TELEGEI

Home

Жетпіс бап

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Жетпіс бап

Мәшһүр Жүсіп Көпеев ел тарихын көп білетін шежіреші ретінде танымал. Шығармаларында әлеуметтік, адамгершілік мәселесін ашып көрсеткен. Адам бойындағы теріс қылықтарды сынаған, адамның мінез-құлқындағы жақсылық пен жамандықты салыстыра бейнелеген. Достық, ақыл-ой, ақыл туралы жазған ғибратты сөзде...

(рауаяттар мен дастандар)

БІРІНШІ БАП

МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ 21 ЖАСЫНДА ЖАЗҒАНЫ

Ағуз [1] бисмилла [2] бар сөз басында,
Жатпайды қисық ағаш тез қасында.
Ла илаһа Илла алла[3] білдім хақты,
Таныдым бір Алланы бір жасымда.

Екеу деп ойламадым екі жаста,
Көңіліме төгілген нұр әуел баста.
Хабибім[4] хақ Мухаммед, дінім - Ислам
Иманның жөнін білдім басқа-басқа

Үшеу деп ойламадым үш жасымда,
Атамның отырушы ем жамбасында (жанбасында).
"Жан алла, иа, пірім... алла, һу-һу[5] хақ!"- деп,
Жүгірдім жақсылардың ортасында.

Төрт жасқа келіп қалдым сөйтіп жүріп,
Жүгірдім мен атамның соңына еріп.
Қуанған ата-анам, аға-інім,
Молдаға оқытуға мені беріп.

Бес жаста ауызға алдым: "Бисмилланы!"
һаптиек құран оқып, білдім мәні!!
Иассауи қожа Ахмет хикметінен
Көңіліме төгілді нұр хош кәләми[6].

Келгенде алты жасқа алдым сабақ,
Шарх - кітап[7] - оқығаным, панахим [8] - хақ.
Парсыға сол мезгілде болдым тәуір,
Болсам да мен бишара, зейінім[зеһинім] шақ.

Жетіге енді шықтым желе шауып,
Оқуға кетті менің көңілім ауып.
Атам сонда ойлады жақсы ниет,
Беруге ғылымы жақсы молда тауып.

Жетіден өте шықтым,сегізге айдап,
Барады сол мезгілде ішім қайнап.
Ғылымы сарф [9] фатеден алдым сабақ,
Хазіретті келтіріп Құдай айдап.

Толғандым тоғызымда томағадай,
Ұмтылдым, көрсем оқу сарышадай.
Мұхтасар[10] шарх Ғабдолла (қабат) бидан оқып,
Талпындым бала кұстай өрге қарай.

Құдай деп соныменен шықтым онға,
Бір Алла мені салды тура жолға.
Аузымнан сөз, қолымнан өнер шашып,
Кәнеки, тұра алсамшы қолдан-қолға!

Құдайым өнер берген он жасымнан,
Имамның себеп болған дұғасынан.
Дүние-ай, өтіп кеттің ойын болып,
Артық (ортақ) түстім тең құрбы, құрдасымнан,

Ақылды мен ойладым он бірімде,
Белгілі Мәшһүр болдым өз жерімде.
Сөзге шешен, жауапқа көсем болып,
Отырдым он екімде жұрт төрінде.

Таянды сол уақытта он үш маған,
Қас жаман қысылғанда болыспаған.
Қыран кұс, қолға тұрмас болдым лашын,
Секілді ұясынан жаңа ұстаған.

Он төртке келіп қалдым сөйтіп-бүйтіп,
Жіберген бір қолдаушы мені түртіп.
Қараттым бір аузыма талапкерді,
Шәкіртті үлкен-кіші соңыма ертіп.

Шүкірлік, бергеніңе, Құдай патша!
Он бесте шаптым жеке жүйрік атша.
Бір ұйықтап сақар уақыты жатқанымда,
Кеудеме өлең толған сызған хатша.

Ғылым сарф Haxy[11], пақидан алдым хабар,
Көңіліме түсті жарық, ей, ағалар!
Кәлам таухид[12] ғатайд мантық[13] расул [14],
Парайыз хадис[15] тәпсірлері[16] болған қарар.

Кәнеки, тұра алсамшы шыдап тілім,
Сайрадым бұлбұл кұстай, болмай гүлім!
Демедім ащы-тұщы, аға бердім,
Уай, дүние, қайтып келмес сол бір күнім!

Кім болған біздей шешен қызыл тілге,
Сөз жаздым үлгі қылып тамам елге.
Бір дария орнаған соң көтере алмай,
Ағалар, он алтымда шықтым шөлге!

Екі жыл ел ішінде бала оқыттым,
Атамның бір насихат сөзін тұттым.
Бейһуда ғұмырымды бекер жойып,
Он жеті - дер шағымнан сөйтіп өттім.

Он сегіз міндім атқа шыдай алмай,
Жақсыны жаман менен сынай алмай
Мейрамның бес баласын араладым,
Алысқа жас болған соң ұзай алмай.

Қуандық, Сүйіндік, Шегендік, Бегендікті,
Атасы Қаракесек басқа текті.
Сырым, Найман, Тарақты,Бәсентиін,
Атығай, Керей,Уақ көрдім көпті.

Әр жерде жақсылармен болдым таныс,
Арғын,Найман,Қоңырат пен Қыпшақ жарыс.
Орыс, қазақ, араб, парсы - бірдей білген,
Бозбала, қалай екен аяқ алыс?!

Он тоғыз, жиырма менен жиырма бір,
Жағалап жиырма екі қай жақта жүр?
Көрінбес өткен ғұмыр бір сағаттай ,
Не ілдім бұ дүниеден, сен мені көр!

Қан жирен тер шыққан соң, күрең болды,
Ақыл-ой түпсіз дария терең болды.
Есепке өткен жасты алып едім,
Баршасы жиырма ауыз өлең болды.

Жігітке жиырма екен —жастың шеті,
Сол кезде шапса қылыш, қайтпас беті.
Шығарым-шықпасымды Құдай білер,
Тұра гөр тілеулес боп жиырма екі!

Жарасар бозбалаға сұлу жирен,
Дін күтсең, балшық болып аяққа илен!
Жобасы сол оқудың не болады?-
Білмесең, өзің бала, бізден үйрен.

Оқыдың әуел басы әліп биді,
Жұм менен ха — бір ноқаттан және хиді.
Дәл менен зәл, ран, син менен шин,
Сәт пен зат, біле білсең, ти мен зиді.

Ғайын, айын, кәфке, фа менен лам,
Мим, нон, уау, ләм, әлиф иа-мен тамам.
Абжат һуаз, хыти, бар кәләмін
Сағыфаз карашат тынызина ол зазым.

Онан соң һаптиек бар еже сүре,
Оларды үйренерсің жүре-жүре.
Оқытар түркі кітап баспа-жазба,
Білерсің басың қатып көре-көре.

Қырық парыз, исламда бес, иман жеті,
Намаз да анық парыз: біл он екі.
Ғұсылда[17]- үш, таһаратта[18]- төрт, таямда[19]-':
Нифаста[20] хайыз[21] илан бар дүр екі.

Тағы бар: Әмір мағрүф[22],Нәһи мүңісір[23],
Бірі оның ғылымда дүр, қылдым зікір
Тағы бір және бар уәжіп[24] дін исламда ,
Қылғанға асани[25], соны қылғыл шүкір!

Сүннәт[26] бар Мұстахаббен[27] адаб[28] хәйә[29],
Харам[30] макруһи[31] мүстәні[32] қылмажия.
Мүбах[33] деген нәрседен тарт бойыңды,
Тәкәппар ғажап хасты қылма рия[34].

Нәрсеге Мұбах деген қадам ұрма,
Жақсы бол біз секілді, жаман болма!
Құдай - бір, пайғамбар-ақ, құран - шын біл!
Жолынан шариғаттың мойын бұрма!

Әзәзіл, шайтан малғұн тіліне ерме,
Көзің жұм, не мақұрымның жүзін көрме.
Қайыр бер, бейшараға, ас пенен тон,
Дүниеде бір сағатлық ғапыл жүрме!

Ұрлық, өтірік, ойнасты - өнер білме,
Біреуге ғайбат[35] сөйлеп, сырттан күлме.
Тілей бер құдайыңнан өз бағынды,
Біреудің хақысына көңіл бөлме!

Көңілінде түт жаратқан құдайыңды!
Сыйлап күт ата-анаң мен жұбайыңды!
Адамға жала жаппа,қастық қылма,
Махшарда тартпан десең уайымды.

Руза[36] мен намазыңды қылма қаза,
Сақтағыл өз бойыңды судай таза.
Мойныңа пенде хақын жүктеп кетпе,
Сабыр қыл келсе пәле, болма наза!

Аспанның дәл ортасы - Темірқазық,
Көкті биік жаратқан, жерді жазық.
Еркің барда ерікпей ғибадат[37] қыл,
Ғазірейіл өз пейілінен кетті жазып.

Шүкір қыл Алла берген нығметіне,
Разы бол, берсе қаза, құдіретіне.
Мал мен бас, қатын-бала,- бәрі дұшпан,
Дүниенің алданбағың дәулетіне!

Бұйрығын шариғаттың әр кез қойма,
Ас жиын, шақырмаған барма тойға!
Іс қылсаң құдай үшін қыл ниетпен,
Риямен өз ісіңді өзің жойма!

Жан қинап хақ бұйрығын ай лағыл сап,
Істерден құдай сүймес жүргіл аулақ!
Бозбалалық, боқшылық ғадет қылма,
Күлкі, сықақ, жел сөзге жоламай бақ!

Алданып баяны жоқ дүние малға,
Ақшаға, алтын, күміс назар салма!
Жалғанда жаманшылық жанға залал,
Махшарда қаулап тұрған отқа жанба!

Жылқы, қой , ара түспес, сиыр, түйе,
Жатарсың жазаң болса, отқа күйе.
Бермейді жәрдем саған қатын-бала,
Болмаса жарылқаушы Жаббар[38] ие.

Жігіттер, айта берсем, таусылмас сөз,
Бұл жалған бәрімізден өтеді тез.
Дүниенің қанша жиған, бәрі қалар,
Бұйырар ораздыға үш қабат бөз.

Әзәзіл аздырмаққа буар белін,
Жігіттер, берме қолдан иман гүлін!
Шамасы ғибадатқа келмеген соң,
Безеген Мәшһүр Жүсіп қызыл тілін.

Насихат сөз айтамын, салсаң құлақ,
Азық ал: барар жерің алыс-жырақ.
Жүк ауыр, жеңілте гөр, қылып амал(ғамал),
Бұл өлім қас пен көзден жақынырақ.

Бұл өлім бірдей келер бар мен жоққа,
Бір күн аш, қанағат қыл бір күн тоққа!
Қай күн килігерің болжаусыз ғой,
Құрулы сарыжадай атқан оққа!

Сол нәпсі жігіттікте тыйылмайды,
Дүние қандай тәтті, қиылмайды.
Жисаң да дүние малын түк шығармай,
Үш қабат бөзден басқа бұйырмайды.

Су емес мейірің қанар, дүние сағым,
Сөйлеп қал осындайда тіл мен жағым.
Дүниенің опасызын көзім көріп,
Бар болса аянбайтын келді шағым.

Коп күнә харап қылар талай ерді,
Шайтанның нәпсі дұшпан тіліне ерді.
Алтыннан сарай салсаң, пайдасы жоқ,
Бұйырса артық сарай қазған көрді.

Жатарсың мекен қылып қара жерді,
Бағзыға[39] бұйырмайды кебін көрді,
Жаныңды әзірейіл алып кетер,
Қойсаң да күзетшіге жүз мың ерді.

Жаныңды әзірейіл алып кетер,
Астында қара жердің зар еңіретер.
Айбатлы Мүңкір-Нәңкүр[40] келсе жетіп,
Бишара, дәрмені жоқ пенде не етер?!

Артық бақ: қойса халқың таза жуып,
Кебіндеп салып көрге, жіпсіз буып.
Басынды сол көтеріп алғанында,
Жүрегің қорқады-мыс мұздай болып.

Ах, дүние, қалса жетіп ата-анаң,
Жан ауыртқан тірлікте қатын-балаң.
Ағайын, жақындасып, тамырласың,-
Бармайды біреуі де, не дүр шараң?!

Қасыңа шақырсаң да, бармас бірі,
Қысылар, пенде, жаның келді жері!
Пұл беріп: "Мені қой!"- деп, жалынар тасы,
Қолыңа түспес қатқан жарты тері!

Дүниеге келмеді ме ата-анаң?!
Кәнеки, ардақтаған қатын-балаң?!
Жалғыздық өз басыңа түскеннен соң,
Бишара болдың сорлы, күнің қараң!

Айтқаным осы емес пе: "Ауыр жол!" деп,
Сен мұнан құтыласың қалайша ептеп?!
Періште Мүңкір-Нәңкүр бек айбатты,
Сұрайды сонда сенен. "Ман рәббик!"[41] - деп.

Ал, жауап періштеге беріп қара,
Сұм дүние қандай екен, білдің жаңа!
Иманды болсаң түсер сонда есіңе,
Жаратқан жоқтан бар ғып Хақ тағала!

Табылмас хасыл, мақсат жан қиналмай,
Дүниені шағындап жи, көп жинамай.
"Несіне енді бүгін бөгелдің?!- дер,-
Жалғанда кетіп едің мені ойламай!"

Қиындық алдыңызда сондай күн бар,
Атпас таң біз сорлыға, шықпас түн бар!
Алладан сондай пәрмен жауап келсе,
Айтпаған: "Сонда табар енді нең бар?!"

Ғажайып сусағанда көрдім бір ша,
Ағалар, іш күйгеннен қыламын aha!
"Мен раббик!"- деген шақта Мәңкүр-Нәңкүр,
Тіліме жәрдем бергіл, Раббым Алла!

Ғылым мен ғамал жолдас оған серік,
һидаят[42] жігітлікте таупық беріп.
Қолынан малғұн шайтан халас айлап,
Нәсіп қыл түзелмекті жолға кіріп!

Бақыт, дәулет сағадат[43] нәсіп айла,
Көрсеткіл тұғыры жолды жанға пайда!
Атың бар Ғафур[44], Рахым[45]- ғасырларға,
Лa шарик[46] сенің кебиі патша қайда?!

Л а ташти, уа, назира - сенсің рахмат,
Білмедім, білдірмедің, сенсің - хамид[47].
Білемін би шакуне, би намуне
Болмайды бір Аллаға күфуан ахад[48]

Бұл өлім бірдей келер бар мен жоққа,
Бір күн аш, қанағат қыл - бір күн тоққа!
Қай күп килігерің болжаусыз ғой,
Құрулы сарыжадай атқан оққа!

Сол нәпсі жігіттікте тыйылмайды,
Дүние қандай тәтті, қиылмайды.
Жисаң да дүние малын түк шығармай,
Үш қабат бөзден басқа бұйырмайды.

Су емес мейірің қанар, дүние - сағым,
Сөйлеп қал осындайда тіл мен жағым.
Дүниенің опасызын көзім көріп,
Бар болса аянбайтын келді шағым.

Көп күнә харап қылар талай ерді,
Шайтанның нәпсі дұшпан тіліне ерді.
Алтыннан сарай салсаң, пайдасы жоқ,
Бұйырса артық сарай қазған көрді.

Жатарсың мекен қылып қара жерді,
Бағзыға[39] бұйырмайды кебін көрді,
Жаныңды әзірейіл алып кетер,
Қойсаң да күзетшіге жүз мың ерді.

Жаныңды әзірейіл алып кетер,
Астында қара жердің зар еңіретер.
Айбатлы Мүңкір-Нәңкүр[40] келсе жетіп,
Бишара, дәрмені жоқ пенде не етер?!

Артық бақ: қойса халқың таза жуып,
Кебіндеп салып көрге, жіпсіз буып.
Басынды сол көтеріп алғаныңда,
Жүрегің қорқады-мыс мұздай болып.

Ах, дүние, қалса жетіп ата-анаң,
Жан ауыртқан тірлікте қатын-балаң.
Ағайын, жақындастың, тамырласың,

- Бармайды біреуі де, не дүр шараң?!

Қасыңа шақырсаң да, бармас бірі,
Қысылар, пенде, жаның - келді жері!
Пұл беріп: "Мені қой!"- деп, жалынар ғасы,
Қолыңа түспес қатқан жарты тері!

Дүниеге келмеді ме ата-анаң?!
Кәнеки, ардақтаған қатын-балаң?!
Жалғыздық өз басыңа түскеннен соң,
Бишара болдың сорлы, күнің қараң!

Айтқаным осы емес пе: "Ауыр жол!" деп,
Сен мұнан құтыласың қалайша ептеп?!
Періште Мүңкір-нәңкір бек айбатлы,
Сұрайды сонда сенен. "Ман рәббик!"[41] - деп.

Ал, жауап періштеге беріп қара,
Сұм дүние қандай екен, білдің жаңа!
Иманды болсаң түсер сонда есіңе,
Жаратқан жоқтан бар ғып Хақ тағала!

Табылмас хасыл, мақсат жан қиналмай,
Дүниені шағындап жи, көп жинамай.
"Несіне енді бүгін бөгелдің?!- дер,

- Жалғанда кетіп едің мені ойламай!"

Қиындық алдыңызда сондай күн бар,
Атпас таң біз сорлыға, шықпас түн бар!
Алладан сондай пәрмен жауап келсе,
Айт маған: "Сонда табар енді нең бар?!"

Ғажайып сусағанда көрдім бір ша,
Ағалар, іш күйгеннен қыламын aha!
"Мен раббик!"- деген шақта Мәңкүр-Нәңкүр,
Тіліме жәрдем бергіл, Раббым Алла!

Ғылым мен ғамал жолдас оған серік,
һидаят[42] жігітлікте таупық беріп.
Қолынан малғұн шайтан халас айлап,
Нәсіп қыл түзелмекті жолға кіріп!

Бақыт, дәулет сағадат[43] нәсіп айла,
Көрсеткіл тұғыры жолды жанға пайда!
Атың бар Ғафур[44], Рахым[45]- ғасыларға,
Лa шарик[46] сенің кебиі патша қайда?!

Ла ташти, уа, назира - сенсің рахмат,
Білмедім, білдірмедің, сенсің - хамид[47].
Білемін би шакуне, би намуне
Болмайды бір Аллаға күфуан ахад[48]

Жараттың фазылыңменен жанның мүлкін,
Тамұқта түрлі ғазап ащы, шіркін!
Салсаң да қайсысына пенделерді,
Иа, Раббы, білдір оның нең, бар дүр еркің?!

Еш нәрсе құдіретіңнен басқа болмас,
Дауалап ойлай берсем, көңілім тұрмас.
Сиратіл[53] мәуіттен аман сақта,
Құдайға, қыла көрші иман жолдас!

Раббым Алла, нәбиім[54] — хақ Мухаммед!
Дінім - ислам: руза, намаз - бізге міндет!
Періште Мүңкір-Нәңкүр, менде нең бар,
Мәзһабым[55] улфа сізден ізгі милләт[56]!

Бар ма ақың алар сенің тағы менде,
Үмбетімін Мұхаммедке, Хаққа пенде.
Арман жоқ онан басқа бұ жалғаннан:
Осылай жауап берсем сол бір күнде!

ЕКІНШІ - ОН ТӨРТІНШІ БАПТАР:

"ЖЕР МЕН КӨК" ҚИССАСЫ

АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ КӨП СИПАТЫ БАРЛЫҒЫ

Алланың өзі жалғыз, құдіреті кең,
Бір ғайып аты бар дүр, заһары — мың.
Таурат, Інжіл, Забурда тоғыз жүзі,
Құранда тоқсан тоғыз аты бар шын.

Бір атын біледі екен пайғамбарлар,
Білмейді онан басқа ешбір жандар.
Сипаты зат та, ғайрид[57] емес,
Иа мекен тұрағы жоқ, ай, жаранлар.

Алды, арты, асты, үсті, оң, солы жоқ,
Ауыз, мұрын,аяқ, бас, көз, қолы жоқ.
Еш нәрсе ұқсамайды, ол еш нәрсеге,
Кітаптың айтқанынан ойлама көп.

Жоқ деп біл бір Аллада — ата-ана,
Және жоқ деп біліңіз қатын-бала.
Барлығы бір Алланың құдіретінде,
Ешкімге мұқтаж емес Хақ тағала.

Білгіші, есіткіші һәм көргіші,
Барды жоқ, нажа жоқты бар қылушы.
Тірік дүр, өлмес қадір, болмас ғажіз,
Сөйлетуші, не тілесе,ол білуші!

Серік жоқ, кемшілік жоқ және айып,
Біле алман Хикмет сырын бізге ғайып.
Мақал бар: "Аз сөз - алтын"- машайықтан.
Сөйлейін бір аз ғана жұртқа жайып.

Кім білер әуел-ахыр хақтың сырын,
Нәрсе жоқ бір езінен басқа бұрын.
Ғаламға өзін заһар қылмақ үшін,
Жаратты Мұхаммедтің әуел нұрын.

Тауыстың мысалында қылды нұрды,
Қандалға [58] нұрдан болған орнатылды.
Алдында - ұят айна: нұрдан болып,
Құдайға көріп өзін, шүкір қылды.

Ұялып жалғыздықтан аққан тері,
Сол терден жаратылған иман нұры.
Бес жолы сәжде қылып, нұр ғалы нұр,
Бес намаз әуел парыз болған жері.

Құранда бір аят бар бұған дәліл,
Айтуға айырып бәрін зейінім залил[59|.
"Алла нұр ассамауат уаларзиң - деген аят,
Ғафу қыл болса қате, ая, жалил[60].

Көктерде, уа, жерлерде болушы нұр,
Нұр қылған иа, Раббым Хақ: құдіретін көр.
"Мысалы менің нұрым - бір тау!"- дейді,
Ол тауда нұрдан болған бір қандал түр.

Ол нұрдың жаратылған қандал анық,
Бар екен ол қандалда ақ (ат) нұрдан жарық.
"Фаиннама каукаб [61] дүррүй," - деп,
Бұйырған мадақында: Калам-шариф[62].

Онда бар жаратылған нұрдан ағаш,
Майы бар, ол ағаштың нұрға жанас.
Тағы да өз нұрымен өзі жанып,
Машриқ[63], мағриб[64]та емес, тұрған ағаш.

Шын анық: Қандал нұр, жарықта нұр!
Бір нұрдың жанғандығы май болып түр.
Сол нұрдан бес сәждеге бес нұр болып,
Сол екен мазкур[65] болған нұр-ғалиы[66] нұр.

Кезгендер хакиқаты көп сөйлеген:
"Тау дүние, ол - рух қандал"- деп сөйлеген.
"Көрінген жарық болып көңіл,"- деген,
Әр түрлі әрқайсысы сөз сөйлеген.

Ол ағаш нәпсі(нәфіс) деген құдысия
Май деген Алла берген медет хия.
От тимей жанбақлығы — кереметтен,
Аз ғақыл естуімше алдым жия.

Ол нұрдың бірі - Құдыс, бірі - Ысхад,
Бірі - заһыр, біреуі - мытлақ білиат.
һидаят оның бәрі хақтан болған,
Пендесін өзі сүйген қылады шат.

Екінші кітап алған бір кеңеске,
Адам тау, көкірек қандал: сол емес пе?!
Болғанда жарық иман ол ағашы,
Ғақылды оған қосқан май демес пе?!

Бұл нұрды мысал қылған Мұхаммедтен,
Көкірегің - тау, көңілін қандал еткен.
Ассалүт, набути жарық болып,
"Ағаш асылы мүғжиза [67]май"- деп кеткен.

Әр түрлі имамдардан бар-ды кеңес,
Мен өзім тәпсір білген ғалым емес.
Сөйледім естуімше ұстазымнан
Естіген көргенменен бірдей емес.

Сонда нұрдың терінен жаратты хақ:
Ғаршы[68], күрсі[69],- баршасын: тамұқ, ұжмақ.
Сәулесінен сол нұрдың жаратыпты:
Рухы, әнбиелер барша мұтлақ,

Көп сөз бар мұнан кейін, тұра тұрсын,
Аз дәурен пенде, шіркін, құра тұрсын!
Мысалды(мәністі) адамзаттан баян қылып,
Бозбала, қандырайын құлақ құрышын!

Жаратты қайғыменен жанның бәрін,
Барсың ғой сол жиында баршаларың!
Қандал нұрда пайғамбар рухы тұрып,
Көрсетті тамам рухқа Хақ (шын) дидарын.

Фаннау иаратын келді жауап,
Рух біткен пайғамбарды қылды тауап.
Басын көрген дүниеде султан болып,
Қолын көрген ғаділ боп, тапты сауап.

Кеудесін көрген жанлар ғалым болды,
Әр мүшесі әркімге мағлұм болды.
Сонда мақрұм көре алмай қалған жандар,
Жалған дүние жүзінде залым болды.

Жаратқан бәрінен де әуел нұрды,
Құдайға жетпіс мың жыл жылап тұрды.
Суретін пайғамбардың жасатқан соң,
Жүз мың жыл және отырып шүкір қылды.

Жаратты артық қылып нұрды әне,
Мақсатым, жаным құрбан айтқан жерде.
Үш жүз мың ғаламның жылдардан соң
Жаратты сонда он екі нұрға перде.

Перденің бірі - құдірет, бірі - қызмет,
Бірі рахмат[70] болғанда, бірі - минат[71].
Сағадат, керемет пен ғажап (нәубат) нәбуат,
һидаят, шапағат пен рахат, киғбат.

Құдіреттің пердесінде нұр толыпты,
Он екі мың жыл сонда орнатыпты.
Қызметте он бір мың жыл мекен қылып,
Минатта және он мың жыл тұрыпты.

Рахматта тоғыз мың жыл харар етіп,
Сегіз мың жыл сағадат (рүкүғ ғып) хажатта[72]
Керемет манзилатга[73] он үш мың жыл,
һидаятта бес мың жылдай оны күтіп.

Торт мың жыл Набауатта[74] мекен етті,
Осылай жаратыпты әуел нұрды,
Жаратқан тәннен бұрын ақыл-ойды.
Ерітіп жасыл гауһар сонда ағызып,

Ғаршыны жаратпаққа жарлық қылды.
Көтеріп ол ғаршыны суға қойды,
Ол суды жел көтеріп буға қойды.
Сақтады құдіретімен сонда желді,

Нұрына Мухаммедтің ғалам тойды.
Басқышы , тірегі жоқ ғаршы қылды,
Хисапсыз сол ғаршыға аяқ берді.
Саны жоқ мөлшерінің тарау-тарау,

Сыйғызды бір өзіне талай жерді.
Арасы аяқлардың сондай алас,
Құс ұшса, отыз мың жыл қылып жарыс.
Жүйрік ат отыз мың жыл шапса, жетпес,

Кітаптың айтқанынан қылман алыс.
Әр күнде құбылады жетпіс мың жол,
Жасады алты жүз мың перде оған мол.
Періште іші толған сәжде қылып,

Бәрі де болып тұрған Құдайға құл.
Көтерген төрт періште бұйрық алып,
Бек сасқан көтере алмай қайран қалып.
Әскері қасындағы сегіз жүз мың

Су аққан терлерінен шырқ айналып.
Құдайға сонда қылған көп мінажат,
Көтерген құдіретімен хасил[80] мажат[81].
Сонда аққан періштенің терлерінен

Жаратты бір дарияны бахыр[82] ухиат.
Үйретті Сүбхан Алла[83] кәлимасын[84],
Сәждеге көп періште қойды басын.
Көтерілді сонда Ғаршы құдіретімен

- Орнатты енді күрсі лаухи тасын.

Жасады Зәбіржаттан [85] лаухи тақтай,
Қойыпты сонда жазып мал мен бақты-ай!
Жаратты одан кейін рух рауан [86]
Өтіпті оның асылын адам таппай.

Үш мың жыл рахиғатта[75] тұрып кетті.
Екі мың жыл һибаттан[76] өткеннен соң,
Тақитына[77] шапағаттың келіп жетті.
Тахитында шапағаттың мың жыл тұрды,

Үстіне Ғарыш төсеп, күрсі құрды.
Лаухи[78] қалам жаннатты жаратқан соң,
Орынлы, салтанатлы патша болды.

ҮШІНШІ БАП

ҒАРШЫ, КҮРСІНІҢ БАЯНЫ

ТӨРТІНШІ БАП

СЕГІЗ ЖҰМАҚ, ТӨРТ ПЕРІШТЕ БАЯНЫ

Жебірейіл , Мекайіл мен жаратты екеу,
Исрафил, Ғазірайіл мен қылып төртеу.
Бірін - желге, біреуін суға қойып,
Жұмақ - сегіз болғанда, тамұқ - жетеу.

Жаннаттың бірі - Ғадін[87]: нығыметі[88]көп,
Айтады : "Дарис салам[89] Дарил қырар[90], Фирдаус"[91]-деп,
Жаннат Алмауи[92] қылды, жаннат - Нағим[93].
Осылай Дарил қарар[94] жаралған жұп .

Жаннаттың жаратыпты жерін биік,
Өзгеден ол Ғадінді артық сүйіп.
Бірі - алтын кірпішінің, бірі - күміс,
Балшығын маски[95] ғанбер[96] қосып түйіп.

Есігін алтын қылды, тысы - иакүт(жақұт),
Топырағын таза жауһар, жайды бар қып.
Ғақықтан - рамкасы бар: гауһар шыны,
Кірерміз, иншалла, болса бақыт.

Төрт бұлақ,ақты: бірі,- бар - Салсабил[97],
Кафур[98] тасыным біреуін біл - зәнжабил[99]
Сүт пен бал, шекер шәрбат сулары бар,
Ғанна [100 ]фиһа тусамма[101]- аят далил[102].

Тақ құрды, салды төсек ақ, жасылдан,
Қызыл, көк түрлендірді саф асылдан.
Не түгел керек десең, сонда даяр,
Кіреді Құдай жазса, дін мұсылман.

Көкте бар жетінші қат түп ағашы,
Жүмақтың сонда толған айналасы.
Хор қызы бір кісіге тиер жетпіс,
Және жетпіс мың қыз бар — сыбағасы.

Пырақ бар: бес жүз жылдық жолды басқан,
Ер тоқым өңшең абзал асыл тастан.
Әр түрлі әр мүшесі құбылып тур,
Тағы бар түрлі нығымат онан басқан.

Тиеді бір кісіге жетпіс шаһар,
Әр шаһарда жетпіс мың сарайлар бар.
Бөлмесі әр сарайдың - жетпіс мың үй,
Әр үйде жетпіс мың тақ асыл баһар.

Әр тақытның үстінде жетпіс төсек,
Көрпе, жастық қанша бар,- қылма есеп.
Алтын, атлас торғыннан жайып қойған,
Күнәһар боп кетеміз пәлен десек.

Әр төсекте отырған бір хор қызы,
Гауһар тәжді, күн көзді, айдай жүзді.
Лағыл баде, лептері - шырын, шәрбат,
Бал мен қант ләззатындай - сөйлер сөзі.

Қараса егер солар Ай мен Күнге,
Ай мен күн ұялғаннан болады өңге.
Тісі бар маржан, жақұт, лұлу иек,
Хисапсыз шашбауына таққан теңге.

Қолдары хор қызының сым күмістей,
Таларсың келбетіне көзің түспей.
Шын мақсат барсаң сонда, табылады,
Бұл дүние - түбі шолақ, көрген түстей.

Жұмақтың асты да —алтын, үсті де алтын,
Ішіне кірген жанның жүзі жарқын.
Дүниенің бар қағазын жисам-дағы,
Мен сөйлеп бітіре алман оның қалпын.

"Имансыз сол жұмақты көрмес!"- дейді,
"Бір Құдай имансызды сүймес!"- дейді.
Бір Алла қаламында аян қылды:
"Адамдар сегіз түрлі кірмес!"- дейді.

Әуелі бір Құдайға серік қосқан,
Екінші, ұрлық қылып жолды тосқан.
Үшінші, кісі өлтірген нақақ (нехах) жерде
Төртінші, зинашы дүр, дінге дұшпан.

Бесінші - ел ішінде өсек айтқан,
Алтыншы - күншілдік қып, діннен кайтқан.
Жетінші - залымдар дүр, рақымы жоқ,
Ғайбат айтып, әрқашан күнәсі артқан!

Сегізінші, әрдайым арақ ішкен,
Әрқашан жаманшылық күні кешкен.
Осылар дүр жұмаққа кіре алмайтын,
Тәубе қылмай, дүниеден, болса көшкен!

Құдая, күнәһардан бізді қылма,
Құдайға, пенде болсаң, қарап тұрма!
Егер де тайып кетсең жазатайым,
Түсерсің жеті тозақ, жайған торға.

БЕСІНШІ БАП

ЖЕТІ ТОЗАҚ БАЯНЫ

Құлдықтан(Қолымнан) келсе шамам, аянбайын,
Азырақ жан барында аяңдайын.
Құданың қаһарынан қорыққан үшін,
Сипатын жеті тозақ баяндайын.

Жаратты ол тозақты қылып жеті,
Жаһаннам[103] Жаһим[104], Сақыр[105], Сижжил[106] төрті.
һадилазад[107] пенен Хатм [108]- тамұқ,
Құйылар жазалының өзіне оты.

Төрт бұлақ акты: бірі,- бар Салсабил[97],
Кафур[98] тасыным біреуін біл зәнжабил[99]
Сүт пен бал, шекер шәрбат сулары бар,
Ғанна [100 ] фиһатуеамма[101]- аят далил[102].

Тақ құрды, салды төсек ақ, жасылдан,
Қызыл, көк түрлендірді саф асылдан.
Не түгел керек десең, сонда даяр,
Кіреді Қудай жазса, дін мұсылман.

Көкте бар жетінші қат түп ағашы,
Жұмақтың сонда толған айналасы.
Хор қызы бір кісіге тиер жетпіс,
Және жетпіс мың қыз бар — сыбағасы.

Пырақ бар: бес жүз жылдық жолды басқан,
Ер тоқым өңшең абзал асыл тастан.
Әр түрлі әр мүшесі құбылып түр,
Тағы бар түрлі нығымат онан басқаң.

Тиеді бір кісіге жетпіс шаһар,
Әр шаһарда жетпіс мың сарайлар бар.
Бөлмесі әр сарайдың - жетпіс мың үй,
Әр үйде жетпіс мың тақ асыл баһар.

Әр тақытның үстінде жетпіс төсек,
Көрпе, жастық қанша бар,- қылма есеп.
Алтын, атлас торғыннан жайып қойған,
Күнәһар боп кетеміз пәлен десек.

Әр төсекте отырған бір хор қызы,
Гауһар тәжді, күн көзді, айдай жүзді.
Лағыл баде, лептері - шырын, шәрбат,
Бал мен қант ләззатындай - сөйлер сөзі.

Қараса егер солар Ай мен Күнге,
Ай мен күн ұялғаннан болады өңге.
Тісі бар маржан, жақұт, лұлу иек,
Қисапсыз шашбауына таққан теңге.

Қолдары хор қызының сым күмістей,
Таларсың келбетіне көзің түспей.
Шын мақсат барсаң сонда, табылады,
Бұл дүние - түбі шолақ, көрген түстей.

Жұмақтың асты да — алтын, үсті де - алтын,
Ішіне кірген жанның жүзі жарқын.
Дүниенің бар қағазын жисам-дағы,
Мен сөйлеп бітіре алман оның қалпын.

"Имансыз сол жұмақты көрмес!"- дейді,
"Бір Құдай имансызды сүймес!"- дейді.
Бір Алла қаламында аян қылды:
"Адамдар сегіз түрлі кірмес!"- дейді.

Әуелі бір Құдайға серік қосқан,
Екінші, ұрлық қылып жолды тосқан.
Үшінші, кісі өлтірген нақақ (нехах) жерде
Төртінші, зинашы дүр, дінге дұшпан.

Бесінші - ел ішінде өсек айтқан,
Алтыншы - күншілдік қып, діннен қайтқан.
Жетінші - залымдар дүр, рақымы жоқ,
Ғайбат айтып, әрқашан күнәсы артқан!

Сегізінші, әрдайым арақ ішкен,
Әрқашан жаманшылық күні кешкен.
Осылар дүр жұмаққа кіре алмайтын,
Тәубе қылмай, дүниеден, болса көшкен!

Құдая, күнәһардан бізді қылма,
Құдайға, пенде болсаң, қарап тұрма!
Егер де тайып кетсең жазатайым,
Түсерсің жеті тозақ, жайған торға

БЕСІНШІ БАП

ЖЕТІ ТОЗАҚ БАЯНЫ

Құлдықтан(Қолымнан) келсе шамам, аянбайын,
Азырақ жан барында аянбайын.
Құданың қаһарынан қорыққан үшін,
Сипатын жеті тозақ баяндайын.

Жаратты ол тозақты қылып жеті,
Жаһаннам[103] Жаһим[104], Сакыр[105], Сижжил[106]төргі.
һадилазад[107] пенен Хатм [108]- тамұқ,
Құйылар жазалының өзіне оты.

Тозақтың ғазабы бар тастан қатты,
От жанып, қайнатады адамзатты.
Отыны адам мен тас ол тамұқтың,
Құранда мазқор болған көр аятты.

Құлдық қыл, қалма ғапіл,ай, бейшара,
Аят бар: "Ууку һаннас уалхажара" [109].
Кітаптан бір қиссасын естігенде,
Жүрегім болды қорқып пара-пара.

"Таусылып тозақ оты бітпес!"- дейді.
"Жазалы және жанып кетпес!"- дейді.
"Тамұғының тереңдігі сондай алыс,
Мың жылда тастаған тас жетпес!"- дейді.

Тамұқта бір шұңқыр бар: аты - Палақ[110],
Сен содан құтыларға қылшы талап.
Бір тау бар ол шұқырда: аты - Уайл [111],
Болады оған түскен пенде халак [112].

Сол таудың тасы, жері бәрі де оттан,
Тез екен қыздырмағы пароходтан.
Бір шаһар әлгі тауға оттан салған,
Хисабын біле алмадым қағып шоттан.

Көше бар сол шаһарда жетпіс жүз мың,
Әр көшеде үйлер бар һәм жетпіс мың.
Әр үйдің жетпіс мыңнан бөлмесі бар,
Жаралған бәрі де оттан,- бұл сөзім - шын!

Ішінде әр бөлменің жетпіс орын,
Қайнатар оған кірген жанның сорын.
Әр орында жетпіс мыңнан жыландар бар,
Жаралған һаммалары соның бұрын.

Ғазап бар, заһар, зақым бәрі де анық,
Жазалы дамыл-дамыл жатар жанып.
Сол жыланның бір демі шықса титтей,
Бүл дүние бір сағатта кетер жанып.

Сонда бар жыландардың заһарлысы,
Бар екен әрбірінің жүз мың тісі.
Құдая, мұсылманды жолықтырма,
Не болар соған душар болған кісі?!

Әр түрлі ғазабы бар мұнан жаман,
Болғанда заһар сусын, зақұм - тағам.
Осындай қиындық бар қияметте,
Күн бұрын сақтанып қал, келсе шамаң!

Құдай - бір, пайғамбар - хақ, құран - біл шын,
Бұйырған шариғаттың қылса ісін.
Айтқанын ғалымдардың қылсаң түзу,
Көрмессің, иншалла [113], соның түсін!

Темір арқан болғанда, темір кебіс,
Темір белбеу, темір тон,- бәрі от тегіс.
Іші —тысы бәрі де отпен толар,
Өзіңді құтқар сонан қылып бір іс!

АЛТЫНШЫ БАП

ЖЕТІ ҚАТ КӨК БАЯНЫ

Мұнымен жеті тозақ тұра тұрсын,
Мұсылман құтылатын қамын қылсын.
Жеті жер, тоғыз палақ қалай болған?

- Аз ғана сонан Жүсіп кеңес құрсын.

Бар Құдай салды назар сонда суға,
Су қайнап, айналасы толды буға.
Буынан сол дарияның көкті жасап,
Білдірді құдіретін жас пен қуға.

Ол судан және тасып, көбік шықты,
Сол көбіктен жеті қат жерді қыпты.
Сол жерді жеті қылып, және созып,
Тау мен тас, ағаш, жеміс, қылған шөпті.

Екі күн —жер, екі күн көк жаратты,
Торт күнде бір-біріне жұп жаратты.
Бір сағатта қылуға құдіреті бар,
"Пендеме ғибрат болсын!"- деп жаратты.

Біткені алты күнде белгілі анық,
Бітірген құдіретімен Жаббар - Халық.
"Ған саиа-ти айамин"[114] - деген аят,
Көрсеткен осылай деп Калам Шариф.

Әуелгі көкті қылды Зәбіржаттан,
Аты дүр қаза(қиха) оның білсең хаттан.
Суреті мысалы бақыр періштелер
Бос тұрар, білсең, әне адамзаттан.

Екінші көкті қылды бәрі жақұт,
Аты қадым[115], ол көктің орны сахит[116].
Үшінші көктің атын: "Мағун"[117]- қойып,
Асылын оның Алла қылған артық,

Төртінші көк жаралған ақ күмістен,
"Арықлұн",- осылайша атын дескен.
Бесінші жаралған: "Заникд" - аты,
Нәрсе емес: аз, көп дейтін өлшеп-пішкен.

Жаралған ақ інжуден алтыншы көк,
Ат берген оған Алла : "Рафға"[118] - деп.
Жетінші көктің аты "Ғарифа"[119] дүр,
Қып-қызыл алтын қылған жиып-теріп.

Қойыпты жеті көкке жеті есікші,
Өтірік айтар кісі емес, мен өсекші.
Бәрін[ің] де атын саған баяндайын,
Шотқа қақ: нешеу екен? Кел, есепші.

Исмағұл, Михаил мен Сағдайыл бар,
Калкайіл, Салсайыл мен Самайыл бар.
Рафайыл - жетіншіде мекен еткен
Бәрінен орны биік Жебірейіл бар.

Жетінші көкте ағаш бар, ол Мынтаһа,
Аят бар; "Әліф, ләм, иасин таһа".
Жебірейіл сол арада мекен қылтан,
Астағфирулла[120] Алла ла иллаһа, илла Алла.

ЖЕТІНШІ БАП

ЖЕТІ ҚАТ ЖЕРДІҢ БАЯНЫ

Осылай естуімше өңшең ерден,
Емеспін соның бәрін өзім көрген.
Жеті көк, тоғыз палақ былай тұрсын,
Құрайын тағы кеңес жеті жерден.

Әуелгі жердің аты Дамқа болған,
Жел есіп Рих ғақым[121] онда тұрған.
Жетпіс мың біреуінің арқаны бар,
Бір Мәлік[122] әр арқанға ие болған.

Ғад қаумын халак қылды сол желменен,
Қанша адам қырылыпты көп елменен.
Бірталай Бошым онда халық көп бар,
Ісі жоқ обал, сауап ешкімменен.

Екінші жердің аты "Халдетұрұр",
Қаумы бар Тамас атты бір-бірін жер.
Ғазап бар неше түрлі ол орында,
Нанбасаң, "Мұхамедия" кітабын көр.

Үшінші жердің аты болған Ғарқа,
Шаян бар неше түрлі тарқа-парқа.
Заһар[123] бар біреуінде үш жүз алпыс,
Дүниені бірі шақса, қылар шарқа.

Қаумы бар "Қабыс"- деген өз алдына,
Жүреді шаяндардың кез алдына.
Құдайым құдіретімен сақтар өзі,
Тамсанып шыға берме сөз алдына.

Төртінші жердің аты: "Жырба" дейтін,
Ол жерде айдаһар бар адам жейтін.
Халқы бар өз алдына "Жалһам"- деген,
Көзсіз, қолсыз, аяқсыз қалың жойқын.

Бұлардың ұшып жүрер бар ғадаты,
"Малша"екен — сол бесінші жердің аты.
"Мыхта" атты қаумы бар оның тағы,
Бірін-бірі жеп қылар харапаты.

Алтыншы жердің аты - Шахынайдос,
Қаумының аты - Қитат, суреті - құс.
Құдайға құлдық қылар баршалары,
Дәптері тозатының сонда дүр бос.

Жетінші жердің аты: "Ғажба",- деген,
Жер жоқ-ты сегізінші мұнан төмен.
Мекені Ғазазілдің сол арада,
Қаумы бар "Жытма" атты тізген көген.

СЕГІЗІНШІ БАП

ҚАП ТАУЫНЫҢ БАЯНЫ

Жеті жер жаратылды осылайша,
Бұл сөзім болар кеңес жұртқа жайса.
Қап тауы жаратылды зәмір тастан,
Бар екен шамасы оның, білгіл қанша?!

Айналған бүл дүниені жеті фасыл[124],
Өзінің тастары бар өңшең жасыл.
Дүниеде тау шаһарлар, сыхре қалға.
Тамыры Қап тауына болар уасыл[125].

Мекайіл бір періште Қап тауында,
Аспанның, тиген басы, жақтауына.
Сондай тау қуласа да жан сақтарсың,
Құдайдың тура келсең (сақтауына).

Артында Қап тауының бір-ақ жер бар,
Дүниедей отыз есе сондай кең бар.
Жаралған бір түрлі жан сол арада,
һаммасы тағат қылған, онда нең бар?!

Сөйлейін бір аз ғана хикаятын,
Құдайдың, қараңызлар, құдіретін!
Артында сол ақ жердің жетпіс жер бар,
Біріне жаратылған бірі жақын.

Оның тағы артында жетпіс жер бар,
Кәпірден жаратыпты деген "Паруар"[126].
Кендігі бұл дүниеше жетпіс есе,
Ар жағында жетпіс жер тағы да бар.

Оның тағы ар жағы жетпіс мың жер,
Бәрін алтын жаратқан құдіретін көр.
Ар жағында Тимеш бәрінің жаратылған,
Жетпіс қабат дүниедей күмістен жер.

Және бар онан әрі жетпіс мың жер,
Сол жердің жаратылған бәрі темір.
Оның арғы жағында қанша ғалам,
Жаратты періштелер беріп ғұмыр.

Бұлар білмес Ғазазіл кім екенін,
Адамзаттың тағы да ніл екенін.
Құдайды - бір, пайғамбарды - хақ біледі,
Не білер: тура жаһил[127] дін екенін.

Онан әрі жаратқан жеті теңіз,
Мақлұқ бар әр дарияда ұшан-теңіз.
Көп ел бар арасында ешкім білмес,
Онда бар тексеретін біздің неміз?!

Ол елдің кім екенін білмес адам,
Бұрынғы әулиелер біле алмаған.
Жанлық жәбірін баһар қылса,
Ат қойған: "Аһлу хикмет [128]" оған тамам.

Көкке ұшса, талмайды канаттары,
Отқа түссе, жанбайды ғадаттары.
Теңіздерде жүреді суға батпай,
Әрқашан қабыл болған қажеттері.

ТОҒЫЗЫНШЫ БАП

ҒАРШЫ, КҮРСІ ЖАРАТПАҒЫ

Осылай пайғамбардан рауат[129] салған,
Сөз еді ұстазымнан естіп алған.
Кәнеки, тағы бір сөз қозғайын да,
Алланың жаратқанын тауыса алман.

Жеті көк, жеті қат жер — бәрі бітті,
Ішінде айтылмаған көбі кетті.
Ғаршыны, сол көтерген дарияны,
Өзінің құдіретімен бөлек етті.

Бірі астында Ғаршының Бахыр лахият[130],
Бірін жердің астына қойды таяп.
Сол дарияның суынан қылды берін
Дәлелім бар: бүл сөзге келген аят.

Ал, жаратты аспанға ай менен күн,
Әуел баста екеуін қылыпты тең.
Айдан алып Жебірейіл, күнге беріп,
Күнге күндіз жаратты, ал Айға —түн.

Жер менен көк жаралды ма түзу болып,
Өр түрлі өтіп кеткен мақұлық толып.
Ал, сізді Байтул мағмур[131] орнатылды,
Кетейін онан бір аз кеңес құрып.

Жаһанда шаһар да жоқ, үй де жоқ-ты,
Бостан-бос бұл тұл дүние тұрған тіпті.
Қағбаның осы күнгі дәл орнына,
Бір үйді қызыл жақұт орнатыпты.

Құданың құдіретімен біткен екен,
Топан су көк жүзіне жеткен екен.
"Суға қарық болмасын!"- деп, періштелер,
Көтеріп көк жүзіне кеткен екен.

Періште жердің жүзін алып кетті,
Ғазәзіл оттан белбеу буып кетті.
Құдайға неше мың жыл құлдық қылып,
Мүлкіне сегіз жұмақ барып жетті.

Тамамы періштеге патша болды,
Сол күнде: "Ғазәзіл",- деп ат қойылды.
Жеті көк, жеті жерді жалғыз ұстап,
Биледі періштені оңды-солды.

Қойыпты патша Құдай қылып еркін,
Беріпті билігіне дүние мүлкін.
Ғаршының есігінде бір жазуды,
Жиылған көп періште көрді бір күн.

Қорықты періштелер: "Бұл не хал?!"- деп,
Жазыпты: "Көрген пендем, ұғып ал!"- деп.
"Үшбу жүрген мүлкімде бір құлыма

- Жазыпты қатты қаһар лағынат бар!"- деп.

Періште бәрі тегіс шошып кетті,
Патшасы Ғазәзілге келіп жетті.

- Ғаршыда бір нәрсені көрдік біздер,

Қорқыстық, дұға қылғыл, тақсыр!- депті.
Ғазәзіл сонда тұрып, дұға қылған:

- Сақта!- деп періштені, қорыққаннан.

Қылмады: "Өзін сақта!"- деп сол уақытта,
Әр істі жақсы-жаман Құдай қылған.

ОНЫНШЫ БАП

АДАМ АТАНЫҢ ЖАРАЛЫП, ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕНІ

Бір достым бар, жаратсам керек, соны,
Жер жүзінде болады мекен жөні.
Шығындар, періштелер, бұ дүниеден,
Жаратсам керек Адам қылып оны.

Жүрген жоқ: періштелер "Кетеміз!", - дер,

- Иа, Раббы, біз не жаздық,паруардігер [132]?!

Біздер тәсбих[133], таһлил[134]айтамыз ғой!
Жаралса адам ұғлы, күнә қылар!
Шығыңдар, періштелер, тілімді алып,
Ғажаппен болған тағат күйер жанып.

"Қала инси агламу уа ма ла тағламун!" [135] - деп
Шығарды бәрін тегіс Жаббар Халиқ[136].
Әуел баста болмағы нұрдан екен,
Нұр билеп соның бәрін тұрған екен.

- Кімнен сені жасайын?- дегенінде,

Нұр ықтияр топырақты қылған екен.

- Топырақтан жаратам Адам!- дейді,

Жебірейіл, бұйырамын саған!- дейді.
Бардағы Мағриб, Машрих ортасынан,
Бір уыс топырақ ап кел маған!- дейді.
Жебірейіл жарлықпенен келді жерге,

Бір уыс топырақ алып жөнелуге.

- He үшін, иа, Жебірейіл, келдіңіз?- деп,

Сонда Жер құдіретімен келді тілге.
Мен келдім сенен топырақ алмақ үшін,
Қарныңа уысымды салмақ үшін.
Құданың жарлығымен сатан келдім,

Бір уыс топырақ алып бармақ үшін.
Имансыз қыл көпірден жығылады,
Жаралған жер ортасы қыбыларды.
Бір уыс менен топырақ алып барып,

Құдайым ол топырақтан не қылады?
Құдайдың білмен сырын тамам,- дейді,
Жаратар топырақтан Адам!- дейді.
Көбейіп Адам ұғлы таралған соң,

Бұзықтық қылар олар жаман!- дейді.
Асаннан амал сайын жауған қар ма,
Не қылса Паруардігер шарам бар ма?!
Кәнеки, Жебірейіл, баян қылып,

Оларға обал, сауап нәрсе бар ма?

- Дүниеде Адам ұғлы жүрер ұзақ,

Сарт, ноғай, шүршіт, орыс, өзбек, қазақ.
Егер де күнәсынан тергеу алса,
Қарныңа салып сенің, қылар ғазап!
Жебірейіл, олай болса, алма менен,

Өзімнен жаралған соң, менің денем.
Тағы да салып маған ғазап қылса,
Болармын шыдай алмай мұнан төмен.
Ол менен жаралған соң, балам болар,

Тегіс жақсы болмаса жаман болар.
Өз қарынымда балама ғазап қылса,
Уа,Алла, минох[137]күнім қараң болар!
Жебірейіл рахымы көп, кетті қайтып,

Жіберді Мекайілді жарлық етіп.
Жер тағы осындай сөз айтқаннан соң,
О дағы ала алмады бойын тартып.
Онан соң жіберіпті Исрафилды,

Бәрінен темен жатқан жер пақырды!
Жердің айтқанын естіген соң,
Тоқтатып, ала алмады, о да ақылды.
Төртінші Ғазірейілге келді жарлық,

Кеңлігі жоқ, мінезі, бәрі - тарлық.
Жердің олай-бұлайын тыңдамастан,
Ғазірейіл салды аямай күшін барлық.
Ортасы Машриқ, Мағриб - осы тұсты,

Ғазірейіл рақымсыздану қолы күшті.
Бір уыс топырақ алған уақытында,
Қырық кары, жеті қат Жер төмен түсті.
Құданың құдіретіне барған алып,

Қай жұмыс бітпейтұғын мұнан қалып?!
Басында себеп болып алып келсең,
Ал!- дейді,- жанын тағы!- Жаббар Халиқ.
Жаралған Адам пенде қинамаққа,

Ойласын: "Келдім,- деп, сынамаққа."
"Бәрекелді, рақымың аз екен!"- деді,
Қойыпты Ғазірейілді жан алмаққа.
Топырақты суға иледі лай қылғалы,

От өртеп, жел естірді май қылғалы.
Әртүрлі топырақ қосты ащы-тұщы,
Біреуді - жоқ, біреуді бай қылғалы.
Топырақты құдіретімен екі бөлді,

Бірін отқа, біреуін нұрға берді.
Және де бәрін қосып, сурет қылып:
Жараттым абзал(азалы) қылып орнын!- дейді.
"Кунту күзаз махфиан" [138]- келді жауап,

Суретін тамам қылды қырық күн санап.
Жатқызды қырық жыл жерде дене қылып,
Пісірді дене қылып кұмға орап.
Жатқызды сахараның даласында,

Тайфаның Мекке менен арасында.
Бір күні Ғазірейіл келіп көрді,
Дарияның жатыр екен жағасында.
Жел есіп кеткен екен ішін тесіп,

Малғұн жүр күншілдік қып ерегесіп.
"Егер мұның билігін маған берсе,
Таза қоймай, алар едім басын кесіп".

- Іш қуысы, хайласы көпті,- дейді,

- Алдауға жылдам ерер епті,- дейді.

"Мені бұған қаратам!"- десе Құдай,
Уа, Алла, мойын сұнған!- депті дейді.
Әзәзіл жансыз барып сонда көрген,
Байқады құр денесін жатқан жерден.

- Алдауға жылдам түсер жан екен!- деп,

Адамның жетекшілін сонда білген.
Құдайым о і құдіреті қылған, әне,
Жасаған құдірет қолмен үш нәрсені.
Бірі - Таурат, бірі - Адам, бірі - Ғадін,

Екі жүз жыл кірместен тұрды жаны.
Кір, жан, саған дем алыс бердім ерік!
Ғақыл, көңіл, әлһам нұр көрік беріп.
Желкесінен екі жүз жыл айналып,

Сонда жан қиналумен кетті кіріп.

- Құданың қысымымен кірді,- дейді,

- Шығарсың қиналумен енді!- дейді.

- Бисмилла, иа, Раббы, жәрдем бер!- деп,

- Кірген жерден жан көзге келді дейді.

Көзіне жан кірген соң, өзін көрді,
Жаралған топырақтан жүзін көрді.
"Өзінің неден болған жөнін көріп,
Асылын танысын!"- деп ғақыл берді.

Көзден соң мұрынына жан беріпті,
Жыбырлап сонда мұрын түшкіріпті.
Аузына жан барған соң, хамд[139] айтып,
Дегенде: "Әлхамдулилла!"[140] - тіріліпті.

Ирхамгі Құдайынан жауап келген,
Имамдар мұны айтпақты сауап білген.
Аяқ, қол, кеуде, бөксе,- жеті мүше,
Аралап бір шыбын жан бәрін кезген.

Кәнеки, тұра келді: "Бисмилла!"- деп,
Үстінен қатқан балшық төгілді көп.
Қалыпты сол үстінде тырнақ (сүйек) болып,
Онан соң бұйырады: "Құдай не?!"- деп.

Құдайым Жебірейілге: "Барсын!"- депті,

- Ақыл, иман, ұятты салсын!- депті.

" Үштің бірі хатқа (жанға) жарар", - деген мақал,

- Адам тандап біреуін алсын!- депті.

Адам тандап бәрінен ақылды алған,
Ақыл тұрған жеріне иман барған.
Сол иманның соңынан ұят еріп,
Үшеуі бір араға орнатылған.

Басына - тәж, беліне қамар[141] қосты,
Түрлендірді киімін ішті-тысты.
"Адам көркі - шүберек",- деген мақал,
Астына пырақ[142] берді, кұстай ұшты.

Қуантып сонда көңілін сүйіндірді,
Тазадан өңшең асыл киіндірді.
Жұмаққа періштелер алып кірді,
Аттарын әр нәрсенің һәм білдірді.

- Басына - тәж, ғамама[143] ора!- дейді,

- Осылай іззет (ғызат), құрмет жоба!- дейді.

Қасындағы жиылған періштеден,
Аттарын әр нәрсенің сұра!- дейді.
Адамның асып бағы, кеткен үдеп,
Ғазәзіл жүр сол күндеп, көңілі жүдеп.

Сұрайды әр нәрсені басқа-басқа,
"Бұлардың, періштелер, аты не?"- деп.
Құдайым білдірмеген әуел баста,
Періште бірін білмей қалды босқа.

" Уа ғалламал адама ал асма-у"[144],
Құдая, білуші жоқ сенен басқа.
Сонда Адам қалың топты жарып айтты,
Аттарын әр нәрсенің - бәрін айтты.

Бәрінен жалғыз Адам ғалым болды,
Ал, енді періштелер үйге қайтты!
Өткізді шаттықпенен айт пен тойын,
Жақсының жүрген жері мәжіліс, ойын.

Халалым - ақыл, әне, ағылым тура келіп,
Бәрі де хақ әміріне қойды мойын.
Көрген соң періштелер қалды таңға,
Сайлады сонда Адамды бәрі ханға.

"Фасжуду лиадама"[145] - аят келіп,
Бұйырды: "Сәжде қыл,- деп, сонда - адамға!"
Сәждеге көп періште қойды басын,
Адамның Құдай артық қылған жасын.

Ғазәзіл мойын сұнбай, тұрып қалды,
Түсіріп хақ мойнына тауқы тасын.
Бастарын періштелер көтеріпті,
Ғазәзіл бір сұмдыққа килігіпті.

Қорыққаннан періштелер: "Сақтай гөр!"- деп,
Сәждеге және екінші илігіпті.
Ғазәзіл болды наумыз[146]сол бір кезде,
"Ібіліс" —деп, ат қойылды тағы да өзге.

Сәжденің бірі парыз, бірі уәжіп,
Екеу боп, сол себепті қалды бізге.
Басына тауқы лағынет жетті дейді,
Құдайым оған қаһар етті дейді.

Бір мінез тәкаппарлық қыламын деп,
Қуылып дәргаһынан[147] кетті дейді.
Ағузу биллах[148] кәрім[149] Рахман [150],
Қорқынышым көп, қыламын ахлу ағлам.[151]

"Рахман атқа түспен", - деп, қылып иағлан (әні һылан),
Ат қойды сонда өзіне: "Ібіліс шайтан".
Ағузу биллахы минаш шайтан[152],
Мұңымды хақтан басқа кімге айтам?!

Қалайша Хауа ананы жаратыпты,
Аз ғана мазмұнынан қалам тартам.
Көздінің, кеңес десе, аңырмаған,
Тәубеден жан барында жаңылмаған.

Адамнан Хауа ананы - алған екен,
Ішінен сол жақтағы қабырғадан.
Білмейді ауырып жанға батқанын да,
Көз ашып көрген екен баққанын да.

"Қалсын - деп,- білмей",- тәңірім жаратыпты,
Сол адам ұйқылы-ояу жатқанында.
Көзін ашса, қасында отыр біреу,
Жатқанда жалғыз еді, оянса - екеу.

- Сұрайық білер ме екен жұбайын!- деп,

Куәлік(ке) періштелер келген төртеу.
Құдайым көңіліне кұйып қойған,
Алланың жарлығына ұйып қойған.
Көңіліне жақындықтың мейірі түсіп,

Әуел оның бетінен сүйіп қойған.

- Отырған қасындағы бұл кім?- дейді,

- Мұнша жақсы көресің неге?- дейді,

Аты кім, не себептен қойған солай,
Жақындар бар ма бұған пиғылың?- дейді.

- Халалым қасымдағы серігімді,

Құдайым тауып берген жерігімді.
Тіріктен тірік қылып жаратқан соң,
Аты: "Хауа!",- солай деп ат берілді.

—Дәл ішімнен шыққандай көрем жақсы!

Бірімізге біріміз ұнамақшы.
Пәруардігер қойыпты жұпты қылып,
Бір Құдайдан басқадан тақты тапшы!
Түбінде топ(түп) ағаштың тойы болған,

Сымбатты екеуінің бойы болған.
Екеуі қосылған соң серік болып,
Бірінде - ғақыл, бірінде - ойы болған.

- Иа, Адам, жұбыңменен (жұптыңменен) тұр жұмақта,

Өзіңді жақсы күтіп, жақсы сақта!
Ішіп-же, көңілің сүйсе, ойна да күл,
Жалғыз-ақ жақын барма бидай жаққа!
Жебірейіл хұтпа оқыды, бар дүр аят,

Маһоры [153] - Мұхаммедке он салауат.
Хадис бар: "Кулли жәди ләзиз"[154]- деген,
Қылыпты ойын-күлкі ғишы фар ағат[155].
Жұмақта Адам, Хауа жүреді олар(алар),

Айтады мадақсына періштелер.
"Қалайша мұны азғырып шығарам?"- деп,
Далада жүріп шайтан назаланар.
Жұмақтың есіктерін аңдып тұрды,

Періште енем десе қақ басқа ұрды.
Бір Тауыс сейіл қылып шыққан екен,
Ібіліске сол арада душар болды.

- Құдайға қайтер едің жүрмес болсаң,

Мен – ғақылшы, біліп ал, білмес болсаң.
Келбетің келген екен армансыз-ақ,
Тіпті жақсы болар ең өлмес болсаң!

- Япыр-ay, немене еді өлім деген?

Жан кетсе, қаран сенің күнің !- деген.
Тауыс келіп жыланға ақылдасты,
Далада шайтан жүріп күлімдеген.
Жылан сонда жұмақта жүреді екен,

Жақсы менен жаманды көреді екен.
Төрт аяқты, шудалы сары атандай,
Өрге шығып, ой жерге кіреді екен.

- Өлім деген не нәрсе,Тәңірім,?!- деген,

- Білдірмеді бар Құдай бізге неден?

Соны білген - өлместі біле ме екен?
Біз сонан сұрайық! - деп, бұлар келген.

- Сен өзің бәрін білген өлемісің?

Қайтсек біздер өлмейміз,білемісің?

- Жұмақтың ішінде бар өлмеске амал

Көрсетейін, мені алып кіремісің?
Ендеше көрсет бізге, жұмаққа жүр,
Жасырып кіргізейін аузыма кір!
Тауыс, жылан шайтанмен ақылдасып,

Жұмаққа кіріп кетті үшеуі бір.
Бұларды тастап кетті алдап-сулап,
Адам жүр: дәулетке мас, аунап-қунап.
Жылады қастарына келіп шайтан,

Өтірік түкірікпен бетін сулап.

- Сен неге жылайсың?- деп, сұрады

Адам, Ай, дүние, өтпей тұрса, осы заман!
Жан кетсе, дене шіркін қалар босқа,
Өлместің лажын қып, келсе шамаң!
Есітіп Адам, Хауа күйініпті,

Ібіліс сонда ішінен сүйініпті.
Хауа ана жетіп келіп сұрайды-мыс:

- Пақырым, білемісің өлмес кепті?!

Мен айтсам да, екі жас, ұқпайсыңдар,
Әлі бір күн бүл күнді жоқтайсыңдар.
Бидайдың (бұғдайдың) ағашынан жалғыз татсаң,
Өлмейсің, ғұмырында шықпайсыңдар!

- Сұмдығын мына залым тұтқан екен,

Ақылы мұның бізден артқан екен!
Жақпаса,бір күн айдап жібергелі
"Жеме!"- деп, бізге сонан айтқан екен.
Барады Хауа ананың жегісі кеп,

Жоламай Адам ата отырды көп.
Екі үзіп, өзі жеді Хауа анамыз:

- Кәнеки, маған жұқты немене?- деп.

Жемеске өзін Хауа тия алмады,
Енді айтсам, мен пайданы, тіл алмады.
Көрген соң, Хауа ананы сондай жақсы,
Адам да оның сөзін қия алмады.

Екі үзіп сол бидайдан Хауа жеді,
Бір үзіп атамызға алып берді.
Аузына адам ата салған шақта,
Шошынып өне бойы дірілдеді.

Еркектен азғырылды қатын бұрын,
Бастан - тәж, маңдайдан бақ, алды нұрын.
Екеуі жап-жалаңаш болып қалды,
Басыпты қолдарымен абыройын.

- Бидайды неге аузына салды?!- дейді,

- Хауаның неге ішіне барды?!- дейді.

Сасқаннан Адам ата жұға алмады,
Түйін боп тамағында қалды!- дейді.
Ұялып Адам ата, ол Хауа ана,
Ағаштар жапырағын бермес және.

- Не үшін дәргаһыма ғасы болдың?!

- Солай деп айтқан екен Хақ тағала.

Адам айтты:

- Аузыма біреу салдым,

Қия алмай мен Хауаның тілін алдым.
"Қатынның тіліне ерген қатын!"- деген,
Хауа айтты:

- Жылан айтқан тілге нандым!

Жылан айтты:

- Мені алдап Ібіліс кетті,

Ібіліс айтты:

- Жұмаққа өзі елітті.

Тауыс тағы ілінді бір тісінен,
Бәріне бір құдайдан жарлық жетті:

- Жұмақтан әуелі,Адам, сен шық!- дейді,

- Тұруға енді мұнда жол жоқ!- дейді.

- Екеуіңе он қой, бір ат енші бердім,

Кешікпей енді мұнан тез шық"- дейді.

- Иа, Хауа, сен бидайды неге жұттың?

Басыңа пайда етем деп, залал еттің.
Қан көру, бала табу өз тілеуің,
Қалдың ғой ортасында көп бейнеттің!
Мирас, ғақыл, дінде, сен кем боларсың!

Екеуің бір еркекке тең боларсың.
Сауаптың ерге - мыңы, саған - бірі,
Өлгенше өзіңе-өзің мін боларсың!
Иа, жылан, аяғыңды алдым қайырып,

Жатарсың жер бауырлап, мойның қайырып.
Көрген жан басыңды езіп, әлек қылып,
Тастасын екі бөліп, жағынды айырып.
Иа, Тауыс, бүл кеңеске неге кірдің?

Ібіліске жылан менен елші жүрдің.
Дайым сенің тартқаның күйік болсын,
Кәнеки, сен не пайда мұнан көрдің?!
Иа, Ібіліс, сен Адамның алдың бағын,

Дамылсыз періштеге қуғызармын!
Әбден-ақ рахматымнан наумид [156] малтүн [157],
Көрмегіл мұнан былай жұмақ маңын!
Жіберді құдіретімен бәрін айдап,

Сәрондит[158] тауына Адам келді жайлап.
Бір тауға Жоууа (Жыдда) деген Хауа түсіп,
Айырылған бір-бірінен соры қайнап.
Жылан түсті Аспомен[159] деген жерге,

Солтүстікке түсіпті Тауыс бірге.
Құдайға ғасы болып қуылмақты
Тілеймін, иа, Раббым хақ, бізге берме!
Үш жүз жыл Адам ата жүрді жылап,

Көзінен аққан жасы - дария бұлақ.
Иа, Раббына замина анқисина
Зарланды қылып тәубе, медет сұрап.
Сол күнде қараңғыда жүрген еді,

Ашылды сегіз бейіш, жұмақ нұры.
Жазулы Мұхаммедтің атын көріп,

- Бұл кім?!- деп, сұрады Адам әрі-бері.

- Бүл менің достым еді сүйер жақын,

Өзі және сол сенің зүриятың.
Олай болса, күнаһым ғафу [160] айла,
Достың болған Мұхаммед сақтап хақын!
Күнаһиын Хақ тағала қабыл етті,

Қараңғы дүние жарық болып кетті.
Шүкірлік екі ракағат намаз оқып,
Сол памдат, [161]намаз бізге парыз етті.
Ал енді Құдайына шүкір қылды,

Қанша сөз түгел айтып болмас болды.
Табысып Ғарафатта [162] Хауа анаға
Сол жерде мақсат тауып, көңіл тынды..
Хауа ана сонда белі мұзға тиді,

Тізесі Адам ата сызға тиді.
Бір бұлақ ақ су ағып, дария түсіп,
Жаралды сол асылдан балық дейді.
Ит кіндіктен жаралған, мысық өттен,

Сол себептен адамға жақын еткен.
Адам ата, Хауа ана қосылған соң,
Ұл мен қыз егіз тауып, бала біткен.
Бір егіздің сыңарын біріне қосқан,

Бір сұлу қыз Қабылмен бір туысқан.
Соны барып һәбілге қосқаннан соң,
Қабыл тұрып, һәбілге болды дұшпан.
Ал, екеуі келіспей араз болып,

Бара жатыр кеңеске ішім толып.
Бір кеңес әлімсақтан айтсам керек,
Қиссасын һәбіл, Қабыл қоя тұрып.
Сайраңдап тау басына Адам шықты,

Сол жерде көп періште жиылыпты.
"Бұл қалай кеп болды,- деп, - маған түскен?"
Шошыған Адам ата қорқып тіпті.
Әуелде көрген тауды, тасты дейді.

Қорыққаннан өңі жаман қашты дейді.
Періште Жебірейіл хақтан келіп,
Жүрегін қолыменен басты дейді:

- Иа, Адам, туар сенен бала!- дейді,

- Көңіліңді Хақтан қылма ала,- дейді.

- Немене толып кеткен жиылған жұрт,

Бұрылып оң жағыңа қара!- дейді.
Сонда Адам көзді оңға салған екен,
Артына қарап, демді алған екен.
"Оң" дегеннің мәнісі: "бұрын" — деген,

Бұрын қарап, "он" сонан қалған екен.
Ақ нұры бар, ақ рухы бар, ақ туы бар,
Балқытқан қара тасты һәм буы бар,- Мұхаммед,
Мұстафаның нұры шықты:

Бұл кім дүр, жұрттан асқан, иа, біреу бар?!

- Ол сенің зұрнатың - Мұхаммед дүр!

Салауат айтса әркім, шын үмбет түр!

- Иа, Раббы, үшбу достың құрметінде

Өзімді, әулетімді жарылқай гөр!
Артынан тағы шықты көп нәбилер
Шаһриар [163], табиғинлар [164] һәм уалилар [165].
Рухы муминларының [166] ақ киімді,

Бәрі де оң жағында орнатылар.
Халиқин һуа Алладан келді хабар,
Жаннатты бұлар үшін қылды даяр.
Қуанып Адам ата күлді дейді:

- Құдая, жан қалғанға шүкірім бар!

Болғаймыз біз, ғариблар [167], сол жиында,
Құдайға, сондай қылса, іс қиын ба?!
Өзіміз кім екен біле алмаспыз,
Жалғанда жан өзіміз бір тиынға.

Арқасын бір сипады Құдірет Алла,
Не хүкім[168] көрсетеді Құдауанда?!

- Қара,- деп, енді солға!- хабар келді,

Қараса, бір түрлі жан, қалды таңға.
Киімі, өңі, түсі - бәрі қара,
Басшы екен бәріне де Қабыл және.
Жылайды соны көріп, Адам ата:

- Иа,Раббы, бізді сонан қылма сана!

Көрмеді еркін қарап, бұларды анық,
Жараттым үш буларға арнап тамұқ!
Хақында Мухаммедтің барша үмбеті,
Сақтай гөр тозағыңнан Жаббар халық!

Сол жерде тамам рух жыладылар,
Сол топта сізлер де бар, бізлер де бар.
Аласат бір бакім емес нәжіс,
Тәңіріңіз мен - сізлердің, ай, пенделер!

Шығыпты халақ[169] құлдардан үн:

- Сен біздің иа, Раббы, тәңіріміз - сен!

- Баршасын Қабыл ал оның қыласыз ба,

Жіберсем пайғамбарлар кітаптармен!
Шаһадат [170] біз тұтамыз — айтқан сөзің,
Қыламыз қыдыр Жаббар бәлі өзің.
"Алмасақ уахуал ахидул" [171],

Сол екен хақ мұсылман болған кезің.
Сол күнде хаққа бердің куәлікті,

- Ал, енді уағдаңды бұзба! - депті.

Сираттан қашан өтіп алғаныңша,
Жігіттер, көтергенің ауыр жүкті.
Адамнан қанша тұқым бала туды,
Бірі - пысық, біреуі шала туды.

Біреу —бай, біреу - жарлы, біреу - мұңды.
Жақсылық жамандықты ала туды.
Қабыл тұрып, білді өлтіріпті,
Қырық күн Адам отырып зар қылыпты.

Тиштен Шиш есімлі бала туып,
Құдайым жүзін нұрлы келтіріпті.
Баласын Адам сапа жиып алған,
Бәріңе дін үйретіп жолға салған.

Он кітап келген екен сонда өзіне,
Өзгесі кетіп, орыны Шишта қалған.

- Айтайын, бір насихат, балаларым,

Естісін өзлеріңнің балаларың.
Қиямет қайымғаша зүриятыма

- Бәріне бұл насихат болсын мәлім.

Бірі - бұлдыр дүниеге көңіл қойма,
Не болдым: құмар болған мені - ойла.
Жаннатта тұрғанымда ойлаймын деп,
Ақырда түсіп кеттім терең ойға.

Екінші - қатындардың алма тілін,
Мен алам деп тәрік қылдым жұмақ нұрын.
Үшінші - не іс қылсаң, ойла соңын,
Мен ойламай іс қылдым, көрдім, мұңын!

Төртінші - жөнін білмей, істі қылма!
Білмей,сірә, іс қылам деп, бұзып алма!
Бесінші - біреуменен ақылдас қыл,
Кеңессем маған мұндай бала бар ма?!

Кеңеспей іс қылам деп, көрдім бейнет.
Нығметтен кәне суға кеттім (сондай қалдым) нәубет.
Үшбу сөз —менен қалған бір өсиет,
Ұлыңның - ұлы, қызыңның қызына үйрет.

Сіздерге мұнан басқа нені айтайын,
"Әлиф" мен әуел баста "бині" айтайын.
Мухаммед үмбетінің торт орында:
Жері бар бізден асқан, соны айтайын.

Әуелі кінәм Меккеде кешілгені,
Әзелден артық болмас пішілгені.
Мухаммед үмбеттері күнә қылса,
Қай жерде тәубе қылса, шешілгені.

Екінші - хаққа жәрдем тонымды алды,
Мың ділда, жүз жылқылық құнымды алды.
Мухаммед үмбеттері ғасы болса,
Үстіне тәубе тонын жаба салды.

Үшінші – халалымнан [172] мені айырды,
Күшімді таудан қайтпас жел қайырды.
Мухаммед үмбетіне айырылмақ жоқ,
Қылса да қанша күнаһи,- деп жайылды.

Төртінші - жұмақта мен жүргенімде,
Шығарды бір күнәмен көргенімде.
Олар дүние жүзінде күнә қылса,
Бейішке кіргізеді өлгенінде.

ОН БІРІНШІ БАП

ЖИЫРМА СЕГІЗ ӘНБИЕНІҢ БАЯНЫ

Сол Адам ғұмыр(өмір) сүріп мыңға жетті,
Баласы Шишты орнына қойып кетті.
Беріпті елу кітап Шиш нәбиге,
Солайша бұл дүниеден олар да өтті.

Дүниеден Шиш өтіпті жеті жүзде,
Баласы Ануш(Әнес) кірген кеңес сөзге.
Ануш өтіп, баласы Қинан қалып,
Адам ұғлы көбейді сол бір кезде.

Қинан өліп, Михайл(Миһласил) артта қалды,
Михаилдың тағы орнын Иарид (Ирада) алды.
Иаридтан хат жазушы Ыдырыс туып,
Жұмаққа өнерімен тура (тірі) барды.

Ыдырыс екен әуелі киім тіккен,
Хат жазып, қалам,сия,қағаз біткен.
Жемеді он алты жыл, ұйықтамай,
Жұмаққа тірі барып, тура кеткен.

Өзіне беріліпті кітап отыз,
Дүниеде жыл есебі (хисабы) тұрған төрт жүз.
Артынан Нұх пайғамбар қуа шытып,
Елу жыл ғұмыр сүрген һәм тоғыз жүз.

Нұхтан қалды үш ұғлы: Иафас,һам,Сам,
Жарық дүние көрінер даулап жансам.
һуд нәби, Салых нәби - олар да өтті,
Бұл дүние баянсыз ғой, хабар алсам.

Ибраһим өтті және Халиалла,
Отқа атқан Намард [173]
Лағын [174] кәпір сонда
Жанар күні:

- Бірде ұстама!- деп,

Бұйырған отқа сүй деп Құдауанда[175].
Тіл білген жетпіс екі, өнері асып,
Қалыпты әр түрлі тіл сонан кәсіп.
Ысмағүл, Ысқақ туды, онан

- Жақып, Бірінен шыға келген біреуі асып.

Хазіреті Жақыптан туған Жүсіп(Иосиф),
Айтады кітаптарда "нәби" десіп.
Айуб нәби, Шұғайып, Мұса қалам,
Өңшең нәби айтайын желдей есіп.

Қолына ол Мұсаның Таурат берген,
Үмбетін Мұхаммедтің сонда білген.

- Осының үмбетінен мені қыл!- деп,

Жылады оқиғасын, көрген жерден.
Өтіпті жұбайымен һарон(Арын), Мұса,
Келіпті Иошых (Иұшығы), Ілияс оған қоса.
Қолында Забуры бар Дәуіт нәби,

Айтайын қайсы бірін ,- бәрі қисса.
Үмбетін Мұхаммедтің о да білді,
Кітаптан Забур атты оқып көрді.
Шаһар салып, Сүлеймен дүниені алған,

Дәуітке сондай абзал бала берді.
Жел мен күс, қаратыпты: пері, жынды,
Сонда да Мұхаммедті арз [176] қылды.
Болғанда Хызыр нәби, Жаннан - ғалым,

Тағы да хакім Лұқман шыға келді.
Аят бар: "Уа ма дүния гайруһа[177] пан",
Жігіттер, жалғаны жоқ сөзіме нан.
Басына патшалықтан мүйіз біткен,

Нәбиін алып кетті Ескендір хан.
Ғұзайыр, Жерхыс өтті және Рүмия,
Даниял нәби,3ікірия һәм Иахия.
Ғайсаға "Інжіл" атты кітап келіп,

О дағы өтпеді ме жұртын жия?!
Сөзімді естігендер шын дейтұғын,
"Құдайдан басқада көп мін",- дейтұғын.
Бағзылар есеп (хисап) қылып санағанда,

Екі жүз жиырма төрт мың жыл дейтұғын.
Сөйтсе де хисап қылу жарамайды,
Үшеу деп санамаңыз Күн мен Айды.
"Айтқан бар, айтпаған бар,- Құран шын!- деп,

Хисабын шын ғалымдар санамайды.

ОН ЕКІНШІ БАП

МҰХАММЕД ҒАЛАЙССАЛАМНЫҢ ТУҒАНЫ

Өтіпті нәби Мурсал [178[ хисабы жоқ,
Өніпті сол Ысхақтан зүрияты көп.
Ысмағұл тұқымынан хақ Мухаммед,
Шығыпты жалғыз өзі бір кісі боп.

Нұр келді нәбиі туған тұқымына,
Мәканынан[179] шытып, түсіп мәканына.
Күллиат[180] Құрайышқа шейін келіп,
Құйылды Ғабдол менен Шұқырына.

Батырдан Ғабдолманап — туды һашым (Әшім),
һашымда тасыпты нұр онан басым.
Енді Ғабдолманап сау қалсын ба,
Құдай артық жаратқан айналасын.

Тоғыз ұлдың кенжесі Ғабдолла атты(атлы),
Жүз түйе қылды құрбан салтанатлы.
Әмина халал жұпты буаз болып,
Мәдина, Мекке шаһары нұрға батты.

Атасы тумасынан бұрын білді,
Әмина сол құданың нұрын көрді.
Оң жұлдыз, ізгі сағат, сәтті күні,
Мухаммед, айналайын, сонда туды.

Анадан тұтан шақта сәжде қылды,

- Құдая, үмбетімді берші!- деді.

Кағба келіп бас қойды аяғына,
Шіркеу неше бұт-бұрқан жығылды енді.
Қағбаның төрт бұрышынан дауыс шықты:
Бір нәби, Ғаламға нұр келді!- депті.

"һымша һідһім мыбшыр һәм үндызир"

- Бұл аят сонда дәлел ендіріпті.

Тұрыпты бұтхана боп Қағба мың жыл,
Қырылып лак болған Асхап пен піл.
Меккеден — ай, күн туып Мәдинадан,
Сондай не ғып жұлдызы болған оң жыл!

Рабиғала әуел айында он екі күн,
Күндіз де толғатыпты, туыпты түн.
Қуанған аталары, аналары:
"Иа,Раббы, бүл не деген сағадат күн?!"

Туған соң дүниені жарық қаптап,
Болды енді шайтандарды оқпен атпақ.
Шайтандар енді көкке шықпас болды,
Жерге илеп періштелер кетті таптап.

Мұхаммед, айналайын, жанға сая,
Жараттың қандай күні, бар Құдая?
Емізбей емшек сүтін, сақтайын!- деп,
Іздейді емізуші(асыраушы) оған дая.

Бір қатын Халима атты сақтап күткен,
Құдайым оның сүтін халал еткен.
Көрмеді ешкім оның былғанышын,
Құдайым әуел бастан тап-таза еткен.

Екі жыл төрт айдан соң атасы өлді,
Жеткенде жасы алтыға анасы өлді.
Сегіз жасқа жеткенде, тақсыр нәби,
Әкесінің әкесі тағы да өлді.

Атасы Әбутәліп асырап күтті,
Әр түрлі өнерлерден үміт етті.
Сүйікті һәм көрікті, жомарт, ғаділ,
Бұзықлық онда болмас зәра тіпті.

Сөйлесе, қаламы бар шекер, балдай,
Жүзі бар сондай сұлу шырын жандай.
Сипаты бүл жалғанда - Жүсіп нәби,
Көрген жан тұра алмайды ғақыл танбай.

Мінезі қызыл жібек, бек мүләйім,
Мархамат кәріптерге (ғарыпларға) іші дайым.
Ата-ана һәм бабасы өлгеннен соң,
Жетімдік сол күндерде болды уайым.

Он екі жасқа жетті Мұхаммедім,
Болғанда - өзі нашар, өзі жетім.
"Беруге бұған қалың малым жоқ!"- деп,
Ойланды Әбутәліп шын ниетін.

Нәсілі - Құрайыштан, сондай таза,
Жалғанда малсыз болсаң, жоқ-ты маза.
Жер тамақ, киер киім болмаған соң,
Болады үйде отырып жігіт наза.

Хадиша-бай һабылдың жалғыз қызы,
Түсінде Мұхаммедті көрген өзі.
"Мухаммед туса, соған тиемін!"- деп,
Ізденіп сол Меккеге келген кезі.

Хадиша сұлу екен көңіл ашар,
Мухаммед болады оған қашан душар?!
Жиылған кызметіне тамақ үшін,
Мекке мен Мәдинада кәріп-қасер.

Жалдайды оз алдына піркәншікті,
Мың бес жүз қара нарға қояр жүкті.
"Інімді қызметіне жалдайын!"- деп,
Бір күні Әбутәліп ниет қыпты.

Хадиша келген жерден жақсы күтті,
Асылды таныған соң құрмет етті.
Болаттан ағып түскен құрышым-ай,
Не жұмыс келгеніңіз, айтшы?- депті.

- Адамды ойламаймын алдайын деп,

Ойлаушы ем ер міндетін алмайын деп.
Бір нашар жетім болған бар еді інім,
Келіп ем соны сізге жалдайын деп.
Нәсілің сенің таза ақ болады,

Жан шықса, екі көзің жұмылады.
Ініңді өзі жетім, өксітесің,
Ол ақың өйтіп алған не болады?
Ақысын жейін деп мен ойыма алман,

Қайтейін, мұндай күнді Құдай салған.
Өзіне қалың беріп қояр едім,
Бір тиын болса пұлы ақыға алған.

- Жаратқан тегіңді,артық, һайбатынды,

Танимын көрмесем де мен затыңды.
Кісіге жалдап өмірін өксіткенше,
Мен тауып берейін бір бай қатынды.

- Хадиша, айтқан сөзің солай ма ай?

Жауап бер сен, мені өзің сықақ қылмай.
Бай қатын дәулетіне мас болған соң,
Ініме өзі жетім жолай ма, ойбай?!
Әбутәліп сөзі қатты, білді қатын,

Бермеді ол Хадиша шын ақылын.

- Ініңнің айы болсын алты теңге,

Өзгеден екі есе артық бердім ақын.

- Ініме қалайша ақы артық бердің?!

Сен күшін жас баланың қайдан білдің?
Отқа, суға жұмсама, тегі жас,
Тағы да жұмысын айт, не бұйырдың?

- Жұмсаймын отын-суға оны не деп?

Кетпесін жастау бала өңі жүдеп.
Ертең мен жіберемін Шам, Румға,
Барсын да керуенмен түйеші боп.
Сөйлесіп Әбутәліп задатка алды,

Үйіне уайым қып ренжіп барды.
Кеткен соң жалдап өзі ылажсыздан,
Көзінен ақырындап жас шығарды.
Мақал бар: "Жетпес деген жоққа жүйрік"

Бір дәмін айдайды той Құдай бұйырып.
Апасы отыр екен Ғатқа атты,
Үйінде пайда үшін ұршық үйіріп.
Құдай-ау, асыл қылдың затымызды,

"Құрайыш - кінәна"- деп атымызды.
Жалданды жалғыз інім жалшылыққа,
Бересің қашан біздің датымызды?!
Деп жылап қыз бейшара төкті жасын,

Нe болам ата-анам жоқ, сорлы басым.
Көпірге жалшы болды-ау, әттең, дүние-ай!
Құдайым қор қылмасын ердің басын.
Мухаммед қайғырады өз күйіне,

Аяндап Хадишаның келді үйіне.
Ренжітпей Мухаммедті ұстаңыз!- деп,
Тапсырды керуенбасы бір биіне.
Жүк қойды өңшең таза қара нарға:

- Жекіріп Мухаммедке ашуланба.

Қайтқанда сүйіншіге мұны жібер,
Солай!- деп, тапсырады барша жанға.
Әбубәкір, Әбужаһил басшысы бар,
Шаһардан керуендер жөнелділер.

Мухаммед түйеші боп жөнелгенде,
Болғандай ақыр заман күйінділер.

- Қарайды жұрттың ата-аналары,

Баласын шығарып сап кайтар бәрі.
Менің жоқ атам, анам қарап қалар!-
Деп сонда қатты болған қайғы-зары.
Жалшылық шын болды ма, киген киім?

Балалар үйінде жүр менің теңім.
Қарайды өзге жұрттың ата-анасы,
Артымнан қарап қалар менің кімім?!
Жетімлік, көрдім сенен ынтызарлық,

Киім менен тамақтан көрдім тарлық.
Жетектеп жаяу түйе жөнелгенде,
Шықты ғой менің зықым сонда барлық.
Атамның атасы шықты бірге,

Ата-анам қалды шықпай жатып көрде!-
Зарлығын Мухаммедтің естігенде,
Жылапты жан-жануар көк пен жерде.
Төгіпті көп періште көзден жасын:

"Шынымен құл болды ма ғазиз басың?"
Ғаламның он сегіз мың бәрі күйініп,
Аспанның, қан толыпты, айналасын.
Дүние ай, сондай сенің күнің бар-ды,

Әрқашан кәріптерге (ғаріплерге) Құдай жар-ды.
Басына бір ақ бұлт сая болып,
Жебірейіл өзін түзу жолға салды.
Көп керуен Шамға қарай жүріп кетті,

Үйіне бір рахибының [181]келіп жетті.
Алыстан ақ бұлтты көзі көріп,
"Бар ғой,- деп, мұнда әулие!"- үміт етті.
Керуенді сол үмітпен қонақ қылды,

- Қоста қалған бар ма?- деп сұрап білді.

Түйеші келе алмайтын бір жетім бар,
Жан жоқ,- деп,- онан басқа!- жауап берді.
Ендеше о да келсін, шақыр! - дейді,
Таусылмас асым толып жатыр,- дейді.

Ішінде осы топтың болмады ма?
Пайғамбар ол заманы ақыр!- дейді.
Жетелеп алып келді өзі барып,
Ақ бұлт басында жүр шыр айналып.

Жұрттан бөлек бір өзін құрмет қылды,
"Менің күтер кісім!"- деп, бек шаттанып.
Жоғары оз төріне алып шықты,
Алдына неше түрлі қызмет қыпты:

- Егер де сіздер барсаң, Шам шаһарға,

Осыны жүһүдтерден жасыр!- депті.

- Мақсатым осы еді, көрдім, Құдай!

Көрмеңіз сіздер мұны ондай-мұндай.
Хақына Мұхаммедтің керуендерді,
Жіберді бір сыйлап рахиб солай.
Шам шаһар ортасына барып кірді,

Саудасын енді керуен қыла берді.
Базарын жүһүдтердің тамаша етіп,
Мұхаммед тақсыр барып қарап көрді.
Мухаммед ол шаһарға кірген екен,

Бұт борқандар бұзылып қалды тектен.
Теміршінің темірі балқып кетіп,
Бір сұмдықтың басын сонда білген екен.
Патшасы осы кепті есітіпті,

Өзінің ғалымдарын жинатыпты.
Ғалымлар естіген соң, кітап ашып,
Таурат, Інжіл барлығын ақтарыпты.

- Меккеден келген болса керуен тәмам,

Нәсілі ол "Құрайыш кінә надан".
Бәни Хашим [182]тұқымы, ол - Мухаммед,
Бар шығар пайғамбары ақыр заман.
Қарасып коп жүһүдлар іздеп барды,

Қайтпақшы болды Мекке керуендері.

- Бір түйеші жетім бар бізде келген,-

Айтыпты Әбужаһил дін дұшпаны.
Керуендер өстіп елге аяңдаған,
Жұһудтер іздесе де, таба алмаған.
Әбубәкір сол уақытта қапқа салып,

Тезек терген кісі боп аяңдаған.
Іздеп жүрген жүһұдтер оны көрген:

- Арқалаған арқанда бұл не?- деген.

- Мұхаммед қабымдағы, тезек емес,-

Кәпірлер қалжың соз деп жүре берген.
Кеткен соң Мұхаммедті түсіріпті,

- Мухаммед деп айтқаның - ол не?!- депті.

- Жалған сөйлеп, кәпірден қорыққанымнан,

Құдайға болайын ба дұшпан?!- депті.

- Бәрекелді, Садығым[183], шыншылыңа,

Иә, Құдай, салшы мені шын жолыңа!
Егер де ұжмақ маған несіп болса,
Алайын әуел сені оң қолыма.
Мұсылман болған әуел Әбубәкір,

Ал енді Мәдинаға келе жатыр.
Бір түйе жүк көтермес шабан екен,
Болғанда өзі - қотыр, жүні тақыр.
Шаһарға Мухаммедті жүргізіпті,

Әлгі қотыр түйені мінгізіпті.
Арық түйе сол жерде семіз болып,
Тамашасын көп жұртқа білгізіпті.
Қарап тұр, ей, халайық, тамашаны,

Алдырдым тоғызымда томашаны.
Бұрын жалғыз жүрмеген жас бала ғой,
Түн қатып келе жатса, адасады.
Жол білмей түн ішінде көп сандалды,

Жас бала назаланып, күйіп жанды.

- Не ғып жүрген жансыз?- деп, жолсыз жерде,

Алдынан біреу келіп ұстай алды.
Түйесін ыңғайланды шөгергелі,
Ойланды қашып жаяу жөнелгелі.
Періште Жебірейіл жеткен екен,

Сол салып түзу жолға жібергелі.
Түйесін алып келіп жолға салды,
Жер екен он күншілік бір түн барды.
Шаһардың қақпасына жеткен жерде,

- Иа, һу! - деп, тақсыр сонда демін алды.

Түйесі мінген шақта қотыр екен,
Семірді исмағыты(мағызы) оқыр екен.
"Мұхаммед сүйіншіге келе ме?"- деп,
Хадиша сыртқа шығып отыр екен.

Мухаммед жетіп келді, көрді көзі,
Балқиды қуанғаннан айдай жүзі.
Сүйіншіге бір түйе жүкті беріп,
Сол екен Хадишаның сүйген кезі.

Бір түйе алтын алып үйге барды,
Аз күнде соңғы керуен келіп қалды.
Ақысын Мухаммедтің алайын деп,
Тұрды да Әбутәліп ойына алды.

- Хадиша, ақысын бер Мұхаммедтің,

Інімді көп ұялтып сен жүдеттің.
Мақтанба - малым бар!"- деп, бізге олайша,
Сен мұнша таситын кімнен өттің?!

- Жоқшылық жарты ақылдан айырады,

Сіздердің бетіңді кім қайырады?!
Алғанмен алты теңге не болады,
Қай қатын ол ақыңа табылады?
Ағаке, шын хақиқат сөзіме нан,

Жаныма залал қылып айтпан жалған.
І иейін Мұхаммедке менің өзім,
Табылар іздер болса дүние жалған.
Өзінің ойлап жүрген ісін айтты,

Оң жақта жатып көрген түсін айтты.
"Сен соған халал жұпты боласың!"- деп,
Өзінің жорып қойған түсін айтты.
Қуанып Әбутәліп үйге қайтты,

Сырының ішіндегі бәрін айтты.
"Киінер киім жоқ - деп - күйеу болсам!"
Ол тақсыр қапаланып енді қатты.
Есітіп Әбубәкір сонда келді,

- Менде бар саған киер киім!- деді.

Киініп екі жігіт кешке таман,

- Баралық Хадишаға жетіп,- деді.

- Хадиша әкелсін деп айтқан бізге,

Бір несіп бергелі тұр Құдай сізге.
Өзі ашық(ғашық) сипатыңа болып тұр
Тиеді саған өзі келмей сөзге.
Жақсының асар бақыты күннен күнге,

Салады қалтасына алты теңге.
Киініп Әбубәкір үйлерінен
Екеуі жетіп барған қарсы түнге.
Хадиша үйден шытып амандасты,

Құдай түр оңға бастап екі жасты.
Сол келген Мұхаммедтің құрметіне
Шығарып алтын, гауһар шашу шашты.
Тастады үй ішіне кілем жайып,

Мұхаммед жалғыз түнде қалды байып.
Ал шымылдық, алаша, құрып төсек,
Ізеті (Ғизаты) бір-біріне болды лайық.
Оқыды Әбубәкір хұтпа ғақа [184],

Қуанып дастарханға шашты жақұт.
Жігітке Құдай берсе қиын ба екен,
Құралды болып бақыт, алтын тахыт.
Тағам жеп Әбубәкір шығып кетті,

Мухаммед жалғыз қалып өзін елітті.
"Мехнаттың [185] түбі - рақат"деген сөз бар,
Мұратқа екі ғашық сонда жетті.
Бар мақсат мұратымды етсең (айлаң) хасыл,

Сонымен тұра тұрсын бұл бір пасыл.
Алху [186] һамма [187]жанды қуантқызып,
Ғашығын мақсатына қылғыл уасыл.
Бай болды Хадишаны алғаннан соң,

Терілер несіп шағы болғаннан соң.
Алладан келер уахи [188] шағы болды,
Жастары қырыққа жетіп қалғаннан соң.
Хадишадан туыпты жеті бала,

Бесеуі - қыз, екеуі - еркек бала.
Фатима, әм Гүлсім, Зейнеп, Рақия,
Қасым, Таһыр, Махбүбі - гауһар дана.
Бірін - Ғалы, екеуін Ғұсман алды,

Екеуі және (жаңа) орынды жерге барды.
Екі бала жасында өліп қалып,
Жалғыз-ақ Фатимадан нәсіл қалды.

ОН ҮШІНШІ БАП

РАСУЛІМІЗГЕ ПАЙҒАМБАРЛЫҚ КЕЛГЕНІ

Жаралған Мұхаммедтің нұрдан жисімі [189],
Оқығыл жаратушы хақтың есімі.
"Иа аиухал мудасир"[190] сүресімен,
Аят дүр әуел келген: "Икра бисми"[191].

Хадиша білген екен дана қатын,
Білмейді: не деп айтқан ол аятын.

- Несін оқиын, білмеймін,- дегенінде:

Айтыпты жаратушы хақтың атын.
Онан соң бірте-бірте келе берген,
Әйтеуір үйреткен соң, біле берген.
Әуелі дінге кірген - Әбубәкір

Әйелден Хадиша еді бұрын кірген.
Сонан соң Ғалы, Ғүсман,Ғүмар кірген,
Енді дін бұлармен көтерілген.
"Уалзың мағаға" аятында

Басқадан ол Садықты абзал білген.

ОН ТӨРТІНШІ БАП

ХАДИШАДАН СОҢ ҒАЙШАНЫ АЛҒАНЫ

Жеткенде қырық жасына Құран келді,
Екенін хақ пайғамбар ғалам білді.
Жас бала жеті жасар ойнап жүрген,
Жүгіріп бір күн Ғайша жетіп келді.

Пайғамбар сол уақытта жыл қырық үшті,
Балаға ойнап жүрген көзі түсті.

- Атаңа айт, бүл алмасын маған берсін,

Алмасын жеуге менің көңілім түсті.
Жүгіріп атасына бала келді,
Сәлемін хақ Расулдің ала келді.

- Ей, ата, жегісі кеп отыр екен,

Пайғамбар сұрар сізден алма! - деді.

- Көңілін қайтарам ба, "Түсті" - десе,

Кім есер болады ол : "өсті" десе.
Ойлаймын: "Пісер кезі болған жоқ", - деп –
Жей қойсын, егер алма пісті!- десе.

- Бойыңа күнде бір жіп жапсыр,- дейді, -

Өзіңді бір Құдайға тапсыр,- дейді.

- Атам айтты: "Алманы қимаймын ба,

Пісті десе, жей қойсын, тақсыр!" дейді.
Пайғамбар мұны естіп көңілі тынды,
Жеті жаста Ғайшаға никам (неке) қылды.
Тоғыз жаста шариғат ісін қылып,

Жиырма жыл екеуі бірге тұрды.
Он жеті жерде өзі ұрыс қылды,
Көпірді қойдай қырды Хайбар сынды.
Зұлпықар, Қамқам, Самсам және Дүлдүл,

Ғалыға бұл төрт нәрсе хақтан келді.
Ғұмардың және ер жеткен қызын алды,
Исшынхын (сыйлығын) сол екеуі бөліп (болып) қалды,
Асыда (ашыда) аят бар: "Ғали акбар"[192].

Қолдады батыр Ғұмар пайғамбарды.
Ғұсманға екі бірдей берген қызын,
Өзі - нұр, уа Алла нұрайын - көрсең жүзін.
Рухама расма биһум мадағы бар,

Жігіттер, жалған деме Құран сөзін.
Ақыры шаһариарының - батыр Ғалы,
Алыпты халалдыққа Фатиманы.
"Тара кәм ракаға сужуда"[193]- деп,

Иад[194] қылған Құран ішінде тәңірім,әні,
Мәлікәждар, Әбулһажин, Садуақас,
Мұхтасам, Үмүдкараб, Миғтып, Ениас,
"Ибғшон фанхасламен Аллаң - аятында

Құданың құлдары дүр ол хас Әнхас.
Хасен бірлан Хұсайын,- шаһзадалар,
Бір Ғалының өзінде он жеті ұл бар.
Пайғамбардың - Ибраһим жалғыз ұғлы

Жанларын үмбет үшін құрбан қылар.

ОН БЕС - ОН АЛТЫНШЫ БАПТАР

"МИҒРАЖ" ДАСТАНЫ

Әуелі бисмиллада сөзім басы,
Тыйылмас булықса да көздің жасы.
Миғражын[195] ән хазіретінің тамаша қып,
Сөйлеген ақын Мәшһүр хикаясы.

Құдайым жарылқай ма көптен, аздан?!
Ойым бар келсе күшім, Кағба қажыдан.
Жарандар, құлақ салып тыңдасаңыз,
Азырақ сөз қоз тайын Миғраждан.

Жасына кейін қалған қайта бардым,
Келгенде осы араға демімді алдым.
Қылма айып: - Үзіп, созып сөйледі!- деп,
Кеңестің екпінімен кетіп қалдым.

Расулат, үнбуат қырық та келді,
Өтіпті бұл ортада бір жыл енді.
Қайғырып сырын айтар жан табылмай,
Күндерде тұрып бір күн бүгілді енді.

Ош болып Әбужаһил оқпен атты,
Көпірлер ренжітіпті Мұхаммедті.
"Мұңымды кімге айтамын іштегі?"- деп,
Қасына кадим диуар [196] барып жатты.

Айтамын мен мұңымды бүл кімге енді,
Таппадым тура кісі халал дінді.
Таянып құптан уақыты жеткен шақта,
Періште Жебірейіл хақтан келді:

- Иа, Мухаммед, Құдайың айтты сәлем!

Жіберді хилло[197] мен тәж, пырақ саған.
Өзіменен сырласып, мұңдассын!- деп,

- Сол достың: "Болсын,- дейді, қонақ маған!"

Кеудем жарып, жүрегім суырып алды,
Бір алтын легенге оны малды.
Легеннің іші толған ғылым - хикмат,
Тазалап орны-орнына кайта салды.

Алдыма менің келіп пырақ түсті,

- Мінем!- дедім, шегініп, бойын қысты.

Жебірейіл: Жай тұр!- деді, тұрды, міндім,
Жөнелді алып мені, құстай ұшты.
Сол жерге көзі түскен басар аяқ,
Оңымнан дауыс шықты жақын таяп.

Солымнан бір шыңғырған дауыс шықты,
Қайырылмай өтіп кеттім қарамай-ақ,
Алдымнан жетіп келді бір келіншек:

- Жібермес едік,- дейді,- сені білсек.

- Шаршайсың, бұл жолменен жүрме!- дейді,

Болмадым, тілін алмай, мен еріншек.
Тыңдамай сөзін оның жүре бердім,
Алдымда —Жебірейіл ,соған ердім.
Бісмилланың мимінде кеш пе, ерте ме?!

Алдына мешіт Ақса жетіп келдім.
Пырақты байлай салып, үйге кірдім,
Ішіне Кудус Шаріп[198] сәлем бердім.

- Әлгі келе жатқанда дауыстаған,

Оңымнан, һәм солымнан ол кім?- дедім.

- Дауысқа оңнан келген қайрылмадың,

Үмбеттен,бәрекелді, айрылмадың!
Қарасаң үмбет жұһүд болар еді,
Қайырылып көңілін оның жай қылмадың.
Солдан келген дауысты қылайын кеп,

Қолдады осы жолда Құдайың көп.
Егерде мойын бұрсаң ол дауысқа,
Қалады тамам үмбет насара [199] боп.

- Алдымнан келген қатын, ол кім?- дейді,

- Ол - дүние, бәрекелді, білдің!- дейді.

- Сөзіне алданбадың, ұйымадың,

Құп жақсы, бәрекелді, қылдың! - дейді.
Әкелді екі кесе маған шарап,
Шараптың біреуі - сүт, біреуі – арақ [ғарақ].
Сүтті іштім сол арада арақты алмай,

Түсіне екеуінің қарап-қарап.

- Сүтті іштің,бәрекелді, тәуір танып,

Тозаққа күймес енді үмбет жанып.
Арақты ішсең, ғасы боп, махшар[200] күнде
Үмбетің жүрер еді назаланып.
Құддыста жан-жануар бәрі келді,

Әнбия Мұрсаллардың жаны келді.
Бүл не түн, қыдыр түн бе, бір айт па,
Саруары[201] екі дүние ханы келді.
Алдынан пайғамбардың шықты бәрі,

Бұрынғы өңшең өткен мұрсал нәби.
Сол жерде екі рақағат намаз оқып,
Бәрінің тақсыр Расул болды имамы.
Алдынан сәлем берген ислам мен дін,

Жеті көк ұжмақ, тамұқ һәфт зәмин [202]
Харамнан ол Ақсаға барған жерін
Нанбасаң көрсетейін аятпенен...
Осындай мазмұнына аят түсті,

Шабамын қандай дәлел мұнан күшті?!
Періште туамыт моқарап туамыт, жағында;
Бұл ретпен пайғамбарды алып ұшты.
Һәм Ақсадан жоғары алып кетті,

Соған шейін ол пырақ қызмет етті.
"Миғраж"- деген жарық нұр пайда болып,
Сонымен Мұхаммедті аспанға елітті.
Жебірейіл айғайлады:

- Аш — деп, есік!

Сенімен кім келді?- деп - серіктесіп.

- Мұхаммед келді,- дейді,- бізбен бірге!

Сол жерде сәлем берді, ашылды есік:

- Мархафа, иа Мұстафа, хақ Мухаммед,

Болайық жазса Құдай,біздер де үмбет!
Ашылды әуелгі көк - аспан төрі,
Тұр екен Адам ата тұтып құрмет.
Сол жерде мен Адамға сәлем бердім,

Кісі екен ұзын бойлы, сонда көрдім.

- Қош келдің, бәрекелді, ай, балам!- дейді,

Тоқталмай өтіп онан жүре бердім.
Мен міндім Мекаиілдің енді үстіне,
Мінгеннен соң Мекаиіл жүрмесін бе?!
Екінші көкке жеттік, ашылды есік,

Періште онда тұрған бір кішкене.
Басын көрдім, аяғын көре алмадым,
Мекаиіл қалды сонда, жүре алмадым.
Үстіне Исрафилдің мінгенімде,

Қанеки, енді тоқтап тура алмадым.
Үшінші көкте Жақия мен Ғайса тұрған,
Мен сәлем берген шақта мойнын бұрған.

- Қош келдің, жаннан асқан жомартым-ай,

Жүруге енді Исрафил ыңғайланған.
Төртінші жетіп қалдық біздер көкке,
Тұр екен Жүсіп нәби сонда текке.
Ол жерде Ғазірейілге мініп алып,

Тағы да бет қойдық біз жөнелмекке.
Бесінші көкке және жетіп қалдық,
Түр екен Ыдырыс сонда: хабар алдық.
Бесіншіде жолықтық біз һарұнға

Алтыншы көкте Мұсаға жаңа бардық.
Жылады, көріп бізді Мұса нәби:

- Көрмей ме сендей болып тусам, кәне-ей?"

Соң қылып бәрімізден шығарса да,
Оң қылып, абзал қылды Құдай сені!
Мұхаммед, үмбетің көп, уайымың жоқ"
Мен айттым:- Деме, тақсыр, бұлайша!- деп.

Үстіне Жебірейілдің мінгенімде,
Ашылды айқын болып жетінші көк.
Есік ашты, мен барып тура кірдім,
Нәби бар:Ибраһимге сәлем бердім.

- Қош келдің, бақытың ассын, балам!- деді,

Сиратул-Мунтаһаға[203] жетіп келдім.
Жемісі, жапырағы бәрі де зор,
Төрт өзен сонан аққан бір сатым нұр.
Екеуі сарқырайды қайнап ағып,

Екеуі қалай аққан білінбей тұр.
Сарқырап екі бұлақ ағады, біл,
Болғанда бірі - Пірат, біреуі - Ніл.
Екеуі ол ұжмаққа барып құяр,

Болғанда бірі - Жайхун, біреуі - Жер.
Палақ дая болғанда, періште - күл,
Бәрі де қызметінде қусырған қол.
Сыдираға[204] барғанда келді төсек,

Өзі алтын, түсі қызыл, сипаты бұл.
Көтерген ол төсекті және кейін,
Бас та жоқ, аяқ та жоқ, жалғыз иін.
Болғанда түсі - жасыл, сипаты - асыл,

Асылын Хақ біледі, мен не дейін?!
Жебірейіл енді кейін қала берді,
Жүре алмасын мұнан әрі енді білді.
"Шын жаяу қалдым ба?"- деп, сасқанында,

Бір иін тосып, иініне ала берді.
Иінге қуанғаннан сонда міндім,
Алдымда Жебірейіл бар соған ердім.
Алты жүз канаты бар, бәрісі - зор,

Өзінің сипатын да жаңа көрдім.
Жебірейіл:

- Бізден бөлек қалма!- дейді,

- Ей,тақсыр, бізді ауызға алма!- дейді.

Қанатым күйер мұнан артық ұшсам,
Бар,тақсыр, талабыңнан қалма!- дейді.
"Мен еліттім Мұхаммедті"- деген екен,
Құдайым сол ниетін білген екен.

Сол түнде тақсыр Расул пайғамбарым,
Үстіне бес нәрсенің мінген екен.
Бірі - пырақ, біреуі - Миғраж нұры,
Біреуі - төрт періште:дүние гүлі.

Бірі - төсек, біреуі - жасыл иін,
Қонаққа осылайша барған жері.
Тамаша көп көргені жолда қалды,
Жүре алмай Жебірейіл сонда қалды.

Ғаршы - күрсі лауһидан лезде өтіп,
Құданың дәргаһына жақын барды.
Әр жерде бас та қалды, аяқ қалды,
Әр жерде кебіс қалды, таяқ қалды.

Пердеден жетпіс қабат тегіс өтіп,
Құданың құдіретіне таяп барды.
Ғаламның он сегіз мың бәрін басты,
Неше мың мақамлардан жоғары асты.

Мысалы, жайдың екі тұтқасындай,
Бәлки онан жақынырақ жақындасты.
Аят бар: "Сумма дана Фатад аллаһу [205],
Факаана қаба, хаусаин - ауадна"[206].

Неміз бар біздің одан әрі барар?!
Кітаптың айтқан сөзін тыңда, сыла.
Сол жолда бір жолбарыс көрген екен,
Қорыққаннан сақинасын берген екен.

Жерлерге би нехаят аяқ басып,
Құдайдың қонақ үйіне келген екен.
Ішінде қонақүйдің шымылдық бар,
Жайылған түрлі-түрлі дастарқандар.

"Әт-тахияту лилләһи уас салауату уат таибат"[207],
Сәлем берген деп хаққа:- Ай, жаранлар!
Сәлемін алған Құдай сонда не деп:

- Ассаләму[208] ғаләйкиһа [209], әл нәби!- деп.

Тағы да Рахматулла[210] береке істе,
Бәрі де болсын саған хисапсыз көп.
Құдайдың бүл сәлемін: Қиын!- дейді,

- Алмаймын мұны жалғыз өзім!- дейді.

Алсалам ғалиына, иа, Раббым Хақ,
Және ізгі құлдарға болсын!- дейді.

- Жалғыздық, жалғыз Алла, саған жарар,

Пайғамбар ізгі құлды қосаққа алар.
"Ат қосақсыз жүгірмес"- деген мақал,
Шаһадат берген сонда періштелер.
Пайғамбар мұны тауып айтқанында,

Періште мұны естіп шуладылар:

- Әшһаду әллө иләһа иллалла,

Уа әшһаду әннә Мұхаммәдәр Расулулла![211]
Жер тағам, әзір қойған, бұған арнап,
Отырды созбай қолын біраз барлап.
Ішінен шымылдықтың бір қол шығып,

Тағамды:

- Бисмилла!- деп, қойды жайлап.

Майсыз шам жарық болып жағулы тұр,
Сауытқа күміс қасық малулы тұр.
Баяғы жолда қалған сақинасы,
Қараса әлгі қолда салулы тұр.

Пайғамбар мұны көріп, ғажаптанған,
Әлгі қол тағам жейді дастарқаннан.

- Әмірімді пенделерім алды ма күп,

Иа, болмаса, болды ма сөзің жалған?!
Сонда не деп пайғамбар жауап айтты:

- Келтірді пенделерің шаһадатты!

Самиғна уа атағна [212]- деді ,- бәрі,

- Жарылқа күнәларын сен!- деп айтты.

Раббана уа ла тахмил ғалайна асран [213],
Бұрынғы үмбетлердей қылмағыл сен!
Нәрсеге шамаң келмес күштей көрме,
Бір қажет даргаһыңнан сұраймын мен.

Ғапу қыл, жарылқағыр бер, күнәһымды,
Қабыл қыл даргаһыңа бұл ақымды.
Тозақтың отын сөндір үмбетіме,
Сақтадың нешік оттан Ибраһимді.

Топаннан Нұх нәбиге бердің фидих [214],
Қабыл қыл , қылса үмбетім көп мінажат.
Үстінен қыл көпірдің кеме бергіл,
Өтегіл егер бізден болса қажет.

Көк қошқар Смағұлға құрбан бердің,
Жүністі үш зұлматтан халас қылдың.
Жүсіпке құдық түбін бостан қылып,
Ғайсаға "Інжіл" атты кітап бердің.

Мұсаға "Таурат" бердің, маған қайда?
Билеттің жер мен суды Сүлейменге.
Дәуітке "Забур" бердің - үлкен кітап,
Аюпқа саламаттық қылдың пайда.

Адамға жаннат, ғылым,аят бердің,
Қызырға өлместей қаят бердің.
Не бердің маған сондай, на, иллаһим [215]?!
Қарным аш дәргаһыңа тоймай келдім.

- Адамға жаннат берсем шығардым тез,

Бір ауыз үмбетіңе демеймін соз.
Үмбетің кең дүниеде күнә қылса,
Кешіріп біз жаннатқа кіргізерміз.
Кемені Нухқа берсем топан суда,

Жиылар үмбеттерің жасыл туға.
Маңдайы тиген жерді көпір қылдым,
Үстінде тар сираттың жас пен қуға.
Жоқ қылсам Ибраһимға намард отын,

Сөндірем үмбетіңе тамұқ отын.
Смағұл өкшесінен шықса зәмзәм,
Үмбетіңе кәусар бердім, қор құдіретім.
Көк қошқар Смағұлға берген болсам,

Мен оны құрбан беріп қойған болсам.
Жолына үмбетіңнің пида қылып,
Иақұд пен насараны құрбан қылсам.
Мұсамен мен сөйлессем Түр тауында,

Сенімен жолықтым ғой нұр тауында.
Таурат үшін аятыл күрсі бердім,
Оқыса болар пайда көп қауымға.
Жүністі халас қылсам үш зұлматтан,

Балық қарны қараңғы түнде жатқан.
Үш жерде үмбетіңді сақтайын да:
Қабірде, қияметте һәм сираттан.
Қызырға берген болсам мәңгі суын,

Көтерер үмбетіңнің ол һәм туын.
Мұхаммед, үмбетіңе махшар күнде,
Салсабил, ішкізейін, ұжмақ суын.
Исаға " Інжіл" берсем, сен де жоқ па?!

Інжілден сүре ықласы кем болып па?
Дәуітке "Забур" берсем, саған "Ясин",
Ясинге басқа кітап тең болып па?!
Бәрінен артық саған бердім, әні!

Әм артық өз қасымда көрдім сені!
Кім оқыса, тамұқтан азат қылдым,
Анасы һамма сүре - Фатиқаны.
Не Інжіл, не Таурат,Забурде жоқ,

Жын-пері Сүлейменге қараса көп.
Періште қызметіңе тұрмады ма?!
Солардан қалғаның ба осал-ақ боп?!

- Иа, Раббы, ризамын,бердің бәрін,

Атың бар Ғафур, Рақым және Кәрім.
Болмаса бір өзіңнен жарылқаушы,
Әйтеуір, күнәсі көп пенделерің.
Арамыз алыстамас, жақындасар,

Құр қалмас құдіретімнен кәріп-қасер.
Жаратқан, тамаша қыл ғаламымды,
Болсын да бір аз ғана көңіл ашар.
Сол жерде Құдіретпен шын сөйлескен,

Құдайға онан басқа кім сөйлескен?!
Айтайын қайсыбірін мен - бейшара,
Тоғыз жүз және тоқсан мың сөйлескен.
Ал, тамаша қылады Жаратқанын,

Екі қылмас Құдайдың, сірә, айтқанын!
Бәрі бірдей қағазға сыя бермес,
Және баян қылайын бір айтқанын:

- Ғарышта аяқ басып жүргенімде,

Алладан пырақ келіп мінгенімде.
Кілттеулі бір үй көрдім сондай үлкен,
Балқыды өне бойым көргенімде.
Сол үйдің іші де асыл, тысы да асыл,

Құбылып түрленеді қызыл-жасыл.

- Алланың еш мүлкінде кілт жоқ еді,

Бұл үйде болар ма екен мақсат хасыл?!
Кілт болса, ашып ішін көрейін!- деп,

- Не барын тамаша етіп білейін!- деп.

- Ла илаһа иа алла,

Мұхаммед-расулулла! [216]- деп,
Ашылар, кәлиманы айтыңыз көп.
Есітіп қалиманы аузыма алдым,
Ашылды, әлгі есікке қайран қалдым.

Қарасам, үйдің іші жойқын дария,
"Иа, Раббы, бұл қалай?!"- деп ғажаптандым.
Дүниеден үлкендігі жетпіс есе,
Қанарсың ішсең суынан жалғыз кесе.

Құдайдың бірлігіне іңкәр болып,
Күнәкар болар егер бекер десе.
Ішінде сол дарияның жалғыз ағаш,
Бұтағы, миуасы жоқ, жап-жалаңаш.

Басында сол ағаштың бір құс отыр,
Не торғай, не жарқанат, не қарлығаш.
Торғайдың тұмсығында зарре [217] тозаң,
Шөп шықпас тақыр жерге ащы созаң.

Жапырақ зор ма иа, аташ, иа құс зор ма?
Иа, тозаң үлкен дүр ме,- хатқа жазам.

- Мұхаммед, не тамаша көрдің мұнан?

Рахметім - дариясы дүр мынау тұрған.
Дүниедегі алды-арты жоқ жалғыз ағаш,
Барлығы үмбетіңнің бір күс болған.
Оның барлық күнәсі тозаң дейді,

Еш нәрсе бұйырғаннан оза алмайды.
Қайсысы көп: рахмет пе, я күнә ма?!
Ақылшы бүл арада сөз андайды.
Рахмет дария болғанда, дүние - ағаш,

Үмбет - бір күс мысалы, тұрған жанас.
Бір зәредей қасында болса күнә,
Көрген соң көп рахметті карымын аш.

- Аңдағыл, иа, Мұхаммед, мұны!- депті,

- Жаратқан бар мүлкімен рахмет көпті.

"Лa, илаһа, илла-алла!"- деген жанды,
Махшарда жанған отқа салман!- депті.
Бес намаз, оразамен бар зекет, қаж (қажы),
Оқырсың өзің үшін, нәпіл[218] намаз.

Кәләм бар неше түрлі аят ахпар,
Үмбетке ғибрат қалсын, қағазға жаз.
Аралап сегіз бейіш, бәрін көрген,
Бәріне назар салмай өте берген.

Хор қызы үйден шығып зейнетленіп,
Әрқайсы неше түрлі түрге кірген.
Біріне хақ пайғамбар көз салмады,
Менсініп назарына бір алмады.

- Бір арыз, тақсыр, сізге айталық біз,

Құдайым, бақытымызды оңғармады!-
Солайша шуласады тамам хорлар,
Пайғамбар тұра қалып, сөзін тыңдар:

- Не арыз маған болған, мен тыңдайын,

Қанекей, хор қыздары, айтыңыздар!

- Кеттіңіз бірімізге назар салмай,

Жақсы деген үмбетің әлде қандай?!
Біздерді біреуіне бағыштаңыз,
Біздер де қуанайық намард қалмай.
Пайғамбар бір сағатта Миғраж асқан,

Пырақ бар алты айшылық жолды басқан.
Сиратіл Мунтаһаға[219] жеткен кезде,
Бір дауыс қатты естілді тау мен тастан.
Көк күркіреп, жеті жер, теңселді көк,

Аспанда періштелер шулаған көп.
Шошыпты пайғамбарым сол уақытта:
"Япырмау, заман ақыр болды ма?!"- деп.
Көңілдің Алла десе, хошы деген,

Жебірейіл пайғамбарға хабар берген:

- Құптанға азан үшін келді Біләл,

Тықыры кебісінің - осы!- деген!
Қадамды тақсыр Біләл басқан екен,
Басқадан шарапаты асқан екен.
Ізінің мунтаһаға дыбысы барып,

Жын-шайтан тықырынан қашқан екен.
Өзгеден ол Біләлді сүйіп алған,
Бұл сөзім кітапта бар, емес жалған.

- Сіздерді бағыштадым Біләлға!- деп,

Хорларға пайғамбарым айта салған.
Хорлар сонда не дейді бүл қорлыққа:

- Атар таң, шығар күн жоқ біз мұңдыққа!

Қазанның күйесіндей Біләліңіз,
Қой, тақсыр, онан басқа үмбет жоқ па?
Пайғамбар тоқталмайды қыз сөзінен:

- Әркімнің жаман болса, кінә өзінен!

Сыртынан билеп оны айта салдым,
Сұрайын мен Біләлдің дәл өзінен.
Ашылды сегіз бейіш жұмақ төрі,
Түсіпті Мұхаммедтің жерге нұры:

- Бір жұмыс саған даяр, орын таптым,

Иа, Біләл, басың көтер, қара бері!
Алдайтын адамзатты қу тіл екен,
Белгісіз көрінбейтін су түбі екен.
Құптанның жаңа азанын айтып болып,

Ол Біләл бата қылып отыр екен.
Қарады жоғарыға көзін ашып,

- Біләл-ау, хор қызы тұр саған ғашық.

Қайтесің: аласың ба, қоясың ба?
Мен тұрмын сырттан билеп саудаласып.

- Біткен жоқ, тақсыр, сөзің еркін,- депті,

- Хор қызы кімге дәрі, шіркін!- депті.

- Демей ме сахарадағы Алла (бір әми) деген,

Алмаймын сегіз ұжмақ мүлкін!- депті.
Жігіттер, бар ма жақсы бұл қалыпты?!
Есітіп хор қыздары ұялыпты.
Қиямет, қайымғаша ғашық болып,

Таласып хор қыздары құр қалыпты.
Адам жоқ бүл жаһанда Біләлға тең,
Құданың рахметі мол, құдіреті кең.
Таласып хор қыздары Махшар күні,

Қылады сол қарасын бетіне мең.
Балшықшы құс жаманы - шағала-ды,
Бір көлді жалғыз тырна жағалады.
Қарасын хор қыздары әкеткен соң,

Сол күні Біләл тақсыр ағарады.
Хор болса, Хақ қасында, мал-мүлкі жоқ,
Сол Біләл жетпес еді сондай болып.
Байлықтан кісі хаққа жағар болса,

Ол Қарын өлмес еді қоңыз болып.
Ғаламның он сегіз мың бәрін кезді,
Артық бақ Мұхаммедке тәңірім берді.
Қапалы ғаріптердің көңілі өссін деп,

Аз ғана Мәшһүр-Жүсіп , інжу терді.
Баяғы мунтаһаға келді қайтып,
Жерінің көрген-білген бәрін айтып.
Рухы түр жетпіс перде әр жағында,

Мақамы өзге жұрттан сондай артық.
Неше орын, неше жерге жүріп барды,
Аз дәурен екі ортада құрып барды.
Иіні екен Ғаушыл ағзам хазіретінің

Әлгі иін сол мақамда тұрып қалды.
Мухаммед, бұл өзіңнің үмбетіңнен,
Аты - Ғаушыл, айырылмас сүндетіңнен.
Шығады біраздан соң жұрттан асып.

Осының келіп қалдың қызметімен.
Олай болса, Құдайым, сені сүйсін,
Саған көңіл қоймаған жанып күйсін.
Иініңе тиді аяғым, Ғаушыл балам,

Басқаның аяғына иіні тисін.
Солай деп бата берген пайғамбарым,
Сондай қып жаратады жанның бәрін!
Үйіне қайтып келіп ол түн жатып,

Шақырды ертең ерте жарандарын.

- Құдайға періштелер жалшы!- депті,

- Тіл алып, жұмсағанда баршы!- депті.

- Тісімде қыстырылып күріш қалды,

Иә, Ғалы, қолыңменен алшы!- депті.
Сонда Ғалы тісінен күрішті алған,
Күрішті алып, аузына қағып салған.
Сол күріштің қасиеті - қуатымен,

Хасен менен Хұсайын пайда болған.
Пайғамбар адам бармас орында жүр,
Әрқашан Әбубәкір соңында жүр.
Баяғы жолда қалған сақинасы,

Қараса ер Ғалының қолында тұр.

- Балам, сен мұны қайдан алдың?- депті,

Қай жерге осы түнде бардың?- депті.
Емес қой бұл сақина өзіңдікі,
Баян қыл, білсең, балам, маған кепті!

- Тақсыр, мен қылдым намаз сізге ұйып,

Солыңнан шайтан турды дыбыс беріп.

- Бабама үндеме!- деп, қуаттанып,

Жібердім желге ұшырып, бір-ақ түйіп.
Данаға жас та бол сам да тең едім ғой,
Сіз дарқан болғанда, мен кен едім ғой.
Ішінен шымылдықтың қол ұзатқан,

Иә, баба, себебің де мен едім ғой.
Қуанды мұны естіп сақабалар,
Бәрі де бүл Миғражға иландылар.

- Шаһарымын ғылымның, ей, жаранлар,

Есігі - Ғалы деген - хақ пайғамбар.
Арытты бұрынғыдан Расул түрі,
Көркейді күннен-күнге ісләм нары.
Шаһариар сақабалар барша нанды,

Қапелім шек қылса да қалмай бірі.
Әуелі жолығыпты Әбужаһил,
Көп жанға залал тиіп қылған батыл.
Ақырда пайғамбарым сөзі шын боп,

Қылышпен нанбағанды қылды қатыл.
Жад қылдым әуел хақты сөз басында ,
Берген-ді жәрдем себеп біз ғасыға.
Рухын ол зат пәктің тербеткелі,

Кетейін айтып мұнда бір қасида.

ОН АЛТЫНШЫ БАП

АН ХАЗІРЕТТІ МАДАҚТАҒАНЫ

Иләһи [220] махбудларға [221] саруар болған
Пейіштен ол ғаршыға барып қонған.
Көрсеткіл үмбетіңе гөзал жүзің,
Мунтазар [222] жамалыңа барша тұрған.

Пердесін дүние - ақырет жүзіңнен ал,
Үмбетке ғасы болған назарың сал!
Жүзің менен мысалы хылапы жоқ,
Иа, Рахман, ирани кітабың бар!

Қалдырдың жұртты қайран бармағыңмен,
Тоқталған ғаршы, күрсі салмағыңмен.
Бұл жерде қосының қылды мені тұтқын,
Өртендім қасірет отқа жанбағыммен.

Үмбетім бар дүр менің шапағаттан,
Медет бер дүниеде һәм ақыреттен!
Дәулетке жетер шексіз күмәні жоқ,
Суынан шапағаттың қатыра татқан.

Көрген жан несіп болып Хақтың нұрын,
Не қылсын дүние ақырет жарықтығын?!
Таухидің раузасынан сөз есітіп,
Кетірдім ғами дүние көңіл мұңын.

Болғанда сөзің хикмет, ділің - иман,
Болғанда жүзің - рахмат, нұрың - рахман.
Дауа қыл бұл жалғанда, һәм махшарда,
Өзіңсің: дауасы жоқ - дертке дәрмен!

Баршадан ізгі бақыт - ұлы биік,
Жаратқан мақсат ағлы сені сүйіп.
Жарығын дүние - ақырет жақ ішіме,
Жын-шайтан, нәпсі - һәм кетсін күйіп!

(Рида) Таж ләуләк [223] болғанда, ғұмырың - таж,
Тахусыңмен аласың хорлардан баж.
Мен - жалаңаш: қына тоның жап үстіме,
Болар дүр қаму шаһлар саған мұқтаж!

Ей, көңіл, білсең, шол дүр жұртқа раһбар,
Болғанда нәби мұрсал, һәм пайғамбар.
Қулағың екі бірдей тұт сөзіне,
Мухаммед дүр, ол - саруар, Алла акбар[224]!

Қандай көз бір-ақ қабат көрер, әні!
Өлігін хаттап келген лән тараны.
Жолыңа жаным құрбан, тәнім пида,
Жоқ оған етер менде [нан] арманы.

Нияз[225] ишра көңілімді қойдым Хаққа,
Жүзімді төседім ғой топыраққа!
Сахарда дауыс келді кулагыма:

- Иа, һиза сен көңіліңді сал,- деп,- Хаққа!

Көңілімді естіген соң, Хаққа қойдым,
Мухаммед, Мухдис [226] сипатыңа қашан тойдым.
Сол дауыста бір сөз бар: "Дүниеден без!"
Соны естіп бәдғул [227], бәрін жойдым.

"Саллиалла [228], Ғалайхис саләм [229]!"- деп,
Ертенді-кеш мен айтсам салауат көп.
Сенері бин алнур жансам даулап,
Ғашықтық дариясында болмасам деп.

Аз мадақ естуімше алдым жия,
Оқыдым ұстазымнан мұны самағия [230].
Мен тізсем барлығынша мадақтарын,
Тыңдаңыз, ай, жаранлар, қылма рия.

Тәубені қылатұғын осы кезім,
Кірпатны бейшарамын менің өзім.
Мақал бар: "Аз сөз - алтын,көп сөз - көмір",
Айтайын пайғамбардың хадис сөзін.

ОН ЖЕТІНШІ БАП

ПАЙҒАМБАРДЫҢ ХАДИС СӨЗІ

Айтайын аз насихат тыңдап тұрсаң,
Қазақтың һәм қария сөзін сұрасаң (сұрасаң).
Үш ауыз пайғамбардан насихат бар,
Кішкене құлақ салып, мойын бұрсаң.

Жиылды сахабалар[231] сонда бір күн,
Болса да қанша жұлдыз,жарымас түн.
Бұйырды пайғамбарым иа, азамат,
Мен айтайын: " Бер!" — деп, - сен қолыңды жұм!

Киімді жамауы жоқ, қыл жаңадан,
Дария жоқ түбі терең мұнан жаман.
Азық ал таусылмастай ішіп-жеуге,
Жол ұзақ, барар жерің алыстаған.

Қыл ықылас , ғамалынды көңіл беріп,
"Кім бар?!"- деп тұрғанды Құдай көріп.
Таулар бар: асқар сондай, асуы жоқ,
Жеңіл қыл сен жүгінді өлмей тұрып.

Кемесі сынық болған суға кетер,
Азығы аз адамға бейнет жетер.
Ықылассыз қылған ғамал құр қиналу,
Ауыр жүкті (жүклі), таулардан қайтіп өтер?!

Есітіп жұрттың мейірі (маһары) қанған екен,
Иманды адам айтқанға нанған екен.
Осы айтылған төрт сөзді пайғамбарым,
Төрт мың сөзден шығарып алған екен.

Тағы да тіркес келді — екінші сөз,
Мен айтайын, жамағат, естісеңіз.
Естісек те дүниеге көңіл қойған
Сөйтіп Хақ күл болған біз - пендеміз!

Ғамал қыл ақыретің үшін болғаныңша,
Дүниеде өлшеп өзің тұрғаныңша,
Ғамал қыл ақыретің үшін арнап,
Жеткендей қып махшарда оз халыңша!

Ғамал қыл Аллаң үшін онша-мұнша,
Сонша қыл Хақта қажетің болса қанша!
Қажетің болмаса, ғамал қылма,
Бұ дүние өтіп кетер жиналғанша!

Мұнда қинал, өлгенде, қиналғанша,
Сұм дүние өтіп кетер көз жұмғанша.
Тамұқтың оты үшін қылғыл амал,
Өзіңнің отқа шығар сырың қанша?!

Табылар қанша мақсат бүл торт сөзден,
Адам жоқ бүл дүниеден тіпті безген.
Барасың Құдай жазса, көр-кебінге,
Бар болса кештік ғұмыр, түстік ізден!

"Бар,- дейді, жазалыға жеті тозақ",
Ақырет өзі —бақи, ғұмыры ұзақ.
Не қылсаң ақырет үшін қылғы ғамал,
"Қылма!"- деп, құрар Ібіліс жолға тұзақ.

Басында бір Құдайдан қажетің көп,
Құдайсыз не қыласың, алданып тек?!
Көп қылғыл Құдай үшін ғамалыңды,
Патшаңа қарап тұрған көрінбей жек.

Болғанда тәубе қорған, ықылас - қамал,
Жел жоқ болса, ыстықта түсер самал.
Жалғыз шоқ тиіп кетсе, шыдамайсың,
Сол отқа жолатпастай қылғыл амал!

ОН СЕГІЗІНШІ БАП

ҒАБДОЛЛА ҒҰМАРҰҒЛЫНАН НАСИХАТ

Бозбала, осы сөздің бар ма міні?!
Зарлатты мені Құдай түні-күні.
Ғұмарұғлы бұйырған Ғабдоллаға,
Тағы да бір насихат келді шыны.

Дүниеде болғыл пұлсыз,ғаріп, сан,[232]
Самарканд отын тұтқыл Бұхарадан.
"Бұл дүние тұрады",- деп ғапыл алма,
Өзіңді біл: жол жүрген керуеннен сан.

Мысалы, бір есіктен кірдің, өттің,
Тоқтамай бір есіктен шығып кеттің.
Бойыңа түк жұға ма бұл дүниеден,
Қалмағыл ортасында көп бейнеттің.

Өзіңді біл: қабірде жатқан жандай,
Өтіпті, ата-анаң,- олар қандай?!
Өлмеймін деп ойлама, қаза жетсе,
Әзірейіл қояр ма енді жаныңды алмай?!

Алды-арты — жанып сөнген пеш сықылды,
Қараңғы, жарығы жоқ кеш сықылды.
Несіне алданасың уайым жеп (мағрұр болып),
Бұл дүние түнде көрген түс сықылды.

Шайтанға билік бермен денім сауда,
Шүкірлік, сақта, Құдай, берме жауға!
Жастықта тәубе қылсаң, көндігерсің,
Жігіттер бұзылмастай , қылғыл тәубе!

Күн ауса, болар бесін, шаршы түстен,
Сауапқа иманды құл анық піскен.
Тәубені шын қылам деп, ойласаңыз,
Қайтыңыз, ғапіл болмай, жеті істен.

Көңіліңіз болса,ескер адамдықты (адамлықты),
Асылы, қыла көрме харамдықты.
Біреуі бүл жетінің ғылым оқу,
Тастаңыз енді ойдан надандықты!

Бұл өлім келер ата-анаңызға!
Жалғыз біз ғапіл болып жатамыз ба?!
Екіншісі бұл болар сол жетінің,
Тәубе қыл - күні-түні қатеңізге!

Тәубе қыл күнә деген ауыр жүкке,
Бұл нәпсің, қайырмасаң, жетер түпке.
Үшіншісі бүл болар сол жетінің,
Қайтыңыз үлкендіктен кішілікке.

Жолдары бүл жетінің тіпті басқа,
Сөз айтсаң, қабыл алмас, ғауам [233] насқа.
Төртіншісі бұл болар сол жетінің,
Қайтыңыз риядан ықыласқа!

Жаратқан құлдық үшін Құдай бізді,
Көрсін деп берген бізге екі көзді.
Бесіншісін айтайын тағы да оның,
Рас сөйлеп, тастаңыз жалған сөзді.

Кірмейді әнбиелер неге түске?!
Кіреді әулиелер әр күн кешке.
Алтыншысын айтайын білгенімше:
Харамды қойып, ұмтылғыл халал іске!

Иманды адам - кішіклік, көңілі сынық,
Ниеті молдаларға болар жуық.
Біреуі күн шыққанша ұйықтап жатпай,
Құдайдан тілек тіле, сахар[234] тұрып.

Хадис бар: қатын алмақ жарым тәубе,
Құс қонар ағаш сайын қонақтауға.
Бір сөз бар: пайғамбардан мысал қылған,
Ағалар, соны айтайын денім сауда.

Кәпірге тозақ оты сөнері жоқ,
Құдайдан жақсылықты көрері жоқ
Тақуалығы болмас ғалымдардың,
Үлкен шаһар бостан дүр, жемісі жоқ.

Сықылды үлкен шарбақ - қауыны жоқ,
Бір ақ боз үй секілді - сауыны жоқ.
Ғаділдігі болмаса хакімдердің,
Қара бұлт сықылды — жауыны жоқ.

Иманды адам тауапқа бұрын көнген,
Бұл сөзім қырық хадистен баян берген.
Сабырлығы болмаса әр пақырдың,
Майы жоқ шам сықылды жанып сөнген.

Өлген жан кайта тіріліп келгені жоқ.
Иманды кісі хақын жегені жоқ.
Еш тәубесі болмаған жас жігіттің
Бір асау ат сықылды жүгені жоқ.

Жан, шіркін, неге керек қиналмаған?!
Болғанда, шіркін, ажал кімді алмаған?!
Ар-ұяты болмаса жас қатынның

- Дәмі жоқ ас секілді, тұз салмаған.

Қызығы бұл дүниенің - ойын-күлкі,
Немене ойнамаған жанның көркі?!
Жақсылығы болмаса қыз балада,
Не керек құр қызарған беттің көркі?!

Алланың разы болған қазасына,
Сабыр қыл - келсе пәле, жазасына.
Шүкір қыл - аз-көп болсын нығыметіне,
Болмаса, тұрма жер - көк арасына.

Пендесің, бейшарасың байғұс ғаріп,
Дүниеге әзер келдің ашып-жарып.
Өзіңнің , жақпаған соң, Құдайыңа
Сыясың қашып енді, қайда барып?!

Жер жоқ қой бір Құдайдан бөлек басқа,
Өзінің үкімі бар тау мен тасқа!
Өзіңнен шыққан жауға амалың не,
Еркің жоқ салса Қудай, шыдамасқа?!

Болғанда қиямет күн, тіл байланар,
Әр жерден топ-топ болып, кісі айдалар.
Қол,аяқ куә болып кунәһыңа,
Жазалы жанарыңа ыңғайланар.

Падиша әуел ахыр-заһыр батын [235],
Жияды жын, пері мен адамзатын.
Сол күнде бүйірінен суырып берер,
Біреудің алған болса, біреу хақын (ақысын).

ОН ТОҒЫЗЫНШЫ БАП

БАСҚА ПАТШАЛАР, ЖОМАРТТАР, ӘУЛИЕЛЕР

Бұл күнгі патшалықта жоқ әділдік
Дүниеден Хасен өтті аз жыл тұрып.
Хұсайын нәсіл қалған әулетінен,
О да етті Кербалада шаһит болып.

Фатима өткен, Заһира, Ғайша анамыз,
Дүниеден не қылғанды біз қаламыз?!
Күнә бар таудан үлкен, тастан ауыр,
Иа, Раббы, біз не қылсақ, оңаламыз?!

Сахаба өтіп кетті отыз үш мың,
Өтіпті табиғилар олардан соң.
Төрт имамның абзалы - имам Ағзам,
О да өтті, бұ дүниеден қалады кім?!

Әулие Ғауинт, Алағзам, - олар да өтті,
Нақшыбанды, Баһауаддин,- олар да өтті.
Қожа Ахмет Түркістанды қылып отан,
Дүниеден сондай ерлер өтіп кетті.

Ғұмар, Нәсхи, ғұлама Таптазаны,
Ғазалы, ол Мірсейіт, Шәріп кәні?!
Маснип, Умшахилар, - бәрі де өтті,
Дариға, көрмей қалдық біздер, әні!

Әнбия, әулиеден бірі қалмай,
Дүниеге бәрі де өтті назар салмай.
Патша Жамшид, Баһыраб, Балқұн, Фарзуз,

- Зор еді заманын да олар қандай?!

Баһадүр Рүстем, Зымак, Сахып қыран,
Қаһарман: Дәл менен Зәл, ол - Қатиран.
Аспандияр, Уақсыбад, Шам, Нұриман,
Кеше өткен Тасыр, Хысырау, Ойран,Тұран.

Сейітбаттал, баһадүр Әмір Темір,
Патша өткен ғаділетті Баһрам гүр.
Дүниеден солар да өтті: "Өтпепсіз!"- деп,
Алданып қоршылықпен өткен өмір.

Хан қайда ғаділ болған Наушеруандай?!
Дүниеде жомарт қайда Атымтайдай?!
Шыңғыс, Жошы төреден тегі шыққан,
Есім, Тәуке, ер қайда Абылайдай?!

Хан Абылай қазаққа тұлға болған,
Сол үш жүзді бір өзі билеп тұрған.
Кешегі қара қазақ заманында,
Төренің орта жүзге құты қонған.

Сағымнан пайда болған Шыңғыс ханды,
Өскен соң патша болып дүниені алды.
Жеті ұлын жеті ықылымға патша қойып,
Тұқымы патшалардың сонан қалды.

Баласы Шыңғысханның Гүрстан (Көшім сұлтан),
Кенжесі Жошы хан дүр жұртқа дастан.
Жиырма торт атаға тура келіп,
Кеше Абылай қазақпенен араласқан.

Нұх нәби нағашы атам өткен бабам,
Шежірем бар ол Ғақаша сахабадан.
Тамамдап сымға тартқан ақ күмістей,
Түп-түзу апарайын сары жайдан.

Арқада ақыл таппай қазақ қалған,
Хандығын Жәнібек өліп, Өзбек алған.
Алла тірегі, хадис, құран мен үмбеті,
Дәлелім бар ол Расул пайғамбардан.

Болғанда: "Сарт - садағам, өзбек - ағам",
Халқым бар : тоқсан баулы, тонды жағам!
Ұлы жүз: Үйсін өрде жатыр толып,
Орта жүз: Қоңырат, Қыпшақ, Арғын бабам.

Біреуі төрт арыстың - батыр Найман,
Керей, Уақ, Тарақты келген қайдан?!
"Жеті арыс",- деп сөйлейді кірмесімен
Кіші жүз: айтам Алшын, сөз Адайдан.

Қазақ жоқ санасаң да Қыпшақтан көп,
Бір Қоңыраты баласы бәріне жүк.
Шалқып жатыр бұл Найман қалың шетте,
Бір Арғынның баласы он екі жұп.

Төрт арыс - Орта жүздің шын баласы,
Арқаның толған екен сары даласы.
Арғыннан Қарақожа бабам шығып,
Дәулетке сонда толған айналасы.

Онан соң Мейрам сопы бабам өткен,
Қуандық,Сүйіндік,Бегендік, Шегендік пен.
"Бес баласы Мейрамның"- деп атанған,
Қаракесек - анасы басқа тектен.

Қуандықтың баласы - алтау болған,
Тінәлі, Темеш, Тоқа, Алтай тұрған.
"Арғын болсаң, Алтай бол!"- деген сөз бар,
Әр пенде өз жөнінен кеңес құрған.

Сүйіндіктен тарайды бір-бір (санап) санат
Мәжік пен өткен бабам ер Шуманақ.
Бір халқым Малай, Жәдігер жатыр өрде,
Қойыпты Құлболдыны Құдай қалап.

Құлболды сол бабамыз әулие өткен,
Айдабол, Күлік, Тұлпар,- онан біткен.
Үшеу бар тоқалынан бәрі мәлім,
Қақсал, Қозған - Бегендік, Шегендіктен.

Жанболды Құлболдыны көп ренжіткен,
Жасы үлкен ағасы екен бір ер жеткен.
"Жанболдыға жар кешу болады",- деп,
Ақбоз атпен сол ағып Сырға жеткен.

Құлболды бабамызға дуа қонған,
Дәулеті оз шағында қалың тұрған.
Назары Құлболдының қабыл болып,
Баласы Жанболдының азып туған.

Құлболды заманында төре келген,
Көп қожа Қаратаудан ере келген.
Шаһардан ишан, молда,- бәрі шығып,
Құлболды бабамызды көре келген.

Өзіне адам екен дуа тиген,
Жан екен қайырымды Құдай сүйген,
Меккеге:"Тауап үшін барамын!"- деп,
Өлген соң сүйегі ұшып кеткен үйден.

Төрелердің асыл ғой арғы тегі,
Төре хан болған шақта қазақ бегі.
Дін ислам бір миллата болғаннан соң,
Жоқ екен бәрінің де бөтендігі.

Хан болып Кіші жүзге Бөкей өткен,
Хан Абылай Орта жүзді билеп (түзеп) кеткен.
Хан Жамантай, Уәли хан, Әбілхайыр,
Өңшең төре шығыпты асыл тектен.

Есім хан жалғыз барып Ташкентті алған,
Құтсадақ, Құдайменде жетім қалған.
Туыпты Қасым ханнан өңшең батыр:
Наурызбай, Кенесары, Ержан, Саржан.

Наурызбай батырлығы асқан жұрттан,
Кәнеки, "Кенесары елді кұртқан?!"
Ер Саржан тартқан жағын өткізіпті,
Қатарлап қойған темір жеті шоттан.

Алашта патша болған хан Абылай,
Қалмақты жылда шапқан дамыл алмай.
Құтсадақ, Құдайменде төре шығып,
Өтіпті о да жұртқа тыныштық салмай.

Шобалай Сүйіндікте болып өткен,
Төлебай мал мен басқа толын өткен.
"Тұсымда(тусам да) олардан кем болмаймын!
Екі иінін Пістен тентек жұлып өткен.

Төреден кеше Саржан науан болған,
Қоңырқұлжа төреге дәулет қонған.
Уәлихан Көкшетауға дуан салып,
Баласы Шыңғыс сұлтан тірі тұрған.

Баласы Бөкейханның Жәңгір өткен,
Хан болған, Абайда қайда кеткен?"
Қырғызға Кенесары дамыл бермей,
"Қынға қас өткір пышақ" түпке жеткен.

Арына өткір пышақ түпке жеткен,
Не пайда нақақ қанды жүктемектен?!
Кәпір мен мұсылманды парық қылмай,
Үр да жық, ұзын сойыл, күшке кеткен.

Ақырда өз ісімен өзі кетті,
Найықсыз аңғал қайрат істемектен.
Ғабылар бұл кітаптан әрбір нұсқа,
Аз сөзбен аз мағына, жазған қыса

Баршасы өлген шақта болатын хал,
Ішілсін деп, қарындасы біз байғұсқа.
Тұрсынбай Айдаболда бай болыпты,
Ақылға Шоң мен Шорман жай болыпты.

Жай ғана мырзалықпен жұрттан асып,
Азнабай шылқып жатқан май болыпты.
Үйсінде би Төле өткен тілге шешен,
Уақытында би Едіге болған көсем.

Билігін Едіге бидің мен айтайын,
Боланы оның Едіге не себептен.
Коп ақыл би Едіге білген екен,
Жүгіне бір-екі адам келген екен.

Екеуінің таласы —жалғыз түйе,
Құнажын тік өркешті інген екен.
Бірі айтады:

- Бұл түйе менікі,- деп,

- Бота күнде жоғалып кетіп еді - деп.

Бірі айтады:

- Баласы оз түйемнің,

Қайда оған, мұндай түйе біткен жоқ деп.
Екі кісі талассаң бір түйеге,
Сыйынып соз айтайын мен Иеге:
Қақ бөліп екеуіңе берер едім,

Түспейді олай қылсам, сөз жүйеге.
Ботанды сен жоғалтсаң, бар ма енесі?
Ұқсар ма сол түйеге бір денесі?!

- Енесі бар,- тақсыр!- деп, жүгіріп кетті,

О да айтты:

- Бар - деп,- менде оз енесі!

- Сен-дағы бар алып кел інгеніңді,

Адамзат білесің ғой көргеніңді.
Екеуің де алып кел енелерін,
Сонан соң мен айтайын білгенімді.
Екеуі екі інгенді алып келді,

Түйені екеуіне салып көрді.
"Малға —мал, жанға —жан ұқсар",- деген
Сипаты екеуіне бірдей келді.

- Қақ бөліп екеуіңе бөліп берсем,

Біреуіңнен біреуіңе алып берсем.
Білмей берген төреден жаман іс жоқ,
Маған қиын болды ғой мұны білсем.
Жоқ болды молда, қожа жөнін сұрар,

Енді би бұл төреге не іс қылар?
Жіберіп екі інгенді екі жаққа,
Түйені ортасында ұстап тұрар.
Іс қылған шариғатсыз жарамайды,

Екеуі де түйеге қарамайды.

- Ұмытып әлде қашан кеткен түйе,

Қанеки, бақырталық - деп қарайды.
Қылбұрау тақымына салды дейді,
Бақырып демін түйе алды дейді,
Түйесі бота күнде жоғалғанның

Дауысын танып енесі барды дейді.
Келгенін баласына көрді дейді,
Хайуан танып баласын білді дейді.

- Бес хауастың [237] біреуі естілмек!- деп,

Түйені иесіне берді дейді.
Қаңғырып тауып алған жайға қалды,
Бірталай өз мойнына айып салды.
Билігі осылайша болған екен,

Кітапқа қылған ісі тіпті ұнамды.
Ар жақта аты шыққан Нұрекен бай,
Байсейіт бес анада Нұралым-ай!
Сейтен - болыс, Тайжан қазы болып,

Он жеті мың жылқы айдаған Азнабай.
Би болып Едігеден туған Шоң-ды,
О дағы ақылға мол диқан болды.
Тауына Баян-аула дуан салып,

Хан болып аға сұлтан билеп тұрды.
Орыстың империясы атын білген,
Мақтаулы император қағаз берген.
Таласып бір балаға екі жасар,

Дауласып екі қатын оған келген.
Бірі айтады:

- Баланы тапқан өзім!

Бірі жалған қылады оның сөзін.
Баланы өзім таптым һәм асырадым,
Ұқсайды екеуіне де көрсең жүзін.
Балаға екі қатын таласады,

Бақсылар біле алмайды бал ашады.
Бұл қалай адам жөні қиын болды,
Төрені қалай берсем, жарасады?!
Би айтар:

- Төре бермек үлгі жол!- деп,

- Бұл не ғып екеуіңнен туған ұл?- деп.

Біріне көнбес бірі, қанша айтса да:
Пайда мен залалына бірдей бол!- деп.

- Ендеше жөнін қайтіп табам?- дейді,

Қолдай гөр, иа, Құлболды бабам!- дейді.

- Қақ бөліп екеуіңе мен берейін,

Баланы алып кел, қылышпен шабам!- дейді.
Біреуі отыр тіпті болмай назаланып,

- Ай, тақсыр, төреңе - құл, бөлсең бөл!- деп.

Бірі айтады: - Ай, тақсыр, мынаған бер!,
Тұтсақ та бұл бала тек өлмесін!- деп.
Шоң би сонда ақылмен білді дейді:

- Ғақыл нұры болар жарық енді!- дейді.

Қатынды: "Бөлші!"- деген текке тастап,
Дегенге:"Бала өлмесін!"- берді дейді.
Дауласар күр көкірек ернін жимай,
Барады кеудесіне ыза сыймай.

Өз анасы: "Өлмесін!"- деп ойлаған,
Өлуге, алмаса да, іші қимай!
Қайты ойлап, тәні тітіреп, жаны қорқар,
Ынсап аз байқап тұрсақ, осы тұста.

Демейміз жалпақ жұрттың бәрі - жаһил,
Шаһбаз [238]бар ғой талай талмаға ұста.
Сөйтсе де көзбен көріп, қолмен (білеп) [ұста],
Шыққанлар көп емес пе үйден тысқа?!

Біз де сол шыққанның біреуіміз,
"Алтын" деп, баға беріп жүрген мысқа.
Баянсыз пәни дүние өткінші жел,
Желікпе желге, достар, айтқанға кел!

Бұл түкті ойламай жүргенменен,
Алдында аз ара (һазара) су, соны біл!
Жігіттер, кесірленіп, жүрме шалыс!
Азық ал: атың - арық,жолың - алыс.

"Құдайдың,талапты ерге, нұры жауар!"-
Деген сөз —пайғамбардан қалған хадис.
Басында бітімінің жаманынан,
Жанады суда тұрып қалың қамыс.

Дәл менен за, иа-дан хабары жоқ,
Ауысы ендігінің жүрмек қалыс.

ЖИЫРМАСЫНШЫ БАП

ӘР ТҮРЛІ НАСИХАТ СӨЗДЕР

Ай, жаным бүл дүниеде еш опа жоқ,
Кімді алдап өткізбейді дүние боқ?!
Өлгенше дүние қамы таусылмайды,
Әр пенде өтіл кетер арманда боп.

Біз жүрміз тағат қылмай дүние қуып,
Ғазапқа болдық лайық белді буып.
Ажалға кадам басқан жақындаймыз,
Тұрады соның үшін күнім суып.

Қалады, ажал жетсе, қатын-бала,
Қылмайды ажал рақым жалынса да
Қалмайсың қара жүзлі халық алдында
Қылыңыз жанның қамын не қылса да.

Қалады қаза келсе мал мен мүлік,
Аз күнгі дәурен өтер ойнап-күліп.
Ажалдың, хабары жоқ, белгісі жоқ.
Тәубесіз өте көрме ғапыл жүріп.

Түсіпсіз ғапілдікпен қате жолға,
Кетіппіз бір қарамай оң мен солға.
Пәлеге кімді нәпсі кез қылмайды,
Сол үшін қыран бүркіт түсер торға.

Дария - ғылым екен аққан судай,
Жарасқан айдын көлге қонған құдай.
Кімде кім ғылым күткен қор болмайды,
Көтерген махшар күні жасыл тудай.

Тілеңіз ғибадат, тауап халің жетсе,
Расулының рузасын көр, несіп етсе.
Не пайда қатын-бала,- баршасынан,
Бір күні кәріп (ғариб) басың өтіп кетсе.

Беріңіз халал малға қайыр, зекет
Болмайды харам малда еш берекет.
Өзі: "Кемімеске кепілмін!"- деп,
Жолықпас халал малға еш әрекет.

Беруге зекетті келген аят,
Әр кісі өзін-өзі жүрсе аяп.
Махшарда жазуымен мінер құлдар,
Не лаж (ғылаж) жамандық сонша таяп?!

" Уа иакумус салату"[239] — деп, аят келген,
Намаздың парызлығын ғалам білген.
Қалайша оқу, қалайша таһарат алу,
Пайғамбар, Жебірейілден үйретілген.

Бір Алла Жебірейілге қылды, жарлық: -
Таһаратны пайғамбарға үйрет барып!
Жебірейіл көктен әзір (хазир) келгеннен соң,
Пайғамбар қарап турды қайран қалып.

Жебірейіл жарлық бірлан келді жерге,
Мен жаздым үйренсін деп, пендесіне.
Үмбеті пайғамбарға амандасып,
Қанатын сол арада соқты жерге.

Қанатын соққан жерден бұлақ ақты,
Адамша суретімен таһарат апты.
Мұнан соң таһарат алып, намаз оқып,
Біздерге парыз болып сонан қапты.

Пайғамбар сонан кейін таһарат алған,
Біздерге таһарат алмақ содан қалған.
Намаз оқу - құданың бір парызы,
Пендеге дін-мұсылман мойынға алған.

ЖИЫРМА БІРІНШІ БАП

ҚЫРЫҚ ПАРЫЗ БАЯНЫ

Қырық парыздан мен айтайын Исламды,
Бес иманды үйрен, оқы намазды ертелі-кеш.
Ораза тұт, қажы қылғыл, бергіл зекет
Ынсапқа малың толса, қалдырма еш (һеш).

Қырық парыздан: жеті парыз - иманда бар,
Иман келтір Аллаға, ай, жаранлар!
Құран кітап - Алланың сөзі деп біл,
Періштеге иман келтір, һәм пайғамбар.

Иланғыл: қияметтің келмегі хақ,
Таратып, баяндауға зейінім шақ.
Болуың жақсы, жаман бір Құдайдан,
Өлген соң тірілу бар, сен бутан бақ.

Қырық парыздан: намазда тағы да он екі,
Пак сумен таһарат алып, намаз оқы.
Екінші - жақсы жайда намаз оқы,
Болмасын киіміңнің есіл боғы.

Уақытында оқы, Ниет қыл, құбыла намаз,
Бұл алтауы намаздың тысындағы.
Алтының бірі қалса, намаз емес,
Әйтеуір Алла қабыл қылсын-дағы!

Ішіндегі: парыз - және де алты,
Болмасын намазыңның ешбір қалты.
Құлақ қағу, қыраат [240] рукүғ [241] сәжде,
Ақырғы үтір (отыр) суы, соңғы - арты.

Осымен он екінші болды тамам,
Намазды қалдырмағыл, оқы әман (һәман).
Намазды жорта қойса кәпір болар,
Ғазабы қиямет күн болар жаман.

Ғұсылда қырық парыздан үш парыз бар,
Ауыз, мұрын таза жу,ай,пірәдар!
Үшіншісі - жуылсын барша тәнің.
Жуылмаса, көрерсің [не] зарарлар!

Жу нәпсінің, және парыз, ыстахасы,
Ғаділ қылмай, Аллаға болма ғасы!
"Уа ин кунтум жунубан фатаһһир"[242],- аяты
Суға түспес пенденің шермендесі.

Таһаратта төрт парыз бар: іні,аға,
Жүзіңді жу, қолыңды тағы және.
Үшіншісі басыңа масих [243] қылғыл,
Су құйғыл - төртіншісі - аяғыңа!

Төрт парыз - су жоқта қылсаң да мыбиы,
Ниет қылмақ қолыңды суық жер жынысы.
Бір ұрып сипау үшін екі қолды,
Жүзің үшін екінші ұрғыл енді!

Үйрену парыз, ғайызының хүкімлерін,
Балхы болған қыз-қатын тұқымларын.
Нәпсінің және парыз бар хүкімі,
Айтылған парыз деп тұсылдарын.

Ізгілерге бұйырмақ арамдықтан,
[Керек қой] қолды тыю жамандықтан.
Тыя алмасаң көңіліңнен, ұнатпағыл:
" Құдая, сақтай гөр,- деп,- жаманлықтан!"

Парыз дүр және қылмақ халал кәсіп,
Ғылым - парыз: сен оқы, болса несіп.
Бұл екеуі баршадан артық деп біл,
Сұраумен, сұранудан жүргің қашып.

Осымен қырық парыз болар тамам,
Ораза, Мекке парыз ирөр болма алаң.
Еркек болсын, ұрғашы, - баршамызға,
Бала емес, жынды емес, ақылды адам.

ЖИЫРМА ЕКІНШІ БАП

БІР ЖАРАТҚАН АЛЛАНЫҢ — СЕГІЗ СИПАТ[ЫН] БІРЛАН ТАНЫМ
Бір Алла — серігі жоқ, жалғыз өзі,
Оның жоқ ата-ана, ұғлы-қызы.
Тумайды, өзі ешкімнен туылмады,

Осылай "Қул һуа Алла"[244] - Құран сөзі
Ол Алла жасим [245] жауһар - ғариз [246] емес,
Боларға басқа-басқа бөлектенбес.
Алланы еш нәрсеге сатуға

Еш нәрсе оған ұқсап, жөні келмес!
Дүниеде еш нәрсе жоқ теңдес оған,
Өзінің зақымынан қаиум [247] тұрған.
Болмайды мысал қылып еш нәрсеге

Меңземес еш нәрсеге жатқан, тұрған.
Өзі жалғыз,мұқтажсыз, мұңсыз Құдай,
Барша мұқтаж өзіне болған оңай.
Сипаты: ғызы емес, ғари да емес.

Өзінің ретіменен болған солай.
Тіріклік бір сипаты - құдіретінің:
Өзінің не тілесе, құдіретімен.
Сіздердей тіріклігі жанмен емес,

Бөлек түр тіріклігі өз затының.
Ғылым түр - бір сипаты, білмен анық
Құдайға ешбір нәрсе емес танық.
Тықырын құмырсқаның тасқа басқан,

Біледі құдіретімен соны танып.
Құдірет - бір сипаты - күші жетер,
Нәрсенің қылам деген , бәрін етер.
Сипаты, заты бірлан, қайым ирөр,

Нәрсе жоқ оның күші келмей кетер.
Жасар дүр бір сипаты - көрмегі хақ,
Көрмегі көзбен емес, сен бұған бақ.
Өзінің көрмеклігі құдіретімен,

Көмескі, жазымы жоқ - көрмегі нақ.
Самиғ [248] дүр - бір сипаты — есітеді,
Әрқашан естуменен іс етеді.
Құпия сөз естілместей сыбырлаған,

Ол құдірет құлағына тез жетеді.
Ради [249] — бір сипаты ол Алланың,
Өзінің тілегені болады оның (аның).
Бір тал шөп қимылдамас ретсіз (радасыз),

Кеудеңде, сен ұғарсың, болса жаның.
Әр істі қылам десе, қылады ол,
Талмайды ешбір шаршап, құдіреті мол.
Бір тікен бір жеріңе қадалғаны,

Құдайдан ретсіз (радасыз) болмайды сол.
Тоулидин [250] дүр - бір сипаты - жаратпағы,
Жан беріп, мақұлықатын қаратпағы.
Бәріне ол жанлардың ырзық беріп,

Әркімді оз мүлкіне қаратпағы.
Мақұлықта ырзық оның атын.
Алланың ешкім біліп жетпес затын.
Әркімнің несібесі өз алдына

Жаратқан осылай қылып мақұлықатын.
Сипаты сегіз болған: бірі - қалам,
Сөйлейді құдіретімен Алла тағалам.
Сөйлеуі біздей тілмен, жақпен емес.

Тіл, жаққа мұқтаж емес секілді адам.
Сөзінде әріп (хариб) пенен дауыс жоқ-ты,
"Жалған",- деп, Хақтың сөзін айтпа тіпті.
Уа каллама Аллаһу Мұса![251] - деп,

Мұсаға Тор тауында сөйлесіпті.
Сипаты азалы ( аз әлі) дүр тұрған қаиум,
Өзінің затыменен болған дайым.
Дәлелім бұған - "Далил Құл-һуа-Алла",

Білерсің хат оқыған болсаң молда.
...Екі сабиа (сылбия) сипаты — білгіл мұны,
Ғайыбы шарикни нақ саннан пак дүр Алла.
Бар Құдай көкте де емес, жерде де емес.

Мекенін бір Алланың ешкім білмес.
Иаусыма (иа осы ма) аусы - төрт жақтан - пак
Мүминнің Алла деген көңілінде емес.

ЖИЫРМА ҮШІНШІ БАП

ДАҚАЙЫҚ АЛ-АХБАРДАН - АДАМНЫҢ СУРЕТІ

Иа, Раббы, тіл-жағыма бергіл жәрдем (жардам),
Қылмағыл біз кәріпті (ғарыпты) ғасылардан.
Сөйлейін естігенге ғибрат үшін.
Болатын өлген шақта әрбір халдан.

Жігітлер, ықыласпен мұны есіт,
Халіміз өлер шақта болар нешік?!
Азырақ сол халдардан (халлардан) баян қылсам,
Тәубеге келер ме екен денем шошып?!

Бір есімі пайғамбарым - Ахмад [252] (деді) [аты],

- Жаратқан құрмет үшін барша жанды.

Ахмад есімі, сипатлы намаз қыл!- деп,
Бұйырған құлдарына сол тағаты.
Тек тұрмақ қиялдағы мысал алып,
Рукуғыныңша секілді пенде кәріп (ғарып):

Сәждедегі жатпағың - мысалы мим,
Домалақ бас-аяғың, қылсаң байып.
Отырысқа "дәл" секілді отырмағың,
Намаз қылсаң, ғазаптан құтылғаның.

Өлмей тұрып Құданың әмірін тұт,
Қонақ дүр —дүниедегі бүл тұрғаның.
Бір есімі - Мұхаммед дүр пайғамбарым,
Құрметі үшін жарата барша жанын.

Мухаммед есімді суреті жаратылған,
Фаһим [253] тып қарасаңыз барша тәнің.
"Мим" секілді домалақ бас формың,
"Хой" секілді иілген екі қолың.

Құрсағың іші тесік - екінші"мим".
Аяғың "дәл" —ше қайқы, мұны көрің (көргін).
Жаралдың пайғамбардың құрметінде,
Тамұқтың пенде жанбас сол отына.

Ғазап қылмақ тілесе ғасы құлға,
Доңыздың айналдырар суретіне.
Әркім сол өз қылғанын өзі табар,
Пендеге залым қылмас паруардігер.

ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ БАП

ПЕНДЕЛЕР ЖАРАЛЫП, ЖАН БЕРГЕНІ

Дүниеге келмек болса пенде кәріп (ғарып),
Тілесе жаратпаққа Жаббар халиқ,
Адамның арқасынан мәни [254] суы
Ананың құрсағына түссе барып.

Кіл бір періште жүрер оған,
Дүниеге келетұғын болса адам.
Жерінен сонда апарып жататұғын.
Топырақ қосып жаратар татпа бірлан.

Жерінен өлетұғын топырақ алып,
Пенденің кіндігінен кірген Мәлік.
Періште натпа бірла(н) топырақты
Ауыстырар құрсағында тәрбиелеп.

Жан салса, ол балаға Құдауанда,
Ағзасы[255] кәміл[256] болғаш тоқтар пенде.
Дүниеде неше медет жүріп-жүріп,
Сол жерге барып жатар ақырында.

Әрқашан алмақ болса құлдың жанын,
Ғазірейіл ол пендеге келер жақын.
"Жанын сол аламын!"- деп, келген шақта
Жан айтар Ғазірейілге сонда тағың:

- Емес сен,танымаймын, Ғазірейіл!

"Алғыл!"- деп, әмір қылса саған Жалил.
Ғаламат хақтан алған белгің бар ма,
Сенуге маған керек сенен дәлил!
Ғазірейіл айтар екен сонда оған:

- Жаралған сенің атаң хазірет Адам.

Іздесе сізден белгі Жаннат барғыл,
"Рахман"[257] есімім жазылған бар дүр алмам!
Ғазірейіл сол уақытта Жаннат еніп,
Алманы көргізеді алып келіп.

Пендеге сол алманы иіскетсе,
Жаны сол кетеді екен сонда еріп(іріп).
Көрсетсе сізге біреу қияпатты,
Әуелі сәлемнама жазар хатты.

"Қонаққа рақым ет!"- деп, сізге айтар,
Алланың сол алмасы қан сипатты.
Шақырар қызметкерін:
"Мұнда келші!

Бар-дағы пәленшеге хатты берші!"
Ізгі пенде жанларын Алла алар,
Ғазірейіл - хат ап келген бізге елші.
Өлімге даярланса пенде ғазиз,

Ғазірейіл бұйрық бірлан оған барұр.
Жанын сол кеудесіне алып келсе,
"Тоқта!"- деп, сонда Алла қылғай әмір!
Жаны бұл бұғазына келсе жақын,

Құдайым рақым қылар оған тағын:

- Пендемнің жанын енді өзім алам,

Топырағын алып келгін!- депті,- Хақтың.

- Келмейді енді алуға сенің шамаң,

Тәніне жанын оның өзім салғам.
Қалайша салғанымды білесің бе,
Мүлкімді салған жерден өзім алам!
Сүйікті, жанын алар, пендесінің,

Жаныңыз қонақ ерүр пендесінің.
Періште сол Ғазірейіл келген шақта
Халдары нешік болар біз ғасының.
Айырылса сол күндерде тән бірлан жан,

Шығарғыл рақым ойлап, шатлық бірлан.
Ғазірейіл алма әкелгей ақтан,
Бізді ғып ізгі құлдар жұмыласынан.

ЖИЫРМА БЕСІНШІ БАП

ҒАЗІРЕЙІЛ ПЕРІШТЕ ЖАН АЛҒАЛЫ КЕЛГЕНДЕ, ЖАННЫҢ АЙТҚАНЫ
Әрқашан пендесіне жетсе ажал,
"Барғыл!"- деп, Ғазірейілге қылған(й) хабар.
Құдайға ол сүйіклі пенде болса,

Ғазірейіл жұмсақтықпен оған барар.
Ғазірейіл сонда кеп:

- Ая, пенде!

"Жаныңды алғыл!"- дейді Құдауанда.
[Жа]ныңды қай жеріңнен тапсырасың?!
Құданың бұйрығымен келдім мұнда!
(Жан) айтар сол арада:

- Ай, Ғазазіл,

Жанымды қай жерімнен аласың?!- дер.
Калима айт, қайтарымның уақыты жетті,
Жаныңды мен ағзаңнан алармын! - дер.
Сөйлейді Ғазазілге ағза(ағыз) сонда:

- Құданы зікір қылдым күндіз-түнде.

Құран оқып бір өзін (ұзын), жад қыламын,
Жол бермен, "жан алам!"- деп, келме мұнда!
Мұнан соң Ғазірейіл кетер қайтып,
Құдайға барып сөйлер ғарыз айтып:

- Сүйікті пендең маған бой сұнбайды,

Аламын оның жанын енді қайтіп?!
Алла айтар:

- Жол бермесе, ағза саған,

"Қолыңнан аламын! "- деп, айтқыл оған!
Егерде қол саған жол бермесе,
Басқа ағзаларына барып қараң!
Ғазірейіл қайтып келіп ізгі құлға:

- Жаныңды бер,- деп айтар,- енді қолға!

Қол айтар:

- Садақаны көп бергенмін,

Малымды сарп қылғанмын жақсы жолға!

- Сипадым және тағы жетім жүзін,

Кәпірдің, дін жолында, мойнын үздім.
Кітапты ертенді-кеш көп жазғанмын,
Жол бермен. "Жан алам!"- деп, баспа өзің.
Мұнан соң келеді екен екі аяққа,

Жігітлер, тағат қылғыл жалғыз Хаққа!
Аяқ айтар:

- Жол бермен саған! - дейді.

- Намаз үшін көп барғам мешіт жаққа!

Барғанмын ғылым іздеп және ғылым!
Меккеге тауап үшін тағы бардым.
Ғазірейіл, менен қайтіп жан аласың,
Сұрадым ертелі-кеш ауру халін.

Сонан соң келеді екен екі көзге,
Тағат қылсақ, ғазап жоқ өзімізге.

- Құран оқып, ғылымның жүзін көрдім.

Мен-дағы бермеспін - деген - сізге!
Мұнан соң:"Жан алам!"- деп, барған құлақ,
Сайраған жадын айтып тіл менен жақ:

- Зікір мен естігенмін Құран сөзін,

Мен-дағы жол бермеспін, жүр, - деп, - жырақ!
Бар ағза осынын айтып, бермейді жан.
Ғазірейіл сол арада болар қайран.
Періште жан алмай тұрған шақта,

Құданың даргаһынан келер пәрмен:

- Ғазірейіл, қолыңа жаз "Бисмилланы",

Қасына барған шақта көрсет, әні!
Жазылған"Бисмилланың" құрметі үшін,
Есендік( асанлык) бірлан шығар оның жаны!
Осындай әмір қылғалы Құдауанда,

Ғазірейіл жазып алып барған онда(анда).
Апарып "Бисмилланы" көргізгенде,
Сол жанын тәсілім қылған(й) ғазиз [258] пенде.
Ғазірейіл жанын алар:"Бисмилламен",

Бұл сөзді пенде болсаң, қош тыңда сен.
Көп айтсаң, "Бисмилланы" бұл уақытта,
Иншалла, қандай ғазап көрмессің сен

ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ БАП

ЖАН ШЫҒАРЫНДА ТӘНМЕН ҚОШТАСҚАНЫ

Әрқашан жақындаса құлға ажал,
Жандарын келіп тартса періштелер.
Жаны сол кеудесіне келген шақта
Алладан: "Тоқтатқыл!"- деп, келген хабар.

Тұра тұр, кешіктіріп, бірер сағат,
Дем алып, есін жиып, көрсін рақат.
Қатындары, баласы,көршілері
Келіп сол, кешу алсын бар жамағат!

Жаны сол келер болса бұғазына,
"Тоқтат!,- деп,- бірер сағат!" - қылғай нада!
Ағзасы бір-біріне амандассын:
"Уақыт жоқ бүл тұратын енді мұнда!"

Тіл мен жақ арыздасар екі көзбен,
Қол-аяқ амандасар екі тіземен:

- Қиямет ғарасатта [259] табысайық,

Тіріклік дәурен кетті енді бізден!
Баспен амандасар екі құлақ:

- Дүние екен: баяны жоқ, түбі шолақ.

Алланың бізге болсын рахматы,
Көре алмай бір-біріміз кеттік жырақ!
Сол уақыт шығар болса жаның тәннен,
Қол, аяқ қозғалмайды, кетер дәрмен.

Көз кермес, құлақ естімес, тіл сөйлемес,
Жалғыз-ақ айырмасын сені иманнан!
Иманды үйренбесе тілің дайым,
Көңілің кетсе, Алланы танымайын.

Бола ма саған жолдас қатын, бала,
Қабірде нешік болар сенің жайың.
Ата-ана көрмейді екен, сені перзент,
Қылмаса саған өзі Алла рақмет!

Қамалдың өлік болған сен қайғыға,
Бола ма бұдан үлкен саған қасірет?!
Ағзамыз дағуаласар ақыр демде:

- Айырма иманымнан, Құдауанда!

Бұл халді ғапілдікпен ойламаймыз,
Аһ ұрар басқа келсе, әрбір пенде.

ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ БАП

ШАЙТАН(НЫҢ) ӨЛЕР ХАЛДЕ(ГІ) ПЕНДЕНІ АҢДЫҒАНЫ

Хабарды айтты бізге имам Ағзам:
"Сақта, - деп, көп айтыңыз,- Құдауандам!"
Пендені өлер халде тұрар екен:
"Иманын аламын!" - деп, Лағын шайтан.

Тақалса жан тәсілімге пенде пақыр,
Бек шөлдеп жүректен кетті ақыл.
Сол уақытта иманнан үміт етіп,
Қасына келеді екен шайтан жақын.

"Таптым, - деп, жетіп келер,- сатан парсат (парасат),
Дүниеде азғырып ем неше қабат".
Адамның келеді екен бас жағына
Қолына бір шишамен сулар ұстап.

Шишасын қолындағы қозғалтады,
Ол пенде суға мұқтаж боп жатады.
"Пәленше, су керек пе, ішесіз бе?" - деп,
шайтан ол пендеге сөз қатады.

Ол кәріп (ғаріп) жатады екен қатты шөлдеп,
Кезеріп еріндері, мұрны терлеп.
Ол пенде кім екенін танымайды,
Шайтаннан сұрайды екен." Суың бер!" - деп.

- Айта ғой: "Құдай жоқ!"- деп, су берейін,

Құтқарып бұл мұқтаждан жіберейін!
"Болмаса:- "Ғайса - Құдай баласың де,-
Соңыңнан сенің айтқан мен ерейін!"
Бұл сөзді ізге пенде көрмес қабыл,

Бастан шығып, аяққа тағы барар.

- Айта ғой: "Пайғамбарды жалғаншы!" - деп,

Шөлдесең, су берейін, тілімді алғыл!
Тыңдамас ізгі пенде оның сөзін,
Жақтырмай, теріс қарап, кетер жүзін.
Шайтанның алдағанын сонда біліп,

Иманын айтып жатар, жұмып көзін.
Ібіліс сол арада болар нәумез,
Шайтанның уасуасы [260] әсер етпес.
Құдая, әр пендеге таупық беріп,

Шайтанның тұзағынан сақта әр кез!
Иманы саһил [261] болса әр пенденің,
Айтқызар барлық сөзді шайтан лағын.
"Алғияр балла",- бұл дүниеден,

Көрдің бе кәпір қылып қайтпайын.
Сұрапты бір кісі кеп имамлардан,
Бұл сөзге жауап берген имам Ағзам:

- Қайу күнәһи себепті алдар екен,

Иманын ол пенденің түріп шайтан.
Иманның кетпегінде үш себеп бар,
Білмейді ғапілдікпен сол пенделер.
Иман аһлына [262] болғанға қылса шүкір,

Және де әлімді керек қылмас олар (алар).
Үшінші - қорықпаса кісі ақысынан,
Иманын ол пенденің шайтан алар.
Құдайдан иманыңды жүргіл сұрап:

"Кісінің ақысынан қыл,- деп,- жырақ!"
Дүниеге ғапілдікпен алдан батыл,
Пендесің: астың - тар қабір, халің харап [263].

ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ БАП

ФЫҚИЯ МАНСҰРДАН РАУАЯТ

Хабарды айтты бізге Фықия Мансұр:

- Өлімге жақындаса, пенде махрұр.

Дүниеден өтер пенде уақытында,
Халдері ол марқұмның беске бөлінер.
Қолында Ғазірейілдің кетер рух,
Тәніңді асар екен қабірде күрт.

Қалады бар сүйегің топырақта,
Көреді сондай күнді пенде мұңдық.
Осындай болады екен өлікте хал,
Артында мирастарға қалады мал.

Дүниеден ғапілдікпен өтемісің,
Барғанда борыш ісі алар ағымал [264].
Көнесің, хақтың әмірі жаныңды алса,
Етінді құрт асасын пәни нәрсе.

Бар қылса жоқтан сені, қиын емес,
Топырақта сол таралып сүйек қалса.
Арман жоқ: қатын-бала алсын малды,
Бір қатын құран оқып ашыр жаны.

Дүниеде ғапілдікпен өтемесе,
Күнәйың борыш алсын ағымалды.
Үміт қып иманыңнан келсе шайтан,
"Орын жоқ бұл малғұнға не?" - деп айтам.

Әлгінің бесеуіне көніп едің,
Күнәйың бұған қайтіп бізді қайдан?!
Көндірме ол Лағынға, патша Құдай,
Бердірме иманымды оған оңай!

Алтының бірін бізге һиба қылғыл,
Бұл жұмыс Құдіретке лайық па-ай?!
Жіберме, иншалла, шайтаныңды,
Несіп ет иманымды қайтарымды.

Шайтанның бүл жұмысы - бізге зорлық,
Жалынып саған айтам айтарымды!

ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ БАП

ӘБУ ЗӘКӘРИЯНЫҢ РАУАЯТЫ

Бір заһит [265] өткен Әбу Зәкәрия,
Кімді алдап өткізбейді осы дүние?!
Жастыққа бір күн ауырып басын қойды,
Өлімге табылар ма ешбір хайла?!

Қасында коп жиылған мүридлері [266],
Өлімге жақынлағаш оның (аның) халі.
Калима - "Шаһадатты",- айтты бөрі:

- Айтқыл!- деп, ол Заһитке баршалары.

Айтпады теріс қарап ұшал (асыл) Заһит,
Достары жалынса да қасына кеп.
Қорықты сонда тұрып баршалары:

- Заһиттің халі нешік, иа, Раббы?! - деп.

Бір заман Заһит сонда көзін ашты,
Достары қасына кеп жауаптасты:

- Иа, тақсыр, не себептен айтпадыңыз?!

Біз сізге: "Айтқыл,- дедік Шаһадатты!"
Кеттіңіз екі айтқанда теріс қарап,
"Айтпан!" - деп, үшіншіде бердің жауап.
"Әулие жұртқа басшы, шапағатшы

Болды ма,- деп қорықтық,- халі харап(кәріп).
Заһит айтты:

- Қасыма келді шайтан,

Қолында шишаменен су ұстаған:

- Ай, заһит, су керек пе, ішесіз бе?

Мен айттым:

- Ішемін, су бер - деп,- маған!

- Берейін керек су, мойныңды бұр!

Исаны ол Құдайдың ұғлы деп біл!
Есітіп бұ сөзін жактырмадым,
Айналып теріс қарап кеткенім сол!
Тағы да аяғыма келіп тұрды:

- Су іш! - деп, маған қарап ұсындырды.

- Ішейін, не айтасың? - дедім оған,

Сөздерін: "Құдай жоқ!"- деп, ұғындырды.
Мен айттым:

- Көп сөйлемей, кет,- деп, кейін!

Қарыссын, малғұн шайтан, тіл мен жағың!
"Сөзіңді мен айтпаймын!" - дегеннен соң,
Сіздер (сізлер) қорықтың сол жерде мағам тағын.
Айтпадым сол арада шайтан сөзін,

Ұрысып малғұнменен жатқан кезім.

- Тілімді алмайсың! - деп, менен қашып,

Сындырды бөтелкесін, ұрып өзін.
Жібердім, ұрсып, сөгіп шайтан итті
Болмаса, неге айтпайын Шаһадатты?!
"Лә иләһа, илла Алла, Мухаммед расул Алла!"- деп,

Сол жанын Заһит хаққа тәсілім етті.
Жігіттер (жігітлер), ғибрат алып тыңда (тыңла) мұны,
Қалайша айналдырған әулиені?!
Заһитке қарағанда, біздер кімбіз,

Жалғыз-ақ ұмытпалық бір Алланы!

ОТЫЗЫНШЫ БАП

ЖАН ТӘСІЛІМ БОЛҒАНДА, КӨКТЕН ҮШ МӘРТЕБЕ ДАУЫС БОЛҒАЙ
Пенденің шықса егер тәннен жаны,
Есітер көк тарапынан үш наданы.

- Дүниені не себептен қалдырдыңыз,

Яки сол қалдырды ма дүние сені?
Болдыңдар қайысыңнан қайсың көп,
Қайсыңды қайсың кеттің бүктеме ғып?!
Дүние мен екеуіңнің қайсың өлдің?!

Дүние кеткен жоқ па сені өлтіріп?!
Әрқашан ол пендені алса суға,
Періште үш мәртебе қылғай қауға!

- Дүниеде бір кісідей көшелі едің,

Не ғып сен түсіп қалдың жұлмалауға?
Бұл күнде қайда сенің күш-көмегің?
Бөгеліп не себепті сөйлемедің?
Жатырсың бұл қорлыққа не ғып шыдап,

Сұраймын не себепті сен қорықтың?
Кебінге салса сені сол уақытта,
Періште айтып тұрар бастарында:

- Үйіңнен енді шықсаң, еш қайтпайсың,

Азықсыз кетіп қалдың ұзақ жаққа.
Кіресің қараңғы үйге мұнан шығып,
Ол үйдің, ғасы болсаң, қатері көп.
Табытқа сол апарып салған шақта,

Періште үш мәртебе тағы айтар кеп:

- Тілеп тәубе қылсаң күнәлардан(күнәһлардан),

Алланың әмірін тұтпай болсаң надан...
Алланың жолдас қылсаң ирадасын [267],
Көрерсіз алдыңызда(н) жарылқасын!
Алланың ғалиб [268] келсең ашуына,

Көрерсіз күнәңыздың нәтижесін.
Сол жерде оқыр болса жаназасын,
Періште тағы айтар үш надасын.
Көп сұрап ізгі болсаң, болар саған,

Тартарсыз күнәңыздың сол жазасын.
Әр не қылсаң, қыларсың өз басыңа,
Қабірдің алып келсе жағасына.
Періште үш мәртебе айтар екен

Адамның опат болған баласына:

- Бұл орын, сіз білсеңіз, қараңғы орын.

Қылып па ең мұның үшін амал (ғамал) бұрын?
Байлықтан келіп түстің мұқтаждыққа,
Қараңғы бұл орынға бар ма нұрың?!
Пендені салса егер тар лақатқа,

Періште нада қылар сол уақытта:

- Жүруші ең дүниеде күліп-ойнап,

Жылап сен келіп тұрсың қасіретке!
Жер айтар:

- Жүруші едің бек сүйініп,

Қарныма келіп тұрсың бек күйініп!
Жүруші ең тіршілікте шешен болып,
Қарныма келіп тұрсың тілсіз болып!
Иа, пендем, не себепті (себеплі) жалғыз қалдың?

Золыма (залама) тастап кетті көміп халқың.
Бір Алла сол уақытта қылған рақым,
"Қалдым,- деп,- енді жалғыз!"- болма ғамкін.
...Аллаға тәпсірде —кітап айтып кетті:

Көмгенде сені келіп барша халқың.
Тапсырдым пайғамбардың милләтына,
Уәсәл бол енді пендем рахматыма.
Мен болдым атаңыздан шапағатлы,

Жарылқадым пайғамбарым құрметінде.
Тапсырған пайғамбардың аманатын,
Тидірумен енді саған мен - апатым!
Қиянат қылмақ затыма лайық емес,

Құранда "Хафиз[269] ирор"- менің атым.

ОТЫЗ БІРІНШІ БАП

КҮНІНДЕ БАРЫП ЖАТАТЫН ЖЕРІМІЗ БЕС МӘРТЕБЕ ДАУЫС БЕРГЕЙ
Қышқырар жаннаттағы саған қабір,
Күнінде бес мәртебе —осыны біл:

- Үйіңмін: жалғыз келіп жататұғын,

Оқып Құранменен сен нұрландыр!
Үйіңмен: болатұғын қараңғылық,
Намазды көп оқысаң, болам жарық
Үйіңмен: төсегіңіз тас - топырақ,

Істесең (естісең) душар болар ағымал Салих[270].
Үйіңмін: толып жатқан жылан, шаян,
Көп айтқыл: "Бисмилла, ғали Аллам".
Хақтан қорқып, ағызсаң көзіңнен жас,

Иншалла, ешқайсысынан келмес зиян!
Үйіңмін: сұраушың - мен, көп беріңіз,
Айтқыл зікір, тасбиқ және таһлил[271].
Бойың тарт жаман сөзден ғапіл адам,

Ғайбат, өсек себепті ғазап қабір!
Құдая, қабірімді қылғыл жарық,
Пендемін: ғасы болған - мен бір кәріп (ғаріп).
Бұл күнде жақсы ғамал біздерде жоқ,

Ғасылықпен шайтан Лағын болған талиб.

ОТЫЗ ЕКІНШІ БАП

ӨЛІМ ХАЛІНЕН ҒАЙША АНАМЫЗ ИЛАН ПАЙҒАМБАРДЫҢ БАҚАС (БАХИС) ҚЫЛҒАНЫ
Сөйлейін бір рауаят Ғайшадан,
Сөзіме, сауап табар, құлақ салған.
Сол сұрап, насихатты білмек үшін,

Таласып бахс [272] қылған пайғамбармен.
Ғайша отыр екен тағат қылып,
Келіпті тақсыр Расул тыстан кіріп.
Әрқашан пайғамбарым келген шақта,

Орнынан тұрады екен құрмет қылып.
Пайғамбар Ғайшаға:

- Отыр!- дейді,

Тізеңе жастық салшы, ұйқым келді.
Жастыққа басын салып тақсыр Расул,
Сол жатып шалқасынан ұйықтайды енді.
Пайғамбар шалқасынан қалды ұйықтап,

Сол басын Ғайшаның тізіне (тізесіне) сап.
Ғайша сақалыңа көзі түсіп,
Түклерін сол ағарған көрді санап.
Он тоғыз ағарыпты сақалдары,

Ғайша мұны көріп, қылды зары:
"Пайғамбар өтер болса дүниеден,
Үмбеті нешік болар енді халі?!"
Отырды үмбет үшін көп қамығып:

"Қалмай ма Расул кетсе, үмбет зар ғып?"
Мүбарак[273] көзден акқан тамшылары,
Жүзіне пайғамбардың кетті (тиіп) тамып.
Расулді көздің жасы сол оятты,

Пайғамбар көзін ашып Ғайшаға айтты:

- Көрдіңіз осы жерде не оқиға,

Сұраймын, сырыңды айтшы, кім жылатты?!
Ғайша айтты:

- Алланың пайғамбары,

Өлімнің хабары - түк ағармағы.
"Сіз өтсең(із), пайғамбарсыз үмбет қалып,
Нешік болар халі?!" - деп, қылдым зары.
Пайғамбар Ғайшаға жауап сөйлер:

- Жандарын үмбетімнің тәңірім алар!

Пайғамбарсыз қалу мұқтаж емес,
Мұнан да қатты қайғы халдер көрер.
Сұрайды:

- Қаю хал?- деп, пайғамбардан,

- Сұрамақ сізден сүннет, қыл,- деп, баян!

Айтыпты:

- Өзің айт,- деп, пайғамбарым,

Үмбетке болатұғын қатты халдан!
Ғайша айтты:

- Үйден алып шығарғанда,

Шуылдап қатын, бала ah ұрғанда,
Өлікке мұнан ауыр хал болмас?! - деп,
Айтыпты пайғамбарға Ғайша сонда.

- Мәйіттің осы халі тіптен қиын,

Мал-мүлкін, қатын-бала, тастап үйін.
Иттеніп жиған дүние артта қалар,
Біреуге қияр ма еді жалғыз тиын?!
Мәйітке бұ да үлкен ғаламат-ты!

Пайғамбар Ғайшаға тағы да айтты:

- Бұл кінәң болса маған тағы сөйле,

Мәйітке басқа хал бар мұнан қатты.
Айтады тағы бір соз сонда Ғайша:

- Ол хал қатты хал ғой бибің Айша.

Өлікті тар қабірге жалғыз тастап,
Ағайын, жан достары үйге кайтса!
Мәйіттің жалғыз өзі қалар көрде,
Ешкім жоқ жауаптасып (жауапласып) сөйлесуге.

Амалы (ғамалы) ол сорлының бар ма, жоқ па,
Ап кетті ол бейшара нені бірге?!
Сөйледі Ғайшаға ол пайғамбар:

- Өлікке бұл хал болмас тәуір!

Мұнан басқа айтарың бар ма сенің?
Халдер бар сен білмейтін мұнан да ауыр.
Ғайша айтты:

- Өзің айтшы, пайғамбарым!

Білгенім кадари [274] хал осы менің(мәнім).
"Мәйітке мұнан қатты хал бар!"- дейсіз,
Келе ме таласуға сізбен халім?!
Ғайшаға айтты сонда

Хақ пайғамбар:

- Дүниеден кайтушы дүр келген жандар.

Мінеки, мұнан ауыр жұмыс болмас

- Ғасылар:

Жуамын!- деп, кірген халдар (халлар),
Ғасылар:

- Жуамын! - деп, жақын барса,

Көйлегін үстіндегі жыртып алса.
Жаны шошып, фариад[275] қылады екен,
Тақтайға жалаңаштап тәнін салса!
Есітер періште мақұлық бүл надасын,

Туған соң не көрмейді ғариб басың?!
Адам бірін ғапіл боп, істемейді,
Құдайым рақым қылсын әр пендесін!

- Ғасылар мен ғарибке кылғыл рақым!

Кейітпей, көйлегімді жыртқыл ақырын!
Зәрінен (зарынан) ғазірейіл тәнім мақұрым,
Мен қатты қиын көрдім, жан ашығын!
Су құйса, айтады екен тағы тұрып:

- Иа, Ғасыл, суынды құйма маған суық!

Суыңыз қатты ыстық боп жүрмесін,
Жанымның суынан тәнім мажрух [276]
Баға сал тағы мені, жума қатты!
Тірлікте емес пе еді жаным тәтті?!

Тәнімнің осы күні бәрі зағип,
Сіздер де боласыз ғой мен сипатты!
Таты да айтады екен болса жуып (жүуап),
Кебінге салар болса жіпсіз буып,

Иа, Ғасыл, бас жағымды байламақшы,
Балам мен қатындарым көрсін келіп.
Көрейін мен де оларды:мұнда келсін.
Ақырғы көруім ғой, енді білсін.

Қияметте көрмесем, қайда көрем,
Сол менен ғибрат алып, көңілі суысын!
Әрқашан үйден және шықса алып,
Қауымға айтады екен сонда налып:

- Қатын-бала, жұртыма арыздасып,

Асықтырма, кетейін амандасып.
Айтайын, жамағаттар (жамататлар), сөзім тыңда!
Иесіз қатын-бала қалды мұнда!
Жетім бала, жесірді жылатпаңыз,

Айырды баршасынан мені Құда.
Апарып салар болса сол табытқа,
Жиылған айтар екен көп халыққа:

- Дүниеге алданушы болмаңыздар,

"Мені" айырып бара жатыр "мен" мұңлыққа.
Қатын-бала, ағайын, жамағатым,
Дұғадан тастай көрме мені, халқым!
Иттеніп түк шығармай жиған дүние,

Білмеймін: нешік болар менің артым?!
Қатын-бала, артымда, қалды малым,
Қабірде нешік болар енді халім?!
Бар күнәсі (күнәһысы) менімен бара жатыр,

Тартам ғой харам шубха [277] мен обалын!
Әрқашан оқыр болса жаназасын,
Қышқырып айтар екен сол надасын:

- Ырықсыз кетіп барам ұзақ жолға,

Бір Алла алдымыздан жарылқасын!
Сіздерді (сізларны) қайтып келіп, енді көрмен!
Алланың әміріне не дүр дәрмен!
"Жер бауыры суық",- деген сөз бар еді,

Дос-жардан қайыр-дұға өтінемін!
Қабірдің алып келсе жағасына,
Өліктің тағы қара наласына:

- Қараңғы, тар қабірге алып келіп,

Қам-қайғы тапсырылар арасына.
Ай, халқым, мені ұмытпай , қылғыл дұға!
Пендемді ғасы болған көр(күт) дүр күнә!
Әрқашан дұғаңыздан тастамаңыз,

Дұғаға мұқтаж қылды мені Құда.
Әрқашан салар болса тар лақатқа,
Қышқырып айтады екен жақын-жатқа:

- Опасыз мына жалған менен өтті,

Мен қалдым ақырында жаман атқа!
Жиған мал сізде қалды, ырысларым (өрістерім),
Өтеңіз мені аясаң, - борыштарым!
"Әрқашан дұғаңыздан тастама !"- деп,

Артына айтып кетер барлық зарын.
Аға, інің кетеді екен осыны айтып,
Көшірсін иманменен сені байытып.
"Өлі тілін тірі алмас"- деген сөз бар,

Келе ме өлген адам тірі қайтып?!
Осылай бізге айтқан пайғамбарым:

- Өліктер айтады - деп,- барлық зарын.

"Өлген өлді, тіріге мал керек",- деп,
Артында талап алар барлық малын.
Көргені: жетім-жесір бәрі зорлық,
Жұмысы қазақия, - бәрі ұрлық.

"Аға өлсе, жеңге(ге) мұра",- деген сөз бар,
Қатынын бас салып алар, қылып зорлық.
Өліктің қатыны мен малын алып,
Бір жаманға қосады дүрі салып.

Зорлығына ол қатын көнбесе егер,
Еріктен (іргеден) шығарады ұрып-соғып.
Шариғат бұйырады маһар [278] мирас,
Марқұммен болған жоқ па аз күн жолдас?!

Мұндай жұмыс қылмайды дін-мұсылман,
Жетім-жесір жылатқан қазақ оңбас!
Ұзатқан қызға тимес бізден мирас,
Боламыз "мирас"- деген молдамен қас.

Құранда Алла тағала қосқан жоқ па,
Кәпір болар, Құранға сол иланбас.
Бұйырған тағы мирас қатындарға,
Бөл сөзді тыңдайтын (тыңлайтын) кісі бар ма?!

Қатын-қызға мирасты бермек түгіл,
Күң секілді сатамыз,әні,малта.
Сол мінез мұсылманға болар теріс,
Толып жатыр қазақта жаман жұмыс.

Ұл (ұғыл) бала болғанда, қыз да бала,
Сонымыз шариғатта емес дұрыс.
Қыз алар бізден мирас ұзатылған,
Тілесе қайда барсын боп мұсылман.

"Шыққан қыз шейіттен тысқары",- деп айтылар,
Бермейді оған мирас қазақ надан.
Сол күнде казак та жоқ неке (нікам), талақ,
Халалын харам ғып жүр өзі қазақ.

Қанша тоқтай,
Қатынын бас сап жатар бара салақ.
Ісінің бәрі теріс, қазағым-ай,
Хылап сарғи тартарсың ғазабын-ай!

Мирасы неке, талақ әдет болмаған соң,
Қалып жүрміз ноғай мен сарт мазағына-ай!
Иманы бұл қазақтың имам тақлид, [279]
Шариғат ісін қылмай, қылып тахқик,[280].

Көңілімен шын ықтиқат болмаған соң,
Өлгенде иман кетер шайтанға еріп,
Өлім бар деп, еш қазақ қылмас қауіп,
Жұмысы - ұрлық, зорлық, жала жауып.

Бүл мінез басқа дінде еш болмайды,
Алды екен бұл мінезді қайдан тауып?!
Толып жатыр қазақта талай рәсім,
Ұрлық, зорлық, қалдырмас,барымтасын.

Қайдағы ел жақсысы ұры сүйер,
Тыйылып харам істен тартпас басын.
Қазақтың қалмас болды осы өнері,
Жеп қояр әлі(ұлы) жеткен бірін-бірі.

Болмаса патшамыздың ғаділдігі,
Нашарды жұлмас еді болып тірі.
Бұрыннан келе жатқан ескі заңы,
Көп шығар арасында мұсылманы.

Сөйтсе де тастамайды бар қылықты.
Бар ма, айтшы, ақыретті ойлағаны?!
Қазақтың арғы заты болған бағы,
Хауариж[281] тұрады екен Сырдан әрі.

Жиылған одан-бұдан қашқын екен,
Шаһарға естіледі бүл хабары.
Бас тартқан хауариж боп патшадан,
Көнбеген шариғатқа бәрі надан.

Ұрлық, зорлық, құл сатқан қылды кәсіп,
Кәсібі келе жатқан неше атадан.
Бұхардың кісі салды сонда ханы,
Кірмеді ынтымаққа болмас мәні.

"Ханы жоқ, уағдасыз ел екен",- деп,
"Антқор айдаңыз,- деп,- шұбырманы".
Жіберді батырларды бері қуып,
Тіл алмай қалғаннан соң көңіл суып.

Бұл күнде алты миллион қазақ болды,
Көбейген біреуінен бірі туып.
Батырлар аттанысқа барған екен,
Қалмақты олжа қылып алған екен.

Сол қыздар мұнда келіп бала тапқан,
Ана боп бөлек заттан қалған екен.
...Байлары біртін-біртін өлгенінде,
Өз мирасын үйретті, тәңірі атқан.

Байы өлсе, шашын жайып, бетін жыртар,
Дауыс қып, қара киіп, кірін тартар,
"Атқойып келіңдер! - деп, - өлігіне!"

- Үйретті бұл пиғылды жаһил мұндар.

Үйретті күйеуіне тәжімдерді,
Келінге: "Сәлем ет!"- деп, бағындырды.
Келін мен күйеуге май құйдырып,
"От ана, жарылқа!"- деп, табындырды.

Үйреткен келініне кесір кемпір,
Байы жоқ қой дейтін, жесір кемпір.
Осындай жамандыққа басшы болып,
Кетеді отқа күйіп есіл кемпір.

Бұл жұмыс мәжусиден [282] болған әдет,
Мәжуси шабады екен өлгеніне ат.
Мәз болып өлгенне(н) құтылғанға,
Қуанып ат шаптырар біздің қазақ.

Және қара қазақтың наданына,
Құлақ салмас Алланың қаламына.
Ас бермесе:"Атаусыз тастайды",- деп,
Бадыһтан қылар кейікті адамына.

Ас бергенде, қылмаса табағын тоқ,
Аяқ-табақ қиратар, көбейтер шок,
Өлігі мен тірісін қабат боқтап,
"Тойғызбаса, неге елді шақырды?!"- деп.

Еш қалмай келе жатыр осы әдет,
Болыпты бұл жұмысқа кемпір себеп.
Ат шаппақ шариғатқа дұрыс болса,
Қылмай ма бүл жұмысты ноғай мен сарт?!

Дұрыс емес шариғатқа бармаңыз бір,
Мәжуси бізге үйреткен дінсіз кәпір.
Жазасын берер Алла ол жауыздың
Ай, мумин, шариғатқа қылғыл пікір.

Қазақтың сол уақытта бәрі надан,
Құба қалмақ өтіпті талай заман,
Ол кемпірдің айтқанын ұстап қалды,
Ісі жоқ намаз бенен оразадан.

Тағы жоқ сол уақытта қожа, молда,
Салатын,әне, тыйып жақсы жолға.
Медіресе арасында сол көбейіп,
Енді азайып келеді жылдан жылға.

Мумин болсаң, істегіл шариғатты,
Біздерге парыз емес Адам салты.
Осындай бар пиғылды тастау керек,
Әр жұртқа мазақ болмай қазақ халқы.

Қуаттап алып жүрсе әркім дінін,
Жаһилдік қалар еді әрбір форым.
Қажылар партияға басшы болды,
Шошимыз қажылардың көріп түрін.

Дінін күтіп тұрмайды тәрбиелеп,
Келісімен ел бұзып, партиялап.
Беліне сәлделерін таңып алып,
Бір жағынан қалмайды сол қиялап.

Қажылар, партиядан жүргіл жырақ,
Меккеге барып келдің иман сұрап.
Баяғы қаз қалпыңа кайта түсіп,
Күнәның одан-бұдан басын құрап.

Кеттіңіз қажылықты тәуфиқ - (медет) қылып
Жойдыңыз бар сауапты біле тұрып.
Түк білмес мұжықтарға атаман боп,
Тахтына [283] химия ғылымы кеттің кіріп.

Сөзімді қажы еш етсе, қалар кектеп,
Қажы бар ма партияға жүрген шеттеп?!
Меккеңіз сізге айтып жіберді ме:
"Бар-дағы партияға қойып кет!"- деп.

Ойлаған қажы бар ма бір Құдайды?!
Өткізер партиямен күн мен айды.
Меккеге иман сұрап барып келіп,
Қажылар, бұл мінезің жарамайды.

Қажының.міне, қара шаласына,
Дін - парыз - мұсылманның баласына!
Меккеде несиең қажы бола ала ма,
Жүргенмен Маруа,Сафа арасында.

Тақсырлар тауып алды бұл мінезді,
Келісімен: "Сен кімдік?"- деп, елді бұзды.
Көрініп өз еліне жеккөрініш,
Қажылар, бұл мінезбен елді бұзды.

Надан сол: халал, харам айырбастар,
Қажылығын партияға айырбастар.
Барғанмен сол мұсылман бола ма екен,
Меккеге талай барар қызыл бастар!

Дұрыс па партияға мал боп жүру,
Мінезі осы күнде ел бүлдіру.
(Сөзіне) әркім оңай не қылғанмен,
Қиын ғой қажылықты ұстап тұру.

Қажылар, мұны қой да, дініңді күт,
Кірмейді құлағыңа айтқан үгіт.
Жүріңіз қажылықтың жолыменен,
Қой-дағы партияңды, балаңды оқыт!

Дау қудың, қажылықты қойдың-дағы,
Сауапты елге бердің, жойдың-дағы.
(Алдымен) Мекке бардың асабамен,
Құтылмай кісі ақысынан мойнындағы.

Қажылар бұл күнде жүр көп сарсанда,
Екі үйдің бірі қажы бұл қарсаңда.
Өтемей кісі ақысын құтылмайсың,
Меккеге жаяу жылап, жүз барсаң да.

Меккенің, келдің қажы, дәмін татқан,
Ақша жидың, өлімге малың сатқан.
Жолда ішкен азық үшін төбелескен,
Қажы бар әрбір елде тәңірі атқан.

Қажеке-ау, зайахорға [284] жұмақ қайда?
Бір қойды сатасың екі қойға.
"Меккеге бармақ парыз болсын!"- деген,
Қайыр, зекет бермеген халал малға.

Өсімнен жинаған мал емес халал,
Қияметте жаныңа үлкен залал.
Харам малды қалтаңа салып алып,
Меккеге тауап үшін бару обал!

Әуелі бұған ақшаң болсын таза,
Әркімнің ақысын бер, қылмай наза.
Мал, ақшаны [өсіммен] сатқан адам
Қияметте тартар дүр үлкен жаза.

Қажылар, бұл сөзімді жақсы тыңда,
"Айттың,- деп, жазушыны айыптама!
"Өсімменен мал жинаған харам"- деп,
Пайғамбар айтқан бізге хадисінде.

Қажы - парыз: күші жеткен малы барға,
Қажы - парыз: зекет берілген халал малға!
"Қажы барып, парыздан құтылам",- деп,
Өздерің кіріп кеттің қандай жайға?!

ОТЫЗ ҮШІНШІ БАП

ӘБУ ХАЛАБАДАН РАУАЯТ

Хикаят қалды Әбу Халабадан,
Сөйлеген халін білмей мен бір надан.
Күндерде бір күн жатып түс көріпті,
Түсінде хабар білді Мақабирдан [285]

Бір үлкен көрстанда сейіл қыпты,
Әр қабір құдіретімен жарылыпты.
Өліктер көрден тіріліп отырғанын,
Халаба тамаша ғып, қайран қыпты.

Қолында әр өліктің нұрдан табақ,
Отырған әрқайсысы болумен шат.
Қасына бір досының жетіп келсе,
Бейшара табағы жоқ, қылған қасірет.

Халаба ол мәйіттің сұрады халін:
Табағың нұрдан болған қайда, жаным?!
Өлік бәрі жиылып, шат болғанда,
Отырсың нұрдан мақұрым, айтшы жайың?

Ол досы жауап берді Халабаға:

- Отырмын нұрдан мақұрым мен бейшара!

Нұрдан табақ тартылған өлгендердің
Артында балалары қылған дұға!
Сол себепті табаққа ие болған,
Артында бала(лары) дұға қылған.

Садақа, құран оқыған сауаптары
Нұр болып, табағына даяр болған.
Бұл күнде еш табақ жоқ мен кәріпте (тарибта),
Менің бір ақымақ балам қалған артта.

Мен үшін қылған оның сауабы жоқ,
Сол себепті отырмын қасіретте!-
Деп айтып Халабаға төкті жасын:
Ешкімнен болмады ,- деп, жарылқасын!

Жылаған сол мәйіттің дауысыменен
Халаба төсегінен жұлды басын.
Халаба шошып турды ұйқысынан,
Басын езіп(изеп) жылайды тұрысымен.

Бар көрген, баласына, оқиғасын
Сөйлепті сол Халаба кәрісімен.
Баласы естіген соң қылды тәубе,
Бір жанын(жасын) атасы үшін қылды пида.

Бұрынғы осалдықтың бәрін тастап,
Садақа-қайыр қылды атасына.
Халаба бір күн жатып түс көріпті,
Түсінде барлық көрлер жарылыпты.

Баяғы досы сонда шат болумен,
Түсінде Халабаға жолығыпты.
Досын көрсе шат болып көрден тұрған,
Оң қолында табақ бар: бәрі - нұрдан.

Бұрынғы халдерінің ешбірі жоқ,

- Құтылған досы ғам қайғыдан.

Оқыды Халабаға қашпа рахмет:

- Мен бұрын көріп едім көп мехнат!

Құтылдым әр ғазаптан, себебіңмен,
Басымды әр қайғыдан қылдың азат.
Баламды азғын болған, жолға салдың!
Мехнатта көріп мені үйге бардың.

Дүние, ақырет мақсатын хасыл қылып,
Жаннатқа рахул (да хол) қылсын піру бардың!-

- Деп, сонда разы болған Халабаға,

Түсінде әлгі досы қылып дұға.
Әркімнен ізгі бала артта қал сын,
Кім бақи тұрар дейсің бүл дүниеде?!
Жоқтағыл өлікті дұғаменен,

Дұғаны ұнатады әркім сенен.
Құдайым қабыл қылса садақаны,
Нұрдан табақ болады тұрса көрден.

ОТЫЗ ТӨРТІНШІ БАП

ӨЛІМ ХАЛІНДЕ БОЛҒАН ПЕНДЕНІҢ ХАЛІ

Басыңа түсетұғын ақырзаман,
Дүниеде өлмей тұрып болар саған.
Тәніңнен ғазиз жаның шықпай тұрып,
Көзіңе көрсетеді Алла тағалаң!

Қиналып жан шығарға жақындаса,
Кезеріп еріндерің, көзің талса.
Қысылып, маңдайыңнан жан тер ағып,
Демалыс барған сайын қаттыланса!

Жазғушы періштелер саған қашып,
Ібіліс иманыңнан үміт қылар.
Сол шақта кәріп пенде болса халсыз,
Тастарсың мал-мүлкіңді сен амалсыз.

Иманнан басқа нәрсе керек емес,
Иманды андып сонда шайтан арсыз.
Ең алғаш басқа түскен бұл қиямет,
Аузыңа Құдай салсын,біл Шаһадат!

Бар малға қатын-бала ие болар,
Сен тартсаң бар обалын үлкен қасірет!
Болатын қияметте ақыр заман,
Ұғып ал, мен айтайын оны саған.

Дүниеде борышқор боп өліп кетсең,
Жабысар жағаңызға даугер адам.
Бүл күнде борыш иесі сұрар хақың:

- Жанында малың бар ма құтылатын?!

Бар қылған сауабыңа жармасады,
Дүниеде жаман іске болма жақын.
Теңгерген қазы болып жаратқан Хақ,
Сенде жоқ: таласарға - қимылдар шақ!

Мықтылық дүниедегі онда болмас,
Жемегіл кісі хақын, жоламай бақ!
Бар қылған жақсылығын Алла - даугер!
"Қиындық басқа түскен - осы!" — деп біл.

Болар ма бұдан үлкен саған қасірет,
Запаны саған айтар: "Тамұққа кір!"
Сол күннің, мен айтайын,сол һайбатын,
Түсірер іште(н) бала жүкті қатын.

Тұрады барша халық мас, қайран боп,
Ешкімде шама болмас: "Қылма!''- дейтін.
Келмейді сөз айтуға ешкім халі,
Болады жас жігіттер ақ сақалды.

Періште адамзатты қойша бөлер,
Жөнелер мүмин адам жұмаққа,әні!
Тамұққа айдар тағы бір парасын,
Мүнафиқ[286] ғасы болған жан баласын.

Өзінің қылмысы үшін ғазап тартып,
Көреді жаһаннамда сол жазасын!

ОТЫЗ БЕСІНШІ БАП

СҮЛЕЙМЕН ҒАЛАЙССАЛАМ МӘСЕЛЕСІ ДҮР

Бұрынғы пайғамбарлар заманында,
Дүниеден қайтар шақта мүмин пенде.
Ғазірейіл көрінумен келеді екен,
Өзіңді сондай жүріп... анда.

Бұл күнде келмес саған еш көрініп,
Құдадан жүрмегіне еш әмір жоқ.
Пайғамбар құрметі үшін көрінбейді,
"Көрінсе, шошыр,- деген,- пенде қорқып".

Ғазірейіл келді бір күн Сүлейменге,
Билеген жердің жүзін патша ханға.
Періште пайғамбармен сұхбаттасып,
Отырған мәжіліс қылып бір орында.

Қасында Сүлейменнің бір қызметкер,
Қызметінде болған екен бірнеше жыл.
Жігітке бір Алланың тағдырымен,
һайбатпен бақты оған Ғазірейіл.

Шошиды періштенің қарауынан:
"Бір айып(ғайып) тапты ма деп,- жарамаған?
Қарауы бұл кісінің тегін емес,
Қадалды не себепті сонша маған?!

Қарайды сонша маған көз айырмай,
Хақысы бүл кісінің менде бардай!"
Артынан Ғазірейілдің кеткеннен соң,
Сұрайды Сүлейменнен тағат қылмай:

- Кім еді қонағыңыз әлгі келген?!

Шошиды сол кісіден қорқып денем!
Қалтырап он екі ағзам бара жатыр,
Кісі емес өзім туып әр кез көрген!

- Білсеңіз, періште дүр, ол - қонағым,

Маған кеп жеткізуші Хақ кәләмін.
Әншейін көрмек үшін қараған да,
Қорықпа, зияны жоқ, бекер, жаным!
Сол жерде жігіт айтты:

- Ай, пайғамбар!

Қарауы ол кісінің емес тәуір.
Жақсы, жаман болсам да, сонда болам,
Жеткізгің Шынмашынға мені қазір!
Мен білсем, перішде - дүр, жан алушы,

Ойлаймын: маған таяу тағдыр ісі.
Пайғамбар, енді менен бақыл болғыл,
Құр босқа неге келсін, менде жұмысы.
Сол жігіт Сүлейменмен амандасты,

Екеуі сол арада коп жыласты.
Пайғамбар: "Кетпе!"- десе, ешбір болмай,
Қарата Шынмашынға қадам басты.
Сүлеймен әмір қылды желдеріне:

Жеткіз,- деп,- бір сағатта жерлеріне!
Топырағы бейшараның сонан шығар,
Кешікпей барып жетсін елдеріне!
Жөнелді желге мініп жігіт кәріп,

Ішінде бір сағаттың жетті барып.
Үш айшылық жол екен екі арасы,
Білсеңіз: Шынмашын мен Кудус Шаріп.
Айналып Ғазірейіл және келді,

Сүлеймен пайғамбарға сәлем берді.
Жігітке һайбат илан қарағанын,
Сүлеймен Ғазірейілден сұрайды енді:

- Жігітке сонша неге кеттің қарап?!

Бар ма ақың алатын сонан сұрап?
Еліне сенен қорқып, кайтып кетті,
Ғазірейіл, қарауында не дүр себеп?!
Ғазірейіл пайғамбарға қылған баян:

-"Жанын ал!"- деп бұйырған Қадір Маулан [287],
"Шынмашында барып ал!"- деген еді,
Қасыңнан көрдім сенің, қалдым қайран.
Қасыңнан көрген сағат қалдым кетіп,

Құдайға жалындым, арыз етіп...
Құдайым ол пендеге қылмас рақмет,
Періште айтар екен оған лағынет.
Хисабы қатты болар ол пенденің,

Тәубесіз өтіп кетсе ол адамзат.
Бір пенде бұл дүниеден болса апат,
Дауыс қып, қатын-бала қылса фариад.
Ғазірейіл есігіне жетіп келіп,

Оларға айтар екен көп лағынет!
Мен оған қылған жоқпын ешбір залым,
Әмірсіз кеміткен жоқ ғұмырын оның (аның).
Әр заман мамур [288] болған пенделерге,

Бір Алла, тағдыр илан, жазған өлім.
Бір Құдай өлім беріп, қылған қаһар,
Көнбесең тағдыр іске, кәпірсіздер.
"Куллу мин ғалайһа"[289],- деген Алла,

Өлімге сіз бен бізге уағдасы бар.
Сыйынып Расул, Ғазірейіл бір Аллаға,
Алланың тағдырына не Дур шара?!
Ғазірейіл - бір Алланың қызметкері,

Бұйрықсыз бір Құдайдан келмес және.

ОТЫЗ АЛТЫНШЫ БАП

ӘБУЛАЙЫСТАН РАУАЯТ

Бізге айтқан Әбулайыс сабырлықты,
Өлікке дауыс қылмақ, сол харам-ды.
Зарар жоқ сол ақырын жыламақта,
Сабырға сауап табар жақсы пенде!

Пайғамбар айтты бізге нахи [290] харам:
-"Дауысты жылаймын!"- деп, отырса адам,
Айтқышы, тыңдағышы,- баршасына
Алланың лағынеті болар һәман! [291]

Хұсайын өткеннен соң, бин Ғали,
Жоқтапты бір жылғаша қатын, әні!
Қабірін сол күзетіп отырғанда,
Естіпті көк тараптан бұл наданы:

- Ай, қатын, табылды ма жоғалғаның?

Тұтып ең бір жылғаша қайғы зарын!

- Тағы да көк тараптан ауаз [292]келді:

- Күнаһи дүр бұл қылғаның үйіңе кайтқың!

Расулдің бір баласы - Ибраһим,
Жылапты өлгенінде пайғамбарым.
Сахаба Ғабдурахыман Абынғауып
Сұрапты пайғамбарым жылағанын:

- Тыюшы ең, тақсыр, бізді жыламақтан,

Өзіңіз жыладыңыз не себептен?-
Сұраушы сахабаға сонда айтты:

- Мен тыйғам нухе [293]қылып жыламақтан!

Құдайға қарсылық сөз айтпай, жыла,
Болады қарсылығың өлім - күнә!
Рақымсыз қатты көңіл, о да жаман,
Аз жыласаң, өлікке сауап бу да!

Өлікке жыламақтан абзал сабыр,
Сабыр қылса, пендем сауап табар.
"Иннәмә аиубус сабирун әжрахум бахир хисаб [294],
Сансыз сауап берем!" - деп айтқан Жалил.

Сабырды айтты бізге хазірет Ғали,
Қайғыға сабыр қылса болар уәли
Үш жүз сауап тиеді, сабыр қылса,
Алты жүз сауап табар нәпсі тыйса!

Тоғыз жүз болар ақыр іс сауап табар,
Кім де кім өлігіне жыламаса!

ОТЫЗ ЖЕТІНШІ БАП

ӨЛЕР ХАЛДЕ ПЕРІШТЕЛЕР КЕЛГЕНІ

Пендесі назғы [295] халге тақалғанда,
Тағзыммен төрт періште барғай онда (анда)
Пендеге сәлем беріп бірі айтады:

- Муәккал [296] періште едім тамағыңа!

Іздеп, Мағриб, Машриққа келдім тамам,
Бір лұқма [297] таба алмадым тіпті саған!
Ойлаймын:"Ырзығыңыз бітті ғой!" - деп,
Болмаса табар едім бір кесім нан.

Періште кетеді екен осыны айтып,
Екінші бір періште келер қайтып:

- Муәккал періште едім шарабыңа,

- О дағы тұрады екен бір сөз айтып:

- Бір ішім су таппадым сатан іздеп,

Күншығыс , күнбатыстың бәрін көздеп.
Ойладым: "Ажалыңыз жеткен ғой!" - деп,

- Періште кетеді екен мұны сөйлеп.

Үшінші жетіп келер, Мәлік таяп:

- Мен жүрген періште едім демің санап.

"Дем алыс қанша бұған қалды екен?"- деп,
Таба алмай Машриқ, Магриб - келдім қарап.
Дем алыс таба алмадым сатан түгел,
Ойладым: "Жеткен екен енді ажал!"

- Төртінші бір періште келіп айтар:

- Ғұмырыңа періште едім мен муәккал!

Күншығыс, күнбатыстың кездім бәрін,
"Бар ма,- деп, - саған ғұмыр?"- араладым.
Ойладым:"Сенің ғұмырың біткен екен!"
Бір сағат саған ғұмыр таба алмадым.

Төртеуі бұл сөзді айтып кетер екен,
Болған соң пенде кәріп, не етер екен?
Қараман, Қатпан - періштелер
Ол-дағы ол пендеге жетер екен.

Пендеге жетіп келер екі мәлік,
Қолында күнә (күнәһи), сауап алған жазып.
Оң жақтың періштесі ұсынады:

- Қара!- деп, ақ қағазды келер алып.

- Қараңыз бұл жазылған қағазыңа,

Қылдыңыз көп сауапты қаншама!

- Ол пенде оны (аны) көріп, бек шаттанар:

Ораза, қажы, зекет,намазына!
Сол жақтың періштесі тағы тұрып,
Бір қара қағаз берген сол ұсынып:

- Бар қылған күнәларың осы тұрған!

- Ол пенде қатты терлер, жаман қорқып.

Қарауға ұялады күнәсынан,
Істеген қанша күнә сол жасынан.
Бар қылған күнә(сы), сауап, сол істерін
Көрсетіп кетер екен сонда оған.

Осылай сол алтауы жұмыс қылар,

- Барғыл!- деп, әмір қылған пәруардігер.

- Біз енді ісімізден босандық,- деп,

Ғазірейілге барып айтар періштелер.
Сонда келер Ғазірейіл:

- Жан алам!- деп,

Жанында періштелер сол екі тек.
Рахматтың періштесі оң жағында,
Отырар ғазаптікі сол жаққа кеп.
Ол пенде болса егер ізгілерден,

Алады оның жанын шаттық бірлан.
Рахматының періштесіне алып берген:

- Кейітпей, сақтаңыз,- деп,- зәрулерден!

Мұнан соң періштелер жанды ұшал [298]
Холла орап, жаннат сарайына алып барар.
Құдаға сәжде қылып, орнын көріп,
Өз үйіне енді қайтып бір оралар.

Үйінің ортасына алып келіп,
Періште тағзым етіп, сәлем қылып.
Кім жылап, кім күйініп отырғанын
Және сол тұрады екен соны көріп.

Осылай тұрады екен сенің жаның,
Артынан тағы еріп жаназаның.
Қабірге тәнің бірлан бірге еніп,
Сауалын беріп кетер періштенің.

Сонан соң әлгі жанды періштелер,
Ғалыми Разыққа алып барар.
Қиямет қайымғаша мекен етіп,
Рақатта сол сипатты тұрар олар (анлар).

Егер де пенде болса, тасы жаны,
Жандарын (жанларын) ғазап бірлан тартар қатты.
Бір тартып, бір жіберіп һайбат бірлан,
Көрсетіп осал (үшал) жанға мехнатты.

Жандарын жауыз құлдың қинап тартар,
Аташқа екі кісі ара тартар.
Басқа бір тұрып, аяққа бір тұрып келіп:

- Бір-бірімен алам!- деп, сонда айтар.

Өзінің әр не қылса, еркінде екен.
Қозғалмай неше жылдай тұрған бекем.
Қозғалар имансыздың сонда жаны,

- Айырылмас сулы жүннен қоһры (күр)- деген.

Мың түрлі, жанын алар, қинауменен,
Күнәға махрұр болса, жинауменен.
Осындай ғазаптарда (ғазапларда) жаны қалар,
Нәпсісін харам істен тыймауменен.

Ғазаптың періштесі иеленер,
Қолында періштенің ғазап керер.
Қашаннан болған тонға, оны орап,
Жоғары енді көкке алып жүрер.

Жолыққан өрбір нәрсе қылар лағынет,
Дүниеде жауыз болса ол адамзат.
Дүниенің сол көгіне барған шақта,
Ашылмас оған есік, қылса фариад.

- Қайтар, - деп қабіріне қылған нада,

Осылайша әмір қылған Жаббар құда.
Періште жер жүзіне алып келіп,
Тоқтатар періштенің сауалына.
Әрқашан ол пендені қойса көрге,

Періште сауал үшін кірген бірге!
Пендеден: "Лa дари"- деп жауап келген,
Періште: "Майн рәббик"- деп, келген жерде.
Пендені сонда ұрған күрзі бірлан,

Сол уақытта жұда болар тән бірлан жан.
Есітер ушал (осал) зарын барша мақұлық,
Ғапілдікпен есітпес онысы (анысы) мен жын.
Пендені сол уақытта қабір қысар,

Қабірге бір-бірімен араласар.
Мұнан соң қабір іші отқа толған,
Халдары ол пенденің болып нашар.
Қабірде орнын көрген жаһаннамнан,

Азаптар (ғазаплар) зил [299] болмас әр кез онан.
Құдая, ондай күнді көрсетпегіл,
Үміткер рахматыңнан әрбір пендең.
Лажанға [300] оның жанын алып кетер,

Түбінде жеті тозақ зар еңірер.
Ол халде жұмаққа кіру қиын,
Алдында толып жатыр талай қатер.
"Көппен көрген ұлы той", - деген жанбыз,

Көре ме ғазап, рақат пенде жалғыз?!
Бұл күнде дүние қойған кісі бар ма,
Әйтеуір рахматыңнан үміткерміз.
Қабірде періштенің сауалы хақ,

Сауапты болсаң, сайрар тіл мен жақ.
Күнәлы болсаң сонда, халің харап,
Күн бұрын құтылатын хайласын тап.
Қабірде не көрмейді бұл кәріп (таріп) бас,

Құданың әмірін тұтсаң болдың халас.
"Сауалды жан бере ме, яки дене?"

- Хақында көп имамлар қылған талас.

Бағзысы айтар: "Қабірге жанды әкеліп,
Салады денесіне алып келіп.
Бұрынғы қалыбындай отырғызып,
Періште сұрайды екен сонда тұрып".

Бағзы имам айтады:
"Сұрар жаннан,
Дүниеде өлген кәпір, мұсылманнан.
Сасық дене қабірде жатар шіріп,

Ешқайсың Қабыл, Мүңкір болып қалмаң (қалмайсың).
Бағзысы айтар:
"Жан кірер кеудесіне,
Періште қоймайды екен өнбесіне.

Бөксе жағың жатады жансыз болып,
Шамаң жоқ сен сауалды бермесіңе."
"Жан кіреді екі араға кебінменен,
Сен жатасың дәл өлген қалпыңменен.

Жан келгенін сол уақытта денең сезер,
Сөйлеген әртүрлі сөз парқыменен!"
"Жан менен жауап берер тән қысылып,
Күнәһарлар қалады сонда тосылып.

Ғазап, рақат көрсе де, сонда торар,
Дүниеде жүрген бірдей қызық көріп."
Осылай имамдардың бізге нақылы(тақылы),
Иманнан басқа пенденің жоқ жақыны.

Қай раусылы пендеден жауап алар,
Адамзаттың жетпейді бұған ғақылы.
Жігіттер, баршамызға өлмелік хақ,
Осы екен білген жанға қимылдар шақ,

"Қабір ғазап - жанға ма, тәнге ме?"- деп,
Хақында тағы имамлар қылған жауап.
Кәпірге ғазап қабір болар дауам,
Көретін мұнафиқтан бағзы адам.

"Жан көреді ғазап!"- деп, тағы айтады,
"Қабір ғазап" - көбінесе көретін тән.
Ғазапты мұнафиқтың көруі хақ,
Бұлардың құтылатын хайласын тап.

Өсек, ғайбат себепті - қабір ғазап,
Сідіктен үсті-басың қылмасаң пак.
Қабірдің көрмен десең ғазаптарын,
Мойныңа төрт нәрсені қылғыл лазым.

Таспиқ ет, құран оқы, садақа бер,
Бес уақыт қалдырмағыл намазларың.
Деп айтқан: "Ол-дым, қабір - ішік!
Жан біткен улап өлер сонан ішіп.

Шарап ішіп, есікке кірген шақта,
Халдері біз ғасының [301] болар нешік?!

ОТЫЗ СЕГІЗІНШІ БАП

ЗҰМАН ПЕРІШТЕНІҢ СҰРАУЫ

Үшбу сөз Дақайықтың (Дақайықның) хикаясы
Келеді қорқытумен сөздің басы.
Мүңкіріңізден басқа сұраушы періште бар,
Кітаптың айтса бар ғой әрадасы.

Ең әуел сұрайды екен бізді Зүман,
Ілінер қармағына дүние қуған.

- Күнәһи, сауап - дүниеде не қылдың?!- деп,

- Жазып маған көрсет!- деп, салар думан.

Қылсаңыз: құлдық,тағат бұл дүниеде,
Өлсең, иман табарсың ол дүниеде.
Пайғамбар төрт жарменен жамиғи Асхаб [302],
Бір күні отыр екен Мәдинада.

Сыйлаған Ғабдолла, Асхаб пайғамбарын:

- Ойласам ақыретті көңіл жарым.

Тақсыр, сізден сұрайтын жауабым бар,
Сіздей ғып жаратқан жоқ жанның бәрін.

- Ғабдолла Исламұғлы, сөйле!- дейді,

- Бар болса ұмытқаның ойла!- дейді.

- Менен сұрап білмегің - саған - сүннет,

Сұрамай, сен ұялып қалма! - дейді.

- Сөзім көп, сұрай берсем, пайғамбарым,

Мен қорқып тар қабірден, көңілім жарым.
Періште Мүңкір, Нәңкір жауап сұрар,
Періште сұрар ма екен онан бұрын?
Пайғамбар Ғабдоллаға жауап сөйлер:

- Халдерін (халларын) өлген жанның тәңірім білер.

Жеті адым көмген адам кеткеннен соң,
Жаныңды тәніңе апарып кайта (салар) [ енгізер].
Сол шақта көзін ашып пенде кәріп,
Зұман атлы бір періште тұрар келіп.

Зұманның өне бойы күн секілді,
Қасында ол адамның жарқ-жұрқ (етер) етіп.
Зұман айтар:

- Сен келдің мұнда не ғып?

Дүниеде жүруші едің малың бағып.
Дүние жидың, Құдайға тағат қылмай,
Қаншасын бір Құдайға келдің алып?!
Сол адам жауап таппай жаман қорқар,

Қасында еш адам жоқ, жалғыз жатар.

- Күнәһи, сауап дүниеде не іс қылдың?

Баршасын бір қағазға жаз!- деп айтар.

- Өлген соң, мұндай кәріп болдың халде,

Боларсың хат жазушы жетік молда.

- Дәуіт,сия, қағазым, қаламым жоқ,

Қайдан тауып жазайын?! - деген сонда.

- Дәуіт қылып жаз, - дейді, - көмекейді!

Сия қылып(ғып) жаз, - дейді, - сілекейді!
Кебін-кағаз, саусағың қалам болар,
Жылдамырақ жазғыл да, бергіл! - дейді.
Кебіннен берерге бір кесіп алар,

Қылған сауап ісін жазып болар.
Келгенде күнәлы еске бөгеледі,
Ұялып күнәлы ісін жазбай тұрар.
Зұман айтар:

- Ұялдың менен неге?

Құдайдан, сірә, қорықпай қылдың күнә!
Көбірек құлдық, тағат қылсаң не етті,
Дүниеде тұрмасыңды білмедің бе?!
Күнәһың көрсет маған, жылдам жазып,

Не ұрып күрзіменен қылам ғазап.
Күрзісін көрсетеді қолындағы,
Бұл оңай, мұнан ауыр бар дүр тозақ.
Сол уақытта күнәсын пенде жазар,

Жалтақтап жан-жағына қылар назар.
Руза мен намазға маңкам [303] адам
Барғанда ақыретке сонда озар.
Ұялып күнәлы ісін пенде жазар:

- Болды! - деп, Зұманға айтар хабар.

Зұман айтар:

- Муһр [304] бас,ай, адамзат,

Саңырағы күн таңбасқа белгі болар!

- Басарға енді менің мүһрім(мөрім) жоқ,

Дүниеден ақыретке келдім өліп.
Зұман айтар:

- Тырнақ бас бұл қағазға,

Тырнақ бассаң, түседі мүһр (мөр) болып.
Тырнағыш сол қағазға басар адам,
Жігіттер (жігітлер), тағат қылмай, болма надан!
Жүзік мөрден әдемі болып түсер,

Жазылып: пәлен ұғлы пәлен адам.
Мүһр (мөр) басып, жазып болар ойлап-ойлап,
Не қылған сауап ісін,- бәрін сөйлеп.
Қиямет-қайым болғанда, бірге барар,

Сол қағазын мойнына кетер байлап.
Мұнан соң келеді екен Мүңкір,Нәңкір,
Пенде болсаң, осыны қылғыл пікір.
Сұрайды Алла бірлан пайғамбарды,

Шын ерлер осыны ойлап, жабдығын жер.
Мұны ойласаң, қоясың үлкеніңді,
Білмейсің ғапілдікпен (ғапіллікпен) жүргеніңді.
Жігіттер, өлмей тұрып, қылғыл тәубе,

Осындай халдері (халлар) бар дүр өлгеніңді.
Пендеге жетіп келер бас тараптан,
Ойласаң сол күндерді, ерте сақтан!
Алдынан намаздары (намазлары) қарсы шығып:

Деп айтар:

- Келдіңіз, - деп, - не себептен?

Білсеңіз: сұраушымыз - Мүңкір, Нәңкір,
Бар Құдай: "Жауап сұра!" - деп, қылған әмір.
Намазы сонда айтар періштеге:

- Орын жоқ сен сұрауға мұнда қазір!

Мұнан соң екі Мәлік кірген көрге,
Иа, Раббым, бергіз жауап мүминлерге.
Бірі - Мүңкір, бірінің аты - Нәңкір,
Айтып тілім келмейді пәлен дерге.

Көзі көк періштенің, түсі қара,
Аузынан отты (отлы) жалын шығар және.
Ғасыдан бүл сипатпен жауап сұрар,
Пендеңді залал(зілал) қылма Хақ-тағала!

Көздері (көзлары) жасындай ( иашындай) боп жалтыраған,
Дауысы күн секілді арқыраған.
Жер тіреп екі ерінмен келген тақта,
Күнәкар (күнәһкар) жауап таппай, қалтыраған.

Өткіздің күндіз, кешін намаз оқып,
Бұйрығын шариғаттың еске тоқып.
Парызын ада қылған мойындағы,
Қабірдің сауалынан қатты қорқып.

Намазы жол бермейді сол заманда,
Намазды қаза қылма, айа, пенде!
Мұнан шығып аяққа келер екен,
Періште: Мүңкір, Нәңкір тұрып анда (онда).

Аяқ айтар:

- Коп жүрдім ғылым іздеп,

Мешітке жаяу бардым сауап көздеп.
Бес уақытта жамағаттан қалған жоқпын,
Ішінде көп отырдым зікір сөйлеп.
Жол бермес сөзді (сөзні) айтып бұл аяғы,

Оң қолға мұнан шығып, барғай тағы.
Оң жақтан садақасы қарсы тұрып,
Келтірмес періштені сол баяғы.
Көп бергіл садақаны, айа, пенде,

Өлшеп берген садақа бар дүр санда.
Аз нәрсеге сараңдық қыламын деп,
Періштеге ұятты (ұятлы) болма анда.
Жол бермес періштеге садақасы,

Хақын жеп кәріптердің (ғаріплердің), болма ғасы
Сол қолға мұнан шығып келген шақта,
Алдынан қарсы келер оразасы:

- Мен енді жол беремін, саған не деп?

Дүниеге ыстық күнде жүрдім шөлдеп.
Қабірдің ғазабы үшін руза болдым,
Қарным аш, өңім қашып, қатты жүдеп.
Көп тұтқыл оразаны болмай ғапіл,

Бұл жұмыс басыңызға келгей ақыр.
Намаз, руза (ораза) қабірде қорған екен,
Ғамалдан ғапіл жүріп, болма пақыр.
Пендесі бұл дауыспен көзін ашар,

Періште сұрай алмай тұрған нашар.

- Сіздер кім, не себептен келдіңіз? - деп,

Пенде өзі періштемен жауаптасар.

- Білсеңіз: періштеміз: Мүңкір, Нәңкір,

Бар Құдай: "Сауал ал!" - деп, қылған әмір.
Руқсат болса, аламыз сізден сауал,
Болмаса кетемізлер! - деген ақыр.

- Періште , келген болсаң, әмір бірлан,

Үмбетпін Мұхаммедке, Хаққа - пендем(пендемін).
Мазһабым имам Ағзам ізгу милләт,
Білсеңіз: Хақтан (хақ дін) ирөр, дінім - ислам.
Сол пенде: "Әшһаду Алла!"[305] - деп, берген куәлік,

Иманның жайын айтар сонда барлық.

- Осы ғой келген жұмысың, періштелер,

Бар ма ақың енді сенің менде аларлық?!
Хақтан ол уақытта нада келген:

- Сүйікті (сүйіклі), рас айтар, пендем! - деген.

Жаннаттан қабіріне есік ашылып,
Сонан соң қабіріне нұр [дендеген].
Қабірі кеңіп кетер көзі көрім,
Үстіне холла [306] киген неше форым (форма).

Астында сары атлас төсегі бар,
Жұмақтан (ұжмақтан) жатып көрген сонда орнын.
Бір жігіт оң жағынан болған пайда,
Киімі онды, түсі сондай майда.

Сөзі бар бек ләззатлы, хош иіслі,
Пенде тұрып:

- Барасыз - деген, қайда?

Келдіңіз қасымызға не себептен?
Дүниеде сіздей жігіт көрмедім мен.
Ол жігіт көк (Хақ) тарапынан жауап келген:

- Дүниеде (ізгү) ізгі қылқан ғамалың - мен!

Мен келдім қуантуға, сүйіншіге,
Тұрамын кетпей сізбен бірге.
Қалмасын көңілінде еш қайғы һәм!

- Деп бірге жолдас болғай сонда көрде.

Бір өзің рақым ойла, фазылың бірлан,
Жарылқа әр мүминді Құдауандам.
Жатады жаңа үйленген жігіттей боп,
Көңілінде еш қайғы ғам қалмағай һәм.

Қабірі ол пенденің толған нұрға,
Құдайым рақым қылып ұшал құлға.
Болғанын қияметтің білмей қалып,
Ұйқысы қанбағандай тұрар зорға.

Бізді қыл - үшбу құлдар жұмласынан,
Жұмақтың орын бергіл күпірасынан.
Хақында Хабибіңнің ғафу айлап,
Қояр ғыл: "Зумрасынан! [307]"

ОТЫЗ ТОҒЫЗЫНШЫ БАП

МҰХАММЕД ҒАЛАЙССАЛАМНЫҢ ХАДИСІ - ӨЛГЕНДЕ, ЖАН ТӘНГЕ БАРҒАНЫ
Кітаптан зікір қылған ғұламалар,
Қабіріне барар екен өлген жандар.
Үшбу сөзім пайғамбарым хадисі дүр,

Бүл сөзді құлаққа сап, аңғарыңдар.
Әрқашан тәніңнен шықса жаның,
Құдаға үш күннен соң, айтар халін:

- Құдая, рұқсат бар ма баруыма,

Қабірде көрсем екен барып тәнім.
Бар Құдай баруына берген рұқсат,
Сол заман қабіріне барған аруақ.
Алыстан көз жіберсе денесіне,

Таралған бір-бірінен барша сүйек.
Көр болған екі көзі шамшырақтай,
Айырылған тілден тағы екі жақты-ай!
Саудырап басқа-басқа болып жатыр,

Тізілген отыз тісі меруерттей!
Үсіген алмадай боп екі беті,
Жидіген баста шашы, сакал-мұрты.
Қол-аяқ жел құлатқан ағаштай боп,

Суалып торсықтай екі ұрты.
Қapaca тынасынан сары су аққан,
Аузынан шығып жатыр қып-қызыл қан.
Жан байғұс (бұл) сипатты көргеннен соң,

Көп жылап, фариад қылар ұзақ заман.

- Халің харап болыпты міскін [308] тәнім,

Бұзылып кеткен екен адам сәнің!
Тіршілік, нұр сипатты сәнің қайда?!
Шошиды түрің көріп - ғазиз жаның.
Қараңғы қабір болған сенің орның,

Сасыған өлексесің мына формың.
Ғам қайғы, тар қабірде жатып қапсың,
Дариға, амал нешік, өткен күнің!
Жатырсың тар қабірде болып бекем,

Көрмегім менің келіп бекер екен.
Жатырсың бұл мехнатта не ғып шыдап?!
Қадалса шыдамаушы ең, жалғыз тікен!-
Түңіліп кетеді екен осыны айтып,

Шыдасын бұл қорлыққа енді қайтіп?
Болғанда бесінші күн рұқсат алып,
Тағы да шыдамастан келер кайтып.
Қараса тағы келіп денесіне,

Қараған - шыдар емес бейнесіне.
Аһ ұрып, зар-зар жылап сол уақытта,
Өкініп:

- Келдім, - дейді, - мен несіне?!

Қан аққан аузы мұрны, құлағынан,
Жыбырлап кұрт жеп жатыр бір жағынан.
Түңіліп сонда жаны шошып кетер:
Ендесін айырмасын иманынан!

Жүруші ең, қайран тәнім, гүл-гүл жайнап
Ұмытып бұл халіңді күліп-ойнап.
Мен кеткен соң болыпты халің харап,
Құрттарға жем болыпты сорың қайнап.

Сонда жан бұл сөзді айтып , қашып кетер
Түбіне барша жанның өлім жетер.
Болғанда жетінші күн:
"Бір барсам!"- деп Құдайға ғарыз халін мағлұм етер.

Жан сонда келер екен рұқсат алып,
Денесін сол қабірде көрген барып.
Шыдамай сол алыстан иісіне,
Бұл сөзді айтады екен сонда налып:

- Қайран, тән, болып түстің мұндай

Денеңе құрт-құмырсқа болған пайда.
Бір маса шаққанына шыдамаушы ең,
Қыласың енді нешік бұған хайла!
Қараңғы тар қабірде көрдің мехнат,

Дүниеде жолдас едің қанша сағат?!
Ісіне бір Құданың амал бар ма,
Қасіретке салдың мені неше қабат!
Жан сонда денесінен үзген үгіт,

Жиылып, жеп жатқан соң қабірде кұрт.
Қатын-бала, ағайын көңілінен
Өлген соң кәріп басың болар ұмыт.
Көршіңіз, жолдасыңыз, құрдасыңыз,

Бірге өскен, көрмес сізді, достасыңыз.
Қылмаса ғапу, рақым пендесіне
Қабірде не көрмейді бір басыңыз?!
Түңіліп, қош айтысып сонда жаны,

Сезеді бүл айтқанды жатқан тәні.
Мұнан соң қайтіп енді бармайды екен,
Құданың болмаған соң еш пәрмені.
Мұнан соң бармайды екен денесіне,

Шара жоқ Алла ісіне көнбесіңе!
Иманын әр пенденің жолдас етсін,
Туған соң, амалың жоқ көрмесіңе!
Қабірдің бәрі - қайғы, бәрі - мехнат,

Бір Құдай пендесіне қылсын рахмат!
Алланың бұйрығын ада қылсаң,
Иншалла, ғазабыңнан басың азат!

ҚЫРҚЫНШЫ БАП

ӘБУҺАРИРАДАН АЙТЫЛҒАН : ЖАН ҺӘМ ӨЛІМНІҢ РАУАЯТЫ
Айтылған бір рауаят Әбуһарирадан.
Әрқашан пенде өтсе бұ дүниеден.
Үйінің айналасын төңіректеп,

Бір айдай жүреді екен бүл ғазиз жан.
Қалайша қатын-бала болар халі,
Қалайша тақсым қылар қалған малды?!
Борышымды мойнымды кімдер өтер,

Туысқан ашыр ма екен маған жаны?!
Мұнан соң ұшал жанды періштелер,
Қабіріне бір айдан соң алып барар.
Садақа бер, құран оқыт өлгеніңе

Жетім-жесір малына қылма зарар.
Онан соң қабірінің айналасын,
Күзетер бір жылғаша оның (аның) басын:
"Кім дұға қылар екен мен байғұсқа,

Бар достан, бола ма, - деп, - жарылқасын?!"
Әрқашан болса тамам оған бір жыл,
Сорына Исрафилдың барып кірер.
Қиямет қайымғаша сонда тұрар,

Келмейді енді қайтып, осыны біл!
Сөйлеген таты бір сөз ибн Ғаббас:
Байлаулы сөз айтылмас, бәрі талас.
Қыдырып жұмға ғайдың күндерінде

Үйіңе аруақ келер аиуһан-нас [309].
Қылады әрқайсыңнан дұға үміт,
Ескеріп өлігіңе құран оқыт.
Дұғаңнан қуанар бек шаттанып,

Ойламасаң, кетеді наумыз болып.
Жоқтасаң дұғаменен бірер сағат,
Өзіңе айтар екен қанша рақмет.
Мақтанып қасындағы аруаққа

Қабіріне кайтар екен болумен шат.
Жоқтамасаң, кетеді екен кайтып келмей,
Деп әйтеуір:

- Адам едік біз де сендей!

Сізді де балаларың жоқтамасын,
Дүниеде тұра алмассың бір күн өлмей!
Бұл халдер келер бір күн басыңызға,
Бар дүниең еріп бармас қасыңызға.

Сіз-дағы боласыз ғой біздей мұқтаж,
Өлім сіздің қарамас жасыңызға!-
Тағы да бір рауаят айтты періштелер:
"Ол жанын дүние көгіне алып барар.

Құранменен жоқтаушы бола ма?"- деп,
Үйінің турасында тоқтатарлар.
Сол күндерде оқысаң сен құранды,
Сауабымен нұрланар өлік жаны.

Алып кепілге періште рахмат оқыр,
Сен-дағы өлесің ғой, ойла, әні!
Мейрамның келер дейді күндерінде,
Ардақтар әрқайсысы үйлеріне.

Қатын мен баласына жылап айтар:

- Мені сен алмадың - деп, - ойларыңа!

Қараңғы тар қабірде біздер қалдық,
Құрттар жеп тәнімізді, көрдік зорлық.
Жақсы амал істеуден мақұрым қалып,
Ғапіл боп біз дүниеге көп алдандық.

ҚЫРЫҚ БІРІНШІ БАП

ӨЛІМНІҢ ХИКАЯСЫ

Жаратқан тағат үшін мақұлық атын,
"Білсін - деп, - бір өзінің пак, - деп,
"Куллу нафси заикатул маут"[310]
Өлімнің баяндайын мен сипатын.

Рауаят қалды бізге пайғамбардан,
Өлімнен әр кез қалмас жаралған жан.
Пайғамбар айтқан екен асхабына,
Өлімнің бар сипатын қылып баян:

Өлімді ұлық қылып Хақ жаратқан,
Үлкен дүр жер, көктен де, жеті қаттан
Жетпіс мың арқанымен байлап қойып,
Жасырды мың пердемен мақұлықаттан.

Ұзыны әр арқанның - мың жылдық жол,
Еш нәрсе жаралмаған өлімнен зор.
Атамыз назырат адам жаралғанша,
Періштелер оны (аны) танып, білмеген сол.

Бұйырды Ғазірейілді жан алмаққа,
Ерікті болды сонда мақұлықатқа.
"Өлім ащысын баршаға татырғыл!" - деп,
Құдайым бұйырыпты сол уақытта.

- Иа, Раббы, не нәрсе дүр өлім деген?!

Бізге ондай еш нәрсе(сі) білінбеген!
Көрсетті Алла тағала пердені ашып,
Мақұлыққа одан бұрын көрінбеген.
Ғазірейіл жақын барған пердесіне,

Көрсеткен періштенің баршасына.
Өлімді таныпты сол арада,
Барша жан көзің жеткіз - қалмасыңа!

- Үстінен періштенің Қадір маулан,

Ұшқыл! - деп, сонда өлімге қылған пәрмен.
Мың жылдай қанат қағып ұшып еді,
Періштелер мұны көріп қылған қайран.
Періштелер оны көріп талып түсті,

Өлімді көргеннен соң, зәресі ұшты.
Сәждеге баршалары басын қойып,
Қорыққаннан ғарыш ағланы [311]барып құшты.
Сұрады періштелер есін жиып:

- Иа,Раббы, өлім тұрған қайда сыйып?!

Еш мақұлық мұнан үлкен жараттың ба,
Баян қыл: көзіміздің жасын иіп.
Құдайым періштелерге қылған баян:

- Жаралған мақұлықатым - өзіме аян.

Өлімнен зор нәрсені жаратпадым,
Жаратқам жоқ үлкенді,- дейді, - мұнан.

- Ұста! - деп, Ғазірейілге қылған пәрмен,

- Өлімнен құтылмайсың, жаралған жан.

- Ұстаймын қалайша, - деп, - мен өлімді?

Ғазірейіл бір Аллаға қылған феған [312].
Тұтамын бүл өлімді қай күшіммен,
Өлімнен зор нәрсені көрмедім мен.
Бар күшті Ғазірейілге беріп еді,

Тоқтатты сонда өлімді бір қолымен.
Ғазірейіл ұстаған соң тұрды өлім,

- Иа, Раббы, рұқсат берсең сөйлейін мен.

Бір мәрте көкте тұрып айғайлайын,
Естісін дауысымды аннасы мен жын.
Ол өлім көкте тұрып қылған нада:

- Тапсырған жан аясын маған құда.

Мен дүрмін: бірден бірді айырғышы
Атаны баласынан қылам жуда[313].
Мен - өлім: айырамын досты достан,
Айырам ер, қатынды құдай қосқан!

Жаным ашып, жалғызды аяуым жоқ,
Айырам бауырласты бір туысқан.
Тағы да айырам қызды анадан,
Дәм таусылса айырылмас қол жағадан.

Қандай батыр болса да, мойнын үзем,
Мені ойласаң, кетірме тіл тәубеден.
He іс қылсам, қылатын өзім бетім,
Айырып балаларды қылам жетім.

Сүйікті қатындарды тұл қыламын,
Мені ойласаң, кетер ме ақыретің?!
Құтылып ешбір мақұлық менен қалмас,
Қылышпын: бас алатын өткір алмас!

Малыңнан кәріп (ғарып), пақыр хақын шығар,
Ол малың өзіңменен бірге бармас!
Үйің менен мен бұзам саратынды,
Ойын-күлкі, бұзамын, шырайыңды.

Сен қашсаң да, артыңнан мен қалмаймын,
Мені ойласаң, жадыңа ал Құдайыңды!
Бай болсаң, тіршілікте садақа бер,
Жылаған пақыр, міскін көз жасын көр!

Ораза, намазыңды қаза қылма,
Ешкімге зарарыңды тигізбей жүр!
Өтірік, өсек, ұрлықтан жүргіл таза,
Ғайбат айтып біреуді қылма наза!

Залым болып жемегіл кісі хақын,
Жабысар жағаңызға иауми алжазра [314]
Құтылып еш мақұлық кетпес аман,
Мен тұтсам, сонда түсер ақыр заман!

- Деп, Өлім көкте тұрып, қылған фариад:

- Қалма, - деп, - менен ғапыл жаралған жан!

Өлім - хақ: туғаннан сол барша жанға,
Өлімнен қорқып, Хаққа болғыл пенде.
Басыңа келген күні өкінерсің,
Мейлің нан бұл сөзіме, мейлің нанба.

ҚЫРЫҚ ЕКІНШІ БАП

ӨЛЕР ХАЛДЕ ПЕНДЕГЕ ДҮНИЕНІҢ СӨЙЛЕГЕНІ

Пендеге уақыт жеткен өлім келер,
Келгенін өлімнің сол пенде көрер:

- Сен кімсің, не қыласың менен?- десе,

Сонда өлім:

- Мен өлім! - деп, жауап берер.

Өлімнің сипатынан жаман қорқар,
Айналып теріс қарап пенде кетер.
Тағы да қарсы алдына жетіп келіп:

- Мені сен танып ал! - деп, жауап айтар.

- Мен - өлім: қатындарды қыламын тұл,

Кетемін жетім тастап қызың мен ұл!
Жаныңды алып, өзіңді көрге салып,
Басқаға қалдырамын малынды сол!
Ойласаң қайда кетті ата-анаң?

Жасында өлмеді ме сәби балаң?!
Олардың ешбіреуі құтылған жоқ,
Сен енді құтылмайсың, болма алаң!
Қылмаған үш бұларға дүние пайда,

Сен-дағы барасың той мәңгі жайға!
Өзіңе - азық, қызуыңа - нұр болатын,
Істеген жақсылығың бар ма, қайда?
Мұнан соң Ғазірейіл келіп айтар:

- Дүниеден уақытың болды енді қайтар!

Мысалын бұл дүниенің қандай көрдің,
Баян ғып , сөзің бар ма, бізге айтар?
Пенде айтар:

- Дүние екен бір хайлакер,

Әркімге хайламенен жаятын тор.
Алдандым ғапілдікпен тағат қылмай,
Дариға,амал нешік, алдады сол!
Есітіп келер дүние үшбу сөзді:

- Ойламай: "Хайлакер", - деп, айттың бізді.

Дүние жидың Құдайға тағат қылмай,
"Бізді ізде, - деп айтып ек - қашан сізді?!"
Мал жидың харам шубха харамсынбай,
Көбейттің қысы-жазы дамыл алмай.

"Өлемін", - деп, ойлап па ең сол уақытта,
Хақысын ауысқанның тағы бермей.
"Айырылам, - деп, - ойлап па ең сонда менен?"
Жолдас болдың менімен шығып діннен(дінің).

Күнә қылдың Құдайдан, сірә, қорықпай,
Алдаушы ең хайлекерсіп бізді немен?
Иттеніп түк шығармай жиған малың,
Басқаның пайдасында қалды соның (саның).

"Қайдан тапсаң, онан тап!" - оған дәлел,
Қияметте тартарсың сен обалың.
Малы айтар:

- Разы емеспін саған мен де,

Сарп қылмадың ізгі жолға, айа, пенде!
Жиып ең: пақыр [315], міскін хақын бермей,
Сен менен айрылдың ұшал демде!-
Есітіп бұл сөздерді пенде кәріп,

Құдайдан тілек тілер сонда налып:

- Өзіңе ізгі амал қылар едім,

Қылуға, рұқсат берсең, енді барып! –
Алла айтар ол пендеге:

- Айа, мумин,

Қылуға рұқсат жоқ саған бүгін!
Құранда айтқам жоқ па баршаңызға:
"Лa иастахируна сағат уа ла иатақаддимун"[316],
Ғазірейіл жанын алар сол сағатта,

Сүйікті пенде болса, сағатында.
Қыбла ғалинге алып барғай,
Тұрғай-лар оның (аның) жаны рақатында.
Егер де ғасы болса ол күнәкар,

Орынға "Сажин" [317]- деген алып барар.
Қиямет қайымғаша тұтқында боп,
Көрсеткен ғасы жанға қатты зарар.
Сажинда ғазап көрген оның жаны,

Құдая, бүл көруһыттан қылма мені
Өзіңсің барша жанға ғапу рахман,
Фазылыңа ал, бұл дүниеден болсам пани.

ҚЫРЫҚ ҮШІНШІ БАП

ӘУЕЛДЕН ЖАРАЛҒАН ӨЛІМНІҢ СИПАТТАРЫ

Мен өлімнен айтайын және бір сөз:
"Денесінде коп,- дейді - қол мен(ен) көз".
Дүниедегі жаралған жан санынша,
Болса керек бас сайын және бір жүз.

Дүниеде бір пендеге жетсе ажал,
Сол жүзімен Ғазірейіл оған барар.
Денесіндегі көзімен сол қадалып,
Сол бір қолмен пенденің жанын алар.

Түбіне барша жанның өлім жетер,
Өлген(өлігін) жан мен қол, көз әрі кетер.
Барған сайын бүл өлім кішірейіп,
Денесіне өлімнің сонда бітер.

Бүл өлім кішірейер бара-бара,
Денесінен кеткен соң барлық жара.
Ақырында қалады қошқардай боп,
Құдіретіне Құданың қара, сана.

Хор қызы муминлерге болар құштар,
Жаһаннамға (сендерді) сыйларды ғазапқа ұстар.
Мумин - кәпір: екі орынға кіргеннен соң,
Сол күнде буғазланар [318] өлім - қошқар.

Мұнан соң ешкімге де болмас ажал (өлім),
Мүнафиқ көздеп жатар ғазап орнын.
Муминлер мәңгі рақат жаннатта өліп,
Осындай аралары болған бөлім.

Бөлінсе сол күндерде мумин, кәпір,
Құдая, жұмағыңа қылғыл дақыл.
Өзіңнің рахматың кез келмесе,
Жұтаған жақсылықтан біз - бір пақыр!

ҚЫРЫҚ ТӨРТІНШІ БАП

ТӨРТ МҰҚАРАБ ПЕРІШТЕНІҢ СИПАТЫ

Жаратқан торт мұқараб періштені,
Муәккал әрбір іске қойған, әні!
Жебірейіл арасына елші болып,
Енгізген пайғамбарға уәхиларны [319].

Бұйырды Исрафилге:

- Сор үргіл! - деп,

- Жаңбырды , ей, Мекайыл, сен бергіл! - деп

Бұйырды Ғазірейілді жан алмаққа:

- Жандарын барша жанның сұрағыл! - деп.

Сипаты Ғазірейілдің Исрафилге ұқсас,
Шыдамас һайбатына тау мен(ен) тас.
Хисапсыз жүзі толы канаты бар,
Жан алуға торт жүзі болыпты бас.

Бір жүзі Ғазірейілдің ең басында,
Бір жүзі қанатының дәл астында.
Бір жүзі - алдындағы жүзі ирөр,
Және де бір жүзі бар арқасында.

Басындағы жүзіне болса пәрмен,
Періштелер, нәбилер береді жан.
Алдындағы жүзімен алар дейді,
Жандарын дүниедегі дін мұсылман.

Сыртындағы жүзімен - жаһит [320] жанын,
Алады екен сол қоймай баршаларын.
Астындағы жүзіне әмір болса,
Жын, шайтанның төгеді сонда қанын.

Орыны Ғазірейілдің - төртінші қат,
Бар екен ұшал көкте бір кереует.
Жеті жүз кереуетінің аяғы бар,
Лұхқа қарап тұрған неше қабат.

Осы күні Ғарыш үстінде бір ағаш бар,
Жаратқан [оны] биік Қадір Жаббар!
Санынша адамзаттың сол ағашта
Бұтағында көп дейді жапырақтар.

Әр жапырақта аты бар бір адамның,
Сол жапырақтан түседі, бітсе демің.
Алдына Ғазірейілдің келіп түсер,
Сонан біліп алады оның (аның) жанын.

Бүтін ғалам алдында - дастарқандай,
Табақтан дом жегендей алар жанды-ай!
Дүние суын үстіне құйса егер,
Жерлерге бір тамшы су қалар тамбай.

Жігіттер, Ғазірейіл осынша зор,
Зор қылған Раббым Хақ құдіреті мол.
Қолына бүл дүниені тұтса егер,
Бір күміс теңгедей ін айналдырар [ол].

Бір аяғы жаннатта, болған оның (аның),
Бір аяғы көпірінде жаһаннамның.
Бір қолымен көкті ұстар, бірімен - жер,
Барша жан ісі өзіне болған мағлұм.

Жан-жануар бас сайын көмегі бар,
Қызметінде баршасы болған даяр.
Пайғамбардан басқаға көрінбеген,
"Қорқар!"- деп, Құдірет Алла пендені аяр.

"Бар, - дейді, - Ғазірейілдің халифасы",[321]
Өзі алар уақыт жетсе, әр пендесі.
Халифа жанын алар мақұлықаттың,
Адамнан қимылдаған жан иесі.

Бір күні келсе маған Ғазірейіл:
"Барғыл!"- деп, әмір қылсаң,ая, Жалил!
Тіліме шаһадатты жары қылып,
Хасыны, хатыма мені қылғыл жеңіл!

ҚЫРЫҚ БЕСІНШІ БАП

РУХТЫҢ ХИКАЯСЫ

Сұралған бұрынғы өткен имамлардан:
"Өлген соң, қайда кетер бұл ғазиз жан?"
Тақырыптап (тағырыплап) сұраушыға бәрін айтқан.
Бір-бірлеп өз-өзімен қылып баян.

Сипаты — жан дегеннің бір шәриф нұр,
Нұр қылған Раббым хақ құдіреті зор.
Келмейді ұқсатуға еш нәрсені,
Білем десең, Құранның тәпсірін көр.

Шыбын жаның тәніңді қылған мекен,
Белгілі уақытша түр ар екен.
"Рух - жан", "рауан - жан", - деп, әркім айтар,
Екі жан бір кісіде бола ма екен?

Рухпен бірдей айтар рауанды,
"Рухымыз", "рауанымыз", - бәрі - жанды.
Рауан ай мен күннің сәулесіндей,
Рух жан: қабылдап алған барша тәнді.

Рауан денедегі секілді қол:
Адамзат ұйықтағанда, барар, келер.
Қолдай боп денедегі жүріп тұрар,
Рух - жан - қозғалмайды тәніңнен сол.

Рауан - ғаршы барып, көрер түсті,
Сол біліп жақсы-жаман әрбір істі.
Рауан - жанның көргенін тәнің сезер,
Көрсеткен патша Құдай әр жұмысты.

Қарасаң, суды кұйып, бір ыдыстан,
Сол суға күн сәулесі түссе тыстан.
Түскен күннің сәулесі, біл, жарқырап,
Үй ішінен көрінер төбең тұстан.

Қозғалар түскен сәуле сол табақта,
Ол табақ қозғалмайды еш уақытта.
Рух - жаның денеңнен қозғалмайды,
Рауан - судай тасыр әр уақытта.

Мысалы рауанның - түскен күндей,
Сол шығар, ұйықтағанда, еш білінбей.
Асыл жаның кеудеңде болғаннан соң,
Тез қайтар оянғанда, сөзге келмей.

Шығады ұйықтағанда сол рауан,
Тәніңнен қозғалмайды сол рух - жан.
Рух - жаның тәніңнен кеткен шақта,
Басыңа сонда түсер ақыр заман.

Егер де шығар болса денеңнен рух,
Еш қалмас рауан да, болдың өлік.
Тіріліктің әсері (асыры) болмаған соң,
Апарып сені көмер халқың келіп.

Тәніңнен рух қозғалмас еш уақытта,
Рауан жүріп, тұрар әр уақытта.
Рухтың сол белгілі орыны бар,
Орны жоқ рауанның бас тарапта.

Арасы мекені ирөр екі қастың,
Мазмұны осы ирөр бұл таластың...
...Жаралған, ұйқы берген, адамына,
Жердегі адамзаттың тамамына.

Рауан - жан, ұйықтағанда, бізден кетіп,
Періштенің барар екен ғаламына.
Періштенің ғаламын айтар: "Малакат" [322]
Ұйықтағанда, сол қалар бізден кетіп.

Таһаратпен жатқан болсаң сол уақытта,
Құдаға тұрады екен сәжде етіп.
Жатыңыз таһарат алып, таза болып,
Өлсең шаһид [323] боласыз, қаза болып.

Сәждеден мақұрым қалар таһаратсыз жан,
Малакатта жүрдің наза болып.
Рухтың - рауан ирөр - шұғыласы,
Жекен екеуінің айырмасы.

Күннің сәулесіндей тұрар екен,
Осы дүр суретшінің мәселесі.
Сөйледім — рух, рауаннан білгенімді,
Дакаиқ [324] ала хабардан көргенімді.

Рух, рауан тәніңнен болса жұда,
Барар жерін айтайын өлгенінде.
"Үргіл!" - деп, Исрафилге берген сорды,
Мүйізден жаратылған, өзі нұрлы.

Ғазап, рақат көрсең де, сонда көріп,
Тұратын мақам[325] етіп, жанның орны.
Ол сордың өзі біреу, түбі - тармақ,
Салса егер Ғазірейіл бір күн қармақ.

Ғазиз жаныңнан жуда болса,
Әмірімен Құданың сонда бармақ.
Ол сордың жан тұратын дарасы бар,
Бұл сөздің айтылмаған шаласы бар,

Тахқиқын [326] барша сөздің Алла білер,
Тағы да имамлардың таласы бар.
Әнбие, мұрсалардың һәм жандары,
Жаннаты: дін іші - тұрар бәрі.

Жаннаттың бақшасы дүр қабір шарпы,
Қабірде оқып тұрар намаздарды.
Жандары шейіттердің (шаһидлардың) жасыл құс боп,
Жүреді фирдауста ұшып-қонып.

Тілесе ғарыш ағлаға барып қонар,
Өзінің тілеуінше қоныс қылып(қылар).
Жаннаттың сәби бала - сары шымшығы,
Нығыметтен - халі болмас - һәм тұмсығы.

Жұпардан болған тауда жүреді екен,
Тимесе анасының бір қырсығы.
Айтайын жәһитлердің жас баласын,
Айналады жұмақтың айналасын.

Қиямет күні неше кірмек емес,
Қызметкері сүйікті пендесінің.
Жандары - дүниедегі залым қулар,
Кісі хақын бермеген борышқорлар.

Қабірінде бұтаулы қалар дейді,
Жұмаққа да, сорға да бармас олар (анлар).
Залымдар мазлумлардан [327] Алла разылық,
Қабірінде өлгенде, көрмес тарлық,

Байлауынан босанар борышқорлар,
Кісі ақысынан құтылса сонда барлық.
Істеген ғұмыр бойы күнәһи кабир [328],
Бір жерде мұсылманға қылған зәбір,

Халдері жаһит пенен мұнафиқтың
һунди, қытай, мәжуси, кәріс, моңғол.
...Жеті тамұқ түбінде біреуі бар,
"Сажин",- деген орында ол тамұқтың.

Құдая, бұл жұмладан мені қылма,
Бұзылды ниетіміз жылдан-жылға.
Әйтеуір "мумин" - деген атымыз бар,
Өзің рақым ете гөр біздей құлға!

Осылай имамлардан бар дүр хабар,
Мен кәріп: білгенімді хатқа жазар.
Мұнан да далил сөзді табам десең,
Бек үлкен кітаптарға салғыл назар!

Зорлығы жаныңыздың денеңіздей,
Қабылдаған сәулесімен ол бір күндей.
Жаныңыз бір кішкене нәрсе болса,
Ауруың тұрса керек еш білінбей.

Ауырса керек - ауырса, жанның орны.
Басқа тәнің ауруға жоқ қой жөні.
Сол себепті айтамын: "Жан үлкен", - деп,
Қадалса, көтермес ең бір тікенді.

Болса керек - тәніңнің бәрінде жан,
Ауырсаң, шыдамайсың, кетер мазаң.
Денең ыстық болғанда, жаның ыссы,
Баршасын денеңіздің қабылдап алған.

Құдая, рахым айла - назғы [329] халде,
Үміткер рахматыңнан әрбір пенде(панда).
Ишарат[330] жұмақ бірлан сүйінші бергіл,
Қысылып, жан шығарға тақалғанда.

ҚЫРЫҚ АЛТЫНШЫ БАП

ӨЛГЕН СОҢ ЖАННЫҢ БАРЫП ТҰРАТЫН ОРНЫ

Тәніңнен шығар болса егер жаның,
Баратын, мен айтайын, мақамларын.
Сорына Исрафилдің барып тұрар,
Осылай әмір қылған пәруардігерім.

Ол сордың ішінде бар түрлі тесік,
Әр хайуанда қойылған махсус [331] етіп.
Ғазап, рақат көрсе де, сонда көрер,
Құданың рахматынан көріп несіп.

Бағзы айтар:

- Жандары мүмин пенде,

Сол барып тұрады екен ғалиында
Фанафис [332] ғалиында жасыл кұс көп,
Сол құстың тұрады екен құрсағында.
Жанлары тұрады екен имансызсың,

Құдайым мекен қылған оған - Сажин.
Қиямет қайымғаша ғазапта боп,
Ішінде тұрар дейді қараңғының.
... Ғамалы жан - баршасы тұрар, - дейді,

- Сажин - орын, асты дүр жеті жердің.

Бағзы айтар:

- Иманды ізгі пенде,

Жанын сол алар, - дейді,

- Тағзым Бірла!

Мың түрлі құрмет бірлан періштелер,
Шығарған жетінші қат көкке пенде.
Ғазірейіл сол арада алып барса,
Алдынан нада қылар бір періште:

- Кітабын ғалиынға жазыңыз! - деп,

Ол жанға береді екен сүйінші де.
Ізгі боп тұрар еді, болып еркін,
Және де көріп жүрер дүние мүлкін.
Тәнінен қабірдегі хабар біліп,

Үйіне келіп жүрер неше дүркін.
Сол сордың ғалиында бір бұтағы,
Тұрады мекен(мақам) етіп мүмин жаны.
Бір бұтағы айтады: "Сажинда", - деп,

Дінсізге орын қылған Тәңірім, әні!
Ғалиын - көк үстінде жетінші қат,
Айналасы - құрылған сегіз жұмақ.
"Сажин", - деп, жеті жердің астын айтар,

Айналасы оның да - жеті тозақ.
Жандары жұда болса мүнафиқтың,
Есігі ашылмайды оған кектің.
"Құдайым қабіріне қайтарғыл!" - деп,

Қабірі орны болған ұшал рухтың.
Қабіріне от тұтатқан жаһаннамнан,
Айырылмас сол уақытта жаны тәннен.
Жаны мен тәні бірге ғазап көріп,

Қиямет қайымғаша кеткен әбден.
Ол сорды өлім қылып жаратқан Хақ,
Кезертіп: аузы - біреу, түбі - бұтақ...
Төрт бұтақтан - таралған төрт бұтағы,

Бір бұтағы жер астына кеткен таты.
Бір бұтағы, білсеңіз, күнбатыста,
Күншығыста бір бұтақ, қойған, әні.
Бір бұтақта: періште, пайғамбарлар,

Мекен(мақам) етіп, өлген соң, жаны тұрар.
Бір бұтақта мүминлер жаны тұрар,
Жандары бір бұтақта - жын, перілер.
Бір бұтақта жаны тұрар хайуанның,

Орны қылған ол сорды барша жанның.
Осы күн Исрафилдің құрсағында,
Сорының аузын-ауызына қойған оның (аның).
Аузына Исрафилдің қойған, әні,

Мүйізден жаралыпты, өзі - нарлы.
Рухқа Исрафил тұрған қарап,
"Үргіл!" - деп, қашан әмір қылар мұны.
Рухының басы барып, Ғарышқа асты.

Сонда жазып қойыпты мал мен басты.
Дүниеде көретін қызық-шыжық,
Барша жан жасайтұғын қанша жасты.
Құдая, бергіл бізге ұзын ғұмыр,

Пендеміз: түк білмейтін, басы жұмыр.
Дүниеден иман бірлан көшіргейсің,
Дүниенің һауысынан болдық махрұр.

ҚЫРЫҚ ЖЕТІНШІ БАП

ДҮНИЕНІҢ АДАМҒА ЗИЯНЫ

Кітапта: "Үз деп айтқан, - бес нәрсені:
Бірі – сол - дүние екен: білсең, әні!
Кімдер кеп бұл дүниеге, уламаған:
Кеміріп әр ит кеткен өлексені!

Біреудің жазатұғын бар дауасы,
Ұғып ал: естіген соң кәрі-жасы.
Көп жинап дүниеге алданбаңыз,
Сіз болдыңыз ерлердің тақуасы.

Екінші - улар нәрсең - дәл осы мал,
Мал үшін дүние, ақырет тартар обал.
Сол удың қайтаратын дәрісі осы:
Малыңнан зекет берсең, болар халал!

Үшінші улар нәрсең - пайдасыз сөз,
Өтірік, өсек, фасылу [333] ғайыптан - без.
Қателікпен бір сөздер шыға қалса,
Зікір, таспиқ көп айтқыл кеш те, күндіз.

Төртінші, тағы айтайын, улар нәрсең:
Ғұмырды бос өткізбе әуре-сарсаң.
Хақтан қорқып, әр уақытта тағат қылғыл,
Ғамалың - өзіңе азық, тілімді алсаң!

Бесінші, улар нәрсең - жыл: он екі ай,
Есіріп он бірінде жүрдің ғой жай.
Әрқашан рамазан шәриф жақындаса,
Тәубе қыл, көп тағат қыл, мойның бұрмай!

Үғыңыз - бұл сөздерді, ғапіл пенде,
Тағат қыл, ораза тұт рамазанда.
Бұл айда коп ғибадат істесеңіз,
Күнәһиы он бір айдың қалмас сенде.

Малынды тазалайды қайыр, зекет,
Көп айтқыл: зікір-таспиқ, айтсаң ғайбат...
Мубада [334] дүние жиып, болсаң мақрұм,
Тақуа боп, жатпай-тұрмай, тағат қылғыл!

"Кәсіп қылма!" —деп айтпайды саған кітап,
Алдайды: "Тағат қой!" - деп, дүние құрғыр!
Осылай - бес нәрсенің тиянағы,
Ұғады: мұны естіген - бар құлағы!

Жігіттер, сақтанатын бес нәрсе екен,
Кісінің қиын екен құтылмағы.
Өлтіргіш у деген - сами [335] қател[336],
Бұл істен хали[337]болмас пенде ғапіл.

У келсе, қыл үш булардан жырақ,
Дүниеге мақрұм болған біз бір - пақыр!

ҚЫРЫҚ СЕГІЗІНШІ БАП

ҚҰРБАН ШАЛМАҚТЫҢ САУАБЫ

Қабірде барша халық тірілгенде,
Тәніне ғазиз жаны сол кіргенде,
"Құрбанына сол мініп барар", - дейді,
Құдайға тағат қылған ізгі пенде.

Үстіне холла киген, басына - тәж,
Мүминлар еш нәрсеге болмас мұқтаж.
Мүнафиқ имансыздар көрден тұрған,
Қарыны аш, өзі жаяу, жап-жалаңаш.

Дінсіздер көрден тұрған бүл сипатпен,
Құдая, біз кәріпті қылма анден.
Мүминдер әрбіріне мазкуп [338] бергей,
Бұл сөзді көріп жаздым "Дақайықтан".

Құдая, сол күндерде бергіл мазқұп,
Өзіңнің үхылың (хүкімің) илан, айла мені шат
Мазқұп пен сираттан асан кешіріп,
Тамұқтан біз кәріпті қылғыл азат!

Күйеуі пайғамбарым хазірет Ғалы,
Сол айтқан екен бізге бүл хабарды.
Құрбанына сол мініп барар екен,
Қабірден бас көтерсе жанның бәрі.

Әрқашан болса бізге руза махшар,
Құдайым сол уақытта нада қылар:

- Пенделерді сол жаяу айдама! - деп,

Құрбанын алып кеп бер, періштелер.
Ең әуелі атасының арқасында,-
Жүрген жоқ бұлар жаяу, тұрса да онда,
Мұнан соң натипа [339] болып келіп түсті,

Тоғыз ай анасының құрсағында.
Тоғыз ай кәміл өткенше тұрды анда,
Екі жыл емшек берген ғазиз ана.
Онда да бұлар жаяу жүрген емес,

Сол жүрген шешесінің омырауында.
Басқанда булар тағы апыл-тапыл,
Көтерген мойынына ана пақыр.

- Жаяу жүрсең, сен шаршап қаласың! - деп,

Әр түрлі атасы кеп айтқан ақыл.
Мұнан соң келген шақта жеті жасқа,
Мінгізген қуаныш етіп, бұларды атқа.
Сонда бұлар жаяу жүрген емес,

Барса да сапар қылып жақын жатқа.
Дарияда жүзген бұлар кеме бірлан,
Сахарада атқа мінген шатлық бірлан.
Дүниеде қанша медет тұрса-дағы,

Бұлардың ғұмыры өткен көлік бірлан.
Дүниеден енді бұлар өткен шақта,
Салдылар қауым халқы сол табытқа.
Сонда да бұлар жаяу барған жоқ-ты,

Мойнымен алып кеткен зиаратқа.
Осылай әмір қылар Жаббар Халиқ: "

- Мінсін,- деп,- құрбанына сонда барлық!"

Құрбаны жоққа ұжмақтан пырақ бергіл,
Енді жаяу жүрмегі емес лайық.
Барарлар ғарасатқа барша адам,
Мініп ал құрбанына шатық бірлан!

Бір қойға сен сараңдық қыламын деп,
Осындай мақрұм қалма сауаптардан.
Пайғамбар айтқан бізге:

- Шалсаң құрбан,

Қуатлы сен шал, - дейді, - семіз бірлан!
Махшарда сол тарығып жүрмесін, - деп,

- Өтетін аты ғой, - деп,- сиратлардан.

Азиму нас [340] бар хамайким (һамма екен),
Паниға ала сиратал мустақим [341]
Кереді бір тоқтыны баласындай,
Бұл күнде үшбу сөзді ұтатын кім?!

3абани[342] имансызды айдар жаяу,
Көңілінде еш рақым жоқ оларды аяу.
Аяқтары - кісенді, мойны - бұғау,
Жүргізер шайтандармен бірге таяу.

Турады қабірінен жап-жалаңаш,
Ішерге тамағы жоқ, қарынлары аш.
Қиямет айбатынан қорыққаннан,
Өзінің нешік екенін айыра алмас.

Қасындағы танымас кім екенін,
Қатын ба, иа бала ма, ер екенін...
Қиямет айбатынан есі шығып,
Танымас бірін-бірі төмен бұғып.

Құдая, жүзімізді раушан қылғыл!
Қор қылма біз кәріпті шерменде ғып!
Тамұқ аһылы [343] болады түсі қара,
Қараңғы көңілдері болар және.

Арақ ішкен кісідей, өзі ессіз,
Бұл қараудан қылмағыл Хақ-тағала!
Іштері әрбірінің - мысал күмбез,
Тәндері тау секілді, көзі - көк көз.

Бойлары қарағаштай қатып қалған,
Құдая, ондай күнге қылмағыл кез!
Қамыстай қатты (болар) басында шаш,
Қан агар,көрсеңіздер, көзінде жас.

Және де қарны толған жылан, шаян,
Ішуге заһар зақым бер[іл]ген ас.
Ғазапты алда қанша жатар алып,
Ішінен жас ет өсер, сырты жанып.

Мойнында әрқайсысының темір бұғау
Өлім жоқ шала-жансар (сан қиналып).
Көріп жылар тағы да бар болғаны,
Бір ішім суға тағы зар болғаны.

Тамұқ алы сипатын қоя тұрып,
Айтайын - дүниеде оттың бар болғаны.

ҚЫРЫҚ ТОҒЫЗЫНШЫ БАП

ДҮНИЕДЕ ОТТЫҢ БАР БОЛҒАНЫ

Атасы - барша жанның хазірет Адам,
Жаратқан топырақтан Алла тағалам.
"Ішінде сегіз жұмақ жүрер! - дейді,-

- Нар [344] нығымет, барып ішіп түрлі тағам!"

- Деп айтқан: "Әр қамаланның [345] - зауалы бар"

Жұмақтан шықпағаның себебі бар?
Алланың нахи қылған жемістен жеп,
Күнәға қатынымен болған душар.
Бидай жеп, ғасы болған бір Құдайға,

Нәпсі үшін, үзбек болып, сол күнәға!
"Шық!"- деген бір Құдайдан хатб [346] естіп,
Мұнан соң келіп түскен дүниеге.
Дүниеге келіп түскен жап-жалаңаш,

Тағам жоқ және тағы, қарыны аш.
Егін сап, шаруа істеп жүргеннен соң,
Болды Адам тірілігі отқа мұқтаж.
От сұрап, дұға қылған бір Аллаға,

Бір Алла бұйырыпты Жебірейілге:

- Адам үшін тамұқтан от бергіл! - деп,

- Бар даты патшасынан отты сұра!

Жебірейіл барған отқа жарлық естіп:

- От керек сол Адамға, сіз бергіл! - деп.

- Қандай қылып аласыз?- деген Мәлік,

Жебірейіл:

- Бергіл! - дейді, - хұрмадай ғып!

Мәлік айтты:

- Сіз алсаңыз хұрмадай от,

Апарсаң сіз дүниеге ие болып.
Хұрмадай сол апарған оттарыңыз
Күйдірер жер мен көкті тас-талқан тып.
Жебірейіл бұл сөзінен кетті шошып,

"Күл болар, - дегеннен соң,- жер мен көк!"

- Ендеше сүйегіндей от беріңіз,

Қалдым ғой бағанадан мен кешігіп.

- От берсем сүйегіндей бір хұрманың,

Жұртына алып барсаң дүниенің,
Тау мен тас, ағаш, шөптің,- бәрі күйіп,
Жаңбыр суы құрыр еді, түк қалмайын.
Тағы да бүл сөзінен тұрды қорқып,

Аларын біле алмайды қандай қылып.
Иллаһи, алсам мен үшбу оттан,
Бұйыршы енді маған әмір қылып.
Құдайым бұйырыпты: - Зары ғана,

- Кешікпей, алып бар, - деп, - дүниеге!

Сол алған зарар [347] кадар [348] отыңызды
Тұрмайын, әні, салғыл дарияға!
Дарияның суымен жу жетпіс қабат,
Кетіріп ыстықтарын, елегіл пак.

Жетпіс қабат жуған соң, сол отынды
Бір таудың басына қой да тұрғыл қарап!
Жебірейіл зәредей (зардай) от алған екен,
Дарияға оны апарып салған екен.

Суымен дарияның жетпіс жуып,
Бір таудың сол басына қойған екен.
Сол тауды күйдіріпті тас-талқан қып,
Кетіпті таудан өтіп, жерге кіріп.

Өзінің барып түскен мекеніне
Жебірейіл қарап тұрған қайран қалып.
... Сондағы тау күйдірген түтіндері
Кетіпті ұшал таудың басын ыстап.

Жебірейіл сонда отты тастан алған,
Үшбу от иесі екен таста қалған.
Қараңғы айсыз түндей оны (аны) қылды,
"Залымнан өш алам, - деп, - паруардігер!"

Ішінде шаян менен жыландары,
Күйеді әрқайсысының мойындары.
Тістесе бірі келіп ғасырларды,
Кетпейді қырық жылғаша оның (аның) заһары.

Ғазаптың періштесі - Забанилар,
Көңілінде еш рақым жоқ ғасыны аяр.
Көздері жалтыраған жасындай (иашындай) боп,
Ағызынан, ақырғанда, жалын шығар.

Өзінде (өзлерінде) Алла берген күш-қуат мол,
Екі жауырынның арасы бір жылдық жол.
"Тамағы аһылының санынша әрбірінің,
Денесінде бар, - дейді - аяқпен қол".

Әр қолмен ғасырлардан алады өш,
Әмірсіз бір Құдайдан қылмайды күш.
Жігіттер, дәл осының болуы хақ,
Тағат қылмай, өткізбе, күніңді бос!

Ұлығы панилар(дың) - сол "он тоғызң,
Естігенің бар ма еді осындай сөз?
Қараған әрқайсысына періштенің,
Сандарын (санларын) Хақтан басқа ешкім білмес.

"Он тоғызң әріп бар дүр бисмилла.
Кімде-кім айтар болса, ықылас айла.
Құдайым Забанидан сақтар өзі,
Хадис бар пайғамбардан, шек келтірме!

Тамұқтың ең ішінде жеңіл ғазап,
Кигізер ғасырларға екі башмақ.
Башмақтың ыстығы өткен зардабынан,
Тұрады төбесінде миы қайнап.

Тамұқ аһылы Мәлікке жалынар көп:
"Құтылар бұл ғазаптан күн бар ма?!" - деп.
Қырық жылдан соң айтады оған Мәлік:
"Шықпайсың жаһаннамнан, үндеме!" - деп.

Ғасылыр айтады екен:

- Паруардігер, Ғазапқа залым болып, болдық душар.

Тағатымыз қалмады, жайып біттік,
Біздерді рақым қылып, оттан шығар!
Неше жыл өткеннен соң, келген жауап:

- Болдыңдар рахматымнан сіздер жырақ"

Мұнан соң адамзатша сөйлемейді,
Есікте анда-санда бақырар бірақ.
Құдая, тамұғыңа тұтқын қылма,
Несіп ет рахматыңмен біздей құлға!

Білмейміз басы жұмыр пенделікпен,
Болады пәни дүние кімге тұлға?!

ЕЛУ БІРІНШІ БАП

АН ХАЗІРЕТІНІҢ МИҒРАЖЫ ДҮР

Хабарды айтты бізге Әмір Алумин:

- Қасына пайғамбарым бардым бір күн.

Бабама сәлем үшін барған едім,
Пайғамбар жылап отыр болып ғамкін [350].
Бабамнан мен сұрадым қылып әдеп:

- Иа, тақсыр, отырдыңыз неге жылап?

Кәрібіңе оқиғаны баян қылғыл!-
Деп тұрдым пайғамбардың халін сұрап.
Пайғамбар сұраған шақта айтты маған:

- Миғражда нәрсе көрдім жарамаған.

Ғазабы неше түрлі адам көрдім,
Жылаймын соларды аяп, енді, балам!
Сол жерде қылды баян маған Расул:
Миғражға мені апарды Жебірейіл.

Бір үлкен періштені онда(анда) көрдім,
Ашуланып отыр екен қойып зейіл.
Аузынан шығып отыр отты жалын,
Шоқ жайнап айналасын, көрсең халін.

Жебірейілдің қанатына қашып кірдім,
Түрінен періштенің шошып жаным.

- Бұл кім? - деп, мен сұрадым Жебірейілден.

- Қай мақұлық, баян қылып, айтшы маған.

Жанға хайла қылуға қашып тұрып,
Қасында Жебірейдің бердім сәлем.
Болмады сәлемменен оның жұмысы,
Астында періштенің оттан күрсі

Ешкімге ол менсініп қарамайды,
Оттан тәж, қолында бар оттан күрзі.

- Мәлік! - деп маған айтты Жебірейіл:

-"Патшасы жеті тозақ - осы!" - деп біл!
Шоқпармен жер,аспанды ұрса егер,
Бір сағатта болар еді баршасы күл.
Мәлікке Жебірейіл берді хабар:

- Иа, Мәлік, сәлем бергіл, бұл - пайғамбар!

Миғражға - қонақ үшін шақырған дүр,
Бүгін ғалам патшасы, ол - паруар.

- Қасыма жетіп келді мұны естіп,

Тағзыммен ғаләйка алды бой ұсынып:

- Білместік қатем болса, кеше гөр! - деп,

Көп арыз тіледі менен келіп.
Мәлік сонда сөйледі:

- Иа, Мухаммед,

"Ғасыдан өш алғыл!" - деп, жаратқан Хақ.
Жеті тозақ мүлкімде менің - дейді,

- Неше түрлі ішінде бар ғақубат [351]

Тозақты мен көруге кетті ойым:

- Иа, Мәлік, маған көрсет ғазап үйін.

Күнәһи үмбетіме баян қылам,-
Деп едім, сонда Мәлік сұнды мойын.
Мәлік айтты сол жерде:

- Ай, пайғамбар,

Тамұқта неше түрлі ғазаптар бар!
Көрген соң енді үйіңе қайта алмайсың,
Көрмей-ақ кайтпағыңыз дұрыс болар.
Мәлікке айтты сонда Жебірейіл:

Пайғамбар не сөз айтса, көргіл қабыл!
һаммет замын ішінде бар нәрсені,
Көруге бір Құдайдан болған әмір!
Көрсетті жеті тозақ кілтін ашып,

От жанар дүр-дүр етіп, заһар шашып.
Ішінде жылан, шаян хисапсыз көп,
Ысқырар аждаһалар аузын ашып.
Тозақта қарап жүрсем, бір жылан бар:

- Отыз мың басы бар,- деп, берді хабар.

Әр басында отыз мың ауыз болған,
Әр аузында бір бұжыра тағылғандар.
Әр бұжырада бір шынжыр қойған тағып,-
Ұстаған әр періште оны барып.

Жетектеп ғазаплыны тыйышлап жүр,
Сақтағыл әр пендеңді Жаббар - Халиқ.
Тозақтың мен сұрадым бас-аяғын:

- Кеңлігі, көлденеңі, - айт, - деп, - жайын!

Мәлік тұрып сол жерде маған айтты:

- Хақтан басқа ешкім де білмес халін!

Мәлік айтты:

- Тындағыл, иа, Мұхаммед,

Тозақ қылар мың жылдық қараңды-ақ!
Мың жылдық қара жерді ақ қылады,
Күйдіру түрі осылай, сен бұған бақ!

- Мен көрдім ол тозақта жеті есік,

Ат қойды: "Хауиа - лази хатим" [352] - деп,
Жаһаннам ысқыр-ысқыр, жаһаннам дүр,
Әр қауымның орны дүр қылған тесік.
Мен көрдім жаһаннамда үш мың құдық,

Кендігі біреуінің - үш мың жылдық.
Әр құдықта үш мыңнан таулар бар-ды,
Жаратқан Алла тағала қылып ұлық.
Әр таудың етегінде мыңнан дала,

Бәрін оттан жаратқан Хақ тағала.
Жеті жүз мың әр дал ада шаһар бар дүр,
Әр шаһарда жеті жүз мың көше дара.
Жеті жүз мың сарайлар бар әр көшеде,

Жеті жүз мың сумһам және әр дарада.
Салынған ғасыларға бұларды арнап,
Жеті жүз мың үйлер бар-ды әр сарайда.
Әр үйде жеті жүз мың бар дүр сандық,

Ғазап бар жеті жүз мың - бәрі де анық.
Осылай ғасылардан өш алады,
Бәрін оттан жаратқан Жаббар халиқ.
Бір түрлі сол арада көрдім халық,

Жылан, шаян мойнында жүр оралып.
Мәліктен:

- Бұлар кім? - деп, сұрап едім:

- Зекет бермей келген,- деді - малға барлық.

Бір түрлі және көрдім бір қауымды,
Мойнында темір бұғау жүр салулы.
Аяғында - оттан башмақ, істігі бар,
Мойнына екі қолы жүр асулы.

Мәліктен мен сұрадым:

- Кім, - деп, - бұлар?

- Өсіммен мал көбейткен саудагерлер.

Сол себепті ғазаптан азап көрген,
Тәубесіз өтіп кеткен күнәкарлар.
Бір жамағат және көрдім онан өтіп,
Отпенен қарны толған өз етін жеп.

Мәліктен:

- Бұлар кім? - деп, сұрап едім,

- Тәубесіз өтіп кеткен өсекші!- деп.

Және түр бір көруһлар жиылған көп,
Тәнінің жартысы бар, жартысы жоқ.
Екі ұшқын ортасында тақ үстінде,
Киімі, үсті-басы жайнаған шоқ.

Мәліктен мен сұрадым:

- Бер, - деп, - хабар!

- Жарты дене адамдар, кім деп, - бұлар?

Жартысы бұларының қайда кеткен,
Не себепті жоқ қылған Паруардігер?!

- Бұлар алған дүниеде екі қатын,

Қыла алмай арасында ғаділетін.
Бірінен бірін кем ұстап, сұрауда қап,
Әркімге қатынын айтып мақтанатын.
Тірілер қияметте болып жарты,

Қатындарға болмаса ғадалаты.
Киіп-ішіп, напақа - барша істе
Тең ұстау - шариғаттың рұқсаты!
Мен көрдім мұнан шығып бір түрліні,

Періште салып жатыр көп дүрені.
Жалаңаштап әрқайсысын ұрып жатыр,
Қамшымен оттан болған әр бір оны.
Мәліктен мен сұрадым:

Не еткен халық?
Деп айтты:

- Бұлар қылған жаманшылық,

Елге өзін тақуа, сопы көрсеткендер,
Қылған ісі шайтаннан қаншама артық?!
Мен қарап, және көрдім бір түрліні,
Тілінен асып қойған сол көруһыны.

Мәліктен және тағы сұрап едім:

- Бұлардың жазасы не, айт - деп, - мұны!

- Сол себепті тартады бұлар жаза,

Биүжһа ұрып соққан қатын-бала.
Орынсыз болмас іске ашуланып,
Кетірген, үй ішіне бермей маза.
Асулы емшегінен көрдім қатын,

Аузынан ағып жатыр заһар-зақым.
Әркімнен бала емізген өз бетімен,
Байының керек қылмай рұқсатын.
Бір қатын асулы түр тұлымынан,

Басында миы қайнар мысалы қазан.
Мәлікпен мұны тағы сұрап едім,

- Еріне тілі тиген! - дейді маған.

Бір қатын және көрдім болған ерек,
Өз етін отыр екен [бір] өзі жеп.
Мәліктен мұны тағы сұрап едім:

- Менсінбей өз байларын көргендер жек.

Жүзлерін намахраммен 353] қашырмаған,
Күнә қылса, оны елден жасырмаған.
Көп қатын және көрдім таңулы тұр,
Жиылып бар етін жеп жылан, шаян.

... Қылмысын бұлардың да сұрап едім,
Шала таһарат алған екен, шала ғұсыл.
Қасында бір қатынның оттан табыт,
Періште ғазап қылар оған салып.

Күнәсын бұлардың сұрап білдім:
Зинадан жүрген екен бала тауып.
"Баланы өз байымнан таптым", - деген
Істеген барлығын өз жайыменен.

Арамза да балалар мұнан туған,
Ант ұрғанның ғұмыры өткен зинаменен.
Үшбулар (осылар) тәубе қылмай өтіп кеткен,
Күнәсы, көп қылған соң, түпке жеткен.

Тәубе қылса, ол Аллаға бұ рахим,
Жөн болар бұзылмастай тәубе етсең!
Бір қатын: аяқ - көкте, басы - жерде,
Астынан от жанады неше түрде.

Қылмысын бұлардың да сұрап білдім,
Намахраммен жүрген екен елден елге.
Бір қатын және көрдім ит боп үрген,
Аузынан, от шығарар, бүйірінен.

Күнәсын бұлардың да сұрап білдім,
Ойнастан бала тауып, сол өлтірген.
Және де ғазапта тур қатындар көп,-
Әрқайсысы тілі ұзарып, шығуға кеп.

Күнәсын бұлардың да сұрап білдім,
Болымсызға ант ішкен, айтып өтірік.
Расулім үшбу сөзді қылған баян,
Фатима, Ғайша менен жылап тұрған.

- Олай болса, қатынға күн жоқ екен,

Осыдан еш қатын жоқ қалған аман!
Пайғамбар оларға айтты сонда тұрып:

- Әркімге сізлер айтқыл ұғындырып.

Бұл істен өздеріңіз болғыл жырақ,
Жатсаң да, тұрсаң да жүр тәубе қылып.
Үшбу сөз пайғамбарым насихаты,
"Тында!" - деп, баршамызға айтқан қатты.

Миғражға иланбаған кәпір болар,
Құранда мазкур болған көр аятты!

ЕЛУ ЕКІНШІ БАП

ЖАН ИЕСІ ӨЛІП, ҒАРАСАТҚА ҚАЙТА ТІРІЛІП, ҒАЗАЗІЛ АН XАЗІР ИЛАН ҮМБЕТТЕРІНЕ
ТАЛАСЫП, ИМАМ АҒЗАМ ИЛАН ИМАМ ШАФҚА ЖҮГІНГЕНІ
Бісмилла, Құдай досы Мұхаммедті,
Жаратты оның (аның) үшін көп үмбетті.

Жамағат, құлақ салып тыңдасаңыз,
Айтайын ақыреттегі қайғы дертті.
Әуелі сөздің басы - бір Құдай-ды,
Жаратты жарық үшін Күн мен Айды.

Жақсылар, қызмет қылғыл бір Құдайға,
Аларсыз ақыретте жақсы жайды.
Құдайым он сегіз мың жан жаратты,
Әртүрлі рең илан мақұлықатты.

Денесін топырақтан фана [354] айлап,
Адамға: "Әбу-әл-бәшир"[355] - қойды атты.
Жаратты топырақтан хазірет Адам,
Баршасын ғылым хикмет білді тамам.

"Адамға бәрің бар да, сәжде қыл!" - деп,
Мәлікке хабар тиген бір Алладан.
Жиылып періштелер сәжде қылды,
Жығылды ықыласпен бәрі күллі.

- Адамнан менің нәсілім ұлық дүр! - деп,

Ғазазіл сәжде қылмай қарап тұрды.
Мойнына келіп түсті тауқил [356] лағынет,
Онан (анден) соң: "Ібіліс" - деп, қойылды ат.
Мардуд [357] боп дәргаһынан қуаланып,

Алынып үстіндегі барша холл ат
Бұл істі күнә қылып шайтан жүрді,
Хайламен коп азғырар адамды енді.
Адамға Хауа ана мен — бидай беріп,

Ақыры өзі сипат ғасы қылды.
Ғасы боп Адам, Хауа жерге түсті,
Холла тон үстіндегі аспанға ұшты.
Құданың құдіретімен екеулері,

Жұда боп бір-бірінен айырылысты.
Онан соң жердің жүзін мекен етті,
Екеуі бірнеше жыл бөлек кетті.
Көп болды екеуінен туған бала,

Өш болып шайтан, әне, азғырыпты.
Бағзысы ғасы болды жолдан шығып,
Адамның әмір еткен сөзден(сөзінен) шығып.
Шайтан қулық еткен алдауменен,

От бирлан пұтқа жүрді сәжде қылып.
Бөлінді онан кейін: ислам, кәпір.
Хайламен, әне, азғырар шайтан ақыр.
Алланың: "Әмір, Мағруф жолын" тұтпай,

Кәпірлер Хақ жолынан қалды ғапіл.
Мүминлер Хақтың жолын тұтып тұрды,
Тынбастан Әмір, Мағруф ісін қылды.
Көңіліне неше түрлі қиял салып,

Ғазазіл һәм оларды көп азғырды.
Көңіліне салар еді бұл қиялды:

- Сарп етпей Хақ жолына жиған малды,

Әркіммен көңілі сүйген ойнап-күліп,
Шаттықпенен ішкіл,- деп - шараптарды.
Ораза, намаз үшін жәбірленбе,
Өзін жігітлікте ғамға [358] салма.

Ақырда, бозбалалар, тәубе қылсаң,
Күнәңды кешіреді Қадір Алла.
Бұл сөзге ғасы мүмин мағрур [359] болып,
Жүреді харам малға көңілі толып.

Ғазабын ақыреттің көңілге алмай,

- Ораза мен намазды тастағыл! - деп.

Ғұмырында қанша күнә қылар пенде,
Дүниеде жаза болмас әр кез онда (аңа).
Ол қылған күнәларының жазаларын,
Әр түрлі қиындықпен көрер таңда.

Бағзылар Хақтың әмірін тура білер,
Бұйырған Әмір, Мағруф ісін қылар.
Риясыз намаз оқып, руза (ораза) тұтып,
Істерден жаманшылық алас жүрер.

Көп болды сауаптары әр пенденің,
Дүниеде жаза болмас әр кез оның (аның).
Күнәдан ғасы пенде таза болса,
Арттырар бәлгі [360] оның қайғы қамын.

Бір күні сапар шегіп бұ жаһаннан,
Айырылса, паруаз [361] етіп, жаны тәннен.
Алланың рақметіне жақын болып,
Айырылар онан (анден) кейін қайғы ғамнан.

Қиямет күн болатын уақиғаны,
Азырақ баян қылып айтам, әні.
Әнеки, Құдай сүйген жақсы пенде,
Бұл дүние бейбақтан болса пәни.

Өзінің құдіретімен, Жаббар Құда,
Мәлікке, Мүңкір, Нәңкір қылғай нада:
"Сүйегіл - пәлен пенде қаза болды,
Мүләйім жұмсақтықпен сауал сұра!"

Періште жігіт болып, тілі сынық,
Екеуі көрге кіргей тағзым қылып.
Пендеге: "Ман рәббик!" - деп, жауап қылғай,
Дер пенде: "Раббым Алла",- мұны біліп.

Екінші: "Дінің кім?" —деп сұрар Мәлік,
Пенде айтар: "Дінім - Мұхаммед, ісім (ашым) - кәріп
Онан соң әрбір түрлі сауал сұрар,
Тоқталмай сауалына берер жауап.

Пендеге періштелер тағзым қылып,
Рұқсатпен көрінен кеткен шығып,
Көр іші раушан болып, нұрға толғай,
Жұмақтың тарапынан жол ашылып!

Құдайым ол пендеге ұйқы салар,
Мас болып көр ішінде ұйықтап қалар.
Исрафил сорын тартып, тірілгенде,
Ұйқысы қанбағандай болып тұрар.

Күнәкар, ажал жетсе, пенделерге,
Лақаттап, кебінге сап, қойса көрге.
Қолында оттан күрзі, аузы - жалын,
Періште айбат бірлан кірер көрге.

Айбатты періштені пенде көрген,
Мәліктен: "Ман рәббик" - деп, жауап келген.
Тоқталып кәріп пенде қарап тұрар,
Демекке: "Раббым Алла" - тілі келмей.

Періште күрзі бірлан пендені ұрар,
Басқаның инсан жыннан бәрі білер.
Сол күннен қиямет болғанынша,
Пендеге әрбір түрлі ғазап қылар.

Құдайым, рақым айла,өлгенімде,
Тәндегі аманатты бергенімде.
Тіліме: "Раббым Алла!" - жары бергіл,
Періште. "Ман рәббик" - деп, келгенінде.

Бір күні сұрын тартар Исрафил,
Болғаны - сұрын [362] тартса, заман ақыр.
Тау мен тас, ой мен шұңқыр бірдей болып,
Болады жердің жүзі Айдай тақыр.

Дүниеде өлмей қалмас ешбір пенде,
Басқалар бір Құдайдан болар мурда [363]!
Қабірді халықтың бәрі қарап алар,
"Иаржиғу кулли ша-ин [364]" мазмұнында.

Өліктер ұшал күні шайтан лағын,
Әр түрлі қиындықпен алар жанын.
Ғазірейіл күллі жанды қафиз [365] етер,
Хисапсыз жаратылған періштенің.

Періште төрт Мұқарраб [366] тірі қалар,
Әуелі Мекайілдің жанын алар. Исрафил,
Жебірейіл, Ғазірейіл,-
Нәубет бірлан берген жанын һәм олар.

Онан соң қырық жылғаша жатқан өліп,
Жараса ағымалыңа жаза көріл,
Әуелі Исрафилді тіргіз мірлар
Алланың құдіретінен өлһам [367] келіп.

Жебірейіл, Мекайіл мен ол Ғазазіл,
Олар һәм нәубет бірлан барарлар, біл!
Жебірейіл періштеге хабар қылар,
Өзінің құдіретімен Раббым жалил.

Алла айтар:

- Иа, Жебірейіл, жаннат барып,

Бір тәж бен екі холла келші алып!
Жұмақтағы пырақты алып келші,
Үстіне жақұт ахмал [368] ерлер салып.
Онан соң жерге түсіп төртеулерің,

Оларды жиып алып [келші] бәрің!
Қабірден хорсанда [369] болып, бас көтерсін,
Мархабат сәлемімді айтқыл менің!
Жебірейіл пәрмен бірлан жаннан кіріп,

Шығады айтқандарын даяр қылып.
Бұл күні қоштанатын уақыт болды,
Ғашықтың мақсатына өзі қылып.
Қабірден Расул құда бас көтерер,

Төртеуі тағзым бірлан сәлем берер.
Сүйініп:

- Иа, Мухаммед, хорсанда бол,

Бір Құдай айтысыңа [қылар] даяр.
Расул айтар Жебірейілге:

- Иа, паруар,

Көңілімде хош қылатын не хабар бар?!
Жебірейіл Расулге айтар:

- Сізнің үшін,

Тәж бірлан холла, пырақ жіберділер.
Расул айтар:

- Жебірейіл, мұның бірлан,

Көңілімнен еш уақытта шықпайды ғам!
Бұл күні кәміл көңілім шат болатын,
Мен сізден басқа нәрсе сұрағаным.
Мұнан соң Жебірейіл: - Расул хақ,

- Жұмақтың барша жемісі сізге мұштақ [370].

Әуелі жаннат ішіне сіз кірерсіз,
Қайғыдан көңіліңізді айлағыл шат!
Расул айтар:

- Бұған да болмаймын шат,

Бәрі де инсан жынның болды фариад.
Күнәкар ғасы жайын [жасы] үмбетімнің
Ахуалы[371] нешік болар, айлағыл над.
Расулға Жебірейілдер:

- Қайырланам,

Осылайша Жаббар Құдай айтты сәлем:
"Тозақта бір пендені қалдырмаймын,
Ғұмырында бір калима айтса маған".
Бұл сөзге Расул құда бек шаттанып,

Тәж бірлан холла тонды киген алып.
Үстіне сол пырақтың мініп алып,
Түбіне ғаршы ағланың турды барып.
Алладан пәрмен келер Исрафилге:

- Жатыпты көп халайық жерде, көрде...

Исрафил пәрмен бірлан даярланып,
Тартқайлар бір мәртебе сұрын алып.
Әуелден ақырғанша жанның бәрі,
Өзінің денесіне кірген барып.

Алланың пәрменімен тірілер жан,
Болады бұрынғыдай жамиғ [372] (жұмла)
Әр кісі көр басында шығып тұрар,
Тірілмей әр кез қалмас ибн адам [373].

Баршасы инси — жанның бас көтерер,
Бір аттың тұяғынан мың кісі өрер.

- Махшарға халайықты айдаңыз! - деп,

Алладан періштеге әмір келер.
Мәліктер қолына алып күрзілерін,
Махшарға халайықтың айдар бәрін.
Ол күні халайықты қайғы басар,

Еш пенде бір-бірінің білмес халін.
Барарлар ол махшарға ибн адам,
Әркімдер өз хәлімен зар еңіреген.
Күн келіп найза бойы тас төбеңе,

Мысалы жер темірдей қызыл болған.
Жүре алмас ешбір пенде жерді басып,
Баратын жер таба алмас одан қашып.
Тілдері тізеге түсіп, шөлдегеннен,

Жүре алмас жерді басып, зар жыласып.
Дүниеде бағзы мүмин қайыр қылар,
Кәріпке нәрсе беріп, халін сұрар.
Мүминнің дүниедегі қайырлары

Басына сая болып келіп тұрар.
Өлгенде, әзір (қазір) болар хауыз кәусар [374],
Отырар төрт бұрышта төрт шаһриар.
Сүйікті бір Құданың пендесіне

Төртеуі сақи болып су бере алар (берерлер).
Пенделер мұндай болып шөлдегенде,
Сөйлеуге тіл шамасы келмегенде.
Суынан хауыз - кәусар несіп еткіл,

Күнәкар біздей кәріп пенделерге.
Ол күнде әзір (қазір) болар қылған күнә,
Адамзат мойнына алмас оны (аны) ,сірә.
Алдында халайықтың шерменде ғып,

Қол,аяқ мүшелерің болған куә.
Аяқ айтар:

- Менің бірлан жүрдің! - деген.

Қол айтар:

- Менің бірлан алдың! - дегей.

Лажсыз кәріп пенде мойнына алар,
Демеске: "Алмадым",- деп, тілі келмей.
Дүниеде әр не қылып пенде жүрер,
Қарамал катибин [375] жазып тұрар.

Халайықтар махшарға жиылғанда,
Алдынан:"Оқығыл!" - деп, әзір (қазір) қылар.
Адамдар хат білмейтін болар молда,
Қағазды оқығалы алар қолға.

Бағызы - Құдай сүйген пенделердің
Алдынан нама келер, яки оңнан.
Оқиды - жақсылық - жазған хаттан,
Оқиды халайыққа қылып мақтан.

Күнәлы, сорлы болған пенделердің
Соңынан нама келер, яки арттан.
Бәрін де күнәсының салар хатқа,
Ұялып қарай алмас адамзатқа.

Күнәсының барына көзі жетіп,
Түседі кәріп пенде хежеләтқа [376].
Қолына ала жіп жоқ алған, әні.
Қағазды, ашып көрген, оқығалы.

Қараса сауабының ешбірі жоқ,
Қағазға жазылыпты күнәлары.
Пенде айтар:

- Ай, Құдая, күллі ғалам,

Бұл емес оқып көрсем, менің намам [377].
Жолыңа кеш те күндіз тынбай жүрдім,
Келеді не себеплі (нама) мұндай маған?!
Дүниеде әрбір түрлі қайыр қылдым,

Кәріптің нәрсе беріп, халін білдім.
Астан - қайыр, малымнан зекет беріп,
Ораза мен намаздан ахир [378] құтылдым.
Олардың(алардың) ешбірі жоқ бүл намада,

Орнына жазылыпты күнә менде.
Ол қылған сауабымның қайыры қайда?
Білдірші құдіретіңмен, Құдауанда!
Алла айтар:

- Жақсы қылдың қайыр ісін,

Бірақ сен істемедің менің(мәнім) үшін,
Ол қылған қайырыңды мақтан қылып,
"Атынды, - сен ойладың - әркім білсін"
Ораза мен рия болды намазың һәм,

Сауабың оның үшін жазылды кем.
Пенденің көңіліндегі ойлағанын
Айттырмай білдіремін құдіретіммен.
Есітіп кәріп пенде болар ғамнак [379],

Аһ ұрып, жағаларын айырар өлсек.
Құдайым, мен кәріпке таупық беріп,
Көңілімді риялықтан айлағыл пак!
Өлгенде құрылады таразы һәм,

Пенденің қайырын салар күнә бірлан.
Бағзы бір Құдай сүйген пенделердің
Күнәлары сауабынан болады кем.
Сауабын ауыр келген пенде көрер,

Шаттанып көңілдері, жақсы жүрер.
Бағзы бір ғасы болған пенделердің
Кінәсы сауабынан ауыр келер.
Күнәсы ауыр келгенін көрер пенде,

Толады қайғыланып көңілі ғамға:

- Сауабым не себепті кем болды? - деп,

Алдына таразының барған(анда) онда.
Көреді қолыменен наманы ашып,
Емес дүр амалына бұл монасеб [380].
Пенде айтар бір Құдайға зарын қылып:

- Намазды оқып едім түнде тұрып.

... Парызды мойнымдағы құтылып ем,
Жолында кеш те күндіз тынбай жүрдім.
Олардың бүл намазда ешбірі жоқ,
Орнында болып дүр күнәһым көп.

Құдайға кәріп пенде зары қылар:

- Өзіңнің құдіретіңмен білдірші! - деп.

Алла айтар:

- Маған қылдың көп жақсылық,

Бәрін де қызметіңнің тұрмын біліп.
Дүниеде тірі жүрген уақытында
Әркімді сырттан жүрдің ғайбат қылып.
Көтердің ол пенденің күнәларын,

Сыртынан ғайбат қылып айттың бәрін.
Қайырыңды неше жылғы (аңа) соған бердім,
Орнына сауаптарың кетті сенің.
Есітіп кәріп пенде ғамкін болып,

Тұр ғайлар қызыл жүзі гүлдей солып.
Бағзы бір дүние қуған пенделердің
Амалын таразыға салар келіп.
Дүниеде еш болмаған қайыр ісі,

Тірлікте күнә болған бар қылмысы.
Дүниеде көп жетімнің малын алып,
Өлтірген жер-жерінде нақақ кісі.
Күнәның жер-жерінде қылған бәрін,

Ораза мен қойып кеткен намаздарын.
Астан - қайыр, малынан зекет бермей,
Харамнан жер жүзінде жиған малын.
Асқаптар таразыға пасық фажир [381],

Зарардан жоқ болып дүр сауаплар.
"Ай,пенде, құдайыңды ұмытпа!" - деп,
Құдайым ол пендеге хабар қылар.
Алла айтар:

- Топырақтан адам қылдым,

Дүниеде ғылым, хикмет, - бәрін білдің.
Жердегі мақұлықаттың баршасынан,
Абзал боп, әууалында[382]жаратылдың.
Ақжолды, оқу бердім, білмек үшін,

Мешітке, аяқ бердім, жүрмек үшін.
Он екі ағзаларыңды түгел бердім,
Дүниеде бұйрығымды қылмақ үшін.
Көз бердім: "Оқығыл!" - деп,

Құран көріп, "Зікірді айтқыл!"- дедім, - тілді беріп.
Өзімнің құдіретіммен күнбе-күні
Ырзықты тұрып едім әм жіберіп.
"Менен деп - ойламадың - оның бәрін",

Әркімнің,"кәсібім", - деп, алдың малын.
Зәредей таразыда сауабың жоқ,
Бұл күнде нешік болар енді халің!
Есітіп кәріп пенде көп қайғырар,

Жері жоқ онан (анден) басқа мойын бұрар:

- Иа, Алла, арызым бар, тыңдаңыз! - деп,

Топырақпен жүзін сүртіп, жылап тұрар.
Айтарлар кәріп пенде қылып нала:

- Бар еді сүйікті перзент, ата-ана!

Олардан: "Шапағат бер!"- деп, мен тілеймін,
Баруға рұқсат берсең, Хақ тағала!
Өлгенде құрылады таразы һәм,
Пенденің қайырын салар күнә бірлан.

Бағзы бір Құдай сүйген пенделердің
Күнәлары сауабынан болады кем.
Сауабын ауыр келген пенде көрер,
Шаттанып көңілдері, жақсы жүрер.

Бағзы бір ғасы болған пенделердің
Кунәсы сауабынан ауыр келер.
Күнәсы ауыр келгенін көрер пенде,
Толады қайғыланып көңілі ғамға:

- Сауабым не себепті кем болды? - деп,

Алдына таразының барған(анда) онда.
Көреді қолыменен наманы ашып,
Емес дүр амалына бүл монасеб [380].
Пенде айтар бір Құдайға зарын қылып:

- Намазды оқып едім түнде тұрып.

... Парызды мойнымдағы құтылып ем,
Жолында кеш те күндіз тынбай жүрдім.
Олардың бүл намазда ешбірі жоқ,
Орнында болып дүр күнәһым көп.

Құдайға кәріп пенде зары қылар:

- Өзіңнің құдіретіңмен білдірші! - деп.

Алла айтар:

- Маған қылдың көп жақсылық,

Бәрін де қызметіңнің тұрмын біліп.
Дүниеде тірі жүрген уақытында
Әркімді сырттан жүрдің ғайбат қылып.
Көтердің ол пенденің күнәларын,

Сыртынан ғайбат қылып айттың бәрін.
Қайырыңды неше жылғы (аңа) соған бердім,
Орнына сауаптарың кетті сенің.
Есітіп кәріп пенде ғамкін болып,

Тұр ғайлар қызыл жүзі гүлдей солып.
Бағзы бір дүние қуған пенделердің
Амалын таразыға салар келіп.
Дүниеде еш болмаған қайыр ісі,

Тірлікте күнә болған бар қылмысы.
Дүниеде көп жетімнің малын алып,
Өлтірген жер-жерінде нақақ кісі.
Күнәның жер-жерінде қылған бәрін,

Ораза мен қойып кеткен намаздарын.
Астан - қайыр, малынан зекет бермей,
Харамнан жер жүзінде жиған малын.
Асқаптар таразыға пасық фажир [381],

Зарардан жоқ болып дүр сауаплар.
"Ай,пенде, құдайыңды ұмытпа!"- деп,
Құдайым ол пендеге хабар қылар.
Алла айтар:

- Топырақтан адам қылдым,

Дүниеде ғылым, хикмет, - бәрін білдің.
Жердегі макұлықаттың баршасынан,
Абзал боп, әууалында [382]жаратылдың.
Ақжолды, оқу бердім, білмек үшін,

Мешітке, аяқ бердім, жүрмек үшін.
Он екі ағзаларыңды түгел бердім,
Дүниеде бұйрығымды қылмақ үшін.
Көз бердім: "Окығыл!" - деп, Құран көріп,

"Зікірді айтқыл!"- дедім, - тілді беріп.
Өзімнің құдіретіммен күнбе-күні
Ырзықты тұрып едім әм жіберіп.
"Менен деп - ойламадың - оның бәрін",

Әркімнің,"кәсібім", - деп, алдың малын.
Зәредей таразыда сауабың жоқ,
Бұл күнде нешік болар енді халің!
Есітіл кәріп пенде көп қайғырар,

Жері жоқ онан (анден) басқа мойын бұрар: -
Иа, Алла, арызым бар,тыңдаңыз! - деп,
Топырақпен жүзін сүртіп, жылап тұрар.
Айтарлар кәріп пенде қылып нала:

- Бар еді сүйікті перзент, ата-ана! Олардан:

"Шапағат бер!"- деп, мен тілеймін,
Баруға рұқсат берсең, Хақ тағала!
Тілегін Хақ тағала қабыл көрер,
Пенденің баруына рұқсат берер.

Көзінен қайтара-қайтара (қатыра) жастар төгіп
Алдына атасының пенде келер.
Пенде айтар атасына жылап гериан [383]:

- Дүниеде жақсы көрген перзентің - мен.

Өлшеуге ғамалымды салып едім,
Сауабым күнәмнан болып тұр дүр кем.

- Ай, ата, оның (аның) үшін сізге келдім,

Ұлыңның кәріп болған халін көрдің.
Аталық құрметіңмен рақым қылып,
Азырақ мен кәріпке сауап бергін (берің)!
Аһ ұрып атасы айтар перзентіне:

- Менен ақы (ахы) сұрамағыл, көп тір күнә.

Бүл күні саған берер сауабым жоқ,
Сауапты басқалардан барып сұра!
Есітіп кәріп пенде болады зар,
Көзінен жасын төгіп, жіберу бар,

Атасының алдынан үміт үзіп,
Зар қылып баласына енді барар!
Пенде айтар зар қылып:

- Ай, перзентім,

Әуелде сені Хақтан тілеп алдым!
Бір сені тәрбиелеп, күтемін деп,
Өзімді неше түрлі ғамға салдым.
Көп болды соның үшін күнәларым,

Өлшеді таразыға салып бәрін.
Азырақ, нұр дидарым, сауап бергіл,
Атаңның кәріп болған көріп халін!
Зар жылап, бала айтар:

- Ай, атажан,

Бұл күнде мен әм сіздей қайғылымын.
Бар болса, сауабыңнан өзің берші,
Ұлыңды халық ішінде қылмай гериан.
Есітіп қайғыланар кәріп пенде,

Аузынан түгін шығар аһ ұрғанда.
Сол жерде баласынан үміт үзіп,
Алдына қатынының барған анда.
Пенде айтар қатынына:

- Ай, халалым!

Дүниеде бір сен едің жан берерім!
Дүниеде сенен басқа досым (достым) жоқ,
Ата-ана, ұл-қызды қойып бәрін!
Сен үшін жер жүзінде әр не қылдым,

Мал іздеп, нәһи мүңкір жолға кірдім.
Сен үшін дүниені мұнша іздеп,
Ақырда таразыға мен тұтылдым.
Бұл күнде қайғылымын некем хал ал,

Күнәһым сауабымнан көп боларлар.
Азырақ мен кәріпке сауап берші,
Ерінді халық ішінде қылмашы зар!
Қатыны айтар:

- Бұрын мені қайда көрдің?

Дүниеде сендей ерді еш көрмедім!
Дүниеде сен сипатты халалым жоқ,
Сөзіңді жалған айтпай, жүре бергін!
Есітіп кәріп пенде қайғыланар,

Аузынан аһ ұрғанда, оттар жанар!
Ата-ана, ұл-қыздан үміт үзіп,
Алдына таразының қайтып барар (бар)!
Алла айтар нада қылып:

-А, иа, пенде,
Еш сауап бермеді ме олар(алар) сенге!
"Ата-ана, перзентім", - деп, тұрушы едің,
Дүниеде түсіп жүрдің қандай қамға?!

Көңіліңді жақсы көрдің, артық,әне!
Бұл күнде, кәне, сені танығаны?!
Ақыры солар үшін ғасы болдың.
Мал жинап олар үшін, болып пәні.

Есітіп кәріп пенде көп қайғырар,
Болған соң Хақтың әмірі нешік қылар.

- Иа, Алла,саған қарар жүзім жоқ! - деп,

Басын(бастарын) темен салып, жылап тұрар.
Алладан хабар келер мархабатым:

- Ай,пенде, басың көтер, болма, ғамкін!

Күнәдан таразыңды айладым пак,
Фазылыммен сауабыңды ауыр қылдым!
Ықыласын маған қойған мұрат табар,
Мен дүрмін:Ғайыб [384],Саттар [385], Раббы,

Жабба Ешкімге мұқтаж болма, шаттанып жүр,
Күнәһың бәрін кештім әуел ақыр!
Шүкір ғып, сәжде қылған,болумен шат!-
Алладан пенде естіп бұл ишарат,

Онан (анден) соң хоштықпенен күн кешірер,
Ол күні күнәсынан болып азат.

- Құдая, қылғанымның бәрі пасық,

Күнбе-күн ғасылығым кетті тасып.
Осындай мархабатың кез болмаса,
Күнәһым күн-күн сайын барады асып.

- Айыр, - деп, - жамандарды жақсылардан!-

Мәлікке хабар қылар Қадір Сұбхан.

- Бөлектеп пенделерді ажыратқыл,

Өзінің тұрсын әркім жынысы бірлан!
Жиылған махшардағы халыққа келер,
Алланың пәрменімен періштелер,
Әр пенде дүниедегі жынысымен,

Пендені ахыр етіп, қойша бөлер.
Бір бөлек әрқайсысын бір сап қылар,
Шаһитлер, пайғамбарлар һәм уәлилер.
Қажылер, тақуа, заһид, қазыларды,

Періште әрқайсысын бір сап қылар.
Ғұлама, ғалым менен жаһилдарды,
Айырар сахилардан [386] бахиларды.
Құданың бұйрығымен ахир етер,

Тұтпаған хақсың әмірін қапылдарды.
Дүниеде сол себепті кәпір онша (анша),
Насыраны: һунди, жәһил, мұңғыл, тырса.
Періште әрқайсысын бір сап қылар,

Өзінің жынысымен тұрар барша.
Қолына Расул қуда ақ ту алып,
Махшардың оң жағына тұрған барып.
Қасынан пайғамбардың орын алар,

Әр пенде Хақ әмірін жүрсе танып.
Махшардың сол жағына әлһам (ол һәм) барған,
Ғазазіл қызыл туды қолына алған.
Ілесіл бірге барар кейін қалмай,

Шайтанның алдауына кірген адам.
Жарасар ғамалына әркім тұрар,
Ол күнде неше жерден сап құрылар!
Дүниеде салтанатты патшаларды

Кедеймен есіктегі бірдей қылар!
Айдай боп он төртінші шағиланып,
Тұрады иманды құл шамдай жанып.
Жүздері күнәкардың қара болар,

Танымай өзін-өзі қайғыланып.
Өзіңсің, Құдауанда, - падишаһым!
Құдая, ғасы құлмын: көп күнәһым!
Жақсының қатарында дахил [387] қылып,

Махшарда ауыстырма , иа, илаһим!
Шайтанның мойнына салып шынжыр,
Мәлікке хүкім қылар [сонда] уағил [388].
Бұл тұрған халайықтар ғибрат алсын,

Отына жаһаннамның оны (аны) апарғыл!
Мәліктер отты шынжыр қолына алып,
Шайтанның мойнына сап, сүйрер барып.

- Иа,Алла, ғарызым бар, мен айтайын,-

Ғазазіл нала қылып, бек зарланып.

- Тоқта! - деп,- періштеге қылар пәрмен,

Тілегін қабыл керіп, құдірет Аулан.
Ғазазіл онан (андан) кейін тілге келер,
Құдайға мінажат қып неше алуан:

- Дүниеде күнә істеп, көп жыл жүрдім!

Шайтан боп, ғасы болып, жазаландым!
Азғырып бірнеше жыл мехнат шегіп,
Өзіме көп адамды серік қылдым:
Аузына харам тағам салғандарды,

Дүниеде менің тілімді алғандарды,
Күнәның дүниедегі бәрін қылып,
Айырылып иманынан қалғандарды.
Жолдасым дүниедегі олар(алар) менің,

Дүниеде олар менің жолдастарым.
Ғаділдік істесеңіз, иа, Илләһим,
Ғазапты дұрыс болар бір көрмегім!
Тілегін Ғазазілдің қабыл алып,

Мәлікке хабар қылар Жаббар-халиқ,

- Шайтанның алдауына жүргендерді,

Бір кесел аһұяға алып барып.
Дүниеде күнә істеп жүргендерді,
Шайтанның алдауына ергендерді,
Нәпсінің алдауына кіріп[алып],

"Өзінен дүние өтпес" - деп, білгендерді.
Мойнына баршасының салып шынжыр,
Сүйреңіз ғасылардың жазасы - сол!
Күнәкар ғасыларды тозаққа сал,

Халыққа махшардағы енді барғыл!
Есітіп Расул Құда бұл наданы:

- Не дүр? - деп, Жебірейілден сұраған,әні!

Жебірейіл бастан-аяқ баян қылар,
Шайтанмен болып тұрған уақиғаны.
Мухаммед үмбетінің халін біліп,
Орнынан жөнеледі сонда тұрып.

Күнәкар ғасы болған үмбеттерді
Жеткізбей жаһаннамға жетер қуып.
Шайтанға нада қылар Расул құда:

- Ай, залым, бұлар - үмбет болар маңа.

Өзімнің ғасы болған үмбетімді
Не себепті апарасың жаһаннамға?!
Шайтан айтар:

- Бұлар - менің жолдастарым.

Дүниеде азғырып ем мұның бәрін.
Сол қылған дүниедегі күнәсы үшін,
Тозаққа өзім бірлан апарамын.
Расул айтар:

- Үмбетім дүр бүл әуелден,

Бұл жерде үмбетімді сатан бермен!
Шайтан:

- Бұлар - менің жолдасым! - деп,

Дәлел (далил) сөз көрсетеді неше алуан.
Сол жерде бір ғажайып қылар қауға,
Үмбет үшін екеуі салынып дауға.
Құдайым құдіретімен екеуіне,

Осылай хабар берер Қадір Алла.
Алла айтар:

- Қылмаңыздар енді жанжал,

Пендені орынына қайта алып бар!
Бір төре араңызға хүкім етсін,
Айтысып екеуіңіз қазыға бар!
Дүниеде мазһап болған торт имамы,

Махшардың төрт жағына қойған, әні!
Алдына имамлардың жібереді,
Әркімнің болса сонда дау-жанжалы.
Төртеуі махшарда болар қазы,

Сұрайды әр пенденің болса ғарызы.
Алдына имам Ағзам айтыспаққа,
Барарлар бұл екеуі болып разы.
Расул мен Ғазірейілді Ағзам көріп,

Расулға сәлем берер тағзым қылып.
Имамға дағуаларын айтпақ болып,
Екеуі отыра қалар түп жүгініп.
Расул айтар:

- Көп менің үмбетлерім,

Бағзысын азғырыпты шайтан оның (аның).
Күнәлы үмбетімді жолдас қылып,
Жұмаққа бірге оларды апарамын.
Келіп ем үмбет үшін мен әуелде,

Дүниеде түсіп жүрдім қанша ғамға!
"Күнәсын ақыретте кешемін!" - деп,
Өзіме уағда қылтан Құдірет Алла!
Үмбетім жер жүзінде қылған күнә,

Көңілін артық қойып маған ғана!
Жаннат шапағат қып апарамын,
Күнәсын ғапу етсе Хақ тағала!
Неше жыл қызмет қылып, ашып-ардым,

Бағзысын құмра [389] қылып, жолға салдым!
Дүниеде әрбір түрлі іс қылдырып,
Көңілінен иман нұрын алып [қалдым].
Дүниеде олар маған болған тірек,

Әр түрлі алдауыма жүрген еріп,
Сол қылған дүниедегі күнәсы үшін,
Тозақта бірге жатсам, ғазап көріп!-
Екеуі мұддағалы [390] сөзін (айтқан) [терген].

Көп кеше имам Ағзам үндемеген.
Бұлардың бүл дауына хүкім айтып,
Имамға бір Алладан хабар келген.
Имам айтар :

- Жер жүзінде мен жүрдім көп.

Әркімге рауаятты мен бердім көп.
Дүниеде имам болған заманымда,
Сұрады мәселені бір адам кеп.
Ол айтты:

- Диқан болып егін салдым,

Егінім піскеннен соң, орып алдым.
Бидайды сабанынан ажыратып,
Қырманды көтермекке даярландым.
Оқитын намазымның уақыты (болды) [келді],

Астымда өгізім бар жүрер, ерді.
Өгізді бір ағашқа байлап қойып,
Арыққа таһарат үшін келдім, - дейді.

- Арықта суға барып, таһарат қылдым.

Намазды уақыты бірлан әм құтылдым.
Қайтып келсем, өгізім өліп жатыр,
Кетіпті іші жарылып,оны (әні) көрдім.
Ағаштан байлап қойған жіп босанып,

Бидайды жеген екен өгізім барып.
Хисапсыз іші толып кеткеннен соң,
Өгіздің жіберіпті ішін жарып.
Ішінен төгіліп жатыр бидайлары,

Қарасам, таза болып жатыр бәрі.
Иа, имам, бүл бидайды нешік қылам,
Мен сізден келдім, - дейді, - сұрағалы.
Мен бердім ол пендеге мәселені:

- Тұқым қып жерге сепкіл, - дедім, - оны (әні).

Піскен соң, өз алдына орып алып,
Екінші тағы жерге сепкіл оны(әні).
Жеместен тағы жерге үш қайта сал!
Мен айттым:

- Төртіншіде болар халал!

Біреуге осылайша хүкім айттым,
Дұрыс па құдіретіңе иа, зол [391], жәлал [392].
Алла айтты:

- Дұрыс емес бүл қылтаның,

Пендемді ренжітіп мұнша менің (мәнің)!
"Дұрыс!" - деп,бұл хүкімді неге ұзарттың,
Төрт жылға жетеді ме ғұмыры оның?!
Құранда аят бірлан хабар бердім,

Мусиін [393] күллі пенделердің есен (асан) қылдым,
"Әр нәрсе жер жынысқа араласса,
Болса да қанша күнә, пәк! - деп едім.
Рауаят көрмедің бе,ол Құранда,

Мұнша қиын айтыпсың кәріп құлға!
Бір жолы жерге түскен пәк болады,
Екінші рауаятты мұндай қылма!

- Иа,Алла, қате қылдым бір жолы мен,

Бір мәрте білмегенді кешіргіл сен!
Бұл айтқан мәселеден ғибрат алып,
Расул мен Ғазірейілге бұйырдым мен:

- Дүниеде күнә қылып, пенде жүрген,

Өлген соң жер қойнына барып кірген.
Неше жыл топырақпен бірге жатып,
Алланың пәрменімен әм тірілген.
Пенделер әуелінде күнәлы өлді,

Махшарға жерден шығып, пәк боп келді.
Мұхаммед үмбетінің күнәсы жоқ,
Осылай хүкім қылдым сізге! - дейді.
Орнынан шаттық (шатлык) етіп тұрар Ахмет.

Тұра алмай орынынан Шайтан лағынет!

- Бұл сөзге мен разы емеспін! - деп –

- Шафизғқа [394] барам! - деп, қылар фариад.

Шафиғқа Расул бірлан Шайтан жүрер,
Алдына тізе бүгіп һәм отырар.
Екеуі бастан-аяқ сөзін айтып,
Имамға сол арада баян қылар.

Есітіп имам Шафиғ қарап тұрған,
Бұларға еш нәрсе деп бұйырмаған.

- Бұл сөзін екеуінің ажырат! - деп,

Шафиғқа Жаббар Құдай әмір қылған.
Шафиғ айтар дұға қып:

- Иа, Илләһим!

- Менің де сұралмаған көп күнәһым,

Күнәдан әуел мені таза қылшы,
Бұйрықты онан (андан) кейін мен қылайын!
Иа, Алла, хүкім еттім жер жүзінде,
Мәселе айтып едім әрбір кемге.

Алдыма екі адам кеп дағуаласты,
Дүниеде имам болып жүргенімде.
Біреуі айтты:

- Арызым бар,- дейді, - менің!

Бар еді егін салар жерім менің.
Сапарға өзім үйден жүріп кетсем,
Бұл кісі егін салған бәріне оның (аның).
Әзімнен бір мәртебе сұрамай,әні,

Жерімді қылып қойған бүл жаралы!
Бұл жерде мұның ешбір хақысы жоқ,
Бұрыннан өзімдікі еді бәрі!
Сұрасам жерлерімді бүтін келіп,

Айтысып:"Алғыл, - дейді, - мені жеңіп!"
Жерімді астығымен әперіңіз,
Айтамын оның үшін сізге келіп.
Біреуі айтар:

- Жалған емес, рас айтар,

Ол жердің әуелінде иесі бұл!
Сол жерін жырта алмаған, жырттым, ектім,
Мехнатпен жапа шектім бірнеше жыл.
Жеріне бірнеше жыл мехнат еттім,

Өзіме тиісті ғып егін ектім.
Тынбайын бірнеше жыл жолында боп,
Ол жерге әлденеше бидай септім.
Осынша мехнат қылдым бірнеше жыл,

Ойладым:

- "Жер тиер, - деп, - өзіме", - мен

Иа, имам, арамызға хүкім айтқыл,
Шықпайын,не қылсаңыз, сөзіңізден.
Мен айттым:

- Әуелінде сенікі - жер,

"Жерінді аламын" - деу - болар бекер.
Мынаның мехнаты құр болмасын,
Бидайын үстіндегі өзіне бер!
Оларға хүкім еттім осылай деп,

Разы болып екеуі кетті жүріп.
Бұл хүкім құдіретіңе дұрыс па екен?!
Онан соң бұған хүкім айтамын! - деп.
Алла айтар:

- Қатесі жоқ, дұрыс қылдың!

Бұрынғы иесіне жерді бердің!
Астығы - мехнат қылған - үстіңдегі
Иесіне наумыз қылмай, алып бердің.
Онан соң Шауфит айтар:

- Қылдым дұға,

Иа, Алла, арызым(ғарызым) бар және тыңда!
Пендеге күнә пайда болар ма еді,
Анадан туған шақта өліп қалса?!
Алла айтар:

- Әуелінде күнәсы жоқ,

Күнәдан бірнеше жыл жүрер пәк боп.
Күнәны пенделерге шайтан салған,
Хайламен кеш те күндіз көп азғырған.
Шафиғ айтар:

- Хүкім етем, иа, Илләһим!

Тыңдап тұр ғаділетті падиша һәм.
Бірін қоймай кінәны шайтан алсын,
Пендеге өзі салған бар күнәсын!
Әуелі Мұхаммедтің үмбетлері,

Дүниеге күнәсыз боп келген бәрі.
Анадан жаңа туған қалпыменен
Пайғамбар шапағат қып алсын оны!
Орнынан құлдық қылып Расул тұрды,

Тұра алмай шайтан Лағын һәм отырды.
Періште ғазазілді алып барып,
Тозақта неше түрлі ғазап қылды.
Пенделер халас болар бұл мүшкілден,

Құдаға сана[395] айтар бәрі бірден.
Махшарда бір сап болып отырады,
Расулға даурит [396] айтып жан дін бірлан.
Құдая, ғасы жанбыз шермендемін,

Күнәһым таудан үлкен бір пендемін.
Достыңның құрметінде құтқармасаң,
Шайтанның алдауына мен ергемін.
Періштеге хабар қылар:

- Иа, Саруар,

- Сираттан пенделерді өткізіңдер!

Жақсылар жаннат барып, рақаттансын,
Болсынлар жамандардың орыны тар.
Құданың әмірі бірлан айдар Мәлік,
Еш пәнде өтпей тұрмас онан қалып.

Жиылған махшардағы халықтың бәрі
Шұбайды өтпек болып: "Иа, Алла"-лап.
Ол күні жеті тозақ қатар тұрар,
Үстінен қыл көпірді һәм құрарлар.

Қылыштан өткір болар,қылдан нәзік (нәжік).
Ұзынын үш мың жылдық, әне, қылар!
Мың жылды жоғарыға жүрер пенде,
Қараңғы үсті болар кешеден де.

Құдая, мұсылманға қуат берші,
Мың жыл төмен жүріп өтер пенде.
Көпірі қияметтің - қылыштан жол,
Күнәлы адам өте алмас одан (андем) әр кез.

Мың кісі катар жүрер жолдай болар,
Сүйікті пендесіне жолықса кез.
Жиылған махшардағы барша жаннан (жанден),
Не жақсы, Хақ жолына, не жаманнан (жаменден),

Жаратқан бір Құданың мақұлықтары
Қалмағай ешбіреуі от пен одан (анден).
Ғайдінің [397] күндерінде әр мұсылман,
Мал сойып, хақ жолына қылса құрбан.

Құданың мұсылманға бұйрығы - осы

- Пыраққа мініп өтер - құрбан шалған.

Пенделер соңда қарап,қорқып кетер,
Алдынан қарсы шығып, Құрбан жетер.
Дүниеде құрбан шалған ғазиз пенде
Мініп ап қыл көпірден бір-ақ өтер.

...Онан соң махшардағы көп халайық
Баршасы жылай-жылай қадам басар.
Пендеге қиын болар бұл қабағат,
Сираттан өтпектегі қалмай ғайып.

Отына жаһаннамның барып түсер,
Мүбада қыл көпірден кетсе, тайып.
Көпірден лажы жоқ пенде жүрер,
Жүрмесе, күрзі бірлан періште ұрар.

Жүруге бағзысының халі келмей,
Үстінде қыл көпірдің қарап тұрар.
Жүре алмай бағзы адам жатқан тосып,
Қалтырап буындары, зәресі ұшып.

Шулайды:"Сұбхан Алла!"- мүмин адам,
Кетеді тар сираттан кұстай ұшып.
Кейбіреу шауып өтер,кейі желіп,
Тозақта кәпір қалар қайғыланып.

Жігіттер, дәл осының болуы хақ,
Тәубе қыл, дүниеде мұны біліп.
Тартады күнәлы құл ғазапларын,
Құданың өзі білер оның (аның) жайын.

Тозақта иманды құл мудда [398] жатпас,
"Иман тұтқан", - дейді құлын оның (аның).
Иманды жаста өлген балаларды,
Сиратқа келтіргейлер һәм оларды.

Оларға асани болар осы пәрмен,
Иіріп алып келер сәбилерді.
Балаға айтар періште:

- Ай, ғазизлар,

Дүниенің ләззатынан безген - сіздер.
Жаннаттар сіздің үшін енді жар дүр,
Сираттан хоштық илан өтіңіздер!
Бала айтар:

- Ғарызымызды тыңдаңыз сіз,

Бар еді бізді тапқан ата-анамыз.
Олардың дидарларын көрмейінше,
Сираттан қадам ұрып, өте алмаймыз.
Періште балалардан мұны естіп,

Аллаға мағлұм қылған ғарыз етіп.
Құданың құдіретіменен жас балалар
Ата мен анасына барған жетіп.
Көргейлер жас балалар ата-анасын,

Аналардың аяғына қояр басын.
Құданың ахуалына баян етер (айтар),
Ағызып екеулері көзден жасын.
Балата періште айтар:

- Тез жүріңдер,

Сіздерге жұмақтағы хурулайны [399] зар.
Бұлардың сізлер бірлан жұмысы жоқ,
Ата-анаң ғасы жафи [400]пенде дүрлар.
Бала айтар:

- Жер жүзінде жүрмей өлдік,

Дүниенің еш қызығын көрмей өлдік.
Біз үшін мехнат шеккен ата-анамыз,
Қызметін тірлікте қылмай өлдік.
Егер де тозақ барса ата-анамыз,

Біздер һәм олар бірлан бір барамыз.
Күнәсын Жаббар Құда ғапу етсе,
Жаннатқа өзімізбен апарамыз.
Мәлік барар дәргаһына Құданың,

Бұлардың мағлұм етер ғарыз-халін.
Баланың құрметімен Жаббар Құда
Күнәсын ғапу еткен ата-ананың.
Алланың мархабатын бұлар біліп,

Құданың рахматын көзі көріп,
Жүзіндей қылыштардың қыл көпірден
Қара жер мысалында кетер жүріп.
Кейбіреу жүрмек үшін қадам ұрар,

Жығылатын болған соң қайтып тұрар.
Періштелер отты күрзі қолына алып:
"Жүргіл!" - деп, пенделерді қойша ұрар.
Пенделер жүре алмай, кейін қашып,

Тамұқтың һайбатынан ғақылы қашып.
Жиылған махшар халқы қойдай шулар,
Нала ғып,баршалары зар жыласып.
Сол жерде әзір (хазір) болар Расул - анам,

Сираттан өтпек үшін ұрған қадам.
Расулдың етегіне жабысқандар

- Өтпекке мұқтаж болып тұрған адам.

Тұтқайлар етегінен бағзылары,
Тартпаққа бағзысының келмес халі.
Біреуінен біреуі мықтап ұстап,
Ақыры жабысады жанның бәрі.

Пайғамбар қадам ұрар қылып һамад [401],
Ілесіп аркасында барша үмбет.
Үмбетін жаһаннамнан аман қылар,
Құдайым пайғамбарға қылып рақмет.

Құдая, қыл көпірден аман сақта,
Тайдырмай аяғымды бөтен жақта.
Сүйікті Хабибіңе қолым жеткіз,
Тақалып тар сиратқа жеткен шақта.

Сираттан өтсе,нұрланар пенде жүзі,
Алдынан қарсы шығар хордың қызы.
Басына табақ бірлан нұрын шашып,
Жұмақты айла айлар оның орны.

Ол күні жаннат көктен Жаббар халық,
Сыдыққа Әбубәкір берген алып.
Алланың жарлығынша - пенделерге
Есігін Әбубәкір ашқан барып.

Пайғамбар, шаһидлар мен баршалары,
Қажылар, тақуа, заһид және қари,
Әр пенде өз жынысымен бір ілесіп,
Жаннатқа шадыман болып кірген бәрі.

Берілер бір пендеге неше хордан,
Осыдан үміт үзбе енді адам!
Жаннатқа кірсе, қалмас еш қайғысы,
Көңілінде еш мақсаты болмаған һәм.

Пенделер холла киіп, құшар хорды,
Ғишратумен [402] өткізеді барша күнді.
Алдына баршасы кеп қызмет қылар,
Тілесе, көңілі ашық неше түрлі.

Бақтарда паруаз айтып, құстар жүрер,
Әр түрлі әуез бірлесе беріп тұрар.
Мубада пенде көңілі хош тілесе,
Ол құстар келіп қабап қылар.

Тілесе егер пенде, пырақ мінер,
Әр күнде бес жүз жылдық жолға жүрер.
Көңілі қанша жерге бармақ болса,
Баршасын бір сағатта сейіл қылар.

Ол күнде жұмақтағы жас пен кәрі,
Ерлердің жыйырмада болған жасы.
Онан соң еш уақытта кәрі болмас,
Қыз болар он төрт жаста әйелдері.

Жұмақта тамаша ғып бұлар жүрер,
Қосылып тамаша сұқбат қылар.
Ол жаһан ғишратуда шармақ [403] жоқ,
Біткенше муддағасы ойнап күлер.

Жұмақтан орын алған пенделерін,
Шақырған сыяпатқа Алла бәрін.
Дидарын пенделеріне несіп етіп,
Көтеріп ортасында паруарларын.

Көргенде (көргейлер) Хақ дидарын барша мүмин,
Көңілінің қайғысы кеткен сол күн.
Алдына бұл кісінің пайда болып,
Көре алмай Хақ дидарын болар ғамкін.

Пендеге хабар қылар Құдауанда:

- Шүкірлік, сәжде қылғыл енді менге!

Алланың пәрменімен баршалары
Иіліп сәжде қылар ұшал демде.
Дүниеде мұртын алмай пенде жүрер,
Әр қылы - бір найзадай болып тұрар.

Пенделер еңкеймекке бас қойғанда,
Қадалып әр нелері не әуре қылар.
Көргендер бас көтеріп барша мүмин,
Болғайлар ол пенденің көңілі ғамкін.

Алланың дәргаһында жарамайды,
Дүниеде мұртын алмай жүрсе әркім.
Дидарын көргеннен соң барша адам,
Пенденің мақсаттары болар тамам.

Сол күннен - қайғы, қамсыз соңғы күні
Жұмақта мекен етіп тұрар адам.
Кәпірлер мәңгі жатар жаһаннамда,
Ішерге заһар-зақым берер онда.

Тозақта неше түрлі ғазап көрер,
Өртенсе де сол отқа, күймес пенде.
Қорегі тозақтың - заһар қашыл,
Заһар ішіп ақырғанша жатқан көпір.

Кәпірдің жаста өлген өлетіні
Хақында неше имамлар қылған нақыл.
Бағзысы:

- Жаста өлген балалары,

Жаннатқа олар да һәм кірген бәрі.
Жұмақта мекен еткен пенделерге
Алдына қызметкер ғып қойған, әні.
Бағзысы айтар:

- Олар һәм тозақ,кірер,

Қосылып атасымен отқа күйер!
"Ғаламды, ғайыптыны бір Алла өзі білер!" - деп,
Бұл сөзбен имам Ағзам тоқтау қылар.
Тозаққа бағзы мүмин кірер анық.

Әр түрлі ғазап көрер, отқа жанып.
Жараса ағмалына жаза көріп,
Ақыры жаннат ішіне кірген барып.
Сарай бар алтын, күміс жарқылдаған,

Ішіне неше түрлі төсек салған.
Пенделер холла киіп, хорды құшып,
Көңілінде бір зәредей болмас арман.
Дүние онан (аннан) кейін болар тамам,

Торғайлар (тұр ғайлар) хошлық бірлан бүкіл дауам.
"Мұхаммед үмбетімін" - деген құлды,
Құдайым жаһаннамнан қылар аман.
Сираттан аман өтер барша мүмин,

Қалмаған ұшал отта мүмин деген.
Сүйікті Хабибінің құрметінде
Үмбетін Мухаммедтің қылма(с) ғамкін.
Мухаммед үмбетіне көп қайғырды,

Дүниеде жапа шекті неше түрлі.
Махшарда ғасы жафа үмбет үшін,
Айтысып Ғазазілмен нелер қылды.
Үмбет болсаң, Расулдің бұйрығын қыл!

Сүннәтін кеудеңе қалық қып іл!
Азғырған ғазазілдің тіліне еріп,
Зәрердей шариғатқа болма мүңкір.
Ғазазіл азғырады күндіз, кеш те,

Көңілге қиял салар әлденеше.
Дүниеде әр жұмысын ойға салар,
Әр пенде хақ бұйрығын қылам десе.
Жаранлар, Ғазазілдің тіліне ерме,

Істерге нахи, мүңкір көңіл бөлме!
Нәпсісі һауа шайтанның тіліне еріп,
Махшарда халық ішінде қайғы көрме!
Дүниеде қайғы көрмек оңай іс дүр,

Жамандықты әрқашан көрме мастер (мастөр).
Махшарда халық ішінде қайғыланса,
Пендеге ол ғажайып жаман мүшкіл.
Құдая, ғалам қылма әр пендеңді,

Көңілінде иман нұры бар пендеңді!
Фазылың, рахматыңнан уасил [404] айла,
Хосусан [405] мендей кәріп шеменденді.
Аудардым[сізге] тілмен бұл хикаят,

Назым ғып түркі тілмен айтылды жат.
Ақырет күндерді көңіліңе алып,
Көңілінде сақтаңыздар, әр адамзат!
Пенденің өлсе қалар жазған хаты,

Айырықша жазушының керек аты.
Әз ғылым арабшаны түркі қылып,
Шығардым назым қылып хикаятты.
Шариғатсыз істерді қош алмаңыз,

Ауызыңыздан таһлидді тастамаңыз!
Жазушы біздей кәріп мұсылманды,
Оқығанда, дұғадан тастамаңыз!
Жаратқан Құдай артық пайғамбарым,

Жаратты оның үшін жанның бәрін.
Естігенге ғибрат болмақ үшін,
Шығардым қияметтің ахуалдарын.
Ай, пенде,ертелі-кеш қылғыл тәубе,

Қарсы тұр нәпсі деген кәпір жауға!
Жалғанда тәубе қылмай, ғапіл өтіп,
Қалмаңыз қиямет күн үлкен дауға!
Біздерге шапағатшы Мұхаммедті,

Көреді үмбет үшін мехнатты.
"Ла ила ила Алла" - деген пенде
Алланың рахматынан үміт етті.
"Мұхаммед - расул Алла",- десе-дағы,

Салауат [406] әдет қылып айтса тағы.
Сүйікті пайғамбардың үмбеті боп,
Өлгенде рақат табар шыбын жаны.
Торт имам қиямет күні болар қазы,

Көбінен - тәуір болар сөздің - азы!
Салауат ертелі кеш айтып жүрсең,
Мухаммед расул Алла болар разы.
Жалғаннан бұрынғылар (бұрнағылар) өтпеді

Жол салған әуел бастан хазірет Адам.
Жалғаннан өлшеу дәмің біткеннен соң,
Ілгері баса алмайсың жалғыз кадам.
Қалмай ма әлі-ақ бір күн Мәшһүр өліп,

Жалп етер жетсе қаза, шамдай сөніп.
Азырақ тарқатайын іштің шерін,
Қызыл тіл тұрған күнде сөзге келіп.
Жүзінде жалған дүние көп сөйледім,

Ғақылға үйлестіріп еп сөйледім.
Дүниеден ғапіл жүріп біз де өтерміз,
Ат қалсын кейінгіге деп сөйледім.
Мінеді иманды күл алтын тақты,

Бекерге жібермейік келген шақты.
Денсаулық, тіршіліктің арқасында
Безейік аз ғана күн тіл мен жақты.
Болу хақ және нанбақ қиямет күн,

Онда жоқ мұндағыдай күндіз бен түн.
Төсектен түсе алмас болып адам,
Секілді болар таулар түтілмес жүн.
Ай немен бірігеді қосылысып,

Дарияға ағып барып кетер түсіп.
Жер жүзі жып-жылмағай болар тегіс.
Домалап тау қаңбақтай аспанға ұшып.
Төбеге күн келеді найза бойы,

Адамның ағып тері, қайнар миы.
Біреуді біреу танып біле алмайды,
Әркімнің сонда болар ұлы тойы.
Құрылар сират көпір: сол - таразы,

Ғамалдар ол ішінде көп пен азы.
Намаңыз оң мен солдан ұшып келіп,
Құдайым сауал сұрай, болар қазы (ғазы).
Ол күннің жарымы түн болуы хақ,

Сайрайды аузындағы тіл мен[ен] жақ.
Қол,аяқ куә болып қылмысыңа,
Тіл сөйлеп, куә болар оған аяқ.
Болмай ма, ғибрат алсаң, күн мен айдан,

Ойласаң: өзің жоқтан келдің қайдан?!
Білмегің мұны парыз - сол иманнан,
Болуың жақсы-жаман бір Құдайдан.
Болғанмен жақсы-жаман, бар бір өлу,

Хақ екен өлген[нен]соң қайтып келу.
Иманның жеті парыз: біреуі - осы:
Тағдырды жақсы-жаман Хақтан білу.
Өлімнен еш адам(ның) қалғаны жоқ,

Пенденің иманы бар арманы жоқ.
Иманның жеті парыз біреуі - сол:
Өлген соң, тірілмек хақ, жалғаны жоқ.
Жұмақта бір хауыз бар - кәусар атлы,

Сүттен - ақ, тәттілігі - балдан тәтті.
Сүттен - ақ, салқынлығы - қардан суық,
Майдарақ көбіклігі рақатлы.
Атырабы, айналасы зәбіржаттан,

Тастары (ташлары) ол хауызда шын жақұттан.
Айнала алтын кесе орнатулы,
Ғұмырында шөлдемейді сонан татқан.
Басында жұлдыздан көп күміс қасық,

Жарады мұрыныңды иісі жұпар сасып.
Секілді бал мен шекер ләззаты бар,
Иншалла, болғай бізге сонан несіп!
Күн батса, қас қарайып болады түн,

Пенденің толып жатыр бойында мін.
Бәрі өліп жан біткеннің, тірілген соң,
Болады сұрақ-сауал қиямет күн.
Бір күні қияметтің - елу мың жыл!

Құрылар сират көпір: сол - жалғыз қыл.
Күн тұрар найза бойы тас төбеңде,
Қиынын қияметтің осыдан біл!
Аспан көк түгесілер еріп ағып,

Қызарып жер темірдей, от боп жанып.
Көмірдей ғазаптағы қап-қара боп,
Шыдайды сондай күнге пенде не ғып?!
Қоярға жер таба алмас пенде жанын,

Жан үшін берер еді барлық малын.
Ата-ана, ұл-қыз бен қатын-бала,
Бірінің сұрай алмас бірі халін.
Ес қалмас сол күндерде кәрі-жаста-ай!

Шаш қалмас ағармаған ешбір баста-ай!
Деген күн: "Әр пайғамбар өз халімен!"
Сандалар жан біткеннің бәрі мастай!
Құданың әр не қылса, келер күші,

Пенденің толып жатыр қылмыс ісі.
Бас қосып он сегіз мың ғалам халқы,
Бір жерге жиылады үлкен-кіші.
Қартаяр: шашы ағарып жас балалар,

Жақсылар жамандардан басқаланар.
Қамаған адамзатты қойдай айдап,
Періште айналасын қоршап алар.
Таба алмас алақандай қашарға жер,

Шын ерлер осыны ойлап жабдығын жер.
Кәпірлер жол таба алмай, сасқанынан,
Бастарын боққа былғап жылай берер.
Құдайым Жебірейілге пәрмен етер:

- Алып кел, бар тозақты, тұрма бекер!

Жаһаннам жандыратын уақыты болды,
Кешіксе, әр нәрсенің мезгілі өтер!
Жебірейіл бүл жарлықты алар күтіп,
Құп етіп жаһаннамға барар жетіп.

- Шақырды сені, Тәңірім - дегенінде,

Жаһаннам шошып кетер селк-селк етіп.

- Шақырды мені тәңірім неге қыстап,

Осынша керек қылып асығыстап.
Жүрегі дүрс-дүрс етіп, дір-дір етер:
"Ғазапқа сала ма, - деп, - өзімді ұстап!"

- Жоқ, сені шақыртады алдырмаққа,

Тамаша көрген жанды қалдырмаққа.
Күнәкар ғасы болған пенделерін,
Соны бүгін саған салып жандырмаққа!
Болмай ма, ғибрат алсаң, күн мен айдан,

Ойласаң: өзің жоқтан келдің қайдан?!
Білмегің мұны парыз сол иманнан,
Болуың жақсы-жаман бір Құдайдан.
Болғанмен жақсы-жаман, бар бір өлу,

Хақ екен өлген[нен]соң қайтып келу.
Иманның жеті парыз: біреуі - осы:
Тағдырды жақсы-жаман Хақтан білу.
Өлімнен еш адам(ның) қалғаны жоқ,

Пенденің иманы бар арманы жоқ.
Иманның жеті парыз біреуі - сол:
Өлген соң, тірілмек хақ, жалғаны жоқ.
Жұмақта бір хауыз бар - кәусар атлы,

Сүттен - ақ, тәттілігі - балдан тәтті.
Сүттен - ақ, салқынлығы - қардан суық,
Майдарақ көбіклігі рақатлы.
Атырабы, айналасы зәбіржаттан,

Тастары (ташлары) ол хауызда шын жақұттан.
Айнала алтын кесе орнатулы,
Ғұмырында шөлдемейді сонан татқан.
Басында жұлдыздан көп күміс қасық,

Жарады мұрыныңды иісі жұпар сасып.
Секілді бал мен шекер ләззаты бар,
Иншалла, болғай бізге сонан несіп!
Күн батса, қас қарайып болады түн,

Пенденің толып жатыр бойында мін.
Бәрі өліп жан біткеннің, тірілген соң,
Болады сұрақ-сауал қиямет күн.
Бір күні қияметтің - елу мың жыл!

Құрылар сират көпір: сол - жалғыз қыл.
Күн тұрар найза бойы тас төбеңде,
Қиынын қияметтің осыдан біл!
Аспан көк түгесілер еріп ағып,

Қызарып жер темірдей, от боп жанып.
Көмірдей ғазаптағы қап-қара боп,
Шыдайды сондай күнге пенде не ғып?!
Қоярға жер таба алмас пенде жанын,

Жан үшін берер еді барлық малый.
Ата-ана, ұғыл-қыз бен қатын-бала,
Бірінің сұрай алмас бірі халін.
Ес қалмас сол күндерде кәрі-жаста-ай!

Шаш қалмас ағармаған ешбір баста-ай!
Деген күн: "Әр пайғамбар өз халімен!"
Сандалар жан біткеннің бәрі мастай!
Құданың әр не қылса, келер күші,

Пенденің толып жатыр қылмыс ісі.
Бас қосып он сегіз мың ғалам халқы,
Бір жерге жиылады үлкен-кіші.
Қартаяр: шашы ағарып жас балалар,

Жақсылар жамандардан басқаланар.
Қамаған адамзатты қойдай айдап,
Періште айналасын қоршап алар.
Таба алмас алақандай қашарға жер,

Шын ерлер осыны ойлап жабдығын жер.
Кәпірлер жол таба алмай, сасқанынан,
Бастарын боққа былғап жылай берер.
Құдайым Жебірейілге пәрмен етер:

- Алып кел, бар тозақты, тұрма бекер!

Жаһаннам жандыратын уақыты болды,
Кешіксе, әр нәрсенің мезгілі өтер!
Жебірейіл бұл жарлықты алар күтіп,
Құп етіп жаһаннамға барар жетіп.

- Шақырды сені, Тәңірім - дегенінде,

Жаһаннам шошып кетер селк-селк етіп.

- Шақырды мені тәңірім неге қыстап,

Осынша керек қылып асығыстап.
Жүрегі дүрс-дүрс етіп, дір-дір етер:
"Ғазапқа сала ма, - деп, - өзімді ұстап!"

- Жоқ, сені шақыртады алдырмаққа,

Тамаша көрген жанды қалдырмаққа.
Күнәкар ғасы болған пенделерін,
Соны бүгін саған салып жандырмаққа!
Өткізген ғапілдікпен ерте-кешін,

"Құдайдан асырам, - деп, - сол өз күшін!"
Тұтпаған Хақ әмірін ғасылар көп,
Шақыртты бүгін сені солар үшін!
Ішіне жаһаннамның отты жағып,

Қорықпас көрген пенде сонан не ғып?!
Су сиыры сықылды қайқақтатып,
Жетпіс мың жетелейді бұйда тағып.
Әр бұйда шығыршықтың жетпіс мыңнан,

Періште қосылады өңшең тыңнан.
Әр шығыршық басына бір жетпіс мың,
Періште өткерілген неше сымнан.
Жабысар ұстап бекем забанилар,

Жаратқан күшті қылып Қадір Жаббар,
Әрқайсы періштенің мықтылығы,
Тауларды бір қойғанда, быт-шыт қылар.
Жандырып жаһаннамда ғазап отын,

Үш тармақ будақ-будақ шығып түтін,
Ұшқындар таудай болып жарқ-жұрқ етіп,
Аузына жазалының құяр отын.
Қызуы жаһаннамның өтер қызып,

Дүрілдеп баса көктеп топты бұзып.
Жаһаннам қызып алып тулағанда,
Шынжырын сол жетпіс мың кетер үзіп.
Қызуы жаһаннамның өтер дейді,

Мың жылдық жолдан лебі жетер дейді.
Бәрі де періштенің айрылып қап,
Домалап бет-бетімен кетер дейді.
Жадыңа ал, ғапіл жүрмей, бір Құдайды,

Жаратқан фазылымен Күн мен Айды.
Алланың әмірімен күшейген соң,
Бетіне қарсы тұрып кім шыдайды?!
Жер қайда паналарға қоңыр салқын,

Ол күннің айтып болмас тілмен қалпын.
Лапылдап жалын, түгін тамам қаттап,
Састырар көп жиылған махшар халқын.
Әнбия, Мурсал нәби, Хаққа жылар,

Тұра алмас тағат тұтып, шыдап олар!
Ибраһим, Мұса, Ғайса, Шиш Ыдырыс, Нух

- Қорғайды өз бастарын қорқып бұлар.

Сондай күнді көрген жан естен танар,
Өзге қайтсін, сасқан соң әнбиялар!
"Жанымыз солай қылсақ, қала ма?!" — деп,
Шап беріп сонда ғарыштан ұстап алар!

Шығармас қорыққаннан ешкім үнін,
Салған соң Құдай басқа қиын күнін.
һароннан өз ағасы Мұса безіп,
Ұмытар Ибраһим да Смағұлын.

Қарамас ешкім сонда жолдасына,
Ұмтылар әркім рәсуа болмасына!
Анасы - Мәриямды Ғайса ұмытып,
Күн туар әр пайғамбар өз басына!

Жылайды Ақан қорқып жасын төгіп,
"Рәсуа қыла ма, - деп, - бізді сөгіп?!"
Баршасы жерге бетін баса салып,
Жығылып етпетінен жатар шөгіп.

"Ағарды-ау бүл мехнаттан шашымыз!" - деп,
"Көл болды көзден аққан жасымыз!" - деп.
Бәрі де пайғамбардың мұңдасады:
"Құтылса, үлкен олжа басымыз!" - деп.

Жаныңа бір шыбындай иман пайда,
Бәрінен жан біткеннің таусылды айла!
Ғаламға он сегіз мың саруар болған,
Мухаммед, айналайын, тақсыр қайда?!

Қолында жасыл ту бар, көзге түсіп,
"Үмбетім, үмбетім!" - деп,өкпесі ұшып:

- Тоқта,тозақ, тулама,тұра тұр! - деп,

Алдынан келер тақсыр кұстай ұшып.

- Иа, Раббы, тілемеймін мен өзімді,

Сарғайттым үмбет үшін гүл жүзімді.
Сақтай гөр - үмбетімнің бәрін оттан,
Қабыл ғып дәргаһыңда бұл сөзімді!
Алданып үмбет үшін кейін қалдық,

Міндетті бір жұмысты мойынға алдық.
Күйдірсең, мені күйдір,ей, жаһаннам,
Жолына үмбетімнің - мен құрбандық!
Бір басын үмбет үшін отқа тастап,

Көтеріп жасыл туды жұртты бастап.
"Құр-құр"-лап, асау атты тоқтатқандай,
Тозақтың шынжырынан тұрар ұстап.
Келеді пайғамбармен Тозақ сөзге:

- Күйдіру харам болған сізді бізге!

Қоя бер, жарлықпенен мен келемін,
Кісім көп күйдіретін сізден өзге!
Қылған соң ғазап үйі мені Құдай,
Қылмасқа Хақ жарлығын емес оңай!

Күнәкар пенделерді жандырамын,
Алдымнан сіз кетіңіз, тақсыр, былай!

- Мен кіммін, көз салсайшы келбетіме,

Келмеген сенен басқа жан бетіме!
Қайта ғой осы арадан тілімді алып,
Мен сені жібермеймін үмбетіме!
Тозақпен тұрар тақсыр көп дауласып,

Басынан жалын, түтін жоғары асып.
Лапылдап тозақ оты қоймаған соң,
Жіберер Ая толым бір су шашып.
Тоқтатар Хақ Мухаммед қарсы келіп,

Құрметін тоқтамайды, Тозақ біліп.
Су шашып Аятолым жіберген соң,
Лап етіп тозақ оты қалар сөніп.
Құдайдан жаһаннамға хабар жетті:

- Ей,Тозақ, тулағанмен, күшің кетті!

Өзің іске жарамай, сөніп қалдың,
Сыйлап қал онан-дағы Мұхаммедті!
Ғаршының (сол) оң жағына барар жүріп,
Қуанар жан-жануар мұны көріп.

Тозақтың барлық оты сөнгеннен соң,
Асқанын Мұхаммедтің сонда біліп.
Айтыңыз Мұхаммедке салауат көп,
Айтсақ та, қанша қақсап біздерге еп.

Бұл сөздің мазмұнына келген аят,
Құранда:" Рахмат әлғаламин!" [407] - деп.
Мухаммед айналайын, тиген пайдаң!
Құтқарған барша үмбетті қиын жайдан!

Күлдей боп көздей суға тозақ сөнген,
Сол судың, Аятолым, асылы қайдан?!
Келеді пайғамбардан сөздің басы,
Бізге айтқан рауаят қып сахабасы:

"Қолында пайғамбарым алып жүрген,
Жылаған үмбеттердің көздің жасы.
"Көзінен үмбеттердің ақса жасы,
Болғаннан Мұхаммедте шын ықыласы,

Қолына пайғамбардың түседі екен!"-
Осылай ол құранда сөз мағынасы.
Көз жасын түсірмейді жерге Алла,
Шірітпес сондай құлын көрге Алла!

Сол жасты пайғамбардың қолында ғып,
Келтірер қиямет күн бізге Алла!
Шықпайды көзімізден қайтсек те жас,
Жаратқан мұндай қылып Құдайға бас.

Біздердің көңілімізден көп жұмсақ қой,
Тауларда толып жатқан зор қара тас.
Күнәкар ғып жаратқан адамзатты,
Сондықтан тіл майда да, көңіл - қатты.

Тау балқып, Мұхаммедке, тас жылайды.
Көңіліміз біз иттердің тастан қатты.
Жаратқан құлдық үшін адамзатты,
Бақытымызға беріпті Мұхаммедті!

Жанға сая болатын оп-оңай сөз,
Айтпаймыз шын ықыласпен салауатты.
Ей, Мәшһүр, қолыңды тарт, езуде тіл,
Желкеңнен қимай біреу, өзің тыйыл.

Мұны сен жұрт аузына салғаныңа,
Жыл болады , міне, он тоғыз, осыны біл!
Ел қонар су ішем деп шалқар көлге,
Ел қонбас қулан жортпас бетпақ шөлге!

Он тоғыз жыл болғаны әңгіме боп,
Амал не, естілмесе Қараөткелге?!
Дүниеқор жақтырмайды көңілі суыған,
Бет-қолды мұздай судан ерте жуған.

Бір бала керек қылып сөз жазыпты,
Иманы іштен туа тасып туған.
Ежелден жақсы шыққан ел Алтайдан,
Ер шыққан Ақпан, Бәйіш, ол Нұрбайдан.

Затты сөзді заттыдан шыққан қанып,
Жамандар жақсы қадірін білсін қайдан?!
Насихат сөз сөйледім ел-жұрт үшін,
Дененің жұмсап буған барлық күшін.

Көздің майы, жүректің қаныменен,
Суарып күні-түні тілдің ұшын.
Жұртым-ау, ұйқыңды ашып, сөзге түсін,
Табылар отындықтан оқтық мүсін.

Сатпаймын, ешқайсыңа бұлдамаймын,
Мухаммед, Мұстафаға үмбеті үшін.
Құдайдан аятпенен келген бұл сөз,
Атлас, қамқа, торғын ғой, емес қой бөз.

Қазақтың құлағына есіттіріп,
Жатырмын шапағатқа телміртіп көз.
Ауылым жақындады төрден көрге,
Күш қайда тырмысуға енді өрге!

Қызметім жанымменен қылған менің
Тыңдаған шын ықыласпен иманды ерге!
Мұжыққа егін менен шөп табылар,
Әркімнің ойға алғаны дөп табылар!

Иншалла, дүние халі... болмас,
Үмбеті Мұхаммедтің көп табылар.
Әмин қабыл деп айт, пәлен деме,
Күйініп жалған үшін уайым жеме!

Мухаммед үмбетіне арнап жазған,
Мәшһүрден қалған иа деген бір сәлемдеме!
Жігіттер, тіршілікте азық сайла,
Басынды түзу жолға бекем байла!

Құдайға жатсаң тұрсаң,- құлшылық қыл!
"Бұл дүние - бір сағаттық"- деген қайда?!
Дүниені жалпағынан бассаң-дағы,
Болмайды ол жалғанда ешбір пайда!

Басыңа көріпшілік (ғарыпшылық) сонда түсіп,
Жүретін емін-еркін дәурен қайда?!
Адамзат қызыл тілден табады екен,
Ұстағыл тіршілікте тілді майда,

Жылғаңда қырық парызды өтемесең,
Құтылар сол уақытта күнің қайда?!
Сіздерге қадари қал айтып болдым,
Жігіттер, құлшылық қыл осындайда!

ЕЛУ ТӨРТІНШІ БАП

ОН ТҮРЛІ БОП АДАМНЫҢ ТІРІЛМЕГІ

Бұл жерде пайғамбардан бір сөз келді,
Имамдар рауаят қып сонан терді.
Адамдар: мұны естіген бой бақсын деп,
Білгенін Мәшһүр-Жүсіп жаза берді.

Фата туна, афуажан [408] келген аят,
Аят пенен хадистен бар хикаят.
Сахаба Мағаз ибн Жабал тақсыр,
Қылады пайғамбардан бір рауаят.

Пайғамбар айтты:

- Махшар күні болса,

Тіріліп үмбеттерім көрден тұрса!
Он екі түрлі болып келер!- дейді,-

- Құдайым қазы болып, сауал (сұраса) құрса!

Келеді бір тайпасы маймүн [409] болып,
Сасыған қанды іріңге іші толып.
Темірден тырнақтары, бетін тырнап,
Оз бетін алып тастап, өзі жұлып.

Майданы ғарасаттың толар дейді,
Періште күрзі бірлан ұрар дейді.
Тамам жұрт қорыққаннан дір-дір етіп:

- Не қылған жазалы адам бұлар?! - дейді.

- Дүниеде бой бақпаған, тілін тартып,

Тәубесіз бұл дүниеден кеткен қайтып.
Бұлар дүр екі адамды шағыстырған,
Жүгіріп үйден-үйге өсек айтып.
Онан соң келеді-міс ылғи доңыз,

Жонынан жарылғандай болып семіз.
Бір тап боп өз алдына жиылысар,
Саны жоқ көптігінің ұшан-теңіз.
Бордаққа байлағандай бәрін жемдеп,

Дүниеде ойламаған өзін кем деп.
Таң қалып махшар халқы тамаша етіп,
Сұрасар бір-бірінен: "Бұлар кім?!" - деп.
Бір жан жоқ бойын бағып "Құдай!" - деген,

Ораза, болмас ісі намазбенен.
Кәріп-қасер, кем-кетікті зар жылатып (қан қақсатып),
Парық қылмай кісі ақысын арам жеген.
Еңсесі түсіп жерге, еңсерілген,

Төбедей домаланып теңгерілген.
Келеді бір тайпа - басы аяқ боп,
Жұрт құлар төбесінен төңкерілген.
Келеді енді бір топ ізіменен,

Адамға қарай алмай көзіменен.
Сүйреліп басы жерге, жүз қара боп,
Етпеттеп жерді басып (төмен қарап) жүзіменен.
Жұрт (шулар) шошыр:

- Жүрген жан, - деп,- бұлар қайда?!

(Дүниеде әрбір түрлі қылған айла!)
Аспанда - аяқ, бастары төмен жайда?!

- Өсімге (өстіруге)өз қолынан ақша беріп,

Үстінен ақшасының жеген пайда.
Келеді бір түрлінің көзі алақтап,
Желкеден ауыз шығып, тіл салақтап.
Дәнеме екі көзден орын жоқ боп,

Барарын білмей қайда арсалақтап.
Бар екен қияметте мұндай күйлер,
Тозақта тасты, адамды нандай илер.
Айырмай ақ-қарасын келгендердің

Қол жайып жалаңдаған жемқор билер.
Байларға бұлар орын тұрып берген,
Күштіге нашардікін жырып берген.
Дүниеде өз бетімен билік қылып,

Төресін он тиынға бұрып берген.
Ол күнде жан құтылмас қылып сылтау,
Күй тартып, заман бар ма әнге шырқау?!
Көзі жоқ көбелектей отқа ұрынып,

Ніл (зіл) мақау, толып келер саңырау, мылқау.
Келеді бір түрлісін періште айдап,
Аузынан ірің ағып, соры қайнап.
Салбырап тілі жетіп(түсіп) кеудесіне,

Тілдерін азуымен қыршып шайнап.
Булар сол: оқып ұқпай босқа қалған,
Шын болмай ықтиқаты болып жалған.
Жұртқа айтып насихатты, өзі тұтпай,

Дүниенің тұзағында тұтқын қалған.
Дүние үшін оқу оқып, болған молда,
Болғанда сәлде баста, кітап қолда,
Білгенін өз басына пайда етпеген,

Масқара коп алдында болар сонда.
Келеді бір түрлісі шұбалаңдап,
Аяғын анда-санда басар андап.
Сықылды кірпікшешен бір топ болып,

Кесілген қол-аяғы домалаңдап.
Бірі боп он екінің бұ да барған,
Айтқаным: кітап сөзі, емес жалған.
Сұқтанып ол-пұлына көзі түсіп,

Түрткілеп қоңсысының тынышын алған.
Дүниеде менмендігі қалден асқан,
Шайтанның себелектеп ізін басқан.
Қайырсыз, пайдасы жоқ, сараң құлар,

Жалғанда маңайынан қоңсы қашқан.
Майданы ғарасаттың толар дейді,
Періште күрзі бірлан ұрар дейді.
Тамам жұрт қорыққаннан дір-дір етіп:

- Не қылған жазалы адам бұлар?! - дейді.

- Дүниеде бой бақпаған, тілін тартып,

Тәубесіз бұл дүниеден кеткен қайтып.
Бұлар дүр екі адамды шағыстырған,
Жүгіріп үйден-үйге өсек айтып.
Онан соң келеді-міс ылғи доңыз,

Жонынан жарылғандай болып семіз.
Бір тап боп өз алдына жиылысар,
Саны жоқ көптігінің ұшан-теңіз.
Бордаққа байлағандай бәрін жемдеп,

Дүниеде ойламаған өзін кем деп.
Таң қалып махшар халқы тамаша етіп,
Сұрасар бір-бірінен: "Бұлар кім?!" - деп.
Бір жан жоқ бойын бағып "Құдай!" - деген,

Ораза, болмас ісі намазбенен.
Кәріп-қасер, кем-кетікті зар жылатып (қан қақсатып),
Парық қылмай кісі ақысын арам жеген.
Еңсесі түсіп жерге, еңсерілген,

Төбедей домаланып теңгерілген.
Келеді бір тайпа басы аяқ боп,
Жұрт құлар төбесінен төңкерілген.
Келеді енді бір топ ізіменен,

Адамға қарай алмай көзіменен.
Сүйреліп басы жерге, жүзқара боп,
Етпеттеп жерді басып (төмен қарап) жүзіменен.
Жұрт (шулар) шошыр:

- Жүрген жан, - деп, - бұлар қайда?!

(Дүниеде әрбір түрлі қылған айла!)
Аспанда - аяқ, бастары төмен жайда?!

- Өсімге (өстіруге)өз қолынан ақша беріп,

Үстінен ақшасының жеген пайда.
Келеді бір түрлінің көзі алақтап,
Желкеден ауыз шығып, тіл салақтап.
Дәнеме екі көзден орын жоқ боп,

Барарын білмей қайда арсалақтап.
Бар екен қияметте мұндай күйлер,
Тозақта тасты, адамды нандай илер.
Айырмай ақ-қарасын келгендердің

Қол жайып жалаңдаған жемқор билер.
Байларға бұлар орын тұрып берген,
Күштіге нашардікін жырып берген.
Дүниеде ез бетімен билік қылып,

Төресін он тиынға бұрып берген.
Ол күнде жан құтылмас қылып сылтау,
Күй тартып, заман бар ма әнге шырқау?!
Көзі жоқ көбелектей отқа ұрынып,

Ніл(зіл) мақау, толып келер саңырау, мылқау.
Келеді бір түрлісін періште айдап,
Аузынан ірің ағып, соры қайнап.
Салбырап тілі жетіп(түсіп) кеудесіне,

Тілдерін азуымен қыршып шайнап.
Булар сол: оқып ұқпай босқа қалған,
Шын болмай ықтиқаты болып жалған.
Жұртқа айтып насихатты, өзі тұтпай,

Дүниенің тузында тұтқын қалған.
Дүние үшін оқу оқып, бола молда,
Болғанда сәлде баста, кітап қолда,
Білгенін өз басына пайда етпеген,

Масқара коп алдында болар сонда.
Келеді бір түрлісі шұбалаңдап,
Аяғын анда-санда басар андап.
Сықылды кірпікшешен бір топ болып,

Кесілген қол-аяғы домалаңдап.
Бірі боп он екінің бұ да барған,
Айтқаным: кітап сөзі, емес жалған.
Сұқтанып ол-пұлына көзі түсіп,

Түрткілеп қоңсысының тынышын алған.
Дүниеде менмендігі қалден асқан,
Шайтанның себелектеп ізін басқан.
Қайырсыз, пайдасы жоқ, сараң қулар,

Жалғанда маңайынан қоңсы қашқан.
Буынып кеңірдектен дарға асылып,
Аузынан жан-жағына от шашылып.
Ұлыққа ағайынын шағыстырып,

Білдірмеген боп жүріп, бой жасырып.
Жыланға шаян менен іші толып,
Сонда иісі боқтан жаман сасық болып.
Қой басып,сиыр сүзіп, жылқы теуіп,

Әр жерге бір жығылып, жатып тұрып.
Періште ерік алдына қоймай айдар,
Бұрқылдап төбесінде миы қайнар!
Сипатпен осы айтылған келеді екен,

Бермеген зекетті ондап сараң байлар!
Кигені бір түрлінің - ылғи темір,
Қап-қара өне бойы, жанған(болып) көмір.
Ел-жұртқа мақтан үшін дүние жиып,

Мінез ғып тәкаппарлық сүрген өмір.
Қанды ірің, алды-артыңнан сарсу ағып,
Мойнына оттан болған жіп тағылып.
Қосақтап шайтан менен қабат айдар,

Бетіне қап-қара ғып күйе жағып.
Аралас еркек пенен ұрғашысы,
Қаптайды махшар халқын жаман иісі.
Тәубесіз өтіп кеткен күнәкарлар,

Жалғанда зина[410]болып қылған ісі.
Масқара мұндай болып бұлар не етті?
Ақжаулық, аңдығандар қызыл бетті.
Тәубесіз өтіп кеткен зинақорлар.

Көлденең өткізбейтін ит пен етті.
Бір түрлі қара бұлар, көздері көк,
Халқына ғарасаттың көрінер жек.
Салбырап төменгі ерні жерге түсіп,

Отпенен қарыны толған, өз етін жеп.
Жылатып жетімдердің малын жеген,
Саудада жалған сөйлеп, жанын берген.
Ішкені - арақ, қылғаны зана болып,

Бас қосып сол төртеуі бірге келген.
Кесілген өңшең тілі бір топ толған,
Біреуге өтіріктен куә болған.
Тіпті тіл жоқ бір түрлі, бұлар мылқау,

Біле тұра куәлік айтпай қойған.
Дүниеде ғапілдікпен алданғандар,
" Қылдық, - деп, - Хаққа құлдық!"- малданғандар.
Кес-кеше , мылқау болып түсер көзге

Зорсынып, өзін-өзі таңданғандар!
Келеді он екінші болып айдай,
Жарқырап аппақ каска болып маңдай!
Жүзі — жарқын, мерейі үстем болып,

Ойнақтап, асыр салып, құлын-тайдай.
Алтын тәж басқа киген, құндыздай боп,
Нұрлары тапа-тал түс күндіздей боп.
Жарқ етіп он төртінен туған айдай,

Көздері зуһра шәмси, жұлдыздай боп.
Алтыннан нұрлы орамал қолына алып,
Ғарыштың қиясынан орын алып.
Үстіндегі киіміне көз тұрмайды,

Жүзінен сағмыд алған күн оралып.
Үшбу бейіт осылайша болған тамам,
Жаратқан хамыл жазды Хақ тағалам.
Түркіше бейіт қылып Мәшһүр-Жүсіп,

Жазған-ды осы сөзді Мұхаммедиядан.
Келеді кім де болса, болып жолы,
Аппақ боп жауған кардай аяқ-қолы.
"Әнбия-әулиенің бірі ме?!" - деп,

Таң қалып махшар халқы сұрар мұны.
Жоқ бұлар әнбие емес, әулие емес,
Дүниеде кісі ақысын болды жемес. \
Жартысын Құдай үшін үлестірген,

Қолына түскен күні бүтін күміс.
(Бес уақыт намаз оқып жамағатпен,
Ақырет пайдасына созған өңеш!)
Бұл адам намаз оқып, ораза тұтқан,

Исламның бес парызын көңілге ұққан.
Парыз, уәжіп, сүннәтті бажай қылып,
Және де бойын тартып риялықтан.
Қылғаны ізгі ғамал, ол - жақсылық,

Мүләйім табиғаты һәм хош қылық.
Құдайын жатса тұрса ұмытпаған,
Көрсе де түрлі бейнет, көп жоқшылық.
Айдай боп он төртінші тұрар дейді,

Тамаша көрген жандар қылар дейді.
Оқыған бес намазды жамағатпен
Үмбеті Мұхаммедтің болар дейді.
Көп сұрақ: тамамдайын қайсыбірін,

Айтамын мен ойымның жеткен жерін.
Халқыма білгенімді қылдым кеңес,
Тарқатып босатуға іштің шерін.
Карантин он бес жерде сұрау етер,

Жыл - көп күн, көп болған соң, о да бітер.
Көптің басы қосылған қалың жиын,
Ғарасат майданына келіп жетер.
Құдайым қазы болып өзі тұрар,

Өлшейтін таразыны сонда құрар.
Карантин он бес жерден тоқтау қылып,
Тұрғызып әрбірін де көп жыл сұрар.
Кітаптан сөз сөйлейін, көп асырмай,

Айтамын білгенімді мен жасырмай.
Сұрайды қозғалтпастан көрген жерден,
Тырп етіп екі аяғың бір баса алмай!
Әуелі сұрау болар әр жігітке:

- Жастықта үйрендің, - деп, - қандай кепке?!

- Не қылдың жігіттік күшіңменен

Өткіздің қадірін білмей соны текке!
Сасарсың тәңірі алдына барғаннан соң,
Әділіне тәубесізді алғаннан соң.
Жастықтың, денсаулықтың қадірі өтер,

Екеуі қолдан кетіп қалғаннан соң.
Фазылына ал, әділіңе алмай, патша құдай!
Болады фазылыңа алсаң, бәрі де оңай!
Берерін не деп жауап пенде білмес,

Бұл сөзім моныменен тұрсын былай!
Екінші сұрайды екен сол жасыңнан:
Не күндер өткіздің - деп,- бұл басыңнан?!
Өмірді берген ұзын неге жұмсап,

Не көрдің бір жасаған жолдасыңнан?!
Дәуренің бір кеткен соң, күл-көмір-ді,
Ішіп, жеп, тойып нәпсің, көп семірді.
Береміз не деп жауап қиямет күн,

Өткіздік босқа бекер біз өмірді?!
Үшінші сұрайды екен берген малдан,
Бұл малды қайдан тауып, қайда салған?
Жұмсадың, кәне, қандай орынға? - деп,

- Арамға- азап, адалдан сауап алған.

Шыдаймыз біз қалайша сол ыстыққа
Не дауа бұл тойымсыз қырсықтыққа?!
Карта ойнап, арақ ішіп, мал шашпасақ,
Шашқанды сұрай ма екен болыстыққа?!

Төртінші сұрайды екен:

- Ғылым және?!

Білетін ғылым беріп қылдым, әні!
Қылдың ба әмір-мағрүб, яки мүңкір?!
Айттың ба дәріс оқып жұртқа мәні?!
"Қой-қозы, тай-май алсақ, сабақ бердік,

Бермесе сабақ басы, сабап көрдік.
Қазақтың міндетіне оқыппыз ба,
Түк түспесе, ел кезіп жүре бердік.
Оқыдық атақ үшін Наху, Мантық,

Молдадан катар, теңдес болуға артық,
Айырылып қой-қозыдан қалайық па,
Шариғат сөзін жұртқа түзу айтып.
Қуандық қой, тай алсақ, олжа түсіп,

Ғылымды пайдаландық қылып кәсіп.
Жағымтал байға жақсы көрінуге,
Үндемей жүре бердік к...ті қысып".
Махшарда барлық халық болар жиын,

Күн туар басымызға сондай қиын.
Жалғанда алдап-арбап жиған малың
Болмайды бір пайдасы жалғыз тиын.
Күн туар сондай қиын басымызға,

Қарамас көзден акқан жасымызға!
Қолына оттан күрзі тұтып алып,
Келеді періштелер қасымызға.
Кей адам өне бойы келер сасып,

Жүре алмай аяқтарын бір-бір басып.
Таң қалар махшар халқы мұны көріп,
Жоламас, маңайынан бәрі қашып.
Айғайлап періштелер қылар баян,

Пенденің қылған ісі тәңіріме аян:
Дүниеде тәубесі жоқ адам еді,
Жайлаған өне бойын жылан, шаян!
Келеді кейбіреуі қарны толып,

Қарнының үлкендігі таудай болып.
Ішіне жылан-шаян толып алып,
Шағады ғазап қылып, қанын сорып.
Халайық онан қорқар есі кетіп,

Өзі үркер өз ішінен ғазап жетіп.
Халайық қайран қалып тұрған шақта,
Айтады періштелер баян етіп:
Бай болған мұның өзі адам еді,

Бермеген зекет, қайыр надан еді.
Ішінде зекетсіз мал: жылан, шаян,
Бар малы жалғандағы арам еді.
"Тозақ, - деп, - мұның орны", - алып барар

Бейшара ғазап көріп, күйіп жанар.
Қыздырып алтын менен күмістерін,
Аямай өз етіне таңба салар.
Қашады кейбір адам сиыр болып,

Тұрады махшар халқы жиын болып.
Бұрқырап аузынан көбік шашып,
Қашады шыр айнала құйын болып.

- Бұл өзі дүние қуған адам еді,

Махшарда мұның ісі жаман еді.
Тозақ кіргізсін! - деп, әмір қылар,

- Білмеген өз шамасын надан еді.

Бет-аузы кейбірінің қараяды,
Көздері, ерні түсіп алаяды.
Аузынан бір кез шығып отты жалын,
Бір тұрып, бір жығылып таянады.

- Бұл өзі арақ ішкен надан! - дейді,

- Күнәсы мына сұмның жаман! - дейді.

- Періште жан-жағынан жетіп келіп,

Отына жеті тамұқ салар! - дейді.
Үстінен кей адамның ұрар кесек,
Аузынан қан түседі кесек-кесек.
Мойнына періштелер мініп алып,

Ұрады заар қамшы отқа көсеп.
Періште оны мәлім қылған дейді,

- Би еді мынау залым тұрған! - дейді,

Момынға күші жеткен зорлық қылып,
Әмірін түзу айтпай, бұрған! - дейді.
Кей қатын кебіс киер жанған оттан,
Үстіне киім киер қызыл шоқтан.

Рұқсатсыз елді кезген адам еді,
Сұрамай өз ерінен елге жортқан.
Емшегін кей қатынның жылан сорар,
Айрылмай емшегіне барып қонар.

Руқсатсыз өз ерінен жас баланы,
Емізген сорлы қатын осы болар.
Басынан кей қатынның от жанады,
Бір тұрып, орнынан, бір талады.

Жасырмай, шашын жаппай жүрген қатын,
Періште сол шашына шоқ салады.
Желкеден кей қатынның тілі шығар,
Әркімнің әрбір түрлі міні шығар.

Желкеден періштелер қысқан шақта,
Аузынан отты жалын, жыны шығар.
Періште көрсетеді жазған хатын,
Күнәға тіршілікте әркім жақын.

Тіл шыққан желкесінен мәнісі - сол:
Еріне тіл тигізген залым қатын.
Қылмаса руза (ораза) тұтып,намаз - қаза,
Күнәдан зина қылмай, болса таза.

Жұмақтан жақсы орынды алады екен,
Қылмаса сүйген ерін және маза.
Көрдің бе, ұрғашылыр, мына сөзді,
Долыдан адам түгіл, тәңірім безді.

Аузына оттан заар құйылады
Ойнатқан көрінгенге екі көзді.
Түзу бол ұрғашылар алғаныңа,
Алданба сұм дүниенің жалғанына.

Еріңе қиянат қып, ренжітсең,
Пайғамбар қарамайды қылғаныңа.
Ғазап көп пендесіне, айта берсек,
Бәрінен жақсы болар көңіл бөлсек.

Махшарда кешпес күнә сол болады,
Біреуді сырттан айтып, қылсақ өсек.
Махшарға күнә қылмай, түзу барсақ,
Нұр қызы айналынды алар қоршап.

Тәж киіп басыңызға, пырақ мініп,
Арман не жақсы жайдан орын алсақ!
Тамам жұрт таң қалады сондай жанға,
"Япырым-ай, не еткен жан?" - деп, қалар таңға.

Бұлардың жақсылығын мақтан қылып,
Періште айтады екен тұрған жанға:

- Бұл өзі тақуалы құлдық қылған,

Тәубе ғып, намазына ерте тұрған.
Алланың әмірімен түзу жүріп,
Әртүрлі харам істен нәпсі тыйған.
Жолдасы бұл адамның болған иман,

Көп малды Құдай үшін қайыр қылғын.
Осындай жақсылықты көреді екен,
Алланың әміріне түзу тұрған.
Жайлары осылардың жұмақ болар,

Хор құшып, пырақ мініп, көңілі толар.
Құдайым несіп қылып, иман беріп,
Басыңа дәулет кұсы сонда қонар!
Неше жан қылмысты боп, тозақ барар,

Жұмақтан иманды құл орын алар.
Пенденің жақсы, жаман қылған ісін,
Құдайым таразыға өлшеп салар.
Жақсылық ауыр келсе, пенде бағы,

Жұмақтың несіп болар алтын тағы.
Тамұқта сол жазасын тартады екен,
Егер де ауыр келсе, күнә жағы.
Өлшеудің теңеліссе екі басы,

Кішкене ауыр келсе, күнә тасы.
"Тамұқта аз күнәңды тарт!" - дегенде,
Сел болар қорыққаннан көздің жасы.
Жылайды:

- Шын тозаққа барам ба?! - деп,

- Мехнат, ғазап тартып қалам ба?! - деп,

- Бар еді әке-шеше, қатын-балам,

Солардан сауап сұрап алам ба?! - деп.
Құдайдан жарлық келер:

- Барып кел! - деп,

Олардан, берсе сауап, алып кел! - деп.

- Арманың көңіліндегі бір болмасын,

Майданын ғарасаттың танып кел! - деп.
Әкеге келер сонда көзін сүзіп,
"Бір сауап болар ма?"- деп, көңіл бұзып.
Жағдайы әкесінің тіпті нашар,

Тұрады сұрай алмай үміт үзіп.
Келеді анасына тағы жылап,
Көзінің мөлдіретіп жасын бұлап,
Дүниеде мейірбанды анам едің,

Кішкене келіп тұрмын сауап сұрап!

- Ей, балам, бейшара боп, келдің босқа!

Беретін сауап қайдан біз байғұсқа!
Жалғанда қылған күнәм ауыр болып,
Өзіме сауап таппай қалдым босқа!
Онан соң келер іздеп қатынына,

Дүниеде жолдас болған жақынына.
Осындай жанталасып, сауап іздеп,
Аз күнә бөгеу болып ақылына.

- Сен үшін момындарды алдап едім,

Жанымды тілім безеп жалдап едім.
Тозаққа сен деймін деп түспек болдым,
Сен болмасаң, жұмаққа бармақ едім.
Қатыны айтар:

- Кім едің, сенің, өзің?

Жалғанда көріп пе еді сені көзім?!
Жақсылық, сені ерім деп, қылмақ түгіл,
Нашармын өз халіммен менің өзім!
Мойнында, байым болсаң, қарызың көп,

Құдайға сен туралы арызым көп.
Үйретпей діннің жолын, қылдың надан,
Еркектің әйелдерге парызы көп.
Бейшара лажсыздан одан кетер,

Әйелі бермек түгіл, онан бетер.
Жалғанда жаным деген ұлы-қызы,
Аяндап бүл бейшара соған жетер.

- Қарағым, ұлым-қызым, менің балам,

Асырап баршаңызды күттім тамам.
Сүйікті, ғазиз туған балаларым,
Рақым ғып біраз сауап берші маған!
Айтады балалары:

- Атамыз! - деп,

Жалғанда сіздің қылған қатеңіз көп!
Үйретпей діннің жолын, қылдың надан,
Қиындық өзіміз де тартамыз! - деп.

- Халіміз нашар боп түр, тіпті қиын!

Пайда жоқ сізге қылар жалғыз тиын.
Мойнында оқымаған хақымыз бар,
Жетпей ме алмақ түгіл, осы сыйың?!
Кетіпті ол бейшара сауап таппай,

Қасына таразының келді жақтай:

- Жалғанда бекер босқа жүрген екем,

Сауапқа жиып-теріп(бә)рін сатпай!
Дүниеде құлшылықты қылсам не етті?!
Намазға күн шығармай тұрсам не етті?!
Күнінде руза (ораза) тұтып, намаз оқып,

Семіртпей қу нәпсіні тыйсам не етті?!
Япырым-ау, неге жидым жалған малым?!
Қор болды-ay осы кезде менің халім!
Мал-мүлік, қатын-бала, жан-тәнімді,-

Бермедім құдай үшін соның бәрін!
Бейшара қысылғаннан қылар зарлық,
Сол кезде пайдасы жоқ пүшаймандық.

- Ей, құлым, сауап тауып келдің бе?! - деп,

Құдайдан сол уақытта болар жарлық.
Деп айтар сол уақытта: - Жаббар Құдай,
Таппадым барсам-дағы сауап сұрай!
Құдая, өзің рақым қылмасаңыз,

Қалмады барар жерім бұдан былай!

- Ей, құлым, әуел бастап жан жараттым,

Рақат пен жанын сақтар мал жараттым!
Білсін деп құлшылықты ақыл беріп,
Он екі мүше беріп, хал жараттым.
Білмедің құлшылықты сүйтіп жүріп,

Бір жақтан арамдыққа мойын бұрып.
Болады енді тозақ сенің жайың,
Сүйретер періштелер ғазап қылып.
Бейшара сол уақытта зар-зар жылар,

Жалынып бір Құдайдан рақым сұрар:

- Болмаса, бір өзіңнен жарылқасын,

Хал-жайы мен сорлының қандай болар!
Сол кезде әмір болар бір Алладан:

- Бұл күнде пайдасы жоқ - қылған арман,

Мойнында қылған күнәң аз ғана екен,
Тамұққа кіріптар ғып енді салман!
Біл енді, жұмаққа кір, пақыр құлым!
Жүруші ең тәуекел деп мұнан бұрын.

Қылды ма саған пайда еш біреуі:
Ата-ана, мал мен қатын, қыз бен ұлың?!
Мұны естіп қуанады әлгі кәріп,
Байғұска шаттық енер жүрек жарып.

Қуану, мұнан артық құн бола ма,
"Жұмаққа кір, - деген соң, - өзің барып!"
Жарандар, медет қайда Хақтан өзге!
Ойласаң, құлағың сал мына сөзге:

"Жігіттер, тіршілікте құлшылық қыл,
Мал-мүлік, қатын-бала, - түгел без де!"
Дос болсаң, ақыретің, берер пайда,
Сауабын бөліп берер майда-майда.

Дос болса құдай үшін, сұрау да жоқ,
Бірақта түзу жүрер жүрек қайда?!
Бере алмас қатын сауап, кетсе байы,
Әркімге жұмақ берер бар құдайы.

Қатынға шапағат қып шығарады,
Жалғанда риза болып кетсе байы.
Сабаққа бала берсең, Құдай үшін,
Құр қалма бүл сауаптан келсе күшің!

Төрт кісі, берсе Алладан, жарылқанар,
Жамағат, құлақ салып, тыңдаймысың?!
Төртеудің біреуі - ата, біреуі - ана,
Бірі - ұстаз, төртіншісі - әлгі бала.

Бір-бірін шапағат қып қолдап кетер,
Жалғанда дінін көгіп, болса дана.
Жұмаққа әуел бастап кірген халда,
Пайғамбар, әулиелер кірер алда.

Тақуа, жомарт, қазы, шейіт сайым,
Кіреді намаз қандар және молда.
Өзге жан шамасынша бар ма жоқ па,
Кейінгі пайғамбардан бірер соқпа.

Молда өзі кіргеннен соң, қайта шығар,
Кейінгі махшардағы қалың топқа.
Молданың бүл жалғанда жолдасы көп,
Қаңғырар жолдасының қайғысын жеп.

Әлхам уарасатан [411] мазмұнынша
Жияды ғарасаттан жемісін кеп.
Бар Құдай әмір қылар: "Жиып ал!" - деп,
"Жұмаққа жолдасыңмен бірге бар!" - деп.

Сол кезде молда ақ тауға шығып алып,
Шақырар жолдастарын: "Мұнда кел!" – деп
Көреді тауға шығып жарандарын,
Тастамас шама келсе, соның бәрін.

Жұмаққа мұның бәрін кіргізген соң,
Тамұққа іздеп барар қалғандарын.
Тамұққа арқан тастар досын айтып,
Жатады естіген соң анау қайтіп?!

Жабысар бір кісіге жетпіс мың жан,
Бәрін де жалғыз молда алар тартып.
Ілесер бір кісіге жетпіс мың жан,
Молданы қадірлейді Қадір Рахман.

Ғұлама пайғамбар мен әулиелер,
Жолында пида болсын бір шыбын жан!
Жұмаққа анық молда бастайды екен,
Берген соң Құдай қуат саспайды екен.

Кіргізіп жолдастарын бір-ақ тынар,
Үшеуін бұдағы алмай тастайды екен.
Бастайды шала молда қисық жолға,
Өтірік шариғатты айтса зорға.

Махшарда оның күні екіталай,
Жолығар айықпастай қалың сорға.
Бүл күнде анық жақсы молда қайда,
Тентіреп, ақылымыз ішкен шайда.

Жалғанда жалақ қағып өліп жүрміз,
Қай жақтан алдап алу басқа пайда.
Молда деп ат көтердік надан басқа,
Адамы бұл күнгінің баса-баса!

Жігіттер, шамаң келсе, құлшылық қыл,
Келеді бір таршылық біздің басқа!
Рақым қыл, Қадір Алла, мен бір ғасы,
Алданған мен күнәкар, көріп басы.

Кешпесе рақым қылып тәңірім өзі,
Күнәма жетпес егер көздің жасы.
Түседі дүние қуып жаман ізге,
Жете ме, ердің жасы мың мен жүзге?!

Әмірін бір Алланың түзу тұтсаң,
Пайғамбар шапағатшы болар бізге.
Мухаммед есіне алып жәрдем қышар,
Махшарда: "Үмбетім!" - деп, зар-зар жылар.

Төрт шарға пайғамбарым әмір етіп,
Бір жолға Әбубәкір барып тұрар.
Пайғамбар деп айтады:

- Әбубәкір,-

Жиналған ғарасатта үмбет жатыр.
Тұрғызып, жығылғанға ақылыңды айт,
Соқтықса періштелер, мені шақыр!
Ақыл айт жөнін білмей тұрғанына,

Қоймаңыз періштенің ұрғанына!
Шапағат, иншалла қылсам керек,
Сүннетім парыз, уәжіп қылғанына!
Айтады онан кейін:

- Ая, Ғұмар,

Сен барсаң таразыға, көңілім тынар.
Үмбетім, таразысын көзіңмен көр,
Періште, жеңіл болса, әуре қылар.
Жалғанда әділ (ғаділ) едің сенің өзің,

Үмбетім таразысын көрсін көзің.
Күнәсы жеңіл болса, сүйеп, деме,
Болмаса, хабар жеткіз маған өзің!
Тез барғын көп ішіне, ая Ғүсман,

Көзіңді анықтап сал әрбір тұстан.
Күнәсын үмбетімнің көзбен көргін,
Дәптерін онды-солды келіп ұшқан.
Дәптерін өздері оқыр, оңнан келсе,

Оқырға халі келмес солдан келсе.
Оқып бер андып тұрып, молда едің ғой,
Тұрғанын оқи алмай, көзің көрсе!
Айтайын, молда Ғүсман, мұны саған,

Оқып бер дәптерінің бәрін тамам.
Болмаса маған хабар айтасың ғой,
Жіберме күнәлыны келсе шамаң!
Пайғамбар онан кейін:

- Ғалы, - депті,

- Қуатың бар еді ғой, пәлі! - депті.

- Тамұқтың жолдарына сен барып тұр,

Андып түр көзің салып, әні!- депті.

- Күнәлы үмбетімді алып барар,

Тозаққа періштелер, оны (әні) салар.
Алып қал жағаласып, шамаң келсе,
Болмаса, тез беріңіз маған хабар!
Тұрады өзі жылап құдайына:

Шапағат келсе қылдыр ыңғайына!
Аллаға бас көтермей сәжде қылар,
Жылайды: "Шапағат!" - деп ұдайына.
Жарандар, иман тіле, біле-білсең,

Құдайға күл шылық қыл, қайда жүрсең!
Пайдасы ғибадаттың сонда тиер,
Хор құшып, кәусар ішіп, пырақ мінсең!
Жұмақта нұр (хор) қыздары тұрар ойнап,

Байы жоқ, баласы жоқ, бәрі - бойдақ.
Пайғамбар дәрежелі үмбетіне
Қарайды тамашалап бойлап-бойлап.
Құдайым сол қыздарды қылса несіп,

Жігіттер, арман бар ма онан асып?!
Боялған етімізде күнәмыз бар,
Шаймаса рахматы судай тасып.
Жұмақтың неғматы бар алуан-алуан,

Шымылдық түсі сары, төсек салған.
Кіргеннің кәрісі де, жасы да жоқ,
Кіреді бозбала боп оған барған.
Жұмаққа кемпір кірсе, қыз болады,

Дәрежең он сауапқа жүз болады.
Жұмақта ыстықта жоқ, суықта жоқ,
Мысалы салқын самал күз болады.
Жарандар, жақсылық қыл жаның үшін,

Жұмақта дәрежең бар оның үшін,
Малынды дін жолына сарып қылсаң,
Жұмақтан орын берер малың үшін.
Бар дейді жеті тозақ жайнап тұрған,

Шынжырлап қылмыстыны байлап тұрған.
Өтемей қырық парызды келген пенде,
Үстіңе қызыл шоқтың қайнап тұрған.
Қиналар қатты қиын ғазап оттан,

Темірдей, күйіп пісіп, қызыл шоқтан.
Зарлайды:

- Сусын бер! - деп, періштеге,

Ғазаптан құтылуға шара жоқтан.
Береді су орнына зәрдің суын,
Құдая, татырмасын оның уын!
Жетпіс жыл зарар беріп, еттей қайнап,

Босайды, жігер кетіп, буын-буын.
Құрылар сират көпір үш мың жылдық,
Болмайды жуандығы жалғыз қылдық.
Астында қап-қараңғы жеті тозақ,

Сол кезде ақыл таппай болар мұңдық.
Айдайды періштелер күрзі сайлап,
Қорқады пенде байғұс көзі жайнап.
Қылдан жіңішке, қылыштан өткір болар,

Үстіне жеті тозақ қойған байлап.
Болғанда тозақ төмен, жұмақ - өрде,
Батады пенде байғұс қара терге.
Жалғанды жалпағынан бассаң-дағы,

Болады бір таршылық осы жерде.
Өтеді пайғамбарлар атқан оқтай,
Қауіп жоқ, катері жоқ ешбір қорықпай.
Өтеді әулиелер желдей ұшып,

Келетін алдарында бөгеу жоқтай.
Өтеді кейбір адам аттай шауып,
Кейбірі аяндайды қылып кеуіп.
Кәпір мен күнәлы боп өткен жандар,

Бір қадам басқан жерде кетеді ауып.
Кейбірі тұяғынан ілінеді,
Мақтанып аман шықса, тіріледі.
Мақтанның бұл жалғанда бәрі бекер,

Сол күнде кім жақсысы білінеді.
Жеті мың жыл да ақыры өтіп болар,
Мұратқа өткендер де жетіп болар.
Жалғанда кәпір менен күнәкарлар

Жығылып тозаққа да кетіп болар.
Кейбіреу бұл жалғанда қызық көрмек,
Қызығы бүл жалғанның бәрі де ермек.
Жалғанда тақуалы болып өтсең,

Махшарда бос қалмайды қылған еңбек.
Жаралған дін күткенге сегіз жұмақ,
Ұнай ма біле тұрып көңіл бұзбақ ?!
Жаныңа не керектің бәрі сонда,

Қағазға мүмкін емес бәрін сызбақ.
Жұмаққа қартаймайды кірген кісі,
Мұны ойлап дінін күтер білген кісі.
Өзгеріп, ауру болып бұзылмайды,

Ішінде неше мың жыл жүрген кісі.
Ән салып, хамда сана айтар Хаққа,
Отырар иманды күл алтын таққа.
Киеді сағат сайын түрлі киім,

Мінеді қырға шықса, нұр пыраққа!
Бұл жақын көз жұмылса, ойлағанға,
Дәулет бар құлшылығын қоймағанға.
Жасында тоқсан тоғыз дүние керек:

Жасынан дүние қуып тоймағанға.
Жігіттер, кедей болсаң, оған шүкір,
Жалғанды қумақ түгіл бетке түкір.
Ғазапқа ақыретте душар болар,

Құдайға разы болмай, қылсаң пікір.
Жігіттер, ойлап тұрсаң, не деген заң,
Жалғанның асауына қаламын таң.
Қарыны орта болса біразырақ,

Құдаймен ұрыссады ендігі жан.
Ол шіркін сөйтіп жүріп жолдан азар,
Салмайды ақыретке ешбір назар.
Тентіреп бай болам деп жүргенінде,

Бір күні алып кетер оны ажал.
Айырылар сөйтіп жүріп иманынан,
Нәпсісін пайда көрер, тыйғанынан.
Ғазапты ақыретте тағы көрер,

Жалғанда пайда көрмей жиғанынан.
Жарар еді онан-дағы сабыр қылса,
Намазға, тәубе қылып, ерте тұрса.
Сол пенде жұмақтан орын алар,

Сабыр ғып дін жолына мойын бұрса.
Бай ойлар:
"Жаратты, - деп, - мені тәуір:
Мейман кеп, жалынады аға, бауыр!"

Бейшара ақыретпен жұмысы жоқ,
Ғазабы ақыреттің тастан ауыр.
Молдамен өш болады:
"Алдайды!" - деп,

"Бұл молда айдаһардай жалмайды!" - деп.
"Құдайға ісі жаққан молда болса,
Мал сұрап неге өзі алмайды?!" - деп.
Молдамен өш боламыз жүріп текке,

Молданы шығарамыз алып шетке.
Жабып етегінен ұстаймыз ғой,
Тұрғанда шама келмей ақыретте.
Аңдамай сөз сөйлейді дәулет масы,

Өтеді кәпірлікпен өмір жасы.
Айырылар бос сөзбенен иманынан
Қызыл тіл, андамасаң, жанның қасы.
Шариғат, молда айтады көңіл тыйып,

Анық ер шариғатқа жанын қиып.
Жарандар, жақсы болса, қалай болған?!
Өтті ме пайғамбарлар дүние жиып?!
Бай болсаң, дініңді күт, молда жақтап,

Жомарт бол шариғаттың жолын сақтап.
Қызығы бұл молданың алдымызда,
Тамұқтан алып шығар бізді ақтап.
Жөн білген түзу жолға жанасады,

Қисайып жөн білмеген адасады.
"Қайсымыз әуел бұрын кірерміз?!" - деп,
Жумаққа төртеу болып таласады.
Төртеудің бірі - молда, бірі - қажы,

Біреуі жомарт пенен шейіт газы.
Бұлардың арасына жетіп келіп,
Періште Жебірейіл болар қазы.
Қажы айтар:

- Байтуллаға [412] барып келдім,

Малымды дін жолына салып келдім.
Пайғамбар рузасына тауап қылып,
Шайхының [413] баталарын алып келдім.

- Көп еді, - жомарт айтар, - менің малым,

- Көп келді кәріп-қасер молда, ғалым.

Сол келген пақырлар мен ғалымдарға,
Тарқаттым құдай үшін соның бәрін.

- Алдымен, - шейіт айтар:

- Мен кіремін,

Бойыма қандай жанды теңгеремін!
Жанымды дін жолына пида қылып,
Жуылмай, иа көмілмей, жан беремін!
Молда айтар:

- Ойламадым жаман! - дейді,

Қолыма ұстағаным кәлам! - дейді.

- Жанымды дін жолына пида қылып,

Үйреттім діннің жолын тамам! - дейді.
Жебірейіл жауап айтар:

- Бәрі дұрыс!

Жоқ екен сөздерінде ешбір бұрыс!
"Жақсылық ақыретте сауап бар!" - деп,
Бұл сөзді кімнен естіп, қылдың дұрыс?!
Баршасы періштеге берер жауап,

Жомарт боп, шейіт, қажы қылған тауап:

- Молдалар бәрімізге айтып еді:

"Болар - деп, - ақыретте үлкен сауап!"

- Кейін түр, олай болса, сенің бәрің,

Сендерге ұстаз бопты молда ғалым.
Бәріңе жол көрсеткен молда кірсін,
Артынан кірерсіздер қалғандарың!
Сол жерде молда байғұс тендік алар,

Жебірейіл өз орнына кайтып барар.
Молдалар жұмсақ көңіл, жай тұра ма,
Құдайға тағы барып арыз қылар:

- Құдая, жан жаратып, ғылым бердің,

Ғалымдық шарапатпен мұнда келдім.
Жалғанда дінін күткен жомарт байдан
Жақсылық осылардан қатты көрдім!
Болып ек біздер молда малдан кедей,

Мал берген бізге жомарт, өзі жемей!
Бәрібір мен оларды дос та тұттым,
Құранда не деп едің, солай демей?!
Бар құдай қабыл етер айтқан сөзін:

- Ықтияр, молдаларым, берсең өзің!

"Иннааллаһу назигу мақсунун!"[414] - деп,
Бар еді құрандағы айтқан сөзім!
Жомартқа жолын берер молда кәріп,
Онан соң жомарт кірер бұрын барып.

"Молданың жақсылығы сөйтіп тиер!" –
Деп айтқан пайғамбарым хабар салып.
Күнәға, ей, жігіттер, жүрме батып!
Ерінбей таң намазға тұрғын атып.

Құрбан ғып малыңыз бен жаныңызды,
Жұмақты осылайша алғын сатып!
Жігіттер, айып етпе жырлағанға,
Өсиет сөзім - тегін: тыңдағанға.

Бұрынғы пайғамбардан артықпыз ба,
Дүниеге солар мойын бұрмағанда.
Өтіпті Үд пайғамбар және Салық,
Дүниеге неше толып өтті халық.

Сұм жалған баяны жоқ, әлі-ақ өтер,
Жарандар, осындайда қимылдалық!
Өтіпті Зауал, Кәфел, пайғамбар Лүт,
Біз енді құтыламыз қайда барып?!

Ғарасат майданына жияр дейді,
Пендені жиып, теріп, айдап алып.
Ісінді жақсы, жаман мағлұм етіп,
Тұрады періштелер айғай салып.

"Япырым-ай, бүл не деген қатты күн?!"- деп,
Тұрады пенде байғұс қайран қалып.
Қараңғы көр ішінде әбден соғып,
Жетеді кәріп басың өліп-талып.

Жігіттер, мұндай күнді ойласаңдар,
Болады пенде байғұс сонда кәріп.
Ибраһим, Смағүл мен өткен Ысқақ,
Оларды ойлағанда, тағатым нақ,

Күнінде қияметтің мұңға қалмай,
Жігіттер, осындайда қарыштап бақ!
Бақуат, халін болса, киіп-ішіп,
Астыңа жорға, жүйрік мін-дағы шап.

Қиямет болад деген жан бар ма екен,
Адамға қандай тәуір тіршілік шақ!
Бұл жалған сөйтіп жүріп түпке жетер,
Астыңа мінсең-дағы алтыннан тақ,

Өтіпті Жақып нәби, және Жүсіп(Иосиф),
Дүниені пенде қуар мейірі түсіп.
Бұл күнде күнелтеді қала қағып,
Өз жанын, бай болса да, өзі қысып.

Білмейді сұм жалғанның алдағанын,
Киеді жыртық киім тарта пішіп.
Мұндай жан құлшылыққа мойын бұрмас,
Болады мал бағуға сондай пысық.

Алланың сүйген досы Мұса кәрім,
Інісі әм пайғамбар болды Арын (Арон).
Олар да дүниеге тұрған емес,
Жаратты осылайша жанның бәрін.

Аллаға қарсылықпен кәпір болып,
Жер жұтқан өз малы үшін малғүн Қарын.
Оман мен ол Қарынбай тозақ барды,
Аллаға қарсылық қып болды залым.

Жігіттер, тіршілікте жолдан азба,
Құдайдан әмір келсе, жоқ дүр халің!
Дүниеде малын бағып безектеген,
Махшарда сондай жанның соры қалың.

Дүниенің ойлағанда пайдасы жоқ,
Ток пендер дүние үшін беттің арын!
Өтіпті Шұғайып (Аюб) пен хазірет Аюп,
Дүниеден коп жан өтті таңғажайып.

Дүниенің артық-кемді жоғын ойлап,
Кетпендер, ей, жігіттер, жолдан тайып!
Олар да шаруа қылып, дінін күткен,
Шұғайып Мұса менен қойын жайып.

Ұмытады ендігі жан бір құдайды,
Дән бітіп, бір кішкене кетсе байып.
Жан бергенге дән берген патша құдай,
Кедей де күн көреді жоқтан ғайып.

Өтіпті патша болған нәби Дәуіт,
Соғыпты кереметпен темір сауыт.
Билеген хан Сүлеймен жердің жүзін,
Қалған жоқ олар-дағы опа тауып.

Күнәға, ей, жігіттер, үйірленбе,
Әншейін сұм нәпсіге жала жауып.
Яқия, Зікірия, Мэриям, Ғайса,
Аз дәурен солар сүрді заман ауып.

Олар да бозбала боп өскен екен,
Қылған жоқ біз сықылды ойын-сауық.
Перғауын, Намрут, Шеддат, Мәлік, Риян,
Жоғалды көп патшалар топырақ қауып.

Алланың бес парызын күтпей қойма,
Жүрсең де жалшылықта сауын сауып.
Айғайлап таң кезінде оятады,
Бар екен ғаршы аглада үлкен тауық.

Жігіттер, жан пайдасын ойласаңдар,
Құлдық қыл, не қылсаң да, ебін тауып.
Алланың жүз жиырма төрт мың пайғамбары,
Аллаға құлшылық (қылад) қып соның бәрі.

Құдайға ақ көңілмен іс қылады,
Пендеге жарамайды көңіл кірі!
Бір Алла өзі медет, айламаса (ойламаса),
Пенденің мына жүрген көп дүр міні.

Ғазиз бен (Қызыр мен) Лұқман хәкім, һәм Даниял,
Жарандар, мына сөзге құлағың сал!
Өлімге неше түрлі айла (айла) қылған,
Ажалға сонда-да болмады хал!

Жалғанда аз күн зейнет болсадағы,
Адамға пайда бермес бас пенен мал!
Жаһанда жасқа тойған жан бар ма екен,
Мың жасап, жағы түсіп, болса да шал?!

Осылар ақыретке неге себеп,
Жалғанда күнде жеген қазы мен жал?!
Жаныңа сол күнінде сеп болмайды,
Ішкенің болсадағы шекер мен бал.

Жігіттер, тіршілікте қапыда өтіп,
Күнінде қияметтің болмаңыз дал!
Жарандар, ақыл - жастан, асыл - тастан.
Жан берді: "Құлдық қыл!"- деп, әуел бастан.

Күшпенен жер жүзіне ойран салған,
О да өтті: Сам, Нариман, Рүстем, Дастан.
Қап тауын айналдырған ер Қараман,
Батса да қара жерге, қарамастан.

Баян ғып өткендерді айта берсем,
Ерлердің ақжүрегін қайғы басқан.
"Ақырет, дүние қамын бірдей же!" - деп,
Насихат осы сөзім көңіл ашқан.

Құран түскен Алланың әмірімен,
Пайғамбар шариғатты бізге шашқан.
"Тозақпен ақыретте ғазап бар"- деп,
Күнәдан тақуалар аулақ қашкан.

Надандар қарсылық қып, қаңғырады,
Оқымай намаздарын, қара басқан!
Сұраушы періштелер күрзі соғар,
Зар жылап тұрғаныңа қарамастан.

Мухаммед — Алла досы, Хақ пайғамбар,
Болыпты оған үмбет талай жандар.
Алланың шын әулие, жақсы қулы,
Дүниеден о да өтті торт шарияр.

Сыздықпен: Әбубәкір, Ғүмар, Ғұсман,
Алланың шер құдасы Ғали Қайдар.
Сахаба отыз үш мың бәрі - шейіт,
Сұм жалған соларды алған,- бәрін айдар:

Құл болып дін жолына Құдай үшін,
Өлімге бұрынғылыр басын байлар.
Шалқадан ендігі жан бекер жатып,
Зекетсіз қазы, карта бекер шайнар.

Құлшылық бір Құдайға қылмай өткен,
Барғанда ақыретке соры қайнар!
Төрт имам әулиесі имам Ағзам,
Шығар ма дәл солардай ендігі жан?!

Мәлік пен имам Шапих, имам Ахмет,-
Шариғат осылардан бізге қалған.
Олардай бұл дүниеде жан болар ма,
Ғылым, хикая кітаптан тағылым алған.

Бұлардан басқа жолды табам десе,
Пенденің қылған ісі болар жалған!
"Дүниеде тірлік қылып, дінің күт!"- деп,
Бар құдай пендесіне қылды пәрмен (парман).

Жалғанда абайламай өтіп кетсе,
Не пайда ақыретте қылған арман?
Ғарасат майданына барған шақта,
Бір Алла қазы болып жауап алған.

Махшарда мұқтаж болмай, рақат табар,
Өзіне өз азығын алып барған.
Шариғат сөзін қуып (өңге) өнеге айтамыз,
Не айтсақ, көріп тұрған жөнге айтамыз.

Дегендей: "Әмір, Мағрүб, Наһи, Мүңкір,
Өзіміз қылмай жүріп, кімге айтамыз?!"
Өлген соң қиын-қиын жол бар екен,
Жолдары қияметтің бек тар екен.

Ғылымы ғамал қылмай қаңғып жүрген,
Бір сұрау молдакеңе сол бар екен.
Әңгіме айта берсем, бәрі де кеп,
Мен жүрмін қорқыныш ойлап, уайым жеп.

Келтірген бұған аят дәлил осы:
"Усы уақүфууһум аннағүсем машуа лүдере!"
Айтамын мен ойымның жеткен жерін,
Айтумен тарқатамын іштің шерін.

Қылуға бірде — бірін күшім жетпей,
Барғанда белгісіз ғой сол не дерім.
Адамның жиылады жасы-қуы,
Төгілер көл дария боп, көрдің суы.

Үш тармақ, сәуле беріп, жалауланып,
Тігілер пайғамбардың жасыл туы.
Сол тудың ұзындығы мың жылдық жол,
Есеп қыл көлденеңін елу мың жыл.

Ұстайтын жері ақ күміс, басы жақұт,
"Лә илләһә алхамид"[416],- деген ту осы екен, біл!

ЕЛУ БЕСІНШІ БАП

БАРША МАҚЛҰҚТЫ БЕСКЕ БӨЛГЕНІ

Баршаны қиямет күн беске бөлер,
Бір бөлігі тозаққа тез жөнелер.
Ол жамағат - шайтандар, білмек болсаң,
Бір бөлігі боп кетер жер менен жер.

Білсеңіз, топырақ болған жануарлар,
Сауап жоқ, һәм күнә жоқ қылғандар.
Сол себепті топыраққа қосылады,
Осы айырады бір бірінен пәруардігер.

Ғисапқа тұтады бір бөлегі,
Мукаллаф [417] болған болса адам пері (сері).
Жараса қылмысына жаза көріп,
Кей орынға жіберер Бірубары.

Бір бөлегі көрмейді еш бір хисап,
Жаратқан Алла тағалам ұжмаққа арнап.
Ол бөлегі періште мен пайғамбарлар,
Бұларды күнәсыз ғып жаратқан Хақ.

Сұралар (сүрарлар) төрт нәрседен барша адам,
Аяғын аттатпастан жалғыз кадам.
Әуелі сұрайды екен:
Ғұмырыңнан,

Не бірлан өткіздің, - деп, - айт, - деп, - маған?!
Екінші айтар екен:

- Бердім коп мал,

Қай орынға сарп еттің, ей, бейхабар?!
Халалға жұмсадың ба, иа, харамға?
Бір күрісін, қалдырмай, орнына сал!
Үшінші, бердім саған ұзын ғұмыр,

Не ғамалмен өткіздің пенде махрүр?!
Бар қылған жақсылығың сенің қайда?!
"Тағат қыл! - деп, - бұйырған, - баршаңа біл!"
Төртінші, мен қылғанмын деніңді сау:

"Күндіз руза болсын, - деп, - түнде ояу".
Күш-қуатыңды қай жерге сарп қылдың,
Айтқам жоқ па бәріңе: "Нәпсің, - деп, - жау!"
Қабірде айтты:

- Шық шақық ол балхи,

Төрт нәрсені айта дүр: бүл күнің халқи.
Тілімен айтқан болып, оны істемес,
Алланың оған болар лағынеті!
Деп айтар:

- Бір Құданың пендесіміз,

Істемес пендешілік пенде әр кез.
Тілеуін бір Құдай қайтіп берсін,
Арам ой ойлағаны кеш [т]е күндіз.
Екінші Хақтан тілер халал ризық,

Канағат жоқ ешкімде, ойы бұзық.
Бірін-бірі алдаумен күн өтеді,
Іші(ісі) оның түзелмес(ін), болып түзік.
Үшінші, ойламас ол ақыретті,

Ғасы ғышрат: ойлағаны - жан рақаты.
Тілеуін оның Құдай қайтіп берсін,
Көрсе де, қорықпайды көп апатты.
Төртінші, айтқан өлім болар[ы] рас,

Жан үшін ақыреттің ісін қылмас.
Өлімді ойға алса, қорқар еді,
Бұқл күнде еш кісіде тәубе болмас.
Әркімнің болса өлім ойларында,

Ешбір күнә жолатпас бойларына.
Үш нәрсені көңіліне Құдай салар,
Жақсылық бастатып жолдарына.
Жатса, тұрса, тілінен тәубе қалмас,

Қанағатшыл болады, қалса да аш.
Үшінші, көп тағат дүр істегені,
Арып, шаршап жүрсе де, еш қалдырмас.
Өлім керек қылмаса әр пендесі,

Оның да даяр тұрар үш нәрсесі.
Тәубенің не екенін білмей кетер,
Намазға болмас оның ықыласы.
Үшінші, онда ешбір қанағат жоқ,

Ерте-кеш аңдығаны - өсек, өтірік.
Кайтып қарыны ашпастай ойланады,
Мал бітсе он қара, сүйтіп жүріп.
Дүниеден бір өтеді болып ғапіл,

Басына түсе қалса заман ақыр.
Ғазап үшін жаратқан пендесі ғой,
Не қылса, Құдай қылар, пенде пақыр!
Егер де күнәменен күнің өтсе,

Басыңа бір күн ажал уақыты жетсе.
Қабіріңе қауым халқың кетсе көміп,
Барады күнәң сенің бірге ілесе[іп].
Қабіріңе бірге кірер өзіңменен,

Шошиды көрген шақта ғазиз денең.
Түсі жаман бір пақыр жігіт болып,
Деп айтар:

- Айрылмаймын тіпті сенен!

- Қасымнан, - сен айтарсың - жылдам кет! - деп,

- Не жұмысқа келдің [сен], ей, жігіт? - деп.

Дүниедегі жолдасың жақсы көрген,
Мен емес пе?! - деп айтар, бетпе-бет кеп.

- Дүниеде күнә қылдың, қорықпай Хақтан,

Пәленше батыр десе, қылып мақтан.
"Ұры-қары" - дегенге сен семірдің,
Сол күнәң нан жаралдым ақымақ надан!

- Менен безбек боласың, сен қалайша?

Күнәмен ғұмырың өтті, ай, пәленше!
Жіберді:

- Бірге бол! - деп, мені Құдай,-

Ғазап қылам қиямет-қайымға!
Саған келген қазірде сұраушы бар,
Жауабын бере алмасаң, сені ұрар.
Тілінді айтқызбастан, мен бөгермін,

Замана басыңызға ақыр болар!
Сол шақта оған кіргей екі Мәлік,
Сұрайды:

- Раббың кім, - деп, - ай, ақымақ?!

Күнәңіз қасыңыздағы тілің буып,
Сөйлетпес қабірінде, сен бұған бақ
Қылыңыз ғұмырында аз күн ғамал,
Ғамалың қияметте аз-ақ болар.

Күнә, сауап қылсаң да жаның үшін,
Қабірінде жолдас болып бірге барар.
Істесең ізгі ғамал, кәріп пенде,
Алдыңнан қарсы шыққан қабірінде!

Бек көркем, хош иісті жігіт болып,
Мүләйім сынықтықпен тұрғай онда!
Танымай сен сұрарсың:

- Сіз кімсіз? - деп,

Бөгелмей жігіт сонда, бастағай кеп:
Дүниеде ізгі қылған ғамалыңмын,
Жолдас боп сеніменен тұрамын! - деп.

- Енді жоқ бұдан былай сенде уайым,

Жіберген мені саған бір Құдайым.
Қиямет-қайымғаша қызметкермін,
Болады жаннат ағыла сенің жайың.
Келеді енді саған екі Мәлік,

Мен тұрамын бар сөзді аузыңа сап.
Сескеніп періштеден, ешбір қорықпа,
Берерсің бөгелместен жақсы жауап.
Келеді сол халатта Мүңкір-нәңкір,

"Ман раббик, расулың сенің кім?! - дер.
Ғамалың сонда тұрып жауап бергей:
"Періште, не сұрайсың, мен жауапкер!"
Жауапты оған бергей әлік жалда:

"Расулы - Мұхаммед дүр, раббысы

- Алла!" "Дін — ислам - барша діннің абзалы!" - деп,

Ғамалың бар жауапты бергей онда!

ЕЛУ АЛТЫНШЫ БАП

ЖҰМАҚТЫҢ АТЫ, ҺӘМ СИПАТЫ

Тағы да баяндайын жұмақ атын,
Жаратты Алла Тағала: "Не - деп,- затын?!
Рахыматымен жаратқан сегіз жұмақ,
Мыңнан бірін айтамын мен сипатын.

Бірінші жұмақты "Даралыхпан",
Гауһардан жаратыпты Алла тағалам.
Жаратқан екіншісін саф алтыннан,
Аты дүр ол жұмақтың - "Дарис салам".

Үшіншісінің аты екен "Жаннат Мәуі"
Жаратты забіржаттан Хақ тағала.
"Даралхилу"- төртіншінің аты ирөр,
Сары маржаннан жаралған өзі ағла.

Жумақтың бесіншісі "Жаннат-Нағим",
Ақкүмістен жаратқан, әне, тағын.
"Жаннат Ғадин" - ирөр алтыншысы,
Жақұттан жаратқан дүр Құдірет Көрім.

Жұмақтың жетіншісі - "Дарил қарар",
Ішінен ізгі пенде орын алар.
Ақ інжуден жаратты фазылымен,
Ғамал кылсаң кіруге, саған жарар.

Сегізінші жұмақ аты біл, - Фирдауыс,
Жұмақтан үміт қылсаң, болма жауыз.
Лағылдан Алла тағала жаратыпты,
Сипатын келтіре алман, айтып ауыз.

Әр жұмақта есік бар екі бірдей,
Кеңлігі, үлкендігі - Көк пен Жердей.
Қызыл жақұт маржаннан жаратыпты,
Айтуға тоқталамын аузым келмей.

Балшығы, топырағы шаған бір бар,
Кірпіші алтын, күмістен жаралған-лар.
Шарбағы, сарайлары - інжу, жақұт,
Кіреді ғамал қылған ізгі жандар.

Сарайдың есіктері - тек жауһардан,
Ішінде бұтақтары - бәрі нұрдан.
Төрт дария өзен ағар арасынан,
Балдан тәтті, сүттен - ақ, суық - қардан.

Бірінші аққан дария - су дариясы,
Ішеді Құдай жазса әр пендесі,
Екіншісі - жаралған шекер мен сүт,
Үшінші және ағады — бал жылғасы.

Төртінші дария бар, бәрі хамар,
Іше алмас, өз жанына қылса зәбір.
Суы түгіл, жұмақтың маңын көрмес,
Істесе күнәһи бос және кәпір.

Болады Миғражды көрген Расул, Сұраған:
Баян қылшы, ай, Жебірейіл!
Қайдан шығып, қай жаққа ағады?! - деп,
Көзі кайман шыққанын білмеген сол.

Жебірейіл айтты сонда:

- Қайырланам,

Бір Құдай білдірмеген мұны маған!
Құдайға менен гөрі өзің жақын,
Дұға қылсаң, көрсетер Алла тағалам!
Расулім дуға қылғаш әлгі жайда,

Алдынан бір періште болар пайда:
Келді де қарсы алдынан, сәлем беріп:

- Жұм, - дейді, - көзіңізді! - пайғамбарға.

Пайғамбар "Жұм" деген соң, жұмған көзін,
Түбінде бір ағаштың көріпті өзін.
Бір інжуден жаралған мұнара түр,
Есігі құлыптаулы, көрсе жүзін.

Алтыннан құлыбын көрсе оның,
Сонша[ма] үлкендігі мұнараның:
Дүние толған мақұлық басына шықса,
Тау басына күс қонғандай болмас оның.

Кірпіші — жасыл жақұт салған панар,
Төрт дария сол астынан ағып шығар.
Кірмекке енді ішіне көңіл қойған,
Сүт пен бал, шекер шәрбат сулары бар.

Періште:

- Кіргіл! - дейді, сонда тұрып.

Деп айтқан:

- Кіре ала ма, аузы құлып?

- Ашуы хақ пайғамбар өзіңізде,

Ашылар, "Да ила ила Алла!" - десеңіз көп.
Есітіп бұл қаламды аузыма алдым,
Ашылған әлгі есік, қайран қалдым.
Төрт дария төрт тараптан ағып жатса,

Пайғамбар көзін салмай ғажаптанған.
Пайғамбар айтты:

- Суынан ішіп тойдым,

Ойланып, жете алам ба түбіне ойдың?!
Төрт дарияның көздерін таба алмағас(ын),
Қайтуға енді онан көңіл қойдым.
Періште:

- Қара, - дейді - және екінші!

Аралап іші-тысын әбден тінтші!
Сөзімен періштенің қарап едім,
Төрт бұрышынан сарқыраған дауыс шықты.
"Бисмилла" - деп, жазып қойған бір бұрышта,

Жазылған бір бұрышта: "Лафыз Алла!"[418]
"Ал рахман", - жазылған бір бұрыш бар,
"Ал рахым" - жазылыпты төртіншіде.
Бісімнің мимінен шығар сипат дария,

Баллаһия-сынан шығар Лафыз Алла.
Мимінен ал рахманның хамар [419] ағып,
Ал рахымнан сүт ағар, біл, тамаша!
Есіттім сол арада тағы наданы:

- Иа, Мухаммед, құлақ салып, тыңда мұны!

Үмбетіңді сол судан суғарамын,
Ықыласпен айтар болса "Бісмілланы"!
Кімде—кім тағат қылса ықылас илан,
Сенбі күн ішер рақат дариясынан.

Жексенбі күн ішеді бал жылғасын(ан),
Тәубе қылса, тыйылып күнәсынан.
Хамар дария ішілер дүйсенбі күн,
Құдайдан қорқып жүрсе күндіз бен түн.

Суғарар сейсенбі күн сүттен және
Сақтанса харам сөзден жымла бүгін.
Сулары үш дарияның хауызға ұқсар,
Бұлардан ішкен кісі мас болар.

Тоқтамас мың жыл ішіп, есірген соң,
Бір тауға жұпар болған барып қонар.
Сол тауда және аққан бар
"Салсабил"- Суғарар сәрсенбі күн осынан, біл.

Суынан Салсабылдың ішкеннен соң,
Ұшады мас болумен тағы мың жыл.
Мұнан соң қонатыны Түп ағашы,
Неше мың сарай толған айналасы.

Құрылған әр сарайда тахт [420] бар дүр,
Отырар сонда барып әр пендесі.
Періште алып келіп Занжабылдан,
Суғарар бір Құданың әмірі бірлан.

Бейсенбі күн ішеді ізгі пенде
Құдаға хамд айтар бәрі бірден.
Басына сая болар ақ бұлт кеп,
Бұлттан жауһар тастар жауады көп.

Басына тәжлер орап, холла киіп,
Қуанып тағы ұшады, мың жыл тұрып.
Орнына келіп түскен садақаларың (садыкдарың)!
Жұма күн қонақ қылған Алла бәрін.

Маһыман холладан тағам татып,
Сол жерде көрсетеді шын дидарын.
Әрқайсы мас болады шарап ішіп,
Құдая, әр пендеге қылғыл несіп!

Періштелер қолтығына кіріп алып,
Келтірер оз орнына, алып, ұшып:
"Осындай пар дүр —дейді, -дәреже бар!"
Әр пенде нәпсі тыйған орын алар!

Ісіміз күндіз-түнде ғапілдікте,
Біз ақымақ: бұл нығыметті қайдан табар?!
Ібіліс ғылламы лағынның жанын алатын баяны
Бір Алла Ғазірейілге қылған нада:

- Кім қалды енді тірі дүниеде?!

Куллу нафси заиқатул маут [421] бар дүр уағдам,
Білдіргіл өлмегенді келіп мұнда!
Ғазірейіл келіп сонда береді үн:

- Иа,Раббы, барлық нәрсе Өзіңе мағлұм.

Бұл күнде жерде тірі Ібіліс ирүр,
Бар қалған көк аһылынан жалғыз өзім.
Құдайым Ғазірейіл(ге) қылған пәрмен:

- Қалмасын мақұлықатымнан жаратылған!

Жер, көк аһылы санынша қуат бердім,
Жанын ал, Ібілістің, бермей аман!
Осылай әмір қылған (қылғаш) Ғазірейілге,
Ғазірейіл һайбат бірлан келген жерге.

Қолында әрқайсысының отлы шынжыр,
Жетпіс мың забанилар өңкей бірге.
Ғазірейіл Ібіліске келген жақын,
Өлімнің тарттырмаққа шарапатын.

Ол малын қорқып сонда қылады екен,
Өлімнен ойлайды екен қуғылмағын.
Ғазірейіл сол арада ұрған нағыра:

- Ей, малғұн, құтылмайсың қара мұнда!

Талайдың жазасы үшін тұтыларсың,
Күміра ғып азғырғансың дүниеде (дүниада)!
Айғайын тірі болып естіген жан,
Баршасы берер еді қорыққаннан.

Жарылып жүректері, зілзала боп,
Түк қалмас еді жерде жан аһылынан.
Шыдамай Ғазірейілдің һайбатына,
Кіреді жердің барып бір қатына.

Періште онан барып айдап шығар,
Маліунды жіберместен өз бетіне.
Мағырұпқа мұнан қашып тағы барар,
Алдынан барып шыққан періштелер.

Өлімнен құтылмасын білгеннен соң,
Хазіреті Адам қабірін тауып алар.
Деп айтар:

- Саған сәжде қылған болсам,

Мен мұндай болмас едім әуре-сарсаң.
Осы күнде сол қылған күнәм кешіп,
Өтірік қылады екен фариад фаған.
Ғазірейіл айтар сонда:

-А, иа, малғұн,
Қылғанмен қабыл болмас тәубең сенің!
Әзелден саған рақым болмақ емес,
Шайтан боп жаратылдың, болып азғын!

Кетеді бұл сөзді естіп, тағы қашып,
Неше мың құтылуға хайла жасап.
Ғазірейіл запанилармен қуып жетіп,
Шынжырлап ұстайды екен, соғып, шаншып.

Ғазірейіл жанын алған сол арада,
Шыдамай һайбатына қылған нада.
Өлім ащысын шайтанға татырады,
Жаралған жан санынша дүниеде.

Мың түрлі ғазап бірлан алған жанын,
Ішіне кіргізеді һаунаның[422].
Сұрақ сауал (сүрых суал) болғанша сонда жатып,
Бар көресің көреді шайтан Лағын.

Әрқашан атқан шақта ғарасат таң,
Ішінен жеті тозақ шығар шайтан.
Өзінің дүниедегі жолдастарын,
Ертіп ап кайта кірген олар(алар) бірлан.

ЕЛУ СЕГІЗІНШІ БАП

ҒАЗІРЕЙІЛ ПЕРІШТЕНІҢ ЖАНЫН АЛАТЫН БАЯНЫ

Бір Алла айтар екен Ғазірейілге:

- Дүниеден пани болды барлық нәрсе.

Сөзімді: "халиқ" ("һалік") - деген - естімедің бе,
Сен-дағы енді тұрма бұ дүниеде!
Бұлайша Ғазірейілге келген нәубет!
"Өз жаныңды өзің ал!" - деген Құдірет.

Жұмақ пенен тамұғының арасында
Ала алмай жанын сонда қылған фәриад.
Сол күнде мақұлықтар болса тірі,
Айғайынан қалмас еді еш біреуі.

Жия алмай сонда барлық қанаттарын,
Құдайға нала қылар (қилүр), қылып зары.
Деп айтар:

- Білсем еді жан ашығын!

Ешкімнің алмас едім барып жанын.
Анасынан шапағатлы болар едім! - деп,
Айтады сонда тұрып қайғы-зарын.
Ғазірейіл ала алмайды өзі жанын,

"Ал!" - деп, әмір қылса, Пірубарым.
Сынамаққа: "Өзің ал!" — деген сөзі,
"Білсін деп, - қандай екен жан қадірін!"
Бар Құдай Ғазірейлінің алар жанын,

Дүниеде жан исі (саясы) қалмас ешкім.
Бостан-бос бүтін дүние қарап тұрар,
Тірілтіп қылғанынша ғаділ хүкім.
Ең әуел тірілтеді Исрафилді:

- Үргіл! - деп,- аузыңа алып,- берген сырды.

Үшінші мәртебеде үрген шақта,
Қабірден бас көтерер инысы мен жыны.
Бағзысын суға кетіп, балық жұтсын,
Отқа күйіп, бағзысын қасқыр жесін.

Әуелден ақырғанша өткен жанның
Қылады арасында ғаділ хүкім.
Тірілтіп осылардың гаммаларын,
Береді күнә сының жазаларын.

Сират құрып, тамұқты қыздырады,
Жаратқан жоқтан бар ғып Құдірет Кәрім.
Кағыбал Ахбардан сұрады хазірет Ғұмар:

- Иа, Кағыб, сен өлімнен бергіл хабар!

Мысалы бүл өлімнің не секілді,
Мәнісін баян қылсаң, көңілім тынар.
Ғұмарға баян қылды Кағыбал Акбар:

- Берейін мен өлімнен саған хабар!

Жапырақлы, тамырлы бір ағашты
Бір адамның ішіне отыртса егер.
Мысалы бұл өлімнің дәл осы ағаш-ты,
Ағашты келіп тартса бір жігіт жасы.

Қуаты қаһарманнан кем болмаса,
Құлатар болсадағы, тау мен тасы.
Мысалы, ағаш ирөр - осы өлім,
Уақыт жетсе, Ғазірейіл келер бір күн.

Жаныды ағаштай ғып тартса егер,
Айырып бір-ақ алар тамырымен.

ЕЛУ ТОҒЫЗЫНШЫ БАП

ЖЕТІ ТОЗАҚ БАЯНЫ

Тамұғының сәкілері болған жеті,
Құдайым әрбір іске тақсим [423] етті.
"Лaxa сажатун абуабу ликули бабин"[424]
Маусым, бір Алла қаламында зікір етті.

Сұрапты пайғамбардан асхаплары:

- Тамұқтың қандай екен сәкілері?

Пайғамбар айтқан екен асхабына:

- Ұқсамас бұл сәкіге оның бәрі.

Арасы әр сәкінің - бір жүз жылдық,
Кітаптан мұны көріп, тағиньш [425]қылдық.
Бірінен бірін төмен жаратқан Хақ,
Сен қорқып бір Аллаға қылғыл кұлдық!

Ғазабы біреуінен біреуі артық,
Жетпіс есе тұрады ғазабы артық.
Бірінен бірі төмен барған сайын,
Ыстығы сондай қатты, қылсаң байып.

Рауаят бар дүр бізге пайғамбардан,
Ол кісі сұрап білген Жебірейілден:

- Тамұқтың бар сипатын маған айт! - деп,

Сұраған:

- Кімдер кірер? Қыл,- деп,- баян!

Тамұқтың бір есігі: аты "һауиа",
Өзі сол мұнафиқтың, білсең және.
Кіреді ол Ғайсаға иланбаған,
Жұмақтың тамұғын жіп біл һәманда.

Ол Ғайса бір Аллаға дұға қылған,
Түсірді жұмағыңнан бір дастарқан.
Жұмақтың тамағынан қаумим сұрар,
Менің сол пайғамбарлығыма иланбаған.

Мазда сол уақытта көктен түскен,
Ғайсаның барлық қауымы сонан ішкен.
"Бұ да бір көп шежіренің бірі ғой", - деп,
Қауымы сол кәпір болып, діннен кешкен.

Дұғаға Ғайса сонда көтерді қол,
Муіжиза көрсетсе де, иланбай сол.
Дұғасын Алла тағала қабыл етіп,
Әрқайсы болып кетті: доңыз, маймыл (маймұн).

Бұларға Алла тағала лағынет етті,
Көп тұрмай, үш күннен соң, жер кеп жетті.
Асхабы: "Машда", - деп, бұларды айтып,
Құдайым һауианы орын етті.

Екінші есік болған - Жахим ,
Құдайға серік қосқан, болар жақын.
"Суретке сол табын!"- деп, жүргендерге
Құдайым орын қылған қылсам фаһим [426].

Үшінші есік аты болған - "Сажар",
Табынған Күн мен Айға орын табар.
Ферғауын, Намрүд, Шидат, Лағын
һаман мен бүл орында Қарын да бар.

Төртінші есік аты болған – "Лазы",
Ібіліс сол тамұқта тартар жаза.
Тағы да Ібіліске жолдас болар,
Намазын, оразасын қылған қаза.

Бесінші есік аты болған - "Хатма",
Құдайым орын қылған бар жөһидқа.
һинди, Қытай, Мажуси - бәрі онда,
Табынған кәпірлікпен от пен пұтқа.

Алтыншы есік аты болған - "Сажыр",
Насырани кіреді екен оған тағы.
Құданың бірлігіне (бір екеніне) иланбаған,
Істеген ғұмыр бойы пасық Жер!

Жебірейіл жетіншіде тұрды тоқтап,
Ұялып пайғамбардан әдеп сақтап.
Көп сұрап пайғамбарым қоймаған соң,
Айтыпты:

- Жаһаннам! — деп, атын атап.

- Пайғамбар, білмек болсаң, жаһаннамда,

Істесе күнәһи: кәпір, бағзы пенде.
Өзі сол болған саған тағы үмбет,
Жазасын махшар күнде тартқан енді.
Тәубеге ғапілдікпен кірмей өлген,

Құдайым сол қауымға белгілеген:
"Ғазапты жаһаннамда тартар - дейді

- Тіліне шайтан малғұн дүниеде ерген".

Пайғамбар қайғыланды мұны естіп:

- Халдері үмбетімнің болар нешік!

Иа, Алла, фазылың илан, жарылқа!

- деп, Сол демде дәргаһына сәжде етіп.

Жебірейіл пайғамбармен бірге жылап,
Болды-лар көз жастары дария бұлақ.
Алладан сол уақытта уахи келді:

- Ал, - депті,- қажетіңді менен сұрап!

Әрқашан болған шақта қиямет күн,
Иа, достым, тілесеңіз, қылған мақрұм.
Күнәкар үмбетіңді - құрметіңе
Барғанда Ғарасатта бағыштадым!

Жебірейіл пайғамбар мен болды-лар шат:
"Қылайын,- дегеннен соң,- үмбетті азат!"
Салауат пайғамбарға бір айтпайсың,
Боласың пайғамбарға қалайша үмбет?!

Тамұқтан шығар болса зәре ұшқын,
Жеріне барып түссе Күншығыстың.
Машриктан бермен қарай Мағрибқаша
Бұл дүние жанар еді жүмлә бүтін.

Тамұқ аһылы шығарса бір шапанды(сабанды),
Жер мен көк арасына асса, әне [әні],
Сасыған сол киімнің иісінен,
Мақұлықтың қалмас еді тәнде жаны.

Тамұқтан бір кісіні қылса азат,
Алып кеп Мағырыпқа, қылса ғазап.
Бықсыған ол пенденің иісінен
Ма шырық аһылы баршасы болар һалак.

Тамұқ аһылы жүрегі - ірің мен қан,
Үстіндегі киімі жұмла қатра [427].
Осы (үсті) көкірегі - тас, темірден.
Құдая, сақта өзің жаһаннамнан!

АЛПЫСЫНШЫ БАП

АБИ ҒАББАС БІР РАУАЯТ ҚЫЛҒАН ЖАҺАННАМ(НАН)

Сөйлеген Аби [ибн] Ғаббас бір рауаят,
Сол кісі жаһаннамды қылған сипат:

- Жаһаннам жер астынан шығар! - дейді,

- Періште ие болып жетпіс мың сап.

Періште қоршап алған айналасын,
Сол күнде не көрмейді кәріп [ғаріп] басың?!
Бір сапы - адам, пері (бірі) санынша бар,
Білсеңіз, періштенің сіз шамасын.

"Отыз мың бас бар,- дейді,- жаһаннамда,
Әр баста отыз мың хам бар дүр анда.
Әр ағызында отыз мың тісі бар дүр,
Тағат қыл, мұнан қорқып ғапіл пенде.

Әр тісі, азуы таудай, білгіл мұны,
Әр аузында бар, - дейді, - екі еріні.
Әр ерінде оттан болған шынжыр бар дүр,
Майыстырып сол келеді қара жерді.

Әр бұжырада жетпіс мың тұтқа мақам,
Әр тұтқада періште жетпіс мың сан.
Періште тұтқасынан мықтап ұстар,
Ғаршының сол жағына әкелер һәм.

Әр тұтқаның зорлығы - бір-бір сарай,
Ғаршының сол жағына орнар сондай.
Тамұқты бұл сипатты жаратыпты,
Ғасыдан өш алмаққа патша Құдай!"

Құдая, өзің сақта жаһаннамнан,
Үміткер рахыматыңнан барлық пенде(ң).
Хабибің құрметі үшін махфуз[428] қылғыл,
Жапқышы айыптарды - Құдауандам!

АЛПЫС БІРІНШІ БАП

ИМАНСЫЗДЫҢ СИПАТЫ

Құдайым имансызға қылған орын,
Қайнатар соған кірген жанның сорын.
Дінсіздің жүзін - қара, көзін көк қып,
Пышақтап, айдап келер, құлақ, мұрнын.

Тамұқтың алып келіп қақпасына,
Запани ие болар бас-басына.
Қолында Запанидің отты шынжыр,
Жапсырар имансызсың жағасына.

Аузынан келіп ұрған шынжырымен,
Бір ұшы барып шыққан бүйірінен.
Сол қолын мойынына қоса таңып,
Оң қолы тесіп шығар бүйірінен.

"Қосақтап шайтанымен оны бірге,
Аяғынан сүйретіп, жүзін жерге,
Апарып жаһаннамға салар", - дейді,
Құдая, кез келтірме мүмин ерге!

Ғазаптың бүгін ащысын татыңыз! - деп,

- Ал, енді жаһаннамға жатыңыз! - деп.

- Дүниедегі бар қылған күнәң үшін,

Қызыққа енді бүгін батыңыз! - деп.
Фатима - пайғамбарым сүйер қызы,
Сұрапты атасынан сол бір сөзді:

- Үмбетіңді қай раушылы айдар екен?

Жебірейілден сұрадың ба, айт, - деп, - мұны!
Қызына пайғамбарым айтқан және:

- Болмайды үмбетімде бұл нышана.

Жүзі қара, көздері көк болмайды,
Шынжырдан жырақ қылған Хақ тағала.
Үмбетім осы [үшін] бөлек болар күнәкары,
Тағат қылмай, пасық боп, өтсе кәрі.

Екіншісі - тәубесіз өткен жігіт,
Үшіншісі - ұрғашының зинақоры.
Қатындарды сүйрейді маңдай шаштан,
Жігітті сүйрейді көркіне қарамастан.

Ақ сақалды сүйрейді сақалынан,
Күнәһи қылса, Құдайды ойламастан.
Бүл үшеуі сол күнде қылса фариад,

- Аһи уаһи (маным) менің қартлығым, - деп, жылайды қарт.

- Әдеп күтпей, біз рәсуа қор болдық! - деп,

Жігіт пен қатын тұрып, қылар қасірет.
Мәліктің алып барған қастарына,
Темір бұғау шынжыр жоқ бастарында.
Жүзі қара, көзлері шағыр емес,

Қарты мен, қарасаңыз, жастарына (жасларына).
Мәлік айтар:

- Қай пайғамбар үмбетісіз?

Дүниеде нешік ғамал істедіңіз!
Тамұқ аһылының сізде жоқ еш белгісі,
Баян ғып пайғамбарыңды айтыңыз сіз!
Сүр ағашы жауап келген ғасылардан:

- Біздің сол пайғамбарға енген (үңгін) Құран.

Бес уақыт, парыз болған күнде намаз,
Оразасы және парыз - рамазан.

- Олай болса - Мұхаммед пайғамбарың,

Әмірін тұтпай қалайша болдың залым?!
Құранда махсияттан [429] тыйған жоқ па:
"Қылма, - деп, - баршаңызға - фикру бадым!"[430]!

- Сіздерді жіберді ме:

"Күнә ет!" - деп,
Бұйырар сонда Мәлік:

- Отқа тұт! - деп.

Мәліктің һайбатынан жаман қорқып,
Қышқырар әрқайсысы: "Мұхаммед!" - деп.
Жылайды әрқайсысы, қылып баған:

- Жылауға рұқсат бер, - деп, - енді маған!

Бәріне Мәлік сонда рұқсат берген,
Жылайды: жас орнына қып-қызыл қан!
Мәлік айтар:

- Бұл жылау қылмас пайда!

Дүниеде тағат қылмай, жүрдің жайға.
Егер де хақтан қорқып, жыласаңыз,
Сен ғазап көрмес едің осындайда!
Жылауы пайда қылмас зара қадар,

Жабысар жағасына запанилар:

- Тәубе қылмай, сіз күнә істедің! - деп,

Апарып рақым қылмай, отқа салар.
Әрқашан от кеп тұтса, таһлил айтар,
От сонда күйдіре алмай, кейін қайтар.
Мәлік сонда қылады отқа нада:

- Не себепті күйдірмей, кайтасыздар?!

- Біз кайттық ғасылардан жауап естіп,

Әрқайсысы айтып жатыр таһлил-шәріф.
Біз енді пайғамбардан ұяламыз,
Күйдіру енді бізге емес лайық!
Мәлік сол отқа пәрмен қылған сонда:

- Бұлар сол Хаққа ғасы болған пенде.

Алмаған пайғамбардың тағы тілін,
Бұйырған: "Отқа жақ!" - деп, Құдауанда.
Құданың бұйрығымен от кеп ұстар,
Күйдіріп аяғынан жіпсіз тұсар.

Тізесі, белі менен бұғазына,
Тағы да жылан, шаян,- сол жабысар.
Бұларға забанилар қылмас рақым,
Тыйышлығы әр кез болмас оған тағын!

Барша тәнін жандырып болғаннан соң,
Күйдіруге жүзіңе келген жақын.
Мәлік айтар:

- Жүзін күйдірмеңіз,

Құдайға сәжде қылған кеше күндіз.
Тілі менен жүрегін күйдірмеңіз,
Хақты айтып, қылған шығар бір жақсы
Таһарат алған күйдірме бар ағзасын,

Тұтқан шығар рамазан оразасын.
Хақтан пэрмен болғанша, мүнажатын,
Бір болар ақырында жарылғасын!
Жанарлар - намаз, ораза қазасына,

Өтірік, өсек, ғайбаттың ызасына.
Әркім сол штраф(еш тарап) күнін төлеп,
Қаратар күнәсының жазасына.
Күнәсына қарата - болар тұтқын,

Дүниеде күнә қылған неше дүркін!
Біреу аз, біреулер көп жатып,
Құтылып күнәсынан шыққан бір күн.
Қалмайды жаһаннамда иман аһылы.

Білерлік таһлиліні болса баһымы.
"Уалиману ла иабиғу тамаман"[431],- деп,
Осылай имамлардың айтқан нақылы.
Бүл күнде Хақтан қорымдай, қылсаң күнә,

Махшарда жеті нәрсе болар куә.
Баршасы айғақ болар саған келіп,
Түсіріп бар күнәһынды мойыныңа.
Тандырмас сол күні жеті шаһыдтан!

Жер айтар:

- Маған келіп күнә қылған!

Екінші - Күн, үшінші - заман айтар:

- Пәлен сағат, пәлен уақыт, мойында! - деп.

Төртінші - куә болар барлық тәнің:
Көзбен көріп, қолменен тағаның.
Бесінші - басындағы үйің (ойың) айтар:

- Мен де қылған күнәсының көрдім бәрін!

Алтыншы - куә болар Жаратқан Хақ:

- Сен күнәһи - менен қылдың қорықпай, бетпақ!

Жетінші - екі періште куә болып,
Кетеді бар күнәңды мойныңа сап!
Әрқашан болса бізге қиямет күн,
Тіріліп барша адамзат тұрып көрден.

Бір жерге мақұлықатты жиып [алып],
Алла қазы боп сауал сұрар дүркін-дүркін.
Күн тұрар найза бойы төбеңе кеп,
Тамұқтан сонда шығар бір бөлек от.

От пенен күннен сонда жапа шегіп,
Тұрады мұнафиқтар шерменде боп.
От сонда көлеңкедей болар мұнар,
Сол уақта бір періште нада қылар:

- Басыңа көлеңке керек болса,

Халайық, ынтық болсаң, барыңыздар!
Халықты үшке бөліп періштелер,
Бірі - мүмин, біреуі - мұнафиқар.
Бірі сол бір Аллаға серік қатып,

Табынған от пен пұтқа мүшіріклер.
Көлеңке тағы үшке бөлінеді,
Бірі - нұр, бірі от боп көрінеді.
Бірі сол - қара тұман, түтін болып,

Үшеуі үш көруһке беріледі.
Болады мүминлердің басында нұр,
Көлеңке мұнафиққа от боп тұрар.
Басына имансыздың түгін болып,

Көре алмай бірін-бірі болады қор.
Сол күнде ғасылардың миы қайнар,
Мүминлер нұр ішінде гүл-гүл жайнар.
Әркімдер оз жанынан үміт үзген,

Өзге қайтсын, сасқан соң пайғамбарлар.
Мүнафиқ көлеңкесі - басында от,
Милары бұрқылдайды қазандай боп.
Имансыз қалың тұман ішінде қалар,

Қап-қара болар екен көмірдей боп.
Құдая, рақым қылғыл сол күндерде,
Бізді ғып мүминлардан нұр ішінде.
Өзіңнің фазылың илан ғапу айлап,

Қылмағыл қара тұман түндерінде.
Тір[іліп] махшардағы барлық халық,
Болады сол күндерде жүз жиырма сап.
Әр сапының ұзынлығы - қырық жылдық

Жиырма жылдық ені бар, қылған хисап.
Бұлардан: мүмин,- дейді,- үш-ақ сапы,
Басқасы дінсіз ирөр, білсең тағы.
Жүздері мүминлердің ай секілді,

Сақтанған харам істен сол монахы.
Басқасы түсі қара, тамұқ аһылы,
Тамұққа арнап жаратқан тәңірім оны (аны).
Әрқайсысын шайтанға қосақтайды,

Құдая, бүл жұмладан қылма мені!
Құдая, рақым айла, айдағанда,
Ғасыға жазалы ғып байлағанда.
Сақтағыл Хабибің құрметі үшін,

Тамұқтың оты қызып, жайнағанда.
Бір қауым жаза тартар жетпіс мың жыл,
Өткізген тағат қылмай, босқа ғұмыр.
Денесі арық, иманнан жалаңаш боп.

Семіртіп қу нәпсісін, өткізген сол.
Қарасаң, сырты молда, ғалым адам,
Ақырет ісін қылмай, болған надан.
Тәнін босқа семіртіп, тағат қылмай,

Нәпсінің тілеуінше жүрген босқа адам.
Қарны сол - қарасаңыз, кебежедей,
Табиғ қылған өз малын, ішпей-жемей.
Тамұқтың енгізеді ең зорына

Забанилар тепкілер адам демей.
Өзі қылмай, жұртқа айтып насихатты,
Ерініп істемеген сол тағатты.
Қылған ісі наданнан жаман болған,

Құдайым алпыс мың жыл ғазап етті.
Бір кісі уағдасына қылса халап,
Оны айтар: "Наһи алғырдү ламант".
Аяғынан сүйретіп, басын жерге,

Ғазапқа лақтырар неше қабат.
Жанады берекесіз шым-шытырық,
Әр жерде бір жапырақ ет ұшып жүріп.
Дүниедегі сөйлеген сөзіндей ғып,

Осындай ғазап көрген ол бадбахит [432].
Құдайым біл Мұсаға қылған хатаб,
Аманатқа қылса кісі бір қиянат.
Шайтан менен екеуін бір қосақтап,

Зақкумға [433] асылады ол лағынет!
Астынан кіріп, от шығар азығынан,
Зәре рақым болмайды әр кез оған.
Ағызы менен аузынан ірің ағар,

Асылған соң ағашқа аяғынан.
Арақ ішкен бұларға серік және,
Тәубе қылмай, бір кісі қылса зина.
Намазды Хақтан қорқып оқымаған,

Өсімге ақша беріп, жеген рия.
Бұлар сол ғазап көрген неше сақып,
Сақыбы - төрт мың жылдық, алғыл ұғып!
"Әр жылы төрт мың ай", - деп, тағы айтады.

Әр айы - төрт мың күндіз, пенде кәріп.
Әр күні төрт мың сағат болады екен,
Әр сағаты бір жылға толады екен.
Осындай ғаламатта басы қал ар,

Уағда бұзған кісілер қылса мекен.
Ғазабы уағда бұзған болады зор,
Жігіттер, хилаф [434] қылмай, уағдаңда түр.
Хүкімлігің һәм кетіп бүл дүниеден,

Дүние ақырет жүзінде болмағыл қор.

АЛПЫС ЕКІНШІ БАП

ӘБУҺАРИРАДАН БІР РАУАЯТ: ШАЯН ҚҰРАЙЫШ ТУРАЛЫ

Тағы да бір рауаят Абуһарирадан,
Сөйлеген халін білмей мен бір надан.
Әрқашан қияметтің күні болса,
Бір шаян шығады екен Жаһаннамнан.

Берілген ол шаянға - "Құрайыш" ат.
Басы сол көкте дейді төртінші қат.
Құйрықтары жеті қат жер астында
Сол келер екен ерінмен көкті тіреп.

Жебірейіл қарсы шыққан енді алдынан:

- Не керек, ай,

Құрайыш, айт - деп, - маған!

- Дүниеде ғасы болған бес көрүһны

Мен жұғамын Мұхаммед үмбетінен.
Бірі сол — намаздарын тәрік еткен,
Екінші - зекетлерін бермей өткен.
Үшінші жұтамын, - дер, - рибақорды [435]

Үстінен өсім жеген, ақша біткен.
Төртінші - дәйім оның (аның) арақ ішкен,
Әрқашан жаманшылық жолға түскен.
Бесінші - дүние сөзін сөйлегендер,

- Муси [436], - бос сөзбенен күні кешкен.

Тәубе қылмай бес қоруһы кетсе өліп,
Тауып алар бұларды іздеп жүріп.
Ішіне жаһаннамның алып барар,
Әр түрлі тұрар, - дейді, - ғазап көріп.

Құдая, жырақ қылғыш Құрайыштан,
Жамандық, өзің сақтап әрбір істен.
Иа, Раббы, осылардан қылма бізді,
Пендеміз күнәмыз коп әр қылмыстан.

АЛПЫС ҮШІНШІ БАП

МАҚАТЫЛДАН РАУАЯТ:

"ОН ХАЙУАН ЖҰМАҚҚА КІРЕДІ"

Үшбу сөз рауаят дүр Мақа тылдан:
"Жұмаққа кірер , - дейді, - он хайуан".
"Бірі - сол Смағүлдің қошқары",- дүр,
Екінші - түйесі дүр Салық ғалайсалам!

Үшінші - Ибраһимнің бір бұзауы,
Қонағасы үшін періштеге сойған (әні) оны.
Төртінші - өгіз екен кіретұғын,
Құтқарған кәпірлерден сол Мұсаны.

Бесінші — Сүлейменнің құмырсқасы,
Жүністің балығы ирор - алтыншысы.
Жетінші - Қызырдың есегі ирор,
Бұлай айтқан кітаптың бір нұсқасы.

Сегізінші - Балхистың һодһыды,
Тоғызыншы - пайғамбарым бір інгені,
Оныншы - жетесіздің иті ирөр;
Осылайша кітапта көрінгені.

АЛПЫС ТӨРТІНШІ БАП

ҒАЙША АНАМЫЗДЫҢ ПАЙҒАМБАРДАН СҰРАҒАН СӨЗІ

"Иаума тубаддалул арда ғайру ән радиа"[437]

- Ғайша пайғамбарға айтқан арыз:

- Жер өзгеріп, екінші жер жаралса,

Сол күнде, тақсыр, айтқыл, біз қайдамыз?
Сөзіне Ғайшаның қалады таң:

- Үлкен сөзден сұрадың, болдым қайран!

Сол күнде барша халық тұрар жерін,
Маған бүйтіп айтқан жоқ ешбір адам.
"Куллу ша-ин халак"[438]- бар ғой аяты,
Жоқ қылмақ әр нәрсені құдіреті.

Жер жоғалып, екінші жер жаралғанша,
Бізді қояр үстіне тар сираты.
Жіберілетін жердің аты – Билсаһара [439],
Ол жерде істемеген еш бір күнә.

Күмістен - ақ, мұздан жалтыр ирөр,
Жоғалса, табылады жалғыз ине.
Ол жердің үстінде жоқтау менен тас,
Бір ине жоғалса да, жасырылмас.

Қоярға жер таппайды пенде жанын,
Сол күнде нешік болар бүл кәріп бас.
Тірілген махшардағы барша халық,
Қиямет ыстығынан тұрар налып.

һәм қылған дүниедегі күнәсынан

- Тұрады әрқайсысы терге батып.

Бағзының тізесіне келер тері,
Бағзының батып тұрар белуары.
Кейбіреу көкіректен терге батып,
Әркімнің сол шерменде болар жері.

Күнәсы тер боп ағар бар бойынан,
Кейбіреу жүзіп жүрер мойынынан.
Бағзы біреу теріне қарық болар,
Күнәсын көтере алмай ауырынан.

Құдая, батырмағыл терімізге
Мұсылман болған қатын, ерімізге!
Өзіңнің фазылың илан таупық беріп,
Істетпе күнәһиға бір енді бізге!

АЛПЫС БЕСІНШІ БАП

ИСРАФИЛ ҒАЛАЙССАЛАМНЫҢ СОРЫН ҮРГЕНІ

Исрафил, сорын үрер, ғалайссалам,
Таралған сүйек жылып, шіріген тән.
Суға батып, бағзысын қасқыр жесін,
Бұрынғыдай болады барша адам.

Баршасы қайран болып тұрар жерден,
Тірілмей еш қалмайды анысы мен жын.
Құдайым күнәсынан хисап алар,
Жаратқан мақұлықтың әрбірінен.

Сол күнде жеті қат көк болар пәре,
Ай мен күн нұры кетіп, болар қайра.
Сират құрып, тамұқты қыздырған соң,
Болады мұнафқитар бір бейшара.

Біреуге қылған болса біреу залым,
Құдайым теңгереді артық - кемін.
Залымнан мазлұмға өш әперіп,
Болады арасында ғаділ хүкім.

Әркімге болар сонда бір ұлы той,
Өш алар мүйізді ден мүйізсіз қой.
Сол күнде ешбір күнә жасырылмас,
Қылған қанша артықша ой.

Дінсіздер көрсе сонда жаһаннамды,
Қабірдегі ғазабын ойлар, әні.
"Қабірдегі хәліміз ойыншық қой,
Тағы келіп көрдік,- деп - бұл пәлені!

Ғазабы мұндай екен ойласақ-шы,
Қабірден қор болып бүйтіп тұрмасақ-шы!"
Тістейді: "Уа уайлап" бармақтарын:
"Жан болып біз анадан тумасақ-шы!"

Сол күнде барша хайуан болар топырақ,
Ғаділ хүкім қылған соң жаратқан Хақ.
Ғазапқа мунафиқлар шыдай алмай,
Өлім тілеп баршасы, қылар фариад.

Құдая бізді қылма мұнафиқтан,
Жараттың ба пенде ғып бізді жоқтан?!
Хабиб інің құрметі үшін ғапу айлап,
Құтқарғыл фазылың илан бізді оттан!

АЛПЫС АЛТЫНШЫ БАП

АРАҚ ІШУШІЛЕРДІҢ ҚАБІРДЕН ТҰРҒАНЫ

"Қабірден тұрар, - дейді, - арақ ішкен,
Салбырап барлық тілі жерге түскен.
Жүзі қара, көзлері шағыр болған,
Исі сасық болар өлекседен.

Шұбырып жүрер,- дейді,- сілекейі, Т
іл салақтап, көрінер, көмекейі.
Қанды ірің, азығынан сарсу ағып,
Барша жанның көрініп сөмсекені.

Өзі мас: жүре алмайды тәлтіректеп,
Аузына тілі сыймай, көзі алақтап.
Бір ішім, шөлдегенде, суға зар боп,
Қаранып сол жағына, тіл жалақтап.

Байланған бөтелке бар мойындағы,
Ұстаған рюмка бар қолындағы.
Періште бұл сипатпен айдайды екен,
Көрген жан лағынет айтар жолындағы!"

АЛПЫС ЖЕТІНШІ БАП

АРАҚ ТУРАЛЫ ОПАЙ ҰҒЛЫ ҚАҒИБАДАН РАУАЯТ

Опай ибн Қағиба қылды рауаят:

- Әрқашан болған шақта сол қиямет.

Арақ ішкен қабірден тұрар! - дейді,

- Бөтелкесін мойнында қылып фариад.

Өзі мас, қолында бар домбырасы,
Аузынан келіп тұрар арақ иісі.
Қышқырып періштелер анда қылар:
"Араққор болған пәлен-пәлен баласы!"

Иісі болады екен боқтан сасық,
Жеркенер бұ кісіден барша халық:
"Құдая, бұл малғұннан жырақ қыл!" - деп,
Ғарасат аһылы зарланар Хаққа налып.

Құдайым Забаниға әмір қылар:
"Апар да бүл мастарды тозаққа сал!!
Жүз мың жыл жатып зарланады:

- Шөлдедім, су бергіл, - деп, - құрыды хал!

Жатады жаһаннамда қатты сусап,
Келмейді мың жылғаша еш бір жауап.
Су тілеп және тағы терлейді екен,
Сасық тер денесінен кетер парлап.

Тер шығып, жаман болар иістері,
Ренжіп қасындағы көршілері:
"Құдая, бүл малғұнды жырақ қыл!" - деп,
Сыйынып бір Аллаға (зар етеді).

Аяқтары кісенді, қолда - шынжыр,
Өлдім-талдым дегенде бір су берер.
Ол суды ауызға алып ұрттағанда,
Ұстаған ол, ішсе ауыз, қарны жидір.

- Жегіл, - деп, - береді екен зақұм заһар,

Жесе, түседі астынан сол ұлтабар.
Аузынан да әртүрлі жалын шығып,
Зардабынан бастағы миы қайнар.
Мұнан соң және салған бір табытқа,

һәм түскендей болады тар лақатқа.
Ішінде сол табыттың ғазап қылған
Құдайым, әне, салып әр тарлыққа!
Тағы да шығарады сол табыттан,

Дин алға хабалға құлатар терең зындан.
Ірің, сарсу жиылған бір шұқыр дүр,
"Ішінде толық, - дейді, - жылан, шаян".
Жабылып жылан, шаян, әне, талар,

Заһарына шыдай алмай нада қылар.
Ішінде ол зынданның мың жыл қалған,
Дамыл, тыныштық көрмейді зәре қадар.
Періште алып келер шишаларды,

Жаһаннамнан толтырылған оның бәрі.

- Шөлдегенің мынадан іш! - деп айтар,

- Ішпейміз! - деп баршасы қылар зарды.

Бастарында оттан тәж, қолда - жүзік,
Білегіне салғаны - от білезік.
Мойнында оттан болған алқасы бар,
Періштелер тұрады ғазап қылып.

Мың жылдан соң алады сол зынданнан:

- Дәйілге кіргізгіл! - деп, қылар пәрмен.

Мың есе баршасынан ғазабы артық,
Дөйінде бір шұңқыр дүр, түбі терең.
Мұнан соң періштелер дәйілге атар,
Ішінде ғазап көріп мың жыл жатар.

Ғазабы күннен күнге таусылмайды,
Шерменде боп бейшараның басы қатар.
Дәйілде бір күн жатып қылған фариад:
"Уаһи Ахмет, уаһи Мұхаммед қыл, - деп,- шапағат!

Естілген Мұхаммедтің құлағына:

- Тамұқта бұл қалайша қалған үмбет?!

Пайғамбар бір Аллаға қылған дұға:

- Естідім бұ тамұқта жалғыз нада.

"Мухаммед, шапағат қыл!" - деп зарланады,
Қою күнәһи себепті қалған пенде?!
Сол уақыт бір Алладан келген хабар:

- Ол пәндә тәубе қылмай ішкен хамар.

Сол жатып жаһаннамда қалған! - дейді,

- Ғазапқа шыдай алмай бек зарланар!

- Ол болса егер менің үмбетімнен,

Несіп ет оған тағы шапағатпенен!
Жалғыз оның қалуы лайық емес,
Үміткер о да пендең рақметіңнен.
Тілегін Алла тағала қылған қабыл:

- Тамұқтан үмбетіңді ал, шығарғыл!

Шығарар барлық ғасы үмбетлерін,
Иман аһилісін қалдырмай, бәрін де алар!
Алып кеп кіргізеді жаннатына,
Жаралған Пайғамбардың құрметіне.

Тамұқта мәңгі бақи ешкім қалмас,
Күнәкар Мұхаммедтің үмбетінде.
Қазақтың және тағы сөзінде бар:
"Жалғыз қайғы - тамұқта біреу қалар".

Арақ ішкен кісіні айтса керек,
Тамұқта көп жыл қалар ол би хабар.
Мұны білсең, хамардан жүргіл жырақ,
Кітапта бар күнәның анасы - арақ.

"Барлық күнә осыдан туар ! - дейді,-
Ғазабы баршасынан ұлығырақ!"
Айтқан және бізге пайғамбарым:
"Ауырса арақ ішкен, сұрама халін!

Тәубе қылмай дүниеден өтер болса,
Қылма, - деген тағы да намаздарын!"
Арақ ішпек ұлы күнәһи тағы да,
Жырақ бол, күнәһиден мүмин пендесі

Бола ма мұнан үлкен саған қасірет,
Пайғамбар: "Барма, - десе, - намазына!"
Кітапта айтты бізге хазірет Ғұсман:
"Арақ ішкен тәңірге болар дұшпан!"

Күнәсымен парапар болар, - дейді, -
"Екеу, - деп,- бір Аллаға серік қосқан".
Кімде-кім бұл арақты білсе халал,
Ол шексіз діннен қайтып кәпір болар!

"Төрт кітапта баршасы мағлұм,- дейді,-
Алғаяз биләһи, иа, зұл жалал!"

АЛПЫС СЕГІЗІНШІ БАП

Бір кісі біреуге айтты:

- Ай, нағашым,

Әкеңнің інісі едім, танимысың?!
Менің әкем: "Келсін!" - деп, шақырады,
Әкем айтар: "Нағашының бабасы едім".
Шешемнің сіз екенсіз кенже інісі,

Сенің әкең менімен туысқан-ды.
Мәнісін сұрайын деп, келіп едім,
Сіз қалайша әкемнің немересі?!
Тауып бер жұмбағымды, ойламай көп,

Кітапта жазылған сөз болмайды өтірік.
Бір қатын бір баланы сүйер екен:
"Баламның баласы — байымның інісі", - деп.
Нағашы сонда тұрып берді жауап:

- Наданлар шеше алмайтын - біз бір жұмбақ.

Мен енді уақағамды ұқтырайын,
Сөзіме құлақ сал да, тұршы тыңдап.
Шешемнің өлген [еді] бастапқы ері,
Ерінен бой жеткен қыз қалды тірі.

Сол қызды бір Құданың жазуымен
Алыпты қатыны өлген шалдың бірі.
Ол шалдан бір бала бар және ер жеткен,
Шешемнің ол балаға көңілі кеткен.

Қызын шалға берді, балаға өзі тиді,
Сұрасаң, мен нағашың — сонан біткен.
Ол қызды шал алған соң, тудың қыздан,
Басында ол қыз туған анамыздан.

Апамнан туған маған жиен болдың,
Енді қайда кетесіз ұяңыздан?!
Үшбу сөз жұмбақ екен құласа да.
Шешуін өлең қылдым, ұнаса ма?

Ерігіп қырда барып жатып-жатып,
Жұмбақ жазды дейсіз ғой келе сала.

АЛПЫС ТОҒЫЗЫНШЫ БАП

Саған тауып берейін бір ермекті:
"Бір қатын ертіп келді он еркекті".
Бір қатын жүргендігін ерсі көріп,
Қатыннан сөз сұрайды жөн білмек-ті:

- Байғұс-ау, еріп жүрген бұларың кім?

Жүргенің жат ерлермен болмай ма мін?!
Жігітке жауабында қатын айтты:

- Жайым сұрап, сөксеңші мені де сен!

Бұлардың мен айтайын мән-жайын,
Төртеуі інім болғанда, бірі - байым.
Бесеуі сатып алған құлдарым дүр,
Бәріміз - бір туысқан, бір ағайын.

Бұл сөзді жігіт естіп қалды қайран:

- Он бірің бір атадан тудың қайдан?

Сұрамақ сүннеті ерүр пайғамбарым,
Жайынды айтып, ұқтыршы, ай, Күләндам?!

ЖЕТПІСІНШІ БАП

Жігітке қатын сөйлер, жауап қатып:

- Бір күнді алты ұғлымен алдым сатып.

Біреуін жақсы көрген азат қылып,
Шариғат хүкімімен тидім барып.
Ол күңді әкем алды неке қылып,
Алған соң торт ұл тапты тәңірім иіп.

Төртеуі енді маған іні емес пе?
Басында ұрыстың ғой, маған тиіп!
Солардың төртеуі - інім, бесеуі - құл,
Шешесін әкем алғасын болмай ма ұл?!

Бәріміз бір кісіге бала болдық,
Ұрыссаң да мен бірігіп жүргенім - сол!

ТҮСІНІКТЕР

Сүлеймен мен Ібіліс. Бұл өлеңнің әулеттік мұрағатта Мәшһүр Жүсіптің ортаншы ұлы Мұхаммедәмен (1888-1921) мен кіші ұлы Мұхаммедфазыл (1890-1969) және кезіңде ақынның ат айдаушысы болған Иманғали Маненов (1903-1993) көшірмелері сақталған. Сонымен мен бірге Қазақстан республикасы ҰҒА Орталық ғылыми кітапханасы қолжазба қорындағы Мәшһүр-Жүсіп жазбалары топтастырылған 11 /1 папкада белгісіз бір қолтаңбамен қағазға түскен үшінші бір нұсқа (380 (230) – 384 (236) бет аралығы) бар. Назар аударарлық жайт 1171 папканың көп беттері тап осы қолтаңбамен жазылған. Бұл жазбаны Мәшһүр-Жүсіптің үлкен ұлы Мұхаммедшарафи (1886-1936) жазбасы деп есептеуге де негіз бар. Себебі Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының бастапқы 4 томын белгілі жазушы Дихан Әбілевтің 1931 жылдың аяғында Мұхаммедшарафиден алғаны белгілі (қараңыз: Әбілен Д. Мәшһүр-Жүсіп // Жұлдыз,12, 1992,116-126 б.). Сонымен бірге осы әзірленіп отырған кітаптың жауапты редакторы Қуандық Мәшһүр Жүсіпке (Мәшһүр-Жүсіптің кіші ұлы Мұхаммедфазылдың үлкені - 1941 ж. туған. Е.Ж.) Мұхаммедшарафидің үлкен ұлы Төлеубайдың (1917 1997) көзі тірісінде ауызша айтқан әңгімесінде Мұхаммедшарафидін 1934-1935 жылдардың бірінде алдымен Семейге жетіп, одан поезбен Алматыға барып, өзіне хабарласқан арнайы адамдарға Мәшһүр-Жүсіпті тағы біраз шығармаларын (ішінде ақынның өзі "Мес" деп атаған қол жазба кітабы енген болар деп санаймыз) тапсырып қайтқаны туралы дерек бар. Осының бәрін жинақтасақ, Мәшһүр-Жүсіп шығармасын топтап тапсырушы Шарафи болса, сол коп беттерді басқа емес, сол кісі өзі көшірді деуге де болатын тәрізді. Әйтсе де қазір әулеттік мұрағаттағы бір жарты беттік қолжазба аяғында: "Бұл - Шарафи қол жазбасы - растаушы - мен —Төлеубай. 21 қараша 1993 жыл",- деген дерек барын, Төлеубайдың оз әкесінің қолтаңбасын айыруына шек келтіруге болмайтынын есепке алсақ, 1171 папкадағы біз соз етіп отырған нұсқа мен Төлеубай Шарафиұлы анықтама берген жазба асарым да онша ұқсастық таба алмадық. Міне, осы жайттарды ескере отырып, біз әзірше оны: "1171 папка материалы"- деп атай тұруды жон көрдік, Осы орайда әулеттік мұрағаттағы көшірменің бірін Мұхаммедәмендікі деп алу себебімізге келсек, оның бір-біріне жалғасып аса бір қолмен жазылған топтама ішіндегі "Ібіліс лағын шайтан хикаясы" туындысын көшіргені белгілі. Мәшһүр-Жүсіп жиені Жолмұрат Жүсіпұлы (1894-1977) ол көшірменің кімдікі екенін былай растап жазып қалдырған: "Марқұм Мұхаммедәменнің 1910 жылдардағы оз қолымен жазған нұсқасынан көшірілді... Жолмұрат Жүсіпұлы. Фазаңа (Мәшһүр-Жүсіпұлы Мұхаммедфазылды айтып отыр - Е.Ж.) арнап жазылды. 25 февраль 1957 жыл". Екі нұсқаны: "Мұхаммедәмен мен 1171 папкадағыны салыстыра қарастырсақ, 1171-де жоқ 9 тармақ Мұхаммедәменде қоныс тепкен де, Әменде қалың қойған 4 тармақ 1171-де қамтылған болып шықты. Мұхаммедәменде ғана бар алғашқы төрт жолы "Жылаулы бір Құдайға жанның бәрі"- жолымен басталған шумақтың: "Ешкімнің еш нәрсемен жұмысы жоқ" — деген үшінші тармағымен басталады. Оған ілесе"Алушы зәнбілімді болмады жан", - жолын маңдайша еткен шумақтың бірінші, екінші тармағы енбеген, - сонда айналасы: бір шумақтың соңғы екі жолы мен келер шумақтың бастапқы екеуін біріктіре есептегендегі 4 тармақ 1171-де кездеспейді. Осы орайда 1171-ге кірмеген бүл 4 жолдың Мұхаммедфазыл мен Иманғалиде да орын алғанына назар аудартқымыз келеді. Сондай-ақ: "Түспесін алдауыңа пенде не ғып?"-тармағын маңдайша еткен шумақ та Мұхаммедәменде , Мұхаммедфазылда және Иманғалида бар да, 1171- де жоқ. Басқаларда тегіс тұрақ тапқан, тек 1171-де түсіп қалған жеке тармақта ұшырасады: "Таң қалып тақ Сүлеймен күлді дейді". Мұхаммедәменде, Мұхаммедфазылда, Иманғалида сырт қалған, тек 1171-де шаңырақ көтерген бір шумақ мына тармақпен басталады: "Осылай болып біздің заманымыз". Екі нұсқада түрліше жазылған тармақтар да бар. Мұхаммедәмен де: "Қызығар бір пенде жоқ мал мен баққа",- делінсе, 1171-де оның орнына: "Қылып түр тәңірім оны сынамаққа" -деп берілген. Шығарма мазмұнына, идеясына, ойдың айтылу ретіне және Мұхаммедфазыл, Иманғалида солай өрілгеніне қарап, біз ең дұрысы Мұхаммедәмендікі болар деп дәйектедік те, 1171-дегіні соған ілестіре жақша ішінде келтірдік. Шығарманың соңғы екі тармағы екі нұсқада әртүрлі. Мұхаммедәменде біз енгізген қалыпта болса, 1171-де : "Дегенге: "Ер жете ме, мал жеткізбей, // Барады іште кетіп әрбір арман!" - деп нақышталған. Біз шумақтың ішкі бірлігіне, алғашқы екі тармақ пен соңғылардың арасындағы үйлесімділік шартына және Мұхаммедфазыл, Иманғали көшірмелерінде тап осындай екеніне қарап, Мұхаммедәмен нұсқасын таңдадық. Екі нұсқада жеке сөз өзгерістері де баршылық. Мұхаммедәменде және Мұхаммедфазыл мен Иманғалида да: "Билеттің бір жүзікте қылып кілтін"- делінсе, 1171-де "билеттің" орнына "жараттың" алынған. "Билеттің" сөзі тап сол төртінші тармақтың алдындағы екінші жол басында да орын алғанын ескеріп, қайталаудан гөрі тың сөз қолдану Мәшһүр-Жүсіп стиліне неғұрлым жақын болар деп пайымдадық, Сондай-ақ :"Жақсылық қылған емес әрбір құлға" - деп, Мұхаммедәменде және басқаларда өрнектелсе, 1171-де "әрбір" орнына "ешбір" кірістірілген. Біз шығарма мазмұнына, шайтан қылыға қарап, "өрбір" сөзінен гөрі "ешбір" сөзі түп нұсқаға жақынырақ болар деп есептедік Ал, "Жұмыстан қалды бүгін соның бәрі" - деген Мұхаммедәмен нұсқа сындағы "соның" орнына 1171-дегі "жұрттың" сөзі қолданылу лайықсыз деп санадық. Себебі бүл үшінші тармақ екенін, алдыңғы екінші тармақтың: "Сен жұртты көрме бірдей өзің менен", - деп келетініне ескерсек, "жұрт" сөзін екі рет қайталаудан гөрі, екіншіде оны "соның" сөзімен ауыстыруы ақынның сөз саптау үрдісіне неғұрлым жуық келеді және осы қолданыстың Мұхаммедфазыл мен Иманғалида да қоныс тебуі тегін болмас деп шештік. Шығарманың 1914 жылы жазылғаны 1171-де ескертілген. Жол мұрат Жүсіпұлының Мұхаммедәмен көшірген уақытты "1910 жылдар дағы" деп жазғанын есепке алсақ, Мұхаммедәмен көшірген кез 191-1 пен 1915-тің бірі болар деп шамалаймыз.

Осы өлеңде келтірілген жеке сөздерге түсініктер: 1. Муафиқ - араб сөзі: "келісімді, қолайлы" мағынасында жұмсалып тұр. 2. Тақдыр - араб сөзі: "құрмет" мағынасында қолданылып тұр ма деп ойлаймыз. Сонда "муафиқ","такдыр" сөздерін қоса алғанда, "Қолайлы құрметіме" деп оқыған жөн. 3. Зәнбіл - араб сөзі: "корзина, себет" мағынасын береді. 4. Хықмет - араб сөзі: "ауыздық" мағынасын береді. "Бей хықмет" —ауыздықсыз деген сөз. Ықылас сүресі. "Ықылас сүресінің қасиеті туралы",- деген аталыммен "Ислам және өркениет" газетінің 2002 жылдың тамыз айын дағы сегізінші санында (8-6.) жарияланған Мәшһүр-Жүсіп өлеңі бойынша берілді. Материалды әзірлеп, жариялаған Каукен Исабайұлы. Соқыр, саңырау және жалаңаш. Бүл өлең Мәшһүр-Жүсіптің 1907 жылы Қазан қаласында басылған "Тірлікте көп жасағандықтан, көрген бір тамашамыз" кітабының соңғы жағында орын алған. Бұдан кейіп осы шығарма "Соқыр, саңырау, жалаңаш хикаясы",- деген атпен "Қазақ әдебиеті" газетінің 1985 жылғы 7 июньдегі санында жарияланды. Газетке ұсынған -осы кітаптың жауапты редакторы Қуандық Мәшһүр-Жүсіп. Осы орайда Мәшһүр-Жүсіп кітабын шығаруға ашықта жасырын түрлі қыспақтар кесе-көлденең тұрғанда, тосқауыл мұзын жібітуге осы туындының жариялануы да сеп болды десек, қол ұшын беруші газет редакторы Шерхан Мұртаза еңбегін алдымен атап өткен жон. 1990 жылы шыққан ақын тандамалысының бірінші томында [Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. Таңдамалы 1 том // Алматы, Ғылым, 1990] бүл шығарма 1907 жылғы кітап материалы ретінде еш айдар, тақырыпсыз берілгенін, әзірленіп отырған осы томға идея жағынан да, жанрлық, тұрғыдан да бүл өлеңнің жақын екенін ескеріп, және осы туындының 1985 жылғы жеке нұсқа қалпын сақтап, бұл кітапқа енгізуді жөн көрдік. Нәпсі аждаһа. Әулеттік мұрағаттағы Мұхаммедфазыл көшірмесі (Фазыл, 4 папка, 66-бет) бойынша ұсынылып отыр. Толқын. Бүл туынды да әулеттік мұрағаттағы Мұхаммедфазыл жазбасы (Фазыл, 1 папка, 2-3 беттер) бойынша берілді. Күндіз бен түннің айырмасы. Жоғарыда аталған Орталық ғылыми кітапханадағы Мәшһүр-Жүсіптің оз жазбасы: 1170 "б" папкасы, 938-946 беттер бойынша әзірленді. Бүл шығарманың 1940 жылы мектепке арналған 9 класс оқулық - хрестоматиясына енгені белгілі. 1170 "б" папкадағы шығарманың жалпы көлемі 62 шумақ, яғни 248 жол болса, мектеп хрестоматиясындағы латын әрпімен басылған нұсқа көлемі - 220 тармақ, яғни 28 жолы қысқарған. Одан әрі елуінші жылдар басында Кенесары Қасымовты, Мәшһүр-Жүсіпті т.б. қаралау науқаны басталғаны, соның нәтижесінде Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының мектеп оқулығынан шығып қалғаны, кейін заман түзелсе де, ақын туындыларын мектеп оқулығына қайта енгізу ісінің құнтталмай келе жатқаны мәлім. Бұдан соң "Жұлдыз" журналының 1984 жылғы үшінші санында 40 жол көлеміндегі қысқарған нұсқа (баспаға әзірлеген: Қ. Мұхамедханов, Қ. Мәшһүр-Жүсіпов) жарық көрсе, 1990 жылы шыққан ақын таңдамалысының бірінші томына да шығарманың тек 44 тармағы, яғни бестің біріне жетпейтін шағын үзігі ғана кірді. Демек шығарманың толық нұсқасы түңғыш ұсынылып отыр. 1170"б"папкасындағы шығарма маңдайшасында Мәшһүр-Жүсіптің өз қолымен жазған мына ескертпесі орын алған: "Күндіз тозақтан алынған, түн бейіштен алынған. Күндіз - байға артықшылық, кедейге кемдік. Түн - бай, кедейге бірдей тендік. Күндіз өз басың сауда, сатуда жүреді. Түнде өзіңе-өзің тегін олжадай болып қаласың". Ташкент сапары. Әулеттік мұрағаттағы Мұхаммедфазыл (Фазыл, 1 папка, 39-40 б.) көшірмесі бойынша дайындалды. Шығарма маңдайшасында Мұхаммедфазыл ескертпесі бар: "Мәшһүрдің Ташкентке бара жатып, Ерейменді өлең қылғаны". Одан өрі Фазыл көшірген уақыт 1937 жыл екені көрсетілген. Той деген соң... Мәшһүр-Жүсіппен кезінде жақсы араласып, іргелес отырып, сыйласқан Иманмәдінің ұлы Сұлтанмахмұттың (Шолтымның) (1897-1983) сақтауымен бізге жетіп, қазір әулеттік мұрағатта орын алған Мәшһүр-Жүсіптің өз жазбасы (Мәшһүр-Жүсіп, 7 папка, 16 жіктелім, 1-3 беттер) бойынша берілді. Миркамалалдин ишанға. Жоғарыда аталған Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорындағы 1170 "б" папканың 1038-1039 беттері бойынша енгізілді. Шығарма қауырсын қаламмен жазылғандықтан да, сәл өзгешелеу көрінген Мәшһүр-Жүсіптің өз қолымен қағазға түскен. Туынды соңында автор ескертпесі бар: "Миркамалал дин ишанға жазған хатының соңғы жағы. Ол кісі Бұхарлық - Жойбарлық қожадан еді". Мәшһүр-Жүсіптің Мұса Шормановты оның келіні атынан жоқ. тауы. Бүл да алдында аталған Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорындағы Мәшһүр-Жүсіптің 1171 папкасының 357(308)-389(32.S) беттері бойынша ұсынылып отыр. Мұқыш Жұпарұлына. Бүл шығарманың 4 көшірме нұсқасы сақталған. Жоғарыда аталған Орталық ғылыми кітапхана қолжазба қорындағы Мәшһүр-Жүсіп шығармалары жинақталған 1176 папканың 179(186)-186(193) беттерінде Жолмұрат көшірмесі, яғни бұл туындының 113 шумақ, немесе 452 тармақтан тұратын неғұрлым толық нұсқасы орын алған. Әулеттік мұрағаттағы қалған үш нұсқаның біреуі - тағы да Жолмұрат көшірмесі: тек бұл тым қысқа, демек толықтың төрттен бірін дейін ғана құрарлық 28 шумақ, яғни 112 жол ғана. Үш нұсқаны қалған екеуіне: Мұхаммедфазыл және Иманғали Маненов көшірмелеріне - келсек, оның бәрі Жолмұрат жазбасының қысқарған қалпынан алынған болар деп есептеп отырмыз. Себебі үш нұсқа да бір - ақтармақпен, яғни "Бұл Мұқыш -Хұсайынның немересі" - жолымен аяқталады. Осы орайда толық пен қысқа нұсқаны өзара салыстырсақ, тек көлем емес, шумақтардың аздаған орын ауысуы да бар. Мәселен, "Алдына нашар жылап барушы еді" - тармағымен басталатын шумақ қысқада он алтыншы шумақ ретінде берілсе, толықта мүлде басқа орында алпыс сегізінші ретінде келеді. Сонымен бірге: "Алай-түлей залымды үйттің-бүйттің" тармағын маңдайша қылған шумақ, қысқада жиырма бірінші де, толықта жетпіс бірінші болып орын өзгерткен. Мұндай ауытқу: "Бұрылмай Еламанның шатасына" - деп басталатын шумақтың жиырма екіден алпыс тоғызға ауысуы тұсында да байқалады. Сондай-ақ толық нұсқада жоқ, тек қысқа да бар бір шумақты, яғни: "Түйе боздап келеді ботасына" - деп басталатын шумақты оқиға өрбуіне , сөз ретіне, қисыныма қарап, алпыс тоғыздан кейін жетпісінші шумақ ретінде орналастыр дық. Себебі толықпағы алпыс тоғызыншыда: "Ботасын қасқыр жеген қатындікі" - деген жол орын алса, біз алған жетпісінші шумақ сол қасқыр жеуіне байланысты ойды өрбітуге арналған. Осы орайда толықтың алпыс тоғызындағы: "Ботасын" сөзін қысқадағы - "бұқасын" сөзімен алмастыру дұрыс деп таптық. Бүл арада қысқа нұсқа соңында берілген: "Бұрынғы уақытта бір бұқасы, түйесі бар қатынның үйіне бір қонақ қонса, бұқасын қасқыр жеп қойыпты. Сонда бұқасын жоқтап: "Қонақтың батасы түк пайдасы тимеді!" — деп айтқанындай болды", - деген ескертуде желінген бота емес, бұқа екендігі қайталанып ескертілгенін басшылыққа алдық. Ғашық жігіт сөзі. Жоғарыда аталған Орталық ғылыми кітапхана қолжазба қорындағы Мәшһүр-Жүсіптің өз жазбасы: 1171 папка, 188 (221)- 196(225) беттері бойынша енгізілді. Басқа да біраз туындылары тәрізді бүл шығармасына да ақын атамыз ат қоймаған екен, өлеңнің идеялық-тақырыптық негізіне қарап, "Ғашық жігіт сөзі" —деп атауды жөн көрдік. Шығарма соңында автордың мынадай ескертуі орын алған: "1874жылындажазылған өлең. Тағы бір жерде ж...м бар. Мәшһүр Иосифтің балалық, жастық, бойында мастық бар күнінде сөйлеген сөздері екен. Әлімбайдың Қожахметінде жұлдыз қақ санама там-тұм қалған екен. Сонан жазып алғаны. Өз көңіліне: "Он екіден бір[і] жоқ",- дегендей көрінеді". Мәшһүр-Жүсіптің өлер шағындағы сөзі. Бүл туындының жалпы көлемі 37 шумақ, яғни 148 тармақ болса, жоғарыда аталған ақын таңдамалысының бірінші томында шығарма "Мәшһүр-Жүсіптің жетпіс үш жасында сөйлеген сөзі" —деген аталыммен үш еседен аса қысқарып, оның 12 шумақ, яғни 48 жолы ғана кіргізілген. Өлеңнің 1985-1988 жылдары Коммунистік партия үстемдігі кезінде баспаға әзірленгенін ескерсек, кеңес билігінің сойқанды жақтарын біресе тура, біресе астарлап жеткізген ақын ойларының сүзгіге түсіп, қысқарту құрбаны болғаны анық. Сонымен бірге шығарманың үштен бірінен сәл асатын бөлегі: 14 шумақ, яғни 56 жолы жоғарыда аталған Орталық ғылыми кітапхана қолжазба қорына 1962-1963 жылдары өткізілсе де, отаршыл билеушілер қаһарын ескеріп, оның басым бөлігінің : 23 шумақ, яғни 92 тармақтың өткізілмей, әулеттік мұрағатқа жасырылуы да туындыны толық жариялау ісін қиындатқаны белгілі. Біз бүл жолы Мәшһүр-Жүсіптің өз қолымен жазылған бүтін шығарманы біріктіріп, түңғыш рет толық қалпында баспаға ұсынып отырмыз. Атап айтқанда, Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорындағы 1645 папкадағы ақын жазбасының 209-212 беттері мен әулеттік мұрағаттағы: Мәшһүр, 3-папка, 27 бөлім, 3-4 беттер және 7-12 беттері біріктірілді. 1645-те өлеңнің басы бар да, онда жоқ "Құдайым бұла өсірді өзі бастап",- тармағын маңдайша еткен сегізінші және тоғыз, оныншы шумақтар әулеттіктен алып толықтырылды. Одан әрі: "Кеме қайда, жұрт мінді салын байлап" —тармағымен басталған он бірінші мен он жетінші шумақ аралығы 1645 бойынша келтірілсе, 1645-те жоқ: "Шұқанақта су қалды бөлек-бөлек" — тармағымен басталған он сегізінші шумақ пен отыз жетінші шумақ аралығы, яғни шығарманың соңғы бөлімі, айналасы 20 шумақ әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр жазбасы (Мәшһүр, 3 папка, 27 бөлім, 7-12 беттер) бойынша енгізілді. Шығарма атының сәл өзгеруіне келсек, 1645 папкадағы өлең маңдайшасында шығарманы қолжазба қорына өткізуші Қуандық Мәшһүр-Жүсіптің қолымен "Мәшһүрдің өлер шағындағы сөзі",- деп, кезінде 1962-1963 жылдары Мұхаммедфазыл айтуы бойынша жазғанын басшылыққа алдық. Бес қымбат. Жоғарыда аталған қолжазба қорындағы Мәшһур Жүсіп жазбалары жинақталған 1171 папканың 10(19) бетінен алынды. Қиянат. Бұл өлеңде сол қолжазба қорындағы 1171 папканың 9(16-17) беті бойынша әзірленді. Дауасыз дерт. Бұ да сол 1171 папканың 64(127)- 66(131) беттері бойынша дайындалды. Бұлақ көзі. Бұ да сол 1171 папканың 66(131)- 67(133) беттері бойынша ұсынылды. Өнерпаз. Бұ да сол 1171 папканың 68(134)- 69(136) беттері бойынша беріліп отыр. Мешіт зары. Өлең әулеттік мұрағаттағы Жолмұрат Жүсіпұлы көшірмесі: Жолмұрат, 1-папка, 18-жіктелім, 1-2 беттер бойынша әзірленді. Туынды маңдайшасында Жолмұрат ескертуі жазылған "Мәшһүр-Жүсіптің өз қолжазбасынан алынды. Құдай рахмат қылсын Мәшһүр-Жүсіп Көпеев Баян ауладағы мешіт, медресенің қорлықта қалғанын көріп, долданып жазған сөзі". Шығарма мәтіні соңында қосымша түсініктеме бар: "Мұны айтқан Баянаула мешіті[нің] имам молдасы - Күйеу молда, азаншысы Мысық байдың Қайыбы. Баянаула болысы — сол күнде Бекжанның Рахметолласы. Баянаулада тұрған ноғай Ғырбан Томашев. Дәл сол күнде осы өлеңді оқып, естіген - Қыдырбайдың Әбділдасы. Мешітке ескі — [қ]ұсқы, жұрттан жинаған ет, құрт, нанын қоятын бір соқыр шал мен Баян - бір тәштек диуана. Медреседе тұрағын қасапшы - Майлы тон: Оразкүл - жалаңдаған екі қатыны бар - Оразкүлдың өзінен өткен. Мал тапқыш саудагерлер мешітті сасытқан. Соқыр шал мен диуаналардың ескі-[қ]ұсқы киімі мен көгерім кеткен наны мен мешіт-медресені сасытқан. Оразқұлдың сасыған тері-терсегі мен қатындарының [...] Нөгербектің Әміресін шақыртып алып бәрін айтып, көрсеттім. Мәшһүрді біреу: "Жынды", біреу: "Диуана аузына не келсе, соны айтады!"- деген шығар!" Көрінбес. Әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр-Жүсіптің оз жазбай ы Мәшһүр, 7 папка, 9 жіктелім, 2-3 беттер бойынша енгізілді. ӨЛСЦІІІІІ "Кәміл адам салмақты болар жердей" —деп басталатын жетінші шумағының бастапқы жолы біз сүйенген үшінші бет аяғында бар ы келесі беттердің жоқ екенін, демек шығарманың толық емес екендігін ескертеміз. Төрттағандар. Жоғарыда аталған Орталық ғылыми кітапхана қолжазба қорындағы Мәшһүр-Жүсіп шығармасы жинақталған 1171 папкадағы белгісіз біреу қолжазбасы (жоғарыда ескерткеніміздей жиі кездесетін қолтаңба болғандықтан да Мұхаммедшарафи қолтаңбасы болуы мүмкін) 384-бет бойынша дайындалды. "Мәшһүрдің өлер шағындағы сөзі",- деп, кезінде 1962-1963 жылдары Мұхаммедфазыл айтуы бойынша жазғанын басшылыққа алдық. Бес қымбат. Жоғарыда аталған қолжазба қорындағы Мәшһүр Жүсіп жазбалары жинақталған 1171 папканың 10(19) бетінен алынды Қиянат. Бүл өлеңде сол қолжазба қорындағы 1171 папканың 9(16-17) беті бойынша әзірленді. Дауасыз дерт. Бұ да сол 1171 папканың 64(127)- 66(131) беттері бойынша дайындалды. Бұлақ көзі. Бұ да сол 1171 папканың 66(131)- 67(133) беттері бойынша ұсынылды. Өнерпаз. Бұ да сол 1171 папканың 68(134)- 69(136) беттері бойынша беріліп отыр. Мешіт зары. Өлең әулеттік мұрағаттағы Жолмұрат Жүсіпұлы көшірмесі: Жолмұрат, 1-папка, 18-жіктелім, 1-2 беттер бойынша әзірленді. Туынды маңдайшасында Жолмұрат ескертуі жазылған "Мәшһүр-Жүсіптің өз қолжазбасынан алынды. Құдай рахмат қылсын Мәшһүр-Жүсіп Көпеев Баян ауладағы мешіт, медресенің қорлықта қалғанын көріп, долданып жазған сөзі". Шығарма мәтіні соңында қосымша түсініктеме бар: "Мұны айтқан Баянаула мешіті[нің] имам молдасы - Күйеу молда, азаншысы - Мысық байдың Қайыбы. Баянаула болысы — сол күнде Бекжанның Рахметолласы. Баянаулада тұрған ноғай Ғырбан Томашев. Дәл сол күнде осы өлеңді оқып, естіген - Қыдырбайдың Әбділдасы. Мешітке ескі —[қ]ұсқы, жұрттан жинаған ет, күрт, нанын қоятын бір соқыр шал мен Баян - бір тәштек диуана. Медреседе тұратын қасапшы - Майлытон: Оразкүл - жаланбаған екі қатыны бар - Оразқұлдың өзінен өткен. Мал тапқыш саудагерлер мешітті сасытқан. Соқыр шал мен диуаналардың ескі [қ]ұсқы киімімен көгеріп кеткен наны мен мешіт-медресені сасытқан. Оразқұлдың сасыған тері-терсегі мен қатындарының [...] Нөгербектің Әміресін шақыртып алып, бәрін айтып, көрсеттім. Мәшһүрді біреу: "Жынды", біреу: "Диуана: аузына не келсе, соны айтады!"- деген шығар!" Көрінбес. Әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр-Жүсіптің оз жазбасы: Мәшһүр, 7 папка, 9 жіктелім, 2-3 беттер бойынша енгізілді. Өлеңнің: "Кәміл адам салмақты болар жердей" —деп басталатын жетінші шумағының бастапқы жолы біз сүйенген үшінші бет аяғында бар да, келесі беттердің жоқ екенін, демек шығарманың толық емес екендігін ескертеміз. Төрттағандар. Жоғарыда аталған Орталық ғылыми кітапхана қолжазба қорындағы Мәшһүр-Жүсіп шығармасы жинақталған 1171 папкадағы белгісіз біреу қолжазбасы (жоғарыда ескерткеніміздей жиі кездесетін қолтаңба болғандықтан да Мұхаммедшарафи қолтаңбасы болуы мүмкін) 384-бет бойынша дайындалды. Өлең және қара сөз ғибраты. Жоғарыда ескертілген Орталық, ғылыми кітапхана қолжазба қорында сақталған Мәшһүр-Жүсіптің 1170 "а" папкасының 479-498 беттеріндегі ақынның өз жазбасы бойынша ұсынылып отыр. Осы шығарма жазылған 481- беттің сол жақ қапталында мынадай қыстырма ескерту орын алған: "Бұрынғы заманда Шоң, Шорман, онан кейін Мұса, Секербай. Олар "Ай мен Күндей, һаммаға бірдей" жақсылар еді. Бұл заманда партиямен сайланып, есектерін жарысқа қосып жүр". Шығармадағы жеке сөздерге түсініктер: 1. Мұнафиқ - араб тілінде "монтаны, екі жүзді" мағынасын береді. 2. Хүсүд - арабша: "қызғаншақ, күншіл", демек "Хүсүдлік" - күншілдік ұғымында қолданылған деп санаймыз. 3. Мәймун - арабша: "маймыл" мағынасын береді. 4. Мәһір - арабша: "шебер, маман, әмбебап" ұғымын береді. 5. һәмма-арабша: "қамқорлық" ұғымын береді. Жетпіс бап. Бүл топтамаға кіретін шығармалардың шағын бөлігі бұрын түрлі атпен жарық көрді. Әйтсе де ақын шығармаларын тақырып үндестігі жағынан бұлай топтастырып, оның бұрын беймәлім туындыларымен салыстыру Мәшһүр тануға елеулі үлес қосары анық. Топтаманың осылай жүйеленген түрін жинап жеткізген және көптеген құнды мәлімет берген адам - Баян селосының тұрғыны, еңбек ардагері Төлепберген Алдабергенов (1932 ж. туған) те, Мәшһүр-Жүсіп мұраларын асқан ұқыптылықпен жинап, автор негіздеген ретпен қағазға түсіруші, кезінде ақын атқосшысы болған, кейін Баянауыл ауданы, Сұлтанмахмұт совхозында тұрып, сонда жерленген Иманғали Маненов (1903-1993). Мәшһүр-Жүсіп негіздеген ретпен дейтініміз: шығарманы белгілі бір реттік санмен белгілеу Мұхаммедфазыл (ақынның кенже ұлы) көшірмелерінде де орын алған. Мәселен, Иманғали дағы бірінші бап тақырыбы: "Бір жастан жігіт болғанша әр түр сөзі" делінсе, Иманғали нұсқасын кәзіргі әріпке аударған , әрі онымен кезінде сырлас, пікірлес болған Төлепберген Алдабергенов оз көшірмесінің тақырыбын "Мәшһүр-Жүсіптің 21 жасында жазғаны" деп белгілеген. Сонымен бірге әулеттік мұрағатта сақталған Мұхаммедфазыл жазбасында тап осы шығарма маңдайшасында : "Бір жасы нан бастап жиырма жасына дейін өлең қылып жазғаны",- деген ескерту бар (Фазыл-1 папка-42 жіктелім-151-152 беттер). Бүл туынды Мәшһүр-Жүсіптің қарындасы Мәдинадан туған жиені Жолмұрат Жүсіпұлы көшірмелері арасында да бар (Жолмүрат-3 папка-15 жіктелім) . Айырмашылық: Иманғалиде бап реті бірінші болып алынса, Мұхаммедфазыл мен Жолмұратта сандық көрсеткіш белгіленбеген. Оның есесіне Иманғалидың 70 бабының 11 бабы Мұхаммедфазылда да сандық ретпен белгіленіп, соңғы үшеуі біріктіріліп, 9 бап ретінде берілген. Иманғалидағы 20-бап "Әртүрлі насихат сөздер" — делінсе, Фазылда да тап осы аталыммен берілген. Тек Фазылда Иманғалидан сәл өзгертіпті. "22-ші",- деп көрсетілген. Ал Иманғалидағы 40-бап "Әбуһарирадин айтылған: жанның һәм өлімінің хикаясы",- деп аталса, Фазылда соңғы сөз ғана "рауаяты" , - деп өзгертіліп, реттік сан "48-інші" делінген. Иманғалида елу бірінші бап: "Ан хазіретінің Миғражда көргені" — деп аталса, Фазылда бұл "55-інші" болып белгіленіп, тақырыбы: "Ан хазіретінің миғражы дүр",- делінген. Иманғали дағы 57-бап тақырыбына ұқсас Фазылдағы материалда да рет саны бар (65). Иманғали 58 —бап "Ғазірейіл періштенің жанын алатын баяны",- делінсе, Фазылда бұл "61-іншіретпен" өрнектеліп; "Ғазірейілінің жанын аланым баяны" ,- деп ескертілген. Иманғали да 62-бап : "Әбуһайырдан бір pay аят: Шаян Құрайыш туралы",- делінсе, Фазылда бұл "65-ші" болып (екінші рет) есептеліп, сол атау қайталанады. Иманғалида 63-бпм "Мақа тілден рауаят: он хайуан жұмаққа кіреді" - тақырыбын маңдайым етсе, Фазылда сол тақырып қайталанып, тағы да реттік санмен (бүп жолы "алпыс алтыншы") есептелген. Иманғалида 64-бап: "Ғайша анамыздың пайғамбардан сұраған сөзі", -айдарымен көрінсе, Фазылда тек тақырыптың соңғы "сөзі" дегені "сұрағы" түрінде өзгертіліп, рет саны сәл бөлектеніп, "67-інші",- деп аталған. Иманғалидағы 68-бап пен 69,70-бап Фазылда біріктіріліп алынып, тек бап реті "67-інші" болып алынған. Көріп отырғанымыздай , Иманғалида 70 бап топтастырылса, Фазылда тек соның 9-ы сақталып жеткен. Сонымен бірге Жолмұрат сақтауымен жеткен Мұхаммедсадық көшірмесінде ( бұл нұсқаның тек аяғы жоқ) үшінші баптан бастап он бірінші бапқа дейін Иманғалида қойылған реттік сандар қайталанған. Мәселен: "Үшінші. Ғаршы — күрсінің баяны"; Төртінші -"Сегіз ұжмақ, торт періште баяны", "Бесінші Жеті тозақтың баяны"; "Алтыншы - Жеті қат көктің баяны" т.е.е.. Мұның бәрі Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын сан ретімен белгілеу болғанын, тек бәрі бірдей жинақталып бітпегенін, яғни бізге жетпегенін дәлелдей алады. Осыған сүйеніп, рет санын қоюды бастаушы Иманғали, Мұхаммедсадық, Фазыл да емес, Мәшһүр-Жусіптің озі болу керек деген тоқгамға келдік. Олай дейтініміз: бастапқы бап ақын өміріне арналып, кіріспе іспетті болса, одан кейінгілерінің бәрін үндестіретін идея бірлігі бар. Ол әділдік, ақиқат іздеу жолы мен Аллаға мойын сұну, Аллаға құлшылық, етудің бір арнаға түйісіп отыратыны. Осы орайда Иманғали дағы 2-14баптараралығыяғни 70баптыц 13 бабы бұған дейін Жолмұрат Жүсіпұлы және Мұхаммед садық көшірмелері бойынша әзірленіп, "Абай" журналының 1997 жылғы 4- санында Мәшһүр-Жүсіптің "Жер мен көк" дастаны ретінде жарияланғаны (материалды әзірлеп, түсініктеме жазған Гүлназ Жүсіпова) мәлім. Дастанды жариялаған автор кейін Жолмұрат Жүсіпұлы жазбаларына сүйеніп, мынадай пікір айтады : "Онда Мәшһүр-Жүсіптің бүл қиссаны 35 жасында, яғни 1894 жылы жазғаны көрсетілген. (Қараңыз: Жүсіпова Г.Қ. Мәшһүр-Жүсіп қиссаларындағы Мұхаммед бейнесі. // Павлодар,2000,14 бет.)" Жолмұрат Жүсіпұлының осы дастанның маңдайшасы ретінде жазған мына ескертпесі көңіл бөлерлік: "Жер мен көк: сегіз ұжмақ, жеті тозақ" қиссасы "Мәшһүр-Жүсіп сөзі". Осы орайда әулеттік мұрағатта сақталған материал ішінде Жолмұратта жоқ яғни "Орнына салтанатты патша болды", - жолынан басталып, "Көкте бар жетінші қат түп ағашы",-тармағына дейінгі 14 шумақты, яғни 56 жолды Гүлназ Жүсіпованың дастанды баспаға әзірлегенде, Мұхаммед садықтан алып толықтырғанын және сол тұста біраз үзіндінің өзінде жоқ екендігін кезінде Жолмұраттың өзі де ескерткеніне көңіл бөлгіміз келеді. Ал, сол Жолмұратта жоқ 14 шумақтың Иманғалида кездесуі, Мұхаммедсадық көшірмесі бағасын арттырса, Иманғали жазбасында жоқ 67 шумақ, яғни 268 жолдың яғни: "Хадиша-бай Қабылдың жалғыз қызы",- деп, басталатын тармақ пен "Жаралған Мұхаммедтің нұрдан "жемісі", - деген жол аралығындағы көлемді үзіндінің Жолмұратта болуы Мәшһүр-Жүсіп мұрасын жан-жақты саралау үшін кезінде әр жағдайда әр қалыпта көшірілген нұсқаларды салыстыра зерттеу ғана тиімді нәтиже беретінін дәлелдесе керек. Иманғали мен Жолмұрат т.б. көшірмелеріндегі үндестік: қайталау, бірін-бірі толықтырулар мұнымен де бітпейді. Мәселен, Фазыл мен Жолмұрат көшірмелері бойынша әзірленген Мәшһүр-Жүсіптің "Миғраж" дастаны ҚР ҰҒA хабарлары, тіл-әдебиет сериясының 1994 жылғы үшінші санында басылды (қажет түсініктермен баспаға әзірлеген - Гүлназ Жүсіпова). Ол Иманғалида 15,16- баптар ретінде берілген. Жолмұрат нұсқасы бойынша әзірленіп жарияланған Мәшһүр-Жүсіптің "Пайғамбардың дүниеден өтуі туралы" дастанындағы: ("Жұлдыз" журналы, 2,1996,113-128 беттер. Түсініктеме беріп баспаға әзірлеген Гүлназ Жүсіпова) "Бүл күні патшалықта әділдік жоқ"-деп басталатын соңғы он шумақтың Иманғалида да 19-бап басында орын алуы (Иманғали-2 папка-66 б.) және одан кейінгі журналға ұсынылмаған, сол дастанның жалғасы ретінде берілген Жолмұрат көшірмесінің "Сағымнан пайда болған Шыңғыс ханды" жолымен басталып, "Қынға қас - өткір пышақ түскен жеткен",- тармағымен аяқталатын 23 шумағы, яғни 92 жолдың Иманғалида да келтіріліп, оның жалғасы ретінде берілуі тегін емес. Сондай-ақ осыдан кейін берілген Иманғалидағы 10 тармақтың Жолмұратта жоқ болып, ол келтірілсімен, Жолмұраттағы: "Тұрсынбай Айдаболдабай болыпты" - деп басталатын тармақпен "Өлуге, алмаса деп, іші қимай",- жолы аралығындағы 24 шумақтың Иманғалида болмауы - тағы да көп нұсқаларды салыстыра пайдалану керектігін айқындайды. Мәшһүр-Жүсіптің діни тақырыптағы рауаяттарындағы тарихи фактілер мен аңыздар арасалмағын, қазақ халқы дүниетанымын, өмір сүру жағдайын ескеріп, автор қосқандарын межелеуде алдағы үлкен, жауапты міндеттің бірі. Жоғары айтып өткеніміздей, бүл шығармалардың бәрін біріктіретін ортақ идея бар. Ол аз күндік пайдаға т.б, малданбауды, әділдік, адалдық көзін іздеуді, ақиқатқа, Аллаға, имандылыққа барар жолға түсуді, ізгілік, қайырымдылықты насихаттау т.б. Енді "Жетпіс бап" айдарымен топтастырылған әр бап, ор рауаяттың, жеке жағдайда әр шумақтың осы кітапқа енгізілгенде, қайдан, кімнен алынғанын, мәтін нұсқаларын салыстыру, сұрыптау ісі қалай жүргенін ежіктеп келтіреміз.

Бірінші бап: Мәшһүр-Жүсіптің 21 жасында жазғаны.

Бүгінге дейін бізде жинақталған мәліметтерге сүйенсек, бүл шығарманың 7 көшірме нұсқасы бар. Оның біріншісі - жоғарыда аталған Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорындағы Мәшһүр Жүсіп туындылары жинақталған 1171 папканың 82-84 беттеріңде орын алған белгісіз біреу көшірмесі болса, екіншісі - сол папканың 326-327 беттеріндегі Мұхаммедәмен қолымен жазылған, тек толық сақталмаған нұсқа. Бүл жеті нұсқаның бесеуі әулеттік мұрағатта сақтаулы. Олар: Жолмұрат Жүсіпұлы, Мұхаммедфазыл, Иманғали Маненов, Төлепберген Алдабергенов (Иманғалидан көшірген), Жүкеш Кәрібаев (1917 жылы туған) көшірмелері. Бұлардың ішіндегі ең толығы —1171 папкадағы көшірушісі белгісіз қолжазба. Онда жалпы көлемі 69 шумақ, 276 тармақ мәтіннің тек: "Аспанның дәл ортасы — темірқазық" - тармағын бетке ұстаған 38-шумағы ғана жоқ. Екінші неғұрлым толық нұсқаның: Иманғали Маненов, 2-папка, 1-8 беттер көшірмесінің, жалпы көлемі — 64 шумақ. Мұнда жоғарыда аталған 38- шумақ және "Құдайым өнер берген он жасымнан жолымен басталған-11, "Әзәзіл, шайтан малғұн тіліне ерме"- дегенді ту еткен 34; "Ах, дүние, қалса жетіп ата-анаң"- делінген 54 және соған ілескен 55- шумақ, яғни айналасы 20 жол ғана енбей қалған. Жолмұрат Жүсіпұлы мәтіні толық емес: ол алдында сөз болған 38-шумақпен аяқталған (Жолмұрат, 3 папка, 15 жіктелім, 1-3 беттер). Жолмұратта сонымен бірге ара-тұра 4 шумақ жоқ: "Жетіге енді шықтым желе шауып" жолын алға ұстаған -7; "Құдайым өнер берген он жасымнан"-11 (бүл шумақтың Иманғалида да сырт қалғанын ескерттік, Е.Ж.); "Әзәзіл, шайтан малғұн тіліне ерме" тармағымен басталған 34 (бүл Иманғалиға да кірмеген), оған ілескен 35-шумақ. Мұхаммедфазыл көшірмесі де толық емес. Мұнда (Фазыл, 1- папка, 151-152 беттер) Жолмұраттағыдай 7,11,34,35 - шумақтар жоқ болумен қатар Жолмұратта өз орнында келтірілмеген, тек кейін қыстырма ретінде берілген: "Жігітке жиырма екен жастың шегі ", - деп басталатын 25-шумақ, сондай-ақ "Сүннәт бар: мүстахаббсн, адаб, хойо" (32); "Көңілінде тұт жаратқан Құдайыңды "(36) және оған жапсарлас 37-шумақжоқ. Фазыл көшірмесі де тап Жолмұраттағыдай 38-шумақпен аяқталатынын және ара-тұра онда 8 шумақ жоқ екенін ескерсек, Фазыл көшірмесінің жалпы көлемі 30 шумақ, 120 жол екеніне көз жеткіземіз. Біз сөз етіп отырған 7 нұсқаның бесеуі араб әрпімен көшірілсе, екеуі қазіргі қолданылып жүрген әріппен жазылған: Жұқаш, Төлепберген нұсқалары. Кейінгі үлгілерде көлем шағындығымен бірге жеке шумақ, тармақтардың түсіп қалуы, сез қолдандым ерекшеліктері кездеседі.

Екінші - он төртінші баптар: "Жер мен көк" қиссасы.

Бұл туындыны ұсынғанда, алдымен әулеттік мұрағаттағы Иманғали Маненов (2-папка, 9-46 беттер) жазбасына иек артумен бірге осы баптарды топтастырып, оны "Жер мен көк" -деген аталыммен жеке дастан ретінде қарастырған Жолмұрат Жүсіпұлы (3-папка, 4-жіктелім, 2-34 беттер) және басқалардың жазбалары бар екенін де ескердік. "Жер мен көк" дастанының жалпы көлемі —363 шумақ, яғни 1452 тармақ. Иманғали, Жолмұратта және осы шығарма көшірілген дәптер мұқабасында: "Жолмұратқа - Мұхаммедсадықтан" - деген ескерту орын алған Мұхаммедсадық көшірмесінде бұл туынды осы ұсынылып отырған қалыптағыдай: "Алланың өзі жалғыз, құдіреті кең" - жолымен басталған. Сонымен қатар жоғарыда аталған Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорындағы Мәшһүр-Жүсіп шығармалары топтастырылған 1171 папканың 57(179)- 32(194)- беттерінде орын алған тап осы туындының басы : "Серік жоқ, кемшілік жоқ, Аллада айып"- жолын маңдай еткен 6-шумакден басталып, оған ілескен 8 шумақ, демек айналасы 9 шумақты қамтыған 6-14-шумактар Жолмұрат қолымен жазылған да, 15-шумақган, яғни: "Кезгендер коп сөйлеген"-тармағынан кейінгілері белгісіз біреу жазбасымен берілген. Осы орайда Мәшһүр-Жүсіп шығармалары жинақталған папкалар ішінде жиі кездесетін екі белгісіз қолтаңбаның біріншісін: "белгісіз бірінші", екіншісін: "белгісіз екінші", ал түрлі мәтіндерді салыстыру кезінде : "1171 папка материалы " не " 1171 " - деп қысқартып атауды жон көрдік. 1171 папкада тек бұл шығарма емес, осының алдында ғана берілген: "Мәшһүр-Жүсіптің 21 жасында жазғаны", бұдан кейін осы топтамада соз болмақ: "Миғраж", басқа кітаптарға кірген, кірмек: "Пайғамбардың дүниеден өтуі, "Шайхы Ысқақ", "Мәшһүр-Жүсіптің қарғамен айтысы" - туындыларының бәрі осы "белгісіз бірінші" қолтаңбасымен жазылған. Бұл тұста 1171 папкадағы басқа біраз материалдар тәрізді осы шығарма беттерінің орналасу тәртібінде жүйесіздік барын, әр бет шекелеріне кемі 2, не 3 сандық белгі қойылғанын, көлемі кішірек сандық белгілер қалыпты жағдайдағыдай, төменнен жоғарылау орнына, яғни алдымен бірінші, соңынан екінші бет келу орнына, керісінше жүретінін, атап айтқанда, алдымен "57-бет"- деп беріліп, одан соң бірте-бірте шегініп, 32-бетке тірелгенде, шығарма аяқталатын ескертеміз. Бет ретін белгілеудегі алалық: бірінде алдымен жоғары І.І сан, кейін төменгі сан, екіншісінде алдымен - төменгі, кейін - жоғары алынып, түрлі сандар жабыстырылып қойыла салуы қолжазба қорынды әр кезде әр сипаттағы қызметкерлер істегенін, бірінің араб әрпін түсі ІІІ І. бірінің мүлде парықтамағанын, ең соңында бет шекесіндегі 2 не 3 санды қатар белгілеу қалдырылып, қолжазба беттерін ғылыми талапқа сай жүйелеу, сақтау, қадағалау жүзеге аспағанын байқатады. Біздің айтпағымыз: Мәшһүр-Жүсіп шығармасымен бұрын таныс емес адам көне араб жазуын қанша меңгерсе де, мұндай сақалыма кезіккенде, шығарманың басы қайсы, жалғасы қайда екенін табуда көп қиналары, бөгелері, тіпті түрлі ауытқуларға жол берері анық. 1171 мәтінінде алғашқы 5 шумақ болмауымен қатар түсіп қалған жеке шумақ, тармақтар да баршылық. Атап айтқанда: "Көтеріп ол Ғаршыны суға қойды" — тармағымен басталған 34- шумақтың соңғы екі жолы және оған ілескен 35-шумақтың бастапқы екі тармағы; сонымен бірге: "Ғазап бар, заһар, зақым - бәрі де анық" — дегенді алға шығарған 70-шумақ тың соңғы екі жолы жоқ. Сондай-ақ: "Біткені алты күнде белгілі анық"- дегенді ту еткен 79-шумақ (бұл Жолмұратта да, Мүхаммедәменде де жоқ), "Құданың құдіретімен біткен екен" - жолын маңдайша еткен 115-шумақ (бүл да Жолмұрат, Мұхаммедәменде жоқ) тұтасы мен орын алмаған. Сөйтіп, 1171-де айналасы 8,5 шумақ, яғни 34 тармақ кірмей қалған. Оның есесіне: "Көп сөз бар мұнан кейін, тұра тұрсын" - тармағын бетке ұстаған 22-шумақ Иманғали, Мұхаммед садықта жоқ болса, мұнда және Жолмұрат, Мұхаммедәменде бар. 1171 жазбасы 1418 тармаққа ие болса, көлем жағынан оған те телестері: 1380 жолдан тұратын Жолмұрат пен 1166 тармақты еншілеген Иманғали көшірмелері. Жолмұратта жоқ үзіндіге көңіл бөлсек, ол өз жазбасында мұны ескерткен: "Осы жерден қалған сөз болу керек" (Жолмұрат, 3 папка, 4 жіктелім, 5-бет). Жолмұрат ол жоқ мәтіннің бастапқы тармағын да дұрыс атап көрсеткен: "Біткені алты күнде белгілі анық" ( 79-шумақ- тың 1-жолы. Е.Ж). Бүл енбеген үзінді 15 шумақты құраса, ара-тұра тағы 2 шумақ жоқ. Оның біріншісі, алдында аталған 1171-дегідей, 79- шумақ болса, екіншісінде сонда ескертілгендей — 115-шумақ. Иманғали жазбасын дәйектесек, алдында ескертілген 22-шумак жоқтығына қоса : "Көзіне жан кірген соң өзін көрді"- деп басталатын 151-шумақ ұшыраспайды (бұл сонымен бірге Мұхаммедсадықта да жоқ). Сондай-ақ Иманғалиде ара-тұра түсіп қалған 18 тармақ бар. Мұндай жол-жөнекей қалып қойған жеке тармақ, шумақтарды қоса есептегенде, олар айналасы 26-жодды ғана құраса, ең көлемді түсіп қалу, яғни 260 тармақты қамтитын үзіліс: "Хадиша-бай Қабылдың жалғыз қызы"- дегенмен жол ашқан 283-шумақган басталады, Бұл ұзақ кідіріс 1171 папка және Жолмұрат жазбалары бойынша толықтырылды. Әулеттік мұрағатта сақталған басқа да мәтіндерде: Мұхаммедә-мен, Мұхаммедсадықта да жекелеген қалып қоюлар баршылық. Мұхаммедәмен көшірмесі: "Рахматта тоғыз мың жыл харар етіп" — дегенді бетке ұстаған 30-шумақгың: "Керемет манзилатта он үш мың жыл" - деген үшінші тармағымен (оған дейінгі 1 парақ сақталмаған, Е.Ж.) басталады да: "Еркектен азғырылды қатын бұрын" жолын алға шығарған 197-шумақпен аяқталады (шығарма соңы да бізге жетпеген— Е.Ж). Мұқхаммедсадықта жекелеген шумақ, тармақтардың орын алмауымен қатар: "Төртінші - жұмақта мен жүргенімде"- деп басталатын 247-шумақган кейінгілері мүлде жоқ.

Он бес-он алтыншы баптар. "Миғраж" дастаны.

Жалпы көлемі 140 шумақтан, яғни 560 жолдан тұратын бүл туындының 6 көшірме нұсқасы сақталған. Соның ішінде ең қомақгысы - 132 шумақты, яғни 528 тармақты құрайтын Жолмұрат ( 3 папка, 5-жіктелім, 1-9 б.) жазбасы. Бұдан кейінгі көлемдісі 124,5 шумақты, яғни 498 жолды Иманғалидың (2 папка, 46-61 беттеріндегі) көшірмесі. Үшінші толыгырагы-121 шумақты, яғни 484 тармақты еншілеген Мұхаммедфазыл нұсқасы. Төртінші нұсқа 106,5 шумақ, яғни 426 тармақты меншіктеген жоғарыда аталған қолжазба қорындағы 1171 папканың 32(195)-20(209) беттері аралығындағы "белгісіз бірінші" жазбасы. Мұнда да бет ретін белгілеген кіші сандардың керісінше таңбаланып отыруы қолжазба сақтаушылардың арабша сауатсыздығынан болар деп шамалаймыз. Бесінші мәтін — 93 шумақты, яғни 372 жолды мирас еткен Мұхаммедәмен көшірмесі болса, алтыншы ең шағындауы - Қарағанды облыстық "Орталық Қазақстан" газетінің 1991 жылғы 25 шілдесінде жарияланған, 90,5 шумақты, ягни362 жолды меншіктеген үлгі. Бүл дастанды Ешмағамбетұлы Әлімшайхыдан алып, баспаға әзірлеген: "карт ақын Махмет Назарұлы"- екендігі газетте ескертілген. Жолмұратта жоқ 8 шумақтың алғашқысы: "Жасына кейін қалған қайта бардым"- деп басталатын 3- шумақта, екіншісі: "Осындай мазмұнына аят түсті" - жолын бетке ұстаған 22-шумақ Иманғалида, 1171- де және Әлімшайхыда да жоқ, Мұндай әрі Иманғалида, әрі Әлімшайхыда жоқ іліктестікті: "Сарқырап екі бұлақ ағады, біл"- дегенді жалау еткен 36-шумақ; "Әр жерде бас та қалды, аяқ қалды" - дегенді алға ұстаған 45-шумақ туралы да айтуға болады. Ал: "Пайғамбар мұны тауып айт қанында"- дегенді бастау ғып орналасқан 53-шумақтек Иманғалида ұшырасып, қалған бесеуінде де кездеспеуімен ерекшеленеді. Сондай ақ: "Арытты бұрынғыдан Расул түрі" - деп, шаңырақ көтерген 121 шумақпен оған ілескен 123 шумақта тек бір адамда, Мұхаммедфазылда ғана шаң беріп, қалғандарының бәрінде қамтылмауымен көзге түседі. Шығарма соңы болып есептелетін: "Тәубені қылат ұғын осы кезім"- дегенді маңдайша еткен 140-шумақта тек Иманғали мен 1171 де орын алған. Иманғалида сырт қалған 15,5 шумақ, яғни 62 жолға назар аудар сақ, оның: 22,36,45,122,123-шумактарының Жолмұраттағыдай жоқ екені осының алдында ғана ескертілді. Сонымен бірге Иманғалида бастапқы шумақ және: "Тыңдамай сөзін оның жүре бердім"- дегенмен бастала тын 12-шумақпен 16-шумақ аралығы ысырылса, тап осындай түсіп қалудың Әлімшайхыда да орын тебуі кейінгінің алдыңғыдан көшіру мүмкіндігіне жарық түсірсе керек деп санаймыз. Сондай-ақ Иманға: "Мухаммед, үмбетің коп, уайымың жоқ"—дегенді бетке ұстаған 33-шумақтың алғашқы 2 жолы, "Көтерген ол төсекті және кейін" дегенді алға тартқан 38-шумақгың соңғы 2-тармағы жоқ. Бұған қоса: "Иінге қуанғаннан сонда міндім" —айдарымен шыққан 40-шумақ; "Топаннан Нұх нәбиге бердің фидих",- деген 60-шумакгың соңғы 2 жолы; "Данаға жас та болса, тең едім ғой" — деп басталған 120-нын соңғы 2 тармағы сырт қалған. Одан әрі Мұхаммедфазылдан басқаның бәрінде жоқ 122,123 шумақтан кейін орналасқан 124-шумактыц басқаларға тегіс орын алып, тек Иманғалида кездеспеуін діттеу де өткен ғасыр ақындарының әр нұсқасын ізерлеп салыстыру қажеттігін дәлелдейді. Мұхаммедфазылда жоғарыда ескертілген 53- шумақ орын алмауымен катар: "Алдымнан келген қатын, ол кім?"- деп, басталған 16-шумақка қоса: "Алдынан сәлем берген ислам мен дін"- дегенді балаган 21- шумақ қоныс теппеген. Мұхаммедфазыл нұсқасын шөмейтіп тұрған жайт — оның: "Жад қылдым әуел Хақты соз басында"- дегенді маңдайша еткен 124- шумақпен тамамдалып, соңғы 16 шумақтың, 64 тармақтың енбей қалуы. 1171 папка мәтініне үңілсек, жоғарыда аталған: 22,53,122,123- шумақтардың ығысуымен қатар қолжазбаның тұтас 1 парағы, яғни 2 беті түсіп қалып, жоғалуына орай: "Сонда не деп пайғамбар жауап айтты" —жолымен қадам ашқан 57-шумаққа ілескен айналасы 118 тармақтың енбеуі орын алған. Мұхаммедәмен нұсқасын сараптасақ, алдымен оның бастапқы 1 парағы мен соңғы парағы сақталмауына орай 1-10-шумақгар мен "Олай болса Құдайым сені сүйсін"- деп басталатын 113-шумақкд ілескен 28 шумақ, яғни 112 жол жоқ. Ара-тұра сырт қалған үзіктерді зерделесек: "Мен міндім Мекаиілдің енді үстіне" — деп жол ашқан 27-шумаққа тіркескен 28-29-шумақтар шет қалумен бірге: "Көтерген ол төсекті және кейін" - дегенді алға қойған 38-шумақ (тап осының соңғы 2 жолы Иманғалида жоқ екені жоғарыда айтылды) орын алмаған. Сондай-ақ: "Жоқ қылған Ибраһимге намард отын" (66-шумақ),"Бәрінен артық саған бердім, әні" (72- шумақ), "Солайша шуласады тамам хорлар" (92-шумак), "Қадамды тақсыр Біләл басқан екен" (97-шу- мак), - деп басталатын үзіктер Мұхаммедәменде кірмей қалған. Осы орайда басқа да көшірмелер тәрізді мұнда да шумақ шетінеуі ғана емес, жеке сөз ауысулары т.б. баршылық екенін, кітап әзірлегенде, сөз қисынын, ұйқас тәртібін т.б. басшылыққа алып, саралау, сұрыптау жүргенін еске саламыз. Дүдамал жағдайда ақын мұрасын ең ұзақ уақыт (1977 жылға дейін) көшіріп, жинаған Жолмұрат жазбасы алдымен ескеріліп отырды. Екіұшты жағдайда жақта ішіне екінші нұсқа ретінде жеке сөз, орамдарын беру де орын алғанын осы тұста ескерте кеткіміз келеді.

Он жетінші, он сегізінші бап.

Иманғалидың 2-папка, 61-66 беттердегі жазбасы және жоғарыда аталған 1171папканың 22(104)- 20(105) беттеріндегі "белгісіз бірінші" көшірмесі бойынша сараланып ұсынылды. Екі нұсқада ара-тұра айырмашылық, сәйкеспеу болған жағдайда сөз қисыны, ұйқас тәртібі басшылыққа алынды. Мәселен, Иманғалидағы 8-шумақ: Ғамал қыл ақыретің үшін арнап, Дүниеде өлшеп өзің тұрғаныңша. Ғамал қыл Аллаң үшін онша-мұнша, сонша қыл: Хаққа кызметің болса қанша! - деп, келтірілсе, 1171 — де бүл былай өрілген: Ғамал қыл ақыретің үшін болғаныңша, Дүниеде өлшеп өзің тұрғаныңша! Ғамал қыл ақыретің үшін арнап, Жеткендей қып Махшарда өз халіңше! (халыңша!) Біздіңше, ұйқас заңы, сөз реті 1171-дің неғұрлым дұрысырақ екенін дәлелдеп түр. Сондай-ақ Иманғалида келесі 9-шумақ: Қажетің болмаса, ғамал тіпті қылма, Бүл дүние өте шығар ойланғанша! Мұнда қинал, өлгенде қиналғанша,Сұм дүние өтіп кетер көз жұмғанша!- деген түрде келсе, 1171-де бүл кеңейіп, 2 шумақ қалпында берілген: Ғамал қыл Аллаң үшін онша-мұнша, Сонша қыл Хақта қажетің болса қанша! Қажетің болмаса, ғамал қылма, Бұ дүние өтіп кетер жиналғанша !

Мұңда қинал, өлгенде қиналғанша,
Сұм дүние өтіп кетер жиналғанша!-
Тамұқтың оты үшін қылғын амал,
Өзіңнің отқа шыдар сырың қанша?!

Біз бұл тұста да сөз орнына, мағынасына қарап, 1171-дегіпі тандап алдық. Иманғалидағы жекелеген ұйқас селкеуліктері, сөз түсіп қалулар, сөз орны ауысулары т.б. себебі: көбінесе жазба нұсқадан емес, ауызша айтылғандардан қағазға түсіру нәтижесі деп санаймын Белгілі бір жыр, өлең үлгілері ауызша айтылғанда, жеке тармақ, сөздерін ұмыту, шатастыру жиі орын алатыны белгілі. Сонымен бірге : "Қызым бұл дүниенің ойын-күлкі" - деп басталатын 35-шумақгың Иманғалиде орын алып, 1171-де кездеспеуі көшірмелерді салыстыра дәйектеу орындылығын дәлелдей түседі. Он тоғызыншы бап: "Басқа да патшалар, жомарттар, әулиелер". Айналасы 65,5 шумақтан, яғни 262тармақган тұратын бұл туындының 3 нұсқасы сақталған. Оның бірі жоғарыда аталған қолжазба қорындағы 1171 папканың 9(110)- 5(112) беттері аралығындағы "белгісіз бірінші" көшірмесі болса, екінші, үшіншісі әулеттік мұрағат тағы: Жолмұрат, Иманғали жазбалары. Бүл шығарма Иманғалида ( 2-папка, 66-71 б.)- өз тақырыбымен жеке отау тіксе, Жолмұратта және 1171-де бүл Мәшһүр-Жүсіптің"Пайғамбардың дүниеден өтуі туралы " - дастанының жалғасы ретінде берілген. Тап осы мәтінді "Пайғамбардың дүниеден өтуі туралы" дастаны ішіне кіргізу ыңғайсыздығын ескергендіктен де, аталған шығарманы алғаш баспа бетіне ұсынғанда, "Бұл күнгі патшалықта жоқ ғаділдік" (журналда: "жоқ ғаділдік" орнына - "әділдік жоқ",- деп берілген) —тармағымен басталған 10 шумақты ғана тіркеп, қалғанын енгізбеу жүзеге асқан екен (қараңыз: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Пайғамбардың дүниеден өтуі туралы // "Жұлдыз" журналы, 2, 1996 ж., 128 б. Шығарманы әзірлеген — Гүлназ Жүсіпова). Біз бұл жолы сол еңбек соңында орын алған 10 шумақтың өзін кері қайтарып, әрі шығарма тақырыбы ауқымын, дастан жанры талабын, әрі Иманғали бөлуін ескеріп, бәрін басы бүтін өзге туынды ретінде алуды жөн көрдік. Осы орайда 1171-мен Жолмұрат мәтінінің енбей қалған тұстары орайлас болғандықтан да, көлемі де бірдей екеніне назар аудартқымыз келеді. 1171-де соңғы 5 шумақ, яғни: "Қайғы ойлап, тәні тітіреп, жаны қорқар"- дегенді ту еткен 62—шумаққа ілескен 20 жол жоқ болса, бүл Жолмұратқа да тән. Сонымен бірге 1171- мен Жолмұраттағы ара-тұра енбей қалған 12тармақ түзіліміңде бірін-бірі қайталау орын алған. Олар: "Құл болды сол бабамыз әулие өткен"- дегенді алға қойған 22-шумақгың соңғы 2 жолы; "Арына өткір пышақ түпке жеткен"- дегенді маңдайша еткен 35- шумақтан басталған 10 тармақ. 1171- мен Жолмұратта жоқ осындай 32 тармақтың тек Иманғали бойынша берілгенін атам өте отырып, оның есесіне кейіндегі түсіп қалулар саны 110 тармақ, яғни алғашқыларда жоқ. кірігісі бұл шығыстың 3 еседен көп екенін де ескерген жөн. Иманғали мәтінін сараласақ, онда: "Тұрсынбай Айдаболда бай болыпты" - дегенді бетке ұстаған 38-шумактан кейінгі, айналасы 24 шумақ, яғни 96 тармақ сырт қалған. Сонымен бірге ара-тұра енбей қалған 14 тармақты дәйектейміз. Мәселен: "Сахаба өтіп кетті отыз үш мың" — деп басталған 3-шумақгың соңғы 2 жолы; "Баһадүр Рүстем, Зымақ Сахып қыран" - деп, жол ашқан 7-шумақ; "Қуандықтың баласы алтау болған"- дегенді маңдайша еткен 20-шумақ; "Жанболды Құлболдыны көп ренжіткен" — жолын бетке ұстаған 23-шумақтың алғашқы 2 тармағы; "Есім хан жалғыз барып Ташкентті алған" — деп басталған 29-шумақтың бастапқы 2 жолы Иманғалида сырт қалуымен ерекшеленеді. 1171 мен Жолмұратта жоқ шумақтар орайластығы болумен катар оларда жеке тармақ, соз түзіліміндегі өзгешелік те орын алған. "Шоң би сонда ақылмен білді дейді"- дегенді алға тартқан 60-шумақтың екінші жолы Жолмұратта: "Ақылмен анықталар жері келді", -делінсе, 1171-де: "Ғақыл нұры болар жарық енді дейді" —деп өрілген. Жоғарыда ескертілген: соз қисыны т.с.с. талаптарды меже етсек, кейінгінің неғұрлым тиімді екені анықталады. Жиырмасыншы бап. Иманғали: 2- папка, 71-73 беттер және Мұхаммедфазыл: 5-папка, 2-жіктелім, 1-бет бойынша ұсынылды. Жиырма бірінші - отыз тоғызыншы баптар. Иманғали: 2- папка, 72-124 беттері бойынша берілді. Қырқыншы бап .Мұхаммедфазыл: 5-папка, 2-жікгелім, 6-бетжәне Иманғали: 2-папка, 124-125 беттер бойынша салыстырыла әзірленді. Қырық бірінші - елуінші баптар. Иманғали: 2-папка, 126-149 бет¬тер беттерінен алынды. Елу бірінші бап. Иманғали: 2-папка, 149-155 беттер және Мұхаммедфазыл: 5-папка, 2-жіктелім, 2-бет бойынша әзірленді.

Елу екінші бап. Иманғали: 2-папка, 156-187 беттерінен алынды. Елу үш - елу төртінші баптар: "Қиямет ахуалы" қиссасы. Жалпы колемі-310,5 шумақ, яғни 1242 жол осы туындының бізге жеткен 6 көшірмесінің ең ауқымдысы - әулеттік мұрағаттағы Мәкішев Рақымжан жазбасы (219 шумақ, яғни 876 тармақ) және осыған мөлшері де деңгейлес (14 жолы ғана кем), түсіп қалған шумақтар жағынан да орайлас, ұқсасы - Павлодарда шыққан "Дауа" газетінің (редакторы - Жеңіс Тілеке) 1991 жылғы маусым - желтоқсан ( ғ 10-16) айлары сандарында "Қиямет күн" тақырыбымен жарияланған нұсқа (арабшадан әзірлеген Жұматай Әкбарұлы). Сөз болып отырған қиссаның аумағы тұрғысынан үшінші орын алатыны әулеттік мұрағаттағы Жолмұрат Жүсіпұлы (1 - папка, 1 жіктелім, 1-7 беттер) жазбасы 113,5 шумақтан, яғни 454 тармақтан тұрады. Бұл шығарманың көлем жағынан төртінші орын алатыны жоғарыда аталған Орталық ғылыми кітапхана қолжазба қорып дағы Мәшһүр-Жүсіп шығармалары жинақталған 1171 папкадағы : 412(292)-425(318) беттер аралығындағы белгісіз "екінші біреу" қолы мен (олай дейтініміз: бүл қолтаңба да ақын шығармалары арасында жиі кездеседі, тек біз алдында сөз еткен: "Жер мен көк", "Миғраж" т.с.с. таңбасына ұқсамайды) жазылған нұсқа 107 шумақты, яғни 42К жолды иеленген. Осы орайда бүл жазбалардың бәрін Иманғалидің "70 бап: 53- 54-баптар" ( 2-папка, 187-197 б.) көшірмесімен үйлестіре отырып, көп баптар тұсында жетекші болса да, тап осы жолы басқалардан едәуір кем екенін де ескертеміз: 80 шумақ, яғни 320 жол. Ең соңғы алтыншы шағын жазбаны дәйектесек, біріншіден, оның бастапқы жазылған нұсқасы біздегіден кең болғаны анық: себебі біраз беттері сақталмаған Екіншіден, бүл үлгінің қолтаңбасы 1171 папкадағымен бірдей, яғни Мәшһүр-Жүсіпті коп көшірген, демек, ақынмен жақын, аралас адам болуы мүмкін. Бүл шағынымыз 33,5 шумақ, яғни 134 жолды құрайды.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙