Үміт жырлары
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Ерлан Жүніс
Ерлан ЖҮНІС ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Өлеңдер Алматы
УДК 821. 512. 122 ББК 84 (5 Қаз) - 44 Ж-88 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді ЖҮНІС Е. ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ. өлеңдер/ Е.Жүніс. – Алматы, «Хантәңірі», 2014. – 324 бет. ISBN 978-601-03-0296-9 Екі мыңыншы жылдан кейін әдебиетке келген жас ақынның бұл жинағына 2003-2013 жылдар аралығында жазған жырлары енгізілді. «Жұтылған жаңғырық» атты бірінші бөлімде ақын әлемнен өзін көруге ұмтылса, «Сағынышы басылмаған жүрек – жабайы...» атты бөлімінде өз жүрегінен жаңа әлемді көрсетуге тырысады. Ақынның философиялық лирикасы оқырманды да бей-жай қалдырмайды деген ойдамыз. УДК 821. 512. 122 ББК 84(5 Қаз) - 44 ISBN 978-601-03-0296-9 © «Хантәңірі», 2014 Ж-88
Жұтылған жаңғырық...
Ерлан ЖҮНІС КЕЙДЕ ОЙЛАЙМЫН... Кейде ойлаймын, Шынымен мен өмірде бар шығармын, Жапырақ, Топырақ па, тамшылардың, Бәлкім, бірі шығармын, жо-жоқ, әлде, Жай ғана кітаптағы жан шығармын. Жабыққан, жан шығармын, жаңылысқан, Үміттен, армандардан, сағыныштан, Тұратын өне бойы өмірқұмар, Мұратын әр ғасырға алып ұшқан. Құдай-ау, бір шексіздік ой дегенің, Жүргенім, қарағаным, сөйлегенім, Шынға ұқсап кетеді, сеніп қалып, Ғашық болғым келеді кейде менің. Жоқ, әлде құс па екенмін, гүл ме екенмін, Өзіме бір таныспын, бір бөтенмін. Арудың түсіндегі бейне ме екем, Жарымның ішіндегі мұң ба екенмін. Мен осы бар шығармын бұл өмірде, Сонау бір түкпірінде, түнегінде,
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Арудың мөлт еттім бе жанарында, Жарымның лүп еттім бе жүрегінде? Қоғамның бар шығармын есебінде, Кезегінде... не жыл, неше күнге... Өмір сүргім келеді кейде менің, Шынымен бар шығармын осы өмірде?!. Мұңлықтар, әулиелердің, жолшылардың, Арманын аппақ-аппақ аршып алғым, Келеді, ей, адамдар, айтшы маған, Мен осы бұл өмірде бар шығармын?! Білмеймін, қайдан келгем, қайда болғам, Салдым ба күнге сарай, айға қорған?! ...Мүмкін, ақын шығармын, кім біледі, Дүние күрсінгенде пайда болған!?.
Ерлан ЖҮНІС БОЗ ...Бір жарық мекен байқала ма алдан? Болмаса, тоқта, мен түсем! Духаналар мен мейханалардан Мұңымды ішем, Дерт ішем! Алдымнан менің жарқылдап, күліп, Ақжайнақ қалқа қарсы алар! Маэстро-дос Саңқылдап тұрып: «Шайыр келді!» деп жар салар! Шайыр келді деп, шарабын құяр, Қыздың ерніндей шарабын. Даяшы қыздың жанарында ұяң, Жалт ете қалар жанарым... Жалт етер сәуле «өкінбе!» деген, Үнсіздік – әулие, сөз батар... Маэстро-дос «Жетімдер» менен «Өкіл әкені» боздатар!.. Қоздатар бәрін, боздайды дүние, Бозүміт, бозой, бозарман, Дәл мендей өлең жазбайды дүние, Мен дүниедей жаза алман! Жаза алғам, жазғам, жазықты болғам,
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Майына көздің жиі аққан... Әлемнің мынау нәзіктігі – ардан, Мықтылығы да – ұяттан! Ей, сұлу қыздар,оқыңдар өлең, Іштегі аңсар текке өлер... Қорықса егер ақындар неден, Арулар соған тап келер!.. Жетті енді, өшір! Жарықты да өшір! Жүдедім, Жаздым, Қамықтым, Сағынғам, Сүйгем, Жалықтым, кешір, Бәрінен, досым, жалықтым! Жүректің қанын қотарып іштім, Көтеріп іштім көз жасын, «Ең ұлы ақын» атанып іштім, Сенбегенменен өз басым! Ішпеймін енді! Мейханалардан, Алып кет алыс жолдарға! ...Бір жарық мекен байқала ма алдан, Бір жарық жүрек бар ма алда?!
Ерлан ЖҮНІС «ГҮЛӘНДА» КІТАП ДҮКЕНІНДЕ Алматы. Қыркүйек. Кеш. Кітап дүкені. «Қожайын, сағатқа қарама!» Түсінем, оны үйі күтеді... Ал менің шыққым жоқ далаға. Қалада көңілдің боп жатыр қай тойы, Гүлдердің иісі жоқ қалалық!... Ол жақта даурыққан білгіштер айқайы, Бұл жерде момақан даналық. Тәккаппар даналық Кітаптың ішінде Жалыққан өзінен. Мен де ертең дәл осы кітаби пішінде Осында келемін... Сезінем. Қожайын, Бәрібір келем ғой, Түсін сен, О, сонда қыздарға қымбатқа сатасың. Бүгінгі жақсылығың үшін Сен Аласың апамның батасын! Кітаптар сөресі – сұлудың беліндей Майысқақ, Ауыр ғой шалдардың салмағы...
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Қолдарым – ибалы келіндей Ұсынған кесені батырмай бармағын, Мөп-мөлдір аңсар мен ынтаны ұсына Сипаймын кітапты: әр сөздің демі мен сезінем лүпілін, жүректің ұшына шымырлап тұнуын дәуірдің еріген. Балқиды дәуірлер ойларда ып-ыстық Ішінде жалғыздың тұрған топ шетінде! Даналық – Үнсіздік, тыныштық, Шыңғырар тек кітап бетінде! Мұнда да шалдар көп пыстырған жатып іш Менімен ойнайды: «Осынша ақымақ, осынша нақұрыс – Бұл бала біздерге қосылмай қоймайды!» О,сосын қарайды кемсеңмен ұғардай тәккаппар ойлардан. Ешкімді үңгірден суырып шыға алмай өздері үңгірге айналған, Шалдар-ай, сүйемін сендерді Сезіммен ешкімді сүймеген. Сендерден үйренсе-ау өлмеуді, өлуді өзім-ақ үйренем! Құрдастар көп емес, - Көкем ой, шеше мұң, Бәрінде тәңірдің демі бар! Менде әлі тірі жүр Мағжан мен Есенин,
Ерлан ЖҮНІС Мені әлі білмейді Борхес пен Элюар! Ал, Һафез – Нағашым жырындай, Тонауға дайынмын қарамай. Моуләви – Құпиялы сұлудай, Дымыңды құртады қарадай. Асаулар, бұлғақтар кешегі момақан кітапқа қалайша сыйып тұр? Еседі самал жыр, аңыздар көшеді – өшеді – өшкені – өмірден биік тұр! Алматы. Қыркүйек. Кеш. Кітап дүкені. Сыртынан жабамын есігін. Есіктің сыртында жалғыздық күтеді, Мен оның жалғыз досымын!..
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ КӨЗ ЖАСЫ Кінәмшіл сезімдер кешірткен кезімнің Бұлты ауып барады басымнан. Мен биік тұруды үйрендім, Өзімнің Бір тамшы жасымнан. Бала-аңсар сағымы ойнаған даланың төсінде, Кезінде көктемгі жаңбырдың, Алғашқы көз жасым тамғаны есімде – Бір тамшы уыты тағдырдың. О, сонда сезсемші, Өтемін Қаншалық азапты боларын төлеудің: Әлемнің өзгеріп кетерін, Өзгеріп кетерін өлеңнің! Бұл дүние тым басқа болатын, Жас ыршып түскенше жанардан, Сол бір жас – қара түн, Ақ нұрдан жаралған, Тырс етті... Қара жер дір етті!.. Топырақ болмысы өзгерді: Өзгертті ол гүлдерді, құстарды, жүректі... Сөз де енді Білсемші келмесін қалпына бұрынғы, Ауытқып кетерін ғасырдан!
Ерлан ЖҮНІС ...Үйрендім мен солай биікте тұруды Көзімнің бір тамшы жасынан. Содан соң... Таулар да жылаған, Дала да жылаған, Ешкім де болмады себебін сұраған, Себебін білмеді бір адам. Олар да өзгерген, Өзгерген өлеңмен... ...Бір тамшы жас тамып кетпеуін көздерден, Күзетіп келем мен, О, сол бір тұманды жылдардан! Кешсем де басқа мұң, Мен енді жоқтаман жылдарды ұрланған, Мені енді жылата көрмеші, Аспаным!..
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ҚАЗАҚТАН КЕШІРІМ СҰРАУ
Ояндым шошып қап-қара түннің даусынан, Күңіренген дала, Күрсінген, бәлкім, тау шығар?.. Кешірші мені, Қарашы қара басқанын, Жаралы жерім, қаралы аспаным, Сен жаурап қалыпсың ғой, Аулақ қалыпсың ғой, Әр жұлдыздың түбіне тығылып, Қырық құбылып. Не періштегі айтпаппын, Не жеңіспен қайтпаппын, Тым болмаса Тілімнің астына салып та алмаппын, Тым болмаса Омырауыма тағып та алмаппын, Жастығымды жас сұлуларға арнап ем, Үйренбеген соң әнді де айтып хорменен, Жалғыз қаңғып ем, Оралмастай мәңгі мен. Шашылған, шашылған қауырсындарың-ай, Жаныммен ауырсынғаным-ай, Өзімнен қорынып, Қасиетті суларға шомылып Келмекші ем... Кешірші мені!
Ерлан ЖҮНІС ...Бұл ғасыр нешінші еді? Кімнің кезегі еді? Ненің кезеңі еді? Ұйықтап қалғанымды қарашы, Жылатып алғанымды қарашы, Таулар ояу ма, жолдар сергек пе? Не болып жатыр жер-көкте?! Кешірші мені, Бәрін де реттеймін, Енді кетпеймін, енді кетпеймін! Кешірші, ертеңің үшін мені, Қазір, қазір, Күнді тұтатамын, Айды босатамын, Жерді жұбатамын, Абайды оятамын!.. Ішімдегі...
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ АҚЫН-ПОЙЫЗ Алматы Астанаға жақынырақ, Арасы – мың екі жүз шақырым-ақ. Пойыз-дос тамбурында тенселтеді, Себебі ол менен гөрі ақынырақ! Арқалап барам – дейді ол – армандарды, О, мейлі арманынан алданғанды, Қапыда көз жазысып қалғандарды, Қайыра, қайта орала алғандарды. Ал мен ше, мен өзімді бос алдаймын, Өлеңді өзімменен қоса алдаймын. Миллионды миллиондарға қосу түгіл, Төртке екі оған бірді қоса алмаймын!.. Бойында мың шақырым кіл баған-ай, Бұл достың ақындығын бұлдағаны, Түн ұзақ тым болмаса купедегі Сұлудың ұйқысынан тұрмағаны! Бойында мың шақырым ай ілесер, Ай болып азаптаушы ой ілесер, ...Мұң шалған арманды елде ақын өсер, Жусаннан қалған жерге шайыр өсер. Бойында мың шақырым күн ілесер, Соңымнан күн боп туған кім ілесер?!
Ерлан ЖҮНІС ...Сағымдай көз алдымда көлбеу тартып, Қалалар бірінен соң бірі көшер. Астана Алматыға жақын екен, Жақындық жалғыздықта жатыр екен. Бұл жолдар менен гөрі данышпан ғой, Бұл пойыз менен гөрі ақын екен!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ КЕЗЕГІМ Мен үшін азапты бұл түнді өткеру, Жан тағы жаурағыш келеді күзде тым... Шошыну, Сағыну, Жек көру... О, нені үйретті бізге түн?! О, нені үйретер ол тағы, Қара түн – күнәсі әлемнің!... Сұрайды, Жылайды, Қорқады... Мен оған не дермін?! Сұлулық – сұлбасы күнәнің, Қорқыныш – оң жақта отырған кәрі қыз... Қорықтым, Сұрадым, Жыладым... Жылауды үйретті сары күз! Ой сары, Жан сары, Мұң сары, Секпілді сары қыз-дүние, күлме сен! Жырлауды білмесем бір сәрі, Бір сәрі жылауды білмесең! Дірдегі бойды алып күнәлі әлемнің, Қалшылдап отырам. Кіжінем, Күлермін,
Ерлан ЖҮНІС Көнермін, Жалғыздық атынан! Ғасырдың қылмысы – жүрегім, Өлеңім – ең ессіз қылығы ғасырдың! Түсінем, Сезінем, Білемін, Сағындым, Жек көрдім, Шошындым! Киелі түндердің дұғасы Таңдарда айналар қанатты сәлемге! Менде еді – әлемнің күнәсі, Ал менің бар күнәм – әлемде! Сүйемін сені, әлем, дертіңмен, Қайда бар – мен қарсы жолығам!.. ...Мен едім сол түні Абылды өлтірген, Тағы мен мерт болған Қабылдың қолынан..! Бір ұлы ақиқат барлығын сеземін, Ақиқат – әлі ешкім білмеген, сезбеген!.. Бұл ғасыр – бұл менің кезегім, Күнәні бөлісе алмаймын өзгемен! Бұл түні һәм байыз таппаспын сірә да, Ұмтылған көбелек секілді жарыққа. ...қорықпа, сұрама, жылама, сұрама, жылама, қорықпа!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ҚАРА ШАҢЫРАҚ Қайда әке шаңырағы? Мен онда өспегем – Баяғы, аяулы ескі өлең!.. Мұң билеп жүреді естелік сазына, Ой ағып жатқанда кешпенен. Әкем, мен, оғлан кекілді – Үшеуміз, о, кімге шығардық ең қатал өкімді?! Қатыгез жылдарды жұтарда үнсіз біз Бермуд үштағаны секілді..! Іңірге батарда адасқан ойларым, Әкесіз өскеннің әттегенайларын, Түн, саған тапсырдым, Жел, саған байладым! Өзімді іздеймін өзгеден, Тірі жүргенімді сезбеген..! Түн қарап тұрады қабағы мыжылып Қазақы көзбенен... Қазақы көзқарас: Оқ жона алмадым! Мендегі азаптың салмағын Ішімде тұншықты Көтере алмаған талай жас арманым!..
Ерлан ЖҮНІС Сен мені жазғырма, қара түн, Бір қақса, қағады кәрі анам, жанымның жаралы қанатын..! ...Түсімде жүремін жоғалған соқпақта адасып әкемнің үйіне баратын! Әкемнің үйінен шығатын, Кәрі жол, қайтейін мен сені, ұмытқан мұратын. Сол үйде – той жасап жатыр ма ұлына бөтен ел – Кезінде жалғыз шал тұратын? Мен бала кезімнен, Жол, сенен біреуді күтумен көз ілгем... Платон секілді жалғыз шал, өз Атлантидаңды әкеттің өзіңмен! Беу, қара шаңырақ, Өзіңді іздетті тағы сам жамырап. Тебеген тағдырлы емеген арман-ай, Бауырымды езбеші маңырап! Жол, енді шақырма, Мұң қоспа мұңыма, Түн, сен де қарама сұғына! ...Тарихи күрсініп қояды кәрі анам: «Сен – қара шаңырақ! – Аманат ұлыңа!» Ұлыма қараймын сезіммен аталы, Періштем шалықтап жатады. ...Аманат – шаңырақ, шаңырақ – аманат! Әр қара шаңырақ – қазақтың отаны!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ОТАН Мен – тарихтың шындығымын ақталған! ...Жас өмірмен қол ұстасып бақтарда Кетіп барам, Сергек көңіл-күйменен, Туды мұражайлардан, Заңды мұрағаттардан Іздемеймін, Ол – адамдар өмірі: Үміті мен Сенімі. Еркіндікті біз құстардан үйрендік, Немесе ол – жас өмірдің көңілі. Құс биігі – биіктік ол тудағы, Сол қыранға еліктедік туғалы! Қазақстан – мыңжылдықтар аңызы, Ұлы халық туралы! Өткен тарих ұмтылмас, Ей, келер күн, көркем ойға құлпыңды аш: Ұлы дала қанша ұлы ақын туса да, Әнұранды қайта жазар күн тумас! Табиғатым – жаңа өмірдің болмысы, Оны ұстайтын жалғыз-ақ күш – Ар күші! Дала туған алғашқы ақын мен емес, Һәм мен емес соңғысы! Көңіл – қыран, ойым – барыс таудағы, Жүрек болса, жүрек – бөрі таңбалы. Біз кешегі өткендерден аз білдік, Көп білеміз келетіннен алдағы.
Ерлан ЖҮНІС Мен – даланың үмітімін ақталған! Жас өмірмен қол ұстасып бақтарда, Кетіп барам, Сергек көңіл-күйменен, Дінді мұражайлардан, Тілді мұрағаттардан Іздемеймін, Жүрек оның мекені, Бесіктегі ұл жүрегі, ұлдың торсық шекелі. Сол қазақтың қарау үшін көзіне, Қазақ болып туу аздық етеді. Оның көзі – отан, сенің жанарың – Жанарыңнан жанға қуат аламын! Жас кеудемді ғарышқа ашып барамын, Жас өмірмен қол ұстасып барамын!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ МЕНІҢ АТЫМ – ТӘУЕЛСІЗДІК ...Алып қорғанның құлағанын көрдім, Небары алты жасымда, Алып тұлғалар жылағанын көрдім, Бастарын сүйеп ғасырға. Алып таулардың шайқалғанын көрдім, Алты жасымда соны ұқтым: Алып сөздерді айта алғанын көрдім Кіп-кішкентай халықтың. Алып кітаптар торыққанын көрдім, Сол сәтте-ақ одан безінгем, Алып ойлардың қорыққанын көрдім, Ең бір нәзік сезімнен. Алып сағаттар тоқтағанын көрдім, Өлшенді уақыт жаңадан, Алып жүректер ақталарын көрдім, Алты-ақ жасар баладан. Алып құрлықтар теңселгенін көрдім, Темір бұғаулар тозғасын, Алып заңдардың кемсеңдеуін көрдім – Империяның көз жасын! Алып мұхиттар толқығанын көрдім, Бір тамшы суға байланып, Алып тәждердің балқығанын көрдім, Елтаңбаларға айналып. Алып мүсіндер қирағанын көрдім, Сұлаған жаудай жебеден,
Ерлан ЖҮНІС Алып саналар жиналарын көрдім, Тұрғызу үшін жаңа әлем! Құрыштардың да шірігенін көрдім, Сен боса, болат, тас егіл! Темір шымылдық түрілерін көрдім, Сахнаға шықты жас өмір! Алты жасымда! Жылаған жоқпын, сұраған жоқпын анамнан, Жұмыстан жаңа әнұран айтып оралған, Сол түні неге ұйықтамай маған бір аңыз айтып шыққанын Ұл жайлы күннен жаралған. Түсінбесем де тыңдаймын, Онсыз да оны жесірлік салған жасытқан еді мұң-қайғы. Көзінің жасы сөйлеген түнді ұқпасам да, Аңыз ұнаған Жаралған күннен ұл жайлы. Деген де шығар «бодандық жайлы білмесін»: Сен түсін, дәуір, сонау бір қанды жыл кешір! Тарихтан дәріс оқитын менің анашым орта мектепте Ұлына бірақ айтпапты кісен, құлдық пен түрме бүргесін. Ерлікті айтқан, үйретпеді ол ездікті, Ұстатқан қалам, ұстатпады ол кездікті. «Құлыным, сенің тарихың басқа» деген тек, Көп сөйлеген жоқ. Сөз бітті. Ал бүгін, енді Тарихты өзім білемін, Жолдарды сезем жонарқамменен мыңжылдар өткен ұлы елім.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Ұлылық жайлы ойлайды басқа, Жап-жас шақ Ұлы қорғандардың күйреуін көрген жүрегім – Алты-ақ жасында ақырын көрген алыптың! ...Тәуелсіздік ше? Ол – менің тегім, ұлдарыма оны дарыттым. Тәуелсіздік – мен, ол – менің асқақ аңызым, Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған, Жарық Күн!!!
Ерлан ЖҮНІС АСТАНА МЕТАМОРФОЗАСЫ (Кіріспе) ...Әр қаланың болады екен өз жаны! Һәм сүйегі, қаны, ары, ожданы, санасы мен сезімі де, мұңы да, ордалы ойдың орманы мен сөз бағы! Арманы мен үміті де, Сенімі, Қасиеті мен киесі де – ең ұлы! Туады олар, Өседі олар, Өледі, Қала өмірі – халықтардың өмірі! Ал өлімі – өркениеттер өлімі! Жаяу – жалғыз, Ат үстінде – көппіз біз! Топырақпыз, желміз, сумыз, отпыз біз! Сақта, Тәңір, Жазмышты сөкпедік, Заманаға тіл тигізген жоқпыз біз!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ «Бар бол!» дедің... Біз бар болдық, Өрледік, Шер де кештік, Кер де кештік, Өлмедік. Малымыздың санын – даламен өлшедік, Баламыздың басын санап көрмедік. Айбатымыз – сыртқа, Ішке – қайраты, Халық болдық, Қазыққа ат байладық. Қобыз аршып, қоңыр домбыра һәм жебе жондық, Қылыш қайрадық. Сақта, Тәңір, Әлһамдулләх, көппіз біз! Домбырамыз, алдаспанбыз, оқпыз біз! Дәуірлерді тежемедік, Жоймадық, Адамзатқа зиян қылған жоқпыз біз! Сүйдік бәрін! Бауыр дестік, Аталы Сөзге қонақ, Тұрақ бердік баталы. Анамыздың бауыры – кең жайлаудай, Атамыздың қырық көш жер шапаны. Жер бетінен жойылуға шақ қалып, Тұрғанда да, Аманатты ақтадық.
Ерлан ЖҮНІС Қуғын көрдік – қанымызды бұзбадық, Атылдық біз – арымызды сақтадық. Бір қыранға қайран қылмас көп құзғын, Шетін кетпей, шектен шықпай, шеп бұздым! Біздің тарих ардан ғана тұрады, Ұялатын ештеңеміз жоқ біздің! Сақта, Тәңір! Сақпыз, Ғұнбыз, Түркіміз, Тұранда өскен тұлпар тектес тұрқымыз! Ер Тоңғаның, Тоныкөктің, Тұмардың, Әз Тәукенің, Абылайдың жұртымыз! Сөз киесін, Ой салмағын, Жыр құнын, Қасиетін білдік дала ғұрпының, Көшпендінің қара шаңырағымыз, Отанымыз үш жүз миллион түркінің! Қоныс қарап, Қанша қала тұрғыздық, Көшін бастап, Керуенін жүргіздік. Дұшпандарды талтаңдатып қашырдық, Досымызды алшаңдатып кіргіздік!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Қақ маңдайда Хақ Тәңірдің оты бар, Таңдайымда – түркілердің даты бар! Тараз, Сайрам, Баласағұн, Алмату, Сүяб, Сауран, Сарайшық пен Отырар – Қала салған бабалардың шырағы, Түн ғасырын жарық етіп тұрады. Көк кесене, Түркістан мен Сығанақ, Бозоқ, Сүткент – тарихымның тұмары! Содан бері қанша дәуір алмасты, Қанша кезең кезеңдерге жалғасты. Қанша қала құм көшкенде – жұтылып, Қанша кітапханаларды шаң басты! Сақта, Тәңір, Сақпыз, Ғұнбыз Түркіміз, Дәшті Қыпшақ, Дін Исламның кіртіміз! Әл-Фараби, Яссауи, Һәм Махамбет, Бұқар, Абай, Жамбылдардың жұртымыз!
Ерлан ЖҮНІС Бер Тәңірі! Тәңір берген текті жұрттың даласын, Алтай менен Атыраудың арасын, Алатау мен Шыңғыстаудың арасын, Кең жайлаған күллі қазақ баласын, Қосатындай бір биік, Ғасырлардың іште кеткен наласын, Ғасырлардың іштен біткен жарасын, Достардың да аласын, Дұшпанның да табасын, Басатындай бір биік, Дүниеге әр қазақтың кесімін, Дүниеге әр қазақтың шешімін, Дүниеге әр қазақтың есімін, Дүниеге әр қазақтың есігін, Ашатындай бір биік Қала туды! Ғасырларды жарып шыққан жан жайлы, Қараңғыны қарып шыққан таң жайлы, Қара қазақ – қайыспаған нар жайлы, Һәм Ар жайлы дастан еді бұл қала! Көкіректен тарқатылған шер жайлы, Көкірегін қалқан қылған ер жайлы, Жарасынан енді айыққан жер жайлы, Һәм Сұңғыла ел жайлы дастан еді бұл қала! Әр ғасырға бір-бір таудан жидырып, Әр жылдарға бір бөрене идіріп, Әр күндерге бір-бір кірпіш құйдырып, Әр сағатқа бір шатырын жаптырып,
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Әр минутқа бір-бір шеге қақтырып, Әрбір сәті дайын тұрған сап құрып, Туды дағы өсе берді гүл қала, Әр сәт сайын Бәйтерегі ырғала, Әр қазақты айналдырар тұлғаға, Тұлғалықтың дастаны еді бұл қала! Сақта, Тәңір! Әлһәмдулләх, көкпіз біз! Бәйтерекпіз, Самұрықпыз, доқпыз біз! Көзімізді жоғары ұстау үшін де, Сөзімізді төмен айтқан жоқпыз біз! Паң Астана, Патша Астана, Өр болған, Мыңжылдықтың қолындағы мөр болған, Алты құрлық салтанаты өзінде, Алты алашқа төр болған, Ақын қала, Аппақ қала, Әз қала, Кербездене, бой түзейді наздана, Алты құрлық аңсары бір өзінде, Алты алашқа тәж қала! Биік қала, Бекзат қала, Бақ қала, Сен – Астана ғұнға, түркі, саққа да, Алты құрлық назары бір өзінде, Алты алашқа тақ қала!
Ерлан ЖҮНІС Бер, Тәңірі! Қала туды!.. Туады, Туады әлі заманалар шуағы, Тұрады әлі – Бір қаланың өзінде – Отыз миллион ұлы қазақ тұрады!.. Тұрады әлі, Тұран – елдің бір аты, Құзар шыңға қол созатын құлаты, Мен арманшыл бір бала едім, Арманым – Үш жүз миллион Ер Түркінің мұраты!..
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ҮЛЕС О, біздің қанша күз жоғалды тектен-тек, Қаншама сұлуға сыйладық көктемді!.. Ойымыз, Жанымыз әлі де көкпеңбек, әлі де шикілеу, әлі де шектеулі. О, біздің піспеген алмадай жасыл бас, Жастықтың тұп-тұнық иісі аңқыған! Ойымыз тым қышқыл... Уыты басылмас, Түкіріп тастардай жұта алмай артынан. Нөсерде қарсы алдық не көктем, Не күзбен қоштастық тұнжырап жыр оқып!.. Күтпеген жерлерде пайда боп кенеттен, Ғайып боп кеткенбіз дүр етіп. Өмірді іздедік әрнеден, Ойыншық сағаттай көрдік-ау уақытты... Біздерді сүрленген ан-то-логия-ларменен, Түксиген эн-цикло-педия-лар оқытты!.. Олардан бар еді безуге, Һәм ақын, Һәм сұлу масаң ұл! Гүлденген шақтарда ең іңкәр сезімдер, Бүр жарып жатқанда жас өмір!..
Ерлан ЖҮНІС Асау ой тебісіп, Тынжылар шыңғырып іш тескен, О, талай жүрекпен келісіп, О, талай бастармен тістескем! Күреңдеу жүзбенен жел өпкен, Күн сүйген маңдаймен таңдағы, Біз айқай салғанбыз әлдебір себеппен, Бізге айқай салды енді салдары...! Жүрегі көзедей у құйған, Дәтің де шыдамас ішуге – Ақынның барлығы – сүйкімді хулиган, Академиялары өзінің ішінде! О, қайда қалмады балғын да балғын күн, Балғын күн мені енді танымас: Қаншама сұлудың көңілін қалдырдым, Қаншама жігіттер әлі мас... Осындай екен-ау үлесі ақынның, Тым биік кетіпті армандар. Енді үйде кітапқа көміліп жатырмын... ...Балалар, сабақтан қалмаңдар!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ЕСІНЕУІК Тым алыс қалғандай таңдану дәуірі, Мұнда ешкім селт ете қоймайды: Маңқылдақ ой менен сезімнің мәуілі, Ауаға сурет сап ойнайды..! Адамзат жалыққан бір ғажап күтуден, Жаңаға тағы да келмейді сенгісі. Әлемде бәрі де бітеді үтірмен, Тек тыйым салуға керек леп белгісі! Дүние құлықсыз жаңалық ашуға, Бұйыққан жүрекпен, қалғыған мименен. ...Пандора көшіп жүр ғасырдан ғасырға жәшігін сүйреген! Ұлы ойлар кетті де қартайған ғасырмен, «Құдайлар» қалды тек жасында: Жаңалық ашу жүр – тек соғыс ашу мен сұлудың етегін ашуда! Ұлы ұйқы басталып жатқандай әлемде, Ояну рухына сенбейтін!.. Бір ақын ояу жүр беймаза өлеңде, Пайғамбар болғысы келмейтін..!
Ерлан ЖҮНІС Болмыс пен жан сыры – Гегельдің қонағы, Қол бұлғап тұр әне бейтаныс пішінде... ...Маужырап жер шары домалап барады көгілдір экран ішінде...
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ КӨП НҮКТЕ ...Иә, мен де үрке қарап тұрдым, Мағынасыз көзқарасымен біздің ғасырдың. Сен де Сағыныш бақшасындағы сарғалдақ гүлдің Бір түнде қарайып кеткендігінен шошындың. Шошына жыладың, Енді Тарихын ешкімге баян қыла алмасыңды сезгендей Бүгіннің. Қосыла жылағым келді Бізге тәуелді еместігінен Тамыр мен Түбірдің! Олар бағынғысы келмейді мүлде, Ал біз Билік етуге үйренген санамызды сендіре алмадық: «Табиғат сөйлейді адами тілде!» - О, неге осыншама өзімізді алдадық?! Сағыныш түнді де жұтып қойды... Қарашы, Сарғалдақ қарайып қалыпты: Тәкаппарлығынан біздегі тым білгіш Ойдың Бәлкім, Табиғаттың өзі де жалықты. Жалықты.
Ерлан ЖҮНІС Жалығу әуені зілдей, Тым ауыр, Ауыр жерден де... Екеуміз не істерімізді білмей, Сарғалдақты үзе бергенде...
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ БОЛАШАҚҚА ХАТ Болашақ, мен сені өткергем, Ішімнен, түсімде, өткенмен, Бір сәтке тұрмайтын ғасырмен, Мыңжылға бергісіз сәттермен, Болашақ, мен сені өткергем. Болашақ, мен сені сүргенмін, Бір дем мен арасы бір демнің, Жыласам, сен болып жылағам, Күлсем де, сен болып күлгенмін, Болашақ, мен сені сүргенмін. Болашақ, мен сенде болғанмын, Сертімен үмітті таңдардың, Дертімен үмітсіз жандардың, Елесі секілді арманның, Болашақ, мен сенде болғанмын. Болашақ, мен сенде туғанмын, Жап-жарық жұлдызбен нұрландым, Жанымды, арымды, тұлғамды, Бүгін жоқ тауларға шығарып, Бүгін жоқ теңізге жуғанмын. Өзімнен не көрдім, не кештім, Кімдермен сырластым, кеңестім. Жүрегім өзіңде сақтаулы, Жоғалтып алмауы үшін ол, Сені ешкім, Болашақ!
Ерлан ЖҮНІС ҒҰМЫРБАЯН Тау толғатып жанымды, құм тәнімді гүл еткен, Хан үйіне түсіріп, жар үйінде түнеткен. Ханым – жұртым болғанда, жарым – далам арманды, Мен танимын әлемді Ұлы Түздік Жүрекпен. Түз ұлы деп танысын мені әлем таныса, Түз киесі дарысын, маған егер дарыса! Түздің түйір тасының садағасы ғұмырым, Ханзададай бауырым, қарындасым – ханыша! Қарашаның қылығы, мінезіне сәуірдің, Қауырсынын малып жыр жазамын жанымның, Оқып тұрам содан соң қыран ұшар биіктен, Ерінімен көлімнің, тіліменен тауымның. Табанымнан сүйді жер, алқатқанда ақ аспан, Аланы-ау деп даланың, аспан көзін жаңа ашқан, Жаратқанның жұлдызы – жарылқаушы Жұртымның Маңдайына жарасқан, маңдайыма жарасқан! Туған елдің маңдайдан сипауына сыйынам, Туған жерге бір құшақ бақ гүлі боп бұйырам, Мейірім қанып даламның мейірімінің нұрынан, Қаннан емес жүрегім, аппақ сүттен ұйыған!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ МЕН КЕТКЕНДЕ... Мен кеткенде Таразда көктем еді, Көктем шығар әлі... Мені әкеткен жолдарға өкпеледі, Көне менен Кәрі. О, несіне балаша өкпеледі Көне менен Кәрі?! Көктемені бірге алып кетпеп едім, Жалғыз кеткем тағы. Мені әкеткен жолдарға көп қарады, Кәрі менен Көне: « Мына жалғыз тасбауыр боп барады, Қайырылмайды неге?». Тапсырғандай сендерге көктемені, Мұңайтпас деп оны, Жолдар ертіп кетпеді текке мені, Бұл жол – ұлдың жолы. Мен кеткенде Таразда сұрақ қалды: « Қайда? Неге? Не үшін?» ...Бақ ішінде бір сұлу жылап қалды, Үнсіз қалды досым.
Ерлан ЖҮНІС Мен кеткенде Таразда көктем бе өзге, Мен бе өзге неме?! Ұлдар үнсіз кетеді кеткен кезде, Неге? Неге? Неге?!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ЖОРҒАТАЙ ҒҰМЫР Жолдар – ананың аппақ жаулығындай: Аттай алмаймыз, ақтай алғанша жүреміз борышын, Таптай алмаймыз – аяғымыз жамандыққа бастарда. Шөлге ұрынбай, қаңғырып тауға ұрынбай Мұратыңа жетуіңді сұрайды, Бар бақыт ол үшін – Жалғыз ұлын еліне жеткізіп тастауда! Жолдар – әкенің сіңірлі қолдарындай: Кейде тым қатал, кейде тым биік, асқақ көрінер, Ақжал арландай Шақа бөлтірігін тайынбас шайнаудан. Ұлы далада қалқып тұрған жырдай – Біздер – түздің ұлдары – Тәкаппар бөрілер, Жолдар тағдырымызға айналған! Жолдар – өзендер секілді аласұрған: Олардың жылжуы біздің ғұмырымызбен сәйкес келмейді, Олардікі – көзді ашқандай, біздікі – жұмғандай. Бүкіләлемдік ұлы жарасымнан Һәм Қарама-қайшылықтардан жаратылған
Ерлан ЖҮНІС Ақ желкен жанымызды жәй ғана тербейді, Өлім әуеніне өмір билеп тұрғандай!.. Жолдар – жалғыздығындай тым аяулы, кетіп бара жатқан мен қайтып келе жатқанның, қайталап жататын сияқты солардың күбірін. Әнін айтып жалғыз бен жаяудың, Арасымен бейкүнә шақтардың, Сен, қайда аттандың, Түз желіндей адасқақ, беу, жорғатай ғұмырым!?..
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ІҢІРДЕГІ ПЕССИМИЗМ Жоғалған армандарыма Көңіл айтып қара түн Жыладым... Жарығы түбінен артпаған шамдай Бұл қала мені жылыта алмады Жанымның сыңар қанатын Көтере алмай сұладым көз жасындай салмағы! Тағы да алданғаныма Сене алмай жас жаным Тоңамын... Әр қауырсыны қалтырап жанның Күзгі жапырақты еске салады Бәрінен безе бастадым, Сенуден қалдым... Қаланың Жүрегі мұздап барады. Уақыттың өзінің Уақыты бола бермейді Қалада!... Көктем де келместей көрінеді маған. Сезімді көтермейді, (Көнесің!)
Ерлан ЖҮНІС Жастыққа сенбейді, Сенбейді саған санада билеп жүреді ізгі қаланың елесі!.. Көңілсіз қорғандарына Селсоқ сүйеп иегін тұншығып шылым шегіп отырар шаһар... Қайыр... Мұнаралар іздейді құдайды Сөз өлерде киелі... ...Анда тек шайыр күрсініп, мұнда тек сұлу жылайды!...
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ПЫЛЫҒЫРЫМ Олар мені көріпті жол үстінде, Келістім бе, білмеймін, керістім бе, Өлістім бе, білмеймін, берістім бе, Олар мені көріпті жол үстінде. Құбыланы бетке алып барады екем, Суыт екен жүрісім алабөтен, Жын ұрғандай күліп те алады екем, Мұң ұрғандай жылап та қалады екем, Құбыланы бетке алып барады екем. Жол үстінен көріпті олар мені, Соның бірі досына балар ма еді, Соның бірі қолымды алар ма еді, Бірі үйіне түссе деп қалар ма еді, Жол үстінен көріпті олар мені. Барады екем бетке алып құбыланы, Мұраттарым бар екен шұғылалы, Алуан дүние алдымда құбылады, Ал соңымнан ақ сағым шұбырады, Барады екем бетке алып құбыланы. Одан кейін көрмепті ешкім мені, Жабықтым ба қуанбай ес кіргелі, Жалықтым ба қызықтан бес күндегі, Содан менен бір хабар естілмеді... ...Одан кейін көрмепті ешкім мені.
Ерлан ЖҮНІС БОШАЛАҢ Әр сәт сайын алыстаймыз достардан, Алыстаймыз Тәңіріміз қосқаннан. Толтырылған тағдырыңның көзесі, толтыра алмай көңіліңді бос қалған. Өзге түгіл, өзіңді өзің ұнатпай, суық сезім сырғақтайды сынаптай. Жүрек қана жалп-жалп етіп қояды, желді күні жана алмаған шырақтай. Керте-керте көрген биік кетілді, Күн айналмай құлай салар секілді. Жел жағыңнан бір жылы сөз естілсе, Қарап тұрып жылай салар секілді, Күдіктен де, үміттен де кекілді, Кемді күнде жеріп кетер секілді. Маңдайыңнан сипай қалса бір адам, Майдай содан еріп кетер секілді. Ойнамай-ақ отқа барған секілді, Барға да арман, жоққа да арман секілді, Бас бұрарға мұрсат та жоқ, мұрша жоқ, Жауырыннан оқ қадалған секілді. Ойың да ояу, арың да ояу секілді, Жолың – жаяу, сарын – баяу секілді,
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Бір қарасаң ақ пен қара өмірің, Бір қарасаң қалың бояу секілді. Жылытып та, жылынып та жарыта алмай, Жарға біткен жадағайлау кәрі талдай, Өз сөзіңді өзің тағы айта алмай, Өз қолыңнан өзің тағы тарта алмай, Қорланасың, тұрам дейсің жоғары, Арланасың жағалауға ағаны. Мұңнан басқа ештеңең жоқ аяулы, Жырдан басқа ештеңең жоқ бағалы. Бүгін күмән, ертең тағы тұманды, Сен кімдерді, сені кімдер ұға алды?! Біреулермен ұнатпайсың күлуді, Біреулермен ұнатасың жылауды.
Ерлан ЖҮНІС АУЫРҒАН ЖОҚПЫН! Жыладым бәлкім, жан үшін жақын бола алмас, Жабықтым бәлкім, жылдарым үшін оралмас. «Ауырғаныңа ауырды – деген – жүрегім», Айналып қана кетейін сенен, замандас! Бір жүрек емес, түсінем дегем дәуірді, Түсінем дегем досымды, тағы жауымды... Жазықсыз бәрі! Ауырған жоқпын, жай ғана Үмітім, ойым, арманым, мұңым ауырды! Ауырғаным жоқ, жай ғана жаным сыздады, Мұздады бәрі, сөзім де, ойым мұздады. Адамның барлық жылуы жүректе деуші ем, Сол жүректердің жауратты мені ызғары. Тоңдырды мені, жақыннан болған жат кісі, Улантты мені, кешегі сөздің тәттісі. Адамның ең бір нәзігі – жүрек деуші едім, Сол жүректердің арқама батты қаттысы. Жыр жазу керек, жыр жазу – мұның бір емі, Кісінің дертін кісінің өзі біледі, Адамның ең бір жарығы – жүрек дегенмін, Сол жүректердің қорқытты мені түнегі.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Ауырған жоқпын, ауыртпау үшін дәуірді, Ауыртпау үшін самалды, нұрды, жауынды! Жазықсыз бәрі! Жазылып кетем! Жай ғана, Өмірім менің – өлеңім ғана ауырды. Ауыртып алдым, енді не қайран қылайын?! Бабын бір жасап, басын дүр сүйеп тұрайын. Әлемді мынау ауырта аламын өлеңмен, Өлеңді бірақ ауырта көрме, құдайым. Білмеймін, білмен, наразылық па, назың ба, Ауырмашы, өлең, хақым жоқ менің азуға! ...Ақындарымен ойнай ма әлде бұл тағдыр, Дертті өлеңдермен өзінің дертін жазуға?!
Ерлан ЖҮНІС ДҰҒА Күлтегін күннің ұлы екен, Күлтегін мәңгі тірі екен! Өлі өмір емес, тірі өлім: Баяны қалды, бас кетті. Қағандардың жүрегін Тарихшылар тас депті. Күлтегін күннің ұлы екен, Күлтегін мәңгі тірі екен! Жат өмір емес, өзге өлім: Аяны қалды, тіл кетті. Қағандардың сөздерін Тарихшылар құм депті. Күлтегін күннің ұлы екен, Күлтегін мәңгі тірі екен! Ау, мынау Тетис түбінде, Қағанды, қайтер, шақырсақ? Бөрілер түркі тілінде Тәңірге дұға оқыр шақ! Күлтегін күннің ұлы екен, Күлтегін мәңгі тірі екен!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ МЕНІҢ ЖОЛЫМ Мойнына бұршақ сап тілеген даланың тұңғышы, Мен емес шығармын. Киелі қандағы қасиетті өрліктің үлгісі, Мен емес шығармын. Ұлы түз, о, сен деп ұлыған бөріде абадан, Мен емес шығармын. Қазан ат – қан кешкен ғасырдың өтінде жараған, Мен емес шығармын. Тәңір көк еркесі – қыранның шаңқылдақ жалғызы, Мен емес шығармын. Алаулап атқан таң шапағы жүректей алқызыл, Мен емес шығармын. Білмеймін, Бұл кәрі далалық тәкаппар жас халық Менен не күтеді?! Білерім: Мен үшін барлық жол қазақтан басталып, Қазақпен бітеді!
Ерлан ЖҮНІС ТАҢҒЫ ӘН Ұлыма Әр күні сенің күнің келеді, Әр таңда күн сенімен бірге! Бұл сенің, сенің нұрлы әлемің, Жарияла ресми түрде: Бұл – менің күнім, Менің бүгінім! Бұл – менің жырым, Менің ғұмырым! Бұл – менің ісім, Менің жеңісім! Мен – әлем үшін, Әлем – мен үшін! Әр адам саған бауыр, шын досың, Сөйлейді бәрі де бір тілде. Бәріне, бәріне сен үн қосып, Жарияла ресми түрде: Бұл – менің досым, Менің бауырым! Бұл – менің көшім, Менің дәуірім! Армен таңдарға, Түнге – өремен! Мен бар – сен барда, Бармын! – Бар Әлем!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ӨЛІАРА (цикл) 1. Қалада – кешегі уақыт, Дымқылдау қараша демі. Жылатып, тағы да жұбатып, Үлгерді ол мені. Көшелер – өлеңнің жолы, Ешкім де табылмас оқыр. Автобус тағы да толы – Тағы да бос келе жатыр. Бос кетіп барады көңіл, Көңілсіз радио үні. Қалада кешегі өмір – Мұңымның алғашқы күні. Сезінген алғашқы күнім, Жалғыздық, жалғыздық сені, Семдірді-ау көңілдің гүлін, Ызғарлы қараша демі. Бір топ тұр біреуге қарап, Қабаттан құлаған биік. Ол байғұс ішіпті арақ, Пышақтың жүзіне құйып.
Ерлан ЖҮНІС «Өлгенше ішкені несі, Ақылдан адасқан болар?!» Меніңше, тым дұрыс есі, Білмейді олар... Мейірімсізге өлі жатып, Қарсылық көрсетер, бәлкім... Қалада кешегі уақыт – Уақыт сұрап жүр әркім. Өзімде өзімнің мұңым, Өзіме уым да балдай. Жылағым келеді бүгін, Ешкімді жылатып алмай. Қымсынар несі бар елден, Бәрі жәй көрінер бекем. Шын жылап алғысы келген, Жассыз-ақ жылайды екен. Дымқылдау қараша демін, Жұтамын бар жандай өші. Бір досым бар еді менің – Ал оның жоқ екен досы. Автобус келеді үнсіз, Радио тұншығып сөнген. ...Сіз қайда жүрсіз, Мен кеше жаныммен сенген?! Сендіре алмадым ба әлі, Ақынға сенбей ме бақыт?
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Уақыт сұрап жүр бәрі – Қалада кешегі уақыт. Келемін тұнжырап түндей, О, қайда барарым білмей. Әлдене өзгертетіндей, Әлдекім өзгертетіндей... Тәңірден, қоғамнан жырақ, Соңғы өлең лап етіп ойда, Әлдекім тағы өлді-ау құлап... Әйтпесе, мен сенген қайда? 2. Жеті түн, желексіз көңіл... Ән салғым келгені несі? Көшеде – баяғы өмір, Баяғы көңілдің досы. Бәрі де... мүлде енді басқа Мендегі өмірдің әні. Көзімнен тамбаған жаста Ұрланған күндердің жаны. Дауыл тұр, нөсер құй, жел соқ, Бәрібір селт етпес ақыл! ... Кеудемнің ішінде селсоқ әлдекім ыңылдап отыр. Бір уақ шешедей боздап, Бір ауық сыңсиды қыздай. ... Балконда... һәм ауа жаздап ауаны қармаймын мұздай.
Ерлан ЖҮНІС Төменде төбелес ызғын – Дүлей бір жастықтың десі. Жылаған дауысы қыздың... Жымиғым келгені несі?! Құс қонған балконда шаттық, Тойлауда туған күн кешін. Априори. Амигос. Аптық. ... Жылағым келгені несі?! Білмеймін... ән салғым келді, Нендей ән? Нендей ән ауыр? Жесір түн, жетімек шерді Қайтейін жүрекке бауыр?! Тәңірім, осы бір сәттің Ешқандай жауабы жоқ па? Мен бүгін – өзіме жатпын, Бауырмын – өзіне жатқа! Ән салсам... – керек ол кімге, Кім мұнда расұл?! ...Бетховен естиді түнде Гомердің құлаған жасын... 3. Лә-лә-лә, келем, лә-лә, Тұманда қалқып кешкі. Жанымда бәрі жаңа – Ойымда бәрі ескі.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Тұманды іңір жыры – Күмәнді ойдың меңі. Өмірде бәрі тірі – Көңілде бәрі өлі. Сұр үйлер – үйілер, үйілер, Сұр көше – көше, көше... Жан бүгін жалғыз билер Естіген күйге кеше. Ешкімге сенгім келмей, Ешкіммен күлгім келмей, Ешкімді көргім келмей, Ештеңе білгім келмей, Еш әнге салғым келмей, Ешкім де болғым келмей, Ешқайда барғым келмей, Ешқайда қалғым келмей, Лә-лә-лә, келем, лә-лә, Тұманға сіңіп кетем. Өзім де, өзге де, қала – Мен жайлы ән емес екен! 4. Қала – тарих соңы – Бабыл мұнарасы... ...Данышпандық меңі – Ақымақтың басы... Ұмытылған аңыз – Бізді туған дала.
Ерлан ЖҮНІС Жеті жасар абыз, Жетпіс жасар бала. Сен өлмеші, ұят, Болмысымның жасы. Ең ақырғы тұяқ – Жаңа ұлттың басы! Сен өлмеші, тегім, Мен қағанның ұлы. Сенің кеткен кегің – Ғұмырымның ділі. Сен өлмеші, кие, Ием табар ақыр. ...Қала – шөккен түйе, Шөккен түйе соқыр. Ең алғашқы жаста Ең ақырғы демім. Адамдардан басқа, Ешкімім жоқ менің. Ең ақырғы жаста, Ең алғашқы демім. Жер шарынан басқа Ештеңем жоқ менің. Беу, әжімді күндер, Беу, сақалды көктем... Қала – соқыр інген, Күл үстіне шөккен. ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Көр, көр дүние, көрім, Көр, көр мұны, көрің: Үйретілсең – өмір, Бейімделсең – өлім!
Ерлан ЖҮНІС SHOOT THE MOON Жалғыз шеше елде қалды, Жалғыз ұл... Жалғыз ұлы жолда қалды, Ақсады... Армандарым қайда қалды алқызыл, Алған жарым ойда қалды сап-сары. Алған жарым ойда қалды сарғайған, Текке кетпей, неге ерттім артымнан. Ой, мені де салса біреу маңдайдан, Ой, мені де алса біреу алқымнан. Жалғыз шеше елде қалды шошайып, Жалғыз ұлы жолда қалды қарайып. Оянамын: «Бас ауғанға қашайық!» Ұйықтаймын: «Қой, осында қалайық!». Мен Кешеден өте алмадым Ертеңге, Қайда қашып құтыламыз Бүгіннен? Ой, өліара құбылады желкемде, Ой, өліара шұбырады тілімнен. Ой, дәстүрін елеу керек жат елдің, Желеу керек қууға да жат үшін. Ой, ақысын төлеу керек пәтердің, Аштықтың да төлеу керек ақысын.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Біз босаға тұтып келдік қай елді, Босағада неге тұрмыз, сүйікті? Ой, не етеміз ұзын тырнақ әйелді, Ой, қожайын болса тағы иықты. Үмітімді ақтамаған әкемнің, Мен де бүгін жоқтамадым хақысын. Ой, ақысын төлеу керек пәтердің, Жастықтың да төлеу керек ақысын. Жалғыз шеше елде қалды – жаңбырлы, Су тимеген енді неміз сүйікті?! Ой, не етеміз ұзын тырнақ тағдырды, Ой, қиындық болса тағы иықты. Алған жардың ойларына сап-сары, Сурет салып... ой, қараймыз тамсана: Бір мекенде гүлзарлы да бақшалы, Ой, гүл теріп жүр екенбіз ән сала. Алған жарым маған ұзақ қарады, Гүлін теріп жүрміз бе әлде жат елдің?! ... Ой, ақ сүтін өтеу керек ананың, Ой, ақысын төлеу керек пәтердің. Жалғыз шеше елден келер, жалғызын, Жалғыз ұлын жолға қамдар уақытта. ... Бір ақ таңда осылардың барлығын, Айырбастап алармыз біз бақытқа.
Ерлан ЖҮНІС * Асқақтық туралы аспанда, Азаттық туралы ақ жұлдыз, Ақпанар нұрын шашқанда, Ойладым... өзің туралы; Жабығу туралы жылдарға, Жалғыздық туралы шыңдардан, Зарыға қарап тұрғанда, Аңсадым... өзің туралы; Көз жасы туралы нөсерде, Өткен күн туралы ауыр бұлт, Күрсініп терең көшерде, Жыладым... өзің туралы; Сағыныш туралы түндерде, Ай нұры әлсіз түскенде, Үмітім туралы гүлдерге, Мұңайдым... өзің туралы; Мәңгілік туралы жолдарда, Қарсы алу туралы құштарлық, Мүсін боп қатып қалғанда, Қол создым... өзің туралы, О, менің Тәуелсіздігім!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * Оқылса өлең уақыттың атынан, Ар жаралса сол өлеңнің затынан, Аралап кеп сезім мұражайларын, Ойдың кітапханасында отырам. Биік-биік армандардың тұсынан, Үнсіз ғана үміт құсын ұшырам. Мен жердегі жұлдыз болып алар ем, Аспандағы жұлдыздардан қысылам. Көктемінде ең бір асыл мұраттың, Бақ үшін бе, сор үшін бе... бүр аттым, Қап-қараңғы ғасырлардың ұстазы, Өзін көру үшін жаққан шырақпын!..
Ерлан ЖҮНІС * Ауырсынып шықты бүгін түн мені, Жыларын да, күлерін де білмеді, Қуарын да, кетерін де білмеді, Ауырсынып шықты бүгін түн мені. Бұл түн мені ауырсынып өткерді: Сағынышты, жалғыздықты, өкпемді; Қаралады, мазалады, жек көрді; Бұл түн мені ауырсынып өткерді. Ай «аз ғана тынықшы» деп өтінді, Жұлдыз «бәрін ұмытшы» деп өтінді. Құшақтады, сүйді, өпті бетімді, Содан маған жеңіл болар секілді. Аңыз айтты, әрі мұңлы, әрі ізгі, Айта алмады аманатты, парызды, Айтты, айтты қарашаны, тамызды, Мен ертекке алданатын тәрізді. Бір мезгілде «ұйқы бер» деп сұрады, Бір мезгілде қып-қызыл боп жылады. Бір мезгілде, таусылды ма шыдамы, Талықсып кеп, талығып кеп құлады. Ауырсынып шықты мені түн бүгін, Ауырсына көрмеңдерші, құлдығым... Екі ғашық секілдендік екеуміз, Жек көретін бір-бірін... Ауырсынып шықты мені түн бүгін.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * Құстар қайтты топ-топ боп, тоқтасын ба, Бау тағарға бірі де жоқ қасымда. Көкке қарап қанатсыз пенде қалды, Ақыраптың ақырғы аптасында. Қалдым солай, қасында қалғандардың, Қала-қала қатыгез болғандардың. Қатал болып кетермін мен де бір күн, Ақырына жеткенде армандаудың. Ай, азабым ішімде, айтам ба әр күн, Көктем келмей құстарды қайтарған кім!? Қарашы енді бойымның тоңазуын, Алматыға бір барып қайтам, бәлкім... Тоңазу ма, шымырлап тараған мұң, Жоғалған іздеріндей жағалаудың?.. ...Тек ұшақпен ұшпаймын, қарай алман, Көздеріне төменнен қарағанның.
Ерлан ЖҮНІС ЭЛЕГИЯ Жетімек қозы күйін кешсем мен, Әкемнің жолы болмаған шығар, достым. Көктемгі таңды сүйіп өссем мен, Анашым долы болмаған шығар, достым. Көзімнің жасы әлі кеппесе, Көкем деп біреу сүртпеген шығар, достым. Есік қағуға батылым жетпесе, Ешкім де мені күтпеген шығар, достым. Тентіреп жүрсем сөздің өтінде, Сырласып олар көрмеген шығар, достым. Сопайып тұрсам топтың шетінде, Сұрайтын адам келмеген шығар, достым. Ешқайда бүгін асыға қоймасам, Зарығып бір жан тоспаған шығар, достым. Айқара тағы құшақ жаймасам, Елжіреп құшақ ашпаған шығар, достым. Қайтейін, бәрін ұғып тұрамын, Сонда да сүйем, сене білемін, достым. Таңертең үйден күліп шығамын, Күліп оралғым келеді менің, достым.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ БІР ҚАРА Көзімнің ұшында бір қара – Жанымның жан білмес жұмбағы. Көзімнің ұшында бір қара, Қолдарын қатыгез бұлғады. Көзімнің ұшында бір қара, Қай жаққа қарасам – көремін. Көзімнің ұшында бір қара, Қусам да жете алмай келемін. Көзімнің ұшында бір қара, Құбылып-құбылып барады. Көзімнің ұшында бір қара, Ол неге мазамды алады?! Көзімнің ұшында бір қара, Нүктеге айналды – жоғалды. Көзімнің ұшында бір қара, Нүктеден қайтадан оралды. Көзімнің ұшында бір қара, Бір кезде мен жаққа жүгірді. Көзімнің ұшында бір қара, Көзімнің ішіне тығылды. Көзімнің ішінде бір қара, Бабама ұқсайтын секілді. Көзімнің ішінде бір қара – Бір бала кекілді.
Ерлан ЖҮНІС ...КЕЛЕДІ Кей-кейде сөйлегім келеді бәрінің атынан, Айқайлап жібергім келеді. О, сосын түнеріп отырам, Өйткені, түнергім келеді. Түнергім келеді қаһарлы қағандай, Жүзінде ғасырдың сесі бар. Күмілжір бұл әлем кілтімді таба алмай, Иә, әлем! Несі бар?! Кім айтар ондай ұл тумас деп бұл дала, Толағай. Дүние, кеудеңді бұлдама, Менің де кеудем бар даладай! Кей-кейде күлкім де келеді бәрінің атынан, Қарқылдап жібергім келеді. ... жай ғана жымиып отырам, Жылағым келмейді, себебі. Жымиғым келеді бір сайқымазақтай, Қартайған, қажыған, ашынған. Күлуге болады өзіңді мазақтай, Ұруға болады басыңнан. Келеді, келеді, бәрі де келеді, Әйтеуір, жүрген соң өлмей құр. Келгені – кетеді, туғаны - өледі, ... Кімдікі келмей жүр?!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * Майлы бояу май айы, Жан-тәніңе түн жұғар. Көктем – мезгіл әйәйі, Құмары бар, тынжы бар. Әлі кебе қоймаған, Күн шуағы таңдағы. Әлі сөне қоймаған, Жаңбыр ізі – жап-жарық. Тағы тұрып... түн іші Бір ғасырға көнердім. Түзде – қоғам жұмысы, Үйде – ісі өлеңнің. Тағы түнмен таласып, Бір ғасырға жаңардым. Түзде – адам баласы, Үйде – әкесі адамның. Сана – заман шалығы, Көңіл – құстың тауысы. Ит даусының жарығы, Ай нұрының дауысы. Түннің жады – қыз жады, Жуар бәрін жаспенен. Жазу керек бізге әлі, Жазылмаған баспенен.
Ерлан ЖҮНІС Абдыру бар, алаң бар, Армандар бар құлаты. ...Жасарады адамдар, Қартаяды уақыт.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * Түнімен ауырды бұлттар, Желтоқсан жөтеліп шықты. Ештеңе таппадым ұрттар Уайымнан мықты. Жаңа жыр жазбадым түнде, Түсімде құстарды көрдім. Күбірлеп беймәлім тілде Шошына бердім. Көбелек ұшпайды қыста, Сағыныш – көшпелі алтын. Көрші қыз шықпады тысқа, Ақ қардан ұялды, бәлкім... Кешікпей көктем де келер, Газетке шығармыз күліп. Әлдекім бізге де сенер, әлдене біліп...
Ерлан ЖҮНІС * Қараңғы бұрыштардан, Қараңдап көрінемін. Бармаған жұмыстардан Қайтуға ерінемін. Басқаның келісімін, Өзгеден сұрар тұста, Телефон желісінің Ішінен шығар тұста, Алдымнан сен кезіктің, Артында пешененің. Екеуміз тең кезіппіз, Алматы көшелерін. Қараңғы бұрыштардан, Қараңдап көрінеміз. Алмаған жұмыстарға, Баруға ерінеміз.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ШАЛЫҚ Білмеймін, қашан мен жолға шықтым, Оятты, о, кім ғарыш ұлын. Айкезбелік пен ойкезбеліктің, Арасын кезген жолшымын. Жүреді жарты ай жанымда қалқып, Ашылса түннің жанары. Басымның сол сәт сүйегі балқып, Шыраққа ұқсап жанады. Қалықтап көкке көтерілемін, Сеземін бір күш бүргенін. Сеземін суық ғарыштың демін, Сеземін жанның дірдегін. Шақырады аспан жұлдызды жолға, Құс салып өткен жолым бар. Ояна бастап таулар да сонда, Мұхитқа келіп шомылар. Көшпенді-жүрек кеудемде-ғалам, Бір жолаушы едім адасқақ. Мың бір шырақты әлдебір шаман, Жолымды жүрер аластап. Биікке кетем, бәрінен жырақ, Шақырмаңдаршы, сұранам! Қарасам төмен, кетем-ау құлап, Періште сынды құлаған.
Ерлан ЖҮНІС БІР КҮНІ МЕН... Бір күні мен ауысқам бір жұлдыздың түбінде, Құрсағынан анамның, құрсағына ғаламның. Бір күні мен құдайдың құдіреттілігінде, Үңгірінде қоғамның қапияда жоғалдым. Бір күні мен айтамын ұл туғанын атадан, Жалғыздардың жүрегі – жаратқанның сүреңі. Бір ойларым қашаған, бір ойларым жатаған, Бірі үйге түнеді, бірі түзде жүреді. Бір күні мен күлемін күрек тісім көрініп, Сезім әлі тірі деп, төзім жаны сірі деп. Бір күні мен жылаймын көз жасыма беріліп, Сордың соңы бір тамшы, бақтың басы бірі деп. Бір күні мен аттанам ар жағына айнаның, Жаралмаған аралға, жасалмаған қамалға. Бір күні мен хат жазам ғашығыма беймәлім, Ерініне сезімнің үркер жұлдыз қонарда. Бір күні мен мәңгілік күбірінен құтылам, Мені мезі еткеннің, менен безіп кеткеннің. Бір күні мен жұлдыздың жанарына жұтылам. Ақырында өткеннің, әуелінде көктемнің.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ *** Қисық аяқ, қыли көз, Ей, бүгінгі, ұғымым, Бұл не деген құбылу, бұл не деген құбылу?! Өмір – неге – өзгенің қабағының астында, Жалт қарауға бата алмай жанұшыра жүгіру!? Қас түбінен құлақтың піл түшкіріп қалғандай, Әлем қойған сұрақтың өзегінде толғанбай. Мезгілінде мен неге шыға алмаймын құрсақтан, Қанатыммен қалайша жер сабадым қорланбай?! Әлеуметтік ғаріптік түсінігін кім ұғар, Отанилық обалдың өзегімде мұңы бар! Соғыс көрген даланың доланасы қышқылтым, Соққы жеген баланың тым ащылау тілі бар! Қайда менің биігім, қайда менің түбірім, Жүгіремін – сүріну, қайта тұрам – жығылу. Сексеуілден сүйегі, жусан сөлі – қаны бар, Мен де мына ғасырдың ессіздеу бір қылығы.
Ерлан ЖҮНІС ҚЫЛТ Көңіліме бір қылт кірер кешқұрым, Қасиеттен жұрдай болып құбылам. Қасақана қылығынан естінің, Есалаңның сайқымазақтығынан. Көңіліме бір қылт кірер бесіннің, Сақалына жармасқанда күнбағыс. Сатқындығы сақалданса досымның, Ұзындығы болса және мың қарыс. Көңіліме бір қылт кірер іңірде, Тас жүрекке айналамын есесі. Сұлулардың махаббатсыз тілінде, «Сүйем» деген сөздің өлсе шешесі. Көңіліме бір қылт кірер екінді, Күнді жалап өшірерде тілімен. Қолтырауынның көзінің жасы секілді, Адамдардың мейірімсіздігінен. Көңіліме бір қылт кірер ымыртта, Кім кекілін сақалым деп жолықса. Жер бетіне жаңа түскен жұмыртқа, Жерден ауып кетемін деп қорықса. Көңіліме бір қылт кірер құтпанда, Ұлы өзеннің жылатқанда қайтысы.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Жұрт таңданса оны құрдым жұтқанда, Сол құрдымның тереңдігін айтысып. Міне, осылай, туылады мұңлы өлең, Болмысымен жек көрумен өмірді. Құбыжыққа айналсам да түнде мен, Сұлулықпен кісендеймін қолымды. Жек көрудің бола алмадым құрбаны, Атар таңнан үмітім бар себебі, Түсінбеймін, Тәңірімнің құлдары Сол кісенді неге үзгісі келеді? Неге?
Ерлан ЖҮНІС ӨТТІМ Алып қала – алаңғасар, аңғал тым, Алданады қасынан да, досынан. Марғау бұлттар мағынасыз маңған түн, Өтіп бара жаттым үнсіз қасынан. Тұрды жігіт, қызды құшып, иіскеп Шылым иісі сіңіп қалған шашынан. Мен де талай, бәлкім солай сүйіскем, Өтіп бара жаттым үнсіз қасынан. Духаналар – жүзім қаны, нан жасы, Қайрауықтың күйіндей ме, ғасыл ән?! Көңілімде келер күннің таңбасы, Өтіп бара жаттым үнсіз қасынан. Вокзал, вокзал... Қайда асығар адамдар? Мен ғой менің ғасырыма асығам. Әлдеқайда әлдеқалай қараңдап, Өтіп бара жаттым үнсіз қасынан. Қаңғыбастар, қайыршылар, кезбелер, О, арымды қайда апарып жасырам?! Сезім де өлер, сенім де өлер, сөз де өлер, Өтіп бара жаттым үнсіз қасынан. Үнпарақтар, қорғандағы жазбалар, Жарнамалар, жол бойында жосыған.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Бойжеткендер... Нені бұлдап назданар?! Өтіп бара жаттым үнсіз қасынан. Тұрғын үйлер – берілмейтін, берілмес, Көшпес ақын, көше алмайды қосынан. Мұңлы жырдай тағдырыммен көрінбес, Өтіп бара жаттым үнсіз қасынан. Сезбей сезіп, ойсыз тағы ойланып, Кітаптардан күдіктеніп шашылған... Бәлкім бәрі бір-біріне байланып, Өтіп бара жатты ма үнсіз қасымнан?!
Ерлан ЖҮНІС * Бізден бұрын жаратылған Дала бұл, Сізден бұрын жаратылған Ана-қыр, Одан бұрын жаратылған Ата түз, Бізден соң да қалады. Біз де содан жаратылған ұланбыз, Сізге өмір бергенін де ұғармыз, Оған өмір беруін де сұрармыз, О, мың алғыс, мың алғыс!!! Дала бізге, біз далаға иеміз, Сіздің мұнда обалыңыз, киеңіз, Оның мұнда бабасының сүйегі, Сондықтан да сүйеміз! Атамыздың жағасынан алдырмай, Анамызды күрсініске салдырмай, Арман жоқ-ау ажал құшсақ арлы ұлдай, Топырақты қор қылмай!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * Дала, дала, ұлы дала, Ақылы – Аға, есі – Еге, Қайғысы – Ақын, мұңы – Дана, О, тәкаппар пешене! Мен көтере алар ма екем, Сен көтерген киені, Маған жеңіл болар ма екен, Бабалардың сүйегі!? Дала, дала, ұлы Ұйық, Ұят – қызы, ары – ұлы, Болмысы – асқақ, сыры – биік, Жазмышымның жарығы! Мен көтере алар ма екем, Сен көтерген орданы, Маған жеңіл болар ма екен, Балалардың арманы?! Ұлы дала, ұлы аспан – Уақыттың жүзігі. Күні – аңыз, түні – дастан, Маңдайымның сызығы!
Ерлан ЖҮНІС * Құсқа айналып кетсем, шіркін, Көк аспанның ұшарында, Туған жердің құшағында, Қалқып қана өтсем, шіркін! Сүю үшін жаратылған, Бір бауырға Батысты алып, Бір бауырға Шығысты алып, Тер тамшылап қанатымнан, Атқан таңмен арайланып, Батқан кеште тағы ойланып, Оңтүстікті он айналып, Солтүстікті он айналып, Аралыма су апарсам, Сарыарқаға ну апарсам, Жылағанды уата алсам, Қажығаның – қуат алсаң, Құсқа айналып кетсем, шіркін, Туған жерді күзетумен, Туған елді күзетумен, Қалқып қана өтсем, шіркін!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ МАНИФЕСТ Далқын сала, сала далқын, Біздің маусым жаңбырлы. Калғулы кеш қала халқын, жылы сөздер тоңдырды. Өниет пен Әдебердің, туды ұлы заманы. Ей, жас жүрек, неге келдің, бұл кезеңге жаралы? Нені іздедің, үміт ұлы, жас ойлардың бауыры? Басталғанда ұмытылу, ұмытылу дәуірі... Жалғыздық – дос, серт адамға, өмір сүру – ой кешу. Қалдыр бәрін Керқаламға, Өзі жайлы сөйлесін. Кеттік, достым, назалы шер, жеңер бізді, себебі: бұл кезеңде таза өнер – ол – үндемеу өнері!..
Ерлан ЖҮНІС ҒАСЫР МОНО ЛИЗАСЫ Олар тағы қуыршақ ойнады, Қуыршағы сен бе деп сескендім... Неге ойладым, Неге кеш келдім?! Тапырақтап жүгірді біреулер, Жан терезесіне лай атты. Ақ үмітіңді мысық тілеулер, Қып-қызылға бояпты. Құс жолына шейін тінтідім, Таппай... шошындым түсінен: Қара түн байғыздың сұңқылын, Қайталағанда ішінен. Тұтаттым ең соңғы сезімді, Үдерде жанның бүрсеңі. Күнге тапсырсам деп ем өзіңді, Жібермеді түн сені!.. Тым кеш ояндым, Ерте асылдың... ... Осынау қалыңдығы бояудың, Сұлулығы ма ғасырдың?!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ СІЗ КЕДЕЙСІЗ... Сіз кедейсіз, Ақылдысыз несіне? Несіне күрсінесіз кей түнде?! ... Қоғамдық пікірлер есінеп, Қоғамдық көліктердегі қариялардың кейпінде, Тұр әне..! Немересінің достары, бәлкім, (Айналдым!) Отыр. Көзінің шырағы, Ардагерлері болашақ майданның. Сіз кедейсіз. Сіздің ақылыңыз – сол қарияның шашы ағарған, Кедейлігіңіз – оның көңілі, Күрсінісіңіз – қатыгез жылдарға тоналған Өмірі! Кедейдің ақылы Оның аш қалуына толық жетеді. Адалдық жайлы ұрандардың мәтіні жазылған қағаздарды кемірудің не екенін сіз білесіз, тегінде, Ол қағаздар айналмайды ақшаға! Менің де Кедей болуға басым жетті, жақсы аға!
Ерлан ЖҮНІС Құрметтеудің дәуірі өткен кедейді, Сондықтан, Көбінің кедей болуға батылы жетпейді... ... Еңбек етпеген нан жемейді! немесе Нан жемеген еңбек етпейді! ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ИНКОГНИТО Менің мұңлы ойларымның ішінде: әлем, тағы өлең асқақ пішінде. Сыртында оның өмір мәңгі ұйқыда, Өмір... мені көріп жатыр түсінде. Аласұрып, байыз таппай әлемде, Айналамын өлеңге. Мендік ғұмыр – сүю жайлы жасыл түс, Өлген тілде жорып қойған әуелде. Сұп-суық тер маңдайында ғұмырдың, Түңілдім. ... Өмір мені көріп жатыр түсінде, Ал мен оның өңіне қарай жүгірдім, Сосын, шошып... өзіме қарай жүгірдім... Оянуға асықпаңдар, адамдар!
Ерлан ЖҮНІС 2012 ЖЫЛ Таныс дауыс естілсе үй тұсынан, Балкондағы көршінің иті шығар, Өлең жазып шыққандай түні бойы Қала бүгін кеш тұрды ұйқысынан. Таңғы газет кешікті, кешігеді, әтеш болмас ит әлі неше үреді. Өткен түннің баянын айтпақшы ма, Сымда отырған торғайлар есінеді. Мемлекеттің мерейлі естілді әні, Ол да таныс ақынның ескі ырғағы. Әдетінше кеш жатқан қала түнде, Әдеттен тыс несі екен кеш тұрғаны? Қала бүгін кеш тұрды, шар айналар, Шырайналар, айналған – арайланар. Жарық күнді көргендей мың жылдан соң, Неге аспанға үздігіп қарайды олар? Қамсыз жатқан халықты қара-құрым, Мешіт пенен шіркеуге қамады кім? Пенде болып ұйықтаған түнде ғана, Пайғамбар боп оянды қала бүгін. Бір сәтті де қия алмай түңілуге, Бір-біріне адамдар үңілуде.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Бірі ойлады: «Өлуге бола ма екен?», Бірі ойлады: «Бола ма тірілуге?». Сонша үрейлі болар ма көк түнегі, Көрінбейтін көз неткен өткір еді! Тым құрыса, суретке түсіп қалар, Бір пайғамбар келсе екен деп тіледі. Қиын екен адамға көк сынағы, Болмыс әлі о, талай көп сынады. Келмеді ОЛ. Сонда олар бір-бірінен: «Пайғамбар емессің бе?» деп сұрады. Ізгі хабар әлдекім таратар ма, Таратар ма, тағар ма қара таңба? Сақталмаған түн өтті ешбір еске, Ақталмаған үміттің таңы атарда. Көктен сол түн әулие емес, сенім кепті, Адамзаттың күнәсі жеңілдепті. Ешкім бұғауланбапты жартасқа да, Айқышқа да еш адам керілмепті! Ештеңе де болған жоқ. Әлем аман. Сәл мысқылмен қарайды өлең оған. Таңғы газет кеп жетті, жазыпты олар: «Пайғамбар боп шығыпты пәлен адам!». Күнтізбенің жыртылған парағы – алтын... Жыртты, әлде жыртпады қала халқы. ...Сондай ма еді, япыр-ау, есімде жоқ, Януардың біріне қараған түн.
Ерлан ЖҮНІС БУМЕРАНГ Шаршатты бары, аңсатты жоғы, Сертінен дүние тайды ма-ай? Мен – Оғылан ем – Түркінің оғы, Адырна таппай, Адастым көкем Қайғыдай. Солықтап, өксіп, ауырды басым, Қырға да алаң, жырға алаң. Жыласа енді сәуір жыласын, Жыламаймын мен, Нұрлы адам! Бұйығы өткен бала шағым-ай, Булығып шыққан шер – өлең. Мұңайсаң енді, қараша, мұңай, Мұңаймаймын мен, Жар әлем! Емексіп жүріп өлем бе, құрысын, Еміренбесең – назым қай? Оқылса енді өлең оқылсын, Оқылмаймын мен А сызықты жазудай!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * Туған айды керілген, Жаңа шыққан күнімді, Сүйілмеген, сүйілмеген ерін мен Сипалмаған, сипалмаған бұрымды, Жаңа жырды жаттаған, Қонақтарды күтпеген, Ақ жағаны әлі галстук тақпаған, Иықтарды әлі жұлдыз бітпеген, Жас үмітті – ақ шәлі, Мен жүрмеген жолдарды, Саусақтарды санамаған ақша әлі, Әлі құлып ұстамаған қолдарды, Көзін ашқан бұлақты, Құрақ сылқ-сылқ күлгенді, Мақтау естіп үлгермеген құлақты, Ғайбат айтып үйренбеген тілдерді, Шырақты әлі жанбаған, Жаз гүлінің қауызын, Ешнәрсенің дәмін алып болмаған, Сәбилердің сүп-сүйкімді ауызын, Адал неке жүзігін, Жүректердің дүрсілін, Лап ететін бет ұшының қызылын, Жер шұқыған бәтіңкенің тұмсығын, Құрметтеймін!!!
Ерлан ЖҮНІС * Көктем – жас көңіл ғой, жүдесе болар күз, Өзгелер тонайды, өзіміз тонармыз... ...Ұсқынсыз ғасырды амалсыз сүюмен, Біз басқа дәуірді оятып алармыз. Оянған жүректің беймаза ұлуы, Оятар арманның ұйқылы сұлуын. Жыласа, жыласын ақынның жүрегі, Қайтарып беруге қайғының күлуін. Қайтарып беруге дәуірдің үмітін, Жыласын жүрегі, жыласын күні-түн. Көз жасың әлемді құтқара алса егер, Жылаудан қорықпа, жігітім. Һәм бүкіл ғарыштық кеңестің түнінде, Ақынның жүрегі күбірле, күбірле. Тіл үнсіз қалғанда сөйлейді жүректер, Сөйлейді жүректер өлеңнің тілінде. Кеңеске мүше еді ол тумай-ақ – туғалы, Сол түні шешілер әлемнің жұмбағы. Бар ақын сол түні бір ақын болады, Бір ақын болады сол түннің құрбаны. Құрбандық сол ақын – өлген ол-өлмеген, Сөйлейді күнменен, сөйлейді желменен. Ақындар, ақындар – Абылдың ұлы ғой, Ешқашан өмірге келмеген.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Мәңгі сөз жарату – ерегіс өліммен, Ақындар жеңілмес! Патшалар жеңілген! Бәрінің артынан күледі ол тарихпен, Көз жасын сүртеді өмірмен! Көктем – жас көңіл ғой, жүдесе болар күз, Өзгелер тонайды, өзіміз тонармыз... ...Ұсқынсыз ғасырды амалсыз сүюмен, Біз жаңа дәуірді оятып алармыз.
Ерлан ЖҮНІС * Мен кеше, Нөсердің астында қалудың ең үздік үлгісін көрсеттім көктемге! Мен кеше, Жымия қарадым өткенге, кеткенге. Мен кеше, Нөсердің астында қалудың ең үздік үлгісін көрсеттім жарыма! Мен кеше, Сүйем деп айттым ғой тағы да. Мен кеше, Нөсердің астында қалудың ең үздік үлгісін көрсеттім бәріне, Мен кеше, Бір жасар ұлымды жұмсадым дәріге.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ЕЛДЕН КЕЛГЕН Бұл да бір бейнет көрген бала дерсің, Жә, болсын, біздің үйде-ақ бола берсін. Тарпаңдау түзден келген туғаным ғой, Қыдырсын, қызық көрсін, қала көрсін. Ас көтер, әй, жеңгесі, артық тартып, Сорпасын бір ішейік сарпып-сарпып. Ет жесе бала жесін елден келген, Құмығып, құшырланып, қарпып-қарпып. Қыз көрсін қыр баласы – қыздар бағын, Қаланың балконда өскен қызғалдағын. Менде бар үш көйлектің біреуін бер, Және бер топылиды... қызғанбағын. Күлгенде жүзі емес, жаны күлсін, Бұл жұрттың жайдақтығын тағы білсін. Ел жайлы сөз айта алмас құрдастарын, Көтеріп бөренедей алып ұрсын. Тіл айтса, тамыздырып елден сөйлер, Кең сөйлер, көркем сөйлер, төрден сөйлер. Бір аңыз былтыр жазда бітпей қалған, Дәл сол бір бітпей қалған жерден сөйлер. Бұл жақта бір ағам деп кеп қалғасын, Риза қыл, жақсылықтан шет қалмасын. Нағашым насыбайын шырт түкіріп: «Бұл жиен ел болмады» деп қалмасын.
Ерлан ЖҮНІС «КЕШПЕЙДІ!» Бір әкенің ұлы болған, Оның аты – Қаратау. Бұл ақынның жыры болған Өмір аты – Қаратау. О, білмедім шын аты ма, Лақабы ма – Қаратау. Жете алмаған мұратына Қатарында – Қаратау. Он жылдықты озат біткен Күні, ісі үшін артық бір, Қайран әке қазақтықпен Қамшыменен тартып бір Жіберіпті, мал қамы үшін Бала ұруға бола ма? Соңғы балға барғаны үшін, Бала ұруға бола ма?! Сол бір күні кейіп те кім, Сөгіп те кім жақ ашқан? ...Менің мұңлы кейіпкерім Ақыл-естен адасқан. Содан қала Қаратаудың Қанша гүлі көктеді.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Содан бала Қаратаудың Басынан бұлт кетпеді. Біреу айтты: солай, солай Әке қолы тиген деп, Біреу айтты: о, бейшара-ай Пері қызын сүйген деп. Біреу айтты: қайғы кімде, Сол, у дәрі ішкен деп. Біреу айтты: айлы түнде, Көлге жалғыз түскен деп. Біреу айтты: дуаланған, Жылатқан деп бір қызды. Біреу айтты: қуады арман, Іздейді деп жұлдызды. Біреу айтты: құс келгенде, Қанат бітер болған деп. Біреу айтты: түс көргенде Түстен шықпай қалған деп. Жылап па едің, сүйіп пе едің, О, кім білсін, не кештің? Менің мұңлы кейіпкерім, Түсінбейді сені ешкім. Сол Қаратау жүрмейді екен, Жүгіреді тынымсыз. Ештеңе де білмейді екен, Сезбейді екен, ұғымсыз.
Ерлан ЖҮНІС Неден қаштың, қаштың кімнен? Өзіңнен бе, өзгеден? Доссың кіммен, қассың кіммен, О, дерттенген кезбе өлең? Бір әкенің ұлы болған, Оның аты – «Кешпейді!» Бұл ақынның жыры болған Өмір аты – өшпейді!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ЖОЛШЫ Жолшы, жолшы, жолшы, Қасыңа ерейін, қабағыңды берші. Жолшы, жолшы, жолшы, Жүзіңді көрейін, қайырыла көрші. Жолшы, жолшы, жолшы, Жалғызымды шалайын, қонағым болшы. Жолшы, жолшы, жолшы, Жастығың болайын, жаныма қоншы. Жолшы, жолшы, жолшы, Жолыңа қарайын, хабарың салшы. Жолшы, жолшы, жолшы, Қайғыңды алайын, қайғымды алшы. Жолшы, жолшы, жолшы, Қызметіңді қылайын, кідіре тұршы. Жолшы, жолшы, жолшы, Саулығыңды сұрайын, саулығымды білші. Екі де дүниенің екілеу арасын, Баян қылмайсың, жолшы, Айыбым қайсы, жолшы, Жан арбайсың, жолшы. Аял қылмайсың, жолшы, Қайырылмайсың, жолшы, Оралмайсың, жолшы, Өзіңді іздеп әлі кетіп барасың...
Ерлан ЖҮНІС КӨКТЕМЕНІҢ КҮНІ БАР ҚҰБЫЛМАЛЫ Көктеменің күнінің құбылуы-ай, Көк терегі көңілдің жығылуы-ай, Ерке қыздың ерсілеу қылығын-ай. Бұлтқа күннің бұйығып тығылуы-ай, Жүрегімнің кеудемде құмығуы-ай, Тұншықтырып тындың-ау, құрығыр-ай. Бұлттан шықса шүйіліп сұғынуы-ай, Жердегі тоң жылымнан былығуы-ай, Көз жасымның еріксіз шұбыруы-ай. Өкпек желдің өкпемнен ұруын-ай, Тулап кеткен көңілдің тұнығы лай, Көкіректе сезімнің ұлуын-ай. Өксіп тұрып оның да тынуын-ай, Махаббаттың көзінің жұмылуы-ай, Жолаушының гүлімді жұлуын-ай. Ойлап па едім болар деп мұны бұлай?! Ерке қыздың ерсілеу қылығындай, Көктеменің күнінің құбылуы-ай.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ АЛАҚАЙ! Періште маған хат алып келді, Хат алып келді, алақай! Есімім хатта аталып келді, Аталып келді, алақай! Аспан үстінен бір кісі келеді, Бір кісі келеді, алақай! Аспан астында тұрғысы келеді, Тұрғысы келеді, алақай! Аспан үстінен бір кісі келеді, Бір кісі келеді, алақай! Мен жайлы оның білгісі келеді, Білгісі келеді, алақай! Жүректе өмір сүргісі келеді, Бір кісі келеді, алақай! Махаббат билік құрғысы келеді, Бір кісі келеді, алақай! Солай деңіздер сұрағандарға, Сұрамағанға да нұр жаусын! Қарсы алысатын бір адам бар ма, Бір адам болса, нұр жаусын! Аспан үстінен бір кісі келеді, Келмейді деме, сенбеймін! Аспан астының күлкісі келеді, Мен енді хабар бермеймін!
Ерлан ЖҮНІС ҚАРАШАНЫҢ ЖЕТІСІ Туған жерден 26 миль. Қауыс. Жұлдыздар ауысқан түн. Таң. «Күн шықты, Сир!» Рахмет! Ерек! Кімге, Рахмет керек? Күнге! Фаренгейт: 19.4. Жөтел. Дерт. Өтер. «Миледи, кофе қайнатыңызшы». Бұл күн келді! Келді Бүгін! Енді? Не етеміз? Бүгін – туған күнім! «Сир, кофеңіз... Коньяк қосылған, және шылым»... ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Шашымнан сипаңызшы... Күнім! Ол – менің күнім! Бүгін еркелетуіңізге болады, миледи!...
Ерлан ЖҮНІС КҮНІМ Күнім, Маңдайымның иісіне хат жазып берші, Жусанды даламдай аңқысын. Жүзімнің нұрына хат жазып берші, Сенің сәулеңдей шалқысын. Күнім, Сөзімнің киесіне хат жазып берші, Өмір сүйетінімді ұға алсын. Көзімнің жасына хат жазып берші, Жыласам – жетімдер жұбансын. Күнім, Алақан ыстығына хат жазып берші, Тас бауырларды жылытсын. Көңіл суығына хат жазып берші, Көрген жәбірін ұмытсын. Күнім, Жан парағына хат жазып берші, Оны уақыт оқысын. Саусақ таңбасына хат жазып берші, Ешкімнің жемесін хақысын. Күнім, Мені өзіңе шақырып алшы, Алып кетсінші құс аппақ. Ақ бауырыңда бұйығып жатайын, Сәби дүниені құшақтап.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ҚАПЕР (әңгіме) Тағы жерідім, тағы да айныдым, Тағы да кірді ғой ортаға қара түн... Қош келдің, Жалғыздық, Қош келдің, қайғылым, Жан таппай мұң шағып баратын, Жан таппай жанымды ұғатын, Сенделтті бұл шаһар көшесі: Дәл осы көшеде ұрланып мұратым, Жоғалған арманның нешесі. Көзімнің ұшында Көшелер өледі... Ар жағы мәңгілік арманның мекені. Кей-кейде сол жаққа тартқым-ақ келеді, Ал шешем не етеді?! Көк базар-дүние жайлар бұл беткейді, Білмейді ол бірақ ақшада жас барын. Ойлансам, ойымнан қайыршылар кетпейді, Ол бәлкім өзіммін, ал мүмкін достарым. Түнгі оттар шақырар алыстан-алыстан, Жолаушы-жүректі қайда ерттің көшелер?! Оянсам – нақұрыс, ұйықтасам – данышпан, Көшелер секілді шып-шиыр пешенем. Көшелер – пешене, Түкпірлер не түрлі, Әр жерде өткеннің өрнегі. Көшелер ескірген ленталар секілді,
Ерлан ЖҮНІС Есіме салады әрнені: Мына бір еңселі үй селт етпеу, таң қалмау, сенбеуге ескерткіш екенін кім ұғар?! Бір кезгі жүрек бұл: арманшыл, аңғалдау, Ал қазір бірі жоқ, тек қана мұңы бар. Жарығы сөніпті... енді ешкім кірмейді, Шықпайды енді ешкім еркелеп. Неліктен? Ешкім де білмейді, Бір сұлу тұрғанын біледі ертерек. Ол жайлы жан таппай шындықты сұрайтын, Ойымнан шығарам, сөйтетін көбісі. Мұңайса – күлетін, қуанса – жылайтын, Хат жазып жүретін өзіне о кісі... – Ол – мендік махаббат, биікке ұмсыну, кештеткен онсыз да кешіккен көктемді. Ол – бәлкім – құбыжық, болмаса – тым сұлу, Қайсысы болса да, жалғыздық боп келді! Сұлулық бірде оған өкініш тілінде, Ертегі айтыпты обалы бес елі, Сол күні ол ұйықтап бұ дүние түнінде, О дүние таңында оянған деседі. Өлді ме? Мүмкін, жоқ! Өкініш өтпей ме?! Тірілтіп алған да шығар-ау кей көктем... Біреулер айтып жүр, қарайды деп кейде, Сол сұлу жаңбырлы түн сүйген әйнектен. Міне, енді, сол көше, Қараңғы күндіз де, Бұзылған секілді келісім: Сұлуды «Бақытты!» деп айтты кім бізге?
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Ақын да бақытсыз сол үшін! Бір сәтте табылдым, бір сәтте жоғалдым, Махаббат көшесі жоғалған! Мен содан түңіліп, іздеуді доғардым, Мен содан тасжүрек боп алғам! Тағы да жерідім, тағы да айныдым, Тағы да кірді ғой ортаға қара түн... Қош келдің, Жалғыздық, Қош келдің, Қайғылым, Тек қана ақында болатын!
Ерлан ЖҮНІС ДУАЛОГТАР 1. – Бұл кім? – Адасқан сәлеммін бейуақ... – Бұл кім? – Жоғалған соқпақпын кенет... – Бұл кім? – Босаған көңілмін кейуақ... – Бұл кім? – Азанғы азына жел ек. – Бұл кім? – Ғайыптан оралған жолшы! – Бұл кім? – Сен ести қоймаған есім! – Бұл кім? – Бұл сенің ертеңгі көршің... – Бұл кім? – О,бәлкім ертеңгі досың. – Бұл кім? – Қашқынмын - өзінен қашқан... – Бұл кім? – Бұл дала көп күткен ұлмын! – Бұл кім? – Жазыла қоймаған дастан. – Бұл кім? – Жаттала қоймаған Жырмын. – Бұл кім? – Ентіккен жігіттің демі. – Бұл кім?
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ – Теңіздің астындағы ағыс. – Бұл кім? – Тұтқынмын еркіндіктегі... – Бұл кім? – Есігін таппаған қағыс! – Бұл кім? – Бұл кім?! 2. – Мені ертең оятпа, досым. – Ұйықтасын дейсің бе әлем? – Тағы да сол үшін кешір... – Кешпейді Өлең! – Бізсіз де орнында бәрі... – Ағартпа жүректің шашын! – Ұйқыда Әлемнің Жаны! – Оята алмай ма Ғасыр?! – Ол үшін Мыңжылдық қажет. – Пайғамбар күтерсің, бәлкім?.. – Бір Ғұмыр – бір ғана мезет. – Қорлама Мезеттер Даңқын! – Бір ғана мезетте не тұр? – Мезеттер – мыңжылдық Жаны! – Бір емес сақал мен кекіл. – Сол Кекіл – сақалдың Мәні! – Бір ояу қалқыды Ой көкте... – Жанған ой! Жанған ой, сөнбе! – Өзгеріс рухы – бір Сәтте! – Сол сәттің белгісі – Сенде! – Сүйемін түнгі ақ Мұңды! – Аппақ мұң – жүректің Гүлі. – Сүйемін Ұйқысыз Түнді! – Ұйқысыз түндердің ұлы!
Ерлан ЖҮНІС 3. – Суығын қарашы кештің. – Тоңдырған кеш емес... Ғасыр! – Адамға сенбейді ешкім... – Қағазға сенеді жасыл! – Өзіне сенбейді тағы әм. – Өзгеге сүйейді арқа. – Ортаны жасайды Адам. – Жоқ, адамды жасайды Орта! – Балшықтан жасай ма бала? – Бұл ойын – Қуыршақ Ойнау. – Мидағы жара! – Тамырды байлау! – Бір парыз досты іздеп келмек... – Бізді енді іздейді... Шүкір! – Армандау – кедейге ермек! – Көнбістік – қоғамдық пікір! – Сұп-суық дірдек бар ойда... – Жүректі аяймын бейбақ. – Текке әуре болдың ғой шәйға... – Сөзге – шәй, көңілге – қаймақ. – Шәй жақсы, ащысы болса... – Тұрмыс бар! – Кешеден қалған... – Бөлмені желдетіп алса... – Сөз естіп жүрерміз шалдан. – Газетті көрдің бе бүгін? – Құттықтай салайық...көңіл... – Сонда да ашпайды-ей сырын. – Өмір!.. – Балыққа шықса ғой, шіркін! – Ауылда тамаша қазір. – Осылай өлеміз бір күн. – Иә, өмір – сәтсіздеу әзіл!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ – Ә, сол бір жақсы дос қайда? – Базарда. Он бес жыл... шәй...тұз... – Сұп-суық дірдек бар ойда. – Жүректі аяймын байқұс. – Адамдар байыған сайын... – Е, қазір қарайсың кімге?! – Сорпадай сіңді ғой шәйің... – Бір демдеп әкелейін бе? – Жә, болар, болармыз күпті. – Бұйымтай... Жүрістің жөні? – Әуресі қажеттіліктің... – Е, қайсың іздедің мені?! 4. – Сен мені көрмедім деші... – Түн бізді сатады бірде. – Өзінде бар ма оның өші? – Гүлдер! – Қуыршақ ойнайды өмір. – Құстардан хат келмей жүр ғой..! – Мұң деген – балқыған темір! – Шыңғырып жіберер бірде Ой. – Қабырға көрсетті тілін! – Айнадан біреу тұр қарап! – Тойлап жүр ол өлген күнін... – Өзі өзін тонап! – О, неге ашылды есік? – Бәрібір бер жағы да түз... – Қыздардың көз жасын кешіп... – Бөлмеде жат із! – Берірек итерші тауды. – Тсс... Жұлдыздар шоқынып отыр. – Мм... Сағат жиырма беске ауды.
Ерлан ЖҮНІС – Ол әлі ұйқысыз жатыр. – Бір уыс сәуле әкеп шашшы... – Жымиып кім отыр мұнда? – Үнсіздік дауысы – ащы! – Қар жауа бере ме жылда? – Мені өзім шақырып алдым. – Мені де шақырған өзім. – Өзімді сен бе деп қалдым... – Ұқсайды көзің. – Ей, қайда кеттің? Қашпа! – Бұл әлем Адамға сараң! – Өзіңді апарып таста, Өзімді шығарып салам! 5. – Есікті кім теуіп кеткен? – Қайыршылар жүр еді мана... – Бәрі де бір той ғой көппен... – Бейімсіз тұрмысқа жаңа. – Телефон шалды ма біреу? – Банктен ... Шақырды сотқа... – Әй, бар іс – сорыңды күреу. – Бәрі бар – тек біздер жоқта. – Көршілер той қамына әуре. – Несие аламыз деген... – Ол да бір дәурен. – Керең. – Аяқтан сыз өтті мүлде. – Болмайтын іс дедім ол да... – Кептіре салсаң ғой түнде. – ...жылиды зорға. – Сағындым бозбала күнді..! – Қартайып тұрсың ба, түге.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ – Жүрегім қартайған сынды... – Саулығың тіле! – Әжімді арманның жүзі... – Бар ауа – бір сенің демің. – Әй, қайын атамның қызы! – Ең ұлы ақыным менің! – Жұмақ қой жаныңдағы әр күн! – Әр сөзің – әулиедей емші. – Болашақ не деген жарқын!!! – Нан алып келші...! 6. – Біреуің шам жақсаңшы енді... – Артынан көшейік күннің. – Қанатты бір хабар келді! – Кезегі кімнің? – Ойлар – бір адасқан ұлдар. – Соқпағын іздей ме жоқтың? – Неге үнсіз қатыгез жылдар? – Неге оның есігін қақтың?! – Тұншығып шығады жалын... – О, өртеп отырсың нені? – Жанымның жапырақтарын... – Аяшы мені! – Сен енді тоңбайсың, күнім! – Жылайын сол күлді өбе. – Бұл жүрек – бір жетім құлын... – Кісіней береді неге? – Қарашы өртенген сөзді... – Суына қоймапты әлі. – Ұмытпа осы бір кезді... – Жалғыздың алғашқы қары! – Көз жасың не деген көркем!
Ерлан ЖҮНІС – Жылау да бір бақыт екен! – Сені алып кетеді ертең... – Қайтара көрмеші, көкем! 7. – Жаңа жыл келеді дейді... – Аяз шал тірі ме еді әлі? – Е, келсін, мейлі... – Келмесе әні..! – Бұл да бір балалық құштар. – Аяулы сәттердің бірі. – Аппақ қар – ақ қанат құстар! – Тек ұшып жүргенде тірі! – Анау дос біледі мұны... – Тек ішіп жүргенде тірі! – Қазір гүл – бір қыздың құны. – Қымбат қой қыздардың мұңы. – Түу, мына көлікті қара... – Ішінде біз жоқпыз оның. – Бізге тек – сұқтану ғана. – Сұқтану – тегін! – Түнімен шулады жастар. – Тыпыршып шыққаным деші... – Е, қайда кешегі достар?! – Өзгенің досы! – Бір-бірінен аумайтын күндер. – Ол да бір өтпелі кезең. – Бақыт бар қонғалы жүрген. – Мен де бір жақсылық сезем! – Ақынды түбі ақтар жыры! – Орғандай қылма тек пішен..! – Не істейсің жаңа жыл күні? – Әкесін танытып ішем!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ 8. – Сен шырақ жақпадың неге? – Оятып алармыз түнді... – Бір әуен қалқып жүр көне... – Киелі мұңды! – Қайтеміз сөздерді өлген? – Жүрекке көмейік оны. – Жан – сұлық ғайыптан келген... – Қасиет меңі! – Кәрі ұят хал үсті жатыр... – Даусыңды шығара көрме! – Ауа да сатылды ақыр. – Сатылып кетіпті жер де! – Джоконда мазақ қылады... – Тыңда... – Жоғалды адамның жады! – Ешкім жоқ мұнда! – Тезірек таң атса екен. – Біз күнді көрмейміз енді... – Біреу бар есімі – Бөтен. – Бір сұлу бар дейді Меңді... – Бет-ауызы қисайды Ойдың! – Медуза сүйкімді неткен! – Суретін сақтап қал Айдың... – Жоғалып кеткен! – Жерде тек жалғыз гүл қалды! – Сол үшін соғыс болады! – Көрдің бе кешегі Шалды? – Басында бәрінің жады! – Мәңгілік тірі жүр екен... – Алғашқы Адам дейді Оны! – Осы күй – ендігі мекен... – Өлімнің соңы!
Ерлан ЖҮНІС 9. – Кезеңнің тәкаппар бір ұлы, Құшақтап құлапты шөлмекті – Шаршатып көздердің сыбыры! – Е, менің нем кетті?! – Тасжүрек ғасырдың құрбаны – Сұлуға ешкім де сенбепті - Лақтырып кетіпті жылдары! – Е, менің нем кетті?! – Дәуірдің ең ұлы шайыры Хрестоматияға енбепті Жоқшысы жоқ екен айыбы! – Е, менің нем кетті?! – Ауылдан бір жігіт келіпті, Ала алмай қаналған енбекті - Қалада қаңғырып өліпті! – Е, менің нем кетті?! – Кешегі соғыстан бір жесір, Айта алмай тағдырын кермекті, Жарының құшыпты мүрдесін! – Е, менің нем кетті?! – Үмітсіз тудың ба, досым-ай, Көш жүрді, ілгері ел кетті, Қалдың ба осылай?! – Е, сенің нең кетті?!
Сағынышы басылмаған жүрек – жабайы Ерлан ЖҮНІС ЖҮРЕК МАУСЫМДАРЫ (триптих) 1.ӨТКЕНДЕ... Өткенде... өмірді бастарда, көктеуге ынтыққан өмірмен, көктемге ынтыққан көңілмен, тап келдім, тап келдім сенің мен, әлемің, аспаның, жаныңа, көп келдім көктемгі бағыңа, бұйығы, балауса шағыңда, шашыңа көк гүлдер тағына, сен жүрдің, сен жүрдің ішінде ен гүлдің, «Махаббат бар ма?» деп мен жүрдім, сендіргің келетін, күн өпкен жүзіңнен мен өпкім, жаныңды жанымның төрі еткім, тәніңді тәнімнің төрі еткім келетін, о, бәлкім, сен білдің, мен сонда білмеген екенмін, ертерек бүрлеген екенмін,
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ бір баққа бөлене бермесін, бір бақта гүлдеген екеудің, өткенде... өмірді бастарда... 2.ДӘЛ ҚАЗІР... Дәл қазір... тек басқа қалада, Сен жайлы ойланды бір адам, қалаға, жымиған, жылаған, дәл қазір арылған күнәдан, дәл қазір күнәға бататын, қарады ол: сен жайлы ойланды, терезе алдына байланды, есіне түсірді жайдарлы, кезіңді, кезіңді жабыққан, оның шын сүйерін жаңа ұққан кезіңді, кезіңді сүйікті болудан жалыққан, сүюге ұмтылған өзгені, өзгеге арналған сөздерің, өзгеге қараған көздерің, мұңайтып тұрғанын сезбедің, дәл қазір... тек басқа қалада, сен жайлы ойланған адамды, өзіңе айналған адамды, өзіңе байланған жанарды... Дәл қазір... тек басқа қалада...
Ерлан ЖҮНІС 3. КҮНІ ЕРТЕҢ... Күні ертең... көк пен жер есенде, Алқоңыр күздер Мен Көгілдір көктемдер есенде, Сол сәтке адаспай жеткендер Есенде, бір ақын, Сен жайлы жыр оқып тұратын, Ел жайлы жыр оқып тұратын, Жер жайлы жыр оқып тұратын, Есіңе түскенде, дәуірлер, замандар көшерде, қалалар, адамдар көшерде, О, бәлкім дәл сенің көшеңде, О, бәлкім орталық алаңда, Арманшыл, адасқақ сол жанға Далалар, өзендер, ормандар, Жолдар да, таулар да, қорғандар, Уақыттар, халықтар, белдеулер, Гүлзарлар, нөсерлер, желдер де, Құлдыраулар менен өрлеулер, Ең ұлы сезімге сенгендер, Ескерткіш қойғанда, Ғарышпен тыныстап жүректер, Атқақтап, тыныш қап жүректер, Саған кеп ұсынса, таң қалма, Қолына гүл ұстап жүректер, Күні ертең... көк пен жер есенде...
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ САҒАН, САҒАН Саған, саған таңнан бұрын жетемін, Тауда болсын, қырда болсын мекенің. Терезеңді айқара ашып, Жастыққа Бір тал таудың гүлін қойып кетемін. Саған, саған түннен бұрын барамын, Сансыз шамы сөнгенінше қаланың. Қымтай жауып ақ көрпеңді, Жастыққа Бір тал гүлін қойып кетем даланың. Саған, саған бұрын жетем өзімнен, Бұрын жетем сағыныштан, төзімнен. Есімімді ести алмай аузыңнан, Келбетімді көрмесем де көзіңнен. Саған, саған бұрын жетем мұңдардан, Бұрын жетем бұл қатыгез жылдардан. Сәтсіздіктен, тағдырыңнан, сынғаннан, Жалғызсырап, жыламсырап тұрғаннан. Бұрын жетем үміттен де, арманнан, Керексіз боп, лақтырылып қалғаннан. Қартаюдан, жас өмірің солғаннан, Сені ұға алмас жай кездейсоқ жандардан.
Ерлан ЖҮНІС Бұрын жетем көз жасыңнан төгілген, Сәттеріңнен шегінген де жеңілген. Күннен, түннен, мұңнан, жастан қорғаушы Періштеңе айналамын сенің мен. Қатал уақыт қайраңдатсын, тежесін, Қатал адам қара қолын кезесін. Тым алыста жүргенімді білгенмен, Тым жақында тұрғанымды сезесің. Көрген түсте кездессек біз, өң деп біл, Тар кезеңде жолықсақ біз, кең деп біл. Қара аспанда бір ақ сәуле жалт етсе, Саған, саған бұрын жеткен мен деп біл.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ КЕЗДЕСУ Не істей алар екенмін сен үшін мен? Балдың, удың... құдай-ау, көбі ішілген. Қараймын да жүзіңе, ойланамын, Әлденені айтамын... тек ішімнен. Іші-бауырым езіле, емірене, Емірене қараймын, тебірене. Саған ғана айтатын сырларым бар, Саған енді айтпаймын соны неге? Өңім тағы құбылып өрт кешкендей, Көңіл тағы құбылып дерт көшкендей, Сақтау үшін бір ұлы құпияны, Үндемеуге екеуміз серттескендей, Үндемейміз. Үнсіздік ұнағандай, Үндемейміз, іште бір кінә бардай. Маңдайыңның қараймын сызығына, Хал-жайыңды солардан сұрағандай. Жанымызды, жүректі тұмшаласып, Қайда жүрдік жолықпай мұнша ғасыр?! Маған қарап күрсініп қоясың тек, Білем, білем, ішіңнен мұң шағасың, Мұң шағасың, сеземін, мұңаясың, Мұңайғаның әдемі, құдая, шын.
Ерлан ЖҮНІС Мен сені аяп отырмын, сен мені аяп, Аярлықсыз осылай кім аясын. Кісі көңілі көктемге сенеді екен, Сол сенімдер боп еді неге бөтен? Бізді айырған бір кезгі жегі сөздер, Үнсіздікте осылай өледі екен. Үндемеші. Осылай наз айтылар. Қайбір сұрақ көңілді қажай тұрар. Үндемеймін. Іште сөз жанып-сөніп, Бізге бүгін керегі өзі айтылар. Өткен өмір – ұмтылған түстей ғана, Енді бізге ешкім де түспейді ара. ...Өтіп кетер ме екенбіз бұл өмірден, Күбірлесіп екеуміз іштей ғана.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ СӘТ. САҒЫНЫШ Жұлдыздан жарық жеткенше, Сағынып үлгердім сені, Жанымнан тұрып кеткенше, Сағынып үлгердім сені, Көбелек қанат қаққанша, Сағынып үлгердім сені, Қалалар шамын жаққанша, Сағынып үлгердім сені, Бір тамшы тамам дегенше, Сағынып үлгердім сені, Бір шырпы жанам дегенше, Сағынып үлгердім сені, Бір ойдан қайтам дегенше, Сағынып үлгердім сені, Бір сөзді айтам дегенше, Сағынып үлгердім сені, Құс ұшып қонам дегенше, Сағынып үлгердім сені, Қу көңіл қалам дегенше, Сағынып үлгердім сені, Зарыңды тартам дегенше, Сағынып үлгердім сені, Жүгіңді артам дегенше, Сағынып үлгердім сені, Перронға шығам дегенше, Сағынып үлгердім сені, Бәрін де ұғам дегенше, Сағынып үлгердім сені,
Ерлан ЖҮНІС Сағынбан енді дегенше, Сағынып үлгердім сені, «Махаббат өлді» дегенше, Өлтіріп кетші мені! ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ЖАЗМЫШ Жазам дедім, қалам берді Тәңірім, Ашам дедім, ғалам берді Тәңірім, Қара өлеңді маған берді Тәңірім, Бар әлемді саған берді Тәңірім! Қара гүлге өлең жаздым, ақ болды, Қара мұңға өлең жаздым, бақ болды, Қара түнге өлең жаздым, нұр болды, Қара тасқа өлең жаздым, тақ болды! Бұл дүниенің бас-басына жаздым мен, Тағдырымның таспасына жаздым мен, Таңғажайып дүниесінде тәңірдің, Маңдайыңнан басқасына жаздым мен!
Ерлан ЖҮНІС ШЫҒЫС ДҰҒАСЫ Ей, мұсылман желдер, Сендер, Бір хабарын беріңдер оның, Ей, мұсылман көлдер, Көркем жүзін көріңдер оның, Момын өзендер, Су бетіндегі бейнесін сақтап, Момын кезеңдер, Жан дүниесіндегі аппақ, Махаббатын қорып, Махаббатын қорып, Махаббатын қорып, Ей, әлемдік Жүрек, Ей, қастерлі Жарық, Ей, киелі Түнек, Ей, ғасырлық Мұңдар, Ей, Іңкәрлік әппақ, Ей, мұсылман Шыңдар, Ей, мұсылман Соқпақ, Жеткізіңдер Маған! Жеткізіңдер бүгін, Өпкізіңдер маған, Маңдайының нұрын!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ТҮРКІ ДҰҒАСЫ Мен – парасатсыз, Бұл әлемде махаббат барына сендім, Адамдардың арына сендім, Әулиелердің жолына сендім, Қалалардың жанына сендім, Таң дұғасын Шығыстан создым, Түн дұғасын Батыстан создым, Киесін корғағым келді Сөздің, Нұрын сақтағым келді Көздің, Оңтүстіктен ой шұғыласын шаштым, Солтүстіктен сезім шұғыласын шаштым, Құрлықтарды аштым, Теңіздерді бастым, Жаратушының берген Жырымен, Табиғаттың берген Сырымен, Қара тасты да шайыр қылғым келді, Кара ағашты да биім қылғым келді, Аш жүректерді тойындырғым келді, Жалаңаштарын киіндіргім келді, Бәрінің қасынан табылдым, Бәріне құрбан шалдым, Қара жерді жастандым, Көк аспанды жамылдым, Өз жүрегім жалаңаш, Өз жүрегім аш қалды, Өзім... жалғыз қалдым! ...Ең ғажабы, бұл маған ұнайды!
Ерлан ЖҮНІС БАТЫС ДҰҒАСЫ Бұрын, бұрын бір сөзді білуші едім, Іштей ғана қайталап жүруші едім, Кейін соны ұмыттым... неге ұмыттым, Не біліп кеп, өмірден не біліппін?! Қалың-қалың томдардан таба алмадым, Қиыр-қиыр жолдардан таба алмадым, Таба алмадым мұражай, мұрағаттан, Далалардан, өзеннен құлап аққан, Мезгілдерден, маусымдар жаңбырынан, Ақшамдағы шұғыла, таң нұрынан, Дұғасынан молданың, шаманның да, Таба алмадым, білмеймін, таба алдым ба, Әйтеуір мен, жүректің бар арманын, Іздегенін, тапқанын, жоғалғанын, Сол бір сөзбен айтсам деп саған, жаным, Көздеріңнен көзімді ала алмадым!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ЕСІЛДІҢ ЖАЗЫ Көңілім бүгін серпілді аз, Азайды, бәлкім, күрсіну. ...Есілдің жазы – еркін жаз – Еркелеп жүрген бір сұлу. Бір сұлу ол да от ерін, Біздегі ойдың – бәрі ізгі: Желпілдек көйлек етегін, Жел қағып өткен тәрізді... Қымсынып маған қарайды, Қысылған мен де өң берем. Майысып шашын тарайды, Майда да қоңыр желменен. Айнала сұлу әнімен, Байланған соған баламын. ... Бір қызға қарап қалып ем, Төмен сап өткен жанарын, Қызғанды ма екен, құрғыр-ай, Құбылды жазым дембе-дем, Өкпелеп қалған құрбыдай, Өпкізбей қойды ернінен. Көңілдің көркем қалқасы, Жек көрме мені жатыңдай.
Ерлан ЖҮНІС Сұлу мен жаздың ортасы, Абдырап қалдым, апырмай! Махаббат – алтын буындай, Кеудемде менің маздайды. Жазды да сүйем сұлудай, Сұлуды сүйем жаздай бұл! Жанымды енді жаңғырт, жаз, Жазбаған жыр көп – мұратым. ...Арқаның жазы – албырт жаз – Аңқылдап жүрген бір ақын.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ СЕН БІЛЕСІҢ... Сен бәрін де білесің, бәрін-бәрін, Дауылдарын жүректің, жауындарын. Қай көктемде құстардың кешіккенін, Сонда менің жанымның ауырғанын. Қай бір сөздің дертімді емдегенін, Қай бір әуен бейуақ тербегенін, Қай бір күзде гүлдердің ерте солып, Ертесіне мен саған келмегенім. Сен білесің сезімнің жаздағы әнін, Жазмыш оты жүректе маздағанын, Күйін кешіп бір сәтте бозбаланың, Бір сәтте жанып кете жаздағаным. Сен білесің тағдырдың шайқағанын, (Шайқаламын таулардай, жай табамын), Қай нөсердің астында көкке қарап, Қандай сөзді ішімнен қайталадым, Сен білесің, Жаным не қалайтынын, Саған мәлім – табарым қалай тыным, Қай дұғаны таңертең оқитыным, Қай кітапты кешкілік қарайтыным,
Ерлан ЖҮНІС Сен білесің, ерке қыз, бәрін-бәрін, Сенен өзге жүрекке шағынбадым, Қай түндерде қандай түс көргенімді, Сол түстердің қалайша жорылғанын, Сен білесің, жан білмес сырларымды, өзім шеше алмайтын жұмбағымды, Ешбір адам көрмеген белгілерді, Еш жинаққа енбеген жырларымды, Сен білесің, бәрінің бір дерегін, Сен білесің неліктен мұңлы өлеңім, ...Менің кінәм шығар-ау, Бәрін біліп – Маған керектігіңді білмегенің...
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ҰЗАТЫЛМАҒАН ҚЫЗ Ұзатпады оны. Ұзамады үйден. Үйі де әрі қашықтау. ...Бір жігіт болды-ау, сірә да сүйген, Сол жігіт болды-ау жасықтау... Қарай да қарай айна да ескірді, Жек көрді, мүмкін, айнаны, Айлы түндерде ол ойлады ешкімді, Ешкім де оны ойлады... Жылай да жылай жастық сарғайды, Жастық та дұшпан - әр тайса. ...Жігіт пен қызда достық болмайды, Болады, бәлкім, қартайса... Тарай да тарай тарақ кетілді, Кетілген шығар төзімі, ...Ұзақ сақталған шарап секілді, Ұзатылмаған қыздың сезімі.
Ерлан ЖҮНІС ОЛ ҚАЙТЫП КЕЛДІ... Беймезгіл шақта ол қайтып келді, Тағдырдан, әлде, жаңбырдан... Жанының мұңын жолға айтып келді, Жол қайтып келді абдырған. «Қайтқан ойлардың кемел ме бәрі, Ұшарда оны не қақты?!» - Тәкаппар таулар төмен қарады, Таза бұлақтар кері ақты. Құс қайтып келді: Омбы қарларға, Көшкен сеңдерге «қош» десіп. ...Анау бір төрде домбыра қалды, Анау бір жерде бос бесік... Жабуы жүктің желпілдеп келді, Селдіреп келді желегі, Ботадай көзі мөлтілдеп келді – Боздамаса екен дегені... Махаббат әні – мұңдарда қалар, Махаббат – мұндар, шерменде! Қауесет ізі құмдарда қалар, Көз жасы ізі – көлдерде.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Өтеуі жүрек – өкпелі болса, Жасасын ұлы құштарлық! ...Көшкен бір жұртта көктемі қалса, Қайтармаңдаршы құстарды! Ерлан ЖҮНІС ШҰҒЫЛАЛЫ ТҮН (триптих) 1. Ұлы бесін. Үмітті шақ. Жазғы жаңбыр, өтпелі. Түбіт мұртты жігітке ұқсап, Толқығаны, не еткені, бұл көңілдің?! Тамылжулы, Жастық әні – жас үміт, Әлденеге абыржулы, Әлдекімге асығып, Келем... Бір тал, жоқ, екеу ме, Үш шоқ гүл ме, жоқ әлде?! Тағдыр бізді тақ етер ме, Жұп етер ме? Обал не, Ғалжа ғұмыр кешпек – күнә, Сүймек – тағы сүннәттан, Есіл күннен ес кетті ме, Босқа өтті ме, Мың батпан Мұң көтеріп, жол таба алмай Жан таба алмай жол сұрар?!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Бұл жолдарды бірге өтерлік, Бір жан болса, сол шығар, Деп, келемін, Тамылжуда, Жастық әні – жас үміт, Әлденеге абыржулы, Әлдекімге асығып... 2. Сам жамырап... самаладай жұлдыздар, Салқам күйге шомып жатқан шақтарда, Адамдарды алаламай жұлдыздар, Алақанға қонып жатқан шақтарда, Аспан жерге құштарланған шақтарда, Жер де аспанға сырын ашқан шақтарда, Айналаға құстар қонған шақтарда, Ай гүлдері бүрін ашқан шақтарда, Әрбір сөзден бақыт гүлі бүр атып, Әрбір демнен сол гүлдердің иісі аңқып, Бір нәзіктік тұл бойыңды жылатып, Бір ғажайып ту биіктен күй шалқып, Тұрған сәтте... ойды, мұңды, төзімді, Бостандыққа ұшырдым да бір-бірден, Кеудеме ыстық қыса беріп өзіңді, Көздеріңнен үнсіз сүйіп тұрдым мен!..
Ерлан ЖҮНІС 3. Жұлдыздар ауып, жұлдыздар ауып барады, Адамдар түгіл, айға да «сүй» деп жүргендей, Қисапсыз шырақ аспанды жауып барады, Қиссауи ғашық айнала билеп жүргендей, Тұп-тұнық көздер тұңғиық сырын ашардай, Толықсып барып, тамып та кетер тәрізді, Жап-жарық жүрек жалынын әсте баса алмай, Жарқырап тұрып, жанып та кетер тәрізді, Албырт бір сезім аңқылдақ тілді сөйлетпей, Сөйлесем, тілім кесіліп түсер тәрізді, Шілденің түні сусылдап шәйі көйлектей, Үстіңнен қазір шешіліп түсер тәрізді, Шабытты шақта шалықтап тұрып екеуміз, Жұптасқан күйі жұмаққа кетер ме екенбіз, Қона алмай бір сәт қалықтап тұрып екеуміз, Ғарышқа түпсіз құлап та кетер ме екенбіз?! Ғаусар да ғұсни аңыз боп қалып әлемге, Сүюге бәрін шақырып тұрар секілдім, Айналып сосын асқақ та ақық өлеңге, Аспаннан ғана оқылып тұрар секілдім!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ *** Байқаймысың, дүниенің назы бөтен: Нәзік гүлге бәрі де нәзік екен, Бәрін гүл деп ойлайды ол, ойлай берсін, Нәзіктігі, о, кімнің жазығы екен?! Қара тасқа бәрі де қара, қатты, Қара тас деп ойлайды ол қарақатты, «Тас емеспіз!» деп қанша күрестік біз, Жас жүректер болғанша жарақатты. Сен биік бол өзгенің биігі үшін, Өзің де сүй өзгелер сүю үшін, Қара тастан құмыра жасай көрме, Әппақ гүлдің көз жасын құю үшін!
Ерлан ЖҮНІС *** Сезім көп кеше кешкен, бүгін көшкен, шығара алмаймын-ау бірін де естен. Астында ақ көбелек қанатының бейуақ қызыл гүлдер күбірлескен. Қызыл гүл, маған да айтшы, сырың қандай, сезімдер қызыл-жасыл құбылғандай, астында ақ көбелек қанатының, бейуақ болайыншы ұғынғандай. Сырыңды мен алайын, жүрек көнсе, көңілді тотықұстай түлеткенше, екеуміз сүю жайлы сырласайық, қанаты көбелектің дір еткенше!..
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ *** Лала гүлі: «бір қызды сүйем!» деді, «Сүйе ғой!», Сүйген жүректер ғана мына әлемге ие ғой! Лала гүлі: «сол қызды көрсем...» деді, Көрелік, Көре алмасақ дүние кетер еді көнеріп. Лала гүлі: «сол қызға сыйла мені» дегені, Ия, менің де сұлуға гүл сыйлағым келеді! ...Гүлді бердім, сонда қыз: «Сүйем сені!» дегені, О, Құдайым, ал менің не жазығым бар еді?!
Ерлан ЖҮНІС ЖҮРЕГІМДІ САҚТА Жүрегіңді сақта, Жүрегімді сақта, Бұл алағай шақта, бұл бұлағай шақта! Күнге керек жүрек, Түнге керек жүрек, Саған құнсыз болса, Гүлге керек жүрек! Жүрегіңді жебе, Жүрегімді жебе, Өзің сүймеген соң, Өзге сүймес деме. Жүрегіңді қорға, Жүрегімді қорға, Соғып жүр ол зорға, соғатындай сорға. Жүрегімді тыңда, Жүрегіңді тыңда, Шақырмашы құзға, батырмашы мұңға. Жүрегіңе – рахым, Жүрегіме – рахым, Жүрек деген – сұлу, Жүрек деген – Ақын! Жүрегіңді сақта, Жүрегімді сақта, Я, Тәңірім, көз бер, Жүрек көзі жоққа!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * Шіркін, сенің жүрегің нұрдан болса, Күнмен бірге көгімде тұрған болса, «Тәңірден соң бір саған аманат» деп, Көңіліме көңілің кұрбан болса. Шіркін, сенің жүрегің гүлден болса, Гүл күлгенде, ол бірге күлген болса, Қызыл-жасыл дүние қызығына, Құрғыр көңіл қана алмай жүрген болса. Шіркін, сенің жүрегің мұнар болса, Сол мұнарға сенімім шығар болса, Қалау, аңсар, үміт те, жанымыз да, Бір ойға ұйып, бір сөзге тұнар болса. Шіркін, сенің жүрегің менде болса, Сезімге бай, секемге кенде болса, Ғұмыр бойы сырыңа сырым бойлап, Қанша қазсам сарқылмас көмбе болса.
Ерлан ЖҮНІС *** Осы көз – туыс маған, Осы ерін – бауыр маған, Көңілмен суыспаған, Жүрекпен ауырмаған, Кездескен кез есімде, Ұялшақ түн есімде, Сен соны сезесің бе, сен соны білесің бе?! Жанарың... есімде мұң – өлеңдей оқылмаған, Осы қол – досым менің, бұл құшақ – жақын маған! Кешікпей келші дедің, келмедім, алыстадым, ойларың – көршілерім, сөздерің – таныстарым! Сәулем-ау, содан бері – кері жол, теріс орам, ұнатса адам нені, ұзамаушы еді содан, Ал мен ше, безінемін, Дүние – көзіме жын, бөтенмін өзіме өзім, дұшпанмын өзіме өзім!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ *** Тұңғиық мұңнан тұншығып шыққан тұмса өлең – ғұмырым менің – адасып жүрген бір сәлем! Жүрегім бір сәт атқақтап барып басылар, алдымда сен боп асқақтап менің тұрса әлем! Таңдардың саған жеткізу үшін сәлемін, арманның саған жеткізу үшін сәлемін, үздігіп жазып үміттің нұрлы өлеңін, Жап-жарық Жүрек, мен сені іздеп келемін! Кең дүние мынау тарылып кетпесе екен деп, Кең пейіл жандар камығып кетпесе екен деп, ағыл да тегіл сезімді іркіп келемін, жүрегің сенің жарылып кетпесе екен деп!
Ерлан ЖҮНІС *** Таңертең тұрсам, таң қалып жатыр екенмін, тылсым ойларға арбалып жатыр екенмін, Құлазу атты құрдымға құлап кеткендей, жылт еткен нұрға қарманып жатыр екенмін. Сағыныш деген – сағымға сіңген көш екен, Көңілдің көркем күймесі тағы бос екен, Жалғыз-ақ сүріп үйренген басым өмірді, Екеулеп енді сүре алмағаны несі екен? Бұл үміт деген – екі дүниенің де есі екен, Үр қызы менен Гүл қызын қалай дос етем?! Әлемнің жанын сезе алған мынау жүректің, Әйелдің жанын сезе алмағаны несі екен?!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ *** Жымиып қана қош айтып өткен жылдарға, жолаушы жүрек жолдарға қарап тұрғанда, бейімделуім керек-ақ шығар бұл күнге, кейін келуім керек-ақ шығар бұл маңға. Басынан бұлтты, қасынан жұртты өткеріп, о, талай сезім таң атар тұста кетті өліп... Әлдебір жанға алғашқы сәттей ғашык боп, әлдебір жанды ақырғы сәттей жек көріп, әр сәтке, міне, ескерткіш қойып өлеңмен, Ескерткіштерге Өмір деп есім берем мен! Өлең жазуды өзімнен артық білсем де, өмір сүруді үйрене алмай келем мен!
Ерлан ЖҮНІС *** Адасып кетіп, жадымнан бір сәт жаңылып, Таулар мен көлдер, жолдарда ұзақ сабылып, Алдына сенің үйіңнің барып тұрсам ғой, Өзіме таныс терезелерді тағы ұрып. Есімнен танып, айрылып бір сәт еріктен, Шалдығып, тоңып, жолсоқты болып деміккен, күйімде бір сәт қателесумен тұрсам ғой, Өзіме таныс нөмірді тағы теріп мен. Өткеннің мұңын өшіре алатын болса адам, Екеуміз жайлы ең нұрлы сәттер қалса одан, шіркін-ай, шіркін, ақылдан танып бір күні, Жаңылып кетіп «жаным!» деп қалсам мен саған!..
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ *** Жаз да өтті, сұлу салған ән сыңайлы, «Қош» деуге қалай енді жан шыдайды?! Жаңбыр иісі... тамыздың тоңғақ түні жапырақтың көзінен тамшылайды. Ауық-ауық тұр, міне, себелеп түн, себелекті келгендей өлең еткім, жаңбыр иісі... ашылған терезеден әнін шырқап қоямын көбелектің. Әр тамшысын бірлеп-бірлеп санап түннің, тезірек таң атқанын қалап тұрмын. ...Көңілімде мұң да жоқ, шаттық та жоқ, терезеден ешқайда қарап тұрмын...
Ерлан ЖҮНІС *** Жауды ма күн, білмеймін, жауды ма өлең, Жауғанына аңсарым ауды неден?! ...Жаздың соңғы түндері мөлт-мөлт етіп, әр тамшының көзінде жәудіреген. Жарқыраған дүние-ай, жасыл күнім, Сенің жарқын жүзіңді жасырды кім?!. Жаз бойына қыратта гүл ашылса, Жаз бойына жүректе ашылды мұң. Ашылды мұн, бүр жарды мұңның гүлі, Мұңсыз өткен есте жоқ түннің бірі. Зердесіне салармын мұны кімнің, Кеудесіне тағармын кімнің мұны?! Бұл қалада бұлт маңғақ тау көрмеген, Маңғақ бұлтты күз желі жәукемдеген, Жаздың соңғы түндері-ай, қайтем сені, Әр тамшының көзінде жәутеңдеген!?
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ *** Жазың қайда, жапырағым? Жаз әнін Сезіндік қой айта алмаудың азабын! Сезім деген – шұғыласы бояудың: Жасылын да, қызылын да, бозаңын, сарысын да, қарасын да, әппағын, Жылдар бойы жүрегімде сақтадым, Сан алуан сол бояулар ішінен, Сені сақтап қалар түсті таппадым! Жапырағым, жанарында күн күлген, Тастай алмай, қош дей алмай жүрмін мен, Сенің жазда қаларыңды кім білген, Күзге жалғыз барарымды кім білген?!
Ерлан ЖҮНІС * Қалмадың неге сен мені сақтап, О, неге ақтап алмадың? Мен саған жазған хаттардың әппақ қанаты сондай талғанын, Сезбедің неге, сезбей ме адам, жүректің шоғы сөнбесін? Аңсардың асқақ жырларын Саған, Жазбасам енді... Сен кешір! Сен кешір енді, жүректің кілтін, Өзгеге аян бермесім: Жалғыз қалудың ләззатын бір күн, Сезініп қойсам, сен кешір! Үйрене алмай кеттім-ау, шіркін, қайғысыз, қамсыз күлуді, Ұмытып қалсам сүюді бір күн, Ұмытсам өмір сүруді, Сен кешір мені, сезімсіз кезең, Сені де жықты-ау ығына, Бәріне, бәрі, бәріне төзем, Төзбеймін сатқындығыңа!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ТҮН ЕСІМІ – СҰЛУ... Түн есімі – сұлу... Сұлу, Сұлу – күннің есімі, Гүл есімі – сұлу, Сұлу, Сұлу – мұңның есімі! Түн есімі – сұлу, Сұлу – Кешірім, Сатқындық та, Қызғаныш та, Жалғыздық та – есімі! Оның сұлу есімі! Түн есімі – сұлу, Сұлу – Құлдық, Азап, Бостандық, Гүл есімі – сұлу, Сұлу – Ең аяулы қастандық! Әппақ парақ – сұлу, Сұлу! Сұлулыққа қатала! Ерлан ЖҮНІС Жалғыздыққа, Жалғыздықта түн есімін атама! Жанып кете жаздасын! Сұлу – ардың, Сұлу – зардың, Сұлу – қардың есімі! Шимай-шимай өмір жолым – сұлулардың есімі! Қандай азап бір әріпін өшіру, Қаныңменен жазғасын! ...Ғұмыр кешу – әйелдерді кешіру, Кешіп барып көз жасын!..
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * О, неге аспанға құштармыз, О, неге ұшқымыз келеді? Төбемде айнала ұшқан құс, Төменге қарайлай береді. Жоқ, әлде мен қарай берем бе, Бір қайыр таба алмай көңілге? Басқаша болғанмен өлеңде, Басқаша бола алмай өмірде, Мен қарай берем бе кеткім кеп, Кеткім кеп, аспанды өпкім кеп, Қиянға, қиырға жеткім кеп, Жеткім кеп, жер баспай өткім кеп, Еркіндік сүйген құс секілді, Қайырылмай, қамықпай, жасымай! ...Қанаты күйген құс секілді, Күйгелек күн кешкен басым-ай!
Ерлан ЖҮНІС * Жүректі қорғаусыз қалдырма, Қараусыз тастама! О, сеніп тапсырма тағдырға, О, сеніп тапсырма басқаға! Бер бәрін! Бәске тік басыңды! Қаласа, бауырыңды кесіп бер! Бер бәрін, жылдарды, ғасырды, Ең соңғы көйлекті шешіп бер! Бер бәрін, аяма сен бардың, Білмейтін жандарға аяуды, Бекзада жүректе – дегдар мұң, Киесіз шаттықтан аяулы! Адамдар айналар тағдырға, Тағдырға – сезімсіз... ...Жүректі қорғаусыз қалдырма, Қалса да бұл дүние – өзіңсіз!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ЖАЗМЫШ ЖАҢЫЛТПАШЫ Күнді қарсы алам, Күнді қарсы алам, Күнменен бірге, Кімді қарсы алам?! Тез келші, Күнім, Тез келші, Күнім, Өзгертші мені, Өзгерші бүгін! Түнді айналдым, Түнге айналдым, Қырық шырақ ұстап, Мұңды айналдым!.. Әлем де айналды, Өлең де айналды, Сезім лайланды, Көзім байланды!.. Түнмен қоштасам, Түнмен қоштасам, Түнменен бірге, Кіммен қоштасам?!
Ерлан ЖҮНІС * Арманға сене алмайтынымыз, Жалғанға көне алмайтынымыз, Жылаған бақтарға бармайтынымыз, Жаңбырдың астында қалмайтынымыз – Қандай жақсы! Кездесуге тез жетпейтініміз, Кешіктің ғой деп сөкпейтініміз, Жаңбыр мен жасқа шыланған жүзді, Жұбатпақ болып өппейтініміз – Қандай жақсы! Өзімізді сырт ұстайтынымыз, Сөзімізді сырт ұстайтынымыз, Жаңбырда қалып, жаураған тәнді, Жылытпақ болып кұшпайтынымыз – Қандай жақсы!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * Осы да сүю ме сеніңше, Сезімдер құрылса егеске? Жүректер жүректен жеңілсе, Ол – Махаббат жеңісі емес пе! Жеңем деу – жаттықтан ойдағы, Жаныңды ұға алар жат қайдан?! Махаббат, махаббат майданы – Жеңімпаздары жоқ майдан! Құрбандық – адалдық үлесі, Берілдім, жеңілдім сезімнен, Махаббат – рас ол – күресу, Күресу – өзге емес, өзіңмен! Ғашықтың ең ұлы жауы – өзі, Жаhанға жетсе де дабысы – Жеңімпаз сырнайлар әуезі – Жалғыздық маршы!
Ерлан ЖҮНІС * Шіркін-ай, жүрек деген сезбес болса, Шарқ ұрып шар дүниені кезбес болса, О, кімнен менің жаным аяулы деп, Өзінен өзі қашып, безбес болса. Шіркін-ай, жүрек деген түйнемесе, Сағынба, сарғайма да, сүйме десе, Күрсінбе, күңіренбе,күйме десе, Шіркін-ай, бар еркімді билемесе. Шіркін-ай, жүрек деген сыздамаса, Қара түнде қамыққан қыз балаша, Қыңбаса, жыламаса, жабықпаса, Тоңбаса, мұнаймаса, мұздамаса. Шіркін-ай, жүрек үнсіз жүре алса ғой, Алды менен арты аңдап біле алса ғой. Өзіне аян хәлді өзі ұмытып, Өзгеге баян етпей тұра алса ғой.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * Өмірге алғаш келгендігім кінәлі, Өзінді алғаш көргендігім кінәлі, Мен бейбаққа сенгендігің кінәлі, Сенің ғана жазығың жоқ, сүйіктім. Біз қарсы алған таң нұры да кінәлі, Сол көктемнің жаңбыры да кінәлі, Сүйгеніңнің тағдыры да кінәлі, Сенің ғана жазығың жоқ, сүйіктім. Саған жазған өлеңім де кінәлі, Көргенім де, көрерім де кінәлі, Көнгенім де, көнерім де кінәлі, Сенің ғана жазығың жоқ, сүйіктім. Мен сыйлаған лала гүлі кінәлі, Сезімдердің шалалығы кінәлі, Бәлкім, менің балалағым кінәлі, Сенің ғана жазығың жоқ, сүйіктім.
Ерлан ЖҮНІС * Сөйлеп жүрмін! Серік жоқ сөзден басқа, Тәңір түбі берер деп төзген басқа. Айтарымды айтайын, тіл байлама, Көрерімді көрейін, көзден баспа. Сөз – жұбаныш болғанда, сезім – қайғы, Қайғырдым мен қай күні өзім жайлы?! Өзім жайлы әңгіме бастай қалсам, О, құдірет, болады ол өзің жайлы! Растығы қай тұста, жалғандығы, Біле алмадым, жазғырма армандыны. ...Әлем шулап кетеді апырмайлап, Қара да тұр, мен үнсіз қалған күні!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * Ойға алсам бәрiн жер-көктiң, белгiм бар менiң көп жерде. Сезiм жоқ жерде – мен жоқпын, Мен жоқпын – жүрек жоқ жерде! Аспаннан белгi алдым мен, алдым мен белгi күннен де, тастарға белгi салдым мен, салдым мен белгi гүлдерге! Келiсiп гұмыр кешер ме, ғасырға лайық – сәт сүрсең, Мен неге жоқпын, о, сенде, Мен барда неге жоқсың сен?!
Ерлан ЖҮНІС * Парасатсыз Һәм парықсыз өттi күн, Хәл сұрайтын қалқатай да жоқ бүгiн. Бөтендiгi бiлiнедi өзгенiң, Әлдекiмге сезiледi жаттығым. Менiң досым, сен де оны дос, түсiн, талғамай-ақ еркесі мен естiсiн, Бiр сұлудан келе жатар танертең, Бiр сұлуға бара жатар кешкiсiн, Ол өкпесiз жан едi бiр өмiрге, Сүю үшiн салмақ салмас сенiмге. Кете салам деушi едi сол Әпендiм, Кете салғым келетіні-ай менiң де!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * Баяу басып келемiн баққа қарай, бақта тосып тұр, әне, топ қарағай, топ қарағай басында бұлықсиды, менi мұңға батырған батпаған Ай. Батпаған Ай жаныма батты неге, бұл дүниеден бiр менi тапты неге?.. Бiр басымда суылдап жатқан ойдай, Топ қарағай шуылдап жатты неге?.. Неге ғана келемiн баққа қарай, Шақырады нелiктен топ қарағай? Өткен күннiң өшпеген сызатындай, Өңменiмнен өткенi-ай батпаған Ай!..
Ерлан ЖҮНІС * Аққан жұлдыз, өткен қызды бақылап, Күттім оны, күттім оны не керек?! Сағатыңыз қанша болды, жапырақ, Сағатыңыз неше болды, көбелек? Ол кешікті, жол кешіпті ол қалай, Адасты ма, кір шалды ма қанатын? Уақытты айтшы маған, толған ай, Уақытты айтшы маған, қара түн! Құлады ма, жылады ма, білмедім, Сыңары ма, тұмары ма ол басқаның? Сағат тілі қанша болды, гүлдерім, Сағат тілі қанша болды, тастарым? Жаңа жырым бар еді оған оқымақ, Жаңа сыйым бар еді оған керемет. Сағатыңыз қанша болды, жапырақ, Сағатыңыз неше болды, көбелек?
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ АКАЦИЯ Акация, акация – сары гүл, Маған да енді, саған да енді бәрібір! Гүлдің тілін жек көреді ол енді, Жек көреді мен оқыған өлеңді, Жек көреді қала түнін құмарлы, Неон шамын, қолшатырды, тұманды... Қара сиқыр, о, дұғалы, қара жыр, Ол дұғасын неге оқыды жаралы ұл? Жоқ, жазғырма, жоқ ақынның күнәсі, Бәрі-бәрі акация кінәсі! Гүл сыйлауды ойлап едім қайдан бұл?! Акация, сұлу тілің байланғыр! Акация, үнсіз қалсаң не етеді?! Ақын, қызға гүлсіз барсаң не етеді?!
Ерлан ЖҮНІС СОНЕТ Жанарыңнан жалғандықты көрсем де, Менің саған сенгім келе береді, Менің соған көнгім келе береді, Сен сыясың – сырғақтаумен келсең де, Мендік осы ақымақтау өлшемге. Сезім өлсе, тек сенбеуден өледі, Сенімімнің ең бір адал өлеңі, Саған сенем, сенем саған өлсем де! Махаббатты келмеген соң жерлегім, Сенің тәтті өтірігің мен үшін, Талай шындықсымақтардан жоғары! Дүниені ұстап тұрған келісім – Алдауыңды біле тұра сенгенім – Махаббаттың ақиқаты болады!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * Сұқ көздер жұмулы тұрғанда, Сұқ саусақ бүгулі тұрғанда, Сырласып алыңдар, сүйгендер! Сұқ тілдер күрмеліп тұрғанда, Сүйген жан гүл беріп тұрғанда, Сырласып алыңдар, сүйгендер! Шынжырлар маужырап жатқанда, Мылтықтар ұйқыға батқанда, Сырласып алыңдар, сүйгендер! Сынақтар сағаты соққанша, Әлдекім есікті қаққанша, Сырласып алыңдар, сүйгендер!
Жақының жат болып кеткенше, Жаныңнан жоқ болып кеткенше, Сырласып алыңдар, сүйгендер!
Ерлан ЖҮНІС *** «Кімсің?» дейді ол; Кім болушы ем, қарауылмын жай ғана: өзін-өзі өзге үшін байлаған, күзетемін сұлулығын әлемнің, асқақтығын, нәзіктігін өлеңнің, шыншылдығын күзетемін сөзімнің, адалдығын, сергектігін сезімнің, жалғыздардың қамқоршысыз жүрегін, ғашықтардың ең бір ынтық тілегін, күзетемін киелі түн жазбасын, сұлуардың, сұлулардың көз жасын, сәбилердің тыныштығын, шаттығын, адамдардың көңілінің ақтығын, ақ шыңдардың аласармас биігін, аналардың маңдайлардан сүюін, дүниеде үміт оты бар кезде, сол бір үміт нұр шашқанша әр көзде, мен күзетте тұрам «Үміт үшін!» деп, сол күйімде қатып қалам мүсін боп!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * Даладан, таудан асыға, Гүл теріп саған келдім мен. Гүлдесте тағып шашыңа, Гүл қойып сүйсем ерніңнен. Сезімнің қоңырауы ма, Бір әуен жүректе, міне. Ақ гүлді омырауыңа, Көк гүлді білектеріңе, Тағайын, тағы жыйнайын, Іздейін ең бір әсемін. Әр адамына сыйлайын, Сен жүріп өтер көшенің. Бәрін де теріп келемін, Бәрін де жиып беремін. Әдемі гүлдер көп еді, Ең әдемісі – сен едің! Гүл теріп жүрген шақтарым – Ол, бәлкім, өмір сүргенім. Ал сені бірақ таппадым, Сен өсер жерді білмедім. Даланың ең бір төрінен, Таулардың ең бір шыңынан, Кездестірермін сені мен, Кездестірермін, шұғылам!
Ерлан ЖҮНІС Махаббат, бәлкім осы ма? Табатыныма сенемін! ...Даладан, таудан асыға, Гүл теріп саған келемін. ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ *** Әлдекім атымды атап шақырғандай, Әлдекім қасыма кеп отырғандай, тұрамын жалт қарауға дауаламай, көзімді ашуға да дәтім бармай. Білемін, сіз емессіз, бөтен де емес, бөтен жан басын бұрып «көкем» демес, жүректі сағынышпен дуалайды ол, сол сезім кетер емес, кетем демес. елегзіп, жоқ нәрседен тыз етер бой, күмәншіл дүниені күзетер ме ой?! Іңірде елеңдеткен сіз бе десем, Сіз емес, күз екен ғой, күз екен ғой...
Ерлан ЖҮНІС *** Білмеймін, өзгердің бе, өзгердім бе, Кезеңге өзгешелеу кез келдім бе, Күз – менің қоңыр көзді құрбым еді, Тарсаның торғын бағын кезген бірге. Жоғалтып жазда бірін, жолда бірін, Көбінен көз жазыппыз қолдағының, Құрбыжан қоңыр көзді күзім еді, Қарайды қоңылтақсып ол да бүгін. Жанардан жастай мөлдір жаз аққалы, О, мені талай сезім азаптады. Өтуде өзегімнен дір-дір етіп, Жетілген барлық сезім қазақтағы. Сөнгенмен сезім оты, шоғы қалды, Бұл жүрек шоқ қарымас болып алды. Өте алмай қалдым көбін жаздан алып, Жете алмай жазған күнге көбі қалды. Жазымның жалғыздығын алып ұштым, Құрбымды қоңыр көзді тағы құштым... ...Ғафу ет, жеткізгелі келіп едім, Дәуірі басталғанын сағыныштың!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ *** Жаңбыр, жаңбыр – жалқы жүрек, жалғыз мұң, Жалғыз мұңға күз суретін салғыздым. ...Жерге түскен жапырақты көтерші, Мұңымыздан ауыр емес ол біздің! Күзгі аспанның күрсінісін, кемсеңін, Жүрекке сап салмақтадым, өлшедім. ...Құлап жатқан тамшыларды көтердім, Көз жасыңнан ауыр емес ол сенің! Күзді арманға сенбейді деп кім айтты, Бізді арманға сенбейді деп кім айтты! ...Алматыға жауған жаңбыр неліктен, Астанада жүрген мені мұңайтты?!
Ерлан ЖҮНІС *** Күн көшті ме, әлде өзім көштім бе, үнсіз қалдым, ескі мұңды кештім де... Ескертпеді ешкім күздің келерін, ескертіп мен үлгермедім ешкімге! Көшті, көшті, не көшкенін білмедім, Босағаның неге өшкенін білмедім, Қанатына оранды ма құстарым, сабақтарын жамылды ма гүлдерім?.. О, білмедім, біле алмадым, не білгем, (бәлкім, көбін білмей өтем өмірден), Жапырағын шашып алды-ау ақ қайың, Ақ кербездің жасы қалды-ау төгілген. Көкті бұлыт, жүректі мұң, жерді сыз билегені, билегені – сенгісіз! ...Бұл қалада гүлдер әлі солған жоқ, Кімді күтіп жүргеніміз... белгісіз...
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ *** Қар, сенің жауа салғаның қалай тым ерте, Қазанға ауа салғаның қалай тым ерте? Сағынып жүрген бір кұрбым менің болмаса, Сағынып әлі үлгерген жоқ қой бұл өлке! Менің де бұрын танылғым келген тым ерте, Сөрелерден де табылғым келген тым ерте, Танысып қалған кұрбыжан ғана болмаса, Танып та әлі үлгерген жоқ қой бұл өлке! Екеуміздің де тілегіміз бұл көп күннен, Көп күннен: ой да, қуаныш, мұң да шектірген. Ұшқындап жауып, алақандарда ерідің, Ұшқындап жазып, жүректерде еріп кеттім мен!
Ерлан ЖҮНІС *** Қай күн еді? Жай күн ғой, қалыпты күн, Қалыпты күн – мен дағы қалыптымын. Өзін-өзі құшақтап жатыр қала, Өзі-өзімен әуре боп халық бүгін. Жаңбыр да жоқ, қар да жоқ жауар мұнда, Жаңалығы жоқ шығар Хабардың да. Қонып еді бір өлең түнге қарай, Ол да ұшып кетіпті таң алдында. Күз боларын біле алмай, жаз боларын, Мезгіл бүгін кезіп жүр боз даланы. Күлімсіреп қояды күнім менің, Күлімсіреп мен соған мәз боламын.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ *** Бір айналып соғам деп күзге қарай, соға алмадым, сізге де, достарға да... Өмір ауып барады басқа арнаға, көңіл ауып тұрғанмен сізге қарай. Күз келді ме дегенше, қыр да күйді, жол айналып, дүние-ай, түсе алмай жүр, құс айналып, дүние-ай, ұша алмай жүр, жер бетінде шеткері тұрған үйді. Жалт еткенде жаңбырлы жанарда аспан, тағы басып бір қадам алға қарай, тағы қарап тұрмысыз жолға қарай, терезенің пердесін жаба алмастан...
Ерлан ЖҮНІС ЖОЛЖАЗБА 1. Мына ауыл қай ауыл, ақырғы ауыл, Жолбелгінің қарашы оқылмауын. Құс қанаты талғандай шалғай түздің, Құс қанаты күйгендей лапылдауын! Сары дала сыйдиған, еті қашқан, Жарлы төбе, жесір қыр, жетім аспан, Жатқан жері бабамның демесе жұрт, Тұрмайтыны баланың екібастан! Көлшігі бар аядай, бір-ақ ұрттам, Бүк түсіпті сол тұсқа бұралып тау. Маған қарап қария кемсеңдейді, Қалаға кеткен ұлға шырамытты-ау... 2. «Осы маңда ел жатқан» деді маған, Деді маған ел жақтан коңыр адам. Өзі өмірден ештеңе сұрамапты, Сұрамапты ештеңе өмір одан. Аласы да жоқ екен, бересі де, Алданбапты дүниенің елесіне. Қалатынын ұқпадым үнсіз неге, Алатынын білмедім нені есіне!?
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Бір күрсініп алып ол терең ғана, «Кеп тұр» дейді, білмеймін, келем бе, аға... Сенде бары – осы ауыл жайлы естелік, Менде бары – мұңдылау өлең ғана! Аң қараймыз дей ме екен қырға шығып, Калмағанын білем ғой құр да шілік. ...Осы құмнан жаралған қос қоңырым, Бірте-бірте барады құмға сіңіп... 3. Ойлап келем әрнені, ойлап келем, Ауылыңа жетем деп қай жақпенен. Түзге батып барады қара жолдар, Күзге батып барады ай баппенен. Ой, қара жол ұзайды шиырлана, Ширатайын деді ме қиыр дала. Бірде қыз боп билейді тыр жалаңаш, Бірде құс боп айналар құйын ғана. Ой, қара жол, қара жол, қалай барам, Қара да жоқ жол бойы қарайлаған. Боз далада бейуақ бөрі ұлыған, Бөрі емшегін тартқылап бала ойнаған. Қыр басынан құлдилап көш құлайды, Көшкен жұрттың көзінен жас бұлайды. Арасынан салт атты суыт шығып, Қамшысымен құйынды осқылайды. Қандай бала, құдай-ау, кайдағы адам, Қос көрді ме бұл көзім айдаладан?
Ерлан ЖҮНІС Қырға шығып қарасам... қалың қопа, Жұрт түгілі, жын-пері жайламаған. Жортпаған жон, дөңес жоқ торымаған, Алыс болды-ау бұл жұрттың жолы маған. ...Балбал тасқа сүйеніп, қалғып кетіп, Көзімді ашсам: көк қала, қалың адам...
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * Не істеу керек? Не істеу керек? Кешу керек, кешпеу керек? Бару керек, бармау керек, Қалу керек, қалмау керек? Сену керек, сенбеу керек, Көну керек, көнбеу керек? Кімді алдадым, кім алдады? Ұға алмады, ұға алмадым! Арғы жағын сахнаның, Мекен етіп отырамын, Сағынамын, аһ ұрамын, Өкінемін, опынамын, Бару – ауыр, қайту – азап, Сүймеймін деп айту – азап! Сахнаның сұрағаны – Ақын емес, сайқымазақ! Өртең жүрек, өлермен зар, О, бұл зарды неге кештім?! ...Залда – жалғыз көрермен бар, Оның өзі – сен емессің!
Ерлан ЖҮНІС * Өз халіме өзім қайран күйдемін, Қайдан ғана тап келдім мен бұл күйге?! Көңіл үшін емес еді сүйгенім, Өмір үшін екендігін білмей ме? О, бәрі де, о, бәрі де көшуде, Ой – айдауда, сезім біткен – байлауда, Жар тағдырын бір өкпемен шешуге, Болмайтынын жүрекпенен ойнауға, О, білмей ме? О, қалайша сүйгемін, Серт еткендей жалғыздыктың атынан!? Өз халіме өзім қайран күйдемін, Өзі-өзіме таң қалам да отырам...
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * Шыдар екем, шыдар екем қаншалық, Сезімдердің бірі туып, бірі өліп, Атқан таңды Абыл болып қарсы алып, Қара кеште Қабыл болып түнеріп, Төзер екем, төзер екем мен қанша, Төзе ме әлде адам сорлы өлгенше? Шығыс жақта бір жұлдызы жанғанша, Батыс жақта бір жұлдызы сөнгенше.
Ерлан ЖҮНІС *** Сананың өзгерген тұсы, Сезімнің құбылған шағы: Ғашықтың сезбейді іші, Көңілі танымас тағы. Ғашықтың көрмейді көзі, Ғашықтың сөйлемес тілі: Сезімнің құбылған кезі – Сананың өзгерген түрі. О, қайда дұғасы жардың, Дуасы некелі судың, Пірлері Қосылулардың, Пірлері Ажырасудың?! Сен айтшы, Махаббат Пірі, О, неге, о, неге енді: Алғашқы көктемнің гүлі, Алтыншы көктемде семді?
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ҚАРАУСЫЗ БАҚ Қала ішінде қалың орман секілді, Жастығымның әні қалған секілді, Арманымның таңы қалған секілді, Бақ бар еді қараусыз: Қараусыз бақ. Құстар даусы. Қара түн. Қара түннен айдың нұры таматын. Қарауылы – сонда келер ғашықтар, Тұтқыны да сол ғашықтар болатын. Соқпағы бар сойдақ-сойдақ шөп басқан, Көсемдердің мүсіндері тот басқан... Ескі ағаш орындықтар, Қайыңдар Көктем сайын дегбірімді ап қашқан... Түкпірінде өзен жылап ағатын, Көпірі бар – сынған құстай қанаты. Орындықта – ойып жазған есімдер, Әр сезімнің тарихындай қалатын. Қараусыз бақ... Табиғаттың өзіндей, Табиғаттан бой алмаған сезімдей, Жас сұлудың боялмаған көзіндей, Менің де әлі аяулы, адал кезімдей...
Ерлан ЖҮНІС Күтілмеген. Ұмытылған. Ескірген. Ештеңе де сұрамайтын ешкімнен. Көктем күліп, күзде жылап жататын, Сол бір бақта өстім мен. Сол бір бақты менен өзге ұғар кім, Түсімде де... ішінде ол тұманның: Мен сол бақта бір Ерланды қалдырып, Өзге Ерланды алып шыққан шығармын... Биыл барсам... Кеткім келді бұл маңнан: Кәрі ағаштар қырқылыпты ырғалған, Соқпақтарға тас төселген, тұлданған, Ескі ағаш орындықтар сырланған... Қайран жастық, қайттім сені-ай ұрланған!?.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * Бүгін өлең жазылмады, жазбадым, Жазар жанға аз ба уайым, аз ба мұң?! Дүниедегі екі бір де арманым, Жеті бір де боздағым! Озар дүние он құбылып өремде, Тозаңды аспан тебіренгенде төбемде, Жазу оңай тиген сайын қорқамын, Қазу оңай тигендей көр өлеңге. Сезім ішкі шексіздікке жұтылар, Ой да бір сәт айдай болып тұтылар... Өлең деген өтер өмір емес қой, Өле салып азабынан құтылар. Әлем Ары, Өлең Ары – Маған Дар, Дар басында дауласар қай шамаң бар?! О дүниесі мен бұ дүниесі жоқ әлемді Өлең дейді адамдар!..
Ерлан ЖҮНІС * Жүріп келем, сүріп келем өмірді, Үмітпенен – таңғы түсім секілді, Күдікпенен – қара кісім секілді, Жүріп келем, сүріп келем өмірді. Сезіп келем, біліп келем мен бәрін: Ештеңені білмегенім секілді, Ешкіммен бір жүрмегенім секілді, Сезіп келем, біліп келем мен бәрін. Король ғана жалғыз қала алады! Жүректерге пір болғанда не мән бар? Жүректерге құл болғанда не мән бар? Король ғана жалғыз қала алады! Король неге тоқтатпайды жүрісін? Өзі-өзімнен жылайтыным секілді, Өзі-өзімнен сұрайтыным секілді: «Адам өмір сүреді осы кім үшін?»..
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ЭКСПРОМТ Өлеңді сүйдім дегенше, әлемді сүйдім дегейсің, Әлемді сақтап қалатын сәлемді сүйдім дегейсің. Өлеңді білдім дегенше, өмірді білдім дегейсің, Санаға емес, жүрекке сенуді білдім дегейсің. Ақынды таптым дегенше, өзіңді таптым дегейсің, Дүниені мынау тәрк етер сезімді таптым дегейсің. Ақынды сүйдім дегенше, қазақты сүйдім дегейсің, Ақынға тидім дегенше, азапқа тидім дегейсің!
Ерлан ЖҮНІС ДАЛА – ЖҮРЕК! Далам, сенің жамалың әжім-әжім, Сезіледі жаныма қажығаның! ...Жанарынан жас кеппес Баян барын, Кеудесінен кек кетпес Қозы барын Сен көрдің ғой! Заманның тылсым әнін, Түйсінуге ұмтылам, ұмсынамын. ...Сарыбайды бауырыңа қысып алып, Қарабайды арқалап жүрсің әлі. Қай кезеңнің сүртейін айғыздарын, Қай жақсымды іздейін қай құздағы?! Айтаңсықтың баса алмай зарлағанын, Жұбата алмай жүрмісің Айқызды әлі? Далам, сенің бауырың қатпар-қатпар, Әр қатпарда таңбалар, ақтаңдақтар. Жапырағын тонатқан шоқ шынарлар, Ғашықтарын жоғалтып жатқан бақтар! Шерлі заман жүрекке жара қатқан, Шып-шып етіп тұр әлі жарадан қан. Шынжырлары бар әлі білек кескен, Мылтықтары бар әлі марал атқан! О, биігі болса да обал ұғар, Сұңқар емес, сол тұсқа қонар ұлар.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Әр бақсының бір-бірден сайтаны бар, Әр жақсының бір-бірден Қодары бар! Далам, сенің жауырының жырым-жырым, Жүріп өткен жолы ма бұрынғының, Ат сүйреген жер ме екен тұлымдыны, Жат сүйреген жер ме екен бұрымдыны?! Жер ме әлде Қарабай жылқы айдаған, Батырып қара өкшесін жырта айдаған, Баян қыздың қасына қорқау еріп, Ер Қозының басында бұлт ойнаған?! Жау ере ме жаныңа, дос ере ме, Не жазғанын көрерсің пешенеге. Әулиелерді іздесең – мазарларда, Ғашықтарды іздесең – кесенеде! Қарабайлар – жылқысы өткен жерде, Заманасы басына шөккен жерде. ...Сол далада кездесіп жас жүректер, Жауқазындар гүлдейді көктемдерде! Далам менің – далиған жүрек қана, Жатар бәрін Тәңірден тілеп қана. Ғашық болса бір ұлы – гүлге оранып, Жасық болса бір ұлы – жүдеп қана. Сарыбайдай сарғайып арман қалды, Қарабайдай қарайып жалған қалды, Баян-үміт, Қодар-дерт, Қозы-мұң-ай, Сол жүректе жыр болып қалған зарлы!
Ерлан ЖҮНІС *** Гүл менен көбелек – Сергек өлеңге классикалық, символикалық әсем нұсқа. Әрі керемет, Әрі қысқа. Мыңжылдық мағына, Бір сәттік өлең. Оларға тағы да, Тағы да келем. Айтар сәт баянды, Дәл бүгін емес. ...Санамда оянды, Әлдебір елес: ...Ешкімді күтпеген, Ештеңе сұрамаған, Өзгеден, Әсіресе олардан (Гүл менен Көбелектен) Басталып кетіп белгісіздеу бір нүктеден, Беймәлім нүктеде кенеттен жоғалған, Жалығыс пен көнбістік жіптеріне ілінген, Ескі, Тым ескі Әдемі таңданыс пен әнтек жымиыстың көнерген Суреттері бар еді, әлдебір тұсы бүлінген, Бүлінген тұсын қартайған шебермен Бірге желімдеп, жаңартқан кезде Суретке тырс етіп көз жасым тамды... Ең ауыр сөз де Дәл бұлай ауыртпас жанды!..
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Ол көктемнің суреті еді кешіккен, Ол сүйіктімнің суреті еді гүл терген! ...Азан дауысы естілді мешіттен, Қоңырау дауысы естілді шіркеуден. Ал мен... үнсіз қалдым!..
Ерлан ЖҮНІС *** Сезінуге мұрсат берші сенің әдемілігіңді, Ерініңнің тәттілігін... Тіл үйірер ме екен-ау?! Қызыл шарап еркелігі секілді бұл қылығыңды, Құдайымның алдына да айтып барам, көкем-ау. Пешенеме көптеу көрме ерініңнен бір өбуді, Саған деген осы жырым – Жас көңілдің жаршысы. Тым күйдіріп бара жатыр төзе алмастай жүрегімді, Қара түнен тамып түскен Жалғыз құмар тамшысы. Не етем десең қалауыңда, Жаным, тәнім құзырыңда, Періштелер елшілігі секілді ойы ғашықтың. Біздің сезім – құлақ ұшы лап ететін қызылы да, Біздің тірлік – әуре ме әлде сыртындағы есіктің?! Сенің көзің махаббатпен қарау үшін жаралғандай, Кірпігіңнің бір талында жеті түннің әлдиі... Саусағыңнан бір сүйгізсең, Құдайымнан қол алғандай, Қалқып тұрған тыныштықтың құшағында қалғиын.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ МУЗА Әлде көктем, әлде күз, әлде, әлде... білмедім, Әлдеқайда мен жалғыз, әлде адасып жүргенім. Әлде алжасып жүргенім, әлденеге маспын ба, Әлдекімге жете алмай, әлдекімнен қаштым ба? Мен білмеймін, білмеймін, білгім де оны келмейді, Көз алдымда әлдене көлеңкесі көлбейді, Көлеңкесі болған соң, күні барын сеземін, Қырауланған үмітім жылынарын сеземін. Әлденеге ауады арманымның аңсары, Әлдекімді күтуден, бәлкім, ол да шаршады. Әлде мені ұмытты, әлде мені алдады, Әл береді үмітім, әуреледі қалғаны. Әлдеқалай сезімім жүрегімді тербеді, Әлде, әлде бәрі де еріккеннің ермегі? Әлдебіреу шақырса еріп кетсем не етеді, Әлдененің елесін көміп кетсем не етеді? Әлдекімге күбірлеп «қош» дей бергім келгені, Әлденеге көңілден көш дей бергім келгені.
Ерлан ЖҮНІС Әлдеқашан адасқан күшіктері сананың, Әлденен-ақ қысылап жүрек көзін жалады. Әлдеқандай күн туса бәрі дағы өледі... ...Сол сұлудың мен үшін сыйдан артық сәлемі!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ *** Көздерің неткен суық, неткен улы, Сұлулық, солай ма едің? Жүрегім осыншама жек көруді, Көтерер қалай менің?! Жылауға жас та жоқ-ау, жас шыласа, Сеземін жылынарын. Мен емес, шыдар, бәлкім, тас шыдаса, Ызалы мұңыңа бұл. Сан арман жерленді ме қарашыққа, Үмітті таптатқанда, Әлде сен ашындың ба адасып қап, Жоғалған соқпақтарда? Жастығың тез өтті ме жүрегіңде, Оны кім тоқтатыпты?!. Әлде сен өзге жанға тіледің бе, Өзіңде жоқ бақытты?.. Көп қарап тұрдың ба әлде терезеден, Күздегі терезеден... ...Мен өлең жаза алмадым ережемен, Сен, бәлкім, сүйе алмадың ережемен...
Ерлан ЖҮНІС *** Мені түнге кетіңдерші қалдырып, Құшағына енейін. Ай сұлудың аққу мойнын талдырып, Танға шейін өбейін. Жұлдыздарды балдыздардай көрейін, Бал қылығын татайын. Қалыңдықтың жұпар иісті мерейін, Бұрқыратып жатайын. Мамырлайын мамығына бұлттардың, Тамашалап билерін. Айдың мөлдір ризалығын ұрттармын, Гүлге айналып сүйгенім. Жел-жеңгемнің желігі бар затынан, Сөз болармыз біз анық. Ести сала қызғаныштың отынан, Күн шығады қызарып. Қоштаса алмай тұрар сонда мөлтеңдеп, Жұлдыз бикеш сызылып. Құтпан ауа күтем сені, еркем, деп, Ай қалады үзіліп.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ МАХАББАТҚА ОДА О, махаббат қасиетті, о, махаббат киелі, Мендік сезім – ақ қанатты періштелер биі еді. Мұхаммедке берілген ол пайғамбарлық еді ғой, Ғайса үшін алып келген әулиелердің сыйы еді. О, махаббат ғажайып-ау, о, махаббат керемет, Қарғалардың махаббатсыз ғасырынан не керек. Гүл ернінен сүйген сәті мәнгіліктен биіктеу, Бақытты ғой бір-ақ күндік ғұмыры бар көбелек. О, махаббат қасіретті, о, махаббат дұғалы, Сағынышпен дуаланған сарғалдақ күн шуағы. Аяулы айдың көз жасысың аппақ гүлге айналған, Мәңгілік те тарқата алмас қара түннің құмары. О, махаббат қатыгезім, о, махаббат қатал-ақ, Күзгі бұлттың бауырынан көңілім жасы боталап, Мауыздай бұл дүниеде қауыздай бір орны жоқ, Енді менің сезімімді кім қалайша атамақ?!. О, махаббат мейірімді, мейірімің, кәні, енді, Оны сүйіп – махаббатпен жаратпақ ем әлемді. Енді ол сұлу қалай ғана жетімегін жұбатар – Жүрегінің құрсағында қалып кеткен өлеңді?!
Ерлан ЖҮНІС ҒАЙЫП Біз – мәңгілік кездесе алмаудан ағарған көңілдің самайы, Ешқашан ашылмаған табысу хатындағы мыңжылдық мөрі. Сағынышы басылмаған жүрек – жабайы, кісікиік, жараланғыш, о, бәлкім, өлі. Мен – қарашада тау кезіп кеткен жігіттің салған түнгі әні, Түн құшағындағы ауылдарды жылатқан тағы. О, бізге нені бұлдады, Әлі суына қоймаған сезімдердің шоғы?! Сен – кестелі орамалға сіңіп қалған сап-сары көз жасы, Он тоғызыншы ғасырдың аспанына қадайсың көзіңді. Әлде, Уәлихановтің, әлде, Затаевичтің тым ескі жазбасы, Үнсіз есіме салады өзіңді...
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * Жүрегім – жердің серігі, Айнала ұшар ол сені. Ауыр ма ақын өмірі, Дәуір ме оның өлшемі? Білдік біз ненің өлшемін, Сездік пе мәнін тағдырдың? ...Түсіңе кірсем мен сенің, Шырақ жақ түнде, жан құрбым! Сен кешір, мұңлы бір мен бе, Өңінде халді сұрар кім? Адасып жүріп түндерде, Түсіңе кірген шығармын... Жүзімді елден жасырдым, Жалғыздығымның атынан!.. Мен ақын – мұңлы ғасырдың Түсінде өлең оқыған!
Ерлан ЖҮНІС ЖОЛ ҚАРАУ Сен қазір келесің ғой, өмір гүлім, Құдайға сенгенімдей сенімдімін. Асығып жеттім дейсің алыстардан, Туылған күнің үшін сенің бүгін! Сен қазір жетесің ғой, құралайым, Құттықтап келіп бітті бұл ағайын. Тек өзің із салмаған жүрі жолдың, Түбіне бүк түсіпті жылап айым. Әдемі көйлек кидім, сен келер деп, Әдемі сөйлеп тұрмын, жөн көрер деп, Көшеге дембіл-дембіл көз саламын, Адасып бейуақта сенделер деп. Жайлауда жұрттың дені, күздеуде мен, Кімді енді жылытпақпын сыз кеудемен? Ешкім де күтпеген бұл топ ішінен, Отырмын бір жалқыны іздеуменен. Көңілді көп үмітпен бүтіндеп ем, Дәл бүгін қашты менің құтым неден? Мен неге әрбір туған күнім сайын Тұрамын сол бөтенді күтуменен?!.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ДЕРТТІМ Есіл-дертім, Кешір, дерттім, Есім кетті, Көшім кетті, Кеттім!.. Не үшін келдім? Не үшін кеттім?! Сезімнен қорғағым келді, Сол үшін кеттім мен. Өзімнен қорғағым келді, Сол үшін кеттім мен. Ойымнан қорғағым келді, Ойран бұл шағымда. Уайымнан қорғағым келді, Сағынба, сағынба! Ашудан қорғағым келді, Ашынып өлмейін. Жасымнан қорғағым келді, Жасыңды көрмейін. Мұңымнан қорғағым келді, Өтінем, ақтама. Ерлан ЖҮНІС Жырымнан қорғағым келді, Жырымды жаттама! Болдым да, болмадым, міне, Жоғалдым әр күннен. Өзіңді қорғадым, міне... ...Қорғансыз қалдым мен!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ӨМІР ВАЛЬСІ Қап-қара түн – қара шайдай, Жарты лимон – қызыл Ай... Қара түнмен жараса алмай, Маңдайымның қызуы-ай. Әлдеқайда жұлдыз күлген, Нені білсін ол дағы. Білсе мені, бір қыз білген, Оның өзі алдады. Әлдеқайда үркеді Бақ, Маңдайымнан сүймейді. ...Жібек шәлі бүркеніп ап, Раушан гүлдер билейді. Билейді олар... Биге мені Шақырады ымменен. Мен билеуді үйренемін, Билеу үшін гүлменен. Раушан гүлге айналамыз, Сосын Өмір екеуміз, Шыр көбелек айналамыз, әлдеқайда кетеміз. Қап-қара түн – қара орамал, Ай – азалы ақ ару. ...һәм азапты оралулар, ...һәм ләззатты жоғалу.
Ерлан ЖҮНІС НАЗ Менсіз де келеді бұл көктем, Менсіз де сүйеді ол сені. Жандағы үрейлі дірдек пен, Күмәнді көңілдің кемсеңі жүректі о, талай жылатқан, Сенсіз де жұбата алармын. Барыңда өзімді ұнатқам, Содан соң... көрместей болармын. Ақ жауын жауар сен жыламай, Көрерсің, мен күлмей күн шығар. Өтер күн ешкімнен сұрамай, Тәуелсіз тағы да жыр шығар. Артыңнан бармауға сертім бар, Онсыз да адасқан сәтім көп. Кетуге дәл қазір еркің бар, Ал қайтып келуге хақың жоқ. Жыласып алайық күз келмей, Ұмытылар бәрі де күзден соң. Бәрі де бар еді біз келмей, Бәрі де болады бізден соң. Жоқ, енді жылама, құлатпа – Киелі тамшысын Тәңірдің! ...Қоштаса алмаспыз бірақ та, Дәстүрі бойынша жанрдың.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ СҰЛУДЫҢ МҰҢЫ Ұсқынсыз, неге, сұлудың мұңы, Бола ма әлде бағы кем?! Шын махаббатты білудің құны Өлшене ме екен тәнімен?! Сұлулар неге жылайды осы, Жылатып жүрген кім деймін?! Жалған сезімнің лайлы көші, Тұншықтыра ма...Білмеймін..! Сұлуға мінез жараса қалар, Тәкаппар болшы, жарығым! Сенің жаныңа араша болар - Біздің жүректің халі - Мұң... Маңдайы қыздың тар шеңбер, неге, Маңдай біткеннің қоры ма?! Сұлулар түнде кемсеңдер, неге, Ақын жанының сорына? Жанарын ешкім ластамасыншы, Қашанғы жылауық болайық! ...Тесік моншақты тастамасыншы, Алқа қып тағып алайық! Бас бермегенмен асау да қанша, Әлсіздігі де сезілер... ...Жігіттің көзі жасаурағанша, Жүрегі қыздың - езілер!!!
Ерлан ЖҮНІС СҰЛУДЫҢ КӨЗ ЖАСЫ Мұңайды сұлу, жылайды сұлу, Көзінің жасын бұлайды сұлу, Жанып та барып жастығын құшып, Талықсып соған құлайды сұлу. Ыстық та жасы ерінін өпті, Ыстық та мұңы көңілін өпті. Үздігуші еді, үміті сөнді, Сүйінуші еді, сенімі кетті. Кірпігі жастан зілмендей болды, Ащының дәмін білгендей болды. Көзінің астын көлеңке шалды, Ерінін тістеп, тілгендей болды. Жастығын жаспен сулайды сұлу, Жүрегін оймен улайды сұлу. Не керек, бір түн есейтті оны, Көбелек те енді қумайды сұлу. Талықсып жатып, талып та кетті, Асығып жүріп қалып та кетті. Көктемде туған жауқазын еді, Жаз шыға бере жанып та кетті. Жылама, сұлу, мұңайма, сұлу, Жасу да салма шырайға сұлу. Жасына қыздың тұншығар әлем, Мұңыңа жүрек шыдай ма, сұлу?!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ БЕСІНШІ МАУСЫМ Өткен көктем, құстардың қиялынан, Өткен жаз да, гүлдердің түстерінен, Өткен күз де, жапырақ жүрегінен, Өткен қыс та, ақ қардың арманынан, Өткен бәрі, Сені еске жиі алудан, Жиі-жиі сен жайлы түс көруден, Жиі-жиі сені ойлап түнеруден, Жиі-жиі сен жайлы толғанудан, Өткем мен де... Өткен құстар, көктемнің аңсарынан, Өткен гүлдер, жаздың да самалынан, Өткен жапырақ, күздің де көңілінен, Өткен ақ қар, қыстың да бауырынан, Өткен бәрі, Кешкілік ән салудан, Басқан ізге әр күні оралудан, Өзге жұртқа есуас көрінуден, Сағынудан, күтуден, жауығудан, Өткем мен де... Міне, солай бесінші маусым келген. Жүрмегей деп өкпелеп бекер бізге, Бір гүл тастап кеткем мен кетерде ізге, Бір жыр жазып кеткем мен өтер күзге.
Ерлан ЖҮНІС Жолдарды шөп басқанша, Шөптерге шық тұнғанша, Шықтарға күз қонғанша, Ақ қарда із қалғанша... Жолығу керек пе осы екеумізге?...
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ЕРТЕ КӨКТЕМ Біздің елге көктем ерте келеді, Біздің жұлдыз жұмақпенен көрші еді. Содан жаным ауырады, Себебі, Үр қызына ұқсатушы ем мен сені. Біздің елге көктем ерте оралар, Көктем сайын күрсінеді бір өлең. Көктем сайын бір көктемім жоғалар, Сені аңсаған, тілеген. Біздің елге көктем ерте қайтқаны, Пайғамбар деп күтеді ғой ақындар. Қайтқан құстар сенен сәлем айтпады, Қанатында оқылмаған хатым бар. Оқымауға, бәлкім, сенің хақың бар! О, ләйлілік асқақ сордың құрбысы, Жан ауырту қылмысының білгіші, Қуанышымның, қуанышымның кенжесі, Өкінішімнің тұңғышы! Алаңғасар, арманшылдау ақ таңы, Содан бері неше көктем бүр атты. Бұл көктемнің күліп келе жатқаны, Мені неге жылатты?!
Ерлан ЖҮНІС Жүрегімнің жалғыз аңсар соқпағы Неге, неге, жолаушысын тосады? Көбелектің жайлап қанат қаққаны, Неге, неге, жүрегімді осады? Һәм жек көрдім, һәм өзіңді сағындым, Еске алуға, ұмытуға батпадым. Қап-қараңғы түкпіріндегі жанымның Үсік шалған үміт жапырақтарын, Тағы таптап, неге таптап барасың, Сытырында – шыңғырысы үміттің. Сен мәңгілік сол көктемде қаласың, Ал мен оны келеді ғой ұмытқым, Біздің елге көктем келер тағы да!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ ДЕРТТІ ТҮН Тұмауратқан көктеменің түндері, Маңдайымды сыздатасың сен неге?! Өмірді емес, өмір оны сүргені Керемет пе пендеге?! Сен булығып, мен қыстығып обал не, Бір жылауға батылымыз жетпеген. Жындымыз ба, мұңдымыз ба, жоқ әлде, Оған кімнің басы ауырсын, көктемем! Сенің шерлі көкірегіңде тұншығып, Түз желіндей менің еркін ғұмырым: Түніменен мұңлы көгім күрсініп, Ай ойнаса сезімімен тірінің, Жанып-сөніп сауабым да, обал да, Алмасады бір қуаныш, бір өкпем. Бәсекеге қабілетті қоғамда, Бәсекеге қабілетсіз жүрекпен жалғыз мен бе, бұйығып, Өз ішіне кіріп кеткен шыдамай. Сүйдім оны, көрмесем де сүйіліп, Содан болар өкпелеуім тым оңай.
Ерлан ЖҮНІС Желқайықтай өр теңізді кештім де, Жағалауға жете алмадым туғалы. Өтінемін, Айта көрме ешкімге, Менің жалғыз екендігім туралы. ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ *** Ақылға сияр айыптағаның, Арманыңдағы болмадым. Асықпа, жаным, ғайып боламын, Көзіңді жұмсаң болғаны. Тістелеп үнсіз ерніңді үлбір, Ойлана қалшы өзіңше. Ұшып та кетер өмірім бұл-бұл, Жалт ете қалған сезімше. Болмаса, бір сәт жамалды бөтен, Аңсашы... әлі кеш емес. Бұлбұлды бақша, маралды мекен, Бәрі де, бәрі... бос елес. Жылап тұрғандай ішінен күлкім, Күлкілі неткен көз жасым. Бұйырам кейін түсіңе, мүмкін, ...Сағынуға жазбасын.
Ерлан ЖҮНІС *** Мен кетем, мен кетем, Дертімді емдетем, Сен салған, сен берген, Сенімен тең бөлген, Шыға алмай сенделген, Шығамын шеңберден, Бола біл сен бөтен, Боламын мен бөтен. Келмеске кетермін, Күтпестей етермін, Оралма өткенге, Өтінем, жек көрме, Күн кешіп көпке ер де, Күліп бар көктемге! Мен ғана бекермін, Қатыгез екенмін. Мен кетсем – келме сен, Сен сүйме шөлдесем, Жалғыздық түрмесі Рухымен тілдесіп, Жүрермін күн кешіп, Сен оны білмеші, Осылай сөн десең, Осылай сем десең. Өзіңмен – жалығыс, Өзіңсіз – жабығыс,
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Алдымда мұнар күн, Мұнарда құмар түн, Сапарға шығармын, Сағымды қуармын, Сабылыс, жаңылыс... Не табам? Сағыныш! Мен – тұтқын маталған: Өзіңнен от алған, Сезімдер тербетті, Дертімді меңдетті, Басымды сенделтті, О, сенің нең кетті?! Тосса да жат алдан, Кете алман, кете алман!
Ерлан ЖҮНІС ҚАРАҢҒЫ КӨШЕЛЕР Қараңғы көшелер Ұмытқан құдайды – Тамұқтың жолдары сыңайлы. Бойжеткен Бұрышта әлдене сұрайды, О, нені сұрайды?! Жапалақ жанарлы, жарқанат құлақты Көшелер жанымды жылатты. Қараңғы бұрышқа О, кімді құлатты, О, нені сұратты?! Кер шаһар Удай мас Ындынды ләйлітті – Көтере алмаған байлықты. Сол түні ол мені айнытты, Сол түннен қаймықтым... Жүрек-ай – қанатын от шалған көбелек, Бұл маңнан өзіңе не керек?! Бұлқындың – Не білдің? Ұмтылдың – ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Шегіндің, Бұйыға тығылдың неге кеп?! ...Қараңғы көшені түн жұтты. Жоғалды. Артында... Тастанды Пәктік пен Обалды Көтеріп барады киелі жүректер – Аспан жанарлы.
Ерлан ЖҮНІС СҮМБІЛЕ. СУ СУЫДЫ. 1. Тараз. Күз. Саябақ. Жеңілген жүрек пен Желге ұшқан жапырақ. ...Әлдебір жас жігіт сұлуды аялап, Аяулы тілекпен... Тағы бір ақымақ соларға қарайды қараша бұлтындай түнеріп. Ей, жүрек, қойсаңшы бұлқынбай, Бүгін ол, Бүгін ол – тірі өлік! Бір жырдың артында – қаншама сұлудың көзінің ып-ыстық жасы бар, Ол соның азабын тартуда, Ол соны қайда енді жасырар? Соқпақтар бақтағы өмірдің жолына ұласар демеді, Өзі-өзін ақтады, Ақтады – өлеңі. Ақымақ! Тағы үнсіз келеді, Енді оған кім сенер?!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Ол бүкіл өлеңі бір тамшы жасты ақтай алмасын білсе егер... 2. Қайтармыз біз де, қайырылмай қаншалық шыдармыз, Хаттар жазармыз, жырлармен аңсар ұқтырармыз. Жаз өтер бір күн, қу кетер сыңқыл да сыңқыл, Жылауық күзді жан-жақта қарсы алып тұрармыз. Терезелерден сол шақта тысқа да қарармыз, Сағыныш мұңын саз еткен құсқа да қарармыз, Бір бірімізге құшақ боп ашыла қалармыз, Бір-бірімізге найза боп ұштала қалармыз. Өткінші бәрі, қашанғы қараша сұрайды, Күзгі аспан неге бізбенен таласа жылайды?! Көзінің жасын қорғамай жерге құлатқан, Аспан дегенің адамнан аласа сыңайлы. Деуші едім бұрын, дегенім келгенін қарашы, Сұрағанымды тәңірім бергенін қарашы, Тағы да, қалқам, бір жұлдыз сөнгенін қарашы, Тағы да, қалқам, бір гүлдің семгенін қарашы. Өзгеріп кеттің, өтелмес өші бардайсың, Көзіңнен мені бұлайша көшіре алмайсың, Біресе кел деп, біресе кет деп те қаласың, Өзі де мұңлы жүректі несіне алдайсың?!
Ерлан ЖҮНІС Кешіре алсаң, кешікпей кешіре алғайсың, Кешірмесең көңілден өшіре алғайсың, Сұрқай да күзде сұр жігіт суық қараса, Есі бір кеткен Ерланды есіңе алғайсың! 3. О, жалған, күзгі бақтың келбеті неткен мұңлы, Жоғалған арманым мен еске алдым өткен күнді. Сұрқай жел семдіріпті-ау сумақай сөз секілді, Бір үміт бақыт үшін бұрындау еккен гүлді. Артымнан қыңсылайды өткеннің құр сүлдері, Қолымнан не келеді, бірақ ол білсін нені?! Бақ астан-кестен еді, ұйыған меңіреуден, Адасқан махаббаттың естілді күрсінгені. Құлазып көшкен жұрттай көңілім қайда қалды? Аяныш сезімімен аймалап айналамды. Бір сұлу суюші еді бұл бақта серуендеуді, Бір жігіт ұнататын сол жайлы ойлағанды. Солғын өң теректер де, қайыңның боз реңі, Мүлгіген кәрі емен тұнжырап көз іледі. Гүл меңді жапырақтан қиылған жылай-жылай, Үзілген үміттердің дірілі сезіледі. Мылқау бақ тіл қатпады, Беймәлім өкінгені, Беймәлім сағынғаны, беймәлім бекінгені...
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ Шылаған солған шөпті шық қана дірілдейді, Жылаған жүректердің көз жасы секілді еді. Тұншығып, Жапырақтың соңғы әнін тыңдадым да, Тыншыдым... Жыладым ба, білмеймін, жырладым ба?! ...Сұрланған айға қарап күзгі бақ күрсінді де, тіршілік қалғып кетті, көзімді жұмғанымда...
Ерлан ЖҮНІС КҮЗГІ КӨҢІЛ Қиқулап көкте құстардың өткенін қара, Содан ба, менің мазамның кеткенін қара. Мына күз – менің жанымның көрмесі ме екен, Көңіл күй ме ме екен әлде бір өтпелі ғана?! Білмедім, білгім келмейді ештеңені де, Өкпеледім бе, әлдекім қош дегені ме? Әлдекім ерте шықты ма жұмысқа қарай, Әлдекім бүгін үйіне кеш келеді ме? Білмеймін, кезіп келемін қаланы бүгін, Жаныммен сезіп келемін даланың жырын. Дәл бүгін өмір сүруге болмаса, мейлі, Дәл бүгін өлең жазуға болады, күнім! Жыр жазсам – жүрек басқаша соғар ма екен? Кешегі достар... ал бүгін олар да бөтен. Тұтатып бердім шылымын бейтаныс жанның, Мен үшін шырақ бір адам жағар ма екен?! Жүр екен кербез күндерім қас керіп қайда? Алқызыл асау сезімдер бас беріп пе ойға? Әлде бір сұлу жатыр ма жас болып жүзі, Әлде бір ақын отыр ма мас болып... айда?
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * Қыздар мені іздепті бақ ішінен, Жүректердің беймаза қағысымен, Сезімдердің беймезгіл ағысымен, Қайтқан құстың сағынған дауысымен, Қыздар мені іздепті бақ ішінен. Қыздар мені іздепті қыраттардан, Кездерімде бәрінен жырақ қалған, Кездерімде жабығып жылап қалған, Кездерімде жалыққан сұрақтардан, Қыздар мені іздепті қыраттардан. Қыздар мені іздепті таң сәрінен, Баян менен Жібектің аңсарымен, Шаруалардың кешкілік шаршауымен, Жоқ іздеген кісінің сарсаңымен, Қыздар мені іздепті таң сәрінен. Қыздар мені іздепті биік таудан, Биік таудан бір кезде сүйіп барған, Биіктерге таласқан иықтардан, Кездерімде айылымды жиып қалған, Қыздар мені іздепті биік таудан. Қыздар мені іздепті айдындардан, Аққуы ұшып, артында қайғым қалған, Күн күрсінген шақтарда, ай мұңданған, Қыздар мені іздепті айдындардан.
Ерлан ЖҮНІС Қыздар мені іздепті көк қаладан, Аруының үмітін ақтамаған, Ақынының жырларын жаттамаған, Қыздар мені іздепті көк қаладан. Таба алмапты ақынның бұл мекенін, Біле алмапты жүрегі бірге екенін. ... Алма жинап жүр ме екем оларға арнап, Соларға арнап гүл теріп жүр ме екенмін!?
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ СЕН ЖЫЛАҒАН ТҮНІ Сен жылаған түні Еріксіз жасым сорғалап, шошып оянғам, Түн деген сап-сары сағыныш екен деп, Қара түске шашы боялған, Кім білген, дүние-ай, мұны. Сен жылаған түні, Зағип түннің көзінен нұр іздеп жатқам, Жан-жағымды сипалап шам таба алмай, Кірпігімді көз жасыммен тұтатқам, Өртеніп өзегімнің бүрі. Сен жылаған түні Ащы жасыңды жұтқан жастықты қарғап, Қара түннің қабырғасын тіліп, Өзімше сені солайша қорғап, Ұлыған шарасыздық мұңы. Сен жылаған түні, Бұл өмірдің күлкісін жек көріп кеткем, Жымыңдаса жұлдыз, мазағы ма деп, Күлімдеген айды кеудеге тепкем – Бір тамшы жасыңның құны. Сен жылаған түні, Он екі мүшем егілуші еді, жаным, Түн қойны мұздап сала беріп кенет, Мен неге шошына бастадым тағы, Мен неге жатырмын тірі, Сені тағы жылатқанда мына түн?!
Ерлан ЖҮНІС * Қайтқан құстың қанатының суылы... Сенің жаның, бәлкім, содан суыды, Менің жаным, бәлкім, содан жаурады... Уыз емген үміттердің уілі, Еркелескен еріндердердің күбірі, Көшкен бұлттай көкіректен аунады. Мен шықпаған арманыңның таулары, Сен кезбеген бақытымның баулары. Білесің бе, мазалайды мені кеп... Құс арманы қанатынан саулады: Есалаңдау осы нөсер жауғалы, Бір жылағым келетіндей еңіреп. Қаз қаңқылы, қу сыңқылы қайғылы, Аласұрған ақ аспанның айдыны, Күрсінеді күзге ұрынып көңілсіз. Жалғыз келем көкірегім шайлығып Қарауға да дауаламай қайырылып, Не өмiрсiз, не өлiмсiз – өзіңсіз...
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * Құрбым деймін, құшағың құрдым деймін, Мың тазарып, өзіңмен мың кірлеймін. Мерейіңнен алдында мылқауланып Мейіріңің алдында міңгірлеймін. Қарашығы көзіңнің жылым деймін Жұтып бара жатса да күлімдеймін. Ессіз сезімдерімнің періштесі Көзсіз сенімдеріңнің піріндеймін. Көңіліңнен, кербезім, дала көрдім. Сол даланың аңсарын ала келдім. Ерініңнің қып-қызыл сәулесімен Арманымның суретін сала бердім.
Ерлан ЖҮНІС * Кетті, келген соң кеткісі, Бөтен жар, басқа үй... Сейфуллин проспектісі, Такси. Көзі – алқызыл сүрмелі, Алқызыл плащ. Ол ештеңе білмеді, Білмедім... рас. Қарлы, Желтоқсан басталды, Сәл күтсе нетті?! Ештеңе жоқ астарлы: Кеткісі келді, кетті. Себеп те жоқ тілдесер, Салдары – ауыр... Жүректерде бүрлесе Кінәмшіл сәуір... Күлкі – екеу, мұң – жалғыз, Кетті... Мен де кетем. Аялдамада тұрған қыз – Бөтен.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * Сүйемін деп тағы да қайталашы, Қайталашы, қанша рет айта аласын. Жүрек барда – шайырдын көзесіндей, Көңіл барда – сұлулар шайханасы. Тілін жүр ем үйреніп түнерудің, Арманымның елінен күле кірдің. Құшағымда ай жатты аласұрып, Жырын жұтты жұлдыздар жүрегімнің. Іңкәрлігің құшағын жайса маған, Безіп кете жаздаймын ой-санадан, Кекіліңнен айналдым күн тараған, Кірпігіңнен бір-бірлеп ай санаған. Неге мұнша сезімдер күрделі еді?! Күрделі етіп жіберді бірге мені. Кеудемдегі бірдеңем сені көрсем, Бірдеңе деп айтады бірдеңені.
Ерлан ЖҮНІС СҮЮ ДЕГЕН... Сүю деген – көкірегіңде жүрек барын түсіну, Сүю деген – сезімталдық дертіменен ұшыну. Сүю деген, сүю деген – тысың бал да, ішің у, Бойжеткендік ұялу мен бозбалалык қысылу. Сүю деген – қаперіңнен өзге үшін ұмтылу, Сүю деген – нәрестелік көздеріңе мұң тұну. Жұлдызды түн көзді жұмып, ерініңді тiстелеу, Жігіттегі құмарлық пен арудағы ынтығу. Сүю деген – күлгін таң мен күрең кештен қызғану, Бұл ғаламның мұңындағы бар обалдың ызғары. Ай сәулесі жылу беріп, күн нұрынан сыздану, Тәңірін де сескентетін сезімдердің құздары. Сүю деген осы десем, неге, гүлім, сенесің, Сүю жайлы сұрамашы, ол немене демеші, Мені сүйіп көрді ғой деп ойлайсың-ау сен осы. Күздің сағынышы, қыстың пәктігімен іздесең, Көктемде жүрер бәлкім махаббаттың елесі.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ *** Қара түннің түкпірінен шығып жатқан күбірге, Ей, жүрегім, жын шалды ма, жығыласың, жүгірме! Мына әлемде Ләйлі жоқ қой сені Мәжнүн қылатын, Айша жоқ қой мерт болатын Сүмбіленің түбінде. Нәркес үміт қарсы келген қарашықпен қабысқақ, Бірақ әлі ешкімге де кете алмадым табыстап. Бүгін менің естен тана ғашық болғым келгені, Тұл бойыма тұйықталған бар сезімді бағыштап. Көзді көргем жүрегі үшін жауап бере алмаған, Ерінді де сезімдердің бір бүртігі қалмаған. Мына әлемде Ләйлі бар ма мені Мәжнүн қылатын, Бар ма, адам?!
Ерлан ЖҮНІС ЖАЗДЫМ Еркелей қарап, елігім менің, Ерніңді тостың... Ес кетті. Елігіп едім, желігім жеңіп, Әттең-ай, әттең не істетті?! Ентігіп демің, дір етті ерін – Ұлы сезімнің үрейі. Ерінді сүю – жүректі өбу екенін қайдан білейін. Қаншалық жаның ұнатқан сайын, Өзімді сонша жек көрдім. Сезімің сұлу бүр атқан сайын, Ішімнен қурап кеткенмін. Кінәдан көңіл, күнәдан жаным, Күйеді білем, күйсінші. Сүймеймін енді, сұрама, жаным, Шын сүйген ғана сүйсінші.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * Бұлдырамашы, құлап кетпеші, Етпеші мені жаралы. Жарық жұлдызым, жырақ кетпеші, Жанарым талып барады. Аспанды бақсам аңсарымды алдың, Сұлу ғаламның нышаны. Таңдайы менен тамсанулардың, Қарсы алулардың құшағы. Жұлдыздар көкте жамырағанмен, Сен жалқы тұрсың, жарығым! Биіктен мені танымағанмен, Төменнен сені таныдым. Заңы ғой ол да ғұмырдың мына, Басқаша деймін болсашы. Жасырынғанша шымылдығыңа, Қолыма менің қонсашы. Жалғыз анам бар асыл да жүрек, Саған да ана болады ол. Бауырым болшы қасымда жүрер, Келе ғой, нұрым, қона көр...
Ерлан ЖҮНІС ЫНТЫҚ Бал да бардай, у да бардай, Өзегіңе жалғанам. Он төртінде туған айдай, Ерініңе арбалам. Ай көргенде аман көріп, Баяғыдай күн көрем. Жан ләззатын саған беріп Омырауыңда гүлденем. Жарылқа деп таңда сүйем, Есірке деп түн сүйем. Сүйгендеймін алғаш, ием, Ақырғыдай сүйші, ием! Ғашық жаны – ерінінде, Тіршілігі – өбуде. Көктем бүрлеп көңілімде, Сай-сүйегім еруде. Сөз тұтанып, ой балқыды, Жұтты бәрін ғажап түн. Сезімімде Ай қалқыды Қанатындай ләззаттың. Көңілімді қытықтады, Түннің тілі күбірмен. Таң жұлдызы құттықтады, Аман қалғандығыммен.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * Жалғыз райхан... Ол да қурап қалғалы, Өткенімді алмаушы едім есіме. Сенің мұңлы жанарыңдай сондағы, Бүгін аспан жылады екен несіне? Кетем деп ең, Қал дегенім жоқ тағы, Менсіз саған жеңіл болар тәрізді. Ессіз нөсер сонау жүрек жақтағы, Жаңғыртам деп шайып кетті бар ізді. Қураған гүл, Сонғы демі сезілді, Сол бір демнен әлсіз әуен естілді: Аяр болсаң өзіңді, Аямайсың ешкімді! Сөніп барып, лап ететін өрттей боп, Суып барып, қайта өзімді жылыттым. Айығарда бір соғатын дерттей боп, Ақырғы рет аңсадым да... Ұмыттым.
Ерлан ЖҮНІС * Хұсни іңір таранар қоздантып сезім бүртігін, Кермиық күннің күлтелі дірілдесе кірпігі. Қара түнек қыранның қанатындай көрінсе, Жәудірейді дүние жанарындай түлкінің. Бұлықсиды тіршілік бүрілерде шарасыз, Иманды айдың жүзінде құмарлық тұр тобасыз... Жасаураған жанардан жас боп тамып ояндым, Беу, дүние, жұмылып, қайда батып барасыз?!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * Сен әлі тым жассың... Сезіміңнің дір-дір етіп кірпігі, Ерініңнің бүр жармаған лаласы, Сәл шыдашы... кейін... кештеу... бір күні Махаббатттың тәкәппарлау баласы Көз салады ғайыптан кеп, гүлім-ау, Құтқарады қасиетсіз өлуден. Сүю жайлы ойлау деген – жылылау, Тіпті ыстық, сүю болса тоңу мен тітіркену, қалтыраудан тұрады, Солса гүл де сүйгені үшін семеді. Бірақ кейде аңсаулардың шырағы, Әнтек қаққан кірпіктен де сөнеді. Сен әлі тым жассың... Алуан гүлге құмар болма, сұранам! Жауқазыны, бар тағы да жалбызы. Қарамастан өтіп кетер бір адам – Махаббаттың өркөкірек жалғызы.
Ерлан ЖҮНІС * Тыңдашы сәл, нәркес ғұмыр-нәзігім, Сүю жайлы тағы да айтқым келеді: Көбелектер күз келгенде, Жазының Сезіміне беріктіктен өледі! Ал, көктемде тіріледі қайтадан, Қысқы кешке сипатпастан қанатын. Содан оны махаббат деп айта алам, Пайғамбарлық жүректерде болатын. Қара аспанның қар жауса да көзінен, Тау ерніне мұз қатса да көкпеңбек, Қар астынан күбірлеуін сезінем, Шалажансар жапырақтың «көктем»деп. Мен де содан, нәркес ғұмыр-нәзігім, Көктемені күтуменен келемін. Сенің болса, сенің барлық жазығың – Жапырақтың тілін түсінбегенің.
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * Ермегі ме – дейтұғын – есі өлең бе? Жалғыз сауал қойылса пешенемде, Ту сыртыңнан өзіңді көрсетер ем, Кездеспей-ақ кеттің-ау көшеден де. Барлығына дер едім сен кінәлі, Жүрегіңе байланған жан құмары. Хан сәлемін алмайтын көңілді өлең Қиығына көзіңнің зар қылады. Сен кінәлі бәріне, жазалысың, Мақпал түнде ұрланған мазам үшін, Өзегімнен дірдектеп аңсар жасы, Сол тамшыдан жаралған ғазал үшін. Еріні – Ай, көзі – Күн Меңді Ғалам, Қайтсем сені кеудеме қондыра алам?! Сен өлгенде – әлемнің өлетінін, Көрсетер ем, Жолықпа енді маған!
Ерлан ЖҮНІС * Келбетіңнің болмас деп жерде өлшемі, Ерек көрдім мен неге елден сені. Жүрек берген кеудеге сүю үшін, Сүйе білмес адамға бермеуші еді. Жаралған деп ойлаушы ем сені маған, Сезім адал, біздегі сенім адал. Сүйе алмаған жүректің өзіне обал, Қатыгез боп кетпейді өмір одан! Күлгенің де – мендегі қуанышқа, Әлде ол да жалғандау жұбаныс па?! Кірпігіңмен жазасың неге, гүлім: «Енді мені көргенде құрақ ұшпа!» Бірге көрмек өмірді, бірге сүрмек, Мерт болғандай ең соңғы тілдесуде. Адам көзін жұмғанмен қайта ашуға, Ешкім қолын жумайды кірлесін деп!
ҮМІТ ЖЫРЛАРЫ * Өмірді ұғар секілденіп, ой кешіп, Жүргенің де әурешілік кейде осы. Біреу маған ақымақсың деп кетті, Сезімдермен отыр едім сөйлесіп... Өмір деген театр ғой көне тым, Әртістердің екі түрі енетін: Ақымақтар, және деймін басқалар, Ақымақ боп көрінгісі келетін. Деп күлемін Езуімен әзілдің, (Өзі-өзіммен әзілдескен мәз ұлмын) Мен де кеше ақымақты іздеп ем, Мұңның қара тізіміне жазылдым. Талай сенім табан асты тапталды, Талай үміт дар алдында ақталды. ... «Кемеңгерім!» деп ем сонда біреуге, Ол да маған «Данышпаным!» деп қалды!
Ерлан ЖҮНІС * Жалқы туған бәйшешекті аядым, Жер жүрегін жібітеді қалай деп. Күн ернімен сүйіп-сүйіп қоямын, Самал болып сипаладым талай кеп. Неге ерте туылғанын сұраймын, Көктем болса ән салып жүр елесте. Ал бәйшешек өкінбейтін сыңайлы: «Оятатын біреу керек емес пе?!». Ертесіне үсік жүрді, ол семді, Семді, бірақ сол бір ақсақ пішінмен. Оянар деп мыңы бірі өлсе енді, Мен шыңғырып бара жаттым ішімнен.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру