Мемлекеттілік және анархия
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Михаил Бакунин — «Мемлекеттілік және анархия». /uploads/8989d025-107a-51d1-8a8c-8602a8390e4c/cover.png
/uploads/8989d025-107a-51d1-8a8c-8602a8390e4c/cover.png
Жаңсақтықтың алдын алу үшін, алайда мына жәйтті атап өту қажет деп санаймыз: біз халық мұраты деп жүргеніміздің халық өмірінен сырт буржуазиялық ғалымдардың немесе ғалымсымақтардың қолы бос кезде ойлап шығарған және сауатсыз халық тобырына олардың болашақ құрылысына қажетті шарт деп жомарттықпен ұсынып жүрген саяси-әлеуметтік схемаларымен, формулаларымен және теориялармен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Бұл теорияларға біздің иненің жасуындай сеніміміз жоқ және де олардың ең таңдаулылары бізге халық өмірінің құдіретті де ұлан-байтақ кеңдігін құшағына сыйғыза алмайтын тым қысқа Прокруст төсегіндей болып көрінеді.
Ең ұтымды да терең ғылымның өзі болашақ қоғамдық өмірдің пошымдарын тап басып айта алмайды. Ол тек тіршілік етіп отырған қоғамды қатаң сынаудан қисынды түрде туындайтын терістеу шарттарын ғана анықтап бере алады. Осылайша, мұндай сын тұсында әлеуметтік-экономикалық ғылым жеке-мұрагерлік меншікті теріске шығаруға дейін жетті және, демек, болашақ әлеуметтік құрылыстың қажетті шарты ретіндегі ұжымдық меншікті дерексіз, былайша айтқанда, теріске шығару жағдайына жетті. Дәл сондай жолмен ол мемлекет пен мемлекеттілік идеясының, яғни қайдағы бір жалған құқық, дін оқуы немесе метафизикалық, құдайшыл немесе зиялы-ғалым құқығы мүддесі үшін қоғамды жоғарыдан төмен қарай басқару идеясының өзін теріске шығаруға дейін жетті, соның нәтижесінде қарама-қарсы, сол себепті де теріс ахуалға - анархияға, демек қауымды және олардың төменнен жоғарыға бастайтын өзара еркін федерациясын құрайтын барлық бірліктердің немесе бөлімдердің дербес еркін ұйымы - анархияға жетті және де мұны қандай да бір мейлі, тіпті сайланған басшылықтың бұйрығымен емес және қандай да болсын ғылыми теорияның нұсқауымен емес, қайта өмірдің өзінен көрініс тауып жатқан қажеттілік атаулының табиғи дамуы нәтижесінде өмірге әкелді.
Сондықтан ешқандай ғалым халықты үйретуге дәрменсіз, әлеуметтік революцияның ертеңіне халық қалай өмір сүреді және өмір сүруге тиіс екенін тіпті өзі үшін де айқындап алуға дәрменсіз. Бұл, біріншіден, әр халықтың жағдайымен, екіншіден, олардың бойынан көрініс беретін және күштірек ықпал ететін ұмтылыстармен айқындалады, тіпті де жоғарыдан берілетін пәрменмен, нұсқаулармен және революция қарсаңында ойлап шығарылған жалпы қандай да бір теориялармен айқындалмайды.
Қазір Ресейде халық мұғалімдері дейтіндердің оқытуға деген тұтас бір бағытының бел алғаны бізге мәлім. Ең алдымен халықты үйретіп алу керек, ал үйреніп алып, өзінің құқықтары мен міндеттерін түсінген соң, тек содан кейін оны бүлікке көтеруге болады деп соғады. Бұл арада сіз халықты не нәрсеге үйретпексіз? - деген сұрақ бірден көлденеңдейді. Өзіңіз білмейтін, біле алмайтын және ең алдымен өздеріңіз халықтан үйренуге тиіс нәрсеге үйретпекпісіз?
Жапония мен АҚШ арқылы Лондонға қашады.
Соңғы жылдарда Бакунин анархизмді М. Штирнер ілімі рухында шектен шыққан индивидуализм доктринасы ретінде зерттеумен шұғылданады, объективті тарихи күштердің өмір сүруін теріске шығарады және революцияға деген үмітін шаруалармен байланыстырады.
Бұл бағытта яки тіпті де жаңа емес партияда екі категорияны ажыратып алу қажет.
Ең саны көбі - доктринерлер, дүмшелер, көп ретте өзін - өзі алдаушылар категориясы, олар өмір сүріп отырған қоғам әлпештеулі де дәулетті азшылықты бөлеп отырған ләззат пен пайда атаулыдан бас тартпайды, сөйте тұра халықтың бостандығы ісіне шын мәнісінде адал адамдар, ал онша үлкен қолайсыздыққа душар етпейтін жағдайда тіпті революционерлер беделіне ие болғысы немесе соны сақтап қалғысы келеді. Мұндай мырзалар Ресейде өріп жүр. Олар халық банкілерін, артельдер, тұтынушылық және өндірістік қоғамдар ашады, әлбетте, әйелдер мәселесімен де айналысып, өздерін ғылымды жақтаушылармыз, позитивистерміз, ал қазір марксистерміз деп бар дауыспен жар салады. Оларды ерекшелейтін ортақ белгі - ештеңені құрбандыққа шалмай, бәрінен бұрын өздерінің қымбат санайтын жеке басын сақтап, мәпелей беру, сөйте тұра барлық жағынан да озық адамдар кейпінде көрініп қалғылары келеді.
Сан жағынан қанша көп болғанымен, бүл категориямен әңгіме пәтуасыз. Революцияға дейін оны тек әшкерелеп, масқаралай беруге болады; ал революцияда... ол кезде олардың өздері жым-жылас болып кетеді деп үміттенейік.
Адал, шын берілген жастардан құралған тағы бір категория бар, олар бұл бағытқа соңғы кезде амалсыздан, қазіргідей жағдайда оларға басқа іс, басқа жол жоқтай көрінгендіктен лап қойғандай. Біз оларды жақынырақ таныстырмаймыз, оларға полиция назарын аударудан сескенеміз; бірақ олардың арасынан осы жолдарды оқығандар біздің сөзіміз тура соларға арналғанын түсінеді.
Біз нақ солардан сұрағымыз келді: сіздер халықты не нәрсеге үйретпекшісіздер? Сіздер халыққа ұтымды ғылымды үйретпексіздер? Біздің білуімізше, олардың мақсаты ондай емес. Халық мектебіне ғылымды енгізбек болғандардың кез-келгенін үкімет алғашқы қадамында-ақ шідерлеп тастайтынын олар біледі, және де сонымен қатар олар халқымыздың өзінің бүгінгідей тым жұтап отырған жағдайында ғылымға мойын бұра алмайтынын да біледі. оған теория жетерліктей ету үшін оның практикасын өзгерту, ең алдымен оның тұрмысының экономикалық жағдайын түбегейлі қайта құру, оны барлық жердегі және түгел дерлік аштық апатының қармағынан құтқарып алу керек.
Адал адамдар халықтың экономикалық тұрмысын қалай өзгерте алады? Олардың қолында ешқандай билік жоқ, сондай-ақ мемлекеттік биліктің өзі де, халықтың экономикалық жағдайын түзетуге дәрменсіз, мұны біз кейінірек дәлелдеп беруге тырысамыз; ол халық үшін бір-ақ нәрсе істей алады, ол - таратылып, жойылып кетуі керек, өйткені оның өмір сүруінің өзі халық игілігімен келіспейді, ол игілікті халықтың өзі ғана жасай алады.
Халық достары не істей алады? Оны дербес қозғалыс пен қарекетке ынталандырамыз және оның азаттық алуының жолдары мен құралдарын көрсетеміз, дейді біз енді жаңа сөз еткен бағыттың нақ адал жақтаушылары.
Жолдар мен құралдар екі түрлі болуы мүмкін: бүкіл халықтық бүлікті ұйымдастыруға тікелей ұмтылатын таза революциялық жол және басқалай, неғұрлым бейбіт халықты азат етуді оның экономикалық тұрмысын жүйелі түрде баяу, бірақ сонымен бірге түбегейлі өзгерту жолы. Осы екінші әдіс, егер оны шынайы ұстанғысы келсе, әлбетте, буржуазиялық экономистер аузынан тастамайтын үнемшіл болу жөніндегі пасық уағызға пысқырмайды да, мұның себебі қарапайым, жалпы жұмысшы қара халықтың үнемдей қоятын ештеңесі жоқ.
Әйтсе де біздің халықты осы баяу, бірақ түбегейлі экономикалық өзгерістер жолына түсіру үшін адал адамдар не істей алады? Олар деревняларда әлеуметтану кафедраларын ашпай ма? Біріншіден, сол баяғы әкеңдей қамқор қырағы үкімет оған жол бермейді; ал, екіншіден, шаруалар ештеңе түсінбейді де, профессордың өзін күлкі етеді; ал, ақырында әлеуметтанудың өзі - болашақтағы ғылым; қазіргі кезде ол оң ыңғайдағы жауаптардан гөрі шешімін таппаған сұрақтарға тым бай, біздің бейшара мұжықтарымыздың онымен шұғылдануға мұршасы жоқ екенін айтпай-ақ қоялық, оларға тіпті де теориялар арқылы емес, практика жолымен ғана ықпал етуге болады.
Осы практика неден құралады? Нақ практика, өзінің алдына, бірден-бір демесек те, басты мақсат етіп жер қайысқан шаруалар бұқарасын ең жаңа әлеуметтану рухында дербес экономикалық өзгерістер жолына түсіру мақсатын қоятын практика неден құралады? Ол тек жұмыс артельдері мен кооперативтік қоғамдар, несие беру, тұтынушылық және өндірістік қоғамдар, негізінен мақсатқа басқаларынан неғұрлым төте, яғни еңбекті буржуазиялық капиталдың үстемдігінен азат етуге төте тартатын соңғысын ұйымдастырудан басқа ештеңеден де құрала алмайды.
Бірақ қазіргі қоғамда басым тұрған экономикалық жағдайлар тұсында осы айтылған азаттық мүмкін бе? Ғылым фактыларға, атап айтсақ түрлі елдерде соңғы жиырма жыл бойына жасалған тәжірибелердің тұтас бір тізбегіне сүйене отырып, бізге үзілді-кесілді: мүмкін емес дейді. Айтпақшы, біз тіпті де ізбасары болып табылмайтын Лассаль оның мүмкін еместігін өзінің кітапшаларында барынша тамаша да түсінікті етіп дәлелдеп берді, және буржуазиялық болса да, байыпты ең жаңа экономистердің баршасы осы пікірмен келіседі де, кооператив жүйенің дәрменсіздігін ықылассыз болса да ашып көрсетіп, бұл жүйеге әділетті түрде әлеуметтік-революциялық дауылдың найзағайынан сақтайтын жайтартқыш ретінде қарайды.
Интернационал, өз тарапынан, көп және ұзақ жылдар бойы кооперативтік серіктестіктер туралы мәселені жиі-жиі көтеpіп, толып жатқан дәлелдер негізінде Лозанна конгресінде (1867 ж. ) айтылған және Брюссель конгресінде қуатталған (1868 ж.) төмендегідей нәтижеге келді.
Кооперация, оның барлық түрлерінде, болашақ өндірістің ұғымды да әділетті пошымы екені сөзсіз. Бірақ ол өз мақсатына - барша жұмыс істейтін бұқараны азат ету және олардың бейнет ақысын толық өтеп, қанағаттандыру мақсатына қол жеткізу үшін жер мен капитал, барлық түрлерінде, ұжымдық меншікке айналуы қажет. Бұған қол жетпейінше кооперация көп ретте ірі капиталдар мен ірі жер иеленуші меншіктің құдіретті бәсекесінің табанының астында жаншылып қалады; ілуде бір жағдайда, мысалы, қандай да бір, сөзсіз азды-көпті тұйықталған, өндірістік серіктестікке осы күреске төтеп беріп, аман қалудың сәті түскен жағдайда, оның нәтижесі қайыршылық күн көретін пролетариат бұқарасы арасында ұжымдық бақыттылардың жаңа әлпештеулі табының дүниеге келуі ғана болады. Сонымен, қоғамдық экономиканың қазіргі жағдайында кооперация жұмысшы бұқарасын азат ете алмайды, алайда, қалай дегенмен ол қазіргі шақта қызметкерлерді бірігуге, ұйымдасуға және өзінің төл істерін дербес басқаруға дағдылану пайдасын бере алады.
Алайда, осы сөзсіз пайданың мойындалғанына қарамастан, бастапқыда бізді тезірек ілгерілететін кооперативтік қозғалыс соңғы кезде Еуропада едәуір бәсеңдеп қалды, оның себебі де тым қарапайым, жұмысшылар бұқарасы қазіргі кезде осы қозғалыстың көмегімен өзінің бостандығына қол жеткізе алатындығына сенуден қалып, өздерінің практикалық тәрбиесін аяқтау үшін оған жүгінуді қажет деп таппады, мақсатқа қол жеткізу сенімін жоғалтуы мұң екен, олар соған жеткізетін жолды да, яғни оған еткізбейтін жолды да елеп - ескеруден қалды, ал гимнастикамен, тіпті пайдалы гимнастикамен айналысуға олардың уақыты жоқ.
Батыста ақиқат нәрсе, Шығыста жалған бола алмайды, сондықтан да біз кооперативтік қозғалыс Ресейде қандай да бір көлемді қанат жаяды деп ойламаймыз. Қазіргі уақытта Ресейде кооперация Батыстағыдан да мүмкін емес. Оның табысының, оған шынында да қол жеткен жердегі табысының негізгі шарттарының бірі жеке бастама, төзімділік пен ерлік болатын, бірақ жеке тұлға Ресеймен салыстырғанда Батыста неғұрлым дамыған, ал Ресейде әлі күнге дейін табындық қозғалыс басым түсіп отыр. Мұның үстіне Батыста саяси да, қоғамдық та сыртқы жағдайлардың өзі, сондай-ақ білім деңгейі кооперативтік қоғамдарды құру мен дамыту үшін Ресейге қарағанда аса қолайлырақ, соның бәріне қарамастан Батыста кооператив қозғалыс солып қалды. Ол Ресейде қалай тамыр жаймақ?
Орыстың халық қозғалыстарының мал табынына ұқсастығының өзі оған қолайлы бола алады дер. Прогресс элементтері, оларсыз бәсекелес капиталға қарсы былай да ала - құла күрес, мүлдем мүмкін болмайтын жұмысты, өндіріс пен оның өнімін ұйымдастыруды осынау дәйім жетілдіре беру ұдайы дағдылы қалыпқа бейім табындық қызметпен сыйыспайды. Сондықтан Ресейде кооперация титімдей демесек те, болмашы көлемде ғана және тек бәрін басып-жаншитын капитал үшін және одан да асқан басып-жаныштаушы үкімет үшін көзгес түспейтін, сезілмейтін кезге дейін ғана өркен жая алады.
Айтпақшы, өздерін либералдық фразалармен алдарқату үшін және өздерінің эгоизмін доктринерлық, жансыз, мағынасыз, қысқасы, Миртаның немесе Кедровтың ғылыми мылжыңымен бүркемелеу үшін тым байыпты да адал; екінші жағынан, өздерінің алдынан тығырықтан шығудың басқа жолын көре алмай, масқара қарекетсіздікте қол қусырып отыра беруге аса сергек те жалынды жастардың кооперативтік қозғалыс дейтінге неліктен лап қойғаны бізге түсінікті. Мұның өзі оларға, бері салғанда қаражат және қызметкерлермен кездесу, қызметкер ретінде олардың қатарына қосылу, оларды танып-білу және қандай да бір мақсатқа қол жеткізу үшін мүмкіндігінше олардың басын қосу мүмкіндігін береді. Бүл бәрібір шөп басын сындырмай отыра бергеннен әлдеқайда жан жұбатарлық та пайдалы нәрсе ғой.
Осы көзқарас тұрғысынан келгенде кооперативтік әрекеттерге біздің ешқандай қарсылығымыз жоқ; бірақ сонымен бірге сол әрекеттерге бой ұрған жас адамдар осы жолда қол жеткізер нәтижелері хақында өздерін алдамауға тиіс деп ойлаймыз. Бұл нәтижелер үлкен қалалар мен фабрикалық селоларда, фабрика қызметкерлерінің арасында айтарлықтай сүбелі болуы мүмкін. Ол нәтижелер село халқы арасында тым елеусіз болады, олар мұнда даладағы құм түйіршіктері, теңіздегі тамшылар тәрізді жоғалып кетеді...
Бірақ Ресейде енді тығырықтан шығудың кооперативтік кәсіпорындардан басқа жолы да жоқ, басқа іс те жоқ деу әділдікке жата ма? Біз мұны үзілді-кесілді әділетсіздік деп ойлаймыз.
Орыс халқында әлеуметтік революцияның қажетті шарттары ретінде біз көрсете алатын алғашқы екі элементі аса кең көлемде бар. Ол шектен шыққан қайыршылығымен, сондай-ақ қылаусыз құлдығымен мақтана алады. Оның қайғы-қасіретінің шегі жоқ, ол оны шыдамдылықпен емес, қайта тамыры тереңде жатқан асқан жанкештілікпен бастан кешіруде, мұның өзі тарихта екі рет, екі жойқын бұлқыныстан көрініс тапты, ол: Стенька Разиннің бүлігі және пугачевтік бүлік, бүл жәйт бірқатар жекелеген шаруалар бүліктерімен күні бүгінге дейін тоқтаусыз жалғасудан көрінісін тауып келеді.
Жеңімпаз революция жасауға оған бөгет болып отырған не? Халықтық революцияны парықтай алатын, оған белгілі бір мақсат бере алатын және, біз жоғарыда айтқандай, тұтас шақта қызметкерлерді бірігуге, ұйымдасуға және өзінің төл істерін дербес басқаруға дағдылану пайдасын бере алады.
Жеңімпаз революция жасауға оған бөгет болып отырған ие? Халықтық революцияны парықтай алатын, оған белгілі бір мақсат бере алатын және, біз жоғарыда айтқандай, тұтас шақта қызметкерлерді бірігуге, ұйымдасуға және өзінің төл істерін дербес басқаруға дағдылану пайдасын бере алады.
Алайда, осы сөзсіз пайданың мойындалғанына қарамастан, бастапқыда бізді тезірек ілгерілететін кооператив қозғалыс соңғы кезде Еуропада едәуір бәсеңдеп қалды, оның себебі де тым қарапайым, жұмысшылар бұқарасы қазіргі кезде осы қозғалыстың көмегімен өзінің бостандығына қол жеткізе алатындығына сенуден қалып, өздерінің практикалық тәрбиесін аяқтау үшін оған жүгінуді қажет деп таппады, мақсатқа қол жеткізу сенімін жоғалтуы мұң екен, олар соған жеткізетін жолды да, яғни оған жеткізбейтін жолды да елеп - ескеруден қалды, ал гимнастикамен, тіпті пайдалы гимнастикамен айналысуға олардың уақыты жоқ.
Батыста ақиқат нәрсе, Шығыста жалған бола алмайды, сондықтан да біз кооператив қозғалыс Ресейде қандай да бір көлемді қанат жаяды деп ойламаймыз. Қазіргі уақытта Ресейде кооперация Батыстағыдан да мүмкін емес. Оның табысының, оған шынында да қол жеткен жердегі табысының негізгі шарттарының бірі жеке бастама, төзімділік пен ерлік болатын, бірақ жеке тұлға Ресеймен салыстырғанда Батыста неғұрлым дамыған, ал Ресейде әлі күнге дейін табындық қозғалыс басым түсіп отыр. Мұның үстіне Батыста саяси да, қоғамдық та сыртқы жағдайлардың өзі, сондай-ақ білім деңгейі кооператив қоғамдарды құру мен дамыту үшін Ресейге қарағанда аса қолайлырақ, соның бәріне қарамастан Батыста кооператив™ қозғалыс солып қалды. Ол Ресейде қалай тамыр жаймақ?
Айтпақшы, өздерін либералдық фразалармен алдарқату үшін және өздерінің эгоизмін доктринерлық , жансыз, мағынасыз, қысқасы, Миртаның немесе Кедровтың ғылыми мылжыңымен бүркемелеу үшін тым байыпты да адал; екінші жағынан, өздерінің алдынан тығырықтан шығудың басқа жолын көре алмай, масқара қарекетсіздікте қол қусырып отыра беруге аса сергек те жалынды жастардың кооперативтік қозғалыс дейтінге неліктен лап қойғаны бізге түсінікті. Мұның өзі оларға, бері салғанда қаражат және қызметкерлермен кездесу, қызметкер ретінде олардың қатарына қосылу, оларды танып-білу және қандай да бір мақсатқа қол жеткізу үшін мүмкіндігінше олардың басын қосу мүмкіндігін береді. Бұл бәрібір шоп басын сындырмай отыра бергеннен әлдеқайда жан жұбатарлық та пайдалы нәрсе ғой.
Осы көзқарас тұрғысынан келгенде кооперативтік әрекеттерге біздің ешқандай қарсылығымыз оқ; бірақ сонымен бірге сол әрекеттерге бой ұрған жас адамдар осы жолда қол жеткізер нәтижелері хақында өздерін алдамауға тиіс деп ойлаймыз. Бұл нәтижелер үлкен қалалар мен фабрикалық селоларда, фабрика қызметкерлерінің арасында айтарлықтай сүбелі болуы мүмкін. Ол нәтижелер село халқы арасында тым елеусіз болады, олар мұнда даладағы құм түйіршіктері, теңіздегі тамшылар тәрізді жоғалып кетеді...
Егер ол болмаса, егер ол халық санасында, бері салғанда, басты белгілерінде қалыптасып болмаса, онда орыс революциясына қандай да бір үміттен бас тарту керек болар еді, өйткені мұндай мұрат халық өмірінің ең терең қойнауынан өсіп шығады, халықтық тарихи сынақтардың, оның ұмтылыстарының, азаптарының, наразылықтарының, күрестерінің сөзсіз нәтижесі, сонымен бірге оның нағыз талаптары мен үміттерінің бейнелі де жалпыға түсінікті, әрқашан қарапайым көрінісі болады.
Егер халық осы мұратты өз бойында қалыптастыра алмаса, онда оған мұны ешкім де бере алмайтыны түсінікті. Жалпы мынаны айта кету керек, еш пендеге, еш кісіге, еш қоғамға, еш халыққа оның бойында ұрығында ғана емес, тіпті дамудың біршама дәрежесінде жоқ нәрсені беру мүмкін емес. Кісіні алайық: егер оның бойында жанды инстинкт ретінде және сол инстинктті алғаш байқататын азды-көпті айқын түсінік ретінде ой болмаса, онда сіз оған дүниедегі ештеңемен ұғындыра алмайсыз және, ең бастысы, көкейіне қондыра алмайсыз. Өз тағдырына мәз буржуаға қараңыз, сіз оған пролетарийдың адам ретінде толық өсіп-жетілуге және қоғамдық өмірде бар барлық ләззатқа, қанағатқа және игілікке теңдей катысу құқығын әйтеуір бір кезде түсіндіре аламын немесе оған әлеуметтік революцияның заңдылығы мен құтқарушы қажеттілігін дәлелдей аламын деп үміттенесіз бе? Жоқ, егер сіз ақылыңыздан алжассаңыз, бұған тырысып та көрмейсіз; неліктен тырысып көрмейсіз? Өйткені сіз мынаған кәміл сенесіз, сол буржуа табиғатынан қайырымды да, ақылды да, ізгі де, кең пейілді де, әділетке бейім де болсын, - байқайсыз ба мен қандай жеңілдіктер жасап отырмын, ал мұндай буржуа дүниеде некен-саяқ, тіпті ол төтенше білімдар, тіпті ғұлама-ақ болсын, ол бәрібір сізді түсінбейді және әлеуметтік революционер бола алмайды. Неліктен бола алмайды? Қарапайым ғана себеппен, оның өмірі оның бойында сіздің әлеуметтік-революциялық ойыңызға сәйкес келетін инстинкттік ұмтылыстарды қалыптастырмаған. Егер де, бұған керісінше, бұл ұмтылыстар тіпті ұрық күйінде немесе түсініктің мүлдем оғаш түрінде-ақ оның бойында бар болса, оның қоғамдық жағдайы оның сезімталдығына қаншалықты жайлы тисе де және оның өзімшілдігін қаншалықты қанағаттандыра алса да, ол өзіне өзі риза болмас еді.
Керісінше, шала сауатты, мейлінше қосүрей адамды алыңыз, егер сіз оның бойынан әлеуметтік-революциялық идеяға сәйкес келетін инстинкттер мен қараңғы болса да адал ұмтылыстарды шынымен аша алсаңыз, оның қазіргі түсініктері қаншалықты жабайы болса да, сіз шошымаңыз, тек онымен шындап, сүйіспеншілікпен айналыса беріңіз, сонда сіз оның сіздің идеяңызды немесе, дұрысы, өзінің төл идеясын құшағын айқара, құшырлана ашқанын көретін боласыз, өйткені, ол оның өзінің төл инстинктінің айқын, толық және қисынды білдірілуінен басқа түк те емес, демек, сіз оған шындап келгенде ештеңе берген жоқсыз, оған жаңа ештеңе айтқан жоқсыз, тек ол сізбен кездескенге дейін бойында бұрыннан болған нәрсені ғана ұғындырдыңыз. Менің ешкім ешкімге ештеңе бере алмайды дейтінім де міне сондықтан.
Егер бұл бір кісі хақында әділетті болса, тұтас халық хақында онан сайын әділетті. Халыққа бір нәрсе беруге болады, оған қандай да бір материалдық игілік немесе жаңа ақыли немесе инсанияттық мазмұн, жаңа ақиқат және оның өміріне қалай болса солай жаңа бағыт беруге болады немесе, бұдан отыз алты жыл бұрын марқұм Чадаев нақ орыс халқы туралы айта келіп, оған, ақ қағазға жазғандай, нені болса да жазуға болады деп ойлау үшін құдай соққан кеще немесе ем қонбайтын доктринер болу керек.
Ең ұлы данышпандардың арасында осы кезге дейін халық үшін шынында да бірдеңе бітіргендер аз болды; халық кемеңгерлері тым аристократтар, олардың осы кезге дейін істегендерінің бәрі тек қанаушы азшылықтың білім алуына, күшейе және байи түсуіне тана қызмет етті; жұрттың бәрі теріс айналып, тапталған халықтың кедей бұқарасы бостандыққа және жарыққа бастайтын ғаламат-азапты соқпағын тас түнекте түртіншектей, ұшы-қиыры жоқ нәтижесіз күш-жігер жұмсай жүріп өтуге тиіс болды. Ең Ұлы кемеңгерлер қоғамға жаңа мазмұн әкелген жоқ, әкеле де алмайтын еді, қайта, қоғамның өзі тудырған олар сан ғасырларға созылған жұмысты жалғастырып, дамыта отырып, сол мазмұнның тек жаңа пошымдарын әкелді және әкеліп те жатыр, ал ол мазмұн қоғамдық өмірдің өз дамуымен тоқтаусыз жаңадан қайта түлеп, кеңейтіле түсуде.
Бірақ, тағы да қайталап айтайын, ең даңқты данышпандар күні бүгінге дейін халық үшін, яғни сан миллиондаған қара жүмысшы пролетариат үшін ештеңе де бітірген жоқ немесе бітіргені шамалы. Халықтың өмірі, халықтың дамуы, халықтың прогресі тек халықтың өзіне ғана тиесілі. Бұл прогресс, әрине, кітаби білім жолымен емес, тәжірибе мен ақыл-ойдың табиғи молығуы жолымен жасалды, олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, мазмұны жағынан қажетінше кеңейіп, тереңдей берді, жетіле түсіп, өзінің пошымдарына ие болды, бүл, әлбетте, тым баяу ауыр да ащы тарихи сынақтардың ұшы-қиыры жоқ қатарлары жолымен жүрді, осы жол, ақыр соңында біздің заманда барлық елдердің, бері салғанда барлық еуропалық елдердің халық бұқарасын әлпештеулі таптар мен осы заманғы мемлекеттерден, жалпы саяси төңкерістерден ештеңе де күтуге болмайтынын және олар тек өздерінің күш-жігерімен, әлеуметтік революция арқылы ғана бостандыққа ие бола алатынын түсінуге жеткізді. Бүгін таңда олардың бойына орнығып, қарекет жасайтын жалпыға ортақ мұратты айқындайтын нақ сол.
Мұндай мұрат орыс халқының ұғымында бар ма? Бар екеніне күмән жоқ, және, оның басты белгілерін анықтау үшін халқымыздың тарихи сана-сезіміне тым тереңге бойлаудың да қажеті жоқ.
Басты және негізгі белгі - жер, бүкіл жер оны өз маңдай терімен суарып, өз қолымен атқаратын еңбегімен баптайтын халыққа тиесілі деген жалпы халықтық кәміл сенім. Нақ сондай ірі екінші белгі, оны пайдалану құқығы жеке кісіге емес, оны кісілер арасында уақытша бөлетін тұтас қауымға, тиесілі; алдыңғы екеуімен маңыздылығы бірдей үшінші белгі - квазиабсолютті автономия, қауымдық өзін-өзі басқару және соның салдарынан қауымның мемлекетке үзілді-кесілді дұшпандық көзқарасы.
Орыстың халықтық мұратының негізінде жатқан басты үш белгі міне осылар. Олар өзінің мәнісі жағынан соңғы жылдары латын елдері пролетариатының санасында қалыптасып келе жатқан мұратқа әбден сай келеді, бүл елдер герман елдеріне қарағанда қазір әлеуметтік революцияға әлдеқайда жақын тұр. Алайда орыстың халықтық мұратына басқа үш белгі қаяу түсіріп түр, олар оның сипатын бұрмалап, жүзеге асырылуын төтенше қиындатып, баяулатады; сондықтан да біз барлық күшімізбен сол белгілерге қарсы күресуге тиіспіз, және олар халықтың өзінің бойында болғандықтан, оларға қарсы күрес мүмкін бола түседі.
Қаяу түсіріп отырған осынау үш белгі мыналар:
1) патриархалдық;
2) қауымның кісіні билеп-төстеуі;
3) патшаға сенім.
Төртінші белгі ретінде ресми-православиелік немесе сектанттық христиандық діни сенімді қосуға болар еді; бірақ біздің пікіріміз бойынша, біздің Ресейде бүл мәселе Батыс Еуропадағы, тек католиктік қана емес, тіпті протестанттық елдердегідей маңыздылыққа тіпті де не болып отырған жоқ. Әлеуметтік революционерлер, әлбетте, оны елеусіз қалдырып жүрген жоқ және халықтың алдында Саваоф тәңірі мен оның жердегі діни, метафизикалық, саяси, заңдық, полицейлік және буржуазиялық-экономикалық өкілдеріне шыңғырған шындықты айтып қалудың әрбір сәтін қалт жібермей пайдаланып қалады. Бірақ олар дін мәселесін бірінші орынға қоймайды, өйткені халықтың, ондағы надандықпен табиғи байланысты соқыр сенімі, алайда, сол надандықтан гөрі, оның қайыршылығынан, оның материалдық қасіреті мен олар күн сайын тап болатын адам айтқысыз қыспақтардан өрбігендігіне; діни түсініктер мен аңыздар, қисынсыз қиялилыққа осынау ғаламат бейімділік - теориялық құбылыстан гөрі әлдеқайда практикалық құбылыс екендігіне, атап айтқанда, ақыл-ойдың сансырауы емес, адам төзгісіз өмірлік құрсауға қарсы өмірдің өзінің, ырық пен нәпсінің қарсылығы екеніне; халық үшін шіркеу аспан кабагы іспетті екенін, кабак жер бетіндегі аспан шіркеуі іспетті елестетілетініне; шіркеу де, кабакта та ол өзінің аш-жалаңаштығын, өзінің езгіде жүргенін, өзінің қорланғанын бір сәтке болса да ұмытады, өзінің күн сайынғы қасіретін ұмытуға - бірде пәтуасыз діни сенімде, бірде шарап буынан ұмытуға тырысатынына кәміл сенеді. Бір мастық екіншісімен барабар.
Әлеуметтік революционерлер мұны біледі және сондықтан халықтың діншілдігін тіпті де еркін ойшылдар дейтіндердің дерексіз де доктринерлық насихатымен емес, тек әлеуметтік революциямен ғана жоюға болатынына кәміл сенеді. Осынау еркін ойшылдар аталатын мырзалар бастан аяқ буржуа, өздерін позитивистерміз деп атап, материалистерміз деп ойлағанның өзінде де амалдарымен, дағдыларымен, тыныс - тіршілігімен ем қонбас метафизиктер. Оларға өмір ылғи да ақыл-ойдан шығатындай болып көрінеді, бәрінен бұрын пайда болған ойдың жүзеге асырылуы болып көрінеді, осының салдарынан өмірді ақыл-ой және, әлбетте, өздерінің де жартыкеш ақыл-ойы да, билеуге тиіс дегенді кесіп айтады; және де олар ақыл-ой, керісінше, өмірден туындайтынын, сондықтан да ақыл-ойды өзгерту үшін ең алдымен өмірді өзгерту керек екенін түсінбейді. Халыққа адамға лайық дарқан өмір беріңіз, сонда ол өз ойының терең ұтымдылығымен сізді қайран қалдырады.
Өздерін еркін ойшылдармыз деп атайтын жырынды доктринерлардың практикалық істен бұрын теориялық, дінге қарсы насихатты жүргізетіндігінің тағы бір себебі бар. Олардың көбісі нашар революционерлер және жай ғана даңғой эгоистер мен қорқақтар. Мұның үстіне олар жағдайы бойынша оқыған таптарға жатады және осы таптар өмірде ағыл -тегіл комфорт пен үлбіреген сүйкімділікті, ойшыл атаққұмар ләззатты бәрінен артық көреді. Олар өзінің мәнісі жағынан және өзінің мақсаты жағынан ожар да әдепсіз халық революциясы өздері олар жайлы да жақсы өмір сүріп жатқан буржуазия дүниесін құртып жіберуден таймайтынын түсінеді және мұның үстіне олар революциялық іске адал қызмет етуден туындайтын елеулі қолайсыздықтарға ұшырауға тіпті де құштар еместіктен, сондай-ақ олар либералдығы мен батылдығы кемірек болса да, бәрібір қымбатты қамқоршыларының, құрметтеушілерінің, білім алу, тұрмыстық байланыстар, әсемдік пен материалдық жайлылық жағынан достары мен жолдастарының өздеріне қарсы ашу-ызасын туғызғысы келмейтіндіктен, олар жай ғана өздері үшін революция өздерін тұғырынан тайдырып, қазіргі жағдайының барлық пайдасынан кенеттен жұрдай ететін ондай революцияны қаламайды және одан қорқады.
Ал бүл екі арада олар мұнысын мойындағысы келмейді, олардың буржуазиялық дүниені өзінің радикализмімен таңдандырып, революцияшыл жастарды, мүмкін болып жатса, халықтың өзін де еліктіріп әкетуі керек. Бүл арада не істеген жөн? Буржуазиялық дүниені қайран қалдыру және оны ашуландырмау керек, революцияшыл жастарды еліктіру және сонымен бірге революциялық құздан айналып өту керек! Мұның бір ғана құралы бар: өзінің жалған революциялық ашу-ызасының бәрін алла тағалаға қарсы бағыттау керек. Оның жоқ екеніне олардың сенетіндігі сонша, оның қаһарынан қорықпайды. Бастықтардың, патшадан бастап соңғы полицейге дейінгі бастықтардың жөні бөлек! Банкир мен саудагер жидтен бастап, ең соңғы көпес-құлақ пен помещикке дейін бай және қоғамдық жағдайы бойынша құдіретті адамдардың жөні бөлек! Олардың ашу-ызасы тым қатты болуы мүмкін.
Осындай толғам пәрменімен, олар әлбетте, қалталарына салып жүретін, өздерінің таусылмас мылжың сөзімен шатпақтай беретін, ғылым мүддесі үшін жаратқанға аяусыз соғыс жариялап, дінді, барлық көріністері мен түрлерін қоса, шексіз батылдықпен теріске шығарады, діни ілім мен метафизикалық сандырақты, халықтың барлық соқыр сенімдерін талқандайды, - бірақ сөйте тұра мына жалғанның барлық саяси және қоғамдық күштеріне төтенше үздіге тіл қатады, егер де логика мен қоғамдық пікірдің қыспағы оларды теріске шығаруға мәжбүр еткен күнде де, мұны асқан әдептілікпен, асқан момақандықпен істейтіні соншалық, оларға ашулану үшін төтенше дөйт мінез керек, олар шығар жолды да сөзсіз тауып қояды және оларды түзете алу үмітін де білдіреді. Оларға үміт артып, сенудің осынау қабілетінің молдығы соншалық, олар тіпті біздің үкімет орнындағы сенат ерте ме, кеш пе халықты азат ету органына айналады деп те топшылай береді. (мерзімді емес "Вперед" басылымының соңғы, үшінші бағдарламасын қара, ол таяуда Цюрихте жарық көреді деп күтілуде).
Бірақ осынау алаяқтарды жайына қалдырып, өз мәселемізге мойын бұрайық.
Халықты ешқашан, ешқандай себеппен және ешқандай мақсатпен алдауға болмайды. Бұл жай ғана қылмыс емес, революциялық іс жетістіктерінің түрлерінде де зиянды; зиянды болатыны, алдау атаулы шындап келгенде көр соқырлық, ұқсастық, ере тайыздығы, қашанда тігісі әрқашан ақ әрі шірік кәсіппен көктелген нәрсе, соның салдарынан сөзсіз сөгіліп кетіп, қақырап жатады және революцияшыл жастар үшін де барып тұрған жалған, кенет пайда болған, делқұлы да халыққа жиіркенішті бағыт. Адам тек өз шындығынан таймаса, өзінің аса кәміл сенімдеріне сай сөйлеп, қарекет жасағанда ғана мығым. Сонда, ол мейлі қандай жағдайда болсын, әрқашан не айтып, не істейтінін біледі. Ол өліп те кетуі мүмкін, бірақ масқара бола алмайды, өз ісін де масқара ете алмайды. Егер біз халықты өтірік жолымен азат етуге ұмтылатын болсақ, онда сөзсіз шатасамыз, жолдан адасамыз, мақсатымыздың өзінен айрыламыз, және егер халыққа қандай да бір ықпалымыз болса, онда халықтың өзін де жолдан тайдырамыз, яғни реакцияның пайдасы мағынасында да қарекет жасаймыз.
Сондықтан, біздің өзіміз кәміл сенімді құдайсыздар, діни наным-сенім атаулының дұшпандары және материалистер болғандықтан, халықпен иман туралы сөйлесетін кездің бәрінде, оған өзіміздің дінге сенбейтінімізді барынша толық, одан да асырып айтайын, дінге дұшпандық көзқарасымызды жасырмай айтуға міндеттіміз. Оның осы тақырыптағы барлық сұрақтарына адалдықпен жауап беруге тиіспіз және, тіпті қажет кезінде, яғни табыс бой көрсете бастаған кезде де, оған өз көзқарастарымыздың әділеттілігін түсіндіріп, дәлелдеуге ұмтылуға тиіспіз. Бірақ біз мұндай әңгіме бастайтын сәтті өзіміз іздемеуге тиіспіз. Біз халық арасындағы насихатымызда дін мәселесін бірінші орынға қоймауға тиіспіз. Мұны істеу, біздің терең сеніміміз бойынша, халық ісіне сатқындықпен бірдей.
Халық - доктринер емес, философ емес. Оның бір мезгілде көптеген мәселелермен шұғылданатын бос уақыты да, әдеті де жоқ. Бір шаруаға елігіп кеткенде, ол басқаның бәрін ұмытады. Сондықтан біздің тікелей міндетіміз, оның алдына, оның бостандыққа жетуі бәрінен бұрын мәселенің шешілуіне байланысты басты мәселені қою. Бірақ бұл мәселені оның өзінің жағдайы, бүкіл ғұмыры көрсетіп отыр, бұл - экономикалық-саяси мәселе, әлеуметтік революция мағынасында экономикалық, мемлекетті талқандау мағынасында саяси мәселе. Оны дін мәселесіне бас қатырту — оны нағыз істен басқа жаққа бұрып жіберу, яғни оның ісін сатып кету.
Халық ісі жалғыз ғана халық мұратын, халықтың өз бойына тамыр жайған, түзетумен және оны барынша жақсы, нысанаға тура да тезірек жеткізетін бағытпен жүзеге асыру. Біз орыс халқының мұратына қаяу салатын басты үш белгіні көрсеттік. Енді ескерте кетелік, олардың соңғы екеуі: қауымның кісіні билеп-төстеуі және патшаны құдайдай құрметтеуі, шындап келгенде, оның біріншісінің, яғни патриархалдықтың табиғи нәтижесі ретінде туындайды, сондықтан да патриархалдық басты тарихи, бірақ, амал қанша, тікелей халықтық жамандық, оған қарсы біз барлық күшімізбен күресуге міндеттіміз.
Сол жамандық бүкіл орыс тіршілігінің өңін айналдырып, оған кещелік марғаулықтың, аяқ аттатпас төл батпақтың, сүйекке сіңген жалғандықтың, ашқарақ екіжүзділіктің, ақыр соңында, малайлық құлдықтың таңбасын басты, нақ солар ол өмірді адам төзгісіз етті. Күйеудің, әкенің, содан кейін ағаның деспотизмі өзінің заңдық-экономикалық бастауы бойынша инсаниятсыз отбасын салтанат құрған зорлық-зомбылық пен өзімбілемдіктің, үй ішіндегі күн сайынғы арамдық пен азғындықтың мектебіне айналдырды. Ағартылған табыт - орыс отбасын анықтау үшін таптырмайтын тіркес. Мейірбан орыс отағасы, егер ол шынында да мейірбан, бірақ жуас болса, жазығы да, жауабы да жоқ жай ғана шошқа, ештеңені анық сезінбейтін, белгілі бір анық ештеңені қаламайтын, бәрін де енжар істейтін, сонысымен бір мезгілде жақсылық пен жамандықты қатар істей беретін мақұлық. Оның қарекеті мақсаттан гөрі жағдайға қарай, бір сәттік сезімге және ең бастысы, ортаға қарай жасала салады; отбасында мойынсұнуға дағдыланған ол, қоғамда да мойынсұнуын жалғастырып, жел қалай соқса солай қарай иіле береді, ол құл болып, сол күйінде қала беруге жаралған, бірақ деспот бола алмайды. Бұған оның күш-қайраты жетпейді. Сондықтан оның өзі дүре соға алмайды, бірақ бастық қамшы астына алғысы келген сол бақытсыз бейбақты, кінәлі не кінәсіз болсын, сөзсіз ұстап тұрады; ал бастық дегеніңіз оған басты да қасиетті үш түрде: әке түрінде, қауым түрінде және патша түрінде көрінеді.
Егер ол қияңқы да жігерлі адам болса, ол бір мезгілде әрі құл, әрі деспот; өзінен төмен және оның өзімбілемдігіне тәуелді адамның бәріне қалағанын істейтін деспот бола алады. Ал оның қожайындары қауым мен патша. Егер оның өзі отағасы болса, ол оз үйінде шектен шыққан деспот, бірақ қауымның малайы, патшаның құлы.
Қауым - оның дүниесі. Ол - оның отбасының, оның ұрпағының табиғи кеңеюінен өзге ештеңе де емес. Сондықтан да онда тап сол патриархалдық бастау, тап сол жиіркенішті деспотизм және тап сол арами құлдық ұру басым түсіп жатады, сол себепті де тап сол тамыр жайған әділетсіздік, және тап сол жеке құқықты, отбасының өзіндегі сияқты, түбегейлі мойындамау басым. Қауымның шешімі, мейлі ол қандай болса да, заң. "Қауымға кім қарсы шыға алсын!" - орыс мұжығы осылай деп таңдана үн қатады. Біз қауымнан тыс, немесе, дұрысы, соның үстінде тұрған патшадан, оның шенеуніктері мен дворяндардан басқа, орыс халқының өзінде қауымға қарсы шыға алатын кісі бар екенін көреміз: ол - қарақшы. Қарақшылық Ресейде маңызды тарихи құбылыс екендігі міне сондықтан - Ресейдегі алғашқы бүлікшілер, алғашқы революционерлер, Пугачев пен Стенька Разин қарақшылар болған.
Қауымда тек қарттардың, отағасының ғана дауыс құқығы бар. Үйленбеген немесе үйленсе де еншісін алмаған жастар айтқанға көніп, айдағанға жүре беруге тиіс. Бірақ қауымның, қауым атаулының үстінде патша, жалпыға ортақ патриарх және әулетбасы, бүкіл Ресейдің әкесі түр. Сондықтан да оның билігі шексіз.
Әрбір қауым тұйық бүтінді құрайды, соның салдарынан - ал мұның өзі Ресейдің басты қасіреттерінің бірі - бірде-бір қауымның өзге қауымдармен ешқандай дербес табиғи байланысы жоқ және оған қажеттілікті де сезінбейді. Олар өзара тек патша-ағзамның, тек оның жоғарғы, әкелік билігі арқылы ғана байланысады.
Біз мұны нағыз сор дейміз. Мұндай бөлшектеу халықты қауқарсыз ететіні, әрқашан жергілікті және байланыссыз бүліктерін сөзсіз жеңіліске ұшырататыны, сонысымен десмогтық биліктің салтанатын арттыра түсетіні түсінікті. Демек, барша ықтимал құралдармен және қайткен күнде де бөлшектеліп қалған қауымдар арасында бүлікшілдік жанды (байланыстар орнату революцияшыл жастардың негізгі міндеттерінің бірі болуға тиіс. Қиын міндет, бірақ орындалмас міндет емес, өйткені тарих бізге бұлғақ замандарда, мысалы, қалған Дмитрий тұсындағы өзара қырқыс, Стенька Разин мен Пугачевтік революциялар, сондай-ақ новгородтық бүлік ішінде де, император Николай патшалығының басқы кезінде қауымдардың өзі өз қозғалысымен осынау құтқарарлық байланысты орнатуға ұмтылғанын көрсетеді.
Қауымдар саны қисапсыз, ал олардың ортақ патша-ағзамнан бір өзі баршаны билеу үшін тек алла тағаладан сәл ғана семен, асқар биікке шығып алған.
Оның өшпенділігінің қаншалықты дәрежеде заңды екенін дәлелдеп жатудың қажеті бола қояр ма екен!
Мемлекет өзінің патриархтық бастауымен онсыз да азғындап біткен орыс қауымын түпкілікті басып-жаныштап, аздырып болды. Оның езгісінің астында қауымдық сайлаудың өзі алдауға айналды, ал халықтың өзі уақытша сайлайтын кісілер - басшылар, старосталар, онбасылар, старшындар, бір жағынан, биліктің қол шоқпарына, екінші жағынан, бай мұжық-кулактардың пара жейтін малайларына айналды. Мұндай жағдайда онсыз да мемлекеттік алым-салықтардан титықтаған бастықтар қиянатынан жаншылған қауымдардың әділеттіліктің, шындықтың, жай ғана адамшылықтың соңғы қалдықтары жойылып бітуге тиіс болатын. Бұрынғы қай кездегіден де кісі үшін қарақшылық, ал тұтас халық үшін - жалпыға бірдей бүлік, революция бірден-бір жол болып қалды.
Мұндай жағдайда біздің ақыли пролетариат, орыстың адал, шынайы, басы бүтін берілген әлеуметтік-революцияшыл жастарымыз не істей алады? Олар халық арасына баруға тиіс, бұған дау жоқ, өйткені қазір жер-жердің бәрінде, негізінен Ресейде халықтан тыс, сан миллиондаған қара жүмысшы бұқарадан тыс өмір де, іс те, болашақ та жоқ. Бірақ халыққа қалай және неліктен бару керек?
Қазіргі кезде бізде Нечаев әрекетінің азалы нәтижесінен кейін, бұл жөніндегі пікір, мүлдем қақ жарылып біткендей секілді; бірақ ойдың ортақ бейберекеттігінен қазірдің өзінде басты екі және қарама-қайшы бағыттар көзге түседі. Бірі неғұрлым бейбітшіл және даярлық сипатында; екіншісі - бүлікшіл және тікелей халық қорғанысын ұйымдастыруға ұмтылады.
Бірінші бағытты жақтаушылар бұл революцияның шын мүмкіндігіне сенбейді. Бірақ халықтың қайғы-қасіретін тып - тыныш сырттай бақылаушы болып қалғысы келмейтіндіктен және қала алмайтындықтан, олар халықтың қайғы-қасіретіне бауырларша ортақтасу, сонымен бірге өздерінің жанды үлгі-өнегесімен оларды теориялық тұрғыдан емес, іс жүзінде үйретіп, даярлау үшін соның арасына баруға бел байлайды. Олар фабрика қызметкерлері болады, олармен бірге жұмыс істей жүріп, олардың арасында аралас-құраластық рухын таратуға ұмтылатын болады...
Енді біреулері ауыл шаруашылық колонияларын құруға тырысатын болады, оларда біздің шаруаларға әбден таныс жерді ортақ пайдаланумен қатар, оларға әлі беймәлім, бірақ экономикалық жағынан қажетті бастауды, ортақ жерді ұйымдасып өңдеу және өнімді немесе өнім бағасын аса қатаң, заңдық емес, адамдық тұрғысынан, яғни қабілетті де қайраттылардан көбірек, қабілетсіздер мен қауқарсыздардан азырақ жұмыс талап етіп, жалақыны жұмыс көлеміне қарай емес, әркімнің керегіне қарай әділет тұрғысынан өзара тең бөлу негізінде жүргізіп, қолдануға үйретпек.
Олар өзіміздің өнегемізбен, ал ең бастысы, ұжымдық еңбекті ұйымдастырудан алынатын пайдамен шаруаларды еліктіре аламыз деп үміттенеді; Кабе де осындай үмітін үкілегенді, ол 1848 жылғы сәтсіз революциядан кейін өзінің икариялықтарымен Америкаға аттанып, онда өзінің Жаңа Икариясының негізін қалады, бірақ ол аз ғана уақыт өмір сүре алды, айта кетуге тиіспіз, мұндай тәжірибенің табысқа жетуі үшін американ топырағы орыс топырағынан бәрібір қолайлы болатын. Америкада толық бостандық үстем, ал біздің құдай берген Ресейде патша үстем.
Бірақ халықтың біздегі даярлаушылары мен бейбітшіл басалқыларының үміттері мұнымен шектелмейді. Кісінің толық бостандығы негізінде өзінің үй тіршілігін жайластырғысы келетін олар біздің бүкіл орыс құлдығының негізінде жатқан бәз-баяғы жиіркенішті патриархалдыққа қарсы қимылдағысы келеді. Демек, олар біздің басты қоғамдық қасіретімізді түп-тамырымен жойғысы келеді, сөйтіп халық мұратын түзетуге және халық бойына әділеттілік туралы, еркіндік туралы, бостандыққа бастар құралдар туралы нақты ұғымдарды сіңіруге тура жәрдемдеспек.
Мұның бәрі тамаша, аса қайырымды да ізгі нәрсе, бірақ орындала қояр ма екен. Ал егер кей жерде мұның сәті түссе де, ол теңізге тамған тамшыдай ғана, және халқымызды даярлау, көтеру және азат ету үшін тіпті де жеткіліксіз тамшы; көп қаражат, көп адам күші қажет болады, ал нәтижесі тым жадау болып шығады.
Мұндай жоспарларды өзінше сызып, оларды шынайы жүзеге асырғысы келетіндер мұны, күмән жоқ, ондағы мақсат - біздің орыстық болмысымыздың бүкіл сұмдығын көрмеу үшін көз жұмып істейді. Олар жоспарын іске асырудың бастапқы сәтінде-ақ тап болатын сұмдық та ауыр түңілу атаулының бәрін күні ілгері айтып беруге болады, өйткені тым аз, ілуде бір сәтті оқиғалардан басқа, олардың көпшілігі сол басталған күйінен ілгерілемейді, ілгерілуге күші де жетпейді.
Алдынан басқа ештеңе көре алмаса, байқап көре берсін, бірақ сондай-ақ қорлық астында жүрген біздің бейшара халқымызды азат ету үшін, құтқару үшін мұның аз, мүлдем аз екенін де біліп қойсын.
Басқа жол жауынгерлік, бүлікшіл жол. Біз соған сенеміз және құтқарылуды тек сонан күтеміз.
Біздің халық көмекке аса мұқтаж. Оның әбден титықтаған жағдайы сондай, кез-келген деревняны күрт көтеру қиын емес. Бірақ, көтеріліс атаулы, ол қаншалық сәтсіз болса да, қашан да пайдалы, дегенмен, жеке бұлқыныстар жеткіліксіз. Барлық деревняларды кенет көтеру керек. Мұның мүмкін екенін бізге Стенька Разин мен Пугачев бастаған халықтың ғаламат қозғалыстары дәлелдейді. Бұл қозғалыстар бізге халқымыздың санасында шынында да ол жүзеге асыруға ұмтылатын мұрат бар екенін дәлелдейді, ал олардың сәтсіздігінен біз осы мұратта елеулі кемшіліктер бар, олар табысқа кедергі жасады және жасап та отыр деген тұжырымға келеміз.
Бұл кемшіліктерді біз атап көрсетіп, оларға қарсы тұрып, халықтың санасының өзінен ол кемшіліктерді аластау үшін барлық күш-жігерді пайдалану біздің революцияшыл жастарымыздың тікелей міндеті деген оз пікірімізді айттық, ал мұндай күрестің мүмкін екендігін дәлелдеу үшін ол халықтың өзінде әлдеқашан басталып кеткенін көрсеттік.
Патриархалдыққа қарсы күрес қазір әрбір дерлік деревня мен әрбір отбасында жүріп жатыр, және қазір қауымның халыққа жеккөрінішті мемлекеттік билік пен шенеуніктік озбырлықтың қаруына айналып кеткені сонша, соңғыларына қарсы бүлік сонымен бірге қауымдық және дүниауи деспотизмге қарсы бүлікке де айналуда.
Патшаны құдайдай құрметтеу әлі де бар; ол соңғы он немесе он екі жыл ішінде ақкөңіл император Александрдың даналық және халық сүйгіштік саясатының арқасында халықтың санасының өзінде әбден жалықтырып, әлсіреді деп ойлаймыз. Дворян-помещик-крепостник енді жоқ, ал ол халық өшпенділігінің барлық қаһарын негізінен өзіне үйірген жайтартқышқа айналған еді. Дворян немесе жер иеленуші көпес, ірі құлақ қалды, ал ең бастысы шенеунік - патшаның періштесі немесе архангелі қалды. Бірақ шенеунік патшаның ырқын орындайды. Біздің мұжық патшаға ессіз тарихи сенімнен қаншалық тоттанса да, мұны ақырында өзі де түсіне бастады. Қалай түсінбесін! Он жыл бойы ол Ресейдің барлық түкпірінен патшаға өздерінің жоқшы-депутаттарын жіберумен келеді, сонда патшаның аузынан жалғыз-ақ жауапты - "Сіздерге басқа бостандық болмайды" деген жауапты естіп келеді.
Жоқ, сіздің шаруаңыз, орыс мұжығы надан, бірақ ақымақ емес. Ол көзге ұрып тұратын соншалық фактылардан, өз басынан өткізген сынақтардан кейін, өзінің патшадан асқан жауы жоқ екенін ақыры түсіне бастамаса, таза ақымақ сонда болар еді. Мұны мүмкін болатын барлық тәсілдермен сезіндіру және халықтың күнделікті өмірінде ернеуінен асып төгіліп жатқан барлық аянышты да қайғылы оқиғаларды пайдаланып, оған шенеуніктердің, помещиктердің, поптардың, құлақтардың барлық қиянаттары, күн көрсетпейтін қарақшылық, тонаушылық тікелей патшадан шығып жатқанын, соған сүйенетінін, және тек соның арқасында мүмкін екенін көрсету, қысқасы, оған соншалықты жеккөрінішті мемлекет - патшаның өзі екенін, патшадан басқа ештеңе емес екенін дәлелдеп беру - революциялық насихаттың тікелей, ал қазір басты міндеті осы.
Бірақ бүл аз. Ресейде жаппай халық ереуілін тұсап, күні бүгінге дейін мүмкін етпей отырған басты кемшілік - қауымдардың тұйықтығы, шаруалардың жергілікті қауымдарының оқшауландырылып, бөлшектелуі. Қайткен күнде де осы тұйықтықты талқандап, осы жекелеген қауымдар арасында революцияшыл ақыл-ойдың, ерік-жігердің, іс-әрекеттің жанды тоғын өткізу керек. Барлық деревнялардың, болыстардың, мүмкіндігінше облыстардың таңдаулы шаруаларын, орыс шаруалар дүниесінің озық адамдарын, табиғи революционерлерін өзара байланыстыру және мүмкін болған жерлерде фабрика қызметкерлері мен шаруалар арасында нақ осындай жанды байланыс орнату керек. Бұл байланыс жеке байланыстардан өзгеше бола алмайды. Оны әрбір деревняның, әрбір болыстың, әрбір облыстың таңдаулы да озық шаруаларының барлық өзге деревнялардың, болыстардың, облыстардың осындай шаруаларын білуі үшін, әлбетте, асқан педанттықпен сақтықты сақтай отырып орнату керек.
Шаруалар арасынан шыққан осы озық адамдарды, олар арқылы бүкіл халықты демесек те, бері салғанда оның елеулі, мейлінше жігерлі бөлігін тұтас халық үшін, бүкіл Ресейдегі, сондай-ақ Ресейден тыс жерлердегі барлық деревнялар, болыстар және облыстар үшін жалпы ортақ қасірет, сондықтан да бір ғана ортақ іс орын алып отырғанына ең алдымен сендіру керек. Оларды халықта мызғымас күш бар екеніне, оған ештеңе де, ешкім де қарсы тұра алмайтынына сендіру керек; егер ол күш күні бүгінге дейін халықты азат ете алмаса, онда оның әлі күнге дейін бытыраңқылығында, ол бір жұдырық болып топтасып, бір уақытта, барлық жерде, жаппай, бір кісідей әрекет ете білмеуінде екеніне сендіру керек. Оны топтастыру үшін, селолардың, болыстардың, облыстардың бір ортақ жоспар бойынша, бүкілхалықтық бостандық дейтін бір ғана мақсатпен байланысып, ұйымдасуы қажет. Біздің халықтың бойында шын мәніндегі бірлік сезімі мен санасы қалыптасуы үшін халықтың баспаханалық, литографиялық, қолжазба немесе тіпті ауызша газетін шығару керек, ол бүгін бір жерде, ертең басқа жерде бұрқ ете қалатын кез-келген оқшау көтеріліс, шаруалар көтерілісі немесе фабрикалық көтеріліс туралы, сондай-ақ Батыс Еуропа пролетариаты жүргізіп жатқан ірі революциялық қозғалыстар туралы Ресейдің барлық жерінде, барлық түкпірінде, облыстарында, болыстары мен селоларында дереу хабарлай алар еді, сонда біздің шаруа мен фабрика қызметкері өзін жалғыз сезінбес еді, қайта керісінше, өзі сияқты езгіде жүрген, есесіне еркіндікке ұмтылған қажыр-қайрат пен ерік-жігерге толы қара жұмысшы бұқарасы әзірлеп жатқан жалпы бұлқынысқа бастайтын орасан зор, шексіз-шетсіз әлем тұрғанын білер еді.
Революциялық насихаттың міндеті, және турасын айтсақ, бірден-бір ісі осындай. Жастарымыздың бүл істі қалайша атқаруға тиіс екендігі хақында баспасөз арқылы айтып жату ыңғайсыз.
Бір ғана нәрсені айтайық: орыс халқы біздің сауатты жастарымызды онымен өз өмірінде, өз қасіретінде, өз ісінде, өзінің баз кешкен көтерілісі ұшырасқанда ғана өз жастарымыз деп мойындайды. Оның бұдан былай жер-жердің бәрінде және әркезде де халықтың ірілі-ұсақты барлық толқулары мен көтерілістерінің қайнаған ортасында куәгер ретінде емес, басын бәйгеге тіккен әрекетшіл де озық қатысушы ретінде жүретін болуы керек. Жастар қатаң ойластырылған және оңды жоспар бойынша қимылдай отырып, бұл ретте өз қарекетін аса қатаң тәртіпке байлауы керек, ондағы мақсат сол бірлікті сақтау, онсыз жеңіске жету мүмкін емес, жастардың өзі осыған тәрбиеленуі және халықты жанкештілік қарсылық көрсетуге ғана емес, сондай-ақ батыл шабуылға шығуға да тәрбиелеу керек.
Қорытындыда тағы бір сөз қосайық. Біздің ақылман пролетариатымыз деп атайтын, қазірдің өзінде әлеуметтік-революциялық, яғни жай ғана пұшайман да үмітсіз жағдайда отырған тап, масқаралықпен бостан-бос жоқ болғысы келмесе, енді әлеуметтік-революциялық істің саналы құлшынысына бөленуі керек, бүл тап бүгін таңда халық революциясын дайындаушы, яғни ұйымдастырушы болуға тиіс. Оның басқа жолы жоқ. Рас, ол алған білімінің арқасында халықты тонаушылардың, қанаушылардың және қыспаққа алушылардың мүлдем жыртылып-айырылған, тым қонақжай емес қатарларынан қандай да бір ірілі-ұсақты жылы орынға қол жеткізуге ұмтыла алар еді. Бірақ мұндай орындар барған сайын азая түсуде, сол себепті де оларға аздаған адамдар ғана қол жеткізе алады. Көпшілігі сатқын деген масқаралық таңбаны арқалап, қайыршылықта, пасықтықта, азғындықта өліп тынады. Біз тек сатқындық дегенді ойға алмайтын, ол мүмкін емес дейтіндерге сөз арнаймыз.
Қанаушылардың, тұншықтырушылардың және орыс халқының жауларының дүниесімен барлық байланыстарын үзіп, олар өздеріне тек халықты азат ету ісіне ғана тиесілі баға жетпес капитал ретінде, өзін тек халықтық насихатқа, бүкілхалықтық көтерілісті өршітуге және оны ұйымдастыруға жұмсалатын капитал ретінде қарауға тиіс.
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЕҢБЕК
Позитивистерге консерватистік көзқарас тұрғысынан, дау жоқ, дұрыс айтады: халықтың қара тобыры үшін дін қажет. Күні бүгінге дейін халықты басқару атаулының тұрақты да даусыз мақсаты халықтың өндіргіш күштерін пурсатты және азды-көпті пәруайым азшылықтың пайдасына қанау болып келгендіктен - мемлекет дегеніңіздің бүкіл мәнісі де нақ осында ғой, - барлық үкіметтердің қолында қараңғы тобырды осындай құрбандықтың қажеттігіне сендірудің құралы болуы қажет. Мұндай құрал тек екі түрлі бола алады: не діни сенім, не зорлық-зомбылық — не құдайдан қорқу, не таяқтан қорқу. Бірақ тек бір ғана озбырлықпен тіпті ең момақан, ең бойкүйез халықты бағындырып ұстап отыра алмайсың. Дүниеде өмір сүретін тіршілік иесі атаулы, оның салыстырмалы әлсіздігі қандай болса, өзінің тіршілігі үшін қажет жағдайдан жұрдай етпекші болған кезде, барынша жігерлі тойтарыс беруге қабілетті; ал халықтың материалдық күші оны қыспаққа алып, қанайтын азшылық күшінен қашан да елеулірек. Сондықтан халықты толық және ұзақ уақытқа жеңіп шығу үшін оның табиғи жігерін жасыту, оның бойындағы тойтарыс күшін әлсіретіп, аздыру қажет. - Бұл діннің шаруасы.
Екінші жағынан, халықты езгіде ұстау үшін жалғыз-ақ діннің ықпалы жеткіліксіз. Өмір мүддесінің, мұқтаждықтары мен қажеттілігінің қисыны өздігінен-ақ айқын да күшті екендігі сондай, егер оған тек ырық беріп, мәселелерді іс жүзінде қоюдан тұрақты озбырлықпен тежеп отырмаса, ол халықтың қиялы мен жүрегіндегі кумирлердің бәрінің тас - талқанын шығарар еді; мұның даусыз салдары қазір барлық жерде билеп-төстеп отырған азшылықтың жеңілдіктерін құртып тыну болар еді. Сонымен, тәртіптің сақталуы үшін екі билік: шіркеу және мемлекет билігі, екі қаһар: жер және аспан қаһары бірін-бірі толықтырып отыруы қажет. Міне сондықтан тарих тарих болғалы бері барлық мемлекеттерде таяқтап басқару мен діни басқару бірге туған және арасынан қыл өтпейтін бауырлар болып келген.
Революция жақтастары - біз барлық діни поптардың ғана емес, сондай-ақ ғылым поптарының да жауымыз, - бұл халық үшін қажет деп көкитіндердің баршасының жауымыз - бұл жиіркенішті де арам сөйлем, оның мәні мынаған саяды: "Халықтың қараңғылығы бізге, халықты қанаушылар мен қысым жасаушыларға қажет ".
Біз халықтық дін атаулыны талқандауды және оны халықтық біліммен алмастыруды қалаймыз. Иә, біз халыққа арналған парасатты, қатаң ғылыми білімді қалаймыз.
Біздің оны қалайтынымыз, мемлекеттің қандай да бір қамқоршылығынан халықтың біржола азат болуын қалайтындығымыздан; бірақ мұны революцияшыл доктринерлардың жаңа қамқоршылығына душар ету үшін қаламаймыз. Нағыз революция қамқоршылық атаулыны мүлдем талқандаудан, мемлекеттілік атаулыны түбірімен жоюдан тұрады. Біз халықтың кәмелеттілігін қалаймыз, ал кәмелетке жету үшін ғылым қажет.
Демек, дейді бізге, сіздер, бері салғанда халықты уақытша болса да, атап айтқанда, ол ғылыммен суарылғанша қамқоршылыққа алудың заңдылығы мен қажеттігін мойындайды. Ыздар ғой? Жоқ, олай емес. Біз бұл қажеттілікті мойындау бұлай тұрсын, қайта, халықтың сауаты қаншалықты төмен болса да және халықты қамқорлыққа алудың атаққұмарлық ісін қолға алғысы келетін халықты сүйетін жандар қаншалықты сауатты да шынайы адал болса да, бүл қамқорлық олардың өздерін сөзсіз азғындатып, халық үшін құлдықтың, қайыршыланудың, ақыли және инсанияттық тоқырауының даусыз қайнарына айналар еді. Өкімет атаулының логикасы сондай, ол бір мезгілде-ақ өзін қолында ұстағандарды да тыпыр еткізбей бүлдіріп, оған бағыныштыларды да тұншықтырып отырады.
Сонымен, біз, халық дамудың қандай сатысында тұрмасын, ол халықты қамқоршылыққа алу құқығын да, илидасын да ешқандай жағдайда мойындамаймыз.
Біздің мойындай алатындығымыздың бары, халық әлі соқыр сенімдерге бой алдырып, діни сенімдермен және үміттермен мастанып жүрген жерде, ғылымның парасатты үні дүниенің мән-жайын әлі түсіндіріп үлгермеген жерде және бостандық дегеніңіз ұзақ уақыт түске де кірмегендіктен нәтижесі мінез-құлықтың пісіп-жетілуі және өзінің.
Иә, бар мәселе, бүкіл әлеуметтік мәселе осында. Революцияның өзінің қажеттілігі де сонда жатыр.
Осы мәселенің қалайша оғаш қойылып отырғанын қараңыздаршы! Былай қарағанда шығар жері жоқ тұйық: халықты азат ету үшін, оны үйрету керек; ал оны үйрету үшін оның оқуына қарасы, ынта және уақыт беру керек, яғни оны қазіргі басып-жатып тұрған саяси және әлеуметтік езгіден азат ету керек. Не істеу керек, неден бастау керек, біз қай тұстан іске кірісуге тиіспіз?
Көптеген адамдар: бүкіл Ресей бойынша халықтық мектептер ашу керек, - дейді. Барлық титықтаған және титықтағандықтан немесе қорқыныштан әлсіреп біткен адамдар, әсіресе қазір, осылай дейді. Иә, халықтық мектептер, күмән жоқ - тамаша іс. Тек халықтың мектептерге баруына немесе оларға балаларын жіберуіне уақытты, ынта-ықыласты, мүмкіндікті кім береді? Ол аштан қатып өлмеу қамындағы жұмыстан бел жаза алмай жүр ғой. Және мектепті кім ашады? үкімет пе? дворяндар ма? бай адамдар ма? поптар ма? яғни халықтық мектептерді нақ соларға қарсы ұйымдастыру көзделіп отырғандар ма? Бұл жосықсыздық қой.
Және, оғаштығы сол, осынау жосықсыздық бізде, Ресейде белгілі дәрежеде жүзеге асырылуға шақ қалды. Дворяндар сословиесі арасында, Мәскеу Патшалығы құрылғаннан бастап, бүгінгі күнге дейін мемлекетпен бірге болып, халықтың нағыз қас жауы, тонаушысы, азаптаушысы болып келгендердің арасында халықты ағартудың және халықты азат етудің ісіне шын берілген адамдар табылды. Барлық Декабристер мен Петрашевшілдер соларға жататын; қазір алаңсыз патшалық құрып, жайбарақат күн кешіп жатқан император Сібірге тұтқынға жөнелтіп, жер аударған саяси қылмыстылардың басым көпшілігі соларға жатады. Нигилистер дейтіндердің, сондай-ақ Нигилист әйелдердің басым көпшілігі сол сословиеден шыққандар, сонымен қатар қазіргі кезде халықтың қамын жеп, - әлбетте, соттар мен земство жиналыстарындағы орасан көп дворяндық басымдыққа қарсы шыққан кейбір жекелеген тұлғалар осы сословиеден. Дворяндар, тұтас губерниялар өкілдері, 1862 жылы сословиелерді жоюды және бүкілхалықтық земство жиналысын шақыруды талап етті. Ақыр соңында, шаруалар қатарына жазылуды қалаған дворяндар да болды. Дворяндық қадір - қасиетті, дворяндық парызды және дворяндық мүддені олардан жақсы түсінетін үкімет, әлбетте, мұның бірде-біреуіне келіспеді.
Осынау оғаш құбылыс, айтпақшы, әбден табиғи түсіндіріледі. Дворяндардың бізде батыстық оқу-ағартудың нұр сәулесі шарпыған түңғыш және талай ондаған жылдар бойы бірден-бір сословие болып келгені белгілі; ал оқу-ағартудың жемісті күш-құдіретке ие екендігі соншалық, ол пасықтыққа толы саяси және экономикалық жағдайлардың (күні бүгінге дейін біздің дворяндарымызды малайлық пен тағылыққа душар ететін) бәріне қарамастан, тіпті дворяндық ортаның өзінде, әсіресе дворян жастары арасында, құлдықты жек көретін, әділетті сүйетін және халыққа мейілінше адами қарым-қатынастар тұрғысынан қарауды талап ететін жандарды топтастырып үлгерді, олардың білімге ие болуының өзі сол халықтың маңдай тері мен қан жұтқан азабына негізделді емес пе? Олардың арасындағы бірен-сарандары әлбетте өздері әділетті деп мойындайтын жәйтті шын мәнісінде жүзеге асыруда және халықты азат етуде қалайтын бірінші шарт қазіргідей күйге түсірген экономикалық жағдайларды түп тамырымен жою болуға тиіс деп түсінді, осы жағдайлардың арқасында олар - пұрсатты сословие - білім алу мүмкіндігіне ие болды, ал өзінің жерін немесе одан тартып алынған жерді өңдеуші халық қараңғылықтан көз ашпады. Соған қарамастан, олардың ұмтылыстары, құқыққа және халықтың мүдделеріне негізделмегендіктен, әлсіз де жеміссіз болғанымен шынайы да ізгі еді. Бірақ пұрсатты, мұрагерлік меншікке, яғни халық еңбегін қанауға негізделген өркеният Ресейде, Еуропада, барлық жерде бүгінде, қашандағысындай ішкі қайшылықтарға толы, бұл қайшылықтар ерте ме, кеш пе өзімшіл немесе сословиелік күштердің белең алуы жағдайында шындыққа, әділеттілікке және ортақ игілікке деген бастапқы риясыз-балаң ұмтылысты таптап тастауға тиіс.
Шынында да, соңғы кездері сословиелік мүдделердің қисыны біздің үкіметтен тыс мән-мағынадан да, күштен де жұрдай сословиелердің санасында, саяси бағытының өзінде де айқынырақ біліне бастады. Ақырында жаңа реформалардан жұтап қалған және ескі дағдымен қазыналық-қызметтік ұрлық жасаумен өздерінің поместьелерін қолдау мүмкіндігін сақтап қалған дворяндардың бір бөлігі өз пайдасынан айрылмау үшін және өзін сословие ретінде құтқарып қалу үшін халыққа қарсы тұруда үкіметті, мемлекетті, патшаны жаппай қолдау керек екенін түсіне бастады. Оның үстіне бізде қазір революциялық мәселенің өзі де айқынырақ та түсініктірек қойылып отыр, және, біздің сенімімізше, оғаш, түсініктер мен ұмтылыстардың төтенше зиянды кірігуінің шырмауынан барған сайын құтылып шығуда, мұның өзі күні кешеге дейін революцияшыл түйсік атаулыдан жат адамдардың өздерін шынында да революционерлер деп білуіне мүмкіндік беріп отыр. Олар өздерін де, басқаларды да алдап, істі әбден бүлдірген-ді. Ресейде де, тұтас Еуропада да әлеуметтік революциядан басқа революцияның болуы мүмкін емес екендігі айқын болған кезден бері әлеуметтік революция орта жолда тоқтап қала алмайтынын біле отырып, мұраға алған немесе сәті түсіп ташан байлықтарын сақтап, балаларына беруді көздеген бай адамдардың көпшілігі өздеріне революциялық саптан орын табылмайтынын, олардың жеке мүдделері үкіметпен, мемлекетпен тығыз одақты талап ететінін түсінді. Соның салдарынан біздің қатарымыздағы дәулетті дворяндар мен дворян еместер саны айтарлықтай азая түсті, олардың орнын халық ісін сүюге, түсінуге және оның өкілі болуға мейлінше қабілетті адамдар басты; бұлар: түгі қалмай жұтаған дворяндардың балалары, разночинецтер, семинаристер, мещандар және шаруалардың балалары. Біздің халықтық, мемлекетке қарсы фаланга - революцияшыл ой мен халықтың арасындағы делдал қазір негізінен және түгел дерлік.
Қазіргі патшалықтың бастапқы кезінде бүл сан алуандық болмағанды немесе онша сезілмейтін. Барлық сословиелердің білімді жастары қозғалыс партияларына келіп құйылып жатқандай болды; игілікті Қырым ойранының салдарынан, император Николай патшалығының ұятын лайықты ашып берген, мемлекет үшін масқаралық соғыстан соң (1853—1856 жылдардағы Қырым соғысы айтылып отыр - Баспа) бүкіл Ресей дүр сілкініп, қайта туғандай болды, халықты азат ету туралы ой жалпыға ортақ ойға айналды; осы мақсатқа қол жеткізудің сенімді құралы ғылым екеніне ешкім де күмәнданбағандықтан, түрлі сословиелердің көптеген жастары халықтық, жексенбілік және жексенбілік емес мектептерді құруға жаппай кірісті. Қысқа мерзімнің өзінде-ақ Ресейде бой көтерген мұндай мектептердің саны айтарлықтай болды, бәрі де тамаша жүріп берді: сәулелі үміт оты оятқан халық ақылмен, ынтамен оқи бастады. Осындай оқумен бір он жылды артқа тастағанда, ол тым шығандап кететін еді... Бірақ кемеңгер үкімет кенет бәрін тоқтатты.
Иә, бұл арада үкімет, даусыз кемеңгерлік көрсетті. Ол халықты ағарту өзі үшін, мемлекеттік билік үшін, тұтас империя үшін тажал екенін түсінді. Петр ұрпағының сөзсіз аса ақылды өкілі II Екатеринаның халықты ағарту қажеттігі туралы айтқан әдеттегі сөздеріне сеніп қалған губернаторлардың бірі оған халық үшін мектеп ашу туралы жобасын ұсынғанда, оған жолдаған хатында Екатерина: "Ақымақ! Бұл сөздердің бәрі батыс мылжыңдарын алдауға жарамды; біздің халық тезірек сауат ашатын болса, онда сен де, мен де өз орындарымызда қала алмайтынымызды сен білуге тиіс едің ғой", - деп жазған. Шынында да, ғылым шапағы арқасында өзінің күшін, өзінің шын пайдасын түсінген халық іргесі қаланғаннан бері бүкіл өмірі мен гүлденуі халықтың қайыршылануы мен құлдығына негізделіп келген және тиісінше солай болып қала беретін империяны бағып-күту үшін жыл сайын бірнеше жүздеген миллион сом төлеуді, өз қанын беруді қаламас еді.
Біздің халыққа оның ғасырлар бойғы талабы сәтті табылған екі-ақ сөзбен жеткізілген-ді, ең әуелі Жер мен Ерік қажет. Ал әсіресе біздің империяның және жалпы әскери-бюрократтық мемлекет атаулының құрылысы сондай, олар тіпті қалаған күнде де халыққа оның қай-қайсысын да мүлдем бере алмайды. Біздің халық осыны түсінген күні империяның аяғы аспаннан келеді, демек оның тіршілігінің бәрі халықтың қараңғылығына негізделген. Осыдан кейін үкімет әйтеуір бір кездері халық арасында ағарту ісін шындап таратпақ екен деп қалайша үміттенбекпіз? Ол, өз көзқарасы тұрғысынан, халыққа арналған ұтымды мектептер құруға барлық мүмкін болатын шаралармен қарсылық көрсеткенде, оныкі жөн емес пе?
Халықтық ғылымның барлық шынайы жоқшыларын оның хайуандықпен, аяусыздықпен жаншып тастайтындығына күмән жоқ. Бірақ біз оның қатыгездігіне таңданбаймыз да, тіпті онысын кінәламаймыз да. Ол оз шаруасын істейді. Өзін сақтап қалу үшін халықты тұншықтыру - кез келген мемлекеттің ісі; дәл сол секілді, халықты құтқару үшін мемлекетті талқандау - революция адамдарының ісі.
"Күш тең емес шайқаста кім төтеп береді?". Қазіргі күш, сөз жоқ, мемлекет жағында. Есесіне болашақтың күші, үмітіміз бар, қашық емес болашақтың күші - халық жағында.
Қайта, керісінше, халыққа арнап озық адамдар іргесін қалаған жексенбілік және басқа мектептерді үкіметтің жаппауына болатын еді; жұмысшы артельдерінің құрылып, өркендеуіне төзімділік таныта алар еді; еркін сынға төтеп бере алар еді және цензурасыз баспасөзден тіпті өзіне пайда да таба алар еді; мемлекеттік ақыл-ой мен пайданың ең таңдаулы өкілі біздің патриот Михаил Николаевич Муравьев — дарға асушыны көмекке шақырмауына болатын еді. Жалған азат етілуді әп дегеннен аңғара алмаған шаруаларды дүреге жығып, атын тастамауына болатын еді; поляктардың қанына шомылмауына және өздерін халықты ағарту мен халықты азат ету ісіне арнаған жүздеген жас жігіттерімізді каторгаға жер аударып, тұтқында ұстап, көзін жоймауына да болатын еді, қысқасы, империя мүддесін өзіне құл ретінде жұмыс істейтін және онда абақтыдағыдай қамалған орыстар мен орыс емес халықтардың мүддесімен татуластыра алатын деуге бел байлайтындарға қайран қаламыз. Мойындаймыз, үкіметтің жамандық жасамау, қайта жақсылық жасау, тек жамандық жағына емес, жақсылық жағына да ғажайыптар жасау қабілетіне мұндай сенім бізге әркез таңғаларлықтай аңқаулық боп көрінетін.
Біздің бүл аңқаулыққа қатысымыз жоқ; үкіметтен немесе тіпті, дұрысы үкімет соның мүддесін көздейтін мемлекеттен жамандық атаулыны күтеміз; және ол бұдан былай да қаншалықты жиіркенішті нәрселер жасаса да, біз оған таңданбайтынымыз былай тұрсын, оның оңбағандық қимылдарын оның мән-мағынасының табиғи және қажетті көрінісі деп елестететінімізге күні бұрын уәде береміз. Қайта, ол халыққа шын пайда беретін иненің жасуындай нәрсе жасай алса, таң қаламыз және қуана қоймаймыз; өйткені ол кездейсоқ жасаған жақсылықтың осынау тамшысы оған деген жаңа және сөзсіз ақымақтық сенімді қоздыру арқылы көптеген жамандық жасай алар еді.
Осы мақаланы практикалық қорытындымен аяқтауға асығып отырмыз. Үкіметтің халыққа арналған жеткілікті де парасатты мектептер ашуға барлық күш-қайратымен қарсы болатыны шүбәсіз, дейміз біз. Бұл бізді тоқтатуға тиіс пе? Еш тоқтата алмайды. Мектептерді, әрі кеткенде тіпті үкіметтік мектептерді мүмкін болған жердің бәрінде ашуға қол ұшын беріп, көмектесеміз. Бірақ өзімізді алдамай, өзімізге былай дейміз: қаржымыздың тапшылығына және үкіметтік қарсылықтың асу бермес бөгетіне байланысты біз мектеп жолымен ешқашан да оң нәтижелерге жете алмаймыз.
Ғылымның көмегімен халықты азат ету жолы біз үшін де жабық; сондықтан біз үшін бір-ақ жол қалып отыр, ол - революция жолы. Алдымен халқымыз азат болсын, ол азат болған кезде бәрін де үйренгісі келеді және үйрене алады. Біздің ісіміз насихат жолымен бүкілхалықтық көтерілісті әзірлеу. Насихатты не үшін және қалай жүргізу хақында басқа бір ретте әңгімелерміз. Қазір біздің халықтық дінге көзқарасымыз туралы бірер сөз айтамыз.
Біз әрбір адамның бостандығын сөзсіз құрметтейміз, тек ол қысым көрсету бостандығы және қанаушы мен қысым жасаушының жиіркенішті озбырлығы болмасын. Сондықтан біз дін атаулының бостандығын құрметтейміз; құрметтейтініміз, егер ол ақымақтық болса (ақымақтықты құрметтеу мүмкін емес), діннің өзі емес, тек әрбір адамның, егер ол өзіне жұбаныш пен қанағат табатын болса, кез-келген ақымақтыққа сену құқығын құрметтейміз. Мұның өзі бізге жосықсыз, жалған болып көрінетін нәрселердің бәріне, миллиондаған адамдар оларға сенетіндігіне қарамастан, қарсы сөйлеп, жазып, қасқайып тұрып насихат жүргізуімізге кедергі болмауға тиіс. Бұл біздің міндетіміз, біздің құқығымыз. Міндетіміз болатыны өтірік атаулы, ақымақтық атаулы оларды жақсылық, ақиқат деп қабылдайтын қоғамға тажалды ықпал етеді. Құқығымыз болатыны, адам атаулының қоғамға тәуелді болатындығы салдарынан қоғамға нұқсан - бізге нұқсан; оның тажалы - біздің тажалымыз. Сонымен, халықтық дінге қарсы табанды насихат жүргізу біздің құқығымыз, біздің міндетіміз екендігіне күмән келтіріле алмайды. Оның шын мәнінде көздеген мақсатына жетуі үшін оны қалай жүргізу керек? - бұл басқа мәселе.
Барша достарымызға берер кеңесіміз: халық сеніміне асқан сақтықпен қараңыздар. Оны қолпаштамаңыздар, оның алдында қылымсымаңыздар, бірақ оны қорламаңыздар. Әйтпесе халық өзінің ісіне сіздің риясыз адалдығыңызга көз жеткізіп үлгерте, оны өзіңізден түңілтіп аласыз, сөйтіп, сізді халықтан ажыратар орды тереңдете түсу үшін бар күш-жігерін онсыз да пайдаланатын үкіметтің сойылын соғып кетесіз. Халықтың соқыр сеніміне қарсы кез келген жағдайда, халық сенімін жоғалтып алу қаупі жоқ жерде бұл күресті жүргізу мүмкін болған жағдайдың бәрінде күресіңіздер. Бірақ дінге қарсы насихат оны сізге қарсы қоятын жерде, сіз одан үзілді-кесілді бас тартуға тиістісіз. Бұл сақтық халық арасындағы дінге қарсы насихат табысының өзі үшін қажет.
Оқу-ағарту жолымен бостандыққа жету мүмкіндігіміз жоқ екеніне және халықтық ғылымға революция жолымен қол жеткізуге тиіс екендігімізге бір рет көз жеткізген соң, біз бүкіл насихатымызды негізінен патшаға қарсы бағыттауға тиіспіз, сан ғасырлар бойы тажалды құлдыққа душар етіп келген патшаға халық жүрегіндегі соқыр сенімнің қалдығын түп тамырымен жоюға тиіспіз, халықтың тарихи өшпенділігінің негізгі қос тармағы помещиктер мен шенеуніктердің ешқашан да өз күші болмағанына, бірақ әрқашан тек патшаның еркі мен күшіне иек артып келгеніне және әлі де солай істеп келе жатқанына халықтың көзін түпкілікті жеткізуге тиіспіз. Біз, ақыр аяғында, халық бойындағы Пугачев заманынан кейін қайтадан ұйықтап кеткен өз күшіне сенімді оятуға тиіспіз; бұған дейін бөлшектеніп келген барлық жергілікті күштерді бір тас түйін етіп бүкіл халықтық іске жұмылдырғанда ғана ол өзін қыспаққа алып келгендер мен дұшпандары атаулының үстінен салтанат құра алатынына ақылын жеткізуге тиіспіз.
Бүл міндетті орындаймыз, тек адал болайық, жатпай-тұрмай революцияны әзірлеп, оның кіндік шешесі бола білейік. Қалғанының бәрін революцияның өзі тындырады.
Ал соған дейін сол бір сөзсіз, айтпақшы, біз жоғарыда еске алып кеткен даусыз факт бізді құптаушы қызметін атқара берсін, ол факт - біздің халқымыздың діні, әйтсе де көбіне дөрекі пошымға ие болып, бүкіл христиандық секілді, өзінің оғаштығымен ғана емес, азғындығымен де мерт ететін догматтарға толы болса да, - бұл дін біздің халқымыздың терісін танып зақымдаған дерт, ол дененің он бойына жайылып үлгермеген.
Халықтық діни сенім тек жалғыз қараңғылықтан емес, ол ең алдымен меншікті жегідей жеген, мемлекет басып-жаншыған халық өмірінің аш құрсақ та жасанды қыспағынан тамыр алады; ол жанды да тіршілікке талпынған халық жүрегінің жексұрын болмысқа қарсы наразылығы іспетті. Жағдайдың өзі түбегейлі өзгергенге дейін халықты діни есалаңдықтан немесе маскүнемдіктен азат етуді күтудің өзі бекершілік болар еді. Тек ақыли насихат жолымен сіз оны ешқашан да сауықтыра алмайсыз. Оны дін атаулыдан тек ӘЛЕУМЕТТІК РЕВОЛЮЦИЯ ғана түпкілікті азат етеді.
"М. Бакунин. Философия. Социология. Политика. М., 1989 " басылымынан қазақшалаған Тілек ДӘУЛЕТОВ.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру