TELEGEI

Home

Бабалар сөзі 82 том

Әлбеков Тоқтар

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі 82 том

«Бабалар сөзі» сериясының 82 томына «Адам атадан бергі шежіре», «Атамыз Әнес сахабадан бергі шежіре», «Шежіре», «Қазақ шежіресі», «Дүниежүзіндегі халықтардың тайпа, руларға бөлінуі», «Сарыүйсін шежіресі», «Шежіре-дастан», «Орта жүз Найман Қарамолда ұрпағы» және «Майқы (Қазақ) туралы шежіре», «Найманның жеті аталарынан белгілі руларын баян қыламыз» т.б. шежірелік жыр-аңыздар енді.

«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың бастамасы бойынша шығарылды

Майлыбаев Бағлан, кеңес төрағасы
Асқаров Әлібек, жауапты хатшы
Абдрахманов Сауытбек
Атабаев Қамбарбек

Аяған Бүркітбай
Әбжанов Хангелді
Әбусейітова Меруерт
Әжіғали Серік

Әлімбай Нұрсан
Байпақов Карл
Байтанаев Бауыржан
Балықбаев Тахир

Дүйсембаев Еркін
Есім Ғарифолла
Жақып Бауыржан
Жұмағалиев Асқар

Жұмағұлов Бақытжан
Қасқабасов Сейіт
Қозыбаев Ілияс
Құл-Мұхаммед Мұхтар

Құрманбайұлы Шерубай
Мұхамадиұлы Арыстанбек
Мыңбай Дархан
Нысанбаев Әбдімәлік

Салғараұлы Қойшығара
Самашев Зейнолла
Сұлтанов Қуаныш
Тұяқбаев Қанат

Шаймерденов Ербол
Шеңгелбаев Бақытжан
«Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасын
жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес

УДК 398 ББК 82.3 Б 12 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У., Күзембаева С.А., Әлбеков Т., Қосан С., Мамыраев Б.Б. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Әлбеков Т. (жауапты редактор), Қасқабасов С.А., Қирабаев С.С., Қорабай С.С., Салтақова Ж. Томды құрастырып, баспаға дайындағандар: Әлбеков Т., Райыс Ғ., Салтақова Ж. (жауапты шығарушы) Б 12  Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2012. Т. 82: Шежірелік жыр-аңыздар.—432 бет. ІSBN 978-601-292-441-1 «Бабалар сөзі» сериясының 82-томына «Адам атадан бергі шежіре», «Атамыз Әнес сахабадан бергі шежіре», «Шежіре», «Қазақ шежіресі», «Дүниежүзіндегі халықтардың тайпа, руларға бөлінуі», «Сарыүйсін шежіресі», «Шежіре-дастан», «Орта жүз Найман Қарамолда ұрпағы» және «Майқы (Қазақ) туралы шежіре», «Найманның жеті аталарынан белгілі руларын баян қыламыз» т.б. шежірелік жыр-аңыздар енді. УДК 398 ББК 82.3 ІSBN 978-601-292-441-1 (т. 82) © Әдебиет және өнер институты, 2012 ІSBN 9965-619-60-3 © «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2012

Құрастырушылардан
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мем­
лекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін
«Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын

әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін баспаға ұсынылған сексен бір
томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді
саласы болып саналатын эпостық шығармаларға, мифтер,

ертегілер, қара өлеңдер, шежірелер, аңыздар, жұмбақтар
мен мақал-мәтелдер сияқты жанрларға арналды. Дәлірек
айтқанда, «Хикаялық дастандардың»—он үш, «Діни дас­
тан­дардың»—жеті, «Ғашықтық дастандардың»—он бір,

«Та­рихи жырлардың»—он бір, «Батырлар жырының»—
жиыр­ма, «Мақал-мәтелдердің»—бес, «Қара өлеңнің»—екі,
«Жұмбақтар» мен «Балалар фольклорының»—бір-бір томы,
«Шежірелік дастандардың»—екі, «Ертегілердің»—бес то­

мы, «Қазақ мифтерінің»—бір томы, «Монғолиядағы қазақ
фольк­лорының»—бір, «Топонимдік аңыздардың»—бір томы
баспаға дайындалып, басылым көрді. Бұл жинақтардың он
екі томын Қытайдағы, бір томы Моңғолиядағы қазақтардың

фольклорлық мұралары қамтыды.
Оқырман назарына ұсынылып отырған 82-том тағы да қа­
дым заманнан бері қаймағы бұзылмай келе жатқан халық
шы­ғармашылығының көне жанрының бірі «Шежірелік жыр-

шежірелік  жыр-аңыздар
аңыздарға» арналады. Жоғарыда айтылғандай, бұл аңыздар­
дың 3-томы болып саналады.
Осы серияның 32-томына Қ.Қорғалаңұлы, Т.Жотабайұлы,

С.Окманұлы, Қ.Ашубайұлы, К.Ақмолла, Б.Еженбекұлы,
Тәлен, Қ.Өкпебайұлы, З.Қалиұлы сияқты шыңжаңдық ше­
жіреші бауырларымыз жеткізген жырларды, әсіресе сол
елдегі «Жастар-өрендер» баспасынан жарық көрген «Қазақ

шежіресі» жинағындағы таңдаулы жыр үлгілері енгізілген
еді.
Топтаманың 81-томына М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институты мен Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба

қорларында жинақталған Т.Меңлібайұлының, Ә.Оспанұлы­
ның, Ж.Төлепұлының, М. Байбатыровтың, Ф.Сатыпалдин­
ның, К.Әзірбаевтың, Ш.Жұбанұлының, З. Қауменұлы­ның,
Б.Орынбекұлының,

А.Әбілмәжіновтың,
H.Наушабайұлы­
ның, Досымбет және Бекберді ақындардың, Қ.Қылышевтың,
Ө.Қалбаевтың, Қ.Иманғалиевтың т.б. шежірелік аңыздар­ды

жырға айналдырған еңбектері кіргізілді.
«Бабалар сөзі» сериясының осы 82-томына да аталған
қорларда сақталған Бұзаубай Жайлаубаевтың «Адам атадан
бергі шежіре», Есенғали Бөкенбаевтың «Атамыз Әнес сахаба-

дан бергі шежіре», Наурызбек жыраудың «Шежіре», Әлімбай
Әлиасқаровтың «Қазақ шежіресі», Шәді Жәңгіровтің «Дүние
жүзіндегі халықтардың тайпа, руларға бөлінуі», Бүркітбай
Аязбайұлының «Сары Үйсін шежіресі», Сатан Әміреұлының

«Шежіре—дастан», Ерік Мейірмановтың «Орта жүз Найман
Қарамолда ұрпағы» және шыңжаңдық қандастарымыз Нығмет
Мыңжани мен Әбдірашит Байболаттың «Майқы (Қазақ) тура-
лы шежіре» жырлары, сондай-ақ «Дала уалаяты» газетінің

1889  жылғы 28-30 сандарында жарияланған «Найманның жеті
аталарынан белгілі руларын баян қыламыз» атты қысқаша
өлең-шежіре қамтылды.
Кеңестік идеологияға қаншама қайшы келгенмен, шежі­ре­

шілік дәстүр рухани мұраларымыздың өзге де түрлері сияқты
өз жалғасын тауып, мүм кіндігінше жиналып отырды. Себебі

құрастырушылардан
бұл жәдігер ата-бабалар аманаттап кеткен тұтас бір ұлттың
өмір жолы, сан ғасырлық тарихнамасы еді. Бірақ қырағы сая-
сат бұл мұралардың жариялануына, зерттелуіне жол бермей,

жиырмадан астам бумада жинақталған шежірелер ұзақ жыл-
дар бойы аталған қорларда жатып қалды. Ел тәуелсіздігін
жариялағаннан кейін ғана көне тарихымызбен қайта қауышуға
мүмкіндік туып, шежірелер кең көлемде басылым көре баста-

ды. Соның бір айғағы—осы ұсынылып отырған ғылыми басы-
лымдар.
Томға енгізілген шежірелік жыр-аңыздардың көпшілігі
ауызша жеткен аңыздардың желісімен кейінгі бір ғасырдың

көлемінде, әсіресе кеңестік кезеңде жырланғаны аңғарылады.
Оған түп тегінен ажырап бара жатқан ұлттың келешегін
ойлаған шежіреші, жыршы, ақындардың ақыл-парасаты бас­
ты себеп болған сияқты. Жыршылар ХІХ ғасырдың жетпі­сін­

ші жылдары Меккеден Құнанбай, Мырқы қажылар жазып
әкелген мұсылман халықтарының шежіресіне, Марал ишан
қолжазбаларына, сондай-ақ Әбілғазының, Мұхамед Хайдар
Дулатидың, Насредин Рағбузидың еңбектеріне, «Хамсул ағла»,

«Оғызнама» кітаптарына сүйенгендіктерін көбіне аңғартып
оты­рады.
Шежіре жазу—мол уақытты, үлкен біліктілікті, төзімді­лік­
ті талап етеді. Мысалы, Бұзаубай ақсақал «Адам атадан бер­гі

шежірені» жазуға жиырма жыл уақытын сарп етіп, жоға­ры­
да көрсетілген кітаптардың көпшілігімен танысып шық­қан.
Алайда шежірешілердің алдында да күрделі мәселелер аз бол­
маған. Біріншіден, олардың кейбіреулері түрлі кітаптарға

сүйеніп, қазақ ұлтының түптегін Мұхаммед пайғамбардан
шығарса, екіншілері Шыңғыс ханның ұрпақтарынан тарата­ды.
Екіншіден, шежірешілер үш жүзге жататын руларды біркел­
кі біле бермейтіндіктен, мейлінше өз руына кең тоқталып

отыруға бейім болады. Сондықтан ру атауларын жеткізуде,
олар туралы аңыздарды баяндағанда көп олқылықтар кетіп жа-
тады. Томға ұсынылып отырған мәтіндер қолжазба негізінде
дайындалғандықтан, сондай-ақ «Бабалар сөзі» сериясының

шежірелік  жыр-аңыздар
жалпы ұстанымдарына байланысты шежірелер түзетілмей,
түпнұсқа бойынша жіберілді.
Топтаманың принциптеріне сай беріліп отырған мәтіндер

ғылыми қосымшалармен қамтамасыз етіліп, реттік санмен
нөмірленді. Томның ғылыми қосымшалары: томға енген
мәтіндерді жазып алушылар мен жариялаушылар және басы-
лымдар туралы мәліметтер, томға енген мәтіндерге ғылыми

түсініктеме, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін
тарихи тұлғалар мен діни атаулардың түсініктері, пайдала­ныл­
ған әдебиеттер тізімін және томның орыс, ағылшын тілдерін­де
жазылған түйінін құрайды.

Томның жалпы көлемі—27,0 б.т.

Адамның жаратылысы
Бір күшті бар атасы-анасы жоқ,
Жұпты қатын тудырған баласы жоқ.
Ғибрат қып әр нәрседен жаздым мұны

Бір туысқан інісі, ағасы жоқ.
Жүмлә, жан не бол десе, сол болады,
Ешбірі көнбесіне шарасы жоқ.
Жаралған неше түрлі мақұлық бар,

Бұлай дейтін ешкімнің жаласы жоқ.
Ғажабын әрбір еткен істерінен,
Сол күш зорды жойған күштеріне.
Қаншама көп жиылған, көрген адам

Біріне-бірі ұқсамас түстеріне.
Өнерлі қаншалықты болғанымен,
Өзгеден шеберлігі істеріне.
Құрт-құмырсқа қыс өтіп, жаз тірілер,

Пенденің ойы жетпес істеріне.
Ғибрат, алдым үлгі осындайдан,
Бітеді жаратылып бала қайдан.
Қосылу ерлі-зайып себебінен

Тән жарып, шаһдат болған жайдан.
Адам атадан бергі шежіре

шежірелік  жыр-аңыздар
Бір еркек, бір әйелмен жұпты болмақ,
Ойыны махаббаттың мықты болмақ.
Бой балқып, тән қосылып, сөл ауысып,

Әйелдік қалпына орнап, жүкті болмақ.
Ұйымақ бір тамшы сөл қатық болып,
Қан болып, шеміршек боп жатыр толып.
Ет, сүйек, бастан сурет бола бастап,

Бес айда қозғалады жан кеп қонып.
Сурет боп төрт ай жанды, бес ай жансыз,
Өзінде нәпіс сүтсіз, нансыз.
Анасы жанданғанын біледі әбден

Нанамыз, көз көрген соң шек күмәнсіз.
Жүкті әйел күні жетіп толғатады,
Абысынға ауылдағы тіл қатады.
Белім кеміріп барады, саным-ай деп,

«Иә, пірім» деп бір тұрып, бір жатады.
Ауылда барлық қатын жиылады,
Бипәтима піріне сиынады.
Күллі әйелдің басында болған іс қой,

Жаны қорқып, жат сөзден тыйылады.
Епті кемпір іш көрген: «Бір түйіні бар,
Деп тұрар,—баланың аз қырыны бар.
Жылдам істеп, ішіп-жеп бітіріңдер,

Ененің ескі жора ырымы бар».
Жылпыңдап келіншектер істеп жатар,
Егде қатын отырар қатар-қатар.
Жарысқазан жеп болар кезде,

Толғатқан әйел: «тарт белімді», деп тіл қатар.

адам  атадан  бергі  шежіре
Қатындар сипап көріп, тартады ішті,
Жылжи-жылжи нәресте төмен түсті.
Қараңғыдан жарыққа шығар мезгіл

Тәңір жазған сағатта жерге түсті.
Бақырып жерге бала жылап түсер,
Төменге жоғарыдан тулап түсер.
Дүниеге жылап келіп, жылап өлмек,

Өлерде кейімегін сынап түсер.
Түскен соң бала жерге шырылдайды,
Көкірек шаранасы бырылдайды.
Бір пышақ күні бұрын дайындалған,

Бір қатын кіндік кесіп ырымдайды.
Балаға осы қатын кіндік шеше,
Мінезі жұғып қалмақ әлденеше.
Дүниеге кеп тәніне пышақ тиді,

Уыз еді жұмыртқа күні кеше.
Баланы шүберекке орап алар,
Құндақтап тапқан шеше алдына алар.
Еміреніп емшекке сүт пайда боп,

Аузына нәрестенің мама салар.
Мама аузына барғанда жалманады,
Жыламай апалақтап алданады.
Емшек сүті барған соң

Тіл, ерінмен соруға дағдыланды.
Он айдай тар құрсақта жатқызады,
Күн толып, он айдан соң тапқызады.
Алпыс екі тамырдың бәріне қан

Аппақ сүт емшегімен ағызады.

шежірелік  жыр-аңыздар
Ана аман, бала туып қуанады,
Нәресте, қарны ашса, жыланады.
Мамасын ауызына салғаннан соң,

Өзекті нәпсі тоқтап жұбанады.
Шомылтар тұзға, маймен сылап,
Шырылдап жас нәресте қалар жылап.
Нәпсіге іші қуыс тамақ керек,

Анасын шақырғаны мама сұрап.
Түн ұйқысын төрт бөліп шеше емізер,
Тек жыласа, ерте де кеш емізер.
Шыр айналып жалықпай тәрбиелер,

Санын қайдан білейін неше емізер.
Бесікке бөленеді енді бала,
Аяқ, қолын ұсынып көнді бала.
Шүмек, түбек арқылы тазаланып,

Бір жасқа осыменен келді бала.
Жеті айда бала еңбектеп, талпынады,
Он екі айда қаз тұрып, қалқияды.
«Қарағым аяғынан тік тұрды» деп,

Қуанып ата-енесі шарқ ұрады.
Екінші жыл сөйлейді балдыр-былдыр,
Әркімді шырамытып бұлдыр-бұлдыр.
Қолға түскен нәрсені қойып қалып,

Күл шашады ыдысты салдыр-сұлдыр.
Мұнан соң бала келер үш-төрт жасқа,
Әрненің атын біліп басқа-басқа.
Қолына бір тостаған қасық алып,

Үлкенмен таласады ішер асқа.

адам  атадан  бергі  шежіре
Үш-төрттен асып бала беске келер,
Ойласақ, өткен істер еске келер.
Көрінгенмен боқтасып, өкпелесіп,

Асық ойнап, шаң болып кешке келер.
Шаң, топырақ төсекке құлай кетер,
Болмаса дәл алдыңа сұлай кетер.
Бар жұмысты өзі істеп кеткендей-ақ,

Жылдам тамақ бермесең, жылай кетер.
Асырап бес-алтыдан онға жеттік,
Ой өспей, сүйек өсіп бойға жеттік.
Үйренер өнер, ғылым дәнеме жоқ

Мал бағып, әке жұмсап қойға жеттік.
Он беске келіп жеттік оннан асып,
Бір қызу жын қонғандай араласып.
Бақсыдай дию-перілі есалаң боп,

Өзендей сең ағызған судай тасып.
Он бестен астық та, ойға кірдік,
Әркімнен күші артық бойға кірдік.
Әр талаптың бірінен біреуі артып,

Жастар ойнар жиналған тойға кірдік.
Жиырма беске—биік шыңға келдік,
Жолы жоқ қалың орман, тыңға келдік.
Жолын білген адамға бәрі оңай

Жол білмесең, адасар жынға келдік.
Отыз бес орта биік тауға шықтық,
Бас баққан әр кезеңде жауға шықтық.
Біреуге дос, біреуге қастас болып,

Әркіммен бет жыртысып, дауға шықтық.

шежірелік  жыр-аңыздар
Қырық бес қылыш дайын, қырға шықтық,
Сыңар аяқ өтендеп Сырға шықтық.
Елді елдікке теңеген ер атанып,

Елді екі жарып елірткен жырға шықтық.
Қырықтан асып, жеттік елуге де,
Аялдайтын орын жоқ еруге де.
Жас күннің жалын оты сөніп

Жалқаулық жетелейді көнуге де.
Қиялап алпыс деген шықтық өрге,
Жетсек деп «жоғары шық,—деп,—төрге».
Төмен мен жоғарының арасында

Араласып отырдық үлкендерге.
Шеткі ауыл көшкенде
Орта ауыл шет болғандай,
«Ақсақалдар» атанып шықтық төрге.

Төрге барып отырдық, қайта қара,
Алды тоқтау, шегінбес тұйық жерге.
Барар жер, басар тау жоқ ар жағында
Жалғыз-ақ орын қапты кіру көрге.

Жетпісте жер таянбай тұра алмайсың,
Таяқсыз әудем жерге жүре алмайсың.
Аз жүрсең аяқ талып, белің ойып,
Малкөздер дөңге шығып көре алмайсың.

Өз үйің—жас отауға ене алмайсың,
Жастардың ыржағына көне алмайсың.
Алыстан іздеп келген туысыңа
Сырласып, бір шәугім шай бере алмайсың.

Жетпіс бес жаман екен, тірі болып,
Тамақ пен киімге ортақ—бәрі билік.

адам  атадан  бергі  шежіре Көз күңгірт, ұрт суалып, екі бетім Тері қап, сіңір, сүйек арыды етім. Кәріге барар жер, басар тау жоқ, Үйде жалғыз отырған мен бір жетім. Кәрінің дүниеде жоқ жолдасы, Бір кемпір—жалғыз әйел жан жолдасы. Қара су күліп берген балдан тәтті, Май берсең ықылассыз, тастан қатты. Дүниеден кетпей жүрмін, жасым жетік, Бақ көшіп, алдынан ішер асы кетіп. Жастыққа өткен өмір қош айтысып, Аңдитын қасым түгіл, досым кетіп. Адам атаның жаратылуы жайында Бар болған құдіретімен Қадір Аллам Әуелі ақыр да өзі емес жалған. Бұл ғалам—он сегіз мың жер менен көк «Кун» деген лебізінен бәрі болған. Фәна кун десе жерде бір сағатта Жоқ болмақ бар мақұлық дүние толған. Жаратты Мұхаммедтің әуел нұрын, Еш нәрсе жаратпаған мұнан бұрын. «Уа из қалла раббука лил-маликатинни жағиллу филарди халифатан1» деп, Білдірген періштеге ішкі сырын. Адамзат жер жүзіне жаратамын, Адам мен Хауа анадан таратамын. Сәжде ғып біліміне бас иесің Сендерді бағынышты қаратамын. 1 (Мұхаммед Ғ.С.) Сол уақытта Раббың періштелерге: «Әрине, мен жерде бір орынбасар жаратамын!»—деген еді. (Бақара сүресі, 30-аят). 2-84

шежірелік  жыр-аңыздар
Адам жоқ ол уақытта, жын мен пері
От, түтін жаратылыс шыққан жері.
Періште өз алдына асылы нұр,

Әзәзіл—бәрінің де кемеңгері.

—Жараттың оны топырақ, біздерді оттан,

Біз оған бағынбаймыз,—деген еді.
Пәруар деді: «Сіздер не білесің,
Ақыры өз еркіңмен бағынасың.
Білімін, дәрежесін көріп көзбен,

Жармасып жақындауға жағынасың».
Шақырып төрт мұқаррап періштені,
Топырақ алып кел деп жұмсады оны.
Жер жылап: «Алла хақы үшін алма»,—деді,

Бос қайтты үш періште барғандары.
Мекайыл, Исрапыл мен ол Жәбірейіл,
Зарына жердің құлақ салғандары.
Төртінші шақырып ап Ғәзірейілді

Ержүрек әкелерін оның білді.

—Алма,—деп жер оған да зар жылады,

Тыңдамай бір уыс топырақ қолына алды.

—Мен сенің қарап тұрсам жылауыңа

Болмай тұр тағат етім шыдауыма.
Боламын сені аясам Хаққа ғасы,
Себеп сол айтқаныңды қылмауыма.
Ғәзірейіл топырақты алып келді,

Аллаға «әкелдім» деп хабар берді.
Бір алған Ғәзірейілдің уысынан,
Қырық аршын түсіріпті төмен жерді.

адам  атадан  бергі  шежіре

—Батырсың, Ғәзірейіл!—деді Жаббар,—

Жан алуды сенемін сен орындар.
Жәбірейіл—уахи, Мекайыл—ризық үшін,
Исрапыл Сор үруде болсын бұлар.
Ғәзірейіл бас тартады жиналудан,

Ренжіп қайтқандай-ақ салы судан.

—Көрмейді сенен түрлі ауру берем,

Иә, достым, ренжімеші,—деді Сұбхан.

—Ризамын, айтқаныңды орындаймын,—

Деп Ғәзірейіл жан алуға белді буған.
Мұнан соң деді оларға: «Құдіретім,
Орын жоқ енді тоқтап кідіретін.
Барыңдар, топырақты алып жер жүзіне»,—

Тапсырып бұлайша деп іс ретін.
Менің бұл айтқанымша орындаңдар,
«Болмайды» деп ешнәрсе қорықпаңдар.
Он екі мүше бас, аяқ, қолы болсын,

Осылай топырақты илеп, порымдаңдар.
Тииптің сахарасына барып бұлар,
Су менен топырақты илеп ұмар-жұмар.
Алланың айтуынша порымдады,

Болар деп арты нешік болды құмар.
Сол жерде ұдайымен қырық жыл жатты,
Жел есіп, күнге күйіп, әбден қатты.
Жын-пері, шайтан келіп таңырқайды,

Көрмеген бұрын мұндай мақлұқатты.
Басқасы Ғәзазілден қуанады,
Ұзамай көреміз деп Адамзатты.

шежірелік  жыр-аңыздар
Ғәзазіл әуелден-ақ болған қарсы,
Бақастық, адамға іштей болған жарысы.
Ішіне кіріп-шығып аралайды,

«Болар,—деп,—түбі қалай, істің барысы».
Болады деп азғыруға шамалады,
Бақастық күннен-күнге жамалады.
Аллаға әлін білмей қарсы болып,

Шырмалып ғапылдыққа қамалады.
Осыменен әзірінше тұра тұрсын
Кейіннен хикаясы оралады.
Алланың бір есімі—Құдірет Күшті,

Пландап отырады әрбір істі.
Өзінің рухынан жан һиба ғып,
Жәбірейілге «Адамға алып бар» деп қосты.
Жәбірейіл, Мекайылмен кетті алып,

«Кір» дейді жанды екеуі алып барып.
Аузынан қарағанда іші қуыс
Қараңғы, кірмеді жан қауіптеніп.
Екі рет басын сұғып қайта шықты,

Ешқайда кете алмады, түбі шықты.
Біле алмай не қыларын тұрған шақта,
Ғайыптан қаһарланған бір үн шықты.
Алланың бір есімі—Феккаһ Ғалым,

Әшкере, құпия, сыр—бәрі мәлім.
«Кір шапшаң, зорлықпенен кірдің ақыр,
Күшпенен шығады енді ақыр демің».
Ақыры кіреді жан қорыққаннан,

Дағдарып, барар жер жоқ, торыққаннан.

адам  атадан  бергі  шежіре
Аузынан «бисмилла» деп кіріп еді,
Көзге нұр кірді-ау жолыққаннан.
Мұнан соң мұрынына иіс кірді,

Тіл сөйлеп, ауызына күйіс кірді.
«Лә илләһә иллаһа» кәлима айтып,
Мұнан соң кеңірдекпен ішке кірді.
Жүрекке мұнан барып орналасып,

Тамыр мен тұла бойға қан жүгірді.
Ішек-қарын, ішкі құрылыс түгенделіп,
Сол кезде «иә, Алла!» деп бас көтерді.
Жебірейіл ұжмақтың кілтін ашып,

Хулла тон, түрлі киім алып келді.
Мекәйіл саханың аузын ашып,
Адамды бастан-аяқ киіндірді.
Кигізіп жібек кәфтан, хұлла тонды,

Беліне алтын кәмар буындырды.
Аяқта сақтианнан кебіс, мәсі,
Басына алтынды зер тәж кигізді.
Отырған төрт бұрышында бұлбұл сайрап,

Ғажайып зиннаттаған тақ мінгізді.
Құрметті періштеден жетпіс мың кеп
Ғаршыға осы түрмен алып жүрді.
Сайлаған Адам үшін Хақ Тағалам,

Күрсіге, Лаухы Қалам отырғызды.
Шақыртып періште мен жын-періні
Айнала қарсы алдында тік тұрғызды.
Таң қалды сұлулық пен сипатына

Көрмеген ешуақытта мұндай түрді.

шежірелік  жыр-аңыздар
«Бәрак Алла, ахсанел халикин» деп,
Мас болып жамалына бәрі тұрды.
Басында жамандап адамды олар

Хақ Жаллал соның үшін жауап сұрды.
Жаратқан сұлулықты құдауанда,
Просент тоқсан тоғыз бәрі адамда.
Біреуін және қалған жүзге бөліп,

Просенті тоқсан тоғыз Жүсіп пайғамбарда.
Қалғаны бір просент екеуінен
Жер жүзін мекендеген барлық жанда.
Жүсіп пен Адам ата, Зылихадан

Сұлу жоқ үшеуінен бұл жалғанда.
«Қисса ул-әнбиа» табыри алты тармақ
Тауарих суреттейді кітаптарда.

Жиналған жын мен пері—барлық халық
Адамға қарай алмай көзі ұялып.
Шағылып нұры күнмен жарқырайды,
Тұрғандар бойы балқып, естен танып.

—Көркем жан бұл секілді жаратыпсыз,

Білмедік біз әуелде, Жаббар Халық.
Ғафу ет білместікті, Ғафур Рахман,
Отырмыз қатамызды мойынға алып.
Бұлар айтқан жаратсаң нәсіп беріп,

Кісі өлтірер зина ғып нәпсіге еріп.
Біз сізге тәсбих айтып ұлықтаймыз,
Қалайша сәжде етеміз оны көріп.
Жаратсаң топырақтан надан болар,

Ғылымнан хабары жоқ адам болар.
Біз оттан жаратылдық асыл нәрсе
Қалайша артық болады бізден олар.

адам  атадан  бергі  шежіре Біз оған сәжде қылып бас ұрмаймыз, Ешкімді өзімізден асырмаймыз. Етпейміз мұныңызға ризашылық, Іштегі сырымызды жасырмаймыз. Уағлаама адам әл-әсма кулләһа сүмма ғардахум ғала малаикати фақала әнбиуни басмааи хаулааи ин кунтүм садиқиина2. Адамға құйды Алла ғылым нұрын, Білдірді әрбір затты бірін-бірін. Мұнан соң періштеге сұрақ қойды, —Айтыңдар, не нәрсе?—деп нұсқап түрін. Көрсеткен мақалдағы түрлі затын, Ешқайсысы бере алмайды атап атын. —Бастағы білім қайда?—деді Жаббар Бас тартып сәжде етуден қойған шартын. —Бастағы біз артықпыз деген қайда, Оларың қарсы келген бар ма ойда? Бұлардың неге айтпайсың есімдерін Болды ма, ойлаңдаршы, түбі пайда? Қалу сүбханакә лә ғилма ләна иллә мәғалламтәна иннакә әнтал-ғилму әл-хаким3. Баршасы жын мен пері, періштелер, Өзінің шатасқанын білді бұлар. —Білуші, ғалым, хакім—сіз екенсіз Кешір деп күнәмізді,—шулады олар. 2 Алла Адамға (Ғ.С.) біртұтас атауларды үйретті де, сонан соң оларды періштелерге көрсетіп: «Айтқандарың рас болса, Маған осы нәрселердің аттарын айтып беріңдер» деді. (Бақара сүресі. 31.25 аят). 3 Періштелер: «Сен пәксің! Біздің, Сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Әрине, Сен толық білуші, өте данасың» деді. (Бақара сүресі. 32-аят).

шежірелік  жыр-аңыздар Қала: «Йа, Адам, әнбиһүм би-әсмааиһүм фәламма-әнбаи­ һүм би-асмаиһүм қала әлам ақұл ләкүм инна ағламу ғаииба ассамәути уа әлғарди уа ағламу мә түбдуна уа ма күнтүм тактумүн4». Адамға мойын бұрып Алла Жаллал: —Бұл заттар есіміне берші дәлел. —Мынау—жер, анау—аспан, ай менен күн, Ғалам бар бұл дүниеде он сегіз мың. Жаратып жұпты-жұпты ризық беріп, Өзің,—деп есімдерін айтты түгел. Адамның ғажайыптан біліміне Ұялып періштелер болды малил. Бұрынға бахастықты бұлай қойып, Десті енді «жан екен деп ақылы кәміл». Жын-пері тегісімен періштелер: —Қожасы жер мен көктің пәруардигар, Барлық сыр өзіңе аян, бізге күмән, Кешір,—деп қатамызды шуладылар. Адамның қасиетін көзбен көрдік, Артықша ғалым екен ізіне ердік. Болмаймыз мұнан былай сізге ғасы, Қайтпас ант, айнымас серт, уағда бердік. Уа из-құлна лил-малаиикати әсжүдули лил-адама фәсажаду уа илла иблиса әба уа әстакбара уа кәна мина әл-кәфирин5. 4 (Алла Т): «Әй, Адам! Оларға, бұлардың аттарын баян ет» деді. Сонда (Адам Ғ.С.) оларға ол заттардың айтқан сәтте, Алла: «Мен сендерге көктер мен жердің құпиясын, сендердің де көрнеу, көмес істегендеріңді білемін деп айтпадым ба?» деді. (Бақара сүресі, 33. 27 аят). 5 Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар» дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс бас тартып, дандайсып қарсы келушілерден болды. (Бақара, 28-аят)

адам  атадан  бергі  шежіре
Алланың бір есімі—Рақым Жаббар:

—Олай десең, Адамға сәжде етіңдер.

Періште, жын мен пері бірі қалмай
Басқасы Ібілістен сәжде еттілер.
Ібіліс сәжде қылмай тұрған қалып,
Мойнына киіліпті лағынет қамыт.

Қап-қара түсі доңыз мисалында
Шығыпты ұясынан көзі аларып.
Шошынып Ібілістің порымынан
Халайық сәжде етті қайта барып.

Намазда екі қайта сәжде ету,
Сондықтан уәжіп болды бізге қалып.
Тәурат, Інжіл, Құран—бәрінде бар,
Білдірген Пайғамбарға Жаббар Халық.

Ғаламда ай мен күннен ғибрат алса,
Осылай жаратылыс болған анық.
Кейбіреу Құран сөзін жалған дейді,
Аударып жастық бетін, кеткен нанып.

Тексеріп Құран сөзін, ақиқаттап,
Шайтанмен салыстырып ауызға алып.
«Күллі нәфсин зайқатул мәут» деген Алла
Тамаққа келген кезде жан тақалып.

Есіне есалаңдық сонда түсіп,
Аллаға жалбарады сонда налып.
Келетін Алла деуден еш зиян жоқ
Ойламайды күн ілгері есін алып.

Қабірге қойған күні алып барып,
Төсекте жатқан күні көзі аларып.
Есіне кей сабаздың сонда түсер,

шежірелік  жыр-аңыздар
Жүрмесе бір тамшы су тамағынан,
Болмай ма шын мүсәпір, үлкен ғаріп?!
Бола ма дүниеде мұнан қиын,

Жәбірейіл тартқан шақта жанды сорып.
Алдыңда сұрау-сауал қалай болар,
Тіліңмен жүрсең дағы орақ орып.
Ажалдың қармағынан кім құтылар,

Күндіз-түн маңайыңда жүрген торып.
Ібіліс осылайша ғаріп болды,
Тастады біле тұра ізгі жолды.
Сүріліп бір Алланың дәркаһынан

Ібіліс азғыратын шайтан болды.
Шайтанның баяндадым ахуалын,
Әуелде көп оқыған болды ғалым.
Тақуа, өзі діндар адам болып,

Істеді бір Алланың бұйырғанын.
Сәжде ғып сағат сайын, намаз оқып,
Тимеген маңдайы жер қалмады аның.
Мұнан соң бірнеше жыл уағыз айтып,

Ғаршыда болды имамы періштенің.
Фердоуси жаннатул ағла сегіз ұжмақ
Көреді сайран етіп, бәрін дәмін.
Бас тартып бір Алланың әмірінен

Ақырда білдіңіздер не болғанын.
Алланың Құран Шәріп кәламында,
Жаратып он сегіз мың ғаламында,
Ендіріп Фатиханың сүресін

Білдірген Пайғамбарға сәлемінде.

адам  атадан  бергі  шежіре
Ізгілік зәрре-қадар жауыздығы
Ешбірі ұмытылмас жанабым да.
Қатасыз періштенің жазуымен

Сақталады Лаухыл Махфуз Қаламында.
Ізгілікке—сауап, жауыздыққа күнә берем,
Кімде-кім не істесе талабында.
Әзәзіл көп оқыған ғалым еді,

Кітаптан оған да көз салып еді.
Риясыз шариғаттың жолында боп,
Аллаға неден сыры мәлім еді.
Намазын қаза қылмай, ораза ұстап,

Көп сауап сан жеткісіз алып еді.

—Отырсың дәргаһыңнан мені қуып,

Төрт мың жыл ғибадатым болып еді.
Аллаға осылай деп арыз етті:

—Деп едің күнә, сауап бұл міндетті.

Отырмын сауабыңнан мақрұм болып,
Беретін жөніңіз бар бір тілекті.
Бағалап қанша істеген ғибадатын,
Сұра деп тілегіңді рұқсат етті.

—Өмір бер, ақырғыша өлмейтұғын,

Дүниеде не істесем бер ерікті.
Сұрағым еңбек үшін осы менің,
Көрерміз жүре бара ақыретті.
Бастағы айтқан сөзін қайтып алмас

Хақ Жаббар: «Тілегіңді бердім» депті.
Шайтанды Алламенен салыстырған,
Құранда баяндайды осы халды.
Ібіліс осылайша ерік алды,

Құранда баяндайды осы халды.

шежірелік  жыр-аңыздар «Кидім,—деп,—сен туралы лағынет қамыт» Адамға сол себепті дұшпан болды. Адамды себебі сол азғыратын, Алладан ерік алды жазғыратын. Ібіліспен жаһаннамда бірге болмақ Адамдар оны құптап сөз қылатын. Уа құлна йа адам, әскүн әнтә уа зәужүл әл-жәннатә уа күлә минһә рағадән хайсу шитума уа лә тақраба һәзиһи әл-шажарат фәтакууна мин әл-залимин6. Мағынасы: Лә илләһа илла Алла, ахады бір, Адамға айтты:—Хауаны алып жұмаққа кір. Не керегін ішінде бәрі дайын Іш те же, рахатта, сайрандап жүр. «Шажарат» деген бидай жемісі бар, Онан аулақ, жақындап, соқтықпай жүр. Тапсырып осыны айтып, қоя берді, Өзіне аян кейінгі болашақ сыр. Бес жүз жыл ұжмақта өмір сүрді, Екеуі қайда барса бірге жүрді. Танысып ұжмақтың хор қыздары Хауызға шомылдырып, тағам берді. Сайрандап саясында күліп-ойнап, Аралап сегіз ұжмақ бәрін көрді. Ібіліс ұжмақтың есігінде Кіре алмай үш жүз жылдай бағып жүрді. 6 Және де: «Әй, Адам! Сен де, жұбайың да жәннатта тұрыңдар, ерікті түрде қалағандарыңша жеңдер де, мына ағашқа жоламаңдар. Онда жазықтылардан боласыңдар» деген едік. (Бұл ағаш көбінесе бидай немесе жүзім ағашы делінген). Бақара сүресі. 35-аят.

адам  атадан  бергі  шежіре
Ақыры хайламенен ебін тауып,
Жыланның аузыменен ішке кірді.
Ақ киім, ақсақалды қария боп,

Бұрынғы Ібіліс малғұн бұзды түрді.
Адамды Хауаменен тауып алып,
Бір мүрит есебінде бірге тұрды.
Бір ишан бола қалды Хаққа жаққан,

Сөйлесе, өзі ғалым асқан таптан.
Мүләйім жүзі сынық, сондай тақуа,
Бірі емес екеуі де бек ұнатқан.
Жүкті еді Хауа ана онан бұрын

Ұзамай ол келген соң бір ұл тапқан.
Харис деп ол баланың атын қойып,
«Балам» деп мүрит, ишан бірге баққан.
Шажарат ағашына мекендеген,

Ол жерден ойлары жоқ кетем деген.
Ібіліс неше түрлі хайла ойлайды,
Мақсатқа ойына алған жетем деген.
Жылайды бір күн тұрып өздігінен,

Сұрар деп есептеді Адам менен.
Бұл ойын өзі дағы қолайлады,
Келер деп істің жөні осыменен.
Солқылдап басын шайқап көп жылады:

—Айрылар күн жақын,—деп,—сеніменен.

Артықша елден ерек адамизат
Қосылдым деп ойлап ем теңімменен.
Алланың кем ісінде әділдік жоқ,
Кім қарсы істесе егер жөніменен.

Қорқасың зәрең ұшып екеуің де,
Сұрама, ғазиз достым, оны менен».

шежірелік  жыр-аңыздар
Отырды Адам, Хауа қайран қалып,
«Мұнысы не пәле» деп ойына алып.
Жылаудың күштілігі, міне, осындай,

Мүриті жатты біраз есін танып.
Су бүркіп, басын сүйеп тұрғызса да
Ас ішіп, ұйықтамады мейірі қанып.
Сұрауға екеуінің көңілі кетті:

—Қиындық туды бұған қандай, неғып?

Ишеке, көздің жасын бұладыңыз,
Не болды бұл жылаудан мұратыңыз?
Ақиқат қапаланба, айт шынынды,
Келіп тұр істің жөнін сұрағымыз.

Айтыңыз не де болса, түйткіл қылмай,
Естісін біздің дағы құлағымыз.
Жоқ еді мұнан бұрын еш ренжу,
Бірге боп қосылғалы тұрағымыз.

Алалық арамызда болған емес,
Бөтен деп ойламадық тілегіңіз.
Көтеріп жастығынан ишан басын,
Көзінің сүртіп жеңмен аққан жасын.

—Бола ма айтпауыма енді менің

Қиылып екі досым сұрағансын.
Жеміс бар мынау шажарат ағаш ішінде,
Жеме деп тыйды Алла о басында.
Адамдар мұны жеген өлмейді еш,

Керемет қасиеті бар осында.
Енді сіздер ұзамай өлесіздер,
Болмайсың ұжмақтың қол астында.

адам  атадан  бергі  шежіре
«Жылауым сендер үшін, қия алмаған
Досым»,—деп айтқан сөзге нанасың ба?
Келмесе өлгілерің, екі досым,

Жұлып же, ешкім де жоқ, барасың да.
Өлімді білмеуші еді бұлар бұрын:

—Не нәрсе өлім деген, айтшы түрін?

—Кеудеңнен жаныңды алып, демің бітті,

Аузыңнан ағызады қанды ірің.
Мұнан соң жалаңаштай жерді қазып,
Көмеді тұрмастай ғып, жарықтығым.
Жоқ қылады, өлім деген жаман нәрсе,

Қорқыта айтты Ібіліс бірін-бірін.
Мұны естіп екеуі де үрейленді,
Артықша, әсіресе Хауа сенді.
Өлімнен құтылайық, бұдан қашып,

—Айда тұр, барайық,—деп өршеленді.

—Алланың бұл қашық бол деген нәрсе,

Бармады Хауа ана, ақыр жеңді.
Кеткенде көзі ұйқыға Адам атаның
Хауа ана үш-төрт бидай үзіп жеді.
Бидайдың бірер басын үзіп алып,

Отырды қалтасына орап салып.
Хауа ананың жүрген-тұрған дыбысынан,
Адам ата бас көтерді бұл да оянып.
«Бұл өзі өте дәмді, жақсы екен» деп,

Береді қалтасынан бидай алып.
Ұмытып тапсырмасын бір Алланың
Шайнады ауызға сап, тіске салып.

шежірелік  жыр-аңыздар
Ойына түсе қалды сонда ғана,
Жұтқанда тамағына дәмін алып.
Ұстады кеңірдектен жібермеді,

Шықпады ауызына қайта оралып.
Сол жерде түйін болып тұрып қалды,
Шындыққа осы әңгіме куә толық.
Бірінші жұлып жеген Хауа ананың

Шындыққа куәсі бар оның, дәннің.
Қырық күн нифас қаны бала артынан,
Көреді бір жеті-он күн хайз қанын.
Үзгенде жас бидайдан сары су аққан

Себеп сол әйел затқа болғанының.
Қатадан Ібілістен болды біліс,
Айтайық ақыры не болғанын.
Ұжмақтың нәжіс болмайды тағамдары,

Кетеді бойға тарап тамам бәрі.
Кигені жік атлас, алтын, палас,
Кіршіксіз сондай таза адамдары.
Қолында стаканы шарап толы,

Жүреді жұпар аңқып хор қыздары.
Сайраған тоты, бұлбұл, хауыз кәусар,
Тамаша орындар көп мұнан да әрі.
Фердоуси жаннатул ағла сегіз ұжмақ

Алтынмен нақышталған түгел бәрі.
Адамның ақырғы орны болу үшін,
Жасаған осылай етіп Пәруары.
Дүниеде аз нанушы осы сөзге

Өлген соң бар ма, жоғын көзі көрер.
Өршеленіп, қайтемін әуре болып,
Обал, сауап, жазасын өзі көрер.

адам  атадан  бергі  шежіре
Көреді ол орынды қандай адам,
Бұл күнде көбісі жүр нанбай адам.
Аяғын теріс сөйлеп, қисық басар,

Тіріде ақыл-естен танбай адам.
Күн болар ақыл-естен айырылатын,
Артына мойын бұрып қайырылатын.
Көз жұмып, дүниеден өтер кезде

Көбісі сонда өкініп «аһ» ұратын.
Ғибрат, сөзім қымбат түсінгенге,
Пайда жоқ дүниеге мас, ісінгенге.
Көз салып алды-артыңа шамаласаң,

Санаулы—аз күн ғұмыр, біз бір пенде.

Жазды деп ойламаңдар діншілдікпен,
Мен дағы адам емес дінді күткен.
Адамның өмірбаян шежіресін
Келемін бастап жазып арғы түптен.

Ойладым кейінгілер еске алсын деп,
Солардың нәсіліміз арғы түптен.
Нәр алып ғылым менен техникадан,
Адамбыз өмір сүріп, дүние күткен.

Туу анық болған-ды, өлу де анық,
Біреуі жоқ бұрынғы адам біткен.
Соның үшін естория көп сөйледім,
Керек жері болар деп бір себептен.

Көпшілік, алсаң да еркің, сөксең де еркің,
Жасаған өзімді аясын осы бетпен.
Ал Адам ата, Хауа анамен бидай жеген,
Бірталай кетіп қаппын әңгімемен.

3-84

шежірелік  жыр-аңыздар
Адам ата Хақтан қорқып, көп жылады:
«Болды,—деп,—бұл фитна, Хауа, сенен».
Нәжіс боп жеген бидай тысқа шықты,

Бөркіне сап, қолтық пен бұтына тықты.
Шындықтың куәсіндей ойлағанға,
Бәріне тыққан жердің қылшық шықты.
Аңқыған жұпар иісі ұжмаққа

Нәжістің кеудені атып иісі шықты.
Айрылып сол уақытта тәж бен тақтан,
Жалаңаш әр ағашқа басын тықты.
«Аллаға ғасы болдың, жолама» деп,

Барған жер, әр ағаштан дыбыс шықты.
Іздеді періштелер тауып алып,
Жалаңаш ұжмақтан қуып шықты.
Кіргізген басындағы тауыс, жылан,

Ібіліс бесеу болып бірге шықты.
Түсірді Адамды әкеп Үндістаннан,
Әзалда Хақ бұйрығы осы маңнан.
Зар жылап, жапырақ киіп, жүре берді,

Теріп жеп ризығын құс пен аңнан.
Меккенің жаныңдағы шарапатты,
Түсірді Хауа ана кеп Жидда таудан.
Бұ дағы зар жылады, жүре берді,

Сезім жоқ екеуінде бұл хабардан.
Ібілісті түсірді Басараға,
Тастады жыланды әкеп Асфаһаннан.
Жыланды жусайтұғын тауыс еді,

Мұны да тастады әкеп Мина таудан.

адам  атадан  бергі  шежіре
Құрметті бәрі дағы мақұлық еді,
Осындай қорлық көрді нәпсі жаудан.
Тарихын өткендердің елестеттім,

Бар болса, ойласын деп жолдан ауған.
Алдады осылайша Ібіліс залым,
Аллаға осы сырдың бәрі мәлім.
Тыймады білсе дағы Ібілісті

Басында айтылып ед ерік алғанын.
Әр пенде көрешегін көрмей қоймас,
Ерік жоқ өз басында білсе халын.
Басында «Енни жағил онфел арзи халифәтән»

деген Алла Сөзіне кәлам Алла етсең наным. Әр пенде көрмей қалмас Құдірет күшін, Фаһимлап мағыналы айтқан сөзге түсін. Ұжмаққа кіргізудің себебі сол Ақыры барар жерін көру үшін. Ұжмаққа кірген жанның шығасы жоқ, Бидайды себеп қылды аның үшін. Осы айтылған тәржіма Құран сөзі Мұнан артық сөйлеуге келмес күшім. Фәзалләһүмма әл-шайтан әнһа фахражәһүмма миммакәна фиһи уа құлна ұһбита бағзұкум либағзин ғадууләкум фил-ғарди мустақарру уа мәтағун иллә хинин. Фәталаққа адам минрабби кәматин фәтәба әлейһи иннәһу һуа әл-тәууаб ул-рахим7. 7 Сонда Шайтан екеуін ол жерден тайдырды. Ондағы нығметтерден де шығарды. Оларға: «Бір-біріңе қас болып, түсіңдер: Сендер үшін жер жүзінде тұрақ және бір мезгілге дейін пайдалану бар» дедік. Сонда Адам (Ғ.С.) Раббынан сөздер үйреніп алды да жалбарынды (7—с. 23—А). Раббы оның тәубесін қабылдады. өйткені Ол тәубені өте қабылдаушы, ерекше мейірімді. Бақара сүресі, 36-37-аяттар.

шежірелік  жыр-аңыздар
Ұжмақтан шығуға Ібіліс себеп болды,
Азғырып екеуін де оңды-солды.
Екі жүз жыл зар еңіреп, басын қосып,

Ақырда жер тұрақты орны болды.
Адам ата Аллаға көп жылады:
«Ғасы болдым, кешіріңіз,—деп жылады.

—Алдандық Ібілістің алдауына

Ғафу ет Хауадан да»,—деп сұрады.
Тәубасін Хақ Тағала қабыл етті:
«Кешірдім, екеуіңнен бірдей» депті.
Аллаға шүкір қылып мұнан былай

Қосылып рахат пен дүние кешті.
Хауа ана, Адам атаның жаратылысы,
Тарихын баяндадым, бұ да бітті.
Тергендей су түбінен інжу-маржан

Жиырма жыл машақатпен ғұмыр өтті.
Ғайып сыр, Құдай сөзін көп кіргіздім,
Жарар еді ала қойса бұл еңбекті.
Адамның мұнан кейін нәсілдерін,

Жер бетін мекендеген барлық көп-ті.
Бер медет, сыйынамын, Қадір Алла,
Ассалами уа арзы жаратқан жер мен көкті.
Адам ата жер бетіне еніп орналасқаннан кейінгі жердегі

өсіп-өнген нәсілдерінің шежіре тарихы
Ал енді кірісемін шежіреге,
Жазды деп жазғыра алмас мұны неге.
Оқуға, өлең десе, әркім әуес

Болсын деп соның үшін жаздым шеге.

адам  атадан  бергі  шежіре
Бұзаубай, енді қозғал, өлмей тұрып,
Сүрікті ажал жақын келмей тұрып.
Артыңа атыңды атар қалдыр кеңес,

Кезінде шам-шырағың сөнбей тұрып.
Адамзат жер жүзінде таралғалы,
Топырақтан Адам ата жаралғалы,
Келеді тартысумен ғауам халық

Мағлұмат анық түрде болмады әлі.
Жазады біреу оны, біреу мұны,
Көрінер оқушыға бәрі соны,
Білмеске, «соқыр тауыққа бәрі бидай»,

Білгенге көрініп тұр оң мен солы.
Алайық Орта ғасыр сонан бері,
Тәртіпке қойылмаған тарих жолы.
Зерттеген қай ғасырда ғалымдар бар,

Еңбегі, кітаптар бар қойған қолы.
Ғылыми тарих—Тәурат, Інжіл, Құран да бар,
Білдірген Пайғамбарға Ізім Жаббар.
Пайғамбар хан мен патша қай уақытта

Оқыған Тәурат, Інжіл ғұламалар.
Аристотель, Платон, Сократ хакім
Тауарих кітап жазып қалдырды олар.
Кезіне Орта ғасыр алып келген,

Ғылыми тарих дейміз нағыз бұлар.
Римнің папасына сақталып кеп,
Ғауам халық шіркеуді өртеп, жоқ қылды олар.
Папаның хилаб тауып сөздерінен,

Алауыз адам шығып өздерінен,
Жоқ қылды өзін дағы, бар әрхибін,
Сенбеген табиғатқа көздерінен.

шежірелік  жыр-аңыздар
Адамнан бермен қарай жазған тарих
Жоқ қылды мәжусилер отқа жағып.
Кейінгі халық тағы тарих жазды,

Аңыздан, ауыз сөзден жиып алып.
Сүйеніп Тәурат, Інжіл, Құран шәріп,
Ғылыми тарих деді мұны халық.
Ал Орта ғасыр кезінде мұнан кейін,

Көпшілік ауып кетті дінге бейім.
Адамның көп шариғат есін алып,
Келеді сол шырмауда бұған дейін.
Мүсәніп кітап жазып түйе-түйе,

Жүз бөліп, шариғатты жүйе-жүйе.
Бәрінің айтатыны бәрі бір сөз
Әрқайсы бақастықпен әр сөзге ие.
Шындықтың асыл құнын көп сөз бұзар,

Шындыққа жүрек жылып, қаның қызар.
Жалған сөз жалпы ауызға көп кіреді,
Өрісі өтіріктің қайда озар.
Кестесі кемеліне келмесе де,

Кейбіреу артық сөйлеп, ұзақ созар.
Жиреніп оқушы да, тыңдаушы да,
Сөйлеуге ауыз, тыңдауға құлақ тозар.
Ғасырдың жеті-сегіз адамдары,

Сияды тегіс надан деуге бәрі.
Ғылымнан, әдебиеттен хабары жоқ,
Тарихтың сол себепті болмағаны.
Зерттемей сонан бері шығу текті,

Бірнеше ғасыр, бірнеше жылдар өтті.
Сан қилы осы арада өзгеріс боп,
Дәуірі Алты Алаштың келіп жетті.

адам  атадан  бергі  шежіре
Хан болып ноғайлы мен қалмақ, қимақ,
Ел демей жүрді жаншып массагеті.
Асырдық төбемізден елең қылмай,

Түбіміз бір деп санап төренікі.
Өрбіген Ақшолпаннан алты халық,
Шамданып шамадан тыс намыс етті.
Ол кезде Ноғайлыдан Әштер хан ед,

Қайтсе де бөлінуді қаулы етті.
Қосылып Шаншар ханмен екі туыс,
Бөлінді, бермейміз деп соғыс етті.
Қобыланды, Мамай батыр Алаш жақ боп,

Талқандап Ноғайлыны, жеңіп шықты.
Ғасырдың он бірінші жарымында,
Алаш бай таққа мініп, хандық етті.
Жетім бала, жесір әйел мың қой айдап,

Рахат сондай тегіс дәуір өтті.
«Бозторғай қой үстіне жұмыртқалап»,
Жайылып қой мен бөрі бірге кетті.
«Алаш, Алаш болғанда, Алаша хан болғанда,

Таңбасыз тай, қой енсіз болғанда»,
Ертеден осы сөзді аңыз етті,
Біріккен жоғарыда алты халық.
«Алаш» деп сонан кейін ұран етті.

Түрік пен өзбек, қырғыз, башқұрт, созақ, қазақ
Білінді туыстығы сол себепті.
Бөлініп сонан кейін ұлтқа жатып,
Дербес өз алдына ел боп кетті.

Кейбірі көшпелі боп, мал өсіріп,
Кейбірі отырықшы егін екті.

шежірелік  жыр-аңыздар
Өркендеп өнер-ғылым осы кезде,
Мәдениет, тұрмысқа да қолы жетті.
Тағы өтіп осы арада екі-үш ғасыр

Қазақтың ұлттық дәуірі келіп жетті.
Бөлініп Әбілқайыр Өзбек ханнан,
Қотан би, әз-Жәнібек басшылық етті.
Жиып ап бытыранды бар қазақты,

Әз-Жәнібек ең әуелі хандық етті.
Тексеріп туыстығын үшке бөліп:
Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деп ұран етті.
Ғасырдан он төртінші бермен қарай,

Қазақтың әр тарапқа даңқы жетті.
Білімді елден көсем, батыр шығып,
Қорғады жұт пен жаудан төңіректі.
Қолға алып әдебиет үлгілерін,

Тексеріп арғы-бергі ата текті.
Майқы би, Асан қайғы, Ақжол атам,
Жинақтап сонан былай шежіре-текті.
Өзгертіп асыл құнды шежірені әркім

Ақыры азып-тозып бізге жетті.
Үйлеспей, біреуіне бірі қайшы,
Бұл күнде жас тарихшы әткәз етті.
Индиа, Әфрикә, Еуропа мен

Ғалымдар зерттеп жатыр жер мен шетті.
Орыстан аты әйгілі тарихшы көп,
Аралап қазақ елін еңбек етті.
Қазақтан Әбілғазы, Рашиди, Жалайри,

Олар да кітап жазып тасниф етті.

адам  атадан  бергі  шежіре
Ғылымға байластырып түбін тізген,
Таппады тасқа басқан шығыс текті.
Жазғаны ел аралас қарым-қатынас,

Қандай ел қандай елмен болған шектес.
Табылу мұнан былай енді қиын
Кемінде бұл зерттеу де қырық жыл өтті.
Осыны біліп-сезіп отырған соң,

Жауапты, секілдендім мен міндетті.
Өйткені «тарихшы—ел-елде қария деген көсем»,
Сол сөзі кемеңгердің тебірентті.
Аз ғылым, көп өнердің арқасында,

Жан едім жақсы-жаман көрген көпті.
Жас келіп, мезгіл өтті, қуат кеміп,
Көңілімде жүруші еді болып күпті.
Сәбеттік сәтсиалдық отаныма,

Октәбр күндей күліп нұрын төкті.
Нәр алып октәбрдің жемісінен
Жасарып көңіл хош боп, қайрат бітті.
Жазуға есториә халқым үшін

Бел буып тәуекелге, бастап кетті.
Әлемдік көпке ортақ бұл тарихым
Арнадым компәртиа ізгі еңбекті.
Жазамын енді Адамның шежіресін

Түсінік шама-қадар бұл да жетті.
Бұл кейін келтіретін сөздер еді,
Себеппен бір басталып, кіріп кетті.
Көпшілік сізден қолқам сұрайтұғын,

Жерлері екі айтылған болар мұның.

шежірелік  жыр-аңыздар
Зейінім бұрынғыдай емес қазір
Жүрмейді алға қарай нағыз шыным.
Ұмытып қазір айтсам, қазір қалам,

Отырам біраз ойлап, қолда қалам.
Екінші, бір деректер керек болып,
Ақтарып әр кітапты қолыма алам.
Дүнияқор қартайғанда дегені рас,

Отырам шаруаға да болып алаң.
Үшінші, келін-балам жалқау болды,
Талап жоқ болғаннан соң не дүр шарам.
Ұзатып осылайша сөздің соңын

Жазам деп есториа екі томын,
Бірі өлең, бірі қисса шежіресі,
Қайырлы Хақ Тағала берсін оңын.

Адам ата нәсілдерін таратамыз
Ал енді баяндайын тарих жайын,
Тіліме илһам берші бір Құдайым.
Тыңдаңыз ықыласыңмен, үлкен-кіші,

Авторы—Жайлаубаев Бұзаубайың.
Адамды топырақтан жаратқан Хақ
Хауаны жаратыпты өзінен ап.
Екеуін ерлі-байлы, жұпты қылып,

Қосыпты Жәбірейіл некаһ қылып.
Жұпты боп тұрды екеуі ерлі-зайып,
Мал жиып, дүние мол кетті байып.
Хауадан қырық бала хәсіл болып,

Нәсілі көбейеді қанат жайып.
Түбіміз сол Адамнан тудық анық,
Жер бетін мекендеген күллі халық.

адам  атадан  бергі  шежіре
Тілі мен дін өзгеріс болғанменен,
Оқу бар он екі пән ортақ алып.
Ғылым мен он екі пән еттік ғалам,

Керекті дүниеге барлық амал.
Танысу, араласу оқуменен
Болмаса отырар ек болып мәлал.
Сүйеніп сол ғылымға тілдік құрап,

Бірінен тағылым алып, бірі сұрап.
Ана тіл әр халыққа қалыптасып,
Ел болып өз алдына етті тұрақ.
Туылыпты сол Адамнан қырық бала,

Жиырма рет егіз тапты ол Хауа ана.
Бірі қыз, біреуі еркек болып туды,
Мұнан соң бұйрық етті Хақ Тағала.
Бірінші туған әуелгі ер баланы

Екінші құрсақ туған қызға жұпты мәйіл.
Болмасын көңіліңде ешбір ала
Кірісті орындауға Адам сопы,
Бұйрығын бір Алланың ести сала.

Шақырып ұл мен қызын тегіс жиды,
Риза боп көнгеніне неке қиды.
Батырлау Қабыл деген үлкен ұлы
Бөліске риза болмай басын тыйды.

Қабылмен бірге туған Ақлима—қыздың аты,
Артықша өзі сұлу, салтанатты.
Себебі көнбеуінің көңлі сонда
Қалмаған ғашық болып бейтағаты.

Қабылға жедел туған Әбіл екен,
Ақлима соған қосу әділ екен.

шежірелік  жыр-аңыздар
«Құрбан шал Алла үшін,—дейді атасы,—
Қайсыңдікі қабыл болса болад некең».
Бір қошқар Әбіл барып байлады әкеп,

Ол һәман малшы—қойды бағады екен.
Бір десте Қабыл әкеп бидай қойды,
Суарма бидай егіп, салады екен.
Ол кезде көріне кеп бір алтын құс

Құрбандық үстіне кеп қонады екен.
Құрбаны қабыл болса кімде-кімнің,
Түк қалмай сол орнында жанады екен.
Болмаса құрбандығы егер қабыл,

Құс қонбай, сол орнында қалады екен.
Осындай хикметті көзбен көріп,
Ісі деп бір Алланың нанады екен.
«Сол үшін ата салтты—құрбан шал,—деп,

Кімдікі қабыл болса, Ақлиманы ал,—деп,—
Болмаса егер қабыл құрбандығы,
Риза боп Ақлимадан мақрұм қал»,—деп.
Әбілдің құрбандығы қабыл болды,

Күйеуі Ақлиманың Әбіл болды.
Көнбеді сондағы риза болып,
Қабылдың дұшпандығы мәлім болды.
Әбілді аңдып жүріп өлтіреді,

Қылышпен шауып ажал келтіреді.
Арқалап Ақлиманы алып қашты,
Бет алды құла түзге тентіреді.
Әбілдің сүйегін де қапқа салып,

Арқалап оны дағы жүрді алып.

адам  атадан  бергі  шежіре
Тамақ жоқ, су таба алмай сахарада,
Отырды бір күндерде шаршап-талып.
Исрапыл Мекайылмен екеуіне

Бар еді Рахман, Рахым Жаббар Халық.
Қабылдың қарсы алдында тастады кеп,
Екеуі екі қарға болып барып.
Қарғаның көз алдында біреуі өлді,

Тірісі көмді оны жерді қазып.
Сүйтті де екі қарға ұшып кетті,
Таң қалды екеуіне ғажаптанып.
Әуелде атасына ғасы болды,

Береді теріс бата жайып қолды.
Қарғадан жерді тырнаған тәжірибе алып,
Қабір ғып Әбілді енді қазып, қойды.
Ең әуелі ажал осы қылыш жүрген,

Қалған сөз бұрынғыдан бірге-бірден.
Құранда осылайша айтылған деп,
Естідім көп оқыған ғалымдардан.
Келерміз бергі жерге ақырындап,

Сөзімді келтірейін алыс жерден.
Сонан кейін неше мың жылдар өтіп,
Халайық өніп-өсіп кеткен керден.
Ыдырыс, Шеш, Һут, Салық—пайғамбарлар

Үндеді бұйрығына Хақтың берген.
Бұларды ұрып-соғып ренжітті,
Аз болды ислами дінге кірген.
Адамнан санағанда оныншы ата

Дүниеге Нұх пайғамбар деген келген.

шежірелік  жыр-аңыздар
Қабыл мен Ақлима хикаясы
Бастағы Ақлима мен Қабыл жайын,
Азырақ білгенімше баяндайын.

Жоламай атасынан қашық барып,
Йеменнен салды орын, мекен-жайын.
Үй қылып, жерді қазып, тасты қалап,
Ол кезде не табылад тұрған дайын.

Аң аулап, балық аулап қорек етті,
Үйреніп шаруашылық жыл-жыл сайын.
Ақлима жалғыздықтан жылады зар,
«Жаратқан бұл ғаламды, Пәруардигар,

Айрылып ата-анамнан тентіредім,
Мұншама қандай менің жазығым бар.
Көретін күн бола ма ата-анамды,
Бірге өскен кішкенеден бауырларды.

Бермесен өзің жәрдем, Дадир Мәулан,
Шерменде дүниеде мен бір мұңлы».
Осылай жылауменен бір жыл өтті,
Көз жасын Хақ Тағала қабыл етті.

«Жетерсің асықпасаң, мұратыңа»
Деп солай ұйқысында аян етті.
Түс көріп, бұрынғыдан көңілі сергіп,
Қабылмен ойнап-күліп сауық етті.

Ақыры сол сауықтың етке талғап,
Бойына Ақлиманың бала бітті.
Басы сол, жыл-жыл сайын егіз тауып,
Балалары бір жүз жылда мыңға жетті.

Мың жылда нәсілдері он мың болып,
Мемлекет, өз алдына ел боп кетті.

адам  атадан  бергі  шежіре
Шаһар боп, шіркеу салып, бұтпұрсант боп,
Йеменде осы Қабыл мекен етті.
Ақыры Нұх пайғамбар топанында,

Һаммасы осылардың жоқ боп кетті.
Табри-тауарихтан алты бармақ,
Көргенім осылайша, бұ да бітті.
Нұхтан басталатын тарихтың желісі

Ал енді Нұхтың дәуірінен баяндайық,
Сөйлесін қадари-қал Жайлаубаев.
Өтініш, оқушым да, тыңдаушым да,
Түсініп оқыңыздар сөзді байып.

Бұл өзі әшкере емес, көмескі із,
Бар болса кемшілігі етпес айып.
Нұхтың пайғамбарлық заманында,
Халықтың өскен түгел аманында,

Көнбепті пайғамбардың айтқанына,
Болмапты мұсылмандық амалында.
Өзінің әулетімен санағанда,
Сексен бір адам бопты жанабында.

Қорлыққа, бейнетке де шыдай берді,
Орындау Хақ бұйрығын талабында.
Ақыры болмаған соң күдер үзді,
«Құтқар,—деп нала қылды,—Алла бізді».

Қабыл ғып Хақ Тағала хабарлады,
«Туумен толтырамын ой мен түзді.
Кеме ғып керегіңді даярлаңыз,
Сақтармыз сау-саламат,—дейді,—сізді».

Қаптады ұзамай-ақ енді топан
Алтайдан кеме мініп суда жүзді.

шежірелік  жыр-аңыздар
Топанда ғарық болды барлық халық,
Кітапта осы сөздің барлығы анық.
Топан су алты айдан соң қайта болды,

Тоқтады кеме Жидда тауға барып.
Қалыпты Нұх нәби әулетімен,
Басқасы өліп қапты ашып-арып.
Нұхты екінші Адам ата дейміз

Сондықтан айта аламыз ауыз барып.
Нұхтың Хам, Сам, Япыс—үш ұлынан
Осыдан өсіп-өнді кейінгі барлық халық.
Жер бетінде қаншама ұлт болса дағы,

Нұхтың расталды бәрі де анық.
Ит, мысық, қарлығаш, жылан, доңыз, тышқан—
Топанға осылардың бәрі куә,
Оқысаң тауарихтан хабар алып.

Үш ұлын шама-қадар таратайын,
Нұхтың өзі болды аяқталып.

Бірінші баласы
Хам нәсілі болады зәңгі халық,
Хабишләр, жанжын, деллан көп жерді алып.
Көбісі Әмерикә мен Әфриқада,

Әсуад негр дейтұғын қара халық.
Бәдәуи шейх қапты Хам—нәсілі,
Әрқайсы өз алдына дара халық.
Ертеде атасынан қарғыс алған,

Жатқанда Нұх пайғамбар ұйықтап қалып.
Көрініп әуреті ашылыпты,
Бір құйын шайтан бастап тура келіп.
Кетіпті жапырағын жамылдырмай,

Хам көріп әуретін сақ-сақ күліп.

адам  атадан  бергі  шежіре
Сам көріп, жүгіріп кеп жапты перде,
Оянды Нұх пайғамбар бәрін біліп.
Береді Хамға бата теріс жайып,

Атаға бала күлу—үлкен айып.
«Лағынет сен секілді қарабетке,
Шайтанға серік болдың жолдан тайып.
Өзің де, нәсілің де қарабет бол,

Бұл батам ниетіңнен бергенім сол.
Кейінгі нәсілің де оңбайды екен,
Балаға ата қалпы—мирасқор жол».
Сонымен нәсілдері қара болды,

Батасы Пайғамбардың сара болды.
Мекендеп Әзианың солтүстігін,
Бөлініп бірнеше ұлтқа хан болды.
Берер еді ақ батасын Самға арнап,

Жоғары көтеріп қол басын ырғап.
Тапсырып істің артын бір Аллаға,
Әулие-әнбиенің бәрін жалғап.
«Бір Алла пазылымен жарылқасын,

Аяусыз берсін түгел мал мен басын.
Әнбие-әулиенің атасы бол,
Ізгілер нәсіліңнен көп тарасын.
Падиша, хан мен сұлтан, халифалар,

Бұл сенің нәсіліңнен көбі болар.
Араптан ақырзаман пайғамбары
Мұхаммед Мекке Алла орны болар.
Өмір сүр ұзақ жасап,—деді атасы,—

Басыңа, балам, сенің бақыт қонар».
Осылай Нұх пайғамбар берді бата,
Отырды әмин деп Сам да ұната.
4-84

шежірелік  жыр-аңыздар
Ақыры айтқанының бәрі болды,
Сөзінде Пайғамбардың болмас қата.
Ал Нұхтың ортаншы ұлы келсем Самға,

Арап, ғажам, рұм, парсы—туып һәмма.
Өрбіген осылардың түп атасы
Сол кезде кіндік болып исламға.
Нұх атам топаннан соң екі жүз жыл

Пайғамбар болып тұрды барлық жанға.
Алланың сүйер досты нұр Мұхаммед,
Ақыры тұтқа болар исламға.

—Бұл сенің нәсіліңнен болады,—деп,

Айтыпты қайтарында сонда Самға.
Исмағұл—нәсілі, араб Ысқақтан Уәйіс, Жақып,
Он екі ата бәни израил боп қосылады Ибраһимге.
Белгілі Әзиәда ғажам-ғараб,

Туыс боп өмір сүрген бірге қалап.
Ғажамнан өрбіген жан ғажап болған,
Көбісі сахабаның сонан анық.
Көтерген Пайғамбарды ғажам халқы,

Аянбай әр соғыста ұран салып.
Жазамын енді сөзбен шежіресін,
Отырмын өлеңменен шаршап-талып.
Екінші, босқа сөйлеу неге керек,

Дәлелді көрсетпесе сөзді толық.
Бір талай машақатқа түсіп кеттім,
Жарар ед қабылдаса жолым болып.
Жазамын өлең емес, сөзбен тарих,

Схема айнадай-ақ болар жарық.

адам  атадан  бергі  шежіре
Осы жерден Сам нәсілін тоқтатамын,
Қосамын сол тарихқа алып барып.
Нұхтың үшінші баласы Япыстың нәсілдері сөйленеді

Жазамын енді үшінші баласын да,
Тыңдаушым, бұған құлақ саласың ба?
Бұл өзі көптен шатақ шежіре еді,
Көп болар бұл туралы таласың да.

Нұхтың үшінші ұлы Япыс еді,
Бұл екі батадан да халас еді.
Басқарған Пайғамбардың шаруалығын
Ғылымнан хабары жоқ топас еді.

Бір күні шақырып ап Нұх пайғамбар:
«Айтатын өсиетім бар былай,—дейді.
Алланың аманатын берген күні,
Қолыңнан сен қоярсың мені,—дейді.

Нәсілің сенің дағы аз болмайды,
Жатармын желеп-жебеп сені,—дейді.
Әзиә, Әприқаның аралығы
Орталық болсын көштің жөні,—дейді.

Орал тау, Тянь-Шань, Шудың бойы,
Қайнаған жердің шұрай кені,—дейді.
Түбінде сол жерлерге бақыт орнап,
Болмайды ешнәрседен кемі,—дейді.

Нық ұста, нәсіліңді тәрбиелеп,
Болмасын көрінгеннің жемі»,—дейді.
Япысқа айтты осындай өсиетін,
Білдіріп Пайғамбарлы қасиетін.

шежірелік  жыр-аңыздар
«Ие бол нәсіліңе, өнер үйрет,
Білімге кім де болса бас иетін».
Мұнан соң марқұм болды Пайғамбарым,

Шақырып Япыс, Сам мен жанның бәрін.
Шығарып жаназасын, Сам өзі оқып,
Орындап өсиет қып айтқандарын,
Сонда екен ата-анасы, бабалары,

Йеменге қояды екен қайтқандарын.
Тоғыз жүз елу жылда жерге қойды,
Оқытып кәлам шәріп, көп мал сойды.
Балалы әйел алып болып қалған,

Япыс та бұрынғының бәрін қойды.
Балаларын үйлендіріп, қызын беріп,
Бет бұрып, шаруаға зейін қойды.
Түзеліп шаруасы жыл-жыл сайын,

Тастады жауыз пиғыл, жаман ойды.
Біреу жазады Япыстың бар бес ұлы,
Біреу жазады бар еді деп сегіз ұлы.
Аттарын өздерінше атап жазған,

Үйлесіп бір-біріне келмейді жөні.
Шәкәрім Тобықты, Тарғын, Құдайберген
Зерттеген көрінеді әңгімені.
Әбілғазы Рашиди нәжіп Ғасімбекке

Сүйеніп жазған екен шежірені.
Бұл шатас сол уақыттан болған екен,
Шығады салыстырсаң артық-кемі.
Аралас бытыстырып жаза берген

Ғайсадан бұрынғы деп көштің жөні.
Ол дәуір, өткен өмір түс секілді,
Дерек жоқ ол туралы біледі нені.

адам  атадан  бергі  шежіре
Ол түгіл он төрт-он бес ғасырлардың
Шеше алмай әлі жүрміз әңгімені.
Өзінше кітап жазып, «таптық» деп жүр,

Қисынға келмесе де сөздің дені.
Ренжіп жүрмеңіздер сөз арасын
Екен деп қыңыр сөзді шал деп мені.
Аннастың тарихи шежіресі

Келейін енді аяңдап Аннасыма,
Мәліктің соңына ерген баласына.
Қызмет қып Пайғамбарға жүре берді,
Мекендеп Мәдинаның қаласында.

Орындап әкесінің өсиетін,
Пайғамбар көзбен көріп қасиетін.
Дайын боп ертеңгі-кеш қызметіне,
Аударды ықыласпен бар ниетін.

Болыпты шын сүйікті сахабасы,
Түсіпті Пайғамбардың ықыласы.
Береді ықыласымен ақ батасын,
Өседі ұзамай-ақ мал мен басы.

Тақуа, өзі сопы, дінге берік,
Қуанды дәулет-парыз бәрін көріп.
Хақ Расул сәт етіп, бата берді,
Сахарауи жер алып, жата берді.

Көбейіп мал мен басы жерге сыймай,
Бет алып оңтүстікке тарта берді.

Осы жерде кіргіземін түсікті,
Беремін кейінірек бөліп жүкті.
Пайғамбар Мәдинаға әжратына,
Бір мың да шамасында төрт жүз жыл өтті.

шежірелік  жыр-аңыздар
Сүйеніп Пайғамбардың қасиетіне,
Көп кітап мүстахилдар таупиқ етті.
Орта ғасыр кезінен бермен қарай,

Өркендеп ғылым тарих бізге жетті.
Ертеден осы Аннасты көп айтады,
Тарихта сол кездегі нұсқа халық.
Осыған осы кезде жоламайды,

Пәміні берген жерден қысқа қалып.
Қашқанмен мұнан артықтары жоқ,
Бос сөзге осындай бір ұста халық.
Түсінік иә, беру жоқ, иә, алу жоқ,

Өзінің айтқан сөзін ұстап алып.
Атамыз Аннас деудің себебі бар,
Сенімді шындығына тіреуі бар.
Күмәнді беретұғын ешнәрсе жоқ,

Тағы да қолға ұстайтын біреуі бар.
Бір мың да шамасында елу бес жыл,
Құнанбай қажыға барған осыны біл.
Сол жылы Жаппас Мырқы бірге барған,

Аламыз екеуінен біз біраз жол.
Екеуі жолдас болып бірге барған,
Би болған, бай да болған топты жарған.
Санаспай қанша болса расқодын,

Ата-ана, күтушісін алып барған.
Сыйатын қанша қажы барса дағы,
Бір үйді Мәдинада оқып салған.
Ішінде не керегі бәрі дайын,

Сыйлаған шырақшысы мәңгі қалған.

адам  атадан  бергі  шежіре
Сол кезде дінсіз, түпсіз халықсың деп,
Кімнен деп түп шығысың деуші болған.
Арнаулы патшадан адам шығып:

«Таппасаң,—деген қысып,—кіріс қолдан».
Бұл жақтан ешбір әрхіп таба алмаған,
Сұрау сап іздесе де оң мен солдан.
Халыққа бұл жақтағы өкіл болып,

«Сол жақтан сұраймын» деп мойындалған.
Халықты үй салдырып, бір жыл қыстап,
Бітірді іші-сыртын үй дұрыстап.
Ғарабтың сұлтанына бір күн барды,

Тапсырған халайықтың сөзін ұстап.
Алдына сәлем беріп, тұрды барып:
«Алыстан біз мүсәпір, келген ғарып.
Түркістан уәләяты, қазақ едік,

Ертеден ислам дінін тұтқан анық.
Қарадық 1731 жыл Руссияға,
Бұлар жүр «дінсізсің» деп пәле салып.
«Тіркелген түп шежірең қайда?» дейді,

Халық едік отырмаған қала салып.
Алмады қолжазбаны ілтипатқа,
Аннас деп жүруші едік ауызға алып.
Сұлтанның мұны естіп рахымы түсті,

Қысылған дін қарындас сөзге нанып.
Шақырып бір адамды қосып берді,
Әрхіпті қараңыз деп алып барып.
Пайғамбар заманынан қойған тіркеп,

Тұраннан өсіп-өнген көп халықтан.

шежірелік  жыр-аңыздар
Аннасты Мәлікұлын тапқан сарқыт,
Бұл Аннас ертеден-ақ мәлім екен.
Оқыған, өзі діндар ғалым екен,

Тапсырып Пайғамбарға ата-анасы,
Болғаны қызметінде анық екен.
Көп хадис Пайғамбардан алған жаттап,
Хақ Расул фатиха берген еңбек ақтап.

Нәсілі сол кісінің боласыздар,
Күншығыс Азияға кеткен қаптап.
Қолына қағаз берген мөрін басып,
Не керек енді бізге мұнан асып?

Исламның мықты орны дін ұстаған,
Берді деп ойлаймыз ба өтірік қосып?
Құнанбай сол қағазды алып келген,
Көзі мен қолына ұстап әркім көрген.

Арабтың сұлтанының мөрін көріп,
Аннастан екендігін анық білген.
Сол қағаз әркім айтад анықтығын,
Сақтапты Марал ишан жарықтығың.

Хамиттен сұрап едім, «рас» деді,
Білмеймін осы күні бар ма-жоғын.
Көрсетіп сол қағазды патшаға,
Рас деп мөрін көріп берді баға.

Құтқарып крес тағып, шоқынудан,
Құнанбай еңбек еткен сұлтан аға.
Осыған Абай сенбей, болып қарсы,
Самнан деп араб һәм рухым парсы.

Ғарабтың Аннасы анық нәсілінен,
Ел солай қалдыруға болған жаршы.

адам  атадан  бергі  шежіре
Өзі де үйлестіріп тарих жазды,
Қалмақтан ақшар, ғажар, қосып парсы.
Алмады Абайдың да шежіресін

Тарихқа үйлеспейд деп мұның барысы.
Бір нұсқа жер жүзінде бар емес пе,
Мағлұм болмағанмен Лаух Ғаршы.
Анығын-ақиқатын таппасаңдар,

Бұған да көңіл бөліп, назар салшы.
Алынбай Аннас ата сонан бері,
Айтты деп қазақ ақын кемеңгері,
Ғалымдар қыр-қуадан іздеседі,

Жобаға келе алмай жүр дегендері.
Аннасты, Мәлікұлын қоссақ тағы,
Бұ дағы шартараптан бергі жері.
Білгенін қадари хал баяндады,

Бұзаубай сексен жаста—еңбек ері.
Сыналған бұрын топта жүйрік емес,
Сөкпеңдер келмеді деп сөз бедері.
Кінәмшіл, кірлеушіні кім тыйады,

Азамат алғыс айтар білгендері.
Бұл ұзақ келе алмады ажарлауға,
Аз емес бес-алты ауыз базарлауға.
Белсене не болса да түсіп кеттім,

Айқастан кем болмай тұр қалың жауға.
Аяқтап, Отаныма тапсыра алсам,
Аллаға мың шүкірлік, жаным сауға.
Ал Аннастан түп атамды таратамын,

Бұл күнде өсіп-өнген әр атаның.

шежірелік  жыр-аңыздар
Ғасырда он бірінші атады Алаш,
Ұраны болды алты әр атаның.
Біреуі сол атаудың қазақ халқы,

Ертеден есебінде бар атаның.
Аударды оң назарын сәбет басшы,
Бұл күнде бақыт қонған бір атаның.
Бұл берген әзірінше түсінігін,

Ал енді нәсілдерін таратамын.
Болыпты бұл Аннастың сегіз ұлы,
Болмапты мал, перзенттен ешбір мұңы.
Болады өз атамыз Жабал атты,

Қал-қадар баяндайын білсем мұны.
Жабалдан туады екен Оғаз, Оқас,
Шежіресі бұрынғының болмас қағас.
Тексерсін академик науктері,

Жобаға жөні келсе етпес бағас.

Оғыз хан нәсілдері
Оғыздан Қалмақ, Қимақ, Суһал туды,
Хан болып Қимақ ата жолын қуды.
Капказдың күншығыс жақ бетін билеп,

Таулар мен қоныс етті қалың нуды.
Бір шеті парсыменен араласып,
Ортада бөлім етті Жейхун суды.
Иран шаһ қызын алып Гүлсім деген,

Онан Қият, Таңғыт, Барлас деген үш ұл туды.
Нәсілі мұнан кейін қойдай өріп,
Қыдыр келіп, басына бақыт қонды.
Халықты шашау шықпай соңына ертіп,

Хан болып салтанатты өмір сүрді.

адам  атадан  бергі  шежіре
Әйгілі аты шулы болды Қимақ,
Дұшпанға қарсы келген соққы беріп.
Достасты Иранменен екі арасы

Саудасы қарым-қатынас қаржы беріп.
Солардың көп нәсілі қазір қайда,
Отырған тарихшы жоқ мәлімет беріп.
Отырмын түс секілді елестетіп,

Осындай бір шежірені оқып көріп.
Жетінші ғасыр бас кезі болу керек,
Жазылған шежіреде солай шолып.
Ақыры сол нәсілден келе-келе,

Ақсақ Темір хан болған соңы келіп.
Он төрт, он бес ғасырдың шамасында,
Жоқ болған жатқызғанда ұлтқа бөліп.
Нәсілі басқа елде де білінбейді,

Ақыры бітсе керек өліп-өліп.
Дұрысын ақиқаттың шешерсіздер,
Шежірені көрсетемін бөліп-бөліп.
Ал Оғыздың екінші ұлы Қалмақ еді,

Ол өзі туғаннан салмақ еді.
Қимақты Суһалменен адамсынбай,
Атасы өлсе, хандықта қалмақ еді.
Тараған тұрандықтың нәсіліне,

Бір өзі тегіс қожа болмақ еді.
Хан болды атам Оғыз елу бес жыл,
Бұл кезде сексен беске келген еді.
Қалмақтың қара көңіл, бұзықтығын,

Ертеден атап, сынап білген еді.
Өзінің тірісінде өсиет қып,
Ел, жерін үш балаға бөлген еді.

шежірелік  жыр-аңыздар
«Жолама, сен Суһалдан аулақ жүр» деп,
Қалмаққа Капказ жерін берген еді.
Суһалға Шығыс Азия жерін беріп,

«Сауранды сен иелен» деген еді.
«Суһалды ер еткен соң орныма қой,
Әзірше Қалмақ болсын»,—деген еді.
Тапсырып өсиетін халайыққа

Сауранда атам Оғыз өлген еді.
Қалмақты хан сайламай қоя тұрып,
Атама марқұм болған бетті бұрып,
Еңбегін алдарыңа елестетіп,

Сөйлейін баяндама түсіндіріп.
Тілдері әр халықтың әрбір түрлі,
Сөзі де соның үшін болды түрлі.
Бірі—оғыз, бірі—гису десе дағы,

Барлығы Оғыз ханды түсіндірді.
Әр елден өткендегі тарихшылар,
Кітабын «Оғызнама» жазған да бар.
Таралып аңыз болып елге дүйім,

Негізін дұрыс жазбай, бұзған да бар.
Қорытып, білгенімді жаздым теріп,
Ғалымдар, сын көзбен салмақтаңдар.
Оғыз ханның өмірбаяны және нәсілдерін таратамыз

Ол кезде тараған ел түрік тілдес,
Шетте өсіп, сахарада ғылым білмес.
Тау, шұңқыр паналайды қыс күндері,
Мәдениет, тұрмысқа да болды кеміс.

Үй қазған, ең әуелі, осы Оғыз,
Жылытып, ішіне от жағылып пеш.

адам  атадан  бергі  шежіре
Мұны естіп туыстары бәрі келіп,
Бір жерге басын қосып, жиналды ес.
Мекендеп бірі келіп, бірі кетіп,

Айналып Алатаудан кетпеді еш.
Ақырда, кейін кезде қазақ орнап,
Сахарасын сайрандады қатарлап көш.
Алдыңа айнадай қып ұсынамын,

Ғалымдар, академик дұрыстап шеш.
Жобаға жөні келсе түзетіңдер,
Бар болса кемістігі, қатамды кеш.
Тарихта аты мағлұм Оғыз ханның,

Тауынан орын тепті Тянь-Шаньнің.
Жетісу, Алтай, Іле, Сырдың бойы
Биледі түгелімен осы маңның.
Ол кезде «Оғыз Орда» деп атаған,

Беріде алған есім Отырардың.
Сауранның солтүстігі Ғарапшаһар,
Жайнатқан кезі гүлдеп Аспаһанның.
Әріде Қызылорда, Баласакент—

Ол кезде бұ да бірі бас қаланың.
Артынан Оғыз өліп, ел бүлінді,
Қалмаққа күні туып басқалардың.
Алысып, қалмақ қас боп массагетпен,

Астында қалды талай масқараның.
Оғыз ханның Сауран қаласын салдыруы, оның сәулеті
жайлы мәлімет
Оғыздың тұрған шақта бағы парлап,

Сауранды салдыртады өзіне арнап.

шежірелік  жыр-аңыздар
Қамданып, қамтамасыз болып әбден,
Әр елден мыңдап, жүздеп шебер жинап.
Салдырды зәулім, биік сарайларды,

Төбесін шын алтынмен мұнаралап.
Оюлап неше түрлі кенересін,
Жоғары үстепнадан орын сайлап.
Арыстан, бұғы, марал, аю, қасқыр,

Бүркіттер тұр айбатпен көзі жайнап.
Кез жарым ай орнатқан мұнарада,
Муазин уақыт сайын тұр айналып.
Жанында хауыз кәусар, аққан бұлақ,

Жағасы еккен дарақ, бұлбұл сайрап.
Асхана, мейманхана, мәгәзіндер,
Төбеге желбіретіп жалау байлап.
Сауранды күншығыста Гүлстан қып,

Бітірді жиырма жылда түгел сайлап.
Және бір айтарлықтай бір ғажабы—
Салдырған крепосты әм қорғандап.
Халқын суландырып қамтамасыз,

Шығарған жер астынан қаздырып зат.
Семонттап әрбір жерден су қоймасын,
Ішінде түрлі балық жүрген ойнап.
Ол кезде техника жоқ уағы,

Ғажайып салдырды екен қалай ойлап.
Әр елдің сырттан келген керуендері,
Базарлап, қайтушы еді тамашалап.
Өнері сол заманның көрініп тұр,

Деуіміз қате болар арашолақ.

адам  атадан  бергі  шежіре
Аңыздан история алып жаздым,
Қатеден кім алады арашалап.
Ғылым жоқ, техника жоқ о заманда,

Шеберлік, неткен білім Қудауанда.
Салдырған крепост, мовзолейлер
Жерлейтін орны болған Тянь-Шаньда.
Бір емес, мұндай орын әр жерде бар,

Тылсымдар бар секілді Әзербайжанда.
Ырғалған мұнара мен моншасы,
Адамды қалдырмай ма ғажап таңға.
Бұл күндер история әр бөлекте,

Әртелі ұйымдасқан қазушы жер.
Алтын ожау, секілді алтын адам,
Басқа да тауып жатыр әлденелер.
Батырдың сапысы мен айбалтасы,

Әйелдің түрлі тағым, алтын зері.
Көбісі өткен күннің куәсіндей,
Бұл емей мәдениет, әлденелер.
Шындықты шынықтырып айтары жоқ,

Сөйлейді кей тарихшы әлденелер.
Дамылсыз бас кесілу, алыс-жұлыс,
Бітімсіз айтатұғын әңгімелер.
Ішінде бірге жүрген адам да жоқ,

Мынауың қате десең өршеленер.
Мен жаздым елестетіп еңбектерін
Оқушым, сыншыларым әлдене дер.
Оғыз хан өтті билеп Тұран елін,

Орта Азия, Күншығыс түгел жерін.

шежірелік  жыр-аңыздар
Бетіне арыстандай жан қаратпай,
Таптады қарсы болам дегендерін.
Риза бол осымен тоқтатамын,

Сөйледім бір сыпыра еңбектерін.
Мұнан кейін зер салып оқыңыздар,
Көрсетем әрбірінің нәсілдерін.
Қалмақ, Суһал нәсілдері туралы сөйленеді

Шежіре желісіне қайта келдім,
Ішіне шомып кетіп шалқар көлдің.
Тұрған соң біліп, сезіп, шыдай алмай,
Атаның еңбегіне көңіл бөлдім.

Әркімдер оқысын деп мейірі қанып,
Көмескі шежіре еді жүрген танық.
Бәріңе, біріңе емес бұл еңбегім,
Өрбіген Оғыз ханнан барлық халық.

Алынбай бұл еңбегім қалмас босқа,
Бәрің де осылай деп тұрсаң нанып.
Оқушы дұрыс тапсаң, азаматтар,
Тәуекел білдіріңдер хатқа салып.

Қалмақ дәуірі
Ал енді, Қалмақ хан боп таққа мініп,
Орнықты күпті болған көңіл тынып.
Кеудесін жоғары ұстап асқақтады,

Санаспай бұқарамен жақын жуық.
Қарабет, рақымы болмаған соң,
Халықтың қайтты көңлі мұнан суып.
Суһалды хан қоймақшы болса дағы,

Сескеніп шыға алмады белді буып.

адам  атадан  бергі  шежіре
Қырық жыл осы арада хандық құрды,
Болмады жіберуші оны қуып.
Нәсілі бұл уақытта кең тарады,

Хуба, Жоңғар, Қатаған деген үш ұл туып.
Күшейіп бұрынғыдан қалмақ елі,
Бармады маңайына ешкім жуып.
Жетінші ғасыр Қалмақ, Қимақ дәуірі боп,

Тазартты қарсы болған жауын қуып.
Хан болып Қалмақ, Қимақ тұра тұрсын,
Автор қарт массагетке бетті бұрсын.
Нәсілін ал Суһалдың таратамын,

Ал бұған не дер екен, көзің көрсін.
Суһалдан Ақшолпан, Ахмар, Оймауыт,

Жәңгір туды,
Ахмардан Моңғол деген бір ұл туды.
Жасынан Моңғол асқан талапты боп,
Ержетіп ғылым, өнер жолын қуды.

Ол кезде өнерлі боп қытай халқы,
Артықша болмаса да сана-салты.
Дін десе, шамшыл аттай шегіншектеп,
Өнерге ұйымдасты түгел, жалпы.

Өнерге аты шықты елден асып,
Әр елге үлгі болды, өнер шашып.
Есітіп бұл секілді Қытай елін,
Үйленбей Моңғол сонда кетті қашып.

Бір бектің барысымен қолында боп,
Достасып, кетті сіңіп, араласып.
Тастады елі-жұртын, ата-анасын,
Сол жақтан бұйырған соң тағам-нәсіп.

5-84

шежірелік  жыр-аңыздар
Ал Моңғол сол Қытайда он жыл жүріп,
Үйренді әр өнерді көңіл бөліп.
Ол кезде жаңа ашылған түрлі зауыт,

Қайыпты бәрінде болып зерек.
Үйреніп фабриканың әр саласын,
Басқарды басында боп кетті билеп.
Қытайдың мұны біліп басшылары,

Сыртынан күңкілдесіп жүрді күндеп.
Жансыз боп ішімізге кіріп алып,
Анықтап елдің жайын алды біліп.
Осыдан еліне аман қайтып барса,

Түседі арамызға үлкен бүлік.
Өлтіріп, жоқ қылуда өз апасын,
Тұрандар тұра шабар туын іліп.
«Онан да басын шырмап жібермейік,

Қыз беріп, бала қылып, үйлендіріп».
Бәрі де осы ақылды мақұлдасты,
Табылмас мұнан артық ақыл десті.
Бір күні басшылардың бірі қалмай,

Ханның кеп сарайына басын қосты.
Шақыртып Моңғолды хан ордаға алып,
Өңшең бек, сардарлар ортаға алып.
Хан көпке көтеріп қол, сөз бастады:

—Ойымда бір мақсат бар жүрген алып.

Бұрыс ба, бұл қиялым әлде теріс,
Әуелі өтпекшімін көпке салып.
Жалғыз қыз Гүлбаршынға үйлендіріп,
Моңғолды бала етпекпін қолыма алып.

адам  атадан  бергі  шежіре
Бір жерге енші беріп бек қоямын,
Қазынадан қаржы бөліп, қала салып.
Осыған отырған көп, не айтасыз,

Жиналған әйел, еркек, барлық халық.
Мақсатым—ойымдағы осы менің,
Болар деп балам болып, досым менің.
Сұраңдар, не дер екен Моңғол бұған,

Қолынан риза болса берсін сенім.
Моңғол да Гүлбаршынмен бірге оқып,
Бірге істеп, фабрикада мата тоқып,
Қауіп етіп қосыла алмай жалғыз өзі,

Ғашық боп жүруші еді, соңын күтіп.

—Рахмет мұныңызға, алдияр хан,

Аламын шын жүректен сөзіңді құп.
Ішінде бұл Моңғолдың жалғыз басым,
Жүрмегей біреулер көзім шұқып.
Оғыз хан—туған атам, Тұран—елім,

Оғыз Орда, Сауранда өскен жерім.
Болам деп өмірі бақи айта алмаймын,
Сіздердің теріс емес дегендерің.
Сіздерге қайда жүрсем қас болмаймын,

Ол үшін ант арқылы беремін сенім.
Сенсең бер, Гүлбаршынды қабыл етем,
Сіздерге айтатыным осы менің.
Риза боп бұл сөзіне отырған көп,

Хан дағы қабыл алды бек мақұл деп.
Адамға туып өскен елі қымбат,
Моңғолдың бұл айтқаны орынды деп.

шежірелік  жыр-аңыздар

—Қосамын Гүлбаршынды не де болса,

Жұрт айтар «атын ойлап, қорынды» деп.
Отырып тақ үстінде қол көтерді,

—Жамағат, қорытыңдар, не дейсің,—деп.

Шақырды Гүлбаршынды және тағы,
Бар еді арнап салған сарай, бағы.
Өзінің ғұрпынша неке оқытып,
Той жасап, шақырды елін маңайдағы.

Той қылып қырық күндей, ат шаптырып,
Көкбөрі, балуан күрес, жамбы аттырып,
Бата алды келген көптен балаларына,
Сый-сипат беріп көпті тарқаттырып.

—Ал, Моңғол, сен де менің бір баламсың,

Өзіңе не істесең, бердім еркің.
Бек қойды өз алдына мемлекет қып,
Байқады солтүстік жақ бетін беріп.
Болса да түбі—Тұран, Моңғол жастан,

Қытайға сіңіп кетіп бала жастан.
Моңғолдың нәсілінен өңкей батыр шығып,
Одан Шыңғыс хан туды жұрттан асқан.
Бір кезде қазақпенен көрші болып,

Ел болдық мал-жанымыз араласқан.
Түбіміз Тұран, Оғыз хан атамыз деп,
Жері жоқ бұған дейін қарсыласқан.
Атақты «Хамсул ағла» кітабынан,

Шежіре, өлең етіп жаздырып дастан,
Ғалымның Мұхаммед Жарир еңбегі еді,
Көргенді жаздым теріп, қалдырмастан.

адам  атадан  бергі  шежіре
Еуропа, Азияны түгел шолып,
Кезінен Орта ғасыр үлес қосқан.
Ол кітап бұл уақытта қайдан жүрсін,

Құр да емес, қолымда аздап нұсқам.
Моңғолды осыменен қоя тұрып,
Кейінгі Ақшолпанға бетті бұрып,
Шіреті келген кезде сөйленеді,

Шыңғыстың дәуірінен хандық құрып.
Осыны ұғыңдар, еске сақтап,
Шешіңдер қарт автордың еңбегін ақтап.
Келемін жоғарыдан төмен қарай,

Білгенді тұжырым етіп, нақтап.
Кейінде ұлтқа бөліп жатқызамын,
Азияда Тұран елін жатқан қаптап.
Еңбегі қарияның жанар еді,

Үрдісін Қазақстан тапсақ мақтап.
Есбай ханнан мәлімет
Есбай хан қазақтың ортаншы баласы Асанның Уәлихан
нәсілінен жетінші, сегізінші ұрпағынан шығады. Оның әкесінің

есімін толық айтқан шежірені өзім көргенім жоқ. Бірақ Есбай
әйгілі хан болғанын халық аузындағы аңыз-әңгіме растайды.
Он жетінші ғасырдың орта кезіне Тауке ханмен бір дәуірде
болғандығын анықтайтын аңыз-әңгіме бар. Соған сүйеніп аздап

сөйлейін.
Сөйлейін біразырақ Есбай ханды,
Бұ дағы уақытында болған даңды.
Орнатып Кіші жүзге бейбітшілік,

Хүкім қып, қолына ұстап әділ заңды.

шежірелік  жыр-аңыздар
Әйелді төмен ұстау бұл қалай деп,
Бір күні тақта отырып ойына алды.
«Әйелсіз қара басты жалғыз еркек,

Ие боп ұстар ма еді дүние-малды.
Баланы тудыратын, өсіретін,
Ерлерің әйел жайлы есіретін.
Көктетпай ұрсаң дағы, ұрыссаң дағы,

Көнтері мінезі бар кеміретін.
Әйелдің еш мүшеден кемдігі жоқ,
Не үшін ерлерменен теңдігі жоқ.
Әйел бар ақылы артық, ерден басы,

Қазақтың бұл ісінің жөндігі жоқ».
Есбай хан осылай деп қиялданды,
Бір күні уәзір, бегін жиып алды.

—Осындай бір ойым бар, не дейсіздер,—

Мақсатын айтып көпке ақыл салды.

—Ханеке, бұл ойыңыз орынды,—деп,

Бәрі де бір ауыздан қабыл алды.
Есбай хан ослайша дегендігін,
Барлық ел қоластында разыланды.
Бар екен бір шаһарда білімді шал,

Барлығын жалғыз қызы хабарланды.
Жіберіп екі бірдей бас уәзірін,
Сынауға қыз ақылын жаншы салды.
Екі уәзір шалдың үйін тауып алып,

—Бұл үйде кім бар?—деді айғай салып.

—Келеміз алыс жолдан, жолаушымыз,

Кетер ек рұқсат болса, ат шалдырып.

адам  атадан  бергі  шежіре
Кір жуып абайсызда отырған қыз,
Кенеттен естіп дауыс сасып қалып,
Жамылып бір шапанды шыға келіп:

—Құлақсыздың күні құрсын,—деді налып.

—Үйде ме әкең қайда,—деді бектер,

Қыз жүзін көре алмай тұр асыл бектер.

—Әкем семізді арыққа айырбастау үшін,

Кетіп еді ерте тұрып, болды көптер.

—Әкең бүгін келе ме үйге қайтып,

Бізге дұрыс жауап бер, шыныңды айтып.
Егер келсе, біздерге мал соя ма,
Мал соймаса, кетеміз елге қайтып.

—Екі жол бар,—қыз айтты,—әкем кеткен,

Біреуі алыс, бірі жақын осы бетпен.
Егер түссе жақын жолға, ертең келіп,
Алыс жолға түссе, болар ед бүгін жеткен.
Әкем келсе мал тауып, союы анық,

Соймайды деп кетпеңдер ойға қалып.
Тапса біреу, таппаса екеу сояды,
Қашаннан әкемізде сондай қалып.

—Олай болса қонуға ұрықсат па,

Орын бар ма байлайтын мына екі атқа?

—Біреуің қысқа, біреуің жазға байла,—деп,

Қолымен ишараттап екі жаққа.
Қыз үйге соны айтты да жүре берді,
Мына қыз таңдандырды уәзірлерді.
«Бұл қыздың есі дұрыс емес шығар,

Бұл сөзбен бізге нені түсіндірді».

шежірелік  жыр-аңыздар
Аттарын матастырып байлады да,
Екі бек есік ашып үйге кірді.
Сыпырып үйдің ішін, киім киіп,

Дайындап жатыр екен төсек-төрді.
Адам жоқ, үйге кірсе, қыздан басқа,
Бола ма жас аруды қызғанбасқа?

—Шешең қайда, бар ма, қайда еді?—деді бектер,

—Шешем бар, біреуді екеу ету үшін

Кетіп еді келеді айырбасқа.
Бұған да түсінбеді меймандары,
Отырды үндеместен одан ары.
Әкесі, шешесі де қайтып келді,

Қуанды іштерінен меймандары.
Әкесі меймандармен амандасып,
Үйінен шығып кетті асып-сасып.
Далада бірсыпыра кідірді де,

Бір қойды сүйреп кірді есік ашып.
Қонақтан қолын жайып, патиха алып,
Байлады төрт аяғын жығып салып.
Абыржып, кемпірі де сасып жатыр,

Қазанға суды құйып, отты жағып.
Терісін сыпырған соң, ішін жарды,
Меймандар қарап отыр сырттан бағып.
Ішінен арыстай боп қозы шықты,

Аяды, буаз қойды сойды нағып.
Сол түні қонақ болды екі уәзір,
Ықыласта қонағасы болды әзір.
Қонағын ертеңінде аттандырды:

—Шырақтар, бізде осы, бар-жоқ мәзір.

адам  атадан  бергі  шежіре
«Рахмет» деп ең болмаса айта алмады,
Жоқтығын шал байқады жігер-қажыр.
Қой сойып бергеніне қынжылмады,

Алла үшін болар деді қайыр нәзір.
Ашады уәзірлер шалға сырын,
Оларға қыздың сөзі болды қырын.
Ханына қалдырмастан айтып барды,

Көрдік деп жұрт мақтаған қыздың түрін.

—Жынды ма, әлде есірік, диуана ма,

Сөзінің түсінбедік бірде-бірін.
Баяндап қалдырмастан қыздың сөзін,
Мақтады жаратылыс, құлық-мінезін.

—Таптырмас таптан шыққан сұлу екен,

Егер де дұрыс болса сана-сезім.
Есбай хан мұны естіп ойға қалып,
Шеше алмай өзі дағы қайран қалып.
Бар еді бір білікті ғұламасы,

Қыз сөзін өтпек болды соған салып.
Ордаға сыйғанынша ел жиылды,
Естуге қыз жұмбағын хабарланып.
Деді хан: «Көпшілікке керек болдың»,—

Екі уәзірмен ғұламаны шақырып ап.

—Әуелі мен айтайын мәні-жайын,

Жібердім біліп кел деп қыздың жайын.
Еш жауап қанағаттар әкелмеді,
Тек қана айтатыны—сары уайым.
Сөзіне жауап берген қыз көрінеді,

Түсініп, етпегей деп сөзін байып.
Сөйлесін қыз жауабын екі уәзір,
Шешуге, молдаеке, болғын дайын.

шежірелік  жыр-аңыздар
«Сөйле» деп рұқсат етті уәзірлерге,

—Анықтап түсіндір деп енді бізге.

Көргенде көркінен біз не танимыз,
Бедерлі керек боп тұр сөзі бізге.
Есбай хан осыны айтып қалды тоқтап,
Біреуі баяндады сөзді баптап.

Қалдырмай қыздың сөзін айтты түгел,
Өздері ұғынғанша алған жаттап.
Бас изеп, түсінген деп еміреніп,
Ғұлама ұғып отыр бәрін жаттап.

—Жарайды, уәзірлер, тоқта,—деді,

Риза боп қыз сөзіне қанағаттап.
Молла да қыз сөзіне қайран қалды,

—Данышпан екен,—деді,—бұл әйелді,

«Ала гөр» деді мұны тездеп барып,
Берсең де қазынадағы барлық малды.
Хан барып, сардарлар алып келді,
Риза ғып ата-ана—кемпір-шалды.

Ұнатып ақыл, білім, парасатын,
Есбай хан уәзір қылып жанына алды.
Әйелдің көтеріліп дәрежесі,
Есбай хан дәуірінде теңдік алды.

Прауа ерлермен тең, қару ұстасып,
Қойдырды алатұғын қалың малды.
Қата деп айта қойман мұны ешкім,
Артында бұл ханның да аңыз қалды.

Бұл хандар Уәлихан нәсілдері,
Кейінгі осы атадан ханның бәрі.

адам  атадан  бергі  шежіре
Әбілқайыр, Нұрәлі, Ерәлі, Есім,
Қаратай тоқталады мұнан ары.
Хан, сұлтан, жасауылдар мұнан ары,

Шекті, Адай, Байболдан қалғандары.
Кейбіреу білмесе де таласады,
Шындықтан таласса адам адасады.
Тоғыз, оныншы ғасырлардан

Келе жатқан хан тұқымы,
Қалайша Шыңғыс ханға жанасады.
Адасқанның алды жөн демеңіз,
Талай шындық, табамын тамашаны.

Шығады салыстырса артық, кемі,
Кімде-кім білімдімен санасады.
Қазақтың екінші баласы Асанның баласы
Алшын нәсілдері

Ал Асанның екінші ұлы туған Алшын,
Тыңдаушым, бұған дағы құлақ салсын.
Елде көп шатастырған шежірелер,
Пәйімлеп мұны дағы есіне алсын.

Алшыннан Әбиыр менен Алау батыр,
Ер бопты Алау батыр мыңға татыр.
«Ер қаруы—бес қару»—бәрі сайлы,
Бір өзі жатады екен тігіп шатыр.

Абиыр ағасының екен аты,
Алауға ауған екен махаббаты.
Суарып арғымағын, жемдеп, баптап,
Болыпты інісінің оң қанаты.

шежірелік  жыр-аңыздар
Сондықтан Абиыр деп кетті халық,
«Абиыр» азандаған аты халық.
Туады Арғымақтан жалғыз Төлеу,

Абиыр баласы деп ат аталып.
Бұл Төлеу—Жетіруға ноқта ағасы,
Шығады кейінірек анықталып.
Төрт бала бұл Төлеуден тағы туады,

Біледі, атын айтса, жалпы халық.
Керейлі, Ноғайлы, Әжірахмет және Самат,
Өзінің бел баласы бұлар анық.
Төлеу батыр байсалды адам болған,

Тұлпар мініп, топ бастап, туын алып.
Ерте кезде үш жігіт келеді екен,
Елінен қашып шығып, айыпталып.
Сарбан, Садыр, Надыр есімдері,

Ұлы жүз, Орта жүзден болу керек.
Алауға паналапты малын бағып,
Алаудан екі бала—Әмин мырза, Ораз балуан,
Еншілес болды үшеуі шөбін шауып.

Әминнен туады Құдуар тентек,
Жүргенде бала болмай етіп қауіп.
Қуыпты Құдуар тентек үшеуін де
Малға ортақ болар деп бөліп алып.

Ұнатпайды Құдуарды Төлеу батыр,
Үшеуін үйлендірді қолына алып.
Қазақтың «Төлеу болмай, тілеу болмас»,
Келеді деген нақыл сонан қалып.

Өзіндік кітапшаның шежіресінен,
Көрсетіп мен де отырмын нұсқау алып.

адам  атадан  бергі  шежіре
Ал Садыбаннан Қоқыш, мұнан Мелде,
Мелдеден Ілез мырза, мұнан Жағалбайлы.
Жағалбайлының он екі ұлы болған сайлы,

Орта жүз түп шығысы көрінеді,
Кіші жүзге сіңіп кеткен басыбайлы.
Жағалбайдың он екі баласы:

1. Біліс, 2. Аққожа, 3. Есірқожа, 4. Бозбет, 5. Балқожа, 6.

Бескүрең, 7. Сирақты, 8. Бөгди, 9. Құтбанай, 10. Армантай, 11.
Бөдес, 12. Манатай. Жағалбайлы—өте көп, бай, қонақжай, мо-
мын ел.
Ал Садырдан Тана, Табын екі бала,

Надырдан Кердері, Керейт туды жана.
Рамадан Төлеудің құлы дейді,
Түсіндіріп кетейін мұны жана.
Осы айтылған ұрпақтың өсуіне,

Бәріне басшы болған Төлеу аға.
Айтады Жетіру деп соның үшін
Үлкендер сол кездегі беріп баға.
Бұл күнде жеті тайпа халық болды,

Бұл шежірем соқса керек бір жағаға.
Қабылдаса жарар ед қауым халық,
Сұрамаймын еш нәрсе мен параға.
Алшынның екінші баласы Алау батыр нәсілдері

Алаудан Әмин мырза, Ораз туды,
Ораз балуан, әрі ақын жолын қуды.
Он сегіз жасқа келіп марқұм болды,
Кезінде тамсандырған Жетісуды.

Әминнен асқан мырза ұлы Байбол,
Белсене шаруалықтың жолын қуды.

шежірелік  жыр-аңыздар
Келгенде он алтыға әйел алып,
Мұнан Қыдыр деген бір ұл туды.
Қыдырдан Қадырқожа, Садырқожа,

Надырқожа деген үш ұл туып,
Кіндік кесіп, кірін жуды.
Қадырқожа кезінде атанып бай,
Үш қатыннан он екі ұл туды ұдай.

Сұлтансиық, Бақытсиық, Қыдырсиық,

Алтын деген
Төрт бәйбішеден берген Құдай.
Бәйбіше—Жанпейістің жалғыз қызы,
Сұлудан Барша бибі туардай.

Жиенін бай асырып, бауырына сап,
Ерке қып өсіріпті, бетін қақпай.
Оң жақта жүкті болып, тауыпты деп,
Және бір шежіреде көрдім солай.

Қайтсе де Адай батыр аты шулы,
Жатпайын бас қатырып оған бұлай.
Шамса деген күңнен Жаппас туған,
Жүретін адам екен етек жаппай.

Шыңтай деген күңінен Беріш туып,
Тілегін осылайша берген Құдай.
Алтауы—бел бала, алтауы—немересі,
Өсіпті дүниеден болмай мұра-ай.

Осылардан өрбіген көп халықты
Бай ауылы деп атайды мұнан былай.
Қыдырдың ортаншы баласы Садырқожа нәсілін
таратамыз

Садырқожа баласы—Қаракесек,
Одан туған Байсарыда бар деп өсек.

адам  атадан  бергі  шежіре
Жазылған кіші атаның шежіресінде,
Бола ма бізде солай көрсетпесек?!
Өзі сұлу, әкесі айбынды адам,

Алыпты, болса дағы тастауға есеп.
Байсарыдан Бозашар, одан Адамқожа,
Оның Қара, Сары екі ұлы болды жана.
Сарыдан Құлыш, Асан, Жанбақты деген,

Үш атасын аталымға қоса сана.
Қаракесектің өледі бәйбішесі,
Күпті болып жүргенде байдың іші.
Балдызын Кенже бике тағы алады,

Ата-ана—кемпір-шалдың ең кенжесі.
Балдызын алғаннан соң Қаракесек,
Мұнан туады Әлім мен Шөмен десек.
Әлімнен тағы туды алты бала,

Шекті, Төртқара, Қарасақал, Ожырай, Кете, Кеген.
Шөменнен екі бала Шөмекей, Дөйт,
Шөмекейдің болыпты төрт баласы.
Тоқа, Көнек, дейтұғын Бозғыл, Аспан

Әлім, Шөмен нәсілі бірге есеп.
Бұлар тоғыз, Байұлы он екі ата,
Жетірумен болады жиырма тоғыз,
Таңбалы Кіші жүзді есептесек.

Халық риза бола ма шежіреге,
Айырып осылайша көрсетпесек.
Өте көп Кіші жүздің халықтары,
Барады бірсыпырасы қалып бәрі.

Бөкейлік, Орал қазақ дегендер бар,
Оралдан, Астраханнан кеткен ары.

шежірелік  жыр-аңыздар
Тараған Уәлиханның нәсілдері,
Жатады Кіші жүзге мұның бәрі.
Бөкейхан—Арғын төре нәсілінен,

Асанның нәсілінен қалғандары.
Деулері Шыңғыс ханнан төре халқын,
Бұрынғы тарихтың жалғандары.
Дегенге күн шұғыласы нұрдан болған,

Былайғы ғауам халық нанған бәрі.
Шыңғыс кім, төренің кім екендігін,
Жазамын шежіреде мұнан ары.
Кіші жүз бір атасы қалып барады,

Жазылды онан басқа түгел бәрі.
Көп халық Адайдағы алты болыс,
Рулары—Құнан, Түрікпен, Қырықмылтық,

Адай, Орыс.
Оралдан, Ақ Жайықтан аса жайлап,
Шекті түркіпеннен алған қоныс.
Жауынгер жауласуға екі ел көшті,

Көп болды арасында алыс-жұлыс.
Бағынып біржолата өкіметке,
Советтің заманында алды тыныш.
Болыпты Бекет атты әулиесі,

Болса да сиынатын нендей жұмыс.
Бекеттің нағашысы Жәнібек Тархан,
Апайдың шарапатты аты Айкүміс.
Ертеде Мұңалыдай батыр өткен,

Хорезм шаһарынан алған қоныс.
Көп Адай әлі күнгі әлі сонда,
Аралас тәжік, парсы болған таныс.

адам  атадан  бергі  шежіре
Көндікті қуа алмады бірнеше жыл,
Болса да қандай күшті атыс-шабыс.
Адайдың жұрт біледі батырлығын,

Момын деп айта қоймас күні бүгін.
«Танысаң Адайың, танымасаң Құдайың»,
Аңыз бар ерте кезден айтатұғын.
Осымен Адайды да тоқтатамын,

Айырдым бір сыпыра елдің жігін.
Көрген соң тарихты көздеріңіз,
Қосыңдар кейінгісін өздеріңіз.
Наукке академик білдіріңдер,

Егер де дұрыс десең сөздеріміз.
Шежіресін кіші атамның жазып біттім,
Сіздерден қайыр дұға үміт еттім.
Адамнан жаратылыс бастап едім,

Жиырма жыл өзім де көп ентіктім.
Алланың бергеніне мың шүкірлік,
Аяқтап, осы биыл тамам еттім.
Шығыс Азия мен Қазақстан елдерінің тарихы.

Суһалдың үлкен баласы Ақшолпан нәсілдері
Ақшолпаннан үш бала—Аққурай, Өзбек,

Келмек туды,
Өзбектен—Салар, Саршық, Жалғас ұл туды,
Келмектен—Аққырғыз, Қарақырғыз, Сегіз туып,
Әйелі кіндік кесіп, кірін жуды.

Өсе келе Аққырғыз сергек болып,
Батырлыққа бас байлап, белін буды.
Қалмақ, Қимақ туған атадан біз де тудық,
Ортақ деп Оғыз ата жолын қуды.

6-84

шежірелік  жыр-аңыздар
Аққурайдан Қазақ бен Созақ туып,
Туыстыққа екеуі жақын жуық.
Созақтан Толағай, Сүйір,

Қазақтан Аламан, Асан, Қыпшақ туып.
Аққалпақ батырлықпен мініп атқа,
Айбынды қыр көрсетіп жақын, жатқа.
Баулыды екі інісін қасына алып,

Мінгізді құралдатып арғымаққа.
Түп мақсат ойлағаны Аққырғыздың,
Келмес деп Қалмақ, Қимақ ынтымаққа.
Қазақты Созақпенен құралдады,

Болар деп түбінде егес екі жақта.
Бауырлар Қалмақ, Қимақ елді билеп,
Кезі еді парлап тұрған осы уақытта.
Аққырғыз өзі мініп ақбоз атты,

Ертоқым ақ күміспен түгел жапты.
Ақ киім, басына ақтан қалпақ киіп,
Көргенді тамашалап таңырқатты.
Соқтырды Созаққа арнап әбзелін,

Алдырып қарақасқа арғымақты.
Оныңда өмілдірік, құйысқанын,
Безелтіп қара алтынмен түгел жапты.
Кигізіп қара киім, қара қалпақ,

Көргеннін көңілі бітіп, бәрі ұнатты.
Қазақтың екеуінен жасы кіші,
Артықша балуан еді асқан күші.
Бас қосқан ұлы жиын ас бен тойда,

Талайды домалатқан басып мысы.
Алдырды бұған жирен қасқа арғымақты,
Әбзелін сары алтынмен түгел жапты.

адам  атадан  бергі  шежіре
Кигізіп сары киім, айыр қалпақ,
Жаяжақ берді қылыш алтын сапты.
Мұнан соң құралдады әскер жиып,

Қайраты шыдатпады ішке сиып.
Қырғыздың бұл секілді қылығына,
Халықтың риза болды қаны ұйып.
Үшеуі үш мың қолға басшы болды,

Шолады аттан түспей оң мен солды.
Намысын массагеттің әпермек боп,
Жер танып, жобалады жүрер жолды.
Порымы үш батырдың елден ерек,

Риза боп құрметтеді халық та елеп.
Салдырып әскер үшін кірепосты,
Байлар да бақырмай-ақ берді көмек.
Мәлім боп Аққалпақ, Қарақалпақ, Айырқалпақ,

Атады осылай деп халық жалпы-ақ.
Қазақ, Созақ, Келмек есім ұмытылып,
Түсіне алмай кейінгілер болды жалтақ.
Сол үшін жаздым теріп, жиыстырып,

Шежіреден көргенімді қиыстырып.
Ғасырда он бесінші анықталды,
Ұлтқа бөліп, жатқызған ұйыстырып.
Бұл шатақ әлі күнгі арылған жоқ,

Шежіресі ол кездегі алынған жоқ.
Шындықты шынықтырып, түзеші аз,
Тарихты теріс сілтеп қағылған көп.
Аққалпақ—Қырғыз, Қарақалпақ—Созақ,

Айырқалпақ—Қазақ,
Аққырғыз батырлықпен шыққан аты.

шежірелік  жыр-аңыздар
Екі інісі Қарақалпақ, Айырқалпақ, Қарақалпақ,
Аттары азандаған Келмек, Созақ, Қазақ.
Қалмақтар ерлікпен берген қосымша аты,

Жетінші, сегізінші ғасырларда.
Бұлардың өмір сүріп болған сәті.
Ел болып, ұлтқа жатып бөлінгенде,
Білінді анықталып заһир батыр.

Осы үш қалпақ әр елде жұртқа мәлім,
Шын есімдері еместігі болды мәлім.
Түсініп, табысар деп мұнан былай,
Шаршадым көп сөйледім ахуалын.

Ал суреттеп үш батырды айттым біраз,
Бұл жерде ашылмаған қалған сыр аз.
Естіп осылайша жатқандығын,
Қамданды соғысам деп Қалмақ қораз.

Әскерін жиырма мың жиып алып,
Қимаққа тез жетсін деп хабар салып.
Етем деп жермен жексен массагетті,
Зерапшан шаһарында жатты барып.

Қимақтан он шақты адам елші келді,
Қол қоймақ мөрін басып, хатын алып.
Оқыса хатын ашып былай деген:
«Массагет—ол да Оғыз хан нәсілі анық.

Атаның өсиетін орындамай,
Сен келдің бірсыпыра пайдаланып.
Одан да абыроймен еліңе қайт,
Жеңбейсің, жеңілесің айдан анық.

Тұрандар бірін-бірі талады деп,
Күлмей ме сыртта жатқан барлық халық.

адам  атадан  бергі  шежіре
Атаның қарғысына ұшырайсың,
Пікірлеп, қара өзіңді ойға салып».
Ақымақ, қаның қара, не масқара,

Бүлдіріп отаныңа ойран салып.
Қосылам массагеттің әскеріне,
Әгарда тоқтамасаң тілімді алып.
Тілді алсаң, осы менің айтатыным,

Билесін, өз-өздері билеп алып».
Қалмақтың мұны естіп көңілі суып,
Белсеніп, шыға алмады белді буып.
Үш батыр он бес мыңдай әскер алып,

Жақын кеп, бұлар дағы жатты жуық.
Араны екі елші жүріп тәуірлесіпті,
Ақылды, білімділер болды басты.
«Түп бірге, түтін басқа емес пе ед» деп,

Ардақты ортаға алып кінәласты.
Қатасын қалмақ біліп, мойнына алып,
Кешіңдер деп өтінді қара басты.
Кек тұтпай бір-біріне ғапу қылып,

Туыс боп бұрынғыша араласты.
Соныменен аралары тынышталып,
Ынтымақ, ризалықпен бөліп алып,
Қол қойып, дәгерлеп мөрін басты,

Шекара, ел мен жерін бөліп алып.
Ақшолпан нәсілдерін таратамыз
Нәсілі Ақшолпанның қаулап өніп,
Ұстады үш хандыққа елді бөліп.

шежірелік  жыр-аңыздар
Бірі—өзбек, бірі—қырғыз, бірі—қазақ,
Қарахандық атады бізді келіп.
Келе алмай Қалмақ, Қимақ енді беттеп,

Кірмеді арамызға аулап, шеттеп.
Халқы көп, нәсілі көп шектен шыққан,
Атады Ақшолпанды «массагет» деп.
Көтеріп Қалмақ, Қимақ жоғары өзін,

Намыс қып, бөлінем деп етпей төзім.
Үзілмеген ақсүйек, біз—хан нәсіліміз,
Олар қарахандық деп жүрді сөзін.
Бырсыпыра айырдым сөздің шенін,

Енді қазақ тарихын көрсін көзің.
Бізде жоқ мәліметті Өзбек, Қырғыз, Созақ,
Көрсетсін шежіресін өздері өзін.
Бұл тарих сіздердің де міндетіңіз,

Сонарды көптен түскен інді етіңіз.
Таптық деп көп іздеген қазақ тегін,
Жар салып халайыққа үнді етіңіз.
«Әр халық шығу тегін білсін» деген,

Бұл уәжіп—Пайғамбардан сүндетіміз.
Кітап оқып, шығарыңдар тасқа басып,
Оқысын көксегендер мауқын басып.
Автордың картішкесі алда тұр

Мен дағы жасарармын көңілім тасып.
Осымен сөзім тамам, шырақтарым,
Жібердім хатқа салып сұрақтарың.
Атібет көп ұзатпай қайтарыңдар

Қорытынды ұйғарымды сынап бәрің.

адам  атадан  бергі  шежіре
Қазақ шежіресі
Ал енді бет бұрамын қазағыма,
Мойындап не көрсем де азабына.

Кейбіреу жерден шыққан жетімдей ғып,
Тұра алман шатастырған мазағына.
Бастайын шежіресін қазақ халқым,
Ешкімнен кем түспеген сана-салтым.

Үлгісі мәдениеттің бәрі бізде,
Мыңғырған мал, сап-сары жерім алтын.
Қашаннан еңбек ері атам қазақ
Досқа адал қызметім, жүзім жарқын.

Сәбеттің социалистік дәуірінде,
Байқалып тұрған жоқ па қандай халім.
Алатау, Алматыдай жерің бар ма,
Арғындай атышулы ерің бар ма?

Алаш хан—алты атаның арыстаны,
Тексіз деп айтатұғын орның бар ма?
Аяз би, Жиренше, Мөңке—ол да қазақ
Ақылмен шыққан талай түспей орға.

Асан қайғы, әулие Қорқыт—бұ да қазақ
Қабірі Қармақшыда Қызылорда.
Майқы би, Қодан тайшы, әз Жәнібек
Мағұлым Алтай, Сібір, Орынборға.

Үйсін Төле, қаракесек Қазыбек, Әйтеке алшын
Тең басқан төрт аяғы бірдей жорға.
Үлгісі сөз өнері бізден шыққан,
Сақтаулы қазына көп жатқан қорда.

Би де көп, батыр да көп, шешен де көп,
Үш жүзде сүрінбейтін қазған орға.

шежірелік  жыр-аңыздар
Кейбіреу қорғалақтап сөз жазады,
Алғандай қайыршылап сұрап зорға.
Теңдікке қазақ қолы жетпегендей,

Басынан жақсы дәуір өтпегендей.
Бақташы ханның бәрін моңғол дейді
Хандыққа қазақ, сірә, өтпегендей.
Сөзінің байқағанға ажары жоқ,

Базарлап өтірікпен септегендей.
Айтайын хан болғанды бастан-аяқ,
Тізбектеп көрсетейін тастамай-ақ.
Өзінде әдебиет, мәдениет қазақ елі

Басқа елге тіркестіріп жастамай-ақ.
Шежіре тарихтың бір парасы,
Әркімнің алуан түрлі көзқарасы.
Аламан, Асан, Қыпшақ деп айтылар

Қазақтың болған екен үш баласы.
Қыпшақтан екі ұл туды Қара, Дәшті,
Қарадан Есімсейіт, Мұнан, Тоқтарбай.
Мұнаннан Қобыланды жаннан асты,

Одан кейін Бөгенбай ұрық шашты.
Қазақтың тарихын кірмей тұрып,
Кейінгі ұрпақтарға түсіндіріп.
Әдебиет, жайынан мәдениет,

Азырақ сөз қозғайын бетті бұрып.
Қазақтың шықты өзінен барлық өнер,
Өрімші, қол шебері, ұста, шебер.
Үйірін қысырақтың матап беріп,

Буынды бай-бағландар алтын кәмер.

адам  атадан  бергі  шежіре
Көк сауыр тоқым, көпшік, күміс әбзел,
Ат мінді мырза, бектер алтындап ер.
Әйелге лайықты түрлі тағым

Бәрі де нақыштаған алтын мен зер.
Байлаған шашта шолпы, омырауда алқа,
Сылдырап қоса өзімен рең берер.
Құлақта алтын сырға, қолда балдақ,

Әйелге өте ұнамды ажар берер.
Жөңкіліп жын көшкендей ас пен тойда
Тең жарымы басқа киіп сәукелелер.
Ұстаған кенересі лағыл-гауһар

Адамның көзін тартып, көңлін бөлер.
Күлім көз, оймақ ауыз, бұраң белдер
Ішінде жүр жөңкіліп әлденелер.
Жігіттің сұхбаттасқан сырттандары

Ғашығын көріп көзбен атой берер.
Мәдениет айта берсем таусылмайды,
Бұл емей мәдениет, неменелер.
Осыны білсе дағы айта алмайды,

Сөйлейді кей тарихшы әлденелер.
Бір сөзді өтірікпен он құбылтып
Толтырып том жазуға сондай шебер.
Әдебиет көрінбей ме айтыстардан

Мәдениет көрінбей ме ас пен тойдан.
Қыз Жібек, Төлеген де куә емес пе,
Көрсетіп көз алдыңда кінә қойған.
Жоқ болса бұрын мұндай мәдениет,

Бола ма шығаруға құрғақ ойдан.
Байлықта пар болатын халық бар ма,
Ұстаған миллиондап жылқы, қойдан.

шежірелік  жыр-аңыздар
Қазақтай қонақасы кім береді
Қисап жоқ малдарына қонаққа сойған.
Мақтайды орыс, қытай, өзбек, татар

Мәз болып ет, қымызға бір күн тойған.
Мәдениетті тегіс теріп айту қиын,
Әуелде жаратылған бірге бойдан.
Шешіңдер әділдікпен дұрыс қарап,

Талабын талапкердің алға қойған.
Сөз төркінін салыстырып, шамаласа,
Алыпты дәмсіз сөздер құрғақ ойдан.
Қазақ хан ең әуелі, өзі болды,

Ғасырдың тоғызыншы кезі болды.
Немересі онан кейін Дәшті болып,
Ұстады бірінен соң бірі жолды.
Осылай сонан бері келе-келе

Ақыры әз Жәнібек нәсілдері соңы болды.
Баяндап айтып берем, асықпасаң,
Қандырып айызыңды, мауқың басам.
Дәмі жоқ, татуы жоқ, бытыраған

Тарихты жаңартайын болған қасаң.
Салайын алдарыңа айнадай ғып,
Шығуын қазақ қайдан, ал тыңдасаң.
Ерте өткен Сүйінбай, Қазтуған ақындарым

Тағы айтсам бергі жерден жақындарын.
Еңбегін көздеріңше елестетесем,
Сонда да толмас па екен тақымдарың.
Қазтуған, Шалкез ақын ерте кезде,

Сыпыра жырау, Жиенбет мұнан өзге.
Қазақтың сол кездегі салтанатын
Көрсетіп тұрған жоқ па көрер көзге.

адам  атадан  бергі  шежіре
Қайыпбай хан-қараны бірден шенеп,
Емес пе Бұхар жырау құрған тезге.
Солардан қалған кейін әдебиет

Мүмкіндік тудыруда қазір бізге.
Сал Біржан, Ақан сері өлеңшілер
Ән-күйге Құрманғазы қандай шебер.
Сайраған сандуғаштай жүз құбылтып,

Бой балқып, алпыс екі тамыр иер.
«Жанбота», «Жамбас сипар», «Қалқам шырақ»
Еріксіз естігендер басын иер.
Тұщы күй, ащы дауыс сан құбылып,

Оянып сана-сезім, жан сүйінер.
Кинода осы күні естіліп жүр,
Құрманғазы, сал Біржан, ақын Абай

салған күйлер.
Ардақтап ақындарды алға ұстап,
Ат беріп қайтаратын мырза-билер.
Өзгерді бұл секілді халық мұрасы

Басы бар, аяғы жоқ нелер күйлер.
Біріне күпіну жоқ, тұшыну жоқ
Шиқылдап ішегін тартып музыкалар.
Енді бір жиырма, отыз жыл шамасында

Қазақтың ана тілі адыра қалар.
Өзгерді әсіресе, қазақ халқы
Басқа елдің ертедегі сана-салты.
Алсақ та қай халықты жер бетінде

Дерліктей өз ғұрпына түгел, жалпы.
Қазіргі алсақ біздің жастарымыз
Пердесіз борбайы, ашық бастарымыз.

шежірелік  жыр-аңыздар
Төбеге томпайтуды қоя салып,
Күзелген ту байталдай шаштарымыз.
Игі еді ашпай жүрсе абыройын,

Бермесе өзі тыйым бір Құдайым.
Ұят жоқ, имену жоқ ата-анадан,
Бұзылып бара жатыр жыл-жыл сайын.
Еріксіз ерте кездей емес қазір,

Сыйлайды сирек сүйіп тиген байын.
Осыны академик еске алыңдар,
Қарттікі демеңіздер сары уайым.
Көрсеткен жоғарыда әдебиет

Өзгерсе басқа елдерден болар ұят.
Қарақалпақ, қырғыз, өзбек өз құнында
Қазаққа не десе де бәрі сияды.
Өз елін үлгі беріп тоқтатпаса,

Басқа елдің көп өсегін қалай тияды.
Бәрі де ақын болмас қорғаласа,
Қаймығып көрінгеннен жорғаласа.
Ақындық, батырлығың неге керек,

Ұлттық тәуелсіздікті қорғамаса?!
Мына бір әңгімеге бетім ауып,
Қорықтан кейінірек етті қауіп.
Ұнатпай жазушының көпшілігі

Қара тер құр болмасын босқа шауып.
Айтылып келіп еді хан мен билер,
Үлгісі әдебиет жыр мен күйлер.
Мәдениет жайына қалып барад,

Қазақтың хан ордасы, киіз үйлер.

адам  атадан  бергі  шежіре
Ханға арнап Орда тіккен он төрт қанат
Ішіне жиды қымбат асыл манат.
Оюлап туырлығын оқалаған

Басқұр, бау кіл жібектен маржан тағад.
Сырлаған алтын сырмен үй ағашын,
Әр түрлі өрнектелген шұғаменен.
Тістері айшықталған қошқар мүйіз

Мысалы көргеніңде бейне жанат.
Нақ төрде ханға арнаған алтын тахыт,
Отырад оң жағында сегіз санат.
Сол жақта көсемдері, шешендері

Сөйлесе денең балқып, мейірің қанад.
Екі үйдің арасынан керме құрып,
Орнатып екі бастан ұзын сырық.
Киінген ықшам киім қорықшылар

Асынып бердеңкесін зыр жүгіреді.
Кермеге түрлі-түсті тұлпар байлап,
Үстіне кіл жібектен жабу сайлап.
Үзіліп аққу құстай сағақтары

Жер тарпып, пысқырады көзі жайнап.
Ерттеулі алтын әбзел арғымақтар
Тықыршып ауыздығын қарш-қарш шайнап.
Жетуге бұл секілді дәрежеге

Хандыққа жұрт таласты басты байлап.
Қыз берсе, келін алып отаулатып,
Шеберлер әйел-еркек бір ай жатып.
Оюлап туырлығын шұғаменен

Бауларын кіл жібектен оқалатып.

шежірелік  жыр-аңыздар
Қос-қостан дөдегелеп үзіктерін
Шешілген үйлесімді, бәрі жатық.
Жаптырып шымқай ақтан киіздерін

Көргеннің көзі тойып, бәрі ұнатып.
Қалдырады босағадан аз ғана ашық
Мұнысы не дегендей таңырқатып.
Бұл дағы қариялардан қалған нақыл

Нақылдың қас мағынасы айтқан ақыл.
«Тасыған төгіледі, ісіген басылады»

деген мысал,
Мастанып, байлығыңа қылма ғапыл.
Алдырып Бұқарадан түрлі бұйым,
Сауық қып қыз-бозбала күнде жиын.

Қамқа тон, қалы кілем, бұлғын ішік
Ол кезде ғұрып болған елге дүйім.
Кәдімгі үй ағашты өрнекшілер
Бір айда бітіруші еді қыздың үйін.

Ат алып алды, арты құнан мініп,
Риза боп, алушы еді берген сыйын.
Той қылып, салтанатты елде жиын,
Жылқыда нелер семіз көзі қиып.

Қой сойып қорасымен азбан, ісектен,
Алдыңа аппақ майды қояды үйіп.
Дүрсілдеп әрбір үйде қара саба.
Шөліңді қандырады қымыз құйып.

Мұнан соң ат шабады деп даяшылар
Үстіне бір төбенің шығып биік.
Қақ жарып барған көпті отырғызып,
Даяшы тал жағалап басын иіп.

адам  атадан  бергі  шежіре
Бедеу ат мінгендері, ықшам киім
Айғайлап топ жағалап ұтқан дүйім.
Бәйгесін ат пен балуан естіртеді,

Үш тоғыз үйірімен берер сыйын.
Әуелі балуан күрес, ат шаптырып,
Онан соң көкпар тартып, жамбы тартып.
Тай бәйге, құнан бәйге және болып,

Жаяу жарыс, өгіз тартыс жер қаптырып.
Кеш болып ойын-сауық аяқталып,
Сый беріп үлкендерге тарқаттырып.
Сол түні бөлектене болып тартыс

Жастар да тараушы еді таң аттырып.
Жатпай ма мұның бәрі мәдениет,
Қас емес бір адамға, көпке тиед.
Жазбадым көксегеннен көңілге алып,

Тарихты көрсетуде болды ниет.
Мәдениет, айта берсек, толып жатыр,
Көргенге, түсінгенге балдай татыр.
Осымен қазақ салтын доғарамын

Желісі шежіренің қайда жатыр.
Үзінді қалып еді жоғарыда,
Мақсатым көңілге алған енді мұнда.
«Адасып, бізді тастап кетті ме?» деп,

Сағынып жатқан шығар мені ол да.
Қазақтың үлкен баласы Аламан нәсілдері
Аламан ірі бай боп елден асқан,
Болмады тұрандықта оны басқан.

Ұлы жүз, Орта жүздің түп атасы
Арырақ баяндайын, болсын дастан.

шежірелік  жыр-аңыздар
Болмайды зейін қоймай, оқушылар,
Түйсініп отырмаса әуел бастан.
Ғылым, өнер пенденің көздегені

Не нәрсе табылады ықыластан.
Тарихты қартайғанда жидым теріп,
Осы еді есі-дертім бала жастан.
Білімге ішіндегі жол бермеді,

Бұрында болып шебер жұрттан асқан.
Қазан опа, рисқы Сырдың біраз жерін
Аралап, ризықты тердім шашқан.
Сауықшыл өзім дағы болдым сергек,

Жиында мәжілістің бетін ашқан.
Атақты, асқан ақын болмасам да,
Жыршы боп домбыраға әнді қосқам.
Сай болып өнеріме ықыласым,

Ешбірі мін таппады дұшпан-достан.
Қайтып кеп Семиозердің қаласына,
Қазақтың Сарыарқадай даласына.
Әртелі Шкалов шебеніне бастық болып,

Әйгілендім Қостанай қаласына.
Біліп ап, таныс болып орыс, қазақ
Басыма сатып алдым тағы да азап.
Орыстың төрелері, қазақтың тәуірлері

Өтініп қолқа салып тым-ақ ғажап.
Жан бар ма өтінішті силайтұғын,
Көбісі дос-жарылық қинайтұғын.
Қалайша қайтарасың ықыласын,

Құрметтеп тік тұрып сыйлайтұғын.

адам  атадан  бергі  шежіре
Солайша біраз ғұмыр өтіп кетіп,
Жетпіске жетіп қалдық, алпыс өтіп.
Кірістім осы тарих шежіреге

Алланың рақымынан үміт етіп.
Ажалға асықтырмай, өмір беріп,
Өтермін мақсатыма ақыр жетіп.
Бұзылып денсаулығым ауырлады,

Ғұмырдың көпшілігі ауып кетіп.
Еңбекті бағаласа жарар еді,
Ғалымдар, академик қабыл етіп.
Бастап ем шежіресін Аламан бай

Төрт түлік мал, қазына бәрі де сай.
Қыпшақты кіші інісі хан сайлады
Күллі жұрт айтса дағы өзі болмай.
Ішінде наразылық болса дағы,

Асан да көнді ағаға қарсы болмай.
Өзінше бетті бөліп кетті Қыпшақ
Қаймығып, екі ағамен ісі болмай.
Іргесін Асан қашық, аулақ салды

Қыпшақтың қылығына көңілі толмай.
Байға да осы кезде қасірет кірді
Келгенше жасы алпысқа перзент болмай.
Құдайға қошқар, айғыр, түйе шалып,

Әнбие, әулиеге жүрді жылай.
Дұғасын әнбиенің қабыл етіп,
Көз жасын Аламанның иді Құдай.
Келгенде жасы алпысқа Данагүлден

Ер перзент Данагүлден туды ұдай.
Аламан алпыс бесте екі ұл көріп,
Көңілінен қайғы-қасірет шықты мұндай.
7-84

шежірелік  жыр-аңыздар
Сергітіп Аламан бай алды бойды,
Бұрынғы қайғы, уайым бәрін жойды.
Шақырып массагеттің халқын тегіс,

Тамаша салтанатты қылды тойды.
Қаз-қатар жүз елу үй қара тігіп,
Қоралы қой, үйірлі жылқы сойды.
Сары қазы, ақ жамбасқа басын салып,

Алдына үшара табақ қойды.
Сар қымыз, сар самаурын қоса қайнап,
Келгендер аш-арықтың бәрі тойды.
Үлкендер патиха беріп, қожа, молда

Үлкен ұлына—Алаш, кішісіне
Наурыз деп есім қойды.
Келгенде Алаш батыр отыз жасқа
Әйгілі аты шықты Алты Алашқа.

Қайғырды хан тағында Алаш қатты,
Інісі Наурыз өлді болып қас та.
Мұның толық әңгімесі сөйленеді,
Бірінші кітабымда мұнан басқа.

Бұл жерде тоқталмаймын Алашқа көп,
Жазғамын түсіндіріп әуел баста.
Алшын хан нәсілдерін таратамыз
Алшыннан туады екен екі бала,

Мұны да баяндайын келіп шама.
Тарихын өткендердің жаздым теріп,
Илһам бер, тілге жәрдем Хақ Тағала.
Сейілхан, Жайылхан дүр аттарынан,

Тыңдаушым оқып көріп берсін баға.

адам  атадан  бергі  шежіре
Нәсілі Сейілханның түрікпен деп,
Айтады шежіреде ертеден көп.
Өзінше әркім жазып өзгертеді:

«Кейбірі болар кетіс қыпшақтан» деп.
Алаш деп атын атап жазса дағы,
Сөзінің тиянақсыз байлауы жоқ.
Осындай шатақ сөздер әр жерде бар

Келеді түсіне алмай былайғы көп.
Ертеде түсінігім, көргенімді,
Жазамын Сейілханды мен былай деп.
Сейілханнан Жиренше шешен туды,

Одан Мөңке әйгілі көсем туды.
Мөңкеден Әз әулие Қорқытпенен
Әзден Сәбит саятшы Шәматпенен.
Сәбиттен Аспан, Шәматтан Әз Жәнібек

Бұлар да атасының жолын қуды.
Орнатып әдебиет отанына
Би болып, әділетті белін буды.
Атанды жүре келе Асан қайғы,

Аралап қоныс іздеп Жетісуды.
Жәнібек Әз әулие немересі
Сондықтан Әз Жәнібек атандырды.
Сөйлесем түсіндіріп сөзім дәрі,

Әз Жәнібектен былайғы ханның бәрі.
Тарайды Қасым ханның нәсілінен
Деулері Шыңғыс ханнан жалған бәрі.
Дәріптеп Жошы, Батый нәсілдерін,

Былайғыға дәйім халық нанған бәрі.
Ол рас жүз елу жыл билегені,
Ұшырап азып кеткен қалғандары.

шежірелік  жыр-аңыздар
Жазамын Шыңғыс ханды кезегінде,
Айтылады нендей халде болғандығы.
Нәсілі Сейіл ханның мұнан кейін

Үш жүзге бірдей ортақ орындары.
Келеді үш жүздің де ауызында
Нақыл сөз, әдебиет порымдары.
Таласып біздікі деп бұл билерді

Әрқайсы меншік қылып орындады.
Аттарын өздерінен атаса да,
Жатпайды ол билерге соның бәрі.
Осымен Сейілханды тоқтатамын,

Бастайын Жайылханнан онан әрі.
Ертедегі тарихты әркім әртүрлі сөйлейді. Ұлы жүз аталарын
біреулер Ұзын сал Ыбырай деп, біреулер Байшора деп, біреулер
Ақарыс деп, біреулер Төбей деп. Соның ішінде өзімше Төбей деп

алдым.
Жайылхан нәсілдерін таратамыз
(Бірінші—Төбей би, екінші—Сапиан, үшінші—Баршоқ би)
Жайылханнан Төбей, Баршоқ Сапианмен,

Мұны да қадари-қал баяндайын.
Таластың кім туғанын келді кезі
Тәуекел, не болса да тайынбайын.
Тарихтың құрышатын болды кезі

[Тәуекел, не де болса тайынбайын]
Өткізсін сынның сөзін елегінен,
Мен дағы бұл бәйгеден қала алмаймын.
Төбейден Қойылдыр, Қоғам, Қараша би,

Қойылдыр нәсілінен қырық бен жүз

адам  атадан  бергі  шежіре
Анықтап бере алмаймыз оны айтып біз.
Олардың көпшілігі өзбекте
Таралып кетті әуелден сахара-дүз.

Қоғамнан Қаңлы мен Шанышқылы
Қаңлының Абақ, Тарақ болды екі ұлы.
Абақтан Шапырашты, Ысты, Ошақты
Сіргелі төрт атаға бөледі мұны.

Тарақтыдан Жалайыр, мұнан он үш рулы

ел болады
Бәрінен де нәсіл бар осы күні.
Ал Бақтиярдан Үйсін, туды Бәйдібек,
Жарықшақ бір ұл қалды Бәйдібектен.

Әуелде сегіз ұлы болса дағы
Аққошқар қырғыз ері шаһит еткен.
Айтармын әңгімесін мұнда алда
Ертеден тарихы бар баян еткен.

Үйсіннен Сары Үйсін, Құтымбет, Жанай,
Майқы би Сары Үйсіннен шыққан дана-ай.
Жандосан, Құлеке, Қырық дегендер бар.
Тағы да екеуі Тіней, Танай

Табылар, іздестірсе, мұның да арты,
Жатпайын бас қатырып оған бола-ай.
Көрсету үш қазақты бас кезінен,
Шындығы шықпай қалмас әр сөзінен.

Аңызды әркім дағы алып жазды,
Бірге боп көрмеген соң өз көзімен.
Бір ғасыр, екі ғасыр ішіндегі
Оған да қиын адам түсінбегі.

Аралас артық-кемі болмай тұрмас,
Нұсқасы болса әуелде мүсіндегі.

шежірелік  жыр-аңыздар
Бәйдібектен туады бір бала Жарықшақ,
Жарықшақтан туады Албан, Суан, Дулат,
Дулат ер, батыр болған жауға тулап.

Қысқа күнде қырық шауып малын алған,
Мазаны бермеген соң қалмақ шулап.
Дулаттан Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс,
Бай болған, батыр болған бәрі Қунақ.

Ботбайдан—Құралас, Құйқыл,
Құралас Қалғуырға жиен болар,
Осылай өсектейді халық шулап.
Құдайқұлдан екі бала—Шағай, Бидаш,

Құраластан—Қарақосай, Қарақойлы.
Көп халық Алатаудың бойын қулап.
Албаннан—Сырқұл, Таубасар,
Суаннан—Байтоғай, Тоқарыстан.

Сырқұлдан—Қызылбөрік, Қоңырбөрік,
Жаубасардан—Айтбозым, Құрман.
Осымен ұлы атамды доғарайын,
Бар еді қалғандары жоғарының.

Өздері, керек десе, түзей жатар,
Мен қалай түгендермін елдің бәрін.
Қазақтың екінші ұлы Асан шежіресі
Ал қазақтың екінші ұлы Асан еді,

Бұл дағы бір тайпа елдің болды бегі.
Жатқызды Кіші жүзге нәсілдері
Кейінде бөлінгенде елдің жігі.
Зер салып ықыласпен тыңдаңыздар,

Жобаға жөні келсе шындаңыздар.

адам  атадан  бергі  шежіре
Білсеңдер, кемін толтыр, артығын ал,
Білмесең, құрғақ талас қылмаңыздар.
Білімсіз, құрғақ қиял қайда барады,

Бар болса ойлы білім, орын табады.
Кейбіреу терең ойлап, артын болжап,
Кейбірі сөздің төркінін салыстырып,
Кейбірі болмашыға кінә тағады.

Адамдық—дұрыстыққа бейім болу,
Ойласаң, өлшеулі өмір—уақыт, сағат.
Ғалымдар әділдікен салыстырса,
Жазғаны қарияның болмас оғат.

Асаннан екі бала—Алшын мен Уәлихан,
Көп хандар таралады енді мұнан.
Бірінші Уәлиханнан Мәден хан туды,
Мәденнен—Бекше хан, одан—Ақша хан

Және де Есбай хан да жатад бұған.
Аяз би Уәлиханның нәсілінен,
Білімі бар халыққа кең тараған.
Уәлихан нәсілінен болды Есбай,

Хан болды бұ да өзінің елін шашпай.
Әділ заңға шариғатпен хүкім қылды,
Харамға қиянатпен аяқ баспай.
Аңыз бар Мәден хан мен Ақша ханда

Айтулы хандар болды сол заманда.
Қазақтың еркін аты шықпаған шақ,
Билепті Орал, Жайық, Астраханда.
Шыға ма хан атағы үлгі шашпай,

Халыққа қамқор болып көңіл ашпай.
Қарасаң, халық аузында, тарихында
Жиренше, Аяз биді білген ұста-ай.

шежірелік  жыр-аңыздар
Ақылын екі бидің алған ұстап,
Сайратқан Гүлстанда тоты құстай.
Кейінгі әдебиет сөз кең тараған,

Солардан осы күнге қалған нұсқа-ай.
Аяз би айтарлықтай Жиреншені
Білімнің оқымай-ақ шыққан кені.
Сол хандар осыларды ардақтаған,

Болмаса қара халық біледі нені.
Мәден хан қырық ісек қоздат деген,
Айтады халық аңыз әңгімені.
Әйгілі Жиреншенің Қарашашы

Ал енді бұл қиссамен келсе жөні.
Құтыртып уәзірлері Мәден ханды
Сұлу деп бұл заманда жоқтай теңі.
Хан көріп қара қасқа ғашық болды,

Аузынан тұрған шақта пісіп демі.
Құтылып ақылменен данышпандар
Ғашықтық ханға да ол болмады мін.
Халыққа көп тараған аңыз еді,

Қояйын айтпай-ақ бұл әңгімені.
Ақша хан отырып бір күн алтын тақта,
Түсірді қиял билеп шартарапта.
Қорытып ой пысқылады үш нәрсеге

Келтіріп тиыштанды ынтымаққа.
Шақыртып екі білгір уәзірін:

—Шығыңдар дайындалып күні бүгін,

Адамның, құстың, шөптің ең жаманын
Табыңдар екі ай берем кең сүрегін.

адам  атадан  бергі  шежіре
Әгар да тауап келсең көңілдегі,
Қазына, алтын, күміс, көп мал берем.
Әгар да ұнамаса әкелгенің,

Зынданда шықпастай ғып жаза берем.
Көнбеске хан жарлығы амал бар ма,
Бір себеп болар ма деп амалдарға.
Сол күннен арғымағын ерттеп мініп,

Көз салды өткен-кеткен адамдарға.
Аралап шаһар, қыстақ, базарларды,
Уәзірлік бетке түйіп намыс-арды.
Жөнселеу көздеріне бір адам түссе,

Айналып алдарына тұра қалды.
Қарайды айналдырып бастан-аяқ,
Соқыр, таз, пұшық болса тастамаймыз,
Жас өмір өздерінің жаны тәтті.

Жүрген жоқ өледі деп ханды аяп,
Таппады бірсыпыра күндер өтті,
Хан берген уағдалы сүрек жетті.
Аралап бір базарды келе жатса,

Көреді бір баланы тұрған шетті.
Балаға жақын келіп тұра қалып,
Қарайды екеуі де ортаға алып.
Мұрны пұшық, саңқиған көзі қисық,

Өзі таз, самайынан ірің ағып.
Таптық деп нағыз жаман, баланы алып,
Сексеуіл мал жемейтін шөп жаманы,
Қоржынға оны да алды біраз салып.

Енді қалды жалғыз-ақ құс жаманы,
Тапсырған ханның бір үш жаманы.
Боз қырдан алдындағы асып түсіп,
Сыңсыған құс жағалай көлдің маңы.

шежірелік  жыр-аңыздар
Екеуі көл жағалап келе жатты,
Ақырын, баяулатып жүрмей қатты.
Сорайып бір құс отыр жар басында

Көргеннен екеуін де таңырқатты.
Қызыл жоқ қырып алар, ұзын сирақ,
Жығылмай дір-дір етіп отыр бірақ.
Ыржиған мойны қысқа, тұмсығы ұзын,

Көкшіл жүн иқы-жиқы жатыр құлап.
Осы деп құс жаманы, ұстап алып,
Шығарып басын сыртқа қоржын салды.
Қуанып жерден алтын тапқандай-ақ,

Уәзірлер арғымаққа мініп алды.
Үстіне бір белестің шыға келіп,
Көреді қалың ауыл жатқан малды.
Кеш кіріп, күн сәулесі қоңырланып,

Ауылға жақын қалды малдың алды.
Аз ғана тоқсан-алпыс қой шетінде
Көреді таяқ ұстап тұрған шалды.
Кең танау, өзі қара, бойы тапал,

Шот желке, көзі аларған, қаба сақал.
Үстінде киген тоны шұрық-шұрық,
Ойларлық сияғы жоқ бар деп ақыл.
Уәзірлер жақын келіп, сәлем берді,

Келгенін екі адамның шал да көрді.
Сәлемін әлейк алып, амандасып:
Мырзалар, жөндерің айт, кімсің?—деді.—
Жол болсын, шырақтарым, қайдан жүрсің,

Ұқсайды уәзір, бекке жүріс-тұрысың.
Таз бала мінгестіріп, шөп, құсты алып,
Диуана секілденіп ісің құрсын.

адам  атадан  бергі  шежіре
Бүйтерлік бастарыңа не күн туды
Жасырмай ақиқатын, айт дұрысын.
Ұялып шал сөзінен қалды бектер,

Сөз емес ашуланып адам кектер.
Ішінен екеуі де ойлап қалды,
Бұл өзі адам ғой деп көрген көптер.

—Айтпасақ шынымызды болмас,—деді,—

Мұның бір керегі болмай қалмас,—деді.
«Адам, шөп, құстың ең жаманын келтір» деген,
Бізге берген бұйрығы Ақша ханның,—деді.
«Аһ!»—деді басын шайқап,—шырақтарым,

Бұл арман орындалмас ханның жарын.
Үшеуі де бұлардың жаман емес,
Қоя бер обалына қалмай бәрін.
Сауысқан—құстың нағыз ең жаманы,

Алыңдар шөп жаманы қара қоғаны.
Адамның ең жаманы—мен боламын,
Ханға ертіп апарыңдар,—деді,—мені.
Әгар да таппадың деп кінәласа,

Сөйлермін,—деді,—өзім әңгімені.
Бұл үшін, шырақтарым, қайғы жеме,
Ажалдан да құтқарармын, келсе жөні.
Сөзіне шалдың айтқан мейірленіп,

Қырғауыл, таз баланы қоя беріп,
Қоғаны, сауысқанды тауып алып,
Келеді хан алдына шал да еріп.
Рұқсат ап үйлеріне кетті уәзір,

Тапсырған үш жаманды әкеп беріп.

шежірелік  жыр-аңыздар

—Сынаймын көп алдында,—деді Ақша хан,—

Келіңдер өздеріңде көзбен көріп.
Орда да ертең түсте ашылады,
Шығармыз әлде неден баға беріп.
Ақша хан жаман шалды алып қалып,

Аспазшы, наубай қартты шақырып ап:

—Көжеге мына шалды тойғыз,—деді,—

Өзіңмен бірге ертіп алып барып.

—Аламын,—деді,—тақсыр, сөзіңді құп,

Көжеге тойғызамын әбден жығып.
Алартып көзін ханға қарады да,
Жаман шал жүре берді үйден шығып.
Наубай шал жаман шалды қонақ қылды,

Кісі еді сөзге жүйрік қызыл тілді.
Бірі сөйлеп, кезекпен бірі тыңдап,
Өткізді ұйықтамастан ұзын түнді.

Күн шығып, айналаға жұрт жиылды,
Маңайдағы ел құлақ естіп, бәрі білді.
Сәске түс шамасында шайын ішіп,
Шалды ертіп, екі уәзір бұ да келді.

Ордаға жұрт жиылып толған шақта,
Ақша хан отыр еді алтын тақта.
Әкелген үш жаманды екі уәзірге
Сөйледі қол көтеріп бір уақытта.

—Үш жаман мен ойлаған әкелмедің,

Сендердің жаман емес әкелгенің.
Құс жаманы—қырғауыл,
Шөп жаманы—сексеуіл еді,
Адам жаманы—таз бала еді,

Оны да ең болмаса әкелмедің.

адам  атадан  бергі  шежіре
Уәзірлер, жазалауға тура келдің,
Көзінше дарға тартам тамам елдің.
Сауысқан, қара қоға, бір шал әкеп,

Бұлардың жамандығын қайдан білдің?
Уәзірлер басын шайқап деді ханға:

—Бір зауал төніп тұр ғой шыбын жанға.

Таз бала, шеңгел менен қырғауылды ап,
Кез болдық қой шетінде мына шалға.
Шалға кеп жақындадық сәлем беріп,
Бұл дағы сәлем алды бізді көріп.

«Бұларың немене?» деп сұрады шал
Таз бала, қырғауылдың басын көріп.
Біз айттық бастан-аяқ хан жарлығын,
Келеміз зорға тауып мұны бүгін.

«Жатпайды бұл үшеуі жаман деуге
Дұрысын таппапсыңдар, жарықтығым».
Үшеуін біздің тапқан қоя беріп,
Біліп тұрғандай-ақ іште дертін,

Сауысқан, қара қоға тауып алып:
«Ханыңа апар,—деді,—мені де ертіп».
Бұл шалдың қоя бердік тілін алып,
Сауысқан, қара қоға тауып алып.

Өзінен не себебін сұра, тақсыр,
Берерсіз жазаңызды біліп алып.

—Рас па, қане, шалым, сөйле,—деді,—

Уәзірдің сөзін Ақша қабыл алып.
Сен неге бұл үшеуін қоя бердің,
Бұлардың жамандығын қайдан білдің?
Әгар да дұрыс жауап бере алмасаң,

Орнына уәзірдің сен де өлдің.

шежірелік  жыр-аңыздар
Сендің бе біліміңе, түрің мынау,
Алдыма өршеленіп неге келдің?

—Ал айтайын білгенімді тыңда, тақсыр,

Орынсыз ашу, қаһар қылма, тақсыр.
Тыңдасын ордадағы барлық халық,
Ғибрат бар толып жатқан мұнда, тақсыр.
Иә, тақсыр, тапқырлық, қайла мекер

таздан шығар,
Би, батыр көптен емес аздан шығар.
Басы таз, көзі қисық болғандығы—
Күтім жоқ жетімдіктен азған шығар.

Ер жетіп, өсе келе адам болып,
Орнаса таз басына бақыт қонып,
«Сен тазсың, кейін тұр» деп кім айтады,
Болмай ма ақыл асса, ол бір тұнық.

Ал қырғауыл болса да сирағы ұзын,
Бола ма кінәлауға жамсыз жүнін.
Еті адал ашыққанда екі-үш адам
Етеді бір күн қорек жалғыз өзін.

Өмірлік хандық, байлық емес, тақсыр,
Өзің де білер едің, келсе кезің.
Алтауын шіретімен айтып берем,
Тыңдаңыз, біразырақ етіп түзу.

Берсең де нендей жаза ризамын,
Болмаса әгар дұрыс айтқан сөзім.
Ханға лайық бола ма, халық ағасы,
Бар секілді тығыздық бір мінезің.

Сия ма жаман деуге сексеуілді,
Оны отынға жияды халық күллі.
Бір жақсаң, тамақ ысып, үй жылиды,

адам  атадан  бергі  шежіре
Сөнбейді шоғы жайнап ұзын түнгі.
Жаманға жатқызбадым соның үшін
Айтыңыз, төрелігі болса мінді.

Сондықтан үшеуінде таста дедім,
Табайын мен жаманды басқа дедім.
Берейін ханыңызға өзім жауап,
Бұл үшін қапаланып, саспа дедім.

Ал, тақсыр, менің айтқан үш жаманым,
Тыңдаңыз ойға салып, айтам мәнін.
Айырып жас өмірін уәзірлердің
Болмаса, бұлар менің қай туғаным!

Бірінші, баяндайын сауысқанды,
Көбінде хайуан, малға бұл дұшпан-ды.
Ала жүн, құйрығы ұзын, мойны қысқа,
Болғанмен өзі кіші, мұрны қанды.

Сауысқан жүні де ала, іші де ала,
Етеді малды шоқып ала-дала.
Еті арам, пәтуасыз, құс жаманы
Отырад қашан көрсең дара-дара.

Сондықтан сауысқанды алғызғанмын,
Осы деп құс жаманы жүзі қара.
Ал, екінші, жаман дедім қара қоға,
Мұның шөп жаманы екені жоқ қой дауа.

Оны шөп, иә, отынға жинамайды,
Жатпайын сөзді ұзартып бұған бола.
Қара қоға шөп те емес, қамыс та емес,
Малға салсаң, иіскеп мал да жемес.

Отқа жақсаң, лап етіп тез сөнеді,
Шоғы да жоқ, минөтта күлді-көмеш.

шежірелік  жыр-аңыздар
Осы отырған көпшілік үлкен-кіші
Сырын білсе қоғаның, қата да емес.
Ал, тақсыр хан, адам жаманы—менің өзім,

Түрім мынау, аларған екі көзім.
Үстімдегі киімнің сиқы мынау,
Көріп тұрсыз екенін қандай дерім.
Шығады жасым биыл қырық жасқа,

Жарымадым өмірде ішер асқа.
Бала сүйіп, қатын ап көргенім жоқ,
Баққаным таяқ алып қойдан басқа.
Көргенім өмір бойы осы менің,

Табасыз қайдан жаман менен басқа.
Мен айтып жамандардың өттім жайын,
Ал, тақсыр, қорытындысын өзің баста.
Хан қарап көпшілікке қадап көзін:

—Бұл шалдың ұқтыңдар ма естіп сөзін.

Күржиген түрі мынау, сөзі анау,
Тұрмыстың көргенде бақ соққы жезін.
Жүргендей бір себептен өзін ұстап,
Аңғарып байқағанға құлық-мінезін.

Өзіне сөзі лайық болмай отыр,
Астарлы, түсінгенге сөзі қотыр.
Қалай сендер мұны бағаларсың,
Мен мұны жазалағым келіп отыр.

Хан мұны отыр еді іштей сынап,
Жаманның айтқан сөзі көңілге ұнап.

—Осында білгір, шешен, көсемдерім,

Өтейін көпке салып,—деді,—бірақ.

адам  атадан  бергі  шежіре
Шулады ордадағы отырған көп:

—Бұл нағыз кемеңгердің біреуі,—деп,—

Алдыңа Құдай айдап келген шығар
Ақылшы уәзір етіп алыңыз,—деп.
Бұл өзі бір себептен келген шығар,
Білімді, батыр, шешен елден шығар.

Өзінің ойлағаны болмаған соң,
Дүниені керек қылмай жүрген шығар.
Ал осы біздің айтар ақылымыз,
Бар болса кеңес берер дақылымыз.

Айтар деп теріс сілтеп ойламаспыз,
Тілектес бәріміз де жақынымыз.

—Ал, көпшілік, айтқандарың қабыл алдым,

Не айтар, сұра өзінен мына шалдың?
«Қой бағып, көтен жеген қайран басым»,
Демесін торға түсіп қайдан қалдым.

—Ханеке, тұрған жоқ көтен дәмі көмейімде

Мұны да Тәңір жазса көрейін де.
Көп ұйғарса, ханымыз түйе сояр,
Көтен емес сұрпы еттен жемеймін бе?
Туа болмас, хан мен бек жүре болар,

Туа қонбас, бақыт құс жүре қонар.
Асыққанмен болмайды, уақыт бар,
Ойыңдағы мақсатың жүре болар.
Арғы атам хан Уәли нәсілінен,

Болады атым Аяз, ей, ел ағалар.
Келіп ем бір себептен сынға түсіп,
Сөзімді, өзімді де деп бағалар.
8-84

шежірелік  жыр-аңыздар
Рахмет, хан мен төре, бек,
Және де ордадағы жиылған көп.
Ойлаған, мақсат қылған қиялымнан

Түстіңдер тура басып үстінен дөп.
Аз емес Тәңір берген қазынасы,
Сіңірем еңбегімді осында кеп.
Түрегеп қол қусырып, бас изеді:

«Ғапулық, қата болса, етіңіз» деп.
Шулады сарайдағы күллі халық:
«Қата жоқ сөзіңізде, орында» деп.
Ендігі қазақтың үшінші кіші баласы Қыпшақ нәсілдерін

таратамыз
Ал Қыпшақтан екі ұл туды Қара, Дәшті,
Қарадан Есім, Сейіт, мұнан Тоқтарбай.
Тоқтарбайдан Қобыланды

Батыр туып, жұрттан асты.
Қобыландыдан Бөгенбай,
Киікбай туып, орнын басты.
Мұнан былай анығы білінбеді,

Шежіреде көрінбей жұрт адасты.
Анығын айқын тауып бере алмай жүр,
Десе де осы Қыпшақ бізге қас-ты.
Бұл бес таңбалы қыпшақтан таба алмадық,

Мұнда әкеп дейік десек аралас-ты.
Ал Дәштіден Насырхан, онан Дархан хан,
Дарханнан Ахмет, Мұхаммед екі ұл туды.
Мұхаммед атақты ғалым Әбу Насыр әл-Фараби

Астрономия ғылымының көзін ашты.

адам  атадан  бергі  шежіре
Бітіріп мантиқ ғылым осы жақтан
Арабқа мұнан кейін араласты.
Қарамай атасының хандығына,

Жаяулап тартты жалғыз Қарабасты.
Бітіріп ғылым, нүжым Бағдаттан
Ғұлама, хүкаманың бәрін басты.
Кітабын Аристотель мүтағалап

Он есе бұрынғына үлес қосты.
Өзі ғалым, музыкант, асқан шебер,
Мысыр, Шам, Бағдатқа өнер шашты.
Ол кезде Саиб Дәулет Шам сұлтаны

Риза боп ат мінгізді алтын басты.
Бұл жерде ол туралы әңгіме көп,
Көшейін алғы сөзге, таусылмасты.
Ал Ахмет ханнан туады Ахтамқожа

Мұнан Ойбас батыр туды жұрттан оза.
Ойбастан—Ақкөбік, мұнан—Сүйіналып,
Сүйіналыптан—Мүйізді Сары абыз,
Түсіндіріп сөйлейін артын соза.

Сары Абыздан төрт бала туады екен—
Қара, Сары, Құлан, Қытай,
Сары, Құлан, Қытай нәсілі басқа жақта,
Қараның нәсілдері Сарыарқада.

Көп қыпшақ әр халықта толып жатыр,
Әр елге сол уақытта тарап кеткен.
Руымыз—қыпшақ, ұлтымыз қазақ дейді,
Ұмытпай түп шығысын арғы түптен.

Мысал ғой қыпшақты атап көрсеткені,
Атайды түп шығысын адам біткен.

шежірелік  жыр-аңыздар
Көпшілік, қазақты алмай, қыпшақты алып,
Айрықша көрсетуім сол себептен.
Таба алмай тарихшының басы қатып,

Әуре боп шатастырып келді көптен.
Адамзат жер бетінде тарихы бар,
Жасаған білімпаздар бұрынғы өткен.
Зерттелмей дер кезінде тарихшылар,

Ақыры азып-тозып бізге жеткен.
Ғасырдың он төрт-он бес ғалымдары
Олар да бірсыпырасы еңбек еткен.
Әбілғазы, Рашиди, Жалаири

Қадырғали Қосымұлы, Нәжіл Қасымбектен.
Жинақтап Жәнібек Тархан қолға ұстаған,
Оғыз хан шежіресін бұл көрсеткен.
Қараның нәсілдерін таратамыз

Ал Қарадан Ұзынторы, Қарабалық,
Көлденнен Бүлтік туғаны анық.
Бұларды «Бес таңбалы қыпшақ» дейді
Осыдан өніп-өскен кейінгі барлық халық.

Үлкені—Бестаңбаның ұзын қыпшақ,
Бір ата адамдары, емес ұсақ.
Хан Нияз, батыр Құтты, Ер Бегімбет,
Жау десе, жалаң қағып, жайған құшақ.

Қазкедел, Сары Қыпшақ, Қошқар батыр,
Айтса көп тамашасы толып жатыр.
Қосылып Абылайға жолдас болып,
Қалмаққа күн туғызған заманақыр.

Би де көп, батыр да көп осы Ұзыннан
Үзілмей жеті атадан келе жатыр.

адам  атадан  бергі  шежіре
Нәнжіл Қыпшақ, Жарбасты, Алтай, Құмық,
Алтыбас, Балқожа би толып жатыр.
Рулар осы айтылған бір-бір болыс,

Бұл бөлімге үш-төрт жүз жыл шамалы

болып жатыр.
Отырмын әр рудан мәлімет беріп,
Көрсету өте қиын бәрін теріп.
Қатесін түзеп, қалғанын қосар кім,

Міндетті шежірені оқып көріп.
Торының нәсілдері
Ал Торыдан Әлпейіс, Құлпейіс—екі бала,
Тоқталып өту қиын бұған жана.

Құлпейістен тағы екеу Көкмұрын, Шашты,
Шаштыдан Қарамойын, Көкмұрыннан Ылақ,
Қарамойын Ылақ деп атайды біржола.
Әлпейістен Қитаба, Түйшік екі ұл туды,

Қитабадан Ақбедел, Андас, Бозым,
Андастан Тоқберді, Құлымбет, туды Қара.
Қараның нәсілі көп тарады,
Жатпайын бас қатырып оған бола.

Ақбеделден туады Сарғұт, Ақпан,
Мықты Торы бақыт берген Хақ Тағала.
Ақпаннан Дүйсенбай мен Қазбай,
Қазбайдан туады бай Шалдыбай.

Шалдыбайдың алты ұлы болған жана:
Тілеу, Қабақ, Көтібар, Көбек,
Құдық, Бұқан қатасы жоқ сөзімнің, емес шала.
Қабақтан Кәрбоз,Уәлібек,

Бұқаннан Серік, Алмат.

шежірелік  жыр-аңыздар
Көтібардан Бекмағанбет, Тоймағанбет,
Ылғи шонжар, болыс, би, болған орын.
Тайсалып келмейді ешкім бетпе-бет.

Көбектен тағы туды алты бала—
Міржақып, Сарынжіп, Асат, Бекмағамбет.
Біреуінің есімі есімде жоқ
Ең кішісін деуші еді Кенжеахмет.

Ой, шіркін, Сарынжап, Міржақып, Асат қандай,
Дұшпанның төбесінен тас атқандай.
Порымы, қайратына ілімі сай,
Табиғат құдіретімен жасатқандай.

Сөйлесе, естіп тұрған бейне бұлбұл,
Адамның сай-сүйегін босатқандай.
Аққудай алма мойын, қызыл жүзді,
Көктегі перизатқа ұқсатқандай.

Бәрінен біреуінің кемдігі жоқ
Шүйделі, жауырыны кең, ақ маңдай.
Жиырма жыл болыс боп өтті Көбек
Торғайда Шкалов деген уез демеп.

Дос болып Шегенұлы Қазыбекпен
Болыстық кетпеуіне болды себеп.
Онан соң жоғары айтқан туыстары
Ымырамен болды болыс кезек-кезек.

Рас, мақтанғаным емес жалған,
Бапталса, тұра ала ма сөзді тежеп.
Нәсілі Ұзын Торы алты болыс,
Торғайдың оңтүстігін еткен қоныс.

Таласып штат сайын болыстыққа,
Көп болды арасында тартыс-жұлыс.

адам  атадан  бергі  шежіре
Бірінші—Қара Қоға, екінші—Аққұм,
Үшінші—Торғай, төртінші—Қараторғай,
Бесінші—Сарыторғай, алтыншы—Қайдауыл

Ең шетінде болды алыс.
Түгендеп айту қиын саңлақтарын,
Саралап, ел ұстаған таңдап бәрін.
Кейбірі—қаражүрек, парақорлар,

Кейбірі елдің ойлап намыс-арын.
Ол заман пиодалдық дәуірлері
Бай, манап, үстем болып әртүрлері.
Құбылып молда мен бай ынтасы,

Ханға да бағынбады тәуірлері.
Осымен Ұзын Торы тұра тұрсын,
Былайғы үшін қыпшаққа бетті бұрсын.
Қарабалық, Бұлтың мен Көлденнен

Азырақ білгенінше мәлімет берсін.
Қарақалықтан туылды жеті бала,
Мұны да оқушылар көзің көрсін.
Танабұға, Қарса, Қазыбай, Қарақойлы,

Бердауыл, Құба палуан, Жөке
Тағы көп қалғандарын өзі бөлсін.
Менің бұл көрсеткенім деп,
Ендігі нәсілдерін өзі бөлсін.

Көлденнен—Қарағыз, Артық, Ойта, Қарсақ,
Тоқберіш, Көккөз, Ыбылғазы,
Бұлтыңнан Жолбай, Көсілбай, Күрлеуіт,
Көп халық бұлар дағы айта берсек.

Көлденнен—Бұлтың менен Қарабалық,
Бірыңғай қатар қоныс өскен халық.

шежірелік  жыр-аңыздар
Алты болыс аймағы алты жүз шаршы келеметр,
Мекендеп Абат, Тобыл бойын алып.
Бір шеті Русияға, Сібірмен шекаралас,

Тоқтайды Троицкге жақын барып.
Бұл көрсеткен он екі болыс ел
Бұлар да қыпшақтың бір баласы,
Ұраны «Ойбас», бергі атасы—Шойыналып.

Отыз қазақ Орта жүз боламыз деп,
Айтады өздері де ауызға алып.
Қазақтан бұрын болған полума деп,
Көбісі тарихының болды ғалиб.

Ұлты—қазақ, Орта жүз болғандықтан,
Келеді жаңа сәна анықталып.
Қай елде қыпшақ болса, ұлты—қазақ,
Кеткен жоқ ешкім мұны меншік алып.

Осылай ерте кезден шежіресі
Осыған тоқтасаңдар, сөзге нанып.
Қыпшақтың шежіресін айтып бердім,
Сөйлеймін жоғарыдан қайта барып.

Қашаннан жаратылыс емес бірдей,
Дүниеге келген, қалмас көрге кірмей.
Дәуірдің адамдарын салыстырып,
Ақындар қалдыра ма жиып-термей.

Қыпшақ көп, жер бетінде толып жатыр,
Бірі—бай, бірі—кедей, бірі—батыр.
Бірсыпыра азаматы қызметте,
Бырсыпыра жастары Алматыда оқып жатыр.

Өзімнің білгенімді баяндадым,
Кемісі болып жатса, түзеп жатар.

адам  атадан  бергі  шежіре
Шежіреде осы жазып көрсеткендер—
Бір тайпа әрқайсысы рулы ел.
Кейінгі ұрпақтарын біз білмейміз,

Таратып әр атаға өздерің бөл.
Торының бір баласы Торы биден
Қалыпты Тойшыкесі шығып естен.
Күзікті, Дүзікті, Соқбан, Қараша, Күзей деген

Бес бала нәсілінен көп ел өскен.
Күзікті нәсілдері Сыр бойында,
Белгілі Досбол биді датқа дескен.
Дүзікті нәсілі Бес сары—бес ата өткендері,

Супианнан үш ата дәулеттері,
Бұлардың жері Қабырға туып, кіндік кескен.
Ал Қарашадан үш бала—Қасым, Есім, Досым,
Қасымнан—Баян, Таңат, Есімнен Қарақойлы.

Досымнан Мұрат, Мырзабек, Назарымбет,
Женет, Мәмбет бесеу болсын.
Мұраттан төрт бала—Кеншім,
Сырым, Жаубөрі, Кенжебай.

Мәмбеттен—Есен, Нукесек пен Жиеналы,

Жиенбай.
Есеннен—Сартымақ, Науетектен Қойбақ.
Жиеналыдан—Ботпай, Жиенбайдан Жетім,
Мырзабек, Назарымбет, Жантық ерің.

Нәсілін мен білмеймін өзі бөлсін,
Бітірдім осыменен Қыпшақ елін,
Ертеден өздерінде елім-телім.
Сипатпай Торы Қыпшақ нағашым ед,

Риза бол, осы болды мен білгенім.

шежірелік  жыр-аңыздар
Жошыхан баласы Баршоқ туралы
Ал Баршоқтың сөйленді хикаясы,
Бұл да бір өзгерістің болды басы.

Алашхан дүниеден өткеннен соң,
Артынан ұрпақтары тақ таласы.
Аз ғана Оғыз ханның нәсілінен
Қимақтың Барлас дейтін бір баласы.

Бұл кезде мықты рудың бірі болған,
Көбейіп шамадан тыс мал мен басы.
Алаштың көзі кетсе көрерміз деп,
Хандыққа ауып жүрген ықыласы.

Төбей би алдын болжап ерте білген,
Ауғанын Барлас жаққа ел жанасы.
«Бермеймін, таласамын» деді Баршоқ,
Көнбейді айтқанына екі ағасы.

Талассыз ақырында хан боп шықты
Көрхан Ақсақ Темір арғы атасы.
Осылай шежіреде көрсетуші аз
Күмәнсіз, бұл тарих жоқ қатасы.

Өкпелеп Баршоқ батыр ағаларға,
«Қалдым,—деп,—дос-дұшпанға табаларға».
Міне, осы кетуіне болды себеп,
Қашқар мен Алтай тауын паналауға.

Осылай елден шықты ұйғыр халқы,
Жолында мұсылмандық сана-салты.
Тұрандық—арғы атасы, түбі бірге,
Қосылған ой мен қырдан болған қалпы.

Ішінде Өзбек, Қырғыз, Созақ та бар,
Үш ру Қыпшақ, Найман, Қазақ та бар.

адам  атадан  бергі  шежіре
Рулық ерте кезде талас болса,
Жүйесін жүйелесе, өз-ақ табар.
Бөлініп бірнеше ру елден шеттеп,

Күншығыс Алатаудан асқан беттеп.
Өздері іріктеліп шыққан болар,
Қумаған оларды ешкім аулақ кет деп.
Бұлардың көздегені—Алтай тауы,

Жерұйық, белгілі еді бие бауы.
Мекендеп тыныс алды Қарлұқ, Қақас,
Болмаған ешуақытта жұт пен жауы.
Бұлар да жақын барды соған шектес,

Тұраннан тараған ел, түбі тектес.
Асқар тау айналасы, аққан бұлақ,
Мекендеп бұғы, марал, аңдар кетпес.
Ну қопа, ұзын аққан сай мен жыра,

Асқар бел, асулары, жайлы Нұра.
Жаз жайлау, қыс қыстауы бәрі жайлы,
Орнықты барған ел де тұра-тұра.
Шақырды бірін-бірі ас пен тойға,

Үйреніп, үйірлесіп болды құда.
Бір ғасыр осы арада жылдар өтіп,
Туған жер ойдан шығып, болды жұда.
Қарсы алды барған елді Қақас, Қарлұқ,

Етпеді аулақ жүр деп жерге тарлық.
Көршіден жаңа келген жан аяспай,
Мұқтажын беріп тұрды қанша барлық.
Қытайға қарасты екен Қарлұқ елі,

Ойрат, Қақас, Қара Қытай барлық елі.

шежірелік  жыр-аңыздар
Елі бай, жері байтақ—шың мен жыра,
Әр түрлі осында екен жердің кені.
Азия, Еуропаға қатынасар

Осы жермен жүреді екен Құлжа жолы.
Шүршіт деп, мәнжу деген елді білмес,
Еркіне жүргізбейтін әнбиені.
Баршоқты қабыл алу себебі сол,

Деп ойлап қатынастың келді жөні.
Бұларға білдірмеді іште күйін:
«Орнығып алсын,—деген,—жазып бойын.
Мүмкін бұл басқа жаққа ауып кетер,

Осылай қарсы алмасақ ашып қойын».
Қытайдың біліп жатқан патшасы:
«Болмаңдар,—деп бұйырған,—оған қарсы.
Орнықсын Отан салып, орын теуіп,

Көрерміз қалай болар істің барысы».
Қытайдан он шақты адам елші келді,
Көруге орналасып жатқан елді.
Сұрады қай нәсілден, қай халықсың,

Баяндап Баршоқ тегіс айтып берді.
Оғыз хан—арғы атам, Тұран елі,
Бергі атам Алаш хан деп түсіндірді.
Бар екен еріп келген тарихшысы

Қарахандық массагет бәрін білді.
«Алаштың тахтына ие болмай,
Жүрсіңдер елден шығып қалай»,—деді.
Айтуды жат адамға намыс көріп,

Қызарып төмен қарап үндемеді.

адам  атадан  бергі  шежіре
Бір сырдың бар екенін сезді олар да,
Қайталап ләм-мим демеді.
Елшінің ең бастығы, басы өзі,

Ұнатып отырды іштен Баршоқ ерді.
«Жайланып отырыңдар қала салып»,—
Деп Талғар өзенінің бойын берді.
«Жаңашар» деген атпен қала салып,

Баршоққа «сегіз санат бірі» деген орын берді.
«Жүргіз,—деп,—өздеріңе ішкі тәртіп»,
Түгелдей бірге келген елін берді.
Білдіріп ризалық Баршоқ батыр

«Біз—сіздік боламыз» деп сенім берді.
Қытайдың сол уақытта Хан Киу ханы
Азиямен араласу бар арманы.
Отырар, Сауран, Сайрам, Түркістанды

Билейтін Хорезмнің ұлы ханы.
Қабылдап исламның шариғатын,
Салдырған мешіт, зәулім медресені.
Мысыр, Шам, Бағдат пенен Басарадан,

Келтірді арабтардан ғұламаны.
Он екі ел қарап Мұхаммедке
Дәуірлеп құт-береке, баста бағы.
«Пар келер маған қазір ешкім жоқ» деп,

Деміне нанның бықсып тұрған шағы.
Баршоқ ер елден кеткен жас кезінде,
Ғасырдың он екінші соң кезінде.
Әбілғазы, Қадырғали ғалымдардың

Тарихы екеуінің бар сөзінде.

шежірелік  жыр-аңыздар
Дос екен Алаш ханмен аталары,
Бір екен ынтымақ пен баталары.
Еститін Алаштан тақ тайғандығын,

Мұхаммед Дешті ұйықтап жата алмады.
Барластың Күреде бір мықты орны,
Бер деуге хандықты оған бата алмады.
Не пайда іс өткен соң, өкінуден,

Ертерек хабарласып, ат салмады.
Естіді Баршоқ елден кеткендігін,
Айрылып туған елден ара жігін.
Қалдым деп қапияда қолға түспей,

Бір жерге бек қоятын күні бүгін.
Баршоқты жас кезінде көрген екен,
Кетпейтін ұсынғаны мерген екен.
Барғанда Алаш ханға сәлем бере,

Бір сұңқар қызылбалақ берген екен.
Саятшы серуенде сейіл құрып,
Қызығын Мұхаммед те көрген екен.
Өзің өлсең, орныңды осы бассын,

Тағыңа ие болар деген екен.
Мойнына айтқан сөзін қарыз көріп,
Ұмытпай сонан бері жүреді екен.
Баршоқ та есіне алып осыларды,

Білетін атасының досы бар-ды.
Сағынып елі-жұрті ағаларын
Бір күні қиялына осыны алды.
«Кеп болып мұнда келіп, ұтқаным жоқ,

Қайтемін енді сақтап намыс-арды.

адам  атадан  бергі  шежіре
Алдымнан ешкім шығып қақбас,—деді,—
Басшы боп алып барсам қытайларды».
Деп ойлап тәуекелге белді байлап,

Қытайға мұнан кейін хабар берді.
«Барамын Азияға керуенді ертіп,
Жүретін дайындасын мал мен жанды».
Қуанды мұны естіп саудагерлер

Тауарын буып-түйіп тез қамданды.
Арттырып асыл, құнды қазыналар,
Керуенін хан дайындап жолға салды.
Бекеттің бектерінің саудегерін

Баршоққа ханның өзі алып барды.
«Шықтың,—деп,—Баршоқ батыр біздің ойдан,
Мақсатты қайдан білдің алға қойған.
Қытайдың мақтау шенін әкеп тақты,

Әрқашан айрылма,—деп,—абыройдан.
Ал, мынау, алып келген керуендерің
Қайырлы болсын сапар, серуендерің».
Хатшысын қасындағы қосып берді,

«Не дейді жазып отыр көргендерін».
Қоштасып жолға салды керуендерді,
Хан дағы, қара дағы қала берді.
«Осының айтқанымен жүріңдер» деп,

Басшы қып сайлап берді Баршоқ ерді.
Керуен тартты жолмен қоңыраулатып,
Көрінді тамашалап таңырқатып.
Үдере таңсәріден көшкен керуен,

Бір суға түсте келді таңырқатып.

шежірелік  жыр-аңыздар
Танысты Баршоқ пенен саудагерлер,
Шақырып құрметтеді бір күн жатып.
Бұл жерден тағы тартты ерте көшіп,

Алдынан таң самалы желдер есіп.
Келеді саудагерлер әрнені ойлап,
Болар деп алдымыздан қандай нәсіп.
Тянь-Шань таудаларына жақындады,

Алтайдың тауларынан он күн көшіп.
Бір судың бойына кеп еру болды,
Керуендер кеңеседі басын қосып.
Қорқыныш кеуделерін кетті кернеп,

Алдыда жау жоқ па деп жүрген тосып.

—Айтатын сөзіміз бар,—деді,—сізге,

Баршоқ ер, ақылдасып өзіңізге.
Хабарсыз, рұқсатсыз біз келеміз,
Зор қауіп кіріп отыр көңілімізге.
Жатар ек осы арада аз ғана күн,

Сіз барып хабарлассаң еліңізге.
Сонан соң рұқсат болса, аралармыз
Амандық, саулық берсе денімізге.
Баршоқ та келе жатқан осыны ойлап,

Кірсек деп Жетісуға еркін бойлап.

—Бұларың өте дұрыс мақұл,—деді,—

Осында дем алыңдар күліп-ойнап.
Жанына он шақты адам жолдас алып,
Қоржынға жеткілікті азық салып.
Деген бар «Жау жоқ деме, жар астында»,

Ішінен қару-жарақ байлап алып.

адам  атадан  бергі  шежіре
Тұратын бір-біреуі он кісілік
Жігіттен батыр, палуан сайлап алып.
Үш қонып, төртіншіге суыт жүріп

Хорезм шаһарына жетті барып.
Қорғанның сыртындағы суға түсіп,
Тынығып, жатты он күн демін алып.
Біреуі жолдасының ерте тұрып,

Аттарын таңасырған от жіберіп.
Кірісті шай қайнату жабдығына
От жағып, мосы ағашқа шәйнек іліп.
Жуынды дәрет алып жолдастары,

Абыржып шырт ұйқыдан түрекеліп.
Сар қазы, ақ құйрықты алдыға әкеп,
Әртүрлі дастарқанға жеміс төкті.
Жайласып, жабырқамай ішті шайын,

Әртүрлі әзілдесіп, ойнап-күліп.
Үлкені ішіндегі базаршы қарт
Қайтарды дастарқанға патиха беріп.
Баршоқ айтты: «Жатыңдар осы жерде,

Бір адам меніменен барсын бірге.
Біздің порым бұл жерге үйлеспейді,
Жат көзіне түспейік әркімдерге.
Әуелі көрінейін ханға барып,

Сөйлейін бар мұңымды тісті жарып.
Есіркеп, арызымды қабыл алса,
Халыққа көрінелік сонсоң барып».
Баршоқ ер «иә, Алла» деп атқа мінді,

Жанына жалғыз ғана атқосшы ап.
9-84

шежірелік  жыр-аңыздар
Жаяулап атын байлап орда барды.
Кіруге қараушыдан рұқсат алды.
Есіктен қол қусырып сәлем беріп,

Патшаның тақта отырған қолын алды.
«Япыр-ай, батылсыған кім еді?» деп,
Абайлап тақуалап көзін салды.
Бір көрген адамдайын түсі-түрі

Ойына түсіре алмай аң-тай қалды.

—Иә, ата, аманбысың Әріпшаным,

Дұшпанды бетқаратпай алысқаным.
Кеткен соң атам Алаш бағы тайып,
Бұл күнде елден қашық, алыстамын.
Сізге қояр ешқандай кінәміз жоқ,

Барластан дей алмаймын ала ұстадың.
Көнбеді айтқаныма ел мен жұртым,
Болмаса екі аға да болыспадың.
Не пайда іс өткен соң өкінуден,

Қолымнан бар келгені, намыстандым.
Арманым көңілімдегі, атекежан,
Дұшпанмен қарсы тұрып шабыспадым.

—Ой, шырағым,—деді шах,—Баршоқпысың,

Ұқсаттым-ау Машханға дене-пішін.
Порымың, даусың да жылы тиіп,
Көргеннен жылып еді менің ішім.
Кетіп ең қапияда қолға түспей,

Жүрмісің аман-есен, тірімісің?
Қоямын бір шаһарға бек қып сайлап,
Қабылдап айтқанымды қыламысың?
Көзімнің тірісінде келдің іздеп,

Бар менде қолқа салар не жұмысың?

адам  атадан  бергі  шежіре
Беремін бір тілегің, сұра менен,
Алаш хан әруағына досым үшін.
Ұмытып қалған екем көргенімді,

Жасыңнан артық асқан мергеніңді.
Сейілге Алаш ханмен бірге шығып,
Бір сұңқар құс пен аңға қырғи болып,
Қызығын бірсыпыра көргенімді.

Ойынан ханның шығып кеткен екен,
Отыз жыл сонан бері өткен екен.
Ағарып сақал, шашы, әжім кіріп,
Кәрілік шаққа дағы жеткен екен.

Күрсініп, басын шайқап құдды бөтен,
Елестеп жастық дәурен бастан өткен.
Таралып, денесінен еті қашып,
Кезі екен жетпіс беске жасы жеткен.

Сөйледі Баршоқ бастан көргендерін,
Соңынан көп халықтың ергендерін.
Көрші боп Қарлұқ, Қакас елдерімен
Қарсы алып Қытай жерін бергендігін.

Талғардың ұзын аққан саласынан,
Жаңа шаһар, қала салып жер кіндігін.
Берер деп «сегіз санат» ақылға алып,
Қалтқысыз қанағаттап, сенгендігін.

Мақсаты Азиямен араласу
Сол үшін көңілінің бөлгендігін.
Атасын көзі көрген өзімсініп,
Басшы боп керуен тарта келгендігін.

Мақтады өнерлі деп Қытай елін:

—Жаулық жаһаннан келер, берем сенім.

шежірелік  жыр-аңыздар
Үсті мал, асты қазына—алтын, күміс,
Игеріп жатыр қазір жердің кенін.
Келемін бір түйеге алтын артып,

Патшаға беру үшін сыйға тартып.
Дос болып қытайменен аралассаң,
Дәулетің кетер еді мұнан артып.
Пайдалану керек қой шеберлерін,

Аласың тәжірибе өнерлерін.
Қате деп көңіліңе ала көрме
Туыстық бір ақылым берер менің.
Аз ғана патша тыңдап отырды да:

—Әй, Баршоқ, құлағың сал, сөзім тыңда.

Қате деп айтқаныңды ойламаймын,
Қолданып баршасы да шығар шыңға.
Мен қытай қызықпаймын байлығына,
Бір түйе алтын берген сыйлығына.

Бәрінен, Баршоқ, сенің жолың қымбат,
Келгенде сөздің сайып шындығына.
Беремін, берем дедім тілегіңді,
Байқадым адал, ниет жүрегіңді.

Керуенің араласын рұқсат еттім,
Тағы ал, нендей қолқа керегіңді.
Шақырып уәзірлерін ақылдасты,
Бәрі де патша сөзін мақұлдасты.

Жаздырып хатшысына рұқсатнама
Қол қойып аяғына, мөрін басты.
Хорезм қарамағын аралауға
Таратып бектеріне бұйрық шашты.

адам  атадан  бергі  шежіре
Мақсатын ойындағы орындатып,
Патшаның аяғына қойды басты.
Атаның әруағына риза болып,

Қамығып, қуанышты төкті жасты.
«Бұл Баршоқ таптан асқан ер екен» деп
Отырған уәзір, бектер разыласты.
Бұйрығын патша берген қолына алып,

Қалтаға орамалға орап салып,
«Әзірше қош болыңдар,—деді,—көпке,
Керуенді қуантайын,—деді,—барып.—
Көрерсің қолдан келген бар мәзірді

Келерміз бір жетіде қайта оралып».
Риза боп сөзіне де, өзіне де
Отырған қала берді жұрт таңданып.
Жіберді жолдаcын керуеніне

Туған ел, ағаларда өзі қалып.
Тапсырды саудагер мен көпестерге,
Сол жерден бір түйе алтын бөліп алып.

—Қамқа тон, қалы кілем, жанат ішік,

Ішіне қымбат бұйым және салып,
Бұрылмай басқа жаққа және жүріп,
Сәулетпен Үргенішке жүрсін барып.
Ақнарға аруаналап кілем жауып

Сыйлығын патшаға берсін барып.
Салыңдар базарға мал сонан кейін,
Байлығын, қытай елін көрсін халық.
Қаланы сонан кейін аралармыз,

Тәуірін қалсын,—деді,—бұлар алып.
Хорезм риза болды халықтары
«Қытайдың жақсы екен,—деп,—қалыптары».

шежірелік  жыр-аңыздар
Ақ нарды аруана алтын артқан
Сыйлады саудагерлер алып бәрі.
Патша да алғыс айтып, қонақ етті,

Көпестер бойын жазды онан әрі.
Үргеніш қаласында бес күн жатып,
Өткізді тауарларын тең-тең жары.
Мұнан соң Тәшкен, Бұхар аралады,

Самарқан Ақсу, Қоқан саралады.
Сататын сатып, аларын алып болды,
Бұл жолы Индияға бара алмады.
Баршоқ та ағалармен амандасты,

Құшақтап бетін сүйіп, мауқын басты.
Аралап дос-жар, ілік ағайынды
Біразын көрді қария-қаршық, замандасты.
Асықпай Баршоқ батыр бір ай жатып,

Қызыққа замандастар қалды батып.
Кемпір-шал көп жаса деп бата беріп
Шақырған талай үйдің дәмін татып.
Жалынды қайтып кел деп ағалары,

Мөңке мен Төбей бидей даналары.
Сейілхан, Жайылхан да өлген екен,
Бар екен екі бірдей аналары.

—Көпшілік, қайтып кел деп қолқа салма,

Сол жақтан ризықты жазды Алла.
Халқым бар еріп барған, бағып жатқан,
Оларды тастамаймын, болам сонда.
Және де Қарлұқ, Хакас қарауында

Оралып отыр қазір ісім оңға.

адам  атадан  бергі  шежіре
«Жаққан жерді тастама» деген нақыл,
Келеді аңыз болып бұрын-соңда.
Сіздерден сұрайтыным, өкпелеме,

Рұқсат бер, жатпады көпке деме.
Керуенім бар елімнен ертіп келген,
Қалдырды сөзімізді текке деме.
Жүрем деп ерте тұрып бел байлады,

Халыққа келмейтінін абайлады.
Үстіне асыл киім, қымбат аттан,
Пісіріп азық-түлік даярлады.
Жымиған түрікпеннің тұлпарынан,

Жетекке арғымақтан ат сайлады.
«Енді біз көрмейміз,—деп,—мұнан былай»
Құшақтап екі шеше зар жылады.
Зарына қариялардың жұрт қамығып,

Еріксіз көздерінен жас сорғалады.
Шай ішіп, ерте тұрып кетті жүріп,
Қосақтап қос тұлпарды кетті мініп.
Кештетіп Үргенішке келіп жетті,

Араға Арыспенен үш күн жүріп.
Хорезм қақпасынан ішке кірді,
Ақ шатыр тауып алды керуендерді.
Шуласып, шұрқырасып қалды бәрі

Көрген соң аман-есен Баршоқ ерді.
«Аралап Хорезмнің шаһарларын,
Саудамыз есе жарым пайда берді,—
Деп бәрін бастан аяқ баяндады,—

Көрмедік мұндай бұрын серуендерді.

шежірелік  жыр-аңыздар
Білдірді ел мен шахқа ризалығын:
«Пайдадан басқа бізде жоқ еш шығын.
Отырмыз келеді деп сізді күтіп

Даярмыз, жүрем десең күнің бұрын».

—Жарайды, олай болса, азаматтар,

Жоқ болса бөтен шығын, жаманаттар.
Нәрсені қолдан сатып, қолдан алсаң,
Бар болса пайдаларың қанағаттар.
Мақсатың осы емес пе шыққан елден,

Көрмесең еш жамандық біздің елден.
Барыңдар риза болып елдеріңе,
Қызмет осы біздің қолдан келген.
Бұл шежіре Баршоқты ұйғыр етіп дәлелдеуге көшіп, дас­

танға айнала бастағандықтан, тоқтатып Жайылханның
екінші баласы Сапиан ұрпақтарын баяндауды жөн көрдім.
Жайылханның екінші ұлы Сапиан нәсілдерін тарату
Мен енді баяндайын Сапианды,

Бұл дағы ірі атаның бірі дағы.
Орта жүз рулары ел атанып
Өскен ел орын алып Сарыарқаны.
Сарқобы, Торғай, Тобыл, Есіл, Ертіс,

Қамтиды түгелімен осы маңды.
Туады Сапианнан алты қожа,
Сөйлейін нәсілдерін біраз соза.
Болса да басталған соң аяқталмай

Болмас-ты көз жұмғанша маған маза.
Үлкені—Қарақожа, екінші—Ақтай,
Қаншама гүлдер өсті бұл дарақтан.

адам  атадан  бергі  шежіре
Оқушым, тыңдаушым да, жақсы ұғын,
Берейін түсіндіріп бұл тараптан.
Үш жүзді жатқызғанда жікке бөліп

Орта жүзге жатады деп таратқан.
Әр елдің салыстырып туыстығын,
Зерттеп арғы жерден шыққан түбін.
Әр елдің басын қосып кеңес құрып,

Бас болды Қотан тайшы кемеңгерім.
Үш жүздің аталарын сұрастырып,
Болғанын қай нәсілден тауып шынын.
Майқы би, Асан қайғы басында боп,

Тоқтаған қартайса да қазақ мұңын.
Ақжол би алқасында шежіре жазған,
Келеміз сол жобамен күні бүгін.
Атанды сол себепті Қотан тайшы,

Айырып әр елдің де ара жігін.
Заң болып осы шежіре ұлтқа жетті,
Ортасы он төртінші ғасыр болған мұның.
Сол құнды шежірені жүре бұзып,

Кемітіп біреу қосып, біреу сызып.
Адасып соның үшін жөн таба алмай
Бұл күнде қиын боп жүр алу түзеп.
Дарақожа нәсілі—Найман

Дарақожа нәсілі—найман халқы,
Ежелгі келе жатқан елдің қалпы.
Тіркелген Орта жүзге ер Қаптағай
Ұранын ұмытпас деп ата салты.

Айтатын Найман жайлы әңгіме көп,
Біреу айтад «Сопы мырза баласы, деп.

шежірелік  жыр-аңыздар
Келгенде Сопы мырза тоқсан жасқа
Бар болған үш баласы өліпті, деп.
Екі келін ер іздеп кетсе дағы,

Бір келіні қолында қалыпты, деп.
Осы келін кемеңгер ақылымен
Найман ата бір қатын алыпты, деп.
Жас қызды Найман ата сүргеннен соң,

Өкіріп өзі дағы өліпті, деп.
Ұл туды Найманның өз нәсілінен
Сондықтан атын Өкіреш қойыпты, деп.
Нәпсіге ие болып, артын ойлап,

Тимеді келсе дағы хан менен бек.
Атасы Сопы мырза әруақты адам,
Артында жұрағатсыз қалдырды, деп.
Өкіреш он үш жасқа келгеннен соң

Жеңгесі тиді соған отызға кеп.
Ұдайы қатарынан төрт ұл тауып,
Ат қойды Қаракерей, Садыр, Матай, Төртуыл деп.
Қаракерей—Ерторы, Байторы екі бала,

Ерторыдан—Бәйе, мұнан—Байсейіт,
Оқушым баға берер бұған не деп.
Әйгілі атышулы Қабанбай ер
Байсейіт нәсілі деп атайды.

Ал Матайдан үш аталық Кенже
Қаптағайды ұран қып жұрт атайды.
Үш жүзді жікке бөліп жатқызғанда
Жиылысты басқарысты деп атайды.

Аты қыз Аталықтың бәйбішесі
Сондықтан Қызай-Найман деп те атайды.

адам  атадан  бергі  шежіре
Ернегекті, Орақты, Толқатай, Домбауыл

деген де бар
Түгендеп мұны тегіс кім атайды.
Аталық нәсілінен Барақ батыр
Топ бастап, ту алып, тігіп шатыр.

Әбілқайыр ханды өлтірген осы Барақ
Басқа да тамашасы толып жатыр.
Саржомарт—Өкірештің бір баласы,
Бұл дағы болған елге ноқта ағасы.

Асыранды баласының аты—Бура,
Болмапты кіндігінен өз баласы.
Күңінен—Бағаналы, Балталымен,
Көкжарлы—бір құлынан, жоқ қатесі.

Осымен доғарамын Найман елін,
Өздері қоса жатар қалған кемін.
Айыпты ете көрме өтінішім,
Қатесі болса айтқан шежіренің.

Сырттағы ел сығырдаңдау болмай тұрмас,
Өздері біледі артық-кемін.

Смағұл қожа нәсілі—Керей
Смағұл қожа баласы туған Керей,
Қалдырғаным жөн болмас пәлен демей.
Жазамын шежіресін әр халықтың

Тіл жұқарып, жалығып, тозды көмей.
Керейден екі бала—Шимойын, Ашамайлы,
Алты ұл Шимойынның болған сайлы.
Шимойын немере қызын алған Әжірахмет

Ол Керей көрінбейді басбайлы.

шежірелік  жыр-аңыздар
Қыз алған көрінеді өзі күйеу,
Болған соң жібермепті малға жайлы.
Ұлы жүз Абақ, Қаңлы нәсілінен,

Нәсілі Керей болып қанат жайды.
Он екі тайпа ел болып бері келе,
Бетке алып олар кетті қытайды.
Өркендеп барған жерде өсіп-өніп

Ел болып қатардағы қанат жайды.
Қарақожа бастаған қалың керей
Орхон, Онон, мекендеп Тарбағатайды.
Алтын ханның отары екі ел болып,

Керей, Найман биледі сол маңайды.
Шыңғыс ханнан кезінде қорлық көріп,
Ертіске бермен қарай көшіп тайды.
Ол Ашамайлыдан—Мұнан, Танаш,

Танаштан төрт бала туған—
Балта, Көшебе, Таршы, Сибан.
Көшебеден—қарт Ораз,
Мұнан—Әлменбет батыр.

Әлменбеттен үш бала—
Құланшы, Бораншы, Жаңбыршы
Бар болса, айтыңдаршы, бұған талас.
Ал Таршыдан бір бала—Смайылдан

Ақсары, Құлсары, Матақай, Самай.
Ақсарыдан туыпты алты бала—
Еменәлі, Нұрәлі, Нұрибет, Ахмет,
Тоқымбет, Есенбақты, Алшы, Санай.

Сибаннан және туған алты бала,
Өтейін бұған тоқтап жана.
Ырымсары, Қортық, Күнкене, Шоқпатар,
Жылыбай, Қосай артықша болған дана.

адам  атадан  бергі  шежіре
Қосайдан—Отарбай, онан—Сырымбет батыр,
Сырымбеттен бес бала—
Байсарақ, Қарабас, Дарбас, Таппас,

Ажығұл мен бесеуі болып жатыр.
Байсарақтан үш бала—
Бектемір, Бекқара, Тоққара.
Бектемірден бес бала—

Омар, Оспан, Можан, Шүкір, Смайыл.
Шүкірден—Мықан, онан—Сәбит,
Бұл дәурен өтті-кетті солардан да,
Уақытпен санаспайтын біз бір пенде.

Көшебе мен Балтаның нәсілдерін,
Айтпа айтпады деп түгел бәрін.
Менен дағы білімді адамдар бар
Өздері қоса жатар білгендерін.

Момынқожадан Қоңырат нәсілі таралады
Момынқожа деп атап Қоңыратты,
Қосылып орта жүзге бұ да жатты.
Бірігіп Қоқан, Хиуа хандығымен

Өркендеп өсіп-өнген сол тарапты.
Әуелде жікке бөліп жатқызғанда,
Қаратау мәнзалында болған мұнда.
Шұбырып ақтабанда кеткен халық,

Жоңғардың соңғы ылаң жорығында.
Ал Қоңыраттан—Қызыл сопы,
Онан—Жайғұл, Ханнан,
Ханнан сегіз бала болған.

Мұнан—Қақсабай-ды,
Онан туған—белгілі Ноғайбай-ды.

шежірелік  жыр-аңыздар
Отыз ұл, екі құлы болыпты,
Дәулет, бақыт орнаған бәрі сыйлы.
Нәсілін бірсыпыраға апарайын,

Енді әңгіме айтайын осы жайлы.
Менде би Ноғайбайдан Көтеншімен
Болыпты қарабасы ханменен тең.
Игілік, Шүйінші, Божбан үшеуі—

Өзінің бел баласы Көтеншіден.
Божбаннан туылады—Есбатыр,
Құлтай бала—баласы Есбатырдың.
Құлтайдан Байбөрі туылады,

Байбөріден Алпамыс туылады.
Алпамыстан Жәдігер, онан
Жанәлі, Жанәділ туылады.
Сегіз ата Қоңыратты түгендеу мүмкін емес,

Қояйын осыменен әуреленбей.
Орта жүздің атасы Сапиан
Сапианнан Қарақожа, Дарақожа, Қарақожадан Қадірбек,
Қадірбектен Қотан сопы, одан Ақжол (шын есімі—Дайрақожа),

одан Арғын. Қотан сопы 14 ғасырдың кейінгі жарымы 70-
жылдарда туады. 15 ғасырдың жарымында 80 жасқа келеді.
Бұл кісі үлкен білімді, қайратты, ел қамын көздеген айтулы
би де тапқыр адам болған. 14 ғасырдың аяқ кезінде Шыңғыс

нәсілдері біріне бірі бағынбай елі тозып кеткен. Осы кезде
Қотан би жасы 30-35 жас шамасында Өзбек Шайбани хан нәсілі
Әбілқайырды шақырып алып былай дейді.
Ал енді басқа әңгіме тұра тұрсын,

Автор қарт бір әңгіме айтып көрсін.
Қазақ пенен өзбектен сөз сөйлейін,
Мұны да қауым халық оқып көрсін.

адам  атадан  бергі  шежіре
Шежіресін Азия мен Қазақстан,
Аралап білгенінше жиып-терсін.
Шежіре алдындағы халық айнасы

Қолына ап бетін ашып, жүзін көрсін.
Шыңғыстың нәсілдері билеген шақ,
Бұрынғы бастан ауып әруақ пен бақ.
Бөлініп үш орынға бір заманда

Қашады берекесі болып жақ-жақ.
Бөлінді Алтын Орда, Ақ Ордаға
Нәсілі Бату ханның болды таға.
Үшінші Көк Орда боп бір хандығы

Бүрге хан үшеуіне болды жаға.
Ханы боп Тоқай Темір Көк Орданың
Биледі Өзбек, Қазақ, Сырдың маңын.
Халықтың салықпенен дымын құртты,

Батырды жан басына басбармағын.
Кеңесіп Өзбек, Қазақ, Созақ елі
Ауырып мұнысына қатты белі,
Қазақтан Қотан, өзбектен Әбілқайыр

Елбасы, ақылшысы кемеңгері.
Екеуі басын қосып кеңеседі,
Салмақтап ныспын ақырын кеңеседі.
Сыналып талай топта көзге түскен,

Сөз қосып, ешкім былай демес еді.
Шыңғыс хан тірісінде біздің елді
Тапсырып үлкен ұлы Жошы берді.
Кез болып, көлденеңнен ие болып,

Шағатай бар қызығын осы көрді.

шежірелік  жыр-аңыздар
Бұлардың көріп тұрмыз мәні-жайын,
Салғаны бүліншілік елге уайым.
Алдынан шығар халық болмаған соң

Үйретіп бара жатыр жыл-жыл сайын.
Атадан Моңғол туған біз де тудық,
Жаратқан бізді дағы бір Құдайым.
Біз дағы қатардағы елдің бірі

Қамдансақ не дегеннің бәрі дайын.
Бөлініп Өзбек, Қазақ екі ханға
Қотан би деді осылай менің ойым.
Әбілқайыр деді: «Би, сөзің мақұл

Сізден артық кім бізге береді ақыл.
Алдымен халықпен басқа салық
Бұл істен хабары бар бәрі ғапыл.
Әуелі жиып алып ру басын

Қалдырмай ес білетін кәрі-жасын.
Көзбе-көз көңілдегі сырды айтып,
Алайық мақұлдасып уәдесін.
Уағда оңайлықпен берем демес,

Бұл жылда салмай қалмас мал мен басын.
Жете ме екі ханға ел мен қаржы,
Қорытынды сонан әрі кейін болсын.
Биеке, ойлап ұтқан меніңше ақыл

Егер де сіз ұнатып десең мақұл.
Алайық күшті қосып бір хандықты
Олардан керек емес болу ғапыл.
Орнығып, халықты алсақ бауыр басып,

Халықтың жиып алып басын қосып.
Екіге сонан кейін бөлінерміз,
Барады екеуімізден қайда асып».

адам  атадан  бергі  шежіре
Әбіқайыр танба деп айтқанынан
Қотан би қол алысты уағдаласып.
Сол жерде қолын жайып дұға қылды:

«Иә, Алла, бұл ниетті ет,—деп,—нәсіп».
Қорытып ақылдарын екі көсем,
Барды үйге кешкелетіп аман-есен.
Елегізіп келмейді деп отыр екен,

Қарсы алды алдан шығып Қамқа шешен.
Баласы Дайырқожа белін шешіп,
Үстіне отырғызды бөстек төсеп.
Жайласып отырған соң тура қарап,

Сұрасты бәйбішемен аман-есен.
Мұнан соң тысқа шығып, дәрет алып,
Оқыды қайтып келіп кіші бесін.
Ас қойды алуан түрлі дастарқанға,

«Ықтияр өзіңізде қайсысын жесең».
Әбілқайыр үйіне о да барды,
Бәйбішесі деді: «Би, келдің бе сен?»
Сыналған сынан өтіп бәйбішелер,

Іс өткен бастарынан әлденелер.
Бұл сырды бастан-аяқ білген еді,
Сұрасты не болды деп әңгімелер.
Екі би ақылдасып қорытқанын,

Біржола екі ханнан қорыққанын.
Көрелік артын бағып ақырындап,
Сескеніп көкжалдардан қорыққанын.
Қалдырмай екеуі де айтты сырын,

Ешқандай жасырмайтын мұнан бұрын.
Ақылы жамалына бәрі сәйкес
Сөйлессе кетіреді көңіл кірін.
10-84

шежірелік  жыр-аңыздар
Басында не сөйледі, аяғы не,
Баяндап айтып берді бірін-бірін.
Ұнатып екеуі де «Мақұл,—деді,—

Бұларың өте дұрыс, жарықтығым».
Көсемдер тамақ ішіп, жатып қалды,
Бозторғай шырылдады таң да атып.
Шай ішіп, ерте тұрып намаз оқып,

Ерттетіп жылқышыға ат ойнатып.
Екі би екеуі де атқа мініп,
Жақындап бір-біріне келді төніп.
Әбілқайыр жас еді Қотан биден

Қол алды, сәлем берді жақын келіп.
Сәлемін ақсақал би қабыл алды,
Сұрасып амандығын жан мен малды.
Саулатып қара жолмен келе жатыр,

Қалың ел баратыны ендігі алды.
Екеуі бара жатып ақылдасып:
«Бұл жолдан Ноғайбай бай емес қашық.
Қара шаңырақ Сапианның шыққан үйі,

Барамыз әруақ тастап қайда адасып».
Ол кезде халық ұлтқа жараған шақ,
Аралас Қоңырат, Қыпшақ, Найман, Өзбек.
Аулына Ноғайбайдың барды тура,

Қарсы алды алдарынан жайып құшақ.
Жөнелді қошеметтеп үйге қарай,
Қосшылар қала берді атын тұсап.
Бай бұйырды ту бие әкелуге,

Союшы дайындалды қайрап пышақ.

адам  атадан  бергі  шежіре
Әйелдер алас ұрып әбігерде,
Даярлап су мен шелек, қазан-ошақ.
Бие әкеп, қой орнына домаланды,

Қойсын ба машықтанған өңкей қасап.
Аршылып ішек-қарын, қазы-қарта,
Үлгірді әйелдер де қазанға сап.
Шай ішіп, қымыз ішіп түс ауғанда,

Алдыға келіп қалды ет те жасап.
Туралып, «бісмілла» деп алды билер,
Әзалда осы малды еткен нысап.
Тазының күшігіндей тоғашылар

Жылмиып, жылмаң қақты еттен асап.
Сорпа ішіп, сулық тастап, су құйылды,
Қайтқан соң алдарынан табақ асап.
Қотан би патихаға қол көтерді,

Бәрі де «аумин» деп жайды құшақ.
Бір уақыт «Алла Акбар» бет сипады,
Күңірентіп аққуға ұсап біраз созып.
Тамақ жеп, тысқа шықты өңкей манап,

Би мен бек Тәңірім берген бақыт қалап.
Борба аяқ, жуан қарын байлар да бар
Ырсылдап, күрілдейді майлар қалап.
Отырды дәрет қылып оңашалап,

Көпшілік, сөзімізге салшы құлақ.
Басынан әңгімені түсіндіріп:
«Осындай ойымыз бар,—деп,—талап».
Екі би көпшілікке айтты сырын

Жасырмай айтылғанның бірде-бірін.

шежірелік  жыр-аңыздар
Ел болып өзбек, қазақ өз алдына
Тұралық екі хан боп дегендерін.
Қалқайып көпшіліктің құлақтары

Билері айтқанының ұнап бәрі,
Ырғалды біреуіне-бірі қарап,
Бой балқып, отыра алмай шыдап бәрі.
Аяқтап билер сөзін болған кезде,

Кезекпен сөз сөйледі түгел бәрі.
Жалт қарап көпшілікке, қол көтеріп,
Ноғайбай сөз сөйледі мұнан әрі.

—Көпшілік, тыңдаңыздар, салып құлақ,

Билердің бұл айтқаны кетті ұнап.

—Сүйегі қурап қалған Шыңғыс ханның

Әруағын біраз сақтап келдік шыдап.
Кейінгі артта қалған нәсілдері
Бейбастық, жүген көрмей, кетті ынтымақ.
Сазайын жөні келді, тарттыру жөн

Жалмауыз, жатыпішер, арамтамақ.
Құдайдың кең жеріне ие болып,
Шығармай Сыр бойына қойды қамап.
Ісіне қарағанда жауыздардың

Ордасын, обал емес, алса талап.
Саламын бар малымды осы жолда,
Егер де хандық келіп тисе қолға.
Безетіп алтынменен іші-тысын

Жәрдемсіз өз күшіммен салам орда.
Еденге қалы кілем, мақпал төсеп,
Мешіт сап, жидырамын қожа-молда.

адам  атадан  бергі  шежіре
Иншалла, айтқанымды орындаймын,
Тұрғанда баста бақыт, дәулет қолда.
Болатын отыз ұлы Ноғайбайдың

Бар елі—екі құлы осы байдың.
Қазына алтын, күміс жеткілікті,
Санына жете алмайсың жылқы, қойдың.
Қайыры тиюші еді мұсылманға

Жәрдемін аямайтын қысылғанда.
Аралап Тәшкен, Бұқар, Үргенішті
Керуені барушы еді Мысыр, Шамға.
Артқаны қалы кілем, түрлі бұйым,

Көргендер ғажаптанып қалар таңға.
Отыз ұлы отыз ауыл өз алдына
Осынша бақыт берген Құдауанда.
Береді сұм дүние кімге опа,

Кетті өтіп көрген түстей солардан да.
Тұрсақ та опасызын көзбен көріп,
Ғұмырмен санасатын біз бір пәнда.
Осымен Ноғайбайды қоя тұрып,

Барайын әулетіме бетті бұрып.
Қотан би, Әбілқайыр әңгімесін
Айтайын қал-қадари түсіндіріп.
Екі би қолға алған соң мұндай жұмыс,

Дамылсыз ел аралап болды жұмыс.
Өзбек пен қазақ жерін аралады,
Бір айдай аттан түспей, көрмей тыныс.

шежірелік  жыр-аңыздар
Ұлы жүз Бәйдібек би
Болыпты ұлы жүзде Бәйдібек бай
Алатау, Тянь-Шань мекені бай.

Басына бақыт қонып, қыдыр келіп,
Артықша дәулет берген Жаббар Құдай.
Сегіз ұл арыстандай қатар өсіп,
Қайрат-күш, өнер-білім бәрі де сай.

Қаралас қатар өскен қырғыз-қазақ
Дәулеті бақытына келеді сай.
Қисапсыз түрлі қазына, жиған мүлік,
Саны жоқ біткен малда бұл төрт түлік.

Асынып қару-жарақ сегіз ұлы,
Арғымақ мінгендері кіл сәйгүлік.
Мастанып дәулет, бақыт, абыройға,
Көршілес салып жүрді елге бүлік.

Қырғыздың аты шулы Аққошқары
Күндестік етті сырттан мұны біліп.
Болыпты осы байдың үш әйелі,
Домалақ дейтін аты кіші әйелі.

Ажарлы, түсі сұлу болмаса да
Ақылды, әруақты, ол саналы.
Әйелдің қасиетін бойда біліп,
Бағады ықыласпен іші жылып.

Үлкені Сары бәйбіше өте қатал
Жатуға шамасы жоқ ойнап-күліп.
Сауыншы, аспазшылар болатұғын,
Қара үй бар тамақ үшін қойған тігіп.

Амалдап бәйбішенің ебін тауып,
Жүрді бай қатынасып, тізе бүгіп.

адам  атадан  бергі  шежіре
Осылай ұрлықпенен үш жыл өтті,
Бойына Домалақтың парыз бітті.
Тоғыз ай, тоғыз күні толғаннан соң,

Баланың туатұғын күні жетті.
Мамырда қой қоздайтын отырған ел,
Жайлауға көшеміз деп үйді жықты.
Орын бар бұрын барса дегендей-ақ,

Озғыншы көш алдында бай да кетті.
Үй жығып, түйе артысып жүрген еді,
Тезінен белі ауырып, бұл толғатты.
«Оралып қайтып келеміз» деп жұртқа,

Бәйбіше Домалақты тастап кетті.
Тастады серігі жоқ жалғыз өзін,
Құртпақшы Домалақтың жаудай көзін.
Амалы жоқ сегіз ұлдың шешесіне

Бай дағы білуші еді бұл мінезін.
Сегіз ұл шығыны жоқ қатар өсіп,
Семірді Сары бәйбіше сыймай есік.
Асынып қару-жарақ, жүйрік мініп,

Халайық көтермелеп батыр десіп.
Жылқы алып қырғыз елін қан қақсатып,
Үнемі дамылдатпай етті кәсіп.
Бай малын отарымен түгел қырып,

Жатпайды түнде дағы белін шешіп.
Қырғыздың атышулы Аққошқары,
Намыс қып Бәйдібекке келді бәрі.
Сайланып, қамтамасыз жүз адамды

Сайгүлік таңдап аттан мінді бәрі.

шежірелік  жыр-аңыздар
Бозала таңсәріден аттанған қол,
Тал түсте Домалаққа келді бәрі.
Қара үй тұр тас түбінде жалғыз дара

Көрмеді мұнан басқа елді бәрі.
Сезімтал, сергек батыр Аққошқарға
Білінді Домалақта әруақ бары.
Аққошқар жақын келіп амандасты,

Артығынан амандықтың жөн сұрасты.

—Бір жан жоқ сенен өзге бұл маңайда,

Үркіп жау тигендей қайда қашты?
Келіп ем Бәйдібекті шабайын деп,
Қапысын қапияда табайын деп.
Домалақ, батаңды бер, жөніңді айт,

Келген соң бос қайтпайын әдейі іздеп.

—Қашқан жоқ, көшіп кетті ел жайлауға,

Орнығып, сонда барып бие байлауға.
Батамды Аққошқар би сонда берем,
Бір тілек қабыл етіп, берсең сауға.

—Беремін тілегіңді, бер батаңды,

Оралып, ертең келіп осы маңда.
Домалақ бата берді көтеріп қол,
Мазмұнын батасында былай деді ол:
«Барасың, барасың да, аласың.

Қызығы сенікі болсын,
Қазығы менікі болсын»,—
Деді де бет сипады, айтқаны сол.
Қалың қол мұнан кейін жүріп кетті,

Кештетіп жайлаудағы елге жетті.
Аңсызда шырт ұйқыда жатқан елдің
Қалдырмай жалғыз тайын қуып кетті.

адам  атадан  бергі  шежіре
Шаңдатып, шырқыратып құлындарын
Түс ауа Домалаққа келіп жетті.
Шаң басып, қара тұман аспан-жерді,

Келгенін тасқа шығып ене көрді.
«Ал, енді қалауыңды, Домалақ» деп,
Аққошқар өзі келіп хабар берді.
Сонда ене сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:

—Тілекті берсең, Аққошқар,

Жылқыға таман өзің бар.
Тоқсан құлын баурында
Сары айғырдың үйірі бар.
Енесінен шу асау

Жүген-құйрық кимеген,
Арқаға тоқым тимеген,
Сондай асау жануар.
Көп жылқыны алмаймын,

Олжаңа ортақ болмаймын,
Жалғыз ғана соны бер.
Сонда Аққошқар сөйледі,

—Әй, Домалақ, Домалақ,

Жүген-құйрық көрмеген,
Аспанға аяқ сермеген,
Айғырды аласың сен қалай?
Біз де бір жүрген нән талай,

Қуғыншы келсе артынан
Жау қайда деп анталай,
Қырғын соғыс болмай ма
Көздері кетсе қанталай,

Бәйдібектің баласы
Өңкей батыр зәнталақ.

шежірелік  жыр-аңыздар
Сонда ене сөйлейді:

—Әй, Аққошқар, Аққошқар,

Опа қылсаң сөзіңе
Сары айғырдың үйірін
Айдап келіп алдыма,
Бір көрсетші көзіме.

Ұстап алсам, алайын,
Алмасам, құр қалайын,
Саған риза болайын.
Бұл сөзді естіп Аққошқар,

Сары айғырдың үйірін
Айдап келді алдына
Таянып екі бүйірін.

—Құрайт, құрайт, жануар,

Құтың менде, жануар,
Қызығың менде, жануар,
Құрайт, құрайт, жануар,
Ұмыттың ба, жануар,—

Айғайлады құрайттап.
Таңға жуық болғанда
Жылқы келер мұнда деп.
Арттан қуып барсаңдар,

Мерт боласың, балалар.
Шылбырына оралып,
Жалына ана айтады.
Бірақ тілін алмады,

Барамыз деп болмады.
Сегізі бірақ жөнеді,
Сағаға таман келеді.
Саға судан өтеді,

адам  атадан  бергі  шежіре
Сонда қырғыз қуады,
Бұқтырма қуып тығады.
Алдынан аңдып түсіріп,

Сегізін ұстап алады.
Сегізін бірақ бауыздап,
Жосадай қып салады.
Бәйдібек бар артынан

Топталып мұнда келеді.

—Балаларың тіл алмай,

Осы жерден жөнелді.
Балаларың мерт болды,
Қайтпайтұғын серт болды.
Барып қара өлікті

Жалған деме мұнымды.
Бәйдібек те жөнелді,
Қайта оралып келеді.
«Балалар тегіс өліпті»,—

Деп жауабын береді.
Домалақ ене бас болып,
Жегіп арба айғырға
«Өлгенге енді қайғырма»,—

Деп жұбатып, әл беріп,
Дереу жинап өлікті
Бір жерге әкеп көміпті.
Домалақтай ененің

Қасиеті көп еді.
Таңға жуық болғанда,
Жылқы келер деп еді.
Түн ортасы болғанда

Құрайт салды Домалақ.

шежірелік  жыр-аңыздар
Сары айғырдың даусынан,
Тау жаңғырып, тас құлап,
Таң сарғайып атқанда,

Жылқы келді шұрқырап.
Келді шаңы бұрқырап,
Көшіп елге жөнелді.
Сегіз күндей көшеді,

Күні-түні дамыл жоқ,
Тыным алған күні жоқ,
Кіші жүз бен Орта жүз
Маңайына қонды кеп.

Домалақ сонда толғатты,
Сырық бақан орнатты.
Бебеулетіп ананы,
Бала келді дүниеге.

Қуанды ана масайрап,
Қолына алып баланы,
Бар денесін қарады.
Еркек бала туыпты,

Бірақ басы жаралы,
Ана болды назалы.
Сары бәйбішеден болғанын,
Сонда ақылмен табады.

Кіші жүз бен Орта жүз
Бәйдібекті көшіріп,
Аламыз деп ауылға
Ат терлетіп келеді.

Кіші жүзде көпке аян
Бір оташы бар еді.

адам  атадан  бергі  шежіре
Кейде еміп, кейде ембей,
Талып жатқан баланы
Оташы кеп көреді.

«Суық қолдың орны» деп,
Көзінше айтып береді.
Жарық жерін басының
Ойып алып оташы,

Тасбақаның сүйегін
Жамап соған береді.
Бала оңалды үш айда,
«Жарық төбе болды» деп,

Жарықшақ деп ат қойды.
Жарықшақтан туды үш ұл
Бірі—Дулат, бірі—Албан,
Бірі Суан білсеңіз.

Бұрынғыдан естіген
Ата жайы ел сөзі.
Домалақтай ененің
Бізге дастан әркезі.

«Ата жайын ұқпастан,
Құр мақтанға жармасқан
Сен Дулаттың бір ері,
Кіргіздім әкеп аймаққа».

Жамбыл атам бір сөзі
Тарихты теріп жинаған.
Шыбын жанды қинаған,
Артындағы мен көзі—

Бұзаубай Жайлаубайұлы.

шежірелік  жыр-аңыздар
Бәйдібектің Кіші жүз, Орта жүзге орналасуы
Осылай Домалақтың шықты аты,
Білінген әулиелік шарапаты.

Аңыз боп ел аузына кең таралды,
Бәйдібек байдың сондай жамағаты.
Сол енем бір күн жатып түс көреді,
Ғажайып неше түрлі іс көреді.

«Бас болған Әбілқайыр, Қотан қария
Ызғындай тізбек-тізбек көш көреді.
Көш келіп қонды бір көл жағасына,
Сырдария күнбатыс жақ сағасына.

Жүк түсіп, түйелерді сап қотарлап,
Қол қойды кереге, уық ағашына.
Әйелдер керегеге таңғыш буып,
Көтерген шаңыраққа шанышты уық.

Ақ орда киіз жауып болып шықты,
Сәулесі сағымдалып көкке жуық».
Көтерді ұйқысынан енем басын,
Бір шолып алды әуелі айналасын.

Көрген түс бастан-аяқ баяндады,
Оятып жанындағы жар-жолдасын.
Жер ауып Сыр бойына барған кезіп,
Қырғыздар қырып салып бар баласын.

Жылқысын алса дағы қайтып келген,
Ененің қабыл көріп Хақ дұғасын.

—Осы түс тегін емес,—деді ене,—

Көретін кезі болды көздің жасын.
Кез болып зұлымдардың қармағына,
Ерің жоқ, талауда жүр мал мен басың.

адам  атадан  бергі  шежіре
Көк қасқа жылқы сойып, тілеу тіле,
Табылад енді мақсат жан жолдасым.
Шақырып бұл халықтың батасын ал,

Бұл берген болсын көпке қонақасың.
Бұл түсті көрсетуші Хақ Тағалам,
Нанарсың, өз көзіңмен көрсет маған.
Хан болып Әбілқайыр, таққа отырып,

Қарайды өзбек, қазақ бәрі соған.
Бақыт мәртебесі жоғарылап,
Келмейді ешбір дұшпан батып оған.
Ақ Орда, Астрахан мен Сырдария,

Арасы оңтүстіктен озар соған.
Жорыдым осылай деп,—деді шешем,—
Мал сойып, тасаттық бер мені десең.
Қимылда алдын ала, елден бұрын,

Сүйікті ханға жолдас болам десең.
Айтқанын Бәйдібек бай қабыл алып,
Көк қасқа шақырды елді бие сойып.
Сұрады Құрайқат пен Қаршық

Сұрады Домалақты ортаға алып.
Көргенін бастан-аяқ айтып берді:
«Бір түсті осылайша көрдім анық».
Етін жеп, көк қасқаның бата берді,

Тарқады үш еріне жұрт шаттанып.
Қотан би, Әбілқайыр аттануға,
Осы түс себеп болды хабарланып.
Ендігі сөз келеді екі биден

Жамағат, тыңдаңыздар құлақ салып.

шежірелік  жыр-аңыздар
Өзінің халық білген қасиетін,
Тыңдаған Өзбек, Қазақ өсиетін.
Алланың шарапатты пендесі деп,

Діншілдер ол уақытта бас иетін.
Дүниеден сол секілді жандар өтті,
Өзі өлді, аңыз өлмей бізге жетті.
Адамға ғылым, өнер Алла берді,

Білсін деп жаратылыс жер мен көкті.
Қойыпты Самарқанның қаласына,
Ортақ деп мұсылманның баласына.
Жерленген сондай әсем моузолейге

Гөрхан арнап салған анасына.
Енемнен туған басы—Жарықшағы,
Кем болмай дәулет пенен баста бағы.
Жоқтатпай сегіз ұлын осы бір ұл

Бәйдібек көтерілді аруағы.
Айтулы үш ұл туды Жарықшақтан,
Ұлы жүз аузына алып еткен мақтан.
Албан, Суан, дейтұғын Дулат батыр,

Бай, бағлан, батыр, билер осы гәптан.
Ұлы жүздің іргесі дейді бұлар,
Қаңлы, Үйсін бөлек дер тарихшылар.
Заманнан қара қырғыз деп көрсетті,

«Қара үйсін» деген сөз арбашылар.
Бұрында Қаңлы, Үйсін болған шығар,
Аттастар бұрын-соңды елден шығар.
«Бұрын туған бұрын өледі» дегендейін

Оларды жер қойнына салған шығар.

адам  атадан  бергі  шежіре
Ол нәсіл бізге келіп қазақ болмас,
Руын жасырған жан ақырда оңбас.
Қазақ ұлты қашаннан Қаңлы, Үйсін

Бөлек деген құрғақ сөз ақыл қонбас.
Ұлы адамның кірген соң қарауына,
Тарихшының бермеймін талауына.
Бір ізден есториа шығу тиіс,

Халықтың мен беремін қалауына.
Келемін шежіре, тарих бастан жазып,
Ықтимал шежіре, кейбірі дастан жазып.
Сөз өнері қарттардың шежіресінен

Жерім жоқ қатасынан асқан жазып.
Жазған жоқ ала сүріп астан-кестен,
Адамды тіршіліктерін танып естен.
Бәрінен не десе де аман өтті,

Атанып Қазақстан кіндік кескен.
Беріспей қытай, моңғол, жоңғарға,
Атақты үш ауылы ел боп өскен.
Көшпелі, мал өсіріп сахарада,

Дұшпанға беріспейтін қас сақ дескен.
«Қас» деген—нағыз сақ деген сергек,
Қалған сөз білімдіден солай шешкен.
Сегізінші ғасыр мен он үшінші ғасыр,

Қазағым сонан бері ел боп өскен.
Баяндап жоғарыдан келдім жазып,
Жоқ шығар бұл туралы менде жазық.
Ел үшін еңбегіме ризамын,

Жиырма жыл шаршап-талып, болдым қажып.
11-84

шежірелік  жыр-аңыздар
Көз салып есториа шежіреге,
Көбісі байламы жоқ ылғи меже.
Басын бастап келсе де әжептәуір,

Соқтырады аяғын әлденеге.
Бұған дейін қорытынды болмаған соң,
Ғалымдар елге сәлем жолдаған соң,
Нақтылап білгенімді жаздым теріп,

Көңілім тарихшыға толмаған соң.

Қазақ туралы
Жамағат, көңіл қойып салсаң құлақ,
Жазайын аз әңгіме Хаққа жылап.
Айтамын естіген мен ұққанымды

Қоспаймын бөтен сөзді ойдан құрап.
Дәлдігін ұққан істің айтқан жақсы
Жөні жоқ монтансудың сипап-сылап.
Қазақ кім, қай нәсілден жаралды деп,

Біреуден біреу жөнін жүр ғой сұрап.
Бұл өзі ертек емес, кітап сөзі,
Көшірген бірнеше адам басын құрап.
Мәнісін баяндадық өз кезінде

Көбейіп қайталасақ кетер ұзап.
Кетейін мұны да айтып сөз басында,
Болса айып—мен жауапты өз басымда.
Көпшілік, қате жерін өзің түзет,

Жатпайды қисық ағаш тез қасында.
Кейбіреу қазақ тегі араб дейді,
Келіпті содан бері тарап дейді.
Нәсілі Ғакашаның Аннас ұрқы

Таралды осы тектен қазақ дейді.
Майқы (Қазақ) туралы шежіре

шежірелік  жыр-аңыздар
Кейбіреулер айтып жүр өзбек деп,
Әрбіреу апармақшы өзіне ептеп.
Бәрін де көрген жан жоқ, естіген көп,

Ел айтар бәлендерден естіп ем деп.
Аңызды ел ішінен сұрастырып,
Бірталай бұл туралы еттім еңбек.
Тарихты жазғандардан алып оқып,

Тырыстым дәл шындыққа жеткізем деп.
Кейбіреу ала қашып арындап жүр,
Мен сенен қайтсем дағы көп білем деп.
Дәріптеп әртүрлі ойды таратып жүр,

Аузына момын елді қаратып жүр.
Мен ұқтым бәлендерден, шындық бұл деп,
Әрбіреу әртүрлі айтып, таласып жүр.
Көпшілік, сарапқа сал, өлше ойыңмен,

Демеймін ешбіреуі адасып жүр.

Шығайын тыңда, жұртым, жауап беріп,
Кетпеңіз дәлелі кем сөзге еріп.
Көпке ортақ, келелі іске пакт керек,
Қайсысы дұрыс десең, өзіңде ерік.

Мынау деп кесіп айту жөн-ақ еді,
Отырсақ қолмен ұстап, көзбен көріп.
Алдымен араб деуші азаматтар*
Ми жұмсап, мынаған көз жіберелік.

Ұстаған Хақ пайғамбар ислам туын,
Ел өтті сонан бері неше буын.
Отырмыз көп сынына, сарапқа сап,
Тыңдаушым, алаң болмай, сөзімді ұғын.

∗ Омар Құнашұлы бастаған бір топ шежірешілерді айтады.

Майқы (қазақ)  туралы  шежіре
Ғакаша пайғамбарға серік еді,
Расулдың айтқанына сеніп еді.
«Алла—бір, Құран Кәлам—ақиқат» деп,

Дініне исламның еніп еді.
Көтеріп мәртебесін ықылас беріп,
Ақ туын Ғакашаға беріп еді.
«Тарихын әнбиенің» оқығандар

Талайы мұны көзбен көріп еді.
Пайғамбар—исламның қорғаны ғой,
Қамқоршы үмметінің қормалы ғой.
Қазақ тегі Ғакаша болған болса,

Сол кезде шын мұсылман болғаны ғой.
Бұл сырды халайықтың көбі білед,
Хақ дінге қазақ кірді кейінірек.
«Туған күні мұсылман екенбіз» деп,

Еш адам тұра алмайды табан тіреп.
Кете ме араб болсақ, тіл өзгеріп,
Азған жоқ исламның діні өзгеріп.
Мұсылман кейін қазақ болуы анық,

Қайтеміз жаңсақ айтқан сөзге еріп.
Бір нысан адам тектес бізде бар ма,
Қаншалық айтқанменен сөзге өң беріп.
«Киізден туырлықты тіккеміз» деп,

Жармасты бір жағынан қалмақ келіп.
Берелік қысқа жауап қалмаққа осы,
Қаласы, ұқсайды екен тіккен қосы.
Мал бағып сахарада өскен елдің

Барлығы шәугім іліп, тіккен мосы.

шежірелік  жыр-аңыздар
Осының ойланайық, бәрін талдап,
Демейік мынау араб, мынау қалмақ.
Бәріне дәлел менен пакт керек,

Сендірмес жүйесіз сөз ешкімді алдап.
Күнәлі боп қайтеміз Алла алдында,
Біреуін біреуіне үзіп-жалғап.
Кей жанның ойы терең, сөзі сараң,

Анадан біркелкі боп тумайды адам.
Мұсылман нәсіліміз болуы анық
Таралсақ Ғакаша атты сахабадан.

Өзбек туралы
Ұрқы екен өзбектің Шаһнияз,
Бойында Алатаудың құрған сиаз.
Қазақ біздің ұрқымыз десе керек,

«Өзі зордың сөзі құп» деген рас.
Одақтасып кәуірмен соғысқанда,
«Өзбек—өз ағамыз» дедік, рас.
Ханның ұрқы болуға құштарлықтан,

Бірден бірге жалғасып қалған мирас.
Осы сөз жайылып жүр елден елге,
Таралмауға тиісті құр бекерге.
Түсінбей ел бұған да қосылыпты,

Бас иген кез құл болып төрелерге.
Осы сөз он бесінші ғасыр кезі,
Осыған да нана ма тірі пенде.
Қазақ бұрын жаралған талай ғасыр,

Тарихқа ойлана бер, көз жібер де.
Қысқаша берер жауап осы ғана,
Араб, қалмақ, өзбек дегендерге.

Майқы (қазақ)  туралы  шежіре
∗ «Рисала-и тауарих» кітабын айтады.
Кейбіреу жүр тізілген қазға теңеп,
Қазақ болып қалғандай түсіп жерге.

Көңіліңді бөл, жамағат, бұл кеңеске,
Мына бір іс түседі бірден еске.
Шын құсқа келсе егер теңегісі,
Лайығы бәрінен де тырна емес пе?

Түрік туралы
Қазақтың дейді кітап* тегі түрік,
Ұғынуға тырысалық нақтап біліп.
Оқушым, айып етпе біз пақырға,

Ағат сөз арасына кетсе кіріп.
Ұққанымды еліме жаюшымын,
Айтарсың әділдікпен өзің билік.
Бұл туралы айтысып жүгіністі,

Не данышпан ғалымдар, нелер жүйрік.
Тайыпта Аннас, Еснас өмір сүріп,
Жасапты сахарада көшіп жүріп.
Мал бағу, жеміс теру, киік аулау,

Жоқ екен одан басқа еш тіршілік.
Таралып Аннас ұрқы Әбусақтан,
Баласы Әбусақтың Сақғақаптан.
Баласы сол Сақғақаптың Махмұттан

Нәсілі ауызға алса етер мақтан.
Ол кезде ислам діні тарамаған,
Хандыққа басыбайлы қарамаған.
Көшпенді сахарада халық екен,

Кемінде мың жыл бұрын жаңа ерадан.

шежірелік  жыр-аңыздар
Жаралып қазақ тегі мың жыл бұрын,
Тарихтың дәлел қажет айтсаң сырын.
Тайыптан Аннас, Еснас шыққан екен,

Мұхаммед дүниеге келмес бұрын.
Мен өзім ғалым емес, оқуым мол,
Қате айту ұғынбаса, емес қой жол.
Бертінде қазақ дінге кіруі анық,

Шындыққа жүгінемін, қоямын қол.
Дін жөні бір тарауда сөз болады,
Тыңдаушым, бұл туралы мұқият бол.
Қылмайды халық тегі діннен парық,

Кетемін мына сөзді мысалға алып.
Үй тігіп, малын бағып, көшіп жүрді,
Мал бағып түрік тектес барлық халық.
Арабтан түрік кейін дінге кірген,

Тарихтың түсінеді жайын білген.
Басында қарсыласып, қан төгісіп,
Дін тапты, тәлім алып Хақ Расулдан.
Ол кезде Аннас тегі сахарада,

Мал бағып, шығыс жақты кезіп жүрген.
Басында мекендепті Тайып шәрін
Адам жоқ ол күнгіні көзбен көрген.
Тарихтан дәріс берген Сұлтан шәріп,

Данышпан, ғалым еді дейді халық.
Таралып бүгінгіге жетті қазір
Біреуден біреу көріп, жазып алып.
Шәріптің тегі түрік, ғалым еді,

Болғаны көп жыл ұстаз анық еді.
Атақты Құндыбайдың Дәрібайы
Уфаға оқу үшін барып еді.

Майқы (қазақ)  туралы  шежіре
Оқыған он екі жыл мезгілінде,
Тарихтан содан сабақ алып еді.
Қауырсын қаламменен Дәкең жазып,

Бұл тарих содан бізге қалып еді.
Тұқымы Мәккаридің Аннас, Еснас,
Жалғасқан содан бізге тарих еді.
Аннастан оныншы ата аты—Ғақап,

Кетуге тура келді атын атап.
Қалмақтың қысымымен ауған Сырға,
Тұқымы Амур бойын көп жыл жасап.
Баласы Сақғақаптың Махмұт дана,

Артықша Жаратушы берген сана.
Қаратау, Сырдың бойын мекендепті,
Қалмақпен сыйыса алмай екеуара.
Баласы Әбусақтың көп халық боп,

Тарапты дүниеге дара-дара.
Көшіп кеп Мажиқыда тұрақтапты,
Бойында ұлы жоспар боп нысана.
Жасақпен елін қорғап көшкен екен,

Ылажсыз бұдан бөтен таппай шара.
Қалмақтың ең бастығы, аты—Кәуір,
Қысымы болған екен тым-ақ ауыр.
Ұрқымен Мажиқыға көшіп келіп,

Сол жерде елін қорғап, болыпты ауыл.
Сол жерде басын қорғап, елін жиып,
Мекенін Амур дағы қашты қиып.
Орнығып, Сыр бойында көшіп жүрді,

Өзіне емін-еркін жер есе тиіп.
Бұл жерде елін қорғап, жиын ашты,
Басқарып Махмұт дана болды басшы.

шежірелік  жыр-аңыздар
Шығарып осы орында жеті жарлық,
Қалайша атқаруды ақылдасты.
Берейін ұққанымша аз түсінік,

Тыңдаушым, сөзіме қой ықыласты.
«Рисала-и тауарихтан» алды жазып,
Бір Алла өзі білер қате-расты.
Ғасырдың сегізінші бас кезінде

Қалдырған бізге жазып бұл мирасты.
Көшірдім ғалымдардың кітабынан
Сөз емес анау-мынау алыпқашты.
Осылай, тыңдаушылар, сөздің жәйті,

Мәнісін түсінбесең, дерсің қайсы.
Көп ісіті Мәжиқыда шешкендіктен,
Атанған Махмұт дана болып Майқы.
Майқы деп Мажиқыны кеткен халық

Мұндай іс тарихта көп, емес сайқы.
Ежелден көшіп өткен біздің халық,
Болса да бізге қате, көргенге анық.
Мал айдап қысы-жазы көшіп жүру,

Аннастан арғы атадан қалған тарих.
Дамыған өнер-білім жүре-жүре,
Біреуден-біреу біліп, ғибрат алып.
Қазақтың шыққан жері Тайып дейді,

Тура айтпау есіткенді айып дейді.
Кейбіреу бұл тарихты қате десе,
Кейбіреу шындыққа осы лайық дейді.
Айтайын сөздің мәнін қысқасынан,

Ұғылса түсінікті іс басынан.
Аудардым Дәрібайдың кітабынан,
«Рисала-и тауарихтын» нұсқасынан.

Майқы (қазақ)  туралы  шежіре
Дүниеден өттік талай белеңменен,
Еліне ер танылар өнерменен.
Аузына ап жастар жүрсін Майқы атасын,

Жазайын бір тарауын өлеңменен.
Қайтеміз өнбес іске құр таласып,
Көрейік ақиқатпен біз санасып.
Атанған Махмұт дана атам Майқы,

Сөйлейін біраз жайын болса нәсіп.
Даңғыл жол, сүрдек емес, айқын жатса,
Жолынан кім айыпты кетсе адасып.
Жүргенде жиһан кезіп, құрып сауық,

Біліммен ел қорғаған ақыл тауып.
Мал бағып, ен далада кезіп жүріп,
Келіппіз бір мезгілде шығысқа ауып.
Сыйғызбай шығысқа да орын бермей,

Қуыпты тағы бізді қалмақ шауып.
Өнерсіз, әлсіздіктің салдарынан,
Сескеніп көрінгеннен қылып қауып.
Кетіппіз одан сырғып Сырға қарап,

Босатып теңіз бойын қырға қарап.
Әлсізді әлді жеген дәуір бопты,
Айтайын ұққанымды, тыңда, қазақ.
Бақытқа осы кезде Майқы туып,

Соңғыға қалған екен содан сұрап.
Өзі есті, өзі батыр, данышпан боп,
Өзіне Алла берген таудай талап.
Жол салған кейінгіге Майқы атамыз,

Осыдан үлгі алмаған қайсы атамыз.
Жол-жосық одан бұрын кемшіл екен,
Бұлтарып оның несін жайсатамыз.

шежірелік  жыр-аңыздар
«Тұрақтап, орда салып орнық,—деген,—
Көп кезіп сахараны болдық,—деген,—
Ел болып біз дағы бір жол табалық,

Өнерсіз, іс өнбейді қол күшпенен.
Тұрақтап Орнық деген қала салып,
Қалмақпен жауласпалық, жарасалық.
Кесіліп екі араға бітім жасап,

Ұсталық арамызды ауаша қып.
Тиімді болашаққа үлгі болсын,
Бір ереже шығаралық тамаша қып.
Бұл сөзді іс жүзіне асыралық,

Бойына Сырдария бара салып.
Алдымен алты арысты жүзге бөліп,
Әділ жол ел басқарар ізденелік».
Үш жүзге Мажиқыда елін бөліп,

Орнықты Сыр бойына күзде келіп.
Қыпшақ би—Ұлы жүздің болған басы,
Ел бермес Қобыланды жан жолдасы.
Мөлшерлеп орталыққа Орда тауын

Тігілді осы орынға ел ордасы.
Сайлады Орта жүзге Көсем биді,
Жан екен өте зерек, шешен, милы.
Қолбасы Дәулеткелді батыр болып,

Маңына өзіне тән елін жиды.
Атанған заманында сайыпқыран,
Өнерге жетік екен неше қилы.
Бас болды Кіші жүзге Жәлменді би,

Көрсетті қадыр тұтып, халқы да сый.
Қолбасы Қунақ сынды батыр болып,
Бар екен қол астында екі мың үй.

Майқы (қазақ)  туралы  шежіре
Жасағы әрбірінің мыңнан асып,
Тәртібін ел қорғаудың ұстады ашық.
Үш жүздің ел бастығы Майқы болды,

Сайлады жұрт кеңесіп, ақылдасып.
Төле би осы орданың басы болып,
Ақылға жеткен кезі жасы толып.
Ел болып, өз алдына жол шығарды,

Басына Майқы атаның бақыт қонып.
Арабтан сол бір кезде өнеге алып,
Нәр алып, жан азығы көмек алып.
Арабтың орталығы—Бағдаттан

Оқыған он екі жыл Төле барып.
Естанай қатарында болған екен,
Оқыған Төле биге ере барып.
Бытырап сахарада жүргендіктен,

Солардан басқарыпты ереже алып.
Жылына ел ішіне бір рет кеп,
Өнеге оқығаннан келеді алып.
Сайлаған ордабасы себебі сол

Екеуі осы кезде келе салып.
Ұзын сөз айта берсе жатыр толып,
Кетейін қысқа-қысқа басын шолып.
Ісіміз жөн, жолымыз дұрыс десіп,

Жалауы белгіленді ақ ту болып.
Төлеге хатшы қылды Естанайды,
Ақылды, ойлы адам деп, ес санайды.
Әр жүздің өз алдына міндеті бар,

Барлығы бір орынға тоқтамайды.

шежірелік  жыр-аңыздар
Кезінде келелі іске ақыл қосып,
Жауабын біреуінің бірі тосып.
Басқарып берекемен бәрін Майқы

Жұртшылық разы болды, мақұл десіп.
Майқы би жария етті мұны жұртқа,
Еліне үш кемеңгер болған тұтқа.
Ой жұмсап, ақыл қосып, заң шығарсақ,

Пайдалы бірдей болса іш пен сыртқа.
Сондағы заңы мынау шыққан жазып,
Кетпеуге шетке адасып бұдан азып.
Білімді Төле бидей данышпан бар,

Майқы би барлығына алтын қазық.
Майқының жеті жарғы заңы туралы
Адам құны
Бірінші бітім жолы қалмақпенен,

Әр істі ой жүгіртіп, талап көрген.
Ереже шығарыпты жеті түрлі
Ойласып жан-жақты салмақпенен.
Құн заңын бұрынғыдан жеңілдетіп,

Тармақтап жікке бөліп, талдапты ерен.
Ұсыныс кәуірге арнап жазған екен
Осындай қысылтаяң зардаппенен.
Жан болмас өлім десе, налынбайтын,

Жауына күші жетсе, жасынбайтын.
Бұрынғы ескі жаза күшінен қап,
Қанға қан болсын депті алынбайтын.
Ел құптап бітім жолы осы десті,

Мынау ақыл болды деп табылмайтын.

Майқы (қазақ)  туралы  шежіре
Шындыққа екі жақ та болу керек,
Жалған, жала, өтірік таңылмайтын.
Майданда өлген ерлерге бір жүз бесті,

Бұрынғы жол күшінен қалсын десті.
Аралас соғыста өлген екі жақтың
Адамы түгел құнсыз болсын десті.

Төреге қарашадан қос құн берген,
Мысалға ап әр нәрседен, көп күндерден.
Бек пен байға жарлыдан екі құн ап,
Шыдамай талай адам босқын көрген.

Қай мүше зақымдалса, жоғарыдай,
Бәріне нақты төлем болсын деген.
Бәріне салыстырып құн төленсін,
Сынған қол мен аяққа, шыққан көзбен.

Осындай ереже қып ұсыныпты,
Қалмақты көндіруге айтқан сөзбен.
Жесір туралы
Біреу егер біреудің қызын алса,

Яки тартып, яки бұзып алса.
Орынға сол орнына қыз төлейтін,
Деп ұйғарды күшінен мұны қалса.
Сондықтан айып берсін атасына,

Өзінің мойындасын қатасын да.
Жол ашып ынтымақ пен татулыққа,
Ықылас қол жеткізсін батасына.
Егер де қызы қашса ерікті боп,

Қыз бен жігіт ұнасса келісті боп.
Татуласып, малменен бітім болсын,
Енжарласып, қайтеді, көп істі боп.

шежірелік  жыр-аңыздар
Неке бұзу туралы
Біреудің біреу бұзса некелесін,
Кім қолдайды бұзықтың бекер ісін.

Етпесін жаламенен босқа зәбір
Біреудің еліктірген өсегі үшін.
Ауыр іс бұл туралы келген болса,
Арада сеніспестей тергеу болса.

Өші жоқ, есі дұрыс, мүшесі сау,
Үш адам ең азында көрген болса.
Соғылсын қырық қамшы азаматқа,
Жол бермеу—қатаң тәртіп жаман атқа.

Жүз қамшы бұрынғыдай ұрылмасын,
Осыны ұқтырған жөн жамағатқа.
Берілсін осы жаза жалғаншыға,
Өтірік ер-әйелге жала жапса.

Бәріне шындық пенен дәлел керек,
Жалған іс жазым етер араласса.
Егер де әйелді ері «талақ» десе,
Бұрынғы неке күшпен қалады десе,

Ақыл айтып, көндіріп, қосу керек,
Өзі көніп, халайық алад десе.
Бұрын біреу әйелді алатұғын,
Ықтиярсыз әйелдер баратұғын.

Ол адамға талақ қып шығарғызып,
Неке қиып қайтадан алатұғын.
Мұның бәрі күшінен қалдырылсын,
Болмас істі қиусыз таңатұғын.

Күшті болса даугері әлсіздердің
Аяқ-қолын талқандап шағатұғын.

Майқы (қазақ)  туралы  шежіре
Әйелге қырық шелек су құйғызып,
Мұны дағы күнәға жазатұғын.
Шын болса егер, шықпасын екінші ерге,

Айту керек ұқтырып мұны да елге.
Нәпсіге азған, обал жоқ қиянаткер,
Осыны қатал ұста, ерік берме.
Жер туралы

Жарлықтың үшіншісі жер туралы,
Жер үшін қан төгіскен ер туралы.
Жоқ екен жерге ереже бұдан бұрын
Мөлшерлеп айыратын жөн туралы.

Сондықтан былайша деп кесіп айтқан,
Жол емес, дәлін айтпай өсіре айтқан.
Кім бұрын иеленіп, еңбек етсе,
Жер сонікі болсын деп шешім еткен.

Жердің шөбі, суаты, аз-көптігі,
Жайылымда құнардың бар-жоқтығы,
Қыс пен жазда қанша мал асыраса,
Осыны өлшем етудің бар септігі.

Қанша малды шығарса қыстан бағып,
Құн төлесін қайтарып, бұған шағып.
Көкірекке қонымды билік айтса,
Тоқтамасын халайық бұған нағып.

Жер бөлігі
Ұлытау, ұлы дария, ағынды өзен,
Немесе асқар таудан асқан кезең.
Даңғыл жол, ел жүретін жұртқа әйгілі

12-84

шежірелік  жыр-аңыздар
Осылар жер бөлігі болсын деген.
Екі жақ ақылдасып, бірлікке кеп,
Онан соң мекен етіп қонсын деген.

Ұрлық туралы
Бұрын егер кейбіреу ұрлық қылса,
Немесе тартып алып, зорлық қылса.
Барған аяқ, ұстаған қолын кесіп,

Аямай қинау екен мойын бұрса.
Күшінен мына билік қалсын деді,
Сарапқа нақ тексеріп салсын деді.
Мүшесін адамзаттың зақымдамай,

Төлемін айыбымен алсын деді.
Өйткені ұрлағаны мал емес пе,
Қылмысы ұрлаушының бар емес пе?
Ақ малын артығымен алып берсе,

Осы үкім ойластырсақ дәл емес пе?
Тартып, талап алғаны рас болса,
Оған да қырық қамшы бар емес пе?
Барымта туралы

Біреудің малын алса барымталап,
Жұмысы тура болса барынша ақ.
Ыңғаймен тоқтам қып, түзеткен жөн,
Жүйесін кім таласар, табылса нақ.

Барымта алар, бетім ала алмаған,
Келмес-ау деп ойланып залал маған.
Жалған болса себепсіз, ол да ұрлық,
Өз обалы өзіне арандалған.

Майқы (қазақ)  туралы  шежіре
∗ Нау—бұрын өткен даукес адам.
Куәлік туралы
Халықта әрбір түрлі дау болады,

Шешпесе, даудың арты жау болады.
Әрбіреуі өз ісін тура дейді,
Таластан қалай адам сау болады.
Таразы сөзді өлшейтін шындық керек,

Кейбіреу дауға шебер нау* болады.
Кезінде ушықтырмай шешпегенде,
Үйіліп, бара-бара тау болады.
Би керек осыларды шешетұғын,

Туралап әділ билік ететұғын.
Зұлымдыққа жол беріп, кеңдік етсе,
Көзінің ноғаласы өсетұғын.
Зәр жұтқанын біле алмай, бал жұттым деп,

Құрсағын пара-пара тесетұғын.
Білетін әрбір іске куә керек,
Жалынсыз даудың оты өшетұғын.
Бар екен бұдан бұрын жолсыз үкім,

Жалған айтса тіл ұшын кесетұғын.
Өтірік көрдім десе, көзін ойып,
Өмір бойы мүгедек ететұғын.
Алдымен мынаны алып тастау керек,

Халықты шындық іске бастау керек.
Нақ болсын, шындық болсын дәлелімен,
Айта берсе, бір үлкен дастан керек.
Талапкер даугер менен куәшінің,

Әр сөзін салмақпенен растау керек.

шежірелік  жыр-аңыздар
Жауапкер малын берсін, алған болса,
Куәші айып төлесін, жалған болса.
Барлығы малмен бітім, тыным болсын,

Бұйырылсын кешірімге аздау болса.

Мал құны туралы
Жетінші бір тармағы—малдың құны,
Барынша қажет етер халық мұны.
Бұған да нарық кесу тура келді,

Дәл онсыз болмаған соң тіршілігі.
Жылқы, сиыр, түйе мен ірі қара,
Бағасы мән жағынан дара-дара.
Барлығының бағасы бұрын ұқсас,

Емес-ті біреуінен біреуі ала.
Бағалы ел ішінде нарқын өлшеп,
Бағаны барлығына кесті жаңа.
Ең жорға ат, озған бәйге тұлпарларды,

Қуса жетіп, қашқанды құтқарғанды.
Бұлардың ең үздігі жүз қой болсын
Дегенде, дәл-ақ десіп жұрт таң қалды.
Сабаз атан, нар түйе бірдей болсын,

Бұларға теңемейік еш малдарды.
Бұларға жиырма бес қой құн берілсін,
Пайдасына қарата ой бөлінсін.
Жер қайығы, әзіргі жұрт көлігі,

Ұнады халыққа да бұл келісім.
Үшінші, тақ қара мен атан өгіз,
Барлығына бір баға болсын негіз.
Бағасы осылардың он қой болсын,

Бір бесті үшін берілсін қойдан сегіз.

Майқы (қазақ)  туралы  шежіре
Қараның орта өлшемі бесті болсын,
Ұсақта тоқты менен ешкі болсын.
Барлығы осыларға сындырылып,

Өлшемі барлығының есте болсын.
Осымен ел ішінде бітім болып,
Сызылған тозбайтұғын кесте болсын.
Біз үшін осылайша бас қатырған,

Бұрынғыға қалайша өкпе болсын.
Дейді екен жоғарғыны жеті бітім,
Қолданды қазірге шек халық бүтін.
Әр дәуір таразысын өзі құрған,

Кейі жөн, кейі қате дерсің бүгін.
Не артық атқарамыз, немесе кем,
Үлкендер артып кетті бізге үмітін.
Басында жазған екен қалмақ үшін,

Қалмақтан тиісті үлес алмақ үшін.
Жасасты кәуірменен Майқы бітім,
Кейінгі ел атқарды қалған ісін.
Осымен аз уақыт тыныш тұрып,

Орнықты өмір сүрді тыныш қылып.
Қазақты тағы қалмақ қырғындапты,
Қуғындап, тұс-тұс жақтан ұрыс қылып.
Қазақтың осы кезі—толған кезі,

Басалға Майқы биі болған кезі.
Өмірдің толқынымен апат жайлап,
Тағы да болған екен солған кезі.

Өтіпті данышпан боп атам Майқы,
Кейбіреу түсіне алмай қылар сайқы.
Қойылған осы лақап бірнешеу бар,
Екенін ұғушым аз заты қайсы.

шежірелік  жыр-аңыздар
Дәуірін жасаған кез аңғармаса,
Ұғымы тыңдаушының болар қайшы.

Және көп Жәнібек, атты Төре, Барақ,
Шаттанар аты аталса түгел қазақ.
Матайда аты ұйқас біреуі-ақ бар,
Жалғыз жүр ер Қабанбай мен мұндалап.

Айтқан сөзі аят пен хадистей боп,
«Сөз атасы—Майқы би» дейді қазақ.
Қазақ қаласы, діні, қақтығысы, ұраны туралы
«Орнық» қаласы

Майқы атам «Орнық» деген қала салған,
Орынын Азиядан тамаша алған.
Үмітпен орнықсын деп атын қойып,
Есімін өз тілінше жаңаша алған.

Бұл орын көпке дейін мекен болған,
Қаланың төңірегі екен қорған.
Кезекпен өзі өлген соң хандық құрып,
Бұл жерге қазақ түгіл, шетел қонған.

Шетелдік келген жауын маңайлатпай,
Қорғаған төңірегін жасақ молдан.
Шыңғыстың лаңында талқандалып,
Шыққан күш, еткен еңбек бекер болған.

Қазақ та сол бір кезде білім алған,
Біреу шын дер бұл сөзді, біреу жалған.
Күлін көкке ұшырып жоқ қылыпты,
Кейінге жоқ сияқты бірі қалған.

Шыңғыспен алғашында қарсыласып,
Ұрысқа түгел қазақ жалпыласып,

Майқы (қазақ)  туралы  шежіре
∗ Ажам деп Орта Азияны айтады.
Типыл қып Орнық шәрін тоздырыпты,
Қалдырмай орнында жарты лашық.

Арабтан сол бір кезде үлгі алыпты,
Екені осылайша бізге анық-ты.
Дүниеден Майқы да өтті, Төле де өтті,
Кім тұрған дүниеде бірқалыпты.

Бар болса қай орында ескі мұра,
Барлығын жоқ қылуды ұйғарыпты.
Қазақтың бар мұрасын күл қып өртеп,
Тарихтан кейінгілер құр қалыпты.

Ауыздан естіген сөз аңыз қалып,
Осыдан тарих қайта құралыпты.

Сондықтан кейі—анық, кейі—жаңсақ,
Күтеді нақ болса деп халық аңсап.
Ендігі қалған міндет жастарға тән,
Халықтың бұл талабы емес алшақ.

Болыпты үкен шаһар Ажамдағы*
Ұққанды есіткенмен жазам дағы.
Жанымнан жалған сөйлеп жауап берсем,
Бұл менің әруақ үшін қазам дағы.

Аудартты Ыбырайым рисаладан,
Баспаға бермек болып Қазандағы.
Бұзылды бір-ақ заман толқын болып,
Баспаға сол себепті бара алмады.

Ел ауып ақ патшаның лаңыменен,
Сондықтан жұрт ішіне таралмады.
Баласы мен—Кәрібай, Таңатардың,
Тыңдаушысы келіссе жарасар мұң.

шежірелік  жыр-аңыздар
Әлі де жұрт ішінен орын алар,
Болса егер Алла қосып таң атар күн.
Қазақтың ислам дінін қабылдауы, Махмұт дананың Қазақ

атануы
Біз айттық қазақ тегі түріктігін,
Ескеріп мұны бұрын ұғыпты кім?
Әр түрлі шешім айтып келді емес пе,

Өзінің әркім айтып жүйріктігін.
Жоғарғы талдап айтқан дәлелдерден,
Бұл жөнді енді отырмыз біліп бүгін.
Бұл жөнді енді отырмыз біліп бүгін,

Таласты бұл жөндегі баяндайық,
Жұрт айтар бұрысы мен дұрыстығын.
Сынына көпшіліктің ұсынғансын,
Шешіліп кетпесе де бұл іс бүгін.

Біз айттық Махмұттың даналығын,
Кетпесін тағы жаңсақ арада ұғым.
Әр жүйрік өз тобынан бәйгені алып,
Өзінің көрсетеді ағалығын.

Аудардым кітап сөзін өлең қылып,
Емес бұл менің қосқан жаңалығым.
Жаймақпыз кейінгіге мұра қылып,
Бұрынғы ата-баба тәбәрігін.

Басынан бұл тарихты оқымаса,
Шала боп түсіне алмай қалады ұғым.
Және айттық Махмұт пенен кәуір жайын,
Амурдан Сырға ауған ауыр жайын.

Тыңдаушым, ықыласпен түсініңіз,
Сөзімді баяндайын, жаңылмайын.

Майқы (қазақ)  туралы  шежіре
Бас қосып Мажиқыда жиын ашып,
Ел болып, келелі істі ақылдасып,
Махмұт Мажиқыда би сайланып,

Шығарды жеті түрлі жарлық шашып.
Мәнісін жеті жарлық тыңдатқамыз,
Бұл жағдай баяндалған көпке ашық.
Және де Алты арысты жүзге бөліп,

Төле би мен Естанай болған серік.
Үш жүздей жасақ жиды, бастық сайлап,
Қолына шығарғанын ақ ту беріп.
Алаш деп ұран салып аттанғанын,

Қол бұлғап тұрғандаймыз бәрін көріп.
Айтпақпын енді басқа бір түйінді,
Жамағат, тыңдаңыздар, көңіл бөліп.
Ел бетін енді түзеп, дем алғанда,

Сөйлесті халифадан елші келіп.
Бір дұға Дәрібайға оқымақпыз,
Кеткенге білімінен енші беріп.
Тимесе құлағыма бұдан бұрын,

Таңырқар кейбір адам ерсі көріп.
Мысырдың патшасы Нұрдинкамал
Мынандай елші арқылы берді хабар:
«Мүмін боп иман айтып, дінге кірсін,

Бұл жолға түскен пенде ақыл табар.
Алла—бір, Пайғамбар—хақ, Кәлам—рас,
Болсаңыз егер сөзді қабыл алар».
Басшысы Смағұл деген молла,

Үкімі исламның тұрған қолда.
Белгісі мұсылмандық мынау болмақ,
Десеңіз: «Лә иллаһа илла Алла,

Мұхаммед Расул Алла».

шежірелік  жыр-аңыздар
Жіберді бұйрықпенен бізді мұнда,
Кірсін деп ислам дінге осы жолда.
Қан төкпей, қылыш шаппай, дінге кірсең,

Құранның шариғаты жолын білсең.
Халыққа ешбір зәбір келтірмейміз,
Талассыз ықтияр болып сөзге көнсең.
Ақылдас ел-жұртыңмен, би-бегіңмен,

Күтеміз аян беріп бүгін, ертең.
Қан төкпей, дінге кірсең, үлкен сауап,
Еткендей Бәйтуллаға барып тәуап.
Қан төкпей, ниетіміз дінге салу,

Асықпай үш күннен соң әкел жауап.
Көнбесең егер бұған, төгілер қан,
Мал-мүлік, ойран болар неше мың жан.
Салмаймыз, сөзге көнсең, әркез зиян,

Япыр-ау, бұл қалай деп қалмаңдар таң.
Егер де сөзге көнбей, қарсылассаң,
Қозғалар ақ ту алып Бағдат пен Шам.
Ақыры ислам дінін қабылдайсың,

Өзің біл, тәуекел деп соғыс қылсаң.
Қаһарлы алып келдік ханнан бұйрық,
Жарлықтан соғыс дайын мойын бұрсаң.
Халықсың тура жолдан жүрген азып,

Тоқтам қыл, мақұл десең қағаз жазып.
Мәлімдеп халифаға хабарлаймыз,
Хақ жолға егер жазса Алла нәсіп.
Алдымен үшке бөліп иман айту,

Үкімін шариғаттың сөйледі ашық.

Майқы (қазақ)  туралы  шежіре
Қара нұр қайыстырған қалың қолы,
Ақ туы пайғамбардың хақтың жолы.
Құранның үкімі мен шариғаты,

Үмметі Мұхаммедтің мирасқоры.
Тапсырды Махмұтқа ханның хатын,
Қағазға қол қойыпты атап атын.
«Дінге кірген пендеге залал жоқ» деп,

Көрсетті исламның шариғатын.
Үш күнде бір жауабын бермек болып,
Жиыпты Махмұт дана жамағатын.
Үш жүздің хабар тапты басшылары,

Беделді ел басқарған жақсылары.
Бағынған өз заңына берекелі ел,
Бірінен бірінің жоқ жақындары.
Кез еді әлі өшпеген соғыс өрті,

Тым қатал хатта жазған ханның серті.
Күйзелген шабындыдан халық еді,
Тыныштық ойлағаны есі-дерті.
Ақыры ислам дінін қабылдайды,

Депті егер соғысса да өзінде еркі.
Барлық ел жазған хатты оқып көріп,
Қалың қол жер қайысып жатыр келіп.
Жарлыққа қарсылық қып белдесуге,

Тұрғандай елге және қатер төніп.
Кәуірмен аралықта жұрт күйзеліп,
Тоқтаған соғыс өрті әзер сөніп.
Талқандап елді ойрандап кететіндей,

Мақұл деп тындырмаса жауап беріп.
Арада бейбітшілік тоқтам жасап,
Болыпты түгел бәрі қабыл алмақ.

шежірелік  жыр-аңыздар
Осылай мақұл алып көнгендігін,
Алланың бірлігіне сенгендігін,
Естанай мынадай деп жырға қосқан,

Дінге сап Смағұлдың келгендігін.
Қазақта тұңғыш ақын, жырау дейді,
Естиміз атақ-даңқын елден бүгін.
Қазақта тұңғыш өлең-жыр, айтып ән,

Күй шертіп, ақын деген атақ алған.
Төменде Естанайдың айтқан сөзін,
Кітаптан өз бетінше жазып алған.
Жол салған өткен күнде Майқы атамыз,

Осыдан үлгі алмаған қайсы атамыз.
Біз едік одан бұрын басқа дінде,
Бұлтарып оның несін тайсатамыз.
«Қазы-ақ» деп қазірет ишан есім берген,

Емес қой бұл оңай іс, байқасаңыз.
«Қазы» деп атақ беру себебі не,
Мәнісін төменде ашып тарқатамыз.
Алыпты үш жүз жасақ алты арыстан,

Байқапты елін қорғап, жауды алыстан.
Ақтабан шұбырынды жаугерлікпен,
Баласы Алты арыстың Сырға ауысқан.
Жасағы қаһармандай қаһарлы боп,

Ысқырса, қалмайды екен бір дауыстан.
Елінен үш жүз жасақ жиған Майқы,
Бұзықты содырменен тыйған Майқы.
Өзбек, қарақалпақ қырғызбенен,

Аралас Азияда тұрған Майқы.

Майқы (қазақ)  туралы  шежіре
Бірлесіп түрікпенен ақыл қосып,
Ұзақ шеп болашаққа құрған Майқы.
«Алла—бір, Пайғамбар хақ, Құран—шын» деп,

Құлшылық Алласына қылған Майқы.
Кәуірдің алтын асықтық ережесін,
Орнықты сабырлықпен бұзған Майқы.
Шығарып Мажиқыда «Жеті жарлық»

Бітіріп жеңілдікпен ауыр істі,
Өнеге кейінгіге қылған Майқы.
Алашты дінге салған қазірет ишан,
Данышпан, адам екен сөзге шешен.

Қан төкпей қарапайым уағыз айтып,
Салыпты ислам дінге аман-есен.
Мысырдан дін уағыздап келген ишан,
Аралап он екі жыл жүрген ишан.

Қазылық ел басқарған ақылына,
«Қазы-ақ» деп Майқыға атақ берген ишан.
Махмұт Мажиқыда Майқы аталды,
Халық өзі ұнатар қайсы атауды.

Данышпан ойға озық білгірлікпен,
«Қазы-ақ» деп мадақтаумен қайта аталды.
Қараған қол астына мұқым халық,
Қазақ деп сол себепті кетті аталып.

Жасаған Азиядағы барлық елден,
Сол кезде одақтасқан көмек алып.
Естанай бұл туралы былай депті:
Қасында бәріміз жоқ, өткен тарих,

Басынан қос орданың қарауылдап,
Көз салса, көрінеді бар ауыл нақ.

шежірелік  жыр-аңыздар
Сан майданда болысты түйесіндей,
Баласы Өзбектің бала Қонақ*.
Қазақтың тілегі бір қырғызбенен,

Бар шығар кейбір әдет біз білмеген.
Қазақпен діні де бір, салты да бір,
Тілінде аз парық бар шүлдірлеген.
Болысты сан майданда қарақалпақ,

Жеткенше кең қолтыққа үлкен алқап.
Жеті өзен түгелімен Сырға құйып,
Аяғы—Өлі дария, басы—Талтақ.
Орта жүзді кәуір шапқанда Естанайдың Келімбет еліне

(түрікменге) жіберген хабары

—Ей, Келімбет, Келімбет,

Келіп тұрмын елім деп.
Қан майданда туыс ек,
Қалмақ кетті телімдеп.
Қырылған ел, аққан қан,

Ойламаңдар тегін деп.
Соғысамыз қайтадан
Демалып аз ерулеп.
Қапыда тиді бас салып,

Халық қалды жасқанып.
Қалмақты арттан қуамыз,
Кең өткелден ат салып.
Батырлар кетті ізімен,

Бөлек-бөлек жүреміз.
Келіп жүрмін хабарға,
Батырдың айтқан сөзімен.
∗ Өзбек батыры.

Майқы (қазақ)  туралы  шежіре
Жетіөзеннен тосамыз,
Аттаныңдар тезінен.
Кек алмай аттан түспейміз,

Биылғы жаз-күзімен.
Қобыланды* айқасар
Шынайы қара баспаса,
Қалмақтың берер сазайын,

Іс оңына бастаса.
Кезігіп қонақ қырынан,
Кең өткелден ат салса,
Жермен жексен қылмай ма,

Алты Алаш түгел қаптаса?!
Қолқа** тисе қосылып,
Қалмақтың қаны жосылып,
Тұс-тұсына қашады,

Шілдей болып шошынып.
Осының көмектескен бәрі жасақ,
Қан төгіп, тер ағызған бірге жасап.
Барлығы қазақ болып кетті дейді,

Майқы би ту көтеріп, бәрін бастап.
Қосылып, араласып кетсе керек,
Өзінің елі менен жерін тастап.
Басқа елге қазақ өстіп қосылыпты,

Болса егер елі күшті, қосы мықты.
Қалатын жаудан қорғап салты емес пе,
Егерде болса әркімнің досы мықты.
Жасасып бір-біріне тұрмыстанып,

Елге айналып кетіпті отырықты.
∗ Елберместің Қобыландысы айтылып отыр.
∗∗ Қолқа—батырдың аты.

шежірелік  жыр-аңыздар
Ғасырдың сегізінші ішіндегі
Үңіліп ой бөлмеген түсінбейді.
«Қазақ» деп кімге қойған лақап ат деп,

Әрбіреу әрбір түрлі пішіндейді.
Десе егер қазақ бұрын басқа дінде,
Жүрегі кейбіреудің дүрсілдейді.
Бір кезде тұтынғанын шаман діні,

Тарихты кім түзетер болса міні.
Кезінде жоғарғы айтқан Махмұттың
Тарады дейді халық ислам діні.
Оқытты иманшартты, әптиекті,

Ықыласпен халық қойды шын ниетті.
Атамай Смағұлдың нағыз атын
Пір тұтты, құрмет етіп қасиетті.
Салт жүру шариғатқа қилаптық деп,

Қазақтан бір қыз алып некаһ етті.
Дейтұғын Нығметулла бір ұл туып,
Нәсілі қожа болып бізге жетті.
Қазаққа мәдениет, білім берген,

Үйренбеу—өзі намыс білімді елден.
«Рисалада» осылай жазылыпты,
Біз жоқпыз осылардың бірін көрген.
Ишанның ел риза данасына,

Халықтың ғылым құйған санасына.
Қасына еріп келген қожаларды
Үш жүздің бөлген екен арасына.
Әр жерден мешіт салып, медресе ашып,

Оқытып сабақ берді баласына.
Түріктен дейді өзгеше қазақ тілі,
Сөзімнің түзетіңдер, болса міні.

Майқы (қазақ)  туралы  шежіре
Түріктен кітап әкеп, дәріс берген,
Кітап тілі деседі ел қазір мұны.
Ақиқатқа жұртшылық мойындайды,

Мұнан гөрі дәлірек болса шыны.
Салыстырып жігіттер, көріңіздер,
Ол күндегі жазудың мынау түрі.
«Изатлу уа құрматлу йазамын хат

Ишлауга біз интызар сізге құрмат.
Йолдаған жанабыңа үшбу хатым,
Айтамыз жан-тән билән сізге құрмат».
Жазылды бергінге шейін осы тектес,

Көргенді, ұққанды айтсақ ешкім сөкпес.
Үйретті өз білгенін халайыққа,
Болған соң берекемен бір ниеттес.
Дін жөнін көбінесе қарастырып,

Шариғатпен түрлі істі жарастырып,
Бағдаттан оқыпты арабшаны,
Төле менен Естанай талап қылып.
Жоғарғы айтқанымды қайта айтпаймын,

Тыңдаушымды алармын адастырып.
Надан ел артта қалды, шаруа қуып,
Ғылымды көргені осы өзі туып.
Көшпенді, бытыраңқы, оқытушы аз,

Бірде қызу оқылса, бірде суыт.
Оқып жеткен адам аз болғандықтан,
Озған елге келе алсын қайтып жуық.
Тыныштық, алаңсыздық тапшы болып,

Бір күн малын кетеді қалмақ қуып.
13-84

шежірелік  жыр-аңыздар
Сөйтіп жүріп өнерден мақұрым қапты,
Қолы менен аяғын қабат буып.
Бір жағынан соқтықса орыс келіп,

Одан барып шығады соғыс келіп.
Бөрі келіп, үріккен қойдай болып,
Одан зорға құтылар қоныс беріп.
Азияның көп жерін ол да жалмап,

Зорлық пенен зомбылық көп істеліп.
Дін таралып, сондықтан орнықпаған,
Ғылым білмей, өнерсіз қалдық надан.
Мәдениет алыста, оқу қиын,

Көбінесе, оқымай қол қысқа адам.
Кей жерде нақ орнығып кете алмапты,
Жағаласып сонымен келеді шаман.
Шаман діні сыйынып от пен күнге,

Онша парқы белгісіз мұңғылшадан.
Кете алмай ислам діні кең таралып,
Алшақ боп бытыраңқы елде аралық.
Кей жерде шаман діні сақталыпты,

Сезіліп ислам діні бір жаңалық.
Ол кезде бытыраңқы, халық тарқақ,
Жайласқан Азияға түгел тарқап.
Батысы Капказ, Орал, Алатауда

Кетіпті тым бытырап, арасы алшақ.
Арғынның дәл мекені—әзіргі Алтай,
Тарихта дейді тура, емес жаңсақ.
Айтылар мұның жөні «Үш сапарда»*,

Бұл істі деп отырмыз кейін жазсақ.
∗ Шариғаттың тағы бір бөлімін айтады.

Майқы (қазақ)  туралы  шежіре
Тарихта Қарпық ханды ел біледі,
Найманда Байтоқа хан ел биледі.
Байтоқа хан, Тоқты би, Қарпық, Алтай

Десе де ел осыларды тең біледі.
Мекені Қарпық ханның қазіргі Алтай,
Өтесің көлденеңнен әзер жарты ай.
Баласы Алтай атты өте ер боп,

Айбатты болған екен өзіне сай.
Шығысын Азияның жаудан қорғап,
Жайылып дүниеге шыққан даңқы-ай.
Бір шеті Моңғолия болса керек,

Бойына қара Ертістің салыпты жай.
Өңірін Тянь-Шаньнің Қарпық билеп,
Мекендеп Жетісуды Төлегетай.
Бір шеті Есіл, Нұра болса керек,

Қарапты Байтоқаға Тарбағатай.
Тұсында Шыңғыс ханның қаза болған,
Басында Қаракітат жатыр Нартай*.
Кейінгі ұрпағына мұра қылып,

Мекеніне қоятын елдің салты-ай.
Бұл жерлер мекені екен Орта жүздің
Кітаптан көргенімді хатқа тіздім.
Кіші жүз—Азияның орталығы,

Мекені батыс жақта Ұлы жүздің.
Ғасырдың он да, он бір кезіндегі,
Тарихымыз осылай ұққан біздің.
Шыңғыстың басталғанда зобалаңы,

Қырғында қалай халық оңалады?
∗ Нартай—Байтоқа ханның немересі екен.

шежірелік  жыр-аңыздар
Неше жыл қанды қырғын соғыс болып,
Барлығы бұл хандықтың жоғалады.
Зор күшпен алдап-арбап Шыңғыс жеңіп,

Қазақтың сөйтіп шыққан тозалаңы.
Кешіріп екінші рет зор зобалаң,
Кейіндеп қазақ қайта оңалады.
Жалғасты Шыңғыс жайы сөз болады,

Бақ қайтса, алтын азып жез болады.
Кәуірдің лаңынан оңалғанда,
Тағы да бақытсыздық кез болады.
Құралса тау болады, көл болады,

Тамшылап көктен жауып сел болады.
Қырғыннан екінші рет тұқым қалып,
Тағы да басын құрап ел болады.
Елге бақ орнарында бірлік болып,

Науқасқа шипа болар ем қонады.

Алаш ұраны туралы
Ел заңы сөзді ұқпаса таласатын,
Емес қой түсінбесе жарасатын.
Анықтап, әл келгенше ұқтырған жөн,

Шындыққа болсын сөзің жанасатын.
Басқамен тең тұрғызып өлшемесе,
Өзінің кім мойындар аласасын.
Кетейін ұққанымды түсіндіріп,

Қалай шықты дейді жұрт «Алаш» атын.
«Алаш» деген атау—қалмақ тілі,
Қатасын түзетсін жұрт, болса міні.

Майқы (қазақ)  туралы  шежіре
Көбіңе оқиға ғой түсінікті
Амурдан қазақ қашып шыққандығы.
Шығуы бұл лақаптың емес тегін,

Айтпаса, түсінбейсің мұны көбің.
Өшігіп қалған жер, су, мал, мүлкіне,
Қалмақ та қайта шауып алған кегін.
Соқтығып жан аямай, өшіккен соң,

Ұшырып зәре-құтын батқан тебін.
Өшіккен арадағы таласы көп,
Немесе жапқан нақақ жаласы көп.
Бұрын дос ел қан төгіп, жауласқанша,

Айтыпты қалмақ жағы «Алашы» деп.
Арада жанжал шықса, туады дау,
Дейсіңдер бұл халықтан қайсы жақ сау.
Қалмақ сөзін қазақшаға аударғанда,

Дегендік бұл «жан алғыш, жат бауыр жау».
Еліне осы лақап түгел тарап,
Бұрын досты өзінше жауға санап,
Ақыры бізді осылай атады деп,

«Алаштап» қалмаққа шапқан қазақ.
Ел жауласты арада талас болып,
Дау бітпейді, шешілмей халас болып.
Осы сөзді ұран қып шапқандықтан,

Шығады екен көп дауыс «Алаш» болып.
Елінің Майқы бабаң қормалы екен,
Кемеңгер, ақыл тапқыш, қорғаны екен.
Халықтың дағдысына айналған соң,

Қазаққа «Алаш» ұран болған екен.

шежірелік  жыр-аңыздар
Көпшілік бұл ұранды жат алыпты,
Білгендер түзетіңдер қаталықты.
Үш арыстың әйгілі алты руы,

«Алты алаш» деп сондықтан аталыпты.
Қосылған одақтасып баста халық,
Барлығы бұл ұранды қатар ұқты.
Барлығы қарсыласып, жауға аттанып,

Алдымен бұл ұранды жасақ ұқты.
Кейінгілер адамның аты десіп,
«Алты алаш» деп атайды алты арысты.
Қазақ жоқ ұран шықса, қызбайтұғын,

Қатуланып, ажарын бұзбайтұғын.
Жау көргенде халықты жұмылдырып,
Сабыр-тағат естісе, қалмайтұғын.
Ер жігіт ұран шықса, алағызып,

Қайрат кернеп, жігерін шыңдайтұғын.
Ұран шықса, орнынан бір қозғалар,
Не майталман дейтіндер желмейтұғын.
Біледі «Алаш» десе талай халық,

Осыған қанша ғасыр, өтті тарих.
Кейбіреу «Алаш» деген адам дейді,
Бұл туралы ұғымда көп қой парық.
Жалғасып кейінгіге келе жатыр

Тәбәрік, бұрынғыдан мұра қалып.
Дейді екен бұрынғылар жалғаны жоқ,
Жалғыз-ақ Хақ кітабы—«Кәлам Шәріп».
Кейіннен «Алаш» ұранын өзгертіпті,

Түсінеді айтпасақ та мұны халық.

Ұққанша баяндайық қазақ тегін,
Естідің, оқығандар, мұны көбің.

Майқы (қазақ)  туралы  шежіре
Барлығы көрген емес, естіген сөз,
Айтады көп елестің бір дерегін.
Шындығы—«қазақ» деген лақап есім,

Бұлай деп өте қиын айту кесім.
Лағып сахарада жүргенінде,
Бастаған атам Майқы қазақ көшін.
Ойласын тарих зерттеп жүрген жастар,

Шыңғыстың аз қосалық әңгімесін.
Айтамын өз ойыма келген істі,
Мейлі өл, мейлі мұны қате дерсің.
Шыңғыстың бұрынғы аты Түйеші еді,

Темүшин деген сөздің жүйесі еді.
«Шыңғыс» деп халық сайлап берген атақ,
Ат болды ханға лайық төбеселі.
Тарихты талғампаздар талай сынап,

Десті жұрт шындыққа бұл үйлеседі.
Ішінде ол күнгінің болмаса да
Тарихқа пактпенен тілдеседі.
Темүшинді хан үстіне хан сайлады,

Бас қосып Азияның жалпы аймағы.
Арғыннан—Қаракесек, Майқы ішінде
Үйсіннің қатынасқан Ақбармағы.
Найманнан Қаракерей батыр барып,

Хан сайлап, мерекені жұрт тойлады.
Мұқалы қатынасқан Жалайырдан
Тарихты әркім керек жақсы ойлауы.
Темүшин бұл жиында болған Шыңғыс,

Хан екен әрі батыр, әрі білгіш.

шежірелік  жыр-аңыздар
Көп халық бағынған соң басын иді,
Басқа тек, нәсілінде болса да ілкіш.
Он төртінші ғасырдың басындағы,

Әйгілі іс тарих көрген ғасырдағы.
Пакт бар жоғарғыдай келе жатқан,
Еш адам болмағанмен қасындағы.
Тарихтан азын-аулақ хабар алып,

Халықтан естігенім жасымдағы.
Маусымбай менің атым Сабанұлы
Шелегін сүт сұраған жасырмайды.
Сөз білетін егер де болса азамат

Аққа әкеліп қараны жапсырмайды.
Бізде бар көп оқыған төресымақ,
Көтерсең қарсы пікір, жақтырмайды.
Қазақ кім қазақ бол деп сайлаған кім,

Осыны ой жүгіртіп ойлаған кім?
Біресе құс, біресе затқа теңеп,
Ауыртып босқа аузын ойнаған кім?
Қай жерде, кімдер екен қатынасқан,

Пактті сөзі болса ойлы адамның.
Пактке жүгінгенмен қосыламын,
Барлығын ортаға сал, ойда бардың.
Мен бүгін осы арада шеш демеймін,

Білгішсіп жалған айтып, бөс демеймін.
Орынсыз оқығансып, айтсаң жоқты,
Өз басым, міне, осыған өкпелеймін.

Мейлі ғой, өкпелесем, бір адаммын,
Көп жерден мен де өзімше сұрағанмын.

Майқы (қазақ)  туралы  шежіре
Қазақтың тегі «алапес» дейді біреу,
Шыдайды, жұртшылығым, мынаған кім!?
Орынсыз дәлелі жоқ қиялға еріп,

Осыны оқығансып өнер көріп,
Жартастың жаңғырығы секілдінің,
Бықсытып тізе берген бәрін теріп.
Жазыпты Құрманғали көп шежіре,

Оқыған шығарсыңдар бәрін көріп.
Бір іске талғау-талдау керек шығар,
Сын айтса келмесіне әркім де ерек.
Біресе оны, біресе мынаны айтып,

Шыдайды орынсызға дәтің қайтіп.
Ұрпақтар ұнағанын өзі таңдар,
Ұзартып, отырмаймын көп молайтып.

Әуелі бастан айтайын,
Атамыз Әнес Жабал-ды.
Құлақ салып тыңдасаң,
Шежіре сонау хабардан.

Ноғай менен Естектің
Орыс дейді туған шешесі.
Мұсылман алса орыстан,
Болмақшы дұрыс некесі.

Кейбіреудің қызады,
Білмегеннен шекесі.
Әуелі Адам атадан
Бәрінің түпкі жетесі.

Атаңыз Жабал ертеде
Сахараға көшіпті,
Берер деп Алла несіпті.
Зайран менен Мехрай,

Екеуі еншілесіпті.
Бұлардан туған Сейіл-ді,
Пайғамбардай пейілді.
Сейілден туған кім десең,

Білдірейін, білмесең
Ақшолпан менен Қурай-ды.
Атамыз Әнес сахабадан
бергі шежіре

атамыз  әнес  сахабадан  бергі  шежіре
Қурайдыдан—Аламан
Міне, сегіз орыс Сейілхан,
Аламаннан туып тараған.

Осылай деп айтады,
Ескі қадым данадан.
Ақшолпаннан—Жайылхан,
Қазақ пенен Түрікмен-ді

Осы жерде айырған.
Өтірік деп айта алмас,
Сәнасын жылдың қайырған.
Жайылханнан Майқы еді,

Тұсында бұ да қайғы еді.
Елші болған Шыңғысқа
Бір көрнекші шайқы еді.
Майқыдан туған Өзбек-ті

Өз алдына бөлініп,
Шаруаға жағдай көздепті.
Өзбектің қатын-баласы
«Көше алмаймыз біз,—депті,—

Егін егіп, үй салып,
Отырамыз бір жерде,
Көше берің сіз»,—депті.
Қазақтан бері сөйлесем,

Қырғыз менен Алау-ды.
Айта берем айырып,
Бөлінген шақта тарауды.
Алаудан Алаш, Майқы би,

Естімеген ел бар ма,
Бұлардың атақ-даңқын-ай,
Майқы биден дүр еді.

шежірелік  жыр-аңыздар
Алаштың алты баласы,
Сөзімнің болмас шалысы.
Қатар өскен көшпей,

Бақытты болған ел еді.
Аты әйгілі алты Алаш
Үш сәнадан дүр еді.
Үш шешеден туған соң,

Үш жүз үйге толған соң,
Үш жүз болып атанған.
Үйсін, Найман—Ұлы жүз,
Арғын, Қыпшақ—Орта жүз,

Алшын, Кешім—Кіші жүз.
Кем болмаған қатардан,
Өзбек, ноғай, татардан.
Еділ, Жайық—ағын су,

Ноғайлы жері—қалың ну.
Қоныс еткен саланы,
Біздің қазақ білмеген,
Көпке дейін қаланы

Қатар-қатар үй тігіп,
Малменен болған талабы.
Арасынан хан сайлап,
Алжасқандар әуелі

Татуласып тарады.
Байлар да өткен қайырлы—
Тақырларға панадай,
Жетімдерге анадай.

Садақа берген сатусыз
Аз-көбіне қарамай.
Ерлерім болды қосарған,
Жауды көрсе жасанған.

атамыз  әнес  сахабадан  бергі  шежіре
Талай бұзған қаланы-ай,
Қасиетті пірлерім.
Жәрдем берген сасқанға

Жат-жуыққа қарамай.
Өтпеген кімдер елімнен,
Біразырақ сөйлейік,
Кіші жүз болған жерімнен.

Алшын, Кеншім екеуі
Кіші жүзге бөлінген,
Алшынға бақыт орнаған.
Інісі Кеншім ер екен

Елін жаудан қорғаған.
Өзі батыр болса да,
Кеншімде перзент болмаған.
Қалмаққа қазақ аттанып,

Баулы ханын шапқанда,
Жеті бала келген, ол қалған.
Оң болған соң санарым,
Жетімді жинап бағады.

Кеншім батыр өлгенде,
Иесіз дәулет қалады.
Ағасы Алшын тапсырды,
«Сендер ие болың,—деп,—

Қалмақтан келген балдарға».
Садақа беріп, қол жайып,
Дұға оқытты шалдарға.
Жетіру боп жетеуі,

Кете берді балдар да.
Алшыннан туған кім десең:
Ақарыс пен Бекарыс,

шежірелік  жыр-аңыздар
Кенжесі екен Жанарыс.
Ақарыстан Әлім-ді,
Бұ да алтыға бөлінді.

Бекарыстан Байқожа
Танысаң ата-тегіңді.
Жанарыстың баласы
Қыдырқожа бай еді,

Отырған жері жай еді,
Төрт түлігі сай еді.
Сөз тыңдаған, әлеумет,
Осы сөзім дұрыс-ты.

Әлімбай мен Қыдырбай,
Отырған жайдың бірінде.
Байқожа көшпей қалады,
Айтылған сөзге паналы.

Тыңдаушыға сабырлы,
Түсіндірем сананы.
Естігенім менің де,
Жаным сүймейді жаланы.

Бір соғыста қырылды
Байқожа байдың адамы.
Өлтірмей, тастап кетіпті,
Бір жасында сол күнде

Темір деген баланы.
Өздері буаз екі әйел
Жүре алмай жұртта қалады.
Аң аулап кеткен далаға,

Елтай қайтып келеді,
Ауылдан болмай хабары.
Келіп жұртын қарады,

атамыз  әнес  сахабадан  бергі  шежіре
Қараса көрді баланы.
Көтеріп алып баланы
«Кім бар?» деп айқай салады.

Екіқабат екі әйел
Тағы тауып алады.
Осыларды көрген соң,
Елтай батыр жылады.

«Қайырын бер» деп сұрады,
Алланың салған ісіне.
Тәуекел етіп шығады,
Өліп жатқан адамды

Аралап өзі көреді,
Амалы бар ма, көнеді.
«Бұйрығы,—деп,—Алланың»
Бәрін де жайлап көмеді.

«Енді отырып болмас» деп,
Көп кідірмей жөнеді.
Темірді жаяу арқалап,
Өлмеске жағдай қарады.

Екі буаз жеңгесі
Зорға еріп барады.
Жаяулыққа жарамай,
Жеңгелері қалады.

Әрбір жерге кідіріп,
Тосып-тосып алады.
Бірнеше күн жүрсе де,
Ел қарасын көрмеді,

Таңдайы кеуіп шөлдеді.
Жеңгелері ал сонда
«Шаршадық» деп жүрмеді,

шежірелік  жыр-аңыздар
Не қыларын Елтай білмеді.
Жеткізер деп бір Алла,
Уайым-қайғы жемеді.

Садақпенен оқ атып,
Азық тауып береді.
Жататұғын паналап,
Кеуек тауып береді.

Бір бұлақтың басына,
Азығын қойып қасына,
Үш жетімді қалдырып,
Ел іздеп Елтай кетеді.

Бірнеше күн өткен соң,
Бір қараға жетеді.
Ол қарайған жау екен,
Жанамалап өтеді.

Көзімен көрген соң,
Жау екенін білген соң,
Елтай қашты Аллалап,
Жасырынып, долданып.

Өлдім-талдым дегенде
Бір ауылға келеді.
Есі кетіп сандалып,
Үйге келіп кіреді.

«Сусын бер» деп тіледі,
Бәйбіше сусын береді,
Бәлен-түген демеді.
Жарық көріп назарын,

Жақтырмады ажарын.
Сұрамай-ақ хабарын,
Жатқызды, беріп тамағын.

атамыз  әнес  сахабадан  бергі  шежіре
«Шынымен шаршап келіпсің,
Деміңді ал,—деп,—қарағым».
Атағанын беріп қолынан,

Алмады хабар жолынан.
Аттанған қалмақ көрінді,
Баланың қуған соңынан.
Жауды көзі көрген соң,

Жау екенін білген соң,
Ауылдың қашты адамы,
Шұбатып қатын-баланы.
Хабарсыз жатқан сол жерде,

«Жау келді» деп Елтайға
Жанбибі айқай салады.
Ұйқыдағы Елтайдың
Құлағы естіп шалады.

«Оятам,—деп,—баланы»
Әрлі-берлі жүгірді,
Жанбибі сынды бәйбіше
Бұл да ортада қалады.

Атаңа нәлет қалмақтар
Алаулап айқай салады,
Ауылды қамап алады.
Қашып шықты далаға,

Ауылдың қалмай адамы.
Құтылмасын білген соң,
Елтай жауға жүреді,
Алладан медет тіледі.

Садағын кезеп кереді,
Қалмақтың Қайлы батыры
Оқ жетер жерге келеді.
14-84

шежірелік  жыр-аңыздар
Елтай сайлап оқ атты,
Оғын қардай боратты.
Ту көтерген батырын

Ат көтіне құлатты.
Оң келгенін сұлатты,
Сол келгенін сол атты.
Қайлы сынды батырдың

Аударып атын мінеді,
Ақ сауытын киеді.
Ақ семсерін қолға алып,
Жын қаққандай долданып,

Жау шетіне тиеді,
Жад етіп Жаббар сыйынып.
Олжа іздеген қалмақтың
Үйіліп қалды сүйегі.

Ауылды жауға бермеді,
Ауырлау болып балаға
Ақ сауыты кернеді.
Ұзақ күнде дем алмай,

Маңдай шып-шып терледі.
Өлгендерін жинауға
Айналып қалмақ келмеді.
Риза болып Елтайға,

Бәйбіше Жанбибі сол жерде
Жалғыз қызы Анайды
«Бердім саған» деп еді.
Қалмақтар қайтып кеткен соң,

Қанды соғыс өткен соң,
Ауыл аман қалды деп,
Байға хабар береді.

атамыз  әнес  сахабадан  бергі  шежіре
«Сүйінші бер» деп тіледі,
Бай атамыз күледі.
Сұрағаныңды ал дегенде,

Жанбибідейін шешенің
Жарыла жазды жүрегі.
Бәйбіше сонда сөйледі:

—Жалғыз қызың Анайыңды,

Сүйіншіме бер,—деді.
Жау қайырған балаға
Анайымды берейін,
Ризалық етсең сен,—деді.

Байекең сонда сөйледі:

—Қай бағыттан келді, деп,

Қайдан жүрген ер-ді, деп,
Өзіме болса тең, деді,
Берем десең бер,—деді.
Бәйбіше айтты байына:

—Менен несін сұрайсың,

Атасын айтсам, жылайсың.
Жыламай неғып шыдайсың,
Өзіңнің туған бауырың.
Қалмақтар қырып, жоқ қылған

Қайнағаның ауылын.
Екі бала, екі әйел,
Төртеуі тірі қалыпты.
Бұл сөзді естіп Қыдырбай

Көзінің жасын ағытты.
Тумасын жоқтап қамықты,
Сол күні сұлап жатады,
Салдырып төсек мамықты.

шежірелік  жыр-аңыздар
Бай, бәйбіше екеуі
Ақылдасып жатады.
Берейін деп Елтайға

Анайыдай сұлуын.
Мақұлдасып жатады,
Ертеменен тұрады,
Баладан хабар сұрады.

Даладағы үшеуін
Ат жіберіп алдыртты,
Ап қасына шақыртты.
Дәулет бітіп сәнденді,

Байқожаның балдары
Қайтадан тағы әлденді.
Кем-кетігі толысты,
Берген соң Алла жәрдемді.

Жетім қалған Темірді,
Жаудан аман қалған соң
Есентемір атады.
Өз алдына ел болып,

Соңынан шықты атағы,
Сөзімнің жоқ шатағы.
Байқожаның балдары
Бөрі менен таз болар,

Осыларды білмейтін
Ақсақалдар аз болар,
Естай ұлы Адайдың
Тумағаны бөтеннен.

Білетінге жағайын,
Адайдан шыққан бәрі де
Иса мен Досан, Шабаның
Тілділердің тілдісі,

атамыз  әнес  сахабадан  бергі  шежіре
Сәттіғұл ақын, Бабайың.
Адай мен Таздың екеуін
Емшектес деп атайды.

Әуелі одан туған соң
Ауыздандырып емізген
Таздың туған анасы-ай.
Есентемір, Беріш, Адай, Таз

Байқожаның немере
Барлығы да баласы-ай.
Осылай деп жазсыншы,
Шежіренің сынасы-ай.

Қыздан туған Адай деп,
Өп-өтірік қаңқу сөз
Дұшпанның жапқан жаласы-ай!
Осы айтқанның бәрі рас,

Алтындай сөздің сарысы-ай.
Адай Адай болғалы
Төрт жүз сексен жыл өтті,
Бұл қадимнің сәнасы-ай.

Жас күнінде Адайды
Өсірген бағып Қыдырбай,
Өзінің туған ұлындай.
Байдың ұлы үш сыйлық,

Айтылып жүрген бұрынғы-ай.
Тағы да айтып өтейін,
Шеркеш менен Ысқақты,
Шеттерінен пысық-ты,

Алшы, Несынас туыпты,
Кіші әйелі Тотайым.
Ата санап бөлінген,
Айтайын Алшын елінен,

шежірелік  жыр-аңыздар
Таңбалаған жеріңнен.
Тана менен Табынды,
Керейт пенен Кердері,

Рамадан мен Тілеуді,
Жасыбайлы біреуі,
Аспанның жоқ тіреуі
Алшынға бұ да қарапты,

Әлімқожа ағасы,
Алшын болады баласы.
Осылай деп жазыпты
Шежіренің санасы.

Бисмилла деп қолыма
Алдым қағаз, қаламды.
Жаратушы бір Құдай,
Он сегіз мың ғаламмен

Толықтырған әлемді.
Адам ата, Хауа ана
Дүнияға бір келді.
Содан бастап адамзат

Өніп-өсіп бірде-бір,
Толысып дүние кенелді.
Шешендер өтті шеңберлі,
Шу дегеннен жөнелді.

Батырлар өтті айбарлы,
Киген сауыт берен-ді.
Намыс ұшып, ар ұшып,
Құбылып неше түрленді.

Бармағынан бал тамған
Өмірден өтті өнерлі.
Сәйкілер өтті ...*,
Белшеден басып өмірді.

Шежіре
∗ Қолжазбада сөз түсіп қалған.

шежірелік  жыр-аңыздар
Сұлулар өтті сылаңдап,
Көгерер көрсең көңілді.
Ер азамат ел үшін

Пұшпақтап тері төгілді.
Мерзімді шағы біткесін,
Өтпеген кімдер бұл жолдан.
Ақ семсерлер кетілді,

Дүние деген шеңберлі.
Адам өскен жауқазын,
Ұрпақтан өсіп жетілді.
Кешірімді жақсы адам,

Аузында болар Алласы.
Бір Алладан кешірім,
Көңілінде болар тәубасы.
Тарықпайды інісі—

Ақылды болса ағасы.
Азаматқа аз болмас,
Дос-дұшпанның табасы.
Көрінбейді көз салсаң,

Ішінде адам аласы.
Бірдей болып бітпеген
Ақыл, ой мен санасы.
Неше ғасыр өтпеген,

Дүнияға шыққалы
Адамзаттың баласы.
Шежірелеп сөйлеген,
Ұзақта жатыр сағасы.

Шежіремен қандырған,
Осыларды баяндап,

шежіре
Жақсылардың мұрасы.
Сексен жылдан көбірек,
Қарасөз болып жазылып,

Баспаға түскен шамасы.
Өлең қатып отырмын,
Мен—Нұржаубайдың баласы.
Атамызды білгеннен

Жоқ шығар деп ойлаймын,
Бізге тиер күнәсі.
Отыз үш мың сахаба,
Құрылды он екі имамат.

Мал-түліктен хабарсыз
Өмірі өтті жалғаннан.
Жетім қалды Әнес сахаба,
Атасы Мәлік дүнияда

Ертерек опат болғаннан.
Сахабаның абзалы—
Әнес еді асыл жұрағат.
Пайғамбарым Мұхаммет,

Мұхамметке біз үмбет.
Нұр жауар деді талаптан,
Қасымда менің болсын деп,
Әнесті жақсы ұнатқан.

Әнес тоғыз жасында
Пайғамбардың қасында,
Көңілінде кіршік жоқ,
Істеді қызмет асылға.

Күз аяғы, қыстың басында,
Күн қарайып, кеш болып,

шежірелік  жыр-аңыздар
Бұйрық болды сол жерге.
Жаққан оты тұтанбай,
Айырылады түрін пысқырма,

Ол кезде Әнес толыққан,
Бала жігіт басылма.
Күн ызғарын, борасын,
Жылы су жоқ, тамақ жоқ,

Бүркеніп жатты қасында.
«Дәрет су қиын болар, деп,
Атама үлкен обал», деп,
Бір құман суды мұз қатқан

Алды Әнес қысымға.
Балауса жастық күнімен,
Таң намазы болғанша,
Айналды құман ысуға.

Пайғамбар осы нұрлы адам
Мұз болса да мұңайман.
Таң намазы уақытында
Пайғамбары тұрды орнынан.

«Су әкел» деп дәретке
Сұрады Әнес баладан.
Сол кезде Әнес «құлдық» деп,
Ұшып тұрып орнынан.

Бір құман суды «ата» деп,
Суырып берді қойнынан.
Қолын жуып қараса,
Ып-ыссы суы, жылыған.

Пайғамбар сонда ырза боп,

—Жылы суды, шырағым,

Алдың,—деп,—қайдан сұраған.

шежіре

—Атама болар обал, деп,

Мұздай су қиын болар, деп,
Мұзыменен құманды
Тығып едім қолтыққа,
Қойнымда жылып тұрар,—деп.

Риза боп сонда балаға,
Жалынып Алла Тағалаға:

—Қолыңды көтер, балам,—деп,—

Аллаһумма Ахсама,
Луху уладуху Аллаһа,—
Қусырды қолын «Акбар», деп.
Атасының осылай,

Алды бала батасын.
Ішінде болса сөзімнің
Кешіргей Алла қатасын.
Үйленіп Әнес сахаба,

Атасынан айырды
Қожалықтың арасын.
Қатыныменен екеуі
Бір тістем нанға зар болды,

Аштыққа қалай шыдасын?!
Атасына келді сахаба,
Өлер аштан болғасын.
Атасы айтты: «Қатын ал,

Сонда балам тоярсың».
Тағы алды бір қатын,
Тәрік ете ме сахаба
Атаның сөзі болғасын.

Бұрынғыдан бетер болды,
Істі Құдай оңдасын.

шежірелік  жыр-аңыздар
Екі қатын жатады,
Болса да мезгіл тұратын.
Қатыны екеу болғанмен,

Көрмеді Әнес рахатын.
Атасына тағы да,
Реті келді баратын.
Алдына бала келгесін,

Атасы айтты: «Шырағым,
Тағы ал,—деді,—бір қатын.
Қапа болма, перзентім,
Ұзақ емес шаттық күн,

Сауық-сайран құратын».
Үшінші алған әйелі
Жаһаннан асқан сұлу болды,
Жақсы-жаманды ұғатын.

Екі әйелге: «Тұр,—деді,—
Мезгіл болды тұратын».

—Жоқ, әлі біздер тұрмаймыз,

Тамақ табу біздерге
Еркектің,—деді,—міндеті,
Сол болар бізге құрметі.
Еңкейіп біздер алмаймыз

Кесе шөпті жердегі.
Кеңес сұра дегендей,
Екі қатыннан соңғының
Артық еді шебері.

—Дұрыс емес бұларың,

Құдайдың жүзін көрмесін.
Әйел—мүрит кішісі,
Пір болар,—деді,—еркегі.

шежіре
Мақұлдасып бұл сөзді
Жіп иіріп, жүн тұтып,
Өрмекті құрып, кереді.

Үшеуінің күні-түні
Өрмек болды ермегі.
Берейін десе қазына,
Құдайдың аз ба бермегі.

Екеуі тоқып, біреуі
Базарға сатып, пұл қылып,
Үшеуі бірдей терледі.
Еңбек істеп ерінбей,

Тамағы тойды құнақтап.
Қайшылап қиып, инемен
Тікті киім құрақтан.
Киім—бүтін, тамақ—тоқ,

Бүрісіп жатқан қатындар
Жайтаңдады бұлғақтап.
Ақшасына ауысқан,
Базардан барып ешкі алып,

Сол жылы туды лақтап.
Бұны көрген сахаба
Саудырып, уызын пісіріп,
Әнес алып жүгірді

Беремін деп атама.
Алдында тұрса атасы,
Баласы дәмін тата ма?!
Дәмін татып уыздың

«Жаңалық» деп жарықтық
Батасын берді балаға.

шежірелік  жыр-аңыздар

—Ұзақ болсын жасыңыз,

Бала-шағаң көп болып,
Жайылып жерге қаптасын,
Төрт-түлікті малыңыз.
Аллаһу акбар,—деп болды да,—

Енді, балам, барыңыз.
Түсінгендер бұл сөзге,
Осыдан тәлім алыңыз.
Үлкен-кіші бәріңіз,

Жасы үлкен кәріңіз,
Атаның алып батасын,
Сау тұрғанда жаныңыз.
Мұңайтпасаң атаңды,

Көп болар несібе, малыңыз.
Несібе өрлеп кешікпей,
Аш болмай, тояр қарныңыз.
Келер күнге мұңайма,

Біздер деп бүгін жарлымыз,
Берейін десе Алла, кеш емес.
Еркекке әйел көмекші
Жалтақтама парықсыз.

Оқығандар кітаптан
Осылар шығар қалтықсыз.
Күнәміз болса, кешіргей,
Кімдерден біздер артықпыз.

Өніп-өсті Әнес сахаба,
Атасына аянбай,
Істеген қызмет қалтықсыз.
Киім—бүтін, тамақ—тоқ,

шежіре
Күннен күнге жанданды.
Төрт малы шұбырып,
Қалаға сыймай, малданды.

Сыймағансын араға,
Көшеміз деп сахараға,
Талаптанып, қамданды.
Бір жүз жеті баласы

Үш қатыннан өрбіген,
Есіткендер таңданды.
Екі жүз жасап сахаба
Бір басынан өткізген,

Екі ғасыр заманды.
Қолы жетіп созғанды,
Жеді тәтті тағамды.
Өмірдің жөні осындай,

Бірінде жығып, бірінде
Тікейтеді қосыңды-ай.
Алатын күні шырғалап,
Саудаға санар басыңды-ай.

«Ас қылсаңыз атаңа,
Алдыңа келер» деген бар,
Атаңды сыйла жасыңда-ай!
Бір күндері Әнестің

Толқыған көңілі басылды-ай.
Бір жүз алты баласы,
Опат болды ажалдан,
Не қылсын көңіл басылмай.

Молда кетті шұбырған,
Алланың қандай әмірі
Осылай болды ақыры.

шежірелік  жыр-аңыздар
Бір мезгілде тұру жоқ,
Алланың болса тағдыры.
Бір жүз алты баладан

Жалғыз қалды Жәбілі,
Айтатын шығар осылай,
Сөйлейтін кітап ілімі.
Өніп-өсіп келеміз

Мұсылманның баласы.
Жахан туды Жәбілден,
Бір-бірлеп өсіп келеді,
Алладан бұйрық, әмірмен.

Жаханның Соғал баласы
Өсіп-өніп кенелген.
Соғалдан туды Мұғалық,
Аспады бұйрық кемерден.

Мұғалық—Мұғаз баласы,
Не жақсылар өтпеген
Жайнаған жарық өмірден.
Тудырамыз Мұғаздан

Ақшолпан мен Құрайды.
Асатұғын жерім жоқ
Шыға алсам айтып көңілден.
Алжастырып алмаңдар,

Қара Ноғай Құрайдан.
Аламанның баласы
Алаш болып таралған.
Алаштан туды қос бала,

Өніп-өсті анадан.
Осылайша тарады,
Бала туып атадан.

шежіре
Айырқалпақ—бірінші,
Сөйлейін енді Мошқыдан.
Мошқыдан туды төрт бала:

Қырғыз, Себен, Жайылхан,
Төртіншісі—Сейілхан,
Қырғыз атам баласы
Алатауды жайлаған.

Алатаудың басында
Қысы-жазы қар жатқан.
Баурайында қала бар
Шамшырағы жайнаған,

Қонақты төрден сыйлаған.
Домалақ жүзді, қара көз,
Көргендей жүзі айнадан,
Тоқтағұл өтті шешен боп,

Бұлбұлдай тілі сайраған.
Құлақты салып көп тыңда,
Өткен ата-бабаңды
Айырайын бөлмелеп.

Жайылханнан қос бала:
Жиен, Өзбек болып аталған,
Іргей болған қашаннан.
Бірлік құрып ол баста,

Шаһарлы болып атанған.
Егін егіп, жер айдап,
Дәмін татты ертерек
Миуалы тәтті тағамнан.

Жиеннен туды Сарт дейміз,
Сарттан Өзбек қыз алды,
Осылайша сөйлейміз,
Шежіреге сенеміз.

15-84

шежірелік  жыр-аңыздар
Өзбекті дейміз өз ағам,
Отырықшы өзі алдан.
Ғасырлар бойы бір жерде

Көрмеген ешбір қозғалып.
Шешеннен өтті Науаны
Артында жазған сөз қылған,
Өшпесте мәңгі із қалған.

Алланың қалай берісі,
Тараған өсіп өрісі.
Біздерше бәрі түрікпен—
Сейілханның сегізі.

Әнші бала Теке деп,
Айырайын сегізін...

Бендеге тіршілік жақсы болса да арман,
Десең де дүние жақсы арты жалған.
Қазақтың Тәңір тауын, мың толғауын
Сағынып қан майданда едім жазған.

Екінші, мұнан бұрын сексен бес жыл,
Жазылған шықты қағаз жан қалтамнан.
Бұл қағаз Бұқарада ақындардың
Шежіресі қол қойылып, пәтуаланған.

Жазуы өрнектелген кесте-кесте,
Жыртылып көп жерлері жырымдалған.
Уақыттың түрлі-түрлі себебімен,
Болмаған оқып көріп, пайдаланған.

Қан кешкен қара тұман айқастарда,
Жанымда қалмай жауға бірге барған.
Сонымен бабалардың ат-есімі
Қан болсам қанға батқан, өртке жанған.

Қадірін қайран жастық білмей заттың,
Сарғайып, қағаз тозып, жырымдалған.
Іздесең керегімді алайын деп,
Еш нәрсе енді адам таппас мұнан.

Қазақ шежіресі

шежірелік  жыр-аңыздар
Сондықтан тағы біраз еңбек еттім,
Ізімен дұрыс қой деп жаңартылған.
Тағы да кестелесем, кім көреді,

Пайдалы болар дедім өлең қылған.
Бұл ойда жаралы кез, госпитальда,
Қырық үштің аяғында орындалған.
Халықтың қазынасы ғой—өткен өмір,

Қалайда зиян көрмес оқыған жан.
Тарыққан талабына жетері анық
Өнеге-өсиет ұққан ата-анадан.
Аттарын бабалардың құрастырдым,

Есітсе, есі барды қызықтырған.
Бәйгеге ат қосқандай қуанарсың,
Есітіп есімдерін шықса мыңнан.
Оқушым, көрік-көрнек іздемеңдер,

Ретпен тілге жеңіл жазылған.
Сондықтан түпнұсқасын өзгертпедім,
Қоспадым, небір шежіре болды тыңнан.
Кімнен-кім кейінгі ұрпақ қосылыпты,

Сұралып сол кездегі қариялардан.
Қалай да атам қазақ тегін емес,
Өсірген айналдым сол ұл-қызынан.
Қайсарын қайда салсаң, қайыспайды,

Жатса да алды үлесін жардан да арман.
Ер де сол, адам да сол абыройлы
Мұрасын ата-ананың жоғалтпаған.
Кімде-кім атыз-жабын оңдап алар,

Арнасын аршынмен тек жаңалаған.
Өскенбіз сол қазақтың бесігінде,
От жағып, алаулатып есігінде.

қазақ  шежіресі
Мал бағып, егін еккен перзентіміз,
Ешқандай қиянат жоқ кәсібінде.
Мінеки, сондықтан да сол қазақтың,

Құдірет бар секілді есімінде.
Мақсатым, сол есімді ардақтаймын,
Жатсам да тескен таудың тесігінде.
Ардақты өткен неше даналарым,

Алатау, Ақжол, Кейкі, Мөңке, Мілде.
Жиырма жыл Қазан, Уфа тағылым беріп,
Қосыбаев Шәді де алған жүлде.
Әлемге әйгілі боп аты шыққан,

Халқымның қазынасы Фараби де.
Итемген, Құлшықұлы Ақсары, Оташ
Көп екен оқыған жан бізден мүлде.
Тағы бар Мойнақов пен Дәулетбаев,

Бұлардың мың жыл шама еткеніне.
Қараңдар Былғария тауарихын,
Жүрсе де үлгі үйренген жаһан түзде.
Уа, дариға, бабаларым үстін өткен,

Іздепті білімді ол да көкжиектен.
Өмірден алған қандай даналығы,
Тілдескен малмен және жел мен шөппен.
Ерінбей тоғызқұмалақ ойнап жүріп,

Есептеп не боларын білген көктен.
Жүрсе де малын бағып, төбе санап,
Өр кеуде дұшпанына болған өктем.
Тепсінсе темір үзіп, тебіреніп,

Қайырсыз қас жауына нардай шөккен.

шежірелік  жыр-аңыздар
Бөліп жеп өзім десең күйік күлше,
Қадірлі қасиетін нұр ғып төккен.
Сөйлескен ер қанаты—ат пен құспен,

Сыншы ғой барлығын да сынап, пішкен.
Сақилық дастарқаны өз алдында,
Айтсайшы, даналығын әзілдескен.
Тағы бар шешендігі—нақыл ғажап,

Өзінің қаныменен туа біткен.
Қобыз бен домбыраны қайдан біліп,
Десеңші, күйді қалай тебіренткен?
Асыл сөз қайдан шыққан, қайным, жеңгем,

Еріксіз еміренткен, еркелеткен.
Аталық ақыл қандай ұрпағына
Делінген бүтін болсын жағаң мен жең.
Отқа жан, оққа байлан, әділдік ет,

Адамға деген осы лайық шен.
Үйреткен үлгі-өнеге, тағы мәрттік,
Ұлтынан, айналайын, халықпен тең.
Сыйлығым осы менің ұрпақтарға,

Атаның жолы өлмес, мен өлгенмен.
Даңқымен бабалардың аталса атым,
Келгенім болмайды ма сол бәйгеден.
Шуда жіп сабақталды жуалдызға,

Бастайын енді сөзді шежіреден.
Ізімнен жазып тұрмын, жоқ жаңалық
Жатыпты жүз жиырма жыл көрмей жарық.
Сол үшін Нұх адамның уақытынан,

Жазылған шежіреге көз салалық.

қазақ  шежіресі
«Нұх» деген жылауық мағынада,
Яшкур деген шын аты қойған қалып.
Лақап аты Нұх боп дүниеге

Таралған соң, сол ізбен біз де айталық.

Жер жүзін топан суы дейді басқан,
Теп-тегіс болыпты жер—мысалы аспан.
Көп адам қаза болып, халық бүлініп,
Тау мен жер, мақлұқаттар араласқан.

Тынарын не нәрсемен білмей мұның,
Талайлар ақылынан депті алжасқан.
Аршадан Нұх сонда кеме жасап,
Өткізген қиындықты неше бастан.

Сексен төрт адамы бар кемесінде,
Түр-түрін салған екен мақлұқаттан.
Сөйлеген жетпіс екі түрлі тілмен
Құралған әрқайсысы әр тараптан.

Кемесі су үстінде алты ай жүріп,
Айналған тарығуға судан, аштан.
Аспаннан жауған жауын ащы болып,
Әр тамшы кем болмаған диірмен тастан.

Нұхтың төрт баласы осы кезде
Жұмысқа төзген бәрі айнымастан.
Балалары Хам, Сам, Яфас, Қанған еді,
Осылардан өскен ұрпақ тұқым шашқан.

Кеме кеп Жүдді тауға тоқтағанда,
Қуанып іштегілер жабырласқан.
Кетіпті бірі оңға, бірі солға,
Қарай ма бір-біріне қарны ашқан.

Қалғаны сенемін деп өз бойына,
Осы айтқан топан суда қаза тапқан.

шежірелік  жыр-аңыздар
Самнан туып өсетін араб халқы,
Бірнеше аталықтар қанаттасқан.
Хамнан туған он сегіз бала екен,

Өмірі әрбірінің—үлкен дастан.
Абашы, зәңгі, орыс, үнді, неміс,
Білімнің қайда болса кілтін ашқан.
Яфастың, міне, біздер тұқымымыз,

Бірінен-бірі өсіп келе жатқан.
Бұхарада ақын Ораз және Қалжан,
Қол қойып пәтуаға мөрін басқан.
Анықтап кімнің қайдан шыққандығын

Әркімді тап-табымен ажыратқан.
Болыпты жазғанына жүз жиырма жыл,
Уақытын санап көрсек жазған хаттан.
Ішінде Кіші жүздің бұл кісілер,

Бас баққан жандар екен қиянаттан.
Ізінше ұлық атын жаздым мен де
Қазақтың балаларын нұр ғып шашқан.
Отаным, бауырым, халқым, туысқандар,

Майданда белді бірге буысқандар.
Жазуға осы жырды себеп неден,
Оқушым, айтайыншы, тыңдаңыздар.
Аман-сау қан майданнан оралып мен,

Қауышып отбасына сүйдім балдар.
Сонан соң күріш егіп жүре бердім,
Жан едім жасымнан-ақ еңбекқұмар.
Мың тоғыз жүз июньде алпыс бестің,

Мені іздеп журнал «Білім» жазған хабар.
Оянды жатқан көңіл жайсаңдағы
Тірі өлді, бар жоқ десе, қалай шығар.

қазақ  шежіресі
Көз жайнап, оқығанда көңіл сайрап,
Жан болдым тіріліп, тік мыңды жығар.
Өлгеннің есебінде әзір жоқпын,

Деуімді лайық көрдім «тірімін, бар».
Майданда шежіре жаздым он бір мың жол,
Оқыр деп, өліп кетсем, оны ұрпақтар.
Поэма жеті дана, жүздей өлең,

Он жеті аңыз сөзбен әм мақалдар.
Сарғайып сандығымда бұлар жатқан,
Менде ой болмай кеткен оған қарар.
Журналдың «Білім—Еңбек» шарапаты,

Ескер деп ескі арманды ойландырар.
Хабарды «Білім—Еңбек» етпегенде,
Ешқандай күш жоқ еді мені оятар.
Тон киген арапшадан ен қазына

Жоқ болып кетер ме еді тартып мұң-зар.
Кім кепіл қандай нәрсе білмеген соң,
Уқалап өртемеске ұмар-жұмар.
Сонымен жатпай-тұрмай еңбек еттім,

Ұрпаққа ұштассын деп әруақтар.
Үш мың жол шежіреден шағындап ем,
Әзірше болсын дедім қысқа ақпар.
Жібер деп академияға мазалады,

Құмартып бастан-аяқ оқығандар.
Ұрпақтан-ұрпақтарға қалатұғын,
Атақты, айтулы деп мұралар.
Мұнда тек, кімнен кімдер өсіп келеді,

Өшпесін деген мақсат, іс-жобалар.

шежірелік  жыр-аңыздар
Қырық бір аталарын кім санайды,
Қолға алып әрбір ұлтты, қараңыздар.
Болмаса, үш жүздің-ақ өзін алшы,

Жиырма төрт ата екен, санаңыздар.
Мінеки, ерекшелік—қазақта осы,
Бауырым, айналайын, қыз бен ұлдар.
Әркімге ата-баба алтын тұғыр

Қолыңмен кәсіп ұста, шошымаңдар.
Таба алмай, керек болып кезенгенде
Қармалап қарайғанға, ұмтылмаңдар.
Керегін реттердей ерікті ел,

Доғардым, өздеріңде енді ықтияр.
Аяғын жаз десеңдер, жаза берем,
Халқымның қазынасын мол қыруар.
Ал енді жазылған шежіремнен

Бастадым алға қара, оқырмандар.
Жыртылып тозған шежіре дана-дана,
Яфастан туатұғын көп қой бала.
Ішінде соның Малай, Түрік деген—

Ерекше туған жандар жеке дара.
Менің атам, мінеки, сонау Түрік,
Халықпыз бір қалыпты әдет-ғұрып.
Батыс пен күншығыстың арасында

Жер бар ма, шарламаған бабам жүріп.
Түріктен Қапти, онан—Назар батыр,
Назардан талай ұрпақ тіккен шатыр.
Ахуз, Махуз, Тумиян мен Кумияндар,

Тамаша таңырқарлық ел боп жатыр.

қазақ  шежіресі
Кейіннен пайда болған Сәк пен Сақтар
Айтылған бұл бір тілде дейді ақбар.
Біреу онан құралып, біреу мұнан,

Шығыпты басшысы бар талай топтар.
Ата болған біреулер шығып топтан,
Матау, бүксі, иші, сен, сәктан.
Лезгін, керіт, онна, қалия, тәбрәзи

Хабар ал моңғол, дәшті қыпшақтан.
Жазу жоқ келген ұрпақ жекеленіп,
Сол ізбен көпке дейін біз де өтелік.
Тоғыз жүз елу жылдың уақытында

Басқарған басқарушы елге егелік.
Ат қойып елді еткен қауым-қауым,
Таны деп досын досша, жау деп жауын.
Көп қауым аз қауымды талап алып,

Мақтанып ашқан кейін омырауын.
Тумияннан Қазаға мен Қазат дейік,
Қазағадан Жаһүрді ізденейік.
Жаһүрден Абылқас пен еді Күзай

Күзайдан Сонақ пенен Майыр дейік.
Майырдан туатұғын төрт бала бар,
Татар, Мауғал екеуі егіз шығар.
Атар менен баяғы Қырым батыр

Осыменен бұлар да түгел болар.
Атардан Естек пенен еді Башқұрт
Татардан Ноғай туып шықпаған ұрт.
Мауғалдан—Қурай, Торай екі бала,

Қырымнан туатұғын—Ноғайлы жұрт.

шежірелік  жыр-аңыздар
Торайдан Қалмақ туған тағы халық,
Қурайдан Серкеш, Үңгіш, Шешен анық.
Тағы да Қаратай мен Барқабет бар

Бұларды осы араға доғаралық.
Сонақтан Аталық пен Аналық бар,
Аталықтан: Ақшолпан, Еламандар.
Еламаннан туады Мақты жеке,

Мақтыдан—Сейілқан, онан—сегіз ұлдар.
Сарық, Салар, Ата мен Жәуміт, Теке,
Көклән, Шәулі, Мәді оған тете.
Қоныстас ел мен еркін араласып,

Сегіз арыс Түрікмен деп айтқан көке.
Ақшолпаннан—Алаш хан бала аты,
Онан туған Жайылхан ақиқаты.
Бірі екен заманында қайсарлардың

Таймаған басынан бір ықпал, пәті.
Жайылханнан Майқы би жадыраған,
Майқыдан төрт бала бар маңыраған.
Түмен, Мүйтен, Әләуке, еді Шашақ,

Өсіп-өнген осыдан қалың адам.
Дүниеге талайлар тіккен шатыр,
Мүйтеннен Айныс, Бұғы ел боп жатыр.
Түменнен туатұғын Шын мен Жаһан,

Жазуда айтулы депті батыр.
Жорыққа Жаһан батыр белін буды,
Бір әйел жортуылда, жолда туды.
Олжаны Шынға беріп, бала атын Сыбан қойған,

Сыбаннан—Тәжік, Өзбек аты шулы.

қазақ  шежіресі
Бұл жайлы айтылатын сөздері көп,
Жаһаннан Айырқалпақ еді келмек.
Ел, мекен қоныстанған ісі болмай,

Айырқалпақ жүріпті көшпелі ел боп.
Айырқалпақ атаңнан—Қазынақ, Қассақ,
Келмектен Қырғыз туып алған атақ.
Қырғыздан—Сары, Қара екі бала

Сарыдан—Сарбағыс, Салты екі құрсақ.
Қарадан Қақас, Қисық, Бақсиық бар,
Бұлардан өсіп өнген көп ұрпақтар.
Оларды таратуға мүмкіндік жоқ,

Жазуда анықталған нақ осылар.
Қассақтан Толағай мен еді Созақ,
Созақтан Сүйір туып, қонбаған бақ.
Толағай қара елтірі бөрік кисе,

Атанған екен сонан Қарақалпақ.
Ұраны Қарақалпақтың «Толағай-ды»,
Әр ғасыр өзгертеді әрбір жайды.
Айта алмай Қазынақты қалпыменен,

Қазақ деп кеткен айтып тілге жайлы.
Айтайын, Қазақ атам ақылы дана,
Болыпты әркімдерге қорған, пана.
Заманда жаугершілік жан аямай,

Кеңпейіл, кез келгенге болды ата-ана.
Жинаған Түрікмен, Шынның тұқымдарын,
Қырғыз бен Қарақалпақ, Созақ бәрін.
Бас қосып өзіменен алты рулы ел

Алаштан қабылдаған ұрандарын.

шежірелік  жыр-аңыздар
Ұран сол жауға кірсек «Алаштаймыз»,
Бір болып бөлінбейміз, адаспаймыз.
Болса да қатыгез жау қандай түрлі

Құртамыз, деді оларды аластаймыз.
Дейтұғын Алты Алаштың баласымыз,
Келе жатқан баяғы ертегі із.
Түрікмен, Шын тұқымы: Қырғыз, Созақ,

Кіреді Қарақалпақ, Қазақ үш жүз.
Атанған Алашхан боп Қазақ атам,
Басқарып көп халықты еткен отан.
Заманның өшіп, өсу салдарынан

Балалары кейде бұрын аталынған.
Атамыз Қазаққа енді оралайын,
Айтайын шежіредегі болған жайын.
Ұлғайып сақал, шашқа ақ кіргенде,

Екі ұлды берген екен бір Құдайым.
Балалар туды анамыз Ақбаршадан,
Бала үшін кісі еді көп шаршаған.
Өрісін ел жеткізді тәрбиелеп,

Ақкөңіл бопты әкесі айнымаған.
Табылды ата-ананың жоғы аңсаған,
Жиналды тойларына қаншама жан.
Ырым ғып екінші ұлын Алаш қойды,

Еліне ер болар деп ұрандаған.
Балаларын: Әбілқайыр, дедік Алаш,
Соғыста жеңген жауын етпей талас.
Бір жорықта Әбілқайыр қаза тауып,

Қайғырып, қалған Қазақ көтермей бас.

қазақ  шежіресі
Бүк түсіп неше күндей қалған жатып,
Қазасы Әбілқайырдың жанға батып.
Тұқымсыз арманда кеткен баласы үшін

Шақырған тегіс елін, хабарлатып.
Жиналған бірі қалмай, шақырған соң:
«Кетпесін деген ұлым атаусыз боп.
Жыл басы наурыз болсын, көже берсін,

Қазақтың балалары тұтатқан от.
Әбілқайыр өлді, аты Наурыз болсын,
Халқым десе, Наурызға денем толсын.
«Жары Құдай—жалғыздық» деген болып,

Жалғызым—Алашыма бақыт қонсын.
Айтқанын барлық халық алған қабыл,
Хақ деген «Алаш» ұран айтып дабыл.
Дүниеде бірлік болмай, тірлік болмас,

Өлсең де өзі тиген жауға жабыл».
Өсиетін тыңдап халық қабыл алды,
Алаштың ұлдарына назар салды:
«Немерем—үш арысым ойда болсын,

Алаштан қорға,—деген,—айналаңды.
Алты Алаш өсіп-өніп кетті алыс,
Етіңдер енді, үш арыс, қатым-қарыс.
Адамның өмірдегі дәнекері,

Кетпейсің,—деді,—қашық, қызыңды алыс».
Алаштан туатұғын үш-ақ бала:
Ақшора, Жаншора мен ол—Бекшора.
Бабамыз жүз отызда енші берген:

«Ел бол,—деп,—әрқайсың дара-дара.

шежірелік  жыр-аңыздар
Үлкен ұлын Ақарыс—Ұлы жүз деп,
Жанымдай Жанарысым—Орта жүз деп.
Бектік бар негізінде, кенжем едің,

Бекарыс, атан,—депті,—кіші жүз боп».
Жаз жайлау, қыс қыстауын бөліп берген,
Әркімнің қожа, төресі өзіне ерген.
«Балаларым, ұрпақтарың көп болады,

Кеңейтіп үлесіңді ал,—депті,—жерден».
Бас қосқан жақсылары таңба жасап,
Ел болып, қауым-қауым малға басады.
Әр шаруа өз малына ен салуды,

Құн алып, құн беруге пәтуа қосады.
Жасаған әр бір түрлі дауға кесім,
Болсын деп әділдік пен билік шешім.
Ізет, құрмет, әдеп пен тәртіп болу,

Қызға—құйымшақ, күйеуге бер деп төсін.
Пәтуа деп тарапты қойдай маңырап,
Қарсы алған иесіз дала тұрған қаңырап.
Мал жайып, егін егіп кең далада,

Еліміз өсе берген санап шаңырақ.
Үш жүздің баласымыз бірге туған,
Бір жүріп, бірге ойнаған салып думан.
Өсиет айтып, атам енші берген:

«Балаларым, аман бол,—деп,—айқай-шудан».
Бір жүзде отыз бесте Қазақ өлген,
Басына Тәңірі таудың оны көмген.
Шыққанда тау басына қалың халық

Қорқыныш айтарлықтай сонда көрген.

қазақ  шежіресі
Аспаннан бұлт жарылып, от шашылған,
Өледі талай адам жай-жасылдан.
Қашады бас сауғалап тірілері,

Шошынып, жаңылғандай тәубасынан.
Табытты ұстап тұрған Қыпшақ болған,
Аудармай туды ұстаған Мөңке қолдан.
Жібермей шылбырынан атын ұстап,

Табыттың бір жағында Кейкі қалған.
Үш батыр аталарын қайтқан жерлеп,
Қазақтан қалған бе еді әзіл-өрнек,
Мөңкенің сонда отырып айтқандары

Келеді әлі күнге қалмай сөз боп.
Болмайды ешқашанда өлім даусыз,
Болмайды ту көтерген әсте, жаусыз.
Не жетсін малын баққан шаруаға

Өсетін ұрпақ дейді ол сынаусыз.
Қойыңдар Орта жүзді депті дауға,
Қойыңдар Кіші жүзді қарсы жауға.
Болады Ұлы жүзде үлкен байлық

Депті ғой шаруаға керек қауға.
Келеміз міне біздер сонан өсіп,
Бір жүріп терген едік жуа-көсік.
Көргенде кейбіріңді, қарақтарым,

Тұрғандай кеп қасыма елің көшіп.
Бастайын соның бірі—Ұлы жүз, біз,
Аспанда ай, ерлер шыққан, көкте жұлдыз.
Елі үшін еңбек еткен, қан да төккен,

Жатағы болса дағы қырау мен мұз.
16-84

шежірелік  жыр-аңыздар
Күрсінбеңдер, көргенің шежіреге,
Жазылды деп қалай бұл, немене?
«Дозаққа да үйренген, шықпас» деген,

Ұғып қалған кіжінтер ескі өнеге.
Бір емес, бәріңізге айтарым сол,
Екіталай алдымда менің бар жол.
Шежіреде не болса, соны жаздым,

Осынымнан, бауырлар, хабардар бол.
Бірлесіп Қожа, Төре, Созақ, Қазақ,
Халық қой қатардағы болмаған кем.
Қайсар-ды, қанын төкті қажымады,

Құл қылам деушілерге етемін жем.
Туысқан, бауырларым, қарақтарым,
Болашақ, көлеңкелі дарақтарым.
Эпилогке абайлап түсініңдер,

Жазғаным шежіренің бар ақпарын.
Қазақтың хикаясы будақ-будақ,
Басына ілгеріден орнаған бақ.
Жер шарын кезді ме екен жеке тақ боп,

Әкесі жастай өлген Айырқалпақ.
Жылында мың сегіз жүз қырық сегіз,
Уақыт қанша өткен есептеңіз.
Бұған да ғасыр болып қалыпты ғой,

Оқушым, сырласайық, бер келіңіз.
Құнанбай, Нұржеке мен Мырқы, Досжан,
Қазақта ол кездегі бұлар да сән.
Меккеге дәл осы жыл барған екен,

Не болған, анықтайық, сонда ахуал.

қазақ  шежіресі
Қай кезде таусылған ба пендеде арман,
Қарындас, анасымен Мырқы барған.
Алтыннан алты тұлып қаражатты,

Қайқайтып қара нарға артып алған.
Қазақтың замандағы даналары,
Меккеге жеткен тимей ұры-қары.
«Қазақпыз, зияратқа келдік» десе,

Жолатпай, қуған бәрін ұлықтары.
«Арапта қазақ—«қаззан» ұры деген,
Ұрыны көрсетпесін,—депті,—егем».
Біле алмай не қыларын кілең жақсы,

Бәрі де қапаланып, қайғы жеген.
Сандалып, көшесінде қалған қаңғып,
Жаһангез бір қу арам жүрген аңдып.
Кездесіп, жүз мың пунтқа келісіпті:

«Тірілтіп жіберем,—деп,—сені жан қып».
Еліңнен бұрында адам келген депті,
Біз айтқан өсиетке көнген депті.
Соғыста сіздің жақта болған еді,

Дейтұғын сахабамыз Аннас депті.
Атыңды Қазақ деме, Қанюл де,
Дерсіңдер: «тіл келмеген Канюлге».
«Сол жақтан Аннас қатын алған-ды,—деп,—

Қазымен растайық, айтып елге.
Cонымен бір қарарды табарсыңдар,
Арыз жазсаң, жерді де аларсыңдар.
Аман-сау осы болжам өтіп кетсе,—

Депті арап,—тағы алтын қарарсыңдар».

шежірелік  жыр-аңыздар
Нұржеке—тама руы, оқыған жан,
Келісіп араппенен басылды даң.
Анттасын, шынтақтасып уағда еткен:

«Ата деп айырылмаймыз,—деп,—Аннастан».
Жер берген ені—алты, ұзыны—он,
Алтындап, есептеп ем қаншама пунт.
Пұлдарын санап алып қажылардан:

«Өзіңнің,—деген,—енді жеріңе қон».
Үй салған қажыларың тасты қалап,
Шыдаған тұрса дағы ыстық аптап.
Ауырып, Мырқы сонда өлгеннен соң

Зылиқа қарындасы сонда қалад.
Сауында Мырқы жатып шежіре жазған,
Нәр алған есітіп жұрт сол қағаздан.
«Аннастың баласымыз,—деңдер енд,

Құтылдық, ұрпақтарым,—депті,—шаңнан.
Аннастан туған Мағаз, онан—Жабал,
Жабалдан Бәһрам, онан Сұһайыл бар.
Бірінен бірі туып, жеке тақ боп

Келе жатқан»,—депті біздің бұл аталар.
Құнанбай жолдасымен аман келген,
Үш жүзден тараған сөз елге елден.
Өткен соң екі арада он екі жыл

Жаппасқа қолжазбаны әрең берген.
Бұрында Аннас деген сыбыстар бар,
Қағазын алып кепті деген кіл нар.
«Бұрынғы соңғысы бар, шындық бұл» деп,

Сендірген қараңғы елді дінқұмарлар.

қазақ  шежіресі
Сонымен атам Аннас дейді халық,
Күн көрген кім атаны сатып алып.
Халайық дағдыланған өкпелемес,

Дегенге Аннас атаң емес анық.
Меккеде Зылиқа қыз қойған қалып,
Болмаған онда қызық, түк балалық.
Қартайып, шашы қудай болған кезде

Баймақан, Дәнді қажы көрген барып.
Адалдық, шындық деген ол—даналық,
Құрылмас өтіріктен еш жаңалық.
«Аннас Ансары» деп жұрт айтатын

Түсініп осыларлы ойланайық.
Арапта Ансары атты халық та жоқ,
Жәрдем берушіні атаған Ансары деп.
Сол атқа ие болып, дін жақтаушы:

«Ансары Аннас, деп жүрген, атамыз» деп.
Мұхаммед қашып барған Мәдинеге,
Көп халық қарсы алған Мәдинеде.
Халық та сыйлаған соң жәрдем беріп,

Мұхаммед «Ансары» атқа еткен еге.
Қазақтан неше ерлер шыққан дана,
Меккеде болған бізден Ақтан ғана.
Армалай дейтін оның жолдасы бар,

Белгісіз қайсы елден, қайсы қала.
Мұхаммед пайғамбардың заманында,
Атанған ақ ниетті ол сахаба.
Қызы екен Армалайдың Айшабике,

Көп кеңес берген осы ақылды ана.

шежірелік  жыр-аңыздар
Сағынған бір күндері Ақтан елін,
Қайғырып еңіреген туған жерін.
Елестеп көз алдына Тәңірі тауы,

Егіліп, алады екен іштен демін.
Ақтарған ұлығына Ақтан шерін:
«Азапта қалды,—деген,—қайран елім.
Білмедім, анталаған жан-жағы жау,

Қауіпім бар етті ме деп бөлім-бөлім.
Елімнің Қытай халқы басты жауы,
Күнде айқас, күнде шабыс, жердің дауы.
Болғанмен аймағы кең Алты Алаш,

Қорқамын болды ма деп осалдауы.
Ер еді ерткен елді атам Қазақ,
Кезінде жауларына ашқан дозақ.
Бар болып, қайран бабам, басқарса елін,

Сыртынан жау дей алмаймын қолын созад.
Табынған халқым көкке, сенімі бар,
Етсеңіз айтқанымды көңілім тынар.
Бар болса Алты Алаш қонысында,

Алсаңыз біріктіріп, қалай болар?!
Айтылған Ақтан сөзін алған қабыл,
Аттанған төрт мың сарбаз қағып дабыл.
Талас пен Шудың осы арасында

Қазақтың сарбазына айқасқан бұл.
Сәл бұрын кеткен Ақтан Ұлы жүзге,
Туысқан-туғандары Ұлы жүзде.
Ол кезде Ұлы жүз де қырық тарау,

Сарбазы жүрген кезіп құлан дүзде.

қазақ  шежіресі
Белгісіз, хабары жоқ әлі Ақтанның,
Арабты басты Алты Алаш, болды ың-жың.
Таластың маңындағы қатты айқаста,

Арабтан өлген әскер сонда екі мың.
Уағдалы арап кеткен жерден жылжып,
Ақтан да көмек алып алғантұғын.
Арабты бұлар жатқан қытай ма деп,

Соғысқан түнде келіп айқай-шу ғып.
Соғыста ұтады ғой жер білетін,
Сенімсіз көрді Ақтанның ақ ниетін.
Араптың Сәдуақас сардарбасы

Санаса, әскерінен қалыпты мың.
Сақаба ақылгөйі—Ансары Аннас,
Шақырған ақылдасып Сәдуақас.
«Екен ғой мына халық Сақтан жаман,—

Деді ойлап,—қалай аман қалады бас».
Ақылды адам екен Аннас жылдам,
Сөз айтқан болатұғын бірден тыным.

—Пайғамбар қайт деп бізге аян берді:

«Табынса көкке кімдер,—деген,—ұлым».
Сондықтан сендер ұлы пайғамбардың,
Қайтам деп артты үстіне жүгін нардың.
Талас пен Шудың міне, аталуы

Қан төккен айқасында осылардың.
Депті арап: «Іскендір де көп шайқасқан»,
Ол айтқан: «Сақтай жыртқыш елден сақтан».
Аса алмай асуынан Алты Алаштың,

Еліне «келістім» деп еткен мақтан.

шежірелік  жыр-аңыздар
Сақ деген парсы сөзі «ит» деп айтқан,
Араптар азап көріп, кейін қайтқан.
Сақ тұқымы екенбіз деушілердің

Хабары болса қайтеді бұл жайттан.
Деп едік Ақтан қалды қайғыланып,
Алыстан батыр оны алдына алып,
Барады Сәдуақастың шатырына,

Жатқанда кетуге олар даярланып.

—Сәлем де Пайғамбарға біздің елден,

Разы бол сапарыңа,—деді,—келген.
Күн—куә, қабылдасын балалыққа,
Алыңдар сыйлығымды елім берген.
Үш жүз нар, қызыл бұйра жібек жапқан,

Пайғамбар алсын хабар біздің жақтан.
Аннас пен Сәдуақастың қолын алып,
Серттесіп, сол арада шынтақтасқан.
Аннас кеп біздің елге, қайтқан солай,

Қатынас бола берген содан былай.
Пайғамбар жіберді деп келгендердің
Тоқтаусыз болғаны осы аты жолай.
Осылай аңғарсаңыз туысқанын,

Досына сақи да сол қиған жанын.
Бабамның ежелдегі әдеті ғой
Кең жайып қарсы алатын дастарқанын.
Сол Ақтан «Әліммін» деп басын берген,

Талайдың басын қазақ сүйеп жерден.
Көргендер күңіреніп, таңырқапты,
Атойлап, «мен—қазақ» деп айтып өлген.

қазақ  шежіресі
Жазылған шежіресінде бұл дананың,
Жарықшақ ұрпағы деп сахабаның.
«Жел тұрмаса, қимылдай ма қамыс басы»,

Сөйлеген бос сөзі емес бозбаланың.
Деуге ата Ансары Аннас қисын бар ма,
Деушілер сүйенді осы қисындарға.
Өмірдің өзгерісі өтіп жатқан

Әкеліп жанастырған осыларға.
Атамыз ансарылық Аннас емес,
Түріктен арғы атамыз, етпе егес.
Араптан келіп елші неше түрлі,

Айтылған, жатта қалған жалған кеңес.
Алты жүз жиырма бестің жылдарында,
Айдархан хан болыпты Былғарыда.
Аталып Қазақ атым осы кезден,

Таралған ұлы менен қыздарына.
Жанбақты, Оразбақов, Кенжебаев,
Байғұлы, Тоқберлі мен Қанатбаев,
Қадырқұл, Айдарқұл мен Ернияздар,

Болам деп өскен ерлер елге қайық.
Мың үш жүз сексен сегіз сәнасында,
Алабұға, Былғары, Садуым қаласында
Елбақты мен Бекшора сол кезде хан,

Ілһам хан таныс Қазан қаласына.
Байшора, Бердібек, Тоқаш, Әкімқандар,
Мәскеуде болған Иван, Василилер.
Садуымда Бараж хан Құлқын ұғылы,

Барыс хан, Шеңгелші хан, Собай хандар.

шежірелік  жыр-аңыздар
Түркістанда Ноғайбақ болыпты хан,
Ақсақ Темір не айтса істеген жан.
Жомарт қазақ осыған ас-су болып,

Айғыр, қошқар, түйеден бура атаған.
Емес-ай қазақ, сірә, қара халық,
Сияқты ілгеріден дана халық.
Яковтың он екі ұлы—он екі ру,

Бәни Ісрайыл атанған көп аталық.
Сол кезде «кайе» деген халық болған,
Бетіне ол халықтың келмеген жан.
Өлтіріп егескенін жұдырықпен,

Айтқыштықпен тағы елді таңырқатқан.
Бір кайе бір Ісрайылды еді ұрған,
Жаны ашып Ісрайылға Мұса тұрған.
Болысып Мұса Ісрайылға кайені ұрса,

Жазым боп, кайе сонда өліп қалған.
Мысырдан сол себепті Мұса қашқан,
Таба алмай халқы көп алжасқан.
Болжамда осыларда еске алынса,

Талайдың болмас па еді сырын ашқан.
Табынған кайе халқы көк пен күнге,
Айбарлы ерлігімен алған жүлде.
Ерікті ел шеру тартып өз бетімен

Еркінше жүре берген жапан шөлде.
Көп қауым аз қауымды қыра берген,
Аз қауым ауа берген жерге жерден.
«Қорлығын жаудың көзбен көрмейік» деп,

Талайдың өз қолынан аруы өлген.

қазақ  шежіресі
Көп болған надан қауым жүрегі мұз,
Мекені аз қауымның тау менен құз.
Көзімен жау азарын көрмеу үшін,

Қолымен талай әке өлтірген қыз.
Талайлар көшіп жүріп болған ойран,
Күшті қауым талайды азаптаған.
Аз қауым құрлықтан-құрлыққа ауып,

Кейбірі өліп-талып қауым болған.

Кайе қазадай қауымды іздеп,
Көп жер шарлаған қуып жүзден.
Таба алмай, ақырында қойыпты олар:
«Жауында кетті ме,—деп,—еріп тұз боп.

Болмаса көп қауымға бірнешеу боп,
Бөлініп кірген шығар елеңсіз боп».
Делінген жақсылардың болжамымен,
Аяқсыз қалдырыпты іздеуді тек.

Сол кайе қазадан ұрпақ депті,
Он жеті ата өткенсін «Қазақ» кепті.
Орысқа орам болғанда қазақ атым
«Қырғыз» болып аталып тағы кетті.

Орыс кеп қырғыз десе, қырғызбын деп,
Қай орыс жазған, кәне, қазақсың деп.
«Маржа» десе, қатынды маржа дедік,
Қазақ десе, ол жазды «қырғызсың» деп.

Күні кеше емес пе «қазақсың» деп,
Ұлы Октябрь атымды қосты іздеп.
Бұл болмаса ел кезген саятты орыс,
Әлдеқашан атаған қырғызсың деп.

шежірелік  жыр-аңыздар
Тіл білмейтін мал баққан қазақ едік,
Не жазса орыс, бас изеп «мақұл» дедік.
Күні кеше болмаған мына сөзді,

Ойға тағы салуды ақыл дедік.
Ұлы Октябрь үйретті көмек деді,
Ұлы атымды атады, бөлектеді.
«Қазан соқты қауынды» деген сөзді

Католик дін дәйім демеп пе еді.
Орыс көрсек, тілдің сол шолақтығы,
Тілмәштің көрдіңіз бе олақтығы,
Тіл білмеген кездегі жұрт жазғанға

Қойсақ деймін дұрысы, болатыны.
Осылардың бәрін де еске алайық,
Ғасырға ілгері өткен көз салайық.
Онан бергі жазуды дәкуметдеп,

Тұрып қалу іс емес, тіпт, лайық.
Советтің дәуірінде, міне, бүгін,
Айқастым кекті жауға қарыс түгім.
Сексен бес батырым бар осы таңда,

Қоныстас білді елдер кімнің-кімін.
Төлеген, Баукең, Мәлік бауырларым,
Қазақтың нары осылар артқан бәрін.
Майданда ерлік үшін он алты мың

Орденді тақты төске ұл-қыздарың.
Қазақтан шыққан талай жүйрік тұлпар,
Не білгір, небір шешен, не дүлдүл.
Батыр бар, ана да бар, ақын да бар,

Солардың түп атасы нақ осылар.

қазақ  шежіресі
Қайсысы қай рудан шыққандығын,
Шешілер түгел жазсақ бар ұрпақтар.
Мен қазір қан майданның ішіндемін,

Оларды аяқтауға уақытым тар.
Бері кеп, міне, біздің заманда да,
Айтулы, аты шулы көп ғалымдар.
Отанға, партияға еңбек етіп,

Тарихтың шежіресіне жазылғандар.
Қазақтың мерейі бұл қасиетті,
Еңбектің қайраткері қанша ұл-қыз бар.
Әйгілі болды Отан соғысында,

Атаның атап даңқын, ұмтылғандар.
Өтінішім, өзің туып, өзге болып,
Қазақтың атын текке қымтамаңдар.
Аман-сау жауды жеңіп, қайтсам елге,

Жазармын тілеп ұрпақ, етсе қадар.
Қазақта үлгі-өнеге, көп даналық,
Ескеріп, зерттесең, бар жаңалық.
Сондықтан ойланатын бір мәселе

Шежіренің бірі—жазу, бір—халық.
Жасасақ ғасыр қалай, шежіре солай,
Қалайда осы араны ойланайық.
Шежіренің түпнұсқасын қойғанда біз

Қарашы, үш жүздің-ақ өзін алып.
Әр жүзді әркім жазған әрбір түрлі
Отыздан шежіре бар, таңырқарлық.
Бәрі де Аннасқа кеп тіреледі,

Түрліше ұрпағына аттар тағып.

шежірелік  жыр-аңыздар
Ауызша елдер, ерлер құрастырған,
Жүрсе де қалдырмаған қойды бағып.
Пәтуалы шежіреден мен де жаздым,

Дұп-дұрыс, дей алмаймын жоқ қаталық.
Бұл үшін өкініш жоқ, қуаныш көп,
Ырзамын жүргеніме осы қалып.
Үш жүзден бермен қарай таралғанның

Өзіне етем өзім мың тәубалық.
Қалайда «қазақ» есім тегін емес
Ол бір от тұратұғын мәңгі жанып.
Сол үшін көп жартының біреуімін,

Дамылсыз жүретұғын іздеп анық.
Қазақтың «қазақ» есімі һәм атасын,
Тілегім, білсек деймін, анықталып.
Тарихтар әрбір жерде тексеріліп,

Ғылыммен ашылса екен құпиялық.
Көнбеймін арап Аннас дегеніне,
Түрік, кайе тұқымнан тараталық.
Есітіп, көргенімді жаздым мен де,

Керегін реттер жұрт ойға салып.
«Болмайды қара мысық меңсіз» деген,
Жазғаным түпнұсқаны пайдаланып.
Жазған қол, есіткен құлақ айыпты емес,

Мүлікті бағасы жоқ қазыналық.
Кемісі болса, халқым, кешіріңдер,
Алмаса баба аттары жаңсақталып.
Созайын тілек тілеп сөз аяғын

Шежірені осымен доғаралық.

қазақ  шежіресі
Жайымды, жағдайымды баяндайын,
Ақындық емес мұным—базыналық.
Ақтап, шежірені жаздым тілек,

Алдымның не боларын тағдыр білед.
Қазірде қан майданның ішіндемін,
Достыңды деуге болмайды «жаңа жүр ед».
Қан төгіп, кекті жауға қайтарасың,

Барамыз жерден қуып, қарша күреп.
Кездесіп қоян-қолтық алысқанда
Бауыздап, талайларын кеттік іреп.
Бәріде ұрпақ үшін, Отан үшін,

Дамылсыз айқасуда миллион жүрек.
Білемін әділеттік жеңіс бізде,
Ой бөліп отырғаным мынау тілеп.
Істеген істерімде болса өлшем,

Мұзбалақ қырандай боп жауға төнсем.
Өшіріп күлін көкке фашистердің
Тарихқа таңқаларлық етіп жеңсем.
Жер таппай паналауға нағылеттер,

Еңіреп, етек жайып түссе енсең.
Жете алмай дегеніне жексұрындар,
Жыласын ара-шөлде кемсең-кемсең.
Одағым арыстан ғой, аңла оны,

Қайсардан қаймығарсың қарсы келсең.
О, тағдыр, ырза емеспін, ырза емеспін,
Қолдан істеп, көзіммен көрмей өлсем.
Ойдағы ойды бажай еткеннен соң,

Жоқшылық, бейнет сені жерге көмсем.

шежірелік  жыр-аңыздар
Қапалық, қайғы-қасірет сонан кейін
Өмірше көрмей мені, оттай сөнсең.
Сүйсініп еңбегіме елім, халқым,

Бақыттың дәрежесін маған берсең.
Жұртымның сонан былай ішінде боп,
Еркіммен дәурен сүріп, ойнап-күлсем.
Алдында туған елдің қызмет етіп,

Гүліндей қиялардың көктеп өнсем.
Асыраған арып-ашып ата-анамның,
Жұмысын қабақ шытпай істеп жүрсем.
Күн бітіп, дәм таусылып, бітсе өмірі,

Өзінің лайығымен жерге көмсем.
Тірнектеп қолдан жиған мал-мүлкін,
Қалпында, шашпай-төкпей сүттей емсем.
Бабалап алдан шығып балаларым,

Төсімде жатса аунап, сырттан келсем.
Өзінің абыройы үшін, азбас үшін
Білімге мәуелерді үзбей телсем.
Олардың еткеніне баға беріп,

«Ел үшін ер болар» деп өзім сенсем.
Өсіріп перзенттерді осылайша
Жастықтан кәрілікке көңіл бөлсем.
Мүлтіксіз Отан үшін істеп істі,

Тасқындап көтерілсе судай еңсем.
Бақ пенен абыройым баста болып,
Қадірлер халық ішінде сен де желсең.
Ел үшін, Отан үшін еңбек еткен,

Ерлердің аты шыққан соңына ерсем.

қазақ  шежіресі
Аралап неше түрлі бау-бақшаны,
Түрленген мәуелерден жеміс терсем.
Кездесіп достарыма сол арада,

Болса егер, кемісіне жәрдем берсем.
Елімнен мұқтаждықтың түрі құрып,
Әркімнің керегі ерсе емпең-емпең.
Сойылып бағлан қозы тойға шашу,

Қосылған ер мен елге тартса, көрсең.
Қуанып аға-жеңге абыр-жабыр,
Бір-біріне айтса: «Шеш,—деп,—тең-тең».
Қауышып салтанатпен айтып ән-жыр,

Арман не аман барып қызық көрсем.
Қой көндім, тоқта қолым, тұр қаламым
Деп айтпа мұнан артық дәурен сүрсем.
Мінеки, Әлімбайдың шын тілегі,

Халқым кеш, кем десең де, артық көрсең.
Айтайын адал сырым, халқым, тыңда,
Шежіре болды жолдас, сырласым да.
Кімнен кім атап, міне, өлең еттім,

Соғыста жаралы кез уақытымда.
Бәріміз бір ата-ана, бір туғанбыз
Кейінгі ескерткішім ұрпақтарға.
Елміз ғой еншіміз бір ежелден-ақ,

Татулық, мейірімділік, достық мұнда.
Қазақтың қасиетін әркім аңлап,
Мақтаныш болсын дедім қыз бен ұлға.
Жатқанда біз бесікте ата-бабамыз,

Бол деген, құлындарым, елге тұлға.
17-84

шежірелік  жыр-аңыздар
Ерлерім ескерерсің, еске аларсың,
Қапыда қайғы шегіп, қалсам мұнда.
Ел үшін, ұрпақ үшін өкінбеймін,

Кәдеге жарап барып, батсам мұңға.
Ал енді ат-жөнімді баяндайын,
Кім кепіл ажал итке, тұр алқымда.
Кіші жүз Бекарыстан: Майқы, Алау,

Құдияр, Алтын, онан—Сәдірқожа.
Қаракесек, Шемен, Бозғұл, Келдібаймен,
Ұлымын Қожакелді өскен дара.
Бөлінсем, онан—Тыныс, нәсілім—Рай,

Оқушым, танытайын, бермен қара.
Райдан Қысырау, Қытай, тағы Айбас,
Сөз етсем мұның өзі біраз сала.
Айбастан Арыстанбай батыр туған,

Жауларын талқан еткен пара-пара.
Мінеки, онан туған Меңдеке би,
Халқына қабырғалы болған пана.
Қонысбай—тентек кісі туған онан,

Батырбай баласы екен малға шаруа.
Батырбайдан Қожантай деген кісі
Көрмеген тірі жанның бірін ала.
Әлиасқар ағаң туған еді мұнан,

Мәрдідей диқан болған, кәсібі—дала.
Білетін пірі еді егіншінің
Берерін қай дақылдың қанша дана.
Сүймейтін қарыз-қауға, өтірікші,

Ниеті етсем дейтін істі сара.

қазақ  шежіресі
Бір қалың уағдасы бар толық адам
Үлгерген қала емес ауылын ғана.
Ұғыланы сол кісінің мен—Әлімбай,

Басының ақылы кеміс, аңқау бала.
Тоқа мен Қарабазардың жиенімін
Қайдауыл, Кенжәлі би нағыз таға.
Өзімше адамсынып жүрген болам,

Көрдім деп ел көрмеген бірер қала.
Өмірді өтіп кеткен есептесем,
Іс емес, істерімнің бәрі шала.
Қу ғой деп сырттан халық тон пішкенмен,

Сенімін берер деймін бара-бара.
Дегендей «жаяу ақын атты жемес»,
Айығып, жазылса екен бойда жара.
Мен әлі майдандамын, іздесең кеп,

Қауышып болар ма екен бізден де көк.
Жарылып қабыменен қалар ма екен,
Болмаса ектеп қойған алтындай сөк.
Ой, шіркін, сөйтіп дүние өтер ме екен,

Алдаушы қалдың артта дүние боқ.
Халқым-ай, бүйдемеуге мүмкін емес,
Айналам жанып тұрған қып-қызыл шоқ.
Дамылсыз күні-түні айқастамыз,

Жаудырып жауыздарға жалындай оқ.
Ал, халқым, қайраттаншы, қажырланшы,
Мезгілді уақытында қурайды шөп.
Сол үшін біз де, сіз де деп тілейік,

Борандай жақсылықтың дауылы соқ.

шежірелік  жыр-аңыздар
«Балам» деп күнбатысқа қарай бермей,
Қайғысыз, қарындарың болсыншы тоқ.
Жұмыста, яки үйде қапаланба,

Хабар мен тым болмаса деп хаты жоқ.
Қозыдай шулап ертең қосылады,
Аз күнде Гитлер құрған құртылып топ.
Сол үшін уайымданбай, қайран халқым,

Қайғыңды бойыңдағы судай ғып төк.
«Адамның басы—Алланың добы» деген,
Көрерсің, аман барып, домалап доп.
Маршалдың айтатұғын күні жақын,—

Деп, халқым, балаларыңның бетінен өп.
Осымен шежіре де бітіп еді,
Аяғы аз сөзбенен осындай боп.
Қазақпын баста Алтайды қоныстаған,

Талай ғасыр өткен соң Мәулен барған.
Қазылып, ізі жатыр ошақтай боп,
Бабамның екі арада желіп-жорытқан.
Мәуленнаһар қазіргі Тәшкен екен,

Неше ғасыр қазақтар еткен мекен.
Ұрпағы дәулетіміздің өскеннен соң,
Үш жүзге жерін де, ұлын бөлген екен.
Қазақпын ерте туып, кеш ер жеткен,

Көңіліне гүлдендіріп гүлдер еккен.
Тарихым бар талайды тамсандырар,
Досы күліп, дұшпанды еңіреткен.
Халықпын қатардағы әдетім бар,

Ежелден малды баққан, еңбекқұмар.

қазақ  шежіресі
Кеңпейілдік, шешендік, әзілдері
Теңізді толқындатып, көл тындырар.
Өсірген ұл-қыздарын ерен қылып,

Ізет, құрмет, әдепті мінез-құлық.
Аспай-саспай арманын түсіндірген,
Тіл тартпаған тік қарап десе де ұлық.
Айбындай айтар сөзін айтып өткен,

Солардан үлгі-өсиет бізге жеткен.
Сол бабалар еңбегі ұрпақтарын
Қатардағы ел етіп ұғымды еткен.
Қажыры бар, қаламы бар,

Қайраты бар қазақпын.
Теңізде—толқын, тау басын иген
Айбаты бар қазақтың.
Жеті қабат жердің де біліп тылсымын,

Өрлеген өрге, өркені өскен өнермен
Үлгі айнасы бар қазақпын.
Облысым Қызылорда атанып ед,
Қармақшы ауданы боп атанып ек.

Бұрында сегізінші ауыл, колхоз Бестам
Мақтаулы Сталиннен хат алып ек.
Үлгілі, гигант колхоз болу үшін,
Кейінде «Бозарық» боп атанып ед.

Қайратты, осы колхоз мүшесімін,
Жан айтпас деп кетпенін дат алып ед.
Аман-сау қайтсам елге, табылам сонан,
Деп егер, іздеп келсең «қатарым ед».

Арғысын білмеймін, Өзбектен: Алаш, Қараш
Туып-өскен Өзбектен болғаны рас.
Қараштан Сарт атамыз болған екен,
Атанып өзбек деп айтқаны рас.

Алаштан болған екен жалғыз Медет,
Медеттен өсіп-өніп болған үдеп.
Болыпты екі бала Қазақ, Созақ,
Атанған халық аузында айтқан әдет.

Созақтан қарақалпақ өсіп-өнген,
Қазақтан Әбілқайыр бұдан да туып,
Ақарыс, Бекарыс пен Жанарыс та,
Атанған халық аузында айтып жүрген.

Ақарыс—оны атаған Байшөре деп,
Бекарыс—оны атаған Жаншөре деп.
Жанарыс—о да атанған Қашера,
Еркеліктен атанған үшеуі де осылай деп.

Байшөреден болыпты екі бала:
Жұмабай Кейкібаймен осы ғана.
Кейкібайдан өскенін айтпайды шежіреде
Жұмабайдан төрт бала болған екен, осы ғана.

Шежіре

шежіре
Мекірейіл, Қоғам, Майқы мен Төбей би,
Мекірейіл, Майқының тұқымын

айтпайды шежіреде.
Қоғамнан Қаңлы, Төбей бидің төрт баласы:
Құйылдыр, Құрамыс, Ойсыл, Үйсін болған екен.
Құйылдыр, Құрамыс, Ойсылды

таратпайды шежіреде,
Үйсіннен Бақтияр деп шежіреде өсіреді.
Таралып Бақтиярдан өскен тұқым
Ақсақал Жансақалмен деседі.

Бақтияр жылқысы көп бай болыпты,
Байлығы төрт түлікке сай болыпты.
Балаға енші беру атаның міндеті еді,
Малына тамға салу ой болыпты.

Ақсақалға салынған ақ тамға,
Жансақал атаныпты «тарақ» деген.
Тамғасы жылқылардың белгі болып,
Атанған тамға атынан осылай деп.

Тарақтан болған екен Досбалдақ деп,
Атанған жанама аты «Жалайыр» деп.
Жылқыдан асау байтал ұстағанда,
Халық көрген бір топ жал қолында деп.

Болыпты Жалайырдың үш баласы,
Ажыратып, айтып берсем сөз данасы.
Сырманақ, Шуманақ Бірманақпен
Жалайырдың өскен екен осы атасы.

Абақтан Қараша би болып өскен,
Қараша бидің билігі Үш Арыста болып өткен.
Болыпты Қараша биден екі бала:
Бәйдібек, Байтолы олар да өткен.

шежірелік  жыр-аңыздар
Болыпты Бәйдібек бидің үш әйелі,
Келіні Зеріп сұлуды алған соң болған жайы.
«Інісі өлсе, ағасы мұра» деген сөз бар,

Тілек емес Байтолының өлуіне оның ойы.
Арабиядан алып келген Бәйдібектің кіші әйелі
Тұқымы Махтым Мағзұм әулиенің.
Домалақ енем деп айтушы еді ел аузында,

Атанған аты болған осыменен.
Домалақ енемнен Жарықшақ жалғыз бала,
Жарықшақтан болған екен үш бала осы ғана.
Үлкен Дулат болып туған еді,

Албан мен Суан болған тағы жана.
Бәйдібектің үлкен әйелі—Әйімбүбі

/Сары бәйбіше/
Айтып берсем теріс болмас осылай десе.
Туыпты Сарыбәйбішеден тоғыз сары,
Бекер емес жау қолында өлді десе.

Сарытау, құм қал(а) шенгелде болған еді,
Ойы-қыры тау Аңырақай болған жері.
Таласып қырғызбенен осы жерге
Қазаққа қалған екен бітім болып осы неге?

Сары бәйбішеден қалыпты бір бала Сыдық деген
Атанған жанама аты «Сарыүйсін» деп,

болып бекем.
Барғанда Астарханға, жүз адамның бірі болып,
Көп ішінен бір адам Сарыүйсін деп атап берген.
Зеріптен Жалмағанбет жалғыз туған,

Мал өсіріп, әкесінің жолын қуған.

шежіре
Қазақтың көшіп жүрген әдетінде
Қыстаудан көктеу көшіп жұрттан ауған.
Болыпты Жалмағанбеттің үш әйелі,

Қоңырат Қызыл бидің қыз еді—үлкен әйелі.
Қызыл би Мапыраштыны ұзатқанда,
Келісімен туған еді Шапыраштыны осы әйелі.
Қызыл би Сыландыны Мапыраштымен

қоса берді,
Қызының екіқабат болғанын көзі көрді.
«Мапырашты барысымен туып қалса,
Әпкеңе көмекші боп еріп жүргін».

Барысымен Мапырашты туып қалды,
Қан кетіп, марту басып өліп қалды.
Баласы тірі болып туғаннан соң
Сыланды ол баланы асырауға жүріп қалды.

Қоялық бұл баланың аты кім деп,
Шешесіне ұқсас болсын «Шапырашты» деп,
Сланды бұл баланы асыраған соң,
Жүрді ғой әпкесі үшін дедек қағып.

Балдыз Сыландыны Жалмағанбет алған еді,
Сыланды әпкесінің баласын баурына салған еді.
Марту басып Мапырашты өлгеннен соң,
Жалмағанбет Қызыл биге қызын естіртуге

барған еді.
Ой түсті Қызыл биге Мапырашты өлгеннен соң,
Өлген қызын естіртуге келгеннен соң.
«Бәйдібектен артық қызымды кімге беремін» деп,

Қарашаштыны тағы берді, Жалмағанбетке

барғаннан соң.

шежірелік  жыр-аңыздар
Туыпты Қарашаштыдан Ошақты—жалғыз бала,
Айтпайды шежіреде аз ба, көп пе, осы ғана.
Ел болып бұдан қалған төрт баласы,

Өскен екен Бәйдібек байдың бір саласы.
Жауатар Сландыны туып-өскен,
«Ысты» деп жанама аты болып бекем.
Кәсібі тері ыстағыш болғаннан соң

Қайда деп тері ыстағыш іздегендер айтып өткен.
Атанған Ыты деген аты болған,
Айтып берсем дұрысын, болмас жалған.
Болыпты екі бала: Ойық, Тілік,

Бұлар да өсіп-өніп, артына ізін салған.
Ойықтың болған еді төрт баласы,
Үлкені Қызылқұрт, ол—ағы.
Үш Арысты Қызылқұрт аралап жүргенде,

Батырлығы белгілі еді өз шамасы
Көкшегөз, Сәтек пенен Зарыбай да,
Бір туған Қызылқұртпен осылар да.
Үш туысына өкпелеп Зарыбай да,

Өтіп кеткен Шу өзенінің шығыс оң жағына.
Зарыбай /аузы үсігеннен/ болған екен екі бала:
Байгелді, Кемешкенен, осы ғана.
Кемештен Таз, Құланшы болған еді

Байгелдіден Қосай, Досым, Бошай осылар да.
Қосайдан Малай еді болған жалғыз,
Досайдан: Есім, Қожан, болған Абыз.
Бошайдан Жалшы болған өзі ғана

Туып-өскен үшеуінен болып сансыз.

шежіре
Есімнен болып өскен бес баласы,
Бесеуімен өскен тұқым ер саласы.
Кенжесі болған еді Едіге батыр,

Айтып берсем, дұрысы—сөз саласы.
Жолшыдан Салмырза туып қалған,
Айтып берсем расын, болмас жалған.
Тұсында Жошы ханның, батырлығы

Салмырза бір салса, сойылмен ұрып жыққан.
Құланшыдан: Бұқа, Амантап, Жәнібек,
Таздан: Рыспембет, Аманбет, Бершімбет.
Рыспембеттен болған еді жеті бала,

Айтады шежіреде осылай деп.
Рыспембет атаныпты «Қаттықұлақ»,
Естілмеген, айтқан сөз болып жырақ.
Атанып жанама аты халық аузында,

Қайда деп «Қаттықұлақ» келген сұрап.
Байлығы Қаттықұлақтың болған еді,
Төрт түлікке байлығы толған еді.
Қалмаққырған жерінде отырғанда

Малданып, қалмақ шауып алған еді.
Қалмақтар алыстан жетті әдейі арнап,
Тиісті еру елге күшін сайлап.
Ертістен өте басып, Арғын елін көктей басып,

Келуде қазақ елін басып алу, осыны ойлап.
Жошы хан келген еді асыға басып,
Басқарып қалмақ елін, шын сасып.
Қаттықұлақтың үш баласы бір келінімен

Өлтірген, аямай-ақ қанын шашып.

шежірелік  жыр-аңыздар
Қаттықұлақтан болыпты жеті бала,
Үлкен әйелі Қаракемпірден: Есентай,

Есмұрат, Шақан.
Сарыкемпірден: Саназар, Қаным,

Меңліғай, Жолым,
Өскен екен әрқайсысынан әрбір сала.
Есмұраттан болыпты екі бала,
Кәдір, Сәмбет болыпты осы ғана.

Сәмбеттен: Бейменей, Өлменей, /Қабан батыр/
Қарсыласқан жаулар кие балаған.
Сарыкемпірдің кенжесі Жолым болған,
Ақтабан-шұбырындыда жолда туған.

Жолымнан төрт бала боп қалған еді,
Үлкені Қылыш еді, ол өсіп, қанат жайған.
Қылыштан болған еді Азнабай,
Айтып берсем шежіреден мұның жайын.

Болыпты Азнабайдан алты бала,
Қате болса, сұрағын білгендерден мұның бәрін.
Үлкені бесеуінің Қанай еді,
Сөйлегенде Қанайдың тапқырлығы талай еді.

Келтіріп тиімді сөз сөйлегенде,
Тиісті шешуге оның жайы осылай еді.

Айтылған имамдардан кітаптар көп,
Бәрінің басында бар бисмилласы.
Дүниеде жүргенінде әрбір адам,
Айтпастан бисмилланы ішсе тағам.

Қосылып шайтан лағин бірге ішеді,
Ада ғып болғанынша бәрін тамам.
Бағзылар патша болып дәурен сүрді,
Бағзының жеті ықылымға үкімі жүрді.

Бағзылар батыр болып, даңқ шығарып,
Дүниенің сарайында әр іс қылды.
Бағзының өз күшімен үкімі жүрді,
Бағзылар бір себептен шаһлық құрды.

Бағзылар Набыт патша күшіменен,
Әдеттен артығырақ іс қып жүрді.
Бағзының атасынан мирас қалып,
Өлген соң отырады орын алып.

Бағзылар бір палуанның күшіменен
Тұрады патшалығы қуаттанып.
Сүлеймен патша еді һәм Пайғамбар,
Еш адам істемеген істері бар.

Дүниежүзіндегі халықтардың
тайпа, руларға бөлінуі

шежірелік  жыр-аңыздар
Бір жүзік себебінен үкіміне еніп,
Адам, жын, һуші, дию тұрадылар.
Ескендір—патшалардың еді бірі,

Бағзылар Пайғамбар деп айтар мұны.
Халқына басшы болған себебінен
Қаратты жер жүзінің бар халқыны.
Келмеді патшалардың күш-қуаты,

Бір палуан болған еді Рүстем атты.
Пайғамбар Нұх ұғлы Самға барар,
Ілгері айтқандардың баршалары.
Бұлардың баршасының шыққан жері,

Ираннан күнбатысқа еді елі.
Япыстың әулетінен патша болып,
Жалғыз-ақ күншығыстан Шыңғыс келді.
Шыңғыс хан өз күшімен шаһлық еткен,

Уақтында анша түрлі іс көрсеткен.
Хорасан, Иран, Тұран, Дәшті Қыпшақ,
Үндістан, Қытайға да үкімі жеткен.
Жазылған кітаптардың бәрінде бар,

Тәпсірін баян еткен әйлап ізһар.
Ілгері Шыңғыс ханның аждатларын
Білдіріп айтпақтыққа болды дәркар.
Топырақтан пайда болған әзірет Адам,

Жаннаттың айуанына қойды қадам.
Адам мен Ауа ананың әулеті дүр
Бұл жүрген пенделердің бәрі тамам.
Адамнан Шист пайғамбар дүниеге енді,

Шист ұғлы Ануш одан туған ер-ді.

дүниежүзіндегі  халықтардың  тайпа, руларға  бөлінуі
Ануштан Маһаил, одан—Ыдырыс,
Матушлық, одан туып Ламак келді.
Нұх туды одан кейін уақты жетіп,

Қауымына мың жыл жүрді дағуат етіп.
Адамдар тілін алмай «жадыгөй» деп,
Ренжітті неше түрлі іс көрсетіп.
Бір Құда ол қауымға ғазап қылды,

Баршасын әлек етіп сумен қырды.
Нұх пен сексен адам аман қалып,
Дүниені мекен етіп олар жүрді.
Баршасы адамдардың өлді жана,

Үш ұғлы Нұх нәбиден қалды бала.
Аттары Сам мен Хам, Япыс ер-ді,
Қатынын алған еді бәрі һәмма.
Жер жүзін әзірет Нұх үшке бөлді,

Иран мен күнбатысты Самға берді.
Үндістан мемлекетін Хамға беріп,
Тұраннан күншығыста Япыс ерді.
Суына Еділ-Жайық Япыс барып,

Отырды мекен етіп қарар алып.
Япыстың әулеттері одан кейін,
Көбейді атырабына һәм таралып.
Япыстың әулетінің перзенттері,

Өзінен сегіз еді туғандары.
Түрік, рус, сақлап, қытай, тарық, жапон,
Камары, манжур еді оның намы.
Дүниеде екі жүз жыл Япыс жүріп,

Пәниден өтпектігін кәміл біліп,

шежірелік  жыр-аңыздар
Ұғлының баршасының кәттасы үшін,
Орнына Түрікті қойды үлкен қылып.
Түрік жүріп қанша жерді сайран етті,

Ұлықкөл деп айтылған жайға жетті.
Өмірінің барлығынша анда тұрып,
Көбейіп, әулеттері тарап кетті.
. . . . . . . . .*

Өмірі ұзын, дәулеті көп падиша боп,
Қадамы жеткен жерге үкімі жүріп,
Оғыз хан екі жаста тілге келді,
Айтпастан өзге сөзді «Алла» деді.

«Жастықтан тілі келмей айта дүр» деп,
Моңғолдар сөз мәнісін білмес еді.
Туғаннан бір Құданы Оғыз танып,
Ай тұрды Ақтың атын аузына алып.

Танытып зат сипатын қойған еді
Көңіліне Қадір Құда нұрын салып.
Оғыз хан бәлиғатқа кәміл жетті,
Атасы үйлентпектің қамын етті.

Айтолған Рузахан атты інісінің
Бір қызын алып беріп, неке етті.
Екеуі отырғанда сұхбат құрып,
Оғыз хан ол қызға айтты ызғар қылып.

—Сен менің тілімді алсаң, мұсылман бол,

Алланы ортағы жоқ жалғыз біліп.
Есітіп Оғыз ханның ол қыз сөзін,
Қайтармай күпірліктен тұрды өзін.
Жатпастан төсегіне бөлек жатты,

Паһимлап тіл алмаған бір мінезін.
∗ Бұл жерде қолжазбаның 12 беті жоғалып қалған.

дүниежүзіндегі  халықтардың  тайпа, руларға  бөлінуі
Мұнымен бірнеше уақыт кетті өтіп,
Бұл істен Қара ханға хабар жетіп.
Және де Көз хан атты інісінің

Бір қызын алып берді, неке етіп.
Оғыз хан ол қызға һәм айтты жана:
«Бір біліп, қайіл бол деп бір Аллаға».
«Құдай,—деп,—айтқаныңды білмеймін» деп,

Қылмады айтқаныңның бәрін һәмма.
Жатпады, ол қызбен һәм болып бірге,
Сапарға шығар еді әрбір күнде.
Көз ханның бір қызына душар болды,

Аң аулап келе жатқан мезгілінде.
Оғыз хан қызға қарай айтты: «Ей, жар,
Жасырын айтатұғын бір сөзім бар.
Өзінің інісінің екі қызын

Ілгері атам маған әперділар.
Оларға айтып едім сөзімді бұл,
Қылмады екеуі де әні қабыл.
Бірлесіп оларменен жүрмей дүрмін,

Айтқандық есебінен күпірлік дүр.
Әгарда, ол сырымды қабыл қылып,
Сөзіме менің айтқан тұрсаң кіріп,
«Анама алып бер» деп мағлұм етіп,

Өзіңді алар едім неке қылып».
Қыз айтты: «Қандай болса айтар сырым,
Қыламын екі етпестен аның бірін».
Оғыз хан атасына мағлұм етті

Көз ханның қызын алып бермектігін.
18-84

шежірелік  жыр-аңыздар
Атасы мұны естіп құрсантланып,
Көз ханның қызын берді Оғызға алып.
Ол қыз һәм кәлима таухид айтты,

Алланың бірлігіне көңілі нанып.
Екеуі сұхбат етіп ойнап жүрді,
Оғыз хан жекер етіп, ау құрды.
Елінен алыс жерге ұзап кетіп,

Сахарада бірнеше күн келмей жүрді.
Қарахан қатыныменен отырғанда
Сөз қылып келіндерін айтты анда.

—Балама алып берген келіндерім

Не үшін жақпас,—деді,—Оғыз ханға.
Қатыны Қара ханның мұны естіп,
Сұрады келіндерден сауал етіп.

—Оғыз хан соңғы әйелін жақсы көрер,

Өз көңлі қаламайды сізді нетіп?
Келіні айтты: «Бұған бір себеп бар,
Балаңыз бір түрлі сөз айтадылар.
«Алланың бірлігі мен барлығына,—

Деп айтар,—ықыласыңмен бол ықтияр».
Қылмадық ол айтқанын біздер қабыл,
Сол үшін бізбен араз бірнеше жыл.
Ең кіші келініңіз қабыл етті,

Біздерден жақсы көрер себебі бұл».
Қатыны келіндерден мұны есітті,
Білдіріп Қара ханға мағлұм етті.
Қылғанын анасынан хабарланып,

Оғызды өлтірмекке көңілі кетті.

дүниежүзіндегі  халықтардың  тайпа, руларға  бөлінуі
∗ Қолжазбада сөздер түсіп қалған.
∗∗ Қолжазбада сөздер түсіп қалған.
Қарахан атырабына хабар салып:

«Алдыма келсін,—деді,—тез жиналып».
Оғыз хан жекер қылып жүргенінде
Сахарада өлтірмекке іздеп барды.
Қатыны Оғыз ханның мұны білді,

Көңіліне әбден артық қайғы кірді.
Атасы дұшпандықты ойлағанын
Білдіріп бір адамнан хабар қылды.
. . .* Оғызының көңіліне,

Білдірді барша халыққа хабар беріп.
. . .**
Өзімді қалағаның мұнда келіп.
Халқының Қара ханға көбі барды,

Қолында Оғыз ханның азы қалды.
Азбын деп өз көңіліне қауіп ойламай,
Оғыз һәм ұрыспаққа даярланды.
Көбі еді Қара ханның ұғлы інісі

Тұрмаққа атасымен болмай хошы.
Олар һәм Оғыз ханмен бірге болды
Қалмастан Қара ханда ешбірісі.
Хош уақыт боп Оғыз айтты: «Ұйғырлар,

Қасымда келіп менің бірге тұрар».
Оларға бұл айтқан сөз ру болып,
Ұйғырдың руы деп есім қылар.
Мағынасы ұйғырдың құп белгілі,

Әуелден бұл уақытша түріктің тілі.
Сүт сауып, пісірген соң қатық болып,
Қойылып, ұйыды деп айтар мұны.

шежірелік  жыр-аңыздар
Қара хан әскерімен басып келді,
Оғыз һәм даярланып тұрар еді.
Ата ұл бір-біріне қарсы тұрып,

Қызығып баһадүрлер ұрысқа енді.
Ақыры екі әскер араласып,
Ұрысты қылыш жұмсап, найза жаншып.
Бақыт ықпал Оғыз ханға жәрдем болып,

Басынан Қара ханның дәулет қашып,
Екі әскер араласып ұрысқанда,
Оқ тиді біреу атқан Қара ханға.
Сол оқтың зарпыменен кесел болып

Тәнінен жаны шығып, өлді анда.
Оғыз хан патша болды, таққа мініп,
Өзінің қарауына үкімі жүріп.
Алланың тұғры дінін жария қылды,

Ақ жолға халықтың бәрін дағуат қылып.
Үкімінде Оғыз ханның әркім тұрды,
Айтқанын қабыл алып дінге кірді.
Ақ дінге кірмеймін деп жүз қайтарған

Адамды аман қоймай өлтірер-ді.
Әуелі моңғол халқы кіріп дінге,
Тұрдылар Оғыз ханмен болып бірге.
Одан соң атыраптағы халықтарменен

Сап байлап ұрысар-ды әрбір күнде.
Оғыз хан қашырарды әлі жеңіп,
Тұрар-ды жеңілгендер дінге кіріп.
Бағзы бір ақжолына кірмегендер

Татарға тұрар ерді қашып келіп.

дүниежүзіндегі  халықтардың  тайпа, руларға  бөлінуі
Ол уақытта татарлардың тамам елі,
Шүршітке жақын жерде тұрар еді.
Моңғолдың Темір, Қазық тарапында

Болады мекен еткен оның жері.
Қосынмен татарға һәм Оғыз барды,
Ұрысып, басым болып қырғын салды.
Неше күн қона жүріп елін жауып,

Есепсіз қазына, жасау қолына алды.
Алмаққа көлік болмай қазына, малын,
Ағаштан арба қылып артты бәрін.
Ол уақытта «арба» деген аты болмай

«Қанық» деп ақылменен қойды намын.
Бұл түрлі ат қойғаны жол жүргенде,
Қанықлап әуе шығып тұрар дәнда.
Ұстаға «Қанықлы» деп ат қойылып,

Андан дүр қаңлы руының бәрі һәмма.
Оғыз хан жетпіс екі болғанда жыл,
Ұрысып үкіміне енді татар, моңғол.
Баршасы күпірліктен жүз қайтарып,

Шаһадат кәлима айтып шығарды тіл.
Андан соң қытай, шүршіт, тибетті алды,
Теңізге одан арғы жақын барды.
Ол уақытта әскер басы кәтталары

Қатынын бірге алып һәм жүрер-ді.
Ұрыста әскер басы біреуі өліп,
Қатыны қалып еді буаз болып.
Суықта бір ағаштың қуысының

Ішіне бала туды қатын келіп.

шежірелік  жыр-аңыздар
Баланы Оғыз ханға алып барды,
Анықтап, ақиқатын сұрап қанды.
Атасы қызметінде өлгені үшін

Өзінің асырамаққа қолына алды.
Қыпшақ деп ол баланың қойылды аты,
Бұл аттың мұнда еді ақиқаты.
Ағаштың кеуек жерін күбішек дер-ді,

Ілгері ескі тілде түркі халқы.
Ол бала кәтта болды құп ержетіп,
Әскерге оны қойды бастық етіп.
Ол уақытта мажар, башқұрт Оғыз ханға

Жау еді дұшпандығы кеткен өтіп.
Қыпшақты көп қосынға бастық қылып,
Жіберді башқұрттарға хан бұйырып.
Дұшпаннан Еділ, Жайық бойын алды,

Ұрысып бірнеше жыл Қыпшақ жүріп.
Башқұрт пен мажар халқы қашып кетті,
Ол жерді Қыпшақ тұрып мекен етті.
Көп уақыт болғанынша анда тұрып,

Көптігі әулетінің әбден өтті.

. . .* ат қойылған бір ру бар,
Айтылған ол баланың нәсілі дүрлар.
Ол жерге аның үшін бұл уақыттарда
Дәшті Қыпшақ даласы деп есім қылар.

Оғыз хан аттанбаққа талап етіп,
Қосынын моңғол, татар тамам ертіп.
Самарқан, Тәшкен, Сайрам, Бұхарды алды,
Түркістан, Әндіжанға үкімі жетіп.

∗ Қолжазбада сөз түсіп қалған.

дүниежүзіндегі  халықтардың  тайпа, руларға  бөлінуі
Балық пен одан кейін Ғұрыны алды,
Қар жауып бірнеше жыл келмей қалды.
«Жүре алмай қардан қалдық» дегені үшін

Қарлық деп ру болып айтылар-ды.
Кабул мен Қызнин, Кашмир атты қала
Оғыз хан жеңіп алды бәрін әмма.
Баршасын алған жердің мұсылман қып,

Моңғолстан өз жұртына келді жана.
Жұртында қарар алып, бір жыл тұрып,
Иранға және аттанды қосын қылып.
Біреуді жасауылдар ханға әкелді,

Кейінге қалғандығын оның біліп.
Хан айтты: «Кейін қалып неғып жүрсің?»
Ол айтты: «Жүре алмадым аштық үшін».
Хан айтты: «Ондай болса қосынға ермей,

Мұнда қалғын, өзіңнің еркің білсін».
«Қожа» деп ат қойылған бір ру бар,
Нәсілінен ол адамның бола дүрлер.
Хорасан, Араб пенен Бұхарада

Аймақпен осы уақытта бірге тұрар.
Оғыз хан Әмудария судан өтіп,
Хорасан аймағына барды жетіп.
Бұмынды патша қылмай тұрған еді,

Киемес ол уақытта өліп кетіп.
Хорасан, Мүлік, Ирак, Араб, Ажан
Әрмене, Әзірбайжан, Шам.
Оғыз хан қосынымен тынбай жүріп,

Ұрысып жеңіп алып баршасын һам.

шежірелік  жыр-аңыздар
Андан соң өз жұртына келді қайтып,
Көңілінде құрсанттығы әбден артып.
Есепсіз көп мал сойып, той берділар,

Халқына бірнеше күн хабар айтып.
Бар еді Оғыз ханның алты ұлы,
Үшеуі бір әйелден бұрын туды.
Аттары: Күнхан, Айхан һәм Жұлдызхан,

Үшеуі «Көктен, Теңіз» деп айтылады.
Оғыз хан патша болып дәурен сүрді,
Бір жүз он алты жыл шаһлық құрды.
Бұл дүние бейбаһадан сапар етті,

Орнына патша болып Күн хан тұрды.
Жетпіс жыл патшалықты Күн хан етті,
Ай ханды таққа отыртып ол һәм өтті.
Дүниеден ажал жетіп Ай хан өтіп,

Жұлдыз хан шаһ болмаққа нәубат жетті.
Меңлі хан Жұлдыздан соң шаһлық қылып,
Онан соң Теңіз тұрды таққа мініп.
Теңіз хан бұл дүниеден өткеннен соң,

Елханның патша болды үкімі жүріп.

Моңғолдардан хандықтың кетіп, Аркінақұн тауына
қашып барғаны
Білдіріп ілгеріде айтып едім,
Моңғолдан тоғызыншы Ел хан дедім.

Татарлар жетісінші Сүйеніштей
Мәлім қып жоғарыда хабар бердім.
Ол уақытта моңғол—татар еді дұшпан,
Сап байлап неше мәрте көп ұрысқан.

дүниежүзіндегі  халықтардың  тайпа, руларға  бөлінуі
Моңғолдар әр ұрыста басым болып,
Жеңіліп қашар еді Сүйініш хан.
Түр атты Паридонның ерді ұғлы,

Тәшкенде патша болып отыр еді.
Моңғол мен татарлардың бұл жұмысы
Болған деп Түр уақытында айтылынды.
Татарлар ұрыспақтан үміт үзіп,

Сөйлесті Түр патшаға елші салып.
«Моңғолдан көп кемшілік көрдік,—деді,—
Бермесең жәрдем беріп, кегімді алып.
Түр патша оның сөзін қабыл көрді,

«Қосылып барайын» деп уәде берді.
Қосыны екі ханның біргелесіп
Үстіне моңғолдардың басып келді.
Ел хан һәм дұшпандардан хабарланып,

Моңғолдың баршасынан қосын алып,
Бұлар һәм ұрыспақтың қамын етті,
Жер қазып атрабына һәм қамалып.
Күтеді келген қосын арты қанша,

Жүгірді аламыз деп орға қанша.
Моңғолдар ішкеріге кіргізбеді,
Оқ атып, таспен ұрып тамам барша.
Татар мен Түр қосыны ила етіп,

Қашқандай көтеріліп, қалды кетіп.
Моңғолдар ордан шығып ат қойдылар
«Қашты» деп өз көңіліне шаттық жетіп.
Ішіне қашқандардың барып кірді,

Атының баршасы һәм мойнын бұрды.

шежірелік  жыр-аңыздар
Бұлардың қарсысынан қайта ұмтылып,
Аянбай бір мәртебе ұрыс қылды.
Оларды ортаға алды шауып, шаншып,

Тұра алмай, орға кірді қайта қашып.
Баршасы қуғандардың орға кірді,
Моңғолдан ажырамастан араласып.
Моңғолдың адамының бәрін қырды,

Аямай, рақымы келмей өлтіреді.
Қыз-қатын және қанша қалғандарын,
Өлтірмей ұстап алып пенде қылды.
Бар дүние, аяқты мал, қазыналарын

Қалдырмай, талан етіп алды бәрін.
Олжа ғып қыз-қырқынын өздері алып,
Құл қылып іске салды еркектерін.
Қай үйде жүрген болса қызмет қылып,

Өзінің моңғолдығын ол жасырып,
Онан соң өздерімен әулеттері
Сол елдің руына кетті кіріп.
Бар еді Ел ханның бір кіші ұғлы,

Қиян деп ол балаға ат қойылды.
Қиянды жаңа түскен қатынымен
Татардың қосындары алып жүрді.
Бар еді екеуінде бір жас бала,

Нәгуз деп ат қойылған еді аңа.
Оны да қатынымен пенде қылып,
Бір қоста алып жүрді бәрін әмма.
Төртеуі оңашада ақылдасып,

Бір түні білдірместен, шықты қашып.

дүниежүзіндегі  халықтардың  тайпа, руларға  бөлінуі
Құтылып татарлардан халас болды,
Аянбай түнде қанша жолды басып.
Әртүрлі төрт аяқты айуандардан,

Шапқанда, мал көп еді жолда қалған.
Төртеуі кез келгенін тауып алды,
Қой, түйе, жылқы, сиыр әрбір малдан.
Ойласты: «Бір руға барсақ кіріп,

Өлтірер дұшпандықпен бізді біліп.
Өлімнен аман болып тұрсақ,—деді,—
Бір жерді адамы жоқ мекен қылып».
Көңіліне бұл қиялы мақұл келді,

Бір үлкен жақын жерде тау бар еді.
Төртеуі қолға түскен малын айдап,
Бір жолмен жалғызаяқ тауға енді.
Қаншама машақатпен таудан өтіп,

Ағын су, бір кең жайға бұлар жетіп.
Асу жоқ атрабында бекем жерде
Отырды төртеулері мекен етіп.
Қыс болса, ол малдардың етін жеді,

Жаз болса, сүтін сауып ішер еді.
Қой менен түйелердің жүнін алып,
Иіріп үстеріне һәм киер-ді.
Дер еді Әркінахун таудың атын,

От-шөбі көп жай еді, жері салқын.
Олардың әулетінен деп айтады,
Кейінгі ру болған моңғол халқын.
Сол жерді мекен қылып тұрды қанша,

Көбейді әулеттері арты қанша.

шежірелік  жыр-аңыздар
Төрт жүз жыл қарар алып онда тұрып,
Ол тауға сыймайтұғын болды барша.
Сөйлесті кәтталары бір күн тұрып,

Бұл тауда күн көрмейміз біздер жүріп.
Бабамыз айтушы еді: «Тау сыртында
Көп жер бар, халық отырған мекен қылып.
Біздерді олар кетті шауып алып,—

Деп айтты,—аман қалдық тауда қалып.
Дұшпаннан кек алатын біз де болдық,
Баршамыз отыралық сонда барып.
Біздерге қайсыбір ел болса дұшпан,

Сап байлап ұрысалық оныменен.
Онымен біз де жақын боладүрміз,
Егерде адам болса достық қылған».
Бұл сөзді баршасы да қабыл алды,

Далаға тау ішінен шығып барды.
Бұлардың таудан шығып келгендігі
Татар мен барша халыққа мағлұмданды.
Сол уақыттың қаңлы халқы—ерді татар,

Басқа да неше түрлі қаңлы жұрт бар.
Көңліне дұшпандығы және келіп
Татарлар моңғолменен ұрыстылар.
Ұрысты бірнеше жыл төгісіп қан,

Қырылды есебі жоқ қанша көп жан.
Татарды жер аударып жіберділер
Моңғолдар қырып-жойып қайратбилән.
Атырапта жақын тұрған қаңлы елі,

Моңғолдың әмірін ұстап үкімі енді.

дүниежүзіндегі  халықтардың  тайпа, руларға  бөлінуі
Бағзысы «моңғолмыз» деп, ат өзгертіп,
Қалдырып өз руын бәрһәм берді.
Барша рулардың шыққандығы жайлы

Оғыз хан заманында мәлім қылып,
Айтып ем бес руды мен білдіріп.
Ұйғыр мен қыпшақ, қаңлы, қалша, қарлұқ
Көп болды жер жүзінде олар жүріп.

Шыңғыстың заманында Қарлұқ ханы,
Арыслан хан тарту етіп қызын берді.
. . . * Қарлық елі
Моңғолстан тауларында тұрар еді.

Шыңғыс хан жақынынан бір қыз беріп,
Халқына осы түрлі білдірді сөз.
Мұнан соң Арыслан өзінің жалғыз атын,
Моңғолда «сирақ» сөздің мағынасы бар.

Тәжіктің арғы нәсілі одан дүр деп,
Тауарих кітапларды нақыл қылар.
Біреуі ұйғыр еді бесеуінің
Мағынасын Ұйғыр хан да айттым бұрын.

Көбейіп жүз жиырма ру болды,
Ұйғыр дер бәрінің һәм арғы түбін.
Ұйғырдан кетпек болса қайсыбір адам,
Байқұт деп айтар еді баршасын һам.

Шыңғыстың заманында ұйғырларға
Бір адам—байқұт еді Бауыршық нам.
Ертістің өзенінде отырар-ды,
Баршасы көбейген соң үш бөлінді.

∗ Қолжазбада сөздер түсіп қалған.

шежірелік  жыр-аңыздар
Мал бағып, егін салмақ, аң ауламақ,
Үшеуі үш кәсіпті қылып жүрді.
Шыңғыс хан Бұхараға аттанғанда,

Бауыршық, Байқұт ерді ұйғырларға.
Халқынан бірнеше мың әскер алып,
Қосылды жолдас болып Шыңғыс ханға.
Тәкуін деп бір рудың қойылды аты,

Моңғолға қосылмайды оның халқы.
Жанайық ат қойылған бір адамның
Һүкімінде тұрар ерді һүкіматы.
Шыңғыс хан заманында елші келді,

Қырылмақ халқы бірлән көңіліне енді.
Алдына Шыңғыс ханның өзі барып,
Тарту ғып Боқай атты қызын берді.
Оғыз хан нәбирасы бұл баланы,

Қырғыз деп атын қойып айтар аны.
Айтылған Рүх баланың нәсілінен дүр,
Руының қырғыз, якут тамам бәрі.
Ұранжығыт—бір рудың болған аты,

Такуздың әулетінен әслі заты.
Оларға ру маңғыт деп ат қойылған
Тоғайда болған үшін аның халқы.
Ұнғыт деп айтадүрлар бір руын,

Дер ерді сегізмұран деген мұны.
«Түркі дер ұзын арық» деген мисал,
Моңғолдар «мадканба» дейді аққан суды.
Торғауыт, қоры, толас үш ру бар,

Бәрінің арғы нәсілі Ойрат ер дүр.

дүниежүзіндегі  халықтардың  тайпа, руларға  бөлінуі
Шыңғыс заманында Кұтырқа атлы,
Кәттасы һүкімі еніп болған.
Ойраттан бір ру ел шықты жана,

Комат деп есім беріп, ат қойды ана.
Ортқожын, Қокам деген орындарын
Өтен ғып отырар-ды бәрі һәмма.
Қумадан екі ру және келді,

Болғасын һәм Кермужын атын дерді.
Олардан үш ру ел және шығып
Төлеңгіт руы Сүптін, Сытмай ерді.
Рудың сол уақыттағы найман бірі,

Ұйғырдың нәсілінен деп мұны айтар-ды.
Қарақшы, Анбат, Таян ат қойылған
Найманның хандары бар көп белгілі.
Халқына Шыңғыс кейін болғанда хан,

Найманды Таян еді сұрап тұрған.
Шыңғыс пен арасында болған ісін
Өзінің мезгілінде айтадүрмін.
Керейт деп бір адамға есім қылды,

Жеті ұл қара болып одан туды.
Мағынасы түсі қара болғандықтан
Керейт деп ру болып аталынды.
Күшті еді ол уақытта Керейт елі,

Найманға болып жақын тұрар жері.
Екеуі бағзы уақытта тату болып,
Соғысып бағзы уақытта қалар еді.
Керейтте Марғұз атты бар еді хан,

Қоршақұр атты ұл одан туған.

шежірелік  жыр-аңыздар
Көп ұл Қоршақұрдан дүнияға еніп,
Тиғрал деп біреуіне есім қылған.
Шығлайдың уақытындағы патшалары

Оң хан деп есім беріп, айтты оны.
Оң деген—мәртебелі патша демек,
Шыңғыстың ол Оң хан дүр ұрысқаны.
Ұңғыт деп бір руға қойылды нам,

Білсеңіз, мағынасы бар атының һам.
«Ұңғыт» деп қытай тілде айтылады,
Сақтаса дарбазаны қайбір адам.
Қытайда ықтият қып бір қақпаны,

Сақтатып қояр еді бір халыққа аны.
Әулеті бірден-бірге тұрғаны үшін
Қойылды ұңғыт болып оның намы.
Қытайдың екі руға бөлер бәрін,

Шүршіт пен қара қытай аттары оның.
Екеуі бір-біріне көп жау болып,
Өлтірді, шүршіт жеңіп қытай ханын.
Түстайғыр ат қойылған еді бегі,

Патшаның Әпіріснияп әулеті еді.
. . . . . . . . .*
Өлген соң Қытай ханы қайғы келді.
. . . . . . . . .**

Шаһарында бала Сағын хандық қылған.
Жеңіліп кемдік көріп тұрар еді,
Ұрысып неше мәрте қаңлыменен.
∗ Қолжазбада өлең жолы түсіп қалған.

∗* Қолжазбада өлең жолы түсіп қалған.

дүниежүзіндегі  халықтардың  тайпа, руларға  бөлінуі
Ел хан түс қайғыдан хабарланып,
Шақырып, келтірмекті көңлін алып.
«Қаңлыдан кегімді алып беріңіз» деп,

Елшіден мағлұм етті хатқа салып.
Түстайғыр әскерімен басып келді,
Қаңлының ұрысымен бәрін жеңді.
Елік хан Түстайғырға орнын беріп

Тұрмақ, дүние көр болып қабын көрді.
Түс айтты, өз халқына шақыртып жар:
«Елік деп біле дүрсіз қойған ат бар.
Түрікпен,—деп,—мұнан кейін айтсын, деді,—

Әуелде түрікпен халқы одан дүрлер».
Түстайғыр өзі атын да қойып «Гөрхан»,
Аттанып, жұрт ашпаққа талап қылған.
Әндіжан, Түркістан мен Тәшкенді алып,

Қалдырды Самарқанды бітімбірлән.
Хиуаға әскерлерін баз жіберді,
Хиуаның Сұлтанмахмұт деген ханы еді.
Бітім қып Сұлтанмахмұт уақтығаша,

Әр жылы жиырма мың алтын берді.
«Торхақ» деп бір рудың қойған аты,
Мағлұмсыз қайдан болған асыл заты.
Хандарын күзет қылып тұрар еді,

Ілгері уақыттарда түрік халқы.
Нәубатпен бірінен соң бірі бағыт,
Тұрғындар отырар-ды дабыл қағып.
«Қорқақ» деп жатқанында айтқандықтан,

Қорқақ деп ру болды, есімденіп.
19-84

шежірелік  жыр-аңыздар
Меркіт деп бір рудың атын берді,
Кәттасы—ол халықлардың Тоқтабегі.
Шыңғыстың елін тауып, бір қатынын

Олжа ғып ілгеріде алып еді.
Сахарада Шыңғыс жүргенде жалғыз
Пенде қып ұстап алған, ұшырасып кез.
Алған соң құн бағасын, қайтып еді,

Араға елші жүріп, айтылып сөз.
Шыңғыстың екі мәрте кебі кетіп,
Кейінгі хан болғанда уақыты жетіп,
Қаншама қашсадағы аман бермей,

Өлтірді ұстап алып, қатіл етіп.
Бар еді қиял, нәсілі бір жақсы адам
Өзінен туған еді алты ұғлан.
Аттары: Жолық, Мәркен, Хибай, Шыра,

Қосбұдан—кішісіне қойылған нам.
Жолықтың бір баласы—аты Қоңырат,
Осы еді қоңырат руы қойылған ат.
Қыбайдан екі ұғыл ру болған,

Елграс, алхлут деп әйлады ат.
Бар еді Қосбұданның екі ұлы,
Үлкенін Қаранут деп мәлім қылды.
Қаранут деп айтқан рулардың

Баршасы одан дүр деп айтылынды.
Құтқұлыт екіншісі еді жана
Одан бір дүнияға енді ұғыл бала.
Екі ұл ол баладан дүнияға енді

Андандүр Құралас елдің бәрі һамма.

дүниежүзіндегі  халықтардың  тайпа, руларға  бөлінуі
Аяшкін кішісінің Бұқан аты,
Андандүр Алшын елдің асыл заты.
Оймауыт ат қойылған бір адамы—

Болады оймауыттың тамам халқы.
Торғауыт ұрығыдан бір адамы—
Қорқыма деп айтады оның намын.
Қойылған өз тілінде «өлген» деген

Адамның құмар дейдүр мұрындарын.
Өзгеден оның мұрны үлкен келді,
Сол үшін «Қанқұмар» деп есім берді.
Қанқұмар рулары одан кейін

Құмардың ұлымыз деп айтар еді.
Құмардың әулетінің бір адамы—
Меңлік деп ат қойылған ердің намы.
Меңлікке жасырын қып адам салған

Оң хан деп ат қойылған найман ханы.
Оң ханның айтқаны еді бұл түрлі сөз:
«Шыңғысқа жау боларлық сіз екеуміз.
Аттанып ташқарыға мен барамын,

Ішінде даярланып тұрыңыз сіз.
Өз халқыңның олжа қылып алған малын
Екіге бөліп алалық»,—деп айтты бәрін.
Шыңғысқа Меңлік келіп хабар берді

Оң ханның дұшпанлықпен айтқан сөзін.
Шыңғыс хан сол мезгілде он үште еді
Қасына жолдас болып Меңлік енді.
Онан соң өлгенінше бірге болып,

Отырып оң тізесінде құрмет көрді.

шежірелік  жыр-аңыздар
Меңліктен ұл перзент үшеу туды,
Көкше деп ат қойылған үлкен ұғлы.
Өз халқы ықылас етіп сыйлағаннан:

«Алланың жүзі бол!» деп айтылар-ды.
Айырылды дүр баласының екіншісі,
«Айрулла» дер, бір баласын сүйсе кісі.
Айрулланың елі андан болған,

Керек дүр есіткенің құп білісі.
Меңліктің үшінші ұғлы еді Такат
Себеп бар . . . . . .*
Тілінде қай адамның кемдік болса,

«Такат» деп моңғол тілде қылар нисбат.
Бар үшін осы ұғлының сақаулығы,
Такат деп есім беріп айтар мұны.
Ол уақыттан бұл күнгеше сол бала дүр

Такаттың руының арғы нәсілі.
Екі ұғыл Бады, Қышлақ болды анда
Айтылған екеуінің әулеті дүр,
Рудан Бады, Қышлақ болса һәрне.

Уақтында Шыңғыс ханға Бады келген,
Оң ханның дұшпандығын хабар берген.
Шыңғыс хан сол себептен аман қалып,
Ұрысып, басым болып, ақыры жеңген.

Шыңғыс хан одан кейін болғанда хан
Бадыны алып келіп Қышлақбірлән.
«Таркан» деп екеуіне амал беріп,
Әулеті азат болған салық пұлдан.

Бұлардан келер болса ханға кісі
Тоқтатпас жасауылдың ешбірісі.
∗ Қолжазбада сөздер түсіп қалған.

дүниежүзіндегі  халықтардың  тайпа, руларға  бөлінуі
Болғанша тоғыз рет жаза қылмас,
Бұлардың болғанменен күнә ісі.
Болғанша тоғыз ата әулеті аның

Қояды бұл айтқанды қылып бәрін.
Одан соң халық қатары қылар еді,
Тоғыздан төмен қарап өткендерін.
Үйсінмен ру болған Салдос елі,

Мұның да арғы нәсілі Мағба еді.
«Елдуген ат қойылған бір ру һәм
Салдостан айырылған» деп айтар еді.
Кенкеттің руы дүр моңғолдардан,

Дурба деп бір рудың атын қойған.
Ішінде Баһанқан атты ханның
Бес бала кемерінен пайда болған.
Атасы өлеріне кіші ұғлыны,

Орнына дайындаған «қой» деп мұны.
Төртеуі араз болып кетіп қалаған
Ауыр боп атасының айтқан тілі.
Ішіне бөтен жұрттың тұрды барып,

Өлгенше анда тұрды қарар алып.
Бір жұртқа өз елінен барған адам
«Дұрбан» дер моңғол тілде есімденіп.
Дұрбанның бірінде бар еді үш ұғыл

Бәрін деп үлкен ұғлын айтадүр «біл».
Бұл уақта ру болған барлығының
Бәрінің әуелінде атасы—бұл.
Бар еді кішісінің бір қатыны

Құр жүрді бала таппай қанша жылы.

шежірелік  жыр-аңыздар
Бала үшін кәнизді және алып,
Жүреді жақындасып бағзы түні.
Ол кәниз аз күннен соң болды буаз,

Қатыны түсірмекке ойлады лаж.
Әр заман ішін сығып ұрса дағы,
Баласы ішіндегі түспес-ті баз.
Бір кәниз туды уақты жетіп,

«Қоймас,—деп,—қатын білсе, аман етіп».
Бір тонның етегіне баланы орап
Жыңғылды бір тоғайға қонды әкеліп.
Ертемен ері тұрып тоғайға енді,

Баланы жаңа туып жатқан көрді.
Етегін өз тонының және танып,
Болған соң өз баласы алып келді.
Соқұт деп ол баланың қойды атын,

Соқұт одан дейді тамам бәрін.
Жыңғылды моңғол тілде «соқай» дейдүр
«Соқұт» дер жыңғыл біткен тоғайларды.
Қурлауыт һәм бұрқаттың рулары

Моңғолдың әулеті дүр аның бәрі.
Төртеуі қарындастық болған үшін
Қоңыратқа жақын дүр деп айтар әні.
Үгдан деп ат қойылған бір ру бар,

Оны да моңғолдан деп нақыл қылар.
Жұдан деп ат қойылған бір ру бар
Моңғолда Аланқуа нәсілі дүрлар.
Бияут бір рудың болған аты,

Екіге бөлінеді кейінгі арты.

дүниежүзіндегі  халықтардың  тайпа, руларға  бөлінуі
Жадайын және Макрайын екі суда
Мекен қып отырар-ды аның халқы.
Оларға судың атын ру қылды,

Жадайын, Мекрайынбыз деп айтылынды.
Моңғолда Дірілкеннің ұрығынан
Бұлардың ұрық нәсілі айрылынды.
Айтады бір руды жалайыр деп,

Болады өзге рудан әулеті көп.
Ішінде рулары көп болады
Отырды Оман деген бір жайға кеп.
. . . . . .*

Негізінің әулатынан әні дер-ді.
. . . . . .**

Қалғанын Қайду хан деп айтылар-ды,
Өлген соң Жалайырға кісі салды.
Ұрысқан бес жүз адам болғаны үшін
Қайдуға «өлтіргіл» деп алып берді.

Қайду хан өлтірмекке ойлағанда,
Нөкерлер, сардарлары айтты анда:
«Бұлардың бәрін бірден қырғанменен,
Тең болмас мұның ханы сіздің ханға.

Құл болып әулетіңе әулеттері,
Қызмет қып ақырғаша тұрсын бәрі».
Өлімнен барлығына азаттық қып,
Қайду да мақұл көріп жіберді аны.

Құл қылып Жалайырды бөліп алды,
Одан соң жалайырлық аты қалды.
∗ Қолжазбада өлең жолы түсіп қалған.
∗ Бұл жерде 4 қатар өлең жолы өшіп қалған.

шежірелік  жыр-аңыздар
Өзінің сұрағанда затын айтпай:
«Қиянның нәсіліміз» деп айтылар-ды.
Шыңғыстың төртінші ұғлы уақтығаша

Құл болып жүрер еді айтылғанша.
Жайыр әслі, заты моңғол болып,
Дерегі әулетіне барар барша.
Шыңғыстың туылған соң уақыты жетіп,

Хан болып отырғанда таққа өтіп,
Айтылған рулардың тамам бәрі,
Қасында еріп жүрді қызмет етіп…
Қазақтың үш жүзге бөлінгені

Ілгергі рулардың хикаяты,
Шығарған Әбілғазы тарих хаты.
Баршасы бұл қазақтың руы емес
Бағзысы моңғол бірлән өзбек халқы.

Ішінде қазақтың һәм рулары бар,
Әрбірі өз жайында айтулар.
Бағзысы моңғол тілде болғаны үшін
Қазақтың айтқанынша келмей тұрар.

Қазақтың арғы атасы түріктен ерур,
Япыстан болғанына әркім сенер.
Патшасы моңғолдардан болғаны үшін
«Моңғолдың нәсілінен» деп хабар берер.

Шыңғыстың әулеті еді қазақ ханы,
Біледі тарихтардан әркім мұны.
Білмекке бұл күнде дәркарлы сөз
Үш жүзге қазақтардың айырылғаны.

дүниежүзіндегі  халықтардың  тайпа, руларға  бөлінуі
Әр түрлі бұл тұрғыда нақлият бар,
Білдіріп тарихта һәм айтылар-ды.
Ақылға салып қарап көрсең,

Муафиқ бір-біріне келмей тұрар.
Үш жүзге қазақ халқы айрылмақта
Бұл жерде білдірейін мен де бірін.
Жошы хан Шыңғыс ханның еді ұғлы,

Әулеті қазақтарға хандық қылды.
Жошы хан хандық еткен әулетінде
Біреуін Аланша деп айтылынды.
Уақтында Аланшаның қазақ елі

Алатау, Сарыарқа еді жүрген жері.
Ол күнде қазақтарға қалмақ пенен
Артықша башқұрт, мажар дұшпан ерді.
Қалмақтар шыдатпасты елді шауып,

Башқұрт һәм елді шабар уақтын тауып.
Баршасы Сарыарқаға қызыққаннан:
«Кетсе,—деп,—ойланар-ды жерден ауып».
Бір жылы қалмақ, башқұрт кәтталары

Бір жерге басын қосып тамам бәрі:
«Қазақты қонысынан аударсақ» деп,
Сөйлесті көңілдегі мұддағаны.
Бір жерге сөзін қойды тамам барша

Есепсіз қосынменен анда барса.
«Қоймастан ұрысайық,—деп айтысты,—
Қазақты қонысынан аударғанша».
Бұл сөзді баршасы һәм мақұл көрді,

Халқына қалмақ, башқұрт хабар берді.

шежірелік  жыр-аңыздар
Қанша мың әрқайсысы қосын жинап,
Қазақты шабу үшін жақын келді.
Ат қойып, әр тараптан ел шапты кеп,

«Жеңілсе, жерін тастап кетеді» деп.
Қазақтар ол уақытта артық ұрыспай,
Бұл жүрген қалыбында емес-ті көп.
Және де білмегеннен хабарланып,

Қосынын жинай алмай, қамда қалып,
Өзімен әрқайсысы өзі болып,
Ұрыспай қаша берді, басын алып.
Қазақтар ол ұрыста көп қырылды,

Қоймастан қашса дағы қуып барды.
Қыс қатты, суықтықтан малы жұтап,
Аштықтан қаһатшылық бірге кірді.
Мінбекке көлік таппай кейбірісі,

Жаяулап қашар ерді бағзы кісі.
Бір көлдің жағасына келіп отырды,
Жүрмекке шаршағаннан келмей күші.
Бағзыда отырмаққа болмай шама,

Айнала көл шетіне жатты һамма.
«Біздерге осы болған қандай күн» деп,
Қазақтар қайғыланды ұстап жаға.
Бір қария ортасынан тіке тұрып,

Сөз айтты мына түрлі әуез қылып:

—Бұл бізге естен кетпес жұмыс болды,

Көрмеген ілгеріде ешкім біліп.
Кейін һәм мұны ұмытпас қазақ халқы
«Ақтабан шұбырынды» болсын аты.

дүниежүзіндегі  халықтардың  тайпа, руларға  бөлінуі
«Алқа көл сұлама» деп ат қоялық,
Жатқаннан көл айналып бәрі жалпы.
Барша халық ол жерден һәм жүріп кетті,

Шөл, биабан Қаратаудан келіп өтті.
Қазақтың батырлары елді өткізіп,
Тұрмаққа тау өзінде шаттық етті.
Қазақтың адамы өлген, әйелдері

Жыласып барар ерді қылып зары.
Айырылған анасынан бос тайлақтың
Көш жанап боздар еді тамам бәрі.
Қазақтың батырлары мұны көріп,

Көзінен қапаланып жасы келіп,
Өлеңді төмендегі айтар еді,
Бұл көрген ахуалына көңілі еріп.
«Басынан Қаратаудың көш келеді,

Тайлақтар көшкен сайын бос келеді.
Айырылған қарындастан қиын екен,
Мөлдіреп қара көзге жас келеді.
Мына заман қай заман, қысқан заман,

Басыңнан бақ-дәулетің ұшқан заман.
Шұбырған ізіңнен шаң борайды,
Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.
Мына заман қай заман, бағы заман,

Баяғыдай болар ма тағы заман.
Қарындастан ажырап қалғаннан соң
Көздің жасын көл қылып ағызамын».
Осындай өлең айтып жылар еді,

Бұл көрген ахуалына қайғы жер-ді.

шежірелік  жыр-аңыздар
«Тағы да Сарыарқаға қайтып барып,
Қалмақтан кегімізді алсақ дер-ді».
Қаратау, Сырдариядан әрмен асып,

Бұхар мен Самарқанның үстін басып,
Қазақтың қашқандары тоқтап тұрды,
Құтылып дұшпанынан ұрандасып.
Қалмақтар Қаратаудан қайтып жүрді,

Қазақты жер аударып көңілі тынды.
Сарыарқа, Еділ, Нұра, Еділ, Жайық,
Жеткенше Алатауға қоныс қылды.
Амур деп бір арнаға есім қылған,

Жиделібайсын жері бай ат қойылған.
Қазақтың қашқандары Сырдан өтіп,
Айтылған ол жайларға барып тұрған.
Ол жайда қазақ халқы қарар қылды,

Қыс қыстап, жазда жайлап отырар-ды.
Аз жылда бұрынғыдай өсіп-өніп,
Мал бітіп ілгергідей болып тұрды.
Сағынып һәм заманда Сарыарқаны,

Алсақ деп ойлар ерді қайтып аны.
Ілгергі атақоныс өз жеріне
Бармақ-ты көңіліне алып халықтың бәрі.
Артықша Алаша хан қайғы жер-ді,

Халқының жерін алып берсем дер-ді.
Қазақтың қариясының басын қосып,
Бір мәрте кеңес етпек көңіліне енді.
Жіберді әр тарапқа бір кісіні,

«Келсін,—деп,—әр рудан үлкен бірі».

дүниежүзіндегі  халықтардың  тайпа, руларға  бөлінуі
Рудың әрбіріне адам барып,
Халқына естілді ханның тілі.
Жиналды хан алдына халық жақсысы,

Келгенде бәрі болды үш жүз кісі.
Өзінің заманында кәтта болған,
Басы еді һәр рудың әрбірісі.
Отырды жұрт жақсысы қосып басын,

Сөйлесіп көңіліндегі мұддағасын.
Қонысты жауға беріп қор болдық деп,
Көзінен төгер еді қанды жасын.
Хан айтты: «Бір мұддаға көңілімде бар,

Қалмақта қанша кетті мал менен ар.
Бір мәрте артта қалған қоныс үшін
Қосын қып бармақлыққа, қандайсыздар?
Және де мал-басымыз өсіп-өнді,

Ілгергі қалыбында халық теңелді.
Қалмаққа қарағанда аз емеспіз
Үстіне ұрысқалы барсақ енді».
Баршасы бірден айтты ауаз беріп:

«Біздің һәм көңілімізге тұрар еніп.
Қонысын атамыздың тартып алды,
Хабарсыз жатқан уақытта қалмақ келіп.
Аттанып біздер барып бір мәртебе

Алалық Сарыарқаны келсе шама.
Ұрысып, иә болмаса қырылайық,
Күн көрер, біз өлсек те, қатын-бала.
Жүргенше дұшпандардан кемдік көріп,

Көп жақсы кеткеніміз тездеп өліп.

шежірелік  жыр-аңыздар
Ортадан ата қоныс ауғаннан соң,
Жүрміз деп ойламаймыз тірі болып».
Хан айтты: «Осы болса шын көңіліңіз,

Айтайын және бір сөз тыңлаңыз сіз.
Мал-жанды, қатын-бала мұнда тастап,
Қалмаққа барар болсақ аттанып біз.
Барған соң ұрысармыз қанша жүріп,

Арықтап аттарымыз қалар тұрып.
Қосынның өзінен һәм қуат кетер,
Апарған азықтар да тез таусылып.
Қалмақтар елі жақын болғаны үшін,

Бұлардың кемдік қылмас ешбірісін.
Тағы да бұрынғыдай жеңілерміз,
Артынан тұрғандықтан беріп күшін.
Бір қиял өз көңіліме тұрар келіп,

Оны да білдірейін хабар беріп.
Егер де осы түрлі жұмыс қылсақ,
Қашырсақ ажап емес, жауды жеңіп.
Бұл жерден халқымызбен жүрсек көшіп,

Бір жүрсе қатын-бала біргелесіп.
Қашқанда мал-жанымыз қалады деп,
Аянбай ұрысар еді жаннан кешіп.
Қосынның арықтаса мінген аты,

Таусылып азық-түлік, қаражаты.
Артында жақын жерде жүргені үшін
Жеткізіп тұрар еді беріп халқы.
Отырған адамсыздар сіздер үш жүз

Әрбірің бір рудың кәттасы сіз.

дүниежүзіндегі  халықтардың  тайпа, руларға  бөлінуі
Көшкенде үш жерменен жүрсеңіздер,
Бөлініп ынтымақпен үш жүзіңіз.
Әрбірі өз бетімен барып тұрса,

Аянбай дұшпандарға ұрыс қылса.
Артында көшкен елі жақын жүріп,
Керекті ат-азығын беріп тұрса.
Жүзбенен ортадағы өзім жүріп,

Отырсам екі жақтан хабар біліп.
Қонысты дұшпандардан ала алмаспыз,
Осындай ұрыспасақ ақыл қылып.
Дұшпанды ұрысқанда алсақ барып,

Орнасақ ата-жұртқа қайтып барып.
Әрбірі ашып алған өз жеріменен
Отырса мекен етіп қарар алып».
Барша халық хан аузынан мұны есітті,

Қуанып, құрсанттығы әбден өтті.
Үш жүзі үш бөлініп жүрмек болды
Ханының айтқан сөзін қабыл етті.
Бөлінген бір жүзінің үшбу халқы:

Жалайыр, Үйсін, Ойсыл һәм Дулаты.
Сарыүйсін, Ойық, Албан, Суан,
Шанышқылы, Қаңлы, Тілек, Сіргелі аты.
Бір жүзі: Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат

Тарақты, Керей, Уақ қойылған ат.
Ішінде және қанша адамдар бар,
Әрбірі ру болған осы сипат.
Бір жүзі: Байұлы, Алшын, Табын, Тама,

Шөмекей, Есентемір, Әлім жана.

шежірелік  жыр-аңыздар
Рамадан, Жағалбайлы, Жаппас, Тілеу,
Қосылды осы жүзге бәрі һамма.
Әрбірі өз алдына бір мал сойып,

Бір жерге уәде қылды сөзін қойып.
Мұнан соң ынтымақ қып жүрмек болды,
Туғандай бір атадан бірге болып.
Сол жерден үш жүз адам үш бөлінді,

Біреуі жоғарымен шетте жүрді.
Ол ру жоғарымен жүрген үшін,
Ат қойып «Ұлы жүз» деп айтылар-ды.
Ортамен жүргені үшін біреуі аның

Аталып «Орта жүздің» қойды намын.
Төменнен бір руы жүргендіктен,
Олардың «Кіші жүз» деп айтар бәрін.

Ұлы жүз аты айтылған жалайыр-ды,
Өзіне ноқта ағасы оны қылды.
Тарақты орта жүздің руына
Болды деп ноқта ағасы айтылынды.

Кіші жүз руының төлеу бірі
Сөйлесіп ноқта ағасы қылды мұны.
Қазаққа әуелінде осы дейдүр
Үш жүздің баласы деп айтқан түрі.

Хан өзі Орта жүзді қасына ертті,
Ұлы жүз бір баласын бастық етті.
Кіші жүз бір баласын хан көтеріп,
Үшеуі үш жерменен жүріп кетті.

Ұлы жүз Самарқан пен Тәшкен барып,
Бір жағын Алатаудың бетіне алып,

дүниежүзіндегі  халықтардың  тайпа, руларға  бөлінуі
Қалмақтың халқымен ұрыс етті,
Тұрмастан жанын сақтап еш аянып.
Орта жүз Қаратаудан келіп асты,

Қалмаққа жерін алған ұшырасты.
Бір мәрте өлімді ойлап, жүзін бұрмай,
Алдына кез келген шауып, шанысты.
Кіші жүз Сарқұдаңнан өтіп келді,

Бертінде мажар менен башқұрт еді.
Ілгергі ар-намысы көңіліне еніп,
Аянып жүз қайтармай ұрысқа енді.
Алаша болған үшін қазақ ханы,

Ұрыста ұран қылып айтты аны.
Мұндан соң бүтін қазақ болған істе,
Айтылар Алаш болып рулары.
Қалмақтарды қазақтардың сұсы басты,

Алдына кез келгенін шауып, шанышты.
Ұрысып ешбіреуі қарсы тұрмай,
Орнынан көтеріліп, бәрі қашты.
Ұлы жүз Алматы мен Қапалғаша,

Бір бетін Алатаудың алды барша.
Күншығыс—Түркістан мен Асы, Талас,
Шу менен Іле су бар мұндай қанша.
Орта жүз Сарыарқаның бәрін алды,

Семей мен Қызылжарға алды барды.
Көкшетау, Есіл, Нұра, Торғай өзен
Бұлардың ортасы деп айтылар-ды.
Кіші жүз Сыр қуаннан өтті басып,

Орынбор мүһкамына барды асып.
20-84

шежірелік  жыр-аңыздар
Солтүстік тарапының бәрін алды,
Аяғы Аштарханға жақындасып.
Әрбірі алған жері мекен етті,

Дұшпаннан кегін алып көңілі тынды.
Алаша барлығына хандық етіп,
Дүниеде бірнеше жыл дәурен сүрді.
Бір күні Алашаға ажал жетіп,

Бұл дүние бейбаһадан кетті өтіп.
Бабасы ілгергі өткен Жошы ханды
Кеңгірге қойып еді күмбез етіп.
Қазақтар ханына қып үлкен құрмет

Кеңгірдің бір жанына қойды әкеліп.
Үстіне Жошы ханға салғандай қып,
Берік қып піскен қыштан күмбез етед.
Күмбездің беріктігі болды мұндай,

Тұрады бұл күнгеше еш бұзылмай.
Жошы хан, Алаша хан күмбезі деп,
Айтады аттарында өзге қылмай.
Үш жүздің баласының таралғанын,

Айтқаным білгенімше осы менің.
Көзбенен көрмегеннің бәрі күмән
Расын өзі білер бір Алланың.
Өзбек деп бұл халықтың айтылғаны,

Кетейін мәлім етіп айтып аны.
Шыңғыстың Жошы деген үлкен ұғлы
Дешті Қыпшақ өлкесінің болды ханы.
Бату хан ұғыл еді Жошы ханға,

Батудан Мангутемір анда.

дүниежүзіндегі  халықтардың  тайпа, руларға  бөлінуі
Мангуден Тұғрыл атты ұғыл туып,
Тұғрылдан бала туды Өзбек намда.
Бұл өзбек заманында хандық қылды,

Үкімінде Жошы әулеті түгел тұрды.
Өзбектің ислам нұры көңіліне еніп,
Кәлима таухид айтып дінге кірді.
Халқының баршасы һәм дінге еніп,

Алланың әмірін тұтты қабыл көріп.
Сол үшін үкіміндегі мұсылмандар
«Өзбек» деп аталады, есім беріп.

Бабамыз Алыпбектен: Малай, Сарай,
Жел сөзден Құдай берген айттым талай.
Сарайдан ажырайтын Ноғай екен,
Әдемі, әсерлі жыр жүрген жанай.

Малайдан туған екен атам Алаш,
Өз құрбы-қатарына болыпты бас.
Алаш ата қазақ ұлға ұран болып,
«Алаштап» шуылдайды кейінгі жас.

Адамнан туған екен Әбіл, Қабыл,
Жылы сөз көкірегімде бәрі зайыр.
Азырақ Құдай өлең бергеннен соң,
Ойымды өлең қылдым жұртқа жайып.

Адамнан Әбіл, Қабыл екі ата,
Сөзімді ғайып етпе, болса қата.
Әуре боп осындайды өлең қылған,
Тастамас сөз қисынын мен бір шата.

Өлеңді еш адамнан кем айтпас едім,
Ақыннан Сүйінбайдай алдым бата.
Азырақ шежіреден сөз сөйлейін,
Білген жан, мен сықылды атын ата.

Сарыүйсін шежіресі

сарыүйсін  шежіресі
Әбілден екі-үш бала туған екен,
Білген жан ата-жөнін қуған екен.
Байшора, Қарашора, Жаншорадан

Олардың жүрген жері думан екен.
Ұлы жүз Байшорадан таралыпты,
Жамағат осы жүрген жаралыпты.
Орта жүз Қарашора Арғын екен,

Дүйім жұрт тітіркеген жыр алыпты.
Кіші жүз Жаншорадан: Алшын, Жаппас,
Оларды іздеген жан тегін таппас.
Олардың қайда екенін біз білмейміз,

Және біз бір кәріп аузын бақбас.
Туыпты Байшорадан Тұманбайың,
Екенін осылайша айтам жайын.
Киікбай Жұманбайдан деп айтамыз,

Ұғып ал, тыңдаған жан, бұдан пайым.
Осындай үлгілі сөз өлең қылмай,
Несіне тоқтатайын тілдің майын.
Туыпты Киікбайдан Төбей батыр,

Бұл Бекең бастан-аяқ айтып жатыр.
Төбейден мұнан кейін төрт ұл туды,
Лебізі шырын-шекер, балдай татыр.
Төбейден бірі—Майқы, бірі—Қоғам,

Осындай әрбір істің жөні бұған.
Әруақтың атын атап, өлең қылып,
Сиынып, «қолдай көр» деп бізден қан.
Туылды екінші Мекірейіл

Осындай бұрынғыдан нұсқа болған.
Қоғамнан ажырайды білсең Қаңлы,
Әрбір жұрт толып жатыр басқа заңы.

шежірелік  жыр-аңыздар
Үлкендер осылай деп айтушы еді,
Азамат, ұғам деген, сөзімді аңла.
Ел бар дүр Қойылдырдан Қырық жүз деген,

Атажұрттың жақсы кісі қамын жеген.
Бір ел бар Мекірейілден Мың жүз деген,
Өлең қып қиыстырды ақын Бекең.
Туыпты Майқы биден Бақтиярың,

Білмесең жарамайды құр масайған.
Бұлардан Үйсін, Үйел екі ұл туған,
Өлең қып айта берсем мұның бәрін.
Осыдан ажырайды Қоңырат деп,

Тастадық мекен беріп төмен жат деп.
Үйсіннен мұнан кейін екі ұл туды,
Өлең қып, хатқа салдым бәрін жаттап.
Екеуін ұғып тұрсаң Абақ-Тарақ,

Тұқымы келе берер қызды сат деп.
Заманында сәбеттің тура шығып,
Тоқтатты «малды құртпай, тыныш жат» деп.
Тарақтың Абақпенен аты бөлек,

Өлеңге жастайымнан болдым зерек.
Шын аты Ақсақал мен Жансақалдар
Білмеске құрға шатып неге керек?
Тарақ таңба берген соң «Тарақ» дейді,

Азамат, құлағың сал, ұққын елеп.
Беріпті Ақсақалға Абақ таңба,
Тіркедім осылай деп өлең санға.
Абақ таңба берген соң «Абақ» дедік,

Бұл өзі мәлім еді жүрген жанға.

сарыүйсін  шежіресі
Туыпты Ақсақалдан аты—Қараш,
Білмесе, жарамайды құры талас.
Қараштан туыпты Бәйдібек бай,

Атағын бәрі білер дүйім алаш.
Алашқа мағлұм болған Бәйдібек бай,
Дәулет пен әруаққа болыпты сай.
Кісі екен уақытында Қызыр шалған,

Мейірін қатты төккен Патша Құдай.
Үш қатын перзент үшін алған екен,
Жайы бар айта берсек, міне, осылай.
Жылқысы бір бұлақтың суын құртқан,

Сан жетпес, санағанда сар құла тай.
Бәйдібек екі-үш қатын алған екен,
Айтқан сөз, шежіресі жалған екен.
Үлкені әйелінің Сары бәйбіше,

Сарыүйсін содан туып қалған екен.
Ортаншы әйелінің аты Зеріп,
Нақа сөз өлең қылдым, көңіл білдіріп.
Әйелдің үшіншісі—Домалақ-дүр,

Өлең қып айта берсем, бәрін өріп.
Зеріптен туған екен Жалманбет,
Өлең қып осы жасқа келдім жаттап.
Қоңырат Қызыл бидің қызын алған,

Қалаулы, қатарында әдепті ұл деп.
Туыпты Жалманбеттен Шапырашты,
Қуалап кім біледі соңғы жасты.
Қараша Бәсейіннен Ошақты екен,

Болған соң қоныс жақын бірге басты.

шежірелік  жыр-аңыздар
Иеленді бір қатыннан Ысты дейді,
Ол жақтан қоныс таппай, төмен қашты.
Өлеңге қиыстыруға ығын таппай,

Бүркітбай осы жерде жаман састы.
Аяңдап енді келдім Домалаққа,
Бере гөр медет, Құдай, тіл мен жаққа.
Оқысын деп кейінгі жас өлең қылдым,

Аузыма сөз қисыны келген шақта.
Бәріміз Бәйдібектен бірге туған,
Шежірені біледі ата қуған.
Азырақ Құдай өнер бергенен соң,

Қыздырып қатарымды, қылдым думан.
Домалақ—қасиетті адам екен,
Қырық шілтен медет берген ғайып ерен.
Барынша күндестері зарар етіп,

Күйігі қатты болған жеген удан.
Құдайым көзін жасын қабыл қылып,
Ұл берген Жарғышақтай жалғыз туған.
Құдайым халалынан бір ұл беріп,

Кінәнің зарар тиген бәрін жуған.
Үш бала Жарғышақтан туды қатар,
Жиылды бірдей болып өңкей татар.
Өкпелеп Сарыүйсінге көшіп кетіп,

Айналып әрқайсысы төсте жатар.
Екеуі Албан, Суан бірі дағы,
Білген жан осылар деп атын атар.
Тұқымы неше болыс өстіп кетеді,

Бекерге білмеген жан қас етіп жатар.

сарыүйсін  шежіресі
Ақыры егін салып, диқан ашып,
Шүмектеп жыл-жыл сайын астық сатар.
Дулаттан: Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс,

Өлең қып қиыстырған біз бір қалыс.
Жыпырлап күзді күні қондырмайды,
Жыл сайын астық үшін болдық таныс.
Тоқтадым осыменен осы бейім,

Білмеймін кейінгі жас мұнан кейін.
Қондырмайды дегенге өкпелеме,
Күзді күні болғанда бәрі жиын.
Бағана бай, бәйбішеден қылдық тоқтап,

Өткеннің өлең қылдым бәрін жақтап.
Қатасын Патша Құдай өзі кешер,
Адамға жол көрмеген қисық соқпақ.
Туыпты бәйбішеден тоғыз Сары,

Қатты екен Домалақтың қылған зары.
Сарыүйсін жердің жүзін алмақ екен,
Өлместен тірі болса, соның бәрі.
Ішінде бір ұлынан тұқым қапты,

Оны да Құдай қағып Сыдық Сары.
Баласы бұл Сиқымның Сыдық екен,
Білген жан шежіреге болар бекем.
Үлкендер осылай деп айтушы еді,

Иншалла, бұл ісім нұр болар ма екен.
Сыдықтан туған екен Қыпша Жақып,
Өлеңді айтқан жақсы сөзді бағып.
Жақыптан онан кейін Қайқы Сопы,

Өлең ғып хатқа салдым бәрін тағып.

шежірелік  жыр-аңыздар
Сопыдан туған екен екі-үш бала,
Айтпайын білмес сөзді құры жала.
Жандосай, Құлекей мен Иенжарғақ,

Көңілмен айта берсем, бәрі сара.
Тұқымы Иенжарғақтың төмен жатыр,
Нанбасаң егер өлең түбін қара.
Жандосай Құлекеймен бірге туған,

Айрылмай бірге жүрген алты атадан.
Баласын Иенбайдың ел сұрап жүр,
Өзі бай, түрі-ұсқыны осы қудан.
Жандосайдан Құматай, Қарасайын,

Түгендеп он бесті айтып жәйін.
Қарасайдың баласын Саулық дейміз,
Күртінің жағасында отырад дәйім.
Құматайдан туыпты Нұрдан қара,

Ұғып ал, тыңдағандар, бұдан жайын.
Деп айтар Нұрдан туған Қара Үйсін,
Естиміз Арғынбайдың он жеті ұлын.
Айналып жиырмаға барса керек,

Тоқалды қоса берсем, өңкей құлын.
Жамандап бәрін тегіс не қылайын,
Және де құлақ салсақ, сөзі шырын.
Баласы Шатқараның Райымберді,

Ерлігін заманында әркім көрді.
Бар екен уақытында Қызыр шалған,
Абылай құшақтасып досты болған.
Інісі Мәмбетбайдың Тойқұл екен,

Бірігіп қырық, елу үй о да болды.
Бар екен Райымбердінің үш қатыны,
Сөзімнің айып етпе, болса міні.

сарыүйсін  шежіресі
Баласы бәйбішенің Сағит туған,
Осылай шежіреде сөздің шыны.
Бабамнан екі тоқал Сары, Бөкен,

Тоқалдың қыс болады көрген күні.

Бабамнан бір бұтағы мына қасқа,
Білмейтін бөтен жері бар ма басқа?
Әйтеуір не болса да тірі болсын,
Тоған, Жайсақ саламыз соны тасқа.

Бәйбішеден: Емір, Үшқожа
Дер Көкқасқа, Асқа.
Қиын болса, бір тананы тигіз сона,
Еш адам түсінбейді менен басқа.

Атадан осы күні төрт-ақ түтін,
Кім тұрманды, кім түгел, кімдер бүтін.
Бұл күні Бөкеннен жүз елу-ақ үй,
Қарауыл қойып ішер ішкен сүтін.

Алты ұл тапқан екен шешем,
Кем болмаспын елімнің қамын жесем.
Төрт үйден тұқым екі орыны жоқ,
Үлкеннен сұрастырып, түгендесем.

Төрт ұлдың біреуі—мен, жалғыз қалған,
Осылай мекен, жанға сөзді салған.
Бірі—шешен, біреуі—бай жігіттер,
Жақындап келе жатыр сөздің арты.

Қалбанның баласы екен Отыншы, Нар,
Түгендеп қоса берсем Нұрыман бар.
Үш шалдан екі-екіден—алты-ақ түтін,
Құданың құдіретіне не лаж бар?

шежірелік  жыр-аңыздар
Құлболдыдан Сымайл, Нүркебайым,
Ауғанбай үлкен үйде болған дәйім.
Бұлар да би шаңырақ осы күнде

Қуалап сұрастырып, білдім жәйін.
Баласы Байжігіттің Манақ, Жанақ,
Үшеуін Ақшан менен қоссам санап.
Жанәлі, Жантай менен Байқара дүр,

Қияқ осы күнде сонан тарап.
Жебе тұқымыннан біз боламыз,
Жалғыздан жалғызаяқ із боламыз.
Үш атаға келгенше жалғыз түтін,

Көбейіп қай уақытта жүз боламыз.
Көркейіп Байжігіттің баласы боп,
Кейде ыстық, кейде суық күз боламыз.
Жепектен Күпей атам екен жалғыз,

Осылай екен жанға сөздің салты.
Өкімен әкесі өліп жетіп қалдық,
Жетімнің болар дейсің қанша тарихы.
Бір қатын, екі қызын ол Жантай алды,

Деп айтар осылай деп барша халық.
Жаңбырбай Жантайды алып, содан туып
Інісі бар деп айтар мұның артық.
Өтіпті өлең қылған Нүкен ғаріп,

Жасымнан ақын болдым өлең танып.
Әкеміз—мойын жықпас шаруа адам,
Осылай хатқа жаздым, өлең айтып.
Қатесін Патша Құдай өзің кешір,

Көргенім жоқ ешқайсысын бірге барып.
Тоқтадым осыменен келген жерден,
Шежіре көре алмадым кейінгі ерден.

сарыүйсін  шежіресі
Ниет дүр қиындатып өлең қылдым,
Ұқтырып ұзын жолын айтып берген.
Біздерге пайда болды өлең деген,

Айтып жүр бос сөзді осы бүгін.
Ағалар, үлкен-үлкен рахмет деп қой,
Боқтама «қызталақ» деп боғын жеген.

Қожасы жан біткеннің Жаппар жалғыз,
Әртүрлі жан жаратқан жанды-жансыз.
Сағаттай мезгілімен шыр айналып,
Үш ай қыс, үш ай көктем, жаз бенен күз.

Өне бойы осыменен шыр айналып,
Дөңгелеп бара жатыр жалғанымыз.
Тірлікте туыс боп құшақтасқан,
Алланың біз асығыс аңғалымыз.

Айта жүріп, көз көріп, көңіл бөлмей,
Таусылған сүйтіп жүріп талқанымыз.
Бұл нәубет адамзаттан қалған мирас,
Болғанмен дүние—жалған, өлім—рас.

Көз жайнап, көңіл ойнап, тілің сайрап,
Қозғалмай бір секунд та тыныш тұрмас.
Ал, қозғал жан кеудеде, қызыл тілім,
Өтер сәт өлім келмей болса білім.

Тән мен жан бір ұяда тұрған шақта,
Талпынсаң, не қылсаң да келмей ме алда.
Сұлуда мықын деген тұла бойын,
Бір мата оранасың өлсең құның.

Шежіре-дастан

шежіре-дастан
Көпшілік, тыңдасаңыз сөз қозғайын,
Өрбіген қандай жерден ата жөнің.
Кезінде Нұх пайғамбар жүрді топан,

Теңіз боп су толады бүкіл жаһан.
Нұх нәби кемеменен жүзді суға
Ғарық боп қалың халық мұндай науға.
Үш келін, үш ұлымен жетеуі қап,

Жер жүзі қайта туған адамдарға.
Бірден жүз, жүзден мың боп өсіп-өніп,
Ғасырдан ғасырға өтіп сарқылмаған.
Мың бұтақ, неше бұтақ бәйтеректен

Акаша біз өскенбіз сахабадан.
Арқада пайғамбарым мөрін сүйіп,
Қырда өсіп, қызыр шалған ата-бабам.
Келеміз Акашадан Аннас болып,

Термелеп сөз сөйлейін жалғастырып.
Аннастың Жапал деген жалғыз ұлы
Жаратқан Құдай қалап алғашқыдан.
Жапалдан туған екен Сейіл Мағаз,

Ақшолпан ол кісіден туған жалғыз.
Айрылған осы арадан қазақ, қырғыз,
Қойылдырдан Аламан мен Алшын келер.
Көп жауап шежіреден талас келер,

Алшыннан Сейілхан мен Жайылхан боп.
Сейілден сегіз арыс бірақ келер
Жайылханнан Өзбек Суфиан деп.
Суфианның Қазақ, Созақ екі ұлы бар,

Созақтан Қарақалпақ, Айырқалпақ
Жаратқан оны Құдай бір бөлектеп.

шежірелік  жыр-аңыздар
Қазақтан үш ұл туған арыс болып,
Сөйлейін соныменен таныстырып.
Ақарыс, Бекарыс пен Жанарыс деп,

Ат қойған ата Қазақ жарастырып.
Екі ұл бар Жанарыстан Алшын, Жаппас,
Кіші жүз ел руы халін таппас.
Келтесіп, кіндік кесіп өскен жері

Ұялы Орал тауы, Атанаспас.
Туыпты Бекарыстан Арғын, Найман,
Арғынның алты ұлы бар мағлұм жайдан.
Найманнан Сүгірші боп Төлегетай

Таралған сол кісіден барлық Найман.
Бақтияр Ақарыстан туған жалғыз,
Туыпты Үйсін, Ойсыл одан нағыз.
Үйсіннен Естек деген ел тарайды,

Ол халық жағасында Қаратеңіз.
Үйсіннің екі ұлы бар: Абақ, Тарақ,
Әртүрлі ауыл болған қабат-қабат.
Әулеті әрбірінің толып жатыр

Есебін ала алмайсың бір жыл санап.
Тарақтан туған екен Тілеуқабыл,
Айтады оның ұлын деп Жалайыр.
Жалайырдан Сырманақ, Шуманақ деп,

Ел болды он екі ата анық зайыр.
Таралсын енді, міне, Абақ атам,
Құдай-а, кешіре гөр болса қатам.
Осылай шежіреде көрсетеді,

Сөйлейін баян етіп, келсе шамам.

шежіре-дастан
Абақтан туған екен Қойылдыр боп,
Азамат байып алған құлақ шалған.
Көз салсам Қойылдырдан Мәке туып,

Мәкенің екі ұлы бар: Майқы, Қоғам.
Майқыдан Қаңлы деген ел болады,
Сауалға жауап осы жұрт сұраған.
Қоғамнан туған екен Байсақал боп,

Баласы Байсақалдың Жансақал боп.
Жансақалдан Бәйдібек пен Шақшам туып,
Шақшамнан қыздан тоғыз, ұл қалған жоқ.
Бәйдібек алған екен үш бәйбіше,

Ішінде ең үлкені Сары бәйбіше.
Сыланды-Мапырашты ортаншысы
Аталған ең кішісі Жезбике деп.
Жезбике доп-домалақ адам екен,

Аталған Домалақ деп бірте-бірте.
Тегінде Сары бәйбіше аты—Құндыз,
Болыпты ол кісіде ұлдан тоғыз.
Домалақ күншілдікпен көріп қорлық.

Сарыға нала оқып, берген қарғыс.
Тоғыз ұлдың бірінен тұқым қалмай,
Қайтты Сары бәйбіше бір баласыз.
Жақып, Қалша дегенді бағып алып,

Сарыүйсін дегеннің осы дейміз.
Аталар екіншісі Ысты, Ошақты,
Шешеден ер туады көп атақты.
Үйсіннен руын сұрасаңыз,

Руы өніп-өскен Шапырашты.
21-84

шежірелік  жыр-аңыздар
Аталар төртіншісі Домалақ деп (Нұрила)
Баласы туылыпты біреу-ақ боп.
Аты екен ол баланың Тәңірберген,

Бұлардың арасында кереғат көп.
Бәйбіше басын сығып жарып қойып,
Атағын әркім берген Жарықшақ боп.
Көбейтіп Жаппар Алла мал мен басын,

Таралған бұл бәйтерек үш бұтақ боп.
Бар екен екі қызы: Мұрын, Қызай,
Ұзатқан Орта жүзге жекжат боп.
Болады үш ұлының бірі Дулат,

Өсірген мұны Алла нұрмен бөлеп.
Дулаттан: Шымыр, Жаныс, Ботпай, Сиқым,
Талапты ер алсын ұғып мұны тыңдап.
Бұлардың үшеуіне қазақ жетпес,

Әсерлеп айтқаным жоқ сөзбен сырлап.
Қамыс пен қара шыбын мысал болған,
Сан жағын қостырсаң екеуін ап.
Албанның екі ұлы бар: Шыбал, Сары,

Адамның сөз обалы бағдары.
Шыбалдан: Қоңырбөрік, Қызылбөрік
Құртқа май, қуа берсең, тұқымдары.
Сарыдан: Сүйерқұл мен Сүймен туып,

Анықтап алғаным жоқ өзін санап.
Сүйменнен: Айт, Бозым екі ұл туып,
Тек өсіп күлтеленген құйрық, жалы.
Қарашаш—Айт, Бозымның қарындасы,

Қыстық боп қыздан туған мұның бәрі.

шежіре-дастан
Болады үшіншісі—Суан атам,
Жетпейсің сөз соңына қуаласаң.
Жанбағы, Орысбайы боп бір әйелден,

Жерінен Әулиеата ұрын алған.
Суанның кіші әйелі екі ұл туып,
Ат қойған: Байтөкей мен Тоқарыстан.
Осылар қыр киігі, су балығы,

Іле мен Қарақойын ұрын алған.
Сөйлейін Байтөкейдің балаларын,
Қысқаша бұтақтаған салаларын.
Түгелдеп түгел бәрін айтпасам да,

Туыстық айта кетем араларын.
Ал енді Байтөкейден екі ұл туған,
Елтінді, Қабыланды деп атын қойған.
Елтіндіден жалғыз-ақ Молақ болып,

Ағайын Қабыландыдан үш ұл туған.
Айтайын араларын енді реттеп,
Баласын Қабыландының бір бөлектеп.
Аққабақ, Алдиярмен бірге туып,

Айтады екі кісі Елшібек деп.
Елтінді Елшібекті асырап ап,
Қойыпты Молақпенен еншілес қып.
Сөйлейін екіншіден Тоқарыстан,

Жүйрікті байқасыпты демалмастан.
Тұрдымбет, Мұрат деген екі ұлы бар,
Іргелес туыс бір араласқан.
Бердіке, Баубек деген және екі ұл

Бұлар да ұрпақтары Тоқарыстан.

шежірелік  жыр-аңыздар
Сөйлейін енді, міне, Тұрдымбеттен,
Шешейін ел іргесін бір-бір шеттен.
Есет, Тұрсын, Бозғылтай—үш ұлы бар,

Бәйбіше, тоқалымен еншілескен.
Баласы бәйбішенің Тұрсын болар,
Жетік сөз сөйлемейін бір сын болар.
Тоқалдан Есет пенен Бозғылтай боп,

Есеттен Үмбетей деп бір ұл туар.
Бозғылтайдан Түйте Қошқар бабаң,
Төрт қатын алған екен дәл сол заман.
Өрен, Мейіз, Төленді қыздай алып,

Жеңеше алған Айбикені кейін таман.
Айбике—бұрын Есет бәйбішесі,
Әр сөздің келтеменен бар кісесі.
Қошқардан Жанқозы мен Бөлек туып,

Бөлектің Үмбетеймен бір шешесі.
Үмбетей жалғыз болып қалмасын деп,
Бөлекті бөліп берген еншілесі.
Осылай екі ағайын тел аталып,

Ежелден бөлінбеген ел іргесі.
Сөйлейін енді, міне, Мұрат бабам,
Көлқамыс, Тереңкөлді тұрақтаған.
Құдайым бақытына бес ұл беріп,

Әрқайсысы қанат жайып құлаштаған.
Қозғайын ел алдаған Орысты енді (Егізек)
Орыстан Жангелді мен Мырзаштары.
Жангелді деп Ақша мен Сұлтанқұл боп,

Осылай екі руға бөлінеді.

шежіре-дастан
Келейін енді, міне, Сұлтанқұлға,
Ауыл боп өсіп-өнген әрбір тұлға.
Әр сөзді сарасына салған кезде

Шығады айқындап сай мен жылға.
Сұлтанқұл: Ұзақ, Төлек, Назар, Тайлақ,
Ер болған Ұзақ батыр қудай жайнап.
Күнбатыс, күнбатыстың арасынан

Бас пенен мал жинаған күн-түн айдап.
Келейін енді аяңдап төрт Ақшаға
Төрт ұлға қара қазан, ортақ саба.
Есдәулет, Бекболат пен Байбұғасы,

Тайбұғасы тағы бар төрт бақшаға.
Мұраттың екінші ұлы—Қараменді
Тосқауыл сөз қалмайды кемеңгерге.
Дейді екен: Жапал, Тана, Мүлік, Тілеу

Төрт ұл бар бұл кісінің көлемінде.
Мұраттың үшінші ұлы—Әбен деген,
Адамның бір қызығы бала деген.
Әбеннің аты шықпай қалып қойып,

Шеткірек көрінеді шежіреден.
Мұраттың төртінші ұлы Әбсүгір деп,
Шешейін соның түбін мен түгендеп.
Тоқсейіт пен Бесқара деген ұл бар,

Таралған Тоқсейіттен тоғыз ұл бар.
Әйелін Қарабектің Әбсүгір ап,
Арғынбай кеткен екен соған ұл боп.
Арғынбай Әбсүгірге іште кеткен,

Арада айта берсе әңгіме көп.

шежірелік  жыр-аңыздар Қарабек бесінші кенже бабам, Атасын талдап айтам, келсе шамам. Алшынбай, Бабаназар екі ұлы бар Көпшілік кешіре гөр болса қатам. Азырақ шежіреден жазып қойдым, Көпшілік бүгінгіше болды тамам*. Жалғайын халім келсе Байтөкейді Демеңдер бәрін айтып түгендейді. Елтінді, Қабыланды деп екі бала Тел өсіп, бауырынан тел түлейді. Алдияр мен Аққабақ, Елшібек-ті, Қабыланды осы үш ұлға тәуба депті. Баласы Елтіндінің өле беріп, Сарғайып алпыс-жетпіс жасқа кепті. Әйелі екіқабат қартайғанда, Тоғыз ай, он күнін түгендепті. Ұрпақтан үміт үзіп жүргенінде Іңгәлап дүниеге бір ұл кепті. Сүйінші сұрап барған ағайынға «Менің балам емес ол молланікі», Деп атамыз маңына жолатпапты. «Ендеше Молақ болсын баласы» деп Молақ деп нәрестеге ат қойыпты. Міне, осылай өткен ғой дүние жалған Алланың бермесін кім тартып алған? «Ер ұланда шығар-шықпас жаны бар» деп, Айтылған аталы сөз көптен қалған. ∗ Осы шежірені кім жазғаны белгісіз. Елшібек Әзімақын Медетбек баласының қолжазба дәптерінен көшірдім. Сатан. 1991.24.03

шежіре-дастан
«Молақ жалғыз өмірде болмасын» деп,
Елшібекті еншілес етіп алған.
Ары қарай таратайын Аққабақты

Айтқаны үлкендердің есте қапты.
Бас иіп бір Аллаға сиынайын,
Тербетіп білгенімше әруақты.
Ұқса кейінгі ұрпақ айта жүрер

Шежіре Сатан деген шалдан қапты.
Аққабақтан Құдайберді, Сатай ғана
Бітіпті маңдайына екі бала.
Құдайберді момындау шаруа болып,

Сатай ер жетіпті болып дара.
Бес әйел алған екен Сатай атам,
Көріпті бесеуінен тоғыз бала.
Қойекеден: Абылай, Көпіс,

Бектемір (Сарман) туған,
Бір бала батырлықпен олжа алған.
Қарабатыр қойыпты оның атын,
Осымен Қойекенің төрт ұлы болған.

Екінші әйелінен: Досқұл, Мәуке,
Таутан өліп кетіп үшінші әйел
Жетімқозы атамыз содан қалар.
Төртінші әйелінен Ақылбек атам

Үлкендер қабыл болсын берген батаң.
Бұрынғы аталардан есіткенді
Тағы да желсем мен сабақтағам.

шежірелік  жыр-аңыздар
Заман тыныш тұрған ба соғыс болып,
Бас кесілмей тұрмаған, қан шашылмай.
Бейғам жатқан халыққа зобалаң кеп,

Ана аңырап, қарт боздап, бала шулай.
Сол сұрапыл соғысты қалмақ бастап,
Қазаққа қырғын шашқан, міне, осылай.
Қарсыласса, найзалап қанын төгіп,

Тірілерін айдаған олжа қойдай.
Қашқан елді қуалап алға өңмеңдеп,
Қазақ қолы жылжыған бір күн тынбай.
Жауға қарсы шығуға жасағы жоқ,

Жасанбаған көп қазақ қапы қалған.
Іленің екі жағын мекендеген
Албан, Суан жылжымай қалып қойған.
Аз халық өз-өзінен қарайды деп,

Қалмақтар күпірлікті көңіліне алған.
Екінші қалмақтар Ілені жорық жолы
Бұлардың мекенінен шалғай болған.
Хангелді батыр шығып Албан жақтан

Еліне «жауға аттан» деп ұран салған.
Қазақтың жағасынан жау алғанда,
Қазақ қазақ бола ма бұғып қалған!
Ел намысын бірігіп ту ғып ұстап,

Албан, Суан осылай жасақтанған.
Тас түйін сарбаздарын сайлап алып,
Қалмақтың бүйірінен атой салған.
Ханкелді жасы келіп шау тартқан соң

Бата алып Райымбек жолын қуған.

шежіре-дастан
Өзі алғыр, өзі батыр, әрі айлакер
Қалмаққа ес жиғызбай ойран салған.
Райымбек батырменен тізе қосып,

Сатай ақылшы серік болған.
Үш сан қолдың біреуін Сатай бастап,
Іленің бар өңірін азат қылған.
Сатайдың ерлігі мен алғырлығы

Қиыннан алып шығар тапқырлығы.
Қалмақтың нояндарын жер соқтырып,
Өз елін ерлігімен тәнті қылды.
Жеңіс тойы біткенде Райымбек

Хас сұлуды Сатайға сыйға қойды.
Талай батыр көз салып тамсанды,
Талайы дәмеленіп көз салады.
Сыйлықтың ең үлкені Сатайға деп,

Әулие қалың елге жар салады.
Сұлуды Сатай алып бас бәйгеге,
Басқасы амалсыздан қозғалады.
Бұйығы біткен кербез сұлу көркем екен,

Аруың көз тартатын көркем екен.
Хас батырға лайық жар болар деп,
Кермақан деп ат қойып, отау тіккен.
Қалмақы аты ұмытылып, содан бастап,

Кермақан боп аталып бізге жеткен.
Сатайға Әбдігер деп бір ұл туып,
Көз жұмып, дүниеден өтіп кеткен.

шежірелік  жыр-аңыздар
Азырақ есіткенді айттым нұсқа,
Жатқызбас естігенді ел қылмысқа.
Сатайдың тоғыз ұлын түгендеймін,

Айтайын басқаларын етіп қысқа.
Бір ұлы Аққабақтың Құдайберді,
Алланың жазғанына кім көнбейді.
Бауыры Сатай батыр атанғанда,

Құдайберді шаруамен өмір сүрді.
Бір әйелден Ақбура, Аманқұл деп,
Торсық шеке саңлақты екі ұл көрді.
Екінші әйелінен туған ұлға

Ырымдап Көтен деген ерсі ат қойды.
Осы кезде он қожа ауып келіп,
Суанға жақын тартып сіңген еді.
Біреуін соның Әбушайқы деген

Бала қып Құдайберді иемденді.
Көтенге еншілес қып сол Шайқыны,
Басына үй, бауырына қазан берді.
Шегір көз, ұзын өрім, жуан мойын,

Бесек батыр секілді қара шойын.
Жүнді бет, түкті кеуде, жұмыр білек,
Жан шошырлық қара күш біреу еді.
Кім білген ар жағында не жатқанын

Ауылға бала болып жүре берді.
Қазақтың бір қызығы бәйге, палуан.
Қыз қуып, көкпар тартып, сайран салған.
Жел жетпес тұлпарларын бәйге қосып,

Байлар көп тұлпарымен атақ алған.

шежіре-дастан
Палуанын жуан балтыр күреске сап,
Әр ру дәмелісін сынға салған.
Үш жүздің басын қосқан бір жиында

Әбушайқы күресіп жолды алған.
Дуан палуан атанып содан бастап,
Әбушайқы деген ат ұмыт қалған.
Сол Дуаннан: Атабай, Ақан, Бөтек,

Көтібоқ, Құрмысы атты бес ұл болған.
Сармолда деген біреу келіп сіңіп,
Дуанның алтыншы ұлы боп атанған.
Сармолдаға Мазыбай төртінші ұрпақ

Қашыр жеп, Дуандарға таңба салған.
Құрмысыға бесінші ұрпақ Кенжебек-ті,
Суанға болыс болып аты шықты.
Көпшілік бас қосқан съездерде

Басқаға сөз бермейтін болған мықты.
Алдиярда екі ұл бар: Есалы, Дат,
Есалыдан: Шал, Толыбай ұл екеу-ақ.
Шалдан туған Саңырықтың жылқысынан

Тоқта барлық бұлағы қалған тоқтап.
Саңырықтан Өтеулі, Сары туып,
Кетеді ары қарай тармақ-тармақ.
Толыбайдан: Ізбасар, Қарымсақ боп,

Бір-бірінен бұл күнде алшақ-алшақ.
Даттан үш ұл: Дәулет, Оянай, Сарбас
Бұларда бұтақ жайып кемелденген.
Барлығын айта берсем, сөз ұзарар

Осымен Алдиярды түгендедім.

шежірелік  жыр-аңыздар Қалдырмай ақ қағазға түсіргенім Бүгінгі жаңа туған ұлға дейін. Дүйсебай Рақымжаны көмектесті, Бата ет рухына кейінгі елім! Жан тәтті ойлағанға, өмір қымбат, Бүгінгі өмір ертең жоқ, қайта оралмас. Әне-міне дүниеге айналумен Көп нәрсе өтіп жатыр құпия боп. Шежіре кеуде қарттардың бәрі кетті, Солардан қазынаны сарқып қалмай, Отырмыз міне, бүгін арманда қап. Әттегене біздерде болмас еді-ау, Өмірді тура өлшеп пайдалансақ. Топан кеуде шалдар да көп осы күнде Жөн сұрасаң, отырар жер шұқылап. Жеті атасын білмейтін жетесізді Қария, ақсақал деп кім жақтамақ?! Суанның шежіресін жазамыз деп, Бірталай босағаны жүрдім аттап. Елшібекті қайынағам таратар деп, Тіредім аттың басын Тұрсынға кеп. Білемін Елшібекке Төкең ұрпақ* Жан емес жөн білмейтін сөзге шорқақ. Тұрлыбай, Ордағұл мен Уәлидей Билерге өскен адам құлағын сап. Сұңғыла, құйма құлақ адам еді, Сөйлейтін бұйымтайды сұрап алып. ∗ Қайынағам, Төкең деп отырғаны Қазақстан ауыл шаруашылығына еңбек сіңген қайраткері, ақын, шежіреші Тұрғанғазы Жаппарқұловты айтқаны.

шежіре-дастан

—Елшібекте нең кетті сары қыз,—дейді,

Ісіне құдіреттің кім көнбейді?
Күйеулері қалмақпен шайқаста өліп,
Екі келін боп қалған ел тірегі.
Елшібекте болыпты он жеті ұл

Ризық берген бір Алла мал менен пұл.
Бейғам жатқан қазаққа хабар жетті,
«Жоңғардың қақпасынан қалмақ өтті».
Жасанған қалың шерік қарсы шығады,

Жасақ жоқ халық сасып болды ділгір.
Қазірше тау мен тасты паналауға,
Бар Суан уәделесіп етті көпір.
Бұл хабар Елшібекке кеп жетеді,

Анамыз адуынды, есер еді.
«Он жеті ұлым бір жаулық болады» деп,
Күпір сөйлеп, орынынан көшірмеді.
Жасанған жау, түмен қол, жойқын қырғын,

Жекпе-жек он жеті ұлды сілейтеді.
Ең соңында Елшібек өзі шығып,
Дүниеден он сегізінші боп ол да өтеді.
«Жауменен жекпе-жекке мен шығам» деп,

Кемпірі атқа міне ұмтылады.
«Әйелменен алысу зор намыс» деп,
Қия тартып, қарамай жау кетеді.
Көрдің бе құдіреттің шеберіне

Көрінді бір шұңқырда бәрінің өлеріне.

шежірелік  жыр-аңыздар
«Асқанға бір тосқан бар» деген сөзді
Орайлағым келеді осы жерге.
«Ажал есірткен» сөз деген тағы да бар,

Анамызды есірткен ажал ма әлде?!
Он сегізден айрылған ана байқұс
Бармақ шайнап қалды екен қандай күйде?!
Бет жыртып, екі келін қалды аңырап,

Қазақты қойдай қырып жатыр қалмақ.
Басқа түскен зобалаң кезегінде,
Олардың мұң мен зарын кім тыңдамақ!
Бел буып, екі келін етті тірлік,

Сары қыздан екі ұл болды: Төлеке, Ерсі.
Анаға бала деген ол бір тыныс,
Төлекеден Қужырен, Жолдас, Малай,
Тепек менен төрт ұлы болған солай.

Ерсіден Алакүшік, Алшаңменен
Нарбота үш ұл туған асқар таудай.
Нарбота: Қосай, Досай, Көржекей боп,
Кетеді тармақтап ары қарай.

Көржекей атамыздан жеті тармақ
Берейін зерікпесең бәрін санап.
Сәтеке, қаламыңды жорғалатқын,
Сөзіме менің айтқан құлағың сап.

Деді де ары қарай тармақтады,
Бір ашып, бір жұмылып саусақтары.
Бұтағын, жапырағын түгел ақтап,
Әзіргі өркеніне кеп тоқтады.

шежіре-дастан

—Үһ,—деп бір азырақ тыныс алды,

Кеудеге кең танаудан тыныс алды.
Тоғызыншы ұрпағын Елшібектің
Білмеймін қайсы атамыз қайда қалды.
Әр атаны отыз жыл есептесең,

Елшібекке үш жүз жыл боп қалды.
Мың жеті жүз жиырма үштегі зор қырғынға
Елшібектің өлімі дөп келеді.
Деп Тұрсекең өмірді еске алды,

Тоқтабарлық мекеніне былтыр бардым.
Бір істі көзім көріп, қайран қалдым,
Суанның қорғаны бар осы арада.
Деген бір кезіктірдім Найман шалды,

Мырзагелді байдың қорғаны мынау деді,
Жауын шайып мүжілген дәу қорғанды.
Қашан, қалай келді екен бұл өңірге,
Белгісіз болды маған арғы жағы.

Енекейді таратып бере алмай,
Тұрсекең Елшібекті тамамдады.
Өзі жалғыз болғанмен атам Молақ
Жеті ұл өсіріпті құндаққа сап.

Дәулетбақ, Қабанбай мен Қасаболат,
Сүйінбай, Шәуке, Шақа, Сексен деген,
Бәріне азан айтып қойыпты ат.
Жәмеңке сегізінші ұлдың аты

Меркі мекендеген екен тұрақтары.

шежірелік  жыр-аңыздар
Сегізі сегіз рулы ел осы күнде
Ар жағын айта алмаймын мен тармақтап.
Қатесін түзетерсің оқыған соң,

Шындықтан кеткен болсам мен алшақтап.
Жаным жасап осымен аяқтадым,
Әруақтың аты аталған бәріне арнап.

Шежіре шолып жазған Ерік атым,
Сөз келді жақсы ойланатын.
Қысқартып шежірені суреттедім,
Мазмұнын осылайша жазған хатым.

Руым—Қаракерей—Қарамолда,
Жинадым шежірені әлдеқайда.
Бергі атам Қарамолда—Андабай-ды,
Үйгентас ауданына қанат жайған.

Өз атым Арғынғазыұлы Ерік едім,
Өлеңмен шежірені бейнеледім.
Ықшамдап шежірені өлең қылдым,
Негізін «Тауарихтан» көрген едім.

Толық қып шежірені жазу үшін,
Халықтан бірнеше жыл термеледім.
Салыстырып кітаппен ел аңызын,
Түзетіп кей жерлерін жөндеп едім.

Өлеңмен айту үшін шежірені,
Реттеп, қалам салып өңдеп едім...
Дүние жүзі халықтың
Жаратқан Алла панасы.

Орта жүз Найман
Қарамолда ұрпағы
22-84

шежірелік  жыр-аңыздар
Сол халықтың бәрі де
Бір адамның баласы.
Адам екен атасы,

Хауа екен анасы.
Айтылып келген бұрыннан,
Осы сөз анық данасы.
Кітаптарда жазылған

Осылай екен парасы.
Кітаптан оқып көрсеңіз,
Табылар сөздің сарасы.
Осы айтылған тарихтан

Айырылар елдің арасы.
Екінші ата Нұх еді,
Хам, Сам, Яппас баласы.
Үш нәсілге бөлінген,

Ақ, сары мен қарасы.
Алты мың тілмен сөйлейді,
Сол тілдің он үш данасы.
Біз Япыстың ұрқымыз,

Таралып өскен арасы.
Япыстан туған шын Түрік,
Ешкімнің жоқ таласы.
Онан бергі елдердің

Аннас екен бабасы.
Жабылды қоныс аударған,
Көз шығарған жаласы.
Жабылдан бері Алаш хан

Елінің болған панасы.

орта  жүз  найман  қарамолда  ұрпағы
«Біз Алаш—керегеміз ағаш» деп,
Айтылған сөзді, қарашы!
Сәтерхан, Сейілхан, Жайылхан—

Бір кісінің баласы.
Жайылханнан—Майқы би,
Адамның асқан данасы.
Қазақ, Созақ деп айтар

Майқы бидің баласы.
Қазақтан үш ұл туыпты,
Кең шабылып шарасы.
Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс

Бірінің жоқ аласы.
Тарихта солай айтады,
Үш жүз Ұлы жүз ағасы.
Таралып өскен арасы,

Кіші жүз Алшын бір ата,
Үшеу екен баласы.
Садырқожа, Надырқожа,
Қыдырқожа данасы,

Орта жүз анық алты ата,
Тарихта солай саласы.
Керей, Уақ, Қоңырат,
Қыпшақ дейді ағасы,

Арғын, Найман екеуін,
Бұларға қосып, санашы!
Арғыннан алты ұл туыпты,
Бірден айтам, қарашы!

Бегіндік пен Шегіндік,
Қуандық пен Сүйіндік.

шежірелік  жыр-аңыздар
Болатқожа тағы бар,
Тарақты деген ағасы.
Бай болыпты Найман шал,

Сарқылмаған сабасы.
Тоқпан еді есімі,
Бар еді жалғыз баласы.
Жалғызы өліп Найманның,

Ұлғайды жүрек жарасы.
Тағдырға не лаж бар,
Жетіп тұрса қазасы.
Жесір қалды Ақсұлу,

Артық еді санасы.
Найманға қыз бермесек,
Ендігі сөздің тазасы.
«Найманнан ұрпақ қалса» деп,

Ойланып кетті мазасы.
Қыз әперді Найманға,
Қабыл болып назасы.
Найманнан ұрпақ тілеген,

Ақылының данасы.
Найманнан туды Белгібай,
Қызеней еді анасы.
Он үш ел тарар Найманнан,

Сан жеткісіз саласы.
Белгібайды «Шүкірші»
Деп айтар еді бабасы.
Өсіп, өнген көп Найман—

Бәрі соның баласы.

орта  жүз  найман  қарамолда  ұрпағы
Тоқсан бірге келгенде
Белгібай туып Найманнан,
Қуанышпен, қызықпен

Жазылды жүрек жарасы.
Белгібай
... Ақсұлу деген анамыз,
Есті келін атанған.

Белгібайды жеткізіп,
Орта жүзден бата алған.
Төлекатайдан төрт немере,
Қалмаған бірі қатардан.

Төлекатай жалғыз туса да,
Төрт «Төлегетай» атанған.
Қаракерей, Матаймыз,
Төртуыл, Садырды атаймыз.

Төлек атайдан—Үдендай,
Осы екен біздің атамыз.
Төрт ұлы жетім қалыпты,
«Өлген жоқ Үдендайды» дейміз де.

Төрт бала қалды Төлекте,
Шындықты, міне, байқаңыз.
Үдендайды қысқартып,
«Дай» деп халық атаған.

Төрт немере баласы
Тараған Төлек атадан.
Таратып, міне, айтамыз,
Кірмейді бұған жат адам.

Дайдың бұл төрт баласы
Туды деп Төлек атадан,

шежірелік  жыр-аңыздар
Ел аузында аңыз боп,
Айтылып жүрген қатадан.
Төрт бала Дайдан туғаны

Шығып отыр жарыққа.
Төрт «Төлегетай» бұрыннан
Айтылып жүрген халыққа.
Атамыздан тудық деп,

Аталып кеткен анық-ты.
Шежірені солай айырды,
Ақылмен ойлап, парықта.
Төлекатайдың атынан

Төртеуін жаздық тарихқа.
Қаракерей
Туыпты Қаракерей екі торы,
Байторы, Ерторы деп атайды оны.

«Байыс», «Байсиық» болыпты лақап аты,
Халық аузында айтып жүр көбі осыны.
Сондықтан лақап атын біз де айтамыз,
Балаға мирас болар ата жолы.

Туыпты Ерторыдан екі бала,
Қызылым, Қызылқұрт деп туған дана.
Қызылқұрттан Жаңбыршы, Жанғұлы деп,
Жанғұлының ұрпағы—Қарамолда.

Әуелі Қызылымды таратамыз,
Үлкені болғаннан соң кезек сонда.
Қызылымнан Есеке жалғыз ғана,
Туыпты Есекеден екі бала.

Меңлібай, Төбет екен—ол екеуі,
Меңлібайдан үш бала туды жана—

орта  жүз  найман  қарамолда  ұрпағы
Әкімбет, Тоқымбет, Арық деген,
Шежіре солай дейді, оқып қара.
Әкімбеттен үш бала таралады—

Алдиар, Ажығұл, Тілеуке анық дана.
Тоқымбеттен Үшқара, Тоғым туған,
Арықтан туған екен алты бала.
Ажығұлдан Есіргеміс жалғыз екен,

Қоянбай, Кетік туған бұдан ғана.
Арықтан алты бала таралыпты,
Істеген Алдаберген ағалықты.
Ақша, Өтеген, Қарабек, Өтебаймен

Құтымды алтыншы деп саналыпты.
Құтымнан туған бала нешеу дейді,
Байқонды—бір, Дәуіспен екеу дейді.
Мат, Төлеке, Қарамойын үшеуімен

Құрман, Тілес қосылып жетеу дейді.
Бұл жетеуі Арықтан бата алыпты,
Алла кешірер істеген қателікті.
Арық ата бұл үшеуін «Құтым» деген,

Сондықтан «Жеті Құтым» аталыпты.
Төбеттен Тілеу, Әлібай, Андас туған,
Осылай ажыратып айталық та.
Қызылқұрттың енді келдік баласына,

Жаңбыршыдан бастап айтып, байқалық та.
Жаңбыршыдан үш бала таралады,
Сарықұл, Сүгір, Қармыс боп саналады.
Сарықұлдан Аманжол жалғыз екен,

Ақсұпы ағайынды үш баласы.

шежірелік  жыр-аңыздар
Сүгірден Сатыпалды, Қабыл туған,
Қармыстан екі бала анық шыннан.
Бектемір, Құлшаман деп атын қойған,

Тұқымы өсіп-өніп болған нудан.
Құлшаманнан бес бала таралыпты,
Өтеғұл, Қозыбақ, Байғара бәрі анық-ты.
Айтқұл, Болат еккеуі қосылғанда,

Біртұтас «Бес Құлшаман» саналыпты.
Бектемірден үш бала туған екен,
Шығысын Алакөлдің қылған мекен.
Қоржын, Ораз, Толыбай деп тарайды,

Толыбайдың өскен жері мықты ел екен,
Жанғұлыдан он екі ұл таралыпты...
Байтайлақ, Орыс, Медет, Ақбелбеуге,
Істеген Дархан бәйбіше аналықты.

Құлмамбет, Тілеуберлі, Барлыбайға,
Істеген екінші аналықты,
Келдібек, Қарабек, Көрпе, Тұманшыға,
Қасқа Қожаны қосып бір саналықты.

Кейінгі айтқан алтауын тәрбиелеп,
Істеген үшінші әйел аналықты.
Жанғұлдан он екі ру таралады,
Жанғұлыдан жалғыздан туған бала,

Құданың құдіретін ойлап қара,
Қарашолақ, Қалмантай, Тәңірберді,
Туғанда әрқайсысы бірден ғана.
Төртінші Қарамолда тағы жалғыз,

Туыпты Қарамолдадан екі бала.
Андабай, Абыз дейді балалары,
Алыс емес, жақын туған аралары.

орта  жүз  найман  қарамолда  ұрпағы
Андабай, Абыз екі ата боп,
Қарамолда екі руға таралады.
Ерторының жақсылары

Ерторыдан шыққан жақсы толып жатыр,
Кейі ғалым, кейі шешен, кейі батыр.
Жаңбыршы, Жақып ғалым шежіреде,
Болыпты Тілек, Омар сөзге шешен.

Қарамойын Төлекеден озған екен,
Алдиар, Болатбек қажы әділ туған.
Қонысы Арқа жақта болған екен.
Қарамолда, Жортуыл кәдірлі боп,

Аруақ Байбатырға қонған екен.
Ерторыдан осылар аты шыққан,
Кәдірлі халықтарға болған екен.
Байыс—Байторы анық аты,

Байыстан бес ұл туып, таралыпты,
Бесеуін атын атап саналық-ты.
Ақымбет, Сыбан, Қыржы, Шүрентайға,
Сарымырза үлкені істеген ағалықты.

Байжігіт қыздан туған жиен екен,
Айтпайды бұған ешкім алалықты.
Әйелі Сарымырзаның Мұрын шықты,
Атағы Сарымырзадан бұрын шықты.

Жолымбет, Әлімбет, Жобалайдай
Мұрыннан үш ұл туып, болған мықты.
Үлкені Жолымбеттен жеті ұл туды,
Ұран боп «Жеті Жолымбет» ата қуды.

Әлімбеттен Құлеке, Сейіт екі ұл туды,

шежірелік  жыр-аңыздар
Жобалайдан Шойтабан, Жарылған деп,
Мұрыннан тарап, бәрі шыққан нуды.
Ақымбеттен біраз ел болған екен,

Арқадан қоныс тауып, қылған мекен.
Сыбаннан Түкі, Сары екі ұл туған,
Таралып екі атаға толған екен.
Қыржыдан—Сары, Салық,

Екеуінен үш бала туғаны анық.
Байбекқыржы, Байқыржы, Жиренқыржы,
Үш ата ел болып таралыпты.
Шүрентай Байыстың кенжесі екен,

Аймағын Алакөлдің қылған мекен.
Байыс қызы Мақта деген апамыздан
Байжігіт содан туған жиен екен.
Шүрентайдан үш бала болған екен,

Бақ-дәулет үшеуіне қонған екен.
Алдаберді, Әлімбет, Болатшы деп,
Қорасы төрт түлікке толған екен.
Алдаберді баласы Тума, Тоқпақ,

Және бірге Байғана болған екен.
Туманы айтып енді баяндаймыз,
Тізімін сегіз ұлдың даярлаймыз.
Құл, Иман, Қодас, Қарабек деп,

Қыстық, Үкі, Әлібекті айтып аяңдаймыз.
Туманың сегізінші ұлын Баубек дейді,
Осымен сегіз ұлын тамамдаймыз.
Тумадан сегіз ата ел таралды,

Ұзатып мұнан ары бара алмаймыз.

орта  жүз  найман  қарамолда  ұрпағы
Байғанадан туыпты Балық, Бадан,
Балық кетіп түрікке Бадан қалған.
Баданнан Еңірек, Елтізер, Нәдір туып,

Еңіректен бес бала боп таралған.
Елтізерден Ораз, Ауылшы, Елтоқ тарар,
Нәдірдің ұрпақтары бір баладан.
Тоқшора, Байқарадан асқан адам,

Байтінды ешбір адам жасқамаған.
Байтінді Қыдыр шалып, бай болыпты,
Дауысынан Шоқыманың қашқан адам.
Атақты Еспол ата ақын бопты,

Тез ойлап, сөз қисынын тапқан адам.
... Кешу, Қара, Асыл-ды
Берекелі жаралған.
Болатшының көп жері,

Тараған алты қарадан.
Кісі екен Бұқар атақты,
Артық туған анадан.
Боран батыр, Жанақ би,

Атағы шыққан қарадан.
Тана, Қазы Найманда
Асқан адам ақылды.
Сөзге жүйрік ер екен,

Ерегесте батымды.
Байыстан шыққан ардагер
Деп айтамыз Асылды.
Байжігіттен үш бала—

Жұмық, Тоғыс, Мәмбет-ті.

шежірелік  жыр-аңыздар
Осылайдан жаратты
Байжігіттен үш нәсілді.
Мәмбеттен шыққан Қабанбай,

Қазақта асқан батыр-ды.
Қазақтың жерін босатып,
Қалмақты қуып қашырды.
Арыстандай айбынды

Болған екен Қабанбай.
Заманында дұшпаны
Аяғына бас ұрды.
Қабанбайдың тұқымы

Әлі, Жақып, Сүлеймен,
Өз тұсында бақ қонып,
Дәрежесін асырды.

Өкіреш, Найман, Жалайыр, Төлегетай,
Төртуыл, Қаракерей, Садыр, Матай.
Үш жүзде мұнан асқан жан болмаған,
Байлық, билік кетпеген ер Қаптағай.

Баласы Қаптағайдың Есенгелді,
Әр-әркімге қылайын мына жырды.
Есенгелді баласы Жарылқамыс,

батыр Жолан-ды,
Қай адамнан қалмады мына заман.
Бұл кісінің баласы батыр Асан,
Ақылы бұ кісінің болған астам.

Мұнша халық билеген ақылман,
Бұл кісі де жақсы боп болды көсем,
Тентекті салады екен табанына.
Шынжырлы балақ, шұбар төс болып өткен,

Орысқа қарамаған заманында.
Бұл кісінің баласы Сары болды
Жақсы кісі болады әрбір жолды.
Найманның жеті аталарынан

белгілі руларын баян қыламыз

шежірелік  жыр-аңыздар
Әркімге жақсылықты Құдай берер,
Басына бақыт, дәулет бірдей қонды.
Оның ұлы Бөрібайға қызыр қонды,

Дәулеті бұл кісінің үлкен мол-ды.
Сейіл қылып далада келе жатса,
Тұяғы ұзын қысырақ душар болды.
Паһ, шіркін, бұл кісіге, Құдайым-ай,

Бақ берген-ді, мақтамай тұрайын ба-ай!
Қазақ аулы сүйінсе, жар болады,
Үш жүзге ұран болған ер Бөрібай.
Қазақта мұнан асқан жан болмаған,

Бақыт, дәулет көп беріп, Алла оңлады.
Мұнан туған би болды Қыдырәлі,
Алдынан һәм билігі бұзылмады.
Ақылы бұл кісінің жұрттан асқан,

Бәрі де асыл туды көп данышпан.
Қаптағай тұқымына тұтқа болған,
Ұл тумас бұ кісідей Үш Алаштан.
Бөрібайдан Қыдырәлі бесеу туды,

Қыдырәлі Бөрібайдың жолын қуды.
Ол күнде онан асқан кісі болмай,
Мен шешенмін дегеннің тілін буды.
Мұның ұлы Бидос мыңды айдаған,

Биледі бұ кісіні үшбу Найман.
Би болған, патша болған бәрі де өтті,
Һәм кімге көз салмадың сұмырай жалған?!

найманның  жеті  аталарынан  белгілі  руларын...
Інісі Қалқабай, Дос, Ер, Тәнеке
Үйсін, Найман біледі өзін және.
Жолыққан ақ патшамен, қайран Тәкем,

Мұрасын кетті тастап Есімбекке.
Баласы Қалқабайдың толып жатыр,
Бәрінен асып түсті Маман батыр.
Мәмекең сөзді айтады жақсы құрап,

Тентекті мақұл қылған, мойнын бұрап.
Қорқады жамандайтын көрген адам,
Тұрады бір дуан ел ақылы асып.
Комисиа әйел-еркекті зәкүнге алды,

Маман ер сонда би боп тұрып қалды.
Үш жыл ауылында сақшы би боп,
Һеш адам арыз қылып жыламады.
Болыстың үш жыл болды кандидаты,

Сонда да білінбеді жаманаты.
Дүниені ойлайды, ақылы дария,
Ойлағаны—Мұхаммед шариғаты.
Содан өтіп үш жылдай болыс болды,

Дәулеті бұ кісінің үлкен мол-ды.
Кемеңгер ақылы асқан асылзада
Ұстады зәкүнменен әрбір жолды.
Әруағы Маман ердің асқар бел-ді,

Жақсы қызметін Кауфман білді.
Оязнай Рейнталдың заманында
Оқаланған сайлауға өтен берді.

шежірелік  жыр-аңыздар
Ризянов оязнайдың заманында
Қызыл алтын бір тонды тағы да алды.
Қызметі оязнайға жаққаннан соң,

Колпаковский беріпті осы тонды.
Баласы бұ кісінің Тұрысбекке
Һәр жолды ойлауға көңілі епті.
Алты жылдай старшынға алты сайлап,

Он екі жыл болыстық әкім қылды.
Қызметін ақ патшаға қылып жүрді,
Жақсы қызмет қылғанын патша білді.
Қызметінің жаққаны сол емес пе,

Құрмет қып бір алтын тонды берді.
Екі жыл алтын-күміс медал берді,
Бергенін он үш болыс көзі көрді.
Уәкілдігі жеті атадан үзілмеген,

Алтын медал, патсайыдай бөзі берді.
Әруағы Тұрысбектің көпке мәлім,
Дәулеті жұрттан асқан шалқар көл-ді.
Патшаға қызметімен пара беріп,

Саф күмістен тостаған тағы берді.
Басында Тұрысбектің ақыл мол-ды,
Ақыры Мекке барып қажы болды.
Ахырет дүниені бірдей ойлап,

Ерден иман құтылмас деген сол-ды.
Құдайым Тұрысбекке және берген,
Жақсы, ақылды көңілге сала берген.
Степной қызметті тура көріп,

Күмістен бір медалды және берген.

найманның  жеті  аталарынан  белгілі  руларын...
Жүреді жақсы кісі ақыл ойлап,
Жаман кісі жүреді аттай бойлап.
Ауылбасы Қапалыда сайлау қылып,

Сейітбаттал баласын қойды сайлап.
Арасанский болыснай дейді мұны
Жеті атасы би болған, асыл шені.
Үлгілі жеті атасы би болған деп,

Асып тұр жеті атасы жеті Алаштан,
Ұрпағы да озып тұр замандастан.
Нашарға рақымды еді, құйып нұр,
Һәр адам кеміс таппас осы жастан.

Ұйғарды, болыс болды жұрты сүйіп,
Тұрады дұшпандарының іші күйіп.
Тұқымынан беклігі үзілген жоқ,
Басы[на] дәулет берді Құдай иіп.

Жағалай көлге біткен құрағым-ай,
Және ойлар әділетті тұрағым-ай!
Билік, байлық атасынан үзілген жоқ,
Әділетпен тұра көр, шырағым-ай.

Жеті атаның әділетін алған еді,
Байлық, билік кетпеген шалқар көл-ді.
Ғаріп пенен нашарға бек қарайды,
Бұл мұрасы атадан қалған жолы.

Демеубай мұны жазған, мәлім атым,
Жақсының жақсы білер құдіретін.
Итжемес әкем аты асыл туған,
Үлгі алған бұрынырақ ұшқан қудан.

23-84

шежірелік  жыр-аңыздар
Жиырмаға келгенше бала болды,
Жиырмаға келген соң дана болды.
Патшаға еліміз қараған соң

Еліне әділетпен билік құрды.
Жаратқан солай қылып құдіретті,
Тоғыз жыл старшындық қызмет етті.
Бес-алты жыл би болып, қызмет қылып,

Алпыста дүние салып, жөнеліпті.
Итжемесов Демеубай мәлім атым,
Бұ қағаз өз қолымнан жазған хатым.
Атам—Баубек, арғы атам—ер Құлжаман,

«Көлдей, Жамбай» болады асыл затым.
Ұранымыз болады батыр Шонай,
Ақыл қиын, жігітке өлең оңай.
Көлдей, Жамбай—Қаптағайдың бір баласы,

Ғұмыр бер жақсыларға, Құдайым-ай!

Томға енген мәтіндерге  түсініктеме
Адам атадан бергі шежіре
Отыз бес бөлімнен тұратын бұл жыр-шежіреде XV ғасырдан
бастап, XІX ғасырға дейінгі қазақтың тарихи шежіресі жырла-

нады. Төрт қалың дәптерден тұратын қолжазбада адам жара-
тылысынан бастап, халқымыздың ұлт, ұлыс болып таралуы­
на дейінгі аралық жырға арқау болады. Сөз болып отырған
шежіренің басты құндылығы—жырда тарихи мәліметтердің

молдығы.
Жыршы Адам атаның жаратылысы туралы діни аңыздарды
шебер қолдана білген. Сонымен қатар жыршының діни сауатты
адам екенін орын-орынмен пайдаланған сүрелер арқылы көруге

болады. Жырлаушы Б.Жайлаубаев шежірені 20 жыл шама-
сында (1953-1973 жылдар аралығында) жырлаған. Осы жыл-
дар ішінде шежірешінің көп ізденгені, тарихи, діни кітаптар­
мен кеңінен танысқаны айқын аңғарылады («Қиссаул әнбиа»,

«Тәурат», «Інжіл», «Құран», «Оғызнама» т.б.). «Қазақтың
түбі қайдан шықты» деген сұраққа жыршы Аннас сахабадан
тарадық деген нұсқаны құптайды. Құнанбай қажының Мекке
барғанда әкелген шежіресін негізге алады.

Құнанбай сол қағазды алып келген,
Көзі мен қолына ұстап әркім көрген.
Арабтың сұлтанының мөрін көріп,
Аннастан екендігін анық білген.

шежірелік  жыр-аңыздар
Сонымен қатар жыршы Аяз би, Қарашаш туралы аңыздар­
ды да молынан пайдаланған. Жыршы Бәйдібектің ұрпақтары,
әсіресе Домалақ ана туралы аңыздарды Жамбыл Жабаевтан

алғанын, ал көпшілік деректерді, қажетті мәліметтерді көне
кітаптар мен қолжазба мұралардан алып отырғанын жиі еске
алып отырады. Бұл шежірешінің өзіндік шынайылығын, ұр­
пақтар алдындағы тазалығын аңғартады. Сондай-ақ жыршы

шежірені жырлау үстінде өзіндік ұстанымдарын да пайдала-
нып, көлемді мұраның құрылымын, композициялық жүйесін,
оқиғалар желісін өзінше құрып, көп шежірешілерге ұқса­май­
тын жеке жол іздестіруге тырысады. Кейде бұл ізденістеріне қол

да жеткізген сияқты. Бұзаубай ақсақалдың шежірелік мәлі­мет­
тері мен құжаттық материалдары өте мол болғандықтан, жал-
пы шежіренің жалпы жүйесі бұзылғандай болып көрінген­мен,
оның негізгі тұтастығы сақталған. Шежіре ХХ ғасырдың орта

шенінде жазылғандықтан және жырлаушының Қостанай облы-
сында, яғни өзге ұлттар мен ұлыстар жиі қоныстанған өңірде
өмір сүргеніне байланысты орыс сөздері көптеп кездеседі.
Сондықтан орыс сөздері мен жер-су атаулары түпнұсқа бойын-

ша берілді: естория, әрхип, шірет, Әміриқа, Әзиа т.б.
Шежіреші Б.Жайлаубаев шежірені алдымен жыр үлгісінде
жырлап, кейін біраз жерлерін қарасөзбен толықтырған. Оған
осы шежірені жинап, тапсырушы Жексенбіұлы Қайырбектің

мына мәліметі айқын дәлел болады: «Қазақ шежіресін жаз­
ған­да Бұзаубай ақсақал 89 жаста болғандықтан алғашқы бөлі­
мін өлең сөзбен, соңғы бөлімін қарасөзбен жазған». Арасында
шешендік сөздер де кездесіп қалады. Қолжазбада шежірелер

ретсіз орналасқан. Және бірін-бірі қайталайтын бөлімдері де
кездеседі. Сондықтан шежіре мәтіні құрастырушылар тарапы-
нан реттеліп ұсынылды. Кейбір бөлімдері аяқталмай қалған.
Ұсынылып отырған том шежірелік жырларға арналғандық­

тан, қарасөз түріндегі мәтін алынып тасталды. Жырлаушы
кей­бір ру, тайпа атаулары мен тарихи деректерді келтіруде
қателе­суі де мүмкін. Мәтін түпнұсқа негізінде дайындалған­

ғылыми  қосымшалар
дық­тан, құрастырушылар тарапынан түзетулер мен өзгертулер
енгізілмеді.
Алайда бұл шежіре—көлемді тарихи мәліметтерге бай

құндылығы зор шығарма. Томға ұсынылып отырған мәтін
қолжазба қорында [ОҒК:Қ.1757-1760] сақтаулы түпнұсқа
негізінде дайындалды.
Алғаш рет жарияланып отыр.

Майқы (Қазақ) туралы шежіре
Жыр-шежіреде Майқы бидің қазақ жұртының салт-санасын,
жосын-жоралғысын, әлеуметтік-қоғамдық қарым-қатынасын:
би сайлау, билік айту ережесі мен заң негіздерін алғаш жөнге

салған аса кемеңгер, от ауызды, орақ тілді шешен тұлға
болғандығы, өзінің парасатымен қазақ жұртына ғана емес, өзге
де түркі-қалмақ қауымына билік жүргізгендігі жырланады.
Ұлтымыздың түп тегі, ата-бабаларымыздың Тайып, Мажиқы,

Амур, Сыр, Қаратау т.б. өңірлерде ертеден қоныс тепкені,
діндік сенім-нанымдары, қалмақ-қазақ шайқасы, Шыңғыс хан
және жоңғар шапқыншылығы тұсындағы хал-күй, ерліктері,
орыс отаршыларының қазақ даласын жаулай бастауы аңыз­дық

деректер арқылы кестеленеді.
Әдебиет зерттеушісі Оразанбай Егеубаевтың берген мәліме­
ті бойынша: жыр қазақ арасына «Рисала-и тауарих» (Тарихи
баян) деген атпен тараған. 1863 жылы Дәрібай Қондыбайұлы

атты азамат бұл кітапты Уфа қаласында оқып жүріп ұстазы,
түрік ғалымы Сұлтаншәріп деген кісіден көшіріп алады.
Сол қолжазба нұсқаны Жәкең бай дейтін әлеуетті адамның
қолқалауымен ақын Кәрібай Таңатарұлы нәзиралап, «Майқы

және «Рисала-и тауарих» атты ұзақ жырға айналдыра-
ды. Аталған қолжазба алғашында Кәрібай ақынның баласы
Ыбырайымның қолында сақталады. Кейін шежіреші, ақын
Маусымбай Сабанұлының қолына өтеді де, ол дастанды жаттап,

шежірелік  жыр-аңыздар өзінше түрлентіп, ел арасына таратады. Ақын қартайып дүние салар алдында (1931-жылдың 16-қыркүйегінде, Дөрбілжін ауданының Көкжайдақтағы Сангүң деген жерінде) бұл дас­ танды ұзын саны 16 бума кесек-кесек қолжазба материал­ дармен бірге өзіне аталас, мұрагері есепті, сол кезде ақындығы байқала бастаған Бейсенғали Садықан есімді азаматқа табыс етеді. Бейсенғали ата мұрасын шамасы келгенше жаттап, ұзақ жыл аман сақтап келсе де, Қытайдағы аты шулы «мәдениет зор төңкерісі» жылдарында жерге көміп, мұржаға тығып жүріп түгел дерлік шірітіп алады. Оқуға келмей қалады. Жырдың түпнұсқасын осылай тоздырып алса да зерделі Бейсенғали көкірекке ұялатқандарынан айрылмайды. Соған сүйеніп және күңгірт те болса оқуға келетін жерлерін пайдаланып, «Майқы би» жырын қайта түлетеді. Дастанның жаңғыртылған бірін­ші бөлімін 1987 жылы «Шалғын» журналының 1-санында, екін­ ші бөлімін қосымша 4-санында, үшінші бөлімін 1990  жылы «Қазақ шежірелерінің» І томында алдыңғы екі бөліммен қо­ сып қайта жариялайды. 1992 жылы барлық бөлімдерін тұтас күйінде «Дөрбілжін ауданының қисса-дастандары» кітабында (Іле халық баспасы, 14-107 б.б) жарық көрді. Томға ұсынылып отырған мәтінде жырдың соңындағы «Үш түрлі тіл», «Үш тіл туралы кеңес», «Алтын асық туралы кеңес», «Алтын асықтың тілі», «Он бір ырымның түсінігі» сияқты бөлімдер шежіреге қатысы болмағандықтан алынып тасталды. Томға ұсынылып отырған жыр-шежіре 1990 жылы «Іле Халық баспасынан» Н.Мыңжани мен Ә.Байболат құрастырған «Қазақ шежірелері» (1-том) атты кітаптан дайындалды. Атамыз Әнес сахабадан бергі шежіре Бұл шежіре 1987 жылы шілде айында Қыдырәлі Саттаров­ тың басқаруымен жүргізілген «Шақадам—Красноводск фольк­лор экспедициясы» кезінде жазылып алынған. Жырды Крас­новодск қаласының тұрғыны Есенғали Бөкенбаевтың

ғылыми  қосымшалар
айтуы­мен жазып алған. Шежіреде Әнес сахабадан басталып,
қазақтың үш жүзіне тоқталады. Кіші жүз руларын кеңінен
тоқталып, мүмкіндігінше толық деректер беруге тырысады.

Кирилл әрпімен жазылған қолжазбада әріп қателері, әсіресе
көбінесе кісі аттары хатқа қате түсірлгені байқалады. Деген-
мен құрастыру барысында өте дөрекі кеткендері болмаса, ру,
адам, жер-су атаулары қолжазба мәтіннің негізінде өзгертіл­мей

дайын­далды.
Томға ұсынылып отырған мәтін қолжазбадан [ӘӨИ:Қ.920/30]
әзірленді.
Шежіре

Жыр қалыптасқан үрдіс бойынша Адам ата мен Хауа ананың
тарихынан басталады. Содан кейін Мұхаммед пайғамбарды
дәріптей келе, Әнес сахабаға ауысады. Шежірешінің негізгі
ұстанымы бойынша: «Қазақтың түп атасы осы Әнес сахаба-

дан басталған». Жырдың түпкі мазмұнында Әнес сахабаның
Пайғамбарды ақылшы тұтқаны, қалай құрметтегені тура-
лы айтылады. Әнес сахабаның қалай өсіп-өнгені жырға арқау
болғанмен, шығарма аяқталмай қалған.

Шежірені Наурызбек жыраудың қолжазбасынан жазып ал­
ған—Дина Аблабекова. Қолжазбаны «Амудария құйы­лы­сын­
дағы қазақтардың ауыз әдебиетін жинау экспедициясы» ке­
зін­де жазып алып, ӘӨИ-дің Қолжазба қорына тапсырған—Қ.

Саттаров.
Томға енген мәтін қолжазба бойынша [ӘӨИ:Қ.920/49] ал­ғаш
дайындалды.
Қазақ шежіресі

Бұл жыр-шежіренің басты ерекшелігі—мұнда исламға,
жалпы арабтарға қатысты көп сөз қозғалмайды. Тек қазақ ұлты

шежірелік  жыр-аңыздар
мен руларының ата-тегін, құрылымын ажыратып, үш жүзден
бас­тап бүгінгі рулардың бөлінісіне дейін жырлаған. Шежіре­ні
жыр­лаушы—Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының құр­

мет­ті азаматы, ақын Әлімбай Әлиасқаров. Жырды жазу үшін
жыршы бұдан бір ғасыр бұрын Бұхарада басылған кітаптарды
және өзінің жерлесі Қалжан деген ақынның шежірелік қол­
жазбаларын пайдаланған. Ол туралы жырда былай дейді:

Оқушым, көрік-көрнек іздемеңдер,
Ретпен тілге жеңіл жазылған.
Сондықтан түпнұсқасын өзгертпедім,
Қоспадым, небір шежіре болды тыңнан.

Жырды Мардан Байділдаевтың айтуынша: «Ә.Әлиасқаров­
ты іздеп барып, өз аузынан жазып алған—филология ғылымда­
рының докторы Әуелбек Қоңыратбаев».
Жыр қолжазбадан [ӘӨИ.Қ.920/74] алғаш дайындалды.

Шежіре
Жырдың басқа шежірелерден өзгешелігі—мұнда Қазақтан
Әбілқайырды одан үш жүзді таратады. Ақарысты—Байшөре,
Бекарысты—Жаншөре, Жанарысты—Қашере деп еркелетіп

аталған айтылады. Мұндай мәліметтер алдыңғы шежірелерде
кездеспегенінін атап өткен орынды. Шежіре—жырда негізінен
Үйсін Бәйдібек батырдың ұлдары Сарыүйсін, Шапырашты,
Ошақты, Ысты руларының аталу тарихы туралы сөз болады.

Шежіреде кіріспе қамтылмаған және кім жырлағаны,
кім жазып алып, қорға кім, қашан тапсырғаны белгісіз. Мә­
тіннің соңында «1860 жылдарда Қанайдың Қасабек болысқа
жазған хаты» және Үйсін руының тарихы жазылған. Мәтіннің

машинкаға басылған көшірмесі қолжазба қорында сақтаулы

[ӘӨИ.Қ.1213].

ғылыми  қосымшалар
Томға ұсынылып отырған мәтін А.Сейдімбековтың жеке
мұрағатынан дайындалды. Алғаш рет жарияланып отыр.

Дүниежүзіндегі халықтардың тайпа, руларға бөлінуі
Қазақ халқының төл тарихын баяндайтын бұл мәтінді
қорға 1975 жылы Минат есімді адам тапсырған. Қолжазба өте
ескірген, оқу, әріптерді тану мүмкін емес. Бірақ аталған қол­

жазбаны кирилл әрпіне көшірген кім екені белгісіз. Көшіру
кезінде қолжазбаның біраз беті жоғалған, кейбір сөздер мен сөз
тіркестері танылмаған. Қолжазбаның жалпы көлемі—421 бет.
Шәді Жәңгіров Әбілғазы Баһадүр ханның «Шежіре-и түрк»

және де басқа тарихи туындылармен таныс болып, соларға
сүйенген болуы керек. Бұл 39 бөлімнен тұратын жырдың
алғашқы бөлімінде кең тараған халық аңыздары мен жазба
деректерді пайдалана отырып, түркі-моңғол халықтарының

ру-тайпалары, олардың тұрмысы мен өмір-тіршілігі тура-
лы айтылған. Шығарманың атауына сәйкес қалған бөлім­
дерінде Шыңғыс хан мен Абылай ханның өмір тарихы кең
көлемде, көркем жырланған. Біз бұл жырдың бұрын-соңды

жарияланбағанын ескере отырып, алғашқы бөлімін ғана томға
енгізуді жөн санадық.
«Тарихнама» дастанының түпнұсқасын өткен ғасырдың
70-жылдары әдебиет зерттеушісі, белгілі ғалым Н.Келімбетов

тапқан. Көлемі 138 беттен тұратын үлкен дәптерге арап
әріптерімен жазылған түпнұсқаның соңғы бетіне «Шәді Жәң­
гірұлы» деп қол қойылған. Бірақ бұл қолжазба толық емес.
Бастапқы тарауы жоқ. Сонымен қатар қолжазба қорына

М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ-дың кіші ғылыми қызметкері
А.Ойсылбаева тапсырған «Тарихнама» атты жыр [ӘӨИ.Қ.888]
сақтаулы. Бұл жыр да толық емес. Жыр мәтіні 1998 жылғы
әдеби-фольклорлық экспедиция кезінде табылған.

Томға ұсынылып отырған мәтін қолжазбадан [ӘӨИ.Қ.888.
1-дәп.] түзетусіз дайындалып, алғаш рет жарияланып отыр.

шежірелік  жыр-аңыздар
Сарыүйсін шежіресі
Жырда Ұлы жүзден тараған Сарыүйсін руының шежіресі
кеңінен жырланады. Бәйдібек байдың үш әйелі болғаны,

оның бәйбішесі Сары бәйбішенің тоқалы Домалаққа көрсеткен
зәбірлігі туралы да айтылып өтеді. Сарыүйсін руының неге аз
өніп-өскенінің себебін атап көрсетеді. Елге белгілі Домалақ
ана туралы аңыз бұл шежіреде көркем жырланады. Шежіре­

нің басқа шежірелерден ерекшелігі—үш жүздің аталарын Бай­
шора, Қарашора, Жаншора деп көрсетеді.
Шежірені Бүркітбай Аязбайұлы жырлаған. Араб әрпінде
жазылған қолжазбаны ОҒК-нің қолжазба қорына 1940 жылы

Шәкіржанов Сабыржан тапсырған. 1940 жылы жазылған
мәтіннің соңында «Ленин туралы», «Карл Маркс туралы»
деген өлең шумақтары бар. Томға ұсынылып отырған жыр
қолжазбадан [ОҒК:Қ.750.1-дәп.] дайындалды. Алғаш рет жа-

рияланып отыр.
Шежіре-дастан
Жыр-шежіреде қазақтың түп атасын Аннас сахабадан
таратады. Қазақтың үш жүзіне жалпылама тоқтала келіп,

соның ішінде Суан руын жыр өзегіне айналдырады. Шежірені
құрылысына қарап екі жыршы жырлағанын байқауға бола-
ды. Алғашқы 221 жолын кім жырлағаны белгісіз. Ол тура-
лы жыршы былай деп ескертеді: «Осы шежірені кім жазғаны

белгісіз. Елшібек Әзімақын Медетбек баласының қолжазба
дәптерінен көшірдім. Сатан. 1991.24.03.». Жырдың қалған
бөлігін жыршының өзі, яғни Сатан Әміреұлы жалғастырады.
Шежіреде Бәйдібектің үшінші әйелі Жезбикені «Домалақ»

деп атаған десе, төртінші әйелі Нұриланы да Домалақ ана деп
көрсетеді.

ғылыми  қосымшалар
Жырды 1992 жылы Сарыөзек ауылының ақсақал, мешіт
имамы Сатан Әміреұлының күнделігінен көшіріп алған—
Нұрсапа Мәмекеұлы Аманжолов. Қолжазба қалың дәптерге

араб әрпінде жазылған. Бірінші бетінде «Адамның жаратылы-
сы туралы шежіре» деп жазылған. Адам атадан бастап кейінгі
ұрпақтарға дейін қарасөзбен жазылған шежіре берілген. Мәтін
филология ғылымдарының докторы Сәрсенбі Дәуітұлының

жеке мұрағатынан алынып, түпнұсқадан дайындалды.
Орта жүз Найман Қарамолда ұрпағы
Қазақ халқында өз руының, тайпасының шежіресін жыр-
лау, тарату ежелден қалған дәстүр. Бұл шежірені жырлау­шы—

Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылының тұр­
ғыны Ерік Мейірманов. Жыршы өз руы Найманнның ішін­дегі
Қарамолда руын таратады. Шежірені негізін қайдан алғаны ту-
ралы жырлаушы былай дейді:

Өз атым Арғынғазы Ерік едім,
Өлеңмен шежірені бейнеледім.
Ықшамдап шежірені өлең қылдым,
Негізін «Тауарихтан» көрген едім.

Шежіреші жырды әдеттегідей Адам атадан бастап, Найман
руына дейінгі тарихты қысқаша жырлап өтеді. Және де Най-
ман руы туралы әйгілі аңызды да қысқаша түрде, түсінікті
етіп жырлаған. Мұнда Найман шалдың келінінің аты Ақсұлу,

баласының аты—Тоқпан. Найман руының өсіп-өнуіне Ақсұлу
ананың қосқан үлесін айта отырып, жыршы Орта жүз Най-
ман руының осы күнге дейінгі руларын түгелдей санамалап
шығады десек те болады. Жыр кейінгі уақытта жырланғаны

байқалады.
Томға ұсынылған жыр «Қазақ батырлары» газетінде (қаң­
тар. 2002 ж.) жарияланған мәтін негізінде дайындалды.

шежірелік  жыр-аңыздар
Найманның жеті аталарынан белгілі руларын баян
қыламыз
Жырда ХVІІІ ғасырдың аяғы мен XІX ғасырдың басындағы

Найман руынан шыққан атақты адамдар туралы сөз бола-
ды. Патша заманында шен алған, болыс атанған кісілердің
есімдері аталады. Мәтінде көркемдігі нашар, ұйқасы жоқ өлең
шумақтары да кездеседі.

Жырдың жырлаушысы Итжемесов Демеубай—осы Найман
руының тумасы. Араб әрпінде жазылған шежірені Д.Итжеме­
сов 1889 жылы «Дала уәлаяты» газетінің 28-30 сандарында
жариялаған.

Томға ұсынылып отырған мәтін микрофильмнан дайын­далды.
Салтақова Ж.

Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни
есімдер
Абылай, Әбілмансұр (1711-1781)—аса көрнекті мемле-
кет қайраткері, қолбасшы, дипломат, қазақ халқының ханы.

Азан шақырып қойған аты—Әбілмансұр. Сабалақ—Төле би­
дің қойған есімі. Жауға «Абылайлап» шапқандықтан Абылай
атанған. Арғы тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханнан
тарайды. 1771 жылы Түркістан қаласында хан болып сай-

ланады. Ел тұтастығы үшін аянбай күрес жүргізіп, сыртқы
басқыншыларға қарсы табанды түрде тойтарыс беріп отыра-
ды. Шет елдермен (Ресей, Жоңғария, Қытай) дипломатиялық
қарым-қатынас орнатуға тырысады. Өмір жолы ат үстінде

жорықтарда өткізіп, Арыс жағасында қайтыс болады. Сүйегі
Түркістан қаласындағы атақты Қожа Ахмет Иасауи кесенесі­
нің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жер-
ленген.

Абыл, Қабыл—діни аңыздар бойынша, Адам ата мен Хауа
ананың алғашқы перзенттері. Қабыл жер жыртып, егін са-
лады, інісі Абыл мал бағады. Алла уаһи келтіріп, Қабылға
Абылдың егіз сыңар қарындасын, Абылға Қабылдың егіз сы­нар

қарындасын қосуды ниет етеді. Қабыл бұған көнбейді, өзінің
сұлу өңді қарындасын алғысы келеді. Адам ата екі баласына
шарт қояды: кімнің тасаттығын Алла қабыл алса, сол өзінің
көңіліне ұнаған адамын алады. Абыл бір түйесін шалды, Қа­был

бидайын атады. Сонымен, Қабыл жеңіліп, қызғаныштан інісі
Абылды өлтіріп, тұңғыш күнәһарға айналды.

шежірелік  жыр-аңыздар
Адам ата, Хауа ана—діни аңыздар бойынша, Алла Таға­
ланың топырақтан жаратқан алғашқы адамы. Балшық-мүсін
ұзақ жылдар жансыз тұрады. Ақырында Алла Тағала Адамға

жан кіргізеді. Адамның бір қабырғасынан Хауаны жасайды.
Алғашында екеуі періштелер қатарында болып, олар­дың ара-
сында «беделді», «құрметті» орынды иемденеді. Періш­те­лер
Алланың жарлығы бойынша, Адам мен Хауаға бас иіп, ғи­ба­

дат етеді. Бірақ Ібіліс атты періште бұл жарлықты орын­дау­
дан бас тартады. Сол үшін Алла Тағала Ібілісті жұмақтан қуып
жібереді. Осыған өкпелеген Ібіліс Адам ата мен Хауа анадан өш
алудың жолын іздейді. Ақырында олар Ібіліс шайтанның сөзі­

не иланып, алдауға түсіп, тыйым салынған жемісті жейді. Осы
күнәлары үшін Адам мен Хауа бейіштен аласталып, Көктен
Жерге түсіріледі. Олардан бүкіл адамзат тарайды.
Айуб—Құран Кәрімде аты аталған ежелгі пайғамбарлар­дың

бірі. Інжілдегі Иов. Айуб (ә.с.). Хаурандағы бай, адамгерші­
лігі мол адам, тіпті пайғамбар болған. Алла сынайын деп
оған шайтанды жібереді. Шайтан жіберген аурудан Айубтың
денесіне іріңді жара қаптап кетеді, ол әйелі екеуі адамдар-

дан оқшау тұруға мәжбүр болады. Шайтан жіберген неше
түрлі жаңа қырсықтарға қарамай, Айуб Алланың рақымына
сенімін жоғалтпайды. Оның көмек сұрап жалбарынғанынан
кейін Жәбірейіл оған «аяғыңмен жерді теп» деп бұйрық береді,

ол тепкен жерден бұлақ суы атқылайды да, Айубтың жара-
сын жазып, шөлін қандырады. Фольклор мен әдебиетте Айуб
сабырлылық пен төзімділік, шыдамдылықтың символы ретінде
қастерленеді.

Акаша—Мұхаммед пайғамбарымыздың сахабаларының бі­
рінен саналады. Расул Алланың арқасындағы «қасиетті мөрді»
алғаш көріп, куәлік еткен адам осы Акаша. Оның есімі көпте­
ген діни аңыздар мен хикая-дастандарда құрметпен аталып,

фольклор кейіпкеріне айналған.

ғылыми  қосымшалар Алау батыр—(шамамен XV ғасырда өмір сүген)—аты аңызға айналған батыр, қолбасы. Алау батырдың тегі туралы шежірелерде әр түрлі айтылады. Оны Мөңке биден, Алшыннан тарататындар бар. Жартысынан көбі Алауды Алшынның әкесі деп көрсетеді. Әбубәкір—Расул Алланың «төрт сахаба» аты берілген се­ німді серік, жолдастарының бірі. Мұхаммед (с.а.с.) қайтыс бол­ғаннан кейінгі дүрбелеңге толы қиын кезеңде Әбубәкір араб-мұсылмандардың басын біріктіре білді. Өзі халифатты бас­ қарған жылдары Мұхаммед пайғамбарға (с.а.с.) түскен Құран аяттарының жинағын құрастырды. Әбілқайыр хан (1693-1748)—қазақ ханы, қолбасшы. Шыңғыс хан әулетінің кіші буыны—Өсектің ұрпағы, Қажы сұлтанның ұлы. Тарихи жырларда әз-Тәукенің баласы деп көрсетілген. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, шабуылдарды ұйымдастыра білуімен аты шығып, Кіші жүздің ханы болған. Қазақ-қалмақ қарым-қатынасы шиеленісіп кеткендіктен Ресей империясынан көмек сұрап Сібір губернаторы М.П.Гагаринге хат жазған. 1726 жылғы Ордабасыдағы халық жиналысында қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайланады. Қазақ хандары мен сұлтандары арасында алауыз­ дық артып, сыртқы жаулардың қаупі артқан кезде Әбілқайыр орыс билеушілеріне арқа сүйеуді ойлап, 1731 жылы қазан айын­да Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант береді. 1748 жылы Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайыр ханды Орта жүздің сұлтаны Барақ өлтіреді. Сүйегі Қабырға өзенінің Ұлқұяққа құятын тұсында жерленген. Әлібекұлы Төле би (1663-1756)—қазіргі Жамбыл облысы­ ның жерінде, Шу өзенінің бойындағы Жайсаң жайлауы деген жерде дүниеге келген. Ұзақ өмір сүріп, 1756 жылы қазіргі Оң­ түс­тік Қазақстан облысы, Төле би ауданына қарасты Ақбұр­хан24-84

шежірелік  жыр-аңыздар
Орда деген жерде қайтыс болған. Сүйегі Тәшкен қаласын­дағы
Жүніс ханның қабырының қасына жерленген.
Дулат ішіндегі жаныс. Жаныс—Жайылмас—Қожамберді—

Құдайберді—Әлібек. Орта жүздің биі Қазыбек Келдібекұлы мен
Кіші жүздің аға биі Әйтеке Бәйбекұлы үшеуі Әз-Тәуке ханның
басты кеңесшісі болып, қазақ халқының заңы ретінде «Жеті
жарғының» дүниеге келуіне атсалысады. Тәукеге Түркістан

қаласын орталық етіп, үш жүзді бір жерден басқаруға, сөйтіп,
бір тұтас қазақ хандығын нығайтуға көмектеседі.
Байбекұлы Әйтеке би (1644-1700)—қазақтың атақты үш
биінің бірі. Кіші жүз әлім тайпасының төртқара руынан шық­

қан. Тәуке хан құрған «Хан кеңесіне» Кіші жүз жұртының аты-
нан мүше болып сайланған «Жеті жарғының» өмірге келуіне
айрықша еңбек сіңірді. Халық биді «айыр тілді Әйтеке» деп те
атаған.

Домалақ ана, Нұрила (1378-1456)—қазақ халқының
әулие аналарының бірі. Ұлы жүздегі көптеген ру-тайпалардың
түпкі анасы. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немере­
сі, әкесінің аты—Әли Сылан, анасының есімі—Нұрбике. На­

ға­шы атасы Уәйіс хан—Моғолстанның ханы болған. Атасы
Мақ­тым Ағзамның қолында тәрбиеленген Нұрила 19 жасын-
да Бәйдібек биге тұрмысқа шығады. Өзінің ақылдылығы мен
парасаттылығы арқасында елге сыйлы болған. Түрікпен Қара

Хайдар даналығына тәнті болып «Диһнат мама» деп атаған.
Парсыша «Әулие ана» деген мағына беретін бұл сөз бертін келе
«Домалақ анаға» айналған. Десе де, «Домалақ ана» атының
шығуы туралы басқа да аңыз-нұсқалар бар. Балабөген өзенінің

жағасында намаз оқып тұрып қайтыс болғандықтан сол жерге
жерленеді.
Жәнібек хан (туған, өлген жылдары белгісіз)—қазақ хан­
дығының негізін салушылардың бірі, Барақ ханның ба­ла­сы.

ХV ғасырда өмір сүрген. Керей ханмен бірге Өзбек ұлысы­ны­нан

ғылыми  қосымшалар
Моғолстанға қоныс аударған. Екеуінің соңынан ерген халық
қазақтар аталған (көне түркі тілінде «қазақ» сөзі «азат, ерікті,
тәуелсіз» мағынасын берген. Қазіргі башқұрт, ноғай, құмық

тілдерінде «қазақ» әлі де сол мағынада қолданылады) кейін
бүкіл хандыққа телінеді.
Жошы (1187-1227)—Шыңғыс ханның үлкен ұлы, Ал-
тын Орданың негізін салушы, қазақ хандарының арғы атасы.

Жошы жас кезінен аса көрнекті әскери қолбасшы ретінде көзге
түсіп, Шыңғыс хан әскерінің жорықтарына белсене арала-
сты. Шыңғыс хан керей, Найман, меркіт т.б. тайпаларды бір
орталыққа біріктіргеннен кейін (1206), Жошы әкесінің тапсыр-

масы бойынша жеке жасағымен 1207-1212 жылдар Оңтүстік
Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістанды қоныстанған көптеген
тайпаларды бағындырды. 1218 жылы көктемде Жошы жасағы
Шыңғыс ханға бағынғысы келмеген меркіттердің бір тобын

өкшелей қуа отырып, Ырғыз өзені бойында Хорезмшаһтың
60 мыңдық әскерімен бетпе-бет кездеседі. Ержүректігі мен
айласының арқасында Хорезм әскерін жеңеді. 1220-1222 жыл-
дары Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Бар-

шынкент, Жанкент т.б. қалаларды қоршауға алып Хорезм
мемлекетін толығымен жаулап алады.
Келдібекұлы Қазыбек би (1667-1764)—қазақ халқының
бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі,

мемлекет қайраткері. Орта жүздегі Арғын тайпасының қараке­
сек тармағынан. Тәуке хан «Жеті жарғыны» шығарарда Төле
би, Әйтеке билермен бірге ханға ақыл-кеңесші болды. Жасы
ұлғайып, көз жұмған бидің сүйегі 1710-11 жылдары Жоңғар

хандығына үш рет елшілікке барған Қожа Ахмет Иасауи
кесенесіне қойылды. Халық арасына «Қаз дауысты Қазыбек»
есімі кең тараған.
Қарашаұлы Бәйдібек (туған-қайтыс болған жылдары бел­

гісіз, шамамен ХІІІ-ХІV ғасырларда өмір сүрген)—қазақтың

шежірелік  жыр-аңыздар
елі мен жерінің тұтастығын қалыптастыру жолындағы аты
аңызға айналған тұлға. Көне шежірелер бойынша Ұлы жүздің
үйсін бірлестігіне кіретін албан, суан, дулат, сарыүйсін, шапы-

рашты, ысты, ошақты ру-тайпаларының түп атасы. Жетісуды,
Арыс өзенінің алабын, Тәшкен мен Қаратау өлкелерін жайла­
ған елді басқарған.
Қожа Ахмет Иасауи—Ахмет бин Ибраһим бин Әли—атақты

сопы, түркілік суфизмнің негізін салушы, философ, ақын.
Шамамен 1093 жылы Түркістан шаһарының маңындағы Сай-
рам (Исфиджаб) қаласында туылып, ХІІ ғасырдың аяқ кезінде
қайтыс болған. Оның есімі Түркістанның «Кіші Мекке» деп ата-

луына тікелей қатысты. Қожа Ахмет Иасауидің мол мұрасынан
бізге жеткен негізгі шығармасы—«Диуани хикмет».
Құнанбай Өскенбайұлы, Құнанбай қажы (1804-1886)—
бұрынғы Семей облысы Шыңғыстау өңірінде дүниеге келген би,

аға сұлтан. Абайдың әкесі, көрнекті қайраткер. Құнанбай жа-
сынан палуан, найзагер болды, қатал да әділдігімен ерешеленіп,
әкесі Өскенбайдың тәрбиесінде ел билігіне араласты. Кей дерек-
терде Құнанбай қажыға 1874 жылы барды делінеді. Меккеде

2  жылдан астам уақыт тұрып, Құдайға құлшылық етушілерге
арнап тәккия (қонақүй әрі медресе қызметін атқарған үй) сал­
дырады. Ол би, болыс, аға сұлтан кезінде биліктің үш тұтқа­сын—
қазақтың дәстүрлі заңын, патша өкіметінің «Сібір қазақ­та­

рына арналған низамын», шариат жолын қатар ұстанды. Қазақ
дәстүрінің негізіне сүйене отырып, оңтайлы шешімдерді жү­зе­
ге асырды. Барымтаға, ұрлыққа, дінбұзарлыққа, зинақорлық­
қа қатаң тыйым салды. Заманның ауқымын аңдап, ертеңін бол-

жай білді. Балаларын орысша оқыта отырып, мұсылмандық­ты
уағыздады. Құнанбайдың өмірі мен қайраткерлігі туралы
деректерді жинап, бір ізге түсірген—М.Әуезов, оның «Абай
жолы» эпопеясында Құнанбай бейнесі кеңестік идеология

ықпалына сай бұрмаланғанымен, жан-жақты сипатталып, ше-
бер сомдалған.

ғылыми  қосымшалар
Қызай—шежіре-аңыздарда әйелдің аты делінеді. Қызай
үйсін елінің қызы (есімі—Күнбүбі, кейбір нұсқаларда Қарлы­
ғаш дейді). Бәйдібек байдың ұлы Ілебайдың қызы екен. Ілебай

соғыста қаза тауып, Қызайды атасы Бәйдібек бауырына салып
өсіреді. Күнбүбі асқан зерек әрі көрікті болғандықтан «қыз-ай»,
«қызай» аталып кетеді. Қызайды Матайдың ұрпағы Шағырай
алады. Осы Шағырайдан тараған ұрпақ өсіп-өніп, рулы ел бо-

лып ананың атымен «Қызай елі» атанады.
Майқы би (Байқы, Байки, Байқу т.-ө. ж. б.)—ежелгі қазақ
қоғамында аңызға айналған тарихи тұлға, атақты би, шешен.
Әділ билігімен, шешендік сөз өнерімен түркі халықтары ара-

сында кең тараған. Шежірелерде Майқы би деген атпен өмір
сүрген бірнеше тұлға кездеседі. Кейбір зерттеушілер оны б.з.б.
Үйсін мемлекетінің билеушілерінің бірі деп есептейді. Ол Май­
қы би Мәнұлы деген атпен б.з.б. 178-89 ж. өмір сүрген және

аңыз бойын­ша би атанған тұңғыш адам. Шежірелерде кездесе­
тін екін­ші Майқы би Төбейұлы (шамамен 1105-1225  ж.ж.)
Шың­ғыс ханның замандасы әрі оны хан көтерген 12 бидің
ішінде болған. Парсы тарихшысы Рашид әд-Диннің «Жамиғ ат-

тауарих» атты шығармасында (қошындық Байку деген атпен)
Майқы бидің Шыңғысханның ел басқару ісіне көмектесетін оң
қолы, ақылшысы, бас биі болғаны, ХІІІ ғасырда Жошы хан­
ның Батысқа жасаған жорығында моңғол әскерінің оң қана­тын

басқарғаны айтылады. Кейбір халық аңыздарында Майқы би
Орманбет би өліп, он сан ноғайлы елі бүлінгенде қазақ ұлысын
құрған және қазақтың үш жүзіне таңба үлестіріп берген абыз-
би болғандығы айтылады. Жалпы, Майқы би есімі қазақтардың

шығу тегі жөніндегі көптеген аңыздарда жиі кездеседі және
Дешті Қыпшақта түркі қауымдарының негізін құрушы ретінде
ұдайы айтылады. Шежіре деректері бойынша, Ақарыстан (Ұлы
жүздің арғы атасы) Ұзынсақал Ыбырайым, одан Кейкі би,

одан Төбе би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды.
Кейбір шежірешілер Майқы биді барша үйсіннің бабасы етіп,
Ұлы жүздің шежіресін содан таратады. Халықтың әдет-ғұрып,

шежірелік  жыр-аңыздар
салтын, жол-жоралғысын заңға айналдырып, қоғамдық қару
етуде Майқы бидің алатын орны ерекше. Халық арасында кең
тараған «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы—Майқы би» деген

мақал бар. Майқы би түркі халықтары әлі бөлінбей тұрған кез-
де өмір сүрген әрі әділдігімен, шешендігімен жалпытүркілік
қайраткер дәрежесіне көтерілген.
Мұса—Құран кейіпкері, пайғамбар. Інжіл бойынша Мои­

сей. Алла Тағаладан кітап жіберілген төрт пайғамбардың
бірі. Бала кезінде Мұса (ә.с.) мен оның туыстарын перғауын
(перғауын—Мысыр патшасының атағы, титулы) жендеттері
қудалайды. Мұса (ә.с.) анасының арқасында өлімнен аман

қалып (шешесі оны бесікке салып өзенге ағызып жібереді), оны
перғауынның әйелі бағып тәрбиелейді.
Мұхаммед—ең соңғы пайғамбар, ислам дінінің негізін са­
лушы. Мұхаммед (с.а.с.) 570 жылы Мекке қаласында дүниеге

кел­ген. Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге кел-
местен екі ай бұрын қайтыс болған. Ал, анасы Әмина Расул
Алла алты жасқа толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа
(с.а.с.) алғашында сүт анасы Халиманың, онан соң атасы

Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің
тәрбиесінде болған.
Алғашқы уахи хазірет Мұхаммед Меккеден үш шақырым
жердегі Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні таң алдын-

да рамазан айында түсті. Мұхаммед 610 жылдары 40 жасында
Алланы, яғни бір Құдайға табынатын дін—исламды уағыздай
бастайды.
Мұхаммед (с.а.с.) ислам дінін жария еткенде арабтардың ба-

сым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар ислам дініне қарсылық
білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан б.д. 622 жылы
Мұхаммед (с.а.с.) өзінің жақтастарымен бірге Меккеден Мәдина
қаласына қоныс аударады. Бұл жыл Ислам жыл санауының

басы деп есептеледі. Оның арабша атауы—«хижра», яғни

ғылыми  қосымшалар
«қоныс аудару» деген сөз. Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) бин Аб-
дулла 633 жылы Мәдина қаласында қайтыс болды.
Мұхаммед пайғамбардың «Мұстафа» (таза, нұрлы, сипатты),

«Расул» (елші), «Хабибулла» (Алланың сүйіктісі), «Сағидулла»
(Алланың көмекшісі) т.б. эпитет есімдері бар.
Нұх—пайғамбар, Құран кейіпкері. Інжілдегі Ной. Құран
Кәрімде оның аты 43 рет аталады және 71-сүре осы Нұх

пайғамбар мен оның әулеттеріне арналған.
Дүниежүзі халықтарының көбінде Нұхтың есімі «топан су
оқиғасымен» байланысты айтылады. Аңыз бойынша, жер бетін
топан су қаптағанда Нұх пайғамбар оны Алланың жәрдемі­мен

алдын ала сезіп, алып кеме-күпшекті жасайды да, күнәсіз адам-
дар мен жан-жануарлардың әр түрінен жұптан алып, әлгі ке-
меге мінгізеді. Осы кемеге мінген тіршілік иелері апаттан аман
қалып, өмір қайта жалғасады.

Омар—Әбубәкір өлгеннен кейін (634 ж.) мұсылман қауы­
мына басшылық жасаған екінші әділетті халиф, исламның
алғашқы кезеңіндегі ірі дін қайраткерлерінің бірі. Омар хазі­рет
Мұхаммед пен Әбубәкір Сыдықтан соң мұсылмандықты одан

әрі насихаттап, оны араб елдерінен тысқары өлкелерде тара­туға
көп күш жұмсады.
Ол сондай-ақ мемлекеттегі шариғат жолының үлесін
күшейту мақсатында өзінің халиф лауазымына «Әмір әл-му­

минин» дәрежесін қосты. 638 жылы хазірет Омардың сахаба-
лары Иерусалимді тізе бүктіріп, қаладағы қасиетті Сүлеймен
храмының орнына намаз оқыды. VІІ ғасырдың аяқ шенінде
үмийа халифы Әбд әл-Мәлік хазірет Омар намаз оқыған жерге

«Куббат ас-сахара» деп аталатын күмбез тұрғызды.
Оспан—араб-мұсылман тарихындағы үшінші «әділетті
ха­­лиф». Ол—Мұхаммед пайғамбардың жолын ұстаған ал­
ғаш­қы сахаба-серіктерінің бірі, Расул Аллаға шын берілген

шежірелік  жыр-аңыздар
үмийа әулетінен шыққан бай саудагер. Хазірет Оспан
әуелі Пайғамбардың қызы Рұқияға, ол қайтыс болған соң,
Расулдың екінші қызы—Үммү-л-Гүлсімге үйленді. Сол себепті

мұсылмандар Оспанға Зу-н-Нурайн (екі шамшырақтың иесі)
деген құрметті атақ берген.
Рүстем Дастан—ежелгі Иран аңыздарының әйгілі ба-
тыры, «Шаһ-нама» эпопеясының бас қаһарманы. Ол шығыс

халықтарында қаһармандық үлгісі ретінде дәріптеледі.
Сүлеймен—Құран кейіпкері, Дәуіт пайғамбардың баласы,
Інжілдегі Соломон. Шамамен б.д.д. 965-928 жылдары бұрынғы
Иудей патшалағын билеген деп есептеледі. Сүлеймен Иеруса-

лим қаласындағы Яхус храмын салдырған.
Аңыз бойынша, Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған. Бір
күні Алла Тағаланың әмірімен әлгі ұлдардың бәрі де бірдей
қаза болыпты. Сонда Дәуіт (ә.с.) еш абыржымай, сабыр сақтап,

Алла Тағалаға одан сайын ғибадат еткен. Осыған разы болған
Жаратқан Ие Дәуіт пайғамбарға «отыз ұлға татитын» бір ұлды,
яғни Сүлейменді береді. Сүлеймен (ә.с.) мұсылман елдерінің
ертегі дастандарында «аң мен құстың, пері мен жынның, жан-

жануар, құрт-құмырсқаның тілін білген» деп дәріптеледі.
Шиш—діни кітаптарда Адам атадан кейін бірінші атала-
тын пайғамбардың есімі. Мұсылман халықтарының шежі­ре­
сінде де Шиштің аты ауызға бірінші алынады. Алғашқы пай­

ғамбарлардың бірі ретінде Шиштің есімін Таурат пен Інжілден
де кезіктіруге болады. Фирдауси өзінің атақты «Шаһнаме» да-
станында Иран патшаларының әулетін де осы Шиштен тара­
тады.

Шыңғыс хан (моңғ. Чингис Хаан; өз аты моңғ. Тэмүүжин)—
Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса
ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есү­хей

ғылыми  қосымшалар
батырдың отбасында туған. Өзінің әскери таланты арқасында
және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайда-
ланып, 1183-1204 жылдары өкімет билігі үшін күресте негізгі

жаулары Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Най-
ман тайпасының басшысы Таян ханға дейін  талқандап, кең-
байтақ территорияны басып алды, сөйтіп, онда мекендейтін
көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды.

Осы жеңістері және тайпа көсемдерін өз маңына топтастыруға
бағытталған бірсыпыра әлеуметтік шараларды жүзеге асы-
руы нәтижесінде Тэмуджин дала ақсүйектері құрылтайының
шешімімен Барыс жылы (1206) барлық тайпалардың ұлы ханы

болып жарияланды да, «Шыңғыс хан» (түркі тілдеріндегі
«теңіз» деген сөзден шыққан деп есептеледі) лауазымын алды.
Ысрапыл—діни аңыздар бойынша, қиямет күнін хабарла-
ушы періште. Ол Иерусалим тауында тұрып, қиямет күнінің

келгенін сырнай (соры) арқылы жеткізеді. Ысрапылдың негізгі
қызметі—Алланың талаптарын, әмірлерін басқа періштелерге
хабарлау.

Ағузу билла /а/—Алла қорғай көр
Ақырет, ахирет /а/—ақырет күні. Мұсылмандардың ұғы­
мы бойынша, бұл күні қияметтің болуы, Алладан өзгенің жоқ
екендігі, өлгеннен кейін сұрақтың қойылатындығы анық сезі­

леді. Пенделер тірі кезінде істеген күнәларына жауап беретін
күн. Ары таза, күнәсі жеңіл болса, Алланың жақсылығын сезіп,
ауыр болса қабір азабын тартатын күн; о дүние деген ұғым;
ақырзаман, дүниенің соңы.

Аллаһу ағлам /а/—Аллаға аян
Алла акбар, Аллаһу акбар /а/—Алла ең ұлы!
Архип /о/—мұрағат
Асхаб, сахаба /а/—серіктер, жолдастар. Мұхаммед пайғам­

бармен бірге ислам дінін қабылдап, мұсылман мемлекетін
құруға атсалысқандар. Мұхаммедтің істері мен сөздері туралы
хадистер асхабтардың айтулары бойынша жазылып алынған.
Асы, ғасы /а/—күнәһар, шариғатқа қайшы істер жасаған

кісі
Аһл, әһл /а/—ел, халық, жұрт
Әгар /ж/—егер
Әдіпсін—өнерлі, белгілі бір кәсіпті меңгерген.

Әйла /т/—жасау, істеу
Әл-әнбие /а/—пайғамбарлар [нәби сөзінің көпше түрі]
сөздік

ғылыми  қосымшалар
Әлхамдулла, әлхамдулилла /а/—Даңқтың бәрі Аллаға! Бұл
сөз тіркесі «Аллаға шүкір» деген мағынада да қолданылады.
Әнжам /п/—ат саймандары (ер-тоқым)

Әптиек—Құранның жеке алынған қысқа-қысқа сүрелері
мен аяттарының жинағы
Әсіл /а/—түбі, тамыры, түп негізі
Әсуад /а/—қара; негр

Әрхіб, Әрхиб /о/—мұрағат; архив
Әткәз /о/—қарсылық; қарсы болу
Әтібет /о/—жауап
Әулад /а/—[уәлад сөзінің көпше түрі]—ұрпақ; балалар;

әулет
Әфсүн /а/—арбау, дуа, сиқыр
Бағзы /а/—кейбіреулері, кейбірі
Бақи /а/—мәңгі

Бахас /а/—сұхбат; әңгімелесу
Бәйіт /а/—қос тармақты өлең шумағы
Бәлант, балант /п/—жоғары
Бәһана /п/—сылтау, себеп

Бейбаһа /а/—мәңгілік емес; осы өмір
Бетпұрсант—мүсінге табыну
Биабан /п/—құлазыған шөл дала, жапан түз
Бина /а/—құрылыс, ғимарат

Бисмилла /а/—Алланың атымен
Бустан /п/—бақ, бау-бақша
Бұтпұрсант /п/—будда дініндегі табынатын, сыйынатын
мүсін, тас

Білән, бірлән, бірлә, илән /т/—мен, бірге
Гөриан /п/—жылау, өксу
Ғажам /а/—парсылар; арабтардан басқа халық.
Ғапыл /а/—қапы қалу, білмеу, байқамау, сезбеу; надан,

қараңғы
Ғарық /а/—бату; суға кету; суда жүзу

шежірелік  жыр-аңыздар
Ғауам /п/—қарапайым халық; қарапайым сөйлеу, сөйлеу
тілі; қарапайым, оқымаған, білімсіз, надан
Ғафур Рахман /а/—өте кешірімді, рақымды Алла

Есториа /о/—тарих
Дағуат /а/—уағыз, насихат, үгіт
Дарақ—ағаш
Дадир Мәулан /а/—ие, қожайын; Алла тағаланың 99

есімінің бірі
Дәркар, дәркер /п/—керек, керекті.
Дәркаһ /п/—салтанатты сарай; құдай үйінің дарбазасы;
табалдырығы

Жамағат /а/—қауым
Жаббар Халық /а/—құдіретті жаратушы; Алла тағаланың
99 есімінің бірі
Жаппар /а/—құдіретті, күшті; Алла Тағаланың 99 есімінің

бірі
Зәкүн /о/—заң; үкім
Зәрре-қадар /а/—[зәрре /а/—кішкене, тамшы; қадар /а/—
өлшем, мөлшер]—кішкентай ғана, аз ғана

Зинат /а/—әшекей
Зүриат /а/—үрім-бұтақ, ұрпақ, әулет
Зұлжалал /а/—жоғары мәртебелі; Алла Тағаланың 99 есі­
мінің бірі

Иләһи /а/—Құдай, Құдірет, Тәңір; Иләһи, Иләһим—
Құдайым
Илһам /а/—діни сенімге ие болу; шабыттану; жігер беру,
рухтандыру

Иншалла (ин шаа Алла) /а/—Алла қаласа, Алла тілесе
(ин—егер, шаа—қалау).
Ирада /а/—ниет, ықылас, ықтияр; шешім

ғылыми  қосымшалар Кәззап /а/—өтірікші, алаяқ Кәлима таухид («Ла илаһа илла Алла») /а/—«Алладан басқа Құдай жоқ» сөзін айту Кәмар /а/—оюланған, асыл таспен әшекейленген белбеу Кәтта—үлкен Кәфтан—теріден тігілген кеудеше Комисиа /о/—комиссия Кун /а/—болу, жаратылу; пайда болу Қабағат /а/—өте, тым, тіпті, аса, орасан Қайіл болды /а/—сөйлеу, айту; мойындау, баға беру; қайран қалу Қилап /а/—қарама-қарсылық, қайшылық, алауыздық, талас, дау Құрсант /п/—шат-шадыман, қуанышты Лағин /а/—малғұн, лағынет; Алла Тағаланың рақымынан мақұрым болған Лаухул махфуз, лаухул қалам—[лаух /а/—тақта; махфуз /а/—сақталған, жадында ұсталған]—сақтаулы тақта. Діни ұғым бойынша, әр адамның тағдыры күні бұрын жазылып қояды. Сол жазу тақтасы лаухул махфуз, лаухул қалам деп аталады. Лахыт /а/—қабір; зират Лә иллаһа илла Алла /а/—Алладан басқа құдай жоқ. Исламның бірінші парызы, яғни Алланың бар екендігіне, жалғыздығына сенім білдіру. Мақлұқат—жаратылған пенделер, күллі жанды мақлұқ­ тар Мантиқ /а/—логика туралы ілім Массагет—ежелгі грек авторларының деректері бойынша Каспий мен Арал теңізі аралығын мекендеген тайпалар тобының ортақ атауы. Мәжуси /а/—отқа табынушы; сиқыршы; шоқынушы, кәпір Мисал /а/—мысалы

шежірелік  жыр-аңыздар
Моузолей /о/—кесене; мавзолей; сағана
Муафиқ /а/—келісілген; сәйкес, сай
Мұрсал /а/—Алла Тағаланың пенделерді тура жолға қою

үшін жерге жіберген пайғамбары
Мүддәға /а/—тілек; ой; мақсат, арман; мүдде
Мүрит /а/—тыңдаушы, ізін қуушы. Суфилердің шәкірт­
терін мүрит дейді

Мүсәніп /а/—лайықты, жарасымды
Мүтаға /а/—пән ретінде оқыту, қызықтыру
Набыт болу /п/—жойылу, қырылу, жоқ болу
Нақлият—нақыл сөз

Нама /п/—хат
Намы /п/—1. ат, есім; 2. даңқ, атақ, мәшһүрлік
Нәби /а/—пайғамбар
Нәмарт /п/—тексіз, нашар

Нисбат /а/—қатынас, байланыс
Нифас /а/—босану; әйел адамның дүниеге бала әкелгеннен
кейінгі қырық күн тазаруы
Нұжым /а/—жұлдыз, аспан

Ояз—Ресейдегі губернияның құрамына кіретін әкімшілік
территориялық бөлік; оязды басқарушы әкім
Пазыл /а/—артық, артықшылық
Пакті /о/—дәлел; айғақ

Патиха /а/—бата, тілек; бата беру
Паһим /а/—ақыл-ой, зейін
Пәмі /а/—ауызша айтылуы
Пәруар /п/—жаратушы, жасаған, Құдай

Пиодал /о/—феодализм тұсындағы үстем таптың өкілі,
меншік иесі
План /о/—жоспар
Порым /о/—форма; сыртқы пішін, түр

Просент /о/—пайыз; процент

ғылыми  қосымшалар
Рада /а/—жағымсыз
Расул /а/—елші
Расход /о/—шығын

Сақтиан—кебіс
Сахара, сахарауи /а/—кең жазық, мидай дала
Сәбеттік сәтсиалдық—кеңестік социалистік
Сәна, сәнат /а/—жыл (уақыт өлшемі)

Сәруар /п/—басшы, басқарушы; қожа, ие
Сүрік /т/—заман, дәуір
Тасниф /а/—шығарма, туынды
Тауап /а/—Қағбаны айналып өту. Қажылыққа барған адам

міндетті түрде Қағбаны жеті рет айналып шығады.
Тауарих /а/—тарих [көпше түрі]
Таурат, Інжіл, Құран—Алла Тағаланың пайғамбарлар
арқылы жіберген кітаптар

Тауфиқ, таупиқ /а/—ынсап, қанағат; жәрдем, көмек; та-
быс; бақыт
Таһарат /а/—дәрет алу, тазалану. Құран Кәрімді оқырда,
намазға жығылар алдында жасалынатын бірден-бір шарт—

тазалану, яғни дәрет алу. Сумен үсті-басты, денені ғана жуып
қоймай, рухани ойды тазалау. Әдеппен, толық құрметпен
аңсарыңды тазалыққа аудару, яғни Алланы ойлау. Біле тұра не-
месе білместікпен істелінген күнәларың үшін Алладан кешірім

сұрау, жарылқау тілеу.
Тәкбір /а/—ұлғайту, асқақтату; «Аллаһу акбар» сөзін айту,
Алланы дәріптеу
Тәпсір /а/—1) түсіндірме; 2) Құранға түсінік беріп, оның

мағыналарын ашу мақсатында жазылған кітаптар
Тәржіма /а/—аударма
Тіріклік /т/—тіршілік, өмір сүру
Уахи /а.п/—сендіру; сыр ашу; дауыс; үн; Мұхаммедке

Жәбірейіл арқылы келген Алланың бұйрықтары, жарлықта­ры

шежірелік  жыр-аңыздар
Уәжіп /а/—міндет, борыш, бұлжытпай орындалатын заң,
қағида, міндетті шарт; шарт, парыз
Фаһим, фаһимлау /а/—зейін, ой, түсінік, пайым; зейін

салу; ақылдасу, кеңесу, ойлану
Феккаһ Ғалым /а/—Алла Тағаланың 99 есімінің бірі; бәрін
көруші, білуші
Фердоуси жәннатул ағла /п/—жұмақ, жұмақтағы бақ;

Құран Кәрім бойынша, жұмақ бірнеше бөліктен тұрады.
Біреуінің атауы—Фирдоус. Бұл сөз парсы тілінен енген, грек­
тің «парадеисос» деген сөзімен мәндес. Бертін келе мұсылман
елдерінің фольклоры мен әдебиетінде «Фирдоус» сөзі мәңгі

гүлдеп тұратын мәуе бақтың символына айналған.
Фитна /а/—жаман ниет, арам ой
Хайз /а/—етеккір
Халас /а/—құтылу, арылу, құтқарылу

Халық /а/—жаратушы; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі
Хамле /а/—аяғы ауыр; жүкті болу
Хасіл /а/—нәтиже; жүзеге асу, мақсатқа қол жеткізу; дайын
Хилап /а/—қарама-қарсылық, қайшылық, алауыздық, та-

лас, дау
Хулла /а/—киім; көйлек-көншек
Хүкама /а/—билеуші, әкім сөзінің көпше түрі
Һәман /п/—дәл өзі, соның өзі; әрқашан, ылғи

Һәмма /п/—бәрі, барлық
Һиба /түрік/—сыйлық, базарлық, сый; сәлемдеме; садақа;
тасаттық; құрбан
Шажарат /а/—ағаш, бәйтерек; шежіре

Шамсу-қамар /а/—ай мен күндей
Шаһадат кәлима а/—куәлік сөз; Алла Тағала мен оның
елшісі Мұхаммедке сенім, иман білдіретін шарт

ғылыми  қосымшалар
Шаһариар—[шаһар /п/—төрт, яр /т/—жар, серік]—
Мұхаммед пайғамбардың төрт серігі: Әбубәкір, Омар, Оспан,
Әли. Кейде төрт жар деп те аталады. Бұлар араб халифатын

билеген төрт әділетті халифтер болып, тарихта «әл-Хулафа ар-
Рашидун» деген атпен белгілі.
Шаһлық—асылтектілік; ақсүйек
Шіреті /о/—кезегі, реті

Ізһар /а/—таныту, көрсету; нық, ашық; ауыспалы мағы­
нада: қайтыс болу

25-84

Жер-су атаулары
Азия—жер шарының ең үлкен бөлігі. Еуропамен қосылып,
Еуразия құрлығын құрайды. Еуропамен арадағы шартты ше-
карасы Орал тауының шығыс етегі, Жем өзені, Каспий теңізі,

Кума-Маныч ойысы, Азов теңізі, Қара теңіз, Босфор бұғазы,
Мәрмәр теңізі арқылы өтеді.
Алатау—басы Хантәңірінен басталып, Тәшкен қаласының
маңына барып аяқталатын үстіңгі жағын мәңгілік мұздықтар

мен қар басып жататын алып таулар тізбегі. Олар Жоңғар Ала-
тауы, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы т.б. деп аталып, Алма-
ты, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Қырғызстан
Республикасының аумақтарын басып өтеді.

Алматы—Республикалық мәртебесі бар ең ірі қала. Қа­
зақстанның оңтүстік шығысында Іле Алатауының солтүстік
баурайында орналасқан. 1927 жылдан 1997 жылға дейін
Қазақстанның астанасы болды. Алматыда 1 млн.-нан астам

тұрғын бар.
Алтай—терістік жағы Ресей, шығысы—Қытай, оңтүстігі
Қазақстанмен шектесетін тау атауы. Ғалымдар көне түрік-ал­тай
тілдеріндегі мағынасы «бір-бірімен жалғасқан тау тізбек­тері,

ғылыми  қосымшалар
қырат жоталар, тау сілемдері» деген ұғымдарды аңғартаты­нын
дәлелдейді.
Арқа—Қазақстандағы аса ірі географиялық нысан. Бұл

Сарыарқа деп те аталып, тұтас алғанда Орталық Қазақстанды
білдіреді. Шындығында, Арқа—Орталық, Шығыс, Солтүстік
Қазақстанды қамтитын үлкен аймақ. Арқа туралы тарих-
шы Құрбанғали Халидтің «Таварих-и Хамса-и шархи» атты

еңбегінде көп деректер бар. Әбілғазы Бахадүр «Түрікмен
шежіресі» атты еңбегінде Арқа-Дешті-Қыпшақ деген үш сөзді
бір топонимдік атау ретінде пайдаланған.
Асы—Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты

ауылдық әкімшілік округ орталығы, өзен атауы және Іле
Алатауының шығыс сілеміндегі теңіз деңгейінен 2380-2410 м.
биіктіктегі жайлау.
Әмудария—Орта Азиядағы ірі өзендердің бірі. Көне

атауы—Жейхун.
Бағдат—1921 жылдан бері Ирак мемлекетінің астанасы
болып табылатын көне қала. Ол Тигр өзенінің екі жағалауын
бойлай салынған. Қаланы 762 жылы Халифа Мансұр салды-

рып, «Мадинат ас-Салам» («Бейбітшілік қаласы») деп атаған.
Бағдат—орта ғасырларда араб әдебиеті мен мәдениетінің
орталығы болған қалалардың бірі.
Басра—Ирактың оңтүстігіндегі қала.

Бетпақ шөлі, Бетпақдала—Қазақстанның орталық бөлі­
гіндегі кең байтақ аймақты алып жатқан шөлді өңір. Қара­
ғанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында
орналасқан. Батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен,

шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен,

шежірелік  жыр-аңыздар
солтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Батыстан шығысқа
қарай 500 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 км аумаққа
созылған. Ауданы 75 мың км. шамасында. Оңтүстік-батыс бөлігі

жазық, солтүстік-шығыс бөлігі қыратты. Палеозой эрасының
тау жыныстары (гранит, порфирит, әктас) тереңде жатыр,
бетін мезозой мен палеоген кезеңінің шөгінді жыныстары (құм­
тас, саз, малтатас, құм) жапқан. Ең биік жері—Жамбыл тауы

(974 м). Бұл бөлік Сарыарқаның каледондық құрылымының
жалғасы. Сай-жырылармен тілімденген Батпақдала жазы­ғын­
да сор, тақыр және жазда құрғап қалатын тұзды көлдер кезде­
седі. Көктемде жауын суымен толығып, жазда құрғақ арнаға

ай­налатын Қарқаралы, Қарасу, Талдыеспе сияқты кішігірім
өзендер бар.
Бұхара—б.з.д І ғасырда іргетасы қаланған, Зарафшан
өзенінің төменгі құйылысында орналасқан көне қала. Қазір

Бұқара—Өзбекстан Республикасындағы осы аттас облыстың
орталығы.
Волга (Еділ, ежелгі атауы Ра, орта ғасырларда Итил)—
Еуропадағы ең үлкен өзен. Ол өзінің бастауын Валдай қыраты­

нан алып, Каспий теңізіне құяды. Волгага 200-ге жуық ірілі-
ұсақты өзендер қосылады.
Дәшті [дешті /п/—дала]—мәтінде «Дәшті Қыпшақ»—көш­
пенділердің жері, мекені деген мағынада алынған.

Есіл—өзен. Ертіс өзенінің сол жақ саласы. Қарағанды,
Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Ресейдің Түмен, Омбы
облыстарының жерімен ағып өтеді.
Жайық—Каспий алабындағы өзен. Оңтүстік Орал тауы

және Каспий ойпаты, Ресей Федерациясының Башқұртстан
Республикасы, Челябі, Орынбор және Қазақстанның Батыс
Қазақстан, Атырау облыстарының жерінен ағып, Атырау

ғылыми  қосымшалар
қаласы тұсында Каспий теңізіне құяды. Жайық өзені бойымен
Еуропа мен Азияның шартты шекарасы өтеді.
Жетісу—еліміздегі ең ірі өлкелердің бірі. Жері сулы,

нулы Жетісу туралы ғалымдар түрлі пікірде болып келгені
белгілі. Кей деректерде Жетісу құрамына Іле, Қаратал, Ақсу,
Бүйен, Лепсі, Басқан, Сарқант өзендері жатқызылса, танымал
зерттеуші Ә. Тұрлыбаев Бүйен, Басқан, Сарқант өзендерінің ор-

нына Аякөзді, Талас пен Шуды кіргізеді. Жетісудың аумағында
1867 жылы Семиреченская облысы құрылып, ол 1922 жылы
Жетісу облысы, 1924 жылы Жетісу губерниясы болып аталып,
1932 Алматы облысы бөлініп шықты.

Жидда—Араб түбегінде орналасқан елді мекен; қала атауы.
Исфаһан, Асфаһан—Иранның орталық бөлігіндегі қала.
Зайенфруд өзенінің жағасында, Исфаһан ауданының әкімші­лік
орталығы.

Иунан—Грекия мемлекеті, гректер. Оны арабтар осылай
атаған.
Кавказ—батысында Қара теңіз бен Азов теңізіне, шығы­
сында Каспий теңізіне дейін, солтүстігінде Кума-Маныч ойпа­

ңымен, оңтүстігінде Алдыңғы Азия таулы қыраттарымен шек­
тесетін Ресей, Грузия, Әзірбайжан және Армения мем­лекетте­рі
жерінде орналасқан.
Көкшетау—Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыра­

тының солтүстік-шығыс бөлігінде, Шортанды ауданында оқ­
шау орналасқан жақпартасты, орманды-көлді таулар жүйесі.
Қап тауы—Құран аңыздары бойынша, жер жүзін қоршап
тұрған тау тізбегі. Бұл таулар аспан түстес зүбәржаттан

құралған, ал ең биік шыңында вулкан орналасқан. Жер бе­

шежірелік  жыр-аңыздар
тіндегі барлық таулар Қап тауымен байланысты, Алла Тағала
осы таулар тізбегіндегі шыңдардың біріне қолын тигізсе, жер
сілкінісі болады. Қап тауының ар жағын йәжуж бен мәжүж

деген қорқынышты халықтар мекендейді, олар әр күн сайын
тауды егеу сияқты тілдерімен кеседі, бірақ күндіз тау бастап­
қы қалпына қайта келеді, сөйтіп бұл халықтар жер бетіне шы­ға
алмайды. Шығыс халықтарында Қап тауларымен байланыс­ты

көптеген аңыздар бар.
Қырым (Қырым таулары)—Қырым түбегінің оңтүстік бө­
лігіндегі тау. Қара теңіз жағасын бойлай жатқан Бас қырқа—
Яйладан және Куэста түбегіндегі орта, солтүстік қырқалардан

тұрады. Қырым тауларын адамзат палеолит дәуірінен бас­тап
қоныстана бастаған. Мұнда ежелгі дәуірлер мен орта ға­сыр­
ларда өткен ірі тарихи оқиғалар Еуразиядағы саяси, мәдени
үдерістерге өз әсерін тигізді. Қырым жерінде Қырым хандығы

құрылған, қазірде Қырым татарлары тұрады.
Мекке—мұсылмандардың Хижаздағы басты қасиетті қа­
ласы. Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) осы қалада туып, өмір сүреді
және өзінің уағызын айта бастайды. Мұхаммед (с.а.с.) Меккедегі

исламға дейінгі пұтқа табынушылардың ғибадатханасы болып
келген Қағбаны исламның ең қастерлісі деп жариялап, оған
бар­лық мұсылмандардың қажылыққа баруын өсиет етті. Қағба
Меккедегі Масжид Харам деп аталатын бас мешітте орналас­

қан. Жыл сайын Меккеге қажылыққа әлемнің әр түпкірінен
мыңдаған адам келеді.
Мекке мүкарамма—мұсылмандардың қасиетті қаласы.
Онда бас мешіт әл-Мәсжид әл-Харам мен Қағба орналасқан. Ис­

ламның негізін қалаушы Мұхаммед (с.а.с.) осы қалада дүниеге
келген. Мұхаммед (с.а.с.) Меккеден кеткенімен Мәдинедегі
жаңа құлшылық ету үйінің есігін Қағбаға қаратты (Құбыла).
Мұсылмандардың Меккені 630-жылы жаулап алуы оның діни

орталық ретіндегі айрықша жағдайын қалпына келтіріп қана

ғылыми  қосымшалар
қоймай, одан да жоғары дәрежеге көтере түсті. Меккеге барып
тәуап ету исламның бес парызының бірі болып саналады.
Мина тауы—Мекке маңындағы қажылық рәсімдерінің бі­рі

орындалатын қыраттың атауы.
Мұқадыс—қазіргі Израил мемлекетінің астанасы Иеруса­
лимдегі мұсылмандардың қасиетті орындарының бірі. Бұл
мешітті «Әл-Ақса» немесе «Бәйтул Мұқаддас» деп те атай-

ды. Құран Кәрімдегі «Миғраж» сүресінде және басқа да діни
аңыздарда Мұхаммед (с.а.с) пайғамбардың «Көкке көтерілу»
(Алла Тағаламен дидарласу, яки оның хұзырында болу) сапа­ры
осынау мешіттен бастау алады.

Мысыр—Африканың солтүстік-шығысын және Азиядағы
Синай түбегін алып жатқан Египет мемлекетінің арабша
атауы.
Нұра—Қарағанды және Ақмола облыстары жерімен ағатын

өзен. Ұзындығы—978 км. Нұра Қарқаралы тауының батыс
сілемдеріндегі бұлақтардан басталып, Теңіз көліне құяды.
Сағасында Қорғалжын мемлекеттік қорығы орналасқан.
Ніл—Африканың ірі өзені. Арабтар Нілді «құдайдың сыйы»

деп атап, негізінен осы өзенді жағалай қоныстанған.
Орал—қала, Батыс Қазақстан облысының орталығы. Қала
Жайық өзенінің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр тұсын­
да орналасқан.

Орынбор—Қазақстанның
батыс,
солтүстік-батыс
және

оңтүстік-батыс иеліктерін отарлау мақсатында 1850 жылы
құрылып, 1881 жылға дейін сақталды. 1868 жылы орталығы
Орынбор қаласы болған Торғай облысы құрылды.

шежірелік  жыр-аңыздар
Отырар—Қазақстан мен Орта Азиядағы ең ірі көне қала.
Түркістанның оңтүстігінде орналасқан. Отырар аймағында
көне мәдени ескерткіштердің бірі—Арыстан бап әулиенің ма-

зары бар.
Рим, Рұм—шығыс халықтары орта ғасырларда Византия­
ны осылай атаған. Көптеген шығыс халықтарының әдеби-
фольклорлық туындыларында Рұм өте алыс, ғажайып өлкенің

бейнесін елестеткен.
Сайрам—Оңтүстік Қазақстан аумағындағы орта ғасырлық
ірі қалалардың бірі. Бұрынғы аты—Исфиджаб. Орналасқан
жері қазіргі Сайрам кентінің Оңтүстік батысында, Шымкент

қаласынан 12 шақырым жерде. Сайрам жайлы алғашқы дерек
Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғати-т-түрк» атты еңбегінде
кездеседі. Моңғол шапқыншылығынан кейін Сайрам маңыз­
ды орталықтардың біріне айналған. ХV-VІІІ ғасырларда қазақ

хандықтары кезінде ірі сауда, діни және мәдениет ошағы
болған.
Сарай (Сарайшық)—Алтын Орданың астанасы. Бұндай екі
қала болған. Олардың бірі Батудың Сарайы, екіншісі Беркенің

Сарайы деп аталған.
Сарыарқа, Арқа—Қазақстанның бүкіл орталық бөлігін
алып жатқан аймақ. Солтүстікте Қазақ жазығынан басталып,
оңтүстікте Бетпақдала мен Балқаш көліне дейінгі аралықта

орналасқан. Батыста Торғай үстіртіне тіреледі. Шығыстағы
шекарасы Балқаш көлінің солтүстік-шығыс шетінен Тарба­
ғатайдың етегіне, онан әрі Зайсан қазаншұңқырының шетін
ала Қалба жотасына дейін жетеді.

Семей—Ертіс өзенінің жағасында орналасқан қала. Іргесі
ХVІ ғасырда қаланған қаланың алғашқы атауы—Доржынкент.

ғылыми  қосымшалар
Сырдария—Орта Азиядағы ірі өзендердің бірі. Нарын мен
Қарадария өзендерінің Ферғана қазаншұңқырындағы қосыл­
ған жерінен Сырдария аталынып, Арал теңізіне құяды.

Тарбағатай—Зайсан және Балхаш—Алакөл арасындағы
су айырық жота. Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының
жерінде орналасқан. Жота ендік бағытта батыстан шығысқа
қарай 300 км-ге, ені 30-50 км-ге созылып жатыр. Аягөз ауда-

нында Тарбағатай ауылы бар.
Ташкент—қазіргі Өзбекстанның астанасы. Қазақ хандығы
дәуірінде Ташкент қазақ хандары үшін айрықша геосаяси
маңызы бар өңірлердің бірі болған. Тарихи деректер Ташкент­

тің Тәуекел және Есім хандары тұсында қазақ билеушілері­
нің ықпалында болғанын аңдатады. ХVІІІ ғасырдағы жоңғар
шапқыншылығы кезінде де Ташкент бірде басқыншылар­
дың, бірде қазақ халқының қолына өтіп тұрған. Ташкенттің

ХVІІІ  ғасырда қазақтардың айтулы ордаларының бірі болға­
нын оның маңында Төле бидің және Әйтеке бидің бар екендігі
де айғақтайды.
Тобыл, Түмен, Омбы—Ресейдегі қала аттары.

Торғай—ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы бекініс.
Ресей патшалық үкіметі тарапынан ХІХ ғасырдың 40-жылда­
ры феодалдық-монархиялық қозғалыспен күрес барысында
қазақ даласының ең түкпірінен бекініс пунктін салуға шешім

қабылданды. Торғай облысының құрылуына байланысты
1868  жылы Торғай қала атанды.
Түркістан—Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан
ауданының орталығы. Сырдарияның оң аңғарында орналас­қан.

2000 жылы көне қаланың 1500 жылдығы тойланды. Арабтар­
дың географиялық жазбаларына қарағанда ІV-Х ғасырларда
бұл қаланың орнында Шауғар (арабша Шауағар) мекені болған,

шежірелік  жыр-аңыздар
бірақ бұдан із қалмаған. ХІІ-ХІV ғасырларда Түркістан «Ясы»
деп аталған. Қожа Ахмет Иасауи ғимараты салынғаннан кейін
түркілердің діни орталығына айналды.

Ұлытау—Сарыарқаның оңтүстік-батыс шетіндегі ұсақ шо­
қылы, таулы өлке. Ұлытауда атақты Жошы хан мазары сақ­
талған. Бұл арада өткен ғасырларда үш жүздің бас қосып, ел
тағдырына қатысты алқалы жиындар өткізіп тұрған.

Үндістан—Азияның оңтүстік шығысында орналасқан мем-
лекет. Астанасы—Дели қаласы.
Үргеніш—Орта Азияда орналасқан көне қала, қазір Өз­
бекстандағы Хорезм облысының орталығы. Біздің дәуірімізге

дейінгі І ғасырдағы жазбаларда оның атауы «Юеянь» деп
берілген.
Хорасан—Иранның солтүстік шығысындағы провинция,
шығысында Ауғанстанмен шектеседі.

Хорезм—Орта Азиядағы ерте дәуірлердегі мемлекет. Қазір
Өзбекстан Республикасы құрамындағы аймақ. Хорезм тура-
лы алғашқы жазбаша мағлұмат «Авестада» кездеседі. Хорезм
Орта Азиядағы егіншілік мәдениеті жоғары дамыған ежелгі

аймақтардың бірі.
Хиуа—Өзбекстан
Республикасындағы
қала.

Әмудария
өзенінің сол жағалауына орналасқан. Тарихы Хорезм мәде­
ниетімен тығыз байланысты. Зерттеушілердің болжауынша,
Хиуаның негізі б.з.б. V ғасырда қаланған. ІX-X ғасырларда

Хорезм мемлекетінің астанасы болып, біршама гүлденді. Шың­
ғыс хан мен Әмір Темір заманында қиратылып, талауға түсті.
Хиуаның қайта гүлденген кезеңі XVІ ғасырға сәйкес келеді.
Шам—Сирияны арабтар осылай атаған. Теңеу ретінде

«шариф» сөзі қосылып, көбінесе «Шам шариф» делінеді.

ғылыми  қосымшалар
«Шариф»—арабша құрметті, қадірлі, ұлы мәртебелі деген
мағынаны береді. Кейде Дамаск [Димишк] қаласының атауы
ретінде қолданылады.

Шу—Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен. Теріскей
Алатау мен Қырғыз Алатауынан бастау алатын Жуанарық жә­
не Қошқар өзендерінің қосылған жерінен бастап Шу аталады.
Ірі­лі-ұсақты 80 саласы бар, ірілері: (Қазақстанда): Қорағаты,

Мерке, Қарабалта, Ақсу т.б. Теріскей Алатау мен Қырғыз жота-
сын кесіп өте бере Шу Жоғарғы Ортотоқой және Төменгі Орто­
тоқой шатқалдарын қалыптастырған. Соңғысының тұсына
Орто­тоқой бөгені салынған.

Іле—Қазақстан (Алматы облысы) мен Қытай жеріндегі
өзен. Шығыс Тянь-Шаньнан басталып, Балқаш көліне құяды.

Албан—шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамына енеді. Албан
атауы көне жазба тарихи деректерден белгілі. V-VІ ғасырларда
Албандар Жетісу өңіріндегі Үрбі (Юебань) қауымдастығында
чубань тайпасы аталып, Дулу одағында болған. Қазақ шежіре­

сі бойынша, Бәйдібектің Домалақ ана (Нұрила) есімді кіші
әйелінен туған Жарықшақтың тұңғыш ұлынан тараған тай-
па. Атамекені—оңтүстік-шығыс Жетісу. Кейбір ұрпақтары
Қазығұрт тауының (Оңтүстік Қазақстан) бөктерін мекендей­

ді.Ұраны—Бақтияр, тайпалық ұраны—Райымбек, Бәйдібек,
таңбасы—дөңгелек.
Адай—Кіші жүздің он екі ата Байұлыдағы басты рулардың
бірі. Қыдырғожа әулетінен тарайтын Байұлыда: Есентемір,

Адай, Беріш—үш ру бөлек аталып, өзінше бір топ құрайды. Ел
аузында «Есентемір, Адайсың, Берішіңмен қалайсың» деген
сөз де бар. Адай руы Байұлы ішінде халқының саны жағынан да
алдыңғы орындардың бірін алады. ХІХ ғасырдың орта шенін­

дегі есеп бойынша Адайлар қырық мың түтін болған. Осы Адай-
лар негізінен үлкен екі атадан—Құдайке мен Келімбердіден та­
райды.
ру атаулары

ғылыми  қосымшалар
Алшын—қазақ халқын құраған тайпалар бірлестігі, Кіші
жүздегі Байұлы, Жетіру, Әлімұлы сияқты тайпалардың ортақ
атауы. Ежелгі мекені—Алтай. Х ғасырда Алтай бойынан ойы-

сып, Арал және Каспий теңізі маңындағы ежелгі тайпалар-
мен араласып кеткен. Бір бөлігі қыпшақтармен бірге батысқа
қарай жорыққа шығып, Мысырға дейін барған. Алшындар
Х-ХІІ  ғасырларда Қырымда болған. ХІІ-ХІV ғасырларда

Алшынның кейбір рулары Ноғай ордасының нығаюы үшін
белсене күрескен. Кіші жүз шежірешілері Алшын атын қазақ­
тың алғашқы биі Майқы есімімен де байланыстырады. Ал­шын
ұрпақтары башқұрт, татар және кіндік Азия халықтары­ның

құрамында да бар.
Арғын—қазақ халқын құраған негізгі тайпалардың бі­
рі. Шежіре бойынша Орта жүздің құрамына енеді. Ежелгі
қонысы—Ертіс, Нұра, Есіл, Торғай өзендерінің бойлары мен

Балқаш көлінің солтүстігіндегі шөлейт өлке. Бұл тайпаның
ежелден келе жатқанын Орхон жазба ескерткіштеріндегі,
Қытай жазбаларындағы мәліметтер мен М.Қашғари, орыс
зерттеушісі Н.Аристовтардың еңбектері айғақтай алады. Қазақ

шежіресінде Арғындар бәйбіше Арғын, тоқал Арғын болып
екіге бөлінеді. Бәйбішеден тарағандар «бес мейрам» аталып,
Қуандық, Сүйіндік, Бегендік (Қозған), Шегендік (Қақсал),
Қаракесек деген аталарға бөлінсе, тоқалдан тарағандар «жеті

момын» аталып Қанжығалы, Тобықты, Бәсентиін, Қарауыл,
Атығай, Сарыжетім, Шақшақ болып жіктеледі. Арғын тай­
пасының ұраны—Ақжол, таңбасы—көзтаңба (оо).
Атығай—қазақ халқының құрамындағы ру, шежіре

бойын­ша, Орта жүздегі Арғын тайпасынынан таратылады.
Жеті Момынның бірі. Он екі ата Атығай (Дәуіт), Атығай-
Қарауыл деп те аталады. Шежірелерге қарағанда Атығайдан:
Құдайберді, Бәйімбет, Баба, Моныс, Бабасын, Бағыс, Ақкиік,

шежірелік  жыр-аңыздар
Құлансу, Қойлы, Есеншаңырақ, Майлыбалта, Жауғаш атала­ры
тарайды.
Әлім, Әлімұлы—Қаракесек деп те аталады. Әлімұлының

алты тармағы болғанына орай ел ішінде «Алты Әлім» деп те
атайды. Шежіре бойынша Әлімұлына Жаманақ (Шекті), Қара­
машақ (Төртқара), Айнық (Қарасақал), Ұланақ (Қаракесек),
Тегін­болат (Қарасақал), Тойқожаны (Ақкете) жатады. Әлім

тайпасынан Жалаңтөс баһадүр мен Әйтеке биден бастап Алты
Алашқа белгілі Есет, Көтібар, Құлбарақ, Жанғожа, Ақтан, Ал-
тай, Арал батырлар, қарасақал Ерімбет ақын, Нұртуған жырау,
Жетес шешен, Әжібай, Сопақ, Мырзағұл т.б. билер шыққан.

Бәсентин—қазақ шежіресі бойынша Орта жүздегі Арғын
тайпасының «жеті момын» тармағынан таралады. Ақмайдан,
Бекмайдан, Тоқмайдан, Ақтілес, Күшік, Қарабұжыр, Апай,
Бөрі, Сырым аталарына бөлінеді. Ұраны—Барлыбай, таңбасы—

ойық, тілік.
Дулат—қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпалары­
ның бірі. Қазақ шежіресі бойынша, Дулат—ұлы жүз құрамы­
на кіретін ірі тайпалардың бірі. Н.А.Аристов жазып алған Ди-

ханбай батыр шежіресі бойынша, Үйсін Бәйдібектің кіші әйелі
Домалақ енеден (Нұрила) туған Жарықшақтан Албан, Суан,
Дулат тарайды. Дулат өз ішінде Сиқым, Жаныс, Ботбай, Шы-
мыр болып бөлінеді.

Жағалбайлы—қазақ халқының құрамындағы тайпа. Ше­
жіре бойынша, Кіші жүз құрамындағы Жетіру тайпалар
бірлестігінен таратылады. Жағалбайлы Лез, Мырза рулары-
на бөлінеді. Тарихи мәліметтер Жағалбайлының көне түркі

тайпаларының бірі екендігін көрсетеді. Ерте орта ғасырларда
Жағалбайлылар Сырдария-Арал аймағында сыртқы күштер
тарапынан талқандалып, жан-жаққа бытырап кеткен. Қазіргі

ғылыми  қосымшалар
қазақ халқының құрамына енген Жағалбайлы алғашында (ІІІ-
XІІІ ғ.бас.) оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестіктері құра­мында
болып, содан кейін ноғай ұлысына кірді.

Жайылмыс—Дулаттың Жаныс руынан тарайтын ата.
Жаныстан—Жанту, одан: Жайылмыс, Ақберді, Өтеміс, Құжақ,
Қожамберді, Құдайберді.
Жалайыр—Ұлы жүздің құрамына кіретін рулардың бірі.

Диханбай батыр шежіресі бойынша (Н.Аристов жазып алған)
Үйсіннен Ақсақал, Жансақал, Жансақалдан Жалайыр тарай-
ды. Басқа бір шежірелерде Майқы биден тарайтын Жансақал
мен Жалайырды бір адам деп көрсеткен. Жалайырдың шын

аты Қабылан екен. Аңыз бойынша, жабайы құланның жалын
айырып, содан Жалайыр атанған. Жалайырдан Сырманақ,
Шуманақ, Бірманақ боп үшке бөлінеді. Рулық белгісі—тарақ
таңба.

Жетіру—қазақ халқын құраған тайпалар бірлестігінің
бірі. Шежіре бойынша, Кіші жүз құрамына енеді. Тарихшылар
Жетірудың арғы тегін ежелгі түркі тайпалары (Төлеу, Рама­
дан, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Жағалбайлы) бірлестігі­

мен байланыстырады. Қазақ руларының тарихына қатысты
зерттеу­лерде Жетіру Тәуке хан кезінде осы атпен топтасқан
қауымдастық деп түсіндіріледі.
Қаракесек—шежіре бойынша, Орта жүздегі Арғын тай­

пасының «бес мейрам» аталатын рулар бірлестігіне кіреді.
Халық арасындағы кей шежіреде Болатқожаны даралап «төрт
қаракесек» (Болатқожа, Қамбар, Жалықбас, Шұбыртпалы),
басқаларында «үш қаракесек» (Шұбыртпалы кірмейді) деседі.

Арғыннан—Болатқожа; Болатқожадан—Қаракесек; одан—
Майқы, Бошан, Тапас болып жіктеледі. Қаракесектің рулық
ұраны мен таңбасы бүкіл Арғын тайпасымен бірдей болғаны­

шежірелік  жыр-аңыздар
мен, Арғын ішінде Болатқожаның шешесі Қарқабат атын ұран
еткен.
Қарауыл—Арғынның Момын деген бәйбішесінен: Ақсо­

пы, Қарасопы, Сарысопы; Қарасопыдан: Бәсентиін, Қарауыл;
Қарауылдан: Түнғатар, Қадды, Бошпан болып тарайды.
Қуандық—Арғын атадан Қуандық, Сүйіндік, Бегендік,
Шегендік; Бегендіктен Қозған, Тәңірберді, Сырық деген бала-

лар өрбиді.
Қыпшақ—қазақ халқының қалыптасуына ерекше үлес
қосқан, тарихи деректерде көне замандардан-ақ белгілі тайпа.
Бір дәуірлерде оның атақ-даңқы тек қандас түрік жұрттары­ның

арасында ғана аспандап қоймай, Еуропа мен араб елдеріне де
әйгілі болып, қыпшақ атауы бүкіл түрік тектес елдерді ая­сын­да
қамтитын кең мағынада да қолданылды.
Қазақ құрамына енген Қыпшақтар, шежіре бойынша,

негізі­нен Қарақыпшақтың ірі-ірі бес атасынан (Ұзын, Бұлтың,
Көл­де­нең, Қарабалық, Торы) бөлінеді. Алайда бір шежірелерде
онымен қатар Мүйізді-Сарыабыздан Қытайқыпшақ, Құлан­
қып­шақ, Сарықыпшақ та таралады. Дегенмен олар туралы де-

ректер кездеспейді.
Матай—Орта жүз құрамына кіретін ру. Матай руынан екі
ата аталық, Қаптағай аталары; Садыр руы бар.
Найман—көптеген зерттеушілердің пікірінше, «найман»

атауы моңғолша «сегіз» деген сөзді білдіреді. Қазақ халқының
шежіре деректері бойынша, найман орта жүздегі аса ірі
тайпалардың бірі. Найманнан Терістамғалы (Елата), Сарыжо-
март (Ергенекті Найман), Телегетай, Сүгірші сияқты үлкен ру-

лар тарайды. Найманның ортақ таңбасы—бақан (Ү), ұраны—
Қаптағай.

ғылыми  қосымшалар
Суан—Жарықшақтың ортаншы баласынан өрбіген тайпа.
Суаннан Байтүгел, Тоқарыстан, Бағыс.
Сүйіндік—Арғынның Мейрам деген баласынан тарайды.

Сүйіндік өз ішінде: Қаржас, Орманшы, Құлболды, Жанболды,
Мәжік секілді аталарға бөлінеді.
Табын—Жетіру тайпалық бірлестігінің құрамындағы үл­
кен ру. М.Тынышбаев зерттеуінде Табын, Жаманкерей, Бозым,

Бегім, Қайырқожа деген төрт атаға бөлінеді. Енді бір шежіреде
Табыннан Шөмішті, Тарақты, Көсеулі тарайды.
Таз—Кіші жүздің 12 ата Байұлы тайпасынан тарайды.
Байұлының үшінші әйелінен: Беріш, Таз, Есентемір. Таз-

дан—Абдал, Келдібай, Жастабан, Шарғы, Ақсерке, Жантай,
Жақабай, Құнбас, Асан, Сырлыбай, Байтемір, Жолым, Жиен
деген аталықтар бөлінеді.
Тарақты—Орта жүз құрамындағы тайпа. Тарақты ежел­

гі одақтар мен мемлекеттердің құрамына енуі жайында
әдебиетте деректер кездеспейді. Оның шығу тегі жөнінде қа­
зақ шежіресінде бірізділік жоқ. Шежіре деректері бойынша,
ақжолдан қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, Тарақты,

уақ, Тарақтыдан апай, тоқтауыл, қыдыр, жәші (жасши), әлі,
сары, әйтей, қосанақ, алакөз, шәуке, әлеуке, көгедей болып он
екі арыс ел тарайды. Басқа шежіре деректерінде Тарақтыны
арғын тайпасына жатқызады. Тарақты Қазан төңкерісіне дейін

Орталық Қазақстанның Ақтау, Қызылтау, Ортау мекендерін,
Жоғарғы Сарысу, Көктің көлі, Есіл, Нұра өзендерінің бойын
мекендеген. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте Тарақ­
тының Наймантай, Байғозы батырларының есімдері аңызға

айналған. Бетпақдаланың Арқа жақ шетінде, Шажағай өзені­
нің бойында Тарақты Алтыбай батырға ескерткіш-күмбез со­
ғыл­ған. Ұраны—Жауғашар, Байғозы, тарақ таңбалы.
26-84

шежірелік  жыр-аңыздар
Төртуыл—Найманнан—Төлегетай; Төлегетайдан Қараке­
рей, Мұрын, Төртуыл, Матай, Аталық, Кенже, Садыр болып
жіктеліп кетеді.

Уақ—Орта жүз құрамына кіретін тайпа. Шежіре деректе­
рінде Уақ аталарының бірі ретінде әйгілі Ер Көкше батыр мен
оның ұлы Ер Қосай батырдың есімдері аталған. Уақтың шығу
тегі туралы пікірлер де әртүрлі. Тарихшылар Ә.Марғұлан

мен Н.Мыңжани ІХ-ХІІІ ғасырларда моңғол үстіртін мекен-
деген онгуттарды Уақ деп есептеген. Ш.Құдайбердіұлы мен
А.Левшин оларды қазақ хандығына ХІV-ХVІІ ғасырларда ғана
қосылды деп санаған. Ал Ш.Уәлиханов Ер Көкше, Ер Қосай

батырлар арқылы Уақтар Алтын Орда ыдыраған кезден бастап
көріне бастады дейді. Қазақ арасына кең тараған аңыз бойын-
ша, Уақ Керей тайпасымен туыстас. Уақтың алғашқы атаме­
кені Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен Моңғолияның баты-

сы болса керек. Қазақ жеріне жоңғарлардың баса-көктеп еніп,
алға жылжуының салдарынан Уақтар өзінің ата-мекенінен
ығысып, солтүстікте Тобыл және Үй өзендеріне, Батыста Торғай
өлкесіне, ал оңтүстікте Арал теңізінің жағалаулары мен Сыр

бойына дейін жетті. Ұраны—Жаубасар, Бармақ, таңбасы—П <
(босаға, ашамай).
Үйсін—Ақарыстан (жоғарыда аталған шежірелер бойынша)
Жұмабай, Ұзынсақал Ыбырайым; осылардың бірінен Кейкі би;

Кейкіден—Майқы би; одан—Бақтияр; Бақтиярдан—Үйсін,
Ойсыл. Үйсін өз ішінде Ақсақал (Абақ), Жансақал (Тарақ) бо-
лып жіктеледі.
Шекті—қазақ халқының құрамындағы ірі тайпалардың бі­

рі. Шежіре деректері бойынша, Кіші жүз Әлімұлы бірлестігіне
кіреді. Шектінің 12 түрлі таңбасы бар. Зерттеушілердің пайым-
дауынша, бұл шекті құрамына Ұлы жүз, Орта жүз руларының
кейбір аталары қосылғандығын байқатады. ХІХ ғасырдың аяғы

ғылыми  қосымшалар
мен XX ғасырдың басында шектіге кіретін рулар Орал, Торғай
облыстарын, Сырдария облысының Қазалы, Перовск уездерін,
Арал теңізінің батысынан Хиуа хандығына дейінгі аралықты

мекендеп, мал және егін шаруашылығымен айналысқан.

Томға енген фольклорлық үлгілерді
жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар
туралы мәліметтер
Аманжолов Нұрсапа—1933 жылы 2 қаңтарда Қытай Халық

Республикасында туған. 1954 жылы Шыңжаң Ұлттар институ-
ты тіл-әдебиет факультетін тамамдаған. 1962 жылдан бері Ал-
маты облысы, Балқаш ауданында тұрады. Әр жылдар да орта
мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мұғалім, Балқаш

аудандық «Балқаш еңбеккер!» газетінде редактордың орынба-
сары болып қызмет еткен. Ақынның «Дала жазы», «Күнекей
қыз», «Дария шалқар», «Іле иірімдері», «Керуен өмір кетеді»,
«Табиғат әліппесі», «Үкілі үміт» атты жыр жинақтары жарық

көрген. Балқаш ауданының Құрметті азаматы.
Әміреұлы Сатан қажы (1928-2008)—Қытай Халық Респуб­
ликасы Қорғас ауданына қарасты Кеген деген ағынды өзен
бойын­да дүниеге келген. Жасында әкесі Әміреден діни дәріс ала

жүріп, жеті жасқа келгенде ауыл молдасынан бір жыл сабақ
алып, сауатын ашады. Құлжа қаласында ашылған «Білім орда-
сы» деп аталған, ұлттар орта мектебіне оқуға түсіп, білім алады.
1950 жылы оны аяқтап, орталау және орта мектептерде ұстаз

болып қызмет істейді, 1962 жылы атамекенге (Қазақстанға)
оралады. Алматыдағы Абай атындағы пединститутқа сырттай
оқуға түсіп, оның тіл-әдебиет факультетін бітіріп, 1971 жылы
дипломын алып, қырық бір жасында жоғары білімге ие болады.

Орталау және орта мектептерде қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс
беріп, зейнетке шығады. «Үш қоныс» атты өлеңдер жинағы­ның
авторы.

ғылыми  қосымшалар
Жайлаубайұлы Бұзаубай—1894 жылы бұрынғы Қостанай
облысы, Семиозерск ауданы, Целинный совхозында дүниеге
келген. Жастайынан сөз өнеріне әуес болып, тойда ән салып,

ақындар айтысына қатысып, «ақын Бұзаубай» аталған. Ескіше
7-8 сыныптық білім алып, халық жырларын жаттап өскен.
Жәңгіров Шәді (1855-1933)—ақын, жыршы. Шымкент об-
лысы, Созақ ауданына қарасты Құмкент совхозында дүниеге

келген. Ташкент, Бұхара медреселерінен білім алған. Жас­
тайынан шығыс сюжетіндегі қисса-хикаяттарды оқып, дас­
тандар шығарған. Үстем тап өкілдеріне, дін иелеріне арналған
сықақ өлеңдері ауыл арасына кеңінен тараған.

Ақын А.С.Пушкин поэмаларының сюжетін еркін аударып
жырлаған. Шығыстың көптеген ертегі-аңыздарын жырлап,
оларды Тәшкен, Қазан, Орынбор баспаханаларынан кітап етіп
шығарған. «Төрт дәруіш», «Хикаят Қамарзаман», «Назым Сияр

Шәріп», «Хатымтайдың хикаясы», «Хикаят Орқа—Күлше»,
«Хикаят халифа Һарон Рашид» атты қисса-дастандары бар.
«Тарихнама» атты еңбегі қолжазба күйінде сақталған.
Қоңыратбаев Әуелбек (1905-1986)—түрколог, филоло-

гия ғылымдарының докторы, профессор. Ғалымның негізгі
еңбектері қазақ фольклоры, көне түркі поэзиясын зерттеу және
қазақ әдебиетін мектептерде оқыту мәселелеріне арналған.
Раманқұлов Наурызбек (1932 жылы туылған)—бұрынғы

Қарақалпақ АССР-і, Мойнақ ауданына қарасты Үргіт ауылын-
да дүниеге келген. Жыршылық өнерді нағашысы Оразбай жы-
раудан және Құдайбергеннен үйренген. Наурызбек—бүкіл Сыр
бойына, Түрікменстанға аты танымал болған жырау.

Садықанұлы Бейсенғали (1911-2000)—алғашында ауыл
молдасынан оқып араб тілінде сауат ашқан. Кейін төте жазу-
да Қараоба орталау мектебін тауысқан. Қаршадайынан зерек-
зерделі, өлең, әңгімеқұмар болған. Ұлы аталарының бірі—

шежірелік  жыр-аңыздар
ақын, тарихшы Маусымбай сияқты ел арасындағы тілді-жақты,
бі­лім­ді адамдарды жағаттаған. Олардан тәрбие алған. Қытай­
дағы сая­си жағдай оңалып, азаматтық құқығы қалпына келген-

нен кейін «Шалғын», «Мұра» сияқты мерзімді басылымдарда
жиыр­мадан астам ауыз әдебиеті шығармалары мен өзі жырла­
ған өлең, дастан, қисса, өлеңмен жазылған шежіре жария­ла­ған.
Алғашқы мәтінін өзі жазып, кейін Зейнолла деген жазу­шы­мен

бірлесіп Қабанбай батыр туралы тарихи роман жариялаған. Өз
ауданы—Дөрбілжін аудандық мәдениет отауының мәдени мұра
қорына мың шумаққа таяу (904) өлең-жыр, неше ондаған аңыз-
ертегі, 183 тармақ мақал-мәтел тапсырған.

Саттаров Қыдырәлі—филология ғылымдарының докто­
ры, фольклортанушы. Оңтүстік Қазақстан мен Өзбекстан
Республикасы, Ташкент өңіріне ұйымдастырылған бірнеше
фольклорлық-этнографиялық экспедицияларды басқарып, көп­

теген ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, М.О.Әуезов атындағы Әде­
биет және өнер институтының қолжазба қорына тапсырған.

Шартты қысқартулар
ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
Қ—Қазан қаласы

ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр
дәп—дәптер
а—араб

о—орыс
п—парсы
т—түркі

Пайдаланылған әдебиеттер
Қолжазбалар

1.  Б. Жайлаубаев жырлаған шежірелер. ОҒК:Қ.1757. 2.  Атамыз Әнес сахабадан бергі шежіре. ӘӨИ:Қ.920/30. 3.  Шежіре. ӘӨИ:Қ.920/49. 4.  Қазақ шежіресі. ӘӨИ.Қ.920/74. 5.  Дүниежүзіндегі халықтардың тайпа, руларға бөлінуі.

ӘӨИ.Қ.888.1-дәп. 6.  Сарыүйсін шежіресі. ОҒК:Қ.750.1-дәп.

Зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық
жинақтар, сөздіктер

1.  Ақын-жыраулар.—Алматы: Ғылым, 1979. 2.  Әбілғазы. Түрік шежіресі.—Алматы: Ана тілі, 1992. 3.  Бейсінбіұлы Ж. Қазақ шежіресі.—Алматы, 1994. 4.  Ерімбетов М. Қоңырат.—Алматы, 1993 5.  Ешмұхамбетов С. Суан. Шежіре.—Алматы, 1993. 6.  Маданов Х. Кіші жүздің шежіресі.—Алматы, 1994. 7.  Меңдалыұлы А. Адай шежіресі.—Алматы, 2002. 8.  Мұқамедсыдықов Ә. Уақ ұрпағының шежіресі: Алакөл

және Үйгентас өңірінің уақтары.—Алматы: ҚазҒЗУ, 2003. 9.  Көпейұлы М. Ж. Шығармалары. Т.9.—Павлодар, 2006. 10.  Қазақ шежіресі.—Алматы, 1994.

ғылыми  қосымшалар 11.  Қазақ шежірелері. 1-том. Құрастырғандар: Н. Мыңжани,

Ә. Байболат.—Іле Халық баспасы, 1990. 12.  Қайдар Ә. Қаңлы: Тарихи шежіре.—Алматы, 2004. 13.  Суан шежіре.—Алматы, 1993. 14.  Тарақты А. Балталы, Бағаналы ел аман бол (Шежіре).—

Алматы, 1993. 15.  Толыбеков С. Қазақ шежіресі.—Алматы, 1992. 16.  Түлкібайұлы К. Шежіре.—Алматы, 2004. 17.  Үсенбаев Т. Алшын шежіресі (Адам Атадан өзіме

шейін).—Қызылорда: Тұмар, 2003. 18.  Қасқабасов С. А. Жаназық. Таңдамалы.—Астана:

Аудар­ма, 2002. 19.  Арабско-русский словарь. Составитель Х. К. Баранов.—

Москва, 1968. 20.  Древнетюркский словарь.—Ленинград: Наука, 1969. 21.  Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Құрастырушы­

лар: Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.—
Алматы: Дайк-Пресс, 2001.

22.  Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 23.  Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Құрастырған

І.К.Кеңесбаев.—Алматы, 1977. 24.  Персидско-русский словарь / Под ред. Ю. А. Рубинчика.

І-ІІ т.—Москва, 1970.

РЕЗЮМЕ

Институт литературы и искусства им. М.О. Ауэзова продол-
жает работу над изданием стотомной серии книг «Бабалар сөзі»
в рамках Стратегического Национального проекта «Мәдени мұра».
Предыдущий, вышедший из печати, 81 том серии был пос­

вящен публикации многочисленных жанров казахского фольк­
лора, выдающихся в художественном отношении образцов и
таких крупных по объему текстов, как эпосы, исторические
сказания, дастаны, а также множества малых жанров—песен,

загадок, пословиц и поговорок. До настоящего времени из пе-
чати вышли тринадцать томов «Романических сказаний», семь
томов «Религиозных сказаний», одиннадцать томов «Лиричес­
ких сказаний», однотомник «Генеалогических сказаний»,

один­надцать томов «Исторических песен», двадцать томов «Ге-
роического эпоса», сборник загадок—один том, пять томов «По-
словиц и поговорок», двухтомник «Народные песни», однотом-
ник «Детского фольклора», пятитомник «Сказок»; двенадцать

томов серии составляет фольклорное наследие казахов Китая,
опубликован однотомник «Казахские мифы»; вышел из печати
один том книги «Фольклор казахов Монголии», опубликован
однотомник «Топонимические легенды» и однотомник «Родо­

словные сказания и предания».
Предлагаемый читателям очередной, 82-й том серии посвя-
щен «Родословным сказаниям и преданиям»—одному из древ-
нейших жанров казахской народной литературы, дошедших до

нашего времени в своем первозданном виде и сохранивших свои
исключительные художественные черты и особенности.

ғылыми  қосымшалар Как отмечено выше, данный том представляет собой по счету 3-й том, посвященный указанному жанру. В настоящий, 82-й том серии вошли произведения казахских сказителей родословий из Синьцзянь-уйгурской автономии Китая. Это сочинения К. Коргаланулы, Т. Жотабайулы, С. Окман­улы, К. Ашубайулы, К. Акмуллы, Б. Еженбекулы, Талена, К.Окпебайулы, З. Калиулы и др., а также избранные образцы сказаний китайских казахов, опубликованных в сборнике «Казахское родословие» издательством «Жастар-орендер». В предыдущий, 81-й том серии вошли сказания казахских акынов-жыршы, созданные на основе родословных преданий, рукописи которых хранятся в фондах Института литературы и искусства им. М.О. Ауэзова и Центральной научной библиотеки МОН РК. В их числе произведения известных казахских акынов прошлого Т. Менлибайулы, А. Оспанулы, Ж. Толепулы, М.Байбатырова, Ф. Сатыпалдина, К. Азербаева, Ш. Жубанулы, З. Кауменулы, Б. Орынбекулы, А. Абильмажинова, Н. Нау­ шабаева, Досымбета и Бекберди, К. Кылышева, У. Калбаева, К.Имангалиева и др. И в данный, 82-й том серии «Бабалар сөзі» вошли авторские варианты рукописей, сохранившиеся в вышеуказанных фондах Института и библиотеки, такие как: «Родословие, начинающее­ ся со времени пророка Адама и до современности» Бузаубая Жайлаубаева, «Родословие со времен сахаба1 Анеса до современ1 Саха́ ба, или асха́ бы (араб. الصحابةмн. ч. от —‎صحابيсоратник) – соратники, спо­ движники пророка Мухаммада, которые виделись с ним и уверовали в него, то есть стали мусульманами (до конца своей жизни). Поначалу асхабами называли лишь тех, кто непосредственно участвовал в военных походах пророка Мухаммада и составлял наиболее надёжную часть мусульманской армии. Члены семьи пророка и встречавшиеся с ним дети также являются сподвижниками. Сподвижниками не являются те люди, которые встречались с ним только до начала его пророческой миссии и не встречались после этого. Сахабы сыграли особую роль в становлении ислама, так как после смерти пророка Мухаммада они стали передатчиками хадисов (рассказов о делах, поступках и помыслах пророка), которые являются одним из основных источников исламского религиозного и этико-правового учения. Сахабы стали хранителями учения Мухаммада, а их мнение как очевидцев и слушателей стало источником исламского закона и традиции.

шежірелік  жыр-аңыздар
ности» Есегали Букенбаева, «Родословие» сказителя Наурызбе-
ка, «Казахское родословие» Алимбая Алиаскарова, «Мировое
древо деления народов на племена и рода» Шади Жангирова,

«Родословие Сары (желтых) уйсуней» Буркитбая Аязбайулы,
«Поэма-родословие» Сатана Амиреулы, «Поколение «Найман
Карамолда» Среднего жуза» Ерика Мейирманова, а также со-
чинение казахских сказителей из Синь-цзяня Ныгмета Мын-

жани и Абдрашита Байболата «Родословная казахов «Майкы».
Кроме того, в книгу включены краткие родословные сказания
под названием «Повествование о семи предках известных родов
племени Найман», опубликованные на страницах казахской га-

зеты «Дала уалаяты» в 28-30 номерах за 1889 г.
В советские времена, невзирая на идеологические запреты
тоталитарной системы, традиции жанра родословий, так же,
как и других памятников духовной культуры казахского на-

рода, продолжали развиваться и, по мере возможности, благо-
даря их письменной фиксации, сохраняться, поскольку эти ре-
ликвии, унаследованные современниками от наших предков,
служат своеобразной духовной многовековой историографией

нации, являются по сути свидетельством исторического раз-
вития целого народа. К сожалению, из-за жесточайшей совет-
ской цензуры это духовное наследие не было опубликовано и
десятилетиями хранилось в указанных ранее фондах. Лишь в

годы независимости появилась возможность в публикации это-
го исторического наследия. В последнее десятилетие ученые об-
ратились к «белым пятнам» отечественной истории, в том числе
предметом глубокого научного изучения стали казахские ро-

дословия, причем как крупных родо-племенных образований,
так и их составляющих более мелких подродов. Свидетельством
тому являются и научные издания серии «Бабалар сөзі».
Обращает на себя внимание следующий небезынтересный

факт, что большинство включенных в данный том родослов-
ных сказаний, бытовавших и прежде в изустной форме почти
столетие, в том числе и в период советской власти, продолжало
исполняться казахскими сказителями. В этом видится нема-

ғылыми  қосымшалар
лая заслуга плеяды казахских народных сказителей, акынов и
поэтов, всеми силами пытавшихся преодолеть забвение нацио-
нальной памяти и сохранить для будущих поколений культур-

ное дос­тояние нации.
Исследование со всей очевидностью показало, что казахские
сказители в своем творчестве широко использовали и опирались
на родословия мусульманских народов, записанные и привезен-

ные из паломничества в Мекку в 70-е годы ХІХ века ходжами
Кунанбаем и Мыркы, на рукописи ишана Марала, а также на
труды Абул-Гази, Мухаммеда Хайдара Дулати, Насреддина Раб-
гузи; многие сведения родословного содержания почерпнуты из

исторических сочинений «Хамсул агла» и «Огуз-наме».
Написание родословий требует, безусловно, немало времени,
глубоких знаний и терпения. К примеру, старейшина Бузаубай
на написание своего сочинения «Родословие, начинающееся со

времени пророка Адама и до современности» потратил двадцать
лет жизни, при этом немало времени ушло на изучение всех вы-
шеперечисленных трудов. Составители родословий решали в
ходе своих изысканий и другие многочисленные сопутствую-

щие проблеме вопросы.
Во-первых, если одни из них, опираясь на многочисленные
письменные источники, берут родословие казахов от пророка
Мухаммада, то другие относят происхождение казахов к по-

томкам Чингисхана. Во-вторых, поскольку многие составите-
ли родословий не могли одинаково глубоко и детально знать
родо­словную историю все трех казахских жузов, они особое и
большее внимание уделяли написанию родословия своего собст­

венного рода. Поэтому нередки случаи, когда при сообщении
названий родов и подродов, а также существующих о них пре-
даниях, встречаются неточности, пропуски или сомнительные
мес­та. Это следует иметь в виду, так как предлагаемые внима-

нию читателей тексты данного тома приведены в точном соответ-
ствии с подлинниками сочинений, и, как принято в подготовке
всей серии «Бабалар сөзі», тексты публикуемых сочинений, в

шежірелік  жыр-аңыздар
том числе и родословий, приводятся без всяких изменений или
поправок.
Согласно принципам подготовки текстов, они пронумеро-

ваны, а книга снабжена научным справочным аппаратом: при-
ложениями, состоящими из сведений о собирателях текстов,
их публикациях и изданиях; научных комментариев, словаря,
указателя географических названий; дополнительными сведе-

ниями об исторических личностях, пояснениями к религиоз-
ным названиям, а также библиографией использованной лите-
ратуры и резюме на русском и английском языках.
Общий объем тома—27,0 п.л.

Summary Іnstіtute of Lіterature and Art named after M.O. Auezov con­ tіnues publіshіng serіes of books «Babalar sozі» іn one hundred volumes іn the frame of the Strategіc Natіonal Project «Madenі Mura». Prevіously publіshed 81 volumes of the serіes were devoted to the publіcatіon of numerous genres of Kazakh folklore, remarkable patterns іn terms of art desіgn and such bіg volume texts as epіcs, hіstorіcal legends, dastans, as well as many smaller genres—songs, rіddles, proverbs and sayіngs. So far the followіng edіtіons were publіshed: thіrteen volumes of «Romantіc tales», seven volumes of «Relіgіous legends», eleven volumes of «Lyrіcal Legends», one volume of «Genealogy storіes», eleven volumes of «Hіstorіcal Songs», twenty volumes of «Heroіc epіc», a collectіon of rіddles— one volume, fіve volumes of «Proverbs and Sayіngs» two volumes of «Folk Songs», one volume of «Chіldren's Folklore», fіve-volume edі­tіon of «Tales»; twelve volumes of the serіes іnclude folk he­ rіtage of the Kazakhs of Chіna, one-volume of «Kazakh myths», one volume of the book «The Folklore of the Kazakhs of Mongolіa», one-volume «Toponymіc legends» and one-volume of «Genealogіc storіes and legends». We are offerіng to the readers the forthcomіng 82-d volume of the serіes whіch іs devoted to «Genealogіcal storіes and legends»— one of the oldest genres of Kazakh folk lіterature, whіch have reached nowadays іn theіr orіgіnal form, and preserved theіr exceptіonal art features and characterіstіcs.

шежірелік  жыр-аңыздар As noted above, thіs volume іs the 3-d volume devoted to the mentіoned genre. The 82nd volume of the serіes іncludes the works of Kazakh narrators of genealogіes from the Xіnjіang Uygur autonomous regіon іn Chіna. These are the works of K. Korgalanuly, T. Zho­ tabayuly, S. Okmanuly, K. Ashubayuly, K. Akmulla, B. Ezhen­ bekuly, Talen, K. Okpebayuly, Z. Kalіuly and others, as well as the selected patterns of legends of Kazakh people who lіve іn Chіna, publіshed іn collectіon «Kazakh genealogy» by publіsher «Zhastarorender». The prevіous 81st volume of the serіes іncludes storіes of the Kazakh akіns-zhyrshy created on the basіs of the genealogіcal legends, whіch manuscrіpts are kept іn the collectіons of the Іnstіtute of Lіterature and Art named after M.O.Auezov and the Central Scіentіfіc Lіbrary of RK. Among them are the works by famous Kazakh akyns of the past such as T. Menlіbayuly, A.Ospanuly, J.Tolepuly, M. Baybatyrov, F. Satypaldіn, K. Azer­ baev, S.Zhubanuly, Z. Kaumenuly, B. Orynbekuly, A. Abіl­ mazhіnov, N.Naushabaev, Dosymbet and Bekberdі, K. Kylyshev, U. Kalbaev, K. Іmangalіyev and others. The 82nd volume of the serіes «Babalar sozі» іncludes author’s versіons of manuscrіpts, kept іn the above-mentіoned funds of the Іnstіtute and the Lіbrary, such as: «Genealogy, startіng from the tіme of Prophet Adam to the present perіod» by Buzaubay Zhaylaubaev, «Genealogy from the tіme of the Sahab1 Anes tіll 1 Sahaba, or ashab (arabіc. الصحابةplur. from —‎صحابيcompanіon)—assocіates, companіons of the Prophet Muhammad, who met wіth hіm and belіeved іn hіm, that іs, became Muslіms (untіl the end of theіr lіves). Іnіtіally only those who dіrectly partіcіpated іn mіlіtary campaіgns of the Prophet Muhammad and were the most relіable part of the Muslіm army were called Ashab. Members of the famіly of the Prophet, and chіldren who met wіth are also assocіates. Companіons are not those people who met hіm only before the begіnnіng of hіs prophetіc mіssіon, and dіd not meet hіm after that. Companіons played a specіal role іn the development of Іslam, because after the death of the Prophet Muhammad, they have become transmіtters of hadіs (storіes about the affaіrs, actіons and thoughts of the Prophet), whіch are the major source of Іslamіc relіgіous and ethіcal-legal doctrіne. Sahaba are the guardіans of the studіes of Muhammad, and theіr opіnіons of wіtnesses and the audіence has become a source of Іslamіc law and tradіtіon.

ғылыми  қосымшалар present perіod» by Esegalі Bukenbaev, «Genealogy» by Nauryzbek storyteller, «Kazakh genealogy» by Alіmbay Alіaskarov, «World Tree of dіvіdіng people іnto trіbes and clans» by Shadі Zhangіrov, «Genealogy of Sary (yellow) Uysuns» by Burkіtbay Ayazbayuly, «Poem-genealogy» by Satan Amіreuly, «Generatіon of «Naіman Karamolda» of the Mіddle Zhuz» by Erіk Meyіrmanov, as well as wrіtіngs of Kazakh narrators from Xіnjіang such as Nygmet Mynzhanі and Abdrashіt Baybolat «Genealogy of «Maіky» Kazakhs». Іn addіtіon, the book іncludes a brіef genealogіcal storіes tіtled «The story about the ancestors of seven well known clans of the trіbe Naіman» publіshed іn the Kazakh newspaper «Dala ualayaty» іn іssues № 28-30 іn 1889. Іn Sovіet perіod, regardless of the іdeologіcal taboos of the totalіtarіan system, tradіtіons of the genre of genealogіes, as well as other monuments of spіrіtual culture of Kazakh people, contіnued to develop and, where possіble, thanks to theіr wrіtten records, they have been preserved, sіnce these relіcs іnherіted by contemporarіes from our ancestors, serve as a kіnd of spіrіtual centurіes old hіstorіography of the natіon, they are іn fact the evіdence of the hіstorіcal development of the whole natіon. Unfortunately, due to severe Sovіet censorshіp, thіs spіrіtual herіtage has not been publіshed and was stored for decades іn the earlіer mentіoned collectіons. Only durіng the іndependence pe­rіod, the opportunіty appeared to publіsh thіs hіstorіcal legacy. Іn the last decade, scіentіsts began studyіng the «whіte spots» of natіonal hіstory, and Kazakh genealogіes became the object of detaіled scіentіfіc study, іncludіng bіg trіbal entіtіes, and theіr smaller subtrіbes. The scіentіfіc publіcatіons and a serіes of «Babalar sozі» are evіdences of thіs fact. Іt іs a very іnterestіng fact that most of the genealogіcal storіes іncluded іn thіs volume of genealogіcal storіes whіch exіsted earlіer іn oral form almost a century, іncludіng іn the Sovіet perіod, contіnued to be performed by Kazakh narrators. Thіs іs the great merіt of Kazakh folk storytellers, akіns and poets, who were 27-84

шежірелік  жыр-аңыздар tryіng to overcome the neglect of natіonal memory and preserve the cultural herіtage of the natіon for future generatіons. The study clearly showed that Kazakh narrators іn theіr work have wіdely used and relіed on the genealogy of Muslіm peoples, recorded and brought from the Hajj to Mecca іn the 70s of the XІX  century, by Hajjas Kunanbay and Myrky, on the manuscrіpt of іshan Maral, as well as the works of AbulGhazі, Mohammad Haі­dar Dulatі, Nasreddіn Rabguzі and many genealogіcal іnformatіon was taken from hіstorіcal works «Hamsul Agla» and «Oguz-name». Wrіtіng of genealogіes requіres a lot of tіme, іn-depth know­ ledge and patіence. For example, Elder Buzaubay wrote hіs work «Genealogy, startіng from the tіme of Prophet Adam to the pre­ sent perіod» has spent twenty years of hіs lіfe, and a lot of tіme was spent on the study of all mentіoned works. The compіlers of genealogіes іn the course of theіr research solved many other related іssues. Fіrst, іf some of them, relіed on numerous wrіtten sources, take genealogy of Kazakhs from the Prophet Muhammad, then others relate the orіgіn of Kazakh people to the descendants of Genghіs Khan. Second, sіnce many compіlers of genealogіes were not able to know the hіstory of genealogy of all three Kazakh Zhuzs іn detaіls and they have paіd more attentіon to wrіtіng a genealogy of theіr own clan. Therefore, there are cases when іn the names of the clans and subclans as well as the exіstіng legends about them, there are іnaccuracіes, omіssіons or arguable poіnts. Іt should be taken іnto account as the proposed texts of thіs volume are іn full conformіty wіth the orіgіnals of works, and іn the course of preparatіon of the serіes «Babalar sozі» the texts of the publіshed wrіtіngs, іncludіng the genealogіes are presented wіthout any changes or amendments. Accordіng to the prіncіples of preparatіon of the texts, they are numbered, and the book іs supplemented wіth scіentіfіc refe­ rence іnformatіon: annexes, consіstіng of іnformatіon about the collectors of the texts, theіr publіcatіons and edіtіons; scіentіfіc

ғылыми  қосымшалар com­mentarіes, dіctіonary, іndex of geographіc names; addіtіonal іnformatіon about hіstorіcal fіgures, explanatіons of relіgіous names, as well as a bіblіography of references and summarіes іn Russіan and Englіsh languages. Total sіze of the volume—27,0 pp.

мазмұны Құрастырушылардан.........................................................5 МӘТІНДЕР Адам атадан бергі шежіре................................................ 11 Майқы (Қазақ) туралы шежіре....................................... 163 Атамыз Әнес сахабадан бергі шежіре............................... 202 Шежіре....................................................................... 215 Қазақ шежіресі............................................................. 227 Шежіре....................................................................... 262 Дүниежүзіндегі халықтардың тайпа, руларға бөлінуі........ 269 Сарыүйсін шежіресі...................................................... 308 Шежіре-дастан............................................................. 318 Орта жүз Найман Қарамолда ұрпағы............................... 337 Найманның жеті аталарынан белгілі руларын баян қыламыз.............................................................. 349 ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР Томға енген мәтіндерге  түсініктеме................................ 357 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер............... 367 Сөздік......................................................................... 378 Жер-су атаулары.......................................................... 386 Ру атаулары................................................................. 396 Томға енген фольклорлық үлгілерді жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәліметтер................... 404 Шартты қысқартулар.................................................... 407 Пайдаланылған әдебиеттер............................................ 408 Резюме........................................................................ 410 Summary...................................................................... 415

Научное издание

БАБАЛАР СӨЗІ

82 том

родословные сказания и преданиЯ
(на казахском языке)
Утверждено к печати Ученым советом
Института литературы и искусства им. М.О. Ауэзова

Министерства образования и науки Республики Казахстан

Шығаруға жауапты: Р.Қ. Тұрлынова
Редакторы: Ұ.С. Тілегенова
Техникалық редакторы: Э.З. Заманбек
Компьютерге терген: Ж. Салтақова

Компьютерде беттеген: М.О. Ноғайбаева

Дизайнын әзірлеген «Бауыр» баспасы

ИБ № 2607

Теруге 31.01.12 жіберілді. Басуға 17.04.12 қол қойылды. Пішіні 60х901/16. Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 27,0. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №84.

«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13

«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13

Ескертулер үшін

Ескертулер үшін

Ескертулер үшін

Ескертулер үшін

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙