Мазмұнға өту
Home

Ассалаумағалейкум, нар Кемпірбай...

Кемпірбай Бөгембайұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ассалаумағалейкум, нар Кемпірбай...

Авторы: Кемпірбай Бөгембайұлы

Кемпірбай Бөгембайұлы Ассалаумағалейкум, нар Кемпірбай... Кемпірбай ақын ауырып жатқанда Әсет ақын көңілін сұрай келеді. Әуелі Әсет Кемпірбайға көңілін сұрай өлең айтады: Ассалаумағалейкүм, нар Кемпірбай, Науқасқа шипа берсін патша, құдай. Аспанға айнала ұшқан ақ сұңқарым, Кез келіп жайған торға бопсың мұндай. Науқасың меңдеу тартты дегеннен соң Жыладым бәйіт айтып үш күн ұдай. Дауысым танимысың, атым-Әсет, Мен келдім әдейі іздеп көңіл сұрай. Япырау, жауап қатпай кеткенің бе, Алашқа атың шыққан қыраным-ай?!

Кемпірбай: Көңілді Әсет келді көтергелі, Болмайды кеуде шіркін жөтелгелі. Артыма бір-екі ауыз сөз тастайын, Басымды жастықпенен көтер бері! Өлсем де «Көк кептерге» бір соғайын, Қу тақтай екі ішекті әпер бері. Аузыма айрыларда сөз салмасаң, Қонғаның, өлең шіркін, бекер ме еді? Ал, енді, шіркін көмей былпылдасын, Сөзімді әшиесіз кім тыңдасын. Ішінде арғын, найман салдым айғай

Не қылып, шіркін көмей, жыртылмасын. Мойынға әзірейіл салса құрық Білемін ғазиз жанның құтылмасын. Кемпірбай бұл дүниеден көшіп кетсе, Білемін енді өзімдей ұл тумасын. Суырған қынабынан наркескендей, Әр жерден қызыл тілім қылтыңдасын. Көңілімде Әсет сұрап келгенінде, Шаба алмай кәрі тарлан сылпыңдасын. Жалғасы бар...

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙