TELEGEI

Home

Түлкі мен ешкі

Ертегілер

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Түлкі мен ешкі

Халық прозасының ең көне жанры жан-жануарлар туралы ертегілердің түп-төркіні тотемизмге, анимизмге және магияға сенген кезеңнен бастау алады. Бұл ертегілерде кейіпкерлердің арғы жағында адам бейнесі тұспалданып, оның ақылдылық, ақымақтық, қулық-сұмдық сияқты қасиеттері қарапайым аллегориялық форм...

Түлкі мен ешкі Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.

– Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.

– Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, – депті түлкі.

Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.

«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙