Баянғали Әлімжанов: Деген екен...
Баянғали Әлімжанов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Ақын, жазушы, драматург, жыршы, манасшы Баянғали Әлімжановтың бұл кітабына өмірден туған, табан астында тауып айтылған өлеңдері мен қысқа да нұсқа сөздері жинақталған. Ел азаматтарымен әзіл-қалжыңы жарасып жүрген ақын шуақты күлкімен адам бойындағы ізгі сезімдерге әсер етіп, күлдіре отырып ойландырады, бүгінгі заманымыздың сан алуан құбылыстары жайынан сыр шертеді.
Баянғали Әлімжанов
Деген екен
Астана 2016
УДК 821.512.122 ББК84(5Қаз) - 7 Ә55
Ә55 Деген екен. Әлімжанов Б. - Астана, 2016. – 88 б.
ІSBN 978-601-7804-14-5
Ақын, жазушы, драматург, жыршы, манасшы Баянғали Әлімжановтың
бҧл кітабына ӛмірден туған, табан астында тауып айтылған ӛлеңдері
мен қысқа да нҧсқа сӛздері жинақталған. Ел азаматтарымен әзіл-
қалжыңы жарасып жҥрген ақын шуақты кҥлкімен адам бойындағы ізгі
сезімдерге
әсер
етіп,
кҥлдіре
отырып
ойландырады,
бҥгінгі
заманымыздың сан алуан қҧбылыстары жайынан сыр шертеді.
УДК 821.512.122
ББК84(5Қаз) - 7
ІSBN 978-601-7804-14-5
© Әлімжанов Б., 2016
Аяғыңды тоса қоймадың ба?
Баянғалидың әкесі Тақан ақсақал – ҧлы Отан соғысының екінші топтағы мҥгедегі, соғыстың басынан аяғына дейін қатысып, Берлинге дейін барып қайтқан. Екі рет ауыр, бір рет жеңіл жараланған. Бір жолы танк снарядының жарықшағы шекеден тиіп, әрең аман қалған екен. 1996 жылдың жазында соғыс мҥгедектеріне жеңіл автомобиль берілетіндігін естіп, ауырып жатқан ақсақал Баянғалиға: "Мені комиссияға апар,"- депті. Аудан мен облыстағылар әрлі-берлі қарап, ақынға: "Анда барып ӛйтіп жіберсеңіз, мында барып бҥйтіп жіберсеңіз, біреу-міреулер кӛмектесіп жіберсе, атай машина алуы мҥмкін,"- деп ақыл беріпті. Сонда ақын: "Менің әкем қанын блатпен тӛккен жоқ, машинаны да блатпен алмайды! "- деп, дѐрігердің әділ шешіміне жҥгініпті. Дәрігерлер дҧрыстап қарап: "Әкеңіздің сырқаты бір емес, бес кісіге жетерлік екен, он машиналық еңбегі бар екен! Мҧндай ардагерлер қазір ӛте аз қалды ғой, бәріне де машина берсе артық емес,"- деп жылы сӛзбен шығарып салыпты. Сӛйтсе, заң бойынша, аяғынан ауыр жараланған кісіге машина беріледі екен де, Тахаңның жарақаттары ол заңға жатпайды екен. Ақсақалды ҥйіне әкеле жатып, Баянғали: "Ал, енді мазаны алмай тыныш жат ҥйде. Осының бәрін әуелде ойламаған ӛзіңнен кӛр! Оққа басыңды тосқанша, аяғыңды тоса қоймадың ба!? "- деген екен.
Қара шалдар
Мҧхтар Әуезовтың 100 жылдығына арналған айтыста\Алматы, 1997ж.\ шымкенттік Әселхан Қалыбекова Баянғалиға әкесі Тақан ақсақалдың қазасына кӛңіл айтады. Сонда сӛз кезегі келгенде, Баянғали былай жырлаған екен:
Менің әкем Тақанның
Ерлігі кӛп айтатын,
Жауған оқтың астында
Жау тылынан «тіл» іздеп,
Тҥнде талмай жортатын,
Тоғыз танкі талқандап,
Таң атқанда қайтатын,
Бейбітшілік заманда
Бір телешке шӛп сҧрап,
Қолтықтап ап шалдарды
Канторға қарай тартатын,
Барлығын жеңген батырың
Қайран анам Бәтима
Марқҧмнан жаман қорқатын!
Менің әкем Тақан шал
Фашистке ойран салыпты,
Берлинге дейін барыпты,
Қиратушы еді оны да
Қырық шақырым қалғанда
Соғыс бітіп қалыпты,
Гитлер менен Геббельс:
«Тақан келсе болмайт,деп,
Жағдай енді оңбайт!»- деп,
Атылып ӛліп қалыпты!
Менің әкем секілді
Қара шалдар жасасын
Халық қылған халықты!!!
Шалдар жайы мәселе саналмай жҥр,
Әлі де ҥкіметте қаралмай жҥр,
Бір кезде Берлинді алған хас батырлар
Банкіден пенсиясын ала алмай жҥр!
Кемпір менен шалдарды
Осыншама жҥдетіп,
Сорлатуға болмайды,
Кемпір менен шалдарды
Тарықтырып тҧрмыста,
Зарлатқандар оңбайды!
Содан Әселхан сӛзді бір кезекте бҥгінгі ел байлығын тонап алған ҧры-қарыларға бҧрып, «сырттай қарасаң бәрі әп-әдемі, галстук тағып, тап-таза, сып-сыпайы боп жҥреді, ал ӛз қҧлқындарын ойлағанда керемет!» - деп ашына жырлайды. Сонда сӛзді іліп әкеткен Баянғали былай депті:
Ҧрының ең жаманы сыпайысы,
Болмайды ондайлардың қҧдайысы,
Ҧрының қолын шауып тастайтҧғын
Бәрінен жақсы екен ғой Қытай ісі.
Билікке аз ғана кҥн кетсе жолап,
Алады ел байлығын тҥгел тонап,
Қытайдың заңын егер бізге енгізсе,
Болар ед бастықтардың кӛбі шолақ!
Елбасымен кездесу
1994 жылдың жазында Қазақстан президенті Нҧрсҧлтан Назарбаев Кӛкшетауға келгенде облыс басшылары Баянғалидан Қарасуға барып, ӛлең айтып беруін ӛтінеді. Келесі кҥні қой бағудың кезегі келіп тҧр екен, оны әкесіне тапсырып, ақын Бурабайға барады. Президенттің қайықпен жҥзгенін кӛрген адамдар: "Мықты адам екен, соңынан жҥзген екі адамға жеткізбеді,"- дейді. Біраз уақыттан соң дастархан басында кезек ақынға келеді:
Алла деп мен кірейін ӛлеңіме,
Ризамын бҥгін сізді кӛргеніме,
Ӛскемен, Семей жағын орағытып
Кӛгілдір Кӛкшетауға келгеніңе,
Заманның тозаңынан тазардың ба,
Бір сҥңгіп Қарасудың тереңіне!
Қҧдайым аулақ қылсын қайғы-мҧңнан
Еліміз айрылмасын байлығынан,
Алып ӛт аман-есен қазағымның
Кемесін заманыңның айдынынан!
Кӛмекшің Иманғали қара бала
Ҧқсасын ой мен ісі даналарға,
Нҧрекең саясында жҥргеннен соң,
Бәйтерек болад шығар жеке дара,
Президент суда жҥзіп жҥрген кезде
Ҧйқыдан тҧрып жатқан жаңа-жаңа!
Ақылмен жҥрер жолды нҧсқап жҥрген
Халықты жақсылыққа бастап жҥрген,
Рахмет Нҧрсҧлтандай ағамызға
Амалдап орыс-қытай арасында
Абылай саясатын ҧстап жҥрген!
Беу, Нҧраға бері қара,
Дҥрсінгенді горбиттің
Ерсінгенді ербиттің,
Қазағыңды кӛркейттің,
Қумадың жолын егестің,
Қумадың жолын ӛңештің,
Ақылдың жолын ҧстадың,
Алшаң басып Ақ ҥйде
Клинтонмен де кеңестің,
Жапонның кӛрдің патшасын,
Ағылшын, испан басқасын,
Әлемдегі патшаның
Бәрімен бҥгін теңестің!
Ақынмын алдыңызда әнге басқан,
Атынан туған елдің шашу шашқан,
Кӛп сәлем әкеп тҧрмын ауылдағы
Қаракӛз, қандас бауыр қарындастан,
Асығып тҧра шаптым сіз келді деп
ҚойдыҢ да кезегіне қарамастан,
Жағдайын жақсартсаңыз ауылдардың
Жалғанда хан болмайды сізден асқан!
Нҧрекең рахмет айтып, демалуға кеткен соң, кӛмекшісі Иманғали Тасмағамбетов қасында отырған тҧлғалы кісі – Амангелді Шабдарбаевтың президентті қорғау бӛлімінің бастығы екенін, Колбиннің тҧсында Қонаевқа қарсы арыз жазбағаны ҥшін қуғын кӛргенін айтады. Оның ерлігіне риза болған ақын:
Қайтпаған КГБ-ның наганынан,
Сол ҥшін айырылған погонынан,
Тар жерде Димекеңді сатпай қалған,
Айналдым Амангелді табаныңнан!
Басыңнан Амангелді бақ кетпесін,
Ақының сӛзді қалай нақты етпесін,
Мәз болып ӛлең тыңдап отырғанда
Бір сҧлу президентті ап кетпесін!- деген екен.
Содан елге келсе, аудан активі президент ауданға келіп қалар ма
екен деп кҥтіп отыр екен. Ақынның әңгімесін тыңдап, мән-жайға
қаныққаннан кейін, аудан әкімі Кеңес Мҧқатов: "Бізге де бірдеңе
айтсаңшы,"- дейді. Сонда Баянғали:
Айтайын әкімдерің қҧлақ қойса,
Жиналып отыр екен жағып монша,
Президентке ӛлең айтып келгеннен соң,
Әкімге айтқым келмейді менің онша!- деген екен.
Елбасымен әзіл
1995 жылдың тамызында Нҧрсҧлтан Назарбаев Еңбекшілдер ауданына келеді. Ол кісіні қарсы алуға дайындалып жатқанда аудан әкімі, тҥбі кеңащылық Кеңес Шәмшіҧлы Мҧқатов Баянғалидан: «Президентке не айтасың?» -деп сҧрапты. Сонда ақын: Сіз келеді дегелі, Біздің елге кӛп болды, Кҥте-кҥте ӛзіңді Елдің кӛзі тӛрт болды, Сізге сойған жылқыны Әкімдер ӛзі жеп болды! - десем қайтеді!-деген екен. « Ойбай, бізді жҧмыстан шығарасың, айта кӛрме!»- депті әкім. Нҧрекең келген соң, Ғабдісәләм қажы атындағы жаңа мешітке кіріп, кілем сыйлайды, Біржан салдың басына барып, қҧран оқытады. Степнякты аралап, аудан жҧртшылығымен кездеседі. Кездесу барысында зайыбы Сара Алпысқызының Степняк маңында туғанын айтады. Жҧртшылықтың сҧрақтарына жауап беріп, Меке мен Мәдинаға барғанын, пайғамбарымыз Мҧхаммед ғәләиссәләмнің қабіріне тәуәп қылғанын әңгімелейді. Ақсақалдардың Еңбекшілдер ауданына Біржан сал атын беру жӛніндегі тілегін қҧптайды. Кездесуден кейін, дастархан басында Баянғалиға ӛлең айтқызады. Әуелі Елбасы ақыннан Қырғызстанға қалай барып келгенін сҧрап, содан кейін: "Елінде отырмыз ғой, Біржан атаңның бір ӛлеңін айтшы",- депті. Баянғали "Теміртасты" айтып беріпті. "Осындай адамды да керегеге байлаған-ау біздің қазақ!"- депті Елбасы мҧңайып. Бҧдан кейін Баянғали президенттің келгеніне арнап біраз ӛлең айтыпты:
Ел-жҧртың қарсы алып тҧр Нҧрекелеп,
Келгенің жатыр ҥлкен мереке боп,
Нҧреке, қадамыңыз қҧтты болып,
Дарысын біздің елге береке боп!
Келген жерің, Нҧреке,
Абылай орда еткен жер,
Қазақтың соңғы кӛсемі
Кенесары, Наурызбай
Кҥңіреніп ӛткен жер!
Аспандағы аққуға
Біржанның әні жеткен жер!
Ҧрпақтары солардың
Белін бекем буған жер,
Атаның жолын қуған жер,
Жаңа ӛзіңіз айтқандай
Апамыз Сара туған жер!
Шҥкіршілік, аллаға
Жақсы-жақсы менің де
Жезделерім кӛп еді,
Бірақ-тағы ішінде
Президенті жоқ еді!
Апамыздың қадірін
Патша жездем ҧққан ғой,
Бар әлемнің бӛбегін
Бауырына басатын
Жақсы-жақсы қасиет
Сара апамның бойына
Біржан жатқан киелі
Топырақтан жҧққан ғой!
Бҧдан кейін президент бірге отырған ел адамдарымен әңгімелесіп, олардың сҧрақтарына жауап береді. Әңгіме барысында кейбір басшылардың араққа ҥйірлігі жӛнінде де сӛз болыпты. Бір кезде аудан әкімі Кеңес Мҧқатов пен аппарат жетекшісі, Баянғалидың жиені Еркетай Жомартов мипалау әкеліп, меймандарды сыйлапты. Сол кезде Баянғали домбырасын алып:
Әкімнің мипалауы әзір болды,
Бір талай о да бізге әзіл болды,
Қосылып Елбасымен мипалау жеп
Сәніміз, ағайындар, қазір келді,
Басқаның президенті іше берсін
Біздікі, шҥкіршілік, қажы болды!- депті.
Сонда Нҧрекең: "Мына жерде арақ қҧйғызбады деп отырсың ғой,"-
депті кҥліп. Бірге отырған Болат Бекенов, Тасболат Алпысов сынды
ақсақалдар, ауыл шаруашылығы министрі Жәнібек Кәрібжанов, облыс
әкімі
Қызыр
Жҧмабаев,
КНБ,
милиция
генералдары
Мәжит
Жанділдинов, Амангелді Жармағанбетов және басқалары да: "Енді не
айтар екен?" - дегендей ақынға қарап қалыпты.
Болғанмен кемшілігі зор басымның,
Әрдайым жақсылардың жолдасымын,
Арақ пен темекіні қатар қойған
Мен де, аға, Кӛкшетаудың молдасымын!- депті ақын.
"Бҧрын ӛкірткенсің ғой!"- депті кҥліп Нҧрекең. Сонда ақын:
Арақтан бҧрын ептеп алатынбыз,
Қиялмен әр нәрсеге баратынбыз,
Ол кезде генералға қол жетпейтін
Қолында сержанттардың болатынбыз,
Далада жатып қалған жеріміз жоқ,
Кҥнара КПЗ-ға қонатынбыз!- деп әзілдеген екен.
"Милициямен онша емес екенсің ғой",- депті Нҧрекең кҥліп. Сонда
Баянғали:
Арақты мен онша кӛп ішпейтінмін, Ал ішсем талай қызық істейтінмін, Ӛкпем жоқ милицияға, жаяу жҥрмей, Ҥстінен ППМ-нің тҥспейтінмін, Айбатты арыстандай ақырмаса, Аруағын аталардың шақырмаса, Жігітті жігіт деу де қиын, кейде Сәті тҥссе, тҥрмеге де отырмаса!- дегенде, Нҧрекең кҥліп жіберіп, ақынның ӛнеріне риза болып, алғыс айтып, ағалық ақ тілегін білдіріпті.
Бурабайда
1995 жылдың кҥзінде Нҧрсҧлтан Назарбаев Кӛкшетауға аз
уақытқа демалуға келгенде, Баянғали Бурабайға барып, Елбасының
алдында ӛлең айтыпты. Президент әуелі ақынға Біржан салдың
"Теміртасын" айтқызып, содан кейін: "Мына ағаң– Премьер-Министр
Әкежан Қажыгелдин, Кӛкшетауға тҧңғыш келіп отыр, мына ағаң –
КНБ-ның бастығы, генерал-лейтанант Сәт Тоқпақбаев. Бҧл кісілерге
қош келдің деп, бірдеңе айтпайсың ба?!"- депті. Сонда ақын былай
деген екен:
Қҧдайым кез қылсын деп жақсы кезде,
Сӛйлейін бҧрылмастан басқа сӛзге
Айтамын қош келдің деп ағаларға
Қош келдің, Кӛкшетауға патша жезде!
Орындайын бҧлжытпай,
Президенттің жарлығын,
Премьер-министр кӛрсетсін
Елімізге нарлығын,
Ақыл, қайрат, жігермен,
Ағалар, жеңіп шығыңдар,
Заманның мына тарлығын!
Қажыгелдин Әкежан
Премьерлердің ішінде
Жаңадан шыққан жас пері,
Алысқанын жығатын
Дзюдоның мастері,
Сол кҥшіңді халықтың
Қажетіне жҧмсай бер,
Нҧрекеңнің ләшкері!
Премьер аға, ӛзіңе,
Пенсиямызды берсін деп
Сәлем айтты шалдар да,
Папамыздың айлығын,
Жылдамырақ берсін деп,
Сәлем айтты балдар да!
Әрдайым әсем әнге сап жҥрейін,
Дау-шардан аулағырақ ақ жҥрейін,
КНБ бастығымен ойнаймын деп
Мен осы бір бәлеге қап жҥрмейін!
Айналайын, Сәт аға,
Ақындармен алыспай,
Атаның жолын жалғай бер,
Тәй-тәй басқан қазақтың
Мемлекетін қажымай
Жауларынан қорғай бер!
Қарсы алды ӛздеріңді Кӛкше жері,
Оқжетпес, Бурабай мен сексен кӛлі,
Аман бол, ел басқарған ағаларым,
Жақсылыққа бастар деп, ӛздеріңе
Ҥмітпен қарап отыр қазақ елі!- деген екен.
Ҥш президент пен ақын
1996 жылдың шілде айында Қазақстан президенті Нҧрсҧлтан
Назарбаев,
Ӛзбекстан
президенті
Ислам
Каримов,
Қырғызстан
президенті Асқар Ақаев Кӛкшетауда бас қосты. Ҥш президенттің
алдында жыр толғаған ақын Нҧрекеңді туған кҥнімен қҧттықтапты.
Нҧреке, қҧтты болсын ер жасы – елу алты,
Ӛркендеп туҒан елмен бірге шалқы!
Сіздерге ақ тілегін қосып отыр
Бір туған қазақ, қырғыз, ӛзбек халқы!
Ислам аға, қош келдің
Алдыңнан шықтым әкалап,
Ордалы он сан ӛзбекті
Ту астына жидырдың,
Бір арнаға сидырдың,
Ҧры менен қарыны
Бір жарлықпен тидырдың!
Ӛзбек, қазақ, қырғызға
Туыстықты кҥй қылдың!
Қҧрметті ағаң Асекең,
Ел қырғыздың басы екен,
Қош келдің Кӛкше жеріне,
Сҧлу сексен кӛліне,
Ӛз еліңдей жарасып,
Шыға бер, аға, әрдайым,
Дархан қазақ тӛріне!!!
Қазақ, қырғыз, ӛзбегім – туған бауыр,
Бӛтен бе сіздің қышлақ, біздің ауыл?!
Тҧтасып, бір-біріңе пана болып,
Тҧрыңдар, аннан-мыннан соқса дауыл,
Ҧрпағым, бӛлінбе деп жатқан шығар
Ташкенде Тӛле би мен Шайхантауыр!
Бар әлемнің алдында
Жарқырай берсін жҥздерің,
Ҧзағынан болсын алдыңда
Бҧдан да жақсы кездерің,
Қол ҧстасып жасай бер
Қазақ, қырғыз, ӛзбегім!!!
Президенттер ақынға алғыс айтыпты. Ислам Каримов ҧшып
тҧрып, Баянғалиды қҧшақтап: "Тошкенге келиң!"- деп, қонаққа
шақырыпты.
Қызыл қамзол мен лампас
Қазақстанның қорғаныс министрі, Совет Одағының Батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нҧрмағамбетов 1995 жылы жазда зайыбымен, балаларымен Бурабайда демалғанда, Степнякқа келіпті. Меймандар моншадан шығып, дастархан басына келеді. Ашық терезеден жел соғып тҧрғандықтан, Сәкең қақ тӛрге отырмай, ықтау жағынан отырса керек. Содан әңгімедҥкен, мәжіліс қызған кезде, кезек Баянғалиға келіпті.
Қош келдіңіз еліме
Аты аңызға айналған
Қаһарман батыр, қолбасы,
Сағадаттай батырды
Тӛбесінен тҥссе де
Жеңе алмаған фашистің
Снаряд пен бомбасы,
Жетпістен жасы асса да
Қылшылдаған капитан
Секілді тҥр мен тҧлғасы,
Қаһарманның балдары
Әкенің жолын жалғашы,
Айналайын ақ жеңге,
Сәкеңді жақсы бақ, жеңге,
Оңай емес болу да
Қолбасының жолдасы,
Біле білсек Сағадат
Бӛгенбай мен Қабанбай
Батырлардың жалғасы,
Тҧғырдан таймай сардарым,
Сарбазды сапқа тҧрғызып,
Қазақтың елін қорғашы!
Бар қазақ ҥлгі алады, жауға шапқан,
Бауыржан, Мәлік, Қасым, Сағадаттан,
Сағадат жастайынан от-жалын боп,
Бата мен алғыс алған жамағаттан,
Қара нардай қаһарман ҧлым бар деп,
Қазағым, ай-әлемге жырла, мақтан,
Ҧланның ҥміті кӛп, жетпісінде
Жігіттей жарқыраған азаматтан,
Сызды окопта саспаған сардар аға,
Қаштың ба Степнякта сквозняктан!-
дегенде қонақтар ду кҥліпті.
Сәкең ақынның жырларын ықыласпен тыңдап, оның Манастың мың жылдық тойына баратынын естігесін, "Манасты" айтқызыпты. – Қырғыздарға барғанда қандай киім киіп барасың?- деп сҧрапты. – Қара шапан, қара шалбар, қызыл қамзол! – Жігітке қызыл не керек?- депті Сәкең. – Аға-ау, сіздің лампасыңыз да қызыл емес пе?- депті ақын. Батыр кҥліп жіберіп, сәт-сапар тілеп, ағалық алғысын айтыпты... Арада бірнеше ай ӛткен соң, 1995 жылдың кҥзінде Сағадат Нҧрмағамбетов жҧмыс бабымен Кӛкшетауға тағы келеді. Шортанда, демалыс ҥйінің дәмханасында Баянғалиды : « Алимжанова надо встречать стоя!» - деп, қҧшақтап қарсы алыпты. Ол кісінің қасындағы бҥкіл генералдар мен офицерлер де, басшылар да тік тҧрыпты. Қаһарман аға ақын інісін Қырғызстанның Абдылас Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты болуымен қҧттықтайды, жорықты жылдардан сыр шертеді. Кезекті ақынға беріп, әлгі әңгімелерін арқау еткен әзіл ӛлеңдерін ықыласпен тыңдайды.
Қан майданда жҥргенде
Сағадат батыр капитан
Бейбіт кҥнді аңсаған,
Сол кҥнге жетпей арманда
Қҧрбан боп кетті қанша адам,
Кӛрсе де соны мойымай
Ротасын бастап "уралап"
Жеңіске батыр жол салған,
Кешіп ӛтіп Висланы
Қуып шығып фашисті
Самогон ішкен Польшадан!
Қас дҧшпанды талқандап
Жойғанша кӛзін қоршаған
Сағадат батыр,генерал
Қорғаныс пен әскерін.
Тапсырып отыр ел саған!!!
Қашан да жақсы сӛзді жырлағам-ды,
Біреулер оны ҧнатпай сҧрланады,
Манастың тойына мен аттанарда
Сӛмкемді машинадан ҧрлап алды.
Дәм жазса, жақсылықпен кездесерміз,
Сыйласып, әзілдесіп сӛйлесерміз,
Ақынды ешкім қорғайтын тҥрі жоқ-ау,
Беу, Сәке, ӛзімді-ӛзім қорғау ҥшін,
Именной бір пистолет бермесеңіз!!! - деген екен.
Сонда Сағадат батыр ағамыз: "Считай, что пистолет уже в кармане! Енді Алматыға келсең, тек ӛзіме хабарлас!"- деп, Баянғалиды қҧшақтап, ағалық ақ тілегін білдірген екен. Ҥкімет пен аппарат
1995 жылдың жазында Кӛкшетауда идеология қызметкерлерінің аймақтық жиналысы болып, оның жҧмысына Қазақстан ПремьерМинистрінің орынбасарлары Иманғали Тасмағамбетов пен Нағашыбай Шайкенов бастаған бір топ басшылар қатысады. Алматылық қонақтардың самолеті кешігіп келіп, жерге қона алмай, кӛкте біраз жҥріп қалып, кӛкшетаулықтар қонағасыны тҥн ортасында береді. Біраз отырған соң кезек қонақтардың әңгімесін тыңдап, ҥндемей отырған Баянғалиға келеді. Сонда ақын ӛлеңмен қонақтарды қҧттықтай келіп, Иманғалиға бҧрылып, былай депті:
Ассаламуғалейкҥм, Иманғали,
Кӛкшеге идеолог жиған Ғали,
Аспаннан самолеті тҥспей қойып,
Бензинді бҧлт ішінде қҧйған Ғали,
Иманғали келген соң Кӛкшетауға
Қарсы алды ӛлеңдетіп Баянғали.
Қорқып едік, Имеке,
Бҧл жиналыс Кӛкшеде
Болмай кетер ме екен деп,
Самолетің біржола
Қонбай кетер ме екен деп,
Иманды екен атың да,
Иманды болсын затың да,
Қызметіңіз қҧтты боп
Пайдасы тисін халқыңа!
Одан кейін Вице-Премьер әрі әділет министрі Нағашыбай
Шәйкеновке бҧрылып:
Ассаламуғалейкҥм, Нағашыбай,
Еңбегің сіңе берсін алашыңа-ай,
Тҧрасың экраннан закон соғып,
Қоясың шалдармен де таласып-ай,
Қайтесің сол шалдармен кӛп таласып,
Жҥрсеңші алашыңмен жарасып-ай!-
деген екен. Содан кейін сол жерде кӛрген, естіген жағдайларды әзіл ӛлеңге айналдырып, жырлап келіп, Жастар ісі, туризм және спорт министрі Бірғаным Әйтімоваға:
Айналайын, Бірғаным,
Арналсын сізге жырларым,
Спортсмен министр
Келген кезде, қарашы,
Менің дағы рекордсмен
Болғым келіп тҧрғанын,
Жастарына қазақтың
Таныта бер әлемнің
Ойы менен қырларын,
Спорттың сансыз сырларын,
Еліңе еңбек етуден
Қажымағын, тынбағын,
Тоқталайын осымен,
Әйтпесе, менің, байқаймын,
Бірғанымды келіп тҧр,
Кҥндіз-тҥні жырлағым!-
депті әзілдеп.
Президент
аппаратының
жауапты
қызметкері
Оралбай
Әбдікәрімовке арнап:
Айтайын жақсы тілекті,
Орекеңдей ағаға,
Қолындағы билігін
Жҧмсасын ізгі шараға,
Пана болсын Орекең,
Мына қиын заманда
Қысылып тҧрған далаға,
Жҥдеген ата-анаға,
Қамқор болсын балаға,
Ізгілік қҧйсын санаға,
Айтпасақ оны бола ма?
Ӛкпелеп қалса аппарат
Ҥкімет қалар далада!-
деген екен. Ақынның ӛнеріне риза болған басшылар қол соғып,
алғыс айтыпты.
Оқжетпесте
Ғафу Қайырбеков ағамыз Бәдеш жеңгемізбен жылда Кӛкшетауға
келіп демалады екен. Бір жолы сәлем бере барғанында Баянғали ақын
ағасына:
Жырлары ҧялаған ел ішіне,
Кӛз жетпес қҧлашы мен ӛрісіне,
Әзілдеп айтып кеткен әрбір сӛзі
Айналған кең даланың кенішіне,
Сәлем бердік Оқжетпес – Олимптегі
Ойлы ӛлең, ӛткір сӛздің Зевсіне!!!- деген екен.
Баян – сапар
1987 жылы анасы Бәтима қатты ауырып, Баянғали амалсыз Алматыдан ауылға кӛшетін болыпты. Анасына қарау керек, ертең бір жағдай болып кетсе, жалғыз қалған әкенің халі не болмақ? Астанадан аттанарда барлық ақын, жазушы ағалары, жолдастары жылы сӛздерін айтып, қимай-қимай шығарып салыпты. Ӛзі қызмет істейтін "Жҧлдыз" журналының коллективі жақсы тілектерін білдіріп, естелік сыйлапты. Жолдастарының атынан Серік Тҧрғынбеков ӛлең жазыпты.
Жҥректің табар дауасын,
Табиғат деген ең шебер,
Туған жер жҧпар ауасын
Жҧтып бір қайтқың келсе егер.
Жол болсын дейміз Баянжан
Жырларың жатсын жосылып,
Даусыңнан сенің оянған
Қазақ пен қырғыз қосылып.
Қызметке адам қонақ қой,
Кӛңілің кӛлдей, мәрт жаның,
Қырғызға кетпей, жӛн-ақ қой,
Кӛкшеге қарай тартқаның!
Емессің кӛңіл қалдырған,
Жеріңдей туған дархансың,
Сексен кӛл сенің алдыңнан
Сексен қыз болып қарсы алсын.
Кӛкшенің биік қҧздары,
Сол қҧздай біз де қайсармыз,
Сағынған кезде біз дағы,
Кӛкшеге барып қайтармыз.
Тілектес іні, жақсы аға,
Жемісін жырдың терерсің,
Сағынтқан кезде астана,
Ӛзің де жетіп келерсің!
Ақын ағасы Ғафу Қайырбеков "Жҧлдыздың" атынан, бҥкіл ақын-
жазушылардың, Алматының атынан арнаған ӛлеңін оқып беріпті:
Баян – сапар
(Інім Б.Әлімжановқа)
«Жҧлдыздың» кенжетайы, сҥйкімдісі,
Мың кҥнге азық болған бір кҥнгі ісі,
Жан-жағын дауылдатқан, дабыл қаққан
Келгенде қыранға ҧқсап сілкінгісі.
Шабыттың шын перзенті, қол баласы,
Ежелгі жҥйріктердің олжаласы,
Қызметке туған жерге шектің сапар
Қолдасын жолдың пірі, жол данасы.
Кӛзіңде жарқыраған болашағың,
Алдыңда болар шағың,толар шағың,
Қалықта аспан жердің арасында
Тҧрмыста саз кешпесін толарсағың!
Рахмет «Жҧлдызға» еткен еңбегіңе,
Жҧлдыздай шыға бер сен ел кӛгіне,
Оранып мауқыңды бас бала қыран
Кӛк майса Кӛкшетаудың жӛргегіне!
Даланың данышпаны, ол да ағасы,
Қазақтың ортасында мол бағасы,
Кӛкшеге қанат болып алып ҧшсын
«Жҧлдыздың» жырмен жазған жолдамасы!
Әрине, сендей жанды кӛз қия ма
Ҧқсаған бойы биік боз қияға,
Махаббат, шапағатты қатар жинап
Қайтарсың аман-есен ӛз ҧяңа!
- Ойбай-ау, Ғафеке-ау, мынадай ӛлең арнасаңыз, біз де ауылға кӛшіп кетер едік! – деп жіберіпті бір қаламдастар әзіл-шыны аралас. Сонда Баянғалиды қолтықтап кетіп бара жатқан Ғафекең : - Айналып кетейін Баяшка, сен менің балам сияқтысың ғой, мен сені Бақытымнан кем кӛрмеймін ғой! Ӛлең деген жҥректен туады, әйтпесе, әне біреулер кӛшіп жатса, мҧндай ӛлең қайда-а!- деген екен! Кейін Ғафекең бҧл ӛлеңін « Шҧбалаң» атты кітабына енгізіпті.
Бауырлар
2007 жылы Кӛкшетауда,Бурабайда қазақ-қырғыз парламенттері
бас қосады. Қазақстан Мәжілісінің тӛрағасы Орал Мҧхамеджанов
бастаған он ҥш депутат пен Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің тӛрағасы
Марат Сҧлтанов бастаған он ҥш қырғыз депутатының кездесуіне сол
кездегі Ақмола облысының әкімі Мәжит Есенбаев Баянғалиды арнайы
шақырып, сӛз сӛйлеп беруін ӛтінеді. Сонда ақын:
Қырғызды бала кҥннен білетінбіз,
Бірге ойнап, Кӛкшетауда,кҥлетінбіз,
Мемлекет екендігін білмейтінбіз
Қазақтың руы ғой деп жҥретінбіз!
Қырғыздар Омбы барды, Ҥркіт асты,
Неліктен Ыстықкӛлден ҥркіп қашты?
Сібірдің сақылдаған аязында
Сауда ғып, сықырлатып кҥртік басты,
Жырларын ер Манастың ҧғар ма екен,
Вагонда ӛскен балдар ҥрпек басты,
Жағдайын жақсартпай ма сол халықтың
Тоқтатып басшыларың тақ таласты,
Жоқ әлде Енисейден іздеп жҥр ме,
Қырғыздың атын жазған тҥркі тасты?!
Ежелден қырғыз аты тасқа тҥскен
Оқыдық Орхондағы ескерткіштен,
Одан да он ғасырдай бҧрынырақ
Арғын, Керей, Ҥйсіндер хатқа тҥскен!
Тастардан қырғыз атын таптырдыңыз
Шаттанып, кӛкке қалпақ лақтырдыңыз,
Қазақтың аты жоқ деп ол тастарда
Келеді ағамын деп мат қылғыңыз,
Қырғыздың атын қашап тасқа жазған
Біз қазақ сол тастардың авторымыз!
Айналайын қырғызым,
Ӛзіме тартқан тҥрің бар,
Ерке бала сияқты
Тәп-тәтті болған тілің бар,
Теңдесі жоқ әлемде
Телегей теңіз жырың бар,
Байтақ жатқан қазаққа
Ағаңдай кӛріп еркеле,
Ініңдей кӛріп еркеле,
Он сегіз мың ғаламда
Еркелігіңді кӛтерер
Қазақтан басқа кімің бар!?
Бҧдан соң Баянғали Манасты айтқанда, жиналғандар риза болып, қырғыз елшісі жылап жіберіпті. Қырғыз депутаттары қалтасына бір уыс ақша салыпты. Сонда ақын: - Қҧдай берейін десе, Алатауға бармай-ақ, қырғыздар Кӛкшетауға ӛздері-ақ әкеліп береді екен ғой! Как хорошо быть акыном, берешь открыто, с почетом! А акимы берут скрытно!- деген екен. Ақынның ӛнеріне риза болған қос парламент тік тҥрегеп қол соғып, алғыс айтыпты.
Мәдениетті қойлар
Баянғали Алматыда қызмет істеп жҥргенде Москвада оқитын Монғол елінің жазушылары Жағдалын Лхагва, Гунсен екеуін халық шаруашылығы жетістіктерінің кӛрмесіне қыдыртып апарады. Сонда сарық қойлардың беттері бері қарап тҥскен суретін кӛріп, екі қонақтың бірі: – Почему так снимали? Где курдюк?- деп сҧрайды. Оның қазақтың қҧйрықты қойларын іздеп тҧрғанын тҥсінген Баянғали: – Наши овцы цивилизованные, гостям не показывают свой зад!- деген екен.
Ғабиден мен Нәбиден
Бір кҥні Шерхан Мҧртаза, Нәбиден Әбутәлиев екеуі келе жатып, Баянғалимен кездеседі. Сонда Баянғали інісін "Палуан" деп еркелететін Шерхан: – Әй, палуан, осы сен жҧрттың бәрін сабап жҥрсің ғой, мына Нәбиденді сабап берші,- дейді. Оның сӛзіне наразылық білдірген Нәбиден: "Неге мені сабайды, ол менің інім, мен оның атасы Сегіз серіні жазғам"- деп, ӛзіне тартады. Баянғали екі ағасының алдында тҧрып: "Қалай сабаймын, Шераға?"- дейді. Сонда Шерхан: – Мынаны сабау керек. Бҧл "СҚ"-да местком болған. Сонда: "СҚ"- да не кӛп, салық кӛп"- деп отыратын. Бір жолы картоп әкеліп беремін деп елдің ақшасын, қабын жинап алып, соңынан бәрі жайымен қалған. Сосын қабырға газетіне ӛлең шығарғанбыз: Жылу жинап әр ҥйден, Кетіп едің Нәбиден, Картоп та жоқ, қап та жоқ, Атаңа нәлет Нәбиден!-деп! Мҧны сол ҥшін сабау керек! Содан "Нәбиден қҧрдасымды саба" деп, тағы бір кездескенде айтады. Ҥшінші жолы топтың кӛзінше Шерхан Мҧртаза Баянғалиға әзілдеп: – Әй, палуан, сен менің бір тапсырмамды орындамадың ғой. Анау Нәбиденді бір сабап бер дедім, сабамай жҥрсің. Бір бабыңда жҥргенде қолыңа тҥсіп қалса, сҥйкеп жіберсейші,- деп, тағы айтады. Сонда Баянғали: – Шераға, ҥш айттыңыз ғой,егер официальный жағын мойныңызға алсаңыз, мен сізге Нәбиден тҥгілі, Ғабиденді сабап берейін!- деген екен.
Жҧлдыз бен арт
Жазушылар Одағы ҥйінің астыңғы қабатындағы "Қаламгер"
дәмханасында әдебиет сыншысы, марқҧм Тӛлеген Тоқбергенов
Баянғалимен кездесіп қалады. Ол кезде Баянғалидың "Жҧлдыз"
журналына жҧмысқа жаңа тҧрған уақыты екен. Сонда Тӛлеген
қарлығып шығатын дауысымен Баянғалиға: "Әй, "Жҧлдызға" келдің...
"Жҧлдызға" келдің... Енді артыңды қысып жҥр!"- депті, иығынан
жҧдырығымен қойғылап тҧрып.
Баянғали ағасына қарап: "Ойбай, Тӛке-ау, жерде қыспаған артты
жҧлдызға шыққасын қысқан ҧят емес пе?"- деген екен.
Қарауыл мен сарауыл
Қырымбет ауылында ақын Шәкен Отызбаевтың 100 жылдық тойы
болғанда аудандық тҧтынушылар одағы, шаруашылық басшылары \бәрі
орыс екен\ тік тҥрегеп қызмет жасап, қонақтарға қҧрмет кӛрсетеді.
Сӛздің бір орайы келгенде Баянғали:
Рахмет, той жасаған қарауылға,
Қарауыл ҥлгі болсын бар ауылға,
Қарауыл атасына той жасап еді,
Сары ауыл тҧрған жоқ па караулда!- деген екен.
Шейхтың сыйлығы
1998 жылдың шілде айында Біріккен Араб Эмираттарынан шейх Наиф Мҧхаммед Кӛкшетауға келеді. Алыстан келген қҧрметті меймандарды Бурабайда, Абылайхан алаңында ата дәстҥріне сай ӛлеңжырмен қарсы алған Баянғали араб-қазақ достығы, мҧсылман елдерінің ынтымағы жайында толғайды.
Сыйынып жаратушы бір қҧдайға,
Хош келдің теңдесі жоқ Бурабайға,
Жерінен пайғамбардың сәлем әкеп,
Рахмет, қҧрмет қылсаң Абылайға!
Жолына тосқауыл боп ҧшынғанның,
Дҧрыс қой, достық қолды ҧсынғаның,
Сыйласып, ынтымақпен ӛсе берсін,
Баласы ғаламдағы мҧсылманның!
Ақынның бҧдан да басқа әзілдеп айтқан біраз ӛлеңдерін экология
министрі Серікбек Дәукеев мәртебелі мейманға ағылшын тілінде
аударып беріпті. Аттанарда ақынға ризашылық білдіріп, "Шҥкрән!"
("Рахмет!") деп қолын алған шейх бір мың швейцар франкін сыйлаған
екен.
Мешіт
1995 жылы Еңбекшілдер ауданының тарихында тҧңғыш мешіт
ашылып, оған Ғабдісәләм қажының (халық Әбсәләм қажы дейді) есімі
берілді. Дҧға оқылып, жиын тараған соң, дастархан басында ӛлең
айтқан Баянғали мешіт ашуға ҧйтқы болған азаматтарға ризашылын
білдіре келіп, Шортан қаласының әкімі Владимир Боргульге былай
депті:
Рахмет, болса дағы діні басқа,
Мешітке келген Боргуль дәу қҧрдасқа,
Мҧса, Кәшӛн, Мҧқашқа алып барып,
Піштіртсек – болар еді нағыз қасқа!
Осы жиында "Васильковка тау-кен байыту комбинаты" Ашық
акционерлік қоғамының президенті, Әбсәләм қажының немересі Хасен
жаңа мешітке кілем сыйлаған екен. Баянғали ол кісіге:
Президент Қасекеңмен бір елденбіз,
Киелі Біржан жатқан бір жерденбіз,
Жол басы, ӛмір басы – Бҧлақ басы
Ауылының кемпір-шалын бір кӛргенбіз,
Бҧлақтың бал суынан қанып ішіп,
Доп қуып, қыр астында жҥгіргенбіз,
Қиялмен кӛкте жҥзіп, жҧлдыз санап,
Жан-жаққа арман қуып жӛнелгенбіз!
Қасеке, хақтың жолын тҧтынғайсыз,
Ізгі болсаң, ӛмірде ҧтылмайсыз,
Әбсәләм қажы атаңның мешітінен,
Бірақ та бір кілеммен қҧтылмайсыз!
Жаяу жҥр ӛңшең молда шалдарыңыз,
Жағдайын олардың да аңғарыңыз,
Шамалап, Васильковтың бар алтынын
Жолына ізгіліктің аударыңыз!- депті.
Ақын інісінің сӛзіне риза болған Қасекең: "Реті келгенде, болады,
болады!"- деген екен.
Кӛңіл кҥйі
Металлурггтер кҥнінде (Теміртау, шілде, 1992 ж.) бір киіз ҥйде
Баянғали Айман Мҧсақожаевамен жҥздеседі. Дастархан басында:
"Ақын неге ҥндемейді?"- депті әйгілі скрипкашы. Сонда Баянғали:
Кім десем мына сҧлу – Айман екен,
Әлемге қазақ атын жайған екен,
Дҥниені кӛркейтіп кҥйіменен
Кҥлімдеген қыз жайлы ойға кетем,
Әні мен сәні ғажап ҥйлескен жан
Кҥннен бе екен, жоқ әлде айдан ба екен?!
Айманымды әйбәттап барады деп
Жанындағы жолдасы қызғанып қап,
Сорымыз Теміртауда қайнар ма екен?!- деп әзілдеп, отырған
меймандарға біраз ӛлең шығарыпты. Қоштасарда Айман Баянғалиға
алғыс айтып, ризашылық сезімін білдірген екен.
Стоматологтың ҥйінде
Бір жолы Баянғали Степнякта нағашы апасы Бақыттың ҥйінде бір топ дәрігерлермен қонақта болыпты. Жездесі Қайыргелді Қиықов – тіс дәрігері. Қонақтар ет жеп болғасын, қалжыңдасып, кең отырады. Қызкеліншектер: "Стоматологтың ҥйіне келген соң ба, тісімізді тазалағымыз кеп барады,"- деп, тіс шҧқығыш алдырыпты. Кейін ӛлең айтқанда Баянғали:
Емес бҧл қҧр жиналып ет жегендік,
Ойласаң – ата жолын ескергендік,
Қазақтың дастарханы болмаса егер,
Алыстап ағайыннан кетер ме едік?
Ҥйіне стоматологтың келгеннен соң,
Шҧқылап тісімізді еркеледік,
Стоматолог болғаныңа шҥкіршілік,
Гинеколог болғанда нетер едік!- деген екен.
Сенатор мен велосипед
1997 жылы Степнякта Біржан салдың қайтыс болғанына 100 жыл толуына орай жиналыс болыпты. Оған басшылар мен бірге сенатор Қайролла Ескендіров қатысып, сӛз сӛйлеп, жҧртты ӛзіне дауыс беруге шақырыпты. Халыққа қызмет қылатынын, ӛмір бойы адал еңбек еткенін, дача, машина жинамақ тҥгілі, велосипед те алмағанын айтыпты. Содан сӛз кезегі Баянғалиға келгенде, жҧртшылық ӛлең айтуын ӛтініпті. Ақын біраз толғап келіп, былай деген екен:
Біржансыз әннің оты жағылмайды,
Ақансыз сӛз арнасы табылмайды,
Кӛкшенің ел мен жері аман болса,
Дарынды талай жастар жалындайды,
Кӛкшетау облысын жауып тынды-ау,
Ҧмытып Кенесары, Абылайды,
Ағалар Кӛкшетауды жауып тастап,
Ҧялмай Бурабайда дамылдайды,
Облыстық әкімшілік таратылып
Бытырап бастықтары қашқанымен,
Тҧрғанда Ақан, Біржан асқақ әні
Кӛкшетау ешқашан да жабылмайды!!!
Содан ел жайын жырлап келіп, сенаторға ауысады:
Сайлауға ертең халық барып тҧрсын,
Қағазын Қайрекеңе салып тҧрсын,
Сенатор парламентте ел жағдайын
Айтқанда жалтақтамай ағып тҧрсын,
Әйтеуір адал жігіт кӛрінеді,
Артында сҥйеу болып халық тҧрсын,
Әйтпесе велосипед ала алмаған
Қайрекең бізді қайдан қарық қылсын!
Ақынның машинасы
Баянғали елге келгелі айтыстарға, жиындарға жаяулап-жалпылап, жол-жӛнекей кездескен кӛлікпен баратын. Ақынға бір машина беру керектігі туралы ел ішінде кӛп әңгіме болады. Осы сӛз аудан басшылары арасында да болған екен. 1992 жылы шілде айында Кенесары-Наурызбай тойынан келе жатып аудан басшылары Жӛкей ауылының іргесіндегі "Кирзуха" деп аталып кеткен тасты жерге тоқтайды. Сол жерде аудандық мәдениет бӛлімінің бастығы Василий Грохвадатский,ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Қайрат Жҧмабековке: "Ақшасын тауып берсеңіз, бір жҧмада Омбыдан жапонның шағын автобусын әкеп беремін"- дейді. Қайрекең "ақша болады",- дейді. Сол "боладыдан" кейін бір жҧма емес, бірнеше ай ӛтеді – жоқ. Сол жылы кҥзде аудан активі ауыл шаруашылығы қызметкерлері кҥні бас қосып, сӛз кезегі келгенде Баянғали жерлестерін қҧттықтай келіп:
Ас беріп Кенесары-Наурызбайға,
Ҧрандап, Абылайлап халық тҧрған,
Қайтарда біздің елдің басшылары
Басына "Кирзуханың" барып тҧрған,
Біз сені алақанға саламыз деп
Арқамнан Қызыр ағам қағып тҧрған,
Ляпота райсоветің хан Кене ҥшін
Жҥз грамм тас ҥстінде алып тҧрған,
Мына орыс қҧлап кетсе сӛз болат деп,
Сансызбай әр қимылын бағып тҧрған,
Машина бір жҧмада болады деп
Қайрат пен Василиің қарық қылған,
Жыл ӛтті жҧма тҥгілі, машина жоқ,
Екеуі суайт екен барып тҧрған!- деген екен.
Содан аудан әкімі Қызыр Жҧмабаев, Баймырза шаруашылығының
басшысы Есімбек Махметов, ауылдың әкімі Амандық Ахметов, атақты
бригадир Қазыбек Смағҧловтың демеушілігімен 1993 жылы ақынға
қызмет машинасы – жаңа "Жигули" алып беріпті.
Шалбай мен далбай
Ақтӛбеде ӛткен Абайдың 150 жылдығына арналған айтысқа (1994 ж.) облыс әкімі Пачин келмепті. Соған орай Баянғали былай деген екен:
Ертіп алып қасына,
Жеті-сегіз далбайын,
Кеп тҧратын айтысқа
Оңды-ақ еді Шалбайым!
\ Шалбай Қҧлмаханов – Ақтӛбе облысының бҧрынғы әкімі.
Виски, арақ, жҥң-жҥң
Бішкекте, "Ақтаңдай-93" айтысында қырғыз ақынымен айтысып
отырып, Баянғали сӛздің бір реті келгенде былай деген екен:
Қазақ пенен қырғызды,
Жеңе алмаған жаулары
Мылтық, қару-жарақпен,
Тҥбімізге жетпесін
Жҥң-жҥң, виски, арақпен!
Атташе
Жазушы Рақымжан Отарбаев Бішкектегі қазақ елшілігінде атташе
болып қызмет істеп жҥргенде Манастың мың жылдық тойына барған
Баянғали досына былай деп әзілдепті:
Рақымжандар – біртуар,
Бітеді ондай ҧл кімге?!
Қошқарбаев от кеше,
Берлинді алса бір кезде,
Отарбаев – атташе,
Бішкекті алды бҧл кҥнде!
Алпыс жыл мен алты сағат
Баянғали бір топ кісімен ағасы Мейрамның ҥйінің алдында тҧрса, бір-екі орыс келіп:"Где улица Аймаутова? Целый день ищу,не могу найти,"-депті ренжіп. Сонда Баянғали: "Аймаутов– репрессированный великий казахский писатель. Шестьдесят лет предавали его имя забвению, теперь можно шесть часов поискать его улицу!"-деген екен.
Керей-поляк достығы
Еңбекшілдер ауданының әкіміні» орынбасары Владислав Станиславович Бочковскийге бір кҥні Баянғали кіріп келіп:"Керейскопольская дружба под угрозой! Ее надо срочно укрепить!" -депті."Что случилось?" -депті шошып кеткен Бочковский."30 литров бензин надо,"-депті ақын. Бензиннің әр тамшысын санап отырған қиын уақыт болса да, бҧл жолы Бочковский қуана-қуана берген екен.
Тҧңғыш ат
1984 жылдан бері айтысқа қатысып келе жатқан Баянаали тек қана
1991 жылы, елу сегізінші рет айтысқанда (Зайсанда) тҧңғыш рет ат
мініпті. Сонда:
Болған соң басымда ми, жҥрегімде от,
Әрқашан толғанамын ҧлы елім деп,
Ҧлы елім маған міне ат мінгізді,
Қашанғы Баян жаяу жҥреді деп!
Рахаты қандайлығын сҥйрелгеннің
Білмеймін, ӛйткені ӛзім сҥйрелмедім,
Қҧрметтеп, ат мінгізіп жатырсыздар,
Негізі жаяу жҥріп ҥйренгенмін!- деген екен.
Ҥкі
1991 жылы Зайсанда ӛткен айтыста Баянғалимен айтысқан шығыс қазақстандық Меделхан Хасенова: Мен саған қолым тҥгілі, саусағымның ҧшынан да ҧстатпаймын! – депті әзілдеп. Айтыс ҥстінде Меделхан ӛлеңдетіп, ҥкі сыйлапты. Ҥкіні алып тҧрып Баянғали Меделханға ризшылығын білдіріп, сахнада бетінен сҥйіпті. Орнына отыра сала, айтысты жалғастырып әкетіп:
Басымды туған елге иіп алдым,
Кӛңілге талай сырды тҥйіп алдым,
Саусағын ҧстатпаймын деген қызды,
Ҥкісін сылтау қылып сҥйіп алдым!- деген екен. Сол ҥкіні Баянғали
2004 жылы айтысты қойғанша домбырасына тағып жҥріпті.
Бҧлақ пен қҧлақ
Степняк қаласында ӛткен ақындармен кездесуде бҥгінгі табиғат
жӛнінде жырлаңыздар деген жҧртшылықтың тілегіне орай Баянғали
былай деген екен: (Аудандық "Ауыл ӛмірі" газетінен, 30 қыркҥйек,
1992 ж.)
Бҥгінде Жӛкей кӛлі ылайланды,
Аруағы Ақан, Біржан былай қалды,
Тҥбінде келер ҧрпақ, ағайындар,
Біздерден кӛлдің қҧнын сҧрайды әлі!
Бҧл сӛзді кӛрініп тҧр ҧнатқаның,
Жӛкейдің аршу керек бҧлақтарын,
Жӛкейді тап-таза ғып алу ҥшін,
Талайдың ашу керек қҧлақтарын,
Лайлаған осы кӛлді бастықтарды
Жӛкейдің лай суына малып-малып,
Шіркін-ай, алар ма еді бҧрап бәрін!
Бір коньяк пен екі коньяк
Бір жолы Баянғалиға сатирик ақын Кӛпен Әмірбековтың немере
туысы әрі қҧрдасы, фототілші Берсінбек Сәрсенов: "Кӛпенді сабап
берсең, бір коньяк қоямын",- депті.
Баянғали: "Кӛпен екі коньяк қойса қайтем?"- деген екен.
Сиырдың тілі мен екі кәлӛш
Баянғалидың кӛршісі Молдабай Ресейдің Қорған қаласында сиырдың тілі қымбат дегенді естіп, ауылдағы сойылған малдың тілін жинапты. Оны кӛрген ақын кӛршілеріне : « Байқаңдар, Молдекең қорадағы сиырдың да тілін кесіп әкетпесін!» - дейді қалжыңдап. Содан, екі қап тілді арқалап, баласы Бауыржан екеуі Қорғанға сауда қылуға тартады. Ол кісінің гаражында бір ауылдасының "Волгасы" тҧрады екен. Поездға Баянғали "Жигулимен" шығарып салып тҧрып: "Қайтарда хабарласыңыз, ӛзім қарсы аламын,"-депті. Сӛйтсе, ол жақтың да бағасы біздегі бағамен шамалас екен, Молдекеңнің саудасы онша мәз болмай, қайтарда хабарласпай, бір кҥні кешке жаяу-жалпылап жетіпті. Қылған саудасының ең дӛкейі – Баянғалидың әкесі Тақан ақсақалдың тапсыруымен бір пар жаңа галош алыпты. Сонда Баянғали:
Жҥрем десе қашан да жолға дайын,
Мінем десе "Жигули", "Волга" дайын,
Қорғаннан екі кәлӛш әқолына ҧстап,
Кешкісін жаяу кепті Молдабайым!- депті.
Омбының газы
"Кеңащының" газовигі болып істейтін Молдабай мҧрынды кісі
екен. Біраз уақыт ӛткен соң Омбыға газ әкелуге барып, шаруасын
жартылай бітіріп, оны-мҧны алуға ақшасы болмай, жҥдеңкіреп келсе
керек. Сонда Баянғали ағасына:
Қорғаннан келдің қомпиып,
Омбыдан келдің омпиып,
Қоңқиып аға, жҥре бер,
Сатулы мына заманда
Қалмасаң болды шонтиып!- деген екен.
Аш қоғам
Аудандық « Қазақ тілі" қоғамының Болат Бекенов бастаған
қызметкерлері бір жағы творчестволық кеш ӛткізу, бір жағы "Қазақ
тілі" қоғамына қаржы жинау мақсатымен ХХІІІ партсъезд атындағы
совхоз орталығы Баймырзаға Баянғалиды алып барады. Біраз әңгіме,
ӛлең айтылып, кеш аяқтала бергенде, ақын былай депті:
Ағайын, ажарыңды кӛріп тҧрмыз,
Бар ғой деп азаматтар сеніп тҧрмыз,
"Қазақ тілі" қоғамына ақша сҧрап,
Алдыңа тӛрт қайыршы келіп тҧрмыз!
Ағамыз Болат деген бас қайыршы,
Қасында Тӛлеу деген жас қайыршы,
Бҥгінгі "Қазақ тілі" қоғамдары
Ӛмірі тоймайтҧғын аш қайыршы!
Кӛп шаруа болмай тҧр ғой ойдағыдай,
Жҥрміз-ау жол іздеумен толғанып-ай,
"Қазақ тілі" қоғамдарын ӛз жерінде
Дариға-ай, қайыршы ғып қойғанын-ай!
Бҧл сӛзге әрі кҥліп, әрі кҥрсінген совхоз директоры Есімбек
Махметов, селолық совет тӛрағасы Амандық Ахметов, бас зоотехник
Кеңес Мҧқатов ақылдасып келіп, "Қазақ тілі" қоғамына бес мың сом
ақша аударыпты. Сонда Баянғали:
Совхоздың директоры Махметов,
Селсебет тӛрағасы Ахметов,
Аудандық «Қазақ тілі" қоғамына
Аударды бес мың теңге рахым етіп!- деген екен.
Мҧсылмандық
"Жҧлдыз" журналына Баянғалидың "Қиқыматтың қиссасы" атты
повесі шыққанда журналист Кәрібай Мҧсырманов ақынның ҥйіне
телефон соғып, қҧттықтапты. Ол кезде Баянғали "Кӛкшетау правдасы"
газетінің меншікті тілшісі, ал Кәрібай газеттің ауыл шаруашылығы
бӛлімінің меңгерушісі болса керек. Тағы да жҧмыс бабымен мазалап,
мақала сҧрайды-ау деген інісінің жҥрек жарды жылы сӛздеріне разы
боп кеткен ақын:
Айналдым, Кәрібайым Мҧсырманов,
Бҧл дағы достық қолды ҧсынғандық,
Келгелі Кӛкшетауға Алматыдан
Кӛрдім-ау сенен тҧңғыш мҧсылмандық!- деген екен.
Қош, бӛтелке
Баянғали Алматыда тҧрған кезінде жоғарғы партия мектебінде
оқып жатқан курстасы Болат Дәулетовке қонаққа барады. Ойнап-кҥліп
отырғанда бір жартыны бітіріп, Болат екіншісін қояды дастарханға.
Босаған шыныны әкете бергенінде Баянғали оны сәл бӛгеп, былай
деген екен:
Алдыма келіп қапты қос бӛтелке,
Бірі толық, ал бірі бос бӛтелке,
Барыңды сарқып алдық ішіңдегі
Ал, енді, айналайын, қош бӛтелке,
Артыңнан мынаны да жібереміз
Ҧзап кетпей, ән жерде тос бӛтелке!
Ақынның әзіліне риза болған жігіттер қос бӛтелкеге бес бӛтелке
қосып, әбден тойлаған екен.
Малшы мен жаршы
Бір жылы Баянғали кӛп бейнет кӛріп жҥріп, әрең-әрең "Кітап жаршысы" газетіне жҧмысқа тҧрғанда досы Шахи марқҧм (Шәймерден Дәуренов): "Бҧл кҥнде біреу – малшы, біреу – жаршы..." деген екен.
Жҥзу бассейні
Баянғалидың досы Шахи (Шәймерден Дәуренов) Жамбыл облысы, Жамбыл аудандық партия комитетінің бӛлім меңгерушісі болып істеп жҥрген кезінде, (сексенінші жылдар, партияның кҥшті кезі) бірінші хатшы болып бір орыс азаматы келеді. Жаңа хатшы аппаратын жинап, танысып отырып: "В партийной работе я пока плаваю, у меня нет опыта, я пришел учиться у вас!"- депті. Сонда Шахи жҧлып алғандай: "Партийная работа не плавательный бассейн, это вы должны нас учить!"- деген екен.
Соңғы директор
Қалиасқар Әйткенов "Кеңащыға" директор болып келгенде Мамау
Әубәкіров ақсақалдың ҥйінде Баянғалимен бірге қонақта болыпты.
Ақын директорды қҧттықтап, былай деген екен:
Қалиасқар шыныменен асқар ма екен,
Ауылды бір биікке бастар ма екен,
Тері де, жері де ащы Кеңащыны
Қҧлатып біржолата тастар ма екен?!
Шынында да, кӛп жылдан соң совхоздар жабылып, Қалекең
Кеңащының соңғы директоры болыпты.
Арық балық пен кит
Арықбалық ауданында Жҧмағали Саинның 80 жылдығы болады.
Ауатком тӛрағасы М.Шәйкенов ҧзын бойлы, ірі денелі адам болса
керек.
Бҧл аудан кәдімгі Арықбалық екен,
Қонақжай, ӛзі еңбекқор халық екен,
Ауданы арық балық болғанымен
Бастығы кит секілді алып екен!- депті Баянғали.
Ми мен бастық
Еңбекшілдер ауданы әкімінің орынбасары Сансызбай Балтабеков
Баянғалимен әзілдесе береді екен. Бір кҥні бір тойда Баянғалиға:
– Ӛңшең ішкендердің ішінде отырып, миың ашып кеткен шығар?-
депті.
– Бастықтың масы не, сауы не, бәрібір миды ашытады ғой!- депті
ақын.
– Самайды аққа берейін дегенсің бе?- депті бір кҥні әкімнің
орынбасары Сансызбай Балтабеков. Ӛзі елуге келсе де, шашында бір
тал ақ жоқ екен.
– Біз ептеп мимен жҧмыс істейміз ғой,- деген екен Баянғали.
Ҧрлап – жырлап...
Бір жолы бастықтардың бірі Баянғалиға: "Сен бірінші орынға ат мініп, кілем алып жҥрсің, баитын болдың ғой!"- депті. Сонда Баянғали: "Ҥкіметті жегендей болмайды екен,"- депті. Тағы бір әкім : "Осы сен бір жерге барасың да, бір-екі ауыз ӛлең айтып, ат мініп, дҥние алып келесің. Елден алып жатсың, алып жатсың..."-депті Баянғалиға. "Иә, аға, екеуміз де халықтан аламыз. Бірақ мен жырлап аламын, сіз ҧрлап аласыз!"- депті сонда ақын.
Суырып салу
Осы заманның Балуан Шолағы, жылқышы Ӛзаман Исатаев туралы
деректі фильмге материал жинауға Жаңарқаға барғанда, Баянғали
Сәкен Сейфуллин атындағы совхозда механизатор, спорт шебері
Ғазиздің ҥйінде ӛңкей балуандармен бірге қонақта болады. Ойнап-
кҥліп, қонақтардың арқайсына ӛлең шығарып отырады. Біраздан соң
сыртқа шықпақ болып, аяқ киімінің бауын байлап жатқан ақынға ҥй
иесінің зайыбы: "Қайным-ау, жҧрттың бәріне суырып шығарып
жатырсың, бізге де суырып шығармайсың ба?"- депті әзілдеп. Сонда
Баянғали:
Суырып салуға мен ойланбағам,
Ӛкпелеп қалмас па екен қайран ағам,
Суыр-суыр дейсің де еш қоймайсың,
Жеңеше-ау, суырғанда қайда салам?- деген екен.
Ром мен қҧдағи
Баянғалидың машинасына байғазы деп қҧдасы Қаскей коньяк сыйлап, етжеңді, мол денелі Сапура қҧдағиы ром берген екен. Оның кҥйеуі, шағын денелі Қазез қҧдасы осыларды ішіп жуайық депті. Оған Баянғали:
Қҧдағи ром беріп ед лайық кӛріп,
Қалмасын бҧл сӛзімді айып кӛріп,
Қазеке, осы ромды неғыласыз
Қызылсары қҧдағи ром емес пе,
Сора бер болпылдатып, кәйіп болып,
Қҧдағи ҧйқысырап аунап кетсе
Бір кҥні кете кӛрме майып болып!
Ал, қҧда, таласуың жӛн бола ма,
Сапура ана болған он балаға,
Сары алтындай он бала тауып берген
Сапурадан артық сізге ром бола ма?- деген екен.
Ӛлең мен МАИ
Баянғали бір жарым жылдай шопырлық правосыз жҥріп, оны алу ҥшін Шортан қаласына барады. Куәлік беретін Қосымбай Әутәліпов: "Ертең келіңіз,"- дейді. Сонда Баянғали қабырғада ілулі тҧрған схема суреттерді кӛрсетіп:
Қосағамыз дегенде Қосағамыз,
Ӛзіңді қашан келсең хош аламыз,
Жаман ГАИ жолықса тырқиямыз,
Жақсы ГАИ жолықса бес аламыз.
Мына жер оңға қарай бҧратын жер,
Мына жер солға қарай бҧратын жер,
Қай жаққа барарыңды білмей тҧрсаң,
Артыңа ГАИ таяқ тығатын жер,
Сол жерден есі шыққан ақындарды
Жақсылар сҥйеп алып шығатын жер!- деген екен. Ақынның сӛзіне
риза болған майор куәлігін жазып беріпті.
Әнсәмбіл ауыл
Сәуле ауылында ӛткен бір кездесуде Баянғали былай деген екен:
Ауыл бар біздің елде Сәуле деген,
Толған кҥй, толған аңыз, толған ӛлең,
Әр ҥйі, әр кӛшесі бір әнсәмбіл
Сәуленің шӛбіне де қонған ӛлең!
Кішіпейіл шопыр
Бір кҥні Баянғалидың машинасына мінген бір тәжірибелі шопырлар: "Мынадай бҧрылыста қайтесің? Мынадай қиылыста мына жағыңнан машиналар келіп қалса қайтесің? Қай жерде кім бірінші ӛтуі керек?"- деп сҧрай беріпті. Сонда Баянғали: "Мен ӛзі кішіпейіл адаммын, ешкіммен таласпай, тоқтаймын да, бәрін ӛткізіп жіберемін. Олар кеткесін жол ӛзіме қалады ғой!- деген екен.
Қасқабастар
1992 жылы Краснофлот селосының тҧрғындарымен кездесу ӛткізуге бардық. Қасымызда Болат Бекенов ағамыз бар, Баянғали ҥшеуміз*\ * Ақынның әңгімелерін жазып алған журналист Тӛлеу Дҥйсенбаев.\ шаруашылық директоры Байқаш Тӛлебаевтың кабинетіне кіріп келсек, қарсы алдымызда Лениннің кісі бойындай портреті қабырғаға сҥйеулі тҧр екен. Байқаш ағамыз (ӛзі де қасқа бас) ілулі тҧрған портреттің ӛз-ӛзінен қҧлап тҥскенін айтты. Кездесуде мҧның бәрі ӛлеңге айналды:
Алдында ағайынның ӛлеңдетем,
Сӛзімді желпілдетем, тереңдетем,
Бағана келген кезде қарсы алдымнан
Жарқырап бір қасқабас шыға келді
Байқаш ағам екен десем Ленин екен!
Байекең Теміртаспен қос қасқабас,
Жӛкей-дӛкей дегенің ҥш қасқабас,
Шәужан мен Бекеновты бҧған қоссаң
Болмай ма осыменен бес қасқабас.
Ескірмес ежелгінің елесіндей
Сӛзіме туған елім сенбесін бе, ей,
Осында Краснофлотқа келе қалсаң,
Қаптаған қасқабастың кӛрмесіндей!
Сӛзімді ағайындар ҧғар деймін,
Кӛңілін шындық сӛзге бҧрар деймін,
Ілініп қабырғаға Ленин атам,
Тҧрудан да шаршаған шығар деймін.
Ағайын, тҥзу жолға оралайық,
Жабыса берсек оған болар айып,
Мазалай бермеңіздер Ленинді де
Оны да пенсияға шығарайық!
Кісіге табынуды бекер деймін,
Табынсаң қасиетің кетер деймін,
Ленинді мазалама, Краснофлотта
Онсыз да қасқабастар жетер деймін!
Тағы да біраз ӛлеңдер айта келіп, совхоздың бҧрынғы парторгы, мектеп пен институтты орысша бітірген Ермек Ысқақовқа қарата былай деді:
Ермекті мен ініме балап келгем,
Ауылдас, жақын туыс санап келгем,
Әкесі Зейнолла ағам, қайран ҧстаз,
Біздерге қазақ тілінен сабақ берген.
Сӛйлейміз әр нәрсені салыстырып,
Халқыма жақсыларды таныстырып,
Қазақша сӛйлей бастап Ермек тағы
Жатыр ғой әке жолын жалғастырып.
Жатса да талай-талай пікір шығып,
Шегінуге айналды кҥпіршілік,
Орысша ӛсіп-ӛнген парторгтар
Қайтадан қазақ болса, шҥкіршілік!
Уылдырық пен тҧмылдырық
Баянғалидың досы Рақымжан Отарбаев Атырауға барарында:
"Мен саған уылдырық әкеп берем!"- депті. Содан Алматыға біраз
кешігіп оралады. Сӛйтсе, уылдырығымен әуежайда милиция ҧстап,
әрең қҧтылған екен. Сонда Баянғали:
Досыңа әкелем деп уылдырық,
Кие жаздап қалдың-ау тҧмылдырық!- деген екен.
Қол сағат пен ЧеКА
1984 жылы жазушы Кемел Тоқаев алпыс жасқа толуына
байланысты Баянғали екеуі Маңғыстауға барады. Бір ауылда Кемелге
қол сағат сыйлайды. Кешке дастархан басында Кемекең әлгі қол
сағатты Баянғалиға байлайды. Сонда ақын:
Кемеке, алпысқа кеп болдың ата,
Ініңе жҧрт алдында бердің бата,
Ерекше тақырыпқа еркін бардың,
Қазақты қҧпиямен шырындата,
Еселі еңбегіңе ел риза,
Прокурор, милиция және ЧеКА,
Ӛлеңді соза беріп неғыламын
Қол сағатқа осы да жетер пока!- деген екен.
Қҧнажын мен бҧқа
Еңбекшілдер ауданының "Кеңащы" ауылының әкімшілігі Монғолиядан кӛшіп келген ағайындарға ерулік береді. Шаруашылық басшысы Қалиасқар Әйткенов әр отбасына бір қҧнажын, бес қой беретінін айтады. Жиын соңында жҧртшылық Баянғалидан ӛлең айтуын ӛтінеді. Сонда ақын алыстан толғай келіп, сјз соңында былай деген екен:
Қалеке, бҧл сӛзіңіз нақты ма екен,
Туыстың қҧлағына жақты ма екен?!
Қҧнажын берем дейсіз ағайынға
Соларың биыл дҧрыс қашты ма екен?!
Туысқа қамқор болдың жӛн білгесін,
Қалайша жӛн білгенді ел білмесін,
Қашар сиыр қай уақта бҧзаулайт деп
Артына қҧнажынның телмірмесін.
Сӛзімнің мен барайын қысқасына
Туысты шындап жақын тҧтасың ба?
Қҧнажын берер болсаң ағайынға
Ҥстіне қосып берсейші бҧқасын да!
Ақынның бҧл сӛзіне отырғандар риза болады, Қалиасқар Әйткенҧлы: "Дҧрыс, қашқан мал берем,"- деп уәдесін береді. Айтқанындай, он ҥйдің де қҧнажындары бҧзаулап, ауыздары аққа тиген екен.
Айтыс пен арыз
Кӛкшетау
қаласында
"Темірқазық"
жастар
орталығының
ҧйымдастыруымен ӛткен Абылай ханның 280 жылдығына арналған
айтыста қазылар алқасына хат тҥседі. "Баянғали қып-қызыл мас, оны
сендер неге сахнаға шығарасыңдар?"- деп біреулер жала жауыпты.
Осыны естіген Баянғали сахнаға шыққан соң ӛлеңін былай бастаған
екен:
Арақты мен бір кезде алып ішкем,
Қиялмен әр нәрсеге барып ішкем,
Әлгіндей елін сатқыш жазғыштарды
Дап-дайын закускасы болсыншы деп
Ішіне стақанның салып ішкем.
Арақты достарыммен кҥліп ішкем,
Мәнісін әр нәрсенің біліп ішкем,
Әлгіндей елін сатқыш жазғыштарды
Ӛкіртіп, дірілдетіп ҧрып ішкем.
Болғанмен кемшілігі зор басымның
Әрдайым адалдардың жолдасымын,
Арақ пен темекіні қатар қойған
Мен қазір Кеңащының молдасымын!
Балалармен әзіл
Әкесі Тақан ақсақал қайтыс болғаннан кейін Баянғали қыздары
Қҧралай, Ақмарал мен Ақкенжеге: "Енді сендер мені еркелетіңдер!
Менің әкем жоқ, сендердің әкелерің бар !"- деген екен.
Баянғалидың баласы Нҧрлан мен оның достары Бейбіт пен Азамат мектепке барған жылы жӛндеп оқи алмай, жиі-жиі екілік баға алып жҥріпті. Әрине, оларға шешелері ренжіп, ҧрсады. Сонда Баянғали: "Дҧрыс, айналайындар, алғашқы кезде екінің бәрін алып алыңдар, екілері біткен соң мҧғалімдер ӛздері-ақ тӛрт пен бестерін қояды!"- деген екен. Шынында да біраздан кейін балалардың оқулары жӛнделіп, тәуір бағалар алатын болыпты.
Апа мен жезде
Баянғали жездесі Ӛсербайға шығарған ӛлеңінде былай депті:
Ҥлкен апам Ләйләнің
Ҥйіндегі жездеміз
Ӛсербайды айтпай бола ма?!
Уазигінен тҥсірмей
Кҥні-тҥні тасыған
Тастамай бізді далаға,
Дӛкей бала болдыңыз
Сҥйіндік пен Кҥлшаттай
Қадірлі ата-анаға,
Арқасында апамның
Гҥлмира мен Ӛміртай,
Еркетай мен Ерболдай
Әке болдың балаға,
Мҧхитына спирттің
Батып кетпей аман-сау
Жҥзіп шықтың жағаға,
Қоқаңдасаң апама,
Қаларсың босқа далада!
Жезде және ӛгіз
Тассуда тҧратын Қайыр деген малшы бір дӛкей ӛгізін сатайын
десе, алушы таппай қиналады. Баянғалидың Ҧғыш деген жездесі:
"Ӛгізіңді банкир бажам Талғатқа ӛткізіп беремін, ол мал іздеп жҥрген,"- деп, ҚайырдыҢ машинасын тегін мініп, Степнякқа бірнеше рет келіп, баласы Шегейдің ҥйіне оны-мҧныларын жеткізіп тастайды. Бір жағынан Талғатпен сӛйлесіп, малды алатын болып уәделеседі. Уәделескен уағында Талғаттың ҥйіне келсе, ол айнып, Қайрат пен Майкенің малын алатын болғанын айтады. Біраз дауласып-дауласып, сабаларына тҥскесін, сол ҥйде отырған Баянғалиға Ҧғыш жездесі: "Осыған бірдеңе айтпайсың ба?"- депті жай отырмай. Сонда Баянғали домбыраны алып:
Жездеміз Ҧғыш молда жӛнін білген,
Банкирге делдал болып келіп жҥрген,
Қайырдың машинасын тегін мініп
Степняк – Тассулатып желіп жҥрген,
Талғатқа ӛгізіңді ӛткізем деп
Ӛзінің жҧмысына жегіп жҥрген,
Талғатжан уәдесінен айнып кетіп
Қайрекең алданғанын енді білген,
Қайреке-ай, ӛзіңде де бар-ау енді
Молда менен банкирге сеніп жҥрген,
Қайтейін, қазағымның малшылары-ай,
Малыңды жӛніменен ӛткізе алмай
Алданып, әркімге жем болып жҥрген!- деген екен.
Халық пен әкім
Кӛкшетауда ауыл шаруашылығы кҥніне арналған ҥлкен жиын
болып, облыстың сол кездегі әкімі Жәнібек Кәрібжанов бас болып,
бҥкіл аудандардың әкімдері, совхоз директорлары қатысады. Сол
жиында ӛлең айтқан Баянғали толғап келіп:
Айтайын дӛкейлердің ортасында,
Ойлаңдар, оңға, солға тартасың ба?
Біз жҥрміз ақын болып, әкім болып,
Халықтың қарапайым арқасында!- деген екен.
Алтын ауыл
"Кеңащы" мектебінде ӛткен кездесуде (1993 жылы) Баянғали:
Әркім-ақ ӛз ауылын алтындайды,
Жырласа, мадақтаса сарқылмайды,
Шыққанда қайқаң етіп Намазғҧлға
Кеңащым қарсы алдымнан жарқырайды!- деген екен.
Темір мен кӛңіл
Бірде Баянғали қҧдасы Нҥркеннің ҥйінде қонақта болады.
Қҧдағиы Орынтай баласы Серкеннің інісі Шахманға (Ӛмірсерік)
машинаның бір бӛлшегін бермей жҥргенін айтады. Сонда Баянғали:
Қалдырма бір-біріңнің кӛңіліңді, Ӛксітпе, ӛкпелесіп ӛміріңді, Серкенжан, Шахманнан аяп қалып Бауыр қылам деп пе едің теміріңді!- депті. Әке-шешесінің, бауырларының тілін алмай отырған Серкен орнынан ҧшып тҧрып: "Байекең айтты, бітті!"- деп, темірін жҧлып алып, інісіне берген екен.
Бӛле
Баянғалидың бӛлесі Әнуарбек бір кҥні ақынның бір шаруасына
қолғабыс жасаған екен. Риза болған ақын:
Әнуарбек Әленов,
Еңбегің жҥрсін еленіп,
Кӛп қҧрметке бӛленіп,
Сен жҥгірмей кім жҥгіреді,
Қҧдайым бізді жаратқан
Тату-тәтті бӛле ғып!- деген екен.
Қисаңдаған әкім
Ордабасында ҥш баба – Тӛле би, Қазыбек би, Әйтеке билерге ас
бергенде Кӛкшетау делегациясын (облыстық кеңес тӛрағасы Чапай
Әбутәліпов, облыстық мәдениет басқармасының бастығы Кҥміс
Мҧратбекова, халық
ақыны Кӛкен Шәкеев т.б.) қарсы алған Шымкент облысының бір
ауданының әкімі кӛңілденіп жҥріп қызып қалыпты. Дастархан басында
шылымын бҧрқыратып отырып: "Әй, ақын болсаң ӛлең айт, әйтпесе
бізде ақындар жетеді,"- депті.
Сонда Баянғали толғап келіп:
Алдында қазақ пенен қырғыздардың,
Жырласам, елдің қолын ҧрғызғанмын,
Сен тҥгілі облсовет тӛрағасы
Чапайды да орнынан тҧрғызғанмын.
Ағамыз жағамызға жармасып тҧр,
Азырақ ақылынан алжасып тҧр,
Киелі ҥш бабаға ас бергенде,
Мас болып, шылым сасып, қисалаңдау
Қазақтың әкіміне "жарасып" тҧр!- депті . Сонда әлгі әкім
шылымын сӛндіріп, қателігін мойындап, кешірім сҧраған екен.
Фантомас
Облыс әкімінің орынбасары Болат Сҥлейменҧлы Жанәділов – алып тҧлғалы қасқа бас кісі. Мінезі кең ағасына Баянғали әзілдей береді екен. Бір жолы сахнада ӛлең айтып отырып, залда отырған Бӛкеңді кӛріп қалып:
Дәрігерсің адам ҥшін арпалысқан,
Сендей ҧл сирек туар алты алаштан,
Бҥгінде парасатты әкім болдың
Жақсылар жан-жағыңда анталасқан,
Атқа мініп, дулыға киіп шықсаң
Аумас едің Қобыланды мен Алпамыстан,
Ал қазір осы кҥйде аумай тҧрсың
Кәдімгі кинодағы Фантомастан!- деген екен.
Қой баққан қҧрдас
Баянғалидың Кеңащыдағы қҧрдасы Сара – директор Қалиасқар Әйткеновтың қарындасы екен. Оның кҥйеуі Қанат – механизатор, ол да қҧрдас. Бір жылы қайнағасы Қанатты Қарасорға бір айға қой бағуға жіберіпті. Сонда Баянғали Қанаттың атынан Сараға былай деп ӛлең шығарыпты: Ӛзіңмен жҥруші едім ойнап-кҥліп, Шіркін-ай, сабар ма едім байлап тҧрып, Ағаң бастық болғанда пайдасы ма, Мінеки, қойды маған қой бақтырып!
Содан Сараның атынан жауап береді:
Тӛсіңді тҧрсың, Қанат, босқа қағып,
Сӛзіңді тҧр ғой дҧшпан, дос та бағып,
Ағама бҧл сӛзіңді айтып барсам
Қой тҥгілі кетесің ғой шошқа бағып!
Қҧлай кететін қҧда
Баянғали Асқар деген қҧдасы әрі қҧрдасымен әзілдесе береді екен.
Бір кҥні Асқардың әйелі Кҥләй екі-ҥш кҥн жол жҥріп келеді. Сонда
ақын Асқардың атынан былай деп ӛлең шығарыпты:
Айналайын, Кҥләйім,
Сағынғаннан жылаймын,
Кҥләй келді дегенде
Ӛз-ӛзімнен қҧлаймын,
Апырмай неге бҧлаймын?!
Батырдың жҥлдесі
Махамбеттің қҧрметіне Атырауда ӛткен айтыста бас жҥлдеге тігілген желмаяны әйел ақынға беріпті қазылар. "Батырдың жҥлдесін қатынға бергендері несі?"- деп, жігіттер ренжісе керек. Сонда Баянғали:
Ақылды жеңер кейде сезім дуда,
Айтылмай қалды-ау талай сӛзім тура,
Аруағы Махамбеттің қолдай жҥрсін
Тҥйеңді неғыламын, ӛзім бура!- деген екен.
Ҧйқыдағы жау
Сол сапарда алматылық жас ақын Ермек Жҧматаев Баянғалиға еркелеп, әзілдесіп айтысып отырыпты. Бір кезде Қарағандыдан келген жас ақын, қызулау болса керек, ҧйқтап қалыпты. Отырған жҧрттың назарын соған аударып, Ермек әлгі жігітті бір талай ӛлң қылыпты. Кезек Баянғалиға келгенде:
Бҧл інім ҥйдеген ғой, бҥйдеген ғой,
Айтыста талайларды илеген ғой,
Бірақ та атам қазақ батыр болған
Жауға да ҧйқтап жатқан тимеген ғой!- деген екен.
Спесік пен кӛп тесік
Қазақтың қҧрылтайында айтысуға шақырылған Баянғалиды ең соңғы сәтте тізімнен сызып тастаса керек. Сӛйтіп, бҧл айтысқа шықпай қалған Баянғали былай деген екен:
Ешкіммен жҥрмесем де ӛштесіп мен,
Кей-кейде ӛтпей қалам кӛп тесіктен,
Қҧрылтай айтысына шыға алмадым
Бір дӛкей сызып тастап спесіктен!
Жҥрсек те бабалардың ізіменен
Халықты алалама жҥзіменен,
Ҥкімет спесіктен сызса дағы
Халқымның сызылмайын тізімінен!
Жеңіс пен теріс
Ҧлы Абайдың 150 жылдығына арналған Семейдегі айтыста
Баянғали екі рет айтысып, қарсыластарынан ҧпайы жоғары болғанына
қарамастан,
Қарауылдағы
финалдық
айтысқа
ӛтпей
қалыпты.
Кӛкшетаулықтарды (Кӛкен Шәкеев, мәдениет қызметкері Нҧргҥл
Нҧрмышева) "Таймас-Холстен" атты фирма кҥтіпті. Сонда Баянғали:
Ӛтпей қалдым финалға,
Екі бірдей жеңіспен,
Кімнің оғы тигенін
Кім біледі терістен,
Қҧдайдың кӛзі оң болса
Табылармыз біз әлі
Талай-талай ӛрістен,
Жақсылықпен жасасын
Қҧрметтеген біздерді
"Таймас пенен Холстен"!- деген екен.
Ақан сері мен шӛп
Кӛкшетау облыстық айтысында (1989 ж.) Баянғали айыртаулық
Есенбек Ерденовпен айтысып отырып, Ақан серінің басын кӛтеру ісі
тоқтап қалғанын айтып сынайды. Оған қарсыласы: "Бізді қайтіп
сынайсың, ауданың бізден шӛп алып отыр ғой!"- депті. Сонда
Баянғали:
Қайтеміз, қойса қҧдай кӛктен бермей,
Шӛпті айтып. отырсайшы ӛктемденбей,
Ақанды айтсам шӛп жаққа бҧрып кеттің,
Болды ма Ақан саған шӛппен бірдей?!-
деген екен.
Атаны жырлау
Еңбекшілдер
ауданының
әкімінің
орынбасары
Сансызбай
Балтабековтың руы қырғыз. Біржан салдың 160 жылдық тойын ӛткізуге
біраз еңбек қылған Сәкең бір кҥні Баянғалиға: "Сенің атаңды
жырлаймын деп шапқылап жатырмын, менің атамды сен қашан
жырлайсың?"- депті. "Е-е, сіздің атаңызды мен он бес жыл бойы
жырлап келемін ғой!"- депті Баянғали, Манасты меңзеп.
Поштабай мен бастық
Әнші Иран Ілияшев Кӛкшетауда, наурызда Баянғалимен айтысып
отырып, бастықтардан теперіш кӛріп жҥргенін айтқан екен. Сонда
Баянғали:
Бҧл ісің елге мәлім болады де,
Тәртіпке сені халық салады де,
Ақындарға тиіскен барлық бастық
Тарихта поштабай боп қалады де!- депті, бҥкіл обком, горком,
облисполкомның кӛзінше.
Чапай мен Петкі
Абылай ханның 280 жылдығына арналған айтыста Баянғали осы айтысқа ҧйтқы болып, Абылайдың ақ туын кӛтеріп шыққан Кӛкшетау жастарының «Темірқазық» ҧйымына жоғарыдағылардың қарсылығына қарамастан қамқоршы болып, қайсарлық танытқан қала мэрі Серікжан Қасымовты мадақтай жырлайды. Сонда онымен айтысып отырған Ерік Асқаров: «Серікжан ағамызды мақтап-мақтап, аюдың қызметін жасамайық, қылышын суырмасын Чапай ағам!» депті.\Чапай Әбутәліпов – сол кездегі обкомның бірінші хатшысы.\ Сонда Баянғали: Ақындар азаматты мақтасын де, Азамат ел ҥмітін ақтасын де, Чапайдың ҧрысқаны дәнеңе емес, Дҥниеде Петкілерден сақтасын де! – деген екен.
Атасы мен нағашы
Жолдыбай ауылында бір топ қарауыл Баянғалидан: "Осы ақындық ӛнер сізге қай жағынан қонды? Әкеңізден бе, шешеңізден бе?"- деп сҧрапты. Сонда Баянғали: "Атам Біржан сал болса, нағашым Ақан сері болса, мен де жаман болмаспын?!"- деген екен.
Қазының жолы
Донской совхозыны» бас есепшісі Сағындық Ахметовтың ҥйінде баймырзалық бір топ жігіттер қонақта отыр екен. Олар ӛз ауылдарының дәстҥрі бойынша қазыны кесектеп бӛліп алып, жҥз граммен қосып, жҧтып жіберіпті де, әйелдер жағына тимей қалыпты. Бір кезде Баянғалиға ӛлең айтқызғанда ол:
Ҥйінде Сағындықтың ойын-сауық,
Жігіттер қазы жҧтты кӛңілі шауып,
Қазыдан қҧр қалдық деп ӛкпелеме
Таң ата осы қазы, жеңгелерім,
Барады ӛздеріңе жолын тауып!- деген екен.
Бәйге талас
Павлодарда ӛткен Иса Байзақовтың тойында бас бәйгені жас жігіт
алып, дау болады. Сонда ҥшінші орынға ие болған Баянғали былай
деген екен:
Бәйгені біздің қазақ ҧлы іс кӛрген,
Аяғын кейде дау мен ҧрыс кӛрген,
Бас бәйге ап жҧрттың ішін кҥйдіргенше
Дҧрысы ҥшінші боп тыныш жҥрген!
Жездеге әзіл
Баянғали кіші жездесі Талғат Досымбековпен "Сексенбайдың Талғаты, Сҧлушаштың солдаты,"- деп қҧрдасындай ойнай береді екен. Жездесі Алматыға келіп, Баянғалидың немере ағасы Жарылғасын Әбішев екеуін жатаәханасына шақырады. Екеуі келсе жездесінің алғаны бес шыны "чекушка" арақ, «қазір жҧмыртқа қуырам" деп жҥгіре береді. Ойнап, кҥліп отырғанда балдызының жездесіне айтқаны:
Арақтан елу грамм тастап алып
"Қуырып әкелем" деп тысқа барып,
Жездеміз қонақ ҥйде жҥреді екен,
Қолына жҧмыртқасын ҧстап алып.
Деп едің "балдыз сені бҥгін қырам"
Жездеке болды мҧның стыд, срам
Бір жарым летрге де шамаң келмей,
Алғаның мың екі жҥз елу грамм!
Содан Жарылғасынға "балдызыма сыйлаймын" деп сағат береді.
Баянғали
біраз
ӛлең
айтады.
Қызды-қыздымен,
"балдызымнан
аямаймын, мына сағатымды саған беремін,"- деп, Талғат қолындағы
ҥлкен кӛк сағатын Баянғалиға беріп жатқанда сағат шынысының сынық
екенін кӛріп қалған Баянғали:
Мынауың сағат емес кҥтім кӛрген,
Байқаймын талай жерде бҥтінделген,
Жездеке, берер болсаң бҥтінін бер
Мен саған апайымды бҥтін бергем!- деген екен.
Қошқардың сәлемі
Бір жылы Талғат жездесі атасы Тақанға (Баянғалидың әкесі) "жаңа қора салғанша бір жаз баға тҧрыңыз" деп қойларын әкеліп тастайды. Жаз тҥгілі екі қыс ӛтеді, жездесі қойын әкетпейді. Осылай уақыт ӛтіп жатқанда Баянғали жездесін Тассу ауылында, жиені Шегей Бекболатовтың ҥйлену тойында кездестіреді. Сонда Талғат: – Менің қойларым қалай?- деп сҧраған екен. Сонда Баянғали: Аштан аш ол қойларың шулап қалды, Сағынып сен туралы жырлап қалды, Ӛзіңе қара қошқар сәлем айтып Дорбасын "привет" деп бҧлғап қалды!- деген екен. Осы сӛзден кейін, Талғат қойларын екі кҥннен соң алып кетіпті.
Қара қошқардың обалы
«Кеңащыда» тҧрған кезінде, бір кҥні Баянғали кӛршісі, темір пісірудің шебері, қара еңбектің қара нары Сабырмен бірге Кӛкшетауға жол жҥреді. Қотыркӛлдің шҧғыл бҧрылысында жолдан шығып кете жаздап, «шиқ-қ» еткізіп асфальтты сырып барып, әрең дегенде «Жигулиін» бҧрып ҥлгерген ақын ағасының ойға кетіп қала беретін сырын білетін Сабыр сәлден кейін: - Байеке, байқаңыз! Бірдеме ойлап кеттіңіз бе?- деп сҧрайды. - Әй, жаңа жолға шығарда қорадағы қара қошқар бӛлек шарбақтағы қара тҧсаққа қарап маңырап, жҧлқынып қалып еді! Екеуін бірге қамап кетпеген екенмін, қара қошқарға обал болды-ау деп ойлап кетіп едім! – деген екен.
Распутин арағы
Қостанайда Ілияс Омаровтың 80 жылдық тойын ӛткізгенде
ақындарды Жітіқара ауданы кҥтіп, қонақ қылған екен. Дастарханға
тҥрлі тағамдар мен қосып "Распутин" арағын қойыпты. Сонда ӛлең
айтып отырған Баянғали аудан әкімі Ризван Мағзҧмҧлына қарап:
Реке, "Распутинді" ішіп, ішіп,
Жігіттер распущенный боп кетпесін! - деген екен.
Қарсы қҧда
Баянғалидың ағасы Мейрам марқҧмның баласы Бауыржан
қҧдашасы Жанарға ҥйленіпті. Қыздың әкесі Амантайдың ағасы
Ӛсербай Баянғалидың апасы Ләйләні алып отыр. Тойда қарсы қҧда
болған қҧдаларына ӛлең айта келіп, Баянғали былай деген екен:
Бауыржан мен Жанарым,
Бақытты бол, қарағым,
Қҧтты болсын сендердің
Жаңа ӛмірге қадамың,
Қуанышы болыңдар,
Әйгерім, Сәуле қыздар мен
Ғалиядай ананың!
Ӛсіп-ӛніп екеуің
Ел болыңдар бір қауым
Бәйтеректей жайқалған,
Ӛсербай жездем Ләйләні
Қалың малсыз алып еді,
Бауыржан, саған рахмет,
Алып қашып Жанарды
Есемізді қайтарған!!!
Қазан мәселесі
Бір кҥні қонақ келгенде Баянғалидың әйелі Әлия: "Қазанға не
саламын?"- деп ақынмен астың жайын ақылдасқан екен. Сонда
Баянғали:
Сандығыңның тҥбіне
Тҥк қоймастан сарқып сал,
Ертең де кҥн бар ғой деп
Ептеп-ептеп тартып сал,
Тҥнде жортқан бӛрідей
Байекеңнің достары,
Байқамай келіп қалар деп
Бір мҥшесін артық сал,
Не салсаң да мықтай сал,
Басты ауыртып қыртпай сал!- деген екен. Содан былай әйелі
ақынның мазасын алмайтын болыпты.
Қҧдашалар
Бір тойда Баянғали қҧдашаларды кӛбірек мақтап, желпілдетіңкіреп отырса, әйелі Әлия келіп қалыпты. Сонда ақын:
Беу, қыздар, гҥлдей жайнап кӛктейсіңдер,
Әзілдеп бҧл ағаңды ептейсіңдер,
Бәрің де кереметсің, бірақ, бірақ,
Ӛзімнің қатыныма жетпейсіңдер!- деп жҧртты ду
кҥлдіріп,қҧтылып кетіпті.
Бажа мен балдыз
Баянғалидың балдызы Ҧлтай Жаркентте Айдын деген жігітке тҧрмысқа шығыпты. Каникулы біткен соң Ҧлтай Кӛкшетау пединститутына, оқуына келеді де, Айдын Жаркентте қалады. «Әне келеді, міне келедімен" екі-ҥш ай ӛтіп кетеді. Сонда ақын әзілдеп, балдызының атынан былай деп ӛлең шығарыпты:
Айналайын, Айдын,
Сҥйдім, қҧшақ жайдым,
Келмей қойды артымнан
Тҥрі қҧрсын деп жҥрмін
Бҥйтіп тиген байдың!
Бҧл ӛлең қҧлағына тиген соң Айдын Кӛкшетауға шауып келіпті.
Содан жҧмысқа тҧра алмай біраз жҥріп қалса керек. Тағы да
балдызының атынан бажасына ӛлең шығарыпты:
Әкем Бақыш қой баққан,
Інім Тҧраш ой баққан,
Мен боламын Жаркенттен
Кӛкшетауға әкеліп,
Безработный бай баққан!
Осыдан кейін Айдын әйтеуір жҧмысқа тҧрған екен.
Нан мен кӛк тас
Ақын Шәкен Отызбаевтың 100 жылдығында Баянғали "Кӛкшетау
правдасы" газетінің қызметкері, ақын, жыршы ағасы Жҧмабай
Есекеевпен айтысады (той 1990 жылды» желтоқсанында Чистополье
ауданында, Қырымбетте болды). Сӛздің бір реті келгенде Баянғали
ағасына: "Қазақтың мәдениеті мен тіліне қатысты шараларға обкомың
неге тарылады? Қалалық дӛкейлер ауылдың жағдайына неге кӛңіл
бӛлмейді?"- дей келіп:
Қалалар ауылдарды кӛп басынды,
Жерді ҧмытып, асқаәтап кӛкке асылды,
Ауылым ауызыңа ас салмаса,
Нан қылып шайнар ма едің кӛк тасыңды!- дегенде, Жҧмекең
інісінің сӛзін "дҧрыс" деп қҧптаған екен.
Кҥйеу сҥйреген кӛш
Монғолиядағы қазақтар Қазақстанға алғаш кӛшкен жылы Еңбекшілдер ауданына келетін ҥйлерді алып келуге барған керуенді аудандық еңбекке орналастыру, кӛшіп-қону мекемесінің бастығы, журналист Орынбай Шайкенов бастаған екен. Дәл сол кезде "Кеңащының" директоры Қалиасқар Әйткенов ауырып қалып, совхозға келуге тиісті он ҥйді әкелуге машина болмай қалыпты. Содан Баянғали кірісіп, Орынбайға мән-жайды тҥсіндірген соң, ол кісі: "Осы барған машиналарға сыйғызып ала келемін"- депті. Айтқанындай, келетін ҥйлердің ешқайсысын қалдырмай алып келіпті. Келген соң, «Әй, балдыз, мына туыстарыңды әкелемін деп әбден қалжырадым! Қалиасқар екеуің шалқайып ҥйде жатырсыңдар, ал мен жҥгіріп жҥрмін,"- депті. Сонда ақын былай деген екен:
Монғолға сапар шегіп дабылдадың,
Реті бар оны әйгілеп, дарылдаудың,
Керейдің кӛшін сҥйреп, кҥйеу бала,
Ӛтедің бір ширегін қалың малдың,
Қалжырасаң апамның қолтығына
Кіріп алып екі-ҥш ай дамылдағын!
Қасқабас пен тамшы
"Искра" совхозының директоры Михаил Иванович Орлов ірі денелі, қасқабас кісі екен. Сол совхоздың "Қызыл–ҧйым" бӛлімшесінде Баянғалимен кездесу болады. Ӛлең айтып отырған ақынға бір кезде
халық: "Моншамыз нашар, соны бастықтарға ӛлеңмен айтсаңыз,"- деп
ӛтініш білдіреді. Сонда ақын:
Бастықты моншаға алып бару керек,
Жабылып сыпырғышпен сою керек,
Тӛбеден тамшылаған ыстық тамшы
Орловтың жалтыр басын ою керек!- деген
екен. Бҧл сӛзді тѕсінген директор: "Будет баня, будет,"- дей
беріпті, кҥліп.
Бастықтың ойы
Бір бастық Кӛкшетауға барғанда Баянғалидан: "Қазір не істеп жҥрсің?"- деп сҧрапты. "Жазуымды жазамын, елге ӛлең айтамын,"- десе: "Мәндірек бірдеме істемейсің бе?"- депті. Баянғали: "Сонда не істеуім керек, байлық пен билікке таласуым керек пе?"- деген екен.
Зәкӛн
Бір жолы біреулер Баянғалиға: "Екі әйел алу туралы заңға қалай
қарайсыз?"- деп, сҧрақ қойыпты. Сонда ақын әзіл-шыны аралас былай
деген екен:
Кесір сӛз кімге керек бас қатырған?
Кесектей қараңғыда босқа атылған,
Ешқандай зәкӛніңе қарамастан
Еншалла, тӛрт балам бар қос қатыннан!
Алматыда біреуі,
Балдарымды бағып жҥр,
Балалар да шҥкірлік,
Шетелге де барып жҥр,
Озып жҥлде алып жҥр,
Кӛкшетауда біреуі,
Әкем менен шешемді
Тӛсек тартып қалғанда
Мәпелеп қолдан атқарып,
Отымды тҥзу жағып жҥр,
Ортасында солардың
Ӛлең айтып Байекең
Ел аралап шауып жҥр!
Халық пен балық
Баянғалиды біреумен шатастырған бір бастық: «Әлгі балық
аулаудың рҧқсат қағазын қашан әпересің?"- депті. "Мен балықтың
емес, халықтың адамымын,"- депті сонда ақын.
Кӛкшетау мен президиум
Шымкент облысы, Бӛген ауданында Қосжан Мҥсіреповтың 60
жылдығы мен Нҧралы Нысанбайҧлының 135 жылдығына арналған
айтыс болады. Сонда қонақ ақындарды атап-атап президиумға
отырғызып, Баянғалиды ҧмытып, атамай кетеді. Содан ӛлеңнің кезегі
келгенде Баянғали:
Басқалар сығылысып сыйғанымен,
Кӛкшетау президиумға сыймайды ғой!- деген екен.
Ҥндемей біткен жҧмыс
Мағжан Жҧмабаевтың 100 жылдық тойында (Солтҥстік Қазақстан облысы, 1993 ж.) ӛткен айтысқа Кӛкшетау облыстық әкімшілігі ресми тҥрде бір жас ақынды апарыпты. Ҧлы ақынның "Батыр Баян" поэмасын алаш арыстары ақталмай тҧрған кезде, 1975 жылдан бері ел арасында жырлап келе жатқан Баянғалидың бҧл тойдан шет қалғанына қандары қызған Кӛкшетаудың мәдениет саласындағы қыздары Кҥміс Біләлова мен Мағрипа Әбілқасова Қызылжардағы мәдениет қызметкерлері Роза Шоланова мен Сҧлушаш Темірғалиқызына хабарласады. Ӛңкей қыздар ӛзара келісіп, Баянғалиды ақындардың тізіміне ақырын ғана жазып жібереді. Қызық болғанда, қосалқы қҧрамда барған Баянғали айтыста жеңімпаз атанып, бас бәйгеге ие болып, Кӛкшетауға Мажан атасының қаракер тҧлпарын мініп келеді. Қыздарға риза болған ақын былай деп ӛлең шығарыпты:
Мағрипа мен Кҥмісім,
Роза менен Сҧлушаш,
Қызмет қылып жыр ҥшін,
Ҥндемей-ақ бітірді
Әкімдердің жҧмысын!
Қолдау
Баянғали
Ақтӛбеде
ақтӛбелік
ақын
Айдолла
Жәкешевпен
айтысқанда стадионға жиналған халық ӛз жерлестеріне кӛбірек қол
соғып, қуаттап отырса керек. Сонда Баянғали ӛз кезегінде:
Айдоллаға жерлестері қолын соқса,
Ия, алла, ӛзің жар бол жалғызыңа!- деген екен. Бҧл сӛзге бҥкіл ел
дҥрілдеп, Баянғалиды қолдаған кӛрінеді.
Дос-дҧшпан
Бір облысқа барғанда Баянғалиға біреулер бір ыңғайсыз сӛздер
айтса керек. Сонда ақын:
Бар шығар дос, дҧшпан да кҥндейтҧғын,
Кейбіреу қадірімді білмейтҧғын,
Бірақ та Кӛкшетауда жҥргенімде
Иті де маған қарап ҥрмейтҧғын!- деген екен.
Прокурор мен майор
Бір жиында Баянғали аудандық ішкі істер бӛлімінің бастығына
әзілдеп:
Айналайын, майырым,
Ҧрының қолын қайырдың,
Талай жақсы жігітті
Ҧстап алып, қаматып,
Семьясынан айырдың!- депті.
Сонда қасында тҧрған ауданның прокуроры: "Бҧған дҧрыс
болды!"- деп кҥліпті. Ақын оған:
Бҧл ӛлеңнің бер жағы,
Айтылады ар жағы,
Айналайын прокурор,
Сау емессің сен дағы!- деген екен.
Сонда майор: "Міне, жаңа дҧрыс болды!"- депті, кҥліп.
Қҧбырдың суы
Баянғалидың нағашы апасы Кҥлмәрәнің кҥйеуі Болат Қалқышев
кезінде облыстағы су шаруашылығына қатысты жобалау-зерттеу
институтының директоры, жалпақ тілмен айтқанда судың бастығы
болған екен. Бір кҥні пенсиядағы апа-жездесі ақынның ҥйіне келіп,
әңгіме дҥкен қҧрып отырғанда, жездесі ҥйлеріне су есептегіш
қойғанын, оның тиімді екенін айтады. Сонда Баянғали:
– Бҥкіл Кӛкшетаудың ағыл-тегіл суын емін-еркін билеп едіңіз,
сізге де кранның суын санатып қойған заман-ай!- деген екен.
Министрдің пәтері
Кӛкшетаудағы қазақ театрының директоры Мҧратбек Оспанов зайыбы Айжан Бәдірәызы екеуі "Кеңащыға" арнайы келіп, Баянғалиға: "Ата-анаңызды атқардыңыз, енді қалаға, Кӛкшетауға кӛшіңіз! Театрда ӛнерпаздар ортасында болыңыз!"- деп, тілек білдіріп, 1998 жылдың жазында Кӛкшетауға кӛшіріп әкеліпті. Театр қызметкерлеріне тҧрғын ҥй ретінде бӛлінген "Самал" балабақшасынан ҥлкен пәтер беріпті. Алғашқы кезде ол ҥй жайлы болғанымен, кейін жылу мен жарықтан таршылық бола бастапты. Бір кҥні экология министрі Серікбек Дәукеев театрға келіп, Баянғали мен Мҧратбектің "Қҧдалық" спектаклін кӛріп, риза болады. Театрды» мҧңмҧқтажына бейтарап қалмай, жанашырлық танытқан министр ҥй мәселесін 1999 жылдың 1-сәуіріне дейін шешуге кӛмектесетінін айтады. Біраә, қысқа дейін реті келмепті. Бҧл кезде тҧрғын ҥйге лайықталмаған балабақшада біраз қиындық кӛрген театр қызметкерлері бет-бетіне кӛшіп кетуге мәжбҥр болады. Олар кетісімен маңайдағы жҧрт балабақшаны дымын қалдырмай бҧзып алады. Іс жҥзінде ҥйсіз қалған Баянғали уақытша балдызының ҥйінде тҧра береді. Сӛйтіп жҥргенде министр 1999 жылы 25 қарашада театрға келеді. Сӛздің бір орайы келгенде, ақын министрге былай депті:
Дәу министр Дәукеев,
Еңбегі оның кӛп тҥрлі,
Интеллектуал – зиялы,
Меңгерген жетік шет тілді,
Тоқтар батыр екеуі
Протонға қарсы шеп қҧрды,
Ала жаздай алысты
Жеңемін деп гептилді,
Театрға сәуірде
Ҥй беремін деп тҧрды,
Сҥмбілеге дейін сандалтып,
Әдемі сӛзбен ағамыз,
Ішімізді кептірді,
Секеңе сенген Байекең
Жиырма бірінші ғасырға
Баспанасыз кеп кірді!
Бҧл сӛзге кҥліп жіберген министр: "Жоқ, жиырма бірінші ғасырға
дейін болады!"- депті. Айтқанындай, Мҧратбек Оспанов арқылы 30
желтоқсан кҥні ақынның жаңа ҥй алуына жағдай жасаған екен.
Әкенің досы
Ақын Ҧлықбек Есдәулетов пен Баянғали тҥйдей қҧрдас. Бҧлардың әкелері Оразбай мен Тақан да, қыздары Назым мен Ақкенже де қҧрдас. "Әкесі қҧрдастың баласы қҧрдас", соғыс ардагері, филолог-мҧғалім Оразбай ақсақал 1985 жылы Алматыға келгенінде Баянғалиды жақсы кӛріп, екеуі әбден сыйласып, дос болып кетіпті. Кейіннен Баянғали Ҧлықбекке: "Әй, мен сенің әкеңмен ішкенмін! Мен сенің әкеңдеймін!"- деп қалжыңдайтын кӛрінеді. Оразбай ақсақал қайтыс болғаннан кейін, Астанада тҧратын Ҧлықбектің ҥйіне келіп қҧран оқып, кӛңіл айтып отырып, Баянғали: "Айналайын, Ҧлқашым, атам қазақтың "әкең ӛлсе, ӛлсін, әкеңді кӛрген ӛлмесін,"- деген сӛзі бар ғой, енді Баянғали аман болсын деп тілей бер!"- деген екен.
Ашылған тыныс
1999 жылдың желтоқсанында "Халық қазынасы – ҥшінші
мыңжылдыққа!"
айдарымен
"Алпамыс
батыр"
жырының
мыңжылдығына
арналып,
Астанада
ӛткізілген
республикалық
жыршылар
фестиваліне
аттанарда
Баянғалиға
"Тыныс"
ашық
акционерлік қоғамының президенті Қайырбек Қҧсайынов демеуші
болып, қаржы бӛліпті. Ол кісінің ағалық ниетіне риза болған ақын
былай деген екен:
Оңына бассын жҧмысың,
Жалынды болсын жҥрісің,
"Тыныстан" кӛмек болған соң,
Ашылып кетті тынысым!
Манасшылардың мақтауы
Жамбылдың 150 жылдығына арналған Халықаралық жыршылар
конкурсында
Қырғызстандық
дҥлділ
манасшы
Назарқҧл
Сейдрахмановтан Баянғали:
– Осы қырғызда Манасты айтатын адам мыңнан біреу шыға ма?-
деп сҧрапты.
– Оба! (Иә!)- депті Назарқҧл. Сонда Баянғали:
– Ал мен он миллион қазақтан біреумін ғой!- дегенде, риза болып
кеткен Назарқҧл ағасы қҧшақтай алып, «Азамат!» деп, арқасынан
қаққан екен.
Арада жиырма жылдай уақыт ӛткенде, осы әңгімені естіген
қырғыз манасшысы, манасшылар қоғамының тӛрағасы Рысбай Исақов
Бішкекте ӛткен манасшылардың 1-халықаралық фестивалінде:
« Баянғали аға, сіз жер бетіндегі қырғыздан басқа алты миллиард
адамзаттан шықан жалғыз манасшы емессіз бе ?!» - деген екен.
Қылыш пен зеңбірек
1993 жылы Ақтӛбе облысының Шалқар ауданында Есет
Кӛтібарҧлының 190 жылдығы тойланады. Сол тойда Баянғалимен
айтысқан ақтӛбелік ақын Нҧрлыбек Қалауов:» Қане, Есет пен
Дәрібайды жырлайық»,-дейді. Сонда Баянғали:
Кешегі Есет пенен Дәрібайдың
Атағы әр қашанда өрлей берсін!
Шақырдың осы тойға ақындарды,
Ақындар алдарыңда тақылдады.
Есет пен Дәрібайды мақтау үшін
Алдымен мақтау керек Көтібарды!
Ақындар бөтен сөзді бастап па еді,
Қарсылас тура келсе жасқап па еді?
Білесің, мұғалімім, бір кездерде
Қазақтың зиялы бір оқығаны
Атынан Көтібардың қашпап па еді?!
Ойлаймын, талай сырым ашылар деп,
Ақындар топ алдында тасынар деп.
Мұқаңның өзі дағы қысым көріп
Жазған ғой Көтібарды Басыбар деп!
Ақынның айтқанынан ой аңдаңдар,
Бауырлар жамандыққа қия алмаңдар.
Айқайлап, мақтан етіп айтыңыздар
Атынан Көтібардың ұялмаңдар!
Көтібар дұшпанына ат ойнатқан, Ел үшін қайтпаған ғой жанған оттан. Көтібар батырлардан біз қашпаймыз, Сақтасын тайғақтардан, көті жоқтан!,- деген екен. Осы тойдан кейін Шалқар мен Ақтөбенің азаматтары Көтібар батыр қорын құрып, арада жеті жыл өткен соң батырдың кесенесін көтеріп, ас беріпті. Сол айтысқа арнайы шақырылған Баянғали финалдық айтыста бір сөздің орайында: Көтібар қас дұшпанын еңіреткен, Ел үшін қан мен терін төгіп өткен, Аждаһадай ажалға қарсы шауып, Қайтпаған қылышпенен зеңбіректен!- деген екен. Сонда біраз үлкен кісілер айтыстан кейін: «Апырмай, Көкшетаудың ақыны әсірелеп жіберді-ау, неше батыр болса да, қылышпен зеңбіректі қалай жеңсін?!» - десе керек. Сол кезде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бірге оқыған досы,экономист – ғалым, профессор Үкетай Байжомартов: « Ленинградта оқып жүргенде архивтен көрдім. Патша әскерінің зеңбіректері ол кезде бес-алты доп атқаннан кейін қызып кетіп, жарты сағаттай демалады екен. Көтібар батыр осыны аңдып тұрып,зеңбірек суығанша шабуылдап, талай рет жеңіп шыққан көрінеді. Ақын сөзінің жаны бар!»-деген екен! Ең қызығы, ақын бұл фактіні білмей айтса да, дәл айтқан!
Ғарышкердің ақбоз аты
Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқанына бір жыл толуына
арналған айтыста \Қарағанды, 1992ж. Қазан айы.\ қарағандылық
Дәулет Сатибековпен айтысып отырып, сөздің бір орайында Баянғали:
Ер едік, көп елжіреп босамайық,
Қайтадан қолдан мүсін қашамайық,
Жабыла мақтап, мақтап президентті
Тағы да культ личность жасамайық! – деген екен.
Келесі бір сөздің ретінде залда отырған батырға арнап Баянғали
былай депті:
Қазаққа құдай өзі берген Тоқтар,
Қайыспай қиындықты жеңген Тоқтар,
Қырандай шүйіліп кеп самолетпен,
Үстіне кеменің дәл мінген Тоқтар,
Қазақты ұнатпайтын Москва да
Амалсыз алтын жұлдыз берген Тоқтар,
Содан соң батырлықпен ғарышқа ұшып
Күнді де бір айналып келген Тоқтар,
Күн нұрын кеудесіне жиып келіп
Шашу ғып туған елге берген Тоқтар,
Мынауың қалай-қалай мақтайды деп
Қысылып, қыздай болып күлген Тоқтар!
Келесі күні финалдық айтыста Қабдыжәлел Сақариямен айтысып
отырғанда, Тоқтар ағамызға қаратып:
Беу, Тоқа, жақсы болды тап келгенің,
Шүкір де құдай мұндай бақ бергенін,
Жарқырап жалғыз келмей, неге ағатай,
Аппақ қып жеңгемізді ап келмедің?!
Генерал,космонавт боп алда тұрсың,
Арманың әрқашан да айға атылсын,
Генерал түгілі маршал боп кетсең де,
Бәрібір жеңгеміздің солдатысың!
Сөзімді ойға салып салмақташы,
Құс көңіл қайда,қалай самғатпақшы,
Генерал, маршалдан да жеңгемізге,
Көнетін смирноға солдат жақсы!
Ақынның айтқанына нану керек,
Қиялмен әрбір іске бару керек,
Генерал,космонавтың әйелінің
Саны да космический болу керек,
Даланы мекендеген он сан ұлттың,
Бәрінен бір-бір қатын алу керек,
Көбейтіп космонавт-қазақтарды,
Жаңадан Байқоңырды салу керек!- деген екен.
Содан кейін сөздің бір орайында батырдың жанында отырған
облыс әкімінің орынбасары Нұралы Бектұрғановқа қаратып, оралман
ақын Қабдыжәлел Сақарияның тұрмыс жағдайына назарын аудара
келіп:
Нұреке, Қабдыжәлелге құнажын бер,
Және де кешіктірмей сразым бер,
Қай уақта қашар сиыр бұзаулайды,
Деп телміртпей біржола буазын бер!- деген екен.
Айтыстан кейін Тоқтар Әубәкіров Баянғалиды құшақтап, алғыс
айтып, өз қолынан ақ боз ат мінгізіпті.
Академик пен бұзау
Академик Жабайхан Әбділдин зайыбымен Степнякқа келіп, Біржан сал бейітіне барыпты. Дәл сол мезетте зират ішіне екі-үш бұзау кіріп, оттап жүр екен.Оған облыс әкімі Қызыр Жұмабаев қатты ренжіпті. Сонда Баянғали:
Зиратқа түскен екен тәмам бұзау,
Апырмай, бұлар неткен жаман бұзау,
Академик келгенін қайдан білсін,
Қараңғы, оқымаған надан бұзау!-деген екен.
Жұрт ду күліп, жадырап, ақынның жырларын тыңдапты.
Академик ағасына әзілдеп:
Жабайхан аға,жалықпай,
Ойыңмен сүздің тереңді,
Аристотель, Платон,
Демокрит, Фараби,
Иммануил Кант пенен,
Спиноза, Гегельді,
Маркстен кейін қадалып,
Тексерген сенсің, Жабеке,
Диалектика дегенді,
Орысша да қазақша
Ағыла сөйлеп кеткенде,
Тыңдайды жұрт тамсанып,
Өзіңдей шешен өренді!- деген екен.
Ғұлама дәрігер
Халық қаһарманы, академик Мұхтар Әлиев зайыбымен Степнякқа
келгенде Баянғали бірге болып, қонақтарға арнап біраз өлеңдер
айтыпты. Сонда:
Мұхтар аға, ғұлама,
Қанат жайып ғаламға,
Қаншама шәкірт өсіріп,
Ғылымның салдың жолына,
Мектебің бар өзіңнің,
Танылған оң мен солыңа,
Құтқарып қалдың талайды,
Ажалдың түскен торына,
Жасай бер,аға, өркендеп,
Адамдардың бағына,
Бірақ та бізді құдайым,
Бермесін сенің қолыңа!- деген екен.
Аудан әкімін ауыстырған ӛлең
1993 жылы Еңбекшілдер ауданының әкімі Қызыр Ыбырайҧлы Жҧмабаев облыс әкімі болып тағайындалған соң, аудан активін, ел ақсақалдарын жинайды. Сол жиынға келген Баянғалиға бір топ ел азаматтары: « Ал, ағаңа сен айтпасаң, басқа ешкім айта алмайды, қазір ӛзінің орнына бірінші орынбасары Боргульді қойып кетуі мҥмкін. Біздің Боргульге жамандығымыз жоқ, жақсы жігіт, бірақ Біржан атаңның ауданын ӛзіміздің қаракӛз басқарғаны жӛн ғой! Осыны бірдеңе ғып орындат ағаңа!»- дейді. Содан, жиналыс басталып, бірнеше адам сӛйлегеннен кейін, кезек Баянғалиға тиеді. Облыс, аудан, шаруашылық басшылары қатысып отырған ресми жиналыста ақын домбырасын алып, ӛлеңдетіп қоя беріпті:
Қҧттықтап келді міне ел қасыңа,
Ҥміт пен міндет артып ер басыңа,
Қызаға, қҧдай қолдап әкім болдың,
Абылай, Кенесары ордасына!
Келіп тҧр бҥкіл аудан ӛзіңді іздеп,
Қызырға алғыс, баға береміз деп,
Еңбегің сіңген мына ауданыңды,
Бҥгінде басқарудан дәмелі кӛп,
Ӛзіңіз облысқа ӛскеннен соң,
Орныңа кім келер деп зәреміз жоқ!
Еліңді сҥйсең аға, жҥрегіңмен,
Ел сені тастамайды тілегінен,
Атығай басқарған соң облысты,
Әкімі бҧл ауданның болу керек
Керей мен Қарауылдың біреуінен!
Сақтасын қҧдай сізді іс- қатадан,
Әкімді қоясыз ғой жақсы атадан,
Ӛзіңіз облысты ҧстаған соң,
Әкімді қойып жҥрме басқа атадан!
Ақын ӛлеңін осылай бітіргенде, жиналған халық дҥркірете қол
соғып, кейбір ақсақалдардың кӛзінен жас шығып кетіпті. Содан,
жиналыстың
соңында
Қызыр
Жҧмабаев
елге
рахмет
айтып,
интернационалдық достық жӛнінде сӛз қозғап, бірақ аудан әкімін
тағайындамай, жиналысты бітіріпті. Осыдан біраз уақыт ӛткен соң
Еңбекшілдер ауданының әкімі етіп Кеңес Мҧқатовты \ қарауыл, осы
жердің тумасы.\ тағайындаған екен.
Кӛп сары мен Ақсары
Кӛкшетау облысының елу жылдығын тойлағанда қҧрметті
қонақтардың ортасында ӛлең айтқан Баянғали сӛздің бір орайында
облыс әкімі Қызыр Жҧмабаевқа :
Мен ӛзі жігітімін Ақсарының,
Алдыңда ӛлең айтып ақтарылдым,
Атығай, қарауылдар әкім болып,
Дҧрыс қой Кӛкшетауды басқаруың,
Бір-екі Ақсарыны алмайсыз ба,
Орнына қасыңдағы кӛп сарының?! – деп әзілдеген екен, облыстық
әкімдікте басқа ҧлт ӛкілдерінің басымдылығын меңзеп.
Кенесары мен тентек сары
Шҧбыртпалы Ағыбай батырдың 190 жылдығында Баянғали
жезқазғандық ақын Қуаныш Мақсҧтовпен айтысады. Ол сӛзін тентек
сарымын деп бастаған екен. Сонда Баянғали:
Қалай деп мақтанады мына сары,
Ӛзіне бҧлай деген жарасады,
Бір кезде сары болу моды болған,
Ҧмтылған сарылыққа жҧрттың бәрі,
Мақтанып керегі не сарымын деп,
Дариға-ай, болмаған соң Кенесары!- деген екен.
Ақын мен балдыз
Ілияс Жансҥгіровтың 100 жылдығына арналған республикалық
айтыста алматылық Оразалы Досбосынов Баянғалиды «жезде» деп,
балдыз жолымен әзілдеуге айналады. Сонда Баянғали:
Бір елдің бетке ҧстаған ақынысың,
Қайтесің балдыз болып кішірейіп!- деген екен. Сӛздің мәнін аңғара
қойған Оразалы салмақты әңгімеге ойысыпты.
«Алпамысты» жырлау
«Қазақстан» ҧлттық телеарнасы «Мәңгілік сарыны» айдарымен
халық қазынасы – жыр-термелерді жарыққа шығаруды қолға алып,
алғашқы хабар—«Алпамыс батыр» жырын Қызылорда қаласында
тҥсіріпті. Жҧмыс барысында техникалық себептермен кідіре берген
соң, ренжи бастас керек. Сонда хабардың авторы әрі жҥргізушісі
Баянғали:
- Алпамыс батырдың кӛргенінің жанында біздікі айт пен той емес
пе!? Жер тҥбіне жортып, жеті жыл зынданда жатып, жҥз мың қалмақпн
соғысып, кӛрмеген қорлығы, жеңбеген жауы жоқ. Ал соның ерлігін
жырлап шығуға шаршағанымыз қалай болар екен?!- дегенде, ду кҥліп,
шабыттанған жыршылар таңғы сағат онннан кешкі тоғызға дейін
талмай жырлап, хабарды ойдағыдай аяқтап шығыпты.
Әкімнің мҧрты
жылы
Қызылорда
қаласында
ӛткен
республикалық
«Ғасырлар
ҥні»
жыршы-жыраулар
конкурсында
жҥлдегерлердің
сыйлығын облыс әкімі Серікбай Нҧрғисаев тапсырыпты. Қасы қалың,
мҧрты қою әкімнің қолынан екінші жҥлдені алып тҧрып, Баянғали
былай деген екен:
Барлық адам баласы
Бейбітшілікті сҥйсе екен,
Біздің қазақ ҧлтындай,
Барлық қазақ баласы
Ата жырды сҥйсе екен,
Сыр бойының жҧртындай,
Жҧмыстарың оң болып,
Кҥріштерің мол болсын
Серікбайдың мҧртындай!
Сҥндет
Ақтӛбеде ӛткен бір ҥлкен айтыстан кейін Баянғалиды қҧрдасы, облыстық мәдениет басқармасының бастығы Қази Жасекенов бір туысының ҥйіне қонаққа шақырыпты. Әлгі ҥйдің екі баласын сҥндетке отырғызған екен, жиналғандар қолқалап, ақынға ӛлең айтқызыпты. Бәрі де Шектінің Жақайым руынан екен. Сонда ақын:
Айналайын балалар,
Қҧтты болсын тойларың,
Піштірілген тәтәйің,
Тілеуіңді тілеп тҧр,
Апайың мен атайың,
Тәтәйларың қатайып,
Кӛбейе берсін Жақайым! –деген екен.
Тӛте жол
Кӛкшетау қаласының қҧрметті азаматы Серікжан Қасымов бір
жолы мәжіліс сайлауына тҥседі. Ол кісіні қолдаушы топтың ҥлкені
Бӛгенбай Жанайдаров кезінде ӛзі басшы қызметте істеген Щучье
ауданын аралап келе жатқанда орман ішіндегі демалыс ҥйіне тіке
тартамыз деп жол нҧсқап отырып, жаңылып Кӛкшетаудың сыртына
шығып кетсе керек. Сонда Баянғали:
Дауысын Серікжанның санай барып,
Ту сыртын Кӛкшетаудың жанай барып,
Тҥбіне қара судың тірелгенде,
Тҧңғиық ойға батты Жанайдаров!
Жол жҥрсең жалықпайсың Бӛкеңменен,
Тартады кейде Бӛкең тӛтеменен,
Тҧп-тура тӛбесінен тҥсемін деп,
Шығады шыр айналып бӛтен жерден!- деген екен.
Жӛнделу
Астаналық дипломат, кәсіпкер Абай Әбуов Баянғалиды туған жері – Мақтарал ауданы, Жетісай қаласына қыдыртып, ел, жермен таныстырыпты. Барған бетте жергілікті кәсіпкер досы Жҥсіптің ҥйіне тҥседі. Сӛйтсе, ол ҥйде тҥнімен қонақтар болып, Жҥсіп әбден шырқаған екен. Сол қызуынан айықпаған ол жаңадан келген меймандардың мазасын ала бастапты. Амалын тауып ол ҥйден кетіп қалған
қонақтарды жетісайлық Мейірбек, Айдар, Болат деген жігіттер
жақсылап қҧрметтеп, сыйлайды.Сонда Баянғали Абайға қарап:
Жетісай деген жер кӛрдім,
Жҥсіп деген ер кӛрдім,
Меніменен ішпейтін
Қандай қызық қазақсың
Деп қиғылық салғанда
Қайтерім білмей сенделдім,
Қазына халқың тҧрғанда,
Қазымырға апарып
Абайжан неден қор болдың?!-деген екен. Ертеңіне ес жиған Жҥсіп
меймандардың алдына келіпті. Сонда ақын осы ӛлеңін:
Жол болсын айтып таңертең,
Жҥсібім енді жӛнделдің!- деп тҥйіндеген екен.
Айдаһар мен ағалар
Кӛкшетаудағы демалыс паркінде балалардың тамашалауы ҥшін
ертеде салынған ҥш айдаһардың ҥлкен мҥсінін бір кәсіпкерлер
қиратып, орнына ресторан салыпты. Соны кӛрген Баянғали:
- Айдаһар айналасын жҧтады дегенді естуші едік, біздің
ағаларымыз айдаһарды да жҧтып қойыпты ғой ! - деген екен.
Министр мен шегіртке
Бір жиында бір шегіртке келіп Баянғалидың киіміне қона
қалғанда,Экология министрі Серікбек Дәукеев:
- Мына шегіртке неғып жҥр? Осыған бірдеме демейсіз бе? – депті.
- Е-е, Кәрібжановтан кейін Әлімжановқа келген шығар! Бҥкіл
министр жабылып жеңе алмаған шегірткені енді ӛлең айтып жеңеміз
бе?-деген екен.
\ Жәнібек Кәрібжанов – сол кездегі ауыл шаруашылық
министрі.Сол жылдары шегіртке қаптап, үкіметте үлкен әңгіме
болған екен.\
Жайықтың қанаты
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына орай Қарағандыда ӛткен айтыста Баянғалимен айтысқан Қойлыбай Асанов әдебиетіміздің ақсақалдарының бірі Жайық Бектҧровтың есімін қҧрметтеу жӛнінде ой қозғайды. Сонда Баянғали кӛрермендермен бірге
залда отырған облыс әкімі Камалтин Мҧхамеджановқа қарата былай
деген екен:
Ӛрге мҧрты шаншылып,
Ел басқарған азамат,
Кәмекеңді қадірлеп,
Ӛзімсініп Ӛскемен,
Абаш қанша бӛскенмен,
Қарағайдай Камалтин
Әкім болып кӛркейіп,
Ӛсіп шыққан Кӛкшеден!
Алаштың бір ардағы Жайық еді,
Қҧрметке қандай ҥлкен лайық еді,
Тірідей темір ҥйде ӛртегенде
Жаланы мойындамай қалып еді,
Тҥгендеп әдебиет пен тарихыңды,
Қанатын бар қазаққа жайып еді,
Сол Жайыққа бір кӛше бере алмаса
Камалтин ағамызға айып енді!
Ақындар айтқан елдің тілегі әкімнің де ойына дӛп келсе керек,
ҧзамай бір кітапханаға Жайық Бектҧров есімі беріліпті.
Кҥйеу балалар
Ҧлағатты ҧстаз, ғалым, балалар жазушысы Сейтен Сауытбековтың 95 жылдығына орай Солтҥстік Қазақстан облысы Балуан ауылының орта мектебіне есімі беріліп, той жасалады. Осынау игілікті шараға ҧйтқы болып жҥрген «Алаш» партиясының тӛрағасы, Кӛкшетау университетінің ректоры Жанат Қасымов пен оның жары, Сейтекеңнің қызы Гҥлнәрдің еңбегіне ел разы болады. Кезінде Сейтекең ӛзінің қайнағасы, қазақтың ҥлкен ақыны, колчакшылардың қолынан 21 жасында қыршын кеткен Баймағамбет Ізтӛлиннің шығармаларын жинап, сақтап, зерттеп, жарыққа шығаруға кӛп еңбек сіңірген. Ақсақалдың кӛзін кӛріп, сыйлас болған Баянғали тойда айтқан арнауында осының бәрін тҥйіндей келіп:
Нҧр шашып шәкірттердің санасына,
Жол тартып алыстағы Алашынан,
Жырларын қайнағасы Ізтӛлиннің,
Ӛрттің де алып шыққан арасынан,
Сейтеннің атасына жасағанын,
Қайтарды қҧдай кҥйеу баласынан!- деген екен.
Соттау мен мақтау
Бірде бір юрист пен журналист жолдастары Баянғалиға:
- Сіз кейде ӛлең айтқанда жҧртты желпілдетіңкіреп,мақтаңқырап
жібересіз-ау осы! – депті.
Сонда ақын:
- Жҧртты соттап я даттап жҥргеннен гӛрі, мақтап жҥрген артық
емес пе?! – деген екен.
Сауат
- Осы біз ру дегенді білмеуші едік, сен келіп ҥйреттің,- депті
біреулер.
- Е-е, аталарыңды білмей жҥр екенсіңдер, кӛзеріңді ашқан екенмін
ғой!- депті ақын.
Ақын мен палуан
Қызылтулық балуан Бауыржанға:
- Чемпион, менімен кҥресесің бе?- депті Баянғали.
- Кӛруге болады,- дейді балуан. Сонда ақын:
- Әй, қазақ ақынмен алыса ма екен? Ақынды алақанға салмай ма?-
деген екен.
Таусылмайтын тақырып
- Бір ҥлкен кітабым шығайын деп жатыр,- депті ақын Қорғанбек
Аманжолов.- Оның ішінде қазақтың ҧлттық намысын қайрап жазған
бірталай мақалаларым бар!
- Сонда Баянғали:
- Жарықтық қазақтың ҧлттық намысы таусылмайтын тақырып
болды ғой,- деген екен.
Тҥрме мен терме
Шымкенттік кәсіпкер азамат, базардың бастығы, бҧл заманда
терме жазып жҥрген бірден-бір ақын Шалқар Әбішҧлы облыс
әкімшілігімен
бірлесіп,
бірнеше
жылдан
бері
Шымкентте
республикалық «Шалқар термесі» конкурсын ӛткізіп келеді. Ӛз
қаржысын халықтық ӛнерді ӛркендетуден аямаған мәрт ағасына риза
болған Баянғали:
- Шәке, біреулер базардан тҥрмеге кетуші еді, сіз термеге келіп
дҧрыс қылған екенсіз!-деген екен.
Айықтырғыш автобус
Баянғали жаз кезінде қызып алса, кей-кейде достары Шәймерден
Дәуренов, Масат Беріков, Фазыл Шаухаровты іздеп, тҥнгі автобуспен
Алматыдан Жамбылға кетіп қалады еен. Достары қҧшақ жайып қарсы
алып, мауқы басылған соң:
- Әй, Алматы-Жамбыл автобусы айықтырғыш сияқты, тҥнде мас
болып мінесің, таңертең сауығып тҥсесің! Алматыда ысқырып жҥріп
ҧсталып қалсам милиция бҥйтіп мәпелей қоймас еді, сендерге тартып
кеткенім дҧрыс болған екен!- дейтін кӛрінеді.
Арабша мен қазақша
Баянғалидың жездесі Ҧғыш қақаған аязда Кеңащыдан Тассуға жете алмай, балдызының ҥйінде бӛгеліп қалса керек. Бір кезде қалтасынан бір қағазды суырып алып, бір дҧғалықты самбырлатып оқи жӛнеліпті. Арабшаға тілі жӛнді келмесе де, бҧзып-жарып қайта-қайта оқи беріпті. - Иә, жезде, не оқып жатсың ? – деп сҧрайды балдызы. Жездесі жымың-жымың етіп, жауап беріпті: - Зейнолла молдадан екеуміз де жолда кӛп жҥреміз ғой деп, әдейі қолқалап жаздырып алдым. Осыны оқи берсең, қҧдай тағала кӛлік кездестіреді деп еді! Сонда Баянғали: - Дҧрыс қой, бірақ тіліңді бҧрап, жаныңды қинағанша, қазақша тілей бермейсің бе? Алла тағала қазақша да білетін шығар!- деп, жездесін Шайдолла қҧрдасының « Беларусь» тракторына мінгізіп қоя беріпті. Формализм
Жаңадан молда болған бір бір замандастарымыз бір жиында
«әйтуге болмайды, бҥйтуге болмайды «, деп тақуасынып, жҧртқа мән
ҥйрете беріпті.
Сонда Баянғали:
- Алла тағала формалист емс қой, ҧсақ-тҥйекті есептемей,
адамның шын ниетіне қарайтын шығар!-деген екен.
Тҥгендеу мен жҥгендеу
- Жас кезде шырқадыңыздар ғой...Арақты да ӛкірттіңіздер...қызумен талайды қағып-соғып кеткендеріңіз де болдыау, ә? Енді кеп ораза ҧстайсыздар...- депті біреулер. Сонда Баянғали:
- Иә, осы кҥнгі қажы, молданың бір талайымен бірге ішкенбіз. Алланың кәрі кҥшті, рахматы мол деген ғой бҧрынғылар. Шын ниетімізбен қылған тәубемізді қабыл ете гӛр,- деп тілейміз-дағы.Ал сендер жҧрттың иманы мен тәубәсін тҥгендегенше, ӛздеріңнің теріс пиғылдарыңды жҥгендеп алсаңдаршы! – деген екен.
Мент пен молда
Бір ауылдың молдасы зират басында жҧртшылыққа дауыс кӛтеріп, «ӛйтіңдербҥйтіңдер»-, деп ҧрсып, берекені алыпты.Ауылға келгесін, ас ҥстінде әлгі молдадан: - Аға, дін жолына тҥскенше, қандай жҧмыс істедіңіз?- деп сҧрапты Баянғали. - Шопыр болдым, милицияда істедім,- депті молда. - Е-е, бәсе,кӛрініп тҧр...Ол кезде бір жартыны қағып алып, біреуміреуге ашулансаңыз, монтировканы да жіберіп қалған шығарсыз? - Болды ғой енді жастықта! Қҧдай таупих берді, қойдық бәрін! - Иә, қойғаныңыз жӛн... Монтировка мен ментовский «методыңыз» молдалық жолға жараса қоймас,- деген екен ақын.
Қазақтың мҧсылмандығы
- Осы біздің қазақтың мҧсылмандығы да бір тҥрлі ғой,- депті
біреу.
Сонда Баянғали:
- Неге бір тҥрлі? Фанатик емес, бірақ қҧдайын ҧмытпайды. Бәрін
бір Аллаға тапсырып, емін-еркін ӛмір сҥретін біздің қазақтыкі де
дҧрыс-ау осы!- деген екен.
Кереметтер
-Біздің саясат, әдебиет, ӛнер адамдарының бәрі ӛздерін керемет
санайтындары несі?- деп ренжіпті бір жолдасы. Сонда Баянғали:
- Санай берсін, содан келіп –кетер не бар!? Кереметпін демегенде
бейшарамын деуі керек пе? Тек қана солардың бәрі ӛзгелерді
кемсітпей, ӛзінше керемет бола берсе, шын керемет сол болар еді,-
деген екен.
...изм мен сезім
-Абстракционизмге қалай қарайсыз?- деп сҧраған біреулерге
Баянғали:
- Абстрактно! Ӛйткені біз измнің емес, ой мен сезімнің ақынымыз
ғой,-деген екен.
Кітап пен кісі ақысы
- Осы кҥнгі ақын-жазушылар жазғандарын жарыққа шығара алмай, шығарса кітабын ӛткізе алмай, ӛздері сатып жҥрген жоқ па? – депті бір байшыкеш атқамінер. Сонда Баянғали: - Әйтеуір кісі ақысын жегеннен гӛрі тәуір ғой!- деген екен.
Достық
Жақын достары Баянғалиды бір маңызды мәселелерде қапы қалдырса керек. Кейін ҧялып, ыңғайсызданады ғой баяғы. Сонда ақын. - Жарайды,аман болайықшы. Мен достарымды атақ пен ақшаға айырбастамаймын,-деген екен.
Ақын мен шекара
Ақын Әбубәкір Қайранов Баянғалиға:
- Бір кітапта мені Қытайда туған деп жазып қойыпты, ал мен
Семейде туғам,- депті.
- Е-е,жаза берсін, нағыз ақында шекара болмайды! Сен арғы бет
пен бергі бетке бірдей қазақтың ақыны емессің бе?!- деген екен
Баянғали.
Жҧлдыздар мен аспан
Әбубәкір Қайранов шығармашылық кешін ӛткізуге дайындалып жҥріп, әнші Сҥлеймен Ибрагимовке: - Сендердің аттарыңды афишаға қалай жазсам екен? Белгілі, әйгілі әнші деймін бе, әлде эстрада жҧлдыздары десем бе екен?!- депті. - Ой, аға, жай әнші дей салыңыз, тіпті, жазбай-ақ қойыңыз,- депті Сҥлеймен.- Жҧлдыз десеңіз ҧят болар, жҧлдыз деп еңбегі ҥлкен ағаапаларымызды айтсақ жарасар... Сонда Баянғали: - Жҧрттың бәрі жҧлдыз болып жатқанда, ӛзіңе қимайсың ба? Сен де жҧлдызсың, қазақтың аспаны кең, бәрің де сиясыңдар!- деген екен.
Жалаңаш мәдениет
Жақсы, жаманына қарамай, шетелдік мәдениетке кӛзсіз қҧлаған
бір замандасы жӛн-жосықсыз соларды ҥлгі қыла берсе керек. Сонда
Баянғали:
- Немене, шетелдіктер жалаңаш жҥрді екен деп, біз де артымызды
ашайық па?!- деген екен.
Әртістерге арнау
Шахмет Қҧсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ театрының әртістері Тӛлеубек Кӛңбайҧлының кішкентайы Ерқасым бір жасқа толғанда Баянғали ағаларынан ӛлең айтуын ӛтініпті. Сонда ақын біраз әртістің атын қосып: Қҧдайым бақыт берсін Ерқасымға, Кез қылмай ызғырық пен бҧрқасынға, Жайқалып бәйтеректей бойлап ӛссін, Ормандай туған елдің ортасында.
Жҥрісі Тӛлеубектей балпаң болсын,
Кӛңілі Сафуандай дархан болсын,
Қайрат пен Қҧмарбектей ойлы болып,
Айбектей шымыр, ширақ, тарпаң болсын,
Мҧратбектей ісіне мығым болып,
Мҧраттар мен Ерландай маркаң болсын,
Аң атса арттан тиіп, алдан шығып,
Кӛңбай менен Сауандай қартаң болсын!
Жарастай сахнада сәнді болсын,
Ербайдай сӛз ҧғатын дәмді болсын,
Бағлан мен Бақытбектей кӛңілді боп,
Елтай менен Талғаттай әнді болсын,
Балдарың бәріңнің де ӛсіп-ӛніп,
Қызықты ӛмірлерің мәнді болсын!- деген екен.
Уағыз
Дін жолына тҥскен актер Сафуан Шәймерденов кездескеннің
бәріне уағыз айтыңқырай берсе керек. Бірде Баянғали:
Достарың молда, сопы бәрі кілең,
Бір жағыңда Мауляна, кәрі Гҥлен,
Қҧдайым иманыңды кәміл етсе
Солардың бәрінен де Дәрігҥл ем!-деген екен.
\Сафуанның әйелі Дәрігҥл- Мағжан Жҧмабаевпен аталас, қазақы
тәрбие алған, әдепті, момын адам, тӛрт баланың анасы.\
Екі кішкентай
Шағын денелі, аласа бойлы актер Сафуан Шәймерденов Антуан де Сент Экзюперидің «Кішкентай ханзада» повесін сахналапты. Бір ӛзі бірнеше рӛлді ойнап, әдемі спектакль шығарған екен. Әзілі жарасқан Баянғали ағасы Сафуанға : - Кішкентай ханзада мен кішкентай әртіс қосылып, ҥлкен дҥние жасаған екен! – депті .
Кемпір-шалға әзіл
Әртіс Сафуан Шәймерденовтың әкесі Рысбай ақсақал Алматыдан
Кӛкшетауға келеді. Театр директоры Мҧратбек Оспановтың ҥйінде бір
той болып, ҥлкен-кішілер бас қосады. Сонда ӛлең айтқан Баянғали
қҧрдасы Кҥлпаштың шешесі мен Мҧратбектің әкесі Ҥкібай, Рысбай
ақсақалдарға әзілдеп былай деген екен:
Беу, апа, шал қылсаңыз Ырысбайды,
Қорада бар шаруаңды тыныштайды,
Қалтаңа пенсиясын салып беріп,
Қай жаққа жҧмсадың деп ҧрыспайды,
Қойыңды кешке дейін бағып, бағып,
Кешке таман ӛзіңді дҧрыстайды!- депті. Сәлден соң ойланып
кеткен апамызға тағы да әзілдеп:
Апамыз кӛзімен жер шҧқылайды,
Ҥндемей, іштей ғана аһылайды,
Кім білсін, Ырекеңе кӛңлі соқпай,
Кӛздей ме тау тҧлғалы Ҥкібайды!?- деп бір кҥлдірген екен.
Бастық пен жол
Облыстық деңгейде жоғары қызметтер атқарған Амангелді
Жақыпбеков бір кҥні Кӛкшетауда Баянғалидың машинасына отырады.
Біраз жҥргесін бір кӛшеден бҧрғызады, бірақ баратын жерін таппай
қалады. Сӛйтсе, жаңылысып басқа жаққа шығып кеткен екен.
Ыңғайсызданып, жолды қайта іздеп табады. Сонда ақын:
- Аға,қысылмаңыз! Тал тҥсте адасу бастықтарға тән нәрсе ғой! –
деген екен.
Әкім мен ақыл
Кӛкшетау қаласының әкімі Рәшит Әкімов, Қызылту ауданының
әкімі Есенгелді Кәрібаев, облыстық әкімдіктің аппарат жетекшісі
Қайыргелді Сәрсекеев Баянғалимен тҥйдей қҧрдас екен. Бірнеше ай
ҥлкендігі бар әкімдер ақынға әзілдеп:
- Ақын елдің еркесі, сен бізге аға бол! – дейді.
- Әкім елдің серкесі, сендер аға болыңдар,- дейді ақын.
- Жоқ, ақынның жолы ҥлкен, қазақ ақынды сыйлаған, сен аға бол!-
дейді
әкімдер. Сонда Баянғали:
- Жарайды, ақыл берерде мен аға болайын, ақша берерде сендер
аға болыңдар! – деген екен.
Азық пен қазық
Астанада бір ҥлкен ғимараттың қабырғасына\ Момышҧлы,25.\
жазылған «...ық-тҥлік» деген сӛзді кӛрген Баянғали:
Әп-әдемі сӛз еді азық-тҥлік,
Әуелде оны дҧрыс жазып тҧрып,
Артынан тҥсіп қалған екі әріпті
Артына қағар ма еді қазық қылып! – деген екен.
Фейерверк
Жаңа
жылда
шаһарлардың
бәрінде
тарсылдатып
аспанға
фейерверк атады емес пе ?
Ертеңіне кҥкірт сасыған қорғасын ауаға қарап тҧрып, Баянғали :
- Кҥштінің арты диірмен тартады деуші еді атам қазақ.
Қазіргілердікі фейерверк атады!-деген екен.
Ҥш шек пен екі шек
Қырғыз адвокаты Саипжан Мырзахметов: -Қазақтың домбырасының шегі екеу-ақ қой, біздің қомыздың шегі ҥшеу!-депті. Сонда Баянғали: - Бір шек – ол сендерге берілген фора ғой! Қырғыздардың ҥш шекпен тартатынын біздің қазақ екі шекпен де тарта береді! – деген екен.
Қҧмыра мен шәйнек
Есмағамбет Ысмайыловтың жылдығына Алматыдан Кӛкшетауға Тҧрсынбек Кәкішев, Зейнолла Қабдолов, Қабдеш Жҧмаділов, Оралхан Бӛкеев, Дәуітәлі Стамбеков, Сайлаубек Пернебаев сынды айтулы тҧлғалар келеді. Щучинск ауданы \қазіргі Бурабай\, Мәдениет ауылында, мектепте ҥлкен салтанатты кеш ӛтеді. Ҥлкен ағаларымыз аталы сӛз айтып, Есмағамбет Ысмайыловтың асқақ тҧлғасын әспеттейді. Содан кейін ағыла сӛйлеген «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Оралхан Бӛкеев мектепке ҥлкен қҧмыра сыйлайды. Концертті ӛлеңмен бастаған Баянғали толғап келіп:
Балалар, жақсы оқысаң толасыңдар, Есағаңдай ғҧлама боласыңдар, Есағаңдай ғҧлама болғаннан соң Орекеңнен қҧмыра аласыңдар!- деп, бір кҥлдірген екен. Дастархан басында ақын Дәуітәлі Стамбеков ептеп қызыңқырап сӛйлейді. Сонда Зекең, Зейнолла Қабдолов: - Мҧхаң, Мҧхтар Әуезов: « Кӛшелі кісі деген сӛз бар! Кісінің қандай екенін білгің келсе, кӛшесіне қарау керек!»-деуші еді. Дәуітәлінің де кӛшесі бар екен, бірақ кейде шаңдатып тҧрады екен!- депті әзіл-шыны аралас. Сонда сӛзді іліп әкеткен Баянғали:
Қазақтың мықты ақыны Дәуітәлі,
Келмей тҧрған сияқты шабыты әлі,
Шабытына шынымен мінген кезде,
Кӛшесі оның біраз шаңытады,
Сол кезде кӛшесіне кіргендердің
Әкесін Дәуітәлі танытады!- дегенде жҧрт ду кҥліп, жадыраған
Дәуітәлі жанжал шығармапты. Содан, той тарқарда облыстық мәдениет
бӛлімінің бастығы Кҥміс Мҧратбекова қҧрметті қонақтарға Кӛкшетау
фарфор заводында жасалған бір-бір ҥлкен, әдемі шәйнек сыйлапты.
Сонда Баянғали:
Аузынан сӛз, басынан ой кетпеген,
Аман бол ағаларым ай беттеген,
Осы той қҧмырамен басталып ед,
Аяғы аяқталды шәйнекпенен! – деген екен.
Той жақсы тарап, алматылықтар аман –сау ҥйлеріне жетеді. Бір
қызығы, қызып жҥрген Дәуітәлі емес, сап-сау жҥрген Сайлаубек
Пернебаев сувенирін сындырып алыпты. Соны естіген ақын:
Шәйнегін сындырып ап Сайлау жездем
Барды екен апайыма қай бетпенен!- деген екен.
Шарап пен шҧжық
Бір топ жас ақын-жазушылар Оспанхан Әубәкіровтың ҥйіне
барыпты. Ол бір Осекеңнің арақты қойып жҥрген кезі екен. Жастарды
жаны қалмай қарсы алып, колбаса турап жатқан Осекеңе Баянғали:
– Осаға, винзаводты қойып, колбасный цехқа ауысқансыз ба?-
деген екен.
Қара қой
90-жылдардың басында Кӛкшетауға шығармашылық сапармен
келген Қадыр Мырзалиев облыс әкімінің орынбасары Амангелді
Жақыпбековпен бірге Еңбекшілдер ауданына келеді. Ол кезде ауылда
тҧратын Баянғали ағасының алдынан шығады, қонақасы дайындайды.
Демалыс ҥйінде жайылған дастархан басында облыс, аудан басшылары,
жҧртшылық Қадекеңнің әңгімесін тыңдап, арқа-жарқа болады. Бірақ,
қонақасының «авторы» кім екенін айтпайды. Біраздан соң Баянғалиға
жыр айтқызады. Қыза-қыза, біраз толғаған ақын сӛз арасында:
Алатаудан, жасырған қарға бойын,
Алты Алашқа асырған заңғар ойын,
Қадырдай қадірліге қҧрбан болған
Менің де бақытты екен қара қойым! – деген екен.
Мҧхаң біледі ғой
Ақын Қорғанбек Аманжоловтың елу жылдығына келген Мақтай Сағдиев оған шапан жауып, Мҧхтар Мағауин ӛзінің он ҥш томдық шығармалар жинағын сыйға тартыпты. Тойда досын қҧттықтап ӛлең айтқан Баянғали Қорғанбекті мақтап, мақтап: Тойыңа Мақаң менен Мҧхаң келсе, Қореке, онша жаман болмағаның!- деп бір кҥлдіріпті. Ҥзілісте Қорғанбек: - Мҧхаң кӛп ешкімге кітабын сыйлай бермейді ғой! Елу жылдығымда он ҥш том шығармаларын сыйлағаны жайдан жай емес қой! Сенде бар ма еді?!- деп кҥпілдепті. - Жоқ !-депті Баянғали. - Е-е, Мҧхаң біледі ғой кімге беру керек екенін!- деп Қорекең одан сайын желпініп қойыпты.
Содан, бҧлар Мҧхтар ағаларын ортаға алып, әңгімесін тыңдап
тҧрады. Сӛзден сӛз шығып, әңгіме Мҧхаңның айтысып жҥрген
адамдарына ауысады.
- Мен емес,ӛздері ғой тиісетін. Содан кейін, шындық ҥшін
сыбағаларын беруге тура келеді! - депті Мҧхаң.
Сонда Баянғали:
- Аға, ҧлы жазушы басыңызбен еңбегіңізге татымайтын кісілермен
тартысып қайтесіз?! – деген екен. Мҧхаң кҥліп жіберіп:
- Ертең «Жҧлдызға» келіп, ала ғой! Он ҥш томдықты сыйладым
саған!- депті. Сонда Баянғали :
- Мҧхаңның он ҥш томын елуге келмей- ақ алдық қой ! Мҧхаң
біледі ғой, кімге қашан сыйлауды! -деген екен жанында тҧрған
Қорғанбекке.
Ҧшақтағы қҧшақ
1995 жылы Манас эпосының мың жылдығында біраз мемлекеттік
делегациялар Бішкектен Таласқа арнайы «ЯК 40» ҧшағымен шығады.
Мол денелі Әбіш Кекілбаев қатар отырған Баянғалиға:
- Қолымды былай... сенің орындығыңның арқасына салып отырсам
бола ма? Әйтпесе, мына орындық тарлау екен! –депті.
Сонда Баянғали:
- Жҧрт сіздің қолтығыңызға қалай кірерін білмей жҥргенде, ӛзіңіз
ағалық қҧшағыңызды жайып жатсаңыз, одан қашып мен жынды
болыппын ба!?- деген екен.
Танау
1982 жылы «Қиқыматтың хикаялары» атты тҧңғыш кітабы
шыққанда,
Баянғали,
жанында
ақын
Әбубәкір
Қайранов
бар,
«Қаламгер» кафесіне келеді. Ол жерде отырған Асқар Сҥлейменовке
кітабын кӛрсетеді шаттанып. Асекең имек тҧмсығын саумалап қойып,
кітаптың сыртындағы Баянғалидың таңқиып тҥскен суретіне қарап
отырып:
- Қазіргі жігіттер қызық, бір кітап шығарса болды, танауларын
кӛкке кӛтеріп шыға келеді!- депті .
Сонда Баянғали:
- Біреудің танауы кӛкке қарайды, біреудің танауы кӛтке қарайды!-
деген екен. Асекең: « Класс!-« депті, мырс етіп.
Кемшілік пен артықшылық
Ақын Жарасқан Әбдірашев бір жиында қызыңқырап қалып, біраз
шу шығарса керек. Ертеңіне жанында бірге болған Баянғалидан:
- Баян, кеше менен біраз кемшілік кетті-ау білем?!- деп сҧрайды
ыңғайсызданып. Сонда Баянғали ағасының кӛңілін аулап:
- Жарасқанға бәрі жараспай ма, сізде кемшілік болмайды ғой!-
депті.
Сонда Жарасқан:
- Кемшілік болмағанмен, ағаңнан біраз артықшылықтар кетті-ау!-
деген екен.
Ақындық салыстыру
Бірде ақын Кеңшілік Мырзабеков Баянғалиға аяқ астынан:
- Мен сенен де мықты ақынмын! –депті.
Сонда Баянғали:
- Ақындығыңызды енді суырып салма ақындармен салыстыратын
болғансыз ба?! – деген екен.
Бірден классик атанасыз...
Ақын Жҧматай Жақыпбаев бірде сырласып отырғанда: - Қандай керемет ӛлеңдер жаздым! Ешкім бағалап, қадірлеп жатқан жоқ! Бҧл қазаққа енді не істеуім керек?-депті. - Сізге енді ӛлу керек!- депті Баянғали.- Ӛлсеңізбірден классик атанасыз! Ӛмірі кӛрмеген қҧрметіңізді кӛресіз, естімеген жылы сӛзіңізді естисіз, мінбеген мәшинәңізді мініп, ӛмірі жатпаған тыныш жерге барып жатасыз! Жҧмекең классик болудан бас тартып: -Қой, одан да коньяк ішіп алайықшы!- дей берген екен.
Прописка
Ақын Әбубәкір Қайранов Алматыда пропискаға тҧра алмай
қиналып жҥргенде, Жҧматай Жақыпбаев оны ӛз ҥйіне тіркетіп
алмақшы болады. Әй деп, бҥй деп жҥргенде, реті келіңкіремей біраз
уақыт ӛтіп кетсе керек. Бір қызу бас қосуда ӛңшең жазба ақындар
Баянғалиға ӛлең айтқызады. Сонда сӛздің бір ыңғайында Жҧмекеңе:
Ертеңгі бас жазарың қамдандырып,
Жҥргенше мыннан жҧлып, аннан жҧлып,
Әбішті шыныменен інім десең,
Ҥйіңе алмайсың ба заңдандырып!- деген екен. Жҧмекең кҥліп
жіберіп: «Болады, болады!»-дей беріпті.
Нағашы мен жиен
Жазушылар одағының ҥйінде ақын Иранбек Оразбаев жанынан
сәлем беріп ӛте берген Баянғалиға:
- Ӛй, жаман жиен ! –депті.
- Нағашыма тартқам! – деп, кете беріпті Баянғали.
Иранбек оны тосып тҧрып, қайта ӛте бергенінде:
- Ӛй, жақсы жиен!- депті.
- Әкеме тартқам! – депті Баянғали.
Ирекең кҥліп:
- Әй, мен сені бҧдан былай әкесіне де, шешесіне де тартқан жақсы
жиен деймін!- деген екен. Олай дейтіні, Иранбек Оразбаев – қылды
қарауыл, заманында аталары Кенесары қолымен бірге аттанып, Сыр
бойын мекендеп қалыпты.
Баспа бас
Иранбек Оразбаев Қызылордада «Қорқыт ата және Ҧлы дала сазы» атты тҥрік халықтары жыршы-жырауларының фестивалінде Баянғалиға он ҥш томдық шығармалар жинағын сыйға тартыпты. Баянғали оған 64 беттік жҧп-жҧқа « Деген екен» кітабын сыйлап тҧрып: - Нағашы, мына кітабым бҧрын да абыройсыз емес еді, енді жҧртқа Иранбек Оразбаевтың он ҥш томына баспа-бас айырбастадым деп айтамын!- деген екен.
Шегіністер
Ғалым, сыншы Асқар Егеубаевқа « Жҧлдыз» журналы бес беттік мақалаға тапсырыс берсе, ол кісі он бет қылып жазып әкеліпті.Тӛгілдіріп, лирикалық шегіністермен жазған мақаланы қалай қысқартудың ретін таппай, редакция қиналып отырғанда, Баянғали Асқар ағасына телефон соғып: -Асеке, керей басымызбен шегіне бергеніміз қалай болады? Тікелей алға тарта берсек қайтеді?! –дегенде, Асқар кҥліп жіберіп, мақаланың лирикалық шегіністерін алып тастап, ӛзі қысқартып берген екен.
Алатау мен Кӛрнекті
Сатирик Кӛпен Әмірбековтың әйелі Алма Ҥмбетова – Кӛкшетаудан, Кӛрнекті ауылынан, Абылай заманында келген қырғыздардың ҧрпағы. Ол Баянғалидан бес-алты ай ғана ҥлкен, бірақ, соны алға тартып, Баянғали Кӛпен ағасын жезде деп қалжыңдайды
екен. Бір кҥні Кӛкшетауға келген Кӛпенді Баянғали Кӛрнектіге іздеп барады. Келсе, Кӛпен мен Алма есік алдында бір топ туыстарымен тҧр екен. Қҧшақтасып, арқа-жарқа амандасқан соң, Кӛпен: - Апырмай, адаспай қалай таптың?!-депті. Ӛзі кездейсоқ тҧрып қалды ма, әлде, кҥйеу жолымен әдеп сақтаған тҥрі ме, есіктің босаға жағында тҧр екен. Кӛрнекті Кӛпеннің Кӛрнектіде кӛпе-кӛрнеу кӛпейленіп тҧрғанын кӛргесін, Баянғали: - Алатаудың қырғызын адаспай тапқанда, Кӛрнектінің қырғызын таппай не бопты? Мені қырғыздың тӛріне шығарған алла ғой, сені қырғыздың босағасына отырғызған Алма ғой! – деген екен.
Халық пен ру
1992 жылы қазақтың тҧңғыш қҧрылтайында Монғолияның
Баянӛлгий аймағының әкімі Мизамхан Қазақстан президенті Нҧрсҧлтан
Назарбаевқа : «Керей халқының атынан!» - деп, шапан жауыпты.
Жиын аяқталған соң жазушылар Мереке Қҧлкенов пен Рақымжан
Отарбаев Баянғалиға:
- Сендер қашан халық боп алғансыңдар?- депті әзілдеп. Сонда
ақын:
- Иә, біз баяғыдан керей деген халықпыз! Ал сендер есентемір,
ысық деген русыңдар! – деген екен.
Шындық пен мақтан
- Баянғалидың мақтанғаны да ӛзгеше, ешкімге тиіспейді, таласпайды, ӛз бетінше мақтана береді,- депті ғалым Тҧрсын Жҧртбаев. - Жоға, мен мақтанбаймын ғой, бар болғаны шындықты айтамын! Ал егер мен туралы шындықтың ӛзі мақтан сияқты болып жатса, шынымен осал болмағаным ғой! – деген екен ақын.
Ақын Ақылбек Шаяхметов «ң-ды» »н»деп сӛйлейді. Қостанайда
ӛткен 50 жылдығында Әлфия Орманшинамен айтысып отырып, той
иесін жезде деп әзілдейтін Баянғали :
Ақылбектің жырымен
Аналар бесік тербейді,
Ӛлеңін жаттап балалар,
Қазақша жатық сӛйлейді,
Баланың тілін ҧштаған
Сол Ақаңның ӛзінің
Ң-ға тілі келмейді!
Балдарды қорғаймын деп тіл шҧбардан,
Ҥлгілі,ӛнегелі жыр шығарған,
Ақаңның ң-ға тілі келмейтіні,
Тілінің ҧшын апам қыршып алған!-деген екен.
Ақылбектің әйелі Бақыт- керейдің қызы, бес баланың анасы.
Бір ӛлең
Бір ақын ағасы Баянғалидың « Аңыз бен аспан» деген кітабын
оқып, телефон соғыпты:
-Кітабыңда керемет бір ӛлең бар екен...Қалғандары жай ғана
жақсы дҥниелер...-депті.
Сонда Баянғали:
- Рахмет, аға! Сізде ол да жоқ қой!- деген екен.
Қылыш пен коньяк
Жас кездерінде сыншы, ғалым Әуез Бейсебаев Баянғалимен бірге
біраз шырқаса керек. Бір кезде Баянғали қынаптағы қылышын әкеліп
кӛрсетіпті.
- Жҥзі ӛтіңкіремейді білем, қайрау керек,- депті Әуез, қылышты
арлы-берлі қарап.
- Кел, бәстесейік, қайрамай-ақ осы қылышпен басыңды бір
тартқанда шауып тҥсіремін!-дейді ақын.
-Басымды осы қылышпен бір тартқанда шауып тҥсірсең, мен саған
бір коньяк қоямын!- дейді қызып алған Әуез қайтпай.
- Онда мен оны кіммен ішемін?-деп, Баянғали қылышын қынына
салған екен.
Қара кӛзілдірік
Ордабасыдағы жиында қара кӛзілдірік тағып алған ақын Ерік Асқаров Баянғалиға: - Кеше шырқап кетіппіз! Қара кӛзілдірік тақсам басым айналады! Сіз ішіп жҥргенде қара кӛзілдірік тақсаңыз,басыңыз айналушы ма еді?!- депті. Сонда Баянғали: - Білмеймін! Мен ішіп жҥргенде қара кӛзілдірік тақпайтынмын! Қара кӛзілдірікті жҧртқа таққызатынмын! – деген екен.
Қылмыстық топ
Ақын Әбубәкір Қайрановтың Алматыдағы Мамыр ықшам ауданындағы ҥйінде ақындар жиі бас қосып,поэзия кештерін ӛткізіп тҧрады.Бір жолы Семейден ақын Тыныштықбек Әбдікәкімов келіпті.Оларға сәлем бере келген жас ақындар қандай,емін-еркін бір жҧма дҥрілдетсе керек.Бір кҥні Баянғали звондаса,телефонды Әбубәкірдің сабырлы,парасатты зайыбы Гҥлзия алып,болған жайды айтады.Сонда Баянғали. Қосылса Әбубәкір,Тыныштықбек, Кетеді қаңтарда да кҥн ыстық боп, Мамырды азан-қазан қылады екен Секілді басын қосқан қылмыстық топ!—деген екен.
Кӛл мен ақын
Ақын Қҧдайберлі Мырзабеков бір кҥні Кеңащыдағы Баянғалидың ҥйіне келіпті. -Аға,елдегі бір кӛлді меншіктеп алайын деп жатырмын...Жағасын жайлап,ондатр ӛсіріп,шаруашылықпен айналысатын ойым бар,- деп,естен тандыратын біраз идеяларын ортаға салады.Баянғали ҥндемей тыңдап болып, ең соңында: -Қарауылдан ақын шықса,кӛл жағалайтын әдеттерің бе?-деген екен. Қҧдайберлі кҥліп жіберіп, ақыры кӛл шаруашылығымен айналыспай кетіпті.\ Ақан сері – қарауыл.\
Айтыстан кейінгі айтыс
1984 жылы Кенен Әзірбаевтың жҥз жылдығына арналған
республикалық айтыста Алматы қаласының атынан айтысқа тҧңғыш
рет шыққан Баянғали шымкенттік Әселхан Қалыбековамен айтысады.
«Сен Кӛкшетаудан келіп, Алматыны меншіктеп алыпсың ғой!» - деп
қалжыңдаған Әселханға Баянғали:
Адамбеков Садықбек,
Бақбергенов Сәуірбек,
Найманбаев Қалдарбек,
Тҧрсынқҧлов Қалаубек,
О да келген Шымкенттен!
Әлімқҧлов Тәкен мен
Сҥлейменов Асқар да,
Исабеков Дулат пен
Талай мықты басқаң да
О да келген Шымкенттен!
Ӛтебаев Тынысың,
Бізден тауып жҧмысын,
О да келген Шымкенттен!
Әмірбеков Кӛпенің
Одан басқа бӛтенің,
Ергӛбеков Қҧлбегің
Одан басқа сан бегің,
О да келген Шымкенттен,
Мықты болса қалаңыз
Неге келген Шымкенттен!- деген екен.
Содан, айтыстан кейін, жазушы Тҧтқабай Иманбеков, аудармашы
Қайсар Жорабеков, сыншылар Сайлаубек Жҧмабеков, Әуез Бейсебаев,
фототілшілер Сайлаубек Пернебаев, Берсінбек Сәрсенов, Баянғалидың
курстасы, аудармашы Лесбек Нҧрымбетов, журналист Қалыбек
Атжанов, сатирик Базарбек Тҥкібаев, тағы да біраз шымкенттік
жолдастары ӛкпесін білдіріпті.
- Шымкенттік мықтыларды айтқанда, бізді неге айтпай кеттің!?-
деседі.
Сонда Баянғали:
- Сендер анау сан бектердің ішіндесіңдер ғой !- деген екен.
Ҥзілдік пен Гҥлжайна
Жҧбан Молдағалиевтің 80 жылдығына арналған республикалық айтыста \Орал қаласы, 2000 ж .\ ақындарды алдын-ала жҧптағанда Баянғали Батыс Қазақстандық ақын қҧрдасы Ҥзілдік деген келіншекпен айтысатын болады. Дәл айтыс басталарда Ҥзілдіктің ауданнан келе алмай қалғаны белгілі болып, қазылар алқасы Баянғалиды ӛзінен кӛп кіші оралдық ақын қыз Гҥлжайна Бисенғалиевамен айтысқа шығарыпты. Жаңа ғана танысқан қарсыласына Баянғали:
Қҧрдасымыз Ҥзілдік,
Жолына қарап сҥзілдік,
Ҥзілдігім келмей қап,
Ҥздігіп босқа бҧзылдық!
Гҥлдей нәзік Гҥлжайна,
Кҥндіз жайна, тҥн жайна,
Жалғыз ӛзің жайнамай,
Меніменен бір жайна! – деп әзілдеп, екеуі әдемі айтысып кеткен
екен.
Ӛлеңнің жаңғырығы
2015 жылы Баянғалидың «Сен ешқашан ӛзгерме» деген ӛлеңіне фейсбукта біраз жақсы пікірлер айтылыпты. «Керемет! Ӛлеңнің тӛресі» \Сҧңғат Әліпбаев\, «Ой,пәлі! Сіз де ешқашан ӛзгермеңіз!» \ Ақмарал Ноғайбаева \ деп, сҥйсінген қауыммен бірге, Ақ Жайықтан айтыс ақыны Шолпан Қыдырниязова да ӛзінің ризашылығын: « Байекең біләә!» деп білдіріпті. Сонда Баянғали: Самалдай соққан теңізден, Жыр жазып мӛлдір сезіммен, Қыздардың жанын толқытып, Шолпанға білә-ә! дегізген! Ай, да, Байеке!- деген екен.
Әсем шал
2016 жылдың қаңтарында Фейсбуктан Баянғалидың домбыра
ҧстап тҥскен суретін кӛрген Сәуле Әбжанқызы деген оқырман: «Әсем
шал деп ӛзіңіздей адамды айтатын шығар!»- деп жазыпты. Оған
Баянғали:
Бҧрынғыдан сабырлымыз, бәсеңбіз
Баян емес, Байекеңбіз, Бәкеңбіз,
Сіз де қандай нәзік жанды едіңіз,
Әсем шалдан әсерленген әсем қыз!- деген екен.
Тӛрткҥл дҥние мен Толыбай
Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Ақтӛбе облысында Халықаралық этнофестиваль да ӛткізіліпті. Алтай, хакас қайшыларымен бірге соған қатысқан Баянғали Әйтеке би ауданының ең қиыр шеттегі Толыбай ауылына бара жатқанда домбырашы Абдулхамит Райымбергеновтен: - Әлемнің қанша елінде кҥй тарттың?- деп сҧрапты. - Австралиядан басқа жердің бәрінде болдым! – депті, ӛзі ақтӛбелік кҥйші. - Толыбайда болдың ба?- депті ақын. - Жоқ!- дейді кҥйші. Толыбайға келіп тҥсе бергенде, Баянғали Абдулхамитке: Созады нағыз дарын қолын айға, Ӛнердің бастамайды жолы қайда? Әлемді аралаған Әбділхамит Ақыры келді-ау міне Толыбайға! – деген екен.
Омбыдағы кездесу
Баянғали Кӛкшетауда біраз жыл әнші, сазгер Иран Ильяшевпен
тоғыз қабатты ҥйде кӛрші тҧрыпты. Қаланың жағдайы белгілі,
кӛршілердің ӛзі бірін-бірі біле бермейді ғой. Бір кҥні Ақмола
облысының ҥлкен делегациясы Омбы облысына достық сапармен
барады. Оның қҧрамында Баянғали да, Иран да бар екен. Омбыда
кездесіп қалған ағасына Баянғали:
Кӛрші боп, Ирекеңмен оңды болды,
Кездесетін жеріміз Омбы болды! – деген екен.
Кім кінәлі?!
Бір кҥні Баянғали «Ана тілі» газетінің бас редакторы, жазушы Самат Ибраимға телефон соғып, редакцияға жолдаған ӛлеңдерінің жайын сҧрайды. Сонда Самат: - Ӛлеңдеріңізді басамыз! Бірақ, Абылай ханның 300 жылдық тойында, Кӛкшетау мәдениет сарайында бір амандастым, ипподромдағы салтанат кезінде тағы бір амандастым! Сәлем алғаныңызбен, мені танымағаныңыз қалай?!- депті. Сонда,талай ӛлеңжырларын жариялап жҥрген, дос кӛңіл замандасына Баянғали: - Апырмай, қызық болған екен! Кӛрмегелі кӛп болды ғой! Не мен алжиын деген шығармын, не сен қатты ӛзгеріп кеткен шығарсың! – деген екен.
Ржевтің батыры
Баянғалидың курстас досы Масат Беріков –«Нҧр-Отан» партиясының Жамбыл облыстық бӛлімшесі тӛрағасының бірінші орынбасары. Студент кезінде шындық ҥшін КазГУ-дің мҧғалімдерімен дауласып қалады екен. Әсіресе, Брежнев награда алған сайын, маршал атағын алғанда: »Осындай ӛтіріктің қажеті не?!»- деп сҧрақ қояды. Мҧғалімдер оның бәрін дҧрыс, халыққа керек деп тҥсіндіріп бағады. «Қажеті жоқ!»- деп, қаны қайнаған Масат кейде жатақхананың ҥлкен шыны әйнектерін шағып тастайды екен. Бір жолы ЛДПР тӛрағасы Владимир Жириновский келгенде қарсы алыпты. Келесіде Ржев маңында қаза болған жамбылдықтарға Тараз қаласында ескерткіш қоюға демеуші болып, дауға да қалады. Сӛйтіп жҥріп, кӛптен хабарласпай кеткен досына Баянғали былай деп СМС жазып жіберіпті:
Аталы жерде ер жеткен,
Атағы шыққан Ржевтен,
Шыныдан маржан шаштырып,
Шырылдап шындық іздеткен,
Жаныстан шыққан жолбарыс
Жириновскиймен жҥздеткен,
Масатжан, аман-саумысың,
Хабар-ошарсыз мол кеткен!
Хатты алысымен, Масат телефон соғыпты.
Қол мен шанышқы
Баянғалидың бір бастық балдызы етті қолымен жемей, шанышқы
сҧратып алыпты.
Сонда ақын :
-Қайтсін, қолы таза емес қой! - деген екен.
Қажы мен тазы
Бір жиында бір ақсақал ағамыз бетімен сӛйлеп,әркімді бір кекепмҧқап,ғайбаттап,мазақ қылып,арасында бәдігін сапырып отырыпты.Ӛзі кезінде ҥлкен қызметтер атқарған,кейіннен қажыға барған кісі екен.Онымен кім тайталасып жатсын? Жҧрт ҥндемеген сайын әбден кӛсіліп: »Менің тілім ащы, сҧғып алсам, тиген жерін сойып тҥсіреді! »- деп, біраз жерге барып қайтса керек. Сонда Баянғали:
Айтайын бір ауыз сӛз әзіл ҥшін
Ағасы, сен шынымен қажымысың,
Талай жыл хатшы болып,басшы болып
Қҧдай жоқ дегеніңе разымысың,
Тҥлкідей мың қҧбылған заманыңды
Қажы боп шалып жҥрген тазымысың?!
Жиналған осы тойға алқа топқа,
Айтатын жӛні тҥзу сӛзің жоқ па,
Ӛзіңнің жыртығыңды бҥтіндеп ал
Біреудің тесігіне тілің тықпа,
Қажы боп қағба тасты сҥйіп едің,
Аузыңды жҥрсің бе әлі былғап боққа!-деген екен.
Тҥн ішіндегі кҥріш
Ертеректе бір топ жас ақын тҥнделетіп бір ағаларының ҥйіне
келеді.Ҥй иесі қҧрақ ҧшып,шӛлмегін шығарып,әйелі қалған кҥрішін
жылытып,шай береді.Сонда ақындардың бірі әзілдеп.
Жеңеше, кӛп рахмет кҥрішіңе,
Жарады кҥрішің де бір ісіңе,-дей бергенде, Баянғали:
Кҥріштен артық қандай ырыс керек
Қаңғып жҥрген кісіге тҥн ішінде!-деген екен.
Рау мен жырау
Ақмола облысына Альберт Рау әкім болып келіпті.Бір кҥні әкіммен кездесіп,танысқанда Баянғали. - Вы - Рау, я - жырау!Меня зовут Баянгали Алимжанов, поэт, писатель, драматург, акын-импровизатор, жырау-сказитель, единственный казах-манасчи, режиссер, сценарист и актер кино, Заслуженный деятель Казахстана, лауреат Международной премии Кыргызстана, боксер, борец и на дуде игрец! Будешь меня уважать-то ты молодец, если не будешь уважать-то тебе ...конец!-деген екен.
Бастық пен қҧлақ
Бір кҥні Баянғали сырқаттанып, Астанада дәрігерге келсе, Еңбекшілдер ауданында басшылық қызметте істейтін қҧрдасы Темірбек Омаров отыр екен. Жӛн сҧрасқанда: -Асқазан ба, шек пе, бауыр ма, әйтеуір іш қҧрылыс мазамды алып тҧр,-дейді ақын. - Е-е, жей бересіңдер, жей бересіңдер! Содан ауырасыңдар!-депті Темірбек. Сонда Баянғали: -Сендердің жегендеріңнің жанында біздікі не дейсің? Жегеннен ауырса, бастықтар баяғыда мҥрдем кетер еді ғой! Ӛзің неғып жҥрсің?- деген екен. -Қҧлағым ауырып...-дейді әкім қҧрдасы. Сонда ақын: -Бастыққа қҧлақтың керегі не? Бәрібір ешкімді тыңдамайсыңдар!- деген екен.
Жем мен тарих
Қҧрдасы Темірбек Омаровқа Баянғали: « Апайыма жем тауып
бер!» дейді.
Бір кҥні Темірбек звондап:
-Әй,қҧрдас, биыл қҧрғақшылық болды ғой, жем дефицит! Бірақ,
сен айтқасын бес қап жем тауып бердім! Ӛлеңіңе кіргізіп, кітабыңа
жазып қой!-депті.
- Немене, бес қап жеміңді арқалап, тарихқа кіре қояйын деп пе
едің?-деген екен ақын.
Ештен кеш...
Біржан салдың туысы, Бертіс биден тарайтын Ермек Нҧғыманов
аудан әкімі боп тҧрғанда Баянғалидың апайы Майкеге бір машина
бидай жемін беретін болыпты.Біраз уақыт ӛткен соң,бидай болмай
тҧр,ешпен берейін дейді.Оның да аяғы созылып кетіп,қыс ортасында
кездесіп қалған Ермекке Баянғали.
Мен Кӛкшетауға кӛшкенде
Сен әкім болып ӛскенде,
Әуелі бидай берем деп
Артынан тҥстің ешпенге,
Мақҧл боп ек оған да
Сӛзіңіз мҥлде ӛшкен бе? –дегенде, Ермек:
- Ойбай, аға, жҧмыстан қол тимей кетті,ертең жеткізіп берем!-
депті. Сонда Баянғали.
Мҧныңа да ризамыз
Кеш жақсы деп ештен де!-деген екен.
Сәлем беру
Бір кҥні Баянғали баласы Нҧрланмен бірге Степнякқа келеді.
Аэрофлот кассасының алдында аудан әкімінің орынбасары Сансызбай
Балтабеков пен облыстық мәдениет басқармасының бастығы Кҥміс
Мҧратбекова кездесіп қалады. Ақын олармен амандасады. 6-7 жасар
Нҧрлан Сансызбайға қос қолдап сәлем береді де, Кҥміске сәлем
бермейді.
- Тәтеңе неге сәлем бермейсің? – дейді Баянғали. Сонда кішкентай
Нҧрлан:
- Ӛй, ол қатын ғой! – депті, шынымен таңғалып. Әйелге қол
бермейтін қазақ салтын ҧстанған ауыл баласының қылығына бастықтар
әбден кҥлген екен.
Нҧх пайғамбар мен қой, жылқы
Баянғалидың кішкентай немересі Ғабдолла:
- Ата, Нҧх пайғамбар қазақ па?-деп сҧрапты. Сонда атасы:
-Кемедегі қой мен жылқыны жеп қоймай, аман алып шыққанына
қарағанда қазақ емес-ау!- деген екен.
Ҥш қатын мен кҥшті ақын
Ақын Әбубәкір Қайранов телефон арқылы сӛйлескенде:
-Гҥлзия Семейге тойға кетті. Қасында Ғанимат қҧдағи, тағы бір
әйел бар –депті. Сонда Баянғали:
Тойға кетті ҥш қатын,
Ҥйде қалды кҥшті ақын,
Енді қандай амал бар
Отырып ал да қыс тақым! – деген екен.
Иттің ірісі
- Анау ағамыз бетіңе кҥлгенмен, сыртыңнан сен туралы жаман сӛз
айтады, байқап жҥр,- депті бір кісі. Сонда Баянғали:
- Артыңнан ҥрген иттің де ірі болғаны жақсы! – деген екен.
Жҥру
Бір ҥлкен кісі алқа топтың ішінде әркімге бір ҧрынып, аузына
келгенін айта берсе керек. Сонда Баянғали :
- Аға, біз жҥре берейік, сіз ... – деп, шығып кете беріпті.
Қызық-ай!
«Кеңащы» ауылында тҧрған кезінде бір жолы Баянғали Абай деген жылқышы, Жамбыл деген тракторшымен жылқыға, соғым әкелуге аттанады. Шығарда інілері ақын ағаларына еркелеп, бір-екі жҥз грамм ішіп алады. Қысқы далада Жамбыл тракторын бҧрқыратып, жылқыға келеді. Абай бір айғырға қарғып мініп, шу асау жылқыларды шыр айналдыра қуып, қҧрықпен семіз байталды ҧстайды. Ауылға алып келгесін, Молдабай, Серғазы, Нығмет, Нҧрсҧлтан, Сабыр деген кӛршілері жабыла кетіп, соғымды сойып, рахаттана қуырдақ жеп отырғанда Баянғали: - Жігіттер, бір қызық әңгіме болып тҧр. Абай мен Жамбыл, Баянғали ҥшеуі соғымға барыпты, Абай мен Жамбыл ӛлең шығармайды екен, Баянғали ақын екен, Абай мен Жамбыл ішіп алыпты, Баянғали ішпепті дегенге ешкім де нанбайтын шығар?! Сӛйтіп, Абай мен Жамбылдың әкеліп берген соғымын Нҧрсҧлтан сойып беріпті десек, тіпті қызық-ау, ә?! - деген екен.
Керей мен қарауыл
Баянғалидың анасы Бәтима – Арғын, Қылды қарауылдың қызы.
Мектепте оқып жҥрген Баянғалидың тілін қызық кӛріп, бір кҥні:
-Керейдің атасы кер жорға ит деген сӛз қалыпты бҧрынғыдан!-
дейді.
Сонда бала Баянғали:
- Мама, Қарауылдың атасы қарала ит десем жақсы кӛресің бе?-
дегенде, анасы әбден кҥліп, ризашылықпен басынан сипаған екен.
Керей мен найман
Баянғали оныншы класта оқып жҥргенде Степнякта, апасы Ләйләнің ҥйінде тҧрыпты. Бір кҥні бір жолаушы келіп, Семей жақтан келе жатқанын, жҥк машинасы сынып қалғанын, енді бҥгінше қонып шығатын ҥй іздеп келгенін айтады. Содан апа-жездесі ата-аналары Сҥйіндік пен Кҥлшатты шақырып, әлгі кісіні тамақтандырып, қонуға ҥлкен ҥйге жібермек болады. Ас ҥстінде сӛйлесіп, жӛн сҧрасады. - Мен Найман жігітімін, - дейді қонақ. – Сіздер кім боласыздар? - Керейміз,- дейді Сҥйіндік ақсақал. - Е-е, керей болсаң, керей бізде де бар! Біз оларды: « Керей, шертіп қалсаң серей!» дейміз!- депті қонақ. Ҥйдегілер не дерін білмей, ҥндемей қалса керек. Сонда, керейдің ҥйіне кіріптар болып келіп, кекетіп отырған қонақтың қылығына қаны қызып кеткен оқушы Баянғали: - Мына найман, не деген хайуан!- деген екен. Жҧрт ду кҥліпті.
Қыземшектің қызуы
2015 жылдың кҥзінде Кӛкшетауға бара жатқанда, жол бойындағы
бір тӛбеден ӛте бергенде:
- Мына тӛбенің аты Қыземшек! Қазақ ат қоюға шебер ғой! Қалай
дәл қойған!- дейді Баянғали рӛлде келе жатқан жас музыкант Мейрам
Тәлімҧлына.
- Кәне? Кәне!? Керемет ! – деп, Мейрам қызыға қарап, мойнын
бҧрып, ҧмтылып-ҧмтылып қойса керек. Сонда ақын әзілдеп:
Қыземшекті кӛргенде қыз-қыз қайнап,
Жӛнелдің мәшинәңді жҥзбен айдап,
Сіздей кезде біздер де шырқағанбыз,
Тҥлкіні қарға аунатып, мҧзбен ойнап,
Қол жетпеске мойныңды созамын деп,
Жолдан шығып кетпегін сорың қайнап! – деген екен.
Аталмай атым қалмас-ты...
2014 жылдың 16 қазанында алпыс жасқа толған Баянғалиды
ағайын-туыс, дос-жаран, қазақ, қырғыз оқырман-кӛрермендері қызу
қҧттықтап жатқанда, туған жері Ақмола- Кӛкшетаудың, тҧрған жері
Астананың ресми билік ӛкілдерінен, Жазушылар одағынан, баспасӛз
қҧралдарынан еш хабар болмапты. « Халқым ҥшін қызмет қылам
қалтқысыз, мақтамаса мақтамасын бізді ешкім» деп жыр жазған, осы
жылы бірнеше жақын адамдары қайтыс болып, кӛңілі қаяулы жҥрген
ақын біраздан соң былай деген екен:
Талғамның кӛріп талқысын,
Қияда жырым қалқысын,
Асқарым болдың айтулы
Атаусыз кеткен алпысым!
Ӛнерім менің алмас-ты,
Асылға ӛткен жалғас - ты,
Алты ауыз сӛзін қия алмай,
Бастықтар да, БАҚ-тар да
Апырмай, неден алжасты,
Аруағы барда Алаштың
Аталмай атым қалмас-ты!
Ҥміт пен сенім
Белгілі кәсіпкер Марат Нәбиев қамқорлық жасап, қаржылай кӛмектескен талапкерлердің біразы алға басып, азамат атаныпты. Олардың ішінде әр салада елеулі тҧлғаға айналғандары да бар. Сенімін ақтамай, алдап кеткендері де жоқ емес екен. Бір тойда сапқа тізіліп, сӛйлеп тҧрған бір топ адамға қарап отырып, Мараттың жақын ағасы Айтбай : - Осылардың кӛбін адам қылған Марат! – депті Баянғалиға. Сонда ақын: - Е-е, біздің Марат адам еместерді де адам қылған ғой! – деген екен. Айтысқа неге келдің!?
- Сен жазушысың ғой, айтыс пен жырға кеткенің қалай?-депті бір
жазушы жолдасы.
- Сонда Баянғали:
- Бҧл сҧраққа 1985 жылы айтқан мына ӛлеңіммен жауап берейін:
Тоған болған ойларды
Бҧздырғалы келгенмін,
Суып қалған қандарды
Қыздырғалы келгенмін,
Кеудемдегі жалыным
Сӛнбесін деп келгенмін,
Қазағымның киелі
Айтыс дейтін ӛнері
Ӛлмесін деп келгенмін!- деген екен.
Арыз
Ақмола облыстық филармониясына Ҧлы Отан соғысында қыршын кеткен композитор, әйгілі « Жас қазақ» әнінің авторы, Кӛкше ӛңірі, Қҧдықағаш ауылының тҥлегі Рамазан Елебаевтың атын беру жӛнінде ҥлкен дау болады. Қазақтың біртуар азаматының ардақты есімін ардақтау ісіне белсене араласқан Баянғалидың ҥстінен біреулер облыс әкімі Мәжит Есенбаевқа ақынды «ҧлтшыл, рушыл» деп айыптап, арыз да жазады. Сонда Баянғали:
Біздің ел қазақ елі аталады,
Ана тіл әуенінен от алады,
Бізді ешкім жеңе алмайды, ҧмытпасақ
Бір алла, пайғамбар мен аталарды!
Ӛлеңнің ашсам бҧлағын,
Азаттық менің ҧраным,
Жасымнан жырлап келемін,
Даланың байтақ жыр-әнін,
Тҥбі бірге тҥрігім,
Қырғыздың Манас қыранын,
Тату-тәтті кӛршім деп
Қыздарымен орыстың
Қалжыңдасып тҧрамын,
Жалпыға шаштым жарқырап
Жанымның әзіл шуағын!
Жақсылықтан қашпаймын,
Жамандыққа баспаймын,
Мақтағанға таспаймын,
Әуелі Алла жар болып,
Алашым қолдап тҧрғанда,
Манасым қолдап тҧрғанда,
Басқалардан саспаймын! – деген екен.
Аяғыңды тоса қоймадың ба?
Баянғалидың әкесі Тақан ақсақал – ҧлы Отан соғысының екінші топтағы мҥгедегі, соғыстың басынан аяғына дейін қатысып, Берлинге дейін барып қайтқан. Екі рет ауыр, бір рет жеңіл жараланған. Бір жолы танк снарядының жарықшағы шекеден тиіп, әрең аман қалған екен. 1996 жылдың жазында соғыс мҥгедектеріне жеңіл автомобиль берілетіндігін естіп, ауырып жатқан ақсақал Баянғалиға: "Мені комиссияға апар,"- депті. Аудан мен облыстағылар әрлі-берлі қарап, ақынға: "Анда барып ӛйтіп жіберсеңіз, мында барып бҥйтіп жіберсеңіз, біреу-міреулер кӛмектесіп жіберсе, атай машина алуы мҥмкін,"- деп ақыл беріпті. Сонда ақын: "Менің әкем қанын блатпен тӛккен жоқ, машинаны да блатпен алмайды! "- деп, дѐрігердің әділ шешіміне жҥгініпті. Дәрігерлер дҧрыстап қарап: "Әкеңіздің сырқаты бір емес, бес кісіге жетерлік екен, он машиналық еңбегі бар екен! Мҧндай ардагерлер қазір ӛте аз қалды ғой, бәріне де машина берсе артық емес,"- деп жылы сӛзбен шығарып салыпты. Сӛйтсе, заң бойынша, аяғынан ауыр жараланған кісіге машина беріледі екен де, Тахаңның жарақаттары ол заңға жатпайды екен. Ақсақалды ҥйіне әкеле жатып, Баянғали: "Ал, енді мазаны алмай тыныш жат ҥйде. Осының бәрін әуелде ойламаған ӛзіңнен кӛр! Оққа басыңды тосқанша, аяғыңды тоса қоймадың ба!? "- деген екен.
Қара шалдар
Мҧхтар Әуезовтың 100 жылдығына арналған айтыста\Алматы,
1997ж.\
шымкенттік Әселхан Қалыбекова Баянғалиға әкесі Тақан ақсақалдың
қазасына кӛңіл айтады. Сонда сӛз кезегі келгенде, Баянғали былай
жырлаған екен:
Менің әкем Тақанның
Ерлігі кӛп айтатын,
Жауған оқтың астында
Жау тылынан «тіл» іздеп,
Тҥнде талмай жортатын,
Тоғыз танкі талқандап,
Таң атқанда қайтатын,
Бейбітшілік заманда
Бір телешке шӛп сҧрап,
Қолтықтап ап шалдарды
Канторға қарай тартатын,
Барлығын жеңген батырың
Қайран анам Бәтима
Марқҧмнан жаман қорқатын!
Менің әкем Тақан шал
Фашистке ойран салыпты,
Берлинге дейін барыпты,
Қиратушы еді оны да
Қырық шақырым қалғанда
Соғыс бітіп қалыпты,
Гитлер менен Геббельс:
«Тақан келсе болмайт,деп,
Жағдай енді оңбайт!»- деп,
Атылып ӛліп қалыпты!
Менің әкем секілді
Қара шалдар жасасын
Халық қылған халықты!!!
Шалдар жайы мәселе саналмай жҥр,
Әлі де ҥкіметте қаралмай жҥр,
Бір кезде Берлинді алған хас батырлар
Банкіден пенсиясын ала алмай жҥр!
Кемпір менен шалдарды
Осыншама жҥдетіп,
Сорлатуға болмайды,
Кемпір менен шалдарды
Тарықтырып тҧрмыста,
Зарлатқандар оңбайды!
Содан Әселхан сӛзді бір кезекте бҥгінгі ел байлығын тонап алған ҧрықарыларға бҧрып, « сырттай қарасаң бәрі әп-әдемі, галстук тағып, таптаза , сып-сыпайы боп жҥреді, ал ӛз қҧлқындарын ойлағанда керемет! « - деп ашына жырлайды. Сонда сӛзді іліп әкеткен Баянғали былай депті:
Ҧрының ең жаманы сыпайысы,
Болмайды ондайлардың қҧдайысы,
Ҧрының қолын шауып тастайтҧғын
Бәрінен жақсы екен ғой Қытай ісі.
Билікке аз ғана кҥн кетсе жолап,
Алады ел байлығын тҥгел тонап,
Қытайдың заңын егер бізге енгізсе,
Болар ед бастықтардың кӛбі шолақ!
Елбасымен кездесу
1994 жылдың жазында Қазақстан президенті Нҧрсҧлтан Назарбаев Кӛкшетауға келгенде облыс басшылары Баянғалидан Қарасуға барып, ӛлең айтып беруін ӛтінеді. Келесі кҥні қой бағудың кезегі келіп тҧр екен, оны әкесіне тапсырып, ақын Бурабайға барады. Президенттің қайықпен жҥзгенін кӛрген адамдар: "Мықты адам екен, соңынан жҥзген екі адамға жеткізбеді,"- дейді. Біраз уақыттан соң дастархан басында кезек ақынға келеді:
Алла деп мен кірейін ӛлеңіме,
Ризамын бҥгін сізді кӛргеніме,
Ӛскемен, Семей жағын орағытып
Кӛгілдір Кӛкшетауға келгеніңе,
Заманның тозаңынан тазардың ба,
Бір сҥңгіп Қарасудың тереңіне!
Қҧдайым аулақ қылсын қайғы-мҧңнан
Еліміз айрылмасын байлығынан,
Алып ӛт аман-есен қазағымның
Кемесін заманыңның айдынынан!
Кӛмекшің Иманғали қара бала
Ҧқсасын ой мен ісі даналарға,
Нҧрекең саясында жҥргеннен соң,
Бәйтерек болад шығар жеке дара,
Президент суда жҥзіп жҥрген кезде
Ҧйқыдан тҧрып жатқан жаңа-жаңа!
Ақылмен жҥрер жолды нҧсқап жҥрген
Халықты жақсылыққа бастап жҥрген,
Рахмет Нҧрсҧлтандай ағамызға
Амалдап орыс-қытай арасында
Абылай саясатын ҧстап жҥрген!
Беу, Нҧраға бері қара,
Дҥрсінгенді горбиттің
Ерсінгенді ербиттің,
Қазағыңды кӛркейттің,
Қумадың жолын егестің,
Қумадың жолын ӛңештің,
Ақылдың жолын ҧстадың,
Алшаң басып Ақ ҥйде
Клинтонмен де кеңестің,
Жапонның кӛрдің патшасын,
Ағылшын, испан басқасын,
Әлемдегі патшаның
Бәрімен бҥгін теңестің!
Ақынмын алдыңызда әнге басқан,
Атынан туған елдің шашу шашқан,
Кӛп сәлем әкеп тҧрмын ауылдағы
Қаракӛз, қандас бауыр қарындастан,
Асығып тҧра шаптым сіз келді деп
ҚойдыҢ да кезегіне қарамастан,
Жағдайын жақсартсаңыз ауылдардың
Жалғанда хан болмайды сізден асқан!
Нҧрекең рахмет айтып, демалуға кеткен соң, кӛмекшісі Иманғали
Тасмағамбетов қасында отырған тҧлғалы кісі – Амангелді
Шабдарбаевтың президентті қорғау бӛлімінің бастығы екенін,
Колбиннің тҧсында Қонаевқа қарсы арыз жазбағаны ҥшін қуғын
кӛргенін айтады. Оның ерлігіне риза болған ақын:
Қайтпаған КГБ-ның наганынан,
Сол ҥшін айырылған погонынан,
Тар жерде Димекеңді сатпай қалған,
Айналдым Амангелді табаныңнан!
Басыңнан Амангелді бақ кетпесін,
Ақының сӛзді қалай нақты етпесін,
Мәз болып ӛлең тыңдап отырғанда
Бір сҧлу президентті ап кетпесін!- деген екен.
Содан елге келсе, аудан активі президент ауданға келіп қалар ма екен деп кҥтіп отыр екен. Ақынның әңгімесін тыңдап, мән-жайға қаныққаннан кейін, аудан әкімі Кеңес Мҧқатов: "Бізге де бірдеңе айтсаңшы,"- дейді. Сонда Баянғали:
Айтайын әкімдерің қҧлақ қойса,
Жиналып отыр екен жағып монша,
Президентке ӛлең айтып келгеннен соң,
Әкімге айтқым келмейді менің онша!- деген екен.
Елбасымен әзіл
1995 жылдың тамызында Нҧрсҧлтан Назарбаев Еңбекшілдер ауданына келеді. Ол кісіні қарсы алуға дайындалып жатқанда аудан әкімі , тҥбі кеңащылық Кеңес Шәмшіҧлы Мҧқатов Баянғалидан: «Президентке не айтасың?» -деп сҧрапты. Сонда ақын: Сіз келеді дегелі, Біздің елге кӛп болды, Кҥте-кҥте ӛзіңді Елдің кӛзі тӛрт болды, Сізге сойған жылқыны Әкімдер ӛзі жеп болды!- десем қайтеді!-деген екен. « Ойбай, бізді жҧмыстан шығарасың, айта кӛрме!»- депті әкім. Нҧрекең келген соң , Ғабдісәләм қажы атындағы жаңа мешітке кіріп, кілем сыйлайды, Біржан салдың басына барып, қҧран оқытады. Степнякты аралап, аудан жҧртшылығымен кездеседі. Кездесу барысында зайыбы Сара Алпысқызының Степняк маңында туғанын айтады. Жҧртшылықтың сҧрақтарына жауап беріп, Меке мен Мәдинаға барғанын, пайғамбарымыз Мҧхаммед ғәләиссәләмнің қабіріне тәуәп қылғанын әңгімелейді. Ақсақалдардың Еңбекшілдер ауданына Біржан сал атын беру жӛніндегі тілегін қҧптайды. Кездесуден кейін, дастархан басында Баянғалиға ӛлең айтқызады. Әуелі Елбасы ақыннан Қырғызстанға қалай барып келгенін сҧрап, содан кейін: "Елінде отырмыз ғой, Біржан атаңның бір ӛлеңін айтшы",- депті. Баянғали "Теміртасты" айтып беріпті. "Осындай адамды да керегеге байлаған-ау біздің қазақ!"- депті Елбасы мҧңайып. Бҧдан кейін Баянғали президенттің келгеніне арнап біраз ӛлең айтыпты:
Ел-жҧртың қарсы алып тҧр Нҧрекелеп,
Келгенің жатыр ҥлкен мереке боп,
Нҧреке, қадамыңыз қҧтты болып,
Дарысын біздің елге береке боп!
Келген жерің, Нҧреке,
Абылай орда еткен жер,
Қазақтың соңғы кӛсемі
Кенесары, Наурызбай
Кҥңіреніп ӛткен жер!
Аспандағы аққуға
Біржанның әні жеткен жер!
Ҧрпақтары солардың
Белін бекем буған жер,
Атаның жолын қуған жер,
Жаңа ӛзіңіз айтқандай
Апамыз Сара туған жер!
Шҥкіршілік, аллаға
Жақсы-жақсы менің де
Жезделерім кӛп еді,
Бірақ-тағы ішінде
Президенті жоқ еді!
Апамыздың қадірін
Патша жездем ҧққан ғой,
Бар әлемнің бӛбегін
Бауырына басатын
Жақсы-жақсы қасиет
Сара апамның бойына
Біржан жатқан киелі
Топырақтан жҧққан ғой!
Бҧдан кейін президент бірге отырған ел адамдарымен әңгімелесіп, олардың сҧрақтарына жауап береді. Әңгіме барысында кейбір басшылардың араққа ҥйірлігі жӛнінде де сӛз болыпты. Бір кезде аудан әкімі Кеңес Мҧқатов пен аппарат жетекшісі, Баянғалидың жиені Еркетай Жомартов мипалау әкеліп, меймандарды сыйлапты. Сол кезде Баянғали домбырасын алып:
Әкімнің мипалауы әзір болды,
Бір талай о да бізге әзіл болды,
Қосылып Елбасымен мипалау жеп
Сәніміз, ағайындар, қазір келді,
Басқаның президенті іше берсін
Біздікі, шҥкіршілік, қажы болды!- депті.
Сонда Нҧрекең: "Мына жерде арақ қҧйғызбады деп отырсың ғой,"-
депті кҥліп. Бірге отырған Болат Бекенов, Тасболат Алпысов сынды
ақсақалдар, ауыл шаруашылығы министрі Жәнібек Кәрібжанов, облыс
әкімі Қызыр Жҧмабаев, КНБ, милиция генералдары Мәжит
Жанділдинов, Амангелді Жармағанбетов және басқалары да: "Енді не
айтар екен?"- дегендей ақынға қарап қалыпты.
Болғанмен кемшілігі зор басымның,
Әрдайым жақсылардың жолдасымын,
Арақ пен темекіні қатар қойған
Мен де, аға, Кӛкшетаудың молдасымын!- депті ақын.
"Бҧрын ӛкірткенсің ғой!"- депті кҥліп Нҧрекең. Сонда ақын:
Арақтан бҧрын ептеп алатынбыз,
Қиялмен әр нәрсеге баратынбыз,
Ол кезде генералға қол жетпейтін
Қолында сержанттардың болатынбыз,
Далада жатып қалған жеріміз жоқ,
Кҥнара КПЗ-ға қонатынбыз!- деп әзілдеген екен.
"Милициямен онша емес екенсің ғой",- депті Нҧрекең кҥліп. Сонда
Баянғали:
Арақты мен онша кӛп ішпейтінмін, Ал ішсем талай қызық істейтінмін, Ӛкпем жоқ милицияға, жаяу жҥрмей, Ҥстінен ППМ-нің тҥспейтінмін, Айбатты арыстандай ақырмаса, Аруағын аталардың шақырмаса, Жігітті жігіт деу де қиын, кейде Сәті тҥссе, тҥрмеге де отырмаса!- дегенде, Нҧрекең кҥліп жіберіп, ақынның ӛнеріне риза болып, алғыс айтып, ағалық ақ тілегін білдіріпті.
Бурабайда
1995 жылдың кҥзінде Нҧрсҧлтан Назарбаев Кӛкшетауға аз уақытқа демалуға келгенде, Баянғали Бурабайға барып, Елбасының алдында ӛлең айтыпты. Президент әуелі ақынға Біржан салдың "Теміртасын" айтқызып, содан кейін: "Мына ағаң– Премьер-Министр Әкежан Қажыгелдин, Кӛкшетауға тҧңғыш келіп отыр, мына ағаң – КНБ-ның бастығы, генерал-лейтанант Сәт Тоқпақбаев. Бҧл кісілерге қош келдің деп, бірдеңе айтпайсың ба?!"- депті. Сонда ақын былай деген екен:
Қҧдайым кез қылсын деп жақсы кезде,
Сӛйлейін бҧрылмастан басқа сӛзге
Айтамын қош келдің деп ағаларға
Қош келдің, Кӛкшетауға патша жезде!
Орындайын бҧлжытпай,
Президенттің жарлығын,
Премьер-министр кӛрсетсін
Елімізге нарлығын,
Ақыл, қайрат, жігермен,
Ағалар, жеңіп шығыңдар,
Заманның мына тарлығын!
Қажыгелдин Әкежан
Премьерлердің ішінде
Жаңадан шыққан жас пері,
Алысқанын жығатын
Дзюдоның мастері,
Сол кҥшіңді халықтың
Қажетіне жҧмсай бер,
Нҧрекеңнің ләшкері!
Премьер аға, ӛзіңе,
Пенсиямызды берсін деп
Сәлем айтты шалдар да,
Папамыздың айлығын,
Жылдамырақ берсін деп,
Сәлем айтты балдар да!
Әрдайым әсем әнге сап жҥрейін,
Дау-шардан аулағырақ ақ жҥрейін,
КНБ бастығымен ойнаймын деп
Мен осы бір бәлеге қап жҥрмейін!
Айналайын, Сәт аға,
Ақындармен алыспай,
Атаның жолын жалғай бер,
Тәй-тәй басқан қазақтың
Мемлекетін қажымай
Жауларынан қорғай бер!
Қарсы алды ӛздеріңді Кӛкше жері,
Оқжетпес, Бурабай мен сексен кӛлі,
Аман бол, ел басқарған ағаларым,
Жақсылыққа бастар деп, ӛздеріңе
Ҥмітпен қарап отыр қазақ елі!- деген екен.
Ҥш президент пен ақын
1996 жылдың шілде айында Қазақстан президенті Нҧрсҧлтан
Назарбаев, Ӛзбекстан президенті Ислам Каримов, Қырғызстан
президенті Асқар Ақаев Кӛкшетауда бас қосты. Ҥш президенттің
алдында жыр толғаған ақын Нҧрекеңді туған кҥнімен қҧттықтапты.
Нҧреке, қҧтты болсын ер жасы – елу алты,
Ӛркендеп туҒан елмен бірге шалқы!
Сіздерге ақ тілегін қосып отыр
Бір туған қазақ , қырғыз, ӛзбек халқы!
Ислам аға, қош келдің
Алдыңнан шықтым әкалап,
Ордалы он сан ӛзбекті
Ту астына жидырдың,
Бір арнаға сидырдың,
Ҧры менен қарыны
Бір жарлықпен тидырдың!
Ӛзбек, қазақ, қырғызға
Туыстықты кҥй қылдың!
Қҧрметті ағаң Асекең,
Ел қырғыздың басы екен,
Қош келдің Кӛкше жеріне,
Сҧлу сексен кӛліне,
Ӛз еліңдей жарасып,
Шыға бер, аға, әрдайым,
Дархан қазақ тӛріне!!!
Қазақ, қырғыз, ӛзбегім – туған бауыр,
Бӛтен бе сіздің қышлақ, біздің ауыл?!
Тҧтасып, бір-біріңе пана болып,
Тҧрыңдар, аннан-мыннан соқса дауыл,
Ҧрпағым, бӛлінбе деп жатқан шығар
Ташкенде Тӛле би мен Шайхантауыр!
Бар әлемнің алдында
Жарқырай берсін жҥздерің,
Ҧзағынан болсын алдыңда
Бҧдан да жақсы кездерің,
Қол ҧстасып жасай бер
Қазақ, қырғыз, ӛзбегім!!!
Президенттер ақынға алғыс айтыпты. Ислам Каримов ҧшып тҧрып,
Баянғалиды қҧшақтап: "Тошкенге келиң!"- деп, қонаққа шақырыпты.
Қызыл қамзол мен лампас
Қазақстанның қорғаныс министрі, Совет Одағының Батыры,
Қазақстанның Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат
Нҧрмағамбетов 1995 жылы жазда зайыбымен, балаларымен Бурабайда
демалғанда, Степнякқа келіпті. Меймандар моншадан шығып, дастархан басына келеді. Ашық терезеден жел соғып тҧрғандықтан, Сәкең қақ тӛрге отырмай, ықтау жағынан отырса керек. Содан әңгімедҥкен, мәжіліс қызған кезде, кезек Баянғалиға келіпті.
Қош келдіңіз еліме
Аты аңызға айналған
Қаһарман батыр, қолбасы,
Сағадаттай батырды
Тӛбесінен тҥссе де
Жеңе алмаған фашистің
Снаряд пен бомбасы,
Жетпістен жасы асса да
Қылшылдаған капитан
Секілді тҥр мен тҧлғасы,
Қаһарманның балдары
Әкенің жолын жалғашы,
Айналайын ақ жеңге,
Сәкеңді жақсы бақ, жеңге,
Оңай емес болу да
Қолбасының жолдасы,
Біле білсек Сағадат
Бӛгенбай мен Қабанбай
Батырлардың жалғасы,
Тҧғырдан таймай сардарым,
Сарбазды сапқа тҧрғызып,
Қазақтың елін қорғашы!
Бар қазақ ҥлгі алады, жауға шапқан,
Бауыржан, Мәлік, Қасым, Сағадаттан,
Сағадат жастайынан от-жалын боп,
Бата мен алғыс алған жамағаттан,
Қара нардай қаһарман ҧлым бар деп,
Қазағым, ай-әлемге жырла, мақтан,
Ҧланның ҥміті кӛп, жетпісінде
Жігіттей жарқыраған азаматтан,
Сызды окопта саспаған сардар аға,
Қаштың ба Степнякта сквозняктан!-
дегенде қонақтар ду кҥліпті.
Сәкең ақынның жырларын ықыласпен тыңдап, оның Манастың мың
жылдық тойына баратынын естігесін, "Манасты" айтқызыпты.
– Қырғыздарға барғанда қандай киім киіп барасың?- деп сҧрапты.
– Қара шапан, қара шалбар, қызыл қамзол!
– Жігітке қызыл не керек?- депті Сәкең. – Аға-ау, сіздің лампасыңыз да қызыл емес пе?- депті ақын. Батыр кҥліп жіберіп, сәт-сапар тілеп, ағалық алғысын айтыпты... Арада бірнеше ай ӛткен соң, 1995 жылдың кҥзінде Сағадат Нҧрмағамбетов жҧмыс бабымен Кӛкшетауға тағы келеді. Шортанда, демалыс ҥйінің дәмханасында Баянғалиды : « Алимжанова надо встречать стоя!» - деп, қҧшақтап қарсы алыпты. Ол кісінің қасындағы бҥкіл генералдар мен офицерлер де , басшылар да тік тҧрыпты. Қаһарман аға ақын інісін Қырғызстанның Абдылас Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты болуымен қҧттықтайды, жорықты жылдардан сыр шертеді. Кезекті ақынға беріп, әлгі әңгімелерін арқау еткен әзіл ӛлеңдерін ықыласпен тыңдайды.
Қан майданда жҥргенде
Сағадат батыр капитан
Бейбіт кҥнді аңсаған,
Сол кҥнге жетпей арманда
Қҧрбан боп кетті қанша адам,
Кӛрсе де соны мойымай
Ротасын бастап "уралап"
Жеңіске батыр жол салған,
Кешіп ӛтіп Висланы
Қуып шығып фашисті
Самогон ішкен Польшадан!
Қас дҧшпанды талқандап
Жойғанша кӛзін қоршаған
Сағадат батыр,генерал
Қорғаныс пен әскерін.
Тапсырып отыр ел саған!!!
Қашан да жақсы сӛзді жырлағам-ды,
Біреулер оны ҧнатпай сҧрланады,
Манастың тойына мен аттанарда
Сӛмкемді машинадан ҧрлап алды.
Дәм жазса, жақсылықпен кездесерміз,
Сыйласып, әзілдесіп сӛйлесерміз,
Ақынды ешкім қорғайтын тҥрі жоқ-ау,
Беу, Сәке, ӛзімді-ӛзім қорғау ҥшін,
Именной бір пистолет бермесеңіз!!!- деген екен.
Сонда Сағадат батыр ағамыз: "Считай, что пистолет уже в кармане! Енді Алматыға келсең, тек ӛзіме хабарлас!"- деп, Баянғалиды қҧшақтап, ағалық ақ тілегін білдірген екен.
Ҥкімет пен аппарат
1995 жылдың жазында Кӛкшетауда идеология қызметкерлерінің аймақтық жиналысы болып, оның жҧмысына Қазақстан ПремьерМинистрінің орынбасарлары Иманғали Тасмағамбетов пен Нағашыбай Шайкенов бастаған бір топ басшылар қатысады. Алматылық қонақтардың самолеті кешігіп келіп, жерге қона алмай, кӛкте біраз жҥріп қалып, кӛкшетаулықтар қонағасыны тҥн ортасында береді. Біраз отырған соң кезек қонақтардың әңгімесін тыңдап, ҥндемей отырған Баянғалиға келеді. Сонда ақын ӛлеңмен қонақтарды қҧттықтай келіп, Иманғалиға бҧрылып, былай депті:
Ассаламуғалейкҥм, Иманғали,
Кӛкшеге идеолог жиған Ғали,
Аспаннан самолеті тҥспей қойып,
Бензинді бҧлт ішінде қҧйған Ғали,
Иманғали келген соң Кӛкшетауға
Қарсы алды ӛлеңдетіп Баянғали.
Қорқып едік, Имеке,
Бҧл жиналыс Кӛкшеде
Болмай кетер ме екен деп,
Самолетің біржола
Қонбай кетер ме екен деп,
Иманды екен атың да,
Иманды болсын затың да,
Қызметіңіз қҧтты боп
Пайдасы тисін халқыңа!
Одан кейін Вице-Премьер әрі әділет министрі Нағашыбай Шәйкеновке
бҧрылып:
Ассаламуғалейкҥм, Нағашыбай, Еңбегің сіңе берсін алашыңа-ай, Тҧрасың экраннан закон соғып, Қоясың шалдармен де таласып-ай, Қайтесің сол шалдармен кӛп таласып, Жҥрсеңші алашыңмен жарасып-ай!- деген екен. Содан кейін сол жерде кӛрген, естіген жағдайларды әзіл ӛлеңге айналдырып, жырлап келіп, Жастар ісі, туризм және спорт министрі Бірғаным Әйтімоваға:
Айналайын, Бірғаным,
Арналсын сізге жырларым,
Спортсмен министр
Келген кезде, қарашы,
Менің дағы рекордсмен
Болғым келіп тҧрғанын,
Жастарына қазақтың
Таныта бер әлемнің
Ойы менен қырларын,
Спорттың сансыз сырларын,
Еліңе еңбек етуден
Қажымағын, тынбағын,
Тоқталайын осымен,
Әйтпесе, менің, байқаймын,
Бірғанымды келіп тҧр,
Кҥндіз-тҥні жырлағым!-
депті әзілдеп. Президент аппаратының жауапты қызметкері Оралбай
Әбдікәрімовке арнап:
Айтайын жақсы тілекті,
Орекеңдей ағаға,
Қолындағы билігін
Жҧмсасын ізгі шараға,
Пана болсын Орекең,
Мына қиын заманда
Қысылып тҧрған далаға,
Жҥдеген ата-анаға,
Қамқор болсын балаға,
Ізгілік қҧйсын санаға,
Айтпасақ оны бола ма?
Ӛкпелеп қалса аппарат
Ҥкімет қалар далада!-
деген екен. Ақынның ӛнеріне риза болған басшылар қол соғып, алғыс
айтыпты.
Оқжетпесте
Ғафу Қайырбеков ағамыз Бәдеш жеңгемізбен жылда Кӛкшетауға келіп
демалады екен. Бір жолы сәлем бере барғанында Баянғали ақын
ағасына:
Жырлары ҧялаған ел ішіне,
Кӛз жетпес қҧлашы мен ӛрісіне,
Әзілдеп айтып кеткен әрбір сӛзі
Айналған кең даланың кенішіне,
Сәлем бердік Оқжетпес – Олимптегі
Ойлы ӛлең, ӛткір сӛздің Зевсіне!!!- деген екен.
Баян – сапар
1987 жылы анасы Бәтима қатты ауырып, Баянғали амалсыз Алматыдан ауылға кӛшетін болыпты. Анасына қарау керек, ертең бір жағдай болып кетсе, жалғыз қалған әкенің халі не болмақ? Астанадан аттанарда барлық ақын, жазушы ағалары, жолдастары жылы сӛздерін айтып, қимай-қимай шығарып салыпты. Ӛзі қызмет істейтін "Жҧлдыз" журналының коллективі жақсы тілектерін білдіріп, естелік сыйлапты. Жолдастарының атынан Серік Тҧрғынбеков ӛлең жазыпты.
Жҥректің табар дауасын,
Табиғат деген ең шебер,
Туған жер жҧпар ауасын
Жҧтып бір қайтқың келсе егер.
Жол болсын дейміз Баянжан
Жырларың жатсын жосылып,
Даусыңнан сенің оянған
Қазақ пен қырғыз қосылып.
Қызметке адам қонақ қой,
Кӛңілің кӛлдей, мәрт жаның,
Қырғызға кетпей, жӛн-ақ қой,
Кӛкшеге қарай тартқаның!
Емессің кӛңіл қалдырған,
Жеріңдей туған дархансың,
Сексен кӛл сенің алдыңнан
Сексен қыз болып қарсы алсын.
Кӛкшенің биік қҧздары,
Сол қҧздай біз де қайсармыз,
Сағынған кезде біз дағы,
Кӛкшеге барып қайтармыз.
Тілектес іні, жақсы аға,
Жемісін жырдың терерсің,
Сағынтқан кезде астана,
Ӛзің де жетіп келерсің!
Ақын ағасы Ғафу Қайырбеков "Жҧлдыздың" атынан, бҥкіл ақын-
жазушылардың, Алматының атынан арнаған ӛлеңін оқып беріпті:
Баян – сапар
(Інім Б.Әлімжановқа)
«Жҧлдыздың» кенжетайы , сҥйкімдісі,
Мың кҥнге азық болған бір кҥнгі ісі,
Жан-жағын дауылдатқан , дабыл қаққан
Келгенде қыранға ҧқсап сілкінгісі.
Шабыттың шын перзенті, қол баласы,
Ежелгі жҥйріктердің олжаласы,
Қызметке туған жерге шектің сапар
Қолдасын жолдың пірі, жол данасы.
Кӛзіңде жарқыраған болашағың,
Алдыңда болар шағың,толар шағың,
Қалықта аспан жердің арасында
Тҧрмыста саз кешпесін толарсағың!
Рахмет «Жҧлдызға» еткен еңбегіңе,
Жҧлдыздай шыға бер сен ел кӛгіне,
Оранып мауқыңды бас бала қыран
Кӛк майса Кӛкшетаудың жӛргегіне!
Даланың данышпаны , ол да ағасы,
Қазақтың ортасында мол бағасы ,
Кӛкшеге қанат болып алып ҧшсын
«Жҧлдыздың» жырмен жазған жолдамасы!
Әрине, сендей жанды кӛз қия ма
Ҧқсаған бойы биік боз қияға,
Махаббат , шапағатты қатар жинап
Қайтарсың аман-есен ӛз ҧяңа!
- Ойбай-ау, Ғафеке-ау , мынадай ӛлең арнасаңыз , біз де ауылға кӛшіп кетер едік! – деп жіберіпті бір қаламдастар әзіл-шыны аралас. Сонда Баянғалиды қолтықтап кетіп бара жатқан Ғафекең :
- Айналып кетейін Баяшка, сен менің балам сияқтысың ғой, мен сені Бақытымнан кем кӛрмеймін ғой! Ӛлең деген жҥректен туады , әйтпесе, әне біреулер кӛшіп жатса, мҧндай ӛлең қайда-а!- деген екен! Кейін Ғафекең бҧл ӛлеңін « Шҧбалаң» атты кітабына енгізіпті.
Бауырлар
2007 жылы Кӛкшетауда ,Бурабайда қазақ-қырғыз парламенттері бас
қосады. Қазақстан Мәжілісінің тӛрағасы Орал Мҧхамеджанов бастаған
он ҥш депутат пен Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің тӛрағасы Марат
Сҧлтанов бастаған он ҥш қырғыз депутатының кездесуіне сол кездегі
Ақмола облысының әкімі Мәжит Есенбаев Баянғалиды арнайы
шақырып, сӛз сӛйлеп беруін ӛтінеді. Сонда ақын:
Қырғызды бала кҥннен білетінбіз,
Бірге ойнап , Кӛкшетауда ,кҥлетінбіз,
Мемлекет екендігін білмейтінбіз
Қазақтың руы ғой деп жҥретінбіз!
Қырғыздар Омбы барды, Ҥркіт асты,
Неліктен Ыстықкӛлден ҥркіп қашты?
Сібірдің сақылдаған аязында
Сауда ғып, сықырлатып кҥртік басты,
Жырларын ер Манастың ҧғар ма екен,
Вагонда ӛскен балдар ҥрпек басты,
Жағдайын жақсартпай ма сол халықтың
Тоқтатып басшыларың тақ таласты,
Жоқ әлде Енисейден іздеп жҥр ме,
Қырғыздың атын жазған тҥркі тасты?!
Ежелден қырғыз аты тасқа тҥскен
Оқыдық Орхондағы ескерткіштен,
Одан да он ғасырдай бҧрынырақ
Арғын, Керей, Ҥйсіндер хатқа тҥскен!
Тастардан қырғыз атын таптырдыңыз
Шаттанып, кӛкке қалпақ лақтырдыңыз,
Қазақтың аты жоқ деп ол тастарда
Келеді ағамын деп мат қылғыңыз,
Қырғыздың атын қашап тасқа жазған
Біз қазақ сол тастардың авторымыз!
Айналайын қырғызым,
Ӛзіме тартқан тҥрің бар,
Ерке бала сияқты
Тәп-тәтті болған тілің бар,
Теңдесі жоқ әлемде
Телегей теңіз жырың бар,
Байтақ жатқан қазаққа
Ағаңдай кӛріп еркеле,
Ініңдей кӛріп еркеле,
Он сегіз мың ғаламда
Еркелігіңді кӛтерер
Қазақтан басқа кімің бар!?
Бҧдан соң Баянғали Манасты айтқанда, жиналғандар риза болып ,
қырғыз елшісі жылап жіберіпті. Қырғыз депутаттары қалтасына бір
уыс ақша салыпты.
Сонда ақын:
- Қҧдай берейін десе , Алатауға бармай-ақ, қырғыздар Кӛкшетауға
ӛздері-ақ әкеліп береді екен ғой! Как хорошо быть акыном, берешь
открыто, с почетом! А акимы берут скрытно!- деген екен.
Ақынның ӛнеріне риза болған қос парламент тік тҥрегеп қол соғып,
алғыс айтыпты.
Мәдениетті қойлар
Баянғали Алматыда қызмет істеп жҥргенде Москвада оқитын Монғол елінің жазушылары Жағдалын Лхагва, Гунсен екеуін халық шаруашылығы жетістіктерінің кӛрмесіне қыдыртып апарады. Сонда сарық қойлардың беттері бері қарап тҥскен суретін кӛріп, екі қонақтың бірі: – Почему так снимали? Где курдюк?- деп сҧрайды. Оның қазақтың қҧйрықты қойларын іздеп тҧрғанын тҥсінген Баянғали: – Наши овцы цивилизованные, гостям не показывают свой зад!- деген екен.
Ғабиден мен Нәбиден
Бір кҥні Шерхан Мҧртаза, Нәбиден Әбутәлиев екеуі келе жатып, Баянғалимен кездеседі. Сонда Баянғали інісін "Палуан" деп еркелететін Шерхан: – Әй, палуан, осы сен жҧрттың бәрін сабап жҥрсің ғой, мына Нәбиденді сабап берші,- дейді. Оның сӛзіне наразылық білдірген Нәбиден: "Неге мені сабайды, ол менің інім, мен оның атасы Сегіз серіні жазғам"- деп, ӛзіне тартады.
Баянғали екі ағасының алдында тҧрып: "Қалай сабаймын, Шераға?"- дейді. Сонда Шерхан: – Мынаны сабау керек. Бҧл "СҚ"-да местком болған. Сонда: "СҚ"-да не кӛп, салық кӛп"- деп отыратын. Бір жолы картоп әкеліп беремін деп елдің ақшасын, қабын жинап алып, соңынан бәрі жайымен қалған. Сосын қабырға газетіне ӛлең шығарғанбыз: Жылу жинап әр ҥйден, Кетіп едің Нәбиден, Картоп та жоқ, қап та жоқ, Атаңа нәлет Нәбиден!-деп! Мҧны сол ҥшін сабау керек! Содан "Нәбиден қҧрдасымды саба" деп, тағы бір кездескенде айтады. Ҥшінші жолы топтың кӛзінше Шерхан Мҧртаза Баянғалиға әзілдеп: – Әй, палуан, сен менің бір тапсырмамды орындамадың ғой. Анау Нәбиденді бір сабап бер дедім, сабамай жҥрсің. Бір бабыңда жҥргенде қолыңа тҥсіп қалса, сҥйкеп жіберсейші,- деп, тағы айтады. Сонда Баянғали: – Шераға, ҥш айттыңыз ғой,егер официальный жағын мойныңызға алсаңыз, мен сізге Нәбиден тҥгілі, Ғабиденді сабап берейін!- деген екен.
Жҧлдыз бен арт
Жазушылар Одағы ҥйінің астыңғы қабатындағы "Қаламгер"
дәмханасында әдебиет сыншысы, марқҧм Тӛлеген Тоқбергенов
Баянғалимен кездесіп қалады. Ол кезде Баянғалидың "Жҧлдыз"
журналына жҧмысқа жаңа тҧрған уақыты екен. Сонда Тӛлеген
қарлығып шығатын дауысымен Баянғалиға: "Әй, "Жҧлдызға" келдің...
"Жҧлдызға" келдің... Енді артыңды қысып жҥр!"- депті, иығынан
жҧдырығымен қойғылап тҧрып.
Баянғали ағасына қарап: "Ойбай, Тӛке-ау, жерде қыспаған артты
жҧлдызға шыққасын қысқан ҧят емес пе?"- деген екен.
Қарауыл мен сарауыл
Қырымбет ауылында ақын Шәкен Отызбаевтың 100 жылдық тойы
болғанда аудандық тҧтынушылар одағы, шаруашылық басшылары \бәрі
орыс екен\ тік тҥрегеп қызмет жасап, қонақтарға қҧрмет кӛрсетеді.
Сӛздің бір орайы келгенде Баянғали:
Рахмет, той жасаған қарауылға,
Қарауыл ҥлгі болсын бар ауылға,
Қарауыл атасына той жасап еді,
Сары ауыл тҧрған жоқ па караулда!- деген екен.
Шейхтың сыйлығы
1998 жылдың шілде айында Біріккен Араб Эмираттарынан шейх Наиф
Мҧхаммед Кӛкшетауға келеді. Алыстан келген қҧрметті меймандарды
Бурабайда, Абылайхан алаңында ата дәстҥріне сай ӛлең-жырмен қарсы
алған Баянғали араб-қазақ достығы, мҧсылман елдерінің ынтымағы
жайында толғайды.
Сыйынып жаратушы бір қҧдайға,
Хош келдің теңдесі жоқ Бурабайға,
Жерінен пайғамбардың сәлем әкеп,
Рахмет, қҧрмет қылсаң Абылайға!
Жолына тосқауыл боп ҧшынғанның,
Дҧрыс қой, достық қолды ҧсынғаның,
Сыйласып, ынтымақпен ӛсе берсін,
Баласы ғаламдағы мҧсылманның!
Ақынның бҧдан да басқа әзілдеп айтқан біраз ӛлеңдерін экология министрі Серікбек Дәукеев мәртебелі мейманға ағылшын тілінде аударып беріпті. Аттанарда ақынға ризашылық білдіріп, "Шҥкрән!" ("Рахмет!") деп қолын алған шейх бір мың швейцар франкін сыйлаған екен.
Мешіт
1995 жылы Еңбекшілдер ауданының тарихында тҧңғыш мешіт
ашылып, оған Ғабдісәләм қажының (халық Әбсәләм қажы дейді) есімі
берілді. Дҧға оқылып, жиын тараған соң, дастархан басында ӛлең
айтқан Баянғали мешіт ашуға ҧйтқы болған азаматтарға ризашылын
білдіре келіп, Шортан қаласының әкімі Владимир Боргульге былай
депті:
Рахмет, болса дағы діні басқа,
Мешітке келген Боргуль дәу қҧрдасқа,
Мҧса, Кәшӛн, Мҧқашқа алып барып,
Піштіртсек – болар еді нағыз қасқа!
Осы жиында "Васильковка тау-кен байыту комбинаты" Ашық
акционерлік қоғамының президенті, Әбсәләм қажының немересі Хасен
жаңа мешітке кілем сыйлаған екен. Баянғали ол кісіге:
Президент Қасекеңмен бір елденбіз,
Киелі Біржан жатқан бір жерденбіз,
Жол басы, ӛмір басы – Бҧлақ басы
Ауылының кемпір-шалын бір кӛргенбіз,
Бҧлақтың бал суынан қанып ішіп,
Доп қуып, қыр астында жҥгіргенбіз,
Қиялмен кӛкте жҥзіп, жҧлдыз санап,
Жан-жаққа арман қуып жӛнелгенбіз!
Қасеке, хақтың жолын тҧтынғайсыз,
Ізгі болсаң, ӛмірде ҧтылмайсыз,
Әбсәләм қажы атаңның мешітінен,
Бірақ та бір кілеммен қҧтылмайсыз!
Жаяу жҥр ӛңшең молда шалдарыңыз,
Жағдайын олардың да аңғарыңыз,
Шамалап, Васильковтың бар алтынын
Жолына ізгіліктің аударыңыз!- депті.
Ақын інісінің сӛзіне риза болған Қасекең: "Реті келгенде, болады,
болады!"- деген екен.
Кӛңіл кҥйі
Металлурггтер кҥнінде (Теміртау, шілде, 1992 ж.) бір киіз ҥйде
Баянғали Айман Мҧсақожаевамен жҥздеседі. Дастархан басында:
"Ақын неге ҥндемейді?"- депті әйгілі скрипкашы. Сонда Баянғали:
Кім десем мына сҧлу – Айман екен,
Әлемге қазақ атын жайған екен,
Дҥниені кӛркейтіп кҥйіменен
Кҥлімдеген қыз жайлы ойға кетем,
Әні мен сәні ғажап ҥйлескен жан
Кҥннен бе екен, жоқ әлде айдан ба екен?!
Айманымды әйбәттап барады деп
Жанындағы жолдасы қызғанып қап,
Сорымыз Теміртауда қайнар ма екен?!- деп әзілдеп, отырған
меймандарға біраз ӛлең шығарыпты. Қоштасарда Айман Баянғалиға
алғыс айтып, ризашылық сезімін білдірген екен.
Стоматологтың ҥйінде
Бір жолы Баянғали Степнякта нағашы апасы Бақыттың ҥйінде бір топ дәрігерлермен қонақта болыпты. Жездесі Қайыргелді Қиықов – тіс дәрігері. Қонақтар ет жеп болғасын, қалжыңдасып, кең отырады. Қызкеліншектер: "Стоматологтың ҥйіне келген соң ба, тісімізді тазалағымыз кеп барады,"- деп, тіс шҧқығыш алдырыпты. Кейін ӛлең айтқанда Баянғали:
Емес бҧл қҧр жиналып ет жегендік,
Ойласаң – ата жолын ескергендік,
Қазақтың дастарханы болмаса егер,
Алыстап ағайыннан кетер ме едік?
Ҥйіне стоматологтың келгеннен соң,
Шҧқылап тісімізді еркеледік,
Стоматолог болғаныңа шҥкіршілік,
Гинеколог болғанда нетер едік!- деген екен.
Сенатор мен велосипед
1997 жылы Степнякта Біржан салдың қайтыс болғанына 100 жыл толуына орай жиналыс болыпты. Оған басшылар мен бірге сенатор Қайролла Ескендіров қатысып, сӛз сӛйлеп, жҧртты ӛзіне дауыс беруге шақырыпты. Халыққа қызмет қылатынын, ӛмір бойы адал еңбек еткенін, дача, машина жинамақ тҥгілі, велосипед те алмағанын айтыпты. Содан сӛз кезегі Баянғалиға келгенде, жҧртшылық ӛлең айтуын ӛтініпті. Ақын біраз толғап келіп, былай деген екен:
Біржансыз әннің оты жағылмайды,
Ақансыз сӛз арнасы табылмайды,
Кӛкшенің ел мен жері аман болса,
Дарынды талай жастар жалындайды,
Кӛкшетау облысын жауып тынды-ау,
Ҧмытып Кенесары, Абылайды,
Ағалар Кӛкшетауды жауып тастап,
Ҧялмай Бурабайда дамылдайды,
Облыстық әкімшілік таратылып
Бытырап бастықтары қашқанымен,
Тҧрғанда Ақан, Біржан асқақ әні
Кӛкшетау ешқашан да жабылмайды!!!
Содан ел жайын жырлап келіп, сенаторға ауысады:
Сайлауға ертең халық барып тҧрсын,
Қағазын Қайрекеңе салып тҧрсын,
Сенатор парламентте ел жағдайын
Айтқанда жалтақтамай ағып тҧрсын,
Әйтеуір адал жігіт кӛрінеді,
Артында сҥйеу болып халық тҧрсын,
Әйтпесе велосипед ала алмаған
Қайрекең бізді қайдан қарық қылсын!
Ақынның машинасы
Баянғали елге келгелі айтыстарға, жиындарға жаяулап-жалпылап, жол-жӛнекей кездескен кӛлікпен баратын. Ақынға бір машина беру керектігі туралы ел ішінде кӛп әңгіме болады. Осы сӛз аудан басшылары арасында да болған екен. 1992 жылы шілде айында Кенесары-Наурызбай тойынан келе жатып аудан басшылары Жӛкей ауылының іргесіндегі "Кирзуха" деп аталып кеткен тасты жерге тоқтайды. Сол жерде аудандық мәдениет бӛлімінің бастығы Василий Грохвадатский ,ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Қайрат Жҧмабековке: "Ақшасын тауып берсеңіз, бір жҧмада Омбыдан жапонның шағын автобусын әкеп беремін"- дейді. Қайрекең "ақша болады",- дейді. Сол "боладыдан" кейін бір жҧма емес, бірнеше ай ӛтеді – жоқ. Сол жылы кҥзде аудан активі ауыл шаруашылығы қызметкерлері кҥні бас қосып, сӛз кезегі келгенде Баянғали жерлестерін қҧттықтай келіп:
Ас беріп Кенесары-Наурызбайға,
Ҧрандап, Абылайлап халық тҧрған,
Қайтарда біздің елдің басшылары
Басына "Кирзуханың" барып тҧрған,
Біз сені алақанға саламыз деп
Арқамнан Қызыр ағам қағып тҧрған,
Ляпота райсоветің хан Кене ҥшін
Жҥз грамм тас ҥстінде алып тҧрған,
Мына орыс қҧлап кетсе сӛз болат деп,
Сансызбай әр қимылын бағып тҧрған,
Машина бір жҧмада болады деп
Қайрат пен Василиің қарық қылған,
Жыл ӛтті жҧма тҥгілі, машина жоқ,
Екеуі суайт екен барып тҧрған!- деген екен.
Содан аудан әкімі Қызыр Жҧмабаев, Баймырза шаруашылығының
басшысы Есімбек Махметов, ауылдың әкімі Амандық Ахметов, атақты
бригадир Қазыбек Смағҧловтың демеушілігімен 1993 жылы ақынға
қызмет машинасы – жаңа "Жигули" алып беріпті.
Шалбай мен далбай
Ақтӛбеде ӛткен Абайдың 150 жылдығына арналған айтысқа (1994 ж.)
облыс әкімі Пачин келмепті. Соған орай Баянғали былай деген екен:
Ертіп алып қасына,
Жеті-сегіз далбайын,
Кеп тҧратын айтысқа
Оңды-ақ еді Шалбайым!
\ Шалбай Қҧлмаханов – Ақтӛбе облысының бҧрынғы әкімі.
Виски, арақ, жҥң-жҥң
Бішкекте, "Ақтаңдай-93" айтысында қырғыз ақынымен айтысып
отырып, Баянғали сӛздің бір реті келгенде былай деген екен:
Қазақ пенен қырғызды,
Жеңе алмаған жаулары
Мылтық, қару-жарақпен,
Тҥбімізге жетпесін
Жҥң-жҥң , виски, арақпен!
Атташе
Жазушы Рақымжан Отарбаев Бішкектегі қазақ елшілігінде атташе
болып қызмет істеп жҥргенде Манастың мың жылдық тойына барған
Баянғали досына былай деп әзілдепті:
Рақымжандар – біртуар,
Бітеді ондай ҧл кімге?!
Қошқарбаев от кеше,
Берлинді алса бір кезде,
Отарбаев – атташе,
Бішкекті алды бҧл кҥнде!
Алпыс жыл мен алты сағат
Баянғали бір топ кісімен ағасы Мейрамның ҥйінің алдында тҧрса, бірекі орыс келіп:"Где улица Аймаутова? Целый день ищу,не могу найти,"-депті ренжіп. Сонда Баянғали: "Аймаутов– репрессированный великий казахский писатель. Шестьдесят лет предавали его имя забвению, теперь можно шесть часов поискать его улицу!"-деген екен.
Керей-поляк достығы
Еңбекшілдер ауданының әкіміні» орынбасары Владислав Станиславович Бочковскийге бір кҥні Баянғали кіріп келіп:"Керейскопольская дружба под угрозой! Ее надо срочно укрепить!" -депті."Что случилось?" -депті шошып кеткен Бочковский."30 литров бензин надо,"-депті ақын. Бензиннің әр тамшысын санап отырған қиын уақыт болса да, бҧл жолы Бочковский қуана-қуана берген екен.
Тҧңғыш ат
1984 жылдан бері айтысқа қатысып келе жатқан Баянаали тек қана 1991 жылы, елу сегізінші рет айтысқанда (Зайсанда) тҧңғыш рет ат мініпті. Сонда:
Болған соң басымда ми, жҥрегімде от,
Әрқашан толғанамын ҧлы елім деп,
Ҧлы елім маған міне ат мінгізді,
Қашанғы Баян жаяу жҥреді деп!
Рахаты қандайлығын сҥйрелгеннің
Білмеймін, ӛйткені ӛзім сҥйрелмедім,
Қҧрметтеп, ат мінгізіп жатырсыздар,
Негізі жаяу жҥріп ҥйренгенмін!- деген екен.
Ҥкі
1991 жылы Зайсанда ӛткен айтыста Баянғалимен айтысқан шығыс
қазақстандық Меделхан Хасенова: Мен саған қолым тҥгілі,
саусағымның ҧшынан да ҧстатпаймын! – депті әзілдеп. Айтыс ҥстінде
Меделхан ӛлеңдетіп, ҥкі сыйлапты. Ҥкіні алып тҧрып Баянғали
Меделханға ризшылығын білдіріп, сахнада бетінен сҥйіпті. Орнына
отыра сала , айтысты жалғастырып әкетіп:
Басымды туған елге иіп алдым,
Кӛңілге талай сырды тҥйіп алдым,
Саусағын ҧстатпаймын деген қызды,
Ҥкісін сылтау қылып сҥйіп алдым!- деген екен. Сол ҥкіні Баянғали
2004 жылы айтысты қойғанша домбырасына тағып жҥріпті.
Бҧлақ пен қҧлақ
Степняк қаласында ӛткен ақындармен кездесуде бҥгінгі табиғат
жӛнінде жырлаңыздар деген жҧртшылықтың тілегіне орай Баянғали
былай деген екен: (Аудандық "Ауыл ӛмірі" газетінен, 30 қыркҥйек,
1992 ж.)
Бҥгінде Жӛкей кӛлі ылайланды,
Аруағы Ақан, Біржан былай қалды,
Тҥбінде келер ҧрпақ , ағайындар,
Біздерден кӛлдің қҧнын сҧрайды әлі!
Бҧл сӛзді кӛрініп тҧр ҧнатқаның,
Жӛкейдің аршу керек бҧлақтарын,
Жӛкейді тап-таза ғып алу ҥшін,
Талайдың ашу керек қҧлақтарын,
Лайлаған осы кӛлді бастықтарды
Жӛкейдің лай суына малып-малып,
Шіркін-ай, алар ма еді бҧрап бәрін!
Бір коньяк пен екі коньяк
Бір жолы Баянғалиға сатирик ақын Кӛпен Әмірбековтың немере туысы әрі қҧрдасы, фототілші Берсінбек Сәрсенов: "Кӛпенді сабап берсең, бір коньяк қоямын",- депті. Баянғали: "Кӛпен екі коньяк қойса қайтем?"- деген екен.
Сиырдың тілі мен екі кәлӛш
Баянғалидың кӛршісі Молдабай Ресейдің Қорған қаласында сиырдың тілі қымбат дегенді естіп, ауылдағы сойылған малдың тілін жинапты. Оны кӛрген ақын кӛршілеріне : « Байқаңдар, Молдекең қорадағы сиырдың да тілін кесіп әкетпесін!» - дейді қалжыңдап. Содан, екі қап тілді арқалап, баласы Бауыржан екеуі Қорғанға сауда қылуға тартады. Ол кісінің гаражында бір ауылдасының "Волгасы" тҧрады екен. Поездға Баянғали "Жигулимен" шығарып салып тҧрып: "Қайтарда хабарласыңыз, ӛзім қарсы аламын,"-депті. Сӛйтсе, ол жақтың да бағасы біздегі бағамен шамалас екен, Молдекеңнің саудасы онша мәз болмай,
қайтарда хабарласпай, бір кҥні кешке жаяу-жалпылап жетіпті. Қылған саудасының ең дӛкейі – Баянғалидың әкесі Тақан ақсақалдың тапсыруымен бір пар жаңа галош алыпты. Сонда Баянғали:
Жҥрем десе қашан да жолға дайын,
Мінем десе "Жигули", "Волга" дайын,
Қорғаннан екі кәлӛш әқолына ҧстап,
Кешкісін жаяу кепті Молдабайым!- депті.
Омбының газы "Кеңащының" газовигі болып істейтін Молдабай мҧрынды кісі екен. Біраз уақыт ӛткен соң Омбыға газ әкелуге барып, шаруасын жартылай бітіріп, оны-мҧны алуға ақшасы болмай, жҥдеңкіреп келсе керек. Сонда Баянғали ағасына:
Қорғаннан келдің қомпиып,
Омбыдан келдің омпиып,
Қоңқиып аға, жҥре бер,
Сатулы мына заманда
Қалмасаң болды шонтиып!- деген екен.
Аш қоғам
Аудандық « Қазақ тілі" қоғамының Болат Бекенов бастаған
қызметкерлері бір жағы творчестволық кеш ӛткізу, бір жағы "Қазақ
тілі" қоғамына қаржы жинау мақсатымен ХХІІІ партсъезд атындағы
совхоз орталығы Баймырзаға Баянғалиды алып барады. Біраз әңгіме,
ӛлең айтылып, кеш аяқтала бергенде, ақын былай депті:
Ағайын, ажарыңды кӛріп тҧрмыз,
Бар ғой деп азаматтар сеніп тҧрмыз,
"Қазақ тілі" қоғамына ақша сҧрап,
Алдыңа тӛрт қайыршы келіп тҧрмыз!
Ағамыз Болат деген бас қайыршы,
Қасында Тӛлеу деген жас қайыршы,
Бҥгінгі "Қазақ тілі" қоғамдары
Ӛмірі тоймайтҧғын аш қайыршы!
Кӛп шаруа болмай тҧр ғой ойдағыдай,
Жҥрміз-ау жол іздеумен толғанып-ай,
"Қазақ тілі" қоғамдарын ӛз жерінде
Дариға-ай, қайыршы ғып қойғанын-ай!
Бҧл сӛзге әрі кҥліп, әрі кҥрсінген совхоз директоры Есімбек Махметов, селолық совет тӛрағасы Амандық Ахметов, бас зоотехник Кеңес Мҧқатов ақылдасып келіп, "Қазақ тілі" қоғамына бес мың сом ақша аударыпты. Сонда Баянғали:
Совхоздың директоры Махметов,
Селсебет тӛрағасы Ахметов,
Аудандық «Қазақ тілі" қоғамына
Аударды бес мың теңге рахым етіп!- деген екен.
Мҧсылмандық
"Жҧлдыз" журналына Баянғалидың "Қиқыматтың қиссасы" атты повесі шыққанда журналист Кәрібай Мҧсырманов ақынның ҥйіне телефон соғып, қҧттықтапты. Ол кезде Баянғали "Кӛкшетау правдасы" газетінің меншікті тілшісі, ал Кәрібай газеттің ауыл шаруашылығы бӛлімінің меңгерушісі болса керек. Тағы да жҧмыс бабымен мазалап, мақала сҧрайды-ау деген інісінің жҥрек жарды жылы сӛздеріне разы боп кеткен ақын:
Айналдым, Кәрібайым Мҧсырманов,
Бҧл дағы достық қолды ҧсынғандық,
Келгелі Кӛкшетауға Алматыдан
Кӛрдім-ау сенен тҧңғыш мҧсылмандық!- деген екен.
Қош, бӛтелке
Баянғали Алматыда тҧрған кезінде жоғарғы партия мектебінде оқып
жатқан курстасы Болат Дәулетовке қонаққа барады. Ойнап-кҥліп
отырғанда бір жартыны бітіріп, Болат екіншісін қояды дастарханға.
Босаған шыныны әкете бергенінде Баянғали оны сәл бӛгеп, былай
деген екен:
Алдыма келіп қапты қос бӛтелке,
Бірі толық, ал бірі бос бӛтелке,
Барыңды сарқып алдық ішіңдегі
Ал, енді, айналайын, қош бӛтелке,
Артыңнан мынаны да жібереміз
Ҧзап кетпей, ән жерде тос бӛтелке!
Ақынның әзіліне риза болған жігіттер қос бӛтелкеге бес бӛтелке қосып, әбден тойлаған екен.
Малшы мен жаршы
Бір жылы Баянғали кӛп бейнет кӛріп жҥріп, әрең-әрең "Кітап жаршысы" газетіне жҧмысқа тҧрғанда досы Шахи марқҧм (Шәймерден Дәуренов): "Бҧл кҥнде біреу – малшы, біреу – жаршы..." деген екен.
Жҥзу бассейні
Баянғалидың досы Шахи (Шәймерден Дәуренов) Жамбыл облысы, Жамбыл аудандық партия комитетінің бӛлім меңгерушісі болып істеп жҥрген кезінде, (сексенінші жылдар, партияның кҥшті кезі) бірінші хатшы болып бір орыс азаматы келеді. Жаңа хатшы аппаратын жинап, танысып отырып: "В партийной работе я пока плаваю, у меня нет опыта, я пришел учиться у вас!"- депті. Сонда Шахи жҧлып алғандай: "Партийная работа не плавательный бассейн, это вы должны нас учить!"- деген екен.
Соңғы директор
Қалиасқар Әйткенов "Кеңащыға" директор болып келгенде Мамау
Әубәкіров ақсақалдың ҥйінде Баянғалимен бірге қонақта болыпты.
Ақын директорды қҧттықтап, былай деген екен:
Қалиасқар шыныменен асқар ма екен,
Ауылды бір биікке бастар ма екен,
Тері де, жері де ащы Кеңащыны
Қҧлатып біржолата тастар ма екен?!
Шынында да , кӛп жылдан соң совхоздар жабылып, Қалекең
Кеңащының соңғы директоры болыпты.
Арық балық пен кит
Арықбалық ауданында Жҧмағали Саинның 80 жылдығы болады.
Ауатком тӛрағасы М.Шәйкенов ҧзын бойлы, ірі денелі адам болса
керек.
Бҧл аудан кәдімгі Арықбалық екен,
Қонақжай, ӛзі еңбекқор халық екен,
Ауданы арық балық болғанымен
Бастығы кит секілді алып екен!- депті Баянғали.
Ми мен бастық
Еңбекшілдер ауданы әкімінің орынбасары Сансызбай Балтабеков Баянғалимен әзілдесе береді екен. Бір кҥні бір тойда Баянғалиға: – Ӛңшең ішкендердің ішінде отырып, миың ашып кеткен шығар?- депті. – Бастықтың масы не, сауы не, бәрібір миды ашытады ғой!- депті ақын.
– Самайды аққа берейін дегенсің бе?- депті бір кҥні әкімнің
орынбасары Сансызбай Балтабеков. Ӛзі елуге келсе де, шашында бір
тал ақ жоқ екен.
– Біз ептеп мимен жҧмыс істейміз ғой,- деген екен Баянғали.
Ҧрлап – жырлап...
Бір жолы бастықтардың бірі Баянғалиға: "Сен бірінші орынға ат мініп, кілем алып жҥрсің, баитын болдың ғой!"- депті. Сонда Баянғали: "Ҥкіметті жегендей болмайды екен,"- депті. Тағы бір әкім : "Осы сен бір жерге барасың да , бір-екі ауыз ӛлең айтып, ат мініп, дҥние алып келесің. Елден алып жатсың, алып жатсың..."-депті Баянғалиға. "Иә, аға, екеуміз де халықтан аламыз. Бірақ мен жырлап аламын, сіз ҧрлап аласыз!"- депті сонда ақын.
Суырып салу
Осы заманның Балуан Шолағы, жылқышы Ӛзаман Исатаев туралы
деректі фильмге материал жинауға Жаңарқаға барғанда, Баянғали
Сәкен Сейфуллин атындағы совхозда механизатор, спорт шебері
Ғазиздің ҥйінде ӛңкей балуандармен бірге қонақта болады. Ойнап-
кҥліп, қонақтардың арқайсына ӛлең шығарып отырады. Біраздан соң
сыртқа шықпақ болып, аяқ киімінің бауын байлап жатқан ақынға ҥй
иесінің зайыбы: "Қайным-ау, жҧрттың бәріне суырып шығарып
жатырсың, бізге де суырып шығармайсың ба?"- депті әзілдеп. Сонда
Баянғали:
Суырып салуға мен ойланбағам,
Ӛкпелеп қалмас па екен қайран ағам,
Суыр-суыр дейсің де еш қоймайсың,
Жеңеше-ау, суырғанда қайда салам?- деген екен.
Ром мен қҧдағи
Баянғалидың машинасына байғазы деп қҧдасы Қаскей коньяк сыйлап,
етжеңді, мол денелі Сапура қҧдағиы ром берген екен. Оның кҥйеуі,
шағын денелі Қазез қҧдасы осыларды ішіп жуайық депті. Оған
Баянғали:
Қҧдағи ром беріп ед лайық кӛріп,
Қалмасын бҧл сӛзімді айып кӛріп,
Қазеке, осы ромды неғыласыз
Қызылсары қҧдағи ром емес пе,
Сора бер болпылдатып, кәйіп болып,
Қҧдағи ҧйқысырап аунап кетсе
Бір кҥні кете кӛрме майып болып!
Ал, қҧда, таласуың жӛн бола ма,
Сапура ана болған он балаға,
Сары алтындай он бала тауып берген
Сапурадан артық сізге ром бола ма?- деген екен.
Ӛлең мен МАИ
Баянғали бір жарым жылдай шопырлық правосыз жҥріп, оны алу ҥшін
Шортан қаласына барады. Куәлік беретін Қосымбай Әутәліпов: "Ертең
келіңіз,"- дейді. Сонда Баянғали қабырғада ілулі тҧрған схема
суреттерді кӛрсетіп:
Қосағамыз дегенде Қосағамыз,
Ӛзіңді қашан келсең хош аламыз,
Жаман ГАИ жолықса тырқиямыз,
Жақсы ГАИ жолықса бес аламыз.
Мына жер оңға қарай бҧратын жер,
Мына жер солға қарай бҧратын жер,
Қай жаққа барарыңды білмей тҧрсаң,
Артыңа ГАИ таяқ тығатын жер,
Сол жерден есі шыққан ақындарды
Жақсылар сҥйеп алып шығатын жер!- деген екен. Ақынның сӛзіне риза
болған майор куәлігін жазып беріпті.
Әнсәмбіл ауыл
Сәуле ауылында ӛткен бір кездесуде Баянғали былай деген екен:
Ауыл бар біздің елде Сәуле деген,
Толған кҥй, толған аңыз, толған ӛлең,
Әр ҥйі, әр кӛшесі бір әнсәмбіл
Сәуленің шӛбіне де қонған ӛлең!
Кішіпейіл шопыр
Бір кҥні Баянғалидың машинасына мінген бір тәжірибелі шопырлар: "Мынадай бҧрылыста қайтесің? Мынадай қиылыста мына жағыңнан машиналар келіп қалса қайтесің? Қай жерде кім бірінші ӛтуі керек?"- деп сҧрай беріпті. Сонда Баянғали: "Мен ӛзі кішіпейіл адаммын, ешкіммен таласпай, тоқтаймын да, бәрін ӛткізіп жіберемін. Олар кеткесін жол ӛзіме қалады ғой!- деген екен.
Қасқабастар
1992 жылы Краснофлот селосының тҧрғындарымен кездесу ӛткізуге бардық. Қасымызда Болат Бекенов ағамыз бар, Баянғали ҥшеуміз*\ * Ақынның әңгімелерін жазып алған журналист Тӛлеу Дҥйсенбаев.\ шаруашылық директоры Байқаш Тӛлебаевтың кабинетіне кіріп келсек, қарсы алдымызда Лениннің кісі бойындай портреті қабырғаға сҥйеулі тҧр екен. Байқаш ағамыз (ӛзі де қасқа бас) ілулі тҧрған портреттің ӛзӛзінен қҧлап тҥскенін айтты. Кездесуде мҧның бәрі ӛлеңге айналды:
Алдында ағайынның ӛлеңдетем,
Сӛзімді желпілдетем, тереңдетем,
Бағана келген кезде қарсы алдымнан
Жарқырап бір қасқабас шыға келді
Байқаш ағам екен десем Ленин екен!
Байекең Теміртаспен қос қасқабас,
Жӛкей-дӛкей дегенің ҥш қасқабас,
Шәужан мен Бекеновты бҧған қоссаң
Болмай ма осыменен бес қасқабас.
Ескірмес ежелгінің елесіндей
Сӛзіме туған елім сенбесін бе, ей,
Осында Краснофлотқа келе қалсаң,
Қаптаған қасқабастың кӛрмесіндей!
Сӛзімді ағайындар ҧғар деймін,
Кӛңілін шындық сӛзге бҧрар деймін,
Ілініп қабырғаға Ленин атам,
Тҧрудан да шаршаған шығар деймін.
Ағайын, тҥзу жолға оралайық,
Жабыса берсек оған болар айып,
Мазалай бермеңіздер Ленинді де
Оны да пенсияға шығарайық!
Кісіге табынуды бекер деймін,
Табынсаң қасиетің кетер деймін,
Ленинді мазалама, Краснофлотта
Онсыз да қасқабастар жетер деймін!
Тағы да біраз ӛлеңдер айта келіп, совхоздың бҧрынғы парторгы, мектеп пен институтты орысша бітірген Ермек Ысқақовқа қарата былай деді:
Ермекті мен ініме балап келгем,
Ауылдас, жақын туыс санап келгем,
Әкесі Зейнолла ағам, қайран ҧстаз,
Біздерге қазақ тілінен сабақ берген.
Сӛйлейміз әр нәрсені салыстырып,
Халқыма жақсыларды таныстырып,
Қазақша сӛйлей бастап Ермек тағы
Жатыр ғой әке жолын жалғастырып.
Жатса да талай-талай пікір шығып,
Шегінуге айналды кҥпіршілік,
Орысша ӛсіп-ӛнген парторгтар
Қайтадан қазақ болса, шҥкіршілік!
Уылдырық пен тҧмылдырық
Баянғалидың досы Рақымжан Отарбаев Атырауға барарында: "Мен
саған уылдырық әкеп берем!"- депті. Содан Алматыға біраз кешігіп
оралады. Сӛйтсе, уылдырығымен әуежайда милиция ҧстап, әрең
қҧтылған екен. Сонда Баянғали:
Досыңа әкелем деп уылдырық,
Кие жаздап қалдың-ау тҧмылдырық!- деген екен.
Қол сағат пен ЧеКА
1984 жылы жазушы Кемел Тоқаев алпыс жасқа толуына байланысты
Баянғали екеуі Маңғыстауға барады. Бір ауылда Кемелге қол сағат
сыйлайды. Кешке дастархан басында Кемекең әлгі қол сағатты
Баянғалиға байлайды. Сонда ақын:
Кемеке, алпысқа кеп болдың ата,
Ініңе жҧрт алдында бердің бата,
Ерекше тақырыпқа еркін бардың,
Қазақты қҧпиямен шырындата,
Еселі еңбегіңе ел риза,
Прокурор, милиция және ЧеКА,
Ӛлеңді соза беріп неғыламын
Қол сағатқа осы да жетер пока!- деген екен.
Қҧнажын мен бҧқа
Еңбекшілдер ауданының "Кеңащы" ауылының әкімшілігі Монғолиядан кӛшіп келген ағайындарға ерулік береді. Шаруашылық басшысы Қалиасқар Әйткенов әр отбасына бір қҧнажын, бес қой беретінін айтады. Жиын соңында жҧртшылық Баянғалидан ӛлең айтуын ӛтінеді. Сонда ақын алыстан толғай келіп, сјз соңында былай деген екен:
Қалеке, бҧл сӛзіңіз нақты ма екен,
Туыстың қҧлағына жақты ма екен?!
Қҧнажын берем дейсіз ағайынға
Соларың биыл дҧрыс қашты ма екен?!
Туысқа қамқор болдың жӛн білгесін,
Қалайша жӛн білгенді ел білмесін,
Қашар сиыр қай уақта бҧзаулайт деп
Артына қҧнажынның телмірмесін.
Сӛзімнің мен барайын қысқасына
Туысты шындап жақын тҧтасың ба?
Қҧнажын берер болсаң ағайынға
Ҥстіне қосып берсейші бҧқасын да!
Ақынның бҧл сӛзіне отырғандар риза болады, Қалиасқар Әйткенҧлы:
"Дҧрыс, қашқан мал берем,"- деп уәдесін береді. Айтқанындай, он
ҥйдің де қҧнажындары бҧзаулап, ауыздары аққа тиген екен.
Айтыс пен арыз
Кӛкшетау қаласында "Темірқазық" жастар орталығының
ҧйымдастыруымен ӛткен Абылай ханның 280 жылдығына арналған
айтыста қазылар алқасына хат тҥседі. "Баянғали қып-қызыл мас, оны
сендер неге сахнаға шығарасыңдар?"- деп біреулер жала жауыпты.
Осыны естіген Баянғали сахнаға шыққан соң ӛлеңін былай бастаған
екен:
Арақты мен бір кезде алып ішкем,
Қиялмен әр нәрсеге барып ішкем,
Әлгіндей елін сатқыш жазғыштарды
Дап-дайын закускасы болсыншы деп
Ішіне стақанның салып ішкем.
Арақты достарыммен кҥліп ішкем,
Мәнісін әр нәрсенің біліп ішкем,
Әлгіндей елін сатқыш жазғыштарды
Ӛкіртіп, дірілдетіп ҧрып ішкем.
Болғанмен кемшілігі зор басымның
Әрдайым адалдардың жолдасымын,
Арақ пен темекіні қатар қойған
Мен қазір Кеңащының молдасымын!
Балалармен әзіл
Әкесі Тақан ақсақал қайтыс болғаннан кейін Баянғали қыздары
Қҧралай, Ақмарал мен Ақкенжеге: "Енді сендер мені еркелетіңдер!
Менің әкем жоқ, сендердің әкелерің бар !"- деген екен.
Баянғалидың баласы Нҧрлан мен оның достары Бейбіт пен Азамат мектепке барған жылы жӛндеп оқи алмай, жиі-жиі екілік баға алып жҥріпті. Әрине, оларға шешелері ренжіп, ҧрсады. Сонда Баянғали: "Дҧрыс, айналайындар, алғашқы кезде екінің бәрін алып алыңдар, екілері біткен соң мҧғалімдер ӛздері-ақ тӛрт пен бестерін қояды!"- деген екен. Шынында да біраздан кейін балалардың оқулары жӛнделіп, тәуір бағалар алатын болыпты.
Апа мен жезде
Баянғали жездесі Ӛсербайға шығарған ӛлеңінде былай депті:
Ҥлкен апам Ләйләнің
Ҥйіндегі жездеміз
Ӛсербайды айтпай бола ма?!
Уазигінен тҥсірмей
Кҥні-тҥні тасыған
Тастамай бізді далаға,
Дӛкей бала болдыңыз
Сҥйіндік пен Кҥлшаттай
Қадірлі ата-анаға,
Арқасында апамның
Гҥлмира мен Ӛміртай,
Еркетай мен Ерболдай
Әке болдың балаға,
Мҧхитына спирттің
Батып кетпей аман-сау
Жҥзіп шықтың жағаға,
Қоқаңдасаң апама,
Қаларсың босқа далада!
Жезде және ӛгіз
Тассуда тҧратын Қайыр деген малшы бір дӛкей ӛгізін сатайын десе, алушы таппай қиналады. Баянғалидың Ҧғыш деген жездесі: "Ӛгізіңді банкир бажам Талғатқа ӛткізіп беремін, ол мал іздеп жҥрген,"- деп, ҚайырдыҢ машинасын тегін мініп, Степнякқа бірнеше рет келіп, баласы Шегейдің ҥйіне оны-мҧныларын жеткізіп тастайды. Бір жағынан Талғатпен сӛйлесіп, малды алатын болып уәделеседі. Уәделескен уағында Талғаттың ҥйіне келсе, ол айнып, Қайрат пен Майкенің малын алатын болғанын айтады. Біраз дауласып-дауласып, сабаларына тҥскесін, сол ҥйде отырған Баянғалиға Ҧғыш жездесі: "Осыған бірдеңе айтпайсың ба?"- депті жай отырмай. Сонда Баянғали домбыраны алып:
Жездеміз Ҧғыш молда жӛнін білген,
Банкирге делдал болып келіп жҥрген,
Қайырдың машинасын тегін мініп
Степняк – Тассулатып желіп жҥрген,
Талғатқа ӛгізіңді ӛткізем деп
Ӛзінің жҧмысына жегіп жҥрген,
Талғатжан уәдесінен айнып кетіп
Қайрекең алданғанын енді білген,
Қайреке-ай, ӛзіңде де бар-ау енді
Молда менен банкирге сеніп жҥрген,
Қайтейін, қазағымның малшылары-ай,
Малыңды жӛніменен ӛткізе алмай
Алданып, әркімге жем болып жҥрген!- деген екен.
Халық пен әкім
Кӛкшетауда ауыл шаруашылығы кҥніне арналған ҥлкен жиын болып,
облыстың сол кездегі әкімі Жәнібек Кәрібжанов бас болып, бҥкіл
аудандардың әкімдері, совхоз директорлары қатысады. Сол жиында
ӛлең айтқан Баянғали толғап келіп:
Айтайын дӛкейлердің ортасында,
Ойлаңдар, оңға, солға тартасың ба?
Біз жҥрміз ақын болып, әкім болып,
Халықтың қарапайым арқасында!- деген екен.
Алтын ауыл
"Кеңащы" мектебінде ӛткен кездесуде (1993 жылы) Баянғали:
Әркім-ақ ӛз ауылын алтындайды,
Жырласа, мадақтаса сарқылмайды,
Шыққанда қайқаң етіп Намазғҧлға
Кеңащым қарсы алдымнан жарқырайды!- деген екен.
Темір мен кӛңіл
Бірде Баянғали қҧдасы Нҥркеннің ҥйінде қонақта болады. Қҧдағиы
Орынтай баласы Серкеннің інісі Шахманға (Ӛмірсерік) машинаның бір
бӛлшегін бермей жҥргенін айтады. Сонда Баянғали:
Қалдырма бір-біріңнің кӛңіліңді, Ӛксітпе, ӛкпелесіп ӛміріңді, Серкенжан, Шахманнан аяп қалып Бауыр қылам деп пе едің теміріңді!- депті. Әке-шешесінің, бауырларының тілін алмай отырған Серкен орнынан ҧшып тҧрып: "Байекең айтты, бітті!"- деп, темірін жҧлып алып, інісіне берген екен.
Бӛле
Баянғалидың бӛлесі Әнуарбек бір кҥні ақынның бір шаруасына
қолғабыс жасаған екен. Риза болған ақын:
Әнуарбек Әленов,
Еңбегің жҥрсін еленіп,
Кӛп қҧрметке бӛленіп,
Сен жҥгірмей кім жҥгіреді,
Қҧдайым бізді жаратқан
Тату-тәтті бӛле ғып!- деген екен.
Қисаңдаған әкім
Ордабасында ҥш баба – Тӛле би, Қазыбек би, Әйтеке билерге ас
бергенде Кӛкшетау делегациясын (облыстық кеңес тӛрағасы Чапай
Әбутәліпов, облыстық мәдениет басқармасының бастығы Кҥміс
Мҧратбекова, халық
ақыны Кӛкен Шәкеев т.б.) қарсы алған Шымкент облысының бір
ауданының әкімі кӛңілденіп жҥріп қызып қалыпты. Дастархан басында
шылымын бҧрқыратып отырып: "Әй, ақын болсаң ӛлең айт, әйтпесе
бізде ақындар жетеді,"- депті.
Сонда Баянғали толғап келіп:
Алдында қазақ пенен қырғыздардың,
Жырласам, елдің қолын ҧрғызғанмын,
Сен тҥгілі облсовет тӛрағасы
Чапайды да орнынан тҧрғызғанмын.
Ағамыз жағамызға жармасып тҧр,
Азырақ ақылынан алжасып тҧр,
Киелі ҥш бабаға ас бергенде,
Мас болып, шылым сасып, қисалаңдау
Қазақтың әкіміне "жарасып" тҧр!- депті . Сонда әлгі әкім шылымын
сӛндіріп, қателігін мойындап, кешірім сҧраған екен.
Фантомас
Облыс әкімінің орынбасары Болат Сҥлейменҧлы Жанәділов – алып тҧлғалы қасқа бас кісі. Мінезі кең ағасына Баянғали әзілдей береді екен. Бір жолы сахнада ӛлең айтып отырып, залда отырған Бӛкеңді кӛріп қалып:
Дәрігерсің адам ҥшін арпалысқан,
Сендей ҧл сирек туар алты алаштан,
Бҥгінде парасатты әкім болдың
Жақсылар жан-жағыңда анталасқан,
Атқа мініп, дулыға киіп шықсаң
Аумас едің Қобыланды мен Алпамыстан,
Ал қазір осы кҥйде аумай тҧрсың
Кәдімгі кинодағы Фантомастан!- деген екен.
Қой баққан қҧрдас
Баянғалидың Кеңащыдағы қҧрдасы Сара – директор Қалиасқар Әйткеновтың қарындасы екен. Оның кҥйеуі Қанат – механизатор, ол да қҧрдас. Бір жылы қайнағасы Қанатты Қарасорға бір айға қой бағуға жіберіпті. Сонда Баянғали Қанаттың атынан Сараға былай деп ӛлең шығарыпты: Ӛзіңмен жҥруші едім ойнап-кҥліп, Шіркін-ай, сабар ма едім байлап тҧрып, Ағаң бастық болғанда пайдасы ма, Мінеки, қойды маған қой бақтырып!
Содан Сараның атынан жауап береді:
Тӛсіңді тҧрсың, Қанат, босқа қағып,
Сӛзіңді тҧр ғой дҧшпан, дос та бағып,
Ағама бҧл сӛзіңді айтып барсам
Қой тҥгілі кетесің ғой шошқа бағып!
Қҧлай кететін қҧда
Баянғали Асқар деген қҧдасы әрі қҧрдасымен әзілдесе береді екен. Бір кҥні Асқардың әйелі Кҥләй екі-ҥш кҥн жол жҥріп келеді. Сонда ақын Асқардың атынан былай деп ӛлең шығарыпты:
Айналайын, Кҥләйім,
Сағынғаннан жылаймын,
Кҥләй келді дегенде
Ӛз-ӛзімнен қҧлаймын,
Апырмай неге бҧлаймын?!
Батырдың жҥлдесі
Махамбеттің қҧрметіне Атырауда ӛткен айтыста бас жҥлдеге тігілген
желмаяны әйел ақынға беріпті қазылар. "Батырдың жҥлдесін қатынға
бергендері несі?"- деп, жігіттер ренжісе керек. Сонда Баянғали:
Ақылды жеңер кейде сезім дуда,
Айтылмай қалды-ау талай сӛзім тура,
Аруағы Махамбеттің қолдай жҥрсін
Тҥйеңді неғыламын, ӛзім бура!- деген екен.
Ҧйқыдағы жау
Сол сапарда алматылық жас ақын Ермек Жҧматаев Баянғалиға еркелеп, әзілдесіп айтысып отырыпты. Бір кезде Қарағандыдан келген жас ақын, қызулау болса керек, ҧйқтап қалыпты. Отырған жҧрттың назарын соған аударып, Ермек әлгі жігітті бір талай ӛлң қылыпты. Кезек Баянғалиға келгенде:
Бҧл інім ҥйдеген ғой, бҥйдеген ғой,
Айтыста талайларды илеген ғой,
Бірақ та атам қазақ батыр болған
Жауға да ҧйқтап жатқан тимеген ғой!- деген екен.
Спесік пен кӛп тесік
Қазақтың қҧрылтайында айтысуға шақырылған Баянғалиды ең соңғы сәтте тізімнен сызып тастаса керек. Сӛйтіп, бҧл айтысқа шықпай қалған Баянғали былай деген екен:
Ешкіммен жҥрмесем де ӛштесіп мен,
Кей-кейде ӛтпей қалам кӛп тесіктен,
Қҧрылтай айтысына шыға алмадым
Бір дӛкей сызып тастап спесіктен!
Жҥрсек те бабалардың ізіменен
Халықты алалама жҥзіменен,
Ҥкімет спесіктен сызса дағы
Халқымның сызылмайын тізімінен!
Жеңіс пен теріс
Ҧлы Абайдың 150 жылдығына арналған Семейдегі айтыста Баянғали
екі рет айтысып, қарсыластарынан ҧпайы жоғары болғанына
қарамастан, Қарауылдағы финалдық айтысқа ӛтпей қалыпты.
Кӛкшетаулықтарды (Кӛкен Шәкеев, мәдениет қызметкері Нҧргҥл
Нҧрмышева) "Таймас-Холстен" атты фирма кҥтіпті. Сонда Баянғали:
Ӛтпей қалдым финалға,
Екі бірдей жеңіспен,
Кімнің оғы тигенін
Кім біледі терістен,
Қҧдайдың кӛзі оң болса
Табылармыз біз әлі
Талай-талай ӛрістен,
Жақсылықпен жасасын
Қҧрметтеген біздерді
"Таймас пенен Холстен"!- деген екен.
Ақан сері мен шӛп
Кӛкшетау облыстық айтысында (1989 ж.) Баянғали айыртаулық
Есенбек Ерденовпен айтысып отырып, Ақан серінің басын кӛтеру ісі
тоқтап қалғанын айтып сынайды. Оған қарсыласы: "Бізді қайтіп
сынайсың, ауданың бізден шӛп алып отыр ғой!"- депті. Сонда
Баянғали:
Қайтеміз, қойса қҧдай кӛктен бермей,
Шӛпті айтып. отырсайшы ӛктемденбей,
Ақанды айтсам шӛп жаққа бҧрып кеттің,
Болды ма Ақан саған шӛппен бірдей?!-
деген екен.
Атаны жырлау
Еңбекшілдер ауданының әкімінің орынбасары Сансызбай
Балтабековтың руы қырғыз. Біржан салдың 160 жылдық тойын ӛткізуге
біраз еңбек қылған Сәкең бір кҥні Баянғалиға: "Сенің атаңды
жырлаймын деп шапқылап жатырмын, менің атамды сен қашан
жырлайсың?"- депті. "Е-е, сіздің атаңызды мен он бес жыл бойы
жырлап келемін ғой!"- депті Баянғали, Манасты меңзеп.
Поштабай мен бастық
Әнші Иран Ілияшев Кӛкшетауда, наурызда Баянғалимен айтысып
отырып, бастықтардан теперіш кӛріп жҥргенін айтқан екен. Сонда
Баянғали:
Бҧл ісің елге мәлім болады де,
Тәртіпке сені халық салады де,
Ақындарға тиіскен барлық бастық
Тарихта поштабай боп қалады де!- депті, бҥкіл обком, горком,
облисполкомның кӛзінше.
Чапай мен Петкі
Абылай ханның 280 жылдығына арналған айтыста Баянғали осы
айтысқа ҧйтқы болып, Абылайдың ақ туын кӛтеріп шыққан Кӛкшетау
жастарының «Темірқазық» ҧйымына жоғарыдағылардың қарсылығына
қарамастан қамқоршы болып, қайсарлық танытқан қала мэрі Серікжан
Қасымовты мадақтай жырлайды. Сонда онымен айтысып отырған Ерік
Асқаров: «Серікжан ағамызды мақтап-мақтап, аюдың қызметін
жасамайық, қылышын суырмасын Чапай ағам!» депті.\Чапай
Әбутәліпов – сол кездегі обкомның бірінші хатшысы.\ Сонда
Баянғали:
Ақындар азаматты мақтасын де,
Азамат ел ҥмітін ақтасын де,
Чапайдың ҧрысқаны дәнеңе емес,
Дҥниеде Петкілерден сақтасын де! – деген екен.
Атасы мен нағашы
Жолдыбай ауылында бір топ қарауыл Баянғалидан: "Осы ақындық ӛнер сізге қай жағынан қонды? Әкеңізден бе, шешеңізден бе?"- деп сҧрапты. Сонда Баянғали: "Атам Біржан сал болса, нағашым Ақан сері болса, мен де жаман болмаспын?!"- деген екен.
Қазының жолы
Донской совхозыны» бас есепшісі Сағындық Ахметовтың ҥйінде баймырзалық бір топ жігіттер қонақта отыр екен. Олар ӛз ауылдарының дәстҥрі бойынша қазыны кесектеп бӛліп алып, жҥз граммен қосып, жҧтып жіберіпті де, әйелдер жағына тимей қалыпты. Бір кезде Баянғалиға ӛлең айтқызғанда ол:
Ҥйінде Сағындықтың ойын-сауық,
Жігіттер қазы жҧтты кӛңілі шауып,
Қазыдан қҧр қалдық деп ӛкпелеме
Таң ата осы қазы, жеңгелерім,
Барады ӛздеріңе жолын тауып!- деген екен.
Бәйге талас
Павлодарда ӛткен Иса Байзақовтың тойында бас бәйгені жас жігіт
алып, дау болады. Сонда ҥшінші орынға ие болған Баянғали былай
деген екен:
Бәйгені біздің қазақ ҧлы іс кӛрген,
Аяғын кейде дау мен ҧрыс кӛрген,
Бас бәйге ап жҧрттың ішін кҥйдіргенше
Дҧрысы ҥшінші боп тыныш жҥрген!
Жездеге әзіл
Баянғали кіші жездесі Талғат Досымбековпен "Сексенбайдың Талғаты, Сҧлушаштың солдаты,"- деп қҧрдасындай ойнай береді екен. Жездесі Алматыға келіп, Баянғалидың немере ағасы Жарылғасын Әбішев екеуін жатаәханасына шақырады. Екеуі келсе жездесінің алғаны бес шыны "чекушка" арақ, «қазір жҧмыртқа қуырам" деп жҥгіре береді. Ойнап, кҥліп отырғанда балдызының жездесіне айтқаны:
Арақтан елу грамм тастап алып
"Қуырып әкелем" деп тысқа барып,
Жездеміз қонақ ҥйде жҥреді екен,
Қолына жҧмыртқасын ҧстап алып.
Деп едің "балдыз сені бҥгін қырам"
Жездеке болды мҧның стыд, срам
Бір жарым летрге де шамаң келмей,
Алғаның мың екі жҥз елу грамм!
Содан Жарылғасынға "балдызыма сыйлаймын" деп сағат береді.
Баянғали біраз ӛлең айтады. Қызды-қыздымен, "балдызымнан
аямаймын, мына сағатымды саған беремін,"- деп, Талғат қолындағы
ҥлкен кӛк сағатын Баянғалиға беріп жатқанда сағат шынысының сынық
екенін кӛріп қалған Баянғали:
Мынауың сағат емес кҥтім кӛрген,
Байқаймын талай жерде бҥтінделген,
Жездеке, берер болсаң бҥтінін бер
Мен саған апайымды бҥтін бергем!- деген екен.
Қошқардың сәлемі
Бір жылы Талғат жездесі атасы Тақанға (Баянғалидың әкесі) "жаңа қора салғанша бір жаз баға тҧрыңыз" деп қойларын әкеліп тастайды. Жаз тҥгілі екі қыс ӛтеді, жездесі қойын әкетпейді. Осылай уақыт ӛтіп жатқанда Баянғали жездесін Тассу ауылында, жиені Шегей Бекболатовтың ҥйлену тойында кездестіреді. Сонда Талғат: – Менің қойларым қалай?- деп сҧраған екен. Сонда Баянғали: Аштан аш ол қойларың шулап қалды, Сағынып сен туралы жырлап қалды, Ӛзіңе қара қошқар сәлем айтып Дорбасын "привет" деп бҧлғап қалды!- деген екен. Осы сӛзден кейін, Талғат қойларын екі кҥннен соң алып кетіпті.
Қара қошқардың обалы
«Кеңащыда» тҧрған кезінде, бір кҥні Баянғали кӛршісі, темір пісірудің шебері, қара еңбектің қара нары Сабырмен бірге Кӛкшетауға жол жҥреді. Қотыркӛлдің шҧғыл бҧрылысында жолдан шығып кете жаздап, «шиқ-қ» еткізіп асфальтты сырып барып, әрең дегенде «Жигулиін» бҧрып ҥлгерген ақын ағасының ойға кетіп қала беретін сырын білетін Сабыр сәлден кейін: - Байеке, байқаңыз! Бірдеме ойлап кеттіңіз бе?- деп сҧрайды. - Әй, жаңа жолға шығарда қорадағы қара қошқар бӛлек шарбақтағы қара тҧсаққа қарап маңырап, жҧлқынып қалып еді! Екеуін бірге қамап кетпеген екенмін, қара қошқарға обал болды-ау деп ойлап кетіп едім! – деген екен.
Распутин арағы
Қостанайда Ілияс Омаровтың 80 жылдық тойын ӛткізгенде ақындарды Жітіқара ауданы кҥтіп, қонақ қылған екен. Дастарханға тҥрлі тағамдар мен қосып "Распутин" арағын қойыпты. Сонда ӛлең айтып отырған Баянғали аудан әкімі Ризван Мағзҧмҧлына қарап:
Реке, "Распутинді" ішіп, ішіп,
Жігіттер распущенный боп кетпесін! - деген екен.
Қарсы қҧда
Баянғалидың ағасы Мейрам марқҧмның баласы Бауыржан қҧдашасы
Жанарға ҥйленіпті. Қыздың әкесі Амантайдың ағасы Ӛсербай
Баянғалидың апасы Ләйләні алып отыр. Тойда қарсы қҧда болған
қҧдаларына ӛлең айта келіп, Баянғали былай деген екен:
Бауыржан мен Жанарым,
Бақытты бол, қарағым,
Қҧтты болсын сендердің
Жаңа ӛмірге қадамың,
Қуанышы болыңдар,
Әйгерім, Сәуле қыздар мен
Ғалиядай ананың!
Ӛсіп-ӛніп екеуің
Ел болыңдар бір қауым
Бәйтеректей жайқалған,
Ӛсербай жездем Ләйләні
Қалың малсыз алып еді,
Бауыржан, саған рахмет,
Алып қашып Жанарды
Есемізді қайтарған!!!
Қазан мәселесі
Бір кҥні қонақ келгенде Баянғалидың әйелі Әлия: "Қазанға не
саламын?"- деп ақынмен астың жайын ақылдасқан екен. Сонда
Баянғали:
Сандығыңның тҥбіне
Тҥк қоймастан сарқып сал,
Ертең де кҥн бар ғой деп
Ептеп-ептеп тартып сал,
Тҥнде жортқан бӛрідей
Байекеңнің достары,
Байқамай келіп қалар деп
Бір мҥшесін артық сал,
Не салсаң да мықтай сал,
Басты ауыртып қыртпай сал!- деген екен. Содан былай әйелі ақынның
мазасын алмайтын болыпты.
Қҧдашалар
Бір тойда Баянғали қҧдашаларды кӛбірек мақтап, желпілдетіңкіреп
отырса, әйелі Әлия келіп қалыпты. Сонда ақын:
Беу, қыздар, гҥлдей жайнап кӛктейсіңдер,
Әзілдеп бҧл ағаңды ептейсіңдер,
Бәрің де кереметсің, бірақ, бірақ,
Ӛзімнің қатыныма жетпейсіңдер!- деп жҧртты ду кҥлдіріп ,қҧтылып
кетіпті.
Бажа мен балдыз
Баянғалидың балдызы Ҧлтай Жаркентте Айдын деген жігітке тҧрмысқа шығыпты. Каникулы біткен соң Ҧлтай Кӛкшетау пединститутына, оқуына келеді де, Айдын Жаркентте қалады. «Әне келеді, міне келедімен" екі-ҥш ай ӛтіп кетеді. Сонда ақын әзілдеп, балдызының атынан былай деп ӛлең шығарыпты:
Айналайын, Айдын,
Сҥйдім, қҧшақ жайдым,
Келмей қойды артымнан
Тҥрі қҧрсын деп жҥрмін
Бҥйтіп тиген байдың!
Бҧл ӛлең қҧлағына тиген соң Айдын Кӛкшетауға шауып келіпті. Содан жҧмысқа тҧра алмай біраз жҥріп қалса керек. Тағы да балдызының атынан бажасына ӛлең шығарыпты:
Әкем Бақыш қой баққан,
Інім Тҧраш ой баққан,
Мен боламын Жаркенттен
Кӛкшетауға әкеліп,
Безработный бай баққан!
Осыдан кейін Айдын әйтеуір жҧмысқа тҧрған екен.
Нан мен кӛк тас
Ақын Шәкен Отызбаевтың 100 жылдығында Баянғали "Кӛкшетау
правдасы" газетінің қызметкері, ақын, жыршы ағасы Жҧмабай
Есекеевпен айтысады (той 1990 жылды» желтоқсанында Чистополье
ауданында, Қырымбетте болды). Сӛздің бір реті келгенде Баянғали
ағасына: "Қазақтың мәдениеті мен тіліне қатысты шараларға обкомың
неге тарылады? Қалалық дӛкейлер ауылдың жағдайына неге кӛңіл
бӛлмейді?"- дей келіп:
Қалалар ауылдарды кӛп басынды,
Жерді ҧмытып, асқаәтап кӛкке асылды,
Ауылым ауызыңа ас салмаса,
Нан қылып шайнар ма едің кӛк тасыңды!- дегенде, Жҧмекең інісінің
сӛзін "дҧрыс" деп қҧптаған екен.
Кҥйеу сҥйреген кӛш
Монғолиядағы қазақтар Қазақстанға алғаш кӛшкен жылы Еңбекшілдер ауданына келетін ҥйлерді алып келуге барған керуенді аудандық еңбекке орналастыру, кӛшіп-қону мекемесінің бастығы, журналист Орынбай Шайкенов бастаған екен. Дәл сол кезде "Кеңащының" директоры Қалиасқар Әйткенов ауырып қалып, совхозға келуге тиісті он ҥйді әкелуге машина болмай қалыпты. Содан Баянғали кірісіп, Орынбайға мән-жайды тҥсіндірген соң, ол кісі: "Осы барған машиналарға сыйғызып ала келемін"- депті. Айтқанындай, келетін ҥйлердің ешқайсысын қалдырмай алып келіпті. Келген соң, «Әй, балдыз, мына туыстарыңды әкелемін деп әбден қалжырадым! Қалиасқар екеуің шалқайып ҥйде жатырсыңдар, ал мен жҥгіріп жҥрмін,"- депті. Сонда ақын былай деген екен:
Монғолға сапар шегіп дабылдадың,
Реті бар оны әйгілеп, дарылдаудың,
Керейдің кӛшін сҥйреп, кҥйеу бала,
Ӛтедің бір ширегін қалың малдың,
Қалжырасаң апамның қолтығына
Кіріп алып екі-ҥш ай дамылдағын!
Қасқабас пен тамшы
"Искра" совхозының директоры Михаил Иванович Орлов ірі денелі,
қасқабас кісі екен. Сол совхоздың "Қызыл–ҧйым" бӛлімшесінде
Баянғалимен кездесу болады. Ӛлең айтып отырған ақынға бір кезде
халық: "Моншамыз нашар, соны бастықтарға ӛлеңмен айтсаңыз,"- деп
ӛтініш білдіреді. Сонда ақын:
Бастықты моншаға алып бару керек,
Жабылып сыпырғышпен сою керек,
Тӛбеден тамшылаған ыстық тамшы
Орловтың жалтыр басын ою керек!- деген
екен. Бҧл сӛзді тѕсінген директор: "Будет баня, будет,"- дей беріпті, кҥліп.
Бастықтың ойы
Бір бастық Кӛкшетауға барғанда Баянғалидан: "Қазір не істеп жҥрсің?"- деп сҧрапты. "Жазуымды жазамын, елге ӛлең айтамын,"- десе: "Мәндірек бірдеме істемейсің бе?"- депті. Баянғали: "Сонда не істеуім керек, байлық пен билікке таласуым керек пе?"- деген екен.
Зәкӛн
Бір жолы біреулер Баянғалиға: "Екі әйел алу туралы заңға қалай
қарайсыз?"- деп, сҧрақ қойыпты. Сонда ақын әзіл-шыны аралас былай
деген екен:
Кесір сӛз кімге керек бас қатырған?
Кесектей қараңғыда босқа атылған,
Ешқандай зәкӛніңе қарамастан
Еншалла, тӛрт балам бар қос қатыннан!
Алматыда біреуі,
Балдарымды бағып жҥр,
Балалар да шҥкірлік,
Шетелге де барып жҥр,
Озып жҥлде алып жҥр,
Кӛкшетауда біреуі,
Әкем менен шешемді
Тӛсек тартып қалғанда
Мәпелеп қолдан атқарып,
Отымды тҥзу жағып жҥр,
Ортасында солардың
Ӛлең айтып Байекең
Ел аралап шауып жҥр!
Халық пен балық
Баянғалиды біреумен шатастырған бір бастық: «Әлгі балық аулаудың
рҧқсат қағазын қашан әпересің?"- депті. "Мен балықтың емес,
халықтың адамымын,"- депті сонда ақын.
Кӛкшетау мен президиум
Шымкент облысы, Бӛген ауданында Қосжан Мҥсіреповтың 60 жылдығы мен Нҧралы Нысанбайҧлының 135 жылдығына арналған айтыс болады. Сонда қонақ ақындарды атап-атап президиумға отырғызып, Баянғалиды ҧмытып, атамай кетеді. Содан ӛлеңнің кезегі келгенде Баянғали:
Басқалар сығылысып сыйғанымен,
Кӛкшетау президиумға сыймайды ғой!- деген екен.
Ҥндемей біткен жҧмыс
Мағжан Жҧмабаевтың 100 жылдық тойында (Солтҥстік Қазақстан облысы, 1993 ж.) ӛткен айтысқа Кӛкшетау облыстық әкімшілігі ресми тҥрде бір жас ақынды апарыпты. Ҧлы ақынның "Батыр Баян" поэмасын алаш арыстары ақталмай тҧрған кезде, 1975 жылдан бері ел арасында жырлап келе жатқан Баянғалидың бҧл тойдан шет қалғанына қандары қызған Кӛкшетаудың мәдениет саласындағы қыздары Кҥміс Біләлова мен Мағрипа Әбілқасова Қызылжардағы мәдениет қызметкерлері Роза Шоланова мен Сҧлушаш Темірғалиқызына хабарласады. Ӛңкей қыздар ӛзара келісіп, Баянғалиды ақындардың тізіміне ақырын ғана жазып жібереді. Қызық болғанда, қосалқы қҧрамда барған Баянғали айтыста жеңімпаз атанып, бас бәйгеге ие болып, Кӛкшетауға Мажан атасының қаракер тҧлпарын мініп келеді. Қыздарға риза болған ақын былай деп ӛлең шығарыпты:
Мағрипа мен Кҥмісім,
Роза менен Сҧлушаш,
Қызмет қылып жыр ҥшін,
Ҥндемей-ақ бітірді
Әкімдердің жҧмысын!
Қолдау
Баянғали Ақтӛбеде ақтӛбелік ақын Айдолла Жәкешевпен айтысқанда стадионға жиналған халық ӛз жерлестеріне кӛбірек қол соғып, қуаттап отырса керек. Сонда Баянғали ӛз кезегінде:
Айдоллаға жерлестері қолын соқса, Ия, алла, ӛзің жар бол жалғызыңа!- деген екен. Бҧл сӛзге бҥкіл ел дҥрілдеп, Баянғалиды қолдаған кӛрінеді.
Дос-дҧшпан
Бір облысқа барғанда Баянғалиға біреулер бір ыңғайсыз сӛздер айтса керек. Сонда ақын:
Бар шығар дос, дҧшпан да кҥндейтҧғын,
Кейбіреу қадірімді білмейтҧғын,
Бірақ та Кӛкшетауда жҥргенімде
Иті де маған қарап ҥрмейтҧғын!- деген екен.
Прокурор мен майор
Бір жиында Баянғали аудандық ішкі істер бӛлімінің бастығына
әзілдеп:
Айналайын, майырым,
Ҧрының қолын қайырдың,
Талай жақсы жігітті
Ҧстап алып, қаматып,
Семьясынан айырдың!- депті.
Сонда қасында тҧрған ауданның прокуроры: "Бҧған дҧрыс болды!"- деп кҥліпті. Ақын оған:
Бҧл ӛлеңнің бер жағы,
Айтылады ар жағы,
Айналайын прокурор,
Сау емессің сен дағы!- деген екен.
Сонда майор: "Міне, жаңа дҧрыс болды!"- депті, кҥліп.
Қҧбырдың суы
Баянғалидың нағашы апасы Кҥлмәрәнің кҥйеуі Болат Қалқышев кезінде облыстағы су шаруашылығына қатысты жобалау-зерттеу институтының директоры, жалпақ тілмен айтқанда судың бастығы болған екен. Бір кҥні пенсиядағы апа-жездесі ақынның ҥйіне келіп, әңгіме дҥкен қҧрып отырғанда, жездесі ҥйлеріне су есептегіш қойғанын, оның тиімді екенін айтады. Сонда Баянғали: – Бҥкіл Кӛкшетаудың ағыл-тегіл суын емін-еркін билеп едіңіз, сізге де кранның суын санатып қойған заман-ай!- деген екен.
Министрдің пәтері
Кӛкшетаудағы қазақ театрының директоры Мҧратбек Оспанов зайыбы Айжан Бәдірәызы екеуі "Кеңащыға" арнайы келіп, Баянғалиға: "Атаанаңызды атқардыңыз, енді қалаға, Кӛкшетауға кӛшіңіз! Театрда ӛнерпаздар ортасында болыңыз!"- деп, тілек білдіріп, 1998 жылдың жазында Кӛкшетауға кӛшіріп әкеліпті. Театр қызметкерлеріне тҧрғын ҥй ретінде бӛлінген "Самал" балабақшасынан ҥлкен пәтер беріпті. Алғашқы кезде ол ҥй жайлы болғанымен, кейін жылу мен жарықтан таршылық бола бастапты. Бір кҥні экология министрі Серікбек Дәукеев театрға келіп, Баянғали мен Мҧратбектің "Қҧдалық" спектаклін кӛріп, риза болады. Театрды» мҧңмҧқтажына бейтарап қалмай, жанашырлық танытқан министр ҥй мәселесін 1999 жылдың 1-сәуіріне дейін шешуге кӛмектесетінін айтады. Біраә, қысқа дейін реті келмепті. Бҧл кезде тҧрғын ҥйге лайықталмаған балабақшада біраз қиындық кӛрген театр қызметкерлері бет-бетіне кӛшіп кетуге мәжбҥр болады. Олар кетісімен маңайдағы жҧрт балабақшаны дымын қалдырмай бҧзып алады. Іс жҥзінде ҥйсіз қалған Баянғали уақытша балдызының ҥйінде тҧра береді. Сӛйтіп жҥргенде министр 1999 жылы 25 қарашада театрға келеді. Сӛздің бір орайы келгенде, ақын министрге былай депті:
Дәу министр Дәукеев,
Еңбегі оның кӛп тҥрлі,
Интеллектуал – зиялы,
Меңгерген жетік шет тілді,
Тоқтар батыр екеуі
Протонға қарсы шеп қҧрды,
Ала жаздай алысты
Жеңемін деп гептилді,
Театрға сәуірде
Ҥй беремін деп тҧрды,
Сҥмбілеге дейін сандалтып,
Әдемі сӛзбен ағамыз,
Ішімізді кептірді,
Секеңе сенген Байекең
Жиырма бірінші ғасырға
Баспанасыз кеп кірді!
Бҧл сӛзге кҥліп жіберген министр: "Жоқ, жиырма бірінші ғасырға дейін болады!"- депті. Айтқанындай, Мҧратбек Оспанов арқылы 30 желтоқсан кҥні ақынның жаңа ҥй алуына жағдай жасаған екен.
Әкенің досы
Ақын Ҧлықбек Есдәулетов пен Баянғали тҥйдей қҧрдас. Бҧлардың әкелері Оразбай мен Тақан да, қыздары Назым мен Ақкенже де қҧрдас. "Әкесі қҧрдастың баласы қҧрдас", соғыс ардагері, филолог-мҧғалім Оразбай ақсақал 1985 жылы Алматыға келгенінде Баянғалиды жақсы кӛріп, екеуі әбден сыйласып, дос болып кетіпті. Кейіннен Баянғали Ҧлықбекке: "Әй, мен сенің әкеңмен ішкенмін! Мен сенің әкеңдеймін!"- деп қалжыңдайтын кӛрінеді. Оразбай ақсақал қайтыс болғаннан кейін, Астанада тҧратын Ҧлықбектің ҥйіне келіп қҧран оқып, кӛңіл айтып отырып, Баянғали: "Айналайын, Ҧлқашым, атам қазақтың "әкең ӛлсе, ӛлсін, әкеңді кӛрген ӛлмесін,"- деген сӛзі бар ғой, енді Баянғали аман болсын деп тілей бер!"- деген екен.
Ашылған тыныс
1999 жылдың желтоқсанында "Халық қазынасы – ҥшінші
мыңжылдыққа!" айдарымен "Алпамыс батыр" жырының
мыңжылдығына арналып, Астанада ӛткізілген республикалық
жыршылар фестиваліне аттанарда Баянғалиға "Тыныс" ашық
акционерлік қоғамының президенті Қайырбек Қҧсайынов демеуші
болып, қаржы бӛліпті. Ол кісінің ағалық ниетіне риза болған ақын
былай деген екен:
Оңына бассын жҧмысың,
Жалынды болсын жҥрісің,
"Тыныстан" кӛмек болған соң,
Ашылып кетті тынысым!
Манасшылардың мақтауы
Жамбылдың 150 жылдығына арналған Халықаралық жыршылар
конкурсында Қырғызстандық дҥлділ манасшы Назарқҧл
Сейдрахмановтан Баянғали:
– Осы қырғызда Манасты айтатын адам мыңнан біреу шыға ма?- деп
сҧрапты.
– Оба! (Иә!)- депті Назарқҧл. Сонда Баянғали:
– Ал мен он миллион қазақтан біреумін ғой!- дегенде, риза болып
кеткен Назарқҧл ағасы қҧшақтай алып, « Азамат!» деп, арқасынан
қаққан екен.
Арада жиырма жылдай уақыт ӛткенде, осы әңгімені естіген қырғыз
манасшысы , манасшылар қоғамының тӛрағасы Рысбай Исақов
Бішкекте ӛткен манасшылардың 1-халықаралық фестивалінде: «
Баянғали аға, сіз жер бетіндегі қырғыздан басқа алты миллиард
адамзаттан шықан жалғыз манасшы емессіз бе ?! «- деген екен.
Қылыш пен зеңбірек
1993 жылы Ақтӛбе облысының Шалқар ауданында Есет
Кӛтібарҧлының 190 жылдығы тойланады. Сол тойда Баянғалимен
айтысқан ақтӛбелік ақын Нҧрлыбек Қалауов:» Қане, Есет пен
Дәрібайды жырлайық «,-дейді. Сонда Баянғали:
Кешегі Есет пенен Дәрібайдың
Атағы әр қашанда өрлей берсін!
Шақырдың осы тойға ақындарды,
Ақындар алдарыңда тақылдады.
Есет пен Дәрібайды мақтау үшін
Алдымен мақтау керек Көтібарды!
Ақындар бөтен сөзді бастап па еді,
Қарсылас тура келсе жасқап па еді?
Білесің, мұғалімім, бір кездерде
Қазақтың зиялы бір оқығаны
Атынан Көтібардың қашпап па еді?!
Ойлаймын, талай сырым ашылар деп,
Ақындар топ алдында тасынар деп.
Мұқаңның өзі дағы қысым көріп
Жазған ғой Көтібарды Басыбар деп!
Ақынның айтқанынан ой аңдаңдар,
Бауырлар жамандыққа қия алмаңдар.
Айқайлап, мақтан етіп айтыңыздар
Атынан Көтібардың ұялмаңдар!
Көтібар дұшпанына ат ойнатқан, Ел үшін қайтпаған ғой жанған оттан. Көтібар батырлардан біз қашпаймыз, Сақтасын тайғақтардан, көті жоқтан!,- деген екен. Осы тойдан кейін Шалқар мен Ақтөбенің азаматтары Көтібар батыр қорын құрып, арада жеті жыл өткен соң батырдың кесенесін көтеріп, ас беріпті. Сол айтысқа арнайы шақырылған Баянғали финалдық айтыста бір сөздің орайында:
Көтібар қас дұшпанын еңіреткен, Ел үшін қан мен терін төгіп өткен, Аждаһадай ажалға қарсы шауып, Қайтпаған қылышпенен зеңбіректен!- деген екен. Сонда біраз үлкен кісілер айтыстан кейін: « Апырмай, Көкшетаудың ақыны әсірелеп жіберді-ау, неше батыр болса да, қылышпен зеңбіректі қалай жеңсін?!»- десе керек. Сол кезде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бірге оқыған досы,экономист – ғалым, профессор Үкетай Байжомартов: « Ленинградта оқып жүргенде архивтен көрдім. Патша әскерінің зеңбіректері ол кезде бес-алты доп атқаннан кейін қызып кетіп, жарты сағаттай демалады екен. Көтібар батыр осыны аңдып тұрып ,зеңбірек суығанша шабуылдап, талай рет жеңіп шыққан көрінеді. Ақын сөзінің жаны бар!»-деген екен! Ең қызығы, ақын бұл фактіні білмей айтса да, дәл айтқан!
Ғарышкердің ақбоз аты
Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқанына бір жыл толуына арналған
айтыста \Қарағанды, 1992ж. Қазан айы.\ қарағандылық Дәулет
Сатибековпен айтысып отырып, сөздің бір орайында Баянғали:
Ер едік, көп елжіреп босамайық,
Қайтадан қолдан мүсін қашамайық,
Жабыла мақтап, мақтап президентті
Тағы да культ личность жасамайық! – деген екен.
Келесі бір сөздің ретінде залда отырған батырға арнап Баянғали былай депті:
Қазаққа құдай өзі берген Тоқтар,
Қайыспай қиындықты жеңген Тоқтар,
Қырандай шүйіліп кеп самолетпен,
Үстіне кеменің дәл мінген Тоқтар,
Қазақты ұнатпайтын Москва да
Амалсыз алтын жұлдыз берген Тоқтар,
Содан соң батырлықпен ғарышқа ұшып
Күнді де бір айналып келген Тоқтар,
Күн нұрын кеудесіне жиып келіп
Шашу ғып туған елге берген Тоқтар,
Мынауың қалай-қалай мақтайды деп
Қысылып , қыздай болып күлген Тоқтар!
Келесі күні финалдық айтыста Қабдыжәлел Сақариямен айтысып
отырғанда, Тоқтар ағамызға қаратып:
Беу, Тоқа, жақсы болды тап келгенің,
Шүкір де құдай мұндай бақ бергенін,
Жарқырап жалғыз келмей, неге ағатай,
Аппақ қып жеңгемізді ап келмедің?!
Генерал,космонавт боп алда тұрсың,
Арманың әрқашан да айға атылсын,
Генерал түгілі маршал боп кетсең де,
Бәрібір жеңгеміздің солдатысың!
Сөзімді ойға салып салмақташы,
Құс көңіл қайда,қалай самғатпақшы,
Генерал , маршалдан да жеңгемізге,
Көнетін смирноға солдат жақсы!
Ақынның айтқанына нану керек,
Қиялмен әрбір іске бару керек,
Генерал,космонавтың әйелінің
Саны да космический болу керек,
Даланы мекендеген он сан ұлттың,
Бәрінен бір-бір қатын алу керек,
Көбейтіп космонавт-қазақтарды,
Жаңадан Байқоңырды салу керек!- деген екен.
Содан кейін сөздің бір орайында батырдың жанында отырған облыс
әкімінің орынбасары Нұралы Бектұрғановқа қаратып, оралман ақын
Қабдыжәлел Сақарияның тұрмыс жағдайына назарын аудара келіп:
Нұреке, Қабдыжәлелге құнажын бер,
Және де кешіктірмей сразым бер,
Қай уақта қашар сиыр бұзаулайды,
Деп телміртпей біржола буазын бер!- деген екен.
Айтыстан кейін Тоқтар Әубәкіров Баянғалиды құшақтап, алғыс айтып,
өз қолынан ақ боз ат мінгізіпті.
Академик пен бұзау
Академик Жабайхан Әбділдин зайыбымен Степнякқа келіп, Біржан сал бейітіне барыпты. Дәл сол мезетте зират ішіне екі-үш бұзау кіріп , оттап жүр екен.Оған облыс әкімі Қызыр Жұмабаев қатты ренжіпті. Сонда Баянғали:
Зиратқа түскен екен тәмам бұзау,
Апырмай, бұлар неткен жаман бұзау,
Академик келгенін қайдан білсін,
Қараңғы, оқымаған надан бұзау!-деген екен.
Жұрт ду күліп, жадырап, ақынның жырларын тыңдапты. Академик
ағасына әзілдеп:
Жабайхан аға,жалықпай,
Ойыңмен сүздің тереңді,
Аристотель, Платон,
Демокрит, Фараби,
Иммануил Кант пенен,
Спиноза, Гегельді,
Маркстен кейін қадалып,
Тексерген сенсің, Жабеке,
Диалектика дегенді,
Орысша да қазақша
Ағыла сөйлеп кеткенде,
Тыңдайды жұрт тамсанып,
Өзіңдей шешен өренді!- деген екен.
Ғұлама дәрігер
Халық қаһарманы, академик Мұхтар Әлиев зайыбымен Степнякқа
келгенде Баянғали бірге болып, қонақтарға арнап біраз өлеңдер
айтыпты. Сонда:
Мұхтар аға, ғұлама,
Қанат жайып ғаламға,
Қаншама шәкірт өсіріп,
Ғылымның салдың жолына,
Мектебің бар өзіңнің,
Танылған оң мен солыңа,
Құтқарып қалдың талайды,
Ажалдың түскен торына,
Жасай бер ,аға, өркендеп,
Адамдардың бағына,
Бірақ та бізді құдайым,
Бермесін сенің қолыңа!- деген екен.
Аудан әкімін ауыстырған ӛлең
1993 жылы Еңбекшілдер ауданының әкімі Қызыр Ыбырайҧлы Жҧмабаев облыс әкімі болып тағайындалған соң, аудан активін, ел ақсақалдарын жинайды. Сол жиынға келген Баянғалиға бір топ ел азаматтары: « Ал, ағаңа сен айтпасаң, басқа ешкім айта алмайды, қазір ӛзінің орнына бірінші орынбасары Боргульді қойып кетуі мҥмкін. Біздің Боргульге жамандығымыз жоқ, жақсы жігіт, бірақ Біржан атаңның ауданын ӛзіміздің қаракӛз басқарғаны жӛн ғой! Осыны бірдеңе ғып орындат ағаңа!»- дейді. Содан, жиналыс басталып, бірнеше адам сӛйлегеннен кейін , кезек Баянғалиға тиеді. Облыс, аудан , шаруашылық басшылары қатысып отырған ресми жиналыста ақын домбырасын алып, ӛлеңдетіп қоя беріпті:
Қҧттықтап келді міне ел қасыңа,
Ҥміт пен міндет артып ер басыңа,
Қызаға, қҧдай қолдап әкім болдың,
Абылай, Кенесары ордасына!
Келіп тҧр бҥкіл аудан ӛзіңді іздеп,
Қызырға алғыс, баға береміз деп,
Еңбегің сіңген мына ауданыңды,
Бҥгінде басқарудан дәмелі кӛп,
Ӛзіңіз облысқа ӛскеннен соң,
Орныңа кім келер деп зәреміз жоқ!
Еліңді сҥйсең аға, жҥрегіңмен,
Ел сені тастамайды тілегінен,
Атығай басқарған соң облысты,
Әкімі бҧл ауданның болу керек
Керей мен Қарауылдың біреуінен!
Сақтасын қҧдай сізді іс- қатадан,
Әкімді қоясыз ғой жақсы атадан,
Ӛзіңіз облысты ҧстаған соң,
Әкімді қойып жҥрме басқа атадан!
Ақын ӛлеңін осылай бітіргенде , жиналған халық дҥркірете қол соғып, кейбір ақсақалдардың кӛзінен жас шығып кетіпті. Содан, жиналыстың соңында Қызыр Жҧмабаев елге рахмет айтып, интернационалдық достық жӛнінде сӛз қозғап, бірақ аудан әкімін тағайындамай , жиналысты бітіріпті. Осыдан біраз уақыт ӛткен соң Еңбекшілдер ауданының әкімі етіп Кеңес Мҧқатовты \ қарауыл, осы жердің тумасы.\ тағайындаған екен.
Кӛп сары мен Ақсары
Кӛкшетау облысының елу жылдығын тойлағанда қҧрметті
қонақтардың ортасында ӛлең айтқан Баянғали сӛздің бір орайында
облыс әкімі Қызыр Жҧмабаевқа :
Мен ӛзі жігітімін Ақсарының,
Алдыңда ӛлең айтып ақтарылдым,
Атығай, қарауылдар әкім болып,
Дҧрыс қой Кӛкшетауды басқаруың,
Бір-екі Ақсарыны алмайсыз ба,
Орнына қасыңдағы кӛп сарының?! – деп әзілдеген екен, облыстық
әкімдікте басқа ҧлт ӛкілдерінің басымдылығын меңзеп.
Кенесары мен тентек сары
Шҧбыртпалы Ағыбай батырдың 190 жылдығында Баянғали
жезқазғандық ақын Қуаныш Мақсҧтовпен айтысады. Ол сӛзін тентек
сарымын деп бастаған екен. Сонда Баянғали:
Қалай деп мақтанады мына сары,
Ӛзіне бҧлай деген жарасады,
Бір кезде сары болу моды болған,
Ҧмтылған сарылыққа жҧрттың бәрі,
Мақтанып керегі не сарымын деп,
Дариға-ай, болмаған соң Кенесары!- деген екен.
Ақын мен балдыз
Ілияс Жансҥгіровтың 100 жылдығына арналған республикалық
айтыста алматылық Оразалы Досбосынов Баянғалиды «жезде» деп,
балдыз жолымен әзілдеуге айналады. Сонда Баянғали:
Бір елдің бетке ҧстаған ақынысың,
Қайтесің балдыз болып кішірейіп!- деген екен. Сӛздің мәнін аңғара
қойған Оразалы салмақты әңгімеге ойысыпты.
«Алпамысты» жырлау
«Қазақстан» ҧлттық телеарнасы «Мәңгілік сарыны» айдарымен халық қазынасы – жыр-термелерді жарыққа шығаруды қолға алып, алғашқы хабар—«Алпамыс батыр» жырын Қызылорда қаласында тҥсіріпті. Жҧмыс барысында техникалық себептермен кідіре берген соң , ренжи бастас керек. Сонда хабардың авторы әрі жҥргізушісі Баянғали: - Алпамыс батырдың кӛргенінің жанында біздікі айт пен той емес пе!? Жер тҥбіне жортып , жеті жыл зынданда жатып, жҥз мың қалмақпн соғысып , кӛрмеген қорлығы, жеңбеген жауы жоқ. Ал соның ерлігін жырлап шығуға шаршағанымыз қалай болар екен?!- дегенде, ду кҥліп, шабыттанған жыршылар таңғы сағат онннан кешкі тоғызға дейін талмай жырлап , хабарды ойдағыдай аяқтап шығыпты.
Әкімнің мҧрты
2003 жылы Қызылорда қаласында ӛткен республикалық «Ғасырлар
ҥні» жыршы-жыраулар конкурсында жҥлдегерлердің сыйлығын облыс
әкімі Серікбай Нҧрғисаев тапсырыпты. Қасы қалың , мҧрты қою
әкімнің қолынан екінші жҥлдені алып тҧрып , Баянғали былай деген
екен:
Барлық адам баласы
Бейбітшілікті сҥйсе екен,
Біздің қазақ ҧлтындай,
Барлық қазақ баласы
Ата жырды сҥйсе екен,
Сыр бойының жҧртындай,
Жҧмыстарың оң болып,
Кҥріштерің мол болсын
Серікбайдың мҧртындай!
Сҥндет
Ақтӛбеде ӛткен бір ҥлкен айтыстан кейін Баянғалиды қҧрдасы,
облыстық мәдениет басқармасының бастығы Қази Жасекенов бір
туысының ҥйіне қонаққа шақырыпты. Әлгі ҥйдің екі баласын сҥндетке
отырғызған екен , жиналғандар қолқалап, ақынға ӛлең айтқызыпты.
Бәрі де Шектінің Жақайым руынан екен. Сонда ақын:
Айналайын балалар,
Қҧтты болсын тойларың,
Піштірілген тәтәйің,
Тілеуіңді тілеп тҧр,
Апайың мен атайың,
Тәтәйларың қатайып,
Кӛбейе берсін Жақайым! –деген екен.
Тӛте жол
Кӛкшетау қаласының қҧрметті азаматы Серікжан Қасымов бір жолы мәжіліс сайлауына тҥседі. Ол кісіні қолдаушы топтың ҥлкені Бӛгенбай Жанайдаров кезінде ӛзі басшы қызметте істеген Щучье ауданын аралап келе жатқанда орман ішіндегі демалыс ҥйіне тіке тартамыз деп жол нҧсқап отырып, жаңылып Кӛкшетаудың сыртына шығып кетсе керек. Сонда Баянғали:
Дауысын Серікжанның санай барып,
Ту сыртын Кӛкшетаудың жанай барып,
Тҥбіне қара судың тірелгенде,
Тҧңғиық ойға батты Жанайдаров!
Жол жҥрсең жалықпайсың Бӛкеңменен,
Тартады кейде Бӛкең тӛтеменен,
Тҧп-тура тӛбесінен тҥсемін деп,
Шығады шыр айналып бӛтен жерден!- деген екен.
Жӛнделу
Астаналық дипломат, кәсіпкер Абай Әбуов Баянғалиды туған жері – Мақтарал ауданы, Жетісай қаласына қыдыртып, ел, жермен таныстырыпты. Барған бетте жергілікті кәсіпкер досы Жҥсіптің ҥйіне тҥседі. Сӛйтсе, ол ҥйде тҥнімен қонақтар болып, Жҥсіп әбден шырқаған екен. Сол қызуынан айықпаған ол жаңадан келген меймандардың мазасын ала бастапты. Амалын тауып ол ҥйден кетіп қалған қонақтарды жетісайлық Мейірбек, Айдар, Болат деген жігіттер жақсылап қҧрметтеп, сыйлайды.Сонда Баянғали Абайға қарап:
Жетісай деген жер кӛрдім,
Жҥсіп деген ер кӛрдім,
Меніменен ішпейтін
Қандай қызық қазақсың
Деп қиғылық салғанда
Қайтерім білмей сенделдім,
Қазына халқың тҧрғанда,
Қазымырға апарып
Абайжан неден қор болдың?!-деген екен. Ертеңіне ес жиған Жҥсіп
меймандардың алдына келіпті. Сонда ақын осы ӛлеңін:
Жол болсын айтып таңертең,
Жҥсібім енді жӛнделдің!- деп тҥйіндеген екен.
Айдаһар мен ағалар
Кӛкшетаудағы демалыс паркінде балалардың тамашалауы ҥшін ертеде
салынған ҥш айдаһардың ҥлкен мҥсінін бір кәсіпкерлер қиратып,
орнына ресторан салыпты. Соны кӛрген Баянғали:
- Айдаһар айналасын жҧтады дегенді естуші едік, біздің ағаларымыз
айдаһарды да жҧтып қойыпты ғой ! - деген екен.
Министр мен шегіртке
Бір жиында бір шегіртке келіп Баянғалидың киіміне қона қалғанда ,Экология министрі Серікбек Дәукеев: - Мына шегіртке неғып жҥр? Осыған бірдеме демейсіз бе? – депті. - Е-е, Кәрібжановтан кейін Әлімжановқа келген шығар! Бҥкіл министр жабылып жеңе алмаған шегірткені енді ӛлең айтып жеңеміз бе?-деген екен. \ Жәнібек Кәрібжанов – сол кездегі ауыл шаруашылық министрі.Сол жылдары шегіртке қаптап , үкіметте үлкен әңгіме болған екен.\
Жайықтың қанаты
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына орай Қарағандыда ӛткен айтыста Баянғалимен айтысқан Қойлыбай Асанов әдебиетіміздің ақсақалдарының бірі Жайық Бектҧровтың есімін қҧрметтеу жӛнінде ой қозғайды. Сонда Баянғали кӛрермендермен бірге залда отырған облыс әкімі Камалтин Мҧхамеджановқа қарата былай деген екен:
Ӛрге мҧрты шаншылып,
Ел басқарған азамат,
Кәмекеңді қадірлеп,
Ӛзімсініп Ӛскемен,
Абаш қанша бӛскенмен,
Қарағайдай Камалтин
Әкім болып кӛркейіп,
Ӛсіп шыққан Кӛкшеден!
Алаштың бір ардағы Жайық еді, Қҧрметке қандай ҥлкен лайық еді, Тірідей темір ҥйде ӛртегенде Жаланы мойындамай қалып еді, Тҥгендеп әдебиет пен тарихыңды, Қанатын бар қазаққа жайып еді, Сол Жайыққа бір кӛше бере алмаса Камалтин ағамызға айып енді! Ақындар айтқан елдің тілегі әкімнің де ойына дӛп келсе керек, ҧзамай бір кітапханаға Жайық Бектҧров есімі беріліпті.
Кҥйеу балалар
Ҧлағатты ҧстаз, ғалым, балалар жазушысы Сейтен Сауытбековтың 95 жылдығына орай Солтҥстік Қазақстан облысы Балуан ауылының орта мектебіне есімі беріліп, той жасалады. Осынау игілікті шараға ҧйтқы болып жҥрген «Алаш» партиясының тӛрағасы, Кӛкшетау университетінің ректоры Жанат Қасымов пен оның жары , Сейтекеңнің қызы Гҥлнәрдің еңбегіне ел разы болады. Кезінде Сейтекең ӛзінің қайнағасы, қазақтың ҥлкен ақыны, колчакшылардың қолынан 21 жасында қыршын кеткен Баймағамбет Ізтӛлиннің шығармаларын жинап , сақтап, зерттеп, жарыққа шығаруға кӛп еңбек сіңірген. Ақсақалдың кӛзін кӛріп , сыйлас болған Баянғали тойда айтқан арнауында осының бәрін тҥйіндей келіп:
Нҧр шашып шәкірттердің санасына,
Жол тартып алыстағы Алашынан,
Жырларын қайнағасы Ізтӛлиннің,
Ӛрттің де алып шыққан арасынан,
Сейтеннің атасына жасағанын,
Қайтарды қҧдай кҥйеу баласынан!- деген екен.
Соттау мен мақтау
Бірде бір юрист пен журналист жолдастары Баянғалиға:
- Сіз кейде ӛлең айтқанда жҧртты желпілдетіңкіреп ,мақтаңқырап
жібересіз-ау осы! – депті.
Сонда ақын:
- Жҧртты соттап я даттап жҥргеннен гӛрі , мақтап жҥрген артық емес пе?! – деген екен.
Сауат
- Осы біз ру дегенді білмеуші едік, сен келіп ҥйреттің,- депті біреулер. - Е-е, аталарыңды білмей жҥр екенсіңдер , кӛзеріңді ашқан екенмін ғой!- депті ақын.
Ақын мен палуан
Қызылтулық балуан Бауыржанға:
- Чемпион, менімен кҥресесің бе?- депті Баянғали.
- Кӛруге болады,- дейді балуан. Сонда ақын:
- Әй, қазақ ақынмен алыса ма екен? Ақынды алақанға салмай ма?-
деген екен.
Таусылмайтын тақырып
- Бір ҥлкен кітабым шығайын деп жатыр,- депті ақын Қорғанбек
Аманжолов.- Оның ішінде қазақтың ҧлттық намысын қайрап жазған
бірталай мақалаларым бар!
- Сонда Баянғали:
- Жарықтық қазақтың ҧлттық намысы таусылмайтын тақырып болды
ғой,- деген екен.
Тҥрме мен терме
Шымкенттік кәсіпкер азамат, базардың бастығы , бҧл заманда терме жазып жҥрген бірден-бір ақын Шалқар Әбішҧлы облыс әкімшілігімен бірлесіп , бірнеше жылдан бері Шымкентте республикалық «Шалқар термесі» конкурсын ӛткізіп келеді. Ӛз қаржысын халықтық ӛнерді ӛркендетуден аямаған мәрт ағасына риза болған Баянғали: - Шәке, біреулер базардан тҥрмеге кетуші еді, сіз термеге келіп дҧрыс қылған екенсіз!-деген екен.
Айықтырғыш автобус
Баянғали жаз кезінде қызып алса, кей-кейде достары Шәймерден Дәуренов, Масат Беріков , Фазыл Шаухаровты іздеп, тҥнгі автобуспен Алматыдан Жамбылға кетіп қалады еен. Достары қҧшақ жайып қарсы алып, мауқы басылған соң:
- Әй, Алматы-Жамбыл автобусы айықтырғыш сияқты , тҥнде мас
болып мінесің , таңертең сауығып тҥсесің! Алматыда ысқырып жҥріп
ҧсталып қалсам милиция бҥйтіп мәпелей қоймас еді, сендерге тартып
кеткенім дҧрыс болған екен!- дейтін кӛрінеді.
Арабша мен қазақша
Баянғалидың жездесі Ҧғыш қақаған аязда Кеңащыдан Тассуға жете алмай , балдызының ҥйінде бӛгеліп қалса керек. Бір кезде қалтасынан бір қағазды суырып алып, бір дҧғалықты самбырлатып оқи жӛнеліпті. Арабшаға тілі жӛнді келмесе де, бҧзып-жарып қайта-қайта оқи беріпті. - Иә, жезде, не оқып жатсың ? – деп сҧрайды балдызы. Жездесі жымың-жымың етіп, жауап беріпті: - Зейнолла молдадан екеуміз де жолда кӛп жҥреміз ғой деп, әдейі қолқалап жаздырып алдым. Осыны оқи берсең, қҧдай тағала кӛлік кездестіреді деп еді! Сонда Баянғали: - Дҧрыс қой, бірақ тіліңді бҧрап, жаныңды қинағанша, қазақша тілей бермейсің бе? Алла тағала қазақша да білетін шығар!- деп, жездесін Шайдолла қҧрдасының « Беларусь» тракторына мінгізіп қоя беріпті.
Формализм
Жаңадан молда болған бір бір замандастарымыз бір жиында «әйтуге
болмайды, бҥйтуге болмайды «, деп тақуасынып, жҧртқа мән ҥйрете
беріпті.
Сонда Баянғали:
- Алла тағала формалист емс қой, ҧсақ-тҥйекті есептемей , адамның
шын ниетіне қарайтын шығар!-деген екен.
Тҥгендеу мен жҥгендеу
- Жас кезде шырқадыңыздар ғой...Арақты да ӛкірттіңіздер...қызумен талайды қағып-соғып кеткендеріңіз де болды-ау, ә? Енді кеп ораза ҧстайсыздар...- депті біреулер. Сонда Баянғали: - Иә, осы кҥнгі қажы, молданың бір талайымен бірге ішкенбіз. Алланың кәрі кҥшті , рахматы мол деген ғой бҧрынғылар. Шын ниетімізбен қылған тәубемізді қабыл ете гӛр,- деп тілейміз-дағы.Ал сендер жҧрттың иманы мен тәубәсін тҥгендегенше, ӛздеріңнің теріс пиғылдарыңды жҥгендеп алсаңдаршы! – деген екен.
Мент пен молда
Бір ауылдың молдасы зират басында жҧртшылыққа дауыс кӛтеріп, «ӛйтіңдербҥйтіңдер»-, деп ҧрсып, берекені алыпты.Ауылға келгесін, ас ҥстінде әлгі молдадан: - Аға, дін жолына тҥскенше , қандай жҧмыс істедіңіз?- деп сҧрапты Баянғали. - Шопыр болдым, милицияда істедім,- депті молда. - Е-е, бәсе ,кӛрініп тҧр...Ол кезде бір жартыны қағып алып, біреуміреуге ашулансаңыз , монтировканы да жіберіп қалған шығарсыз? - Болды ғой енді жастықта! Қҧдай таупих берді, қойдық бәрін! - Иә, қойғаныңыз жӛн... Монтировка мен ментовский « методыңыз» молдалық жолға жараса қоймас ,- деген екен ақын.
Қазақтың мҧсылмандығы
- Осы біздің қазақтың мҧсылмандығы да бір тҥрлі ғой,- депті біреу. Сонда Баянғали: - Неге бір тҥрлі? Фанатик емес , бірақ қҧдайын ҧмытпайды. Бәрін бір Аллаға тапсырып, емін-еркін ӛмір сҥретін біздің қазақтыкі де дҧрыс-ау осы!- деген екен.
Кереметтер
-Біздің саясат , әдебиет , ӛнер адамдарының бәрі ӛздерін керемет
санайтындары несі?- деп ренжіпті бір жолдасы. Сонда Баянғали:
- Санай берсін , содан келіп –кетер не бар!? Кереметпін демегенде
бейшарамын деуі керек пе? Тек қана солардың бәрі ӛзгелерді
кемсітпей, ӛзінше керемет бола берсе, шын керемет сол болар еді,-
деген екен.
...изм мен сезім
-Абстракционизмге қалай қарайсыз?- деп сҧраған біреулерге Баянғали: - Абстрактно! Ӛйткені біз измнің емес , ой мен сезімнің ақынымыз ғой ,-деген екен.
Кітап пен кісі ақысы
- Осы кҥнгі ақын-жазушылар жазғандарын жарыққа шығара алмай, шығарса кітабын ӛткізе алмай, ӛздері сатып жҥрген жоқ па? – депті бір байшыкеш атқамінер. Сонда Баянғали: - Әйтеуір кісі ақысын жегеннен гӛрі тәуір ғой!- деген екен.
Достық
Жақын достары Баянғалиды бір маңызды мәселелерде қапы қалдырса
керек. Кейін ҧялып, ыңғайсызданады ғой баяғы. Сонда ақын.
- Жарайды ,аман болайықшы. Мен достарымды атақ пен ақшаға
айырбастамаймын,-деген екен.
Ақын мен шекара
Ақын Әбубәкір Қайранов Баянғалиға: - Бір кітапта мені Қытайда туған деп жазып қойыпты, ал мен Семейде туғам,- депті. - Е-е ,жаза берсін, нағыз ақында шекара болмайды! Сен арғы бет пен бергі бетке бірдей қазақтың ақыны емессің бе?!- деген екен Баянғали.
Жҧлдыздар мен аспан
Әбубәкір Қайранов шығармашылық кешін ӛткізуге дайындалып
жҥріп, әнші
Сҥлеймен Ибрагимовке:
- Сендердің аттарыңды афишаға қалай жазсам екен? Белгілі, әйгілі
әнші деймін бе, әлде эстрада жҧлдыздары десем бе екен?!- депті.
- Ой, аға, жай әнші дей салыңыз, тіпті, жазбай-ақ қойыңыз,- депті
Сҥлеймен.- Жҧлдыз десеңіз ҧят болар, жҧлдыз деп еңбегі ҥлкен аға-
апаларымызды айтсақ жарасар...
Сонда Баянғали:
- Жҧрттың бәрі жҧлдыз болып жатқанда, ӛзіңе қимайсың ба? Сен де
жҧлдызсың, қазақтың аспаны кең, бәрің де сиясыңдар!- деген екен.
Жалаңаш мәдениет
Жақсы, жаманына қарамай, шетелдік мәдениетке кӛзсіз қҧлаған бір
замандасы жӛн-жосықсыз соларды ҥлгі қыла берсе керек. Сонда
Баянғали:
- Немене, шетелдіктер жалаңаш жҥрді екен деп , біз де артымызды
ашайық па?!- деген екен.
Әртістерге арнау
Шахмет Қҧсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ театрының әртістері Тӛлеубек Кӛңбайҧлының кішкентайы Ерқасым бір жасқа толғанда Баянғали ағаларынан ӛлең айтуын ӛтініпті. Сонда ақын біраз әртістің атын қосып:
Қҧдайым бақыт берсін Ерқасымға,
Кез қылмай ызғырық пен бҧрқасынға,
Жайқалып бәйтеректей бойлап ӛссін,
Ормандай туған елдің ортасында.
Жҥрісі Тӛлеубектей балпаң болсын,
Кӛңілі Сафуандай дархан болсын,
Қайрат пен Қҧмарбектей ойлы болып,
Айбектей шымыр, ширақ, тарпаң болсын,
Мҧратбектей ісіне мығым болып,
Мҧраттар мен Ерландай маркаң болсын,
Аң атса арттан тиіп, алдан шығып,
Кӛңбай менен Сауандай қартаң болсын!
Жарастай сахнада сәнді болсын,
Ербайдай сӛз ҧғатын дәмді болсын,
Бағлан мен Бақытбектей кӛңілді боп,
Елтай менен Талғаттай әнді болсын,
Балдарың бәріңнің де ӛсіп-ӛніп,
Қызықты ӛмірлерің мәнді болсын!- деген екен.
Уағыз
Дін жолына тҥскен актер Сафуан Шәймерденов кездескеннің бәріне
уағыз айтыңқырай берсе керек. Бірде Баянғали:
Достарың молда, сопы бәрі кілең,
Бір жағыңда Мауляна, кәрі Гҥлен,
Қҧдайым иманыңды кәміл етсе
Солардың бәрінен де Дәрігҥл ем!-деген екен.
\Сафуанның әйелі Дәрігҥл- Мағжан Жҧмабаевпен аталас, қазақы
тәрбие алған, әдепті, момын адам, тӛрт баланың анасы.\
Екі кішкентай
Шағын денелі, аласа бойлы актер Сафуан Шәймерденов Антуан де Сент Экзюперидің «Кішкентай ханзада» повесін сахналапты. Бір ӛзі бірнеше рӛлді ойнап, әдемі спектакль шығарған екен. Әзілі жарасқан Баянғали ағасы Сафуанға : - Кішкентай ханзада мен кішкентай әртіс қосылып, ҥлкен дҥние жасаған екен! – депті .
Кемпір-шалға әзіл
Әртіс Сафуан Шәймерденовтың әкесі Рысбай ақсақал Алматыдан
Кӛкшетауға келеді. Театр директоры Мҧратбек Оспановтың ҥйінде бір
той болып, ҥлкен-кішілер бас қосады. Сонда ӛлең айтқан Баянғали
қҧрдасы Кҥлпаштың шешесі мен Мҧратбектің әкесі Ҥкібай, Рысбай
ақсақалдарға әзілдеп былай деген екен:
Беу, апа, шал қылсаңыз Ырысбайды,
Қорада бар шаруаңды тыныштайды,
Қалтаңа пенсиясын салып беріп,
Қай жаққа жҧмсадың деп ҧрыспайды,
Қойыңды кешке дейін бағып, бағып,
Кешке таман ӛзіңді дҧрыстайды!- депті. Сәлден соң ойланып кеткен
апамызға тағы да әзілдеп:
Апамыз кӛзімен жер шҧқылайды,
Ҥндемей, іштей ғана аһылайды,
Кім білсін, Ырекеңе кӛңлі соқпай ,
Кӛздей ме тау тҧлғалы Ҥкібайды!?- деп бір кҥлдірген екен.
Бастық пен жол
Облыстық деңгейде жоғары қызметтер атқарған Амангелді Жақыпбеков бір кҥні Кӛкшетауда Баянғалидың машинасына отырады. Біраз жҥргесін бір кӛшеден бҧрғызады, бірақ баратын жерін таппай қалады. Сӛйтсе, жаңылысып басқа жаққа шығып кеткен екен. Ыңғайсызданып, жолды қайта іздеп табады. Сонда ақын: - Аға ,қысылмаңыз! Тал тҥсте адасу бастықтарға тән нәрсе ғой! – деген екен.
Әкім мен ақыл
Кӛкшетау қаласының әкімі Рәшит Әкімов , Қызылту ауданының әкімі Есенгелді Кәрібаев, облыстық әкімдіктің аппарат жетекшісі Қайыргелді Сәрсекеев Баянғалимен тҥйдей қҧрдас екен. Бірнеше ай ҥлкендігі бар әкімдер ақынға әзілдеп: - Ақын елдің еркесі, сен бізге аға бол! – дейді. - Әкім елдің серкесі, сендер аға болыңдар ,- дейді ақын. - Жоқ, ақынның жолы ҥлкен, қазақ ақынды сыйлаған , сен аға бол!- дейді әкімдер. Сонда Баянғали:
- Жарайды , ақыл берерде мен аға болайын , ақша берерде сендер аға болыңдар! – деген екен.
Азық пен қазық
Астанада бір ҥлкен ғимараттың қабырғасына\ Момышҧлы ,25.\
жазылған «...ық-тҥлік» деген сӛзді кӛрген Баянғали:
Әп-әдемі сӛз еді азық-тҥлік,
Әуелде оны дҧрыс жазып тҧрып,
Артынан тҥсіп қалған екі әріпті
Артына қағар ма еді қазық қылып! – деген екен.
Фейерверк
Жаңа жылда шаһарлардың бәрінде тарсылдатып аспанға фейерверк атады емес пе ? Ертеңіне кҥкірт сасыған қорғасын ауаға қарап тҧрып, Баянғали : - Кҥштінің арты диірмен тартады деуші еді атам қазақ. Қазіргілердікі фейерверк атады!-деген екен.
Ҥш шек пен екі шек
Қырғыз адвокаты Саипжан Мырзахметов:
-Қазақтың домбырасының шегі екеу-ақ қой , біздің қомыздың шегі
ҥшеу!-депті. Сонда Баянғали:
- Бір шек – ол сендерге берілген фора ғой! Қырғыздардың ҥш шекпен
тартатынын біздің қазақ екі шекпен де тарта береді! – деген екен.
Қҧмыра мен шәйнек
Есмағамбет Ысмайыловтың 80 жылдығына Алматыдан Кӛкшетауға Тҧрсынбек Кәкішев, Зейнолла Қабдолов, Қабдеш Жҧмаділов, Оралхан Бӛкеев, Дәуітәлі Стамбеков, Сайлаубек Пернебаев сынды айтулы тҧлғалар келеді. Щучинск ауданы \қазіргі Бурабай\ , Мәдениет ауылында , мектепте ҥлкен салтанатты кеш ӛтеді. Ҥлкен ағаларымыз аталы сӛз айтып, Есмағамбет Ысмайыловтың асқақ тҧлғасын әспеттейді. Содан кейін ағыла сӛйлеген «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Оралхан Бӛкеев мектепке ҥлкен қҧмыра сыйлайды. Концертті ӛлеңмен бастаған Баянғали толғап келіп:
Балалар, жақсы оқысаң толасыңдар,
Есағаңдай ғҧлама боласыңдар,
Есағаңдай ғҧлама болғаннан соң
Орекеңнен қҧмыра аласыңдар!- деп, бір кҥлдірген екен. Дастархан басында ақын Дәуітәлі Стамбеков ептеп қызыңқырап сӛйлейді. Сонда Зекең, Зейнолла Қабдолов: - Мҧхаң , Мҧхтар Әуезов: « Кӛшелі кісі деген сӛз бар! Кісінің қандай екенін білгің келсе, кӛшесіне қарау керек!»-деуші еді. Дәуітәлінің де кӛшесі бар екен, бірақ кейде шаңдатып тҧрады екен!-депті әзіл-шыны аралас. Сонда сӛзді іліп әкеткен Баянғали:
Қазақтың мықты ақыны Дәуітәлі, Келмей тҧрған сияқты шабыты әлі, Шабытына шынымен мінген кезде, Кӛшесі оның біраз шаңытады, Сол кезде кӛшесіне кіргендердің Әкесін Дәуітәлі танытады!- дегенде жҧрт ду кҥліп, жадыраған Дәуітәлі жанжал шығармапты. Содан , той тарқарда облыстық мәдениет бӛлімінің бастығы Кҥміс Мҧратбекова қҧрметті қонақтарға Кӛкшетау фарфор заводында жасалған бір-бір ҥлкен , әдемі шәйнек сыйлапты. Сонда Баянғали:
Аузынан сӛз , басынан ой кетпеген,
Аман бол ағаларым ай беттеген,
Осы той қҧмырамен басталып ед,
Аяғы аяқталды шәйнекпенен! – деген екен.
Той жақсы тарап, алматылықтар аман –сау ҥйлеріне жетеді. Бір
қызығы, қызып жҥрген Дәуітәлі емес, сап-сау жҥрген Сайлаубек
Пернебаев сувенирін сындырып алыпты. Соны естіген ақын:
Шәйнегін сындырып ап Сайлау жездем
Барды екен апайыма қай бетпенен!- деген екен.
Шарап пен шҧжық
Бір топ жас ақын-жазушылар Оспанхан Әубәкіровтың ҥйіне барыпты.
Ол бір Осекеңнің арақты қойып жҥрген кезі екен. Жастарды жаны
қалмай қарсы алып, колбаса турап жатқан Осекеңе Баянғали:
– Осаға, винзаводты қойып, колбасный цехқа ауысқансыз ба?- деген
екен.
Қара қой
90-жылдардың басында Кӛкшетауға шығармашылық сапармен келген
Қадыр
Мырзалиев
облыс
әкімінің
орынбасары
Амангелді
Жақыпбековпен бірге Еңбекшілдер ауданына келеді. Ол кезде ауылда
тҧратын Баянғали ағасының алдынан шығады, қонақасы дайындайды.
Демалыс ҥйінде жайылған дастархан басында облыс, аудан басшылары,
жҧртшылық Қадекеңнің әңгімесін тыңдап, арқа-жарқа болады. Бірақ,
қонақасының «авторы» кім екенін айтпайды. Біраздан соң Баянғалиға
жыр айтқызады. Қыза-қыза, біраз толғаған ақын сӛз арасында:
Алатаудан, жасырған қарға бойын,
Алты Алашқа асырған заңғар ойын,
Қадырдай қадірліге қҧрбан болған
Менің де бақытты екен қара қойым! – деген екен.
Мҧхаң біледі ғой
Ақын Қорғанбек Аманжоловтың елу жылдығына келген Мақтай Сағдиев оған шапан жауып, Мҧхтар Мағауин ӛзінің он ҥш томдық шығармалар жинағын сыйға тартыпты. Тойда досын қҧттықтап ӛлең айтқан Баянғали Қорғанбекті мақтап, мақтап: Тойыңа Мақаң менен Мҧхаң келсе, Қореке, онша жаман болмағаның!- деп бір кҥлдіріпті. Ҥзілісте Қорғанбек: - Мҧхаң кӛп ешкімге кітабын сыйлай бермейді ғой! Елу жылдығымда он ҥш том шығармаларын сыйлағаны жайдан жай емес қой! Сенде бар ма еді?!- деп кҥпілдепті. - Жоқ !-депті Баянғали. - Е-е, Мҧхаң біледі ғой кімге беру керек екенін!- деп Қорекең одан сайын желпініп қойыпты. Содан, бҧлар Мҧхтар ағаларын ортаға алып , әңгімесін тыңдап тҧрады. Сӛзден сӛз шығып, әңгіме Мҧхаңның айтысып жҥрген адамдарына ауысады. - Мен емес ,ӛздері ғой тиісетін. Содан кейін, шындық ҥшін сыбағаларын беруге тура келеді! - депті Мҧхаң. Сонда Баянғали: - Аға, ҧлы жазушы басыңызбен еңбегіңізге татымайтын кісілермен тартысып қайтесіз?! – деген екен. Мҧхаң кҥліп жіберіп: - Ертең «Жҧлдызға» келіп, ала ғой! Он ҥш томдықты сыйладым саған!- депті. Сонда Баянғали : - Мҧхаңның он ҥш томын елуге келмейақ алдық қой ! Мҧхаң біледі ғой, кімге қашан сыйлауды! -деген екен жанында тҧрған Қорғанбекке.
Ҧшақтағы қҧшақ
1995 жылы Манас эпосының мың жылдығында біраз мемлекеттік
делегациялар Бішкектен Таласқа арнайы «ЯК 40» ҧшағымен шығады.
Мол денелі Әбіш Кекілбаев қатар отырған Баянғалиға:
- Қолымды былай... сенің орындығыңның арқасына салып отырсам
бола ма? Әйтпесе, мына орындық тарлау екен! –депті.
Сонда Баянғали:
- Жҧрт сіздің қолтығыңызға қалай кірерін білмей жҥргенде, ӛзіңіз
ағалық қҧшағыңызды жайып жатсаңыз, одан қашып мен жынды
болыппын ба!?- деген екен.
Танау
1982 жылы «Қиқыматтың хикаялары» атты тҧңғыш кітабы шыққанда, Баянғали , жанында ақын Әбубәкір Қайранов бар, «Қаламгер» кафесіне келеді. Ол жерде отырған Асқар Сҥлейменовке кітабын кӛрсетеді шаттанып. Асекең имек тҧмсығын саумалап қойып , кітаптың сыртындағы Баянғалидың таңқиып тҥскен суретіне қарап отырып: - Қазіргі жігіттер қызық, бір кітап шығарса болды , танауларын кӛкке кӛтеріп шыға келеді!- депті . Сонда Баянғали: - Біреудің танауы кӛкке қарайды, біреудің танауы кӛтке қарайды!- деген екен. Асекең: « Класс!-« депті, мырс етіп.
Кемшілік пен артықшылық
Ақын Жарасқан Әбдірашев бір жиында қызыңқырап қалып, біраз шу шығарса керек. Ертеңіне жанында бірге болған Баянғалидан: - Баян, кеше менен біраз кемшілік кетті-ау білем?!- деп сҧрайды ыңғайсызданып. Сонда Баянғали ағасының кӛңілін аулап: - Жарасқанға бәрі жараспай ма , сізде кемшілік болмайды ғой!- депті. Сонда Жарасқан: - Кемшілік болмағанмен, ағаңнан біраз артықшылықтар кетті-ау!- деген екен.
Ақындық салыстыру
Бірде ақын Кеңшілік Мырзабеков Баянғалиға аяқ астынан:
- Мен сенен де мықты ақынмын! –депті.
Сонда Баянғали:
- Ақындығыңызды енді суырып салма ақындармен салыстыратын
болғансыз ба?! – деген екен.
Бірден классик атанасыз...
Ақын Жҧматай Жақыпбаев бірде сырласып отырғанда: - Қандай керемет ӛлеңдер жаздым! Ешкім бағалап, қадірлеп жатқан жоқ! Бҧл қазаққа енді не істеуім керек?-депті. - Сізге енді ӛлу керек!- депті Баянғали.- Ӛлсеңізбірден классик атанасыз! Ӛмірі кӛрмеген қҧрметіңізді кӛресіз, естімеген жылы сӛзіңізді естисіз, мінбеген мәшинәңізді мініп, ӛмірі жатпаған тыныш жерге барып жатасыз! Жҧмекең классик болудан бас тартып: -Қой, одан да коньяк ішіп алайықшы!- дей берген екен.
Прописка
Ақын Әбубәкір Қайранов Алматыда пропискаға тҧра алмай қиналып жҥргенде, Жҧматай Жақыпбаев оны ӛз ҥйіне тіркетіп алмақшы болады. Әй деп, бҥй деп жҥргенде , реті келіңкіремей біраз уақыт ӛтіп кетсе керек. Бір қызу бас қосуда ӛңшең жазба ақындар Баянғалиға ӛлең айтқызады. Сонда сӛздің бір ыңғайында Жҧмекеңе: Ертеңгі бас жазарың қамдандырып, Жҥргенше мыннан жҧлып, аннан жҧлып, Әбішті шыныменен інім десең, Ҥйіңе алмайсың ба заңдандырып!- деген екен. Жҧмекең кҥліп жіберіп: «Болады, болады!»-дей беріпті.
Нағашы мен жиен
Жазушылар одағының ҥйінде ақын Иранбек Оразбаев жанынан сәлем беріп ӛте берген Баянғалиға: - Ӛй, жаман жиен ! –депті. - Нағашыма тартқам! – деп, кете беріпті Баянғали. Иранбек оны тосып тҧрып, қайта ӛте бергенінде: - Ӛй, жақсы жиен!- депті. - Әкеме тартқам! – депті Баянғали. Ирекең кҥліп: - Әй, мен сені бҧдан былай әкесіне де, шешесіне де тартқан жақсы жиен деймін!- деген екен. Олай дейтіні, Иранбек Оразбаев – қылды қарауыл, заманында аталары Кенесары қолымен бірге аттанып, Сыр бойын мекендеп қалыпты.
Баспа бас
Иранбек Оразбаев Қызылордада «Қорқыт ата және Ҧлы дала сазы»
атты тҥрік халықтары жыршы-жырауларының фестивалінде Баянғалиға
он ҥш томдық шығармалар жинағын сыйға тартыпты. Баянғали оған 64
беттік жҧп-жҧқа « Деген екен» кітабын сыйлап тҧрып:
- Нағашы, мына кітабым бҧрын да абыройсыз емес еді, енді жҧртқа
Иранбек Оразбаевтың он ҥш томына баспа-бас айырбастадым деп
айтамын!- деген екен.
Шегіністер
Ғалым, сыншы Асқар Егеубаевқа « Жҧлдыз» журналы бес беттік мақалаға тапсырыс берсе, ол кісі он бет қылып жазып әкеліпті.Тӛгілдіріп, лирикалық шегіністермен жазған мақаланы қалай қысқартудың ретін таппай, редакция қиналып отырғанда , Баянғали Асқар ағасына телефон соғып: -Асеке, керей басымызбен шегіне бергеніміз қалай болады? Тікелей алға тарта берсек қайтеді?! –дегенде, Асқар кҥліп жіберіп, мақаланың лирикалық шегіністерін алып тастап, ӛзі қысқартып берген екен.
Алатау мен Кӛрнекті
Сатирик Кӛпен Әмірбековтың әйелі Алма Ҥмбетова –Кӛкшетаудан, Кӛрнекті ауылынан, Абылай заманында келген қырғыздардың ҧрпағы. Ол Баянғалидан бес-алты ай ғана ҥлкен , бірақ, соны алға тартып, Баянғали Кӛпен ағасын жезде деп қалжыңдайды екен. Бір кҥні Кӛкшетауға келген Кӛпенді Баянғали Кӛрнектіге іздеп барады. Келсе, Кӛпен мен Алма есік алдында бір топ туыстарымен тҧр екен. Қҧшақтасып, арқа-жарқа амандасқан соң, Кӛпен: - Апырмай, адаспай қалай таптың?!-депті. Ӛзі кездейсоқ тҧрып қалды ма, әлде, кҥйеу жолымен әдеп сақтаған тҥрі ме, есіктің босаға жағында тҧр екен. Кӛрнекті Кӛпеннің Кӛрнектіде кӛпе-кӛрнеу кӛпейленіп тҧрғанын кӛргесін, Баянғали: - Алатаудың қырғызын адаспай тапқанда , Кӛрнектінің қырғызын таппай не бопты? Мені қырғыздың тӛріне шығарған алла ғой, сені қырғыздың босағасына отырғызған Алма ғой! – деген екен.
Халық пен ру
1992 жылы қазақтың тҧңғыш қҧрылтайында Монғолияның Баянӛлгий аймағының әкімі Мизамхан Қазақстан президенті Нҧрсҧлтан Назарбаевқа : «Керей халқының атынан!» - деп , шапан жауыпты. Жиын аяқталған соң жазушылар Мереке Қҧлкенов пен Рақымжан Отарбаев Баянғалиға: - Сендер қашан халық боп алғансыңдар?- депті әзілдеп. Сонда ақын: - Иә, біз баяғыдан керей деген халықпыз! Ал сендер есентемір, ысық деген русыңдар! – деген екен.
Шындық пен мақтан
- Баянғалидың мақтанғаны да ӛзгеше, ешкімге тиіспейді, таласпайды, ӛз бетінше мақтана береді ,- депті ғалым Тҧрсын Жҧртбаев. - Жоға, мен мақтанбаймын ғой, бар болғаны шындықты айтамын! Ал егер мен туралы шындықтың ӛзі мақтан сияқты болып жатса, шынымен осал болмағаным ғой! – деген екен ақын.
Ақын Ақылбек Шаяхметов «ң-ды» »н»деп сӛйлейді. Қостанайда ӛткен
50 жылдығында Әлфия Орманшинамен айтысып отырып , той иесін
жезде деп әзілдейтін Баянғали :
Ақылбектің жырымен
Аналар бесік тербейді,
Ӛлеңін жаттап балалар,
Қазақша жатық сӛйлейді,
Баланың тілін ҧштаған
Сол Ақаңның ӛзінің
Ң-ға тілі келмейді!
Балдарды қорғаймын деп тіл шҧбардан,
Ҥлгілі ,ӛнегелі жыр шығарған,
Ақаңның ң-ға тілі келмейтіні,
Тілінің ҧшын апам қыршып алған!-деген екен.
Ақылбектің әйелі Бақыт- керейдің қызы, бес баланың анасы.
Бір ӛлең
Бір ақын ағасы Баянғалидың « Аңыз бен аспан» деген кітабын оқып ,
телефон соғыпты:
-Кітабыңда керемет бір ӛлең бар екен...Қалғандары жай ғана жақсы
дҥниелер...-депті.
Сонда Баянғали:
- Рахмет , аға! Сізде ол да жоқ қой!- деген екен.
Қылыш пен коньяк
Жас кездерінде сыншы, ғалым Әуез Бейсебаев Баянғалимен бірге біраз шырқаса керек. Бір кезде Баянғали қынаптағы қылышын әкеліп кӛрсетіпті. - Жҥзі ӛтіңкіремейді білем, қайрау керек,- депті Әуез, қылышты арлыберлі қарап. - Кел, бәстесейік, қайрамай-ақ осы қылышпен басыңды бір тартқанда шауып тҥсіремін!-дейді ақын. -Басымды осы қылышпен бір тартқанда шауып тҥсірсең, мен саған бір коньяк қоямын!- дейді қызып алған Әуез қайтпай. - Онда мен оны кіммен ішемін?-деп , Баянғали қылышын қынына салған екен.
Қара кӛзілдірік
Ордабасыдағы жиында қара кӛзілдірік тағып алған ақын Ерік Асқаров Баянғалиға: - Кеше шырқап кетіппіз! Қара кӛзілдірік тақсам басым айналады! Сіз ішіп жҥргенде қара кӛзілдірік тақсаңыз ,басыңыз айналушы ма еді?!- депті. Сонда Баянғали: - Білмеймін! Мен ішіп жҥргенде қара кӛзілдірік тақпайтынмын! Қара кӛзілдірікті жҧртқа таққызатынмын! – деген екен.
Қылмыстық топ
Ақын Әбубәкір Қайрановтың Алматыдағы Мамыр ықшам ауданындағы ҥйінде ақындар жиі бас қосып,поэзия кештерін ӛткізіп тҧрады.Бір жолы Семейден ақын Тыныштықбек Әбдікәкімов келіпті.Оларға сәлем бере келген жас ақындар қандай,емін-еркін бір жҧма дҥрілдетсе керек.Бір кҥні Баянғали звондаса,телефонды Әбубәкірдің сабырлы,парасатты зайыбы Гҥлзия алып,болған жайды айтады.Сонда Баянғали.
Қосылса Әбубәкір,Тыныштықбек,
Кетеді қаңтарда да кҥн ыстық боп,
Мамырды азан-қазан қылады екен
Секілді басын қосқан қылмыстық топ!—деген екен.
Кӛл мен ақын
Ақын Қҧдайберлі Мырзабеков бір кҥні Кеңащыдағы Баянғалидың ҥйіне келіпті. -Аға,елдегі бір кӛлді меншіктеп алайын деп жатырмын...Жағасын жайлап,ондатр ӛсіріп,шаруашылықпен айналысатын ойым бар,- деп,естен тандыратын біраз идеяларын ортаға салады.Баянғали ҥндемей тыңдап болып, ең соңында: -Қарауылдан ақын шықса,кӛл жағалайтын әдеттерің бе?-деген екен. Қҧдайберлі кҥліп жіберіп, ақыры кӛл шаруашылығымен айналыспай кетіпті.\ Ақан сері – қарауыл.\
Айтыстан кейінгі айтыс
жылы Кенен Әзірбаевтың жҥз жылдығына арналған республикалық айтыста Алматы қаласының атынан айтысқа тҧңғыш рет шыққан Баянғали шымкенттік Әселхан Қалыбековамен айтысады. «Сен Кӛкшетаудан келіп, Алматыны меншіктеп алыпсың ғой!» - деп қалжыңдаған Әселханға Баянғали:
Адамбеков Садықбек,
Бақбергенов Сәуірбек,
Найманбаев Қалдарбек,
Тҧрсынқҧлов Қалаубек,
О да келген Шымкенттен!
Әлімқҧлов Тәкен мен
Сҥлейменов Асқар да,
Исабеков Дулат пен
Талай мықты басқаң да
О да келген Шымкенттен!
Ӛтебаев Тынысың,
Бізден тауып жҧмысын,
О да келген Шымкенттен!
Әмірбеков Кӛпенің
Одан басқа бӛтенің,
Ергӛбеков Қҧлбегің
Одан басқа сан бегің,
О да келген Шымкенттен,
Мықты болса қалаңыз
Неге келген Шымкенттен!- деген екен.
Содан, айтыстан кейін, жазушы Тҧтқабай Иманбеков, аудармашы
Қайсар Жорабеков, сыншылар Сайлаубек Жҧмабеков, Әуез Бейсебаев,
фототілшілер Сайлаубек Пернебаев, Берсінбек Сәрсенов, Баянғалидың
курстасы, аудармашы Лесбек Нҧрымбетов, журналист Қалыбек
Атжанов, сатирик Базарбек Тҥкібаев, тағы да біраз шымкенттік
жолдастары ӛкпесін білдіріпті.
- Шымкенттік мықтыларды айтқанда, бізді неге айтпай кеттің!?-
деседі.
Сонда Баянғали:
- Сендер анау сан бектердің ішіндесіңдер ғой !- деген екен.
Ҥзілдік пен Гҥлжайна
Жҧбан Молдағалиевтің 80 жылдығына арналған республикалық айтыста \Орал қаласы, 2000 ж .\ ақындарды алдын-ала жҧптағанда Баянғали Батыс Қазақстандық ақын қҧрдасы Ҥзілдік деген келіншекпен айтысатын болады. Дәл айтыс басталарда Ҥзілдіктің ауданнан келе алмай қалғаны белгілі болып, қазылар алқасы Баянғалиды ӛзінен кӛп кіші оралдық ақын қыз Гҥлжайна Бисенғалиевамен айтысқа шығарыпты. Жаңа ғана танысқан қарсыласына Баянғали:
Қҧрдасымыз Ҥзілдік,
Жолына қарап сҥзілдік,
Ҥзілдігім келмей қап,
Ҥздігіп босқа бҧзылдық!
Гҥлдей нәзік Гҥлжайна, Кҥндіз жайна, тҥн жайна, Жалғыз ӛзің жайнамай, Меніменен бір жайна! – деп әзілдеп, екеуі әдемі айтысып кеткен екен.
Ӛлеңнің жаңғырығы
2015 жылы Баянғалидың «Сен ешқашан ӛзгерме» деген ӛлеңіне фейсбукта біраз жақсы пікірлер айтылыпты. «Керемет! Ӛлеңнің тӛресі» \Сҧңғат Әліпбаев\, «Ой,пәлі! Сіз де ешқашан ӛзгермеңіз!» \ Ақмарал Ноғайбаева \ деп, сҥйсінген қауыммен бірге, Ақ Жайықтан айтыс
ақыны Шолпан Қыдырниязова да ӛзінің ризашылығын: « Байекең білә-
ә!» деп білдіріпті. Сонда Баянғали:
Самалдай соққан теңізден,
Жыр жазып мӛлдір сезіммен,
Қыздардың жанын толқытып,
Шолпанға білә-ә! дегізген! Ай, да, Байеке!- деген екен.
Әсем шал
2016 жылдың қаңтарында Фейсбуктан Баянғалидың домбыра ҧстап
тҥскен суретін кӛрген Сәуле Әбжанқызы деген оқырман: «Әсем шал
деп ӛзіңіздей адамды айтатын шығар!»- деп жазыпты. Оған Баянғали:
Бҧрынғыдан сабырлымыз, бәсеңбіз
Баян емес, Байекеңбіз, Бәкеңбіз,
Сіз де қандай нәзік жанды едіңіз,
Әсем шалдан әсерленген әсем қыз!- деген екен.
Тӛрткҥл дҥние мен Толыбай
Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Ақтӛбе облысында Халықаралық этнофестиваль да ӛткізіліпті. Алтай, хакас қайшыларымен бірге соған қатысқан Баянғали Әйтеке би ауданының ең қиыр шеттегі Толыбай ауылына бара жатқанда домбырашы Абдулхамит Райымбергеновтен: - Әлемнің қанша елінде кҥй тарттың?- деп сҧрапты. - Австралиядан басқа жердің бәрінде болдым! – депті, ӛзі ақтӛбелік кҥйші. - Толыбайда болдың ба?- депті ақын. - Жоқ!- дейді кҥйші. Толыбайға келіп тҥсе бергенде, Баянғали Абдулхамитке: Созады нағыз дарын қолын айға, Ӛнердің бастамайды жолы қайда? Әлемді аралаған Әбділхамит Ақыры келді-ау міне Толыбайға! – деген екен.
Омбыдағы кездесу
Баянғали Кӛкшетауда біраз жыл әнші, сазгер Иран Ильяшевпен тоғыз
қабатты ҥйде кӛрші тҧрыпты. Қаланың жағдайы белгілі, кӛршілердің
ӛзі бірін-бірі біле бермейді ғой. Бір кҥні Ақмола облысының ҥлкен
делегациясы Омбы облысына достық сапармен барады. Оның
қҧрамында Баянғали да, Иран да бар екен. Омбыда кездесіп қалған
ағасына Баянғали:
Кӛрші боп, Ирекеңмен оңды болды,
Кездесетін жеріміз Омбы болды! – деген екен.
Кім кінәлі?!
Бір кҥні Баянғали «Ана тілі» газетінің бас редакторы, жазушы Самат Ибраимға телефон соғып, редакцияға жолдаған ӛлеңдерінің жайын сҧрайды. Сонда Самат: - Ӛлеңдеріңізді басамыз! Бірақ, Абылай ханның 300 жылдық тойында, Кӛкшетау мәдениет сарайында бір амандастым, ипподромдағы салтанат кезінде тағы бір амандастым! Сәлем алғаныңызбен, мені танымағаныңыз қалай?!- депті. Сонда ,талай ӛлең-жырларын жариялап жҥрген, дос кӛңіл замандасына Баянғали: - Апырмай, қызық болған екен! Кӛрмегелі кӛп болды ғой! Не мен алжиын деген шығармын, не сен қатты ӛзгеріп кеткен шығарсың! – деген екен.
Ржевтің батыры
Баянғалидың курстас досы Масат Беріков –«Нҧр-Отан» партиясының Жамбыл облыстық бӛлімшесі тӛрағасының бірінші орынбасары. Студент кезінде шындық ҥшін КазГУ-дің мҧғалімдерімен дауласып қалады екен. Әсіресе, Брежнев награда алған сайын, маршал атағын алғанда: »Осындай ӛтіріктің қажеті не?!»- деп сҧрақ қояды. Мҧғалімдер оның бәрін дҧрыс, халыққа керек деп тҥсіндіріп бағады. «Қажеті жоқ!»- деп, қаны қайнаған Масат кейде жатақхананың ҥлкен шыны әйнектерін шағып тастайды екен. Бір жолы ЛДПР тӛрағасы Владимир Жириновский келгенде қарсы алыпты. Келесіде Ржев маңында қаза болған жамбылдықтарға Тараз қаласында ескерткіш қоюға демеуші болып, дауға да қалады. Сӛйтіп жҥріп , кӛптен хабарласпай кеткен досына Баянғали былай деп СМС жазып жіберіпті:
Аталы жерде ер жеткен,
Атағы шыққан Ржевтен,
Шыныдан маржан шаштырып,
Шырылдап шындық іздеткен,
Жаныстан шыққан жолбарыс
Жириновскиймен жҥздеткен,
Масатжан , аман-саумысың,
Хабар-ошарсыз мол кеткен!
Хатты алысымен, Масат телефон соғыпты.
Қол мен шанышқы
Баянғалидың бір бастық балдызы етті қолымен жемей, шанышқы
сҧратып алыпты.
Сонда ақын :
-Қайтсін, қолы таза емес қой! - деген екен.
Қажы мен тазы
Бір жиында бір ақсақал ағамыз бетімен сӛйлеп,әркімді бір кекепмҧқап,ғайбаттап,мазақ қылып,арасында бәдігін сапырып отырыпты.Ӛзі кезінде ҥлкен қызметтер атқарған,кейіннен қажыға барған кісі екен.Онымен кім тайталасып жатсын? Жҧрт ҥндемеген сайын әбден кӛсіліп: »Менің тілім ащы, сҧғып алсам, тиген жерін сойып тҥсіреді! »- деп, біраз жерге барып қайтса керек. Сонда Баянғали:
Айтайын бір ауыз сӛз әзіл ҥшін
Ағасы, сен шынымен қажымысың,
Талай жыл хатшы болып,басшы болып
Қҧдай жоқ дегеніңе разымысың,
Тҥлкідей мың қҧбылған заманыңды
Қажы боп шалып жҥрген тазымысың?!
Жиналған осы тойға алқа топқа,
Айтатын жӛні тҥзу сӛзің жоқ па,
Ӛзіңнің жыртығыңды бҥтіндеп ал
Біреудің тесігіне тілің тықпа,
Қажы боп қағба тасты сҥйіп едің,
Аузыңды жҥрсің бе әлі былғап боққа!-деген екен.
Тҥн ішіндегі кҥріш
Ертеректе бір топ жас ақын тҥнделетіп бір ағаларының ҥйіне
келеді.Ҥй иесі қҧрақ ҧшып,шӛлмегін шығарып,әйелі қалған кҥрішін
жылытып,шай береді.Сонда ақындардың бірі әзілдеп.
Жеңеше, кӛп рахмет кҥрішіңе,
Жарады кҥрішің де бір ісіңе,-дей бергенде, Баянғали:
Кҥріштен артық қандай ырыс керек
Қаңғып жҥрген кісіге тҥн ішінде!-деген екен.
Рау мен жырау
Ақмола облысына Альберт Рау әкім болып келіпті.Бір кҥні әкіммен кездесіп,танысқанда Баянғали. - Вы - Рау, я - жырау!Меня зовут Баянгали Алимжанов, поэт, писатель, драматург, акын-импровизатор, жырау-сказитель, единственный казахманасчи, режиссер, сценарист и актер кино, Заслуженный деятель Казахстана, лауреат Международной премии Кыргызстана, боксер, борец и на дуде игрец! Будешь меня уважать-то ты молодец, если не будешь уважать-то тебе ...конец!-деген екен.
Бастық пен қҧлақ
Бір кҥні Баянғали сырқаттанып, Астанада дәрігерге келсе, Еңбекшілдер ауданында басшылық қызметте істейтін қҧрдасы Темірбек Омаров отыр екен. Жӛн сҧрасқанда: -Асқазан ба, шек пе, бауыр ма, әйтеуір іш қҧрылыс мазамды алып тҧр,- дейді ақын. - Е-е, жей бересіңдер, жей бересіңдер! Содан ауырасыңдар!-депті Темірбек. Сонда Баянғали: -Сендердің жегендеріңнің жанында біздікі не дейсің? Жегеннен ауырса, бастықтар баяғыда мҥрдем кетер еді ғой! Ӛзің неғып жҥрсің?- деген екен. -Қҧлағым ауырып...-дейді әкім қҧрдасы. Сонда ақын: -Бастыққа қҧлақтың керегі не? Бәрібір ешкімді тыңдамайсыңдар!-деген екен.
Жем мен тарих
Қҧрдасы Темірбек Омаровқа Баянғали: « Апайыма жем тауып бер!» дейді. Бір кҥні Темірбек звондап: -Әй,қҧрдас, биыл қҧрғақшылық болды ғой, жем дефицит! Бірақ, сен айтқасын бес қап жем тауып бердім! Ӛлеңіңе кіргізіп, кітабыңа жазып қой!-депті. - Немене, бес қап жеміңді арқалап, тарихқа кіре қояйын деп пе едің?- деген екен ақын. Ештен кеш...
Біржан салдың туысы, Бертіс биден тарайтын Ермек Нҧғыманов аудан әкімі боп тҧрғанда Баянғалидың апайы Майкеге бір машина бидай жемін беретін болыпты.Біраз уақыт ӛткен соң,бидай болмай тҧр,ешпен
берейін дейді.Оның да аяғы созылып кетіп,қыс ортасында кездесіп қалған Ермекке Баянғали. Мен Кӛкшетауға кӛшкенде Сен әкім болып ӛскенде, Әуелі бидай берем деп Артынан тҥстің ешпенге, Мақҧл боп ек оған да Сӛзіңіз мҥлде ӛшкен бе? –дегенде, Ермек: - Ойбай, аға, жҧмыстан қол тимей кетті,ертең жеткізіп берем!-депті. Сонда Баянғали. Мҧныңа да ризамыз Кеш жақсы деп ештен де!-деген екен.
Сәлем беру
Бір кҥні Баянғали баласы Нҧрланмен бірге Степнякқа келеді. Аэрофлот кассасының алдында аудан әкімінің орынбасары Сансызбай Балтабеков пен облыстық мәдениет басқармасының бастығы Кҥміс Мҧратбекова кездесіп қалады. Ақын олармен амандасады. 6-7 жасар Нҧрлан Сансызбайға қос қолдап сәлем береді де, Кҥміске сәлем бермейді. - Тәтеңе неге сәлем бермейсің? – дейді Баянғали. Сонда кішкентай Нҧрлан: - Ӛй, ол қатын ғой! – депті, шынымен таңғалып. Әйелге қол бермейтін қазақ салтын ҧстанған ауыл баласының қылығына бастықтар әбден кҥлген екен.
Нҧх пайғамбар мен қой, жылқы
Баянғалидың кішкентай немересі Ғабдолла:
- Ата, Нҧх пайғамбар қазақ па?-деп сҧрапты. Сонда атасы:
-Кемедегі қой мен жылқыны жеп қоймай, аман алып шыққанына
қарағанда қазақ емес-ау!- деген екен.
Ҥш қатын мен кҥшті ақын
Ақын Әбубәкір Қайранов телефон арқылы сӛйлескенде: -Гҥлзия Семейге тойға кетті. Қасында Ғанимат қҧдағи, тағы бір әйел бар –депті. Сонда Баянғали: Тойға кетті ҥш қатын, Ҥйде қалды кҥшті ақын, Енді қандай амал бар Отырып ал да қыс тақым! – деген екен.
Иттің ірісі
- Анау ағамыз бетіңе кҥлгенмен , сыртыңнан сен туралы жаман сӛз
айтады, байқап жҥр,- депті бір кісі. Сонда Баянғали:
- Артыңнан ҥрген иттің де ірі болғаны жақсы! – деген екен.
Жҥру
Бір ҥлкен кісі алқа топтың ішінде әркімге бір ҧрынып, аузына
келгенін айта берсе керек. Сонда Баянғали :
- Аға, біз жҥре берейік, сіз ... – деп , шығып кете беріпті.
Қызық-ай!
«Кеңащы» ауылында тҧрған кезінде бір жолы Баянғали Абай деген жылқышы, Жамбыл деген тракторшымен жылқыға, соғым әкелуге аттанады. Шығарда інілері ақын ағаларына еркелеп, бір-екі жҥз грамм ішіп алады. Қысқы далада Жамбыл тракторын бҧрқыратып, жылқыға келеді. Абай бір айғырға қарғып мініп , шу асау жылқыларды шыр айналдыра қуып, қҧрықпен семіз байталды ҧстайды. Ауылға алып келгесін, Молдабай, Серғазы, Нығмет, Нҧрсҧлтан, Сабыр деген кӛршілері жабыла кетіп, соғымды сойып, рахаттана қуырдақ жеп отырғанда Баянғали: - Жігіттер , бір қызық әңгіме болып тҧр. Абай мен Жамбыл , Баянғали ҥшеуі соғымға барыпты, Абай мен Жамбыл ӛлең шығармайды екен , Баянғали ақын екен, Абай мен Жамбыл ішіп алыпты, Баянғали ішпепті дегенге ешкім де нанбайтын шығар?! Сӛйтіп, Абай мен Жамбылдың әкеліп берген соғымын Нҧрсҧлтан сойып беріпті десек, тіпті қызық-ау, ә?! - деген екен.
Керей мен қарауыл
Баянғалидың анасы Бәтима – Арғын, Қылды қарауылдың қызы. Мектепте оқып жҥрген Баянғалидың тілін қызық кӛріп , бір кҥні: -Керейдің атасы кер жорға ит деген сӛз қалыпты бҧрынғыдан!- дейді. Сонда бала Баянғали: - Мама, Қарауылдың атасы қарала ит десем жақсы кӛресің бе?- дегенде, анасы әбден кҥліп, ризашылықпен басынан сипаған екен.
Керей мен найман
Баянғали оныншы класта оқып жҥргенде Степнякта, апасы Ләйләнің ҥйінде тҧрыпты. Бір кҥні бір жолаушы келіп, Семей жақтан келе жатқанын, жҥк машинасы сынып қалғанын, енді бҥгінше қонып шығатын ҥй іздеп келгенін айтады. Содан апа-жездесі ата-аналары Сҥйіндік пен Кҥлшатты шақырып, әлгі кісіні тамақтандырып , қонуға ҥлкен ҥйге жібермек болады. Ас ҥстінде сӛйлесіп, жӛн сҧрасады. - Мен Найман жігітімін, - дейді қонақ. – Сіздер кім боласыздар? - Керейміз,- дейді Сҥйіндік ақсақал. - Е-е, керей болсаң, керей бізде де бар! Біз оларды: « Керей, шертіп қалсаң серей!» дейміз!- депті қонақ. Ҥйдегілер не дерін білмей, ҥндемей қалса керек. Сонда , керейдің ҥйіне кіріптар болып келіп, кекетіп отырған қонақтың қылығына қаны қызып кеткен оқушы Баянғали: - Мына найман, не деген хайуан!- деген екен. Жҧрт ду кҥліпті.
Қыземшектің қызуы
2015 жылдың кҥзінде Кӛкшетауға бара жатқанда, жол бойындағы бір тӛбеден ӛте бергенде: - Мына тӛбенің аты Қыземшек! Қазақ ат қоюға шебер ғой! Қалай дәл қойған!- дейді Баянғали рӛлде келе жатқан жас музыкант Мейрам Тәлімҧлына. - Кәне? Кәне!? Керемет ! – деп, Мейрам қызыға қарап , мойнын бҧрып, ҧмтылып-ҧмтылып қойса керек. Сонда ақын әзілдеп:
Қыземшекті кӛргенде қыз-қыз қайнап,
Жӛнелдің мәшинәңді жҥзбен айдап,
Сіздей кезде біздер де шырқағанбыз,
Тҥлкіні қарға аунатып, мҧзбен ойнап,
Қол жетпеске мойныңды созамын деп,
Жолдан шығып кетпегін сорың қайнап! – деген екен.
Аталмай атым қалмас-ты...
2014 жылдың 16 қазанында алпыс жасқа толған Баянғалиды ағайынтуыс, дос-жаран , қазақ , қырғыз оқырман-кӛрермендері қызу қҧттықтап жатқанда , туған жері АқмолаКӛкшетаудың , тҧрған жері Астананың ресми билік ӛкілдерінен , Жазушылар одағынан, баспасӛз қҧралдарынан еш хабар болмапты. « Халқым ҥшін қызмет қылам қалтқысыз, мақтамаса мақтамасын бізді ешкім» деп жыр жазған , осы
жылы бірнеше жақын адамдары қайтыс болып, кӛңілі қаяулы жҥрген
ақын біраздан соң былай деген екен:
Талғамның кӛріп талқысын,
Қияда жырым қалқысын,
Асқарым болдың айтулы
Атаусыз кеткен алпысым!
Ӛнерім менің алмас-ты,
Асылға ӛткен жалғас - ты,
Алты ауыз сӛзін қия алмай,
Бастықтар да, БАҚ-тар да
Апырмай , неден алжасты,
Аруағы барда Алаштың
Аталмай атым қалмас-ты!
Ҥміт пен сенім
Белгілі кәсіпкер Марат Нәбиев қамқорлық жасап, қаржылай кӛмектескен талапкерлердің біразы алға басып, азамат атаныпты. Олардың ішінде әр салада елеулі тҧлғаға айналғандары да бар. Сенімін ақтамай , алдап кеткендері де жоқ емес екен. Бір тойда сапқа тізіліп, сӛйлеп тҧрған бір топ адамға қарап отырып, Мараттың жақын ағасы Айтбай : - Осылардың кӛбін адам қылған Марат! – депті Баянғалиға. Сонда ақын: - Е-е, біздің Марат адам еместерді де адам қылған ғой! – деген екен.
Айтысқа неге келдің!?
- Сен жазушысың ғой, айтыс пен жырға кеткенің қалай?-депті бір
жазушы жолдасы.
- Сонда Баянғали:
- Бҧл сҧраққа 1985 жылы айтқан мына ӛлеңіммен жауап берейін:
Тоған болған ойларды
Бҧздырғалы келгенмін,
Суып қалған қандарды
Қыздырғалы келгенмін,
Кеудемдегі жалыным
Сӛнбесін деп келгенмін,
Қазағымның киелі
Айтыс дейтін ӛнері
Ӛлмесін деп келгенмін!- деген екен.
Арыз
Ақмола облыстық филармониясына Ҧлы Отан соғысында қыршын кеткен композитор , әйгілі « Жас қазақ» әнінің авторы , Кӛкше ӛңірі, Қҧдықағаш ауылының тҥлегі Рамазан Елебаевтың атын беру жӛнінде ҥлкен дау болады. Қазақтың біртуар азаматының ардақты есімін ардақтау ісіне белсене араласқан Баянғалидың ҥстінен біреулер облыс әкімі Мәжит Есенбаевқа ақынды « ҧлтшыл, рушыл» деп айыптап, арыз да жазады. Сонда Баянғали:
Біздің ел қазақ елі аталады,
Ана тіл әуенінен от алады,
Бізді ешкім жеңе алмайды , ҧмытпасақ
Бір алла, пайғамбар мен аталарды!
Ӛлеңнің ашсам бҧлағын,
Азаттық менің ҧраным,
Жасымнан жырлап келемін,
Даланың байтақ жыр-әнін,
Тҥбі бірге тҥрігім,
Қырғыздың Манас қыранын,
Тату-тәтті кӛршім деп
Қыздарымен орыстың
Қалжыңдасып тҧрамын,
Жалпыға шаштым жарқырап
Жанымның әзіл шуағын!
Жақсылықтан қашпаймын,
Жамандыққа баспаймын,
Мақтағанға таспаймын,
Әуелі Алла жар болып,
Алашым қолдап тҧрғанда,
Манасым қолдап тҧрғанда,
Басқалардан саспаймын! – деген екен.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру