TELEGEI

Home

Атилла

Самат Өтениязов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Атилла

«Аруна» баспасы «Шығыстың ұлылары» атты топтаманың жалғасын ұсынады. Балалар мен ересектерге арналып қазақ және орыс тілдерінде жазылған бұл көркем суретті туындыда Еуропа халықтары тарихында елеулі орын алған ұлы ғұн билеушісі Атилланың (400 – 453 жж.) өскен ортасы, билік жолындағы күресі, Батыс ғұн империясының тағына отыруы, Еуропаға жасаған әскери жорықтары, Рим империясымен қарым-қатынасы, ке

Аттила Аттила Аттила Аттила Аттила А С. Өтениязов

ББК 63.3 Ө 82 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Өтениязов С. Аттила. Тарих, тұлға, уақыт. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС. 2005. – 96 бет. («Шығыстың ұлылары» топтамасы) ІSBN 9965-26-064-8 «Аруна» баспасы «Шығыстың ұлылары» атты топтаманың жалғасын ұсынады. Балалар мен ересектерге арналып қазақ және орыс тілдерінде жазылған бұл көркем суретті туындыда Еуропа халықтары тарихында елеулі орын алған ұлы ғұн билеушісі Атилланың (400 – 453 жж.) өскен ортасы, билік жолындағы күресі, Батыс ғұн империясының тағына отыруы, Еуропаға жасаған әскери жорықтары, Рим империясымен қарым-қатынасы, кенеттен қаза табуы, т.б. балалар дүниетанымына лайықталып қызғылықты суреттелген. ББК 63.3 Барлық құқығы қорғалған. «Аруна» баспасының жазбаша рұқсатынсыз кітаптан үзінділерді, суреттерді көшіріп басуға болмайды. 00 (05)-05 ІSBN 9965-26-064-8 © «Аруна Ltd.» ЖШС, 2005 Ө 82 Ө

Мазмұны Мазмұны Еуропаға қоныс тебу Еуропаға қоныс тебу .................................................................................................... Еуропаға қоныс тебу .................................................................................................... Еуропаға қоныс тебу ....................................................................................................6 Көрегеннің көріпкел сөзі Көрегеннің көріпкел сөзі ......................................................................................... Көрегеннің көріпкел сөзі ......................................................................................... Көрегеннің көріпкел сөзі .........................................................................................8 Балалық шақ Балалық шақ ....................................................................................................................... .......................................................................................................................20 Аманат Аэций Аманат Аэций ............................................................................................................. .............................................................................................................25 Еркін халық Еркін халық ............................................................................................................................. .............................................................................................................................32 Аттила Аттила ........................................................................................................................................ ........................................................................................................................................34 Шәкірт Аттила Шәкірт Аттила ......................................................................................................... .........................................................................................................36 Әділ кес Әділ кес Әділ кесі Әділ кесі Әділ кес Әділ кесі Әділ кес Әділ кесі Әділ кесі Әділ кесі Әділ кес м, нық шешім ім, нық шешім ім, нық шешім ім, нық шешім ім, нық шешім ім, нық шешім і .............................................................................................. ..............................................................................................5 ..............................................................................................5 .............................................................................................. ..............................................................................................5 ..............................................................................................50 Тақ басындағы Аттила Тақ басындағы Аттила ............................................................................... ...............................................................................53 Аттила мен Кримхилда Аттила мен Кримхилда ............................................................................ ............................................................................62 Аттила мен Онория Аттила мен Онория ............................................................................................... Аттила мен Онория ............................................................................................... Аттила мен Онория ...............................................................................................73 Жаңа жорықтар Жаңа жорықтар ......................................................................................................... .........................................................................................................7 .........................................................................................................7 ......................................................................................................... .........................................................................................................7 .........................................................................................................75 Каталауния шайқасы Каталауния шайқасы .......................................................................................... ..........................................................................................78 Аквилей қаласын алу Аквилей қаласын алу ............................................................................................... Аквилей қаласын алу ............................................................................................... Аквилей қаласын алу ...............................................................................................86 им қақпасы алдында.............................................................................................93 им қақпасы алдында.............................................................................................93

ен даланы еркін кезіп үйренген халыққа қоныс

аударып, жанына жайлы жер іздеу – үйреншік-
ті іс. Дала төсін дүбірлетіп, сайын даланы мекен ету

– көшпелілердің өмір салты. Алайда көз тіккен жері-

не ат басын бұрып, жал-құйрығын төгілтіп, бетіне
ескен самал желге кеуде кере дүрк-дүрк желу бір бөлек.
Жауыңнан жеңіліп, еңсеңді ертеңгі күнді ойлап езгі-
леу бір бөлек.

Кешегі күнгі даланы даң, адамды таң қылған
көшпенді өмір ұлдары ат жалына басын салып жай
ілбіп келеді. Олай болғаны, ат тұяғы жетер жер-
дегі халықтардың бәрін қол астына қаратып, би-

леп-төстеген атақты ғұн ұлдарының дәуірлеген
заманы өткені шығар? Әлде тарих шыр айналған
доңғалақтың ғұндар тұрған тұсы шыңырауға сал-
ған шығырдай төмен құлдилап кетті ме? Тағдыр-

дың талқысына түсіп, тезінен теперіш көретін за-
ман басқа түскендей.
Өмір – кезек деген осы. Кешегі күні қаншама ха-
лықты аузына қаратып, қабағымен жасқап, тізесін

бүккізген, ашық дала, алаңқай майданда жауына бет
қаратпаған ер ұландар бүгін, міне, туған жерінен
ауып барады. Тасқа тамшылап аққан судың күнінде
бір жарып шығатыны секілді саясат ұстанатын,

бетіңе күліп бедел жинайтын, сыртыңнан сатып сау-
даға салатын саудагер қытайдың оларды жеңгені.
Қалай болса да ғұндар үшін бұл бір қиын кезең бол-
ды. Ұлы бабаларымыз ғұндардың талайды тітіре-

тіп, Азиядағы жалғыз билеуші болған дәуірі батқан
күндей шуағы сөніп, шапағын шашып, жалқынданып
батып бара жатты. Ғұндар заманы Мөде қағанмен
бірге кеткендей өз құдіретінен айырылды.

аударып, жанына жайлы жер іздеу – үйреншік-

аударып, жанына жайлы жер іздеу – үйреншік-

аударып, жанына жайлы жер іздеу – үйреншік-

аударып, жанына жайлы жер іздеу – үйреншік-

аударып, жанына жайлы жер іздеу – үйреншік-

аударып, жанына жайлы жер іздеу – үйреншік-

аударып, жанына жайлы жер іздеу – үйреншік-

аударып, жанына жайлы жер іздеу – үйреншік-

аударып, жанына жайлы жер іздеу – үйреншік-

Мөде қаған дүние салғаннан соң, шамамен 150 жыл
өткеннен кейін, ғұн империясы Қытайдың іштен ірі-
тіп, іремей* сойған саясатының кесірінен ыдырай
бастады. Дүниенің төрт тарапына билік жүргізген

ғұндардың өздері ендігі төртке бөлініп кеткен еді.
Олардың бірі – атамекен Шығыс Түркістанда қалып,
Қытайға бағынышты болса, екіншілері Алтай тау-
ларын пана тұтты. Үшіншілері Жетісу мен Орта

Азия жерін мекендеді. Ал ғұндардың төртінші бөлігі
ертеден келе жатқан өз дәстүрлеріне бағынып, ба-
тысқа қарай жылжыды.
Ұлы көштің батысқа бағыт алуында сонау есте

жоқ ерте заманнан келе жатқан заңдылық бар еді.
Өйткені өсер елдің баласы күнге қарап бет түзейтін,
соның жүрген жолын қайталайтын. Атқан күндей
жарқыраған көшпелілер өмірі батар күндей сөніп ба-

рады. Бірақ, олардың артында тұрған келешек ұрпақ
«таң атпайын десе де, еркіне қоймайтын күн» секіл-
ді әлі-ақ шуақ шашатынында шәк жоқ-ты.
*іремей – білдіртпей

Еуропаға қоныс тебу
Еуропаға қоныс тебу
атар күнге бет түзеген ғұндардың көші Еуропаның іргесі-

не келіп ат басын тіреген еді. Ең алдымен олар
Қазақстанның солтүстік-батыс аудандарына қоныс тепті. Сол
жерлердегі халықтарды бірте-бірте ығыстырып, жайланып
жайғаса бастады. Алайда ғұндардың негізгі ойлары бұл жерден

ата қоныс болар тұрақ тауып орнығып қалу емес еді. Өздерінің
ата-бабаларынан қалған дәстүрлерін берік сақтаған олардың
батысқа жылжи беруі керек болды. Бұл арадағы халықтар
ғұндардың арындаған ат тегеурініне қарсы тұра алмады. Олар

бел көрсетіп, бет қаратпаған, Еділ мен Жайық аралығынан бас-
тап қоныс еткен халық көшіне ығысып орын берді. Жыл өткен
сайын ұстанған бағытынан қайтпай жылжи түскен ғұндардың
басын бұрып, алған жағынан қайтарар күш табылмады. Біздің

заманымыздың ІІІ ғасырында Еділдің арғы бетіне өткен ғұндар
сырғи отырып, Қара теңіз жағалауына жақындады. Кейінгі
ғасырларда ол өлкені түгелдей тізе бүктірген ғұн тайпалары
370 жылы Днестр өзеніне дейін жетіп, іргесі мықты, шаңырағы

шайқалмас империялардың өзі санасатын аса құдіретті мемле-
кетке айналды.
Құрылымы жағынан ғұндар қоғамы әскери мемлекет еді.
Жылқы жалына жабысып өскен олардың әрбір еркек кіндік-

ті ұлы туғанынан көшпелі өмірге дағдыланды. Бесігі – ағаш,
сөзі – жыр, тамағы – ет, сусыны – қымыз болған халық бала-
ларын жастайынан-ақ атқа мінгізіп үйретті. Жалпы, Еуропа
халықтарына атқа мінуді үйреткен де осы біздің ата-бабамыз

болған ғұндар. Алғашқыда тұлпар тұяғына жаншылып, тар-
пыл басқан Еуропаның қаһарман деген батырлары атқа қонса
арқаланып кететін атайман алып ғұн ұлдарының аламан екпі-
ніне шыдай алмай, шегініп кетті.

Ғұндардың Ұлы көші басталғалы бері, олардың ара-
сында бір аңыз тарады. Тұрақ тауып, қоныс тепкен жерле-
атар күнге бет түзеген ғұндардың көші Еуропаның іргесі-

не келіп ат басын тіреген еді. Ең алдымен олар
атар күнге бет түзеген ғұндардың көші Еуропаның іргесі-

не келіп ат басын тіреген еді. Ең алдымен олар
атар күнге бет түзеген ғұндардың көші Еуропаның іргесі-

не келіп ат басын тіреген еді. Ең алдымен олар

не келіп ат басын тіреген еді. Ең алдымен олар

не келіп ат басын тіреген еді. Ең алдымен олар
атар күнге бет түзеген ғұндардың көші Еуропаның іргесі-
атар күнге бет түзеген ғұндардың көші Еуропаның іргесі-
атар күнге бет түзеген ғұндардың көші Еуропаның іргесі-

не келіп ат басын тіреген еді. Ең алдымен олар

не келіп ат басын тіреген еді. Ең алдымен олар

не келіп ат басын тіреген еді. Ең алдымен олар

не келіп ат басын тіреген еді. Ең алдымен олар

рінде олардың қандай халық боларын анықтап берген де
сол көреген аңыз. Аңыз бойынша, күндердің бір күнінде
ғұндар арасынан қыруар халықты қылыш жүзіне тосатын,
бытыраған елдің басын қосып бір ортаға жинайтын батыр

өмірге келмек. Алқалы жиын, атойлы майданда жан шы-
датпас алып болмақ. Ол алып алмағайып заманда алаш елін
аласапыраннан алып шығып, басқалардың басын идіріп,
тізесін бүктіретін. Міне осындай адам ғұн халқына бас бо-

лып, күллі жұртты жасқап қайырып, үйіріп-иіретін күндер
тумақ. Ғұндардың алтын заманы атпақ. Ұлы көш үшін сон-
дай жанның өмірге келуіне аз қалғандай болып көрінетін.
Осы аңыз әңгімені біздің заманымыздың 400 жылы жарық

дүниенің есігін ашқан ғұндардың Еділ патшасы – Аттиланың
атымен байланыстыруға болады.

Көрегеннің көріпкел сөзі
Көрегеннің көріпкел сөзі
ұндардың талай асуларды асып өтіп, орманды жерлерді

жарып өтіп, жаңа мекенге қоныстанғандарына біраз
жылдардың жүзі болды. Бірақ, олар иесіз жатқан иен далаға
келмеген еді. Бұл жерлердің де қожайыны атанып қалған, ежел-
ден ірге бастырып тұрақтанған халқы бар болатын. Олар – гер-

ман тайпалары еді. Енді ғұндарға жаңа жерлерге иелік етуі үшін
осы халықпен қылыш қағысып, тағдыр сынасатын сәт келді.
Ғұндар Қырым түбегінен Днестр өзеніне дейінгі аралықты емін-
еркін билеп-төстеген герман тайпаларымен есепсіз шайқастар

жүргізді. Осыған дейін ешқашан жеңілмей, арыны толастамай
отырған жауынгер халық герман тайпаларын бұл жерлерден
серпіп тастады. Сол кезден бастап герман тайпалары қаншама
соғыс жүргізсе де, ғұндардан есе қайтара алмады. Керісінше,

ғұндар герман тайпалары қоныстанған жерлерге сұғына еніп,
барған сайын оларды үйреншікті орындарынан кетірді.
Герман халқы өз іштерінде остгот, вестгот тайпалары болып
бөлінетін. Олардың мағыналары – шығыс және батыс готтар*.

Ғұндарға әу бастан-ақ көп қарсылық көрсетіп, бітіспес жау
болған – вестготтар. Олар қаншама жыл өтсе-дағы, ғұндармен
жауластығын қоймады. Ал остгот тайпалары болса, 370 жыл-
дан бастап ғұндарға бағынып, жауынгерлері бір сапта соғысты.

Бұл кезеңдегі ғұндардың күшеюі – оларды бір ортада бастарын
қосып, бір ордаға қаратқан 370 – 375 жылдары билік құрған
Баламбердің арқасы.
Жаңа ортаға келген ғұн тайпалары өте көп еді. Алғашында

бастары біріге қоймай әр тайпа өз бетінше күн кешкен бола-
тын. Алайда ел шетіне жау тиіп, ортаға ұран тасталатын болса,
олар дереу бір орталыққа бағынып, бір тудың астынан табыла
қалатын. Дегенмен де, ғұн тайпалары бастапқыда шашыран-

ды өмір сүрді. ІV ғасырдың соңында қолбасшы Ульд (латын-
ша Uldіs) оларды бір орталыққа бағындырып, күшті әскери
*гот – герман тайпасы
ұндардың талай асуларды асып өтіп, орманды жерлерді

жарып өтіп, жаңа мекенге қоныстанғандарына біраз

жарып өтіп, жаңа мекенге қоныстанғандарына біраз
ұндардың талай асуларды асып өтіп, орманды жерлерді

жарып өтіп, жаңа мекенге қоныстанғандарына біраз

жарып өтіп, жаңа мекенге қоныстанғандарына біраз
ұндардың талай асуларды асып өтіп, орманды жерлерді
ұндардың талай асуларды асып өтіп, орманды жерлерді
ұндардың талай асуларды асып өтіп, орманды жерлерді

жарып өтіп, жаңа мекенге қоныстанғандарына біраз

жарып өтіп, жаңа мекенге қоныстанғандарына біраз

мемлекет құрды. Көптеген ғұн тайпалары «төртеу түгел болса,
төбедегі келетінін» жақсы біліп, өзара тату, бірлікте болды.
Осындай тайпа бірлестіктерін 420 жылы Аттиланың немере
ағасы сұңғыла* саясаткер Руғила басқарды. Оған дейін Руғила

тек өз тайпасының ғана көш бастаушы көсемі болған.
Биліктің адам бұзар қасиетін білетін Руғила тайпаластарын бас
бұзып бара жатса, жөнге салар, қисық басса, түзу жолға салар екі
інісі Ақтар мен Мыңзықпен бірге басқармаққа ойы кетті. Өз басы-

на түскен жауапкершілікті терең түсінген ол тура жолдан таймай
басу үшін, сол күні-ақ қос інісін қасына шақыртып алып:

– Ер жігітке сын болар ел басқарудың ауыр жүгі мойны-

ма түсіп тұр. Ақ жолда әділетпен басқара аламын ба, әлде
халықтың қарғысына ұшырап, көз жасына қаламын ба? Тақта
отырмын деп тепсінбей, менменсімей қарапайым күйімде
қалуға септік қылыңдар деген оймен, билік бөлісуге алдыртып

отырмын өздеріңді. Қасымда болып, жөн сілтеп, бұрыс жерімді
түзеп отырарсыңдар деп сенемін, – деп Руғила сөзін аяқтады.
Әдеп сақтап, бастарын төмен сала тыңдаған Ақтар мен Мыңзық
аға шешімін тың көңіл, тыныш құлықпен қабыл қылды. Ағалары

қанша белес-беделге көтерілді десе де, өзінің сол баяғы қарапайым
қалпында қалған. Осы күннен бастап бауырластар бірі бас бол-
са, бірі – мойын, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» ел
басқарды. Руғиланың ойлағанындай, бірі ашу болса, екіншісі – ба-

су, үш ағайынды ақ жолдың жаршылары болып билік етті.
Билік басында отырған Руғиланың ұлдары бар болғаны-
мен, олар көзге түсерліктей азаматтар емес еді. Осыны жақсы
білетін Руғиланың үміт артқаны – інілерінің ізбасарлары.

Ол бастаған ісінің жалғасын табар солар болар деп ойлайтын.
Ақтардың өкшесін басып келе жатқан Бледа деген ұлы бар. Ал
Мыңзықтың жайы басқаша.
Мыңзықтың жүрегінің түбінде баяғыдан бері бүгіп жатқан

арманы бар-тын. Онысы ата жолын ұстанар ұлды болу. Жыл
өткен сайын сол арман жұбаныш таппас қайғыға айналып бара
жатқан. Осылайша сарсаңмен жүрген кезінде, Жаратушы жар
болып Мыңзықтың келіншегі жүкті болды. Айы-күні жетіп

отырған әйелі әні-міне босануы тиіс. Ұлды болуды армандап
*сұңғыла – тез сезе қоятын, зерек, зерделі

жүрген кезінде тайпадағы көреген бақсы бір күні оны «келінше-
гің ұл табады» деп қуантты. Бұл хабарды естіген ол жүрегі жа-
рылардай болды. Дегенмен, көкірегіне әлденедей күдік-күмән
ұялады. Мыңзықтың көңілін күпті қылған осындай күндердің

бірінде Руғила інілерін аңға шығып қайтуға шақырды.
Осыдан біраз бұрын ғана ғұн ордасынан алыс орналасқан
қосындағы малшылар мен өзен бойындағы елдерден суыт хабар
жеткен еді. Малға да, малшыға да тыным бермей, анда-санда бір

ірі қараны жарып кетіп жүрген бір жолбарыс пайда болыпты.
Қол астындағылардың жанына ғана емес, малына да жауап бе-
ретін Руғила бұл жыртқыштан елді құтқаруды ойластырған. Бір
жағынан Мыңзықты сергітіп қайтпақ та ойы бар. Осындай бір

күні аңға салар иттерін ертіп, жігіттерін жиып, үшеуі ертелетіп
аңға шығады. Кеше кешкісін сол жолбарыстың бір тана өгізді
жарып кеткенін айтып бақташы келіп кеткен еді. Етке қарны
тойған жыртқыштың алысқа ұзамай сол маңда жүргеніне күмә-

ні қалмаған аңшылар із шалып соңына түспек. Руғила Мыңзық-
қа аңға шығатынын айтқанда, жебесін сайлап отырған ол:

– Жымсып басатын жыртқыш неменің тарғыл терісін

төсеніш етпекпіз бе? Ол жарықтықтың да бұл маңда тұқымы
азайып бара жатыр емес пе? – деді.

– Күшіне ғой бас иеміз, құдіреті жетсе, құтылып көрсін.

Болмаса, оның жемтігіне қалдыра беретін басы артық мал кімде
бар? Жан сақтаймын десе, жаны тыныш жер іздесін. Әйтпесе,
шыдамның да шегі бар ғой, жетер енді. Азуын айырып, терісін
ат артына өңгерер кез келді.

Мыңзық бауырының айтқандарына үнсіз келісті. Иә, жол-
барыс – қаһарымен қаймықтырып, жан-жағын тітіретіп тұрар
күш иесі. Бірақ Мыңзықтың бір құптамайтын жері – оның жем-
тігіне тығылып тұрып шабуылдайтыны. Құрбандығына қол са-

лып тырнақ батырар сәтте арыстан секілді ақырып айбынын
асырмай, ақырын басып атылатыны. Неге екенін өзі де білмей
Мыңзық ақырын ғана күрсініп қойды. Кім біледі, жыртқыш та
болса жануарға жаны ашығаннан шығар...

Күздің сирек болатын мамыражай шуақты күндерінің бірі.
Таң ата төңіректі шолып, із кескен олар біраз уақыт өткен соң

таңғы салқынға дейін жайратып салған жемтігінен ыңқия то-
йып, маужырап ұйқыға бас қоя бастаған жолбарыстың ізіне түсті.
Жайылымға шығар жануар емес, қарны тойған соң бұйығып бой
тасалап жатқан жолбарыс арс-арс үрген ит, абыр-сабыр адам,

қару-жарақтың шаң-шұң дауысынан мазасы кетіп, орнынан
ызалана ырылдай тұрып, қалың жынысқа* самарқау басып бара
жатқан-ды. Аңшылар оның қарасын осы кезде шалды. Белуар-
дан келетін шалғында қамсыз маң-маң басып бара жатқан жол-

барыс олардың дүбірі шыққанда, селт етіп басын көтеріп алды да,
жақындап қалған қауіпті көріп гүрілдей атырыла ытқыды.
Жолбарыстың иісін алыстан сезіп, қарғыбауға байлаған
шынжырларын жұлқи тартып, иелерінің босатып жіберуін

көксеп келе жатқан иттер аңды көрісімен, ырылдасып қоя бер-
ді. Алды-арты түгел қоршалған жолбарыс ентелеп келген бір-
екі төбетті лақтырып жіберді. Оның бір тартқанынан қалмаған
иттердің өлі денелері анадай жерге ұшып-ұшып түсті. Аң

олардың бірін жайратар, екіншісін жарып тастар, бірақ аранын
ашқан қанды қақпан ажалынан бәрібір құтылмайтыны анық.
Соңғы сәтінің таяп қалғанын сезгендей жолбарыс та ырши се-
кірді. Соңынан ұшқан сұр жебе ыңырана зулады. Жаза баспас

қырағы көз бен мүлт жібермес қату қолдан атылған садақ оғы
жолбарыстың мойын тұсына кірш қадалды. Жолбарыстың
қара жерге қадай басып тұрған шиыршық атқан аяғы сылқ
етті. Мыңзық арғымағын тежей бере қарғып түсіп, әлі жаны

шыға қоймаған жолбарыстың жүрек тұсына пышағын сұғып-
сұғып жіберді. Ырылдай ұмтылған иттер осы сәтте тұс-тұстан
қаумалай түсті...
Арандай ашылған азуларға көкпар болған жолбарыстың ажа-

лы осылай жетті. Шапши аққан қанға қарап, дұға қылғандай
әлденені күбірлеп тұрған Мыңзықтың қасына соңынан шауып
келе жатқан Руғила мен Ақтар жақындай бере ат басын тартты.

– Қанжыға қанды болсын, Мыңзық. Үйірімен үш тоғыз, –

деді Ақтар ақсия күліп.

– Айтсын...

Мыңзық бара-бара қоюлана түскен қошқыл қанға қарап, бас
көтермей жауап қатты.
*жыныс – ағаш қалың, ну өскен орман-тоғай

– Ниетімізге тура келгендей, жануарды олжа қылыпсың,

құт болсын, – деді Руғила. – Күпті көңіліңе бір медеу. Бұл да
болса, тәңірінің жасаған ишараты болар. Ат жалын тартып мі-
нер өрен келер, бұйырса.

– Тәңірімнен тілерім – сол. Алдымнан сүйіншілеп кімнің

туылғанын айтып шығары белгісіз. Көңілдің күпті болып тұрғаны
да рас. Алайда Тәңірінің берген қай баласын болса да жатсынатын
емеспін. Дегенмен ұрпақ жалғастырар ұл болғанға не жетсін.
Мыңзықтың сөзінен ішінде бір жалынның барын сезінген

Руғила мен Ақтар үндемей қалысты.
Қасындағы жігіттері құмарлары қанғанша жолбарысты сілкі-
лей алмаған иттерін тыныштандырып, аңның терісін сыпырған-
ша, олар анадай жерге барып тізе бүгіп отырды. Арада шай қай-

натым уақыт өткен соң, олжалы болған аңшылар аттарын жай бас-
тырып қос жаққа бет бұрды. Жаймен аяңдатып келе жатыр еді,
алыстан бұларға қарай шауып келе жатқан бір аттылы көрінді. Ол
ат басын тежемей, шапқан күйде аңшыларға жақындады. Таяп

келгенде, Мыңзық, Руғила, Ақтар үшеуі атын қамшылай жүргізіп
келе жатқан өз тайпаластарының бірі екенін таныды.

– Иә, сәт! Жақсылық хабар болғай, – деді Руғила өздеріне

беттеп келе жатқан адамнан көз алмай.
Жақындап қалған аттылының жүзінен қуаныш, күлкінің
табын байқаған Ақтар:

– Тәңірім, оңынан берсін, – деді.

Жалғыз ғана үндемеген Мыңзық.

– Сүйінші! – деп айқай салды ақсия күлген жауынгер.

– Пәлі, ал сүйіншіңді, – деп Руғила беліндегі белдігін шешіп

жауынгерге лақтырды. Асыл тастармен безендіріп күміспен
күптеген белдікті қағып алған жауынгер Мыңзыққа бет бұрып:

– Тәңірі қолдап шаңырағыңда тізгін ұстар ұрпақ келді,

Мыңзық. Ұзағынан сүйіндірсін, – деді.
Жүрегі дүрсілдей соға тыңдаған Мыңзық жауынгердің
соңғы сөздерін естігенде, қалт жадырап жүзі жарқ етті.

– Міне, ендеше. Сүйіншіңе менен де ал мынаны, – деп артына

мүйізден иіп жасаған кішігірім шаңырақтай садағын иығынан
алып жауынгердің қолына ұстатты.

Сүйіншіге түскен олжасына айналып қалған хабаршыға
қарамастан үш ағайынды қосынға қарай шаба жөнелісті. Ал-
дарында қуаныш кернеген кеудесін желге тоса арындатқан
Мыңзық барады.

Ұрпақ жалғастырар ұлдың туылуы қай адамға болса да
қуаныш. Ғұндар ортасында еркек кіндіктінің өмірге келуі той бо-
латын. Ауылдағылар және сарай маңындағылар да Мыңзықтың
келіншегі босанды дегеннен үлкен тойға дайындала бастаған еді.

Әр-әр жерде мал сойылып, қазан көтерілген. Ауыл осылайша
абыр-сабыр болып жатқан кезде аңға кеткен үшеудің де қарасы
көрінді. Олардың алдыларынан шуласып бала-шаға жүгірді. Ба-
ра сала Мыңзықтың шылауына жармасып, «бөпе туылды, кіп-

кішкентай» десіп таласып шуылдасып жатқандары. Мыңзықтың
көңілі орнында. Алдынан шыққан балалардың бәрінің де баста-
рынан бір-бір сипап өтті. Балалардың соңынан тізіліп шығып са-
бырмен күтісіп тұрған ауыл үлкендеріне жақындап келгенде ол

атынан түсіп, ақсақалдарға қарай жаяу аяңдады.

– Нәрестенің бауы берік болсын, Мыңзық, – деді арала-

рындағы бір қария қастарына жақындаған Мыңзыққа қарап.

– Көптен күттіріп жүрген азамат еді, үлкен жігіт болып өссін,

халқының ұлы болсын.

– Айтқаныңыз келсін, ақсақал, – деді Мыңзық қолын кеу-

десіне баса басын иіп.
Өмірге келген немере інісінің шілдехана тойына Руғила тай-
па мүшелерін түгел шақырды. Ән шырқалып, би биленді.
Ғұндар биі ерекше еді. Алдымен олар бір қатар болып тұрып,

бір-бірімен қол ұстаса жай қозғалып айналған. Содан соң ба-
рып ән ырғағына қарай қозғалыстарын біртіндеп шапшаңдата,
дөңгелей билейтін.
Тойдың қызып тұрған шағы. Ашық дала астында отты айна-

ла қоршаған адамдар арасында отырған көріпкел Мыңзыққа жаңа
туылған сәбиді алдыртты. Әлдене айтатындай әркімге түйіле бір
қарап өтті-дағы, әкесі алдына алып отырған нәрестені қолына алып
көкке көтере ұстады. Тырбаңдаған қызылшақаға қарап тұрып:

– Халайық, – деді, – маған қолымдағы сәбиді болашақта не

күтіп тұрғаны жайлы аян түсті.

Дуылдасып отырған үлкенді-кішілі топ сап тиылды. Еш-
кім үн қатпай отырысып қалды. Тек оттың сырт-сырт жанған
дыбысы ғана естіліп тұр. Мыңзықтың қолына баласын қайта
ұстатқан көріпкел ешкімге мойын бұрмастан жанарын көкке

тіккен бойы сөзін ары қарай жалғастыра берді:

– Ғұндар! Алаш дегізіп атыңды шығарар, еліңе ертегінің ба-

тыры болар азамат дүниеге келіп жатыр ортаңда. Құдай қалап,
Тәңірі оң көзімен қарар болса, ертеңгі күні атағыңды шығарып,
барша дүниені аузыңа қаратар, дұшпаныңның басын идіріп,
алдыңа жығып берер адам осы ұлан болады.

Көрегеннің сөзінен соң айналада құлаққа ұрғандай тыныштық
орнады. Өмірге жаңа келген жас сәбидің қаһарлы қолбасы боларын
естіген халық екіұдай сезімде еді. Топ ортасында тұрған көреген
бұрылып бір аттады да, нәрестені Мыңзықтың қолынан қайта

алып тағы да көкке көтерді. Осы кезде отырған топтың арасындағы
жасы үлкен қарт сарбаз орнынан тұрды. Ол бір тізесін бүгіп, қолын
кеудесіне қойып нәрестеге иіліп тағзым етті. Ләм деспей отырған
жұрт сарбаз соңын ала дүр көтеріліп, олар да бас иді.

Содан кейін жұрт «осындай маңдайы жарқырап туған ұлға
қандай ат береміз?» деп қауқылдасты. Ақыры «Еділдей үлкен
және ұлы болсын» деген тілекпен оның атын Еділ қойыпты.
Кейін ол латын тілінде Итил болып, Аттилио – Аттила аталып

кеткен еді.

Балалық шақ
Балалық шақ
ұндар ысқыра ұшқан оқ, ыңырана тартылған садақ же-

бесіне кеудесін тосып, жаудан қайтпай өскен. Ол ортада
ер жігіттің мұқалмас қылыштай өткір, найзадай түзу, жебедей
жылдам болуы – өмір салты. Міне осындай жауынгер халық
арасында дүниеге келген Аттиланы ата салт жауынгерлік

өмірге баулыды. Ол да өз замандастары секілді ес білгеннен ат
жалына жармасып өсті. Тіптен ғұндар балаларын тәй-тәй бас-
пас бұрын ат үстіне қондырып, тізгін тартқызып өсірді десе де
болатындай.

Аттила жасынан-ақ ат құлағында ойнап, өнердің не-
ше түрін жетік меңгерді. Ер жетіп оң-солын таныған кез-
де, Мыңзық оны қасына ертіп жүрді. Ат баптаудың, қару-
жарақты қалай қолдану керектігін үйретіп, тағлым берді.

Кейініректе ат үстінде нық отырып, өзі мініп-түсе алатын
шаққа жеткенде, өзімен бірге аңға да алатын болды.
Бірде әкесі Аттиланы алып саятқа шығып, бір қызыл
түлкінің соңына түсіп қуғын салған. Қыр-қырды қиялай

қашқан айлакер түлкі соңынан өкшелей қуған аңшылардан
керіле ырғып, бұлаң құйрыққа салып қанша қашқанымен,
құтылуға ешқандай мүмкіндігі болмады.
Аралары таяқ тастам жер болып, ендігі қуғыншылардың

аттары оның желкесіне төніп қалды. Осы кезде жан сақтап
шырқыраған қызыл түлкі бейне бір екінші тынысы ашылған-
дай зыр қағып біртіндеп алыстай бастады. Артындағылар да
қалар емес. Олар келесі қырдың беткейіне көтеріле берген қу

түлкінің соңынан садақтарын кере тартып, ыңырантып оқ
жіберді. Мыңзық пен Аттила атқан қос жебе зулай ұшып, бі-
рі қабырғадан, бірі мойынның түбінен келіп кірш қадалды.
Ажал әнін зарлата жеткізген қос жебе қыр тағысының өмірін

үзді. Әке мен бала жан тәсілім етіп тыпырлап жатқан түлкінің
қасына келіп аттарынан қарғып түсті. Мыңзық олжа түлкіні
ұндар ысқыра ұшқан оқ, ыңырана тартылған садақ же-

бесіне кеудесін тосып, жаудан қайтпай өскен. Ол ортада

бесіне кеудесін тосып, жаудан қайтпай өскен. Ол ортада
ұндар ысқыра ұшқан оқ, ыңырана тартылған садақ же-

бесіне кеудесін тосып, жаудан қайтпай өскен. Ол ортада

бесіне кеудесін тосып, жаудан қайтпай өскен. Ол ортада

бесіне кеудесін тосып, жаудан қайтпай өскен. Ол ортада

бесіне кеудесін тосып, жаудан қайтпай өскен. Ол ортада

бесіне кеудесін тосып, жаудан қайтпай өскен. Ол ортада
ұндар ысқыра ұшқан оқ, ыңырана тартылған садақ же-
ұндар ысқыра ұшқан оқ, ыңырана тартылған садақ же-
ұндар ысқыра ұшқан оқ, ыңырана тартылған садақ же-

бесіне кеудесін тосып, жаудан қайтпай өскен. Ол ортада

бесіне кеудесін тосып, жаудан қайтпай өскен. Ол ортада

бесіне кеудесін тосып, жаудан қайтпай өскен. Ол ортада

бесіне кеудесін тосып, жаудан қайтпай өскен. Ол ортада

бесіне кеудесін тосып, жаудан қайтпай өскен. Ол ортада

желкесінен шымши ұстап жоғары көтерді. Сосын Аттилаға
күлімдей қарап:

– Міне, балам, бұйырса сенің тырнақалды олжаң. Түлкі аса

айлакер жануар, оңай қолға түспейді, жолы – жеңіл, пайдасы

– мол. Ер жігіт үшін аңды аулай білу ерекше бір өнер, – деді

баптап сөйлеп.
Содан соң түлкіні жерге тастап жіберіп:

– Бірақ, – деп сөзін жалғастырды, – қажетің болса ғана,

саят жаса. Ал жай ермек үшін жарықтық жануарларды қыра
беруге болмайды. Тіптен аяқ астында жатқан көкті де керек-
сіз жұлмаған ата-бабаларымыз. Осының бәрін біліп, көкейіңе
тоқи жүр. Жан-жануар ішінде аулауға болатыны да, киесіне

қарап, өлтіруге тиым салынғандары да бар. Қыр тағысының
ішінде ғұндар маралды қасиетті жануар деп санайтынын біле-
тін боларсың, балам? – деді.

– Иә, әке, ол туралы аңыз-әңгіме көп қой, – деп жауап қатты

Аттила.

– Біле білсең, біздің халықты осы араға алып келген осы

жануар деген де аңыз бар.

– Иә, әке, қоныс аударған ғұндарды жаңа жерге бастап

әкелген марал деседі ғой.

– Дұрыс айтасың. Кәні, енді осы жайлы не білетініңді ай-

тып берші, – деді Мыңзық.
Түлкінің мұрнынан қарақошқылданып аққан қанға қа-
рап тұрған Аттила әкесіне бет бұрды. Содан соң екеуі ары ба-
рып жасыл шөптің үстіне жайғасты. Сәл үнсіздіктен кейін

Аттилла өзінің не естігені жайлы әңгімесін бастап та кетті.

– Сонау ерте заманда, ғұндар көші жазық даланы басып

өтіп, ат жалдап өте алмас Ұлы теңізге тірелген кезде ат ба-
сын іркуге мәжбүр болыпты. Сол күндері аңға шыққан бір
ғұн сарбазы бір маралдың соңына түскен көрінеді. Теңізге
жеткен кезінде марал суға орғи секіріп, ары қарай жүзіп ке-

теді. Алғашында мұндайды күтпеген сарбаз не істерін білмей
аңтарылып тұрып қалады. Дегенмен, тәуекел деп атына қамшы
салып, маралдың соңынан суға қойып береді. Біраз жүзген соң
судың қарсы жағалауына шыққан марал артына қарап ғұнды

өзіне ілестіргісі келгендей ниет қылыпты. Содан соң дүр сілкі-
ніп, көзден ғайып болыпты. Арғы бетке жануардың соңын ала
шыққан ғұн көкпеңбек балғын-балауса шөпке тұнып тұрған
жерді, сылдырап аққан судың молдығын көріп өз руластарын

осы маңға алып өткен деседі. Естуімше қасиетті жануардың
ғұндарға жаңа жер – Қырым түбегіне жол көрсетуі осылайша
болған екен.
Баласының естіген-білгенін үлкен кісілерше баяндап

тұрғанын сүйсіне тыңдаған Мыңзық күлімсірей түсті де, Атти-
ланы бауырына тарта құшақтады.

– Қасиетті жануардың бізді бұл араға алып өтуі тегін емес,

балам. Біздің халықтың арасынан шығатын хас батырдың
маңдайына жазылған одан да өзге аңыздың да барын ұмытпа,

– дейді.

– Әрине, әке. Халқымыздың ішінен шығатын айбынды ба-

тыр болады. Ол алаш жұртымыздың атын шығарып, атағын
алысқа жеткізеді. Талай ғасыр қандасқан жауларын тізе
бүктіртіп, басын идіретін де сол батыр болады деседі.

– Алайда, балам, жаудың тізесін бүктіріп, дұшпанмен

соғысу – оны бас салып қыра беру деген сөз емес. Елді біліммен
де, білекпен де басқара білу керек.

– Егер қазіргі бітіспес жауымыз вестготтар секілді қайтпас

дұшпан болса ше?

– Вестготтар да бізбен өмір бойы соғыса беруге құлықты

емес, балам.

– Бірақ, ата жаумен қалайша келісімге келуге болады? – деп

Аттила әкесінен таңдана сұрады.

– Ата жау деген шартты сөз, ұлым. Бүгінгі дұшпаныңның

ертең дос, досыңның дұшпан болып шыға келуі де ғажап емес,

– дейді әкесі.

– Сонда, әке...

– Иә, балам. Ашуыңды ақылыңа жеңдіре білу керектігі

сияқты жауыңа сырыңды бермей, өшпенділігіңді ішке бүгіп,
жалын атқан ызаңды баса біл. Дұшпаныңды ешқашан да әлсіз
деп санама. Керісінше оның немен тыныс алып, қалай өмір
сүретіндігін білуге тырыс.

*аманат – жеңілген, бағынышты жақтың кепілге берген адамы
Сөзін бөліп сәл тоқтаған Мыңзық баласына тіке қарап:

– Жақында бізге Римнен аманат* келейін деп жатыр.

Қасында бол, бойына ғұндардың ең жақсы қасиеттерін сіңіре
біл. Айналаңда ізгі ойлы адамдар көп болса, өмір сүру оңайлау
болмақ. Әрі достасуға тырыс. Ол бұл жақта тұрақтап қалатын
адам емес, ертең Отанына қайтар кезі туады, сол уақытта жат

елде бір досың болсын, – дейді баласына сабырмен қараған
әке.
Аттиланың ынтамен тыңдап тұрғанын көріп Мыңзық сүй-
сініп қалады. Ұлының басынан тағы бір сипап, атып алған түз

тағысын қанжығаға бөктеруге кіріседі.

– Ал, балам, қайтайық. Сенің алғашқы саятыңның олжа-

сын елге апарып көрсетейік.
Қайтар жолда әке мен бала екеуі де үнсіз болды. Аттила
өзінің алғаш атып алған аңын мақтан етіп, әрі әкесімен болған
әңгімені есіне түсіріп, аса бір шаттық күйге енді.

Аманат Аэций
Аманат Аэций
асқаларды бас идірген ғұндар қаншалықты қаны қатқан

бітіспес жау болса да, өз дұшпандарымен бітімге ке-
лісіп бейбіт өмір сүруді жөн көретін. Ұлы көштің басы
Еуропаға табан тіреген кезден бастап қарсылас болып келе
жатқан вестготтар мәмілегершілік сұрасты. Олар тату болуға

шақырғанда да ғұндар оң қабақпен қарап, тыныш тірлікті
құп санаған.
Ғұндар саясатында көрші мемлекеттермен әр түрлі алыс-бе-
ріс, сауда-саттық, аманат сияқты қатынас жүргізу, оны бейбіт

жолмен шешу – ежелден келе жатқан дәстүр. Осындай достық
қарым-қатынас ғұндар мен Римнің екі империясы арасында да
жалғасын тапты.
Аманат бейбіт келісімге келіп отырған жақтан берілетін

билеушінің баласы немесе оның жақын туыстарының бірі бо-
луы керек болған. Батыс Рим империясы аманатқа Аэцийді
жібереді.
Патша баласы болмаса да, оның оң қолы саналған адамның

жалғыз шырағының кепілдікке келуіне ғұндар қарсы емес
еді. Жас күнінен Аэцийдің ғұндар ордасында Аттиламен бірге
өсуінің себебі осылай болған.
Жат ортаға бірден сіңісіп кете алмай тосырқап жүрген

Аэцийді Аттила өзіне жақын тартып бауырмалдық көрсетті.
Оған хун тілін үйреніп, көп оқуына көмектесті. Аэций оның
жас та болса, көп адамға бас бола білерліктей алғырлығына
таң қалатын. Аттила осы жасына келгенше-ақ әскери

өнердің қыр-сырынан хабардар еді. Оның атты қалай күтіп-
баптаудан бастап, қару-жарақтың түр-тұлғасын жақсы біліп
алғаны Аэцийді тәнті ететін. Аттила да оны қасына ертіп
жүріп не нәрсенің жайы болса да, түсіндіруден жалыққан

емес. Аэцийдің жасы Аттиладан үлкен еді. Соған қарамастан,
ол өзінің осы уақытқа дейін көп нәрсені меңгермегеніне
асқаларды бас идірген ғұндар қаншалықты қаны қатқан

бітіспес жау болса да, өз дұшпандарымен бітімге ке-
асқаларды бас идірген ғұндар қаншалықты қаны қатқан
асқаларды бас идірген ғұндар қаншалықты қаны қатқан

бітіспес жау болса да, өз дұшпандарымен бітімге ке-

бітіспес жау болса да, өз дұшпандарымен бітімге ке-

бітіспес жау болса да, өз дұшпандарымен бітімге ке-

бітіспес жау болса да, өз дұшпандарымен бітімге ке-
асқаларды бас идірген ғұндар қаншалықты қаны қатқан
асқаларды бас идірген ғұндар қаншалықты қаны қатқан
асқаларды бас идірген ғұндар қаншалықты қаны қатқан

бітіспес жау болса да, өз дұшпандарымен бітімге ке-

бітіспес жау болса да, өз дұшпандарымен бітімге ке-

бітіспес жау болса да, өз дұшпандарымен бітімге ке-

бітіспес жау болса да, өз дұшпандарымен бітімге ке-

ұялатын. Аттила оған әр нәрсенің мәнін түсіндіріп, білгенін-
ше үйретіп бағатын.

– Біз ғұндар өмірімізді ат үстінде өткізіп келе жатқан

жауынгер халықпыз. Ата дәстүрі жалғасын тауып, өз
мәдениетіміз ұмыт қалмас үшін, жас ұрпақ түгелдей әскери
қатаң дайындықтан өтуге тиіс, – дейтін Аэцийді жаны-
на ертіп жүрген Аттиланың көзі жалт-жұлт етіп. – Әскери

жаттығулар – ғұндардың күнделікті өміріндегі табиғи нәрсе.
Жас өркен бала жас күнінен-ақ садақ тартуға, көздеген за-
тын атып түсіруге дағдыланғаны дұрыс. Бұғанасы қатайған
кезден бастап балалар әр түрлі сайысқа түсіп күш сынасады.

Азаматтың негізгі міндеті – елін, одан қалса, өз отбасын және
ауылдастарын қорғау. Сайыста айлакерлік, шапшаңдық
және ептілік қажет. Сондай-ақ, алғырлық пен батырлық
керек. Батылдық, яғни көзсіз ерлік кейде күштілік пен

басымдықтан асып түсіп жатады.

– Оған міндетті түрде жас кезінен бастап үйрену керек пе?

Қалай ойлайсың, мына мен сен айтқан сайыс өнерінің бәрін
игеріп кете аламын ба?

– Жасынан жақсы жауынгер болу әрбір бозбаланың, әрбір

жігіттің және әрбір жігіт ағасының негізгі міндеті. Сен де әлі
бала емессің бе? Алаңдама, бәрін де үйренуге болады, тек ол
үшін қайтпас қажыр қажет. Еңбектене білсең не нәрсені болса
да жеңіп шығасың.

Аттиланың әңгімесін қызыға тыңдап отырған Аэций:

– Ғұндар арасында ат өнерін меңгермей қалған адам бар ма?

Әлде соғыс өнерін жетік білу барлық ғұндардың міндеті ме?
Ғұнның бәрі жауынгер бола берсе, басқа шаруаны кім істейді?
Мысалы, жер өңдеп, егін екпейсіңдер ме? – деп сұрады.

– Жігіттік өнерді тек бозбалалар ғана емес, қыз балалар

да меңгеруге тиісті. Ал шаруашылыққа келер болсақ, біз де
егін саламыз. Бірақ ол күнкөріс қамы ғой. Кез келген шаруаға
ыңғайың болуы қажет. «Жігітке жетпіс өнер де аз» деген мақал
бар бізде. Тек бір ғана өнермен өмір сүре алмайсың, «Өнерді

үйрен, үйрен де жирен» нақыл сөзі тағы бар. Қолдан келер бір
өнерің болса, тек сонымен ғана қалып қойма. Одан жиреніп

кеткендей бол. Басқа өнер ізде. Бір орында тұрып қалма деген
сөз, – деді Аттила. Содан кейін:

– Жігіттік өнердің бір түрі – шабандоздық. Біздер жасы-

мыздан дағдыланғанымыздан, қатты шауып келе жатқан
ат құлағында ойнап, неше түрлі өнер көрсете аламыз. Мыса-
лы осындай ойындардың бірі – ат жалына еңкейіп, жердегі
затты іліп алу. Көптеген өнер сайыстарының тағы бір түрі –

жігіттердің ат үстінде тартысуы. Бұл шабандоздың ғана емес,
оның астындағы атының да мықтылығын көрсетеді. Ал мұндай
сайыста жастайынан жылқыға мініп үйренген, ерде нық оты-
ратын тақымы мықты епті жігіттер ғана жеңеді, – деп сөзін

жалғай берді.

– Ондай өнерді қаншалықты жетік меңгеруге болады? – деп

сұрады Аэций.

– Алдымен шабандоз жігіт өзіне-өзі сенімді болуы ке-

рек. Арғымақтың жалына жабысып, кең далада құйғыта
шапқанға не жетсін. Міне тап осы сәтте өзіңнің қаншалықты
еркін, қаншалықты азат екеніңді сезінуге болады. Сондықтан
болар атқа қону – бостандықтың белгісі іспеттес. «Ат – ердің

қанаты». Шауып келе жатып тұла бойыңнан ұшып жүрген
қанатты құста болатын жеңілдікті байқайсың. Бұл өмірде еш-
кімге тәуелсіз екендігіңе көзің жетеді. Сондықтан жерде екі
аяғыңмен тік тұрып, қалай емін-еркін жүріп-тұратын болсаң,

атқа отырғанда да өзіңді тура сондай ұста.
Аттила Аэцийге бір көзін қысыңқырай қарап:

– Өзің атқа мінген ғұнның қалай кетіп бара жатқанын көріп

пе едің? – деп сұрады да, оның жауабын күтпестен, – ат үстінде
отыру, атқа шауып үйренуден басқа көптеген сайыс түрлері
бар. Мысалы, жауынгер аттың жалынан ұстап, бір жақ бүйіріне
жабысып алып шабады. Бұл қорғаныс пен әскери тәсілдің бір

түрі. Ол кенеттен жерден басын көтеріп, садағымен нысана-
ны көздеп атады. Бұл біздің сырымызды білмейтін дұшпандар
үшін күтпеген жағдай. Шабандоз оларға кенет пайда болған
жын-перідей көрінеді.

– Керемет екен, – деді Аэций естіген әңгімеден алған

әсерін, таңданысын жасыра алмай.

– Біле білсең, – деді Аттила қулана қарап, – сендердің ата-бабаларыңның кентавр – атпен бір дене біте қайнасқан ертегілеріңнің кейіпкерлері деп аңыз қылатыны біз, ғұндар боламыз. Өйткені өмірі ат үстіндегі адамды көрмеген олар сәйгүлікте соншама еркін отыратын жанды атпен бірге біте қайнасып кеткен басқа дүниенің адамы деп түсінген. – Жаңағы айтқан ат сайыстың түрлерін сен де білесің бе? – деді Аэций Аттилаға сұраулы жүзбен қарап. – Әрине, – Аттила дауысынан таңданыс пен өкпе қатар аңғарылып. – Сонда бағанадан бері мен саған ертегі айтып тұрғандаймын ба? Өз көзіңмен көргің келсе, бәс тігейік. Қазір айтқанымның бәрін істеп беремін. Аэцийдің жүзінен Аттиланың сөзіне деген сенбестік пен ыңғайсыздық білініп қалғандай болды. Аттила анадайда кермеде байлаулы тұрған атқа қадам басты. Барып атты шешіп алған соң, биіктеу бір жерге тартты. Үндемей қарап тұрған Аэций Аттиланың сол аяғын үзеңгіге салғанын көргені сол еді, артынша оң аяғы таралғыға* сарт етіп, ат үстіне көзді ашып-жұмғанша қонып үлгерді. Атқа мінісімен-ақ Аттила қос өкпеге тебіне, біраз жерге шоқытып барды да, содан кейін атына қамшы салып шаба жөнелді. Әудем жерге барған Аттила бұрылып, кері қарай қайта құйғытты. Шауып келе жатқан ол кенет аттың ар жағына ауып кетті. «Құлады» деп ойлаған Аэций ат алдынан жүгіріп шығып тоқтатпақшы болғанында, Аттила ер үстіне қайта көтерілді. Қолындағы садағына әп-сәтте жебе де салып үлгеріпті. Аэцийдің жанынан шауып өтіп бара жатып, Аттила садағын шамасы жеткенше кере тартты. Сосын адырнасын жіберіп қалғанда, жебе зулай жөнеліп, анадайда тұрған қадаға барып дір етіп қадала қалды. Сол шапқан күйімен қасынан зау лап өткен Аттила атының басын біраз жерге жіберіп, қайта бұрылды. Ендігі қолына жылқының қылынан есілген арқан алған екен. Біле-білген адамға бұл да ғұндардың қорқынышты қаруы. Ғұндар қару мен қолы жетпеген жердегі дұшпанын да осылайша ат үстінде тұрып шалма салып сүйретіп кете береді. *таралғы – үзеңгіні ерге жалғастыратын, айылбасы бар қайыс бау, тұрман

Шауып келе жатқан Аттила басынан асыра үйірген шалма-
сын Аэцийдің тұсынан өте бере сілтеп қалды. Тіптен шұқшия
дәлдеген де жоқ.
Арқан алдымен Аэцийдің денесін түршіктіре терісіне

қылдары қадала барып орай кетті. Аңқайып тұрған Аэций
қимыл етем дегенше, орта белден оралған арқан керіле тар-
тылып шапқан ат екпінімен Аэцийді жұлқи тартып етбеті-
нен түсірді.

Бес-алты қадамдай сүйретілген Аэцийді тастай салып Ат-
тила ары қарай шаба жөнелді. Бастапқы жеріне жетіп қайта
оралып келе жатқан Аттиланың бұл жолы қолында семсері бар
еді. Арқанмен сүйреліп, топырақ қауып шаң жұтқан Аэций

Аттиланың мұнысынан жүрегі ұша қорқып кетті. Орнынан
ұшып тұрып үсті-басын қағып тұрғанда, Аттиланың қаруды
қалайша қолына алғанын тағы да бағамдай алмай қалды. Ат-
тила сол шапқан бойымен келді де енді ат басын манағы жебе

қадалған қадаға бұрды. Жай оғындай ағып бара жатып қадаға
жанаса бере жарқ дегізіп қылыш сілтеді. Қылышы жебенің
қадаға шаншылған тұсын қиып түскен екен. Тізгін тартқан
Аттила Аэциймен қатарласты да:

– Мін ана тұрған аттардың біріне, – деді.

– Неге? – деді Аэций тайсақтай.

– Мін. Қазір сайысып көреміз. Ат үстінде кімнің тақымы

мықты екенін байқайық, – деді алабұртқан Аттила.
Кішкентай болса да өзі айтқандай «ат үстінде отырған жын-
періге» айналып шыға келген Аттилаға шамасы жетпейтінін
білген Аэций күмілжіп қалды.

– Мен...

– Қорқасың ба немене? Әлде атқа міне алмайсың ба?

– Міне аламын ғой...

– Ендеше неге тұрсың?

Қорқыңқырап тұрған Аэций шынын айтты:

– Мен атта сен секілді отыра алмаймын. Атпен жүріп қалай

сайысу керектігін де білмеймін.
Аттила оған қарап түтігіңкіреп тұрды да, осқырынып
тұрған атын бұрып әкетті. Атын жай бастырып қадаға байлап,

ер-тоқымның тартпасын босатыңқырап қойды. Сосын состиып
тұрған Аэцийдің қасына келді де:

– Жүр, мен қазір саған садақты қалай ию керек екенін көр-

сетемін, – деді.
Мұғалімінің артынан ерген үлгілі оқушыдай Аэций оған
сөз қатпастан ере берді.
...Арада көп жылдар өтпей-ақ Аэций Батыс Рим мем-

лекет қайраткерлерінің бірі болды. Тіпті біртіндеп Рим
әскерінің бас қолбасшысына дейін көтерілді. Осы кезде
ғұндармен арадағы достық қатынастарды дамытуға көп
еңбегін сіңірді...

Вестготтардан қауіп төнген кезде Аэций Шығыс Римді
қорғау үшін ескі таныстықпен ғұндар ордасына көмек сұрап
барады. «Бір күн дәмдес болғанға қырық күн сәлем» жолдай-
тын ғұндар жас кезінде аманат болып Аттиламен бірге ержет-

кен Аэцийдің меселін* қайтармайды. Сөйтіп Шығыс Рим аста-
насы Константинополь аман қалады. Осы шайқаста ғұндар
әскерін басқарған жас қолбасшы Аттила вестогтарды ойсырата
талқандаған еді...

Вестготтармен болған шайқастан кейін, яғни 424 жылы,
Шығыс Рим империясы ғұн ордасына Паннония провинция-
сын сыйға береді. Сол кездегі Паннония провинциясына қа-
зіргі Венгрия жері түгелдей және Швейцария, Италияның

біраз бөлігі кіретін еді. Аттила заманынан бері танымал Вен-
грия «Хунгрия» деген атау хун (ғұн) елі деген мағынаны береді.
*месел – көңіл, ниет, пейіл
*месел – көңіл, ниет, пейіл

Еркін халық
Еркін халық
л заманда әр халық өзгелерді табан астына салып таптап

жоқ қылып жіберуге тырысатын. Яғни, бұл жалғыз өз-
дері ғана дүниенің қожайыны болуға ұмтылып, басқаларды
қотанына* қамап құл қылуға тырысқан уақыт еді.
«Адам құқығын алғаш реттестіріп, заңмен қорғадық» деген

Рим басшыларының дақпырт сөзі көп болды. Шындығына кел-
генде, бәрі де керісінше еді. Ал ғұндарда ешқашан құл иеле-
нушілік қоғам болған жоқ. Иен даланы еркін кезіп үйренген,
бостандығына ешкім қол сұғып көрмеген азат халықтың

ұлдары үшін басы байлаулы адамдардың өмірі – таң қаларлық
нәрсе. Римге барып келген елшілердің бір байдың есігінің ал-
дында итше шынжырлап байлаулы тұрған құлды көргендерін
айтқандарында, Руғила ашудан қайнап, көзі жалт-жұлт етіп

тұрып қалған еді:

– Адам дүниеге келген кезде ешкімге тәуелді болмай, азат

туылады. Ол – Жаратушының қалауы. Оны құлағын кесіп құл
қылып, қалайша еркінен айырады. Иә, рас, ол өзінің осы өмірге
әкелген ата-анасының алдындағы борышын өтеуге тиісті.
Оларға мейіріммен қарап, аялы алақанында ұстау – баланың

негізгі міндеті. Тіптен сол әке-шешенің өзі де «борышыңды
атқар» деп балаларын зорламайды ғой. Ал Тәңірдің біреуге
берген бостандығын қалайша екінші адамның алып қоятынын
түсінбеймін, – деді Руғила кекесінмен. – Ғұндар арасында он-

дай жайт болмақ емес. Тұтқынға түскен жау әскерлерінің жа-
уынгерлері қылмыс жасаса, өлім жазасына кесілсін, бұл – ата
заңымыз. Ал егер тәртіп бұзбай дұрыс жүрсе, әскер қатарына
алынады және бейбіт өмірде жұртпен бірге өмір сүріп, өз адамы-

мыздай өмір кешпек. Осы естеріңде болсын!
Ауыздан-ауызға өткен ғұндар патшасының бұл сөзі герман
тайпаларына жеткенде, еркін өмірді аңсап, сусаған жұрт ғұндар
арасына көптеп қашып келе бастады. Алайда, ғұндар оларды

л заманда әр халық өзгелерді табан астына салып таптап

жоқ қылып жіберуге тырысатын. Яғни, бұл жалғыз өз-
л заманда әр халық өзгелерді табан астына салып таптап
л заманда әр халық өзгелерді табан астына салып таптап

жоқ қылып жіберуге тырысатын. Яғни, бұл жалғыз өз-
л заманда әр халық өзгелерді табан астына салып таптап
л заманда әр халық өзгелерді табан астына салып таптап
л заманда әр халық өзгелерді табан астына салып таптап

л заманда әр халық өзгелерді табан астына салып таптап

жоқ қылып жіберуге тырысатын. Яғни, бұл жалғыз өз-
*қотан – мал түнейтін орын, қора

көзсіз қабылдай берген жоқ. Араларында жансыздардың да бо-
луы мүмкін, сондықтан алдымен тексеруден өткізген. Өз еліне
опасыздық жасаған сатқындардың ғұндар арасына кіріп кетуі
құпталмаған. Ал бір рет опасыздық еткен адамның екінші жолы

да сатып жібермесіне кім кепіл? Осындай герман немесе Рим ле-
гиондарынан қашып, ғұндар тарапына өткен жауынгерлер азат
халық арасында көптеп өмір сүрді. Араларында қарапайым
римдіктер де бар еді. Себебі Рим империяларындағы заң қатал

болды. Сан жетпес салықтың өзі шаруалар мен қолөнершілерді
титықтатып жіберді. Оның үстіне империя деген аты болмаса,
Римнің бұрынғыдай қауқары қалмаған-ды. Осындай жайттар
үсті-үстіне қосыла берді. Римде тұрмыс ауырлап, қиыншылық

көбейген сайын, бас сауғалап қашатындар да молайды.
Рим байлары қарапайым халық пен әскер санатындағы
адам дарды алдап-арбау, қорқытып-үркіту арқылы өздеріне
бағындырып, қызметтерін істетіп отырды. Олар көжегін қорда-

ға* көміп «қанжығада кездесерміз» деп қаша жөнелетін қорқақ
қояндар іспетті. Әлдеқалай жағдай бола қалса, бас амандап
қашып тығылатын індері, яғни үй-жайлары бар. Ал қарапайым
халықтың, қан майданда Отаны үшін қаза болатын, кеудесін жау

оғына төсеп жүрген жауынгерлердің ештеңесі жоқ. Әйтеуір олар
үшін күн мен ауа ғана тегін, оның өзін де Құдай берген. Ал бас-
тарына күн туған жағдайда, бала-шағасымен қайда барса да өгей
атанып, ешкімге керексіз боп шыға келеді. Пайдасына жаратып

алғаннан кейін немесе басына төнген қауіптен құтылған соң,
олардың тағдыры байлар үшін түкке де тұрғысыз болып қалады.
Қолбасшылар мен мемлекет басындағылар сол жауынгерлер
мен халықтың арқасында күн көріп отыр. Олар әрбір шайқастың

алдында әскер қатарындағыларға неше түрлі уәде беріп алдай-
ды. Соның бәрі тек өздерінің қара бастарының қамы үшін. Отан-
ды қорғайтын да, мемлекетті жаңа жерлерді жаулап күшейтетін
де, қан майданда қаза болатын да сол жауынгерлер.

Қысқасын айтқанда, соншалық дамыған өскелең мәдениеті
болса да, жалпы халыққа Рим империясынан гөрі ғұн ордасын-
да өмір сүру әлдеқайда жанға тыныш болды. Әркімнің арманы
да осы еді.

*қорда – көң, қи, және т.б. заттардың бірнеше жыл жатқан үйіндісі

Аттила
Аттила
ұндар бірлестігінің басына 420 жылы Руғиланың келуі

ғұндар мен Рим және ежелгі дұшпан вестготтар арасын-
дағы қарым-қатынасқа жаңа леп қосты. Ел тізгінін қолына
ұстағанға дейін өз тайпаластарының көш басында тұрған ол
ғұндарда ертеден келе жатқан дәстүр бойынша тек тақ ба-

сында отырып билік жүргізуді ғана біліп қоймай, келешек
күнді де ойлайтын сұңғыла адам еді. Ертеңді болжап біле-
тін осы қасиеті мемлекетті тек қарудың күшімен ғана емес,
ақылмен басқарып, басқа халықтардың ғылым-білімін үй-

ренуді ойлантты. Ол ғұндардың тек өзгелердің қаһары ғана
болып қоймай, сан салада бас игізіп, тәнті қылатын білім-
дар халық болуын көкседі. Сонымен бірге Руғила ата салты
бойынша, патша тұқымынан шыққан ұландардың жеті тіл-

ді үйреніп, жетпіс өнерден хабары болуы керектігін естен
шығармады. Осы жағдайға байланысты ол інісі Мыңзықты
шақыртып алып, оның ұлы Аттиланы Римге оқуға жібермек
болған ойын айтты. Бұл біздің жыл санауымыздың 410 жы-

лы болған оқиға еді.

– Мыңзық, – деді Руғила оған қарап, – ертеңін ойлама-

ғаннан без, таңертең тұрып түстігін қамдамағаннан қорық.
Басқаларды бас игізіп бағындырдық дегенмен, білектің күші,
найзаның ұшымен осынша халықты қанша уақытқа дейін
ұстап тұрармыз. «Білегі бар бірді жығып жүргенде, білімдінің

мыңнан асып түсерін» білеміз. Ойыма алған нәрсем – Аттила-
ны Римге оқуға жіберсек дегенім еді. Басқаларға қарағанда,
Аттила қатарының алды, оның үстіне жанында жүрген ама-
нат бала Аэцийден де біраз нәрсеге қанық болып қалғанға

ұқсайды. Баланың бағын байламай, төңірегін ғана таныған
торғай емес, қиянға ұшар қыран болса деп едім. Соған бай-
ланысты сенің рұқсатыңды сұрап, балаңа ақ батаңды берсең
деймін.

ұндар бірлестігінің басына 420 жылы Руғиланың келуі

ғұндар мен Рим және ежелгі дұшпан вестготтар арасын-
ұндар бірлестігінің басына 420 жылы Руғиланың келуі

ғұндар мен Рим және ежелгі дұшпан вестготтар арасын-

ғұндар мен Рим және ежелгі дұшпан вестготтар арасын-
ұндар бірлестігінің басына 420 жылы Руғиланың келуі
ұндар бірлестігінің басына 420 жылы Руғиланың келуі
ұндар бірлестігінің басына 420 жылы Руғиланың келуі

ғұндар мен Рим және ежелгі дұшпан вестготтар арасын-

ғұндар мен Рим және ежелгі дұшпан вестготтар арасын-

Руғиланың алысты болжап білетінін екшеген* Мыңзық
көз қуанышының өзінен алыста жүретінін ойлап қаншама
қиналса да, аға шешімін оң көрді.

– Аға сөзін жерге тастау әдетімізде жоқ қой, Руғила. Ер

жігіттің халқы үшін туылып, еліне қызмет қылатыны – бі-
рінші міндеті. Бетінен жарылқасын, мен оған еш бөгет бол-
маймын, – деді Мыңзық басын иіп.

– Бәрекелді, – деді Руғила, – ендеше жолға дайындалсын,

ертең сапарға шығады.
Осылайша әкесі ақ жол тілеп шығарып салғанынан кей-
ін, Аттила өзі сырттай танып қанық болған бейтаныс қалаға
аттанды.

*екше – ойлаған нәрсені ой елегінен өткізу, саралау

Шәкірт Аттила
Шәкірт Аттила
уропадағы мәдениеттің бірден-бір ошағы болған, көп

ғасырдан бері «мәңгі қала» аталатын Рим керемет ша-
һар екен. Оның алып жатқан жерінің көлемі өте үлкен, ал
табиғатының көз тойғысыз әдемілігіне барған адам шын
мәнінде таң қалады. Аспанмен тілдескен құдай үйлері мен

кең сарайлар, театрлар, патша сарайлары, зәулім биік мәр-
мәр бағаналар, алтындап жасалған неше түрлі адамдардың мү-
сіндері, суреттер, мозаикалар, көпірлер көз тойғысыз. Кере-
мет құрылған көп қабатты үйлер, бірі екіншісіне ұқсамайтын

ғимараттар.
Туған даласын тастап, Рим қаласына келген Аттила оқуға
барынша ынталы болды. Оның үстіне жас күнінен ғұндарға
келіп-кетіп жатқан Рим, герман тайпаларының елшілерін,

тағы басқа жайттарды көріп, көкейіне түйіп өскен. Ғұн орда-
сында кепілдікте болған жас бала Аэцийге қосылып латын ті-
лін үйренген. Сәл де болса түсінісуді білетін Аттила аздап тіл
сындырып қалған еді. Осылайша жас та болса ғұн бозбаласы

Рим қаласына білім нәрінен сусындауға келді.
Римдегі білім беру жүйесі сонау ерте заманнан келе жат-
қан грамматика мен риторикалық дәріс алар орындардан
тұрды. Басқа шешендік өнер мектептері де өте көп болды.

Аттила сияқты жат елден келген, көбіне герман тайпала-
рының басшылары мен олардың ақсүйектерінің балалары
осы шешендік өнер мектептерінде оқып білім алды. Сол гер-
ман тайпа басшыларының бірінің баласы Теодор Аттиламен

Римде жұп жазбай бірге жүрді.
Аттила бала кезінен-ақ герман тілін жақсы меңгерген.
Бір жағынан Теодорды Аттилаға жақын еткен осы себеп.
Қандасы болмаса да өз тілінде сөйлей білетін ғұн өреніне ол

сондықтан да үйірсек. Жат жерде жүрген екеуі де білім із-
деп келгендіктен және туған ортаға деген сағыныш сезімі

ғасырдан бері «мәңгі қала» аталатын Рим керемет ша-

ғасырдан бері «мәңгі қала» аталатын Рим керемет ша-

ғасырдан бері «мәңгі қала» аталатын Рим керемет ша-

ғасырдан бері «мәңгі қала» аталатын Рим керемет ша-

ғасырдан бері «мәңгі қала» аталатын Рим керемет ша-

ғасырдан бері «мәңгі қала» аталатын Рим керемет ша-

ортақ болғандықтан, араларында сырластық, достық қарым-
қатынас орнаған еді.
Бастапқыда бейтаныс қалада қалай жүріп-тұруды білме-
ген Аттила көбіне-көп өзінің табиғи сезімталдығына, өз жасы-

на лайық емес ақыл-ойына бағып, не нәрсе болса да ыңғайын
табуға тырысқан. Алайда даланың баласы болу бір бөлек екен
де, ығы-жығы халқы бар, айналаңды қоршаған тас қамал,
тығылысқан үйлер арасындағы өмір заңы бір басқа көрінеді.

Енді Аттилаға қала тұрмысымен таныстырып, жай-күйін
аңдататын біреу қажет. Сол мақсатта қасына Теодорды ер-
тіп жүрген кезінде тағдыр айдап бұлар Рим тұрғындары
арасынан өздеріне жолбасшы болар адам тапқан. Бұл өздері

құралпы* құрдастары, римдік Петроний еді. Онымен таныс
болуларына да себепші болған кездейсоқ оқиға.
Бір күні екеуі сабақтан шығып, анда-санда тіл қатысып
келе жатқан. Әдетте, олар жан-жақтарына алақтап қала

көріністеріне көз жүгіртіп, бір-бірімен көп сөйлеспейтін.
Сөйтіп келе жатқандарында адамдары абыр-сабыр болып
жататын алаңдағы бір үйдің бұрышына сүйеніп тұрған
балаға көздері түсіп кетеді. Бастапқыда қасынан жай басып

өте бермекші еді, көзінен аққан жасты жеңімен сүрткіштеп
қыстығып тұрған балаға қарап, Аттила оның қасына таяп
келеді. Бала өзіне назарын аударған бұл екеуіне қарап жат
жұрттықтар екенін таниды да ызаланып:

– Не қарап тұрсыңдар? Адам көрмеп пе едіңдер? – деп бір-

ден тіке кетеді.

– Не болды саған? – дейді Аттила балаға латыншалап, – бі-

реу ренжітті ме?
Оларды тіл білмейтін жабайыларға санап тұрған бала аузы
аңқайып Аттилаға қарап қалады.

– Неге үндемей қалдың? Жаңа ғана сөйлеп тұрған секілді

едің ғой.

– Сендер мұнда қайдан жүрген жансыңдар? Әке-шеше-

леріңнен адасып кеткен жоқсыңдар ма?

– Алдымен сен өз жайыңды айтсаңшы. Неге жылап тұрсың,

кім сені жәбірлеген?
*құралпы – жас шамасы, мөлшері тең, қатар, тұстас

Есіне өз басындағы жағдай түскен бала қайта жабырқап са-
ла берді. Сосын қабағын түйе бетін әрі бұрып әкетті де:

– Жәй. Ешкім ештеңе деген жоқ, – деді естілер-естілмес

етіп.

– Адам жәйден-жәй жылаушы ма еді? – деп Теодор да

тақымдап қоймады.
Бейтаныс бала үндей қоймаған соң Аттила кетуге бет алды.
Оған еріп Теодор да сырт бұрылған еді, арттарынан баланың
үні естілді. Өксігі басылып мұрнын қайта-қайта тартқыштаған

бала соңдарынан:

– Тоқтай тұрыңдар. Өздеріңнің кім екендеріңді айтыңдар-

шы? – деді.
Қайта бұрылған Аттила балаға сынай қарап:

– Менің атым – Аттила, – деді. – Ана тілімде Еділ, герман

тілінде Эцел, сендерше, яғни латынша Аттилио деп атайды
мені.
Сосын жанындағы Теодорға иек қағып еді, ол:

– Мен Теодормын, – деді. – Ал сен кімсің?

– Петроний... Бұл арада қайдан жүрсіңдер? Әлде саудагер

біреудің балаларысыңдар ма?
Содан соң екеуіне кезек-кезек қарап:

– Екеуің ағайынды емессіңдер ғой? Тіптен рулас та емес-

сіңдер. Көрініп тұр, – деді өз сұрағына өзі жауап қайтарып.
Аттиланың қызба мінез-құлқын танып қалған Теодор оның
бетіне көз жүгіртіп еді, бұл жолы сабырлы тұр екен. Сосын еке-
уі үшін өзі жауап берді:

– Біз Римге оқуға келген король балаларымыз.

Петронийдің бойында қызығушылық пайда болды.

– Король баласымыз дейсіңдер ме? Сонда қай корольдіктен

келдіңдер?
Бұл жолы да Теодор жауап берді:

– Мен франктер королінің тақ мұрагерімін. Ал досым Атти-

ла айбынды ғұндар ордасынан келіп отыр.
Петронийдің көзі мүлдем жайнап кетті.

– Мәссаған, сен шынымен-ақ ғұнсың ба? – деп Аттилаға

таңырқай қарады.

Теодор досы намыстанып қалар-ақ деп қауіптеніп еді, жоқ
Аттила сол сабырлы қалпын бұзбай тұра берді. Тек Петроний-
ден көз айырмай тік қарап, күлкісі келгендей мырс етті.

– Немене әлі күнгі дейін ғұн көрмеп пе едің?

– Шынымды айтайын, көрген жоқпын, – деді ол ағынан жа-

рылып. – Бүгін мен үшін сәтті күн болатын шығар.

– Қалайша сәтті күн болады? Жаңа ғана жылап тұрған

сияқты едің ғой.
Петронийдің ойына ендігі өз қайғысы түсіп кеткендей
үндемей қалды. Аттила оған:

– Ал, енді айтамысың неге жылап тұрғаныңды? – деді.

– Әкем ұрды... – деп Петроний көңілсіз жауап қайырды.

– Жә, әкең жайдан-жай ұрмайтын болар? Өзіңнің бір кінәң

бар шығар?

– Кінәм болғанда... Бүгін неге екенін білмеймін, ашуланып

келіпті. Ол біздің қожайынымыз ғой. Қаласа, бәрімізді үйден
қуып жібереді, болмаса құлдыққа сатамын деп қорқытады.

– Құлдыққа сатқаны қалай? – деді Аттила таң қала, – өз

бала-шағасын адам құлдыққа сатушы ма еді?
Петроний да Аттилаға таңдана қарап:

– Сен шамасы Рим заңдарын білмейтін болдың ғой. Заң

бойынша үй иесі бәріне де, әйеліне де, балаларына да, дүние-
мүлікке де қожайын. Қаласа, сатып жібереді, біреуге сыйлай
салуға да құқығы бар, – деп түсіндірмек болды.

– Бұл деген жабайылық қой, – деп Аттила осы сөздің аузы-

нан қалай шығып кеткенін байқамай қалды.

– Жабайылық?..

Петроний бір нәрсе демек болып оқталып еді, ортаға мана-
дан үндемей тұрған Теодор килігіп кетті.

– Аттила, Римнің біз білмейтін нәрсесі әлі көп қой. Оған

баға беруге асықпай-ақ қояйық. Әлі біз бұл жерден көп нәрсе
үйренеміз, көп қызық та көреміз.

– Шамасы, екеуің Римді жақсы білмейсіңдер ғой?

– Иә, келгенімізге біраз болса да, әлі толық танысып

үлгермей жатырмыз. Оның үстіне ненің не екенін сырттан кел-
ген соң пайымдай беру қиын екен.

– Ендеше жүріңдер, мен сендерді аралатып көрсетейін.

Ұмсына берген Петронийді Аттила жеңінен ұстап:

– Римді бір күнде көріп үлгермеспіз, – деп тоқтатты.

– Әрине, – деді Петроний көзі жалт-жұлт етіп.

– Алдымен бізге келісіп алған жөн болар. Күнде осы жерде

кездесіп тұрайық. Сөйтіп қаламен біртіндеп таныстырарсың,

– деді Аттила.

– Келістік, – деді Петроний қолын созып.

Үшеуі қол алысқан сәттен бастап жұптары жазылмаған еді.
Осылайша Аттила мен Теодор аяқ астынан өздеріне жаңа дос,
жолбасшы тапқан.
Әр күні сабақтан қолдары босаған мезетте екеуі өздерін

күтіп тұрған Петронийге асығатын. Петроний өзінің жаңа
достарына мәңгі қала Римді ерінбей-жалықпай таныстыра-
тын. Өзінің туған қаласы жайлы, оның өмір-тарихынан біле-
тін жайттарын оларға айтып түсіндіріп, әңгімелеп беретін.

Римдегі оқу орындарының дәріс берушілері бұрын импе-
рияның мықты кезінде императордың бекітуімен ғана жұ-
мыс істейтін және үлкен жалақы алатын. Аттила оқыған
410 жыл Римді вестготтық Аларих тонағаннан кейінгі жыл-

дар болғанымен, бұл кездері де оқу орындары жақсы жұмыс
істеп тұрған.
Аттила оқыған мектепте латын тілі грамматикасы, Рим
тарихы және әдебиет оқытылды. Сондай-ақ Рим құқығы,

яғни заң оқуы жүргізілді. Аттиланың аса бір қызығып
оқыған пәндерінің бірі осы Рим құқығы, олардың заңдары
еді. Өйткені дала перзенттері көшпелілер ұрпағы ғұндарда
қағаз бетіне түскен заңдар болмаған. Ал оны қағаз бетіне

түсіре білген халықтан үйренетін нәрселер өте көп.
Әрине көшпелі халықтардың өздеріне тән, жазылмаса да
ғасырлар бойы бұзылмай сақталып келе жатқан ата заңдары
бар. Ол заңды ешкім ешкімге үйреткен емес, оны сезініп өсу

керек. Дегенмен де ғылым-білімі дамыған халықтан үлгі-
өнеге алып, олардың жақсысын үйреніп, жаманынан жире-
ну керектігін Аттила Римде өткізген сол жылдары көкейіне
түйген еді.

Аталған пәндермен бірге Аттиланың аса ден қойғаны та рих
болды. Ол осынау он екі ғасырлық тарихы бар ұлы империя ның
тарихын қызыға да құныға оқыды. Оның қызығушылығын
тудыруға септік еткен адам – сол тарих пәнінің оқытушысы

Гоций еді.
Тарих сабағы ең алдымен «Анналос» деп аталатын жылна-
малар жинағынан басталады екен. Онда Рим империясының
өткен күндер тарихы, гүлденген шағындағы ауызға ілі-

гер оқиғалар мен императорлар өмірбаяндары, олардың
жасаған істері жайлы жазылған. Ұстазының асықпай бап-
пен айтқандарын құлағына құйып, бойына сіңіре білген Ат-
тила сабақты ұйып тыңдайтын. Мұны байқаған Гоций ұстаз

сабақ түсіндіргенде немесе кейбір оқиғаларды баяндаған ке-
зінде тек соған ғана айтып тұрғандай Аттиладан көз айыр-
май әрлі-берлі жүретін.
Аттиланың сабаққа зеректігін байқаған Гоций оның та-

рихқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында жеке
қалып та әңгімелесетін. Оны Аттиланың әр нәрсенің мәнін
түсінгісі келіп тұратыны таң қалдыратын. Аттила да Рим
тарихындағы маңызды оқиғалардың себебін анықтағысы

келіп сұрақ қоюдан жалықпайтын. Ол тарихқа қатыстының
бәрін оқып жатпай, тек Пуни соғысын және төрт томдық
Юлий Цезарь кітаптарымен танысып шықты. Тарихшы
Тациттің герман тайпалары туралы жазылған еңбектерін де

қарастырды. Цезарьдан бергі заманда императорлық Римнің
тарихы шын мәнінде аянышты екенін Аттила Тацит және
Плутарх кітаптарынан оқып білді.
Көп білім алған сайын, адам қанаттанып жігерлене түссе,

тарихи шындықты білген сайын қынжыласың, қайғырасың.
Республикалық Рим – ұлы мемлекет, білім, ғылымның
қайнар көзі, орталығы болған. Ал қаланың қазіргі күйі адам
жыларлықтай. Бұрын бетіне жан келтірмей дүрілдеп тұрған

Рим империясының қазіргі халі мүшкіл екенін білген Аттила
да ұстазына сұрақтарды жаудыра қоятын. Аттиланың, әсіресе,
жанына батқаны Аларих бастаған вестготтардың Римге ба-
сып кіріп, аса сұлу, мәңгі қаланың тас-талқанын шығарғаны.

Осындай адам қолынан келмес зұлымдыққа вестготтардың
қалайша батылы барды екен? Әсемдікке қызықпайтын адам
кемде-кем, алайда оны бағалай білетін, қорған болатын
адамдардың сиректігін Аттила сол кезде түйсінгендей болды.

Білім терең, тұңғиық деген емес пе? Аттила да оқыған,
білген сайын ғылым, білім мен Рим тарихына бойлай берді.
Алайда көп ойланып, көп оқыса да, Аттила бос уақыт таба-
тын. Сондай кездері қаланы аралап, теңдесі жоқ Рим архи-

тектурасы мен скульптурасын қызықтаудан жалықпады.
Оған Рим қаласындағы алғаш әсер еткен нәрсе – халықтың
көп жиналатын жеріндегі үлкен алаңда тұрған қасқырдың
мүсіні. Осындай әсем қаланың негізін қалаған Ромулды емі-

зіп, асыраған осынау аңға деген римдіктердің ықыласы үлкен
екен. Ғұндардың да дала тағысына деген құрметі ерекше, се-
бебі ол батырлық пен ерліктің рәмізі іспеттес. Қасқырдың ба-
сы бейнеленген ғұндардың неше түрлі байрақтары Аттилаға

туғаннан белгілі.
Бірде Петроний оларды бір алаңға алып келеді. Бұл алаң-
ды алғаш көрген Аттила халық жиын өткізетін жерінде-
гі болар-ау деп шамалаған да қойған. Петронийді тыңдап

тұрса, расымен-ақ солай көрінеді. Рим қаласындағы халық
көп жиналатын алаңдарды, неше түрлі ескерткіштер және
ғимараттармен безендірілген қалашықты «форум» деп атай-
ды екен.

– Мына керемет форум, – деді бұларды жетектегендей бо-

лып жүрген Петроний, – Цезарь форумы. Ұлы Цезарьдің кім
екенін білетін боларсыңдар? – Петроний бұларға сынай қарап
қалыпты.

– Әрине, – деді екеуі қосарлана.

Аттила Петронийге көзін тура қадап тұрып:

– Рим қаласының қандай екенін білмейтінім рас. Алайда

Цезарьдің кім екенін білмейді деп бізді қараңғы санадың-ау,
ә? – деді. Оның сөзіне бастапқыда езу тартайын деген Петро-
ний Аттиланың тура қадалған көзімен жанары түйіскенде,
жалтылдаған жалынды байқап тайсақтап қалды.

– Жо-жоқ, – деді жылдамдатып сөйлеп, – Олай ойлаған

жоқпын. Біліп алсын деп жүрмін емес пе?
Ақтала сөйлеген Петроний Аттилаға кешірім сұрағандай
түрмен қарады. Оған көзін тіке қадап тұрған Аттила еште-
ме деген жоқ. Аттилаға Рим халқының бір ұнамайтын жері

– өздерінен басқа адамдарды қараңғы, жабайы есептейтіндері.

Тіптен тілдерін түсінбеген халықты сөйлеген сөздеріне қарап,
тілдері бірыңғай «вар-вар» секілді көрініп, сондықтан да олар-
ды «варварлар» деп атайтын. Өзін римдіктер ондай «варвар»
халық санатына жатқызбаса да, адамдардың бәрі бірдей деп

әділ санайтын Аттила олардың осы менмен, бос кеуде, соқыр
мақтаныштарына ызасы келуші еді.
Бұл үшеуі аралап көріп жүрген форумдардың бірнешеуі
базар немесе саяси кездесулер өткізілетін орталықтар орнына

жүретін көрінеді. Басқа да форумдардың аттары әйгілі импе-
раторлар есімдерімен байланысты екен.
Аттила көз құмарын қандыра аралаған осынау форумдар-
дағы теңдесі жоқ ескерткіштерді кейінгі уақыттарда қайта та-

машалаудан еш жалыққан емес. Ол Цезарь форумындағы әрбір
ескерткіш ғимараттың жанында ұзақ қарап тұратын. Әсіресе
Венера храмының аспанмен тілдескен аса биік үш бағанасы-
ның кереметтігіне және оның әшекейлі ою-өрнектеріне өте

риза болатын. Форумды айнала орналасқан Веста, Антонина
мен Фаустина храмдарын қараудан да зерігіп көрген емес. Сол
бір ұлы өнер адамдары жасаған әшекейлі өрнектерді қолымен
ұзақ сипалап, оның әрбір өрнегі жүрегінде жақсылап ұялап

қалсын деген адамша көз алмайтын.
Басқаларына қарағанда Аттиланы қатты тебірентіп, ерек-
ше күйге түсіретін – Трайано форумы. Римнің бір ерекшелігі

– ондағы әр ғимараттың бір-біріне ұқсамауы. Сондықтан

да оған форумдағы неше түрлі құдай үйлері, ескерткіш мү-
сіндердің бәрі көздің жауын алатындай әсер етеді.
Міне, мынау шаңқайып аспанмен тілдескен Трайано баға-
насы. Керемет зәулім биік бағананың ең ұшында мәңгі қала

Римге жоғарыдан асқақтай қарап тұрған Трайаноның өз ес-
керткіші. Ал осынау биік мұнарадағы тасқа қашап салынған

мың сан суреттер мен бейнелерді жасаған шеберлерге, жалпы
өнер атаулыға амалсыз бас игізеді.
Аттила досы Петронийдің мәңгі қаланы аралап жүріп
айтқан әңгімелерінен осы Трайано жайлы мардымды мағлұ-

мат ала алмай, келесі жолы ұстазы Гоцийден сұраған-ды.
Әдеттегідей сол күні сабақ басталысымен-ақ Гоций Аттиланың
көзінен өзіне әлдене айтып, тағы да ішіндегі лапылдап жатқан
қызығушылық жалынын баспайынша тынышталмайтынын

білген. Ол жаңа сабақты түсіндіріп, Рим тарихындағы тағы
бір ұзын-сонар әңгіменің шетін қайырғанша сабақ уақыты да
аяқталады. Сабақ бітісімен-ақ сыртқа ұмтылған балалардың
соңын алып қалып қойған Аттилаға ұстазы күлімсірей

қарап:

– Иә, Аттила, байқап тұрмын, маған бірдеңе айтқың келеді

ғой, – деді.

– Ұстаз, кеше Трайано форумына барған едім... Сол жайлы

сізден сұрамақшымын.

– Бәрекелді, Аттила. Қаламен танысып жүргенің құптар-

лық іс. Оның Трайано форумы екенін кім айтты?

– Петроний атты досым бар. Бізді қаламен таныстырып

жүрген – сол.

– Ә-ә, мұның жақсы екен.

Сосын бұдан көз айырмай қадалған ұстазы шәкіртінің ба-
сынан сипады да:

– Дос тапқаның жақсы, Аттила. Бір байқағаным – бойыңда

ізгі қасиеттер өте көп. Сол жақсы қаиеттеріңді жоғалтып
алмауға тырыс, – деді. – Ал, Трайано жайлы не сұрамақшы
едің менен?

– Маған оның өмір-тарихын айтып беріңізші, ұстаз.

Аттилаға ойлана көз тастаған Гоций оны өзіне баурай тарт-
ты да, жүруге икемдеді.

– Сабыр етіп шыдаймын десең, бұл жайлы әлі алдағы

уақытта айта жатармыз. Ол туралы жеке сабағымыз бола-
ды. Ал егер өз бетіңмен оқып-білгің келер болса, қоғамдық
кітапханаға бар. Сол жерден белгілі тарихшылардың және
Тациттің кітаптарын алып қарастыруыңа болады.

– Көп рахмет, ұстаз. Мен солай істеймін, – деді Аттила ізет

білдіріп.
Бұған жымия қараған Гоций бас изеп, қоштасудың иша-
расын жасап жүріп кетті.
Римнің көптеген кереметтерінің бірі – қоғамдық кітап-

хана. Ұлағатты ұстазының жөн сілтеуі бойынша Аттила ол
арадан тарихшы Тациттің кітаптарын тауып оқуды ойлады.
Әрі сыртынан көріп тамашалаған кітапханаға барудың сәті
түскенін құр жібергісі келмеді. Осы оймен сол күннің ерте-

ңінде білімге деген құштарлық жетелеген Аттила кітапха-
наға жеткен еді.
Жас талапкердің кітаптан оқып білгені – осы тамаша фо-
румды және Рим қаласындағы басқа да зәулім ғимараттарды

құрғызған император Трайано 97 – 117 жылдары өмір сүрген
екен. Дакия патшалығын жаулап алған атақты Трайано да
сол адам. Аттила қызыға оқыған кітаптарды жазған әйгілі
тарихшы Тацит Трайаноның және оған дейінгі билік басын-

да отырған император Нерваның замандасы еді.
Осынша көп күш жұмсап, Рим жауынгерлерінің қанын
төгіп зорға бағындырған Дакия провинциясы қазір ғұн ор-
дасының құрамында. Мұның өзі қаншалықты аянышты

жағдай болғанымен, Аттила өзінің ата-бабасының осындай
империя құрамында болған жерді қол астына қарата алғанын
ойлаған сәтте кеудесінде мақтаныш сезімі оянатын. Алайда
ол өр көкіректің құр даңғойлығы емес еді. Аламан соғысқа

атойлап кірген ата-бабасының өрен ерлігінің арқасында
жеткен жетістігі екенін түйсінген жігіттің асқақ көңілі-тін.
Әйтсе де Аттила өнердің хас шеберлері жасаған теңдесі жоқ
ескерткіштерді тамашалап, осы жағдайға әрі қуанып, әрі Рим-

ге жаны ашып, қиналатын. Аттила Римнің көрнекті жерле-
рін аралап жүріп осындай екіұдай сезімдерге бөленуші еді.
Сондай-ақ Римде Трайано құрметіне арнап құрылған бір-
неше «Жеңіс аркалары» бар. Ою-өрнектері мен әшекейлері

және мүсіндері бір-біріне ұқсамайтын тек осы Трайаноның
ғана емес, басқа да аркалардың бәрін Аттила ерінбей,
жалықпай қаншама рет қызықтады.

Құдіретті императорлардың өмір тарихын жақсы білетін
Аттила ғажайып ғимараттарды көргенде, тіпті қанаттанып
кететін. «Ғұн ордасында да осындай аспанмен тілдескен сарай-
лар мен құдайлар үйін құру керек. Біздің халық мүсін өнерін

үйренуге тиісті» деп ол іштей сан мәрте қайталайтын.
Аттила театрлар мен амфитеатрларға да көп барды. Үлкен
амфитеатрлардың бірі – Колизей деп аталатын дөңгелек ғима-
рат. Осы құдіретті ғимарат құрылысы император Веспасиано

(69 – 79 жылдар) тұсында аяқталған еді. Ғимараттың Аттилаға
керемет ұнайтын ерекше бір жері – оның дөңгелектігі, яғни
ғұндардың киіз үйлері мен ғимараттарына ұқсас болғандығы.
Бұл жерде Рим қаласының жауынгерлерінен шыққан жекпе-

жек майталмандары – гладиаторлар өнер көрсететін.
Гладиаторлар – жорықта немесе соғыста қолға түскен бөтен
ел жауынгерлері. Оларды елдің көңілін көтеру үшін шаршы
топта жекпе-жекке шығартатын. Бірін-бірі қып-қызыл қанға

бояп жатқандарына қарап халық у-шу болушы еді. Гладиатор-
лар – қарапайым жауынгерлер емес, сайыс, соғыс өнерін жетік
меңгерген сарбаздар. Бұл жауынгерлерді арнайы мектептерде
дайындаған.

Гладиаторлар ойынын қызықтайтын амфитеатр елу қатар-
дан тұратын. Әр қатарда мың адам отыратын орындықтар
болғандықтан, оған 50 мың адам сыйған.
Аттила Римде жүрген кезде халық гладиаторлар ойынынан

гөрі жыртқыш аңдармен шайқасты көп қызықтайтын болған.
Сондықтан әр түрлі жыртқыш аңдарды қалаға көп әкелетін.
Аттиланың жанын түршіктіретін нәрсе – торға қамалған дәр-
менсіз жануарларды қару ұстаған адамдардың қырып-жоюы

еді. Соншама топ адам болып жиылып аңдардың қырылып
жатқанын тамашалап айқай-шу болып отырудың несі қызық
екенін Аттила түсінбей-ақ қойды. Ашық аспан, кең далада ер-
кін жүрген аңды аулаудың қызығы бір бөлек, әрине. Ол жерде

аңдар тым құрыса торға қамаулы емес, туған ана – табиғаттың
аясында. Қашып құтылуға да маң далада мүмкіндік мол. Ал
аядай жерге қамап алып аяусыз қылыш сілтеу – еш адамгерші-
лікке жатпас қасиет.

Рим халқының сондай түсініксіз қылықтарынан торығып
жүрген Аттила әлдеқалай бір күні торға қамалған дала бөрісі

– сұр қасқырды көріп қалып жанына біраз аялдайды. Тар

қапастың бір бұрышына тығылып айналасына арс-арс етіп
көкжал тұр. Сайын даланы сан кезіп еркін жортқан кезін
аңсаған қасқырдың көзінде мұң да, сол еркіндігінен айырған
екі аяқтыларға деген өшпенділік те кезек көрініс беріп қалды.

Аттила қасқырды айналшықтап көп жүрді. Ақыры аңысын
аңдып жүріп, есебін тауып бөріні босатып жіберді. Бұл оның
жыртқышқа деген жанашырлығынан туған әрекет еді.
Аттиланың естуінше бір кездері көрермендердің алдын-

да жыртқыш аңдарға жазықты христиандарды лақтыратын
да заман болған көрінеді. Бұдан Аттиланың жаны түршігіп,
римдіктердің жауыздықтарына іші қазандай қайнайтын.
Сондай-ақ Рим атақты адамдар кесенелерімен де танымал

болған. Император Неронның (54 – 68 жылдар) Алтын үйі,
Адриан кесенесі, Август кесенесі, Цестий пирамидасы және
басқа да мемлекет қайраткерлеріне арнап салынған кесене-
лерді Аттила көп қарап тамашалады. Еліне еңбегі сіңген жан-

ды құрметтеуді ешқашан ұмытпау керектігін сол кезде іш-
тей түйсінген. Өмірден өткен танымал пенделерге жасалған
құрметтердің бірі – мәңгі қала Римдегі Пантеон. Аспанмен тіл-
дескен құдіретті ғимарат ішінде Римнің атақты адамдарының

сүйегі сақтаулы тұрады екен. Тек Аттилаға ұнамаған жері

– олардың балаларының да осында жерленуі еді. Мемлекет

қайраткерлерінің сіңірген еңбектері бар, ал балаларының де-
нелері не үшін мұнда қойылғандары түсініксіз.
Міне осындай құдіретті құрылыстар, шеберлердің қолы-
нан шыққан тарихи адамдардың, яғни мемлекет қайраткер-

лері нің бейнесіндегі мүсіндер мен ескерткіштер жас шәкірт
Аттилаға көп әсер етті. Ол «біз де осындай мәдениет пен өнер
шыңына жетуіміз керек» деген ойын көкейінде сақтады.

Әділ кесім, нық шешім
Әділ кесім, нық шешім
ылжып жылдар өтті. Аттила Римдегі оқуын аяқтап, еліне,

ғұн ордасына оралды. Аттиланың Римде алған білімін хал-
қының болашағына, игі істерге жұмсайтынына өте үлкен үміт
артқан адамдардың бірі – әкесі мен немере ағасы Руғила. Әсіресе
Руғиланың Аттилаға деген үміті өте үлкен. Римнен ержетіп, есе-

йіп келген Аттилаға көзі тоймай қарай берді. Ендігі Аттиланы
мемлекет істеріне араластырып, көрген-білгендерін, римдіктер
ортасында жүріп жинақтаған тәжірибелерін іс жүзіне асыруға
бірте-бірте тарта бастады. Ол үшін Руғила бастапқыда Аттиланы

сынап көрмекші болды. Көп ұзамай осындай бір істің сәті туды.
Ғұндар жаңа орта Еуропа халқының салт-дәстүрлерінің
кейбірін қабылдап, бойларына сіңіре білді. Өз ата-бабаларынан
мұра болып қалған әдет-ғұрыптарды ұмыт қалдырмай сақтап

отырды. Осындай салттардың бірі қысты шығарып салып,
жадыраған жаздың бастамасы көктемді қарсы алу болатын.
Жер қыртысы жібіп, жаймашуақ күндердің алғашқы хабар-
шылары жетіп, көк көтерілген шақта ғұндар жиын құрып той

жасаушы еді. Басқа халықтар да ғұндардың мұндай мерекелеріне
қатысып, оларды құттықтап жататын. Аттила Римнен осындай
жаймашуақ күндердің бірінде, яғни көктем айында оралды. Ғұн
ордасында абыр-сабыр мереке болып жатқан. Бұл жолы да тойға

жан-жақтан сабылып адамдар, ат аяғы жетер жердегі ел билеу-
шілері жиналған. Олардың бірі шын ниетпен, игі тілекпен келіп
отырса, екінші біреулері ғұн басшыларының жақсы көңіл күйін
пайдалынып, өздерінің талас-тартыстарын шешіп алуға тырыса-

тын. Оған көбіне-көп тайпалар арасындағы жер дауы, бірінің же-
рінен екіншілерінің аң аулауы сияқты мәселелер жатқан.
Бұл жолы да ғұн мейрамын тойлауға әдеттегідей басқа тай-
палардан көсемдер келіп құттықтап, кейбіреулері өз арыз-ар-

мандарын білдірісті. Мереке қызған кезде олар өз кезектерімен
тарту-таралғыларын Руғиланың алдына көлденең тартты. Осы
ылжып жылдар өтті. Аттила Римдегі оқуын аяқтап, еліне,

ғұн ордасына оралды. Аттиланың Римде алған білімін хал-

ғұн ордасына оралды. Аттиланың Римде алған білімін хал-
ылжып жылдар өтті. Аттила Римдегі оқуын аяқтап, еліне,

ғұн ордасына оралды. Аттиланың Римде алған білімін хал-

ғұн ордасына оралды. Аттиланың Римде алған білімін хал-
ылжып жылдар өтті. Аттила Римдегі оқуын аяқтап, еліне,

ғұн ордасына оралды. Аттиланың Римде алған білімін хал-

ғұн ордасына оралды. Аттиланың Римде алған білімін хал-

ғұн ордасына оралды. Аттиланың Римде алған білімін хал-

ғұн ордасына оралды. Аттиланың Римде алған білімін хал-

ғұн ордасына оралды. Аттиланың Римде алған білімін хал-
ылжып жылдар өтті. Аттила Римдегі оқуын аяқтап, еліне,

ғұн ордасына оралды. Аттиланың Римде алған білімін хал-
ылжып жылдар өтті. Аттила Римдегі оқуын аяқтап, еліне,

ғұн ордасына оралды. Аттиланың Римде алған білімін хал-

ғұн ордасына оралды. Аттиланың Римде алған білімін хал-

ғұн ордасына оралды. Аттиланың Римде алған білімін хал-

ғұн ордасына оралды. Аттиланың Римде алған білімін хал-

ғұн ордасына оралды. Аттиланың Римде алған білімін хал-

мезетте көсемдердің бірі Руғилаға сыйға алып келген асыл зат-
тарды иіліп табыс еткен соң бойын түзеп, сөз алды.

– Патша ием, мен – Дакия жерінен келген Неллок патша-

мын. Сізге көптеген сыйлықтар алып келіп отырмын. Осылар-
ды қабыл алуыңызды сұраймын.
Басын изеп өз ризашылығын білдірген Руғила қонақтың
тағы да бірнәрсе айтуға оқталғанын байқап:

– Мен сені тыңдап тұрмын, Неллок, – деді.

– Патша ием, сізге жасар бір өтінішім – Ромаро патшамен

арадағы дауды шешіп берсеңіз.

– Не жайлы дау? – деді Руғила дауысын көтеріп.

– Жерге байланысты. Арада қаншама жыл болды, өзара же-

рімізді бөлісе алмай алауыз болып келеміз. Соны шешіп, өзіңізге
адал берілген адамыңызға оң көзбен қарарсыз деп үміттенемін, –
деді. Сәл ойланған Руғила жанында отырған Аттилаға бұрылып:

– Мұндай мәселені сен қалай шешер едің? – деп сұрады.

Руғилаға құрмет белгісін білдіріп басын иген Аттила көз
жанарын дау қуып келген Неллокқа аударып:

– Ромаро патшаның өзі қайда? – деп сұрады.

– Ромаро кешігіп жатыр...

– Демек, – деді Аттила, – дау екі адамға ғана емес, бүкіл

елдің, патшалықтың жеріне қатысты болып тұр. Мұндай
мәселені екі жақты бірдей тыңдап шешкен дұрыс болмақ. Ал
сый-сияпатты бұрын беріп, үкім шығаратын адамның аузын
алып қою – жазаға тартылатын іс.

Жас та болса өз шешімін айтып тұрған Аттиланың өңінде ерек-
ше бір сұстылық бар еді. Шаруаның аяқ астынан бұлай өзгеріп
шыға келерін аңдамаған Неллок патша сасқалақтап қалып:

– Әрине... Мен тек алдын ала ескертіп қоймақ едім, – деді.

– Ендеше, бұл іс Ромаро патша мен Неллок патша

Руғиланың алдына бірдей келген кездерінде ғана тыңдалады.
Басқа айтары қалмаған Неллок патша жүзін төмен салып
басын иген күйі шегіншектеп орнына барып тұрды.
Руғила Аттиланың ақылына, даулы мәселені әділ шешуге

тырысқанына сүйсінді. Оны өз орнына тақ мұрагері ету жайлы
дұрыс пікір қабылдамақ болғанына тағы да көзі жетіп, көңілі
жайланып қалды.

Тақ басындағы
Тақ басындағы
Аттила
Аттила

іздің жыл санауымыздың 434 жылы Руғила аяқ асты қаза

болды. Ол өзінен кейін таққа Аттила мұрагер болып
қалуын өсиет еткен. Аттиланың әділ патша боларын білген
халық Руғиланың бұл шешімін түгелдей қолдады.
Руғила өмірден қайтқаннан кейін ғұн ордасы мен Рим

империясы арасындағы жаңадан басталып келе жатқан ке-
лісімдер бітпей қалған еді. Алайда бұл игілікті істі Аттила
толығымен аяқтады. Арада елшілер біраз қатынаған соң екі
ел келісімге келген. Ол келісім тарихта «Маргус келісімі»

деген атаумен қалды. Маргус қаласы Шығыс Римнің Илли-
рия аймағында, Моравы өзенінің Дунайға құятын тұсында
орналасқан.
Маргус келісімі 434 жылдың соңы, 435 жылдың басында

болды. Оның негізгі мазмұны мынадай: 1. Екі ел арасындағы қашқындарды түгелдей қайтарып бе-

ру, яғни оларды ешқашан жасырмау. 2. Екі ел арасында тең дәрежелі сауда-саттық жасау, яғни

екі елдің саудагерлері шекарадан кедергісіз өте алады. 3. Шығыс Рим ғұн ордасына жыл сайын 700 фунт алтын

салық төлейді.
Міне осы келісімнің негізінде Шығыс Рим ғұн ордасына
Мами, Атакам атты ғұн басшыларының қашқын балаларын
қайтарып берді. Оларды Аттила мен Бледа өлім жазасына

бұйырды.
Римнің қос империясында да ғұн жігіттері ержүректілі-
гіне қарай басқа жауынгерлерден жоғары бағаланды. Рим-
діктер тұтқынға түскен ғұнды ойланбастан әскер қатарына

алған. Ал готтардың тұтқынға түскен адамдары құлдықта
іздің жыл санауымыздың 434 жылы Руғила аяқ асты қаза

болды. Ол өзінен кейін таққа Аттила мұрагер болып
іздің жыл санауымыздың 434 жылы Руғила аяқ асты қаза

болды. Ол өзінен кейін таққа Аттила мұрагер болып
іздің жыл санауымыздың 434 жылы Руғила аяқ асты қаза

болды. Ол өзінен кейін таққа Аттила мұрагер болып

ұсталған. Осыған қарап ғұн жауынгерлерінің империя үшін
аса қажетті әскер санатын толықтыратын теңдессіз адамдар
болғанын білуге болады. Мысалы, тұтқынға түскен Хелхал
атты ғұн жігіті Рим әскерінің қолбасшысына дейін көтеріл-

ген еді.
Рим басшылары жақсы жауынгерлерінен айырылып қал-
мау үшін әр түрлі сылтаулар айтып, ғұн қашқындарын қай-
тарып бере қоймады. Осылайша созбалақтатып жүргенде

арада бірнеше жыл өтіп кетті. Ғұндар сол кездері Рейн
өзенінің алқабындағы герман тайпаларымен, оның ішінде
Бургунд корольдігімен қарым-қатынастарын реттеген. Со-
дан соң барып Шығыс Римге көңіл бөле бастаған. Ал римдік-

тер келісімді орындамағанымен қоймай, ғұн жігіттерін әр
түрлі жағдайлармен қызықтырып, араларына іріткі салып,
өз жақтарына тартуын тоқтатпады.
Алайда шыдамның да шегі бар емес пе? Оның үстіне Шығыс

Рим бір оспадар қылық, кешірілмес күнә, сүйекке таңба болар
қылмыс жасады.
442 жылы Маргус қаласының епископы ғұн батырының
зиратын тонайды. Батыр зиратында алтын заттар мен қымбат

бағалы бұйымдар көп болған. Діндар болып жүрген аяр*
адамның бет пердесі осылай ашылады. Бұл оқиға ғұндардың
ашу-ызасын келтіреді.
Аттила Рим халқын аяймын деп жүріп, өз қол астындағы

қалың елді өкпелетіп алатын түрі бар. Сондықтан ол Мар-
гус қаласы мен оның төңірегіндегі аймақты басып алып, ғұн
ордасының құрамына кіргізді. Ғұн империясының құдіреті
мен күші одан бетер ұлғая түсті.

Сол уақыттарда Аттиланың ағасы Бледа аяқ астынан қай-
тыс болады. Оның өлімінің бебебі әлі күнге дейін белгісіз. Біреу-
лері оның өлімінің жаласын Аттилаға жапса, ал ғұндар бұл
қастандықты римдіктерден көрген. Себебі Рим елшілері тек

Аттилаға ғана емес, Бледаға да барып жүрген. Ал Бледа Атти-
ла секілді ақылмен шешіп, дипломатиялық жолды ұстанатын
адам болмаған, сондықтан римдіктерге қауіп төндірген.
Римдіктердің ғұндардың көзге ілігер беделді адамдарына

*аяр – айлакер, қу, көлгір адам

қастандық жасауы жалғыз бұл емес. Ертеректе, яғни 412 жылы
олар ғұндардың қолбасшысы Донатусты өлтіріп, Аттиланың
өзіне де әлденеше рет қастандық жасаған.
Римдіктердің өз қашқындарын бермейтінін біліп Аттила

Иллирик пен Фракия аймақтарының біраз жерін басып алады.
Содан кейін ол Қара теңіз жағалауындағы Одесса (Одесса қаласы
VІІ ғасырдан бастап ғұн тілінде Уарна делінді. Қазір Болгария
жерінде болғандықтан, болгар тіліне ыңғайластырылып Варна

деп аталады) қаласында Шығыс Рим елшілерін қабылдайды.
Осынау дипломатиялық келісімнің арқасында ғұндар шабуы-
лы біраз уақытқа толастады. Алайда бір жылға жетпей келісім
қайта бұзылды.

Фракия аймағына қарасты Херсонес қаласы маңында 447
жылы Шығыс Рим әскері мен ғұндар арасында үлкен шайқас
болды. Аттила басқарған ғұндардың атты әскері Шығыс Рим
әскерін оп-оңай талқандайды. Бұл римдік әскер деп аталса да,

әр түрлі тайпалардан жасақталған құрама болатын.
Аттила, егер қаласа, Римнің астанасы Константинопольді
де оп-оңай басып алар еді. Алайда ол ешқашан Рим импе-
риясының астаналарына шабуыл жасаған емес, тіпті қалалар-

ға кірмеді де.
Міне, осы шайқастан кейін барып екі ел тағы да келісім-
ге келді. Бұл келісім-шарт Шығыс Рим үшін өте ауыр болды.
Баяғыдан бері жасаған қылмыстары үшін және 435 жылғы

Маргус келісімін орындамағаны үшін, яғни 435 жылдан бері
жылдық салығы 700 фунт алтынды төлемегені үшін Аттила
Константинопольге 8 жылдық салықты біріктіріп өтеуге қатаң
талап қойды. Демек, Шығыс Рим ғұн ордасына тез арада 6000

фунт алтын және әр жылғы салықты үш есе көбейтіп, 700-дің
орнына 2100 фунт алтын төлейтін болып келісті. Бұл келісім-
шарт Константинопольдің қабырғасын қайыстырып-ақ кетті.
Салықтан басқа олар ғұндарға қашқындарын қайтарып беруге

тиісті болды.
Сол кездері Батыс Риммен дипломатиялық қатынастарды
жалғастырған ғұн ордасының елшісі Есіл болса, ал Шығыс
Римге, яғни Константинопольмен елшілік қатынастарға Едіге

барып жүрді. Едіге – Аттиланың туысқаны әрі ұстазы, белгілі
қолбасшы, ғұн ордасындағы министрлердің бірі.
Жыл өткен сайын ғұн империясы әбден күшейді. Оған ке-
рісінше Римнің екі империясы да күннен күнге нашарлай бер-

ді. Бұл кездегі екі Рим империясының басшыларының үміті

– герман тайпаларын, яғни империяның талай жерін (Афри-

каны, Испанияны, Галлияны /қазіргі Франция/) басып алған
жауынгер корольдіктерді ғұндарға қарсы қойып, варварларды
бір-бірімен қырқыстырып, жан сақтау еді. Сондай-ақ Аттила
сынды әйгілі патшаны есебін тауып өлтірсе, ғұн империясы та-

рап кетеді деп те ойлады.
Шығыс Рим басшысы Феодосий ІІ ғұн патшасы Аттила-
ны өлтіруді бірнеше рет ұйымдастырды. Бірақ ешқандай
нәтиже болмады. Бірде Феодосий ІІ-нің досы Христафий

ғұн ордасының елшісі Едігені Аттиланы өлтіруге көндірмек
мақсатымен ұзақ үгіттейді. Оған сыйлыққа алтын береді және
одан да көп сый уәде етеді. Алайда олар Едігенің қулығына тү-
сінбеді. Едіге алдап көп сыйлықтарды алған соң, олар құрған

жоспарды Аттилаға баяндап береді. Осылай Константинополь
басшыларының ғұн ордасына жасаған және бір қастандығы
ашылып қалды.
Едіге римдіктер мен ғұндар арасындағы қарым-қатынасқа

өз үлесін қосты. Мысалы 448 жылы ол Константинопольге
барған сапарында мынадай келісімдер жасады. Біріншіден,
Дунай өзенінің алқабы, яғни Паннония аймағынан Фракияға
дейінгі жерлер ғұн ордасы иелігінде болғандықтан, римдіктер-

ге ол жерлерде егін егуге тыйым салынды. Екіншіден, ғұн ор-
дасынан азғырып, өз жағына шығарып алған жауынгерлерді
тез арада қайтару керектігі айтылды. Егер бұл шарттар орын-
далмаса, ғұн ордасы Римге соғыс ашатынын ескертті.

448 жылы мынандай бір оқиға болған еді. Рим тарихшы-
сы Прискус Феодосий ІІ-нің Аттилаға елшілікке жіберген
адамы Максиминнің өтініші бойынша, олармен бірге жолға
шығады. Араларында ғұн ордасының елшілері де бар. Жо-

лаушылар Константинопольден 13 күндік жердегі Сардик
қаласына келіп тоқтайды. Қала тұрғындары оларды жақсы

қарсы алады. Бірнеше қой мен сиыр сойып, қонақасы береді.
Прискус, Максимин мен оның жанындағылар Едіге бастаған
ғұн жігіттерімен бір дастарқанда отырады. Тамақ алдында
ғұн жігіттері Аттила есімін атап сыйынса, дастарқандастары

өз патшаларына сыйынады. Араларындағы Вигил ғұндарға
әзілдеп:

– Феодосий – құдайдың аты. Аттила адам емес пе? Адам мен

құдайды салыстыруға бола ма? – деп күледі.
Оның бұл оспадар сөздері ғұндардың қытығына қатты тие-
ді. Өре тұра келген ғұн жігіттерін қарсыластары жылы сөздерін
айтып, кешірім сұрап, зорға дегенде сабасына түсіреді.

Ақыры не керек елшілікке бара жатқандар да, елшілік-
тен келе жатқандар да ғұн ордасына жетеді. Прискус пен
қасындағылар көптеген жауынгерлер күзетіп тұрған сарайға
келіп кіреді. Осы кезде Аттила ағаш орындықта отырған еді.

Қонақтар кірген жерде тұрып қалады. Максимин жақындап
барып ғұн басшысына сәлем береді. Феодосий беріп жіберген
қағаздарды тапсырып тұрып, оған:

– Император сізге және сіздің отбасыңызға денсаулық пен

бақыт тілейді, – дейді.
Сонда Аттила таза латын тілінде:

– Мен де императорға дәл сондай тілектемін, – деп жауап

қайтарып, жанында тұрған Вигилге көзін қадайды. Оған де-
ген ызалы ашуын жасырмай, күтпеген жерден айқайлап ұрса
бастайды. Вигилдің ұятсыз хайуан екенін және қай бетімен
ордаға келіп тұрғанын айтып сөгеді.

Арадағы келісім бойынша, Шығыс Рим империясы ғұн
қашқындарын қайтарып беруге тиісті болған. Бұл келісім-
шарт түгелдей орындалмайынша, ғұн ордасына ешқандай елші
келмеуі керек еді. Қатты ашуланған Аттила осы жағдайларды

айтып Вигилге шүйлігеді. Вигил болса, ұялған тек тұрмас де-
гендей, Константинопольде ғұн қашқындары қалмағанын,
бәрінің қайтарылып берілгендігін айтып жалтарады. Мұны
естіп, Аттила одан бетер қаһарланды.

– Мен сенің осынша иттігің үшін өлімтігіңді далаға тастап,

жыртқыш құстарға жем қылар едім. Әттең, елшілік дәстүрді

бұзғым келмейді. Біздің қашқындар Константинопольде көп,

– деп ол жанында тұрған хатшысына қашқындар аты жазылған

қағазды оқуды бұйырады.
Қағаздағы қашқындардың аттары оқылып болған соң,
ол Вигилге ешқандай кідіріссіз Константинопольге қайтуды
бұйырады. Оның жанына өзінің бір офицерін қосып жібереті-

нін айтып, Шығыс Римнен қашқындарды қайтарып беруді та-
лап етеді. Аттила сөзін:

– Қашқындар ешкімге де пайда келтірмейді. Егер біз ша-

буылдай қалатын болсақ, олар сендердің қалаларыңа қорған
бола алмайды, – деп аяқтайды.
Осы кездесуден кейін Вигил дереу Аттиланың бұйрығы-
мен Константинопольге жүріп кетеді. Оның жанына қосып

жіберген офицер ғұн ордасының белгілі елшісі, латын тілін-
де жақсы сөйлейтін баяғы Есіл еді. Ол бұрын Константино-
польге көп барған, тек соңғы кездері Батыс Риммен арадағы
елшілікті басқарып жүрген.

Бұл Феодосий ІІ-нің Аттиланы өлтіру мақсатында жұмса-
ған елшісі еді. Прискус императордың бұл істеріне қатты қын-
жылады. Аттилаға жасалған қастандық жоспары кейіннен
ашылғанмен, ғұн басшысы дипломатиялық қатынасты бұзбас

үшін, қылмыстыларды жазаламайды. Аттиланың бұл кіші-
пейілділігіне, дархандығына Прискус құрметпен бас иіп, өз
жазбаларында Шығыс Рим императорын сынай отырып, Атти-
ла секілді ұлы қолбасшының адал саясаты мен дипломатиялық

қызметін аса жоғары бағалаған.
Міне бұл – сол кездегі халықаралық жағдай мен Еуропадағы
аса құдіретті болып тұрған ғұн ордасы жайлы дерек берер бір ға-
на көрініс. V ғасырдың 40 жылдарында Аттила басқарған ғұн

империясы ең күшті мемлекетке айналды. Еуропадағы барлық
мемлекеттер мен халықтар ғұндармен міндетті түрде санасуға
мәжбүр еді.
Сондай-ақ Аттила халықтан шыққан өнер адамдарын, ақын-

жырауларды, шешен сөздің майталман шеберлерін құрметтеді.
Тіпті ғұн емес, герман тайпаларының өкілдері болса да, ерекше
бағалайтын болған.

Шығыс Рим елшілігімен келген Максимин мен Прискустың
Аттила жасаған тойларға қатысып, байқағаны – дастарқан
басында патшаның жақын адамдары мен балаларының және
қонақтардың орын тәртібінің қатаң сақталуы екен. Ол әркімнің

шені мен дәрежесіне байланысты.
Дастарқанда отырғандардың алдындағы ыдыс-аяқтар, қа-
сық, шанышқылар – алтын мен күмістен жасалған хас ұсталар
мен зергерлердің қолынан шыққан бұйымдар. Ал Аттиланың

алдындағы ыдыстар тек ағаштан жасалған екен. Себебі ол өнер,
ғы лым, білімді қатты қадірлеп, патшалардың патшасы болса
да, жас кезіндегі қарапайым қатардағы жауынгер дағдысынан
айнымаған.

Аттила өз балаларын қатаң тәрбиеде ұстаған. Оның үлкен
баласы Эллақ (Еділ мен Днепр аралығындағы өлкенің би-
леушісі) әдеп сақтап әкесіне тіке қарамайды екен. Даңқы
жайылған батыр, билеуші бола тұрса да, әке алдында иба-

лы мінез көрсетіп, жүзін тіктемей, жанарын жерге са-
лып, әдептен озбай отырған. Ал Аттила болса, кіші баласы
Ернақты жақсы көретінін білдіріп, оны еркелетіп, айналып-
толғану үстінде болған.

ұндар жаңа жер Еуропаға аяқ басқалы, олардың негізгі

қарсыласы болған германдықтар бір орталыққа бағын-
баған еді. Олар алақандай жерде әркім өз корольдігін құрып,
бас-басына жеке би болып отырды. Бір жағынан тарыдай ша-
шылған мұндай ұсақ корольдіктермен соғысу қиынға түспей-

тін. Өйткені олар өзара кикілжіңмен жүріп, бірінің басына іс
түскен кезде, екіншісі көмекке келуге асыға қоймаған.
«Алтау ала болса, ауыздағы кетедінің» кері келіп, олар
өзара қырқысуының кесірінен, әлі күнге дейін дұшпанда-

рына қарсы күш біріктіре алмай келе жатқан. Осылайша
бастары қосылмай жүргенде, көп ұзамай Аттила мен гер-
мандықтардың Бургундия корольдігінің жолдары түйісті.
Мүдделері тар жерде тап келген олардың арасында әр түрлі

себептермен қақтығыстар жүрді. Осының нәтижесінде, ғұн
әскері 437 жылы орталығы Вормс қаласы болған Бургундия-
ны түгелдей басып алады.
Осынау үлкен соғысқа, яғни Бургундияның күйреуіне,

ғұндармен ұрыстың басталуына негізгі себеп бар. Ол кейін-
гі жылдары талай ғасырлар бойы ақын-жырауларының ән-
жырларына арқау болған ғашықтық оқиғасы еді.
Руғила әміршілік құрып тұрған заманда, Бургун ко-

рольдігінің билеушісі Гунтер патша болған. Сонымен бірге
алақандай Еуропада орналасқан көп корольдіктердің бірі
Рейн өзенінің төмен гі ағысында орналасқан Франк корольді-
гі еді. Бір күндері Франк королінің баласы Зигфрид Гунтердің

қарындасы Кримхилданың керемет сұлулығын бірден-бірге
жеткен ұзынқұлақтан естіп біледі. Патша баласының жанын-
да жүрген нөкерлерінің бірі:

– Ханзада, Кримхилда сұлуға лайық бір адам бар болса, оны

сіз деп білемін, – деп, естігендерін жайлап құлаққағыс қылды.
Аттила мен Кримхилда
Аттила мен Кримхилда
ұндар жаңа жер Еуропаға аяқ басқалы, олардың негізгі

қарсыласы болған германдықтар бір орталыққа бағын-
ұндар жаңа жер Еуропаға аяқ басқалы, олардың негізгі
ұндар жаңа жер Еуропаға аяқ басқалы, олардың негізгі

қарсыласы болған германдықтар бір орталыққа бағын-

қарсыласы болған германдықтар бір орталыққа бағын-

қарсыласы болған германдықтар бір орталыққа бағын-
ұндар жаңа жер Еуропаға аяқ басқалы, олардың негізгі
ұндар жаңа жер Еуропаға аяқ басқалы, олардың негізгі
ұндар жаңа жер Еуропаға аяқ басқалы, олардың негізгі

қарсыласы болған германдықтар бір орталыққа бағын-

қарсыласы болған германдықтар бір орталыққа бағын-

Бұрын естіп жүрсе де елдің көп қауесеттері деп мән бере
қоймаған Зигфрид нөкеріне күле қарап:

– Япырай, сенің ендігі ойлағаның менің аяғыма тұсау са-

лып үйлендіру болды ғой, шамасы, – дейді.

– Жоқ, ханзадам. Дегенмен «ел мақтаған жігітті қыз жақта-

ған» деген сөз бар емес пе? Елдің аузының суы құрып айтып
жүрген аруға қол жеткізсеңіз, нұр үстіне нұр, мәртебеңіз арта
түсер деген ой еді менің айтпағым, – дейді басын иіп ілтипатпен.

– Жарайды, оны да бір көрерміз, – деп ойланып қалады. Іш-

тей Вормс қаласына айдай сұлу Кримхилданы іздеп баруға бел
буады. – Алайда Гунтердің сарайына не деп барамыз? Қыз көре
келдік дегеннің реті бола қояр ма екен?

– Ұлы ханзадам, Бургун патшасының жорыққа адам жиып

жатқанын естіген едім. Ол бастаған батырлар, жауырыны жер-
ге тиіп көрмеген палуандар Гунтер байрағының астынан табы-
лып, жорыққа шықпақ дейді. Бәлкім, сәтін салып жолыңыз
болып жатса, Кримхилда сұлуды сол жерден көріп қаларсыз.

Нөкерімен келіскендей Зигфрид үндемеді. Бірақ әлденеге
бел буғандай болып бұрылып қарады да:

– Несі бар, «атың барда ел таны, желіп жүріп» дегендей бой

сергітіп қайтайық.
Осы әңгімеден біраз күн өткеннен соң Зигфрид қасына жол-
дас ертіп Бургун патшалығына сапар шекті.
Бургун патшалығына келген Зигфрид бірден патша сарайы-

на бармақ болған. Алайда бұл патшалыққа ат басын тірегелі
байқағаны – ел ішінде әлденеге алаңдаған бір әбігер бар. Ел
ішінде қарулы адамдар көбейіп, әр-әр жерден әскери топтар
жиі-жиі бой көрсетіп қалып отырды. Мұның бәрін байқап келе

жатқан Зигфрид нөкеріне бұрылып:

– Мұның себебі не болды екен? – деді.

– Шамасы, Бургун патшасы Гунтердің жасамақ болған

жорығына байланысты шығар.
Зигфрид нөкеріне өздерінің кім екендерін білдірмей жүру-
дің орынсыз болатынын айтты. Демек, бірден сарайға ат басын
тіреу керек пе, әлде керуен-сарайға түскендері дұрыс бола ма

деп екеуара әңгімелесіп келе жатқандарында, сарай жақтан

қарулы қол – сақшылар көрінді. Жан-жақтарына жіті қараған
олар басқалар арасынан ерекшеленіп көзге ұрып тұрған Зиг-
фрид пен оның нөкерін бірден байқады. Қарабайыр ел ішінде
түр-тұлғасы, киген киімі мен жүріс-тұрыстарынан жай адам-

дар емес, бекзат топтан екендіктері анық байқалып тұрған еке-
уіне сақшылар бұрылып, таяп келді де:

– Мәртебелім, сіздердің кім екендеріңізді білуге бола ма?

– деп сұрады.

– Не болып қалды? Біз күдік-күмән тудыратындай адамдар-

мыз ба? – деді Зигфрид оның сұрағына сұрақпен жауап беріп.

– Жоқ, алайда біздің патшалық соғыс жағдайында болып

тұрған соң, кім келіп, кім кетіп жатқанын білуге міндеттіміз.

– Ендеше, алдарыңда тұрған Франк корольдігінің хан-

задасы – асыл текті Зигфрид, – деді бұл жолы нөкері жауап
қайтарып.
Мұны естіген сақшылар басшысы құрметпен басын иді де,
бойын түзеп:

– Алыс елден ханзаданың қонаққа келгенін патша ағзам

Гунтерге жеткізуге рұқсат етіңіз, – деді.

– Біз мұнда келгенімізді ешкімге жария етпей-ақ қойсақ

деп едік.
Сақшылар басшысы сұраулы жүзбен оларға қасын керіп
қарады да:

– Оның себебі бар ма? – деді.

Мұны естіген Зигфрид қабағын түйіп:

– Ханзаданың сақшы алдында есеп беріп тұрғанын бірінші

рет естуім, – деді кекесінмен.

– Кешірім өтінемін, ханзада. Алайда бөтен елге ханзаданың

жасырын келгенін бұрын-соңды мен де естімеп едім.

– Кімнің алдында тұрғаныңды ұмытпа, сарбаз, – деді

Зигфридтің нөкері әңгімеге араласып, – расымен де ұлы мәрте-
белі ханзада Зигфридтің қалағанынша жүріп-тұруға еркі бар.

– Дегенмен, – деді сақшылар басшысы әдеппен, – сіздердің

Вормс қаласына келгендеріңіз жайлы патша ағзамға хабарлау-
ға рұқсат етіңіздер.
Сөйтті де, тағы да құрмет көрсете басын төмен салды.

Басқа шегінер жер қалмағанын, өздерін ешкімге танытпай
жүрмек ойларының іске аспайтынын түсінген Зигфрид:

– Жақсы, ұлы мәртебелі патша Гунтерге Франк корольдігі-

нің тақ мұрагері ханзада Зигфридтің қабылдауын өтінетінін
жеткізіп бар, – деді асқақ түрмен.
Оның бұл сөздерінен кейін сақшылар оларға екіге жарылып
жол берді де, барлығы сарайға қарай бет алды.

Ханзада Зигфридтің Вормс қаласына келгенін естіген Гунтер
оны бірден қабылдады. Барлық ресми әдет-ғұрыптар сақталып,
қабылдау аяқталып қалған тұста Гунтер патша Зигфридке:

– Жақында Бургун патшалығының қолы жорыққа шық-

пақшы. Соның құрметіне бүгін кешке сарайда ақсүйектер,
қолбасшыларға арналған кеш өтпекші. Сол кешке, мәртебелі
Зигфрид ханзада, сізді де шақырамын, – деді қонақжайлы-
лықпен.

– Бұл – мен үшін үлкен құрмет. Міндетті түрде қатысамын,

– деді Зигфрид қоштасуға басын иіп.

Зигфрид асыл текті Кримхилда сұлуды осы кеште көрген
еді. Қызды көрген замат сұлулығына тамсанып, арбалғандай
қалшиып қалған ол сәлден кейін барып қана есін жиды:

– Не көріп тұрмын мен, – деді Зигфрид өзімен-өзі сөйлес-

кендей, – расымен-ақ көз көріп, құлақ естімеген сұлулық қой
мынау. Апырай, Құдайдың бір адамның басына осыншама сұ-
лулықты бере салған жомарттығы десеңші.
Содан соң жанындағы нөкеріне жалт бұрылып:

– Мен қайткен күнде де осы аққуды қолыма қондыруым ке-

рек, – деді.

– Әрине, мен сізден басқа лайық ешкім жоқ деп айтқанмын.

Сіздің кім екеніңізді білсе, ағасы да қарсы болмас деп ойлаймын.

– Жоқ, – деді Зигфрид, – мен оны атақ-абыройыммен,

байлық-билігіммен емес, өзімнің істеріме тәнті етіп, жүрегін
жаулап алғым келеді. Ол үшін не істеу керек, ақыл қосшы
маған. Қиналғанда қол ұшын берер бір өзің едің, мүмкін бір
жолын табарсың.

– Асыл текті ханзадам, сізге аяқ асты не дерімді де білмей

тұрмын.

– Ендеше өзімнің нағыз ер екенімді көрсетемін. Бәлкім, бұл

күлкілі де көрінер, алайда ағасына қызметке тұрып, жұмсаған
жағына жүруге бел байлап тұрмын мен.

– Ханзадам, патша басыңызға жараса қояр ма екен бұл іс?

– Жоқ, не болса да осылай шештім.

Ертесіне батыр жігіт Зигфрид Бургун патшасы Гунтерден
өзін қабылдауын өтінді.

– Өзіңізге өтінішімді қалай білдіруді де білмей тұрмын. Ар-

маным – қарындасыңыз Кримхилданы аялап ұстар ақ құсым
ету еді. Егер рұқсат беріп, мені көңіліңіз хош көрер болса, не
бұйырсаңыз да тартынбас едім.
Ойға кеткендей болған Гунтер үн қата қоймады. Осылай-

ша біраз жер жүріп өткеннен кейін ол басын көтеріп, Зиг-
фридке жымия қарады. Батыр жігіт Зигфрид мұны ішінен
жақсылыққа жорып, қуанып қалды. Бұған көз алмай қараған
Гунтер сол жымиған күйі сөз бастады:

– Екеуміз мұңдас болып шықтық қой, ендеше.

Гунтердің сөзіне түсініңкіремеген Зигфрид оның бетіне
аңырая қарады.

– Ашығын айтсам, сенің басыңдағы жайт өзімде де бар. Мен

тап сен секілді ішіне мұң толған, сүйгеніне жете алмай жүрген
бейбақпын, – деді алысқа көз салып.
Ішке бүккенін айтып ашыла түссін деген оймен Зигфрид
патша сөзін бөлмей тыңдады. Гунтер болса тағы да біраз жер

тіл қатпай жүрді. Аттаған адымын санап келе жатқандай ба-
сын төмен салып келе жатқан ол кенет қалт тоқтай қалып,
алысқа көз жіберді де:

– Зигфрид, айтқанымды түсіне қоймағаныңды сезіп келе-

мін, – деп біраз ойланған соң сөзін жалғап кетті: – Менің де
сүйгенім бар. Сенен айырмашылығым – ол сұлуға қолымның
жете қоюы неғайбыл* нәрсе. Кей-кейде сүйіктіме қолым жет-
пей құсада кетемін бе деп те ойлаймын. Менің сүйгенім алыста,

сонау Исландия жерінде.
Кенет терең күрсінген Гунтер сөзін ары қарай жалғайды:

– Сол Исландия жерінде Брюнхилда сұлу патшалық құ-

рып тұр. Егерде сен менің қазір қолға алып жатқан әскери
*неғайбыл – істің жүзеге асу-аспауы белгісіз, күмәнді

жорықтарыма көмектесіп, сол Брюнхилда сұлуға қолымды
жеткізсең, еш қарсылығым болмайды.
Гунтердің бұл сөздерінен қанаттанған Зигфрид оның әс-
кери жорығына үлкен көмек көрсетіп, өзіне бөлініп берілген

сарбаздарға қолбасшылық етті.
Исландияға жасалған жорық барысында Зигфрид басын
талай қауіп-қатерге байлады. Алайда Зигфрид ғашығына
жетер жолдағы басты қатер қару асынған жаудан емес, жы-

мия күліп, жымсия басып жүрген жандардан болатынын
білмеген еді.
Зигфридтің Гунтер сарайына келген күнінен бастап күт-
пеген жерден осы арадан бақталасы табылды. Ол Кримхилда

сұлуға ғашық Гунтердің нөкері Хаген фон Тронье атты адам бо-
латын.
Франк ханзадасы Бургун патшасының сарайына тегін
келмегенін бірден сезген Хаген оның түпкі мақсатын біліп

алмақ болып жанталасты. Әрі Зигфрид пен патша Гунтердің
басқалардан оңашаланып сөйлескендері де мазасын кетірді.
Зигфрид Гунтердің келісімін алып, қуанышты күйде сарай-
дан шыққанын көрген соң, ебін тауып патшадан не жайлы

әңгімелескендерін де біліп алады. Осы кезден бастап ол іші-
нен жауыздықтың жоспарын құрып, қалайда Зигфридтің
көзін жоюды ойластырады.
Зигфрид болса, көп қиыншылықпен қолы жеткен Брюн-

хилданы Бургун патшалығына аман-сау алып келіп, өзінің
досы Гунтерге табыс етеді.
Исландия ханшайымы Брюнхилда Зигфридпен таныс бол-
ған аз уақыттың ішінде-ақ оған көңілі кетіп, өзі ғашық болып

қалған екен. Брюнхилданың өзіне өзгеше ықылас көрсетіп,
жақын тартып жүргенін байқаған Зигфрид одан бойын аулақ
ұстады. Ол Брюнхилданы Гунтерге қосқанша араға сызат сал-
май, Вормс қаласына жеткізді. Осында келгенге дейін Зиг-

фридке тұрмысқа шығамын деп ойлап келген Брюнхилда
алданып қалғанын білмеді. Ал Зигфрид оны алдаусыратып
әкеліп, Гунтерге қосты. Көп ұзамай әйгілі сұлу Кримхилдаға
өзі де қол жеткізді.

Зигфридтің Брюнхилданы Гунтерге табыс етпек болған
күні екеуі бір-бірімен қысқа ғана тіл қатысып сөйлескен-ді:

– Зигфрид, мені сонша жерден осы араға алып келгеніңде

бір мән бар шығар деп ойлаймын. Саған деген сезімімді қазір
айтып жату тым асығыстық болар еді. Түсінісуімізге әлі уақыт
бар шығар?

– Әрине, мен сенің асығыс шешім жасағаныңды қаламаған

болар едім. Маған деген сезіміңе рақмет, – деді Зигфрид.
Содан соң әлдене айтпақшы болғандай оқтала түсті де, ол
ойынан айнып қалды. Зигфрид ештеңе демеген соң, Брюн-
хилда бұрылып кішкене сандықшадан әлденелерді алды да,

Зигфридке ұсынды:

– Мыналарды көзімдей көріп ұстап жүргеніңді қалаймын.

– Бұл не?

– Саған адалдығымның, сенімімнің белгісі – сақина және

не іс болса да мен сенімен белді бекем буып шығарымның иша-
расы – белбеу. Осы екеуін қабыл ал.
Брюнхилданың сыйлықтарын үнсіз алған Зигфрид әл-
денеге толқулы күйде басын иді де бөлмеден шығып кетті.

Брюнхилданы мұнда алдап алып келгенін айтуға оның баты-
лы бармады. Бір жағынан өзінің Кримхилдаға қолы жететі-
нінен басқа ештеңені ойламады.
Біраз уақыт өткен соң Кримхилда мен Брюнхилда ханша-

лардың арасында болмашы нәрседен жанжал шығады. Бір
күні Брюнхилда Кримхилданың буынып жүрген белдігі мен
тағып жүрген сақинасын көріп қалады. Оларды баяғы не-
ке күні Зигфрид ке өзі берген еді. Ал Зигфрид өз қалыңдығы

Кримхилда сұлуға әкеліп сыйға тартқан екен. Кримхилданы
шын сүйген жас батыр Зигфридтің бір құпиясы осылай ашы-
лады. Бұл жанжалды жауыз Хаген өз пайдасына шешеді. Ол
Брюнхилданың кегін қайтармақшы болып тілек білдіреді.

Бұған Зигфридтен Брюнхилданы қызғанып жүрген Гунтер де
қарсылығын білдірмеді. Осылайша Зигфрид қызғаныштың
құрбаны болады. Бір күні ал дауға еріп аңға шыққан жас ба-
тырды Хаген қапыда қастандықпен өлтіреді. Сөйтіп ол Крим-

хилдадан Зигфридтің барлық байлығын тартып алады.

Қайғыға батқан Кримхилда сұлу сүйген жары Зигфрид-
тен айырылған соң, ағасы Гунтер мен Хагеннен кек алуды
ойлайды. Сүйгенінің артынан қара жамылып, қаза қайғысын
жеген сұлу әділеттің арқауы болған Аттиладан сүйеніш

табуға бел буады. Өзінің сенімді адамдары арқылы Аттила-
мен байланыс жасап, өз ниетін білдіреді. Сүйіктісінің ке-
гін ала алмай қан жұтып отырған адамға көмек қолын со-
зу – азаматтық борышым деп білген Аттила жәрдемдесуге

шешім қабылдайды. Осындай жағдайлардың нәтижесінде
екеуінің арасында жақсы қарым-қатынас орнады. Ол бірте-
бірте сүйіспеншілікке ұласып, Аттила өзінің адамгершілік
және ер жігіттік қасиеттері арқылы Кримхилданы өзіне тәнті

етеді. Біраз уақыт өткен соң Кримхилда сұлу ғұн ордасының
қағаны Аттилаға тұрмысқа шығады.
Ғұндар патшасы Аттиланың ол кезде әйелі қайтпас сапарға
аттанып кеткен еді. Оның үстіне ол Кримхилдамен танысып-

біліскелі бері көңілі кетіп, ғашық болады. Кримхилда сұлудың
да тұрмысқа шығатын адамы – жігіттің сұңқары Аттиладай-
ақ болсын. Дегенмен Аттиланың ордасына келсе де, бұрынғы
жұбайының кегі Кримхилданың ішін жегідей жеп, соны ойлау-

мен болады. Аттилаға арқа сүйеген Кримхилда Зигфридтің ала
алмай кеткен кегін қайтару үшін бір күні өз туыстарын қонаққа
шақырды. Бургундияның даңқты төрелері ғұн ордасына жи-
налып, Кримхилда ұлан-асыр үлкен той жасайды. Ұлы думан

той үстінде кенеттен төбелес басталып, бургундиялық төрелер
бірінен соң бірі ғұн жігіттерінің қолынан соққыға жығылды.
Аттиланың қол астына қараған берндік* остгот Дитрих Гунтер
мен Хагенді тұтқынға алады. Ішінде кек қатқан Кримхилда

екеуін де жазалауды талап етеді. Тіпті Зигфридтің байлығын
қайтарудан бас тартқан зұлым Хагенді Кримхилда сұлу өз
қолымен өлтіріп, кегін алады.
Аттила тек ғұндарға ғана емес, барлық халыққа қорған

болған кішіпейіл патша болды. Герман тайпаларының талай
корольдерінің балалары бастарына күн туған қиын кезеңде ғұн
ордасын паналаған. Сондай-ақ көптеген герман тайпаларының
Аттиланың қол астында болғаны – тарихи шындық.

*берндік – Берн қаласының тұрғыны

Аттила мен Онория
Аттила мен Онория
им империясының дәурені өтіп, күннен күнге әлсірей

бастады. Дегенмен талай адамдарының есімі тарихта
қалды. Соның бірі – Юста Грата Онория. Ол – Рим императоры
Валентиниан ІІ-нің қарындасы, Констанций мен Плацидияның
417 жылы туған қызы. Онорияның үлкен ағасы Валентиниан

454 жылға дейін Батыс Римнің императоры болды.
Анасы Плацидия Валентинианды жеті жасынан бастап
император етіп тағайындап, қызы Онорияны мемлекет билі-
гінен аулақ ұстауға тырысқан. Оған түрлі себептер болған.

Онория жаратылысынан алғыр еді. Ағасы ақылы кеміс болып
туғандықтан, кейін мемлекетті Плацидия оның атынан өзі би-
леді. Сондықтан ол Онорияның әрбір қадамына күдікпен, келе-
шекте мемлекет билігін алып қояр деген қызғанышпен қарады.

Онория бой жеткен кезінен бастап қуғын көріп, барлық өмірін
тұтқында өткізді.
433 жылы он алтыға толған Онорияға Август шені бе-
ріледі. Бұл атақ оның дәрежесін көтергенімен, тұрмысқа

шығатын үмітінен айырған еді. Көп ұзамай ғұн ордасында
үлкен жаңалық болады. Руғила өмірден қайтып, таққа жас
қолбасшы Аттила отырады. Жас та болса атағы шыққан ғұн
мемлекетінің басшысын Римге келген сайын үлкен құрметпен

қарсы алатын. Бірде осы жігіттің төресі Аттиланы көріп Оно-
рия ғашық болады.
Онорияның ғұн патшасына деген көңілін байқаған сұрқия
билеушілер қызды Батыс Римнен қууға сылтау табады. Сарай

маңындағы сасық саясатты ұстанатындар «Онория Равеннада-
ғы император сарайының шаруашылығын басқарушы Евге-
ний дегенмен көңіл қосты» деп нақақтан-нақақ айып тағады.
Осылайша туған шешесі мен ағасы Римді билеп тұрса да, ол

жер аударылып Константинопольге жіберіледі. Нәтижесін-
де Онория Шығыс Римде он жылдан астам уақыт тұтқында

болады. Сондағы оның жалғыз айыбы – Аттилаға ғашықтығы
ғана еді.
Алайда аяулы Онория бақытты өмірден күдер үзбеді. Арма-
нына ұмтылып, аса сенімді адамдары арқылы Аттиламен ха-

барласып, өзін тұтқыннан құтқаруын өтінеді. Оған тұрмысқа
шығуға дайын екенін дәлелдеп, неке сақинасын жібереді.
Өзінің Батыс Рим империясының заңды мұрагері екенін де
ескертеді.

Ғұн империясының әйгілі билеушісі Аттила Батыс Рим хан-
шасының сәлемдемесі мен өтінішін қуанышпен қабылдайды.
Ол 450 жылы таққа жаңа отырған император Марцианға:
«Менің қалыңдығымды жіберіңдер және салықтарыңды тө-

леңдер» деп бұйырады. Марциан Онорияны сол уақыттарда
Рим императорының сарайы орналасқан Равенна қаласына
жөнелткен еді. Ал Валентиниан қолдағы биліктен айырылып
қалам деп қорқып, Онорияны сарайдағы біреумен жалған не-

кеге тұрғызып үлгереді.
Мұның бәрін Аттила жеке басыма жасалған қорлық
деп түсінген. Оның үстіне Рим империясы мен ғұндардың
арасындағы бұрыннан бері сыздап, шешімін таппай келе жат-

қан мәселелердің басын ашып алу қажет болды. Ендігі жерде
Рим өзі істеген қателіктердің бәрі үшін Аттиланың алдында
жауап беретін сәт жетті.

Жаңа жорықтар
Жаңа жорықтар
өп ұзамай Рим мен ғұн империясының арасындағы жағ-

дай нашарлай бастады. Батыс және Шығыс Римнің импе-
раторлары Феодосий мен Валентиниан қатты састы. 450 жылы
Аттиланың жалғыз өзі екі бірдей империяға және герман ко-
рольдіктеріне қауіп төндірді.

Он екі ғасыр өмір сүрген Рим империясы герман тай-
палары ның талай шабуылын көрген. Тіпті Римді 410 жылы
басқыншылар түгін қалдырмай тонады да. Ең бастысы олар-
дан сыйлық, алтын беріп құтылуға болар еді. Ал ғұндардан

қалай құтылмақ? Өйткені ғұндардың алдында Римнің талай
қылмысы бар.
450 жылы Шығыс Рим императоры Феодосий өліп, оның
орнына император Марциан отырды. Оның ең бірінші қолға

алған мәселесі – ғұндармен баяғы достық қатынастарды ор-
нату. Сол үшін ол көп шаралар қолданды. Батыс Рим импе-
раторы Валентинианның қарындасы Онорияны Аттилаға
қарсы пайдаланбақшы болды. Не істерін білмей жанталас-

қан Марциан шешесі мен ағасының және Рим төрелерінің
қарсылығын біле тұрса да, Онорияның неке сақинасын құпия
түрде Аттилаға жеткізді.
Онория неше жылдан бері Аттилаға ғашық, сонысы үшін

де Константинопольде қамауда отыр. Ол – өте бай қалыңдық,
яғни Батыс Рим империясының жартысына жуығының мұра-
гері еді.
Бұл жағдайлар Валентинианға жай түскендей әсер етті.

Дегенмен, Рим империясы қарап жатпай, герман тайпалары-
мен бірігіп, Аттилаға қарсы одақ құра бастады.
Галлияны, Испанияны, Солтүстік Африканы күні кеше
тартып алған ата жауларымен ауыз жаласып, ғұндарға қарсы

тұрғалы жатқан императорларға Аттила да өз сыбағасын
дайындады.
өп ұзамай Рим мен ғұн империясының арасындағы жағ-

дай нашарлай бастады. Батыс және Шығыс Римнің импе-
өп ұзамай Рим мен ғұн империясының арасындағы жағ-

дай нашарлай бастады. Батыс және Шығыс Римнің импе-
өп ұзамай Рим мен ғұн империясының арасындағы жағ-

дай нашарлай бастады. Батыс және Шығыс Римнің импе-
өп ұзамай Рим мен ғұн империясының арасындағы жағ-

дай нашарлай бастады. Батыс және Шығыс Римнің импе-
өп ұзамай Рим мен ғұн империясының арасындағы жағ-

дай нашарлай бастады. Батыс және Шығыс Римнің импе-
өп ұзамай Рим мен ғұн империясының арасындағы жағ-

дай нашарлай бастады. Батыс және Шығыс Римнің импе-
өп ұзамай Рим мен ғұн империясының арасындағы жағ-
өп ұзамай Рим мен ғұн империясының арасындағы жағ-
өп ұзамай Рим мен ғұн империясының арасындағы жағ-

дай нашарлай бастады. Батыс және Шығыс Римнің импе-

дай нашарлай бастады. Батыс және Шығыс Римнің импе-

Римдіктердің сол кезде жалғыз-ақ ұтқаны – вестгот-
тарды түгелдей өзіне одақтас етуі. Осындай түрлі себеп-
термен Рим мен ғұн ордасы арасындағы жағдай шиеленісе
түсті. Валентиниан Галлияны билеуге белгілі қолбасшы

Аэцийді жібереді.

Галлия көп уақыттан бері Римге бағынбайтын және 437
жылға дейін ғұн әскерінің көмегімен Аэций сол арадағы гер-
ман тайпаларын талқандаған болатын. Валентиниан Аэцийге
егер ол Галлияны шапқыншылардан босатып, Римге қаратса,

Галлияның билеушісі болатынын айтады. Бұл 451 жылдың
басы еді. Аэций мен вестготтардың королі Теодор көптеген
герман тайпаларын біріктіріп, Аттилаға қарсы орасан зор
қол жинады. Мұндай шиеленісудің ақыры әйгілі Каталауния

шайқасына әкеп соқты. Көптен бері Испанияны билеп тұрған
вестготтарда үлкен әскер болды.
Көп ұзамай ұлы қолбасшы Аттила жер қайысқан қолымен
Рейн өзені арқылы Галлияға қарай аттанды. Ол осы жорығы

туралы: «Мен тек вестготтарды жазалауға бара жатырмын»,

– деп жариялады. Қаншама халықтар мен қалалар тізе бүкті.

Галлия мен Бельгияның көптеген қалаларына ғұн әскері
жақындап келгенде, көтерілістер бұрқ ете қалды. Әсіресе
Париж бекінісіндегі көтеріліс ауқымды болды. Бірақ Атти-
ла бекініс ішіне өтпеді. Дегенмен ғұн сарбаздары Галлия-

ны түгелдей өз қол астына қаратып, ол арадан вестготтарды
қуып шықты. Көптеген қалаларға ғұндар кірмегенімен, ғұн
дегенде қала халқының қорқынышы мен үрейінің шегі бол-
мады.

Аттила вестготтарды жазалау үшін оңтүстікке асықты.
Ремстен Орлеанға дейінгі жол бойындағы Шальн-Марле,
Троя, Сана секілді үлкен қалаларға да тиіспей өткен. Алайда
«бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан» десетін батыстың

әділетсіз тарихшылары көзді жұмып қойып, «Аттила жүрген
жеріндегілердің бәрін қырып-жойды» деп жазды.
Ұлы қолбасшы Аттила өз әскерін азық-түлік және басқа
да керек-жарақпен уақтылы қамтамасыз етіп отырды. Ғұн-

дардың жойқын күшіне ешнәрсе төтеп бере алмады, тіпті
мықты деп саналатын Орлеанның өзі шешуші қорғаныс бекі-
нісі болса да, бес аптадан артық шыдай алмады. Ғұндарға қала
халқы қақпаны өздері ашып берді. Осылайша ғұндар рим-

діктермен болатын ақтық шайқасқа табан басып жақындай
түскен.

Каталауния
Каталауния
шайқасы
шайқасы

жыл. Көктем. Таң сәрі. Арайлап атар күннің шапағын

шашып, шуақ төгер сәтінің алды. Шығыс тарап бозамық
тартып, күннің алғашқы хабаршылары майдан болар алқапты
көруге асыққандай соғыс даласын ағартып келеді. Труа қа-
ласына жақын жердегі Каталауния жазығының жанында ғұн

әскерлері қос тігіп орналасқан. Түні бойы маздаған оттар
шаршағандай, шапшып жалын атпай жай жануда. От айна-
ласында сиқыршыға арбалғандай кейбірі отқа жанарларын
тігіп ғұн жауынгерлері отыр. Олардың баз бірі ұйқыда, ал

кейбіреулері біраз уақыттан кейін басталатын шайқасқа да-
йындық үстінде – сабырмен, жайлап қана жебелерін ұштап,
қылыш жүзін қылпылдата қайрап отыр. Бір жердегі жанған
оттың басында жас қолбасшылар, Аттиланың шәкірттері

Едіге ұлы Одоакр, Ардарик, Баламір және басқалар. Ардарик
пен Баламір – герман тайпалары остготтар мен гепидтердің
қолбасшылары. Остготтар сонау 375 жылдан бері ғұндардың
қол астына қарап келеді.

Жанып жатқан оттың жанында Аттила мен Едіге отыр.
Оларға жақын маңда найзаға сүйеніп тұрған бірнеше жауын-
гер. Анадай жерде бір топ галл* музыканттары ұйықтап жатыр.
Олар – Аттила қолына жорық кезінде әрдайым ілесіп жүретін

друид хоры*. Ғұндардың өзінде музыканттары жоқ емес, жай
ғана мұндай әдет болмаған. Ал олардың айбынын асырып,
көңілдеріңді көтеріп жүреміз дегеніне Аттила қарсылық біл-
дірмеді.

Осынау үлкен шайқас алдында шығып келе жатқан күнді
қарсы алмақ болып және түні бойы жегідей жеген ойлардан
арылып серпілмекке Аттила орнынан тұрып, жай басып төбе

шашып, шуақ төгер сәтінің алды. Шығыс тарап бозамық

шашып, шуақ төгер сәтінің алды. Шығыс тарап бозамық

шашып, шуақ төгер сәтінің алды. Шығыс тарап бозамық

шашып, шуақ төгер сәтінің алды. Шығыс тарап бозамық

шашып, шуақ төгер сәтінің алды. Шығыс тарап бозамық

шашып, шуақ төгер сәтінің алды. Шығыс тарап бозамық

шашып, шуақ төгер сәтінің алды. Шығыс тарап бозамық

шашып, шуақ төгер сәтінің алды. Шығыс тарап бозамық

шашып, шуақ төгер сәтінің алды. Шығыс тарап бозамық

шашып, шуақ төгер сәтінің алды. Шығыс тарап бозамық

шашып, шуақ төгер сәтінің алды. Шығыс тарап бозамық
*галл – сол кездегі Франция халқы
*друид хоры – галдардың музыкалық тобы

басына қарай аяңдады. Айтқызбай түсініп, ойын емеуріні-
нен танитын Едіге соңынан ерді. Оларды көріп басқа да
қолбасшылар да орындарынан көтерілді. Төбе басына жет-
кенде олар әдеп сақтап Аттиладан төмен, кейінірек тоқтап

тұрысты. Шығып келе жатқан күнді қарсы алу ғұндардың
ежелден келе жатқан салты. Аттила арайланған күнді ең бі-
рінші болып көрді. Әзірше көз қарықтырар жалыны жоқ
күнге көз тастаған Аттила жеңіл ғана күрсініп қойды. Содан

соң өзімен-өзі сөйлескендей болып:

– Күні кеше балалықты бірге өткізген адаммен қылыш-

тасамын деп ойламап ем, – деді. Аттилаға бірге өскен досы-
мен соғысу қаншалықты қиын болып тұрғанын түсінген Едіге
үндемеді.

– Сонша жыл бірге жүргенде тым болмаса қадір санайтын

қасиетіміздің бірі Аэцийдің бойына дарымаған ба, Едіге?

– Бөрі бөрілігін істемек, патша ием.

– Бөрі деймісің? – деп Аттила Едігеге шалт бұрылды. –

Өздерін қасқыр асырап өсірді деген халық «қасқырдың да жол-
дасына қастық қылмайтынын» неге білмейді ендеше?

– Жаңсақ айтсам кешіріңіз. Оларды ақтап алайын деген ой

жоқ еді менде.

– Жә, біреудің кінәсі үшін сен жауап бермейсің, Едіге.

Менің күйінетінім – бұл өмірде атақ, ақша, байлық, билік-
терден басқа ар, намыс деген де ұғымдар бар екендігін ғұн
халқынан басқалардың бойына сіңіре алмаған сияқтымыз.

– Бұл қасиеттерді о баста Тәңірі бермеген ғой. Көкірегі

көр болса, қанша оятқаныңмен жарыққа ұмтылмас, көр-
тышқандай қараңғыда тімтіну* тиімді шығар оларға, патша
ием.
Едігенің сөзінде шындық бар екенін біле тұрса да, Аттила-

ның бір жері олқысынып тұрды: «Қалайша, неден, не үшін
Аэций бізге қару алып қарсы шықты?» деген сансыз ойлар
санасын шабақтап төбе басында біраз тұрды.
Атқан күнді қарсы алған соң, Аттила қасындағыларға

жауынгерлерді оятып, сапқа тұрғызуларын бұйырды. Өзі
қолына қалқаны мен қылышын алып, даңғырлатып әскеріне
*тімтіну – тіміскілеу, тімсіну, іздеу

белгі берді. «Бүгін күннің көзін шаң басатын аламан соғыс,
аласапыран майдан болмақ. Бостандық пен еркіндік жауын-
герлері қазір жан аяспас шайқасқа кіреді», – деген оймен көз
алдындағы абыр-сабыр әскеріне қыран бүркіттей шүйіле көз

тастап тұрды. Дем арасында-ақ сапқа тұрып, темірдей тәртіп
көрсеткен сарбаздарына қасқия қарап тұрған Аттила риза еді.
Тіпті оның рухы көтеріліп, жігерленгендей болды.
Алдында тізіліп тұрған сарбаздарын көзбен шолып шыққан

Аттила саңқ етіп, шайқас алдындағы сөзін бастады:

– Өрендер, ержүрек ғұндар мен готтардың батырлары,

онбасылар, жүзбасылар, мыңбасылар, қолбасылар! Қазір
үлкен майдан басталмақ. Алдымызда үш әскер тұр. Ішіндегі
ең мықтысы, әрі көбі – Теодор бастаған вестготтар әскері. Ис-
панияны алғалы бері мықтап күшейген. Олардан басқа бірік-

кен Римнің әскері де бар, бұл әр жерден құралған қосындар
мен жалдамалы жауынгерлер. Ал осылардың ортасында
Сангибан бастаған аландар әскері. Олар Римнің жалдамалы
қолы болып жүріп, кеш те болса бізге қосылмақшы еді, бірақ

ана екеуінің ортасында қоршауда қалған себепті бізге амал-
сыздан қарсы соғысқалы тұр. Осыны ескеріңдер. Ал осы үш
әскерді басқарып тұрғандар – Рим қолбасшысы Аэций мен
оның баласы Торнэмед. Екеуі де өмірінің көп уақытын ғұн

ордасында өткізген, яғни біздің соғыс тәсілдерімізді жақсы
білетін жандар. Аэций күні кешеге дейін ғұн әскерінің күші-
мен іштен іріп, басынан шіріп жатқан Римді сан қорғаған еді.
Ал бүгін тағдырдың тәлкегімен ғұн әскеріне қарсы шығып

отыр. Оған императорлардың қандай уәде үйіп-төккені бел-
гісіз. Бұл жерде ол тек Римнің ар-намысы үшін ғана қолына
қылыш алып шықты деп ойламаймын. Қайткен күнде де
Аэцийдің өмір бойы Римге көрсеткен қызметін бағалайтын

адам қалған жоқ.
Біз жеңімпаз ғұндармыз. Олармен бірінші рет кездесіп
тұрған жоқпыз. Талай рет ойсырата жеңгенбіз. Шайқастан
қорқатын біз емес. Қан майдан – ер жігітке сын. Сынға түскен

жігіттің сыналғаны сол – қас дұшпанының кеудесін басып,
басынан аттағаны. Ендеше, не тұрыс? Римдіктердің сонша

жылғы кінәлары үшін жаза тартар кезі туды. Алға, сарбаздар!
Алға!
Осылайша Каталауния шайқасы басталды. Ұрыс ұзаққа
созылып, күн батып, қараңғы түскенде бір-ақ тоқтады. Бұл

шайқас бұрын-соңды болмаған қырғын болды. Майдан дала-
сында 165 мың жауынгердің өлігі қалды. Вестгот королі Тео-
дор І ажал құшты. Патшалары қаза тапқан вестготтар майдан
даласын тастап, бірінші болып шегінді. Басқаларда қандай

қауқар болсын, бәрі де ғұндардың қылыштары желкелерін
қимай тұрғанда шайқас алаңын артқа салуға асықты. Енді-
гі жерде ғұндарға қарсы тұрар күш қалмады. Бұл шайқастан
кейін Аттила 452 жылы Солтүстік Италиядағы Аквилей және

Милан қалаларына қарай бет алды.

Аквилей қаласын алу
Аквилей қаласын алу
квилей қаласы ғұн әскеріне ерекше қарсылық көрсетіп,

көп уақытқа дейін берілмеді. Қолбасылар кеңесіне
жиналған бір кеште жас қолбасшылардың бірі Аттилаға:

– Патша ием, осы қалаға неге сонша бөгеле береміз. Бұдан

басқа да қалалар бар емес пе? – деді.
Аттила асықпай-саспай, байыппен түсіндіріп:

– Ғұндар! Алға басқан қадамыңды ешқашанда тоқтатпаң-

дар! Ата-бабаңның Батысқа бет түзегендегі мақсаты – ілгері
басып, көкжиектен асып түсу емес пе еді? Сол жолдан қия бас-
паймыз десек, біздің де жолымызда көлденең қалып қойғаны
дұрыс па? Бәріміз де алдымызда тұрған мақсатымызды орын-

дауымыз керек. Аквилей қаласын тізе бүктірмей, бұл арадан
қозғалмаймыз. Алайда көп шығынға ұрынбауға тырысып, сақ
болу керек, – деп жауап береді.
Кеңес бірауыздан осыған тоқтасып, тарайды.

Ертесі күні бірі қорғанып, бірі шабуылдап жүрген қала
сыртындағы абыр-сабырға қарап, Аттила жанындағы кеше-
гі наразылық білдірген қолбасыға бұрылды да, қала үстінде
ұшып жүрген құстарды нұсқап:

– Ана аққұтандарды көрдің бе? Олар қала мұнараларын-

дағы балапандарын алып кетіп жатыр. Демек, бұл – қала көп
ұзамай құлайды деген сөз. Өз басына төнген қатерді сезген
құстар балапандарын қауіпсіз жерге апарады, – деді.
Аңдаусызда жаңсақ сөйлегенін түсінген жас қолбасшы:

– Қателігімді кешіріңіз, патша ием. «Албырт – алдыра-

ды» деген емес пе. Асығыстықпен айтылған сөз болды, – деп
Аттиланың көрегендігіне тәнті болып басын иеді.

– Жә, не іс жасасаң да, ақыл таразысына салған жөн алды-

мен. Осыны ұмытпасаң болды. – Содан соң басқаларға бұрылып:

– Тасатқыштарды іске қосып, қала қабырғасын қақпаға таяу

жерден талқандаңдар, – деп сөзін жалғастырады.
квилей қаласы ғұн әскеріне ерекше қарсылық көрсетіп,

көп уақытқа дейін берілмеді. Қолбасылар кеңесіне

көп уақытқа дейін берілмеді. Қолбасылар кеңесіне
квилей қаласы ғұн әскеріне ерекше қарсылық көрсетіп,

көп уақытқа дейін берілмеді. Қолбасылар кеңесіне

көп уақытқа дейін берілмеді. Қолбасылар кеңесіне

көп уақытқа дейін берілмеді. Қолбасылар кеңесіне

көп уақытқа дейін берілмеді. Қолбасылар кеңесіне

көп уақытқа дейін берілмеді. Қолбасылар кеңесіне
квилей қаласы ғұн әскеріне ерекше қарсылық көрсетіп,
квилей қаласы ғұн әскеріне ерекше қарсылық көрсетіп,

көп уақытқа дейін берілмеді. Қолбасылар кеңесіне
квилей қаласы ғұн әскеріне ерекше қарсылық көрсетіп,

көп уақытқа дейін берілмеді. Қолбасылар кеңесіне

көп уақытқа дейін берілмеді. Қолбасылар кеңесіне

көп уақытқа дейін берілмеді. Қолбасылар кеңесіне

Өзінің оң қолы болып жүрген қолбасшысына қарап, қала
қақпасының сол жақ тұсын нұсқайды да:

– Ана бір ара маған осалдау көрінеді. Барлық күшті сол

жерге жұмсаңдар. Сәл болса да сызат түсірсеңдер болды, әрі
қарай қабырға өз салмағымен құлайды, сол кезде әскерлер ес
жиғызбай қалаға лап берсін, – дейді.
Әскербасы басын иіп, көреген қолбасшысының бұйрығын

орындауға дайын екенін білдіріп қолын кеудесіне қояды да,
қысқа ғана «құп!» деп үн қатып шегініп кетеді.
Міне, осылай Аквилей қаласын алу Аттила жоспарлағандай
жүзеге асады. Қала қамалын алуда тасатқыш қондырғыларды

қолдануды тарихта алғаш енгізген ғұндардың дарынды қол-
басшысы осы Аттила болған еді.
Қамал қабырғасы құлап, қала түгелімен ғұндар қолына өт-
кен соң тұтқынға түскен адамдардан жауапты Аттиланың өзі

ала бастады. Ең алдымен Ғұн ордасынан қашып, Рим империя-
сына қызмет істеп жүрген қашқын жауынгерлерді әкеледі.

– Қашқан өзің бе, әлде басқа бір себеп болды ма? – деп Ат-

тила олардан жеке-жеке сұрап шығады.
Қашқын жауынгерлердің бірі алтын мен жақсы жалақыға
қызығып келгенін, ал біреулері басқа себептерді айтып ақта-
лып жатады. Бәрін тыңдап болған Аттила орнынан көтеріліп,

барлығына естілетіндей дауысын зорайтып:

– Алтын берсе арбалып, жан қысылса жалтарып шыға ке-

летін жан кімге опа берген? Жем берсең ит те қолыңды жа-
лайды. Қызықтырар қызылың біткен соң, жалт беретін жал-
дама адал болар деп алданба. Абыройды жанын пида ететін
ерлер ғана сақтамақ. Жұдырықтай жұмылып, намысыңды со-

лар ғана қорғамақ. Туған жеріне емес, тойған жеріне қызмет
қылар адамдардың жазасы – өлім! – деп өз үкімін айтады.
Дұшпанға қызмет етіп сатқындық жасап жүрген өз ру-
ластарына қаншалықты қатаңдық көрсеткенімен, тұтқынға

түскен қала халқына келгенде, Аттила олардың бәріне
ерік беріп, босатады. Сонда Аттилаға көптеген қолбасылар
наразылық білдіріп:

– Осы қаланы алу үшін қаншама қанымыз төгілді. Оларды

неге қоя береміз? – дейді.

Сонда Аттила:

– Бұлар Рим басшыларынан аз қорлық көріп жүрген жоқ.

Олар герман тайпалары емес шапқыншылықтан басқаны біл-
мейтін. Күнін зорға көріп жүрген қара халықты ешқашан
жазалауға болмайды, – деп сөзін бітіреді.
Біраздан соң Аттиланың алдына Каталауния жазығында

болған шайқаста жараланып, римдіктерге тұтқынға түскен
ғұндарды алып келеді. Ғұн ордасындағы тізім бойынша олар
қаза тапты деп жазылған екен. Аттила олардан:

– Одан бері бір жыл өтті, неге қайтып келмедіңдер? – деп

сұрайды.

– Бізде туған жерге қайтып келуге ешқандай мүмкіндік

болмады, – дейді олар.

– «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне» оралушы еді. Ер бо-

лып туған жерлеріңе қайта алмасаңдар, Римнің жұғындысын
жалап қарын тойғызып жүре беріңдер, – деп, Аттила есік ал-
дында тұрған сарбаздарға бұрылады да, – бұлардың бәрін Рим-
ге қарай қуып жіберіңдер, – дейді бұйырып.

Бұдан кейін Аттиланың алдына жас келіншек пен оның
шешесі келеді. Олар талан-тараж болған Аквилей қаласының
тұрғындары екен. Екеуі Аттиланың алдына тізерлей отыра ке-
тіп, жылай бастайды.

– Жә, менің алдыма жылау үшін келмеген боларсыңдар? Не се-

бепті көз жастарыңды төгіп отырсыңдар? – дейді Аттила жекіп.
Сонда келіншектің шешесі басын иіп тұрып, бір ғұн
жауынгерінің қызына зорлық көрсеткенін айтып шағымданды.

– Жеңімпаз патша Аттила, ел арасында әділдік, ерлік,

батырлық, ер жігітке тән қандай жақсы қасиет болса, соның
бәрі бір басыңнан табылады деуші еді. Рақым күтіп келіп
тұрмыз өзіңе. Әділеттің ақ жолынан таймаған боларсың деп
сенемін. Өз намысын өзі қорғай алатын еркек кіндік емеспіз,

қолымыздан бар келетіні – жылау. Қорған тілеп, арыз айта
баратын ешкімім жоқ, тек сенің әділеттілігіңнен үміттенем,

– деп ақ шашты ана сөзін аяқтайды.

Түнеріп кеткен Аттила есіктегі жасауылға:

– Табыңдар, сол жауынгерді, – деп бұйырады.

Үстінен шағым жасалған жауынгерді алып келгенде, Атти-
ла оған түйіле қарап:

– Бұған айтар не уәжің бар? – деп сұрайды.

Аттила сөйлей бастағаннан-ақ басын төмен салып тұрған
жауынгер үнсіз ғана асынған қаруын шешеді. Мұнысы

– кінәсін мойнына алғаны еді. Көшпелілер заңы бойынша,

би алдына кірерде қаруыңды алса, қорғануға шамаң жоқ,
үкімің кесілді, ал қолыңдағы қамшыңды алса, сенен жауап
сұралмайды, сөз де берілмейді дегенді білдіретін. Осыны ескер-
ген жауынгер өзінің ешқандай ақталып, қорғанбайтындығын

білдіріп, қаруын жерге тастайды. Аттила өз жауынгерім деп
аянып қалмай, өлтіруге бұйрық береді.
Одан соң жасауыл Аттиланың алдына бір ғұн жауынгері
мен Рим қызын алып келеді.

– Жұрт қырылысып, шайқасып жатса, мына екеуі тығылып

алып көңіл қосып жүр, – дейді жасауыл әміршісіне қарап.
Аттила жігіт пен қызға байыппен көз тастайды. Екеуі
де жап-жас. Сонан соң олардың бір-біріне деген сезімдерін
сынамақшы болып, қызға қарайды да:

– Қыздың жолы – жіңішке. Сен өз абыройыңды сақтай

білмегенсің. Сондықтан саған өлім жазасын бұйырамын. Ал
сен, жауынгер, жүре бер, – деп әдейі айыптай сөйлейді.
Мұндайды күтпеген қыз көз жанары шарасынан шыға
үрейленіп, үнсіз қалады. Ал жауынгер жігіт Аттиланың аяғы-

на жығылып:

– Патша ием, ендеше бұл қыздың орнына мені өлтіріңіз.

Мен оған шын ғашықпын. Маған оның тек бақытты болғаны
керек. Ол өліп мен аман қалғаныммен, маған өмір жоқ, – деп
жалбарына бастайды.
Бағанадан сыртқа сырын бермей қабағын түйіп түксиіп

отырған Аттиланың жігіт сөзін естігеннен кейін жүзіне қан
жүгіре бастайды. Ол жауынгерінің мәрттігіне аса разы бола-
ды. Сарбаздың адамгершілігі мен адалдығына масаттанып,
қызға да, жігітке де еркіндік беріп, еш жаза қолданбайды.

Керісінше оларға тілеулес болып, бата беріп, бақыт тілейді.
Егер жігіт қара басының қамын ойлап, қызға ара түспегенде,

сезімінің қорғаушысы бола білмегені үшін оны сол жерде өлтіртетін еді. Бұдан соң барып Аттила тұтқынға түсіп, алдына әкелінген римдіктерге жаза кесе бастайды. Олардың арасындағы римдік құл Кайге бостандық береді. Осы құлды алдына алып келгенде Аттиланың есіне баяғыдағы Руғиланың адам бостандығы туралы айтқан сөздері түседі. Содан кейін оның алдына қолаяғы байланған тұтқын римдік жас батырды алып келеді. Ол шайқаста ғұндарға қарсы жан аямай соғысқан екен. Аттила тұтқыннан: – Ғұндарға қарсы неге соғыстың, әлде олардан жамандық көрдің бе? – деп сұрайды. – Жоқ, ғұндардан еш жамандық көрген жоқпын, мен туған қаламды қорғап, міндетімді орындадым, – деп жауап береді тұтқын. Көп ұзамай ғұндар Милан, Равенна қалаларын алады. Сол күні Аттила әскербасылармен кеңес құрады. Кеңесте Римге қашан кіретіндерін сұраған шәкірттерінің біріне қадала: – Ғұн әскері еш уақытта Рим секілді мәдениет ошағына басқыншы болып кірмейді. Кірсе, тек бейбіт келісімге келу үшін кіреді. Осыны әрқашан есте сақтаңдар. Бұдан 42 жыл бұрын Аларих бастаған вестготтар Римді тонап бассыздық жасаған еді. Ғұн әскері ондай жабайылыққа бармайды, – дейді де, содан кейін Баламірге қарап: – Сенің сарбаздарың бүгін бассыздық істеді. Аквилейді күшпен алдық, ал Милан соғыссыз берілді. «Иілген басты қылыш кеспес» деген бар. Жігіттеріңнің зорлық жасап жүргендері қалай? Онсыз да мойыны Рим қамытына* қажалған қара халыққа солар қожаңдамақ па? Жеңіске жеткен әскер адал болу керек. Тәртіпсіздік жасаған жауынгерлеріңді кешке дейін тауып, жазала. Елді тек қылыштың күшімен, қорқынышпен ғана емес, сеніммен де билеген жөн. Халық адал, әділетті басшыға сенеді, – деп сөзін аяқтайды. *қамыт – аттың мойнына кигізілетін, имектеу келген ағаш жақтаулары бар арба әбзелі

им қақпасы алдында
им қақпасы алдында
ұрынғы кездері айқара ашылып қонақжай мінез көрсететін

Рим қақпасы жабық тұр. Бүгінгі күннің өзі де қожайын-
дарының қабағын қапысыз түсінетін қара құлдай түнеріңкі.
Қамал қабырғасының арғы жағына тығылған Рим халқы бұл
күннің өздеріне не сыйлайтынын білмей аңтарылып қарап тұр.

Аңырап қалған ертегі шаһарындай болған қорған бекінісінен
тырс еткен белгі білінбейді. «Екі өгіз сүйкенсе, ортасындағы
шыбын өледінің» кері келіп, басшыларының бассыз әрекеті-
нен жазықсыз жандардың қаны төгілгелі тұр. Жолындағының

бәрін жайпап, жалынға орайтын ғұн сарбаздары Аттиланың
қалт еткен қимылы болса, қалаға лап еткелі тұр.
Түксиіп, жан баласының қимылы білінбеген Рим қақпасы-
на қарай Аттила атын аяң бастырып, жақындап келді. Атой са-

лынар сәтті аңдып қала халқының зәре-құты қалмай, иманын
үйіріп отырғанын ол жақсы түсінді. Тым болмаса бой көрсетіп
қараңдаған ешкімді байқамаған соң, римдіктер оған бетін ба-
сып бүгежектеген қорқақ болып көрінді. Ызадан тістенген Ат-

тила қолға ұстаған найзасын Рим қақпасына қарай толғай*
лақтырды. Арқырай ұшқан ақ найза арындаған бетімен
қақпаға келіп қарш қадалды. Қаланы қорғауға қалдырылған
Рим легиондарының әскерлері дір етіп, бозарып кетті. Қала

сол күйі тым-тырыс. Артына жалт бұрылған Аттила:

– Ғұндар! Азаматтың ақ өлімі – борышын адал атқарғаны,

– деп саңқ етті. – Қызыл қаныңды ақ жолда төкпесең, еңсеңді

бастырып, езгіде жүрсең, ер атыңнан не пайда? Өр кеудені
аяққа бастырып, өз құтын өзі қашырып сасқан адам санатта
жоқ. Мінген көлік, тұлпарың – ер қанаты, қасарысқан жауыңа
қасқайып тұрып қарыссаң, сонда болар ер санаты. Басыңды

бұғып бұқпалап көрген күнің кімге өнеге, кімге болар ғибрат?
Асырып сөз айтпасаң, алаңқай болған майданда менменсіген
кеудені аяққа таптап баспасаң, одан өзге не мұрат? Көздерің
ұрынғы кездері айқара ашылып қонақжай мінез көрсететін

Рим қақпасы жабық тұр. Бүгінгі күннің өзі де қожайын-
ұрынғы кездері айқара ашылып қонақжай мінез көрсететін
ұрынғы кездері айқара ашылып қонақжай мінез көрсететін

Рим қақпасы жабық тұр. Бүгінгі күннің өзі де қожайын-

Рим қақпасы жабық тұр. Бүгінгі күннің өзі де қожайын-

Рим қақпасы жабық тұр. Бүгінгі күннің өзі де қожайын-

Рим қақпасы жабық тұр. Бүгінгі күннің өзі де қожайын-
ұрынғы кездері айқара ашылып қонақжай мінез көрсететін
ұрынғы кездері айқара ашылып қонақжай мінез көрсететін
ұрынғы кездері айқара ашылып қонақжай мінез көрсететін

Рим қақпасы жабық тұр. Бүгінгі күннің өзі де қожайын-

Рим қақпасы жабық тұр. Бүгінгі күннің өзі де қожайын-

Рим қақпасы жабық тұр. Бүгінгі күннің өзі де қожайын-

Рим қақпасы жабық тұр. Бүгінгі күннің өзі де қожайын-
*толғау – бұрай қозғап, үйіре айналдыру, шиыру

көрген дұшпаның шалқайып жүрген күнінен етегіңе еңкейіп, жер құшып жатыр баспалап. Кесімін өзің айтыңдар, жараса ма хас ерге «қашқан жауға қатын ер», «бұққан жауға бала батыр» қылыш сұғып, былғамақ? Сәл-пәл үнсіз қалған ғұн жауынгерлері бірауыздан «Жооқ!» деп жауап беріп, күркіреген күндей гүр-р етісті. Осыдан кейін Аттила сарбаздарын соңына ертіп аяңдап жүре берді. Біраз жер ұзаған соң, ат үстінен артына бұрылды. Қорқыныштан дірілдеп, құтылғанына қуанып, әлі қыбыр білдірмей жатқан, күні кеше айбыны асқан, бүгінгі күні жүні жығылып жасыған Римге қарап кекесінмен мырс етті де қайтып бұрылмастан кете барды. *** 454 жылы Аттила кенеттен қайтыс болды. Оның өлімін әркім әр түрлі жорамалдап жүр. Ал шын мәнісінде ғұн империясының әйгілі билеушісінің өмірден қайтуының себебі әлі күнге дейін біз үшін жұмбақ. Аттиладан кейін ғұн ордасы ыдырайды. Бірақ олар Еуропадан кеткен жоқ. Жаңадан құралған соңғы ғұн мемлекеті Уархун (Арғын) қағанаты деп аталды. 730 жылы қайтыс болған Баян хан уақытындағы ең күшті мемлекет болған. Ол VІІІ ғасырдың ақырына дейін өмір сүрді. Уархун қағанатының орнындағы мемлекет әлі күнге дейін ғұндар атымен Хунгрия (Венгрия) деп аталады. Батыс Рим басшысы Аэций өлді. Себебі жер-жаһанның қаһары болған Аттила жоқ. Ендігі Рим басшысының орнына иек артатын жалғыз адам Аэций еді. Сондықтан Рим императоры Валентиниан Аэций орнымды тартып алады деп қорықты. Аэцийдің өмірмен қоштасуына ықпал етті... Көп ұзамай, Валентинианың өзі де өз адамдарының қолынан қаза тапты. Сол жылы Генсерик (французша Жансерик) бастаған вандалдар Рим қаласына баса-көктеп кіріп, тонады. Олар 410 жылғы Аларих бастаған вестготтардың жасағандарын қайталады. Бұрын Генсерик Аттиладан қорқып Римге кіре алмай жүр еді. Ендігі уақытта оның бетінен қағар, қаймығып қысылар ешкім қалмағаннан кейін, Римге кіріп, бассыздық істеп оны аяусыз таптады. Аттила мен Аэций өлген соң Римнің шын жанашыры қалмаған еді...

Құрметті оқырмандар! Құрметті оқырмандар! «Шығыстың ұлылары» атты топтама кітаптары күні бүгінге дейін балалар көркем әдебиетінде нақтылы айтылмаған ұлы адамдардың өмірімен таныстырады. Топтама ірі тарихи оқиғаларды, маңызды қозғалыстарды, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды және ұлы тұлғалардың, қағандардың, батырлар мен ғалымдардың, ойшыл-ақындардың өмір жолын қамтиды. Сонымен қатар әдеби шығармалар балалардың туған жеріне, халқына, тарихына ыстық сүйіспеншілік сезімдерін оятып, ұлы ата-бабаларының асыл мұраларын құрметтеп, Отанына деген мақтаныштарын арттырады. Баспа жобасының жетекшілері және кітапты шығаруға жауаптылар Қ. Раимбеков, Б. Иманәлиев Авторы С. Өтениязов Кеңесшісі Халықаралық қыпшақтану институтының директоры, ҚР ҰҒА-ның академигі, тарих ғылымының докторы, профессор Б. Көмеков Әдеби өңдеуші Б. Сарпеков Суретшісі К. Көмеков Бас редакторы Қ. Байғабылова Көркемдеуші редакторы Е. Козлова Редакторы Н. Сламбекова Корректоры Д. Мамырбаева Біздің мекен-жайымыз: Қазақстан, 050000, Алматы, Чайковский көшесі, 190/184, 23-офис Тел./факс (3272) 728 411, 728 421 E-maіl:aruna_ltd@maіl.ru Көтерме бағамен сатып алу үшін «Аруна» баспасының сауда бөліміне хабарласу қажет. Тел./факс (3272) 728 411, 728 421 Осы және басқа кітаптарды кітап-поштаға тапсырыс жасау арқылы да алуларыңызға болады. E-maіl:aruna_ltd@maіl.ru Осы және басқа кітаптарды кітап-поштаға тапсырыс жасау арқылы да E-maіl:aruna_ltd@maіl.ru Осы және басқа кітаптарды кітап-поштаға тапсырыс жасау арқылы да Пішімі 60х90 1/8. Борлы қағаз. Гарнитура «Школьная». Шартты баспа табағы 13,45. Есепті баспа табағы 17. Таралымы 10 000 дана. № 2320 тапсырыс. Қазақстан Республикасы «Атамұра корпорациясы» ЖШС-нің Полиграфкомбинаты, 050002, Алматы қаласы, М. Мақатаев көшесі, 41-үй «Аруна» баспасының дизайн орталығы М. Моминов

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙