Мазмұнға өту
Home

Шығармалар жинағы

Қасым Аманжолов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Шығармалар жинағы

Авторы: Қасым Аманжолов

Қасым Аманжолов Қазақ деген – мен деймін! Поэзия, Аудармалар

ДҮНИЕГЕ ЖАР

Ей, тәкаппар дүние! Маған да бір қарашы. Танисың ба сен мені? Менқазақтын баласы! «Тағы жұрт» деп тағы да Танымассың, білмессің. Өйткені мен қазақпын, «Англичанин» емеспін. Танисын ғой сен оның Өзінен бұрын мылтығын. Дәріптейсің қасиетін, Адамы түгіл, итінің. Мен де оны бір кезде Етігінен танығам. Қадай басып өкшесін Далама кеп қаңғыған. «Тағы» дейтін халқымды, Дозақ дейтін даланы. Кен қазам деп көр қазып, Ақтаратын моланы. Жылап жатса бір қазақ, Күлуші еді-ау ол әлі! Соның бәрі сұрқия Сұм патшаның әлегі. Екі аяқты аң патша Көп батырды шеңгелін. Сар далада сарғайдым, Қасіретпен шөлдедім.

Мынау қара көзімнен Сансыз дария жас ақты. Өз етімді өзіме Кесіп алып асатты. Айтып, айтпай не керек, Не көрмеді бұл қазақ! Дүние бүгін ұялар, Айтпа, ойбай, аузың жап. Сорлы емес ем ежелден, Қаралы едім, зарлы едім. Ұялушы ем өзге елден, Намысты едім, арлы едім, Есе тиер, енші алар Ел болсам деп ойлаушы ем. Қазақпын деп айта алар Мен болсам деп ойлауш ем. Тәкаппар дүние төріне Емін-еркін шықсам-ау. Айтқанымды тыңдатып, Айтқандарын ұқсамау Деп ойлаушы ем, сол болды, Арманыма жеттім мен. Үдере жорттым, жол болды, Тау төңкердім екпінмен. Енді мені менсінбес Европаның қай елі? Қарсы келсем – құшақтар Қаратпайтын әйелі.

Сорлы негр қара боп Туғанына жазықты. Тәкаппарсың дүние, Көп қорладың аз ұлтты. Қатарластың бірақ сен, Аз дегенің көп екен. Көміп кетер көпшілік, Көп кешікпес күні ертең. Бола бермес дүниеде Күнде жанжал, күнде шу. Жауып кетер жер бетін Жалғыз ғана қызыл ту. Сол қызыл ту астында Күн келбетті қазақпын. Оттар емес телмірген, Азаматпын, азатпын. Енді сірә, дүние, Танисың ғой мені сен. «Танысамын соғысып» Деп ойлама тегі сен. Төрт құбылаң түгел сай Қорқытпайды соғысың. Жетпіс қабат қорғандай, Батысымда – орысым. Шымдай болат киінген Шұғылалы шығысым. Тас түлектей түйілген Қырғыз, якут туысым.

Қазақ деген атымды. Өшіре алмас ешбір жау! Төбесінен, тиіссе, Төңкерілер Алатау. Аумағы мол алыппын, Кеңді менің құшағым. Британия аралын Қолтығына қысамын. «Тағы» емеспін тағы айтам, Адаммын –ды бұрыннан. Адаммын деп жылағам, Адаммын деп қырылғам. Тәкаппар ұлы дүние! Қазақ деген – мен деймін. Мылтығыңды ұсын ба. Қолынды ұсын, кел деймін! 1940.Алматы.

КҮЛЕМІН ДЕ ЖЫЛАЙМЫН

Күлемін де жылаймын, Жылаймын да күлемін. Неге ғана бұлаймын,- Өзім ғана білемін. Өкінбеймін өмірге Босқа келген екем деп. Өкінемін бір күнде Түк бітірмей кетем деп. Мен сүйемін өмірді Құшақтаймын жарымдай. Бірде болам көңілді, Бірде тұрам қайғырмай. Білмеген жан өлерін Қайтып сүйер өмірді. Білмей қайғы келерін, Қайтіп болар көңілді? Дәл осыны түсінбес Адамдар бар, не шара! Іші қуыс, сырты мес, Тас бауырлы бишара. -Жылама сен, күл,- дейді. Күлсем және сенбейді. Қаратер боп тергейді, -Неге күлдің сен?- дейді. Күле білмес қуыршақ, Жылай білмес,- ақиқат. Күлсек, яки қайғырсақ – Бәрі болар оған жат.

Ол сорлының ойынша – Дауруғумен күн өтсін. Бар арманытойынса, Құлқын үшін күнелтсін. Бас көтерсе төсектен, Өз үйіне сыймайды. Дүниедегі өсектен Дым қалдырмай жинайды. Ішкенге мас, жесе тоқ, Құр даурығу, бос ыржаң. Қуаныш жоқ, қайғы жоқ, Неткен сонша сорлы жан. Осындай дос көргенде, Қайтіп қана шыдарсың. Ойлапойлап келгенде, Күлерсің де жыларсың. ТҮН ОРТАСЫ АУҒАНДА Түн ортасы ауғанда Отырсың, жігіт, нені ойлап? Кімнің атын жазасың Қайтақайта шимайлап. Махаббаттың бұлбұлы, Жүр ғой сенен алыстап. Ол естімес үніңді, Шақырсаң да дауыстап. Кетті ғой ол қайрылмай, Жат жүрекке не амал! Ұйықта, достым, қайғырмай, Түсте көр де,- ләззат ал.

1938, Алматы *** Есігің алды ағын су, Ерте тұр да, жас сұлу, Ағын сумен бетің жу,- Судан сәулем көрінер. Қалтаңда ақ орамал Бір шетінде атым бар, Көр де мені есіңе ал,- Көзіңнен жас төгілкр. БІРАҚ ТА... Бірақ та күн мәңгілікке тұтылмас, Күн екені тұтылса да ұмытылмас. Тұтылғанмен бүгінгі күн, дәл ертең Күлім қағып шығатыны ып-рас. Біреу болар инженер, біреу доктор, Профессор, редактор... не кондуктыр. Не машинист, не ұшқыш, не әнші – артист... Болғым келед мен ақын тілі өткір. Өнер алды қызыл тілжырлай білсең, Өмір көркін кестелеп, сырлай білсең. Алмас қылыш жүзіндей өткір тілді Жанып, қайрап, суғарып, шыңдай білсең,

Жырлай берсем тауыса алман жүрек сырын, Сыйғызармын бұл хатқа қайсы бірін. Азды көп қып оқырсыз... оқыр жеңгем, Қарындасым Ғайни мен Еркін інім. Өтеді екен білінбей өмір шіркін, Өзгергендей табиғат біртін-біртін. Таңғалғандай сүйсіндім көргенімде, Ғайни менен Еркіннің сүгіретін. Оларды мен кқрмедім, мені-олар, Көрмесе де білер де, ойына алар. «Беттерінен екеуін сүйдім» дейін... Қолға алып сүйетін күн де болар! 1935 Орал БЕЗ!!! (Қ ...дың әсері) «Мен білем» деп кеудесін кергеннен без, Жоқты бар деп, барды жоқ дегеннен без. Өз еркімен өмірге түсіне алмай, Не болмаса әркімге ергеннен без.

Ондайлар көп әлі де арамызда, Тәрбиелеп, амал не, бағамыз да. Өмірдің екі аяқты адамы боп, Еріп жүр ғой, әйтеуір, қарамызға. Сырты бүтін олардың, іші қуыс, Адамшылық маңызы жоқ жалғыз уыс. Қайтіп қана кетерсің мүлде безіп, Болғаннан соң не шара бірге туыс. Талай жанмен болдым дос өмірімде, Шын достықты таппадым әлі күнге. Көбінің –ақ ісі жоқ, жігері жоқ, Сүйенеді тек қана мылжың тілге. Кейбірінің байқасаң сырт тұлғасын, «Мынау бір жан керемет» деп ұғасың, Егер тартып байқасаң ішкі сырын, Ішің қайнап, ыза боп, аһ ұрасың.

Іші қуыс болар да, сырты күмбез, Алтындай боп көрінер болса да жез. Адамшылық ары жоқ ,жігері жоқ, Құр беталды мыжыған досыңнан без. 27 Февраль, 1935. Орал

ТОҚТА, ЖОЛДАС!

Тоқта, жолдас! Бұзбакөшетәртібін. Өткізе алмай Өміріңнің артығын Жүресін бе сен! Қалай –қалай ба! Тоқта. Байқа. Ойла... Қаталасың. Ал кеп қалды Автобус пен трамвай! Тоқта, жлдас! Тәртіп бұзба! Тұр былай! Саспа босқа, Қақтықпа да, аптықпа! Өз-өзіңе ойлайтының Қастық па? Неге сонша Ентелейсің, елеуреп, Сыбағаңды, қоятындай біреу жеп. Көше түзу, Сен де түзу жүрсеңші, Трамвайға Жанжалсызақ мінсеңші! Жыртасың ғой Жолдасыңның киімін, Жұлқылама, Ауырттың ғой иығын. Байқасаңшы, Бастайсың да жанжалды,

Жинайсың ғой Берекесіз «Базарды». Тоқта, жолдас! Бұзба көше тәртібін! Өткізе алмай өміріннің Артығын Жүрсің бе сен? Ойла, болса ақылың! Сақтасаңшы Өміріңді, Жарқыным! АҚША Шіркін, ақша, Жолда жатса, Бұрмас па едің мойныңды! Төніп барып, Уыстап салып Толтырмас па ең қойныңды! Жүрек ойнап, лүпілдеп, Жетсең үйге бүлкілдеп! Келсең үйге... Бассаң бигеТасып көңлің шаттанып, «Таптым ақша!!! – Деп жолдасқаҚойныңды ашып ақтарып, Күлім қағып қарасаң, Жата қалып санасаң! «Бар, тез бар!» деп, «Мол ғып ал» деп, Жіберсең-ау тамаққа: Ет пен майға, Сүт пен шайға, Папиросқа, араққа,- Шашсаң еркін ақшаны, Сонда көңлің тасқаны!...

Бірақ... ол жоқ... Тек көңлің тоқ,- «Ақша» деген қиялға. (Сыртта мін жоқ), Іште дым жоқ, Сүйенесің құр нанға. Ет те, май да, шай да жоқ, Құр қиялдан пайда жоқ. Ермек етер, Ой тербетер Папирос жоқ тартуға, Елден сұрап, Махорка орап, Не насыбай атуға Бере бермес ел-дағы, Ұяларсың сен –дағы. Болды бес күн, Болдың «мүскін», Бұрынғыдай іс те жоқ, Басың қатып, Өзек тартып, Іс істеуге күш те жоқ, Жапалақтай қобиып, Отырғаның мөлиіп. Бар білгеніңКүңіренгенің, Ызыңдап ән айтқаның, Не сызылтып, Не құбылтып, Тек музыка тартқаның, Мән шыға ма ойыннан, Тамақ кетпес ойыңнан.

Ойнасаң да, Ойласаң да, Шіркін ақша келер ме?! Бостан-босқа, «Мә» деп «ақша» Біреу әкеп берер ме?! Онандағы жолын тап, Ақша шығар орнын тап. Ертең бар да, Ақша ал да, Оны жұмсау жөнін біл. Жоқта сасып Қалмауыңның шегін біл. Жұмсасаңыз жоспарсыз, Әлі талай қақсарсыз! Еттен, майдан, Сүт пен шайдан Аямай-ақ ақшаны. Мола йт нанды... Тыңайт әлді, Қоя тұрып басқаны. Болса денең – бойың сау, Ақылың сау, ойың сау. Папиросты, «Тентек досты» Сиреткенің жөн боларБос жүрісің, Қыдырысың Азар болса кем болар... Сән болмайды көк түтін, Әл болмайды «бір жұтым»...

Мұным шыным, Таза сырым Айтқаныма ұрыспа! Істе де іс, Аяма күш, Тұрмысыңды дұрыста. Тұрмыс түзер бойыңды, Бойың түзер ойыңды. 4 декабрь, 1935. Орал

НАР ТӘУЕКЕЛ

Нар тәуекел! Құлаш ұрдым қиынға, Қайрат шіркін алып шықса қиын ба! Бұл сапарда сүрініп те қалармын, Сонда, досым, мені айыпқа бұйырма! Жығылам деп жүре алмаймын жәй басып. Жүгіремін киіпжарып, айқасып. Мүлги берсін, ілби берсін қорқақтар, Іш пыстырып, жалтжалт қарап, жай басып. Жығылсам да жүгірумен өтемін, Аяңшылдың ақылын мен не етемін. Жығылармын, алқынармын, шаршармын, Барар жерге бұрынырақ жетермін. ҚАРА АҒАШ Қашанғы қайсар қария, Қам көңіл жалғыз қара ағаш! Жағасында дария Қыстай тұрдың жалаңаш. Жасартып сені келді жаз, Бұтағыңда бұлбұл құс. Қолында нәзік хат-қағаз, Көлеңкеде отыр қыз...

Біздің де өтер қысымыз, Біздің де келер жазымыз. Бізге де сайрар бұлбұл құс, Бізге де келер сұлу қыз.

СУ ЖАҒАСЫНДА

Сарғая күтіп көктемді Сап –сары боп су ақты... Шынтаққа алып сексенді, Жағада жалғыз шал жатты. Су сарғайды ылайлы, Шал қарғайды құдайды. Көктем келді, сарысу Бола қалды мөп-мөлдір. Жылға бойы у да шу, Жамырады жас өмір... Сылқ-сылқ етіп су күлді,- Шал бір ауыр күрсінді. *** Күйім тасып барады, күйім тасып, Ойнақтайды он саусақ перне басып. Дүниеге қараймын отты көзбен, Терезесін жанымның айқара ашып. Құйқылжыған бір күйдің бастамасы Домбырама келіп тұр тайталасып... Күй деген бір сел екен жөңки аққан, Қиялымды барады алып қашып. Қаршығадай жүрегім, алас ұршы, Күй бір толқын, кеттім мен араласып.

ЖАЗ ДИДАРЛЫ ЖАС АНА

Жаз дижарлы жас ана, Жаныңды тос әр күйге. Жасара түс, жасара, Бөбегіңді әлдиле. Қыз жырлайды бақытын, Төгілтіп шаш арқаға. Ойлап өткен уақытын Күрсінеді қарт ана. Шіркін ана қыз тауып, Күң өсірген күн құрсын. Нұр үстіне нұр жауып, Өз күніміз құлпырсын. «Теңдік» атты терең күй Бізден басқа қай елде? Дүние бүгін басыңды и Еркін, азат әйелге. Көктен, жерден, теңізден, Жұлдыз емес, қыз көрдік. Ерке сәби емізген Айдай ана біз көрдік. «Сұлулық пен махаббат Не?» деп әркім таласар. Бақыты бар, басы азат Адамға олар жарасар. Қазақ қызы қара шаш, Есіңде ме «Қырық байтал?» Бүгініңе жай құлаш, Өткеніңе бол қатал.

Жаз дидарлы жас ана, Жаныңды тос әр күйге. Жасара түс, жасара, Бөбегіңді әлдиле.

ДЕНСАУЛЫҚ ЖЫРЫ

Аяулы, адал ақ ниет Менде де біраз бар шығар. Адамға біткен қасиет Сыздаса балтыр-хал сұрар. Арымменен жаздым бұл хатты, Жанымдай жазған жетпекші. Сізге бір келген сырқатты Үлесіп алып кетсекші. Дәрігер емен, ақынмын, Қолымнан келер жыр ғана. Осы бір жазған хатымның Соңында тілек бір ғана: Қадірлі біздің досымыз, Біздерден аулақ сырқаулық. Қайратқа қайрат қосыныз, Жасасын біздің денсаулық!

БЕСІК ЖЫРЫ І

Әлди, әлди! Әлпешім, Ұйықта деймін,- ұйықтайсың. «Мә-Мә» берсем қайтесің, Ұйықта десем,-ұқпайсың. Жоқсын бүгін көз ілген, Көп ісімнен бөгедің. Жаудыраған көзіңнен!... Ұйықтай қойшы, бөбегім. Әлди‑ әлди, әлдиді, Әлди біздің қалғиды. Ұйықта десем, күлесің, Айналайын күлкіңнен! Ержеткен соң білерсің, «Тұртұрлармын» бір күн мен. «Кешіктің,‑ деп,- сабақтан», Тынышыңды алсам «тұртұрлап». «Жоқ қой әлі таң атқан» Деп жүрмеші бұртыңдап. Әлдиәлди,әлди-ді, Әлди біздің қалғиды.

ІІІ Ұйықта бөпем, ұйықтай ғой, Ұйықтайтын бұл шағыңда. Қызық өмірдуман той, Тұр ғой күтіп алдыңда. Ұйықтап өткен не табар Бұл өмірге бекер кеп? Ұйықта, бөпем, бөпемсің, Кім боп шығар екенсің? IV Күлімдейсің-күнімсің, Батардағы күн шығар. Уілдейсің, күйімсің, Күй де бір кез тыншығар. Сен де тынық бір мезгіл, Толқып қана жат бөпем. Аспанымда жүзе біл, Айым менің-ақ бөпем! Әлди-әлди, әлдиім, Назды, нәзік ән‑ күйім!

ЖЕТПІС ПЕН ЖЕТІ І

Жеті жасар баласын Жетпісте шал жетектеп, Келе жатыр көшеде, «Қайда әлгі мектеп» деп Жетпіс келет сүрініп, Жеті келет жүгіріп. ІІ - Балам, балам, жақсы бол, Міне сенің мектебің; Сабағыңа зейін сал, Ақылды бол, тентегім,- Деп бір жетпіс күрсінді, Жеті нені түсінді?

ІІІ

Келіп жетті мектепке, Жамырадыжас өмір; Келер заман шуындай Сонда естілді бір дүбір. Жетті кетті жүгіріп, Жетпіс қалды үңіліп.

ЖАННА

Артқа тастап алтыны, Жанна жетті жетіге. Жазды бастап «А», «Б»-ны, Берді қосып екіге. Нажағайдай жалт беріп, Жарқылдайды жанары. Санасына тап келіп Әрбір ойдың хабары. Саусағымен сырғытып, Қайырады кекілін. Жанна біздің жүр күтіп Келер күннін жетінің. Талпынады асығып Жетіге тез жетпекке. «Жақсы сумка асынып, Барамын,-деп,- мектепке». «Қай мектепке барады, Кім болғысы келеді?»- Сәл түйіліп қабағы, Соны ойлай береді. -Артис болам, ән салам, Апа, пап, кел!-дейді. -өзім шығып қарсы алам, Билетсіз-ақ ен!-дейді. -Дәрігер болам, дәрімді Көп-көп етіп қойдырам. Апа, мама, бәріңді Аспиринге тойдырам.

- аралаймын көп қала, Ұшқыш болам мен!-дейді. Бәрі болам тек қана Ақын болғым келмейді... -Кім болсаң да ержетші, Шықшы өмір төріне. Қызығыңды көрсетші, Ата-анаңа, еліне!

ӘПКЕСІ МЕН БӨПЕСІ

Әпкесі биыл жетеді, Бөпесі шықты екіге. Екеуі тату соншама, Қай уақытта болса да. Бөпеге беріп қуыршағын, Қолға алып сука шап-шағын. Өпкесі оқып жүр биыл, Көкірегіне нұр құйып! «Бес алдым бүгін, апа, деп, Таппады ешбір қата» деп. Киімін іліп, төрлетіп, Дәптерің ашып көрсетіп. Әпкесі қайтса оқудан, Үйінің іші бір думан. Көздері күндей, ақ қабақ, Бөпесін сүйіп аймалап. Бөленген өмір бақытқа, Жарасқан жастық уақытқа! Өзіне алса бір дәптер, Бөпесіне суреттер Әпкесі әкеп береді, Екеулесіп көреді. «міне, түлкі. Бұлмысық, Сен де өзінше оқып шық, Мынау, қасқыр, бұл қоян, Біліп алсаң , «бес» қоям»

Дейді әпкесі күлімдеп, Бөпесі де уілдеп. Бір көрсетіп, бір тыңдап, Бұл жа өзінше былдырлап Оқығандай болады, Жаныма нұр толады.

ЖАС ДӘУРЕН

Жас дәурен-гүл жазира, қайран жазым, Тыңдаған ерке сұлу айтқан назын. Әсерлі ән, көк нөсер күй, сал домбыра, Жігіттің тебірентсің өнерпазын. Жас дәурен, Ризамын мен саған. Жан сәулем, Келші сәулем, аңсаған. Жас дәурен – жігер оты жанған жалын, Көрмесем қызығыңды армандадын. Өмірше екі келер уақытым жоқ, Сондықтан үлесімді мол қармадым. Жас дәурен, қызығыңа тоя алмаспын, Ән мен күй, өлен сені қойалмаспын. Тірлікте тербелейін, тебіренейін, Бір күні кетсем ұйықтап, оянбаспын. Жас дәурен, Нажағайлы алтын жаз. Жан сәулем, Қосыл күйге, айтшы наз.

ҚУАНЫШҚА, БАҚЫТҚА

Қуанышқа, бақытқа Құшағыңды еркін жай. Біздің ұлы уақытта Қуана біл баладай. Еңсе көтер, еңбек ет, Жеттік сонда табысқа. Құлашыңды кең сермеп, Серпіле түс жарыста! Жастық отың сөнбесін, Жігеріңмен жарқылда! Қарттық саған келмесін, Тарылма да сарқылма!

ӨЛЕҢ ТУРАЛЫ

Отырам кейде құрысып, Бойымда бір жүк жатқандай. Өтеді уақытым жылысып, Өз міндетін атқармай... Кетемін кенет сілкініп, Іздегенім тапқандай. Манадан бері іркіліп, Селім бір енді аққандай. Келеді өлең есіліп, Үлгере жазып жатамын. Бір әндетіп, бір сөйлеп, Мол рақатқа батамын. Құрысқан бойым жазылып, Лапылдап отым жанады. Отырғандаймын мәз қылып, Ойнатып сәби баланы. Өлеңім менің бөбегім Өзіме тартқан секілді. Үстіне түсе төнемін, Үйретіп оған не тілді. Дүние қандай тамаша! Реніш-өайғы маған жат. Құлпырам мәз боп бадаша, Айналам толған махабат.

ОҢАША ОЙ

Біреуге достық жасасам, Қастық боп қайтат өзіме. Жүрегімді ұқпай етед шам, Еркіндеу айтқан сөзіме. Дүниеде досты көп көрдім, Бәріне сендім бөбекше, Жанымнан алып от бердім, Болса да бір бөлексе. Тіледім оған жақсылық, Өзімде жетпей жатса да. Құшақтай бердім қапсырып, Итеріп көзбен атса да. Ұғынар дедім достықты, Болған соң адам баласы. Осы бір ойым бос шығар. Жанымда қалды жарасы. Жеңісім менің жарқ етсе, Келеді дос боп ант беріп. Бір жерімнен қалт кетсе Кетеді шіркін жалт беріп. Базарым менің ашылсағ Келеді екн саудагер. Өз пайдасы табылса, Мұратынан күліп жөнелер. Дариға, қайда шын досым, Бар ма, сірә, өмірде. Өлеңнен басқа кім болсын, Қалдырмас кіршік көңілде.

БАЛБӨБЕК Ай, балбөбек, балбөбек, балдайсың, Атқаң жазғы арайлы таңдайсың. Күлгеніңде көктемгі күндейсің, Күн нұрымен құлпырып гүлдейсің. Бақыттысың, балбөбегім, Тұр аолдыңда бар керегің. Тез ер жетші, балбөбек. Оқып білім ал, бөбек! Ай, балбөбек, балбөбек, балдырған, Келер күндер шығады алдыңнан. Елге тұлға ұлан бол, балақан, Биік ұшар қыран бол, балапан! Бақыттысың, балбөбегім, Тұр алдыңда бар керегің. Тез ер жетші, балбөбек, Оқып білім ал, бөбек! 27 август,1949

БАЛАЛЫҚ ШАҚ ТУРАЛЫ

Түседі еске жалаң аяқ күндерім, Ақ сүйекті ала қашқан түндерім, Сол қашқаннан мол қашыпты балалық, Қайдант екенін көптен бері-ақ білмедім, Қуар едім осы күні етікшең, Бірақ маған жалаң аяқ жеткізсең. Мен мұндамын сен қайдасың білмеймін, Жеңіл аяқты жетіп болып кеттің сен. Өткен екен талай жылдар, талай күн, Өмір жолын, өлең жолын санаймын. Сонау қарттың жөтелгенін есітіп, Есік жаққа қайта-қайта қараймын. 1945-1950 *** Сыйса егер өмір сыры бір жаныңа, Ой таста ол жағың мен бұл жағыңа. Аумағын алақанда еркін ойнат, Көнбесің сонда тағдыр қылжаңына.

Жерде тудың қадірін сен біле біл, Аспанға ұшсаң, сонда да жерге үңіл. Туған жерде тік бассан аяғыңды. Сен мықтысын, еркіндеп ойна да күл. Қанат болмас жігіттер өктем желік, Кішіпейлік дегенді жек көрпмелік. Желігем деп, орынсыз секірем деп Жатқандар бар аяғы көктен келіп. Қанша қуат алса да қасқыр қаннан, Мерт болатын бір ғана басқа ұрғаннан. Игілікпен жақсылық болсын бойда, Қалар түсіп сыртыңнан жапсырғанмен. Дән піспейінше қауызы жарылар ма, Желге ұшар қауызда мағына бар ма. Сырттан өспей, шырағым, іштен өссең, «Жеңіл қауыз» деген ат тағылар ма!

Келіп қалған көңілге бұл бір сөзім, Келген сөзді бөгерлік жоқ мінезім. Ғибарат айтар сәуегей болмасақ та, Құрбы-құрдас оқы да, ойла өзің.

Жақсылық пен жамандық шекаралас, Ойсыз пенде екеуін айыра алмас. Жаздым мұны жанымен түсінер деп, Жері жерлес, бауырым, қаны қандас.

Тек мен емен бұл сырды талай айтқан, Күні кеше өз атаң Абай да айтқан. Тағы қайта айтамын, тағы-тағы, Болғаннан соң не кеще құдай атқан.

  1. Қарауыл

*** Тыңдаңыздар, Артқы іні, алғы аға, Жеңгейлерден, жырым, бүгін ал баға. Арналады жүрегімнің бұл күйі, Мқанова Сәбитовна Жаннаға.

Кіп-кішкене балапаны Сәкеннің, Шақырыпсың тойына сен әкеңнің, Түсінемін бақытыңды, қарағым, Қолда барым –осы өлеңді әкелдім. Сәкен, Мәкен арасында өскен гүл, Саған лебін тигізссін де дос көңіл. Жайқалып өс, жақсы әкенің ұрпағы, Сақтап, жаттап, жыр қуатын өс те біл. Бұл ағаңның аз сыйлығын мол сана, Мол сыйлықтар үйлеріңе толса да. Келші, достар, алшы тосты ішелік, Жанна алдында ұяттырақ болса да. 28 май, 1950 *** Жасып қайғы ойлама, Тасып тойды тойлама, Осы екен өмір жолы. Жасың қырықтан асты, Жастық қайырылмас-ты, Шырағым, ойла соны.

Денің де сау емес қой, Болма енді әуесқой. Арзан той, ыржалаңға Желікпе, сөзге ерме, Ойланбай сене көрме Өзіңнен басқа жанға. Өлең жаз ішің пысса, Ән шырқа кеуден қысса. Өзіңді-өзің тербе. Көрдің ғой басқаларды, Жаныңдай жас балаңды Еркелет, мұнға берме. Шырағым бекі енді, Қатаяр реті келді. Қаншама бос болсаң да, Өзіңді-өзің ойла, Жел сөзге құлақ қойма, Әркіммен дос болсаң да. 15 декабрь. 1954 Пікірлер (9) Өзге емес , өзім айтам өз жайымда... E-mail Басып шығару PDF Поэзия

ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Өзге емес , өзім айтам өз жайымда, Жүрегім жалын атқан сөз дайында. Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді, Тербетіп, тулатып бір қозғайын да... Аманжол - Рахымжанның Қасымымын, Мен қалған бір атаның ғасырымын. Біреуге жұртта қалған жасығымын, Біреуге аспандағы асылымын. Шарлаған жолым жатыр жер бетінде, Көрінер көлеңкесі келбетімде, Қай жерде үзіледі қайран сапар, Түйін боп өмірімнің бір шетінде. Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап, Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ. Немесе бастармын ба екінші өмір, Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап.

Дүние, жалт-жұлт еткен кең мекенім, Көре алмай көп жеріңді мен кетемін. Арпалыс ала құйын заманалар Арбасып тұрып алды, мен не етемін. Өмір жоқ түскен жерде бір арнаға, Көп күттім, көп тіледім құмарлана. Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім, Алыстан көрінгенмен мұнарлана. Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ, Қараймын елесіңе мен таңырқап. Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде, Көрпемді мен жатармын қырда қымтап. Жүзінде кәрі жердің әжімі көп, Ізімді табарсыңдар әзер іздеп. Оқырсың сонда мүмкін бұл жырымды, «Досың да,туысың да біздерміз» деп.

Ризамын туғаныма адам болып, Өкінбен қаламын деп бір күн солып. Адамзат сапарының мейманымыз, Бір мезет жер бетіне кетер соғып. Екі көз – екі жұлдыз маңдайдағы , Көруші ең құбылысты қай – қайдағы. Япырмай,сен де бір күн сөнермісің, Қап – қара түнек болып маңайдағы. Өкінбен мен де бір күн өлемін деп, Өкінем ұқсата алмай келемін деп, Күніне жүз ойланып, мың толғанам, Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп. Барым да, бақытым да осы өлеңім, Жақыным , жүрегімнің досы өлеңім. Өмірге келгенім жоқ бостан – босқа, Мен қайтып , босқа жасап , босқа өлемін.

Гүрілдеп жалын атқан кеудем – көрік, Сөз соғам құлашымды еркін керіп. Суарып шынықтырам күйге малып, Болсын деп әрі әдемі, әрі берік. Құя алман үгітілген балшық өлең, Көңілімде көл жасаман тамшыменен. Серінің семсеріндей сертке таққан Өлеңнің өткірін бір алшы менен. Ежелден ерке бұлан Қасым едім, Бұлқына тасып едім, басып едім. Жүзім – жаз , көңілім - көктем кең пейілді, Жақсының жүрегіне ғашық едім. Сөзім жыр, лебізім – күй ерке едім, Өз жерім, өз елімде еркеледім. Өмірдің алтын сарай аспанына Қиялым қақты қанат ерте менің.

Кең жайдым құлашымды дүниеге, Білдім мен қайғыра да ,сүйіне де. Әйтеуір әрі – сәрі болғаным жоқ, Ұқтым мен, көңілімнің күйі неде... Аяған жүрегім жоқ жолдасымнан, Сый көрді не бір сараң мол Қасымнан Жолдастың жүзін қайта алдым жинап, Айрылсам ала көңіл он досымнан. Қасыммын, сол баяғы бір қасыммын, Бақытын ойламаймын құр басымның. Тымырсық түнек болсаң – дұшпаныңмын, Ақ көңіл адал болсаң – сырласыңмын. Боламын ақын Қасым әлі де мен, Өлеңін бөбегіндей әлдилеген. Қанатын қағып жылдам келер жылдар, Бәрін де қарсы аламын ән – күйменен.

Бір күні от өмірім қалса өшіп, Қайран ел, туған жерден кетпес көшіп. Торқадай жамылып ап топырағын, Жатармын өз жерімде бір төмпешік. Дариға, о дариға,шіркін дәурен, Басымнан таярмысың бір күн дәурен. Жалт беріп жоғалар ма нажағадай , Жүзіңде шалқып тұрған күлкім,дәурен. Тоқтамас өмірімнің сағатындай, Жүрегім енді қанша соғар тынбай. Тыншыр ма ақтық рет бір таопынып, Мерт болған балапанның қанатындай. Түсірген ой сәулесін шар тарапқа, Ақылдың алтын оты сөнген шақта. Бұл күнде саңқылдаған сұңқар үнім. Кетерсің судай сіңіп табиғатқа.

Сондықтан ап кел бері домбырамды, Кеудеме күй қанаттықондыр әнді. Берейін өмірімнен өлең жасап, Шашайын оңды – солды сол мұрамды.

Дүниеге келер әлі талай Қасым, Олар да бұл Қасымды бір байқасын. Өртке тиген дауылдай өлеңімді Қасымның өзі емес деп кім айтасың!

  • * «Құбылып жалт – жұлт бұпбұйра жоны, Суылдап сырғып , аңқыолап лебі. Терең ой , алуан хикая толы Арнаға сыймай кең көкірегі.

Алыстан тартып дүние сырын, Көзімен көрген көп қилы заман .

Ойнатып толқын Украина ұлын Төсіне құшса, құмары қанған.

Жағасы жайлау ,етегі өріс , Жатқан бір жомарт қарық қып елін. Атаңа нәлет , бұзақы фашист : Ылайлап суын , жұлқылап жерін.

Қаңғып кеп сонау ит өлген шеттен, Кәусармен жуды қолдарын арам ... Мұңайып көптен,ұлдарын күткен Мінеки Днепро – даңқты бабаң». Қуанып Мартбек, басып кеп нық –нық Берді кеп рапорт : - Лейтенант жолдас! Бұйрығыңызды орындап шықтық! Днепрге жеттік! Шығын бар біраз... Бітіртпей Волков Мартбектің сөзін, Қалтырап қолы , күбірлеп ерні. Құшағын жайып, кең ашып төсін, Сорғалап жасы сүйді кеп ерді. - Командир жолдас! Жігіттер шөлдеп, Қаталап кепті.оқ нөсерлетіп. Алғызбай суды,аралдан көздеп, Барады жаудың қылығы өтіп.

Лейтенант Волков тамсанып, талып, Дей берді бұ да: Днепро... су... су... Қара түн көзін нажағай шалып, Қап – қара бір бұлт келеді төніп. - Төгіндер оқты, аралға мына ,- Деді де кетті күмп беріп суға. Бермеді мұрша ,ашу мен ыза Не ойлануға , не қоштасуға . Алдында жүзіп пулемет «Максим», Келеді Мартбек бұрқатып атып . Шойын боп үсте су сіңген киім, Ойнайды өлім аяқтан тартып. Біресе алдан, біресе арттан Түседі жаудың оқтары зулап. Көк ала толқын – шөптей боп шапқан Жапырылады үйіле құлап. «Біздің де аяр жанымыз жоқ» деп, Қарғыды суға жауынгер бір топ . Қадалып жатыр кеудеге оқ кеп, Сонда да ерлер келеді сілтеп.

Келеді сілтеп, уралап , шулап, Жаудырып оқты бұл жанталаста. Үстінде Днепро толқын боп тулап, Ажалды аста тепкілеп басқа...

ЕЛГЕ ХАТ

«Менің бір бар еді ерке тентек ұлым, Өлі ме, тірі ме екен сол құлыным?» Дейтіндей болдың ғой сен, туған елім, Жоғалдым зымзия боп, шықпай үнім. Арада өтті үш жыл ойран – топыр , Теңіздей тебіренді қала мен қыр. Шарықтап аспанында жүрген шығар Қанатын өрт шарпыған өлең мен жыр. Көре алмай содан менің қаршығамды, «Қан болып жатыр ма,- деп – құшып шаңды». Астынан алақанның алыс қарап, Іздер ме ата қазақ ақсақалды? Бармын мен бұл дүиеде , жүрмін тірі , «Жоқсың» деп жала жабар қудың бірі. Түссем де отқа, суға тозар емен, Солдаттың етегіндей жаным сірі. Екінші сөз

Есімде жөнелгенім қанды жолға: Туған жер қимағандай мені сонда. Жалтақтап, жалпақ дала , қарай бердің, Жүгіріп , еріп зорға эшелонға. Сықылды сынып –құлап аққан жұлдыз, Мен кеттім қарауытып үнсіз – тілсіз. Білмедім қош дерімді , күт дерімді,- Елестеп екі жақтан мыстан мен қыз. Айнала нұрға шомып бір керемет, Ашылды жайнап сол кез ғажап сурет. Бодым мен туып өскен тау , даламды Көргендей тұңғыш рет , не соңғы рет. Үшінші сөз Мен кеттім , сол кеткеннен кеттім ұзақ , Базарға келіп түстім қанды қасап. Бір долы от ауызды ,темір тісті Қыршып жас өмірлерді жатты асып.

Душар боп сол бір сойқан дүниеге жат, Кәсібім – соғыс болып , атым – солдат. Қан жалдап , шалпылдатып кете бардым Серігім болды менің азапмихнат. Түкілеп жапырағын оқ жегенде, Қараушв ем аянышпен сорлы еменге: Жанымның жанат нуын жалын шарпып, Достарым, сол емендей бодым мен де. Қан соқта арасында өліктердің, Ажалды өз көзімен талай көрдім. Достасып, бір ыдыстан тағам ішіп, Астында бірге ұйықтыдық сұр шинельдің. Немене айтыпайтпай көрген азап, Қалмадым қирапқаусап тек жалғызақ. Мың есе білдірдің ғой қадіріңді, Атыңнан айналайын ,ата қазақ. Төртінші сөз

Жұлып жеп жер мен көкті от тұмсығы, Долының ұстағанда қояншығы. Қанатын ақша бұлттар қанға малып, Өртеніп күпкүрең боп таудың шыңы. Сырылдап қос өкпесі , іздеп жемтік, Самолет сумаң етіп, келсе жетіп. Бұлттағы долы сайтан найзасындай Қадалса қара бомба жерге кеп тік. Жылытып бауырымды ыпыстық қан, Кезімде өлі досты барып құшқан. Үстіме сен кеп төніп тұрғандайақ Болушы ем , атамекен Қазақстан! Ес жиып тұрушы едім мен орнымнан , Қараушы ем жалын шарпып жанарымнан. Шегініп сен кетуші ең білдірместен, Бұлтқа ұсап аспандағы аударылған.

Жалын боп қалушы едім жерді шарпып, Көруші ем сонда анық көз құмартып . Алтын ту, арайлы таң төккен нұрын , Шұғыла боп аспанында жүзген шалқып. Туған ел, бұл дүниеде сен болмасаң, Өзімді отқа атар ем әлдеқашан. Сен деген қасиетті бір махаббат Жүр сақтап , көкірегіме жуытпай шаң. Бесінші сөз Кең далам – дастарқаным –атамекен, Зейінді асқар тауым көкірегі кең. Лебіңмен оттай ыстық тартасың кеп, Тіріліп іздегендей мені өкем. Жалбар тон жетім болып жүргенімде , Көтеріп, қаратып ең мені күнге. Әкем де, анам да сен, туған елім, Сен үшін ырысым да , қасіретім де.

Білмеймін не күтіп тұр мені алда, Ажал кеп жүр дер ме әлде осы таңда? Сені ойлап қиналам ғой, туған елім, Қызыл ет, жатсамдағы батып қанға. Алшы деп мен ажалға бермен арыз, Сен маған айтқан жоқсың «өл» деп уағыз. Талпынған жаңа ғана екеумізге Өлші деп әмір етер қандай жауыз? Болғанда сен жас әке , мен сәбимін, Ашылған жаңа ғана гүлмін, күймін. Бәрібір құтылмайсын деседағы, Келмейді сұм өлімге еш бас игім. Жанымды күйдірсем де жалынға сап, Қасқыр боп таласа да мені азап. Туған жер топырағында тіп-тік өскен, Қара емен қасарысқан мен бір қазақ.

Сағындым, туған елім! Өтті жылдар, Білмеймін достарымнан кім жоқ, кім бар? Құс болса, ұшырар ем жүрегімді, Ап кел деп туған елден сен бір хабар. Сарыарқа самалды тау, сырнайлв өзен, Сағындың сен де мені , айтпай сезем. Айбарлы ақсақалым – Алатауым , Күт мені , сабырлы оймен, түңілме сен. Құс болып ұшар жырым ойқырыңда, Қонақтар сенің алтын тұғырында. Қымбаттым –халқым деген махаббатым, Сенемін қалмас шіріп қабырымда.

ҰЛЫ КҮТІС

Күтудеміз! Асығып эшелондай: Өтіп жатыр зулап күн, шұбалып ай. Күтудеміз тықыршып, мың құбылып, Қазір, қазір бар тілек болатындай. Тұтылған күн дәл қазір шығатындай, Талып жатқан досың ес жиятындай. Ауыр азап үстінде қиналған жан Рахат тауып ,талықсып тынатындай. Күтудеміз тұрсақ та әзілдесіп, Арпалысып жүрсек те қан‑ сел кешіп. Күтідеміз сонау сұр окоптарда, Өліп бара жатсаң да талып өшіп. Мейлі күтіп, шыдамай темір сынсын, Мейлі көлдер суалсын, тас үгілсін. Қасарысып біз күттік! Шыда, жүрек, Бұл ақырғы , ең ауыр болсын бір сын.

Жараланған жауыздық қашты аң боп, Атылса екен тезірек ең соңғы оқ. Әділ сағат, сын сағат сенсің жүрек, Сезіп – біліп тұрсың ғой, қаттырақ соқ! *** Дүние қандай жап­- жарық! Осындай ма еді бұрын да?! Байқамаппын аңғарып, Ойдың тапшылығында. Дүние қандай жап – жарық! Көңілім неге жабырқау? Көкірегіме дақ салып Кетті ме соғыс япырм-ау?! Дүние қандай жап-жарық! Жырдың алтын бұлағы – Жалт-жұлт етіп жатшы ағып, Жарқылдайын мен-дағы. Үстімде сұр шинелім Үстімде сұр шинелім, Ақсаңдай басып келемін. Қанды қырғын, қызыл от, Қаптап жүр ажал дегенің. Үстімде сұр шинелім, Ақсаңдай басып келемін. Қағып -соғып жығар ма Оңайлықпен мен өлім.

Үстімде сұр шинелім, Ақсандай басып келемін. Баяғы Қасым, бір Қасым, Баяғы күйім,өлеңім. Үстімде сұр шинелім, Ақсандай басып келемін. Ұмытса да достарым, Ұмытар ма мені елім. *** Сенфашиссің, менқазақпын. Сен айтқандай «азиатпын». Сен аспаннан «жұлдыз қақтаң», Мен далада түйе бақтым. Енді мынау қарайсың тек, Дәрменің жоқ, көзіңмен жеп. Арланасың, қорланасың, «Тұтқын болдым тағыға» деп. Егерде мен түссем қолға, Қамар ең-ау темір торға. Олай болмай, бұлай болды, Біздің бақыт, сіздің сорға.

Сенфашиссің, менқазақпын. Сен айтқандай «азиатпын». Таңқалдырсың, «философым» Ғажабына табиғаттың. *** Соғыстың, қыстың ызғары Бойымнан кетпей, боп сырқат, Емендей жалғыз құздағы, Айналаға болдым жат. Қайсарлықпен сыр бермей, Отырмын қарап биікке. Ұшқан құстар тау көлбей, Қиялда жортқан киікке. *** Көкте зырлап барады Алтын жұлдыз. Жерде тұрып қарады Әлия қыз. Алтын жұлдыз алысқа Кетті ағып, Кетті ағып, жас қызға Бір ой салып. Алтын жұлдыз зымырап Кетті алыс. Кетті алыс, мылтық ап Бір жап-жас қыз… Майдан кешті мылтық ап Әлия қыз,- Өр төсінде жарқырап Алтын жұлдыз. Сырласым

Хат жоқ елден: достан да, жақыннын да, Шынымен-ақ шіркіндер ұмытқан ба? Жап-жалғыз тұңғиық ойға батып, Ұқсаймын су түбінде отырғанға. Жалғыз сенсін сырласым, осы өлең, Ақын жыры, туысы, досы-өлең. Мейлі мені ұмытсын дүние жүзі, Жырлап тудым анадан, жырлап өлем. *** Аспанымды бұлт торлап, Құрыстырды денемді. Көзімнен жас домалап, Төктім сонда өлеңді. Жырымды дажасымды Бір сығып мен тастадым. Жайнап қайта ашылды Ойым менің – аспаным. 1945 жыл Жаңа жыл, мың тоғыз жүз қырық бесінші, Құйшы,дос! Қыран көңіл, бір желпінші! Қан қырғын қызыл соқта толастар ма? Жаңа жыл, айт та, менен ал сүйінші!

Тілемен жетсе екен деп жасым жнзге, Тілмен нұр жаудыр деп көктен бізге. Жаңа жыл, жаршысы боп игіліктің, Жауды жеңіп қайтқандай елімізге. Достар, қайда жүрсіңдер? Достар, қайда жүрсіндер, қай майданда? Мен де келе жатырмын малтып қанға. Ең болмаса біреуің кездессең ед, Ыстық, суық күндерде сағынғанда.

Күндер өтті, үңілдім сендерді іздеп, Айлар өтті: «Көрмедік, білмейміз» деп, Жылдар өтті, таппадым, қайдасыңдар? Мені қуантсаңдаршы,- бірің кез кеп? Сен едің мені айырған Сен едің мені айырған достарымнан, Долы жау, дүниеге салған ылаң! Бобегін махаббаттың жалынға атып, Кеудеме қан аралас мұз қатырған, Орыстың ойран салып орманында, Қазақты қуғандай ең даласынан... Дариға, бізге де бір тиді кезек! Сені өртеп жатыр міне ызалы кек, Енді ме есің жаңа есер дұшпан, Етесін енді неге безек –безек?... Алайық ту сыртынан сығып жанын, Қайта бас көтермесін өлікті жеп!

Ағайыма Жан аға, жазыпсыз хат, жан елжіреп, «Қайда жүр, қайда менің бауырым» деп. Дариға, бар екен ғой есіркеушім, Алыстан адал тілеп, жүрген жебеп. Жан аға, сізден жақын табам кімді? Тебірентіп жібердіңіз көкірегімді. Есіме еріксізден түсірдіңіз Жылдардың артында ұмыт қалған күнді. ...Қыс. Қыстау атамекен Қызылдағы, Ерттеулі аттар толы қора маңы. Томпаңдап үйге жалғыз келе жаттым, Тойдырып күресіннің сырғанағы. Жармасып босағаға үйге енгенде, Түскендей болды жүрек ыршып жерге,- Сұп-сұлық жатты әкем алдлдыңызда, Бүркеніп жайнамазың оң жақ төирде. Көл-көсір жылаусықтау үйдің іші,

Неткен күй күңіренген үлкенкіші! Құшақтап жыладыңыз сіз кеп мені, Жалын боп өткен әке күйініші. Жыламай, қарай бердім ынтамды сап, Көзіме көріндіңіз әкем ұқсап... Дариға, енді бүгін қан майданда, Тағы да сізсіз мені жүрген аңсап. Арқалап долы соғыс қанды жүгін, Алдыңғы сапта жүріп келді інің. Шығыстың шолпанындай тартады көз Жұққан қан өңіріне шинелінің. Өзгердім, ағатайым, мен азырақ: Көрінем бұрынғымнан сәл жасырақ. Қарая түсті қайта шашым менің, Естірек болдым енді, ақылдырақ. Еркін ініме Ойлаймын да жүдеймін, Сағындырдың, Еркінім. Тез жетсін деп тілеймін «Аға келді» дер күнің.

Жалаң аяқ жарысып, Ойын салып, ойнақтап. Жас шағыңмен алысып Жүргеніңде, кілт тоқтап, Қарайсың ғой, білемін, Әрбір өткен солдатқа. Шым етіп жас жүрегің, Мені ойлайсың сол уақыта. Сәл тұрасың елжіреп, Қабақ шытып, ойланып. «Ағам менің келді» деп, Мақтана алмай, қорланып. Ойлаймын да жүдеймін, Жеткіншегім, Еркінім! Тез жетсе екен, тілеймін, «Аға келді» дер күнің. Ақшалық

Ағам берген ақшалық Жүрерімде майданға. Құнды зат ең қаншалық Ой салғандай адамға? Бір жапырақ былғары Құрай салған әлде кім. О, дариға, бұл-дағы Болды менің ермегім. Төрт жыл болды, қалтамда Келем сақтап, жоғалтпай. Мені қорғар майданда Тілсіз туыс болаттай. Жанталаста жоғалып, Не қадірлі қалды зат. Тек осы бір ақшалық! О, құдіретті махаббат!- Төс қалтамнан орын ап, Жүр ілесіп жоғалмай. Көкірегіме ұя сап, Паналаған торғайдай. Ағам берген ақшалық Жүрерімде майданға. Құнды зат ең қаншалық, Ой салғандай дамға? Қолға аламын, қараймын, Қараймын кеп күрсініп. Сенде туған ағамның Махаббаты тұр сіңіп. Ақша бұлт (Бір ақынның өлеңі жайлы) Асқар тауда ақша бұлт Жүзуші еді жалтылдап, Кеттім алыс, қалды ұмыт, Бір жалтылдақ қызға ұсап: Қызыл майдан, алтын ту, Қыза жортып келем мен, Бұлдыр бұлттар, қыз –қиқу Алдағандай жас емен. Ақын қиял – ақ сұңқар, Қанатыңды қанға мал. Ақша бұлтақ орамал Шын жіберсе сүйген жар. Түссін жерге үлбіреп, Таңайын мен жарамды, Не жаңбыр боп сіркіреп, Бассын өрт пен тозаңды.

Не тері боп солдаттың Сіңсін туған жеріне, Не жасы боп сан қарттың Құйсын қасірет көліне. Аспандама ақша бұлт, Алдандырма ақынды. Жер деп жанын тосты жұрт, Жерде оқтар атылды. Жеңіс даусы Казарма лық тыныштық, Жатыр ұйықтап солдат достар. Жоғарғы нар қандай ыстық, Жан екем бір монша құмар. Әм дөңбекшіп, әм күркілдеп, Арпалысып ұйқылы-ояу... Тамып-тамып, тамылжып кеп, Естіледі бір күй қоңырау. Естілет бір күй қоңырау, Әлдилейді жүрегімді... Мезгіл еді таңға таяу, Неткен күй бұл, кім не біледі?

Неткен күй бұл, жанға тәтті, Неткен күй бұл, тым мезгілсіз? Кім жіберді бұл ләззәтті? Жаным-жаным, рақатқа жүз. Қайда, қайда кеттің күйім, Таусылдың ба, сарқылдың ба? Енді қанша дөңбекшиін... Тыныштал жаным, тыңда -тыңда: Болды маған естілгендей Ұлы Москва дем алысы! Кетші әрі ұйқы, түнше төнбей! Япыр-ай, бұл дктор даусы- Күйі ғой бір қуаныштың! Саңқ –сұңқ етіп сонау көктен. Қиқуындай қыран құстың, Ғажап дауыс шығады өктем. Жалғыз кезген жер-жаһанды Күй қанатты бір жолаушы. Тірілткендей өлі жанды, Саңқылдайды жеңіс даусы!

Жеңіс даусықұдіретті үн Құйылды кеп кеудемізге, Қалдық ұйып. Дүние шіркін, Өліміз бе, тіріміз бе? Тік көтеріп шаттық дауыл, Өрт боп қаулап шықтық сыртқа. (Өскен қала, туған ауыл Не күйде екен осы уақытта?) Көк төсінде жүзді оттар, Қуаныштай жарқылдаған. Кетті атылып ақтық оқтар Винтопкадан, нагандардан. Кетті атылып ақтық оқтар, Кетті атылып ақтық ашуКешегі қол-қанды шоқпар Қызыл қанпат ұсташы ту. Келеді атып ғажайып таң, Асыққандай йгілікке. Көрдім сені, байтақ Отан, Шығып сол кез бір биікке.

Көрдім сені, жайдым ққшақ, Тоқтата алмай көз жасымды. Құштым, сүйдім, ғашыққа ұстап, Майдандас бір жолдасымды. Жеңіс даусы-құдыретті үн, Саңқылдайды, тебіренткді. Шіркін адам, ұқтым бүгін, Жаны қандай нәзік еді. Көңілі қандай назік еді. Көңілі қандай шалқар еді?! Нендей ыстық махаббаты! Құшақтасып ұшар еді, Әттен ғана жоқ қанаты. Жылқайдар Берлиннің тар көшесінде Салып жөнге Фашистерді. Жайнап жұлдыз кеудесінде, Кезей ұстап көк семсерді, Орнатып нық өз тәртібін, -Олай емес, бұлай жүр! – деп. Асауының басып желін, Шабандарын етіп жүрдек. Жылқайдар жүр өзіміздің, Жау ырқыны мініп аттай. Тигеннен соң қолға тізгін, Қоюшы ма ед майпаңдатпай!

Қызғалдақ Өртенген үй орнында Өскен жалғыз қызғалдақ. Кез боп қалдың жолымда, Аялдаттың азырақ. Өртенген үй жұртында Қып-қызыл боп желбіреп. Қалай өстің сен мұнда? Нендей сыр бар, нендей кеп? Қансың ба әлде тамған бір Күнәсіз жас жүректен?... Сен екенсің жас өмір Ескі жұртты күзеткен?... Достар I Біз көп едік отырғанда, Демалыс күн мәжілісте.- Жау тиді де Ұлы Отанға, Бұзды шырықты шаңқай түсте. «Соғыс» деген бір зілдей сөз, Кетті басып еңсемізді, Ап-ауыр ғып түсіртті тез Қолымыздан кесемізді. Сағасында домбыраның Сыңсыды да үзілді күй. Ауыртты да ақын жанын, Тынды сұлық қайран «Мәди».

Күлкі ерінде қалды қатып, Қуанышты қуды қайғы. Ойнасақ та мылтық атып, Көріп пе едік біз мұндайды? Айтар сөзін бітірмей жар, Қарай берді жасы іркіліп. Кеткендей-ақ қайғы-қанжар Жар өзегін тіліп-тіліп. Шала жиып дастарқанды, Қоштасарда сәл кідіріп. Сақтаймыз деп Ұлы Отанда, Қан майданға кеттік жүріп... II Жалындаған жалынды өртке Қотарылдық қара селдей. Келіп жаумен бетпе-бетке, Араласып кеттік сеңдей. Араласып кеттік сеңдей. Өзенінде қан майданның Солдат болдық кәдімгідей, Білер парқын қара нанның. Сапырылды ерсіл-қарсыл Жорық жолы - майдан теңіз. Айлап сынып, таусылды жыл, Айрылысып қалыппыз біз.

Жүдемедік сонда бірақ, Жарқылдадық салған жерден. Жаңа достық алдық құрап, Шар тараптан келгендерден. Жауды жауша қарсы алдық біз, Шынықтырып алдық жанды. Тулап теңіз, шайқалды құз, Алдық барып не қамалды!... Жүрдік аңсап өткен күнді, Шала жиған дастарқанды, Кілт үзіліп қалған күйді, Аяқсыз ән, мұңлы жарды. Жеңдік жауды, алдық кекті, Мөңкіп тулап, басылды апат. Мең-зең етіп жер мен көкті, Тынды-ау ақыр бір ғаламат. Ескі дозақ орынындай Қирап, қаусап қалды қала. «Күміс күмбез, алтын сарай» Қалды сонан төрт бағана. Көнбіс ана бұл қара жер Сезе ме екен мың жарасын? Сезер болса, едік сүйер Әр төбесін, әр құз, тасын.

Не деген біз қайратты елміз, Болса-дағы не ғаламат. Күліп тұрып көтергенбіз, Жанымызға жабырқау жат! Жеңіп жауын, достар үйге Келіп жатыр жеке – жеке. Шалқып тағы бастық күйге, Бейбіт өмір – бір жәрмеңке. Жайдық қайта дастарқанды, Қолда ойнатып кесемізді. Құштық қайта сүйген жарды, Кім айырар енді бізді! Домбыраны бұрып қайта, Құшырлана сүрттік шаңыын. Бір жарқ етер осындайда Өткен шағың, болашағың! Қайта жалғап тарттық біздер Кілт үзілген көңіл күйін. Өтті, кетті қатал күндер,- Көңілге бір тастап түйін. Көп едік біз, көп едік біз Демалыс күн мәжілісте. Біз әлі де көп мәжілісте. Біз әлі де көп екенбіз,- Кел, достарым, кеттік іске!

БАЛДАҚТЫ ЖІГІТ

Балдағы бар бір жігітті көрдім де, Қасақана сауал бердім келдім де: «Ғафу, жолдас! Көрінбейд бір аяғың, Кешегі өткен сұрапылда бердің бе?» Жігіт екен! Жауап тапты тосынан,- (Бір ғажайып күлкі ойнады ернінде): - Көріп тұрсыз, бір аяғым осында, Екіншісін тұрмын басып Берлинде.

ЖАЙЫҚ

Жарқын жүзбен жайраңдап Жатырсың ағып, Жайығым. Жағаңда ойлап, сайрандап Ескенмін заман қайығын. Сырғып аққан сыныптай Сабырлы өзен, салқын су. Толықыныңды құшақтай Келіп қонды бір аққу. Қанаттанып жағыңда Еді-ау бір кез ол ұшқан. Сол бір аққу мен едім, Келіп тұрмын алыстан. Есіңде ме, Жайығым, Қалмадың ба жатырқап? Жамылып кеш сағымын, Келмеуші ме ем ән шырқап... Ойын, күлкі әзілмен Бойыңда өткен талай күн... Жайық, саған қазір де Риз бола қараймын.

МЕН – ТАБИҒАТ БӨБЕГІ

Ментабиғат бөбегі, Еркін жанмын еркемін. Аузымда жастық өлеңі, Еркелеп күйім шертемін. Жарқжұрқ етіп жүруді Нажағайдан үйренгем. Шадыман шат боп күлуді Күн мен айдан үйренгем. Мен бір жанмын ерікті, Жарысып желмен жүгірген. Ашу, қайғы үйрендім. Өз еркімше сілтемей, Қашан ғана имендім?!

Хан тәңірі Хан тәңірі – қарт ТаяньШаньнің жүрегі... Хан тәңірі – көк аспанның тірегі... Хан тәңірі – көп жасаған қария,- Хан тәңірі – жер жүзіне жария. Хан тәңірі – жүрегі – тас, қаны – сел, Хан тәңірі – лебі – боран, демі - жел. Хан тәңірі – қабағынан қар жауған, Хан тәңірі – балағынан қан тамған. Хан тәңірі – бұлт жамылып, мұз киген, Хан тәңірі – көкті құшып, күн сүйген. Хан тәңірі –

жерге басын имеген, Хан тәңірі – көк әлемін билеген. Хан тәңірі – қаһарынан қайтпаған, Хан тәңірі – ешкімге сыр айтпаған Хан тәңірі – екімге бой бермеген, Хан тәңірі – еш бағынып көрмеген Хан тәңірі – бағынбасқа серт қалған, Хан тәңірі – қарсылассаң, мерт қалған. Хан тәңірі – күнге ғана табынған, Хан тәңірі – хабар алған сағымнан.

БУРБАЙ ТОЛҚЫНДАРЫ

Баурында «Оқжетпестің» тұрдым жалғыз, Көл жатты күле толық, айтып аңыз. Үстінде Бурабайдың жарқжұрқ етіп, Қайықпен келе жатты аққудай қыз. Шақырдым: «қарындасым, кел бері деп, Қайығын тосты маған қыз күлімдеп. Көрмеге ол отырып, мен ескекке, Толқыта кеттік тартып; жел соқты үдеп. Жел соқты бізді әдейі сынағандай, Жығылды жапырыла толқын жардай. Біресе жайындай боп жон көрсетіп, Біресе бүкететіліп айдаһардай. Көк ала арландай боп абалайды, Алды орап, соңнан қуып, жағалайды. Біресе ауға түскен шортандай боп, Құйрықпен қайығымды сабалайды. Сескеніп сыр берместен келем есіп, Тәкаппар тентек толқын кетті егесіп. Лап беріп ұмтылады қайығыма, Шегініп тұрады да аз кеңесіп. Ентелеп келеді де, кер кетеді, Біресе ойнаған боп тербетеді. «Бойында өр қайраты бар ма екен» деп,

Сынамақ болад білем мені тегі. Т олқыннан мен бе болар қорқынышты, Толқытып тарта бердім әнге басып, Толқытып тарта бердім әнге басып, Бір мезет қыз көзіне көзім түсті. Көзінен нәзік сұлу көрдім жанын, Оның да көлдей көңіл толқығанын: Қауіптің қара қөңлі толқығанын: Қашырып бара жатыр беттің қанын. Үрпиеген балапандай қыз үрейлі, Дөңгелек көзі көлдей мөлтілдейді. Үстінде толқып кеудесінің Қараш қара бұлтау желпілдейді. - Ағажан, бұзылдығой күн райы, Ежелден белгілі ғой толықын жайы. Қайталық, тіл алыңыз, әне алда Толқының ойпақап жүр асау тайы. Қайтпайтын әдетім бар алған беттен, Қыз сөзін құп көрмедім сол себептен. - Сескенбе, қарымдасым, ән шырқай бер, Бұдан да зор толқынды жарып өткен. Даурығып әлденеге толқын шулап, Көк ала айғырлардай жатыр тулап. Таң қалып бұл қызыққа қарағандай, Төбеде түрды бұлттар будақбудақ. Бүйірін ескегіммен ірей тартып, Толқынды алсау керек ашулатып. Қасқырдай қамады кеп жанжағынан, Жіберді қайғымды қалтылдатып. Қорқаудай көк жал толқын жетті екпіндеп, Белінен қайығымды секірді кеп. Құп – қу боп қыз үрейі кетті қашып, Көзінен шыға келді жас мөлтілдеп. Сонда да сыр берместен тарта бердім, Толқынның ойнағына мен де үйрендім. Көлденең келннің белін жамшып, Ескек пен ентелесе, басқа пердім. Айбары арыстандай бір долы бұлт Ойнақтап, көк төсіне шықты жалтжұлт Гүрілдеп тұрды – дағы шарт етті ол, Жаңғыртты, болғандай – ақ Бурабайдан, Бұлт төніп созды мойнын айнадайдан. Ту асау толқындарға мініп алып ән шырқап, Бурабайда салды сайран.

КӨКШЕТАУ Жаннаты жер мен көктің сұлу Көкше, Ризамын бар ғұмырым Көкшеде өтсе. Табиғат, таңғаламын тамашаңа, Қандай күш жаратты екен сені ерекше. Көп шығар көрмеген жер, дүние кең. Сонда да тау бар ма екен Көкшеме тең?! Берсе де ГейнеРейнін, Гомер – Парнас, Көкшемді мен айырбас етем бе екен?! Құмарың Көкшетауды көрсең тарқар, Адам түгіл аңның да көзін тартар. Көктемде көреміз деп Көкшетауды, Жосылар бұғы, марал, құлан, арқар. Екі уақ ерсілқарсыл қайтқан құстар, Көкшеге бір қонуға болар құштар, Сықылды тіршіліктің жәрмеңкесі. Ғажайып нендей сыр бар, нендей күш бар?!

Ұлпан бұлт бейне торғын орамалы, Толқып кеп тау мойнына оралады. Жайғандай жасыл ала жібек кілем, Көкшенің кең құшағы, бар алабы. Көк қасқа Көкшетаудың бетегесі, Сықылды сепкен алтын күн сәулесі. Тыңдаған бұлбұл үнін ойшыл орман, Толықсып бас изесер ерте – кеші. Сықылды тоқсан ауыл тоқсан көлді, Жалтылдап қара-дағы тартар сені. Аралап сұлу Көкше сайсаласын, Шығады саяхаттап самал желі. Тұп-тұнық қара барқыт түні қандай, Рақат дүниесі ұйығандай. Сұлудың алтын гауһар сырғасындай Көкшенің иығында шалқиды ай. Көкшеге құмартқандай «көк қыздары», Жымыңдар алтын кірпік жұлдыздар. Айналар аспан жайлап дөңгеленіп, Көкшенің күмбезіндей жылжымалы.

Кербез тау көрінеді түстегідей, Қарайсың түсіне алмай, тырс үндемей, Бұп-бұйра төбелері қызықтырар, Сұлудың сүп-сүйкімді бөбегіндей. Шалқыған шымылдықтай атады таң, Алқадай қойған қадап алтын шорлпан. Ішінде сол шымылдық Көкше сұлу, Қарайсың көркіне сен болып аң-таң. Суреттеп жеткізе алман қанша мақтап, Келеді Көкше сұлу көп сыр сақтап. «Өзгемнен осым қымбат» дегендей – ақ, Көкшетау Бурабайын тұр құшақтап. Көктем Төбеден төнген аспан, күн мен айы, «Тамаша» жанға жайлы күн райы. Ақырын жылжып қана көктем келед, Сықылды жас жігіттің сәулетайы.

Күлімдеп кел тезірек, кел, көктемім, Өмірдің «рақатына» тең көктемім. Тігілген он бір қанат ұлы ордама, Сұлудай тәжім етіп ен, көктемім. Мен биыл он бір қанат орда тіктім, Төрінен орын қойып сені күттім. Жырыммен бетіңді ашып енгізейін, Тезірек кел, көктемім, кел, сүйіктім! Масайра, гүл-гүл жайнап, кел тезірек, Сағынған жер анаң да тұр елжіреп, Сүті ағып, «алпыс екі тамыры иіп», Жадырап, жаны жібіп, күлімсіреп. Жер күліп, аспан төніп құшақтасып,- Бейне бір қосылғандай екі ғашық. Асқандай аясынан айдын шалқып, Кербез бел күнге қарап қойнын ашып. Аспанда қаз бен үйрек қиқуласып, Жерде еңбек ерлері жүр ән шырқасып.

Жайраңдап, қыза қайнап, күшін сайлап, Маржандай, егін жайға, тұқым шашып.

Құлпырып ұлан-байтақ сәнді дала, Тамаша думан –тойлы сансыз қала. Бәрі де: «көктем келет!» дейді күліп, Көктемге көңілдене, құмарлана.

Көңлі шат, жүзінде нұр бәрінің де, Қайғыдан хабары жоқ кәрінің де. Бақыттың дариясы шалқығандай, Қарайды қуанышпен алтын күнге.

Кел, көктем, күлім қағып қарсалайық, Арудай аймалайық құшақ жайып. Қосылған сүйгеніне жас сұлудайКөктемімкөңілді елге сен лайық!

Көктемімкөңіл қошым, кел тезірек, Көріктім көзің күн де, жүзің жібек. Өмірді нұрға бөлеп, гүлге орайық, Жаннаттай, жиһазыңды бер тезірек.

  1. Алматы

Дауыл

Ышқана соққан дауылға Құмартушы ем жасымда Нөсерлеп құйған жауында Қызығушы ем жасынға, Жүргіруші ем жарысып. Сарыарқаның еді алысып, Ойнаушы еді алысып, Соққан дауыл менімен... «Дауыл! Дауыл!» дегенге, Шықтық үйден дүркіреп. Аспан тұрды төбемде, Аласұрып, күркіреп. Дүние сол кез дүрілдеп, Келе жатты бір дауыл. Түндіктері желпілдеп, Күтіп тұрды жарлы ауыл. Шыр айналды шаңырақ, Сықырлады сырғауыл. Бұрқырады бар аймақ , Соқты ышқына көк дауыл, Көшті дауыл керуені, Ілестім де мен кеттім, Көк дауылдай кеуделі Жігіт болдым, ер жеттім. Мен дауылдың ұлымын, Тұра алмаймын дауылсыз. Қарсы алуға дайынмын, Соқса да дауыл дамылсыз.

ТАЛҒАР

Түксиіп, қабақ түйіп, бұлт үстінен Даланың патшасындай қарайсың сен. Не деген ызғарлы едің, тәкаппар ең, Басқандай бар әлемді сенің еңсең. Тау жоқтай бұл дүниеде сенен артық, Мен саған қарай бердім көп құмартып. Қайтер ең қаһарлы хан, кәрі Талғар, Бойыңнан өрлігіңді алсам тартып?!

АТАМЕКЕН Сүйем сені туған ел – атамекен. Абзал анам сенсің ғой құшағың кең. Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің, Сенен артық не табам, қайда кетем. Асан қайғы емеспін, Қасыммын мен, Қобызымен сырласып күңіренген. Іздеймін деп «Жерұйық» көр басында, Ерке жанмын, өмірде өстім еркін. «Еркелеме, ей жігіт, еспе» дер кім?! Өз елімде өзендей гүлілдеймін, Тасып, шалқып өтемін осы сертім.

ЕРТІС

Арұада аққан күміс алтын арна, Ер ерке Ертісімдей өзен бар ма? Суылдап, сабырлы ойымен жатыр ағып, Жарқырап көз жіберіп айналаға. Күй төгіп, кернейлетіп ағады Ертіс, Лебімен балқытады даланы Ертіс. Ертісімеркіндіктің бесігі бұл, Ер жігіт, ерте тұр да,Ертіске тұс. Жерімнің жатқан бұл бір көк жойқыны, Үстінде ойнақтаған өр толқыны. Болаттай та ер болмасын қазақ ұлы!

САРЫАРҚА

Сарыарқа сапсары алтын жүзген нұрға, Қоналқы мекен болған сан ғасырға. Сайран тау, самал жайлау, сырнайлы өзен Лебімен алар тартып, шықсаң қырға. Көтеріп әң мен жырдың күй қанаты, Жүрегің ұшар құс боп аспанында. Әлемнің саған ауып махаббаты, Сарыарқа орнар сенің жас жаныңда. Жұбанып сол Сарыарқа құшағында, Есімде ойнағаным жас шығымда. Жетімдік жалбыр тонын жерге соғып, Құмартып ауған бұлтқа, алыс шыңға. Арқа ару ашып нұрлы күн бетіңді, Ойнатып, еркелетіп мен жетімді. Аулақтап сұр бейіттен әкетуші ең, Не дермін, сенің сол бір құдіретіңді?

Сарыарқа сағындырдың атамекен, Сардала анам едің, құшағың кең. Тұсыңнан тоқтай алмай барам өтіп, Арттасен, алда – майдан қайтсем екен?

СІБІР

«Сібір» деген жалғыз сөзден Соғушы еді үскірік. Анықтап бір көрмей көзбен Бал ашыппыз түшкіріп. Жер енесің, шіркін Сібір, Жас өскендей жүгіріп, Ер өскендей салып дүбір, Қызды ауылда кідіріп. Алтын жайлау, ата жұртым Әкеткендей жерсің ыстық Қыртысыңды сындырып.

БАЙҚАЛ

«Баллада» «Байқал», «Байқал» дегенге, Тұрдым атып орнымнан. Ұйқылыояу денемде Толқи ақты ыстық қан. Қызыл вагон есігін Айқара ашып тастадық... Соқты самал есіліп, Ақты бұлақ тас жарып. Торғын тұман жамылып, Байқал жатты көсіліп. Таң сәріден сабылып, Жәрмеңкеге жосылып. Кернейлеткен көп өзен Жатты құйып тұс-тұстан. Ерте оянған Таң жеңгең Тұрды қарап шығыстан. Ой тастап бір Байқалға, Ғашық болған Таң сұлу. Айнала асқар тауларға Қойды қадап алтын ту. Шіркін, Байқал, Байқал деп, Біз келеміз шарқ ұрып. Кең бір дүние көкпеңбек Әлде қайда шақырып. Алыс сапар асығыс, Аялдауға жоқ мұрша. Сықылданып таңғы түс, Қалмақ па бұл тамаша?

II Шіркін, Байқал, Байқал! деп, Кете бардым, ән шырқап... Байқал бір сыр айтар деп, Бір тоқталып, бір тыңдап. Ұшты құстар көңілімнен, Жанымда жыр толғадым. Шымылдықтай төгілген Араладым орманын. Аспанменен егескен Бастым зәулім шыңдарын. Күркіреп көкте кеңескен Бұлттың сөзін тыңдадым. Өр толқынмен ойнадым, Қақтым ұшқан құстарын. Шолп-шолп еткен шортанын Шоқтығынан ұстадым. Жаттым бір кез ққмартып, Салқын самал сайында. Би билеттім бұралтып, Ақ балтырлы қайынға. Бұлт жамылып, аң қуған, Шаңқылдап шың бүркітті. Шықты бір кез алдымнан Бурят-монғол жігіті. Маужыратып көл құсын. Байқал деп ән шырқатқан. Тағып шолпан шолпысын Қыз да шықты бір жақтан. Байқалдың ор түлкісін Аңшы берді, алмадым. Жарқылдатып шолпысын Қыз шақырды, бармадым.

ІІІ

Арудай жүзі ақ жарқын, Байқал жатырбір мырза. Қиялымның қанатын Тасқа соқтым боп ыза. Баспа қып бір қайқаңды Бұлт боп төндім торландым. Құшпақ болып Байқалды Әуреледім, зорладым. Сірә, менің қылығым Болса керек тым ерсі. Байқал атып тоқынын, Күлді қатып сілесі: Кенет таулар жаңғырып, Аймақ шулап тебіренді. Мені есімнен тандырып, Байқал сөйлеп жөнелді.

ҚҰЗ

Қабағын түйіп құз тас тұр, Төңірегіне парық сап, Шыңында шулап құстар жүр, Айнала ұшып шарықтап. Кеудесі жалын қара бұлт, Келеді төніп аспаннан. Алып құз тас сұп-сұрғылт, Жамылып шапан-боз тұман. Шық моншақтап-шыпшып тер, Сорғалайды жасы жүзінде... Сол құзды көр демені көр, Ойға бір шомған кезімде.

АЛМАТЫ

Жақсы екенғой АлматымАлтын үйек астанам. Осы екен ғой жаннатың Атам қазақ аңсаған. Келдім сені сағынып, Алтын ұямАлматым. Кең көшеңде басар нық Мен бір ақын солдатың. От пен темір сайысқан Келдім майдан төрінен. Жер құшам деп. Көр құшқан Жау жерінен келдім мен. Сағынышын солдаттың Сен сұрама, мен айтпан. Кетті шығып бір ұшқын Кеудемдегі шыңайттан. Күлкіжасы аралас Ақын да бір жас бала. Тербет өзің мауқын бас, Алтын бесік –астана. Жүрмін жортып қызықтап, Көше қоймай баспаған. Сыбырлайды жапырақ, Жалт қарайды тас маған. Өкпе, назға – манифест, Жатыр ққшып достарым. Сары алтын күн, думан аеш Қанар емес құмарым.

Ән мен күйді сапырған Сал домбыра,-сал ожау. Сабырлы оймен отырған Бір кәрия Алатау. Неткен сұлу өмір ең! Қарай берем үңіліп. Ғажайып бір мейірмен Келешегің тұр күліп. Жақсы екен ғой АлматымАлтын тулы астанам. Осы екен ғой жаннатың Атам қазақ аңсаған.

ҚАЗАҚСТАН

Елу жаста «Елім бар деп айта алмай», Кетпес естен күйінгенің, мұңлы Абай. Елім бар деп айтатын бір туды күн, Елім бар деп шырқатайын мен бүгін. Қойсын енді Қорқыт күйі сарнамай, Атам Абай арманыңа бер тыным. «Гүлжазира», «Жерұйықтан» кем бе екен, Сен таппасаң, біздер таптық жер тыңын. Мынау дала біздер өскен кең мекенҚызыл тулы ел – Қазақстан дейтұғын! Көкше, Баян, Қарқаралы, Алатау, Тоңыалтын, түгіторқа жер мынау! Қарағанды қара қазан қайнаған, Елдігіме етер шүбә қандай жау. Дүние байлық тұрған жайнап айналам, Дүрсілдейді сонау Балқаш жағасы, Баршы өзің, көңіл қойып тыңдашы!

Тұр ғой соғып туған дала жүрегі. Кім қызықтап мақтан етпес бұл жерді, Бақытыңа қуан қазақ баласы, Кең далалы, кең пейілді қазақпыз, Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз; Ел намысын ешбір жауға бермейміз, Өмірпді алға бастармыз, өрлейміз! Сертің осы азат жігіт, азат қыз! Байтақ Отантуып өскен өз елім, Өміріндей өршіп аққан өзенім? Артым жақсы, Алдым қандай тамаша, «Бөтен елдін падишасы болғанша, Өз елімнің артық терсем тезегін!» Қуанамын көрсем атты қазақты, Ән шырқаған алшы тастап тымақты. Қуанамын шапқанына құйғытып, Қанаттанып, алыс жолды тез ұтып, Отты көзбен тұрсан шолып жан-жақты.

Аралашы Алматының көкшесін, Емендермен егесе сен өсесің. Талғар тауда тудай жайнап талабың, Бой ұрасың мұхитына даланың, Қайтарам деп өмірімнін есесін. Туған бала құба құмда, жер үйде, Тоқсан томды алдына алып ҚазПИ –де. Отыр дүние архивтерін ақтарып, Соны көріп сүйсінем де мақтаныпКетем жырлап қосыламда бір күйге. Тау қопарған, көлді көлге қотарған, Біз ерлерміз алғыс алған Отаннан. Туған жердің салмақтап сом алтынын, Содан ұғып келешегңн халқымның, Жүрген жасты жырлап өтсем жоқ арман.

Кемпір көрем көк өзендей күй төккен, Шалды көрем жыр ұшырған көкіректен. Қызымыз бар құралай көз, қара шаш, Күлкісікүн, сайрап кетсесандуғаш, Жігітіміз барабар жас түлекпен. Көк құрыштан құйылғандай бір еліміз, Әрі биік, әрі кеңбіз, тереңбіз. Әніміз бар асқақ жалау сықылды, Көтерілсетік көтерер жұртымды, Біз дүниеге мәңгілікке келгенбіз. Елу жаста елім бар деп айта алмай, Кетпес естен күйінгенің, мұңлы Абай. Елім бар деп айтатын бір туды күн, Елім бар деп шырқатайын мен бүгін, Еркелеймін кең даламда баладай. Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған, Бұл далаға жылап келіп уанғам, Бұл даланы көріп алғаш қуанғам, Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

ТУҒАН ЖЕР

Шықшы тауға қарашы кең далаңа: Мәз боласын ұқсайсын жас балаға. Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең, Шарсайсың ба, құмарың бір қана ма? Уа, дариғаалтыне бесік туған жер, Қадірінді келсем білмей кеше гөр! Жата алмас ем топырағында тебіренбей,

Ақын болмай, тасың болсам мен егер. Неткен байтақ неткен ұлы жер едің! Нендей күйге жүрегімді бөледің? Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,- Арманым жоқ бұл дүниеде ,-дер едім; Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім; Қызыгыңды көріп еркін келемін, Сен де аямай бердің маған барыңды, Мен де аямай барым саған беремін. Болдым ғашығ, туған дала, мен саған, Алыс жүрсем, арманымсен аңсаған. Жақын жүрсем, мен –төрінде рахаттың, Алын діңгекөзім туған босағам!

САУЫНШЫ ЖЕНГЕЙДІҢ ЖЫРЫ

Сауыншымын, Сүттен селді ағызған, Сауыншымын, Бармақтан бал тамызған, Сауыншымын, Колхозыма әйгілі, Сауыншымын, Сауып алғам бәйгіні. Ақ телегей, Сауған сүтім теңіздей, Сиырым –піл, Бұзауым бар өгіздей; АғызамынБал қаймақтың өзенін, Қарық болсын, Деймін менің, өз елім. Бақытым жоқ, Тауып алған бір жерден, БерекесінСауып алған бұл жеңгең, Сол сүттей ақ, Көңлім аппақ, жеңгеңмін. Шырқап әнге Той-думанға енгенмін.

АКАДЕМИЯ

Бір үй маған қарайды қызықтырып, Терезеде ойнатып күн сәулесін. Мен де оған қараймын ой құлпырып, Ашып тастап жанымның терезесін. Терезеде ойнайды сәби шұғыла, Күн қызығып қарайды, шығып шыңға. Нақ сол кезде аяғын басып нығыз, Аңғарына Алатау ойы сыймай,- Әлдеқайда қиялы қопарып құз, Келе жатад сол үйге Қаныш ағай. Ойлы көзбен бір қарап жан-жағына, Шығады ол ғылымның михрабына. Ой мұхитын кешкендей терең бойлап, Мұхан келе жатады тым асығыс; Асау арман алыста салып ойнақ, Ақын қиял,- аспандап ақ сұңқар құс. Дүние сөзін бойына алған сықап, Тұлғасын қараймын мен таңырқап.

Нығай басқан аяғын не бір сығай, Келіп кіріп жатады сол бір үйге; Қуанамын, тасамын, жерге сыймай, Сәлем бергім келмейді Фердаусиге, Өмірімнің тереңін, биігін де Сол бір үйге барып мен көрем күнде. Бір жетім ұл қалғанды Самұраттан, Қой бағам деп, ой баққан құбар жонда; Ой бағам деп, қозыны жамыратқан; Неі сонда ойлаған, нені сонда?! Тон орнына сол бүгін том көтеріп, Келе жатыр. Қуанам соны көріп. Академик емеспін, тек ақынмын, Мәз боламын, сол үйге сырттан қарап... Келешегі күлімдеп, өз халқымның, Жақтауынан сол үйдің тұр сығылып. Өарсы алдымнан ашылған кең есікке Кеттім кіріп, асықтым келешекке.

*** Шарт жүгініп бұйығып, Молла отырса намазға. Шарқ ұрып келіп түйіліп, Мен төнемін қағазға. Молла сенде не ісім бар, Сұбхан айт та сұңқылда. Тірілтіп өлен жаратар Өзім тәңір-бір құда. *** Бұйра жонын күнге төсеп, жылынып, Тастар жатты көшемде. Көктем келіп, кеткендей-ақ тіріліп, Жансыз тас қой десең де. Ақын деген қызық жан ғой кей кезде, Жансыз затпен сырласар. Жансызға жан берейікші дейміз де, Көп болған соң жансыздар. Тартып сырын табиңаттың, тастардың, Бір нәрсені үйрендім. Көктем келіп, күліп жатқан тастарды Басуға мен имендім. «Әттең шіркін, берер меді сезімді? Тас болғаныжазғаны» Деп тұрғанда бір есерсоқ өзімді Басып кете жаздады.

ДОМБЫРА 1 өлең Домбыра мұнша шешен болдың неге, Күй толған көкірегің шежіре ме? Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің, Саусағым тиіп кетсе ішегіңе. Аққудың әуеніндей үнің бар –ау, Сарарқа самалындай ескен баяу. Бөбектей бесігінде маужыраған Тыңдаймын мен отырып ұйқылы –ояу. 2 өлең Салқын кеш ашып тастап терезені, Қолға алсаң қоңыр сазды домбыраны. Қырандай қалықтатып қиял сені, Асқар ой шыңына бір қондырады. Жарқ етіп ашылды жұмбақ жаһан, Әлемі ақындар мен күйшілердің. Үнтілсіз отырасың болып аң-таң, Құпия сырын аңдап көк пен жердің.

Қоңыр саз домбырадан еске баяу Тербетіп, көтереді сені ақырын. Оянып, көкірегіңе келед таяу Белгісіз әлде қайда жатқан жырың. Сол мезет жайып тастап жаныңды алға, Келер жыр жолын тосып отыра қал. Тізіліп көз алдыңда жыр туғанда, Құлшынып тағы қайта домбыраны ал.

ДОЛЫ БҰЛТ

Суырып көкте қылышын, Нөсерлі қара төнді бұлт. Тарылтып жердің тынысын, Тапатал түсте болдым ымырт. Өрістен қашты төрт түлік, Асыға үйге енді жұрт... Салатындай бір бүлік, Ақырды жерге долы бұлт. Күйзелді келіп, күңіренді, Аласұрды аспанда. Шуылдап аймақ тебіренді, Жалынын жерге шашқанда... Жіберді жылап долы бұлт, Төгілді жерге көк нөсер... Өтті де кетті, болды ұмыт, Жадырап жайнап күлді жер.

БАСПАНА

Баспана деп бастайын бұл жырымды, Отырғанда замылып жылы күнді, «Қылыш сүйреп» қатал қыс қысса келіп, Өлең менің тыңдамас бұйрығымды. Он жыл бопты, жүгірдім астанада, Шақырса да бармадым басқа қала. Алдамшы елес сықылды үміт қуып, Он жыл бойы болдым зар баспанаға. Қалай салған ағашты, не кірпішті, Баспана бір үй еді төрт бұрышты, Алғашқыда өртенгір жерде еді, Енді бүгін қиял боп аспанға ұшты. Құзға салған қыранның ұясындай, Ұшпақтағы софының хұжрасындай,- Елестейді баспана,- Алматының Кең қойнына бір Қасым қойды сыймай. Он жыл босқа жүгірдім, болмай жолым Баспалдағын тоздырдым квартбюроның. Бір ордерға бір бастық қол қойғанша, Үлгеріппін мен жазып өлең томын. Талай үйдің телміртті терезесі, Алматыны шарладым ерте кеші Алғызбады баспана қиын қамал, Көңілімде қалды тек көлеңкесі. Ақын болдым, сағындым ,келдім қайтып, Тағы біраз сенделдім баспана іздеп. Жер сұрадым ақыры күрке салар, Жер де жоқ боп шыққаг соң не шара бар? Жер сұрасам сілтейді зират жаққа, Өлген жоқпын ,қақым жоқ олай барар. Қойдым енді , сірә мен үй алмаспын, Үйім жоқ деп ешкімнен ұялмаспын. Өгей ұлдай қойныңа сыймасам да, Кете алмаспын ,астанам, қия алмаспын. Аспан мен жер бәрі де үйім менің, Сенің көркің,астанам , сүйінгенім. Кең көшеңде еркіндеп жүрсем басып, Не қиындық болса да, - иілмедім.

ЖАҢА ЖЫЛ Сағат дәл он екіден тұрды аумай, Ескі жыл жайлап жылжып қарт адамдай. Есіктен шыға бере дәл кідірді, Қарсы енген жаңа жылға қақтыққандай. Екеуі келіскендей болды тілге, Жаңа жыл жас жігіт боп енді өмірге. Еркіндеп, - ендігісі менікі деп, Сағатты өз қолымен бұрды бірге. Жаңа жыл мың тоғыз жүз қырық жетінші, Отырмыз сені күтіп үлкен-кіші. Айқара ақ шапанын серпе тастап, Кәнекеи, шықшы төрге, бір желпінші! Кел, достар, көтерелік күңгірлетіп, Ал, досым, көңілді күй жібер шертіп. Жаңа жыл, жаңа мейман, жаңа ырыс, Көл болып, көңіл шіркін жатсын көлкіп.

Ризамын ескі жылға, болды игі, Қиынды қиып түстік неше қилы. Он екі серігін ол соңына ертіп, Аралап елімізді, көрді сыйды. Құрметтеп үш жүз алпыс нөкерін де, Қызықпен ұластырдық күнін түнге. Көтеріп ұлы еңбектің күмбездерін, Тойладық келерін де, кетерін де. Сен-дағы құтты болшы, жаңа жылым, Шомылып шалқарына өнер-ғылым. Ашыла түссін біздің ой-санамыз, Шыныға түссін күші жұмысшының. Тамған тер, сіңген қайрат жерімізге Ырыс боп, тұрсын өсіп келер күзде. Адамзат еңбек етсе – біздей етер, Берерін дүние шіркін берсін бізге! Ту етіп қасиетті ынтымақты, Кеудеге толтырайық махаббатты. Бақыттың бесігінде тербетейік Өмірге келе жатқан жас ұрпақты.

Сол үшін келші, достар, жаңа жылжа, Отырып қала-дала, ойда-қырда. Шалқая тарталық бір шаттық суын, Дуымыз жетсін тарап бір ғасырға!

  • * Алтын айна алдында Қараймын да құлпырам. Ғажайып нұр бар мұнда, Жүрегіммен ынтығам.

Алтын айна қолымда, Отырмын мен күн ұстап. Ұзақ өмір жолында Рахат тауып, тыныстап.

Алтын айна – алтын ай, Алақанда ойнаған. Айнадағы шұғыладай Қоншы келіп ой маған.

Қасиетті айнада Ойнайды өмір шарқ ұрып. Игі іске майданға Ту көтеріп шақырып.

Керуен тартып өткен шақ, Қызық көрем, жай табам, Шұғыла шашып болашақ, Қарайды осы айнадан.

Алтын айна бетінен Көрем еңбек күресін. Қуанамын бар екен Өзімнің де ұлесім.

БЕТПАҚДАЛА

Басқа жанға өзінен Сыр ашып, тіл қатпаған. Жылайын десе көзінен Бір тамшы жас ақпаған. Болушы еді қаралы Талайсыз сорлы бір ана. Жүрегі шерлі, жаралы, Арман болып бір бала... Сол бір ана сықылды Бедірейген Бетпақ шөл Бүгінгі күн ұл туды, Бетпақ шөлді - басты сел. Құлазыған, қаңсыған, Шаңырқаған, шаң басқан. Қара құрты құжынап, Оралды жылан арбасқан. Тұғыр болар қыранға Томары жоқ, бүрі жоқ, Суат болар қыранға Қағы да жоқ, түгі жоқ. Ызыңдаған тек қана Қыста боран, жазда жел. Сұлап жатқан сұр дала Сорлы еді ғой Бетпақ шөл, Ешкімге тіл қатпаған. Тауды бұзып аққан сел Оған, сірә, батпаған.

Үндеместен үстінен Жылдар өтіп кетіпті. Көшкен бұлттай шұбалып Ғасырлар да өтіпті. Сол Бетпаққа ел қаптап, Желбіреп қызыл ту барды. Сарқырап ағып ойнақтап, Күміс кәусар су барды. Жұты суды сіміріп, Тамырына қан жүрді. Бірте-бірте тіріліп, Бетпақ шөлге жан кірді...

  • *

Сәскеде сансыз көкек сұңқылдаған, Неткен кез дүние балқып күй тыңдаған! Еркелеп бұйра бұлақ жатыр аунап, Сүйуімді жас үнімен сыңқылдаған.

Алыста асау өзен күркіреген, Жер жатыр жалт-жұлт етіп бір түлеген. Аспанның өрмегіндей жерге төккен Бір нәзік жұпар жаңбыр сіркіреген.

КӨКТЕМ Сансыз көкек сұңқылдап, Көктем келді ертелеп. Нәзік үнмен сыңқылдап, Бұйра бұлақ еркелеп.

Асау өзен арқырап, Асқар таудан дүркіреп. Айдын жатыр жарқырап, Алды дала бір түлеп. Көкте бұлттар күркіреп, Жерге төкті өрмегін. Жауды жаңбыр сіркіреп, Мейірленіп жерге күн. Естіп аспан дауысын, Асыққандай гүл шығып. Аңдып бұлттар ауысып, Колхозды ауыл құлшынып. Алақанын тұр жайып Жас ағашта жапырақ. Балғын өмір ғажайып Жас дауыспен жамырап. Еңбек ата жүр елде Егін жайда ту ұстап. Қара бұйра кілемге Алтын шашып уыстап. Темір тепшіп, ер терлеп, Трактор сүйреп даланы. Бүгінгіден ертенге Алып кетіп барады... Көктем күйін бастады Өз өнерін асыра. Қысты қуып тастады Асқар таудың басына.

ҚАРАҒАНДЫ

Бір жер бар Қазақстан даласында, Құрбыжан, апарайын, барасың ба? Арқаға алатаудан ақ иықтай Бір ұшсам, болат топшым, таласың ба! Ол жердің тоңы – алтын, түгі – торқа, Қанша алсаң қазынасы түспес орта. Өшпейтін өміріңе от береді Жігіті Қарағанды, салсаң қолқа. Қарашы Қарағанды күмбезіне Бойлаған мұнарасы күн көзіне. Құрбыжан, қасиетті ол бір қазына, Қуантып, тартпас сірә кімді өзіне.

БАЛҚАШ

Көргенімде сені алғаш, Көл едің бңр жап-жалаңаш. Келдім тағы, қойныңды аш, Ұлы Балқаш, нұрлы Балқаш. Өзгеріпсің таңғажайып, Құшағыңды еркін жайып. Сәулетті үй, сәнді сарай, Көз тойғысыз қарай-қарай. Сені мұнша кім өзгерткен, Елің қалай тез ержеткен. Ұлы Балқаш, ойлы Балқаш, Туған жерге нұрыңды шаш.

АҚЫН МЕН ШАХТЕР

Ш а х т е р Қолда бұрғым, Түстім бір күн Жеті қат жер астына. Өттім үңгіп, Кеттім сүңгіп, Қара мақпал пластыға. Қалың тыңға, Қара алтынға Қадай салған бұрғыммен. Түріп жеңді, «Әуп!» деп, жерді Көтергендей тұрдым мен. Нақ сол кезде Түспей көзге Қайда жүрдің, ақыным? Жер құлар деп, Мерт қылар деп, Сызып па едің ақырын? А қ ы н Жолдас шахтер, Аз мұрсат бер, Ұйқас тауып алайын. Ұйқаспаса, Ұйқы ашпаса, Айып етпе, ағайын. Аспанға ұштым, Шолпан құштым, Жаңа түстім жерге өзім. Көп аңсаған Келдім саған, Енді жырлар дер кезім. Көп сөйлеумен, Көмейлеумен Кетіпті өтіп көп күнім. Еркін жырды Серпілдірді Сенің, құрбым, екпінің.

ШАХТЕР

Шахтер болмай, Шабыт қонбай, Аша алмассың жыр кенін. Бізбен біреге Түс тереңге , Талабыңның түр жеңін. Сырты жарқын, Іші салқын, Қойсаңшы құр сызуды. Тоңба өзің, Болсын сөзің Тас көмірдей қызулы.

АҚЫН

Рас айтасың, Кім байқасын, Жазыппыз ғой небір «том». Не жыр емес, Көмір де емес, Қызуы жоқ бықсық тоң. Шахтер жолдас, Енді болмас, Еріксіз мен жеңілдім. Жазайын жыр, Қазайын бір Кен шахтасын өмірдің.

АЛАТАУ

Алатау бұлт асырмай асқарынан Тұр қарап туған дала аспанынан. Асылып Алатауға ай менен күн, Жарқылдап шұғыла шашқан тастарынан. Алға алып кең даласыдастарқанын, Алатауашқанда той – ақсақалым. Жаңқыртып жер сарайын ән шырқаймыз, Ту етіп туған халық жақсы атағын. Құшақтап Қазақстан астанасын, Алысқа Алтауым,көз саласың . Алатауайдын дала қариясы Көтерген төбесіне өз баласын. *** Сен кім? Мен кім? Ойлашы бір осыны, Таңқалдырар, Ойландырар Кенет ойдың тосыны Ақылды бол, Тілегім сол, Құлағыңа кірсе егер дос үні. Шыпжаңдама, Қылжаңдама, Дұрыстан. Кім ұқпайды: Түк шықпайды Ұрыстан. Қыңыр тартып Қиындыққа кеткенше. Дұрыс болар Адал жолмен тырысқан.

Осы сені Білем ғой деп ойлаймын. Сондықтан да Ақыл айтып қоймаймын. Өзің-дағы білесің ғой әркімді, Басыңызға түспесінші сондай күн. *** Семья – шағын мемлекет . Менпрезидент, сенпремьер. Арттым саған көп міндет, Премьер жолдас, бер пример. Мен тыңдар деп селт етпес, Ескіліктің уағызын. Сен орында, екі етпе Президенттің указын. Басқара біл үй ішін, Бердім саған билікті. Жемісті болса жұмысың, Мен аяман сыйлықты. Бар досым да, бар дұшпан, Сал ойланып ақылға. Алыстай біл алыстан, Жақындай біл жақынға. Жауаптымыз сіз бен біз, Ұқсын басқа ұқпасын. Мемілекетке тәуелсіз Дұшпан қолды сұқпасын.

Көкірегімнің күйі үшін, Сен еңбек ет мен үшін, Басқар өзің үй ішін, Мен жырлайын ел үшін. Жыр тоқимын көп ойға, Жетер мекен уақытым. Мен де ойлаймын, сен де ойла Балалардың бақытын. Біздің байтақ еліміз, Семьялардан құралған. Елін сүйер, сеніңіз, Өз семьясын сүйе алған. Сүй еліңдіүйіңдей, Сүй үйіңді – еліңдей. Көкіректегі күйіңдей Жырыңды жаз ерінбей. ****

О, дағдыр, мені сауықтыр! Айтатын жыр ойым бар. Көңлім соған ауып тұр, Алда бір қызық тойым бар, Сау болып соны шертейін, Ауыра берсем – қиындар. Өлең мен күйден жаралған Мен де бір адам ғажайып. Құтқаршы, ауру, жараңнан, Жазылып бір жыр жазайық. Көңілдің күйін төгейік, Арманда кеттік демейік. Бәрін де беріп ел, жұртқа, Қарыздар болмай өлейік. *** Алматы ауасындай мінезің бар, Жауарсың бір кез жаңбыр, бір кезде қар. Балқытып аласың да ыстығыңмен, Артынан тоңдырасың төгіп ызғар. Соққан соң екі жақтап ыстық – суық, Барады ақырындап бойым суып. Айнымай тамылжитын жазым қайда, Япырай, күз бенен қыс қалды-ау жуық!

*** Япырай, мына күннің райын-ай! Төсектен тәуір болып тұрайынай. Десем де қабағын бір қойдыау ашпай Ерегіскен, енеңді ұрайынай! Шығайын ең болмаса бір күн деймін. Азырақ ашылсаңшы, шіркін, деймін. Түнерет әкесін мен өлтіргендей, Бір сыбап аламын да, күркілдеймін. НҰРЛЫ ДҮНИЕ Нұрлы дүние, шіркін дәурен, Ойлаймын ғой сені ылғи. Көкейімнен кетпей сәулең, Көкірегімде толқиды күй. Қатты сырқат үстінде де Бір сені ойлап қиналамын. Өңім тұрсын, түсімде де Сені қайтіп қия аламын. Тірліктегі тыпыршыған Бір күніңе не жетеді! Аулақ, ауру ыңырпсыған, Өмір күйі тербетеді!

Нұрлы дүние –думанды елім, Жарқылдайсың жас айбынмен. Бір сен үшін туған едім, Бір сен үшін жасаймын мен! Ноябрь ,1954 ҰШҚЫШ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ (Жастар тілегі) Мөлдір тұнық көк аспан, Сол аспанға жарасқан Самалеттей сұңқармен, Ұшқан құспен таласқан, Ұшқыш болғым келеді! Көңлі – дария, ойы – аспан, Асқар шыңнан бойы асқан, Ай, күнімен аспанның Әзілдескен, сырласқан Ұшқыш болғым келді! Күнге күліп, күй тартқан, Айға әнің тыңдатқан, Бақыт жырын жырласа, Таң шолпанын қуантқан Ұшқыш болғым келеді! Тыңда туып түлеген, Тас түлектей көреген, Көк қойнында тояттап, Шың басында түнеген Ұшқыш боғым келеді!

Жат жерлерге қонбаған, Жатқа көңілі толмаған, Асыл затты сұңқардай Өз ұясын қорғаған Ұшқыш болғым келеді! Мұздай болат киінген, Батпан қару үйірген, Қорғап бақыт ұясын, Тас түлектей түйілген Ұшқыш болғым келеді! Ар, намысн ақтаған, Жүректе сыр жаттаған, Туған елің – ұясын Жантңнімен сақтаған Ұшқыш болғы келді! Ұшқыш болмай немене! Қуат бітті денеме! Қанатым бар қайысып, Жастарға ісім өнеге, Ұшқыш болғым келеді! САБЫР ЕТШІ Неге мұнша, сорлы жүрек, соғасың? Неге күйіп, неге мұздап тоңасың? Арпалысып тыныш жата алмай ұяңда, Неге мұнша мазасыз сен боласың?!

Неге мұнша үрейлене соғасың? Қиял кернеп, нені ойлап шоласың? Сорлы жүрек, ойларсың да, толғарсың, Толарсың да, сарғаясың, соларсың. Неге мұнша жалындайсың, жанасың? Жанды қинап, тәнді өртеп барасың? Өл дейсің бе, кет дейсің бе ғайып боп, Талақ етіп жер мен көктің арасын! Сорлы жүрек, баяуладың балбырап, Сорлы жүрек, талдың ғой сен қалжырап. Не қыласың өзіңді – өзің жаралап, Қажымашы сабыр етші азырақ! Сабыр етші, жантәнімді талдырмай, (Не шара бар, кетті ғой ол қайрылмай. Сен жыласаңол күледі мәз болып, Сен өлсең де, жүре берер қайғырмай).

Сабыр етші, мен де тыным алайын, Сабыр етші, бар тілегің табайын. Сабыр етші қайғанды мен жояйын, Күй шертейін, шырқатып ән салайын! Сабыр етші, қолға қалам алайын, Толғанайын, ой құдын қазайын. Тау суындай сөз шығарып кеудеден, Сырыңды мен жырға тізіп жазайын. Сабыр етші, не десен де тұрайын, Қырандайын, көкке құлаш ұрайын. Көкті кешіп, бұлтты тесіп, айға өрлеп, Күнге барып тілегіңді сұрайын! Сабыр етші, жерді кезіп кетейін, Асқар таудан, орманнудан өтейін. Жонын тіліп, тоңын, тасын қопарпып, Қол тимеген қойынына жетейін.

Сабыр етші , суға түсіп жүзейін, Судың бетін қалқып, түбін сүзейін. Су сұлуын, барлық асыл бұйымын, Мөлдіретіп, алдыңа әкеп тізейін! Сабыр етші, не десең де көнейін, Өмірбақша, біраз жеміс терейін. Соның бәрін жырға тізіп, дестелеп, Мәңгі өшпес ескерткіш сап берейін! 29 Январь,1936 , Орал Өтеді күндер (Тарас Шевченкодан) Өтеді күндер, өтеді түндер, Өтеді жазым зымырап. Соғады дауыл, солады гүлдер, Сарғаяды жапырақ. Ой ұйқыда, жүрегім жым-жырт, Сөнеді көздің жанары. Бәрі ұйқыда жатыр ғой мүлгіп, Тірліктің жоқ еш хабары. Осынау жарық дүниеде Бармын ба мен,- білмеймін. Қаңғалақтап жүрмін бе әлде, Жыламаймын, күлмеймін.

Сыбағам қайда, сыбағам? Жоқ па сірә ешқандай?! Жақсылық менен аясаң, Жамандық бер, а, құдай?!! Берме ұйқы, кезбе жанға, Жүрегі бос қатпасын. Ұсап сұрсыз қу томарға Бұл дүниеде жатпасын. Берші өмір, берші махаббат, Жүрекпен сүйсін адамды. Ол болмаса, етіп талақ Өртесін мына жалғнады. Қандай қиынқаза тапсаң Тар қапаста, зынданда. Еркіндікте ұйықтап қалсаң, Қиынырақ содан да. Ұйықтап өтсең өміріңде, Ұйқың ешбір қанбаса. Тірлігің не, өлгенің не, Ешбір ізің қалмаса. *** Ішім пысты. Жалықтым, Жүре алман енді аяңдап. Кендеп қаппын, жаңа ұқтым, Не болса, соған аялдап.

Көңіл күй екен деп Күнделік тұрмыс ызыңын. Өмір сыйы екен деп Квартбюроның тізімін Жүргенімде, тиісті Сыбағамнан құр қаппын. Егде тартып, сүйінішті Жас шағымды ұрлаттым. Қайта оралмас жиырма бес Қоштасқанын сезбесппін. Жас та емес, қарт та емес Бір уақытқа кез кеппін. Өткен күннен белгім аз, Беттегі әжім болмаса, Шимайлаппын көп қағаз,- Одағы бір далбаса. Өкінгеннен не пайда? Кеш болса да, қал сілтеп. Кім өкпелер Абайға Қырықта қызды жаздың деп! Экспромт жырлар

Экспромт Аты шулы шығып тұр Қасым деген бір ақын! Киіп-жарып, басып жүр, Болдыау мынау қыратын! Шығып тұр ғой бұ күнде Қасым деген бір ақын, Осы болар түбінде ... леріңді ұратын. *** Қазақтың әні мен өлеңін Найзадай көтеріп келемін. Шығыстың аласа аспанын Түндіктей түріп бір тастадым. *** «Өлім» деген арсыз сөз, Қайдан маған болдың кез? Өлім - жауым, өмір - дос, Неге өлейін бостан - бос! *** Аспанымды бұлт торлап, Құрыстырды денемді. Көзімнен жас домалап, Төктім сонда өлеңді.

Жырымды да жасымды Бір сығып мен тастадым. Жайнап қайта ашылды Ойым менің - аспаным. *** Ойлаймын да жазамын әр немені, Дамылсыз - ақ еседі көңіл желі. Байтақ жатқан сары дала сықылдымын, Кең өмірдің қадырын білер елі. *** Құраулап жылқы шақырған, Қоңырау үнді келіншек; Қуалап құлын қайырған Қайда жүрсің, жеткіншек? Әшім - Ойбай, мынау Малғұн фрау! Неге маған көз қысад Қағып қасын?! Дейді де Әшім Сығад жасын. Есіне алып Өзінің Жәмиласын. *** Шарт жүгініп бұйығып, Молда отырса намазға. Шарқ ұрып келіп түйіліп, Мен төнемін қағазға.

Молда сенде не ісім бар, Сұбхан айт та сұңқылда. Тірілтіп өлең жаратар Өзім тәңір - бір құда. *** Берсең бер, бермесең қой, баспанаңды, Сонда да тастамаспын астанамды. Өлеңнің отын жағып жылытармын Өзімді, әйелімді, жас баламды. *** Әттең, жоқ қой, қанатым, Жерім көп ұшып баратын. Борышым көп беретін, Сыбағам көп алатын. *** Бұл шытырман ойлардан Әйтеуір шығып кетермін. Арманым бар ойға алған, Соған да бір жетермін. ***

Жігіттің көрдік «жүйрік, шабанын да», Япыр-ай, бір шаба алмай қаламын ба. Үстімнен қойды – ау түспей қара тоным, Көк бөрік, көк жағаның заманында. *** Япырай! Тудым неге ойшыл болып? Кеудем толып барады, кеудем толып. Түгім қалмай жарылып аспанға ұшып, Неге ғана атпаймын фонтан болып? 26 март,1952 *** Көңілдің кілті жатыр ықыласта, Ашық қабақ, сусын мен адал аста. Әркім қалай ойлайды, өзі білсін, Соны біреу ойлатты – ау біздің басқа. *** Алты ай жаттым ауырып, Бір келмедің хал сұрап. Жұмысың көп, кінә жоқ, Қалыпсың ғой қалжырап. Жатыр деп ед қиратып, Маңдайдан тер тамшылап, Уақытыңды алмайын, Бара қойшы, ал, шырақ.

Сұңқар жыры (М. Горький туралы) І Бір уһілеп, бір өксіп, Жатты дүние дөңбекшіп,- Азап шеккен арудай. Тұншықтырып түн түнек, Тұнжыраулы жер мен көк, Күйзелгендей күн мен ай. Сонда сонау қиядан Ұшты сұңқар ұядан, Ұшты самғап саңқылдап. Қара түнді қақ жара Қанатымен жол сала,- Нажағайдай жарқылдап. Ұшты сұңқар самғады, Жиһан жүзін шарлады, Көрді, ұқты түн сырын: Екі басты самұрық Шеңгелге сап тұр бүріп Бостандықтың бұлбұлын. Шықты сұңқар көкке өрлеп, Көкірегін кек кернеп, Бостандық деп жырлады. Құмарта сұңқар үніне, Таңшыл құстар сүйіне, Бақыт жырын тыңдады.

Тау тулатқан толқын жыр, Жосып аққан жойқын жыр Солқылдатты жер-көкті. Аңыз болған арман жыр, Құлақ құршы қанған жыр Дүниені тербетті. Сұңқарды тез құртам деп, Қос қанатын қырқам деп, Бар қаһарын тікті түн. Қауіп-қатер төнгенде, «Сұңқарға сын» дегенде, Естілді бір күшті үн. Топшысымен тау жыға, Қанатымен бұлт сыра, Келе жатты қос қыран. Жер жеңдетін жайрата, Таң құстарын сайрата, Қара түнге салды ойран. Саңқылдап сұңқар күшті үні, Шарықтап таңның бұлбұлы, Бастап ұшты қос қыран. Нажағай бұлтты қамшылап, Түн қорқауы қансырап, Жарқырап атты алтын таң. ІІ Өмірдің асқар шыңында, Бақытты алтын тұғырда Жырлайды таңның сұңқары.

Гүлді, нұрлы алтын жаз, Асыр салған аққу-қаз, Шалқып шаттық шалқары. Жердегі бір жырадан, Жылжып жендет сұр жылан Шықты шыңға өрмелеп. Қапыда жылан шақты деп Сұңқар қаза тапты деп, Азаланды жер мен көк, Бірақ сұңқар өлген жоқ. Иланады кім оған?! Өзге өлсе де, - өлмейтін, Өліміңе көнбейтін Ол бір туған ұлы жан. Сұңқар жыры – жарқылдай, Жауға атылған нажағай; Ол біздің жыр, бізге ұран. Шыңдағы алтын тұғырдан, Сұңқарларын ұшырған Ұлы Отан –тау қыран.

Ақын (Маяковский туралы) Ескі дүние есігін теуіп ашып, Кіріп келді ол жүзінен жалын шашып , Босағада тұрмады, төрге ұмтылды, Бұзып-жарып, еңсеріп,еркін басып. Кербез әйел сықылды дүние паң Қылығына жігіттің бұлқан-талқан. Ала көзбен бір қарап дүниеге, Ақын тұрды азырақ болып аң-таң. Дүние –шексіз,аралап кете барды, Тілін ұқты,сырын да тез аңғарды. Су орнына жұтты да аққан жасты, Күй орнына тыңдады қайғы-зарды. Осы шуды қақ жарып шықты бір үн, Естімеген дүние мұны бұрын. Бостандықтың бүркіті саңқ-саңқ етіп, Қанатымен сыпырды дүние кірін. Ақын сонда әлемге айтты шынын, Деді ол: «Жаңа дүние жаршысымын» Бар даусымен айқайлап жіберді кеп, Жер құлағын тұндырды даусы мұның. Дүние шуын бұл дауыс кетті басып,

Есі шыққан ескілік қалды сасып. Баса қашты құлағын нәзік муза, Музаны бұл не қылсын, емес ғашық. Не қыламыз, шынында, музаны біз?! Көп ақыннан қалған ол бір кәрі қыз. Муза жазып бермейді бізге өлең, Өлең тоқыр өзіміз фабрикамыз. Өлеңді ол жазушы ед бұрқыратып, Қанжарды да тұтушы ед, мылтық атып. Көрікті де басушы ед күмпілдетіп, Балғаны да соғушы ед тасты уатып. Дабылдатып еді бір дүниені, Амал қанша, дариға – ай сол да өлді. Арыстандай ақырған ақын еді, Жыр көгінде қырандай шалқып еді. Даусы қалды құлақта саңқылдаған, Жыры қалды жүректе жарқылдаған. Жыр керек қой, дүниеге жыр керек қой, Неге ғана өледі ақын адам?! Ақынның ескерткіші (Пушкиннің өлгеніне жүз жыл толуына)

Өмір бақша жемісі мол,қызыл гүлі жайнаған, Жан иесі бейне бұлбұл, гүлге қонып сайраған. Сол бақшаны мен келемін тамашалап,аралап, Гүлдің сырын,бұлбұл үнін жырға тізіп,саралап. Гүлдің сыры, бұлбұл үні тербетеді жанымда, Балқытады жас тәнімді, қайнатады қанымды. Ұлы мұхит толқынындай тасқындайды көңілім, Май айының бақшасындай құлпырады өмірім. Нұрын төгіп, мейірленіп,күн қарайды күлімдеп, Бақша ішінде музыкадан күй төгілед дірілдеп. Шаттық жыры жүрегімді,көкірегімді кернейді, Көңіл құсы шарықтайды, күнге қарай өрлейді.

Аралаймын гүл бақшаны,тамашаға тоймаймын, Толқындаймын,тасқындаймын,толғанамын,ойлаймын. Ой шыңынан құлдырайды асыл сөздің бұлағы, Жыр тыңдайды, түріледі бар әлемнің құлағы. Жырлаймын да, шарқытамын шаттық жырын өмірдің, Еркіндеймін, орындаймын бар тілегін көңілдің. Іркілмеймін, бақша ішінде тамашалап келемін, Бақша ішінде,көз алдымда бір ескерткіш көремін. Мрамордан орнатылған ескерткішке келемін, Иілемін тәжім етіп, жырмен сәлем беремін. Жыр тәңірінің, ұлы ақынның ескерткіші еді бұл, Дақ түспеген,ескірмеген,өтсе –дағы талай жыл.

Бұйра шашы толқынданған,кең мандайы керілген, Тапжылмастан ұлы ақын тұр,терең ойға көмілген. Ескерткішке кірпік қақпай қадаламын,қараймын, Ескерткішін ұлы ақынның дәл өзіне балаймын. Қараймын да ескерткішке, терең ойға батамын, Сырымды айтам, шынымды айтам,ақынға тіл қатамын: -Шіркін жалған, опасы жоқ,әттен сұмырай, зар заман, Не көрсетпеді, не қылмады, не қылмады ол саған!

Ақын едің, албырт едің, сұм жалғанмен алыстың, Таң жолынан тапжылмадың,қайтпадың сен,қарыстың. Ақын едің, күн боп едің, мезгіл жетпей сөндің сен, Сонда-дағы борышыңды адамзатқа бердің сен. Ақын едің,жалын едің, желмен ойнап өрт болдың, Ақын едің, соққы жедің, сұм жалғаннан мерт болдың. Бірақ, сені жоя алмады, құрта алмады сұм жалған, Мәңгі сақтар, жүрек жаттар сенен асыл жыр қалған. Сені қысқан сұм замана, болды міне күл-талқан, Сен аңсаған, құмарланған атты міне, атар таң, Жаңа заман сені бүгін жүрегіне бөледі, Жаттап жырың, ақтап атың, сені тірі көреді...

Деймін-дағы, ескерткішке қайта-қайта қараймын, Ескерткішін ұлы ақынның дәл өзіне балаймын, Қарсы алдында ескерткіштің кетем жырлап тағы да, Жырлаймын да, гүл орнатам ескерткіштің маңына. 1937,Алматы Чернышевскийге Бір масқара уақиғаны Еске алсам, шошыр жаным. Айтуға тіл ұялады, Айтсам, қайнар зығырданым. Ортасында өткен ғасыр, Алаңында Петербургтың Түсі суық бір ағаш тұр. Тартып көзін өткен жұрттың...

Әлдекімдер келеді алып Сол ағашқа бір адамды. Ерсіл-қарсыл өткен халық Аң-таң болып тұра қалды. Таңды әкеліп әлгі адамды Қабыстырып қара ағашқа, Масқаралап қысым салды Көзің қимас қыршын жасқа. Жендеттері жауыздықтың Жауап берер кейін не деп? Жазығы жоқ жас жігіттің Түкіреді бетіне кеп. Христосын қасына ертіп, Сықылданып мүңкір-нәңкір, Поптар тағы келді жетіп, Туғызбаққа заман ақыр! Қанды ағашқа тұр таңулы, Тұр ұлы адамтұр ақыл ой, Тұр халықтың адал ұлы, Тұр ұды адам-тұр ақыл,ой, Қанды алаңға толған халық Қайтып төзсін мұндай күйге?! Кетті толқып ызаланып Бүкіл Россия, бүкіл дүние. Тұс-тұс жақтан шықты дауыс, Ызаланған қаhарлы үн. Нажағайдай тиді қарғыс Қалтыратты патша тағын. О,сүйікті Чернышевский, Жауыздардан не көрмедің, Сонда-дағы сен өлмедің, Қайтарылды сенің кегің! Қанды ағаш сені таңған Болды талқан, қалды адыра, Орнына оның мрамордан Саған арнап соқтық мұра. Горький Горький - күн, заманына нұрын төккен, Горький – гүл, гүлдендіре ұрық сепкен, Горький – үн, жер шарына еркін жеткен. Горький – жыр, тәнді сүйіп, жан тербеткен. Горький – от,

кекке өрлеген қызыл жалын! Горький – оқ, өңменінен атқан жауын! Горький – сел, тас талқандап аққан ағын! Горький – ер, таң жолына тапқан табын! Горький – ол «дауылпаз» боп дауылдатқан, Жауына жасын тастап,жауындатқан, Сескенбей төніп тұрған қара бұлттан, Дауылпаз қайсар, қайтпас қанат қаққан. Горький – ол заманының тілі болған, Табының таусылмайтын жыры болған, Ойыаспан, кеудесарайалтын толған, Алтынын өз табына берген қолдан. Сол Горький, міне, бүгін жұмды көзін. Жүрекке «Өлді...» деген жетті сезім. Бірақ та! Тәні өлді... өзі өлген жоқ. Мәңгі өлмес – берді бізге асыл сөзін! Горькийдің күші – табым білегінде! Горькийдің ісі – табым тілегінде! Сезімі – миллионның сезімінде, Сөздері – ұлы заман жүрегінде! Тән тозбақ, қан суалмақ – өмір заңы! Мәңгі өлмей тұра алады кімнің жаны! Тарихта мәңгі өшпес сыр қалдырған –

Горькийдей тап ұлының не арманы. 1936,Орал Ақын (Пушкиннің өлгеніне жүз жыл толғанда) Күн боп туған ұлан күнше күледі, Күндес болған түн өзегін тіледі. Түн мазағын, өмірдің сұм азабын Тартқан жанның сырын,мұңын біледі. Төгілген қан, аққан жасты көргенде Елжірейді, жалындайды жүрегі. Жібек жыры жауыздықтан жиіркеніп, Оқ тигендей сырқырайды сүйегі. Жалындап сырт, ыза кернеп, қайнап іш, Жас ұланның таза қаны күйеді... Қара түнде қара киіп қайғырған Сұлуларды құшады да, сүйеді. Құшады да, мұңаяды, жылайды, Жылайды да, кейде шалқып жырлайды. Тасқындайды жас өмірдің тілегі... Мұны көріп, сұр жыландар ысқырып, Жындар жортып, иттер-дағы үреді.

«Ит үреді,керуендер көшеді». Жел жынданып, ызыңдайды, еседі... Көшкен елдей, ескен желдей мазасыз, Сұм жалғанның гуілдейді өсегі. Бірақ оған мойымайды жас ұлан, Албырт болып, ақын болып өседі. Ақын ұлан өмір сырын тереді, Қырағы көз көрмегенді көреді. Сезгіш жүрек, асқан ақыл, албырт ой, Қайтпас қажыр, ақынға күш береді.

Ақын ұлан арыстандай айбатпен Ар, намыстың майданына енеді, Қалам найза, қалқан болып қағазы, Сөздері – оқ, алмас қылыш – өлеңі... Зұлымдыққа нажағай боп атылып, Әділдікке көңіл нұрын себеді. Дабыл қағып, таң жолына шақырып, Таң атады, күн шығад деп сенеді. Бұл майданда албырт ақын, жас ұлан Түн қысымын көп көріп, зар шегеді. Күңіренеді, көзден жасын төгеді.

Көңіл көгін қара бұлт торлайды. Талай рет түн түнегі төнеді. Амал қанша, зарлатады зар заман, Жауыз тағдыр жас ұланды жеңеді... Амал қанша! Жалмауыздар желікті, Аямапты, ақын қанын төгіпті. Ақын ұлан қоштасарда жанымен, Ақтық рет: күндей күлген көрікті Жас сұлуын - Музасын бір көріпті, Көрінті де, көз жұмыпты, өліпті... Өңшең сұмдар өлі тәнді басынып, «Тұрмасын» деп, тереңірек көміпті... Ақын өлед – жан иесі күңіренед... Өтеді өмір. Жылдар өтіп, жыл келед. Сол өмірден жан сезімге, құлаққа Үн келеді, жыр келеді, сыр келеді... Өтті өмір. Ақырында күн жеңді, Ақын жыры күн нұрымен гүлденді. Ақын аты, ақын күші ақталар, Заман туды. Жан иегі кенелді. Ақын жыры мәңгілікке жатталар, Шаттығы мол жүректерге бөленді, Бақыт қонған, құмар қанған заманда Ақын жыры күн нұрына теңелді. Ақын жыры әсер берді маған да, Ақынға арнап жаздым мен де өлеңді! Руставели Шотаға Шықтым шалқып шың басына,шарықтатып шат қиялды, Өр көңілмен орай шолдым бар ғаламды, жер-жиhанды.

Тұғиыққа терең бойлап, түстім тарих дариясына, Көз жеткісіз көлемді ойлап, амандастым бар ғасырға. Өткен өмір – бейне музей, араладым емін-еркін,- Ұқтым талай ғасыр сырын, өмір сиқын елдің кейпін. Жеті ғасыр жолға жетіп, айналама көз жібердім, Қап тауында тұрмыс құрған халық көрдім, көңіл бөлдім. Ханды көрдім, қаhарымен айналасын қалтыратқан; Батыр көрдім, жолбарыстай тауда жортқан, садақ тартқан. Елді көрдім, еңіреген, Еділдей боп жасы аққан, Ерді көрдім, есі шығып етегімен бетін жапқан. Қызды көрдім, қиын қамал зыңданда зар жылаған, Құлды көрдім, азап қабын арқалаған, нәр сұраған.

Сұм заманнан жан шошып, жапан түзге кеткен босып, Көрдім жалқы жауынгерді, өлім жолын жүрген тосып... Қарай қалдым Қап тауының бұлт бүркенген құз басына, Кенет көзім кетті түсіп бір ұлы адам тұлғасына. Тұр екен ол тым тұнжырап,Эльбрустан елге қарап, Ел қиялын ер арманын жиып-теріп,өзі арқалап. Ақын екен, арыстандай айбарымен айға шапқан, Ағыл-тегіл төгілген жыр – бейне терек таудан аққан. Қиыр кезіп, ойға жүзіп, қиял құсы қанат қаққан, Айдынды аспан аясында жыр тыңдатқан, мұңын шаққан. Жан саясын, ой шұғыласын іздеп асыл махаббаттан, Шын достыққа, шын ерлікке, бостандыққа дабыл қаққан.

Қолын сілтеп қашқан патша Тамарадан, тәж бен тақтан, Ақырында арманды ақын күн боп туып, ай боп батқан. Көргем талай, күнгірттеніп, нұры кеміп батқан айды, Батар айды басқан бұлттай, ақын жүзін жапқан қайғы. Көз ұшында көлеңкедей ақын маған бұлдырайды, Тіл қатпайды, томсарады, Тариелдей тұнжырайды... Амандастым мен тіл қата, Алатаудан ән шырқата: О, сабазым, ақын Шота, неге мұнша болдың қапа? Өміріңе өкіндің бе, көрмедім деп, ешбір опа? Әлде жаның қажыды ма жер жастанып жата-жата? Сен тірісің? Мәңгі өлмейсің. Өлім сені басына алмас, Сен жалынсың лапылдаған, түн түнегі жасыра алмас.

Сен болатсың жарқылдаған, тот та баспас, жерде қалмас, Сен алтынсың, жүрегінде сақтап келді Кавказ, Парнас. Бір тыңбады, зырылдады дүниенің дөңгелегі, Ақырында атты алтын таң – адазаттың көксегені. Бақытты өмір құшағында еске алады бүгін сені, Тариелдің інілері, Нестаныңның сіңлілері. Өлді деуге болар ма (Сүлейман Стальский қайтыс болғанда) Дағыстанның даңқты, Қайратты қарт бұлбұлы ең. Сүйсіндіре халықты Күй төгіп ең тіліңнен. Ерте туып, кеш жасап, Көпті көзбен көріп ең. Көргеніңді әнге сап, Жырға тізіп беріп ең. ...Сол өмірдің қарасы Біржолата батқанда. Қуанып адам баласы, Бақыт таңы атқанда:

Көне көзің күлімдеп Жүзіңде ойнап бақыт нұр. Ой түбінен нөсерлеп Ақтарылды шаттық жыр. Қарт Кавказдың құзынан Аса шапқан дүлдүл ең. Бақытты өмір шыңынан Ән шырқатқан бұлбұл ең. Жыр жолында асқар тау (Нұрпейіс жырау туралы) Жолға шықтым,қолға ұстап Ақындықтың желегін. Бірде шауып ойқастап, Бірде аяңдап,желемін. Жыр төселген жолдармен Желе-жортып келемін. Көк сүңгідей өңгерген Қолда батпан өлеңім. Күндердің бір күнінде Есті алдымнан самал жел. Құлақ тостым бір үнге Әлде тасқын,әлде сел. Қоңыр самал төске алып, Үнді қуып жөнелдім. Алысұа бір көз салып, Асқар биік тау көрдім. Асқар таудан жосылған Ағыл-тегіл сел көрдім.

Аққу ұшып,қаз қонған Айдын шалқар көл көрдім, Тәуекел деп,толқыннан Жүзіп өтіп келдім мен. Мейлің шанба,мейлің шан, Бір ғажайып көрдім мен: Таудай болып отырған Өзіміздің Нұрекең. Сел-дария толқыған Нұрекеңнің жыры екен. Сұлтанмахмұт туралы баллада Бауырында Баянаулы жалғыз қорған Қиырдан жолаушыға аңыз болған. Күзетіп күндіз бүркіт, таңда бұлбұл, Түн болса тұғыр етіп байғыз қонған. Тыным ап сол қорғанда тұрған жым-жырт, Жамылып жиырма жылды жатыр Махмұт. Күндердің күніңде бір сол молаға Керісіп келе жатты екі жігіт. Молаға екі жігіт келіп жетті, Біреуі ақын еді от жүректі. Сұлтанның қабырына гүл орнатып, Көзінен жас домалап дәуеп етті. Мелшиіп тұрды анадай екіншісі, Әруақтай мола кезген сұп-сұр түсі. Ербеңдеп кең дүниеде жүрген біреу, Болғанмен сыртқы күмбез,қуыс іші. Жамандап өлген жанды кәсіп еткен, Өлгеннің сыбағасын нәсіп еткен. Ақынның моласынан бір мін тауып, Жамандап қайтуға оның есі кеткен. Жол бойы екі жігіт көп ұрысқан, Мейірімсіз бір-біріне болған дұшпан. Елсізді елеуретіп айтысты кеп, Ұялмай тауда аңнан, көлде құстан.

Бір айтты: - Сұлтанмахмұт тірі, - деді, Мәңгілік өлмес жанның бірі деді, Қазақтың кең даласын аралап жүр, Өзіндей өжет оның жыры,- деді. Бірі айтты: - қателеспе, өлген, - деді, Жырын да, өзін де оның көмген,- деді. Болған соң өзі дұшпан, сөзі арам, Тарихқа жазып солай бергем,- деді. Жанжалы екеуінің кетті қызып,

Аң қарап, құстар ұшып етті қызық. Дүбірі екеуінің жер сілкінтіп, Соғысты бір-бірінің аузын бұзып. Толқып су, дүрілдеп тау, қалшылдап тас, Сұрапыл қабір басы болды айқас. Жыртылған жаға мен жең желге ұшып, Бұлттай боп бұрқырады жұлынған шаш. Ғажайып күн күркіреп,етті жалт-жұлт, Қабірдің бет тақтайы сынды сарт-сұрт. От шашып екі көзден, «тоқтаңдар» деп, Бейіттен шыға келді Сұлтанмахмұт. Екеуі тұра қалды есі кетіп, Мұздай боп тұла бойы,дір-дір етіп. Қорыққанын екеуінің білгеннен соң, Сұлтекең амандасты жайлап жетіп: - Жігіттер, қош келдіңдер, жоғарылат. Рахмет,ұмытпапсыз ер азамат. Жанжалыңыз азырақ болды-ау ағат. Жас ақын Махмұтқа айтты сырын, Жолдасы өсек айтып жүргендігін. Сұлтекең сабырлы ойымен тыңдап болып, Мырс етіп бір күлді де,деді: ‑ Інім! Өлгем жоқ, иланыңдар, шынымды айтам, Өлді деп айта берсін кейбір сайтан. Қабірді жай қақсаңдар шығамын ғой, Жүр, баста, жазушылар Союзына Мүшелік билетімді алып қайтам. Сен жігіт өсек айтып жүргенше құр, Моламды мен қайтқанша күзете тұр. Деді де қолтықтап ап жас ақынды Сұлтекең жүріп кетті шырқатып жүр. 20 май,1940 Сәбитке Ішімде жанар таудай жатыр жырым, Ұшқындап іште қайнап сұрапылым. Көрерсіз соның бұрқап атылғанын Жаңғыртып жан түкпірін,ойдың шыңын. Өлеңнің қаптатармын отты селін, Толассыз топанындай ертегінің. Білерсіз кім екенін сонда, Сәке, Бұл күнде от шайнаған тентек інің.

Ғабдолға I Ғабдолым, алдым хатыңды, Жарқ етті кеште бір бақыт. Сенің от махаббатыңды Шырақ еттім бейуақыт. Елестеп өтті алдымнан Жаралы жылдар бейнесі Қаралы туын жамылған, Шіріген қанмен жейдесі. Жалдап бір жүріп қан жұтқан, Адамды қыл ғып тірідей. Түскендей жерге «тамұқтан» Қап-қара алып бір дүлей, Ырситып темір тістерін, Жалақтап, жалмап, жұтынып. Істеп бір алып істерін, Тұр әлі тоймай, құтырып. Жүрегім шоққа көмілді, Жанымды жайдым өртеңге. Сұмдықта кеткен кегімді Қайтара алмай өтем бе?

Жеді ғой іштен өкініш. Қайратымды үңгіп, қыстап. Кеудеде тыңған дауыл күш Шығасың қай күн ту ұстап? ІІ Сырласып,досым,сенімен, Кеш еді оймен табысқан. Айдаhар соғыс лебімен Тартты кеп мені алыстан. Құлдырап Қиыр Шығыстан, Бұлдырап қырда,тауларда. Жазылып көңлім құрысқан, Жұлдызым жүзіп заңғарда. Шабытпен түлеп,шарқ ұрып, Құдіретті бір күш қонғандай. Алысты көзбен шақырып, Мерекем менің болғандай. Қып-қызыл дария майданға Басыммен сүңгіп келемін. Бойлап бір шығып қайраңға, Ойлап бір кешіп тереңін.

Білмеймін,қайда жоғалттым Сескену,қорқу дегенді? Есігін қақтым дозақтың Өлеңмен келіп мен енді. Жанымды салсам жалынға, Жанады-ау деп те сескенбен. Жап-жасыл балғын шағымда Шомылып өртке өскем мен. Қалсам бір қаусап мен өліп, Достарым,аңсап,өкінбе! Нажағайлы қара бұлт болып, Жаңбыр боп жауып өтті де. Подполковник Әлпинге Ққттықтаймынбірімен майдың, Подполковник, жолдас Әлпин! Біздің ағажан еді жайқын, Жымия күліп оқыр, бәлкім. Етіңіз қабыл жүректің нәрін, Ақын солдат махаббатын; Ылтифатыңыз өзіме мәлім, Мен бе оны ұмытатын? Балтырың таңған, сұр шинель киген Осы бір солдат өтер өрттен. Тасқындай еркін поэзиясымен Шығар бір барып келешектен.

Ұмытармын ба қасіретімді, Қатыбас күндер қан соққысын? Қабыл ал осы қабілетімді,- Махаббат, достық жоралғысын. Ғалиға жауап Бірінші сөз Сәл ғана саябырда тауып рақат, От үрлеп сұр окопта отыр солдат... Кім білер сол солдат мен екенімді, Алтын от алдымдағы – дос жазған хат? Ақын дос, адал ниет ағатайым, Мен үшін тоқсан толқып, шегіп уайым. Шөлдеген жіберіпсіңжан сусынын, Бойыма құйылды өмір жұтқан сайын. Қатқан мұз көкірегімде қан аралас, Балқып бір кетті тамып боп ыстық жас. От шашқан жанартаудай тебірендім, Түсиген түсі суық едім құз тас.

Айығып жарқырадыой аспаным, Алыста ақты өзендей ерке сағым. Досымдай әздеп тапқан құшты мені, Бақытым,сүйінішім, жастық шағым. Қан қатқан қанатымдай шинелімді, Қайыра серпіп, ашп көкірегімді. Құщып бір тұрғандаймын нақ осы кез, Назымды, сырымды айтып мен елімді. Қараймын отты көзбен жан-жағыма, Ой тастап, арттағыма, алдағыма. Қарлыққан соғыс даусын киіп-жарып, Құйқылжып күй келеді құлағыма. Тыңдаймын осы күйді жаным ұйып, Барады жүрегімежылы тиіп. Ұлы өмір, ұлан-байтақ туған елім, Қалайша көкірегіме сел, қиратып жау.

Ажалдан ата дұшпан алайын кек, Мәңгілік тынбастай боп соқшы жүрек. Майданда тасқа қатқан достар қанын Ту ғып мен көтерейін, көрсін жер-көк. Екінші сөз Көңілімді тебіренттің, ақын аға! Жыршы емен жалтақтағыш,жалтырама. Елімнің солдатымын қарапайым, Сөз шайнап тұрғаным жоқ сахнада. Жұлдызым бүгін менің жүзбей өрге, Аласа көрінсем де «биіктерге». Бір келме қонағындай замананың, Сыр бүгіп, сылаңдаман туған жерде. Мен емес сыртын сылар, іштен іріп, Кимеймін тұмылдырық, көзілдірік. Өткізіп өз көзімнен бар өмірді, Аралап, жерде жаяу келем жүріп...

Нығырақ басамын мен аяғымды, Алға ұстап жүрегімді, аянымды. Өз жүрген жолдарыма келем жазып, Сырымды, барлық өмірбаянымды. Құлдықтың құрсауы емес – баста бөркім, Табиғат бөбегімін өскен еркін. Жүрегім торда отырған емес тоты, Күлем бе, жылаймын ба, тек өз еркім. Табиғат – анама мен туғам тартып, Күн болып күлемін мен балқып-шалқып. Көк дауыл көкірегімде күрсінгенде, Бұлт болып арпалысам, жалын тартып. Көңілім – шың, теріскейім – ызғарлы аяз, Күнгейім – тас балқытқан бір алтын жаз. Кім келер қай жағымнан, мейлі өз еркі, Отты сөз – дұшпанға зіл, досыма наз. Үшінші сөз

Хат жаздым, қан тамызып мен сияма. Айт сәлем туған елге, Ғали аға. Мен үшін сүй бетінен сәбилерді, Бер сәлем жолыққан әр қарияға. Жанымның жалын шалған жапырағын Жібердім салып хатқа, аға жаным. Жи-дағы достарымды көрсет озің, Жапсырып кеудесіне домбырамның. Айтар ем туған жердің сүй, - деп, -тасын Аяймын, кетер тамып ыстық жасың. Жанымыз сіз бен біздің жатқан майдан, Тамшы жас тамып түсер бір қорғасын. Ажалдың мен бе көнер дегеніне! Келермін күтші, достар,мен еліме. Біреулер жанарымнан жанымды ұғып, Біреулер қарар ескі шинеліме.

Сыпырып күреукесін жіті түннің, Жүзіне қараймын тік келер күннің. Жұлығын қан жалаған ботинкаммен Төрңіне шығармын бір елімнің. Тынар ма кеудем менің, жұтса да оқ? Күйер ме тілім менің, шайнасам шоқ? Туған ел кеудесінде арпалысып, Соғармын ыстық қанды жүрегі боп. Қапанға

Қан қақтаған жалпақ дала Жанымдай боп жатты өртеніп, Кешкі аспан қызыл ала Төмен түсіп, тұрды төніп. Оралғандай тұмша бұлтқа Отырдым мен бейне құз тас. Ішкі толқын теуіп сыртқа, Шашырады көзімнен жас. Отты желі сағыныштың Өтті қарпып ,шарпып жалап. Өз жасымды өзім іштім. Кеуде қаңсып,жан қаталап. Сол кез, досым, бақыт құсы Қуырсының малсаң қанға. Тіршіліктің хабаршысы Іздеп мені қан майданда. Жарқ етті де, келді,қонды, Менің алақаныма кеп. Әмма сайрағандай болды, Жайып қанат, үні елжіреп. Ақ қанатты бақыт құсы Ақ қағазға жазылған хат. Қанды сапар жолаушысы Хат қадірін білер солдат. «Хат қадірін білер солдат» Деген оймен мені ескеріп, Досым, құрбым, жазыпсың хат, Жүрегіме болды серік. Тапты ұя көкірегімнен, Бір жаңардым, қайта түлеп.

Өршіп, қулап тірілдім мен, Қатар соғып екі жүрек. Қалмақанға Алдым, аға, хатыңызды, Тақсам ба екенбой тұмар ғып? Сіздің махаббатыңызды. Көкірегіме құйдым нәр ғып. Көкірегіме құйдым нәр ғып, Тапқандай-ақ жаным дауа. Орнымнан тұрдым қарғып, Шығып естен ауыр жара. Тән жарасын алдым жазып, Алдым жазып, жоқ уақасы. Көңіл нәзік, ойлап қажып, Қатты батты жан жарасы. Жасыра алман қасіретімді, Жасыра алман жұрт күлер деп. Өзгерте алман мен бетімді, Бояп-сылап «мені көр» деп. Қулығы жоқ мен бір солдат, Шинелінен сыққан қанын. Сызып жалау, қойып ноқат Картасына Европаның.

Отырғам жоқ кабинетте, Қарындашпенқиратып жау... Аға жаным, айып етпе, Кетсе шығыпсқзім шашау. Төлеутайға Төлеутай, досым,құрбым, Япыр-ай, тірі екенсің! Қалың өрт, қанды қырғын, Ұмытпай жүр екенсің.

Достарым бірі екенсің, Солдатпын мен де өзіңдей. Қан қатқан шинеліне; Қасарып келем көнбей, Ажалдың дегеніне. Қасарып келем көнбей, Қажымас, еш сыр бермей. Уланса ақыл-сана Үстінде ерегістің. Болсам мерт қапияда Оғынан бір немістің. Кешер ме досым менің, Кешер ме туған елім! Қорықпаймын бір есерсоқ Салар, деп қан шеңгелін, Қорқамын жұрт сөзінен: «Тым арзан өлді» деген. Төлеутай, досым, құрбым! Тынбаса қан жүректе Астында алты қырдың Жүрелік бір тілекте. Маған да келер, саған Бейбіт күн біз аңсаған. Жамбыл Есімде, дәл рсыдан он жыл бұрын, Бос тастап жүрген кезім ой шылбырын. Ақындық аспанынан қалдым көріп, Жарқ еткен ақ жамбыдай Жамбыл жырын.

Кім білген,жүр екенмін жырға шөлдеп, Құпия бір қуаныш бойды билеп. Асығып алыс жолдан Алатауға Келдім мен жұмбақ қартты көрейін деп. Ақыындық жолға түсіп, жаздым өлең, (Сол кезде үркуші еді өлең менен). Жамылып ала көбе шықтым жолға, Барардай бата алғалы әулиеден. Жолшыбай өлеңімді келем жаттап, Жеп-жеңіл сөздерімді жүз салмақтап. Ақындық сарайының босағасын Көрмесең, қиын екен бұрын аттап. Білмейм ін «Май төбесі» - қай төбесі, Мен үшін шың еді ақын мәртебесі. Аулына Алатаудай ақсақалдың Келдім мен, бір кішкентай жан иесі.

Толқуын тоқтаттым да жүрегімнің, Есікті еркін ашып, үйге кірдім. Жарқ еткен нажағадай жанарыммен Бір шарпып өттім бәрін үйдегінің. Сыпайы ақ сақалы желпілдеген, Ақ жарқын,жас баладай елпілдеген. «Тоқсанның тоң қатырған» кәрі қысы Қысса да,қыза сөйлеп еркіндеген. Жүзінде айбыны бар жолбарыстың, Саусағы шеңгеліндей қыран құстың. Қияда қыңыр шөккен кәрі құздай Бір шалды баласындай келіп құштым. Сипады ол маңдайымнан танығандай, Тоқсандай толқып жатқан жаны қандай! Қағып ап бір ақынның домбырасын, Өрбіттім өлеңімді, еш тайсалмай.

«Кездесу қайда бізге ол заманда, Зар қағып жүрер ем ғой қой соңында. Көрер ме ем мүмкін сонда қабырыңды, Қарайып тұрған жалғыз құба жонда!» Дедім мен, жалт қарады ол бір нажағай, Жарқ етті жанарынан атылғандай. Бір жалғыз ап-ауыр жас түсті аунап, Жаңағы нажағайдан мрт болғандай. Алды да домбыраны, кетті жырлап, Тыңдадық ой ойнақтап, бой шымырлап. Көп жұтқан дүние сырын кәрі кеуде Тебіренді бір гүрілдеп, бір сырылдап. Аймағы Алатаудың сілкінгендей, Күңреніп келе жатқан отты селдей. Қайнады бұрқ-сарқ етіп бір тасқын жыр. Сапырып, сөзді-сөзге соғып сендей.

Сақылдап екі жағы, тулап тілі, Бусанып, буырқанып шықты үні, Іштегі тынған дауыл кетті бұрқап, Желкілдеп қырау басқан беттің түрі. Қабағы қопарылып құз, жар тастай, Саусағы кәрі жорға жортты адаспай. Жанын бір желпіп-желпіп тастады да, Құлшынып шыға келді қыршын жастай. Ақындар бесжылдығы (Достық әзіл) Біреулер кетті кезіп ақша бұлтты, Біреулер бір-ақ аттап шыңға шықты. Біреулер айға барып айғай салып, Жұлдызбен алтын кірпік сырласыпты. Аспандап алыс кеткен не бір мықты, Не қылсын төмен қарап , жерді ұмытты. Күндердің бір күнінде бір сонау көктен Төгер деп жыр нөсерін, мен үміті.

  • * «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?!» - Жібермейміз, қорықпаңыз сізді ондайға; Өлген жан «қайтып келіп ойнап-күлмес», - Ол қате,пожалуйста, күл де ойна! – Деп Мұхаң жіберді ашып сахналарды, Тіріліп ән сап Абай тұра қалды: «Мен бір жұмбақ адаммын,оны да ойла». - Ойлап жазып жатырмын төрт романды; «Жұп-жұмыр келсін тегіс айналасы», Деді Абай. Мұхаң біраз ойға қалды.
  • * «Сұлушаш» қашты шошып «Ақ аюдан», Сәкең жоқ қашқан қызды соңнан қуған. Сырласып Асқар, Темір, Балуанмен, «Сөз – советтік Армия» сапын құрған, «Біздің заман батыры» мына тұрған, «Есілдей» есіп жатқан көғілі бар, Сәкеңе өкпелейтін «қай антұрған»
  • * «Қыз-Жібек, Ақтоты мен Баян сұлу, Қыз тусаң, о дариға, солардай ту!» Деген жыр шалынған соң құлағына Ғабеңнің жүрегіне бар ма тыншу! Ыза бопҚозы менен Төлегенге, Қаратпай үш сұлуды өле-өлгенге. Ертіп кеп театрға енгізіпті, Білмеймін ештенесін одан өңге.
  • *

Әбділда таңғаламыз мінезіңе, Кіргізбей «Көтерілген күмбезіңе». Дейсің-ау «Біз де қазақ» баласымыз, Күмбезді салып па едің бір өзіңе? Ала кір ең болмаса Шахметіңді , Бұл Шахмет алмай қойды біздің тілді. Жіберді өкпелетіп «Марабайды», «Алдармен» дос болған соң, аяр кімді?

  • *

Шомылып Асқар отыр сонау Сырда, Берерін бергендей-ақ бір ғасырға, «Қолдай көр Қожахмет Яссауи» деп, Ол отыр, «Уборщица» тұр қасында.

  • *

«Миллион қол», «Күн тіл қатты», «Тасқын», «Нарын», Тайыр ап, таусып қойды-ау гонорарын. «Ақылдан қайғы» жасап алғаннан соң, Білмеймін «Сұр құлынмен» не табарын.

  • * «Астында қызыл тудың қызыл тайынша», Япырым-ай, «ыңқылдайды» ол қалайша? Құдіреті Ғабиденнің күшті емес пе, Балқытты темірді де осылайша!
  • *

«Әлжаппар қолына ұстап «Жас түлегін», Кетіпті көремін деп көмір кенін,

Шаршап-ақ жүрген шығар шахта астында, Ол өзі жек көруші ед семіргенін.

  • *

Түбінде Ғали отыр Еменінің Ақ шалып бара жатыр бастың түгін. Қайтсын бұл қажыған ғой көтерем деп, Жамбылдың тастап кеткен ауыр жүгін.

  • *

«Дөң асып», «Жанар тауға» барды Ғабдол, «Жанар тау» жолы өте бір қия жол. «Ақ тары», «Шұбар таяқ» асулары Асырмай, қатты шаршап қалды Ғабдол.

  • *

«Егерде қазақ ұлы екенсің сен», Қалижан, қайтер едің сөзге көнсең. Шашылмай онда-мұнда жазсаң өлең, Кетер ме Жұмабайда сенің есең?

  • * Әкелші Жұмағали лириканды! Жанында Күләндаңның ұйқым қанды. Жырлашы өз тілімен әр дәуірдің, Мінгізбей Тайбурылға Бауыржанды.
  • *

Қуандық, сен шыққанда шын қуандық, Аялап алдымызға «Ар» ыңды алдық. «Құлақ тос көрден сен де аруақтар!» Айтпаймын арғы жағын,аллауақпар. *

«Әлхамды Әбу Эльмин Атрауын», Ақшамда аралапты Балқан тауын. Оқыпты таң намазын Балатонда, Бәйіт қып гүл жайнауын, құс сайрауын.

  • *

«О,Вольтер!» Қайда Қапан Сатыпалды,

Сатыпалды баласы жатып алды. Жатып алды, аққудай ақын даңқын Атып алды, тарихта аты қалды.

  • * «Маскападтың» шығарып масқарасын, Алмаиыда жортып жүр ерке Қасым. Мазасын ап Қаратай Құрманычтың, Жыр етіп жүр өзінің баспанасын.
  • *

Бар Семейді жеке алып Қайым, Жәкеш, Талай есік сартта-сұрт ертелі-кеш. Екеуінің алдынан жалғыз-ақ тек Поэзия есігі ашылмайды еш.

  • *

Қайдасың, ақын Зияш Қалауова, «Кавказдың» шығып едің қай тауына? Мариям екеуіңдң сыйлаймыз біз, Болмаса қап жүрерміз қыз дауына.

  • * Ассалаумағалайкум, Есмағамбет! Сіз үшін атқарам деп мен бір міндет. Байқаусыз жеріңізге кеттім түсіп, Ағайын адамбыз ғой, кеш, ғафу ет!..

Низами тойында

О,Низами, ұстазамның бірісің. Сен атқардың ұлы дүние бір ісін. Сегіз ғасыр, ұлан асыр ғаламда Өзге өлсе де, сен қлмедің тірісің.

Қауырсынын қалам етіп ақ қаздың, Дүниені алдыңа алып хат жаздың. Келер күндер керуені көрсін деп, Күңгейінде күмбез соқтың Кавказдың.

Сен тірісің, жыр жырлайсын бұл күнде Туған елің, Азербайжан тілінде;

О, сұлтаны ақындардың, Низами! Сәлем саған, сәлем Самед Вургунге!

  1. Баку

БАУЫРЖАН

Бір дауыл сапырды кеп өрт теңізін, Теңселтіп темір топан дүние жүзін. Бетіне туған жердің өшпестей ғып, Ер жазды өз қанымен жүрген ізін. Нақ сол кез естідім мен ер дүбірін, Атағы атын алып келді бұрын. Үстінде туған елдің тұрды толқып, «Бауыржан Момышұлы» деген бір үн. Ақынның ақ сұңқардай жүрегі бар, Алқындым бір көруге болып құмар. Көктемде күркіреген күн даусын Жер естіп,желкілдеген гүл ынтызар. Қан майдан қаталатып,шөлдегенде, Кез болдым жалтылдаған екі көлге. Көл емес көздері ғой Бауыржанның, Елестеп мың көрінер бір көргенге.

Бойы бар бізден гөрі биігірек, Тіп-тік боп абыройын тұрған тіреп. Топ жара көрінсін деп екі иығы, Туған ел жаратыпты оны ірірек. Ойы бар бірде дауыл,бірде жалын, Теңіздей тебіренткен терең жанын. Алғандай бойға жиып бар қуатын, Кешегі өзі кешкен уақиғаның. Кейде ол кқк семсерлі генералдай, Кейде ол күй көңілді ақын жандай. Өмірдің ол шеті мен бұл шетіне Өресі өрен ойдың тартылғандай. Жан ұқпас жұмбақ емес бір жасырын, Айтады ол тіке қарап жұртқа сырын. Жаратпас жамап-жасқап жұрт ескісін, Соғады өз дүкені сөз асылын.

Ойы бар қиялының қанатында, Адаспас апарып бір салсаң тыңға... Бір дәурен ойнап-күліп отырғаны, Жалтылдап екі көзі қарсы алдыңда. «Батырым - Бауыржаным» дейді халқым, Алып ұш,ақын жүрек ердің даңқын. Келешек келе жатыр көремін деп, Тік басып туған жерде жүрген қалпын. Ағамыз атағына асқар тау тең, Жау келсе – жаубүйректей етер жәукем, Емендей ерегісер сұрапылмен, Басымен бұлтты жайпап біздің Баукен!

ІЛИЯС ОМАРОВҚА

Танымаймын, қанықпын сыртыңыздан, Мен ризамын еліме ұл туғызған. Таныстықтың пердесін аштым жырмен, Жат болмассыз ақындық ғұрпымыздан. Күле кіріп бұл жерге әдеппенен. Күңірене шықпаспын әдетпенен. Аға көрдім өмірде,іні көрдім, Қайсысынан көңілім дәме етпеген? Талай жанға қойғанмен адам атын, Ел таниды өзінің азаматын. «Азамат!» деп ел Сізге ат қойыпты. Сол себепті бұл жырды жазады ақын. Жасап көрген емеспін сөз саудасын, Тебіренгеннен тереңнен шығар даусым. Туған елі өлеңнен құя салған, Алдыңызда отырған мынау Қасым.

Өмір теңіз толқыны теуіп сыртқа, Шығарып та тастап жүр кей уақытта. Тереңіне қайтадан ұмтыламын, Толқынымен ойнаймын, ақпай ыққа. Жаман-жақсы болсам да ел ұлымын, Елім деген ер болса – серігімін. Туған елдің намысын, абыройын, Өрге тартар бір жүрдек көлігімін.

САРЫБАЙҒА

Сырбаз досым сен едің ғой, Сырбайым, Сырғытайын, сырымды мен жырлайын, Сендей серік серуен құрып бір жүрсе, Мен өмірде қалай мәңгі тұрмаймын. Жаным құмар жан едім бір достыққа, Болдық серік, жүрегіміз қостық та. Қайран достық – дүниенің тұлғасы, Жанымызды жолыңда біз тостық та. Серігімсің, Сырбайымсың, ақыным, Жақсылықпен күтші достық ақырын. Жалқы жанмын жалғандағы мен жүрген, Болшы досым, болшы құрбым , жақыным. ДАРИҒА СОЛ ҚЫЗ (Әні бар)

І Өңімде ме еді, Түсімде ме еді, Көріп ем ғой бір Армандай қызды... Бір нәзік сәуле күлімдеп еді Сұрапыл соғыс Соқты да бұзы. Сапырды дауыл, Тебіренді теңіз, Тулады толқын, Шайқалды шың-құз... Қып-қызыл өрттің Ішінде жүрміз, Қайда екен, қайда, Дариға, сол қыз?! Оқ тиді келіп, Қайратым кеміп, Барамын сөніп, Келмейді өлгім! Тұрғандай сол қыз Жаныма келіп, Талпына берді қайран жас көңілім! Барамын сөніп, Барамын сөніп. Жұтар ма мені Мына сұм соғыс? Арманым бар ма, Өлсем бір көріп, Қайда екен, қайда, Дариға, сол қыз?!

ІІІ

«Келмейді өлгім, Келмейді өлгім. Қайратым қайда келші осындай да» дедім де тұрдым, жүгіре бердім, қолымда найза, шағылып айға. Жеңдік қой жауды, Арман не, құрбым, Күркіреп күндей Өтті ғой соғыс. Табалмай жүрмін, Айқайлап ән сап, Қайда екен, қайда, Дариға, сол қыз?!

КҮНДЕЙ ШАЛҚЫП КҮЛГЕНІҢ

Күндей шалқып күлгеніңШаттығыңның нұры ғой. Шат боп өмір сүргенің Заманыңның сыры ғой. Сенің нұрлы жүзіңнен Көрем бақытты өмірді. Сенің әрбір сөзіңнен Күй естілер көңілді. Сол себепті мен саған Ғашықтайын құмартам. Жүрегімнен, жанымнан Жыр жазамын, сыр айтам. Күндей шалқып күле бер, Ақ маңдайлы алма жүз. Саған сірә тең келер Жер жаһанда бар ма қыз? ҚАРЫНДАСЫМ МАРПУҒА Аяалаған айдың көлде Ұқсап бейне аққуға, Астанаға келдің сен де, Қарындасым Марпуға. Есіңде ме сона бір жыл, Оқушы едің рабфакта. Сен қызыл гүл, мен жас бұлұл, Кездесіп ек бір бақта.

Сол бір баққа көрік беріп, Сен құлпырып жайнаушы ең. Құлпырғаның қызық көріп, Мен құбылтып сайрауш ем. Сенің гүлдей дидарыңнан Бақыт нұрын көруші ем. Махаббатты жас жанымнан Жырлар жазып беруші ем.

*** І

Қарай-қарай, көзімнің нұры бітпес, Айта-айта көңлімнің сыры бітпес. Жалын жүрек, жасын тіл, жас ақынның Сүйгеніне арнаған сыры бітпес. Өзіңе аян, мен саған ғашық едім, Сыр сандығын өзіне ашып едім. Жанға қимас сандықтың бар асылын Аямай-ақ өзіңе шашып едім. Сені өзімнің көзімдей көріп едім, Сандық кілтін қолыңа беріп едім. Дүние құнын тең көрмес сандығымдыЖүрегінде сақтар деп сеніп едім. «Мә, сандығым! Бірақта сен сақта» дедім, «Сандық-жүрек! Ұстатпа жатқа» дедім. «Қызбалықты өмірдің базарындаҚызып кетіп сандықты сатпа» дедім.

«Сандығыңды мен қабыл алдым» дедің, «Сандығынның сырын қандым» дедің. «Екі сандық бұйымын бір-біріне Қосып, сылап, құрметтеп салдым» дедің. «Сандық-жүрек! Сен маған бердің» дедің, «Еш күмәнсіз өзіңе сендім» дедің. «Қол ұстасып бірге өтсем, арманым жоқ, Жаным-сендік! Қайтсен де көндім» дедің. Сандық жүрек! Сақтауға бердің сөзің, Қос санедықпен күшейді жастық сезім. Дәл сонда сен: «Уағда, мен-сенікі!» Демеп пе едің, жаудырып қара көзің? Мен де сонда сертімді беріп ем –ау, Қылығыңменбойымды жеңіп ең-ау. Бүкіл дүние сұлулығын берсе –дағы, Бәрінен де сені артық көріп емау!

Мен құшпаған тал белің, бойың бар ма? Мен сүймеген бал тілің, мойның бар ма? Таң атқанша тар тар төсекте еркіндеп, Мен кірмеген, жаным-ау, қойның бар ма? Біз екеумізБіріміз деп ойламап па ек? Күні бұрын қызықтап тойламап па ек? Келешегің өмірдң бірге болжап, Тереңіне тұрмыстың бойламап па ек? ІІ Сол тілекті бірақ сен ақтамадың, Есігінен өмірдің аттамадың. Сандығымды сындырып, бар бұйымынЕстен кетпес аяққа таптағаның? Ішін көрмей, сандықтың сыртын көрдің, Біраз ғана шаң басқан сиқын көрдің. Мен, сен түгіл, қоғамға мүлік болар, Ішіндегі асылын,- қиқым көрдің.

Өзін көрмей, тұлпардың түгін көрдің, Тозің жұққан сұңқардың жүнін көрдің. Шапақ атқан бақшаның гүлін көрмей, Гүлге шашқан тентектің күлін көрдің. Бір тұтылған өмірдің күнін көрдің, «Сөнді ғой деп енді күн»- түнін көрдің. Өмірінің жігіттің нұрын көрмей, Етегіне бір жұққан кірді көрдің.

ІІІ

Асыл зат таптасаң да жерде қалмас, Жасықты берсең-дағы ешкім алмас. Алтайдай асқар биік тау сұңқары Қонам деп шөпсіз, сусыз шөлге бармас. Жас тұлпар тұра алар ма өрге шаппай, Жас қыран отырар ма, қанат қақпай. Жас жігітжалын жігер жай жата ма, Маздатып өмірінің отын жақпай! Алтың таң түннен қорқып, тұра ма атпай, Күміс күн ұялар ма күлім қақпай! Жас жігіт таң атқанда талаптанған, Қояр ма өмір таппай, бақыт таппай! Өскен гүл тұра ма екен шешек атпай, Қоймақшы сандуғашты кім сайратпай. Гүл жүзді, бұлбұл үнді, сырлы сөздіЖас ақын қояр ма жыр сорғалатпай.

Сынса да, сыр сандықтың бітпес сыры, Сынығын жамап алдым, жоқ еш міні. Бұйымы сандығымның басымда мол, Таусылмас шашсамдағы күні-түні. Сандықтың кілтің ашсам, сыр тамады, Жан сүйер, тәнің балқырнұр тамады. Тамылжып, бойды серпіп, ойды желпіп, Сорғалап күй тамады, жыр тамады. Сандығым-тән азығы, жан азығы, Сандығым – қуат, жігер, қан азығы. Сүйдірген өз заманын, өз қоғамын Сандығым – сана-сезім, ар азығы. Сандығымжас жүрегім, тілім кілті, Сұлулап сырдан құйған іші –сырты. Сақталған көкірегімде сыр сандығым, «Сенікі», «менікі» емес, көптің мүлкі!

Тән тозып, қан суалмақ,- расында! Тән қалар қара жерің жырасында. Сонда да сыр сандығым жерде қалмас, Сақталар ұлы тарих мұрасында. Сенемін! Сақталар деп сыр сандығым, Білінер! Бұл өмірде болғандығым! Сандықты сақталғандай ете алмасам, Не керек босқа туған адамдығым! 29 Май, 1936. Орал ***

Көптен бері өзімнен кетті ерік, Құпия сыр бойымды жүр меңгеріп. Бір арудың тартады магниті, Мен бір бейне металмын жүрген еріп. Күндіз көлбеп өтеді көлеңкедей, Түн ләззат ала алман түсте көріп. Ұят деген бір қырсық болды бөгет, Жүрегіме жүрегім болмай серік. Енді қайтем, япырмай, болдым дел-сал, Махаббаттан кетермін қайтып жеріп? Ол перизат баспас па құмарымды, Ақ құшағын ұсынып қолын беріп. Тәәті ұйқыда жатқанда, жайлап қана Таңғы алтын шолпандай төніп келіп?! Февраль, 1938. Алматы

С...ҒА

Тұлпарын мініп алып жастық шақтың, Өмірдің өріне өрлей жүйіткей шаптым. Сайрандап сіулетті өмір саясында, Көңілім не тілесе – бәрін таптым. Қайырлы сапарымда көпті көріп, Алудың алуан сорын ұшыраттым. Мен көрдім сұлуларды сандуғаштай, Сайраған саясында «Иран бақытың». Мен көрдім таң алдында, тәтті ұйқыда Құпия сыр-сипатын перизаттың. Сен соның бәрін – дағы ұмыттырып, Шығасың шолпандай көзді тарттың. Жүректі әлде қайда жетектейсің, Бейне бір сенмагнит, менболатпын. Тәуекел! Дариясына кеттім сүңгңіп Шалқардай шалқып жатқан махаббаттың. Қиыннан қаймықпайтын әдетім бар, Еркіне қоябердім ер талаптың. Болғанда сен аспанның аққу құсы, Сұңқардай соңнан қуа қанат қақтым. Амал не, аққу шіркін қонса барып Көңілсіз көңіліне бір басқа жақтың!

  1. Алматы

ФАТИМАҒА ЖАЗҒАН ХАТТАН

Шұбар тауға шарықтап Жетші жылдам, өлеңім. Аққудайын аруға Айтшы ақынның сәлемін. Сәлем жеткіз сұлуға Алатаудың баурынан. Жас ақынның лепірген Жүрегінен, жанынан. Сен оған айт: «Жас ақын Болған саған құмар» де. « сарын айтпай жас жүрек, Қайтып қана шыдар» де. «Соқан сайын жүрегі Саған қарай талпынар. Басқан сайын адымы Саған арнап басылар» Айт осыны аруға, Аймалашы жүрегін. Ғашық болған жас жанның Бермес пе екен тілегін! Мұздай болса жүрегі, Жылытып көр от болып. Сырласып көр жанымен Түн ұйқысын төрт бөліп. Ұялап ал жанына, Ала берші тынышын. Оралып ақ мқйнына, Тілінен сүй мен үшін.

Тысқа шықса, бірге шық, Үйге кірсе, бірге кір. Жүрегінің сырын ұқ, Махаббатын маған бұр. 1938.Алматы

САЙРА, САЙРА, САНДУҒАШЫМ

( ӘНШІ ҚЫЗҒА)

Сайра, сайра, сандуғашым, Жыр төгілтіп тіліңнен. Таң құстары күй тыңдасын Сенің шаттық үніңнен. Сайра, сайра, сандуғашым, Бақыт құсы сырласың. Көлде аққу, көкте лашын Шаттық жырын тыңдасын. Сайра, сайра, сандуғашым, Жаңғырықсын асқар тау. Қалың орман исін басын, Берсін букет бақша-бау. Сайра, сайра, сандуғашым, Шолпы тақсын күміс су. Сылап, сипап қолаң шашың, Жібек жапсын қалың ну. Сайра, сайра, сандуғашым, Масайрасын алтын күн. Ай мен жұлдыз балбырасын, Маужырасын салқын түн. Сайра, сайра, сандуғашым, Серуенді елің тыңдасын. Шет жұрттағы бауырласың Орамалын бұлғасын.

Сайра, сайра, сандуғашым, Ләззатті үнің тыңдайын! Сандуғашымжас сырласым, Сен сайра, мен жырлайын. Сен сайрасаң тамылжытып, Сорғалатып, үзілтіп. Мен жырлайын құйқылжытып, Сөз маржанын тізілтіп. Жан сусынытәтті лебіз, Жан азығысұлу жыр. Тояттасын халқым тегіс, Ақтарылсын ішкі сыры.

АЛМА БАҒЫНДА

Қылыш, қанжар тағынған Жеті жігіт ат мініп. Шықты алма бағынан Жас келіншек шат күліп. Жігіт айтад жарына: «Мен бақытты күзеттім. Мына алма бағыңа Сен неше түр гүл ектің?» Деді сонда келіншек: «Күттім алма бақтарын. Жар сүйсініп көрсін деп, Жүрегімдей сақтадым». Күн күлімдеп нұр сеуіп, Жайнай түсті алма бақ. Екі жүрек бір соғып, Кетті аралап ән шырқап.

ОРАМАЛ (романс) Айнымасқа серттескем, Айғағым бұл орамал. Орамалға, тілесің, Жүрегімді орап ал. Кіршіксіз ақ орамал, Көз жасыммен жауғанмын. Жаным сендік қабыл ал, Бір сен үшін туғанмын. Жаудың елін қорғауға, Жарым, кетіп аласың. Бәлкім, жарар орауға Білегіңнің жарасын. Бәлкім, осы орамал Қызыл қанға боялар. Жанға тисе, жат хабар, Жарың шошып оянар. Отан үшін, сен үшін Тілеп, ұшып барармын. Аралармын тау ішін, Сені іздеп табармын. Қаның жұққан орамал, Сонда бізге оралар. Орамалда бір сыр бар, Кейінгіге жыр болар. 1 июль, 1940

СҮИЕМІН МЕН ИСПАНКАНЫ

Ғафу, қыздар, қызғанбаныз, Сүйемін мен испанканы, Махаббаты болған аңыз, Бар ғой оның ұлы жаны. Көріп пе едің Пиренейдің Жазғы нұрлы атқан таңын, Жылылығы сондай деймін, Қара көзді испанканың. Естіп пе едің бұлбұл үнін, Балбыратқан гүл бақшаны. Елжіретер ел жүрегін Испанканың салған әні. Қолда гитар, белде қанжар, Міне осындай қызды көрдім. Жүрегі ионың бірге соғар Жүрегімен бүкіл елдің. Гүл бақшада, нулы орманда, Келе жатыр гитара ойнап. Көз жіберер ол Отанға, Туған елдің қамын ойлап. Майдан десен, гитаран ол Бір ағашқа іле салып, Зор майданға сапа шегер Білек түріп, мылтық алып.

Өжет сұлу қан майданға Қаймықпастан кетер кіріп. Фшист сынды қас-дұшпаенға Қатулан салар бүлік. Мұндай сұлу жігіттердің Ынжығына қайтып тиер. Намысы үшін туған елдің Майданда өскен ерді сүйер. Махаббаты қандай ыстық, Қандай тәтті испанканың. Жүректе серт айнымастық, Жардай сүйер ол Отанын. Ол махаббат идеалы Құмар қылған Байрондарды. Сүйемін мен испанканы, Сүйемін мен сондай жарды! СОНЕТ (Құрдас туралы) Түн ортасы ауғанда көше жым-жырт, Жұпар жаңбыр себелеп ойнайды бұлт; Таң асырған тұлпардай тұр тыпыршып, Қақпа алдында қалшиып жалғыз жігіт.

Жүрек лүп-лүп соғады, ұйқы сергек, Көкірегін кей кезде ыза кернеп; «Әлде басқа жігітпен кетті ме екен? Неге алдады, япырм-ай, түнде кел деп». «Үйде деуге естілмейді ешбір тықыр, Түгзде болса, мұнша кеш ол неғып жүр?» Деген оймен бір жылып, бірде сусып, Таң күзеткен тағатсыз жас жігіт тұр. Сүйген сәуле алаңсыз жатыр ұйықтап, Қақпа алдында болған соң күзетші сақ. ЖЫЛҚЫШЫ ЖЫРЫ (Романс)

Жылқым жатыр жайылып көкорайда, Аш қасқырлар ұлиды әлдеқайда. Жерде тұрып ым қағам қалғыма деп, Аспандағы серігім алтын айға. Қоңырау үнді құлыншақ, құрау-құрау! Еркін ойна, асыр сап, жіберме жау. Алтын жалды астымда арғымағым, Сауырыңнан ай сүйсін, жас пырағым. Маған орден тағылса, саған тұмар, Сым жібектей тарармын құйрықжалын. Ай тұяқты сал күрең, саларым сайран. Жүйткітермін сенмен болса майдан. Бұлбұл қақты қанатың, таң да таяу, Мезгіл жетті салатын әнге баяу. Жас жүрегім тербетсін, әнім жетсін, Жатқан шығар жан сәулем ұйқылыояу. Тай-құлыншақ арда емген, жуса-жуса, Өргізермін өлеңмен шолпан туса.

Шопылдатып ойнаса суда шортан, Нұр шапаққа шомылар таңда шолпан. Сол сықылды махаббат шұғыласына Шомылармыз біз-дағы, сүйген қалқам. Сал күреңмен салдыртып келген шақта, Ақ білегін талдыртып бір құшақта. ТҮНГІ СЫР (Романс) Ай жарық, сүттей әуе тұрған ұйып, Майда жел сыбырлайды беттен сүйіп. Тілек қып сол сағатта тұрмын мен де, Бір жылып, бірде суып, бірде күйіп. Тілегім бүгін түнде сүйгенімдіСүймекпін, куә қылып меңіреу түнді. Ерітіп жас жүректі құшағында, Ойыма түсірмекпін өткен күнді. Мінекей, сол мезгілде біздің тілек, Болған соң тілек солай қайтсін жүрек. Ол-дағы асау аттай тыпыршидыАлысып, жанды қинап бермей тірек.

Осымен тұруменен уақыт өтті, Келмеді сүйген жарым, үміт бітті. «Қайтам ба, енді қайтам» дей бергенде, Көлбеңдеп қарсы алдымнан біреу шықты. Тағат қып тұра алмадым, жүрдім солай, (Сол жерде қозғалуым болды опоңай). Олдағы маған қарай бұрды бетін, Екі ара жақындасты тіпті сондай. Қалғанда арамызда бес-алты адым, Мендағы сүйгенімді шын таныдым. «Келші» деп құшақ жая бергенімде, Мақпалдай ақ саусағын берді жаным. Айқасып кетті оп-оңай екі білек, Дүрсілдеп көңілденді шіркін жүрек. Жабысып, құшақтасып бір адамдай Болдық та, жоғары қарай жүре бердік. Сол жерде жас жүрегім атша тулап, (Әлдене бар денемді кетті улап).

Тымтырыс, сөз айтуға тіл күрмеліп, Келемін шыққан бетке бастап тура – ақ. Ұзамай кез болыстық бір терекке, (Олдағы демеу болды жас жүрекке). «Сәулешім, осы араға тұрайық» деп, Бұрылып тура жолдан шықтық шетке. Бұраңдап тал шыбықтай тұрды жаным, Бір минут аялдауға жоқ амалым. Сол жерде ауызға-ауыз тиіп қалды, Сәулешім тәтті аузынан берді балын. Сәулешім құшағымда тұрды еркелеп, Дәл тар төсек сықылды болды терек. Жайқалған жапырағы шымылдықтай, Сыбырлап бізді тұрды көлеңкелеп. Табиғат тамылжыды майдай болып, Бұлт тарап, әуе ашылды шайдай болып. Жұлдыздар жымыңдады бізге қарап, Ай-дағы күлімдеді жеткен толып.

Сүйгеніммен екеуміз сыр айтыстық, Сыр сандықтан шыққан сөз болмай ма ыстық. Тағы біраз сүйісіп алдық-тағы, Тәтті өмірдің жайынан жыр айтыстық Осылай тұра бердік құшақтасып, Табиғат еркелетті қойнын ашып. Сол кезде күн шығыстан таң белгісі Сарғайды жер жүзіне нұрын шашып. Сонда да елең қылмай емін-еркін Сүйісіп түрдық тағы екі ғашық. Таң нұрымен құлпырып жер ойнады, Жер бетінде ызыңдап жел ойнап. Қораздардың қып-қысқа әніменен Кемпір-шалдар бас болды, ел оянды. Тоқтатауға ма дүние сабыр етіп, Тоқтатуға бізде де жоқ қой тетік. Табиғаттың еркесі алтын күннің Ыстық нұры лезде келді жетіп. Сүйіп, жанап, жағалап өте беріп:

«Қайт» дегендей ым қақты, жымың етіп. Бізде ерік жоқ, биледі жастық жалын, Минут сайын барады елжіретіп.

ЖАН СӘУЛЕМ (Романс)

Жан сәулем, сағындым ғой көптен көремей, Сен неге мен кеткенде қалдың ермей. Баурында Баянаулы, Көкшетаудың Жүрдім ғой елегізіп ескен желдей.

Жан сәулем, қарақат көз құралайым, Шолпаным шығыстағы, күнім, жаным, Толықсып құшағыма келші, жаным, Құшайын сүйейсін де, жыр жырлайын.

  • * Ғашық едім, қайтейін, Кеттің аулақ алыстап. Айтып айтпай не дейін, Жоқ қой енді табыспақ.

Жүрекке арман орында, Қосыла алмай, көп жылап. Тілегенім болмады, Сол батады-ау жалғыз-ақ.

Қайда жүрсең аман бол, Өміріңді тілеймін. Сенен басқа, сертім сол, Ешбір жанды сүймеймін. Ашу, ыза аралас Ренжіткен болсам сені егер. Өкпелеме, жарамас, Бар кінәмді кеше гөр. Ғашық едім, қайтейін Оны білер жан қайда? Арманда боп өтейін, Армансыз боп не пайда. Жалғыз ғана тілегім Көкірегімнен кетсін мұз. Жылып қалсын жүрегім, Ақтық рет бір сүйгіз. 10 апрель. 1940 *** Қайдасың махаббаттың періштесі? Жаныма жақынырақ ұшып келші. Қолға алып жүрегімді жалбарынам, Жұбатшы жан қайғысын, есіркеші. Періштем-сүйген сәулем, қалқажаным, Тәтті үміт, сүйіншім, ұлар арманым. Тыңдашы, құлағыңа жетер ме екен, Сағынып сені, сәулем, салған әнім.

Ауыпты түн ортасы. Қашты ұйқым. Үһілеп, ән саламын, дүркін-дүркін. Жел жаттап осы әнімді, жеделдетіп Жаныңа жеткізер ме ед, әттен шіркін. Ғашықтың жан әуезін тыңдағандай, Телміріп тереземнен қарайды ай. Мен өстіп отырғанда, тереземнен Ай болып сен қарарма ең, үһ дариғай. Кім айтар шыны ғашық мен емес деп? Мұншама ғашық болар жөн емес деп. Қалайын құшақ жайып, көз алдымнан Өтсеңші ең болмаса бір елестеп. Әлде сен тәтті ұйқының құшағында Маужырап, еш алаңсыз жатырсың ба? Түс болып барайында да, сырласайын, Соғуын жүрегімнің тыңда-тыңда.

СҰЛУДЫҢ СЫМБАТЫ

Қара көз, қиылған қас, жаздық маңдай, Алма бет, ақша жүзі нұр тамғандай. Қыр мұрын, оймақ ерін, меруерт тіс, Бейне мақпал қызыл тіл шекер балдай . Төгілер иығына қара шашы, Жібектей жүз құлпырған дамыл алмай. Күнбездей жарқыраған мойыны бар, Тамағы күн шалмаған ақ торғындай. Тік иық, сүмбіл білек, кербез кеуде, Қос емшек ақ төсінде қос алмадай...

Мықыны тар, қиылған қыпша беліБұралған бейне нәзік пружинадай. Бөксесі дөпдөңгелек қызықтырар, Жұпжұмыр кіршіксіз ақ саны қандай. Күлкілдеп балтыр еті, екі аяғы – Түптүзу мергендердің мылтығындай. Еш мін жоқ, көз тойғысыз сырт тұлғасы, Заказбен мрамордан құйылғандай. Ақ көңіл, таза пейіл, уыз жүрек, Сырт қандай болса, дәл іші сондай. Кішіпейіл, білімді, ойы зерек, Ибадатты боп келсін, арсызданбай. Қара көзін төңкере қарағанда, Кірпігінен құлпырып нұр тамғандай. Жымың қағып, еркелеп сызылғанда. Балдан тәтті қылығы – ес танғандай. Жарқы – жұрқ етіп тұрғанда, жүргенінде Көзге түсер таудағы ор құландай. Нәзік даусы сыңқылдап күлгенінде, Аққу құсы айдынның ойнағандай. Жүз бұралып, сызылып шыққан үні, Қос сандуғаш бақшада сайрағандай. Жібек желдей тәніңе тисе лебі, Бойы балқып, ойыңды арбағандай. Он жеті мен он сегіз шамасында, Көзді тартар кенеттен туған айдай. Болар ма еді арманың бұл жалғанда, Жарың болса өмірлік дәл осындай. Болмаса егер, амал не, тудың, өлдің Дәл осындай сұлуды ойлайойлай.

  1. Орал

СҮЙДІМ ДЕДІҢ

Сүйдім дедің, білегіңнен ұстадым, Бірақ сені сүй деп зорлап қыспадым. Адамшылық жүрегіңмен, еркіңмен «Сүйдім» деп,сен білемісің құшқаның? Сүйем дедің, қара көзің жаудырып, Сүйем дедің, ақша жүзің балбырап. Сүйем дедің, ауызыңнан бердің бал, Сүйем дедің, ақ төсінде аймалап. Сүйем дедің, жер еркесі жел білді, Қошеметтпен көкте жұлдыз, ай күлді. Табиғаттың құшағында серттескен, Қайтып қана ұмытарсың сол түнді. Сүйдім дедің, бал тіліңнен сүйдірдің, Сүйдім дедің, сүйсіндірдің, күлдірдің: Енді бүгін жүрегіме шоқ басып, Неге менің жас жанымды күйдірдің?

Ойлашы өзің, осың дұрыс қылық па? Ойлаш өзің, осың адамшылық па? Айтқан сөзден, берген серттен тайғаныңМағынасыз тауып сылтау сыныққа?

Сүйдім дедің... сүйдім дедім... ып-ырыс... Бір өзіңе ауғаны хақ ықылас. Өлтірсең де бал орнына у беріп, Сүйдің... сүйдім... мәңгілікке ұмтылмас.

  1. Орал .

***

Құлағымнан кетер емес Сенің, сәулем, тәтті үнің! Жас музадан еш кем көрмес, Сенсен сүйікті бұлбұлым.

Гүл бақшадай сахнаға Шыққан кезде сен сайрап. Мен отырғам қарсы алдыңда Қиял кернеп, ой ойлап.

Сені көріп, ой бөлініп, Қарағанмын жүзіңе. Кірпігімнен нұр төгіліп, Көзім түскен көзіңе.

Сонда сенің күн көзіңнен Жүрегіме нұр тиіп. Ойға шомғам өз-өзімнен Көңіліме сыр түйіп. Нұрлы сәуле сонда сені Жүрегіме бөледім. Арман еткен көңлімдегі Аруыма теңедім... Күндер өтті, айлар өтті, Бойды жеңді құмарлық. Жас жүректі елжіретті, Болмай кетті шыдарлық. Махаббатқа бой алдырдым, Амалым жоқ ашынам. Құлы емес қой мен тағдырдың, Неге сырым жасырам: Махаббатқа жоқ қой айып, Ерік бердім жүрекке. Мен ұмтылдым құшақ жайып, Жетем бе деп тілекке. Жан жүректен жаздым хатты, Таңданбассың, сұлуым. Жас тілекті, махаббатты Қорламассың, сұлуым. Жүрегіңе тиер барып, Жалындаған біздің сөз. Жүрек сырын тез аңғарып, Сен де ойыңды білдір тез.

Апрель, 1937. Алматы

*** Домбырамда бір күй бар тартылмаған, Көңілімде бір сыр бар айтылмаған. Күйімді де сырымды сыйлар едім, Жаным сүйер жар болсаң жарқылдаған.

Шабыт таппай жас сұңқар саңқылдар ма, Нұр шалмаса ақ алмас жарқылдар ма. Сол секілді менің де көңілімнің Нұр сәулесі, шабыты сүйген жарда.

Өмір өлке болғанда, мен бір айдын, Алтын нұры төгілген күн мен айдың. Аққудайын айдынға қонар күні Болар ма екен құмартқан қалқатайдың!

Сонда күйдің пернесін басар едім,

Сақтап келген сырымды ашар едім. Сүйген сәулемсеріні жас жанымның, Сеніменен мәңгілік жасар едім.

  1. Алматы

*** Қызқызыл гүл бақшадағы, Күн нұрынмен құлпырар. Көрсе кенет әркімдағы Гүлді алуға ұмтылар. Бірақ қызыл гүлдер көп қой, Қайсы бірін аларсың?! Көрінгенін үзіп кетпей, Таңдап бірін табарсың. Гүл жақсысын кім білмекші, Иіскеп көрші иісін. Үзбей тұрып иіскетсеңші, Сен де гүлдің бірісің. Хош иісіңмен құмар қылсан, Құмардан бір қанатын. Қызыл гүлім шын ұнасаң, Сонда үзіп алатын. Август, 1937. Шұбартау *** Сөзімді құп ал, құрбым, күлімсіреп, Мінекей, саған арнап соқты жүрек. Кеудемде махаббаттың оты лаулап, Уыздай жас жүрегім тұр елжіреп.

Ғашықпын еш күмәнсіз, өзіме аян, Сондықтан жүрек сырын етем баян. Алдлымда бақыт құсым тұрғандай-ақ, Мен саған құштарлықпен құшақ жаям. Сен болсаң нулы жердің қызыл гүлі, Болар ем сахараның мен бұлбұлы. Қонақтап гүл жанында рақат тауып, Гүл құшып, сайрар едім күні-түні. Сен болсаң жапандағы жалғыз терек, Кез болсам келе жатып мен тентіреп. Жолаушы жалқы жүрген жатар едім Жапанда жапырағыңды көлеңкелеп. Сен болсаң кәусар сулы мөлдір бұлақ, Жарқырап жатсаң ағып таудан құлап. Суыңды шөлдеп келіп ішер едім, Маңында паналар ем меке құрап.

Немесе жұбай аққу болар ма едік, Аялап айдынға кеп қонар ма едік. Күн болса, күн нұрымен бірге балқып, Түн болса, самалда біртоңар ма едік. 1937, Шұбартау

ЖАҢБЫРЛЫ КЕШТЕ, КӨШЕДЕ

Жаңбырлы кеште, көшеде Жүрді жалғыз жас жігіт. Дем алады күрсіне, Өңі қашқан сұп-сұрғылт. Құйып тұр жауын нөсерлеп, Алас ұрып ойнап бұлт. Ұялған құстардай, Үйінде отыр барлық жұрт. Жалғыз ғана жігіт жүр, Жапанда жалғыз батырдай Онда сірә бар не сыр, Білер ме еді, япырм‑ай! Жүр ме әлде, жауыннан Жан ләззатын табам деп. Ескен желмен тілдесіп, Алыстан хабар алам деп. Кенеттен ол жанғандай, Жарқ-жұрқ етті нажағай! О, жоқ! Емес нажағай, Жарқ-жұрқ етті ақ маңдай. Жарқ‑ жұрқ етіп ақ маңдай, Қыз келеді жарқылдап. Қыз магниті тартқандай Жетті жігіт жақындап. Жас жүрегін қолына ап, Қызға жігіт ұсынды. Кетті сұлу ғайып боп... Жігіт ауыр күрсінді.

Бұл бір кәміл ақиқат, Мұнда терең бір сыр бар. Кімде күшті махаббат Болса, мұны сол ұғар. 1938, Алматы *** Алыстан айтқан сөзім өтер ме екен, Биіксіз, созсам қолым жетер ме екен. Алам деп айға ұмтылған жас баладай, Қиынға қолқа салу бекер ме екен? Тәуекел, бір сынайын өзімді-өзім, Тоғындай электірдің тисін сөзім. Әкетті мені билеп әлдеқайда, Сұңқардай алып ұшқан жастық сезім. Аспанжа жарқыраған көп жұлдыз бар, Мен соның біреуіне едім құмар. Жақында сол жұлдызым жерге түсіп, Таба алмай жүруші едім боп ынтызар.

Таба алмай көп шарлап ем жердің жүзін, Кез болдым, Сіз екенсіз сол жұлдызым. Кең жайып құшағымды шақырамын, Жаныма жылжып қана кел, жұлдызым. 24 февраль, 1939

АЙТШЫ, ЖАНЫМ

Айтшы, жаным, неге тайдың сертіңнен, Айтшы, жаным, от шығарып бетімнен. Айтшы, жаным, біліп қана кетейін, Өлсем-дағы сенің салған дертіңнен!

Айтшы, жаным, неден көңіл қалдырдым,

Айтшы,жаным, не деп серттен тандырдым? Айтшы, жаным, не жазыппын мен саған, Неге мұнша жүрегімді жандырдың? Айтшы, жаным, неге суыды жүрегің? Айтшы, жаным, талды ма әлде білегің?

Айтшы, жаным, қысып, құшыпсүйгнеде, Жанбады ма, болмады ма тілегің?

  1. Орал

ӘЛДЕ...

Әлде, менің махаббатым харам ба? Әлде, көңілім сен дегенде сараң ба? Әлде, менің адамшылық арым кем, Дос болуға сірә сіздей адамға?

Әлде, сенен басқа жарды сүйдім бе? Сенен ұрлап жүректе сыр түйдім бе? Әлде, мүмкін, дұшпан сөзін құп көріп, Сабырсыз боп жоқ нәрсеге күйдің бе?

Әлде, мүмкін, тұтылды ма алтын күн, Ай күңгірт боп басты ма кеп қара түн? Әлде, мүмкін, шалқып жатқан дариға Күйе түсіп, қаптады ма көк түтін.

  1. Орал

ЖАУЫНГЕР ЖЫРЫ

Алқара көк астымда, Белде болат қанжарым. Күзеттемін мен мұнда, Қайда менің жан жарым? Ай сәулесі ойнайды. Қанжарым да дірілдеп. Жарым нелер ойлайды, Отыр ма екен күлімдеп? Отыр ма еке жан жарым, Жатыр ма екен жан жарым? Толған айдай дидарын Көрмегелі жыл жарым. Жарқылдаса қанжарым, Жар жүзіндей қараймын. Астымдағы ат жалын Саусағымен тараймын. Алқара көк ойнақта, Жарқылдай бер, қанжарым. Алаңдатпай, ойлатпа, Күзеттемін жан жарым. *** Жаным, сәулем, еркешім, қызыл гүлім, Тек сенімен гүлдесін жас ғұмырым. Күздей күңгірт көңілге жас орнатқан, Жадыратқан жанымды сенің нұрың.

Күнім, айым, жұлдызымбәрі сенсің, Қасиетті жаныма тек сен теңсің. Тек сен болсаң, мен үшін бәрі жарқын, Мейлі аспанның ай, күні мәңгі сөнсін. Мейлі аспанның бұлты кеп бассын мені, Жарқ етермін күндей боп көрсем сені. Қарт болсам мен, сен үшін жасарар едім, Тірілер ем егер болсам өлі! Табыстырды өзіңе мені дағдыр, Сүйдім, құштым, жанымнан төгілді жыр. Аспан алғыс айтты ма екі жасқа, Естен кетпес бұл кеште жауды жаңбыр. Нөсерлесе аспаннан маржан жаңбыр, Жасарар да құлпырар тау менен қыр. Сол секілді құлпырсын біздің өмір Деп ойлап, саған арнап жаздым мен жыр. *** Мен сүйем аспандағы алтын күнді, Мен сүйем ауаменен ширатылып,

Құлаққа жылы тиген мұңлы үнді. Мен сүйем сылдыраған салқын суды, Судағы салқындаған үйрек, қуды. Мен сүйем күн шығарда көтерілгенКөгілдір көк жібектей – көкшіл буды. Мен сүйем еріктіеркін таудың құсын, Сайрасатын төрт бөліп түн ұйқысын. Мен сүйемес дүниеде еш нәрсе жоқ. Сүйемін табиғаттың барлық күшін. Дүниеде сүймейін мен нені ғанаБәрі қызық өзіме, бәрі жаңа. Сонда‑дағы осының бәрінен де Артық сүйем дүниеде сені ғана.

СЕНІҢ АЛМА БАҒЫҢА

Сенің алма бағыңа Шыбық шаншып кетіп ем. Алдағы өмір бағына Соны белгі етіп ем. Келдім қайтып майданнан, Таптым іздеп сені алғаш. Сол шыбықтан жайқалған Өсіпті бір алма ағаш. Тұр жайқалып бағында, Қызығамын, тамсанам. Өзің де бұл шағында Кем емессің дәл сонан. Неткен жақсы жер еді Жас шыбығым жайқалған! Бір сөз айтқым келеді, Тіл жетпейді, айта алман.

ҮЙ ІШІНІҢ ӘЗІЛІ

Тозыпты сенің көйлегің, Тозбайтын өлен жазайын. Болмаса сенің көмегің, Шығар ма, құрғыр, күн сайын. Құрысып жатқан көңілімді Үтіктеп берші азырақ. Күні бойы шимайлап, Қалыппын шаршап, қалжырап. Ашуыма ащы етіп Жібере көрме бұрыш сап. Жаныма сусын пейілің, Әкелші бері дұрыстап. Уақытым тапшы, қысқартпа, Қайшылап қиып жүрме сен. Тұтанбай жатқан жырымды, Қайтеді келіп үрлесең? Бұрқ-сарқ етіп қайнаған Қарамашы шәйнекке. Ал, ойнайын домбыра, Қосыла қой «ай, гөкке».

САҚЫПЖАМАЛ

Сақыпжамал! Бір өзіңде Екі әйелдің аты бар. Күн боп көзің күлгеніңде, Қабағыңнан ай туар. Сол кез саған қарай берем Көрмегендей мен бұрын. Жанның сырын жатқан терең Оқи берем жасарын. Сақыпжамал! Атың қандай! «Сәпен» дейміз қысқартып. Жар бола гөр айтылғандай, Сенен қайсы қыз артық?! Махаббаттан талай жастың Жүректері күюлі. Мүмкін жөндеп сүйе алмаспын, Өзің үйрет сүюді. «Сенен артық жан табам» деп Ойлайтын жан мен емес. Қате бассам, кетсем желдеп, Өзің соттап, өзің кеш. АҚСӘУЛЕ Бір күй бар домбырада тартылмаған, Бір сыр бар көңілімде айтылмаған. Сен үшін келдім сақтап, сүйген сәуле! Көзіңнен айналайын жалтылдаған.

Ақсәуле, аспанда аймен таласасың, Төгіліп иығыңа қара шашың. Жалт беріп құралай көз қарағанда, Жанымның жайлауындай жарасасың. Ақсәуле, арнадым мен арманымды, Бұлбұлдай аялаған таңда гүлді. Көркіне еңбегі сай келіп тұрған, Арман не көргеніңде жан жарыңды!

  • * Дариғашым,Дариғашым! Қуанышым, балақаным. Шешең –Сәпен, әкең – Қасым Жайды саған алақанын. Құсымыз боп қондың қолға, Махаббатың бал бөбегі. Көп күттіріп, келдің зорға Өмірімнің бар керегі. Шықты нәзік тұңғыш үнің Күйіндей боп арманымның. Қуанышы үй ішінің Адам болып, - алда тұрдың. Кіп – кішкентай көзіңді ашып, Қарадың сен,- көрдің жарық. Өмірге ендің тайталасып, Болмай жылап, тыпыр қағып. Тосып алдық жайып жанды, Бөледік біз махаббатқа. Сүйдік қатты, сусын қанды, Шомды жүрек бір рақатқа. Бірақ, балам, кешірерсің, Жасамадым жұртша мен той.

Ер жетерсің, түсінерсің, - Тойым менің алда, - деп қой. Ат қойдым мен Дариға білмен. Ұнар ма бұл? Әзіл білмен. Сақтамадым ешбір әдеп, Қоя салдым өз еркіммен. Дариғашым, ер жетерсің, Оқырсың бұл өлеңімді. Келер күндер күле келсін, Сүйейінші бөбегімді.

АЗЕРБАЙЖАН ҚЫЗЫНА

Атың Сана, көзің қара, гөзәл қыз, Жыр жаздырдың жүрегімнен амалсыз. Мен кетермін, альбом ашып қарарсыз, Ақын қазақ ағаны еске аларсыз. ТавризБаку аспанында кун Сана, Күміс Каспий жағасында күн сана, Жүрегіңмен жүрегімді бір сана, Айтарым көп, айтқызбай-ақ біл, Сана,

БАЛАМ АУЫРҒАНДА Халім нашар.Кім ұғынар қайғымды... Көргім келмейд күйзелгенде айкүнді! Жалғыз балам, Даримғашым, жалғызым!.. Бір сені ойлап, қайрат қажып майрылды. Аурухана үйің бе еді сен жатар, Ата-анаңдай кім бар сені уатар? Тілің де жоқ, уілдейсің мұңайып, Жылап жатсың, кім әлпештеп жұбатар? Көрдім бүгін, көрмеп едім бір айдай, Кім болғансың? Миым қатты ұға алмай. Ақ жүзіңде арай таңдай шалқыған, Сәби нұрың сейіліпті тұмандай. Тар қапаста жүдеген бір балапан Сықылданып жатырмың сен, балақан. Кіпкішкентай көздерінде кейіс бар, Талпынбайсың, жаймайсың сен мені, Өзің де бір едің сәби сергегі. Көрген жерден кәмпитінді ұсындың,

Білдім аршып, саусақтарың үлбіреп, Алдың менен, бір сөз айттың уілдеп. Дәмін алып, бердің маған бір тістеп, Мәз болдық біз бір кәмпитті бөліп жеп. Сүйдім келіп, иісіңмен дем алдым, Жас мейірмен рахаттанып сен қалдың. Жайлап қана жайнап жүзің, жан бөпем, Ай, бұрынғы қалпыңа бір келе алдың! Ойладың ба: «Менен енді кетпес» деп? Мен де ойлаушы ем не бір кезім өтпес деп. Кеттім ақыр.Қала бердің тағы да, Ақ бөпешім, арманымдай елестеп. От шығады көкірегмнен, ойпырмай! Ауыр соққы тиді басқа оңдырмай. Қайтсем ғана сақтап қалам өмірін, Құлынымды құрт ауруға қор қылмай. Медицина, әлсіз бе едің әлі сен! Қайдан іздеп табам енді әдіс,ем? Қандай адам түсінер бұл халімді? Ащы қайғы уытына зәр ішем.

ЖАЗ КӨҢІЛ Жаз көңіл, жарқылдаған бұл бір шығым, Жаныма дабытпаймын дүние шаңын. Әніммен қарсы аламын әрбір күнді, Жайғандай ерке нәзік жар құшағын. Жаз көңіл жігіт болдық той бастаған, Құрбыға зейіні бар ой тастаған. Жас өмір жайлауында шіркін көңіл Бәйгіден күнде келіп ойқастаған. Желпимін жанымда бір осындайда, Үңілер жүрегіме досым қайда. Кездесіп көңілімнің күнгейінде, Әніме асыл құрбым қосылмай ма. АХ, САМАРА, ГОРОДОК! Орамалым батарбатпас, Қалқып қана ағады. Сүйген жарым сүйер-сүймес, Уақыт өтіп барады. Қайырмасы: Ах, Самара, жас қала, Барамын сөнгенлі. Барамын сөнгелі, Жұбатшы сен мені.

Өстім еркін, гүлдедім мен Он жетіге келгенше. Он жетіде махаббат Қыз сорлыны жеңгенше. Қайырмасы: Сорлы ақ қайың саған орын Тимепті өзен жарынан. Жарым десең жаралама. Қайырмасы: Ұмытайын сүйген жарды Десем – дағы сан рет. Махаббаттан талай қасірет. Қайырмасы: «Қош» десе жар, жүрек шіркін Лап етер бір жалын ғой. Қайырады, қалжырайды, Баяғы ол бір, баяғы ой. Қайырмасы:

ДАРИҒАҒА ХАТ

Құралай көзі мөлдіреп, Кекіл шашы желбіреп. «Папалап» кеп әрдайым, Сүйдіретін маңдайын. Қозым менің, құлыным, Әрі қызым, әрі ұлым. Құсым менің, құлыным, Әрі қызым, әрі ұлым. Құсым менің , құлшынған, Гүлім менің құлшынған, Қызығына үй толған, Көкірегіме күй болған. Жалықтырмас жәрмеңкем, Жайдары жаз, ақ еркем. Көп түсірген ой маған, Алтын оттай ойнаған. Қуанышым арнасы – Өмірімнің жалғасы. Қағаз алып тартпадан, Жазыпты ғой хат маған. «Папа, сені сағындым...» Деп жаздыпты дарындым. Толған жақсың алтыға, Сенің тұңғыш хатыңа Қарапаймын да мәз болам, Жаз осылай, жаз, балам! 1952 Қырым.

СУЛИКО

Акакий Церетелиден Көп іздедім қабырынды, Қайғы сыймай жүрекке. Сүйген жарың зарлай-зарлай сағынды, Бір тіл қатшы-ау, Сулико. Көрдім гүлді бақшадан, Шық сорғалап, жас тамған. Сол бір гүлім сен емеспең, жан еркем, Тіл қатсаңшы-ау, Сулико. Тұр жайқалып қызыл гүл, Жүр аялап бір бұлбұл. Мен сұрадым қайғы серпе, күрсіне, Сенбісің, сәулем, Сулико. Сонда бұлбұл даусынан Жаңғырықты нулы орман. «Сүйген сәулем Суликоң мен» дегендей Сайрады бұлбұл күй көмей.

БИКЕШ

Шықты бір қыз театрдан, Мойнында орман түлкі. Шашын күзеп, қасын қырған, Ауызмұрны толған күлкі. - Пожалуйста машинаға – Деді жігіт қолтықтаған. Қымындасып екеу ара, Кетті тартып тауға таман... Басарықтың бер жағында Бір үй бар-ды онашарақ. Бар сияқты бір сыр мұнда, Анадайдан тұрсаң қарап. Тарс бекіліп терезесі, Ашылмайтын айында бір. Жоламайтын күн сәулесі, Бейне қуыс қаранғы үңгір. Жапан түзде жалғыз тұрған Дуананың моласындай.- Бір сыр ұрлап тұнжыраған Үйдің сиқы міне осындай... Шуылдатып ит біткенді, Түршіктіріп тыныш түнді. Сазға бояп етекжеңді, Ылғи біреу келетін-ді.

Келетін де, үйге кіріп Отыратын ол айғай сап. Есіз тамда жын шақырып, Зікір салған бақсыға үқсап. Бұлбелгілі Азғынбаев Дейтұғын бір жігіт еді. Тегін сұрап не қылайық, Өз басы да бір ертегі. Көк қойдың өкпесіндей Екі беті қабыныңқы. Бұршақ соққан көктесіндей Шаш дегенің қиқы жиқы Жұтқындағы жұдырықтай, Трубкадай кеңірдегі. Аршылмаған погрыптай Қандай сасық шыққан демі... Азғынбаев келді биыл, Жетеуіне жиырмағаның. Ізі де жоқ,жолы түгіл, Байқап тұрсаң өткен шағын Өмір деген ұлы теңіз Кең дүниеде жатқан шалқып. Теңіз сырын білмесеңіз, Әкетеді түпке тартып.

Ерінбедік,еңбектеңдік, Алдық алуан кеме жасап. Дауыл,апат бәрін жеңдік, Кемемізді толқынға сап. Бірақ біздің Азғынбаев Сап сау басын салды дауға. Әкесінен қалған қайық Жатушы еді жағалауда, Салды суға соны жамап, Жүрді біраз қалт құлт етіп. Алға емес,артқа қарап, Шегірткеше өлеңдетіп. Теріс жаққа кетті ығып, Көз аудуны көмкеріліп. Толқын соғып қалды шығып, Қайығымен төңкеріліп... Заманда бір экспресс Барады алға жүйткіп заулап. (Бұрынғыдай түйе емес, Ілбіп басқан шаңдаққа аунап). Тұрды ол қарап аузын ашып, Поезд көрген есекке ұсап. Жылжымады алға басып,- Қойғандай-ақ біреу тұсап.

Толған өнер,толған білім, Біріне ол қоймайды ден. Ескіліктің қалған күлін Бұрқыратып іздеді жем. Білім ал деп тұрды мектеп, Анасындай жайып құшақ. Кірді күліп,шықты ептеп, Үйге түскен ұрыға ұсап. Жалт берді де кетті жытып Ескіліктің ізіменен. Аты-жөнін жатты өшіртіп Талай мектеп тізімінен. Бітірді рас (« диплом» алды), Екі-үш айлық бидің курсын. Фокстрот, танголардың Білуші еді он шақтысын. Болып жүрді ресторанның Үйреншікті «сый қонағы». Қашан көрсең графиннің Тасасында отырғаны... ІІІ бөлімб Көршімізде болды бір қыз, Ақша маңдай, алма сағақ. Әйтеуір бір танысқанбыз Өте беріп жанасалып.

Махаббаттан айтар үгіт Болды оның бір сырласы: «Саған лайық сондай жігіт,- Болса дейтін машинасы...» Сондықтан ол көп қарайтын Өткенкеткен машинаға. Бірақ «ГАЗ»-ды ұнатпайтын, Арман етіп «ЗИС» - ті ғана... Бітірді де онжылдықты Қойды жиып оқуды бұл... Саханадан кеп бірақ шықты, Театға енді биыл. Кең ғой біздің театрлар, Аясын ба бір орынды. Әп-әдемі дауысы бар Артист болар қыз көрінді. «Ауызы да, мұрыны да Жаратылған сахна үшін. Қарайды ғой жұрт сыртында, Көре жатыр кейін ішін. Жас адам ғой талабы зор, Жүрер, көрер, өсер мұнда!.. Деген оймен бір режиссер Ала салды театрға.

Өсті бұл тез: барды базар, Таңдап жүріп алды түлік. Жағынды кеп, кірді ажар, Артистка боп шықты ілкі. Бірақ оны сахнадан біз Көре алмадық ешқашан да. Көлбең қағып артисткамыз Жүретін-ді ылғи залда, Алда тұрған бос орынға Отыратын еркін қонып, Білдіретін өзі осында Істейтінін артист болып. «Бис-Бис!» деп-ақ сездіретін Искусствоны білетінін Бір шығатын, бір кіретін Аяғына бермей тыным... Қырланатын әлсін-әлі Өзін тым-ақ ұлу санап. Ойлайтын ол: «жұрттың бәрі Отыр ғой деп маған қарап». «Ана рольді, мына рольді Беріп еді, алмап едім. Бұзды-ау анау, көрдің бе енді, Бүйтер ме еді мына жерін...»

Деп қоятын көршісіне, Ыбыр-жыбыр аузы тынбай. Көп сенетін өз күшіне, Ойнай кетсе қыратындай... Жас адам ғой, жетсінші бір Өзі ойлаған мақсатына. Түспесінші көңліне кір, Тілектеспіз жақсы атын. Мақсаты не? Біледі өзі, Бос біткен жоқ бет ажары. Керек емес жұрттың сөзі, Алда мұның өз базары... ІІІ бөлім Театырда болды бір кеш, Жиналды жұрт жарқ-жұрқ еткен. Жүрді сонда әлгі Бикеш Өзі білер бір ниетпен... Бір сөзінен бір романның Сырын саған ұқтырғандай. Қуанышы ақын жанныңҚыздар жүрді атқан таңдай. Жігіт жүрді, дидарынан Жігер оты лапылдаған. Өнербілім шалқарынан Шыққан қанып, жарқылдаған,

Ағайлармен қолтықтасып, Бойдақтарға көрсетіп қыр. Кербез күліп, көсем басып Тілі тәтті жеңгейлер жүр. Бір асырдың тұлғасындай, Әзілдесіп шал мен кемпір. Осы жұрттың құрдасындай, Қызыл мауыт диванда отыр... Қылқ еткізіп бір стопка Буфеттегі бөтелкеден. Тұрды біреу қарап топқа Оқшырая ту желкеден. «не бір әйел, не бір қызбен (Бәрібір ғой сірә оған!). Таныссам-ау, би билесем...» Деп ойлап тұр бағанадан. Ауып-ақ тұр есі-дерті, Шұбырып тұр сілекейі. Бірақ келмейд еш реті, Батыл бармайд, жоқ үрейі... Оркестір де ду етті кеп, Мың құбылтты кларнеттер. Ортқып ойнап, кетті билеп Еркін қыздар, жас жігіттер...

Тұрды Бикеш елден ерек, Қыңыр қарап бишіл топқа. Жігіттерге тұрды өкпелеп, Шақырмады деп фокстротқа. Сәл нәрседен түсті сәті, Әлгі жігіт келді жетіп. Білмен қайтып барды дәті, Қызды кетті дедектетіп... Би де бітті. Тыншықты жұрт,- Дауыл өткен дариядай. Қызымызды әлгі жігіт Меңгеріпті тіпті оп-оңай. «жақсы білем сіздің сырттан, Жүруші едім таныса алмай. Құмар болып көп уақыттан, Бір сырласып қаныса алмай. Хабар естіп біреулерден: Сізді осында келді деген. Әдейлеп іздеп келгем, Зарылдатып машинамен...

IV бөлім

Машина да келді жетіп, Екпіні үйді сілкіндіріп. Қос көлеңке көлбең етіп, Қыз бен жігіт кетті кіріп. «Пожалуйста, төрлетіңіз, Пальтонызды мен ілейін. Қызымет ету міндетіміз, Туфлиіңізді шөткелейін... Үйіміз тар, бір-ақ бөлме, Әрине, бұл сізден ұят. Айтып едім Совнаркомге, Бітпей жатыр жилкомбинат» Деп қутыңдап түлкі жігіт, Қояр емес қызды еркіне. Отырды кеп қыз да күліп, Жасаулы стол бір шетіне. «...Сонымен сол институттен Қайтарда алып дипломды. Баспа орнына беріп кеткем Суретім мен үш томымды...» Деп бір қойды желе жортып, Ойын алдан ойқастатып. Қыз отырды іштен толқып, Бір тұңғиық ойға батып:

«институттен алған диплом... Өн бойының бәрі білім... Жазған кітап бірнеше том... Айына алад бірнеше мың... Өзгесін қой, машинаны айт, -Алдым,- дейді былтыр сатып. Қандай қызық етсең «гуляйт» Асфальттармен зымыратып... Жалғыз-ақ тар үй тұрған, Жаңа кепті Москва жақтан. Береді ғой, сөз жоқ, бұған Жетінші жилкомбинаттан...» Осыны ойлап қыз отырды, Сарт-сұрт етіп жатты есік: Әлдекімдер үйге кірді,- Былқ-сылқ етіп иін тіресіп... Келіп болды «сыйқонақтар», Бұйрық күтіп тұрды банкет: Ас «патшасы» шашқан қаһар Дәл ортада «Ақмағанбет». Ойдай келіп қызды думан, Бісмілләні айтты арақ. Тиді келіп жан-жағынан Стол үстін жүндей сабап.

Емес тіпті мұрсат берер, Шақар бокал етіп шақ-шақ. Бір жақта бос бөтелкелер Сыйыса алмай салды шатақ. Қонақтардың бәрі де мәз, Басталды сөз анекдоттан. Ішінде бар не бір «сабаз» Өтірікті төпей соққан. Қысылған қөз, шымшылған сан, Бір-бірінен сыр ұрласқан. Стол асты-ол бір майдан, Ақ балтырлар араласқан. - Кәне, кәне, көтерейік, Қалдырмаңыз бір тамшысын... Ақ ішпесе, көк бермейік... «амал болмас, тек сіз үшін». ‑Алып жібер, қағып жібер! - ой, молодец! Міне жігіт! - Құйып жібер, қайда ликер? Ештеңе етпес, шампаннан жұт... ‑Асықпаңыз, уақыт ерте, Машинамен зыр еткізем.. - Бас гармоньды желпілдете, - бикешімді билеткізем...

-Бис-бис! Танго! Бис-бис, фокстрот! ‑Гүлләулә-һә, оһ-аһа... ‑Ал кәнекей! Қолдарың соқ! - Асса! Асса! Хахаха-ха!...

V бөлім Қандай тәтті таңғы ұйқы! Қаңдай таза таңғы ауа! Ерінінде ойнап күлкі

Талай қыздар жатыр-ау, ә? Қыздар үшін еңбек етем, Әлі отырмын жазып өлең. Ең болмаса еңдім бе екен, Біреуінің түсіне мен?.. Түс демекші айтайыншы Бикешімнің «көрген түсін». Таң алдында кетті –ау тынышы, Түсі құрғыр бұзды ұйқысын. Тілім кесе, тікесінен Айтар едім... Бірақ... бірақ... Ұйқыда емес, өңле көрген Түстің жайы шатағырақ... Тұрды орнынан шошып Бикеш Құлан иек атқанда таң. Не болғанын ұға алмай еш, Аз отырды болып аң-таң. Ойы мен-зен айналды бас, Сырқырайды сай сүйегі... Кетті ыршып көзінен жас, Құп-қу болып қашты өңі. Біраздан соң жиды есін, Қарады бір жатқан жанға: Шалды көзі бір шекесінҚызыл жоса батқан қанға.

Жатыр ұйықтап қызыл шеке, Белгілі ғой мұның сыры. Бұл шекеге бір өтелке Тиген еді өткен түні... Қаусағандай бар өмірі, Бойы дел-сал, ойы мең-зең. Әлде өлі, әлде тірі, Шықты Бикеш сол бір үйден. Қайран қалып бұл күйіне, Шошыды ол өз-өзінен. Бара алмады өз үйіне, Ұялып өз көшесіне...

VI бөлім

«Дәрі» керек емделуге, Қалтада жоқ жалғыз тиын. Үйде жалғыз сенделуде, Қаусап қапты, соқты қиын... Бір уақытта, «құдай айдап» Келді оның шофер досы. Тағы кетті «алақайлап», Көтерісті бұлар тосты... Кетті досы елтіп, қызып, Келемін, деп, тағы тауып. Шыға беріп, тәртіп бұзып,- Милиционер қойды жауып... Күн айналып кетті кешке, Азғынбаев сипап басын. Әлденелер түсіп еске, Қарады еңбек книшкасын. Книшкада ине шаншыр Жазылмаған жер қалмапты. Ақтық бетке бір секретарь Кетпестей ғып крест сапты. Сол кіресті көзі шалып, Азғынбаев көп ойлады. «Бұл кресті салғаны анық Өміріме» деп ойлады...

Түсті есіне бір кездері Өзінше бір «дәуірлеген» Болушы еді нән портфелі, Жүруші еді машинамен. Бір ызғарлы началниктің Болып еді секретары. Барлық кілті кабинеттің, Приемныйдың делолары. Қолында еді бәрі мұның, Жағымды еді начальникке. Тілін алғыш иесінің Ұқсаушы еді ақылды итке. Болып жүріп начальникке Күндіз хатшы, түнде малай. Арақ тасып сан банкетке, Көрген «қызық» талай-талай. Мерез шыққан жүрегіне Начальнигі «ауру» еді. НКВД лагеріне Кеткен еді емделгелі. Содан бері Азғанбаев Кірді талай мекемеге. Табылмады іс оған лайық, Жарамады ештемеге.

Болды хатшы, болды завхоз, Шыға келді былықтырып. «Байқайын» деп барды колхоз, Кете барды қол қусырып. Таңдады оқу бір күн жатып, Санап мектеп атаулыны. Кежегеден кері тартып, Жылжытпады жалқаулығы. Не делбеші, не курьер Болуға бұл арланады. Ешбір істі қолдан келер Ойлап-ойлап таба алмай. Сонда анық сезген еді Қалғандыған таза махрұм. Алда нелер кез келеді, Не болса да күтті ақырын... Арамызда бұғып жүрген Бар ғой қулар, не бір жылпос. Жүре берді жалтарумен Солармен бұл болды да дос...

VII бөлім

Болды бес күн төсек тартып Жатулы қыз ертелі‑ кеш. Махаббатқа ауру сатып Алды біздің сұлу Бикеш. Орнынан қойды тұрмай, Шақыртпады не дәрігер. Жан ауырса тән ауырмай, Дәрігер не дәрі берер? Күлетіндей жұрттың бәрі, Жатып алды үйден шықпай. Жақындары, сырластары Не болғанын қойды ұқпай. Қиырына қиялының Жете алмады шолақ ойы! Көрінді оған жас шағының Тарқағандай ойын-тойы. Шықты тысқа бір күні кеш Көрінбеді көшеде жұрт. Кете барды мұңды Бикеш Жамылды да қараңғы ымырт. Басы ойдан босамады, Тапты жолын екі аяғы. Тапты таныс босағаны, Аттап өткен сол баяғы.

Қақты есікті қолы қалтырап, «Пожалуйста!» - ашты жайлап. Азғынбаев қызыңқырап, Отыр екен тілін шайнап. «Ә, сайтан қыз, сен бе ең келген? Хош келіпсің, жоғары шық. Сені күтіп отыр ем мен, Сезеді ғой қайран ғашық. Шеш пальтоңды, шеш галошты, Лақтыра сал ана жерге. Сен келген соң көңіл хош-ты, Әттен жоқ-ау сімірерге. Ақшаң бар ма, сал ортаға, Кедей болып қалдым бүгін. Екеуміз бір оңашада Желпейікші көңіл кірін. Ант атқан қыз, қайда жүрсің? Күте-күте зарықтым мен. Өзің қандай сүйкімдісің, Сұлу-ақсың, жаңа ұқтым мен. Келші бері, келші бері, Бір қысайын сүбеңізден. Құшақташы, сүйші мені, Келмесең де күдер үзбен.

Қашан келер екен деп бұл, Екі көзі сегіз болды. Мен аңсаған сырлы бұлбұл Бақшама кеп өзі қонды»... Дей бергенде, былш еткізіп Түкірді қыз бетіне оның. Түсіне алмай, көзін түзеп, Азғынбаев күтті соңын. Бедірейіп тұрды Бикеш, Отырмады орындыққа. Тұрды ұзақ тіл қатпай еш, Суырылды бір уақытта. - Дәл осы сен кімсің өзің? Адамбысың, сайтанбысың? Шын сыналар келді кезің, Шыныңды сен айтармысың? Жастық мені алдап соқты, Алданыппын, сездім енді. Жас жаныма салдың соққы, Кегімді алар кезім келді. Қымбат емес тірлік маған, Өлгеннен соң ар-ұятын. Өз ләззәтім болды харам, Болды харам махаббатым. Жастық желі жанға толып, Жеңіл ойлап жүріппін мен.

Мезгіл жетті гүлім солып, Қуарыппын, қуарыппын мен. Сендейлердің мыңы тұрмас Жігіттердің ғашығы едім. Соларға да имедім бас, Жүрегімді ап қашып едім. Онда ойым сәби де еді, Аяқ басқан апыл-тапыл. Енді ойласам, жан күйеді, Қайда болған қайран ақыл! Алып қашты асау қиял, Жар іздедім жұрттан артық. Сен кез келдің... Бар ма амал! Сөнді қиял босқа шалқып. Неге ғана айттың жалған? Неге алдадың айтшы маған? Әзезіл ме ең сиқырлаған, Қайдан душар болдым саған? Жазығым не, жастығым ба? Сұмдығыңмен неге алдадың? Білгенің бе, қастығың ба? Өмірімді арамдадың.

Айтшы, кімсің?-азғыңбысың? Сеі де ана тапты ма екен? Жарық дүние бар қылмысын Саған арқалатты ма екен?... Айталмады бұдан ары, Алқымға кеп ыза долы. Жарқ-жұрқ етті көж жанары, Оң қалтада ойнап қолы... - Өзің не деп тұрсың, Бикеш?- Деп бастады Азғынбаев. Бос сөзді қой, киімің шеш, Ақшаң бар ма?- Алғызайық. Бүлінесің мұнша неге?- Кеткен жоқ қой ештемең де. Соған да қыз бүліне ме?! Қызықтадық мен де, сен де. Алдадым рас, айттым жалған, Не күнә бар онда тұрған? Жалғыз ғана сен бе алданған? Қыздыр үшін алдау‑ бір заң.

Мен атқардым міндетімді. Неге алдаңдың,- өзіңнен көр. Өкпені қой, бұр бетіңді, Ақылды қыз болсан егер. Алданарсын әлі талай,- Опық жеме ол үшін сен. Қалмайсң ғой бай таба алмай, Кім сенбейді «қызбын» десең? Махаббат не ? Бір бос сөз ол, Ақындар ғой ойлап тапқан. Қызықтай бер,-айтарым сол, Күдеріңді үз махаббаттан»... Деді де ол ашты қүшақ, Ойлап тағы сұм ниетті. Қыз қолында сұсты пышақ Наждағайдай жарқ-жұрқ етті. «Бол, қарабет» деді де қыз, Кете берді үйден ытқып. Бетке түсіп крест айғыз, Азғынбаев қалды ауытқып... ***

Өтті кетті сол бір жәйіт, Бұдан он бес жылдар бұрын. Өмір-өзең кетті шәйіп, Ескіліктің кір қоқырын. Сол қоқыспен кетсе керек, Азған-тозған сол бір сүлде. Естілмейді еш бір дерек, Бар ма, жоқ па жер бетінде. 1938-54 ж

АБДОЛЛА

(Ақын өлімі туралы аңыз) Майдан етіп дүние төрің, Темір, гүрзі қақтап отқа, Жекпе‑жек кеп өмі, өлім, Соққыласып жатқан жоқ па? Арқалап сол майдан жүгін, Қырғын соғыс ортасында, Жүрегінің кекті зілін, Қанды қырғын қапылыста Айырылып бар жолдасынан Жараланған жолбарыстай, Өрт жанарлы бір жас ұлан Қоса түйіп қорғасынға,- Ырғып бұлттан түсер жайдай. Өзі оқ боп атылғандай, Ерегіске жанын тігіп, Күтті жауын, Тас бекініп.

Өмір гүлін жаншып, таптап, Шаштан сүйреп махаббатты, Жерімізде жындай қаптап, Найзаға іліп ар‑ ұятты,‑ Келе жатты сұм жендеттер! Жиіркеніп, Жиырылды жер, Жауға тамшы татырмастай Буырқанып тасты өзеңдер. Сол аймақтың әрбір тасы Ұшқандай ед құс боп көкке, Қанды көбік қара топтан Ортасында бейне бір шың тас, Өр кеудесін етіп қалқан, Сол баяғы жатыр бір жас. Қойып айды қараулыға, Күн де шомды ұлы ұйқыға. Қонды орманға қорғасын бұлт Жат дыбысқа құлағын сап, Тың тыңдаған адамға ұқсап, Айнала аймақ тұрды жым-жырт. Ойшыл орман мүлгіп, қалғып, Төңіректің сырын аңдып: Жайлап қана тартып сырнай, Сыр шертеді ну қарағай. Сонау орман етегінде

Жаланған от сатыр –сұтыр. Қанды ізін қара түнге Көме тастап жаулар отыр, Сол бір оттан ыршып бір шоқ Түсті ме ер кеудесіне? Қойылғандай болды сол от Динамиттің білтесіне. ‑Қасақы жау қарсы алдында Қасақана көрсетіп қыр, Сенің алтын ошағында Ұрлық отыңн жағып отыр, Түскен дұшпан терезеңнен Қапылыста салып жара, Қуса сені өз төріңнен, Көнсең соған, Не масқара!...

Құдірет күші, жер жаһанның Қанатын бер қыран құстың, Ашуын бер арыстанның, Жүрегін бер жолбарыстың! Күллі әлемнің ашу‑кегі Орна менің кеудеме кеп! Жау жолына атам сені, Бомба бол да жарыл жүрек! Бар арманым асқар тауым, Көтеріл, ел, намыс туы!‑ Деп ер ұлан бақты жауын, Жарқ‑жұрқ етіп жан ашуы. Қанды пышақ‑жау күлкісі Қақ жарғандай түн жүрегін, Шошып ұшты орман құсы, Көл күрсініп алды демін. Қызғыш болып қызғанышы, Ер күрсініп алды демін. Қимай жауға көл арнасын, Жалын шарпып, дем алысы, Құшып жерін, сүйіп –тасын Жүрегіндей сол аймақтың Аласұрды намысты ұлан, Ащы зары махаббаттың Естілгендей күйінді жан,

Кеуде кегі жан ашуы Кетті шығып от өзектен... Көтерілді жаудың шуы Түскендей‑ақ қаһар көктен.

Айнала жау ырсыл қағып, Айдаһардай көтерді бас. Кетті ілезде қызып, жанып Дүниедегі бір ұлы айқас. Зілзәлә боп жер мен аспан, Соқты ұйытқып оқ бораны: Қан кілікте қара тастан, Түткіледі кең даланы, Түсіргендей көктің миын Зіркілдеді зеңбіректер. Естігендей дозақ күйін Көрден ытқып шықты өліктер. Қара толқын орман шашын Жұлды талдап снаряттар, Міңгі мекен көл жағасын Тастап, суға сүңгіді жар. Ұмтылды жау ондап, жүздеп, Тойтарам деп ердің саған, Тұтқын етіп аламыз,‑деп,‑ Айқара ашып от құшағын. -Ала алмайсың!‑ деді ер ұлан, ‑алмай қойман!‑деді жауы. Қысты келіп жан‑жағынан Темір торлы жау құрсауы.

Жеті қабат жер өзегін Жарып шықты отты селдей. Бет қаратпай өртеп лебі, Оқ ораған орай сермей, Соғып жерге жау жүрегін,‑ Бұрсанды кеп батыр ұлан, Автоматтан түтетіп оқ, Жау тобына лақтырылған Жер мен көктің кәріндей боп. Қанжарына қарақшының Қарсы тосып өз кеудесін, Қорғады жер батыр ұлан‑ Жаралы ана жиып есін. Алмай қойман!‑деді дұшпан,

‑Ала алмайсың!‑ деді ер ұлан. Қайсарлықпен шыққан даңқы Келе жатты ауыр танк. ‑О, құдірет! Құнсыз темір Кеше ғана жатқан тшаңда. Біткендей‑ақ бойына өмір Зірк‑зірк етіп қан майданда, Көрдіңдер ме , енді мынау Сайысады адаммен бұл. О, зымиян, сұрқия жау! Қайран өнер, қайран ақыл! Деді де ол жалын шарпып Жіберді өртеп жау танкісін. Ол темірденталды тартып, Адамзаттың өнер‑күшін.

Ыза боп жау жіберді өрт, Кідірді ер, оқ таусылып. Автоматты ең соңғы рет Алды демін, тынды сұлық... «Алтын туын бостандықтың Бір килодай қорғасынға Күліп тұрып, сатқан сұмға Мен бе екем болар тұтқын!» Серпіп ойын, сілкіп бойын, Тұрды атып қарады өртке, Қалды қатып, салды зейін, Таңғажайып бір суретке: Қызыл, жасыл киінген өрт Көрінді оған боп қыз ойнақ, Толқын торғын, жайнап букет, Тым сиқырлы билеп, ойнап. Ашып отқа омырауын, ‑естісін,‑деп,‑қырсық жауым. Айтты ол шырқап өрт ішінде Сүйген әні «Қарағым‑ауын»...

Қайсар батыр от киінген Күш қайратын тіске жиып, Жаңағы ақшыл ер жүзінен Жалын тілін тұрды сүиіп. Шұғыла шалған кешкі бұлттай, Толқын шашты оттар ойнап, Өрт топанын кешіп Нұхтай, Жалғыз өзі тұрды бойлап, Тұрды ұқсап, тұрды кейде От ұстаған Пометейге.

Қара түнгі қанатындай, Алыстағы нажағайдың, Жарқ‑жұрқ етті жүзінде айбын, Атылғандай ішінде жай, Жан күнінің нұр шапағы Күлкі ойнады келбетінде, Сәл шытынап ай қабағы, Ең соңғы рет келді тілге: ‑Жау жанында сен сүйкімді, Кел бері өлім, күйіңді шерт! Менің адал жүрегімді, Жау алмасын, сен алшы өрт! Қош бол енді туған елім! «Кетті де, бір қарыздар жан». Бұл емес ед көксегенім, Бұл емес ед арманым! Осы‑ақ болды, келген қолдан, Осы‑ақ болды‑ау, әттең шіркін! Сен бөгелме ұлы жолдан, Туған халқым, туған жұртым! Сенің ашу арыстаның Сілкуші еді жер мен көкті, Ту сыртынан шығып жанын Алшы жаудан, алшы кекті, Жасашы той! Бәлкім сонда Еске алып бұл бөбегіңді, Бір азамат өз ортаңда Оқыр менің өленімді. Қош бол енді, туған елім! Кеттім, кеттік боп қарыздар. Жоғал жауым! Кел бері, өлім! Қош бол, достар! Достар! Достар! ‑О, дүние!‑ деген дауысы От ішінде сәл тұншығып. Өмір ақтық музыкасы Басталды да қалды тынып. Қағып алып сол бір күйді Жалғастыра көкте жырлап, Өрт үстінде көк түтінді Құстар байғұс жүр шырылдап. Айтып жұмбақ өлеңдерін

Аңыз болып бір сұлу жар, Желпіп жалын желектерін Келе жатты от сұлулар. Айтты да ол соңғы сөзін, Аударды бір отты көзін, Жанарынан шырқ үйіріп, Жер мен көкті алды жиып, Сол бір көздің аясына Кеткедей ед дүние сыйып. Күй көңілді, жаз бейнелі Алтын өмір мың құбылып, Көз алдында жардай күліп, Қасақана алды тұрып. Ғашық жандай қайран өмір Қиналдырмай қалатын ба ең? Желпуші еді ол жуытпай кір, Құс жанының қанатымен. Кейде сағым кейде жалын Арбады елес көз жанарын, Көрді бәрін, құшты бәрін: Туыстарың, жан достарын... Кенет осы сұлу сурет Тұрған жайнап көзді тартып, Сұп‑сұрланып, о керемет, Орны‑орнында қалды қатып. Тұр еді ол үсте жалын Алтын тудай шалқып, лаулап, Жалп етті ту, жалт берді өмір, От төсекке түсті лаулап.

Ұшты құстар шар тарапқа Хабарлауға ер өмірін. Ұмытылды жау таптамаққа Ең болмаса қалған күлін. Бұлтын жиып көкірегіне Күрсінді бір аспан ауыр, Қос қанатын соғып жерге, Азаланып жетті дауыл, «Таптатпан,‑деп,‑ күлін жауға», Құшып алып кетті дауыл, Республика аспанында Осынау күйді шертті дауыл.

ЭПИЛОГ

Ата қазақ ақсақалды, Атыңа мін, ал домбыра, Жина жырмен ұрпағыңды, Аш кеудеңді батырыңа. Жина‑жырла, жина‑жырла Мына ұлы бата оқырға... Алтын тулы ару таңның Жаралғандай шапағынан, Жүрегіндей сұлу жардың От қанатты ақын ұлан, Жан еді бір жатқан жұмбақ, Сол бір жұмбақ шешілді енді. Қайғы отында қайрат шыңдап Түсір еске есіл ерді Аты оның еді Абдолла, Алшы жаттап, балғын бөбек, Алтын қалам алшы қолға Ағаңа ұқсап жазшы өлең! Аш жүзіңді, шашынды жи, Жас арулар шық ортаға, Ойнашы күй, ойнашы күй, Жасыңды тып, қарт ата‑ана! Соқсын дауыл даусымыздан Жырлайықшы қосылып бір! Көрдің бе, әне, сонау құздан Күле қарап Абдолла тұр!

Қиыр Шығыс. Госпиталь.1943

Аудармалар

Мұзафар Әлімбаев. Қасым — аударманың қырғиы едi 1950 жылдар басында Қасым Аманжолов бiр әңгiмесiнде қасында отырған ақынға бұрылып, шәлкездеу бiр сөз айтты. "Жақсы өлеңдi жаман өлең асырайды",– дедi. Отырғандар одырая қарасты. "Ол қалай?" – дестi. Қасым түсiндiрдi. "Жақсы өлең жазу үшiн қаншама өлең жазамын. Жасықтарын лақтырамын. Сөлi жоғын тастаймын. Сорпаға шығарын ғана кiтапқа қосамын. Сонда жаман өлең жақсы өлеңдi асырамағанда қайтедi".

  • *

Сөздiң аясынан көздiң аясы кеңiрек пе, көздiң аясынан сөздiң аясы кеңiрек пе?! 1950 жылдың басында Владимир Маяковскийдiң таңдамалы өлеңдерiн қазақшаға аударып шығаруға әзiрлiк басталды. Редакциясын көрнектi ақын Қасым Аманжолов басқарды. Аударуға әйгiлi қаламгерлер: Тайыр Жароков, Ғали Орманов, Қалижан Бекқожинмен бiрге үш-төрт жас ақындар ат салысты. Солардың бiреуi мен едiм. Әркiм аудармасын Қасымға әкеп көрсетiп алып, қайта жөндеп, қырнап жетiлдiрумен болды. Мен де өз тәржiмәларымды аға ақын алдына сан әкелдiм. Бiр жолы Маяковскийдiң бiр томдығын қолтығыма қыстыра барғанмын. Қасым аға қасына отырғызып, аудармаларымды түпнұсқамен салыстыра қарап шығып, құптайтынын бөлек алып, шалағайларын оңдырмай сызып, ескертпелерiн тұжырымды түрде айтты. Мен бөлмеден шығуға оңтайлана берiп едiм редакторым: "Мына бiр томдықты бiр күнге маған қалдырып кетшi. "Атлантический океан" деген өлеңiн аударайын деп едiм. Өзiмнiң кiтабымды бiреу сұрап әкеттi",– дедi. Екi-үш күннен кейiн кiтабым қолыма қайта тидi. Кейiн Владимир Владимировичтiң кiтабы қазақша аударылып шыққаннан соң iшiнде "Атлант мұхиты" жоқ болып шықты. "Аудармаған-ау" – дедiм де қойдым. Бертiнiректе бiр керегi болып әлгi томдықты парақтасам, 106-беттен Қасым қолтаңбасы көзiме оттай басылды. Қызыға қарадым. Бес жерге сұрақ қойыпты. Төрт сөздiң астын сызыпты. Аудармашының қолымен қазақша жалғыз-ақ сөз жазылыпты. "Слепяш" деген атауға балама iздеген болса керек. "Көз қарыта" деп қиғаштай қондырыпты. Астын сызған сөздерi мыналар: "окованным носом", "водянные глыбой", "водмячи ревком" және жаңағы "камень слепяш"... Сұрақ қойған тұстарына да тiсi бата қоймаған екен ғой. Содан ба Қасым аға әлгi өлеңдi қазақшалауға жол таппаса керек. Өз ана тiлiнде ғана сөйлейтiн аяулы сөздердi өзге тiлде қиқалақтату қиянат екенiн кәмiл бiлетiн алғыр Қасымдар мiне осылай етедi. Ал далбасалар болса, долбарлай салар едi-ау, ә?!

  • *

Қазақ поэзиясында сегiз буынды жыр екi түрлi. Бiреуi Абайдың "Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сенде бiр кiрпiш дүниеге, Кетiгiн тап та бар қалан". Екiншiсi, Қасым ақынның "Ақын өлiмi туралы аңызындағы" "Қара толқын орман шашын, жұлды талдап снарядтар..." сияқты ырғақтар. Талайлардың ұстанышы бұл соңғы өлшемдi Асқар Тоқмағамбетов, Қасым Аманжолов, Тайыр Жароковтар Ұлы Отан соғысы алдында ғана үрдiске енгiзген деп ойлайды. Алайда осы ырғақ яғни, төрт буыннан екi бунақ болып келетiн өлшем халық фольклорындағы "Есет атам ет асатар, ет асатса бес асатар" сияқты

жаңылтпаштарда да, мақал-мәтелдерде де кездеседi. Оны айтасыз, сонау "Ақтабан шұбырынды" тұсындағы қатыгез қыс азабынан туған тарихи шағын өлеңдердiң қатарындағы мына бiр өлеңдi алыңыз. Аштықтан өзегi талып аңыраған баласын анасының жұбатқаны: "Бұрынғыдай жайың бар ма, Мiнетұғын тайың бар ма? Жылағанда дайын тұрған, Қарындағы майың бар ма?". Бұны Сәкен Сейфуллин "Қазақ әдебиетi" атты 1932 жылы Қызылордада басылып шыққан кiтабында келтiрген. Сегiз буынды өлеңнiң ең көне нұсқасы осы болар-ау. Ендеше жаңа дегенiмiз – ұмытылмаған көнелер деген формуланың жалған болмағаны. Дайындаған Көлбай АДЫРБЕКҰЛЫ ("Түркістан" газетінен Мирсаид Миршакар

Поэма Алтын қыстақ Меймандос,әрі әзілқой қарияның Үйінде бір күн қонып,таттым дәмін. -Памирде туып,өстім,-деп бастады ол, Жазып ап,жыр еттім мен айтқандарын.

-Осы бір хикаяны көп жатталған Жасымда айтқан еді әкем маған, Естіпті әкем оны атамыздан, Атама айтса керек арғы бабам, Әйтеуір бір қыстақты мекендеген Бір пенде дүниеден кетем деген, Шақырып көршілерін,кешу сұрап, Бір сырын баяндапты шертілмеген: «Айтайын,тыңдаңыздар,ағайындар, Сона бір жігіт кезде қайратым бар, Аң аулап жүргенімде бір бұғыны Қудым кеп,тарқағанша шіркін құмар. Соқтырды бұғы мені тауға-тасқа, Еш айла болмады енді шаршамасқа, Тәулікке тыным алмай,талып,шөлдеп, Жығылдым тұлабойым қақсамас па, Мол жатып сол жатқаннан,көзімді ашсам: Тұр жайнап айнала тау,ашық аспан, Күмістей қар жамылған құзар шыңнан Ғажайып өзен көрдім қайнап-тасқан.

Өмірі көрген емен ондай суды! Жүгірдім аңқам кеуіп,құмартулы; Жеттім де,жата қалып жұта бердім, Басымды тасқынымен өзен жуды. Қарасам,келеді бір жүзіп алма, Дәл ондай алма өспейтін біздің маңда: Қызығып қарай бердім,аң-таң қалып, Ойнатып төңкерілтіп алақанда! Көп тұрдым,көп ойландам,ұға алмадым, Сырына түсінбедім бұл алманың. «Өмірден,тіршіліктен жатқан аулақ Қар мен мұз жамылған құз-барлық маңын,- Сен қалай болдың пайда,қызыл алма, Шырынды,шырайлы-ақсың қарағанда, Әлде бір қыстақ бар ма осы маңда? Кім қыстақ салушы еді мұз бен қарға !» Ғажайып түс көргендей қалдым жатып... Қоймады мені еркіме,таңырқатып; «Іздейін не болса да»деген оймен, Жөнелдім орынымнан,тұрдым да атып, Қалайша екенін де өзім білмен, Құлпырған сансыз гүлге кез келдім мен, Тас емес,тұрдым ұстап мына қолмен Кәдімгі қызыл гүлді нұр төгілген. Алдымнан әлдеқандай шықты адамдар, Біздердей емес сорлы,бақытты олар! Қыспен жаз,тас пен судың тілін білген, Бір солар не тілесе-бәрі болар, «Япыр-ай,неткен ғажап бұл адамдар!- Деп менің сол арада айтқаным бар, Не асыл меруерт,маржан дегеніңді Өтеді құмша басып ондағылар! Алтыннан жасай берген ыдыс-аяқ, Ұстайды алтыныңды құндамай-ақ, Еркінше ойнайды екен балалары, Жасынан көрмей қағу,жемей таяқ. Айнала шәкірттері қоршалаған Қайратты,қуанышты не шал адам!.. Араздық дегеніңді білмейді олар, «Бер»десе-екіншіс «алшылаған! Біріне-бірі бауыр,тату-тәтті. Әйелі еркін екен ер сымбатты, Еңбектен қашпайды екен бірде-бірі, Еңбексіз татпайды екен бал-шарбатты, Еңбексіз жүрсе-жаны шөлдейді екен, Сондықтан еш жоқшылық көрмейді екен.

Диқандар!Міне,осындай жұмақ көрдім, Сендерге сырымды айттым,көрмей бөтен. Жер емес,жұмақ заңы емес пе бұл: Адамы болмайды еш қартыққа құл; Қысы мен жазы бірдей,айырма жоқ, Береке,бақыт сеуіп өтеді жыл. Шетінен бәрі жомарт,сараңы жоқ, Ақылды,ақымақ бір адамы жоқ, Сарғаймас жапырағы май айындай, Бәрі шат қасіреттен алаңы жоқ. О,жарлы диқандарым!Көрдім пейіш. Көп күнәм болса керек кеудем кейіс; Екінші таба алмадым сол өзенді. Жаңылдым жолынан да,көргендей түс, Ұмыта қойған жоқпын,есімде айқын, Сол жерді Алтын қыстақ деп атайтын, Татқанмын пейіш дәмін,диқандарым, Отырып дастарқанға ортаймайтын. Бал мен май,қант пенен шай,алуан тағам, Есімде,сол адамдар тартқан маған: «Қайғысыз,михнатсыз,бізбен бірге Тұра бер!»-деп сол қауым айтқан маған, «Жоқ ешбір рақаты,күн көрері, Еліңнің берекесіз не керегі, Қорлыққа қайта оралып не қыласың, Ұмыт сен,үйіңді де!»-деген еді. Берермін нендей жауап,мен не дермін... Тұқырып көздің жасын төге бердім. Ақыры,шынымды айттым «Абзал жандар, Бақытты,азатсыздар!Құрмет көрдім; Қайтейін,қала алмаймын,амал бар ма, Сорлы әкем күтіп отыр мені анда. Қайғысы,қасіреті мойынымда, Қайырсыз туған жерде аһ ұрсам да. Талдырмаш жас шыбықтай бекімеген Жүр аңсап балаларым жетілмеген, Қайғы өртеп,зәбір көріп жүре ала ма, Сөз естіп әркімдерден «жетім»деген Ол қауым бұл сөзіме қалды налып, Тұп-тұнық тыныштығы лайланып; Күрсіне көкірегіме қарап бірі, Көзімді орамалмен қойды таңып; «Тұтқында емессің сен,үйіңе бар, Күтеміз үй ішіңмен,оны да аңғар, Кетерсің қонақ болып,туыстасып, Жолыңды болсаң егер қайта табар.

Бұл жерді мекендейміз біз жасырын, Ашпаймыз жолдың бетін,жөннің сырын, Өзің тап бұл мекенге келер жолды, Жол болсын!Өкпелетсек ет кешірім! Жолсызбен жөней тартып жеттім елге... Жарқ етті жаман үйім мен келгенде. Пейішке алыстағы үй ішімді Әкетпек болып түстім сергелдеңге: Көтере алармыз ба жол азабын, Бір тәңір арқалатса мол азабын, Не суық,не бір пәле алдан шығып Қайтерміз бұл сапарда болсақ жазым? Өзенге кетпес пе екен жартас құлап, Құз көпір опырылып,түссек сұлап; Жартастан жазатайым жалт құласақ, Жас балаң,бүркіт бүріп,жатса жылап? Бола ма жеткілікті жол азығың, Қала ма әлде жолда жиған жүгің? Күдікпен,күйінумен өтті өмірім.,. Кіреуке басты көзді енді бүгін. Жарлы боп сүрдім өмір,жарлы өлемін, Екен ғой бақытсыздық бар көрерім; Балам да,немерем де-бәрі жарлы, Алыссың,шіркін бақыт,күңіренемін... Қайдасың,Алтын Қыстақ,уа,дариға! Қайдасың,асау өзен,жалы бұйра »- Осыны айтты да ол дүние салды, Қалды орнап көкіректе бұл уақиға Арманы сөнді жанған біраз лаулап, Дірілдеп ыстық жасы түсті аунап... ...Сол бір жер нұрлы көктем,саршатамыз, Пейіштей пендесіне болған нағыз, Сол кезден «көкей кесті»күйдей тарап, Памирдің елдеріне болған аңыз. Ежелден аш-жалаңаш Памир халқы, Халімен қайыршылық шыққан даңқы; Қиялсыз тұра ала ма адам тегі, Сол жерді аңыз ету болған салты; Ақындар жырға қосқан тамылжытып, Әншілер көңілді ашқан жабырқаңқы. Дауылды,борасынды,көк нөсерлі Жол кешіп,табамыз деп сол бір жерді, Үзілген талай қыршын ізсіз-түзсіз. Адасып тау ішінде әрлі-берлі...

Біреуден артық та емес,кем де емес, Жасымда жігіт болдым жеме-жемдес; Есейе келген сайын тұйықтандым, Тастаққа ектім егін өнім өнбес. Білмедім Алтын қыстақ жолы қайда, Я жақын,я алыстан ұшырайма... Бар еді бір қайратты туысқаным, Сөз қаттым соған келіп бір ұдайда: «Бауырым,құрысын бұл иттік өмір! Шірітті жейдемді де тер менен кір, Лашығың сенің дағы бітті тозып, Үстінен жартас төніп басқалы тұр. Бір уыс арпа екен егініміз... Келмесе бұл арада босқа өлгіміз, Тілімді ал,тез кетелік осы жерден, «Ізделік сол бір Алтын Қыстақты біз!» «Мен дайын»,-деп салды ол бөгелместен, Қосылды он шақты адам жер-жерлестен; Бөлініп әр тарапқа жол іздеймізКелістік осылайша бір кеңеспен, Алдынан кімде-кімнің шықса бақыт, Хабарын берсін деп ол-болдық шешкен...

Шарафжан дейтін менің жалғыз ұлым Көз жасын төге берді таппай тыным, Жылады түні бойы әйелім де, Сертім бар алған жерден қайтпайтұғын. Табарсың астық қайдан,шықпаса егін, Азыққа алдым қышқыл ривож шөбін; О дағы жолаушыға нәр болатын, Осындай шықтық жолға тауып ебін. Түтігіп қап-қара боп,тозаң жұтып, Сан елдің соқпағы мен жолын ұтып, Барыппыз Балхыға да Ирандатып... Тянь-Шаньнің жайлауларын орағытып. Герируд өзенінде барыс аңдып, Құтылып одан дағы,кеттік қаңғып. Байларға жалдандық та,мал да бақтық, Кейде орып мак сабағын,үсті шаң ғып. Жамылып қысы-жазы жыртық шапан, Отырсақ шайханада алқа-қотан, Танау шаң,сақалымыз киіздей боп, Дервиштей шаһар кездік,болып аң-таң. Жолымыз көбінесе тау арасы, Табанды қызыл-жоса тілген тасы, Алайда,былай жүріп көргеніміз-

Болды тек қасірет-қайғы,көздің жасы. Кездесер қайыршылық қайда барсаң, Қу өмір берекесіз,әуре-сарсаң. Жас едік кеткенде біз елімізден, Қайратты ек қажымастай тасқа салсаң, Қартайдық қалжырадық,амал қанша, Таппадық сол бір жерді,жортып аңша. Қас тағдыр қабағымды аштырмаған, Жаралап,күні бар ма басқа ұрмаған, Көзіне жасы толып қоштасарда, Жақыным аштан өлді,қалдым қараң, Көз жұмып қалды ол жатып мұзды шыңда, Дірілдеп сөнді менің жұлдызым да... Құр сүлде қала бердім,қаусағандай, Таусылып тынысым да,ырзығым да. Сәбидей қалт-құлт басып қалыппын мен, Жынданып естен-түстен таныппын мен... Күндердің күнінде бір әлдеқалай Туған жер,мекенді еске алыппын мен. Қырқысып сан қырсықпен,еңбек еткен, Қорек қып,көже істеген қышқыл шөптен. Жарлы жар,жалғыз ұлдың көлеңкесі Көзіме елестейді,көрмей көптен, Төселген құрым киіз,қайран лашық, Тұратын бір бұрышта ескі кетпен!... Бірақ мен таба алмадым қайтар жолды, Түстім де сергелдеңге болдым сорлы. Адамнан аулақ қашып,үңгірге ендім, Құрысып аш құзғындай,тәнім солды. Үрпиіп,үрейленіп мен қаңғыған Шыңдарға адам түгіл,шықпайтын аң; Жаңылдым жылдың дағы есебінен, Күннің не екендігі маған тұман. Сарғайып,бас айналып,өзек тартып. Қайратты бойымдағы болдым сарқып, Жаттым мен жапырақтай солып,семіп, Үзіліп түскен жерге,күн қуартып...

Ызғарлы тыныш түнде шошып түстен Ояндым,зілдей бәле басып үстен, Қалтырап зорға тұрып орынымнан, Кетіппін сүйретіліп қалған күшпен. Шыңғырып жібердім мен,улы жылан Шыққандай,көзден кіріп құлағымнан!.. ...Алтын ба,алмас па әлде мың құбылған, Шырын ба,нұр ма әлде шалқып тұрған,

Жартастан жарқ етті бір ғажап дүние, Жарысып сансыз сәуле көз тұндырған. «Мінеки,Алтын қыстақ!»-деп айқайлап, Құлшынып қарай бердім көзім жайнап; Сұйылып қараңғылық,таң да атты, Қайырлы жолға түсіп,бастым жайлап. Сыңқылдап бұйра бұлақ сыр шертеді, Есіме түскендей-ақ бір ертегі, Бұлақтың тілін ұғар мұршам бар ма, Аруақпын жалба-жұлба екі етегі. Айналам атлас кілем неше алуан, Гүл екен,кілем емес,шалқып тұрған, Көрінді одан әрі егін-жайлар, Ақ мақта ақша бұлттай аударылған. Еркелеп еседі жел шаң шығармай, Әуелей өскен ағаш дәл шынардай, Қаз-қатар тізілген үй су бойында, Қарасаң сәулетіне көз тұнардай, Жайнаған қызыл шоқтай жемістері, Жайқалтып бақша өсірген үй құр қалмай. Сумбулдың иісінен маужыраған, Жүр ұшып аралар да бал жинаған. Қыз бала келе жатқан,көріп мені, «Ойпырым-ай!»-деді,қысып көкірегі; Бір сасып,бірде күліп,аң-таң қалып, Көзімен жеп барады мені тегі. Гиндукуш якындаймын жалба-жұлба, Жыртылып біткен екен шапаным да, Ақ шашым ұйпа-тұйпа көзге түскен, Тіс те жоқ,жабағыдай сақалым да. Ұялып,қысылсам да,сыр бермедім, Даусым зорға шығып «қызым»,-дедім; «Пендемін үнсіз-күйсіз жүрген қаңғып, Шарладым талай жұрттың ізін»,-дедім. «Егер бұл жұмақ болса,енгіз мені, Жер болса,айтшы,қалқам,кімнің жері?» Әлгі қыз келді ертіп бір жігітті, Теңер ем тұлғасына тау бүркітті, Қолында қаламы мен кітабы бар, «Кімсің » -деп сауал беріп,жауап күтті. Арыммен,адамдықпен турасынан; «Қарағым,өзің кімсің –деп сұрадым, Көз алмай сүйкімді жас тұлғасынан. «Мен,әке-ау,Шарафжаның»,-дегенде ол, «Балам»,-деп шырылдадым,қалтырап қол, «Осы ғой Алтын қыстақ дейтұғын жер,

Келіппіз екеуіміз де,пәруәрдигер, Сен қалай таптың мұны,жаным балам, Келді ме сорлы шешең,тез жауап бер!» Дегенше жиылыпты жұрт та ағылып, Сөйледі балам мені аң-таң қылып: «Әкетай,жыламашы,кел өзіңе, Сіз тұрсыз туған жерде,сен сөзіме Бұрынғы ескі қыстақ орнындасыз Тау-тасы басылмай ма өз көзіңе. Баяғы өзіміздің ескі лашық Жұртын да осы қазір тұрсыз басып, Жиырма жыл сіз кеткелі,көп адасып, Бақытты,мейірбанды,бір ел бар деп. Өткізіп өміріңді қажып,жасып. Жерде де,жұлдызда да тұрған даяр Бақыт жоқ,тәңір де жоқ сізді аяр. Жалынып жоқты қайдан таба аларсың, Адал күш,адал іспен жан марқаяр. Сіз тұрсыз жеріңізде өзіңіздің, Алдыңда жатқан жайнап көзіңіздің Гүл бақша,сонау мақта,салтанатты үйІсіміз,еңбегіміз-осы біздің. Халыққа құлай жаздап қорқу салған Жартастар әлдеқашан талқандалған, «Ойнағы жын-сайтанның»дейтін жерлер. Айналды егіндікке,еңбек жанған. Ырқына адамзаттың бір көнбеген Айғырдай асау тасқын жүгенделген, Көпір-ер салғаннан соң арқасына, Ағатын болды ақыры,айтқан жөнмен. Жуасып жарым сайтан,жарым тұлпар, Ақыры,жөнге келді долы қиқар, Сақалын үш айыра тарап тастап, Секіріп бөгеттерден,болды бұрқар. Ғажайып сансыз сәуле мың құбылған Сиқырмен шыққан емес қараңғыдан. Чанг мен рубаб сынды күй шалқиды Ақ тамнан су үстінде ана тұрған. Оның да сымдары бар-төгеді үн, Тартады білетін жан оны бүгін. Ән-күйдей құйылады нұр мен сәуле, Жоқ,ешбір кереметі және мұның, Сөзіме иланыңыз,жалған емес, Бұл ара жұмақ емес,жан жоқ өлмес, Көрдік біз көп қиындық;өлді шешем, Басына ектім ағаш,өсті дербес...

Тым ауыр болды әрбір қадамымыз, Біткен жоқ Алтын қыстақ-арманымыз, Жолымыз алға апарар жатыр сайрап... Жүр,әке,үйге барып,демалыңыз».

Осылай Шарафжаным деді маған, Ілесті соңымыздан барлық адам. «Боламыз бір тұратын бұдан былай, Кілемге жантайыңыз,жайды балаң, Киіңіз менің таза көйлегімді, Тастаңыз бұл шапанды жалбыраған». «Кетпенім қайда,балам? –дедім,-менің. Жарамас қайыршыдай,бұл келгенім, Қайда екен ескі шотым,бұл арада Келіспес еңбек етпей сенделгенім. Астыңда арғымағың отты ағын, Жүйткисің,қайтып қарап отырамын, Тот басқан кәрі серік кетпеніммен Түртейін туған жердің топырағын; Осылай болсын,балам,өлген жоқ қой Екі қол қимылдаса көңіл тоқ қой!» Түс емес мұның бәрі өңім аян, Колхозы «Лениннің»болды саям!- Деп едің,Рушанның бір қариясы, Жазып ем,жырға айналды бұл хикаяң; Өзімнен қосқаным жоқ ешнәрсені, Айтқанын қалдырмастан еттім баян. Тірегі тарихымның,сүйеніші, Тәңірден,періден де басым күші, Памирға мені апарған құдіретімен, Ғасырлар абыройлы-қайырлы ісі,- Жапырақ жаңартса да жылдан жылға, Емендей өсе берер сол қалпында, Өмірде көргені көп,өлмегі жоқ, Халқың ғой бақытың да,қуатың да!

А.С.Пушкин Қысқы кеш Кешкі аспанда алай-түлей Соққан боран көк дүлей; Кейде ұлиды аш бөрідей, Кейде жылап сәбидей. Тозған лашық қамысындай Суылдайды кейуақыт; Түн қатқан бір жолаушыдай Қағады әйнек бейуақыт. Әрі мұңды,әрі күңгірт Баспанамыз кеш құрым Алдында әйнек болып жым-жырт Неге отырсың кемпірім. Әлде, досым,қажыдың ба, Боран ұлып,бұйығып? Әлде,талып қалғыдың ба, Ұршығыңды иіріп? Кел,ішелік осындайда, Жарлы жастық серігім; Ішелікші,кружка қайда? Бір тарқасын шер бүгін. Жырлашы бір,көк шымшық құс Теңіз жайлап қалғанын; Жырлашы бір,жас мұңлық қыз Ертемен су алғанын.

Кешкі аспанда алай-түлей Соққан боран көк дүлей; Кейде ұлиды аш бөрідей, Кейде жылап сәбидей. Кел,ішелік осындайда Жарлы жастық серігім; Ішелікші,кружка қайда ? Бір тарқасын шер бүгін. Чаадаевқа Махаббат,үміт,арзан мансап Бізді біраз алдап бақты, Балалық желік кетті тарқап Таңғы тұман,түс сияқты. Өшпеді,бірақ тілегіміз, Көрсек те заман қаталдығын Асыға соғып жүрегіміз. Тыңдаулымыз Отан үнін. Талыға толқып күткен жарын Махаббатты жас жігіттей, Еркіндік езгу келер шағын Күтуліміз тәтті үміттей. Азаттық аңсап,шөлдегенде, Тазасында арымыздың, Арнайық,досым туған елге Игілігін жанымыздың.

Илан,жолдас,тумай қоймас Бақ жұлдызы біз аңсаған; Көтерер Ресей ұйқыдан бас, Күл-талқан боп озбыр заман, Ардақтап жазар атымызды адам. Ақынға Ақын!Халық сүйді деп,таспа бекер, Минуттік мақтау шуы өтер-кетер; Естірсін ессіз сотын,сұмдар ниетін, Сонда да сабырлы бол,саспа бекін. Өзің патша тұр жалғыз.Еркін жолмен Ақылыңа ер дағы жүре бер сен, Өршіт ойдың жемісін игілікті, Бірақ оған сұрама сен сыйлықты. Сыйлық та бар өзіңде,билік те бар, Өз еңбегің өзіңмен бағаланар, Ризамысың,сен соған,суреткерім?

Ризамысың?Мейлі олар сөге берсін, Саған қарсы қарғысын төге берсін, Мейлі сенің бүлдірсін треножнигің. Еркіндік Аулақ менен,жоғалшы көз алдымнан Нәзік ханша,махаббат деп аһ ұрған! Қайдасың сен,бостандықтың жыршысы Патшалардың зәре-құтын қашырған? Келші,жұлшы тажға таққан гүлімді, Қират нәзік лираны да бүгінгі, Дүниенің бостандығын жыр етем, Зұлымдыққа атамын да зілімді. Алуан шатақ арасында әбігер Болып өткен,еркін ұлан-жауынгер Батыл үнмен салған ұран бір кезде, Абыройлы сонау галлдың жолын бер! Жеңіл тағдыр желігіне мастанған Дүниенің озбырлары!Бол талқан! Сендер тыңда,қайрат шақыр,көтеріл, Жауыздықтан жанышталған құл-құтан!

Амал қанша!Айналамның бәрі сор: Ауыр азап,құрып қойған темір тор, Сорлы тұтқын сор боп аққан көз жасы, Заңды-заңсыз жойып жатқан пәлеқор. Жалған жаным түнегі бір шытырман. Отыр билеп не бір сұмдар құтырған, Құлдық өмір данышпаны қаһарлы Қияпатты құмарлыққа ұмтылған. Қасиетті еркіндікті қадірлеп, Құдіретті заң жүргізіп,ел билеп, Отырмас па патша деген тағында Сорлы халқын езе бермей жәбірлеп Әділ заң мен еркіндіктің семсерін Берік ұстап,басқармас па елдерін, Тең адамдар төбесіне тигізбей, Білмес пе ол кімнің басын кесерін.

Жоғарыдан сілтеп әділ қылышты Түссін қиып қиянатты,қылмысты, Болмасын ол қалтыраған су жүрек, Болмасын әм ұры-қары жымысқы. Билеушілер!Таж бен тақты заң берді, Артық етіп жаратқан жоқ сендерді, Заңнан биік бола алмайсың қашан да, Биік шығып билегенмен елдерді. Әділетті,заңды қадір тұтпаған, Не патшасы,не халқы оны ұқпаған, Соры қалың саңылаусыз елдердің Салдыр-салақ самарқау боп ұйқтаған. Адастырып таж бен тақтың кеселі, Дарға асылған даулы күнде кешегі, Әлемге аян қаталдардың құрбаны Кәрілікке шақырамын мен сені. Сол Людовик абыройдан айрылған Дарға асылды,

Кім болды оған қайғырған? Үнсіз-түнсіз тұрды қарап ұрпағы, Жауыздықтан жүректері шайылған. Халық үнсіз, Заң да үнсіз,тым-тырыс, Түсті қырқып басын оның сом қылыш... Міне енді тағы да бір жауыздық Француздарды етіп отыр бір уыс. Озбыр жауыз!Өзіңді де,тағыңды Жек көремін,жеркентесің жанымды! Қаһарлы,өр қуанышпен күтемін Тұқымыңмен сенің құрығаныңды! Қара бетің,қарғыс таңба басылған, Халық сені қарғап қойған жасыңнан, Бұл дүниенің құбыжығысың,сұмпайы, Тәңріге де дақ келтірген антұрған!

Жарым түннің жұлдызынан нұр алып, Күңгірт Нева ағады жай бұралып, Сабырлы ұйқы салмағынан жаншылып, Алаңсыз жұрт жатқан кезде демалып, Көз алдыңда ойлы жыршы ұланның Тұрады есіз ескерткіші тиранның, Құлазыған,ұмытылған зор сарай, Нық ұйқтаған арасында тұрманның. Түсі суық сол сарайдан шыңғырған, Жан түршігер үн естиді жыршы ұлан, Калигула сықылданған неменің Соңғы түні өтеді көз алдынан. Лента,жұлдыз тағып,сырты құлпырған, Араққа ашу араласып,жұлқынған, Түсі суық,су жүректі жендеттер Жеті түнде сол сарайға ұмтылған.

Үндемейді арам ойлы күзетші, Көпір дайын көтеріл де тездетші. Түн ішінде тұр ашулы қақпалар, Тапқан жөнін жалдап қойған қызметші. О,масқара!О,замана сұмдығы! Ұмыт болып дәл кешегі құлдығы, Аңша келіп бассалды олар патшасын, Тепкіледі тажды жауыз-жындыны. Соның бәрін ұмытпаңдар,патшалар Сендер берер сыйлықтар мен жазалар, Қанды қапас,қарғыс,нәлет-бәрі де Қорған емес,өздеріңе көр қазар. Онан дағы әділ заңның алдында Бас иіңдер,аспа-таспа,қағынба, Халықтарға бостандық бер,тыныштық бер, Сонда ғана отырарсың тағыңда. М.Ю.Лермонтов . Еврей сазы

(Байроннан) Жаралы жаным менің.Тез,тез,әнші, Арфаны мынау алтын қолыңа алшы. Жорғалап жөнелгенде саусақтарың, Пейіштің ыңыранып күйі ояншы. *** Біржола үміт,арман қалмаса өліп, Кеудемде бір оянсын тебіреніп; Суалған көздерімде бір тамшы жас Бар болса,балқиыншы соны төгіп. *** Мейлі әнің болсын тағы тағдырымдай, Маған жат шаттық үні,о құрбым-ай, Келеді бір жылағым,абзал жыршым, Тұрғанда көкірегім қарс айрылмай. *** Сіңіріп көп қасірет жұтқан ұдай Булыққан жан сарайым бір ашылмай; Соқты енді қатал сағат толды кеудемАжалдың уға толы шарасындай. Тұтқын

Ашыңдаршы тар қапасты, Көрсет күнді,соқсын жел. Қара көзді қарындасты, Қара жалды атты әкел! Жас сұлуды сүйейін де, Құмарта бір құшайын, Ырғып атқа мінейін де, Қырға жел боп ұшайын. Түрме есігі құлыптаулы, Терезесі тым биік: Алыс жатыр қыздың аулы Үлде киген,гүл сүйіп. Жасыл дала,жүгенсіз ат, Жүр жайылып еркімен; Ортқып ойнап,тауып рақат, Құйрығын жел желпіген, Жұбаныш жоқ жалғызбын мен, Жан-жағым жар,сыз бен шаң, Сәулесінен күдер үзген Өлеусіреп жанған шам. Есік сыртын естіп анық, Отырмын мен,түн іші; Ерсіл-қарсыл басады нық Тілге келмес торушы. Қанжар

Серігім әрі жарқын,әрі ызғарлы, Сүйемін асыл болат бұл қанжарды; Кекке арнап ойшыл грузин соққан сені, Қайраған еркін черкес бір қаһарлы. Сыйлаған сені маған бір сал білек, Қоштасып аттанарда ал белгі,деп. Қан емес,алғаш сенен сорғалағанМаржаны қасіреттің-жас мөлтілдеп. Қара көз қайғы толы жасы іркілген Кезінде көкірегіме тік үңілген,- Жүзіңдей сенің асыл от шалынған Бір сөніп нұр сәулесі,бір тірілген. Белгісі ең махаббаттың маған серік, Ілестің жолаушыға,үлгі беріп, Айнымас жаным менің,болат достым, Өзіңдей,дәл өзәңдей болар берік. Желкен

Теңіздің көкшіл тұманында, Жалтылдайды жалғыз желкен. Елінде несі қалды артында? Жат жерден не іздейді екен? Ышқынған толқын,ысқырған жел, Сықырлайды әлсіз діңгек. Бақыттан қашып жүрген жоқ ол, Жүрген жоқ ол бақыт та іздеп! Астында көкшіл теңіз лайсыз, Үстінде күн сары алтындай. Тілейді дауыл ол мазасыз, Рақат содан табатындай. Н.А.Некрасов Сұрқия жыл Сұрқия жыл!У-шу етіп газетті, Қырғын-сүргін сұмдық тағы кеп жетті. Қан ағызу,кісі өлтіру ниеті Ақырында мені әбден қажытты. О,махаббат!Қайда сенің бар күшің? Ақыл-сана!Қайда еңбегің.Жемісің?! Жауыздық пен зомбылық той тойлап тұр, Үстем етіп оқ пен найза,қылышын.

Мына сұм жыл,соғыс,жанжал ұрығынЕкпек біздің ұрпаққа да күн бұрын, Жиһанда жоқ жан саясы тыныштық үн, Махаббат та,бостандық та жоқ бүгін. Қайда болса кекті араздық,қорқақтықСонда халық қанға жүзіп жүр малтып. Көк күрсініп,уһілейді дүние; Жалғыз-ақ сен,бақыт қызы әулие- Поэзия,үндемейсің тіл қатып. Амал қанша,даусың бүгін болды әлсіз! Қаларсың сен болып жұртқа ұнамсыз, Қараңғыда ағып түскен жұлдыздай, Не жапанда солған гүлдей құнарсыз. Аулақ,аулақ!Кесапатты шүбәлар, Қалай сендер ойға келіп қалдыңдар? Білемін құп,поэзияны ардақтар Әлде болса талай отты жүрек бар!

Туғанда олар,тұр еді атып нажағай, Сол нажағай қан ағызды дариядай, Ол сүйкімді езгі жандар түршігіп, Дауылдағы қорыққан құстай үрпиіп, Қалды күтіп,жарық сәуле,жылы жай. Ақынға (Шиллерді еске түсіру) Қайдасыңдар жыршысы махаббаттың, Бостандық пен татулық,ерлік даңқтың? «Қан мен қанжар»ғасыры!Жендетті-ер деп, Жер төріне банкирді тағы орнаттың! «Ғасырға ақын қажетсіз»-дейді бұл жұрт, Ақын да жоқ...Жыр тәңір болды жым-жырт... О,кім енді түсірер жан есіне Оның ұлы рухын,қалар ма ұмыт? Кешір дағы күнасын соқырлардың Қайт өмірге,шабытты жыршы ұланым. Мегзеген жұрт үстінде қайта жансын, Арам қолдар өшірген шам-шырағың.

Нажағайын аспанның сен қару ет! Біздің мең-зең рухты жоғары өрлет. Езгілік пен сұлулық сипаттарын, Сонда ғана адамзат шындап көрмек. Махаббаттан,достықтан елді азғырған, Күштеп көрнеу араздық жолға салған Опасыз сұм жауыздың атын өшір, Жазала сұм жендетті күнәланған. Бұл әлемнің сезімін,езгі ісін. Келістіре көркейтер жалғыз сенсің. Кеудең сенің махаббат,шындық төрі, Ұлы өнерпаз қуғынды көп көргенсің. Таңертеңгі саяхат «Неткен ғажап астана,- Көңілді біздің Петербург!» (Лакейлер жыры)

Қойды-ау бір атып-атып,тәуба құдай! Түнімен дөңбекшідік біз ұйықтамай, Жоқ шығар бұл қалада көз ілген жан, Зіркілдеп зеңбірегі,атты-ау тынбай. Астана!Түгел тұрып жылап хаққа, Неваның тасқынынан сасқан шақта. Ұйықтайтын дәрмен бар ма!Өтті қатер, Тартылып барады су арна жаққа. Басталып келе жатыр жексұрын күн, Лас,күңгірт,желді,дымқыл,оқта-соқта. Ах,біз бе дүниеге күле қарар! Төгілген күңгірт шырмау емес тарар, Тұрады терезеңнен жас сорғалап, Ашылмай дымқыл тұман,жаңбыр мен қар! Бойыңды жаздырмайды,қорланасың, Ыршып кете жаздайды көзден жасың... Құрысын,кетейінші көше кезіп... Кеттім мен.Көрдім»қызық»,не қыласың!

Үстінде Исаакиев көпірінің, (Шығарып әлде кімнің жаназасын.) Жай жүзіп бара жатты қара табыт, Қоршаған еш пенде жоқ айналасын. Поп та жоқ,жақын да жоқ,ерген қоршап, Жабылған оқа да жоқ зерлі шашақ, Табыттың қақпағына сарт-сұрт тиіп, Сабалап келе жатыр жауған бұршақ. Қолында арбакештің ұзын бишік, Көтерем ат жонына тиед шып-шып, Осылай арқа жоны ақтаңдақ боп, Жануар әлін жиып,түседі ыршып. Үстінде жұмсақ арба бір офицер, (Офицер деген неме қандай есер), Жүйткітіп келе жатты айқай салып, Арнайы табыт салған өтті қағып.

Қақпағы кетті ұшып анадай жер, Арбадан төңкеріле түсті табыт. «Ойбай-ай,бауырым-ай,бауырым-ай! Тірлікте қор етіп ед сені құдай, Қу тағдыр аямады-ау өлгенде де... Кеше сен өртте қалдың,о,сормаңдай! Бір сайтан қағып өтті енді бүгін! О,Макар,шын бишара едің қандай! Сүйегі тұрған үйі кетті өртеніп. Кетіпті жұрт ұмытып,тек мен көріп, Табытын аман сақтап алып қалдым. Көрдің бе қырсығуын енді келіп! Жазмышта мол екен ғой мұның соры... Құдай-ай,шығып кетті-ау мына қолы... Деп әуре болып жатты жалғыз кемпір. Жалпылдап желмен ойнап жыртық тоны, Киіпті аяғына ер етігін, Білетін жан сияқты өлік тілін, Үнінде өкініштің белгісі жоқ, -Қарашы,жер жоқтай-ақ жүретұғын, Құлатып кете барды жынды неме!- Дейді ол.Мен келдім де,дедім: «Бұл кім?» -Кім болсын.Чиновник те.Бір кездерде, Істепті департамент дегендерде. -Жайлаған емін-еркін Петербургті! Әйелін жоғалтыпты тасқын селде, Өтіпті өмір-бақи көшіп-қонып, Шыдапты он төрт рет өртенгенде. Бас еркін құрбан етіп қызмет еткен! Кеңседе отырумен күндері өткен. Мейрамда бастықтарға жағынам деп, Жүгіріп,аяғы да күс боп кеткен. Ақыры ауырды бұл суық тиіп, Шақырыпты қарындасын қиыр шеттен, Бірақ та жібермеді оған ақша, Келмеді қарындасы сол себептен. «Ақыры жалғыз жатып болдым өлер, Бір пенде табылар ма мені көмер? Сен көмші,ең болмаса».деді маған. Шошисың ышқынғанда,пәруардигер! -Беріп кет етігіңді,-дедім,-маған, Ашылмас,бұл жаңбырдың беті жаман, Әйтеуір өлесің ғой,көмейін менБейітке жалаң аяқ қалай барам? Басын бір изеді де,сөз айта алмай, Мол кетті,сол кеткеннен,бір қайрылмай.

«Сен тіпті аямаған сықылдысың» Аяу ма.Күйім бар ма аяғандай? Мәселе аяуда емес,жерлеуде тұр. Күн мынау,зират құрғыр алыс жатыр. Жарлы жан тірлігінде жарымаған, Өлген соң болады екен тапа-тақыр. Сатулы табыты да,қабыры да, Наны да,шырағы да,сақта құда. Осы бір тым көңілсіз сырды шертіп, Жай басып зиратқа да келдік жетіп, Өлікті ап кең есіктен біз енгенде Жұрт тұрды шіркеу ішін күңірентіп. Тар шіркеу жұртқа толған тұншықтырып, Зиратқа саяхаттап кеттім жүріп, Іздедім белгісі жоқ бір қабырды, Қойнында бір ұлы күш жатқан тынып. Үш рет орағыттым,-таба алмадым. Келдім де,күзетшіден жөн сұрадым. Досымның аты-жөнін,лауазымын Сұрады ол бес қайтара-мен шыдадым. Күзетші жауап берді: «Білмедім»деп, «Ал егер көрем десем өзің іздеп,- Баста да мына шеттен аралай бер, Айтайын белгілерін болсаң білмек: Басында кіреші бар болса егер,- Ол жатқан не бір мещан,не офицер, Ал егер құлпытасы болса үлкенОл жатқан чиновниктің бірі дей бер. Крес те,құлпытас та бұйырмаса,- Не әлгі ақындарың,не кедейлер». Күзетшім,мың рақмет сізге,дедім, Ол күні қабырды мен іздемедім. Жаңағы кемпірімді тауып алып, Өлікті жерлеу болды бар қызметім. Күн тұрды бұрынғыша іріп-шіріп, Денеңді жауған жаңбыр түршіктіріп, Өліктер дүниесінде келе жаттық. Кез келген қабырға кеп бір сүрініп. Алдымыз жатқан батпақ басқан тұман, Көзіңді,көңіліңді жасқандырған, Үй түгіл өсімдік жоқ,бір өлі жер, Тек қана ызың қағып жел ұлыған. Әнеки көрінеді жалғыз ноқат: Жаңағы күзетші ғой күтіп тұрған, «Тездет»деп бұйрық бере айқайлайды, Солқылдақ көпір сапты сырғауылдан,-

Қалтылдап сол көпірден өттік зорға, Өлікті алып жеттік қазулы орға. Қабырға құйылған су лай-батпақ Келіпті белуардан,біздің сорға! Амал не,табыт кетті сүңгіп суға, Батпақпен бастыруға келді тура. Тағдырдың мазағына назаланып, Тәңірмен кемпірбайғұс ұрсысуда. Бишара,көрдің-ау сен не сойқаңды! Сұм тағдыр тонамаған несі қалды? Құдай да бір қинаса қатал екен, Кеше өрт,бүгін суға тағы салды. Кемпірдің көзім түсті келбетіне, Жүзінде тұрған тұнып қасіретіне, Үн-түнсіз ишарамен басымды иіп, Қоштасып,кете бардым өз бетіме. Ризамын,көшеге мен бос шықпаппын, Бой жаздым, «тым көңілді»ермек таптым, Зираттың сахнасынан көрдім концертӨмірі дайындаған адамзаттың.

Т.Г.Шевченко «Жел қияққа сыбырлап» Жел қияққа сыбырлап, Сырласады тоғаймен, Жалғыз қайық қалтылдап, Келеді ағып Дунаймен. Су лық толған қайықты Тоқтатпайды еш пенде; Кім тоқтатсын, балықшы Бұл дүниеде көшкенде. Телегей теңіз,көк жойқын Қайық ағып барғаны, Ойнап еді көк толқын Жаңқасы да қалмады. Сол жел қайық сықылды Жетім кетер жат елге, Онда да азап күтулі, Дайын қауіп-қатер де. Ойнар онда адамдар Теңіздегі толқындай. Сорлы жетім төксе зар Маңдайынан сипар жай. Іздеп көрші соңынан Қайда екен деп сол жетім? Көрмегендей оны жан, Пенде шықпас білетін. «Тұрсам да Украинада,не жат жерде»

Тұрсам да Украинада,не жат жерде, Әйтеуір бір сүйретілген бір өмір ғой. Еске алар,не ұмытар мені пенде, Қалсам да қар астында,бәрі бір ғой. Ержеттім еріксіз боп жат ортада, Бақыты ашылмаған бір сормаңдай, Жылармын,өлермін мен жан Қапада, Барымды әкетемін дым қалдырмай; Еріксіз жат жайлаған туған елім,- Сүйікті Украинада ізім қалмас, Ата-баба ұмытып қайран елін, Ең болмаса бір мезет есіне алмас. Әкесі айтпас,қасына ап жалғыз ұлын: «Украинаң үшін бір жалбарын»деп, Мүмкін айтса,-баласы алмас тілін, Бәрібір ғой неғылам оны елеп.

Бірақ мына адамның айуандары Ұрлап,қорлап елімді көрнеу өртеп, Жүргенінде оятар Украинаны, Сонда бірақ айтпаспын бәрі бір деп. «Жалғызбын мен,жалғызбын» Жалғызбын мен,жалғызбын Сортаңдағы сояудай, Не бақытты,не сыйды Бермеді маған бір құдай; Сұлулықтың жұрнағы Тек қарақат көз берді. Жалғыз қыз боп жылаумен Жанары оның тез сөнді. Аға,апа,не сіңлі Дегендерді білмедім, Жат ортада бойжеттім. Ешбір жанды сүймедім. Қайда менің жан жарым? Қайдасың дос-жарандар? Олар жоқ...мен жалғызбын, Болмас менде сүйген жар. Өтеді күндер Өтеді күндер,өтеді түндер, Өтеді жазым зымырап, Соғады дауыл,солады гүлдер. Сарғаяды жапырақ.

Ой ұйқыда,жүрегім жым-жырт Сөнеді көздің жанары;. Бәрі ұйқыда жатыр ғой мүлгіп, Тірліктің жоқ еш хабары. Осынау жарық дүниеде Бармын ба мен,-білмеймін. Қаңғалақтап жүрмін бе әлде, Жыламаймын,күлмеймін. Сыбағам қайда,сыбағам? Жоқ па сірә ешқандай?! Жақсылық менен аясаң, Жамандық бер,а құдай?!! Берме ұйқы кезбе жанға, Жүрегі бос қатпасын, Ұсап сұрсыз қу томарға Бұл дүниеде жатпасын. Берші өмір,бер махаббат, Жүрекпен сүйсін адамды, Ол болмаса, етіп талақ Өртесін мына жалғанды. Қандай қиынқаза тапсаң Тар қапаста,зынданда. Еркіндікте ұйықтап қалсаң, Қиынырақ содан да.

Ұйықтап өтсең өміріңде, Ұйқың ешбір қанбаса, Тірлігің не,өлгенің не, Ешбір ізің қалмаса. Сыбағам қайда,сыбағам? Жоқ па сірә ешқандай?! Жақсылық менен аясаң, Жамандық бер,а құдай!.. В.В.Маяковский Марш

Шықты еліріп Сұм буржуйлар, Қолын созып Аспан көкке, Жинал,жолдас, Пролетарлар, Отырыңдар Самолетке? Шегін кері,жаулар арсыз! Жұмысшы мен шаруалардың Елі ұшырған сұңқарлармыз! Атты әскерлер өтпес жерден, Табан тимес, Қиын белден, Қуған талай Жау құзғынын, Ер қанатты Туғызды ұлын. Алға Бұйра бұлтты жарып! Жарқылдатып, Қанат қағып, Ұшамыз біз Одан ары, Жұмысшы мен шаруалардың Елі өсірген Ұшқыштары. Қанмен аршып, Жолдар ашып, Сынас жаумен, Сынсын сағы: Жеті қат көк Аспан асып, Орнатыңдар Коммунаны! Арасында жұлдыздардың Желкілдесін жалауымыз! Үкіметін жұмысшының Өркендету талабымыз. Жұмысшы мен шаруалардың Біз құстары-ұшқыштары! Қоштасу

Автоға келдім, Соңғы ақшамды ұсатып, -Марсельге қашан? – Бар сәулеті көз тартып, Жүйткіді Париж Жолға мені ұзатып. Көзіме басып, Қоштасайын құмартып. Күйінсін жаным Сентименталдық орнаса. Парижда мен Тұрар едім,өлер де едім, Егер Москва деген бір жер болмаса. Аламыз жаңа винтовка Аламыз жаңа винтовка, Жалаулар тағып штыкке! Даярлар мерген Кружокқа Барамыз әнмен біз тіке. Бір! Екі! Қатарға! Отряд, Бас алға! Бораса соғыс бір кезде Келсе тағы түнеріп, Нысанаға дәл көздеп Мылтық ата білелік. Адымда Нығырақ! Дәл көзде, Мылтық ат!

Күн туса елім ағылтар Армиясын майданға,- Боламыз біздер санитар Жорықтар қанат жайғанда. Оқ тисе Орманда, Сақтаймыз біз сонда. Үнсіз,шусыз жау барлап, Дыбыссыз аяқ басамыз; Жас томарды аралап Жау ұясын ашамыз. Еңбектеп Күндіз де; Болсын Түн бізге. Жарқылдап жаңа винтовка Жалтылдайд жалау штыкте: Даярлар мерген кружокқа Барамыз әнмен біз тіке. Бір! Екі! Қатарға! Отряд, Бас алға! Джорж Байрон Чайльд Гарольд Поэмадан үзінді Британияда тұрыпты бір жас жігіт, Езгілікке ден қоймай,дел-сал болып; Күндерін ол өткізді көп қыдырып, Бос сандалыс болды оған-ұлы мақсат,

Жалғыз-ақ,зор қырсыққа иді басын. Жұрт не ұнатса-бәрі де оған ағат, Тек той-топыр болды оған бар қанағат, Бөлді әумесер,зинақор ықыласын. Чайльд Гарольд,оқушым алдыңызда, Қай тұқымнан екенін кермейді айтқым, Бірақ та,бір кездерде ардақталған Әйтсе дағы ұрпақтың қылмыстары Ата-баба қадірін етеді лас, Шежірешіл адамның айтқандары, Шешен сөзі,не жыршы мадақтары, Оны енді қайтадан ақтай алмас.

Кең аймақта айналған шегірткедей Дүниеде ол,әйтеуір жүре берді. Ойда жоқта,өмірін бейне гүлдей, Жауыз қайғы жоярын ол білмеді. Міне енді,ауыр жыл келіп жетті, Сонда ғана өз халін білді анық, Тағдырын ол сезген соң қасіретті, Туған елі Гарольдқа тар боп кетті,- Күркесіндей монахтың етті тарлық. Бар күнәсін арқалап,несіп жолменКеле жатты,мадақтап аруларды; Соның бірі Гарольдтың көңілін бөлген, Амал қанша!Құша алмад сүйген жарды... Бақытты екен,опасыз махаббаттанҚалды әйтеуір мақсатын сақтап таза, Болар еді әйелін ашулантқан, Айнымалы махаббат кәрін тартқан, Үй ішінің шатағы алып маза.

Бар үмітін тауысып,шектен шығып, Достарын да ақыры қойды көрмей; Кейде жасы көзінде тұрды іркіліп, Менмен Чайльд жүреді еш сыр бермей; Құшағында қайғының жүрді жалғыз: Міне енді,талақ қып туған елінКөнді сапар шегуге жолға алыс, Табу үшін басқа жай,басқа қоныс, Тозаққа да кіруге буды белін. ...Кеште,күннің батуын тамашалап Тұрды да ол,арфасын қолына алды, Әдеті еді,ойласа оңаша қап, Ұшыратын қанатты қиялдарды; Тиді қолы арфаның ішегіне, Қоштасарлық қоңыр саз баяулатты; Арпалысып толқынмен осы кезде Түн жамылып сапарға шықты кеме, Туған жерді жасырып толқын жапты. Романс

Сұлулығын асырам деп Кім таласар сенімен? Теңіздегі күй естілед Сенің нәзік үніңнен. Алыстағы океанда, Естілгендей,күй тұманда, Толқын сүйіп ескен желдей, Тәтті ұйқыда өтер тербей. Түн ортасы болғанда,айСуға сүңгіп шомылар, Ұйқыдағы жас баладай Теңіз жайлап дем алар. Сонда жанды қиял кернеп, Сұлу сымбат демді тербеп, Жанға тиіп сенен әсер, Көңілдегі толқын өсер. Альбомға Жапанда жалғыз бейіттей Жолаушыға ой салған. Көңілсіз жырым бір беттей Көзіңді тартсын нұр тамған. Көп жылдар өтер,оқырсың, Ғашығың болған жас қыршын Ақынды еске ап толқырсың. Ұқ сонда оны өлген деп, Жүрегін мұнда көмген деп.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙