Ұлар
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Орынғазы Мəнбазарұлы
─ 1 ─ ─ 2 ─ УДК 821.512.122 ББК 84. Қаз 7-5 М 36 Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды. Орынғазы Мəнбазарұлы. Ұлар. Өлеңдер жинағы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2011. – 176 бет. ISBN 978-601-7023-38-6 Қытай еліндегі белгілі қазақ ақындарының бірі саналатын Орынғазы Мəнбазарұлының бұл жинағында өмірлік таным, көңіл-күй, махаббат лирикаларынан құралған бір топ өлеңдері оқырманға ұсынылып отыр. УДК 821.512.122 ББК 84. Қаз 7-5 ISBN 978-601-7023-38-6
© Орынғазы Мəнбазарұлы, 2011 © Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2011 М 36
─ 3 ─ АВТОР ТУРАЛЫ
Орынғазы Мəнбазарұлы 1943 жылы тамыздың 15 жұлдызында Қытай мемлекетінің Шыңжан өлкесі Тарбағатай аймағындағы Сауан ауданының Бортүнке ауылындағы Қашалы жайлау жұртында дүниеге келген. Бақытқа қарсы енді ғана төрт жасқа шыққан жылы шешесі дүние салып əпкесі мен інісі үшеуі жалқы қалған кедей əкенің бағып-қағуында жетімдік пен жоқшылықтың қат-қабат азабын арқалап жүріп ержетеді. Қытай азаттығының алғашқы жылдары, яғни 1954 жылы қыркүйекте бай нағашысы Мəжітəйдің бағып жүрген қойын тастай беріп, мектеп құшағына қашып енеді. Сол бетінде өкімет жəрдемімен тыраштаған əке еңбегі арқасында 1961 жылы орталау мектепті бітіріп, ауылдың бастауыш мектебінде мұғалім болады. Сөйтіп бастауыш, орта мектеп құшағында көптеген балаларға ұстаз болады. Көбінде орта, бастауыш мектеп жетекшісі болып бар ғұмырының көбін арнайды. Əуел бастан-ақ əдебиет, көркемөнерге құмартады, қызығады. Бастауыш мектеп оқып жүрген кезінен бастап газеттерге өлең жазып, сабақтастары мен мұғалімдерінің назарын аударады. Орталау мектептің бірінші жылдығында тұңғыш өлеңі «Сəбидің серті» деген шағын өлеңімен бау ашады. Сөйтіп облыстық, аймақтық, өлкелік басылымдарда көптеген өлеңдері жарық көреді. Танымал авторға айналады. 1966 жылы Қытай елінде он жылға созылған «мəдениет төңкерісі» əдебиет, көркемөнерді істен шығарған кезде жалындап келе жатқан жас ақынның қаламы қаңтарылады да, жасампаздық еңбегінің он неше жылы зая кетеді. 1970 жылдың соңын ала қаламын қайтадан қолына
─ 4 ─ алған ақын өз оқырмандарымен қауышады. 1980 жылдардан бастап өзінің жасампаздық еңбегіне қарай терең толғаныс жасайды. Жазғандарының қан-сөлсіз, дəм-татусыз ұран жəне жалаң бұйымдар екенін аңғарады да шұғыл бұрылыс жасайды, өз əлінше қарманады. Ауыр да жапалы педагогикалық жұмыстарын істей жүріп қалам сермейді. Жетімдік тағдырдың тəлкегінен оқи алмаған олқы білімдерінің орнын өздігінен ізденіп үйреніп толықтырады. Істей жүріп оқып, орта техникум жəне университет бітіреді. Өзінің əдебиеттік білім деңгейін жоғарылытады. Қазірге дейін он томнан артық өлең жырлар жазған. Автор балалы-шағалы болуы себепті кейінгі жылдардағы нарық шаруашылығының ықпалы бойынша кітаптарын ақы беріп бастыруға қолы қысқалық етеді. 2009 жылы аудан əкімінің жəрдемімен «Жан түбіндегі жазулар» атты өлең кітабы əрең шығады. Жұрттың жақсы бағасына ие болады. Автор қазіргі күнде сол он томнан артық өлеңдерін жарық дүниеге шығарудың қамында, өздеріңізге ұсынып отырған «Ұлар» өлеңдер жинағы соның бірі. Автор тағыда өзіне тəн ішкі толғаныста жүрген, өзінің жастайынан ғашық болған өлең өнерінің соңына түсуде. Ғұмырының ең соңына дейін жанжағына бұрылмастан таза поэзияның қыр соңынан түсуге бел байлады. Автор желбуаз атақ-абыройға бой ұрмайды. Қайта өзінің тамшылаған маңдай терінен, жүрек қанынан жеміс күтеді. 2009 жылы Қазақстан еліне барып төрт айдан астам уақыт аралап қайтады. Осы сапарында «Қазақ қауымдастығына» барып өзінің жағдайын таныстырады. Сондағы əңгіме бойынша осы «Ұлар» өлеңдер жинағын ұсынып отыр. Қытай елінің басылым орындарында «Көңіл сыры», «Домбыра жүрек», «Көңілдің бұлты тамшылап» атты өлең жинақтары жарық көруді күтіп тұр. 2010 жыл, наурыз
─ 5 ─ СƏБИДІҢ СЕРТІ Балдырған балдай сəбимін, Бəйшешектей гүл ашқан. Менімен кіріп сəні үйдің, Ата-анам көл боп бу атқан. Еркіндік–теңдік шұғыла, Сүйеді менің бетімнен. Өрлеген таудың шыңына, Қырандай түлеп жетілем. Ентелеп сəби шағымнан, Талаптан қанат тағынам. Жарық ап білім шамынан, Арқама жұлдыз жамылам. 1958 жыл, тамыз АНА – МЕКТЕП Өсіріп өшпес сезім сана гүлін, Мектебім берген маған дана білім. Ұшырған арманымның асқарына, Қанатын талмас қылып талабымның. Ары пəк ғашығы қып тілегімнің, Өзіңнен түлеп ұшқан түлегіңмін. Жазылып ана мектеп қалды есімің, Бетінде уыз таза жүрегімнің. АЙТЫЛМАҒАН АРМАН Жыбыр-жыбыр сөйлегендей жүз ерін, Көздерінен ұялушы ек біз елдің. Ілəм деспей екі бөлек кеткенде, Ой соқты боп барып–барып түзелем.
─ 6 ─ Сен қарындас, мен ағасып жүргенде, Қыраттағы қызғалдақтай қыз едің. Күлкің десем мөлдір бұлақ аққанын, Жамалыңа жағар теңеу таппадым. Жастығым ба, мастығым ба білмедім, Жанарыңнан атпай қалған ақ таңым. Көреміз бе дəнекерсіз тағдырдан, Біз сырласар уақытты тар қылған. Деп ойлаймын аңқау басым мен онда, Шығып кетсе елден ұят дабырым. Сөздер қалды ағытылмай арнамнан, Сенің алтын жаның үшін арналған. Жауа алмаған жаздың ұяң бұлтындай, Мұңлық бар ма айтылмаған арманнан. ЖАҢА ЖЫЛ Жаңа жыл, жаңа жыр басталды, Тербетіп жас қайың, жас талды. Тау–өзен, даладан, орманнан, Жамандық болса екен тастанды. Жаңа жыл, жаңа əуен көтеріп, Бақытқа қадам ал төте анық. Көңілі ақ сүттей жандардың, Шашбауын биіктен биікке көтеріп. Жаңа жыл халқымның ойы үшін, Құт болсын қойының–қонышың. Ала ауыз аш бақа үні өшіп, Береке уыз боп құйылсын.
─ 7 ─ АҒАҢ БОЛСА АЛДЫҢДА Ағаң болса алдыңда сенің асқар бір белің, Оған мақтан артынан сенің еріп жүргенің. Түсін бірақ өмірдің сырын қатыгез, Бірнеше жыл сенен бұрын білгенін. Өмір деген өмір ғой ол қашанда, Бірге жүрген тоқ пен семіз, арық пенен аш онда. Алдындағы қарап өсер айна ағаң, Жұққан шаңның бар мен жоғын шашаңда. Иық сүйер тиянағың өз ағаң, Сөйлеу күнə қарсы қарап сөз оған. Жаздай жылы шуақ шашқан жанынан, Бола берсін солар ескі көз аман. Сақта есіңде ағаң қымбат бағасын, Өзің талай інілерге ағасың. Қарап жүріп оққа ұшады оп-оңай, Білмеген жан өз қорғанын, панасын. ЖҰМЫСЫҢ БОЛСЫН Нелер бар қалқам көңілде, Бəрін айт ақтай төгілде. Соғады зауқың нелерге, Мынау бір толқын өмірде. Орыны қоқсық, күресін, Жинамай жүрсе кім есін. Кейде өмір жайсаң болғанмен, Жоқ деме қара күйесін. Дым кеппей жүрсе басыңда, Қырсық пен қиын қасыңда.
─ 8 ─ Қор болып өте шығады, Тұтамдай өмір осында. Қысасып жүрсің сен несін, Бұл өмір емес теңдесің. Түсіну керек жан толқып, Айналып екі келмесін. Төккенің бақыт көлдей тер, Уақыт ғайып сен кетер. Толғаныс ғана адамның, Бесік боп ойын тербетер. Көзді алдап өтер мың түрмен, Биыл тең бе былтырмен? Адам боп келдің кеткенше, Жұмысың болсын бітірген. КІТАП Құяды əрбір сөзінен, Құдіретті күш маған. Балапандай жетілем, Қанат–құйрық ұштаған. Айғайлаған отты үнмен, Тауып жүрек сөзімді. Күлкімнен гүл төктірген, Басып қытық сезімді. Өмір сырын ұқтырып, Сорғалаған сөзі бал. Ойы бастау тұп-тұнық, Ағыны көпке созылар. Кітап сені сүйемін, Құмарланған шөл қанып.
─ 9 ─ Ой сезімге иемін, Оқығанда толғанып. МАМЫР ТУДЫ Мамыр туды маужыраған сұлу ай, Өнебойы сыңғырлаған сыр ыңғай. Ерке сезім тасып кетіп барамын, Таудан өрген мөлдір бұлақ суындай. Тең боп барам көңілі мəз баламен, Уылжиды гүл аңқыған дала кең. Əттең шіркін берсе рұқсат мекемем, Көктеулікте мал бағып ақ қалар ем. Бал татиды қою сүт пен ірімшік, Айранынан ұйқың келер бір ішіп. Өрлеп барам гүл жамылған төбеге, Біреуінен біреуіне зыр ұшып. Масайраған күндерінде мамырдың, Қай салмағы білінеді ауырдың. Қуат билеп сергіп сала бересің, Жолда қалып деп жүргенің ауырдым. Мамыр туды жаздың күні басталып, Дала бесік жатсаң гүлін жастанып, Тербеп ала жөнеледі қиялды, Жаның ерке сезімдерге мастанып. МЕН СОНДА Бір жер бар сауан деген ұланғайыр, Бабалар тартып мінген құланға айыл. Бұйдалап түйекиік жетелеген, Туады осал болып мұнан қай ұл.
─ 10 ─ Ең биік жерінде ерен қабырғаның, Болмайды мұнда өскен ел қамында мұң. Мұз тауда көшіп қонып жүру деген, Қолында қажыр менен қарым бардың. Ну орман сыңсыған сай саласында, Жер сүйсең мекенденіп қал осында. Құтында, бақытында құрап жатқан, Қорқыстың толқып аққан сабасында. Алтын ғол, қызыл өзен күркіреген, Бу атса ақ жауынды бұлт түнеген. Жайлауын ұлыұжан мен дазымяудың, Бейіштен санамаймын тіпті де кем. Көлбіреп көк көйлектей етегі кең, Күн жауса гүлі бүрлеп көтерілген. Нəн терек, ну қарағай, дəу тораңғы, Өседі бой таласып тең–теңімен. Бұл жерге келіп пе ең көз танысың ба? Елінің ентелейді жаны сырға. Етегін сілкіп қалсаң төгіледі, Ақ күріш, ақ бидайы, тарысы да. Сəні бар мұнда тұрмыс–тіршіліктің, Айғағы ғасырлары кіл шындықтың. Бір жер бар сауан деген жер ұйығы, Мен сонда көктеп жүрген бір шыбықпын. АЯУЛЫ АСЫЛ ЖАНДАР Кешіріп қилы өмірдің тартыстарын, Шыңдалған балғасындай қарт ұстаның. Аяулы асыл жандар ауылдағы, Сақтаған кір шалдырмай ақ тысты арын.
─ 11 ─ Дəптердің толтырам деп санын алдым, Өлеңнің іздеп шығып сəнді ырғағын. Сыйлауға олқы көріп өздеріңе, Қайта жыртып тастадым соның бəрін. Жақыны, жанашыры адал жанның, Алаулап өздері де жаны ақ жалын. Бойында жалыны да, жаңбыры да, Айырған шалар жағын, жауар жағын. Табылған қасиетінен сан айырма, Өнеге талай қызға, талай ұлға. Тасыған үйіп–төгіп қолда барын, Таңсық деп қаладағы ағайынға. Жеңісін үлкен үлкен деспен жалғар, Осы ғой қайсар болып өскен жандар. Көзге түсіп, көңілге ұялаған, Секілді салқын самал ескен заңғар. Аяулы асыл жандар намыс қуған, Жылы ұяң бетті шалған алыс қырдан. Қадап ап қаламымды қажырыңа. Шаласын шабытымның қағыстырам. ҮЗБЕГЕНМІН Зорланып, не зорлықты күш қылмағам, Есіркеп бермеді, иə ешкім маған. Сезімдер қақтығысқан тамыздығы, Өлеңім жүректегі от ұшқындаған. Өлеңім өмірімнің суреттері, Мезгілдің бояп кеткен сынды өткелі. Өлердей құштарлығым өлеңіме, Келеді өрге қарай сүйреп мені.
─ 12 ─ Көкейге көп ойларды діттеп өстім, Өлеңім жаңғырығы мықты елестің. Атағым-абыройым бəрі сонда, Бөлінсем өлеңімнен түкте емеспін. Осы өлең мен өмірде қуған арман, Көңілім сонымен шат гүлге оранған. Тынымсыз қайнап жатқан тұрмыстағы, Көзінен тіршіліктің құнар алған. Көлікпін тұрмыс арба біз дегенің, Шабытты бөтен жерден іздемедім. Мейлі ғой қалай толқып жатса да өмір, Үмітті өлеңімнен үзбегенмін. Сапардамын, сар желіп сапардамын, Жол үстінде ішер су, татар дəмім. Тұлпарымның суытпай от тұяғын, Жетіп алған ерлерден хат алғанмын. Сапардамын шапқылап асығыспын, Түсіп алды ақ бұрқақ басы қыстың. Өтелмеген қарызым қабат–қабат, Айтпағанмен бетіме басып ешкім. Сапардамын сол қарыз ақталсын деп, Алыстарға бұрамын ат басын кеп. Қор болудан қорқамын дүниеде, Көкірегін кететін тат басып жеп. Ағып келем өзендей тасып əлі, Бұл сапардың жолы да таусылады. Тірлігімді көпсінген дұшпанымды, Табанымнан ұшқан бір тас ұрады.
─ 13 ─ ОСЫ МЕН Осы мен боп барам ба қиялға құл? Жолығар жаным онда құяңға ауыр. Қамалмас құр қиялға ондай жаман, Бəр-бəрін жақсылыққа қылған ұл. Барында сəуле шашқан жарық таңым, Өмірлік бүрленеді жан бұтағым. Айналып оттың басын тындым болмай, Қиялым шалықтасаң шарықтасын. Мейілің жерде тұрмай көкке кетсең, Көңілді бердім саған көктем ескен. Арналу керек мүлдем арман үшін, Жеткенше асып жүріп көп белестен. Қиялым жел боп есем қанатыңнан, Не тірлік қам жасамай қарап тұрған. Қонатын саған тұғыр сөз табайын, Ақтарып шүлен ойдың қабатынын. МҰҒАЛІМ КҮНДЕЛІГІНЕН 1. ТІЛАШАР Еңбегім қадірімді көрер менің, Сол «тентек кекілділер» көрерменім. Ұстаздық алғаш басқан қадамымда-ақ, Өзімді сол бекімге көгендедім. Сотқар боп өз үйінде бағаны алса, Кетпеді еркелепте маған аса. Жүрегім елжірейді кетеді еріп, Жаныма айналып кеп ағаласа.
─ 14 ─ Астында сан ауырдың талып белім, Тереңнен іздегенін алып бердім. Алдымда ашқан солар алғы бетін, Тіл ашар кітабымыз əліппенің. Тұрғандай қолыма алып десті кілең, Солардан сыйлаған сөз естідім мен. Шықсада қай биікке көз алдымда, Тұрады сол балалық кескінімен. 2. ҰСТАЗЫМ Есімде сен баптаған гүл көктемім, Даңқыңды жаныма орап кірлетпегем. Көтеріп қол-аяғым жеткен жерге, Арыңмен, намысыңмен бір боп келем. Сабауға қамшыланып тал бұтағын, Алдыңа келдім сол кез алтыдамын. Талпынып сəби сезім құшағынан, Білімнің сенен алғаш таттым дəмін. О, ұстаз көп қой саған өтемегім, Ғылымға бар ме ед жолым төте менің. Тамшыдан көл орнатып көңіліме, Қолымнан тұйық жолда жетеледің. Аяған ана құстай балапанын, Шөлдесем таңдайыңмен бал апардың. Мөріндей мейірімді сезіміңнің, Маңдайда қалыпты ыстық алақаның. Үйреттің өмір жолын нақтап маған, Болаттай мықты бол деп тат тартпаған. Телегей төккен тұнық терлеріңнің, Дей алман бір тамшысын ақтап барам. Маңдайым тартса да əжім қасқаланып, Алдыңда қалпымдамын жас балалық.
─ 15 ─ Партамда отырғандай сезімдемін, Сабаққа сіз кірерде жоспар алып. Бақ барма бағыбансыз биіктеген, Басымды құрметіңе иіп төмен. Əр талын ақ шашыңның сүйеу көрем, Тұрсамда көкті тіреп иықпенен. Ақ үрпік ойларымды құндаққа алап, Ол жайлы бердің жақсы сырды ақтарып. Өткірлер ұстам да өзің, сыншым да өзің, Жүрсем мен үмітіңнен жырақ қалып. Қиынын айтқаныңдай жүре білдім, Жүрекке сыр егудің, жыр егудің. Сызылып қалған өзің сүйікті ұстаз, Бетіңде сол күнгі уыз жүрегімнің. ҰСТАЗ КӨҢІЛІ Зая өткен жыл, ай, күн үшін, Ойлайсың нені күнішім. Мазасыз күйде жүрмін мен, Жазылмай қалған жыр үшін. Байлайын сезім үмітпен, Ұзарсын шағың бүлдіршін. Жүрсең де қанша еркелеп, Партаңа отыр ерте кеп. Берейін жауап қаласаң, Сұрай бер бəрін ентелеп. Шытайын неге қабақты, Тұрсам да шөлдеп, не терлеп. Берейін сабақ жаңа, тың, Түйін көп есте қалатын. Сендерден көрсем мақтанам,
─ 16 ─ Жеткеннен құйрық қанаттың. Біз жетпей кеткен арманның, өздерің жалғап ал артын. Қарыұқып борды дəскімен, Келемін түсіп бəске мен. Күресіп келе жатырмын, Надандық дейтін қаспенен. Баққаным шəкірт зердесі, Соқпайды зауқым басқамен. Баланың жанса талабы, Жанымның шөлі қанады. Мен үшін алтын аймақтай, Мектептің шағын алаңы. Соғылса сары мыс қоңырау, Жанымды баурап алады. Білімнің керек жарығы, Білімді болған жан ұлы. Талабы мына ғасырдың, Айтады оза шабуды. Айтады қиыр шабуды, Қанатты құзға жануды. ДИПЛОМ Емес ол алдым-бердім қолхаты жай, Өмірге сапарымның жолхатындай. Ол менің жүрегімнің қызыл қаны, Жаныммен бір жүгіріп жатқан тынбай. Куəсі ол аққан тердің кір шалмаған, Қанаты ол арманымның күн шарлаған. Мен соның қуатымен туған елдің, Бір сетер көлігімін көшке арнаған.
─ 17 ─ Айнам ол студенттік шағымдағы, Тұр сонда ынта-жігер жалын бəрі. Жаратып қалауына қай майданның, Жүрген сол қуат беріп жанымдағы. ҚЫЗЫЛ ӨЗЕН Көремін қызыл өзен өзегімдей, Сен маған сұлу жырсың сөзі өрімдей. Жасыл ну орманыңдай ой сап жүрсің, Өтем бе қадіріңді сезе білмей. Бөбегім көріп сенде таңжарығын, Ат қойғам азанымен шалдарыңның. Жағада ізі жатыр су көтерген, Йіліп тал шыбықтай жан жарымның. Жанымның емдескен дос жара мұңын, Тербеуге жұрегіңді жарар ма үнім. Суретім бар ма аяулы қарындастар, Алдында қарақаттай жанарыңның. Жүрсемде аржағында екі өзеннің, Сен мүлдем тілек бірге екенге өзің. Есімде қалды ақылы кей ағаның, Көк бүршік бабын білген ерке кездің. Мен сені əз анам деп айта аламын, Төлемін бал дəмінің қайтарамын. Балапан жырларымның тұғыры едің, Ұшады қызғышың боп байтақ əнім. ҚУАНЫШ Нұр берген жанарына көзіміздің, Қойны құт дарқан өмір өзіміздің.
─ 18 ─ Сайратып, саңқылдатып гүл бағында, Шаттықтың айдын шалқар көлін жүздім. Ойымда қам-қайғы жоқ алаңдайтын, Өмірде еншім бары санамда айқын. Бір кезде алыс қашқан дүниенің, Жерде тұр бəрі жақын анандайтын. Нұрланып күн келеді күн артынан, Көзімді алдамайды мұнар тұман. Көңілім көктемдегі көл бетіндей, Аспанға жентек-жентек бу атылған. Тірліктің көрген сайын жаңарғанын, Туындап бара жатыр жаңа арманым. Жүректен таусылғанша соңғы тамшы, Үміттің шамы болып жанар қаны. Жебейді шүйіншілеп халық деген, Белдесер қуат беріп алыппенен. Туған ел өміріңнін өзеніне, Құятын бір бұлақ боп ағып келем. Сытылып от басы ойдың шырмауынан, Ат басын жарқыраған шыңға бұрғам. Қуаныш ғұмырымның бойын бояп, Секілді маған шабыт шын дарыған. БЫЙЯƏНГУ Быйяəнгу дарқан сағаң құнықтырып, Баурайды жанды өзіне қызықтырып. Табиғат арнап саған бар бояуын, Салыпты сұлу сурет сызып тұрып. Ағады мөлдір суың тас жастанып, Біткенбе қуанышты жастан тамып.
─ 19 ─ Аңсап кеп аңғарыңа алсындаған, Боламыз суыңды ішіп жатсақ қарық. Сұлудай еркелеген құз бұлағы, Сылқым су сылқ-сылқ күліп сызылады. Сол дара əсемдікті саған біткен, Бере алмай жүрмін əттең сызып əлі. Туыппын таң алдында көктеменің, «Қашалы» бауырында көктөбенің. Шайқаған жұмыртқадан ыстық ұя, Мойнымда жүр өтелмей көп төлемің. Күндерден көшпелі ғой бақ баяғы, Біреудің тайып ыңғай жатты аяғы. Быйяəнгү сенің сұрша тастарыңда, Əкемнің сынған талай ақ таяғы. Із қалған отауланып шешемнен де, Көтеріп мені ойнатқан неше белге. Өзіңдей жерде туып өсу деген, Жазылған бақыт менің пешенеме. Көремін көрмеңдегі көп суреттен, Телегей-теңіз заман көшіп өткен. Мен үшін жерұйық жоқ артылатын, Шаңына аунап өскен осы беттен. Көрмеген бейіш сенің бау-бағыңды, Не қылам, сүйем туған аумағыңды. Жөп-жөнкі тіршілікті менсіне ме? Жамылып өскен адам ну қалыңды. Жаныма тазалық ап мөлдіріңнен, Еркелеп еркін өскен мен бір ұл ем. Іздейтін онан артық арманым не? Жыр жазсам нөсеріңдей төгіп үнем.
─ 20 ─ Сыр жатыр қойнауыңда қамбасымен, Қасиетің қалпын бұзбай қанға сіңген. Быйяəнгү сөйлеші бір атам құсап, Мекен боп қай заманнан жалғасып ең. Барасың ыстық тартып тіпті маған, Арқама жартасыңдай жүктіде адам. Егісің дəн құяды еміреніп, Бауырың құт төрт түлік мал шұрқыраған. Шыққанда сергіп кетем сені айналып, Сар саумал самал жұтып, мерей қанып. Таппаймын сыршыл бұлақ теңеуіңді, Жағаңда ары ойланып, бері ойланып. Домаланып кеткенімше жер бетінен, Өзіңде алтын бесік тербетілем. Болады бəрі қабыл тілегімнің, Бір тамшы бояу қонса келбетіңнен. САҒЫНЫШ (Жуінлəйді еске алып) Уа, біздің қайран зұңлй жарқылдаған, Қыран ең бұлтты жарып саңқылдаған. Өрелі ойдың тұнық арнасы едің, Мерейің ұшан-теңіз сарқылмаған. Сермедің жастан құлаш биікке ұлы, Кең дүние бір кеудеңе сыйып тұрды. Замана туады екшеп ілуде бір, Өзіңдей ер данасы сүйікті ұлды. Жаның жаз тұлғаң толы алып күш бар, Ізгілік мектебі едің санамды ұштар. Аламыз өміріңнен өшпес үлгі, Сан ғасыр шоқтығынан самғап ұшар.
─ 21 ─ Өзіңді ұмыттырған халық қамы, Демедің тар қияда талыққанды. Жөңкиді көптің күре тамырында, Өзіңдік махабаттың алып қаны. Сенде екен өлмес ғұмыр ең сенімді, Тұрады көтеріліп еңсең ұлы. Теңіздей толқын атқан жатыр тулап, Өзіңе қолын артқан ел сенімі. Құятын жанымызға қуатты ерен, Көл-көсір қалды артыңда мұрат деген. Уақыт озған сайын күллі адамнан, Махаббат саған деген туад терең. Тартыста дес бермеген талай мыңға, Қиямыз өлді деуге қалай мұнда. Күрескер асыл зұңлй əр адамның, Дем алып жатыр жүрек сарайында. Өлеңнің сағынғанда қаптар селі, О, қайран əділ сөздің ақ семсері. Анықтап ақиқатты сөйлеп тұрған, Көреміз əлі де осы саптан сені. АНАМА Үңілсем өр тұлғаңа ана сенің, Алдыңда мен не деген аласа едім. Жинап ап алыптардың бар еңбегін, Артықпа саған жазсам бар есебін. Қойныңда тоңдыруға қыс батпаған, Тұрмыста бере алмаған қыспақ маған. Ұям сен мені сұңқар таста басқан, Айналып түлегіңмін үштақ таған.
─ 22 ─ Жаныңның сырын солай түйіп келем, Сенімен зеңгір көкке тиіп төбем. Емізген ең алғашқы уызыңдай, Тамылжып таңдайыма ұйыпты өлең. Балаймын көңіліңе көктемені, Талпынттың айды нұсқап көкке мені. Бесіктен белім шығып ержеткенше, Өмірден сен оқыттың көп темені. Құйып ең ой тұнығын санама сан, Кеш ана керегіңе жарамасам. Шілде тер сенен аққан төленер ме, Арқалап жер белдеуін араласам. Опырып омыртқаңды тапқаныңда, Тамшысын ақ сүтіңнің ақтадым ба? Кетемін бірге еркелеп немереңмен, Шашымның қарамастан ақ талына. Не деген ақ тілек, пəк көңілді едің, Шөлдесем өзің айдын көлім менің. Шегінен еркеліктің кетсемде асып, Кірбеңдік сенен қашан көріп едім. Уа, менің тиянағым, аяулы анам, Жанымды жақсылықпен бояулаған. Жастық қып елжіреген жүрегіңді, Əр талын кірпігіңнің саялаған. Құлыным деуші ең бақыт таба бер сен, Қуандың жанарымнан алау көрсең. Аядай сенің алтын құрсағыңнан, Қақ жарып шыққан мешкей бала емеспе ем. Анашым жасық емен қасаңдаған, Жаныңнан жыр көшірем жасаңдаған. Қарғасаң омырауыңды көкке сауып, Дəмінен ақ сүтіңнің асарма адам.
─ 23 ─ ЕСІ ЖОҚ Өнім алып жарығыңда шыр еткен, өзіңде алғаш сезім туған жүректен. Бала мінез бал татыған қылықпен, Қам-қайғысыз ойнап қызық жыл өткен. Кіндік қаным, қарын шашым со жерде, Сонда жанам, сонда сөнем сөнерде. Ұлы таудың ұларындай шақырған, Сонда өзіме жақындар да сенерде. Тауларына қарап өсіп талпынғам, Бұл топырақ қымбат маған алтыннан. Оқуыма кеткен сайын ата-анам, Ұзақ-ұзақ қол бұлғайтын артымнан. Төтеп беріп жасап ұзақ зор сынға, Сол жандардың басы қалды осында. Ойым толқып кетеді еске түскенде, Көңілімнің еш баға жоқ босында. Ентелетіп жұқты тілек жұқты арман, Шөбіндегі мөлдіреген шықтардан. Айырыларда альбомына жыр жазып, Құрбы қыздан кестелеген шыт алғам. Бақыт қайда осында өскен мал-жандай, Бəрі өтеді көз алдымнан маржандай. Əлі маған құшағында тұрғанның, Бəрі тəтті бала күнгі болжамдай. Көк балақ боп көбік қарын кешуші ек, Сонда қалды бала күнім есіл шоқ. Қол босаса-ақ қайтқым келіп кетеді, Осы ауылды ұмытқанның есі жоқ.
─ 24 ─ ОТАН МАХАББАТЫ Мекені қасиетті алыптардың, Отаным балыңды емдім, талықпадым. Алысып ат жалына өзіңде алғаш, Сырына жер бетінің қаныққанмын. Көрмеген əлдиіңде санам тұман, Ұлыңмын өз бағым бар заман туған. Талпынып тал бесіктен талғар шыңға, Ұшырдың демеп балғын қанатымнан. Өзіңде туғаныма мақтанамын, Жандырдың маңдайымның бақ-талабын. Кесірлі кешеулердің кезеңінен, Нық басып аяғымды аттағамын. Еркелер атам да сен, анам да сен, Əпердің көктен нені алам десем. Сенімен тағдырым бір, тынысым бір, Дайынмын не керекке жара десең. Бірімін арманшыл көп түлектердің, Табыспен айшықтаған жыл өткелін. Ұйытып көкейге ыстық ой тұнығын, Отан деп соққан отты жүрек бердің. Ашуға үңілемін сыр беттерін, Жаршымын, ізгі ісіңе міндеткермін. Болмаса топырағыңа терім бояу, Мен неге құрсағыңнан шыр еткенмін. Қырсықтың шалған жылдар қысағасы, Ұлыңның болған талай құса басы. Табыт боп тап бергендер қалатұғын, Өзіңсің құдіретті күш анасы. Көрмеген аспан түссе тайып белі, Əлемнің барма сендей байыпты елі.
─ 25 ─ Азба еді көшіңе үрген ауық-ауық, Тарихтың қара бетті айыпкері. Ақ сүтін арамдаған емшегіңнің, Құрыған қарғысыңнан өңшең құйын. Алғысың адал ұлдың анық бағы, Ана отан мейіріңді өлшеу қиын. Мейлі артылса да қай салмағың, Жазыңдай жадырадым, жайсаңдадым. Сен үшін күйінуім, сүйінуім, Жанымды қарағай қып қайсарладың. Жараттың құрышыңдай құйып мықты, Дарытып тауларыңнан биіктікті. Ағылған өзеніңдей сыршыл етіп, Үйреттің бұлағыңнан тұнықтықты. О, менің от құшақты отан анам, Денеме ақ сүтіңнен қан тараған. Бой түзеп, боз бала боп жар сүйген соң, Енші алып оң жағыңнан отаулағам. Тоғысқан топырығыңмен кіндік қаным, Атыңнан бастап алғаш тілді ұққанмын. Жүректе сенің мөлдір махаббатың, өлеңнің құйдың ойға тұнықтарын. ӨЗІМДІ Қолымен жаратқан жоқ жанымды ешкім, Құлы боп жасамаймын жалыныштың. Жүрегім соғады адал өз қанымен, Түсініп досым үшін, жауым үшін. Түземін қуқайларға, түсінемін, Ие емес тағдырыма кісі менің.
─ 26 ─ Венітпін ел-жұрт үшін жаратылған, Өзімді орынын тауып түсіремін. СƏЛЕМ Ұлұжаным сенде туып-өскемін, (Төсек) болған көк жасаңды төскейің. Ыстық маған сенің сұлу гүлдерің, Өнегіндей жарым тіккен кестенің. Маңдайымнан сипап айлы кештерің, Құрбылармен сыр түйінін шешкенмін. Қарыздармын қайтарғаным аз əлі, Киелі жер бұл кінəмді кеш менің. Ақ батамен тұсауымды кескен жер, Асау таймен арпалысып өскен жер. Сəби сезім құшағынан селт етіп, Азаматтық арманыма көшкен жер. Жыр үйрендім тамылжыған күй ұғып, Төгіп тұрған нөсеріңнен құйылып. Еркелеткен, тентек еткен жер өзің, Өлеңіммен сəлем бердім иіліп. ƏНШІ ҚЫЗҒА Селі ме пəк сезімнің құйып кеткен, Тыңдаймын құшырланып, ұйып кеп мен. Құйқылжып өмір күйі көмейіңнен, Шыққанда, тең боп тұрам биік көкпен. Түбінен тербеп əнің алыс қырдың, Отымен өз жаныңның таныс қылдың. Кеудемнен сарқыраған ағын ашып, Шаттыққа қиялымды ауыстырдың.
─ 27 ─ Қарындас тербегенде нəзік əнің, Келтіріп көз алдыма жаз бұлағын, Өзеннің жүзіп ерке толқынында, Жүремін төсінде гүл жазираның. Көтеріп бірде зеңгір көкте ойнаттың, Апарып жақсы арманға көпті ойлаттың. Кейде отты сарыны боп нажағайдың, Ерлердің еске салдың кекті айбатын. Жебейді желпіндіріп сыршыл үнің, Ұстатып маған да асау жыр шылбырын. Алайын ырғағынан ұйқас ұғып, Бұйдалап сезімімді жүрші, күнім. ӨЗ ЕЛІМ Өмірдің ашқам ұл боп сенде есігін, Өз елім қоңыраулы төл бесігім. Сүймесем, еміренбесем, тебіренбесем, Көтеріп жүрмес ем бір пенде есімін. Бағыма қалаған сен биік ірге, Жан сезім, көңілімнің күйі бірге. Сен ғана менің таза намысым боп, Қанымның сіңіп кеткен түйіріне. Əлемнің берсе алмаймын дүйім шенін, Орыны қымбат өзі бір мүшеңнің. Телегей жыр теңізі ақса ойымнан, Жанымның жеткізе алмас сүю шегін. Өз елім өлең төсек, тоты бағым, Өзіңнен өшпес тірлік отын алдым. Иіскесем шөлде жүріп сусын қанған, Далаңның жалғыз түйір топырағын.
─ 28 ─ Жайым жоқ сарқырамай тынар іштен, Тұнығын өзеніңнің туада ішкем. Көтеріп жар тасыңдай ауырларды, Барамын қиыныңа қуанышпен. Көтердің биігіңе аласадан, Қарызым шашымнан көп ана саған. Қанымнан қасиетіңнің бірі шықса, Өмірде бақыттымын, əне соған. ТІРЛІК ДЕГЕН Тірлік деген көріп қайтар қызығың, Болмасын де оның дəмі-тұзы мұң. Бəрі бекер тыныс тынып үзілсе, Шығып келе жатқан биік құзыңның. Тəңіріңнің беретіні кем деме, Өз тірлігін күйіттеген пендеге. Жастайынан ауыр салмақ көтеріп, Жараушы еді бекімеген бел неге. Мезгілінің кезеңін тауып кезенер, Тірлік үшін күресудің өзі өнер. Осы өмірде қарап тұрсаң безгенде, Маңына шөп шықпастардан безеді ел. Құшағында тəтті ұйқымен тынатын, Күндізіңді жұтып жатыр мына түн. Тірлік деген көріп қайтар қызығың, Тірлігіңнің түсін қалқам қызығын. ҮЙРЕН, ҚАРҒАМ Үйрен қарғам, үйрен қарғам, бекініп, Үйренгеннің іші терең көл тұнық.
─ 29 ─ Арманы асқақ алға басқан адамдар, Үйреніпті қалғанға ешек дем тынып. Балайды екен өмір ерке гүліне, Білімдінің қарап жатпай кіміне. Тырнаштаса түк өнбеген қолынан, Үйренбеген білімсіздің күні не? Бұл өмірдің құшағы ыстық от енді, Надан ғана өгейі мен бөтені. Өнер-білім тегершігін ұқпаған, Күні бойы қорланумен өтеді. Шатағы жоқ жаны шикі бұламен, Білімділер бəсекесі мына əлем. Осы шауып келе жатқан бетіңде, Үйренбеуің бірдей ауыр кінəмен. Үйрен қарғам, үйрен қарғам ұмтылып, Білімсіздің іші тура құр тұлып. Білімділер құстай ұшып озатын, Келе жатыр күн артынын күн туып. ӨМІР СЫРЫ Жеткізсе кейде көкке қолымды бір, Шаршатты бірде бұраң жолы қиыр. Сан арып, сан семіріп бір жейденің, Ішінде болдым өмір сырыңа үйір. Бұл өмір жазғанба деп сорын маған, Жылт етпей кейде мүлдем сөніп қалам. Бірде өмір алшаңдатып өр төсінде, Бақыттың гүл бағында сонылағам. Алғанда өмір қияс қырына тік, Құрдымға кеткендеймін шыны батып.
─ 30 ─ Кейітіп батса бір күн əлегімен, Түрады тағы бір таң күліп атып. Жүресің қуанып та, жылаптағы, Бірде аяз, бірде сүйіп шуақтары. Бір арман кетіп жатса қолдан шығып, Бір арман қолға қонған жырақтағы. Біреуден келсе мүлдем аласарғың, Біреумен бар биікке таласар күн. Бір сəтте көңіл суып жасу көрсең, Кеудеңнен ұшқан бір сəт алау сағым. Өмірде бақытты жан өзіңдей ақ, Кетесің қуанышты сезім бояп. Кейде бір жамыласың ой түнегін, Өзіңдей мұң мен зардан мезі бейуақ. Əкелсе бірде тарлық, тапшылығын, Дөңгелеп бірде дəулет ашты гүлін. Бір күні болса қатты ұтылысың, Асығың түседі ылғи алшы бір күн. Ал кейде жанбай мүлдем меселің түк, Жатады қолда тұрған есең кетіп. Бір күні жанып маңдай терің ерен, Жүлдені ап жатасың кесек етіп. Дос тұтып арамзаны оқыс танып, Өзіңді күйдіресің от құса қып. Жүргенің жатқа санап тоңғаныңда, Жылытады жүрегінің отын салып. Тай-талас бірде еңіс, бірде өрінде, Мекендеп теріскейін, күнгейінде. Болған соң өмір деген өзіңнен зор, Жүресің қатты жұмсақ илеуінде.
─ 31 ─ Кешірем деме досым бір өгей күн, Қаласың бірде озсаңда бірде кейін. Сондайда адамшылық қасиетің, Мəңгілік бұзбау керек кілегейін. ƏКЕ ТІЛЕГІ Шөліңе жаңбырың боп тамам сенің, Жайнасаң жанарыңнан табам сенім. Санап ап төбеңдегі орайды да, Балаймын бақытыңа, балам, сенің. Ұқ менің тентек ұлым, ерке қызым, Жалғанар сендерменен ертеңге ізім. Бойыңнан жылтың көрсем жақсылықтың, Кешемін қуаныштың мен теңізін. Мейлің жанымды өзің қалай түсін, Мен саған жем тасыған малай құспын. Денеңе тимесін деп үп еткен жел, Кеудеме жүрегіммен орай түстім. Тілегім сенде, балам, бақ-талабым, Жүз көрсем тапсырмаңнан мақтанамын. Жорықтап түбінде кім боларыңды, Басына əр биіктің ап барамын. Тұрғандай қосып маған көп жас əлі, Өзіңсің көңілімнің көкжасаңы. Болсада қараұлығым тек сен үшін, Сүйемін көңілімді көл жасауды. Көрмеген көкейіңе бұлт түнеп, Боп қонысың ай мен жұлдыз үміт-тілек. Өресі сен жететін келер күннің, Бүгінгі қиялымнан биік тұр көп.
─ 32 ─ Демеймін мəңгілікке балауса едің, Еркіңде ертең нені қалау сенің. Сеніңде болсын шығар бір биігің, Сол ғана тигізетін маған себің. Көрем бе ол анықсыз мол қатаңды, Қимайды-ау мешкей көңіл соған тағы. Жатса егер ат атанып, сүйек сынып, Əкеңе бəрінен де сол батады. Əкеңе еліктеме баршындаған, Мейлі кім боласың болшы, балам. Аңдып бас аяғыңды ақ жолыңа, Өмірде бар ғой əйтеу мол шырғалаң. БАЙҒАЗЫ Таңданам тұлғасына əр көшеңнің, Көзіндей көнелердің Шəуешегім. Тіл жетпей қиналды ұлың жүректегі, Айтуға қуаныштың жаңа шегін. Бір кезде жетелеп кеп асыл арман, Жүректе суретің тұр басып алған. Əр тасың, ыстық маған əр кірпішің, Ер бабам Демежанның басы қалған. Ой салып əуелеген сенің еңсең, Бəрі өлең көргенімнің тебіренсем. Жасаған сəнді сарай шеберіңнің, Қайтеді жыр жазғанда қолын берсең. Келген соң талай жылдар, айларды үзіп, Көпті ұқтым салып жүріп сайран-қызық. Қабыл ал Шəуешегім осы өлеңді, Қададым омырауыңа байғазы қып.
─ 33 ─ КЕЛЕМІН Қалыптасқан өз мінезім жас күннен, Жарысыппын таудан аққан тасқынмен. Тай-таласқан тас кедергі ағарда, Аяғымды аңдып-аңдып бастым мен. Бітіреді жалғыз білек күшім не, Арпалысқан сезім жүрді ішімде. Тістегеннің қасқа тісі батқан жоқ, Өзім елге қас болмаған үшін де. Бала күнде шала күнде басым дым, Қу тұрмыстың табанына басылдым. Жаным ашып жамау болғым келеді, Мұқыраған сынығына асылдың. Кетіретін мінез бермей шырықты, Көп ойларым жабық жүріп шынықты. Арашаға түсе кеттім түйіліп, Біреу көзге шұқып жатса шындықты. Көпке тиер пайдасына бір істің, Жанымды отқа салып жүріп кірістім. Су тигізбей келе жатыр алаулап, Жүрегімнен жанып шыққан бір алау. Сүйтіп жүріп, сүйтіп жүріп келемін, Ел-жұртыма болды біттей керегім. Əттең шіркін жүрегіме бөлесем, Тап-таза қып жұмыр жердің көлемін.
─ 34 ─ ТІРІЛЕР Жүрушіеңдер мен сендерге күйік боп, Ту сыртымнан жұдырықты түйіп кеп. Енді алыңдар ғайбатымды бөлісіп, Көздеріңше мен ұшайын биіктеп. Өмір көші жүгін артқан алып нар, Адалдықтан алған біттей əлім бар. Үйім көшкен жұртты басқа көтеріп, Күншілдіктен тымақ тігіп алыңдар! Ұмытады деп жүрмеңдер мүбəдə, Ата мекен мен сыймаған бұл ара. Қатал уақыт тауып өмір шындығын, Тұрғызады əркімге бір мұнара. Көреді оны біз өлсекте тірілер, Менің тұтқа болмасымды кім білер. Адал жаным ақ күйінде қайтадан, Басып кеткен іздерімнен тірілер. МЕН ТҮСІНСЕМ Жаздар өтті қарап талай күз бері, Мезгіл-керуен қоңыр əуен үзбеді. Еске алды ма жоқ ұмытып кетті ме, Өліп талып ғашық болған қыз мені. Əттең сол қыз нұрдай ма еді, гүл ме еді, Тас бұлақтың сыңғырында күлгені. Ұяң жаным айтпаған соң сүйем деп, Көзде түрған көңілімді білмеді. Білсе қандай тамаша еді шіркін-ай, Баспайтұғын сезімдегі жүк былай. Мүмкін ол да сезе алмады сыртынан, Менің сынып жүргенімді шырпыдай.
─ 35 ─ Мұнда əкеліп шығарса да жыл өрі, Сол қыз əлі жұмбақ болып жүреді. Қимылыма көз де салмай жүргені, Мүмкін мені сүймейді оның жүрегі. Көрінбейді сорыңда онда, бақ онда, Батып алсаң сезім деген бадамға. Түсінеді ғашықтықтың не мəнін, Өзі ғашық болмаған жан адамға. Жүрмейді оған жағыну мен жалыну, Шын сүйуден қызынады жаның бу. Мен түсінсем ғашық болу деген сөз, Ғұмыр бойы бір адамды сағыну. АЗАМАТПЫЗ Көрсететін кез мынау аталы ерлік, Ажарланып өмірге қайта келдік. Жұрт ойының қалауын таба алмасақ, Азамат боп ат мініп қайтер едік. Қара терге түсеміз тоғытылып, Махаббатқа жанымыз толы тұнық. Əкетеміз сиырып қиындықты, Тасып жатқан өзендей долы тұрып. Шыңнан шыңға қадаймыз жеңіс туын, Бізге берген айбатын, ел үскінін. Жүрсек-тұрсақ ойлаймыз туған елді, Сақтап қойып көңілдің ең ыстығын. Кесір болса көлденең егестірген, Бойымызға біз емес теңестірген. Торқа бізге туған жер топырағы, Малмен басын телегей тең өсірген.
─ 36 ─ Бəрін қолмен жаратып қаламақпыз, Ғаламат шың бізге тəн ғаламат құз. Туған елдің шыңдалып намысымен, Тұлпар мініп, ту алған азаматпыз. БЕРЕКЕ Жолықса кеселіне алалықтың, Қасиеті де кетеді даналықтың. Жыртылар берекенің тоны тозса, Темірден жаралған жоқ жаны алыптың. Табылмас мына тұрған күштің теңі, Береке əлсізді де күшті етеді. Беріліп берекені сүйсе жүрек, Жаныңа жоқ адамның еш бөтені. Асқақтап татулықтың лепті үні, Шыққанда, сан мұзбалақ түлеп тұрды. Береке тіршіліктің бал қаймағы, Береке миллиондардың жүрек тілі. СЫР ІЗДЕСЕҢ ЖАНЫМНАН Отын басып көзіңнің, Маған неге қыйылдың. Сыйқырлығы ол сезімнің, Құй ұғынба, құй ұғын. Толқый қалған ойыңды, Білді жаным сүйінгіш. Ширатып ап бойымды, Алды бəрін түйіп іш. Тұтқыны боп көзіңнің, Соқпады жүрек бұлқына.
─ 37 ─ Алып қашпа сезімнің, Көнбеді ақыл ырқына. Бар екен-ау бір мінің, Болдың ба əлде жаңылған. Ары таза құрбыңмын, Сыр іздесең жанымнан. КƏНУƏ Жалғасып аналардан қызға қалған, Өрнегі кем тұр қайсы сызбалардан. Тігісі жатық түскен кəнуəнің, Меніңде жүрегіме сызған арман. Еншіме өмір өзі баста айырған, Шаңында шауып келем жастайымнан. Жіптері сөгілмейтін кəнуəдай, Төгіліп жыр кестесі жатса ойымнан. ШАШУЫМ (Тарбағатай аймақтық 6-кезекті ақындар айтысында оқылған өлең) Алақай қасиетті қауым халық, Жоғалған мұрамызды тауып алдық. Сыймайды артсақ көңіл қуанышын, Бұл ерен қабырғаның тауын нар қып. Осынау арайлы таң жыл көктемін, Алыстан естіп жүрген жыр еткенін. Ақынның аты шыққан бəрі келді, Төсеңдер, сауан елі, жүрек төрін. Ақ шаштары ой салар өткен істен, Үні бөлек жаралған өктем, үстем.
─ 38 ─ Қажықұмар мен майталман Серік келді, Уықтай боп шаңырақ көтеріскен. Əнші-күйші қолыңа ал домбыраны, Əуелесін «Əсеттің» қоңыр əні. Жыр перісін шақырып ақын-жырау, Жіберіңдер байытып мол мұраны. Ақын емен жыр жазан тапқыр тілмен, Қызып келдім бұл тойға дақпыртымен. Шашуым осы өлеңім шашқан менің, Аралас шешелердің ақ құртымен. ҚАЙДАСЫҢДАР, КЕШЕГІ ҚҰРБЫ ҚЫЗДАР? Қырықтың шықсамдағы қырқасына, Жыр арнау ұят па екен құрбы атына. Қондырған көкейге күй, көңілге гүл, Сол ерке сезімдердің қуатыма. Қойғанға жырдың атын құрбы қыз деп, Құрдастар алар бəлкім бір мүйіздеп. Біздің де болмап па еді гүл шағымыз, Сондағы шерттім көңіл күйін іздеп. Өзімді өмірге əлі өлшетпеген, Шикі едім ій қанбаған ол шекте мен. Толқыса қос бұрымың жерді сызған, Сен онда бүлдіршіндей бой жеткен ең. Күлкіңнен гүл шашылған қызықты күн, Таппағам тал бойыңнан сызып бір мін. Ұясын ұятыңның бұзбай тұрып, Қытықтап пəк сезіммен қызықтырдың. Жарқ еткен жанарыңнан білетінмін, Жаныңның риясыз жылы екпінін.
─ 39 ─ Сен мүмкін түсіне алмай онда мені, Білмейтін жасық көрдің жүрек тілін. Десекте сол шақ бізден жырақ қалды, Жарасар əзіліміз бірақта əлі. Отырмын үйіріліп уыз шабыт, Кілтін жүрегіңнің бұрап тағы. Ағытсақ сыр түгейме бастан бірақ, Ыстық ед біз ойнаған бастау-бұлақ. Бүгінгі үйіміздің шертожы екен, Жинаған ойншықтар тастан құрап. Əр саққа сəби сезім жетелеген, Тынымсыз ойын қысып екі өкпеден. Құрбылар екен тəтті көңіліміз, Бүлдірген, терген шие етекпенен. Не деген қызулы еді, дүрмекті еді, Аласа үй біз оқыған қар мектебі. Ұқсатам кешкен өмір жолдарына, Алғашқы шимайлаған иректі енді. Бар еді шынымызбен ойын қабат, Біз ертең кім боламыз қойылған ат. Кеудеңде оты маздап үмітіңнің, Қыйырға қағатын кеп ойың қанат. Биіктеп санамызда ояу таным, Бақыттың сүйдік қызыл бояу таңын. От басы, отан деген махаббаттан, Алғашқы көтергеміз ой отауын. Қайдасың о, менімен құрбы қыздар, Есімде жандарыңның гүл ізі бар. Кел бері сынықсымай сырласайық, Болармыз бірімізге біріміз зар.
─ 40 ─ ЕКЕУІҢ (Оралқан мен Қадуанға) Айтамын күй қып, жыр қып толғасын деп, Көрмедей көкірегім толған сурет. Алысып құлын-тайдай тете өстіңдер, Кейінгі балаларға қолбасы боп. Тұтынған шолжаң болмай дара бұйым, Бабында ержеттіңдер балалы үйдің. Қаршадай бастарыңа қауғадай қып, Мен үлкен арман үйдім, талап үйдім. Шықтыңдар сол аңсаған көңілімнен, Қуанып тəубə қылдым өмірге үнем. Еңселі шауып жүрдім ел алдында, Түлпардай жал-құйрығын төгілдірген. Білдіңдер өмір сырын шамалап кеп, Секілді болмадыңдар жалаң əйнек. Көңілім көрік тауып ойлағанда, Алқабы гүлге толған даладай боп. Мен жайлы ойласаңдар күнішім не? Жақсының шаттығы мен мұңы ішінде. Талсада, қайырылсада қанаттарың, Болмаңдар бірің бүге, бірің шіге. Жаңылып жүрмесе ұрпақ артында азып, Көңілге ата-ананың аты да азық. Екеуің біз кеткен соң айналатын, Болыңдар кішілерге алтын қазық.
─ 41 ─ ҰҚСАМАЙДЫ Өмір шыншыл соған ел текті дейді, Менің жаным тектіні көп тілейді. Баққан күні қатал бір мінезіне, Өлгеніме қарамай тепкілейді. Түрегелсем жығылған жерімнен тік, Сол өмірдің өзінде тебірентіп. Сенім байлап жөнелсем арман қуып, Аяғымнан тозғанша темір етік. Түшіркеніп ішкен деп қандай удан, Қайта сүйсе тер жуған маңдайымнан. Араласып көңілім өміріммен, Тауып тұрам қант пен балдай ұнам. Бейнет егіз бақыт пен мəртебемен, Өмір емес ту бастан мəпелеген. Басты орында өмірдің қаталдығы, Ұқсамайды шешемен əкеменен. МЕНІҢ ОЙЫМ Кезігіп алдымда асқар қабат биік, Отырмын толғаныста қабақ түйіп. Өмірсіз бұрқыратып жазғаным не, Тотыдай төгілмесе қанат-құйрық. Кетемін ойдың ащы толғағын жеп, Бірде бір жазғаныма толмай жүрек. Болатын жанға рақат көңілге күй, Іздеймін жыр қайда деп майда жібек. Жоқ менде жұртқа жаққан кесекте өлең, Тек əйтеуір жыр құмар боп есептелем.
─ 42 ─ Сол себеп жан құмартып жақсы өлеңге, Тұғыр қып жүрегімді төсеп келем. Ойына бояуы сай өрнектелген, Орын ал əдемі өлең өрлеп төрден. Өлеңдер болмаса екен менің ойым, Сəбидей шала туып жөргекте өлген. (1984 жыл, көкек) СҮЙЕРІМ Жасымас құйылсада жəй үстінен, Бойына өшу бермес жалын сіңген. Жалт берген жаттығы жоқ жанасқанға, Жақсының жарқыраған жанын сүйем. Баураған атқан таңдай көпті ісімен, Адалдың ақ жалынды отын сүйем. Қайсардың қалшылдаған ашуындай, Боранның бұрқыраған отын сүйем. Жазбаған бас бəйгеден шабыста үнем, Жүйріктің будақтаған шаңын сүйем. Ашуын долы қыстың бағындырған Көктемнің маужыраған шағын сүйем. Өз елін қорғаған ар тынысымен, Батырдың дүрілдеген туын сүйем. Арыста алысқанын алып ұрып, Маңдайдың терлеп тұрған буын сүйем. Тербеген ой бесігін сезім сырмен, Шешеннің өлмейтұғын сөзін сүйем. Алдынан сан саңлақ сарапталған, Сыншының таразыдай көзін сүйем.
─ 43 ─ Кессеңде тау қатпарын жүз мың сілем, Кенжелдің кетілмейтін жүзін сүйем. Өшпейтін өмірінен өрнек салған, Өнерлі, білімдінің ізін сүйем. Таныйтын кебенектің ерді ішінен, Талғампаз берекелі елді сүйем. Көлінен көңілінің көш өтетін, Пейілі жадыраған кеңді сүйем. Жатпайтын тау бассада дəл үстінен, Шындықтың шірімейтін нəрін сүйем. Жалғайтын жаныма асыл арман жібін, Ізгілік болса өмірде бəрін сүйем. БАЛАМА СЫР Тың ойдың таппай əкең түйір мəнін, Десеңде ізді айналып шиырладың. О, балам ұқ ежігей жүрегімнің, Өзіңе шерткен ыстық күй ырғағын. Өмірге сен келгелі күле қарап, Жүр əкең көңілін бір гүлге орап ап. Өзіңе қанды талай ой сусыным, Бол жайған базарыңды күнде аралап. Кезде анаң тал шыбықтай бұралған қыз, Кетсекте қанша тəтті қиялға біз. Айналып келгенде сол бір сен үшін, Ие боп бұл түтінге құралғамыз. Басталған сол тіршілік басы құтпен, Жалғасып келеді əлі жақсы үмітпен. Өзіңе əкелеген мойынсал боп, Атымның алып қашқан басын іріккем.
─ 44 ─ Жарайды сырға елтуің, күйге елтуің, Бақытын түсінетін үйде тудың. Мен үшін келер-кетер айыбы жоқ, Еркіңе көніп ерке үйретудің. Мұңсыз ғой адам сəби шақта ғана, Қуанған шыбық мініп шапқанға да. Ұқ балам болған бір кез əкең сенің, Бақытын тағдыр теуіп шаққан бала. Кем болып қай нұсқамнан кетік табам, Жатпай ма қызықтарың жетіп маған. Бірің нұр, бірің гүл боп маңдайдағы, Шалқытып шаттығымды кетіп барам. Құшайын еркелеші кел күнішім, Ерігіш саған неге менің ішім. Себебі сен керексің, сен керексің, Қалатын менің мұрат белгім үшін. Бір күнде ой толғағын он туғызған, Өзіңсің сезімді жыр оты қызған. Алғашқы жеткен аппақ бір тілегім, Партаңа жетелеп кеп отырғызғам. Күзетке кірпігімнің тастап талын, Сүйетін табаныңның басқан табын. Тым озып шықпасамда қыр басына, Мен əйтеуір саған үлкен бас қалқамын. О, балам қатқан күні бұғанаңның, Ұғасың ой мен қырын бұл ғаламның. Басыма баянды деп жүрме алданып, Маңдайдың тер шықпаған бұла бағын. Шағыңда кейде ентікпей бел аса алған, Дей көрме бəйгеде озып келе салған. Бұл өмір өз əкеңдей жұмсақта емес, Жүрегін үзіп алып бере салған.
─ 45 ─ Жүрегі мүлдем сені ала көрмес, Өмір ол елжіреген анаң емес. Шикіні қайта соққан сан балғалап, Бар онда талай тартыс, талай егес. Құшып сен таң арайын туғаныңмен, Болмайды тірлік тойдай думанды үнем. Жіберме жығылғанда ат шылбырын, Айырылсаң жеткізбейді қуғаныңмен. Тастама жерде қолау тай тиетін, Өнер бар ондада ерте, жəй түйетін. Күдірде өтер жазық жол қадірі, Өмір тез қисайғанды қайта иетін. Күйдіріп ыстығы бар қаталатқан, Тоңдырып бұрқасынды жатады ақпан. Білесің махаббат пен кекті айырып, Бетіңе тиген қатты шапалақтан. Бұл өмір тар жілікті жоталы дар, Аямай өз ырысын қатарылған. Жанады еңбегімен ер маңдайы, Жөн балам жорта жүріп жол таныған. Қарайсың қабақ түйсем қалам ұстап, Көкейге түйдің сонда нені аңыстап. Өңдерсің мүмкін қалған шимайымды, Жаныңнан кетсем бір күн мен алыстап. Мына өмір гүл ғой кəрі жасқа дағы, Көрген жоқ қабағыңнан жасқап əлі. Аз ойнап көптерді ойла алыс сапар, Алғашқы адымнан-ақ басталады. Жұлып ап қуатымен құзды үйірген, Серігің өнер-білім үздік үйрен. Көтеріп көп жаңалық дүниеге, Ғалымда шыға келсін біздің үйден.
─ 46 ─ Ұқ балам өздеріңе жан сырым бұл, Кешкенді намыс көрем масыл ғұмыр. Жортқанда жолсыз жерде жоқ қуалап, Алысқа сапарыңның басында үңіл. Айтсамда саған шешіп ненің мəнін, Бейнет пен рақатты тең ұғамын. Сыр қылып шертіп тұрған жыр маржанын, Кешірген тірлігімнен теріп алам.
─ 47 ─ ТУҒАН ДАЛА Шомылып шуағыңа бала күнім, Көркіңнен ой-санама қаланды ұғым. Еліктеп тасып аққан өзеніңе, Сезімнің сенен алдым бал ағынын. Қызықты өзіңде өтті көкөрім шақ, Көкірек алқабыңнан кең өріс ап. Ойларым орманыңдай желі тартқан, Бұршағы қозы толған көген құсап. Дос тауып құшағыңда ұл-қызыңнан, Ентелеп бір құзыңа бір құзыңнан. Жанымды жасқатырмай желпіндірген, Түспеген сезімім жүр бір қызудан. Тербетіп қысың дарқан, жазың дарқан, Шаттықты жүрегіме жазып əр таң. Шабыттың бұлтын жиған көңілге əкеп, Тұратын ерке желің азынап паң. Сейілдеп қыраттарда гүл ашылған, Биікке құстарыңдай құлаш ұрғам. Жүргендей тобылғылы төстеріңде, Тауына үмітіңнің тұра шығам. Жүрсемде қай қиырда қай себеппен, Табаным тиянақ сен тайса беттен. Отыңа, суыңада төзімді етіп, Өзіңсің қажырлы да, қайсар еткен. Өзіңде аға-бауыр туыс анық, Көзінің қарайтындар нұрын салып. Жыр жазсам арман барма туған дала, Өзіңдей ұлан қайыр тыныс алып.
─ 48 ─ БАЙТАҚ ІЛЕМ Бай Ілем, байтақ Ілем, көркем Ілем, Далаң гүл, көгің нұрмен көмкерілген. Көтеріп түтініңді тұр биікке, Жаңа өмір өркенімен, өр тебінмен. Шықсамда көктің жеті қабатына, Сенбеймін сендей мекен табатынға. Керемет қасиет бар құт шаңырақ, Жайылған керегеңнің қанатында. Мал сіреп, дəн құйылған, шалқар Ілем, Баянды маңдайыңда бақ бар, Ілем. Қиялым сенен ұшқан қанат қағып, Тілесем келер нұрлы шақтарыңмен. Бай Ілем, байтақ Ілем, көркем Ілем, Төсің гүл, көгің нұрмен көмкерілген. Өміршең нөсерлеген жыр туады, Сендегі дарқан тірлік көктемінен. ОСЫ АҒАНЫҢ Беті əжім, шашы бурыл тартсадағы, Жанының екпін əлі пəк самалы. Бөлеген ықыласына қауым елдің, Көтеріп талай жаңа бастаманы. Сезімтал жұмыста да, тұрмыста да, Саралап береді іске дұрыс баға. Құдды бір аумайды қарт бағбанымнан, Келгенде бұтап тастар мінді ұстауға. Зауқы жоқ жалған атақ парасатпен, Тұрмысы қарапайым санатта өткен. Ел оның ұғып асыл қасиетін, Жанашыр жақынына санап кеткен.
─ 49 ─ Жоқ онда аптықпалық, өр кеуделік, Отырған өнерімен төрге келіп. Секілді кеудесі оның сыр қайнары, Қаласың кеңескенде бір демеліп. Аласың талай тəлім осы ағадан, Ойыңды толықтырып босаң қалған. Халықтың қасиеттелген ұлы болып, Жоқ бізде сол ағадай болсақ арман. БІР ІНІГЕ Жоқтарды айтып ойдағы, қиялдағы, Болмақсың ба осы елдің биі алдағы. Қайнауы əлі қанбаған дүмбілезім, Жаныңдағы білмейсің құяңды əлі. Түсінеді бетінің ары қалың, Қандай жерде жанының арығанын. Түсінеді тұрмысқа жанасуды, Тыңдап мұнда өмірдің əн ырғағын. Жандар үшін сырыңды аз ұғатын, Санайсың-ау кеудеңді нағыз алтын. Шындық деген бір тез бар шырқыратып, Екі көзден сораңды ағызатын.
ЖАҚСЫЛАР-АЙ, ЖАҚСЫЛАР Жүректен жайлау алған, қыстау алған, Жақсылар ес қой қайбір тұста маған. Бой алған адамдығы ар-ұятпен, Кір қолмен ақ намысты ұстамаған. Қуантса көп қиындық шегіп елді, Өзіне оны ең үлкен шен біледі.
─ 50 ─ Сергітеді жан тартып, жақын көріп, Көңілінде мұң жүрген шерлілерді. Жүрегінің түбінде тұныған əн, Жүрген жері береке ұлы ғалам. Жанарынан жарқырап жарық түскен, Жақсыларсыз өмірдің күні қараң. Сендерде ғой ақ жаңбыр себелеген, Тым алысқа құлашты сермеу деген. Бірге жүрген адамда арман барма, Жақсылар-ай, жақсылар сендерменен. ОЗА БЕР Ағайын бар, қимасым, досым да бар, Мал мен басты əншейін қосып алар. Не сүрініп, не түсіп екпетімнен, Жетсе қайттің сұп-суық осы қабар. «Қайран қазез» деп кімің «құламасын», Кімің келіп тез көміп қуанасың. Қаспен достың танылар майданы сол, Жəй күнде айтар іштегі кім аласын. Салмасада көлгірсіп көзге бүлік, Ту сыртыңнан алатын көздеп ұрып. Адамдар бар бағатын ауа райын, Хамелеон секілді өзгеріліп. Жүрсе иығың онан сəл көтеріліп, Көрсеткен боп бержағын өте егіліп. Көз алдыңнан бір адым өте бере, Көрсетеді əлгіден бөтен қылық. Жүрмеген соң жолда үнем тегістен, Бір мін шықса бойыңнан келіспеген.
─ 51 ─ Жүргізгісі келеді тұлпарыңды, Ер мойнына кететін еңіспенен. Жазалайды жазықсыз киіп кетіп, Жүрсе жаның ұнайды күйікте өтіп. Оза бер дос несі тұр əлің жетсе, Таласатын себеп жоқ биікке түк. БОЛАДЫ ЕКЕН Сөкпе қалқам жылағанды күрсініп, Тұрса біреу көңілінен гүл сынып. Жырғаудыңда түбінде бір жылауы, Болады екен, көн күлкіде бір сұмдық. Тату өтті деме ана жыл, ана айым, Болады екен ұмытатын ағайын. Болады екен булығар күн ызаға, Өз балаңда ұқпай жүрек алауын. Өңі түзу шапан кисең бүтіндеп, Ұрлап алар жуып жайсаң бір түн кеп. Болады екен сырты жылтыр көршіңде, Бірақ іші жататұғын түтін боп. Сыр шертісіп жүрген тəтті тіл қатып, Жылағанда көзден жасты құрғатып. Болады екен сол доста да қызғаныш, Шыға келсең онан біттей қырға артық. Болса алдыңда азда болса айыбың, Кешіреді қай қарындас, қай інің. Біттей таспа бермейтұғын сараң бар, Бір оқыстан үзілгенде айылың. Сұмдықтар көп қай біреуін санайын, Бəрін сақтап келді көңіл сарайым.
─ 52 ─ Өтіп жатса сол ағаттық менен де, Кек сақтама кешіре сал, ағайын. ҚАРАСАМ Қарасам жеткіншекке артымдағы, Кетемін ой-қиялға əр туралы. Сөзінен жалғыз ауыз аға деген, Арқама нар жүгі кеп артылады. Қарасам ол талпынған биіктерге, Мен əлі не бердім деп сүйікті елге. Жасып та, жалындап та ұшып тұрам, Жуып ап маңдайымды суық терге. Қарасам солардың шат еркелігін, Еске кеп тал шыбықтай ертегі күн. Заманның алып тұлға домбырасын, Қолға алып қосылып ап шертем бүгін. Қарасам ғылым құмар əуестігін, Көремін көркем дала тау кескінін. Тап солар дəл иесі кереметтің, Келмейді оған қия дауды естігем. Қарасам ағалыққа ауысқаным, Абайлап енді өмірмен танысқаным. Қарамай соңғылырға түймейді адам, Қаншасын өз жасының тауысқанын. Қарасам бір жыл туып бірге өскенді, Қадірін боларма екен білмеске енді. Алысып, аударысып айғайласып, Жарысып келеді асқым бір бес белді. Қарасам солармен бір тұрмыс тұрғым, Айтуға батам дұрыс, бұрыстығын,
─ 53 ─ Қалжыңмен шоқ жіберіп арасына, Келеді жарыменен ұрыстырғым. Қарасам солар сыйлас игілерім, Бармақтай суретінде үйге ілемін. Ақтарып арман, тілек, үмітімді, Шертемін көңілімнің күй лебін. Қарасам кірпігіме кір ілмеген, Қуанды ел туылды деп бір ұл менен. Сол елге жеміс берер шағымыз бұл, Қылыштай қия шапқан дірілдеген. Қарасам алдыңғы аға буындарға, Жүгірем биік ұстап туын алға. Тамбаса солардың пəк қан мен тері, Бақыты маңдайымның туындарма. Қарасам беттегі əжім шəш аппағын, Келеді қолқанат боп шаршатпағым. Басынан қанша шілде шыжып өтіп, Кешеді ол долы қыстың қанша ақпанын. Қолтығын жүгіретін созып атың, Құрбылар дəл осы бір кезің алтын. Сынаптай сырғып жатқан уақыттың, Сырын біл өзімізді тоздыратын. ҰЛАР Түспесе де өрнек боп оюларым, Төзбейді оны сызбай қоюға арым. Өз тауымның бетінде өрбіп өскен, Бар менің де үйірлі ой ұларым. Бағуға оны қаншама тер төгілсін, Жаным сүйген өзімнің ерке құсым.
─ 54 ─ Мені жоқтап сол ғана шақырады, Ескерткіш боп басыма ертең үшін. Келемін келтіре алмай бабында тым, Болмаған соң мəуелі бағым алтын. Жаным ұя балапан ойларыма, Ұшыратын үмітпен бағып артын. Кірпігіммен сыпырып кірлесе мен, Арман атты келемін бір көшемен. Күлімсіреп кетер ем көз жұмғанда, Сүйегімді ұстаса бірнеше өлең. ҰШҚЫН ОЙЛАР Дейтұғын бəріне еркін жаям құшақ, Аршыған жауқазындай аяулы шақ. Кетіпті-ау бұлықсыған бала күнім, Бір көрген тəтті түсте аян құсап. Секілді ұшып жүрген бақ құсы өзім, Қаймағын бұзбай ыңғай тəтті сезім. Бəтестей көтермейтін кіршең көңіл, Бір ауыз ата-ананың қатты сөзін. Кешпеген ыстық-суық онда бастан, Бел барын бел артында ойнап асқан. Білмеген қалатынын уыз жүрек, Таңбасы өкініштің ойға басқан. Талай түн ақсүйекке топтасқанда, Жұлдыздар жаны неге, өшті аспанда. Түймегем, мүмкін соған кеткен шығар, Өкпелеп бала күнім қоштасқанда. Бір гүлі көк жотаның құлын сауыр, Жаныма сезіледі жұлынса ауыр.
─ 55 ─ Гүлдердей толықсыған бала күнің, Көп екен бітіретін жұмысы ауыр. *** Уақыт емес бөгеп қойған ағын, Сен оған жомарт болма, қой қарағым. Заңынан айыпталып қалмау үшін, Жөн ертең кім болуды ойлағаның. Бұл сырды əкең тегін қозғамады, Əр тұстың бұзатын бар өз қамалы. Саған тəн мынау сырлы дүниенің, Көрмеген біз қиялдап өзге амалы. Ал бізден көк өрім шақ шалғай қалып, Барамыз ақ самайлы шалға айналып. Мақтанар ерлігіміз саған əкеп, Арманды көкейтесті жалғай алдық. Мейлі жер деп түсін, көк деп түсін, Өмірдің көрген əкең көп тепкісін. Бақыттың мен жетпеген кемдері үшін, Қақ жарып маңдайымды көктеп тұрсың. Алаулап бала күнгі əр таңғы леп, Жүрмейді адам үшін қайта бір кеп. Бір ауыр аманатты мойныңдағы, Əкелер үмітінің арқаны деп. ***
Оқып ап тарих деген қартымыздан, Біз кешкен күнді ұғарсың артымыздан. Күндер болған жалмауыз күндер болған, Құртатындай түк қоймай тарпымыздан.
─ 56 ─ Түзген соған жоталы, қабырғалы, Қазақ деген қайсар жан халық əлі. Атан серке іліп ап ат үстінен, Тартысатын қасиет қаныңдағы. Талай өліп тірілдік біз қырқыстан, Аман болсын бағыңның гүлі сұқтан. Əрең көрген өмірдің көктемі бұл, Керек оның қадірін дұрыс ұққан. Қанықтырып салды өмір жолға бізді, Бақытың сол басыңа қонған ізгі. Қалай-қалай өтерсің ойлан қарғам, Бізден қалған мойныңда мол қарызды. Таяқ кем бе? Біз жеген күйік кем бе? Бой таласар кез мынау биікпенде. Аласадан көтерген тауда шыңын, Жыр сауытын шығайын киіп мен де. БІР ОЙЫМ БАР Бір ойым бар бұл өмірден түсінген, Өш боп жүріп, дос боп жүріп кісімен. Ең қымбатты таза жаны адамның, Ал қалғаны бір үйінді ішіп-жем. Тіршілік бір əңгіме ғой шұбаған, Соған бола бай болуда шын арман. Қолда байлық болмаған соң том-том боп, Үйде жатыр менің жазған шығармам. Таусылмайды сасқалақтап сабырым, Өз өмірім қарағанға сəл қырын. Оның түкке жарамайтын жері бар, Байлық қана шешпейді адам тағдырын.
─ 57 ─ Өмірге айтпан, жүрмейді өкпем-базынам, Табам бəрін көңілімнің жазынан. Жаңғыртады жартас болып жанымды, Артта қалған рухани қазынам. ƏКЕМ Мен осал деп айта алмаймын əкемді, Мына жарық дүниеге əкелді. Жанын жалғап мен жүргенде артында, Деп айтады кімдер оның аты өлді. Əкем менің асуы көп асқар бел, Əкең кім деп тектейді амандасқан ел. Елестейді қарағайлар өзі боп, Сондай ыстық əкем аяқ басқан жер. Əкем дастан жаным сонан жаралған, Мен деп кетті кеудесінде жан арман. Əттең бірге жүре алмады бізбенен, Мына өмірдің құшағында жаңарған. Ақыл болып əкем берген тағылым, Қойнауында келем өрлеп тауының. Бала бағып көрген күні бейнетін, Өз əкемді сонда бірақ таныдым. ҚОЛТЫҚТЫ ЖАЗ (Балаларға тілек) Жатқан сырлар жұлдызда, айда бұғып, Тіл қатпайды жатқанға жай қамын қып. Түйіліп кеп қырандай шырқамасаң, Шауып жетер жерде емес тайға мініп.
─ 58 ─ Қалды атадан балаға неміз қойма, Бас қатырып кел қалқам негізгі ойға. Ғылым-өнер кем елде қай-қашанда, Тоғырпаған көк бойға, теңіз бойға. Емес мынау ауыл үй дау салған күн, Түсін жаңа ғасырдың дəу салмағын. Құстай ұшып жетесің көкіректе, Аласұрып осыған ауса арманың. Ұшқыр жылдар бір бірін қуа келді, Алтын кілтін қолыңа ал бұрап енді. Көкейге алып, көз тігіп қолтықты жаз, Бəсекемен жарысқан мына əлемді. СОРДАН КЕЙІН Жүрмейді сордан бөлек сыңар бақыт, Құдайдан оны тілеп сұрауда артық. Жеткенше күн шуақты күнгейіңе, Талай күн бастан өтер тұманданып. Саған тəн табандасаң күштің бəрі, Жеткен жоқ жеңіске оңай ешкімде əлі. Бермейсің қиынға ырық жанған күні, Жүректің жалын қаулап ұшқындары. Қыйынға сал өзіңді қолқанат қып, Жүрмесін жоқтан өзге қорғалатып. Ордадай ірге көмген орнығады, Басыңа сордан кейін қонған бақыт. ЖЕТЕДІ Аяғына қан түссе жері ұзақтың, Ұшқыр сенің бəйге алған өз уақытың.
─ 59 ─ Шауып келіп соңында бір өтеміз, «Тарих» деген сынынан зейіл қарттың. Жазалайды кімді асып дарасында, Жүрмейді оған даурыққан таласыңда. Қалады екен бетінде жазылып кім, Əділ сарап табады бəрі осында. Айтылады артыңнан əлі анығы, Біз жасаған тұстыңда бар алыбы. Бəрімізге жетеді таласпай-ақ, Ұлан ғайыр жер-көктің аралығы. КЕШІРМЕЙДІ Бала күннен талпынған қиялға алып, Барады əттең жетпей құз-қиам қалып. Ашық күнде адасып жүргенімді, Кешірмейді ұшырған ұям қалық. Сыйы да алтын, өмірдің сыны да алтын, Сүйеді оны жүрегі сырды ұғатын. Қашып келем желғабыз атақтардан, Еттен өтіп сүйекті сындыратын. Қуандырсаң айтылар сонда мұңым, Қарап өттім қамаған сорға қырын. Толғағы ащы өлеңдер төл белгісі, Неше толып неше рет солғанымның. ТҮҢІЛЕМ Даңғарадай құр кеуде даңғырлаған, Жүрегінен от өшіп қан құрғаған. Адамдар бар өзге екен өз тағдырын, Өткізуді адамша қам қылмаған.
─ 60 ─ Ақ сəулесін өшіріп оң жағылған, Соңында өзін əр неге олжа қылған. Біреулерден көргенде сорақылық, Түңілердей боламын өз жанымнан. Қысы бірге біз көрген көктем бірге, Сыймаған соң амал не тікті өмірге. Із қалмас-ау солардан емге іздесең, Келгенінде бұл жерден кеткенінде. Шықпас жанға көңілдің қалауынан, Жыр шығады кезде өстіп жан ауырған. Туады екен кешірген тіршілігің, Қандай көзбен өмірге қарауыңнан. АҒАЙЫН Жаға алмадым апыр-ай ағайынға, Менің жаным соншалық анайы ма. Не болмаса ағайын түсінбей ме, Жүректегі адамдық арайыма. Тірі күнде жауласып шыдасада, Мақтайды кеп бойдан жан шыға сала. Сыйласпаса тіріде ағайынның, Шын досыңдай қиылып жыласама. Үлкендер бар кейде кеп ағасыған, Ерімеген жүрек тас тап осыған. Сол ағалар емеспе тілейтұғын, Дұшпандардың сақта деп табасынан. Менің басым өсекке ерте ілінер, Түсінбесем жаныңды ерке інілер. Мен сендерді қимаймын жаман деуге, Маған қалай қарауды еркің білер.
─ 61 ─ Назымды айтсам ойлама қысқа оныда, Таласқам жоқ жазда атың, қыс тоныңа. Қатарынан соның да қаған бар-ау, Көктемдегі қарасаң құс тобынан. Алыс жүрсең отырған тауы да ыстық, Ағайынмен біз талай сағыныстық. Жақын жүрсең тістесіп қадірің жоқ, Құм болады жігерің тағыда өстіп. БҰЛТТАНАМЫН Тоғысатын əр тілек, əр арманы, Киімі ұқсас бір тойға барардағы. Айналмада бір досым аяқтан ап, Адал жүрген жанымды арандады. Не ғажайып тұр мұнда таңырқайтын, Тартып қойған дос қайда қалыпқа айқын. Шығады екен достан қас, қасыңнан дос, Аңқылдаған ақ жаным əлі ұқпайтын. Жығады екен сыртымнан ұрып қандай, Болған құрсын осындай қылықтан бай. Кей ісіңнен адамдар қорқамын мен, Барама деп шын достан ұрық қалмай. Сырыңды айтсаң кей досқа өте егіліп, Деп сезеді соныңды бөтен қылық. Үзеңгісін ұмытып кетеді екен, Атқа мініп алған соң көтеріліп. Айналып кеп обатын оралғыға, Досың екен қасты үйтіп обал қылма! Көзге күліп тұрғанмен көмескіде, Сумаң қағып жүрме дос өр алдында.
─ 62 ─ Аттап-бұттап досыңның құт табағын, Қазанына түкірме ұрттап ағын. Көріп тұрып жиреніп осыныңды, Жəй ататын аспандай бұлттанамын. ҚАЙДА? Кезіккенде төгіліп, Айтылатын сыр қайда? Төкпе шабыт тебініп, Жазылатын жыр қайда? Табыстарды айтатын, Мақтан сүйер сөз қайда? Қараса ыстық тартатын, Күлімдеген көз қайда? Лап-лап етіп жанатын, Оты қайда жүректің? Жаңбыр болып жауатын, Сезімдегі жылы екпін. Қайрат қайда қаулаған, Тау көтеріп тас жарған. Шөлім қайда қанбаған, Жұтсам тұнық бастаудан. Көңіл қайда көктемдей, Маужыраған шуақты. Жақында емес өткен кей, Алыс кеткен сияқты.
─ 63 ─ ОТАН ТАҢЫ Өшіріп борап тұрған оқтар үнін, Сəулесі шашылғанда ақ таңының. Əнімен бейбіт күннің ояндым да, Азамат болар антпен атқа міндім. Бестідей белім онда бекімеген, Құлындай шаптым ерке өр тілеген. Жанымның өзіңе арнар асылы боп, Кеудемде жанып тұрды от бір өлең. Ақталып армандарым тілектерім, Болған соң жас жаныма тірек менің. Аяулы арайлы таң өзіңе арнап, Жайылған таза ұстадым жүрек төрін. Əпердің шексіз бақыт шекті өмірден, Есімде уылжыған көктем бірден. Нəр алып ыстық-дарқан құшағыңнан, Шешектеп қыр гүліндей көктедім мен. Анасы бақытымның, мақтанымның, Мен сенің алақанда баққан да ұлың. Нұрыңмен суарылған қаламымды ап, Шалқып бір шат көңілден ақтарылдым.
─ 64 ─ ТУҒАН ЖЕР Еркелеймін бауырыңда ботамын, Сенде тасып, сенде толқын атамын. Құшағыңда айдын көлмін, теңізбін, Құшағыңда асқар таумын, жотамын. Бөлінбеген өзіңде еншім, табысым, Ұланыңмын жалын жүрек тау мүсін. Тағдырым бір, тынысым бір өзіңмен, Өзің үшін жоқтаған кек-намысым. Керек емес маған бөтен тоты бақ, Керек маған сендегі алтын топырақ. Керек маған тебіреніп жазған жыр, Өзіміздің өзен-көлдей толқып ап. Сол үшінде сапардамын, шептемін, Сені уақыт қолдан бермен теп-тегін. Бабаларым қиялдаған арманға, Менің қолым білем қалай жеткенін. Сүйем ерке бұлақ үнін, жел үнін, Қасиетін сақтап туған жерімнің. Нар түйедей көтеремін бəрінде, Ауырыңды арт, берме жүктің жеңілін. ТҮСІН, ҚАЛҚАМ Түсін, қалқам, əуелі нан үшін біз, Күрескеміз қысқанда намысымыз. Қонған сөйтіп қан-термен маңдайға кеп, Біздің бақыт өзіңе таныс жұлдыз. Жақсылығын жоқ тəңір жолықтырған, Алдық қолмен қорғанды соғып тыңнан.
─ 65 ─ Ар-намыстың қайнасқан түйілісі, Кеудемізде қан жүрек соғып тұрған. Кеудемізде қан жүрек соғып тұрған, Алғыс-қарғыс егізін сол ұқтырған. Еркіндікпен, теңдікпен жайнатқамыз, Талай-талай жанарды сөніп тұрған. Туған сүйтіп бұл көктем шұғыласы, Қайнары ол қуаныштың жырдың басы. Береке бірлігімен біздің өмір, Биіктеп бүгінгідей шыңға ұласты. ЖАРҚЫРАЙДЫ Біз жетеміз тамаша келесі күн, Бəрі осы сөз екі адам кеңесінің. Қай қырда айқара өзі ашып тұр, Алты қанат ақ орда бізге есігін. Ентелеген біз деген бəйге ілегі, Құр өтпейді төлдемей ай-күн енді. Қоңыраулы біздің көш қоныс тапқан, Жер бетіне жеңіс боп əйгіленді. Орман болды шыбықтар қадаған тік, Ендігі құт шалқиды онан да артық. Түлежіген тіршілік салтанаты, Жігер отын тамызды алаулатып. Қоймасын ашты ақылдың, парасаттың, Қанат ол арман тауын ары асатын. Желпініп тың шабытпен меніңдағы, Өміршең өлең жазып алар сəтім. Сараптап сан асуды, кешулерді, Ұлы өмір жаратты көп шешімдерді.
─ 66 ─ Жолдардың қиын-қия бəрін басып, Тартады біздің қуат-күш ілгері. Жолыңа өмір күші үңіліп мың, Миллиондар жүрегінің үнін ұқтым. Аймалап ақ сəулесі маңдайымнан, Жұлдызы жарқырайды ұлы үміттің. ЖЕТЕР НЕ Тоқта, достар, асықпаңдар, қызбаңдар, Осындайдан дей салады бізді аңғал. Жетті бəрін қағатұғын уақыт, Сылтың тауып берекені бұзбаңдар. Бірлігі жоқ бордай тозып шашылған, Ащы сабақ көп бастағы шашыңнан. Берекемен көтеріліп шаңырақ, Берекемен уық мықты шаншылған. Десең биік мұратыма жетем бе, Өзіңді өзің алға қарай жетеле. Тіршілікте адам үшін ойласаң, Бейбіт өмір берекеге жетер не. ҚАЙДА Білім қайда жел көрік ауыздама, Əмəлйəт жеңеді дау қызғанда. Нағыз білім қонады бейнеттеніп, Маңдайынан судай тер ағызғанда. Туған елге бердік біз не жаратып, Осы уайым жүр менде белге батып. Қарыздармын осы елге өлгенімше, Тасымды өрге шығарған домалатып.
─ 67 ─ Жүріп келем бірде шат, бірде мұңлы, Бір артыққа долай қып бір кемімді. Нағыз білім намыс пен үйренуде, Мəйек етпен мардымсыз білгенімді. Білім қайда ол сасық кеудеде ме, Түсінбейтін өмірді кең көлемде. Білім тынбай ұғуда, мың білімсіз, Білімдінің біріне тең келе ме. БІР СӨНЕДІ Ақ ісін бір момынның арамдасаң, Қалады не қасиет адамда сəн. Алып күш адамшылық бойымдағы, Кетесің бəрін жеңіп алауласаң. Баққандар шықса мені, кірсе мені, Ақау сап аққа қайтіп кір себеді. «Құйрығы арамзаның бір ақ тұтам», Оты оның ерте ме кеш бір сөнеді. АЙНА Болардай көкке қожа қонып айға, Соқпайды аласа ұрған көңіл қайда. Бірақ сол жаға-жеңді түзеу үшін, Басыңнан өтіп жатқан өмір айна. Өтеді қос өкпеден кейде үскірік, Болама тұрған жерің тегіс биік. Айнадан өзін анық көрген кісі, Жүреме бас киімін теріс киіп.
─ 68 ─ ДОСТАР Қай-қашан кісі күні кісіменен, Оны анық жүрегіммен түсінем мен. Достарсыз жоқ ешқандай тиянағым, Құлынмын үйір тайға кісінеген. Көрмеген жарқаш шығып дауысым дағы, Өмірдің жолыққанда дəу сынағы. Таусылса менің егер жүрек қаным, Тек адал достарға арнап таусылады. Бағынам үнем осы танымға ұйып, Достардың болсын шыққан тауы биік. Дұшпаным болып сонда аяқ асты, Қаламын көтеріліп тағы да иық. Достардан келген хат пен хабар қандай, Көңілге алтын сарай қаланғандай. Өмірде өзіме адал достар үшін, Жүк тартам қабырғалы қара нардай. ЖЫЛАУ Өтіп жатса жыл артынан жыл ауып, Баяны жоқ мезгіл-ай деп жыладық. Дəт шыдай ма сыңар қалса ғашықтар, Қызықтары жетпей жалғыз жылға анық. Қапылыста батыр өлген молаға, Есіл-ай деп жыламасқа бола ма. Егілемін еске түссе ерке күн, Еске түссе мейірімі мол ана. Айту керек жасырмай-ақ қой шынды, Бола алмайды өмір мейрам той сынды. Жылағанда аяп кетіп жылаймын, Түсінген соң арманшылды, ойшылды.
─ 69 ─ Десе мені бір алкеуде басынам, Жаным қатты туған жердің тасынан. Жылағанда дос алдында жылаппын, Садаға кет жауым көздің жасынан. Ұқпайтындар жылаудың не екенін, Жатқа сатқан елін, ата мекенін. Жылау деген тентек өзен сияқты, Түсіне алад жан сезімі екенін. ӨШПЕС ЖАЛЫН Мен жаратқан болмасада көп үлгі, Өтсін өмір мағыналы, көңілді. Ең тамаша көңілділік мен үшін, Туған елге берсем көңіл көгімді. Өз үмітін артса туған ел сеніп, Алыс жолға шыққан досқа мен серік. Керегі не арамтамақ адамның, Азаматша іс қылмаған белсеніп. Арман қуып ақтық демі үзілген, Бақыт таптық даналардың ізінен. Мына заман талабының өзімде, Оны толық болды десем жүзі кем. Деме бірақ алған беттен жаңылар, Кім болуды намыс қуған жан ұғар. Өмір үшін аласұрған кеудемде, Өшпейтұғын керемет бір жалын бар. Өшпес жалын өміріме махабат, Теңіз кешіп, таудан асам қат-қабат. Өз өмірім, өз заманым тербетіп, Қиынға сал ауырыңды арқалат.
─ 70 ─ АЛДЫНДА Ұстазбын ба? Жоқпын ба куəсіңдер, Қисаймайды адал іс тура сынар. Кешірмеңдер адамдық ардың жолын, Бере алмасам көрсетіп турасын дəл. Үздік болсаң өздерің кең өрісім, Жалқау болсаң жаныма келер қысым. Бір күн тыным таппайтын саятшымын, Ұшырам деп биікке өнер құсын. Табам шексіз рақат, аса мақтан, Тақта алдында бор жұтқан əр сағаттан. Қонса ойыңа сабағым қуанамын, Өзен боп шөл даланы аңсап аққан. Орынымды тарих қашан төменсіген, Мен осы бақыт таптым төл еншімнен. Оқушым жараса елдің керегіне, Тең болып көтерілем төбем шыңмен. Міндеттің мойнымда ауыр бұлағы бар, Жанымды зерделі қыз, ұл ұғынар. Соларға секілденіп саялы бақ, Тілеймін болса екен деп ғылым құмар. АҚ ТІЛЕК Ақылға аял беріп бақсам тағы, Өмірдің кепті кейде жақсы атағы. Бірақта алыста екен мен жететін, Алдыма қойған арман мақсат əлі. Адам боп осы өмірге жаралғалы, Жақсы мен көрдім талай жамандарды. Көкейге соның бəрін түйіп алып, Өзендей таси бердім жаңа арналы.
─ 71 ─ Санайтын ірі емеспін бармағыңмен, Қымбатпын еңбегіммен, арманыммен. Асығыс арман қуған жанды көрсем, Болайын басып шығар балдағың мен. Жетпейсің көңіл күймен майда қоңыр, Арпалыс арман жолы майдан ол бір. Арманшыл адам үшін артық бермей, Қор болған армансызға қайран өмір. Антым не, арманым не қуалаған, Жүргенім жанымды жеп куə маған. Ақ тілек адал ойым жетелеген, Өткізді талай-талай құламадан. САҚТАЙ КӨР Алысып құлын-тайдай қасыныстық, Тоғысқан жанымыз бар басында үстіп. Баяғы үйлеріміз отыратын, Қоныстың тұрады əлі тасы да ыстық. Көргенде өзім деген ел жүрегін, Мен байқұс онан арман елжіредім. Тұлға боп түк тындырып бермесемде, Достардың қамын ыңғай жеп жүремін. Ал біреу жыртық іздеп бүтінімнен, Қорқады түзу ұшқан түтінімнен. Тұрлаусыз досты көрдім қызғанатын, Қысқасы тəтті ұйықтаған бір түніңнен. Мейілі мықтыныңда, осалыңда, Өзіндік есесі бар қосар мұнда. Өтейін ақ сəуле арнап жүрегімнен, Сақтай көр қаскүнемнен дос алдында.
─ 72 ─ АДАМ ОСЫ Аюлар апанында ақырса да, Не қылмақ бар адамға ақыл-сана. Тігісі адалдықтың сөгілмеген, Оқ болып арамзалар атылса да. Қай күні бас жарылып көз шықпады, Біреу өнсе, біреудің өшіп бағы. Көз алдымда қым-қуыт бұл дүние, Қонған жерден жатпай ма көшіп тағы. Жаным құмар мінезі мəндесіме, Айтылған сыр солармен қалды есіме. Қолға қонған алтынды құмдай шашқан, Не демекпін көкейі сəулесізге. Амал бар ма дес тиіп есе алғанда, Есті адамдай көрінді-ау есалаңда. Кейде қаңғып жүреді қайран бақыт, Табылмаған не маған, не саған да. Бір ғұмырда екі кеп екі өлмейтін, Адам осы аш-тоғын көтермейтін. Кей жаманды жан тартып жарылқасаң, Шыға келер көрсетіп бөтен кейпін. СЕНІМІМДІ Мұздағанда шытынап көңіл əйнек, Өкінемін шытырман өмір-ай деп. Жақсы ойдың жарқ етсе бір ұшқыны, Жат қиялды жеңеді омбылай кеп. Тұрмыс қалай кірбеңсіз жалғасады, Қуанудың бірыңғай барма сəні. Жалғыз күннің ішінде бір басыңнан, Ыстық-суық сан рет алмасады.
─ 73 ─ Алма кезек жүретін осы заңды, Боп отырмын білмейтін досқа ызалы. Айыққанша бейнетің құлан таза, Кейде рақат ұзақ жыл тосқызады. Адам көрсең үйренген өнері үстем, Өнегесін береді өрелі істен. Соның бəрін көз көріп тіршілікте, Шауып өтіп келемін өр еңістен. Өмір ыстық қойныңнан топтап үлгі, Жиып келем там-тұмдап жоқтарымды. Түкпірлесең жанымды білесің дос, Сенімімді асылдан соққанымды. ШЫНДЫҚ Жан тірегім болған соң асыл шындық, Ажарымнан көргем жоқ жасып-сынып. Білмек болсаң ішімде не жатқанын, Өз кілтімен көңілдің ашып сырды ұқ. Килігіп кеп қарныңның тоқ буында, Келгенді істеп ойыңа жоқты қума. Шындық қайық өтесің есіп жүріп, Тірлік, айдын тулаған толқынында. Жаның қалай жалғанға құмартады, Оңуымыз шын біздің бұл ортаны. Шұбатылған мойнында ер жігіттің, Шірімейді шындықтың қыл арқаны. Аңғарла дос мен анық сыйды ұғамын, Пиғылыңның жүрекпен сүйдім ағын. Жалғыз ауыз сөз батыр шынын айтқан, Мен өлердей шындыққа сыйынамын.
─ 74 ─ ОПЫҚ Əр жылдың, əр айлардың, əр аптаның, Болады оты басқа, қарақтарым. Тынымсыз уақыттың қаламымен, Жазады талай тарих парақтарын. О, жастық, екенсің ғой ет қызу күн, Білмеппін жөнін қалай өткізудің. Үнемдеу керек екен секундтарды, Басамын деген жанға от қып ізін. Не берді сонау күлкі ойын маған, Опық жеп ауық-ауық ойыма алам. Уақыт төркіні екен кім болудың, Бұл менің өмірдегі мойындамам. ЖАРАТСАҢ.... Деп жүріп қай кетікке қаланамын, Еркіме жыр жазуды қалап алдым. Сол себеп сүйем маңғаз қасиетін, Қажымай жүк көтерген қара нардың. Арқау қып туған елдің ақ тілегін, Қиялым көкке қанат қақты менің. Келемін суыт жүрген жолаушыдай, Жеткенде бірақ алам аттың ерін. Шабытым кең өрісте соныр қалар, Жылт етіп шырпы емеспін сөніп қалар. Шынықтым ыстық-суық бастан өтіп, Жырыма азық болған сол ықпал бар. Туған ел сезім етіп селіңді алып, Сетерлеп жырлай алсам сені қалық. Жаратсаң жалғыз шуақ жазғанымнан, Мен ақын ұл болғаным сенімі анық
─ 75 ─ АТА МЕКЕН Бəрінен артық көрем ата мекен, Сұқтан сау сақтаған ақ батаң ба екен? Сыймаған кей көңілге ерке басым, Жеріңе алақандай бата кетем. Ыстықсың анам құсап шағын аумақ, Бермеген егескенде жауына бақ. Тыңайып кете бердім шаршағанда, Торғындай топырағыңа аунап ап. Жоқ маған сенен көркем тұлға мүсін, Танығам өзіңде алғаш ұл намысын. Суынып көрген емес сері сезім, Сен ыстық құшағыңа ап тұрған үшін. Өзіңнен көктеп өнген түп сабағым, Сенде ашқам маңдайымның тұмса бағын. Білімге ұшан-теңіз қарық болам, Өмірдің сенен оқып тың сабағын. ОҚЫҒАНДА Ой толғап оқығанда «гүл сараны» , Жанымды тербетеді сыр самалы. Тұрады көңілімде көктеп үнем, Сол қайран гүл шынары сынсадағы. Алдымда «кешкен күндер» заңғарланып, Тұрғанда ұмытылар «зəузə»на қып. Жеп ащы ой толғағын жазды-ау шіркін, Қаламын шырқыраған зарға малып. Оқысам желпіндіріп, толғандырып, Аламын ой-сезімге шөл қандырып. Сыры боп бір дəуірдің төгіліп тұр, Басына қос арудың қонған бұлт .
─ 76 ─ КӨРШІЛЕР Тілейтін жатсам-тұрсам көпшіл едім, Мал-басын аман бол деп көршілердің. Алдына дастарқанмен қоса жайып, Құнарлы құт көңілдің кең сілемін. Көршің кеп сығаласа жабығыңнан, Мың артық қарсы шапқан жауың мұнан. Кейде дəм қосады екен жөнсізге ірге, Секілді онан басқа жан құрыған. Іргеңнен құйын соқса ақ шаңдатып, Жаман ат шығады екен аспанға тік. Осындай күйелі ағаш көршілерден, Бетіңнің арын сақтап қашқанда артық. Жолықсаң сыйламасқа кісі бетін, Көңілге болады екен кір сіңетін. Көтермей жаның қатты қиналады, Тартқандай уытты бір ісік дертін. Шашатын таңыңда арай, кешіңде арай, О, қайран сыйласымды көршілер-ай. Тілеулес өміріңе солармен бір, Қонбасын көк жайлауға көшің қалай. ҚЫЗАМЫН Жүйріктер шүйіншімін озғаныңа, Қызғаныш жаудай менің өз қаныма. Күш-қуат дүбірлетіп шапқандарың, Меніңде қолтығымды жазғаныма. Мінседе сан қиялға ойында адам, Өзінен жөн ғой зорды мойындаған. Шықпай ма олда биік бір кезеңге, Жүргенде бір шыбын жан бойында аман.
─ 77 ─ Айып не жарысқанда, сынасқанда, Ұялтар көзден көздің нұры асқанда. Балуанның бəйге алады күші асқаны, Үйіріп бірін-бірі бұрасқанда. Жүйріктер тоқым терін құрғатпаған, Жабыдан бір бөлек қой бұлғақтаған. Жүгіріңдер ентелесіп, екіленіп, Қызамын шаңдарыңа будақтаған. НЕ БЕТІММЕН Ойланам батам ыңғай толғанысқа, Ер салып қаракөк бір төл намысқа. Шаршаған шалдыққаным кірмейді еске, Түсіп ап жүргенімде қарманысқа. Басымда ойларым жүр менің төмен, Қарманып қам жасамай не бітірем. Еліме, жеріме арнап бергенімнің, Жеткізіп айта алмаймын кемін тілмен. Ұмытпан дəуір сырын, дəуір сынын, Жетілткен қанатымның қауырсынын. Келтіріп жүрем ыңғай көз алдыма, Бəріне төсі толған тау мүсінін. Жүргенді жек көремін тұйықталып, Ұшады қыран сезім биікке алып. Көтеріп ауыр-ауыр арман жүгін, Жүргенім жанға рақат иық талып. Тербетіп құшағында абат далам, Нық басам қадамымды əр аттаған. Сертіне жетеме деп таныс ел-жұрт, Келеді көз айырмай қарап маған.
─ 78 ─ Тұрғандай желік алып жел өтінен, Жүрегім сыртқа жалын тебетін ең. Ойпыр-ай ант деген анық ақтамасам, Қарайып тірі жүрем не бетіммен. МҰНАРА (Сабырбай Қауызбайұлына арнаймын) Көтерісер жүгімнің ауырларын, Бар ғой тағы ағалар, бауырларым. Ойламаппын апыр-ай қапияда, Иық сүйер өзіңдей тау құларын. Қайдан қашан келері көрінбеген, Осы екен ғой болжаусыз өлім деген. Қайтіп қиып барасың келмес жерге, Жүрегіміз бір еді бөлінбеген. Қандай қырсық білмедім оралғанын, Қалды-ау артта жетпекші мол арманың. Санаушы едің көзіңнің қарашығы, Бір тианақ жаныңа бола алмадым. Шығарамын көп жылап қай мағана, Сағыныш боп қал мəңгі қайран аға. Өзің болмай үйіңе барғанымда, Құлазырмын түскендей айдалаға. Дараланып құрбыңмен, құрдасыңнан, Көп өнеге көруші ем бір басыңнан. Көңіліме түскен бір шуақ едің, Күн нұрындай таңертең шыңға асылған. Кім түсінген өзіңдей ерте мені, Асып кетсем деуші едің еркеледі. Еске түссе ақ еділ ықыласың, От түскендей өзегім өртенеді.
─ 79 ─ Кеткенің бе бұл жерден құлап анық, Соғылғандай бір тасқа қыран ағып. Аяулы аға басына қабырыңның, Осы өлеңді орнаттым мұнара қып. ЕКЕУ АРА Жазбады деп маған арнап өлең бір, Ақ көңілің болып жүрме соған кір. Жазып-жазып бəрін жыртып тастадым, Сен туралы жазбау үшін жаман жыр. Жар жүрегін түсінуге ісімер, Жыр жазыпты ұлы ақын кісілер. Менің ішкі жанымдағы жазуды, Сенің адал жаның ғана түсінер. Жар сүйеді бəрі де ақыл, естінің, Соныменде қызық «фəнй» бес күнің. Жоқ сияқты өзім артық көрген соң, Бұл əлемде сенің гүлдей кескінің. Мұң жылатып, қуаныштар күлдіред, Сезім қиын сезімде ұлы құдірет. Жіпсіз байлап қойған екі жүректі, Махаббатқа мың мəртебе құрмет. Қанат қағып қатар ұшып түледік, Мен оныкі, бола білді ол мендік. Сондағы ыстық сезімдердің біз əлі, Тұнық қалпын ылайлатып көрмедік. Қадірлесе білмедік пе, білдік пе? Тағдырымыз секілді əйтеуір, бір нүкте. Осы үйдегі тіршіліктің қамытын, Екеу ара тырнаштадық бірлікте. Тірліктегі балдай қызық ермегім, Бала жанды мінезімді айт ел менің.
─ 80 ─ Солар жетіп танығанша жер бетін, Сəулем сенің ұшан-теңіз еңбегің. Ертеде ұққан жаныңды кеш жырладым, Олақтығым ол менің кешір, жаным. Екеу ара кезіккен бал мен уды, Тең татпаған жүректің несі жалын. ҚҰРБЫЛАР Құрбылар тату өскен қайдасыңдар, Іздесу адамдық бір майдан шығар. Тілеңдер түк бермей-ақ маған ақ жол, Түйетін соның үлкен пайдасы бар. Серіксіз таппас жүрек жай тынышын, Қияды суықтауға қайтіп ішің. Сендердей қымбатты жан қайда маған, Сарқып бір жан сырымды айту үшін. Ортақ боп қуанышым қайғыма да, Үрейлі сендер барда қай құлама. Көтерген төбесіне өздеріңдей, Туымды биіктеткен қай мұнара. Жүрмейді аты жығып кім арманда, Басыңнан адал құрбың күн ауғанда. Келетін мерекелеп адам аз ба? Жүрегің бағың жанып қуанғанда. Жүрседе шын жанашыр құрбы алыста, Мейірі ұқсап келер жылы ағысқа. Кезігу құрбылармен өзі бір той, Ғұмырдың жол бойында мынау қысқа.
─ 81 ─ МƏНСƏП ОЙЫ Меніңде жүгім емес алып көрген, Мүмкін ол бақыт шығар халық берген. Йəки борыш шығар мойныңдағы, Əрең бір ақталатын қанды термен. Талғайтын адамдардың нарқын ерен, Егізбе парасат пен ақыл менен. Ішіне ертоқымды аттар сыйып, Жүгімен талай-талай нар түнеген. Осындай маңғаздарға қонама екен, Қамы жоқ ел ісінен ала бөтен. Мəнсəптің қалады онда мəнінде не, Деп қонса қара басты адам екен. ҚОРҚАМЫН Мүмкін бұл бақытты өткен өз күнімнен, Ішінен талай елдің көзге ілінем. Тұрмыста жайбарақат жүрсемдағы, Қорқам мен уақыттың тездігінен. Жыр жазсам сия ішкізіп қаламға көк, Өзімше ой төтелеп салам өрнек. Бір бетті толтырғанша абыржимын, Жалғасын бітіре алмай қалам ба деп. Бұл менің арманым ғой мəйек болған, Күш кетпей қарманамын аяқ-қолдан. Алмасам арпалысып өз есемді, Мезгіл жоқ жан иесін аяп қалған. Өмірге неге салдым қолқамды мен, Қалмаса аяқ ізі қол табымен. Еңсемді ерлерше ұстап жүргеніммен, Мейірімсіз уақыттан қорқамын мен.
─ 82 ─ АСЫҒЫП Болдым ба бала күнгі ойлағандай, Ой! Арман жақын едік онда қандай. Бəріне ойдағының жетпесем де, Жетем деп шауып келем жолда қалмай. Таңдадым намысы бар адамдықты, Мен енді кім боламын онан мықты. Өмірдің өзім сүйген құшағында, Ылайық басыма бақ оралыпты. Орыны зор болмасада ұлықтығым, Жанымның мақтан қылдым тұнықтығын. Егіліп сырласа алдым, мұңдаса алдым, Жүректің түпте жатқан ұғып тілін. Кісіме қуанышқа мақтанбаған, Сыйлады талай шаттық ақ таң маған. Тер-тер боп жол үстінде кетіп барам, Асығып арман үшін ақталмаған. ӨМІР-ӨМІР Өмір-өмір қайнаған қан базарсың, Біреу жырғап, біреу тартқан жазасын. Дүниені пəктік жеңіп болғанша, Құшағыңнан сұмдық қайтіп тазарсын. Өмір сенен таяқ жеген пендеміз, Ойнайтұғын сен емессің жеңгеміз. Бəріне айғақ болады ертең өшпейтін, Біздің асып келе жатқан белдегі із. Арман жатыр əлі алыста мен іздер, Боспайды оған өз көңілі сезімдер. Адалға бер берсең асыл мінезді, Ей, Асқартау! Түбі терең теңіздер.
─ 83 ─ Адам десек санасы бар ең мықты, Солар бұзып бара жатқан теңдікті. О, табиғат қалдырыпсың өзіңе, Биіктік пен тереңдікті, кеңдікті. Ақ-қарасы араласқан тіршілік, Айырады соны барып бір шындық. Кісіліктің белгісі анық ол да бір, Маңдай термен тұрмыс кешу құлшынып. Өмір əсте ойнамаймын сенімен, Ешкімді де асырмайсың шегінен. Көңілдегі кірмен дақты жуатын, Сенде туған сезімдердің селімен. МЕНІҢ ЖАНЫМ Қарай білген түкпірлеп кісі мені, Сірілігін жанымның түсінеді. Ұстап алғым келеді өңім түгіл, Жақсы ойдың сағымын түсімдегі. Менің жаным алғаны сіріленіп, Өмір-ана келемін сіріңді еміп. Жетіледі ол жүзіндей ақ семсердің, Өткірлікке ылайық суын беріп. Басыма кеп бүгін бақ тоқтағанмен, Темірдей боп шыдағам жоққа да мен. Жалғыз өзім атыма бəйге алғаннан, Жарысқанды сүйемін топты адаммен. Жаным сірі болғаны оты бары, Шығам салған жеріңнен өтіп ары. Сірілену оңай ма ұсталардың, Жедім талай балғасын ол туралы.
─ 84 ─ Артта қалса өзіме арнаған іс, Көрем оны жаныма арлан намыс. Отқа салып жанымды қуып келем, Арман қашып барады арман алыс. ЕНДІГІ ОЙЛАР Айна алдында қарап қырау самайға, Тебіреніп батам терең сан ойға. Өзімнен көп кейін туған інілер, Ойлы ағалар қатарына санай ма. Бағалайды үлкендер бар, кіші бар, Сыйғанымен көңілдегі сарайға. Інілердің «аға» деген сөзі ыстық, Күндестердің осығанда көзі сұқ. Боларымыз талайға аға болсақта, Көрінеді қайсы ісіміз көзге ыстық. Бітіре алсақ есте қалар елеулі іс, Кəртейуде бір ғанибет тез өстіп. Қайрат қайтса қалып даңғыл құр кеуде, Амалың не шал тобына кірмеуге. Жаңбыр болып жауам көңіл көгінен, Қысқа ғұмыр келгенінше күрмеуге. Талпынбаса талап құсың тау жаққа, Үлкенсініп шыға алады кім өрге. Мынау қоңыр күндерінде көзімнің, Келед піскен жемісің боп үзілгім. Талайыңа аға болған басыма, Ылайықты болса, шіркін із-үлгім.
─ 85 ─ БІЗДІҢ ТУ Санамыз сəулесінен оянған ту, Қанымен құрбандардың боялған ту. Еркіндік, теңдік үшін керек оны, Ұрпақтан ұрпаққа ерек баяндату. Сөйлесе тарих сырын шежіре шал, Сезімнің неше қабат көзін ашар. Əйгілі жер үстіне жеңіс туын, Сүймеген жүректердің өзі нашар. Келмеске кеткені шын қара тұман, Біздің ту нұр төккенде қанатынан. Тамаша біздің өмір салтанатты, Осы ұлы ту астында жаратылған. Тараған терең жерге желісі кең, Өзінің ұшан-теңіз жеңісімен. Айғағы ол тар жол тайғақ кешулердің, Бабалар маңдайының тері сіңген. Туындар арман-тілек үміт əлі, Ертеңнің осы туда ұлы таңы. Шуағы түскен түгел төңірекке, Оны адал жүрек қалай ұмытады. Көңілді айықтырып бөтен кірден, Көп ұғым қанатынан төте кірген. Ұраны ол ар-намысы таза жанның, Құрыштай миллион қолмен көтерілген. Біздің ту бақыт туы биіктегі, Танытқан күллі əлемге сүйікті елді. Осы ту берекелі бейбіт күннің, Мызғымас тиянағы сияқты енді.
─ 86 ─ ӨЗІМ Иемін өзімнің ар-намысыма, Өмірде сенбегенің тағы сына. Ортадан өзім өскен куə табам, Еңбекпен берекеден табысыма. Дарытқан қасиетін халқым маған, Нұрындай жанарының жарқыл қағам. Жаным қас жаралғаннан жамандыққа, Жақсының бəрі туыс жақын маған. Не қылам көтермесе сайысқанды, Созылған йі шала қайыс жанды. Құрсақтан мені туып ерке өсірген, Сабаз ел сабырына бай ұстамды. Шешініп мен түспеген майдан бар ма, Ел қамы арманыма айналғанда. Ұстайды қас батырдай қаталдығым, Ақ-қара тай таласқан қан майданда. Бойымды өмір айна көп түзедім, Ой-елек бəрін сонан өткіземін. Артық-кем бағалауға өкпелі емен, Түсінем жүрегімнің отын өзім. ЖАҢА ЖЫЛ СЕЗІМДЕРІ Аунап жыл артынан жыл келгенінде, Селт еттім жайбарақат жүрген менде. Есептеп кəдесіне не тигенін, Бір жылды тағы ұзатып жібергенде. Бұл сұрау жан жүйемді қозғап үнем, Барады мезгіл озып өз заңымен. Келемін бір жарыста артта қалып, Алдыға бір жарыста озғаныммен.
─ 87 ─ Құт пен жұт егіз біткен ерді сынар, Əр жылдың өзіне тəн жеңісі бар. Құзғындай мың жыл тірі жүрсе дағы, Өмірге сезімсіз жан нені ұсынар. Анығын айтыңдаршы қалыстарша, Мен əлі бітіруге тəн іс қанша. Көндіккен көлігіңдей көтерейін, Ақырын тірлігімнің тауысқанша. Басымнан жыл табаны құр аумаған, Ой кешіп қара шашым қылаулаған. Құмартсам мен біреудің биігіне, Жете алмай тағы біреу тұр-ау маған. Бір ойым таппай жатып тағат əлі, Апыр-ай неге жылдам таң атады. Ағарып таң атқанға өкінбес ем, Қаланбай сарайлар тұр қанаттары. Қорқамын бір жас маған қосылғанда, Алжыған шалдар азба осы маңда. Қуанам мынау шалқар өмір үшін, Менен де бір тамшы тер қосылғанға. Жаңа жыл күнін қызу тойлағанда, Не жетсін алды артыңды ойлағанға. Келеді-ау түгін қоймай тауысқысы, Қызыққа мешкей көңіл тоймағанда. Қайрандап кей күндері көңіл кеме, Кейідік қысқа екен деп өмір неге. Уақыт опығынан оянбасаң, Жай күнде жаның көзге көріне ме. Өткенге айдан аман, жылдан есен, Ей, пенде тірлігіңді бұлдама сен. Барады жылдар жазып архивіңді, Қаншалық болды қосқан мұндағы есең.
─ 88 ─ Өмір тұр жəрмеңкесін жайған мына, Бола ма қызық көрмей жəй қалуға. Бақыт қой жылы шырай жыл келгенде, Бет алсаң бір арманның жайлауына. Жыртқанда календардың соңғы бетін, Жүрегім лүпілдеді сол рет мың. Пендеміз əр нəрсені алданыш қып, Ерте-кеш жан сəулесін сөндіретін. Үрей қып жаз шіліңгір, қыс қатаңын, Не керек үзік үміт, қысқа таным. Ауысқан көктемі жаз, күзі қысқа, Өзімді тұтас жылға ұқсатамын. Деме дос жүгірістен жылдар тынар, Ендеше көңіл керек шыдайтын нар. Қымбатын ғұмырының шын біліпті, Қуанбай күн өткенге жылайтындар. Дүние дөп-дөңгелек байтақ алып, Тынбайды келіп-кетіп қайталанып. Сезбесең қара тастай бедірейген, Сезінсең сырын өмір айтады анық. Шабыста жылдар, айлар сол тынбаған, Жасты да кəртейтеді солқылдаған. Ауыр-ау тірі жүріп ұшыраса, Уақыт жазалаған соққыға адам. Алатын күннен сəуле, айдан сағым, Жарық етіп өтсе жастық қайран шағың. Кəртейіп қасаң тартып тозу деген, Жер ғана аржағында айғай салам. Тұстарда көктейтіғұн көктемесең, Қайтпайды мезгілдерге кеткен есең. Жетпейді қысқа жіптей бір күрмеуге, Жаным-ау бұл ғұмырды көп деме сен.
─ 89 ─ Өтіппін менде соның көп тұсынан, Əзірге тапқанымды олқысынам. Зу етіп өтіп кеткен уақыттай, Аумаған арманым жүр көк құсынан. Жасының көбейсе де келген саны, Білмейді жылдар сырын сермес əлі. Жылдарға қалай жауап беру үшін, Маңдайды талай сүмек тер басады. Шағылып ақша қарға күннің нұры, Жақсы ғой жыл таңының бұл ырымы. Електеп тұрмын ойда толғаныста, Төрт мезгіл жылға ұқсаған ғұмырымды. СЕН ТҮСКЕНДЕ ЕСІМЕ Өмірде арқа тірек жанашырым, Əкенің жазу қиын дана сырын. Өмірде қолым көкке жетсе дағы, Мен соның бағып-қаққан баласымын. Асқан ер болмаса да ол ең шегінен, Оңайма биіктігін өлшеу бірден. Бала үшін еңбектеніп елжіреген, Сол есіл жүректің бір бөлшегі мен. Жан əке, орның бөлек əр таңдағы, Қарызың ақталған жоқ арқамдағы. Жаныңның саялап бəйтерегіне, Құлшынам арманға қол артам дағы. Суарып бақытымның қызғалдағын, Барлығын асыл заттың бізге арнадың. Мен үшін осы жүрген көп пендеде, Сен ғана жақсылықты қызғанбадың.
─ 90 ─ Болғанда жау-жаланың селіде екпін, Ақпадым, ақылыңды серік еттім. Ең алғаш мінгенімде талап тайын, Былай жүр, былай шап деп сен үйреттің. Əзірдей көрем өткен бұрынғыңды, Зая қып жібергем жоқ бір үлгіңді. Бір ізгі жұмыс бастап кіріскенде, Бекітіп алам əбден буынымды. Кемімді толтырам деп орта қалған, Мейірің ыстық еді от оранған. Ойласам əке сені көз алдымнан, Аққудай жұп-жұбымен өтеді арман. ТҮСІН, ҚАЛҚАМ Иесің біз жетпейтін ертеңге сен, Еркеле соны біліп еркелесең. Бақытқа жету үшін суық қарып, Бола ма ыстығына өртенбесең. Адам боп қосылғалы санатқа біз, Құйылған құлағыма сан атты аңыз. Кенеліп менімен сен тұрған бақыт, Бабалар қанмен, термен жаратқан із. Бақытқа жүрген мастар басы айналып, Көз шығып теріс жолға басады айнып. Бас жарып, қол сындырып жүрген жерін, Былғайды арамдықпен жосадай қып. Адамда бар осындай парықтылық, Болмайды сезім біткен бəрі тұнық. Жетем деп бір мақсатқа жол алғанда, Алдымен тура шығар бағытыңды ұқ.
─ 91 ─ Арайлы сенің туған тұсыңда таң, Жоқ ыстық суыққа да ұшыратқан. Сермедің құлашыңды емен-еркін, Жан жаққа көңіліңнің құсы ұнатқан. Көңілде саған көктем жаз арнаған, Жазар сөз толып жатыр жазар арман Өмірдің бір сыры бұл түсін қалқам, Бақытты көтере алмай азады адам. ТҮС Түсіме биік-биік тау кіреді, Елестеп салтанатты таудың елі. Бөлеген қуанышты сезімге ыңғай, Түс қандай жанға рақат дəуір едің. Тас бұлақ, өрлей көшіп өзендермен, Тігіппін үйді жасыл кезеңге мен. Келіпті ерулік ап марқұм əкем, Сабамен қымыз алып қозы өңгерген. Орманнан отын аппын қыстың қамы, Түсте адам қызық екен құс қуғаны. Кетіпті жақын жер боп бəрі маған, Ауаның неше қабат үсті дағы. Бəрі бар іздегеннің алабында, Болсашы түсте көрген дала мұнда. Түсіме түнде ұларлы тау кіреді, Жетермін таудай үлкен талабыма.
─ 92 ─ МЕН Жүру үшін мен қайық, өмір айдын, Бір босаған винтімді он бұраймын. Көрінеді айдыннан арғы жаға, Сүт сəулесі кеудеме төгіп айдың. Жылдамырақ жетуге асығамын, Жүрегімде ынтыққан тасып ағын. Ұшпасамда мен əйтеуір сағатына, Қозы көш жер алдыға тасынамын. Егіншідей баптаған көп жыл егін, Жыр қамында жалықпай мен жүремін. Қуып келем жалықпай қуып келем, Бұлдыраған арманның көкжиегін. Келтіре ме жуықтап ол ыңғайға, Шуағы елес береді оның майда. Сан жығылып сүрініп келем əйтеуір, Кедергісіз, жаным-ау, өмір қайда. Тұрмайды əйтеуір қолыма тізгіндетіп, Жатыр тынбай түн өтіп, күндіз өтіп. Қуған сайын жететін сияқтанам, Талпынғанда бір бұзып, бір түзетіп. Қарпуы жоқ əр неге бөзек келер, Жасықтарды жалыққыш сөз етпеңдер. Жүргенімен қатардан бір орын ап, Не бітіріп береді боз өкпелер. Көре жүріп жолдағы кедергіні, Түсінгемін азырақ мен өмірді. Жаныңды жеп жарысып жүрмегенде, Бақыт шіркін жарылқап келер кімді.
─ 93 ─ ҮШ ЖҰРТЫМ Үш жұртымның мен іздедім талайын, Туысқандық сезім билеп ақ айдын. Солар жақтан соғып тұрған самалдан, Бір жұтқанда ашылады сарайым. Ойлағанда сағынышқа бөлендім, Керек болса борышына төлеммін. Мен келді деп шұрқырасып жатқанда, Көкке жетіп тұрғанын-ай төбемнің. Арманымды, ойымды ашып аңсаған, Қағатын ем жас баладай арсалаң. Көрінеді өз бақытым секілді, Солар жүрсе малы түгел басы аман. Қадірімде, қымбатымда солармен, Ортасында өрісті кең салам мен. Дүниеде танысқанда солар тек, Менің ішкі қатпарлы сай-саламмен. Секілдіміз қатар өскен тал-қайың, Арманымды арманыммен жалғаймын. Арасынан алыс жүрген күндерде, Жалтаңдағы тиянақсыз жандаймын. Аңсап жүріп ақтарғанда бар сырды, Ойдың шөлі, сезім шөлі басылды. Жазатайым шауып жүріп жығылсам, Солар сүйеп тұрғызады басымды. Намысына сырқырайды сүйегім, Үш жұртымды мен өлердей сүйемін. Солардың ду арасына барғанда, Үйіріліп балдай батып сіңемін.
─ 94 ─ ҚАҢБАҚ Көктемде өсіп тұрған оп-орнықты, Өзінен жоқтай болып өте мықты. Ал күзде тамырынан қопарылып, Басына жынды құйын көтеріпті. Қаншалық қалқайсада ол қиынданып, Барады бағдары жоқ құйынға ағып. Жанына табады енді қайдан пана, Білмеген өзінің жай-күйін анық. Түксиген түрі шөптен бөтен еді, Не керек аз күн қызық өтегені. Жаз бойы танымады, табалады, Бірге өскен изен, жусан, бетегені. Ықтарда құйыннан соң ұйлығысқан, Сүйреткен маңын былғап құйрығы шаң, Қаңбақтай тірлік кешіп керегі не, Үп етсе дəрмені жоқ құйынға ұшқан. ЖАРАЛҒАН СОҢ Жаралған соң көгеріп, көктегенге, Қурап жүрсең өмірге өкпелеме. Алаулаған бір көктем болғаны артық, Аз береме, жемісін көп береме. Арманым боп келеді жастан бəрі, Көктем болып бір жаздың басталғаны. Не береді жүрегі суық жандар, Жек көремін мен оны қастанда ары. Арманыма аспандап құлаш ұрам, Құшағында көктемнің гүл ашылған.
─ 95 ─ Тірлігіме өшпейтін бояу алып, Жаңбыр жуған жотаның қынасынан. Қайта келмес бір соғып өткен екпін, Көктем бірі мезгілде төрт бөлектің. Аумағы гүл даладай ірік-ірік етіп, Шуағына төсті ашып көктемекпін. КЕШІР МЕНІ Мен отырмын ішімде ызақорланып, Қаламымның сабы суып қол қарып. Талай жылғы таныс болған елменен, Көрісуге шыға алмаймын қорғанып. Себебі оның нəрсіз өлең жазыппын, Дəмін салмай руқани азықтың. Бұзып-жарып шықпаған соң не керек, Өзімді-өзім қараға еріп мəз қыппын. Өксіп тұрмын көкірегім мұң атып, Қай қуаныш алар мұнан уатып. Өлеңімді жалындатып, жан салып, Үлгіргенше кешір мені уақыт. АРМАН БОЛСЫН Есесі үшін түсейін тартысқа оның, Жылап жатса ақ көңіл байқұс момын. Іш күйеді көргенде кей есептен, Залымдардың астына тақ түскенін. Шындық құлап сынғанда тік құзыңнан, Келеді екен кек қайнап тіпті де ызаң. Сол залымдар емеспе баяғыдан, Мына тыныш тірліктің шырқын бұзған.
─ 96 ─ Тер ағылып табылған, қан ағылып, Ақ сəулелі ақиқат алады ырық. Келе жатыр құритын зауал күні, Жасап жүрген залымға қара құрық. Залымға жұт мен неден түңілемін, Жерің таза, аспаның тұнық елім. Залымдардан арылту арман болсын, Бейбіт күнін мына кіл дүниенің. АРАЛТӨБЕ Ақ пейілді ағалар ақыл кені, Құшағыңа құлайын шақыр мені. Амансың ба? Ай маңдай жеңгелерім, Бір-бір үйдің аяулы нар тірегі, Сəулетіңе талатын аттың белі. Сəбиіңмен ойнайын былдырлатып, Дем алдырып мыйымды бір уақыт. Өрбіп өскен өрісім өзің барда, Санап жүрмін басыма мұны бақыт. Еркелейтін өзіңсің анам анық, Көз мейірін қандырам қарап алып. Түскім келіп тұр қайта таразыңа, Сындарыңды айт мініме араңа алып. Жуып едім бетімді тұнығыңа, Не қып бердім ылайық бір ұлыңа. Тентегіңнен санашы нешеуі жүр, Құшағыңды ду қылған бұрын мына. Жақын барма құрбыдай жасы құрдас, Бұл жалғанда жан сыры жасырылмас. Жиналыңдар қонайын бір үйіңе, Аңсап келдім көңілдің мауқын бір бас.
─ 97 ─ Қазынаға көкейі ат көпір ел, Сенен биік тауым жоқ арқа тірер. Менің біттей тысымды зор санаған, Сенде қормал қара шал ақ кемпірлер. Адамыңнан киелі жан өте ме, Бір адамнан туғандай бəрі етене. Тірлігіме тыныс боп гүлдене бер, Туған ауыл, туған жер Аралтөбе. НАУЫРЫЗҒА ТІЛЕК Арасы екі ғасыр ұлу жылы, Шуағын əкелген шақ күнің жылы. А, құдай аунаса екен өмірге де, Көктемгі табиғаттың уылжуы. Көз салсам ой толқиды қарт ғасырға, Көңілде тау шөккендей жатқан сырға. Өткенді қайталамай жыр жазайын, Əр кімнің бақыт тілеп от басына. Біреуі бір төбедей қарасаңдар, Ойнаған тақымында талай сандал. Безбені берекесі осы ауылдың, Аман бол ғасыр аттап қара шалдар. Иыққа жүгін алған қара нардың, Мерейі үстем болсын ағалардың. Жөнелген арман қуып інілерге, Жолынан жолықтырсын қалағанын. Сызылып ат байлайтын шығып алдан, Кем емес сыйлағанда ас-суы балдан. Аман бол, ай дидарлы жеңешелер, Бойынан сыры кетсе сыны қалған.
─ 98 ─ Алысқан құлын-тайдай құрбыларым, Түсінем маған қымбат құның барын. Кім отыр бір кездегі құрбы қыздан, Толқытқан аш белінде бұрымдарын. Бəріңе осы отырған бақ тілеймін, Семсерқып тасқа шапсаң қақ тілетін. Ерленіп жаңа ғасыр есігінен, Қайтадан жастық отын ап кірейін. Арманның бала қуса құздан құсын, Ақ жолды атасынан із дарысын. Көтерсін көп ақ отау шаңырағын, Шын ғашық жігіттермен қыздар үшін. Шөлдейді асыл жырға ардақты елің, Ақындар тез-тез толсын ақ дəптерің. Ұл тауып ақ сазандай аман болсын, Өзінің тұңғышына толғақ келін. Жыл басы құйып көктем ақ уызын, Жырымның тақтым аяқ бауын ұзын. Аман бол, ағайындар қуанайық, Əр жылда бірге тойлап науырызын. РАЙХАНҒА Басынан қиял бұлты тарқамаған, Мен саған асқар белмін қалқам балам. Сол себеп өр боп өстің ерке мінез, Тауындай туған жердің шалқалаған. Жолыңа торғын болдым жанды жайып, Əкеңдей қамқор қайда Еділ-Жайық. Сен үшін дарқан ұстап көңілімді, Іздедім шарттарыңды жанға ылайық.
─ 99 ─ Ыстықта болғам қоңыр самал егей, Тіледім саған бақыт, саған мерей. Күйінген жүрегім бар қанын арнап, Сен үшін сан тіріліп сан өлердей. Тұп-тұнық махабаттан өсіп өндің, Ақаусыз құрағы сен осы көлдің. Қадірін ғұмырыңның қалт жібермей, Біл балам, отау тігіп енші бөлдің. Мұнарсыз өмір берсін көк аспандай, Айтайын мұнан артық кеңес қандай. Өтуі бақытты боп бір адамның, Қопарып қос қолымен кен ашқандай. АДАСҚАН АРМАН Адасқан арман дүбірі, естілед маған алыстан, Тілейді жаным тағы не қиялмен тынбай алысқан. Əттең-ай, əттең бəріне, кінəлі менің өзіммін, Күйіпте кетсем жөн еді, өртеніп ар мен намыстан. Қимайды-ау, бірақ қимайды-ау, үзуге соңғы тынысын, Өмірді өле сүйетін, сезімің болса тірісің. Адам боп жарық көрген соң, жарқырап жүрмей маңдайың, Айырылып жанған отыңнан, суынған жүрек құрысын. Жандары бөлек адамның, арманы бөлек болады-ау, Мен көрген осы өмірде, ездердің саны молаңдау. Тамтығын құртып, көктейтін дегдар шағында, Өлім ғой шіркін өлім ғой, болам деп жүріп бола алмау. Табысын айтшы, басқаның еңбегі термен өлшенген, Дуылдап бетім солардан, ұялып кетем көрсем мен. Ездерден артық нем қалды, ездердің ісін істесем, Өтіпті ғұмыр обал боп, оңменен солға теңселген.
─ 100 ─ Адасқан арман айғай сап, тербейді келіп жанымды, Қайтадан жағу мүмкін бе жүректе сөнген жалынды. Сол үшін қайта жаңғырып, жасаңдап кеткім келеді, Армансыз жандай жабығып, не қылам жығып жалымды. Қызығы балдай өмір-ай, қысқа боп неге жаралдың, Тозығы жеткен сезімді, өзі бір қиын жамаудың. Үмітім жушы кеудемнің, кірлерін аппақ сəулемен, Адасқан арман сен жаққа, сен жаққа келіп жəне аудым. Қызады бүйір алыстан, көргенде шүйке шаңыңды, Қор екем күйкі күйбеңмен, жоғалтқан ерке шағымды. Өкінген ойдың уына, меңдете бермей жанымды, Армандар үшін жағайын, ендігі тірлік шамымды. ЖАҢА ТАНЫМ Жанымда боран шабыт бөлеп əзір, Қаламым қар шаңғыдай қағады зыр. Қозғалған қопарылыс намысымның, Салмағы сүйегімді қабады зіл. Көңілім күйкі күйбің бұлтын құшып, Жаныма санап оны бір тыныштық. Жүргенім, осы күнде өкіндіріп, Кеудемде кілегейлі ой кілкиді ыстық. Келмейді өр таласып еңістегім, Еңбекке ынтам ауып тегіс менің. Маңдайды сорғалаған термен жусам, Жеңілдеп қалады ауыр берімсегім. Жас ғасыр, жаңа ғасыр дүбірінен, Көзімнің көктем еттім күнін күрең. Мені бір қорға санап жүргендердің, Дəмесін мен осындай түңілдірем.
─ 101 ─ Болғанмен көкіректе жарық сəуле, Бітеді жан қиналмай жалықсаң не. Жүректен жанған үміт, жаңа тілек, Бөлейді тірлігімді анық сəнге. БАҚЫТ ДЕГЕН Қалқам саған өлгенше деп кетемін, Бақыт деген аянбай төккен терің. Еңкеймейтін икемсіз еріншектің, Білесің бе ғұмыры текке өтерін. Менде өмірден өкінбей өтер едім, Қалса есіңде жатталып отты өлеңім. Əкең түскен шиырға соқпақ ізді, Керек нудан жол тауып төтелеуің. Талғамыңнан туады талап тұнық, Үмітіңді құстай ұш қанат қылып. Кейде келіп баянсыз бақыт қонса, Еңбегіңнен көз жазба қарап тұрып. Саған ыңғай көктемнің айын тілеп, Болмайды əкең жаныңда дайым тірек. Ұрлап алып адамның шекті өмірін, Жыл өтеді балауса айың түгеп. Танисыңба бойыңнан тұрмыс зорын, Бір күн рақат болғанда бір күн сорың. Бақыт емес бітірген оқуыңда, Бақыт емес қолайлы жұмыс орның. Келін болар ең зоры үйге біздің, Бақыт емес күйініп сүйген қызың. Арпалысқан толқындар арасында, Бақыт деген жол түбі ирек ұзын.
─ 102 ─ Қиындарға тигізбе бастан ақ дес, Ездің тірі жүргені мақтан емес. Жақсылардың жанына жалшы боп қон, Жамандардың жанынан аттана көш. Шыққанға есек бір биік белге асыға, Талай істер түседі ер басына. Өлсеңдағы өр жаққа сүйреп жүріп, Намысыңды біреуге берме сірə. Күрес өзі тірлігің тыныш таппа, Қанат қақпай шығады кім ұшпаққа. Сызатыңды сынық деп жариялар, Дұшпаныңа көңілдің мұңын шақпа. Тұнық болсын көкірек арналы кең, Тұрмыс сені сынайды əр бабымен. Бақыт деген əркімнің жаны сүйіп, Əлек болып жүргені арманымен. ҚАЙДА Ерке мінез, қылтың-сылтың жас күнім, Албырт көңіл тарқатпаған мастығын. Жарық еттің де өте шықтың амал не, Сенен кейін арпалыста тас тыным. Ғашық болып көп хат жазған қыз қайда, Елестесе бүйір қайта қызбай ма. Өтіппіз-ау о, не деген масқара, Соларға бір шумақ өлең сызбайда. Достар қайда бірге дейтін жанымыз, Онда сезім жіктелмеген бал-уыз. Арамыздан озып шыққан санаулы, Достарымыз, бəріміздің сəніміз.
─ 103 ─ Құрдас қайда бір сықпаны бөліскен, Айырылғанда жылай-жылай көз іскен. Ұмытылып бел байлаған серт-сенім, Салқын тартып бара ма екен көп істен. Қайран бəрі құлын-тайдай алысқан, Сағынышпен іздеп келер алыстан. Жасықтары ісегінде кəртейіп, Дүр болды ма кеудесінде нан піскен. Болсада өкпе өлімге əсте қимайтын, Адамшылық майданы бар туы айқын. Біреуіне түсіп жатса жоқшылық, Қолда барды үйіп-төгіп құрайтын. Қандай күнде ішкі сырды бүкпеген, Ойларының қосын бөлек тікпеген. Солар барда қамсыз өткен күндер-ай, Шатағы жоқ адамдай боп түкпенен. Көрші қайда сен-мені жоқ дəмдесің, Ертелі кеш шүңкілдескен əр несін. Еш зілі жоқ сөзі екен ғой солардың, Көзге айтылған əмбе мақтау, əмбе сын. Қайда бəрі ниеттестің ақ көңіл, Есептеймін маған біткен бақпен бір. Кеткендердің аққу құстай адасып, Жүрегімде орыны тұр ақ теңбіл. Қимас қайда жанды бірге санаған, Боп кетейін жолдарыңда садағаң. Бытыраған аққуындай айдынның, Осы маңда жүрсің əйтеуір санамаң.
─ 104 ─ ЖҮРЕКТЕР БАР Жүректер бар жүрек əйтеуір тұлғадан, Соғады əрең құр сүлдері тынбаған. Жүректер бар ұшан-теңіз сезіммен, Асып-тасып өзендердей тулаған. Жүректер бар күйе болып қарайған, Жұда болып жылуменен арайдан. Жүректер бар құнарлы жер сияқты, Бығып жатқан талай маңыз, талай мəн. Жүректер бар қаны судай сұйылған, Сұмдық артық оған еткен сыйыңнан. Жүректер бар таң сəулесі секілді, Меңдеп жүрсең қуат болып құйылған. Жүректер бар уға толған бүйідей, Жыбырлайды шағатыны білінбей. Жүректер бар сезімдері тап-таза, Мөлдіреген екі көздің біріндей. Жүректер бар қанағатсыз тоймаған, Түк тамбайды тіленсеңде ойға онан. Жүректер бар жалын шашып демінен, Ой көгінде нажағайы ойнаған. Жүректер бар мордай тұтап бықсыған, Тарап жатыр маңға тат пен ыс мұнан. Жүректер бар елін, жерін құшақтап, Мына əлемде үлкен-үлкен іс қылған. Жүректер бар беріш болған, мұз болған, Жапырақсыз қалған құдды күзгі орман. Жүректер бар жылуы мен нұрымен, Соңғыларға жарқыраған із болған.
─ 105 ─ АҢҚАУЛЫҒЫМ Сүюші едім адамды өте беріліп, Иілгенде түсетұғын белім бүк. Аңғармаған аласы іште жүретін, Болмаппын қой адам сырын мен ұғып. Жарып жеген қолға түскен бір дəнді, Өлгенде де бөлісем деп иманды. Қолдан дəрмен кетіп еді сол досым, Есіктенде бір қарауға бұлданды. Қайырымым қалып шет бір далада, Аңғар түсіп бөліндік біз араға. Табылмайтын ересектер бойынан, Аңқаулығым менің сəби баладан. АНАНЫҢ ЖАНЫН АЯЛА Ат жалында əкең ол түз адамы, Еңбегімен жаққан от қызарады. Ақ сүт емген анаңның батасынан, Қайда жүрсең арқаның ұзарады. Жаратты анаң жаныңды, негізіңді, Санап жүріп тоғыз ай, тоғыз күнді. Төңкеріліп əніңе ұзақ түнде, Кірпік қақпай тербеткен бесігіңді. Шыққан алғаш апа деп тілің мына, Онан артық жүгірген кім ығыңа. Қабақ шытып көрмеген бала санап, Ержеткенде кей артық қылығыңа. Көзі түссе өңіңде жүдеуіңе, Суық кірген ілезде жылы өңіне. Кесіп өтсең алдынан сəл əспенсіп, Шаншу тиген ежігей жүрегіне.
─ 106 ─ Балалығың алдында қайталанған, Дүниеде барма ондай байтақ адам. Тілегіңді жеткізген дəнекерлеп, Əке алдында именіп айта алмаған. Айтқанын ұқ өмірлік аманат қып, Көтеріп бар төркінін аралатып. Тал шыбықтай бойына сені сақтап, Тас емшегін иіткен анаң артық. ТАБАДЫ Бағыңды көр базарға бағалатып, Бағаланбай шықпайды мағынаң түк. Сайда саның, құмда ізің болмаса егер, Өмір кешпей өлгенің бағана артық. Бағалану айтарым менің əлі, Қосылмасаң оғанда нем кінəлі. Бағалансаң білесің өз бойыңда, Ненің мəнсіз екенін ненің мəнді. Өмір базар айтады көз қарасын, Тобылғыдай торыға, бозғада сын. Бірінде артық, бірінде кеміп жүріп, Табады адам соңында өз бағасын.
─ 107 ─ АРНАУ (С. Сəли, Б. Ғаппар, А. Бəдет, Т. Қажыбектің мерейтойында оқылған өлең) Керме иық құтты мекен толы деген, Кем еді майлы-жайыр қоры неден. Түгіндей шұбар аттың қазақ өскен, Тоңғанын орап алып тоныменен. Өрнегі бір-біріне өзі ұнасқан, Жоқ сендей сері дала, сезімді аспан. Қарағай бастауына бетін жуып, Адамың өлең оқып көзін ашқан. Той жасап өнері асқан ұлың үшін, Көрсеттің ел мен жердің ұлы күшін. Ішінде қара жердің сайлам болса, Алдымен таққа отырар ұлығысың. Баптаған жыр ағашын өз бағында, Сəлиің құла керше озбады ма. Азамат ақыныңа сүйіндің ел, Ұзаққа ду шапалақ созған мына. Салмақтап əр қадамың санап басып, Тигізбей биік ұшқан қанатқа сұқ. Қажырлы қайсар ақын келе жатыр, Арманы, тілектері санатқа асып. Ойының бəйшешектеп гүлі кілең, Толғанса көл толқыған көңілінен. Жөнелмей таптасынды шиыр ізбен, Өмірге өз көзімен көп үңілген. Жырлады ар-намысты асыл санап, Шабыты ат аққандай тасыса нақ. Даладай кең тынысты кеудесінде, Тулаған асау сезім асыр салад.
─ 108 ─ Өтіндей жыр жазарда бір ебінің, Бұрқырап беті майдан жүрегінің. Жанының жайқалдырып ой мен қырын, Қандырған ащы термен жыр егінін. Жас күні суық кешіп бұрқасында, Қалыңдап қиялының бұлты осында. Артына ойып-ойып із тастады, Жыр жазған қырық жылдың қырқасында. Ғаппарың артық ойлы алғыр ұлан, Заңғар боп көрінеді əр қырынан. «Аш қасқыр» əңгімесі адам сырын, Айтқызып түз тағысы аңға ұлыған. Толының үн көтерді алабынан, Əлемдік қарпу тауып қаламынан. Шабыты тебіренсе селдей құйып, Келеді қуаныш пен нала мұңнан. Кезігер мұндай тұлға ара-тұра, Тұйғындай екпін біткен қанатына. Бой тұрқы көзге аласа болғанымен, Ойының көз жетпейді қанатына. Шақырған ойларының ойында ұлар, Жанын жеп құштарлықпен сағынулар. Бəдеттің сыңғырлаған əуенінде, Ұларшу табиғаттың сарыны бар. Көгерсе еңбегімен еккен шынар, Жол іздеп қайтеді адам көкке шығар. Аспанға болашақпен жолығатын, Бəдеттен дауыс сіңіп кеткен шығар. Салсаңда қанша жиып күшті егеске, Керегің айналып кеп кісі емеспе. Қажыбек Төтекинмен бірге өткізген, Бал қылық бала күндер түседі еске.
─ 109 ─ Болам деп ойладық па бұл күнге ие, Не деген зор бақыт бұл гүл дүние. Сыр жинап көкірекке қала бердік, Бір кездің жаққанымен қолы күйе. Құйылған қорғасындай Қажыбегің, Жанынан жібермеген жаз ілейін. Көгінде көңілінің қайшыласып, Көр ұшқан аққуымен қаз ілегін. Көркем саз, көркем толы толықсыған, Шабытқа сіреп қайттім сен ұсынған. Келемін тағы айналып жыр тойыңа, Сыр іздеп осы құтты қонысыңнан. ХОШ, ҚАЖЕТ! (Бала күннен досым Қажет Жақанұлының қазасына) Сыйлағандай сұлуға, сырғалыға, Кірісіп ең əдемі жыр қамына. Долы құстай ашумен тасқа ұрылған, Өкінемін бір демде сынғаныңа. Жасырмаған жаныңның бар анығын, Жүрегімде тұрады бала күнің. Қуанып не мұңайсақ шүңкілдесіп, Тоздырушы ек екі үйдің аралығын. Жүретұғын қызынып жырға, дуға, Жаралмаған ақ едің былғануға. Жоғалды енді мен үшін бір тианақ, Құлап түсті жартастай бір қабырға. Қызық еді мінезің дара тұлға, Ойнап жүрген қиялдың қанатында. Көз көргенге əңгіме ұзақ-ұзақ, Қыран күлкі қызықтар қалды артыңда.
─ 110 ─ Көп еді ойлар көкірек қамбаңда əлі, Сүюші едің қайрат қып қамданғанды. Кез келгенде сұм ажал кімді аяған, Жалғанбаған апыр-ай арман қалды. Жаңылғандай ағыстан толқын ағын, Амал барма айырылып қапы қалдым. Арпалыстан тынып бір демал енді, Торқа болсын жамылған топырағың. ЖАЗ КЕЛДІ Жаз келді жарқыраған күні шығып, Мезгіл ғой қайталанған ұлы шындық. Онан өзге малданып жүргенімнің, Бірі ақиқат болса да бірі сұмдық. Жар бермеген пенденің мазағына, Табиғаттың заңын-ай таза мына. Көктемі – гүл, жазы – нұр, күзі – жомарт, Қыстың қырыс мінезі өз алдына. Жазды не деп суреттеу тең келеді, Жаңбырының жерге құт селдегені. Жаз лебі келгенде ашулы аяз, Белге соққан жыландай сенделеді. Бұлбұл сайрап бүрлеген бұтақтағы, Көк өседі даланы қымтап тағы. Сейіл құрған адамдар тең-теңімен, Бақты аралап кетеді гүл тақталы. Дала төсі тұп-тұтас киген мақпал, Жасыл орман үкісі бұлғалақтар. Көз тартады сəулетті қала сəні, Көкпен иық таласып ғимараттар.
─ 111 ─ Үркер суға түскелі құлап қай уақ, Сылқ-сылқ күліп ағады бұлақ қайнап. Егісінің қара көк майсасына, Егінші жүр мақтанып құлақ байлап. Бір қызығы жазда осы малшы ауылдың, Жинағыда осында барша дудың. Асау мініп алыссаң көк жайлауда, Білінбейді түгіде шаршауыңның. Зауқың нанға тартады қайдан мұнда, Тойып алсаң қымыз бен айранына. Белдеуіне ат толған ақ боз үйлер, Ақ көңілдің толады айғағына. Тез өтеді жайлауда ай жарысып, Жан сезімнің осында қайнары ыстық. Төрт түлігін мыңғыртып айдап жүрген, Бай малшыға жүреді қайдағы сұқ. Шұрқыраған малы да, жаны да аман, Жазғы тірлік күн ғой бір жадыраған. Мен де жүріп сол бесік құшағында, Өткіншінің бұлтындай жауып алам. ТАҒДЫРЫМА Тілемен маңдайыма артықты мен, Өзі де денсаулықтың шаттық кілең. Еріп ап түсініскен жандармен бір, Төрінде бұл өмірдің шалқып күлем. Өзі құт еркін тірлік жазы маған, Желпініп құлашымды жазып алам. О, дала бермесеңде дауылыңды, Бер қоңыр самалыңды азынаған.
─ 112 ─ Өмірге, өзгеге де өкпелемей, Көңілімде тоқтығым бар көк төбедей. Алысып, аударысып жүрген тірлік, Немене көктем емей, өктем емей. Аспаным бір тамбаған тандыр емен, Қойнауы қайың-шетен тал бүрлеген. Табан ет, маңдай терді жалдап жүрмін, Тауыспа талап отын тағдырменен. ЖЕТЕ АЛМАЙСЫҢ МƏНІНЕ Суық көрме көңілі жаз адамды, Жүрек деген сонда бар таза қанды. Сезінудің, танудың қатесінен, Мүмкін талай кінəсіз жазаланды. Қайрамаса қайталап шыдам мықты, Шындық қашан мінбеге шыға алыпты. Арамзалар жүргенде араласып, Танымайды аңқау жұрт шын анықты. Көңіл жазып көз құрғыр қарығарда, Олжалайды бұлбұлдың əнін қарға. Ұзақ көште ауыр жүк артпай жатып, Санау қате түйенің бəрін нарға. Алтын басың кей жерде қалып төмен, Бұзылады кейде үлгі қалап деген. Жасақ құрсаң жалғанда жаңылмай құр, Өзіңе əбден жан сыры қанықпенен. Жеткенге ешек мəніне тауып əлі, Кей татулық аяғы дауға ұрады. Əй, өмір-ай шытырман сырларыңа, Жеткенге ешек бас талай қаңғырады.
─ 113 ─ ЕЛ ТУЫН ЕР ҰСТАЙДЫ Ес көріп ел сүйеді ер жігітті, Жан деме жүрегінде от кем ынжықты. Қарадай құты қашқан құнсыздар көп, Болмасын ондай ұлға келін жүкті. Боп жүрген жанын төсеп ел ұлтаны, Еңбегін егейлердің енді таны. Ел туын тұлпар мініп ер ұстаса, Қусырып талай алыс жолды ұтады. Кей кейде келеді үрей таным маған, Кісідей төбесінен тау құлаған. Елдіктің сəн тұрады қай жерінде, Алдымен өз асылын танымаған. САҒЫНДЫМ Сағындым сонау шақты алыс қалған, Жейтін боп барамын ба жоқ іске қам. Ертемен көзімізді тырнап ашып, Тынбаймын кеш батқанша алысқаннан. Астына неше қырдың ұзар барып, Жан сырды отырушы ек біз ақтарып. Құрбым-ай айта берсең соның бəрін, Қу көңіл қалады екен сызаттанып. Жанымыз жалын атып күш тасыған, Əлемді ұстайтындай тұтқасынан. Албырт ой алаулаған адал мақсат, Ар жағы аузын ашса сүт аңқыған. Сағындым сол шақтарды сағындым мен, Сонда еді бөліскен дос зар-мұңымды ең. Жанымды бояулағым келеді үзбей, Сол таза сезімдердің сарынымен.
─ 114 ─ АҚҚАЙША Жаныңды сипаттауға тіл жетпейді, Зəредей қиянатқа кім беттейді. Түсініп тереңінен білесің бе, Жүрегім төрін беріп құрметтейді. Еңбекке бейім бе едің қаршадайдан, Қара қос көмбе біздің хан сарайдан. Бұл тірлік саған қанық, маған қанық, Жығылып түрегелдік қанша майдан. Кеш қайттым мен жұмысқа ерте кетіп, Сен бақтың алтауында еркелетіп. Отыз жыл отыз күндей білінбеді, Кетеді-ау мынау ғұмыр ертең өтіп. Айтылған ғашықты оқып сан аңызда, Сезімнің балы тамған санамызға. Тынымсыз арпалысқан тіршілікте, Кірі жұқпай келді аппақ жағамызға. Жырладым тату өткен сыйлы өмірді, Айтпай-ақ біледі ішің не мұны. Өң беріп өлеңімнің бояуына, Сыр қылып шерттің ойға түйгеніңді. Жарастық басқан гүлдей бір кілемге, Қызық көп бəрін айтып үлгерем бе. Тойдай боп өтті талай қиын күндер, Ауырым жеңілдеп сен бір күлгенде. Кештік бір тамаша өмір қадірлесіп, Бұл бақыт мүмкін саған барды ілесіп. Біз нені қам қыламыз жан аманда, Тербеген таза сезім əлди бесік.
─ 115 ─ БАРАЛМАЙ ҚАЛДЫМ ТОЙЫҢА (Батырқан Құсбегінге) Сезімнің аспаны едім бұлты ойнаған, Шөлім бар дыр-думанға бір тоймаған. Меңдеткен бір тымаудың бөгетінде, Бұйырмай өтті-ау, əттең, бұл той маған Жұмысы маза бермей ойға мына, Жанығу қандай қызық той қамына. Қонғанда ұл ұяға, қыз қияға, Жөн еді бірге тойлау о, дариға. И... де төркін жақтың қақпайды ары, Адамның қыз бала ғой ат байлары. Бөлінген бір отауың құтты болсын, Ашылып алдарынан бақ қайнары. О, Бəке жаның аян кітəбіңнəн, Жер алған əйгілілер гүл тағынан. Сабақтап шерттің талай тарих сырын, Оқиды ұрпақ жалғап ұрпағыңнан. Ақ жүзің жарқылдаған семсер енді, Майталман жазушысың ел сенеді. Қу жанды аяғанша қорғаншақтап, Тойыңа ұшып барып келсем еді. БІЗДІҢ ҮЙ Біздің үйдің бұрыннан бір тəуірі, Аша алмайды есігін бұлтақ ұры. Бір құдайдан кейінгі панасы боп, Қолдап, қоршап жүреді жыр тəңірі. Жасауы жоқ асылдан көз қамаған, Ізгіліктің оты бар маздап алған.
─ 116 ─ Табылады дүние аман жүрсе, Талабыма тынбай қол созған адам. Жаттығы жоқ кімге де шалқалаған, Бізге содан елдер көп жалт қараған. Аштан емес қиыны аттан өлу, Ер намысын келеміз сақтап аман. Құймасақ та қымызды мол ашытып, Шөлдемейді қонғанда жолаушы түк. Дастарқанға аямай бəрін үйген, Болса болар мініміз қол ашықтық. Өсегі жоқ өргізген кісі артынан, Кең пейілді танбаған қыр салтынан. Көлгірсімей күн үшін əдетіміз, Құрмет үшін жармадай ұсатылған. Бораны жоқ бұрқаған от басында, Жаралмаппыз адаммен соттасуға. Берекесі белдеулеп тұрады ыңғай, Құтын жалған жетердей көп ғасырға. Танытады тірлігі бір ұлы мəн, Боп жатады күні мен түні думан. Жаны сүйіп жазатын жандар үшін, Біздің үйдің өзі де бір роман. СЕН БІЛСЕҢ Сен білсең жаным ғашықтық деген немене, Ғашық зарын сезімге жəй бір теңеме. Өртеніп мəнгі жүректің күйіп жануы ол, Ғашықтық емес бір жанып сөнген делебе. Сен сүйген біреу, сен жайлы көрмес түс-елес, Ғашықтық жанын түсіну оңай іс емес.
─ 117 ─ Сезімге құлап, сезімге жанып езілген, Жүректің тілін ұқпаған нағыз кісі емес. Киелі деші ғашықтар жатқан моланы, Деміме соның бұрқаған дала бораны. Қарайған жанның үйлену парыз бəріне, Ғашықтық деген мүлде онан бөлек болады. Махаббат үшін іздеген ашық аспанды, Ғашықтар рухы болмайды мəңгі тастанды. Жанының таза арымен антын бекітпей, Ғашықтар деме қызды ертіп ала қашқанды. Нəп-нəзік жүрек шын сүйсе ие күшке анық, Ғашықтар үшін жасамау керек іш тарлық. Ғашықтық деген зарыға күтіп сағыну, Ғашықтық деген мəңгілік қанбас құштарлық. ӨТТІ-КЕТТІ Бір досымның өлердей оты өрлеген, Жанында едім жалғаннан өтерде мен. Адам еді кірпиаз жаны сонша, Ақ жейденің ауырын көтермеген. Қолдауыма құдайдың бір қуаты, Қалмай келген жарыстан бір күнде аты. Мансап үшін мəз болып бір ғұмыры, Биіктеген көңілдің гүл қыраты. Осы белге қырық жыл шығып табан, Жаны тыншып бір күнде тынықпаған. Жандарды жанына жуытпаған, Бұл өмірдің сырынан түк ұқпаған. Өтті-кетті дүние дөңгеленіп, Арып-талған жанына бермеді ерік.
─ 118 ─ Соңғы демін үзердің тап алдында, Тебіреніп тосаттан жөнге келіп. Қаратпады ол болсада от бітімді, Қызыл–жасыл дүние өтті тынды. Жұма алмады жанарын өкінішпен, Байлады ажал сарнаған өткір тілді. КЕЛТІРМЕЙДІ Босай қалса толғанып қолы еңбектен, Мені біреу ақын дер өлеңдеткен. Енді біреу бекерге əлектенген, Сезіміде жоқ дейді елең еткен. Ерікті ауыз дей берсін қалағанын, Оған несін тұйықтап қамаламын. Рас, əйтеуір арманым өлең болып, Сол биікке көзімді қадағаным. Шоқ болмаса кеудемнің көрігінде, Өлеңімнің жарамас көбі ілуге. Ақын атым өшпейді деп ойлаймын, Жүрсе елімнің бір шумақ көңілінде. Құрауындай асылдар қиығының, Жолдары бар өлеңнің қиын-қиын. Қалап шығу алтыннан былай тұрсын, Келтірмейді ақ күміс құюға ығын. АДАМДЫҚ ЕКЕН Ыстықтатқан, тоңдырған, Жаз күні мен қыс екен. Ашуың артық долырған, Ақылдан бөлек іс екен.
─ 119 ─ Бəрінде жасау қолыңнан, Көрген бір шырын түс екен. Жақынның төккен мейірі, Өзіне бола іс екен. Сыйлау ғой бір сөз мейлі, Сый білмес жандар мол екен. Біреудің аппақ пейілі, Біреуге қара мөр екен. Күн шуақ шашқан шағыңда, Қимайтын досың көп екен. Қалмайды бірі жаныңда, Түсетін кезде көлеңкең. Бір күнің өмір көл екен, Бір күнің тандыр шөл екен. Адамның миы шатасып, Білмейтін сырың көп екен. Өмір-ай, сенің əу баста, Кім ұққан қатал салтыңды. Əр күнгі тірлік əр басқа, Білмейсің алды-артыңды. Тербетіп ойды қозғайтын, Толғақты сезім əр түрлі. Азбайтын, əмбе тозбайтын, Адамдық екен тартымды. ТОЙДАҒЫ СӨЗ (Шигыби ауылында малшылар апталығында оқылған өлең) Сəлем саған шигыби киелі жер, Сөз түспесе тілімді сүйеп жібер. Алақаны сияқты қарттарыңның, Маңдайыма ып-ыстық тиеді жел.
─ 120 ─ Жер ұйығы емес деп кім айтады, Керегі не қараудың сынай тағы. Қалтаңда жүр жігіттер кешегінің, Сулуға айдап беретін мың байталы. Сыр жатыр-ау айнадай жазығыңда, Суреті бар қысыңның, жазыңның да. Байлық емес ат көпір жалғыз ғана, Жинап тұрсың көңілдің азығында. Алыс емес көрінген алдағы шың, Құлшынғандар жетеді арман үшін. Көш бұйдасын ұстаған жігіттері, Көтеріңдер мына елдің ар-намысын. Құтты болсын тілеуің той жасаған, Өлеңімнен тозбайтын торқа салам. Оралмайды ойыңа нелер келіп, Құшағында сезімнің тербелсе адам. Шындығы тұр өмірдің ойыма алған, Кіл дүние алдыңда мойындалған. Осы жердің төрінде дүбірлетіп, Жаңа өмірдің ең алғаш тойы болған. Сай түлігі ойнаған тақымында, Үш өзеннің құйылып халқы мұнда . Көкейімнен сол күнгі өшпес сурет, Жатыр сенің сақталып архивыңда. Қанатынан нұр толқып қызыл тудың, Қыршын жаным желпініп қызып тұрдым. Береке боп еркіндік-теңдік тұрды, Бəрін айтсам таусылмас қызық бұның. Шек жоқ онда қуаныш есебінде, Сол күн қолға тигені есеніңде. Бəйге қосып, балуан сап, көкпар тартып, Ойын соңы жалғасқан неше күнге.
─ 121 ─ Жалғап бүгін сондағы парад үнін, Бəрі жетті жал-құйрық қанатыңның. Жүйріктігін тілейін құлыныңа, Оразəлі Қабылдың қара атының . Атыңды алып алысқа барды алыбың, Биігінен шырқап сап арман үнін. Бесігінде талпынған ұлдарыңа, Берсін маңғаз Асқанның балуандығын. Күтерім көп өзіңнен əлі менің, Тектілерден құралған ауыл едің. Самалың боп аңқылдап таңертеңгі, Сапырайын дəніңнің əр күрегін. Жүрегімде сағыныш мұң сағымы, «Тас бастау»ың жуады жуса мұны. Түстік жерден иісі бұрқыраған, Жата қалып искейін жусаныңды. Жаным сенде қоңыр ел, қоңыр мекен, Сенсіз маған өмірдің бəрі бөтен. Бола алама көрмеген ұлы мұхит, Туған жердің аядай көліне тең. Өлең арнау тойыңа борышым мен, Сезіміңе бөленді көңіл шүлен. Жетіп жатыр өзгеде еркелігім, Еңбек етсем кешірме қол ұшымен. СЕНЕМ Таудан астым, тасты бастым су кештім, Өмір өзің тербемесең жүрмеспін. Талмас етіп талдырмаш бұл жанымды, Күрестірдің талайымен күндестің.
─ 122 ─ Істегем жоқ көңіліме жаққанын, Жаным менің адал істі жақтадың. Кей сəттерде үстін басып шындықтың, Бой көтерді жаман пиғыл жат таным. Өзегіме мені аямай тепсе кім, Шындық жақын тартады деп көп сендім. Бірақ, бірақ кейбір сəтте ойсырап, Қалмай жүрді табан тірер тепсеңім. Сенесің бе бастан өткен мынаған, Ұрылар кеп еңбегімді бұлаған. Арашалап отқа түскен ұятты, Таппай жүрдім ап шығатын бір адам. Қам қылмадым қарабастың пайдасын, Сынбасын деп бақтым шындық айнасын. Болғанымен уақыттық көз таса, Сендім шынды ешкім жеңе алмасын. БІР ШАРШЫ КƏДЕ (Сейтқан Қалиұлына) Көтерген ауыр көрмей артылғанды, Танимыз көп ішінен нар тұлғаңды. Айтады майлы–жайыр ақ бас алтай, Əндетіп азаматтық нарқыңды əлі. Ақын боп алау ұстап атқа міндің, Ну орман ойларды айтып ақтарылдың. Дегендей талапты ерге нұр жауады, Қарамай қонды өзіңе бақта қырын. Төгілдір дастаныңның жалғастарын, Бойыңнан көрінеді талмас дарын. Өзіңдік жаратылыс сарыныңмен, Бет алдың, жан-жағыңа жармаспадың.
─ 123 ─ Осындай түскен ақын ел көзіне, Тойланды алпыс жасың дер кезінде. Туу ерен қабырғадан ақ орамал, Жырымды ап бұлғап тұрмын менде өзіңе. Жер бердім жүрегімнің көлемінен, Ей Секе, сені жақын көрермін мен. Тойыңа жете алмадым соған бола, Шығарып қойма мені керегіңнен. МАХАББАТ ЖЫРЫ Ен салмайды жүрегіне ол кімнің, Өзі де тұл махаббатсыз өмірдің. Оты қозса сыңар қалған кемпір-шал, Отауына сыймайды екен он ұлдың. Махаббатсыз қызықта дəм болмайды, Бас құралмай бақыт-байлық қонбайды. Отқа салсаң ерімейді қайтадан, Махаббаттан байланатын тоң қайғы. Халық жаттап, қаншалап көп жыл өтті, Төлеген мен аяулы қыз Жібекті. Неге сақтап жүреді адам кеудеде, Махаббатқа күйінбеген жүректі. Біттей ақ жер шықса кеудем тап сенен, Ғашықтар кеп паналайтын бақша егем. Махаббатты былай қойып түкте емес, Дəнекерлеп үйленгендер ақшамен. Мейірімсіз кейде тағдыр бораны, Махаббаттың гүлін көктей орады. Көп болсада қайнаған жан сезімдер, Махаббаттың орны бөлек болады.
─ 124 ─ Махаббаттан өтер күш жоқ ары асып, Екі жүрек біреу болған жарасып. Махаббаттың көзі кейде ноғала, Кететін де кездері көп адасып. Сол адасқан махабаттың түбі мұң, Жүрегі бір таппай өтер тынымын. Пəк махаббат тарқамайтын базарың, Өмірдегі сарқылмайтын тұнығың. АРАМЗАЛАР Қайда жүрсең құйрығың бір тұтамдай, Сазырайған аспаның бір дым тамбай. Өртеп тынар болып ең бұл маңыңды, Отың өшті жылт етіп бір тұтанбай. Ағайынның күндейсің гүл-гүл бағын, Ішке бүгіп қолыңның бір бармағын. Изек қағып қулардың құлы болып, Момындарды келеді жұлмалағың. Көрсетесің тісіңді тіл жасырып, Ішің толы у адамға тұрған суып. Ары қарасам арқамнан атып салар, Таңдайыңда талай оқ тұр басылып. Ақ көңілдің көмем деп маңын шаңға, Өзің құрып келесің не қылсаңда. Қай-қашанда ісі ақтың құдайы жақ, Өз мойныңа түседі нағыз шалма.
─ 125 ─ ОРЫНЫНДА Жұлынып ағыл-тегіл жыр айтатын, Көңілді қуандырып, мұңайтатын. Толқын боп бүктетіліп, аунақшытып, Іркілмей түйдек-түйдек сыр айтатын. Өзегін үзіп айтып өзіленіп, Ешкімнің жұқтырмайды ылай татын. Жетелеп əріптесін жөнді ұқтырып, Бүркіттей түлкі көрген төніп тұрып. Ойларын кем-кетіксіз толық айтқан, Көліндей үліңгірдің толып тұрып. Еркіннің жарқылдаған жалын жырын, Тыңдайсың аласұрған көңіл тынып. Таласып жаздың ерке ақ таңымен, Шабыты айғай салып атқа мінген. Аялға мұрса бермес сілкініспен, Төгілтіп сұлу сөзді тап-табымен. Жазбай-ақ тамылжытып көкейінен, Секілді жыр кітабын жатқа білген. Жаңбырын бал сезімнің нөсерлетіп, Секундта тыныс-демін неше өрлетіп. Нарқына осы ақынның не дер еді, О, тағдыр Біржан салды келсең ертіп, Оралып шым жібектей шумақтары, Жатады жанның отын көсеп өтіп. Жүйрігі күдір жердің, тым арының, Жаныма шырқап салып құмар үнін. Барады дала төсін дүбірлетіп, Байқатып барған сайын тың арынын. Тынбасын тұлпар жырың, осы өлеңім, Орынында таққан үкі тұмарымның.
─ 126 ─ БІР ІНІМЕ Жаным-ау, ат үстінде жүргеніңмен, Озбай ма қоңыраудан жыл керуен. Бірде олай, бірде былай қу дүниең, Адамның тасу қайда жігері үнем. Шаруаның келмейді үнем оңы адамға, Содан бір қайтса көңіл оңалама. Қызынып барасың-ау қыр асқалы, Барлық сəт ойдағыдай аралама. Жөні бар білсең қалқам озардыңда, Айна боп тұрмыс тұрсын көз алдыңда. Адамдық бір алтын тақ астыңдағы, Мансабың қонған қырау өз алдына. Əйтеуір бір тауып жүріп пана сылтау, Ашатын ағайынның арасын дау. Аялап ағасынып сөз айтамын, Əйтпесе өз қолымда жан асырау. Табады еңбекке тəн кісі үлесін, Сен оны менен артық түсінесің. Өзіңді бір бауырың кетсе ұмытып, Меніде сонда есіңе түсірерсің. КӨҢІЛІМ Адамдай жан-жағым бір кеңге ұласқан, Тұр менің көңілімде зеңгір аспан. Келемін кердең басып, кезең асып, Өзіме қай қиынды тең қылмастан. Мұнда мен деп тұрғам жоқ хан боламын, Қажетті тірлік үшін қамданамын. Өлтіре сабап кеткен өкінішім, Ұйқтамай талай-талай таңды аламын.
─ 127 ─ Ұнайма саған досым осы арыным, Бар болса демеп жібер қосар үнің. Көп іске ырық бермей жүргеніммен, Сезімге морт сынатын осалыңмын. Қуанып шаттығыңа қоса күлем, Жыласаң мұңымды əкеп қосамын мен. Аңқылдап ақ көңіл мен аяп жүріп, Ең соңғы жеңісті де тосамын мен. Алдымда самал ескен далам міне, Ақ көңіл болдым басқа талабым не. Өтемін еміреніп, тебіреніп, Қатаң боп, қарау болып табамын не. Кездерім болған бəйге алатында, Көрінбей қалғам көптін қабатында. Сондада қарауланбай көңіл жанып, Ұшамын сезімнің гүл қанатында. ӨЗІМ ҚАЙЫҚ Жарасада жанымның несі ілікке, Керегі не естінің есірікке. Əй, өмір-ай, кең қайыр құшағыңда, Алшаң басып келеді не сілікпе. Қасың болып кетседе ең үрейлі, Жаныңды ұққан жасыққа телімейді. Мен ойлаймын таразы өмір барда, Құны ешқашан басымның кемімейді. Тебіренбей түкке де, көңіл аумай, Жаралыпты-ау қу жаным менің ондай. Қайтіп ғұмыр кешеді кəперсіз жан, Ізденетін керегі, кемі болмай.
─ 128 ─ Таңмын өмір жаралған заңдарыңа, Бұлтың жақын жүрді кей заңғарыңа. Кетер ме екен жүрегім тілімденіп, Шырқыраған біреудің жан зарына. Ойларымның тал қармап толқынында, Айтатында боп жүрмін жоқты мұнда. Лап-лап етіп жанғалы жүрегім тұр, Жатқан жерін көсесең шоқтың мұнда. Жақсылардың жасқаған сесі бір ес, Не байлау бар жаманда шешу білмес. Өмір-өзен болғанда өзім қайық, Суға кетсем бұл кінəм кешірілмес. САЯСЫНДА МҰҢЫМНЫҢ Сақ сынады не пайда мұңайғанмен, Бекінгелі қай заман бұл ойға мен. Жанға батқан мұңымның саясында, Жүрегімнен теңіз боп құлайды өлең. Жетеді ойым тілекке бастап əлі, Күншілдердің күшігі тас қабады. Мұң өтпеген басынан шикілердің, Улағаны бақытқа масқаралы. Бұйырғанын ащының жеп келемін, Жеткен шығар сорымда шекке менің. Көтеріліп қалмай ма сынған көңіл, Қуанғанды мен неге жек көремін. Жүгірістен тынғанша қан бойымда, Меңдемеймін жұтсамда қандай уға. Кісілігім шайылар татқанымның, Дəмін сақтап қалмасам таңдайымда.
─ 129 ─ Болып едім шаш түсіп ойдан қасқа, Тербетсе өмір бола ма ойланбасқа. Саясында мұңымның қуаныш бар, Не бітірем толқыған ойдан басқа. ЖОЛ БЕРЕДІ Еске түсіп шаршаймын қай-қайдағы, Жастығымды іздеймін шалғайдағы. Отар кеткен сезімнің орыны аша, Астан-кестең қу ішім зар қайнайды. Қадіріңе жетпедім қолда барда, Шеріңнен шық өкініш жондап алда. Сағыныш боп сарғайтып бара жатыр, Өтіп кеткен қайран сəт онда обалда. Жастық сенде сыр кетті жаза алмаған, Сырлар кетті айта алмай мазамды алған. Жаға алмаған жүректің отын жөндеп, Күнəкəрмін мезгілден жазамды алған. Асау мінез күндер-ай сол қарымды, Сезем бүгін неге жем болғанымды. Неге-неге əлсіреп қу жүрегім, Көтермейсің ащырақ толғағымды. Елестетем жас күннен не дəметіп, Сергіп кетем көңілім елең етіп. Жол береді ашынған шабытыма, Алдымдағы қия жол кенере тік.
─ 130 ─ КЕРЕК АДАМ АЖАРЫ ЖАСЫМАУҒА Күні жарық, қап-қара түні барқыт, Қайда сүйреп апарады мына уақыт. Кезігетін қым-қуыт тірлігіңнің, Маңдайыңа бірі сор, бірі бақыт. Қиындық бір сыңарың сыр алғылы, Елең көрме көрме кезіксе сірə мұны. Ыстық пенен суықтың ортасында, Шырқап жүрсең батырсың жыр–əніңді. Мынау сырлы дүние бар алабы, Танылмаған тəрізді маған əлі. Бірін тауып əкелсең біреуі жоқ, Шаршап жүрсең сол тірлік мағыналы. Артық дəулет тіленіп қайтер едің, Мəуелетсе жаның көк бəйтерегін. Құлағанша жазатын құмарланып, Тұрмыс деген жинағы бар теменің. Керек болса бір өткел жан сынауға, Байланғаны түкте емес басың дауға. Жығылу бар, жығу бар əсте мұнда, Керек адам ажары жасымауға. ЖЕТІП ЖАТЫР Майырылмаймын ұшындай тат шегенің, Артық емес арымнан ақшаң менің. Бір толасын түбінде асып-тасып, Шайқалмасын көңілім ақ шелегің. Ұстамай-ақ ақшаңды будасымен, Күн кешірем адамдық бір басыммен.
─ 131 ─ Түгел бастап келседе көтеремін, Егескенде бір досым, бір қасыммен. Азық болып аңсаған арман маған, Өзімше айдап келемін арбамды аман. Аласұрған от сезім ой беріпті, Жетіп жатыр осы үлкен арнам маған. Иығымнан тікендей тұрмыс іліп, Жүріп келем бір кеңіп, бір қысылып. Берекесі белдеулеп тұрған үйде, Жетіп жатыр айлығым бір кісілік. КӨК АСАУ АТТАН КӨРГЕНІМ Міне шауып шіреніп үзеңгіні, Көк асау ат шылбырды үзген күні. Бір жығылып, бір тұрып сүйретіліп, Тауыстық-ау бір талай біз өмірді. Өтті бəрі келмейді өкінгенмен, Кешіп қалдым опықтың отын белден. Өтіп кетті қанша жыл қан жылаған, Қайран талап тасырқап өр тілеген. Жат елі ғой қаныма, тегіме де, Келмейтұғын тиынға тең бірдеме. Еріп алып көңілім елеуіреп, Барды соған аз қалдым төгіп өлең. Адастырып айыртпай ақ-көгіңді, Сол абырой, сол ғана бақ көрінді. Табады екен бұл құрғыр елді аралап, Ең алдымен аңқылдақ ақ көңілді. Сағым ұшқан талай бір санасынан, Ақылдыны сарқылтты сабасынан.
─ 132 ─ Əжуа боп артта қап ажар сынып, Қайнады ғой талай кез сор осыдан. Сол сиқырдың таң қалам ғажабына, Түсті жүрек обал боп қажауына. Жүрдік оның буында біз елемей, Бұрын кетті талайлар ажалына. Қасіретін ойласам соның енді, Қайысады қабырғам сөгіледі. Қалады екен батырың өлез болып, Балуандардың үзіліп сом білегі. Аз жегем жоқ мен онан қайғы-мұңды, Жоғалтпаса тіктеді ол қай құнымды. Кетті талай аунатып құй-батпаққа, Шайқап төгіп тұп-тұнық айдынымды. Жаралғандай басынды ол мені осалдан, Неге айдаса дедектеп көне салған. Ұйқым қашып кетеді ішім ашып, Кей күндерде сол тұстан елес алған. Асып түсіп бір шығын бір шығыннан, Көп арманым қиылды қыршынынан. Қайта қонбас о, қайран періштем-ай. Соның арам уына ұшындырған. Көрмеді одан не керек өз басым не, Көрген елден біз алған аз ба сіле? Қойдым əйтеуір ескертіп жан шыққанда, Ол пəлені пендеге жазбасын де. Қабырғама тиген бір зіртең еді, Тұлпар көңіл ойласам жер тебеді. Ауаша жүр белдеуден көк асау ат, Сенен көрген азабым жетеді енді.
─ 133 ─ АЛТЫН СЫРҒА Талай-талай арманға қол артатын, Қабыл болсын тілеуің Болат ақын. Той ғой бүгін төріңде айғай салып, Ақша қардай өлеңді борататын. Ұстазсың ойлайтұғын бала қамын, Білім бүгін қалаға, далаға мұң. «Ақ жолыңнан» ой туар толғандырып, Өлең болса өмірден қалағаның. Ақын жаны не көріп, нені кешкен, Сен білесің сезімге өліп өшкен. Той-думаны болмаса мына тірлік, Құлазиды жайлаудай елі көшкен, Өлең қуып өтіппін елу бестен. Жылжып жатқан не деген күндер еді, Бар қызықты тауысып кім көреді. Табанына біреудің кірген тікен, Маңдайына біреудің гүл боп өнді. Ойы озбаған жан деме бір басынан, Талай тойда айтамыз сырласып əн. Артық сана Зейнепқан өлеңімді, Мың долларлық базардың сырғасынан. Бəрі ғайып тірі адам тұрғысынан, Менде жанып шөлмектей бір күн сынам. Ішейікші тойғанша той шарабын, Қосылды «ақ жол» қатарға бір мұсылман. Ғұмыр қанша таптырса аял мұнда, Ағайыннан барымды аярмын ба. Келін түскен тойыңда жыр оқуды, Үміт қылам сол жылы, сол айында.
─ 134 ─ Ақжолдың ақылы үлкен дана болсын, Бабаның қадір тұтқан қара қосын. Сен дегдар əке болып алдында оның, Зейнепқан сəлиқалы ана болсын. Алайын ақ жауындай төгіліп бір, Тынбайды нүкте таппай көңіл үтір. Көкпарын мына тойдың ап қашуға, Тықыршып сезім атты көлігім тұр. АЛТЫН АЛТАЙ Арналар талай жырым тағы саған, Жүргенде қылыш қанат шалғысы аман. Əсерің маған берген тау ғана емес, Шежіре бастап тұрған шал құсаған. Шұрқырап бауырыңнан түлік өскен, Алтынның адамыңа буы ілескен. Ат басын ата-бабам тірегелі, Кем қалған жер емессің бар үлестен. Жұқпаған ақ басыңа жаттың кірі, Өзіңсің мұзбалақтың нақ тұғыры. Кетпейді құлағымнан сені айналып, Қорғаған батырлардың ат дүбірі. Келесің ақбас Алтай қар жамылып, Тізетін сырларың көп маржан қылып. Құлағын сан ғасырдың елеңдетер Далаңнан оқ мұжыған əн жаңғырып. Шалқыған алтын Алтай бақ-талабың, Сенімен биік тұрып мақтанамын. Қыдырып қырларыңа гүл ашылған, Барайын көк жалатып ат табанын.
─ 135 ─ МЕН Ісімнің, сөзімнің де ағын ойлап, Күреске түсіп жүрмін а құдайлап. Жықпасам, жығылғам жоқ тілеулес боп, Жүргенің қуат па екен ауыл-аймақ. Аттамай ала жіптен анық бастым, Адалдық құлың болып жалықпасын. Таба алмай тал бойымнан талығып жүр, Құрғыр арамдықтың жаны ықтасын. Жазбадым ақ жолымнан бұралаңда, Қадалып қас қылмадым бір адамға. Ақ туы əділеттің желбірейді, Көңілімнен бой көтерген мұнарамда. Қиынға жүрегімді жаулатпадым, Жалынып, жалбарынып жан бақпадым. Ақ жібін арқауының үзбей келіп, Аяулы адамдыққа жалғапты арым. Мен осы кеткен беті жалғасамын, Сақадай сардарымен бар жасағым. Тыныштық жүрегіме орнағанша, Атысып арамзамен қан жосамын. СЕНІМ Түбінде боламын мен бір керегің, Ағайын бірге өнген соң бірге өлемін. Сыртымнан жек көрсетіп бəтшағарлар, Олар да жасап жүрсін білген емін. Бір үлгі тұрмасада орнап менен, Жыр жазам кей күні ащы толғақпенен. Өмірде оп-оңай ма орын теуіп, Ел сүйген бір азамат болмақ деген.
─ 136 ─ Ат басы ой өрістеп тұрмысымнан, Ақшаңада бір кеңіп, бір қысылам. Қолдағы барды беріп қажетіңе, Аңқылдап жүрегімді бірге ұсынам. Биікке жан тына ма көтерілмей, Көңілден шөл қана ма көл төгілмей. Басымнан бақыт тайып жүрсем бір кез, Ағайын сырт қарама бөтеніңдей. Түсінем жүрегіңді тілеулесім, Обалың түсінбесем жібермесін. Көз көріп, құлақ естіп қанығармыз, Табатын көңіл суын жыр өлмесін. АДАМШЫЛЫҚ Күн өтеді жылап жүріп, күліпте, Соның бəрін көрген артық бірлікте. Ғайып деші бақ пен сордың арасын, Қою қыйын оған батып бір нүкте. Мұны тегіс біле бермес адамдар, Тіпті өзінде танымайтын надан бар. Адам ойы ақшаға ауып барады, Соған аздап көңілімде алаң бар. Арсыз танса арадағы тоқтамнан, Жан ашуын тия алмайсың оқталған. Тірлігіне өзі тірек болмаған, Түк күтпеймін кісілігі жоқтардан. Адал жүрсең тілеп саған оң қадам, Тайдырмайтын тиянақ боп орнаған. Адамдығын тастап аяқ астына, Мына өмірде жүр-ау талай оңбаған.
─ 137 ─ Суалдырып ақыл-естің бұлағын, Жөндеп айтпай тіршіліктің бір əнін. Масылдарға неге керек бұл өмір, Бақыт болып сезілмейді мына күн. Біттей кемдік бітімімде толмаған, Бататұғын қызыл тікен ол маған. Өзіме өзім мін қиятын қайшыдай, Оқталамда, мінімді іздеп толғанам. Тас қой бəрі мейірімсіз жүректің, Бағасы артық онан жарты жың еттің. Іште жатқан мұздыда ерітіп кететін, Жүрегіңнен сыртқа тепкен жылы екпін. Бас аманда жеп жүргем жоқ мал қамын, Жетіп жатыр еңбегіме алғаным. Тым ашылып кеткендердің ниеті, Тағдырындай бір шіріген алманың. Ой салады маған əр бір таң атқан, Шықсам əттең өмір күткен талаптан. Ер өледі өлсе бойда намыстан, Өлгендердің бейіті жоқ тамақтан. Жан қайығын есіп өттім жағаға, Ұятыңнан жаралғамын жан ана. Еліктегем құлақтаған асауды, Əкемдегі қуат пенен шамаға. Қия басса тағатұғын елге мін, Менде бірі осы жүрген пенденің. Бірақ менің көкейтесті мақсатым, Адамшылық жасау үшін келгемін.
─ 138 ─ НАМЫС АРТЫҚ Мөлт-мөлт етіп қарайсың «серуенім», Біліп тұрсың қабырғам сөгілгенін. Үй ішінің сезімін білетіндер, Жаным десе артықпа сені менің. Гүлім, неге тұр сенің бақшаң жүдеп, Зорлады ма тапсырғын ақшаңды деп. Мектеп деген білімнің қолқасына, Ұрып тұрма ақшаның ақ шаңы кеп. Оған бола сен қарғам жыламағын, Біз көргеміз ондайдың тар сынағын. Ұмытпа сен үнемі үздік оқып, Қадірленіп, сыйланған басың барын. Сыйсыз тірлік не керек бал ақсада, Адам еркін сынбайтын болат сана. Ұлан қайыр шытырман дүниенің, Тоқтайды деп ойлама бəрі ақшаға. Алды тарлау мейлі өтсін шағың, Баласындай өрлеп жүр патшаның. Басы сыйлы болатын адамдарға, Бақыт баяу ашады от құшағын. Сындыра алмас өзіңдей тау бұласын, Қол қысқасын несіне қам қыласың. Біліміңді мыңғырған өрістетіп, Бүгін кеткен есеңнің қайыр басын. Осыны айтып қояды əкең саған, Сендердікі болады ертең заман. Табады ертең бүгінгі жоқты бар қып, Намыс артық бəрінен ең тазарған.
─ 139 ─ АРМАНЫМ – АҚСҰҢҚАРЫМ Арманым ақ сұңқарым қалықтаған, Жете алмай кейде қанат талып барам. Жетпеген қуғанына құрық салып, Барма еді жігерімде бір жамандық. Құлашын жаяр тұста жая алмаған, Қорғанып ауыртудан жанды аяған. Шабанның шандыр мінез бірімін бе, Сезімі ұшып жүрмей жаяулаған. Өмірде қалай-қалай сый тараған, Ұғады өз жаны бір ынталы адам. Ең қорлық жаныңды жеп озып келсең, Маңдайдан біреу шығып сыйпамаған. Түк қонбай күн өтті деп қолға мына, Не бітер сен өкпелі болғаныңа. Тасуда, тарығуда өзінде екен, Адамның салып көрсем толғамына. Арманым ақ сұңқарым қалықтаған, Кейде таяп, кейде алыс қалып барам. Жеткен жерде шығады таласта жоқ, Сол таразы басында анық бағам. ЗАЯ КЕТКЕН КҮНДЕРГЕ Күндерім жарық болмай қарауланып, Балына жас күнімнің қана алмадық. Құлындай құлақтатып қыршын күнді, Қайта əйтеуір қос түздік аман қалып. Сəулесіз талай түнгі айым батып, Өкіндім өтті қанша зая уақыт. Тұйықта шырқыраған жүрегімді, Болғам жоқ жылауынан əлі уатып.
─ 140 ─ Бұл мұңнан болар еді-ау арылуға, Жас жаным келсе өзінің қалпына. Ей өмір өкініштің орнын төлеп, Жүгіңді баса теңде нар ұлыңа. Деуші еді нұр жауады талапты ерге, Қағайын аямай-ақ қанатты өрге. Бір белге шығып тұрып кептірейін, Малынған ақ жейдемді қара терге. Жинаған қайран дəурен оттың күшін, Сол орны толарма əттең өкініштің. Ендігі тебіреніс бір ғұмырдың, Борышын түгел төлеп кету үшін. БІЗДІҢ ҮЙДІҢ ЖҰРТЫНДА Жыр жазсам іші жыртық, сырты құрау, Мүмкін бе жүрегіңнің кілтін бұрау. Ұқ балам бір аунап кетейінші, Бір кезгі біздің үйдің жұрты мынау. Жаз шөлдеп марқұм əкем қыста тоңып, Еңбектен кеш келетін мұрты қырау. Көзіндей бала күннің жылтыраған, Осында əке аузынан сыр тыңдағам. Ұмытпа біздің жер үй мына шұңқыр, Бұл сенің ата қоныс жұртың балам. Бұл жерді көрген сайын ой бошалап, Қонады ерке шабыт бұлты маған. Жемеген дүниенің басқа қамын, Бала боп осында өмір бастағамын. Қызықтап үзсем үздім бəйшешегін, Аялап табанға əсте баспағанмын. Сүюді сұлулықты тұңғыш сезіп, Көз қырын гүлдеріне тастағанмын.
─ 141 ─ Болжалдап тіршіліктің əр мəнісін, Осында қанаттанған арман құсым. Ат жалын тартып мінген осы төбе, Мен үшін секілді үлкен заңғар бір шың. Көрсетіп қойдым балам ұмытпай жүр, Шежіре саған келер таңдар үшін. ƏЛІ КЕЛЕМ Əлі келем аңқылдап, ақтарылып, Көңілімде бошалап ақ шарбы бұлт. Арамзалар көңілім бостығынан, Ұстағысы келеді қақпан құрып. Сырластарым, мұңдасым есік ашып, Көтереді төр екен басына шық. Айта алмасам мақсаттың басын ашып, Бұл өмірге боламын несін ғашық. Адамым көп өрістеп араласқан, Артық-кемді жүреді арада сан. Жүрегімді ұқса да, ұқпаса да, Аз ғұмырда кіміңмен арандасам. Момынсынбай дос болсаң бол, ағайын, Соғарында менде де боран дайын. Артта қалсаң алдыға көтермелеп, Аяғыңа озғанда оралмайын. Түймедейім түйедей көрінеді, Бұл не деген күндес көп өмір еді. Не жақсаңда жұқпайды қанық əйтеу, Бояуымның өшпейтін өң-іреңі. Бір жасасып келеміз мына өзіңмен, Не мін көрдің бір беткей мінезімнен. Елжіреген жүрегім жуырманда, Адамынан қайтпайды бір езілген.
─ 142 ─ Керек маған дос, жаран, жұрт аманы, Жетелеп қайт тайымды бір тағалы. Құшақ жайып менің ақ пейіліме, Өмір берген бақыттан нұр тамады. ЫНТА Тербетіп таулар мені, дала мені, Адаспас жолға салған ең əуелі. Ұлар шу табиғаттың сарынынан, Құйылған құлағыма əн əуені. Қуансам көкірегім қақ жарыла, Дал ұрмай ой салғанмын жан-жағыма. Ағайын бұзып-жарып сөз алғанда, Қысқартпай əңгімені жалға арыға. Рухымен қатал мінез бабалардың, Өзімді-өзім сыналап бағам əр күн. Тұратын бұрқ-бұрқ етіп намыс қайнап, Ең керек тазалығы маған ардың. Сонан соң өз мінімді өзім табам, Іздену ізсіз жерде өр ынтадан. Жарытар не жырғатып елдің жанын, Алдымен өмір сырын өзі ұқпаған. Самғаса көкте алысты торып қыран, Сезімді соған қарап толықтырам. Қап балам күңкіл деген бақ таластың, Талайын өз шаңыммен жолықтырам. Бойымда бір ұлы күш бермей тыным, Ол менің ізгілікке шөлдейтінім. Қамында соның ғана менің жаным, Еңіреп жер дейтінім, ел дейтінім.
─ 143 ─ Жетемін қуған арман, тілегіме, Осыған бəс ағайын тігерің не? Тұлпарым бетіне алған мақсат үшін, Келеді қашап басып тік өрінде. Мен осы антымды айтып алға шығам, Не керек түкке жетпей қалған шыдам. Алған соң оттай ыстық ынтам ауып, Бір тынбай бұл сапарды жалғастырам. ҚАШАНДА Өмір-ай, бірде кілең бақ сезілдің, Ал кейде ай балтаңмен қақ бөліндім. Бермей-ақ басы бүтін бақытыңды, Аты арып, тоны тозбас ақ көңілдің. Бастағам бейнетіңнен сынақ алдын, Бəрін жеп ащы кермек сыбағамның. Барында қадірімнің қаңтарылмай, Жоғымды бардым достан сұрап алдым. Жүргенде ат-атақтан құр алақан, Ес екен ой-сезімің құлап аққан. Жайылдым жазда ашылған жапырақтай, Ақ сүңгі аязымен буғанда ақпан. Не таныр көзі терлеп қиналмаған, Құралған теңіз тегі қилы арнадан. Ғашықпын ерлерге мен түнек түнде, Ғұмырын келер жарық күнге арнаған. Күндеген бір бақытсыз, бір бақыттыны, Жалған-ай тұтқа саған кім нақтылы. Бар менің талай өксіп жылағаным, Асылдың шықпай қылса қымбат құны.
─ 144 ─ Ойласаң көңіл деген бір мешкейді, Адамсыз адам тағы күн кешпейді. Жамандар жабылып кеп көмсе дағы, Жақсының артта қалған ізі өшпейді. Ой салар өрнеккерің болмасамда, Жарқылдап сырымды айтам анда-санда. Қылт етсе қисайғанды қиып түсер, Бір шындық алмас жүзді бар қашанда. ІЗДЕУ Тау тұрсада арада жолды алыс қып, Іздететін бір сезім болады ыстық. Талай жылғы сарғайтқан сағыныштың, Кем боп тұрған орыны толады өстіп. Дос жараның, туысың, жегжатың, Келсе арытып алыстан семіз атын. Артық емес ол үшін қайтарында, Тоныңның жағасы, жеңі де алтын. Жол бойында ол шаршап асты белден, Азығыда ап шыққан тас түгеген. Сүйтіп жанын қолына ап келгенінде, Қара жердің қайтарма астыменен. Ақ ұлпадай көңіл сап жыртылмаған, Бір ғанибет сөйлесіп сыр тыңдаған. Көміп қалып жүрмесін сол көңілді, Қу дүние екі көзі жылтыраған. Атын байла құрметтеп түскенінде, Дəмі сонда жеген мен ішкеніңде. Үлгіресің қанша рет барып келіп, Бұтағындай шідердің қысқа өмірде.
─ 145 ─ ТАҒЫ ДА КӨҢІЛ ӨРНЕГІ Берейінші сезімнің жауып селін, Бір боп кетті менімен жаның сенің. Ойын-тойдай өткіздік отыз жылды, Отыз жылға бекітіп тағы сенім. Отауладық қыз бенен ұлды дейсің, Жəне маған гүл өзің үлбірейсің. Сызылғанда сызатсыз жаның жайнап, Тың ырғақты əн-күй боп уілдейсің. Не бітпейді сенімге тепсек ірге, Сері қалпы барайық сексеніңе. Жүректегі қып-қызыл шоқ сөне ме, Əдемі өрнек қанымен шексе өмірге. Сенсіз жетім ұшпайды қиял аттап, Сенің жаның сүт сəуле құяды аппақ. Өзгесін қой өтетін бір тұрмыс қой, Ең бақыт деп жүргенді айтпайсың ба. Бірімізге біріміз тиянақтап. Олақтығым мендегі əттегенім, Жүрегімде айта алмай нақ теңеуің. Санайсың ба сен мені бəйтерегің, Сен ғанасың мен үшін мəртебелім. БҰРАДЫ Бермейді бір пендемен бəрі тына, Уақыт жөнеледі өз бағытына. Басыңа бітіп қалған мүйіз емес, Жүреді ұшып қонып бақыт мына. Жақсы ғой кімде кімге бел көрінген, Жамандар есеп жазар бергенінен.
─ 146 ─ Аралас арзан-қымбат жүрген жерде, Бағасы ер жігіттің еңбегімен. Тартпаған қара бастың жан қамына, Жақсының не жетеді талғамына. Жақсы үшін жанды жалдап өлсем дағы, Жаманға күнімді сап таңба мына. Ездер-ай, жұртта қалған итше ұлығыр, Болады сендерге де жұт жылы бір. Сендердің жазатайым кеселіңнен, Жағасы жақсылардың жыртылып жүр. Жақсыға бəрін берген ақыл-ойдың, О, тағдыр отқа неге жақын қойдың. Жасаса өмір шыны бір сілкініс, Бұрады жақсыларға ақыр бойын. МІНДЕТТІМІН Бұл өмір көтергендей төбеге тік, Жан-жаққа қарамаппын елең етіп. Қу тірлік əбігері алдай салып, Қалыпты-ау талай шіркін өлең кетіп. Арты оның өкіну деп санамағам, Жауындай жастық өтті сабалаған. Бір белгі жарқ-жұрқ етіп қалмаған соң, Мұңайып қалады екен соған адам. Арман-ай қалай теріс танығамыз, Сезімнің сол күнде еді-ау балы нағыз. Төрт көзбен күткен елдің үміттері, Мойнымда басып жатыр бəрі қарыз. Батамын ол тұсты ойлап бір тың ойға, Шабыттың келіп-қонып бұлты ыңғайға.
─ 147 ─ Мұндайда өкініш бір отқа айналып, Ұйқастар үйірінен бытырайма. Қарама тыңдаған дос жəй мұныма, Отырдым тəуəкелдің қайығына. Күндердің ойланбаған, толғанбаған, Есесін міндеттімін қайыруға. АҚЫЛДЫЛАР Басталады ақылдың алды аяңнан, Ақыл кесіп өтеді ай далаңнан. Адам ғана ақылды болғаны үшін, Табиғаттан керегін айдап алған. Ақылдының мəйекті тілін емген, Ақылсыздан жан шошып түңілем мен. Ақылдының əр сөзі тербегенде, Сыр қозғайды жүректің түбінен кең. Сонан барып кетеді тарап қайғы, Атқа мінген ашуың аяқтайды. Ақылыңнан адасып аяқ бассаң, Мына өмірде басыңа таң атпайды. Намысыңа болмайды ашынғандық, Беттің арын далаға шашып алып. Ақылдылар сөзіне көндіре алмай, Желе аяңдап кетеді қамшыланып. Ақылдылар, баспана саяң маған, Сөзді ұғатын ақылмен баяндаған. Сол ақылды жанардан айналамын, Мендегі адал көңілді аялаған.
─ 148 ─ ТІЛЕЙМІН Армысың сабақтастар, құрбыластар, Бір кезгі ұшып қонған жынды бастар. Қимаймын осалдыққа, олақтыққа, Ендігі боп алдыңдар бір-бір асқар. Сендермен бөліп ішкен суым майлы, Сол ыстық сезім əсте суынбайды. Жетелеп сендер жаққа кетер ойым, Кеудемнен жентек-жентек сыр құяды. Қалыбын сол көңілдің сақтадың ба? Кім кетіп, кімдер қалды саптарыңда. Бір еске ап қойдыңдар ма мен байқұсты, Қуанған, не кейіген шақтарыңда. Қайғыға қалды кімдер тас қамалып, Кірпігін сорғалатқан жасқа малып. Бақыт қой бақытыңда өз адамымен, Тілейін ең əуелі басқа амандық. Ауылда ақ үй тігіп əр маңдағы, Тілекке қол жетті ме армандағы. Алдыға орағытып оздыңдар ма, Арада кімдер жан сап қарманбады. Көп жылдар көрмесемде бойларыңды, Қиялым желілескен ойға мінді. Өлердей ғашық едің сен біреуге, Дəм қосып жасадың ба тойларыңды. Гүл теріп көктөбеге қыраттарға, Жеткізбей шығушы едік құр аттарға. Адамнан ант туады арыменен, Жеттің бе? Жетем деген мұраттарға. Тартқаны сол ғой шіркін көштің өрге, Тату боп адал тірлік кештіңдер ме?
─ 149 ─ От барын білем асыл жандарыңда, Көмілмей келген талай көшкіндерге. Қағылған қазық едік доланадан, Босауық ұлғайған соң бола ма адам. Сиясы өлеңімнің қосылады, Жасына жанарымның домалаған, Білдің бе өмір қалай жаңарғанын, Барады туындатып жан арманын. Түсініп білдіңдер ме адам деген, Бір-бірін қадірлеуге жаралғанын. Сыр көбін білдіңдер ме жаттығатын, Ақылды жақынымен жатты ұғатын. Басында бізді ұмытып кеткендердің, Жамылған мұңыда жүр шаттық атын. Айтайын көңілімнің төтесін кей, Ойладым жеген тамақ неше сіңбей. Балаңа үйретіп қой бізді бар деп, Өзінің көрсін əке-шешесіндей. Жанымды тербегенде ғажап бір əн, Ұшуға сендер жаққа қанат бұрам. Түскенде сендер еске хабар күтіп, Телефон құлағына қарап тұрам. Іздейін жайлау жаққа өзіңді өрлеп, Айтуға тіл жетпеген сезімдер көп. Бетінен жүрегімнің өшпес болып, Сызылып қалған сонау кезінде өрнек. Басталған жаңа ғасыр жыл кешінде, Отырып қуаныштың мінбесінде. Тілеймін сабақтастар, замандастар, Бəріңе үлкен бақыт, тың несібе.
─ 150 ─ БАЛАЛАРЫМ Сендерменен бақыттымын балаларым, Сендерменен əке болып бағаландым. Сендерден басқа айтатын нем бар менің, Өмірде сендер ғана маған дарын. Болсада ақ көңілім сетінеуік, Əкелік борышты өтеу сертім берік. Жетіңдер көк өрімдей өрбіп өсіп, Төгілген жал құйрығым секілденіп. Бөлейді ойлар кейде қызуына, Мақтанып қалғанымда қыз-ұлыма. Үйіміз ертелі-кеш ду-ду еткен, Жетеді күнде базар қызығыңда. Көңілде күткенім көп көксеп менің, Адамның жек көрмеймін өр серіпкенін. Кейде артық сілтесемде сырығымды, Жат үлгі, жаман əсер көрсетпедім. Тұрмыстың ашып бəрің жаңа аралын, Жаныма көп қуаныш жамап алдым. Адамның білем о да асылы деп, Өмірде бір керекке жарағанын. Ыстықта сая бөлгем қанатымнан, Суықта жанымды отқа жаға тұрғам. Жаңғыртып менің шекті ғұмырымды, Өздерің жалғап қалар жəне артымнан. Жеткіздім балаларым бейнеттеніп, Жүректі қуанышпен тербеп келіп. Жандары көкежасық шірік болма, Жүрмесін əкең қара жер беттеніп.
─ 151 ─ УАҚЫТ АЛДЫНДА Уақыт қатал жаралған заң боп үстем, Тынбай өтіп барады зар желіспен. Кейде тірлік қойныңа ақсай бастым, Екі аяғым қолдырап тар кебістен. Қалай айтам мезгілге алғысымды, Алып кетті бал мінез, бал мүсінді. Сақал-мұрты күмістей бір кездегі, Күлуші едік көргенде шал кісіңді. Уақыт сағым кімдерден озбас мына, Еркі алдыңа қоя ма ол тозбасыңа. Қызық көріп күлетін бөгенайдың, Бəрі аунап келеді өз басыма. Келсін кəрілік несіне өкінемін, Жүрегімнің тозбасын оты менің. Қызығы көп қызуын тіршіліктің, Сақтап қалар арманым, өр тілегім. Белден кешіп жүрсемде бұралаңды, Кім қияды мына өмір, мына дəмді. Жамандықтан сақтай көр о, жасаған, Қызығынан айырма бір адамды. Өмір жолын қай жөндеп білсін мына, Жолықпаған бұла адам жыл сұғынан. Уақыт, уақыт болама қатал тұрмай, Тіккен кəрін əр кімнің жықса ығына. Ой салады уақыт кең сілемді, Жоққа сана жалғанда есі кемді. Еңбегіммен өркенім өсіп-өнді, Сыйлады өмір кешікпей несібемді.
─ 152 ─ Мұнан зор ой мен айтсам расымды, Бірдей жайсам мезгілмен құлашымды. Зая кеткен уақыт сезген жанға, Кешіруге болмайтын кінə сынды. Соған бола өзімді қамшылаймын, Танытатын табысың жан шырайын. Ере кетпей жеңілдің жетегіне, Ауырлардың астында жаншылайын. Өтіп жылдар қайтадан басталғанда, Менде көшем көлікпен басқа арманға. Шыға беріп шиырдан жөнелемін, Жанасқым кеп соны жол басқандарға. Көңілім аш, айтқанмен ауыз бəрін, Уақыт саған мен талай қарыздармын. Соған бола кезейін қысқы дала, Табанымнан өткізіп қар ызғарын. Уақытқа айтар ап-ашық жарнамам бұл, Міндетіңді арт жылдар жардан ауыр. Асқақ тұрған ақ орда ана отаным, Уығыңның бауы боп жалғанамын. ҚОҢЫР КҮЗ Көктем кетіп, жаз кетіп, күзім келді, Күз келгені жастықтың үзілгені. Шапқылаған жылдардың тұяғынан, Кестеленді əжімдер жүзімдегі. Кəртейуге емеспін тым ызалы, Жеткізеді оғанда тірлік заңы. Қай мезгілде болсада нəрлі адамның, Жүрегінде бір от бар ду қызады.
─ 153 ─ Ой толқиды бұрылсаң ізіңе бір, Жан тоймаған не деген қызық өмір. Жаны тоңып жаманның жазда үсініп, Жақсылардың көктейді күзінде гүл. Сырқыратып ақ бұрқақ сол ашумен, Аяз ойнар кеш қалған жолаушымен. Толтыруға көктеммен жаздың кемін, Қоңыр күзім жүктісің жомарт-шүлен. ДЕМЕУ (Ақын Қажет Жақанұлы тұтқиыл кезіккен сырқат азабын тартып жатқанда) Бірге өсіп біте қайнап бір туыстық, Арада өкпе-наздың бұлтыда ыстық. Жарасқан ақ атанға екі өркештей, Жарасып жүруші едік бір күнде өстіп. Ауылдас мына көп қыз, ана көп ұл, Сондағы есіңде ме адал өмір. Елірген ерке мінез қайран жастық, Болмаған бөтен тілеу, ала көңіл. Нəр алып өстік сұлу ортамыздан, Мекеннен бақыт қонды тер тамызған. Ендеше бізде бекер жан емеспіз, Дүбірге бойымыз ерте қызған. Жыр жазып əлмек-сəлмек арпалыстық, Жалындап жанымыздың аптабы ыстық. Тындырып көр дүние бермесекте, Қамы үшін туған елдің ат салыстық. Елемей жан түршігер сан ығырды, Отымыз артығырақ жанып жүрді.
─ 154 ─ Ағайын достарымыз аз болған жоқ, Мəңгі ертіп жүрмесекте жаны бірді. Аяанбай еңбек еттік жанымызбен, Не қылсын масылдықтың еті бізден. Айнымай өттік айтқан сертімізбен, Асаудай қыл шылбырын еркін үзген. Үймелеп көре алмастан біткен қастық, Табанмен талай қызыл тікен бастық. Көліктей көп артылған көн тері боп, Нар тайса қайта келмес тіктен де астық. Гүл берді аяп еді көктем несін, Біз алдық жəй адамға көп бермесін. Кемдікпе бір аяқ, қол, жүрек барда, Қиялың қиыр кезіп көкке өрлесін. Ауырдың жылдар өтті шапқан аттай, Шыдадың ұждаңыңа тат жолатпай. Адамға ет ауырмай ерлік қайда, Шынығу деген осы нақ болаттай. Сезімге күйіп жансаң тербеледі ой, Шіркін-ай бір теңіз ғой пендедегі ой. Шыбын жан бір жапырақ ет жүрегің, Қомағай құрғыр қуыс кеудеде қой. Тербелген жан едік қой сезім күйге, Тағдырға тəлкек болмай өзің биле. Не пайда қайғы-мұңның жылымынан, Əдемі ой өрнектеп сөзді иле. Туады атқа мінер айың əлі, Дерт тозып өзі-ақ əлі айығады. Əуре-бейнет тартпай жоқ екен ғой, Ақынның рақатқа байығаны.
─ 155 ─ Несіне мұңаясың ауруға, Бізді айтып бөленеді ауыл дуға. Жасыңнан жан кешті боп өсіп едің, Биіктеп тұр ғой соған тауың бұнда. НЕ КЕРЕК? Ағатай, неге жылы қарамайсың, Қай-қашан саялы көк қарағайсың. Бұл жерді неше айналып шыққаныңмен, Жантыныс менен артық таба алмайсың. Бетіңе жерім бар ма сыйламаған, Əр кірпіш ыстық маған сіз қалаған. Бұл маңай неге тар боп жатыр бізге, Туада бір қарынға сыйған адам. Мен үшін байлаушы едің белді өлімге, Өкпең не қалағанды бермедім бе? Кешірші көңіл кірін жуып тастап, Байлайын жалғыз атты белдеуіңе. Дариға ай, суындың не себеппен, Арамыз бітеу еді жел өтпеген. Өзінен өзі безген мəңгүрт болып, Қараймыз былайғы елге не бетпенен. Назыңды үлкенсіген ұнатамын, Сақтадың сыбағаңды міне отауың. Жік тұрса арамызға жек көрісіп, Аруағы тебіренер бір атаның. Бар мүмкін менде артық-кем сермеушілдік, Қоя сал көргенің көп сен кешіріп. Биіктеп тұрсын аға шыққан тауың, Не керек ана-мына пендешілік.
─ 156 ─ МЕНІҢ ЖАНЫМ Шыдай білу қуанышқа, мұңға да, Жарасады бітімі мол тұлғаға. Болмаса егер бидің есіл еңбегі, Бұл тарихты жасамайды құл ғана. Өткір өзін отқа салып шыңдайды, Шапқан жерден қиып түспеу шын қайғы. Иген жерден опырылып кетсе де, Асыл əйтеуір ажарынан сынбайды. Мың күн жанған шырақ бір күн сөнеді, Табалама қапы қалған сол ерді. Алды-артыма қарамаған мен байқұс, Білмей қалам кімді қалай сөгерді. Тебіреніп соқпаса адам жүрегі, Ондай жазған жыр да неге жүреді. Айбары жоқ жақынға да, жатқа да, Менің жаным сонша неге жылы еді. КӨП ІШІНДЕ БƏРІ БАР Қаңтар болып бір демде көңіл шілде, Жолыққанда тірідей көмушіңе. Көре-көре неге де көндігесің, Не жоқ қалқам бəрі бар көп ішінде. Құсы кетсе бетінен көлде мұңлы, Көптен зор деп санама өз көңіліңді. Байқалмаған біреудің жүрегінде, Көп қасиет жатады көмілулі. Аттың терін аяма жалы барда, Жақсы досқа ол екен жаныңды арна.
─ 157 ─ Көпке тегіс майдай боп жаға алмайсың, Көптің тонын жамылған жауың барда. Мүмкін сүйтіп жығылсаң бір жаманнан, Жемтік болмай атып тұр мылжаланған. Айсыз түнде асылды аршып алған, Көптің жаны шындықпен бір жаралған. ӨМІР ОЙЫ Өмір рақат əпереді адамға, Өмір бейнет əкеледі адамға. Көтермесең бір басыңа келгенін, Тірі жүріп не қыларсың ал онда. Ездік іске болмау керек мұрындық, Ерлік жаққа кету керек бұрылып. Білесің бе осы бақыт күн үшін, Қанша тасқын от пен суға ұрынды. Тарлан тарих кешіп жүріп егесті, Бар жоғалып, жоқтар көкпен теңесті. Адамды адам жеңу оңай болғанмен, Адамша өмір кешу оңай еместі. МОЙЫНДАУ НЕМЕСЕ ӨКІНУ Енді қайдан көңілге шаттық алам, Жастық кетті бел асып шапқылаған. Қайта қонар күн болса басыма əттең, Аязға да тоңбас ем шатынаған. Жанарына жас тұнып, ыза тұнып, Кетті қайран сезімдер ұзатылып. Барды үнемдеп жоғына қам жемеген, Сол кез еді-ау деген бай мырза тірлік.
─ 158 ─ Нарқын неге білмегем ай-күнімнің, Мұнан артық болмас-ау əйгілі мін. Сонда шіркін шырқырап бір шаба алмады, Кекілінен жел ескен сəйгүлігім. Тұрғанымен бойымда күш қалыпты, Жас күнімдей қозғай ма құштарлықты. Амал барма қадірін мына жүрек, Бақыт құсы басынан ұшқанда ұқты. Жетер қайда, табылмас бір қазына, Өте шыққан жарқ етіп гүл жазыңа. Елеңдеймін құлшынам көзім жетіп, Енді қалған қызықтың тым азына. ЕҢБЕКПЕН Жасқанасың жаным-ау сен несіне, Тағдырыңның жағалас бермесіне. Бұл табиғат қойынында талапты ерге, Толып жатыр кең өріс, кең несібе. Есіркетпе еш кімге намыс керек, Жұмысың көп осынау таңда істемек. Армандаған тауына кімде-кімді, Шығарады шығарса намыс демеп. Бай боласың құрасаң бір тиыннан, Тегін жүрсең шықпайды бір түйір мəн. Тебіренсе көңілден жауын жыр боп, Құралып кеп жауады бұлт қиырдан. Еңбегіңді қайталап өңдеуге кір, Сол еңбекпен тірілген өлген өмір. Көгереді көпсіп кеп көгеніңнен, Маңдайына басқаның өнбеген гүл.
─ 159 ─ БІР ЖҮРЕККЕ КӨП ОЙДЫҢ ЖҮГІН АРТЫП Соғылсамда қиынның жартасына, Сынығымды көрсетпен жатқа сірə. Орталатып көңілдің мұң қазанын, Қолың тисе бір келіп қайт қасыма. Таудай тосып тауқымет көлденеңі, Көп жыл болды сағындық көрмегелі. Өлмегеннің өзі үлкен бақыт екен, Табар едік тұңғиық көрде нені. Не кешпедік бұл жұмыр басымыздан, Жан ашынып ойласам тасиды ұждан. Сəл түседі иығың амал барма, Құлап кетсе етекке тасың құздан. Қалмағандай үміттен туылар түк, Көрінбейтін көктемгі күн мұнартып. Кемді жалғап кезеңге келдік əйтеуір, Бір жүрекке көп ойдың жүгін артып. Жөнеліппіз шыға сап шыңыраудан, Қайта түзеп бір көштің жүгін ауған. Байлауды үзіп жəй шапқан бəйге атындай, Асықтырып келеді шұғыл арман. Арқасында қомағай тіршіліктің, Өлмейтінін көз көрді бір шындықтың. Даналардың дарынын бермесеңде, Құтын алма құдайым сыршылдықтың.
─ 160 ─ ОҚЫҒАНДА Оқығанда егей бір жыр шумағын, Жырғап қалған жанымды біл шырағым. Сондай өлең жаза алмай қорланғанда, Талай мəрте ерінімді қыршып алдым. Сұлу сурет сала алмас тіл оңайға, Шомылдырып бал сезім шүлен ойға. Жыр толғағы піспеген ақын үшін, Жолығу да бір қиын бұл орайға. Бетті жуып маңдайдың теріменен, Намысыма сүйеніп тебіренем. Қоя берсең өлеңнің ну ішіне, Жарқыраған бір жолын теріп өлем. Шерте алмасам толқытып жүрек күйін, Өнеге үшін аруақты жырды оқимын. Бір өлеңнің жария болуы оңай, Бірақ есте сақталып жүрмек қиын. Оқығанда ой салар өлеңдерді, Шауып асқым келеді өрден өрді. Өз жырымның шалағай нұсқаларын, Керек боп тұр бір талай өңдеу енді. ТУЫНДАЙДЫ Алдың құйын, артың тынып өтесің, Осал қорықса, мықтыға не етесің. Таң сəулесі түскенше түн қараңғы, Мүмкін бе адам жарға соқпау шекесін. Өмір-сарай қамсаусыз кеп кіргенмін, Байлық деген қолымдағы кір менің.
─ 161 ─ Еркін шалып байлайды əркім үзінді, Білген артық қысқа жіптің күрмеуін. Сағалаған елден тудым тау ішін, Қайғырмаймын бір тірліктің қамы үшін. Бірде бүтін, бірде жыртық жейдемен. Қайсарлыққа ғашық болған жаным шын. Жоқшылықтың желіде бар дəл ұрған, Оған əсте қайыспайды қабырғам. Бақытымның жұлдыздары жарқырап, Туындайды менің жүрек қанымнан. КӨРГЕНДЕ Құрыштай піскен басың домнаға, Жаныңды сүйем сенің момын аға. Құлақтап сан асауды бас білдірген, Бақандай саусақтары қолың ана. Келесің мен білгелі тыным алмай, Бастырып жүк артылған түрің нардай. Жүргенің қызыл танау қара кетпен, Бəрінде бұл жалғаның тындырардай. Ішіңде, сөйлейсің айтарың бал, Күндіз күн, түнде ойыңнан ай табылар. Көргенде ауылға кеп аға өзіңді, Көңілге көктем бұлты қайта аунар.
─ 162 ─ ХАЛҚЫМ БАРДА Қолдаған соң ақ батаң, ақ тілегің, Өзенімде өркештеп ақты менің. Қайраттанып қайраған қанжарың боп, Қара тасқа шапсаңда қақ тілемін. Жалғыз көрген бақыт, сор жан алдаған, Сенен бөлек күш-қуат жаралмаған. Сенде ғана керемет қасиет бар, Сенен біттей айырылсам жараланам. Демеп жүріп ұшырдың қанатымнан, Қызғышың боп айналмай қалай тұрам. Маған өлең, əн-күй боп жүрген сезім, Шыққан сенің көкірек қабатыңнан. Қорек алған шабақпын балдырыңнан, Тал шыбықпын көктеген бай қырыңнан. Бақытыңнан қуаныш жасын алып, Қатуланып үйрендім қайғылыңнан. Талабыңа не қылсам бағынамын, Сенсіз əсте түспейді бағыма күн. Менің қара басымның не қамы бар, Халқым барда табады бəрі ұнамын. АЙНАЛЫП Дауысым іңгəлаған сенде естіліп, Былдырлап тілім шыққан сенде ес біліп. Шиырлап сонан бергі жүрген жердің, Көргем жоқ саған бірін теңдестіріп. Болат сен қиялымнаң жебесінде, Ол сен арманымның кемесінде.
─ 163 ─ Базарын бала күннің тарқатпаған, Жүресің күнде гүл боп сен есімде. Ешқайдан сенсіз бақыт таппағанмын, Мақтансам өзіңді айтып мақтанамын. Кеш мені туған ана топырағым, Мойнымда борышың көп ақтамадым. Тамаша қасиетін өр тұлғаңның, Келмейді тамылжытып айтуға əлім. Тау-дала, өзен-бұлақ, орманыңа, Қарап ап өмір сырын қайта ұғамын. Апарып жазбасамда күнге атыңды, Жүрегім сезінеді қымбатыңды. Бірі емен ойы шолақ олақтардың, Таң атса ұмытатын күн батуды. Үнінен боз торғайың, бұлбұлыңның, Оянған, əн үйренген бір ұлыңмын. Самалың сипаушы еді маңдайымнан, Түбінде ақталады бұл ырымың. Құрбылар, көз көргендер бəрі сенде, Өтпейді кейде қадір таныс елге. Ойласам бəрі сезім сенесің бе, Айналып жауып жатыр жаным селге. НЕ ЖЕТЕДІ Темір таяқ айналғанша тебінге, Қол артамын адамшылық дегенге. Оны шағып алған күні құдай-ау, Жанға тұрақ қалмас менің денемде. Ұқсап тұрған орны биік тауларға, Оның қымбат бағасына дау барма.
─ 164 ─ Ұп-ұқсас боп мұндалайды бойыңнан, Жұпар аңқып тұрған бақша-бауларға. Қайда барсаң күмбірлеген баспана, Оның шалқар ойы мөлдір аспан. Адамшылық мағынасы қысқа сөз, Өз бақытын қиып беру басқаға. Шіркін онан көп қой менің бұрысым, Тірлігімнің бірі мақтан, бірі сын. Тіленбеймін мəртебе мен байлықты, Адамшылық жасау менің ұлы ісім. Солай қарай бұлақ болып есілдім, Бар ағайын жасыратын не сырым. Оған бөтен ала жіптен аттасам, Жасамаңдар, жасамаңдар кешірім. Санайтұғын шыққан біттей төбеңді өр, Кісініскен кісі қандай кемеңгер. Тайып кетсем онан басқа керексіз, Адамшылық жолға салып демеңдер. Қаз болайын, көңілді айдын көл десең, Жүрегіңді бір жалғармын өлмесем. Құлата сал жер бетінде қарайтпай, Адамшылық жасағанда көрмесем. Жолдарыңда бұраң-бұраң ұлы сын, Жасып жүрсем көңіліме гүл ұсын. Текті болсаң бір тексіздің алдында, Арды сатпа аз алдамшы күн үшін. Бүлдіреді тірлік кейде тарсыған, Махаббаттың таза қаны тасыған. Бошалаған бұлт құсап жел айдап, Бəрі өтеді мына жұмыр басыңнан.
─ 165 ─ Болмаса да қисық табан саптамам, Шарқайым бар аяғыма шақтаған. Алаң болмай кей өткінші кездерге, Адамшылық мінезімді сақтағам. Адамшылық күн боп тұрды төбемде, Төредей боп күн өткіздім төменде. Өз бояуы, өз нілі бар өшпейтін, Не жетеді адамшылық дегенге. ЕЛ БОЛМАСА Қарыздармын қасиетті ел саған, Қайтарамын мына жаным болса аман. Бір күн қуып жету үшін бəрінде, Арғымағым арманыма ер салам. Ойлар салып көкейімде тұр қамың, Қамшылайды бір ұлың болып туғаным. Таудан асып, өзен кешіп сыр іздеп, Аралайын орманыңды ну қалың. Табанымды тасқа жанып бір намыс, Үміт шамы бірде жақын, бірде алыс. Халық берген қасиетті əсерден, Тебіренем жол жүрсемде бір қарыс. Арпалысыппын демалыста болмаған, Өкініштің орны жатыр толмаған. Сақталуы мұң ба шыбын жанымның, Ел болмаса мен несіне толғанам.
─ 166 ─ ЖІГЕР ҚАЙНАП Саялы жəй деуші едім жаныма тек, Қақтады өмір талай бір жалынға əкеп. Уақыттың бүгінгі сын сағаты, Өзегімді ортадан жарып өтед. Болмаған соң тас түйін дайындығым, Құн төлемей жатыр жыл, айым бүгін. Белдеуімнің арқаны бос болған соң, Кімнің барып сұранам қайырымын. Бірде ұтсамда келемін бірде ұта алмай, Кебер болды басымның дымы талай. Айыл тартып қайта атқа мінгенімше, Үзік-үзік бермейді үміт орай. Толғанамын жалғанып күнім түнге, Үміт-үрей келіспей бір бітімге. Жігер қайнап кетеді о, сүйегім, Сырқырасаң сырқыра үгітілме. ЕСІҢЕ Тепкілеп танытады өр тебінін, Қатыгез өмір толқын тентек ұлым. Айналып жан-жағыңа қарағанша, Білмейсің өткенінде келте күннің. Əкеңде құдды өзіңдей бала болған, Санайтын ата-анасын пана-қорған. Есейіп өтіп келіп есін жиған, Сел жүріп, сең соғылған сан ағардан. Қамалмай сенде сөйтіп өт тұманнан, Ұнайды еркектерге отты болған. Алды ойын, артында удай өкінішпен, Біздің де ерке жастық өтті қолдан.
─ 167 ─ Батыр боп көрмесемде шеп бұза алған, Көңілімде болған менің шексіз арман. Өзендей тасыған жан сезімімді, Өзің ұқ бəрін айтып жеткізе алман. Өмірің менен артық дабыралы, Тасқыны тасты ағызып тауға ұрады. Іздесең із суытпай керегіңді, Бəрі де бір басыңа табылады. Жастықтың жазы барда жадыраған, Жеткізіп жүзіңді əбден жаны балам. Не керек алпамсадай ал кеуделер, Жалғанда жаны түкке жарымаған. Қашаған бақыт оңай ұстатпайды, Жеткенше тартады адам бір сəт қайғы. Ішінен ұшақ ұшып, пойыз көшіп, Жүрегі есті адамның сыр сақтайды. Жасытып жасқағам жоқ сезіміңді, Кетілсең шаппай жатып өзің мінді. Қиялы елең етіп қыр аспаған, Адамның жарылқайды езі кімді. Ақыл деп тыңда қарғам сөз аяғын, Тасыған менде тасып азаямын. Озбаған от басынан тірлік өлім, Өрісін алысқа сал көз аяңның. Əр жеміс өз дəні мен өз гүлімен, Бəрінде боталайды мезгіл інген. Кеудемде қаңыраған сезімге еріп, Уақыттан жегем талай езгіні мен. Шытырман ақ-қараның арасы əлі, Тұлпарың шаршап талай таң асады. Қорлық жоқ сақ жүргенде қай–қашанда, Батырға байсалдылық жарасады.
─ 168 ─ Əкеңдей ойлап жүрме бұл ғаламды, Тас бекіт былқылдаған бұғанаңды. Басында бір адамның шегеленіп, Тұрмайды қуанышта, мұңда мəңгі. Қайтқандай еңбегіме төлем бүгін, Шалғанын көрдім алғаш төбеңді күн. Есіңе сақта балам адам үшін, Өмірдің сыры сонша тереңдігін. ЖҮРЕГІМДЕ ТОЙЛАНДЫ Ай туғалы əкең қанша ойланды, Жек көремін сырын айтпай қойғанды. Туған күнің ұлан-асыр сезіммен, Менің мешкей жүрегімде тойланды. Естіп пе едің құс шулаған көл үнін, Құдды сондай менің дарқан көңілім. Бірақ маған қарау тағдыр қимаған, Əттең-əттең көшке жетер көлігін. Өмірін сүй өзі биік тұлғаның, Тең болса екен тұлпарыңа тұрманың. Еңбегіңе ел көңілі толғанша, Тойланбай-ақ тұрсын сол күн туғаның. ҚҰРБЫЛАСТАР, ҚҰРДАСТАР Пысық еді сен алған замандас қыз, Сырласайық үйіңе қазан асқыз. Алдап соғар аз ғана жылдан кейін, Бірімізді біріміз таба алмаспыз.
Ой-қырымның қанықсың бəріне сен, Сергіп кетем сөзіңнің балын емсем.
─ 169 ─ Көптен бері көңілдің құяң-шері, Тарқамады басқаға дəріленсем. Достығымыз тап-таза басы піскен, Сырымызда жоқ біттей жасырысқан. Бəрін жиса бір шыбын жан болмайтын, Қу жоқшылық өлтірер асығыстан. Адамдай боп кетіп ек ағайынды, Бірге жүзіп аққудай ақ айдынды. Ұмытпадым сол себеп сендерді мен, Іздеп таптым келгенде талай ылғи. Солай-солай ұзатып жастықты да, Жарым ғасыр белінен астық мына. Бала болып кетеміз кездескенде, Асау көңіл оғанда бастықты ма. Жүрген жерін шулатқан майдан қылып, Қайтіп келмес ондағы қайран қылық. Айтыңдаршы көңілді көркейтер сөз, Ұмытылмас бір күнге айналдырып. СҰЛУДЫ КӨРСЕҢ Өртеніп от алып кетсе əр неден, Кəртеймейді екен сүйекке сіңген əл деген. Не деген сергек алдымда жүрген ағалар, Ажарын қою сұлулықпенен əрлеген. Қызықты күнді болар-ау демей қормаған, Жүрегі жалын сезімнің ырқын қолдаған. Ағалар сондай əдемі сидың адамы, Думансыз үйге ат байлап бір күн қонбаған.
─ 170 ─ Аялап кетем жүрегін нəзік жаралған, Қуанып жүріп жəне де мұңы жаралған. Жасарып жүрген өз жанын өзі жанып ап, Жатыр-ау талай алаулап жатқан жəне арман. Қарашы көзі қырандай жанып қарауын, Құмартып тұрып қарауда мерей қарағым. Көркем бер түр-өң көңілдің көркі адамға, Сұлуды көрсең талғанша қара қабағың. КӨКЕЙІМЕ ҚОНБАҒАН Жылап күнді батырсада күлместен, Тіршілігін шығарады кім естен. Тігілуі сəнді-сəнсіз болсада, Бар өзіңнің бастан өткен бір кестең. Жариялап жүреді өмір қай бабын, Бұза алмайсың кейде мұңның қаймағын. Көз алдыңда шын күледі қанша адам, Шын жылайды қанша адам, Таба алмайсың байлауын. Келгендер бар ыңғай бақыт жолында, Кім біледі соры бар ма оныңда. Қайран шындық кейде абайсыз шағылып, Жүреді екен озбырлардың қолында. Мүмкін мұным жетпеген ой кемелі, Ойлағаным шығар ары, не бері. Көзім көрсе жылап жүрген шындықты, Шаң жұқтырмай аялағым келеді. Бір ұл тілеп маған толғақ болды анам, Шынымды айтпай неменеден қорғанам. Болатыны мəңгі бақыт, мəңгі сор, Менің мына көкейіме қонбаған.
─ 171 ─ МАЗМҰНЫ Автор туралы.......................................................................................3 Сəбидің серті.........................................................................................5 Ана – мектеп.........................................................................................5 Айтылмаған арман ..............................................................................5 Жаңа жыл.............................................................................................6 Ағаң болса алдыңда.............................................................................7 Жұмысың болсын...............................................................................7 Кітап......................................................................................................8 Мамыр туды.........................................................................................9 Мен сонда.............................................................................................9 Аяулы асыл жандар............................................................................10 Үзбегенмін..........................................................................................11 Осы мен..............................................................................................13 Мұғалім күнделігінен........................................................................13 Ұстаз көңілі........................................................................................15 Диплом...............................................................................................16 Қызыл өзен.........................................................................................17 Қуаныш................................................................................................17 Быйяəнгу.............................................................................................18 Сағыныш.............................................................................................20 Анама..................................................................................................21 Есі жоқ................................................................................................23 Отан махаббаты.................................................................................24 Өзімді..................................................................................................25 Сəлем..................................................................................................26 Əнші қызға..........................................................................................26 Өз елім................................................................................................27 Тірлік деген........................................................................................28 Үйрен, қарғам....................................................................................28 Өмір сыры..........................................................................................29 Əке тілегі.............................................................................................31 Байғазы................................................................................................32 Келемін................................................................................................33 Тірілер.................................................................................................34 Мен түсінсем......................................................................................34 Азаматпыз...........................................................................................35 Береке..................................................................................................36 Сыр іздесем жанымнан......................................................................36 Кəнуа...................................................................................................37 Шашуым.............................................................................................37 Қайдасыңдар, кешегі құрбы қыздар?...............................................38 Екеуің..................................................................................................40 Ұқсамайды..........................................................................................41
─ 172 ─ Менің ойым........................................................................................41 Сүйерім...............................................................................................42 Балама сыр.........................................................................................43 Туған дала...........................................................................................47 Байтақ Ілем.........................................................................................48 Осы ағаның.........................................................................................48 Бір ініге...............................................................................................49 Жақсылар-ай, жақсылар....................................................................49 Оза бер................................................................................................50 Болады екен........................................................................................51 Қарасам................................................................................................52 Ұлар....................................................................................................53 Ұшқын ойлар.....................................................................................54 Бір ойым бар......................................................................................56 Əкем....................................................................................................57 Қолтықты жаз (Балаларға тілек)......................................................57 Сордан кейін......................................................................................58 Жетеді.................................................................................................58 Кешірмейді.........................................................................................59 Түңілем...............................................................................................59 Ағайын................................................................................................60 Бұлттанамын.......................................................................................61 Қайда?.................................................................................................62 Отан таңы...........................................................................................63 Туған жер............................................................................................64 Түсін, қалқам......................................................................................64 Жарқырайды.......................................................................................65 Жетер не?............................................................................................66 Қайда?.................................................................................................66 Бір сөнеді............................................................................................67 Айна....................................................................................................67 Достар.................................................................................................68 Жылау..................................................................................................68 Өшпес жалын......................................................................................69 Алдында..............................................................................................70 Ақ тілек...............................................................................................70 Сақтай гөр..........................................................................................71 Адам осы............................................................................................72 Сенімімді............................................................................................72 Шындық..............................................................................................73 Опық...................................................................................................74 Жаратсаң.............................................................................................74 Атамекен.............................................................................................75 Оқығанда............................................................................................75 Көршілер.............................................................................................76
─ 173 ─ Қызамын..............................................................................................76 Не бетіммен.........................................................................................77 Мұнара................................................................................................78 Екеуара................................................................................................79 Құрбылар............................................................................................80 Мəнсап ойы........................................................................................81 Қорқамын...........................................................................................81 Асығып...............................................................................................82 Өмір-өмір............................................................................................82 Менің жаным......................................................................................83 Ендігі ойлар........................................................................................84 Біздің ту...............................................................................................85 Өзім.....................................................................................................86 Жаңа жыл сезімдері...........................................................................86 Сен түскенде есіме............................................................................89 Түсін, қалқам......................................................................................90 Түс.......................................................................................................91 Мен......................................................................................................92 Үш жұртым.........................................................................................93 Қаңбақ..................................................................................................94 Жаралған соң.....................................................................................94 Кешір мені..........................................................................................95 Арман болсын.....................................................................................95 Арал төбе............................................................................................96 Науырызға тілек.................................................................................97 Райханға..............................................................................................98 Адасқан арман....................................................................................99 Жаңа таным......................................................................................100 Бақыт деген.......................................................................................101 Қайда?...............................................................................................102 Жүректер бар...................................................................................104 Аңқаулығым......................................................................................105 Ананың жанын аяла........................................................................105 Табады..............................................................................................106 Арнау..................................................................................................107 Хош, Қажет........................................................................................109 Жаз келді...........................................................................................110 Тағдырыма........................................................................................111 Жете алмайсың мəніне....................................................................112 Ел туын ер ұстайды..........................................................................113 Сағындым..........................................................................................113 Аққайша...........................................................................................114 Баралмай қалдым тойыңа................................................................115 Біздің үй............................................................................................115 Сенбілсең..........................................................................................116
─ 174 ─ Өтті-кетті...........................................................................................117 Келтірмейді.......................................................................................118 Адамдық екен...................................................................................118 Тойдағы сөз......................................................................................119 Сенем.................................................................................................121 Бір шаршы кəде...............................................................................122 Махаббат жыры...............................................................................123 Арамзалар........................................................................................124 Орынында........................................................................................125 Бір ініме............................................................................................126 Көңілім..............................................................................................126 Өзім қайық........................................................................................127 Саясында мұңымның.......................................................................128 Жол береді.........................................................................................129 Керек адам ажары жасымауға........................................................130 Жетіп жатыр.....................................................................................130 Көк асау аттан көргенім...................................................................131 Алтын сырға.....................................................................................133 Алтын Алтай.....................................................................................134 Мен....................................................................................................135 Сенің.................................................................................................135 Адамшылық......................................................................................136 Намыс артық.....................................................................................138 Арманым – ақсұңқарым...................................................................139 Зая кеткен күндерге..........................................................................139 Біздің үйдің жұртында.....................................................................140 Əлі келем..........................................................................................141 Ынта .................................................................................................142 Қашанда.............................................................................................143 Іздеу...................................................................................................144 Тағы да көңіл өрнегі.........................................................................145 Бұрады...............................................................................................145 Міндеттімін.......................................................................................146 Ақылдылар.......................................................................................147 Тілеймін............................................................................................148 Балаларым.........................................................................................150 Уақыт алдында.................................................................................151 Қоңыр күз.........................................................................................152 Демеу..................................................................................................153 Не керек............................................................................................155 Менің жаным....................................................................................156 Көп ішінде бəрі бар.........................................................................156 Өмір ойы..........................................................................................157 Мойындау немесе өкіну...................................................................157 Еңбекпен...........................................................................................158
─ 175 ─ Бір жүрекке көп ойдың жүгін артып.............................................159 Оқығанда...........................................................................................160 Туындайды........................................................................................160 Көргенде............................................................................................161 Халқым барда...................................................................................162 Айналып...........................................................................................162 Не жетеді..........................................................................................163 Ел болмаса........................................................................................165 Жігер қайнап.....................................................................................166 Есіңе...................................................................................................166 Жүрегімде тойланды.......................................................................168 Құрбыластар, құрдастар..................................................................168 Сұлуды көрсем..................................................................................169 Көкейіме қонбаған...........................................................................170
─ 176 ─ Теруге 10.03. 2011 ж. жіберілді. Басуға 21.08. 2011 ж. қол қойылды. Пішімі 84х100 1/32 . Шартты баспа табағы 9. Есепті баспа табағы 11. Таралымы 2000 дана. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, Алматы қаласы, Ш.Уəлиханов көшесі, 43 А ОРЫНҒАЗЫ МƏНБАЗАРҰЛЫ ҰЛАР (өлеңдер) Редакторы Серік Рəсілов Суретшісі Бейсен Серікбай Корректоры Жанар Мұқашева Беттеген Айнагүл Ауанова Компьютерде терген Гүлсім Омарова
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру