияқты да сезеді, біледі. Арты — өкініш, басы — мең-зең, жүрек тұнып, көз тұнжырап, көңіл шайлығып шығады. Бірақ сонда да бұл өзіне мұны әзір тарта береді. Адамы дейміз. Адамның бәрі сондай ма? Бөрі емес, кейбіреулері. Ал олар болмаса қайтер еді? Болмаса бұл өмір Сейіл сүйгендей қалпында тағы тұрмайды... Өзгеше болады. Бұнан таныс емес, жаңа, жат күйге ауысады. Оған Сейіл үйренген емес: қандай болады, не болады, не боп шығады? Сене алмайды, үйренген ұяң емес. Күдік жеңілмейді. Жолшыбай естіп келеді. Сағынған ел, бұның алдына бірнеше сыбаға тартқалы тұр. Белге шықты. Бу сағым көтерген боз үйлер, жиі отырған ауылдар әлдеқандай, ертегі шаһарындай болып көріне қалды. Ар жағы — алыстағы көк тау. Салт аттылар мен қара-құра мал да андыздап, мен мұндалап, ереуілдеп түр. Кей жерде асты-үсті бірдей көк теңіз боп, ақ үйлер аспанында дөңгеленіп, жұмырланып, жерден шардай боп үзіліп, жоғарылап, сәулеленіп тұрған сияқты. Кейде қалқып шыққан түтін де бұрқ етіп, артынан жібек газ пердедей маздап, шашырап қалады. Сазы мен жазығы осындай боп құрылған сағымды көрініспен қарсы алады. Пар атты арба жақындай түсті. Өрістегі қора-қора қой, одан жақындағанда елсіз бұлақ басында, өзен жағаларында жүрген бойдақ жылқы, шашыраған саяқтар көрінді. Сарыойдың екі жағы - қоңыр таулар. Соның жүргіншілер келе жатқан жотасына қарай шөп түрі өзгеріп, ащылы көкбек, жусан, қара от боп кетеді. Қазір де соған Сарыой ауылдарының түйесі құлаған. Тағы жақындай түсті. Сағым айықты. Ауылдар. Бірақ топталыңқырап оқшауырақ отырған бес ауыл — Қабыштар. Ақ үйлері көп. Шағын үйлер Смайылдар. Тағы бір топ екшелген осы ауыл — Сейілдің ауылдары. Асылбек, Әкімбек ауылдары. Одан әрі көп-көп ауыл. Кешкі өзенді ерлеп алысқа, көк жиекке кете береді. Жаңағы сағым — енді ауыл, үйірлеген жылқы, салақ ауылдардың құдықтарының басына қамалып тұрған түйе, сиыр боп шықты. Әзір ауыл жанында шоқ-шоқ шоғыр боп үйірілген өргі басы саулық боп кетті. Сейілдің есіне бір кітаптан оқыған әлдеқандай бір көрініс елес етті. "Алыстан — сағым, жақындап келсең — адам". Иә, Толстой айтқан еді. Бала күнім мен бүгінгі күнім де осы-ay. Өмірдің шыңынан алыс бала шағымда бұл өмір сағымдай шалқып, көз тұнжырар еді. Енді қайнар, жер, тасына, ащылы-тұщылы шындығына шомып келем. Сағымдай ғашығым кетіп барасың. Солай ма? Көңіл неге бүлк етпейді. Тотығайын дегенбісің, шіркін! Ақырын өзін-өзі әзіл еткендей, шыныңды сездім-ау дегендей боп, іштен екі айырыла езу тартты.

— Жоқ, жоқ! Әлі қыр сұлу, әлі тәтті. Әлі де уатар, әлі де жұбатар, масайтар жырлар көп, — деп, іштен тағы бір күй ектеп шыққандай болды.

— Бәсе! — деді Сейіл.

Ат тұмсығы үй сыртына тірелді. Қатын-қалаш, барлық ауыл, көрші ауылдар да бар. Барлығы жиылып қарсы алды:

— Жүдепті!

— Жүдеген!

— Жоқ! — десіп.

Балалар бата алмаса да қуанып секіріп, ерекше желігіп жүр. Әкелген базарлық беріліп, жұртты үлкендер ұрсып,

таратып:

— Сейілге тыныштық беріңдер, — десіп еді.

Сондай ықылас, күту, пейіл арасында шай ішілді. Күн әлі ерте — кіші бесін. Бұл жолы Сейіл өз ауылындағы ағайын-туғанға үйді-үйіне кіріп, амандасуды өзгеше бастау керек болды. Дағдыда өзінің үлкен үйінен — оң жақта отыратын үлкен әкесінің кіші үйіне кіруші еді. Биыл ол үй бөлек ауыл. Басқа жерде. Сейіл ауыл шетіндегі үлкен бозғыл үйге қарай аяңдады. Қасына ерген ағасы Қадыр, қайны Әкпар және бір туысқан Сләм да сонда қарай бірге жүрді.

— Қашан жығылды?..

— 5ес-алты күн болды.

— Е, шүкірлік, тәуір. Басында шошыңқыраған едік, мертікпеген көрінеді, — деп Қадыр тыныштық ажарын көрсетті.

Үйге келісті. Тор алдында - жер төсек. Науқас төсегі. Онда бала жігіт Сәлім. Қасында әкесі отыр. Босағада — қасқыр тартқан қой. Нафталин, карболка иісі. Смағұл Сейілмен көріскенде, көзіне жас алды. Осы үйге келе жатқанда, Сейілге көп амандасып, қол берген шәкірт пішінді, қызыл сары бала жігіт бірге кірген. Ол Сәлімнің қасына отырып, жайды бұрын сұрай бастады. Сәлім аттан жығылыпты.

— Әлгі итті қуамын деп, балалық емес пе? Түнде шауып, жарға жығылыпты аты, - деп Смағұл Сейілдің естіген жайын қысқаша өз аузымен айтты.

— Шімірікпес болар ма? Осы Саматты да оқыған дейді-ау. Не жаны шығып бара жатыр екен?- деп Әкпар сұрланып, жантая түсті.

— Оқыған? Не қылған оқыған! Оқыған зұлымдық ойласа, қара қазақтың не қу, не сұмынан асыратын көрінеді ғой, — деп Сләм да осы күйге күйінді кісінің бірі екендігін сездірді.

Сәлімге бұл сөздер жайсыз тиген еді. Алдында Сейілдің қолын ұстап қысып жатыр еді. Енді бетіне ашу белгісіндей бір қызыл жүгіртіп, шынтақтап көтеріліп, тап Сейілдің бетіне қарады. Басында үндей алмай, көзіне жас келіп, тамағы булыққан сияқтанды. Сейіл бұның ойындағы толқынын сезіп, еңкейіп бетінен сүйді. Жаны ашыды. Сәлім Сейілдің қолын босатпай отырып, бетінен сорағытып аққан екі тарау жаспен бірге тілге келіп:

— Сейіл аға, мылтығың бар ма? — деді.

Смағұл ыңғайсызданып күліп:

— Қой қарағым! Не қыласың, — деді.

— Қалқам, мына Сейіл ағаң келді. Сен енді ұйықта. Ешнәрсе де ойлама, әуелі жазылып ал. Сонан соң ол Саматты көрерміз,—деп Қадыр да ыңғайсыздықты сейілтпек болды.

Сейіл не дерін білмей, өзге жайларды ұмытып, Сәлім күйін сезінуде ғана еді.

— Әуелі жазылып ал, қарағым!.. Сонан соң сөйлесеміз. Не болса да бірге көрерміз, — деді.

Сәлім өңі қуаттанып, қайта жайнады.

Жұрт басқа, бөгде сөздерге ауысты. Сейілден қала жайын, сұрастыра бастады. Сләм мен Серік Сейілден газет сұрады, оқығандар жайын сұрады.

Сәлім әңгімесін шай үстінде Әкпар тағы бір рет нобайлап сөйлеп, соғып өтті.

— Екі туысқанның құйрығын байластырып отыр,— деді.

— Е, ерлік пе? — десті Смағұл мен Қадыр.

Бұл мынау отырған адамдардың арасында нық орнаған пікір сияқтанды. Үлкен мазасыздықтың сыры осы жерде жатқанын Сейіл түсіне бастады. Қаладан шыққаннан бері көңілін күпті қылған күдіктің бірі осы. Адам мінезін жаманға ұйғаруда кейбірін әуелі сенгіштікке салып тәуірге ұйғарып отыратын сенгіштік бар еді Сейілде. Ол — бір. Екіншісі — алыс-жұлысты сүймейтін момынға бейім мінезі бар. Оның үстіне алысса да негіз үшін, үлкен мақсат үшін алысу. Болмаса ауылға кеп, қырдың алысына қатысуды сүймейтін. Осының барлығы өлі беті-жүзі анық болмаса да, Сейілге шытырман, шиеленіскен түйін сияқты болып сезіліп, жаңағылардың сөзін елетпеді. Ол осындайды оп-оңай жаман ұйғара қоятын елінің әдетін біледі. Сондықтан қабағын шытып, наразы жүзбен:

— Ұйғарып-ақ қойғанбысыңдар, — деп, ызамен күліңкіреп, — бұл өз баласын өзі саудалаған да айла. Кінә қоятын жеріне қою керек емес пе тіпті, — деп, шынысын төңкеріп, папиросын суырды.

Жаңағы Әкпар айтқандай сөздің Сейілге жақпайтынын туысқандары біледі. Сейіл сөзі оны анықтады. Басында ол сөз айтылғанда шұғылырақ айтылып кетті. Бұны жайлап, жасқап Сейілге кейін ұғыстыру керек. Бұндайды шұғыл естігенде, Сейілдің үркетіні анық. Осыны сезген Сләм бірнәрсе айтпақ болған еді, Серік ортадан киіп:

— Басы - әйел бостандығы. Кімді сүйсе, соған кетеді. Осындайға әлі әке-шешені кінәлай қоятын немене әдет екен?.. Сләм, оқып жүрген жас жігітсің. Саған тіпті жол емес. Ендеше, сенің дертіңді өзіміз жазамыз. Не қыласың?! — деді.

Сләм бұл арада бөгде кісі боп өзгеріңкіреп:

— Оларың рас шығар, сендер көңілі таза адамсыңдар. Біз от басы аңдысып қалған жанбыз. Жақсы сөз, жақсы мінездің ар жағында да бір пәле жатпасын деп қазбалап үлгереміз. Қабыштың өз басы жазықсыз болса болар, - дегенде Смағұл қолын сілтеп:

— Өз басы ма? Өзгесі ме? Бәрін бір де, — деді.

Бұнысы шын болуға мүмкін еді. Қарсы, дүниеқұмар біреудің тәуіріне қызыққыш әйел бір есептен істесе, шын деуің мүмкін. Бұл тұста Сейіл де қарсы болған жоқ. Бірақ дұрыс болар деп ешнәрсе айтпады. Өзгелер де содан ақыры қайта қозғалған жоқ. Томсарған ашулы жүзбен Смағұл, Қадыр тоқтады. Бұл әңгіменің аяғын Сләм өзінше қорытты.

- Әйтеуір, бұл біз білген жалғанда не тук дарымайтын сезбес бол, не болмаса елден шыққан қу бол. Әйтпесе өмір сүргізбейді. Түп жоқ бір тұңғиық біздің бүл даланың өмірі, -деді.

- Иә, есер есірік болмасаң, тіршіліктен пайда жоқ, — деп Қадыр қостады. '

Бұнда да бірталайдың сыры бар. Сләм тегін айтқан жоқ. Бірақ неге айтты оны? Сейіл бүгін ойламады. Ойлағысы да келген жоқ. Смағұлдікінен шыққан соң өз отауында Қаныш пен Таңсық та осы жайға басып өтеді. Олар Саматты кінәлайды да, Қазиды ашық телуші дейді. Самат ұялмайды. Үй-ішімен, мына жақпен дәм алмасатын кісі сияқты. Екі ағасының ат жоғалғандағы мінезі. Кемпір шешесі Сейілді тосады. Ағаларының Саматты өзгерткені, ол кім болған. Қаныш, Таңсық. Ойын-қалжың. Үй-іші, шүйіркелесу. Қаныштың түсі. Ол жүдеу. Біртүрлі момындық та бар. Аздан соң Сейілге бір хат береді. Гүлсім хаты. Бере отырып қалжыңдаған болып өзінің назын білдіреді. Қаныш:

— Біз қара қазақпыз, жаманға ұйғарыппыз. Тым болмаса қыз ескерсе ше? Еркектігің бітпесін, Сөкем... — деп кекетеді.

Хат оқылады. Көз алдына Гүлсім келеді. Көңілге қозғау салады. Келесі күні таңертең жұрт жиылды. Әкпар, Смағұл, Серік те бар. Бұлар қала болмақ ел. Самат та осының ішінде еді. Шырықтарын бұзып жатыр. Қымыз ішіп, атқа міністі. Жолшыбай әңгімелесіп, Серік жайды айтады. Землемер кетіп қалыпты. Оның ақысын бермей, жер жайын шатаққа айналдыруда айнытып қимыл еткен Самат, Қабыш біржолата қолына қондырып алған.

— Көмек ет, — дейді. Смағұлдың қылықтары туралы Сейіл құз басын таба алмай сандалса, Серік тап жігі, байдың, жуанның қимылы, кеңеске қарсылық деп шешеді.

Оның қасындағы әмір де дұрыс деп түсінеді, қостайды. Сейіл қала ісіне барынша көмек етпек боп, Серікке уәде береді. Арық салмақ.

— Ол жұмысқа қауымдарың кірісе берсін, — дейді. Асылбек ауылына келсе жоқ. Кәрі кемпір. Бұл үйдің қысқаша тарихы. Дәметкен ене әлі шайпау, сараң. Қаныштар ат жеккізіп бірге келді.

— Қасыңнан тастама, — деп жорта тиісті. Бұл да бір іргелі сөз.

— Оқу бітірдің, енді бірге бол, бірге жүр,- деседі.

Дәметкен Смағұл мәселесі шыққанда, бірнәрсені қоңырсытып:

— Қази бірге ойнатып жүр деген, — деп, Саматпен Қабыш қызының екі арасын айтып, жұрт күдігін жарыққа салып отырады.

Әкпар тоқтатып тастамақ болады. Дәметкен өздерінің қыстау жайын сөз қылады. Бұл кезде Сләм да келген. Бұл қыстау тарихы. Асылбек, Әкімбек ауылының тағы құрығын байланыстырып, арадан ата қыстауын тоқал баласы алып отыр деп, осы ағайын тегіс арманда. Әкпар тағы да тоқтатпақ болады. Билігін Сейіл айтсын депті.

— Енді шын билік қылсын, көрерміз, — деседі.

— Ол да бір далбаса ғой, — деп Сләм да қысқа қайырады.

Келесі амандасатын ауыл — Әкімбек ауылы. Сейіл бұған келгенде, аз кісімен келеді. Бұл да бассыз қалған ауыл. Бір жағы Қадырмен құда. Екінші жағынан, Саматтармен құда. Бәйбішенің бірінші баласы. Бұлар Сейіл Қанышты алар қарсына жақындасқан. Сләмді де Бәйбіше баласымен қосып келген сол кез еді. Ол уақиға тарихы. Қабыш қарындасының Сейілге берілгенін ұнатпаған. Бәйбіше баласы бел асып кетеді, екінші сырттан атастырған құданы жылатқысы келмейді. Ел іші жіктеліп барып, сот күшімен тоқтасқан.

Сейіл мен Қаныш махаббатының тарихы қысқа.

Бірақ, Қабыш қарсылығының тұсында Әкімбек ауылының көңілі таза. Қабыштың бөтендік мінездерін көре келіп, Бәйбіше баласы баталасқанда, қыстауларын да бірыңғай қып алмақ болған. Салмақбайдың үлкен отауы Әкімбек пен тоқалға берген қыстауы бауырда. Асылбек бөлген орын Тасшоқыда болатын. Жолдың үстінде Асылбек ауылы. Сейілдің тірлігіне сеніп, өз қыстауын беріп қалған. Бірақ ол уақытта Әкімбек баласы да уәде айтып еді. Енді сонікін ол орындамайды. Бұрынғы жік енді өзгеше боп ауысқан. Бауырдағы ауылдың бұрын бөрі бір жақ еді, қарсылық жалғыз Қабышқа арналған еді. Енді Самат ауылы Әкімбек тілеулес болып екшеліп келе жатыр. Әсіресе, мына Қабыш қызын алатындығы солай боп шығарды.

Ендігі бір кезең осы жер тұсындағы Гүлсім үстінде. Бір уақыт екі жағы:

— Қабыштың өзі жайғасын, — деп, Жақыпбекке айтқанда, ол аяғында отыртпаған. Бірақ:

— Сейіл келеді. Билікті сол айтсын, — деген.

Бұл да шытырман саясат. Сейілдің қалай айтары мәлім. Содан жиреніп, түңіліп келсе, Әкімбек ауылы нық келеді. Жалынышты бола келеді деген есеп болатын. Бұл ұсынысты Қабыш дәл Самат оқиғасы шығысымен жасаған. Бұл — таразы бағу.

— Екеуін екі жағына алып отырып, билігіңді айт, — деп Бәйбіше сөзін береді Сейілге. Сейіл астарын ойламайды, айтпақшы.

Сейіл қала болушылар ортасында. Үш-төрт ауыл — сыпыра жатақ. Он бес шақырым жерде алмақ жерлері. Мұңға бір ұста келіп жатыр. Сол ертіп барған. Сейілдің қалада түсіп жүретін үйінің бірі. Тоған алмақшы. Тоғандарын көріседі. Сләм ақылдасып, осыған кіріп ел болсам дейді. Сейіл береке қоса кіреді деп, дәлді байлау айтпайды. Бірақ жердің көбі осы ата Азынабайдікі. Екі ойлы. Кедейлер біріге алмай, жартысын Самат қорғап, тағы бірлерін Әкімбек ауылы баса, шегіншектетіп жүрген еді. Енді міне, Самат әңгімесімен Смағұл да қобалжыңқы. Әмір мінезінен қашқалақтаған Жетпісті — қатыныңды ауышымен алып қаламын, - деп Қазиды қолына тартып алған. Кедейлерін тықпалап, Жортар, Жақыпбектерді жағалайды. Землемерді ренжітіп Самат қайырады. Сейілмен ақылдасып келгенде, бұл қалаға хат жазып, Серікті жүргізеді. Сол землемерді қайта шақыртырады. Арық қазуды бастай берсін, — дейді. Шаруа бастығы — талапкер ақсақал Жүсіп. Бұрын бай болған. Қазір момын шаруа. Оның қызы, Серік осы ауылдағы кедей бала. Бұл пысық бола бастаған соң Саматтың, Жақыпбектің союзына оның ағасын басқарма мүшесі қып кіргізген. — Ол — Шаяхмет. Еті тірі. Ұста, Серік, Әмір, Смағұл өзге кедейдің ішіндегі саналылары. Шоқпыт жалғыз шал. Сейіл сөздерін жақсы көреді.

— Осының етегінен ұстадым, — деп, Сейілге баян етеді. — Құлағыма басқа сөз сіңбейді, — дейді.

Бірақ Әкімбек ауылы қатысына тоқтау салып, шегіншектетіп жүрген. Жер туралы дауласпақ, Қабыштан, Қуатжаннан, Сләмнан пішендік алмақ. Талпақ, Төрттоқал, Азынабай күзеулерінен қала салып, егіндік алмақ Биыл Қабыш пен Жортар көктемде егінді жөндеп салғызбапты. Енді осы күзден орнықпақ. Сейіл байлау жасатады. Ел кісілерін жер жөнінде байқап көрмек.

— Елім сендерсіңдер, — дейді.

Қабыш ауылына келеді. Қабыш Мәскеу, Қызылорда, облыс жайларын сұрап әңгімелеседі. Шешен, нығыз. Шоқпытты ұрсып отырады.

— Қиымызды жақтың, — дейді.

Жетім қыз Мәрзия, Рабиға көлбелектейді. Мәрзия мен Самат уақиғасының тарихы. Қази рөлі. Қабыштың бәйбішесі кім? Күң халінде. Ол ықтиярсыз. Бірақ Қазидың өз қызы Рабиға — Тәңірбергеннің келіні. Саматқа басында бұл да қосылып қала жаздайды. Қази о жерін өзі басқарып, Саматқа Мәрзияны телиді. Бүл осы жаңада болған. Ауылдарында ойнатып, Самат ауылына сыбаға апарғызып, Саматтар келгенде, отауды босатып, алтыбақан тептіріп, бес-алты күн Саматты жібермей жатып әрекет еткен нәтиже жоғарғыдай.

Қабыш Сейілді сыртынан күте отырып:

— Мына туысқандарды жайға, — дейді. Сейілге қарсы Саматты бақан тіреу қылып, ауылын жіктеу, оны Әкімбек ауылымен достастыру. Әкімбек ауылын Сейілден жирендіру.

Бәйбіше баласын ала қылып, екеуінің наразылығын бір-біріне және Сейілге айдап салып, өзі ел көзінде Бәйбіше баласын жылатты деген пәледен аулақ болу. Осының бәрін әйел бостандығымен бүркеу. Сонымен қатар лағынет оқыдым деп ақталады. Сләмдар Смағұл, Самат жайын малмен бітіргісі келеді. Сейіл:

— Өздерің біл. Мені осыдан құтқарыңдаршы, — дейді.

Сейіл соны өшіретін етсе, Самат ағасы осылайша істемек болатын. Ол да Қабыш пен Қази айтқан жол еді. Мәселе осылай бітетін болады. Сырт та бітеді. Бірақ араздық араларында қалады. Сырттан Қабыш ауылы:

— Сейіл қалың мал әперетін бопты. Бұл да өзіміздей қалтиған таз екен ғой, — деп әзіл етеді.

Бұл — Сейілдің бір сыбағасы.

Сләм ауылы — таза, сыпайы ауыл. Бұрын бала оқытқан. Сүт машинасын, шөп машинасын елге шығарған. Қала байына қыз берген. Өздері бұрын сауда қылған. Азынабай ішінде өркөкірек ауыл. Қабыш сияқтылардың ас ұстау, киім қию, үйді күту, қонақты сыйлау сияқты мінездерінен бұл ауылдың қатындары тыжырынып, жиреніп отырады. Бұрын Қабыш елді көп әперген. Бірақ кейін Сләмнің ата жауы — Жортармен табысып кетті. Қалдыбай ауылының қамытын қолына ұстады. Олар не ғып еді? Сләмнің жесір отырған тоқал шешесін алып қашқан. Ол кезінде үлкен пәле болған. Алашорда ат салысқан. Сондағы дұшпанмен танысқаннан бері Сләмді тентек дегіш болған Қабыш. Осының бәрі наразылықтың астыңғы қабаты еді.

Бәйбіше баласымен суысуында Қабыш:

— Сләмнің әрекеті, сенбейтін болды, — дейтін Қаныш мәселесінің тұсында Сләмнің Сейіл көмекшісі болып шықты. Бұл алғаш суысудың басы еді. Енді Қабыш Сләмді тастап, Бәйбіше баласын өзіне тартып алмақ.

Сләм барлық жерде Қабышқа наразылығын кейде тұспал, кейде ашыққа сала айтып отырады. Сол күй әйелдеріне де жайылған.

Айт күні Сләм тоқалы басты Қабышқа бермей, Сейілге береді.

Арық қазуды бастай берсін, — дейді. Шаруа бастығы — талапкер ақсақал Жүсіп. Бұрын бай болған. Қазір момын шаруа. Оның қызы, Серік осы ауылдағы кедей бала. Бұл пысық бола бастаған соң Саматтың, Жақыпбектің союзына оның ағасын басқарма мүшесі қып кіргізген. — Ол - Шаяхмет. Еті тірі. Ұста, Серік, Әмір, Смағұл өзге кедейдің ішіндегі саналылары. Шоқпыт жалғыз шал. Сейіл сөздерін жақсы көреді.

— Осының етегінен ұстадым, — деп, Сейілге баян етеді. — Құлағыма басқа сөз сіңбейді, — дейді.

Бірақ Әкімбек ауылы қатысуға тоқтау салып, шегіншектетіп жүрген. Жер туралы дауласпақ, Қабыштан, Қуатжаннан, Сләмнан пішендік алмақ. Талпақ, Төрттоқал, Азынабай күзеулерінен қала салып, егіндік алмақ Биыл Қабыш пен Жортар көктемде егінді жөндеп салғызбапты. Енді осы күзден орнықпақ. Сейіл байлау жасатады. Ел кісілерін жер жөнінде байқап көрмек.

— Елім сендерсіңдер, — дейді.

Бір түн оқиғасы. Әмір — Сейілдің кедей туысқаны. Өзге кедейлердің ішінде еті тірісі. Серікті сүйеу көреді. Сейілге бұрын туысқандықты сынайтын бедел салған емес. Жетпістің келінімен жақын. Жетпіс тарихы. Серіктердің қоғамына кедей атанып кіріп еді. Мұны басында:

— Кіргеннен кейін келініне маза бермейді. Сейілдің туысқаны, - деп келгенде Қабыштар соның ішінде бол. деген. Жайларын сұрап, Серік ылғи закүн үйретеді.

— Байға, жуанға қарсы бол! Жер сенікі, мал сенің еңбегіңдікі, — деп айтады дегендерді естіген соң, Қабыш пен Қази Азынабай жерін алам деп айтады дегенді тағы естіген соң, әдейі тыңшы сияқты қып қойған. Ақыр бір күні шал Әмірді тағы ұстап алған соң, Қази қолына көшіртіп алған.

Енді шал мен баласы — құл, келіні — күң есебінде болатын. "Өмір бойы тапқан-таянғанын беріп алған кедейдің қатынын Әмірге алғызбаймыз" дейтін. Сол Әмір енді Қабыш аулын тори бастайды. Қабыштар астыртын аңдытады. Осы күні Самат бар, Құсайын бар, көп малшы бар Әмірді ұстай алмай, атын басып қалады. Киімі қалады. Келінді түнде оңаша шығартып байына сабатады Қази. "Қайттым" — дегізеді. Әмір Серіктерді көмекке шақырады. Олар болысқа, сотқа шаппақ болады. Серік комсомолдар ячейкасын құрып алған. Соның атынан Қабыштарды қумақ болады. Қабыш Сейілге:

— Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар. Мына кедейді жылатпасын, — деп Бейсенбіні салады. — Немесе малын беріп, қатынды әперсін, - дегізеді. Бірақ қатын тимекші емес, сертінен қайтып қапты. Ол бір. Сейіл сотқа жібермейді. Әмірді шақыртып ап басады. Аналар бұл тентек деген соң, Әмірдің аттыға бермейді. Айт деп басып қалғысы келеді. Серіктер:

— Бұған тоқтамаймыз, - деп жатқанда, бір жағынан землемер келіп қалады.

Екіншіден, сол күні Жортар кеп, Әмірдің ағасы Қордабайдан қара биенің көзін даулайды. Жортар кім? Тағы Сейілге келеді.

— Өзге тоқтататын ағайын жоқ. Немесе сотқа тартам, — дейді. Сейіл:

— Тартсаң тарт, — дейді. Бірақ Қордабай қорғанып, өзі келеді. Үйткені Бейсенбімен ақылдасқанда, ол:

— Әдейі Сейіл алдында айт, - деген. Сейіл қара биенің пұлын әпереді. Бұл биенің сойылыс тарихы.

Серіктің бұл істерге наразылығы күшейеді. Сейілді кінәлайды. Қабышқа деген кінәні кооператив союздан бастайды. Бәрі елді, кеңесті жейді. Бәріне астам. Әйелді, кедейді жылатады. Оны айтар дейді. Мұны естіген Қабыш қала қылмауға байлайды. Жортар, Жақыпбек, Қуатжандар өзге жатақ айналасындағы кедейлерден ұйым құрап, землемер алдында да даулатпақ. Бұларды Жақыпбек, Жортарлар оқытады. Екіншіден, Серікке қарсы Шаяхмет басына қауіп білдіріп қояды. Серік Шаяхметке наразы, ащы сөздер айтады. Жақыпбектен естіген. Ол Шаяхмет, Самат қоса жегенін айтады.

— 300 кез пұл Шаяхметте. Өз намысы, — деген.

— Қусаң бәрімізді қоса қуасың. Қабыш басы бұл шатақтан және аман, - деген.

Осымен Серік дел-салда қалады. Сейілге ақылдасады. Қаласын жерге орналастыруын жайғап алыспақ. Екі жердің екі дауы. Осындай кикілжің үстінде землемерге жәрдемдесу керек болады. Сейіл сонда барады. Қуатжан, Жақыпбек, Сләм, Жортар, Бейсенбі барлығын да шақырттырады Сейіл. Сләмнен басқасымен кезек-кезек сілкісіп отырып, түріп шығарады. Аналар Сейілдің айтқанына көнген боп тоқтайды.

— Бірақ, біздің де кедей туысқанымыз бар. Соларды да алыңдар, - дейді.

— Қуатжан мен Төрттоқал жерсіз, есесіз қалған атамын. Аузыңды Сләмдар жаққа бұра тартпа, аяғың сынады, Сейіл! — деп қалжақтап көнеді. Қуатжан кім? Жер кесілетін болып, кедейлер екшеліп, қалаға қарай кетеді.

Смағұл, Жүсіп, Әмір, Ұста, Серіктер ортасында. Арық жайы. Көп кедей су шығара алмай алысып жатыр. Бір салған тоғаннан су кетіп қапты. Жөндеп жүрмейді. Шоқпыт, Жүсіп, Сабырлар тостабандап алысып жатыр. Сейіл:

— Гидротехник шығартпай болмайды,—деп қайтады. Бірақ еңбектеріне сүйсінеді.

— Ел болатын сендерсіңдер, — дейді. Ұста мәжілісте Сейілге кінә айтады.

— Осы, ұлтшыл деген сіз екенсіз. Бірімізден болсаң екен. Қабыштарды қостайсың, кедейді осыларға жылаттырасың. Ұлтшылдық деген сол екен, — дейді. Сейіл дау айта алмайды. Бірақ:

— Осы сендер ел болшы. Тіршілігімізді сендерге қосар едім, — дейді. Іште қобалжу. Ауылға келгенде:

— Мұжықтың қаласынан су шықпапты, — деп күлісіп жүреді.

Жер мәселесі шешілген соң, кедейлер шоқталып, сенімі артады. Бұрын Қабыш жайы осыны ылғи іріткіге себеп қып жүрген. Сарыойға келгенде, Әкімбек, Асылбек балаларының жеріне билік айтуға тура келеді.

— Жер қақ иесіне бұлай бармайды. Және ондағы адамдар елдің партия басшылары, — деп Әкпар қашады. Билік айтпаймын дегенге үй-іші, қайны наразы болады. Ақыры Сләм мен Қабышты алып отырып, сөздерін тыңдайды. Сләм бір ауыз үндемейді. Қабыштың кінәсі осы жерде екенін біледі. Тәртіптерінде жоқ бетке айту.

Сондықтан ол тыңдаушы ғана болмақ. Сейіл Қабыштың өзін сөйлетіп көреді. Ол:

— Мен қиянат көрмеп пе екем? Әділет пе екен бұрынғы? — деп Сейілдің оқығандық сезіміне әсер етпек болады.

Сейіл Асылбек баласының пайдасына билік айтады. Көнбейтін боп, құр тыңдап айырылысады. Сейіл алданғанын сонда сезінгендей болады. Әкімбек ауылы ертеңінде Қабышты қонаққа шақырады. Келіні Қазидікіне сыбаға апарады. Жортар, Жақыпбек мұнда болған. Олар ел таразысын иіскеп болды. Әкімбек ауылында арақ ішіп мәре-сәре болысады. Саматты орталарындағы оқығандары деп, көтеріп әкетеді. Ол Қабыш ауылына жасырын барып, қалыңдық ойнайды.

Сәлім оқуға кетеді... Сәлім сыр ашпайды.

Он бес кісі салт атты түн ішінде тау аралап келеді. Ән салады. Әңгіме айтысады. Күлдіргі Күмісбек Болатбайдың әңгімесін айтады. Таңертең кеп шығу. Түстену, қонақтау. Сот жатқан жерге келеді. Бұл елдегі сот тарихы. Қазіргі көрінісі. Етікші сот. Осы елге. күйеу болған. Бұл ел сот жұмысын молайтып тұрады. Жер жүзінде ешбір сот мұндай көп іс бітірмес. Айналасында жүрген қызметшілері: хатшы Қабдеш, іс жүргізуші Қалкен, атшабар Еркеқара — бәрі де Жақыпбек, Жортар, Қабыштардың достары. Қалкен Наурызбай аулының баласы. Бұлардың айналасында толып жүрген осы елдің оқыған жастары Қабыш, Наурызбай, Тәңірберген, Жақыпбектің інісі, балалары. Ойыншы, қызықшыл сотты "пәленше аға" деп сөйлейді. Комсомол жастарды мазақтап жүреді. Дауға, бітімге араласып та қойысады. Осылармен бірге Гүлсім. Ол кім?.. Сайлаушы қала кедейі. Қасында мұғалім, комсомол жастар. Ел пысықтары Жақыпбектермен кіндіктес кедей белсенділерді жағалайды. Сайлаушының басы қатады. Мұғалім жайды ұғындырғысы келеді. Ешкіміне сене алмайды. Сотқа кеп жығылады. Сейіл Гүлсімді ертіп, кешке ауыл сыртында сейілдейді. Бұлармен сотқа сайлаушы ел — ел жайын баян етеді. Жортар руы талпақ үстінде тартыс болған. Жақыпбек теріс. Төрттоқал тартысы. Қалдыбай аулында тартыс. Осы үш ауылнай сайлау бермей шатақ салып, сайлаушы белгілеген кісілерді алмай, өздері белгілеп әлек салып жатыр. Үш ауыл тартысының желісі де, түбі, Қабыш пен Сләмға барып тіреледі. Оны Сейіл сезеді. Бірақ айтпайды. Әрбір ауылдың ішінде тартысып жүргендер Жақыпбек, Жортардың өзі емес, ығындағы кісілер, мыналарға қара спеск шығарған сайлаушы. Оны жастар тәлкек қып, Сейіл көзінше де Жақыпбектерді қорғайды. Сот үндемейді. Бұның тұтқынға алған ордері бар. Ішінде Құлайғыр. Кеш қайтып келе жатып Гүлсім, Сейіл соны көрген. Олар "қашқын құмда" дейді. Құлайғырдың ұсталуы. Тағы кімдер ұсталған. Ұсақ-түйек жаман өзі. Бұл кезде Жақыпбек аулында үлкен ұлтшыл Асқардың қатын-баласы қонақтап жатады. Оларға араласып жүретін, әрі сотты, жастарды артынан шұбыртатын Ғазиз бар. Осы түнде Әкімбектен мал даулап келген құм елінің кісісін астыртын бітіріп жіберіп жатады. Әкімбек өзі емес көршісі ұрлаған кісі болады. Бұның көршісі жалғыз атты жатпас ұры Шынту және өз баласы Шаңтимес. Әкімбектен ешкім мал даулай алмайды. Мұны қорғамайтын кісі жоқ. Осы күнде бір жағынан Шаңтимес аттанып, мал әкеп жатады. Бұларды союз адамдары қостайды. Олардың бірі Жақыпбектің қайыны Жақаш (өзі ұрлық істетеді) осы кезде ұрылармен байланыс жасап жүрген. Бұрын продкомды көп жеген, енді союзды жеушінің бірі. Қабыштар келіп, осы кезде елден бұлар шығарған шығынды төлетіп, орнын жаппақ. Соны әкеліп жүрген Ғазиз осымен, ұрылармен ауыз жаласады.

— Күндердің күнінде ерлік істейтін сендер боларсың, — дейді.

Осыны Жақыпбек, Жортар жастарға, өзгелерге де миландырып жүреді. Союз кісісін қалаға шақырта келгенде ешкім бармайды. Осылайша ұрыны қорғау Жортарға да сылтау болған. Ол сайлау үстінде өз старшынын жегеді. Өзін қара спесктен шығартады. Болыс болуға Қабыш бар. Наурызбай, барлығы, осы Жортарды ұйғарған. Сейілдерге астыртын құрық салып, сыр өткізе, кінәлай жүріп, Жортарды болыс қып алмақ. Сонда бір жағынан союз тынышталады. Екіншіден "осы заманға осындай болыс керек" деседі. Сләм бұлқынады, "өзі бұзық" дейді. Ел кедейінің бірлігі осы араға салмақ болады. Жалғыз бас cay кедей, бөтен елден келген батырақ Қанатбектің қасында мұғалім... Бірақ бұларға да жала жапқыштап жүреді. Олар партиялы старшындардың сайлауын сайлаушымен бірге жүріп өткізеді. Қастарында қызыл отау әйелі Зейнеп бар. Сол бір старшынның (момын елден) қатындарды старшын қып сайлатады. Бұларды шырғалау үшін Ғазиз арқылы қонаққа шақыртады Жақыпбек. Олар бармайды. Талпақ үстінің сайлауы болған. Ондағы хал. Жортар ұры ауыл Наршаны қолына ұстайды. Жақаш аулы көрші старшын (мыңетек руы) ол да партиялы кесел ру. Сол ру ішінде аз ғана ру Қондыбай бар. Бұларда батырақ көп, кедей союзы ашылған жастар бар. Аз ғана оқыған, оқымаған жастардың бәрі осында, ел-ел сайлауында осылар жүреді. Өз старшындарында Жақаштарды жеңіп, болыс кандидаты Нұртайды алға шығарып жүрген. Оны Жортарлар қолға қондырғысы келеді. Жортар өз руының ішінде Нарша ауылын сотпен қорқытып, бұл кезде түнде сөйлесіп, қолға қондырып алған. Ертең соңғы сайлау сонда. Мес, Көкторсық, Иткөрмес, Қаракүшік — бұзық ұрылар. Бұның алдында Жортар, Сләм жағына шығам деген босаң ауылдардың малын ұрлатыңқырап, жегізіп алған. Енді Жақыпбек туысқандарымен астыртын қол жалғастырады. Сол кезде екінші жағынан сотқа тартқызып, сот алдына әкеп даугерлердің ақыларын төлетіп, жақсы кісі болып та жүреді. Жақыпбек, Жортар боп, Қабдеш, Қалкен боп, Нарша ауылын сотқа қасқыр қып көрсетеді. Қашып кеткенше жылаулардың ақысы тисін деп жүреді. Бұл Сейілге жеткенше болған хал. Сейіл сотқа, сайлаушыға ақыл айтады. Ұры ауыл Наршаны құртыңдар деп тапсырады. Бұны астыртын Жортарға білдіруші жастар болады. Қызылорда. Сейіл келгенше бұнда Асқар, Нығметжан, Жүніс, тағы басқалар Қабыш мәселесінде төс табан араласып жүрген. Сейіл бұрынғы таныстық ретінде Асқар Нығметжанға келеді. Сейіт, Жүніс партия ішіндегі бұлардың досы. Нығметжан үлкен бастықтармен сөйлеседі. Кіндік соттағы Ғүбайдолламен ақылдасып, ебін іздей бастайды. Ол кім? 19-жылы кеңестен қашып барып, Қабыштың елінде паналаған. Ордашылардан Сейіл келгенде Асқар үйінде кездесіп, тыжырына қарайды. Өзін қаһарманым қып санайды. Бұрынғысы бір зор мақтаны. Өздерін тарих адамымыз дейді. Ішеді, карта ойнайды. Әйел-әйел. Жүніс, Сейіт бұлар ортасының жақсы көретін, досы санайтын кісілер. Сейіл, Гүлсім осында келіп бірге жүреді. Сақыпжамал, Сейіт тарихы енді іс болуға айналған. Нығметжан Сейітті мақтайды. Гүлсім Сейіттің сырын ашады. Сейіт, Жүніс өшігеді. Бірақ Асқар сияқтылар елдің ішін өте жақсы біледі. Жетпіс келінінің арызы, союз ісі, жер мәселесі, сайлау. Бәрінде де Қабыш, Жақыпбек аман боп шығып, оларды Ғұбайдолла босаттырады. Сейіт-Сақыпжамал арасына Сейіл мен Әзімжан сөздері жаман тиеді. Нығметжан күйініп, "жаман күйеу бола ма" деп торыға бастайды. Сейіт, Жүніс сол кезде "Сейіл агент екен" деген хабар шығара бастайды. Гүлсім де шошынады. Олар тағы салқын. Өйткені Сейіл бұл уақыттарда төңкеріс бетіне шыға бастап, ұлтшылдардың әралуан жайын зерттеген. Жер мәселесінде Әбіш істейді. Оқу жұмысында Нығметжан, баспада тағы бір топ, сотта отырған Ғұбайдолла және осы кезде латын мәселесі шығады. Сейіл басынан баспада, жиылыстарда айқын шығып, кеңес досы бола бастайды. Бұны ұғатын коммунистерден көрі ұқпайтындар көп. "Айла" дейді. Жүністер "бұл нығайып кетпесін" деп жаңағы өсекті таратады. Латын жайындағы бір айтыстан шығып кеп, ішкілік болады. Нығметжан, Әбіш, Жүніс, Сейіл, Ғұбайдолла қатты қақтығысып, Жүніс төбелесқой Сейілге қатты сөз айтып, төбелесермен болып, ақыры "агентсің" дейді. Сейіл шошып жылап жөнеледі. Бұл ортаның кірін көреді. Жастардан дос таппақ. "Біреуге біреу соқтықпай тыныш жүретін, қаппай, жараламай мәдени елше жүретін мезгіл, тіршілік болар ма, жоқ па, қазақ неге осындай" деп, ойларға қалады. Әлі де арылмаған интеллигент жұмсақтығы. Ұлтшылар ортасы бұдан жасқалаңдап, бұға бастаған сияқты. Бұл араласатын бірнеше тәуір коммунисті Сейіт, Жүніс тағы жирентіп қойған. Сейіл күйінген күйректің бетінде атылғалы жатқанда Әзімжан, Гүлсім келіп бөгеп қалады. Бірнеше ұлтшыл жастармен мәселені терең-терең қойып сөйлесіп, жауап бере алмайтынын көрген. Сейіл енді большевик әдебиетін, Ленин, Марксті оқи бастайды. Қазақстан саясатын қостап, аналардан қашықтайды. Қашайық десе тағы жібермейді. "Ел партиясына араласқан, шірік боп кеткен кісі",- деп, Сейіттер тағы хабар таратады. Орыс әйелімен қарамай. Ескі заман, алданыш тапқысы келеді. Өсекші қазақ қатындары аузының дәмін алып сөйлеп, орыс әйелмен де, Гүлсіммен де арасын бұзып жібереді. Гүлсімді өтірік өсекке таңады. Бұлардың өсектерінде шек болмайды. Өздері тегіс ойнас қып жүреді. Бұл мәжіліс Нығметжан үйінде. Татар қатын өсекші. Қартаң тартқан әйел Гүлсімді бір жігітке таңады. Сейілден қызғаныш шығармақ. Сейіл ашуланады. Нығметжан қатынын қорғайды. Сейілді "аурулы", "нервный" деп есептейді. Чудовнице түсінгендік. "Бұл да болады екен" деп араздасып кетеді. Баспада, жиналыста кеңес дос бола бастаған. Жүніс саясаты. Оңашада алаш дос. Жиналыстарда Сейілден бұрынғы ұлтшылдық, алашордашылық негізін іздеп пәле салғысы келеді. Өзге жастар, дұрыс коммунистер араласып, Жүністің өзін сауырлайды. Сөйткен сайын "бұл агент, әлгінің бәрі агент" деп, Жүніс ұлтшылдар арасына лақап таратады. Қыс бойы кәнпеске мәселесі қатар сөйлесіп, тұрмыс туралы Әбіштер, Нығметжандар, Жөкеңдер ащы тартысып келген. Наразы коммунистер бар, олар да бұл ұлтшылдарды тоқтатпаған. Бірақ елде тап тартысы, ел іргесі нығайған да кеңес беті дұрыс. Жақсы іске, өнімді іске заман тақап келеді. "Соны көрмей кетпейін",— деп, Сейіл бекіп алады.

— Қасымда жолдасым жоқ, бірақ осымен, сана-сезіммен мен енді көп ел таптым. Танытайын өзімді, — деп, екпіндеп кетеді.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙