Әлемдік әлеуметтану антологиясы 1 том
Кеңес Биекенов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Мазмұн: 1-бөлім ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ТУУЫ. Огюст КОНТ. Позитивтік саясат жүйесі Огюст Конт. Позитивтік философия рухы 2-бөлім ЖАҢА ДӘУІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТАНУШЫЛЫҚ ОЙЛАРЫ. Никколо Макиавелли. Тит Ливийдің алғашқы он кітабытуралы толғам 3-бөлім СПЕНСЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТАНУШЫЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАРЫ. Герберт Спенсер. Әлеуметтану тұғырлары Оқып-үйрену пәні ретіндегі әлеуметтану Салт пен әдеп Ғылымдарды топтастыра
МЕМЛЕКЕТТІК “МӘДЕНИ МҰРА”
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ
КІТАП СЕРИЯЛАРЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ
ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ
БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ
“Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасының
кітап сериялары
Бас редакциясының алқасы:
Тасмағамбетов И. Н., бас редактор
Тәжин М. М., бас редактордың орынбасары
Тәуекел С. Т., жауапты хатшы
Әбділдин Ж. М.
Әуезов М. М.
Байпақов К. М.
Зиманов С. З.
Кәлетаев Д. А.
Кекілбаев Ә.
Кенжеғозин М. Б.
Қасқабасов С. А.
Қойгелдиев М. Қ.
Қосыбаев Е. М.
Құл-Мұхаммед М. А.
Мағауин М. М.
Мәмбеев С. А.
Нұрпейісов Ә. К.
Нысанбаев Ә. Н.
Рахмадиев Е. Р.
Сұлтанов Қ. С.
Сүлейменов О. О.
Хұсайынов К. Ш.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ,
АҚПАРАТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІ
Мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасы
ӘЛЕМДІК
ӘЛЕУМЕТТАНУ
АНТОЛОГИЯСЫ
1-том
Алматы
“Қазақстан”
ББК 60.5
Ә 52
“Әлемдік әлеуметтану антологиясы”. 10 томдық.
“Мәдени мұра” бағдарламасы. Алматы:– ЖШС “ Қа-
зақстан” баспа
үйі”, 2005 ж. – 560 бет.
ІSBN
9965-10-037-3
ББК 60.5
ІSBN 9965-10-037-3
ІSBN 9965-10-036-5
© ЖШС “Қазақстан” баспа үйі” – Аударма және безендіру
“Әлемдік әлеуметтану антологиясы” он томдығының түпнұсқа мәтінін
құрастырған Мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасының
“Әлеуметтану” секциясы
Секция құрамы:
1. БИЕКЕНОВ Кеңес Үмбетжанұлы – Секция жетекшісі, әлеуметтану
ғылымының докторы. 2. АЯҒАН Бүркітбай Ғылманұлы – тарих ғылымының докторы,
профессор. 3. ӘЖЕНОВ Матипулла Салахадинұлы – философия ғылымының
докторы. 4. ҒАБДУЛЛИНА Қанапия Ғабдолқызы – әлеуметтану ғылымының
докторы. 5. ЕСІМ Ғарифолла – философия ғылымының докторы. 6. САДЫРОВА Мәнсия Сапарғалиқызы – әлеуметтану ғылымының
докторы. 7. СЕЙДУМАНОВ Серік Тұрарұлы – әлеуметтану ғылымының докторы. 8. ШАУКЕНОВА Зарема Қаукенқызы – әлеметтану ғылымының
докторы. 9. КЕНЖӘКІМОВА Гүлнар Әлейқызы – секция хатшысы.
Түпнұсқа мәтіннің қазақша редакциялануын басқарған “Қазақстан” баспа үйі” мойынсерігінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Нұрмахан ОРАЗБЕК.
Аударма сарапшысы – филология ғылымының докторы, ҚР Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты Жұмағали Ысмағұлов.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.
Әлемдік әлеуметтану антологиясы
1-бөлім.
ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ТУУЫ.
Огюст КОНТ. Позитивтік саясат жүйесі
Огюст Конт. Позитивтік философия рухы
2-бөлім.
ЖАҢА ДӘУІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТАНУШЫЛЫҚ ОЙЛАРЫ.
Никколо Макиавелли. Тит Ливийдің алғашқы он кітабы
туралы толғам
3-бөлім.
СПЕНСЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТАНУШЫЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАРЫ.
Герберт Спенсер.
Әлеуметтану тұғырлары
Оқып-үйрену пәні ретіндегі әлеуметтану
Салт пен әдеп
Ғылымдарды топтастыра жіктеу
4-бөлім.
ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТЫ
Габриель Тард. Қоғамдық пікір және тобыр
«ӘЛЕМДІК ӘЛЕУМЕТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ»
Кіріспе
Біз тәуелсіздіктің көк туын көтеріп, дербес мемлекет негізін қалаған күннен бастап, дүниауи, осы заманғы мемлекет болу бағытын ұстадық, Ата заңымызды қабылдадық, барлық әлем халықтары ұстанған нарықтық экономика жолына түстік, бұған қоса жаһандану процесімен де бетпе-бет келіп отырмыз. Бірақ осы түбірлі өзгерістерге біздің қазақ халқы алдын-ала даярлықсыз бет бұрды. Олай дейтініміз біз, қазақстандық азаматтар, Еуропа тарихы мен мәдениетін оның халықтарының рухани қазынасын кең көлемде әлі меңгеріп үлгермеген болатынбыз. Біздің елде Батыс Еуропа, Америка елдері ғалымдарының әлеуметтану пәні жөніндегі бірде-бір еңбегі қазақ тілінде жарық көрмеген еді. Дегенмен, біз күн өткен сайын қиыншылықтан арылып, нарықтық экономикаға бейімделіп келеміз. Бұл құбылыстарды жан – жақты терең танып білмейінше қоғамда болып жатқан сан-салалы әлеуметтік құбылыстарды ғылыми негізде әлеуметтік тұрғыдан дұрыс жолға бағыттай алмайтынымыз белгілі болды. Осындай жағдайда мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасы қабылданды. Онда туған халқымыздың ғана емес, дүние жүзі халықтарының озық мәдени мұрасын да халқымызға ұсыну көзделді. Соның бір үлгісі “Әлемдік әлеуметтану энцеклопедиясын” құрастырып, аударып, жарыққа шығару. Оқырмандарға ұсынылып отырған мына кітап Мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасы аясында дайындалған он томдық “Әлемдік әлеуметтану антологиясының” төлбасы. Бірінші томға әлем ойшылдарының үлкен легінің – Конттың, Макиавеллидің, Спенсердің, Тардтың ең сүбелі туындылары топтастырылған. Екінші томға француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгеймнің (1858–1917) “Қоғамдық еңбек бөлінісі”, “Әлеуметтану әдісі”, неміс әлеуметтанушысы Фердинанд Тённистің (1855–1935) “Ортақтық және қоғам”, итальян
әлеуметтанушысы Вильфредо Паретоның (1848–1923) “Әлеуметтану теорияларын қолдану” сияқты маңызды шығармалары енген. Үшінші томға неміс ғалымы Гаэтано Москаның (1858–1941) “Саяси ғылым элементтері”, Макс Вебердің (1864–1920) “Протестанттық этика және капитализм рухы”, “Түсіне білетін әлеуметтанудың кейбір категориялары туралы”, “Ғылым мамандық ретінде”, “Негізгі әлеуметтанушылық түсініктер”, “Саясат мамандық ретінде”, француз әлеуметтанушысы Гюстав Лебонның (1841–1931) “Тобырлар психологиясы” атты туындылары енгізілді. Төртінші томды XX ғасырдың бірінші жартысында еңбек еткен әлеуметтанушылардың шығармалары құрайды. Бұлар Америка ғалымдары – Людвиг Гумпловичтің (1838–1909) “Әлеуметтанудың негіздері”, Герберт Джордж Мидтің (1863–1931) “Ишарадан рәмізге дейін”, Генри Франклин Гидденстің (1855–1931) “Әлеуметтану негіздері”, Хортон Чарльз Кулидің (1864–1929) “Бастапқы топтар”, Роберт Кинг Мертонның (1910–1987) “Анық және жасырын функциялар”, Талькотт Парсонстың (1902–1979) “Кординаттар жүйесі және қарекет жүйелерінің жалпы теориясы: мәдениет, тұлға және әлеуметтік жүйелердің орны”, “Өзгерудің функциялық жүйесі”, “Қазіргі қоғамдардың жүйесі”, Питирим Сорокиннің (1889–1968) “Әлеуметтану жүйесі”, “Адам. Өркеният. Қоғам”, Микаэл Питер Блаудың “Әлеуметтік құрылымға әртүрлі көзқарастар” атты еңбектері енді. Бесінші том XX ғасырдың екінші жартысындағы Батыс әлеуметтануы өкілдерінің шығармаларынан тұрады. Олар – Альфред Щюцтің “Қоғамдық ғылымдарда ұғым мен теорияны қалыптастыру”, Людвиг Питер Бергердің “Нақты өмірді әлеуметтік құру. Білім әлеуметтануы жөніндегі трактат”, Юрген Хабермастың “Демократия. Ақыл. Адамгершілік” атты еңбектері. Алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы томдар жаңа әлеуметтану проблемаларына арналған. Алтыншы том Пьер Бурдьенің “Саясат әлеуметтануы”, “Практикалық мағына”, “Бастаулар” сияқты шығармаларынан тұрады.
Жетінші томға И. Валлерстайнның “Әлемдік жүйелерді талдау: осы заманғы қоғамға қазіргі жүйелік көзқарас”, Э. Гидденстің “Әлеуметтану”, Никлас Луманның “Қоғам ұғымы” атты еңбектері кірген. Сегізінші томға М. Кастельстің “Ақпараттық дәуір: экономика, қоғам және мәдениет”, Н. Смелзердің “Әлеуметтану: сыртқы ықпал”, Кинг Роберт Мертонның “Әлеуметтік құрылым және аномия. Қылмыстылық әлеуметтануы”, Раймон Аронның “Әлеуметтанушылық ойдың даму сатылары” сияқты шығармалары кірген. Тоғызыншы томды Ольвин Тоффлердің “Еңбектің болашағы”. “Нәсіл, өкімет және мәдениет”, П Штомпканың “Әлеуметтік өзгерістер әлеуметтануы” атты шығармалары және “Әлеуметтанушылардың жұмыс кітабы” деген еңбек құрайды. Ең соңғы том қазіргі Ресей әлеуметтануына арналған. Оны әлеуметтанушылық энциклопедиялық сөздік құрайды. * * * Жалпы шолудан соң бірінші томға кеңірек тоқталған орынды. Бұл томда оқырмандар XVІІІ–XІX ғасырлардың қоғамдық, әлеуметтік ой-қазынасына ден қоя алады. Кітапқа, ең алдымен, Конттың еңбектері кірді. Бұл кездейсоқ емес. Себебі, әлеуметтанудың ғылым ретінде тууы француз оқымыстысы Огюст Конт (1798–1857) есімімен байланысты, ғылымға “Әлеуметтану” терминін енгізген де сол. Әлеуметтану пәні мен оның нысанын негіздей отырып, О. Конт сол кездегі ғылым жүйесіне иерархиялық баспалдақ түрінде түсінік береді. Оның ойынша, бұл білімнің қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға, жалпыдан өзіндік ерекшелікке қарапайым дамуының тарихи процесін логикалық жүйемен бере алады. Негізгі ғылымдардың иерархиясы төмендегіше көрінеді: математика, астрономия, физика, химия, биология және әлеуметтану. Соңғы термин басқа да ғылымдардың заңдарына негізделеді. О. Конт әлеуметтануды өзіндік, бұл заңдардың түрін өзгертетіндей және индивидтердің бір-біріне өзара ықпалынан шығатындай қасиеті бар екеніне айырықша мән береді. Бұл ықпалдастық адамзат қауымында әр ұрпақтың келесісіне өтуі нәтижесінде күрделілене түседі.
Огюст Конт ғылымдағы позитивтік мектептің негізін қалаушы. Бұл кітапқа енгізіліп отырған О. Конттың негізгі еңбегі “Позитивтік философия рухында”, жоғарыда айтылғандай, ғылымдардың топтастырылуы және әлеуметтанудың пән ретіндегі ерекшеліктері қарастырылған. Ол әлеуметтану жаратылыстану ғылымдарымен, соның ішінде физика ғылымымен байланысты болуы керек деп есептейді. Конт “әлеуметтік физика” түсінігін ғылымға енгізді. Оның ойынша әлеуметтану әлеуметтік деректерге сүйенуі керек және бұл ғылым жеке адамның ақыл-ойы мен психикасының жетілуін қоғамдық өмірмен байланысты қарастыратын бірден бір пән. “Әлеуметтік физика” немесе “әлеуматтану”, Конттың пікірінше, қоғамды екі жақты қарайды: әлеуметтік статика (өмір сүріп отырған қоғам құрылымдары өзгеріссіз, тұрақты деп алынады) және әлеуметтік динамика (әлеуметтік өзгерістер процесі). Біріншісі қоғамдық жүйелердің тіршілік ету жағдайлары мен заңдарын зерттейді. Екіншісі, әлеуметтік жүйелердің дамуы мен өзгеру заңдылықтарын қарастырады. Әлеуметтік статика – қоғамдық құрылым, оны ұйымдастыру мен оның жарасымдылығы туралы теория. Қоғам, О. Конттың пікірінше, әр түрлі өзара байланысты бөліктердің бірлігінен тұратын органикалық тұтастық. Статикада қоғам “тәртіп” және “прогресс” заңына бағынады. Әлеуметтік статикада зерттелетін құбылыстар жиынтығы көп қатпарлы организм тәрізді. Әлеуметтік статиканың міндеті – отбасы, адам және ол қарекет ететін тіршілік ахуалы. Қоғамдық прогресс туралы позитивтік ілімді Конт әлеуметтік динамика деп атады. Ол прогрестің мынадай түрлерін бөліп көрсетеді: физикалық, интеллектуалдық, адамгершілік (инсанияттық). О. Конт позитивизмі өмір сүріп отырған қоғамдық құрылымды “позитивтік” тұрғыдан қайта құру идеясынан көрінеді. Жалпы адамзат есінің позитивтік дамуы дегеніміз адамның әлеуметтік танымы мен әлеуметтік басқару ғылымын игеруінің жетілуі. О. Конттың пікірінше, әлеуметтік динамика қоғам дамуындағы қозғаушы күштің не екендігін түсіндіруі керек. Конттың баяндауында мұндай күштерге мыналар
жатады : экономикалық, табиғи жағдайлар, климат, географиялық орта, сол сияқты көзқарастар, идеялар, ойлау, адамдардың санасы. О. Конт тарихи дамудың “үш белесі” заңын қалыптастырды. Ақыл ойдың дамуының теологиялық, метафизикалық, позитивтік белестері қоғамның даму кезеңдерімен сәйкес келеді. Конт теологиялық белес деп қоғам дамуындағы діни идеялар үстемдік еткен, ХVІІ–ХVІІІ ғасырларға дейінгі белесті атады. Бұл белесте адамның ақыл-ойы құбылыс себептерінің не бастауын, не ақырын табуға ұмтылды. Бұл белес өз уақыты үшін қажет болды, өйткені ол адамның әлеуметтік тұрғыда дамуы мен ақыл-ой күшінің өсуінің алғашқы кезеңі еді. Конттың айтуынша, екінші белес – метафизикалық белес. Себебі бұл белесте қоғамда бейнеленген абстракциялар мен метафизикалық тұжырымдамалар үстемдік алды, Конт оған революциялық теориялар мен материалистік философияны жатқызды. Оның ойы бойынша, метафизикалық ойлау өз табиғаты жағынан қиратқыш күш. Конт үшінші белесті позитивті белес деп атады. Ол қоғамға тек позитивтік ғылым ғана дамитын белес қажет деп есептеді. Бұл діни және философиялық мәндер жүйесіндегі саудайылыққа тиым салады. Бұл кезеңде жаратылыстану ғылымдары үстемдік етіп, эмпиризм, позитивизм, физикализм принциптері негізіндегі қоғамды зерттейтін әлеуметтану дамуы керек. Позитивті кезеңде қиялды бақылауға үнемі бағындырып отыратын заң әрекет етеді. Бұл белесте ақырғы нәтижемен мәністі анықтаудың мүмкін еместігі мойындалып, оның орнына заңдарға, яғни бақыланатын құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға қарапайым зерттеу жүргізілуі керек. Конттың тиімді білімге сүйенуі, тарихи процестің зандылықтарын мойындауы, қоғамдағы әлеуметтік институттар мен әлеуметтік құрылымды зерттеуге мөн беруі көптеген қоғамдық ғылымдардың дамуына елеулі ықпал етті. Ол ұсынған көптеген ілімдер мен түсініктер әлеуметтанушылық ойпікірдің қорына енді. Олардың қатарында, қоғам туралы, отбасы, білім жүйесі туралы, т.б. Ілімдер бар.
О. Конт қоғамды дамытуда әлеуметтану ғылымының атқаратын рөлінің зор екендігін алғаш дәлелдеп берсе, Макиавелли қоғамды өзгерту үшін мемлекеттің үлкен күш екендігін дәлелдеген. Әрине, осыдан бес ғасыр бұрын жазылған Никкола ди Бернардо Макиавеллидің (1469–1527) шығармаларын қазіргі оқырман өзінше түсінеді. Оның негізгі еңбектері «Тақсыр», «Тит Ливийдің алғашқы он кітабы туралы толғам», “Флоренция тарихы», «Соғыс өнері». Бұл еңбектерінде Макиавелли қоғамның дамуы өзінің ішкі себептеріне байланысты деп көрсетеді. Тарихтың дамуының негізі – материалдық мүдде, – дейді ол. Адамның мінез-құлқыны өзгеруі де осы түрғыдан қарастырылады. Макиавелли шындықтың белгісі наным-сенім емес, тәжірибе деп біледі. Ол қоғамның дамуында мемлекеттің орны жоғары деп санады. Макиавелли Платон мен Аристотельдің, Цицерон мен Плутархтың еңбектерін жақсы игерген. Саясатқа жастай араласып, 29 жасында Флоренция республикасының Онның кеңесінің хатшысы болған. Маңызды дипломатиялық тапсырмаларды орындаған. Медичилердің әулетінің тираниясы қайта орнағаннан (1512 ж.) кейін қызметтен қуылып, жер аударылған. Макиавелли бүкіл Италия мемлекеттерін біріктіруді аңсаған. Макиавелли «Тит Ливийдің алғашқы он кітабы туралы толғам» деген еңбегінде адамның интеллектуалдық мүмкіндігіне көп көңіл бөлінген. Осы еңбегінде Макиавелли мемлекет деген түсінікті ғылымға бірінші болып енгізді, мемлекетті әмірші мен оған бағыныштылардың қарым-қатынасы деп ұқты. Сондықтан да «мемлекет» деген атау термин ретінде жаңа заманда италияндық қайта өрлеу кезеңінде шықты деуге болады. Макиавелли мемлекетті қоғамның саяси жүйесінің басты элементі ретінде қарастырады. Мемлекет белгілі бір аумақ шеңберінде тұратын адамдардың мүдделерін қорғап, олардың арасындағы қатым-қатынасты құқықтық ережелер арқылы реттеп, бақылайтын қоғамдық механизм. Макиавеллидің түсінуінше, мемлекет қоғамдағы билікті іс жүзіне асырушы орталық институт емес, адамдардың белгілі бір заңға бағынған қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін саяси орган.
Жаңа заман жағдайында «мемлекет» ұғымын қоғамда болып жатқан өзгерістер аясында, соларға байланысты қарау қажет. Оған ұғым ретінде ғана қарамай, мемлекеттік құрылымдардың уақыт пен кеңістікке қарай өзгеріп отыратынын, оның көп түрі болатынын, соған орай ұғымның да тұрақты болмайтынын ескерткен. Мемлекеттің ең озық түрі деп ол республиканы таңдап алды. Мемлекеттің республикалық пошымында – заң бойынша өкімет билігін халықтың көпшілігі жүзеге асырады. Өйткені ондағы өкімет билігінің қайнар көзі халық. Республикалық мемлекетті қуаттай отырып, Макиавелли еркіндікті, теңдікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Тақсыр қайырымды болуы керек. Кертартпалармен күресте жауыздық пен күшті пайдалануға болады. Мақсатқа жету үшін айланың қай түрі болса да қолданыла алады. Макиавеллидің идеялары мен ойлары қайта өрлеу және реформация дәуіріндегі бірқатар ағымдардың әлеуметтік доктринасына айналды. Макиавелли бақылау фактыларына негізделген саяси ғылымға жол салды. Ол бір орталықтан басқарылатын ұлттық мемлекетті жақтады. Адам билік пен меншікке ұмтылатын болғандықтан оның бойында менмендік пен өшпенділік қалыптасады, сондықтан, дейді ол, моральдан гөрі күшке сүйену керек. Мемлекетке әскери күш қажет, ол басқа халықтарды жаулап алу үшін емес, өзінің құлдыққа түспеуі үшін керек. Конттың көптеген әлеуметтік ойлары мен идеяларын әрі қарай дамытқан әлеуметтанушылардың арасында ағылшын философы және позитивистәлеуметтанушы Герберт Спенсердің ( 1820–1903) орны ерекше, О. Конттан кейінгі әлеуметтануға эволюция идеясын енгізген де сол. Г. Спенсер әлеуметтанудың арнайы ғылым есебінде қалыптасуына үлкен үлес қосты. Әлеуметтануды тарихпен салыстыра отырып, ол қоғамдағы адам арқылы жүзеге асатын өзгерістерді түсіну үшін ең алдымен адамды және оның ұрпақтарын дүниеге әкелген әлеуметтік жағдайларды зерттеу қажет деп көрсетті. Спенсердің “Әлеуметтану негіздері” атты еңбегі этнографиялык деректерге сүйене отырып қоғамдық жүйелерді бүтін ретінде қарастырудың алғашқы тәжірбиесі болды. Бұл еңбекте қоғам түсінігі, әлеуметтік даму,
әлеуметтік құрылым, әлеуметтік функциялар мәселелері қарастырылады. Спенсердің ойынша әлеуметтану өз аясына антропологияны, этнографияны, жалпы тарихи ілімдерді біріктіретін пән. Спенсердің әлеуметтанушылық теориясы негізгі екі ұстанымның негізінде қарастырылған: қоғамды организм ретінде түсіну және әлеуметтік эволюция идеясы. Ол қоғамның нақты тіршілік ететін ерекше болмыс екендігін мойындайды. Қоғам дегеніміз – организм, – деп көрсете отырып, Спенсер биологиялық және әлеуметтік организмдер арасындағы ерекшеліктерді айқындайды. Оның айтуынша, жеке организм “нақтылыққа” ие болса, әлеуметтік организм – “дискретті”. Яғни, қоғам жеке адамның ерекшелігін жасыра алмайды. Әлеуметтік прогрестің маңызды өлшемі – жеке адамның әлеуметтік бүтінге тәуелді болатын қоғамнан әлеуметтік организмнің өзін құрайтын индивидтерге қызмет ететін қоғамға өту мөлшері болып есептеледі. Спенсердің айтуынша әлеуметтік организм негізгі үш “жүйеден” түрады: “реттеуші”, “өмірге қажетті құралдарды өңдіруші” және “бөлуші”. Спенсер көзқарасында эволюция ұғымы ерекше орын алады. Оның айтуынша, құбылыстар жалпы эволюция процесінің бір бөлігі. Кез келген даму процесі екі түрлі бөліктен түрады: бірігу мен бөліну немесе орнықты ортақтық пен ерекшеліктер. Спенсер “Әлеуметтік эволюцияның” төрт түрлі түсінігін көрсетті: 1) мінсіздік ахуалына ұмтылыс; 2) әлеуметтік агрегаттардың функциялық жүйелерге бөлінуі; 3) еңбек бөлінісінің тереңдеуі; 4) қоғамдық бөлініс негізі. Теориялық жағынан алғанда Спенсердің әлеуметтану тарихындағы маңызды үлесі – оның қоғамға тарихи эволюциялық көзқарас пен құрылымдықфункциялық көзқарастарды үйлестіруінде. Өзінің құрылымдық бөлінісі арқылы, қоғамды өзін-өзі реттеуші жүйе ретінде түсінуі арқылы, әлеуметтік функцияларды қоғамның әлеуметтік құрылымымен өзара байланысты талдауы арқылы Спенсер әлеуметтанудағы құрылымдық функционализмнің біраз
жақтарын дамытты. Спенсер әлеуметтану тарихында алғашқы болып “жүйе”, “функция”, “құрылым” т.б. түсініктерді тұрақты қолдана бастады. Спенсер алғашқылардың бірі болып “эволюция мен процесс” ұғымдарының ерекшеліктерін түсіндіруге тырысты. Спенсердің әлеуметтанушылық көзқарастарының кемшілігі тұрпайы натурализм мен механицизм екендігінде. Ол күрделі әлеуметтік құбылыстарды оның қарапайым бөлшектер тұрғысынан ғана қарастырады. Ол қоғамның келешегіне жаппай қарулану мен мемлекеттік бюрократиялану қауіп туғызады деп болжады, одан құтылу үшін халықтардың бірлескен үйымдары үлкен роль атқарады деп есептеді. Спенсердің көптеген пікірлері мен тұжырымдары қазіргі кездегі әлеуметтану ғылымында өз орнын тапты. Бірінші томға енгізілген шығармалардың бір бөлігі әлеуметтану ғылымының психологиялық бағытына арналған. Бұл бағыттың неғүрлым көрнекті өкілі француз оқымыстысы Габриэль Тард (1843–1904), сондықтан томға Г. Тардтың әлеуметтану ғылымына тікелей қатысы бар “Қоғамдық пікір және тобыр” деген еңбегі енгізілді. Г. Тард әлеуметтануды биологизм мен органицизмнен арылтқысы келді. Тард әлеуметтік процестерді адамдардың өзара қарым-қатынасы негізделетін еліктеудің психологиялық механизмінің әрекетімен түсіндіреді. Тардтың әлеуметтік жүйесінде еліктеудің әлеуметтік факторы маңызды роль атқарады, ол қоғамды оның мәнісі мен заңдарын анықтау үшін әлеуметтік топтарға бөлудің межесі болады. Тардтың пікірінше, қоғам – бір-біріне еліктеуші, не еліктеу үшін үлгі іздеуші адамдар қауымы. Қоғам адамдардың бейімделуі, күресі, еліктеу үшін үлгі іздеу арқасында өмір сүреді. Мұның бәрі адам санасында басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудан, оларға психологиялық әсер ететін процестердің арқасында болады. Тард “еліктеудің әлеуметтік заңын” мойындауды талап етеді. Ол еліктеудің қоғамда физиологиялық организмдегі тұқым қуалаушылық сияқты рөл атқаратынына сендіреді.
“Еліктеудің әлеуметтік заңының” әрекетін Тард үш кезеңге бөледі. Бірінші – өнертапқыш дана бір адамның жаңалық атаулыға қарсы қалың көпшілікпен күресі. Екіншісі – шектеу сезімінен арылған жалпылама жаңаны енгізумен шұғылдану. Үшінші кезең – көпшілік дербес іс жасамастан дананың соңынан ереді. Бұдан біз әлеуметтік өмірдегі психологиялық фактордың абсолюттенуін көреміз. Бұл әлеуметтік психологияның қалыптасуы мен дамуына қосылған бағалы үлес, соңғысының әлеуметтануға қосылуы. Әрбір қоғамдық құбылыстың психологиялық жағының болу фактысы әлеуметтанушыларды, ең алдымен, жеке психикаға алып келді. Мысал ретінде француз әлеуметтанушысы Габриэль Тардтың тұжырымын алуға болады. Оның пікірінше, қарапайым әлеуметтік факт бір ми шегінде ғана емес, бірнеше ойдың қиылысуында және интементальдық (менталитет – белгілі қоғамда тамыры жайылған түсініктер, құндылықтар, мақсаттар кешені) психологиямен зерттелуі тиіс. Әлеуметтік жалпы модельді Тард біреуі екіншісіне еліктейтін жеке адамның өзара қатынасы ретінде түсіндіреді. Г. Тард қоғамдық пікір – белгілі бір қоғам мүшелерінің көпшілігінің санасында пайда болған, қалыптасқан пікір, деп түсіндіреді. Қоғамдық пікірдің субъектісі – қоғамдық пікір иелері, яғни адамдар (топтар, партиялар, халықаралық ұйымдар және басқалар), тұтас алғанда қоғам, халық. Қоғамдық пікір субъектісінің проблемаларын түсіндіру кезінде “субъект” және “қоғамдық пікірді білдіруші” ұғымдарын ажырату қажет. Адамдарды жаппай талқылау объективтілігінің (шынайлықтың) әр түрлі дәрежесі бар екенін айту қажет. Бұл пікірдің ғылыми білім, жалған көзқарас және қате ұғымдар, өсектер, наным негізінде қалыптасуы мүмкін екендігімен түсіндіріледі. Қоғамдық пікір феномені адамдардың мінез-құлқын, олардың нақты әрекетін реттейтін ерекше қозғаушы күш, ол (қоғамдық пікір) адамдардың санасында болады және өз кезегінде қоғамдық ықпал етудің қуатты құралы ретінде жария түрде көрінеді. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) – газеттер, радио, теледидар қоғамдық пікірді қалыптастырудың қуатты тұтқалары. Кез келген топтық, ұжымдық пікір қоғамдық пікір болып қалыптаса
бермейді, тек әлеуметтік мүдде, пікірталас, құзыреттілік сияқты белгілерге сәйкес келетін пікірлер ғана қоғамдық пікір болады, Ал оны білдірушілер – таптар, әлеуметтік топтар, халық. Бұл еңбектің құндылығы сол, онда қоғамдық пікірдің төмендегідей функцияларына сипаттама берілген, олар: экспрессиялық (тар мағынада алғанда – бақылау); консультациялық; директивалық функциялар. Экспрессиялық функция – мағынасы жағынан ең кең функция. Қоғамдық пікір қоғамның өміріндегі кез келген фактылар мен оқиғалар, әр түрлі институттардың, мемлекет басшыларының қарекеттері бойынша әрқашанда белгілі бір орын алады. Қоғамдық пікірдің екінші функциясы – консультациялық пікір. Қоғамдық пікір қандай да болмасын мемлекетаралық әлеуметтік, экономикалық, саяси, идеологиялық мәселелерді шешуге қатысты кеңестер береді. Ең соңында, қоғамдық пікірдің директивалық функциясы әлеуметтік өмірдің бұйрықты түрдегі сипатынан, мысалы, халықтың сайлау, референдум кезінде әртүрлі проблемалар бойынша шешім шығаруынан туындайды. Халық осы жағдайларда қандай да болмасын көш басшысына сенім мандатын беріп қана қоймайды, сонымен қатар өзінің пікірін айтады. Бұйрықты түрде пікір айту саясатта едәуір орын алады. Қоғамдық пікір стихиялық деп аталатын топтарды қалыптастырудың маңызды факторы болып табылады. Әлеуметтік психологияда тобыр, бұқара, жұртшылық стихиялық топтарға жиі жатқызылады. Тардтың айтуынша, әлеуметтік психологияның тарихы белгілі бір дәрежеде осындай топтарды талдаудан “басталады”. Қоғамдық пікірдің пәрменділігі, оған нақтылықтың эмоциялық бағаларын енгізу, оны өзгертудің тікелей нысанасы белгілі бір сәтте стихиялық топтың құрылуына және оның көпшілік қимылдарын жасауына түрткі болады. Бұны стихиялық топтардың әртүрлі тұрпаттарының қалыптасу мысалында нақты көруге болады. Тобыр – қандай да болмасын сыртқы ықпалмен, қызба
қауыммен, тікелей кеңістік жақындықпен біріккен адамдардың қысқа уақытқа іштей ұйымдасқан көпшілігі. Г. Тард тобырға қатысты бұл еңбегінде әлеуметтану ғылымы үшін өте құнды өз ойларын білдіреді. Оның көзқарасы бойынша, тобыр әр түрлі оқиғалардың әсерінен көшеде құрылады: жол-көлік оқиғалары, қылмыскерлерді ұстау, билік өкілінің немесе өтіп бара жатқан адамның әрекетіне наразы болу. Бұл еңбекте тобырдың негізгі түрлеріне сипаттама берілген. Қорытып айтсақ, томға енгізілген шығармалардан қоғамның жалпы құндылықтарын аңғарамыз. Бұл ұғым аясына отанымыздың тәуелсіздігі, мемлекетіміздің іргетасының беріктігі, әлеуметтік теңдік пен бостандық, адам құқықтарының сақталуы, ұлттық мәдениет, патриотизм, бірлік, әділеттілікті қастерлеу секілді ұғымдар жатады. Елдің өркендеуіне ықпал ететін қуатты күш – ғылым екендігін дәлелдейді. Сол ғылымның бірі де, бірегейі де әлеуметтану. Демек, әлеуметтік ой-пікірге зер салғысы келген әрбір адам бұл кітап арқылы әлем әлеуметтануының рухани қазынасынан ана тілімізде нәр алады.
Мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасының
“Әлеуметтану” секциясы.
Огюст Конт
ПОЗИТИВТІК САЯСАТ ЖҮЙЕСІ
XVІІ ТАРАУ
Әлеуметтік өзгертулерге кірісу мүмкіндігі
Адамзаттың ақыл-ой эволюциясын түсіндіретін сол теорияның өзі, біздің қарапайым идеяларымыздың шын мәнінде түпкілікті жүйеленгенін көрсетеді, соның арқасында жарастық пен қозғалыс жағдайларының арасындағы аздыкөпті дәрежедегі қайшылықтар жойылады. Оның тарихи қабілеттілігі және догматтық құндылығы бірін-бірі өзара нығайтады; өйткені біздің ұғымдарымыздың шын байланысы әрқашан солардың дәйекті өзгерістерінен туындап отыруға тиіс, олар, өз кезегінде, мұнсыз түсініксіз болып қалар еді. Тарих пен философия, осылайша, барлық бүтін ақыл-ес үшін біртұтас болып шығады. Бір мезгілде әрі статикалық, әрі динамикалық болып табылатын соншалық көп шарттарға сай келетін бұл теория, енді әрине, шынайы объективтік негізде біртұтас спекулятивтік жүйені құрауға қабілетті теория ретінде қарастырыла алады, дегенмен, оның бұл біртұтастығы әлі дамытылып, беркітілуге тиіс, бұл, бәлкім, оның негізі барған сайын тереңірек зерттеле түсуіне қарай мүмкін болар. Бірақ бұл қос прогресс, шынына келгенде ғылыми мінсіздікке пайдасыз ұмтылыстан гөрі, осынау түзілімнің әлеуметтік міндетіне әлдеқайда көбірек тәуелді болуға тиіс. Атап айтқанда, озық халықтардың рухани жағынан өзгеруіне басшылық жасай отырып абстракт философия, жаңа бір кеңейтудің немесе жақсырақ байланыстың қажеттігін әсіресе, мораль мен саясаттың талаптары жаңа табиғи қатынастардың зерттелуін туындатқанда сезінуге тиіс болады; демек білім қолданыстан ешқашан қара үзіп кете алмайды. Осынау біздің барлық нақты ой жүгіртулерімізді жүйелеу жөніндегі басталып кеткен
жұмыс сезімдерді және тіпті қарекеттерді синтездеуге тікелей кірісуге болатындай дәрежеде әзірлегенінің өзі жеткілікті, ал бұл жұмыс адамзаттың түпкілікті қайта түлеуін басқаруға тиіс позитивтік моральді жүйелеуден басталуға тиіс. Ал менің негізгі еңбегім осындай істі шұғыл бастап кету мүмкіндігіне ешқандай күман қалдырмайды деп ойлаймын, ал оның дер кезділігі осынау толғамда дәлелденеді.
ХVІІІ ТАРАУ
Позитивизмді атеизммен, материализммен, фатализммен немесе
оптимизммен шатастырмау керек. Атеизм де, теология да шешілмейтін
сұрақтарды шешуге ұмтылады
Позитивизмнің жалпы рухын жеткілікті сипаттап берегеннен кейін, мен енді бұл пән бойынша бірнеше қосымша түсініктер беруге тиіспін, олар тым жиі кездесетін және тым қауіпті болып табыатын, сондықтан да мен айналып өте алмайтын өрескел қателіктердің бір жағынан алдын алуға, бір жағынан оларды түзетуге арналған; бірақ мен қара ниетті орынсыз тиісулерге тіпті де жауап берейін деген ниетте емеспін. Біздің дүниені түйсінуімізді теология ықпалынан толық арылту қазіргі кезде әбден позитивтік ой жүйесінің орнығуына қажетті даярлық жұмысын құрауға тиіс болғандықтан, осынау алғы шарт көптеген шалағай бақылаушыларды ойлаудың осынау түпкілікті әдісін алғаусыз теріс бағытапен риясыз шатыстыруға мәжбүр етеді, ол бағыт тіпті соңғы ғасырда шынайы прогресшіл сипатта болған-ды, бірақ қазір оны өзгермейтін нәрсе деп санайтын адамдардың қолында қалған ол бағыт қандай да бір әлеуметтік және, тіпті, ақыли өзгерістердің жолындағы елеулі кедергіге айналды. Мен шынайы позитивизм мен атеизм дейтіннің арасындағы догматтық та, тарихи да қандай да бір ынтымақты әлдеқашан салтанатты түрде бекерге шығарған болатынмын,
соған қарамастан осы жерде осынау жалған пікір жөнінде тағы да бірнеше қысқа, бірақ төте түсінік бере кеткім келеді. Тіпті интеллектуалдық тұрғыдан да атеизм мүлдем жартыкеш арылу болып табылады, өйткені ол мүлдем пайдасыз нәрсе ретінде барлық қол жетпес зерттеулерден біржола бас тартудың орнына, теологиялық мәселелердің жаңа шешімдерін үздіксіз іздестіріп, метафизикалық жағдайды шексіз ұзарта беруге ұмтылады. Шынайы позитивтік рух құбылыстардың алғашқы немесе түпкі себептерін зерттеуді негізінен олардың мызғымас заңдарын зерттеумен алмастыра білуде; басқаша айтқанда — неліктен сөзін қалай сөзімен алмастыруда. Сондықтан позитивизм бұлыңғыр атеизмнің ғаламның жаратылуы, жануарлардың пайда болуы және т. б. туралы өркөкірек арманқиялдарымен жараспайды. Біздің әрқилы ақыли жай-күйімізге өзінің жалпы бағасын беруде позитивизм, мұндай ғылыми, тіпті ұтымдылық жөніндегі ғылыми құбыжықтарды адамзаттың өздігінен пайда болған сенімдерінен бұлталақтамай-ақ көп төмен қояды. Өйткені, барлығын да қалаумен ғана түсіндіруден құралатын теологиялық принцип, біз себептерді зерттеудің қандайын да тұл еңбек деп танып, заңдарды танумен шектелсек қана біржола аластала алады. Ал біз сәбилік шағымызға тән сұрақтарды шешуге қасарысып ұмтыла беретін болсақ, оларға біздің қиялымыз қолданған және олардың табиғатына шын мәнінде тек жалғыз өзі ғана сәйкес келетін аңғырт әдістен арылудың негіздері тым аз болды. Осынау өздігінен пайда болатын сенімдер, өзінің құралдары мен қажеттерін жақсырақ ұғынған адамзат өзінің тұрақты зерттеулерінің жалпы бағытын біржола күрт өзгерткен жағдайда ғана түбегейлі аластала алатын еді. Біз құбылыстардың пайда болу мәнісінің шешілмейтін құпиясына бойлағымыз келгенде ішкі немесе сыртқы құдіреттерге телігеннен басқа қанағаттандырарлық ештеңе ойлап таба алмаймыз да, сөйтіп оларды бізді мазалайтын құштарлықтардың күнделікті көріністеріне ұқсата саламыз. Ежелгі немесе қазіргі атеистерді осы пән жайындағы өздерінің бұлыңғыр гипотезалары бұл абсолют нәрсені қандай да бір іздестірудің түкке тұрмайтындығы мен
мүлдем пайдасыз екендігі мойындалғанға дейін біздің ақылымызды толық қанағаттандыруға тиіс болған тікелей ұқсастықтан шынында да жоғары тұрады дегенге олардың тек метафизикалық немесе ғылыми тәкаппарлығы ғана оларды сендіре алатын еді. Жаратылыстық реттілік барлық жағынан тым болбыр болғанымен, соған да қарамастан оның пайда болуы көрсоқыр механикалық дүние бітімі теориясынан гөрі, парасатты құдірет болжалымен әлдеқайда жақсы үйлеседі. Сондықтан жырынды атеистерді ең дәйексіз теологтар деп қарастыруға болады, өйткені олар, өздеріне жарамды жалғыз әдісті серпіп тастап, дәл сол теологтарға нан жегідетін мәселелермен айналысады. Айтпақшы, таза атеизм тіпті қазірдің өзінде тым сирек байқалады. Көбінекөп бұл атауды бұлыңғыр да дерексіз пұтқа табынуға ғылыми тұрғыдан кері оралудан басқа түк те емес пантеизмнің бір түріне қолданады, онда метафизикалық адасуларға кең өріс ашылады да, одан барлық діни сенімдер жаңа пошымдарда қайта түлеп шыға келеді. Осындай ойлау жүйесі, мұның үстіне, оны ақтық деп санайтан адамдардың интеллектуалдық қажеттіліктерді тым өсіріп немесе тіпті әділетсіз бағалайтындығын, олардың моральдық және әлеуметтік қажеттіліктер туралы ұғымы тым балаң екендігін көрсетеді. Көбіне-көп ол қияли парасат патшалығы туралы қауіпті утопиялармен ұштастырылады. Адамгершілік саласында оның догматтары осы заманғы метафизиканың эгоизмнің абсолютті билігі туралы тексіз софизмдерін дәріптегендей болады. Саясатта ол, бүкіл өткенге көрсоқыр өшпенділігінің арқасында революциялық ахуалды шексіз ұзарта беруге төтелеп ұмтылады, бізге адамзаттың болашағын ашып бере алатын , өткенге ақиқатпозитивтік баға берудің қандайына болсын кедергі жасап, соны сіңіреді. Сондықтан позивтивизммен күресінде атеизм енді, барлық метафизикалық ахуалдардың соңғы және ең қысқа, тек уақытша ахуалы болып табылатын күйдегі адамдарға ғана сене алады. Ғылыми бағыттың бүгінде байқалып отырған кеңінен таралуы осы соңғы асуды едәуір жеңілдететін болғандықтан, оны кемеліне жеткенге дейін еркін жүзеге асырмаған адамдар өзіндік бір ақыли
дәрменсіздік байқатады, мұның өзі көбіне-көп моральдық пақырлықпен тамырлас және позитивизммен тым нашар сәйкес еді. Қоспасыз теріс байланыстар қашанда әлсіз және күрмеусіз болатындықтан, қазіргі философия бір құдайшылдықты, көп құдайшылдықты немесе пұтқа табынушылықты мойындамаумен, басқа ілімдермен жақындасуды жеткілікті дәлелі деп ешкім де санамайтын мойындамаумен бұдан әрі қанағаттана алмайды. Мұндай дайындықтың, шындап келгенде, адамзатты түбегейлі жаңғырту бастамасын мойнына алуға тиіс болғандар үшін ғана мәнді еді. Мұндай дайындықтың енді қажеті жоқ, өйткені ескі дүниетанымның қаусап тұрғандығы соншалық өзгерістің қажеттігіне ешқандай күмән қалған жоқ. Негізінен атеизммен сипатталатын табанды анархиялық бағыт, бұдан былай органикалық рухтың басым болуына ескі ғұыптарды шын жүректен сақтаудан гөрі неғұрлым қолайсыз. Өйткені ескі ғұрыптарды сақтау негізгі мәселені дұрыс және тікелей түсінуге енді кедергі жасамайды, қайта жаңа философияны, ол барлық моральдық және әлеуметтік қажеттіліктерді жақсырақ қанағаттандыра алатындықтан ғана мешеу діни сенімдерге шабуыл жасауға міндеттеу арқылы тіпті оған жәрдемдеседі. Осынау жанға дару жарыстың орнына позитивизм енді, көптеген метафизиктер мен ғалымдар ұстанатын атеизм тарапынан ғана жеміссіз қарсылыққа ұшырап отыр, олардың теологияға қарсы көңіл-күйлері белгілі бір тұрғыда өткен ғасырда өздері дайындаған өзгерістерге қайткенде де кедергі жасау ниетіне ғана жетектейді. Сонымен, позитивизм қазіргі атеистер тарапынан қолдау табамыз деп үміттену былай тұрсын, оларды өзінің табиғи жаулары деп білуге тиіс; айтпақшы, олардың көзқарастарының былқылдақтығы олардың арасынан адасуы тәкаппарлықтан өрбімегендерді оп-оңай қатарға тартуға мүмкіндік береді.
ХІХ ТАРАУ
Материализм кемел ғылымдарды
төменшік ғылымдарға бағындыруға ұмтылады.
Позитивизм бұл қателікті түзетеді
Жаңа философия үшін аса маңызды нәрсе – материализмге бүйрегі бұрады деген айыптан арылу, бұл айып оған алдын ала ғылыми негіздеу қажеттігінің салдарынан тағылған болатын. Асу бермес құпияларды қандай да бір арамтер талқылаудан бас тарта отырып, менің адамзат эволюциясы жөніндегі негізгі теориям осынау бұлыңғыр таластардың нақтылы мәнін анық айқындауға мүмкіндік береді. Позитивтік рух ұзақ уақыт бойы ең қарапайым зерттеулермен шектелгендіктен және неғұрлым маңызды зерттеулерге тек аралық сатылардан еркін дәйектілікпен құлаш сермей алғандықтан, оның әрбір жаңа жеңістері әуелі алдыңғы саланың әдістері мен доктриналарының төтенше ықпалымен қолға тиюге тиісті болды. Менің ойымша, ғылыми адасудың түп-төркіні де осынау асыра сілтеуде жатыр, ал оны жұрт инстинкт деңгейінде және негізді түрде материализм деп атайды, өйткені материализм шынында да, әрқашан ең асқақ пікірлерді қорлауға тырысып, оларды ең қарадүрсін пікірлерге ұқсатады. Бұл бағыт сөзсіз пайда болатын бағыт еді, өйткені ол ортақтығы кемдеу құбылыстардың ортақтығы молдау құбылыстарға қажетті тәуелділігіне негізделеді, осыдан келіп заңды дедуктивтік ықпал туындайды, соның арқасында әрбір ғылым өзінен кейін келетін ғылымның үздіксіз эволюциясына қатысады, өйтпеген күнде оның арнайы индукциялары жеткілікті ұтымдылыққа ие бола алмас еді. Сондықтан әрбір ғылым алдыңғылардың өктемдігіне қарсы ұзақ уақыт бойы күресуге тиісті болды және бұл күрес қазір де тіпті ең ежелгі
ғылымдардың арасында да бар. Бұл күрес барлық ғылымдар есті философияның тәртібіне бағынғанда ғана мүлдем тоқталады, өйткені ол философия қазіргі эмпиризм өте нашар бағалайтын шынайы энциклопедиялық қатынастарды әділетті түсінудің басымдылығына барлық жерде қол жеткізеді. Бұл мағынада материализм осы күнге дейін ғылым санатына енудің бірден-бір пошымынан ажыратып алуға болмайтын қауіпті төндіреді, атап айтқанда, әрбір ғылым неғұрлым ежелгілік және жақсы нобайланған позитивтілік құқығы бойынша өзінен кейін келетін ғылымды жұтып қоюға ұмтылады. Жамандық, осылайша, материализмге шағым айтатындар ойлағаннан әлдеқайда тереңде жатыр және кең таралған. Жамандық қазір тек ең заңғар ой-толғамдарға ғана телінеді, шынында да, жамандық нақ солардан бәрінен көп байқалады, өйткені олар барлық басқа ғылымдардың шеңгелінен зардап шегуде; бірақ сол жамандық біздің ғылыми иерархиямыздың кез-келген элементінде бар, соның ішінде үстірт қарағанда, одан табиғи түрде ада секілді көрінетін, оның математикалық негізінде де бар. Шын философ материализмді қазіргі қаратөбел математиктердің геометрияны немесе механиканы есептеп шығаруға бағындыру пиғылыынан, сондай-ақ физиканы барлық математикалық ғылымдардың неғұрлым анық билеп-төстеуінен, немесе химияны физиканың, әсіресе биологияны химияның және, ақырында, аса көрнекті биологтардың әлеуметтік ғылымды ылғи да жай ғана биологияның салдары немесе оған қосымша деп қарастыру ниетінен көре алады. Барлық жерде біз бірден-бір сырқауды – дедуктивтік логиканы орынсыз пайдалануды, және бірден-бір қажет етілген нәтижені – кемел ғылымдарды төменшік ғылымдардың үстемдігіне сөзсіз бағындыруды көріп келеміз. Сонымен, қазіргі кезде барлық шын ғалымдар, өздері зерттейтін құбылыстардың қарапайымдылығы мен ортақтығының көбіректігіне немесе азырақтығына қарай, азды-көпті материалистер. Геометрлер біртұтас ой жүйесін жасау негізіне ең қатқыл ой жүйелерін: сандық, геометриялық немесе механикалық жүйелерді қалауға өздерінің еріксіз ұмтылысымен осы адасуға басқалардан көбірек бейім. Бірақ, мұндай өктемдікке бәрінен де жігерлі қарсы
шығатын биологтар, өз кезегінде, мысалы, әлеуметтануда барлығын климат пен нәсілдің арзанқол ықпалымен түсіндірмек болғанда, нақ сондай жазғыруға лайық, өйткені бұл орайда олар тек тарихи индукциялардың көмегімен ашыла алатын негізгі заңдармен есептеспейді. Материализмге берілген осынау философиялық баға сонымен бірге тұрпайы қателіктің табиғи қайнар көзі мен мүлдем әділетсіздігін де түсіндіреді, ол қателікті мен осы арада біржола түзетуге тырысып бағамын. Позитивизм осындай қауіпті адасуларға тіпті де қолайлы жағдай жасамайды, қайта тек сол ғана, өзінің заңды ұмтылыстарға (олардың эмпиристік асыра айтуының салдары – сол адасулар) тиесілі бағасын беруге айрықша қабілетінің арқасында оларды мүлдем аластай алады. Әлі күнге дейін жамандық тек теологиялықметафизикалық рухтың өзінен-өзі туындаған қарсылығымен тежеліп келді; және осынау уақытша функция спиритуализмнің өзінің, жеткіліксіз болса да, қажетті міндетін құрады. Бірақ мұндай кедергі материализмнің жігерлі шабуылына бөгет бола алмады, өйткені кертартпалық сипаттағы дүниетанымға қарсы адамзаттың әділетті ашу-ызасымен ұзақ байланыста болуының арқасында материализм осы заманғы ойлы адамдардың санасында прогресшіл сипатқа ие болған еді. Сондықтан, осынау дәрменсіз наразылықтарға қарамастан, төменшік теориялардың құрсулы үстемдігі кемел ғылымдардың тәуелсіздігі мен абыройына қазір едәуір нұқсан келтіріп отыр. Материализм мен спиритуализмнің кереғар дәмелеріндегі заңды нәрселердің бәрін бұрын мүмкін болғаннан әлдеқайда жақсы болғандықтан қанағаттандыра отырып, позитивизм, осы екі бағытты да бірін анархистік, екіншісін ретроградтық бағыт ретінде біржола аластайды. Позитивизм көрсететін осынау қос қызмет әрбір қарапайым ғылымға оның дедуктивтік бағыныштылығын сақтай отырып, еркін индуктивтік дамуын қамтамасыз ететін шын энциклопедиялық иерархия құрудан өздігінен туындайды. Бірақ осынау негізгі татуласу үшін біз, әсіресе, жаппай логикалық және ғылыми басымдыққа қарыздар боламыз, бұл басымдықты әлеуметтік көзқарасқа тек жалғыз жаңа философия ғана бере алады. Осылай, олар үшін
материалистік тенденция ең қауіпті, сонымен бірге, ең етене көзқарас болып табылатын неғұрлым ізгі ой-толғамдарға бірінші орын берілген кезде, бұл тенденцияның мешеулігі спиритуалистік тенденцияның мешеулігінен тіпті де кем көрінбейді, өйткені олардың екеуі де түпкі ғылымның сомдалуына бірдей кедергі жасайды. Сол арқылы екі тенденцияны да аластау тіпті, әлеуметтік өзгеріс жиынтығымен байланысты болып шығады, өйткені ол өзгерістерге моральдық және саяси құбылыстарға тән табиғи заңдарды дәл тану ғана басшылық жасай алады. Әлеуметтанушылық материализм қазіргі әлеуметтік өнерге қаншалық зиян тигізіп отырғандығын түсіндіре алуымның көп ұзамай сәті түседі, өйткені ол материализм әлеуметтік өнердің ең негізгі принципін, атап айтқанда, өкіметті рухани және дүниауи билік деп жүйелі бөлу принципін мойындамауға бейім, бұл бөлуды, орта ғасырлардың таң қаларлық құрылымын қалпына келтіре отырып, бұзылмайтын ету қазір ерекше маңызды. Осы арқылы біз позитивизм материалимзге тек өзінің философиялық сипаты жағынан ғана емес, өзінің саяси міндеті жағынан да мүлдем кереғар екендігіне көз жеткіземіз. Осынау қысқаша бағаны әрі неғұрлым әділ әрі неғұрлым батыл ету үшін мен, әдетте материализмге тағылатын ауыр моральдық айыптауларды әдейі алып тастадым. Тәжірибе тым жиі теріске шығаратын, бұл айыптаулар іс жүзінде, тіпті олар риясыз жасалған күнде де, адамзат табиғатының ақиқат теориясына кереғар, өйткені біздің дұрыс немесе бұрыс көзқарастарымыз, бақытымызға қарай, оларға біздің сезімдеріміз бен біздің құлқымызға әдетте таңылатын толайым ықпалын тигізуге қабілетсіз. Қазіргі адамдардың материалистік адасулары олардың жалпы прогресшіл қозғалыспен байланысының уақытшашылығы арқасында, керісінше, көбіне-көп кең пейіл ниеттерден нәр алатын. Бірақ, осынау уақытша ынтымақ қазір тоқталғанын былай қойғанда енді тіпті ең жақсы жағдайлардың өзінде осынау интеллектуалдық тенденция біздің ең ізгі инстинктеріміздің өздігінен өркен жаюын белгілі бір деңгейге дейін әрқашан тежеп келгенін мойындауымыз керек, өйткені ол өзінің тұрпайы гипотезаларының өресі жетпейтін, тосын
құбылыстарды елемеуге не теріс түсінуге бейім болатын. Материализмнің осындай ықпалының бұлтартпас бір мысалы – атақты Кабанис ортағасырлық рыцарьлыққа шығарған қаяулы үкім. Бұл философтың жүрегі, оның ақылының соншалық алғыр да жайсаң болғанындай, соншалық таза және тіпті, соншалық назды болғанымен, оның материалистік көзқарастары біздің жігерлі атабабаларымыз сомдаған әйел культінің ғажап ұйымдастырылуын, соны лайықты бағалауға бөгет болды. Эмпиристік позитивизмен оның бастапқы ынтымағы салдарынан жүйелі позитивизм атына қазір табиғи түрде бағытталатын осынау басты екі айыпты зілді-кесілді жоққа шығару, мені әділетсіздігін оп-оңай көрсетуге болатын фатализм және оптимизм деп жиі таңылатын жазғыруларға ұзақ тоқталу қажеттігінен құтқарды.
ХХ ТАРАУ
Позитивизм тағдырдың жазмыштығына сенбейді:
Ол адам сыртқы тәртіпті өзгерте алады және өзгертуге тиіс деген
көзқарасты қолдайды
Нақты теориялардың пайда болған сәтінен бастап, позитивизмнің әрбір жаңа жеңісіне, табыстарына фатализмнің ілесе жүгеніне тақ қалуға болмайды. Қандай да бір құбылыстар, тіпті мәнісі бойынша түрін өзгерткен күнде де, қалау көлеңесінен шығып, заңдар аясына көшкен кезде, олардың соңғы жағдайдағы дұрыстығы мен бастапқы тұрақсыздығының арасындағы кереғарлық іс жүзінде, әуелі жазмыш туралы ойды сіңіруге тиіс болатын, кейін ол тек шын ғылыми рухта терең бағалау арқылы теріске шығарыла алады. Бұл сөзсіз болатын қателік еді, өйткені жаратылыстық заңдардың біздегі бастапқы тұрпаты біз үшін өгермейтін аспан қозғалыстары құбылыстарына қатысты болатын, ол бізге әрқашан даусыз қажеттіліктің бар екендігін білдіріп тұратын, кейін сол құбылыстарға позитивтік әдіс қолданыла бастауына қарай ол
қажеттілік неғұрлым күрделі құбылыстарға еріксіз таратыла бастады. Тіпті позитивизм догматы барлық жерде негізгі тәртіптің қатаң мызғымастығын көздейтіндігін мойындау қажет, оның өздігінен немесе жасанды өзгерістері әрқашан тек арзанқол немесе уақытша бола алады; өйткені, әлгі өзгерістер ешқандай шекпен шектелмеген деп санау жаратылыстық заңдарды толық теріске шығарумен бара-бар болар еді. Бірақ, егер, осылай, жаңа позитивтік теорияларға әрқашан фатализм деген айып тағылатыны түсінікті болса, онда, дәл сол секілді, осындай айыпты жағы талмай қайталай беру енді шынайы позитивизм тым үстірт бағаланатындығын көрсетеді. Өйткені барлық құбылыстар үшін жаратылыстық тәртіп өзінің басты ахуалында өзгермейтін болса, онда, оның аспандық ахуалдан басқа барлық екінші дәрежелі ахуалдары, олар неғұрлым күрделі болған сайын, солғұрлым өзгеріске ұшырап отыратыны анық. Математикалық-астрономиялық теориялармен шектелген тұсында амалсыздан жазмышты мойындайтын позитивтік рух, ол физикалық-химиялық зерттеулерге және, әсіресе, өзгерістері сүбелі болып шығуы мүмкін биологиялық ой-толғамдарға тарала бастаған бойда, дереу өзінің бастапқы сипатынан айрылады. Сайып келгенде, қоғамтану саласына дейін көтерілген ол өзінің сәбилік дәуірінде орынды тағылған жазғырудан ада-күде арылады, өйткені бұдан былай ол негізінен неғұрлым түрін өзгерте алатын құбылыстармен, әсіресе біздің араласуымыз арқылы айналысатын болады. Сонымен, позитивизм догматы бізді дел-сал болып қалуға емес, қызметке, негізінен әлеуметтік қызметке теологиялық догмат ілгері-кейінді істей алғаннан әлдеқайда дұрысырақ жетелейді. Түкке алғысыз қауіптер мен көмек болар деген ақталмайтын үмітті сейілтіп, ол бізді уақиғалар барысына араласудан тек анық мүмкін емес жағдайда ғана тежейді.
ХХІ ТАРАУ
Позитивизм бұл дүниеде бәрі жақсыға бастайды демейді: ол тарихи
деректерді салыстырмалы түрде қарастырады, бірақ барлығын
ақтамайды
Оптимизм тән деп айыптау негізі ілкідегі айыптау негізінен де аз, өйткені бұл тенденция, фатализм тәрізді, позитивистік бағытпен бастапқы біршама ынтымаққа да ие емес. Оның қайнар көзі, керісінше,таза теологиялық; оның ықпалы позивитизм дамығаннан бері күн өткен сайын құлдырап барады. Өзгермейтін аспан құбылыстары, мінсіздік идеясын дәл қажеттілік идеясындай дәрежеде бойымызға табиғи түрде сіңіретіндігіне қарамастан, олардың жадағайлығы жаратылыстық реттіліктегі кемістіктерді көп көрсететіндігі соншалық, оптимизм, егер олардың теориялары алғашқыда монотеистік көзқарастардың үстемдігі тұсында әзірленбесе, олардан таяныштың басты нүктесін іздеуі неғайбыл еді, монотеистік көзқарас ол теорияларда толайым кемеңгерліктің көріністері байқалады деп сенуге мәжбүр етті. Қазір жүйелі позитивизм сүйенетін эволюция теориясын негізге ала отырып жаңа философия, жаратылыстық реттіліктің де, оның түрлік өзгерістерінің де кемістіктері анық байқала бастайтын неғұрлым күрделі ойтолғамдарды қамтуына қарай, өздігінен және барған сайын көбірек оптимизмге де, фатализмге де қарсы шығуда. Сондықтан әлеуметтік теориялар жөнінде алдынғысы сияқты бұл айыптау да тым орынсыз. Егер олардың пайдасына қайдағы-жайдағы дәлелдер бәрібір табылып жатқандай болса, қазіргі кезде мұны осы саланы талдап зерттеген ойшылдардың оның табиғаты мен шарттарын жақсы біле алмағанымен түсіндіруге болады, өйткені олар шынайы ғылыми рухқа жеткілікті бойламаған еді. Тиісті логикалық дайындықтың жоқтығы салдарынан бүгінгі күн ғалымдары әлеуметтік құбылыстардың айрықша сипатын шынында да тыс оңды-солды пайдаланып, олардың өздігінен өрбитін кемеңгер барысын абсолютті деп елестетті, рас, бұл барыс олардың
күрделілік дәрежесі жол беретін жоспарлылықтан жоғары. Бірақ бұл құбылыстар өздерінің ұжымдық құрылысының кемшіліктерін түзетуге ұдайы ұмтылып отыратын парасатты тірлік иелерімен байланысты болғандықтан, нақ солар, егер күрделілік дәрежесі бірдей болып, бірақ әрекет етуші күштері көрсоқыр болған жағдайдағыдан неғұрлым жетік тәртіп ұсынуға тиіс. Шын жақсылық ұғымы қашанда тиісті әлеуметтік ахуалға сай келетіндіктен, қандай да бір іс жайының немесе өзгерістің, белгілі бір тұрғыдан ақтала алмауын елестету мүмкін емес, онсыз олар сол дәуір адамдарының табиғаты мен оқиғалардың сипатына қайшы нәрсе ретінде түсіндіріле алмас еді. Қазіргі кезде тіпті ең көрнекті ойшылдардың бойында саяси оптимизмге қауіпті ұмтылысты қоздырып отыратын мотивтер осындай, ол ойшылдар таза ғылыми білім алмағандықтан ең кемел ой-толғамдар жөнінде теологиялық-метафизикалық әдеттерінен түпкілікті құтылуға дәрменсіз. Әрбір әлеуметтік құрылыс пен соған сәйкес өркеният ахуалының арасындағы өздігінен болатын жарастықтан олар, анықтауыштың қате жасалғандығы салдарынан атымен жоқ мінсіздікті көреді. Бірақ позитивизмнің шын бағытымен анық үйлеспейтін және осы күнге дейін әлеуметтік мәселелерді зерттеп келген адамдардың тікелей логикалық және ғылыми даярлығының жеткіліксіздігінен туындайтын адасуларды позитивизмге телу әділетсіздік болар еді. Барлығын да түсіндіру міндеті әлеуметтануда тұлғалар ықпалын жағдай ықпалынан айыра алмайтын ғалымдарды ғана ақтауға жетелейді.
ХХІІ ТАРАУ
"Позитивті" сөзінің әртүрлі мағыналары:
салыстырмалы, табиғи, дәл, анық, пайдалы, шын.
Кейін ол сондай-ақ моральдық мәнге ие болады
Позитивизмнің негізгі бағытына берілген осы қысқаша бағаны тұтас күйінде қарастыра отырып, жаңа философияның барлық сипатты белгілері ол
пайда бола бастаған кезде оған мен берген атауда табиғи түйінделетінін енді түсіну қиын емес. Шынында да, батыстың барлық тілдерінде позитивті сөзімен және одан туындайтын екі сөзбен екі қасиет – нақтылық және пайдалылық нобайланады, олардың ұштасуы ол рух, шын мәнісінде, тек шынайы философиялық рухты анықтау үшін әбден жеткілікті. Дәл осы термин бүкіл Батыста екі сапаны – анықтық және дәлдік аталатын сапаларды білдіреді, солар арқылы қазіргі ойлау жүйесі ежелгі ойлау жүйесінен мүлдем ерекшеленеді. Жұрттың бәрі мойындаған соңғы қасиет негізінен позитивтік рухтың таза органикалық тенденциясын сипаттайды да, сол арқылы әрқашан тек сыншыл бола алатын қарапайым метафизикалық рухтан, бастапқы кезде орын алған байланысқа қарамастан алшақтата түседі; позитивизмнің әлеуметтік міндеті – атап айтқанда, адамзаттың рухани бағытында теологияны ауыстыру міндеті осыдан көрінеді. Есті философияның осынау елеулі терминінің бұл бесінші мағынасы табиғи түрде жаңа интеллектуалдық бағыттың салыстырмалы сипатына жетелейді, өйткені осы заманғы ақыл қандай да абсолюттік принциптен бас тартқанда ғана өткенге сыни көзқарастан арыла алады. Батыстағы жұртшылық осынау, неғұрлым жасырын болғанымен, нақтылығы тіпті тіпті де кемімейтін ара қатынасты түсінгенде, позитивті нәрсе қазір барлық жерде табиғи, дәл, анық, пайдалы және шын нәрселермен етене байланыста болғанындай, салыстырмалы нәрсемен біте қайнасып кетеді. Шынайы адами даналықтың осы басты сапалары біртіндеп бір сәтті атауда бас түйістіргенде моральдық қасиеттердің оларға қажетіне қарай кейінірек қосылуын тілеу ғана қалады. Бұл формула осы кезге дейін қарапайым интеллектуалдық белгілерді ғана қамтып келгенімен, осы заманғы ақыли қозғалыстың табиғи барысы сайып келгенде позитивті сөзі парасаттан гөрі жүрекке көбірек жақын сөз сипатына ие болады деп үміттенуге мүмкіндік береді. Осынау соңғы кеңею позитивтік импульс әуелгіде оны жалғыз өзі сипаттаған тап нақтылық күшімен енді сезімнің парасаттан, тіпті қызметтен де
жүйелі басым түсуіне жеткізуге тиіс екендігі жақсылап түсінілгенде жүзеге асады. Осындай өзгерістің арқасында философия, бұл сөздің этимологиялық мағынасына (кемеңгерлікке махаббат) сәйкес келетін өзінің алғашқы ізгі міндетіне қайтадан ие болады; бұл тек шын әлеуметтік ғылымның түпкілікті арнығуында моральдық және ақыли шарттардың татуласуының арқасында жүзеге аса алады.
ПОЗИТИВИЗМНІҢ БҮКІЛ БАТЫСТЫҚ ҰЛЫ РЕВОЛЮЦИЯМЕН
ҚАЖЕТТІ БАЙЛАНЫСЫНАН ТУЫНДАЙТЫН ӘЛЕУМЕТТІК
МІНДЕТІ
1 ТАРАУ
Француз революциясы мен позитивизмнің арасындағы байланыс
Позитивтік философия өзінің дүниені түсінуінде негізінен әлеуметтік көзқарастың басымдығымен сипатталатын болғандықтан, оның практикалық жарамдылығы табиғи түрде оның өзіндік теориялық бітімінен өрбиді, ол бітім жақсы түсінілгенде бізге таза түйсіну сипатындағы қанағат берумен шектелмей, шын өмірді оңай жүйелеуге мүмкіндік береді. Екінші жағынан, оның осынау табиғи қолданылуы оның шынайы ой жүгірту сипатын айтарлықтай нығайтып, барлық ғылыми күштерді бір түпкілікті мақсат төңірегіне топтастыру қажеттігін әрқашан еске салып отырады, сол арқылы дерексіз зерттеулердің тұл ақылгөйсуге әдеттегі бейімділігін мүмкіндігінше тежеп ұстайды. Бірақ бұл жалпы байланыс, егер бүкіл қазіргі жағдай философияға бұдан былай жаңа, неғұрлым айқын міндет – орасан зор әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру міндетін жүктемейтін болса, соншама жаңа әрі соншама күрделі ой жүйесіне біріншілік беруге жеткілікті қуатты бола алмас еді; философияның бұл міндеті оның теориялық жетістіктеріне жұртшылықтың
ынтасын тікелей арттыруға тиіс болады, сөйтіп оның беріктігі оның абыройынан кем қамтамасыз етілмейді. Сондықтан, позитивизмді ақыли қозғалыстың қажетті жемісі ретінде қарастырып болғаннан кейін, мен енді оның саяси міндетін көрсетуім керек, өйткені бұл көрсетусіз оны лайықты бағалау мүмкін емес. Бұл міндеттің мәнісін анық белгілеу үшін, оқырмандардың жаңа философияның бүкіл ұлы революциямен тығыз байланысын жақсы түсінуіне көмектесу жеткілікті деп санаймын, бұл революция соңғы бес ғасыр бойы біртіндеп жасалған үзілді-кесілді өзгерістің түпкі нәтижесі ретінде міне алпыс жыл бойы1 адамзаттың озық бөлігін терең толғандырып келеді. Бұл дағдарыс табиғи түрде екі басты фазаға ие болуы тиіс еді: бірі – біздің көз алдымызда аяқталып, ескі жүйені біржола қиратқан, алайда, жаңа әлеуметтік ахуал туралы анық та берік ұғым бермеген теріс фаза; екіншісі – басталып та кеткен және жаңа жүйенің негізгі талдап зерттелуін аяқтайтын оң фаза. Есті философия дағдарыстың бірінші бөлігінің соңғы жемісі болып келуге тиіс еді және бұдан былай оның екінші бөлігін басқаруға міндетті; позитивизм мен ұлы революцияның арасындағы қос байланыс, мен осы арада қарастырмақ байланыс осындай.
ІІ ТАРАУ
Революцияның теріс немесе қиратушы кезеңі
прогресс идеясына, демек әлеуметтік құбылыстардың зерттелуіне
қолайлы жағдай жасады
Ұлы революциядан соң өрбіген ақыли тасқынның маңызды мәні мынада: соның арқасында адамзат парасаты жаңа жүйені жасауға толассыз қуатпен кірісе алды, ол жаңа жүйенің шын табиғатын он сегізінші ғасырдың ең көрнекті ойшылдары үшін ескі құрылыстың пайдасыз қиратындылары көлегейлеп
1 Бұл шығарманы Конт 1848 жылы жазған.
тұрды. Бұл арынды тасқын, әсіресе, әлеуметтік ғылымды жасау үшін қажет болды, өйткені ол адамзат прогресінің шын идеясын айқындайды, бұл идея әлеуметтік ғылым үшін негіз қызметін атқарды және басқаша болса үстем жағдайды иелене алмайтын еді. Дүниенің реттілігі өзгермейді деп саналған бағзы заманда әлеуметтік ғылымның тек алғашқы теориясы ғана пайда бола алатын еді де ұлы Аристотель оны ғажап өңдеп шықты (биология саласында сол кезде ешқандай динамика ұғымынсыз-ақ таза статикалық ой-толғамдар пайда болғаны сияқты). Әлеуметтік прогрестің қажеттігіне қарай әрқилы шын идеясы туындайтыны ежелгі философтарға жат болды, өйткені олардың көз алдында адамзаттың үздіксіз прогресінің қанағаттандырарлық тарихи картинасы болмады. Орта ғасырларда бұл прогрестің айқын болғаны сондай, әуелгіде инстинкт деңгейінде біздің жетіле түсуге қабілеттілігіміз туралы ұғым туа алды; бұл сол кезде католицизмнің политеизм мен иудаизмнен артықтығы туралы жалпы сенімнің арқасында орын алып, тіпті римдік құрылыс қирандыларында феодалдық режимді орнатудан бұрын-ақ рухани бағаны азаматтық тұрғыдан қуаттауды толықтыру болып шықты. Адамзат прогресі жөніндегі осынау бастапқы сезім қаншалық бұлыңғыр болғанымен, әйтсе де ондағы жігер жоғары болды да, едәуір кең тарала алды, бірақ ол теологиялық-метафизикалық алауыздықтар кезінде айтарлықтай әлсіреді. Батыс халықтарының ұлы отбасын ерекшелейтін және оны көптеген ғылыми адасулардан тежейтін прогреске ұмтылыстың шынайы бастауын түсіну үшін, әрқашан сол дәуірге, әсіресе, протестанттардың немесе деистердің метафизикасы орта ғасырлардың ізгі сезімдерін мейлінше аз бұрмалаған уақытқа орала алу қажет. Бірақ осынау бастапқы пікір қаншалық қажетті болғанымен, ол, әрине, адамзат прогресінің негізгі теориясын жасауға жеткілікті бола алмайтын еді. Өйткені, белгілі бір прогрессияны құрау үшін ең кемінде үш мүше болуы керек, ал сол кезде тек екеуін ғана құрастыруға, атап айтқанда, орта ғасырларды бағзы заманмен салыстыруға ғана болатын. Мұның үстіне осынау алғашқы салыстыруға басшылық жасаған теологиялық философияның абсолюттік
сипаты тіпті үшінші мүшенің болатындығы жөнінде болжам жасауға да бөгет болды, себебі бұл философия католиктік-феодалдық режимді о дүниедегі өмір туралы діни утопияларға ғана теңесе алмайтын ең мінсіз режим деп білді. Теология бұл тұрғыда осы заманғы адамның қиялына кедергі жасай алмайтындай деңгейге дейін құлдыраған кезде, бұл құлдырау әуелгі кезде бірқатар ақыли реакцияны туындатты да, ол прогресс идеяларын әзірлеуге ұзақ уақыт бойы қолайсыз болды және орта ғасырларға жойдасыз өшпенділіктен көрінді. Ойшылдардың бәрі дерлік сол кезде үстемдік еткен сенімдерді менсінбей, бағзы заманға тәнтілік сезіміне парықсыз еліккені соншалық, ортағасырлық әлеуметтік құрылыстың артықшылығын мүлдем бекерге шығарып отырды, оны біршама шынайы түсіну тек сауатсыз бұқара бойында, әсіресе, протестанттықты қабылдамаған халықтарда сақталды. Прогресс идеясы осы заманғы халықтардың көңілін қарапайым эволюцияның аяқталуының арқасында жаңа формада қайта туған он жетінші ғасырдың ортасында аудара бастады, ол эволюциядан адамзаттың таңдаулы бөлігі ғылым мен өнеркәсіпте, тіпті, тым айқын болмаса да, әсем өнерлер саласында жасады. Бірақ, осынау жекелеген ғылыми жетістіктер шынында да адамзат прогресі туралы біздің ғасырдың жүйелі ұғымдарының алғашқы тікелей қайнар көздері болғанына қарамастан, олар, алайда, әлеуметтік жағдайдағы прогресті тіпті де көрсете алмайтын еді; ол, тіпті, орта ғасырлардағыдан да неғұрлым күмәнді болып қала берді; ал, бұл екі арада, әлеуметтік мәселелер осынау арнаулы көзқарастардың бәрінен маңыздырақ. Батыстың қалыпты орталығы іспеттес Францияны толық өзгерістер жолына үзілді-кесілді итермелеген революциялық дүрбелең, осылай, осынау прогрессияны жасау үшін қажетті болды; ол бері салғанда алыс та бұлыңғыр болашақта, едәуір маңызды үшінші мүшені, жаңа тәртіптің шынайы бейнесін көрсетті, оны орта ғасырлармен салыстыру ортақ та батыл қадам болатын, бұл қадам рыцарьлық дәуірдегі біздің бабаларымыз өздерінің әлеуметтік құрылысының бағы заман халықтарының қоғамдық тәртібінен артықшылығын әділетті сезінуінің ықпалымен жасаған қадам сияқты болды.
Католиктік-феодалдық режим түпкілікті жойылғанша оның тәкаппар қалдықтары саяси болашақты жасырып, жұртшылықтың үздіксіз прогресі туралы анық түсінік жасауға мүмкіндік бермеді. Әлеуметтік құбылыстарға тән ерекшеліктер екпінімен бұл жерде қарекет көрерменмен бір мезгілде дамуға тиіс. Ұлы дағдарыс басталғанға дейін прогресс теориясы үшін эксперименттік негіз қызметін атқара алатын саяси эволюцияның әлі пісіп-жетілмегені соншалық, ақыл оны әділ бағалай алатын деңгейге жете қойған жоқ-ты. Осыдан жүз жыл бұрын ең көрнекті ойшылдар шынында да адамзаттың үздіксіз қарышты қадамын көз алдына нақты елестете алмайтын, бұл қадам оларға шеңберлі немесе тербелмелі қозғалыстан шыға алмайтындай болыпь көрінді. Бірақ революцияның ықпалымен адамзат прогресінің шынайы инстинкті алдымен Францияда, ал кейін бүкіл Батыста барлық есті адамдардың бойында өздігінен және азды-көпті батыл оянды. Сонымен, қажеттілік бойынша шынайы әлеуметтік ғылым, тек осы ғылымның арқасында жалпыға ортақ бола алған позитивтік философия негізделетін үғымды жасай алуымызға мүмкіндік берген күш пен батылдық үшін біз нақ сол құтқарушы дүрбелеңге қарыздармыз. Прогресс теориясынсыз реттілік теориясы жеткіліксіз болар еді, тіпті, оның негізінде осы екі теорияның тығыз ұштасуынан ғана туындай алатын әлеуметтануды тұрғызу мүмкін болған күнде де жеткіліксіз болар еді; өйткені қай жағынан алып қарасаңыз да, прогресс дегеніміз реттіліктің дамуынан басқа ештеңе де емес және оның бірден-бір шешуші көрсеткіші болып табылады. Сондықтан, позитивтік философияның француз революциясынан қаншалық тікелей туындайтыны түсінікті, бұл жерде революцияның осы философияның ғылыми іргетасын қалау ісінің аяқталуымен тұспа-тұс келуінің тіпті де кездейсоқ еместігін айтып жатудың қажеті де жоқ. Бірақ, бұл бағаны толықтыру үшін, енді әлеуметтік ұстындардың терең дүрбелеңінен туындаған ақыли реакцияның игі ықпалы тек таза революциялық рухтың соншалық әлсіреп, болашаққа шапағын шашқан сәуленің өткенді тұтас
көруге енді кедергі жасамайтын кезінде ғана бастала алғанын қазір мойындау керек. Шынында да, егер, бір жағынан, қуатты революциялық ояну бізге, бұлыңғыр болса да, әлеуметтік прогрессияның үшінші мүшесін аша бастаса, ол, екінші жағынан, көзсіз өшпенділік әлі дәуірлеп тұрғанда екінші мүшені әділетті бағалауға бөгет жасады, бүкіл азаттық қозғалысы орта ғасырларға тән нәрсенің бәріне осы өшпенділікті біздің бойымызға сіңіруге тиіс болатын және онсыз біз ескі тәртіптен ақыл-тақыл қол үзе алмайтын едік. Аралық мүшені құрту жалпы ұғымды түзуге үшінші мүшенің жоқтығынан кем зиян тигізбеді, өйткені үшінші мүшені бірінші мүшемен, олардың арасындағы тым көп айырмашылық салдарынан, тікелей салыстыруға болмайтын еді. Сондықтан бір мезгілде бағы замандағы және жаңа ахуалды әрі ұштастыра, әрі ажырататын орта ғасырларға әуелі лайықты бағасын бермей тұрып, адамзат прогресінің шынайы теориясын жасау мүмкін емес еді. Ал бұл әділетті баға, әрине, нақ революциялық рухтың үстемдігімен сыйыспайтын еді. Бұл мағынада атақты де Местр қоздырған қуатты философиялық реакция прогрестің шынайы теориясын дайындауда орасан зор қызмет атқарды. Осынау қысқа ғұмырлы мектепке жан берген анық ретроградтық рухқа қарамастан, оның еңбектері жүйелі позитивизмді даярлаған еңбектердің арасында өз орнын қашанда ала береді, дегенмен жаңа философия олардың барлық елеулі нәтижелерін пайдаланып болып, өзінің түпкілікті дамуында оларды үзілдікесілді серпіп тастады. Осылай, шынайы әлеуметтік ғылым мен есті философия реакциялық мектептің еңбектеріндегі орта ғасырлардың тарихи мәні жөніндегі құнды атаулының барлығын бойына сіңірген жас, революциялық жалынға толы ақылдың жемісі ретінде ғана келе алатын еді. Тек сонда ғана соған дейін тіпті менің басты ізашарым, атақты және бақытсыз Кондорсэге де беймәлім нағыз тарихи бағыт, шексіз адамзат прогресінің үздіксіздігі жайлы жалпыға ортақ сана туындай алатын еді.
Дәл сол шаққа дейін кемеңгер Галль биологияның жаңа жүйелі талдап зерттелуін аяқтап, бері салғанда жеке адам эволюциясы оларды бағалауға қаншалық мүмкіндік беретін деңгейді, мидың ішкі функцияларының ғылыми теориясын жасады. Осының бәрі әлеуметтану заңдарының ашылуына, демек, позитивизмнің осыдан жасалуына жол ашқан әлеуметтік және ақыли шарттардың жиынтығы тап мен философия өрісіне бой ұрған, яғни Конвенттің прогресшіл диктатурасынан кейін бір ұрпақтан соң немесе Бонопарттың кертартпа диктатурасының құлау сәтіне дерлік тұспа-тұс уақытқа дәл келгенін түпкілікті түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен, жаңа ортақ доктринаның жүйелі тұжырымдамасының жасалу алдында ұлы революциялық дүрбелең және тіпті одан кейін орнаған ұзақ реакция кезеңі өтуге және соны дайындауға тиіс болды. Егер позитивизмді философиялық өңдеудің өзі осындай дайындықты талап етсе, онда оны қоғамның мойындауы үшін ондай дайындық одан да көбірек қажет болды: бұл үшін оны баяндау мен талқылаудың жеткілікті еркіндігін қамтамасыз ету және әсіресе қоғамдық пікірді оның пайдасына бейімдеу керек болды. Бұл арада осыншалық айқын қажеттілікті дәлелдеп, қорғаштап жату артық болар еді.
ІІІ тарау
Метафизикалық немесе сыншылдық доктринаның дәрменсіздігінің
дәлелдері
Позитивизм революцияның бірінші сатысының нәтижесі екендігін біз мойындағаннан кейін, енді оның неге екінші сатыны да басқаруға тиіс болғандығын қарастыруымыз қажет. Есті тарихи баға ескі тәртіпті тіпті де революция қиратты демейді; керісінше, ол, осынау ұлан-ғайыр дағдарысты, он төртінші ғасырдан бастап ортағасырлық саяси жүйе бүкіл Батыста және, әсіресе, Францияда барған сайын
бел ала берген, әуелі өздігінен басталған, кейін жүйелі бола түскен іштей іріпшіру туындатқанын дәлелдейді. Алдыңғы бес ғасырдың теріс қозғалысын күрт үзіп, революция оны бірден тиып тастады, түпкілікті дүрбелеңді қаусаған құрылыстан үзілді-кесілді бас тартып, түгелімен өзгертуге тікелей кірісу жөніндегі бұлжымас ұйғарым деп білді. Бұл ұйғарым король өкіметін мүлдем жоюдан ерекше айқын көрінді, ол өкімет ескі француз мемлекеттік құрылысының барлық рухани және азаматтық сипаттағы қирандыларымен дәйекті байланысты болатын. Бірақ, басты революциялық жиналыстың бірінші отырысында ғана уақыт алған осынау қажетті актыны былай қойсақ, тұтас алғанда қозғалыс ең басынан, шын мәнісінде, табиғи міндетке ие болды, ол әсіресе революциялық бағыт басым түскен кезде байқалады. Соған қарамастан, бұл негізгі тенденцияға кереғар, революцияның бірінші бөлігі шынына келгенде негізінен теріс болғаны анық. Жасампаздық саласындағы бұл бастапқы сәтсіздік Францияның өзінің азаттығы үшін кертартпа коалицияның қаһарлы шабуылдарына қарсы жүргізген қиын да тамаша күрестің табанды талаптарынан ғана туындаған жоқ; оны, негізінен, тек революциялық қозғалысты жапалан жалғыз басқара алатын метафизикалық доктриналардың таза сыншыл сипатына телуге тиіспіз. Орта ғасырлардың соңынан басталған екі үздіксіз дамудың – теріс және оң дамудың – табиғи ынтымағына қарамастан, қажеттігіне қарай біріншісі екіншісінен неғұрлым ілгері тұрған еді. Ескі режимнің қаусап тұруы, осылай, толық жаңару тілегін жаңа құрылыстың шынайы табиғаты жалпы нобайында анық көрінуі үшін ол құрылысты алдын-ала дайындау жұмысы жеткілікті атқарылудан бұрын туғызуға тиіс болды. Тіпті өзгертуші доктринаны алаңсыз әзірлеу революциялық дүрбелеңнің алдында жүргізіле алмайтындығын ғана емес, бұл жұмысты жүргізу тек соның тегеурінімен ғана мүмкін болғанын мойындауға тура келеді. Сондықтан да сол уақытта алдыңғы күресті басқаруға тиіс болған таза сыншыл доктриналарды табиғи органикалық принциптер ретінде қолданудың еңсерілмес шарасыздық болғандығын түсіну қиын емес. Осынау теріс метафизика ескі тәртіп ашық айыпталған бойда негізінен айрыла
бастағанымен, оның догматтары жалпы жұрт қабылдаған бірден-бір догматтар болды және әлеуметтік прогреске сай келетін бірден-бір формулаға ие болатын. Сонымен, бастапқы қозғалыс өзінің жаңа міндетін қанағаттандыра алмайтын даусыз мешеу доктринаның жетекшілігімен жүргізілуге тиіс болды. Қажетіне қарай ештеңені жасауға дәрменсіз болған осынау философияның табиғи маңызы оның: ол саяси болашақтың ұтымдылықтан гөрі сентиментальдыққа жақын бағдарламасын бұлыңғыр болса да, тұжырымдағандығында еді, бірақ ол оған қалай дайындалу керек екендігін титімдей де көрсете алған жоқ. Осылай табиғи принциптерге айналдырылған жеткізілген сыншыл догматтар, өзінің абсолюттік сипатының салдарынан, көп ұзамай ескі құрылыстың қирандыларына қалай қарсы болса, жаңа тәртіптің негіздеріне де дәл солай қарсы терең анархистік ұмтылысты өрбітуге тиіс болатын. Сонымен, естен кетпейтін, соның арқасында қайталанбайтын шешуші тәжірибе, тек толық жаңарудың өзекті қажеттігін дәлелдеген, алайда, оның сипатын көрсетпеген революциялық қозғалысты әуелгі кезде басқарған доктринаның даусыз табиғи қабілетсіздігін көрсетеді.
ІV ТАРАУ
Реакция кезеңі (1794 жылдан 1830 жылға дейін)
Философия мен саясаттың қалыптасқан анархиялық ахуалында тәртіпке ересен мұқтаждық пайда болды, ол ұзаққа созылатын кертартпа реакцияны әкелуге тиіс болатын; бұл реакция Робеспьердің жария деизмінен басталды, әсіресе, Бонапарттың жаулап алуларынан кейін өршіді, бейбітшілік орныққанына қарамай, оның болымсыз ізбасарлары кезінде әупірімдеп жалғаса берді. Оның дәйекті нәтижесі тек де Местр мектебінің қазіргі метафизиканың мардымсыз әлеуметтік маңызын тарихи және догматикалық дәлелдеуі болды; ой жүгірту тұрғысынан оның жеткіліксіздігі, Кабанистің әсіресе Галльдің сәтті
еңбектерінің арқасында пайда болған, ең кемел биологиялық теорияларға позитивтік әдісті үзілді-кесілді таратудан көрінді. Айтпақшы, адамзаттың түпкілікті азат болуына осынау баяу қарсылық өзінің саяси мақсатына тіпті де жете алған жоқ, тек прогреске аздап елігуді оятты, ол елігудің өзі қаусап қалғаны соншалық, оны қайта жандандыруға тырысқандардың өздеріне табиғаты мен шарттары түсініксіз болып кеткен ескі тәртіпті қалпына келтіру жөніндегі ой барлық жерде қоздырған жиреніштен өрбіген еді. Революциялық рухтың осынау сөзсіз болатын оянуы орнаған бейбітшіліктің арқасында реакциялық жүйенің басты тірегі құлаған кезден байқала бастады. Бірақ теріс метафизиканың бұл жаңаруы енді оның табиғи қабілеті жөніндегі ешқандай иллюзияны туғыза алған жоқ. Одан тәуір доктрина болмағандықтан, оның догматтары тек кертартпа принциптерді бекерге шығарудың құралы ретінде қабылданды, мұның өзі сол принциптердің тек анархистік ниеттерді тежеу қажеттігінен қоғамдық пікірдің оларға бейіл бергеніне ғана қарыздар болатын. Ескі нәрселер туралы туындаған жаңа даулар көп ұзамай жұртшылыққа оны толғандыратын мәселелерді түпкілікті шешудің әлі мүмкін еместігін көрсетті; сондықтан ол тек тәртіп пен азаттық шарттарына ғана нақты мән берді, өйткені олар материалдық игілік үшін ғана емес, философиялық іс үшін аса қажетті болатын. Жағдайдың осылай қалыптасуы оның негізгі принципі мен түпкілікті доктринаны жасау үшін төтенше ыңғайлы болып шықты, 1822 жылы теориялық эволюцияның қос ортақ заңын ашқан кезде, шынында да ретроградтық қозғалыстың осы соңғы фазасы барысында анықталды.
V ТАРАУ
Стационарлық ахуал (1830 жылдан 1848 жылға дейін)
Бірде-бір тудан әлеуметтік болашақтың шынайы формуласын көре алмаған жұртшылықтың алдамшы енжарлығын көрсоқыр өкімет өзінің пайдасыз
жобаларын үнсіз мақұлдау деп қабылдады. Бірақ прогресс кепілдіктеріне елеулі қауіп төне бастағаны сол екен, 1830 жылғы ұмтылмас дүрбелең, содан отыз алты жыл бұрын басталған ретроградтық саясатты құрдымға мәңгілікке аттандырды. Оның негіздерінің шатқаяқтап кеткендігі соншама, оның жақтастары өздігінен өз доктриналарын терістеуге жетіп, басты революциялық ілімдерді өз ыңғайларына қарай дамыта бастады. Ол революциялық ілімдер, олар үкімет игіліктеріне айнала бастауына қарай өз кезегінде, олардың бұрынғы жақтастары тарапынан ашық бекерге шығарыла бастады. Реакциялық жүйенің екі жақтап, біржола бүліне бастауы тарих үшін білім алу бостандығына қатысты даулармен бәрінен жақсы сипатталды, ол бостандыққа жиырма жыл бойы, бәз-баяғы бір принцип үшін бірде рұқсат беріліп бірде тиым салынып келді, ал мұның өзі екі жақтан да тек өз мүдделерін қорғау ғана еді. Ескі сенімдердің осынау түбегейлі іріп-шіруі енді тәртіп рухының прогресс рухымен жарасуын талап еткен қоғамдық пікірдің оянуына тікелей алып келді. Бірақ бұл талап осы ұлы міндеттің шынайы шешімін әлі де мүлдем жоқ екендігін бұрынғыдан да айқын аңғартты, өйткені, шешім принципі жалғыз өзінде ғана бар позитивизм тек енді ғана туындай бастаған-ды. Керісінше, барлық көп таралған пікірлер бір уақытта анархистік және ретроградтық пікірлерге айналып кетті. Оларды келістіруді көздеген сол бір көзқарасқа келсек, ол өзінің табиғи ұсақтығының салдарынан бір ғана нақты мәнге ие бола алатын еді: ол анархияны да, реакцияны да бірдей қот-қоттап, оларды бір-біріне айдап салу арқылы ұдайы теңестіріп отырды. Шындап келгенде, ешкім ұлы революцияның байыпты шешілу алдамшы конституциялық монархияны құру деп білген жоқ, ондай монархия Францияның бүкіл өткеніне кереғар болатынын және бізге көбіне-көп Англия үшін жарамды жарымжан саяси құрылысқа тек түкке тұрғысыз эмпиристік еліктеуді ғана бере алатын. Сонымен, осынау соңғы он сегіз жылды, бастапқы дүрбелең туындатқан кертартпа реакция түпкілікті тоқталғанына қарамастан үстем доктринаның болмауы революцияны табиғи түрде аяқтауға кірісуге кедергі жасаған қозғалыссыз ахуал дәуірі деп қарастыру керек. Әлеуметтік ғылымды жасау,
сайып келгенде, менің басты ізашарыма белгісіз күйінде қалған адамзат болашағының жалпы сипатын дәл анықтауға мүмкіндік берген кезден былай жаңа революциялық жолға тек нағыз философтар түсті. Бірақ өзгертуші доктрина қоғамды бейбіт жаулап алуға бөгетсіз ұмтылуы үшін, парламенттік режимнің орнатылуы арқылы революцияның аяқталғаны туралы ресми өтірікті ашық айыптау және рухани қайтадан жаңарту ісін басқаруды тәуелсіз ойшылдарға беру қажет еді. Франция басынан өткерген ғажап саяси өзгерістің екі жақты философиялық ықпалы осындай болғаны даусыз.
VІ ТАРАУ
Король билігін жою. Республикалық рух саясаттың моральға
бағындырылуын көздейді
Біздің жігерлі пролетарийлардың таң қаларлық инстинктерінің арқасында өзінің бастапқы міндетін қанағаттандыруды қойған өкіметтің әлсіз кертартпа қастандықтары байқалды да өзінің сүйкімсіздігінен әлдеқашан айрылған және тәртіп үшін ешқандай пайда бермей, тек прогресс үшін күшті кедергі болған француз корольдік билігін біржолата құртуға алып келді. Оның пайдасыз үстемдігі рухани өзгерістерге тікелей бөгет болды, бірақ сонымен бірге оның шын ықпалы таза жеке мүдделердің бақталастығы сүйемелдеген қауқарсыз саяси толқуларды тоқтатуға жеткіліксіз болды. Өзінің теріс мағынасындағы республикалық принцип ревоюцияның бірінші бөлігін түпкілікті түйіндеп, ХІV Людовик патшалығының екінші бөлігінен бастап барлық ретроградтық пиғылдардарды табиғи түрде біріктірген корольдік өкіметтің қандай да бір қайтып оралуын мүмкін емес етті. Өзінің оң мағынасында ол өзгерістердің тікелей басталғанын білдіріп, саясаттың моральға негізгі бағынуын, яғни барлық күштердің қоғамға риясыз қызмет етуін жариялады.
Дау жоқ, бұл принцип әлі тек сезім ретінде ғана орын алып отыр; бірақ ол нақ сезім негізінде пайда болуға тиісті еді және ол өзінің қажетті жүйеленуінен кейін нақ сезім ретінде қашанда үстемдік етеді, мұ осы толғамымыздың бірінші бөлігінде көрсеткенбіз. Осы тұрғыдан алғанда батыс халықтарының ұлы семьясының лайықты авангарды ретінде француздар, шындап келгенде, қалыпты дәуірді бастап та кетті: өйткені олар ешқандай теологиялық араласусыз шынайы әлеуметтік принципті жариялады, ол принцип алғаш рет орта ғасырларда католицизмнің ықпалымен пайда болған еді, бірақ алда болу мүмкіндігіне тек неғұрлым мінсіз философияның жетекшілігімен және жақсырақ дайындалған ортада ие болды. Осылай, Француз республикасы сезімнің парықтан және тіпті әрекеттен жаппай басымдылығын орнықтыратын позитивизмнің негізгі доктринасын төбеге көтеруге ұмтылады. Осындай бастапқы таяныш қоғамдық пікірді жаңа философияны осынау түпкілікті құрылысты жүйеге келтіруге бірден-бір қабілетті философия деп түсінуге көп ұзамай жеткізуге тиісті.
VІІ ТАРАУ
Тәртіп пен прогресс арасындағы қажетті келісім. Прогресс
анархиялық болып тұрғанда, тәртіп регрессивтік болып қала берді
Жаңа жағдай алдыңғы саяси дағдарыс барысында көлденең тартылған келісім туралы мәселені неғұрлым көрнекі ете түседі. Сонымен бірге барлық қазіргі мектептердің осы даусыз бағдарламаны орындауға мүлдем дәрменсіздігі де неғұрлым айқын бола түседі. Өйткені корольдік өкіметті ақыр-тақыр жою бір мезгілде әлі де әлеуметтік прогреске бөгет болып келген соңғы елеулі кедергіні де, қоғамдық тәртіптің сақталып қалған бірден-бір кепілін де қиратады.
Алайда, қазір екі жақтан да құрылысқа шақыратын барлық саяси бағыттар таза теріс қызметпен шектеліп отыр, бұл қызмет олардың әрқайсысы үшін қарсыластарының қателіктеріне сыннан, онда да тым олақ сыннан құралады. Прогесске кепілдік беретін, бірақ тәртіпті қорғансыз қалдыратын ахуалда әрине, тәртіп зор қамқорлыққа мұқтаж болады, бірақ олар үшін әлі тиісті жүйеленген орган жоқ. Бұл екі арада тәжрибе тек қана мүдделерге негізделген және сезімдерге де, сенімдерге де сүйенбейтін әрқилы таза материалдық құрылыстың тым осалдығын үзілді-кесілді дәлелдеді. Бірақ, екінші жағынан, шын үстемдік ететін доктриналардың жоқтығы жағдайында рухани тәртіп мүмкін болмай қалады. Тіпті әлеуметтік сезімнің саяси ықпалына да үміт артуға болмайды, өйткені принциптерден айрылған ол сезім көбіне-көп тәртіпсіздікке апарып ұрындырады. Осының арқасында, материалдық режимнің жеткіліксіздігін барша мойындағанымен, ол қажеттігіне қарай жалғаса береді. Алайда, республикалық ахуал сол режимнің неғұрлым сипатты белгісін, атап айтқанда парақорлық сияқты белгісін жояды, ол белгі анархия ерекше күшейген әрбір жағдайда ұзақтығы жағынан бірде азайып, бірде көбейетін езгімен алмастырылып отыр. Бірақ бұл уақытша шаралар сол сәттің тиісті талаптарына сәйкес келеді, ал мұндай жағдайда зор қатерге ұшырайтын тәртіп өзін қолдап отыру үшін неғұрлым пәрменді құралдарға мұқтаж болады. Бұл толғамның бірінші тұжырымдамасы жасалғаннан кейін көп ұзамай бұрын болып көрмеген революциялық қозғалыс1 қоғамдық тәртіпті қорғау үшін республика қолына монархияның қолында болатын күштерден әлдеқайда мол күштер бар екендігін көрсетті. Корольдік билік, осылай, оның пайдасына әлі айтылатын бірден-бір артықшылығынан айрылды да, сол кезден бастап оның бірден-бір саяси көрінісі кертартпа қозғалыста қалды. Бұл екі арада, жоғарыда аталған қарама-қайшы жағдайдың арқасында оның партиясы енді материалдық тәртіпті қолдайтын қарсылық органына айналғандай, өйткені тек соның доктриналары, ретроградтық болса да, белгілі бір табиғи сипатқа әлі де ие, консервативті элементтер өзінің нағыз
1 1848 ж. маусым күндері
қабілетсіздігін көмескі сезінетін прогресшіл элементтер тарапынан елеулі қарсы әрекетті кездестірмей, сол партияға бірігуде. Бірақ сөйте тұра, бұл принциптер сол партия жақтастарында да отап тасталған болып шықты, олардың ресми мән-маңызы революциялық догматтарды еркін мақұлдауға негізделген болатын, сондықтан да олар кертартпалар қосынында ажал құшуға тиіс еді. Тәртіпке қажеттіліктің қазір күштілігі соншалық, өзінің ескі сенімдерінен айырылған, біздің республика орнаудан бұрын-ақ саяси көкжиектен жоғалған саяси партияға уақытша басымдық береді. Тек позитивизм ғана прогресс анархиялық сипатта болып тұрғанда, тәртіп регрессивтік болып қала береді деген бұлтартпас заңға негізделген осынау қалыптан тыс жағдайды түсіндіріп оның тамырына балта шаба алады. Бірақ шын мәнісінде кері қозғалыс жүзеге аспайды, және оның принциптері қашанда аракідік есе берумен залалсыздандырылады. Осынау қозғалыс басшыларының республикалық құрылыс қиратылды деп сендірмек болған даңғойлығына қарамастан, барлық дерлік ресми биліктердің балалық қарсылықтарынан бұрынғыдан да анық бола түсетін ол тек өзінің заманалық күші арқылы ғана өздігінен өмір сүре береді. Жетіле түсу инстинкті жүйелендірілген кезде, оның еңсерілмес өрлеуі жуық арада қазіргі құрылыстың шынайы қайнарын көрсетеді.
VІІІ ТАРАУ
Әр түрлі саяси партиялардың қанағаттанбауы
Теологиялық теориялардың қияли үстемдігі осынау қалыпты қадамды санасыз дайындай отырып, позитивизмді, мен ол он жыл бойы армандап келе жатқан жағдайға қояды, атап айтқанда табиғи екі жүйенің арасында сынның ешқандай араласуынсыз тікелей күрес жүргізу мүмкіндігін туғызады. Қашанда дәйектіліктен жұрдай метафизика өзі бірінші орында болуға үміттенген құрылыстың өзінде енді пайдасыз деп түпкілікті мойындалады. Іс жасампаз
жұмысқа тірелгенде, көп ұзамай теологиялық мекемелердің негізгі принциптерін мақұлдай отырып, оларға қарсы наразылығын үздіксіз білдірумен шектелетін барлық мектептердің толық берекесіздігі аңғарыла кетеді. Олар дәрмесіздігі соншалық, бұдан былай өзінің ескі теріс функциясын тиесілі түрде орындай алмайды, енді ол функция ретроградтық қозғалысқа да қарсы, анархияға да қарсы бірден-бір берік тірек болып табылатын позитивизмнің жанама құралына айналды. Шынында да, тура мағынасындағы психология конституциялық корольдік билікпен бір мезгілде, протестанттықтың осы қос жемісінің тығыз туыстығы салдарынан жеңіліске ұшырады. Бірақ олардың табиғи қарсыластары, идеологтар, осылай, өздерінің халыққа бұрынғы ықпалына қайтадан ие болуға тиіс тәрізді көрінгенімен, олар өздерінің ескірген доктриналарына революционерлердің бұрынғы сенімін қайтара алмады. Олардың ішіндегі ең озықтары вольтерлік және дантондық мектептің болымсыз мұрагерлері, жүрек пен ақылдың кемдігінен, өздері революцияның бірінші бөлігінен әрең ажырататын екінші бөлігін басқаруға мүлдем қабілетсіз екендігін көрсетті. Мен әу баста олар туралы олардың арасындағы ерекше тұрпат, ізгі қайраткер Арман Каррельге қарап ой түйген едім, амал қанша, біздің республика одан тым ерте айрылды. Парламенттік айла-шарғылармен тәрбиеленген Бонапартты ақтау мақсатын көздеген француз баспасөзінің ұзақ астыртын әрекетін басқарған немесе оған көмектескен адамдарда шынайы республикалық сенімдер болуы мүмкін емес еді. Олардың бейшара билігі тек кертартпа партияға сүйеніп қана, материалдық тәртіпті қолдап отыра алды; және олар, өздерінің философиялық сенімдерінен арсыздықпен бас тартып, көп ұзамай оның жай ғана көмекшілеріне айналды. Осынау сұмдық одақ, сасық қадамға әрқашан тін болып қала береді, оның барлық еркін қатысушылары тарихтың қатал үкімін күте отырып, көп ұзамай ғұмырлық әділ жаза алады. Бірақ бұл реакциялық екіжүзділік үрдісі қазір деистердің тағы бір тобында, Руссоның шәкірттері мен Робеспьердің еліктеушілерінде анық байқалды. Басқару тізгінін аз уақыт қана ұстап тұрған олар халық алдында абыройдан тым
жұрдай болмағанмен, әйтсе де оларда қазіргі кезде ешқандай нақты таяныш жоқ. Олардың жабайы анархистік көзқарастары, өнеркәсіптік қызметті, ғылыми рух пен эстетикалық талғамдарды ылғи да қолдап отыратын қазіргі жаппай көңіл-күймен мүлдем қабыспайды. Олардың мәнсіз софизмдері жосықсыз мейірімсіздіктердің қажеттігін шімірікпей дәлелдеген осынау гильотина ғалымдары өздерінің әйгілілігін сақтап қалу үшін көп ұзамай мемлекеттік эшафотты уақытша жоюды мақұлдауға мәжбүр болды. Дәл сол қажеттілік енді олардың қанды эмблемасының өз партиясын нобайлау үшін қолданылатын, басқаша атауға ие болу үшін тым бұлдыр жалғыз нақты мағынасынан бас тартуға мәжбүр етіп отыр. Халық, тегінде, тәртіп талап еткенде өзінен алып қоюға қиналмай көнген метафизикалық құқықтар жөнінде жосықсыз қам жеген және республикалық мәселенің шешімін соларда жатыр деп білген пролетариаттың шын ниетін де жақсы түсіне алмады. Прогресс үшін қашанда езгісі келіп тұратын олар ешқашан қайталанбайтын, қысқа және өрескел саяси ахуалды өздеріне мемлекеттік құрылыстың үлгісі етіп алады. Бұлжымайтын бейбітшілік дәуірі жағдайында соғыстың жалғыз жақтастары болып отырған және орта ғасырларда құрылған өнеркәсіптік иерархияны жою арқылы еңбектің реттелуін шектеген, анархияны уағыздайтын осынау көкемылжыңдарды өз ғасыры барлық жағынан үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр. Пролетарийлар лайықсыз немесе қабілетсіз көсемдеріне әлі де біршама сенгенімен, алайда, қазір, метафизикалық соқыр сенімдер саяси алауларды енді тұтандыра алмайтын кезде, осынау жылдам сейіліп бара жатқан сенім елеулі қауіп бола алмайды. Анархиялық партияның шын мәні көбіне-көп ретроградтық партия үшін құбыжық қызметін атқаруында, бұл орташа таптарды оған сырттай қолдау көрсетуге итермелейді, ал мұның өзі олардың сипаты мен дағдыларына қашанда қайшы. Егер де, ғайыптан тайып, осынау көк тиын құны жоқ осынау теңгермешілер үкімет басына келе қалса, онда олардың тақұл-тұқыл патшалық құруы көп ұзамай олардың түпкілікті құлауына апарып соғар еді, өйткені ол өкімет Батысты қайта құруға басшылық жасауға мүлдем қабілетсіздігін көрсетер еді. Осылай оқиғалардың үздіксіз қысымынан, қоғамдық пікір бұрын
теологиялық бағыттың қай-қайсысына да қарсы болғаны сияқты, барған сайын кез-келген метафизикалық бағытқа қарсы болуда. Барлық мешеу мектептердің осынау түпкілікті құлауы он тоғызыншы ғасырдың шынайы ұмтылыстарына, сондай-ақ оның елеулі қажеттеріне бірден-бір сәйкес келетін позитивизмнің жаппай мойындалуын дайындайды.
ІХ тарау
Жаңа ортақ доктринаның қажеттігі
Франциядағы қазіргі іс жағдайының сипаттамасын толықтыра түсу үшін, пікірталастардың және, әсіресе, оқиғалардың жалпы барысы, саяси бұлтақтарды аяқтай алуға және тәртіптің бұзылуын жоюға немесе тоқтатуға қабілетті шын мәніндегі жалпыға ортақ доктинаға негізгі мұқтаждықты бұрынғыдан көбірек айқындықпен көрсете отырып, сондай-ақ рухани билікке деген ерекше қажеттілікті де көрсететін, тек жалғыз сол ғана мұндай философияның практикалық маңызының кепілі қызметін атқара алатынын айтсақ та жеткілікті. Біздің метафизикалық секталар өздерінің сансыз алаауыздықтарына қарамастан, осынау негізгі екі биліктің тығыз араласуын мақұлдайды, және бұл көзқарас, он төртінші ғасырдан бастап, әсіресе, протестанттықтың ықпалымен, барған сайын басты революциялық догмат деңгейіне көтеріле берді, ал оған ортағасырлық құрылыс барынша жеккөрінішті. Өздерінің грек ізашарлары тәрізді осы заманғы алдамшы философтар, психологтар немесе идеологтар әрқашан барлық адами биліктерді бір қолда толық шоғырландыруға күш салды; олар тіпті бұл жаңсақтықты ғалым мамандардың арасына да таратты. Орта ғасырлардың барлық аса көрнекті адамдарын моральдық билікті саяси биліктен бөлуге итермелеген таң қаларлық инстинктін енді бағалауға тек жүйелі позитивизм мүмкіндік береді. Әлеуметтік өнер мен адами даналықтың
үлгілі туындысы болып табылатын бұл негізгі бөлініс, тұрақты табысқа жету үшін басшылыққа алынатын принциптердің теологиялық сипатының салдарынан да, белсенді өмірінің әскери бағытының күшімен де өз дәуірінен тым озып кетті. Болашақ құрылыстың басты іргетасын құрайтын ол, протестанттықты қабылдамаған халықтардың да оған бүйрегі бұрғанымен, қазір тек жаңа философиялық мектепте ғана түсіністік тауып, қадір-құрметке ие болып отыр, дәл сонда ғана ол тиісті құрметті орнында. Революцияның түу басынан педант ғалымдар, өздері әрқашан саяси мінсіздіктің зипа тұрпаты ретінде армандаған әлеуметтік құдіреттілікке төтесінен ұмтылды. Қоғамдық пікірдің табиғи жетістіктері бұдан әрі осы ретроградтық утопияның қауіпті бөлінуіне жол бермесе де, олар, алайда, бұл бағыттағы кейбір әрекеттерге кедергі жасау үшін әлі тым жүйесіз. Ал метафизикалық жаңашылдардың атаққұмарлығы министрліктердің жай қолдаушылары рөлімен шектеле алмайтын қазіргі кездегі саяси жағдайда, олардың барлығының практикалық және теориялық басшылыққа дәмесі бұрынғыдан да күшті. Олардың өздерінің қосынында толаймайтын алауыздықтар және олардың қазіргі ортамен ортақ келіспеуі, олар күндердің күнінде ой еркіндігіне елеулі кедергі жасау мүмкіндігін алады және әлдебір доктринаны заң ретінде өткізіп жібереді деген қауіпті жояды. Бірақ олар қоғамдық пікірге басты екі биліктің қалыпты бөлінуінен тұратын аса жаңа саясаттың шынайы негізгі принципіне кереғар қанда да әлеуметтік теорияның қажетті құрсаулық сипатын айқын көрсету үшін бұл бағытта жеткілікті әрекеттер жасады. Міне осылай, метафизиктердің атаққұмарлығы қоздыратын ашыну, жаңа философияның шешуші дәлелдерін арнайы бағалауға сөзсіз мұрындық болады, осынау философия бұл бөлінудің тәртіп үшін де, прогресс үшін де бірдей қажеттігін барған сайын молынан көрсете алады. Егер позитивистер өздерінің сенімдеріне кереғар қандай да елігуге бұрынғысынша бой алдырмаса, онда олардың тұл саяси толқулардың арасындағы бейбіт мінез-құлқы әділ жұртшылықты осы ұлы идеямен түпкілікті татуластырады, бұл идея өзінің
алғашқы тарихи бой көрсетуіне қажетінше ілесіп жүрген сенімдерден арылады. Осынау амалсыз қарсы қою барған сайын мынаны ұқтырып келеді: шын дәлелдерге негізделгендіктен шынайы еркіндік те, шын мәніндегі бірауыздылық та енді сынға бірден-бір төзімді позитивтік доктриналардың ғана үстемдігі тұсында мүмкін болады. Қазіргі саяси ахуалдың ерекше жағдайының арқасында пісіп-жетілген халық даналығы көп ұзамай еңсерілмес күш-жігермен философтардан ешқандай саяси үстемдікке ұмтылмай-ақ, өздерінің барлық күшін ақылдар мен жүректерді тікелей басқаруға шоғырландыруды талап етеді; олардың соңынан салпақтап еріп отыру ақыли дәрменсіздіктің, тіпті инсанияттық бейшаралықтың даусыз белгісі болып шығады. Мұның үстіне, корольдік билікті жою шынайы ойшылдарға, олар тәртіп шартын құрметтей алса, зертеудің, тіпті баяндаудың толық еркіндігін қамтамасыз етеді. Өйткені, бұрын бір әулиетке жоғары әлеуметтік мәселелерді шешу құқығын басы бүтін берген касталық режимнің осынау соңғы құйыршығын қирату арқасында теологиялық көзқарастардың үстемдігінен арылу әбден аяқталды. Республикалық шенеуніктер езгіге салуға қалай тырысса да, корольдік биліктің осынау құралы ешқашан таза уақытша өкіметке байыпты көше алмайды, ондай өкіметтер, тіпті жеке тұлғалар өкілдік еткен күнде де, билік басында жоқ адамдардың дауыс беруіне әрқашан тәуелді. Мұндай уәкілдер де, оларға сенім білдіргендер де моральдық және әлеуметтік қандай да бір доктриналарды жүйелі талдап әзірлеу талап ететін логикалық және ғылыми шарттарға жат екендігін позитивтік философия еш қиындықсыз дәлелдей алады. Рухани санкция беруден айырылған бұл жайсаңдар, олар ақыли тұрғыдан ешқандай басшылықты іздемей, азаматтық өмірдегі өз рөлімен шектелетін болса, әрине, бағынуға шақыра алады. Тіпті орталық өкімет тиісті практикалық органдар құрып үлгергенше, республикалық режим қандай да ретроградтық немесе анархиялық фанатизмнен босап үлгерген халықта ықпал салаларының осынау қажетті бөлінуін орнатып үлгіреді. Мұндай бағыт материалдық тәртіпті қолдап отыру жөніндегі өскелең шаруа күшіндегі өкіметті
рухани тәртіпке қандай да бір араласудан неғұрлым көбірек алаңдатса, солғұрлым жақсы өрбиді де, сөйтіп рухани тәртіпті орнату ісі түп-түгелімен еркін ойшылдардың қолына тиеді. Езгіге құмар әртүрлі басқару тұрпаты тұсында әуелі жазбаша, содан кейін ауызша баяндау еркіндігіне қол жеткізіп, мен өзімнің бүкіл ғылыми қызметімнің барысында ие болған орасан зор жетістіктің кездейсоқтық, тіпті жеке тұлғалық сипаты жоқ. Бұдан былай кезкелген шынайы философ мен секілді әділетті интелектуалдық және моральдық кепілдік бере отырып тең күші бар мүмкіндік алады, ол кепілдіктерді жұртшылық пен үкімет адамзаттың жүйелі органдарынан талап етіп отыруға тиіс. Теңгермешілерді ауыздықтау қажеттігі қандай да болсын қатал шаралар қолдануға мәжбүр етсе де, өз басым жасампаздар әрқашан қадірлі болады және көп ұзамай, парасат санкциясынсыз ұзақ уақыт күн көре алмайтын қоғамдық тәртіпке көмекке шақырылады деп сендіруге батылым жетеді. Сонымен, Францияда орын алған маңызды саяси өзгерістің арқасында, ұлы революцияның шынайы философтарға әлдеқашан ашылған, енді жұртшылыққа ашылған екінші бөлігі, өзінің нағыз ортақ сипатын неғұрлым тікелей және неғұрлым жылдам дамытуға ұмтылып, жаңа баршаға ортақ доктринаны пікірлер мен құлықты түпкілікті өзгерту ісін басқаруға шақырып отыр, мұның өзі әлеуметтік мекемелерді біртіндеп өзгертудің бірден-бір берік негізі болып табылады. Бірақ, бастапқы революциялық қозғалыстың нақ кіндігінде өздігінен болған өзгерістердің арқасында позитивизм осынау жоғары міндетті қандай жолмен алатынын көрсете отырып, рухани өзгерісті оны сипаттайтын бүкіл көлеміндетаныстырып, енді бұл бағаны толықтыру керек, өйткені, есті тарихи теорияға сәйкес, рухани өзгеріс Еуропаның бүкіл батысын сөзсіз қамтуға тиіс.
Х тарау
Реформа әуелі интеллектуалды болуға тиіс;
ол бүкіл Батысқа таралуға тиіс
Бізді орта ғасырлардан бөліп тұрған аса зор революциялық кезең Римнің жаулап алулары дайындаған және католиктік-феодалдық ахуал жетіп алған, әр түрлі батыстық халықтар арасында Ұлы Карл тұсында орнатылған негізгі байланысты біздің жадымыздан өшіріп тастады. Кейін діни алауыздықтардың арқасында ұлғая түскен ұлттық айырмашылықтарға қарамастан, бұл байтақ республика барлық жерде, соңғы бес ғасыр барысында, бір мезгілде әрі оң, әрі теріс интелектуалдық және әлеуметтік дамуға ие болғаны соншалық, оған тепетең дамуға адамзаттың басқа, тіпті еуропалық бөлігі әлі күнге дейін жете алған жоқ. Католицизм шырмауынан шығу және рыцарьлық ғұрыптарды тыю әуелгі кезде әлгіндей бауырластықтың ортақ сезімін біршама әлсіреткенімен, бірақ ол сезім барлық жерде өнеркәсіптік тіршіліктің басым болуынан, ортақ эстетикалық эволюциядан және айдан анық ғылыми ынтымақтан туындатын жекеше құралдың арқасында жаңа пошымдарда қайта өркендеуге ұмтылып отырды. Балық жерде толық жаңаруды туындату үшін саяси іріп-шіру жеткілікті асқындаған кезде, өркенияттың осынау ұқсастығы соған дейін тек бір ұлтта өтіп жатқан әлеуметтік қозғалысқа қатысуға деген ортақ инстинктік тілектен көрініс тапты. Сөзсіз болатын ұлы дағдарыстағы бастама қажетіне қарай Франция халқының үлесіне тиді, бұл халық осында ескі режимді түп-тамырымен жоюы салдарынан да, француз ойшылдарының жаңа жүйені негізгі талдап жасауы арқасында да кез-келген басқалардан жақсырақ дайындалған еді. Бірақ бүкіл Батыста біздің революцияның алғашқы қадамдарына айтылған пәрменді іш тарту мынаны көрсетті: біздің батыстық бауырларымыз, біздің қорғаныстық соғысымыз өршіп тұрған кездің өзінде біздің естен кетпес республикалық жиналыс мәлімдегеніндей, бізге адамзаттың озық бөлігінің ортақ қайта түлеуінде тек қауіпті бастама жасау абыройын ғана ұсынды. Кейін реакцияның басты фазасына тән болған әскери қателіктер, екі жақтан да осынау қажетті ынтымақтың әдеттегі сезімін, сөз жоқ, әлсіретуге тиісті еді. Бірақ, соның алдындағы соны оқиғалардың арқасында ол сезім барлық жерде терең тамырланғаны соншалық, сол бір ерекше бөлінуді мәңгі етуге мүдделі әр түрлі
партиялардың үздіксіз жұмсаған күш-жігеріне қарамастан, орнаған бейбітшілік оған қайтадан жігер берді. Әрқилы теологиялық көзқарастардың барлық жерде күйреп кетуі осынау табиғи ұмтылысты айтарлықтай жеңілдетті, өйткені алауыздықтардың басты қайнары құрғап қалған болатын. Реакцияның соңғы фазасының барысында және, әсіресе, содан кейін енді ғана аяқталған ұзақ бөгелістің өн бойында барлық батыс еуропалық халықтар француз революциясының жалпы барысымен азды-көпті сәйкес келетін жолмен жүруге тырысты. Біздің соңғы саяси төңкеріс осынау ортақ көңіл күйді тек нығайта алатын еді, алайда, ол кемірек дайындалған халықтарда осыған ұқсас өзгерістерді бірден жасай алмайды. Ішкі толқыныстың осынау ұқсастығы оның таралуына қолайлы болған сыртқы дүниенің барған сайын нығая түсуіне жәрдемдесетіндігі әркімге де аян. Осылай, халықтарды орта ғасырларда біріктіре алған дәнекерлермен пара-пар жүйелі дәнекерлердің болмауына қарамастан, бейбіт және парасатты осы заманғы мінез-құлықтың жаппай ықпалы барлық батыс еуропалық ұлттардың арасында табиғи бауырластықты туындатып үлгерген болатын, оны бүгінге дейін жүзеге асыру мүмкін болмаған-ды және ол ешқандай түпкілікті өзгертуді таза ұлттық өзгерту деп қарастыруға әрі қарай жол бермейді. Осындай көзқарас революцияның екінші бөлігінің шынайы ортақ сипатын басқаның бәрінен де айқын көрсетуге қабілетті. Бірінші бөлік, сайып келгенде бүкіл Батысқа пайдалы болғанымен, негізінен Францияда өрбуге тиіс болды, өйткені бастапқы дүрбелең үшін пісіп-жетілген жалғыз біздің халық болатын, сол дүрбелең ол ретроградтық коалицияға қарсы тұра алуы үшін оның тіпті ұлттық патриотизмі шоғын үрлеуге тиіс болатын. Керісінше, жалпы дағдарыс өзінің табиғи шектеріне жеткеннен кейін басталған табиғи нәтижені бұдан былай әрқашан бүкіл батыс Еуропаның ортақ ісі деп қарастыру керек. Бұл іс негізінен рухани өзгерістен құралады, оның өзекті қажеттілігі қазір еуропалық халықтардың ұлы отбасын құрайтын бес ұлтта, әртүрлі пошымда болса да, бірдей байқалып отыр. Екінші жағынан, өзгертуші қозғалыста барған сайын бедерлене көрініп келе жатқан еуропалық мінез-құлық алдыңғы қатарға
интеллектуалдық және инсанияттық өзгертулерді шығаруға қабілетті, ал азаматтық мекемедегі қайта құру қажетіне қарай терең ұлттық айырмашылықтарды айшықтауға тиіс болады. Қазіргі кезде бүкіл Батыстағы бірінші әлеуметтік қажеттілік – бұл, бірден-бір рухани билік басқарып, қолданатын жалпыға бірдей тәрбиенің бірізді жүйесіне негізделетін ортақ доктрина мен бірдей мінез-құлық. Осы қажеттіліктің қанағаттандырыла беру шамасына қарай барлық жерде әрбір ұлттың ерекшеліктеріне сәйкес азаматтық өзгерістер іске аса бастайды; бірақ бұл қажетті айырмашылықтар ұлы позитивистік республиканың негізгі бірлігін ешбір бұза алмайды, оның жүйелі байланысы орта ғасырларда өмір сүрген католиктік республиканың байланысынан неғұрлым толық және неғұрлым берік болады. Сонымен, батыс Еуропаның жалпы ахуалы философиялық қозғалыстың саяси толқулардан басым түсуіне көмектесіп қана қоймайды, ол, мұның үстіне рухани биліктің шешуші үстемдігін туындатады, тек жалғыз сол билік қана пікірлер мен құлықтың осынау еркін де жүйелі жаңаруын бүкіл ауқымында және тиісті бірізділікпен жүзеге асыра алады. Сондықтан екі билікті араластыру жөніндегі ескі революциялық соқыр сенім, ол өзі бір кезде дайындаған әлеуметтік өзгерістерге енді тікелей зиянды болып шығады. Бір жағынан, ол алдыңғы қатарға енді жалпыеуропалық міндеттерге бағынуға тиісті ұлттық ерекшіліктерді шығарады; және сонымен бірге дағдарыстың шын ұқсастығы барлық жерде бірдей шешімді талап ететіндіктен, ол бірдей азаматтық мекемелерді қабылдау жолымен осынау біртектілік шартын орындауға итермелейді, ал мұның өзі әрі соншалық қолдан келмес, әрі соншалық қауіпті нәрсе. Мен өзімнің басты еңбегімде, өткеннің жиынтығы негізінде, осынау орасан зор еуропалық отбасының құрамын мұқият анықтағаныммен, бұл ұғым қазір ие бола бастаған төтенше маңыздылыққа байланысты, мен оның басты элементтерін әдістемелік тұрғыдан тікелей көрсету қажет деп есептеймін.
ХІ ТАРАУ
Батыс республикасы Францияны, Италияны, Испанияны, Ангияны
және Германияны қамтиды
Рим үстемдігі құлағаннан кейін және, әсіресе, ұлы Карлдан бастап, Франция ұдайы адамзаттың таңдаулы бөлігі ұйтқысының қажетті әлеуметтік және географиялық кіндігі болып келді. Батыс ортақ келісіммен жасаған бірден-бір ірі тірлік, – атап айтқанда, орта ғасырлардың басты фазасын сипаттайтын белгілі крест жорықтары – тегінде, француз ықпалымен жасалған секілді. Рас, католиктік-феодалдық режимнің жалпы іріп-шіруі жүйелі сипат ала бастаған кезде, Батыс Еуропа дүрбелеңдерінің кіндігі екі ғасыр барысында өзгеріп кетті. Теріс метафизика әуелі Германияда пайда болды; содан кейін оның азаматтық құрылыста қолданылуы алғаш рет Голландия мен Англияда сипатты екі революция пошымында орын алды, бұл революциялар жеткіліксіз ақыли даярлық салдарынан жартыкеш болса да, алайда, ұлы дағдарыстың беташары ғана еді. Бірақ сыни догматтардың шынайы әлеуметтік міндеттерін байқатқан осынау екі бірдей алғашқы қолданыстардан кейін, олардың толық татуласып, бет қаратпай таралуы Францияда жасалды, сөйтіп ол қайтадан жалпы саяси және адамгершілік мәселелерін талдап әзірлейтін басты орталыққа айналды. Сонымен, Франция өзгеріс қозғалысында ие болған және барған сайын нығайып келе жатқан бірінші орын, шындап келгенде айрықша жағдайлардың күшімен уақытша өзгерген Батыстың қалыпты құрылысына тек табиғи оралу ғана. Әлеуметтік қозғалыс орталығының жаңадан қоныс аударуын тек тым алыс болашақта күтуге болады, сондықтан бұл мәселе бізді алаңдатпауы керек; ондай қоныс жаңарту, іс жүзінде, өркениятты батыс Еуропаның шектерінен тыс жерлерге кеңінен таралуынан ғана болуы мүмкін, мұны мен осы толғауымның соңында көрсетемін.
Осы табиғи кіндіктің солтүстігінде және оңтүстігінде батыс мемлекеттерінің екі жұбы орналасқан, олардың басты байланысын құлқы мен тілінің арқасында да, өзінің географиялық орналасуы салдарынан да қашанда Франция құрайды. Шындап келгенде протестанттық болып табылатын бірінші жұпқа ең алдымен Германияның қалың жұртын, оған жапсарлас әрқилы мемлекеттерді, әсіресе осы мемлекеттердің орта ғасырлардан бастап қай жағынан алғанда да оның ең озық бөлігін құраған Голландияны жатқызу керек; содан кейін бұл жұпқа олардың қазіргі бәсекелестігіне қарамай, солтүстік американдарды қоса британ жұрты жатады. Негізінен католиктерден құралған екінші жұп мыналарды қамтиды: шығыста мемлекеттік құрылысының азғындауына қарамастан әрқашан өзінің ерекшеліктерімен айқын көзге түсетін қарамы мол итальян жұрты; батысында әлеуметтік ғылым оған туысқан португалдықтарды бөліп тастамауға тиіс испан жұртының жиынтығы, және ол өзінің кең көлемді отарлау қызметімен Батыс Еуропаның ықпалын соншалық көп таратты. Адамзаттың озық бөлігінің құрамының әлеуметтанушылық анықтамасын толықтыру үшін, бұған екінші дәрежедегі екі элементті қосу керек, олар тарихи жағынан біреуі көне, екіншісі жаңа тарихта батыс халықтарына, география бойынша шығыс халықтарына жататын, қазіргі ахуалы бойынша барлық жағынан шығыс пен батыстың арасындағы табиғи ауысу; бұл элементтер: оңтүстікте грек және солтүстікте поляк жұрты. Бұл жерде, ұлы отбасының басты бөліктерін жақындататын немесе алыстататын әрқилы аралық буындарды көрсетіп жататын орын емес. Орасан зор республика осындай. Оның ақыли және адамгершілік жағынан құрылуын енді француздық кіндіктен шығатын бастаманы әрбір басқа элемент осынау жалпы қарқынды жетілдіріп отыруға тиіс табиғи реакциялармен ұштастыра отырып жаңа философия басқаруға тиіс. Мұндай міндет осынау мақсатқа жете алатые позитивизмнің әлеуметтік қабілетін ең жақсы жағынан сипаттайды, мұндай мақсатқа метафизикалық та, теологиялық та философия жарамайды. Егер теологиялық философияның қаусағандығы орта ғасырларда
батыс халықтарының арасында болған байланыстың үзілуін бастап берсе, метафизикалық философияның қиратушы әрекеті осынау оқиғаның тікелей факторы болды. Сондықтан олардың бірде-бірі әлгі элементтерді біріктіруші рөліне үміткер бола алмайды, олардың алдыңғы бөлінуі негізінен сол теологиялық-метафизикалық ықпалмен жүзеге асқан болатын. Тек қана өздігінен туындаған, бір мезгілде өнеркәсіптік, эстетикалық және ғылыми бола алатын позитивизмге кейбір жаңа қатынастар үшін қарыздармыз, ол қатынастар орта ғасырлардан бастап батыс мемлекеттерінің арасындағы байланыстың қалпына келтірілуін барған сайын дайындай түсуде. Сонымен, біріктіруші қозғалыстың басында тұруға сайып келгенде, әбден толысқан жүйелі позитивтік рух қана қабілетті. Әртүрлі ұлттар әлі де бір-біріне қарайтын алакөздікті тек сол ғана түп-тамырымен сейілтуге тиіс болады, алайда, ол солардың әрқайсысының табиғи сапаларын өзгертпейді, сол сапаларды даналықпен ұштастыру жолымен жаңа Батыстың ортақ кемеңгерлігін жасайды.
ХІІ тарау
Дүниауи биліктен рухани билікті бөлудің алғашқы талпынысы
католиктік ортағасырларда орын алды
Ұлы дағдарыстың барлық жерге таралуы, оның шын ортақ сипатын әбден анық көрсетеді, бұл сипат оның мәнісін тікелей зерттеу арқылы анықталады. Сонымен, сыртқы мәселелерге де, ішкі мәселерге де қатысты барлық заңғар әлеуметтік ой-толғам бірауыздан революцияның екінші бөлігі бүкіл Батыста принциптер мен құлықтарды өзгертуден тұруға тиіс, соның нәтижесінде қоғамдық пікір қалыптасады, содан кейін оның еңсерілмес үстемдігі бірте-бірте әрбір ұлттың қабілетіне сай келетін саяси мекемелердің құрылуын айқындайды, бұл негізгі доктринаны жақсылап әзірлеген рухани биліктің ортақ басшылығымен жүргізіледі дейді.
Бұл доктринаның жалпы рухы, негізінен, тарихи рух, ал революцияның теріс бөлігі тарихилыққа қарсы бағыттың басымдылығына жеткізуге тиіс еді. Ескі тәртіптен үзілді-кесілді арылу үшін, өткенді өлердей жек көру сол кезде қажет болды. Керісінше, толық азат болуымыз үшін бұдан былай біз ең алдымен өткенді құрметтеуіміз қажет; мұндай әділетті бағалау өзінің өзгермейтін салыстырмалы табиғатының арқасында оған осындай көзқарасқа келуге бірден-бір қабілетті шынайы позитивтік рухқа ерекше тән. Сөз жоқ, доктриналар үшін де, адамдар үшін де шынайы артықшылықтың ең жақсы белгісі өзіңнің барлық қарсыластарыңды дұрыс бағалау. Қазір болашақты айқындауды өткенді жүйелі түйсінуге негіздейтін нағыз әлеуметтік ғылымның қажетті ұмтылысы міне осындай. Адами эволюцияның жиынтығымен қашанда дәл байланысқан түпкілікті өзгерістің сол бір идеясы барлық жерде даусыз үстем болуы үшін тек бір жол – парықсыз иландырулар туындатқан бұлыңғыр да келеңсіз бейнелерді біржолата сейілту жолы бар. Мұның үстіне әлеуметтік сезімнің өскелең басымдығы қоғамдық пікірдің табиғи прогресімен бірге революцияның соңғы бөлігі оны бірінші бөліктен терең ерекшелейтін осы тарихи сипатқа ие болуына жәрдемдеседі, мұны қазірдің өзінде өздігінен болатын көптеген бейімділіктер көрсетіп отыр. Осынау жаппай іштартуды ескере отырып позитивизм өзі жасаған рухани өзгеріс пен орта ғасырлардың басты сипатын құрайтын осы бағыттағы таң қаларлық әрекет арасында бар негізгі қатынасты ешқашан жасырып-жаппауға тиіс. Адамзатқа өзінің болашақ өзгерісін өткенде тамыры жоқ нәрсе ретінде тіпті де ұсынбай, біз қазір кәмелеттік ахуалға жеткен оны өзі бозбала кезінде, ақыи және әлеуметтік жағдайлар, бұл тұрғыда шешуші табысқа жетуге әлі мүмкіндік бермеген тұста ойға алған бір ізгі шаруасын, сайып келгенде, жүзеге асыруға ұдайы шақыратын боламыз. Біз бір кездері өткенге қарайлай береді деп байыпты күдіктенуден қоырқпаймыз, өйткені бар үмітіміз болашақта. Мұндай айыптау қазір саяси мінсіздікті екі негізгі билікті бастапқы теократиялық немесе әскери бытыстыру деп білетін қарсыластарымыздың тарапынан есту ерекше оғаш болар еді.
Әлеуметтік тәртіптің жалпы теориясы осыған дейін жасаған ең ірі қадам – орта ғасырларда осынау биліктерді бөлу. Осынау идеяның түпкілікті жүзеге асуы қажеттілігіне қарай, сәті соққанға дейін қалдырыла тұруға тиісті болғанымен, бұл сипатты әрекет елеулі мақсатты көрсетті және тіпті басты нәтижелерді нобайлады. Сол әрекет саясатты тұрақты түрде адамгершілік талаптарына бағындырып отыру туралы догматтың да негізін қалады; бұл догмат осы заманғы жұртшылықтың айрықша белгісі және ол, елеулі де жиі айбарақтарға қарамастан, тіпті оны тұңғыш рет жариялаған сенімдердің әлсіреуін бастан өткізді, мұны оның ең озық ұлт тарапынан республикалық тұрғыда рұқсат алғанынан-ақ көруге болады. Демек, батыс халықтарын, әсіресе, протестанттықты қабылдамаған халықтарды сипаттайтын жалпыға бірдей бауырластық санасымен ұштастырылған өз ар-намысының белсенді сезімі содан бастау алады. Адамдарды, қоғамдық жағдайына қарамастан олардың жеке ақыли немесе адамгершілік сапаларына қарай бағалауға, бұл орайда біреулердің екінші біреулерден сөзсіз практикалық үстемдігінен туындайтын, әлеуметтік функцияларды бөлуде қажетті теңсіздікті толық мойындауға біртұтас ұмтылысты да соған жатқызу керек. Адамгершілік және тіпті саясат мәселелерін халықтың еркін талқылау ғұрпын, қылықтар мен адамдар туралы пікірінде қоғамдық білім беруге енгізілген әмбебап доктринаны қолдану жөніндегі әркімнің құқығы мен міндетіне ғұрыптарды сол әрекетпен байланыстыруға тиіспіз. Ақыр соңында, осы маңызды мекеменің төте тенденциясын – басқа жүйелі байланысы жоқ батыс халықтарының бірлігін құру тенденциясын көрсетіп жату артық болар еді. Әдетте христиандық діннің артықшылықтарына телінетін барлық осынау әлеуметтік нәтижелер, дұрыс тарихи баға бергенде, бір басты қайнардан, атап айтқанда, екі билікті католиктік бөлуден туындайтын болып шығады. Олар, басқа елдерде де құндылығы бірдей мораль немесе тіпті ұқсас дін үстемдік еткенімен, осы режим бірінші орынға шыға алатын елдердің ғана игілігі болып қалды. Айтпақшы, католиктік организмнің бөлшектелуі олардың қазіргі құлықтармен тығыз байланысына қарамастан, әсіресе, бұл доктринаға оның
алғашқы беделі мен тазалығын қайтаруға тырысқан жерлерде, олардың өзгеруіне едәуір жәрдемдесті. Позитивизм барлық жағынан католицизмге оның кез-келген төл қорғаушыларынан, соның ішінде атақты де Местрден неғұрлым толық тиесілі бағасын қазірдің өзінде берді, мұны ретроградтық мектептің әділіне жүгінетін кейбір органдары да мойындады. Бірақ бұл әділетті баға, осылай, адамзаттың ортақ эволюциясында орта ғасырлардың үлесіне тиген міндеттің ұлылығына ғана негізделмеген. Ол сондай-ақ мұндай бастаманың шалалығының дәл тарихи дәлелінен де туындайды, оның саяси сәтсіздігі, негізінен, жетекші доктриналардың олқылықтарына және тиісті ортаның қарсылығына тәуелді болды. Екі билікті тұрақты бөліп қою политеизмге қарағанда монотеизмге әлдеқайда ұнасымды болғанымен, бірақ қажетіне қарай кез-келген діни бағыттың абсолюттік табиғаты бұл тәртіптің таза теократияға дейін азғындауына қашанда жәрдемдесіп отырды. Оның құлдырауы тіпті осынау амалсыз ұмтылыстың түпкілікті бел алуымен анықталды, ол он төртінші ғасырда жаппай айыптауға ұшырады, оның табиғи жоқшылары корольдер еді. Дәл сол секілді, биліктің бұл бөлінісі ежелгі жаулап алу жүйелерінен гөрі орта ғасырлардағы қорғаныстық соғыстарға неғұрлым сәйкес келгенімен, оны әскери режим талап ететін биліктің шоғырландырылуына жат нәрсе ретінде кез-келген әскери рух оны теріске шығарып отырды. Сондықтан бұл бөліністі сол кезде тек кейбір, көрнекті рухани немесе дүниауи ойшылдар ғана шынында да жүйелі түрде ой елегінен өткізе алатын еді. Оның қысқа мезгілді жүзеге асырылуы, негізінен, бүкіл ақыли және әлеуметтік ахуалдың қажетті нәтижесі болды. Ол теократия мен империяның арасында ұдайы тербеліп тұратын төтенше нәзік тепе-теңдіктің түрі ғана болып шықты.
ХІІІ ТАРАУ
Рухани билікті дүниауи биліктен бөлу. Рухани билікті Батыс
Республикасының органы ретінде тағайындау
Әрине осы заманғы Батыстың позитивтік өркенияты қазір орта ғасырларда тек ойға келуі ғана мүмкін нәрсені істей алады, және де ол орта ғасырлардың тек осынау таң қаларлық талпынысын ғана емес, сондай-ақ оған қажетті дайындықты да жүзеге асырады. Жаңа философияның ғылыми бағыты және қазіргі қызметтің өнеркәсіптік сипаты, бір мезгілде өздігінен әрі жүйелі болатын биліктердің тұрақты бөлінісі бұдан былай дауасыз, тіпті жалпы халықтық іске айналуына табиғи түрде жәрдемдеседі, бұл бөлініс орта ғасырларда прогрестің албырт инстинктінің игі ықпалының әсерімен тек бұлыңғыр елестей ғана алатын. Ақыли жағынан осынау іс шындап келгенде теория мен практиканың арасындағы бөлінуге, тек эмпиристік болса да, бүкіл Батыста ең елеусіз нәрселер жөнінде әлдеқашан жол берілген бөлінуге саяды және оны нағыз күрделі нәрселерге – ғылым мен өнерге қажетсіз деп санау оғаш болар еді. Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан алғанда бұл бөлу тәрбие мен әрекеттің немесе мораль мен саясаттың арасындағы табиғи айырмашылықты, үздіксіз дамуын прогресшіл өркенияттың басты игілікті істерінің бірі екендігін ашық мойындамауға қазір ешкімнің батылы бармайтын айырмашылықты бүкпесіз көрсетеді. Шын адамгершілік инсаният пен шынайы еркіндік құлық пен пікірдің нағыз принциптерге негізделуіне барынша мүдделі, ал егер оларды қолдану тек қана және тікелей бұйрық немесе бағыныштылық шартымен жүргізілсе, ол принциптерді, тіпті дәлелденуі оп-оңайларын қолдану әрқашан дерлік жеткіліксіз болғар еді. Саяси күштердің жалпы жарасымдылығына келсек, екі биліктің, теориялық және практикалық биліктің жүрекке, ақылға және мінезге ықпал ететін қайнарлары мен жолдарының әрқилылығы соншалық, бұдан былай үгіттеушілік және бұйырушылық ықпал жападанжалғыз органдардан тарала алмайды. Осынау ретроградтық утопияны жүзеге
асыруға қандай да бір елеулі ұмтылыс екі салада да бірдей қабілетсіз дәлдүріштердің тек төзгісіз үстемдігіне алып барар еді. Осынау ой-толғамның бұдан былайғы барысында мұның үстіне осынау негізі бөліністің табиғи түрде барған сайын негізінен ақыл-есімен және адамгершілігімен (инсаниятымен) ерекшеленетін екі әлеуметтік элементтің еңсерілмейтін арнайы қамқорлығына тап бола беретіні дәлелденеді. Біздің құлқымыздың қандай да бір шынайы осы заманғы саясаттың осынау елеулі принципіне қолайлылығы соншалық оған қарсылық жасала қалған күнде де, ол тек оның қазір ескірген нанымдарға бастапқы жақындығы салдарынан ғана туындайды. Бірақ қандай да болсын теологиялық көзқарастардан шын мәнінде бірден-бір құлантаза доктринаның етене бөлігін осынау маңызды идея құрайтынын риясыз жұртшылық байқаған кезде бұл революциялық соқыр сенімдер келмеске кетеді. Әрбір адами ұғым және тіпті әрбір әлеуметтік жақсару, әуелі теологияның ықпалымен туындауға тиіс болатын, мұны барлық, тіпті ең мардымсыз фактылар да анық дәлелдейді. Дегенмен, мұның өзі адамзаттың өзі кейін тастап кететін сенімдердің бастапқы үстемдігіне қарыздар табыстарды біржолата иемденіп кетуіне ешқашан бөгет жасаған емес. Қазір позитивистер ғана нақты түсінетін және өзінің ішінара тексерістерінің табиғи қорытындысы деп білетін осынау ұлы саяси принциптің тағдыры да дәп солай болады. Қазір ол тап болып дүрген бірден-бір және төте қарсылық метафизиктер қосынынан көрсетілуде, өйткені ол принцип олардың абсолюттік үстемдікке даңғойлық құмарлығын түйреп өтеді. Дәл сол қосыннан, теократизм тән деген әрқашан дүдамал және көбіне-көп жалған кінә таратылып жатады да, ол кейдк өздерінің қарсыластары шешуші таластан қашқақтаудың құралы болып табылатын қандай да бір сенімдерден ашық арылған филофтарға бағытталады. Бірақ құлықпен тәрбиеленуге тиіс нәрселерді заңдармен реттеуді қалайтын педанттардың пайдасыз қасарысуы көп ұзамай туындататын ауыр әлеуметтік былықтар қоғамдық пікірге моральдық үкіметті саяси үкіметтен жүйелі бөліп тастау туралы позитивистік догматтың сөзсіз деркезділігін анық көрсетеді. Тек
сендіру күшіне ғана ие бірінші үкімет белсенді өмірде әрқашан қарапайым кеңесші рөлімен ғана шектеледі, ал екінші үкімет материалдық күшке сүйене отырып, белгілі бір қылықты тікелей таңады. Революцияның екінші бөлігін сипаттауға тиісті табиғи бағыт осыған дейінгі барлық ой-толғамдардың негізінде орта ғасырлардың аса көрнекті әлеуметтік кемеңгерлігінің Конвенттің таң қаларлық саяси инстинктімен ұштасуы ретінде елестейді. Осынау екі дәуірдің аралығында адамзаттың таңдаулы бөлігі шынында да қандай да бір жүйелі ұйымнан мақұрым болды да, онда екі жақты құбылыс: ескі тәртіптің іріп-шіруі және жаңаны дайындау құбылыстары жүзеге асты. Бұл алғышарттар бүгінде жеткілікті орындалды: өйткені, бір жағынан, әлеуметтік жаңару тілегі еңсерілмейтін күшке айналды, ал екінші жағынан – оны басқаруға тиісті философия жасалып та қойды. Сонымен, бұдан былай біз орта ғасырлар талпыныс жасаған ұлы істі жүзеге асыруға неғұрлым жақсы ақыли және әлеуметтік негізде қайтадан кірісуге міндеттіміз, оның нәтижесі бүкіл Батыста ақыл-ойдан да, әрекеттен де үстем жалпы сүйіспеншіліктің жүйелі де тұрақты басымдығына негізделген бейбіт те парасатты тәртіп орнату болуға тиіс. Осынау қайта құрудың жалпы барысы алдыңғы қиратудың барысындай болады. Ол қирату он төртінші ғасырда Батыста ескі организмнің функцияларын жоюдан басталған-ды; тура сол сияқты, түпкілікті өзгерту енді бес озық халыққа ортақ интеллектуальдық және моральдық қажеттерді тікелей қанағаттандырудан басталады.
ХІV тарау
Позитивизмнің адамгершілік ілімі.
Ол альтруизмді эгоизмнен, қоғамдық мүдделерді
жеке мүдделерден асқақтатудан тұрады
Позитивизмнің әлеуметтік міндетін жақсырақ сипаттау үшін мен оның философияның мақсаты және саясаттың түрқазығы болып табылатын жалпыға
ортақ адамгершілікті түпкілікті жүйелеуге қабілетін қысқаша көрсете кетуге тиіспін. Өйткені қандай да бір рухани билікті негізінен, осы қасиет тұрғысынан бағалау керек десек, онда позитивизмнің рухани жағының католицизмнің осы жағынан табиғи артықшылығын содан артық ештеңе көрсете алмайды. Позитивизм үшін моральдық өнер эгоистік ниеттерден жүйелі инстинктерді. жеке кісіден жұртшылықты асқақтатудан құралады. Адамгершілікке деген осындай көзқарас жаңа философияға тән, ол қазіргі халықтардың табыстарын жүйелей отырып, католицизм тым жұпыны көрсеткен адам табиғатының шынайы теориясын тек жалғыз өзі береді. Биологияның органикалық тіршіліктің бүкіл жануарлар тіршілігінен негізгі артықшылығын орнықтыратын елеулі принципін пайдалан отырып, еңбек әлеуметтануы өзін-өзі сақтау инстинктімен қашанда азды-көпті байланысты жеке сезімдердің өздігінен туындайтын ықпалын түсіндіреді. Бірақ ол осынау даусыз біріншілікті жақсылықты тілеу ынтасының тұрақты болуымен татуластырады, ал ондай ынтаны католиктік теория біздің ұйымдасуымызға жат және ешқандай заңға бағынбайтын, тек жаратылыстан тыс игілік сіңірген нәрсе деп біледі. Сонымен, ең зор міндет – жеке сезім табиғи түрде пайдаланатын артықшылықты қоғамдық сезімге жасанды жолмен жеткізуде. Оның шешімі басқа бір биологиялық принципке, функциялар мен органдардың тұрақты жаттығу тұсында дами түсетіндігі және ұзақ уақыт қимылсыз қалса, олардың семіп қалуға ұмтылатындығы принципіне негізделген. Ал біздің әлеуметтік өміріміз қажеттілігіне қарай ұнамды инстинктердің үзідіксіз өрлей түсуін туындатады, сонымен бірге ол жеке ниеттердің дамуын тежеп отырады, өйткені олардың еркін көрінісі көп ұзатпай біздің барлық өзара қатынастарымызды тоқтатуға апарып соқтырады. Демек олардың біріншісі шексіз дерлік кеңейе беруге қабілетінің арқасында өзінің бастапқы дәрменсіздігін белгілі бір дәрежеге дейін өтеп отырады; және екіншілерінің табиғи ықпалы сөзсіз қарсылықпен азды-көпті жұмсартылады.
Осынау өзгермейтін екі ұмтылыс адамзаттың дамуына қарай табиғи түрде өсе береді және олардың қосар прогресі біздің біртіндеп жетіле түсуіміздің басты көрсеткіші қызметін атқарады. Жеке де, қоғамдық та кемеңгер жүйелі ықпал, игі ықпалды ұлғайта, оның қарсыластарының ықпалын азайта отырып, осынау табиғи өрбу барысын едәуір жақсарта алады. Барлық басқа өнер секілді даусыз шекаралары болатын моральдық өнер осындай, ал мына тұста ол шекара кеңірек болуға тиісті, өйткені мұндағы құбылыстар, олардың төтенше күрделілігінің салдарынан, өзгелеріне көбірек бейім. Сонымен, позитивтік мораль, жалпыға ортақ принциптегі әлеуметтік сезімнің тікелей басымдығын мойындай отырып, тек метафизикалық моральдан ғана емес, діни моральдан да ерекшеленеді. Жеке де, қоғамдық та адами бақытты ол әрі неғұрлым ұнасымды, әрі барлық адамдар бойында бір мезгілде кеңи алатын бірден-бір сезім ретінде жақсылық сезімдерін мүмкіндігінше дамыта түсуде деп біледі. Қаншалық қарапайым да шынай болса, соншалық терең де пәк бұл ілім өзі сипаттайтын нақтылық сезімінің арқасында біздің бүкіл логикалық та, ғылыми да позитивтік ой-толғамдарымызды матастыруға бірден-бір қабілетті әлеуметтік көзқарастың бірінші орында тұратынын ой жүзінде орнықтырып үлгерген философиядан туындай алатын еді. Өзінің интуициялық әдісінің салдарынан метафизика индивидуалистік өрістен ешқашан ұтымды шыға алмады. Теология, әсіресе христиандық теология, әлеуметтік теорияларға дейін тек жанама, практиканың табанды талаптарының қысымымен ғана көтеріле алды. Оның табиғи бағыты қажетіне қарай әрбір адамның өмірінде алдына қойылған мақсаты жағынан да, ол басты деп есептейтін сезім жағынан да жекешіл сипатта болды. Біздің кеңпейілді сезімдеріміз әу баста теологиялық режим тұсында көрінуге тиісті болғанымен, алайда, ол режимнің адамгершілік тұрғысындағы мәнін негізінен ойдағы және нақты мүдделер арасында өздігінен болатын антагонизмнен туындайтын әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, сол кезде
қолдана алатын бірден-бір доктринаның елеулі кемшіліктерін түзеткен дінбасылардың кемеңгерлігіне телу керек. Керісінше, позитивтік ахуалда моральдық қабілет доктринаға тікелей тән болады және тиісті лайық сенімдер орныққан бойда, бұл қасиет рухани ұйым қажеттігінен арылтпаса да, қандай да бір сондай ұйым құрылғанға дейін-ақ айтарлықтай табыстарға жете алады. Нақты білімдердің жиынтығымен тығыз байланысты жүйелі мораль, осылай, соған дейін мүмкін емес тұрақтылыққа ие болса, өздігінен пайда болған мораль әлеуметтік сезімнің тікелей де үздіксіз қысымымен бүкіл адамзаттың индивидуалдық немесе ұжымдық өмірін өзіне бағындырғысы келеді. Позитивтік моральдың мінсіз бірлігін (бұл үшін ол өзінің жалпыға ортақ сүйіспеншілік жөніндегі біртұтас принципіне борышты) жақсырақ түсіну үшін оның әр түрлі бөліктерін табиғи жүйелеудегі және олардың әрқайсысын арнаулы зерттеудегі сол принциптің мәнін қарастыру керек.
ХV тарау
Сезімдердің адамгершілік прогрессиясы: жеке, отбасылық, қоғамдық сезімдер. Адам жүрегі бірінші сезімнен үшінші сезімге тек отбасылық сезімдер ықпалымен өте алады
Позитивтік мораль бөліктерінің біздің өміріміздің басты үш сатысына сай келетін ортақ дәйектілігі – жекелік, отбасылық және қоғамдық бөліктері, – қуаты барған сайын кеми беретін, бірақ асқақтығы арта беретін аффектілерден аз-аздап өрбитін негізгі сезімнің біртіндеп дамуын өз-өзінен көрсетеді. Осынау табиғи прогрессия шынына келгенде жұртшылықтың жеке кісіден мүмкіндігінше қалыпты басылымдығына қол жеткізудің басты құралы болып табылады. Шынында да, адам жүрегінің осынау екі шеткі ахуалының арасында аралық ахуал бар, ол адамгершілік проблемасының шынайы шешімі негізделетін өздігінен көшуді айқындауға қабілетті ахуал. Тек отбасылық міндеттердің арқасында адам өзінің бастапқы өзімшілдігінен арылып, ақтық
сатыға, жұртшылық сатысына лайықты көтеріле алады. Тікелей тәрбие беруді адамгершілік жағынан аралық сатыдан аттап өтіп, ақтық сатыны күшейтуге бағытталған қандай да бір әрекетті мүлдем қол жетпейтін және әлеуметтік реттілік үшін елеулі қауіп төндіретін әрекет деп қарастыру керек. Қазір тым таралып кеткен, мұдай утопиялық теория шын мәніндегі әлеуметтік прогресті құрамақ түгілі, расына келгенде, ежелгі заманды жалған бағалауға негізделген күрт шегініс болып табылады. Отбасылық тіршіліктің негізгі міндеті өзімшілдік пен жұртшылық арасындағы табиғи байланыс қызметін атқару болғандықтан бұл жерде табиғи қатынастардың ретіне қашанда сәйкес келетін позитивтік моральдың жалпы нобайын сипаттау үшін қажетті құрылымды көрсету жеткілікті болады. Әлеуметтік сезімнің жеке кісі бойындағы эволюциясы, отбасында балалық сөзсіз бауыр болудан, біздің адамгершілік тәрбиеміздің алғашқы қайнарынан басталады да, дәл содан жалғастық инстинкті, демек ата-бабаны қадірлеу инстикті өрбиді; әрбір жаңа тіршілік иесі әу баста адамзат өткенінің бүкіл жиынтығымен байланысқа нақ осылай кіріседі. Осыдан кейін көп ұзамай жұртшылық болудың осынау алғашқы ұрығын бауырлық сүйіспеншілік толықтырып, оған шын мәніндегі ынтымақтың тікелей инстинктін қосады. Ер жету бұдан кейін жаңа отбасылық эволюция есігін ашып, мүлдем еркін және сондықтан кәмелетке жетпеген жастағы еріксіз байланыстардан әлдеқайда қоғамдық сипаттағы қатынастарды енгізеді. Адамгершілік тәрбиенің осынау екінші дәуірі барлық басқаларының басты іргетасы болып табылатын ерлізайыптылық бауыр басудан басталады; онда некелік дәнекерлердің ортақтығы мен бұзылмайтындығы адалдықтың риясыздығын қамтамасыз етеді. Ұнасымдылық инстинктерінің осынау ең жоғары тұпатының атауы ешқандай анықтауышты қадет етпейді. Осынау одақтан негізінен табиғи түрде соңғы отбасылық бауыр басу, атап айтқанда, ата-аналық бауыр басу өрбиді де, ол, бізді өз ұрпақтарымызды сүюге үйрете отырып, біздің әмбебап жұртшылық қатарына өз еркімізбен қосылуымызды аяқтайды; осылай, біз әуелі өткенге қалай, енді солай болашақпен байланысамыз.
Отбасылық өмірді жекелік және әлеуметтік тіршілік арасындағы қажетті аралық ахуал ретінде көрсету мақсатымен аффектілік эволюцияның жекелік барысын ізерлеу мен ерікті қатынастарға қатысы бар отбасылық сезімдер тобын ырықсыз бауыр басуға қатысты сезімдер тобынан кейін орналастыруға тиісті едім. Бірақ қоғамның табиғи элементі ретінде отбасының төл теориясы тікелей жасалғанда, орналастыру керісінше болуға тиіс. Онда әуелі көбіне-көп негізгі жұпқа саятын жаңа әлеуметтік бірлікті құрған отбасының басты іргетасын құрайтын сезімді қарастыру қажет. Күндердің күнінде некелі одақ бойынша құрылған отбасы бала сүйіспеншілігімен қуатталған ата-аналық бауыр басу күшімен мәңгіге айналады да, содан кейін әрқилы отбасыларды тікелей жақындастыруға бірден-бір қабілетті бауырластық дәнекерлері арқылы кеңейе береді. Бұл жаңа реттілікте отбасылық сезімдер олардың азая беретін қуаты және ұлғая беретін таралымы бойынша орналастырылған. Отбасылық сезім әдетте басқаларының арасындағы ең әлсізі болғанымен, алайда, егер оны таза отбасылық бауыр басудан табиғи тұрпаты барлық жерде бауырластық болып табылатын әлеуметтік қатынастарға тура өту деп қарастырсақ, онда ол маңызды мәнге ие болады. Бірақ, осы теорияның қысқаша очеркін толықтыру үшін, әлеуметтану сезімінің осы екі ретінің арасына үшінші аралық әлі күнге дейін тым аз бағаланған, қызметшілерге қатысты, отбасылық қатынастар қоғамдық қатынастармен араласып кететін сезімді орналастыруға тиіс. Қазіргі кезде осынау байланыстың атауының өзі, біздің анархистік құлықтарымызға қарамастан, адамзаттың қандай да бір қалыпты ахуалында ол оны біздің есімізге салып тұруы үшін жеткілікті, бұл бағыну мен бұйыруға арнайы үйрету жолымен (және де бұлардың екеуі де өзара сүйіспеншіліктің жалпыға бірдей принципімен реттелуге тиіс) өздігінен тәрбиелеуге арналған отбасылық бауыр басуға табиғи толықтыруды құрайтынын біздің есімізге салу үшін жеткілікті болуға тиіс. Басты адамгершілік теорияның бұл үстірт очеркі позитивтік жүйелеудің негізгі сапасын жеткілікті сипаттайды, оған баға бүкіл трактат бойында
беріледі, бұл толғам ол үшін тек жалпы кіріспе ғана болып табылады. Дегенмен, мен мұның үстіне жеке моральдың толық өзгеретінін көрсете кету қажет деп санаймын, оған тіпті католиктік философия да эгоизм мен байланыстырған нәрсені тікелей сүйіспеншілікпен байланыстыру арқылы бүкіл жаңа доктринаның біртұтас принципін тек позитивизм ғана тұңғыш рет енгізеді.
ХVІ тарау
Альтруизм жеке моральдың шынайы негізі
Сезімдер тек қана оларды ұдайы жаттықтыру жолымен дами алатындықтан, мұның үстіне бұл жаттығу олардың табиғи қуаты әлсіз болған сайын қажет болатындықтан жалпыға бірдей адамгершіліктің осынау бірінші бөлігіне берілетін бағаның оңайлығын артық-ауыс пайдаланып, яғни міндеттемелерді естіліктің қарабайыр жекелік пікірлеріне балап, біз сол арқылы аффектілік тәрбиенің шынайы рухымен тікелей қайшылыққа кіреміз. Жеке кісі үшін осындай нұсқаулардан пайда қаншалық нақты болғанымен, мұндай бағыт қажеттігіне қарай құлқынқұмарлық пейілдерді балалатады, ал ондай пейіл онсыз да тым белең алып кетті және, керісінше, мүмкіндігінше, жүйелі түрде жойылып отыруға тиісті еді. Оның үстіне, бұл арада көзделетін арнаулы мақсатқа мынаның салдарынан көбіне қол жетпейді: адамгершілік шешім жеке кісінің қарауына беріледі, сол арқылы шешімнің табиғи түрде әрқилы болуына күні бұрын рұқсат етіледі, сондай-ақ, жеке кісі өзі үшін туындайтын, олар жөнінде өзі ғана аікір айта алатын, салдарлар жөніндегі жауапкершілікті өз мойнына алатындықтан, белгіленген ережені өзгертеді. Өзіне тән нақтылықтың арқасында позитивизм, жеке кісіні жұртшылыққа тікелей бағындыра отырып, осынау бастапқы нұсқауларды түгелімен өзгертеді, өйткені әңгіме оларды индивидуум мүдделері тіпті де бірден-бір мүдде емес салада қолдану жөнінде болып отыр. Позитивтік мораль, мысалы, қанағаттан,
пәкизаттықтан түсетін пайда секілді және т.б. негізгі жақсылықтарды ұсынғанда, тіпті де олардың жеке кісі үшін пайдасын көздеп ұсынбайды. Олардың шын мәніндегі индивидуалдық пайдалылығын теріске шығармай-ақ, ол мораль, жеке пиғылдар дағдысын қолдау қаупінен сақтанып, оны тым талап ете бермеуге тырысады. Ол мораль, әсіресе, осынау пайдалардан әрқашан әлеуметтік сезімдермен байланысты өз өсиеттері үшін ешқашан нақты негіз жасамайды. Егер тіпті адамның айрықша ұйымдастырылуы оны тойымсыздықтың немесе зинақорлықтың тажалды салдарларынан сақтандырып келген күнде де, ол өзінің қоғамдық міндеттерін тиісінше орындауы үшін қажетті шарт ретінде тақуалық пен қанағат оған дәл сол күйінде міндеттеледі. Бұл барлық жеке жақсылықтардың арасындағы ең қарапайымы – тазалыққа да қатысты; сөйтіп, қарапайым ғана гигиеналық ереже, оны басқаларға қызмет етуге өзін неғұрлым қабілетті ету ниетімен байланыстыру арқылы ізгілендіріле түседі. Тек осындай жолмен ғана адамгершілік тәрбие, түй бастан өзінің шынайы ортақ қасиетіне ие болып адамды өзінің әрбір ұсақ қылығында адамзат талабына бағынуға үйретеді, мұның өзі оны ең алдымен өзінің келеңсіз пиғылдарын еңсеруге жетектейді де, оларға баға беру неғұрлым жеңіл болады. Жеке кісі бойындағы адамгершілікті бұлай өзгерту, алайда, позитивизмнің елеулі артықшылын жеткілікті қуаттайды, бұл артықшылық, католицизмнің басты еңбегін және оның тамаша жүйелеуінің алғашқы негізін құрайтын отбасылық мораль қарастырылғанда да көрсетілген болатын. Бұл арада өз мағынасындағы қоғамдық адамгершілікке ерекше тоқталып жату артық болар еді, ол сала жаңа философия бұрынғыдан да неғұрлым төте және неғұрлым толық қабілетін көрсетуге тиіс, өйткені тек сол ғана осы көзқарасқа барынша бекем көше алады. Әртүрлі нақты қатынастардан туындайтын, барлық өзара міндеттемелерді дәл анықтауда да, жалпыға ортақ бауырластықтың негізгі сезімін нығайтып, кеңейтуде де позитивистік моральмен ешқандай метафизикалық-теологиялық мораль теңесе алмайды, өйткені біздің индивидуалдық немесе ұжымдық табиғатымыздың ортақ заңдарына әрқашан сәйкес келетін оның нұсқаулары әрбір жағдайдың
ерекшеліктеріне өздігінен бейімделе кетеді. Осынау толғамда менің осынау табиғи қабілеттілік туралы әлі талай рет айтуыма тура келеді, сондықтан бұл жерде оны қайталап жатудың қажеті жоқ. Адамгершілікті жаңаша жүйелеудің осынау шолақ нұсқасы енді бұл доктринаны орнықтырып, қолдануға көмектесе алатын ортақ құралдарды тиісінше қарастыруды талап етеді. Бұл құралдар сайып келгенде екі түрлі: олардың біреулері, әрбір моральдық нұсқаға тікелей қатысты негізгілері сезімдердің принциптерін белгілеп, реттеп отырады; екінші, қосымша құралдар принциптерді белсенді өмірде дұрыс қолдануға жәрдемдеседі. Бұл қосар функция әуелгіде өздігінен бір ғана ортақ доктрина мен әлеуметтік инстинктің тіпті бірден-бір жанама ықпалының арқасында жетіле түсіп, жүзеге асып отырады; бірақ ол тек тиісті рухани биліктің жүйелік етене бөлігіне айналғанда ғана толық күшіне ие болады.
ХVІІ тарау
Адамгершілік тәрбие парық және сезімге негізделуі тиіс
Өз мағынасындағы адамгершілік тәрбиені позитивизм бір мезгілде парыққа және сезімге негіздейді, алайда, жаңа философияның жетекші принципіне сәйкес, сезімді әрқашан алдыңғы орынға шығарып отырады. Бірінші түрге жататын құралдардың арқасында, адамгершілік нұсқаулары, сайып келгенде, біздің жеке және қоғамдық табиғатымызды шындап тануымыздың негізінде кез-келген сынға төтеп бере алатын шынайы дәлелдерге жетелейді, ал біздің табиғатымыздың заңдары қандай да бір бауыр басудың, ойдың, қимылдың және әдеттің шын мәніндегі жеке немесе қоғамдық өмірдегі кез-келген төте немесе жанама, арнайы немесе жалпы ықпалын дәл бағалауға мүмкіндік береді. Тиісті сенімдер де, ең жақсы ғылыми дәлелдердің негізінде жасалатын сенімдер секілді соншалық терең бола алады, олардың ең жоғары
мәнінен және біздің неғұрлым ізгі инстинктерімізбен олардың тығыз арақатынасынан туындайтын күштің табиғи еселенуінен нәрленеді. Бұл нұсқаулардың пәрмені осындай дәлелдердің бүкіл логикалық әділеттілігін түсіне алатын адамдарға ғана таралмауға тиіс. Көптеген мысалдар, барлық басқа позитивтік мәселелер жөнінде тек сенім бойынша жол берілген ұғымдар барынша жақсы негізделген ұғымдар секілді қабылданып, дәл сондай ықыласпен және бекемдікпен қолданыла алатындығын қазірдің өзінде көрсетті. Бұл қажетті сенімнің ақыли және адамгершілік шарттарының лайықты орындалғаны жеткілікті; және де осы заманғы адам өзінің сырт көзге бас асаулығына қарамастан, көбіне-көп тым жеңіл бағынады. Біз математикалық, астрономиялық, физикалық, химиялық және биологиялық ғылымдардың қайсыбір ережелері жөнінде, тіпті бұл орайда аса маңызды мүдделер қозғалғанның өзінде күн сайын білдіретін ерікті келісіміміз адамгершілік өсиеттер де, теріске шығарылмайтын дәлелдерге көнетіні мойындалған кезде, соларға да таралатындығына күмән жоқ. Бірақ дәлел күшін осыған дейін мүмкін болмаған дәрежеге жеткізе отырып, философия оның адамгершілік тәрбие үшін маңызын асыра көрсетуден қашанда бой тартатын болады, өйткені, адамгершілік тәрбие көбіне-көп сезімге негізделуі тиіс, мұны зор адамзаттық проблеманың жалпы қарапайым қойылуы да көрсетеді. Дәлелдер қаншалық жөн болғанымен, олардың түпқазығы тікелей моральдық бола алмайды, өйткені әркім, өзінікінен гөрі басқаның қылығын әрқашан субъективті емес, объективті болуға тиісті шынайы ғылыми толғам үшін міндетті әділдік пен айқындылық талаптарына сәйкес бағалайды. Ал өзіңнің жаныңды тікелей түйсінбей жасалатын мұндай сырттай баға, рас, нақты сенімді көрсете алады, бірақ ол баға шынайы сезімдерді дамытуға талпынбайды, олардың өздігінен болатын жаттығуын, егер ол әдетке айналып кетсе, керісінше, бұзып, тежеуі де мүмкін. Бірақ адамзаттың жаңа моральдық жетекшілері тарапынан мұндай басы артық нәрсе болар деп қауіптенудің қажеті жоқ, өйткені ол позитивизмді католицизмнен ересен жоғары қоятын шынайы адами табиғатты терең танымға мүлдем кереғар.
Сонымен, позитивтік бағыт, қандай басқа бағыттан болсын жақсырақ, әрқашан шын адамгершіліктің басты қайнары әлеуметтік сезімді бір мезгілде өздігінен және жүйелі түрде тікелей көтеру деп санайтын бұл сезімді ол, мүмкін болғанынша есті философия көрсете алатын барлық тәсілдерді қолдана отырып, түу сонау бөбек кезден дамытуға тырысып бағады. Жекелей де, қоғамдық та адамгершілік тәрбие, негізінен, нақ осындай тұрақты жаттығудан құралатын болады, ал ақыли білім беру әрқашан сол адамгершілік тәрбиеге бағындырылады. Мен бұл жалпы нұсқауды халықтық тәрбиенің төменде келтірілетін сипаттамасымен толықтырамын.
ХVШ тарау
Рухани биліктің қоғамдық пікірге моральдық әсері; мадақтар мен жазғырулардың бөлінісі, ұлы адамдарды дәріптеу, басты ретроградтарды айыптау
Алынған тәрбие қаншалық мінсіз болғанымен, егер оны бағыттаған рухани билік, жекелеген кісілер мен таптарға немесе тіпті ұлттарға ұмыт болған немесе мойындалмаған принциптердің шынайы мағынасы туралы, әсіресе, оларды әрбір жағдайда ақылмен қолдану жөнінде тиісінше еске салу жолымен біздің бүкіл жеке де, қоғамдық та өмірімізге оның жүйелі қолданылуын тарата отырып, оның мәнін орнықтырмаса, ол тәрбие белсенді өмірдің асау толқыныстарында құлықты жеткілікті бағыттап отыра алмайды. Бірақ бұл арада рухани билік тікелей сезімнен гөрі таза парыққа негізгі тәрбиедегіден де кемірек салмақ салуға тиіс. Ол биліктің басты күші қоғамдық пікірді қуатты ұйымдастыру нәтижесінде пайда болады, сол пікір ол биліктің мадақтаар мен жазғыруларды әділетті бөлуіне рұқсат береді, бұған біз осы толғамның үшінші бөлігінде ерекше тоқталамыз. Адамзаттың әрбір жеке адамға осынау моральдық ықпалы – мұның өзі принциптер мен сезімдердің арасындағы кез келген шынайы келісімнің қажетті
салдары – позитивтік режим тұсында қай кездегіден де күштірек дамуға тиісті болды. Үстем доктринаның зор нақтылығы және тиісті ортаның толық қоғамшылдығы бұл тұрғыдан алғанда позитивтік рухани билікке католиктік рухани бедел ие болмаған адамгершілік артықшылықтар береді. Осынау табиғи артықшылық, әсіресе, қайтыс болғандарға құрметті дұрыс ұйымдастыруда байқалады, мұның өзі қандай да рухани биліктің қолында адамгершілік тәрбиеге аса құнды қосымша болып табылады. Теологиялық доктринаның абсолютті сипаты католицизмнің нағыз ортақтыққа ізгі ұмтылысының сәтсіздігіне әлеуметтік ортаның балаңдығынан әлдеқайда көп жәрдемдесті. Қаншама тыраштанғанымен, католицизм өзінің жүйелі санкцияларымен уақыт пен жер бетінің шектеулі бөлігінен артық ештеңені ешқашан қамти алмады, одан тыс жерде оның берген бағасының көрсоқыр да әділетсіз болғаны соншалық, ол бұл үшін қазір өз дұшпандарын кінәлайтын болды. Тек позитивтік дәріптеу ғана барлық дәуірлер мен барлық жерлерге арынды да дәйекті тарата алады. Адамзат эволюциясының шынайы теориясына негізделген ол оның әрбір ахуалы мен әрбір фазасына лайықты бағасын береді, сөйтіп ол өзінің аруақтарды құрметтеудің жалпы жүйесін титімдей жағдайларға дейін қашанда бір рухта тарата отырып, ұрпақтарды тіпті жеке сипаттағы барлық моральдық өсиеттерді қолданып отыруға табиғи жолмен шақырады. Осынау толғам кіріспесі болып табылатын трактатқа енетін нұсқауларды бұл жерде тықпаламай-ақ, мен, алайда, оны алғаш рет қолдануға материал бере алатын бір мысалмен позитивизмнің осынау қабілетін дәл қазір-ақ сипаттай кету қажет деп санаймын. Ол мысал белгіленген күндерде бүкіл Батыста ежелгі заманның, орта ғасырлардың және сол дәуірлерді байланыстырып тұрған католицизмнің ең тамаша өкілдері Цезарьды, Әулие Павелды және ұлы Карлды – әлеуметтік тұрғыдан алғанда басты үш ізашарымыздың аруағын жыл сайын салтанатпен құрметтеп еске алу. Есті тарихи теорияның жоқтығынан осы аса көрнекті адамдардың бірде-бірі әлі күнге дейін тиесілі бағасын алған жоқ, тек сондай теория ғана олардың негізгі эволюцияға маңызды қатысуын көрсете алады. Бұл ағаттық тіпті әулие Павел жөнінде, оған дін көрсететін құрметке
қарамастан, анық байқалады; позитивизм бұл тұрғыдан алғанда табиғи түрде ілгерілеп, осынау ұлы адамды, тарихи тұрғыдан христиандық деп жаңсақ аталып жүрген нәрсенің шын негіз қалаушысы ретінде көрсете алады. Жаңа жалпыға бірдей доктрина теологиялық және метафизикалық философиялар толық мойындай қоймайтын Цезарьды, сондай-ақ тарихтағы орнын католицизм тым үстірт қана нобайлай алған Ұлы Карлды рнан да күштірек дұрыс бағалай алатын бірден-бір доктрина болып табылады. Бірақ жүйелі пайымдаулардың жеткіліксіздігіне қарамастан, алғыскер қоғам өздігінен-ақ осынау ұлы үш есімнің дақпыртын қолдап отырды. Олардың аруағын лайықты позитивистік құрметтеуді батыс халықтарының бүкіл семьясы қаншалықты бірауызды қабылдайтыны осыдан-ақ түсінікті. Осынау бедерлі мысалды толықтыру үшін есті тарихи баға берудің екі жақты нәтиже беретінін де көрсете кету қажет, ондай баға тек мадақтауды ғана емес, жазғыруды да қамтиды. Тым еңсе түсіретін және тіпті тажалды аффектілерді шектен тыс қолдану қаупінен жазғыру мадақтаудан әлдеқайда кем дамуға тиісті болғанымен, мақұлдауды неғұрлым көрнекі ету, демек, әлеуметтік принциптер мен сезімдерді неғұрлым беркіту үшін кей-кейде аямай масқаралай да білу керек. Мәселен, адамзат эволюциясының жеделдеуіне ең көп жәрдемдескен үш ұлы адамның аруағын жүйелі түрде құрметтеуді орнықтыра отырып, мен сонымен бірге бізге тарих көрсеткен басты екі ретроградты – біреуі неғұрлым есерсоқ, біреуі неғұрлым қылмыскер болған Юлиан (Жолдан таюшы) мен Бонапартты салтанатты жазғырып отыруды ұсынар едім. Осынау жексұрын екеудің нақты ықпалының жеткілікті зор болғаны соншалық, оларды мезгіл-мезгіл әділетті масқаралап отыру Батыстың барлық бөліктерінде бірдей әйгілі болапр еді1. Өткенге берілген осынау әрқилы екі баға сонымен бірге рухани организмнің негізгі міндетінің сөзсіз жалғасы және қажетті толықтыруы, атап айтқанда, сөздің төл мағынасындағы тәрбиелеу жолымен болашақты даярлау болыпшығады. Бірақ бұл міндет кеңесші ретінде шын тәрбиелеуші өкімет жеке
1 Кейін Конт бұл ұсынысын қайтып алды.
де, қоғамдық та белсенді тіршіліктің кез келген бөлігіне табиғи түрде жасайтын игі ықпалдың арқасында, бүгінгі күнді тікелей өзгертуді діттейтін басқа бір қосымша функцияларға негіз береді. Бұл кеңестерді практикалық қайраткерлер әрдайым кедергісіз ала алуға тиісті болғанымен, соған қарамастан, кеңестер лайықты теориялық бедел тарапынан толайым берілсе, неғұрлым жемісті болып шығады. Олар көбіне-көп әртүрлі таптардың немесе халықтардың өзара қатынасына қатысты болады да, бір ғана доктринаға жол беріп, бірдей тәрбие ала отырып, тек бір өңкей интеллектуалдық немесе моральдық жетекшілерді өз еркімен мойындайтын әлеуметтік ортаның бүкіл өн бойында туындайтын әрқилы ішкі немесе сыртқы дауларды, мүмкіндігінше, бітістіруге тырысады. Осы толғамның үшінші бөлігінде, қосымша функциялардың осынау екінші тегінің басты өрісін анықтап көрсетуіме тура келеді, бұл арада жаңа рухани биліктің қалыпты салаларын жүйелеп көрсетуді сол функциялармен аяқтаймын.
ХІХ тарау
Позитивизм ұраны: реттілік пен прогресс
Жоғарыда жасалған ескертулер енді мен өзгеріске осынау қабілеттілікті ерекшелейтін, барлық сипатты белгілер негізгі, бір мезгілде философиялық және саяси сипатта бола алатын, жасалуын да, жариялануын да мен өзімнің төл еңбегім деп әрқашан санайтын ұранда (реттілік пен прогресс) қалай өздігінен реформаланатынын анықтауыма мүмкіндік береді. Ең алдымен, тек позитивизм ғана, бір мезгілде әрі ғылыми, әрі әлеуметтік деп қарастырылатын осынау маңызды екі ұғымның әрқайсысын берік орнықтыра алады. Бұл айрықша қабілет прогреске қатынастан айқын көрінеді, оның айқын және толық анықтамасын бірде-бір басқа доктрина бере алмайды. Бірақ, реттілікке келгенде ол қабілет кемірек байқалатындығына қарамастан,
дегенмен толғаның бірінші бөлігінде берілген түсіндірмелерден көрінетіндей, бұл тақырыпта да оның нақтылығы да, тереңдігі де кем емес. Әрбір алдыңғы философия қажеттілігіне қарай реттілікті мызғымас санауға тиісті болды; ал бұл идея осы заманғы саясатқа мүлдем жарамсыз. Абсолют ұғымынан бойын аулақ сала алатын позитивтік философия алайда, жүгенсіздік ұғымын енгізбей-ақ, реттіліктің прогресшіл өркениятымызға сай келетін бірден-бір ұғымын бере алады. Ол бұл ұғымды, жаратылыстық заңдардың бұлжымайтындығы туралы ешқандай субъективтік ауытқуға жол бермейтін, баршаға ортақ догматқа сәйкес, оған объективті сипат бере отырып, мызғымайтын негізде құрады. Жаңа философия үшін әлеуметтік те, барлық басқа да құбылыстардың қолдан жасалған реттілігі барлық нақты заңдардың жиынтығымен жасалатын табиғи реттілікке сөзсіз негізделеді.
ХХ тарау
Прогресс дегеніміз тек реттілік дамуы
Реттілік пен прогрестің арасындағы негізгі жарасым позитивизмнің әлгіден де етене артықшылығын құрайды. Осынау қажетті қосылысты жасауға бірдебір доктрина талпынып та көрген жоқ, ал позитивизм бұл қосылысты, өзінің энциклопедиялық жүйесіне сәйкес аса ұсақ ғылыми оқиғалардан аса маңызды саяси мәселелерге көтеріле отырып, өздігінен айқындайды. Теориялық жағынан бұл жарасымды ол әуелі тым қарапайым анорганикалық құбылыстар жөнінде талдап әзірленіп, кейіннен биологиялық ұғымдармен толықтырылған тіршілік ету мен қозғалыс арасындағы қажетті арақатынасқа саяды. Осынау ұштасуға сүбелі ғылыми негіз беретін, осынау екі жақты дайындықтан кейін ол оның түпкілікті міндетін анықтап, оны есті әлеуметтік пікірлерге таратады да, содан оның бүкіл позитивтік жүйелеуге тән практикалық маңызы шыға келеді. Сонда реттілік прогрестің тұрақты шартына айналады, ал прогресс реттіліктің үздіксіз мақсатын құрайды.
Ақырында, тереңдей бағалау жолымен, позитивизм адамзат прогресін қажетіне қарай барлық ықтимал табыстардың ұрығын бойына жинайтын негізгі реттіліктің қашанда қарапайым дамуынан құралатын құбылыс ретінде тікелей көрсетеді. Біздің индивидуалдық немесе ұжымдық табиғатымыздың есті теориясы біздің өзгерістеріміздің барысы қандай да бір шығармашылықтың араласуынсыз эволюциялық жолмен жасалатындығын дәлелдейді. Бұл жалпы принцип тарихи зерттеумен әбден расталады, бұл зерттеу ең терең бастапқы ахуалға, барлық болашақ жетілудің ұрығына дейін әрбір жасалған өзгерістің тұңғиықтығы түп-тамырын әрқашан ашып береді. Осы негізгі ұқсастықтың пәрменімен прогресс өз кезегінде реттіліктің көрсеткішіне айналады. Сондықтан прогресс идеясын талдау, бір мезгілде әлеуметтік ғылым мен өнер негізделетін қос ұғымды жеткілікті сипаттай алады. Осылай қарастырылған бұл бағалау, әсіресе, осы күндері, прогресс теориясының сонылығы мен маңыздылығы, мұндай идеяның орасан зор маңызын қандай да бір есті моральдық және саяси доктринаның қажетті негізі деп өзінше түсінетін жұртшылықтың назарын қатты аударып отырған кезде неғұрлым түсінікті бола түсуде.
ХХІ тарау
Материалдық, тәндік, интелектуалдық және моральдық прогресс
теориясы
Позитивизм біздің бүкіл жеке және қоғамдық тіршілігіміздің тұрақты мақсаты әуелі сыртқы жағдайларды және содан кейін, әсіресе, біздің ішкі табиғатымызды жаппай жетілдіру деп санайды. Прогрестің бірінші тегі – өзінің материалдық жағдайын азды-көпті жақсартуға ұмтылатын біз және барлық басқа неғұрлым жоғары дамыған жануарлар үшін бірдей. Прогрестің осы тегінің нәпсілік сипатына қарамастан, ол, өзінің тым жеңілдігінің арқасында,
біз үшін жетілудің қажетті бастауын құрайды, бұл жетілудің неғұрлым жоғары дәрежелерін оның тым тұрпайы пошымына елікпеген халықтар бағалай білмейді. Материалдық прогреске қазіргі кезде байқалып отырған ересен құмарлықтың себебі ле нақ сол болып отыр, осынау құмарлықтан адамзаттың таңдаулы бөлігі, мұның үстіне, барынша қолайлы жақсартуға өздігімен туындайтын ұмтылыстан нәр алады, ал олардың табанды қарсыластары осынау ырықсыз бастапқы елігуден бас тарта алмайды. Айтпақшы, біздің басқа бір елеулі жетілуді бастап кетуге болатын ақыли және адамгершілік енжарлығымыз қазір материалдық прогреске беріліп жүрген шектен тыс мәнді ақтамаса да, түсіндіреді. Қалай десек те, адамзаттың басты сипатты белгісін прогрестің екінші түрі құрайтындығы күмәнсіз, бұған әрине, кейбір жоғары дамыған жануарларда осы тұрғыдан байқалатын еміс-еміс бастама жатпайды, шынына келгенде олар да өздерінің төл табиғатын ең қарадүрсін нобайда жақсартуға тырысады. Осынау шынайы адамдық жетілу, жақсарудың үш түрін қамтиды, олардың қиындығы біздің тәндік, интеллектуалдық немесе моральдық табиғатымызға қатыстылығына қарай, олардың маңыздылығымен және көлемділігімен бір мезгілде өсе түседі. Оның дәл сол принципке сай мүшелеуге болатын бірінші сатысы өзінің бастауында қарапайым материалдық прогреспен бірігіп те кетеді. Бірақ тұтас алғанда ол біздің шынайы бақытымызға оның ерекше зор ықпалының салдарынан неғұрлым маңызды және неғұрлым қиын болып табылады. Біз, мысалы, өзендеріміздің арнасын немесе қолдан жасалған қатынас жолдарымызды барынша жетілдіргеннен гөрі, өз ғұмырымызды аздап болса да ұзартудан немесе денсаулығымызды шамалы болса да нығайтудан көбірек ұтамыз, бірақ сол жетілдірулер арқылы өздерінің табиғи ұйымдастырылуы арқасында құстар пайдаланатын, артықшылықтарға бәрібір ешқашан жете алмаймыз. Қалай десек те, ішкі прогрестің осынау бірінші түрі тек адамға тән деп санала алмайды, өйткені кейбір жануарлар осы бағытта, әсіресе, мұндай жетілудің табиғи бастауы болып табылатын тазалық жөнінде қандай да бір қадамдарды өздігінен жасай береді.
Міне осылай, адамзат тек интеллектуалдық және моральдық жетістіктерімен ғана жақсы сипаттала алады, жануарлар бұған тек ілуде бір жағдайларда ғана жете алады, ал олардың ұжымдық өрлеуі тек біздің тұрақты араласуымыз арқылы ғана мүмкін. Толық жетілудің осынау ең жоғары екі сатысы, төменгі екі сатысының тең еместігі секілді, өзінің құндылығы, аумақтылығы және қиындығы жағынан өзара тең емес, оның үстіне біз оларды әрқашан жеке немесе қоғамдық адами бақытқа тигізетін шын ықпалына қарап бағалаймыз. Біздің ақыли, ғылыми немесе эстетикалық жақсаруымыздың, бақылау әдісі жағынан да, индуктивтік немесе дедуктивтік қабілет жағынан да әлеуметтік ахуал оны тиісінше пайдалануға мүмкіндік беретін кезде, біздің тағдырымыз үшін маңызы зор және барлық тәндік, әсіресе материалдық жақсаруға қарағанда көбірек өрлей алады. Бірақ осынау толғамның басы жағында берілген негізгі түсіндірмеге сәйкес, шынайы адамдық бақыт, моральдық прогреске әлдеқайда көп тәуелді екендігі айқын, оған жету неғұрлым қиын болғанымен, ол үшін де бізде мүмкіндік көп. Бұл жағынан алғанда, мысалы, қайырымдылық пен ержүректіктің шын ұлғаюына тең бола алатын интеллектуалдық жақсару жоқ. Сондықтан, біздің жеке немесе қоғамдық өміріміздің жиынтығы туралы дәл ұғымды оңайлату үшін, ол, негізінен, кез-келген бізді шынайы бақытқа басқасына қарағанда, неғұрлым төте, неғұрлым дұрыс жолмен жетелейтін адамгершілік мінсіздікке бағышталуы керектігін көрсету жеткілікті болады. Адамгершілік жетілу бізді оған біртіндеп дайындалу қызметін атқаруға тиісті одан бұрынғы жетілу түрлерінен арылта алмайтындығына қарамастан, ол өзінің бойына біздің бүкіл өміріміздің мақсатын жиып алуға қабілетті, өйткені ол осы байланыс арқылы табиғи түрде басқа барлық жетілуді туындатады. Сонымен, біздің жетілуіміз, негізінен, нақты өмір үшін, ең маңызды екі адамгершілік сапаға, атап айтқанда аффектілік импульс пен белсенді шешімге жатады; бұл сапалардың мәнісі іш тарту мен қуат; мұны біздің бүкіл батыс тілдеріндегі екі жыныстағы жүрек сөзі мағынасының сәтті қос мағыналылығы көрсетеді. Позитивтік философия, өзінің алдындағы барлық басқа
философияларға қарағанда, осы сапаларды неғұрлым тікелей, неғұрлым толық және неғұрлым дәл дамытуға ұмтылады. Біздің бүкіл ойымызды, сезімдеріміз бен қаракеттерімізді әлеуметтік сезімдерге бағындырып, бұл философия іш тартуға бай екенін көрсетеді. Ал қуатқа келсек, бұл философия еркіндіктің қандай да шектелуін түбегейлі мойындамайтындығымен, біздің бойымызда шынайы ар-намысты қоздырып отыратындығымен және бізді ұдайы жеке және ұжымдық қызметке ынталандыратындығымен барлық жерде соны көздейді және оны ұдайы сіңіріп отырады. Тіршіліктің осынау ақытқ пошымына біздің өзіміздің енуіміз бұл тұрғыда шешуші дәлел болып, біздің әрқайсысымызды заманында ең ержүрек және ең тәкаппар мінез иелерін де қайқаңдатқан үрейді еңсеруге міндеттейді. Адамның әуелі материалдық, одан соң тәндік, одан кейін интеллектуалдық және ақыр соңында, әсіресе моральдық болып табылатын жетілуінің негізгі жүйесі осындай. Осынау басты төрт саты дәл осы ережеге сәйкес екінші дәрежелі сатыларға бөліне алады, және де олардың арасында көптеген қалыпты өткелдер құралады. Бұл жерде мен ол егжей-тегжейге көңіл бөлгім келмегенімен, осынау бүкіл бөлінудің философиялық принципі құбылыстардың не ортақтығына, не күрделілігіне сәйкес келетін шынайы энциклопедиялық иерархия принципімен ұқсас екендігін көрсете кетуді бәрібір қажет деп санаймын. Егер осынау екі қатар бірдей тәсіл бойынша құрастырылса, онда олар бір-біріне егіздің сыңарындай ұқсас болып шығады. Олар қажеттігіне қарай ғылыми мақсат үшін төменгі бөлігін, әлеуметтік мақсатта қолдану үшін жоғары бөлігін неғұрлым егжей-тегжейлі нобайлағанда ғана әрқилы болып көрінеді. Бірақ ақиқат пен жақсылықтың осынау қос баспалдағы, әлеуметтік көзқарас барлық басқаларынан жоғары қойылғанда да, жоғары игілік жаппай сүйіспеншілікке керек болғанда да ешқандай айырмасы жоқ қорытындыға жетелейді. Негізгі ұранды осынау бұл жүйелі бағалау – жаңа философияның басты міндетін құрайтын рухани өзгерістің қысқаша сипаттамасы. Позитивизм бір
мезгілде католицизмнің орта ғасырлардағы ең ізгі әлеуметтік талпыныстарын және Конвенттің ұлы бағдарламасының ең маңызды шарттарын қалай жүзеге асыратындығын түсіну енді қиын емес. Бұрын католикшілдікке және революциялық рухқа тиесілі болған қарама-қарсы құндылықтарды түпкілікті иемденіп, позитивизм теологиялық және метафизикалық ойлау әдістерін қосақабат серпіп тастайды, өйткені бұдан былай, олардың қайшылықты функциялары бір ақтық доктринамен жақсырақ орындала бастаған сәттен олардың екеуі де енді пайдасыз. Рухани өкіметті дүниауи өкіметтен қалыпты бөлу әсіресе осы тұтасу мен осы қажетті тазалануды туындатуға тиіс еді, өйткені ол осынау ұзақ даярлықтан өткен антагонизмнің басты тақырыбы болатын.
ХХІІ тарау
САЯСИ НҰСҚАУЛАР. ӨТПЕЛІ РЕЖИМ. УАҚЫТША ҮКІМЕТ
Ұлы революцияның екінші бөлігін бүкіл Батыста сипаттауға тиісті ақыли және адамгершілік өзгерісті мүмкіндігінше анықтап болған соң, маған енді осынау философиялық қозғалыс пен бүкіл осы заманғы саясаттың арасындағы қажетті қатынастарды көрсету қалды. Позитивизмнің эволюциясы өз негізінде қазір ескі доктриналардың қалдықтары білдіретін әлеуметтік ұмтылыстарға тәуелсіз болғанымен, алайда оқиғалардың барысы оған әсер ете алады, оны болжап білу маңызды. Керісінше, жаңа доктринаның тиісті ортаны айтарлықтай өзгерту мүмкіндігі болмаса да, алайда, бұл арада жақсартулар жасауға қабілетті, оларды көрсете кету қажет. Осынау екі көзқарас тұрғысынан, бұл шығарма алғысөзі болып табылатын трактатта, шынайы әлеуметтік ғылым анықтаған қалыпты болашақтың келуін мүмкіндігіндігінше жеңілдетуге тиіс қалыпты өтпелі кезеңнің бойында болуға тиісті сипат мұқият зерттеледі. Сондықтан менің жалпы кіріспемнің осынау екінші бөлігі, егер мен оған жаңартушы доктрина
шешуші артықшылыққа ие болғанға дейін жеткілікті нұсқауды қоспасам, толық болмас еді. Бұл саясаттың басты сипаты белгісі оның уақытша міндетімен айқындалады. Пікірлер мен құлықтардың қазіргі анархиясы жалғасып жатқан кезде бірде-бір тұрақты мекеме жасала алмайды. Әлеуметтік өмірдің барлық маңызды оқиғаларында терең сенімдер мен жүйелі дағдылар үстемдік алғанша, осынау қайта құруды жеңілдете алатын әрқилы шаралар ғана табысқа жете алады. Барлық басқа әрекеттердің ғұмыры қысқа болады, мұны, бастапқы кезде ол әрекеттер авторларының, халықтың елігуі қолдаған бос үміттеріне кереғар тәжірибе талай рет дәлелді. Біздің революциялық ахуалымыздың осынау даусыз шартын, республикалық төңкеріске жетекшілік еткен айтулы жиналыс қана жеткілікті түсіне алды. Екі ұрпақ бойында біздің тағдырымызды билеп-төстегісі келген барлық жоғары биліктердің ішінде тек Конвент қана, интеллектуалдық және моральдық іргетастың жасалуын күтпей-ақ тіл мекемелерін құруға болады-мыс дегендей өркөкірек саяси сағымға бой алдырмады. Сондықтан да жалғыз сол ғана ақылдар мен жүректерде ең терең із қалдырады. Оның ұлы шаралары, тіпті бүгінгіге қарағанда болашақты көбірек күйттейтін шаралардың өзі ашықтанашық уақытша деп жариялауының арқасында ғана олар өзгертілуге тиісті ортамен табиғи жарасымды болып отырды. Әрбір шынайы философ инстинкт деңгейіндегі осынау кемеңгерлікке әрқашан құрметпен тәнті болады, ол кемеңгерліктің ешқандай нақты теорияға арқа сүйей алмағаны былай тұрсын, оның ұлы Фридрих өлгеннен бері Батыс мақтан тұта алатын, оның барлық аса көрнекті мемлекеттік қайраткерлердің ақыл-есін билеп алған алдамшы метафизиканың рухымен үздіксіз күресіп отыруына тура келді. Егер осынау артықшылыққа себепші болған тегеурінді қажеттілік қазіргі кезде қандай да бір ақтық құрылыстың тіршілік етуінің мүмкін еместігін көрсету немесе, ретроградтық шапқыншылыққа бір өзі ғана бөгет бола алатын саясатты күшті шоғырландыру жолымен ресми доктринаның анархиялық иллюзияларын тежеп
отыру арқылы оның өрлеуіне айтарлықтай жәрдемдеспесе, ол артықшылықты түсіндіру мүмкін болмас еді. Осынау желеп-жебеуші қажеттілік өзінің өткір сипатынан айрылған бойда өзінің ізашарынан әлдеқайда кем дәрежеде болса да, ұлы жиналыс тұлдырсыз ақтық ахуалды қалай да толық орнатамыз деген метафизикалық елігуге бой алдырды, бұл ақтық ахуалдың ұзақтығы Конвенттің басқаруының бірінші бөлігінің даңқын мәңгілік еткен әуелі уақытша режим үшін тағайындалған шекке де жетпеді. Өзінің арнаулы қаулысына сәйкес бұл революциялық үкімет жаппай бейбітшілік орнаған жағдайда ғана өзінің өмір сүруін тоқтатуға тиіс болатын. Бірақ егер ол үкімет сол мерзімге дейін құламай тұра алса, онда, тегінде, сол кезде басқарудың түпкілікті тұрпатын орнату шынында да мүмкін еместігіне байланысты, оны болашақ уақытқа да сақтап қалу керек болар еді. Бұл айрықша саясат, дау жоқ, біздің ұлттық қорғанысымыз үшін қажетті саясат ретінде тек сол кездегі жағдайдың шұғыл мұқтаждықтарынан туындаған-ды. Алайда, кез-келген басқа пікірді кейінге ысырып тастаған осынау уақытша қажеттіліктен басқа, сол кезде әлі мүмкін емес тарихи теория ғана аңғара алатын неғұрлым терең және неғұрлым берік себеп бар еді. Ол шынайы саяси қайта құру қажет ететін, интеллектуалдық және моральдық негіздердің мүлдем жоқтығын туындатқан үстем метафизиканың таза теріс табиғатында жатқан-ды. Осынау орасан ағаттық санаға сіңбегенімен, ол ақтық режимді енгізу ісін кейінге қалдырудың басты себебі болды. Орнаған бейбітшілік ол себепті тез-ақ тауып алар еді, өйткені оны қарсы қосындағы, әділетті республикашыл күреске жат адамдар құрып та қойған болатын. Ол себеп, әсіресе, алдыңғы ғасыр барысында талдап жасалған бірыңғай сыншыл доктриналарға нағыз табиғи қабілет теліген сөзсіз болатын бастапқы қателіктің арқасында көзге көріне қоймады. Революциялық метафизиканың нақ осы ұқсастығы оның едәуір анархистік табиғатын әшкере еткен кезде, ақтық құрылыстарға ұмтылыс ұзаққа созылатын ретроградтық қозғалыстың қажетті бастауына айналады да, оның әрқилы фазалары барлық келесі
жүзжылдықтардың өн бойын жайлап алады. Өйткені, шын өзгерістерге лайықталған принциптердің болмауы, осынау тыраш әрекеттерді сол кезде жүйелеуге болатын нақты тәртіптің жалғыз ұғымдарын білдіретін ескі құрылыс принциптеріне негіздеуге мәжбүр етті.
ХVШ тарау
РУХАНИ ӨЗГЕРІС ДҮНИАУИ РЕФОРМАНЫҢ АЛДЫНДА
ЖҮРГІЗІЛУГЕ ТИІС
Біздің революциялық ахуалымыз жоғарыда көрсетілген жағдайдың салдарынан жаңа ретроградтық әрекеттер қатерінен тікелей дүниауи өзгерістерге кірісуге әлі де мүмкіндік бермейді, ол әрекеттер бұрын былай бір мезгілде анархистік әрекет те болып кетеді. Позитивизм шынайы ақтық режимнің философиялық негіздерін қазірдің өзінде көрсетіп бергенімен, бұл жаңа принциптердің, алайда, әлі мардымсыз дамығаны және, ең бастысы, тым жартымсыз бағаланғаны соншалық, олар шын мағынасындағы саяси өмірді тіпті де басқара алмайды. Ол принциптер ақылдар мен жүректерде бірінші орынға шыққанша, ал бұған бір ұрпақтың ғұмыры қажет, олар ақтық мекемелерді біртіндеп тұрғызу ісін басқара алмайды. Рухани өзгерістермен тікелей айналысуға болады, бұрын ол қаншалықты тым қажет болсға, төтенше қиындығына қарамастан, қазір ол, ақыр соңында, соншалық жүзеге асатын іс болып отыр. Ол жеткілікті ілгерілетілген кезде, ол біртіндеп шын дүниауи өзгерістерді айқындайды, бұл жұмыс мезгілінен бұрын қолға алынса, онда тек жаңа былықтар туындатар еді. Әрине, бұл бұлғақтар енді дәл бұрынғыдай ауыр саяси салдарға соқтыра алмайды, өйткені біздің нақ терең рухани анархиямыз бір мезгілде әрі берік, әрі ортақ бола алатын барлық шын сенімдердің басым түсуіне бөгет болады. Аса басым болған бірден-бір доктриналар үзілді-кесілді сынмен демелген даусыз тәжірибе барлық жерде революциялық метафизиканың табиғи дәрменсіздігі
мен қиратушы тенденциясын дәлелдеп бергеннен кейін мүлдем қалжырап қалды. Теологияның жасампаз ұмтылыстарынан туындап, ол жасаған жеңілдіктерден әлсірегендік революциялық метафизика ретроградтық ұмтылыстар мен анархияның арасында ұдайы сенделіп жүретін, немесе, дұрысырағы, теологияның патшалығы секілді метафизиканың үстемдігі де әбден жерітіп біткен әлеуметтік ортаны ауыздықтау қажеттігінен бір мезгілде әрі құрсаулаушы, әрі қиратушы болатын саясатқа ғана жетектейді. Бірақ, осынау түбегейлі қожырау жеткілікті құштарлықтың жоқтығынан бұдан былай мүмкін емес терең саяси бұлғақтың ықтималдығы туралы қандай да бір елеулі беймазалықты сейілтуге тиіс болғанымен, соған қарамастан, ақтық құрылысты тікелей орнатуға эмпиристік ұмтылыстар олардың даусыз жеміссіздігінен бөлек өкінішті тәртіп бұзушылықты да қоздыруы мүмкін. Осынау одағай жағдай принциптер мен сезімдердің толайым татулығын орнатуға мүмкіндік бермейтін интеллектуалдық және моральдық алауыздық қаншаға созылса, соншаға сөзсіз жалғаса береді, бұл екі тұрғыдан алғанда әлгіндей татулық қана нақты да толық қауіпсіздікті орнатуға қабілетті. Бұл уақытша тепе-теңдіктің өздігінен орнауы оны күткеннен де неғұрлым берік еткенімен, ол тепе-теңдік елдің ішінде және тіпті сыртында табиғи түрде жиі алаңдаушылық туғызады, қашанда сүлесоқ болатын ол алаңдаушылық практикада көбіне-көп тажалды реакция туындатады. Дүниауи реформаға шұғыл кірісудің кез-келген әрекеті бұл жағдайды жақсарту былай тұрсын, қайта табиғи түрде жантәсілім етуіне мүмкіндік беруіміз керек қаусаған доктриналарды қолдан тірілтіп, оны әрқашан нашарлата түседі. Өкімет тарапынан ол доктриналарды оятудың арамтер әрекеттері жұртшылықтың және тіпті түпкілікті принциптердің бейбіт жолмен атқа мінуіне қажетті ақыл-ой еркіндігінің ойшылдары арасында тәртіптің бұзыла бастауына ғана апарып соқтыруы мүмкін. Осылай, бейбіт заман орнағанына қарамастан, біздің жаңа республикалық саясатымыз, жалғасып жатқан рухани тепе-теңдіктің салдарынан, бұрынғы саясат секілді, мәнісі жағынан уақытша болуға тиісті. Осынау уақытша сипат
онда тіпті ерекше байқалуға тиісті, өйткені, ресми метафизиканың табиғи құны жөнінде қазір ешқандай елеулі иллюзия жоқ, ол метафизика бір жағынан, қандай да бір принциптердің қажеттігінен, екінші жағынан, нағыз әлеуметтік доутринаның тапшылығынан бүгінде қайта тірілген сыңайл, ал мұның өзі марғаулықтан ада естілердің көпшілігінде жүйелі сенімдердің мүлдем жоқтығына күрт кереғар жағдай. Әуелгі кезде сөзсіз болатын, қоспасыз сыншыл принциптерді табиғи принциптер ретінде қолдануға мәжбүр еткен иллюзия, енді қайтып байыпты тіріле алмайды. Бұл орайда көңілді тоғайту үшін, өнеркәсіптік құлықтардың, эстетикалық талғамдардың және ғылыми ұмтылыстардың барлық жерде таралуына көңіл аудару жеткілікті, олардың өздігінен болатын үш жақты ықпалы идеологиялық жағынан да, психологиялық жағынан да метафизикалық догмалардың әлеуметтік үстемдігімен ымыраласпайды. Адамзаттың ақтық естелігі барған сайын неғұрлым тікелей байланыстырылатын бастапқы дүрбелеңнен бізді алыстата түсетін ұзаққа созылған ретроградтық қозғалысты да, дүдамал қимылсыз ахуалды да тезірек ұмытуға мәжбүр етіп, біздің республикалық сезімдерімізді жаңадан беркіту үшін бізді қазір революцияның бірінші бөлігіне оралдыратын табиғи елігуден тым қорқудың қажеті жоқ. Осынау қажеттіктерді қанағаттандыра отырып, қоғамдық инстинкт, сонымен бірге мына ұлы дәуірде біз үшін еліктеудің басты нысанасы өзінің прогресшіл фазасында түпкілікті қайта құруды жақсырақ сәтке дейін қалдыра отырып, сөзсіз уақытша саясаттың қажеттігін бағалай білген Конвенттің, тек таң қаларлық кемеңгерлігі болуға тиістігін тез түсінді. Қияли конституция жасаудың кез-келген жаңа әрекеті көп ұзамай Францияда, демек, бүкіл Батыста мұндай тәжірибенің толық бекершілігі жөнінде терең ортақ сенім туғызады деп үміттенуге негіз бар. Айтпақшы, күні таусылып бара жатқан метафизиканың бұл соңғы тыраштануы толық еркін талқылау жағдайында және саяси өзектерге де, христиандық құпияға да бірдей күманмен қарайтын халық арасында жасалады. Осыған дейінгі бірде-бір тәжірибе бұдан былай берік сенімнің бірден-бір
ықтимал қайнарын ашатын шынайы дәлелдердің жолын жабатын доктриналар үшін осыншалық қолайсыз жағдайда жасалмап еді. Осылай, егер тіпті жаңа конституция барынша мұқият әзірленсе де, қоғамдық пікір, ол жасалып бітуден бұрын-ақ оны мойындамауы, сөйтіп оның алдыңғы конституциялар шыдас берген орташа қысқа мерзімге ресми өмір сүруіне жол бермеуі әбден мүмкін. Ал бұл тақырып бойынша еркін талқылауды заң тарапынан шектеуге бағытталған қандай да бір әрекет біздің ақыли және әлеуметтік ахуалымыздың осынау табиғи салдарына апарып соқтырады.
ХХІV тарау
Рухани дүрдараздық барысдағы үкіметтің міндеті: материалдық тәртіпті қамтамасыз ету, сөз және пікірталас бостандығына кепілдік беру
Рухани дүрдараздық жалғасып жатқан кезде бізге таза уақытша саясатты міндеттейтін қажеттілік, сондай-ақ осы өтпелі режимнің шынайы табиғатын да айқынайды. Егер Конвенттің революциялық үкіметі ортақ бейбітшілік орнағанға дейін шыдас берсе, ол, күмәнсіз, билік басында әрі қарай қала беріп, тек жаңа қажеттіктерге сәйкес өзінің басты сипатын өзгертер еді. Ұлттық күрес толастамай тұрған тұста ол, әрі рухани, әрі дүниауи, құлаған корольдік өкімет төтенше прогресшіл бағытының салдарынан тек неғұрлым жоғары қуатымен ерекшеленетін күшті диктатура болуға тиіс еді; оны нағыз тираниядан өзгешелейтін де тек сол белгі болатын. Бірақ бейбітшілік қажетіне қарай саясаттың осынау толық шоғырландырылуының түбіне жетіп тынды, онсыз республиканы қорғау да сәтсіз аяқталатын еді. Өзгерген жағдайларда өзінің тіршілігі үшін тек шынайы әлеуметтік принциптердің жоқтығына қарыздар уақытша үкімет, осыған дейін мүмкін емес, тіпті қауіпті, бірақ енді түпкілікті өзгерістер үшін бір өзі ғана берік негіз қызметін атқара алатын жаңа баршаға бірдей доктринаны әзірлеп, орнатудың басты шартына айналған пікір баяндау мен пікірталастың толық еркіндігіне жол беруге тиіс.
Туа бітті революциялық үкіметтің осынау ойдағы өзгеруі, бұдан былай ортақ мызғымайтын бейбітшілік пен терең рухани анархия ортасында қайтадан түлеп келе жатқан француз республикасы үшін әбден лайық ерекше саясатта жүзеге асуға тиіс. Конвенттің жексұрын мұрагерлері өздеріне жағдаят күшімен тапсырылған прогресшіл диктатураны ретроградтық тиранияға айналдырып жіберді. Ұзаққа созылған реакцияның соңғы фазасында бұл толық шоғырланудың жергілікті өкімет заңының негізіндегі қарсы әрекет салдарынан мүлдем қожырады. Орталық өкімет қашанда ресми құдіреттілікке ұмтылғанымен, алайда зерттеулер еркіндігінің даусыз кеңейе түсуі, оған қоғамдық тәртіп талап ететін тек дүниауи басшылықты қалдырып, оның пайдасыз рухани үстемдігін барған сайын азайта берді. Реакциядан кейін келген үзіліс барысында орталық өкіметті бөлшектеу мен жергілікті өкіметті күшейту арқасында тіпті дүниауи диктатура да заңды жолмен жойылды. Осынау екі өкімет те өздерін түгелімен толық ақыли анархияның арасында қолдап отыру барған сайын қиындай берген материалдық тәртіпке бағыштады да, рухани өзгерісті басқарудан үн-түнсіз бас тартты, ал ақыли анархияны ешқандай адамгершілік іргетассыз-ақ, қоғамдық құрылысты жалғыз ғана мүдделерге негіздеуге болады деп есептеген сорақы эмпиризм күшейте түсті. Біздің республикаға қажетіне қарай тән болған прогресшіл сипат, әрине, оның екі дүниауи органына сөз жоқ шиеленісті табиғи күшейте түсу мүмкіндігін береді, ондай күшейту бұрынғы кезде еңсерілмейтін жиіркенішті қоздырар еді. Бірақ, олардың қайсысы болса да біреуі Конвенттің уақытша диктатурасын қандай да бір пошымда қайта тірілткісі келсе, зор қателік жасар еді. Мұндай әрекет сәтті бола алмайтындығына қарамастан, ол, сонда да, ауыр бұлғақты туындатар еді, ол бұлғақ бұл орайда қолданылатын, абыройдан біржола жұрдай болған метафизиканың табиғатына сәйкес, салған бойдан әрі анархистік, әрі ретроградтық болар еді. Осылай, берік те ортақ сенімдердің мүлдем жоқтығы, енді, негізінен, материалдық тұрғымен шектелетін таза уақытша саясат жүргізуге мәжбүр етеді: сонымен бірге ішкі және сыртқы жағдайдың қолайлы шарттары
түпкілікті құрылысты сипаттауға тиісті ұлы ақыли және адамгершілік жаңғыруға жәрдемдесетін басқа саясатты талап етпейді. Конституциялық монархия ұлы революцияның түпкілікті нәтижесі деп мойындалған ресми өтірікті біржолата баға бере отырып, біздің республика өзінің бірден-бір адамгершілік принципін бұлжымайтын принцип деп жариялай алады, ол принцип – барлық нақты күштерді ортақ игілікке тікелей бағыштай алатын әлеуметтік сезімнің толық та тұрақты басымдығы. Енді міндеттеп жатудың қажеті жоқ бірден-бір, шын мәніндегі ақтық ереже осындай, өйткені ол, барлық қарама-қайшы соқыр сенімдер мүлдем қиратылған кезден бастап оны дауға айналдыруға мүмкіндік бермейтін, жалпыға бірдей ұмтылыстардан өздігінен туындайды. Бірақ, осынау әмбебап жұртшылық патшалығын тікелей ұйымдастыра алатын доктиналарға, демек, мекемелерге келсек, біздің республикалық басқару пошымы, шындап келгенде ыру-тыру күйінде қалып, көптеген режимдерге жол береді. Саяси көзқарас тұрғысынан алғанда бұл арада келмеске кеткен неткен нәрсе корольдік өкіметті жою ғана, ол қандай пошымда өмір сүрмесін ежелден бері Францияда және тіпті, кемірек дәрежеде, бүкіл Батыста регресс символы болып келді. Әлеуметтік сезімнің бірінші орында тұратындағын осынау салтанатты мойындау – республикалық басқару пошымының негізгі еңбегі – ақтық режимді тікелей құрудың қандай да дәмесін тікелей теріске шығарады, өйткені бұл бұрынғы доктриналардың осы заманғы қалдықтары бастауы бола алмайтын жүйелі шарттардың болуын көздейтін нақты шешімді жақсылап іздестіруге қайшы келеді. Ақыли және адамгершілік өзгерістер бұдан былай барлық ойшылдардың еркін бәсекелестігіне бүкпесіз берілуін талап ете отырып, шынайы философтар, осылай, республиканың атынан сөйлейтін болады, ал республика үшін қазір ұтымсыз сенімдердің қайсыбірін қасиетті-міс деп дәріптеуге кедергі жасау төтенше маңызды. Мұндай қолдау, парламенттік үзіліс барысында реакциялық билік тарапынан көрінген инстинктік қарсылықтан гөрі, саяси қозғалыстың зиянды артық-ауысына қарсы толық философиялық еркіндікті қамтамасыз ету үшін анағұрлым пайдалы болады.
Мекемелерді тікелей құруға осынау күшті, бірақ соқыр жиіркеніш, әрқилы метафизикалық утопиялармен сіңірілген барлық іру-тіру әрекеттердің сөзсіз қирауының салдарынан, бұдан былай бақытымызға қарай, кемеңгер қоғамдық немқұрайлылықтың табиғи өсуімен алмастырылады. Жаңа саяси ахуал төндіретін бірден-бір шынайы философиялық қауіп, қоғамды және тіпті ойшылдарды тек үстірт те асығыс бағалауға негізделген практикалық тәжірибелерге шұғыл итермелей отырып, қандай да бір терең де ұзақ ойлаудан жирентуге ұмтылыста жатыр. Жалғыз сол тепе-теңдік қана әлсіреген саяси реакция философиялық ойдың еркін самғауына бөгет болудан қалған кезде біздің қауқарсыз ақылымызды сол іске бағыштаған болатын. Мойындау керек біздің қазіргі көңіл күйіміз, өзгертуші доктрина мәжбүрлі тепе-теңдік кезінде жүзеге асырылып қоймаса, ол доктринаны әуелгі талдап әзірлеуге мүлдем жарамсыз болар еді. Бірақ нағыз тұжырымдама ретроградтық қозғалыстың соңғы фазасында біржола қалыптасты; содан кейін ол дами берді және тіпті парламентарлық режим тұсында ол ошарылып қалғанның өзінде тарала берді. Қазіргі кезде жаңа философия біржола баурап алған әлеуметтік прогресс жетекшісі ретінде көрінуде. Оның пайда болуы кезінде кедергі жасай алуы мүмкін болған осынау уақытша көңіл күйлер оны бағалауға едәуір қолайлы, тек қана оның басты органдары бүгінде көптеген ойшылдарды тек бір күннің қамын күйттеуге итермелейтін сұрқия әзәзілдіктен әрқашан аулақ тұра алсын деңіз. Ақтық өзгерістерге басшылық жасауға таласатын әрқилы метафизикалық утопиялардың түкке тұрғысыздығы мен елеулі қауіптілігін дұрыс бағалауға тек позитивтік философия ғана қабілетті, және де ол көп ұзамай өзінің принциптері негізінде баршаның назарын пікірлер мен құлықтарды толық жаңғыртуға шоғырландыру үшін осынау пайдасыз саяси толқудан жұртшылықты бұрып әкетеді. Республикалық басқару, позитивизмнің шын міндетіне қажет толық еркіндікпен оны қамтамасыз етіп отырған тұста, ол, басқа бір көзқарас тұрғысынан, жаңа рухани биліктің жергілікті немесе орталық уақытша биліктен негізгі тәуелсіздігін біртіндеп анықтайтын ахуалдың бастауы ретінде
қарастырыла алады. Біздің мемлекеттік қайраткерлердің көпшілік бөлігінің мұрнына исі бармайтын ғылыми білімдер болуын талап ететін ортақ доктринаны айыптауға қабілетсіздігін көп ұзамай мойындауға өз мағынасында алғанда үкімет қана мәжбүр болып қоймайды, оның үстіне, жағдайды дұрыс бағалауға қабілетсіз метафизиктердің даңққұмар армандары туындататын ырың-жырың қоғамдар кез-келген саяси мансаптан бас тартып, өзін философияға салтанатты түрде бағыштайтын ойшылдарға ғана сенім артуға итермелейді. Осылай, позитивизм жүйелі түрде жүргізіп келе жатқан рухани билікті дүниауи биліктен қалыпты бөлу, тікелей қолданудың еліктіргіш жеңілдігін малданып, әуелгіде бұл істе бізге бөгет секілді болып көрінген, біздің республикалық режимнің нәтижесі болады. Біздің революциялық соқыр сенімдеріміз бізді осы ұлы әлеуметтік принциптен едәуір алшақтататын сияқты болып көрінгенмен, алайда тәжірибе үкімет пен қоғамды метафизикалық утопиялар бірдей қауіп төндіретін реттілік пен прогресті бір мезгілде қамтамасыз ету үшін, оны мойындауға мәжбүр етеді. Барлық шын ойшылдар тіпті өздеріне сол принцип ұялататын көзсіз жиіркеніштен арылуға ұмтылатын болады және сол принцип олардың бостекі саяси данққұмарлығын айыптағанымен, есесіне олардың ізгі адамгершілік шарықтаудың орасан зор өрісін ашатынын мойындайды. Осынау жаңа жол ғана өзінің асқақ әлеуметтік міндетінің үстіне қазіргі кезде философтардың уақытша табыстарға ұмтылысымен жиі дақ түсетін нағыз философ деген атаққа әділетті жеке талпыныстың жүзеге асуына жеткізе алады.
“Родоначальники позитивизма. Вып. 4-5. СПб.,
1912–1913” басылымынан қазақшалаған философия
ғылымының докторы, профессор Тұрсын Ғабитов.
Огюст Конт
ПОЗИТИВТІК ФИЛОСОФИЯ РУХЫ
Бірінші бөлім
Позитивтік ойлаудың артықшылығы
БІРІНШІ ТАРАУ
Адамзаттың интеллектуалдық эволюциясы немесе
үш белес заңы
2. Менің негізгі доктринам бойынша біздің бүкіл жеке де, топтық та ойтолғамдарымыз кезектесіп келетін әрқилы үш теориялық белестен сөзсіз өтуі тиіс, бұл арада осы белестер – теологиялық, метафизикалық және ғылыми белестер деген қарапайым атаулармен, бері салғанда осы атаулардың шынайы жалпы мағынасын жақсы түсіне алатын адамдар үшін, жеткілікті түрде анықтала алады. Бірінші белес, әу баста барлық жағынан қажетті болғанымен, бұдан былай қашанда таза дайындық белесі ретінде қарастырлуға тиіс; шынына келгенде қиратқыш сипаттағы тек уақытша ғана міндеті бар өзгерген түр болып табылатын екінші белес біртіндеп үшінші белеске алып келуге тиіс; нақ осы соңғы, бірден-бір әбден қалыпты белесте адам ой-толғамының бітімі толық мағынасында түпкілікті болып шығады.
І Теологиялық немесе жалған белес
3. Біздің барлық ой-толғамдарымыз даусыз теологиялық сипаттағы өзінің бастапқы көріністерінде ең шешілмейтін мәселелерге, кез-келген түбегейлі зерттеуге барынша бой алдырмайтын тақырыптарға артықшылық бергенін өздігінен-ақ бейнелейді. Біздің заманымызда бір қарағанда түсініксіз болып көрінетін, бірақ іс жүзінде біздің ақыл-ойымыздың сол кездегі шын мәніндегі сәбилік ахуалымен толық жарастықтағы кереғарлықтың салдарынан, адам парасаты ең қарапайым ғылыми проблемаларды шешуге қабілетсіз сол кездің өзінде соншалық бір құштарлықпен, ештеңеге мойын бұрмай барлық заттардың бастауын іздейді; өзін таң қалдыратын әрқилы құбылыстардың не бастапқы, не ақырғы себептері мен олардың туындауының негізгі тәсілін табуға тырысады – қысқасы абсолютті білімге ұмтылады. Осынау қарадүрсін қажеттілік сондай ахуал талап ететін дәрежеде, тіпті, түптің түбінде шынында да әйтеуір бір тояттандырыла алатын дәрежеде әрине қанағаттандырылады; бұл біздің өзіміз байқайтын әрқилы құбылыстарды өзіміз туындататын құбылыстарға ұқсастыруға тырысып, барлығына да адами бейне беруге туа бітті ұмтылысымыздың арқасында болады, және осының екпінімен, оларға ілесе жүретін тікелей интуицияның салдарынан олар әбден таныс көріне бастайды. Осынау жабайылық ахуалдың барған сайын жүйелі дами түсуінің нәтижесі болып табылатын таза теологиялық рухты жете түсіну үшін ең озық халықтарда біздің көз алдымызда аяқталып келе жатқан, бірақ тіпті де неғұрлым тән болып табылмайтын оның соңғы фазисін қарастырумен шектелудің қажеті жоқ – оған дәйекті түрде тән басты үш пошымның бәріндегі негізгі ұқсастықты бағалау үшін оның бүкіл табиғи барысына философиялық тұрғыдан көз жүгірту қажет. 4. Барынша етене және барынша анық көрінетін фаза – фетишизм; ол көбіне-көп барлық сыртқы денелерге біздікіне едәуір ұқсас өмір тән, бірақ олар неғұрлым күшті ықпал ететіндіктен, олар әрдайым дерлік неғұрлым жігерлі деп
білуден аңғарылады. Аспан шамшырақтарына әуелгі кезде жануарлардың ең дамыған түрлері келіп тірелген ақыл дәрежесінен әупірімдеп қана ажыратылатын осынау алғашқы теологиялық белестің неғұрлым биік баспалдағын сипаттайды. Теологиялық философияның осынау алғашқы пошымы біздің барлық қоғамдардың интеллектуалдық тарихында тұрақты түрде көрінгенімен, ол қазір адамзатты құрайтын үш ұлы нәсілдің саны жағынан ең азында тікелей үстемдік етуде 5. Теологиялық ой-толғам өзінің екінші, негізгі фазасында осы заманғы халықтар жиі-жиі алдыңғы белеспен шатыстыратын нағыз по литеизмге айналып, бұрын адамзат теорияларында инстинкт пен сезім басым болғанындай, қиялдың ой пырағымен еркін шарықтағанын көрсетеді. Осы ахуалдағы бастапқы философия өзінің нақты міндеттерінің жиынтығы ғана ие бола алатын барынша түбегейлі өзгеріске – материалдық бұйымдар, сайып келгенде, өздеріне таңылған өмірден айрылғандығынан көрінетін өзгеріске ұшырады, бұрын ол өмір ойдан шығарылған, әдетте көзге көрінбейтін әртүрлі тіршілік иелеріне мистика арқылы көшірілетін, содан бастап олардың үздік белсенді килігуі барлық сыртқы, содан кейін, тіпті, адамзаттық құбылыстардың тікелей көзіне айналатын. Теологиялық рухты негізінен әлі де жеткілікті бағаланбаған нақ осынау бедерлі фазаның өн бойынан зерттеу қажет, ол рух дәл осы тұста кейін ешқашан болмаған дәрежеде соншалық толық және біртекті дамыған-ды: ол заман қай жағынан алғанда да – ақыл-ой жағынан да, әлеуметтік жағынан да бір мезгілде барынша гүлденген заман болып табылады. Адамзаттың көпшілігі осы кезеңнен әлі де шыға алған жоқ, әсіресе қара нәсілділердің дамыған бөлігі мен үш нәсілдің ішіндегі ең көп таралған ақ нәсілділердің мейлінше артта қалған бөлігі осы кезеңде тұралап отыр. 6. Теологиялық үшінші фаза – монотеизм, сөздің шынайы мағынасында, бастапқы философияның сөзсіз болатын құлдырауын бастап береді, ұзақ уақыт бойы, іс жүзіндегіден гөрі сөз жүзіндегі болса да, әлеуметтік ықпалын тәп-тәуір сақтап ол өзіне тән қарабайырландырудан өздігінен шығып
жататын табиғи салдар күшімен содан былай өзінің интеллектуалдық маңызынан жылдам айрыла бастайды, соның арқасында парасат, барлық құбылыстарды өзгермейтін заңдарға бағындыру қажеттігін айтатын, осыған дейін әрең-әрең ғана байқалатын ортақ сезімге бірте-бірте даму мүмкіндігін беріп, қиялдың бұрынғы үстемдігін бірте-бірте кеміте береді. Әдеттегі жағдайдың осынау шетін пошымы (монотеизм) өзінің тө тенше алуан түр лерінде және тіпті үйлеспейтін түрлерінде ақ нәсілдің орасан зор көпшілігінде азды-көпті бекем күйінде, әлі де сақталып келеді. Бірақ, сондықтан да оны бақылау, осылайша, неғұрлым жеңіл болуға тиіс болғанымен, соған қарамастан оны алдыңғы екі пошыммен жеткілікті парасатты да жеткілікті әділ салыстыруға кедергі жасайтын жеке соқыр сенімдер қазір де оны әділ бағалауға кедергі жасап отыр.
8. Егер бұл трактаттың сипаты маған маңызды әлеуметтік қажеттердің (оларды мен жоғарыда аталған өзімнің шығармамда тиісінше қарастырғам) бой бермес ықпалын жеткілікті көрсете алуға мүмкіндік берсе, осынау әрқилы интеллектуалдық түрткілердің шешуші мәні, мықтап қуат ала алар еді. Міне осылай әуелі теологиялық рухтың ұзақ уақыт бойы неліктен соншалық қажет болғанын әбден дәлелдеп шығуға болады, ол идеялардың барлық басқа астасуларынан гөрі, әсіресе моральдық және саяси идеялардың неғұрлым жоғары дәрежеде астасуы үшін қажет болды, ал олардың астасуының ұзаққа созылғандығы – бұл құбылыстар бастапқы кезде тым болмашы көрініп, елеулі дамуға өркенияттың төтенше ұзақ уақыт өсуінен кейін ғана ие болды. Біздің заманның санасыз сыншыл үрдісімен әрең түсіндіруге болатын оғаш бір дәйексіздік: ежелгі заман адамдары ең қарапайым нәрселер туралы теологиялық рухтан басқаша рухта пайымдай алмас еді дегенді мойындай тұра, әлеуметтік мәселелер саласында дәл солай ойлаудың өзекті қажеттігі болғанын бекерге шығаруға, әсіресе политеистер арасындағы ұмтылыс. Бірақ, оның үстіне, бұл арада мен оны соқырға таяқ ұстатқандай көрсетіп бере алмасам да, мынаны түсіну керек: осынау бастапқы философия біздің жұртшылықтың сол тұстағы дамуы үшін де, біздің ақыли күштеріміздің өсуі үшін де аса қажет еді, не белгілі жалпы доктриналарды (оларсыз әлеуметтік байланыс ауқымды да, тұрақты да бола алмайды) қарадүрсін түзу мақсатында, не сол кездегі өзінен өзі жүзеге асырылып жатқан бірден-бір рухани беделді орнату үшін қажет еді.
ІІ. Метафизикалық немесе абстрактылық белес
9. Шын мәнінде адамзаттың сәби шағына сәйкес келетін бірден-бір философияның уақытша сипаты мен даярлаушы міндеті туралы жалпы түсіндірулер қаншалықты қысқа болуға тиіс екендігінне қарамастан олар осынау бастапқы ойлау салты адамзат ойының толысқан шағына сай келетін ақыли бағыттан барлық жағынан күрт ерекшеленетінін және бұл айырмашылық, бір әдістен екінші әдіске біртіндеп көшу индивидтің де, тұтас бір тектің де бойында іс жүзінде уақытша функциямен шектелген аралық философияның үдемелі көмегінсіз алғаш рет жүзеге асуы үшін, тым терең екенін оңай түсінуге мүмкіндік береді. Біздің ақыл-ойымыздың негізгі эволюциясына метафизикалық белестің арнайы қатысуы осындай, міне осылай біздің ақыл-ойымыз күрт өзгерістерге ұшырамай-ақ таза теологиялық ахуалдан байқалмай дерлік ашық позитивтік ахуалға көтеріледі, дегенмен, бұл екіұдай жағдай екіншісінен гөрі біріншісіне анағұрлым жақын. Бұл белесте үстем ақылой абсолюттік білімдерге тән бағыттың елеулі сипатын сақтап қалады: бұл жерде тек қорытындылар ғана оң ұғымдардың дамуын неғұрлым жеңілдете алатын елеулі өзгерістерге ұшырайды. Шынында да, метафизика, теология сияқты, жан-жануарлардың ішкі табиғатын, барлық нәрселердің бастауы мен міндетін, барлық құбылыстардың түзілуінің негізгі тәсілін түсіндіруге тырысады, бірақ жаратылыстан тыс факторлардың көмегіне сүйенудің орнына, оларды барған сайын мәністермен (entіtes) немесе бейнеленген абстракциялармен көбірек алмастырады, бұл абстаркцияларды қолдану оған әсіре тән болғандықтан, оны көбіне онтология деп атауға мүмкіндік берді. Қазір пәлсапа соғудың осы тәсілін бақылау өте оңай, өйткені, неғұрлым күрделі құбылыстар саласында әлі де басым бола отырып, тіпті барынша қарапайым және барынша мешеу теорияларда күн сайын өзінің ұзақ үстемдігінің соншалық көп елеулі іздерін көрсетіп келеді. Бұл мәністердің тарихи маңызы олардың екіұшты сипатынан тікелей туындайды: өйткені тиісті денеге тән және сонымен бір мезгілде онымен араласып кетпейтін осынау метафизикалық мәністердің әрқайсысында ақыл, өз
қалауынша – оның теологиялық немесе позитивтік ахуалға жақын орналасуына қарай – не жаратылыстан тыс күштің шын эманациясын, не қарастырылып отырған құбылыстың жай әйексіз атауын ғана көреді. Онда таза фантазияның үстем жағдайы тоқталады, бірақ ақиқат бақылау да әлі басымдыққа ие бола қоймайды, тек ой ғана зор кеңшілікке ие болып, шынайы ғылыми жұмысқа ақырындап дайындала бастайды. Мұның үстіне мынаны ескеру керек: метафизикалық белесте ой жүгірту бөлігі бақылаудың орнына уәж келтіруге табанды ұмтылыстың салдарынан бастапқыда төтенше зорайтылған болып шығады – әдетте барлық салаларда, метафизиканың тіпті ең атақты өкілдерінің өзінде метафизикалық ойлау салтын сипаттайтын ұмтылыс. Тұжырымдамалардың теологиялық жүйеге соншалық тән болып келген тұрақтылыққа тіпті де төзе алмайтын икемді тәртібі әрқилы жекелеген мәністерді біртұтас ортақ мәніс – біртіндеп бағындыру жолымен тиісті бірлікке қол жеткізуге (және де, өте тез) тиіс; ал табиғаттың маңдайына жазылғаны – монотеизмнен туындайтын бұлдыр әмбебап байланысқа әлсіз метафизикалық балама болу. 10. Мұндай философиялық қарудың тарихи күшін әсіресе біздің заманымызда жақсырақ түсіну үшін мынаны мойындау маңызды: өзіне ғана тән оң ештеңені ешқашан жасай алмайтын ол өз табиғаты жағынан өздігінен тіпті теория саласында, одан да әрісі әлеуметтік мәселелер саласында тек сыншыл немесе күйретуші қызмет атқаруға ғана қабілетті. Барынша дәйексіз осынау екіұшты философия теологиялық жүйенің барлық негізгі принциптерін сақтайды, алайда, олардың шынайы беделі үшін қажет күш пен тұрақтылықтан барған сайын айыра береді, және адамзат эволюциясының бүкіл жиынтығы үшін ұзақ уақыт бойы прогресшіл болған ескі ойлау салты оның одан әрі өмір сүруі, ол әу баста соншалық абыроймен жетекшілік еткен сәбилік ахуалды белгісіз уақытқа нығайтқысы келетіндіктен зиянды болып шығатын деңгейге сөзсіз жететін сәт үшін оның басты уақытша пайдалылығы нақ осылай бұрмалауында. Метафизика, осылайша, арнайы позитивтік тұжырымдамалардың дамуына кедергі жасайтын тікелей биліктен
өздігінен айыратын күйреткіш қарадүрсіндік салдарынан әлсіреген теологияның бір түрінен басқа, шынына келгенде, түк те емес. Бірақ, екінші жағынан, нақ осы күйреткіш қарадүрсіндіктің арқасында ол қорытушы ақыл қызметін қолдаудың (ол жақсы қоректену мүмкіндігіне жеткенге дейін) уақытша қабілетіне ие болады. Өзінің қайшылықты сипатына орай метафизикалық немесе онтологиялық ойлау салты әрдайым мынадай сөзсіз баламамен бетпе-бет келеді: не тәртіптің мүддесі үшін теологиялық ахуалды қайта қалпына келтіруге текке ұмтылу, не теологияның езіп-жаншушы билігінен арылу үшін қоғамды таза теріс жағдайға итермелеу. Бұл сөзсіз болатын тұрақсыздық ең қиын теориялар жөнінде ғана байқалады, ал бір кездері ол, метафизикалық кезеңнен аттап өткенге дейін, ең қарапайым теориялар жөнінде де діл солай кездесе беретін және бұл осынау философиялық әдіске әрқашан тән табиғи дәрменсіздіктен туындаған. Егер қоғамдық парасат оны баяғыда кейбір негізгі ұғымдардан аластамаса, мынаны кесіп айтуға болар еді: тысқары денелердің болатыны туралы оның осыдан жиырма ғасыр бұрын тудырған мән-мағынасыз күмәні қазір де қайталана берер еді, өйткені сол күмәнді ол ешқашан ешқандай шешуші уәжбен сейілте алған емес. Метафизикалық ахуалды, осылайша, сайып келгенде, сәбилік пен есейген шақтың арасындағы біздің жеке және ұжымдық ойымыздың эволюциясына табиғи тән белгілі бір созылмалы ауру ретінде қарастыруымыз қажет. 11. Жаңа халықтардың тарихи ой өрісі ешқашан политеизм заманынан әрі бармайтындықтан, метафизикалық ойлау да, теологиялық ойлау секілді, соншалық дерлік ежелгі болып көрінуі тиіс. Ал іс жүзінде, ол таза жаратылыстан тыс күштерді дара үстемдіктен айыру үшін, фетишизмнің политеизмге бастапқы айналуына, жасырын түрде болса да, амалсыз жетекшілік етті, ол күштер осылай әрбір жеке денеден аласталғанымен, сол арқылы оның әрқайсысында біршама тиісті мәніс қалдыруға тиіс болатын. Бірақ бұл орайда бірінші теологиялық төңкерісте ешқандай шынайы талқылау мүмкін болмағандықтан, онтологиялық рухтың үздіксіз араласуы келесі төңкеріс, политеизмнің монотеизмге айналу тұсында ғана әбден сипатты болып
шықты, ол монотеизмнің қаруына айналуға тиіс болатын. Оның ұлғая түскен ықпалы бастапқыда, ол теологиялық қысымға бағынышты болған тұста, органикалық ықпал болып көрінуге тиіс еді, бірақ оның, негізінде күйретуші болып табылатын табиғаты содан кейін, ол теологияны қарабайырландыру ісін біртіндеп тіпті кәдуілгі монотеизмнен, бастапқы философияның қажетті түрдегі ең соңғы және шын мәнінде ықтимал фазисін құрайтын монотеизмнен де әрі апарып тастау әрекетін жасап жатқан тұста барған сайын көбірек көрінуге тиіс болатын. Осылай, метафизикалық рух соңғы бес ғасыр бойы теріс әрекет ете отырып, монотеистік режимнің әлеуметтік күші едәуір сарқылған орта ғасылардың аяғына қарай, түпкілікті кертартпа күшке айналған теологиялық жүйені аз-аздап ірітіп, біздің қазіргі өркенияттың негізгі өркендеуіне қолайлы ықпал етті. Өкініше қарай, осы қажетті, бірақ уақытша қызметті мүмкіндігінше толығымен атқара отырып, онтологиялық тұжырымдамалар тым ұзақ қызмет еткендіктен, сондай-ақ жалдаптық жүйенің барлық басқа нақты ұйымына қарсы қарекетке ұмтылуға да тиіс болды; сондықтан шынайы философияның түпкілікті орнығуына ең қауіпті кедергі философия саласында барлық артықшылықтарды әлі де өзінікі деп білетін осы ойлау тәртібінің өзінен туындайды. ІІІ.
Позитивтік немесе нақты белес
1. Негізгі нышаны: Қиялды бақылауға тұрақты бағындыру заңы
12. Қажетті алдын-ала фазистердің бұл ұзын тізбегі, ақыр соңында біздің бірте-бірте босанып келе жатқан ақыл-ойымызды ұтымды позитивистіктің түпкілікті ахуалына алып келеді. Бұл ахуалды біз алдыңғы екі белеске қарағанда толығырақ сипаттауымыз қажет. Соншалық дайындық тәжірибелерінің негізінде теологиялық болсын, метафизикалық болсын бастапқы философияға тән көмескі де беталды түсіндірулердің мүлдем
жеміссіздігін анықтап алған соң, біздің ақыл-ойымыз сәбилік ахуалда ғана орынды абсолюттік ізденістерден бұдан былай бас тартады да, өзінің күшжігерін біздің нақты қажеттіліктерімізге парасатпен бейімделген, біз қол жеткізе алатын білімнің бірден-бір ықтимал негізі болып табылатын және сол сәттен бастап барған сайын кең көлемге ие бола бастаған нақты бақылау саласына шоғырландырады. Ақылөрістік логика осы кезге дейін көмескі принциптерге сәйкес аздыкөпті епті толғаныс өнері болып келеді де, ол принциптер қандай да бір қанағаттандырарлық дәлелдерге сүйенбегендіктен, ұдайы ұшы-қиырсыз дауларды қоздатты. Бұдан былай ол жеке немесе жалпы фактыны қарапайым түсіндіре алмайтын кез-келген сөйлем ешқандай нақты және түсінікті мағынаны бере алмайды деген ережені негізгі ер еже деп мойындайды. Ол пайдаланатын принциптердің өзі шын фактылардан өзге ештеңе де емес, бірақ олардың байланысы құрайтын фактылардан неғұрлым жалпылама және неғұрлым дерексіз фактылар. Мұның үстіне, олардың әдістері қандай, ұтымдылық немесе эксперименттік әдіс болса да, олардың ғылыми күші ұдайы тек қана олардың бақыланған құбылыстарға тікелей немесе жанама сәйкес келуінен ғана туындайды. Сонда таза қиял ой саласындағы өзінің бұрынғы бірінші орнынан біржола айрылады да, бақылауға сөзсіз бағынады (әбден қалыпты логикалық ахуал осындай жолмен қалыптасады), дегенмен, позитивтік пайымдауларында идеялардың ақтық та, әуелгі де байланысының құралдарын жасау немесе жетілдіру мағынасындағы соншалық әрі маңызды, әрі сарқылмас функциясын доғармайды. Бір сөзбен айтқанда, біздің ақылымыздың есейген ахуалын сипаттайтын негізгі төңкеріс, мәнісі жағынан, өзінің тура мағынасында анықтау мүмкін емес себептерді барлық жерде заңдарды , яғни бақыланатын құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарды жай зерттеумен алмастыру болып шықты. Әңгіме не туралы болсын, мейлі ұсақ немесе аса маңызды салдарлар туралы, қақтығыс пен тартылыс туралы, немесе ойлау мен инсаният туралы болсын, біз шынында олардың көріністеріне тән әртүрлі өзара
байланыстарды ғана біле аламыз, ал олардың түзілуінің тылсым құпиясына ешқашан бойлай алмаймыз.
2. Позитивтік философияның салыстырмалы сипаты 13. Барлық салалардағы біздің позитивтік зерттеулеріміз бастапқы себеп пен ақтық міндетті ашудан бас тарта отырып, шын мәнінде бар нәрсені жүйелі бағалаумен шектелуге тиіс, бірақ, соның үстіне құбылыстарды осылайша зерттеу бір кездері абсолютті болуға ұмтылмай, біздің ұйымдасуымыз бен біздің жағдайымызға қарай әрқашан салыстыр малы болып қала беруге тиіс. Осынау екі жақты көзқарас тұрғысынан біздің әрқилы пайымдау құралдарымыздың даусыз пісіп-жетілмегендігін мойындай отырып, біз қандай да бір нақты болмысты барынша толығымен зерттей алу мүмкіндігінен алыс жатқандықтан, барлық нақты болмыстарды, тіпті тым үстірт болса да, көрсетіп беру мүмкіндігінің өзіне сене алмайтынымызды көреміз, олардың көп бөлігі, бәлкім, бізге түгелімен беймәлім күйінде қалуға тиіс болар. Егер маңызды бір сезімді жоғалту табиғи құбылыстардың бүтіндей шоғырын бізден мүлдем жасыра алуға жеткілікті болса, онда, керісінше, жаңа бір сезімге ие болу қазір ешқандай түсінігіміз жоқ фактылардың бүтін бір шоғырын ашып берер еді деп санау әбден орынды; бері салғанда, жануарлардың басты түрлерінде соншалық әркелкі болатын сезімдердің сан алуандығы біздің организмде сыртқы дүниені толық танып-білуді талап ете алатын ең жоғары сатысына дейін жеткен деп ойлау – негізсіз де мағынасыз дерлік болжал екендігі айдан анық. Ешқандай ғылым барлық біздің нақты біліміміздің осы даусыз салыстырмалы сипатын астрономиядан артық дәлелдеп бере алмайды; өйткені онда құбылыстарды зерттеу тек сезімнің ғана көмегімен жүргізілетіндіктен, оның жоқтығынан немесе қалыпты еместігінен туындайтын пайымдық салдарын бағалау өте оңай. Біз қаншама парасатты деп ұйғарсақ та, соқыр мақұлықта ешқандай астрономияның болуы мүмкін емес: дәл сол сияқты бәрінен көп болуы ықтимал қараңғы аспан денелері туралы да, тіпті жарық денелер туралы да, егер біз аспан денелерін өзі арқылы бақылайтын атмосфера әрқашан және барлық
жерде тұманды күйінде қала берсе, біз пікір айта алмас едік. Осы трактаттың бүкіл өн бойында біз осынау тығыз тәуелділікті еш қиындықсыз айқын бағалау оқиғаларына жиі ұшырасатын боламыз, сол тәуелділік біздің өзіміздің тіршілік етуіміздің ішкі де, сыртқы да шарттарының жиынтығы позитивтік зерттеулерімізді даусыз тежеп отырады. 14. Біздің барлық нақты білімдеріміздің қажетіне қарай осынау салыстырмалы табиғатын жеткілікті сипаттау үшін, мұның үстіне, барынша философиялық тұрғыдан мынаны ескерген маңызды: егер біздің тұжырымдамаларымыздың өзі адами феномендер ретінде қарастырылуға тиіс болса, онда мұндай феномендердің мәні тек жеке мән емес, сондай-ақ, әсіресе, әлеуметтік мәндер, өйткені олар, іс жүзінде, барлық элементтері мен фазистері өзінің мәнісі жағынан бір-бірімен сабақтас ұжымдық және үздіксіз эволюциядан туындайды. Егер де, бір жағынан, біздің ақыл-өрісіміз өзіміздің жеке тіршілік етуіміздің әртүрлі негізгі шарттарына үнемі тәуелділікте болуға тиістігі мойындалса, онда дәл осылайша, екінші жағынан, – олар әлеуметтік идеялардың үздіксіз барысының жиынтығына да соншалықты бағынышты екендігін, демек метафизиктердің болжалындағы бір орында қатып қалу жағдайында ешқашан бола алмайтынын да сойындау керек. Бірақ адамзаттың негізгі қозғалысының бұл тұрғыдағы ортақ заңы біздің теориялар біздің тұрақты зерттеулеріміздің сыртқы пәндерін барған сайын дәл көрсетуге ұмтылыстан тұрады, алайда, олардың әрқайсысының ақиқат құрылысын толық бағалауға дәрменсіз болғандықтан – сондықтан ғылыми жетілдіру осы мінсіз шекке жақындау ұмтылысымен шектелуі керек, өйткені біздің әртүрлі нақты қажеттіліктеріміз осыны талап етеді. Позитивтік ақыл-өрісіне тән тәуелділіктің осы екінші түрі астрономиялық зерттеулердің бүкіл барысында оның дәл біріншісі секілді айқын аңғарылады, мысалы, мұны жердің фигурасы туралы, планеталық орбиталар туралы, және т.б. туралы аспан геометриясы пайда болғаннан бері алынған барған сайын қанағаттандыратын бірқатар ұғымдар көрсетеді. Осылайша, бір жағынан, абсолюттік білім бізде ғана деген барлық дәмені аластау үшін ғылыми доктриналар қажеттігіне қарай жеткілікті
тұрақсыз сипатта болғанымен, екінші жағынан, олардың біртіндеп өзгеріске түсуі неғұрлым қауіпті скептицизм тудыратындай ешқандай өзімбілемдік емес; мұның үстіне әрбір кезекті өзгеріс тиісті теорияларға олардың негізіне алынған, бері салғанда, шын дәлдіктің бастапқы дәрежесінен аттап өтпеуге тиісті феноменді көрсетудің шексіз қабілетін береді.
3. Позитивтік заңдардың міндеті: ұтымды болжау 15. Барлық салауатты ғылыми ақыл-өрісінің бірінші негізгі шарты ретінде бақылауға қиялды тұрақты бағындыру бір ауыздан мойындалғаннан кейін, дұрыс түсіндірмеу көбіне-көп мынаған әкеп соқтырады: осынау ұлы логикалық принцип тым асыра пайдаланылып, нақты ғылым басы бірікпейтін фактылардың пайдасыз жиынтығына айналдырыла бастады, оған тән қасиет тек оның ішінара дәлдігінде ғана болатын. Демек, ақиқат позитивтік рух өзінің негізінде мистицизмнен қаншалық қашық болса, эмпиризмнен де соншалық қашық екендігін жақсылап түсініп алу маңызды: ол екеуі де бірдей апатты осынау жалған жолдардың арасынан үнемі өз соқпағын салып отыруы қажет; осындай әрі қиын, әрі маңызды тұрақты сақтықтың қажеттігі біздің бастапқы түсіндірмелерімізге сәйкес, ақиқат позитивтік рух, адамзаттың алғашқы қауымдық ахуалымен оның ешқандай ұқсастығы болмас үшін, қаншалықты байыпты дайындалуға тиістігін қуаттап шығуға жеткілікті. Шындап келгенде ғылым дегеніңіз – құбылыстар заңдарында, ол үшін сөздің тура мағынасында алғанда фактылар, олар қаншалықты дәл және көп болса да, әрқашанда тек қажетті шикі материал ғана. Бұл заңдардың тұрақты міндетін қарастыра келіп, ешқандай әсірелеусіз былай деуге болады: жай ғана байқаудан құралудан тым қашық шынайы ғылым әрқашан тікелей зерттеуден мүмкіндігінше қашқақтауға ұмтылып, оны барлық жағынан позитивтік философияның басты сипатты белгісін құрайтын ұтымды болжаумен алмастырады. Астрономиялық білімдердің жиынтығы бізге мұны айқын көрсетеді. Құбылыстардың арасында ашылған тұрақты қатынастардан қажеттігіне орай туындайтын мұндай көрегендік фактыларды бірінің үстіне
бірін құр үйе беріп, оларды бір-бірінен шығаруға тырыспайтын пайдасыз эрудициямен нақты ғылымды араластыруға ешқашан жол бермейді. Біздің барлық айқын топшылауларымыздың бұл маңызды қасиеті олардың шын пайдалылығына да, олардың өзінің абыройына да бірдей қатысты: өйткені болып өткен құбылыстарды тікелей зерттеу, бізге оларды күн ілгері көре білу мүмкіндігін бермейтіндіктен, олардың барысын өзгертуімізге де мүмкіндік бермес еді. Осылайша, шынайы позитивтік ойлау күнілгері көре білу үшін көре алу, бар нәрсені зерттеп, слдан жаратылыстық заңдардың өзгермейтіндігі туралы жалпы қағидаға сәйкес не туындайтыны жөнінде байлам жасай білу қабілетінен тұрады.
4. Жаратылыстық заңдардың өзгермейтіндігі туралы негізгі ілімнің жаппай таралуы. 16. Бүкіл позитивтік философияның осынау негізгі принципі құбылыстардың жиынтығына әлі тіпті де түгел тарала қоймаса да, осы кезге дейін, абсолюттерге бұрын сіңірілген дағдының салдарынан, баяу және біртіндеп болатын индукциядан ғана болатын, бір мезгілде ұжымдық және индивидуалдық принцип түкке тұрмайтын әрі шатып-бұтқан метафизикалық уәждердің негізінде өзіндік бір туа біткен немесе бері салғанда қарадүрсін ұғым ретінде көрсетіліп келген оның шынайы бастауы әрқашан дерлік еленбеген нәрсе бақытымызға қарай, соңғы үш ғасырдың ішінде үйреншікті құбылысқа айналып келеді. Физикалық қатынастардың өзгермейтіндігін алдымен көрсетпейтін кез-келген сыртқы құбылыстардан тәуелсіз тек ұтымды себеп қана емес, керісінше, адам парасаты өзінің ұзақ сәбилік ахуалының барысында осынау өзгермеуді, егер ол қандай да болсын оқиғаларды, әсіресе ең маңызды оқиғаларды ырықсыз қалауға телуге қажетті ұмтылысына елікпесе, оны бейтарап бақылау өздігінен-ақ таба алатын жерде де елемеуге тым күшті бейімділігін көрсететіндігіне күман жоқ. Құбылыстардың әрбір шеңберінің ішінде әрі әбден қарапайым, әрі әбден дағдылы кейбір құбылыстардың болатыны күмәнсіз және оларды жай ғана бақылау біршама екінші деңгейлі
дәрежелі реттелу болады-ау деген көмескі де байланыссыз сезім ұялатады; сондықтан да таза теологиялық көзқарас ешқашан қатаң түрде жалпыға бірдей бола алмайтын еді. Бірақ бұл жекелеген және кездейсоқ сенім ұзақ уақыт бойы мейлінше аз және ең бағынышты құбылыстарға таралады да, оларды әлгі сенім жиі болатын бұзылыстардан күн ілгері қорғай алмай, жаратылыстан тыс факторлардың киіп-жарып араласуына тели салады. Жаратылыстық заңдардың өзгермейтіндігі принципі ең алғашқы шынайы ғылыми жұмыстар маңызды құбылыстардың тұтас бір шоғыры үшін бұл принциптің толық дәлдігін аңғарған кезден бастап шын мәнінде біршама философиялық негіздерге ие бола бастайды; бұл жағдай политеизмнің соңғы ғасырлары бойында, тек математикалық астрономия жасалған сәттен бастап қана толық орын ала алатын еді. Осы жүйелі кіріспеден кейін бұл негізгі ереже ұқсастық бойынша неғұрлым күрделі құбылыстарға, тіпті олардың өз заңдары белгілі болғанға дейін-ақ таралуға ұмтыла бастағанына күман жоқ. Бірақ өзінің шын жеміссіздігінен бөлек, бұл көмескі логикалық кіріспеде теологиялық-метафизикалық иллюзия ой саласында сақтап қалған белсенді басымдыққа лайықты қарсы тұра алатын күш-жігер бола қойған жоқ. Құбылыстардың әрбір басты шоғыры үшін жаратылыстық заңдарды айқындап көрсетудің алғашқы арнайы тәжірибесі содан кейін осы ұғымға ол ең озық ғылымдарда байқата бастаған мызғымас күш беру үшін қажет болды. Барлық негізгі пайымдаулар шын мәнінде толық өңдеуден өткізілгенге дейін, бұл сенім жеткілікті дәрежеде берік бола алмайтын еді, өйткені ең күрделі құбылыстар жөнінде әлі де сақталып қалған күмән ол кезде сол пайымдаулардың әрқайсысында азды-көпті бой көрсете беретін. Осынау санадан тыс реакцияны қазір де, әлеуметтанушылық заңдар саласындағы әлі дағдылы надандықтың салдарынан физикалық қатынастардың тұрақтылығы принципі кей-кейде тіпті таза математикалық зерттеулердің өзінде өрескел бұзылатын кезде елемеу мүмкін емес, сол зерттеулерден біз, мысалы, мүмкіншіліктердің есептеп шығарылуы үнемі көтермелене көрсетіліп жүргенін байқаймыз, ол белгілі оқиғалар жөнінде, әсіресе адам араласқанда, ешқандай нақты заң жоқ дегенді бүркемелеп енгізіп жіберуге тырысады. Бірақ
бұл жаппай таралу, ақыр соңында, жеткілікті дайындалып болғанда – бұл шарт неғұрлым озық ақыл иелерінде қазірдің өзінде орындалды – бұл ұлы философиялық принцип сол сәтте-ақ толығымен жасалып бітеді, рас, көптеген жеке оқиғалардың шын заңдары ұзақ уақыт бойы белгісіз болып қала беруге тиіс; өйткені қабылданбауы мүмкін емес ұқсастыруды ондай жағдайда әрбір шоғырдың барлық құбылыстарына, олардың кейбіреулері үшін анықталған нәрсені, тек оларда тиісті мағаздық болса жетіп жатыр, күн ілгері қолдана береді.
Екінші тарау
Позитивтік ойлаудың міндеті
17. Біздің ақыли толғамдарымыздың сыртқы пәндеріне позитивтік ойлаудың қатынасын қарастырып болған соң, оның сипаттамасын түйсінуші немесе белсенді өмірге қатысты біздің төл қажеттілігімізді үздіксіз қанағаттандырудан тұратын оның міндетіне де баға берумен аяқтауымыз керек.
1. Адамзат жөнінде – ой саласында индивидуалдық және ұжымдық жарасымды толық та бекем орнықтыру
18. Таза ақыли сұраныстар біздің табиғатымызға тән барлық қажеттіліктердің ең жігерсізі екені күмәнсіз болғанымен, олардың барлық ойлайтын адамдарда тікелей әрі тұрақты болатыны еш күмән туғызбайды: біздің әртүрлі философиялық күші-жігерімізге алғашқы қажетті түрткі болады, бірақ бұл негізінен практикалық импульстарға тым жиі түрткі болады, рас, практикалық импульстар олардың дамуына жәрдемдеседі, бірақ оларды туындата алмайды.
Барлық басқа мұқтаждықтар секілді тиісті функцияларды тұрақты атқаруға қатысты осынау ақыли мұқтаждық та әрқашан беріктік пен белсенділіктің сәтті ұштасуын талап етеді, бір мезгілде тәр тіп пен прогресс, немесе байланыс пен кеңею қажеттігі содан туындайды. Адамзаттың ұзаққа созылған сәбилік шағы барысында, біздің жоғарыдағы түсіндірулерімізге сәйкес, бірден-бір теологиялық-метафизикалық тұжырымдамалар барынша кедір-бұдырлы болса да, осы екі жақты негізгі шартты алдын-ала қанағаттандыра алатын еді. Бірақ адам ақылы өзі игере алмайтын зерттеулерден ашық бас тартатын және біздің қабілетіміз шынында баға бере алатын салаға өз қызметін парасатты шоғырландыра алатын дәрежеге ақырында пісіп-жетілген кезде, позитивтік философия оған осы екі қарапайым қажеттілікті барлық жағынан неғұрлым толық және неғұрлым нақты қанағаттандыру мүмкіндігін береді. Осы жаңа көзқарас тұрғысынан алғанда, әртүрлі құбылыстардың ол ашқан заңдылықтарының және сонымен етене ұтымды болжаудың тікелей міндеті осындай екені айдан анық. Бұл заңдарда оқиғалардың әрбір тегі жөнінде, бұл тұрғыдан алғанда, олардың ұқсастығы бойынша қатар болатын оқиғаларды немесе, сабақтастық жөнімен, бірінен кейін бірі болатын оқиғаларды байланыстыруына қарап екі шоғырға ажыратылуға тиіс. Бұл қажетті айырмашылық өзінің негізінде сыртқы әлемде бізге әрқашан тіршілік ету мен қозғалыс ахуалы арасындағы салыстырмалы жағдай болып көрінетін нәрсеге сәйкес келді; осыдан, барлық нақты ғылымда, қандай да бір затқа статикалық және динамикалық баға берудің арасындағы негізгі айырмашылық туындайды. Қатынастардың екі түрі де құбылыстарды түсіндіруге бірдей жәрдемдеседі және бірдей дәрежеде күн ілгері көре білу мүмкіндігіне жетектейді, рас, бастапқыда жарасым заңдары негізінен түсіндіруге, ал дәйектілік заңдары күн ілгері көре білуге арналған секілді болып көрінеді. Іс жүзінде әңгіме не туралы – түсіндіру немесе көре білу, – болса да, барлығы ұдайы бірігуге саяды: мұның үстіне қандай да бір екі құбылыстың арасында ашылған кез-келген нақты байланыс, мейлі статикалық, мейлі динамикалық болсын, бір нәрсені екіншісінің негізінде бір мезгілде түсіндіруге
де, болжап айтуға да мүмкіндік береді; өйткені ғылыми көрегендік осы шақпен де, тіпті өткен шақпен де, сол секілді келер шақпен де соншалық жақсы үйлесе беретіні анық және ол фактының өзін тікелей зерттемей-ақ, оның басқа фактылармен бұрыннан белгілі қатынастарының негізінде-ақ оны таныпбілуден тұрады. Сөйтіп, мысалы, аспан мен жер тартылыстарының арасындағы анықталған ұқсастық, бұлардың алғашқысының күрт өзгерістерінің негізінде, екіншісінің болар-болмас байқалған тербелістерін болжап білуге жетеледі, оларды тікелей бақылау қанағаттанарлық деңгейде аша алмаған еді, тек кейін ғана дәлелдеді, керісінше мағынада, теңіз суының тасуы мен қайту кезеңдерінің ежелден белгілі сәйкес келуі, кейінірек белгілі болғандай, әрбір нүктеде судың көтерілуі айдың сол жердің меридианы арқылы өтуінің нәтижесі екендігі анықталып, мойындалған бойда, ол ай күнін түсіндіру мүмкіндігін берді. Осылайша, біздің барлық шынайы логикалық қажеттіліктеріміз шын мәнінде мынадай жалпы міндетке саяды: біздің әрқилы тұжырымдамаларымыздың үздіксіздігі мен бір тектілігін бір мезгілде реттілік пен прогресс талаптарын қанағаттандыратындай етіп құра отырып, бізді саналуандық арасынан тұрақтылықты қайта табуға мәжбүр ете отырып, біздің жүйелі пайымдауларымыздың көмегімен біздің пікірлеріміздің өздігінен туындайтын бірлігін мүмкіндігінше нығайта түсу. Бірақ осынау негізгі көзқарас тұрғысынан алғанда, позитивтік философия дайындығы жақсы ақылда теологиялықметафизикалық философия кезінде берген қабілеттердің қай-қайсысынан да әлдеқайда асып түсетін қабілет бар екендігіне жол беретіндігі айдан анық. Теологиялық-метафизикалық философияны тіпті оның ақыли әрі әлеуметтік ықпалы шарықтап тұрған кезінде яғни политеизм фазисінде алып қарастырсақ та, біз сол кезде де ондағы интеллектуалдық бірлік болашақта позитивистік рух, ақыр соңында ең маңызды пайымдауларға таралған кезде оның жаппай басымдығы жасауға мүмкіндік беретін деңгейден әлдеқайда мінді, әлдеқайда осал құрылғанын көреміз. Сонда барлық жерде, іс жүзінде әрқилы түрлерде және әрқилы дәрежелерде, оны қарапайым білудің өзі бізге қазір әділетті ұғым бере алатын ғажап логикалық құрылымды – әрқайсысы толық қамтамасыз
етілген байланыс пен кеңею, оның үстіне, өз бетінше ынтымақта болатын құрылымды береді. Осынау ұлы философиялық нәтиже біздің барлық пайымдауларымызды шын мәнінде қол жетерлік зерттеулермен шектеу жөніндегі тұрақты міндеттемесінен басқа қажетті шартты талап етпейді, ол осынау нақты қатынастарды біз үшін қарапайым ортақ фактыларды ғана не ұқсастығы, не дәйектілігі бойынша қарастырады, ол фактыларды, позитивтік ойлаудың негізгі сипатына сәйкес, түптің түбінде олардың жасалу құпиясын ашамын деп дәмеленбей-ақ, барынша аз алуға ұмтылу қажет. Бірақ егер осы жаратылыстық байланыстардың шын тұрақтылығы іс жүзінде біз бағалай алатын, жалғыз нәрсе болса, онда оның жалғыз өзі де түйсіну секілді қызметіміздің бағыты секілді, біздің барлық қажеттерімізді қанағаттандыруға жеткілікті. 19. Алайда позитивтік ойлау салтында біздің тұжырымдамаларымыздың жарасымы олар үшін негізгі міндет – нақты болу, яғни бізден тәуелсіз тұрпаттарға жеткілікті сәйкес болу міндетінің әсерінен белгілі дәрежеде шектеулі сипатта болады. Біздің ақылымыз өзінің байланыстыруға санасыз, инстинктті ұмтылысында әрқашан дерлік бір мезгілде немесе бірінен соң бірі болатын екі түрлі құбылысты өзара ұштастыру мүмкіндігін іздейді; бірақ сыртқы дүниені зерттеу, керісінше, бұл жақындасулардың көпшілігі қисынсыз болуы ықтимал екендігін және құбылыстардың басым бөлігі үздіксіз, ешқандай шынайы өзара тәуелділіксіз-ақ болып жататынын дәлелдейді; осыдан да бұл қажетті бейімділік реттегішке бәрінен де көп мұқтаж болып шығады, ондай реттегіш айқын ортақ баға болып табылады. Ұзақ уақыт бойы ілімнің, ол ілім теологиялық фикциялар мен метафизикалық мәністердің үстемдігі тұсында қаншалықты көмескі де бұлдыр болса да, өзіндік бірлігіне дағдыланған адам парасаты позитивтік белеске көшкенде, бастапқыда құбылыстардың барлық шоғырларын біртұтас ортақ заңға саюға тырысты. Бірақ табиғаттың жалпыға бірдей түсінігін алуға бағытталған соңғы екі ғасыр ішіндегі барлық әрекеттер, бүгінде тек сауаты шамалы ақылдардың несібесіне айналып, бұл істі абыройдан біржола айырды. Сыртқы дүниені түбегейлі зерттеу оның біздің ақылымыз
санайтын не қалайтын деңгейден анағұрлым аз байланысты екендігін көрсетті, ал біздің ақылымыз өзінің төл әлсіздігінің салдарынан оның қозғалысына, және, әсіресе тыныштығына қолайлы қатынастарды көбейтіп көрсетуге бейім. Біз төменіректе табиғи құбылыстардың арасында ажыратып көрсететін негізгі алты категорияның бәрі біртұтас әмбебап заң аясына келтіріле алмағаны былай тұрсын, енді былай деп кесіп айтуға әбден болады: соншама байыпты ақылдар өзі жекелеп алғанда олардың әрқайсысы жөнінде айтатын түсіндірулер бірлігі біз үшін осынау әбден шектеулі саланың өзінде біржола жабылды. Астрономия бұл тұрғыда зор эмпириялық үміттер туғызды, бірақ олар неғұрлым күрделі құбылыстар жөнінде, өз мағынасындағы физика саласында да жүзеге аспайтыны сөзсіз, оның басты бес саласы ішіндегі даусыз қатынастарға қарамастан, әрқашан бір-бірінен өзгеше болып қала береді. Философтар мұндай қажетті шашыраңқылықтың логикалық қолайсыздығын көбіне асыра көрсетуге бейім, өйткені индукцияның дедукцияға айналуы беретін нақты артықшылықтарды нашар бағалайды. Соған қарамастан, барлығын бір ғана позитивтік заңға бағындырудың тікелей мүмкін еместігін төтенше әлсіз ақылды төтенше күрделі әлемді түсіндіру үшін қолдануға бізді мәжбүрлейтін адамзат ұйымдасуының елеулі кемістігі, сөзсіз салдары деп ашық мойындау керек. 20. Бірақ, ақыл күшін бекерге ысырап қылмау үшін мойындау маңызды болатын бұл даусыз қажеттілік нақты ғылымның, басқа бір көзқарас тұрғысынан, жеткілікті философиялық бірлікке жол беруіне бөгет жасамайды, ол бірлік теология мен метафизика уақытша жасайтын бірліктермен тең, және, оның үстіне, өзінің бекемдігімен де, толыққандылығымен де олардан әлдеқайда асып түседі. Мұндай бірліктің мүмкін екендігін түсініп, оның табиғатын бағалау үшін, алдымен кез-келген зерттеуге тән екі көзқарас арасында Кант ашқан тамаша ортақ айырмашылыққа – объективті және субъективті айырмашылыққа жүгіну қажет. Бір көзқарас тұрғысынан, яғни біздің теорияларымыздың сыртқы міндеті тарапынан қарастырылғанда нақты дүние дәл көрінісі ретінде біздің ғылым
негізгі құбылыстар арасында сөзсіз болатын айырмашылықтар салмағымен, әрине толық жүйелеуге көнбейді. Осы мағынада алғанда біз шынайы ғылыми бірліктен дәмеленбейтін, тек әрқилы доктриналардың біртектілігі мен ұқсастығына ұмтылатын, тұстас күйінде қарастырылатын позитивтік әдіс беретіннен өзге бірлікті іздемеуге тиіспіз. Ал егер біздің ғылым екінші көзқарас тұрғысынан, яғни біздің бір мезгілде әрі индивидуалдық, әрі ұжымдық ақыли эволюциямыздың табиғи нәтижесі және қандай да бір төл қажетімізді қалыпты қанағаттандыруға арналған нәрсе ретінде қарастырылатын адамзат теорияларының ішкі қайнары тұрғысынан бағаланса, іс мүлдем басқаша болып шығады. Осылайша ғаламға емес, адамға, дәлірек айтқанда адамзатқа жатқызылған біздің нақты біліміміз, керісінше, барынша анық өз еркімен ғылыми тұрғыдан да, логикалық тұрғыдан да толық жүйелеуге ұмтылады. Бұл жағдайда тек бір ғылымды, адамдық ғылымды, дәлірек айтқанда, әлеуметтік ғылымды ғана қарастыру қажет, ал оның принципі мен мақсаты – біздің тіршілігіміз, оған сыртқы дүниені ұтымды зерттеу табиғи түрде екі жолмен – әдіс үшін де, доктрина үшін де бірдей қажетті даусыз элемент және негізгі кіріспе түрінде енеді, мұны мен төменде түсіндіремін. Нақ осылай біздің позитивтік біліміміз ғана әбден қанағаттандырар сипатымен ерекшеленетін шынайы жүйені құра алады. Астрономияның өзі, аса қарапайымдылығы салдарынан, жаратылыстық философияның барлық басқа салаларымен салыстырғанда, объективті түрде неғұрлым жетілген болса, – бұл тек адам көзқарасы тұрғысынан ғана солай; өйткені осы трактат пікірлерінің жиынтығы, егер біз оны адамға емес, ғаламға жатқызар болсақ, ол, керісінше, өте шикі деп саналуға тиіс болатынын анық түсіну мүмкіндігін береді; өйткені астрономияда да біздің бүкіл нақты біліміміз қажетіне қарай біздің дүниемен ғана шектеледі ғой, алайда, ол орасан зор ғаламның титімдей ғана элементін құрайды, ал оны зерттеу бізге мүлдем мүмкін емес. Сайып келгенде, адам мен қоғамға тікелей қатысты теориялар саласында ғана емес, сондай-ақ төмендегідей жалпы идеядан: біздің барлық пайымдауларымызды біздің ақылымыздың әрқилы негізгі қажеттерімізді қанағаттандыруға арналған
жемістері ретінде қарастыру керек, адамнан әрқашан тек қана басқа феномендерді, өйткені біздің күшімізді дамыту үшін де, біздің табиғатымыз бен біздің ахуалымызды бағалау үшін де оларды білу қажеттігінен, зерттеп болған соң оған қайтып оралу үшін ғана алыстауымыз керек деген идеядан өте алыс жатқандай көрінетін аса қарапайым құбылыстарға қатысты теориялар саласында да шынайы позитивтік философияда үстем болуға тиіс ортақ бағыт осындай. Сондықтан мынаны атап өтуге болады: Құдай деген ұлы тұжырымдаманың арқасында теологиялық фазисте түпкілікті орныққан, кейіннен метафизикалық өтпелі уақытта табиғат деген көмескі идеямен соншалық сәтсіз алмастырылған жүйелеуге тең күші бар ойдың толық жүйеленуін адамзат деген үстем ұғымды ұстанатын позитивтік белес қалайша жасай алмақ. 21. Осылайша, позитивтік ойлау тәсілінің біздің ақылымыздың түпкілікті бірлігін қалыптастыруда өздігінен туындайтын қабілетін сипаттап бергеннен кейін, бұл негізгі түсіндіруді индивидтен текке көшіріп, оны толықтыру қиын болмайды. Бұл қажетті толықтыру осы кезге дейін қазіргі философтар үшін іс жүзінде мүмкін болмады, метафизикалық ахуалдан өз бетінше біржола шығу мүмкіндігінен айрылған олар, әлеуметтік көзқарасқа ешқашан көшкен жоқ, ал бұл көзқарасқа адам оқшау емес, ұжым болып дами алатындықтан ғылыми тұрғыдан да, логикалық тұрғыдан да толық нақтылыққа жүгінгенде ғана қол жетеді. Мүлдем жеміссіз (немесе, дәлірек айтқанда, өте зиянды) нәрсе ретінде біздің психологтардың немесе идеологтардың осынау тұрпайы абстракциясын аластай отырып, біз жаңа ғана қарастырған позитивтік рухтың жүйелі тенденциясы, сайып келгенде, өзінің бүкіл маңыздылығына ие болады, өйткені ол онда адамзат жұртшылығының, бері салғанда ол жұртшылық ақылға тәуелді болғандықтан, оның орасан ықпалы, тіпті де бірден-бір демесек те, күмандануға жатпайтындықтан, шынайы философиялық негізін көрсетеді. Әрбір оқшау ақылдың логикалық бірлігін құру немесе саны жағынан операцияның жылдамдығына ғана едәуір ықпал ете алатын әртүрлі ақылдардың арасындағы ұзақ мерзімді келісімді орнықтыру, – бұл, іс жүзінде бір ғана, тек
қиыншылығы әртүрлі дәрежедегі адамзат проблемасы. Сондықтан да барлық замандарда, кім жеткілікті дәйекті бола алса сол, сонысымен біздің тегіміздің негізгі ұқсастығына орай, біртіндеп өзгелерді қосып алу қабілетіне де ие болды. Адамзаттың сәбилік шағының барысында қоғамды жүйелеуге жалғыз теологиялық философия қабілетті күш бола алғанының себебі, ол сол кезде біршама ақыл жарастығының бірден-бір қайнар көзі болуында еді. Егер де логикалық үйлестіру артықшылығы енді біржола позитивтік ойлау салтына көшті десек, – бұл қазір байыпты дау туғыза қоймас, – онда оның бойында сондай-ақ шын мәніндегі біртұтас ұлы интеллектуалдық келісім принципі де бар екенін мойындау керек, бұл келісім басқа негізгі екі шартпен – сезімдердің жеткілікті ұқсастығымен және мүдделердің белгілі сәйкестігімен байланысқан тұста, кез-келген шынайы адамзат ассоциациясының қажетті негізіне айналады. Адамзаттың таңдауы бөлігінің қайғылы философиялық жағдайы бұл тұрғыдағы кез-келген дауды доғаруға жеткілікті болар еді, өйткені бұл жағдай қазіргі кезде пікірлердің шынайы ортақтығы тек позитивтік теорияларға келтірілген, бірақ өкінішке қарай, тіпті де ең маңыздылары болып табылмайтын нәрселер жөнінде байқалуынан туындап отыр. Мәселені тікелей және арнайы қарастыру, мұның үстіне жаһандық ассоциацияның осынау ұлы жоспарын біртіндеп жүзеге асыра алатын жалғыз позитивтік философия екенін оңай көрсетіп берер еді; мұндай жоспарды орта ғасырларда тұңғыш рет католицизм сызған-ды, бірақ тәжірибе анық көрсеткендей ол өзінің негізінде шындап келгенде католицизм философиясының теологиялық табиғатымен үйлесе алмайтын, өйткені ондай әлеуметтік күш көрсетуге қабілетті болу үшін ол орнатқан логикалық байланыс өте әлсіз еді.
Ғылым мен өнер арасындағы, позитивтік теория мен практика
арасындағы жарасым
22. Позитивтік ойлаудың пайымдаушы өмір жөніндегі жеткілікті негізгі қабілетін сипаттағаннан кейін, бізге енді оның нақты өмірге қолданылу кезін қарастыру қалады, онда ол ешқандай шын жаңа қасиет көрсетпей-ақ, біз онда бар деп мойындаған барлық қасиеттерді әлдеқайда толық және, әсіресе, әлдеқайда анық ашып көрсетеді. Теологиялық тұжырымдамалар бұл жағынан алғанда, өзіндік бір үстемдікке жанама дәмемен, адамның батылдығын қоздырып, қолдап отыру үшін ұзақ уақыт бойы қажет болғанымен, нақ осы жағдайда адамзат парасаты ең алдымен нақты білімге артықшылық беруге түпкілікті ұйғарғанын білдіруі тиіс болды. Шынында да, табиғатты позитивтік зерттеу адамзаттың сыртқы дүниеге ықпал етуінің нақ ұтымды негізі ретінде қазір жер жаһандық қолдауға ие бола бастады. Осынау дөрекі және өз-өзінен келетін пікірден басқа ештеңе өз негізінде неғұрлым кемеңгерлік емес, өйткені мұндай міндет, ол тиісінше бағаланған кезде, ең сәтті қысқартылған пошымда, ұтымдылық жөнінен де, позитивтік жөнінен де шынайы философиялық рухтың барлық ұлы белгілерін сөзсіз еске түсіреді. Әрбір практикалық жағдайда тиісті құбылыстар заңдарының жиынтығынан туындайтын жаратылыстық тәртіп, не біз оны өз мүддемізге сәйкес өзгерте алу үшін, не, мысалы, аспан құбылыстары саласындағы секілді ешқандай адами килігу мүмкін болмаса, бері салғанда, оған өз қылығымызды бейімдеу үшін, әуелі бізге жақсы таныс болуға тиістігі айдан анық. Мұндай қолданыс, біз көргендей, шын ғылымның барлық жағынан басты сипатты белгісі болып табылатын ұтымды болжамға берілетін бағаны кеңінен түсінікті етуге қабілетті, өйткені нақты, бірақ байланыссыз білім заңдардан емес, фактылардан тұратын таза эрудиция біздің қызметімізді қанағаттандырарлық дәрежеде басқара алмайтындығы анық. Бұл соншалық даусыз түсіндіруге ұзағырақ тоқталу артық болар еді. Рас, қазір материалдық мүддеге шектен тыс артықшылық беру, осынау қажетті байланысты ғылымның болашағына тым кір келтіретін мағынада түсінуге жий апарып соқтырып, позитивтік пайымдауларды тікелей пайда
беретін зерттеулермен шектеу талпынысын туындатты. Бірақ осынау әуейі ермелік маңызын жеткілікті терең бағалаудың жоқтығынан жапа шегетін ғылым мен өнердің маңызды өзара қатынасы туралы тек жалған да тар түсініктен туындайды. Барлық ғылымдардың ішінде астрономия мұндай тенденциядан арылуға бәрінен қабілетті, өйткені олай болатыны, оның төтенше қарапайымдылығы оның жиынтығын жақсырақ аңғаруға мүмкіндік береді, сондай-ақ оның тиісті қолданылуының табиғилығы басып, ол қолданылу жиырма ғасыр бойы ең асқақ пайымдаулармен анық байланысты болып келеді; біз мұны осы жұмыста айқын түсіндіреміз. Бірақ бұл мәселеде мына нәрсені мойындау ерекше маңызды: ғылым мен өнердің арасындағы негізгі қатынас осы кезге дейін тіпті ең озық ақылға тиісті дәрежеде бой бермесе, ол адамзат қоғамына тікелей қатысты ең маңызды және ең қиын зерттеулерге әлі де үрке қарайтын жаратылыстық философияның жеткілікті кеңейе алмауынан өрбитін қажетті салдардың салқыны. Шынында да, осылайша іс жүзінде анорганикалық дүниенің шегінде қала отырып, адамның табиғатқа ықпалының ұтымды тұжырымдамасы, ғылымға қозғау салған күнде де, ол өте әлсіз болар еді. Осынау орасан зор бос кеңістік жеткілікті толтырылған кезде, қазірдің өзінде басталған процесс аяқталған кезде осынау ұлы практикалық міндеттің – тұрақты позитивтік қалыпты жағдайда ең көрнекті пайымдауларды әдетте көтермелеп және көбіне тіпті жақсы бағыттап отыру міндетінің негізгі маңызын түсінуге болады. Өйткені өнер сонда тек геометриялық, механикалық немесе химиялық және т.б. ғана емес, сондай-ақ саяси және моральдық та болады, себебі адамзаттың басты қызметі барлық жағынан өзінің төл индивидуалдық немесе ұжымдық табиғатын, барлық басқа жағдайлардағы секілді, нақты заңдардың жиынтығын көрсететін шектерде үздіксіз жақсартудан тұруға тиіс. Ғылымның өнермен осынау өз-өзінен пайда болатын ынтымағы тиісінше ұйымдастырыла алатын болғанда, салауатты философиялық пайымдауларды шектеуге тым құлықсыз ол, керісінше, егер күндердің күнінде өнерді таза ұтымды етудің, яғни біздің теориялық болжамдарымызды біздің практикалық қажеттеріміздің шынайы деңгейіне көтерудің мүмкін еместігі ортақ принцип
ретінде алдын-ала мойындалмаса, олардың шын күшінен әлдеқайда асып түсетін түпкілікті фукнцияны жүктеді. Тіпті барынша қарапайым және барынша мінсіз өнерлердің өзінде тікелей және өздігінен болатын даму әрқашан қажетті болып қалады, және ғылыми нұсқаулар ешқандай жағдайда бұл атауды мүлдем алмастыра алмайды. Мысалы, біздің астрономиялық болжамдар қаншалықты қанағаттандырарлық болса да, олардың дәлдігі біздің әділетті практикалық талаптарымыздан төмен және солай болып қала беруі ықтимал, менің мұны жиі-жиі көрсетіп отыруыма тура келеді. 23. Пайымдаушылық өмір мен нақты өмір арасында тікелей жарасым орнатқысы келудің осынау өз-өзінен болатын тенденциясы позитивтік рухтың ең бақытты артықшылығы ретінде түпкілікті қарастырылуға тиіс және басқа ешқандай қасиет оның шынайы сипатын соншалықты жақсы ашып бере алмайды, сондай-ақ оның нақты ықпалын жеңілдете алмайды. Біздің паймдауға құмарлығымыз, осылайша, құдіретті де үздіксіз қозу тарапынан қолдау табады, тіпті басқарылады, онсыз біздің ақылымыздың табиғи кертартпалығы оны өзінің шынжау теориялық қажеттерін жеңіл, бірақ жеткіліксіз түсіндірулермен қанағаттануға көндірер еді, ал аяқталған әрекет туралы ой әрқашан бір шартты – тиісті дәлдікті сақтау шартын еске салып отырады. Сонымен бірге бұл ұлы практикалық міндет әрбір жағдайда жаратылыстық заңдарды ашуға қатысты негізгі нұсқауды толықтырып және шектей отырып, қолдану талаптарына сәйкес біздің ұтымды болжамымыздың дәлдігі мен кеңдігі дәрежесін анықтауға жәрдемдеседі. оның дұрыс өлшемі, жалпы басқа жолмен белгілене алмас еді. Егер, бір жағынан, ғылыми жетілдіру осынау шектен аттап өте алмайтын, керісінше, ылғи да одан төмен тұратын болса, екінші жағынан, салған жерден ол тым ұсақ, әрі қаншалық нәтижесіз болса, соншалық қисынсыз баға алуға тәуекел етпей, оны аша да алмас еді, ондай баға тіпті шынайы ғылымның барлық негіздеріне сенімді түбірімен шайқалтар еді, өйткені біздің заңдарымыз құбылыстарды әрқашан тек белгілі бір маңайлау деңгейінде ғана көрсете алады, біздің зерттеулерімізді одан әрі тереңдетуқаншалық пайдасыз болса, соншалық
қауіпті болар еді. Ғылымның өнерге осынау негізгі қатынасы тиісінше жүйеленіп болған соң, оның кейде, түк нәтиже бермейтіндігі бесенеден белгілі болатын теориялық әрекеттерді әшкерелеуге ұмтылатындығына күман жоқ; бірақ қандай да бір нақты қиындықтар туғызуға дәрменсіз бұл сөзсіз туындайтын бағыт сонда біздің шынайы пайымдаушылық мүддемізге аса қолайлы болып шығып, қазір көбіне-көп көрсоқыр маманданудан туындайтын біздің жетіспей жатқан ақыли күштерімізді текке шығындаудан сақтандырады. Өзінің ілкі эволюциясында адам парасаты барлық жерде өзіне жақсы белгілі болған мәселелерге бой ұрып, сол мәселелердің бастапқыда байқалуы мүмкін емес жиынтығына олардың өз қатынасын білмейтіндіктен, олардың түакілікті маңыздылығын бағалауда тым тереңдей бермеуге тиіс болатын. Бірақ осынау уақытша инстинкт (онсыз ғылым сол кезде тиісті қорекке жиі-жиі мұқтаж болар еді), сайып келгенде, әділ жүйелі баға беруге бағынуға тиіс болады, өйткені көп ұзамай позитивтік шақтың толық есеюі, неғұрлым терең зерттеулерге үнемі ауқымды міндеттер жүктеп отыру, алайда, ешқандай балалық пайымдауларға ұрынбау үшін әрбір бөлшектің бүтінге шынайы негізгі қатынасын әрқашан жеткілікті дәрежеде аңғаруға мүмкіндік береді. 24. Ғылым мен өнердің арасындағы осынау тығыз жарастық жөнінде содан өрбитін жақсы бір тенденцияны – салауатты философияның әлеуметтік ықпалын дамытып, нығайту тенденциясын ерекше атап өту маңызды, бұл біздің қазіргі өркениятта өнеркәсіптік өмір ие бола бастаған, өскелең басымдықтан өзөзінен туындайтын салдардың ықпалы. Теологиялық философия шынында да тек қана қажетті алғашқы жұртшылық дәуіріне – адам қызметі, мен басқа бір жерде көрсетіп берген тарихи теорияға сәйкес әу баста болуы мүмкін емес қалыпты да мінсіз қоғамды біртіндеп дайындау үшін негізінен әскери болуға тиісті дәуірге сай бола алатын еді. Политеизм негізінен ежелгі жаугершілік жүйеге, ал монотеизм – орта ғасырлық қорғаныстық ұйымға бейімделді. Өнеркәсіптік өмірді барған сайын өрістете түсіп, ең жаңа заман жұртшылығы сол арқылы ақылымызды енді теологиялық ахуалдан позитивтік ахуалға түпкілікті көтеретін ой саласындағы
ұлы төңкеріске барынша қолайлы жағдай туғызуы тиіс. Адамзат тіршілігін іс жүзінде жақсартуға осынау күнделікті белсенді ұмтылыс әрқашан, әсіресе монотеизм тұсында мүлдем өзге мақсаттарды көздейтін діни нанымсенімдермен сыйыса алмайтындығын былай қойғанда, мұндай қызмет, оның үстіне, өзінің табиғаты жағынан, сайып келгенде, қандай да теологиялық философияға әрі радикалды, әрі табиғи жаһандық оппозиция тудыруға қабілетті. Шынында да, бір жағынан, өнеркәсіптік өмір өз негізінде кез-келген көріпкелдік оптимизге тікелей кереғар, өйткені ол жаратылыстық тәртіп те адамның араласуын үздіксіз талап ететін кемістіктер жеткілікті деп санайды, ал теология болса өзгеріс үшін жаратылыстан тыс күштердің жәрдемін тілеуден басқа құралына логика тұрғысынан жол бермейді. Екінші жағынан біздің өнеркәсіптік тұжырымдамаларымыздың жиынтығына тән бұл қайшылық біздің операцияларымыздың жүргізілуі процесінде төтенше алуан түрлі пошымдарда үздіксіз қайталанып отырады, ол операцияларда біз сыртқы дүниені қандай да бір ырықпен басқарылатын нәрсе ретінде емес, алдын-ала жеткілікті қамдануымызға (біздің практикалық қызметіміз онсыз барлық парасатты негізінен айырылады) мүмкіндік беретін заңдарға бағынатын нәрсе ретінде қарастыруға тиіспіз. Осылайша, өнеркәсіптік өмірді позитивтік ойлаудың философиялық ықпалына соншалық қолайлы ететін негізгі ара қатынастың нақ өзі бір мезгілде ол өмірге, тек жаугершілік тұрмыс қана сыйысып тұра алатын бастапқы философияның өндіріске қарсы сипатын дін иелері тежеп немесе кемітіп көрсету үшін қаншама үздіксіз, күш-жігер жұмсаса да, ерте ме, кеш пе болмай қоймайтын, азды-көпті қатқыл антитеологиялық тенденцияны сіңіреді. Баяғыдан бері барлық заманауи ақыл иелерін, тіпті ең қарадүрсін және ең қыңыр ақыл иелерін ежелгі теологиялық философияны бұдан былай шын әлеуметік ықпал етуге бірден-бір қабілетті позитивтік философиямен біртіндеп алмастыру ісіне амалсыз қатысуға мәжбүрлейтін тығыз ынтымақ осындай.
ІІІ. Ғылымның теологиямен мүлдем сиыспайтындығы
25. Сонымен бізге, шынайы философиялық рухқа тікелей баға беруді соңғы түсіндірмемен толықтыру ғана қалды, ол түсіндірме негізінен теріс сипатта болғанымен, соған қарамастан мұнда орынды болатын қазір адамзаттың таңдаулы бөлігіне қажет ғаламат ақылм жаңғырудың табиғаты мен шартының толық сипаттамасын аяқтау үшін осы арада шынында да қажет болып шығады. Бұл түсіндірме позитивтік тұжырымдамалардың ешқандай теологиялық көзқарастардың, мейлі монотеистік, мейлі политеистік немесе фетишистік болсын, ешқайсысымен мүлдем сиыспайтындығын тікелей анықтайды. Осынау толғамда келтірілген әртүрлі дәлелдер бұл екі философияның әдіс жағынан да, доктрина жағынан да ешқандай ұзақ сиысудың мүмкін еместігін, шамалап болса да көрсетеді, сондықтан бұл тұрғыдағы қандай да күман бұл арада оп-оңай сейілтіледі. Әу баста ғылым мен теология арасында ашық дұшпандық болмайтындығына күман жоқ, өйткені олар өздеріне бірдей сұрақтар қоймайды; нақ осы жағдай, теологиялық философияның жалпы үстемдігіне қарамастан позитивтік ойлаудың ішінара табыстарға жетуіне ұзақ уақыт бойы мүмкіндік берді, және тіпті көп жағынан бұл табыстарға оның алдын-ала қамқорлығының арқасында қол жетті. Бірақ, әу баста қарапайым ғана математикалық зерттеулермен (теология оны елемейтін) шектелген ұтымды позитивизм, табиғатты, әсіресе астрономиялық теориялар көмегімен, тікелей зерттеуге тарала бастаған кезде, жабық күйінде қала бергенімен, қақтығыс мен мұндалап шыға келді, сол сәттен бастап идеялардың екі шеңбері арасында әрі ғылыми, әрі логикалық негізгі кереғарлық әсерінен өрши берді. Теология үшін айналысудың елеулі пәні болып табылатын әрқилы тылсымдық проблемалардан ғылымның мүлдем бас тартуына негіз болған логикалық себеп, адам парасатына мүлдем бой бермейтіндігімен ғана аласталатын пайымдауларды өз табиғатымен-ақ ерте ме, кеш пе барлық ақылесі бүтін адамдардың алдында әшкере қылады. Оның үстіне, өте жеңіл пәндермен айналысқанда позитивтік ойлау қолданатын әбден қисынды сақтық теологияның ең қиын мәселелер жөніндегі көзсіз батылдығына баға беруге жанама түрде мәжбүрлеуге тиіс. Алайда, әдістемелік алауыздыққа (бұл
алауыздық барлық алауыздықтардың қажетті қайнар көзі болғанымен, ең елеулі мәніс) әдетте тым аз көңіл аударатын көптеген ақыл иелерінің көпшілігі үшін – ақыл иелерінің көпшілігі үшін бұл екі философияның сыйыса алмайтындығы негізінен доктриналардан әбден анық болуға тиіс. Ал осынау жаңа көзқарас тұрғысынан алғанда, бір ғана құбылыс бірде тағдыр тәлкегіне телініп, бірде өзгермейтін заңдарға теңестірілетін осынау екі тұжырымдамалар шоғырының түбегейлі кереғарлығын теріске шығару мүмкін емес. Барлық тағдыр тәлкегі идеяларына жаратылыстан тән ғаламат құбылмалылық нақты қатынастардың тұрақтылығымен қалай десеңіз де сиыса алмайды. Сондықтан, физикалық заңдар белгілі бола түскен сайын, жаратылыстан тыс ырықтың үстемдігі барған сайын тарыла түсіп, қашанда негізінен заңдары әлі ашылмаған құбылыстар жөнінде ғана мойындалды. Шын ғылымның басты сипатты белгісін құрайтын ұтымды көріпкелдікті теология болашақты білудің бірден-бір дұрыс құралы деп амалсыз көрсететін арнайы аяндардан туындайтын көріпкелдікпен салыстырсақ, осынау сыйыспаушылық өте анық байқалады. Рас, позитивтік рух та кемеліне келгеннен кейін ырықтың өзін шын заңдарға бағындыруға ұмтылады, ондай заңдардың бар екенін балаң парасат іс жүзінде үнсіз мойындайды, олай болмаған күнде адамның қалауын өзгерту мен күн ілгері көре білу жөніндегі практикалық күш-жігерде ешқандай парасатты негіз бомас еді. Бірақ мұндай ұғым осынау қарама-қарсы екі тәсілді бітістіруге тіпті де жетелемейді, ол тәсілдер бойынша ғылым мен теология әрқилы құбылыстардың шын басқарылуын өз қажетіне қарай қарастырады. Өйткені мұндай көріпкелдік және одан туындайтын құлық осынау пиғылдар дүниеге келетін тіршілік иесін терең нақты білуді талап ететіні айдан анық. Ал мұндай алдын-ала негізді, бері салғанда оған тең, сондықтан ұқсастығы бойынша қарастырылатын тіршілік иесі жасай алар еді; бұл ұқсастық ең төменгі қатардағы тіршілік иелерінде болады деп санау мүмкін емес, және қарама-қайшылық табиғат теңсіздігімен қатар ұлғая түседі. Сондықтан теологияның Аянның жазмышына әрқашан бойлау дәмесі ең төмен қатардағы жануарларда адамның немесе өзге жоғары қатардағы жануарлардың қалауын көре білу қабілеті бар деп ойлау ақылға
қонбайтыны секілді, мүлдем дарақы нәрсе болатын. Алайда, теологиялық рухты позитивтік рухпен түпкілікті жарастыру үшін міндетті түрде осынау мағынасыз гипотезаға жүгінуге тура келер еді. 26. Олардың бастапқы философияның барлық елеулі фазистеріне қолданыла алатын, тарихи тұрғыдан қарастырылатын түбірлі қайшылығы оның ең озық халықтар мүлдем өтіп кеткен белестері жөнінде баяғыда түгел мойындалған. Бұл халықтар жөнінде біздің монотеистік дағдымыз теологиялық режимнің алғашқы екі ахуалына абсолютті менсінбеуді сіңіргендігінің салдарынан, осынау басы піспеушілік тым әсірелеп көрсетілгендігіні де еш күмәнсіз. Адамзат дамуының бірін-бірі алмастырған ұлы фазистерінің әрқайсысында біздің негізгі эволюциямыз шынында жәрдемдескен қажетті пошымдарды әрқашан лайықты бағалауға міндетті салауатты философия қандай да болсын шынайы тарихи теорияға кедергі жасайтын әділетсіз соқыр сенімдерден арылтады. Бірақ политеизм және тіпті фетишизм бастапқыда бақылау рухының өздігінен өрлеуіне шынында да қолайлы жағдай жасағанымен, олар физикалық қатынастардың өзгермейтіндігі туралы біртіндеп жасалып жатқан санамен, сол сана біршама жүйелі тұрақтылыққа ие бола алысымен, олар шын сыйысымды бола алмайтынын мойындауға тиіспіз. Сондықтан осынау міндетті түрде болатын кереғарлықты, теологиялық философияны барған сайын тарылта отырып, оны дәйекті түрде іріткен әрқилы өзгерістердің астыртын қайнар көзі деп қарастыру керек. Бұл жерде осы то лғамымыздың басында келтірілген қажетті түсіндірмені толықтыра кеткен орынды, ол түсіндірмеде осынау біртіндеп қирату тура мағынасындағы метафизикаға телінген еді, бірақ шындап келгенде ол тек қарапайым құрал ғана бола алатын, бірақ ешқашан шынайы фактор бола алмайтын еді. Айта кету керек, позитивтік рух, оның баяу ішінара эволюциясын сипаттауға тиіс жинақтап қорыту болмауының салдарынан, осынау соңғы ғасырлар барысында ғана біліне бастаған өзінің төл философиялық ұмтылысын тиісінше тұжырымдай алмайтын еді. Осыдан метафизиканың араласуының өзекті қажеттігі туындады, өйткені жаңа туып келе жатқан ғылым мен ежелгі теология
арасындағы өздігінен пайда болатын антагонизмді тиісінше жүйелей алатын сол ғана еді. Бірақ мұндай функция өтпелі кезеңнің осы философиясының шын маңыздылығын тым асыра бағалауға итермелеуге тиіс болғанымен, тек нақты білімдердің табиғи прогресі ғана оның шулы қызметіне байыптылық пен беріктік бергенін мойындау оңай. Әуелі фетишизмнің политеизмге айналуының шарты болған бұл үздіксіз прогресс, содан кейін политеизмнің монотеизмге айналуының елеулі қайнар көзін құрады. Қақтығыс негізінен астрономиялық теориялар топырағында өтуге тиіс болғандықтан, бұл трактат маған политеистік режимнің біржола ақыли құлдырауын шын мәнінде жалғыз өзі айқындап берген, олардың дамуының дәрежесін сипаттаудың табиғи мүмкіндігін береді, сонда біз ол режимнің Фалес мектебі біржола негіздеген математикалық астрономиямен логикалық жағынан сыйыспайтындығын мойындаймыз. 27. Бұл сыншыл бағытты ұтымды зерттеп білу, бұл бағыттың ежелгі теологиямен шектеліп қала алмайтынын, ол кейін монотеизмге де таралуға тиіс болғандығын анық дәлелдейді, ал оның энергиясы оған қажеттілікпен бір мезгілде, дәл сол өздігінен өрби беретін прогресс салдарынан теологиялық рухтың қалжырай түсуімен орайлас, азая беруге тиіс болатын. Бастапқы философияның бұл соңғы дәуірі өзінің алдыңғысына қарағанда, енді өзінің әрбір қадамында арнайы тұжырымдалған жаратылыстан тыс түсіндіру түріндегі қауіпті бәсекелестікті кездестіре қоймаған нақты білімдердің өрбуіне кемірек қарсылық жасағанында күман жоқ. Сондықтан да нақ монотеистік режим тұсында позитивтік ойлаудың алғашқы эволюциясы аяқталуға тиіс болатын. Бірақ сәйкессіздік біршама жұмсарып, біршама кешігіңкірегенімен, соған қарамастан сол бір дәуірдің – жаңа философия теологияны оның әлеуметтік функциясында да, сондай-ақ оның ақыли міндетінде де біржола алмастырып, шынайы табиғи сипатқа ие болу үшін жеткілікті ортақ бола түскен дәуірдің қарсаңында да түпкілікті даусыз күйінде қала берді. Дау әлі негізінен астрономия топырағында жүргізілуге тиіс болғандықтан, мен бұл арада оның бұрын тек өз мағынасындағы политеизмге қатысты түбірлі қайшылығының
неғұрлым қарапайым монотеизмге дейін таралуына неғұрлым ертерек болған қандай эволюция негіз болғандығын дәл көрсетемін: сонда осынау сөзсіз ықпалдың аспан механикасы негізделгеннен кейін көп ұзамай жердің қосар қозғалысы ашылуынан туындайтыны анық болады. Адамзат парасатының қазіргі ахуалында нақты білімдердің бастапқы өркендеуіне ұзақ уақыт бойы қолайлы жағдай туғызған монотеистік ойлау салты физикалық заңдардың өзгермейтіндігі туралы негізгі сананың, сайып келгенде, өзінің қажетті философиясына ие болуына бөгет жасап, енді нақты білімдердің жүйелі өрбуіне зор кедергі келтіруде деп кесіп айтуға болады. Өйткені, жаратылыстық экономияда кенеттен болатын оқыс дүрлігіс туралы үнемі мазалайтын ой қашанда қандай да болсын теологиялық идеямен, тіпті мүмкіндігінше қысқартылған идеямен жасырын түрде бөлінбейтін болып қала беруге тиіс. Тек теологиялық рух толық жойылғанда ғана алып тасталатын осы кедергі, іс жүзінде болмаса, нақты тәртіптің күнделікті көрінісі осы күннің өзінде позитивтік философияның негізгі принципімен жалпыға бірдей келісімді туғызар еді. 28. Ғылымның дамуы осынау түбірлі қайшылықты тікелей бағалауға мүмкіндік берерден көп бұрын, өзінің құпия ниетіне сүйенген метафизика монотеизмнің өз бойындағы теологияның ықпалын тарылтуға тырысып, орта ғасырлардың соңғы кезеңінде жоғарғы жетекшінің қарекеттерін ол әу баста орнатқан, әйтеуір бір өзгертуге өзіне-өзі тыйым салған өзгертілмейтін заңдарға бағындыратын атақты схоластикалық доктринаға дәйексіз басымдық берді. Бірақ теологиялық принцип пен позитивтік ойлаудың арасындағы өздігінен туған келісім бірінің үздіксіз құлдырауы мен екіншісінің біртіндеп салтанат құруын жеңілдете түсуге неғұрлым қабілетті қысқа ғана өмір сүре алатыны айқын еді. Оның үстемдігіне байыпты бағынған тек оқыған ақыл иелері ғана болатын; өйткені дін іс жүзінде өмір сүріп отырғандықтан, шындап келгенде Аянның билігін тұсаулап, оны ғаламат қимылсыздыққа ұшыратуға, бүкіл әдеттегі қызметті ұлы метафизикалық мәніс – Табиғатқа жүктеп, оны бұдан былай шағымдар мен өтініштердің көпшілік бөлігі соған жолдануға тиіс
міндетті де жауапты министр ретінде ғаламды дұрыс басқару ісіне қатыстыруға ұмтылатын тұжырымдаманы халықтық инстинкт әрқашан серпіп тастап отыруға тиіс болатын. Біз бұл тұжырымдама барлық елеулі көзқарастары жағынан қазіргі жағдайда барлық салада барған сайын басым бола түскен конституциялық монарх идеясына өте ұқсас екендігін көреміз; және бұл аналогия тіпті де кездейсоқ емес, өйткені теологиялық тәртіп саяси құрылыстың ұтымды негізі болып келді. Теологиялық принциптің әлеуметтік күшін қирататын осынау қарама-қайшылықты доктрина позитивтік ойлаудың негізгі артықшылығына бата бермесе, ешқандай да шынайы қалыпты және ұзақ ахуалға сәйкес бола алмайды; ол метафизикалық ойлаудың ең соңғы қажетті күйретуші жұмысы үшін жарамды өтпелі құралдардың ішіндегі ең құдіреттісін құрайды. 29. Ақыр соңында ғылымның теологиямен даусыз сәйкессіздігі қажетті көріпкелдік оптимизмге мүлдем кереғар нақты тәртіптің түпкі кемістіктерін барған сайын аша түсіп, монотеистік ахуалға арнайы бейімделген басқа бір жалпы плшымда көрінуге тиіс болатын. Бұл оптимизмнің позитивтік білімдердің өздігінен дамуымен ұзақ уақыт бойы бір арнада қалуы тиіс болғандығы күмәнсіз, өйткені табиғатты ең алғашқы талдау шын тәртіпті құрайтын басты құбылыстар қалай өтетіндігін көргенде сол кезде барлық жерде аңғал тәнтілікті сіңіруге тиіс болатын. Бірақ бұл бастапқы бағыт та, барған сайын жүйелі сипатқа ие бола беретін позитивтік ойлау түпкі себептер туралы догманы сол догманың барлық логикалық қасиеттерін барынша бойына сіңірген және елеулі ғылыми кемшіліктердің бірде-бірін жұқтырмаған тіршілік ету шарттары принципімен бірте-бірте алмастыруына қарай, кейіннен сөзсіз жоғалып кетеді. Сонда жаратылыстық тіршілік иелерінің ұйымдасуы оларға тәуелді құбылыстар әрбір жағдайда еш кедергісіз іске асатындай болып құрылғанына қайран қалу тоқталады. Осынау сөзсіз болатын жарастықты оны жақсырақ танып-білу ниетімен ғана мұқият зерттей келіп, адамдар түптің түбінде нақты тәртіпте барлық жағынан түбегейлі кемістіктер болатынын байқайды, ол тәртіп кемеңгерлік жағынан шектеулі, қолымыздан
келетін ғана мөлшерде адами араласуымыз орнататын жасанды үнемнен ылғи да дерлік кейін қала береді. Осынау жаратылыстық сырқаулар қарастырылатын құбылыстар неғұрлым күрделі болса, солғұрлым көбірек ұшырасуға тиіс болғандықтан, бұл жөнінде астрономиялық білімдер жиынтығы бізге беретін даусыз нұсқаулар бұл арада мұндай бағалау нақты ғылымдардың барлық басқа бөліктеріне жаңа философиялық жігермен қаншалықты таралуға тиіс екендігін болжау мүмкіндігін беруге жеткілікті. Бірақ ерекше маңызды нәрсе, жалпы бұл сынның антитеологиялық құрал ретінде тек уақытша мәнге ғана ие емес екендігін ұғыну. Ол пайымдау мен қарекет арасында болатын жалпы қатынас тұрғысынан позитивтік философияның негізгі рухымен неғұрлым тығыз және неғұрлым берік байланысады. Егер, бір жағынан, біздің ұдайы белсенді араласымыз ең алдымен, біздің жаратылыстық экономияны дәл білуімізге негізделсе (біздің жасанды экономиямыз барлық жағынан алғанда соны прогресті жақсарту ғана болуға тиіс), онда, екінші жағынан, біз сол арқылы өздігінен болатын тәртіптің қажетті кемістіктері бар деп санайтынымыз айқын бола түседі. Қандай да болсын уақытша сынды жиып қоя тұрып, нақты дүниенің іс жүзіндегі құрылысына тән әрқилы кемшіліктерге әділетті баға беру осылайша, бұдан былай тіпті біздегі жетілдірудің әлсіз құралдарына бой бермейтін жағдайлар жөнінде де, позитивтік философияның жиынтығына тән нәрсе деп, қарастырылуға тиіс, бұл біздің негізгі ахуалымызды да, біздің үздіксіз қызметіміздің елеулі міндетін де танып-білу үшін керек.
ҮШІНШІ ТАРАУ
Позитивтік ойлау мен парасаттылықтың салыстырмалы қасиеттері
“Позитивтік” деген сөз туралы: оның әрқилы мағыналары шынайы
философиялық ойлау қасиеттерін анықтайды
30. Осынау толғамда келтірілген әрқилы жалпы пайымдаулардың өзінен өзі тоғысуы бұл жерде алдыңғы баяу эволюциядан кейін қазір өзінің жүйелі ахуалына келіп қалған шынайы философиялық ойлаудың барлық басты белгілерін жеткілікті толықсипаттауға мүмкіндік береді. Оны әдетте қысқа ғана арнаулы атаумен анықтаудың біз қазір тап болған анық қажеттігі салдарынан мен соңғы үш ғасыр ішіндегі алдын-ала жүргізілген жұмыстың арқасында оның негізгі атрибуттарын қысқа да мүмкіндігінше жақсырақ білдірудің қымбат қасиетіне ие болған сөзді қолай көруге тиіс болатынмын. Осылайша, сондықтан біртіндеп философиялық абыройға көтерілген барлық халық сөздері секілді позитив деген сөз, біздің батыс тілдерінде, тіпті дөрекі мағынаны санаттан шығарып тастаған күннің өзінде, көптеген әрқилы мәнге ие. Бірақ бұл жерде осынау барлық әрқилы мәндер жаңа жалпы философияға үйлесе кетіп, оның әрқилы сипатты қасиеттерін кезегімен білдіретінін атап өту маңызды: міне осылай, бұл екіұштылық секілді нәрсе енді ешқандай нақты қолайсыздық туғызбайды. Одан, қайта, формулалардың қайран қалдыратын осынау татулығының басты бір мысалын көрген жөн, сол татулықтың арқасында озық халықтарда, қоғамдық парық олардың тұрақты байланысын мойындай алған кезде, жалпы қолданыстағы әртүрлі мәндер ұштасады. 31. Әуелі оның неғұрлым көне және неғұрлым жалпылама мағынасында қарастырылғанда, позитив ғажайыпқа қарама-қарсы нақтылықты білдіреді: бұл жағдайда ол жаңа философиялық ойлауға әбден сәйкес келеді, өйткені ол мынамен сипатталады: өзін ұдайы біздің ақылымыздың шамасы шынымен келетін зерттеулерге бағыштайды, және, өзінің сәбилік шағы кезеңінде көбіне айналысқан тылсымнан ылғи да аулақ болады. Екінші, алдыңғыға тым жақын, алайда одан ерекшеленетін, мағынада, бұл негізгі сөз пайдалы мен жарамсыз арасындағы кереғарлықты меңзейді: бұл жағдайда ол философияда біздің
барлық салауатты пайымдауларымыздың қажетті міндетін – тұл әуестікті текке қанағаттандыру орнына біздің шынайы индивидуалдық немесе ұжымдық тіршілік етуіміздің жағдайын үздіксіз жақсартса беру міндетін еске салады. Өзінің үшінші әдеткі мағынасында бұл сәтті сөз анық пен күмәндінің арасындағы қарама-қарсылықты анықтау үшін қолданылады: осылайша ол осынау философияның, бұрынғы ойлау салты туындатуға тиіс болған ұшықиырсыз күмандар мен бітпейтін даулардың орнына, индивидуум мен рухани ортақтық арасында, тұтас бір логикалық жарастықты өздігінен туындата алатын сипатты қабілетін көрсетеді. Алдыңғымен өте жиі шатастырылатын төртінші кәдуілгі мағына дәлдікті бұлыңғырға қарама-қарсы қоюда. Бұл мағына шынайы философиялық ойлаудың барлық жерде құбылыстардың табиғатымен сиысатын және біздің шынайы қажетімізге сәйкес келетін дәлдік дәрежесіне қол жеткізуге тұрақты ұмтылысын еске салады; ал ескі философиялық әдіс, қажетті тәртіпті тек жаратылыстан тыс бедел жасайтын тұрақты қысымның салмағымен ғана мойындай отырып, сөзсіз дүдамал пікірлерге ұрындырады. 32. Ақырында, бесінші қолданысты ерекше атап өту керек, ол басқаларынан кемірек қолданылады, әйтсе де баршаға ортақ – позитив сөзі келеңсіздікке қарама-қарсы мағынада қолданылады. Бұл жағдайда ол шынайы жаңа философияны өз табиғаты жағынан негізінен қиратуға емес, ұйымдастыруға арналған ілім ретінде көрсетіп, оның ең маңызды қасиеттерінің бірін меңзейді. Біз жаңа ғана атап өткен төрт ортақ сипатты белгілер бір мезгілде оны бастапқы философияға, теологиялық та, метафизикалық та философияға тән барлық ықтимал пошымдардан ерекшелейді. Ал соңғы, бесінші мәні оның үстіне, жаңа философиялық ойлаудың тұрақты тенденциясын көрсете отырып, оның енді ұзақ уақыт бойы органикалық сипатта болған теологиялық философиядан емес, әрқашан тек сыншыл сипатта ғана бола алатын өз мағынасындағы метафизикалық рухтан басты айырмашылықтарының бірін тікелей анықтау үшін ерекше маңызды болып отыр. Нақты ғылымның қиратушы қарекеті, іс жүзінде қандай болғанымен, оның бұл ықпалы қашанда жанама және екінші дәрежелі болды:
оның жеткіліксіз жүйеленуінің өзі осы күнге дейін оның басқа сипатқа ие болуына мүмкіндік бермеді; және енді оның үлесіне тиген ұлы органикалық функция осыдан былай ондай жанама қасиетпен қарама-қайшылықта болар еді, мұның үстіне ол оны артық етуге ұмтылуда. Рас, салауатты философия мүлдем шешілмейтін барлық мәселелерге мүлдем мойын бұрмайды; бірақ, оларға жоламау қажеттілігі себептерін көлденең тартқанда, ол қандай да бір мағынада оларды терістеуге ұмтылмайды, ондай терістеу кедергілерді жүйелі жойып отыру мақсатына кереғар болар еді, ол мақсат бойынша шынында да талқылауға жатпайтын барлық пікірлер ізі-қайым құрдымға кетуге тиіс. Олардың әрқайсысы жөнінде, өзінің олғарға жалпы немқұрайдылығының салдарынан неғұрлым әділ және неғұрлым төзімді ол (олардың әрқилы жақтастары мақтана алмайтын қатынас), олардың әрбіріне қатысты олардың өзара ықпал етуін, олардың ұзақ уақыт тіршілік етуінің шарттарын және олардың құлдырауының себептерін тарихи тұрғыдан бағалауды мақсат етеді. Бұл орайда ол ешқашан ешнәрсені, тіпті халықтардың таңдаулы бөлігіндегі адам парасатының осы заманғы ахуалына ең жат ілімдер туралы сөз болған жерде де, бас-көз жоқ терістей бермейді. Нақ осылай ол монотеизмнің көз алдымызда сөніп бара жатқан жүйелеріне ғана емес, сондай-ақ политеизмнің немесе тіпті фетишизмнің наным-сенімдеріне қоспасыз әділдікпен қарап, оларды қашанда негізгі эволюцияның тиісті фазистеріне жатқызады. Догматикалық жағынан ол, оның үстіне, мынадай көзқарасты ұстанады: біздің қиялымыздың, қандай болғанда да, кез-келген тұжырымдамалары, өзінің табиғаты жағынан ешқандай бақылауға сөзсіз бой бермейді, сондықтан шынында да үзілді-кесілді терістеуге де, дәл сондай растауға да жатпайды. Ешкім, ешқашан Аполлонның, Минерваның және т.б болмағанын, шығыс феяларының (перизаттарының) немесе поэтикалық қиялдардың әрқилы қаһармандарының болмағанын қисынды дәлелдеп берген емес; соған қарамастан, жағдай ежелгі ілімдер адам парасатының ахуалына, ақыр соңында, сәйкесуден қалғанда оның ол ілімдерді біржола артта қалдыруына титімдей де кедергі жасаған жоқ.
33. Жаңа философиялық ойлаудың “позитивті” сөзімен әлі тікелей қамтылмаған бірден-бір елеулі сипатты белгісі оның барлық жерде абсолютті нәрсені салыстырмалы нәрсемен алмастыру жөніндегі қажетті тенденциясы. Бірақ, әрі ғылыми, әрі логикалық бұл ұлы қасиеттің нақты білімдердің негізгі табиғатына тәндігі соншалық, осы кезге дейін ішінара және эмпиристік болып келген жаңаша ойлау салты барлық жерде жүйелі орнығуға көшкен кезде, оның жалпы қарастырылуы осынау формуланың құрамына қазірдің өзінде еніп үлгерген әрқилы көзқарастармен тығыз байланысқа тез енеді. Біз жаңа қарастырған бесінші мән әсіресе жаңа философиялық тілдің екі қасиетінің айдан анық ұқсастығы бойынша әбден орнықтырылған осынау қысқалығын анықтауға қабілетті. Шынында да, теологиялық та, метафизикалық та ежелгі ілімдердің абсолютті табиғаты олардың әрқайсысының бүкіл басқа ілімдерге теріс қатынасын сөзсіз туындатқаны түсінікті, өйткені басқаша болса, олардың өзінің мән-мағынасы эклектизмге айналып кету қатері төніп тұрар еді. Керісінше, нақ өз рухының салыстырмалылығының арқасында жаңа философия қарсы теориялардың өзіндік абыройын қашанда бағалай алады, алайда, оның көзқарастарының айқындығын көлегейлей және оның шешімдерінің беріктігін әлсірете алатын бостекі есе жіберуге бармайды. Осылайша, бүкіл алдыңғы арнайы қарастыруымыздың негізінде былай деп санауға болады: осынау түпкілікті философияны әдеттегі анықтауға осы арада пайдаланылған формула барлық есті адамдардың ой-санасында оның әртүрлі сипатты қасиеттерін толық ұштасуын туындатады.
ІІ . Позитивті ойлау мен жалпыға бірдей естілік арасындағы әуелі
өздігінен, кейін жүйелі болатын арақатынас
34. Осынау философиялық әдістің негізгі бастауын зерттегенде, оның өздігінен пайда болуы шынында адам парасатының бастапқы практикалық жаттығуларымен бір мезгілде келетінін, көп ұзамай мойындауға тура келеді; өйткені бұл “сөзде” келтірілген түсіндірулердің жиынтығы осы әдістің барлық
басты қасиеттері сайып келгенде жалпыға бірдей естілік қасиеттерінен ештеңемен ерекшеленбейтінін анық дәлелдейді. Ең тұрпайы теологияның ақыли ықпалына қарамастан, шынайы өмірдің күнделікті ағымы құбылыстардың әрбір шоғыры жөнінде жаратылыстық заңдардың кейбір нышандарын әрқашан көрсетуге және сол кезде тек екінші дәрежелі немесе оқшау болып көрінген кейбір жеке жағдайларда тиісті көріпкелдікті туындатуға тиіс болды – шынында да, ол ұтымды бола алғанға дейін, ұзақ уақыт бойы эмпиристік бола беруге тиіс болған позитивтік философияның қажетті ұрықтары тап осындай. Істің мәнісінде шынайы философиялық рух барлық жерде қарапайым естілікті барлық шынында қол жететін пайымдауларға негізінен жүйелі кеңейтуден тұратынын түсіну аса маңызды. Олардың саласы мүлдем ұқсас, өйткені салауатты философияның аса ұлы мәселелері барлық жерде қарапайым құбылыстармен байланыстырылады, ол құбылыстар жөнінде жасанды жағдайлар тек азды-көпті қажетті дайындықты құрайды. Бұлардың екеуінің де тәжірибелік түпқазығы бірдей, бірдей мақсатты – біріктіру мен күн ілгері көре білуді көздейді, нақтылық жөнінде бірдей тұрақты қам жейді және өз ұмтылыстарының түпкі шегі пайдалылық деп бірдей біледі. Олардың елеулі айырмашылығы мынада: біреуіне оның қажетті дерексіздігіне тәуелді жүйелілік ортақтығы тән, ал әрқашанда нақты нәрсемен айналысатын екіншісіне бұған қарама-қарсы байланысы жоқ мамандану тән. 35. Догматикалық жағынан бұл негізгі байланыс ғылымды жалпыға бірдей кемеңгерлікті сөздің өз мағынасында қарапайым әдістемелік көрсету ғана деп біледі. Сондықтан, әлгіндей кемеңгерлік дұрыс шешкен мәселелерге күман келтіруден әрқашан аулақ кінаратсыз философиялық пайымдаулар өзінің бастапқы ұғымдарын әрқашан қарапайым парықтан алып, оларды жүйелі өңдеу жолымен ортақтық пен тұрақтылық дәрежесіне көтереді, бұл дәрежеге ол ұғымдар өздігінен көтеріле алмас еді. Өндеудің бүкіл процесі барысында осынау қарадүрсін кемеңгерлікті тұрақты бақылап отыру, оның үстіне, қажеттілік немесе фантазия туындататын әртүрлі адасулардың мүмкіндігінше алдын алуға қабілетті құрал ретінде төтенше маңызды, өйткені олар
философиялық қызметке қажетті ұдайы дерексіздік ахуалында жиі ықпал етеді. Қажетті ұқсастығына қарамастан, естіліктің өзі негізінен нақтылық пен пайдалылықты күйттейді, ол арнайы философиялық ойлау ортақтық пен байланысты бағалау ісімен көбірек айналысады, сондықтан олардың екіжақты күнделікті ықпалдастығы олардың әрқайсысына бірдей игі ықпал етіп, олардың негізгі сапаларын нығайтады, басқаша болса, ол сапалар, әрине, өзгерер еді. Бұл қатынас, әлдебір мәселенің бастапқы негіздерін пән етіп алған саудайы зерттеулердің қаншалықты тұл, бос әурешілік екендігін айқын көрсетеді, әрқашан халық кемеңгерлігінен өрбуге тиістігін ұмытып кететін олар ешқашан ғылым саласына жата алмайды; олар, керісінше, оның өзінен өзі шығатын негіздерін құрайды да, сондықтан талқылауға жатпайды. Бұл қағида, бұрынғы ойлау салтынан бізге қалған, толып жатқан бостекі немесе қауіпті таластардан құтқарады. Сол секілді әңгіме шынайы философиялық әдістің құбылыстардың қандай шоғырына қолданылуына қарамастан оған баға беру туралы өрбігінде, дерексіз логикаға қатысты барлық алдын-ала зерттеулердің мүлдем әрі түпкілікті әурешілік екенін түсінуге болады. Шынында да, бұл тұрғыда орнатуға болатын бірден-бір ақиқат ортақ принциптер естеліктен жырмышталған және барлық парасатты адамдарда ойлаудың өздігінен болатын қызметінен туындайтын нұсқауларға елеулі ештеңе қоспайтын мұны сол афоризмдердің ең белгілерімен оп-оңай тексеріп алуға болады. Осынау баршаға ортақ ережелерді біздің позитивтік пайымдауларымыздың әртүрлі шоғырларына бейімдеу тәсіліне келсек (бұл осындай логикалық нұсқаулардың шынайы қиындығы мен нақты пайдалылығын құраср еді), онда ол тәсіл қарастырылып отырған құбылыстардың өзгеше табиғатына сәйкес, тиісті білімдер арнайы талданғаннан кейін ғана шын мәнінде бағалана алар еді. Кінаратсыз философия ешқашан логиканы ғылымнан бөлмейді; және де әдіс пен доктрина әрбір жағдайда тек олардың шынайы өзара қатынастары бойынша ғана дұрыс бағалана алатындықтан, шындап келгенде логикаға да, ғылымға да, қандай да болсын белгілі бір құбылыстарға тәуелді болмайтын таза дерексіз тұжырымдамалар көмегімен жалпыға ортақ сипат беру мүмкін емес; осы тектес
талпыныстар теология-метафизикалық ойлау салтына тән абсолюттік рухтың әлі құпия ықпалы бар екенін көрсетеді. 36. Бұл ақиқат философияға тән рух пен қазір тарихи тұрғыдан қарастырылатын жалпыға ортақ қарапайым естілік арасындағы тығыз жаратылыстық ынтымақ позитивтік рухтың өздігінен туындайтынын көрсетеді, ол рух барлық жерде практикалық парықтың теориялық парасатқа арнайы ықпалынан туындайды, сөйтіп парасаттың бастапқы сипаты барған сайын өзгере береді. Бірақ бұл біртіндеп өзгеру, өзіміз мойындағандай, бастапқыда теологиялық болған дерексіз пайымдаулардың әртүрлі шоғыры жөнінде бір мезгілде де, ерекше де бір жылдамдықпен өте алмайтын еді. Тұрақты нақты ұмтылыс позитивтік рухты оған құбылыстардың өскелең күрделілігіне сай келетін және төменде тікелей түсіндірілетін белгілі бір тәртіпке сәйкес қана өтуге мәжбүрлей алатын. Қажетіне қарай аса қарапайым математикалық зерттеулерде туған және содан кейін өздігінен туындайтын ұқсастық немесе инстинкттік еліктеу жолымен таралған дерексіз позитивтік ойлау осылайша әу баста тек арнайы, және көп жағынан эмпиристік сипатта ғана бола алатын еді, бұл сипат өзінің жақтастарының көп бөлігінен оның бастапқы философиямен амалсыз сиыспайтындығын да, әсіресе, оның жаңа логикалық құрылыс жасау жөніндегі негізгі ұмтылысын да ұзақ уақыт бойы жасыруға тиіс болды. Естіліктің өскелең қысымынан туындаған оның үздіксіз табыстары ол кезде тек метафизикалық рухтың алғашқы салтанатын ғана тікелей туындата алатын еді, ол рух өзінің өздігінен өрбитін ортақтығының салдарынан монотеизмді теориялық тұрғыдан дайындау мен оның толық әлеуметтік орнығуының арасындағы ғасырлар бойы оған философиялық құрал қызметін атқаруға арналған болатын, содан кейін, қандайды тек өзінің табиғаты мұрсат беретін ең үлкен ықпалға қол жеткізген онтологиялық тәртіп көп ұзамай соған дейін өзі қолайлы жағдай туғызып келген ғылыми өрлеуді басып-жаншушы күшке айнала бастады. Сондықтан позитивтік рух өзінің төл философиялық тенденциясын сол басып-жаншу оны, сайып келгенде өзі ұзақ уақыт бойы аралас секілді көрініп келгенметафизикалық бағытпен арнайы күреске түсуге
мәжбүр еткенде ғана көрсете алды. Міне сондықтан позитивтік философияның бастапқы жүйелі негізінің қалануы онтологиялық тәртіптің жиынтығы бүкіл Батыс Еуропада өз-өзінен ұштасқан тамаша ақыли екі ағымның – бірі Кеплер мен Галилей жасаған ғылыми, екіншісі өзінің пайда болуы үшін Бэкон мен Декартқа қарыздар философиялық,мағымның тегеурінімен қалжырай бастаған әйгілі дағдарыстан әріге бара алмайды. Грек онтологиясы политеизмге сәйкес келетін ұлы теологиялық бірлікті біржола қиратқаны секілді, орта ғасырлардың аяғына қарай орнатылған шала метафизикалық бірлік содан бастап біржола қиратылды. Осынау шынында шешуші дағдарыстан бастап, екі ғасыр ішінде позитивтік философия өзінің бүкіл ұзақ өткен шағы бойындағыдан әлдеқайда көп өсті, және бұдан былай ол өзінің жалпыға бірдей ықпалынан туындайтын бірліктің ғана тіршілік етуіне мүмкіндік береді. Ол дәйекті түрде ие болып келе жатқан әрбір жаңа сала енді ешқашан теологияға да, метафизикаға да орала алмайды, олай болатыны, әрбір адамның естілігі осынау көбейе түскен иеліктерді түпкілікті мойындауы барған сайын жиі байқалуда. Теориялық кемеңгерлік қорыта және нығайта отырып нақ осындай жүйелендіру жолымен ғана практикалық пайымға өзінің баяу да бірте-бірте пайда болуы барысында оның қызметіне нақтылық пен күш беріп отырған маңызды қызметі үшін шынында лайықты да тең өтем қайтара алады: расын айтқанда, соңғы екі ғасырда алынған позитивтік ұғымдар, өздерінің тікелей және арнаулы құндылығынан гөрі, жаңа ортақ философияның болашақ материалдары ретінде әлдеқайда бағалырақ, өйткені олардың көп бөлігі әлі өзінің түпкілікті сипатына – не ғылыми, не тіпті логикалыққа сипатына ие болған жоқ. 37. Осылайша, біздің ақыли эволюциямыздың жиынтығы және, әсіресе, Декарт пен Бэконнан бастап Батыс Еуропада жүзеге асқан ұлы қозғалыс, философиялық даналық пен жалпыға ортақ естілік арасында осы кезге дейін ешқашан жеткілікті мөлшерде болмаған жарастық орнату үшін позитивтік ойлауға оған әрі жетіспейтін толымдылық пен нақтылық бере отырып, сайып келгенде, соншама қажетті алғашқы дайындықтан кейін, бұдан былай адам парасатының ақиқат қалыпты құрылысын құрудан басқа ықтимал жол
қарастырмайды. Ал ақиқат философия абыройына дейін көтерілу үшін, нақты ғылым атқаруға тиісті толымдылық пен жүйелендірудің бір мезгілдегі осынау екі шартын зерттей отырып, олардың бір-бірімен түпкілікті сай келетінін көп ұзамай мойындауға тура келеді. Расында да, бір жағынан аса жаңа позитивтік философияның ұлы бастапқы дағдарысы тек моральдық және әлеуметтік теорияларды ғана сөздің тура мағынасындағы ғылыми қозғалыстан тыс қалдырды, сондықтан олар теологиялық-метафизикалық рухтың тұл үстемдігінің астында парасатсыз оқшаулықта қалды; осылайша, нақ сол теорияларды да позитивтік белеске көтеру барлық басқа негізгі құбылыстарға дәйекті таралуы жеткілікті түрде дайындалған шынайы философиялық ойлаудың бүгінгі соңғы дәлелі болар еді. Бірақ, екінші жағынан, жаратылыстық философияның осы соңғы кеңеюі оны дереу жүйелендіруге өз-өзінен ұмтылды, сөйтіп, ғылыми тұрғыдан да, логика жағынан да біртұтас көзқарас құра бастады, ол қажетіне қарай әрқашан адами, яғни әлеуметтік көзқарасқа айналдырылып біздің нақты пайымдауларымыздың жиынтығына үстемдік ете алар еді, баршаға белсенді түрде ортақ бола алатын біроден-бір көзқарас та сол болар еді. Осы Сөздің басында көрсетілген өзімнің үлкен еңбегімде мен көтеруге батылым жеткен негізгі, сонымен бір мезгілде жеке және жалпы өзгерістің екі жақты философиялық мақсаты осындай: осы заманғы аса көрнекті ойшылдар бұл міндетті жеткілікті түрде орындалған деп санайды, өйткені Бэкон мен Декарт ұсынған толық ақыли жаңарудың ақиқат та тікелей негіздері орнатылды, бірақ түпкілікті іске асыру біздің ғасырымыздың үлесіне тиді. Екінші бөлім
ПОЗИТИВТІК ОЙЛАУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
Екінші тарау
Төңкерісті ұйымдастыру
38. Адами ұғымдардың түпкілікті жүйеленуі енді тиісінше сипатталуы үшін, біз жаңа ғана істегендей оның теориялық міндетін қарастырып қою жеткіліксіз; бұл арада, сондай-ақ, соңғы жарты ғасыр ішінде бүкіл Батыс Еуропада, әсіресе Францияда өрбіген шексіз әлеуметтік дағдарыстан шығудың шынында да ықтимал бірден-бір интеллектуалдық жолын көрсете алатын қажетті қабілетіне де қысқа да болса анық баға беру қажет.
І. Қазіргі мектептердің дәрменсіздігі
39. Соңғы бес ғасыр бойы теологиялық философияның біржолата қиратылуы біртіндеп жүргізіле берді және сонымен бірге сол философия идеялық негізі болған саяси жүйе де одан кем емес түбегейлі іріп-шіруге барған сайын тап бола берді, бұл іріп-шіру метафизикалық ойлау туы астында жүріп жатты. Бұл екі жақты теріс қозғалыстың елеулі де ынтымақтас құралдары, бір жағынан, бастапқыда дін иелері құрған, кейінірек оның бітіспес қарсыластарына айналған университеттер болса, екінші жағынан, біртіндеп феодалдық билікке өшпенділікпен суарылған легистердің әртүрлі корпорациялары болды. Сын рухының тарала түсу шамасына қарай, оның қайраткерлері шын мәнінде өзгермей-ақ, неғұрлым көбейе және деңгейі жағынан төмендей түсті; мысалы, XVІІІ ғасырда басты революциялық қызмет философия саласында сөздің төл мағынасындағы ғалымдардан кәдуілгі әдебиетшілерге және содан кейін саясатта соттардан адвокаттарға көшуге тиіс болды. Жалпы құлдырау – әу баста кездейсоқ, содан кейін жүйелі, оның үстіне, жаңа қоғамның барлық таптары әртүрлі жәрдемдескен құлдырау сайып келгенде ескі тәртіпті сақтап қалу мүмкін еместігі айқын болып, жаңа қоғамға өзекті қажеттілік бадырайып көрінген кезде түбегейлі Ұлы дағдарыс2 шарасыздан басталды. Өзінің дүниеге келген сәтінен бастап бұл дағдарыс алдыңғы бес ғасырдың сыншыл бағытын
2 1789 жылғы революция.
ауқымды табиғи қозғалысқа айналдыруға ұдайы ұмтыла отырып, өзін әлеуметтік өзгеріс жасауға тікелей арналған етіп көрсетті, өйткені ондай өзгерістің топырағы ілгегі теріс қызметпен әбден-ақ бапталып қойған болатын. Бірақ бұл қажеттігі барған сайын өзекті бола түскенімен, осы уақытқа дейін шындап келгенде ықтимал күйінде қала беруге тиіс еді, өйткені оған қажетті идеялық негіз беруге шын қабілетті философия жоқ болатын. Тіпті, жеткілікті ілгерілеген алдын ала ірітіп-шіріту оны туындатқан таза теріс ілімдерді серпіп тастауға итермелеген кездің өзінде, сол тұста сөзсіз болуға тиіс жазмыштық адасу, керісінше, мынаған апарып соқтырды: осынау ұзақ дайындық кезеңінде жалғыз әрекет еткен метафизикалық ойлауға өзгертуші қозғалыстағы жалпы жетекшілік рөл өз-өзінен берілді. Әбден шешуші тәжірибе мұндай философияның толық табиғи жарамсыздығын біржола көрсетіп берген кезде, ешқандай өзге теорияның жоқтығы әуелі тәртіп орнату жөнінде өсе түскен талапты қанағаттандыруға мұмкіндік бермеді, сөйтіп дағдарыстың басталуы құлайтынын біржола белгілеп қойған сол баяғы идеялық және әлеуметтік жүйені біршама мөлшерде уақытша қалпына келтіруден басқа жол таптырмады. Ақырында, осынау кері қозғалыстың өрбуі кейінірек белгілі манифестацияны3 туындатуға тиіс болды, оны философия саласындағы біздің жаңсақ қадамдарымыз әрі сөзсіз болатын нәрсе етті де, сол арқылы прогресс дегеніңіз дәл тәртіп секілді ең жаңа өркенияттың негізгі екі шартының бірі екенін даусыз дәлелдеп берді. 40. Осынау сөзсіз болатын, қазір жаңадан бастау қаншалық пайдасыз болса, соншалық мүмкін де емес екі сынақтың табиғи ұштасуы қазіргі кезде бізді бір оғаш жағдайға, біздің қажеттеріміздің жиынтығына шынымен бейімделген философияның жоқтығынан, тәртіп мүддесі үшін де, прогресс үшін де ақиқат ұлы ештеңені бастауға болмайтын жағдайға әкеліп тіреді. Өзгертуге кез-келген байыпты ұмтылыс көп ұзамай регресс қатерінен тоқтап қалады, өйткені тәртіп идеялары шындап келгенде әлі де, әділетті түрде осы заманғы халықтарға әбден жек көрінішті болып біткен ескі тұрмыс салтынан
3 1830 жылғы революция.
туындайтын дәуірде ондай қауіп табиғи түрде ұялатылады; дәл сол секілді саясаттың қарышты қадамын тікелей жеделдету әрекеттері де тез арада еңсерілмес кедергілерге тап болады, өйткені прогресс идеялары көбіне теріс сипатта болып тұрғанда, сол әрекеттер тудыратын анархия сөзсіз бел алатындығы жөніндегі заңды мазасыздық мықты. Дағдарысқа дейінгідей, ашық күрес, осылайша, прогреспен сиыспайды деп мойындалған, прогресті догматпен теріске шығаратын теологиялық ойлау мен философияда жалпыға бірдей күмән туғыза алған, саясатта тек тәртіпсіздікті немесе жетекшіліксізікке тең ахуал орнатуға ұмтылған метафизикалық ойлау арасында жүріп жатыр. Бірақ олардың жалпы қанағаттандыра алмайтындығы бірауыздан ұғынылғандықтан ойдың бұл екі әдісі де бұдан былай басқарушыларға да, бағынушыларға да терең белсенді сенімдерді сіңіре алмайды. Олардың антагонизмі, алайда, соларды өзара қоректендіріп келеді, сондықтан бұлардың екеуі де не шайқас алаңын тастап кетуге, не шешуші жеңіске жетуге қабілетсіз; өйткені біздің ойлауымыздың ахуалы бір жағынан тәртіптің, екінші жағынан прогрестің бір мезгілдік шарттары болғанда да сақталуы үшін оларды әлі де қажетті етеді, бұл жағдай, ақыр соңында, әрқайсысы басты мақсаты бірекіншісінің толық үстем болып шығуына бөгет жасауды баста мақсат етіп қойған реакцияшыл және сыншыл мектептердің екеуін бірдей пайдасыз етіп, жаңа философия тәртіп пен прогресті бірдей қанағаттандыра алғанға дейін жалғаса береді. Дегенмен, ойдың осынау қарама-қайшылықты екі пошымына қатысты қарама-қарсы сипаттағы алаңдау ұлы әлеуметтік проблеманың бөлінбес екі жағын парасатсыз айырудың сөзсіз салдары, осынау идеялық патшасыздық созылып жатқан кезде, әрине, сейілмеген күйінде қала береді. Шынында да, бұл екі мектептің әрқайсысы өзінің ерекше ұмтылысының салдарынан өз қарсыласының қарама-қарсы адасуын қанағатты түрде тежеп отыруға да қабілетсіз. Өзінің антианархиялық тенденциясына қарамастан теологиялық мектеп бүгіндері күйретуші көзқарастардың өсуіне кедергі жасауға мүлдем дәрменсіз екенін көрсетті, ал олар монархия толық қалпына келген кезеңде дамыған ол көзқарастарды теологиялық мектеп жеңілтек
әулеттік есептерге бола жиі таратуда. Дәл сол сияқты, метафизикалық мектептің антиреакциялық инстинкті қандай болмасын, оның қарапайым революциялық функциясы талап ететіндей, логикалық күшінен қазір айрылған, өйткені, оның сипатты айнымалылығы, оны өмір сүруінің ақиқат жағдайын өзі үздіксіз шайқалтып отырған жүйенің негізгі принциптеріне жол беруге мәжбүр етеді. 41. Бірдей пайдасыз болып шыққан және өздерінің ғұмырын тек бір мезгілде ғана тоқтата алатын қарама-қарсы екі философияның арасындағы осынау өкінішті толқымалылық іс жүзінде тұрақты және, сайып келгенде үстем екі пікірді де бөліп тұрған негізгі екі шартты да бірдей қажет деп жариялап, негізінен әлеуметтік мәселелердің бүкіл жиынтығын тікелей көтеруге міндетті өзіндік бір аралық мектептің дамуын туындатуға тиіс. Бірақ, тәртіп рухы мен прогресс рухының бұл ұлы ұштасуын іске асыруға қабілетті философияның жоқтығынан, бұл үшінші мектеп, логикалық тұрғыдан, басқаларының бәріне қарағанда неғұрлым дәрменсіз болып қала береді, өйткені ол бір мезгілде реакциялық принциптер мен терістуші ережелерді бірін-бірі өзара жойып жіберуге жеткізу үшін оларға бата бере отырып, жүйеде дәйексіздік орнатады. Қандай да бір жүйенің кез-келген басымдығына тікелей кедергі жасай отырып және дағдарысты аяқтауға ұмтылыстан аулақ мұндай бағыт, егер ол бұдан былай біздің барлық қажеттерімізді өтей алатын бірден-бір доктриналардың толық жеңісіне дейін біздің өтпелі ахуалымыздың ең елеулі талаптарына эмпиристік жауап берудің уақытша міндетімен шектелмесе, оның мәңгілік болуына тек жәрдемдесе алар еді. Бірақ осындай мағынада қарастырылып отырған алғашқы құрал, қаншалық сөзсіз болатын нәрсе десек, енді соншалық қажет те болып отыр. Оның практикалық ықпалға тез ие болуы, мұны екі белсенді партияның да үнсіз мойындауы, қазіргі халықтарда реакциялық та, сыншыл да бұрынғы сенімдер мен нәпсілердің бір мезгілде барған сайын әлсіреп бара жатқанын көрсетеді, олар бірте-бірте оншалық айқын болмаса да нақты, адамзаттың қалыпты ахуалына бірдей тән консервативтік және прогрессивтік бағыттар арасындағы тұрақты келісімнің қажеттігі, тіпті мүмкін
екендігі жөніндегі баршаға ортақ сезіммен алмастырылуда. Мемлекет қайраткерлерінің енді кез-келген үлкен саяси қозғалысқа мүмкіндігінше бөгет жасау жөніндегі тиісті ұмтылысы, мұның үстіне, ақиқат ортақ философия ақыл иелерін жеткілікті дәрежеде біріктіргенше, шынында да тек уақытша мекемелер жол беретін жағдайдың негізгі талаптарына өздігінен сай келеді. Қазіргі өкіметтердің бұл инстинкттік қарсылығы олардың еркінен тыс дағдарыстың шынайы шешімін жеңілдетуге жәрдемдесіп, нәтижесіз саяси үгітті белсенді философиялық қарышты қозғалысқа айналдыруға итермелейді, бұл өз табиғаты күн ілгері сызып берген түпкілікті қайта құру жолын дәйекті жүріп өту үшін қажет, ол қайта құру әуелі идеяларда жасалып, содан кейін құлыққа, содан кейін ғана мекемелерге таралуға тиіс. Францияда қазірдің өзінде басымдыққа ие болуға ұмтылып отырған мұндай өзгеріс өсе түскен қажеттілікке сәйкес, әрине, барған сайын дами беруге тиіс болады, біздің батыстық үкіметтер тап болған бұл қажеттілік – идеялық және моральдық берекетсіздік арасында материалдық тәртіпті зор шығындармен сақтап отыру. Бұл қажеттілік олардың күнделікті күш-жігерін аз-аздап болса да, едәуір алаңдатып, оларды рухани қайта құрудағы қандай да бір елеулі рөлден үнсіз бас тартуға мәжбүр етіп, бұл рөлді өздерінің оған басшылық жасауға лайық екенін көрсете білген философтардың еркін қызметіне береді. Бұл осы заманғы өкіметтердің табиғи тенденциясы халықтардың саяси енжарлыққа өз-өзінен туындайтын ұмтылысымен жарасым табады, ал саяси енжарлық әрқилы өріп жүрген ілімдердің түбегейлі дәрменсіздігімен түсіндіріледі және саяси даулар, тиісті стимул болмағандықтан, бұрынғысынша ешқандай пайдасы жоқ, барған сайын кісіні қапаландыра беретін жеке қақтығыстарға айналып кете беретін уақытта әлсірей қоймайды. Біздің бүкіл өтпелі ахуалымыздың бүкіл жиынтығын шамалы уақыт шынына келгенде эмпиристік болып табылатын мектепке беретін қолайлы практикалық күш осындай, және бұл мектеп теориялық жағынан түбірімен қарама-қайшылықты, саясаттағы жосықсыздығы мен қауіптілігі философиядағы жосықсыздығы мен қауіптілігінен кем емес жүйені – эклектизмді ғана жасай алады, оған сондай-ақ, төл принциптері
болмағандықтан қарама-қарсы пікірлерді бітістірудің бос әурешілік ниеті дем береді.
ІІ. Тәртіп пен прогрестің позитивтік бәтуасы
42. Осы уақытқа дейін үстемдік үшін бір-бірімен өздері ғана таласып келген теологиялық және метафизикалық бағыттардың бірдей әлеуметтік жұтаңдығын барған сайын тереңдеп түсіну арқасында, қоғамдық парасат енді позитивтік ойлауды бүгінгі ұлы дағдарысты негізінен сипаттайтын терең интеллектуалдық және моральдық анархияны ауыздықтаудың бірден-бір ықтимал негізі ретінде жасырын мойындауға бейім болуға тиіс. Ондай мәселелерге әлі жат кездің өзінде позитивтік мектеп соңғы үш ғасырдағы революциялық күрес барысында біздің нақты пайымдауларымыздың неғұрлым қарапайым шоғырларын шын мәніндегі қалыпты жағдайға келтіріп, бірте-бірте дайындала береді. Осындай логикалық және ғылыми тәжірибелермен нығайтылған, оның үстіне, осы заманғы адасушылықтардан азат ол, ақырында, өзіне осыған дейін жетіспеген толық философиялық ортақтыққа ие болғандай көрінеді; осыдан былай ол өз кезегінде, ұлы проблеманы шешуге (бұл іс әлі басталмаған болаты) белді бекем буып, жаңа әдісті әртүрлі алдын ала ізденістерінде бұрын өзі істегеніндей түпкілікті зерттеулерге де қолдана бастады. 43. Ең алдымен осы философияның тәртіп пен прогресс талаптары арасындағы әлі соншалық мұқият іздестіріліп жүрген негізгі бәтуаны тікелей орнатуға өз-өзінен туындайтын қабілетін мойындамай болмайды, өйткені бұл үшін оған өзінің жаратылысына әбден сәйкес келетін және ол енді барлық өзге негізгі жағдайларда мүлдем әдеттегі нәрсеге айналдырған тенденцияны әлеуметтік құбылыстарға қолдану жетіп жатыр. Қандай мәселеде болмасын позитивтік ойлау әрқашан тіршілік ету идеялары мен қозғалыс идеялары арасындағы дәл қарадүрсін жарастықты ашып көрсетуге жетелейді, осыдан, атап айтқанда, тірі денелер жөнінде ұйымдасу идеялары мен өмір идеяларының
тұрақты арақатынасы туындайды, содан кейін, бұл ұғымды әлеуметтік организмге қатысты онан сайын шектей түсіп қолданғанда – тәртіп идеялары мен прогресс идеяларының арасындағы тұрақты бірлік туындайды. Жаңа философия үшін тәртіп әрқашанда прогрестің негізгі шартын құрайды және, керісінше, жануарлық механикада тепе-теңдік пен қарышты қозғалыс негіз немесе нысана ретінде өзара қажет екендігі секілді прогресс тәртіптің қажетті нысанасы болып табылады. 44. Содан кейін тәртіп тұрғысынан арнайы қарастырылатын позитивтік ойлау өзінің әлеуметтік кеңеюі барысында бұл тәртіпке, тек ғылыми ғана емес, сондай-ақ логикалық құдіретті де тікелей кепілдіктерді қамтамасыз етеді, бірнеше ғасыр барысында барған сайын азғындап жеке немесе ұлттық жанжалдардың белсенді элементіне айналып бара жатқан және бұдан былай өз жақтастарының тажалды сенделістерін тежей алуға қабілетсіз бола түсетін реакциялық теологияның бос дәмесінен шексіз артық деп таяу арада мойындалады. Ой саласына қажетті түрде тамыр жайған қазіргі берекетсіздікті оның негізінде жоя отырып, позитивтік философия әуелі бір мезгілде үш жақты жаңғырту – үстем мәселелер табиғатын, оларды қарастыру және оларды талқылау алғышарттарының тәсілін жаңғырту көмегімен әдістіерді (докториналарға әзірше тиіспей) өзгерте отырып, логикалық жарастықты мүмкіндігінше терең орнықтырады. Шынында да, бір жағынан ол басты әлеуметтік қиындықтардың, ендігі жерде саяси қиындықтар емес, қайта негізінен моральдық қиындықтар екендігін дәлелдейді, сондықтан оларды шешу ықтималдығы мекемелерден гөрі, көзқарастар мен құлықтарға әлдеқайда көп тәуелді болады: бұл жағдай саяси үгітті философиялық қозғалысқа айналдыра отырып, бұлғақты жоюға тырысады. Екінші жағынан, ол қазіргі адами оқиғаларды зерттеу барысында өткенді ұтымды бағалауға ұдайы басты орын бере отырып, қазіргі ахуалды әрқашан бүкіл алдыңғы эволюцияның қажетті нәтижесі ретінде қарастырады, мұның өзі кез-келген кінаратсыз тарихи тұжырымдармен сиыспайтын таза сыншыл тұжырымдарды сол сәтте санаттан шығарып тастайды. Ақырында, теология мен метафизика әлі істеп келе
жатқанындай, әлеуметтік ғылымды бұлыңғыр да тұл оқшаулықта қалдыру орнына, ол оны барлық өзге негізгі ғылымдармен сөзсіз келістіреді; негізгі ғылымдар білімнің бұл соңғы саласы жөнінде қажетті кіріспе пәндердің жүйелі қатарын құрайды, оларда біздің ақылымыз дағдылар мен ұғымдарды бір мезгілде қабылдайды, оларсыз ол ең асқақ позитивтік пайымдауларға жемісті кірісе алмайды; ал бұл жағдай, дарыны шамалы немесе нашар дайындалған ақыл иелері бұқарасы түсіне бермейтін көптеген дау-дамайды тиісті тұғырға қоюға қабілетті шынайы ақыли тәртіпті құрайды. Осынау зор логикалық кепілдіктер, оның үстіне, содан кейін тура мағынасындағы баға берумен толық қуатталып, дами береді, ол баға әлеуметтік құбылыстар жөнінде де, барлық басқа құбылыстар жөнінде де әрқашан біздің жасанды тәртібімізді негізінен әрбір жағдайда нақты заңдардың жиынтығынан туындайтын, жаратылыстық тәртіпті әуелі кездейсоқ, одан кейін жүйелі түрде парасатты жалғастырудан тұруға тиісті нәрсе ретінде көрсетеді, ал нақты заңдардың шын қарекеті біздің кемеңгерлік араласуымыздың арқасында әдетте белгілі бір шектерде, құбылыстар қаншалық жоғары тұрса, соншалық кең шектерде өзгеріп тұруға қабілетті. Қысқасы, қарапайым тәртіп сезімі басты құндылығы жүйелендіруден туындайтын бақылауларды біріктіру үшін құралдарды ашуға ұдайы бағытталып отыратын барлық позитивтік пайымдаулармен табиғи түрде етене болып табылады. 45. Онтологиялық бос дәмеге кереғар ғылыми зерттеулердің жиынтығында қазір өзінің даусыз көрінісін тапқан прогресс жөніндегі іс те дәл осындай, тегінде, одан да айқын. Өздерінің абсолюттік және, демек, іс жүзінде қозғалыссыз табиғатына орай, метафизика мен теология – екеуі бірдей дәрежеде шынайы прогреске, яғни белгілі бір мақсатқа жетудің үздіксіз қарышты қадамына қабілетті бола алмайтын еді. Керісінше, олардың тарихи өзгерістері негізінен ақыли да, әлеуметтік те мәселелерді барған сайын ұмыта беруден тұрады, бір рет көтерілген бұл мәселелер қандай да бір нақты қадам жасау орнына енді олардың мүлдем шешілмейтіндігі себепті жайына қалады. Грек мектептерінің онтологиялық
дауларын ортағасырлық схолостардың басқа пошымда іс жүзінде қайта тірілткенін, және дәл сондай құбылыстарды біз енді өзіміздің психологтар мен идеологтардың дауларынан біз тағы да байқайтынымызды аңғару оп-оңай, – осынау жиырма ғасырлық бостекі сөз таластыру барысында даулы доктриналардың бірде-бірі ең болмағанда сыртқы денелердің тіршілік ететіні жөнінде үзілді-кесілді дәлел келтіре алмады, бұл ежелгі ойшылдар үшін де, қазіргі авторлар үшін де, олардың неғұрлым ежелгі ізашарлары үшін болғаны секілді басы ашық күйінде қалып отырған проблема. Нақ позитивтік білімдердің үздіксіз қозғалысы осыдан екі ғасыр бұрын Паскальға өзінің философиялық формуласында адамзат прогресі туралы алғашқы ұтымды ұғымды, кез-келген ежелгі философияға қажетті түрде жат ұғымды білдіруге мүмкіндік бергені анық. Содан кейін эволюцияның өнеркәсіптік және тіпті эстетикалық салаларына таралған, бірақ әлеуметтік қозғалыс саласында тым бұлдыр күйінде қалған осы идея енді көмескі түрде болса да, түпкілікті жүйеленуге ұмтылуда, оны тек, сайып келгенде, тиісінше қорытылған позитивтік ойлау ғана жасай алады. Өзінің күнделікті пайымдауларында ол ойлау біздің әртүрлі теориялық күш-жігеріміздің елеулі мақсаты ретінде біздің нақты білімімізді әрқашан кеңейте және жетілдіре отырып, өз-өзінен қарапайым белсенді сезімді жандандырады. Неғұрлым жүйелі қарастыру мынаны көрсетеді: біздің ахуалымызды ғана емес, сондай-ақ әсіресе біздің табиғатымызды да үздіксіз жақсарта беруді жаңа философия біздің бүкіл тіршілік етуіміздің бір мезгілде әрі жеке, әрі әлеуметтік тіршілік етуіміздің қажетті міндеті ретінде тікелей анықтайды, өйткені бұл барлық жағынан сыртқы немесе ішкі нақты заңдардың жиынтығына жол береді. Прогресс идеясын, осылайша, әрі практикалық, әрі теориялық адами даналықтың шынайы негізгі догматы дәрежесіне көтере отырып, позитивтік философия жетілудің екінші түрін (теориялық) біріншісінен (практикалық) әрқашан жоғары қойып, оған барынша қолайлы және сонымен бір мезгілде толық сипат береді. Шынында да, бір жағынан, адамзаттың сыртқы әлемге ықпалы негізінен қарекет етушінің қабілетіне тәуелді болғандықтан,
соңғыларын жетілдіру біздің басты ресурсымызды құрауға тиіс; және, екінші жағынан, жеке немесе әлеуметтік адами құбылыстар өзгеруге неғұрлым қабілетті болғандықтан, нақ сол жөнінде біздің саналы араласуымыз барынша кең ауқымда табиғи түрде мүмкін нәрсе. Прогресс догматы, осылай, біздің табиғатымыздың үнемі жақсартылуының негізін құрайтын, жақсарту адамзаттың қарышты қозғалысының басты мақсаты болып табылатын жақсартуды құрайтын нәрсені дәл бағалаудың негізінде ғана жеткілікті түрде философиялық догмат бола алады. Ал бұл тұрғыда позитивтік философияның жиынтығы, осынау “Сөздің” басында көрсетілген еңбектен көруге болатынындай, индивидум үшін де, тек үшін де жетілу шындап келгенде біздің адамшылығымызды қарапайым хайуанаттардан барынша ерекшелейтін асқақ қасиеттерге басымдылық беруімен, яғни бір жағынан ақылға, екінші жағынан жұртшылыққа өзара табиғи түрде байланысқан, – бір-біріне өзара құрал мен мақсат қызметін атқаратын қабілеттерге басымдық беру деген сөз екенін әбден дәлелдейді. Жеке немесе әлеуметтік адами эволюцияның өз-өзінен жасалатын ағысы әрқашан әлеуметтік эволюцияның ортақ ықпалын дамытқанымен, олардың ұштастырылған күші, алайда, біздің басты қызметіміздің пасық пиғылдармен анықталуына кедергі жасай алмас еді, өйткені ол пиғылдар бізге тән ұйымның салдарынан қажетті түрде әлдеқайда жігерлі болып табылады. Осылайша, біздің адамшылығымыздың біздің хайуандығымыздан осынау мінсіз басымдығы, әрине, белгілі бір шекті нобайлап, шынайы философиялық тұрпаттың негізгі шарттарына сай келеді, біздің бүкіл күш-жігеріміз бізді сол шекке ұдайы жақындата беруге тиіс, алайда, оған әйтеуір бір қол жеткізу мүмкіндігі бізде жоқ. 46. Позитивтік ойлаудың тәртіп пен прогрестің кінаратсыз бөлінбес ұғымдарын өз-өзінен жүйелендіретін негізгі қабілетін осынау екі жақты көрсету осы жерде жаңа ортақ философияға тән жоғары әлеуметтік мәнді қысқаша сипаттай кету үшін жеткілікті. Бұл тұрғыдағы оның құндылығы, негізінен, оның толық ғылыми нақтылығына, яғни әлеуметтік құбылыстар жөнінде де,
басқа құбылыстар жөнінде де принциптер мен фактылар арасында ол мүмкіндігінше біржола орнататын жарастыққа тәуелді. Ой саласындағы қазіргі ұлы дағдарысты тоқтатуға жалғыз қабілетті толық қайта құру (бұл ең алдымен ой саласында жаалуға тиіс) шынына келгенде адамзаттың өткенін тиісінше түсіндіріп бере алатын әлеуметтану теориясын құрудан тұрады: әрқилы беймаза нәпсінің ықпалынан жақсырақ арылуға мүмкіндік беретін негізгі сұрақты ұтымды қоюдың тәсілі осындай. Позитивтік мектептің осы заманғы әртүрлі мектептерден қажетті артықшылығы нақ осылай неғұрлым дәл бағалана алады. Өйткені, теология мен метафизика өздерінің абсолюттік сипатына орай, олардың әрқайсысы өткеннің негізінен өзі үстемдік еткен бөлігін ғана қарастыруға бейім болды: сол кезеңнің алдында және онан кейін болған нәрселер оларға тек қаратүнек абдыру және түсіндірілмейтін берекетсіздік болып көрінеді, олардың ұлы тарихи дамудың шектеулі бөлігімен байланысы, олардың пікірі бойынша, тек ғажайып араласудан ғана туындай алатын. Мысалы, католицизм ежелгі политеизм жөнінде әрқашан бас-көзге қарамай тек міншіл сөз айтатын, енді, өз кезегінде тура мағынасындағы революциялық бағытты өзі туралы дәл сондай сөздерді айтқанда, бұл үшін реы әділетті жазғырады. Осылайша, өткеннің жиынтығын ақиқат түсіндіру, біздің жеке немесе ұжымдық табиғатымыздың бұлжымайтын заңдарына сәйкес, әлі үстемдік етіп отырған абсолюттік мектептер үшін қажетті түрде мүмкін емес нәрсе; олардың ешқайсысы, іс жүзінде, бұл бағытта жеткілікті байпты әрекет жасаған жоқ. Позитивтік философия ғана, өзінің ең жоғары дәрежедегі салыстырмалы сипатының арқасында, тиісінше барлық тарихи дәуірлерді, бір ғана негізгі эволюцияның әртүрлі белгілі бір фазистері ретінде көрсете алады, онда әрбір фазис алдыңғысынан туындайды және фактылардың жалпы тізбегінде оның арнайы қатысуын дәл белгілейтін бұлжымас заңдарға сәйкес одан кейін келетін фазисті дайындайды. Бұл философия әрқашан дәйексідік және әділетсіздік жөніндегі ешқандай жазғырусыз прогреске жәрдемдескен барлық оқиғаларға философиялық тұрғыдан лайықты әділ бағасын береді. Парасатты позитивтік әдістің осынау даусыз артықшылығы, үстірт қарағанда
таза пайымдаушылық секілді көрінуге тиіс болғанымен, шын ойшылдар оның жаңа философияның үлесіне, ақырында, тиген белсенді әлеуметтік ықпалдың басты қажетті қайнар көзі екендігін ырғалып-жырғалмай-ақ мойындайды. Өйткені, енді мынаны кесіп айтуға болады: өткеннің жиынтығын қанағаттандырарлықтай түсіндіріп беретін ілім міндетті түрде, дәл осы жалғыз дәлелдеменің арқасында, болашақтағы ойдың бағытында жетекші рөлге ие болады.
Екінші тарау
Адам моралін жүйелеу
47. Позитивтік ойлауды сипаттайтын жоғары әлеуметтік қасиеттерді көрсету, егер ақыр соңында адамзат туралы шын теорияның басты қолданылуын әрқашан құрайтын адам моралін жүйелеудің оған табиғи түрде тән қабілетке қысқаша баға берумен толықтырылмаса әлі жеткілікті аяқталмаған болып шығар еді.
І. Позитивтік моральдің эволюциясы
48. Ежелгі дүниенің саяси организмінде түбірімен саясатқа бағындырылған мораль өзінің жаратылысына сәйкес келетін абыройға да, жалпыға бірдейлікке де ешқашан ие бола алмайтын еді. Оның негізі тәуелсіздігі және тіпті оған тән болған ықпал (сол кезде бұл қаншалықты мүмкін болғандығына қарай), ақыр соңында, орта ғасырларда монотеизм топырағында өсіп шықты: католицизм адамзатқа көрсеткен бұл орасан зор әлеуметтік қызмет адамзат тегінің оған мәңгілік ризашылығына, оның басты құқығының негізгі қызметін әрқашан атқарады. Екі биліктің қажетті бөлінуімен бекітіліп, толықтырылған осынау сөзсіз болатын оқшаулану сәтінен бастап, уақытша ниеттерден арылған адами мораль біздің жеке, отбасылық және әлеуметтік тіршілік етуіміздің бүкіл
жиынтығы үшін шынайы ортақ ережелерді орнықтыра отырып, шын мәнінде жүйелі сипатқа ие бола алатын еді. Бірақ сол кезде осы өзгерістерге жетекшілік еткен монотеистік философияның орасан кемістіктері, идеялардың өсуі мен моральдық дамудың арасында көр ұзамай жазмыштық қақтығыс туғызып, оның күшін едәуір әлсіретіп, тіпті беріктігін мықтап шайқалтуға тиіс болды. Ұзақ уақыт прогрессивті болып қала алмайтын доктринамен осылай байланысты мораль содан кейін теология тап болған өскелең сенімсіздікен барған сайын жапа шегуге тиіс болды, сол кезден бастапқыда реакциялық сипат алған теология, ақырында, жаңа ақыли бағытқа түбегейлі қарсы бола бастады. Осы сәттен метафизиканың қиратқыш ықпалына берілген теориялық мораль, іс жүзінде, соңғы бес ғасыр бойында өзінің үш елеулі бөлігінің әрқайсысында едәуір шығынға ұшырады, және бұл шығындар біздің өркениятымыздың сол кезде өз-өзінен қалыптаса бастаған барысынан туындаған адамдардың үздіксіз бақытты дамуына қарамастан, адамға табиғи тән әділеттілікпен және адамгершілікпен практикада ешқашан жеткілікті дәрежеде өтеле алмайтын. Егер позитивтік ойлаудың қажетті ықпалы, ақырында, осынау анархиялық ағымдарға шектеу қоймағанда, олар, тегінде, тек әлеуметтік қана емес, сондайақ отбасылық және тіпті жеке әдеткі моральдің нәзік ұғымдарына өзінің тажалды жасқаншақтығының таңбасын басар еді, барлық жерде неғұрлым қарапайым жағдайларға қатысты және жалпы қабылданған баға тікелей қуаттайтын ережелерді ғана күшінде қалдырар еді. 49. Мұндай жағдайда моральді шын мәнінде нығайта алатын бірден-бір философияның, керісінше, бұл жөнінде мүлдем мақұрым саналуы оғаш көрінуге тиіс. Діндар католиктерден бастап, қарапайым деистерге дейінгі осы заманғы әртүрлі мектептердің пікірлері әлгіндей, олар өздерінің тұл таластарының арасында сол бірден-бір философияның осынау негізгі мәселелермен айналысуына тиым салу керек дегенде бір ауызды, сондағы олардың бірден бір сылтауы – оның рухы өзінің табиғаты жағынан тым жеке сипатта болғандықтан, осы уақытқа дейін неғұрлым қарапайым пәндермен ғана шектеліп келіпті-міс. Инсаниятты белсенді күйретуге жиі-жиі ұмтылған
метафизика және оны қорғау мүмкіндігінен баяғыда айрылған теология, екеуі де, дегенмен, осынау эмпиристік дәмелер жөніндегі қоғамдық пікірмен санаспастан, моральдан өзіндік бір мәңгі және өздеріне ғана тиесілі құндылық жасау ниетін тастамай келеді. Рас, кез-келген моральдық ереже өзінің бастапқы енгізілуі үшін теологиялық рухқа қарыздар екенін жалпы мойындау керек, өйткені, сол кезде біздің идеялардың бүкіл жүйесі сонымен суарылған болатын және сонымен бірге жеткілікті ортақ пікірлерді жасауға бірден-бір қабілетті сол рух қана болатын. Бірақ өткеннің жиынтығы, теологияның өзінің маңызы кеми түсумен бір мезгілде барған сайын азая бергенін де дәлелдейді; осынау бастапқы ортақтық адамның жеке немесе әлеуметтік тіршілігіне әрбір қылықтың шын ықпалын түсінуге халық бұқарасы қабілетті бола түскен сайын, барлық басқалары сияқты моральдық ережелер де барған сайын таза ұтымды қайта бағалауға ұшырай бастады. Моральді саясаттан біржола бөліп алған католицизм осынау тұрақты тенденцияның дамуына айтарлықтай жәрдемдесуге тиіс болатын, өйткені жаратылыстан тыс күштердің араласуы осылайша тікелей ортақ ережелер жасауға сайдырылады, оның жеке қолданылуы шын мәнінде адами даналық еншісіне берілді. Неғұрлым озық халықтарға сөзін арнаған католицизм арнайы мәселелердің үлкен тобын қоғамдық пікірдің қарауына берді, ежелгі данышпандар ол мәселелер тек діни нұсқаулармен ғана шешіле алады деп санаған болатын; мысалы, Үндістанның ғалым политеистері практикалық гигиенаның көптеген мәселелері жөнінде әлі күнге солай ойлайды. Сондықтан да, әулие Павелдан кейін үш ғасырдан соң-ақ бірнеше философтар немесе пұтқа табынушы заңгерлер болашақ діни төңкеріс өзімен бірге сөзсіз ала келетін қатерлі азғындаушылық туралы түңіліске толы көріпкелдіктерін жариялады. Әртүрлі монотеистік мектептердің осы заманғы мылжыңдары да позитивтік ойлаудың енді тиісті жағдайда мораль саласында, – онсыз да барған сайын адамзат парасатының бақылауына көшіп жатқан салада практикалық және теориялық жеңістерін аяқтауына жетістіріп кедергі жасай алмайды, ал адам парасатының жекелеген жеңістерін негізінен біздің
жүйелеуіміз ғана қалады. Адамзаттың, өзінің құлық ережелерін тек ғайыпқа негіздеуге сөйтіп, уақытша интеллектуалдық және моральдық қажеттіліктері арасындағы сол кезге дейін болған тажалды уақытша қарама-қайшылықтарды мәңгілік етуге шексіз бұйрылуы мүмкін еместігі күмәнсіз.
ІІ. Моральді теология мен метафизикадан
тәуелсіз етудің қажеттігі
50. Моральдық өсиеттер үшін теологиялық элементтің болуы қажетсіз ғана емес, керісінше, тәжірибе көрсеткендей, осы заманғы халықтарда соның болуы, осынау тажалды байланыстың салдарынан монотеистік тәртіптің күшейе түскен іоіп-шіруіне ортақтасуға оларды сөзсіз мәжбүр етіп, олар үшін барған сайын зиянды бола түседі; бұл әсіресе соңғы үш ғасыр бойында байқалып отыр. Ең алдымен бұл жазмышты ынтымақ, сенімнің өлеусірей бастауы барысына қарай сол ережелер үшін тірек қызметін атқарған бірден-бір негізді тікелей әлсіретуге тиіс болатын, ол ережелер күшті шабуылдарға ұшырап, өздерін әрқилы шайқалыстан қорғауғаға мұқтаж болып қалған-ды. Теологиялық рух қаңсығынан өсе түскен орынды жиіркеніш тек аса елеулі әлеуметтік қатынастарға ғана емес, сондай-ақ кәдуілгі отбасылық өмірге де, тіпті жеке өмірге де қатысты көптеген маңызды ұғымдарға ауыр тиді; ойды азат етуге бағытталған көзсіз де албырт ұмтылыстың арты, оның үстіне, осынау құтқарушы ережелерге уақытша өшпенділік кейде олардың қайнары болып көрінген реакциялық философияға өзіндік бір шектен тыс наразылыққа айналып кетіп жүрді. Тіпті догматтық сенімді сақтап қалғандардың бойында бұл тажалды ықпал тікелей сезіле бастады, өйткені өзінің саяси тәуелсіздігін жоғалтқан дін иелерінің беделі олардың моральдық күші үшін қажет әлеуметтік маңызынан да барған сайын айрыла бастады. Моральдық өсиеттерді қолдап отырудағы осынау өсе түскен дәрменсіздіктің үстіне еркін жеке зерттеулердің даусыз өрлеуі шатастырған және өзінің бұрынғы орнықтылығынан айрылған
теолгиялық ойлау да оларға белсенді зиян тигізіп отырды. Осылайша пікірлер алауыздығын қоздата отырып, теологиялық ой, шын мәнінде көптеген антиәлеуметтік адасуларды туындатты немесе қолайлы жағдай жасады, мұндай адасуларды өз билігі өзіне берілген естілік өзінің бостан күш-жігерімен айналып өте салар немесе серпіп тастай салар еді. Бүгінде меншікке де, тіпті отбасыға да және т.б. қарсы бағытталған, сөйтіп енді танымал бола бастаған бүлдіргіш утопияларды, әбден бостан ақыл иелері, олардың негізгі кемшіліктеріне қарамастан, ешқашан жазған да, мойындаған да емес, қайта көбіне-көп бұлдыр да тұл деизмге, немесе соған бара-бар протестантизмге негізделген өзіндік бір теологиялық реставрацияға ұмтылғандар тарапынан бағаланған. Ақырында, үшінші ортақ көзқарас тұрғысынан, теологиямен осынау ескі байланыс, теологияның моральды таза адами негізде берік қайта құруға кедергі жасауымен де тажалды болды. Егер де бұл кедергі мұндай өзгерістер беретін жалған қауіп-қатерге қарсы жиі жанұшыра айқайлайтын әртүрлі қазіргі заманғы теологиялық немесе метафизикалық мектептердің дарақы қарсылықтарында ғана болса, – онда позитивтік философияның жақтастары мұндай пасық жалаларды өздерінің күнделікті жеке, үй ішілік және әлеуметтік өмірінің жеткілікті дәлелді мысалдарымен теріске шығарумен ғана шектеле алар еді. Бірақ бұл қарсылықтың, өкінішке қарай, тамыры тереңде; өйткені ол моральды жүйелеудің осы екі тәсілі арасында орын алып отырған айдан анық қайшылықтардан туындайды. Теологиялық себептер діндарларға табиғи түрде барлық басқаларынан әлдеқайда күшті болып көрінетіндіктен, олар сондықтан таза адами себептер үшін ешқашан жай ғана көмекші себептер де бола алмайды; олар үстемдікті жоғалтқан бойда, барлық нақты маңызынан да сол сәтте айырылады. Осылайша, адамзаттың позитивтік білімі негізінде құрылған мораль мен жаратылыстан тыс әмірге негізделген оның теологиялық жағдайы арасындағы сабақтастықтық байланыстың ешқандай беріктігі болмайды; ұтымдылыққа негізделген сенімдер теологиялық иланымдарға қолайлы ықпал ете алады, немесе сенімнің әлсіреуі барысында бірте-бірте оны
алмастыра алады; бірақ керісінше ұштасу, тек қарама-қайшылықты утопия ғана болып, онда басты нәрсе екінші дәрежелі нәрсеге бағындырылар еді. 51. Күнделікті фактылардың бүкіл жиынтығымен осы заманғы қоғамның шынайы ахуалын мұқият зерттеу адамгершілікті қандай да болсын теологияның көмегінсіз орнықтыру бұдан былай мүмкін емес деген жалған пікірді талассыз теріске шығарады; өйткені бұл қауіпті байланыс, орта ғасырлардан бастап, на моральдың идеялық негіздерін әлсірете және беделін түсіре отырып, не, ақырында, не тікелей қарсы әрекеттер тудыра отырып, не оны жақсырақ жүйелеуге кедергі келтіріп, мораль үшін үш жақты тажалды болуға тиіс болатын. Егер берекетсіздіктің белсенді факторларына қарамастан практикалық адамгершілік нақты жақсарса, онда бұл игі нәтиже, сол кездері, керісінше, қауіпті күйретуші күшке айналған теологиялық ойлауға теліне алмайды; біз ол факторларға шындап келгенде позитивтік ойлаудың өскелең ықпалын, жалпыға ортақ естілік түрінде стихиялы туындайтын пошымының өзімен күшті ықпалы үшін қарыздармыз, оның данышпандық иландырулары біздің прогресшіл өркениятымыздың әртүрлі адасулармен, негізінен діни сенделістерден туындайтын адасуларымен орынды күрес жөніндегі табиғи ұмтылысына жәрдемдесті. Мысалы, протестанттық теология неке институтын ажырасуға пошымдық рұқсат беру арқылы түбірімен өзгертуге ұмтылған кезде, қоғамдық парасат жаңа заманғы қауымдастықтың шынайы сипатына жалғыз сәйкес келетін, практикада бұрынғы құлықтарды мойындауға қашан да шақыра отырып, бұл реформаның тажалды салдарларын едәуір залалсыздандырды. Халық бұқарасы арасында бір мезгілде үлкен ауқымда жүргізілген ши шығармас тәжірибелер, мұның үстіне, діни наным-сенімдердің ұлы құрбандықтарға шақыра алатыны немесе белсенді әрекетке бастай алатыны, жалған төтенше артықшылығы тікелей қарама-қарсы пікірлерге бірдей тән болуы мүмкін екендігін және, табиғаты қандай болса да, кез-келген берік сенімдерге тән екендігін дәлелдеді. Осыдан жарты ғасыр бұрын реакциялық коалицияға қарсы күресте біздің ұлттық тәуелсіздігімізді ерен ерлікпен қорғап
қалған теологиялық режимнің көптеген қарсыластары4 Францияның ішінде біздің сыртқы жауларымызға жәрдемдескен соқыр сенімді тобырға қарағанда анағұрлым толық және тұрақты жанкештіліктің үлгісін көрсетті. 52. Теологиялық-метафизикалық философияның әдеттегі моральды жүйелеуге ерекше құқығын сақтап қалу жөніндегі қазіргі дәмесіне баға беруді аяқтау үшін, ойды сондай философияның құшағынан босатудың сөзсіз болатын прогресі, сол философияны барлық жерде, азды-көпті анық пошымдармен өзіндік бір ұжымдық екіжүзділікке ұлықсат беру арқылы осы тақырып бойынша қабылдауға мәжбүр еткен қатерлі де қарама-қайшылықты доктринаны тікелей қарастыру жеткілікті. Бұл екіжүзділік әдетте ежелгі адамдарда болған деп негізсіз ұйғарылатын екіжүзділікке ұқсас, дегенмен оларда ол әрқашан тек кездейсоқ та уақытша табысқа ғана үміт арта алатын. Оқымысты адамдарда осы заманғы идеялардың еркін дамуына кедергі жасауға дәрменсіз бұл қоғамның пайдасы үшін деген желеумен олардан ежелгі сенімдерді сырттай болса да қадірлеу нышанын осылай алғысы, сөйтіп халық арасында өзі қажет ететін беделді сақтап қалғысы келеді. Осынау жүйелі әлемдік сауда иезуиттердің тактикасының едәуір негізін құрағанымен, тіпті де тек солардың ғана туындысы болып табылмайды; протестанттық рух та өз кезегінде оған онан да кең және әсіресе неғұрлым догматтық сипат береді: тура мағынасындағы метафизиктер оған дәл теологтар секілді жол береді; олардың арасындағы ең ұлы тұлға (Кант), оның биік адамгершілігі оның асқақ ақылына шын мәнінде сай болғанымен, бір жағынан, қандай болсын кез-келген теологиялық көзқарасты шын дәлелдеу мүмкін емес дей отырып, екінші жағынан, әлеуметтік қажеттілік олардың үстемдігін шексіз қолдап отыруға міндеттейді деген байламымен іс жүзінде осы мәмілеге рұқсат беруге дейін барды. Бұл доктрина жеке атаққұмарлық мүддесінен аулақ адамдар арасында құрметке ие бола алатындығына қарамастан, адами инсанияттың барлық қайнарларын былғап бітуге ұмтылды да, оларды үздіксіз жалғандықпен, тіпті менсінбеумен сөзсіз
4 Автор XVІІІ ғасыр аяғындағы француз революциясының қайраткерлерін айтып отыр (редактордың ескертпесі).
ыластайды. Бұл жүйелі екіжүзділікке қатысуға тиісті болғандар саны әлі аз кезде, төтенше кездейсоқ сипатта болғанымен, оны практикада іске асыру мүмкін еді; бірақ, ағарту соншалық кең таралып, осынау өзіндік бір тақуа қаскүнемдік ойлай алатын ақыл иелерінің көпшілігін қамтуға тиіс болған кезде, ол бұрынғыдан да неғұрлым парықсыз және неғұрлым жексұрын бола түсті. Ақыр соңында, қаскүнемдіктің осылай фантастикалық кеңеюі мүмкін еді деп санағанның өзінде, бұл жалған жүйе, оған қатысушылардың өздері жөнінде қиындықтарды мүлдем жоя алмайды, сөйтіп олардың инсанияты солардың өзінің билігіне беріледі, бұл инсаният бағынышты тапта жеткіліксіз екендігі әділетті мойындалған болатын. Егер де сондай-ақ шынайы жүйеленген мораль осынау бостан ақыл иелері үшін де қажет деп санасақ, ол бұдан былай позитивтік негіздерге ғана сүйене алады, сөйтіп, ол негіздер сайып келгенде сөзсіз қажет деп мойындалады. Позитивтік негіздерді тек қана білімді таппен байланыстыру жағына келсек, мұндай шектеу осынау ұлы философиялық ғимараттың табиғатын өзгерте алмайтындығын былай қойғанда осынау оңай бостандық көздейтін ақыли даму қазірдің өзінде бері салғанда Францияда төтенше ортақ немесе дұрысырағы баршаға ортақ болып отырған дәуірде бос әурешілік қана болатындығы айдан анық. Осылайша, идеялардың ескі тәртібін қалайда сақтап қалуға бостекі ұмтылыс сыбырлап жеткізген эмпиристік айла сайып келгенде, мынаған ғана жеткізе алады: белсенді ақыл иелерінің көпшілігі белгісіз бір уақытқа кез-келген моральдық доктринасыз қалады, мұның өзі қазір өте жиі байқалып жүр.
ІІІ. Позитивтік философияның рухани үстемдігінің қажеттігі
53. Сонымен ескірген жүйені алмастыру мақсатында позитвитік ойлауға сайып келгенде барлық жерде басымдық беру үшін нақ инсаният жолында қызу жұмыс істеу керек, өйткені бірде дәрменсіз, бірде ашу-ыза туғызатын ескірген жүйе өзгермейтін моральдық тәртіпті сақтап қалу үшін оцды барған сайын басып-жаныштауды талап етуде. Қазір тек жаңа философия ғана біздің әртүрлі
қажеттеріміз жөнінде нәпсі тегеурінін тежеуге шын қабілетті терең де белсенді сенімдерді орната алады. Оның адамзатқа көзқарастарына сәйкес, қазір біздің тегіміз ие болған орасан зор тәжірибеге сүйенген терістелмейтін дәлелдер әрбір қылыққа, әрбір себепке және әрбір бейімділікке немесе сезімге тән тікелей немесе жанама, жеке немесе қоғамдық шынайы ықпалды дәл анықтайды; содан сөзсіз болатын салдар ретінде ортақ та, арнайы да құлық ережелері табиғи түрде туындайды, және бұл ережелер жалыпға бірдей тәртіпке барынша сәйкес келеді және, демек, жеке адам бақыты үшін неғұрлым қолайлы болады. Бұл ұлы тақырыптың шектен тыс қиындықтарына қарамастан, мен мынаны кесіп айтпақыпн: оны тиісінше қарастыра отырып, осы салада геометрия тұжырымдары секілді дәл байламдар жасауға болады. Әрине, әдетте күнделікті өмірге арналған көптеген адамгершілік ережелердің бұл позитивтік дәлелдерін әйтеуір бір барлық ақыл иелеріне жеткіземіз деп үмітенуге болмайды, бірақ әртүрлі математикалық нұсқаулар жөнінде де мәселе осылай болып отыр ғой; бірақ соған қарамастан математикалық нұсқаулар ең қиын жағдайларда ешқандай іркіліссіз қолданылады, мысалы, біздің теңізшілер, өздері ештеңесін түсінбейтін астрономиялық теорияларға сене отырып, күн сайын өз өмірлерін тәуекелге байлайды; неғұрлым маңызды ұғымдарға да дәл осындай сеніммен неліктен қарамасқа. Мұның үстіне мұндай тәртіптің қалыпты тіршілік етуі әрбір жағдайда, қоғамдық соқыр сенімдерден балалайтын зор талаптан тыс,сондай-ақ негізгі ережелерді жігерлі еске салып, олардың қолданылуына парасатты басшылық жасауға тиіс бірде енжар, бірде белсенді рухани өкіметтің жүйелі араласуын талап ететіні де күман туғызбайды. Осылайша католицизм енді айналысуды қойған ұлы әлеуметтік функцияны орындай отырып, осынау жаңа моральдық билік, позитивтік ойлаудың кезкелген пән жөніндегі әдеттегі тенденциясына сәйкес, позитвитік философияның кез-келген алдыңғы ойлау салтының даналығын өз бойына стихиялы түрде сіңіретін игі қабілетін мұқият пайдаланады. Ең жаңа астрономия астрологиялық принциптерді біржола қуып шыққанда, оның үстемдігі тұсында алынған
барлық ақиқат ұғымдарды сақтап қалуға көп қамқор болды; химия алхимия жөнінде де дәл осылай істеді.
Үшіні тарау
Әлеуметтік сезімнің өсуі
54. Бұл жерде позитивтік философияны моральдық бағалаумен айналысуға мүмкіндігім жоқ болғанымен, алайда мен оның өзінің ғылыми да, логикалық та құрылысынан тікелей туындайтын міндеттілік сезімін қоздырып, нығайтудың айнымас тенденциясын өтуге тиіспін, ол мұны әрқашан бүтіндік идеясын ұсына отырып істейді, ал мұндай сезім сол идеямен табиғи байланыста. Ойлаудың бұл жаңа салты интеллектуалдық және инаснияттық қажеттіліктердің арасындағы орта ғасырлардың соңынан бері барған сайын күшейіп келе жатқан шеменді қақтығысты өз-өзінен жояды. Бұдан былай, керісінше, тиісінше жүйелендірілген барлық нақты пайымдаулар мүмкіндігінше моральдық жалпыға бірдей басымдыққа жетуіне үздіксіз жәрдемдесетін болады., өйткені, әлеуметтік көзқарас барлық өзге позитивтік көзқарастардың ғылыми байланысы мен логикалық реттеушісіне қажетті түрде айналады. Осындай келісім тәртіп пен жарастық идеяларын әрқашан адамзат жөнінде оңай да қарапайым дамыта отырып, тең таңдаулы адамдардың құлқын ғана емес, сондай-ақ жалпыға бірдей білім берудің тиісті жүйесінің арқасында осынау ұлы түлеуге қатысуға тиіс болатын қалың бұқараның да құлқын сауықтыруға ұмтылмайды деп санау мүмкін емес.
І. Ескі моральдық құрылыс – жеке кісілік құрылыс
Бір мезгілде практикалық және теориялық неғұрлым терең және неғұрлым ауқымды қарастыру позитивтік ойлауды бізге өз табиғаты жағынан кез-келген кінаратсыз моральдың бірінші қажетті негізі болып табылатын әлеуметтік
сезімді тікелей дамытуға жалғыз қабілетті ілім етіп көрсетеді. Идеялардың ескі құрылысы адамгершілікке тек ауыр жанама құралдардың көмегімен шақыра алатын, ал дін иелерінің данагөйлігі оның стихиялық ықпалын тежеп отырмаса, олардың нақтылы жетістігі (осынау философияның шындап келгенде жеке кісілік тенденциясына қарай) тым кінаратты болып шығуға тиіс-тін. Бұл қажеттілік қазір, сөздің тура мағынасындағы метафизикалық ойлау жөнінде бері салғанда эмпиристік түрде мойындалды, ал метафизикалық ойлау мораль саласында толып жатқан қарама-қарсы мылжыңдарға қарамастан қазір соншалық үйреншікті болып кеткен эгоизмнің тажалды жүйесінен өзге теорияға ешқашан жеткізе алмайтын еді; тіпті мұндай адасуға елеулі қарсылық білдірген онтологиялық секталар сайып келгенде оны қандай да бір практикалық маңызға ие болуға қабілетсіз бұлыңғыр яки ыру-тыру ұғымдармен алмастырды. Соншалық өкінішті және, алайда, соншалық тұрақты тенденцияның тамыры әдетте ойлағаннан анағұрлым тереңде жатыр. Ол іс жүзінде сол философияның сөзсіз жеке кісілік сипатынан туындайды, ол философия ылғи да индивидті қарастырумен шектеліп, жұртшылықты зерттеуді ешқашан нақты қамти алмайтын еді, бұл оның іргесі шатқаяқ логикалық принципінен сөзсіз туындайтын салдардан өрбиді. Оның әдеттегі формулалары оның негізгі рухының тек аңғырт көрінісі ғана болып табылады; оның әрбір жақтасы үшін үстем ой ылғи да өзінің "Мені" туралы ой болып табылады; басқа барлық, тіпті адамдық тіршілік, тек бір терістеуші тұжырымдамамен ишаралап білдіріледі де, олардың жиынтық мағынасы "Мен емес" дегенге саяды... Бірақ бұл пәнді әлі де тереңірек зерттесек, осы тұрғыда да, өзге тұрғыда да метафизиканың догматтық жағынан да, тарихи жағынан да теологияның өзімен сабақтас байланыста екендігін, ол әрқашан оның бүлдіргіш бір түрі ғана болып табылатынын мойындауға тура келеді. Іс жүзінде, баянды эгоизмнің бұл белгісі әрбір діндардың бойында шындап келгенде әрқашан жеке мүддені күйттейтін теологиялық ойдың неғұрлым жоғары дәрежесіне жатады, ол мүдделердің орасан зор үстемдігі барлық басқа пікірлерді сөзсіз қылғытып жібереді, және
тіпті барынша берілгендік бұл жерде жанкештілікті сіңіре алмас еді,олай болса бұл әділетті түрде қауіпті адасу деп қарастырылар еді. Тек осынау ойддан шығарылған мүдделердің нақты мүдделермен жиі қақтығысы ғана парасатты дін иелеріне моральдық тәртіптің құдіретті қралын береді, ол құрал қоғамдық игілік үшін талай рет таң қаларлық құрбандықтарға баруға көтере алған еді; алайда бұл құрбандықтар тек солай болып көрінетін, іс жүзінде олар әрқашан мүдделерді парасатты теңгеруге саятын. Адамзат табиғатына тән жанашырлық және риясыздық сезімдері, күман жоқ бұл құрылыста да көрінуге және тіпті, кейбір жағдайларда олардың жанама ықпалының салдарынан көрінуге тиіс болатын, бірақ, олардың ынта-ықыласы мұндайда басып тастала алмайтындығына қарамастан, олардың сипаты бәрібір қатты өзгеруге тиіс болатын, ол өзгеріс, олардың таза да төте көріністері болмағандықтан, бәлкім, олардың табиғаты мен қуатын барынша танып-білуге әлі мүмкіндік бермей отырған болар. Мұның үстіне былай деп жорамалдауға да болады: діндардың ең қымбат мүдделері саласында жеке бір ішкі есептерді ұдайы күйттеу адамның бойында, тіпті, басқа бір кез-келген нәрселермен біртіндеп ұқсастыру жолымен, тым сақтықты, алды-артын болжайлап алуды, сайып келгенде, әсіре өзімшілдікті дамытты, бұл өзімшілдік оның туа бітті болмысынан тіпті де туындамайды және сондықтан ол жақсырақ моральдық тәртіп тұсында кеміп-азая алады. Осынау жорамалдың дұрыс-бұрыстығы қандайлық болғанымен, дегенмен, теологиялық ой өз табиғаты жағынан шындап келгенде индивидуалды және ешқашан тікелей ұжымдық бола алмайтындығы даусыз. Дін үшін – және, әсіресе, монотеистік дін үшін – әлеуметтік өмір деген жоқ, өйткені, дін әлеуметтік өмір ұдайы ұмтылатын мақсатты көрмейді; адамзат қоғамы діни көзқарас тұрғысынан индивидтердің жай ғана ұйлығуы, олардың жиылуы қаншалық уақытша болса, соншалық кездейсоқ, ондағы әрбір адам өзінің ғана құтқарылуын күйттейді және олар басқаның құтқарылуына қатысуын жоғарыдан жүктелетін нұсқауларға бағына отырып өзінің құтқарылуына лайық болудың құдіретті құралы деп қарастырады. Біз, әрине, қоғамдық инстинкттің қолайлы қысымы тұсында
соншалық жетілмеген философиядан ұзақ уақыт бойы едәуір маңызды практикалық пайда ала білген дінбасылардың парасатына тәнтілігімізді әрқашан білдіреміз. Бірақ бұл орынды мойындау, осынау бастапқы тәртіптің алдын-ала белгіленген өрісінен жасанды түрде шығып кетуіне келісу деген сөз емес, өйткені, біздің интеллектуалдық және сезімдік табиғатымыздың бүкіл жиынтығына барынша сәйкес келетін жүйенің заманы туды.
ІІ. Позитивтік ойлау – тікелей әлеуметтік ойлау
56. Позитивтік ойлау, керісінше бұл мүмкін болғандықтан, тікелей қоғамдық ойлау болып табылады және бір ғана оны сипаттайтын нақтылық арқасында оған ешқандай күш-жігер жұмсамай-ақ жетеді. Ол үшін сөздің тура мағынасында адам деген жоқ, тек адамзат қана бар, өйткені біздің бүкіл дамуымыз үшін, қай қырынан қарастырсақ та, біз қоғамға қарыздармыз. Егер қоғам идеясы әлі біздің ақылымыздың абстракциялауы секілді көрінсе, онда бұл негізінен ескі филосмофиялық дүниетанымның салқыны; өйткені расын айтқанда, нақ индивид идеясы, бері салғанда, біздің текте, сондай сипатпен ерекшеленеді. Жаңа философия бүкіл жиынтығында тығыз әлеуметтік ынтымақ сезімін қайткен күнде де әдеттегі нәрсеге, барлық уақытқа және барлық жерге тиісінше нәрсеге айналдыру үшін нақты өмірде де, пайымдаушы өмірде де біреудің баршамен толып жатқан түрде көрінетін байланысын анықтауға ұмтылатын болады. Жеке молшылықты қамтамасыз ету үшін барынша жарамды да әдеткі тәсілді үздіксіз беріп отыратын амал қоғамдық игілікті тынымсыз іздестіру ғана емес, бір мезгілде неғұрлым тікелей және неғұрлым таза, кейінірек неғұрлым күшті болатын ықпалдың арқасында дарқан бейімділіктердің неғұрлым толық көрінуі жеке бақыттың, тіпті өтеуі тек қана сөзсіз ішкі қанағат болған күннің өзінде басты қайнар көзі болуы мүмкін. Өйткені, егер бақыт негізінен парасатты әрекеттен туындайтыны күмәнсіз болса, онда ол ниеттестік инстинктеріне, біздің болмысымыз оларға әдетте басым энергия бермейтіндігіне қарамастан, тәуелді болуға тиіс; бірігіп тіршілік
етуде еркін дами алатын бірден-бір сезім – жанашырлық, сезімі ғана; бірге тіршілік ету оларға шексіз өріс ашып, оларды табиғи түрде барған сайын қоздырып отырады, өсйте тұра ол стихиялық өсуі үздіксіз қақтығыстарды тудыра алатын әртүрлі жеке ұмтылыстарды бүкіл қажеттілік салдарынан үнемі басып-жаншып отыруды да талап етеді. Осынау кеңінен қамтитын әлеуметтік бірлікте әркім мәңгілік есте қалуға ұмтылысын қалыпты қанағаттандыра алады, бұл ұмтылыс бұрын біздің ақыли дамуымызбен бұдан былай сиыспайтын иллюзияның көмегімен ғана қанағаттандырыла алатын. Өзінің тіршілік етуін тектің көмегі арқылы ғана ұзартудан басқа амалы жоқ индивид осылай онымен мүмкіндігінше біте қайнасуға ұмтылатын болады, сөйтіп өзін оның ұжымдық тіршілік етуімен – қазіргісімен ғана емес, өткенімен де, әсіресе, болашағымен мықтап байланыстырады. Мұны ол өз өміріне жарқындық беру үшін істейді, оған әрбір жағдайда нақты заңдардың жиынтығы мүмкіндік береді. Осынау ұлы табыдық бұдан да тығыз, бұдан да түсінікті бола алады, өйткені жаңа өмірдің осынау екі түріне де (жекеше және ұжымдық – баспа) қажетіне қарай біпбірдей негізгі міндет, біп-бірдей эволюция заңын ұсынады, ол әрқашан индивид үшін де, тек үшін де түсіндірілгендей, үздіксіз қарышты қозғалыстан тұрады, ал оның мақсатын біз жоғарыда айтқанбыз; ол – екі жақтан да адамшылықтың немесе ақылдың жұртшылықпен ұштасуының тура мағынасындағы хайуандықтан басым түсуін қамтамасыз етуге ұмтылыс. Біздің барлық сезімдеріміз олардың тікелей де үздіксіз, оның үстіне, әу баста олар сылбырлықпен ерекшеленетіндіктен де аса қажет жаттықтырылуы арқылы ғана дами алатындықтан, тіпті эмпиристік шын білімге ие әрбір адамға да әлеуметтік инстинктті есті де белсенді көтеру саласында позитивтік ойлаудың ескі теологиялық-метафизикалық бағыттан қажеті артықшылығын осыдан әрі дәлелдеп жату артық болар еді. Бұл артықшылықтың айқындығы соншалық тиісті мекемелер оның игі қасиеттерін тиісінше өмірге енгізе алатын сәттен көп бұрын қоғамдық парасат оны жеткілікті деңгейде еш күмәнсіз мойындап отыр.
Үшінші бөлім
ПОЗИТИВТІК МЕКТЕП САЛТАНАТЫНЫҢ ШАРТТАРЫ
(Пролетарилар мен философтардың одағы)
Бірінші тарау
Халыққа жоғары білім беруге кірісу
1. Позитивтік ұғымдардың таралуы мен осы заманғы орта көңіл күйінің ара қатынасы
57. Бүгіндері үстемдік үшін бір-бірімен таласып жүрген әрбір мектептен жаңа философияның өз-өзінен туындайтын артықшылығы интеллектуалдық жағынан қаншалықты сипатталса, жоғарыдағы уәждердің жиынтығымен енді әлеуметтіккөзқарас тұрғысынан да соншалықты анықталды; бері салғанда осынау “Сөздің” көлемі мүмкіндік беретін және осы шығарманың қажетті көмегінсіз-ақ мүмкін болатын мөлшерде анықталды. Бұл қысқаша баға беруді аяқтай келіп, осы философиялық әдіс пензамануи тәжірибенің арқасында енді басқарылатындардың да, басқаратындардың да бойында барған сайын басым бола түскен парасатты, бірақ эмпиристік көңіл-күй арасында табиғи түрде орныға бастаған қолайлы ара-қатынасты атап өту маңызды. Тұл саяси үгітті ауқымды ақыли қозғалыспен тікелей алмастыра отырып, позитивтік мектеп, жүйелі зерттеудің нәтижесінде қазіргі дәуірде тек алғашқы немесе өтпелі сипаттағы мекемелер ғана тіршілік ете алатын дәуірде, қоғамдық парасат пен үкіметтердің парасаты кез-келген байыпты және тікелей әлеуметтік құрылыс жөнінде бірдей білдіретін немқұрайдылықты немесе жиіркенішті түсіндіріп, негіздейді; өйткені идеялық анархия жалғасып жатқанда, бұл шаралардың қандай да бір жеткілікті парасатты негізі болмайды. Осынау негізгі тәртіпсіздіктерді оларды еңсере алатын бірден-бір құралдар мен сайып келгенде тоқтату маңдайына жазылған жаңа мектеп ең алдымен ішкі
де, сыртқы да материалдық тәртіпті үздіксіз қолдап отыруға мәжбүр, өйткені онсыз ешқандай байыпты әлеуметтік толғаныс тиісінше қабылданбайды да, тіпті қанағаттандырарлықтай талдап әзірленбейді де. Ол, осылай қазіргі жағдаймен тікелей сиыса алатын бірден-бір ұлы саяси нәтижеге жету идеясы барлық жерде сіңіріп жатқан әбден дұрыс шаруаны негіздеп, оған жәрдемдесуге ұмтылады. Бұл жағдай, мұның үстіне, сайып келгенде шешілмейтін проблеманы – асқынып кеткен моральдық берекесіздіктің арасында біршама саяси тәртіпті сақтап отыру проблемасын көлденең тартып, оның жолында жасайтын қиындықтар салдарынан оны ерекше бағалы етеді. Өзінің болашақтағы еңбектерінен тысқары позитивтік мектеп қазіргі әртүрлі мектептерді түпкілікті әшкерелеу жөніндегі түбірлі тенденциясының арқасында осы ұлы іске тікелей жегіледі. Ол соларда қалып қойған қарама-қөарсы функцияларды солардың әрқайсысымен салыстырғанда қазірдің өзінде жақсы орындайды; тек бір ғана сонда осы қарама-қарсылықтар өз-өзінен сиысып кететіндігі соншалық, ол өзіне бірден теологиялық мектептен неғұрлым табиғи, метафизикалық мектептен неғұрлым прогресшіл мектеп ретінде көрсетіп, сол мектептің әрқайсысына тиісінше тән реакция немесе анархия қаупін ешқашан төндірмейді. Үкіметтер, жария болмаса да, іс жүзінде, өткенге қанда да бір елеулі қайта оралудан, ал халықтар барлық жерде (бері салғанда, әуелі жүйелі өңдеу жүргізілуге тиіс Францияда) құрылыстың қандай да бір күрт дүрбелеңге ұшырауынан бас тартқан кезден бастап жаңа философияға екі жақтан да тек әдеттегі қатынасты, яғни бостандық пен ықыласты өтіну ғана қалады. Осынау табиғи жағдай тұсында позитивтік мектеп, бір жағынан, өкіметтің осы заманғы бүкіл құзырын өз иелеріне бекітіп беруге, екінші жағынан оларға халықтың ақиқат қажеттеріне барған сайын неғұрлым сай келе бастаған моральдық міндеттерді жүктеуге ұмтылады. 58. Өкіметтер мен халықтардың осынау, жаңа мектеп даусыз еңбек сіңірген қарым-қатынас тұсында атүсті қараған кісіде позитивтік мектептің салтанат құруына бұдан былайғы жалғыз елеулі кедергі тек оның насихатшыларының қабілетсіздігінен немесе немқұрайдылығынан ғана өрбитін
кедергілер екен деген әсер қалуы мүмкін. Бірақ неғұрлым байыпты баға мынаны көрсетеді: жаңа философия, керісінше белсенді ақыл иелерінің барлығы дерлігінің тарапынан жігерлі қарсылыққа ұшырауға тиіс, бұл жаңа мектептің басты жұмысына тікелей жегілу үшін олардың жаңаруының қиындығы салдарынан болатын қарсылық. Егер бұл міндетті түрде болатын қарсылық тек теологиялық немесе метафизикалық көңіл күйдегі ақыл иелері тарапынан болса, онда оның нақты қаупі мардымсыз болар еді, өйткені, негізінен позитивтік ғылымдарды зерттеумен айналысатындардың (ал олардың саны мен ықпалы күнен күнге өсе түсуде) құдіретті қолдауы қалады ғой. Бірақ оңай түсіндірілетін жазмышты жағдайдың салдарынан жаңа мектеп нақ осылардың тарапынан барынша аз қолдауға және барынша көп кедергілерге тап болады: ғылымдардан тікелей өрбитін философия, тегінде өзінің ең қауіпті дұшпандарын қазір сол ғылымдарды жасап жатқан ғалымдардың тарапынан табуы ықтимал. Бұл өкінішті жаңсақтықтың басты қайнар көзі – көрсоөқыр қасаң мандану, зерттелетін құбылыстардың өсе түскен күрделілігінен амалсыз жеке сипат алған осы заманғы ғылыми ойлау сонысымен күрт ерекшеленеді; мен мұны төменде анық көрсетемін. Қауіпті академиялық күнделікті күйбең негізінен геометрлер арасына енгізуге тырысып жүрген осынау бастапқы қозғалыс әрбір ақыл иесіне ақиқат позитивтік әдісті идеялардың шектен тыс қысаң саласына сіңіреді де, қалғанының барлығын теологиялық-метафизикалық тұманға қалдырады немесе бәрінен де тар эмпиризмнің билігіне қалдырады. Осыдан келіп әртүрлі ғылыми еңбектердің жиынтығына сәйкес келетін ақиқат позитивтік ойлау оны осылайша табиғи түрде дайындаған ғылымдардың бірдебіріне толық мәнінде түсініксіз болып шығады. Осынау қашып құтылмас тенденцияға барған сайын бой алдыра түскен сөздің тура мағынасындағы ғалымдар, біздің мына ғасырда әдетте қандай да бір ортақ идеядан ат-тонын ала қашады немесе қандай да бір философиялық тұжырымдаманы дұрыс бағалау қабілетінен мүлдем айрылуға дейін барады. Ақыли әдет туғызған бұл қарсылық содан кейін бізде,негізінен Францияда, ғылыми қызметтің ұйымдастырылуы әлгіндей тажалды мамандандырылумен терең байланыстырылатын (мұны мен
жоғарыда аталған шығармамда жеткілікті анық көрсеткен болатынмын) әрқилы тиісті мүдделерді қозғауға тиіс болатынын ескерсек, осынау қарсылықтың қауіптілігін түсіну оңайырақ болады. Осылайша, біртұтас бағытты тікелей талап ететін және әлеуметтік даму туралы ғылымға қазір қалыптасып болған барлық пәндерден жоғары орын алуға жәрдемдесетін жаңа философия бірденбір шоғырдың соқыр сенімдері мен құштарлықтарында бір мезгілде белсенді де, енжар да бола алатын терең ұнатпауды қажетті түрде кездестіреді, ол шоғыр жаңа философияға тікелей пайымдық таяныш бола алар еді және соның ортасында ол ұзақ уақыт бойы басқа барлық шоғырлардың ортасындағыдан неғұрлым сирек, тек жекелеген жақтастарға үміт арта алар еді5.
2. Осынау білім берудің қажетті жалпыға бірдейлігі
59. Өзіне ойлы адамдар бұқарасы (сөздің тура мағынасында түсінгенде) көрсететін қарсылықтың осынау стихиялық бірлесуін тиісінше еңсеру үшін позитивтік мектеп жалғыз ортақ құралға – жалпыға бірдей естілікке тікелей де табанды сөз арнауға жүгіне алады, сөйтіп бұдан былай өзінің ұлы философиялық туындысының қажетті негізін құрай алатын басты ғылыми еңбектерді халықтың белсенді жіктерінің арасында жүйелі таратуға күш салады. Тиісті ғылымдарға бағыт беріп отырған мамандандырылудың эмпиристік рухы табиғи түрде басым түсіп келген сол бастапқы зерттеулер осы күнге дейін олардың әрқайсысы негізінен тек белгілі бір кәсіпке даярлауға тиіс секілді қарастырылып, зерттеледі; бұл жағдай, күндердің күнінде көп
5 Осы заманғы ғылымдардың көпшілігінде бөлшектердің осынау эмпиристік басымдығы және олардың кезкелген қорытуға көрсоқыр антипатиясы олардың әрқилы аналитикалық соқыр сенімдер бір-біріне өзара күш беретін, оның үстіне, өте жиі дүниеқоңыздық мүдделер өрбитін, ақыр соңында, бұдан былай бел алуға тиіс синтетикалық бағытқа тұрақты қарсылық стихиялық түрде ұйымдастырылатын академияларда шоғырлануының арқасында, негізінен Францияда едәуір тереңдей түседі. Осыдан жарты ғасыр бұрын революциялық кемеңгерліктің сипатты белгісі болған прогресс инстинкті осынау маңызды қауіп-қатерді бұлыңғыр сезінді де сол мешеу қоғамдарды тікелей жабуға алып келген еді, өйткені ол қоғамдар позитивтік ойлаудың алғашқы белесіне ғана сай келіп, оның түпкілікті жүйеленуіне барған сайын дұшпан бола түсті. Әдетте соншалық нашар түсінілетін сол үзілді-кесілді шара сол кезде тым ерте қолданылғанымен (өйткені осынау елеулі ыңғайсыздық сол кезде жеткілікті мойындала қоймайтын), соған қарамастан, сол ғылыми корпорациялар өзінің табиғаты жағынан өздері қабілетті болған басты функцияны сол кезде-ақ орындап болғаны даусыз еді. Қайта құрылған сәттен бастап олардың нақты ықпалы ұлы ақыли эволюцияның нағыз барысына пайдасынан гөрі әлдеқайда зиянды болды.
білімдерді немесе, бері салғанда кінаратсыз ортақ тұжырымдамаларды одан әрі жасай беруге қанша қажет болса, соснша білімді игеруге уақыты мол адамдардың өзін мүмкіндіктен айырады. Бірақ енді солай жалғаса беруі мүмкін емес, өйткені қазіргі кезде білім берудің төте мақсаты қандай да болсын қарсы тенденцияға кереғар, оның сипаты мен бағытын қажетінше өзгерте алатын жалпыға бірдей тәрбие болып отыр. Шынында да, геометр де, астроном да, химик те және т.б. болғысы келмейтін орташа адам өздерінің негізгі ұғымдары қамтылатын барлық басты ғылымдарға бірдей ділгірлікті үнемі сезіп отырады; біздің ұлы Мольердің тамаша сөзімен айтсақ, оған барлығында айқындық керек. Осынау қажетті бір мезгілдік оған, осынау білімдерді ол адами тұжырымдамалар жиынтығының бірден-бір ұтымды негізі ретінде олардың абстракциялы және жалпы міндеті тұрғысынан қарастыратын кезде ғана қажетсіз болып қалады; сол қажеттілікке ол, соншалық тікелей болмаса да, тіпті әрқилы нақты қолданыстар жөнінде де, қайтадан тап болады, ол қолданыстардың әрқайсысы жаратылыстық философияның тек қана бір саласына қатысты болудың орнына, іс жүзінде барлық басқаларына да аздыкөпті тәуелді болады. Демек позитивтік білімнің басты жетістіктерін жаппай тарату ғылымдар тіпті де тек қана ғалымдар үшін емес, негізінен және ең әуелі өзі үшін өмір сүретінін барған сайын түсініп келе жатқан қоғамның қалың топтарында анық байқалатын қажеттілікті қанағаттандыруға ғана арналмаған. Өз-өзінен туындайтын сәтті ықпалдастықтың арқасында мұндай міндет тиісінше дамыған кезде осы заманғы ғылыми ойлауды түбірімен жақсартуға тиіс болып, оны оған тән көрсоқыр да қысаң маманданудан арылтады, сол арқылы оған өзінің басты миссиясы үшін қажет шынайы философиялық сипатқа аз-аздап ие болу мүмкіндігін береді. Бұл тіпті бірден-бір жол болып табылады, соның арқасында қазіргі кезде маман ғалымдар шоғырын аттап өтіп, парасатты адамдар бұқарасынан ауқымды табиғи түрде қалыптасатын, шешімі қаншалық даусыз болса, соншалық әділ де болатын, сол шешімдер күшімен көптеген жалған ғылыми көзқарастар табанын жалтырататын трибунал құруға болар еді; бұл жалған ғылыми көзқарастар соңғы екі ғасыр барысында шын
позитивтік доктриналарға, олардың бастапқы дайындалуы барысында қажетіне қарай араласып кетті, және, оның үстіне, сол даулар ақырында, жалпыға бірдей естілік талқысына тікелей салынбайынша оларды сөзсіз бұрмалай береді. Тікелей табысты біздің өтпелі жағдайға жақсы бейімделген таза уақытша шаралардан ғана күтуге болатын дәуірде философиялық еңбектердің бүкіл жиынтығына қажетті осындай ортақ таяныш нүктесін құру менің ойымша, қазір бұқара арасында нақты білімдерді кеңінен және толық тарату арқылы қол жеткізуге болатын басты әлеуметтік нәтиже болар еді; қоғам осылайша жаңа мектепке, кейін өзі онан алатын мөлшерге әбден тең қызмет көрсетеді. 60. Егер бұл үздіксіз оқыту тіпті төтенше ауқымды болса да, қандай да бір тапқа ғана арналса, онда осынау ұлы нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмас еді; сәтсіздікке ұшырамас үшін әрқашан ақыл иелерінің бүкіл жиынтығын есте ұстау керек. Осы қозғалыс дайындауға тиіс қалыпты ахуалда, ешқандай сырттатусыз және айырмашылықсыз, жұрттың бәрі әрқашан осынау бастапқы философияға бірдей де негізгі ділгерлікті әрқашан сезінетін болады, ол философия нақты ұғымдардың жиынтығынан өрбиді де, сонда практикалық та пайымдық та адами кемеңгерліктің жүйелі негізі болады және бір кездері жалпыға бірдей христиандық білімнің еншісінде болған қажетті әлеуметтік функцияны неғұрлым мінсіз орындайтын болады. Сөйтіп жаңа философиялық мектептің пайда болған сәтінен бастап әлеуметтік жалпыға бірдейліктің осынау ұлы қарапайым белгісін мүмкіндігінше дамыта беруі аса маңызды, сайып келгенде оның басты міндетіне қатысты ол белгі енді ол тап болатын әртүрлі кедергілермен күресте оның ең мықты күшін құрайды.
3. Бұл білім берудің шын мәніндегі халықтық міндеті
61. Осынау қажетті тенденцияны жақсырақ атап көрсету үшін әу баста инстинктті, кейін жүйелі болған ішкі сенімім осы шығармамда баяндалған білім беру жүйесін сызып беруге баяғыдан-ақ әрқашан итермелеп келді, ол жүйе негізінен қазір орын алып отырғанжағдайға қандай да бір дұрыс оқытудың сырт
қалған ең саны көп тапқа арналған. Өйткені, барған сайын аласталып келе жатқан, тек интеллигент адамдар үшін ғана біршама метафизикалық және тілдік білім берумен уақытша алмастырылған таза теологиялық тәрбие, халық бұқарасы үшін әсіресе Францияда, ешқандай шендес тәрбиемен ауыстырыла алмады. Бұл тұрақты ұмтылыстың маңыздылығы мен жаңалығы, ол ұмтылыс тиісінше бағаланса екен, тіпті именбей-ақ айтайын еліктеу туғызса екен деген риясыз ниетім мені осы арада пролетарийлар мен жаңа философиялық мектеп арасында арнайы орнатылуға, бірақ ол мектеп тарататын білім қандай да бір тапты аттап өтпеуге тиіс рухани ықпалдастықтың себептерін көрсетуге міндеттейді.Бұл жақындасуға ықыластың немесе сезім асқақтығының жоқтығы екі жақтап қандай кедергі жасаса да, қазіргі қоғамның барлық бөліктерінің арасынан сөздің тура мағынасындағы халық өзінің ерекше жағдайынан туындайтын ұмтылыстары мен қажеттерінің екпінімен жаңа философияны іш тарта қабылдауға іс жүзінде жақсырақ дайын болуға тиіс екенін мойындау оңай, ол философия сайып келгенде нақ сол ортадан өзінің ең басты идеялық және әлеуметтік тірегін табуға тиіс. 62. Тереңдете түсу маңызды болатын бірінші ой, ол негізінен теріс сипатта болғанымен, бұл жағдайда, үстірт қарағанда елеулі қиындық ретінде көрінетін нәрсені мұқият бағалаудан, яғни қазіргі кезде ешқандай пайымдаушылық дамудың жоқтығын бағалаудан өрбиді. Дау жоқ, мысалы, астрономиялық философияны көпшілікке арнап оқыту, ол енгізінен арналған адамдардың бәрінде бірдей белгілі алғашқы математикалық білім жоқ екенін байқататыны өкінішті, ондай білім оқытуды әрі жемісті, әрі неғұрлым түсінікті етер еді, ал қазір сондай білім бар-ау деп санауға ғана тура келеді. Бірақ дәл осындай олқылықты, Францияда позитивтік білім беруді кейбір арнаулы кәсіптер, негізінен политехникалық немесе медициналық мектептермен байланысты кәсіптер шектеп отырған дәуірде осы заманғы таптардың көпшілігінде-ақ ұшырасар еді. Сөйтіп, бұл арада біздің пролетарийлардың шынында да сипатты ерекшелігі болатындай ештеңе жоқ; дұрыс дамудың қазіргі оқыған таптар алып
жүрген пошымы оларда жоқ екендігіне келсек, бұдан шын қиындықтың орнына халықтың ақыл иелері үшін айтарлықтай артықшылық туындайды дегенді кесіп айтып, мен философиялық әсіре бағалауға ұрынудан қорықпаймын. Сорымызға қарай тым жеңіл, жеткілікті дәрежеде әлдеқашан орындалған және парықты адамдардың көз алдында күнделікті тәжірибемен барған сайын қуатталып келе жатқан сынға бұл арада оралып жатпай-ақ айтсақ, бастапқыда сөздерден, содан кейін мәністен құралатын пайдасы жоқ білім беруден – біздің жастық шағымыздың соншалық қымбат талай жылдары сарп етілетін осынау білімдерден шығатын неғұрлым парықсыз және шындап келгенде нақты өмірге, белсенді же, пайымдаушылық та өмірге қолданғанда неғұрлым қауіпті дайындықты ойлап табу қиын болар еді. Мұндай білім алатындардың көпшілігіне ол, олардың бүкіл ғұмыры бойында кез-келген ақыли еңбекке тек еңсерілмес дерлік жиіркеніш қана сіңіреді. Шын өмірге қабілетсіздік, қара халық кәсіптерін менсінбеу, позитивтік философияның қандай да бір ұғымын түсінуге дәрменсіздік және осыдан көп ұзамай туындайтын антипатия олапрды енді нәтижесіз метафизикалық үгітке жәрдемдесуге өте жиі жетектейді, осынау тажалды тәрбие дамытқан мазасыз жеке дәмелер бұл үгітті көп ұзамай саяси тәртіп үшін қауіпті етеді. Бұл үгіт, оның үстіне, алдыңғы орынға ежелгі заманға тән әлеуметтік тұрпатты итермелейтін, сол арқылы әдетте ең жаңа қоғамды дұрыс түсінуге кедергі жасайтын өрескел тарихи эрудицияның тікелей ықпалымен жүргізіледі. Егер қазір әлдебір салада қоғамдық істерді басқаратындардың барлығы дерлік дәл солай даярланғанын қаперге алсақ, онда олар тіпті құйтақандай материалдық пәндер жөнінде тым жиі байқататын ұятты надандыққа да, олардың ділмарлыққа салыну қаншалық кереғар немесе өліммен барабар болса да әдемі сөйлеу өнерін бәрінен жоғары қойып, мазмұнды пошымға құрбандыққа шалуға жиі бейімділігіне де, ақыр соңында, біздің ғалымдардың біздегі ақыли анархия арасында күн сайын туындап жататын барлық адасуларды талғамай қылғыта беретін арнайы тенденциясына да қайран қалуға болмайды. Мұндай баға, керісінше, мұндай әрқилы қасіреттердің әдетте неғұрлым кең ауқымға ие бола алмайтыны қайран
қалдырады; ол қайта біздің өркенияттың жиынтығына тән қуанышты ықылас ықпалымен жалпы тәрбиенің жосықсыз жүйесінің осынау зиянды салдарынан көбіне-көп өздігінен ауыздықтайтын адамның табиғи әділеттілігі мен табиғи кемеңгерлігіне терең тәнтілікке жетелейді. Осынау жүйе орта ғасырлардың соңынан бастап, әлі күнге дейін метафизикалық рухтың әуелі теологияның, одан кейін сондай-ақ ғылымға қарсы қимылдардың басты әлеуметтік тірегіболғандықтан, ол қамти алмаған таптар осының арқасында осынау өтпелі философиямен әлдеқайда кем ауырғандығын, сондықтан позитивтік ойлауға жақсырақ дайын екендігін түсіну оңай. Схоластик тәрбиенің жоқтығы біздің пролетарийларға беретін, және күнделікті тәжірибе көрсетіп отырғанындай, оқыған адамдардың көпшілігіне қарағанда, олардың әлеуметтік құштарлықтары жүйелі түрде қоздырылып отыратындығына қарамастан, шындап келгенде бұлғақ енгізетін әрқилы софизмдерді жұқтырмайтын етеді. Баяғы бір замандарда оларды теология, әсіресе католиктік теология әбден езіп-жаншуға тиіс еді, Бірақ олардың ақыли азат болуы кезінде метафизика оларды жанап қана өте алды, өйткені, ол өзінің нығаюы үшінқажет әлеуметтік мәдениетке ұшыраса алмады; тек позитивтік философия ғана оларды жаңадан түгелімен толық аясына тарта алады. Осынау түркілікті философияның түп тамыры соншалық қызу ұсынған бастапқы шарттар, бұл арада басқа қай жердегіден де осылай бәрінен жақсы орындалған болуы тиіс: егер Бэкон мен Декарттың атақты tabula rasa (table rase) формуласы күндердің күнінде бір жүзеге асар болса, бұл осы заманғы пролеатрийлар арасында болар еді, олар, негізінен Францияда, барлық басқа таптардан гөрі, ұтымды позитивтік әдіске дайын мінсіз тұрпатқа әлдеқайда жақын. 63. Халық ақыл иелерінің кінаратсіз осынау ұмтылысын тереңірек те мұқиятыңқырақ зерттегенде ол әрқашан негізгі ынтымақтан өрбуге тиіс екендігін мойындау оңай, ол ынтымақ, біздің алдыңғы түсіндірулерімізге сәйкес, шынайы философиялық рухты оның басты қайнар көзі – жалпыға ортақ естілікпен тікелей байланыстырады. Іс жүзінде төменгі таптарда енді неғұрлым таза әрі неғұрлым жігерлі болуға тиіс нәрсе, Декарт пен Бэкон соншалық әділ
көкке көтерген естілік қана емес (схоластикалық мәдениеттің жоқтығының өзі оларды көмескі немесе софистік дағдыларға – білімді таптардың жақсырақ тәрбиесі бірте-бірте сейілетін осынау уақытша айырмашылыққа неғұрлым бой алдырмайтын етеді), оған сондай-ақ олардың әдеттегі еңбегінің сипатына сәйкес келетін ақылдың екі категориясына да тән әртүрлі әлеуметтік функциялардың ақыли ықпалына жататын басқа бір, қажетіне қарай тұрақты болатын нәрсені қосуымыз керек. Адамзаттың сыртқы дүниеге нақты ықпалы осы заманғы халықтарда өздігінен ұйымдаса бастайтын кезден бастап, ол ықпал саны жағынан мүлдем тең емес, бірақ қажеттілігі бірдей ерекше екі таптың үздіксіз ұштасуын талап етіп келеді: бір жағынан, әрқашан саны аз, сөздің тура мағынасындағы кәсіпкерлер, әрқилы тиісті материалдарға басшылық етеді де, сондықтан қандай болып шықса да, нәтиже үшін басты жауапкершілікті өз мойнына алады; екінші жағынан, тікелей өндірушілер, мерзім-мерзіммен алатын жалақысына күн көретін және еңбекшілердің орасан зор көпшілігін құрайтын олар өзіндік бір дәйексіз мақсатпен ең қарапайым актылардың әрқайсысын орындап, олардың түпкі мақсатына онша көңіл аудара бермейді. Табиғатпен тікелей дидарласатын да осы соңғылар, ал біріншілері негізінен қоғаммен істес болады. Осынау негізгі айырмашылықтан туындайтын қажетті салдардың екпінімен, біз позитивтік оайлаудың өздігінен дами беруі үшін өнеркәсіптік өмірге ьән деп мойындаған пайымдаушы күш өзін кәсіпкерлер арасынан гөрі өндірушілер арасында жақсыраұ сезінуге тиіс: өйткені өндірушілерге тиесілі еңбек өзінің сипаты жағынан неғұрлым қарапайым, неғұрлым анық мақсатты көздейді, нәтижесі де неғұрлым тезірек көрінеді және неғұрлым бұйрық райлы жағдайдан туындайды. Демек, позитивтік мектеп осынау ауқымды әлеуметтік ортаға тиісінше ене алады, ол бұл ортада жалпыға бірдей білім беруге неғұрлым оңай жол және өзінің философиялық жаңаруына неғұрлым қызу жанашырлық табады. Ол сонымен бірге бұл ортада осынау ақыли жарастықтан құндылығы кем емес ұқсас моральдық белгілер де табады, бұл біздің пролетарийларды философтардың шынайы шоғырымен, бері салғанда философ, сайып келгенде өзінің әлеуметтік мнідетіне мәйкес келетін
құлықтарды түсінген кезде, өздігінен жақындайтын материалдық дүниеге ортақ құмарлықтың жоқтығынан болады. Жалпы тәртіпке де, шынайы жеке бақыт үшін де қолайлы осынау сәтті жағдай позитивтік қоғамның осынау екі шеттегі элементтері арасында болуға тиіс қатынасты жүйелеу салдарынан неғұрлым қалыпты мәнге ие болады. Бірақ, қазіргі сәттен бастап, күнделікті жұмыс біздің пролетарийларға пайымдаушы білім үшін қалдыратын шамалы бос уақытты пайдаланып, жаңа философия осынау туып келе жатқан одақты айтарлықтай жеңілдете алады. Егер, еңбек мұрша бермейтін кейбір ерекше жағдайларда, осынау үздіксіз кедергі шынында да, ақыли дамуға бөгет жасауға қабілетті болып көрінсе, ол әдетте міндетті жұмыстардың әрбір табиғи үзілісінде парастқа өзін-өзі билеуге толық мүмкіндік беретін данагөй бейғамдықтың сипатымен өтеледі. Шын бос уақыттың жетіспеушілігі әдетте, былай қарағанда ол уақыт жетіп артылатындай көрінетін жоғары топта сезілуге тиіс; өйткені өзінің байлығының және өзінің қоғамдағы жағдайының себебінен ол негізінен беймаза істермен шұғылданады, ал ондай істер ешқандай интеллектуалдық және моральдық сабырлылыққа жол бермейді. Бұл ахуалы, керісінше, ойшылдар үшін де, өндірушілер үшін де жеңіл болуға тиіс, бұл олардың капиталды жаратуға қатысты шаруалардан өз-өзінен болатын ортақ азаттығының және олардың күнделікті өмірінің табиғи реттілігіне тәуелсіздігінің арқасы. 64. Осынау әрқилы ақыли және моральдық тенденциялар тиісінше қарекет ете бастағанда, философиялық жаңаруды бірте-бірте іске асырудың қажетті шарты болып табылатын позитивтік білімді осынау жаппай тарату нақ пролетарийлар арасында бәрінен жақсы жүзеге асуға тиіс. Және де нақ соларда осы білім, оған әрқашан ынсапсыздық немесе атаққұмарлық есептерден қолы тимейтін жоғары таптар көп немесе аз мөлшерде тікелей енгізетін дүниеқоңыздық көзқарастан бәрінен жақсы құтқарылады. Әуелгіде одан бүкіл адамзат кемеңгерлігінің жалпыға бірдей негізін көретін пролетарийлар, содан кейін одан, нәзік өнердегідей, өздерінің күнделікті еңбегінен әдеттегі ұнамды көңіл көтеруді көреді. Олардың маңдайына жазылған әлеуметтікжағдай ондай
ғылыми және эстетикалық көңіл күйді әлдеқайда қадірлі ететіндіктен, билеуші таптар, қол жете қоймайтын ләззаттан сабырмен бал тартатын адамдардың өздері шектеусіз ден қоятын рахатты да қимай, ылғи да бөгет болып, оны оларды позитивтік білім алудан айырудың негізгі себебін көреді деп санау оғаш болар еді. Рас, көбіне-көп эгоизм мен артын ойламаудың пәрменімен жасалатын мұндай бөгет кейде философияны осынау демократияландыру (халыққа жақындату) таптық айырмашылықтарды жаппай жоюға анық көрсетіліп отырған тажалды ұмтылысты дамыта отырып, қазіргі тәртіптің өрескел ұлғайып кетуіне жетелер еді деген желеумен жасалады. Бірақ бұл мәселеде байыпты талқылауды қажет ететін бұл табиғи қауіптену, бірден-бір ірі қарсылық қазір көбіне-көп бір мезгілде әрі ғылыми, әрі эстетикалық позитивтік білімді қазір бірден-бір ұйымдасқан метафизикалық және тілдік білім берумен парықсыз шатастырудан туындайды. Бұл соңғысы, біз мұны жоғарыда мойындағандай, оқыған таптарға төтенше қоздырушы ықпал етеді және ол егер пролетарийларға таратылса, шынында да әлдеқайда қауіпті болып, онда материалдық жұмысқа жиіркеніш туғызатынын былай қойғанда, тым атаққұмарлықты қоздырар еді. Бірақ, бақытымызға қарай, олар, бұл іс өздеріне тәуелді, сондай білім бергісі келетіндерге қарағанда, бұған қол жеткізуге тым құштар емес. Ал парасатпен түсінілген және тиісінше бағыт берілген позитивтік білімдерге келсек, олар ондай ықпалға тіпті де ие бола алмайды: барлық практикалық жұмыспен байланысты бола отырып және өзінің табиғаты бойынша солардың бәріне қолданылып, олар, керісінше, не олардың әдеттегі сипатын әсірелеп көрсетіп, не олардың ауыр зардаптарын жұмсартып көрсетіп, соларды нығайтуға немесе тіпті соларға бейімділікті сіңіруге тырысады; мұның үстіне, әртүрлі әлеуметтік жағдайларды және солармен қажетті түрде байланысқан ауыртпалықтарды анық бағалауға жетелей отырып, олар шын бақыт тіршілік етудің қандай да шарттарымен ауыл үй қона береді, тек олар адал орындалып, парасатпен қабылдануы керек деген ойды мысық табандап жеткізеді. Солардан туындайтын жалпы философия былай деп үйретеді: адам немесе дұрысырағы адамзат, нақты заңдар жиынтығының пәрменімен,
мүмкіндігінше және барлық жағынан, ешқандай жосықсыз алаңдаушылыққа бой алдырмай, жаратылыстық тәртіпті үздіксіз жақсарта беру мойнына артылған бізге белгілі тіршілік иелерінің біріншісі; бұл идея жалпыға бірдей белсенді адам абыройы сезімін мықтап оятуға тырысады. Сонымен бірге бұл философия шын өмірде де, пайымдаушылық өмірде де сипатталған мақсаттар мен тұрпаттардан біздің қаншалықты төмен тұрғанымызды барлық көзқарастар тұрғысынан, барынша айқын көрсете отырып өздігінен-ақ әсіре менмендікті ауыздықтап отырады; бұл арада біз аттаған сайын дерлік біздің жанкешті күшжігеріміз әрқашан негізгі қиындықтардың шамалы бөлігін ғана еңсере алатынын сеземіз. 65. Келтірілген әртүрлі дәлелдердің аса маңыздылығына қарамастан, олардан да күшті ниет негізінен халық бұқарасының ақыл иелерін пролетарийлардың әлеуметтік жағдайының басты ұжымдық қажеттеріне сай келетін нақты білімдерді жаппай таратуға айнымас ұмтылысы енді позитивтік мектептің философиялық қызметіне жәрдемдесуге құлшындырады. Оларды мынадай ортақ қағидамен білдіруге болады: осы кезге дейін ерекше халықтық саясат болған жоқ, оны тек жаңа философия эасай алады.
Екінті тарау
Халық саясатын құру
1. Әрқашан әлеуметтік халықтық саясат негізінен моральдық саясатқа айналуға тиіс
66. Осы заманғы ұлы дағдарыс басталғалы бері басты саяси қақтығыстарда халық жай ғана көмекші элемент болып келді, қазір де сондай болып отыр. Күреске қатысқанда, халық, әрине, өзінің жалпы жағдайының біршама жақсартылуына қол жеткіземіз деп үміттенеді; бірақ осынау жақсарту оған шын мәнінде тән көзқарастар мен мақсатқа сай келе қоймайтыны айдан анық. Әдеттегі барлық даулар шындап келгенде әрқилы жоғары немесе орташа
таптармен шектеліп келді, өйткені ол даулардың пәні негізінен өкіметке ие болу еді. Ал халық ұзақ уақыт бойы мұндай жанжалдарға тікелей ден қоя алмады, өйткені біздің өркениятымыздың табиғаты пролетарийлардың сөздің тура мағынасындағы саяси өкіметке қандай да бір дәрежеде айтарлықтай қатысуға ниет білдіруіне, тіпті қалауына мүмкіндік бермейтіндігі айқын. Сондықтан, саяси үстемдік дін иелері мен феодалдық аристократиядан метафизикьер мен легистерге уақытша көшкен кезде өздері күте алатын барлық әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізіп, олар енді барған сайын бейшара бола түскен, азір бос жеке бәсекелестікке айналып біткен осынау күреске барған сайын енжар бола түсуде. Оларды саяси құқық дейтінмен емексітіп осынау бос дауларға тарту жөніндегі метафизикалық үгіттің күнделікті күш-жігері қандай болса да, халық, әсіресе Францияда, ондай артықшылыққа ие болу қаншалық құр елес немесе балалық әурешілік болатынын инстинктті түрде түсініп те қойды, ол артықшылық тіпті қазіргі таралу дәрежесінің өзінде, тек қана соны пайдаланатындардың көпшілігінде әдетте ешқандай қызығу туғызбайды. Халық шындап келгенде, өкімет кімнің қолында болса да, оның арнаулы жетістіктеріне емес, тек нақты қолданылуына ғана қызыға алады. Саяси немесе, дұрысырағы, бұдан былай әлеуметтік мәселелер әдетте қазіргі халықтарда пролетарлық бұқараны қамтитын өзінің ортақ міндетіне жақсырақ қол жеткізу үшін өкімет жүзеге асатын пошым жөнінде болған бойда, қазір байқалатын жиіркеніш тіпті қауіпті немқұрайдылыққа жетелемейді, сол сәтке дейін халық пікірі ол даулардан сырт қала береді, ол даулар есті адамдар көзқарасы тұрғысынан алғанда, барлық өкіметтердің боркеміктігін ұлғайта отырып, қажетті төңкерісті кешіктіруге арнайы ұмтылады. Қысқасы, халық құқықтарды текке, у-ду болып талқылаудың ақыр соңында әрқилы ортақ та жеке негізгі міндеттерге жемісті де құтқарушы баға берумен алмастырылуына табиғи түрде бейіл. Өз-өзінен туындайтын, ерте ме, кеш пе түсінілген кезде халық инстинктін позитивтік философияның әлеуметтік қызметімен сөзсіз байланыстыратын тығыз арақатынас принципі осындай, өйткені бұл ұлы өзгерістің жоғарыда ең
асқақ пайымдаушы пікірлермен негізделген осы заманғы саяси үгіттің жай ғана философиялық қозғалысқа көшуімен парапар екендігі айдан анық; ол қозғалыстың бірінші де басты нәтижесі, шынында да, жалпыға бірдей қарекет моралін берік орнықтырудан көрінеді, ол мораль әрбір қайраткерге, ол жеке болса да, ұжымдық болса да, негізгі жарастыққа барынша сәйкес келетін құлық ережелерін ұсынады. Осынау табиғи қарым-қатынас туралы неғұрлым көбірек ойлансақ, тек позитивтік ойлау ғана жасай алатын осынау шешуші өзгеріс оны жақсы түсініп, терең көңіл қоюға бірден-бір бейіл, сөздің тура мағынасындағы халық арасында ғана таяныш таба алатыны соншалық толығырақ мойындалатын болады. Жоғары және орташа таптарға тән соқыр сенім мен нәпсі олардың осынау жаңа саяси міндеттің бүкілмаңыздылығын жеткілікті дәрежеде түсінуге бірігіп бөгет жасайды; өйткені оларды билікті теріс жүзеге асырудан туындайтын қауіп-қатерден гөрі, сол билікке ие болудан туындайтын артықшылықтар көбірек қызықтыруға тиіс. Халық қазір саяси өкіметке тікелей ие болуға енжар қарап отырса және болашақта да солай қарауға тиіс болса, есесіне ол моральдық билікке тұрақты қатысудағы өзінің қажетті үлесінен ешқашан бас тарта алмайды; бұл – шынында да баршаның қолы жететін, жалпыға бірдей тәртіп үшін ешқандай қатер төндірмейтін, керісінше, оның күнделікті барынша қамтамасыз ететін бірден бір ьилік; ол әркімге, ортақ негізгі доктрина мүддесі үшін, дүниенің билеп-төстеушілерін өздерінің негізгі міндеттерін дұрыстап орындауға шақыру өкілеттігін береді. Рас, өтпелі немесе революциялық дәуірлерге тән соқыр сенімдер де біздің пролетарийлар арасында біршама табысқа ие болуға тиіс еді; олар, іс жүзінде, бұл арада саяси шаралардың өзінің шексіз маңызы туралы өкінішті иллюзияларды қолдап отырады; олар халықтардың ұлы мүдделерін әділетті қанағаттандыру мекемелердің өздерінен гөрі қазір көзқарастар мен құлықтарға көбірек тәуелді екенін бағалауға бөгет жасайды, ал мекемелерді, қазіргі кезде мүмкін емес, шындап қайта құру ең алдымен рухани қайта құруды талап етеді. Бірақ, позитивтік мектеп үшін осынау құтқарушы білімді барлық басқа таптар арасындағыдан гөрі халық миына сіңіру әлдеқайда оңай деп кесіп айтуға
болады, оңай болатыны – теріс ықпалды метафизиканың онда жеткілікті тамыр жая алмағанынан, әсіресе, олардың шын жағдайына тән әлеуметтік қажеттердің тұрақты қысымының пәрменімен. Бұл қажеттер шындап келгенде өз табиғаты жағынан тығыз байланысты екі негізгі – ішкі және сыртқы шарттарға жатады: әңгіме, іс жүзінде, баршаға әуелі қалыпты тәрбие алу, содан кейін дұрыс еңбек ету құқығын тиісінше қамтамасыз етуде болып отыр; пролетарийлардың ақиқат әлеуметтік бағдарламасы шындап келгенде осындай. Осынау екі жақты мақсатқа жетуге қаяусыз ұмтылатын саясат қана шын танымалдыққа ие болады. Жаңа философиялық мектеп ұстанатын әлеуметтік доктринаның өзөзінен қалыптасатын сипаты дәл осындай. Біздің жоғарыда айталған пікірлеріміз бұл арада қандай да жаңа түсіндірулер жасап жатудан құтқарады, мұның үстіне, олар осы “Сөзде” соншалық жиі айтылған еңбектің тақырыбы болып табылады. Бұл мәселе жөнінде тек мынаны қоса кеткен маңызды: біздің ойларымыз бен біздің қызметімізді адамзаттың нақты өміріне тиісінше шоғырландыру, әрқилы бос армандарды ысырып тастай отырып, сөздің тура мағынасындағы халықтың ақиқат жаңа философиямен моральдық және саяси байланысын мықтап нығайтуға барынша ұмтылады. Өзінің алдамайтын инстинктімен халық іс жүзінде тая арада осыдан практикалық қоғамдық қызметті бағыттаудың жаңа мықты себебін сезеді. Ескі философияға тән қисынсыз үміттер, керісінше, мұндай прогреске менсінбей елемеу немесе толық енжарлық сезімін тым жиі сіңіріп отырды, өйткені ол, қандай да бір бейнет үшін өз-өзінен болып, шексіз созылатын зейнет күтіп тұрғанда, байыпты көңіл аударуға табиғи түрде лайықсыз болып көрінуге тиіс.
2. Позитивтік ұғымдарды таратуға үкіметтердің қатысу сипаты
67. Осынау қысқаша баға төменгі таптардың позитивтік философияға қажетті ұмтылысын әртүрлі негізгі көзқарастар тұрғысынан анықтау үшін енді әбден жеткілікті, ол философия, сол таптармен тығыз жанасқан бойда, олардан
өзінің басты табиғи бір мезгілде әрі ақыли, әрі әлеуметтік таянышын табады; ал теологиялық философия болса, өзі саяси үстемдігін мәңгілік етуге тырысатын жоғары таптарға ғана жарамды, дәл сол секілді метафизикалық философия негізінен орташа сословиеге бағышталып, олардың белсенді атаққұмарлығына қолай келеді. Ой жүгірте алатын кез-келген ақыл осылайша, сайып келгенде, енді іс жүзінде пролетарийлар арасында кінаратсыз әлеуметтік доктринаны жасау үшін соларға арналған позитивтік білімдерді ортақ пайдалануға кемеңгер де жүйелі кіріспенің негізгі маңызын ақиқат түсінуге тиіс. Күнделікті шаруаның алашапқынында ең болмағанда бір минут көңіл бөле алатын әртүрлі байқаушылар қазіргі кезде софистер мен ділмарлар тигізіп жүрген анархистік ықпалды бір ауызды өкініш, әрі орынды өкініш білдіреді. Бірақ осынау әділетті өкініш, ресми тәрбие әдетте тек ділмарлар мен софистерді даярлай алатын ақыли ахуалдан, сайып келгенде, шығу қажеттігі жақсырақ түсінілмейінше сөзсіз бос әурешілік болып қала береді, ал әлгі ділмарлар мен софистер стихиялы түрде сол рухты газеттер, романдар, драмалар арқылы төменгі таптар арасында таратуға ұмтыла береді, ол таптарға олардың табиғи парасаты ғана терістейтін метафизикалық жұқпалы сырқаттан таза болуға ешқандай да дұрыс білім кепілдік бере алмайды. Осы заманғы үкіметтер көп ұзамай нақты білімдерді жаппай тарату олардың қажетті тәртіпті сақтап тұру жөніндегі үздіксіз күш-жігеріне барған сайын жәрдемдесе беретінін түсінеді деп үміттену керек болғанымен, соған қарамастан, ақыл-ойды дайындаудың осынау ұлы процесінде олардан әлі шын белсенді ынтымақтастық күтуге, тіпті тілеуге болмайды. Біздің ақыли және моральдық берекетсіздік ылғи да орнатылып жататын шала-шарпы және қарадүрсін саяси жарастықты сақтап қалу оларға мойынбұрғызбайды және оларды тіпті ондай еңбектің табиғаты мен шартын лайықты бағалай алатынын да тым төмен көзқарас ұстануға мәжбүр етеді; оларға тек соның маңыздылығын түсіндіре алуға тырысу керек. Егер үкіметтер, сәті соқпаған жанкештіліктен, қазір осы шаруаны басқаруға құлшынатын болса, оның маңыздылығын айтарлықтай төмендете отырып, оны тек барынша
бұрмалауға апарып соқтырар еді, өйткені жеткілікті түрде қалыптасып бітпеген философиямен байланыс, ол жұмыс көп ұзамай үстірт оқшаулықтарды байланыссыз жинақтай беруге айналып кетер еді. Міне осылай позитивтік мектеп, ақиқат философиялық ақыл иелерінің белсенді де ерікті ынтымақтастығының жемісі бола отырып, өзінің ұлы әлеуметтік міндетін тиісінше орындау үшін әзірше біздің батыстық үкіметтерді өзінің ілімін баяндау мен талқылаудың толық еркіндігін, қазір теологиялық және метафизикалық мектептер пайдаланып жүрген еркіндігін беруді ғана өтінетін болады. Бұлардың біріншісі (теологиялық мектеп – баспа) өздерінің мыңдаған қасиетті мінберлерінің биігінен өзінің мәңгілік доктринасының абсолютті артықшылығын көкке көтере және өзінің барлық қарсыластарын күнаһар деп жариялай алады; екіншісі – ұлттық жомарттықпен өзіне берілген толып жатқан кафедралар арқылы орасан зор аудиториялар алдында өздерінің онтологиялық концепцияларының орындылығы мен оның әдеби білімдерінің жоғары сапасын күн сайын дәлелдей алады. Мұндай тек қана уақыт пәрменімен қолға түсетін артықшылықтардан дәмеленбей, позитивтік мектеп қазір тек қоғамдық ғимараттарға ылғи келіп тұру құқығын ғана сұрайды, ол жерде позитивтік мектеп қазірден бастап әуелі идеялық, содан кейін моральдық ақыр соңында саяси шын мәніндегі төңкерісті даярлай алатын бірден-бір жүйелі білім берді данагөй насихаттап, біздің барлық әлеуметтік қажеттерімзді бір мезгілде қанағаттаныдра алуға түпкілікті қабілетін тікелей дәлелдей алу мүмкіндігіне ие болар еді. Тек осынау еркін кіріп-шығу ол үшін әрқашан ашық болса жетіп жатыр, сонда ол өзінің сирек уағызшыларының ерікті де риясыз еңбегіне сүйеніп, жалпыға бірдей естілік алқауымен және негізгі салмағының итермелеуімен, сол сәттен бастап ескі екі мектептің біріккен толып жатқан әрі құдіретті органдарына да қарсы белсенді философиялық күреске кетуден тайсалмайды. Сондай-ақ осы жағдайда мемлекет адамдарының пайымдау саласындағы барған сайын байқалып келе жатқан немқұрайдылығынан туындайтын енжар қанағатшылдығын күрт өзгертеді деп қауіптенудің де қажеті болмайды; позитивтік мектеп бұл тұрғыдан алғанда олардың Франциядағы ғана
емес, біздің бүкіл Батыстағы ең ақылдыларының әдеттегі мейірбандығына үміт арта алады. Олардың осынау ерікті халықтық білім беруге орнатқан қатаң бақылауды көп ұзамай айнымас шарт ретінде тек шынайы позитивтік философияны талап етумен шектеліп, әлі де тым қатерлі болып отырған көмескі немесе софистік пайымдаулардың енгізілуіне барынша қаталдықпен жол бермейді. Бірақ бұл тұрғыда позитивтік мектептің негізгі қажеттері үкіметтердің табиғи міндеттерімен тікелей сәйкес болып шығады; өйткені, егер үкіметтер мұндай бұрмалаушылықты оның анархиялық тенденциясы салдарынан қабылдамауға тиіс болса, позитивтік мектеп осынау әділетті себепті былай қойғанда, оны халыққа білім берудің негізгі міндетіне мүлдем кереғар деп санайды, себебі ондай бұрмалау қазір ол жаңа философияның қоғамда салтанат құруына басты кедергі деп білетін метафизикалық рухты жандандырар еді. Осы, және басқа көптеген себептер бойынша, позитивтік философтар өздерін әрқашан дәл бір билік басындағы өкіметпен бірдей ішкі тәртіп пен сыртқы тыныштықты үздіксіз қолдап отыруға мүдделі секілді сезінетін болады, өйткені мұны олар шынайы интеллектуалдық және моральдық жаңғырудың ең қолайлы шарты деп біледі: тек өздеріне тән көзқарас тұрғысынан ғана олар біздің өтпелі жағдайымыздың бүкіл жиынтығынан туындайтын осынау ұлы саяси нәтижеге зиян келтіре немесе жәрдемдесе алатын нәрсені күні бұрын көре білуге тиіс.
Үшінші тарау
Позитивтік ғылымдардың қажетті реті
68. Енді біз, осы заанғы қоғамдарды бірте-бірте рухани өзгертуге тиіс философиялық еңбекке қажетті – бір мезгілде ақыли және әлеуметтік – таяныш жасау мақсатында позитивтік білімдерді жаппай таратудың, әсіресе пролетарийлар арасында тартудың төтенше қажеттілігін, барлық жағынан, жеткілікті сипаттап шықтық. Бірақ мұндай баға, егер осынау "Сөздің" соңы
ғылымдардың осы қатарына сәйкес келетін негізгі ретке арналмаса, жартыкеш және тіпті жеткіліксіз де болар еді, бұл арнау сол ғылымдардың жиынтығында осы трактат кейін біржола айналысатын ғылым алатын шын орынды айқындау үшін керек. Бұл дидактикалық орналасу біздің жалған ғылыми құрылысымызды басшылыққа алып, тым жиі саналатындай, тіпті де енжар қарайтын нәрсе емес, қайа, керісінше, нақ сол ұлы дайындық процесінің басты идеялық немесе әлеуметтік жемістілігін айқындайды деп кесіп айтуға болады. Мұның үстіне, ол салдары болып табылатын энциклопедиялық тұжырымдама мен жаңа ортақ философия үшін тірек қызметін атқаратын негізгі эволюция заңы арасында тығыз ынтымақ бар.
1. Топтап жіктеу заңы
69. Ондай рет, өзінің табиғаты жағынан негізгі екі шартқа – догматтық және тарихи шартқа сай кеоуге тиіс, ең алдымен солардың жанасатын нүктесін анықтап алу қажет: біріншісі әрбір ғылым алдыңғысына негізделіп, кейінгіні даярлайтындай етіп, ғылымдарды өздерінің дәйекті тәуелділігіне қарай орналастырудан құралады; екіншісі ғылымдарды солардың іс жүзінде дамуына қарай, әрқашанда неғұрлым ескісінен неғұрлым жаңасына көше отырып орналастыруды талап етеді. Осынау екі энциклопедиялық жолдың өздігінен болатын бірыңғайлылығы жалпы алғанда индивидуалдық және ұжымдық эволюциялар арасында сөзсіз болатын негізгі ұқсастыққа тәуелді; бұл екі эволюция тегі бірдей болғандықтан және міндеттері ұқсас, қозғаушы күші бірдей болғандықтан, құбылыстардың осынау екі ретінің ұқсамайтындығынан туындайтын ұқсастықтағы, қауырттықтағы және жылдамдықтағы бірден-бір айырмашылықты ескермесек, әрқашан тиісті фазистік төлі болуға тиісті. Осынау қажетті сәйкестік, осылайша, екі тәсілді де бір энциклопедиялық принциптің деңгейлес екі пошымы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, сондықтан әдетте әрбір жағдайда олардың қызықтыратын қатынасты барынша жақсы көрсетіп беретін біреуін пайдалану мүмкін болады; дәл сол сәйкестік
олар біреуінің көмегімен алынған нәтижені екіншісімен ұдайы тексеріп отырудың қымбат құралын береді. 70. Осынау реттіліктің негізгі заңы, догматтық және мұралық-тарихи тәуелділіктер заңы оның жалпы жоспарын сол анықтайтын жоғарыда айтылған үлке еңбекте барынша толық көрсетілген. Ол әртүрлі ғылымдарды, зерттелетін құбылыстардың табиғатына сәйкес, не олардың азая беретін ортақтығы мен тәуелсіздігіне қарай, не олардың өсе түсетін күрделілігіне қарай жүктуге саяды, осыдан келіп дерексіздігі барған сайын кеми беретін және қиындығы барған сайын арта беретін, біраұ сондайа-ақ барған сайын асқақтай, толыға беретін пайымдаулар туындайды, соңғысы (асқақтығы мен толықтығы – баспа) олардың адамға немесе, дұрысырағы, қандай да бір теориялық жүйенің түпкі мақсаты болып табылатын адамзатқа неғұрлым тығыз қатынасымен жасалады. Осы бөліс өзінің басты философиялық – ғылыми да, логикалық та – құндылығына жаратылыстық құбылыстарды пайымдау арқылы салыстырудың барлық әртүрлі тәсілдері арасында болатын тұрақты да қажетті ұқсастықтың пәрменімен ие болады, толып жатқан энциклопедиялық теориялар да содан туындайды, соларды түсіндіріп, қолдану көрсетілген шығарманың пәні болып табылады, ол шығарма, мұның үстіне, нақты салада мынадай жалпы нышанды қосады: құбылыстар адамның аралсуы үшін барған сайын кең саланы көрсетіп, түрі жағынан өзгеруге барған сайын қабілетті бола түседі. Бұл арада осынау ұлы принципті ғылымдардың шынайы иерархиясын ұтымды анықтауға қолданылуын жалпылама нобаймен көрсету әбден жеткілікті, ал ғылымдар иерархиясы бұдан былай біртұтас ғылымның – адамзат туралы ғылымның әртүрлі құрамдас элементтері ретінде қарастырылады.
2. Энциклопедиялық заң немесе ғылымдар иерархиясы
71. Біздің барлық нақты пайымдауларымыздың осынау түпкі мақсаты өзінің бір мезгілдегі ғылыми және логикалық табиғаты бойынша екіжақты, бір жағынан адамның өзіне, екінші жағынан сыртқы дүниеге қатысты қажетті
алғашқы жұмысты талап ететіні айдан анық. Шынында да, жұртшылықтың статистикалық немесе динамикалық құбылыстарын, әуелі оларды тудыратын арнаулы қайраткермен және сол құбылыстар жасалатын жалпы ортамен жеткілікті танысып алмай жатып, ұтымды зерттеу мүмкін емес. Осыдан келіп әлеуметтік философияны дайындауға арналған философияны табиғат философиясын екі салаға: органикалық және анорганикалық салаларға қажетті бөлу міәндеті туындайды. Ал осынау бірдей негізгі екі ғылымның орналасуы жағына келсек, онда барлық ғылыми да, логикалық та елеулі себептер жеке тәрбие мен ұжымдық эволюцияда бірауыздан екіншісінен (анорганикалық – баспа) бастауды талап етеді, өйткені оның құбылыстары өздерінің барынша ортақтығының арқасында неғұрлым қарапайым, неғұрлым тәуелсіз, әу бастанақ позитивтік баға беруге бірден-бір ыңғайлы, ал олардың тұтас күйінде ғаламға қатысты заңдары содан кейін тірі денелердің жеке тіршілік етуіне қажетті ықпал етеді. Астрономия барлық жағынан алғанда сыртқы дүниенің осынау алғашқы теориясының ең толысқан элементін құрайды, бұлай болатыны, ол позитивтік әдісті толық қолдануға бәрінен оңтайлы, сондай-ақ ол біздің, қандай да болсын, құбылыстарымыздың ортақ ортасын сипаттайды және ешқандай қиындатпай-ақ қарапайым математикалық болмысты – яғни барлық тіршілік иелеріне ортақ геометриялық немесе механикалық болмысты білдіреді. Бірақ тіпті шынайы энциклопедиялық мүмкіндігінше тұжырымдап көрсетуге ұмтылғанның өзінде анорганикалық философияны осынау басты элементке саю мүмкін болмас еді, осылай істесек, ол органикалық философиядан мүлдем бөлініп қалар еді. Олардың негізгі байланысы ғылыми және логикалық байланысы – негізінен біріншісінің ең күрделі саласынан тамыр алады, ол сала пайда болу және ыдырау құбылыстарын – ғаламның тіршілік етуі үшін қажет нәрселердің бәрінен ең асқақ және сөздің тура мағынасында итіршілік пошымдарына бәрінен жақын қатысты құбылыстарды зерттеулерді қамтиды. Нақ осылай, әлеуметтк философияға қажетті кіріспе ретінде қарастырылатын жаратылыстық философия әуелі екі шеткі және бір аралық ғылымдарға бөлініп, кезегімен білімнің үш саласын – астрономияны, химияны және биологияны
қамтиды, бұлардың біріншісі шынайы ғылыми әдістің стихиялы түрде туындауына, соңғысы оның негізгі міндетіне қатысты болады. Бұлардың екеуінің де бастапқы дамуы тарихи жағынан тиісінше ежелгі грек дәуіріне, орта ғасырларға және біздің осы заманғы дәуірге жатады. 72. Мұндай энциклопедиялық баға мұндай пәнге тән үнсіздік пен дербестіктің қажетті шарттарын әлі жеткілікті дәрежеде орындай алмас еді; бір жағынан, ол байланысы тікелей бола алмайтын астрономия мен химияның арасында айтарлықтай бос жер қалдырады; екінші жағынан ол ортақ парасаттың қарапайым абстрактылы жалғасын осынау пайымдаушылық жүйенің қайнар көзі ретінде жеткілікті көрсетпейді, ал парасаттың ғылыми түпқазығы тікелей астрономия бола алмайды. Бірақ осынау негізгі формуланы толықтыру үшін, біріншіден, астрономия мен химияның арасына дербес ғылым ретінде шын мәнінде Галилей тұсында ғана өмір сүре бастаға физиканы мықтап енгізу керек; екіншіден, осынау ұзақ тұтас тізімнің басына индивид үшін де, қауым үшін де ұтымды позитивтік әдістің бірден-бір қажетті бесігі математиканы орналастыру керек. Егер, біздің энциклопедиялық принципімізді неғұрлым жеке пайдалану кезінде, біз өз кезегінде осы бастапқы ғылымды оның бастапқы үш саласына – есепке, геометрияға және механикаға бөлсек, онда біз, сйып келгенде, кез-келген ғылыми жүйенің шын шығу тегін, философиялық дәлдікпен анықтай аламыз, шынында да ол жүйе әу баста таза сандық пайымдаулардан өрбиді, ал сандар бәрінен де ең ортақ, ең қарапайым, ең дерексіз және ең тәуелсіз болғандықтан, ең анайы ақыл иелерінде позитивтік ойлаудың өз-өзінен болатын дамуымен бүтіндей дерлік араласып кетеді. Бұл фактыны индивидуалдық дамуды күнделікті байқап отыру бідің көз алдымызда әлі де қуаттайды. 73. Міне осылайша біз бірте-бірте негізгі алты ғылымның: математиканың, астрономияның, физиканың химияның және әлеуметтанудың айнымайтын – бір мезгілде тарихи әрі догматтық, бірдей дәрежеде ғылыми әрі логикалық – иерархиясын ашуға жетеміз: осы ғылымдардың біріншісі қандай да бір позитивтік философияның негізгі мақсаты болып табылатын соңғысының
(әлеуметтанудың – баспа) бірден-бір түпқазығын құрайды, ал әлеуметтану бұдан былай өзінің табиғатының пәрменімен , ақиқат бөлінбейтін, бірақ тіпті де берекетсіз емес жүйені жасайтын философия ретінде қарастырылатын болады, ол жүйеде қандай да болсын бөлу жасанды саналады және ол, сайып келгенде, бірден-бір әбден әмбебап ұғым адамзатқа түгелімен қатысты болады. Тиісті ғылымдардың ақиқат қасиеттерімен дәл сәйкес келетін, және, мұның үстіне, біздің барлық нақты пайымдауларымызды даусыз қамтитын осынау энциклопедиялық формуланың жиынтығы, ақыр соңында әрбір ақыл иесінің өз қалауынша өз зердесінде позитивтік әдістің жалпы тарихын жаңғыртып, байқалмас дерлік түрде өте қарапайым математикалық идеялардан барынша асқақ әлеуметтік тұжырымдамаларға дейін көтерілуіне мүмкіндік береді. Іс жүзінде, аралық төрт ғылымның әрқайсысын оның аса қарапайым құбылыстары алдыңғыларымен, ал барынша күрделілері келесілерімен байланыстырып тұратыны айқын. Өздігіне туындайтын мінсіз үздіксіздік жоғарыда көрсетілген шығармамен танысып, сол бір энциклпедиялық принцип сондай-ақ негізгі әрбір ғылымның әртүрлі құрамдас бөліктерінің ұтымды бөлінісін беретіндігін білген барлық адамдарға ерекше айқын болады, демек догматтық баспалдақтар мен тарихи фазистер бір-бірімен жақындаса алады, өйткені мұны салыстырудың дәлдігі немесе өтудің оңайлығы талап етеді. 74. Ақыл-ойдың қазіргі ахуалында осынау ұлы формуланы лоикалық қолдану оның ғылыми пайдаланылуынан әлдеқайда маңызды, өйткені бідің заманда әдіс доктринаның өзінен неғұрлым елеулі болып табылады және, оның үстіне, толық өзгерістірге сол ғана тікелей оңтайлы. Осылай, бұл формуланың басты пайдалылығы жеке-жеке және бір-бірімен байланыспаған, зара қатынасы қазіргі кезге дейін бірінен соң бірі келген негіз қалаушыларға белгісіз күйінде қала беруге тиіс болған теориялардан құралған ғылыми жүйенің әу бастағы дамуына тән парасатсыз соқыр сенімдер мен әдеттегі кемшіліктер арасында қандай да бір позитивтік тәрбиенің айнымас барысын қатаң белгілеп беруінде. Қазіргі барлық мамандық ғалымдары осынау негізгі міндеттемені енді, әртүрлі нәрелер жөнінде болғанымен, бірдей өрескел түрде бұзып жүр. Осы арада екі
шетін жағдайда келтірумен шектеліп, өздерін позитивтік әдістің ақиқат қайнар көзінің басында тұрдық деп әділ есептейтін геометрлер, оның бірден-бір қажетті мақсатына назар аудармастан, адам парасатын шын мәніндегі пайымдаушылық өрлеудің сонау таза алғашқы баспалдағында ұстап қалуға соншалық бір көрсоқырлықпен ұмтылатынын, керісінше, сол ұлы мақсаттың соңғы буынына тікелей жанасатын өздерінің пәнінің тамаша қасиеттерін заңды мадақтай отырып, өз зерттеулерін парықсыз оқшаулықта әлі де тыртысып ұстап, өздерінің табиғаты талап ететін қиын дайындық жұмыстан өзерін-өздері босатқанын ғана көрсете кетейін. Осынау қарама-қарсы, бірақ эмпиристік ауаны бірдей көңіл-күйлері қазір геометрлерді ақылы күштерін босқа шығындап, барған сайын көбіне балалық зерттеулерге жұмсауға, биологтарды, әртүрлі негізгі ұғымдарының шынайы позитивтік әдістің жоқтығынан өрбитін солқылдақтығына әкеліп отыр. Позитивитік әдіс сөз болғанда мынаны ерекше айта кету маңызды: іс жүзінде позитивтік жүйені әлі де жатсынып, теологиялық-метафизикалық ойлаудың тұл тұтқынынан әлі де шыға алмай жүрген тек қоғамдық ғылымдар ғана емес; түбін қозғағанда, биологиялық ғылымдардың өздері, әсіресе, динамикалық биология, олар академиялық сипат алғанымен, осы күнге дейін шынайы позитивтік баспалдаққа жете алған жоқ, өйткені бірде-бір іргелі доктрина жеткілікті негізделмеген, сол себепті иллюзиялар мен фантастикалық түзілімдер өрі әлі де шексіз дерлік күйінде қалып отыр. Мұндай жағдайдың өкінішті жалғасуы екі жағдайда да шындап келгенде біздің энциклопедиялық заңымыз айқындайтын ұлы логикалық шарттарды жеткілікті орындамауға тәуелді болып отыр: өйткені позитивтік әдістің қажеттігіне көптен бері ешкім дау айтпайды, бірақ оның шынайы ғылыми иерархия ғана сипаттап бере алатын табиғаты мен ол жүктейтін міндеттерді ешкім білмейді. Шынында да, күрделілігі шамалы және неғұрлым жалпы құбылыстарға қатысты әдістер мен доктриналарға анық баға беруге лайықты дайындалып алмай, сөйтіп, бастапқы белесте негізінен химиямен, физикамен және, ең алдымен, астрономиямен сипатталатын индутивті логиканы, тіпті таза дедуктивті логиканы, немесе байлам жааудың қарапайым
өнерін (математикалық білімің болса ғана оны тиісінше дамыта аласың) таныпбілу мүмкіндігінен өзін айырып, соншалық күрделі пайымдауларға тікелей кірісетін ғалымдардың еңбектерінен қоғамдық құбылыстар жөнінде де, тіпті неғұрлым жеңіл жеке өмірді зерттеу жөнінде де не күтуге болады? 75. Біздің иерархиялық формуланың пайдаланылуын жеңілдету үшін терминдерді екі-екіден (толық энциклопедиялық дәлдік міндетті емес жерлерде) топтастырып, оларды үш жұп: бастапқы математикалықастрономиялық, ақтық биологиялық-әлеуметтанушылық, осыларды ажыратып әрі жалғастырып тұратын аралық физикалық-химиялық жұп ретінде көрсету өте ыңғайлы. Формуланы осынау сәтті қысқарту ғылымға дау тудырмайтын баға беруден туындайды. Өйткені шындап келгенде, әрбір жұптың екі элементі арасындағы ғылыми да, логикалық та табиғи ұқсастық, бірінен соң бірі келетін тұтас жұптаудың арасындағы ұқсастықтан әлдеқайда көп. Бұл жағдай бүтінге барлық көзқарастар саласында үстемдік еткен дағдының пәрменімен математиканы астрономиядан және физиканы химиядан дәл айырып алу кезінде байқалатын қиындықтармен жиі-жиі қуатталады; әсіресе, бұл осы заманғы ойшылдардың көпшілігі әлі де шатастыра беретін биология мен әлеуметтану жөнінде ерекше дұрыс. Біздің топтап жіктеуіміздің өтпелі тұстарын түбіріненбұрмалап жіберетін бұл жалған бытыстыруға ешқашан бармай, нақты пайымдаулардың қарапайым иерархиясын негізгі үш жұпқа жиіжиі саю өте пайдалы, мұның үстіне, бұл топтардың әрқайсысы, шынында да барынша сипатты және индивидуалдық немесе ұжымдық поитивтік әдіс эволюциясының ұлы фазистерін анықтауға барынш қабілетті неғұрлым арнаулы элементтерімен әрқашан қысқаша нобайлана алады.
3. Топтастырып жіктеу заңының маңыздылығы
76. Осынау қысқаша баға топтастырып жіктеу заңының міндетін көрсету және маңыздылығын атап өту үшін бұл арада жеткілікті., ол заңға өз-өзінен туындайтын негізгі екі идеяның біреуі түпкілікті кіреді және ол екі идеямен
тығыз ұштасуы жаңа ортақ философияның жүйелік негізін қажетті түрде құрайды. Шынайы позитивтік ойлау барлық елеулі жақтарынан сипатталған осынау көл-көсір "Сөздің" аяғы, осылай, өзінің бастауына жақындап келеді, өйткені осынау топтастырып жіктеу теориясы, сайып келгенде, шығарманың бас кезінде баяндалған эволюция теориясымен табиғи түрде біртұтас теория ретінде қарастырылуға тиіс; сондықтан бұл шығарманың өзі ақиқат бүтінді, дұрысырағы, төтенше кішірейтілсе де, ауқымды жүйенің бейнесін құрайды. Мұндай иерархияға бейімделу әдеті үш белес туралы біздің бастапқы заңымызды тиісінше қолдана білу үшін де, ол тап болуы мүмкін бірден бір елеулі кедергілерді жеткілікті аластау үшін де қажет болуға тиіс екендігін, шынында да, оңай түсінуге болады; өйткені әрқилы пайымдаулар саласындағы үш ұлы фазистің жиі тарихи дөп келуі топтастыра жіктеудің кез-келген басқа әдісін қолданғанда түсіндіріп болмайтын аномалияға айналар еді, оны, керісінше, әртүрлі позитивтік білімдердің дәйектілігіне де, тәуелсізділігіне де бірдей қатысты біздің иерархиялық заңымыз шешеді. Дәл ол секілді, кері мағынасында, топтастырып жіктеу ережесі эволюция ережесінің болуын көздейтіні анық, өйткені сондай түрде белгіленген реттілікті қолдап отыратын барлық негізгі себептер, түптеп келгенде, әртүрлі егізгі ғылымдарда ондай даму жылдамдығы бірдей болмағаныдғынан туындайды. 77. Осынау негізгі екі идеяның ұтымыды ұштастырылуы, барлық бөліктері бір мақсатқа барған сайын ұмтыла беретін ғылыми жүйенің қажетті бірлігін құра отырып, сондай-ақ екінші жағынан, әлі тым жиі жалған жақындасумен бұрмаланып жүрген оның әртүрлі басты элементтерінің орынды тәуелсіздігін де қамтамасыз етеді. Осы кезге дейін бірден-бір ғана орын алып келген өзінің алғашқы даму барысында позитивтік әдіс осылайша ең төменгі білімдерден ең жоғары білімдерге дейін бірте-бірте таралуға мәжбүр болғандықтан, ең жоғары білімдер сөз жоқ, ең төменгі білімдердің жеңісті тегеурініне үнемі ұшырап отырды, төменгі білімдердің ықпалына қарсы олардың қажетті өзгешелігі әу баста теологиялық-метафизикалық қамқорлықтың шексіз жалғасуынан басқа кепілдік таба алмады. Осынау өкінішті, тірі денелер туралы ғылым саласында
әлі де көзге ұрып тұратын толқымалылық, қазір материазммен спиритуализм арасындағы ұзақ дауда орын алып отырған нақты нәрсені (барлық басқа нәрселер жөнінде соншалық бос әурешілік) сипаттайды; бұл екі ағым да біздің барлық пайымдауларымыздың нақтылығы мен абыройына бірдей елеулі – сорымызға қарай, әлі күнге дейін қарама-қарсы – қажеттерін бұлдыр нобайларда және бірдей жалған пошымдарда бейнеледі. Енді өзінің жүйелі кемел шағына жеткен позитивтік әдіс бұл екі ыңғайдағы адасуларды бірден сейілтіп, осынау тұл айтыстарды доғарады да бір мезгілде сол екі шартты да қанағаттаныдрады. Біздің иерархиялық заңымыз біздің эволюция заңымызға байланысты қазір көрсетіп отырғанындай, оларды қарамақайшылықты деп санау қате, өйткені әрбір ғылым өзіне тән сипатты ерекшеліктерді толық нығайта алғанда ғана шынайы позитивтік сатыға жете алады.
Қорытынды
Астрономияны білім беруде қолдану
78. Бір мезгілде әрі ғылыми әрі логикалық осынау энциклопедиялық теорияны тікелей қолдану, сайып келгенде бізді осы трактат арналған арнаулы білімнің табиғаты мен міндетін дәл анықтауға жеткізеді. шынында да, алдыңғы түсіндірілуден мына міндет туындайды: позитвитік білімдерді кемеңгерлікпен жаппай таратудан біз енді іздеуге тиіс болатын басты, әуелі ақылы, содан кейін әлеуметтік ықпал иерархиялық заңды қатаң дидактикалық сақтауға амалсыз тәуелді. Әрбір жылдам индивидуалдық білім алу үшін де, баяу ұжымдық ағарту үшін де мына шарт әрқашан қажетті болып қала береді: позитивтік ойлау, өзінің ықпал-өрісі кеңіген сайын өз үстемдігін өрбіте отырып, аралық төрт сатыдан – астрономиялық, физикалық, химиялық және биологиялық сатылардан біртіндеп өсе отырып, бастапқы математикалық ахуалдан түпкі әлеуметтанушылық ахуалға дейін аз-аздап көтерілуге тиіс. Ешқандай жеке
артықшылық осынау негізгі біртінділіктен мүлдем құтқара алмайды, бұл жөнінде қазір тек мына бір нәрсені қадап айту керек: біздің ең мықты ақыл иелерінде бұл жөнінде түзетілмес ағаттық байқалады да, ол кейде төтенше философиялық күш-жігерден түк шықпайтындығын туындатады. Осылайша, мұндай бағыт жаппай тәрбие беруде (онда мамандықтың мәні шамалы) бұрынғыдан да қажет бола түсуге тиіс және оның басты пайдалылығы (ғылыми жағынан логика жағы басым) шындап келгенде, әсіресе ақыр соңында, ойдың дұрыс жүйесін қалыптастыру жөнінде болғанда толық ұтымдылықты талап етеді. Демек, осынау халыққа білім беру ол тиісінше танымал болғанша, енді негізінен бастапқы ғылыми жұпқа жатқызылуға тиіс. Жұрттың бәрі нақ сонда әуелі ортақ позитивтік әдістің шынайы қарапайым ұғымдарынан сусындап, барлық басқа нақты пайымдауларға негіз болатын білімдерді алуға тиіс. Осынау қатаң міндеттеме бірінші орынға таза математикалық ғылымдарды қоюға амалсыз жетектесе де, алайда, әңгіме әлі халыққа білім беруді төтесінен, толы жүйелеуді орнату туралы болып отырмағанын, тек сол жүйелеуге алып баратын философиялық серпінді тиісініше беру туралы екендігін ескеру керек. Сондықтан мұндай қозғалыс әсіресе астрономиялық білімге тәуелді екенін мойындау оп-оңай; астрономия өз табиғаты жағынан шынайы математикалық әдістің толық көрінісі болып табылады, олар бұл әдістің басты міндетін құрайды. Бастапқы жұпты осылай бір ғана астрономиямен көрсетуге, дегенмен, оны толық танымал ету үшін шынымен қажет математикалық білімдер қазірдің өзінде жеткілікті таралған немесе жеткілікті қол жететін нәрсе түріндегі кедергі кездеседі, сондықтан алдын-ала даярлықтың арқасында олар қазір қолда бар деген жоорамалмен шектелуге болар еді. 79. Позитивтік білімдерді алғашқы жүйелі таратуда астрономия ғылымының қажетті басымдығы әлі күнге дейін ұлы ақыли төңкерістердің басты қозғаушы күші болып отырған осынау ғылымының тарихи ықпалына әбден сәйкес келеді. Шынында да, жаратылыстық заңдардың айнымастығы туралы негізгі сезім ең әуелі ең қарапайым және ең жалпы құбылыстар
саласында дамуға тиіс болды, ол құбылыстардың ғаламат дұрыстығы мен ұлылығы бізге, адами ықпалдың қандайынан болса да мүлдем тәуелсіз бірденбір нақты реттілігін көрсетеді. Түсініктердің осынау жоғары, тіпті қандай да болсын шынайы ғылыми сипат алмай жатып-ақ фетишизмнен барлық жерде аспан денелерінің культінен шыққан политеизм үзілді-кесілді көшудің шарты болды. Оның Фалес пен Пифагор мектептеріндегі бастапқы математикалық негізелуі кейінірек политеизмнің құлдырап монотеизмнің салтанат құруының басты идеологиялық себебі болды. Ақыр соңында, жаңа философиялық құрылысқа ашық ұмтылатын осы заманғы позитивтік ойлаудың жүйелі дамуы Коперник, Кеплер және Галилей бастап берген ұлы астрономиялық төңкерістің елеулі нәтижесі болып табылады. Сондықтан, түпкілікті философияның тікелей жеңісі сүйенуге тиіс ортақ позитивтік білім де басында, жеке тәрбие мен ұжымдық эвоолюция арасындағы қажетті сәйкестктің арқасында, осы ғылымға тәуелі болып шығады. Нақ осы эволюция адам парасатының жалпы дамуында ол атқаруға тиіс соңғы рөл болып шығады, сол парасат баршаның бойында шынайы позитивтік сипатқа ие болғаннан кейін, содан бастап өзінің қалыпты үстем жағдайына біржола ие болған түпкілікті ғылымнан тікелей туындайтын жаңа философиялық серпін күшімен салтанат құруға тиіс болады. Ақыр соңында, кінаратсыз, астрономиялық білімдердің қазіргі жүйесін көпшілікке арнап парасатты баяндауды алу қажет төтенше пайда – ақыли сипатынан әлеуметтік сипаты кем емес пайда осындай.
“О. Конт. Дух позитивной философии. СПб. 1910”
басылымынан
қазақшалаған
философия
ғылымының
кандидаты Бақытжан Сатыршынов.
Николло Макиавелли
ТИТ ЛИВИЙДІҢ АЛҒАШҚЫ ОН ШЫҒАРМАСЫ ТУРАЛЫ ТОЛҒАМ
Бірінші кітап
Кіріспе
Адамның қызғаншақ болмысы себепті жаңа саяси әдет-ғұрыптар мен тәртіптерді ашу белгісіз жерлер мен теңіздерді іздеуден ешқашан қауіпсіз болмағанымен, өйткені, адамдар басқалардың қылықтарын мақтаудан гөрі жазғыруға бейім болғанымен, соған қарамастан, өзіне тән табиғи әрі өз сенімім бойынша ортақ игілікке жәрдемдесетін нәрсені салдарына карамастан істеуге ұмтылысым қамшылаған мен бұрын-соңды ешкім жүрмеген жолмен – маған беймазалық пен қиындықтар әкелетін, сондай-ақ менің осынау еңбектерімді игі ниетпен ізерлеп отыратындар тарапынан сый-сияпат әкелетін жолмен жүре беруге біржолата ұйғардым. Және де, егер ақылдың таяздығынан қазіргі заман оқиғаларының қыр-сырын жеткілікті тап баса алмағандықтан, ежелгі заман оқиғаларын нашар білетіндіктен талапсәтсіз де оншалық пайдалы болмай шықса, ол бәрібір рух күші артық, парасат пайымы мол болып менің ойлағанымды аяғына
жеткізетін басқа біреуге жол ашады; сондықтан да егер осынау еңбегім үшін мақтау ести қоймасам да, ол үшін жазғырылуға да тиісті емеспін. Ежелгі заман жәдігерлеріне қандай марапат көрсетілетіні және өзінің қол астында ұстау үшін, үйін әшекейлеу үшін және дәл сондай өнермен айналысатындардың бәрі еліктейтін үлгі ретінде көрсету үшін әлдене антик мүсіннің сынығы (басқа көптеген мысалдарды былай қоя тұрайын) қыруар ақшаға қаншалық жиі сатып алынатынын, әлгі өнер адамдары өздерінің былайғы барлық туындыларында сол сынықты бейнелеуге барын салатынын еске алғанымда; екінші жағынан, бізге тарих баяндайтын ежелгі патшалықтар мен республикаларда атамекен үшін патшалар, азаматтар, заң шығарушылар және басқа адамдар атқарған ерен істер бүгіндері еліктеуден гөрі негізінен тәнтілікті туындататынын, ол-ол ма, әрбір пенденің олардан қашқақтайтыны соншалық, даңққа бөленген ежелгі ерліктен бізде жұрнақ та қалмағандығын көргенімде, – мен осының бәріне таңырқамай, сонымен бірге мұңаймай тұра алмаймын. Менің танырқауым мен мұңаюым адамдар арасында азаматтық өмірде туындайтын келіспеушіліктер тұсында, немесе ауруға ұшырағанда олар ежелгі адамдар шығарған және орындауға міндеттеген шешімдер мен құралдарға ұдайы жүгінетіндігін көргенде бұрынғыдан да арта түседі. Шынында да біздің азаматтық заңдарымыз ежелгі заңгерлер шығарған сот шешімдерінен өзге ештеңе де емес қой. Ретке келтірілген бұл шешімдер қазір біздің заңгерлер үшін олардың сот тәжірибесінде басшылық қызметін атқарады. Дәл сол секілді медицина да ертедегі дәрігерлердің тәжірибесінен өзге ештеңе де емес, қазіргі дәрігерлер өз дәрілерін ұсынғанда соларды негізге алады. Алайда, шаруа республикаларды құруға, мемлекеттерді сақтап қалуға, корольдіктерді басқаруға, армия құруға, соғыс жүргізуге, бодандар жөнінде әділ сот төрелігін жүзеге асыруға, өкіметті нығайтуға тірелгенде, ежелгі дүниенің мысалына жүгінетін, патша да, республика да ешқашан табылмайды. Мұның өзі Дүниені қазіргі дін душар еткен дәрменсіздіктен немесе көптеген христиан қалалары мен елдерін даңғойлық бос дырдулар келтірген залалдан емес, тарихшылар шығармаларын оқығанда ләззат алуға және сонымен бірге олардан олардың ішіндегі мән-мағынаны ажырата
білуге көмектесетін тарихты шынайы түсінудің жоқтығынан өрбитіндігіне иманым кәміл. Нақ осыдан тарихи шығармаларды оқитын көптеген адамдардың, оларда баяндалатын сан алуан оқиғаларды қызыға қабылдағанымен, оларға ұқсап бағу жөнінде тіпті де ойламайтыны, аспан, күн, стихиялар, адамдар антик заманнан бері өзінің қозғалысын, тәртібін және күшін өзгертіп жібергендей ондай ұқсап бағу тек қиын ғана емес, тіпті мүлдем мүмкін емес деп білетіні туындайды. Сондықтан, адамдарды ондай адасудан арылту ниетімен мен Тит Ливийдің уақыттың ауыр салмағы жаныштай алмаған, маған ежелгі және қазіргі оқиғаларды жақсы түсіну үшін қажет секілді болып көрінген барлық кітаптары туралы жазуды қажет деп таптым, мұны менің осынау түсіндірмелерімді оқыған адамдар тарихты танып білуге ұмтылғандағы мақсат – солардан пайда ала білуі үшін істедім. Бұл іс, әрине, оңай емес; дегенмен, осынау істі мойныма алуға түрткі болғандардың көмегімен бұл істе менің ізбасарларыма тиісті мақсатқа жету үшін аз ғана нәрсе қалатындай етіп ілгерілермін деп үміттенемін.
ІІ тарау
Республикалар қанша текті болады және Рим Республикасы қандай
болған
Мен өзімнің толғамдарымда әу бастан тәуелсіз болмаған қалаларды қозғағым келмейді, және өзінің бастауында жат жұрттықтарға құлдық кіріптарлықты білмеген және салған жерден өздерінің ырқымен не республика ретінде, не самодержавиелік князьдіктер ретінде басқарылған қалаларды ғана тілге тиек етемін. Ондай қалалардың әртүрлі негіздері, әртүрлі заңдары және құрылысы болған. Олардың кейбіреулері өзінің негізі қаланған бойда немесе одан аз уақыт кейін бір адамнан заңдар алған, және бірден алған. Мысалы, спарталықтар заңдарды Ликургтен алған. Басқалары, Рим сияқты, аракідік, біртебірте, жағдайларға байланысты алып отырған. Шын бақытты деп
анық кемеңгер адам пайда болып, ол берген заңдардың мінсіздігі соншалық, республика соларға мойынсұнып, оларды өзгертуге ділгір болмай, тыныш та қауіпсіз өмір сүре алатын республиканы айтуға болады. Спарта сегіз жүз жылдан астам уақыт өз заңдарын бұрмаламай, апатты бұлғақтарға ұрынбай тіршілік еткені белгілі. Ақылды да көреген ұйымдастырушыны таппай, өздігінен ұйымдасуға мәжбүр қаланың бақыты біршама кем. Ал бекем құрылыстан тым шалғай кеткен қала мүлдем бақытсыз, өзінің бүкіл тәртіптерінде шынайы мақсатқа және мінсіздікке жеектейтін дұрыс жолдан мүлдем адасқан қала одан әрмен бақытсыз. Ондай қаланы қандай да болмасын жағдайлардың түзете алуы тіпті де миға қонбайды. Мінсіз саяси құрылысқа ие болмаса да – жақсаруға қабілетті игі негізі бар қалалар жағдайлардың қолайлы түйісуі жағдайында мінсіздікке жете алуы мүмкін. Рас, бірақ қайта құру әрқашан қауіппен байланысты, өйткені адамдардың едәуір бөлігі қалада жаңа тәртіп орнататын жаңа заңмен, егер қажеттілік оларға мұнсыз болмайтынын дәлелдеп бермесе, ешқашан келіспейді. Ал ондай қажеттілік ешқашан қауіп төнбей туындамайтындықтан, мінсіз құрылысқа жеткенше, республиканың құлап қалуы оңай болуы мүмкін. Мұны Флоренциядағы республиканың мысалы тамаша дәлелдеп береді, оны Ареццо түбіндегі оқиғалар екінші жылы қайтадан қалпына келтірді, ал Пратодағы оқиғалар он екінші жылы тағы да ыдырап кетуге мәжбүр етті. Сонымен, Рим қаласының саяси құрылысы қандай болғанын және қандай оқиғалар оны мінсіздікке жеткізгенін қарастыру ниетінде мен мынаны атап өтейін: республикалар туралы жазған кейбір авторлар мемлекеттік құрылыстың үш түрі болады деп пайымдап, оларды Самодержавие, Аристократия және Халық басқаруы деп атайды және қалада жаңа құрылыс орнатушылар осы үш түрдің өздеріне қолайлырақ көрінетінін біреуіне тоқталуы керек дейді. Басқа бір авторлар, және көп адамдардың пікірі бойынша, неғұрлым даналары басқарудың алты пошымы – үш өте жаманы және өздігінен-ақ жақсы, бірақ оңай бұрмаланатын
және соның салдарынан қауіпті үш пошымы бар деп санайды. Басқарудың жақсы пошымдары – жоғарыда аталған үшеу; жамандары – алғашқы үшеуіне тәуелді және олармен соншалықты тектес болғандықтан бір-біріне жеңіл айналатын қалған үшеу. Самодержавие оп-оңай тиранияға айналады, Аристократиялар оп-оңай Олигархиялар болып шыға келеді, Халық басқаруы қиналмай-ақ жүгенсіздікке айналады. Сонымен, республиканың құрылтайшысы қалада атап өтілген үш басқару пошымының біреуін орнатса, ол оны ұзақ мерзімге орнатпайды, себебі оның қарама-қарсы пошымға айналып кетуіне кедергі болатын құрал жоқ, өйткені бұл жағдайда сырқаулық пен жақсылықтың арасындағы ұқсастық тым болмашы. Басқарудың осы әрқилы түрлері адамдарда кездейсоқ пайда болды. Алғашында, жер бетінде тіршілік етушілер аз кезде, адамдар біраз уақытта жабайы аңдар сияқты бөлек-бөлек тіршілік етті. Онан соң, адамзат ұрпағы көбейген кезде, адамдар біріге бастады да, өзін жақсырақ қорғау үшін өздерінің ортасынан ең күштілері мен жүректілерін таңдап, оларды өздерінің жетекшілері етті де, оларға бағына бастады. Осыдан жамандық пен зұлымдықтан өзгеше жақсылық пен ізгілік ұғымы туындады. Өзінің жарылқаушысына зиян келтіретін адамның әлпеті адамдар бойында ашуыза мен мүсіркеу оятатын болды. Олар жақсылықты білмейтіндерді жазғырып, жақылықты білетіндерді мақтады. Содан кейін, өздері де сондай жәбірлеуге душар болуы мүмкін екендігін түсініп, ондай жамандыққа ұшырамау үшін олар зандарды жасауға және оларды бұзушылар үшін жаза тағайындауға жетті. Әділетті түсіну солай туындады. Осының салдарынан, енді тақсырды таңдағанда адамдар ең батыл адамға емес, ең сабырлы да әділетті адамға артықшылық беретін болды. Бірақ уақыт өте келе мемлекеттік өкімет сайлаулы биліктен мұрагерлік билікке айналғандықтан, жаңа, мұрагер тақсырлар бұрынғылардан көп азғындады. Ерлік істерді ойлауды ұмытқан олар тек басқалардан сән-салтанатымен асып түсуды, ләззат қызығын және қилы-қилы нәсіпқұмарлықты күйттеді. Сондықтан тақсыр сұмырайға айналды; жаппай өшпенділік оның бойына
үрей ұялатты; үрей оны зорлыққа итермеледі де, осының бәрі көп ұзамай тиранияны туындатты. Осы арқылы дара өкіметтің күйреуі басталды: тақсырларға қарсы жасырын қоғамдар мен қастандықтар пайда болды. Оларды жасқаншақ және әлсіз адамдар емес, өздерінің тектілігімен, кең пейілділігімен, байлығымен және жайсаңдығымен басқалардан жоғары тұрған, тақсырдың сасық тіршілігіне төзбейтін адамдар ұйымдастырды. Бұқара осынау құдіретті азаматтардың беделіне бағынып, тақсырға қарсы шықты, оны мүрдем кетіріп, өздерінің құтқарушылары ретінде әлгі адамдарға бағынды. Олар дара билеуші атын жек көре отырып, өздерінен үкімет құрды. Алғашында, өткендегі тиранияны ұмытпай, олар, өздерінің жеке мүдделерін ортақ игілікке құрбан етіп, және жеке істерге де, қоғамдық істерге де назарын бәсеңдетпей, өздері бекіткен зандарға сай басқарды. Алайда біраз уақыт өткеннен кейін басқару ісі тағдыр тәлкегінің дәмін татпаған, зұлымдық сынынан өтпеген және азаматтық теңдікті қанағат тұтпаған олардың ұлдарына көшті, олар дүниеқоңыз, даңғой, басқалардың әйелдерінің етегін түруге құмар жандарға айналып, Оптиматтар басқаруын қоғамдық өмірдің ережелерімен мүлдем есептеспейтін азшылықтың басқаруына айналдырды. Сондықтан оптиматтардың балалары көп ұзамай тиранның тағдырына тап болды. Олардың басқаруына ызалы халық бұқарасы ондай басқарушыларға қарсы шығуды қалаған кез-келген адамның соңынан ойланбай ерді; ондай адам табыла кетіп, оларды бұқараның көмегімен жоқ қылып отырды. Алайда тақсыр және олардың қиянаты әлі де есте сайрап тұрған-ды; сондықтан азшылықтың билігін құртып, патшаның дара өкіметін қалпына келтіруді қаламаған адамдар халықтық басқаруға назар аударды және оны не жеке құдіретті азаматтардың, не тақсырлардың онда ешқандай ықпалы болмайтындай етіп ұйымдастырды. Кез-келген мемлекеттік құрылыс алғашқы кезде біршама құрметке ие болатындықтан, халықтық басқару белгілі бір уақытқа, аз уақытқа, – оны құрған ұрпақ әлі тірі кезге сақталып отырды, өйткені содан кейін іле-шала қалада жүгенсіздік белең алып, оның тұсында ешкім жеке адамдардан да, қоғамдық күштерден де
қорықпайтын болып алды; әркім өз қалауынша өмір сүрді және күн сайын көптеген әрқилы әділетсіздіктер жасалып жатты. Сол кезде қажеттілік мәжбүр еткен немесе қандай да бір ізгі адамның ақылы бойынша, немесе жүгенсіздікті құрту ниетімен адамдар самодержавиеге қайта оралып отырды, одан соң біртіндеп қайтадан жүгенсіздік белең алды, – сол жолмен, сол себептермен осылай қайталан берді. Міне аясында республикалар басқарылған және басқарылып отырған шеңбер осындай. Және егер олар басқарудың бастапқы пошымдарына сирек қайтып оралса, онда бір ғана себеппен, бірде-бір республиканың бүкіл жоғарыда айтылған өзгерістерден өтіп, қала беруге күші жетпейтіндіктен ғана. Азапты өзгерістер кезінде республика әрқашан әбден әлсірейді, жөні түзу кеңес те ала алмайды, сөйтіп ол үздік саяси құрылымы бар қандай да бір көрші мемлекеттің оңай олжасына айналады. Бірақ егер осылай болмаса, республика басқарудың бәз-баяғы пошымдарының алмассуында шексіз айнала берер еді. Сонымен, менің байламым: аталған пошымдардың бәрі де тажалды, үш жақсысы олардың ғұмырының қысқалығынан, ал үш жаманы – олардың қатерлілігінен тажалды. Сондықтан да олардың осы кемшіліктерін білетін кемеңгер заң шығарушылар жеке алғанда олардың әрқайсысынан аулақ болуға тырысты да, олар аралас болып шығатын түрін таңдайтын, басқарудың мұндай пошымын бекем де орнықты деп есептейтін, өйткені бір қаланың өзінде бір уақытта өмір сүретін самодержавие, Оптиматтар және Халықтық басқару бір-біріне қарайлайтын болады. Сондай конституцияларды жасаушылар арасында даңққа бәрінен де лайықтысы Ликург. Спартаға заңдар бере отырып, ол Патшаларға, Аристократтарға және Халыққа тиісті рөлдерін бөліп беріп, және сегіз жүз жылдан астам уақыт өмір сүрген және осы қалаға ұлы даңқ және игілік әкелген мемлекеттік құрылысты жасады. Афинаға заңдар берген Солонмен мүлдем басқа жағдай болды. Онда бір ғана Халықтық басқару орнатып, оған тым қысқа өмір бергені соншалық, өзі көз жұмғанға дейін ақ
Афинада Писистраттың тирандығын көріп үлгерді. Қырық жылдан кейін Писистраттың мүрагерлері қуылып, Афинада, Солон заңдарына сай халықтық басқару қайтадан қалпына келтіріліп, еркіндік қайта туса да, бұл басқару, оны қолдау үшін дворяндардың арсыздығы мен жаппай жүгенсіздікті ауыздықтауға бағытталған әр түрлі, Солонның өзі де ескермеген қаулылар қабылдағанымен, жүз жылдан артық өмір сүре алмады. Қалай болғанда да, Солон Халықтық билікті Самодержавие мен Аристократияның күшті жақтарымен ұштастырмағандықтан, Афина Спартамен салыстырғанда өте аз уақыт өмір сүрді. Алайда, Римге көңіл аударайық. Римде әуел бастан ұзақ уақыт еркін өмір сүре алатындай етіп ұйымдастыратын өзінің Ликургы болмағанына қарамастан, онда Плебс пен Сенаттың арасындағы алауыздықтың арқасында туындаған көптеген қолайлы жағдайлар қалыптасты. Сондықтан, егер Римнің бастапқыда жолы болмаса, кейін оның жолы болды. Оның алғашқы мекемелері жаман болды, бірақ мінсіздікке бастайтын дұрыс жолдан оны бұрып әкетерліктей жаман бола қойған жоқ. Ромул мен басқа патшалар көптеген, айталық бостандық талаптарына жауап беретін заңдар жасады, бірақ олардың мақсаты республиканың емес, патшалықтың негізін қалау болғандықтан, Рим еркін қалаға айналғанда, онда бостандық үшін жасалуы керек болатын және патшалар қамқорлық жасамаған көптеген нәрселердің жетпейтіні анықталды. Рим патшалары біз талқылаған себептер салдарынан биліктен айрылғаннан кейін және жоғарыда қарастырылған ретпен оларды қуып жібергендер салғаннан патшаның орнын алған екі Консулдың лауазымын енгізді, сөйтіп Римнен патшалық өкіметтің өзі емес, тек қана оның аты қуылды. Сөйтіп Рим республикасында Консулдар мен Сенат болғандықтан, ол жоғарыда баяндалған үш бастаудың екеуінің, атап айтқанда, Самодержавие мен Аристократияның біріктірілуі болып шықты. Енді тек Халықтық басқаруға орын беру қалған еді. Сондықтан, Рим ақсүйектері, әрі қарай айтылатын себептер бойынша, әбден есіріп кеткенде оған қарсы Халық көтерілді, және бәрінен
айрылып қалмау үшін оның амалсыз көніп, Халыққа мемлекетті басқарудағы үлесін беруге мәжбүр болды. Екінші жағынан, республикадағы бұрынғы жағдайынан айрылмау үшін Консулдар мен Сенатта жеткілікті билік сақталды. Осылай плебейлер Трибундары институты пайда болды. Ол пайда болғаннан кейін Рим республикасының жағдайы нығайды, өйткені онда барлық үш үкіметтік бастау орын алды. Тағдыр Римге соншалықты мейірімді болды, жоғарыда сипатталған басқыштарды өту арқылы және солай іспеттес себептерге бағына отырып, ол патшалар мен оптиматтар басқаруынан Халық басқаруына көшті, дегенмен онда патша өкіметі оны Оптиматтарға беру үшін ешқашан толық жойылған жоқ, ал Оптиматтар билігі оны Халыққа беру үшін кемітілген жоқ. Бір-бірімен араласып кеткен олар республиканы мінсіз етті. Мұндай мінсіздікке Рим, Плебс пен Сенаттың арасындағы, қалай болғаны келесі екі тарауда егжей-тегжейлі көрсетілетін, алауыздық арқасында жетті.
ІІІ тарау
Римде Республиканы неғұрлым мінсіз еткен плебейлер трибундарының
құрылуына қандай жағдайлар септесті
Қоғамдық өмір туралы пікір айтушылардың барлығы дәлелдейтініндей, және ол тарихтан алынған көптеген мысалдармен қуатталатынындай, республика құрылтайшысының және оның заңдарын жасаушының күні бұрын-ақ барлық адамдарды мейірімсіз деп санауы және ыңғайлы жағдай туған бойда олар өздерінің жан дүниесінің қатыгездігін әрқашан көрсетеді деп санауы қажет. Егер біреудің мейірімсіздігі белгілі-бір уақытқа дейін байқалмаса, бұл әлдене беймәлім себептер салдарынан болады, оларды түсінуге тәжірибенің жоқтығы бөгет; алайда оны кез-келген шындықтың атасы деп аталатын уақыт бәрібір анықтайды. Тарквинийлер қуып жіберілгеннен кейін Римде Плебс пен Сенат арасында ұлы татулық орнағандай; Ақсүйектер өзінің тәкаппарлығынан бас тартып,
халық рухын бойға сіңіргені соншалық, ең төменгі топтың адамы да оған жылы шыраймен қарайтындай көрінгендей еді. Тарквинийлер тірі тұрғанда оның осынау екіжүзділігі байқалмады және оның себептері де беймәлім болатын. Тарквинийлерден қорыққан және қысымдағы Плебс оларға қосылып кетер деп қауіптенген Ақсүйектер плебейлермен адамша қатынас жасады; бірақ Тарквинийлер о дүниеге аттанған бойда Ақсүйектер олардан қорқуын қойды да, өзінің кеудесінде жиналған уды Плебске атқылап, оны барлық амалдармен қанай бастады. Бұл менің жоғарыда айтқанымды қуаттайды: адамдар тек қажетіне қарай жақсылық жасайды, оларда таңдау еркіндігі мол болып, өздерін өз қалауынша ұстау мүмкіндігі пайда болған бойда салғаннан сұмдық бұлғақтар мен тәртіпсіздіктер жайлайды. Міне сондықтан да аштық пен жоқшылық адамдарды амалдағыш, ал заңдар мейірімді етеді дейді. Бір нәрсе өздігінен заңсыз-ақ жақсы істелінетін жерде, заңға қажеттік жоқ; бірақ жақсы әдетғүрып ұмытылған жерде салғаннан заң қажет болады. Сондықтан, Тарквинийлер өлгеннен кейін, бұрын солардан қорыққандықтан ауыз аша алмайтын Ақсүйектердің енді Тарквинийілер тірі тұрғандағыдай күші бар қандай да бір жаңа тәртіп жайында ойлануына тура келді. Сондықтан да көптеген бұлғақтардан, толқулардан және Плебс пен Ақсүйектер арасындағы қатерлі қақтығыстардан кейін Плебстің қауіпсіздігі үшін Трибундар мансабы енгізілді. Оларға қыруар өкілеттіктер берілді, және олардың сыйлы болғаны соншалық, Плебс пен Сенат арасында ылғи делдалдық рөл атқарып, Ақсүйектердің жүгенсіздігіне қарсы тұра алатын еді.
ІV тарау
Плебс пен Сенат арасындағы кикілжің Рим республикасын еркін және
құдіретті еткендігі туралы
Тарквинийлер өлгеннен кейін және Трибундар мансабы енгізілгенге дейін Римде болған бұлғақтарды елеусіз қалдырғым келмейді, және Римнің бұлғақтарға
бейім және бейберекет республика болғаны соншалық, тағдыр мен әскери ерлік оның кемшіліктерін түземесе, ол кез-келген басқа мемлекеттен бейшара болар еді дейтіндерге кейбір дауымды айтпақпын. Мен бақытты тағдыр мен армия Рим үстемдігінің себептері болғанын теріске шығара алмаймын; бірақ осы жағдайда маған аталған себептердің туындауының өзі жазмышты секілді көрінеді, өйткені жақсы әскер жақсы саяси құрылыс бар жерде болады және жақсы әскерге бақыт қонбайтындығы өте сирек. Әйтсе де бұл қаланың басқа да айтулы ерекшеліктеріне көшейік. Ақсүйектер мен Плебс арасындағы қақтығысты айыптаушылар, меніңше, Римдегі бостандықты сақтаудың басты себебі болған нәрсенің өзін айыптайды деп қадап айтамын; олар сондай қақтығыстардан өрбитін игі салдарлардан гөрі солар туындататын күңкілдер мен айқайларға баса назар аударады; ақырында олар әрбір республикада әртүрлі екі халықтық және дворяндық көңіл күйі болатынын, бостандық жолында қабылданған барлық зандар халық пен грандтар арасындағы алауыздықтардан балалағанын ескермейді. Бұған Рим тарихы мысалында оңай көз жеткізуге болады. Тарквинийлерден Гракхтарға дейін – ал оларды үш жүз жылдан астам уақыт бөліп тұр – Римдегі бұлғақтар нәтижесінде аластау өте сирек кездессе, қантөгіс одан да сирек болған. Ондай бұлғақтарды тажалды еді деуге тіпті де болмайды. Туындаған барлық кикілжіңдер тұсында да сондай ұзақ мерзім ішінде сегіз-он азамат қана аласталған, ешкім дерлік өлтірілмеген және ақшалай айыппұлға өте аз адам кесілген республикада ішкі бірлік жоқ еді деуге тіпті де болмайды. Және де ерліктің қыруар мысалдарын берген республиканы реттелінбеген деп жариялау тіпті негізсіз, өйткені игі өнегені жақсы тәрбие, жақсы тәрбиені – жақсы заңдар, ал жақсы заңдарды көп адамдар ойланбай сөгетін бұлғақтар туындатады. Іс жүзінде, Рим бұлғақтарының нәтижесін мұқият зерттейтін кез-келген адам олардан ортақ игілікке нұқсан келтіретін аластау немесе зорлық-зомбылық емес, қоғамдық еркіндікті нығайтатын заңдар мен қаулылар өрбігенін байқайды. Бәдкім, біреулер маған: "Неғылған ерсі, әнтек хайуандық құлық: халық еліріп алып Сенатқа, Сенат – халыққа айқайлайды, азаматтар көшелерде
сеңдей сапырылысады, дүкендерді жабады, бүкіл плебейлер бірден Римді тастап шығады, осының бәрі туралы оқудың өзі қорқынышты", деп дау айтар. Оған менің жауабым мынадай: кез-келген қалада, әсіресе барлық маңызды істерде халықпен санасуға мәжбүр қалада өзінің халқына оның ар-намысқа байланысты ұмтылыстарының көрінуіне мүмкіндік беретін әдет-ғүрыптар болуға тиіс. Рим үшін халық өзіне керекті заңның қабылдануына қол жеткізгісі келсе, оның не жоғарыда аталған әрекеттердің бірін жасауы, не соғысқа аттанудан бас тартуы әдеттегі іс болды, сонда оны тыныштандыру үшін оның қалауын белгілі бір шамада қанағаттандыруға тура келетін. Бірақ еркін халықтың ұмтылыстары бостандық үшін тажалды болатын жағдай некен-саяқ, өйткені ондай ұмтылыстар не қыспақтың салдарынан, не халықтың өзіне қыспақ көрсетіледі деген күдігінен туындайды. Егер мұндай күдік негізсіз болса, онда жұрт сыйлайтын бір адам сөз сөйлеп, халыққа ол күдіктің бекершілік екенін дәлелдеп беретін жиындар ондай күдікті сейілтетін сенімді құрал болып табылады. Туллий халық надан дегенімен, ол шындықты тап басып тани алады және сенуге болатын адам оған шындықты айтса, ол оп-оңай райынан қайтады. Сонымен, Римдік басқару пошымын неғұрлым абайлап жамандау және Рим республикасында орын алған көптеген жақсы салдарлар тамаша себептер нәтижесі екендігін ұмытпау керек. Трибундарды ұйымдастырудың себебі бұлғақтар болғандықтан, олар қалай мақтауға да лайық. Трибундарды енгізу халыққа оның мемлекетті басқарудағы үлесін беріп қана қойған жоқ, сонымен бірге, бостандықты қорғау мақсатын көздеді, мұны келесі тарауда көрсетеміз.
V тарау
Бостандықты кім жақсы қорғайды – халық па, дворяндар ма, және бұлғақты қоздыру себептері кімде көбірек – ие болғысы келгендерде ме, немесе иеленгенін сақтағысы келгендерде ме?
Республиканы кемеңгерлікпен құрғандар, ең қажетті істердің бірі бостандықты қорғауды ұйымдастыру деп білген. Ол кімге сеніп тапсырылғанына байланысты еркін өмір ұзақ не қысқа болған. Әрбір республикада текті адамдар және халық болатындықтан, аталған күзетті кімге тапсырған дұрыс деген сұрақ туындайды. Лакедемондықтарда, бізге жақынырақ кезеңдерде – венециялықтарда, бостандықты қорғау Нобильдердің қолына берілді; бірақ римдіктерде ол Плебске тапсырылды. Сондықтан, осы республикалардың қайсысы ең жақсы таңдау жасағанын қарастыру қажет. Егер себептерге үңілсек, онда олардың әрқайсысын жақтап көп нәрсе айтуға болады. Егер нәтижесіне көз салсақ, онда бірінші орынды Нобильдерге беруге тура келеді, өйткені Спарта мен Венециядағы еркіндік Римдегіден ұзақ өмір сүрді. Себептерді қарастыруға кіріскенде, мен, әуелі римдіктерді алып, әлдене нәрсені күзету оған ие болуға ұмтылмайтын адамға тапсырылуы тиіс дер едім. Ал егер біз текті және тексіз адамдардың мақсаттарына қарасақ, онда тектілер барын салып үстемдікке ұмтылатынын, ал тексіздер тек езгіге түспеуді қалайтынын, демек, қоғамдық бостандықты басып алу үміті грандтардан аз болғандықтан, еркін өмірді олардан әлдеқайда көп сүйетінін сөзсіз байқаймыз. Сондықтан, еркіндікті күзету халыққа сеніп тапсырылғанда, оның сол жөнінде көбірек қам жейтіні және бостандықты өзі иеленіп кету мүмкіндігі болмағандықтан, басқаларға да бұған жол бермейтіні табиғи нәрсе. Бірақ екінші жағынан, спарталық және венециялық құрылысты қорғаушылар бостандық күзеті құдіретті де текті адамдарға тапсырылғанда салғаннан екі маңызды мақсатқа қол жетеді дейді: біріншіден осының арқасында ақсүйектер өздерінің атаққұмарлығын қанағаттандырады және республикада үстем жағдайға ие бола отырып, билік шоқпарын өз қолында ұстай отырып, өздерін әбден разы сезінудің барлық негіздеріне ие болады; ал екіншіден, бұл арқылы қара халықтың Республикадағы ұшы-қиырсыз кикілжіңдер мен тәртіпсіздік себебі болатын және Ақсүйектерді әбден ызаландырып, арты ойранға соқтыратын бүлікшіл рухы қатты әлсіретіледі.
Мысал ретінде олар сол баяғы Римге сілтеме жасайды, онда плебейлер Трибундарының мансабы енгізілгеннен кейін, өз қолына билік тиген қара халық Плебейлерден сайланатын бір Консулды қанағат етпей, екі Консулдың да плебейлерден сайлануын қалаған еді. Содан кейін олар Цензура, Претура және мемлекеттегі барлық басқа ең жоғары үкіметтік мансаптардың өз қолына берілуін талап еткен болатын. Бірақ оларды бұл да қанағаттандырмады; сондықтан бәз-баяғы өрекпу ғадетімен олар ақсүйектерді талқандай алады деп санаған адамдарын айналдыра бастады. Бұл Марий құдыреттілігін тудырып, Римді құртты. Шынында, екі бірдей мүмкіндікті мықтап салмақтаған адамға еркіндік күзетін кімге тапсыруды шешу оңай болмайды, бұл үшін әуелі республикаға адами ниеттің қайсысы қатерлі – қолдағы құрметті сақтап қалу ниеті ме, әлде соған ие болуға итермелейтін ниет пе – осыны анықтау керек болады. Бұл мәселені жан-жақты мұқият зерттейтін әрбір адам ақыр аяғында мынадай қорытындыға келеді: Сен не Римге ұқсас, Империя құруды қалайтын, не әншейін, аман қалғаны жеткілікті республика туралы пайымдайсың. Бірінші жағдайда бәрін де Римде істелгеніндей етіп істеу керек; екіншісінде – Венеция мен Спартаға, келесі тарауда айтылатын себептер бойынша, еліктеуге болады. Бірақ, қандай адамдар республикаға қауіптірек – ие болуға құштарлар ма, немесе қолындағыдан айрылып қалудан қорқатындар ма – деген мәселені қарастыруға қайта оралып мынаны көрсете кетейін: Капуяда Римге қарсы ұйымдастырылған қаскүнемдікті әшкере ету үшін Марк Менений диктатор, ал Марк Фульбий атты әскердің бастығы (екеуі де плебейлер) болып тағайындалғанда, олар сондай-ақ халықтан кім Римде паралау арқылы, жалпы заңсыз жолдармен консулдықты және басқа мансаптарды алмақ екенін анықтауға да өкілеттік алды. Ақсүйектер диктаторға берілген мұндай өкілеттіктер өзіне қарсы бағытталған деп ұйғарып, Римде құрметті мансаптарды паралау арқылы, сондай-ақ заңсыз әдістермен алғысы келетіндер текті адамдар емес, тегі төмен адамдар, олар өздерінің шығу тегіне және өздерінің ерліктеріне арқа сүйей алмайтындықтан, жоғары жағдайға заңсыз
жолдармен жеткісі келеді деген лақап таратты. Әсіресе мұндай пиғыл диктатордың өзіне жамалды. Бұл айыптардың ауырлығы соншалық, Менений жиылыс шақырып, тектілердің өзіне жапқан жаласын ортаға салып, диктаторлықтан бас тартты да, өзін халық талқысына берді. Оның ісі қаралып, ол ақталды. Сотта: қолындағы биліктен айрылғысы келмейтін немесе оған ие болуға ұмтылатын адам көбірек мансапқор деген мәселе көп дау туғызды, өйткені бұлардың екеуі де оп-оңай орасан зор бұлғақтардың себебі бола алар еді. Алайда, ондай бұлғақтарды көбіне дәулетті адамдар шығарады, себебі байлықтан айрылып қалу қорқынышы кедейлерге тән құштарлықты тудырады, өйткені ешкім өзінде барды, одан да көбейте түспесе, сенімді иемін деп санамайды. Неғұрлым бай адамдарда қатерлі өзгерістерді жасау үшін көбірек мүмкіндік пен қаржыға ие екендігін айтпай-ақ қоялық. Мұның үстіне, олардың дөрекі де өрескел қылығы кедей-кепшіктің көкейінде не жәбірлеушілерден, оларды тұлдырсыз қалдырып, кек алу, не байлар бұрмалап пайдаланатын байлық пен марапатқа өздері ие болу үшін билік тұтқасын қолға түсіру ниетін маздатады.
VІ тарау
Римде халық пен сенат арасындағы дұшпандықты жоя алатын
құрлыс орнату мүмкін бе еді
Жоғарыда біз Халық пен Сенат арасындағы кикілжіңдердің салдарлары туралы пайымдадық. Алайда, сол кикілжіңдерді олар еркін өмірдің күйреуінің себебіне айналған Гракхтар уақытына дейін ізерлегенде, тегінде Римнің онда жоғарыда аталған дұшпандықсыз-ақ ұлан-ғайыр нәтижелерге жете алар еді дейтін біреу-міреудің табылары әбден мүмкін. Сондықтан Римде аталған кикілжіңдерге мүлдем жол бермейтін құрылыс орнатуға болатын ба еді деген мәселеге назар аудару маған лайықты іс болып көрінеді. Ал мұны зерттегің келсе, ондай дұшпандықсыз, бұлғақсыз ұзақ уақыт еркін өмір сүре алған
республикаларға жүгіну және оларда қандай құрылыс болғанын оны Римде енгізуге болар-болмасын қарастыру қажет. Мысал ретінде ежелгі дүниеден Спартаны, ал біздің заманымыздан Венецияны – мен тілге тиек етіп үлгерген мемлекеттерді алайық. Спартада патша және оны басқарған шағын Сенат болды. Венецияда үкімет мүшелері үшін әртүрлі атаулар жоқ: басқаруға қатыса алатындардың бәрі ортақ бір атаумен – дворяндар деп аталады. Ондай әдет Венецияда оның заң шығарушыларының даналығынан гөрі, көбіне кездейсоқ оқиғаға байланысты пайда болды. Іс былай болған еді: қазір қала орналасқан құрғақ шағын телімдерге, жоғарыда айтылған себептер құдіретімен, көп адам шоғырланды. Олардың көбейе түскені соншалық, бірлескен тіршілікті жалғастыру үшін оларға заңдар қажет болғанда, олар басқарудың белгілі бір пошымын орнатты; қалаға байланысты мәселелер шешілетін кеңестерге жиі бірге жинала жүріп, ақыр аяғында олар қалыпты саяси өмір үшін өзіміз де әбден жеткіліктіміз деп қаулы етті де, олар кейін қоныстанатындардың басқаруға қатысу мүмкіндігін жапты. Ал келе-келе Венецияда басқаруға қатыса алмайтын тұрғындар едәуір көбейгенде, басқарушыларды құрметтеу ниетімен – Дворяндар деп , қалғандарының бәрін – Пополандар деп атай бастады. Мұндай тәртіп бұлғақсыз-ақ пайда болып, сақтала алды: себебі ол дүниеге келгенде Венецияның сол кездегі тұрғындарының кез-келгені үкіметке кірді де, шағым жасайтын ешкім болмды; онда кейінірек қоныстанғандар, мықты да түпкілікті қалыптасқан мемлекетті көріп, бұлғақ үшін себеп те, мүмкіндік те таппады. Оларда себеп болмағаны, ешкім оларды ештеңеден айырған жоқ; оларда мүмкіндік болмағаны, басқарушылар оларды мықтап жүгендеп ұстады және олар бедел алатын жерлерде пайдаланылмады. Мұның үстіне Венецияға кейінірек қоныстанғандар онша көп болмады, сөйтіп басқарушылар мен басқарылатындар арасында диспропорция болған жоқ: Дворяндар саны Пополандар санына не тең, не артық болды. Міне, Венецияның өзінде сондай құрылыс орнатып, оны тұтастықта сақтай алуының себептері осындай.
Спартаны, жоғарыда айтқанымдай, Патша және шағын Сенат басқарды. Оның соншалықты ұзақ уақыт өмір сүре алғаны, Спартада тұрғындар аз болды және онда қоныстанғысы келген жат жұрттықтар үшін оның есігі жабық болды, сондай-ақ Ликург заңдарын құрметтеу арқасында (оларды сақтау бұлғақтар үшін барлық себептерді жойды), спарталықтар ішкі бірлікті ұзақ сақтай алды. Ликург өзінің заңдарымен Спартада мүліктік теңдік және қоғамдық жағдай теңсіздігін орнатты; онда жұрттың бәрі бірдей кедей болды; плебейлер онда мансапқорлықты білмеді, өйткені жоғары қоғамдық мансаптар қалада аз ғана азаматтарға бұйырды, ал Плебс олардың маңайынан да жүре алмады; ақсүйектер плебейлерде осы мансаптарға ие болуға құмарлық туғызатындай ақымақтық жасамады. Мұндай жағдайды спарталық патшалар жасады, самодержавиелік өкіметке ие және айналасы түгел ақсүйектерден құралған оларда, өздерінің қадір-қасиетін сақтаудың бір ғана сенімді құралы – Плебсті әртүрлі реніштен қорғап отыру еді. Осының арқасында Плебс үрей дегенді білмеді және мемлекеттік билікке ұмтылмады; ал оның мемлекеттік билігі болмағандықтан, үрей дегенді білмегендіктен, оны мен Ақсүйектер арасында бәсекелестік те тумады, бұлғақ себептері жойылды, сөйтіп Плебс пен Ақсүйектер ұзақ уақыт бірлігін сақтай алды. Бұл бірлікті екі маңызды жағдай қамтамасыз етті: біріншіден, Спартада тұрғындар аз болды, сондықтан оларды аз ғана адамдар басқара алды; екіншіден, өзінің республикасына шет елдіктерді кіргізбегендіктен спарталықтардың бұзылуға да, не басқарушы азшылық олар үшін төзгісіз болатындай соншалықты көбеюге де жағдайы болмады. Сонымен, осының барлығын ескеретін болсақ, Римде жоғарыда аталған республикалардағыдай тыныштық орнауы үшін Рим заңгерлеріне екінің бірін жасау қажет болатын: не венециялықтар сияқты плебейлерді соғыста пайдаланбау, не спарталықтар сияқты шетелдіктерді еліне кіргізбеу. Мұның орнына олар осының екеуін де істеді, мұның өзі Плебске күш берді, оны сан жағынан көбейтті және бұлғақ шығару үшін көптеген ілік берді. Алайда, егер Рим мемлекеті неғұрлым тыныш болса, бұл мынадай ыңғайсыздық туындатар еді: ол сондай-ақ әлсіз болып шығар еді, өйткені ол өзі жеткен ұлылық жолын
кесер еді. Солайша, Рим бұлғақтардың себептерін жоюды қаласа, ол өзінің шекарасын кеңейткен себептерді де жояр еді. Егер тереңірек үңілсек, барлық адами істерде солай болатындығын көреміз: бір ыңғайсыздықтан оның орнына басқа біреуі туындамайтындай етіп құтылу ешқашан мүмкін емес. Сондықтан, егер сен ұлы держава құру үшін халықты соншалық көп және жақсы қаруланған еткің келсе, онда сен оған берген сапа кейіннен өз қалауың бойынша басқаруыңа бөгет болып шығады. Егер сен халықты онымен не істегің келсе, соны істеу мүмкіндігін алу ниетімен аз санды етіп немесе қарусыз ұстасаң, онда сен өкімет басына келгенде оны не ұстай алмайсың, не сенің халқыңның қорқақ болатындығы соншалық, саған шабуыл жасайтын бірінші елдің құрбанына айналасың. Әрбір шешім жасар кезде таңдау азырақ ыңғайсыздық туғызатынын қарау және нақ соны ең жақсысы деп санау керек, өйткені ешқашан бәрі бірдей ың-шыңсыз жүре бермейді. Рим, сонымен, Спартаның үлгісімен өзінде тақсырдың ғұмыр бойғы билігін және шағын Сенат орната алатын еді, бірақ ұлы держава құруға ұмтылған ол, өз азаматтарының санын Спарта сияқты көбейтпей тұра алмады: осы себептер бойынша ғұмыр бойғы Патша мен аз санды Сенат оның бірлігіне аз жәрдемдескен болар еді. Міне сондықтан, егер біреу-міреу жаңадан республика құрғысы келсе, оның ең алдымен мына мәселені ойланып алуы керек: ол, Рим секілді, өзінің шекарасын кеңейтіп, қуатын арттырғысы келе ме, немесе оның тар шегінде қалуын қалай ма? Бірінші жағдайда оны Рим сияқты етіп құру және бұлғақтар мен қоғамдық кикілжіңдерге барынша кең өріс ашу қажет, өйткені саны көп және оның үстіне жақсы қаруланған азаматтарсыз республика еш уақытта өсе алмайды немесе өсе алса да, сақтала алмайды. Екінші жағдайда оны Спарта мен Венеция секілді етіп құруға болады; бірақ аумақтық кеңею – ондай республикалар үшін у болатындықтан, оның құрушысы барлық мүмкін амалдармен жаулап алуға тиым салуы керек, өйткені әлсіз республикаға арқа сүйейтін жаулап алу, оның күйреуіне жетектейді. Спарта жөнінде де, Венеция
жөнінде де солай болған. Олардың біріншісі, бүкіл Грекияны дерлік өзіне бағындырып, зәредей сәтсіздікте өзінің негіздерінің босаңдығын байқады: Пелонид басқарған Фивадағы көтеріліске жалғасқан грек қалаларындағы көтерілістер бұл республиканы толық күйретті. Венециямен де солай болды: Италияның айтарлықтай бөлігін қолға түсірген оның – көп жағдайда соғыс арқылы емес, ақша мен қулықтың арқасында – өзінің күшін дәләлдеуге тура келген заматта, бір күнде бәрінен айрылып қалды. Мен Спартада немесе Венецияда болғандай ішкі құрылыс беріп, ұзақ өмір сүретін республика құруға болатынына сенуге даярмын; бірақ ол қорғанды жерде орналассын және онда ешкім де оны салған жерден құртып жіберу мүмкін деп санамайтындай күш болсын; екінші жағынан, ол өзінің көршілерінде үрей тудыратындай соншалық қуатты болмасын. Осы жағдайда ол өзінің құрылысынан ұзақ уақыт ләззат ала алады. Өйткені соғыс белгілі бір мемлекетке қарсы екі себеппен жүргізіледі: біріншіден, оған үстемдік ететін қожайын болу үшін; екіншіден, ол саған шабуыл жасап жүрмей ме деген қорқыныштан. Бұл екі себеп жоғарыда айтылған тәсілмен толық жойылады. Егер қорғанысқа жақсы даярланған республиканы еңсеру оңай болмаса, менің ойымша, оны басып алуды ешкім де ойлай қоймайды. Сонымен қатар, егер ол өзінің шегінен шықпаса және тәжрибе оның менмендіктен ада екендігін дәлелдесе, ешкім де өзі үшін қорқыныштан оған қарсы соғыс бастамайды, әсіресе, егер конституция немесе арнаулы заң оған бөтеннің жерін басып алуға тиым салса. Мен мұндай тепе-теңдік жағдайын сақтау мүмкіндік болса, қалада шын саяси өмір және толық тыныштық орнайтынына кәміл сенемін. Алайда, адами істердің барлығы қозғалыста болатындықтан, бір орында тапжылмай тұра алмайтындықтан, олар не жоғары, не төмен жүреді де, қажеттілік сенің парасатың қабылдамайтын нәрсеге сені мәжбүр етеді. Демек, аумақтық кеңеюге бейімделмеген республиканы қажеттілік кеңеюге мәжбүр етсе, ол өзінің негізін жоғалтады да, тіпті жылдамырақ күйрейді. Бірақ, екінші жағынан, егер Аспан оған соншалық ықыласты болып, оның соғыс жүргізуіне тура келмесе,
қамсыздық оны не әлжуаз, не бөлшектеулі етер еді. Мұның екеуі біріге келе немесе жеке-жеке оның құлауының себебі болар еді. Сондықтан, меніңше, аталған тепе-теңдікке қол жеткізу де, орта жолды таңдау да мүмкін болмайтындықтан, республика құрғанда ол үшін неғұрлым құрметті рөл жөнін ойлау керек және қажеттілік республиканы аумақтық кеңеюге мәжбүр еткенде, ол өзінің жаулап алған жерлерін сақтай алатындай етіп құру қажет. Толғамдарымның бас жағына қайта оралып айтарым, бүкіл басқа республикалар құрылысын емес, Рим құрылысын үлгі тұту қажет деп санаймын, өйткені басқарудың аралық пошымын тауып алуға болады деп ойламаймын, және Халық пен Сенат арасында туатын дұшпандықпен, Рим ұлылығына жету үшін болмай қоймайтын сөзсіз ыңғайыздық деп қабылдап, келісуге болады деп білемін. Бостандық күзеті үшін трибундық биліктің қажеттігін дәлелдейтін барлық басқа уәждерден тыс, басқа құқықтармен қатар Трибундарға берілген қаралау құқығының республика үшін игілікті болғанын байқау қиын емес. [...]
ІX Тарау
Егер жаңадан республика құрғыңыз келсе немесе ондағы ескі
тәртіптерді түбірімен жойып, қайта құрғыңыз келсе өзіңіздің ғана
болуыңыздың қажеттігі туралы
Бәлкім, біреулерге мен Рим тарихына тым сұғынып кетіп, алайда Рим республикасының негізін қалаушылар, оның дінге және армияға қатысы бар мекемелері туралы ештеңе айтпағандай көрінермін. Сондықтан, осы пән туралы бірдеңе білгісі келгендердің шыдамын ұзақ сынай бермей айтарым: азаматтық өмір салтының негізін қалаушы болған Ромулдың алдымен өзінің бауырыны өлтіру, сосын патшалық етуге серіктес етіліп сайланған Тит Таций Сабинді өлтіруге келісім беру фактысын, тегінде, көп адам жаман үлгіге жатқызады.
Солай ойлайтындар ондай тақсырдың бодандары, оның беделіне арқа сүйеп, мансапқұмарлықтан немесе билікке құштарлықтан олардың өзінің беделіне қарсы бас көтеретін кім-кімді де қыспаққа ала бастар еді деп санайды. Мұндай пікір, егер Ромулды өлтіруге итермелеген мақсат ескерілмесе, әділетті болар еді. Мынаны ортақ ереже деп қабылдау керек: республиканың немесе патшалықтың әу бастан жақсы құрылысқа ие болуы немесе ескі тәртіптерді, егер оларды бір адам құрған болмаса, ысырып тастап қайта құрылуы ешқашан немесе ешқашан дерлік болмаған жағдай. Керісінше, бір ғана адам жаңа құрылыстың келбетін жасауы және оның парасатымен барлық жаңа мекемелердің ашылуы сөз жоқ қажеттілік. Міне сондықтан бүкіл жан дүниесімен жеке басының емес, ортақ игілікке ұмтылатын, өзінің мұрагерлерінің емес, ортақ отанының қамын ойлайтын республиканың кемеңгер құрылтайшысы жеке билікке ие болуға барынша тырысуға тиіс. Және ешқашан бірде-бір ақылды адам оны, егер ол патшалықты ретке келтіру немесе республика құру үшін қандай төтенше шараларға барса да сөкпейді. Амал қанша: оны істеп қойғандары қаралайды, – нәтижелері ақтайды; және нәтиже Ромулдікіндей жақсы болып шықса, ол әрқашан ақталады. Өйткені, түзетуге ұмтылып қатал болатынды емес, бүлдіру үшін қатал болатынды жазғыру керек. Жеңіп алынған билікті басқалар иемденіп кетпеуі үшін оның өте парасатты да ерекше ержүрек болуы керек, өйткені адамдар жақсылықтан гөрі жамандыққа бейім болатындықтан, оның өзі дархандықпен пайдаланған билікті оның мұрагері мақтан үшін пайдалана бастауы оп-оңай болуы мүмкін. Мұның үстіне, бір адам белгілі бір тәртіпті құруға қабілетті болғанымен, егер ол бір ғана адамға сүйенетін болса, бұл тәртіп ұзаққа бармайды. Егер ол көптеген азаматтардың қамқорлығына сүйенсе және егер оны қолдау көптеген азаматтарға сеніп тапсырылса, әлдеқайда жақсы. Өйткені халық арасындағы кикілжің салдарынан ол белгілі бір тәртіптің игілігін көре алмаса, халық белгілі бір тәртіп орнатуға қабілетсіз болады, бірақ сол тәртіптің игілігін халық көрсе, ол одан айрылуға келіспейді. Бауырын және жолдасын өлтіргені үшін
Ромулдың кешірілуге лайықтылығы және ол істеген нәрсе жеке мансапқорлықты қанағаттандыру үшін емес, ортақ игілік үшін істелінгендігін осының артынша іле-шала Сенатты құрғаны дәлелдейді, сонымен кеңесіп отырды және өзінің шешімдерін соның пікіріне сәйкес қабылдады. Ромулдың өзіне қандай билікті қалдырғанын мұқият қараған әркім-ақ ол соғыс жарияланғанда армияға әмір жүргізумен және Сенатты жинаумен шектелгенін көреді. Бұл кейінірек, Тарквинийлерді аластау нәтижесінде Рим еркін қалаға айналғанда анықталды. Сонда римдіктер ежелгі мекемелердің бірде-бірін жаңғыртпады, тек ауыстырылмайтын Патшаның орнына жыл сайын сайланып отыратын екі Консул пайда болды; бұл Римде бұрын болған тәртіптердің бәрі, абсолюттік және тирандық құрылыстан гөрі, азаматтық және еркін құрылысқа көбірек сәйкес болғанын дәлелдейді. Жоғарыда айтылғанды қуаттау үшін көптеген мысалдар – Моисейді, Ликургты, Солонды және патшалықтар мен республикалардың басқа да негізін қалаушыларды келтіруге болар еді, олар өкіметті өз қолдарына алғандықтан да ортақ игілікке бағытталған заңдар шығара алды, бірақ мен барлық осы мысалдарды кеңінен белгілі деп санап, қозғап жатпаймын. Олардың ішінен біреуін ғана, тым атақты емес, бірақ жақсы заң шығарушы болуды қалайтындардың назарына лайықтысын атап көрсетемін. Спарта патшасы Агид спарталықтарды Ликург заңдары олар үшін бекіткен шеңберге қайта оралтқысы келді, өйткені ол сол шеңберден шыққан оның қаласы өзінің ежелгі ерлігінен, сонымен бірге сондай-ақ өзінің күші мен әскери қуатынан едәуір айрылып қалды деп білген еді; ол бірден-ақ тирания орнатуға ұмтылған адам ретінде спарталық Эфорлар қолынан қаза тапты. Одан кейін Клеомен патшалық етті; оның бойында өзі тауып алған шығармалардың және Агид туралы естеліктердің ықпалымен дәл сондай ниет қайтадан пайда болды, әлгі шығармалардан ол Агидтің нені көксегенін, қандай ойы болғанын біліп алған еді. Бірақ Клеомен дара басқарушы болып алмай тұрып Отан игілігіне қол жеткізе алмайтынын түсінді. Ол адами баққұмарлық азшылықтың қалауы көпшілікке пайда тигізуге бөгет болады деп санап, барлық Эфорларды, оған
қарсылық көрсете алатын кейбір басқа азаматтарды өлтіруге жарлық берді, содан кейін Ликург заңдарын толығымен қалпына келтірді. Мұндай шешім, егер сол кезде қуатты Македония болмаса, қалған грек мемлекеттері өте әлсіз болмаса Спартаны жаңғырта алатын еді және Клеомонға Ликургтың атақдаңқынан кем соқпайтын абырой әкелетін еді. Өйткені Спартада жаңа тәртіптерді орнатқаннан кейін Клеомон македондықтардың шабуылына ұшырады; олардан әлсіздеу болып шыққан және көмек сұрайтын ешбір мемлекетті таппаған ол жеңілді, ал оның әділетті әрі қалай мақтауға да лайық ойы сол күйінде аяқталмай қалды. Осының бәрін ескере отырып, республиканың негізін қалау үшін жалғыз болу керек деген қорытындыға келдім. Ромул болса Рем мен Тит Тацийді өлтіргені үшін жазғыруға емес, кешірілуге лайық.
X тарау
Республиканың немесе патшалықтың негізін қалаушылар барынша
мадаққа қаншалық лайық болса, тиранияны орнатушылар соншалық
пасық әрі жексұрын
Барлық мадақталатын адамдардың ішінде бәрінен көп мадақталатындар – дінбасылар мен олардың негізін қалаушылар. Оларға іле-шала республикалар мен патшалықтардың негізін қалаушылар аталады. Даңқ сатысында сәл төменірек әскер бастап, өз патшалығының немесе өз отанының аумағын кеңейткендер тұрады. Одан кейін жазушылар келеді. Олар әртүрлі нәрселер туралы жазатындықтан, жазушылардың әрқайсысы өз тақырыбының маңыздылығына сәйкес атақты болады. Сан жетпейтін басқа адамдарға олардың өнері мен ептілігі әкелетін мадақ үлесі тиеді. Керісінше, діндерді түптамырымен құртушылар, республикалар мен патшалықтарды қиратушылар, адамзат баласына пайда беретін, ар-намысын асқақтататын ерліктің, әдебиеттің және барлық басқа өнердің жаулары, басқаша айтқанда – ар-ұятсыз адамдар,
зорлықшылар, топастар, ақымақтар, жалқаулар мен қорқақтар – пасық та сұмпайы. Қаншама ақымақ немесе қаншама кемеңгер болса да, қаншама опасыз немесе қаншама ізгі жанды болса да, таңдау өзіне тигенде мадаққа лайық адамдарды мақтамайтын, жазғыруға лайық адамдарды жазғырмайтын ешкім жоқ. Дегенмен, жалған игілік пен жалған атаққа алданғандардың барлығы дерлік ерікті не еріксіз түрде мақтаудан гөрі, жазғыруға лайық адамдар санатына құлдырайды. Республиканы немесе патшалықты құру арқылы орасан зор құрметке бөлену мүмкіндігі бар бола тұрып, олар тиранияға жүгінеді де, қандай ізгі абыройдан, қандай даңқтан, қандай ар-намыстан, қандай қауіпсіздіктен және ішкі қанағатпен бірге қандай жан тыныштығынан айырылатынын, өздерін қандай абыройсыздықа, масқараға, қауіпке, алаңдауға душар еткенін аңғармайды. Қандай да бір республикада жеке тіршілікпен күн көретін адамдар да, тағдыр мен өзінің ерлігінің арқасында онда тақсыр болып алғандар да, егер олар тек тарихшылардың шығармаларын оқып, ертедегі дүние оқиғалары туралы етеліктерден аса құнды сабақтар ала білсе, – өзінің отанында жеке тіршілікпен күн көретіндер Цезарьлардан гөрі Сципиондар болғысы, онда тақсыр болып алғандар Набидтер, Фаларистер, Дионисийлер болғаннан гөрі Агесилайлар, Тимолеонттар, Диондар болғысы келмеуі мүмкін емес, өйткені олар әлгілердің біреулері сұмдық жамандалатынын, ал екінші біреулері аяғы жерге тигізілмей мадақталатынын көрер еді. Мұның үстіне, , олар Тимолеонт және басқалары өз отандарында Дионисий мен Фаларистен титтей де кем емес беделге ие болғанын, бірақ әлдеқайда мол қауіпсіздікте өмір сүргенін білер еді. Және Цезарьдың даңқы, жазушылар оны қаншама көкке көтерсе де, ешкімді алдамасын, өйткені Цезарьді мадақтаушыларды не оның бақытты тағдыры еліктіреді, не оның атын сақтап, ол туралы жазушылардың еркін айтуына жол бермеген императорлық биліктің ұзақтығы үрейлендірді. Алайда, егер кімде-кім Цезарь туралы қыспаққа түспеген жазушылар не айтатынын білгісі келсе, Катилин туралы олардың не жазатынын оқысын. Цезарь тіпті
көбірек жазғыруға лайық; өйткені жамандық жасағысы келгенді емес, жамандық жасағанды көбірек жазғыру керек. Сондай-ақ ол тарихшылардың Брутқа қандай мадақ айтатынын оқысын; Цезарьдің құдіреті оларға оны ашық жамандауға рұқсат бермегендіктен, олар оның жауын мадақтады. Республикада тақсыр болып алғандар Рим Империяға айналғаннан кейін заңдарға сай және мейірімді патшалар ретінде өмір сүрген императорлар, олардың ішінде тура қарама-қарсы өмір салтын ұстанғандарға қарағанда, Римде әлдеқайда көп мадаққа ие болғанын қарап көрсін. Ол Тит, Нерва, Траян, Антонин мен Марк өзін қорғау үшін преториандық гвардияға да, көптеген легиондарға да мұқтаж болмағанын көреді, өйткені олардың қорғанышы өздерінің мінез-құлқы, халықтың бүйрек бұруы және Сенаттың махаббаты еді. Сондай-ақ ол барлық батыс және шығыс армияларының Калигуланы, Неронды, Вителлияны және көптеген басқа қылмыскер императорларды олардың сорақы қылықтары мен жауыздық тіршіліктері балалатқан жауларынан сақтап қалуға жетпегенін көреді. Егер Рим императорларының тарихы жақсылап қарастырылса, ол қандай да бір тақсырға жақсы басшылық қызметін атқарар еді және даңқ пен масқара жолын, қауіпсіздік пен өз өмірі үшін мәңгілік қауіптену жолын көрсетер еді. Цезарьдан бастап Максимилианға дейінгі жиырма алты императордың он алтысы өлтірілді де, тек оны ғана өз ажалынан өлді ғой. Егер өлтірілгендер арасында Гальба мен Пертинакс секілді бірнеше жақсы императорлар болса, онда оның себебі олардың алдындағылар солдаттарды соған дейін жеткізген іріп-шіру еді. Ал егер өз ажалынан өлген императорлар арасында Север сияқты жауыз табыла қалса, онда ол ілуде біреудің ғұмырына серік болатын екі жағдаймен – тек оның зор бақытымен және ерлігімен түсіндіріледі. Мұның үстіне, Рим императорларының тарихын оқып, тақсыр жақсы монархияны қалай құруға болатынын көре алады, өйткені Титтен басқа мұрагерлік бойынша билікке ие болған барлық императорлар, жаман болды; олардың ішінде асырап алынып, соның арқасында билікке ие болғандар жақсы болып шықты; оған мысал – Нервадан Маркке дейінгі бес император; императорлық билік мұрагерлікпен берілетін болғанда, ол құлдырай бастады.
Міне солай, тақсыр Нервадан Маркке дейінгі уақытқа үңілсін де, оны оларға дейін және олардан кейін болған уақытпен салыстырып көрсін; содан кейін қай кезде туылғысы келетінін және қай уақытты бастап бергісі келетінін таңдасын. Билік басында мейірімді қайраткерлер тұрған уақытта ол ештеңеден қауіптенбейтін азаматтар алқалаған, ештеңеден қорықпайтын таақсырды, тыныштық пен әділет арнаған өмірді көреді; ол барлық өкілеттігі бар Сенатты, барынша даңққа бөленген магистраттарды, өзінің байлығына мәз байларды, барлық жерде құрметтелетін ізгілік пен ерлікті көреді; ол барлық жерде тыныштық пен игілік орныққанын көреді; және сонымен бірге, – барлық жерде реніш, жүгенсіздік, ұятсыздық және мансапқорлық ғайып болғанын; әрбір адамға кез-келген пікірді дәлелдеу, қорғау мүмкіндігі берілген алтын ғасырды көреді. Ақыр соңында, ол бейбітшілік салтанатын көреді: құрметке, марапатқа бөленген тақсырды, махаббат пен адалдықтан айнымайтын халықты көреді. Егер ол содан кейін басқа императорлардың уақытына жақсырақ үңілсе, ол уақыттардың соғыстар салдарынан қорқынышты, сырқаулар салдарынан бүлікшіл, соғыс күндерінде де, бейбітшілік күндерінде де қатал болғандығын көреді; ол семсерден ажал тапқан көптеген тақсырларды, сансыз азаматтық және сыртқы соғыстарды, бұрын-соңды болмаған қайғы-қасірет жайлаған Италияны, тас-алқан етіліп, тоналған қалаларды көреді. Ол отқа оранған Римді, төл азаматтары қиратқан Капитолийді, харамдалған ежелгі храмдарды, мазаққа айналған рәсімдерді, ойнасқорлар қаптаған қалаларды көреді; ол жер аударылғандар құжынаған теңізді, қанға малынған жартастарды көреді. Ол Римде сансыз қаталдықтар қалай істелетінін, ізгілік, байлық, өткенде сіңірілген еңбек, бәрінен бұрын ерлік өліммен жазаланатын ауыр қылмыстарға айналатынын көреді. Ол жалақорлар қалай марапатталатынын, малайлар иелерін жамандау үшін, бас бостандығына ие болғандар қожайындарын ғайбаттау үшін қалай сатып алынатынын және жауы табылмағандарды өздерінің достары қанайтынын көре алады. Міне сонда ол Римнің, Италияның, бүкіл әлемнің Цезарьға қалай қарыздар екенін өте жақсы түсінеді.
Егер тек осы тақсыр адам болып туса, оның жаман уақыттарға еліктеуден ат-тонын ала қашатыны, мейірімді уақыттар үлгісіне құлай берілетініне күман жоқ. Шынында да жалғанның даңқын күйттеген тақсыр бұзылған қалаға бас болуға ұмтылуы керек – Цезарь секілді мүлдем құртып біту үшін емес, Ромул секілді оны толық қайта құру үшін. Анық хақ, көк тәңірі де адамдарға даңқ үшін одан артық мүмкіндік бере алмайды, адамдар да одан артықты қаламайды. Егер қалаға жақсы құрылыс бергісі келген тақсыр жеке биліктен айрылып қалудан қорқып, оны бере алмаса, біршама кешірімге лайық, ал жеке билікті сақтау мүмкіндігі бола тұрып, қаланы қайта құрмаған тақсырға ешқандай кешу жоқ. Жалпы аспан ондай мүмкіндік берген әркім өздерінің алдынан екі жол ашылатынын ұмытпасын: олардың бірі қауіпсіз өмірге жетелейді және өлгеннен кейін даңққа бөлейді, екіншісі – оларды бітпейтін үрейге душар етеді және өлгеннен кейін мәңгілік масқараға ұшыратады.
XІ тарау
Римдіктердің діні туралы
Реті солай, Римнің алғашқы құрушысы Ромул болды да, қала бейне бір соның перзентіндей, өмірді де, тәрбиені де содан алды. Алайда, Ромул орнатқан тәртіп соншалықты ұлы мемлекетке жеткіліксіз деп біліп, көк тәңірі Рим Сенатына Ромулдың мұрагері етіп, Ромул аяқтай алмай кеткен істердің бәрін орын-орнына қою үшін Нума Помпилийді тағайындауға аян берді. Рим халқын шегіне жеткен тағы күйінде қолға алған және оны қоғамдық өмір ережелеріне бейбіт құралдар көмегімен бағыныруды қалаған Нума өркениятты сақтап отыру үшін аса қажетті нәрсе ретінде дінге жүгініп, оны халық арасына сіңіргені соншалық, кейін көптеген ғасырлар бойы сондайлық көп тақуалық байқалған республика болмады; нақ сол Рим Сенатының да, жекелеген ұлы римдіктердің де ойына алған барлық істерін жүзеге асыруына көмектесті. Римнің тұтас алғанда бүкіл халқының, сондай-ақ жекелеген
римдіктердің сансыз әрекеттерін қарастырған әрбір адам рим азаматтарының, адамдар құдіретінен құдайлар құдіретін артық санайтындар сияқты, заңды бұзудан гөрі антты бұзудан әлдеқайда көбірек қорыққанын көреді. Бұл Сципион мен Манлий Торкват мысалынан анық көрінеді. Ганнибал Канн маңында римдіктерді тас-талқан еткеннен кейін, көптеген Рим азаматтары жиналды да, отанын құтқарудан үмітін үзіп, Италияны тастап, Сицилияға кетуді ұйғарды. Мұны естіген Сципион оларды іздеп тауып, семсерін суырып алып, олардан Отанын тастап кетпеуге ант беруге мәжбүр етті. Кейін Торкват атанған Тит Манлийдің әкесі Луций Манлийді бірде плебейлер Трибуны Марк Помпоний айыптады; алайда, соттан бір күн бұрын, Тит Маркке келді де, егер ол әкесіне таққан айыбын алып тастауға ант ішпесе өлтіремін деп қорқытып, оны осыған ант ішуге мәжбүр етті, Марк қорқыныштан ант беріп, кейін таққан айыбынан бас тартты. Міне осылай, отанға деген махаббат та, отандық заңдар да Италияда ұстап тұра алмаған нақ сол азаматтарды зорлықпен берілген ант қия бастырмады. Ал жоғарыда аталған Трибун өзі берген антты бұзбау үшін өшпенділікті де, Луций Манлийдің баласы өзіне көрсеткен азарды да, басының ар-намысын да тәрк етті. Бұл Римде Нума енгізген діннің жемісінен басқа ештеңе де емес-ті. Кімде-кім Рим тарихын жақсылап оқып білсе, әскерді басқаруға, Плебсті жігерлендіруге, қайырлы адамдарды тежеп ұстауға және бұзық адамдарды масқаралауға діннің қаншалықты көмектескенін көреді. Демек, қай тақсырға Рим көбірек қарыздар – Ромулға ма, Нумаға ма деген дау шықса, меніңше, Нумаға артықшылық беру керек болар еді, өйткені дін өмір сүрген жерде әскер құру оңай, ал әскер бар, бірақ дін жоқ жерде оны енгізу айрықша күрделі. Сенаттың негізін қалау, басқа да азаматтық және әскери мекемелерді енгізу үшін Ромулға құдай беделінің керегі болмағаны белгілі. Алайда бұл бедел Нумаға әбден жарады; ол Нимфамен достық орнатқандай және кейін өзі халыққа ұсынған нәрсенің бәріне нақ сол кеңес берді дегендей сыңай танытты.
Мұның себебі – Нума жаңа, бұрын-соңды ешкім көрмеген тәртіптерді енгізгісі келді, бірақ ол үшін өз беделінің жететіндігіне сене қоймады. Шынында да, бірде-бір халықта төтенше заңдарды енгізушінің Құдайға жүгінбегені ешқашан болған емес, өйткені басқаша болса, олардың заңдары қабылданбас еді; өйткені парасатты адам танып-білген, өзінен-өзі соншалық айқын емес, сондықтан бүкіл қалған адамдар олардың қадір-қасиетін салған жерден бағалай бермейтін игіліктер көп. Міне сондықтан, кемеңгерлер, ондай қиындықты еңсеру үшін, құдайларға жүгінеді. Солон нақ солай істеді, Ликургта және Солонда болған мақсаттарды көздеген басқа да көптеген заң шығарушылар солай істеді. Міне солай, Нуманың қайырымдылығы мен даналығына тәнті болған Рим халқы оның барлық шешімдеріне бағынды. Рас, сол кездегі заман әбден діндарлы заман болды, ал ол жөнге салғысы келген адамдар мүлдем қарабайыр еді. Мұның өзі Нуманың ойға алғанын іске асыруын мықтап жеңілдетті, өйткені ол ондай адамдардан қалағанының бәрін жасай алатын еді. Біздің заманда кімде-кім республика құрғысы келсе, бұған неғұрлым лайық материалды ол мәдениеті құлдырап қалған қалаларда тұруға үйренген адамдар арасынан емес, әлі де мәдениет жетпеген таулықтар арасынан табар еді. Мысалы мүсінші үшін тамаша статуяны өнделмеген мрамор бөлшегінен жасау, өзге біреу олпы-солпы өңдеген бөлшектен жасаудан оңайырақ. Сонымен, бүкіл айтылғандарды қарастыра келіп, Нума енгізген дін Рим бақытының ең алғашқы себептерінің бірі болды деген қорытындыға келдім, өйткені бұл дін жақсы тәртіптерге мұрындық болды, жақсы тәртіптер сәттілікті туындатты, ал сәттілік әрбір істің табысты аяқталуына жетеледі. Тәңірге табыну мемлекет ұлылығының себебі болатыны секілді, оған табынуға енжарлық та олардың күйреуінің себебі болады. Өйткені Құдайдан қорықпған жерде патшалық не күйрейді, не патшадан қорқыныш онда діннің жетпеуінің орнын толтырады. Бірақ тақсыр ғұмыры қысқа болатындықтан, ондай патшалық оның патшасының айбыны бар тұста ғана өмір сүреді. Міне сондықтан бір адамның ерлігіне ғана тәуелді патшалықтардың ғұмыры ұзақ
болмайды, өйткені бұл ерлік оның ажалымен бірге жоғалады да, оның мұрагерлеріне өте сирек бұйырады... Сондықтан республиканың немесе патшалықтың игілігі бүкіл ғұмыр бойы оларды кемеңгерлікпен басқара алатын патшаға ие болуда емес, аталған игілік оның ажалымен бірге ғайып болмайтын тәртіп орната алатын патшаға ие болуда. Қарапайым, адамдарды қандай да бір жаңа тәртіпті қабылдауға немесе қандай да бір жаңа пікірмен келісуге иландыру жеңілірек болғанымен, бұдан өркениятты, өздерін тіпті де қарабайыр санамайтын азаматтарды дәл соған иландыру мүлдем мүмкін емес деген қорытынды шықпайды. Флоренция халқы надан да, қарабайыр да секілді көрінбейді; сөйте тұра Джираламо Саванарола оны Құдаймен әңгімелескеніне сендіре алды. Мен бұл шындық па, әлде жоқ па, оны айырып жатпаймын, өйткені ондай адамдар туралы құрметпен айтылуға тиіс. Мен тек қандай да бір ерекше ғажайыпсыз-ақ оған толып жатқан адамдар сенгендігін айтамын; оның сөзіне сену үшін оның өмір салты, оның ілімі, ол пікірін білдірген тақырып жеткілікті болды. Сондықтан ешкім де өзінен бұрынғы басқалар жеткен мақсатқа менің жетуім мүмкін емес деп қауіптенбесін; өйткені адамдар, алғысөзімізде айтылғандай, әрқашан бір ғана өмір ағымымен туады, тіршілік етеді және өледі.
ХІІ тарау
Дінмен есептесу қаншалықты маңызды және оны елемей, Рим
шіркеуінің кінәсінен Италияның мүлдем құлдырауы туралы
Азғындауды қалайтын тақсырлар немесе республикалар ең алдымен өз дінінің ғұрыптарын бұзылудан сақтауға және оған құрметті ұдайы қолдап отыруға тиіс, өйткені елдің күйреуінің тәңірінің құдіретіне мойынсұнбаудан өзге неғұрлым анық белгісі болуы мүмкін емес. Адамдармен бірге туатын діннің неге негізделетінін білгенде мұны түсіну оңай; кез-келген діннің ғұмыры оның қандай да бір басты принципіне сүйенеді. Пұтқа табыну дінінің өмірі
оракулдар жауаптарына және көріпкелдер мен гаруспиктер сектасына сүйенді; пұтқа табынушылардың бүкіл басқа рәсімдері, олардың құрбандықтары мен ғұрыптары содан бастау алады. Сенің алда көретін жақсылығыңды немесе сенің алда көретін жамандығыңды болжап айта алатын құдай, оларды саған сыйлай да алатындығына сену қиын емес қой. Осыдан – храмдар дүниеге келді, осыдан – құрбандық шалу, осыдан – намаз және жалбарынудың бүкіл басқа жоралары туындады. Міне сондықтан Делос оракулы, Юпитер Амон храмы және басқа да даңқты оракулдар әлемді тәнті етіп, қадыр тұтылды. Кейінірек олар билік иелеріне жағатын нәрселерді хабарлай бастап, бүкіл осы алдау халыққа әшкере болған соң, адамдар дінге сенбейтін, кез-келген ізгі тәртіпті бұзуға даяр болды. Сондықтан республика немесе патшалық басшылары өздерін қолдайтын діннің негізін сақтап қалуға тиіс. Солай еткенде олардың өз мемлекетін діндар, демек, қайырымды да тұтас етіп сақтауы оңай. Олар діннің игілігіне пайда болатынның бәрін, тіпті өздері де бұл құбылыстарды алдау, өтірік деп санаса да, ынталандырып, көбейтіп отыруға тиіс. Және олар неғұрлым парасатты, табиғатты танып-білуде неғұрлым мықты адамдар болса, соғұрлым бекем ынтамен солай етуге тиіс. Нақ сондықтан, осындай қарекет салтын даналар ұстанғандықтан, барлық діндер, тіпті жалған діндер де құрметтейтін ғажайыптарға сенім пайда болды. Өйткені білетін адамдар, сол кереметтер қандай себептерден туындамасын, оларды дабырайтып жібереді. Ежелгі Римде ондай ғажайыптар жетіп-артылатын. Олардың біреуі мынадай. Рим солдаттары вейенттер қаласын тонап жатқан кезде, олардың кейбіреулері Юнана храмына кіріп, әйел құдайдың мүсініне жақындап, одан сұраған: “Vіs venіre Romam?”. Одан соң солдаттардың біреуіне мүсін бас изегендей, басқа біреуіне “Иә” деп жауап қатқан сияқты болып көрінген. Дінге құлай сенетін адамдар болғандықтан (Тит Ливийдің айтуынша, олар храмға құрметпен, ізгі ниетпен, тәртіп сақтай кірген), солдаттарға өздерінің сұрағына дөп келетін жауапты естіген тәрізді көрінген. Солдаттардың бұл пікірі мен соқыр сенімін Камилл мен қаланың басқа басшылары толық мақұлдап, қолдады.
Егер христиан республикасының кінәздері дінді оның негізін қалаушы сіңірген ережелерге сай сақтаған болса, онда христиан мемлекеттері мен республикалары біздің уақытымыздағыдан анағұрлым тұтасырақ, әлдеқайда бақыттырақ болар еді. Діннің құлдырауына біздің діннің басшысы болып табылатын Рим Шіркеуіне барлығынан жақынырақ тұрған халық бәрінен кем діндар екендігінен өзге көбірек айғақ табу мүмкін емес. Біздің діннің негізін қарастырып, оның қазіргі ғұрыптары көне замандық, бастапқы ғұрыптардан қаншалықты өзгешеленетіндігін көрген адам бұл дін не өзінің күйреуіне, не азапты сынақтарға жақын деген қорытындыға сөзсіз келеді. Италия қалаларының игілігі Рим Шіркеуінен өрбиді деген пікірді көптеген адамдар жақтайтындықтан, бұл пікірге қарсы мен үшін қажетті біраз дәлелдерді ұсынғым келеді. Олардың ішінен төтенше күшті, және менің ойымша, тойтарылмайтынын екі дәлелді келтірейін. Біріншісі: Папа куриясының жаман үлгілері елімізді тақуалық атаулыдан, дін атаулыдан бездірді, ал мұның өзі сансыз қолайсыздықтар мен шексіз тәртіпсіздіктерді балалатты, өйткені дін бар жерде әртүрлі игіліктер де болады дейміз, ал ол жоқ жерде керісінше болып шығады. Міне сондықтан біз, итальяндықтар ең алдымен дінсіз қалғанымыз және жамандыққа белшеден батқанымыз үшін Шіркеу мен священниктерге қарыздармыз. Бірақ біз оларға одан да сорақысы үшін қарыздармыз және ол біздің опат болатынымыздың екінші бір себебі. Шіркеу біздің елімізді бытыраңқы етіп ұстады, әлі де ұстап отыр. Іс жүзінде бірде-бір ел, егер ол әйтеуір бір республикаға немесе Франция мен Испанияда болғанындай, әйтеуір бір тақсырға бағынбаса, тұтас және бақытты болған емес. Неліктен Италия нақ соған жете алмады, неліктен онда оны басқара алатын республика да, патша да жоқ, оның себебі тек қана Шіркеу. Италияда орнығып, дүниауи билікті де уысына түсірген Рим Шіркеуі бүкіл Италияға өзінің тираниясын орнатып, оның тақсыры боларлықтай соншалық күшті, соншалық қажырлы болмай шықты; екінші жағынан, ол өзінің иеліктеріне дүниауи биліктен айрылып қалудан қорқып, өзін Италияда тым бел алып кететін әйтеуір бір халық пен күшті болып
бара жатқан мемлекеттен қорғай алатын құдіретті одақтастарды көмекке шақыруда соншалық әлсіз де болған емес. Ерте замандарда мұның талай мысалдары болды. Мәселен, Ұлы Карлдың көмегімен Шіркеу бүкіл Италияның корольдері секілді болған лангобардтарды қуып жіберді. Біздің заманда ол француздардың көмегімен венециялықтардың күш-қуатын әлсіретті, содан кейін швейцарлықтардың көмегімен француздарды қуды. Сөйтіп, бүкіл Италияны иеленуге қауқары жетпеген, басқа біреудің оны иеленуіне жол бермеген Шіркеу, Италияның бір тақсырдың билігіне өе алмауына, бірақ көптеген қожайындар мен тақсырлардың езгісіне ұшырауына жазықты. Мұның өзі Италияның соншалық зор бытыраңқылығын және оның тек құдіретті варварлардың ғана емес, оған шабуыл жасағысы келген әркімнің оңай олжасына айналатындай дәрменсіздігін туындатты. Осының бәрі үшін біз, итальяндықтар Шіркеуге, тек соған қарыздармыз. Ал егер кімде-кім жоғарыда айтылғанның шындыған тәжірибеде тексергісі келсе, ол папа куриясын, Италияда оның қолында бар бүкіл билігімен қоса қазір діні немесе әскеріндегі тәртіптер бойынша ежелгілер мәнерімен тұрып жатқан бірден-бір халық швейцариялықтардың жеріне көшіре алатындай қауқарға ие болуы керек; аталған курияның сырқау әдет-ғұрпы күндердің күнінде осы ел тап болуы мүмкін кез-келген басқа бақытсыздықтан сорақы алауыздықты қысқа уақытта енгізгенін көре алар еді. [...]
XVІ тарау
Тақсырдың қол астында өмір сүріп үйренген, еркіндікті кездейсоқ
алған халық бостандықты қиындықпен сақтайды
Тақсырдың қол астында тіршілік етуге үйренген халық, еркіндікке Римнің Тарквинийлерді қуғаннан кейін ие болғанындай жағдай арқасында ие болса, содан кейін оның бостандықты сақтауы қаншалықты қиын екенін ежелгі тарихшылардың шығармаларындағы сан алуан мысалдар көрсетеді. Осынау
қиындықтар әбден түсінікті, өйткені ондай халық өзінің табиғаты жағынан мейірімсіз де тағы екендігі аздай, оған қосымша әрқашан шарбақ ішінде, кіріптарлықта асыралған жабайы хайуаннан өзге ештеңе де емес; еркін шалғынға кездейсоқ босатылған, әлі өздігінен қорек табуға да, бой тасалауға да үйренбеген, ол тағы да қамыт кигізгісі келетін бірінші кездескен адамның олжасына айналады. Басқалардың қол астында тіршілік етуге дағдыланып, қоғамға ненің пайдалы екенін де, оған ненің зиянды екендігіні де салмақтай алмайтын, тақсырларын түсінбейтін, тақсыр да оларды түсінбейтін халықпен де солай болып, көп ұзамай ол жаңа ғана арылған езгісінен әлдеқайда ауыр езгіге тағы да мойын ұсынады. Мұндай қиыншылыққа адамгершілігін азғындатпаған халық ұшырайды, өйткені әбден бұзылған халық тек аз уақыт қана емес, жалпы бір минут та еркін тіршілік ете алмайды, бұл туралы біршама кейін айтамыз. Ал қазір біз азғындық әлі тереңдеп ене қоймаған, бұзылудан гөрі неғұрлым қайырымды халық туралы толғаймыз. Жоғарыда аталған қиындықтарға тағы біреуін қосу керек. Ол мынада: еркіндік алған мемлекет өзінің достарының партиясын емес, жауларының партиясын құрады. Оның жауларының партиясын тирандық құрылыстан пайда тауып, тақсырдың садақасымен күн көргендердің барлығы құрайды. Қулықсұмдық мүмкіндігінен айрылған бойда олардың мазасы қашып, билік пен ықпалды қайтарып алу үшін тиранияны қалпына келтіруге тырысып бағуға мәжбүр болады. Азаттық алған мемлекет, әлгінде айтқанымдай, достар партиясына ие бола алмайды, өйткені еркін өмір құрмет пен сый-сияпаттың белгілі бір және таза істер үшін көрсетілуін көздейді, ал әншейін ешкім құрмет те, сыйлық та алмайды; кімде-кім өз еңбегіме лайық деп түсінетін құрмет пен артықшылықтар алса, ол бұл үшін ешқашан өзін марапаттаған адамдарға бірдеңе қарыздармын деп санамайды. Мұның үстіне, еркін өмірден бастау алатын ортақ пайданың бағасын олар тартып алынғанша, ешкім біле бермейді; ол пайда – өз мүлкін еркін пайдалану, әйелі мен балаларының ар-намысы үшін қауіптенбеу, өз тағдыры үшін
қорықпау; бірақ ешкім өзін ренжітпеген адамға қарыздармын деп ешқашан санамайды ғой. Сонымен, жоғарыда айтылғандай, еркін, жаңадан құрылған мемлекет дұшпандар партиясына ие болады да және достар партиясына ие бола алмайды. Және егер кімде-кім сондай қолайсыздықтардан құтылғысы және жоғарыда аталған қиыншылықтарға ілесе жүретін былықтарды құртқысы келсе, ол үшін Бруттың балаларын өлтіруден басқа ең пәрменді, ең сенімді, ең дұрыс, ең қажетті құрал жоқ. Олар, тарих куәгерлік еткеніндей, басқа Рим жастарымен бірге отанына қарсы қаскүнемдікті әзірлеуге консулдық билік кезінде патшалар билігі кезінде оларға рұхсат етілген ерекше артықшылықтарды пайдалана алмағандықтан бой ұрады. Сөйтіп, бүкіл Рим халқының еркіндігі оларға өздері үшін құлшылық секілді көрінеді. Кімде-кім халық бұқарасын бостандық жолына бағыттағысы келсе, бірақ жаңа құрылыстың жауларынан өзін қауіпсіз ету үшін барлық қажет нәрсені істемесе ғұмыры қысқа мемлекет құрады. Міне сондықтан мен өзінің құрылысын қауіпсіздендіру үшін халық бұқарасын өзіне жау етіп, ең шетін шаралар қолданатын тақсырларды сорлы деп білемін; өйткені жаулары аз адам өзін оңай, үлкен жанжалсыз-ақ қауіпсіз ете алады, ал бүкіл халықты өзіне жау еткен адам өзін ешқашан қауіптен арылта алмайды; ол ешбір аяусыздықты қаншалық көп жасаса, оның самодержавиелік құрылысы соншалық әлсіз бола түседі. Демек, ол үшін ең жақсы құрал – халықты өзінің досы етуге талпыну. Бұл толғам біздің негізгі тақырыбымыздан қиыстау болса да (өйткені мен онда республика туралы айтқанмын, енді келіп тақсыр туралы айтып кеттім), соған қарамастан, бұл мәселеге қайтып оралмас үшін, мен ол туралы бірнеше сөз айтқым келеді. Мәселен былай, халықтың ықыласын өзіне аударғысы келген тақсыр мен өз отанының тиранына айналған тақсыр туралы айтып отырмын, – ең алдымен халық бәрінен көбірек неге ұмтылғандығын анықтауы қажет. Ол халық әрқашан екі нәрсеге ұмтылатынын байқайды: біріншіден, оның құлдығының себебі болған адамнан кек алу, екіншіден, айрылған
бостандыққа қайтадан ие болу. Осынау екі ұмтылыстың біріншісін тақсыр толық қанағаттандыра алады, екіншісін – ішінара ғана. Бірінші ұмтылыс хақында жақсы мысал бар. Гераклея тираны Клеарх қуып жіберілген болатын. Халық пен Гераклея Оптиматтарының арасында туған алауыздықтар барысында өздерін әлсіздеу сезінген Оптиматтар Клеарх жағына иілді де, астыртын әрекет ұйымдастырып Гераклея халқының еркіне кереғар оны әкелуге кісілер аттандырды, артынша халықтан бостандықты тартып алды. Оптиматтар арсыздығы (Клеарх оларды қалай етсе де қанағаттандыра да, ауыздықтай да алмады) мен және еркіндіктен айрылып қалғанына төзбеген Пополандардың ашу-ызасының қыспағында қалған Клеарх, шешуші бір қадаммен әрі грандтар ауыртпалығынан құтылуды, әрі халықты өзіне қаратып алуды ұйғарды. Сәті түсе қалған жағдайды пайдаланып, Клеарх Пополандардың зор ризашылығына барлық Оптиматтарды түгел қырып салды. Осы амалмен ол халықтың арман-тілектерінің бірін – кек алу ниетін қанағаттандырды. Халықтың екінші ұмтылысына – айрылған бостандыққа қайта ие болу ниетіне келсек, оны қанағаттандыру мүмкіндігі болмаған жағдайда тақсыр, халықты еркіндікке ұмтылуға қандай себептер итермелейтінін анықтап алуға тиіс. Ол халықтың аз ғана бөлігі билік жүргізу үшін еркін болғысы келетінін; ал олардың орасан басым көпшілігі еркіндікке өзінің қауіпсіздігі үшін ұмтылатынын аңғарады. Барлық республикаларда, олар қалай ұйымдастырылса да, әмір жүргізетін мансаптар қырық-елу азаматтан артыққа жетпейді, бұл сан соншалықты көп болмағандықтан, не оларды құртып жіберіп, не, олардың алатын орнына сай, оларды айтарлықтай қанағаттандыра алатын дәрежеде құрмет көрсетіп өзін сол адамдардан қауіпсіз ету оншалық қиын іс емес. Ал қауіпсіздікте өмір сүру жеткілікті басқа қалғандарына келсек, онда тақсыр өкіметі қоғамдық қауіпсіздікті көздейтін тәртіптер мен заңдарды жасап, оларды қанағаттандыру оңай. Тақсыр мұны істеген кезде және халық өзіне берілген заңдарды ешкім де ешбір жағдайда бұзбайтынын көрген кезде ол көп ұзамай, тыныш та риза өмір сүре бастайды. Оған мысал – Франция корольдігі. Оның
мамыражай өмір сүретіндігі ең әуелі мынадан: оның корольдері бүкіл халық тыныштығы мен қауіпсіздігі көрсетілген толып жатқан заңдармен маталған. Оның құрылтайшысы мынаны қалапты: француз корольдері әскерді және қазынаны өз қалауынша жұмсасын, ал барлық басқа істермен заңдар қаншалық рұқсат ететін дәрежеде ғана айналыссын. Сонымен, өзінің құрылысы дүниеге келген кезде өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген тақсыр немесе республика алғашқы қолайлы сәт туған бойда, ежелгі римдіктер секілді өзін қауіпсіздендіруі тиіс. Ондай сәтті ысынан шығарып алған ол дер сәтінде соны істемегеніне кейін өкінеді. Рим халқы бостандыққа ие болған кезде әлі де тазалығынан айрылмағандықтан, ол Брут балалары өлтірілгеннен және Тарквинийлердің ажалынан кейін де, біз бұрын әңгіме еткен қарекеттер мен тәртіптердің көмегімен, сол бостандықты сақтай алды. Алайда, егер осы халық азғындап бітсе, онда Римде де, ешқандай басқа бір елде де бостандықты сақтау үшін сенімді құралдар табылмас еді. Біз мұны келесі тарауда көрсетеміз.
XVІІ тарау
Азғындап бітіп еркіндікке қолы жеткен халыққа еркін болып қалу өте қиын
Мен Римде патшалар билігінің күні бітуінің қажет нәрсе болғандығын көріп отырмын: керісінше болса, Рим көп ұзамай дәрменсіз, бейшара халге душар болар еді. Өйткені Рим патшаларының азғындап біткені соншалық, егер осынау патшаларға солар секілді екі-үш мұрагерлер билеп, олардың бойына сіңген азғындық барлық мүшелерге тарала бастаса, сол себепті бұл мүшелер іріп-шіріп, Римді қалпына келтіру мүлдем мүмкін болмас еді. Бірақ дене әлі сау кезінде бастарын жоғалтқан римдіктер еркін де реттелген өмірге оңай бет бұра алды. Мына бір нәрсені даусыз ақиқат деп қабылдау керек: тақсыр билігі астында тіршілік етіп жатқан азғындаған қала, тіпті оның тақсыры өзінің
барлық өрен-жаранымен опат болса да, ешқашан бостандыққа жете алмас еді. Керісінше, ондағы бір тақсырды басқа бір тақсыр құртуы ("ханның басын хан алар" деген қазақ мәтеліндегідей – Ред.) қажет. Қандай да бір жаңа билеуші пайда болмай бұл қала, егер тек аталған билеушінің қайырымдылығы мен ерлігі ондағы еркіндікті қолдап отырмаса, ешқашан төтеп бере алмайды. Алайда, қала еркіндігі жаңа патшаның өмірі қаншалық ұзаққа созылса, соншалық қана өмір сүреді. Дион мен Тимолеонт кезеңінде Сиракузада солай болды: олардың ерлігі бұл қаланы олар тірі кезде ғана еркін етіп сақтай алды, олар өлгеннен кейін қала бәз-баяғы тиранияға қайтып оралды. Алайда, бұған Рим бергеннен артық көз жеткізер мысал жоқ: Тарквинийлер қуып жіберілгеннен кейін ол салғаннан бостандық алып, оны сақтай алды, бірақ Цезарь ажалынан кейін, Гай Калигула ажалынан кейін, Нерон ажалынан кейін және бүкіл Цезарь тұқымының өлімінен кейін Рим ешқашан еркіндікті сақтап қала алмағанын былай қойғанда, тіпті оған ұмтылып та көрген жоқ. Бір ғана қалада орын алған оқиғалар барысындағы мұндай айырмашылық Тарквинийлер заманында Рим халқының әлі де бұзылмағандығынан, ал кейінірек кезеңдерде оның әбден азғындағанынан басқа ештеңеден туындамаған. Өйткені ол кезде халық бойында патшаларды қуып жіберу ниетінің бекемдігі мен бұлжымайтындығын қолдап отыру үшін оны Римде ешкімнің де патшалық етуіне ешқашан жол бермейміз деп ант етуге мәжбүр ету жеткілікті болатын; ал кейінірек Бруттың беделі де, қаһары да оның бүкіл шығыстық легиондарымен қоса, Рим халқын, ол, Брут бірінші секілді қайтарып берген сол бостандықты сақтауға ояту үшін жеткіліксіз болып шықты. Бұл халыққа марийшылдар партиясы енгізген азғындық салдарынан болды. Оның басшысына айналған, Цезарьдың халық бұқарасының басын шыр айналдырғаны соншалық, олар өз мойындарына өздері киген қамытты да мойындамады. Рим тарихынан келтірілген осы мысалды барлық басқа мысалдардан артық қоюға болса да, мен, дегенмен, бұл орайда бізге замандас халықтардың тәжрибесіне де сілтеме жасағым келеді. Қаншама үзілді-кесілді және зорлықты
болса да ешқандай оқиғалар Милан немесе Неапольды, олардың барлық мүшелері шіріп біткендіктен еркін ете алмас еді дей аламын. Бұл Филиппо Висконтидің өлімінен кейін аңғарылды: сол кезде Миланға еркіндікті қайтарып беруді қалағандар оны істей де алмады, сақтай да алмады. Сондықтан Рим үшін оның патшаларының жылдам азғындауы зор бақыт болды; соның салдарынан олардың іріп-шіруі қаланың асқазанына жетіп үлгермей жатып, олар қуып жіберілді. Римнің бұзылмағандығы себепті сансыз бұлғақтар оған зиян тигізген жоқ, қайта Республиканың пайдасына шықты, өйткені оның азаматтары игі мақсаттарды көздеді. Сонымен, мынадай қорытынды жасауға болады: материал бұзылмаған жерде, бұлғақтар мен басқа кикілжіңдер ешқандай зиян тигізбейді, ол бұзылған жерде, жақсы реттелген заңдар да көмектесе алмайды, тек оларды ересен қайратпен соларды сақтауға мәжбүр ететін адам берген болса, сондықтан бұзылған материал қайтадан жақсы болып шығатын болса ғана көмектеседі. Алайда, бір кезде бұл болды ма, әрі оның болуы жалпы алғанда мүмкін бе, мен оны білмеймін. Өйткені, жоғарыда мен айта кеткенімдей материалдың бұзылғандығынан құлдырап кеткен қала, бір кезде қайта көтерілсе де, ол халық бойында жақсы тәртіптерді қолдап отыратын бүкіл қоғам ерлігінің арқасында емес, тек сол уақытта өмір сүрген бір адамның ерлігі арқасында ғана болады. Сол адам қаза тапқан бойда іле-шала қала таз кепешін қайта киеді. Эпаминондтың ерлігінің арқасында, әзірге ол тірі тұрғанда, республика пошымын сақтай алған және империяны билеген Фивада солай болды; әйтсе де ол қалай өлді, Фива өзінің бұрынғы келеңсіздіктеріне қайта оралды. Бұған себеп мынадай: ұзақ уақыт бойы жаман құрылған күйінде қалған қаланы жақсы құруға уақыты жеткілікті болатындай ұзақ ғұмырлы адам өмірде бола бермейді, және егер төтенше ұзақ ғұмырлы билеуші немесе оның айбынды мұрагерлерінің екі ұрпағы қаланы еркін өмірге дайындамаса, онда жоғарыда айтылғандай, егер оны зор қауіптер мен көл-көсір төгілген қан жаңғыруға мәжбүр етпесе, ол сөзсіз құриды. Өйткені, көрсетілген азғындық пен еркін өмірге болмашы машық сол қалада үстемдік еткен теңсіздіктен балалайды,
және онда теңдік орнатуды қалайтын адам ең шетін, төтенше шараларды қолдануға сөзсіз тиісті болар еді, ал оларды аз ғана адам пайдалана алады немесе пайдаланғысы келеді. Бұл туралы басқа жерде егжей-тегжейлі айтамыз.
XVІІІ тарау
Азғындаған қалаларда, егер оларда бұрыннан болса, еркін құрылысты қалайша сақтауға немесе, егер болмаса, оны қалайша құруға болады
Азғындаған қалада еркін құрылысты, егер онда бұрыннан болса, сақтап қалу, немесе, егер болмаса, оны құру мүмкін бе деген мәселені қарастыру орынсыз да, жоғарыдағы толғамдарға қайшы да болмас деп ойлаймын. Мен оның екеуін де істеу тым қиын деймін. Және бұл жерде ереже беру – тіпті де ми жетпес дерлік, өйткені азғындықтың барлық баспалдақтарынан өтуге тура келетін іс болса да, дегенмен мен мұның бәрін талқылау керектігінен, бұл мәселеден айналып өткім келмейді. Қарастырылатын қиындықтардың қат-қабат үйіндісін көру үшін мүлдем азғындаған қаланы алайық: онда жаппай бұзылғандықты ауыздықтай алатын заңдар да, тәртіптер де жоқ. Өйткені, жақсы құлық сақталып қалу үшін заңдарға мұқтаж болатыны сияқты, заңдар да бұлжымай сақталу үшін жақсы құлыққа мұқтаж болады. Мұның үстіне, республиканың орнауы кезінде, адамдар әлі де инабатты кезде орнатылған тәртіптер мен заңдар кейінірек адамдар бүлінген тұста орынсыз болып шығады. Бірақ, егер қаладағы заңдар жағдайға қарай өзгертіліп отырса, оның тәртіптері ешқашан өзгертілмейді немесе тым сирек өзгертіледі. Соның салдарынан бір ғана жаңа заңдар әлі жеткіліксіз болып шығады, өйткені оларды бұлжымайтын тәртіптер әлсіретеді. Осының бәрі түсініктірек болу үшін айтарым, Римде басқару тәртібі, немесе, дұрысы, мемлекеттік құрылыс орын алды, ал одан басқа – магистраттар жәрдемімен азаматтарды ауыздықтайтын заңдар болды. Мемлекеттік құрылыс
ретін мыналар құрады: Халықтың, Сенаттың, Трибундардың, Консулдардың билігі, магистраттарды ұсыну және сайлау тәсілдері, заңдарды қабылдау пошымдары. Бұл реттер сыртқы жағдайларға байланысты ілуде бір өзгертілді немесе тіпті өзгертілмеді. Азаматтарды ауыздықтаушы заңдар – ойнасқорлық туралы заң, сән-салтанатқа қарсы заң, жемқорлыққа қарсы заң және көптеген басқалары өзгертілді; олар бірте-бірте азаматтардың азғындауы меңдеуіне қарай туындап отырды. Алайда, қоғамдық азғындау жағдайында мейірімді болудан қалған мемлекеттік құрылыс тәртіптері бұлжымас күйінде қала бергендіктен заңдарды ғана өзгерту адамдарды мейірімді күйінде сақтау үшін жеткіліксіз болып шықты. Бұл өзгерістер, егер жаңа заңдарды енгізумен бірге тәртіптер де өзгертілсе, жақсы қызмет еткен болар еді. Аталған тәртіптердің азғындаған қалаларда мейірімді болуан қала бастады деген байламның әділеттілігі саяси өмірдің екі басты көрінісі магистраттарды сайлау және заңдарды қабылдау мысалында айқын болады. Рим халқы консулдықты және басқа да маңызды мемлекеттік мансаптарды тек соған ұмтылған адамдарға ғана беретін. Ондай тәртіп басында жақсы болды, себебі ол мансаптарға өздерін лайықтымыз деп санайтын азаматтар ғана ұмтылатын: ол уақытта ондай мансап беруден бас тарту масқара деп саналды; сондықтан мемлекеттік мансапқа лайықты деп саналу үшін әрбір адам өзін жақсы ұстауға тырысты. Кейінірек, бұзылған қалада, бұл әдет-ғұрып төтенше зиянды болды, өйткені онда магистратураны ең қайырымды адамдар емес, ең құдіреттілер алмақшы болды; күш бұйырмаған азаматтар, тіпті ержүрек болғанымен, мансапты талап етуге қорқыныштан қалыс қалды. Осынау жамандық біртіндеп, қашанда жамандық жайлайтындай, біртіндеп орнықты. Африка мен Азияны бас идіріп, бүкіл Грекияны дерлік бағындырған римдіктер өз бостандығы қамтамасыз етілді деп санап, қауіптенуге болатын жауларымыз бар деп те ойламады. Халықтың өз еркіндігінің қамтамасыз етілгеніне осынау сенімділігі, сондай-ақ сыртқы жаулардың әлсіздігі, Рим халқы консулдықты бергенде, енді ерлікке емес, жылпостыққа көңіл қойды да, бұл мансапқа жауларын жақсырақ жеңе білетіндерді емес, кім отандастарының
көңілін жақсырақ таба білсе, соларды сайлайтын болды. Сонан кейін Рим халқы неғұрлым жылпостардан ең құдіретті адамдарға дейін төмендеп, оларды консулдар ете бастады. Сөйтіп, мемлекеттік құрылыс тәртіптерінің бірінің кемшілігінен қайырымды азаматтар мемлекеттік мансаптардан толық алысталған болып шықты. Бір кездері, Трибун, жалпы әрбір азамат Халыққа заң ұсына алатын-ды; осы заңды жақтап немесе оған қарсы кез-келген азамат, ұсынылған заң бойынша белгілі бір шешім қабылданғанға дейін өз пікірін білдіре алатын-ды. Және ондай тәртіп адамдар мейірімнен айрылғанға дейін жақсы тәртіп болды; өйткені қоғамдық игілікті күйттейтін әрбір адамның өзінің ұсыныстарын талқыға салуға мүмкіндігі болуы әрқашан жақсы; және әркімнің олар туралы өзінің пікірін айта алатыны, олардың барлығын тыңдаған халықтың жақсысына тоқтала алатыны жақсы нәрсе еді. Алайда, адамдар жаманға айналғанда, ондай тәртіп төтенше жаман болып шықты, өйткені заңдарды енді тек құдіретті адамдар, және ортақ бостандық үшін емес, жеке басының құдіреттілігі үшін ұсынатын болды: олардан қорқыныштан ешкім олар ұсынған заңдарға қарсы шыға алмады. Сөйтіп, халыққа – не ол алданып қалғандықтан, не оны осыған мәжбүр еткендіктен – өзінің опат болуына жетектейтін шешімдер шығаруға тура келді. Демек, Рим азғындап біткенде де бостандықты сақтауы үшін, ол өз тіршілігінің барысында жаңа заңдарды жасай отырып, олармен бірге жаңа тәртіптерді де жасауы қажет болды; өйткені жаман және жақсы мақұлық үшін әртүрлі тәртіптер мен өмір салты ұйымдастырылуға тиіс: материя барлық жағынан өзгеше болатын жерде ұқсас пошымдар болуы мүмкін емес. Алайда, ондай тәртіптерді, олар кәдеге жараудан қалғаны анық болса, не бәрін бірден, не олардың әрбіреуінің жарамайтындығы анықталуына байланысты аз-аздап жаңарту керек, сондықтан айтарым, мұның екеуі де – мүмкін емес дерлік нәрсе. Өйткені мемлекеттік құрылысты біртіндеп жаңарту үшін оларды мемлекеттік құрылыстың әлдебір тұсының кемшіліктерін, бұл кемшілік тек әлі де пайда бола бастағанда, алдын ала аңғаратын көреген адам жүзеге асыруы қажет.
Ондай адамның қалада ешқашан табылмауы өте ықтимал; тіпті ол табыла қалған күнде де, ол үшін әбден анық нәрсеге басқаларды иландыру бәрі-бір оның қолынан келмейді, өйткені адамдар, белгілі бір өмір салтына дағдыланып, оны өзгертуді, әсіресе жамандықпен бетпе-бет кездеспеген болса, ұнатпайды, сондықтан оларға өзгерістер туралы тұспалмен айтуға тура келеді. Ал енді аталған тәртіптерді, олардың жарамсыздығы әрбір адамға анық болғанда, тұтқиылдан жаңартуға келсек, олардың түсіну оңай азғындауының өзін түзету қиын дер едім; өйткені, ол үшін дағдылы пошымдардың өзі бұзылып біткендіктен, әдеттегі жолдарды пайдалану жеткіліксіз – бұл арада төтенше шараларға, зорлық-зомбылыққа, қару-жараққа жүгіну қажет болады, және ең алдымен, қалауынша билеп-төстеуге мүмкіндік алу үшін, сол қаланың тақсыры болып алу керек. Қалада саяси өмірді қалпына келтіру жақсы адамды қажет ететіндіктен, ал республикада тақсырдың өкіметін күшпен басып алу жаман адамның тірлігі деп саналатындықтан, міне сондықтан, жақсы адамның, тіпті игі мақсаттарды көздесе де, жамандық жолына түсіп, тақсыр болғысы келуі өте сирек кездеседі. Дәл солай жаман адамның тақсыр бола салып жақсылық істегісі келуі, жаман айла-амалмен қолға түсірген билігін игілікке пайдаланайын деген ойға қалуының өзі тым сирек кездеседі. Жоғарыда айтылғанның бәрінен шығатын қорытынды, азғындаған қалаларда республиканы сақтап қалу немесе оны орнату машақатты, тіпті мүлде мүмкін емес тірлік. Ал, дегенмен, оларда республика құруға немесе қолдап отыруға тура келсе, арсыздығы себепті заңдармен түзелмейтін адамдар белгілі бір шамада патша билігі секілді өкіметпен ауыздықталуы үшін, онда демократиялық режимнен гөрі монархиялық режимді енгізу қажет болар еді. Басқа жолдармен оларды жақсы етуге ұмтылу, Клеоменнің тәжрибесіне сілтеп жоғарыда айтқанымдай, шектен тыс аяусыз немесе мүлдем мүмкін емес тірлік болар еді. Клеомен билікке дара ие болу үшін Эфорларды өлтірді. Дәл сол себеппен Ромул бауырын және Тит Таций Сабинді өлтірді. Ромул да, Клеомен де содан кейін өз билігін жақсы пайдаланғанымен, мынаны айтпай кете алмаймын: олардың екеуі де, осы тарауда біз әңгіме еткендей азғындаған
материалмен істес болған жоқ. Сондықтан олар ерік-жігерін көрсете біліп, ойға алғандарын іске асыра алды.
XXV тарау
Кімде-кім ескі құрылысты еркін мемлекетке айналдырғысы келсе, онда бұрынғы әдет-ғұрыптардың бері салғанда елесін сақтасын
Кімде-кім қандай да бір қаланың мемлекеттік құрылысын өзгертуге ұмтылса не өзгерткісі келсе, және сол құрылысты баршаның ризашылықпен қабылдап, қолдап отыруын қаласа, ең болмағанда бұрынғы әдет-ғұрыптардың елесін сақтауы қажет, бұл шынына келгенде жаңа тәртіптердің бұрынғылардан мүлдем өзге болатындығына қарамастан, халықтың тәртіптің өзгергенін байқамауы үшін керек. Өйткені адамдар өздерін шынында бар нәрсемен емес, өздеріне қалай көрінетінмен жұбатады. Римдіктердің өзінің еркін өмірінің ең басында қажеттігін ұғынып, бір патшаны сайланатын екі консулмен ауыстыра тұра, Консулдарда он екі ликтордан артық болуын қаламағанда, олардың саны патшаларға қызмет еткендерден артық болмауын көздегені сондықтан. Мұның үстіне, Римде жыл сайын құрбандық шалынып, оны тек патшаның өзі ғана атқарғандықтан, римдіктер, патшаның жоқтығынан халық ескі уақытты аңсамас үшін, құрбандық шалу басшысын сайлап, оны Құрбандық шалушы Патша деп атады да, оны бас Абызға бағындырды. Осылай халық жоғарыда аталған құрбандық шалуды қайтарып алып, оның жоқтығынан патшаның қайта оралуын қалайтын себептен айрылды. Қаладағы ескі құрылысты құртып, онда жаңа, еркін өмірді орнатуды қалайтындардың бәрі осы амалды ұстануға тиіс. Сондықтан, жаңа тәртіптер адамдар санасын өзгерте алатын болғанымен, тәртіптер өзгертілгенде ескіні мүмкіндігінше көбірек сақтауға ұмтылу керек. Егер магистратуралардың саны, өкілеттіктері және мерзімдері өзгертілетін болса, бұрынғыдан олардың атаулары сақталуы керек. Мұның бәрін, бұрынырақ айтқанымдай, республика немесе монархия орнату арқылы саяси
өмірді орнықтыруды қалайтын адам ғана істеуі керек, ал бірақ кімде-кім, жазушылар тирания деп атайтын абсолют билік орнатқысы келсе, бәрін өзгертуге тиіс, ол туралы келесі тарауда айтылады. [...]
XXVІ тарау
Өзі жаулап алған қалада яки елде жаңа тақсыр барлығын өзгертуге
тиіс
Әлдекім қандай да бір елдің немесе қаланың тақсырына айналса, әсіресе онда мықты тірегі болмаса, монархиялық құрылысқа да, республикалық азаматтық құрылысқа да бүйрегі бұрмаса, ол үшін билікті ұстап тұрудың ең сенімді құралы – ол жаңа тақсыр болғандықтан, бұл мемлекетте барлығын өзгерту: қалаларда жаңа атаумен, жаңа өкілеттіліктермен және жаңа адамдармен жаңа үкіметтер құру; патша бола салып Дәуіт істегендей, байларды кедей, кедейлерді бай етуі керек: кедей-кепшікке несібе таратқан, дәулеттілерге түу бермеген; мұның үстіне, жаңа қалалар салу және бұрынғыларын талқандау, тұрғындарды бір орыннан екіншісіне көшіру – қысқасы, сол елде өзгермеген ештеңе қалдырмау керек. Онда сол тақсырдың келгеніне қарыздар болмайтын ештеңе – мансап та, мекеме де, дәулет те, байлық та қалмауы тиіс. Ол өзіне үлгі ретінде Александрдың әкесі Македония Филиппін алуға тиіс, ол дәл сондай жолмен ұсақ патшалардың бірінен бүкіл Грекияның тақсырына айналды. Ол туралы жазған автор ол бақташылардың өз табындарына жайылым ауыстыратыны секілді, тұрғындарды бір елден екінші елге көшіре берген. Бұл шаралар ұмдық қатал және кез-келген, тек христиандық қана емес, жалпы адамзаттық өмір салтына дұшпан. Олардан әркім бой тартуға тиіс: көптеген адамның опат болуы құнымен монарх болғанша, жеке тіршілікпен күн кешкен жақсы. Дегенмен, жоғарыда нобайланған жақсылық жолын таңдағысы келмеген адам, жамандыққа маталады.
Бірақ адамдар ең тажалды әлдене орта жолдарды таңдайды; өйткені олар мүлдем жаман да, мүлдем жақсы да бола алмайды, ал мұныңыз келесі тарауда мысалдармен көрсетіледі.
XXVІІ тарау
Адамдар ілуде бір мүлдем жаман немесе мүлдем жақсы бола алады
1505 жылы Папа Юлий ІІ Болоньяға, осы қаланы жүз жылға жуық билеген де Бентивольилар әулетін қуып шығу үшін жорыққа аттанды. Шіркеу жерлерінде отырған барлық тирандарға өшіккен ол сондай-ақ Перуджаның тираны, Джовампаголо Бальопиды да бездіріп жіберуді ұйғарды. Перуджаға жақындап келіп, папа Юлий ІІ баршаға белгілі батылдығы мен бірбеткейлігінің арқасында, өзіне көмекке жетіп үлгеруге тиісті әскерді тосып жатпай, Джовампаголо қорғану үшін едәуір көп адам жинағанына қарамастан, қалаға қарусыз кіріп барды. Бет қаратпас тегеурінінің арқасында талай қысталаңнан абыроймен шыққан Юлий ІІ, тек нөкерлерімен барып, өз жауының қолына берілді де, сонан соң сол жауын Перуджада Шіркеу билігін орнатқан өзінің губернаторын қалдырып, өзіне ертіп кетті. Сонда папаның қасында болған парасатты адамдар папаның орасан жаужүректігі мен Джовампаголоның бейшара қорқақтығын атап өткен; олар адам Джовампаголо секілді абыройы бар адамның папаның қасында барлық асыл бұйымдарын тағынған бүкіл кардиналдары ғана бар екенін көре тұра жауын екі бүктеп, бір асап, мол олжаға қарық болмағанын олар түсіне алмай-ақ қойған. Осынау адамдар оны мейірімділік тоқтатқанына немесе оның ар-ұяты оянғанына сене алмайтын еді; өзінің туған қарындасын қатын еткен және билік үшін немере бауырлары мен жиендерін өлтірген сұмырайдың көңілінде әлдене тақуалық сезім оянуы мүмкін дегенге кім сенсін: шын қылмысты да, шын жақсы да бола алмайды: жауыздық деген адамдар көтеріле алмайтын белгілі бір ұлылық немесе белгілі бір шамада жан дарқандығының көрінісі.
Міне солай, қан араластыруды да, туысқандарын жұртшылық алдында бауыздауды да шыбын шаққан құрлы көрмеген Джовампаголо, қолайлы жағдай туған кезде баршаны өзінің ерлігіне тәнті еткізіп, өзін мәңгі есте қалдыратын қимылды көрсете алмады, дұрысын айтсақ, оған батылы бармады, ал соны істесе ол прелаттарға солар сияқты күн көретіндер мен басқаратындардың барлығын бақыр тиынға да алмауға болатынын көрсеткен бірінші адам болар еді, және сол арқылы, ұлылығы қандай да масқарадан, сондай-ақ бәлкім, сонымен байланысты қауіптен әлдеқайда асып түсетін тірлікті жасаған болар еді. [...]
XXXІV тарау
Диктаторлық билік Рим Республикасына зиян емес, пайда берді: азаматтық өмір үшін азаматтарға еркін сайлау негізінде берілетін билік емес, олар өздері иеленетін билік тажалды болып шығатыны туралы
Кейбір жазушылар римдіктерді олардың Римде диктаторды сайлау әдетін ендіргені үшін кіналайды: бұл жағдаят уақыт өте келе Римдегі тиранияның себебі болып шықты деседі. Аталған жазушылар осы қалада болған бірінші тиран диктаторлық атақпен билеп-төстегеніне сілтеме жасайды. Ол болмаса, Цезарь өзінің тираниясын ешқандай қоғамдық атақ-дәрежемен безендіре алмас еді, дейді олар. Сондай пікірді ұстанатын жазушылар мұның барлығын тиісінше қарастырған жоқ және парасат уәжінен тыс жатыр. Өйткені Римді езіп-жаншыған Диктатор мәртебесі мен атағы емес, әскери өкімет ұзақтығы салдарынан оларға азаматтар берген өкілеттіктер. Және егер Римде Диктатор атағы болмаса, Рим азаматтары қандай да бір басқа атақты пайдаланар еді. Өйткені осы күш атауды оңай алады, күш алатын атау емес. Диктатура, жеке беделдің салдарынан емес, орнатылған қоғамдық тәртіптерге сай берілгенде, қалаға қашанда пайда бергенін көру қиын емес. Өйткені республикалардың әдеттегі жолмен құрылатын магистратуралар мен өкімет емес, заңсыз
экстраординаторлық жолмен құрылатын және берілетін магистратуралар мен өкімет құртады. Оған мысал – Рим: көп уақыт ішінде бірде-бір Диктатор Республикаға игілік болмаса, ешқандай зиян келтірмеген. Бұл неге солай екендігі әбден анық. Біріншіден, қандай да бір азамат басқаларды қанай алуы және төтенше билікті басып алуы үшін азғындамаған республикада қол жеткізу қиын көптеген қасиеттері болуға тиіс: ол өте бай болуы және заңдар сақталатын жерде без теріп кететін жандайшаптары мен жақтастарының саны жеткілікті болуы керек; ондайлар табылса, бұл адамдардың қорқыныш ұялататыны соншалық, еркін сайлау өткізу мүмкін болмай қалады. Мұның үстіне, Диктатор мәңгілікке емес, белгілі бір мерзімге тағайындалды және тек қауіп төнген жағдайда, сол қауіптің алдын алу үшін тағайындалады. Оның өкілеттігі оған аталған тажалды қауіпті тойтаруға бағытталған құралдар жөнінде жеке-дара шешім қабылдауға, барлық істерде Халықпен және басқа магистраттармен кеңеспей-ақ қимылдауға кез-келген азаматты, оның аппеляция беру хақысынсыз жазалауға құқық береді. Бірақ ол мемлекеттік құрылысқа нұқсан келтіретін ештеңе де істей алмайтын: Ол, мысалы, Сенат пен Халықты өкілеттіктерінен айыра алмады, қалада ескі тәртіптерді жойып, жаңаларын енгізе алмады. Оның Диктатурасының қысқа мерзімділігі және оған берілген өкілеттіктің шектеулілігі, сондай-ақ Рим халқының сол кездегі жан тазалығы жағдайында оған тиесілі шекті аттап өтіп, қалаға зиян келтіру мүмкін емес-ті. Тәжірибе диктатураның әрқашан пайдалы болғанын көрсетеді. Шынында да, басқа римдік мекемелердің арасында Диктатура оны қарастырып, соншалық орасан зор державаның ұлылығының себебі болып саналатындар қатарына жатқызуға лайық. Өйткені мұндай мекемесіз қалалар төтенше жағдайлардан әрең-әрең арыла алар еді. Әдеттегі мекемелер республикаларда баяу қимылдайды (көптеген мәселелерді шешу үшін бірбіріне тәуелді кеңестерде де, магистраттарда да барлық істе дербес қимылдау мүмкіндігі жоқ, сондай-ақ бірлескен шешімдер шығару үшін уақыт керек) және олар ұсынатын шаралар, кідіртпей шұғыл араласуды талап ететін ауруларды
емдеуге тура келгенде аса қауіпті болып шығады. Міне сондықтан республикаларда өздерінің мекемелері арасында Диктатура секілді бірдеңе де болуға тиіс. Нақ сондықтан қазіргі республикалар арасында ең тамашасы болып табылатын Венеция республикасы ат төбеліндей ғана адамдарға төтенше қажетті жағдайларда Үлкен кеңестен тысқары біріккен шешім қабылдауға өкілеттік берді. Өйткені республикада ондай институт болмаса, орнатылған тәртіптерді сақтай отырып, не құрып кетуге тура келеді, не мерт болмау үшін оларды сөзсіз өзгертуге тура келеді. Бірақ республикада ауыздықтау үшін төтенше шараларға баруға тура келетін жағдаяттардың туындауы әрқашан қолайсыз. Өйткені, төтенше шаралар белгілі бір кезеңде пайдалы болғанымен, олардың мысалының өзі зиянды болған. Орнатылған тәртіптерді игілік үшін бұзу дағдысы енгізілген бойда, игі ниетті сылтауратып, оларды зұлымдық үшін бұза бастайды. Демек, республиканың заңдары барлығын да күні бұрын көздемесе және онда әрбір күтпеген жағдайды ауыздықтайтын құрал мен амал болмаса, ол ешқашан мінсіз бола алмайды. Сондықтан қортындысында менің айтарым, шектен тыс қауіп сәтінде Диктатураға немесе соған ұқсас билікке сүйенбейтін республикалар ауыр жағдайға тап болып, сөзсіз күрейді. Осы институттағы тағы бір атап өтетін нәрсе – оны сайлаудың римдіктер даналықпен күн ілгері айластырған ғұрпы. Диктатордың тағайындалуы Консулдар үшін – мемлекет басшыларынан барлық басқалар сияқты Диктаторға бағынышты азаматтарға айналатындықтан біршама масқара және осыдан азаматтарда ашу-ыза туып кетуі мүмкін деп шамалаған римдіктер Диктаторды сайлау өкілеттігі Консулдарға беріледі деп шешкен. Римдіктер сондай түрдегі патша билігі Римге қажет бола қалса, Консулдар оны мұндай тәсілмен ықыластырақ істейді, ал мұны өздері жасағасын, оған оншалық өкіне қоймайды деп санаған. Өйткені, адам өзінің еркімен, өз қалауымен өзіне өзі салған жарақат пен басқа пәлелерден, басқалар жасағаннан гөрі, анағұрлым аз қайғы-қасірет шегеді. Алайда кейінірек, Республиканың ақырғы жылдарында
римдіктерде ондай өкілеттіктерді Консулға: “Vіdeat Consul, ne Respublіca quіd detrіmentі сapіat”6 деген сөздермен беру әдетке айналды. Тақырыбымызға оралу үшін айта кетейін, Римнің көршілері оны жаншып тастауға тырысып, Римді өзін олардан қорғай алатын ғана емес, оның өзінің көршілеріне көбірек күшпен, көбірек кемеңгерлікпен, көбірек беделмен шабуыл жасау мүмкіндігін берген тәртіптерді жасауға мәжбүр етті. [...]
XXXVІІ тарау
Аграрлық заң Римде қандай кикілжің туғызғаны туралы, сондай-ақ Республикада кері күші зор және қаланың ежелгі әдет-ғұрыптарына кереғар заң қабылдау – көптеген кикілжің туындататын іс екені туралы
Ежелгі жазушылардың пікірі мынадай: адамдар әдетте пәле-жаладан қайғырады, бақыт келгенде қуанбайды және осынау екі бейім егіздің сыңарындай салдарлар туындатады. Өйткені амалсыз күресуге мәжбүр болған адамдар сол күресін тоқтатқан бойда, намысқойлық түртпегімен қайта күресе бастайды. Намысқойлықтың адам жүрегіне мықтап ұялағаны соншалық, адам қаншама жоғары көтерілсе де, ол адамды ешқашан тастап кетпейді. Бұған себеп, табиғат адамдарды олар барлығын қалайтын, бірақ барлығына олардың қолы жетпейтін етіп жаратқан. Ал қарпып қалу ниеті тиісті мүмкіндіктен әрқашан асып түсетіндіктен, оның салдары олардың өзіндегіні қанағат тұтпауы, сөйтіп өзінің хал-жағдайына көңілі толмауы болып шығады. Адамдар тағдырындағы өзгерістер осыдан туындайды, өйткені азаматтардың бір бөлігі өзінікі көбірек болғанын көксейтіндіктен, ал екінші бөлігі қолындағысынан айрылып қалудан қорқатындықтан, адамдар жауласуға және бір елді құртатын, екіншісін ұлықтайтын соғысқа дейін барады.
6 Республикаға қандай да бір нұқсан келмеуін Консул ойластырсын.
Менің бұл пікірді келтірген себебім, Рим Плебсіне Трибундарды сайлау арқылы өздерін патрицийлерден қауіпсіз ету (бұған плебейлерді мәжбүр еткен қажеттілік болатын) жеткілікті болмай шықты: соған қол жеткізген бойда Плебс намысқойлықтан қайта күресе бастап, құрмет пен байлықта Жайсаңдармен ортақ болуды қалады, өйткені бұл екеуін адамдар бәрінен жоғары қояды. Мұның өзі аграрлық заң төңірегінде туындаған обадан да жаман пәлені қоздатып, солар шақырған алауыздықтар ақыр соңында Республиканың күйреуінің себебі болды. Жақсы ұйымдастырылған республикаларда бүкіл қоғам – бай, ал жеке азаматтар – кедей. Римде аталған заң сақталмайтын жағдай қалыптасты. Ол яки о баста күн сайын тәпсірлеп қажет болатындай етіп тұжырымдалған, яки қолдану барысында өзгеріп кеткендігі соншалық оның бастапқы пошымына жүгіну көптеген кикілжің туғызатындай болып шықты, яки баста жақсы тұжырымдалғанымен, кейін пайдалану кезінде бұрмаланып кеткен. Қалай болған күнде де, Римде аграрлық заң туралы әңгіме туындаса-ақ, қала ойрантопыр болып кететін. Аталған заңның басты екі бабы болды. Олардың біреуі азаматтардан ешкім де белгілі югерден артық жер иелене алмайды деп көрсетті; екіншісі жаулардан тартып алынған жер бүкіл Рим халқы арасында бөлінсін деп нұсқады. Осыдан шонжарлар үшін екі бірдей қыспақ туындады: а заң рұқсат беретіннен артық жері бар нобильдер (ал Шонжарлар арасында ондайлар көпшілік болды) олардан айрылуға мәжбүр болды; жаулардан тартып алынған игіліктерді плебейлерге бөліп беру нобильдердің байи түсуінің жолын жапты. Сондықтан, осынау қыспақтар жалғанның мықтыларына қарсы бағытталғандықтан және сол қыспаққа қарсы мықтылар "біз ортақ игіліктің қамын жеп жүрміз" деп соғатындықтан бүкіл қала, айтылып кеткендей, көбіне-көп астан-кестен болып шыға келетін. Шонжарлар не Рим шегінен тыс жерлерде соғыс ашып, не аграрлық заңды ұсынған Трибунға екінші Трибунды қарсы қойып, не бөлуге жататын жерге колонияны көшіріп, ішінара икемге келіп аграрлық заңның қолданылуын
шыдамдылықпен және қулықпен шегере берді. Антия жерлерімен солай болды. Оларға байланысты аграрлық заң туралы керіс туындағанда Римнен Антияға аталған жерлер берілген колонистер жіберілді. Римде аталған колонияға көшуге келіскендер әрең табылғанын айта отырып, Тит Ливий аңғартары көп тіркесті қолданады: Антияда игіліктерге ие болғаннан гөрі соларға Римде ие болуға ықыласты плебейлер көп болып шықты. Аграрлық заңды аңсау бір кездері қаланы безгек қысқандай қаталатқаны соншалық, римдіктер Италияның шеткері жерлерінде немесе жалпы оның шегінен тыс жерлерде соғыстар жүргізе бастады. Осыдан кейін ол безгек, тегінде, біраз уақытқа, шамасы, басылған. Бұлай болған себебі, Рим жауларының қолындағы жерлер плебейлердің иегінің астында болмағандықтан және олар өңдеуге қиын жерлерде орналасқандықтан плебейлер үшін көздің құрты бола алмайтын еді. Сондықтан да римдіктер өздерінің жауларына тым қатыгез бола қойған жоқ, тіпті олардың иеліктерінен жер кесіп алған күнде де, оларды колония құру үшін беріп отырды. Аталған себептерге байланысты аграрлық заң Гракхтар заманына дейін жабулы күйінде қала берді. Нақ Гракхтар оны қайтадан көтеріп, сонысымен Рим бостандығының түбіне жетті. Өйткені ол кезге аграрлық заң дұшпандарының күші екі есе артқан еді. Сондықтан ол Плебс пен Сенат арасында күшті өшпенділікті қоздырғаны соншалық, ол өркениятты қоғамдық құлық пен ғұрыптар кенересінен асып төгілген қан тасқыны мен қарулы қақтығыстарға айналды. Мансап иелері оларды ауыздықтай алмағандықтан және топтардың бірде біреуі енді магистраттарға үміт артуды қойғандықтан, жауласушы партиялар өз құралдарына жүгінді де, олардың әрқайсысы өзін қорғайтын басшыларын тауып алды. Бұл бұлғақтар мен тәртіпсіздіктердің мұрындығы плебейлер еді. Олар Марийді асқақтата дәріптеп, оны төрт рет Консул етті. Олар оның консулдығын тез арада жаңғыртып отырғаны соншалық, содан кейін оның өзі тағы да үш рет Консул бола алды. Мұндай пәлеге қарсы Шонжарлардың Сулланы қолдай бастаудан өзге амалы қалмады. Оны өз партиясының басшысы етіп,
Шонжарлар азамат соғысын бастады да, көп қан төгіп, тағдырдың талай өткелегінен өтіп, ақыр аяғында жеңіп шықты. Дәл сондай алауыздықтар Цезарь мен Помпей замандарында да туындады. Цезарь Марий партиясының, ал Помпей – Сулла жақтастарының басшысы болып алды. Олардың арасындағы айқаста Цезарь үстем шықты. Ол Римде бірінші тиран болды. Онан кейін бұл қала ешқашан еркін бола алмады. Аграрлық заңның бастауы және ақыры міне осындай болды. Жоғарыда біз Сенат пен Плебс арасындағы дұшпандық Римдегі бостандықты сүйемелдеп отырғанын, өйткені ол дұшпандықтан бостандыққа қолайлы заңдар туындағанын дәлелдеген болатынбыз. Және, былай қарағанда, аграрлық заңның нәтижелері ондай қорытындыға кереғар секілді көрінгенмен, мен, дегенмен, бұған бола өз пікірімнен бас тартпайтындығымды мәлімдеймін. Өйткені, грандтардың ашқарақтығы мен тәкаппар намысқойлығының молдығы соншалық, егер қала оларды кез-келген тәсілмен, амалмен ауыздықтап отырмаса, олар сол қаланы тез арада жым-жылас етер еді. Аграрлық заң айналасындағы алауыздықтарға Римді құл ету үшін үш жүз жыл керек болды, бірақ егер плебейлер аграрлық заңның көмегімен және өздерінің басқа да талаптарымен нобильдердің ашқарақтығы мен әсіре намысқойлығын тежеп отырмаса, Рим әлдеқайда тезірек құлдыққа түсер еді. Өйткені Рим Шонжарлары әрқашан көп шусыз-ақ құрметті плебейлерге беруге көне салатын да, бірақ гәп меншікке жеткен бойда, оны соншалықты табандылықпен қорғауға жұмыла кірісетін, сонда плебейлер өздерінің құлқынын тойдыру үшін жоғарыда қарастырылған төтенше шараларға баруға мәжбүр болатын. Бұл тәртіпсіздіктерге Гракхтар мұрындық болды, бірақ оларды байыптылығынан гөрі ниеттері үшін мақтау керек. Өйткені, қалада шыққан тәртіпсіздіктерді тиюды көздеп, сол үшін зор кері күші бар Заң қабылдау – тіпті де парасатты іс емес. Солай істеу – бұл туралы жоғарыда көп айтылды – аталған тәртіпсіздік апарып соқтыратын пәлені тек жылдамдату ғана. Егер де шыдай тұрып, әліптің артын бақса, жаманшылық не кейінірек келеді, не уақыт өте, өзінен-өзі құрып кетеді. [...]
LV тарау
Бұқарасы азғындамаған қалада іс жүргізу қаншалық оңай екендігі, сондай-ақ теңдік бар жерде дара билік орнатудың мүмкін еместігі, ол жоқ жерде республика құрудың мүмкін еместігі туралы
Біз жоғарыда азғындаған қалалардың неден қауіптенуге тиістігі және олардың неден үміттенуге болатындығы туралы жеткілікті егжей-тегжейлі айтқанымызға қарамастан, вейенттерден тартып алынған олжаның оннан бірін Апполонға байлау жөніндегі Камиллдың анты туралы Сенаттың шешімін қарастыру артық емес секілді. Бұл олжа Рим Плебсінің қолына түсті де, оны санап шығудың ешқандай мүмкіндігі болмағандықтан, Сенат жалпы қазанға әркімнің талап алғанының оннан бірін салуы туралы қаулы шығарды. Және де бұл шешім іске асырыла қоймаса да (өйткені Сенат кейінірек Плебситі ренжітпей, Апполонды басқаша риза ету амалын тапты), бұл шешім бәрібір плебейлердің қайырымдылығына Сенаттың қаншалықты сенгенін көрсетеді, ол плебейлердің ішінен Сенаттың аталған шешімінде көрсетілген олжаны әкеліп өткізбейтін бірде-бір адам табылмайды деп білген-ді. Екінші жағынан, Плебс, тиістіден аз беріп, Сенат қаулысын бірдеңе етіп айналып өтуді ойлаған да жоқ, бірақ одан наразылығын ашық көрсетіп, құтылуға ұйғарды. Бұл мысал, сондай-ақ жоғарыда айтылған көптеген басқа да мысалдар, Рим халқының қаншалықты қайырымды да таза болғанын және одан қаншалық көптеген жақсылық күтуге болатынын көрсетеді. Және шынында да, мұндай ізгілік жоқ жерден, сол секілді кейінгі кезде мүлдем азғындаған елдерден – ең алдымен Италиядан, қандай да болсын жақсылықты күту мүмкін емес. Сол бұзылғандық тіпті Франция мен Испанияны да шарпыды. Егер оларда Италияда күн сайын қылаң беретін алауыздықтар байқалмаса, бұл олардың халықтарының жақсылығынан (бұл аталған халықтарда көбінесе жоқ) емес, Франция мен Испанияда, олардың ішкі бірлігін тек өзінің ерлігінің арқасында
сақтап отыратын корольдің болуы ғана емес, ең алдымен бұл корольдіктердің әлі бұзылу шарпымаған саяси құрылысының арқасында болып отырған жағдай. Халықтың жақсылығы мен тақуалығы олар әлі де мол Германияда өте жақсы көрінеді. Нақ халықтың жақсылығы мен тақуалығы Германияда өздерінің заңдарын соншалықты қатаң сақтайтындықтан, не сырттан, не іштен ешкім де олардың тәуелсіздігіне өрескел қол сұға алмайтын көптеген еркін республикалардың өмір сүруін мүмкін етеді. Сол аймақтарда антик ізгіліктің мол бөлігінің сақталуының растығын қуаттау үшін мен жоғарыда Рим Сенаты мен Плебс жөнінде келтірілген мысалға ұқсас мысалды келтіргім келеді. Герман республикаларында мынадай ғұрып бар: қоғамдық қаражаттан белгілі бір шамада ақша бөліп, жұмсау керек болғанда айтылған республикаларда билік өкілеттігі бар магистраттар мен кеңестер қаланың барлық тұрғындарына әркімнің дәулетінің бір-екі пайызы мөлшерінде салық салады. Және мұндай қарар қабылданысымен, әркім өз жерінің тәртібіне сай, салық жинаушыларға келеді; тиісті соманы төлеуге ант бергеннен кейін, ол осы үшін арналған жәшікке өзінің ар-ұяты қаншалықты әмір етсе, соншалық ақша тастайды; төлем куәгері тек төлемшінің өзі ғана. Бұдан осы адамдарда әлі де қаншалықты мол ізгілік және қаншалықты мол тақуалық сақталғанын байқауға болады. Біз олардың әрбіреуі тиісті соманы адал төледі деп санауға амалсыз мәжбүрміз, өйткені егер ол оны төлемесе, онда алым-салық ол үшін салық салудың ежелгі ғұрпы бекіткен мөлшерге жетпеген болар еді, ал егер мөлшерге жетпесе, алдау ашылып қалған болар еді де, ол көрініп қалған соң, алымдарды жинау тәсілін өзгертуге мәжбүр еткен болар еді. Мұндай ізгілік бүгіндері, ол тым сирек кездесетіндіктен, соншама тәнті етеді: тегінде, ол қазір тек Германияда сақталған болуы керек. Бұл екі себептен өрбиді. Біріншіден, германдықтардың көрші халықтармен кең аралас-құраластығы жоқ. Көршілері де оларға қонақ болып келе қоймайды, олардың өздері де көршілеріне бара бермейді, өйткені олар өз елдерінде бар игіліктерді, тамақ өнімдерін, өздерінде жүннен істелетін киімдерді қанағат тұтады. Сол арқылы сыртқы қатынастар және кез-келген бұзылудың басталу
себебі жойылады: сол арқылы германдықтар әлемді аздыратын ұлттар француздардың да, испандардың да, итальяндардың да құлықтарын бойына сіңірген жоқ. Екіншіден, өздерінде еркін және пәк саяси өмірді сақтап қалған Герман республикалары өздерінің азаматтарының бірде-біреуі дворян болуына немесе дворян мәнерінше өмір сүруіне рұқсат етпейді. Оның үстіне, олар өздерінде толық теңдікті қолдайды және олардағы мырзалар мен дворяндардың ең бітіспес жаулары болып табылады; олар егер олардың қолына кездейсоқ түсе қалса, онда олар бұзылу көзі және бұлғақ себебі ретінде оларды құртып жібереді. “Дворян” деген сөз кімді көрсететіні мүлдем анық болуы үшін айтайын, дворяндар деп өздерінің орасан зор поместьелерінен түсетін кіріске, жер өңдеу жөнінде бас қатырмай-ақ қажетті еңбекпен күнкөріс қаражатын таппай-ақ, ойын-сауықпен тіршілік ететіндер аталады. Ондай адамдар кез-келген республикада және әрбір елде зиянды. Бірақ олардың ішіндегі ең зияндылары – поместьелерімен қатар қамал-сарайлары, өздеріне бағынышты бодандары барлары. Неаполь корольдігі, Рим облысы, Романья және Ломбардия нақ сондайларға лық толы. Нақ солардың кесірінен бұл елдерде ешқашан республика болмаған, ешқашан қандай да бір саяси өмір болмаған: адамдардың ондай нәсілі – азаматтық рух атаулының ата жауы. Соларға ұқсас құрылған елдерде жанығып кетсең де республика құру мүмкін емес. Егер біреу оларда тәртіп орнатқысы келсе, оған бір ғана мүмкін жол – монархиялық құрылысты орнату болып шығады. Оған себеп мынадай: баршаның азғындауы бір ғана заңдар ауыздықтай алмайтын дәрежеге жеткен жерлерде, заңдармен бірге олардан асып түсетін күш орнату қажет; ондай күш абсолютті де төтенше билігі өздерін дүниенің тұтқасымыз деп білетіндердің шектен тыс ашқарақтығын, намысқой-атаққұмарлығын және бұзылғандығын ауыздықтай алатын патша қолы болып табылады. Мұндай пайымдаудың дұрыстығын Тоскана мысалы дәлелдейді: онда бірбіріне іргелес үш республика Флоренция, Сиена және Лукка ұзақ уақыт өмір сүрді; бұл елдің өзге қалалары белгілі бір шамада езгіге түссе де, өздерінің
бүкіл рухы мен, өздерінің құрылысымен бостандығын сақтағанын немесе сақтағысы келгенін байқатып отырды. Мұның солай болғандығы Тосканада бірде-бір замок иесі болған жоқ және дворяндар өте аз болатын. Ондағы теңдік ежелгілердің азаматтық тәртіптерін білетін дана адамның еркін азаматтық өмірді өте оңай құра алатындай дәрежеде еді. Алайда Тоскананың бақытсыздығы сондай, онда күні бүгінге дейін осыны істей алатын немесе оны қалай істеуді білетін адам табылған жоқ. Міне осылай, бүкіл жоғарыда келтірілген толғамнан мынадай қорытынды туады: дворяндар көп жерде республика құрғысы келетін адам алдын-ала солардың барлығын түп-тұқиянына дейін құртып жібермей, өзінің пиғылын жүзеге асыра алмайды; теңдік көп жерде монархия немесе жеке-дара кінәздік құрғысы келген адам, осы теңдіктен атаққұмар, беймаза адамдардың едәуір бөлігін бөліп алып, оларды шын мәнінде дворяндар жасамай, яғни оларға замоктар мен имение үлестіріп, оларға көп ақша және басыбайлылар бермей, мұны жасай алмайды, мұны ол өзін дворяндармен қоршап, соларға сүйене отырып өз билігін сақтай алу үшін істейді, ал олар соның көмегімен өзінің ашқарақтығын, атаққұмарлығын тояттандыра алады, бұл жағдайда бүкіл қалған азаматтар төзуге бір ғана зорлық мәжбүр ететін езгіні үн-түнсіз арқалауға мәжбүр болар еді. Зорлыққа жүгінетіндер мен сол зорлыққа көнетіндер арасындағы тепе-теңдік нақ осылай орнайды және әрбір адам өзінің сословиесіне мықтап маталады. Монархиялық құрылысқа дағдыланған елді республикаға айналдыру және республикалық құрылысқа бейімделген елде монархия орнату – ілуде бір ұшырасатын ақылы мен еркі бар адамды талап ететін іс. Сондықтан, бұған талай адамдар кіріскенімен, ақырына дейін жеткізгендер ілуде біреу. Олардың алдынан көлденеңдейтін міндеттердің орасандығы адамдардың зәресін алады, ішінара құтын қашырады – нәтижесінде олар алғашқы қадамдарында-ақ сүрініп, сәтсіздікке ұшырайды. Бәлкім, менің дворяндар бар жерде республика құру мүмкін емес деген пікірім қоғамдық және мемлекеттік мансаптар тек дворяндарға ғана берілетін Венеция республикасының тәжрибесіне кереғар болып көрінер. Бірақ, оған мен,
Венеция мысалы, менің пікіріме тіпті кереғар емес, өйткені бұл республикада дворяндар мәні жағынан емес, атымен көбірек дворяндар: онда олар өздерінің поместьелерінен көп кіріс алмайды, өйткені олардың байлығының көзі – сауда мен жылжымалы мүлік; мұның үстіне, олардың бірде-біреуінде қамал-сарай жоқ және шаруаларға ешқандай дара билік жүргізбейді; “дворян” деген сөз Венецияда, басқа қалаларда адамды дворян ететін нәрсемен ешқандай байланысы жоқ, құрметті атақ қана. Басқа республикаларда тұрғындар түрліше аталатын әртүрлі топтарға бөлінетіні секілді, Венеция тұрғындары дворяндарға және халыққа бөлінеді. Дворяндар онда бүкіл сый-құрметке ие немесе ие бола алады; ал халық оларға мүлдем жолатылмайды. Осының арқасында, айтылған себептерге байланысты, Венецияда бұлғақ тумайды. Сонымен, республика толық теңдік бар немесе жасалған жерде орнатылсын. Және, керісінше, самодержавие мейлінше теңсіздік бар жерде құрылсын. Кері жағдайда, рабайсызда ғұмыры қысқа бірдеңе құрылады. [...]
LVІІ тарау
Плебейлер біріге келгенде мықты да күшті, ал жеке-жеке алғанда әлсіз
Көптеген римдіктер, француздар шапқыншылығы өздерінің отанын қаңыратып кеткеннен кейін, Сенаттың қаулысы мен нұсқауына қарамастан Вейяға көшіп алды. Мұндай тәртіпсіздікті түзеу үшін, Сенат арнаулы қоғамдық эдикттерімен баршаға белгілі мерзімге және белгілі бір жаза қорқынышымен Римге оралуға бұйырды. Аталған эдикттер өздеріне арналғандар әуелі оларды мысқылдап жүрді де, бірақ кейін мойынсұну мерзімі жеткен кезде, бағынды. Бұл жөнінде Тит Ливий былай дейді: “Ex ferocіbus unіversіs sіngulі metu suo obіdіentes fuere” ("Бірге қимылдағанда жаужүрек олар, әркім қара баксын ойлап,, жуаси қалды"). Шынында да, халық бұқарасының табиғатын осы тіркестен артық көрсете алмайсың. Бұқара өзінің тақсырының шешімдеріне еш именбей, әлденеше рет
дау айтады, бірақ кейін, тікелей жазалану қатері төнгенде, бір-біріне сенбей, қарсылықсыз мойынсұна қояды. Демек, халық өзінің жақсы немесе жаман көңіл-күйі туралы айтқанда, оған тым зор мән берудің қажеті жоқ деуге әбден болады; егер халық жақсы көңіл-күйде болса, сен оны қолдай аласың; егер оның пиғылы жаман болса, оның өзіңе зиянын тигізуіне алдын-ала бөгет жасай аласың. Бұл арада халықтың жаман көңіл-күйі туралы айтқанда, мен оның еркіндіктен айрылуынан немесе әлі тірі сүйікті тақсырынан айрылуынан туындайтындарынан басқа барлық наразылықтарын айтып отырмын: әлгіндей себептерден туған наразылықтар – сұмдық қорқынышты нәрсе, және оларды ауыздықтау үшін ең қатаң шаралар қажет болады. Халықтың барлық басқа наразылықтарын оп-оңай басуға болады – әсіресе халықтың көсемі болмағанда. Өйткені бетімен кеткен, көсемдерінен айырылған бұқарадан қорқынышты ештеңе жоқ, және сонымен бірге – одан дәрменсіз ештеңе жоқ: тіпті егер халық бұқарасы қарулы болса да, олардың бірінші тегеурінен жалтарып кете алсаң, оларды тыныштандыру қиын болмайды; өйткені өрекпіген көңіл аз ғана байырқаланып, барлығы үйді-үйіне тарағанда, әркім өзінің күшіне күмәндана бастайды да, не қашуға бет алып, не көткеншектеп өзінің қара басының қауіпсіздігін күйттей бастайды. Міне сондықтан, көтерілген бұқара, егер олар тек әлгіндей қатерге ұшырағысы келмесе, салғаннан өздерінің ортасынан оларды бағыттап отыратын, олардың ішкі бірлігін қолдап отыратын және оларды қорғау қамын ойлайтын көсемді сайлап алуға тиіс. Виргиний өлгеннен кейін, Римді тастап шыққан Рим плебейлері өзінің амандығын ойлап өз арасынан жиырма Трибунды сайлағанда тап солай істеді. Ал олар мұны істемеген жағдайда, жоғарыда келтірілген сөйлемде Тит Ливий айтқан нәрсе әрқашан болады. Барлығы бірге олар жаужүрек, ал олардың әрқайсысы жеке өзіне төніп тұрған қауіп туралы ойлай бастағанда, әлсіз де қорқақ.
LVІІІ тарау
Халық бұқарасы патшадан дана да табанды
Халық бұқарасынан асқан берекесіз де тұрақсыз ештеңе жоқ – дейді бүкіл басқа тарихшылар сияқты біздің Тит Ливий. Олардың адами қарекеттері туралы хикаяттарында мынаны жиі көруге болады: халық бұқарасы әуелі біреуді өлім жазасына кеседі, содан кейін соған көз жасын көлдетіп, аһ ұрады. Оған мысал – Рим халқының Капитолийлік Манлийге көзқарасы; халық әуелі оны өлім жазасына кескен, содан кейін өкініштен бармағын шайнаған. Тарихшы ол туралы былай дейді: “Populum brevі, poste aquam ab, eo perіculum nullum erat, desіderіum eіus tenuіt” (“Көп ұзамай, енді төбесінен титтей де қауіп-қатер төніп тұрмаған халық, оны жоқтап опық жеді”). Басқа бір жерде, Гиеоронның немересі Гиеорон өлімінен кейін Сиракузада өрбіген оқиғаларды баяндап келіп, ол: “Hace natura multіtudіnіs est: aut humіlіter servіt, qut superbe domіnatur” (“Тобырдың табиғаты сондай: ол не құл болып қызмет етеді, не тәкаппар билік етеді”) дейді. Білмеймін, мүмкін мен ауыр да қиын орындалатын, яки масқара болып бас тартуыма тура келетін, яки жазғыру ауыртпалығымен жүргізуге тура келетін істі мойныма артқан шығармын, бірақ мен, жаңа ғана өзім айтқан, барлық тарихшылар серпіп тастаған қағиданы қорғағым келеді. Айтпақшы, қалай болғанда да, мен парасатқа сүйеніп, бедел мен күштің көмегіне сүйенбей-ақ кез-келген пікірді қорғауға даяр тұруды кемшілік деп ешқашан санаған емеспін және ешқашан санамаймын да. Сонымен, мен былай деймін: тарихшылар халық бұқарасының бетіне басқан кемшілікпен жалпы барлық адамдарды және ең алдымен патшаларды жазғыруға болады. Заңдарға құлақ қоймайтын кез-келген адам бетімен кеткен көпшілік жасайтын нақ сол қателерді жасаған болар еді. Бұған оп-оңай көз жеткізуге болады: талай-талай тақсырлар бар, және болған, бірақ мархабатты да кемеңгер тақсырлар – саусақпен санарлық. Мен мойын бұрғызбайтын ауыздықты быт-шыт ете білген тақсырлар туралы айтып отырмын; бұл санатқа
Египетте өмір сүріп, осы елді есте жоқ ескі шақта заң көмегімен басқарған тақсырлар да, Спартада өмір сүрген тақсырлар да, Францияда қазір бар тақсырлар да кірмейді. Монархиялық өкімет Францияда заңдармен, бізге белгілі қазіргі патшалықтардың қай-қайсысындағыдан да көбірек тежеледі. Конституциялық заңдарға сәйкес басқарған осынау патшалар аталған санатқа жатпайды, өйткені біз ешқандай қоспасыз кез-келген адамның табиғатын қарастырып, ол халық бұқарасының табиғатымен ұқсас па, соны көргіміз келеді. Аталған патшаларға дәл сол патшалар сияқты заңдармен басқарылатын бұқараны қарсы қоюға болар еді: бұл жағдайда халық бұқарасынан да патшалардағыдай нақ сол жақсы қасиеттерді және бұқараның тәкаппар билемейтінін де, құлдарша қызмет етпейтінін де көрер едік. Рим халқы нақ сондай болды, Республика бұзылмаған қалпы сақталып тұрғанда ешқашан құлдарша қызмет етпеді, ешқашан тәкаппар билік те жүргізген жоқ, есесіне өзінің мекемелері мен магистраттарының көмегімен өзіне жүктелген қоғамдық рөлді адал да абыроймен атқарды. Жалғанды жалпағынан басқандардың біреуіне қарсы шығу қажет болғанда, ол соны істеді – оған мысал халықты езуге тырысып көрген Манлий, Децимвирлер және басқалары; қоғамдық игілік үшін Диктаторлар мен Консулдарға бағыну керек болғанда, ол бағынды. Және егер Рим халқы Капитолийлік Манлийдің өліміне қатты өкінгеніне келсек, оған ерекше таңданудың қажеті жоқ: халық оның ерлігін аңсады, бұл ерліктің ұлан-ғайыр болғаны соншалық, ол туралы естелік әркімнің-ақ көз жасын төктірген. Әрбір тақсыр да дәл солай етер еді, өйткені барлық тарихшылар кез-келген ерлікті мадақтау, тіпті жауларымыздың да ерлігіне тәнті болу қажет дейді ғой. Дегенмен, көз жасын көлдеткен көптің арасында кенеттен Манлий пайда бола кетсе, Рим халқы оған дәл сол үкімді шығарған болар еді; ол дәл солай оны түрмеден босатар еді, ал біраз уақыттан кейін оны өлім жазасына кескен болар еді. Бұған қарама-қарсы дана деп құрметтелетін тақсырлар қандай да бір адамды әуелі өлтіріп жіберіп, кейін мұнысына қатты өкінгенін көруге болады. Александр Клитке және басқа өзінің достарына, ал Ирод – Мариамнаға тап солай істеді.
Бірақ, халық бұқарасының табиғаты туралы тарихшының бізге айтып отырғаны, Рим халқы сияқты заңмен тәртіптелген бұқара туралы емес Сиракузаның қара халқы сияқты бетімен кеткен тобыр туралы. Қара халық Ұлы Александр және Ирод секілді қызба және ырыққа көнбейтін адамдар істейтін қателерді істейді. Сондықтан, бұқара табиғатын тақсырлар табиғатынан артық сөгудің қажеті жоқ, өйткені бұқара да, тақсырлар да, оларды адасудан ештеңе тежемеген жағдайда, бірдей адасады. Мұны қуаттау үшін, мен келтірген мысалдардан басқа, Рим императорларының басқа да Тирандар мен тақсырлардың мысалдарына сілтеуге болады; олардан біз бірде-бір халықта кездеспейтін тұрақсыздық та, құбылмалылықты да көреміз. Сонымен, мен халық билік басында тұрғанда орнықсыз, құбылмалы және рахмансыз деп пайымдайтын жалпы пікірге қарамақарсы қортындыға келдім. Мен айтамын: халық аталған жаман қылықтарды кез-келген тақсырдан артық істемейді. Кімде-кім аталған сырқат жөнінде халыққа да, тақсырларға да бірдей айып тақса, соныкі жөн; оларды тақсырларға тақпайтындар қате жібереді. Өйткені билік жүргізуші және жағдайы жақсы халық та тақсыр сияқты, оның үстіне халық кемеңгер деп білетін тақсыр секілді соншалық, бәлкім, тіпті артығырақ орнықты, парасатты және кең пейілді. Екінші жағынан, заң тізгінін лақтырып тастаған тақсыр кез-келген халықтан неғұрлым рақымсыз, құбылмалы және парасатсыз. Олардың қарекеттеріндегі айырмашылық олардың табиғатының өзгешелігінен тумайды – өйткені барлығының табиғаты бірдей, ал егер бұл арада артықшылық кімде десек, ол нақ халықта – бірақ олар өздері шеңберінде тұратын заңдарды көбірек немесе кемірек құрметтеуінде. Рим халқына кімде-кім мұқият қараса, бұл халық төрт жүз жыл бойы патшалық атақтың жауы, өз Отанының даңқын жан сала құрметтеуші және оның қоғамдық игілігі жолындағы күрескер болғанын көреді, – ол мұның екеуінің де көптеген мысалдарын көреді. Ал егер кімде-кім Рим халқының Сципион жөніндегі рахмансыздығына сілтейтін болса, оған жауап ретінде мен бұрын тәптіштеп қарастырған, патшаға қарағанда халықтың рахмансыздығы әлдеқайда кем екендігін көрсететін дәлелді келтіремін.
Байыптылық пен орнықтылыққа келер болсақ, онда халық кез-келген тақсырдан орнықтырақ және әлдеқайда байыпты деп сендіре аламын. Халық даусының Құдай үнімен салыстырылуы тегін емес: өзінің болжамдарында қоғамдық пікір таң қаларлық нәтижелерге жететіні соншалық, қандай да бір құпия қабілетінің арқасында өзін қандай жақсылық, қандай жамандық күтіп тұрғанын халық анық көретін секілді көрінеді. Тек өте сирек жағдайда халық тең ақылға саярлық, бірақ әр жаққа тартатын екі шешеннің сөзін тыңдағанда, халық ең жақсы пікірге келе алмайды, және өзіне не туралы айтып жатқанын түсіне бермейді. Ал егер ол, бұрын атап өткеніміздей, шамадан тыс батыл, әрине, оның өзіне пайдалы болып көрінетін шешімдер қабылдап, қателесе қалса, халық құштарлығынан күші жағынан әлдеқайда асып түсетін құштарлықпен қимылдайтын тақсыр одан да көп қателер жібереді ғой. Магистраттарды сайлағанда, мысалы, халық патшаға қарағанда теңдессіз жақсы таңдау жасайды; халықты лайық емес және азғындаған адамды қоғамдық құрметке бөлеуге лайық деп ештеңемен көндіре алмайсың, ал патшаны оған ешқандай қиындықсыз көндіруге болады. Халықты бір нәрсе қатты шошытса, онда оның бұл жөніндегі пікірі ғасырлар бойы өзгермейді. Тақсырлардан біз мүлдем басқаны көреміз. Жоғарыда баяндалған екі қағиданың да дұрыстығын қуаттау үшін маған Рим халқына сілтеме жасау жеткілікті болар еді. Жүздеген жылдар бойында, Консулдар мен Трибундарды әлденеше рет сайлай отырып, өзінің таңдауында ол тіпті төрт рет те өкінген жоқ. Рим халқының, жоғарыда айтқанмын, патша лауазымын жек көргені соншалық, осы атақты иеленгісі келген азаматтың ешқандай еңбегі оны лайықты жазадан құтқара алмады. Бүкіл басқасының бәрін былай қойғанда, билік басында халық тұрған қалалар қысқа мерзімде өз аумағын мықтап, әрқашан бір тақсырдың қоластында болғандарға қарағанда, әлдеқайда көбірек кеңейтеді. Римде одан патшаларды қуып шыққаннан кейін солай болды; Писистраттан құтылғаннан
кейін Афинада да солай болды. Оған себеп біреу ғана болуы мүмкін: халық билігі жара биліктен жақсы. Мен осы пікіріме жоғарыда келтірілген тіркесте немесе қандай да бір басқа жерде бізге тарихшы айтқанның бәрі қарсы қойылуын қаламаймын, өйткені біз халық жасаған барлық тәртіпсіздіктерді тақсырлар қоздырған барлық тәртіпсіздіктермен, халықтың бүкіл даңқты қимылдарын тақсырлардың мақтаулы қимылдарымен салыстырсақ, халықтың тақсырлардан жақсылықта да, даңқты істерде де көш ілгері екендігін көрер едік. Ал егер тақсырлар заңдар бере білуде, азаматтық өмірді құруда, жаңа құрылысты және жаңа мекемелерді ұйымдастыруда халықтан артып тұрса, халық орнатылған құрылысты сақтай білуде олардан соншалық артық. Сол арқылы ол оның құрылтайшыларының даңқына ортақтасады. Қысқасы, осы тақырып жөніндегі толғамдарымның басын қайыру үшін айтарым, ұзақ өмір сүрген монархиялар да көп болды, ұзақ өмір сүрген республикалар да көп болды; бұлардың екеуіне де заңдарға бағыну қажет болды, өйткені ойына келгеннің бәрін істей беретін тақсыр – есуас, өзіне ұнағанның бәрін істей алатын халық та – кемеңгер емес. Алайда, егер біз заңды сыйлайтын тақсыр мен заңға бағынатын халықты салыстырсақ, тақсырға қарағанда халықта ерліктің көбірек екеніне көз жеткіземіз. Егер де жүгенсіз кеткен патшаны сондай ауыздықталмаған халықпен салыстырсақ, бұл жағдайда да халық жасаған қателіктің елеулілігі кем, оларды түзету үшін неғұрлым оңай амал қажет болып шығады. Өйткені бетімен кеткен және бүлікшіл халықпен жақсы адамның дұрыстап сөйлесуі оның қайтадан дұрыс жолға түсуі үшін жеткілікті ғой. Ал ақымақ тақсырмен сөйлесетін ешкім жоқ – одан құтылу үшін темір қажет. Сырқаттың қаншалық асқынып кеткенін осыған қарап байқауға болады. Халықтың сырқатын жазу үшін сөз жеткілікті болса, тақсырдың сырқатын жазу үшін хирургиялық килігу қажет екен, ендеше емдеу қиынға түсетін жерде қателер де неғұрлым елеулі болатынын мойындамайтын ешкім табылмайды.
Халық барлық бұғауды өз бойынан мүлдем сыпырып тастағанда, ол жасайтын есерсоқтықтан қауіптенбеу, сол тұстағы зұлымдықтардан үрейленбеу керек, – содан не шығатынынан қорқу қажет, өйткені қоғамдық тәртіпсіздіктер оп-оңай тирандарды тудырады. Жаман тақсырлармен нақ керісінше болып шығады: бұл арада сол тұстағы зұлымдықтан қорқып, бүкіл үмітін болашаққа артады; адамдар тақсырдың жаман өмірінің өзі бостандыққа мұрындық болып шығар деп өздерін жұбатады. Сонымен, халық пен тақсырдың айырмашылығы міне мынаған саяды: ол қазіргі бар нәрсе мен келешекте болатын нәрсенің арасындағы айырмашылық. Халық бұқарасының қаныпезерлігі халық, жалпы игілікке қаскүнемдік жасар деп кімнен қауіптенсе соларға қарсы бағытталған; тақсырдың қаныпезерлігі, оның өзінің төл, жеке игілігіне қол жүгіртер деп кімнен қауіптенсе, соларға қарсы бағытталған. Халыққа өзі туралы жағымсыз пікірлер халық туралы жаман сөзді әркім, тіпті халық билік басында тұрған кезде де, еркін және қорықпай айта алатындығынан туған; тақсырлар туралы әрдайым өор қорқынышпен, мыңмыңдаған сақтықпен айтады. […]
Екінші кітап
Кіріспе
Адамдар әрдайым – бірақ әрқашанда тиісті негізбен емес – ескі уақытты мақтайды, ал қазіргіні жамандайды. Бұл орайда олардың өткенге бүйрегі бұратындығы соншалық, олар өздеріне тарихшылар қалдырған куәліктер бойынша ғана белгілі әлдеқашанғы дәуірлерді ғана емес, өздерінің жас уақытында өздері көрген, қария болған кезде еске алып отыратын уақыттарды да мадақтайды. Көп жағдайда олардың ондай пікірлері қате болып шығады.
Маған бұл анық, өйткені оларда сондай адасуды туындататын себептер маған түсінікті. Ең алдымен, бұл адасушылық, меніңше, әлдеқашан өткен істер туралы біз бүкіл шындықты білмейтіндігімізден туындатылады: ол замандарды қаралай алатын нәрселер көбінесе жасырылып қалады; ал оларға жақсы атақ беретін нәрсенің бәрі дәріптеліп, өсіре айтылады. Тарихшылардың көпшілігін жеңімпаздар бақыты масайрататыны соншалық, солардың жеңістерін мадақтау үшін, сол жеңімпаздар жаужүректікпен істегендердің бәрін асыра бағалап қана қоймай, олардың жауларының да іс-әрекетін де соншалық әшекейлейді де, жеңген немесе жеңілген екі елдің кез-келгенінде кейін туған әркімде сол кездегі адамдарға және сол уақытқа тәнті болу себебі туындап, оларды барынша мадақтап, қастерлеуге еріксіз көндіріледі. Мұның үстіне, адамдар бір нәрсені не қорқыныш, не қызғаныш себебімен жек көретіндіктен, олар баяғыда өткен істермен бетпе-бет келгенде, оларды жек көруге мүмкіндік беретін екі маңызды себептен айрылып қалады, өйткені өткен шақ сені өкпелете алмайды және сенде оған қызғанышпен қарайтын себеп жоқ. Біз өзіміз қатысатын және біздің көз алдымызда тұрған оқиғалар басқаша: таным оларды саған жан-жағынан ашып береді; және оларда жақсымен бірге өзіңе ұнамайтын көптеген нәрселерді де білесің де, тіпті, әділеттілік бойынша, қазіргі заман антик заманға қарағанда әлдеқайда артық даңқ пен абыройға лайық болған күнде де, ерте дүние оқиғаларынан көп төмен бағалауға мәжбүр боласың. Мен мұны өзін-өзі соншалық анық куәландыратын, өзіне лайық атақ-абыройды уақыт өте аз кемітетін немесе қоса алатын өнер шығармалары туралы айтып отырған жоқпын, – мен адамдардың өміріне және мінез-құлқына қатысты және оған соншалық талассыз куәгерлер жоқ нәрселер туралы айтып отырмын. Сонымен, қайталайын: адамдарда өткенді мақтау және қазіргіні айыптау әдеті бар екендігін мойындамау мүмкін емес. Алайда адамдар солай істеп, әрдайым адасады деп тұжырымдауға болмайды. Қажеттіліктің өзі олардың кейбір жағдайда дұрыс бағалауын талап етеді. Өйткені, мәңгілік қозғалыста болатын адами істер не жоғары, не төмен жүреді. Қаланың немесе елдің қандай
да бір аса көрнекті адамның арқасында азаматтық өмір үшін ретке келетін кезі және белгілі бір уақытта, оның жеке ерлігінің арқасында, оларда істер бұрынғыдан да жақсыға бет алатыны болады. Кімде-кім сол мезгілде туып, сол тұстағы құрылыста қазіргіден ежелгіні көбірек мақтай бастаса, ол қателеседі және оның қатесінің себебі жоғарыда қарастырылған жағдайлар болады. Бірақ онан кейін сол қалада немесе сол елде, сол қала немесе ел құлдырау кезеңіне тап болғанда, сол секілді баға берсе, оныкі дұрыс болып шығады. Адамдар істерінің барысы туралы пайымдай келіп, мен дүние әрқашан бірдей болып қалады, дүниеде қаншалықты жақсылық болса, соншалықты жамандық та бар, бірақ жамандық пен жақсылық бір елден бір елге көшіп жүреді деген қорытындыға келдім. Бұны құлықтардың өзгеруі салдарынан бірін-бірі алмастырып отырған ежелгі патшалықтар туралы, ал дүниенің сол күйінде қалғаны туралы мағлұматтар растайды. Айырмашылық тек мынада: о баста Ассирияға орныққан айбындылық Мидияға, онан кейін Персияға, ал одан Италия мен Римге көшті. Рим империясынан соң соншалықты ұзақ өмір сүрген және дүние өзінің бүкіл айбындылығын тұтас сақтай білген империя болмаса да, біз оның айбынды өмірмен тіршілік ететін көптеген ұлттар арасына тарап кеткенін көреміз. Оған мысалды Франция корольдігі, түрік патшалығы және сұлтан патшалығы, ал қазір – Германия халықтары және ең алдымен көптеген ұлы ерліктер істеген және Шығыс Рим империясын күйреткеннен кейін әлемнің едәуір бөлігін басып алған сарациндер сектасы. Міне осылай, римдіктер құлағаннан кейін, барлық осы елдерде және барлық осы секталарда аталған айбындылық сақталды және олардың кейбіреулерінде күні бүгінге дейін неге ұмтылу қажет болатын және нені шынымен дәріптеуге тұратын нәрселер бар. Кімде-кім сол аймақта туып, өткен уақытты қазіргіден артық мақтауға кіріссе, сол қателеседі. Бірақ Италияда және Грекияда туып, Италияда француз немесе германдық, ал Грекияда түрік бола алмаған әркімнің өз уақытын жамандап, өткенді мақтауға барлық негізі бар. Өйткені бір кездері онда тәнті етерлік нәрселер болды; ал қазір шегіне жеткен кедейшілікті, сұмдықты және масқарашылықты ештеңе жуып-шая алмайды: ол елдерде дін құрметтелмейді,
заңдар сақталмайды және әскер жоқ; қазір олар әрқилы мерезбен былғанған. Және олардың сырқаулары көбіне-көп кім pro trіbunalі болып қонжиып отырса, кім басқаларға үкімін жүргізуші және кім құдайдың сүйіктісі болғысы келсе, соларға ұялағандықтан да жиіркеніштірек болып табылады. Әйтсе де толғамымызға қайтып оралайық. Егер, мен айтқандай, адамдар қай ғасыр, қазіргі немесе ежелгі ғасырлар жақсырақ екенін анықтау кезінде қателеседі, өйткені ескі заманды өз заманындай жақсы білмейді десек, қариялар өзінің жастық шағы мен қартайған шағын бағалауда адасуға тиіс емес қой, өйткені олар екі уақытты да өз көзімен көргендіктен, бірдей жақсы біледі. Бұл әділетті болар еді, егер өмірінің барлық шағында адамдардың пікірі де, тілегі де бірдей болса; бірақ уақытпен салыстырғанда адамдар жылдамырақ өзгеретіндіктен, уақыт оларға бірдей болып көріне алмайды, өйткені адамдардың қартайған шағындағы қалауы, құмары, ойы жас шағындағыдан мүлдем басқаша болады. Адамдар қартая бастағанда күш азая, ақыл мен парасат молая түседі. Сондықтан, жас кезінде оларға қалыпты немесе тіпті жақсы көрінгеннің бәрі кәрілік шақта жаман да төзгісіз болып көрінеді. Алайда, өздерінің парық-пайымын жазғырудың орнына, олар уақытты жазғырады. Мұның үстіне, адамдардың тілектері тойымсыз және табиғат адамға бәрін істей алу және бәріне ұмтылу қабілетін сыйлағандықтан, ал тағдыр оған тек аз нәрсеге жетуге мүмкіндік беретіндіктен, мұның салдары – ұдайы рухани қанағаттанбау және адамдардың өзінде барына тойып бітуі. Нақ осы оларды қазіргі уақытты жамандауға, өткенді мақтауға және болашаққа, оларда бұл үшін азды-көпті парасатты негіз болмағанда да, ашқарақтана ұмтылуға мәжбүр етеді. Білмеймін, бәлкім, мен де адасқандар санатына жатқызылармын, өйткені осы толғамдарымда мен ежелгі римдіктер заманын тым мақтап, өз уақытымды көбірек тілдеймін. Шынына келсек, сол кездегі айбындылық пен қазіргі сырқау айдан анық болмаса, мен, өзім басқаларды айыптайтын сол қатеге ұрынудан қауіптеніп, өзімді сабырлырақ ұстар едім. Бірақ мұның барлығы әркімге айдан анық болғандықтан, осы шатпақтарымды оқитын жастар біздің заманнан безініп, антик заманға еліктеуге, ондай мүмкіндікті тағдыр сыйлайтын болса,
дайын болуы үшін, ол заман және біздің заман туралы бүкіл ойымды батыл да бүкпесіз айтамын. Өйткені жөнсау адамның міндеті – оның өзі уақыт пен тағдырдың теріс айналуынан істей алмаған бар жақсылықты істеуге басқаларды үйрету. Жақсылық жасауға қабілетті адамдар көбейген кезде, олардың кейбіреулері, – Көк тәңірдің сүйікті құлдары болатындары – бұл, жақсылықты өмірге жүзеге асыра алады. Алдыңғы кітаптағы толғамдарда римдіктердің қаланың ішкі мәселелеріне қатысты қабылдаған шешімдері туралы айтылғандықтан, бұл кітапта Рим халқы өз мемлекетін ұлғайту үшін не істеуге барғаны туралы әңгімелейміз.
ІІ тарау
Римдіктер қандай халықтармен соғыс жүргізді және аталған
халықтар өз бостандығын қалай қорғады
Римдіктердің, алыс жерлерді былай қойғанда, көрші елдердің халықтарын бағындыруына бәрінен көп қиындық келтірген нәрсе – сол замандағы көптеген халықтардың өз бостандығын қадірлеуден өзге ештеңе де емес. Олардың сол бостандықты табанды қорғағаны соншалық, егер оларды жаулап алушылардың төтенше айбындылығы болмаса, олар ешқашан құлдыққа түспес еді. Сол замандағы халықтар бостандығын сақтап қалу немесе айрылған бостандығын қайтып алу үшін қандай қауіптерге басын байлағанын, тәуелсіздігінен айырғандардан олардың қалай кек алғанын көптеген мысалдар айғақтайды. Тарих тағлымы бізге сондай-ақ халықтар мен қалаларға құлдық қандай зиян тигізетінін үйретеді. Қазіргі кезде еркін қалалары бар деп айтуға болатын небәрі бір ғана ел отырған жерде ерте замандарда барлық елдерде көптеген мүлдем еркін халықтар өмір сүрген. Біз қазір айтып отырған Италияда сол баяғы замандарда, қазір Тоскананы Ломбардиядан бөліп тұрған Альпіден бастап, оңтүстіктегі ең қиыр шетіне дейін көптеген еркін халықтар тіршілік еткен. Олар – тосқаналықтар, римдіктер,
самниттер және қалған Италияда қоныстанған көптеген басқа да халықтар. Сол кездегі Италияда Римде билік жүргізген патшалардан, және тағы тұқымы құрып кеткен, бірақ қалай және қай уақытта екендігі туралы тарих ләм-мим демейтін Порсенадан басқа қандай патшалар болғандығы туралы ешқандай дерек жоқ. Соған қарамастан римдіктер Веияны қоршап алған кезде Тоскананың еркін болғаны және бостандыққа мәз болғаны, тақсырдың атының өзін жек көргені соншалық, вейенттер өзін қорғау үшін Вейяда патша сайлап алып, содан кейін тосканалықтардан римдіктерге қарсы көмек сұрағанда, тосканалықтар ұзақ кеңескеннен кейін вейенттерге, олар патша билігі астында өмір сүріп тұрғанда, бөтеннің еркіне бағындырып қойғандардың отанын қорғау жақсы емес деп санап, көмектеспеуге ұйғарғаны мүлдем анық. Халықта еркін өмірге сондай махаббат неліктен туатынын түсіну қиын емес. Өйткені, қалалар тек еркін болып тұрғанда ғана өзінің иеліктерін ұлғайтып, байлығын арттыра алатынын тәжірибе көрсетеді. Шынында да, Писистраттың тираниясынан құтылғаннан кейінгі жүз жыл бойында Афина қаншалықты ұлылыққа жеткенін ойласаң, таң қаласың. Патшалардан құтылғаннан кейін, Рим жеткен ұлылық одан да көбірек қайран қалдырады. Мұның себебін түсіну қиын емес: қалаларды ұлы ететін жеке игілік жөнінде емес, ортақ игілік жөніндегі қамқорлық. Ал ортақ игілік, сөзсіз, тек республикаларда ғана есепке алынады. Өйткені адам мақсат еткен нәрсенің бәрі, тіпті ол жеке біреулерге нұқсан келтірген күнде де, республикаларда жүзеге асырылады; айтылған игілік солар үшін жасалатын азаматтардың көптігі соншалық, онда ортақ игілік мүдделеріне нұқсан келтірілетін азшылыққа кереғар қол жеткізуге болады. Өкімет патшаның қолындағы жерлерде керісінше. Онда патша үшін істелінетін нәрсе көбіне-көп қалаға нұқсан келтіреді, ал қала үшін істелінетін нәрселер патшаға нұқсан. Сондықтан еркін өмірді тирания алмастырғанда, бұдан қалаға тиетін ең аз пәле – олардың енді дами да, өзінің қуаты мен байлығын көбейте де алмайтыны. Көбіне-көп және тіпті әрқашан дерлік олар кері кетеді. Егер кездейсоқтық пәрменімен өкімет басына қажырлы тиран келіп,
жаужүректігімен және қолындағы қару күшімен өз аумағының шекарасын кеңейте алса да, бұл бүкіл республика емес, тек оның өзінің ғана пайдасына шығады. Тиран өзінің қоластындағы лайықты да жақсы азаматтардың бірдебіреуін, сол сәтте сезікке ұшырамай, сыйлай алмайды. Ол сондай-ақ басқа қалаларды өзі тиран болып отырған қалаға бағындыра да, оларды оның алым төлеушілеріне айналдыра да алмайды, өйткені өзінің қаласын күшті ету оның мүддесіне сай келмейді: оған, әрбір жер және әрбір облыс тек соны ғана өзінің қожайыны деп білуі үшін, мемлекетті бытырыңқы етіп ұстау пайдалы. Міне сондықтан оның барлық жаулап алуынан пайда көретін тіпті оның отаны емес, бір өзі ғана. Кімде-кім бұл пікірді көптеген басқа дәлелдермен беркіте түскісі келсе, Ксенофонттың “Тирания туралы" трактатында не жазғанын оқып көрсін. Сондықтан ежелгі халықтар тирандарды қаһарлы өшпенділікпен қудалағанына және еркін өмірді сүйгені соншалық, оларда бостандық атаулының өзі үлкен құрметке ие болғанына таң қалуға болмайды. Соның мысалы мынау: Сиракузада Сиракузалық Гиеоронның немересі Гиеороним қаза тауып, оның өлімі туралы хабар Сиракузаға жақын тұрған әскерге жеткенде, әскер толқи бастады да, Гиеронимді өлтіргендерге қарсы аттанбақ болды, бірақ, Сиракузада бостандық жарияланғанын естіген соң, тиранды өлтірушілерге қарсы ашуызаны қоя тұрып, аталған қалада өздерінің еркін өмірін қалай құруды ойластыра бастады. Халық өзінің бостандығын тартып алғандардан аяусыз кек алатындығына да таңдануға болмайды. Оған мысалдар жетіп артылады, мен тек Пелопоннес соғысы кезінде грек қаласы Керкирде орын алған оқиғаларға ғана тоқталғым келеді. Ол кезде бүкіл Грекия екі партияға бөлінді, олардың біреуі афиналықтар жағында, екіншісі – спарталықтар жағында болды; оның салдары – екі партияға бөлінген көп қалалардың біреулері Спартамен, екіншілері Афинамен достыққа ұмтылды. Былай болды, Керкирде нобильдер жеңіске жетіп, халықтан бостандықты тартып алғанда, халық партиясы афиналықтардың көмегімен күш жиып, барлық шонжарларды қолға түсірді де, нобильдерді олардың барлығы сыятын абақтыға тоғытты. Одан соң қуғынға айдаймыз деген сылтаумен
оларды бірден сегіз-он адамнан шығарып алып, ешқандай шімірікпей өлтіре бастады. Мұны біліп қалған абақтыдағылар соншалықты масқара өлімнен мүмкіндігінше құтылып кетуді ұйғарып, қолына түскенмен қаруланып, баса көктеп кіруге ұмтылғандарға тойтарыс беріп, абақты есігін қорғай бастады. Айғай-шуға жиналған халық абақтының төбесін талқандап, ондағы нобильдерді соның күл-көмешінің астына жерледі. Кейін Грекияда сұмдығы одан бір де кем емес, тағылымды оқиғалар көп болды. Мұның бәрінен айқын болатыны, ұрланған бостандық үшін адамдар, оны енді тартып алмақ болғанға қарағанда, әлдеқайда жігерлі кек алады. Сол бағзы заманда халық бостандықты қазіргіден артық сүюі неліктен екендігі туралы ойлана келіп, мен мұның өзі қазір адамдардың қайраты кемдеу болуының себебі бойынша деген қорытындыға келемін, ал мұның себебі, меніңше, біздің тәрбиеміздің ежелгілер тәрбиесінен айырмашылығында, оның негізінде біздің дініміздің антик діннен өзгешелігінде жатыр. Біздің дініміз, ақиқатты аша отырып, бізге ақиқат жолын көрсете отырып, жалғанның атақабыройын кем бағалауға мәжбүр етеді. Ал мәжусилер нақ соны ең жоғары игілік деп біліп, оны өте жоғары қойған. Сондықтан да өздерінің қарекеттерінде олар тым қатал болған. Бұл туралы мәжусилердің құрбандық беруінің ғаламаттығынан бастап біздің діни рәсімдеріміздің қарапайымдылығына дейінгі көптеген ережелер мен ғұрыптарға қарап бағамдауға болады, біздің діни рәсімдерімізде біршама сән-салтанат бар, ол даңғайырлықтан гөрі, көбіне артықтау, бірақ ешқандай қаталдық немесе жаужүректік жоқ. Ежелгілердің рәсімдерінде сән-салтанаттан да, даңғайырлықтан да кемістік жоқ, бірақ, оның үстіне олар көптеген жануарлар өлтірілетін қан жоса, қатыгез құрбандық шалумен қоса жүргізілетін. Бұлар сұмдық көріністер болатын, және олар адамдарды да соншалықты қатыгез ететін. Мұның үстіне антик дін әулие сындылар санатына тек дүниауи атақ-даңқы шартарапқа жайылған қолбасылар және республика билеушілерін ғана қосатын. Біздің дініміз болса жігерлі адамдардан гөрі жуас та қиял құшағындағыларды мадақтайды. Ол жуасуды, өзін-өзі кемітуді және адами істерден ат-тонын ала қашуды жоғары игілік деп
біледі; ал антик дін рухтың ұлылығын, дене күшін және адамдарды төтенше күшті ететін нәрсенің бәрін ең жоғары игілік деп біледі. Ал біздің дін бізден күшті талап ете қалса, ол біздің айбынды тірлік істеуіміз үшін емес, тек біз төзімді болу үшін ғана. Мұндай өмір салты, меніңше, дүниені әлжуаз етіп, сұмпайылардың қолына берді: олар онда, барлық адамдар көрген теперіштің есесін қайтаруды емес, жұмаққа бару үшін соған қалай шыдауды көбірек ойлайтынын көріп, ойына келгеннің бәрін істейді. Және де егер қазір бүкіл дүние қатынға айналғандай, ал аспан қаһардан айрылғандай болып көрінсе, оған себеп, біздің дінімізді айбындылық тұрғысынан емес, қол бостық тұрғысынан түсіндіргендердің опасыз қорқақтығы екендігі даусыз. Егер олар біздің дініміз Отанды мадақтауға, қорғауға жол беретінін ескерсе, онда ол бізден Отанымызды сүйіп, құрметтеуімізді және өзімізді оны қорғай алатындай етуге даярлауды талап ететінін көрер еді. Міне нақ сондай тәрбиеден және біздің діннің соншалықты жалған түсіндірілуінен ежелгі дүниеде қаншалық болса, соншалық республикалар қалмады, және соның салдары – халықтың еркіндікке махаббаты қазір сол кездегідей байқалмауы. Сондай-ақ орасан зор шамада оған себеп Рим империясының өзінің әскеріне және қуатына сүйене отырып, бүкіл республикаларды және қандай да бір еркін қоғамдық өмірді тұншықтыруы болды деп ойлаймын. Және сол Империя ыдырап кетсе де, оның аумағындағы қалалар, ілуде бірі болмаса, не бірге аяғынан тұрып кете алмады, не өзінде азаматтық қоғамдық құрылысты қайта жолға қоя алмады. Қалай болғанда да, римдіктер, әрбір, тіпті дүниенің ең алыс түкпірлерінде бірігіп алып, өздерінің бостандығын жанкештілікпен қорғаған жекелеген республикалар тарапынан қарулы қарсылыққа тап болды. Егер де Рим халқында сирек кездесетін төтенше айбындылық болмаса, онда ол оларды ешқашан бағындыра алмас еді. Мысал ретінде, меніңше, самниттерге сілтеу жеткілікті. Олар ғажап халық болды, және Тит Ливий мұны мойындайды. Олардың құдіретті болғаны және әскерінің жақсы болғаны соншалық, олар римдіктерге бірінші Папирийдың баласы, Папирий Курсордың консулдығына дейін (басқаша айтқанда, қырық алты жыл бойында) қарсылық көрсете алды
және бұл көптеген жеңілістерге, олардың жері әлденеше рет тып-типыл етілгеніне, ел суға қарық етіліп, тонауға берілгеніне қарамастан. Қазір бұл, бір кезде көптеген қалалар болған және көптеген халық тұрған ел шөл даладан сәлақ ілгері; ал кезінде оның жақсы жайластырылғаны соншалық және күшті болғаны соншалық, егер оған Рим құдіреті лап бермегенде, оны ешкім де жеңе алмас еді. Оның сол кездегі жақсы жайғастырылуы неден екендігін және оның қазіргі құлазып жатуын не тудырғанын ұғыну қиын емес: ол кезде онда бәрі де еркін өмірден бастау алды, ал қазір – құлдық өмірден. Ал барлық толық еркін жерлер мен елдер, бұл туралы айтылғанындай, әбден-ақ қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болып отыр. Оларда жұрт көбірек, өйткені оларда неке еркін, сондықтан неғұрлым ықыласты жасалады; өйткені әрбір адам балаларды, асырай алатынын білетіндіктен және олардан мұрагерлік тартып алынатынына қауіптенбей, сондай-ақ балалары құл болмай, еркін адамдар болып өсетініне, өзінің қажыр-қайратының арқасында бір кездері мемлекетте бірінші адам болып шығатынына сенімді болғандықтан, неғұрлым ықыласпен таптырады. Мұндай елдерде егіншіліктен де, кәсіптен де түсетін байлық ұдайы ұлғайып отырады. Өйткені бұл елдерде әрбір адам игілікті оны еркін пайдаланатынын білетіндіктен, ойланбай көбейтіп, ие болады. Мұның нәтижесінде барлық азаматтар, бір-бірімен жарысып, жеке де, қоғамдық та мүдделердің қамын жейді және олардың жалпы дәулеті ғажап өсе береді. Құлдықта өмір сүретін елдерде тура керісінше болып шығады. Онда құлдық көбірек, ауырырақ болған сайын, ең қарапайым игіліктер де азая береді. Құлдық түрлерінің бәрінің ішінен ең ауыры сенен республика жасайтын құлдық. Біріншіден, ол ең ұзақ және саған босану үмітін бермейтін құлдық. Екіншіден, өзінің күшейе түсуі жолында республика барлық басқаларды қажытып, әлсіздендіруге ұмтылады. Ешқандай тақсыр тек ол тақсыр шығыс деспоттары сияқты елдерді тонаушы және адамзат өркениятын қиратушы варвар болмаса сені сондай шамада бағындыра алмайды. Алайда, егер тақсырдың адамшылығы мол, табиғатқа жат сырқаулары болмаса, онда ол көп жағдайларда өзіне бағынған қалаларды төл өзінікіндей сүйеді де, олардағы
барлық цехтарды және барлық ескі тәртіптерді түгел дерлік сақтайды. Сондықтан бұл қалалар тап бір еркін қалалардай жақсы өсіп, дами алмаса да, олар құлдыққа айналдырылған қалалар секілді сайып келгенде құрып кетпейді. Бұл арада құлдық туралы айтқанда, мен жатжұрттықтар құл еткен қалалар туралы айтамын, өйткені өз азаматтары құл еткен қалаларды жоғарыда мен тілге тиек еттім. Сондықтан, еркін кезінде самниттер ие болған құдіретке және құлға айналған кездегі олардың әлжуаздығына ешкім таңдана қоймайды. Тит Ливий мұны көп жерде, әсіресе Ганнибалмен соғысты баяндағанда, куәландырады. Ол Ноледе тұрған легиондар жәбірлеген самниттердің көмек сұрау үшін Ганнибалға елшілер жібергенін баяндайды. Өз сөздерінде елшілер былай деген: самниттер жүз жылдай өздерінің сарбаздары мен өздерінің сардарларының күшімен римдіктермен соғысты, кезінде олар бір емес, екі консульдық армияға және екі Консулға талай рет тойтарыс берген, бірақ қазір олардың күйкентайдың халына ұшырағаны соншалық Ноледе тұрған кішкентай Рим легионынан өздерін әрең-әрең қорғап отыр.
“Никколо Макиавелли. Государь. Рассуждения о
первой декаде Тита Ливия. СПб., 2004.” басылымынан
қазақшалаған
философия
ғылымының
кандидаты,
доцент Абылай Лұқпанов.
Герберт Спенсер
ӘЛЕУМЕТТАНУ ТҰҒЫРЛАРЫ
І тарау
Қоғам деген не?
... 212. Әу бастан қойылып, жауабы табылуға тиіс сұрақ осы. Қоғамға өзінше бір ерекше болмыс ретінде қарау керек пе әлде жоқ па; егер қоғамды болмыс деп қарастырған жағдайда, ол басқа болмыстардың қайсыбіріне ұқсас деп есептелуге тиіс пе, әлде басқалардың бәрінен мүлдем ерекше деп есептелуге тиіс пе деген мәселелерді шешіп алмайынша, осы шығарманың пәні туралы біздің түсінігіміз өте көмескі болып қала береді. Қоғам деген жеке адамдардың белгілі бір санын нобайлау үшін қолданылатын жалпы атау ғана деуге де болар еді. Номинализм мен реализмнің арасындағы дауды басқа салаға бұрып алып, номиналист белгілі бір түрдің (specіes) тек жекелеген мүшелері ғана өмір сүретіндігі секілді, ал оларға байланыстырылмай алынған түрдің шындығына келгенде болмайтындығы секілді, дәл сол секілді тек қоғамдық бірліктер, яғни, адамдар ғана өмір сүреді, ал қоғам тек сөз жүзінде өмір сүреді дей алар еді. Әлдебір профессордың дәрісіне жиналып, әрбір дәріс аяқталысымен тарап кетуінің өзі арқылы өзінің шынында да бар бір нәрсе емес, тек адамдардың белгілі бір тобы ғана екендігін көрсететін агрегат секілді аудитория мысалына сілтеме жасай отырып, номиналист кез-келген нақты халықты құрайтын азаматтарға да қатысты осылай деуге болатындығын дәлелдей алар еді. Бірақ, оның уәжінің басқа буындары жайында таласпай-ақ біз оның соңғы буынының қисындылығын теріске шығаруға толық хақылымыз. Өйткені,
бірінші жағдайда тек уақытша ғана болатын топ, екінші жағдайда тұрақты сипатта болады; ал біз бүтіннің өзіндік тұрпатының оның қалған бөліктерінің тұрпатынан өзгешелігі сол бүтіннің бөліктерінің арасындағы қатынастың нақ тұрақтылығында екендігін білеміз. Кез-келген бүтін зат, быт-шыт болғанда, ерекше жеке зат болудан қалады; және керісінше – тастар, кірпіштер, ағаш кесінділері және т.с.с., бастапқы өзара ортақ ештеңесі болмаса да, белгілі бір амалмен бір-бірімен байланысқан кезде үй деп аталатын жеке нәрсе болып шығады. Демек, қоғамға ерекше болмыс ретінде қарауға біздің толық хақымыз бар; өйткені ол жекелеген бірліктерден құралғанымен, алайда әрбір қоғам мекендеген жері аясында осынау бірліктер тобының белгілі бір ортақ ұқсастықты тұтас бір ұрпақтар, тіптен ғасырлар бойында тұрақты сақтап отыруы олар құрайтын агрегаттың белгілі бір нақтылығын көрсетеді. Және де біздің қоғам туралы идеямызды туындататын да нақ осы қасиет. Өйткені біз қоғам атауын алғашқы қауым адамдары құрайтын өзгермелі шоғырларға бермейміз, есесіне ол атауды тек отырықшы өмір қоғам ішінде оны құрайтын бөлшектерді бөліп орналастыруда біршама тұрақтылыққа жеткізген тұсқа телиміз. 213. Бірақ, қоғамға ерекше, дара нәрсе ретінде қарауға ұйғарған соң енді өзімізге мынадай сұрақтар қоюға тиістіміз: бұл неғылған нәрсе? Оны объектілердің қандай түріне жатқызуымыз керек? Үстірт қарағанда ол бізге сезімдеріміз арқылы белгілі объектілердің ешқайсысына ешқалай ұқсамайтын сияқты көрінеді. Егер оның өзге объектілермен қандай да бір ұқсастығы болса да, бұл ұқсастық қарапайым түйсінумен көзге көріне қоймайды, ол тек ой жүгірту арқылы ғана ашылады. Қоғам өзінің құрамдас бөліктерінің арасындағы қатынас тұрақтылығының арқасында ерекше, дара болмысқа айналады екен, онда бізде бірден мынадай сұрақ туады: оның құрамдас бөліктерінің арасындағы осынау тұрақты қатынастар біз басқа бір болмыстардан байқайтын бөліктер арасындағы тұрақты қатынастарға ұқсас емес пе? Қоғам мен басқа
бірдеңелер арасындағы ойға келетін бірден-бір ұқсастық құрамдас бөліктердің орналасуын басқаратын принциптің параллелизмінде бола алады. Біз қоғамдық агрегатты салыстыра алатын агрегаттардың екі түрі бар: органикалық агрегаттар тобы және анорганикалық агрегаттардың тобы. Енді өзімізге мынадай сұрақ қоялық: өзін құрайтын адамдардан бөлек қарастырылатын қоғамның ерекше қасиеттерінің жансыз дененің қасиеттеріне қандай да бір ұқсастығы бола ма немесе олар қандай да бір жағынан тірі тәннің қасиеттеріне ұқсас па немесе, сайып келгенде, олар, бұлардың екеуіне де мүлдем ұқсамай ма? Осы сұрақтардың біріншісін қойған бойда оған жоқ деп бірден жауап қайтаруға болады. Жанды бөліктерден тұратын бүтін өзінің ортақ өзгешеліктері жағынан жансыз нысандарға ұқсай алмайды. Соншалық жылдам жауап беру мүмкін емес екінші сұрақ оң маңынада шешілуге тиіс. Және де келесі тарау бізге қоғам бөліктерінің арасындағы тұрақты қатынас тіршілк иесінің бөліктерінің арасындағы тұрақты қатынастарға ұқсас деген тұжырым жасауға мүмкіндік беретін тұғырларды баяндауға арналады.
ІІ тарау
Қоғам дегеніміз организм
214. Өсу құбылысы қоғамдық та, органикалық та агрегаттарға бірдей тән құбылыс дегенімізде, біз сол арқылы бір жағынан осы агрегаттар мен екінші жағынан анорганикалық агрегаттар арасындағы осы бағыттағы кез-келген ортақтықты жоққа шығарғымыз келмейді, өйткені соңғыларының, мысалы, кристалдар секілді кейбіреулері едәуір өсіп отыратынын байқатады және даму гипотезасы бойынша олардың барлығы белгілі бір кезеңде кірігу жолымен пайда болуға тиіс. Дегенмен, тіршілік иелері мен жансыз зат дейтіндерден құралған қоғамдарды салыстыра отырып, біз олардың біріншілері массасының біртіндеп ұлғаюын соншалық анық дәрежеде байқататындығын көреміз, осыдан
келіп біз осынау жағдайды агрегаттардың бұл екі тобын сипаттайтын ерекшелік белгісі деп санай аламыз. Көптеген организмдер бүкіл өмір бойында өседі; қалғандарының бәрі де өмірінің айтарлықтай бөлігі бойында өседі. Ал қоғамдық өсуге келсек, ол әдетте қоғам не екі якм бірнеше бөлікке бөлініп кеткенге дейін, не оны басқа бір қоғам сіңіріп кеткенге дейін жалғасады. Сонымен, қоғамдарды органикалық дүниемен ұқсас қылатын және анорганикалық дүниеден елеулі өзгешелейтін бірінші белгі міне осындай. 215. Қоғамдар мен тіршілік иелерінің тағы бір ерекше белгісі мөлшерінің өсуімен қатар олардың құрылысы да күрделілене түсетіндігінде. Төменгі сатыдағы жәндіктерде, яки жоғары сатыдағы жәндіктер ұрығында бір-бірінен өзгеше шамалы ғана бөліктер болады; бірақ дене массасы өскен сайын ондай бөліктердің саны көбейіп, сонымен бірге ол бөліктер бір-бірінен ерекшелене түседі. Дәл осы құбылыс қоғамға да тән. Басында оны құрайтын бірліктердің әртүрлі топтарының айырмашылықтары сан жағынан да, дәрежесі жағынан да тым елеусіз болады; бірақ сол қоғамдағы халықтың саны өскен сайын қоғамдық бөліністер мен бөлімшелер көбейе де, айқындала да түседі. Мұның үстіне қоғамдық организмде де, жеке организмде де одан әрі жіктелу кемел жасты сипаттайтын, құлдыраудың алдындағы тұрпаттың аяқталуымен ғана тоқтайды. Анорганикалық агрегаттарда – мысалы, тұтас күн жүйесіндегі, сондай-ақ олардың әрбір мүшесіндегі секілді – кірігулер құрылымдық жіктелу жағдайында өтеді, алайда бұл арада әлгі жіктелу салыстырмалы түрде баяу және салыстырмалы түрде қарапайым болады, сондықтан оларға назар аудармаса да болады. Керісінше, саяси агрегаттар мен тіршілік иелеріндегі бірбіріне ұқсамайтын бөліктердің көптігі соншалық, мұны әділетті түрде оларды анорганикалық заттардан өзгешелейтін ұқсастықтың екінші елеулі белгісі деп есептеле алады. 216. Екі жағдайда да құрылымдық жіктелудегі прогресс функциялар жіктелуінің прогресімен қатар жүретіндігіне назар аударсақ, олардың бұл ұқсастығы бұрынғыдан да айқындала түседі.
Даму үстіндегі жануар денесінің жалпы массасы бөлініп, барған сайын көбейе беретін – бірінші, екінші, үшінші және т.б. реттегі бөліктер барған сайын бір-бірінен өзгешелене түсетіндігі кездейсоқ емес: олардың сыртқы пошымы мен ішкі құрылысының әртүрлілігі олар атқаратын қызмет әртүрлілігін туындатады: олар бір-біріне ұқсамайтын қызметі бар бір-біріне ұқсамайтын мүшелерге айналады. Ас қорыту жолы қоректік заттарды сіңіру қызметін толығымен атқара отырып, біртіндеп ас қорыту жолының жалпы қызметінің бір бөлігі болып табылатын өз қызметін атқаратын бір-бірінен өзгеше жеке бөлімдерге бөлінеді. Жылжыту үшін немесе ұстап алу үшін қызмет ететін әрбір мүше белгілі бір бөліктерге және бөлімшелерге бөлінеді; және де осылай пайда болған бөліктердің кез-келгені өзінің басты қызметі мен бүкіл мүшенің қосымша қызметін атқарады. Қоғам бөлінетін бөліктер жөнінде де дәл осыны айтуға болады. Онда пайда болатын билеуші тап басқа таптардан ерекшеленіп қана қоймай, олардың іс-әрекетін бақылау қызметін атқарады; ал бұл тап бірі үлкенірек, екіншісі кішірек билік дәрежесіне ие болған топтарға бөлінген кезде, олардың да әрқайсысы, жалпы бақылаудың бір бөлігі болып табылатын өзінің мүлдем ерекше қызметін атқара бастайды. Мұндай бақылауға бағындырылған таптардан да осыны байқаймыз. Олар бөлінетін әртүрлі топтар әртүрлі іс-әрекеттерді орындайды; және де осындай топтардың ішінде басты топтардан гөрі бір-бірінен айырмашылығы шамалы, дегенмен де пропорционалды түрде ерекше міндеттерді атқаратын бөліктерге бөліну байқалады. Осы жағынан біз салыстырып отырған екі топтағы заттар басқа топтағы заттардан айқынырақ ерекшеленеді; себебі құрылымдық агрегаттарда баяу туындайтын құрылымдық айырмашылықтарға біз әртүрлі қызметтер деп орынды атай алатындай нәрселер ешқашан ілесе жүрмейді. 217. Алайда, саяси агрегат пен тіршілік иесінің ұқсамайтын бөліктерінің ұқсас емес іс-әрекеттері неліктен нағыз қызмет ретінде қарастырылады да, анорганикалық агрегаттарда байқалатын, ұқсамайтын бөліктердің ұқсас емес ісәрекеттеріне неліктен солай қарай алмаймыз? Бұны дұрыстап түсіну үшін саяси
агрегаттар мен тіршілік иелері арасындағы ұқсастықтың одан арғы және бұрынғыдан да айқынырақ белгісіне жүгіну керек. Осылардың екеуінде де даму барысы жәй айырмашылықтар емес, бірбірімен белгілі бір байланыстағы айырмашылықтарды тудырады, олардың әрқайсысы басқа айырмашылықтарды мүмкін етеді. Анорганикалық агрегаттың әртүрлі бөліктерінің бір-бірімен қатынасы сондай, олардың біреуі басқаларына оншалық әсер етпей-ақ өте айтарлықтай өзгертіле алады. Бірақ органикалық және саяси агрегаттардағы бөліктердің қарым-қатынасы тіптен де ондай емес. Олардың әрқайсысының әртүрлі бөліктеріндегі өзгерістер бір-біріне себепші болады және ол бөліктердің өзгертілген қарекеттері де бір-біріне тығыз өзара тәуелді болады. Екі жағдайда да мұндай өзара байланыс даму алға басқан сайын өсе түседі. Жануарлар патшалығының төменгі сатыдағы түрлерінің бүкіл денесі асқазан, бүкіл денесі дем алу мүшесі, бүкіл денесі қозғалыс, ұстау және жылжу мүшесі болып табылады. Бір орыннан екінші орынға жылжуға және қоректі ұстауға арналған қосымша мүшелері бар дененің дамуы, қоршаған ортадан қорек болатын заттарды тікелей жұту қабілетін жоғалтқан мүшелер ондай қабілеттерін жоғалтпаған мүшелер арқылы жеткілікті қорекпен қамтамасыз етілген жағдайда ғана орын алады. Денеде пайда болатын сұйықтарды ауамен қамтамасыз ету қызметін атқаратын дем алу мүшелерінің дамуы, оның бұл жағдайда міндетті түрде жұмсаған шығындарын күшін қалпына келтіруі және өсуі үшін қажетті материалдарды табу қабілетін жоғалтуы, сол материалдарды жеткізетін аппараттардың дамуымен өтелетін жағдайда ғана іске асады. Қоғамда да дәл осындай жағдай орын алады. Біз қоғамдық ұйым деп өте дұрыс атайтын нәрседе де дәл осындай жағдай бар. Балаң қоғам да оның әрбір мүшесі жауынгер де, аңшы да, құрылысшы да, қажетті құралдардың бәрін жасайтын ұста да және т.б. болып табылады, яғни мұнда әрбір бөлік өзінің бар мұқтажын өзі қанағаттандырады. Тұрақты әскер болуымен сипатталатын қоғамдық жағдайға көшу, қоғамда оның басқа бөліктері әскерді тамақпен, киіммен және қару-жарақпен қамтамасыз ететін тетіктер пайда болғанда ғана орын алуы мүмкін. Егер халықтың бір бөлігі тек
егіншілікпен ғана, ал екіншісі – кен ісімен ғана т.с.с. айналысатын болса – біреулер тауарларды өндіріп, екіншілері оларды таратумен және т.б. айналысатын болса, – біз бұның бір ғана шарт, яғни әрбір бөліктің басқа бөліктерге көрсететін қызметі үшін, өз кезегінде олардың бәрінен, олардың арнайы қызметтерінің бір бөлігін алып отыру шарты орындалғанда ғана мүмкін екендігін көреміз. Ең алғаш экономистер қоғамдық құбылыс ретінде көрсеткен және биологтар органикалық өмір құбылысы ретінде танып, олар “физиологиялық еңбек бөлінісі” деп атаған еңбек бөлінісі – қоғамда да, жануарлар дүниесінде де – олардың әрқайсысын жанды бүтін ететін ерекшелік. Мен осы негізгі белгі жөнінде қоғамдық организм мен жеке организм бір-біріне өте ұқсас деп нық сеніммен айта алмаспын. Біз хайуанның өкпе қызметінің тоқтауы, оның жүрегінің де тоқтауына апарып соғатынын; асқазан қызметі мүлдем тоқтаса, басқа мүшелері де бірте-бірте өз қызметін тоқтататынын; мүшелер параличі, қорексіз қалғандықтан және қауіптен қорғана алмағандықтан, бүкіл дененің өліміне апарып соғатынын; тіпті көз сияқты кішкентай ғана мүшеден айрылу, басқа мүшелерді олардың сақталуы үшін өте маңызды қызметтен айыратындығын көргенде, – біз организмнің барлық бөліктері арасындағы өзара тәуелділік оның елеулі ерекшелігін құрайтынын мойындамай тұра алмаймыз. Нақ солай біз қоғамда да кен қазушылар қажетті материал беруді тоқтатқанда темірмен жұмыс істейтін жұмысшылардың да өз жұмысын тоқтатуға тиіс болатындығын; тігіншілер тоқымашылар мен жіп иірушілерсіз өз ісін жалғастыра алмайтындығын; тамақ өндіріп, таратумен айналысатын адамдар тобы өз қызметін тоқтатқан жағдайда мануфактуралық аймақтардың да өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болатындығын; бақылаушы өкімет – үкімет, қоғамдық орындар, соттар, полиция – бір тәртіппен ұстап тұрған бөліктер оларды өмір сүру үшін қажетті заттармен қамтамасыз етуін тоқтатқан жағдайда, тәртіп сақтау қабілетін жоғалтатынын көргенде, – біз қоғамда да барлық бөліктер арасындағы өзара тәуелділіктің организмдегідей қатаң екендігін мойындауға тиіспіз. Агрегаттардың бұл екі тобының басқа жағынан
айырмашылықтары қандай үлкен болғанымен де, бірақ осы негізгі ерекшелікке қатысты және одан келіп шығатындардың бәріне қатысты олар бір-біріне өте ұқсас. 218. Бүтіннің өмірінің оның құрамындағы өзара тығыз тәуелді бөліктердің қызметтерінің комбинациясынан қалай түзілетіндігін және осыдан келіп қалайша ұлттық өмір мен жеке тіршілік арасындағы ұқсастық шығатындығын бұдан да айқын көру үшін әрбір көзге көрінетін организмнің тіршілігі көзге көріне қоймайтын өте ұсақ бірліктердің тіршілігінен құралатындығына назар аудару керек. Бұл фактінің бұлтартпас дәлелін біз қызықты Myxomycetes тәртібін қарастырғанда табамыз. Саңырауқұлақтың бұл түрінің ұрықтары, біраз уақыт бойы барлық бағыттарда тоқтаусыз қозғалатын кірпікті бірліктерге айналады; содан соң олар түрін өзгертіп, амебаларға ұқсай бастайды; осы жаңа түрде олар тағы да әрі-бері қозғалып, қоректеніп, өседі және бөліну жолымен көбейеді. Содан кейін бұл амебаға ұқсас тіршілік иелері топ-топ болып бірлеседі және осы топтар тағы да бірігеді де, сөйтіп, кейде көзге көрінбейтін көлемдегі, ал кейде көлемі алақандай қоймалжың дене құрайды. Бұл пошымы қисық және көп жағдайда ішкі құрылысы қоймалжың, ал сырт көрінісі торкөз болып келетін plasmodіum-ды орасан зор тамыраяқтыға (rhіzopodes) ұқсас ететін қозғалыс оның біресе бір жағында, біресе екінші жағында пайда болады: ол шіріп жатқан заттардың үстінде баяу сүйретіліп жылжиды, тіпті кейде өсімдік сабақтарымен жоғары да өрмелейді. Сонымен, біз бұл жерде жаңа, біршама үлкен агрегат құру үшін біріккен ұсақ тіршілік иелерінің жиынтығын көреміз, ол агрегат құрамында олар өз ерекшеліктерін жоғалтқанымен, агрегаттың тіршілігі олардың тіршілігінің жиынтығынан тұрады. Басқа бір жағдайларда басында мүлдем бөлек болып, кейіннен ғана бірігу жолымен өзінің ерекшелігін жоғалтатын бірліктердің орнына, бір ұрықтың көбеюі жолымен дүниеге келіп, бір-бірінен ажырамайтын, бірақ әрқайсысының өзінің ерекше тіршілігі бар бірліктерді көреміз. Тірі губканың мүйіз талшықтары әрқашанда қоймалжың затпен оралып тұрады, микроскоптық
зерттеу көрсеткендей, ол зат қозғалысқа қабілеті бар бірліктерден түзілген. Губканы бүтін ретінде қарастыра отырып, біз оны тіршілік етпейді деп айта алмаймыз, себебі біз одан нақты ерекшеліктерге ие жеке агрегатқа ғана тән сан алуан қызмет түрлерін байқаймыз. Оның сыртында орналасқан кейбір амебаға ұқсас бірліктері қорғаушы қабатпен немесе терімен бітісіп кетіп, өз ерекшелігін біршама жоғалтады; оның сыртқы пішінін сақтауға қызмет ететін талшықты сүлдесі оның құрамындағы бірліктердің бәрінің әрекетімен жасалады; дәл солай, олардың бірлескен қызметі нәтижесінде оған су ағындары ұсақ тесіктерден сіңіп, үлкен тесіктер арқылы одан шығады. Осының бәрі губканың әлсіз де болса агрегативті өмірін айқын көрсетіп отырғанымен, алайда оның құрамындағы сансыз көп бірліктердің бөлек тіршіліктері оның бірлескен тіршілігіне шамалы-ақ бағынады: бұл бірліктердің бәрі қызмет бөлінісі енді ғана басталғандығының болар-болмас белгісі бар халық іспеттес. Немесе, профессор Гекслидің сөзімен айтсақ, “губка, тұрғындары көшелері мен қиылыстарының бойында тұрып, әрқайсысы жанында ағып жатқан судан опоңай тамақ ала алатындай су асты қаласы рөлін атқарады”. Тіпті дамыған хайуандардан да осы агрегативті тіршілік пен агрегат құрамындағы бөлек бөліктердің тіршілігі арасындағы қатынасты байқауға болады. Қан, құрамында қоректі заттармен бірге қан түйіршіктері деп аталатын сансыз көп тірі бірліктері бар сұйық болып табылады. Ол қан түйіршіктерінің әрқайсысының тіршілік тарихы бар. Даму барысының бірінші кезеңінде (тіршілігінің бұл кезеңінде ақ қан түйіршегі деп аталатын) олардың кез-келгені амебалар қозғалысына ұқсас дербес қозғалыс жасау қабілетіне ие болады; кейіннен қызыл диск түрінде болған кезде ол көзге түсетіндей әрекет етпегенмен, оның жеке тіршілігі жалғаса береді. Әйтсе де, мұндай жеке тіршіліктің болуын сол тіршілікті айқын білдіріп, сұйықтың ішінде еркін жүзіп жүретін бірліктерден басқаларға қатысты да дәлелдеуге болады. Мысалы, тыныс жолдарының ішкі жағы сияқты көптеген шырышты жерлер, кезкелгенінің бос жағында үнемі қозғалып тұратын бірнеше кірпікшесі бар бірбіріне тығыз жақын орналасқан ұсақ жасушалардың қабатымен қапталған. Бұл
кірпікшелердің қағылуы, қарапайым губканың денесінің барлық жағында бар көптеген тесіктерде тіршілік ететін бірліктердің кірпікшелерінің қағылуына өте ұқсас, және де губкада бұл кірпікті бірліктердің бірлескен әрекеті су ағынын белгілі бір бағытқа айдайтыны секілді, мұнда да кірпікті эпителий жасушаларының бірлескен қызметі оларды жауып тұратын шырышты сұйықты белгілі бір бағытқа айдайды. Егер біз осы эпителий жасушаларының кезкелгенінің жеке тіршілігінің бар екендігіне бұдан да көбірек дәлел келтіргіміз келсе, онда біз тағы бір дәлелді, оларды бір-бірінен бөліп, сұйыққа салған жағдайда “өздерінің кірпікшелерінің толқын тәріздес қозғалысының көмегімен айтарлықтай жылдамдықпен әрі-бері қозғала бастайтыны және ұзақ уақыт осы қозғалыста болатыны” фактісінен табар едік. Сонымен, қарапайым тірі ағзаны әрқайсысы жеке өмір сүріп жатқан, бөлек бірліктерден тұратын халық сияқты қарастыруға болатындығын және де олардың кейбіреулерінің тәуелсіздік дәрежесі өте жоғары болатындығын көре отырып, біз адамдардан тұратын халықты организм ретінде қарастыру жөн екендігін оңай түсінеміз. 219. Бірліктердің өмірі мен бүкіл агрегат өмірі арасындағы қатынастар біз қарастырып отырған жағдайлар үшін тағы бір ортақ ерекше белгі болып табылады. Құрамындағы барлық бірліктердің өмірі тікелей үзілмесе де, белгілі бір апаттың салдарынан агрегаттың өмірі үзілуі мүмкін; және керісінше, егер ешбір апат бірлестіктің өмірін еріксіз қысқартпаса, онда оның өмірінің ұзақтығы құрамындағы бірліктердің жеке өмірінен әлдеқайда ұзақ болады. Суыққанды хайуанның бөлігі болып табылатын кірпікті жасушалар хайуан қозғалыссыз өлі денеге айналғаннан кейін де ұзақ уақыт бойы өз әрекетін еш бұзбай жалғастыра береді; бұлшық ет талшықтары ұзақ уақыт бойы түрткінің әсерінен қысқару қабілетін жоғалтпайды; шығару органдарына жасанды жолмен қажетті мөлшерінде қан жеткізіп отырған жағдайда олар өз өнімдерін шығаруды жалғастырады; тіпті жүрегі бар бүтін органның құрылымдық бөліктері де хайуан денесінен жүрегін кесіп алғаннан кейін бірнеше сағат бойы өз әрекетін жалғастырады. Дәл осылай, халықты құрайтын бірліктердің бәрінің
қызметін тікелей тоқтатпай-ақ, халықтың ұжымдық өмірін құрайтын өнеркәсіптік қызметін, үкіметтік үйлестіруді және т.б. күш қолдану жолымен – мысалы, варварлардың басқыншылығы нәтижесінде – тоқтатуға болады. Ол бірліктердің кейбір топтары әсіресе, тамақ өндірумен айналысатын кең тараған топтар ұзақ уақыт бойы неғұлым алыс аймақтарда өмір сүріп, өздерінің төл қызметін жалғастыра беруі мүмкін. Және керісінше, екі жағдайда да агрегаттың тіршілігін ештеңе күштеп тоқтатпаса, оның өмірінің ұзақтығы құрамындағы жеке бірліктердің өмірінен әлдеқайда ұзақ болады. Ересек жануарды құрайтын әрбір ұсақ жанды бірлік пайда болады, дамиды, бүкіл дененің жалпы тіршілігінде өз рөлін атқарады, содан соң өліп, бұзылады да, басқасымен ауыстырылады, ал хайуан тұтас түрінде тіршілігін жалғастыра береді. Терінің төменгі (терең) қабатында бөліну жолымен үнемі жаңа жасушалар пайда болады: өскен сайын ол жасушалар сыртқы жаққа жылжиды, жалпақтанып сыртқы эпителийге айналады, және ақырында қабыршақтанып түсіп, орындарын төменірек жатқан жасырақ жасушаларға береді. Бауыр жасушалары заттарды сіңіріп, олардан өтті бөліп шығара отырып өседі, ақырында өледі де, олардың босатқан орындарын жас жасушалар тобы басады. Тіпті соншалықты қатты және өзгермейтіндеу көрінетін сүйектің де өне бойында ескірген құрылымдық бөліктерді жаңаларымен ауыстыруға арналған материалдарды жеткізетін қан тамырлары бар. Және де кейбір тіндерде жылдам, кейбірінде баяу жүретін бұл алмасу, бүкіл дененің тіршілігінің барысында, оның барлық бөліктері көптеген мәрте бұзылып, қайтадан қалпына келетіндей ауқымда жүреді. Дәл осындай жағдай қоғамда және оның бірліктерінде де дәл осы шамада болады. Бүкіл қоғам және оның әрбір үлкен бөлімі олардың құрамындағы жекелеген азаматтардың өліміне қарамастан, жылдар бойы бүтіндігін сақтап отырады. Белгілі бір өнеркәсіпті қалада орналасқан, жанды қоғамдық бірліктерден – адамдардан тұратын үлкен фабрика, өзінің жүз жыл бұрынғы қожайыны да, құрамындағы жұмысшылар да баяғыдан бері жер бетінде жоқ екендігіне қарамастан, халықтың белгілі бір сұранысын өтейтін белгілі бір өнімді шығаруын
жалғастыра береді және ғасыр бойы сол баяғы үлкен фабрика болып қала береді. Дәл осындай жағдай өнеркәсіптік құрылыстың бұдан маңызы төменірек жеке жағдайларына қатысты да орын алады. Өткен ұрпақтардан басталған танымал фирма өзінің ісін өзінің негізін алғаш қалаған адамның атымен жалғастыра береді; оның жекелеп алғандағы мүшелері мен қызметкерлерінің барлығы, бәлкім, көп рет ауысқан да болар, бірақ фирманың өзі өнеркәсіп әлемінде бұрынғы орнына ие болып, сатып алушылармен және сатушылармен бұрынғы қарым-қатынасын жалғастыра береді. Дәл осыны біз барлық жерден кездестіреміз. Жалпы да, жергілікті де сипаттағы үкімет мекемелері, рухани корпорациялар, әскер, тіпті гильдиялар, цехтар, клубтар, адамды қорғайтын қоғамдар және т.б. дейін, басқа да алуан түрлі мекемелердің өмірінің ұзақтығы оларды құрайтын адамдардың өмірінен әлдеқайда ұзақ екендігін көреміз. Бұл да аз. Нақ осы заңға сәйкес бүтін қоғамның өмірі оны құрайтын кейбір бөліктердің өмірінен әлдеқайда ұзақ болатынын көру қиын емес. Жеке одақтар, жергілікті қоғамдық ұйымдар, екінші дәрежедегі ұлттық мекемелер, белгілі бір ұлттық өнеркәсіппен айналысатын тұтас қалалар жойылып кетуі мүмкін, ал халықтың өзі үнемі бүтіндігін сақтай отырып, көлемі жағынан да, өз құрылысының күрделілігі жағынан да ұлғая береді. Осы екі жағдайда да біз әртүрлі бөлімдердің өзара алмастыруға келетін қызметтерінің кез-келгені көптеген бірліктер қызметінен тұратынын және ол бірліктердің бірінен соң бірінің өлуі мен олардың басқаларымен алмастырылуы олар қатынасқан қызмет барысына айтарлықтай әсерін тигізбейтінін көреміз. Бұлшық еттің өз кезегінде тозған әрбір элементі шығарылып тастап, жаңасымен алмастырылады, ал оның қалған элементтері бұрынғысынша өздерінің ортақ қысқаруын жалғастыра береді; дәл осылай белгілі бір қоғам қайраткерінің қызметінен кетуі немесе қайсы бір саудагердің өлімі ол қызмет еткен сауда мекемесінің немесе өнеркәсіп орнының бөлімінің қызметін елеусіз ғана бұзады. Осының нәтижесінде жеке организмдегідей қоғамдық организмде ол жеке бірліктерден құралғанмен, олардың өмірінен мүлдем ерекше болатын бүтіннің өмірі байқалады.
220. Қоғамдық және жеке организмдердің арасындағы осы ұқсастықтардан кейін біз олардың арасындағы үш үлкен айырмашылықты қарастыруымыз қажет. Жануардың барлық бөліктері бір нақты бүтінді құрайды; бірақ қоғамды құрайтын бөліктер нақты емес, бөлек-бөлек деп саналуға тиіс бүтінді құрайды. Жануарды құрайтын жанды бірліктер бір-бірімен тығыз байланысты және тікелей немесе тікелей дерлік сабақтас; ал қоғамды құрайтын тірі бірліктер, дербес, бір-бірімен тығыз сабақтаса қоймайды, бір-бірінен азды-көпті қашық болады. Осыдан кейін қоғам мен организм арасындағы қандай да бір параллелизм туралы ауыз ауыртып жатуға бола ма? Бұл айырмашылық айқын сипатта болып, тегінде, салыстыру мүмкіндігінің бәрін жоққа шығарғанымен, алайда мұқият жүргізілген зерттеу бұл айырмашылықтың маңызы бір қарағанда көрінетінінен кем екендігін дәлелдейді. Кейінірек мен осы айырмашылықтың бар екендігімен толық келісудің өзі, жоғарыда көрсетілген ұқсастықты мойындауға тіптен де қайшы келмейтін көрсетемін; бірақ қазір кез-келген адамның осы тұрғыдан алғанда бұл арада ұқсастықтың үстірт қарағандағыдан көп екендігі байқалатындығы сезілетіндігін қалай дәлелдей алатынын қарап көрелік. Бұны дәлелдегісі келген адам жануардың физикалық жағынан үздіксіз тәні барлық жерде жанды бірліктерден тұрмайды, ол көбіне басында жанды болған, бірақ кейіннен жартылай жансызданған немесе мүлдем жансызданған бөлекбөлек бөліктерден тұрады дер еді. Мысал үшін терінің астындағы протоплазмалық қыртысты-ақ алайық: бұл қыртыс шындығында жанды бірліктерден тұрады, бірақ онда пайда болатын жасушалар эпителий қабыршықтарына айналып, инертті қорғау аппаратына айналады деуге болады; содан кейін сол қыртыстан пайда болатын сезу қабілеті жоқ тырнақ, шаш, мүйіз, тістерді көрсете отырып, организмнің құрылымдық бөлігі болса да, алайда оларды жанды бөліктер деп атау қиын екендігін үстеуге болар еді. Осы бағытты ұстай отырып, бұны дәлелдегісі келген адам, организмнің барлық басқа бөліктерінде де әртүрлі органдарға айналатын тіндер өсіп шығатын сондай протоплазмалық қыртыстар бар, бұл қыртыстар ғана едәуір
жанды болып қала береді, ал олардан өсіп шығатын аппараттар өздерінің мамандану деңгейіне сәйкес жансызданады дер еді; мұның дәлелі ретінде ол жанды екендігі әзер байқалатын шеміршек, сіңір және дәнекер болып тұратын тінді мысалға келтірер еді. Осының бәрінен ол жануар денесі үздіксіз бүтін нәрсені құрағанымен, оның бөлек алып қарастырылған маңызды бірліктері ондай үздіксіз бүтінді протоплазмалық қыртыстар бар жерлерде ғана құрайды деген қорытынды жасй алар еді. Содан кейін ол, дұрыс қарасақ, әлеуметтік организм үзіктігі яки немесе дискреттігі бір қарағандағыдан едәуір кем екендігін дәлелдеп бағар еді. Ол жеке механизмге оның жанды бөліктерімен қатар бүкіл бүтіннің барлық іс-әрекетіне өз үлесін қосатын шалажансар немесе мүлдем жансыз бөліктерді қосатынымыздай, біз дәл солай қоғамдық организмге де тек ең өміршең бірліктерді ғана емес – яғни, онда байқалатын басты себепкер болатын адам баласын ғана емес, өмір сатысында төмен тұрып, адамның үздіксіз бақылауымен оған барынша септігін тигізетін әртүрлі үй жануарларын да, сонымен бірге одан да төмен тұрған агрегаттарды адамның ықпалымен және көмегімен өсіп-өніп, адам мен жануарлардың іс-әрекетіне қажетті заттармен қамтамасыз ететін өсімдіктерді де қосуымыз керек дер еді. Мұндай көзқарасын қорғау үшін ол бұл төменгі топтардағы организмдердің қандай мөлшерде адамдармен қатар қоғам құрамында тіршілік ететіндігін, олардың қоғамның сипаты мен қызметіне қандай әсер ететіндігін, малмен күн көретін халықтардың әртүрлі ерекшеліктері ұстайтын малдың түрімен қандай дәрежеде байланысты екендігін және отырықшы қоғамдарда азық, жіп иіру мен тоқу үшін шикізат т.б. болатын өсімдіктер қоғамдық құрылымның белгілі бір ерекшеліктерін, әр алуан қоғамдық іс-әрекеттердің белгілі бір түрін анықтайтынын көрсетер еді. Осының бәрін көрсете келіп, ол былай дер еді: адамның дене және рухани ерекшеліктері де, сонымеен бірге олардың күнделікті іс-әрекеттері де белгілі бір шамада осы адамдардың көмегімен тіршілік етіп, сонымен қатар адамдардың күн көрісіне жәрдемдесе отырып, қоғамдық өмірге сіңісіп кететіндігі сондай, тіптен заң шығарушылардың қамқорлығына алынған жануарлар мен өсімдіктердің ықпалымен
қалыптасатындықтан, әділін айтқанда бұл төменгі сатыдағы тіршілік иелерін қоғамдық организм туралы түсініктен тыс қалдыруға болмайды. Айтылғанның бәрін қорытындылай келе, ол мынадай байлам жасай алар еді: егер қоғамның құрамына адамдармен бірге оның басқа да өміршеңдігі кем бірліктерінің бәрін яғни қоғам алып жатқан жерде өсіп өнетін жануарлар мен өсімдіктерді қоссақ, онда бөліктерінің арасындағы байланыс біз жеке-дара организмнен көрген байланысқа бір қарағанда байқағанымыздан әлдеқайда жақын агрегатты көрер едік. Мұның үстіне, бұл жағдайда қоғам организмге өміршеңдіктің әртүрлі төменгі сатыларынан тұратын бірліктердің ауқымды агрегатына кіретін, өміршеңдіктің жоғарғы сатысындағы бірліктерден тұратын жергілікті агрегаттардан құралғандығымен де ұқсас болады; және де бұл төменгі сатыдағы бірліктер белгілі бір мағынада жоғарғы сатыдағы бірліктердің арқасында пайда болып, өзгеріп отырады және олардың ықпалымен кеңістік пен уақытта белгілі бір орын алады. Айтпақшы, тіпті бұл көзқарасты құптамай-ақ, бірақ қоғамдық организмнің бөлек-бөлек жеке организмнің бүтіндігіне күрт қарама-қайшылықта екендігін әбден мойындай отырып, біз де жоғарыда келтірілген қарсы пікірді оп-оңай жоққа шығару мүмкіндігі бар. 221. Жеке организм бөліктерінің үздіксіз байланысы оның өмір сүруінің себебі болатын бөліктердің өзара кооперациясының қажетті шарты болғанымен, және қоғамдық организм мүшелері нақты бір бүтіндік құрамай, бір бөліктен екінші бөлікке тікелей берілетін физикалық ықпал арқылы ондай өзара кооперацияға жете алмайтынымен, алайда олар ондай кооперацияға басқа жолмен жете алады және шынында да жетеді. Олар өзара тікелей жанаспағанымен, араларындағы буындар арқылы ауызша және жазбаша сезім тілі мен ақыл тілі көмегімен бір-біріне ықпал етеді. Бір-біріне өзара тәуелді қарекеттерді орындау үшін, бір-біріне сапа, сан және уақыт жағынан икемделген түрткілік импульстар бір бөліктен екіншісіне беріле алуы қажет. Тіршілік иесінде бұл талап ерекше молекулалық толқындар арқылы орындалады, олар тіршілік иелерінің дамымаған түрлерінде жан-жаққа түгел
тарайды, ал жоғарғы дамыған түрлерінде белгілі бір нақты жолдармен беріледі, бұл қызмет айтулы дәнекер деген атқа ие болды. Қоғамдарда бұл талап алғашқы кезде оншама анық емес және қысқа қашықтыққа ғана, ал кейіннен анық және едәуір қашықтыққа бір адамнан екінші адамға берілетін сезім мен ойды шартты белгілер түрінде білдіретін таңбалардың көмегімен орындалады. Басқаша айтқанда, бұл жерде тікелей физикалық әсер ету арқылы іске асыруға болмайтын дәнекерлік қызмет тіл арқылы атқарылады. Сонымен, бұл жерде де, ұйымды құрайтын бөліктердің өзара байланысы тиімді қалыптасады. Және де әлеуметтік организм нақты емес, бөліктерден құралатынымен, осынау жағдай оны нағыз өміршең бүтінге айналдырады. 222. Біз қазір ғана қарастырған қарсы пікір және оған қайтарылған жауап бізді жанама түрде қоғам мен организм арасындағы басқа бір қарамақарсылыққа – өте айрықша мағынасы бар және негізінен біздің қоғамдық өмір іске асырмаққа талпынуға тиіс мақсатқа қатысты идеямызға ықпал ететін қарама-қарсылыққа жетектейді. Қоғамдық организмнің бөліктерге бөлінетіндігі қызметтердің бөлінуі мен бөліктердің өзара тәуелділігіне кедергі болмағанымен, алайда ол сол бөлінудің бір бөліктің сезу мен ойлау мүшесі болып, ал басқа бөліктер оның есесіне сезімталдығын мүлдем жоғалтуына дейін баруына жол бермейді. Қай топқа жатса да жоғары дамыған жануарлар дамымаған хайуандардан нерв жүйесінің салыстырмалы күрделілігімен және оның кірігуінің салыстырмалы мінсіздігімен ерекшеленеді. Дамымаған түрлердің ұсақ та бытыраңқы нерв түйіндері басқа аппараттардың игілігі үшін ғана өмір сүреді деуге болса, дамыған түрлердің шоғырланған түйіндері, керісінше, басқа аппараттар олар үшін өмір сүретін аппарат болып табылады. Дамыған нерв жүйесі бүкіл дененің қаракетін оның бүтіндігін сақтайтындай етіп басқарғанымен, алайда бұл қаракеттердің түпкі мақсаты нерв жүйесінің өзінің игілігі болып табылады. Өйткені белгілі бір органға тигізілген зиян нерв жүйесіне тікелей немесе кейіннен күйзеліс әкелетіндіктен немесе оны белгілі бір рахаттану сезімінен айыратындықтан ғана маңызға ие болады. Бірақ қоғамның бөлінетіндігі онда
осындай жіктелудің тым шетін болу мүмкіндігін терістейді. Жеке организмде оның жанды ұсақ бірліктерінің көбі тұрақты түрде бір шекте болады; олардың көбісі бір жерде пайда болып, өсіп, қарекет етіп, көбейіп, өледі, содан кейін бұл бір жерде тұрақты орныққан барлық бірліктердің әрқайсысы сансыз ұрпақтардың ғұмыры бойы өз қызметіне бейімделеді деуге болады, сондықтан олардың кейбіреулері ерекше сезімтал, ал басқалары мүлдем сезінбейтін болады. Бірақ әлеуметтік организмде біз басқа нәрсені байқаймыз. Оның құрамдас бөліктері, тікелей жанасып жатпағандықтан және өздерінің салыстырмалы жағдайында тапжылмай тұрмағандықтан, біреулері сезімталдығын мүлдем жоятындай, ал екіншілері сезім біткенді меншіктеп алатындай болып жіктеле алмайды. Шынына келгенде бұл арада да сондай жіктелудің болар-болмас іздері бар. Адам баласы бірдей себептерден туындайтын түйсіну мен сезіну тереңдігі жағынан бір-біріне ұқсас емес: біреулерінде өте қатыгездік, екіншілерінде айтарлықтай сезімталдық байқалады. Осы сияқты қарама-қарсылықтар белгілі бір қоғам шеңберінде, тіпті мүшелері бір нәсілден болған жағдайда да, үнемі байқалып отырады; бірақ әсіресе мүшелері екі түрлі нәсілден – басыңқы және бағыныңқы нәсілдерден – шыққан жағдайда байқалады. Қол еңбегімен айналысып, қиын өмір сүретін адамдардың сезімталдығы ой еңбегімен айналысатын, тұрмысы жақсы адамдардан гөрі кем болады. Бірақ қоғамдық организмнің реттеуші (үкіметтік) аппараттары жеке организмнің реттеуші аппараты сияқты шынында да бірден-бір сезіну орны болуға тырысқанымен, алайда бұл талпыныс қызметтің тұрақтылығына жетектейтін физикалық үздіксіздіктің болмауынан үнемі тежеліп отырады; ол сондай-қа тіпті қол еңбегімен айналысатын адамдардың да өз міндеттерін жөндеп атқаруы үшін үнемі сезінуі қажеттігімен де тежеледі. Сонымен, организмдердің осы екі түрінің арасындағы негізгі айырмашылық мынада. Біріншісінде сана агрегаттың бір кішігірім бөлігінде шоғырланған. Екіншісінде сана бүкіл агрегаттың бойына таралған: оның барлық бірліктері бір дәрежеде болмаса да, бірдей дерлік рахат пен қиналуды
сезінуге қабілетті. Демек, мұнда қандай да бір “қоғамдық сезіну орнына” ұқсас ештеңе жоқ, сондықтан өзін құрайтын бірліктердің жағдайынан тәуелсіз қарастырылатын агрегаттың жағдайын ешқашанда қоғамдық ұмтылыстың мақсаты деп есептеуге болмайды. Қоғам өз мүшелерінің игілігі үшін өмір сүреді, мүшелер қоғам игілігі үшін өмір сүрмейді. Саяси агрегаттың жағдайын жақсартуға бағытталған қанша күш жұмсалса да, ол саяси агрегаттың өзінің ғана дәмесінің бәрі түк емес, олар сол агрегатты құрайтын бірліктердің талаптарына неғұрлым сәйкес келген сайын ғана мән-мағынаға ие болатындығын есте ұстау керек. 223. Алдыңғы уәждердің жалғасынан гөрі, одан ауытқу болып саналуға тиіс осы соңғы ойды түйіндей келе, біз енді кері оралып, бізді қоғамға организм ретінде қарауға мәжбүр ететін әрқилы дәлелдерді қысқаша атап өтелік. Қоғамда үнемі өсу құбылысы орын алған. Қоғамның өсу шамасына қарай оның бөліктері бір-біріне ұқсастығын жоғалта түседі де, құрылыстың күрделілігінің өскенін көрсетеді; сонымен қатар осы ұқсамайтын бөліктер ұқсамайтын қызметтерді атқара бастайды; ол қызметтер әртүрлі ғана емес, олар бір-бірімен бірін-бірі мүмкін ететін байланыста болады; осылайша пайда болатын өзара көмек қоғамның барлық бөліктерінің бір-біріне тәуелділігін туындатады; және де осы бір-біріне тәуелді бөліктер бір-бірінің көмегімен және бір-бірі үшін өмір сүре отырып, жеке организм құрылған сол бір жалпы негізде агрегат құрайды. Қоғам мен организм арасындағы ұқсастық біз кез-келген біршама көзге түсетіндей көлемдегі организмді қоғам деуге болатындығын, және де, екі жағдайда да агрегаттың өмірі қалай болса да күшпен кенеттен үзілгеннен кейін бірліктердің өмірі әлі біраз уақыт бойы жалғасатындығын және екі жағдайда да агрегаттың өмірі зорлықпен үзілмеген жағдайда оның бірліктерінің өмірінен едәуір ұзақ болатындығын білгеннен кейін бұрынғыдан да айқын бола түседі. Біз салыстырып отырған агрегаттардың біреуі біріккен, ал екіншісі бөлінген болуы осы екі түрлі ұйымдасудың жететін мақсаттарының да әртүрлі болуына жетектейді, бірақ осы екі түрлі ұйымдасу үшін әрқайсысындағы ұйым жететін мақсаттардың айырмашылығын туғызғанымен,
ұйымдасу заңдары бірдей болады; себебі әрбір ұйымдасудың қажетті шарты – организмнің барлық бөліктерінің бір-біріне ықпал ету мүмкіндігі қоғамда да болады, ол мүмкіндік қоғамда тікелей емес, жанама түрде іске асырылады. Сонымен, бізді қоғамға организм ретінде қарауға мәжбүр ететін дәлелдерді жалпылама түрде қарастырғаннан соң, бұл салыстыруды егжей-тегжейіне дейін қарап шығуға дайындығымызды жеткілікті деп есептеуімізге болады. Біз бұл ұқсастықты неғұрлым терең қарастырған сайын, солғұрлым оның дұрыстығына сеніміміз арта түсетінін көреміз.
ІІІ тарау
Қоғамдық өсу
224. Тіршілік иелері сияқты қоғамдар да ұрықтардан пайда болады, яғни олар өздерінің кейіннен жеткен көлемдерімен салыстырғанда тым ұсақ топтардан бастау алады. Ең үлкен қоғамдар кезінде біз қазір ең дамымаған адамзат нәсілдерінен кездестіретін шағын көшпелі тайпалар сияқты тайпалардан шыққандығын ешкім жоққа шығара алмайды. Тарихқа енбеген халықтардың құралдары мен бұйымдарының қазіргі жабайы адамдардың құралдары мен бұйымдарынан да тұрпайы екендігі, оларда адамдардың көлемді топтарға жиналуын бірден-бір мүмкін ететін өнердің болмағандығын көрсетеді. Ежелгі тарихи нәсілдердің рәсімдерінде көне заманнан бері сақталып келе жатқан кейбір діни салт-жоралғылары өркенияттың сол нәсілдердің атабабалары шақпақ пышақ қолданып, ағаштан от шығаратын, сондықтан да егіншілік пайда болғанға дейін ғана өмір сүре алған кіші-гірім топ болып өмір сүруге мәжбүр болған кезеңдерді көрсетеді. Бұл фактілердің барлығының мәні тікелей және жанама кірігу үрдісінің ғасырлар бойы көлемі адамзат тарихының ежелгі дәуірінде өмір сүрген ұсақ қоғамдық бірлестіктерден миллиондаған есе артық қоғамдық бірлестіктерді туғызғандығында жатыр. Осылайша, қоғамның өсуі өзі жететін көлемі жағынан тіршілік иелерінің өсуіне ұқсас келеді.
225. Қоғамдық дамудың бұл белгісі органикалық дамудың осындай белгісіне мына жағынан да ұқсас: екі жағдайда да әртүрлі топтағы агрегаттардың өсуі мүлдем әртүрлі дәрежеде болады. Хайуандар түрлерінің бәрін шолып өтсек, ауқымды Protozoa тобының мүшелері кез-келген дамыған хайуан дамуын бастайтын өте ұсақ көлемнен сирек асатынын көреміз. Саны көп және әртүрлі Coelenterata тобының дене көлемі шағын гидра мен үлкен медуза көлемдерінің аралығында болады. Тікенектілер мен жұмсақ денелілердің ең үлкен және ең кіші өкілдерінің дене көлемінің айырмашылығын өте зор деп есептеуге болады. Сондай-ақ орташа алғанда басқа түрлерден ірілеу болып келетін омыртқалылардың да жеке мүшелерінің көлем айырмашылықтары орасан. Адамзат қоғамдарының бүкіл жиынтығын шолып шықсақ та бізді өсу жөніндегі осындай айырмашылықтар таң қалдырады. Жер шарының көптеген аймақтарында ұсақ, шашыраңқы ордалар бар – ол қазірге дейін сақталып қалған алғашқы қауым түрлері. Мәселен, кейде бөлек жұп болып өмір сүріп, андасанда ғана кішігірім топтарға бірігетін орман веддахтары бар; сонымен қатар жекелеген отбасылар болып, шөл даланы кезіп жүретін, кей кездерде ғана кездейсоқ ірілеу топтарға бірігетін бушмендер бар; және он шақты адамнан ғана, кейбір жағдайларда жиырма адамнан бірігіп тұратын отжерліктер бар. Австралиялықтар, тасманиялықтар, андамандықтарда бөлек тайпа мүшелерінің саны жиырма–елу адам аралығында болады. Мекен етілген жері адам үшін аса қолайсыз эскимостарда да, тұрмысқа қажет кәсіптердің әлсіз дамуы өсіп-өнуіне кедергі келтіретін даггер тайпасының үндістерінде де, қоғамдық дамуына өзінен неғұрлым жоғары дамыған көршілес тайпалар тарапынан кедергі жасалатын джуангтар сияқты Үндістандағы кейбір таулы аймақ тайпаларында да осы алғашқы қауымдық мөлшермен шектеулі аз сандылықты көреміз. Бірақ шұрайлы жер көп өнім беретін және отырықшы өмір салты егіншілікті туғызып, азық көбейетін жерлерде, мысалы, Полинезия аралдарында және Африканың көптеген аймақтарында үлкен қоғамдық агрегаттар бар. Онда кейбір жерлерде жүз, екі жүз, ал кей жерлерде бірнеше мың, тағы бір жерлерде
көптеген мың адам біршама жетілген түрде бірігіп өмір сүріп, азды-көпті халықты құрайды. Және де, ақыр соңында, неғұрлым жоғары дамыған қоғамдарда біз ішінара топтасқан мыңдардың орнына әбден топтасқан миллиондарды көреміз. 226. Жеке организмнің өсуі мен қоғамдық организмнің өсуі бір-біріне тағы бір жағынан ұқсас. Бұл жағдайлардың әрқайсысында көлем кейде бөлек, кейде бірге орын алатын екі үрдіс арқылы өседі. Көлем алдымен топтардың ұлғаюына жетектейтін бірліктердің ғана көбеюі арқылы немесе қалыптасып үлгерген топтардың қосылып кетуі арқылы өседі, және де осындай тәсілмен пайда болған топтардың топтары қайтадан қосылады. Екі жағдай үшін де бірінші тәсілдегі ұқсастық өте қарапайым, сондықтан ол түсіндіріп жатуға мұқтаж емес; ал екінші тәсіл өзі байқалатын фактілермен түсіндірілуге тиіс. Органикалық кірігу “Биология тұғырларында” (180–211 т.т.) толық қарастырылған болатын; бірақ біздің салыстыруымыз түсінікті болуы үшін, оны қысқаша қайталап өтуге тиіспіз. Ең алдымен өсімдіктер әлеміндегі бірінші, екінші және т.б. дәрежедегі органикалық топтасуларға назар аударайық, себебі мұнда ол топтасуды ізерлеу неғұрлым оңай болады. Ең төменгі дәрежедегі өсімдіктер біресе ақпайтын суды бояйтын, біресе әртүрлі дымқыл заттардың үстінде пайда болатын жасыл қабықшаға айналатын өте ұсақ жасушалар ғана болып табылады. Ондай жасушалардың бірігуі арқылы нәзік жіптер, дөңгелектер, шарлар және т.с.с., сондай-ақ пошымсыз немесе жұқа денелер пайда болады. Сондай жұқа масса теңіз балдыры сияқты ешқандай түрлерге жіктелмеген кезінде мүк қабаты (thallus) деп аталады, ал кейбір өзінен жоғары дамыған тіршілік иелері сияқты қандай да болмасын ішкі құрылысы болған жағдайда ол жапырақ, немесе вайя (frond) деп аталады; бірақ бірінші жағдайда да, екінші жағдайда да ол дене біз басында атап өткен бір жасушалы протофиттердің қомақты болғанымен, қарапайым тобын құрайды. Ондай жапырақшалар бір-бірімен қайтадан қосылып, кейбір дамымаған құпия некелілер уақытша ғана, ал жоғарғы сатыдағылар неғұрлым тұрақты топтарға бірігеді де, бір-бірімен жылжығыш сабақ арқылы біріккен бірнеше жапырақ
беті пайда болады. Содан ашық некелі білік, яғни жапырақ органдары, немесе жапырақтары бар сабақ пайда болады. Басқаша айтқанда, мұнда тұрақты болып табылатын топтар тобы орын алады. Содан соң ол біліктен сыртқы біліктер тарап, олардан қайтадан бұтақтар мен бұтақшалар және т.с.с. айналған кезде неғұрлым жоғары сатыдағы күрделі органикалық топтасулар пайда болады. Хайуандар әлемінде де осындай жағдай қайталанады, бірақ ол неғұрлым бұрысырақ және жасырын пошымда өтеді. Ең кіші өсімдік сияқты ең кіші жәндік те тірі молекулалардың, немесе физиологиялық бірліктердің кішкентай ғана тобы болып табылады. Осы ең кіші жәндіктер көптеген әрқилы пошымдар мен дәрежедегі жәндіктердің жаңа топтарын құрайды. Кейбір жағдайларда, мысалы, күрделі Vortіcellae және губкаларда олар құрған агрегаттың ерекшелігі олардың өз ерекшелігін тіпті дерлік жоймайды; бірақ күрделі агрегат ілгері дамыған сайын, оны құрайтын агрегаттардың ерекшеліктері барған сайын көмескілене береді. Мәселен, кейбір Coelenterata-ларда олар едәуір дербестікті сақтағанымен – бұл жағдайды, өз агрегатынан бөлінген кезде олардың амебалар сияқты қимылдайтынынан көруге болады, – олардың ерекшелігі айтарлықтай дәрежеде өздері құрған агрегаттың ерекшелігіне сіңіп кетеді, бұның қарапайым мысалы ретінде гидраны келтіруге болады. Осынау тума агрегаттардың бірігуінен дәл осындай жолмен үшінші тума агрегаттар пайда болады. Бұл үрдістің әрқилы пошымдары мен фазаларын Coelenterata секілді көптеген тұрпаттарда байқауға болады. Бұл арада біз жеке полиптер өз ерекшелігін сақтайтын, ал ортақ полип ұясы оларды тек бірге ұстап тұруға қызмет ететін бұтақты гидраны айтып отырмыз; бұл арада сондай-ақ Velella сияқты пошымдар да бар, оларды құрайтын полиптердің өзгеруі мен бірігіп кеткені соншалық олардың ерекшелігі зерттеушілер назарынан ұзақ уақыт бойы тыс қалып келді. Mouscoіda арасында біз шамалы ғана байланысқан үшінші тума агрегаттарды – Salpіdae отрядынан көреміз, онда осы үшінші тума агрегаттың тұтасып кетуі оны құрайтын екінші дәрежелі бірлестіктердің ерекшелігін мүлдем жойып жіберді. Дәл осыны біз кейбір сақиналы тұрпаттардан да
(Annulosa) және, мен бұрынырақ дәлелдеуге тырысқанымдай, жалпы барлық Annulosa-лардан да көреміз. Қоғам әртүрлі дәрежедегі қоғамдық топтардың осыған ұқсас қосылып кетуі жолымен өседі. Бастапқы қоғамдық топ органикалық даму басталатын физиологиялық агрегаттардың бастапқы тобы сияқты жай ғана өсу арқылы айтарлықтай мөлшерге ешқашан жете адмайды. Өмір сүруге қолайсыз жері беретін табиғи азықтың аздығы жиырма шақты адамнан асқан топтың бірігіп өмір сүруіне кедергі келтіретін отты жерліктерден; немесе бір жағынан – ну орманмен, екінші бір жағынан – теңізбен шектелген тар жағалауды мекен етіп, өздеріне қажетті азықты қонысынан алыс ұзамай тауып, өмір сүруі үшін санын қырықтан асыра алмайтын андамандықтардан; немесе ең ұсақ тайпалар ғана өмір сүре алатын және кейде бөлек отбасы да “бәріне жететіндей азық бір жерден табылмағандықтан, әр тарапқа шашырауға мәжбүр болатын” шөл даланы мекен еткен бушмендерден көргеніміздей шектеулі жағдайларды қарастыра отырып, – біз барлық осы жағдайларда өсуі кезінде топ белгілі бір бұлтартпас шектерге тап болатындығын және оны өткеннен соң пайда болған артық жандарды өзінен бөліп, бастапқы топқа ұқсас басқа кіші-гірім топ құрып, басқа жаққа жіберуге мәжбүр болатындығын көреміз. Тіпті біршама шұрайлы аймақтарда да қоғамдық топтар біраз уақыттан кейін осындай бөліктерге бөлінуге мәжбүр болады. Саны өскен сайын тағы тайпа соғұрлым кең таралып, соңында оның әр бөліктері өзара байланысын жоғалтып, тәуелсіз топтарға бөлініп кететіндей, және де бір-біріне ұқсастығын жоғалтқан диалектілері әр түрлі тілдерге айналып, өздері де әр түрлі тайпаларға айналатындай кең тарайды. Көбінесе бұл үрдіс осылайша қайталанып отырады. Тайпалардың өзара қақтығыстары, олардың бірінің жойылып, кішіреюі, ал екіншілерінің өсіп, өздігінен таралуы ғасырдан ғасырға шексіз жалғаса береді. Осы ұсақ қоғамдардың бірігуі арқылы ғана үлкендеу қоғам пайда болады; және де бұл үрдіс нәтижесінде бұрынғы таралудан пайда болған бөлінулер жойылмайды. Бұл үрдістің әртүрлі сатылары бұрынғы және қазіргі мәдениетті нәсілдердің ата-бабаларының өмірінде болғандай-ақ түрде қазір де кейбір мәдениетке
жетпеген нәсілдерден көрініс тауып отырады. Ең төменгі нәсілдер өмірінен байқалатын ұсақ тайпалардың шектелмеген тәуелсіздігінің орнына даму жолымен біршама ілгерілеген тағыларда ірілеу тайпалар арасында, әлсіз де болса, байланыс байқалады. Солтүстік Америкада әрбір үлкен команчи тайпасы бір-бірімен Ұлы Көсемнің жеке беделінен туындаған байланыста тұрған көптеген топтардан құралған. Бертонның сөзіне қарағанда, дакоттар тайпасы, Кэтлиннің пікірінше, саны қырық екіге жететін кішігірім топтарға бөлінген жеті негізгі топтан тұрады; сондай-ақ бес ирокез халқының әрқайсысы сегіз тайпаға бөлінеді. Жақсы жағдайда осы бір-бірімен әлсіз байланысқан бастапқы топтардан неғұрлым тығыз біріккен одақтар құрылады; бірақ ол одақтар өте сирек жағдайларда тұрақты болады. Бұл үрдістің ең қарапайым түрін Масон өзінің карендер туралы жазғандарында берген: “Жері кедей әрбір деревня тәуелсіз мемлекет болып табылады, және де әрбір көсем дербес билеуші; бірақ кейбір уақыттарда олардың арасынан бір Наполеон шығып, корольдікті өзіне бағындырады да, империя құрады. Бірақ ондай династиялар тарих сахнасынан өзінің негізін қалаушысымен бірге кетеді”. Мұндай жағдайды біз Африкадан да байқаймыз. Лингвистон былай дейді: “Бұрын барлық маганджийліктер өздерінің ұлы көсемі Ундидің қол астында болған...; бірақ Унди қайтыс болысымен, оның королдігі бөлініп-бөлініп кетті... Мұндай ыдырау ежелден кез-келген Африка империясының тағдырына жазылған нәрсе”. Айтарлықтай ұзақ уақыт бойы байланыстарын сақтай алатын күрделі қоғамдық агрегаттар кездейсоқ пайда болады, оларға мысалы, бір ортақ патшаға феодалдардың бағынғаны сияқты бағынған ұсақ мемлекеттердің жиынтығы болып табылатын Дагомея королдігін немесе Ашантилер корольдігін жатқызуға болады. Мадагаскар мен әр түрлі Полинезия аралдарының тарихынан біз осындай уақытша сипаттағы күрделі қоғамдық топтарды ұдайы көреміз, және де кейбір жағдайларда олардан ақыр соңында тұрақты топтар қалыптасады. Өшіп кеткен мәдениетті халықтар да өздерінің көне замандағы тарихында осы сатылардан өткен. Маспероның айтуы бойынша, Египетте “басында көптеген тайпалар қоныс тепкен, кейіннен олар
бір кезеңде, әр жерде заңдары мен діні бөлек шағын тәуелсіз мемлекеттерге біріге бастаған”. Гректерде пайда болған бастапқы күрделі қоғамдық топтар әлсіз қалаларды олардың күштірек көршілерінің бағындыруы нәтижесінде пайда болған шағын топтар болды. Ал Солтүстік Еуропаның пұтқа табынушылық кезеңінде, әрқайсысы кантондарға бөлінген көптеген герман тайпалары бірігудің осы екінші сатысының үлгісі болды. Осындай күрделі қоғамдар мейлінше ынтымақтасқан кезде осы үрдістің бұдан да ауқымды қайталануы әдетте ішкі байланысы тым әлсіз, ал кейде тығыз байланысқан және берік агрегатқа айналған екі есе күрделі қоғамның құрылуына әкеледі. Ертедегі Египет құрамындағы оны мекендеген тайпалардың бірігуі арқылы құрылған ұсақ мемлекеттер кейін екі княздікке – Жоғарғы Египет пен Төменгі Египетке біріккен, ал осы соңғылары, өз кезегінде, бір мемлекетке бірігіп, бұрынғы ұсақ мемлекеттер оның провинцияларына айналған дейді Масперо. Месопотамия патшаларын дәріптеген шежірелер де бұрынғы тәуелсіз одақтардың осылай жұмылып бірігуі туралы сөз етеді. Сондай-ақ алғашында тек жергілікті сипатта болған Грекиядағы да кірігу кейіннен барлық шағын қоғамдарды екі үлкен конфедерацияға тарта бастады. Христиан дәуірінің басталуына дейін де, одан кейін де, Еуропада нақ осындай үрдіс орын алған еді. Рим империясы кезінде көптеген тайпалар қорғаныс мақсатында федерациялар құрған; уақыт өте келе бұл федерациялар әбден нығайып, кейіннен ауқымдырақ агрегаттардың құрамына кірді. Кейінгі замандарда екіұшты және тұрақсыз бірлестіктер кезеңінен кейін ұсақ феодалдық аймақтардың провинцияларға, ал соңғыларының – корольдіктерге бірігуі басталды, оны біз, мысалы, Франция тарихынан көреміз. Демек, органикалық дамудан да, қоғам дамуынан да, біз біртіндеп күрделілене түсетін осы қосылу, немесе бірігу үрдісін көреміз. Екі жағдайда да, ең ұсақ агрегаттар біршама бірікеннен кейін, алғашқыларын ортақ бір топқа қосу арқылы, ең ірі агрегаттардың құрылу үрдісі жүреді; екі жағдайда да, осы үрдістің қайталануы екінші агрегаттарды үшінші қатардағыларға айналдырады.
227. Органикалық өсу мен қоғамның өсуін салыстыру бізге тағы бір ұқсастықты көрсетеді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, топтың мүшелерінің санының көбеюі басқа топтармен қосылумен қатар жүріп жатуы мүмкін; шынында да, көрсетілген екі жолмен бір мезгілде өсіп-өну салыстырылып отырған екі жағдайда да байқалады. Хайуандар әлемі мен қоғамдағы бастапқы топтар көлемі жағынан шағын әрі тығыз бірікпеген топтар болды. Дамымаған тіршілік иелері өздерінің санымен салыстырғанда өте үлкен кеңістікті иеленеді; дәл осылайша дамымаған қоғамдар құрамындағы адамдардың санымен салыстырғанда әлдеқайда кең жерді алып жатады. Хайуандар әлеміндегі бірігу хайуандардың шоғырлануы мен санының өсуінен көрінетіндей, жекелеген топтардың қосылуының нәтижесі болып табылатын қоғамдық бірігу де, әрбір топтың мүшелерінің санының өсуімен де толығады. Егер біз тағы тайпалар мекендейтін аймақтардағы халықтың санын дәл сондай көлемдегі еуропалық аймақтардағы халықтың санымен немесе гепархия1 кезіндегі Англия халқының орналасу тығыздығын оның халқының бүгінгі орналасу тығыздығымен салыстырсақ халықтың, жекелеген топтардың қосылуының нәтижесінде өсумен қатар мұнда бос жерлерге қоныстану арқылы да үнемі өсу болғанын көреміз. Дамыған хайуан дамымаған хайуаннан тек үлкен ғана емес, тығыз денелі де болады; дамыған қоғамды дамымаған қоғаммен салыстырудың да нәтижесі осындай болады. Сонымен, қоғамның өсуі, тіршілік иесінің өсуі сияқты, дамудың негізгі қасиетін екі жағынан көрсетеді. Осы екі жағдайдың қайсысында болмасын бірігу екі түрлі: массаларын өсіруде де, осы массаның бөліктерінің тығыз жақындасуының нәтижесінде берік бола түсуінен де көрінеді. Әйтсе де, қоғамның өсуінің органикалық өсуге тіптен ұқсамайтын жолы бар екендігін – ол көшіп-қону арқылы немесе бір қоғам мүшелерінің екінші қоғамға өтуі арқылы өсу екендігін айта кеткен жөн. Көптеген дамымаған және
1 Гепархия – “Жетіпатшалық” (грек.) Англия VІ ғасырдың аяғы – VІІ ғасырдың бас кезінде жеті дербес королдікке бөлінген (ред.)
кейбір дамыған топтарда осы жағдайдың маңызы үлкен; дегенмен жалпы алғанда оның ықпалы халықтың табиғи өсуінің және бұрын тәуелсіз болған топтардың қосылуы арқылы өсуінің ықпалына қарағанда өте осал, сондықтан ол біз қарастырып отырған ұқсастықтың маңызын төмендете алмайды.
ІV тарау
Қоғамдық құрылыс
228. Тіршілік иелеріндегі секілді қоғамдарда да жалпы массаның өсе ьүсуі әдетте дамудың бастапқы белгісін құрап, жіктелуде жататын кірігумен бір мезгілде құрылыс күрделілігінің арта түсуімен қатар жүріп отырады. Хайуандар әлеміндегі осы екі құбылыстың жиынтық барысы “Биология тұғырларында”, 44-тармақта сипатталған. Біз онда, қызметі өсімдіктер қызметінен сәл ғана жоғары тұратын хайуандардың кейбір дамымаған түрлерін қоспағанда, бүкіл хайуандар әлемінде ірі агрегаттардың дене құрылысының жетік болуы жалпы заңдылық екендігін көргенбіз. Ортаның тіршілік ететін жердің, тұрпаттың және басқаларының ерекшеліктеріне байланысты бұл заңның шектеулері өте көп; бірақ ол шектеулердің барлығы ірі денелі хайуанның күрделі тіршілігін қамтамасыз ету үшін күрделі құрылым талап етілетіндігіне шаң жуытпайды. Бұл қағида қоғам жөнінде де әділетті. Ең ұсақ топтардан неғұрлым ірілеріне, қарапайым топтардан неғұрлым күрделілеріне, күрделі топтардан екі есе күрделілеріне көше отырып, біз топ бөліктері арасындағы айырмашылықтардың үнемі өсіп отыратынын байқаймыз. Өте шағын мөлшердегі қоғамдық масса құрамының біртектілігімен өзгешеленеді, бірақ оның көлемі ұлғайған сайын әдетте оның әртектілігі де ұлғаяды; ал елеулі көлемге жету үшін елеулі әртектілік қажет болады. Оның бұл орайда біртіндеп қандай сатылардан өтетінін қысқаша қарастыра кетелік. “Әрбір отбасы басқаларынан біршама қашықтықта өмір сүретін” кайягуастардың немесе Оңтүстік Американың орман үндістерінің тұрмысы сияқты тұрмыс жағдайында ешқандай қоғамдық ұйымның болуының мүмкін
еместігінің айтарлықтай мәні бар; тіпті кейбір жекелеген отбасыларының арасында қандай да бір аздаған байланыс болған жерде де әзірге осы отбасылардың саны тым аз болып және көшпелі тұрмыс кешіп отырғанда мұндай ұйым орнай алмайды. Эскимостардың, австралиялықтардың, бушмендердің, отжерліліктердің және т.с.с. топтарында тайпаның көсемі немесе басшысы анықталғаннан кейін байқалатын қоғамдық бөліктер арасындағы бастапқы айырмашылықтар тіптен көрінбейді де. Бұл топтардың мүшелері кездейсоқ және уақытша билік қолына тиген күштірек немесе ақылдырақ, немесе тәжірибелілеу адамнан басқа ешқандай билікке бағынбайды, сондықтан мұндай топтардың орталық буыны да болмайды. Айтарлықтай үлкен қарапайым топтар өмір сүретін жерлердің бәрінде біз әдетте басшы бар екендігін байқаймыз. Бұл ереже қамтымайтын жағдайлар жоқ дей алмаспыз (өйткені біз кейін көретініміздей, бақылаушы биліктің тегі қоғамдық қызмет түріне байланысты), бірақ қалай дегенмен де мұны ортақ ереже деп санауға болады. Басшылары жоқ және бағыну мен басқарудың қандайынан да ада топтардың байланысы осал болады, олар айтарлықтай үлкейіп үлгергенше, бірнеше бөлікке бытырап кетеді; бірақ адам саны жүзге жеткен немесе жүзден асқан кез-келген тұрақты агрегаттан біз әдетте қарапайым немесе күрделі билік аппаратын байқаймыз, яғни нақты немесе діни билікке не биліктің осы екі түріне де ұмтылған және ол билікті шын мәнінде пайдаланатын бір немесе бірнеше адам болады. Бастапқы қоғамдық жіктелу дегеніңіз осы. Осыдан кейін, көп ұзамай, әдетте қоғамның бағыттаушы және атқарушы бөліктерін бөліп қарауға бағытталған екінші жіктелу басталады. Ең дамымаған тайпаларда бұл бөліну тұрпайы түрде ерлер мен әйелдердің жағдайы мен міндеттерінің айырмашылығынан көрінеді: билігі шектелмеген ер адамдар осы тайпаға үйреншікті сыртқы істермен ғана, негізінен соғыспен айналысады; әйелдер отбасын асырау барысындағы қарапайым үйіші істерін атқаратын басыбайлы күң есепті. Бірақ тайпаның саны көбейіп және билік дамып, нығайып, әдеттегідей көрші тайпалардан әскери басымдыққа жетуге байланысты тайпаның атқарушы бөлігі тұтқындардың қосылуы арқылы
біртіндеп ұлғая түседі. Бұл үрдіс байқала қоймайтын нәрселерден басталады. Ұрысқа қатысқан ер адамдар соққыға жығылады және көбіне жеп қойылады, ал ұрысқа қатыспаған адамдар құлға айналады: мәселен, патагондықтар қолға түскен әйелдер мен балаларды құлдыққа салады. Кейінірек, әсіресе адам етін жеу тыйылғаннан кейін тұтқынға түскен ер адамдарды құл теу келіп шығады, кейбір жағдайларда осыдан бағыттаушы бөліктен күрт айырмашылығы бар атқарушы бөлік пайда болады. Росс бізге, чинуктерде “құлдар ауыр жұмыстың бәрін істейтіндігін” хабарлайды. Сондай-ақ, белучу тайпасының бағындырып алған жерлерді өңдеуге байланысты ауыр жұмыстардан бойын аулақ салатыны белгілі. Бичамидің айтуынша, Алтын Жағалауда егістікке арналған тың жерлерді тазалауға құлдарды салу әдетке айналған, ал фелатхтарда “құлдар құрылыс, ұсталық, тоқыма кәсібінде, киім мен аяқ киім тігуде және саудада; ал күңдер жүн иіру, нан пісіру және көшеде су сату үшін пайдаланылған”. Алғашқы қоғамдық агрегаттар қосылып, екінші реттегі қоғамдық агрегаттарға айналуының салдарынан, қоғамның көлемінің өсуінің барысында оның бөліктерінің арасында басқа да айырмашылықтар туындайды. Күрделі топты біріктіріп ұстап тұру осы бүтін құрылымды басқаратын бір ортақ басшының және де оның жекелеген бөліктерін басқаратын қосымша басшылардың болуын көздейді; сондықтан алғашында тайпа басшысын туғызған үрдіс немесе осыған ұқсас үрдіс басшылардың басшысын, немесе көсемдердің көсемін туғызады. Кейде бұрынғы тәуелсіз тайпалар ортақ жаудан қорғану үшін қосылады; ал кейде ол бір тайпаның қалған тайпаларды бағындыруының нәтижесі болып табылады. Осы соңғы жағдайда үстемдік етуші тайпа билікті өзінің қолында ұстап тұру мақсатында, әскери өнерін жоғары деңгейде дамытып, сонысымен басқалардан ерекше болады. Осындай топтардың тобы, оның біріккен күштері бір билеуші аппараттың басқаруына бағынатындай болып топтасқан кезде, ол өзі сияқты күрделі топтармен жиі одақтасады, немесе осындай топтарды бағындырып алады, және осы екі жағдайда да ақырында екі немесе бірнеше күрделі топтың толық қосылуымен аяқталуы мүмкін; содан соң осындай қосылудан кейін король,
аймақ билеушілері және ұсақ бастықтары бар үкімет аппараты бұрынғыдан да күрделілене түседі; сонымен бірге бұл жерде жауынгерлер, абыздар, құлдар және т.б.топтарға айқын бөліну туындайды; бірақ бізге бұл үрдістің егжейтегжейін қарастырудың ешқандай қажеті жоқ, себебі қоғамның өсуіне оның құрылысының күрделілене түсуі әрқашан ілесе жүретіндігін айқындау үшін осы айтылғанның өзі де жеткілікті. 229. Жалпы массаның өсуінен кейін қоғамдарда да, организмдерде де әртектіліктің артуы осы екі жағдайға тағы бір ортақ белгі болып табылады. Үйлестіруші аппараттардың пайда болуының нәтижесі – бөліктер арасындағы айырмашылықтардан басқа, мұнда көп ұзамай үйлестіруші аппараттардың өзінде, яғни, бір жағдайда ас қорыту және т.б. органдарында, екінші жағдайда өнеркәсіптік өмір органдарында жаңа айырмашылықтар пайда болады. Төменгі деңгейдегі хайуандардың агрегаттары жоғары деңгейдегі агрегат құру үшін қосылған кезде немесе осы екінші агрегаттар үшінші кезектегі агрегатты құру үшін тағы да біріккен кезде, жаңа агрегаттың әрбір құрамдас бөлігі бастапқы кезде құрылысы жағынан барлық басқа бөліктерге ұқсас болады; бірақ одан әрі даму барысында бірте-бірте барған сайын айқын көрінетін айырмашылықтар пайда болады. Coelenterata-да осы сатылардың бәрі өте айқын байқалады. Кәдімгі гидраның бүйірінен жас гидралар бүршіктеліп шығып, толық жетілген кезде аналық гидрадан бөлініп кетеді. Нақ осындай жолмен дүниеге келетін күрделі гидроидтардың жас полиптері аналық полиппен өмір бойы байланыста болып қалады; олардың әрқайсысы кейіннен осы жолды қайталап, ақырында бұтақты агрегатқа айналады. Осы жерде көптеген қозғалмайтын түрлерден көретініміздей, мұндай топтың барлық мүшелері, көбею органдарына айналатындарын қоспағанда, ұқсас тіршілік етіп, әрқайсысы тәуелсіз күйін сақтаған кезде, олардың бәрі құрылысы жағынан да өзара ұқсас болып қалады. Ал осы тәріздес жолмен дүниеге келген бір жерге жабыспаған және жүзіп жүретін топтардың әр түрлі жағдайлардағы мүшелері құрылысы жағынан бір-бірінен ерекшеленеді және әрқилы қарекет етеді немесе қызмет атқарады.
Нақ осындай жағдайды біз шағын қоғамдық топтардың үлкенірек топ құру үшін бірігуінен де байқаймыз. Бастапқы бар қажеттерін өз күшімен қанағаттандыратын әрбір тайпаның, оның жұпыны тұрмысын ғана қанағаттандыратын еміс-еміс байқалатын өнеркәсіп салалары болды, және де осынау жаңа ғана пайда болған өнеркәсіптік топтар кез-келген тайпадағы осындай топтарға ұқсас еді. Бірақ мұндай тайпалардың бір одаққа бірігуі өнім айырбасын едәуір жеңілдетеді; ал және де көбінесе осындай жағдайларда болатындай, біріккен тайпалардың біреуі өндірістің бір түріне, екіншісі басқа түріне қолайлы бір-біріне ұқсамайтын жерлерді мекендесе, бұл бірігу әр жерлерде әр түрлі өнеркәсіптік қызметтің дамуына түрткі болады, ал бұл қоғамда әр түрлі өнеркәсіптік аппараттардың яки таптардың пайда болуына жетелейді. Тіпті бір ортақ одақтың құрамына кірмейтін тайпалар арасында (мысалы, ондайларға Австралия тайпалары жатады), әрине, ол тайпалар бірбірімен соғысып жатпаса, әртүрлі мекендер өндіретін өнімдер айырбасы үнемі жүріп жатады. Ал бірігу Мадагаскардағыдай немесе Африканың басты зәңгі мемлекеттеріндегідей деңгейге жеткен жерлерде бір үкіметке бағынғаннан кейін орнайтын тыныштық өнеркәсіптік қатынастарды жеңілдетіп, сол арқылы оларды күшейтеді. Бастапқы ұқсас бөлімдерді үнемі бірге ұстап тұру олардың өзара тәуелділігінің пайда болуына мүмкіндік жасайды, ал өзара тәуелділіктің артуына байланысты бөліктердің арасындағы айырмашылықтар да арта түседі. 230. Сонымен, жеке организмде де, қоғамдық организмде де агрегат құру үрдісі ұйымдастыру прогресімен үнемі қоса жүреді, және де бұл прогресс екі жағдайда да дәйекті жіктелу әрқашан неғұрлым жалпы жіктелуден неғұрлым арнаулы жіктелуге қарай жүретіндігін көрсететін заңға бағынады. Бөліктер арасында ең алдымен ірі де қарапайым айырмашылықтар пайда болады; содан соң осындай үстірт нобайланған бөліктердің әрқайсысында өзгерістер болып, оны бір-біріне ұқсамайтын бөлімдерге бөледі; одан кейін осындай бір-біріне ұқсамайтын бөлімшелерде жаңа айырмашылықтар пайда болады, сөйтіп жалғаса береді.
Хайуандар әлемінде бұл заңның әрекет етуін жонарқа белдеуінің, яғни омыртқаның біртіндеп даму сатылары арқылы көрсетуге болады. Әу басында жонарқа-жұлын арнасы “алғашқы атыздар” деп аталатын бластодерманың сопақша түрінде тереңдеуі секілді көрінеді: бұл сатыда омыртқаның нышаны да көрінбейді; кейіннен басқа және жонарқаға айналатын бөліктері арасындағы айырмашылық байқалмайды. Біраз уақыттан соң осы атызды шектейтін шеттері өсіп, оның үстіңгі жағынан иіле бастайды, және де бұл процесс оның сол кезде ұлғая түсетін алдыңғы ұшында неғұрлым шапшаң жүреді, соның нәтижесінде бас сүйегі жонарқадан өзгеше бола бастайды; ал бұл жағдайда бас бөлігі бөлінбеген күйінде сақталып, жон арқа бөлігі бөліктерге (сегменттерге) бөліне бастайтындықтан, осы екі бөлік арасындағы айырмашылық күшейе түседі. Осы негізгі бөлімдердің әрқайсысында көп ұзамай басқа, кіші бөлімшелер пайда болады. Бастың бастапқы қаңқасы алға қарай тұтаса өсіп, жүйке құрылымдары орналасатын үш кеңейген орын пайда бола бастайды, ал жонарқаның сегменттенуі оның екі ұшына дейін жетіп, бір-біріне ұқсас алғашқы омыртқалардың – protovertebrae – қатарын түзеді. Басында бұл алғашқы омыртқалардың бір-бірінен айырмашылығы шамалы ғана және де олардың әрқайсысының пішіні өте қарапайым болады, атап айтқанда, тілігінде төрт бұрышты дене болып табылады. Осы біртекті дерлік қатар біртіндеп өзара ұқсамайтын: мойын, арқа және бел топтарына бөлінеді. Ол ол ма, омыртқалар осылайша маманданып, бір-бірінен өзгеше топтарға бөлінген кезде, олардың әрқайсысы өзгеріп, өзінің басқаларға ұқсас бастапқы пошымынан өзін барлық басқа омыртқалардан өзгешелейтін, өзіндік, арнайы пошымға ие болады. Мұндай үрдістер осы кезде ұрықтың басқа бөліктерінде де жүреді: барлық жерде ең алдымен әрбір ірі бөлік басқаларынан өзгешелен бастайды; содан соң әрбір осындай бөлік басқа, кіші бөліктерге бөліне бастайды, олар да біртіндеп барған сайын бір-біріне ұқсамайтын бола бастайды, сөйтіп жалғаса береді. Қоғамдық дамуда да осыған ұқсас өзгерістерді барлық жерде байқауға болады. Мысал үшін діни бақылауды басқаратын аппараттың дамуын ғана алайық. Қарапайым тайпалар мен тайпа топтары бірігуінің бастапқы
сатыларында қиялдағы табиғаттан тыс тіршілік иелеріне бірде оларды мейірлендіре, бірде олардан ақыл мен көмек сұрап, бірде оларға бұйыра, енді бірде оларды өз еркіне бағындыра отырып, барлық мүмкін жолдармен ықпалын тигізетін бір өздері – сиқыршылар да, абыздар да, сәуегейлер де, дуагерлер де болған адамдарды білеміз. Қоғамдық бірігудің өркендеуіне байланысты мұнда бір мезгілде қызметі, немесе міндеті тұрғысынан да, мәртебесі, немесе бағыну жағынан да айырмашылық пайда болады. Танна аралында “жаңбыр жаудыратын абыздардың ерекше тобы бар”; Фиджи аралдарында абыздармен қатар көріпкел адамдар да бар; Сэндвич аралдарын мекендеушілердің ішінде тек абыздар ғана емес, сонымен бірге сәуегейлер де бар; Томсон жаңазеландиялықтарда абыздардың сиқыршылардан айырмашылығын атап өткен; ал кафрларда сәуегейлер мен жаңбыр жаудырушылардан басқа, емшілердің де екі тобы болады, олардың бірі науқастарды табиғи дәрілермен емдейді, ал екіншісі табиғаттан тыс күштердің көмегіне сүйеніп емдейді. Мысалы, Ежелгі Америка қоғамдары сияқты неғұрлым озық қоғамдарда бастапқыда біркелкі болған осы қоғамдық аппараттың бұдан да көп түрлері байқалады. Мәселен, Мексикада аурулардың себебі деп есептелетін табиғаттан тыс күштерді аластайтын шаралар қолданатын тікелей сиқыршылар тұқымынан шыққан емшілер қауымы табиғаттан тыс күштердің көңілін жұмсартатын әдістерді қолданатын абыздар қауымынан едәуір өзгеше болды. Бұдан әрі абыздар тобының өзі әр алуан діни міндеттерді бөліскен әр түрлі бөлімдерге бөлінді: мұнда құрбандық шалушылар да, бал ашушылар да әншілер де, әнұран шығарушылар да, жас өспірімдердің тәлімгерлері де және т.т. болды; мұның үстіне абыздар тобында белгілі бір иерархия, яғни дәрежесіне қарай айырудың белгілі бір жүйесі болды. Абыздар тобының аясындағы осылай жалпыдан жалқыға бөлінуі прогресі неғұрлым дамыған халықтарда абыздар тобының әртүрлі бөліктерінің айырмашылығын айқындағаны соншалық, олардың әубастағы туыстығын мүлдем ұмытуға мәжбүр етті. Ежелгі нәсілдердің жұлдызшы-абыздары біздің қазір көптеген алуан-алуан әлеуметтік топтарға бөлініп кеткен оқымысты тап өкілдеріндей; ежелгі дәуірдің емші-абыздарынан
біздің үлкенді-кішілі бөлімшелерге бөлінген дәрігерлер қауымы шықты; ал діни топтың өзінде діни дәреженің пападан шіркеудің ең төменгі қызметшілеріне дейінгі әртүрлі сатылары ғана емес, сонымен бірге иерейлер, дьякондар, әншілер, дуагерлер және т. б. сияқты әр алуан дін жорасын атқарушылар түрлері мен көптеген монахтар мен монах әйелдері ордендері (қауымдары) пайда болды. Қандай да бір өнеркәсіптің белгілі бір саласының пайда болуына зер салсақ та осыны байқар едік; мысалы, өздері әр түрлі қару-жарақ жасайтын темірді өздері балқытқан алғашқы ұсталардан біз біртіндеп металды дайындау балқыту, тазалау, араластыру, прокат және басқа үрдістерге бөлінетін, ал одан әр түрлі қару-жарақ жасау бірнеше салаға бөлініп, көптеген арнаулы фабрикаларда орындалатын қазіргі темір-зауыт және темір-мануфактура округтеріне дейін жетеміз. Мысалдармен түсіндірілген өзгеріс түрлері шын мәнінде қайда болса да, даму процесін сипаттайтын бір текті заттың әр текті заттарға айналуының бір жолы ғана болып табылады; бірақ біз мына ақиқатқа назар аударуға тиіспіз: осылайша бір тектінің әр тектіге айналуы негізінде жеке және қоғамдық организмдердің дамуын сипаттайды. 231. Фактілерді мұқият қарастыру құрылысы жағынан қоғам мен организмнің тағы да бір таңданарлық ұқсастығын көрсетеді. Хайуанның органдары мен қоғамның органдары олардың ішкі құрылысы жағынан қарастырғанда бір принцип негізінде құрылған болып шығады. Хайуанның әр түрлі ішкі органдары көп жағынан бір-бірінен өзгеше болғанымен, алайда олардың құрылысында бәріне ортақ белгілер де бар. Ондай кез-келген орган ол арқылы тамақты өткізетін, оның қызметіне қажетті материалдар жеткізетін, осы қызметтің өнімдерін шығаратын, сондай-ақ жарамсыз заттарды шығарып тастайтын тетіктерден тұрады; Мұның үстіне онда өз қызметін күшейтетін немесе әлсірететін тетіктер де болады. Бауыр мен бүйрек сыртқы көрінісі жағынан да, гистологиялық құрылысы жағынан да, атқаратын қызметтері жағынан да бір-бірінен аса өзгеше болғанымен, алайда олардың әрқайсысының өз күретамырлар жүйесі, көк тамырлар жүйесі, лимфа
жолдарының жүйесі болады; олардың әрқайсысының өздері бөлетін заттарын шығаратын тармақталған арналар жүйесі, оның қызметін бірде қоздыратын, бірде тежеп тұратын жүйке жүйесі бар. Қанды дайындау, тазалау және бөлудің орнына сыртқы әрекеттерді орындау арқылы өмірдің ортақ ағысына көмектесетін неғұрлым дамыған органдар – жүйке және бұлшық ет органдары туралы да осыны айтуға болады. Осы органдарда сондай-ақ оларға жарамды заттарды жеткізуге арналған өз арналары, жарамсыз және бұзылған заттарды шығарып тастауға арналған арналары және, пайдаланылған заттарды шығарып тастауға арналған арналары болады; сондай-ақ олардың жұмысын реттейтін өз жүйке тіндері мен талшықтары болады. Демек, құрылысындағы айқын өзгешеліктермен қатар хайуанның әртүрлі органының ішкі құрылымы жағынан осындай ұқсас белгілері де болады. Біз осындай жайтты қоғамнан да көреміз. Бүкіл халық пайдасына жарататын өнім өндіретін, немесе басқа бір жолмен жалпы халық мұқтажын қанағаттандыратын ұйым құратын азаматтардың әрбір тобы кез-келген басқа міндетті орындайтын өзге ұйым атаулының қосымша құралдарына негізгі қасиеттері жағынан өте ұқсас қосымша құралдардың жиынтығына ие болады. Мақта мата өндіріс аймағын немесе пышақ өнімдері аймағын, не қандай да бір басқа аймақты алсақ та, біз олардың әрқайсысынан шикізат материалдарын жеткізумен айналысатын азаматтар тобын, немесе аппаратты және дайын өнімді жинаумен және жіберумен айналысатын басқа аппаратты көреміз; аймақтардың әрқайсысында үлкенді-кішілі арналардан тұратын күрделі аппарат болады, олар арқылы тұрмыстық қажеттіліктердің белгілі бір жиынтығы, бүкіл мемлекет бойынша айналымда жүрген ортақ қордан алынып, осы жергілікті аймақ жұмыскерлеріне және олардың еңбегін қадағалап басқарып отыратын қызметкерлерге жеткізіледі; аймақтардың әрқайсысында ерекше құралдар – жергілікті өнеркәсіпті бірде жандандырып, бірде тежеп отыратын мәліметтерді жеткізіп тұратын пошта және басқа да ерекше құралдар болады; олардың әрқайсысында тәртіп сақтайтын және бүкіл қоғамның толыққанды қызметінің үздіксіз жалғасуына жағдай жасайтын саяси және діни сипаттағы бақылаушы
билік болады. Белгілі бір өнімді өндіретін аймақтан біз әртүрлі тауарларды қабылдап, жөнелтетін қандай да бір теңіз айлағына назар аударған жағдайда да, біз нақ осы жайтты көреміз: мұнда да біз нақ сондай бөліп тарату және тежеу тетіктерін байқаймыз. Тіпті осы қоғамдық ұйым университеттер тәрізді қандай да бір материалдық қызметті орындау орнына қоғамдық бірліктердің белгілі бір топтарын белгілі бір қоғамдық міндеттерді орындауға дайындаумен айналысқан жағдайда да, құрылымның қоғамдық осы түрі жоғарыда келтірілген жағдайлардағыдай болып қайталанады: бұл жағдайда да жергілікті қызметті қолдау мен реттеу тетіктері басқа ұйымдарда байқағанымыздан өзгеше бола отырып, алайда көп жағынан осы басқа тетіктерге негізінен ұқсас келеді, яғни мұнда да сондай бөліп-таратушылар топтары, сондай азаматтық бақылау топтары, сондай арнайы қалыптасқан шіркеулік бақылау тобы болады. Егер біз бұл орайда қоғамдық органдардың құрылысының осы ортақтығы жанды дене органдары құрылысының ортақтығы сияқты, барлық органдардың бір-біріне қажетті түрде өзара тәуелділігімен қоса жүретіндігін ескерсек, онда жеке дененің табиғаты мен қоғамның табиғаты арасындағы ұқсастықтың өте көп екендігін бұрынғыдан да айқын көреміз. 232. Бұл арада құрылым жағынан қоғам мен организмнің тағы бір ұқсастығын көрсетпей кетуге болмайды. Жанды дене органдарының дамуы біз бірінші, екінші және үшінші деп атайтын үш саты арқылы өтеді. Қоғамдық органдардың дамуы да осы кезеңдерді қайталайды және де сол бірінші, екінші және үшінші сатылар арқылы жүреді. Үш сатының әрқайсысындағы осы қайталауды қарастырып көрейік. Төменгі сатыдағы хайуандардың өті бауыр арқылы емес, ішек жолының қабырғасының белгілі бір бойында шашырай орналасқан жекелеген жасушалар арқылы бөлінеді. Осы жасушалардың әрқайсысы өз қызметін жеке орындайды, яғни қаннан белгілі бір заттарды жеке өзі бөліп шығарып, өз өнімін ішек жолына жеке өзі құяды. Дәлірек айтқанда мұнда әлі ешқандай орган жоқ, тек әлі агрегат құру жолымен біртұтас қуатты органға бірікпеген ерекше бірліктердің белгілі бір мөлшері ғана бар. Бұл жағдай қоғамдағы кез-келген
өнеркәсіп органының бастапқы үлгісіне толығымен ұқсас келеді. Бастапқы кезде әрбір қызметкер өзінің ісін бір өзі ғана жүргізіп, өз еңбегінің өнімдерін тұтынушыға өзі өткізеді. Жұмысын өз үйінде істеп, аяқ киімді үйінде сататын село етікшісі және темір бұйымдарын бір өзі жасап, көршілерінің мұқтажын өтейтін ұсталар бар біздің деревняларымызда ондай жағдай күні бүгінге дейін кездеседі. Бұл жағдайлар әрбір өндіруші қоғамдық органның бастапқы үлгісінің мысалы болып табылады. Жеке-дара қабілеттердің болуы жабайы тайпа ішіндегі адамдардың шамалы болса да бөлінуіне әкеледі. Фицрой тіпті нашар дамыған оттыжерліктер туралы “біреулері әсіресе найзаны, екіншілері сақпанды, үшіншілері садақ пен жебені шебер меңгерген” деп хабарлайды. Алғашқы қауымдық тайпа мүшелерінің әр түрлі өнерге қабілетіне қатысты айырмашылықтарға қарай олардың біреуі арнаулы заттарды, екіншілері басқа заттарды жасаумен айналысқан, ал осыдан келіп кез-келген өнеркәсіптік орган түу басында қарапайым қоғамдық бірлік екенін мойындау қажет. Калифорниядағы шаста тайпасының үндістерінде “жебе әзірлеу ерекше кәсіп болып табылады”. Осы және басқа да көптеген осы тәріздес фактілерден қоғамдағы өнеркәсіптің жіктелуінің алғашқы себебі қол еңбегінің әр түрлі саласында қолданылатын ерекше қабілеттер екендігі айқын көрінеді, ал бұдан келіп, маман жұмысшының басында жалғыз болғандығы шығады. Осындай жағдай тіпті шағын отырықшы қоғамдарда да кейінгі ұзаққа созылған қоғамдық өсу кезеңдерінде сақталып қала берген. Винтерботтомның айтуынша, жағалаудағы зәңгілерде селодағы ең шебер адамдар “темір ұстасы, ағаш шебері (ағаштан үй жабдықтарын және басқа да бұйым жасаушылар), балташылар (үй құрылысшылары) және тоқымашы”. Бұл, біріншіден, оларда өнеркәсіптік қызметтердің тым аз жіктелгендігін, екіншіден, олардың өнеркәсіптік бейнесі қаншалықты жеке-дара сипатта екендігін көрсетеді; өйткені осындай қоғамның өсуі жағдайында еңбектің осы түрлеріне деген қосымша сұраныс тек осы кәсіптермен айналысатын адамдардың көбеюі арқылы ғана қанағаттандырылатынын, және де олардың әрқайсысы басқалардан мүлдем тәуелсіз түрде өз ісімен жалғыз айналыса беретінін байқау қиын емес.
Бөліп шығару органының құрылысындағы екінші, неғұрлым жоғары сатыға хайуандар әлемінде бір мезгілде жүретін екі өзгеріс жеткізеді. Біріншіден, бастапқы жасушалар бытыраңқы топтан тығыз топтасқан денеге айналады; екіншіден, әрбір қарапайым жасушаның орнына күрделі түзілім пайда болады. Өзінің арнайы өнімін өндіретін және бөліп шығаратын жекелеген, жалғыз жасушаның орнына, ішінде жасушалардың бүкіл бір тобы бар ұзынша келген шағын қапшықша пайда болады. Бұл қапшықшаның бір ұшында жасушаларының арнайы өнімін шығаруға арналған тесігі болады. Сөйтіп, азды-көпті түтік тәріздес қапшықшалардың тығыз топтасқан тобы пайда болады, олардың әрқайсысының өндіріп шығарушы бірліктері және бөлінетін өнімдерін шығаруға арналған жеке сағасы болады. Жеке органның бұл тұрпатына жартылай мәдениетті қоғамдарда болатын қоғамдық органның тұрпаты өте сәйкес келеді. Осы отырықшы және үнемі өсу үстіндегі қоғамдарда өздерінің айналысатын ісіне неғұрлым маманданған жұмысшыларға деген қажеттік барған сайын арта түседі. Осындай жағдайда жұмысы көбейіп кеткен кездерде әрбір жұмыскер көмекшілікке балаларын алады. Жекелеген жағдайлардан туындайтын осы әдет бірте-бірте орнығып, нығая түседі де, ақыр соңында әрбір адам өз отбасын өзі күн көріп жүрген кәсіпке тәрбиелеуге тиіс деген қоғамдық заңға айналады. Өнеркәсіптік дамудың осы сатысын түсіндіретін мысалдар өте көп. Прескотт: кәсіппен айналысу “ Перуде барлық басқа мамандықтар мен қызметтер тәрізді барлық уақытта да әкесінен баласына көшіп отырған. Бұл тұрғыда тегі бойынша топтарға бөліну Мысырдағы немесе Үндістандағы сияқты өте қатаң болған” дейді. Клавигероның айтуынша, Мексикада да “ұлдары әдетте өз әкелері айналысқан кәсіптерді оқып-үйреніп, олардың кәсіптерінің мұрагерлері болған”. Бұл дәстүр ежелгі замандарда Еуропа халықтарының өнеркәсіптік өмірінде де болған. Феодосий кодексі бойынша, римдік жасөспірім “өз әкесінің кәсібін әрі қарай жалғастыруға міндетті болды … қызға үйленуге ниет білдірген адам оның отбасының кәсібін кәсіп етуге міндеттенгенде ғана оң жауап алатын болған”. Ортағасырлық Францияда кәсіп мұраға жатқан; ағылшын тарихының ежелгі кезеңдерінде де
осы әдет-ғұрып болған. Отбасының бірнеше ұрпақтарының белгілі бір іспен айналысатын көптеген туысқан отбасыларына тарамдалуы болашақ гильдияның негізін қалады. Әдетте белгілі бір кәсіпті қолдарына алған бұл туысқан отбасылар бір-біріне жақын қоныстануға тырысып, осылайша тұтас ерекше учаскелерге немесе махаллаларға орналасқан. Ағылшын қалаларындағы Тері илеушілер көшесі, Қасаптар көшесі, Үкімет шеберлері көшесі, Етікшілер көшесі, Қару-жарақ шеберлері көшесі, Токарьлар көшесі, Шұжықшылар көшесі, Құмырашылар көшесі сияқты көптеген басқа да қазіргі көше атаулары осыдан шыққан. Әрбір осындай махалла көптеген туысқан отбасыларынан тұрған: осындай әрбір отбасында әкесінің басшылығымен еңбек ететін ұлдары болған; әкелері балаларының жұмысына қатынасқанымен, негізінен өндірілген тауарды сатумен айналысқан; ал ауқымды істермен айналысатын үлкен отбасыларында әкесі шикізат материалдарын жеткізуде және шығарылған өнімді өткізу жолын іздестіруде айрықша рөл атқарған; істің осылай ұйымдастырылуын көргенде, біз оның жоғарыда сипатталған, ішінде бөліп шығару жасушалары бар және арнайы шығарушы тесігі бар көптеген тығыз топтасқан қапшықшалардан тұратын безді органға өте ұқсайтындығын аңғармай қалмаймыз. Осы тәріздес ұқсастық жеке органдар мен қоғамдық органдар дамуының үшінші сатысында да көрінеді. Неғұрлым дамыған хайуандардың мейлінше белсенді әрекеті неғұрлым көлемді бөліп шығарушы безді қажет етеді, безді орган көлемінің осы себепті ұлғаюы оның құрылысындағы кейбір ерекше өзгерістер арқылы жүреді. Егер де жоғарыда суреттелген қапшықшалардың саны одан әрі көбейе берсе, онда олардың шығарушы тесіктері барған сайын ас қорыту жолының үлкен бөлігін алуға ұмтылған болар еді. Бірақ та организмнің қызметінің басқа талаптары осы тесіктер ашылатын ас жолының ұзара түсуіне жол бермейтін болғандықтан, бездердің шығаратын тесіктерін орналастыратын жер басқа жолмен қажетінше ұлғаюы керек. Ол ұлғаю ас жолының қабырғасының бүйіріне қарай созылуы, яғни ішкі қабатында, бөліп шығаратын жасушалары бар алғашқы қапшықшалардың шығарушы тесіктері ашылатын
соқыр ішек түзілу арқылы іске асады. Одан кейінгі осы тәріздес талаптар жәй ғана өзекке айналатын осы басты соқыр ішектен тарайтын қайталама соқыр ішектердің түзілуіне әкеп соғады. Сонымен, бауыр сияқты көлемді, тұтас ішкі орган нақ осындай жолмен дамиды, онда барған сайын кішігірім тармақтарға бөлініп, осы органның өн бойына тарайтын көп тармаққа бөлінген басты бір өзек болады. Жоғарыда көрсетілген өнеркәсіп ұйымы да осы тәріздес дәйекті өзгерістер арқылы неғұрлым жоғары деңгейдегі ұйымға айналады. Өндірісті отбасында жүргізу әдісі фабрикалық өндіріс тұрпатына түріне бірден емес, бірнеше өтпелі тұрпаттар арқылы өтеді. Бұл бағыттағы алғашқы қадам өзінің отбасы мүшелеріне бір шәкіртті қосып алуға рұқсат еткен цехтар мен гильдиялардың ережелерінен байқалады. Мұндай шәкірт алғашқы кезде қожайынның туысқаны болуы мүмкін, Брентанонның айтуынша, “оны өз ісіне оқытып-үйреткен және әкесі секілді, тек оның жұмысына ғана емес, адамгершілігіне де зер салған қожайынның отбасы мүшесі” болады, демек шындығына келгенде ол қожайынның отбасы асырап алған бала болып есептеледі. Шәкірттерді пайдалану басталысымен-ақ, ол барған сайын өріс алып, жұмысшыларды күндік пайдалану түріне көшті. Осынау түрі өзгерген отбасы тобының дамуына байланысты қожайын өз отбасының ғана емес, басқа да адамдар өндірген тауарларды сатушыға айналды; ал ісі өріс алған соң қажетіне қарай жұмысшы болуды қойып, таратумен, яғни ендігі жерде тек өзінің ұлдарының ғана емес, бір-біріне ешқандай туысқандығы жоқ көптеген шеберлер жасаған заттарды сыртқа шығарумен айналысты. Бұл жұмыскерлер саны шаруашылық жүргізетін отбасы мүшелерінің санынан едәуір көп өнеркәсіп орындарының дамуына жол ашып, ақыр соңында механикалық тарту күшінің қолданылуына байланысты фабрика немесе зауыт, яғни, шығар жолына жеткенше бір ортақ тасқынға құйылатын өнімдердің үздіксіз тасқындарын шығаратын өндірістік бірліктерге толы бірқатар ғимараттар пайда болды. Одан кейін, тоқыма аймағы сияқты өте дамыған өнеркәсіптік ұйымдарда біз сол қаланың өзінде және басқа да көршілес қалаларда шоғырланған, оларға және олардан барлық бағыттарда
тарамдалған жолдармен көптеген шикізат материалдары мен тең-теңімен шұға, коленкор және т.т. жол тартып жататын фабрикаларды көреміз. Жаңа өнеркәсіп бір екі ұрпақтың өмірі барысында дамудың барлық осындай сатыларынан өтетін жағдайлар болады, мысалы шұлық өндірісінде болған сияқты. Осыдан елу жыл бұрын Англияның орталық графтықтарында жолаушылар жолдың екі жағына шашырай орналасқан шағын коттедждерден шұлық станоктарының дүрсілін жиі еститін. Осындай әрбір коттеджде жұмысшы бір өзі тауарын өндіріп, өзі сататын еді. Кейіннен әкесі ұлдарының көмегімен, ал кейде, бәлкім бір жалдамалы жұмысшыны қосып алып жұмыс істейтін бірнеше станогы бар шеберханалар пайда болды. Содан соң өте үлкен ғимараттар салынды, олардың ішінде осындай көптеген станоктар бу машинасының көмегімен қозғалысқа келтірілді, ақыр соңында осындай бірнеше ғимарат белгілі жерлерде және қалаларда шоғырланды. 233. Ал қоғам мен организм арасындағы осы құрылымдық ұқсастықтар өзінің соңғы сатысында анағұрлым әсерлі. Шынында да, осы екі жағдайдың қайсысында да болмасын дамудың бастапқы түрі кейіннен басқасымен ауыстырылып, одан күрт ерекшеленетінін көреміз. Төменгі сатыдағы түрлердің дамыған түрлерге органикалық дамуының жалпы барысында хайуанаттар әлемі, шындығында, барлық жоғарыда көрсетілген сатылардан елеусіз түрде өзгеру арқылы өтті; бірақ қазір хайуандардың жоғары дамыған түрінің жеке басының дамуында бұл сатылар едәуір қысқарып отыр, және де әрбір орган біршама төте үрдіс арқылы түзіледі. Мысалы, сүт қоректінің ұрығының бауыры топтасып, біртіндеп, ас қорыту жолының қабырғасынан шығып тұратын көлемді денеге айналатын көптеген жасушалардың тобынан түзіледі. Сонымен бірге бұл жолдың қабырғалары болашақ бауырдың денесіне кірігетін соқыр ішек түрінде ұзара түседі. Осы соқыр ішектің өт өзегіне айналуы жоғарыда көрсетілген жасушалар тобының дамуымен бір мезгілде, яғни болашақ бауырдың осы негізгі өзекке қосылатын қосымша өзектерінің арасында жүреді. Дәл осы уақытта мұнда, бұл органның
үсті-үстіне дами түскен бірнеше түрлердің дамуы кезінде бірінен соң бірі ғана орын алатын басқа да өзгерістер жүреді. Қоғамның өнеркәсіптік ұйымдарының құрылуынан да дәл осындай жағдайларды көреміз. Қазір, өнеркәсіптік құрылымның фабрикалық түрі толық орныққан кезде, бұл түр қоғамдық құрылысқа енгізілген кезде, біз, оны қолдануға болатындығы дәлелденген өнеркәсіптің барлық салалары, дамудың аралық сатыларынан өтпестен-ақ, оны тікелей қабылдайтынын көріп отырмыз. Егер бір жерде темір кені болып, темір өндіруге немесе белгілі бір сападағы су болып, сыра қайнатуға қолайлы жағдай туындаса, онда бұл кәсіптер бұрынғы даму сатыларынан өтпейді, яғни алдымен бір ғана жұмыскер, содан соң отбасы түрінде, одан кейін отбасы тобы түрінде және т.т.түрлерде пайда болмайды, іс басқаша түрде жүреді. Қолайлы жерге бірден материалдар мен адамдар көптеп жиналады, ал жаңа өнеркәсіп аппараты мұнда өте қысқа мерзімде және барынша жетілген түрде құрылады. Ол ол ма. Көбінесе осындай төте жолмен тек бір ірі өнеркәсіптік мекеме ғана дамымайды. Оған мысал ретінде Барроуды келтіруге болады. Орасан зор темір шығару зауыттары, әкелу мен жөнелтуге арналған кең өрісті мекемелері, кеме жөндейтін орасан зор кешендері, көптеген қатынас құралдары бар бұл қала бірнеше жылдың ішінде осы жолмен пайда болды; ал өнеркәсіптік құрылымның бұл тұрпатына бірнеше ғасыр өткен соң ғана алғаш рет қол жетуі мүмкін еді ғой, және ол үшін өзінің даму барысында бірінен соң бірі болатын көптеген тұрпат өзгерістерінен өтуге тиіс еді ғой. Даму процесінің тағы бір алдыңғыға ұқсас, бірақ одан да айқын түр өзгерісі біз салыстырып отырған екі жағдайға да бірдей дәрежеде тән. Дамыған хайуанның ұрығында әртүрлі органдардың маңызды бөліктері олардың дамуының бастапқы ретінде емес, ілгері озыңқырағандай түрде пайда болады. Хайуанның бүкіл денесінің дамуында да дәл осындай жағдай байқалады, өйткені осы түрдің бірте-бірте тарихи қалыптасуында біршама кейін пайда болатын көптеген органдар енді, хайуанның жеке басының дамуында, біршама ертерек пайда болады. Профессор Геккель берген атауға сәйкес бұл гетерохрония, мысалы, сүт қоректілердің ұрығындағы мидың ерте, алдын ала
түзілуінен байқалады, ал ең төменгі сатыдағы омыртқалы хайуандарда ми мүлдем болмайды. Осындай гетерхрония мұнда ас қорыту жүйесі пайда болғанға дейін, жон арқаның сегментациялануынан байқалады, ал protovertebrata тұқымдастарында тіпті ас қорыту жүйесі толығымен қалыптасқаннан кейін де біртіндеп омыртқаның тірек сүйегі қалыптасуға тиіс сегментацияның боларболмас нұсқасы ғана болады. Қоғамның даму ретінің осыған ұқсас өзгеруін ескі қоғамдардың салты мен әдет-ғұрыптарын мұра еткен жаңа қоғамдар көрсетеді. Мысал үшін Солтүстік Америка Құрама Штаттарын атауға болады, ондағы Қиыр Батыста іргесі қаланған кез-келген қала үйлерінің саны аз ғана болса да, болашақ көшелері мен алаңдарын нобайға түсіргеннен соң, болашақ қоныстанушылар мұқтажын алдын ала болжай отырып, дереу қонақ үй, шіркеу мен пошта кеңсесін салады, ал шөлейттер арқылы темір жол төселеді. Тағы бір осындай мысалды Австралиядан көреміз, онда жаңа бір кеніште алтын іздеушілердің күркелері салынғаннан кейін бірнеше жылдан соң баспахана мен газет пайда болады, ал Австралияның анасы болған елде осындай шағын қалалардың осы қоғамдық органға қолы жеткенше дамуына талай ғасырлар кетті ғой.
V тарау
Қоғамдық қызметтер
234. Атқаратын қызметінде өзгеріс болмай құрылыстың өзгеруі мүмкін емес. Сондықтан алдыңғы тарауда айтылғанның көбісін, бір терминдерді басқаларына ауыстыра отырып, осы тарауда қайталауға болады. Ол ол ма. Қоғамдық құрылымдағы көптеген өзгерістер тікелей көрінгеннен гөрі қызметіндегі өзгерістерден байқалатындықтан, біз осы соңғыларын жоғарыда сипаттап өттік, немесе ең болмағанда жоғарыда айтқандарымыздан өзінен өзі түсінікті дей аламыз.
Алайда құрылыстың ерекшеліктерінен тікелей өзінен өзі түсінікті бола қоймайтын қызметтік ерекшеліктер де бар. Кітаптың бірнеше бетінде біз назарымызды соларға аударамыз. 235. Егер ұйым бүтіннің бөліктері өзара тәуелді қарекеттерді орындау мүмкіндігіне ие бола алатындай құрылған болса, онда төменгі сатыдағы ұйым өз бөліктерінің бір-бірінен біршама тәуелсіздігімен ерекшеленуі керек, ал жоғарғы сатыдағы ұйым, керісінше, әрбір бөлігінің қалғандарынан бөлінуі, бүтіннің жойылуына жетелейтіндей, бөліктерінің өзара өте тәуелді болуымен ерекшеленуі керек. Бұл ақиқат жайтты жеке организмде де, қоғамдық организмде де бірдей жақсы байқауға болады. Төменгі сатыдағы хайуандар агрегаттары олардың әрбір бөліктері қалғандарының кез-келгеніне сырттай ұқсас болып және олар атқаратын қарекеттерді атқаратындай болып құрылған, сондықтан да мұндай агрегаттың өздігінен бөлінуі немесе оны жасанды түрде бөлу бөлінген бөліктердің тіршілігіне ешқандай дерлік әсер етпейді. Тамыраяқты сияқты протоплазманың бөліктерінің қызметі, әлсіз сараланған тамшысы кездейсоқта екіге бөлініп қалса, оның әрбір жартысы бұрынғысынша тіршілік ете береді. Екінші деңгейдегі агрегаттар туралы да осыны айтуға болады, олардың құрамындағы бірінші деңгейдегі агрегаттар бір-біріне едәуір ұқсас болып қала береді. Губканың мүйізді талшықты қаңқасын жабатын кірпікті монадалар өзара көмекті қажет етпейді, губка екіге бөлінген жағдайда да, оның әрбір бөлігі өзінің барлық тіршілік әрекеттерін үздіксіз жалғастыра береді. Тіпті органикалық бірліктер арасында кейбір айырмашылық пайда болғанда да, мысалы, қарапайым жабысқақ сияқты бөліну салдарынан тіршілік үрдісінің бұзылуы тек уақытша сипатта болады: ол бөлінуден пайда болған тіліктер өз бірліктерінің әдеттегі қарапайым әрекеттерін қайтадан бастауына мүмкіндік беретін түрге келу үшін аздаған ғана уақыт қажет етеді. Төменгі сатыдағы қоғамдық агрегаттарда да осындай жағдай дәл осы негізде орын алады. Басшысы немесе көсемі жоқ алғашқы қауым адамдарының көшпелі тобыры ешқандай зиян көрмей бөлініп-бөлініп кете береді. Өзі жауынгер, өзі аңшы,
қаруын өзі жасайтын, баспанасын өзі салатын және кез-келген жағдайда осы жұмыстарды атқаруға міндетті әйелі бар ер адам басқа ер адамдардың жәрдемін тек соғыс жағдайында ғана, немесе анда-санда, аң аулау кезінде қажет етеді; және де, соғысты қоспағанда, ол үшін тайпаның жартысына қосылу тұтас тайпаға қосылумен бірдей. Тіпті көсемнің немесе басшының қосылу тұтас тайпаға қосылумен бірдей. Тіпті көсемнің немесе басшының болуынан көрінетін толық жіктелу жүрген тайпаның бөліктерге өз еркімен немесе күшпен бөлшектенуі үлкен қолайсыздықтар әкелмейді. Әрбір бөлінген бөлікке бір адам басшы болады да, әлеуметтік дамудың осы сатысында мүмкін болатын жетілмеген қоғамдық өмір қайтадан басталады. Бірақ жоғары ұйымдасқан жеке және қоғамдық агрегаттарда мүлдем басқаша болады. Біз сүт қоректі хайуанды дереу өлтіріп алмай, екіге бөліп кесе алмаймыз. Құстың басын кесіп тастау дегеніміз – оны өлтіру деген сөз. Тіпті құйрығынан айырылғанда өлмейтін бауырымен жорғалаушылар да, денесін екіге бөлгенде өледі. Annulosa бөлімінің кейбір төменгі сатыдағыларының кейбіреуінің денесін екіге бөлсе, бөліктері өлмейді, ал өрмекші және шаян тәрізді жәндіктер тобындағыларды екіге бөлу екі бөлігі үшін де өлім. Дамыған қоғамдарда осындай зақымдану зардаптары соншалықты үлкен болмағанымен, дегенмен де елеулі болады. Егер де Миддлсекс оны қоршаған елден бөлініп тасталса, онда қажетті заттарды жеткізу бірнеше күнге тоқтатылуы салдарынан оның барлық қоғамдық үрдістері тоқтап қалған болар еді. Мақта-мата аймағын Ливерпулден және басқа да айлақтардан бөліп тастаса, оның өнеркәсібі дереу тоқтар еді, ал өнеркәсіп тоқтағаннан кейін оның халқы да қырылар еді. Көмір қазатын аймақтың халқын темір қорытумен айналысатын және машиналармен шұға тоқитын көрші қоныстардан бөліп тастау, олардың әрқайсысындағы өнеркәсіп қызметінің тоқтауына, соның салдарынан осы бөліктердің әлеуметтік өмірінің дереу жойылуына жетелеген болар еді, ал содан соң олардың тұрғындары қырыла бастар еді. Мәдениетті қоғамның бөлігі орталық бақылаушы аппаратсыз қалатындай болып бөлінген жағдайда, ол бөлік осындай аппаратты өзінде құрып алуы мүмкін, алайда
біршама жарамды жаңа ұйым орныққанға дейін қоғам тәртіпсіздік пен қауқарсыздықтың ұзақ кезеңінен өтуге тиісті екеніндігін айтпағанның өзінде, бүкіл аралық кезең бойында қоғамның ыдырау қаупі зор болады. Демек, қызметтердің үйлесуі, яғни олардың өзара байланысы мен тәуелділігі даму неғұрлым алға басқан сайын солғұрлым тығыз бола түседі. Жеке болса да, қоғамдық болса да, төменгі сатыдағы агрегаттарда бөліктердің қарекеттерінің бір-біріне тәуелділігі елеусіз ғана болады, ал дамыған агрегаттардың осы екі түрінде де жекелеген бөліктердің тіршілігінің мақсаты болатын жеке қызметтер бүкіл бүтіннің тіршілігін құрайтын барлық қарекеттер үйлесіп қосылғанда ғана мүмкін болады. 236. Бұл арада организмдердің осы екі түрінің қызметтерінің де ортақ бір қасиетін атап өткен жөн – ол а prіorі байқалатын және а posterіorі толық дәлелденетін нәрсе. Бөліктер әлі осал жіктелген кезде олар бірнің-бірі әртүрлі қызметтерін жеңіл атқара алады; ал олардың жіктелуі айтарлықтай болған кезде, олар бір-бірінің қызметтерін мардымсыз ғана атқара алады немесе тіпті атқара алмауы мүмкін. Осы орайда қарапайым полип бізге тағы да мейлінше жақсы түсінік беретін мысал бола алады. Осы қапшық тәріздес тіршілік иелерінің кез-келгенін қолғап сияқты ішін сыртына, ал сыртын ішіне қаратып айналдыруға болады, сонда оның сыртқы қабығы, немесе терісі асқазанға, ал асқазаны терісіне айналады; және де олардың бірі екіншісінің рөлін атқара бастайды. Организмдер дамудың неғұрлым жоғары сатысына көтерілген сайын, осылайша рөлдерді ауыстырып атқару мүмкіндігі солғұрлым кеми береді. Алайда ондай жағдай өте дамыған хайуандар үшін шамалы болса да мүмкін нәрсе. Тіпті адамның терісі де өзінің қазір ас қорыту жолы монополиялап алған бастапқы сіңіру қабілетінің табын әлі де сақтап қалған, атап айтқанда, ол өзіне жағылған заттың белгілі бір аздаған мөлшерін сіңіре алады. Әйтсе де, осы бірін-бірі алмастыру қызметін ең алдымен организмнің қазірге дейін ұқсас міндет атқарып жүрген бөліктерінен байқауға болады. Мысалы, егер бауыр шығаратын өт қандай да бір кедергілер салдарынан өт өзегі арқылы бөлінбей қалған
жағдайда, онда басқа бөлуші органдар, яғни тері мен бүйрек бауырдың рөлін қабылдап, өтті шығару жолдарына айналады. Өңештің қатерлі ісігі тамақты жұтуға кедергі келтірген кезде асқазанға жетпеген ас өңешті қалта, немесе қапшыққа ұқсатып созады, сол жерде аз аздап, жетілмеген ас қорыту іске асады. Бірақ бір-бірінен алыстап кеткен құрылымдық ақпараттар мен қызметтерде, бөлінген бөліктердің осы бір-бірінің міндетін атқару қабілеті, тіпті, осылайша да, шамалы болса да байқалмайды. Мысалы, организмнің жаратылысына тән әр түрлі тесіктердің тікелей теріге жалғасатын шырышты қабығын сыртына айналдырса, терінің қасиеттерін қабылдап, оған сырттай ұқсас болып кетуі өте мүмкін, бірақ сірі қабықтың енді ондай қабілеті жоқ. Егер кез-келген ішкі орган бір себептен өз қызметін тиісінше атқара алмай қалса, сүйек те, бұлшық ет те оның ешбір қызметін атқара алмайды. Қоғамдық организмдерден де біз осындай бір қызметті екіншісімен алмастыру қабілетін байқаймыз, және де мұнда да төменгі сатыдағы түрлерде бұл қабілет біршама мол, ал дамыған түрлерде біршама кем болады. Әрине, тайпаның әрбір мүшесі өзінің өмір салты жағынан осы тайпаның кез-келген басқа мүшесін дәлме-дәл қайталап отырған жерде ұқсас емес қызметтердің ешқандай да айырбасы болмайды. Сондай-ақ тайпаның қаруды әсіресе шебер жасайтын бір мүшесі мен шеберлігі төмен басқа мүшелері арасында, қаруды басқа заттарға айырбастаудан байқалатын, қызметтің шамалы ғана айырмашылығы пайда болған жерде, шебер мүшені жою үлкен қиындық тудырмайды, себебі қалғандарының кез-келгені шебер жасағандай жақсы болмаса да, бұрын шеберден айырбастап алатынының бәрін өзі үшін өзі жасай алады. Осы пікірді көп жағдайда тіпті кәдімгідей үлкен отырықшы қоғамдар туралы да айтуға болады. Зурита ежелгі мексикалықтар туралы: “Әрбір үндіс үлкен өнер мен өте күрделі саймандарды қажет етпейтін кәсіптің бәрін меңгерген”, – дейді. Ал Прескотт: Перуде әрбір адам үшін “үй тұрмысына қажетті барлық кәсіпті білу міндетті болған” деп көрсетеді. Мұнда қоғамның жекелеген бөліктерінің бір-бірінен айналысатын қызметі жағынан шамалы ғана айырмашылығы болғандықтан, олардың кез-келгені, қалғандарының
қайсысының болса да қызметін атқара алған. Бірақ өнеркәсіптік және басқа да мамандану айтарлықтай жоғары деңгейге жеткен біздің қоғамымыз сияқты қоғамда, оның өз қызметін бір себептен атқармайтын бөлігінің қызметін, басқа бөліктер өз мойнына ала алмайды. Тіпті жер өңдеумен айналысатын жұмысшылар ереуіл жасаған жағдайда олардың аса біліктілікті қажет етпейтін жұмысын біздің село тұрғындары тиісінше жасай алмауы мүмкін; ал біздің темір қорытатын зауыттарымыздың арнайы даярланған жұмысшылары еңбек етуден бас тартып, оларды егіншілермен және мақта-мата фабрикаларының жұмысшыларымен ауыстыруға мәжбүр болған жағдайда, ол өндіріс жұмысын бүтіндей дерлік тоқтатуға тиіс болар еді. Ал заң шығару, сот және басқа да осы тәрізді әлдеқайда күрделі қызметтерді кен қазушылар мен матростардың ойдағыдай орындай алуының мүмкіндігі мүлдем кем. Екі жағдайда да осы айырмашылық бір ғана себептен келіп шығатыны анық. Жеке организмнің белгілі бір бөлігін құрайтын бірліктер қандай да бір қызмет түрімен, мысалы, қорек болатын өнімдерді сіңірумен, импульстерді жіберумен, қысқартумен немесе берумен шектелу дәрежесіне сәйкес және олардың осы ерекше қызметке бейімделу дәрежесіне сәйкес олар бірте-бірте басқа қызметтерді атқару қабілетін жоғалтады; дәл осылайша әлеуметтік организмдегі белгілі бір арнайы міндетті ойдағыдай орындау үшін қажетті белгілі бір оқу мен тәрбие басқа арнайы міндеттерді орындауға жарамдылығының кемуін білдіреді. 237. Сонымен, қоғамдық немесе жеке организм әлі де өте төмен дәрежеде дамыған кезде, оның бөлінуінің немесе зақымдануының зардаптары шамалы болады; ал ол жоғары дамыған болса олар ауыр жағдайға, тіпті өлімге апарып соғады. Әрі кетсек, органикалық әлемнің төменгі сатыдағы қоғамдық және жеке түрлерінің жекелеген бөліктері бір-бірінің қызметтерін атқаруы мүмкін, ал дамыған түрлерінің бөліктерінде ондай қабілет болмайды. Сонымен бірге жеке және қоғамдық организмдер арасындағы осы екі ұқсастықтан басқа алдыңғы ұқсастықтардың нәтижесі ретінде қарастыруға болатын басқа да
қызметтік ұқсастықтар болады, егер орын жеткіліксіз болмаса, оларды бұл жерде қарастыра кетудің пайдасы зор болар еді. Мысалы, бұл жерде біз организмдердің екі түрінің де өміршеңдік дәрежесі қызметтердің мамандануы дәрежесіне тікелей сәйкес арта түседі деген ақиқатқа келеміз. Осы жағдайлардың кез-келгенінде ұқсамайтын қарекеттерді орындауға бейімделген әр түрлі аппараттар пайда болғанға дейін бұл қарекеттер нашар орындалады, және бөліктердің бір-бірінің қызметтерін пайдалануы ол үшін жақсы ыңғайластырылған тетіктердің болмауы салдарынан өте нашар болады. Бірақ организм дамыған сайын өзінің міндетін орындаумен шектеле түсетін әрбір бөлік сол міндетті жақсырақ атқарады; қызмет алмастыру тетіктері жетіле түседі; бөліктердің әрқайсысы бәріне, бөліктердің бәрі әрқайсысына үлкен тиімділікпен көмектеседі; біз жеке немесе ұлттық өмір деп атайтын қызметтердің жалпы жиынтығы қажетті түрде арта түседі. Осы екі жағдайда да қосарлылыққа қатысты, қызметтерді мамандандыруға қол жеткізетін өзгерістерге қатысты көп жайттарды айтуға болар еді; бірақ көптеген басқа қосарлылықтар сияқты бұл қосарлылықты біз жеке және қоғамдық организмдердегі органдардың әртүрлі ірі жүйелерінің дамуын қарастыруды көздеген келесі тарауларда анағұрлым жақсы көрсете аламыз, және де онда біз салыстырып отырған организмдер топтарын сипаттайтын құрылым және қызмет ерекшеліктері салыстырылатын болады.
“Спенсер Г. Основания социологии. СПб., 1877”
басылымынан қазақшалаған философия ғылымының
кандидаты, доцент Ілияс ӘЙТІМБЕТ.
Герберт Спенсер
ОҚЫП-ҮЙРЕНУ ПӘНІ РЕТІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТАНУ
ІІІ тарау
ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕГІ СИПАТЫ
Тас қалаушы жақсы күйдірілген, қырлары бірдей кірпіштерден ешқандай цементсіз-ақ биік те берік қабырға қалап шыға алады. Бірақ, цементті пайдаланбаса, нашар материалдан жасалған, дұрыс күйдірілмеген, кедір-бұдыр, әрі сынған кірпіштерден ол тура сондай қабырға қалай алмас еді. Докта зеңбірек ядроларын жинап жатқан жұмысшы ондай домалақ нәрселерді тіпті де кірпіш сияқты етіп қалап қоя алмайды. Оларды тек тетраэдр, не табаны шаршы болып келетін пирамида, немесе ұзартылған призманың пирамидамен қосылған түрі сияқты, белгілі бір ерекше пошымдар түрінде ғана үйіп қоюға болады. Оларды осындай пошымдардың бірі бойынша симметриялы әрі орнықты етіп қалауға болады, бірақ тік немесе еңкіш қабырғалы етіп қалау мүмкін емес. Ал, егер домалақ ядролар орнына ірілі-ұсақты, қырлары қисық, кейбір жерлері ғана дөңгеленіп келген жұмыр тастар болса, оларды нақты пошымға сәйкес орнықты қылып қалау мүмкін емес. Оларды қалаған жұмысшының қолынан келері – сыртқы пішінінің, бұрыштарының не екені белгісіз, тіптен бекітілмеген үйінді. Осы фактілерді салыстыра келіп, бұдан қандай жалпыға ортақ ақиқат шығады десек, ол ақиқат мынадай: күрделі тәннәі сипаты оны құрайтын бөліктердің сипатымен анықталады. Көрінетін, елестетілетін бірліктерден физиктер мен химиктердің пікірі бойынша материалдық массалар құралатын бірліктерге көшсек, біз дәл сол ақиқатқа тап боламыз. Элемент деп аталатын әрбір нәрсе, ол элементтердің әрбір қосындысы, осы қосындылардың әрбір жаңа түрі кристалл пошымында болады. Кристалдардың көлемі әртүрлі болып келуіне, қырлары мен бұрыштарының кетілуіне байланысты түрінің өзгеруі және кейде олардың әртүрлі пошымға ауысуы мүмкін екендігіне қарамастан, кристалдардың түзілу сипаты тұрақты болады, мұны жарылған кристалдардан көреміз: бір текті молекулалардың өздерінің пошымдары болады, олар осы пошымға бірігіп, агрегат құрайды. Кейбір жағдайда зат агрегаттанудың екі немесе одан да көп пошымына бірігуі мүмкін, бірақ мұны молекулалардың осынау әрқилы
пошымдарға аллотропиялық және изометриялық өзгерістер ықпалынан бірігетіндігімен түсіндіруге болады. Молекулалар мен олардың кристалдық пошымдарының байланысының тұрақтылығы сондай, егер екі текті молекулалардың химиялық реакциясы олардың табиғатының ұқсас екенін көрсететін болса, онда олардың кристалдарының пошымдары да өзара ұқсас болатынына сене беріңіз. Қысқасы, физика мен химияның деректеріне сүйене отырып, жансыз материяға қатысты құбылыстардың бәрінде де белгілі бір бірліктерден тұратын агрегаттың құрылысы сол бірліктердің табиғатына тәуелді болады деген тұжырым жасай аламыз. Органикалық материяның агрегаттары да осы ақиқаттың жаңа куәліктерін береді. Әртүрлі өсімдіктер мен жануарларды құрайтын заттар осы өсімдіктер мен жануарларға тән құрылымды түзуге бейім тұрады – бұл қабілет олардың өмір сүруіне қажетті алғышарттар едәуір қарапайым болып, тін басқа бейімділікке қабілетті болатындай ақтық құрылымға жете қоймаған жағдайларда айқын дәлелденеді. Осы тұжырымның ақиқаттығын үнемі келтіріліп жүрген полиптің мысалы хайуандар әлеміне қатысты анық көрсетеді. Полипті бөлшектеп кесіп тастаса, әр бөлігі бірден тұтас полиптің пошымына кіріп, кесілмеген кезіндегі құрылымы мен сапасына ие болады. Өсімдіктерден бегония тамаша мысал. Оның жапырағынан бір кесіп алып, топыраққа қадаса, одан тұтас өсімдік өсіп шығады. Ал, Begonіa phyllomanіaca өсімдігінің жапырағы мен сабағынан түсетін қабығының өзінен-ақ тұтас өсімдік өсе береді. Бұл факті полипке қатысты мысал тәрізді, жекелеген бөліктердің бәрі өзі құрайтын организм қандай түрге жатса, сол тектес агрегаттар түзетіндігін көрсетеді; осының өзі өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі ұрықтарды құрайтын бөліктер агрегат түзудің өздері жататын түрге тән үлгісіне бейім болатыны жөніндегі ортақ фактіні еске салады. Демек, егер бірліктердің сипаты белгілі болса, онда олардан түзілетін агрегаттың сипаты да алдын-ала анықталып қойғаны. Бұл жерде “сипат” деп кездейсоқ жәйттер емес, тұрақты ерекшеліктер ғана айтылып отыр. Бірліктердің сипатына байланысты агрегаттың сипаты да белгілі бір шекті
қажет етеді. Агрегат түзуге қатысты жағдайлар оның нәтижесін айтарлықтай өзгертіп жібереді; бірақ кейде агрегат түзудің өзін жойып жіберуі, кейде кідіртуі, кейде оны біршама жеңілдетуі де мүмкін болатын бұл жағдайлар агрегаттарға ешқашан оны құрайтын бірліктердің сипатына сәйкес келмейтін сипат бере алмайды – бұл күмәнсіз шындық. Ешқандай қолайлы жағдай жұмысшыға зеңбірек ядроларынан тік қабырға тұрғызуға мүмкіндік бермейді; ешқандай қолайлы жағдай дұрыс жүйеде кристалданатын ас тұзын, ешқашан ромб түріндегі жүйе түзетін күкірт-натрий тұзы сияқты болып кристалдануға мәжбүр ете алмайды, қолайлы жағдай полиптің кесіндісіне моллюск құрылымын түзе алатындай мүмкіндік бермейді. Осы ақиқат төменгі сатыдағы хайуандар түзетін әлеуметтік агрегаттарда да азды-көпті айқын білінеді. Ол агрегаттар жай ғана ұйлығу ма, әлде мүшелерінің атқаратын қызметтері бөлінген одақ секілді нәрсе ме – мұның бәрі бірліктердің қасиеттерімен анықталатыны күмәнсіз. Егер құрылым және оның мүшелерінің осыдан туындайтын инстинктері берілсе, онда олар құрған қауым әйгілі белгілерді көрсетеді; және ондай белгілерімен ерекшеленетін қауым құрылымы мен инстинктері басқаша болып келетін индивидтерден түзілуі мүмкін емес. Ғалам үшін бір заң, ал адамзат үшін басқа заң бар деген ұғымда тәрбиеленген жандар, әрине, осынау тұжырымға адамдар агрегациясын да енгізу жөніндегі ұсынысты естіп таң қалады. Сөйте тұра, бірліктердің қасиеті олар құрайтын бүтіннің қасиетін анықтайды деген ақиқат, басқа барлық нәрселер сияқты, дәл солай қоғамға да қолданылатыны айқын. Жойылып кеткен және қазір өмір сүріп жатқан тайпалар мен халықтарды жалпы шолып шығу мұның дәл солай екендігін жеткілікті анық көрсетеді; ал, жағдайларды қысқаша ғана қарастыру мұның осылай болуға тиіс екендігін де анық байқатады. Тайпалар мен жекелеген адамдардың тек өздеріне ғана тән ерекшеліктерін қоя тұрып, жалпы алғанда бір рудың мүшелеріне ортақ ерекшеліктерге, және де, сол мүшелер қоғамдарға біріккен жағдайда осы ерекшеліктер олардың қарым-қатынасына қалай әсер етуге тиісті екендігін қарастырайық.
Барлық адамға тамақ керек және олардың қажеттіктері де ұқсас. Олардың әрқайсысына қозғалыс физиологиялық шығын келтіреді. Олардың қайқайсысында да бұл қозғалыс зиянды ықпал етпес үшін, белгілі бір мөлшердегі тамақ көлемімен өтелуге тиіс; қозғалыс белгілі бір шектен асып кетсе, тіпті одан бұрын да жиренішті қоздырады. Әрбір адам түрлі физикалық себептерден тәнге түсетін, жанға бататын жарақаттан азаптанады және олар бір-біріне жағымды немесе жағымсыз, жан күйзелісіне душар қылатындай әсер етуі мүмкін. Еврей болсын, немесе христиан болсын, адамдардың табиғаты бірдей екендігін дәлелдей келе, Шейлок былай дейді: “Еврейдің көзі жоқ па? Еврейдің қолы, сезімі, құмарлығы, құштарлығы жоқ па? Ол да Христиан ішетін тамақты ішпей ме, қарудан зардап шекпей ме, сол сияқты ауруға шалдығып, сол сияқты емделмей ме, жазда ыстықтап, қыста тоңбай ма? Егер денемізді түйресеңдер, одан қан шықпай ма? Қытықтасаңдар, күлмейміз бе? Егер уласаңдар, өлмейміз бе? Егер бізге қастық істесеңдер, біз де кек алмаймыз ба? Егер біз сендерге барлық жағынан ұқсас болсақ, онда бұл жағынан да сендерге ұқсас боламыз!” Барлық адамдардың бәрімізге белгілі негізгі қасиеттерінің ортақ болып келетіні ешқандай күмән туғызбағанымен, жеке адамдардың осы қасиеттері адамдар жиынтығында да осындай қасиеттер туғызуға тиіс екендігі, бір жиынтықты құрайтын жекелеген адамдар, өздерінің қасиеттерімен басқа бір жиынтықты құраған жеке адамдарға қаншалықты ұқсас болса, бұл екі жиынтықтың да бір-біріне соншалықты ұқсас болатыны, ал, бір жиынтықты құрайтын жеке адамдар басқа жиынтықты құрайтын жеке адамдардан қаншалықты ерекшеленетін болса, ол жиынтықтардың да қасиеттері де бірбірінен соншалықты ерекшеленетіні жөніндегі ақиқат әлі жеткілікті мойындала қойған жоқ. Алайда, аксиомаға айналды деуге болатын бұл қағиданы ескергеннің өзінде, әр қауымның ішінде, әлбетте осы қауымның мүшелерінен байқалатын құбылыстардан өрбитін құбылыстар тобы болатынын, агрегаттың бірқатар қасиеттеріне себепші болатын бірліктердің бірқатар қасиеттері бар екендігін және осы екі қатардағы қасиеттердің қатынасы ғылымның негізгі
материалы болатынын жоққа шығармау керек. Қоғамның өмір сүру мүмкіндігінің өзі жеке адамның сезімдерінің бәрімізге белгілі қасиеттеріне (emocіanal property) тәуелді екенін анық байқау үшін, дамудың төменгі сатысындағы хайуандар тәрізді адамдар да бір-біріне жоламай, қашып жүрсе не болар еді деген сұрақтың өзі жеткілікті. Егер әрбір адам өзіне көп қорлық көрсеткен адамдарды басқалардан жақсы көрсе не болар еді деген сұрақ, егер мұндай жағдайда қоғамдық қатынастардың болуы мүмкін дегеннің өзінде, ол қатынастардың әрбір адам өзіне жақсылық жасаған адамдарды ұнататын қоғамдағы қатынастарға мүлде ұқсамайтындығын байқауға жетіп жатыр. Егер адамдар мақсатына жетудің оңай жолын емес, керісінше, ең қиын жолын таңдап алса не болады деген сұрақ, егер мұндай қоғамның болуы мүмкін десек, ол біз білетін басқа қоғамдардан мүлдем өзгеше болар еді деген қорытынды жасау үшін жеткілікті; демек, біз осындай тым шетін жағдайларды мысалға ала отырып, қоғамның негізгі ерекшеліктерінің жеке адамдардың негізгі ерекшеліктерімен анықталатындығын және барлық жерде де қоғамның ерекше құрылымы мен адамдардың әрекетінің арасында сәйкестік болуға тиіс екенін түсінеміз. Сондықтан, бірліктерінің қасиеттері агрегаттың қасиеттерін анықтайды деген жалпы қағидат мынадай қорытындыға келуге мүмкіндік береді: олардың арасындағы қатынастарды осы құбылыстардың табиғаты берген мүмкіндікке сәйкес айқын көрсететін әлеуметтік ғылымның болуы қажет. Мұндай ғылым шағын әрі бірікпеген қоғамдық агрегатты құрайтын адамдардың ерекшеліктерін қарастырудан бастап, ақыл мен сезімнің жеке адамдағы сапасы одан арғы агрегацияға қалай мүмкіндік бермейтіндігін көрсетуге тиіс. Ол өмір сүру жағдайының өзгеруінен туындайтын жеке адам табиғатындағы шамалы ғана өзгерістер неғұрлым көлемді агрегаттарды мүмкін ететіндігін түсіндіруге тиіс. Ол бірнеше үлкен агрегаттарда олардың мүшелері түсетін реттеуші және қарекет жасаушы қоғамдық қатынастардың пайда болуын ізерлеуге тиіс. Ол бірліктердің сипатын өзгерте отырып, құрылымның одан арғы агрегацияны жеңілдететін және соған сәйкес қоғамдық құрылысты күрделілендіретін,
неғұрлым күшті және неғұрлым ұзақ қоғамдық ықпалдарды көрсетуге тиіс. Ол күрделі емес, шағын қоғамдардан бастап ең үлкен әрі өркениетті қоғамға дейін, әртүрлі тәртіп ұстаған, әртүрлі көлемдегі қоғамдарда адамдардың ортақ қасиеттерімен анықталатын қандай ортақ қасиеттердің бар екендігін, адамдардың белгілі бір тайпаларын ерекшелейтін ерекшеліктерден қоғамдардың белгілі бір топтарын ерекшелейтін ортақтығы төмен қандай қасиеттер шығатындығын және әрбір қоғамның қандай ерекшеліктерін осы қоғамның мүшелерінің ерекшеліктеріне дейін жеткізе зерттеу мүмкін екендігін анықтауға тиіс. Оның осы айтылған мәселелерге байланысты зерттейтін басты тақырыптары қоғамдық агрегаттың өсуі, дамуы, құрылысы, қызмет атқаруы және осылардың табиғаты бір жағынан жалпы адамдардың табиғатына, бір жағынан туыстас тайпалардың табиғатына ұқсас және бір жағынан тіптен өзгеше жеке адамдардың бір-біріне еткен ықпалынан қалай туындайтынын көрсету болуға тиіс. Қоғамдық дамудың осы құбылыстарын түсіндіру, әрине, кез келген қоғамның өмір сүру жағдайларын – оның географиялық жағдайынан келіп шығатын және оның көрші қоғамдарға қатынасынан келіп шығатын жағдайларды мұқият қарау жолымен жасалуға тиіс. Бұл жерде осы ескертпелерді мүмкін болар түсінбеушіліктердің алдын алу үшін келтіре отырып, біз әлеуметтік ғылымдардың әртүрлі әлеуметтік белгілері болатындығын емес, шынында, егер белгілі бір адамдардың белгілі бір қасиеттері болса, онда осындай адамдардың агрегаттарының белгілі бір туынды қасиеттері болуға тиіс екендігін және осы қасиеттер ғылымның басты материалын құрайтындығын айтпақпыз. Алайда, біз осыдан бірнеше бет бұрын себептер мен қарекеттердің арасындағы қоғамдық қатынастардың бытысып кеткендігі соншалық, көрегендік көбіне-көп мүмкін емес деген тұжырымды оқыдық. Бізді, әлдене тілегімізге жетудің амалын іздегенде қандай да бір күштер іске қосылғаннан кейін олардың нәтижесі қандай боларын алдын-ала көре білу ешқашан мүмкін емес екені жөніндегі толып жатқан дәлелдерді өткен тарихтан көптеп
кездестіруге болатынын елемей, асығыстыққа ұрынбаудан сақтандырды емес пе? Ешкім солай әрекет етеді деп күтпеген күштердің ең маңызды деген себептерді туғызу мысалдарын көрсетті емес пе? Егер солай болса, онда қандай әлеуметтік ғылым болуы мүмкін? Егер Людовик Наполеон Германияның бірігуіне жол бермеу үшін өзі бастаған соғыстың нақ сол бірігудің тікелей құралы қызметін атқаратынын болжай алмаса; егер жиырма бес жыл бұрын Тьерге өз бекіністерінен оқ ататындығы көрген түстерінің бәрінен қисынсыз түс сияқты көрінер болса, онда қандай кереметке сүйеніп қоғамдық құбылыстарды ғылым талабына жақындататындай қылып тұжырымдауға болады? Мен мейлінше анық көрсетуге тырысқан осы бір күмән, әлеуметтануды ғылыми әдіспен оқып-үйренуге болатын пән ретінде ұсынатын адамдардың көпшілігінің ойында да біршама айқын байқалады. Механика қазір бірде-бір абстрактылы ғылым жетпеген даму сатысына көтерілді. Оны мүлдем мінсіз ғылым деуге болмаса да, оның заңдарының астрономдарға мейлінше дәл көрегендік болжаулар жасауға мүмкіндік беруі оның мінсіздікке қаншама жақын екендігін көрсетеді; ал әбжіл артиллеристердің әрекеті бұл заңдардың жер бетіндегі қозғалыстарға қолданылғанда анағұрлым дәл болжауларға жол ашатындығын дәлелдейді. Бірақ механиканы жоғары дамыған ғылым тұрпаты ретінде мойындай отырып, оның бізге нақты бір құбылыс туралы нені болжауға мүмкіндік беретінін және нені болжауға мүмкіндік бермейтінін көрелік. Мысалы, минаны жару қажет делік. Ауада жарылған заттың сынықтарымен не болады деп сұрақ қойып, сосын,
белгілі динамикалық заңдарға сүйеніп, қандай қорытынды жасайтынымызды байқалық. Ғылымның неғұрлым дәл байқауларына жол ашатын әдеттегі байқаулардан біздің білетініміз: әр түрлі биіктікке ұшқан сынықтардың бәрі жерге құлайды және шектеулі кеңістіктегі әр түрлі нүктелерге әртүрлі уақытта түседі. Ғылым бізге бұдан да көп нәрсені айтуға мүмкіндік береді. Планеталардың немесе лақтырылған нәрсенің жолын анықтайтын заңдардан білетініміздей, әрбір сынықтың ұшқан жолы қисық
болады, сынықтардың жолдарының бәрі бір-бірінен өзгеше бола отырып, ерекше бір жағынан ұқсас келеді, олардың бәрі (егер ауа кедергісі тудыратын ауытқуларға назар аудармасақ) үлкен эксцентриситетті эллипстің бөліктері болады, сондықтан олардың әрі кеткенде, газдардың қысымы енді сынықтардың қозғалысын жеделдетпейтін кезде қарастырылатын сынықтар жолдарының параболлаларынан айырмашылығы шамалы. Бірақ механика заңдары бізге осындай мейлінше дұрыс қорытындылар жасауға мүмкіндік бергенімен, біз олардан жекелеген сынықтардың ұшып түсетін жолына қатысты анық ештеңе де біле алмаймыз. Минаның от алдыратын оқ-дәрі салынған сол жақ бөлігінің ауаға қалай ұшатынын – бір кесек болып немесе жарылып ұшатынын білеміз бе? Бір кесек екінші кесектен биігірек көтеріле ме? Лақтырылған массаның қандай кесектері өздері соқтығысатын айналадағы заттарға тиіп қозғалысын тоқтатады, тоқтататын болса қайсылары? Осынау сұрақтардың бәріне жауап бере алмайсың. Жауап беруге болмайтындығы, зерттеу нәтижесінің кейбір жағы механика заңдарына кайшы келеді дегендіктен емес, болжау жасауға негіз болатын деректерді табу мүмкін еместігінде. Демек, біз ең дәл ғылымның біршама нақты күрделі құбылыс туралы көп жағдайларда жалпылама ғана және ішінара ғана нақты болжау жасауға мүмкіндік беретіндігін байқаймыз. Осы жағдай себептер мен іс-әрекеттер әбден бытысқан және де ғылым енді ғана дами бастаған салаларда орын алғанда не болады? Біз осы алдын ала түсіндірмеден, жоғарыда айтқандарымызға ұқсас түсіндірмеге көшкен кезде, болжау мүмкін болатын жалпы және болжау мүмкін емес жекелеген ерекшеліктердің арасындағы айырмашылық одан да айқынырақ байқалады. Жаңа туған нәрестенің болашағы туралы не айтуға болады? Денсаулығының бұзылуы салдарынан ол бөбек кезінде шетінеп кетпей ме? Немесе ол аз ғана уақыт өмір сүріп, қызамық немесе көкжөтелден өліп қалмай ма? Ол қызылша немесе шешек ауруына шалдықпай ма және солардың бірінен өліп қалмай ма? Осы сұрақтардың ешқайсысына жауап беру мүмкін емес қой. Ол бір күні баспалдақтан құлап, не оны көлік басып кетпей ме, немесе оның үстіндегі
киімі жанып, опат болмай ма немесе осындай жағдайлардың бірінен мертігіп қалмай ма? Бұл сұрақтарға да жауап бере алмаймыз. Оның бозбала шағында қояншыққа немесе Әулие Витт сырқатына немесе осындай сорақы аурулардың біріне шалдығар-шалдықпасын ешкім де болжап айта алмайды. Емшек анасының қолында жатқан балаға қарап, оның ақылды немесе ақылсыз, жақсы немесе бұзылған адам болатынын да, сірә, ешкім айта алмас. Нақ осылайша, егер ол аман болса, кейде оның жаратылысына, кейде маңайындағы жағдайларға байланысты – ержеткен кезінде болатын жағдаяттарды болжап айту да мүмкін емес қой. Ол өмірде өзінің өнері мен еңбекқорлығына байланысты табысқа жете ала ма? Түрлі жағдайлар оның мақсатына жетуіне мүмкіндік бере ме, жоқ па. Оның күш-жігеріне әртүрлі кездейсоқтықтар кедергі келтіре ме, әлде қолайлы жағдайлар жасай ма? Осылардың бәрі жауап беру мүмкін емес сұрақтар. Демек, әдетте өмірбаяндық деп саналатын фактілер алдын ала болжам жасауға мүмкіндік бермейді. Осы баланың өмірінде болатын оның тікелей жеке басына қатысты фактілерден ортақ фактілерге жүгінетін болсақ, онда өмірбаяндық деректердің квазиқатарынан белгілі дәрежеде болжау мүмкін болатындарын табамыз. Қабілеттердің дамуы белгілі бір жасқа дейін іске асып, бір жағдайда ертерек, екінші бір жағдайда тым кеш басталса да, бұл даму бізге үш жасқа дейінгі балаға математик немесе драматург; ол он жасқа толған кезде – психолог болмайды, ақыр соңында, бозбала кезінде – оның саяси көзқарастары кең болмайды деп айтуға мүмкіндік беретін ретпен жүреді. Ол ол ма, жан дүниесіне қатысты да осыған ұқсас болжам жасай аламыз. Ол үйлене ме, әлде жоқ па, оны ешкім де айта алмайды; бірақ, белгілі бір жасқа келгенде оның үйленуге бейім болатындығы сөзсіз демесек те, көп жағдайда анық нәрсе; оның балалары болатынын немесе болмайтынын ешкім айта алмағанмен де, балалары бола қалған күнде, онда оның әкелік сезімінің бір бөлігі әбден болады. Содан соң, осы баланың есейіп, қартайып, ақырында өлгенге дейінгі өмірінде ұшырасатын фактілердің барлық жиынтығын дәйектілікпен
қарастыра отырып, біз (тіптен болжауға болмайтын немесе толық болжауға болмайтын, барлық өмірбаяндық және квазиөмірбаяндық фактілерді былай қалдыра отырып) алдын ала болжауға болатын фактілердің тобын табамыз, – олардың кейбіреуін болжау мүмкіндігі мол, ал басқа біреулерін болжау дүдамал, кейбіреулерін өте анық болжауға, ал екінші біреулерін шамалап қана болжауға болады. Мен өсу, даму, дене құрылысы мен қызметі фактілері туралы айтып отырмын. Адам өміріндегі өткінші жәйттердің бәрінің егжей-тегжейіне деген құмарлықпен қатар тұрақты жәйттардың бәрі назар аударуға тұрмайды деп санайтын да әдет бар; сөйтіп, баланың болашағы туралы айтқанда, онда болатын барлық өмірлік құбылыстарға, білуге болатын және білу өте қажет құбылыстарға назар аудару ешкімнің ойына кіріп шықпайды. Адамның анатомиясы мен физиологиясы, егер осы атаумен ересек адамның ағзасының құрылысы мен қызметін ғана емес, сонымен бірге осы ағза құрылысы мен қызметінің адамның жеке дамуының барысында жетіле түсуі деп ұғынатын болсақ, осының бәрі кез-келген адам ғылым деп есептейтін нәрсенің материалын құрайды. Осы ғылымға енетін бір мезеттік және дәйекті құбылыстарды ойша қорыту оншама дәл болмаса да, құрылысына қатысты белгілі деген нәрселер кездейсоқ ауытқулармен, мысалы, органдардың дұрыс өспеуімен жоққа шығарылса да, ағза қызметіндегі ауытқулар мейлінше дәл болжауға жол бермесе де, ағза құрылысының жетілуі мен өсуінің шекарасы және ағза қызметінің қуаты мен ұзақтығының байланысы едәуір өзгеріп тұрса да, адам денесіндегі биологиялық құбылыстарды зерттеп нақтылығын жұртшылық мойындайтындай ғылыми білімге айналдыруға болатындығына ешкім де күмәнданбайды ғой. Демек, егер де қайсыбір адам өмірбаяндық тұрғыда баланың болашағын кесіп айту мүмкін емес деп, оны біз әзірге антропология деп (қазір бұл сөзге берілетін мағына осы мағынасында қолдануға мүмкіндік берер ме екен) атайтын нәрсеге еш назар аудармай, бала ғылым үшін материал емес деп пайымдайтын болса, онда ол көрінеу қателікке ұрынар еді, бұл жағдайда
көрінеу қателікке ұрыну себебі мынада болып табылады: біз табиғи дененің жай-күйі және оның қызметі мен осы орайда болатын барлық кездейсоқтықтардың арасындағы өзгешелікті күн сайын байқай аламыз. Демек, өмірбаян антрополияға қалай жататын болса, тарих та солай әлеуметтануға жатады, – мен тарихты әдетте қалай түсінетін мағынада айтып отырмын. Әдетте адамның өмір тарихын құрайтын оның сөздері мен істерінің және денесі мен ақыл-ойының дамуының барысы, құрылысы мен қызметінің арасында тарихшының қандай да бір халықтың әрекеттері мен тағдырын әңгімелеуі және осы халықтың реттеуші және қызмет үстіндегі мекемелері мен осы мекемелердің құрылысы мен қызметінің біртіндеп дамуының жолдарын сипаттауы арасындағыдай қатынас болады. Егер де адам туралы ғылым болмайды, өйткені оның өмірінің әр алуан кездейсоқтықтарын алдын ала көре білу мүмкін емес деп айту қате болса, онда қоғам туралы ғылым болмайды, өйткені әдетте тарихты құрайтын кездейсоқтықтарды алдын ала көре білу мүмкін емес деп айту да қате болар еді. Әдетте жеке адам мен қоғам организмі арасында өзгеше қасиеттерді олардың біреуінде екіншісіндегідей айқын анықтауға болады дейтіндей тым тығыз параллель жүргізуге болады дей алмаймыз. Қоғамдық организмнің құрылысы мен қызметі әлдеқайда екі ұшты, әлдеқайда құбылмалы және ешқашан да толық күйінде қайталанбайтын жағдайларға әлдеқайда тәуелді болады. Мен тек мынаны ғана айтқым келеді: екі жағдайда да ғылым үшін материал болып табылмайтын адам қарекеті көріністерінің астарында осы материалды беретін өмірлік құбылыстар жатады. Адамның бойында оның өмірбаяншысы сөз ететін қарекеттерді мүмкін ететін құрылыс пен қызмет болатыны сияқты, дәл сол секілді халықта да тарихшы сөз ететін қарекеттерді мүмкін ететін белгілі бір құрылыс пен қызметтер бар; екі жағдайда да ғылым осы құрылыс пен қызметтердің шығу тегі, дамуы мен құлдырауы туралы зерттеулермен айналысады. Қоғамдық организмдер, жеке адамның организмдері сияқты топтарға және топтардың тармақтарына бөлінуге тиіс. Олар дәл сондай айқын және тұрақты
болмаса да, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын бір-бірінен айқын өзгешеліктері бар үлкен топтарға бөлуге болады және осы бөлу шеңберінде айырмашылықтары аздау кішірек топтарға бөлуге болады. Сонымен, биология организм дамуындағы, құрылысындағы және қызметіндегі белгілі бір ортақ ерекшеліктерді ашып көрсетеді, ол ерекшеліктердің кейбіреуі барлық организмдерде, екіншілері– белгілі бір үлкен топтарда, үшіншілері, осы топтардың ішіндегі белгілі бір кішірек топтарда кездеседі, дәл осылай әлеуметтану да қоғамдық даму заңдарын, құрылысы мен қызметтерін және олардың бірі – жалпыға ортақ заңдар, екіншілері – топтар үшін ортақ, үшіншілері – жеке заңдар болатын ерекшеліктерін біліп алуға тиіс. Шынында да, біз бұрын келген қорытындыларды еске алсақ, мына жәйт та айқын болады: егер адамдар қоғамдық бірліктер ретінде кейбір ортақ қасиеттерге ие болса, онда қоғамдық агрегаттар да ортақ қасиеттерге ие болуға тиіс; кейбір тайпалардың табиғатында байқалатын ұқсастықтар, олардан шыққан ұлттардың табиғатында осындай ұқсастықтарды туғызуға тиіс; және де адамзаттың жоғары дамыған түрлеріне тән ерекше қасиеттер осы түрлер біріккен қауымдарда ортақ ерекше қасиеттер ретінде көрініс табуға тиіс. Демек, біз осы мәселеге абстрактылы немесе нақты көзқарас тұрғысынан қарасақ та, біз сол бір қорытындыға келеміз. Бір жағынан, өркениятқа жетпеген адамдар түрлеріне және олардың тайпаларының құрылымына, ал екінші жағынан – өркениятқа жеткен адамдар түрлеріне және олардың ұлттарының құрылымына назар аудару осы қорытындының фактілермен расталатындығын мойындау үшін жеткілікті. Бірақ, осылайша a prorі және a postrіorі жеке адам табиғатының құбылыстары мен адамның қоғамдық табиғаты құбылыстарының арасындағы осы қатынастарды мойындай отырып, біз адам табиғаты құбылыстарының ғылым үшін материал болып табылатынын көре алмай қалмаймыз. Өзім жалпылама белгілеп қана қойған әлеуметтік ғылым туралы ұғымды толығырақ анықтау үшін, мен бұл жерде қазір ғана атап көрсеткендерім тәріздес бірнеше ақиқатты келтірейін. Олардың кейбіреуі баршаға мәлім; ал
басқаларын мен олардың ерекше бір ықылас қоюға лайықты және маңызы болғандығынан емес, олар туралы баяндау оңай болуы себепті келтіріп отырмын. Менің мақсатым – әлеуметтік ақиқаттардың табиғаты туралы айқын түсінік беру ғана. Біз мынадай жалпы фактіге назар аударайық: қоғамдық агрегациямен қатар әрқашан белгілі бір ұйымдастыру жүреді. Дамудың ең төменгі сатыларында, саны аз адамдардың мейлінше жүйесіз топтасуы кезінде, қатаң бағынушылық та, орталық билік те болмайды. Тайпа басшыларының билігі тек неғұрлым көлемді және неғұрлым жүйелі агрегаттарда ғана берік орнығады. Қандай да болмасын күші бар және де біршама тұрақты үкіметтік құрылымның дамуы, қоғамның азғана болса да ілгері басуын мүмкін ететін шарт болып табылады. Әуел басында біртекті мүшелерден тұратын топты үйлестіруші бөлікке және үйлестірілетін бөлікке бөлу қажетті алғашқы қадам. Қоғамның ілгері басуы үйлестіруші орталықтардың дамуымен қатар жүреді; бұл орталықтар тұрақты болған кезде сонымен қатар біршама күрделі орталықтарға айналады. Шағын тайпаларда тайпа басшыларының басқаруы көбінесе осал, тым күрделі болмайды; бірақ тайпа сан жағынан өздігінен немесе басқа тайпаларды құлдыққа алу арқылы көбеюіне қарай оған бағындырылған үкіметтік күштерді қосу нәтижесінде үйлестіруші аппараттың дамуы да басталады. Бұлар қарапайым әрі белгілі фактылар екен деп, олардың маңызын назардан тыс қалдыруға болмайды. Адамдардың арасында билікке қатысты теңсіздік орнағанда ғана олардың қоғамдық агрегация ахуалына дейін көтерілетіндігі, және бағынуды қамтамасыз ететін құрал арқылы ғана бірігіп, тұтас құрылым ретінде әрекет жасай алатындығы – өте қарапайым нәрсе екендігіне қарамастан ғылыми факт болып табылады. Бұл – қоғамдық агрегаттардағы бастапқы ортақ қасиет, ол агрегаттарды құрайтын бірліктерге тән осындай жалпы қасиеттен келіп шығады. Әлеуметтануда мынандай биологиялық ақиқатқа ұқсас ақиқат бар, ол биологиялық ақиқаттың мәні: қандай да болмасын дамыған немесе дамымаған тірі организмнің пайда
болуындағы алғашқы қадам жіктелу, оның салдарынан организмнің шеткі бөлігі орталық бөліктен ажырай бастайды. Ал осы биологиялық ақиқатқа жатпайтын ең дамымаған тіршілік иелерін құрайтын протоплазманың ядросыз өте ұсақ бөлшектеріне тән жағдайдың болатындығы сияқты, осыған ұқсас әлеуметтанушылық ақиқатқа жатпайтын, дамудың ең төменгі сатысындағы адамдардан құралатын шағын әрі бірлеспеген топтарда байқалатын ерекше жағдайдың бар екендігін көруге болады. Алғашқы шағын қауымдастықтарда басқарушы мен басқарылатын бөліктердің жіктелуі қатаң қойылмаған және айқын анықталмаған. Бастапқы кезде тайпа басшысы өзінің қоғамдық қызметінде басқа жабайы адамдардан беделділігімен ғана ерекшеленеді. Ол басқалар сияқты аң аулайды, қару-жарақ жасайды, жұмыс істейді және өзінің үй істерімен айналысады; соғыста ол қатардағы жауынгер болады, қалған жауынгерлерден тек беделінің артық болуымен ғана ерекшеленеді. Оның осы әскери және шаруашылық қызметінің тайпаның басқа мүшелерінің осындай қызметтерінен болар-болмас айырмашылығымен қатар тек саясатқа қатысты да азғантай ғана айырмашылығы болады; тәртіп сақтау үшін ол беделін жұмсайды, бұл өте осал сот билігінің көрінісі. Қоғам дами келіп, басшының билігі барынша нығайған кезде, ол енді тіршілікке қажетті заттар үшін жұмыс істемейтін болады. Алайда өнеркәсіптік тұрғыдан, тайпа басшысының билігі толық орнамаған кезде пайда болған басқа да үстем тап мүшелерінен бәрібір оның өзгешелігі болмайды, өйткені ол сол адамдар сықылды өнімді еңбекті басқалар арқылы жүргізеді. Оның билігінің одан әрі таралуы да саяси қызметінің өнеркәсіптік қызметтен толық бөлінуімен қабат жүрмейді, өйткені, әдетте, ол тауарлар айырбасын қолында ұстай отырып, өндірісті және көп жағдайда сауданы да реттеуді жалғастыра береді. Әйтсе де, ол өзінің әртүрлі басқару қызметінің ішінен ең алдымен тауар айырбасымен айналысуын тоқтатады. Саяси және әскери басшы ретінде тайпа басшысының уысында барған сайын шоғырлана түскен биліктің ықпалынан тәуелсіздік, өзін өзі басқаруға ұмтылу өнеркәсіпте ертерек басталады.
Қоғамның басқарушы және өндіруші бөліктері арасындағы біз байқаған бастапқы әлеуметтік жіктелу енді кейіннен осынау екі бөліктің іштей бөлінуі арасындағы мейлінше айқын көрінетін өзгешілікпен қоса жүреді; өндіруші бөлікте аз-аздап өндіру, бөлу және айырбас үрдістерін үйлестіретін қызметтер қалыптаса бастайды, бұл екі арада өндіруші бөлікте үйлестіру бұрынғы жолмен жүре береді. Өндіруші бөліктің реттеуші бөліктен бөлінуін көрсететін дамумен қатар, реттеуші бөліктің өзінің де дамуы жүріп жатады. Бастапқы патшаның, соттың, қолбасшының және көбіне абыздың міндеттерін бір өзі атқаратын басшының қоғамдық міндеттері, қоғамның ұлғайып әрі күрделілене түсуіне қарай, барған сайын мамандана түседі. Жоғарғы қазы бола отырып, ол әділ сотты көбінесе өзінің көмекшілері арқылы жүргізеді; ол қағаз жүзінде өз әскерінің басшысы болып қалады, бірақ іс жүзінде қолбасшылық барған сайын бағынышты адамдардың қолына көшеді; ең басты абыз бола отырып, ол шын мәнінде абыздың міндетін атқаруын толықтай дерлік қояды; теория жүзінде ол заңды іске асырушы әрі шығарушы деп есептеледі, бірақ шын мәнінде заңнама мен басқару барған сайын басқа адамдардың қолына өтеді. Демек, өзінің қызметтерін басқалармен бөліспейтін бастапқы үйлестіруші күштен бірнеше үйлестіруші күштер дамып шығады, және де аталған қызметтер олардың арасында бөлінеді. Бастапқыда өте қарапайым болатын осы қызметтердің әрқайсысы аз-аздап көптеген бөліктерге бөлінеді және әкімшілік, сот, діни немесе әскери ұйымға айналады, оған қызметтің әр түрлі дәрежедегі және
азды-көпті айырмашылықтары бар пошымдары кіреді. Жоғарғы билік бір адамның қолына тимеген жағдайларда (дегенмен қоғамдық дамудың төменгі сатыларында бұл түр орнықты болмайды) жүретін түр өзгеруін көрсетуді қажет деп есептеймін. Мен мынаны да айтуға тиіспін: жоғарыда келтірілген жалпы қағидаларда, нақты жағдайлардағы айырмашылықтар, олар ықшамырақ әрі айқынырақ
болсын деп, көрсетілмегенін есте ұстау қажет. Оған мынаны қосар едік: біз өзіміздің
дәлелдерімізде дамудың осы бастапқы сатыларынан әрі шықпауға тырысамыз. Сонымен бірге, тұтас әлеуметтік ғылым жасамайынша, бұл арада тек басты фактылардың жалпы очеркін беруге болатынын ескере отырып, біз қалай дегенмен де жеке организм дамуында ортақ және жеке фактілерді байқауға болатыны сияқты, қоғамдық құрылымдардың дамуында да, барған сайын жиі ұшырасатын белгілі бір жалпы фактыларды байқауға болатынын көрсету үшін жеткілікті айттық қой деймін. Мен бұл жерде осы салаға қатысты тағы бір сұрақ қоямын. Қоғамның құрылысы пен дамуы арасында қандай қатынас бар? Құрылыс даму үшін қандай шамада қажет? Ол қандай шамада дамуды баяулатады? Ол қандай шамада дамуды тоқтатады? Жеке организмде өсу мен дене құрылысы арасында екіұшты қатынас болады; бұл қатынасты мейлінше дәл жеткізіп айту өте қиынға соғады. Ерекше жағдайларда тіршілік ететін кейбір дамымаған организмдерді қоспағанда, басқаларының бәрі дерлігі жөнінде дамыған дене құрылысынсыз әрі қарай өсу мүмкін емес дей аламыз. Барлық жетілген тіршілік иелері, олардың омыртқасыз және омыртқалы түрлері осыны дәлелдейді. Екінші жағынан, дамыған тіршілік иелерінің, әсіресе белсенді өмір кешетін тіршілік иелерінің ішінде өсудің тоқтауымен қатар, дене құрылысын одан әрі дамытуға мейлінше ұмтылу байқалады. Жоғары дамыған хайуан тез өскен кезде, оның мүшелері толық жетілмей қалады, сүйектері ішінара шеміршектеніп, бұлшық еттері әлжуаз болады, миы жеткілікті дәрежеде жетілмейді; дене құрылысына тән барлық мүшелердің әбден қалыптасуы тек өсу тоқталғаннан кейін ғана аяқталады. Дәл осындай жағдайлардың неден болатынын түсіну қиын емес. Жас хайуан өсу үшін қорегін сіңіруге, тыныс алуға, жарамсыз өнімдерді шығарып тастауға және т.т. дайын болуға тиіс; оның қан айналысы болуы керек; осы қызметтер үшін оның мейлінше жетілген несеп, т.б. жолдары, тамыр жүйесі және басқалары болуға тиіс. Өзіне қорек тауып алатындай жағдайда болу үшін, ол қажетті қабілеттер мен қасиеттерді біртіндеп дамытуы керек; бұл үшін ол біршама дамыған мүшелерінен, сезу қабілеттерінен және
жүйкесінен бастауы қажет. Осы біршама дамыған мүшелердің көмегімен жүрген өсу сәттеріне осы мүшелердің өздерінің өзгеруі ілесе жүруі қажет. Егер олар алдыңғы аз өсуге жеткілікті сәйкес болса, одан былайғы көбірек өсуге нашар сәйкес еді. Осыдан келіп оларды өзгерту қажеттігі, оларды бұзып және қайта құру қажеттігі туады. Демек, бұрынғы құрылым неғұрлым жетілген болса, оны бұзу және қайта құру кезінде, соғұрлым көп кедергі кездесетіндігі айқын болады. Сүйектер осы қиыншылықты қалай жеңудің үлгісі болады. Мысалы, баланың жамбас сүйегіндегі басты және цилиндрлі бөліктердің арасында, бастапқы шеміршектер әлі де сүйектенбеген жерде және жаңа шеміршектің өсуімен сүйектің ұзаруы жүретін жерде жаңа сүйек заты жиналатын орын қалады; сүйектің екінші ұшындағы осы сияқты жерде дәл сондай жағдай орын алады. Осы екі жерде сүйектің мүлдем қатайюы сүйек ұзаруын тоқтатқан кезде аяқталады; ал егер сүйектің ұзаруы аяқталмастан бұрын ол ұзына бойына қатайып қалса не боларын ойласақ, онда осындай тәсілмен одан әрі өсуге қандай елеулі кедергі жойылғанын көреміз. Осындай жағдай бүкіл организмде жүреді; организм құрылысы өсу үшін белгілі бір шекараға дейін қажет болғанымен де, одан асқаннан кейін, ол өсуге кедергі жасайды. Бұл қатынастың қаншалықты қажет екенін күрделірек жағдайда, мысалы, қандай болмасын бүтін мүшенің өсуінен көре аламыз. Дененің әрбір мүшесінің бөліктерінің үлкендігі мен бір-біріне сәйкестігі, әдетте, осы денеге белгілі бір қатынаста болуға тиіс. Осы мүшеге артық қызмет істетсеңіз оның күші мен көлемі аз да болса өсе түседі. Егер осы артық қызметті атқару ерте жаста басталса, онда мүше өзінің бұрынғысынан едәуір үлкен болуы мүмкін; егер де осы артық қызметті атқару кешірек басталса, онда өзгеріс аз болады; дегенмен осы екі жағдайда да ол өте үлкен болмайды. Біз мұның неліктен осылай болатынын мүшенің өсуі қалай жүретінін қарастырғанда байқаймыз. Қызметті бұрынғыдан көп атқарған жерге көп қан айдалады және уақыт өте келе шығынның есесіне жаңа тін қалыптасады. Бірақ қанның белгілі бір жерге айдалуы, оны жеткізетін күре тамырдың жуандығымен шектелген; және де белгілі бір шамаға дейін қанның көп айдалуы күре тамырлардың уақытша
кеңеюінен болса да, оның осы шамадан асып, бұрынғыдан көп айдалуы, күре тамыр бұзылып және қайта құрылған жағдайда ғана болуы мүмкін. Тамырлардың мұндай өзгерісі баяу жүреді – дегенмен ұсақ шеткі тамырларда өзгеріс соншылықты баяу емес, ал ұсақ тамырлар тармақталатын жуан күре тамырларда баяулау жүреді; өйткені жуан күретамырлар ұзына бойына жуан орталық күретамырлардан тарамданатын жеріне дейін өзгеруі тиіс. Дәл осылайша, жарамсыз өнімдерді шығаратын шеткі және орталық жолдар да, өзгерістерге ұшырауға тиіс. Жүйке тарайтын жүйке сабаулары мен орталықтары, олар атқаратын қызметтің ауырлауына икемделуге тиіс. Сонымен бірге, ішкі құрылыстың осы жүйесі жағдайында, басқа бөліктерге айдалатын қанның мөлшерін азайтпастан дененің бір бөлігіне ұдайы тым көп қан айдау мүмкін емес, сол себепті құрылымда қанның осы бөліктерге кетуін азайтатын өзгерістер қажет болады. Осыған байланысты организм мүшесі белгілі қалыпты шамадан тыс өскен кезде, оның өсуіне үлкен қарсылық көрсетіледі. Мұндай өсу организм мүшесіне тікелей қызмет ететін бөліктердің ғана емес, барлық жеке бөліктердің бұзылып, қайта құрылуынсыз жүрмейді. Сөйтіп, құрылымның бір талаптарға толық бейімделуі, оның басқа талаптарға бейімделуіне өте үлкен кедергі болады, жаңадан бейімделудің қиындығы бұрынғы бейімделу толық жүзеге асуға жақындаған сайын арта түседі. Бірақ, осы заңдылықты қоғамдық организмге толық қолдануға бола қояр ма екен? Бұл жерде жуық арадағы мақсаттарға қол жеткізу үшін қызмет ететін мекемелерді көбейтіп, құрылымын жақсарту, және де құралдарды жетілдіру озық мекемелерді дамытуға және болашақта бұдан да жоғары мақсаттарға жетуге кедергі болмай ма? Жеке адамдағы секілді ұйымдастыру қоғамға да өсу үшін қажет; белгілі бір шамадан асқанда ұйымдастыруды жетілдірмейінше одан әрі даму мүмкін емес. Алайда, осы шектен асқаннан кейін ұйымдастыру жанама түрде жазалау қызметін атқарады, ол жалаң дамуға және қоғамдық құрылыстың жетіле түсуіне қажет жаңа құралдарға кедергіні көбейтеді деп күдіктенуге көптеген себептер бар. Біз қоғам деп атайтын агрегаттың осы жерде біз салыстырып отырған жеке тірі агрегаттан анағұрлым икемді
екендігіне күдік жоқ, оның тұрпатында аяқталу әлдеқайда кем. Бірақ қандай болғанда да, бұл агрегаттың үнемі тұрақтылыққа ұмтылатындығы және де оның құрылымындағы әрбір жетістік бұрынғыдан да беки түсуге жасалған қадам екендігі белгілі. Мұны қоғамның материалдық құрылысына, саяси және басқа да мекемелеріне қатысты қолданудың қаншалықты дұрыс екендігін бірнеше мысал көрсетіп береді. Шамалы болса да, ойымызды дәлелдеуге жарамды мысалдарды біздің жол жүру құралдарымыздан көруге болады. Қалалардағы қатынастың қазіргі ұсақ түрлеріне тоқталмастан, қатынастың озық түрлерінің пайда болуына олардың кедергі жасап отырғанына қарамастан, тікелей темір жолдарға көшелік. Тым тар табанды жолдардың (олар бір кездегі пошта күймесі доғалақтарының орналасуына сәйкес салынып, бұрынғы қатынас жолдары жүйесінен мұраға қалған) қалайша кең табанды жолдар салуға еңсерілмейтін кедергі болғанын атап көрсетелік. Сондай-ақ, енді баяғы пошта күймесінің үлгісімен жасалған вагондар қолданысқа енгеннен соң (кейбір бірінші қатардағы ескі вагондарда “trіa juncta іn uno” деп жазылған), кейіннен біздің сызбаларымызбен шектелмей, біздің тәжірибемізді ескеріп жасалған, Америкада қолданысқа енген вагонның аса қолайлы үлгісін енгізу мейлінше қиын. Біздің жылжымалы составымызға жұмсалған орасан зор капиталды құрбандық ету мүмкін емес. Америкалық үлгідегі вагондарды біздің үлгідегі вагондармен қатар пайдалану үшін біртіндеп енгізу өте қиын, себебі бізде пойыздар ұдайы тіркеліп не ағытылып жатады. Сөйтіп, біз амалсыздан жетілмеген үлгіні пайдалануға мәжбүрміз. Біздегі канализация жүйесі тағы бір мысал болады. Әртүрлі санитарлық бәлелерге қарсы шара ретінде, осыдан отыз жыл бұрын ұсынылып және заң күшімен біздің үлкен қалаларымыздың барлығына енгізілген бұл жүйені бүгінгі күні орасан зор қиындықсыз жетілген жүйемен ауыстыру мүмкін емес. Ол, оттегі жетпейтін жерлерде шіруге ықпал жасап және осылайша тұрақсыз химиялық қосылыстар түзе отырып, көп жағдайда өзі алдын алуға тиісті болған ауруларды туғызды, алайда ендігі жерде қалаларды нәжістен зиянсыз әрі қолайлы тазарту тәсілдерін енгізуді ойластырудың өзі мүмкін емес. Тіпті ең
жаманы – біздің санитарлық әкімшілігіміздің бір бөлігі айтқанына көндіріп суағарлар жүйесін енгізген болатын, осының кесірінен Оксфорд, Ридинг, Мейденгид, Уиндзор және басқалары Лондонның ауыз суын ластап отыр, ал біздің санитарлық әкімшілігіміздің екінші бір бөлігі ол су ауру таратады деп (алайда, бұл ластануды тудырған заң шаралары екенін ескермей) судың ластануына қарсылық білдіреді. Енді бүкіл жүйені қайта жасау керек, ал әзірге біздің таза ауа мен таза суға қолымыз жеткенше, оған бұрынғы жүйе мейлінше кедергі жасайтын болады. Әрбір кәсіпте іс жүргізудің белгіленген реті қалыптасады, алайда, одан да жақсырақ жол табылса да, орнығып қалған кертартпа жүйені өзгерту мүмкін болғанмен, бұл өте қиынға түседі. Мысалы, кітап саудасын алайық. Хат жөнелту құны бір шиллинг болған кезде және кітаптарды салып жіберуге арналған пошта болмаған кезде, баспагерлерден оқырмандарға кітап жеткізумен айналысатын көтерме және бөлшек саудамен айналысатын саудагерлер ұйымы құрылды; бұл жерде осы ірі және екінші сатыдағы агенттердің әрқайсысы саудадан түскен пайданың белгілі бір бөлігін иемденді. Енді жарты пениге кітапты сұрап хат арқылы тапсырыс беруге, ал бірнеше пенске оны поштамен алдыруға болатын кезде, кітапты ескіше жеткізуді ақысы аз, кітап бағасын төмендететін жеткізумен ауыстыруға болар еді. Бірақ саудагерлердің мүддесі бұндай өзгерістерге мүмкіндік бермейді. Кітапты тікелей пошта арқылы және арзан бағамен жіберу туралы хабарландырулар саудагерлердің мүддесіне кереғар келеді; олар кітап сатудан бас тартады, ондай жағдайда сатылған кітаптың азаюы басқаша сату арқылы көбеюінен басым болады. Осылайша, бір кезде пайдалы болған ескі ұйым, енді озық ұйымның жолын бөгеуде. Кітап саудасынан тағы бір мысал келтіруге болады. Оқырмандардың саны аз әрі кітаптар қымбат болған кезде кітапханалар құрылған еді, олар кітаптарды сатып алмай-ақ оқуға мүмкіндік берді. Алғашында саны аз, нашар ұйымдастырылған жергілікті кітапханалар сан жағынан өсіп, осының нәтижесінде кітапханалар үшін кітап алдыру басты сұранысқа айналды. Істі осылай, саны аз кітапты көптеген оқырмандар оқи
алатындай қылып ұйымдастырғанда, кітапты басып шығару шығындарын ақтау үшін кітаптың бағасы қымбат болуға тиіс. Ал оқырман қауым кітаптарды негізінен кітапханадан алуға дағдыланғандықтан, және әдетте оларды сатып алу ойларына да келмейтіндіктен, кітаптар едәуір арзан болған жағдайда да, оқырмандар кітаптарды бәрібір кітапханадан алған болар еді. Сондықтан Англиядадағы кітап таратудың қазіргі жүйесі, ең кеңінен танымал авторлардың шығармаларын айтпасақ, бізде америкалық жүйені қолдануға мүмкіндік бермейді, ол жүйе бірнеше кітапханаға ғана емес, сонымен бірге көптеген жеке сатып алушылар үшін кітап саны көп, арзан басылымдар шығартады. Тағы бір мысал: біздің білім беру мекемелерімізді алайық, жақсы қамтамасыз етілген, өздерінің атақ-даңқына және түлектерінің беделіне сүйенген біздің училищелеріміз, қоғамдық мектептеріміз және барлық басқа да осы тәріздес оқу орындарымыз ертеде ашылған, бірақ кезінде пайдалы болған олар ұзақ уақыт бойы жоғары білім үшін өте үлкен кедергі болды. Олар ескіні жақтап, жаңалық атаулыны тұншықтырып отырды. Тіпті олар қазірдің өзінде білімнің мазмұны жағынан да, әдістеме жағынан да жетілуіне кедергі жасап жүр, кедергісі сол – басқаларға жол бермейді, және де екіншіден оқушыларын жетілген білімнің не екендігін ұғынуға қабілетсіз етіп баулиды. Мұндай мысалдарды бұқараны оқытуға арналған білім беру ұйымынан да көптеп келтіруге болады. Білім берудегі секуляризм мен деноминационализм күресінің бір өзі-ақ фактілердің неғұрлым кең мәнін түсінгісі келетін кез келген адамға мынаны көрсетер еді: өз қоғамында тамырын кеңінен жайған, жеке басының қамы мен мәртебесін ғана ойлайтын, діни және саяси топтарға сүйенген, солардың идеялары мен мүдделерін насихаттайтын жалдамалы шенеуніктер армиясын қолға үйреткен құрылым – өзгертілуі мүмкін, бірақ неғұрлым жоғары болса, өзгертілуі солғұрлым қиынға түсетін құрылым. Мен осы аздаған мысалдар арқылы әлеуметтік ғылымның мәселелерінің бірін ашық көрсетіп, оның табиғатын анықтай алдым ғой деп ойлаймын. Жеке организмдерде де, қоғамдық организмдерде де құрылыс белгілі бір шамаға
дейін өсу үшін қажет екені – бұл айқын жәйт. Бірінші жағдайдағы сияқты, екінші жағдайда да өсудің одан әрі жалғасуы құрылыстың бұзылуы мен қайта құрылуын қажет етеді, демек, ол осы шамаларда кедергіге айналады, – бұл да айқын болса керек. Бірақ, осы екі жағдайда құрылыстың қалыптасуының аяқталуы өсудің тоқтауына жетелейді және қоғамды сол кезде жеткен түрінде ұстап қалады деу дұрыс па, – бұл зерттеуді қажет ететін мәселе. Осы сұраққа жауап берместен-ақ маған мына бір жәйт мейлінше айқын сияқты: бұл мәселе, қоғамды әдеттегідей, тарихи түрғыдан қарастыратын адамдардың назарынан бүтіндей тыс қалатын мәселелердің қатарына жатады, олардың айтуынша бұл әлі пайда болмаған әлеуметтік ғылымның мәселесі. Мен, көзқарастары маған өте таныс адамдардан тағы тайпалар арасында не болып жатыр; оларда басшылар мен емшілер қалай пайда болады; өндіру саяси қызметтен қалайша бөлінеді; басқарушы топтардың өзара қатынастары бастапқыда неге негізделген; қоғамдық құрылыс жеке тұлғалардың жандүниесінің табиғатымен, олардың идеяларымен, және ақырында сол кездегі жағдаймен қай шамада анықталады?, осылар туралы ойлануға тұра ма деген күдік естігендей боламын. Өздері “Практикалық заңдар” деп атайтын нәрседен үнемі қолы босамайтын (осылай деп бір ғана жақын арадағы себептер мен қарекеттерді қамтитын, ал алысырақтағыларды қарастырмайтын заңдарды түсінетін сияқты) осындай адамдар, әлеуметтік ғылым көздеген қорытындылар тіптен сол қорытындыларға қол жеткен күнде де бірдеңеге жарар ма екен деп күдіктенеді. Әрине, бұл ғылымды оларды өте қызықтыратын тарихи зерттеумен қатар қоюға болмайды. Корольдердің шыққан тегі, әулеттердің тағдыры мен патшалардың ұрыс-керісі сияқты фактылардың маңызының өте жоғары екендігіне еш күмән келтіруге болмайды. Ами-Робсатрды өлтіру үшін қастандықты Ланчестердің өзі ұйымдастырды ма әлде жоқ па, және король Елизавета оның сыбайласы болды ма екен; король Иаков хабарлаған оқ-дәріге байланысты қаскүнемдік туралы әңгіме рас па, әлде жоқ па, осының бәрі, біздің саяси мекемелеріміздің дамуы туралы қандай болмасын дұрыс қорытынды
жасамас бұрын, шешіп алуды қажет ететін күмәнді мәселелерге жатады. Пруссиялық І Фридрихтің өгей шешесімен араз болуы, оны өзін уламақ болды деп күдіктенуі, апасына қашып баруы, мұраға курфюрст атағын алғаннан соң король атағын алу үшін қаскүнемдікпен айналысып пара беруі, ол қайтыс болғаннан кейін жарты сағат өткен соң ұлы Фридрих Вильгельмнің сарай қызметіндегілердің бәрін босатуы, содан соң ақша жинай бастауы, негізінен өзінің әскерін көбейту мен жаттықтыруға ден қоюы, өзінің ұлын жек көріп, оған жаман қарауы – ғасырлар бойы барлық король тектілер туралы осы және осылар сияқты фактылардың маңызы сондай, оларсыз өркенияттың прогресін түсіну мүмкін емес еді. Сонымен бірге Наполеон соғыстары сияқты уақиғаларды да толық білмей болмайды – оның Италиядағы жеңістері мен контрибуциялары, оның Венецияға қатысты арамзалығы, Мысырға жорығы, оның осы елдегі жеңістері мен ойран салуы, Акрадағы сәтсіздігі, ақырында кері шегінуі; оның неше түрлі келіссөздері, одақтары, шарттары және осы шарттарды бұзуы, оның Германияға, Испанияға, Ресейге және т.б. жорықтарының егжей-тегжейі, оның стратегиясы, тактикасы, жеңістері, жеңілістері, кісі өлтіртулері және т.б., туралы деректер толып жатыр, осы деректерсіз қандай мекемелерді қорғау және заң шығарудағы қандай өзгерістерге қарсы шығу керектігі жөнінде пікір айту мүмкін болар ма екен. Алайда, осындай қажетті нәрселердің маңызын мойындай отырып, бәлкім, қоғамның жаратылыстық тарихына да назар аударған жөн болар? Қоғамдық дамудың табиғи ағымының мәні неде және оған әртүрлі саясат қандай ықпал етеді деген сұрақ арқылы саяси әрекеттің әдістеріне қандай да бір үлгі табу мүмкін шығар. Мүмкін ұлттық өсу мен дамудың нақты үрдісіне үйлесетіндігін немесе үйлеспейтіндігін ескермей ешқандай заң шығару шарасын қолдануға болмайтын шығар, және де, бұл шаралардың қажеттігі туралы болжалды үлгілерден гөрі осы даусыз үлгіге сүйеніп пікір айтқан жөн шығар. Көп нәрседен дәмеленбей-ақ, қалай болғанда да қоғамның құрылымы мен қызметтерінің өзгерістері арасында қандай да бір заңдылық болса, онда осы заңдылықты білу ненің озық және ненің кертартпа, ненің қажет, ненің іске
асатындығы және ненің құр қиял екендігі жөніндегі біздің пікірлерімізге әсер етпеуі мүмкін емес деп үміттенеміз. Алдарыңыздағы еңбектің келесі бөлімін біз осыларды зерттеуге арнаймыз, әлеуметтануды оқып-үйренуге кіріспес бұрын қарастыра кету қажет болатын талай-талай маңызды ой-пікірлер табылады.
“Спенсер Г. Социология как предмет изучения.
СПб, 1896” басылымынан қазақшалаған философия
ғылымының кандидаты, доцент Ілияс ӘЙТІМБЕТ.
Герберт Спенсер
САЛТ ПЕН ӘДЕП
Саяси митингілер әлпетін арнайы зерттеген әрбір адам әрине олардың демократиялық пікірлер мен костюм ерекшеліктерінің арасындағы байланысты байқады. Чартистердің демонстрацияларының, социализм туралы дәрістердің немесе “Италия достары” Soіree-сінің кез-келгеніне жұртшылық арасында, әсіресе шешендер арасында маңайындағылардан аз ба, көп пе ерекше көзге түсетін адамдар кездеседі. Бір мырзаның шашы қиғаш емес, ортасынан бөлініп таралған; екіншісі шашын шалқасынан қайырып, “бет әлпетін ақылды көрсететіндей” қылып тараған; қайшыдан мүлдем бас тарту себепті үшіншісінің шашы иығына түсіп жүр. Мұрт дегеніңіз шаш-етектен; теке сақал екінің бірінде; аракідік тіпті әдептен озған батырың қаба сақалын желкідетеді∗. Шаш, сақал мен мұрт қою ерекшеліктерін, жиналыстың басқа да мүшелерінің киім үлгісіндегі ерекшеліктер толықтыра түседі. Мойынды a la Byron ашық қою, квакерлердің нымшалары, таңқаларлықтай түкті плащтар, киімнің пішілуі мен түсіндегі толып жатқан оғаштықтар тобырға тән сүреңсіздікті жұмсартады. Тіпті қандай да бір күрт ерекшелене қоймайтын кісілердің киімдерінің матасы мен үлгісіндегі әлдене одағайлықтар бұл мырзалардың өз тігіншілерінің үстем сән туралы лебіздерін көбіне жүре тыңдайтынын көрсетеді. Ал жиналғандар тарай бастаған кезде байқалатын бас киімнің алуан түрі, құлақшындар саны мен киіз қалпақтардың молшылығы, егер дүниедегілердің бәрі бірдей ойласа, онда біздің тинаымыздың – қара цилиндр қалпақтардың – көп ұзамай аяғы көктен келер еді. Біздің күнделікті газеттеріміздің шетелдік хабарларынан, саяси наразылық пен әдетті елемеу арасындағы дәл сондай туыстық континентте де бар екендігі көрінеді. Қызыл республикашылдар қашанда алқам-салқам түрімен ерекшеленетін. Пруссия, Австрия және Италия өкіметтері түгелімен шляпалардың белгілі бір үлгісін жаратпау белгісі деп біліп, соның салдарынан оларға қарсы жай отындай күркірейді. Кей жерлерде желбегей кию “сезіктілер” қатарына ілігіп қалу қаупін тудырады; басқа бір жерлерде полицияға тұтылып
∗ Мен мақаланы Англияда мұрт қою мен сақал жіберу әдетке айналмастан бұрын жазған едім.
қалмау үшін көшеге сақтанып, түсі әбден үйреншікті киім киіп шығу керек. Осылайша, демократия бізде де, басқа елдерде де, өзінше, төл ерекшелікке ұмтылады. Сипаттаушы белгілердің осынау ассоциациясы жаңа заманның немесе мемлекеттік реформаторлардың төл туындысы емес. Ол қашанда болған және діни толқуларда да, саяси толқуларда да бірдей кездескен. Кавалерлердің ұзын шаштарын да, принциптерін де жақтырмаған пуритандар өз шаштарын қысқа етіп қидырғандықтан, “домалақ бастар” деген нысаыға ие болған. Квакерлердің басқаға ұқсамайтын діни ерекшеліктері әдеттегі дәл сондай ерекшеліктерімен – сөз сөйлеу, киім кию, амандасу мәнеріндегі ерекшеліктермен үндесіп жатады. Алғашқы Моравиялық бауырлар басқа христиандардан дінде ғана ерекшеленіп қойған жоқ, олардан өзгеше киінді, өзгеше өмір сүрді. Саяси тәуелсіздік пен жеке адамның мінез-құлқындағы тәуелсіздік арасындағы байланыс тек біздің заманға ғана тән құбылыс емес екендігін Франклиннің француз королінің сарайына күнделікті киетін киімімен баруынан көреміз, радикалдардың соңғы буынының ақ шляпа киіп жүретін әдетінен де соны байқаймыз. Табиғи бірегейлік міндетті түрде бір ғана жолмен көрінбейді. Герог Фокстың әлде бір былғары камзолы немесе Песталоццидің мектептегі “әуейі Гарри” дейтін лақап аты, бізді еріксіз мынадай ойға жетелейді, ұлы істерде таптаурын жолмен жүрмеген адамдар, ұсақ-түйек істерде де көбінесе сөйткен. Бұл пікірдің ақиқаттығына әрбір дерлік ортадан шыққан оншалық беделді емес адамдардың мысалы да дәлел болады. Біздің ойымызша, әрбір адам өзіне таныс реформаторлар мен рационалистерді есіне алса, олардың көпшілігінің киген киімдерінің, қылықтарының оғаштау көрінетіндігін байқайды. Егер саясат пен дінде революциялық мақсат көздеген адамдардың әдетте әдет-ғұрыпта да революционер болатын фактысын мойындауға болса, мемлекет пен дінде белгіленген тәртіптерді сақтауға қызмет ететін адамдардың сонымен қатар негізінде өткен ұрпақтардан мұраға қалған әлеуметтік пошымдар мен ережелерге әбден берілген адамдар болатындығы фактысы да әділетті. Барлық жерде дерлік құрып кеткен әдет-ғұрыптар үкіметтің бас сарайында әлі де
ұсталады. Әлі күнге дейін біздің монарх парламенттік актілерді ежелгі нормандықтар қолданған француз тілінде бекітеді, және бұрынғыша, норманфранцуз терминдері заңдарда қолданылады. Біз көне портреттерден көретін париктер сияқты париктерді, бүгінде соттар мен адвокаттардың басынан көруге болады. Тауэрдегі король қарауылы Генрих VІІ оққағарларының киім үлгісімен киінген. Осы күнгі университет киімінің Реформациядан кейін киілген киімнен бәлендей айырмашылығы жоқ. Түсті киім, тізеге жететін панталондар, шілтерлі желбіреуік пен манжеттер, ақ жібек шұлық, айылбасты башмақ – осының бәрі бір кезде джентельменнің дағдылы киімі болған және әлі күнге дейін король сарайында киетін киімге жатады. Ал король сарайындағыдай қабылдау және т.б. шаралардың рәсімдерін дәл әрі міндетті түрде орындау басқа еш жерде жоқ екендігін айтпаса да болады. Осы екі қатардағы ұқсас жәйттерге кездейсоқ және маңызы жоқ нәрсе деп қарауға бола ма? Бұл жерде идеялардың белгілі бір туыстығы бар деу негіздірек емес пе? Конституциялық консерватизм мен өзгерістерге деген конституциялық ұмтылыс сияқты бірдеңенің бар екендігін мойындау керек? Бұл жерден ескілік атаулының бәрін мықтап ұстанған адамдар мен дамуды жақтағаны сонша, көп жағдайда жаңалық біткеннің бәрін жақсылық деп есептейтін адамдарды байқамаймыз ба? Биліктің қандайына болмасын мойынсынуға ылғиында даяр тұратын адамдар жоқ па; сонымен бірге кез-келген өкіметтен өзінің не үшін қажет екендігін түсіндіруді талап ететін, ал өкімет өзінің неліктен керек екендігін пақтай алмаса, оны мойындамайтын адамдар жоқ па? Осылай қарамақарсы қойылған ақыл иелері дін мен саясат жөнінде ғана емес, басқа да нәрселер жөнінде конформист немесе нонконформист болуға тиіс емес пе? Үкіметке болсын, дін догматтарына болсын, қоғам бекіткен әдептілік кодексіне болсын бағыну мәні жағынан бір нәрсе; азаматтық немесе рухани билеушілердің деспотизміне қарсылық тудыратын сезім, қоғамдық пікірдің де деспотизміне қарсылық тудырады. Консисторияның болсын, қонақхананың болсын қаулыларына пошымдық та, елеулі де ережелерге тән бір ортақ қасиет: олардың бәрі адам еркіндігін шектеу болып табылады. Олардың кез-келгеніне:
“Мынаны істе, ал мынаны істеме”, – деп жазып қоюға болады; және әрбір жолы бағыну бұл жалғанда сый-сияпатқа, бақида жұмаққа жеткізеді деген ой меңзеледі; ал бағынбасаң, ісіңе қарай абақтыға қамалу, қоғамнан аластатылу немесе мәңгі тозақ азабы күтіп тұр. Қалай аталғанына және өзінің әрекетінде қалай көрінгеніне қарамастан, қыспақ дегеннің бәрі ұқсас десек, онда бұдан өзінен-өзі қыспақтың бір түріне шыдаған адам, тегінде, оның басқа түріне де шыдай алады, – керісінше, жалпы қыспақ атаулыға көнбейтін адамдар, қыспаққа жалпы бағынбайды, өзінің қарсылығын барлық бағыттарда бірдей көрсетуге тырысады. Заң, дін және әдет-ғұрыптар осылайша өзара байланысты екендігі, олардың әрекеттерінің ортақ тәсілдері адамның белгілі қарама-қарсы сипатты пиғылдары жағдайында олар ортақ қолдауға ие болатыны, ортақ шабуылға да ұшырайтындығы олардың тегі бір екендігіне көзіміз жеткенде анық көрінетін болады деген бір тұжырым жасауға ыңғайлы. Бүгінде бізге бұл қаншалық күмәнді сияқты көрінгенімен, біз дін билігі, заң билігі және әдет-ғұрыптар билігі басында бір ортақ билікті құрағанын бәрібір байқаймыз. Бүгінде қаншалық мүмкін емес сияқты көрінгенімен, біз этикет ережелерінің, заңдар жинағы баптарының және шіркеу өсиеттерінің бір тамырдан өсіп-өнгендігін дәлелдеу мүмкін деп санаймыз. Егер біз алғашқы қауымдық құрылыстағы фетишизмге үңілсек, онда құдайдың, билеушінің, церемониймейстрдің әу баста ұқсас болғанын анық көреміз. Осынау қағидаларды орнықтыру және дәйекті ойды өрбітудегі олардың маңызын көрсету үшін біршама жалықтырар және бір қарағанда біздің тақырыбымызға қатысы жоқ сияқты мәселеге бару қажет. Біз оны уәжіміздің талаптары мүмкін ететіндей дәрежеде тезірек өтуге тырысамыз. Ең көне қоғамдық агрегациялардың ең күшті адамдардың ырқымен ғана басқарылғанына ешкім дауласпайды∗. Карлейль мен басқалар дәлелдеуге қаншама тырысқанымен, күшті адамнан монархия ғана емес, құдай ұғымының
∗ Кейбіреулердің бұны жоққа шығаруы бәлки дұрыс болар. Алдында өткен сатылардың біразында билік орнаған болатын; көп жағдайларда билік тіптен болмады
да бастау алғанын мойындайтындар көп емес. Бірақ бұған сенгісі келмеген адамдар, өздері үйренген құдай және адам туралы идеяларды былай қоя тұрып, алғашқы қауымдық идеяларды зерттей бастаса онда олар ұсынылған гипотезадан біршама дұрыстық табары айдан анық. Олар адамдардың тәжірибеге сүйеніп, мүмкінді мүмкін еместен ажыратқанға дейін, қайдағы бір нәрсеге беймәлім күштерді тели салуға және оған табынуға даяр болғанын; адамдардың адамзат пен оның қабілеттері туралы сол кездегі түсінігінің бұлыңғыр болғанын және нақты шектелмегендігін естіне алсын. Орасан күшімен бе, әлде айласымен бе басқалардың қолдарынан келмеген немесе түсінбеген нәрсені істей алған кісіге, адамдар өздерінен асып жаратылған деп қараған; мұнда тек дәрежелік жағынан ғана емес, тегі жағынан да өзгешелік болуы мүмкін деп есептеген, мұны өздерінің көсемдерінің ғана жаны бар дейтін полинезиялықтардың нанымдарынан; және өздерінің ақсүйектерінің тегі Құдай дейтін ежелгі перуліктердің нанымдарынан көреміз. Содан кейін сол кісілер сол заманда және кейінірек үстем болған құдай туралы, дұрысы құдайлар туралы түсініктердің қандай тұрпайы болғандығын, құдайлардың түрі ерекше, киімі ерекше нақты адамдар деп есептелгенін, олардың аттары тура “күшті”, “қиратушы”, “қуатты” мағынасын білдіргенін,скандинавия мифологиясы бойынша “қасиетті қанды кек борышын” құдайлардың өздерінің орындағанын және олардың кек алғанда мейірімсіз болуында және өзара араздасқанда ғана емес, оларға телінген Жердегі сүйіспеншілік қарым-қатынастары мен мехрабтарына әкелген тамақты жегенде де адамнан айырмашылығы жоқ екендігін еске түсірсін. Бұған – грек, скандинавия және басқа әр түрлі мифологияларда ертедегі тіршілік иелері алыптар болғанын; дәстүрлі шежіре бойынша құдайлар, жарты құдайлар, ал кейде адамдар да олардан адам баласынан туғандай туылғанын және сонымен бірге Шығыста пенде қыздарының көркіне қызыққан Құдай ұлдары туралы еститінімізді, тевтон мифтері пенде ұлдарының құдайлардың қыздарына қосылуы туралы әңгімелейтінін қосайық. Ол кісілер сондай-ақ өлім туралы түсініктің әу баста біздің түсінігімізден едәуір айырмашылығы болғанын; әлі күнге дейін өлген
кісінің денесін тік қойып, аузына тамақ салатын тайпалардың бар екендігін; перуліктердің той жасап, төрге өлген инктердің мумияларын қоятынын, Прескот айтқандай “осы жансыз мүрделерде әлі де өмір ұшқыны бардай құрмет көрсетілетіндігін”; Фиджи аралдарының тұрғындары кез-келген дұшпанды екі рет өлтіру қажет деп сенетіндігін; шығыстағы пұтқа табынушылар адам денесін құрайтын сұйық та, қатты да заттардан тұратын мүшелерді, плшымды, түрді жанға да телитінін; ең бір тағы тайпаларда өлген адамға керек болады деген сеніммен тамақ, қару-жарақ, киім-кешектерді онымен бірге көметін салттың да бар екендігін еске түсірсін. Ақыр соңында олар бастапқы түсінік бойынша “о дүние” осы дүниенің Елисей даласы сияқты, тамаша шағын орман сияқты, тіптен тірі адамдарға да баруға болатын, марқұм болғандар негізінде Жердегідей ғұмыр кешеміз деген үмітпен сапар шегетін шалғай жерлерінің бірінен басқа ештеңе емес екендігін естеріне алсын. Содан кейін, беймәлім күштерді көсемдер мен емшілерге телу; құдайға адамның кескіні, құмарлықтары мен өмір салты тән деп сену; өмір мен өлімнің айырмашылығы туралы түсініктің бұлдырлығы, о дүниедегі өмірді бұл дүниедегі өмірге жағдайы жағынан да, сипаты жағынан да жақындастыру секілді фактылардың бәрін, осынау фактылардың баршасын қорыта келіп, алғашқы қауымдағы құдай өлген көсем: бірақ біздің түсінігіміздегіден басқаша өлген көсем, қару-жарағы мен жол азығын алып, көптен бері соңынан ергендерді жеткізгісі келіп жүрген, бақытты молшылық еліне, армандаған жерге кеткен, және жуырда қалғандарды әкетуге қайтып келетін көсем деген қорытынды жасау өзінен-өзі туындамай ма. Осы жорамалға жол берсек, біз оның алғашқы қауымдағы барлық идеялармен және әдет-ғұрыптармен үйлесетіндігін көреміз. Құдай саналған көсемнен кейін оның ұлдары патшалық ететіндіктен, осыдан келіп міндетті түрде ертедегі патшалардың бәрі құдайлардан тараған деп саналады; осыдан келіп Ассирияда, Мысырда, еврейлерде, финикиялықтарда және ертедегі бриттерде патшалардың есімдерінің құдайдың ныспыларынан жасалғандығын толық түсіндіруге болады. Политеизмнің фетишизмнен құдай-патша нәсілінің біртіндеп о дүниеге
қоныс аударуы жолымен туындауы, грек мифологиясында құдайлардың шын шежіресі деп түсіндірілетін туындыу да, ол құдайлардың кейінгілерін шаң жуытпай мадақтау да дәл осы жорамалдан қолдау табады. Ол мына фактіні де түсіндіреді: Ең ежелгі діни нанымдарда, әлі күнге дейін таитиліктердің нанымдарында әр отбасын қорғайтын аруақ болады, әдетте ол қайтыс болған туысқандарының бірі; қытайлар тіпті орыстар да бүгінге дейін бұл аруақтарға екінші дәрежедегі құдай ретінде құрбандық шалады. Бұл жорамал құдайлар мен титандардың соғыстары мен сайып келгенде олардың салтанат құруы жайындағы грек мифтерімен және тевтон құдайларының ішінде, олардың қатарына асырап алу арқылы қосылған, “неғұрлым күшті, неғұрлым жаугер Один әулеті жеңіп, жойып жіберген құдайлардың басқа бір жұмбақ Вэн әулетінде дүниеге келген” Фрейрдің болу фактісімен де толық үйлеседі. Сондай-ақ ол әртүрлі елдер мен халықтардың, әртүрлі көсемдері болғаны сияқты, әртүрлі құдайлары да бар деп иланумен сәйкес келеді, осыдан көршілес тайпалардың: “Біздің Құдай сендердің Құдайларыңнан зор” деп мақтануының мағынасын түсінуге болады. Ол жорамал бұрынғы кезде барлық жерде болған Құдайлар әдетте тұрып жатқан басқа үйінен шығып адамдарға келеді, олармен әңгімелеседі, оларға көмектеседі және оларды жазалайды деген сеніммен де дәлелденеді. Және осы жерде алғашқы Қауым адамдарының құдайларына жалбарынып, шайқаста көмек сұрап жолдаған тілектерін тура мағынасында ұққандығы, яғни құдайлар билеп отырған елдерінен қайтып келіп, бұрын өздері қажырлы соғысқан ескі жауларымен шайқасқа түседі деп есептегені түсінікті болады; тілектерінің қабыл болатындығына ол кездегі адамдардың толық сенгендігін еске түсіру үшін Илиаданы айтудың өзі жеткілікті∗.
∗ Осы шығарманы басқаларымен бірге 1857 жылы қайта бастырғанда қандай болса, сол күйіндегі, мен әдейі бір сөзін де өзгертпеген осы параграфтан дін теориясының басты белгілерін көруге болады. Бұнда діни нанымның алғашқы түрі деп фетишизм көрсетілгенмен, және мен ол кезде қолданыста болған теорияға селқос қарағанмен (ол кездегі фетишизмнің пайда болуын түсіндіру мүмкін емес деп есептейтін көзқарас менің көңілімнен шықпады), жансыз заттарға табиғаттан тыс күш телуді (бұл ол кезде фетишизм деп аталды) алғашқы діни наным деуге болмайды. Зер салуға тұратын, бірденбір нәрсе, өлген адамдардың өмірі үзілмейды, олардың көңілін аулап, кейде оларға табыну керек дейтін
Сонымен, егер алғашында кез-келген үкімет өзінің артықшылығын көрсету арқасында көзге түскен жеке адамның үкіметі болса, ол өлгеннен кейін – көрінің басында құрбандыққа шалынған құлдары мен әйелдерін ертіп көптен бері ойында жүрген жорыққа аттанғаннан кейін – діни биліктің саяси биліктен, азаматтық заңның діни заңнан бөлінуі туа бастауға тиіс еді. Марқұмның ұлы ол жоқта сенім көрсетілген көсем болады; оны қарекеттердің әкесінің беделіне ақтайды деп саналған; өзіне мойынсұнбағандардың бәріне әкесінің қаһары жаудырылады; әкесінің бұрыннан белгілі немесе баласы жаңадан жария еткен жарлықтары адамгершілік кодексінің ұрығына айналады. Бұл факт, егер біз ең ертедегі адамгершілік кодекстерінің көбіне жауынгерлік айбындылыққа және көршілес бір тайпаның болуы құдайды қорлағандықтан, оны жоюға міндеттейтінін еске алсақ, тіптен айқындала түседі. Осы кезден бастап алғашында билеуші мен іске асырушы біреу болғандықтан бірге болған биліктің екі түрі біртіндеп бір бірінен өзгешелене түседі. Тәжірибе байып себеп-салдар идеясы нақтылана түскен сайын, патшалар өздерінің табиғаттан тыс атрибуттарынан айырылады да, құдай-патшалардың орнына, құдай тегінен шыққан патшаларға, құдай таңдаған патшаларға, аспанның жердегі әкімдеріне, құдай берген құқық бойынша король болғандарға айналады. Алайда ескі идеяның аты жоғалғанмен, адамдардың сезімінде ізі ұзақ сақталады және “король мәртебесіне табынып қошеметтеу соншама”, көптеген адамдар, тіптен қазірдің өзінде алғаш рет қандай да бір патшаны көргенде, оның адам баласының әншейін ғана біреуі екендігіне іштей таңқалады. Король арнамысына тән қасиеттілік оған тәуелді мекемелерге де – заң шығарушы билікке, заңдарға да теліне бастады. Заңды және заңға қарcы нәрселер әділеттің және әділетсіздіктің синонимі деп саналатын болды; парламенттің беделі шексіз деп танылды және үкіметтің күшіне үнемі сену үкіметтің шешімдеріне деген негізсіз үміт туғызды. Алайда саяси скептицизм, корольдің абыройын
діни наным. Бұл жерде әлеуметтануды баяндау барысында жиналған көптеген фактілердің көмегімен “Социология негіздерінің” І бөлімінде дамытылып теорияға айналған бастамалар анық көрсетілген.
айрандай төгіп, ұлғая түсіп, ақыр соңында мемлекетті қаулылары ортақ ниеттен өзге биліктің қолы жетпес шектеулі өрісте ғана бұзылатын таза дүниауи мекеме күйіне дейін жеткізуге уәде береді. Екінші жағынан, діни билік мәні жағынан да, пошымы жағынан да азаматтық биліктен бірте-бірте бөліне берді. Тағы тайпалардың құдай-патшалары адамдар теліген киелі қасиеттерін ғасырлар бойы бірте-бірте жоғалтып, дүниауи билеушілерге айналғаны секілді, басқа бір бағытта құдай ұғымы да алғашқы кезде барлық көріністерінде адами сипатта болып, адамға тән заттық қасиеттерін, адами пошымын, адамша сезініп, әрекет етуін бірте-бірте жоғалта бастады да, ақырында антропоморфизм айып саналатын болды. Осылай адами санада билеуші құдайды дүниауи билеушіден күрт айырумен қатар, олардың әрқайсысына тәуелді тіршіліктік кодекстерде де сондай бөлу жүріп жатты. Патша Құдайдың өкілі, (иудейлер мессияны әлі күнге дейін солай деп біледі), билеуші саналғандықтан, патша – “біздің жердегі Құдайымыз” деп саналғандықтан, осыдан келіп, әрине, оның бұйрықтары ең жоғарғы үкім деп саналады. Бірақ адамдар оның шыққан тегі мен табиғаты жаратылыстан тыс екендігіне сенуден қалған кезде, оның бұйрықтары ең жоғарғы үкім болудан қалды; сөйтіп, оның бұйрықтары мен ежелгі құдайпатшалардан қалған бұйрықтардың арасында айырмашылық пайда болды, уақыт өткен сайын және мифтер толыға түскен сайын соңғыларының қасиетінің үстіне қасиет қосыла берді. Осыдан келіп заң мен адамгершілік (инсаният) пайда болды; біріншісі барған сайын, нақты бола түсті, екіншісі барған сайын абстрактылы бола түсті; біріншісінің беделі үнемі кеми берді, екіншісінің беделі үнемі арта берді; алғашқы кезде бір ғана нәрсе болған олар, бүгінде бітіспес антогонизм ахуалында. Мұнымен қатар осы екі кодексті басқаратын мекемелер ажыратыла түсті. Олар бір бүтінді құраған кезде, мемлекет пен шіркеу де табиғи түрде бір бүтінді құрады: патша сөз жүзінде емес, іс жүзінде дінбасы болды; ол жаңа пәрмендер шығарып отырды, сондай-ақ ол ежелгі пәрмендерді тәпсірлеу де болды. Патша руынан шыққан дінбасылар атабабаларының пәрмендерін, әу баста қабылданғандай олар есінде сақтаған немесе кейіннен қабылданғанындай, ата-бабаларымен ғайыптан кездесу кезінде
естіп-білген пәрмендерді жай ғана тәпсірлеушілер болды. Сонау орта ғасырларда патша билігі Папа билігімен аралас болған, феодал барондардың барлық құқығын иемденген епископ-билеушілер болған, дінбасылардың жазалау билігі болған кездегі осынау одақ – аз-аздап өріс ала бастады. Монархтар әлі де “діннің қорғаушылары” және шіркеу басшылары деп саналғанмен, бірақ солай деп олар сөз жүзінде ғана саналды. Епископтарда әлі де азаматтық билік болғанымен, ол билік олар бұрын пайдаланған биліктей емес еді. Протестантизм осы одақтың байланыстарын әлсіретті, диссиденттер талайдан бері заңға мүлдем тәуелсіз, міндетті діни бақылау болатын жүйе құрумен айналысып жатты; Америкада енді осы мақсатқа қызмет ететін дербес ұйым бар; және егер мемлекетке қарсы діни ассоциациядан, қазір “Дінді мемлекеттің қамқорлығы мен өкіметтен азат ету қоғамы”∗ деп аталатын одақтан бірдеңе күту мүмкін болса, онда Англияда да осындай дербес ұйымға ие боламыз. Сөйтіп, өзінің күші жөнінде де, мәні мен пошымы жөнінде де саяси және адамгершілік ережелері өздерінің қоғамдық тамырынан барған сайын алыстай түсті. Қоғамның басқа салалардағы алға басуын нобайлайтын өскелең еңбек бөлінісі өкіметтің азаматтық және діни болып бөлінуінде де соны нобайлайды; және егер біз жалпы діннің мәнісі болып табылатын адамгершіліктің өзімен байланысты сенімдерден тазара бастағанына назар аударсақ, онда біз ақырында бұл бөлініс сайып келгенде тереңдей түседі ойлай аламыз. Енді биліктің үшінші түріне – әдет-ғұрыптар билігіне көшкенде, біз басқалармен шыққан тегі бір болса да, оның бірте-бірте өзінің дербес өрісі мен арнайы іске асырылу амалын тапқанын байқаймыз. Шартты ізет болмаған алғашқы қауымдар арасында ізеттің бірден-бір белгілі пошымы ең күштіге бағыныштылық белгілер болды; дәл осылайша, бірден-бір заң оның ырқы және бірден-бір дін – оның жаратылыстан тыс екендігіне сенімнен туған құрмет пен қорқыныш болды. Алғашқы рәсімдер құдай-патшаға дат айту тәсілі болды.
∗ Socіety of the Lіberatіon of Relіgіon from State Patronage and Control.
Біздің ең әдеткі лауазымдарымыз осы билеушілердің есімдерінен туындатылған. Тәжім етудің барлық түрі бастапқы оларға құрмет көрсету түрлері болды. Осынау ақиқаттарды лауазымдардан бастап, егжей-тегжейлі қарастырып көрелік. Жоғарыда келтірілген, ежелгі әртүрлі тайпалардың патшаларының есімдерінің олардың құдайларының есімдеріне белгілі бір буындарды жалғау арқылы түзілгендігі – іe aouіaa? шотландтық Mас және Fіtz сияқты, бәлкім “баласы” немесе “пәленшеден тараған” дегенді білдіруі – құдай лауазымы ретінде қолданылатын “әке” сөзіне бірден мағына береді. Және Сельденнің “құдайлар аттарынан түзілген есімдерге тек патшалар ғана ие болған жоқ, ақсүйектер де, аса құрметті азаматтар да (патша нәсілінен тарағандары даусыз) кейде сол есімдерге ие" дегенін оқып, біз әдетте олар және олардан тараған ұрпақ қолданған әке сөзінің бірте-бірте жалпы халық қолданатын лауазымға айналғанын көреміз. Билеушінің құдайдың ұрпағы екендігіне әлі де сенетін Еуропа халықтарының арасында әлі де осындай жоғарғы мағынадағы әке сөзі әлі күнге дейін корольдің ерекшелігін білдіреді. Егер біз бұдан әрі, басында патшаларға телінген құдай қасиеттері жарамсақ жалған сөз емес, шындығында солай деп есептелгенін, аспан денелері бір кездері адамдардың арасында өмір сүрген адамдар деп есептелгенін есімізге алсақ, біз шығыс билеушілерін “Күннің інісі” және т.б. атау бәлкім шын сенімнің көрінісі болғандығын және басқа да көптеген нәрселер сияқты барлық мағынасынан айырылғаннан кейін де ұзақ уақыт қолданыста қалғандығын түсінеміз. Сондай-ақ біз құдай, әмір, құдірет лауазымдары алғашқы билеушілерге қатысты тура мағынасында қолданылды деп, Рим императорларына берілген nоstra dіvіnіtas, монархтар иеленген әр түрлі қасиетті атақтар әлі де қолданылатын “Our Lorl the Kіng” сөз тізбегі бір кезде шын мойындалған фактілердің өшкен және өшуге жақын іздері деп тұжырым жасай аламыз. Алғашқы кезде құдай-патшаға, кейін құдайға және патшаға да берілген “құдай”, “әке”, “әмір”, “құдірет” атақтарынан біздің үйреншікті құрметті лауазымдарымыз шыққанын анық көреміз. Басында бұл лауазымдар жеке есімдер болды деп ұйғаруға себеп бар. Корольдің синонимі
перғауын болған мысырлықтарда ғана емес цезарь болу император болуды білдіретін римдіктерде де, біз ұлы адамдардың жеке есімдері олардың мұрагерлеріне беріліп, сөйтіп жалпы есімдерге айналғанын көреміз, және де скандинавиялық мифологиядан да құрметті лауазымның құдіретті адамның жеке есімінен пайда болғанын көруге болады. Ағылшын-саксон тілінде bealdor немесе baldorдың мәні Lord және Bаlder Одиннің ең сүйікті ұлдарының есімі. Бұл құрметті есімдердің қалай ортақ болғанын түсіну қиын емес. Алғашқы патшалардың туысқандары, ақсүйектер Сельденнің айтуынша құдайлардың аттарынан шыққан есімдерді алды, бұл олардың тегінің құдайдан тарағанын дәлелдеді, Lord тәрізді эпитеттер олардың адамнан ерекше жаратылысы мен қарым-қатынастарын көрсету үшін қажет болды. Бұл лауазымдарды олардың өсіп көбейген ұрпақтары мұра етті, бара-бара бұл лауазымдар бұрынғылармен салыстырғанда қарапайым лауазымдарға айналды. Кейіннен оларды кез-келген қуатты адамға бере бастады; олай болатыны ол кезде бір жағынан адамдар құдай жай ғана адамзаттың ең күшті руы деп түсінілгендіктен, текті адамдарға құдай аттарын беру оншалық асыра сілтеу бола қоймайтын; екінші жағынан аса қуатты адамдарды “күштінің”, “қуаттының”, “талқандаушының” танылмаған немесе некеден тыс ұрпақтары деп санау, бәлендей қиын емес-ті; үшінші жағынан ондай адамдарға жағынып, көңілін жайлау үшін берілді. Жоққа сенудің біртіндеп азаюына қарай, ақырында соңғы себеп қана қалды. Егер біз күнде қошемет сөздің мәнісі тиісіншеден асыра бағалау екенін, “esquіre” лауазымын қолданудың ұдайы етек алып бара жатқанын, жағынғысы келген ирландықтың “your honour” сөзін үнемі қайталайтынын және Лондонның жарлы-жақыбайлары әрбір көмір сатушыны немесе қоқым-соқым жинаушыны “джентельмен” деп атайтынын ескерсек, қошемет сөздердің салдарынан лауазымдардың мәні қалай кеміп бара жатқанынының дәлелдерін күнде көреміз; егер тағылық кезде, кісінің көңілінен шыққысы келу ниеті күштірек болған кезде, оның салдары да күштірек болуға тиіс екенін ескерсек – алғашқы қауымдық атақтарды теріс қолдану таза табиғи түрде пайда болғанын көреміз. Осыдан келіп, иудейлердің Иродты құдай деуі; ең жоғары мағынасындағы
“әке” сөзі қызметшілер өз қожайындарына қатысты қолданатын терминге айналуы, “Lord” сөзін кез-келген елеулі немесе қуатты адамға қолдану фактылары туындады. Рим империясының кейінгі кезеңдерінде кез-келген адам өзінің көршісімен Domіnus және Rex деп атап сәлемдесетіні де осыдан шықты. Бірақ, бұл үрдіс әсіресе орта ғасырлардағы лауазымдарда және олардан пайда болған біздің жаңа лауазымдарымызда анық көрінеді. Herr, Don, Sіgnіor, Seіgneur, Sennor – осылардың бәрі кезінде феодалдық билеушілердің, қожайындардың есімдері болған. Қандай да бір себеппен лайықты деп есептеуге болатын адамдарды қошеметтеу үшін осы есімдерді қолдану барысында, сөйтіп осы есімдердің маңызын бірте-бірте төмендету барысында, олар әдеттегі қаратпа сөздің бір түріне айналды. Бұрын құл өзінің қатал иесіне қатысты қолданатын meіn Herr сөзі, енді Германияда қарапайым халықпен сөйлескенде қолданылады. Бір кездері тек аристократтар мен дворяндар иеленген испанның Don лауазымы бүгінде барлық таптарға берілген. Италиядағы Sіgnіor сөзі де осылай қолданылады. Seіgneur және Monseіgneur, Sіeur және Monsіeur болып қысқартылып, әр французға қолданылатын ізет терминін түзді. Sіre сөзі Segnіor-дың осы тәрізді қысқарылуы ма, жоқ па, қалай болғанда да бұл лауазымға ежелгі француз феодал қожайындарының көбісі ие болғандығы анық, Сельденнің айтуынша, “олар өздерін Baron емес, Sіre деп атағанды артық көрді, мысалы, Le sіre de Montmorencіe, Le sіre de Beaujeu және т.б.” және де ол сөз монархтар жөнінде қолданылғандықтан, осыдан шыққан ағылшынның Sіr сөзі алғашқы кезде лорд немесе король дегенді білдірді. Әйелдер лауазымдары жайында да осыны айту керек. Горн Туктың түсіндіруінше "асқақ" деген мағынаны білдіретін Lady лауазымы бастапқыда аз ғана адамға берілсе, бүгінде кез-келген білімді әйелге беріледі. Бір кездерде Dame құрметті есім болған, біз көне кітаптардан оған қосылған “nіgh-born” және “stately” эпитеттерін табамыз, қазір бірте-бірте қолданудың кеңеюі салдарынан біреуді кеміткен сөзге айналды. Біз егер күрделі ma Dame сөзінің қысқарған Madam, ma’am, mam, mum түрлерін қарастырсақ, онда үй қызметшісі әйелдің “Yes’m” деген жауабы бұрынғы “Yes, my exalled” немесе “Yes your
bіgbness” дегенге сәйкес келетінін байқаймыз. Демек, құрметті атаулардың шығуы барлық жерде бірдей болған. Иудейлерде және римдіктерде қалай болса, осы күнгі еуропалықтарда да солай болған. Әдеттегі сәлемдесу сөздерін бастапқы lord және кіng мағыналарына дейін қарастырып, алғашқы қоғамдарда олар тек құдайлар мен құдайлардың ұрпақтарына берілгенін еске алып, біз қарапайым Sіr және Monsіneur сөздерінің бастапқы мағыналарында құрмет, сыйлау терминдері болған деген қорытындыға келеміз. Осы лауазымдардың бірте-бірте қадірінің кетуін көрсету үшін және жоғарыдағы қорытындыны қуаттау ретінде, ең көне лауазымдар бұрынғы мағыналарын басқаларға қарағанда көбірек жоғалтқанын желе-жорта айта кету артық болмайды. Мысалы, Master – өзінің жасалуы және басқа тілдердегі ұқсас сөздерге (франц. maіster-дің орнына maіtre, голл. muster орысша мастер, датша muster, немісше meіster) сәйкестігі жағынан үстемдікті білдіретін ең көне сөздердің бірі екен, қазір ол тек балаларға және өзгертілген mіster түрінде жағдайы жағынан шаруалардан тікелей жоғары тұрған адамдарға беріледі. Мұның үстіне ең көне құрметті лауазым knіgbt, бүгінде ең төменгі лауазымға айналды; рыцарьлықтың ең төменгі және сонымен бірге ең көне дәрежесі knіgbt Basbelor. Ақсүйектерге қатысты да дәл осылай деуге болады: барон ақсүйектердің ең ертедегі және сонымен бірге қазіргі ең төменгі лауазымы. Алғашқы лауазымдардың жаппай қолданылуы салдарынан барлық құрметті атақтардың үнемі құнсыздануы, уақыты келгенде, айырмашылықтарды көрсететін жаңа лауазымдар енгізуді қажет етті, дәл сол секілді сын есімнің таңдаулы шырайын тым жиі қолдану әдетіміз біртіндеп сөздің мағынасын жойып, жаңаларын қажет ететін болады. Және егер соңғы мың жылдықта осы үрдістің салдары соншама айқын байқалса, онда өткен мыңдаған жылдар бойында құдайлардың, жартылай құдайлардың лауазымдарын кез-келген қуатты адамға қатысты, ал ақыр аяғында жәй ғана сыйлы адамдарға қатысты қалай қолдана бастағанын түсіну оңай. Егер біз құрметті атақтардан қошемет көрсетуді білдіретін тіркестерге көшсек, мұнда да ұқсас фактілерді табамыз. Шығыста қарапайым адамдарға:
“Құлың болып кетейін”, “Мендегі бардың бәрі – сенікі”, “Жолыңа құрбан болайын” деп сөйлесу мәнерінде, осы сөздердің иесі тыңдаушыға Monsіeur және my Lord сөздері білдіретіндей айбындылық, яғни құдіретті билеуші сипатын, өзінен соншама өлшеусіз артықшылықтар теліп, оны әміршім деп мойындағандай реңк бар. Поляктың қошемет көрсетуді білдіретін: “Аяғыңызға бас ұрамын”, “Аяғыңызды сүйем” сөздері де тура сол мағнада. Рәсімді хаттардың соңындағы: “Сіздің бас июші құлыңыз” деген ешқандай мағынасы жоқ қолтаңбамыздан да сол байқалады. Тіпті “сізге берілген” деген қарапайым қолтаңба, бастапқы мағнасына сәйкес түсіндіргенде, құлдың иесіне қатынасын білдіреді. Осы өлі сөздер бір кездегі қатынастардың тілдегі көрінісі, жоғарғы билікке бас июдің нақты куәсі болды; кейіннен әрине, әлсіз және қорқақ адамдар оларды өздерінен жоғары тұрғандардың көңілінен шығу үшін қолдана бастады; біртіндеп оларды кез-келген адамға қолдану керек деп есептелді, сөйтіп орынсыз қолданудың жиілеуі салдарынан Sіr және Master атақтары сияқты маңызын жоғалтты. Қошамет сөздері, лауазымдар сияқты, басында тек құдай-патшаға қатысты қолданылған, кейіннен олардың лауазымдар сияқты құдайға да, патшаға да қатысты қолданылуы осыны көрсетеді. Діндар ұрпақ әрқашан едәуір дәрежеде бағыныштылығын мәлімдеген, өзінің құдайдың құлы және жан-тәнімен құдайдың еркінде екендігін мойындаған адамдардан құралатын. Демек, осынау әдеттегі қошамет сөздерінің де төркіні, лауазымдар сияқты дінде жатыр. Жеке адамға есімдіктің жекеше түрі ретінде вы (қазақ тіліне аударғанда "вы" сөзі жекеше де, көпше де мағынасы бола береді; жекеше "сіз", көпше – "сендер", "сіздер". – Ред.) сөзін қолданудан да заманында ең жоғары ерекшелікті білдірген сөздің қаншама кең таралғандығы тіптен айқын көрінеді. Жеке адамға осынау көпше тіл қату басында тек ең құдіретті адамдарға көрсетілетін құрмет болған, императордың “мы” (біз) дегеніне сәйкес келген. Бүгінде төменгі таптардың бірінен соң біріне берілгендіктен, ол жалпыға бірдей қолданылатын сөзге айналды. Көне сен (thou) сөзін қазір христиандардың бір сектасы ғана кейбір қашық жерлерде қолданады. Ал
барлық таптарға ортақ сөзге айналған вы сөзінің мағынасында бір кездегі қошаметтің ізі де жоқ. Бірақ, әдет-ғұрыптардың мойынсұну мен табыну пошымдарынан пайда болғандығы адамдардың бір-бірімен сәлемдесуінен тіптен анық көрінеді. Ең алдымен “сәлем” және “тәжім” сөздерінің мағыналарына аялдайық. Римдіктер үшін salutatіo клиенттер мен бағыныштылардың өздерінің патрондарына құрметін күн сайын білдіруі еді. Және ол азаматтардың әскерге қатынасын да көрсетті. Демек, ағылшынның salutatіo сөзінің жасалуының өзі мойынсұну идеясын сіңіреді. Obeіsance сөзінің (тағы да сол сөз) жекеше түрлеріне көшіп, шығыстағы жалаңаяқтану әдетінен бастайық. Әуелде ол Құдайды да, патшаны да қошеметтеу белгісі болды. Моисейдің от кешу алдында жалаңаяқтануы және мұсылмандардың салт бойынша Құран ұстап жалаңаяқ ант беруі Құдайды қошеметтеудің мысалы; ал парсылардың монарх алдына жалаңаяқ келу әдеті патшаны қошеметтеудің мысалы. Алайда, әдеттегідей бұл қошемет белгісі, кейінірек екінші дәрежелі мансап иелеріне көрсетіліп, бірте-бірте төмендей берді. Үндістанда ол дағдылы құрмет белгісі; Түркияда төменгі таптың өкілдері бастықтарының алдына тек шұлықпен ғана барады. Жапонияда жалаңаяқтану болу дағдылы сәлемдесуді білдіреді. Басқа бір мысалды алайық. Сельден римдіктердің рәсімдерін суреттеп, былай дейді: “ Не құдайлардың бейнелерін сүю, не тәуеп еткенде олардың алдында оң қолын салтанатты түрде еріндеріне апарып, одан соң сүюді қолымен жолдағандай белгі жасап, оңға бұрылу (бұл қошемет көрсетудің ең дұрыс пошымы) салты болғандықтан, көп кешікпей құдайларға ең жақын тұрған және кейбіреулер құдай деп қошеметтейтін императорларға да тура осылай тағзым ете бастады”. Егер біз деревнядағы оқушының қолын бетіне жақындатып, сосын онымен жарты шеңбер сызып ебедейсіз тәжім етуін есімізге алсақ; селолар мен мекендерде зор құрмет пошымы ретінде қолданылған осылай сәлем беру, тегінде, феодалдық заманның қалдығы болуы мүмкін екендігін еске алсақ, – онда көшенің арғы бетінде көрінген таныс адаммен әдеттегідей сәлемдесу алғашында қошемет білдіру болған деп ойлауға негіз табамыз. Құрметтеуді иіліп білдірудің барлық
пошымдары осындай жолмен жасалған. Жерге етпетінен жата кету алғашында мойынсұну белгісі болған. Қасиетті кітаптың: “Вся положил еси под нозе его” деген сөздері және осындай антропоторфизмді анық білдіретін: “Сказал Господь Господу Моему: седи одесную Меня, доколе положу врагов Твоих в подножие ног Твоих” деген сөздері ассириялық мүсін бейнелері айқын көрсететін ежелгі Шығыс құдай-патшаларының жеңілгендерді аяқпен таптау әдетін аңғартады. Егер біз өздерін бағындырғандардың аяғына бас ұратын жабайы адамдар әлі күнге дейін бар екендігіне назар аударсақ, адам баласының мықтылардың алдына жығылып, аяғын сүюі, оның ашу-ызасын жұмсартқысы келіп, “мені қанша таптасаң – таптай бер” дегенді білдіруі қандай қорлыққа болса да мойынсұнуға дайын екендігі түсінікті бола түседі. Папаның немесе әлдебір әулие мүсінінің аяғын сүю қазір де Еуропада тәп-тәуір дәріптеу болып саналатындығын; феодал қожайындарының аяғына жығылу кең тараған құбылыс болғандығын және бұл әдеттің бірден емес, бірте-бірте өңін өзгерту жолымен жойылуы керек болғандығын есте ұстасақ, біз иіліп қошаметтеудің кез келгенін осы өзін-өзі кемістудің бір өрескел түріне жатқызуға және мұндағы түр өзгерістерін толық қарастырып өтуге болады. Басын жерге тигізер-тигізбес иетін орыс шаруасының иілуі мен үндістің сәлемі – екеуі де ұлыққа бас ұру немесе аяққа жығылудың түрлері; бас ию дегеніміз – сәлем берудің қысқа бір салты; бас изеу дегеніміз – құптау, басты сәл ию белгісі. Егер біреу мұндай тұжырымға күмәнданса, онда басты өте төмен ию әдетте бағыныштылықтың қорлығы мол болған жерде қолданатындығына; бізде де басты неғұрлым төмен ию дәріптеудің жоғары дәрежесін білдіретіндігіне және қазір де біздің шіркеулерімізде бас ию аса құрметтеу белгісі ретінде: католиктерде – мехраб (алтарь) алдында, протестанттар – Христос атын атау кезінде қолданылатындығына назар аударуы керек. Осының бәрін есіне түсірген әркімақ біздің бас июіміз де әу баста осы дәріптеудің бір түрі болғандығына қажетті дәлелдерді табары сөзсіз. Cursty, немесе басқаша айтқанда, courtesy (бір аяқты артқа жіберіп тізе бүге бас ию) туралы да осыны айтуға болады. Бұл сөздің courtoіsіe (сарайдағы
атау) сөзінен пайда болуы оның бастапқыда патшаны құрметтеу белгісі болғандығын білдіреді. Және біз тізе бүгу әдетте патшаға сәлем беру салты екендігін; көне қолжазбалар мен тұсқағаздарда үй қызметшілері (малайлар) өз иелеріне тізе бүгіп тұрып тамақ ұсынған күйде бейнеленгендігін; біздің патшайымның алдына кіргендер де осылайша сәлем беретіндігін есімізге алсақ, – біз тізені сәл бүгу, осы әрекеттен көрініп тұрғандай, тізе бүгудің қысқаша түрі деген қорытынды жасауға толық хақылы боламыз. Courtoіsіe сөзі cursty болып қысқарғандай, мұндағы әрекет те қысқарды: тізені жерге тигізудің орнына біз оны тек қана бүгеміз. Кейбір ханымның реверансын деревнядағы қыздың ебедейсіз тізе бүгуімен салыстырып, қыз тізесін бүге түссе екі тізесі жерге тиетінін көріп, онда құлдардан талап етілетін көбірек дәріптеу әдеті жатқандығын көреміз. Осы батыстық тізе бүгуден біз Шығыстағы мұсылманның намаз оқығанда тізе бүгіп қана қоймай, басын жерге тигізетіндігіне назар аударсақ, тізе бүгудің өзі де алғашқы қауым кезіндегі бас июдің бір пошымы екендігіне көзіміз жетеді. Ер адамдардың бас ию әдетінен тізе бүгуге жақын әрекеттің жуырда ғана шыққаны бұның тағы бір дәлелі бола алады. “Бас иіп, тізе бүк” деген мәтел кең тараған бұрынғы замандарда оқушылар мұғалімнің алдында аяғын артқа қойып тізе бүгетіні, одан сынып бөлмесінің еденінде тапталған орын қалатыны талайлардың әлі есінде. Сахнадағы бас июлерде сақталған бұл қимыл тізе бүгуді айқын аңғартатын бір белгі. Тіпті, бас ию әдейі қолданысқа енгізілген күнде де бұл ыңғайсыз қимылды ешкім әдейілеп шығара алмас еді. Демек, біз оны бұрын болған құбылыстың қалдығы және де ол бір қорлықты нәрсе болған деп қабылдауымыз керек. Мұны “Scrapіng an acquaіntance” деген сөзден де түсінуге болады, бұл сөз бас ию арқылы біреуден қайырым тілеу мағынасында қолданылып, ал the scrape (аяқты сартылдату, босағаны таптау) сөзі құлдық, яғни servіlіty белгісі болған. Енді бас киім шешу салтын алып қарастырайық. Ол барлық жерде дерлік, храмдарда да, билік иелерінің алдында да құрмет көрсетудің белгісі болып есептелген; қазір біздің арамызда да оның алғашқы мағынасының бірдеңелері
сақталған. Жаңбыр жауып не күн күйіп тұрса да, сіз монархпен сөйлесіп тұрғанда бас киімсіз болуыңыз шарт және қасиетті жерлерде қандай болмасын сылтаумен басыңызды жауып тұра алмайсыз. Алайда құдайлар мен патшаларға бағыныштылықтың белгісі іспеттес бұл рәсім, бертін келе, жай ғана ілтипат білдірудің көрінісі болып қалды. Бір кездері басқа адамның алдында “бас киімді шешу”, оның өзіңнен шексіз басымдылығын мойындаудың белгісі болғанын білеміз. Ал қазір бұл сәлемдесу жай қарапайым адамдарға да арналады. Алғашқыда “Құдай үйіне” кіру үшін ғана міндетті болған бас киім шешу рәсімі, ендігі әдеп ережелеріне сәйкес қарапайым шаруаның үйіне кіргенде де орындалатын болған. Құрметтің белгісі ретінде, тікеден тік тұру рәсімінің де мағынасы біршама кеңейді. Бастапқыда шіркеуде тізе бүгу білдіретін кемсіту мен өзін-өзі қошеметтеуді білдіретін отырудың ортасында болған патша сарайларын дәріптеудің бір пошымы ретінде қолданылған ол рәсім қазіргі тұрмыстіршілікте де құрмет белгісі ретінде жиі қолданылады. Мұны біз үй қызметшісінің иесі алдында иіліп тұруынан да, келушінің үйден шығуға бет алғандағы ілтипатынан да көреміз. Осының бәрі ізеттіліктің үлгілері. Біздің уәжімізге басқа да талай дәлелдерді, мысалы, егер біз осы күнге дейін бар тұңғыш перзент заңының тарихын ізерлесек, айтулы бір фактыны енгізуге болар еді; егер әулеттің үлкенінің үлкен ұлы ау бастан-ақ меншікті ғана емес, басқаруды да қолға алатын шотланд руларында оның қалай көрінетінін қарасақ; меншік иелерінің Sіgnor, Seіgneur, Sennor, Sіre, Sіeur сияқты ежелгі атауларының бәрі алғашында тұңғыш, ең үлкен деген мағынаны білдіргендігін еске түсірсек; Егер Шығыстың шейх сөзі де осы мағынада екенін және шығыстың дін қызметшілерінің, мәселен, пір деген сияқты аттарының да тура мағынасы ақсақал екендігіне көз жеткізсек; егер еврей ескерткіштеріне жүгініп, үлкендер беделі мен патриарх есімінің қастерлілігі мағынасындағы тұңғыштардың артықшылығы туралы пікірдің көнелігіне көз жеткізсек, және содан кейін құдайлар лауазымдарының ішінде “Көне денми”, “Құдайлар мен адамдардың атасы” деген атақтардың барын еске түсірсек, – бұл фактылардың
алғашқы қауымдық Құдай дегеніміз аңызға айналу үшін жеткілікті ұлы болған, өз айбынымен, қарекеттерімен өзін ұмытпауға мәжбүр еткен алғашқы адам деген болжалмен үйлесіп тұрғандығын; осыдан барып адамдардың көнелікті міндетті түрде басымдылыққа ұштастырып, кәріліктің “айбындылықпен” туысқандығын қабылдағандығын, міне осылай бүкіл адамзат тарихында жасы үлкеннің артықтығының және адамның азғындауы туралы қазірге дейін бар теорияның табиғи жолмен пайда болғанындығын көреміз. Содан кейін біз Lord сөзінің “аса жоғары мәртебелі” немесе (бұл түбір “аспан” деген мағынаны білдіретін сөзді де тудыратындықтан), бәлкім, “көктен туған” деген мағынаға иелігін, Sіr сөзінің қолданысқа енгеннен бұрын “әке” сөзі сияқты дін қызметкерінің атауы болғандығын; worsbіp (табыну, дәріптеу, құрметтеу) сөзі о басында wortb-sbіp, тіпті соттарға қатысты қолданылатын дәріптеу термині құдайдың ұлылығын немесе беделін білдіретін сөзіміз болып табылатындығын, сонымен адамға қарата wortb-sbіp дегеніміз біздің әлдекімді дәріптеуіміз, құрметтеуімізді білдіреді деген тұжырымға тоқталамыз. Біз барлық ежелгі басқару түрлерінің белгілі бір мағынада теориялық сипатта болғандығы, ежелгі шығыс халықтарында ең қарапайым әдет-ғұрыптардың діни сипатта екендігі айғағына зор мән бере алар едік. Біз түрлі рәсімдік салттардың туындауы жөніндегі уәжімізді беркіте алар едік, адам басының күлде аунап қалатындығының символы ретінде басқа күл себу арқылы көрініс тапқан бастапқы бас ұруды, онымен байланысты кейбір ру-тайпалардағы біреуді құрметтеу белгісі ретінде оған өз басынан жұлынған бір уыс шаш беретіндігін, ол әрекеттің “Мен сенің құлыңмын” деген сөзбен бірдей мағынада қолдынылуы мүмкіндігін ізерлей алар еді. Бұл уәжімізді шығыс елдерінің “менде бардың бәрі – сіздікі” деген мағынаны білдіретін, қонаққа ұнаған кез-келген затты сыйлау салтын зерттеумен де беркіте алар едік. Алайда осы және басқа да маңызы кемірек көптеген фактыларға тоқталмай-ақ, қағидамызды ақтау үшін келтірілген айғақтар жеткілікті болар деп ойлаймыз. Егер бұл дәлелдер түсініксіз немесе біржақты болса, біздің қорытындымызға сену қиындау болар еді. Бірақ лауазымдар жөнінде де,
сәлемдесу мен бас ию жөнінде де дәлелдердің көптігінен және олардың бір уақытта және біркелкі құлдырауынан біздің дәлелдеріміз бір-бірін өзара қуаттауының арқасында аса күшейе түсетін уәж болып отыр. Егер сонымен қатар бұл үрдістің нәтижелері әртүрлі халықтар және әр замандар арасында көрініп қана қоймай, қазір де біздің арамызда кездесетінін ескерсек, бұл үрдістің дәл осы айтылғандай іске асқанына және қазір біздің әдеттегі сөздеріміз, әрекеттеріміз, сыпайылық лебіздеріміз алғашқыда өзгенің басымдығы алдында бас июді білдіргендігін еске түсірсек, күмандануымыз екіталай болар еді. Сонымен, адам бағынған басқарудың барлық түрі басында бір билік болды, өкімет діни, саяси және рәсімдік пошымдары ортақ және бөлінбес өкіметтің жан-жаққа жайылған тармақтары деген доктрина өміршең екендігі көріне бастады. Жоғарыда аталған деректермен қатар біз шығыс аңыздарында айтылатын Нәмрут секілділердің әрі алып, әрі патша, әрі құдай болып көрінетіндігін еске алсақ; Лейярд қазып алған мүсін үлгілеріне қарап, ондағы дұшпан жауынгерлерінің денесін таптап, тұтқындарды қорлап, құлдардың өздеріне бас игенін құптай қабылдаған патшалардың бейнелері ұқсастығын көрсек; қазірге дейін кейбір ру-тайпаларда көне ескерткіштер мен ғимараттардан көрініс табатын наным-сенімдер сақталғандығын еске алсақ, – біз мұнда айтылған болжалдың әбден ықтималдығымен келісер едік. Заттардың мән-мағынасы туралы адами теориялар әлі қалыптаспаған сонау бағзы заманға ойша көшіп, ежелгі аңыздарда, жырларда және қирандыларда бейнеленген жеңімпаз көсемді көз алдымызға елестетер болсақ, бүкіл құлық ережелері соның ырқынан туындауға тиістігін анық түсінеміз. Жалғыз өзі заң шығарушы, әрі үкім шығарушы қазы болған ол, өз қол астындағылардың барлық даушарларын дербес шешкен, оның сөзі заң болған. Ол ұялатқан қорқыныш – туындап келе жатқан дін; оның лебіздері – діннің алғашқы өсиеттері. Оған бас ию ол нұсқаған пошымда көрсетіледі; сол пошымдардан әдет-ғұрып өрбиді. Оның заңға айналған сөздерінен уақыт бет-бейнесі бұлдырлай түскен жанға деген табынуды дамыта түседі, барған сайын дерексіздене түскен өсиеттерді
жылдамдата түседі; бас ұру пошымдарынан құрмет көрсету пошымдары мен этикет ережелері пайда болады. Барлық органикалық тіршілік иелерінің даму заңына сәйкес, соның күшімен ортақ қызметтер бірте-бірте оны құрайтын жеке қызметтерге бөлінеді, әлеуметтік организмде үкіметтік қызметтерді неғұрлым ыңғайлы атқару үшін қазылары мен адвокаттары бар тұтас бір сот орындары; епископтары мен священниктері бар ұлттық шіркеу және бүкіл қоғам массасын басқаратын касталардың, лауазымдардың және рәсімдердің тұтас бір жүйесі пайда болады. Бұлардың біріншісі анық заң бұзғандарды індетіп, жазалайды, екіншісі осынау заң бұзушылыққа деген бейімділікті белгілі бір дәрежеде тежеп отырады, үшіншісі біріншілердің құзырына жатпайтын, тиісті құлықтың кішігірім бұзылуын айыптап, жазалайды. Заң мен дін құлықтың елеулі жақтарын басқарады, әдет-ғұрып оның ұсақ тұстарын басқарады. Осынау неғұрлым жеңіл шектеулердің жиынтығы тым көп кездесетін және ресми басқару үшін маңызы жоқ әдеттегі қарекеттерді реттеу үшін енгізіледі. Және де егер біз осынау шектеулердің қандай екендігін қарастырар болсақ, егер біз жалпы қолданыстағы сөздерді, тіркестерді және тәжім етуді талдай бастасақ, өзінің пайда болуы жағынан да, әрекеті жағынан да осынау бүкіл жүйе уақытша үкіметтен басқа түк те емес екендігін көреміз, оны бір-бірімен аралас-құралас адамдар өздерінің өзара қатынасын неғұрлым дұрыс басқару үшін енгізеді. Басқарудың осынау алуан түрлері өзінің пайда болуы жағынан да, өзінің қызметі жағынан да елеулі нәрсені құрайды деген болжамнан біздің әңгімеміздің пәніне тікелей байланысты бірнеше қорытынды жасауға болады. Айта кетелік, біріншіден, ереженің барлық пошымдары үшін тегі мен міндет ортақтығы ғана емес, ортақ қажеттілік те болады. Аюды аңдып жатқан және өз жауына қарсы тосқауылда отырған алғашқы қауым адамында өз жағдайының талабына орай атой берген сайын ауыздықтап отыру қажет қылық болады. Аңшылықтағы секілді соғыста да оған өзінің қажеті мен құмарына басқа жан-жануарларды құрбан етуден тұратын шаруа күн сайын ықпал етеді. Оның дәл сондай өмір сүрген ата-бабасынан мұраға қалған мінез-құлқы осылай қалыптасып, осы өмірге икемделген. Ол әрекет үстінде үнемі демеп отыратын
өзімшілдігін, біреудің азабын көруге деген ынтызарлығын, қаныперезлігін – осының бәрін қоғамға өзімен бірге ала келеді. Осынау бейімділік оны дәл өзіндей жабайы көршімен қақтығысып қалу қатерін төнгізіп тұрады. Ол елеулі нәрседегілер секілді ұсақ нәрседе, істегі секілді әңгімеде де шабуылға дайын тұрады және жаратылысы өзімен бірдей басқалардың шабуылына күн сайын ұшырап отырады. Сондықтан ондай адамдардың іс-әрекетін өте қатаң басқару ғана олардың бастапқы жақындасуын қолдап отыра алады. Бұл жерде ерікжігері майрылмайтынғ өкінуді білмейтін қатал билеуші керек; бұл жерде бас имейтіндерді үрейдің уысында ұстайтын дін керек; әрбір бағынышты адамның құлдық көнбістігі керек. Заң аяусыз болуы керек; дін қатал болуы керек; рәсімдер қатаң болуы керек. Осы шектеулердің әрқайсысының бірдей қажеттілігін тарихтан мысалдар келтіріп түсіндіруге болар еді. Алайда, азаматтық билік осал болған жерде ұры-қары, қарақшы, кісі өлтіруші қаптап, қоғамның ыдырауының жақындығын әшкере еткендігін айтсақ та жеткілікті; өз қызметшілерінің бұзылғандығынан, өз денесін қамшылап қан шығаратындар көрінердің алдында болғанындай, дін ықпалын жоғалтып, мемлекетке қауіп төніп тұрды; белгіленген қоғамдық әдепті елемеудің ақыры әрқашан саяси төңкерістерге жетелеп отырды. Өзінің күші жағынан саяси және діни басқаруға пропорциялы әдет-ғұрыптардың басқаруының қажеттігіне күманданатындар жақында жасалған қоғамдық құлық кодекстері адамдарды көшедегі қақтығыстар мен таверналардағы жекпе-жектерден сақтай алмағандығын, тіпті қазір де ізеттілік заңдары сақталмайтын театр есігінің алдында халық өзара жауығудың біршама дәрежесін көрсететіндігін, егер осындай жағдайға барлық қоғамдық қатынастарда жол берілсе, толқу туғызуы мүмкін екендігін еске алса күман бекер екендігіне көз жеткізеді. Біз бірдей қызметтің тегі ортақ болған жағдайда күтілетініндей, осынау жекелеген билік жүргізуші қайраткерлер әр заманда бірдей дәрежедегі күшпен қимылдайды деп білеміз. Өзінің пәрмендеріне әрі құрсаулы, әрі шексіз-шетсіз болып келетін және оларды орындау жөнінде аяусыз талаптар қоятын қытай деспотизмі – оның әулеттің үлкенінің қаһарлы отбасылық деспотизмі ұштасып
жататын жерде қаншалық күрделі болса, соншалық қатаң әдеп жүйесі бар. Оларда рәсімдер трибуналы бар. Сарайға жіберілерден бұрын елшілер талап етілетін рәсімдерді бірнеше күн бойы үйренеді. Қоғамдық қарым-қатынас таусылмас өзара қошаметпен және бас июмен қиындай түседі. Сословиелік өзгешеліктер сырт белгілермен қатаң айқындалған. Егер қоғамдық ұйғарымдарға көрсетілетін қоғамдық құрмет өлшемі қажет болса, біз оны әйелдердің өз аяқтарын шандып, азаптанатындығынан көреміз. Үндістанда, жалпы бүкіл Шығыста билеушілердің қаныпезер тираниясы мен атам заманнан бергі дін сұмдықтары және өзгермейтін әдет-ғұрыптардың қатаң қысымшылығы арасында осындай байланыс бар: касталық мекемелер бүгінге дейін мызғымаған; киім үлгісі мен жиһаз ғасырлар бойы өзгермеген; жесірлердің өзін-өзі өртеуі туралы Страбон мен Сицилиялық Диодор жазған; сот әлі күнге дейін бағзы замандағыдай сарай алдында өткізіледі; қысқасы, онда “кез-келген әдет діни өсиет және сот ережесі болып табылады”. Құбылыстардың осындай ортағасырлық Еуропада да болған. Оның барлық үкіметтері самодержавиелік болған, феодализм үстемдік құрған, шіркеу өз құдіретінен айрыла қоймаған, қылмыстық кодекс қорқытуға толы болған, ал халық наным-сенімінің тозағы үрейге толы болған кезде – қоғамдық қатынас ережелері қазіргіден көбірек және қатаңырақ сақталатын болған-ды. Киімдегі өзгешеліктер сословиелік айырмашылықтарды аңғартатын. Ерлер башмақтарының тұмсығының ені заңмен шектелген; қоғамдық жағдайдың белгілі бір дәрежесінен төмен тұрғандардың ешқайсысының белгіленген ұзындықтан қысқа киім киюге хақысы болмаған. Тулар мен қалқандардағы рәміздерге ерекше назар аударылған. Геральдика білімнің маңызды саласы болған. Тұңғыш перзенттік өте қатаң сақталған. Біз қазір қысқарта орындайтын әртүрлі тәжім рәсімдері ол кезде толығымен орындалатын. Тіпті бізде де кеселді депутаттар палатасы мен сабырсыз билеушілер болған осы соңғы ғасыр қоғамдық әдет-ғұрыптардың осындай күшін көрсетті. Текті таптар төменгі таптан киімімен ерекшеленді, балалар әке-шешесін Sіr және Madam деп атады.
Соңғы қорытындыдан кейін келетін, соның құрамдас бөлігі секілді көрінетін келесі тұжырым – осы аталған басқару түрлері бірдей дәрежеде қожырай бастады. Дінбасылардың ықпалы төмендеуімен және мәңгілік азаптан қорқу сезімі кемуімен бір мезгілде тиранияның әлсіреуімен, халық билігінің күшеюімен, қылмыстық кодекстердің жақсаруымен бір мезгілде формалдылықтар азая берді, өзгешеліктер жойыла берді, бұлар бүгінде аса айқын бола бастады. Үй өміріне көз салсақ, онда тұңғыш перзент мәселесіне бұрынғыдан кем назар аударылатынын оңай аңғарамыз. Қазіргі кезде ешкім қоштасып тұрып, “сізге бас июші құлыңыз” деген сөзді айтпайды. Бұрын жұрттың бәрі қолданатын Sіr сөзі енді тәрбиесіздік белгісі деп саналады, және “Ұлы мәртебелім” немесе “Патша ағзам” деген сөздерді қолдану қажет болатын жерлерде оларды әңгімеде екі қайтара айту дөрекілік деп есептеледі. Қазір біз бір-біріміздің денсаулығымыз үшін ресми түрде ішпейміз, тіпті бокал тоғыстыру да қолданудан қалып барады. Шетелдіктер ағылшындардың кезкелген басқа еуропалық халықтардан гөрі сирек қалпақ шешетінін байқапты. Бұл ескертпеге ағылшындар Еуропадағы ең еркін халық дегенді қосуға болады. Фактылардың осындай жақындасуы кездейсоқтық еместігін біз атап өткенбіз. Адамдардың өздері неғұрлым тәуелсіз болып, өзгелердің тәуелсіздігіне де неғұрлым тілектес болған сайын түп-төркінінде құлдықтың әлдебір нышаны көрінетін атақ беру мен сәлемдесу түрлері бірте-бірте қалып барады. Өзін қорсынып, құлдық ұратын пенделерді көргенде туындайтын жиіркеніш сезімі; ар-намысымызды биік ұстап, өзгелердің ар-намысын сыйлауға мәжбүрлейтін сезім; құрметтеу мен бағыныштылықтың барлық пошымдары мен көріністерін елеп-ескеруге барған сайын бізді жетелей бастаған сезім – осы сезім өкімет деспотизміне қарсы тұрып, халық үкіметін бекіте түсетін, шіркеу беделін сөзсіз мойындауды жоққа шығарып, жеке пікір құқығын орнататын нәрсе. Алдыңғыларымен біртектес төртінші факт басқарудың осы аталған жекелеген түрлері бірге құлап қана қоймай, бір-біріне кеселін жұқтыратындығы. Дәл сол үрдістің салдарынан біздің (ағылшын) монарх өзінің министрлері халық келісімімен әзірлеген заңдарды өз атынан бекітеді де,
сонысымен ол билеп-төстеушіден атқарушы органға айналады; осы үрдістің арқасында шіркеуде құлшылық ету сыртқы рәсімдермен: дұға оқумен, әулиелерге табынумен және тәубасына келумен алмастырылып отыр – бір кездері мәнді, құдіретті деп саналған лауазымдар мен рәсімдер енді жай ғана пошымдарға айналып келеді. Шайқастарда жанкештілігімен көзге түскен адамдар киген ақберен енді байып алған ұсақ саудагерлердің күймелерінің есіктерінде жарқырайды. Заманында ең жоғары әскери шен белгісі болған аксельбант бүгінгі малайдың иығына ілініп құл белгісіне айналды. Кезінде қолдан берілсе де, өзінің жауынгерлік ар-намысына дақ түсірмеген баронға бұйыратын Banneret атауы баронет болып өзгерген күйінде қазір бақ қонған немесе партиялардың мүддесі мен рухына сай келетін кез-келген адамға беріледі. Кавалер абыройының жер болғаны соншалық, адамдар сол атақтан бас тартқанына мақтанады. Бұрынғы әскери атақ Escuyer қазіргі Esquіre түрінде есімге мүлдем әскери емес қосымша. Бірақ бәлкім, осынау азғындау үрдісі қоғамдық қабылдаулардың әдеп (Fashіon) деп түсінілетін тобында бәрінен анық көрінер, бұл арада біз оны жүрдім-бардым талдай кетуге тиіспіз. Біздің басқа адамдарға қатысты күнделікті іс-әрекетімізді анықтайтын әдет-ғұрыпқа (Manners) қарсы қойлатын әдеп біздің өзімізге қатысты іс-әрекетімізді білдіреді. Біріншісі біздің жақын, жанымыздағыларға тікелей қатысты мінез-құлқымыздың ережелерін міндеттесе, екіншісі өзгелер тек сырт көзбен қарайтын өз мінез-құлқымызға қатысты іс-әрекеттерімізді реттейді. Осылайша бөлінген әдет-ғұрыптар мен әдеп ережелері бір көзден бастау алған: әдет-ғұрыптар жақсы-жайсаңдар жөніндегі құлыққа еліктеуден туындаса, әдеп сол жақсы-жайсаңдардың мінезқұлқына еліктеуден туындаған. Бірі құдіретті адамдардың лауазымынан, оларға сәлем беру мен бас июден туындаса, екіншісі сол адамдардың мінез-құлқы мен әдеттерінен туындаған. Тайпа көсемінің басына ұқсас болуы үшін перзентінің басын қысатын караиб әйел; тайпасындағы жауынгерлер денесіндегі тыртықтарға ұқсас белгілерді өз денесіне салған тағы бозбала, ру басшысы жамылатын жамылғышқа ұқсас жамылғыш тоқып алатын шотландтық тау
тұрғыны; патшасына еліктеп мойнын орайтын немесе өзін ақсақ, ақ шашты қылып көрсететін сарай қызметшілері; сарай қызметшілерінің әдетін қайталайтын халық – осылардың бәрі әдет-ғұрыпты басқаруға ұқсас және сол сияқты игі ықпалын тигізетін басқарудың бір түрінің ықпалымен әрекет етеді. Еліктеу адамдарды ұрындырған толып жатқан әуейіліктерге қарамастан – мұрынға таққан сақинадан сырғаға дейінгі, бет бояудан бетке мең жасауға дейінгі, басты тақырлаудан опаланған парик киюге дейінгі, тіс егеу мен тырнақ бояудан сылдырмақ тағылған белбеу, сүйір тұмсықты кебіс, кебек толтырылған шалбарға дейінгі ерсіліктерге қарамастан, күшті адамдар, желі оңынан тұрған адамдар, ерік-жігер, мықты, парасатты да бірегей, қоғамда жоғары орынға ие болған адамдар өздерінің әдеттері мен талғамында, жалпы алғанда, тобырдан гөрі неғұрлым парықты болуы тиіс, сондықтан оларға ұқсап баққан пайдалы екендігін мойындауға тиіс еді. Алайда, әдеп те, барлық ереже пошымдары сияқты азғындап, жақсыға еліктеуден мүлдем басқа нәрсеге еліктеуге айналады. Рухани қызметке священник лауазымына арнайы қабілеті бар адам емес, одан табыс табуды күйттеген адам отыратынындай; заң шығарушы немесе әкімшілік қызметке саяси жағдайды саралай білетін немесе басқару қабілеті күшті адамдар емес, шыққан тегіне, байлығына және сословиелік ықпалына қарай ие болатындығы секілді, моданы белгілейтін құзырға өзінің табиғаты мен ақыл-ойының кемелдігінен емес, өз парасатының немесе абыройының, талғамының жоғарылығынан емес, тек қана ешкім таласпаған құзырды басып алу арқасында ие болған өзін-өзі сайлап алған clіque’a да дәл солай. Бұл топқа енгендердің ішінен бір де бір ерекше беделді, ерекше ықпалды, ерекше білімді, ерекше талғамды адамды таппайсыз; олардың ішінде дарыны биік, ойлау қабілеті күшті немесе аса сұлу адамдар да жоқ; осынау топ басқалардан ештеңесімен оза алмайды және дәрменсіздігімен ғана ерекшеленеді. Сондықтан қоғам өз әдеттерінде, киім киісінде, ойын-сауығында нағыз ерекше тұлғаларды емес, осы ешбір артықшылығы жоқ адамдарды үлгі тұтуға мәжбүр болып отыр. Осының бәрінің табиғи салдары – әдеп теориясы әдеттерде көздейтін пайдалылықтың болмауы немесе өте аз болуы. Бірақ қоғам
шын жақсы адамдардан үлгі алған немесе өзінің әдеп туралы идеяларына жүгінген жағдайда күтуге болатын барынша әсемдік пен қолайлылыққа қарай өркендеудің орнына біз әздектік, бассыздық, өзгеріс үшін өзгеріс жасау, басты тауға да, тасқа да ұрып әлектену сияқтыларды көріп отырмыз. Сонымен, a la mode атты өмірі нағыз парасатты өмір болудың орнына шашпалардың қызық қуған адамдардың, модисткалар мен тігіншілердің, сәнқойлардың және жеңілтек әйелдердің желеп-жебеуіндегі өмірге айналып барады. Адам бағындырылған өкіметтің әрқилы түрлерінің шыққан тегі мен атқаратын қызметі бір, біртекті қажеттіліктен туындап, бірдей күшке ие болады, бірге құлап, бірге азғындайды деген осынау қорытындыларға олардың бірдей қажетсіз болып қалатынын үстемелеу ғана қалды. Біздің бойымыздағы ұлы өзгерістерді туындатқан жағдайлар құдіретті одан да айтулы өзгерістерді заңды түрде туындатуғаь тиіс. Жаратылысымыздағы пәстікті күн сайын жүгендеп отыру және кісі жегіштер (каннибалдар) мен шайтанға табынушыларды филантроптарға, бейбітшілік достары мен кез-келген соқыр сенімді жек көрушілерге айналдырған жоғары натура мәдениеті соңғы буынды өзінің ата-бабаларынан қаншалық биік етсе, енді соңғы буыннан соншалық көш ілгері тұрған адамдарға айналдырмауы мүмкін емес. Бұрынғы өзгерістерді туындатқан себептер қазір де әрекет үстінде; олар адамның тілектері мен қоғамдық құрылыс талаптары арасындағы қандай да бір алшақтық жойылмайынша әрекет етуге тиіс және адамды қоғамдық өмірге табиғи түрде бейім етуге тиіс. Қазір адам жеуге тыйым салу қажеттігі жоқ сияқты, келе-келе адам өлтіруге де, ұрлыққа да, сол сияқты біздің кодекстегі екінші дәрежелі қылмыстарға да тыйым салудың қажеттігі жойылады. Адамның табиғаты адамгершілік заңдарымен бірлікке жеткен кезде сот пен ережелер қажетсіз болып қалады; адам табиғаты қазіргі кейбір жағдайлардағыдай барлық ісәрекеттерде өздігінен дұрыс бағыт тауып кететін болған кезде болашақта жазалау мен марапаттаудың қажеті шамалы болады; әдепті іс-әрекет инстинктке айналған кезде ол іс-әрекеттердің тәртібін ресми түрде реттейтін рәсімдер керек болмайды.
Осыдан келіп біз реформаторлардың осы мақаланың басында аталған әртүрлі тосын әрекеттерінің мағынасын табиғилығы мен қажеттілігін түсінеміз. Олар кездейсоқ емес, олар жеке бір әздектіктің көріністерін құрамайды. Керісінше, олар біз жоғарыда атап өткен тектестік заңының даусыз нәтижесі. Қыспақтың барлық пошымдарында көрінетін генезистің, қызметтің және құлдыраудың ортақтығы біз басында атап өткен фактының жай ғана көрінісі: осынау пошымдардың адам табиғатының екі сезімінде жатқан бір сақтаушысы мен бір қиратушысы бар. Өкіметтен қорқыныш олардың бостандыққа деген ынтықтығын туындатып, қорғап отырады, оларды мезгіл-мезгіл шайқалтып, әлсіретеді. Біріншісі деспотизмді қорғап, заңның ұлықтығын орнықтырады; ескі наным-сенімдерді ұстанып, дінбасылар беделін қолдайды, лауазымдарға бас иіп, пошымдарды сақтайды; екіншісі әділеттілікті заңдылықтан биік қойып, оқтын-оқтын саяси бостандықты беркітеді, протестантизмді ілгерілетіп, оның нәтижелерін даярлайды, әдет-ғұрыптың парықсыз ережелерінен бас тартып, адамды жансыз пошымдардан азат етеді. Нағыз реформатор үшін сынауға болмайтын ешқандай мекеме, ешқандай наным-сенім жоқ. Барлығы әділеттілікпен, ақыл-парасатпен үйлесуге тиіс; ештеңе өзінің сүйкімділігімен құтылып кетпеуге тиіс. Әрбір адамға өз мақсатттарына жету және өз талғамын қанағаттандыру бостандығын бере отырып, ол өзі үшін де сондай бостандықты талап етеді және басқа адамдардың осындай құқықтарынан келіп шығатын шектеулерден басқа ешқандай шектеулермен келіспейді. Ұйғарымды бір адам жасай ма немесе барлық адамдар жасай ма, оған бәрібір, бірақ сол ұйғарым оның заңды қызмет өрісіне қол сұқса, ол ондай ұйғарымның күшін мойындамайды. Өзін белгілі бір киім үлгісіне немесе белгілі бір құлыққа мәжбүрлейтін тиранияға қалай қарсы шықса, ол сату мен сатып алуды шектейтін немесе белгілі бір дінді ұстануға бұйыратын тиранияға дәл солай қарсы шығады. Бұл заңның формалды ұйғарымымен көзеделе ме әлде қоғамның формалды емес талабымен көзделе ме, заңға бағынбау абақтыға жабумен жазалана ма, әлде қоғамның теріс қабағымен, қоғамнан аластатумен жазалана ма, – реформатор үшін оның маңызы жоқ. Төніп тұрған жазаға
қарамастан ол өз пікірін білдіреді, ұсақ-түйек қудалануға қарамастан, ол әдеп ережелерін бұза алады. Оған іс-әрекетінің жақындары үшін зиянды екенін дәлелдей алсаңыз ғана ол тоқтайды. Оған оның өздеріңіздің заңды талаптарыңызды бұзып отырғандығын дәлелдей алсаңыз – ол іс-әрекетін өзгертеді. Бірақ сіз осыны істемейінше, оған оның іс-әрекеттерінің мәні әдепсіздік не дөрекілік екендігін, өзінің астары жағынан басссыздық, әділетсіздік немесе пасықтық екендігін дәлелдемейінше, ол ештеңеге көнбейді. Кейбіреулер, рас, мұндай мінез-құлық әділетсіз және рахымсыз дейді. Олар былай дейді: адам өз қиялымен басқалардың басын қатыруға хақысыз; бір мырза оның адреске “Esq.” деп қоспай жіберген хатын алса және ол ханымның кешкі жиынына қолғапсыз келсе, олар мұны құрметтеудің кемдігі немесе тәрбиенің кемдігі деп санап, қорланады; демек, оның әдеттен тыс ісәрекеттеріне оның жақындарының сезімдері есебінен ғана жол беруге болады және осылай, оның нонконформизмі өзімшілдік қана. Бұған ол қисынды өрбітілген мұндай қағида адамдарды барлық еркіндіктен айырады деп жауап береді. Айталық, әрбір адам іс-әрекетін өзінің емес, қоғамның таңдауымен үйлестірілуі керек. Егер не нәрсе туралы қоғамдық пікір айқындалып болса, адамдардың әдеттері біржола белгіленуі керек. Қоғамдық пікірге және өзгенің сезіміне нұқсан келтірместен, ешкім басқа әдетті игере алмайды. Сондықтан, егер бұрымдар, биік өкшелер, крахмалданған білезіктер мен қысқа панталон заманын алсақ, онда барлық адамдар өмірінің соңына дейін сол бұрымды өріп, биік өкше, крахмалданған білезік немесе қысқа панталон киюге тиіс болып шығады. Егер біреулер оның пошымдарын орнату үшін басқалардың пошымдарын бұзуға хақысы жоқ, олай етуге, бір адамның тілегін орындау үшін баршаның тілегін құрбандыққа шалады дей бастаса, ол онда бұл пікірдің негізінде барлық саяси және діни өзгерістерді жоққа шығаруға болады екен деп жауап береді. Лютердің сөзі мен ісі оның толып жатқан замандастары үшін мүлдем дөрекілік болған жоқ па еді; Гампденнің қарсылығы сол заман тәртібін жақтаушыларға жеккөрінішті болған жоқ па еді; кез-келген реформатор адами соқыр сенімдерін
бұзып, адамдарды өз пікірімен қорламай ма екен? Мақұлдаған жауап алған соң ол: реформатордың осындай пікірлерді білдіруге қандай хақысы бар? ол көп адамның сезімін бір адамның сезіміне құрбан етпей ме? – деп сұрақ қояды – және ол осылайша өз қарсыластары дәйекті болуы үшін іс-әрекеттегі нонконформизмді ғана емес, ойдағы нонконформизмді де сөгуі тиістігін дәлелдейді. Қарсыластары оның да қағидасын сандырақ деңгейіне дейін өрбітуге болатындығын айтады. Егер адамға белгілі пошымдарды бұзуға рұқсат етілсе, онда оның тарапынан да кез-келген пошымды бұзу заңды болады емес пе дей отырып, ол қонаққа кір жейдемен және қырынбай бара берсе болмай ма, оған қонақ бөлмедегі кілемге неге түкірмеске, неге камин сөресіне аяғын көтеріп қоймасқа? деген сұрақтарды қояды. Ал әдептен озған адам бұған бұлайша келіспеу – іс-әрекеттердің бірбірінен едәуір өзгеше екі түрін бытыстырып жіберу – маңайдағы адамдарға елеулі жағымсыз әрекеттер мен оларға кездейсоқ жағымсыз әрекеттерді бытыстыру деген сөз болып шығады деп жауап береді. Иіс-қоңысы көрші отырған адамның мұрнын жаратындай нас адам немесе бүкіл жиналған жұрттың мазасын алып, дабырлай сөйлеген адам сөгіс естуге лайық, және шындығында да адамдар жиналған жерден аластатыла алады. Бірақ фрак орнына сүртүк киген немесе қара панталонның орнына қоңыр панталон киген адам басқалардың сезімдеріне немесе түйсіктеріне емес, олардың соқырсенімдеріне, әдебінің екі жүзділігіне жаман әсер етеді. Оның киімі әдет-ғұрып талап еткеннен жұпынылау немесе едәуір лайықсыз деуге болмайды; өйткені осыдан бірнеше сағат-ақ бұрын сол киім бәріне ұнаған. Демек, бұл жағдайда жалған әдепсіздікке аза бойы қаза болады. Киімнің мәні түкке де тұрмайтындығын мына бір фактыдан көруге болады: бұдан жүз жыл бұрын көңілді кеште қара киім мүлдем орынсыз болып көрінер еді және бірнеше жылдан кейін қазір ұнамаған киім пішімі сән талаптарына қазіргі пішімнен әлдеқайда сәйкес болуы мүмкін. Осылайша, реформатор өзінің табиғи шектеулерге емес, жасанды шектеулерге қарсы екендігін және қазір өзі
ұшыраған мысқыл мен тыжырыну, оның қоғам орнатқан пұтқа табынғысы келмейтіндіктен туындағандығын дәлелдейді. Егер одан мүлде жағымсыз құлықты тек салыстырмалы жағымсыз құлықтан қалай ажыратамыз деп сұраса, ол егер адамдар ол айырмашылықты қабылдағысы келсе, ол өзінен-өзі-ақ көрінеді деп жауап берер еді. Өзінің астарымен-ақ өрескел қылықтар әрқашанда дәл қазіргідей ашу-ыза туғызады және әрқашан өрескел қылық болып қала береді. Ал негізінен жағымды әрекет әдепті әрекет ретінде орныға түседі. Әдет-ғұрыптардың ешқандай оңайлауы ешқашан кір-қожалақ етік пен жуылмаған қолды құптамайды, өйткені мода дегеніңіз күні ертең жойылса да, салдыр-салақтыққа жиіркеніш сезімі жойылмайды. Адамдардың en regle болуға қазіргі мұқият ұмтылысын туғызатын "бәрекелді"-ге құштарлық сонда да бола берер еді, оларды сонда да өзінің сырт көрінісіне көңіл бөліп, әдемі киінгені үшін мақтау естігісі келер еді, әдепті құлықтың табиғи заңдарын олар қазір жасанды заңдарды сыйлағандай сыйлар еді. Бүкіл өзгеріс адамдарды мезі қылған біркелкілік орнына әдемі әркелкілік орнауында болар еді. Ал егер біз шынайы немесе шартты екендігін айыра алмайтын кейбір ұйғарымдар кездесе қалса, оған ерік берсек, күнделікті тәжірибе мұндай сауалға көп ұзамай жауап табуға мүмкіндік берер еді. Ал пікірталас – пікірталаста бұл жиі болатын жағдай – әдеттегідей өзінің бастапқы нүктесіне қайта оралып, “тәртіп партиясы” қарсыласын өзгелердің сезіміні өзінің өзімшілдігіне құрбан етті деп қайталағанда, ол олардың жалған ұғымдардың жетегінде кеткендігін шегелеп айтады. Ол олардың өз әрекеттері мен әдеттеріне билік жүргізуімен қанағаттанбай, өзгелердің де әрекеттері мен әдеттеріне билік жүргізуді талап ететін деспотизмін бетіне басып, ондай биліктің мойындалмайтындығына қынжылатындығын көрсетеді. Реформатор олар пайдаланып жүргендей бостандық берілуін талап етеді; ал олар оның құлқы қандай болу керектігін тәптіштеп бергісі келеді, оның өмірін өздері бекіткен пішіммен кесіп-пішкісі келеді де, содан соң келіп оны бетімен кеткен, өзімшіл деп кінәлайды! Ол оларға өз тәуелсіздігін қорғау үшін ғана емес, олардың мүддесі үшін де міндетті түрде қарсы шығатындығын ескертеді. Ол
оларға сендер құл болып жүрсіңдер, соны түсінбейсіңдер; сендер бұғаулысыңдар, сөйтіп шынжырларыңды сүйесіңдер, өмір бойы қапаста отырып, оның қабырғалары құлап қалғанына налисыңдар деп дәлелдеп бағады. Ол қайыспау өзінің міндеті деп білетіндігін, оны еркіндік алу үшін істеп отырғандығын айтады, өзін олардың қатты сөгіп отырғандығына қарамастан, бостандық алу перспективасынан туындаған қорқыныш сейілгенде, еркіндікке жеткізгені үшін өзіне олардың көп алғыс жаудыратындығын айтады. Наразылық ауаны қаншалықты дөрекі көрінсе де, наразылық қаншалықты ренішті көрінсе де, біз тек күресуді қаламайтындықтан ғана мұндай ақиқаттардан аттап өтпеуге тиіспіз. Әрбір жаңашылдықтың соры – өздерінің қызметінің сипатына орай жаңалық енгізушілердің дұшпандық жағында тұруында; олардың осы антагонизмнен туындайтын жағымсыз мәнері, сөздері мен қылықтары әдетте насихаттап жүрген ілімімен байланыстырылады. Шабуылға ұшыраған нәрсенің не жаман, не жақсы екендігі мүлдем ұмыт қалып, керілдесу әрқашан көңілге қаяу түсіреді; қиянатқа көнбістік енжарлықтан ғана кеңпейілділік болып көрінетіндігі мүлдем ұмыт қалып, адамдардың көбісі әлдене партияның мүшелерімен араласып-құраласып жүретіндігінің салдарынан ғана озық көзқарасқа өре түрегеліп, ескі көзқарасты жақтайды. Эмерсон айтпақшы, “консерватизм тыныш та, әлеуметшіл, ал реформа жеке әрі өктем тірлік”. Сақталмақ жүйе қаншалық кемістікті болса да, жасалмақ реформа қаншалық әділетті болса да, бұл сөз ақиқат. Ол ол ма, пуристердің ашу-ызасы жойылмақ жамандықтың қаншалықты елеулілігіне қарай қоза түседі. Уақыт талап етіп отырған өзгеріс неғұрлым өзекті болса, оны жақтаушылардың шыдамсыздығы да соғұрлым күшті болады. Сондықтан әлеуметтік нонконформизм принциптері мен оны қоғамға алғаш енгізушілердің кесіп сөйлеуі мен көңілге қаяу түсіретін кеудемсоқтығын ешқашан шатастыруға болмайды. Прогресшілдің көзқарасы бойынша, әдепті сақтамауға қарсы айтылатын ең сүбелі пікір оның саясатсыздығына негізделген. Әбден-ақ либерал және ақылды адамдардың талайы, әдетте бұрын өздері құлықтың біршама тәуелсіздігін
байқатқан адамдар, болар-болмас нәрсеге қарсы шығуыңызбен сіз реформаның өзегіне жәрдемдесу мүмкіндігін бүлдіресіз дегенді айтады. “Егер сіз әдетғұрыпта немесе киіну мәнерінде ала-құла болсаңыз, – дейді олар, – сізді жұрт тыңдамайды. Сізді соңынан еруге тұрмайтын әулекі адам деп қабылдайды. Егер сіз ұсақ-түйекте қоғамға жақсаңыз, онда маңызды мәселелер туралы айтқан ойпікірлеріңіз де құрметпен тыңдалар еді; ал қазір дәл сол пікірлеріңіз сіздің шайқылығыңыздың бір түріне жатқызыла салады; осылай тобырмен ұсақтүйекте келіспей қалып, сіз онда елеулі нәрселерде де жіктелу туғызу мүмкіндігінен айрыласыз”. Бұл өзінің орындалуын міндетті ететін болжалдардың бірі екендігін, орын алып отырған жағдайды құптамайтынын білдіретін ат төбеліндей жұрт оны мақұлдамайтын көптеген адамдар өздерінің құптамайтындығын білдірмейтіндіктен ғана сайқымазақ болып көрінетіндігін, және егер олар өздерінің сенімдеріне сай әрекет етсе, жоғарыда келтірілгендей байламдарды жасауға болмастығын, ондай жамандық орын алмайтындығын тек атүсті ғана атап өтіп, осыны атап өтіп біз одан әрі осынау қоғамдық қыспақ, пошымдар, талаптар түкке тұрмайтын, ұсақ-түйек жамандық емес, орасан зор жамандықтың бірі екендігін айта кетпекпіз. Олар бір топқа жиыстырылса, өзінің жиынтығымен барлық басқа жамандықтардан асып түсетіндігіне біз күманданбаймыз. Егер біз соларға сол шарттардың бәрі балалататын мазасыздықты, шығындарды, көре алмаушылықты, ренішті, түсініспеушілікті, уақыт жоғалту мен рахаттан құр қалуды салыстыра алсақ; олардың бізді күнделікті қол-аяғымызды байлап, құлға айналдырғанын анық түсіне алсақ – біз, бәлкім, олардың тираниясы бізге ықпал ететін кез-келген басқа тираниядан әлдеқайда жаман деген байлам жасар едік... Ол әуейілікті туындатады. Әдет-ғұрыпта болсын, киінуде болсын, көңіл көтеру түрінде болсын – кез-келген еліктеудің негізінде жатқан comme іl faut болу ниеті ысырапшылдар мен банкроттарды туындататын ниет. Өмірдің белгілі genre дәрпін ұстану, қаланың ақсүйектер тұратын ауданында ең жаңа талғаммен салынған үйге ие болу, қымбатқа түсетін қонақ шақырулар мен
тойлар өткізу – осының бәрі еліктеуден туындаған атаққұмарлықтың не мақтан сүйгіштіктің көрінісі. Осынау әуейіліктер туралы мылжыңдай берудің қажеті жоқ: оларды талай жазушылар сықақтаған, әрбір мейманханада сықақ түрткісі болады. Бұл арадағы біздің шаруамыз – соншалықты мақтаулы саналатын қоғамдық әдепке құрмет өмір салтында модаға ұмтылыспен бір жерден шыққандығын және басқа шарттары тең болған жағдайда біріншісі кемімей, екіншісі де азаймайтындығын ашып көрсету ғана. Енді, егер біз осы әуейіліктен туындайтын нәрсенің бәрін қарастырсақ; егер біз сонан жапа шегетін алданып қалған өнім берушілерді, өйтіп-бүйтіп күн көретін гувернанттарды, нашар тәрбиеленген балаларды, ренжітілген туыстарды санап шықсақ; егер біз осы әуейілікке бой алдырған адамдардың барлық беймазалығы мен адамгершіліктен аттап кетулерін еске түсірсек – әдепке осынау құрметтің сырт қарағандай соншалық күнәсіз нәрсе еместігін көреміз. Әрі кетсек, бұл әуейілік қоғамдық қатынастардың нәтижесін кемітеді. Пәруайларды немесе алып-сатарлық жайсаңдар ортасында өздерінен көп жақсы адамдардан ілгері саналуына кездейсоқ мүмкіндік беретін адамдарды былай қоя тұрып, біз қалтасына қарап өмір сүруге ақыл-парасаты да, адалдығы да жетіп жататын, сөйте тұра, "сыйлы кісілер" қатарында болуға ынтызарлық салдарынан барлық қабылдаулардың санын қысқартуға мәжбүр болатын толып жатқан адамдар тобына көшеміз; және де осындай әрбір қонақ шақыру меймандостықтың барлық талаптарына барынша сай келуі үшін, адамдардың өз шақыруларын жайлылыққа ешқандай дерлік назар аудармай немесе қонақтардың өзара үйлесуін ескермей жасауына тура келеді. Көбіне-көп бірбірімен таныс емес немесе шамалы ғана таныс, талғамы жағынан ортақ дерлік ештеңесі жоқ адамдардан құралған тым көп жұрт жиналатын азын-аулақ жиындарды, өздерін ой мен жанашырлықтың ортақ дәнекерлері байланыстырып тұруы үшін бір-бірімен жеткілікті достардың жиі-жиі болатын шағын басқосулары алмастырады. Осылай, араласып тұру саны кемиді, сапасы бұзылады. Қымбат дайындық жасап, қымбат дастарқан жаю әдетінің салдарынан және мұны көп қонақ үшін әрі анда-санда жасау аз ғана қонақ үшін
жиі жасаудан неғұрлым арзан әрі әуре-сарсаңы да аз болатындығы салдарынан біздің дәулеті шамалы топтарымыздың жиындары сиреп те, қызықсыз да болып барады. Тағы бір айта кетер жайт, қоғамдық қатынастарда орын алып отырған формалдылық одан жетілдіруші ықпал күтетін көптеген адамдарды түңілдіріп, оларды жаман әдеттер мен байланыстарға бой ұруға мәжбүр етеді. Салтанатты астар мен кірпияз кештерден жиіркене бас тартып, олардың орнына клубтардан, шылым шегу залдары мен мәйханалардан жанына жақын қауым іздейтін әбден-ақ ақылды талай-талай адамдар табылады. Үйреніскен жеріне баруды қойғандығын кінә етіп таққан кезде олардың кез-келгені: “Маған қонақжайларда сапырылысу бостекі сөз сөйлеп, рахаттанған сыңай таныту жиренішті. Сонда мен не үшін уақытымды, ақшамды ысырап етуім, көтеріңкі көңіл-күйімді түсіруім керек? Кезінде киім ауыстыру үшін қызметтен тезірек үйге жеткенше асығатын едім; кестелі жейде іздеп сарсылатынмын, тұмсығы сүйір етікке шыдап, тігіншілер мен дүкеншілердің сұраған құнына да қарамайтынмын. Енді маған ес кірді. Мен едәуір ұзақ уақыт шыдап бақтым; өйткені әрбір кеш зая кетті-ау деп білсем де, ертеңгі кеш қызықтырақ болар деп үміттенетінмін. Енді қателескенімді түсіндім. Жалға алынған күймелер мен ит терісі былғарыдан тігілген қолғап кез-келген тойдан алатын рахаттан әлдеқайда қымбат, яки, дұрысы, шығының қонаққа барған қызығыңды өтемейді. Жо-жоқ, тойып біттім! Бос сенделу үшін неге бес шиллинг төлеуім керек?” Осындай әбден қарапайым көзқарас адамдарды бильярдқа, сораптап сигара шегіп, пунш ішіп отыруға, әртүрлі ойын-сауық орындарына жетелейтінін есепке алсақ, осынау бұзылуға біздің қатаң әдеп ережелері кінәлі емес пе екен деген ойға еріксіз барамыз. Адамдарға қалай да болсын сергіп оытру қажет; олардың жоғары түріне қол жетпесе, қолға іліккеніне қанағат. Бұл дегеніміз осылай жаман әдетке баратын адамдардың бәрінің талғамы төмен деген сөз емес. Көп жағдайда мүлде керісінше болып жатады. Қандай да болсын ресмиліктен бас тартып, отбасында емін-еркін отырған алты-жеті дос-жаранның әрқайсысы, әрине, қоғамдық қатынастың ең жоғары түріне, яғни ой мен сезімнің нағыз
қатынасына рахаттана кіріседі; ал олардың арасында ақылды да білімді әйелдер болса, олардың бұл әңгіме-дүкеннен алған ләззаты одан да жоғары болады. Олар қоғамның тұншықтырар құрғақ әңгімесінен қашып соншалық сыпайы болмаса да, ұзын-сонар қызық әңгіме жүргізуге болатын топты іздейді. Осылайша жақын рухани үндестікке ұмтылып, оны таба алам-ау дейтін жерге баратын адамдар, көбінесе жылтыр киініп, опа-далап жаққан жансыз сәнқойларды қанағат тұтатындардан гөрі өзіне моральдық тұрғыдан жақын жандармен бір шыныаяқ шай іше отырып, бос сөз айту, мағынасыз сұраққа мағынасыз жауап беруден артық жақындасу ойы жоқтардан, осындай ниетінің жоқтығымен өздерінің қуыс кеуделігі мен қайырсыздығын дәлелдеп жүрген адамдардан неғұрлым таза да инабатты болып келеді. Рас, нағыз талғамның шектеулеріне шыдамайтындықтан қонақжайға барғысы келмейтіндер де бар; рас, осынау шектеулер өздеріне әсер етсе, олар көп пайда табар еді. Бірақ әдеп пен өзгені құрметтеуге негізделген заңды шектеулерге тек қана шарттылыққа негізделген көптеген жасанды шектеулерді қосу арқылы тәрбие тәртібі өте-мөте қиындап, сонымен, өз мақсатына жете алмай қалады деу де әбден әділетті. Тым тықақтаған басқару, өзі басқаруға, билеуге тиістілерді үркітіп, өзі-өзіне үнемі зиян келтіріп отырады. Және егер, осылай, қоғам өзінің ойын-сауықтарынан олардың жеккөрінішті даңғазалығы немесе формалдылығы салдарынан қашатындарға өзінің игі ықпалын жоғалтса; егер адамдар, осылайша өздеріне ұтымды ұйымдасқан әйелдер қауымы беретін адамгершілік мәдениеттен жұрдай болып қана емес, басқа қызықтың жоқтығынан көбіне ойын мен маскүнемдікке жетелейтін әдеттер мен байланыстарға түсе бастаса, біз мұнда ұсақ-түйек деуге болмайтын жамандық жатыр деуіміз керек емес пе? Енді көңіл көтеруге қызмет етуі тиіс деп есептелетін әртүрлі дайындық пен рәсімдердің сол көңіл көтеруге тигізетін теріс әсерін алып қарастырайық. Біздің қайсымыз қоғамдағы ең жоғары рахатқа шынымен бөленген оқиғаларды еске ала отырып, олардың бейресми, тіпті аяқ астынан келгеніне көз жеткізбейді. Ақ көңілділіктен басқа әдеп ережелері ұмытылатын достардың табиғат аясында серпіліп, көңіл көтергені баға жетпес қызық емес пе? Бір-бірімен жақсы таныс
адамдардың дауыстап кітап оқу немесе жай сырласу, әңгімелесу үшін кіші-гірім бас қосулары қандай ғанибет десеңізші! Ондай жағдайларда біз адам көңілін досының реңі де көтеретінін байқай аламыз. Көзі жайнап, жүзі бал-бұл жанған, өткір тілді, көңілді әзілден тіпті меланхоликтердің де еңсесі көтеріледі. Ондайда әңгіме ететін тақырып та таусылмайды, тәп-тәуір ой да, оны жеткізетін сөз де өзінен-өзі ағылып келіп отырады. Терең ойлылық пен көңіл көтеру алма-кезек: біресе байсалды, парасатты әңгіме, біресе әзіл-қалжың, езу тартар әңгімелер айтылады. Мұндайда әр адам ең жақсы жағынан көрініп, жағымды қылық істеуге құлшынысы артып, өмір сүру тамаша болып көрінеді. Ал енді сегіз жарымда болатын қонақасына немесе сағат онда басталатын кешке дайындалуға жөнеңіз; онда әрбір тал шашыңызды тарап, мінсіз киініп баруды ұмытпаңыз. Қандай орасан зор айырмашылық! Мұнда рахат аз, дайындық көп болады. Қонаққа ұқыпты да мұқият киініп, мейлінше әдеміленіп барған адамдардың барлығы тірі адамға ұқсамайды. Олар өздерінің ызғарлы сұсымен бір-бірін тоңдырып тұр, сіз залға кіре сала олардың сынай қарағанын сезесіз. Бірнеше минут қана бұрын оп-оңай келіп тұрған ой кенеттен безіп кетеді. Егер жаныңыздағы адамға әлдеқандай сөз айтсаңыз, одан бір пасық жауап аласыз да, сонымен әңгіме де бітеді. Сіз қай тақырыпты қозғасаңыз да, ол бес-алты ауыз сөзден аспайды. Сізді енді ешнәрсе шындап қызықтырмайды, өйткені не айтсаңыз да, өзгелер оны құлықсыз тыңдайтынын сезесіз. Әдетте сізге таңғажайып көңіл-күй не ләззат сыйлайтын заттар да өз қызығынан айрылады. Сіз өнерді жақсы көресіз. Бос сөзден шаршаған соң үстелдің жанына барып, онда жатқан гравюралы кітап та, фото суреттердің жиынтығы да жаңағы әңгіме сияқты таяз екенін көресіз. Сіз музыканы сүйесіз. Алайда сіз қандай да болсын музыканы селқос тыңдап, “рахмет” деген сөзді айта тұрып, өзіңіздің барып тұрған екіжүзді адам екеніңізді түйсінесіз. Сіз өзіңізді қаншалықты жақсы сезінгеніңізбен, өз көңіліңізге жағымды ешнәрсенің жоқтығын пайымдайсыз. Галстуктарының дұрыс байланғанын тексеріп, зейін-ықылассыз жан-жағына қарап, не істерін ойлап тұрған жас жігіттерге көзіңіз түседі. Сіз өздерімен кім сөйлесерін күтіп, сарғайып, қолдарын қайда қоярын білмей
отырған әйелдерді көресіз. Сіз кіріп жатқан қонақтарға қандай жылы лебіз білдіру керектігін ойлап, миын сансыратып, кіре-берісте үнемі өтірік езу тартып тұрған үй иесінің зайыбын көресіз. Көптеген шаршаңқылық пен ыңғайсыз жағдайларды көресіз, аз ғана аяушылық сезіміңіз болса, олар сізге кері әсерін тигізіп, көңіліңізге қаяу түсірмеуі мүмкін емес. Бұл жұқпалы дерт, сіз не істесеңіз де оған төтеп бере алмайсыз. Сіз онымен күресесіз; сіз не де болса көңілді болуға тырысасыз; алайда сіздің бір де бір тапқыр қимыләрекетіңіз немесе көңілді әңгімеңіз зейінсіз езу тарту мен зорлана күлуден басқа ештеңе тудыра алмайды; ой да, сезім де бәрі бірдей тұншыққан. Ақырында өзіңіздің жек көру сезіміңізді жеңе алмай, ол жерден қашып кеткен кезде, сіз таза ауа жұтып, ай-жұлдызды көріп тұрып, кереметтей жеңілдікті сезінесіз! Сонан соң шын көңіліңізден: “Құдайға шүкір, бітті ғой әйтеуір!” – деп, ендігәрі ешқашан мұндай сұрқай жиындарға бармауға бел байлайсыз. Сонда осы тұрақты сәтсіздік пен түңілудің сыры неде болды екен? Оған мына қажетсіз сәнді бұйымдар, әдемі киімдер, сонша күш жұмсалған дайындық, соншама әуре туғызып, сонша қызық күткізетін ойдан шығарылған әр нәрселер кінәлі емес пе екен? Рахаттың ізіне түсіп індетуге болмайтын, аяқ асты қолға түсетін қарапайым дүние екендігін отыз жасқа келген адамның қайсысы білмейді? Біз жұмыс істеп отырған кезде естіліп тұратын көшедегі шарманка дыбыстары, көбінесе концертте ең шебер музыканттар орындаған ең таңдаулы музыкадан гөрі құлаққа жағымды болатыны несі. Дүкеннің терезесінен көрген бір жақсы суреттен, сіз каталог пен қарындаш ұстап тұрып қараған, бүкіл бір көрмеден алмаған ләззатты аласыз. Біз бақытты болу үшін бір күрделі киім дайындағанша, ол бақыт ұшып кетеді. Өйткені, ол қошемет сөздерден безендіріліп, этикетпен қоршалған ғимараттарда құрсауда ұстауға келмейтін жеп-жеңіл нәрсе. Біз оған жеткізетін жағдайларды күрделілендірген сайын оны өзімізден кері итереміз. Бұның да себебі қарапайым. Қоғамдық қатынастар қызмет ететін асқақ сезімдер өте күрделі; сондықтан олар көптеген жағдайларға байланысты; ол жағдайлар неғұрлым көп болған сайын олардың қайсыбірін үркітіп алу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады, сонымен сезім сол күйі
тебіренбей қалады. Тәбеттің бұзылуы үшін зіл батпан қайғы керек; ал қоршаған адамдарға деген адал, таза сезімді жоғалту үшін бір ғана теріс сөз немесе көзқарас жеткілікті. Осыдан келіп, қоғамдық қатынастарға қажетсіз талаптар қойылған сайын, одан рахат алу ықтималдығы да кемиді деген тұжырым жасауға болады. Жақын адамдармен жағымды қарым-қатынас үшін қажетті нәрсенің бәрін үнемі істей беру қиын, ал сансыз көп елеусіз нәрселерді үнемі істеу одан бірнеше есе қиын емес пе. Тамаққа басқа қолынан демеп дұрыс апарған сізді сол себепті осы ақымақ болар деп ойлап тұрған әйелден қандай дұрыс жауап күтуге болады? Үй иесінің қасына отырғызбағаны үшін, іштей налып отырған мырзамен қызық әңгіме-дүкен құрудың қандай мүмкіндігі бар? Формалдылық қаншалық үйреншікті нәрсеге айналып кеткенімен, олар қажетіне қарай назар аудартады, қателіктерге, түсінбестіктерге, қызғаныштарға апарып соқтыратын оқиғаларды қажетіне қарай көбейтіп отырады, ақыл-естің бәрін өздерін толғантуға тиіс ой мен езімдерден қажетіне қарай бұрып әкетеді, демек, шынайы әлеуметтік аралас-құраластық мүмкін болатын жағдайларды бүлдіреді. Шартты ұғымдарды жетектей жүретін жазмышты жамандық, кез-келген басқа бәле қолына су құя алмайтын жамандық осында. Олар біздің ләззат алуымызға қызмет етудің орнына, оларды құртады. Бұл жағынан келгенде барлық ережелер бірдей: басында қаншалық пайдалы, тіпті қажет болғанымен, соңына қарай пайдалы болу былай тұрсын, тіпті зиянды бола бастайды. Адамзат дами береді, ал олар табандап жатып алады, күн өткен сайын әбден дағдылы, өлі нәрсеге айнала береді, бұрын өзі күзетіп келген нәрсені аз-аздап қылғындырып өлтіруге тырысады. Басқарудың көнерген пошымдарының ақыр соңында езіп жіберетіні соншалық оларды, тіпті террор патшалығымен алмастыру тәуекелімен болса да, құлату қажеттігі туындайды. Ескі нанымсенімдер ақыр соңында енді ойды дамытуға жәрдемдесе алмайтын, қайта оны бұрмалайтын, сөйтіп бұл дамуды тоқтатып жансыз формулаға айналады; ал оларды басқаратын мемлекеттік шіркеулер, консерватизмді субсидиялармен қолдаудың және прогресті басып-жаншудың құралына айналады. Бұқаралық
мектептер мен коллегияларда көрініс тапқан ескі тәрбие жүйелері салыстырмалы түрде пайдасыз біліммен жаңа ұрпақтың миын ашыта береді, демек, жаңа білім бермейді. Мейлі саяси, діни, әдеби, филантропиялық сипатта болсын, өзінің саны ұдайы өсіп отыратын ұйғарымдарды өскелең байлығы, қызметкерлер санының жыл сайын көбеюі және партиялардың сыналап еніп келе жатқан қолдауы мен рухының арқасында бірте-бірте өзінің мәнмағынасын жоғалтып, жеке түрлердің мүддесіне қызмет ететін жай ғана жансыз механизм, – яғни өзінің бастапқы қызметін орындамау былай тұрсын, оған тәптәуір кедергі болатын механизм деңгейіне дейін төмендемейтін бір де бір ұйым түрі жоқ. Қоғамдық әдеттер жөнінде де нақ сол болып отыр. Қытайларда қоғамдық аралас-құраластықты ауыр жүкке айналдыратын “бағзы замандар өсиет еткен салтанатты рәсімдер” бар деседі. Монархтар өздерін көтермелеп көрсету үшін ойлап тауып, міндеттеген сарай пошымдары әрқашан және барлық жерде олардың өз өмірін қиындата түсумен аяқталып келген. Сол сияқты ас үй мен қонақ жайдың жасанды әдеп ережелері де көбейіп, қатаңданған сайын, бастапқыдағы мақсаты болған ғанибеттің түбіне жетіп танады. Адамдар әдетте “формалды”, “тәкаппар”, “рәсімді” нәрселер туралы жиіркене айтатындығы осы фактыны жалпының мойындауы болып табылады; бұл мойындауды логикалық тұрғысынан өрбітсек, бізге тұрудың табиғи талаптарға негізделмеген барлық әдет-ғұрыптары зиянды екендігі көрінеді. Осынау шарттар, өз мақсаттарының түбіне жетеді деген пікір соны емес. Өз заманының әдет-ғұрыптарын сынай келіп Свифт: “Ақылды адамдар шаруа немесе машинистпен әңгімелескендегіден гөрі, осынау талғампаз мырзалардың нәзік сыпайылығының алдында өздерін неғұрлым ыңғайсыз сезінеді”, – деген. Бірақ біздің қоғамдық жаратылысымыздың осынау өзін күйретушілік әрекеті тек ұсақ-түйекте ғана байқалып қоймайды; оның өз мәні мен табиғатында да анық көрініс табады. Біздің қоғамдық аралас-құраластығымыз оның қазір қалай ұйымдастырылғанына қарай біздегі болмыстың егізінен басқа ештеңе де емес. Біз нені талап етеміз? Өзімізге ұқсас адамдармен сырласуды ғана; жансыз сөздерден тұратын әңгіме емес, жанды ой-сезімді білдіретін
әңгімені; көз бен бет-әлпет ойды білдіріп, дауыс ырғағы мағынаға толы болатын әңгімені; жалғыздығымызды сездірмей, басқалармен біріктіріп, сезімдерімізді басқалардың сезімдеріне ұластырып күшейтетін әңгімені талап етеміз. Оқта-текте осы саясатпен, ғылым туралы, жаңа кітаптар мен жаңа адамдар туралы әңгімелердің салқын да таяздығын және шынайы тілектестік солардың бәрінен әлдеқайда салмақты екенін сезінетін сол бір адам қайда екен? Бэконның: “Адам жоқ жерде тобыр қоғам емес, әлпеттер сурет галереясы ғана, айтылған сөз сыңғырларын ішек қана”,– деген сөзін еске түсірейікші. Егер бұл сөз әділ болса, адамдар аңсайтын шынайы қатынас тек таныстық білістікке, ал білістік достыққа айналғанда ғана мүмкін болады. Ұтымды ұйымдасқан топ тек қана сыйлас, жақын таныс адамдардан және бірді-екілі бөтен адамдардан құралуға тиіс. Ал біздің үлкен бас қосулардың, “белгіленген күндер” мен кештердің – бұрын ешқашан кездеспеген, бейтаныс немесе бір рет амандасқан ғана, немесе бірнеше рет көріскенімен, бір-біріне немқұрайды қарайтын, ішінде бірнеше ғана шынайы дос, көпшілік ішінде жоққа тән болатын көптеген адам жиындарының негізінде қандай ақымақтық жатыр десеңізші! Жанжағыңыздағы адамдардың бет-әлпетінің жасандылығына қарасаңыз-ақ, мәселенің неде екенін дереу түсінесіз. Баршасында бетперде; бетперделердің арасында қандай шынайылық болуы мүмкін? Әркімнің бұл жиындардың мағынасыздығына іштей налитынына несіне таңырқаймыз; от анасы оны жасағысы келгендіктен емес, солай істеу қажет болғандықтан ғана жасайтындығына несіне таңырқаймыз? Ал қонақтар одан рахат алу үшін емес, үй иелерін ренжітіп алғысы келмегендіктен баратынына несіне таңырқаймыз? Осының бәрі зор қателік – ұйымдастырылған көңіл қалу. Ақыр соңында, мынаны да атап өтелік: бұл жағдайда, белгілі ұйым азғындап, өзінің табиғи қызметіне жарамсыз болып қалатын барлық басқа жағдайлардағыдай секілді, ол мүлдем бөтен, өзіне мүлдем қарама-қарсы мақсатта пайдаланыла бастайды. Осы іш пысатын жиындардың және оларға қатысудың әдеттегі ілігі не? “Менің ойымша, олардың барлығы мәнсіз – деп, әрі бос, – деп жауап береді сіздің сын сөзіңізге әркім – бірақ өз
байланыстарыңды сақтау керек қой”. Ал егер сіз сол адамның зайыбынан ашық жауап алғыңыз келсе, ол: “Сіз сияқты мұның бәрін мен де жек көрем, бірақ біз қыздарымызды ұзатуымыз керек емес пе”, – деп жауап берер еді. Біреулер үлкен қызметке тұрғысы, тәжірибесін молайтқысы, өз ісінің ауқымын кеңейткісі келеді: ол парламентте ықпалға ие болуға, әйтеуір бір графтікте табысы мол орын табуға, сайлауда көп дауыс алуға тырысады, мансап, лауазым, қолдау, пайда іздейді. Біреулер күйеу, өзіне лайықты жұп, қалыңдық пен оның жасауы туралы ойлайды. Өзінің бастапқы мақсаты – адамдарды жағымды қарым-қатынас арқылы күн сайын жақындастыра түсудің барлық құнын жоғалтып, біздің бірігіп тұруымыздың қыспақты тәсілдері енді өздерінен жанама түрде туындаған ақшалай немесе үйленуге байланысты нәтижелерімен берік сақталып отыр. Осыдан кейін біздің әдеп жүйемізді жетілдіру маңызы жоқ іс деп кім айтады? Бұл жүйе қазір сәнге айналған әуейілікті енгізіп, оның арты банкрот пен жұтауға апарып соғатынын көре тұра; оның кембағал таптар арасындағы аралас-құраластық жиынтығын едәуір шектейтінін байқай отырып; тәрбие алу үшін өнегелі адамдармен араласуы қажет көптеген адамдар қоғамнан аласталып, көбінесе қауіпті де жаман жолға түсетіндігіне көзі жете тұра; осыдан шығатын көптеген келеңсіздіктерді: бұл жүйенің сән-салтанаты барлық өнеркәсіптік және сауда адамдарына артатын ауыр еңбекті, оның ерсіліктері, еліктеу үлгілері ретінде қабылдануынан туындайтын қоғамдағы киім мен сәнді бұйымдарға деген талғамның бұзылуын, Лондон маусымының аяғына қарай оны жақтаушылардың бет-әлпетінен анық көрінетін денсаулыққа келтірген зиянын, модисткалар мен солар тектес адамдардың арасында сәнқойлықтың жыл сайынғы аяқ-асты өзгерістеріне байланысты өлімнің көптігін ескере отырып; осының бәріне оның тікелей мақсаты бойынша өзі қызмет етуге тиіс зор рахаттың, біздің аса ауыр өмірлік күресіміздің басты мақсаты болып табылатын рахаттың реңін кетіріп, еліктіріп, өлтіріп, зор қылмыс жасап отырғанын қосып, біз өзіміздің этикет пен сәнқойлық жүйеміздің реформасы
бірден жүзеге асырылуы қажет бірнеше істен кейін ғана тұруы керек деген қорытындыға келуге тиіс емеспіз бе? Сонымен, қоғамдық әдет-ғұрыптарда протестантизм қажет. Өмірді жеңілдету қызметін атқаруын тоқтатып, оған кедергі бола бастаған үлгілер жойылуы тиіс. Өзгерістердің жақын екендігінің белгісі аз емес. Теккерей бастаған сатириктердің бірнеше тобы біздің жасанды мейрамдарымызды, біздің сәнді ақымақтықтарымызды жеккөрінішті ету үшін еңбек еткелі бірнеше жылдар болды; адамдардың көпшілігі өздері де, бүкіл әлем де түскен әуресарсаңға шын көңілімен күледі. Күлкі әрқашан да төңкеріс өкілі болған емес пе. Адамдардың құрметі мен сенімін жоғалтып алған мекемелер ақтала алмайтындай болып айыпталды, олардың жоғалар күні жақын. Біздің қоғамдық әдеп жүйесінде дағдарыс болатын уақыт жақындады, ол дағдарыстан тазарып, бұдан гөрі ыңғайлы болып шығады. Ол дағдарысқа қалай жететінін ешкім анық болжай алмайды. Жеке адамдардың үздіксіз ұлғайып бара жатқан наразылығы жолымен бе, әлде көптеген адамдардың бұдан жақсы жүйе орнатып, тарату үшін бас қосуы жолымен бе – оны тек болашақ қана шеше алады. Жеке-жеке әрекет етіп отырған ауытқушылықтардың ықпалы қазіргі жағдайда жеткіліксіз болып тұрған сияқты: конформистер мен тіпті оларға тілектестердің шәлкес көзқарасына, кіші-гірім қудалауға тап болып, өз үлгісінің қандай да бір пайдалы әрекетін дәлелдей алмай, нонконформистер өз әрекеттерін үмітсіз деп мойындап, бірте-бірте тоқтатып жатыр. Әдеп бұзушы жас адамның ақырында өзінің нонконформизм үшін қымбат төлеп отырғанына көзі жетеді. Құлшылдықтың табы бар нәрсенің бәрін жек көрген ол тәуелсіз болуға талпынып, ешкімнің алдында басын имеуге бел буады. Бірақ көп кешікпей ол өзінің жалпы қарсылығын әйел заты сыйламаушылық деп танығанын сезеді. Кей жағдайларда оның батылы жетпейді. Оның тосындау болып есептелетін ерекшеліктері өзіне сенімсіздік ұялатпайды; себебі ол жалпы өзін қоғамдық пікірді жек көруші ретінде қабылдағанға ренжімейді, қайта масаттанады. Бірақ ол ерекшеліктер оның надандығы, дұрыс тәрбие алмағандығы, немесе кедейлігі
деп қабылданған жағдайда ол қорқа бастайды. Балық тағамдарын жеу үшін шанышқы мен пышақты қолдану балықты тек қана шанышқы мен нанның көмегімен жеу әдетінің негізінде қыңырлықтан∗ басқа ештеңе жатпағандығын анық дәлелдеп отырғанымен, мода бұл әдетті сақтап тұрған кезде, ол одан мүлдем бас тарта алмайды. Жібек қолорамал қонақта ақ бәтес орамалдай әдепке сәйкес болатынына кәміл сенсе де, ол жібек орамалсыз өзін ыңғайсыз сезінеді. Және де ол өзінің белгіленген әдеттерге қарсыласуы өзі күтпеген теріс нәтижеге апарып соғатындығын байқай бастайды. Ол бұл қылығы өзін әурелі қарым-қатынастардан сақтайды деп, қылығына ақылды адамдар емес, ақымақтар ғана намыстанады деп және осы қылық арқылы таныстыққа тұратын адамдарды араласуға тұрмайтын адамдардан айыруға жол болатын сынақ деп ойлаған. Алайда ақымақтардың көптігі сонша, олардың намысына тиіп, ол өзінің ақылды адамдарға ашылған жолын кесіп жатыр екен. Сонымен, ол өзінің нонконформизмінің теріс түсінілетіндігіне, оны тек кейбір жағдайларда ғана тұрақты қолдана алатындығына; оған байланысты реніштер мен жоғалтулар өзі күткеннен едәуір артық екеніне және бұл жолда пайдалы іс істеу неғайбыл екеніне көзі жетеді. Сондықтан батылдығы бірте-бірте азаяды да, ол бірте-бірте бәз-баяғы әдептер құрсауына қайта түседі. Жеке адамның қарсылықтары, осылай сәтсіз болып шығатындықтан, бізге өмір салты мен дағдыны теліп отырған, көзге көрінбейтін осынау деспотизмге қарсы ұйымдасқан қарсыластық пайда болмайынша, еш нәтиже шықпауы әбден мүмкін. Бәлкім, әдет-ғұрыптар мен әдеп ережелерінің озбырлығы оған қарсы тұрған одақтың әрекетінен әлсірер. Кезінде саяси және діни озбырлық солай әлсіреген. Адамдар шіркеудің де, мемлекеттің де қыспағынан алғашқы рет бір наным-сенім немесе бір саяси ой біріктерген топ көмегімен құтылған. Жеке тентектер немесе бүлікшілер жетпеген жетістіктерге көптің қолы біріккенде ғана жеткен. Бостандықтың алғашқы нышандарын басқа жолмен орнату мүмкін болмағаны айқын, өйткені жеке тәуелсіздік сезімі осал, ал билік күшті болып тұрған кезде көздеген нәтижеге қол жеткізу үшін бірнеше қайсар адамдардың
∗ Бұл балық тағамдары үшін күміс пышақтар қолданысқа енгізілгенге дейін жазылған
болуы жеткіліксіз еді. Тек соңғы уақытта ғана, діни және дүниауи басқару әлсіреп, жеке бостандыққа ұмтылыс күшейген кезде ғана кішігірім секталар мен партиялар бекітілген наным-сенімдер мен заңдарға қарсы шығу мүмкіндігін алды; ал енді жеке адамдар да қауіптенбестен өздерінің қарсылығын білдіре алады. Қабылданған әдет-ғұрыптарға жеке қарсылықтың жоғарыда көрсетілген сәтсіздіктері бұл жағдайда да айтылғандарға ұқсас өзгерістер болуы керек деген ойға жетелейді. Рас, Lex non scrіpta-ның lex scrіpta-дан айырмашылығы жазылмаған заңның өзгерістерге оңай ұшырап, уақыт өткен сайын ол ақырындап жақсарып отыратындығында. Дегенмен, біз мұнда айтарлықтай аналогияны қолдануға болатындығын көріп отырмыз. Мұнда басқа жағдайлардағыдай төңкерістің басты мәні бір қыспақты екіншісімен ауыстыруда емес, осы қыспақты заңдастырып отырған билікті шектеу де немесе жоюда. Реформация алқалаған негізгі өзгеріс бір діни сенімді екіншісімен ауыстыруда емес, сол сенімге мәжбүрлеуші күшті қабылдамауда екені сияқты; демократия баяғыда жүзеге асырған өзгерістің негізінде бір жеке заңды екіншісімен ауыстыру емес, бір адамның жеке билігін баршаның бостандығымен ауыстыру жатқаны сияқты – біз айтып отырған қосымша басқаруға өзгеріс енгізу ерсі әдет-ғұрыптардың орнына ақылға сай әдеттер енгізуде емес, бізді сол әдет-ғұрыптарды орындауға мәжбүрлейтін жауапсыз күшті күйретіп, әркімге өзіне ыңғайлы әдет таңдау құқығын беруде. Бірге тұру ережелеріне келсек вест-энд сыбайластар тобы біздің Папамыз, ал кейбір дінсіздерді қоспағанда біздің бәріміз папашылмыз. Барлық қарсы тұрғандар аластатылып, жағымсыз жағдайға тап болады, тіпті үлкен зардап шегеді. Біздің конституциямен шектелген жеке тұлға бостандығын әлі осынау "тәрбиелі" озбырлықтан босату керек. Біздің атабабаларымыз шіркеуден тартып алған дербес сот құқығын енді біздің дағдыларымыздың осынау диктаторынан талап ету қажет. Біз жетуге тиіс өзгерістер қазірге жеткен өзгерістерге ұқсас болғандықтан, оған жету құралдары да бұрынғыдай болуы керек сияқты. Жеке бөлініп шыққан адамдар жасай алмаған ықпал мен бізде әлі жеткіліксіз болып тұрған қайсарлық
осылардың бәрі біріккен кезде пайда болуы мүмкін. Олардың нонконформизмі надандық немесе сыйламаушылық деп танылып, ақсүйектер қоғамы тарапынан қудалануы ол принцип нәтижесі ретінде қабалданғанда әлсірейді. Мәні аластау болып табылатын жазалаудың мағынасы ондай адамдар өз топтарын құратындай болып көбейген кезде жойылады. Ал енді белгілі позиция берік алынып, шабуылдаушының соққысына төтеп бере алатын кезде біздің қоғамдағы әдептерге деген іштей наразылық армандаған бостандыққа жету үшін ашық көріну мүмкіндігін алады. Бұл үрдістің қандай болмағын уақыт қана шеше алады. Біз басқарудың барлық түрлерінен байқаған өсу, шарықтау және құлдырау ортақтығы, оларды өзгерту тәсілдерінің де осындай ортақ болуын талап етеді. Екінші жағынан, табиғат ұқсас әрекеттерді көбінесе әртүрлі жолдармен жасайтын сияқты. Сондықтан олардың егжей-тегжейін ашып көрсету мүмкін емес. Енді өзіміз жасаған қорытындыларды шолып шығайық. Бір жағынан, бастапқыда біртұтас нәрсе болып, кейіннен өз қызметін жақсырақ атқару үшін бөлінген басқарудың барлық бөліктері – саяси, діни және рәсімдік бұтақтары – ұдайы игі және тіпті мүлдем қажетті нәрсе ретінде қарастырылуға тиіс. Екінші жағынан, басқарудың барлық пошымдары өз міндетін алғашқы қауымдық құрылыс адамдарының қоғамдық өмірге икемсіздігінен өзінің міндетін уақытша атқарушы ретінде, ал оның мемлекеттегі, шіркеудегі және әдетғұрыптағы оның міндеттілігінің бірте-бірте кемітілуі оның мүлдем жойылуының сатылары ретінде қарастырылуға тиіс. Ұғымды толықтыра түсу үшін мынадай бір, үшінші фактіні есте сақтау қажет – қалай аталса да кезкелген үкіметтің шығу тегі, өмір сүруі және құлауы оны қажет етіп, құратын, оған бағынатын адамзаттың тікелей өзіне байланысты, – бұдан, жалпы алғанда, кез-келген шектеу өзі қажет болған уақыттан ұзақ мерзім өмір сүре алмайды және жаратылыс барысында қарастырылған мерзімнен бұрын жойыла алмайды деген қорытынды шығаруға болады. Қоғам өзінің барлық даму сатысында тазалану үрдісін бастан кешеді. Ол дәйекті түрде иықтан сілкіп тастайтын ескі пошымдар бір кездері онымен өмірлік байланыста болып, олардың әрқайсысы
ішінде адамзаттың бұрынғыдан неғұрлым жоғары пошымының туындауын қорғаушы қызметін атқарып отырған. Олар тек кедергі бола бастаған, ішкі жағынан одан жақсы қорғаныс пайда болған кезде ғана тасталып, өзіндегі бар жақсыны мұра етіп қалдырып отырады. Тирандық заңдарды мезгіл-мезгіл жойып отыру әділ сот құруды нашарлатқан жоқ, қайта бұрынғыдан жақсарта түскен. Келмеске кетіп, мықтап көмілген наным-сенімдер өздеріндегі елеулі адамгершілік бастауларды бірге алып кеткен жоқ: ол элементтер соқыр сенімнен арылған күйінде қазір де өмір сүріп жатыр. Сондықтан да біздің этикеттің құрсаулы пошымдарының мазмұнында жатқан әділ, мейірімді де тамаша атаулының баршасы, осылардың бәрі, пошымдардың өздері ұмытылған кезде де, мәңгілік өмір сүре бермек.
“Герберт Спенсер. Опыты научные, политические
и философские”. Минск, 1998” басылымынан
қазақшалаған философия ғылымының кандидаты,
доцент Ілияс ӘЙТІМБЕТ.
Герберт Спенсер
ҒЫЛЫМДАРДЫ ТОПТАСТЫРА ЖІКТЕУ∗
∗ Мен осы очеркті кеңейткім келетіндігін екінші басылымның алғы сөзінде-ақ айтқан едім. Бүгінде, кейбір жаңа ойпікірлердің негізінде, бұрынғы ойымды іске асырмақ болып, өзімнің топтастыра жіктеуімді қорғап бірнеше жаңа дәлел келтіргім келіп отыр. Осындай шешім қабылдауға проф. Бэннің өзінің Логикасында маған көптеген қарсы пікір айтуы тікелей себеп болды. Ол пікірлер мектепте қолдану үшін жазылған шығармада келтірілгендіктен, олар менің көңілімді, үйреншікті тәсіл қолданатын, дағдылы сыннан туған қарсы пікірлердің бәрінен де көп аударуға тиіс еді; жауапсыз қалған қарсы сөзден туған теріс ұғымның ғұмыры қысқа. Осы қарсы пікірлерге жауап беруге күнделікті жұмыстарымнан қолым босаған кезін пайдалануға мүмкіндік туысымен, мен сонымен бірге, осы сәтте, өзімнің дәлелдерімді жаңаша көрсетіп, оларды күшейте түсуді қажет деп шештім. Маусым , 1871 (Автордың 3-басылымға алғысөзі)
Әу баста 1854 жылы жарық көрген “Ғылымның генезисі” туралы шығармамда мен ғылымдар қатардағы ретпен ұтымды орналастырла алмайтынын көрсетуге тырыстым. Сол шығармада (ішінара Конттың топтастыра жіктеуін сынауға арналған) мен Конттың ғылымдарды бірінен соң бірін орналастыру реті де, оларды орналастырудың кез келген басқа реті де ғылымдардың логикалық тәуелділігін де, тарихи тәуелділігін де көрсетпейтінін дәлелдедім. Ол кезде мен ғылымдардың бір-біріне қатынасы мәселесін шет қалдырдым; енді мен нақ осы мәселені зерттемекпін. Шынайы топтастыра жіктеу бір топқа өзара ортақ белгілері, олардың әрқайсысының осы топқа енбей қалған барлық пәндермен ортақ белгілерінен көп болатын пәндерді енгізеді. Мұның үстіне, бір топқа жиналған пәндердің бәріне ортақ және басқа пәндерге тән емес белгілерде оларға матасқан белгілер көп болады. Бұл қалай тартсаң да бір анықтауыштың екі жағы, өйткені, ұжымдаса келіп барынша көп ортақ қасиеттерге ие болған заттар – мәнісіне келгенде басқалар тәуелді осынау елеулі қасиеттерге нақ бірігіп ие болып отырған заттар; және керісінше, елеулі қасиеттерге ортақ ие болу ең көп қасиет атаулыға ортақ ие болу деген сөз. Осыдан келіп мынадай қорытынды шығады: жағдайға және қажетіне қарай бұл бастаулардың алдыңғысын да, кейінгісін де пайдалануға болады. Демек, егер ғылымды топтастыра жіктеу мүмкін болса, онда мұны жоғарыда берілген анықтамаға сәйкес ұқсас пәндерді бірге топтастыра отырып және ұқсас еместерін бөліп шығара отырып жасауға болады. Осыны жасап көрелік. Ғылымдарды табиғи бөлудің ең кең тараған түрі оларды екі топқа: абстрактылы қатынастармен айналысатын, бізге құбылыстар көрсетілетін ғылымдарға және құбылыстардың өздерін зерттейтін ғылымдарға бөлу. Қатынастардың, тегі қандай болғанына қарамастан, қандай да басқа пәндерден гөрі, бір-бірімен туыстығы көбірек болады. Пәндердің, тегі қандай болғанына
қарамастан, қандай да басқа қатынастардан гөрі бір-бірімен туыстығы көбірек болады. Кеңістік пен уақыт, кейбіреулер ойлайтындай ойлау пошымдары∗ ғана болса да, яки олар, мен ойлайтындай, заттардың қорытылған және мұра болып қалған тәжірибесі арқылы ойлау пошымдарына айналған зат пошымдары болса да, – кеңістік пен уақыт құрсауындағы заттардан сөз жоқ өзгеше екендігі де және тек қана кеңістікпен, уақыттыпен айналысатын ғылымдар кеңістік пен уақыт құрсауындағы заттармен айналысатын ғылымдардан мүлдем бөлек екендігі де бірдей рас. Кеңістік дегеніміз қатар өмір сүрудің барлық қатынастарын қамтитын абстрактылы идея. Уақыт дегеніміз бірінен соң бірі болатын қатынастардың бәрін қамтитын абстрактылы идея. Ал қатар өмір сүру мен бірінен соң бірі болу қатынастары өздерінің ортақ және жеке пошымдарында тек қана логика мен математиканың пәнін құрайтын болса, онда солар өздерінің арасындағы айырмашылықтан гөрі, басқа барлық ғылымдардан едәуір мол ерекшеленетін ғылымдардың ерекше тобын құрайды. Бізге заттар көрініс беретін тек таза пошымдармен ғана емес, заттардың өзімен де айналысатын ғылымдар жоғарыда көрсетілгеннен гөрі таяздау бөлінеді, бірақ әрқайсысы бөлек қарастырылатын ғылымның қандай да бір бөлінуінен тереңірек бөлінеді. Олар сипаттары, мақсаттары мен әдістері жағынан өзгеше екі топқа бөлінеді. Әрбір құбылыс азды-көпті күрделі болады және біршама басқаша түрдегі күштің көрінісі болып табылады. Зерттеу пәнінің екеу болуы осыдан шығады: біз күштің осынау алуан түрлерінің әрқайсысын зерттей аламыз немесе оларды біз бірлескен әрекеті үстінде зерттей аламыз, себебі олар осынау күрделі құбылысты туындатуға қатысады. Бірінші жағдайда, жеке жағдайлардың барлық мән-жайларын елеместен, біз тек оның бір өзі ғана әрекет еткендей, күштің әрбір түрінің заңдарын ашуға ұмтыла
∗ “Интуиция пошымдары” деген тіркес орнына “ойлау пошымдары” тіркесін қолданғаным үшін мені Конттың ілімін түсінбеді және бұрмалады деп кінәлады. Басқа бір жерде мен “интуиция пошымдары” тіркесін қолданған кезде де оған қарсы дәлелім бұрынғы күшінде қалатындығын көрсеттім. Бұл жерде ең алдымен қосарым “ойлау пошымдары” тіркесін мен тек кейбір контшылдар қолданғандықтан алдым, содан соң бұл қарсы пікірдің өте үстірт пікір екендігін және оның қорытындыға мүлдем ықпал етпейтінін қоса айта аламын. Сөздің кең мағынасында “зат” сөзіне кереғар "ой" сөзі интуицияны да қамтиды: осы мағынасында ол барлық объективтіліктен өзгеше барлық субъективтілікті қамтиды, ал олай болса, интуицияны да қамтиды. Мұнымен ғана шектеліп қалмайды. Ойлаусыз интуиция болмайды; интуицияның әрбір әрекеті танып білу мен топтастыра жіктеу әрекетін қажет етеді, онсыз индуктивті қабылданған нәрсенің не нәрсе екендігін айырып білу мүмкін болмас еді; ал кез келген айыра білу әрекеті ойлау әрекеті болып табылады.
аламыз; екінші жағдайда, жеке жағдайдың барлық мән-жайларын ескере отырып, біз бүкіл құбылысты түсіндіруге ұмтыламыз, өйткені ол бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің нәтижесі болып табылады. Зерттеудің бірінші түрі арқылы алынған ақиқаттар, объективті шындықты қаншалықты қамтыса, соншалықты нақты болғанымен, оған қарамастан абстрактылы ақиқаттар болып табылады, өйткені олар өмір сүрудің бір-бірінен жеке қарастырылатын түрлеріне қатысты болады. Ал екінші жолмен табылған ақиқаттар таза нақты болады, өйткені олар фактілерді күрделі күйінде, яғни олар табиғатта қандай болса, сол күйінде көрсетеді. Сондықтан ғылымдар басты бөлімшелерінде былай бөлінеді:
ІІ КЕСТЕ
ҒЫЛЫМДАРДЫ ТОПТАСТЫРА ЖІКТЕУ
ҚҰБЫЛЫСТАР БІЗГЕ
АБСТРАКТЛЫ
ЛОГИКА ЖӘНЕ
КӨРІНЕТІН
ҒЫЛЫМ
МАТЕМАТИКА
ПОШЫМДАРДЫ ЗЕРТТЕЙТІН
ОЛАРДЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН АБСТРАКТЫЛЫ МЕХАНИКА,
ҒЫЛЫМ
ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ
НАҚТЫ
ФИЗИКА, ХИМИЯ ЖӘНЕ Т.Б.
ӨЗДЕРІН ЗЕРТТЕЙТІН
ОЛАРДЫ ТҰТАСТАЙ
ҒЫЛЫМ
АСТРОНОМИЯ,
НАҚТЫ ҒЫЛЫМ
ГЕОЛОГИЯ, БИОЛОГИЯ
ПСИХОЛОГИЯ,
ӘЛЕУМЕТТАНУ Т.Б.
Бұл арада менің абстрактылы және нақты деген сөздерді қандай мағынада қолданатынымды айта кету қажет, өйткені олар кейде басқа мағыналарда да қолданылады. Конт ғылымды абстрактылы және нақты ғылымдар деп бөледі, бірақ оның осы сөздермен атаған бөлімдері менің жоғарыда айқындауымнан мүлдем өзгеше. Кейбір ғылымдарды әбден-ақ абстрактылы, ал басқаларын бүтіндей нақты деп есептеудің орнына, Конт әрбір ғылымды абстрактылы бөліктен және нақты бөліктен тұрады деп есептейді. Оның пікірі бойынша, абстрактылы және нақты математика, абстрактылы және нақты биология бар. Құбылыстардың кез-келген түріне қатысты, – дейді ол, – {
жаратылыстану ғылымдарының екі түрін айыра білу керек: біреулері – абстрактылы, жалпы ғылымдар, олардың мақсаты құбылыстардың әралуан топтарын қандай да болмасын жағдайлардың барлығында басқаратын заңдарды ашу; екіншілері – нақты, жеке, баяндаумен айналысатын және кейде тар мағынасында жаратылыстану ғылымдары деп аталатын ғылымдар осы заңдарды әр алуан тіршілік иелерінің нақты болмысына қолданады”. Осы айырмашылықты мысалмен өуаттау үшін ол абстрактылы ғылым ретінде жалпы физиологияны және нақты ғылымдар ретінде зоология мен ботаниканы көрсетеді. Бұл арада, сірә, абстрактылы және жалпы сөздері синонимдер ретінде қолданылса керек. Ал негізінде, олардың әр түрлі мағынасы бар, мұны осы жерде анықтау керек. Абстарктылы деген сөз қандай да бір жеке құбылыстардың мән-жайларынан жасалатын дерексіздену деген сөз; жалпы сөзі көптеген жағдайларда көрінуді нобайлайды. Бір жағдайда, құбылыстың ол араласуы мүмкін басқа құбылыстардан тәуелсіз алынған елеулі қасиеттерін қарастырады; екінші жағдайда осы құбылыс басқа құбылыстармен араласты ма, әлде жоқ па деген мәселемен мүлдем айналыспастан, тек құбылыстың қайталануы мен оның жиілігін қарастырады. Сандардың мінсіз қатынастары бір мезгілде абстрактылы және жалпы болады, бірақ бұдан тыс жерде абстрактылы ақиқат ешқашан қабылдау пәні бола алмайды, ал жалпы ақиқат мүмкін болатын жағдайлардың барлығында да қабылданады. Бірнеше мысал осы айырмашылықты айқын етеді. Жартылай шеңбердегі бұрыш – тік бұрыш деген ақиқат мына мағынада абстрактылы ақиқат болып табылады: бұл ақиқат, нақты, шынында да бар, әрқашан міні табылатын жартылай шеңберлер мен бұрыштар жөнінде емес, салыстырмалы түрде мінсіз, шындықтан ойша бөліп алынған жартылай шеңберлер мен бұрыштар жөнінде айтылып отыр; бірақ осынау абстрактылы ақиқат ол әдетте оның табиғатта көрінетіндігі мағынасында да, өзі тектес көптеген басқа екінші дәрежелі қатынастарды қамтитын кеңістіктік қатынас мағынасында да ортақ ақиқат емес; бұл мүлдем жекеше кеңістіктік қатынас. Басқа бір мысал: қандай да бір дененің түзу сызық бойымен қозғалысы оны бірдей жылдамдықпен жылжуға мәжбүр етеді – бұл
абстрактылы-нақты ақиқат; оның абстрактылы болатыны – ол нақты құбылысты құрайтын белгілі бір жағдайлардан бөліп алынған; бірақ бұл ақиқат тіптен де ортақ ақиқат емес; оның ортақ еместігі соншалық, табиғаттың бірдебір фактісі оны бізге көрсетпейді. Және керісінше, біздің айналамыздағы орта бізге ешқандай да абстрактылығы жоқ мыңдаған ортақ ақиқатты береді. Планеталар Күнді батыстан шығысқа қарай айналып жүретіні ақиқат, біз жүздеген мысалдармен (оларға астероидтерді де қоса отырып) қуаттай алатын ақиқат – ортақ ақиқат, бірақ ол тіптен де абстрактылы емес, өйткені барлық жағдайда бұл ақиқат бізге нақты құбылыс арқылы байқалады. Барлық омыртқалылардың қос жүйке жүйесі бар; барлық құстар мен сүтқоректілердің қаны жылы болады – міне ортақ, сонымен бірге нақты ақиқат осылар, яғни омыртқалы хайуанның кез келгенінің жеке басында оның жүйке жүйесінің осы екі жақтылығы толық әрі сөзсіз көрінеді, тірі құс атаулы бізге жылы қандылықтың толық мысалы бола алады. Біз осы жағдайда ортақ ақиқат дейтін, және де солай деуге тиісті нәрсеміз – өзіміз шын байқаған нақты фактілерді түйіндейтін жай бір сөйлем ғана, бірақ осындай байқаулардан айырып алған, бірақ бақыланған фактілердің ешқайсысында да ешқашан көрінбейтін ақиқаттың мәні емес. Басқаша айтқанда, ортақ ақиқат жеке ақиқаттардың белгілі бір санын біріктіреді, ал абстрактылы ақиқат жеке ақиқаттарды біріктірмейді, бірақ құбылыстардың белгілі бір санына қолдануға болатын, бірақ шын дүниеде олардың бірінде де байқалмайтын ақиқатты біріктіреді. Біз осылайша сөздерді олардың шын мағынасына сайған кезде, жоғарыда көрсетілген ғылымдардың үш тобы олардың ортақтық деңгейіне қарай бірбірінен ажыратылуы мүмкін еместігі анықталады. Олардың бәрі бірдей ортақ, дұрысы, егер оларды топтар ретінде қарастырсақ, баршаға ортақ. Кез-келген зат, ол қандай болса да, олардың әрқайсысына бір мезгілде өзінің ерекше материалын береді. Материяның әрбір бөлшегінде біз бір мезгілде уақыт пен кеңістіктегі қатынастар болып табылатын абстрактылы ақиқаттарды да, күштің жиі көрінетін әрекеттерінің көрінісі болып табылатын абстрактылы-нақты ақиқаттарды да, ақыр соңында осы алуан түрлі күштердің күрделі әрекеттерінің
нәтижесі болып табылатын нақты ақиқаттарды да аша аламыз. Осылайша, ғылымдардың осы үш тобы әртүрлі, бірақ қатар өмір сүретін құбылыстардың топтарымен әрқайсысы бөлек айналысады. Әрбір топта азды-көпті ортақ ақиқаттар: ортақ абстрактылы ақиқаттар және жеке абстрактылы ақиқаттар; жалпы абстрактылы-нақты ақиқаттар және жеке абстрактылы-нақты ақиқаттар; ортақ нақты ақиқаттар және жеке нақты ақиқаттар бар. Бірақ егер әрбір класта топтар мен шағын топтар болып, олар класты өздерінің ортақтық дәрежесіне қарай бөліп, бөлшектесе, кластар бір-бірінен абстрактылық деңгейімен ғана ерекшеленеді*
* Бұл жерде өзінің жақында жарыққа шыққан Auguste Comte et la Phіlosophіe posіtіve gen аталатын шығармасында Литтре айтқан кейбір пікірлерді келтіре кету орынды. Менің Ғылымның генезисінде Конттың жіктеуіне айтқан сыныма ашық әрі сыпайы жауабында ол объективті және субъективті ортақтықтардың арасындағы өзгешелікті белгілей отырып, мен көрсеткен кейбір қайшылықтарды түсіндіруге тырысады. “Ортақтықтың, – дейді ол, – екі түрі болады: бірі объективті және заттарға тән, екіншісі субъективті, абстарктылы және ақылға тән ортақтық”. Литтренің субъективті ортақтықты абстрактылықпен теңестіретін бұл сөзінен мен алдымен, ол жоғарыда мен көрсеткен, ортақтық пен абстрактылық арасындағы өзгешелікті айтып отырған сыңайлы деп ойлай жаздадым. Бірақ осы тұсын қайта оқи отырып, мен оның олай емес екенін аңғардым. Осының алдындағы сөзінде Литтре былай дейді: “Биологтар мүшелерді қарастырудан мүшелерге қарағанда неғұрлым ортақ тіндерді қарастыруға, ал тіндерді қарастырудан тіндерден гөрі неғұрлым ортақ анатомиялық элементтерді қарастыруға көшті. Бірақ бұл арта түсіп отырған ортақтық объективті емес, субъективті; нақты емес, абстрактылы”. Мұнда абстрактылы және нақты сөздеріне Конт берген дерлік мағына берілгені айқын, Конт біздің көргеніміздей, жалпы физиологияны абстрактылы, ал зоология мен ботаниканы нақты деп есептейді. Сондай-ақ осында қолданған абстрактылы сөзі бұл жерде оның шын мағынасында қолданылмай отырғаны да айқын жәйт. Жоғарыда көрсеткендей, анатомиялық құрылым сияқты нәрселер абстрактылы нәрсе бола алмайды, бірақ азды-көпті ғана ортақ нәрсе болуы мүмкін. Мен Литтренің анатомиялық құрылымның осы неғұрлым ортақ фактілерін объективті ортақ емес, субъективті ортақ деп есептейтін көзқарасын қалай да қолдай алмаймын. Қандай да бір тіннен, мысалы шырышты қабықтан байқалатын құрылымдық құбылыстар шырышты қабықтан құралған құбылыстардан неғұрлым ортақ болады; оның мағынасы мынада: қабыққа тән құбылыстар, құрамына осы қабық енетін кез-келген мүшеге тән құбылыстан гөрі, көп жағдайларда қайталанады. Нақ осылайша, тіндердің анатомиялық элементтеріне жататын құбылыстар, белгілі бір жеке тінге жататын құбылыстардан неғұрлым ортақ болады, оның мәні мынада, олар ұйымдасқан денелерден көптеген жағдайларда көрінетін құбылыстар болып табылады; олар объективті неғұрлым ортақ болады және егер субъективті түрде неғұрлым ортақ деуге болса, онда ұғымның бұл жерде құбылыстарға сәйкес келуі мағынасында аталады. Осы тармақты түсіндіруге ұмтылып көрелік. Объективті ортақтық – кеміп бара жатқан ортақтық, деп Литтре өте дұрыс айтады. Егер біз жекеден жалпыға қарай жүретін өзгеріс болып табылатын ыдырау құбылысын айтпағанның өзінде, материяның барлық өзгерістері ортақтықтан жекеге апарады, ол өзгерістер атрибуттардың біріккен топтарында ортақтықттың кемуіне жетелейді. Заттардың барысы осындай. Ой жүгірту тек осы бағытта ғана емес, қарама-қарсы бағытта да болады. Табиғатты зерттеу бізге үнемі саны артып отырған жеке фактілерді береді, сонымен қатар ол жеке фактілер бірігетін ортақтығы үсті үстіне арта түсетін фактілерді ашады. Мысал келтірелік. Зоология, түрлердің санын толықтыра түскен сайын және әрбір түр туралы неғұрлым анық білген кезде (кеміп бара жатқан ортақтық) ортақ белгілерді ашу мәселесінде де алға басады, осы белгілердің көмегімен бұл топтар тектерге (өскелең ортақтық) топталады. Бұл екі үрдіс те субъективті, және бұл жағдайда ашылған ақиқаттың екі түрі де нақты, яғни олар құбылыстарды шынында да байқалған құбылыстар ретінде тұжырымдайды. Әртекті сүтқоректілердің (бір жағдайды ескермегенде) жеті мойын омыртқасы болады деген ақиқат, ортақ қорытындылау – осы жағдайлардың ортақ екендігін көрсететін ортақ көзқарас болып табылады. Өйткені әрбір сүтқоректіде жеті мойын омыртқасының болуы – нақты нәрсе болса, онда мұны көрсету де нақты ақиқат, ал осындай ақиқаттардың жиынтығын баяндау да нақты сипатта болады. Литтре ғылымдардың иерархиясының Конт белгілеген кейбір жағын өзгерту қажеттігін толық мойындай отырып, соған қарамастан негізінде оны дұрыс деп есептейді және оның қисындылығын дәлелдеу үшін, ең алдымен ғылымдар иерархиясының негізгі ұйымдасуына (constіtuіon) сілтеме жасайды. Бұл арада әрбір ғылымның негізгі ұйымдасуы Конт орналастырған тәртіпті растайтыны жөніндегі ол пайдаланатын дәлелдерді
Осы кластардың бөлімшелеріне көше отырып, біз олардың алғашқысын екі бөлікке бөлуге болатынын байқаймыз, біріншісі – баршаға бірдей ортақ ақиқат, екіншісі – баршаға бірдей емес ақиқаттар. Тек қана қатынастар мен айналысып, ол қатынастарды бойына сіңіретін заттарда шаруасы болмай абстрактылы ғылым ең алдымен қатынас біткеннің бәріне ортақ нәрсені, екіншіден, ішінара алғанда қатынастардың әрбір ретіне ортақ нәрсені зерттейді. Құбылыстар уақыт пен кеңістікте байқалатындықтан, олардың арасындағы анықталмаған және өзгеріп тұратын байланыстардан басқа, біз сонымен анықталған және өзгермейтін байланыстың бар екенін; құбылыстардың кез-келген тегі мен құбылыстардың басқа белгілі бір тектерінің арасында бірөңкей қатынастар бар екенін көреміз. Уақыт пен кеңістікте болатын заттардың арасында өзгермейтін реттілік бар деген ақиқат – баршаға бірдей абсолютты ақиқат. Біз содан соң өзгермейтін қатынастардың әртүрлі тектеріне көшеміз, бірге алынған олар абстрактылы ғылымның екінші бөлігінің пәнін құрайды. Осынау екінші бөлімнің ең жалпы бөлімі – уақыт пен кеңістіктегі қатынастардың, олар өмір сүретін жағдайлардан тәуелсіз алынған нышандарын немесе табиғатын зерттеумен айналысатын бөлім. Бізге уақыт пен кеңістікте сәйкестік немесе сабақтастық қатынастары (яки сәйкессіздік немесе сабақтаспау қатынастары) туралы айтуға мүмкіндік беретін жағдайлар логиканың пәнін құрайды. Бұл жерде арасындағы қатынастар қуатталған (немесе теріске шығарылған) терминдердің сапасы мен санының ешқандай маңызы жоқ: логиканың қағидалары арасында қатынас бар заттардың сапалық немесе сандық
егжей-тегжейлі қарастырып жатудың қажеті жоқ. Бұл кітаптың осының алдындағы және келесі беттеріне сілтеме жасау жеткілікті болады: онда біз ұсынған топтастыра жіктеуге ұқсас ғылымдарды жіктеуді қажет ететін осы негізгі белгілердің анықтамасы мазмұндалған. Біз көрсеткендей және алда айқынырақ көрсетеміз, ғылымдар арасындағы түбегейлі өзгешеліктер оларды үш топқа: абстрактылы, абстрактылы-нақты және нақты ғылымдарға бөлуге мәжбүр етеді. Ғылымдарды осылай бөлудің Конттың топтастыра жіктеуінен айырмашылығының қаншама екендігін анықтау үшін, соңғысына көз жүгірту жеткілікті. Ол былай жіктейді: Математикалық ғылымдар (ұтымды механиканы қоса), оның бір бөлігі абстрактылы, екінші бөлігі асбтрактылы-нақты. Астрономия............................................. Нақты Физика...................................................... Абстрактылы-нақты Химия....................................................... Астрактылы-нақты Биология.................................................. Нақты Әлеуметтану............................................. Нақты
анықтауыштарының ешқайсысына тәуелді емес. Басқа бір бөлімшенің пәні – сапа тұрғысынан емес, сан тұрғысынан анықталатын терминдер арасындағы қатынастар. Бұл жерде нәрселердің арақатынасы олардың табиғатынан немесе сапасынан тәуелсіз тек сан жағынан зерттеледі; математиканың мақсаты – болмыстан тәуелсіз қарастырылатын сан заңдарын белгілеу. Шын өмірден тәуелсіз қарастырылатын сан дегеніміз кеңістікті немесе уақытты алмастыру, ал кеңістікті немесе уақытты алмастыру қандай да бір реттілік бірліктерімен өлшенеді, олардың ең шеткілері санада не бір мезгілдік, не бірінен кейін бірі келетін жеке пункттер болып табылады. Табиғаты анықталмаған (экстенсивті, протенсивті немесе интенсивті), бірақ ақыл атрибуттарға тәуелсіз мінсіз өмір беретін осынау бірліктер арасында сандық қатынастар сан арқылы көрсетуге болатын ең ортақ қатынастар болып табылады. Бірліктер санада жеке орын ала алады немесе тек жеке ғана емес, тең орын алады деп қарастырылуына қарай бұл тектес қатынастар екі бөлімге бөлінеді. Бірінші жағдайда біз абстрактылы өмір сүру сандары да, олардың шамасы да анықталатын екіұшты есептеулерді көреміз. Содан кейін математиканың бар немесе кеңістіктің бір бөлігін алып жатады деп қарастырылатын көлемдердің сандық қатынастарымен (немесе бірліктер агрегаттарымен) айналысатын бөлімі келеді; бұл бөлім геометрия деп аталады. Ақыр соңында, біз мүшелерінің бір мезгілде ұзақтық санын да, ұзындық санын да бойына сіңіретін қатынастарға, уақыт тұрақты шапшаңдықпен өтетін кеңістік бірліктерімен өлшенетін және тұрақты немесе өзгермелі шапшаңдықта өтетін кеңістіктер тең уақыт бірліктерімен өлшенетін қатынастарға тірелеміз. Тек қана қатынасты немесе қатынастардың қатынасын баяндайтын осынау абстрактылы ғылымдарды ІІІ кестеде көрсетілгендей етіп топтастыруға болады.
ІІІ КЕСТЕ
Қатынастардың баршаға ортақ заңы – болмыстың түрлерінің арасында бірөңкей қатынастар (осынау бірөңкейлік табиғ
аты мен ерекше нышандарына қарамастан) болатындығы туралы ақиқатты білдіретін формула
Сапалық немесе өзінің табиғаты жағынан кеңістік пен уақыттағы сәйкестік немесе сабақтастық
қатынастары ретінде белгілі, бірақ сан жағынан анықталмаған болуы мүмкін, қасиеттері мен санына бұл
жерде көңіл аударылмайтын (логика)
Теріс: қатынас мүшелері өзара нақты қатынастағы кеңістіктегі жағдай өзегі, ал
құпталатын фактылар белгілі бір сандарды терістеу (Сызба геометрия)
Бір-бірінен тәуелсіз екендігімен ғана өзара тең болатын бірліктер
(Анықталмаған есептеу )
олардың саны әбден белгілі (Арифметика)
тең екендігі экстенсивті,
протенсивті немесе
олардың саны
өздерінің қатынастарында
интенсивті ретінде
тек
ғана (алгебра)
анықталмаған (Анықталған
есептеу)
олардың қатынастарының
олардың теңдігі дегеніміз
қатынасы жөнінде (Қозғалысты
ұзындық теңдігі
есептеу)
оның қатар өмір сүру қатынастарында
қарастырылған (геометрия)
уақыт жағынан
бүтін күйінде анықталмаған
қарастырылған
(Кинетика)
бірдей бірліктерге бөліп көрсетілген
(қозғалыс геометриясы)
Абстрактылы ғылым
Қатынастардың заңдары
Сандық (математика)
Тең бірліктер
ІІІ КЕСТЕ Бұл анықтама қажетті делінетін қатынас заңдарын қамтиды, ал кездейсоқ делінетін қатынас заңдарын қамтымайды. Ара қатынас ықтималдығы, арақатынасқа түсудің тәжрибе арқылы белгілі санына байланысты өзгеріп тұратын соңғы заңдар математика пәнін құрайды. Сан жағынан терістеу терминін түсіндіру үшін бұл жерде, мысалға санды терістеу жағдайын келтіру жеткілікті: берілген үш сызық бір нүктеде қиылысу себепті бұндай жағдайда олардың қиылысқан жерінде кеңістік болмайды, теріске шығарылады. Тура осылайша, берілген үш нүкте ылғи да тура сызық бойында жатады деген пікір, санды терістеу туралы пікір болады, себебі тура сызық ұғымы сызық бағытынан тыс жатқан санды немесе кез келген бұрылуды терістеу деген сөз. Бұл бөлімнің мағынасы түсініксіз болып қалмау үшін мүмкін, статистиктердің есептеулерін мысал ретінде келтірген дұрыс болар. Тұрғын халық,қылмыстар, аурулар және т.б. жөніндегі есептеулер тура нәтижелерге тек сан жағынан ғана жетеді, бірақ бұл сандар көрсететін фактілер мен бар нәрселердің жиынтығына қатысты емес. Күш ұғымы енбеген қозғалыс геометриясы бола ма деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұған кеңістік пен уақыттағы қозғалыс қатынастары күштің қатынасынан тәуелсіз, материяның кеңістік қатынастарының материядан жеке қарастырылатыны сияқты қарастырыла алады деп жауап беруге болады.
Мазмұнсыз немесе идеалды мінсіз қатынастар пошымдарын саралайтын ғылымдардан шын қатынастарды немесе анық бар нәрселердің арасындағы қатынастарды қарастыратын ғылымдарға көшкенде, біз ең алдымен анық бар нәрселермен айналысатын ғылымдарға, әдетте бізге көрінетін қалпында емес, жасанды түрде бір-бірінен бөлген кезде алуан түрде қалай байқалса, сол күйінде айналысатын ғылымдарға ат абсын тірейміз. Абстарктылы ғылымдардың абстарктылы-нақты және нақты ғылымдар жөнінде әбден мінсіздігі секілді абстрактылы-нақты ғылымдар да нақты ғылымдар жөнінде ішінара мінсіз болады. Заттардың арасында орныққан сапалық және сандық қатынастардың заңдарын сол заттардан тәуелсіз қарастырып, оларды қорытумен айналысатын логика мен математика сияқты, механиканың, физиканың, химияның және т.б. да пәні қатынас заңдарын жалпы қорыту, бұл заңдарға өздерін шын болмыста өзгертетін барлық кездейсоқ жағдайлардан бөлініп алынған материя мен қозғалыстың әр алуан түрлері бағынады. Геометрдің болмыста бар сызықтар мен үстіңгі қабаттардың қалыңдығы мен қисық жерлерін ескермей-ақ сызықтар мен үстіңгі қабаттардың қасиеттеріне анықтама беретіні сияқты, физик пен химик те әрбір жеке жағдайларда күштердің басқа түрлері әсерінен ауытқуларын ескермей-ақ күштің кез-келген түрінің көріну заңдылықтарына анықтама береді. Механика туралы шығармаларда қозғалыс заңдары ортаның үйкелісі мен кедергісіне тәуелсіз алынып тұжырымдалады. Бұл жерде қозғалыстың шын болмыста қандай екндігі емес, керісінше, егер де тежейтін күштер өзгертпесе, оның қандай болатыны түсіндіріледі. Егер қандай да бір қарсы әрекет ететін күш назарға алынатын болса, онда барлық басқа да қарсы әрекет ететін күштер ескерілмей, тек осы күштің бір өзінің ғана әрекеті қарастырылады. Сондайақ физиктің молекулалық қозғалыс жөніндегі қорытындыларына қарайық. Жарықтың қашықтық квадраттарына кері пропорционалды таралатыны туралы заң өлшемі жоқ нүктеден сәуле шашқан кезде ғана сөзсіз дұрыс; ал ондай жағдай ешқашан болмайды; осы заң сондай-ақ, сәуле мүлтіксіз түзу
болады деп есептейді, ал ондай жағдай, егер сәуле өтетін орта бізге белгілі барлық ортадан мүлдем ерекше, яғни түгелдей біртекті болмаса, мүмкін емес. Егер ортаның әртүрлігінен болатын ауытқулар зерттелетін болса, онда сәуленің сыну заңдарын білдіретін формулалар әртүрлі орталарды біртекті деп алады, ал ондай жағдай шын өмірге ешқашан болмайды. Тіпті өзгереріп отыратын себептердің өзгеріп отыратын салдарларын түсіндіргісі келген кезде, мысалы, атмосфера сияқты тығыздығы арта түсетін орта арқылы өтетін сәуленің сынуын есептеу қажет болған кезде де, шын мәнінде ешқашан да жүзеге асуы мүмкін емес жағдайлар алынады; мысалы, атмосфераны әр текті ағыстар қиып өтпейді деп алынады, ал шындығында олар әманда болады. Осы ескертулерді химиктің зерттеулері жөнінде де жасауға болады: ол заттарды табиғат берген түрінде алмайды. Олардың салыстырмалы қасиеттерін зерттеуге кіріспес бұрын, ол әрбір затты оның барлық әртекті бөліктерінен бөліп тастап, тазартады. Ол қандай да бір газдың үлес салмағын анықтаудан бұрын, ол оны әдетте араласып жүретін судың буынан тазартады. Қандай да бір тұздың қасиеттерін сипаттай бастаудан бұрын, ол тұздағы қышқылдың немесе негіздің бос бөлігінің болуынан туындауы мүмкін кез-келген қателіктің алдын алады. Ол қандай да бір элементтің осындай атом салмағы бар және ол басқа элементтердің мынадай-мынадай эквиваленттерімен қосылады деп дәлелдеген кезде, ол осылайша тұжырымдалған нәтижелер жеке бір тәжірибеден алынған нәтижелер демейді; бұл – егер заттарды сөзсіз таза күйінде алу мүмкін болса және егер тәжірибе шығынсыз жасалатын болса, сонда ғана көп тер төккеннен кейін алынатын нәтижелер. Оның көздейтін мақсаты молекулалардың қосылыс заңдарын анықтау, бірақ болмыста байқалатын қосылыстарды емес, кейбір әсерлердің байқалмайтын, жою мүмкін емес ықпалы жоқ жағдайда байқалатын қосылыстарды анықтау болып табылады. Сонымен, осы абстрактылы-нақты ғылымдардың бәрінің пәні – құбылыстарды талдап түсіндіру. Әрбір ерекше жағдайда олардың мақсаты
құбылыстарды бөлшектеп көрсету оның құрамындағы барлық элементтерді бір-бірінен оқшаулау немесе екі әлде үш элементті қалғандарынан бөліп алу. Егер бұл орайда кейкейде синтез қолданылатын болса, онда ол тек талдауды тексеру мақсатында ғана қолданылады*. Ашылған ақиақаттар нақты жеке заттар аңғартатын ақиқаттар ретінде емес, жеке заттар мен кеңістіктегі жағдайларынан тәуелсіз; жалпы немесе ерекше пошымдарында қарастырылатын материя мен қозғалыс жөнінде қатысты жалпы дұрыс ақиқаттар ретінде көрсетіледі. Ғылымдардың осы топтарының бөлімшелерін алдыңғы топтарды бөлу принципіне сүйеніп анықтауға болады. Күштің азды-көпті күрделі көріністері ретінде қарастырылатын құбылыстар, талдау кезінде, осы көрінудің кейбір жалпыға бірдей заңдарына және, белгілі бір жағдайларға тәуелді, сол себепті баршаға бірдей емес басқа да заңдарға бағынады. Осыдан келіп, абстрактылы-нақты ғылымдарды ең алдымен өз алдына қарастырылатын және өзінің жекелеген түрлерінен тәуелсіз алынған күштің заңдарын зерттеуге және күштің өзінің жекелеген түрлерінде байқалатын заңдарын зерттеуге арналған ғылымдар деп бөлуге болады. Ал абстрактылы-нақты ғылымның осы екінші бөлімі бүтіндей осыған үқсас түрде бөлінеді. Бұл арада ғылымдардың осы алуан реттері мен осы алуан түрлерін анықтаудың пайдасы жоқ. ІV кесте олардың қатынастарын жеткілікті түрде түсіндіріп береді.
* Мен проф. Франклендке осы тұжырымға қарсы айтылуы мүмкін бір пікірді көрсеткені үшін разымын. Синтез арқылы жаңа күрделі заттарды алу соңғы кезде химияның маңызды саласына айналды. Кейбір белгілі заңдардың негізінде бұрын болмаған, талдау көрсеткендей, олардың жалпы қасиеттері мен өлшемдері, немен қосылатыны жағынан ойдағыдай болып шыққан жаңа күрделі заттарға қол жетті. Бұл арада, шынында да анализ синтезді тексеру үшін қолданылады. Соған қарамастан бұл менің жоғарыда айтқан пікіріме шын қайшы келмейді. Тек жаңа заттарды алуды ғана мақсат етіп жаңа күрделі заттарды алу – ғылым емес, ол өнер, яғни белгілі бір мақсатқа жету жолында бұрын анықталған білімдерді қолдану. Бұл үрдістің табиғаттың заңдарын жақсы түсіндірудің құралы болғандықтан ғана ғылымға қатысы бар. Ал осы мақсат үшін ол бізге қаншалықты пайдалы болар екен? Әрине, молекулалық қосылыстың заңдары жөнінде тек бұрын анықталған қорытындыларды тексере отырып немесе бізге оларды неғұрлым айқынырақ түсіндіруге жәрдемдесе отырып қана пайдалы болады. Бұл жағдай ғылыми жағынан қарастырылатын синтетикалық тәсілдердің мақсаты химиялық қосылыстар заңдарын талдаудың дамуына көмектесу ғана екендігін білдіреді.
Біз енді үшінші үлкен топқа көшеміз. Біз болмысты көрсететін қатынастардың тек қана пошымдарымен айналысатын ғылымдарды жіктеп болдық. Біз болмысты баршаға ортақ түрімен және оның тәуелсіз ретінде қарастырылатын әрқилы жеке түрлерімен айналысатын ғылымдарды артта тастадық; бұл ғылымдар өз қатынастарының мүшелерін қарапайым да біртекті деп қабылдайды, бірақ табиғатта ешқашан олай болмайды. Бізге енді, тіршіліктің бұл түрлерін, олар бір-бірімен байланысқан күйінде қандай болса, сол күйінде зерттей отырып, шын құбылыстарды құрайтын күштердің әртекті ұштастырылуын өз қатынастарының мүшелері деп есептейтін ғылымдар қалды. Осынау нақты ғылымдардың пәні – шын дүние, өйткені ол әбден-ақ ішінара мінсіз дүниеге қарама-қарсы. Олардың мақсаты барлық құбылыстардың элементтерін бөліп алып, бөлек қорыту емес, әр құбылысты осынау қосылатын элементтердің туындысы ретінде түсіндіру. Олардың қатынастары, ең қарапайым абстрактылы-нақты ғылымдардағыдай, алдыңғы біреу мен тете біреудің арасындағы қатынастар емес; олар қарастыратын қатынастар сондай-ақ, ең күрделі абстрактылы-нақты ғылымдардағыдай, басқа алдыңғылардан абстракциялау арқылы бөлініп алынған саны аз қатынастар мен сондай-ақ басқа тетелерден абстракциялау арқылы бөліп алынған тетелер арасындағы саны аз, қатынастар емес; олардың қатынастарының мәні мынадай: олардың әрқайсысының мүшелері толық астасып кеткен алдыңғылар мен толық астасып кеткен тетелер. Бұл соншалық күрделі емес нақты ғылымдарға анық. Астроном Күн жүйесін түсіндіруге тырысады. Ол, планеталар қозғалысының заңдарын, егер бір ғана планета болса сол қозғалыс қандай болар еді деген түрде қорытуға бөгеліп те жатпайды; осы абстрактылы-нақты проблеманы тек бір нәрсе үшін: бірге алып қарастырылған планеталардың қозғалысы проблемасын шешуге көмектессін деп шешеді. Астрономдар тілінде “Ай теориясы” деген тіркес Айдың қозғалысын ортаға тартқыш және ортадан тепкіш күштер негізінде ғана емес, оған қоса Жердің экваторлық дөңестігіне, Күнге және тіпті
Шолпанға тартылуынан болып тұратын тұрақты өзгерістердің де негізінде түсіндіру дегенді білдіреді; бұл күштер өздерінің кернеуі жағынан да, астасуы жағынан да күн сайын өзгеріп тұрады. Астроном барлық тітіркенткіш ықпалдарды ескере отырып белгілі бір дененің белгілі бір уақыттағы орнын анықтаған кезде де бөгеле қоймайды, бірақ ол тітіркенткіш массалардың өзіне реакция туындатқан әрекеттерді қарастыра береді; ол планеталардың осынау өзара тітіркеністері орталық ахуалдан барған сайын өсе түсетін ауытқу қалай жасайтынын және ақыр соңында қарама-қарсы күштер осынау ауытқулардың тұрақты кемуін қалай жасайтынын қарастыра береді. Басқаша айтқанда, оның үнемі ұмтылатын мақсаты – жиынтығында қарастырылатын бұл күрделі планеталық қозғалыстарды толық түсіндіру. Геолог туралы да осыны айтуға болады. Оның міндеті жер қыртысының су немесе от әрекетінен пайда болған кемкетігін қарастыру ғана емес. Ол шөгінді қабаттар қалай түзілгенін, минералды қаттарда кем-кетік қалай пайда болғанын, мореналардың қалай түзілгенін немесе тау көлдерінің аясы қалай тереңдегенін түсініп қана қоюмен шектелмейді, олардың шексіз және ұдайы өзгеріп тұратын жымдасуларындағы барлық ықпалдарды ескере отырып, ол жер қыртысының барлық құрылымын түсіндіруді мақсат етеді. Егер ол жаңбырдың, өзеннің, мұздақтың, мұз таулардың, тасу мен қайтудың, толқынның, жанартаудың, жер сілкінісінің және тағы басқалардың әрекеттерін жеке зерттесе, онысы тек геологиялық құбылыстарға олардың бірлескен әрекетін дұрыс түсіну үшін ғана, өйткені оның ғылымының пәні бір бүтіннің бөліктері ретінде олардың күрделі қатынастарын да қарастырылатын осы құбылыстарды жинақтап қорыту. Нақ сол сияқты биология да – өмірдің әрбір көрінісін және олардың барлығын бірге алып өмірдің толық теориясын құрастыру. Егер өмірлік құбылыстар жеке және тек кейбір қырынан зерттелсе, егер бір зерттеуші органикалық пошымдарды топтастыра жіктеумен, екіншісі – оларды анатомиялық зерттеумен, үшіншісі – олардың химиялық құрамын, төртіншісі – олардың
қызметтерін зерттеумен, бесіншісі – олардың өзгерістерінің заңдарымен айналысса, олардың бәрі, саналы түрде немесе ойланбай-ақ, өмір құбылыстары әрбір жеке организмде және жалпы барлық организмдерде қалай кезігетінін тұтас түсіндіруге жәрдемдеседі. Осылайша, бұл нақты ғылымдардағы мақсат абстрактылы-нақты ғылымдардағы мақсатқа қарама-қарсы. Бір жағдайда біз талдаушылық түсіндіруге, екінші жағдайда жинақтаушылық түсіндіруге тап боламыз. Синтезді (жинақтауды) анализді (талдауды) тексеру үшін ғана пайдаланудың орнына, мұнда анализ синтезге көмек ретінде ғана пайдаланылады. Мақсат енді құбылыстар факторларын ашу емес, Ғалам ұсынатын алуан түрлі жағдайларда, осы факторлар туындататын құбылыстарды сипаттау. Ғылымдардың бұл үшінші тобын, алдыңғы топтар сияқты, ақиқаттың екі: баршаға ортақ және баршаға ортақ емес қатарына бөлуге болады. Олардың элементтеріндегі барлық құбылыстарға қатысты ақиқат бар екендігі секілді, олардың бүтін күйіндегі барлық құбылыстарға да қатысты ақиқаттар бар. Күштер жөнінде, оның көріністерінің барлық түрлеріне ортақбелгілі негізгі заңдар бар екендігі секілді, күштердің нағыз құбылыстар құрайтын осынау бірігуінде де біз әрбір жеке жағдайға қолдануға болатын белгілі негізгі заңдарды табамыз. Күштерді қайта бөлу заңдары дегеніміз осы. Біз қандай да бір құбылыс туралы ұғымға өз бойымызда болатын біршама өзгерістерден кейін ғана ие бола алатындығымыз секілді, әрбір құбылыс күштің біршама қайта бөлінуін – материя мен күштің ұштасуындағы өзгерісті қажетті түрде талап етеді. Массалар қозғалысындағы сияқты, молекулалар қозғалысында да сол бір маңызды біркелкілік көрінеді. Сезілсін-сезілмесін, қозғалыстың сан жағынан азаюына материяның өскелең агрегациясы әрқашан сай келеді; және екінші жағынан, сезілсін-сезілмесін қозғалыстардың өскелең ұлғаюы материя агрегациясының кемуімен қоса жүреді. Қандай да бір массаның молекулаларына жылылық деп аталатын, сезілмейтін қозғалысты молырақ берсеңіз, бұл массаның бөлшектері өз жымдасуының бір бөлігінен
айрылады. Сезілмейтін қозғалысты күшейте түссеңіз, бөлшектер арасындағы жымдасу күшінің әлсірейтіні соншалық, масса сұйылып кетеді; сезілмейтін қозғалысты тағы да ұлғайтсаңыз, масса газға айналады да, қозғалыс мөлшерінің өсуіне қарай барған сайын көбірек кеңістікке тарала береді. Екінші жағынан, газ күйіндегі, не сұйық, не қатты массаның сезілмейтін қозғалыстағы әрбір шығыны массаның барған сайын қоюлана түсуімен бірге жүреді. Қозғалатын денелердің үлкен немесе кіші екеніне қарамастан, сезілетін қозғалыстарда да дәл осылай болады. Планеталардың жылдамдығын ұлғайтсаңыз – олардың орбиталары да кеңейеді; Күн жүйесі онда көбірек кеңістік алады. Олардың жылдамдығын азайтсаңыз – олардың орбиталары да кемиді. Күн жүйесі онда кемірек кеңістік алады. Дәл сол секілді, Жер бетіндегі әрбір сезілетін қозғалыс қозғалатын дененің Жермен байланысын біршама бұзатындығын, ал қозғалыстан айрылу осы дененің Жермен байланысының ұлғаюымен бірге жүреді. Барлық құбылыстарда біз бір мезгілде не материяның байланыстылығы мен қозғалыстың кемуін, не қозғалыстың ұлғаюы мен материя байланыстылығының кемуін байқаймыз. Тірі денелердегі секілді бұл екі құбылыс бір мезгілде болатын жерде материялар агрегациясы қозғалыстың кемуіне пропорционал, ал қозғалыстың ұлғаюы материялар агрегациясының кемуіне пропорционал. Материялар мен қозғалыстардың барлық жерде болатын қайта бөлінуінің – Материялар агрегациясы басым болып, қозғалыс кемитіндіктен эволюцияға ұласатын, қозғалыстың ұлғаюы басым болып зат агрегациясы кемитін барлық жерде диссолюцияға айналатын қайта бөлінудің баршаға ортақ заңдары міне осы. Осыдан – қатынастардың баршаға ортақ заңының математикаға қатысты немесе жалпы механиканың (күштердің қосылуы мен ажырауы) физикаға қатысты екендігі сияқты, нақты ғылымның басқа нақты ғылымдарға қатысты бөлімі; әртекті барлық нақты пәндерде жасалатын осынау қайта бөліну заңдарын жинақтап қорытатын нақты ғылым бөлімі; егер материялар агрегациясы басым болып, қозғалыс шығыны ұлғайса, анық емес
байланыссыз біртектіліктен анық та байланысты әртектілікке көшу болатынын және материялар мен қозғалыстың қарама-қарсы қайта бөлінуі неліктен денелердің құрылымындағы қарама-қарсы өзгеріспен бірге жүретінін түсіндіретін бөлім туындайды. Осынау баршаға ортақ нақты ғылымнан баршаға ортақ емес нақты ғылымдарға көшкенде, біз соңғыларының ең алдымен екі ғылымға: масса ретінде әрекет жасап бірбіріне ықпал ететіндіктен материялар мен қозғалыстардың кеңістіктегі массалар арасында қайта бөлінуін баяндайтын ғылымға; массадағы молекулалардың өзара ықпалдастығының нәтижесі ретінде материялар мен қозғалыстардың қайта бөлінуін баяндайтын ғылымға бөлінуі мүмкін екенін байқаймыз. Бірдей дәрежеде ортақ бұл екі ғылымның соңғысы екі ғылымға жіктеле алады: біріншісі – бір-бірінен тәуелсіз қарастырылатын әрбір массаның молекулалары арасындағы қайта бөліну заңдарымен шектелетін ғылым; екіншісі – басқа массалардан алынатын молекулалық қозғалыс заңдарымен айналысатын ғылым. Бірақ бұл бөлінулер мен олардың бөлімшелері V кестеде жақсы көрінеді. Ғылымдардың бұл басты бөліктері мен олардың салыстырмалы түрде алынған бөлімшелері әубаста біз берген шын топтастыра жіктеудің анықтамасына сай келетіні анық қой. Әрбір басты бөліктерне кіргізілген зерттеу пәндерінің ортақ елеулі атрибуттары бар, олар басқа басты бөліктерге кіргізілген пәндердің бірде-біріне тән емес, демек, оларда, әрқайсысын жеке-жеке алғанда, бірге топтастырылған барлық пәндермен ұқсас болатын ортақ атрибуттар көбірек және басқа топтарға кірген пәндерден солырмен өзгешеленеді. Қатынастарды нақты өмірден бөліп алып баяндайтын ғылымдар мен нақты өмірмен айналысатын ғылымдар арасындағы қашықтық болуы мүмкін қашықтықтардың ең алысы, өйткені болмыс өзінің кейбір немесе күллі атрибуттарында екінші кластағы барлық ғылымдарға ортақ, есесіне ол бірінші кластағы барлық ғылымдарда аласталған. Және де біз шын өмірмен айналысатын ғылымдарды олардың элементтерін жеке-жеке зерттейтін және олардың элементтерін араласқан
күйде зерттейтін ғылымдарға бөлген кезімізде, біз құрамдас элементтердің бір немесе басқа қатарымен айналысатын ғылымдар мен күрделі денелердің бір немесе басқа қатарымен айналысатын ғылымдар арасында болуы мүмкін айырмашылықтан неғұрлым терең өзгешелікті көреміз. Ғылымдардың үш тобы: пошымдар заңдары; факторлар заңдары және өнімдер заңдары деп қысқаша анықтала алады; және оларды осылай анықтаған кезде осы топтардың табиғаты жағынан әрқилылығы соншалық, олардың арасында терең құз жатқандай екендігі, және осы топтардың біреуінің кез-келген ғылымының басқа топтардың ғылымдарынан өзгешелігі соншалық, бір топтан басқа топқа ауысу мүмкін емес екені айқын болады. Егер олардың қызметтерін қарастырсақ, оларды бөлетін түбірлі ерекшеліктер одан да айқын байқалады. Абстрактылы ғылымдардың бірінші тобы басқа екі топқа қатысты құрал қызметін атқарады; екінші топ, абстрактылы-нақты ғылымдар тобы үшінші топ, нақты ғылымдар тобы жөнінде құрал қызметін атқарады. Егер бұл қызметтердің ретін бұзуға тырыссақ, онда осы топтар сипатының айырмашылықтары қаншалықты елеулі екендігін бұрынғыдан да жақсырақ көруге болады. Екінші және үшінші топтар бірінші топқа тақырып пен материал ретінде қызмет етеді; ал үшінші топ екінші топқа материал береді; бірақ үшінші топты құрайтын бірде бір ақиқат екінші топ ұсынатын мәселелерді шешуге қызмет ете алмайды; және екінші топты құрайтын бірде бір ақиқат бірінші топ ұсынатын мәселелерді шешуге қызмет ете алмайды. Осы басты үш топтың бөлімшелері хақында көп айтатын ештеңе жоқ. Топтардың әрқайсысы барлық құбылыстарға тарла отырып, өз бойына баршаға ортақ ақиқаттарды жинайды және осынау ақиқаттар ерекше бөліп көрсетілуге тиіс десек, бұл айдан-анық нәрсені қайталау болады. Ал баршаға ортақ емес ақиқаттардың бөлімшелері кестелерде көрсетілгендей дерлік ретпен көрсетіле алатындығына келсек, бұл әр бұтақтың түбірінен аөырына дейінгі сөздер осы бұтақты құрайтын ғылымға анықтама
беретіндігімен дәлелденеді. Маңызы кемірек құбылыстар басқалай орналасып, жақсырақ анықтала алуы мүмкін екендігін мен толығымен ықтимал нәрсе деп санаймын. Кестелер осылай топтастыра жіктеу әдісін қалай пайдалануға болатынын көрсету мақсатында ғана құрастырылған. Мен бұған тағы бір ғана ескертпе үстеймін, нақтылап айтқанда, расында ғылымдардың қатынастары көрсетілгені күйінде әлі мүлдем олақ көрсетілгені: олардың қатынастары жазықтықта емес,үш өлшемді бетте дәл бейнелене алады. Үш топтың мұнда жасалғандай бір түзу сызықтың бойында орналасуы мүмкін емес. Шынында да, бірінші топ үшінші топпен тек екінші топ көмегімен ғана емес, тікелей де байланысады, өйткені ол оған тікелей құрал қызметін атқарады және одан керекті материал алады. Топтардың қатынастары бір діңнен тарайтын, бірақ бір-бірімен қатар және әртүрлі бағытта жайылған бұтақтар ретінде ғана дұрыс бейнелене алады. Және тек осылай орналастырғанда ғана әр топ бөлімшелерінің арасында бар қатынастар анық көрсетіле алады.
“Ғылымдарды топтастыра жіктеуге" қосымша
Менің топтастыра жіктеуіме айтылған сынға жауап
Қандай да бір доктринаға жасалуы мүмкін келіспеушіліктің арасында қарама-қарсы доктринаның кәміл жақтаушылары тарапынан шығатын келіспеушіліктер, барлық басқа жағынан теңдік жағдайында, ешқандай қарсы доктринамен байланысы жоқ немесе тек ішінара байланысы бар жазушылар тарапынан білдірілетін келіспеушіліктерге кемірек назар аударылатын нәрсе деп саналуға тиіс. Бірінші жағдайда шынында да кездесетін, екінші жағдайда мүлдем дерлік немесе мүлдем болмайтын тоңмойындық пікірлерді салыстыру мүмкін болған бойда, оларды бағалаудағы айырмашылықтың әбден түсінікті себебі болып табылады.
Демек, егер біреу-міреу шектеулі орынмен маталған болса, сол, шындап келгенде бұрын қабылданған қарама-қарсы доктринаны қолдайтын жанама уәждерден басқа ештеңе емес келіспеушіліктерден гөрі, тәуелсіз сыншылардың келіспеушіліктеріне жауап берсе, әбден дұрыс істер еді. Сондықтан мен бұл жерде шамам келгенше жоғарыда келтірілген топтастыра жіктеуге қарсы сыни ескертпелерді, профессор Бэннің логика туралы жақында шыққан шығармасындағы ескертпелерді қарастырумен шектелгім келеді. Олардың ішіндегі ең маңыздыларына жауап берместен бұрын, маңызы шамалы келіспеушіліктерді қоя тұрып, әуелі алаңымызды біршама тазартып алуға тырысып көрейік. Бэн, ғылымдардың топтастыра жіктелуіндегі логиканың орны туралы менің ойымды талқылай келіп, логика ғылымдардың ішіндегі ең абстрактылысы, көп нәрсені мен нақты ғылымдарға қосқан психологиядан алады деп жолай ескерте кетеді; бұдан, ол өз ойынша, абстрактылы ғылымдарға жататын ақиқаттарды ашуда нақты ғылымдар құрал қызметін атқара алмайды деген тұжырымыма қайшылық табады. Басқа бір жерінде ол: “Бүкіл психологияны түп-тұқиянымен нақты ғылымдар санатына жатқызатындай заңды негіз табу мүмкін емес. Ол ең жоғары деңгейде талдаушылық ғылым, және бұл Спенсерге тамаша белгілі” деп осынау көкейдегі аномалияға тағы да оралады. Толық жауап алғысы келсе мен Бэнге Психология тұғырларының 56тарауын қараңыз дей аламын, онда мен былай деймін: “егер психология, объективті ғылым ретінде, нақты ғылымдардың мамандануының үдеуіне қарай ауқымы біртіндеп тарыла бастаған ғылымдардың арасына орналастырылуға тиіс болса, онда субъективті ғылым ретінде, ол мүлдем ерекше, өзінше бірден-бір басқа ғылымдардың бәрінен тәуелсіз және олардың әрқайсысына қарама-қарсы ғылымды құрайды”. Таза идеалист, әрине, бұл айырмашылықты мойындамайды, бірақ басқа әркімге, субъективті тіршілік ету ғылымы барлық объективті тіршілік ету ғылымдармен белгілі бір арасалмақ табады және сөйте тұра субъект
объектіден қаншалықты өзгешеленетіні секілді, ол да олардан соншалықты сөзсіз өзгешеленетіндігі жеткілікті анық нәрсе ғой деп ойлаймын. Мен нақты ғылымдардың арасына орналастырған объективті психология, ол, басқа ғылымдар секілді объективті деректермен шектеліп отырғанда, таза синтетикалық (жинақтаушылық) ғылым; алайда сол деректерді тәпсірлеуде басқа тіршілік иелерінде көрінетін күйіндегі объективті психология құбылыстары мен біздің санамызда көрінетін күйіндегі субъективті психология құбылыстарының арасында байқалған сәйкестіктен зор көмек алады. Демек, тек субъективті психология ғана аналитикалық (талдаушылық) пән және логиканың дамуына жәрдемдеседі. Осынау түсініктеме жоғарыда әңгіме болған көкейдегі қарама-қайшылықты аластайды. Енді біз математиканың мәнін түсіндірудегі менің сөз саптауым жөнінде Бэннің қиналған тұстарын қарастыруға көше аламыз. Ол былай деп жазады: “Ең алдымен, Спенсер неғұрлым абстрактылы ғылымдарды талдап, осы ғылымдарда қарастырылатын мазмұнсыз пошымдар туралы айтқан кезде пайдаланатын сөз саптауымен келіспеуге болады. Кеңістік пен уақыт туралы олар шынына келгенде мазмұнсыз пошымдар деу, кеңістікті қандай да бір созылыңқы субстанцияның алдын-ала идеясынсыз-ақ ойлауға болады және уақытты қандай да болсын нақты дәйектілік идеясынсыз-ақ түсінуге болады деген сөз. Ал мұндай доктрина басқалардың бәрінен көп дауға лайық”. Мен Бэннің “мұндай доктрина басқалардың бәрінен көп дауға лайық” дегенімен келісемін, бірақ абстрактылы ғылымға мен берген анықтауышта мұндай доктрина болуы мүмкін дегенімен келісе алмаймын. Мен кеңістік пен уақыт туралы әдетте математика ғылымында қалай айтылса, онда солар туралы тек қалай айтуға болса, солай айтамын. Егер нүктелерге, сызықтарға және беткі қабаттарға қатысты математика ғылымдары әдетте нақты белгілі заттарды алса, онда оларды тек мінсіз нүктелер, сызықтар
және беттер ретінде ғана қолданады, және нақ солай болған жағдайда ғана олардың қорытындылары заңды. Өздерінің анықтауыштарында олар нүктелердің – көлемі, сызықтардың – ені, ал беткі қабаттардың – қалыңдығы болатынын мойындамайды. Рас, геометрия сызық, беткі қабат немесе дене секілді ұзындықтың материалдық түсініктерін қолданады; бірақ геометрия олардың материалдылығын ашықтан-ашық мойындамайды және олар білдіретін қатынас ақиқаттарымен ғана жұмыс істейді. Бэнмен бірге кеңістік ұғымының ұзындық идеясынан сіңірілгенін мойындай отырып, және Психология тұғырларында жазғанымдай, бұл ұғымның материя ақылға берген қатар өмір сүру қатынастарының бәрін қамтитын күрделі идея екендігін дәлелдеуге тырыса отырып, мен, дегенмен, бұл қатынастарды материядан бөліп алып, абстрактылы ақиқат ретінде тұжырымдауға болады деп санаймын; және сондай-ақ абстракциялаудың бұл тегіс әдетте басқа жағдайларда жасалатын абстракциялаудан, мысалы, әдетте қозғалыстардың жалпы заңдарын денелердің қасиеттерінен тәуелсіз тұжырымдау үшін (Конт жүйесінде жасалғандай) қолданылатын абстракциялаудан айырмасы жоқ деп санаймын; ол қасиеттер санатынан қозғалыстардың белгілі бір мөлшерін алу, сақтау және беру қасиеттерінен басқаларының бәрі шығарып тасталады, бұл қасиеттерді ұзындықтан тыс алып түсіну мүмкін еместігіне қарамастан солай істеледі. Бэннің басқа келіспеушіліктеріне көздеген мақсатыма сәйкес ретпен көше отырып, енді оның мына сөздерін келтіремін: “Жарықтың сәуле тарату заңын (қашықтық квадратына кері пропорционал) Спенсер абстрактылы-нақты заң ретінде қарастырады, ал орта енгізілетін ауытқулар тек нақты ғылым оптикада ғана баяндала алады. Бұлай бөлу ғылымда белгісіз деп көрсетіп жату біз үшін бос әурешілік”. “Бұлай бөлу ғылымда белгісіз” деу өте дұрыс. Бірақ, амал нешік, бұл келіспеушілік жөнінде сондай-ақ осынау атышулы бөлуді менің мүлдем ұсынбағаным да, тіпті менің топтастыра жіктеуімде мұның елесі де жоқ
екендігі имандай шындық. Менің “нақты” сөзін қай мағынада қолдануым турасында Бэннің қалайша қателесуі мүмкін . Мұны мен түсіне алмадым. Абстрактылы-нақты және нақты ғылымдар арасына мен сияқты “ешкім ешқашан" шекара сызбағанын көрсете отырып, ол әдетте шекара жүргізілетін жерге шекара жүргізді деп тек көкейіндегі аномалия үшін жазғырады. Меніңше, оптикаға нақты ғылым ретінде қарайтын Конттың пікірін басшылыққа алған ол еш күманданбастан сол пікірді менің топтастыра жіктеуіме қолданып, маған еш қатысы жоқ қарамақайшылықты телиді . Егер Бэн абстрактылы-нақты ғылымдардың анықтауышын қайта бір ерінбей оқып шықса немесе ІІ кестеде көрсетілген олардың бөлімшелерін жақсылап қарап шықса, менің ойымша, жарықтың қайта бөлінуінің ең ішінара және ең ортақ зандарының ұштастырылғанын көрер еді; және одан кейін, егер, нақты ғылымдардың анықтауыштарын және олардың топтастыра жіктелуіне ойысса, ол, менің ойымша, оптиканың бұл бөлімге жатпайтынын тіпті анық көрер еді. Бэн химияны абстрактылы-нақты ғылымдардың санатына жатқызуға және ол таза түрінде кездеспейтін әртүрлі заттарды қарастыруды оның аясынан аластауға менің ешқандай негізім жоқ деп ойлайды; және ол өзінің келіспеушілігін әдетте химиктер таза күйінде кездеспейтін кендерді және элементтер табиғи түрде араласып жатқан заттарды сипаттайтындығына негіздейді. Сөз жоқ, химиктер солай істейді, бірақ олар қандай да бір зат кенін сипаттауды оның молекулалық түзілісін, сондай-ақ құрамына осы зат кіретін барлық жеке күрделі денелердің түзілісін зерттейтін ғылымның құрамдас бөлігі ретінде қарастырыңдар деп дау шығарып жүр ме? Мен олардың осындай дәмесі бар екенін біле қалсам, қатты таңырқар едім. Химиктер әдетте өз еңбектерінің басына молекулалық физиканы тілге тиек ететін бөлімді қояды; бірақ олар тіпті де молекулалық физиканы химияның бір бөлігі деп санамайды. Егер олар әрбір затты зерттеудің басында оның минералогиясын қысқаша
сипаттауды орналастырса, онда мен осыдан олар минералогияны химияның бөлігі деп есептейді екен деген ой туады деп ойламаймын. Химия, сөздің төл мағынасында, абсолютті таза деп саналатын заттардың тек түзілісін, қасиетерін және әртүрлі тектестік деңгейлерін зерттейді; сондықтан, геометрияның қисық сызықтармен айналыспайтыны сияқты, ол да аралас субстанцияларға жоламайды. Осыдан кейін Бэн химия мен биологияның арасында мен көрсеткен негізгі айырмашылықты сынауға кіріседі, мен химияны – абстрактылынақты, ал биологияны нақты ғылым ретінде қарастырамын. Бұл орайда ол былай сөз саптайды: “Бірақ химияның пәндері де, биологияның пәндері де – бәрібір нақты; қарапайым химиялық денелер мен олардың әрқилы күрделі қосындыларын химик әбден нақты нәрсе деп қарастырады және оны қандай да бір факторға қолданылуына қарай емес, олардың барлық факторларына қолданылуына қарай сипаттайды". Бұл жерде біз ортақ мәселені түсіндіре кету үшін қолайлы сәтті пайдаланамыз. Рас, ұқсастыру түрлерінде химик қандай да бір субстанцияның барлық елеулі қасиеттерін оның кристалдық пошымын да, оның меншікті салмағын да, оның сәулені сындыру күшін де, оның магниттік әсерлерін де ескере отырып сипаттайды. Бірақ ол барлық аталған құбылыстарды химия ғылымының құрамына кіреді деп осы себеппен есептей ме? Меніңше, қандай да бір дененің салмағы мен оның көлемінің арасындағы қатынас, үлесті салмақты өлшеу кезінде анықталатын қатынас химиялық емес, физикалық құбылыс. Мен сондайақ, сәуленің сынуы жөніндегі барлық зерттеулер, ол сыну қандай затта жүрсе де, физикаға жатқызылуға тиіс деп ойлаймын. Ал химик қандай да бір дененің магнитті немесе магнитке қарсы қасиеттерін оның нышандары ретінде немесе сол дененің нақты не анадай не мынадай зат екендігіне басқа химиктердің сенімді болуын оңайлату құралы ретінде көрсете алатын жағдайға келсек, магнетизм құбылысы физика саласынан химияға
ауыстырылуға тиіс дегенді дәлелдегені үшін ол химик те, физик те болып санала алмайды. Басқаша айтқанда, химик қандай да бір қарапайым немесе күрделі заттарды зерттеу кезінде оның молекулалық түзілісін және оның тектестігін зерттей отырып, өзіне кезігетін кейбір физикалық қасиеттерді анықтай алады, бірақ осы арқылы ол оның физикалық қасиеттерін химиялық қасиеттерге айналдыра алмайды. Химиктер өз кітаптарына нені енгізбесін, ғылым ретінде қарастырылатын химия түзіліс пен молекулярлық өзгерістер құбылыстарын, қосылу мен ажырау құбылыстарын ғана қамтиды*. Сонымен, тағы да айтайын: химия ештеңені де нақты бүтін ретінде зерттемейді және осынысымен организмді нақты бүтін ретінде зерттейтін биологиядан өзгешеленеді. Егер биологиялық зерттеулердің нышандарын қарастырсақ, бұл бұдан да айқынырақ бола түседі. Организмнің ең ортақ та, ең жеке де қасиеттерінің бәрі; түзілістің ең айқын және ең құпия құбылыстарының бәрі; организмнің, өздігінен-ақ бізді таңдай қақтыратын сыртқы қозғалыстарынан бастап, оның көптеген ішкі қызметтерінің ең ұсақ бөлімшелеріне дейінгі қозғалыстарының бәрі; организмнің ұрық кезіндегі ахуалы мен ол өлгенге дейін жүріп жататын әрқилы өсу, ұйымдасу мен дағды құбылыстарының бәрі; бүтін ретіндегі органзмнің сондай-ақ оның жасушаларының, тамырларының және көзге көрінбейтін талшықтарының барлық ерекше физикалық қасиеттері; жалпы оның субстанциясының барлық химиялық қасиеттері мен жеке-жеке алғанда оның әрбір тінінің, әрбір бөліп шығаратын затының химиялық қасиеттерінің бәрі, – осы қасиеттердің бәрі деймін мен, осы құбылыстардың бәрі және көптеген тағы басқалары биологиямен
* Бәлкім, химиялық әрекеттер кезінде пайда болатын кездейсоқ құбылыстар, айталық жылу мен жарық құбылыстары химиялық құбылыстарға жатуға тиіс делінер. Бірақ, менің ойымша , молекулалық қозғалыстардың барлық қайта бөліну құбылыстары , бұл қайта бөлінудің басталуы қандай болса да, физика саласына жатады. Физиканы химиядан бөліп тұратын шекараны жүргізген кезде орын алатын кейбір қиыншылықтарға келсек (мен мұны Психология тұғырларының 55-тармағында жүгірте қарастырып кеткендей, бұл екі ғылым аллотропия мен изомеризм құбылыстары арқылы тығыз байланысты ), бұл кез-келген басқа жіктеулердегідей, Конттың топтастыра жіктеуіне де тән және мен өзім қорғап отырған топтастыра жіктеу үшін бұдан еш қолайсыздық тумайтынын да айта кетейін; Мен физика мен химияны абстрактылы-нақты ғылымдардың санатына енгіздім, сондықтан оларды бір-бірінен айырудағы қиындық екеуі де жататын ғылымдардың үлкен тобы мен басқа басты екі топтың арасында мен белгілеген айырмашылыққа ешқандай ықпал ете алмайды .
қамтылады, және ол солардың бәрін қамтып қана қоймайды, сонымен бірге тағы консенсусты, яғни ғылымның мінсіз мақсаты ретінде, кеңістік пен уақытта белгілі бір орын алатын, қатар өмір сүруінде де, дәйектілігінде де түп-тұқиянымен жеке-дара біртұтас бірлікті құрайтын барлық құбылыстардың келісімін бойына сіңіреді. Оның пәніндегі осынау жекедаралық сипат биологияны, сол топтағы кез-келген ғылым сияқты, нақты ғылымға айналдырады. Астрономияның әрқайсысының өз атауы бар және ғылымнан өз жағдайына қарай орын алатын (ең кіші жұлдыздар үшін осылай жасалатынындай) денелермен айналысып, олардың әрқайсысын бөлек жеке-дара пән ретінде қарастыратыны тәрізді; геологияның, Айда және ең жақын планеталарда геологиялық құбылыстардың өзге топтарын байқағанмен де, тек Жерде байқалатын құбылыстардың жеке-дара топтарымен айналысатыны тәрізді, биология да басқалардан бөлек бір индивидпен, не бір индивидке бөліктермен және өнімдермен, не құрылыммен, не сол тектің бұрыннан белгілі индивидтерінің көбісіне ортақ және өздерінің атрибуттарының көп бөлігінде немесе бүкіл жиынтығында соларға ұқсас басқа индивидтер үшін ортақ болуы ықтимал қызметтерімен айналысады. Әрбір биологиялық ақиқат белгілі бір жекедара затқа немесе сол тектес бірнеше жеке-дара заттарға немесе әрқайсысы жеке-дара заттардан тұратын бірнеше текке сәйкес келеді. Сонымен, біз бұл арада қарама-қайшылықтар мен өзгешеліктерді көрсетеміз. Абстрактылы-нақты ғылымдардың ақиқаттары тіпті де жеке-даралықты көздемейді. Молярлық физика да, молекулалық физика да, химия да жекедараға жоламайды. Қозғалыс заңдарын қозғалатын массаның көлеміне немесе пошымына қарамастан тұжырымдауға болады; ол массалар күндер болса да, атомдар болса да бәрібір. Сығымдалу мен молекулалық қозғалыстың кемуі, кеңею мен молекулалық қозғалыстың үдеуі арасындағы қатынастар өздерінің ортақ пошымдарында тегінде ешқандай тәуелсіз түрде байқалады; ал егер материяның қандай да бір жеке түрі үшін осы қатынастарды анықтау қажет болған күнде де, ол осы материяның
санына, әсіресе оның жеке ерекшеліктеріне қарамай жасалады. Химия туралы да осыны айтуға болады. Ол қандай да бір заттың атомдық салмағын, молекулалық түзілісін, атомдығын және осы зат қосылысының пропорцияларын және т.б. зерттеген кезде, әңгіме бір грамм туралы немесе бір килограмм туралы болып отырғаны гәп емес, – өйткені зат саны бұл мәселеге мүлдем жат. Дәл осыны неғұрлым арнаулы атрибуттар туралы да айтуға болады. Химиялық тұрғыдан қарастырылған күкірт кристалды немесе аморфты әлде аллотропиялы, немесе сұйық, немесе газ күйіндегі күкірт емес, жоқ, химияда күкірт саннан, пошымнан, ахуалдан және т.б. туындайтын, оған жеке-даралық сипат беретін барлық осы қасиеттерден тәуелсіз қарастырылады. Бэн нақты ғылым астрономия мен кеңістіктегі болжамды массалардың өзара ықпалымен өзгеріске ұшыраған қозғалыс туралы абстрактылы-нақты ғылым арасындағы мен анықтаған айырмашылықты “жүгенсіздіктен де бетер” деп біледі; ол сөзін былай сомдайды: “Біз тек қана “факторлармен”, немесе жекелеген элементтермен шектеліп, оларды біріктіруден туындайтын үшінші шындықты зерттеуге мойны жар бермейтін ғылым болады дей аламыз. Мұндай гипотеза түсінікті әрі ықтимал. Мысалы, астрономияда тура сызықтың бойымен жасалатын қозғалыс тұрақтылығы заңы, тартылыс заңы секілді, қозғаушы күштің қандай да бір тегінен абстрактылы түрде қарастырылуға алар еді; және осы екі теория да механиканың абстрактылы-нақты бөліміне кіре алар еді; сонда олар қандай да бір ядроның немесе планетаның қозғалысын зерттеу үшін нақты бөлімге біріктіріле алар еді. Алайда, Спенсердің пікірі бойынша, бөліп тұрған белгі ондай емес. Ол осы жеке комбинацияны теориялық механикаға жасатып, тек бір ғана планета болған жағдайда, планеталық қозғалыс заңына дейін жетеді. Ол тек одан әрі әдетте “үш дененің проблемасы” деп аталатын, өздерінің қозғалыстарын өзара өзгертіп отыратын екі планета немесе бір планета мен бір серік гипотезасына дейін жетуге жол бермейді”.
Егер мен Бэннің маған телігенін айтқан болсам, онда сандырақтаған болар едім, бірақ ол менің ойымды жаңсақ ұғынған; оның бұл қателігі осы арада, тағы бір басқа тұстағысекілді, ішінара: ол “нақты” сөзін Конт берген мағынасында қолданып, мен де сол мағынада қолданған секілді көргендіктен, ішінара мен де жеткілікті анық айтпағандықтан туындаған. Мен тіпті де абстрактылы-нақты механика ғылымы денелердің кеңістіктегі қозғалысын баяндаған кезде, планеталық қозғалысты, ол бір ғана планета бар жағдайда қандай болатындай түрде түсіндірумен ғана шектеледі дегім келген жоқ. Менің сөздерім осылайша түсіндіріледі деп ешқашан ойлаған да емеспін. Абстрактылы-нақты проблемалар шынында да ешқашан анықтауыш беруден әріге бармай, бұлыңғыр қиыншылыққа ұрынады. Бэн айтқандай, мен екі фактор комбинациясы мен үш фактор комбинациясы арасына да, факторлардың басқа да сандарының комбинациясы мен олардың бұдан да көп саны арасына да бөлу шекарасын жүргізген емеспін. Алайда мен жеке-дара алынған немесе екіден, үштен, төрттен және олардан көп санмен құрамдалған факторлар теориясымен айналысатын ғылымды осы факторларға шын бар заттарды бақылаудан алынған құндылық сипатын бере отырып, шын құбылыстарды түсіндіру үшін теорияны пайдаланатын ғылымнан бөліп қараймын. Рас, ғылымның бұл бөлімдерінде теория мен теорияны қолдану арасындағы түбірлі айырмашылық ылғи да мойындала бермейді. “Ньютон, – дейді Бэн,– өзінің Prіncіpіa атты еңбегінің бірінші кітабында үш дене проблемасын алды да, оны Айға қолданып, оны барлық салдарларында ізерледі. Осыдан келіп теориялық механика бойынша жазып жүргендердің бәрі өздерінің кітаптарына үш дене проблемасын, теңіз тасқындарын күнілгері білу және оны түсіндіру теориясын әлі де енгізіп келеді”. Бірақ математик және астроном ретінде Ньютонның беделі қаншалықты зор болғанымен, және өздерінің еңбектерінде теоремаларды олардың қолданысымен бытыстырып жіберетін Лаплас пен Гершельдің
есімдері қаншалықты ұлы болғанымен, мен егер бұл жазушылар осылай істегенде өздерінің идеяларын ғылымдарды топтастыра жіктеу жөнінде баяндағысы келгенін дәлелдеу мүмкін болмаса, осы фактылардың маңызы зор болар еді деп ойламаймын. Олардың шығармаларында бар және оларға тек көбірек қолайлылық мақсатымен ғана енгізілген әрқилы элементтер ботқасы шындап келгенде, тек ғылымның жартыкеш дамығанын ғана айғақтайды; бұл кейіннен олардың тар шектерінен шыққан басқа, неғұрлым қарапайым ғылымдар арасында да ұшырады. Бұл факт біз осы тұста келтіре алатын екі мысалмен дәлелденеді: бүгінде қазіргі күйіндегі сол ғылымға қолдану мүмкін емес “геометрия” сөзі заманында ондағы ақиқат жер өлшеуге және архитектураға дайындалудағы мәлімет ретінде оқып-үйренілген кезде сол ғылымға әбден лайық еді, бірақ салыстырмалы ежелгі дәуірде осынау салыстырмалы түрде қарапайым ақиқаттар қолданыстан бөліп алынды да, гректің геометрлері оларды ерекше теориялық доктринаға айналдырды*. Нақ осы тәріздес үрдіс қазір осы ғылымның өзге бір бөлімінде жүріп жатыр. Монждың Сипаттамалы геометриясында теоремалар оларды қолданумен, жобалаумен және жобалардың сызбаларымен араласып жүреді. Бірақ одан кейін ғылым мен өнер аз-аздап ажырап, сипаттамалы геометрия немесе егер оны неғұрлым лайық есіммен атайтын болсақ, орын геометриясы енді математиктер тарапынан ақиқаттардың өте кең жүйесі деп мойындалып отыр, осы ақиқаттардың кейбіреулері қазір ішінде архитектор мен инженерге көмекші құрал боларлық практикалық әдістерге жататын ештеңе жоқ кітаптарға жинақталды. Бізге қарсы келтірілуі мүмкін келіспеушілікті алдын ала теріске шығару үшін мен мынаны айта кету қажет деп санаймын: егер жаңа бастағандарға арналған алгебра бойынша шығармаларда алгебра тұрғысынан баяндалатын сандық қатынастар теориясына шешілуге тиіс
* Евклидте проблемалар мен теоремалар бірге араластырылып жіьерген деуге болады, ал бұл мен келтіріп отырған фактыға қайшы; рас, бұл қоспадан біз ғылымның алғашқы пошымының іздерін табамыз, бірақ ол алған проблемалар әбден-ақ абстрактылы екендігін және, мұның үстіне олардың әрқайсысын теорема ретінде қарастыруға болатынын атап көрсету керек.
бірқатар есептер қоса беріліп жүрсе, онда осыдан бұл есептердің мазмұны алгебра ғылымының құрамдас бөлігі деп тіпті де саналмайды. Ол мазмұн алгебра ғылымының бір бөлімін құрайды дейтін болсақ, онда бұл, алгебра құрамдас бөлімдер ретінде қашықтық, жылдамдық пен уақыт қатынастары ұғымдарын, немесе ауырлық, көлем және үлесті салмақ қатынастарын, немесе күндер мен жалақы қатынастарын бойына сіңірген деген сөз болып шығады, өйткені осының бәрі тағы көптеген басқа нәрселер оның теңдеулерінің мүшелері түрінде алына алады. Алгебралық тәсілдермен шешілетін осынау нақты есептер абстрактылы алгебра ғылымының бір бөлімін құрайды саналмайтыны секілді, менің пікірім бойынша, астрономияның нақты проблемалары да абстрактылы-нақты ғылымның бір-бірін тартатын еркін денелердің әрекеттері мен қарсы әрекеттері теориясын дамытатын бөліміне қалайда енгізілмеуге тиіс. Осынау тармақ жөнінде мен тек Бэнмен ғана емес, сондай-ақ Милльмен де келісе алмаймын, ол былай тұжырымдайды: “Астрономия дейтін абстрактылы ғылым, атап айтқанда: тартылыс теориясы бар, оны біздің Жер бір бөлігін құрайтын жүйеден мүлдем өзгеше басқа Күн жүйесінің құбылыстарын түсіндіруге де қолдануға болар еді. Біздің төл жүйеміздің шын құбылыстары – Күннің, Жердің және планеталардың көлемдері, қашықтықтары, жылдамдығы, температурасы, физикалық түзілісі және т. б. – осының бәрі жаратылыстық тарих секілді нақты ғылым пәнін құрайды; бірақ тек бұл арада нақты ғылым абстрактылы ғылым мен, кез-келген басқа жағдайға қарағанда, өте тығыз байланысқан, өйткені біздің қолымыз шын жететін шамалы ғана аспан құбылыстарының бәрі дерлік денелердің баршаға ортақ қасиеті ретіндегі тартылыс заңын ашу мен қуаттау үшін қажет, сондықтан да абстрактылы ғылымның негізгі мәліметтерін құрай отырып, онда тиесілі орнын алады”* Осы тұста Милль астрономияның шынында да кеңістікте орналасқан денелермен айналысатын нақты бөлімі мен оның кеңістікке болжам мен
* Огюст Конт и позитивизм. М: Изд. магазина “Книжное дело”, 1897ж-47б.
орналастырылған болжам түріндегі денелермен айналысатын басқа бөлімі арасындағы негізгі өзгешелікті мойындайды. Алайда ол осы екі бөлімді бөлінбейді деп есептейді, өйткені екінші бөлім бірінші бөлімнен мәлімет алады, олардан денелердің бір-біріне ықпалы және кері ықпалы заңы шығарылады. Бірақ бұл алғышарттың ақиқаттығы да, осы қорытындының заңдылығы да күман туғыза алады. Ықпал мен теріс ықпал заңын ашу бастапқыда аспан денелерін бақылауға қатысты емес, бұл одан тек жанама түрде шығады. Ықпалы қашықтықтың квадратына кері пропорционалды өзгеретін қандай да бір күш ұғымы, механика мен геометрияның принциптерінен ұтымды түрде шығатын a prіorі ұғым. Бұл ұғым әубаста Кеплердің планеталардың орбиталары мен қозғалысы жөніндегі эмпиристік гипотезаларынан өзгеше болғанымен, астрономиялық құбылыстармен өзінің қатынастарында бұл ұғым сол гипотезалардың тәжірибемен дәлелденгендері тәріздес болды: бұл нәтижелері бақылана және қуаттала алатын көптеген ықтимал гипотезалардың бірі еді; бұл өзінің қорытындылары бақылау нәтижелерімен салыстырыла келіп, сол нәтижелерді түсіндіріп берген гипотеза еді. Басқаша айтқанда, тартылыс теориясы жердегі құбылыстардың тәжірибесінен бастау алады, бірақ аспан құбылыстары тәжірибесінде қуатталады. Енді алғышарттан салдарға көшкенде, мен, бұл ғылымдардың қалайша, тіпті олардың бұлдыр тектестігі ақиқат деп қабылдағанның өзінде, айтыла беретініндей, қажетіне қарай бөлінбейтіндігін көре алмадым; қалай дегнде де, жер өлшеу геометрияны тудырғандықтан ғана геометрия жер өлшеумен қалайша бөлінбейтіндей байланысты болуы керектігін көре алмаймын. Біз жоғарыда көрсеткеніміздей, алгебрада сандық қатынастардың заңдары мейлінше әртекті көптеген құбылыстарды қамтиды; бұл факт теория мен оның қолданылуының арасындағы айқын өзгешелікті көрсетеді. Осындай жағдайда массалар, қашықтықтар, жылдамдықтар және сәттер арасындағы сандық қатынас заңдары көбіне (тек қана демесек те) астрономияның нақты құбылыстарына қолданылатындықтан, теория мен оның
қолданылуының арасындағы айырмашылық онша айқын көрінбейді; бірақ шынына келгенде ол бұл жағдайда да бірінші жағдайдағы секілді соншалық үлкен. Осы айырмашылық қаншалықты үлкен екендігін көрсету үшін салыстыруды қолданып көрелік. Алдыңызда тірі адам: ол туралы біздің білетініміздің барлығы, көру және түйсіну сезімдері бергенге ғана саяды, немесе, керісінше, кең көлемді өмірбаянға жететін көптеген деректерді құрайды. Екінші жағынан, қиялдағы кісіні алайық, ол көне римдіктердің қаһармандары секілді қандай да бір жақсылықтың немесе қандай да бір жаманшылықтың бейнесі болуы мүмкін немесе қандай да бір осы заманғы қаһармен секілді өзінің қайшылықты сипатында, әр алуан талпыныстарында және өзінің барлық іс-әрекетінде бізге шынайы болып көрінеді. Алайда осындай жалған тіршілік иесін бейнелеу қаншама толық әрі дәлме-дәл болғанымен, қиял оны шын бар және тірі адамға айналдыра алмайды. Нақ осылайша, қандай да бір өмір сүріп отырған адамға қатысты бірдеңелерді білмеу оны қиялдағы тұлғаға айналдыра алмайды. Болмаған нәрсе мен өмірбаян арасынан біз ылғи да өткел бермес құрдымды табамыз. Әңгіме болып отырған ғылымдар хақында да нақ осыны айтуға болады; ойша алынған денелердің қозғалыстарымен айналысатын ғылым мен кеңістікте болатын денелердің ықпалымен және кері ықпалымен айналысатын ғылым бір-бірінен мәңгі бөлек болады. Біз біріншісін үш, төрт және одан да көп факторларды енгізу арқылы неғұрлым жоғары дәрежеге көтере аламыз, біз ерекше күн жүйесін құру үшін барлық қажетті жағдайларды ойша жасай аламыз: осы ойдағы күн жүйесін суреттеудің шын бар Күн жүйесін суреттеуден айырмашылығы, әрқашан, болмаған нәрсенің өмірбаяннан айырмашылығы сияқты болып қала береді. Осы айырмашылықтың түбегейлі сипаты кейбір жағдайда, егер жалпы механиканың ең қарапайым қалпынан біз секіріс жасамай-ақ, аспан механикасының ең күрделі қалпына көшуге болатындығын көрсетсек бұдан да айқынырақ бола түседі. Біз біркелкі жылдамдықпен қозғалып
келе жатқан денені алып, оның осылайша одан әрі қозғала беретін қалпынан бастаймыз. Содан кейін біз оның қандай да бір тұрақты күштің әрекетіне бағынып, сол бағытта жеделдете қозғалу заңын белгілейміз. Одан әрі біз өзіне тартатын дененің жақындап қалу ықпалымен күшті арта түседі деп біліп, жағдайды күрделілендіре түсеміз; сөйтіп біз өскелең тарту күшімен байланысты осындай бірқатар заңдардан (тартылыс заңы осы заңдардың бір бөлігі болып табылады) туындайтын шапшаңдаудың бірқатар заңдарын тұжырымдай аламыз. Содан соң басқа бір факторды қосып, дене, өзіне тартатын дене ықпал ететін бағыттан өзгеше бағытта қозғалады деп ойлап, біз ойдағы күштердің қуаты негізінде оның қозғалысының гипербола, парабола, эллипс немесе шеңбер бойынша жасалатынын анықтай аламыз – біз әуелі осы ойдағы қосымша күшті шексіз аз деп қарастыра аламыз және оның бірте-бірте артуына қарай әр түрлі нәтижелерді тұжырымдаймыз. Егер оған біршама өзге бағытта ықпал ететін үшінші бір күшті қосатын болсақ, проблеманың күрделілігі жаңа деңгейге көтеріледі; осы күшті әуелі шексіз аз күш ретінде қарастыра отырып, біз оны қандай да бір нақты күш деңгейіне дейін біртіндеп күшейте аламыз. Нақ осылайша фактордан соң факторды енгізе отырып және әуелі олардың әрқайсысының басқаларына тигізетін ықпалын елеусіз ғана қылып, біз оны шексіз көп рет өсіру арқылы күрделіліктің қандай да бір түрлерін жасауға қол жеткізетін боламыз. Сөйтіп, ойша алынып, кеңістікке орналастырылған денелердің ықпалымен және кері ықпалымен айналысатын ғылым – жалпы механиканың қажетті жалғасы, үздіксіз дамуы. Біз оның аспан денелерімен айналысатын және әу бастан астрономия деп аталған ғылымнан сөзсіз оқшау тұра алмайтынын әлгінде көрдік. Осы фактылар мойындалған екен, онда, меніңше ғылымдарды топтастыра жіктеуде оның алатын шын орны жөнінде ешқандай күдік қалмайды. Маңызы шамалы келіспеушіліктерді, бір жағынан олар бұрын жанама түрде теріске шығарылғандықтан, екінші жағынан оларды қарастыру тым
көп орынды қажет ететіндіктен былай қоя отырып, біз бірден қағидамызды орнықтыратын ортақ уәждерді баяндауға көшеміз. Бұл үшін біздің құзырымызда екі жол бар: олардың бірі эволюцияның ортақ доктринасын жақтайтындарға ғана жарамды; біз содан бастаймыз. Біз тұман тәріздес материяның шоғырлануын бастапқы темірқазық етіп аламыз. Осы материяның қайта бөлінуіне зер сала отырып, оның қоюлана түсіп, өзінің төңірегінде айналысқа түсетін жиі шоғырланған сақиналары бар сфероидтарды қалай түзетінін байқаймыз, содан кейін бұл сфероидтар жарылады да кейде өздері сияқты қозғалатын туынды сфероидтар түзеді, ақыр соңында біз бастапқы түрдегі планеталарға да жетеміз. Бұған дейін біз болған құбылыстарды таза астрономиялық құбылыстар ретінде қарастырған едік; ал осы сфероидтардың бірі ретінде біздің Жер газ тектес және балқыған заттардан түзілгендіктен, ол неғұрлым күрделі нақты ғылым үшін ешқандай ерекше мәлімет берген жоқ; орасан көп уақыт өте келе Жерде ақыр соңында қатты қабық түзілді, ол мыңдаған жылдар бойы қалыңдай түсті, ал келесі мыңдаған жылдар бойы алдымен газ тектес әр түрлі күрделі денелер, содан соң судың да түзілуі мүмкін болатындай болып суыды. Сол кезде сфероидтың әртүрлі бөліктерінің Күнге қатысты ауыспалы жағдайы елеулі ықпал ете бастады, міне, сөйтіп ақырында қазір біз білетін метеорологиялық құбылыстар, ал содан соң геологиялық құбылыстар туындады – бұл құбылыстар, бәлкім, бір жағынан Күннің жылуының, бір жағынан Жердің ішкі жылуының және бір жағынан Айдың мұхитқа әсерінің салдары шығар! Біз осы геологиялық құбылыстарға қалай жеттік? Астрономиялық өзгерістер нақ қашан аяқталып, геологиялық өзгерістер қашан басталды? Олардың арасында шын мәніндегі үзіліс болмағанын көру үшін сұрақ қою жеткілікті. Кезкелген күні бұрын пішілген идеяларды былай қоя тұрып, біз сол бір бастапқы факторлардың ықпалымен барған сайын күрделі бола түскен құбылыстардың тобынан басқа ештеңені де көрмейміз және біздің парықсыз бөлуіміз қолайлылық себептеріне ғана негізделгендігін көреміз.
Бұдан әрі, келесі сатыға келейік. Жердің үстіңгі қабаты температураның барлық деңгейлері арқылы баяу өте отырып суыған сайын, күрделірек анорганикалық денелердің түзілуі мүмкін бола түсті; содан кейін жердің беті органикалық түр деп аталатын мейлінше қарапайым заттардың пайда болуы мүмкін деңгейге дейін суыды; сөйтіп ақыр соңында, ең күрделі органикалық қосындылардың түзілуіне мүмкіндік туды. Химиктер бізге қазіргі кезде бұл қосындыларды синтез арқылы зертханалық жолмен алудың мүмкін екендігін, және де олардың күрделілігінің артуы келесі, одан да күрделі қосынды алуға мүмкіндік беретіндігін көрсетті. Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады: осы Жердің температура деңгейлерінің бәрі арқылы біртіндеп өтуі үшін кеткен мыңдаған жылдар бойында бетінде жетіп артылған материалдары жағынан және жағдайлары жағынан бір-бірінен шексіз өзгеше сансыз көп табиғи зертханаларда осы сияқты синтездер бірінен соң бірі жүріп жатты; осыдан келіп тағы бір қорытынды жасауға болады: барлық организмдер өсіп шыққан тұрақсыз және соншалықты күрделі субстанция өз кезегінде микроскопиялық мөлшерлерде түзілді және одан тұрақты түрде кірігу мен жіктелу арқылы эволюция барлық организмдерді тудырды. Біз геология мен биология арасына бөлу шекарасын енді қай тұстан жүргізбекпіз? Ең күрделі қосылыстың синтезделуі дегеніміз барлық неғұрлым қарапайым күрделі қосылыстарды түзген синтездердің одан әрі жалғасуы ғана. Сол баяғы бастапқы факторлар өздерінің туындылары болып табылатын метеорологиялық немесе геологиялық факторлармен бірлесе әрекет етті. Біз осы тұрақты түрде күрделілене түсетін қатардан бос орынды еш жерден таба алмаймыз, өйткені өзінің изомерлік өзгерістерінде әртүрлі күрделі қосылыстар ұшырайтын қозғалыстар мен біз тірі деп атайтын бастапқы икемді материя ұшырайтын пошымдардың өзгеруі арасында көрінеу байланыс болады. Биологиялық құбылыстар олардың дамуының кейін келетін сатыларындағы айырмашылықтарына қарамастан өз бастауында геологиялық құбылыстардан бөлінбейді, – Жердің үстіңгі
қабатын құрайтын материяға физикалық күштердің ықпалынан туындаған бірқатар тұрақты өзгерістерден бөлінбейді. Бұдан арғы сатыларды түгендей берудің пайдасы жоқ. Биологиялық құбылыстар тобынан, біртіндеп, біз психологиялық құбылыстар деп атайтын, неғұрлым жеке құбылыстардың тобы туындап, дамиды – бұл ешқандай да түсіндіруді қажет етпейді. Ал біз ең дамыған психологиялық құбылыстарға жеткен кезде, ең анайы баспанасыз отырықшы болмаған отбасылардан бастап, біршама үлкен және мәдениетті тайпалар мен халықтарға дейін адамзаттың дамуына зер сала отырып, біз жеке-дара адамның қарекеті құбылыстарынан ұжымдық адам қызметі құбылыстарына көшетініміз айқын. Басқаша айтқанда, астрономиядан, геологиядан, биологиядан, психологиядан және әлеуметтанудан тұратын ғылымдардың бұл тобында біз бөлімдері бөлінбейтін немесе кері ретке қойылмайтын табиғи топқа ие болатынымыз айқын емес пе? Бұл арада құбылыстар үшін бір мезгілде қос тәуелділік болады: олардың бастауы мен шығу тегі түрғысындағы тәуелділік және олардың қалайша түсіндірілуі әдісі тұрғысындағы тәуелділік. Ғарыштық дәуірде құбылыстар бірінен соң бірі осындай ретпен пайда болды: және де әрбір топқа толық ғылыми түсінік беру мұның алдындағы топтарға ғылыми түсінік беруге тәуелді. Олардың байланыстылығын бұзбай осы топтардың мүшелері арасына ешқандай да басқа ғылым енгізілуі мүмкін емес. Астрономия мен геологияның арасына физиканы орналастыру, өзгерістердің тұтас қатарында бос орын қалдыру деген сөз болып шығады; егер геология мен биология арасына химияны орналастыратын болсақ, бұл да нақ сондай болып шығар еді. Рас, физика мен химия фактылардың осынау дәйекті қатарларын түсіндіру үшін қажет, бірақ бұл, осы қатарға олардың өздері де орналасуға тиіс деген сөз емес. Осынау жеке бес нақты ғылымнан тұратын нақты ғылым, осылайша, байланыстылығы тамаша бүтінді құрайтындықтан және кез-келген басқа ғылымнан өзгешеленетіндіктен, кез-келген басқа ғылым бөлімдері етене біріккен осындай бүтінді құрмас па екен, немесе тағы да жеке бүтінді
құрайтын кейбір қайта бөлінуге жол бермес пе екен деген сұрақ қоюға болады. Соңғы жағдайға байланысты оның рас екенін айту керек. Статиканың немесе динамиканың әлдебір теоремасы, ол қаншалықты қарапайым болса да, әрқашанда миға қонатын бірдеңе жүреді, ол – созылып жататын, қарсылық немесе кернеу секілді, яки бірге жүрген сол екеуі де секілді, немесе азды-көпті өміршең күшке ие бола алатын бірдеңе. Егер біз статиканың ең қарапайым қағидасын талдауға кіріссек, біз сол қағида ойда құралып болғанға дейін-ақ күш ұғымы әрқашан кеңістік ұғымымен қосылып кететінін көреміз; ал егер біз сондай-ақ динамикадағы ең қарапайым қағиданы талдауға кіріссек, оның елеулі элементтері күш, кеңістік және уақыт екенін көреміз. Мүшелердегі сан мөлшерінің бәрібір соңғылары қарапайым молекулаларға қосылуы мүмкін: молярлық механика мен молекулалық механика қатар тұрады және бірін-бірі демейді. Екі молекуланың немесе одан көп молекулалардың қозғалыстары турасындағы мәселелерден молекулалық механика бірнеше молекулалар арасындағы агрегацияның алуан түрлеріне, бір агрегаттың мүшелері ретінде олар ие болатын қозғалыстардың сандық және кеңістіктік өзгерістеріне және агрегаттар құрайтын (жарықтың қозғалысы тәрізді), солар арқылы берілетін қозғалыстардың өзгерістеріне көшеді. Өзінің өрісін ұдайы кеңейте отырып, ол сол принциптердің негізінде тіпті оның құрамдас бөліктеріндегі әрбір күрделі молекуланы зерттеуге дейін барады. Химия құбылысын құрайтын азды-көпті күрделі молекулалардың осындай бірігуі мен ыдырауы да сол тәріздес факт ретінде қарастырылады, өйткені молекулалардың бір-бірімен тектестігі және олардың жарық, жылу және күштің басқаша да көріністер ықпалымен болатын олардың реакциясы әр түрлі олардың құрамдас бөліктерінде механикалық жолмен анықталатын әр алуан қозғалыстардың нәтижесі деп саналады. Молекулалық құбылыстарды осынау прогресті механикалық жолмен түсіндіруді соза берместен, мынаны атап көрсетсек те жеткілікті болады: кез-келген химиялық ұғымның елеулі элементтері кеңістікте орын алатын және
біреулері басқаларына ықпал ететін бірліктер. Біз механика, физика және химия атауымен топтастыратын барлық ғылымдардың ортақ сипаты да осында. Күш ұғымы өзі байқалатын созылыңқы субстанциядан бөлек болуы мүмкін бе деген сұрақты былай қоя тұрып, біз алданып қалудан қорықпастан мынаны батыл айта аламыз: егер кұш ұғымын алып тастайтын болсақ, онда сонымен бірге механика, физика және химия ғылымдарын да алып тастау керек. Осы байланыстың арқасында тығыз топтасқан бұл ғылымдар, егер олардың арасына қандай да болмасын өзге ғылымды сыналап кіргізсек, өзінің байланыстылығы мен тұтастығынан айрылған болар еді. Біз логиканы молярлық механика мен молекулалық механика арасына орналастыра алмаймыз. Біз математиканы біртектес молекулалардың ықпалдастығын қарастыратын қағидалар тобы мен әртектес молекулалардың ықпалдастығын қарастыратын қағидалар тобы (жиынтығында химия деп аталатын қағидалардың) арасына орналастыра алмаймыз. Бұл екі ғылым (логика мен математика) біз жаңа ғана айтқан тығыз топтасқан бүтіннен тыс қалатыны, және тіпті одан біршама түбірінен бөлінетіні айдан анық. Олар несімен бөлінеді? Күш ұғымының жоқтығымен бөлінеді. Логика мен математика ішкі мағынаны білдіре алатын, демек әрекет ете алатын мүшелерді қолданады, алайда сондай-ақ бұл ғылымдар өздерінің қағидаларында осы күшке ешқандай сілтеме жасамауымен ғана емес, тіптен осы күштің сөзсіз болмауын талап етуімен де өзгешеленеді деу өте әділетті. Барлық басқа ғылымдардағы сияқты мойындалған ғана емес, сонымен бірге олардың маңызды да элементі болудың орнына, күш математика мен логикада тек елеусіз ғана емес, сонымен бірге әдейі мойындалмайтын элемент болып табылады. Логика өзінің қағидаларын білдіретін мүшелер тумысында таңбалар ғана, олар тіпті де басқадан гөрі бір текті тезірек көрсететін заттар, қасиеттер немесе қабілеттер емес, және олар шын заттардың тиісті санын көрсету үшін ғана сызылған мінсіз қисық сызықтардың қандай да бір байланысқан қатарының мүшелеріне тән
атрибуттарды көрсетуге де дәл сондай жақсы қызмет ете алады. Геометрияға келсек, ол өзі дәлелдейтін ақиқаттардың элементтері ретінде шын бар сызықтар мен үстіңгі беттерді әсте де пайдаланбастан, керісінше, бұл ақиқаттарды осы сызықтар мен үстіңгі беттер мінсіз болған кезде, яғни ешқандай күш қолдану болмаған кезде ғана міндетті қажет деп қарастырады. Енді мен эволюция доктринасын ілімін қолдай қоймайтын, бірақ осынау негізгі айырмашылықтарды дәл сондай айқындықпен белгілейтін басқа дәлелдерді баяндауға көшемін. Барлығы бірге немесе бөлек-бөлек алынған нақты ғылымдардың пәні агрегаттар: сезілетін тіршілік иелерінің бір бүтін агрегаты, немесе осы бүтін агрегаттан бөлінетін қандай да бір туынды агрегат, немесе осы туындыдан бөлінетін үшінші агрегат, және т.б. Жұлдыздар астрономиясы кеңістікте таралған, көрінетін денелердің бүкіл жиынтығымен айналысады; және бұл астрономия оларды ұқсастығы тіпті де мойындалмайтын жекелеген пәндер ретінде, белгілі бір орынға ие және бір-біріне де, жеке топтарға да, сондай-ақ тұтас топқа да тұрақты қатынаста болатын пәндер ретінде қарастырады. Планеталар астрономиясы Күн жүйесін құрайтын салыстырмалы түрде шағын бөлікті қамтитын агрегатты бөліп алып, осы бөлікпен бүтін ретінде айналысады: оның бірінші, екінші және үшінші мүшелерін бақылайды, көлемін, пошымдарын, қашықтығын, қозғалысын өлшейді, есептеп шығарады; және өздерінің мейлінше кең зерттеулері үшін, байланысқан жиынтықтың бір бөлігі ретінде қарастырылатын осы мүшелердің өзара ықпалы мен кері ықпалын пән қылып ала отырып, ол өзінің ең тар өрісті зерттеулеріне сыртқы белсенді қасиеттердің белгілі бір мөлшері өзгерткен, белгілі бір мөлшердегі ішкі белсенді қасиеттерге ие, жеке-дара зат ретінде қарастырылатын мүшелердің әрқайсысының әрекетін пән етіп алады. Осы агрегаттардың арасынан геология (осы арада бұл сөзді барынша кең мағынасында қолданып отырмыз) мұқият зерттеуді
қажет ететін біреуін таңдап алады да, сонымен шектеліп, Жердің құрылысын, оның өткендегі және қазіргі үрдістерін қарастырады; ең арнайы проблемалар ретінде ол жергілікті түзілімдер мен олардың себептерін алады; ең ортақ мәселелер ретінде ол бүкіл Жердің біртіндеп өзгеру қатарын алады. Геолог осы Ғаламға салыстыра алғанда шағын, бірақ жеке өзін алғанда үлкен агрегатпен айналысып жатқанда, биолог Жердің үстіңгі қабатының субстанциясының бөліктерінен құралған кішкентай агрегаттармен айналысып, олардың әрқайсысын өзінің түзілісі мен қызметі жағынан байланысқан бүтін ретінде қарастырады; немесе ол қандай да бір жеке мүшемен айналысқан кезде, оны бағынышты немесе бүкіл организммен байланысты бөліктерден құралған бүтін ретінде қарастырады. Ол психологқа өздерін қоршаған көптеген әрекет жасаушылардың ықпалына организмдердің реакциясын бейімдейтін арнаулы қызмет агрегаттарын қалдырады; және де ол бұл агрегаттарды психологқа олардың неғұрлым жоғары мамандық қатарына жататындағына байланысты ғана емес, олар осы агрегаттардың екінші бөлігін немесе сана ахуалы құрайтындығына да байланыста қалдырады, бұларды субъективті психология, барлық басқа ғылымдардан мүлдем оқшау тұрған ғылым зерттейді. Ақыр соңында, әлеуметтанушы әрбір тайпа мен әрбір халықты біртұтас жиынтықтың бөліктері ретінде бір-бірімен байланысқан, бір мезгілдік және дәйекті көптеген құбылыстардан тұратын агрегат ретінде қарастырады. Осылай, барлық жағдайларда да нақты ғылым қандай да бір нақты агрегатпен (немесе бірнеше нақты агрегаттармен) айналысады; және ол осы агрегат жөнінде оның көлеміне, пошымына қозғалысына, тығыздығына, оның мүшелерінің жалпы орналасу құрылысына, оның микроскопиялық түзілісіне, оның химиялық құрамына, температурасына және т.б. қатысты, сондай-ақ агрегат ретінде өз болмысының бастауынан өзінің тіршілігін тоқтатқан кезге дейінгі ол тап болатын көптеген материалдық және динамикалық өзгерістерге қатысты белгілі болатын бәрін қамтиды.
Ешқандай абстрактылы-нақты ғылым бұлай жасамайды. Барлығын бірге алғанда абстрактылы-нақты ғылымдар агрегаттарға тән қасиеттердің әрқилы тектерін сипаттайды; ал әрбір абстрактылы-нақты ғылым осы қасиеттердің белгілі бір класымен айналысады. Біреуі барлық агрегаттарға ортақ қасиеттерді; екіншілері – неғұрлым арнайы пошымы бар агрегаттардың қасиеттерін зерттеп, тұжырымдайды; үшіншілері агрегаттардан белгілі бір құрамдас бөліктерді алып, оларды қалғандарынан оқшаулайды және олардың қасиеттерін зерттейді. Алайда бұл ғылымдардың барлығы да агрегатарды жеке-дара объектілер деп мүлдем ойламайды. Қандай да бір дара қасиет немесе біріккен қасиеттердің жиынтығы – бұл ғылымдар айналысатын мәселелер тек осылар. Механиканың өзі қарастыратын қозғалыстағы масса планета немесе молекула, семіп қалған ағаштың өзенге лақтырылған бұтағы, немесе оның артынан секірген ит екендігімен ешқандай ісі жоқ; бұл жағдайлардың екеуінде де қозғалыстағы дене жасайтын қисық сызық бір заңға сәйкес болады. Физика туралы да, ол қандай да бір дене көлемінің өзгеруі мен молекулалық қозғалыс санының өзгеруі арасындағы қатынасты зерттеу пәні ретінде алған кезде де осыны айтуға болады; өзінің пәнін жалпы қарастыра отырып, ол материяға ешқандай көңіл бөлмейді, оны материяның бір немесе басқа тегіне қатысы бойынша зерттесе, ол көлемге немесе плшымға жататын нәрсенің бәрін жайына қалдырады; ол пошымға ықпал ететін әрекеттерді зерттеген кездегі неғұрлым жеке жағдайлар жөнінде бұлай етілмейді, бірақ, тіпті осы жағдайдың өзінде де ол дененің көлемін айдалада қалдырады. Химик туралы да осыны айтуға болады. Ол қандай затты зерттемесін, оның көлемі немесе саны елең қылмайтыны былай тұрсын, ол тіпті оның түйсінуге оңай болуын да талап етпейді; ол өзі тәжірибе жасайтын көміртегінің бір бөлігі өзінің пошымы жағынан алмас, графит немесе көмір болып көрінуі немесе көрінбеуі мүмкін – бұл оған бәрібір. Ол оның әрқилы жағдайдағы түрлік өзгерістері мен қосылыстарына зер салады: ол оны бірде оттегімен қосылысынан көзге
көрінбейтін газ түрінде табады; бірде неғұрлым күрделі эфир, қант, май секілді денелерде басқа элементтермен жасырылған күйінде табады. Күкірт қышқылының немесе басқа қандай да бір реактивтің көмегімен ол оны қою тұнбаға немесе тым ұсақ ұнтаққа айналдырады; өзге бір жағдайларда жылудың көмегімен ол оны жануарлар тінінің құрамынан байқайды. Осылайша көміртегінің тектестігі мен атомдық эквиваленттілігін анықтай отырып, химик қандай да болсын агрегат атаулымен ешқандей ісі болмайды; ол көміртегімен қосылыстың ешбір жеке ахуалында болмайтын зат ретінде, пошым мен сыртқы түрінде сан жоқ зат ретінде, қысқасы абстрактылы және мінсіз зат ретінде айналысады; ол оны өзі сипаттайтын жеке құбылыстар шығатын белгілі бір қасиеттер мен күштер дарыған нәрсе ретінде елестетеді: оның бірден-бір мақсаты – сол күштер мен сол қасиеттерді анықтау. Ақыр соңында, абстрактылы ғылымдар да, өздерінің тарапынан, агрегаттар және олардың құрамдас бөліктері ие болуы мүмкін күштермен ісі болмайды; олар тек қатынастармен – агрегаттар арасындағы немесе агрегаттардың бөліктері арасындағы қатынастармен, агрегаттар мен олардың қасиеттері арасындағы қатынастармен, қасиеттердің немесе қатынастардың арасындағы қатынастармен ғана айналысады. Нақ осы логикалық формула осы қатынастардың мүшелері адамдар мен олардың болмауына, кристалдар мен олардың құрылғыларында немесе әріптер мен олардың дыбыстарына – бәріне бірдей қолданыла береді. Математикаға келетін болсақ, ол тек қатынастармен ғана айналысады; мұны оның шексіз ұсақ үшбұрышты анықтау үшін және сондай-ақ ұшар басы Сириус, ал негізі жер орбитасының диаметрі болатын үшбұрышты анықтау үшін дәл әлгә сөздерді қолданатындығынан көруге болады. Осы ғылыми топтар анықтамаларының заңдылығына қалайша күмән келтіруге болатыны миыма қонбайды. Әрбір нақты ғылымның пәні қандай да бір агрегат, немесе қандай да бір органикалық немесе анорганикалық агрегаттар, немесе астам органикалық агрегат (қоғам) екендігін теріске
шығару мүмкін емес; қайсыбір қатардағы қасиеттерге мүлдем назар аудармастан, ол барлық қатарлардан жиналған қасиеттерді үйлестірумен ғана айналысады. Абстарктылы-нақты ғылым осынау қасиеттердің қандай да бір қатарын таңдап алып, агрегатқа тән барлық қалған қасиеттерді жайына қалдыратыны, тіпті агрегаттарды олардың ұғымы зерттеліп жатқан дара қатарды зерттеу аясына кіргендіктен ғана мойындайтыны да соншалық айдан анық секілді. Және де мен абстрактылы ғылым, ойлау табиғаты мүмкіндік беретіндіктен, өзінің қағидаларын агрегаттар мен қасиеттер атаулыға қандай да бір ишарасыз арылта отырып, тек тіршілік ету мен қарекеттің кез-келген түрінен тыс алынатын қатар өмір сүру мен дәйектілік қатынастарымен айналысатыны да айқын ғой деп ойлаймын. Демек, ғылымдардың осы үш тобының тек агрегаттар теориясына, қасиеттер теориясына және қатынастар теориясына қатысты ғана мәні болса, олардың арасындағы бөлініс мүлдем айқын ғана емес, оларды бөліп тұрған аралықтар да жойыла алмайтыны мүлдем айқын. Конттың топтастыра жіктеуінің қаншалықты осалдығы енді бәлкім, неғұрлым айқын көрінетін болар. Осы негізгі өзгешеліктерді жалпылама баяндап, одан бұрын мен, егер абстрактылы, абстрактылы-нақты және нақты ғылымдарды Конт ұсынған ретпен орналастырсақ, содан туындайтын сәйкессіздіктерді көрсеткен болатынмын. Егер осы топтардың жалпы атауларын жоғарыда берілген анықтауыштармен алмастырсақ, бұл сәйкессіздіктер одан да сорақы болып шығады. Онда былай болар еді: Математика ............................ қатынастар теориясы (ал механика)....................................қасиеттер теориясы Астрономия....................................агрегаттар теориясы Физика ...........................................қасиеттер теориясы Химия .............................................қасиеттер теориясы Биология ........................................агрегаттар теориясы Әлеуметтану.....................................агрегаттар теориясы
Қандай да бір доктринаға иманын ұйытқан адамдар сол доктринаға қарама-қарсы доктринаның кемшіліктерін айқын көріп, өздері ұстанатын доктринаның кемшіліктерін көрмейді, – бұл тым таптаурын пікір, бірақ философиялық көзқарастарға да, басқа барлық көзқарастарға да бірдей қолдануға болатын пікір. Бір тал сабан мен бөрене туралы тәмсілді адамдардың өздерінің пікірлері туралы пайымдауларына да, бір-бірінің мінез-құлқы туралы пайымдауына да қолдануға болады. Бәлкім, позитивистер мектебіндегі достарым үшін осы ақиқатты менің өзім, мен үшін оны олардың өздері қуаттайтын шығар. Біздің қайсымыздың көзімізге бөрене немесе сабан түсіп кеткені (бұл тәмсіл тура мағынасында қазақтың "жығылып жатып, сүрінгенге күледі" деген мәтеліне сәйкес – ред.) екі жүйеге де қалыс адам ғана айта алады. Ал әзірше айқын нәрсе, бұл докитриналардың екеуінде де елеулі қателіктер бар және ешқандай өзгерту оларды бітістіре алмайды. Яки ғылымдарды мен жасағандай топтастыра жіктелмейді, яки оларды Конт ұсынған сызықтық қатарға орналастыруға болмайды.
“Герберт Спенсер. Опыты научные,
политические и философские. Минск, 1998”
басылымынан қазақшалаған философия
ғылымының кандидаты, доцент Ілияс ӘЙТІМБЕТ.
Габриель Тард
АЛҒЫСӨЗ
Ұжымдық психология немесе әлеуметтік психология әуезіне көбіне фантастикалық мағына беріледі, бәрінен бұрын содан арылуымыз керек. Ол мағына мынадай: біз ұжымдық ақыл, ұжымдық сана дегенді әрбір жеке адамның ақылынан жоғары немесе оқшау тіршілік ететін ерекше біз деп білеміз. Кәдуілгі психология мен бізге салса интерспиритуалдтік психология деп атағымыз келетін әлеуметтік психология арасында айқын шекара сызығын жүргізу үшін, мұндай көзқарастың, мұндай мистикалық түсініктің түкке де керегі жоқ. Шынында да, олардың біріншісі басқа сыртқы нәрселердің бүкіл жиынтығына ақылдың қатынасын қозғаса, екіншісі ақылдардың өзара қатынасын, олардың біржақты немесе өзара, әуелі біржақты, содан кейін өзара қатынастарын зерттейді яки зерттеуге тиіс. Осылай біріншісі мен екіншісінің арасында тек пен түрдің арасында болатын айырмашылық бар. Бірақ бұл жағдайда түр соншалық маңызды және соншалық ерекше сипатқа ие болады, сондықтан оны тектен бөліп алып, оған арнайы тән әдістердің көмегімен түсіндіру қажет. Оқырман бұл кітаптан табатын жекелеген этюдтер ұжымдық психологияның осынау ауқымды саласының фрагменттері. Оларды тығыз байланыс біріктреді. Бұл жерде нағыз шын орнын анықтау мақсатымен, осы кітаптың соңғы бөлімін құрайтын тобырлар туралы этюдті қосуға тура келді. Шынына келгенде, осы зерттеулердің арнаулы басты пәнін құрайтын жұритшылық бытыраңқы тобырдан басқа ештеңе емес, онда ақылдардың бір-біріне деген ықпалы қашықтағы, бірте-бірте ұлғая беретін қашықтағы қарекетке айналады. Ақыр соңында, қашықтағы немесе тікелей жанасудағы барлық осынау қарекеттердің нәтижесі болып табылатын пікір, тән үшін ой қандай нәрсе болса, тобыр мен жұртшылық үшін сондай нәрсе. Және де егер пікір дегеніңізді туындататын сол қарекеттердің арасынан біз ең ортағы мен тұрақтысын іздесек, мұның әлеуметтанушылар мүлде ұмытып кеткен қарапайым, әлеуметтік қарым-қатынас әңгіме екеніне оп-оңай көз жеткіземіз.
Барлық халықтардағы барлық уақыттағы әңгіменің толық тарихы әлеуметтік мәні бар ең қызықты құжат болар еді; және де егер осы мәселеге байланысты барлық қиындықтарды көптеген оқымыстылардың ұжымдық жұмысының көмегімен жеңудің сәті түссе, онда осы мәселе бойынша бір-бірінен мейлінше әртүрлі халықтардан алынған деректерді салыстырудан ортақ идеялардың мол қоры бөлініп шығар еді де, сол идеялар салыстырмалы әңгімеден салыстырмалы дінге, салыстырмалы өнерге және тіпті салыстырмалы өнеркәсіпке, басқаша айтқанда саяси экономияға шамалы ғана жол беретін нағыз ғылым жасап шығаруға мүмкіндік беретіндігіне күмән жоқ. Бірақ сондай ғылымның бірнеше парақтың бетіне созылатын жоспарын нобайлап беруге тырыса алмайтыным, әлбетте, белгілі нәрсе. Ең болмағанда эскиздік нобай үшін жеткілікті мәлімет болмағандықтан, мен оның болашақ орнын ғана көрсете алдым, және де егер, соның болмағанына өкініш білдіре отырып, қандай да бір жас зерттеушінің бойында осы маңызды бос орынды толтыруға ықылас тудырсам, мен бақытты болар едім.
Мамыр, 1901
Г. Тард
ЖҰРТШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТОБЫР
Тобыр өзін көргендерді тек жақындатып қана қоймай, қоярда қоймай шақырып алады; оның атауының өзінде қазіргі заман оқырманы үшін елітіп әкететін, сүйкімді бір нәрсе бар, және де кейбір жазушылар осынау екі ұшты сөзбен адамдардың сан алуан топтарын нобайлауға бейім. Осынау дүдамалдықты аластап, әсіресе жұртшылықты тобырмен шатастырмау керек, бұл сөзді де түрліше түсінуге болады, бірақ мен оның нақты анықтамасын беруге тырысамын. Қандай да бір театрдағы
жұртшылық; қандай да бір жиналыстағы жұртшылық деп жатады ғой; бұл жерде “жұртшылық” сөзі тобырды аңғартады. Бірақ тілге тиек сөздің бұл мағынасы жалғыз да, бастысы да емес, және де ол бірте-бірте өзінің мәнінен айрыла бастаған немесе өзгермей қалып отырған тұста, жаңа дәуір кітап басып шығаруды ойлап табумен бірге жұртшылықтың ерекше бір тегін ұсынды, ол ұдайы өсіп-өнуде, және оның шексіз таралуы заманымыздың аса бір сипатты белгілерінің бірі. Тобыр психологиясы анықталған; енді сөздің ерекше мағынасындағы, яғни, индивидуумдардың таза рухани жиынтығы ретіндегі, тән жағынан дара-дара таза ақыли байланысы жағынан біріккен топтары ретіндегі жұртшылық психологиясын анықтау қалды. Жұртшылық қайдан шығады, ол қалай туындайды, қалай дамиды, оның өзгеруі, оның өз башыларына көзқарасы, оның тобырға, корпорацияларға, мемлекеттерге көзқарасы, оның жақсы немесе жаман істегі құдіреттілігі және оның сезіну немесе қарекет жасау тәсілі – бұл этюдте зерттеу тақырыбы болатын міне осылар. Ең төменгі жануарлар қоғамында бірігу негізінен материалдық ұштасудан құралады. Біз өмір дарағымен өрмелеген сайын әлеуметтік қатынастар рухани сипат ала береді. Бірақ, жекелеген индивидуумдар бірбірімен енді қайтып кездесе алмайтындай алыстап кетуіне немесе бірбірінен сол қашықтықта белгілі бір, едәуір қысқа мерзімде қала берсе, олар ассоциация болудан қалады. Міне осылай тобыр осы мағынада белгілі бір дәрежеде жануарлар патшалығындағы құбылыс секілді. Ол түптеп келгенде физикалық қақтығыстардан туындайтын психикалық ықпалдар қатарына жатпай ма? Бірақ бір ақылдың басқа ақылмен, бір жанның басқа жанмен тілдесуінің кез-келгені тән жақындығының қажеттілігінен туындай бермейді. Біздің өркениятты қоғамдарымызда қоғамдық ағым делінетіндер нобайланған тұста бұл шарт мүлдем болмайды. Қазір ең бір селт етпейтін жүректерді, қарсыласуға келгенде тас-түйін ақылдарды әй-шайға қаратпай жаулап алып, парламенттер мен үкіметтерді заңдар мен декреттерді құрбан
нтуге мәжбүрлейтін осынау әлеуметтік дариялар7 осынау орасан зор тасқындар көшелерде немесе алаңдарда өтіп жататын жиындарда бастау алып, кеңейе түскен жоқ. Бір ғажабы, осынау адамдар осылай еліккен, бірін-бірі өзара қоздыратын, немесе, дұрысы, жоғарыдан түскен аяндарды бірі екіншісіне беретін адамдар, өзара араласпайды, бірін-бірі көрмейді де, естімейді де; олар ұлан-байтақ аумақта шашырап орналасқан, өз үйлерінен шашау шықпайды, оқитындары да бір газет. Олардың арасында қандай байланыс бар? Бұл байланыс осынау идеяны немесе осынау тілекті дәл осы сәтте орасан көп басқа адамдар қолдайды деген сенімнің немесе елігудің, әрбір адамды билеп алатын сананың бір мезгілдігінде. Адамға сонау басқа адамдарды көрмей-ақ осыны білу жеткілікті, оған өзі көрінбейтін, таныс емес, сонда да билеп әкететін, ортақ рухтандырушы тек бір журналист емес, сонау басқа адамдардың бүкіл жинақталған массасы ықпал етеді. Оқырман әдетте өзі оқып жүрген газеттің табанды, бой бермес дерлік ықпалына түсіп қалғанын жалпы аңғармайды. Ал журналист болса өзінің жұртшылыққа жарамсақтығын біліп, оның табиғаты мен талғамын ешқашан ұмытпайды. Бұдан әрі оқырман аңғалдығы күшейе түседі: ол басқа оқырмандар массасының өзіне ықпалын мүлде аңғармайды. Соған қарамастан, бұл ықпал даусыз. Ол ықпал оның қызығушылық деңгейінен көрінеді, егер оқырман сол қызығушылыққа неғұрлым көп немесе неғұрлым таңдаулы жұртшылық ортақ екенін білсе немесе солай ойласа, ол қызығушылық арта түседі; ол ықпал, жағдайға қарай, оның көпшіліктің немесе таңдаулылардың пікірлеріне бейімделуге тырысатын пікірінде де аңғарылады. Мен бүгінгі деп ойлаған газетті ашып, ондағы әрқилы жаңалықтарды асыға оқи бастаймын; кенеттен оның өткен айдағы немесе кешегі газет екенін аңдаймын да, тура сол сәтте ол мені қызықтыра алмайды. Мұндай табан асты суыну қайдан келеді? Сонда хабарланған
7 Айта кетелік, осынау гидравликалық салыстырулар тобыр туралы да, жұртшылық туралы да сөз болған сайын сұранып тұрады. Олардың ұқсастығы да осыдан көрінеді. Кешкісін жария мереке кезінде ағылып бара жатқан тобыр, өзінің ағысының баяулығымен, иірімінің көптігімен, арнасыз ағып жатқан немесе белгілі бір арнасы жоқ өзенді еске түсіреді, сондықтан, жұртшылықты былай қоя тұрсақ, тобырды организммен салыстыру бекершілік. – Бұл, өмірі дәл анықталмаған ағын су.
фактылар мәні қызық болмағаны ма? Олай емес, бірақ бізде оны жалғыз өзіміз оқып жатқандай ой туады, соның өзі жетілікті. Мұның өзі, біздің қызығушылығымыздың деңгейі біздің сезіміміздің көптеген басқа адамдар сезімдерімен ортақтығы жөніндегі парықсыз иллюзиядан туындайтындығын дәлелдейді. Кеше немесе бүрсігүні шыққан газет саны, бүгінгімен салыстырғанда, қаптаған тобыр арасында тыңдаған сөзбен салыстырғанда өзің үйде отырып оқыған сөз сынды. Өзіміз бір бөлігін құрайтын жұртшылық тарапынан жасалатын осынау байқалмайтын ықпалға санадан тыс бой ұрғанда, біз мұны жай ғана күн талабы дегеннің жанымызға жақындығымен түсіндіруге бейімбіз. Егер бізді газеттің ең соңғы саны қызықтырса, бұл оның бізге күн талабынан туған фактыларды хабарлайтындығынан және оны оқу барысында тіпті де оларды басқалар да бізбен бір мезгілде білетіндігі емес, оның бізге жақындығының өзі еліктіретіндігінен секілді болып көрінеді. Бірақ өскелең күші өркениятты өмірдің ең сипатты белгілерінің бірі болып табылатын, осынау бір соншалық оғаш күн талабының ықпалын жақсылап талдайық. Сонда “күн талабы” деп тек жаңа ғана болған нәрсе санала ма? Жоқ, күн талабы дегеніңіз баяғыда өтіп кеткен факт болса да, дәл қазіргі сәтте жалпының аузынан түспейтін нәрсенің бәрі. Соңғы жылдары Наполеонға қатысты нәрселердің бәрі "күн талабы" болды; модаға енгеннің бәрі күн талабы болды. Дрейфустың ісі созылған уақыттың өн бойында, Африкада немесе Азияда әбден-ақ біздің тілімізге тиек бола алатын оқиғалар болып жатты, бірақ олардан күн талабына жататын ештеңе таба алмады, қысқасы, күн талабына құмарлық жұртшылықпен бірге өсіп, тақ сол оның ең керемет көріністерінің бірінен басқа ештеңе де емес секілді; ал мерзімдік, әсіресе күнделікті баспасөз өзінің қасиетіне сәйкес күн талабына бәрінен сай нәрселерді тілге тиек ететіндіктен, бір ғана газеттің әдеткі әртүрлі оқырмандарының арасында ілуде бір ғана аңғарылатын, бірақ, төтенше маңыздылар санатына жататын ассоциация
секілді бірдеңе түйнек бойлап, өрбіп бара жатқанын көргенде таң қалудың керегі жоқ. Әлбетте, бір ғана жұртшылықты құрайтын индивидуумдар үшін осынау алыстан аян ету мүмкін болуы үшін, олар белсенді қоғамдық өмір, қалалық өмір ықпалымен, жақыннан аян етуге бой үйрентуі қажет болады. Біз балалық шақта, жеткіншек шағымызда басқалардың көзқарасының ықпалын сезе бастаймыз, ол біздің өзімізді ұстауымыздан, біздің ишараларымыздан, идеяларымыздың өзгеру барысынан, сөздеріміздің бейберекетсіздігінен немесе шамадан тыс қызбалығынан, біздің пікірлерімізден, біздің қарекеттерімізден санадан тыс көрініс табады. Және де біз көзқарастың осынау ықпалына сан жылдар бойы тап болғаннан және өзіміз ықпал еткеннен кейін ғана, біз тіпті басқаның көзқарасы туралы ой арқылы да, бізден алыс кісілердің назарына ілігеміз деген идея арқылы да, аян алуға қабілетті бола бастаймыз. Дәл сол секілді, жақыннан естілген догматтық және беделді үннің құдіретті ықпалын өзіміз ұзақ уақыт бойымызға сіңіргеннен және өзіміз де соны істегеннен кейін, бізге бағына кету үшін қандай да бір жігерлі пайымдауды оқып алу жеткілікті болады, және бізге ұқсастардың көбінің сол оймен ынтымағының өзі бізді олармен бірдей мағынада байлам жасауға итермелейді. Демек, жұртшылықтың құрылуы тобырдың құрылуына қарағанда әлдеқайда ілгері кеткен рухани және қоғамдық эволюцияны талап етеді. Осынау таза абстрактылы және соған қарамастан барынша нақты топ көздейтін таза мінсіз аян беру, жұғыспай-ақ еліктіру, екінші басқышқа көтерілген күш деуге болатын рухтанған тобыр, неғұрлым дөрекі, неғұрлым қарабайыр әлеуметтік өмірдің тұтас бір ғасырлары өтпей жатып, туындай алмас еді.
Не латын, не грек тілдерінде біз жұртшылық деп нені айтатынымызға сәйкес келе қоятын сөз жоқ. Халықты, қаруланған немесе қаруланбаған азаматтар жиынын, сайлау корпусын, тобырдың барлық түрін нобайлайтын сөздер бар. Бірақ ежелгі заман жазушысының қайсысының басына өзінің жұртшылығы туралы айту ойы келе қойыпты? Олардың бәрі көпшілік оқу үшін жалданған залдардағы өз аудиториясынан басқа ештеңе білмейтін, ол залдарда ақындар, Кіші Плинийдің замандастары аз ғана, жанашыр тобырды жинай алатын. Ал бірнеше ондаған дана етіп көшірілген манускрипттердің аздаған оқырмандарына келетін болсақ, олар қазір бір ғана газеттің, кейде тіпті модаға енген бір ғана романның оқырмандары құрайтын қоғамдық агрегат екендігін біле де алған жоқ. Жұртшылық Орта ғасырларда болды ма? Болған жоқ, бірақ сол замандарда жәрмеңкелер, қажылық, тақуалық немесе жауынгерлік сезімдері, ашу-ыза немесе үрей билеп алған қарақұрым жұрт болды. Жұртшылықтың пайда болуы ХҮІ ғасырда кітап басып шығару ісінің кеңінен таралуынан кейін ғана мүмкін бола бастады. Алыстан күш беру – алыстан ой берумен салыстырғанда түк емес. Ой дегеніңіз – негізінен әлеуметтік күш емес пе? Фульенің іdees-forces-ін еске түсіріңіздерші. Библия алғаш рет миллиондаған данамен басылып шыққан кезде мейлінше жаңа және сан жетпейтін салдарларымен бай құбылыс пайда болды, нақтылап айтсақ бір кітапты, яғни Библияны күнделікті және бір мезгілде оқудың арқасында оның оқырмандарының құрама бұқарасы шіркеуден бөлектелген жаңа әлеуметтік тәнді құрайтынын сезінді. Бірақ осы туындап келе жатқан жұртшылықтың өзі әлі шіркеумен аралас бөлек шіркеу еді; протестантизмнің әлсіздігі де оның бір мезгілде жұртшылық және шіркеу, әртүрлі принциптермен басқарылатын және өзінің мәні жағынан бітіспес екі агрегат болуында. Жұртшылық, өзі болып, тек ХІҮ Людовиктің кезінде ғана неғұрлым анық бөлініп шықты. Бірақ сол дәуірде де, тегеуріні жағынан қазіргіден бір де кем емес, монархтардың таққа отыруы тұсында үлкен мейрам-мерекелерде, әлсін-әлсін жайлайтын ашаршылық кезіндегі
бүліктер тұсында мән-мағынасы жағынан қазіргіден бір де кем емес тобыр болса, жұртшылық таңдаулы “honnetes gens” дейтіннің ат төбелндей тобынан құралып, олар өздерінің ай сайынғы журналын, ат төбеләндей ғана оқырмандарға арнап жазылған, азын-аулақ кітаптарды оқып жатты. Және мұның үстіне, бұл оқырмандар көбіне, сарайда болмаса да, Парижде топталған болатын. ХҮІІІ ғасырда осы жұртшылық жылдам өсіп, бөлшектеле бастайды. Мен Бейльге дейін үлкен әдеби жұртшылықтан ерекшеленетін немесе одан бөлектене бастаған философиялық жұртшылық болды деп ойламаймын; мен ғалымдар тобын, олар өзінің түрлі провинциялар мен мемлекеттерде шашырап жатқанына, бір текті ізденулер мен бір шығармаларды оқитындығына қарамастан, біріккен болса да, жұртшылық деп атай алмаймын; бұл топтың шағын болғандығы соншалық, олардың барлығы бір-бірімен хат арқылы хабарласып, өздерінің ғылыми араласқұраластығының басты нәрін осынау жеке байланыстардан тауып отырды. Арнаулы мағынасындағы жұртшылық дәл анықтау ас қиын сәттен, бір ғылымға құлай берілген адамдар бір-бірімен жеке-жеке хабарласып отыруға тым көбейіп кетіп, жеке-дара сипаты жоқ, жеткілікті жиі және ұдайы болып тұратын аралас-құраластық көмегімен ғана өздерінің арасындағы ынтымақ дәнекерлерін сезіне бастаған сәттен бедерленіп көріне бастады. ХҮІІ ғасырдың екінші жартысында саяси жұртшылық туындап, біртіндеп өсе бастады да, тасыған тұста өз салаларын қосып алатын өзен сияқты жұртшылықтың барлық басқа түрлерін – әдеби, философиялық, ғылыми жұртшылықты жұтып жіберді. Алайда, революцияға дейін жұртшылықтың өмірінің тынысы өздігінен алғанда баяу еді де, тек салондар мен кафелердің ғаламат жандануының арқасында әлі де байланысты болып отырған тобырдың өмірінің арқасында ғана маңызға ие болды. Революция журнализмнің, демек, жұртшылықтың да тиесілі орнына шынайы ие болуының датасы деп есептеле алады; революция –
жұртшылықтың ғаламат өсуінің сәті. Бұл революция тобырды қоздырмады деген сөз емес, бірақ бұл тұрғыдан алғанда оның ХІҮ, ХҮІ ғасырларда, тіпті Фронда дәуірінде болған бұрынғы өзара қырқыстар кезіндегіден ешқандай айырмашылығы болған жоқ. Фрондерлар тобырлары, Лиганы жақтаушылар тобырлары, Кабошты жақтаушылар тобырларының қорқыныштылығы да, саны да 14 шілде мен 10 тамыздағы тобырлардан тіпті де кем болған жоқ; тобыр есіту мен көру қабілеті мүмкіндік беретін белгілі бір шектен жоғары көтеріле алмады, өйткені ол дереу бытырап та кетеді, бірлесе қимылдау қабілетінен де дереу жұрдай болады; айтпақшы, мұндай қимылдар әрдайым бірдей; бұл – баррикадалар орнату, сарайларды тонау, адам өлтіру, бүлдіру, өрт салу. Оның қызметінің осынау, ғасырлар бойы қайталанып отыратын көріністерінен асқан біркелкі ештеңе жоқ. Бірақ 1789 жыл алдыңғы дәуірлер білмеген бір құбылыспен, атап айтқанда ашқарақтықпен оқылатын газеттердің кеңінен таралуымен сипатталады. Олардың кейбіреулері шала туғанымен, есесіне басқалары бұрын-соңды болмаған таралу картинасы іспеттес. Осынау ұлы да жексұрын публицистердің8 әрқайсысының – Мараттың, Демулэннің, Дюшен әкейдің өз жұртшылығы болды; және де сол кезде Францияны солтүстіктен оңтүстікке дейң, шығыстан батысқа дейін құлазытқан тонаушылардың, өрт қоюшылардың, баскесерлердің, адам жегіштердің, осынау тобырларын жұртшылықтың, ажал құшқаннан кейін Пантеонға салтанатпен шығарып салынған қаскүнем сақилары бостекі де түкірігі шашыраған сөздердің тажалды алкоголін оларға күн сайын аямай құйып беріп отырған топтарының қатерлі ісіктері мен қотырлары деп санауға болады. Бұл бүлікшіл тобырлар Парижде, тіпті провинциялар мен ауылдарда тек қана газет оқырмандарынан құрылады деген сөз емес, бірақ осы соңғылар оның қамыры болмаса да, бері салғанда ашытқысы болды. Дәл сол секілді
8 “Публицист деген сөз, – дейді Литтре, – Академиялық Сөздікте тек 1762 жылдан бастап пайда болды” және оның айтуынша – сонда, басқа да көптеген сөздіктерде әліге дейін тек мемлекеттік құқық туралы жазатын автор мағынасында көрсетіледі. Бұл сөздің мағынасы қолданылу барысында тек біздің ғасыр барысында кеңейді, ал жұртшылық сөзінің мағынасы, сол себептен, бері салғанда мен қолданған мағынада тарыла берді.
революциялық кезең уақытында соншалықты маңызды роль атқарған клубтар, кафедегі жиындар жұртшылықтан туындады, ал революцияға дейін жұртшылық кафелер мен салондардағы жиналыстардың себебінен гөрі, салдары ғана болып еді. Бірақ революциялық жұртшылық негізінен париждік жұртшылық болды, Парижден тыс жерлерде ол айқын көрінген жоқ. Артур Юнг өзінің әйгілі саяхаты кезінде, газеттердің тіпті қалаларда аз таралатындығына қатты таңырқайды. Рас, бұл ескерту революцияның бас жағына қатысты, шамалы кейін ол дұрыстығының бір бөлігінен айрылар еді. Бірақ ақырына дейін шұғыл хабарлардың болмауы қоғамдық өмірдің қарқындылығы мен кеңінен таралуының алдындағы еңсерілмес кедергі болды. Аптасына екі-үш рет қана, мұның үстіне Парижде шығуынан бір аптадан соң келетін газеттер өздерінің оңтүстіктегі оқырмандарына күн талабы әсерін және бір мезгілді рухани бірлік әсерін қалай бере алды, ал оларсыз газет оқу шын мәнінде кітап оқығанмен бірдей ғой. Қатынастың жетілдірілген тәсілдерінің және ойды кез-келген қашықтықта бір демде жеткізе алудың арқасында біздің ғасырдың үлесіне мынадай міндет – жұртшылыққа, әрқилы жұртшылыққа оның өзі соншалық қабілетті және жұртшылық пен тобырдың арасында соншалық анық кереғарлық туғызатын шексіз таралым беру міндеті тиді. Тобыр – өткеннің әлеуметтік тобы; ол әлеуметтік топтардың ішінде отбасындан кейінгі ең ежелгісі. Ол өзінің барлық түрінде – тұрса да, отырса да, қозғалмаса да, қозғалса да – белгілі бір шектен ары кеңеюге қабілетсіз; оның басшылары оның іn manuын қолдан шығарғанда тобыр, олардың дауысын естімесе, ол ыдырайды. Белгілі аудиториялардың ішіндегі ең ауқымдысы – Колизей аудиториясы; бірақ соның өзі жүз мың ғана адамды сиғыза алған. Периклдың немесе Цицеронның аудиториялары, тіпті орта ғасырлардағы Петр Пустынник немесе әулие Бернард сияқты ұлы уағызшылардың аудиториялары, аудиториялары, дау жоқ едәуір кіші болды. Сондай-ақ, мейлі саяси, мейлі діни шешендіктің құдіреті ежелгі заманда немесе орта ғасырларда
айтарлықтай ілгерілегені байқалмайды. Бірақ жұртшылық шексіз созыла беретін нәрсе, және де оның созыла түсуіне қарай оның әлеуметтік өмірі де неғұрлым қарқынды бола түседі, сондықтан ол болашақтың әлеуметтік тобына айналатынын теріске шығара алмайсың. Міне осылай, бірін-бірі өзара қолдайтын үш жаңалықтың – кітап басудың, темір жолдың және телеграфтың ұштасуының арқасында баспасөз, шешендер мен уағызшылардың ежелгі аудиториясын шексіз кеңейткен осынау тамаша телефон өзінің сұмдық құдіретіне ие болды. Сонымен, біздің ғасырымыз – “тобырлар дәуірі” деген батыл жазушы, д-р Лебонмен мен келісе алмаймын. Біздің ғасыр – жұртшылық немесе жұртшылықтар дәуірі, мұның өзі оның пайымдауына мүлде ұқсамайды.
ІІІ Белгілі бір дәрежеге дейін жұртшылық әлем деп аталатындарға – “әдебиет әлемі”, “саясат әлемі”, және т.б. ұқсас; айырмашылық тек мынада: осынау соңғы ұғым бір әлемге жататын адамдар арасындағы визит алмасу, қабылдау секілді бір жұртшылық мүшелерінің арасында болмауы да мүмкін жеке аралас-құраластықты көздейді. Бірақ, жұртшылық ішінара өз бастауын тобырдың белгілі бір тегінен, атап айтқанда шешендер аудиториясынан алатындығына қарамастан біз жоғарыда көргеніміздей, тобыр мен жұртшылық арасындағы алшақтық орасан. Тобыр мен жұртшылық арасында мен әлі анықтай қоймаған басқа да көптеген айырмашылықтар бар. Бір мезгілде, әдетте бола беретініндей, бірнеше корпорацияға немесе секталарға мүше болған сияқты, жұртшылықтың бірнеше тобына қосылуға болады, бірақ тобырға бір мезгілде тек біреуіне ғана қосыла аласың. Тобырдың, демек, тобырдың рухы жайлаған ұлттардың да әлдеқайда зор шыдамсыздығы нақ осыдан, өйткені онда адам басы бүтін құрсауға түседі, оны дауасыз күш әй-шайсыз еліктіріп әкетеді. Шыдамдылықтағы немесе тіпті скептицизмдегі әрдайым жақсыға ілгерілеу ілесе жүретін өзгеріс – тобырды бірте-бірте
жұртшылықпен алмастыруға байланысты артықшылық та осында. Рас, тым елеуреп алған жұртшылық, кей-кейде кездесіп қалатынындай, көшеде біреу жасасын немесе біреуге өлім деп айқай салып сандалатын қызылкөз тобырды тудыра алады. Және де осындай мағынада жұртшылықты ықтимал тобыр деп те анықтауға болар еді. Бірақ, жұртшылықтың тобырға дейін, сұмдық қауіпті құлдырауы, жалпы едәуір сирек болады; және де, ештеңеге қарамастан, жұртшылық тудырған бұл тобырдың дөрекілігі, қандай да бір жұртшылықтан тыс ұйысқан дөрекілігінен кем болмай ма деген секілді нәрсені, бұл жерде талқылаудан тартынсақ, өздерінің анық белгіленбеген шекараларында қосылып кетуге әрдайым дайын екі жұртшылықтың қақтығысы, екі дұшпан тобырдың бетпе-бет келуіне қарағанда, қоғамдық тыныштық үшін әлдеқайда кем қауіп төндіретіндігі мүлдем айдан анық. Неғұрлым жаратылыстық топ ретінде тобыр табиғат күшіне көбірек бағынады; ол жаңбырға немесе ашық күнге, ыстыққа немесе суыққа тәуелді; ол қыстан гөрі, көбіне жазда құрылады. Күннің шуағы оны жинайды, ал жаңбыр таратады. Бальи Париж әкімі болған кезде, ол жауынды күндерге ризашылығын айтып, аспан ашылып келе жатса ренжитін. Бірақ жоғары разрядты топ ретінде жұртшылық мұндай өзгерістерге және физикалық ортаның құбылмалылығына, жылдың мезгіліне немесе тіпті климатқа да қарамайды. Жұртшылықтың пайда болуы мен дамуы ғана емес, тіпті оның шектен тыс еліруінің өзі – біздің ғасырда пайда болып, барған сайын өсіп бара жатқан сырқат та осынау ықпалдарға селт етпейді. Бұл тектес сырқатиың ең ауыр дағдарысы, біздің ойымызша, атап айтқанда Дрейфустың ісі, бүкіл Еуропада қыстың қақ ортасында ашуға мініп тұрды. Егер гәп тобыр туралы болса, әдетте бола беретініндей, солтүстікке қарағанда оңтүстікте көбірек айқай-шу туғызар ма еді? Жоқ! Керісінше ол Бельгияда, Пруссияда, Ресейде бәрінен күшті дүмпу туғызды. Ақырында, нәсіл таңбасы тобырға қарағанда жұртшылықта әлдеқайда кем
байқалады. Және де бұл төмендегі пікір тегеурінімен басқаша бола алмайды. Ағылшын митингісі француз клубынан, қыркүйектегі сойқан африкалықтарға жасалатын Линч заңы бойынша сорақы сотсымақтан, итальяндық мереке орыс патшасының таққа отыруынан неліктен соншалық қатты ерекшеленеді. Аңғарғыш адам тобырдың ұлтына қарап, оны құрайтын индивидуумдардың әрқайсысы қалай істейтінін айтып беруден гөрі, оның қалай қимылдайтынын анағұрлым нық сеніммен неліктен айтып бере алады, және де соңғы үш-төрт ғасырда Францияның немесе Англияның құлықтары мен идеяларында болған орасан зор өзгерістерге қарамастан, біздің заманның буланжистік немесе антисемиттің француз тобырлары көптеген белгілерімен Лига немесе Фронда жақтастарының тобырларына, ал қазіргі ағылшын тобырлары – Кромвель уақытындағы тобырларға неліктен ұқсас? Өйткені, тобырдың құрылуында индивидуумдар өздерінің бейтараптандырылатын жекелік ерекшеліктерімен емес, тек қосыла келіп бір бүтінді құрайтын ұқсас ұлттық белгілерімен қатысады; тобырдың құрылуы кезінде жеке ерекшеліктің кедір-бұдырлары сыртқа жарып шығатын ұлттық тұрпат пайдасына өзара тегістеліп кетеді. Және бұл көсемдердің дара ықпалына кереғар болып жатады, ол ықпал әрқашан сезіліп тұрады, бірақ өздері басқаратындардың өзара ықпалдастығынан әрдайым қарама-қарсы күш табады. Ал публицистің өз жұртшылығына жасайтын ықпалына келсек, ол дәл осы сәтте едәуір бәсең болғанымен, есесіне өзінің ұзақтығы бойынша тобырдың басшысы беретін қысқа мерзімді және өткінші түрткіден неғұрлым күшті. Ол-ол ма, белгілі бір жұртшылық мүшелерінің бір-біріне жасайтын ықпалының күші шамалы, және ешқашан публициске қарсы шықпайды, керісінше, оқырмандардың бір көрік күн сайын жел беріп отыратын идеяларының, бейімінің, сенімдерінің немесе
құштарлықтарының, икемділіктерінен, өздерінің бір мезгілдегі ұқсастықтарын түсінуінің салдарынан публициске әрқашан көмектеседі. Бәлкім, бейәділет те шығар, бірақ шындыққа белгілі бір жақындықпен және көрінеу негізбен, кез-келген тобырдың көсемі бар деген ой жөнінде дауласуға болады; шынында да, көбіне-көп көсемді тобырдың өзі жетелейді. Бірақ, кез келген жұртшылықтың өзінің дем берушісі, ал кейде жасаушысы да болатындығына кім дауласпақ? Сент Бёвтің, “кемеңгер дегеніміз – өзінің халқын жасайтын патша” деген сөзін әсіресе ұлы журналистке қолдануға болады. Қаншама публицистер өздеріне жұртшылық жасап алады десеңізші!9 Рас, антисемиттік қозғалысты өршіту үшін Эдуард Дрюмонның үгітшілік күш-жігері халық арасындағы белгілі бір ақыли ахуалға сай клуі қажет болды; бірақ, осынау ақыли ахуалға ортақ үн берген зор бір дауыс естілгенше, ол ахуал таза жекелік, шабан, жұғуы одан да кем және өзін-өзі бағалай білмейтін ахуал күйінде қала берді. Сол ахуалды білдірген адам, бәлкім жасанды шығар, бірақ соған қарамстан нақты қоғамдық күшті жасағандай болды. Мен бірде-бір еврейді ешқашан ешкім көрмеген француз облыстарын білемін, бірақ бұл онда антисемизмнің шешек атуына бөгет жасамайды, өйткені онда антисемиттік газеттер оқылады. Дәл сол секілді ақылдың социалистік немесе анархиялық бағыты, кейбір әйгілі публицистер, Карл Маркс, Кропоткин және басқалар, соларды білдіргенге, оған өзінің атын беріп айналымға қосқанға дейңн, түкке тұрмайтын нәрсе еді. Осыдан кейін, жұртшылыққа ұлт рухынан гөрі жасаушының жеке таңбасы едәуір айқын бейнеленеді, және керісінше болуы тобырға лайық екенін түсіну қиын емес. Дәл сол секілді, бір елдің жұртшылығы өзінің әрбір негізгі бұтақтарында оның жетекшілері ауысса, өте қысқа уақытта қайта құрылатынын, және де, мысалы, Франциядағы қазіргі заманғы социалистік жұртшылық Прудон
9 Маған айтар, егер кез-келген ұлы публицист өзінің жұртшылығын құратын болса, онда кез-келген біршама елеулі жұртшылық өзінің публицистін жасайды. Осынау соңғы болжал, біріншісіне қарағанда әлдеқайда осал: біз өрісі өте кең топтардың көптеген жылдар бойы өз ортасынан өзінің бағдар табуына көмектесе алатын жазушыны бөліп шығара алмағанын білеміз. Қазіргі кезде католиктік әлем тура осындай жағдайда отыр.
заманындағы социалистік көпшілікке ештеңесімен ұқсамайтынын, ал әрқилы текті француз тобырлары өзінің әлпетін жүздеген жылдар бойы сақтап келе жатқанын түсіну қиын емес. Бәлкім, қандай да бір газеттің оқырманы, тобыр арасына сіңіп кеткен, соған еліккен индивидуумға қарағанда, өзінің ақыли бостандығын әлдеқайда көбірек сақтайды деген дау айтылар. Ол оқығанын тыныштықта ой елегінен өткізе алады, және оның дағдылы енжарлығына қарамастан, ол өзіне ұнайтын немесе өзіме ұнайды деп санайтын газетті тапқанша газеттерді ауыстыра алады. Екінші жағынан, журналист те оған ұнауға, сөйтіп ұстап қалуға тырысады. Жазылудың ұлғаю және кеу статистикасы керемет термометр, қандай қарекеттер мен ойларды ұстану керектігін редакторға ескертіп отырады. Осындай сипаттағы нұсқау әйгілі бір істе үлкен бір газеттің кенеттен бетбұрыс жасауына себепші болды, және мұндай бас тарту оқыс бір нәрсе емес. Сонымен, жұртшылық журналиске аракідік үн қатады, бірақ журналист өз жұртшылығына әрдайым ықпал етеді. Біраз ойланып барып оқырман өзіне газет таңдап алды, газет өзіне оқырмандар жинады, өзара іріктеу өтті, осыдан – өзара бейімделу. Біреу өзінің соқыр сенімдері мен нәпсісінің қыбын табатын газетті уысына түсіріп алды, газет – өзінің тіл алғыш та аңғал оқырманын, оның талғамын біршама ояттандыратын амалмен – ежелгі шешендердің сақтандыруларына ұқсас амалдармен оңай басқара алатын оқырманын уысына түсірді. Жалғыз кітапты ғана оқитын адамнан қорқу керек дейді, бірақ жалғыз газеттің адамымен салыстырғанда тәйірі ол неге татиды! Ал ол адам – шындап келгенде біздің әрбіреуіміз немесе біздің әрбіреуіміз дерлік пенде. Жаңа уақыттың қауіптілігі міне қайда жатыр. Сонымен, публицистің өзінің жұртшылығына сайып келгенде шешуші ықпал етуіне кедергі жасамай, жұртшылықтан оңай басқарылатын және жазушыға жақсы белгілі біртекті топ жасайтын осынау қосар іріктеу, қосар бейімделу жазушының көбірек күшпен алаңдамай қимылдауына мүмкіндік береді. Тобырдың біртектілігі жұртшылыққа қарағанда жалпы едәуір төмен: ол тез елігіп,
ассимиляцияланатын, соған қарамастан әртекті элементтерге ортақ
басшылықты қиындататын әуесқұмар жартылай сыбайластар бұқарасының
арқасында, әрқашан оңай көбейеді.
Осынау салыстырмалы бір тектілікті, нақ бір “ешқашан бір өзенде шомылмаймыз” деген секілді “біз ешқашан жалғыз бір ғана кітапты оқымаймыз” деген желеумен дауға салуға болады. Бірақ осынау ежелгі парадокстың даулы сипатын былай қойғанда, біздің ешқашан бір ғана газетті оқымаймыз, дегеніміз рас па екен. Кітапқа қарағанда газет едәуір әр түрлі болғандықтан, жоғарыда келтірілген нақыл кітапқа қарағанда оған көбірек лайық, деп ойлауы мүмкін. Ал шынына келгенде әрбір газеттің өзінің қазығы бар, және де осынау қазық барған сайын бедерлене түсуімен дараланып, осы жарқыраған қазық еліктірген бүкіл оқырмандар бұқарасының назарын аударады. Шынында да, мақалалардың алақұлалығына қарамастан, әрбір беттің өзіне тән бояуы, соған сәйкес порнографиялық, күйе жағушылық, саяси немесе қандайда бір басқа мамандығы бар, басқаларының бәрі соған құрбандыққа шалынады, және сондай беттің жұртшылығы оған ашқарақтықпен бас салады. Жұртшылықты осы қармақ жемімен аулаған журналист, оны өзінің қалаған жағына жетектеп жүре береді. Тағы да бір пікір. Жұртшылық сайып келгенде коммерциялық клиентураның белгілі бір тегі, бірақ едәуір өзгеше, клиентураның кезкелген басқа түрінен аып түсуге ұмтылатын тек. Белгілі бір орта адамдарының азық-түлікті бір деңгейдегі дүкендерден сатып алатындығының, бір модисткадан не тігіншіден киінетіндігінің, бір мәйханадан тамақтанатындығының өзі – олардың арасында белгілі бір әлеуметтік байланыс орнатады және осы байланыспен нығайып, атап көрсетілетін туыстықты көздейді. Біздің әрқайсысымыз, өзіміздің
қажетімізге сәйкес затты сатып ала отырып, осы арқылы біз өзіміз секілді, яғни, тамақтанатын, киінетін, барлық дерлік қажетін қанағаттандыратын әлеуметтік таппен бірлігімізді байқатып, аңғартамыз деген азды-көпті көмескі санаға бой алдырамыз. Экономистер байқаған бір экономикалық факт, осылай іш тарту қатынасымен күрделілене түседі, экономистердің назарына бұл қатынас та әбден лайық. Олар бір өнімнің немесе бір жұмыстың алармандарына, тек бір-бірінен өзінің қалағанын жырып әкетуге дайын бәсекелестер ретінде ғана қарайды; бірақ осынау алармандар сонымен бірге өздерінің бірлігін нығайтуға тырысатын, өздеріне ұқсамайтындар арасында ерекшеленіп тұрғысы келетін біртекті өзара ұқсас адамдар. Олардың тілектері басқалардың тілектерінен нәр алады, және тіпті олардың жарысының өзінде, өсу қажеттілігін қамтитын жасырын іш тарту бар. Бірақ ортақ бір газетті әдеттегі оқудың арқасында оқырмандар арасында туындайтын байланыс қаншалықты терең де етене десеңізші! Бұл жерде бәсеке туралы сөз ету ешкімнің ойына келмейді, бұл жерде тек сіңірілген идеялар ортақтығы және ортақтықты сезіну бар – бірақ сол сіңіруді сезіну жоқ, соған қарамастан, ол айдан анық болып қала береді. Дәл солай, әрбір жеткізіп берушінің екі түрлі – тұрақты және кездейсоқ аларманы болатыны секілді, газет пен журналдарда да екі санатты жұртшылық – тұрақты, айнымас жұртшылық және кездейсоқ, тұрақсыз жұртшылық бар. Жұртшылықтың осынау екі тегінің пропорциясы түрлі басылымдар үшін біршама бірдей емес; баяғыдан бар газеттерде – ескі партиялар органдарында, екінші категориядағы жұртшылық жоқ немесе өте аз, және де мен оларда публицистің өзі түскен және титімдей бір алауыздық төбе көрсетсе болды, қуылып кететін ортадағы төзбестік ахуалы салдарынан оның ықпал етуі ерекше қиын екендігімен келісемін. Бірақ есесіне, қол жеткен сол ықпал ұзаққа созылады және терең болады. Айта кетелік, тұрақты дәстүр бойынша бір газетке үйренген жұртшылық жойылуға жақын, ол барған сайын неғұрлым
тұрақсыз жұртшылықпен алмастырылып келеді, оған талантты журналистің ықпалы соншалық мықты болмаса да, есесіне әлдеқайда оңай қол жеткізіледі. Біз журнализмнің мұндай эволюциясына толық құқықпен өкіне аламыз, өйткені тұрақты жұртшылық шыншыл да иманы кәміл публицистерді өсіріп шығарады, ал өзгермелі жұртшылық үстірт, табанының бүрі жоқ, мазасыз публицистерді өсіріп шығарады; бірақ, тегінде осынау эволюция енді сөзсіз, кері бұрылмайтын болар, және біз оның қалам адамдарының алдынан ашатын әлеуметтік құдіреттің барған сайын ұлғайып бара жатқан болашағын көріп отырмыз. Бәлкім ол орташа публицистерді өздерінің жұртшылығының еркетотайлығына барған сайын бағындыра түсетін болар, бірақ ол ұлы публицистердің деспотизміне олардың езгідегі жұртшылығын барған сайын бағындыра түсетіні анық. Осынау ұлы публицистер тіпті ең жоғары мемлекеттік адамдардан әлдеқайда мол пікір туғызып, дүниені билеп-төстейді. Олар орнығып алардың алдында – олардың тақыты қандай берік болады деңіз! Саяси қайраткердің, тіпті ең әйгілілерінің соншалық жылдам тозып-қажуын аса шебер журналисттердің ұзақ та мызғымас патшалық етуімен салыстырып көріңіз, сонда ол ХІҮ Людовик секілділердің билеп-төстеуін немесе атақты комиктер мен трагиктердің мәңгілік табысын еске түсіреді. Осынау жекедара әміршілерге кәрілік дегеніңіз жоқ. Баспасөз үшін белгілі бір заң шығару міне сондықтан қиын. Бұл, ұлы корольдің немесе Наполеонның егемендігін шектегіміз келгенімен бірдей. Баспасөздің теріс қылықтары, тіпті қылмыстары жазаланбайды деуге болады, нақ бір ежелгі замандарда мінберлерде жасалған және орта ғасырларда кафедраларда жасалған теріс қылықтар үшін жазаланбағаны секілді. Егер қоғамның демократияық эволюциясы іске асуына қарай жекелеген тұлғалардың тарихи рөлі барған сайын азая беруге мәжбүр болады, ауыз жаппайтын тобырдың мүридтерінің айтқаны дұрыс десек, онда публицистердің күннен күнге өсе түскен маңызына ерекше таңдану
керек болар еді. Алайда олар сын сәттерде қоғамдық пікір туғызатынын теріске шығара алмайсың, және де егер саяси немесе әдеби топтардың осынау ұлы көсемдерінің екеуі немесе үшеуі бір мақсат үшін біріккісі келсе, ол қандай іске алғысыз болса да, оны табыс күтіп тұрғанын күн ілгері сеніммен айтуға болады. Бір тамашасы, пайда болған әлеуметтік топтардың ең соңғысы, біздің демократиялық өркенияттың барысында бәрінен кең дамып келе жатқан топ, яғни жұртшылықтың алуан түрлері бойынша әлеуметтік топ аса көрнекті жеке-дара мінез-құлықтарға өзін көрсетудің, ал соны жеке пікірлерге таралудың барынша кең өріске шығудың ең мол мүмкіндігін береді.
Ү Сонымен, қоғамның әртекті жұртшылықтарға бөліруі, ақылдың әрқилы ахуалына сәйкес келетін таза психологиялық бөлінуі қоғамның діни, экономикалық, эстетикалық экономикалық және саяси бөлімшелерінің корпорацияларға, секталарға, мектептерге, кәсіптерге және партияларға барған сайын анық айналуын алмастыруға, әрине, тырыспаса да, көлегейлеуге ұмтылатынын байқау үшін көзді ашып қарау жеткілікті. Бұл тек бұрынғы тобырдың, ділмарлар мен уағызшылар аудиторияларының тиісті жұртшылық – парламенттік немесе діни жұртшылық үстемдік ететін немесе ұлғайта түсетін тағы бір түрі ғана емес; өзінен тыс жерлерде шашырап жатқан жұртшылықты өз маңына үйіру үшін төл газетіне ие болғысы келмейтін, орта, ұжымдық сана тектес жұртшылыққа шапағын шашатын, жұртшылық тереңдеп бойлатылатын атмосфералық қабат секілді бірдеңе жасауға ұмтылмайтын секта жоқ. Және де, әрине, бұл сананы өздігінен жарамсыз және эпифеномен деп атай салуға болмайды. Дәл солай, орта ғасырларда әрбір корпорацияның өзінің дін қызметшісі, өзінің дағдылы уағызшысы болғаны секілді, ежелгі Грекияда әрбір таптың өзінің сенім көрсетілген шешені болғаны секілді, өзінің газеті немесе өзінің журналы болғанын қаламайтын үлкенді-кішілі
кәсіп жоқ. Әрбір жаңадан құрылатын әдеби немесе көркемдік мектептің бірінші қамы өзінің төл газетін ашу емес пе және ол онсыз өзінің өмір сүруін толыққанды деп есептей ме? Әлдебір мерзімді, күнделікті басылым өзін айғайлатып көрсетуге асықпайтын, соның көмегімен кең таралудан үміттенбейтін, соның көмегімен өзі қайта құрылғанша, басқамен қосылғанша немесе шектеліп кеткенше, күман жоқ, нығая түсетін партия немесе партияның бір бөлігі бар ма екен? Газетсіз партия бізге басы жоқ құбыжық болып көрінбей ме, Ежелгі заманның, орта ғасырлардың, тіпті француз ревлюциясына дейін осы заманғы Еуропаның барлық партиялары үшін қиялдағы мұндай сұмдық табиғи болды десек те? Барлық топтарды жұртшылықтың алуан түрлеріне осынау өзгерту, жұртшылықтың барған сайын өсіп келе жатқан қажетімен түсіндіріледі, ол жалпы мәліметтер мен қозудың үздіксіз ағымының көмегі арқылы, ассоциациялар мүшелерінің бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауын қажет етеді. Бұл дауасыз өзгеріс. Және де оның осылай өзгертілген топтардың тағдырына, олардың ұзақ ғұмырлығы, олардың беріктігі, олардың күш-қуаты, олардың күресі немесе олардың қосылуы мағынасында тигізетін немесе тигізіп те үлгерген ықпалының салдарларын қарастыру керек. Ұзақ ғұмырлық және беріктік мағынасында, ескі топтар, әрине, тілге тиек болып отырған өзгеріс тұсында ештеңе ұтпайды. Баспасөз тиіп кеткенінің, жандандырғанының бәрін орнықсыз етеді де, ең қасиетті, былай қарағанда ең өзгермейтін ғұрып, ол жұртшылыққа айналу жөніндегі жалпы үстем модаға бағынған бойда, мұқият жасырылып келген ішкі өзгерістердің айқын белгілерін байқатады. Газетке тән осынау күшке бір мезгілде бүлдіруші және қайта дандандырушы күшке көз жеткізу үшін, журнализмге дейін болған саяси партияларды осы заманғы саяси партиялармен салыстырудың өзі жеткілікті. Олар бұрын неғұрлым салмақты және неғұрлым ұзақ ғұмырлы, неғұрлым байыпты және неғұрлым табанды жаңару немесе блшектену әрекеттеріне неғұрлым
қасарыспалы болмап па еді? Торилар мен вигтардың, осынау ғасырар бойғы, соншалық анық та орнықты антитезаның орнына бүгінгі Англияда нелер бар? Ескі Францияда жаңа парияның дүниеге келуінен сирек ұшырасатын ештеңе болмайтын; біздің заманда партиялар тоқтаусыз өзгеру, өздігінен туындап, қайта жандану жағдайында болып отыр. Олардың бедел-абыройыа алаңдау немесе қам жеу барған сайын азайып барады, өйткені егер олардың билікке қолы жетсе, бұл тек олардың түбірінен өзгеруімен бірге болатыны баршаға жақсы мәлім. Бұрынғы ұрпақтан ұрпаққа көшетін дәстүрлі партиялардан тек естеліктер қалатын уақыт алыс емес. Бұрынғы әлеуметтік агрегаттардың салыстырмалы күші де баспасөздің араласуының арқасында қатты өзгеріп келеді. Ең алдымен айта кетелік, ол кәсіби таптық бөлімшелердің басым болуына тым қолайсыз. Кәсіатік мүдделерге, соттық, өнеркәсіптік, егіншілік мүдделеріне бағышталған кәсіптік баспасөздің оқырмандары бәрінен аз, ол бәрінен салғырт, тек жұмыс сылтауымен әңгіме ереуіл немесе саясат туралы қозғалғанда болмаса бәрінен салғырт. Бірақ баспасөз теориялық идеялар, мінсіз ұмтылыстар мен сезімдер бойынша топтарға әлеуметтік бөліністі бәрінен артық деп біліп, бадырайтып көрсетеді. Ол – абырой болғанда – мүдделерді теорияларға бөлеп, лапылдаған жігерге орап береді; тіпті оларға қызулық сипатын бере отырып та, оларды рухқа бөліп, асқақтата көрсетеді; және осылай өзгерту, кей-кейде қауіпті болса да, қалай дегенмен жалпы сәтті шығады. Идеялар мен құштарлықтар бір-бірімен қақтығысып, шарт та шұрт бола берсін, бірақ олар бәрібір мүдделерге қарағанда көп мәмілешіл. Діни немесе саяси партиялар, газет барынша күшті ықпал ететін және бірінші орынға қоятын әлеуметтік топтар болып табылады. Жұртшылыққа айналдырылған партиялар, біздің ата-бабаларымызды қайран қалдыратын жылдамдықпен пышырап, қайта құрылып, өзгеріп жатады. Және де олардың жұмылдырылуы, өзара шатасуы ағылшындық үлгідегі
парламентаризмнің жүйелі қызметімен орайласа қоймайтындығымен келісу қажет; бұл – уақ бақытсыздық, бірақ ол парламенттік тәртіпті барынша өзгертуге қабілетті. Бүгіндері партиялар, біресе бірнеше жылдың ішінде жұтылып, құрдымға кетіп жатады, біресе құлақ естімеген көлейіп жатады. Осынау жағдайда олар, тым оңғақ десек те, орасан зор күшке ие болады. Олар бұрын өздеріне беймәлім екі белгіні тапты: олар бір-біріне бойлап ену және интернационалдық болу қабілетін игерді. Олар біріне бірі оп-оңай бойлап енетіні, жоғарыда айтқанымыздай, біздің әрқайсымыз бір мезгілде жұртшылықтың бірнеше түріне жатамыз немес жата аламыз. Олардың интернационалдық бола бастауының себебі, бұрынғы уақыттарда партия көсемі, аса әйгілі ділмардың дауысы ешқашан ұшып жете алмайтын жерлерге газеттің қанатты сөздері еш қиындықсыз ұшып жете алады10. Баспасөз парламенттік және клубтық ділмарлыққа өзінің төл қанатын берді де, оны дүниежүзіне жеткізіп жүр. Егер жұртшылыққа айналған партиялардың осынау интернационалдық ауқымдылығы олардың өшпенділігін едәуір қауіпті етсе де, есесіне олардың өзара өтімділігі және шекараларының белгіленбегендігі олардың одақтасуын, тіпті сұмпайы одағын жеңілдетеді де, аттық бейбіт бітімге үміттенуге мүмкіндік береді. Демек, партияның жұртшылыққа айналуы, тегінде, олардың келісімінен гөрі олардың ұзақтығына бөгет жасайтын болар, және де осы өзгеріс туындатқан әлеуметтік қозғалыс әлеуметтік бірлікке жолды тезірек даярлайды. Мұның әділеттілігі соншалық, бір мезгілде өмір сүріп жатқан және қоғамда өзара араласып кеткен жұртшылық түрлерінің жыртылыпайрылатындығына және әртектілігіне қарамастан, олардың кейбір маңызды пункттер жөнінде ішінара келісе алуының арқасында, олар барлығы бірге ортақ бір жұртшылықты құрағандай болады; пікір дегеніңіз міне осы, ал оның саяси маңызы барған сайын өсіп келе жатыр. Ұлттық қауіп
10 “Tіmes”, “Fіgaro” секілді кейбір үлкен газеттердің және кейбір үлкен журналдардың жұртшылығы бүкіл дүние жүзіне бытырап жатыр. Жұртшылық түрлері – діни, ғылыми, экономикалық, эстетикалық жұртшылық – өзінің мән-мағынасы жағынан әрдайым интернационалды; діни, ғылыми және т.б., тобырлар тек оқта-текте ғана конгрестер түрінде интернационалды болады. Сол конгрестердің өздері де, олардың алдында тиісті жұртшылыққа осы бағытта үлгі көрсеткендіктен ғана, интернационалды бола алады.
байқалатын, халықтың өміріндегі белгілі бір сын сәттерде, мен айтып отырған осынау қосылыс керемет таң қалдырып, толық дерлік жүріп береді; және осы кезде біз ұлттың, par exellence әлеуметтік тобының, барлық басқалар сияқты, шұғыл хабарларды асыға күтетін, әбден ширыққан оқырмандардың орасан зор жиынтығына айналатынын көреміз. Соғыс кезінде француз армиялары мен “француз жұртшылығынан” басқа, Францияның таптары да, қолөнері де, синдикаттары да, партиялары да, әлеуметтік топтарының біреуі де жоқ секілді болып кетеді. Барлық әлеуметтік агрегаттардың ішінде тобыр жұртшылықпен бәрінен тығыз қатынаста болады. Жұртшылық көбіне тек ұлғайтылған және шашыраңқы аудитория екендігін көрсетсе де, онымен тобырдың арасында, жоғарыда көргеніміздей толып жатқан және сипатты айырмашылықтар бар, олар тіпті тобырдың прогресі мен жұртшылықтың прогресі арасындағы теріс қатынас тәрізді нәрсені орнатуға дейін барады. Рас, ширыққан жұртшылық көшелердегі бүлікшіл жиындарды туындатады; және де бір ғана жұртшылық байтақ кеңістікке тарала алатыны секілді, нақ солай, ол туындатқан шулы бұқара бір мезгілде бірнеше қалаларда жиналып, айқай салуы, тонауы адам өлтіруі әбден ықтимал. Солай болды да11. Бірақ, егер жұртшылық болмаса, барлық тобырлардың қосылып кетуі мүмкін емес нәрсе. Газеттердің барлығы және солармен бірге оның жұртшылығы жойылды делік, сонда халық профессорлық, тіпті уағызшылдық кафедралардың маңында неғұрлым көп және тығыз аудиториялар болып топтасуға, театрларды былай қойғанда көпшілік орындарды, клубтарды, салондарды, оқу залдарын жайлап алуға қазіргіден анағұрлым күшті ұмтылып, өздерін барлық жерде едәуір шулы ұстамас па еді?
11 Әрбір жұртшылық өзі тудырған тобырдың табиғатымен нобайланады деуге де болады. Діни жұртшылық Лурдқа қажылығымен, дүниауи жұртшылық – Лоншанға сапарымен, балдарымен, мерекелерімен, әдеби жұртшылық – театр аудиторияларымен, Француз академиясындағы қабылдаулармен, өнеркәсіптік жұртшылық – өздерінің ереуілдерімен, саяси жұртшылық – өздерінің сайлау одақтарымен, өздерінің депутаттар палаталарымен, революциялық жұртшылық – өздерінің бүліктерімен және баррикадаларымен нобайланады...
Біз кафелердегі, салондардағы, клубтардағы осынау барлық жарыссөздерді ұмыта саламыз, олардан бізді баспасөздегі салыстырмалы едәуір зиянсыз айтыс сақтап келді ғой. Рас, жұртшылық жиындарында тыңдаушылардың саны, жалпы кеміп келеді, ки бері салғанда өскен жоқ, және біздің ділмарларымыз тіпті ең атақтылары да отыз мың шәкіртін ертіп, құлазып жатқан Параклет өңірінің ең түкпіріне дейін бара алған Абелярдың жетістігіне маңайлай алмайды. Тіпті тыңдармандар саны соншалық көп болғанның өзінде, олар кітап басуға дейінгідей зейінді емес, ал оған дейін құлақ қоймау салдары сұмдық болатын. Қазіргі кезде төрттен үші бос тұрған біздің университетіміздің амфитеатрларында бұрынғыдай ағылып келетін тыңдармандар да, бұрынғыдай зейін де жоқ. Бұрын қандай да бір сөзді қалт жібермей тыңдайтындардың көпшілігі, қазір: “Мен мұны өз газетімнен оқып та аламын”... дейді. Міне осылай жұртшылық аз-аздап өсе береді, ал тобыр азая береді, мұныңыз оның маңызын бұрынғыдан да тез кемітеді. Коломбан немесе Патрик секілді апостолдардың қасиетті шешендігі солардың аузын баққан тұтас бір халықтарды жаулап алған кездер қайда кетті? Енді бұқараның ұлы үндеулерін журналистер жүзеге асырып жүр. Сонымен, қоғамның бөлшектенуінен туындаған топтардың табиғаты қандай болса да, олардың сипаты діни, экономикалық, саяси, тіпті ұлттық болса да жұртшылық олардың ақтық ахуалы секілді, басқаша сөзбен айтқанда, ортақ бөлгіші болады; бәрі де үздіксіз өзгерістерге ұшырап отыратын ақыл ахуалының осынау таза психологиялық топтарына оралып отырады. Және де, тілектер мен мүдделердің өзара қаналуына және өзара бейімделуіне негізделген, кәсіптік агрегаттың осынау өркенияттандырушы өзгеріс ауқымына мықтап тартылғаны тамаша. Біз атап өткен барлық айырмашылықтарға қарамастан, әлеуметтік эволюцияның12 бұл екі шеткі полюстерінің, тобыр мен көпшіліктің төмендегідей ұқсастығы бар:
12 Отбасы мен орда осы эволюцияның бастапқы екі нүктесі болып табылады. Бірақ орда дегеніміз тек қозғалыс үстіндегі тобырды көрсететін тонаушылардың дөрекі шайкасы.
олардың құрамына кіретін әрқилы индивидуумдардың байланысы, олардың бір бірімен өздерінің ерекшеліктерімен, өздерінің арнайы өзара пайдалы қаисеттерімен үйлесуінде емес, бір біріне өзара ықпалында, өздерінің табиғи немесе жүре келе ие болған ұқсас белгілерімен қарапайым құдіретті унисонға (бірақ тобырдан гөрі, жұртшылықта соншалық үлкен күшпен!) айналуында – идеялар мен құштарлықтардың қауышуына кірісуде, алайда бұл қауышу олардың жеке-дара айырмашылықтарына кең өріс береді.
Жұртшылықтың туындауы мен өсуін көрсетіп, оның тобырдың сипаты белгілерімен ұқсас немесе ұқсас емес сипатты белгілерін атап өтіп, және оның әр түрлі әлеуметтік топтармен генеологиялық қатынасын анықтап алғаннан кейін тобырдың түрлерімен салыстыра отырып, оның түрлерін топтап жіктеуге тырысып көрелік. Жұртшылықты да, тобырды да әр түрлі көзқарас тұрғысынан топтап жіктеуге болады; жынысына келсек, еркектер және әйелдер жұртшылығы бар, дәл сол секілді, еркектер және әйелдер тобыры бар. Бірақ модаға енген романдар мен өлеңдердің, модаға енген газеттердің, феминистік журналдардың және т.б., оқырмандарынан құралатын әйелдер жұртшылығы, сол жынысты тобырға тіпті де ұқсамайды. Оның сандық мәні мүлде басқаша және өзінің сипаты жағынан неғұрлым залалсыз. Мен шіркеудегі әйелдер аудиториялары туралы айтып отырған жоқпын, бірақ көшелерде кездейсоқ жиналғанда, олар өздерінің экзальтациясы мен қанқұмарлығының ерекше күшімен әрдайым үрейіңді алады. Осы мәселе бойынша Янсен мен Тэнді қайта оқып шығу керек. Біріншісі бізге 1529 жылы лютерандық уағыз салдарынан көтеріліске шыққан шаруалар мен шаруа әйелдердің шайкаларына жетекшілік еткен, еркек пішіндес мыстан Гофман деген біреу туралы әңгімелейді. “Оның бүкіл тұрпатынан өрт
лаулап, тонау мен кісі өлтіру есіп тұрған” және өз бандиттерін отқа салса күймейтін, суға салса батпайтын, оларды фанатиктерге айналдыратын дуаларды оқитын. Екіншісі бізге, әйелдердің тіпті әрі жас, әрі сұлу әйелдердің де 1789 жылдың 5-ші және 6-шы қазанындағы мінез-құлқын бейнелейді. Олар тек королеваны түгін қалдырмай жұлмалау, аяқ-қолын бұтарлау, “оның жүрегін суырып алып жеу", оның асыл тастарынан кокарда жасау туралы ғана айтады; олардың басына тек каннибалдық идеялар ғана келеді, тегінде, олар мұнысын іске асырып жүрген де болуы керек. Мұның өзі, бұл әйелдер бойында, моп-момақан болып көрінетіндігіне қарамастан, олар тобырға қосылған кезде қозатын жабайы инстинктер, тажалды бейімділіктер болады деген сөз бе? Жоқ, әйелдер тобырға біріккен кезде, олардың бойындағы неғұрлым арсыз, неғұрлым батыл, мен айтар едім, неғұрлым еркектерге тән нәрсе іріктеледі. Corruptіo optіmі pessіma. Әрине, тіпті мейірімсіз де арсыз газетті оқу үшін, соншалық арсыздық пен бетімен кетудің қажеті жоқ, әйелдер жұртшылығының жалпы саяси сипаттан гөрі, неғұрлым эстетикалық сипатқа ие ең жақсы құрамы міне осыдан екендігіне күмән жоқ. Жас жағына келсек, жастар тобыры – мономдар немесе студенттердің яки Париж гамендерінің бүлікшілік қарамы
– бозбалалар жұртшылығынан, тіпті ешқашан байыпты ықпалы болмаған әдебиет жұртшылығынан әлдеқайда маңызды. Керісінше, қарттар жұртшылығы, қарттар тобырлары ешқашан қатыспайтын жерлерде, барлық істерді атқарады. Көзге түсе қоймайтын осынау геронтократияның көмегімен сайлау құқығынан әлі жеріне қоймаған жас элементі басым сайлаушылар тобырларының эфебократиясына қарсы тежеуші күш орнатылады... Айтпақшы, қарттар тобырлары мүлдем аз. Шіркеудің алғашқы тұстарындағы қарт патриархтардың кейбір өңеш жыртысқан бас жиындарын немесе ежелгі және осы заманғы сенаттың кейбір қызылкеңірдек мәжілістерін жинала қалған қарттар байқамай барып қалатын ұстамсыздықтың мысалы ретінде, олардың басы қосылған кезде
байқалып қалатын ұжымдық жас албырттықтың мысалы ретінде айтуға болар еді. Тегінде, тобыр болып жиналу ұмтылысы бала кезден кемел жастыққа дейін барған сайын өседі де, содан кейін, осы жастан бастап қарттыққа дейін барған сайын кеми беретін секілді. Корпорацияларға бірігуге бейімділік басқаша жүреді, бұл бозбала кезден басталады да, барған сайын күшейіп, кемел жасқа, тіпті қарттыққа дейін күшейе береді. Тобырларды уақытына, маусымына, ауқымына... қарап та ажыратуға болады. Бұл айырмашылықты жұртшылыққа неге қолдануға болмайтынын айтқанбыз. Жұртшылықтың пайда болып, дамуына физикалық күштің ықпалы жоқтың қасы, ал тобырдың туындап, оның құлқына ықпалы орасан. Күн тобырды қоздыратын негізгі элементтердің бірі; қыстағы тобырларға қарағанда жаздағы тобырлар тым қызу қанды. Егер Х Карл өзінің атышулы ордонанстарын жариялау үшін желтоқсанды немесе қаңтарды күте тұрса, нәтижесі мүлдем басқаша болуы мүмкін еді. Бірақ нәсілдің (бұл сөзбен ұлтты меңзеп отырмыз) жұртшылыққа ықпалы тобырға ықпалынан кем емес, және француз жұртшылығының сипатынан furіa frаncese қатты сезіледі. Осының барлығына қарамастан, жұртшылықтың әрқилы түрлерінің арасында да, тобырдың әрқилы түрлерінің арасында да біз көрсетуге тиісті ең маңызды айырмашылық – олардың мақсаттарынан немесе олардың сенімдерінен келіп шығатын айырмашылық. Әрқайсысы өз шаруасымен, көшеде жүрген адамдар, жәрмеңке алаңына жиналған шаруалар, қыдырып жүргендер өте тығыз жиын құрай алады, бірақ бұл оларды ортақ мақсат немесе ортақ сенім толқытқан немесе біріктірген сәтке дейін жай ғана сапырылысу болады. Жаңа қызық олардың көзін де, есін де өзіне тартқан бойда, ойламаған қауіп немесе табан асты туындаған ашу-ыза олардың жүректерін бір ниетке бағыттаған бойда, олар ләм-мим демей біріге бастайды, әлеуметтік агрегаттың осынау алғашқы басқышы тобырдың нақ өзі. Тура осылай былай деуге болады: қандай да бір газеттің тұрақты оқырмандары әзірге олар тек хабарландырулар мен олардың жеке істеріне
қатысты практикалық мәліметтерді ғана оқып жүргенде жұртшылықты құрамайды; және де егер мен кейде жұрт ойлайтындай хабарландырулар газетінің маңдайына мінбер-газет есебінен ұлғаю жазылған деп ойласам, онда мен журнализм туындатқан әлеуметтік өзгерістер жөнінде жоғарыда жазғандарымның барлығын құртып жіберуге асығар едім. Бірақ ондай ештеңе Америкада да жоқ13. Сонымен, тек бір газеттің оқырмандары, оған өзек болған идеяға немесе құштарлыққа бой алдыра бастаған сәттен бастап қана олар жұртшылықты шын мәнінде құрайды. Сонымен, біз тобырды, дәл жұртшылық сияқты, ең алдымен, оны жігерлендіретін мақсат немесе сенім сипаты бойынша топтастыра жіктеуіміз керек. Бірақ әуелі оларда не нәрсе басым: сенім мен идея ма, немесе мақсат, ниет пе, соған қарап бөлеміз. Бір нәрсеге сенетін тобырлар және соны белсенді қалайтын тобырлар бар, бір нәрсеге сенетін жұртшылық және соны белсенді қалайтын жұртшылық бар; немесе дұрысы – өйткені бірге жиылған немесе алыстан-ақ біріккен адамдарда қандай да бір ой немесе тілек шырқау шегіне тез жетеді – иманы кәміл тобыр немесе жұртшылық және бір нәрсеге ынтық, деспоттық тобыр немесе жұртшылық бар. Тек осы екі категория арасынан таңдау ғана қалады. Алайда біз, тобырға қарағанда жұртшылық қарабайырландыруға оншалық құмар емес, ол деспоттық пен догматтыққа да құлықсыздау, бірақ оның деспотизмі мен догматизмі, соншалық шетін пошымда көрінбесе де, есесіне тобырдың деспотизмінен немесе догматизмінен әлдеқайда берік те орнықты дегенге келісуіміз керек. Бірдеңеге сенетін немесе соны белсенді қалайтын тобыр табиғаты бойынша да өзі қосылған корпорациядан немесе сектадан өзгешеленеді, және де бұл айырмашылықты жұртшылыққа да қолдануға болады, ол, біз
13 Американдық Гиддингс өзінің Әлеуметтану принциптері туралы тамаша еңбегінде, сөз арасында Оңтүстіктік штаттардың бөлінгісі келгендігінен туындаған соғыста газеттердің орасан зор рөл ойнағанын айтады да, осы орайда “баспасөз бұдан былай иесі көрсетілмеген пікірлерді күнделікті тоғыту арқылы қандай да бір жеке ықпалды тентіретіп жібереді,..” деген таптаурын пікірді теріске шығарады. Баспасөз, дейді ол, “қоғамдық пікірге өзінің ең үлкен ықпалын, Гаррисон немесе Грилей секілді қандай да бір аса көрнекті тұлғаның үнімен сөйлегенде жүргізеді. Ол-ол ма, үлкен жұртшылыққа белгісіз идеялы адам газет кеңселерінде өзінің жолдастарына жақсы белгілі екенін және өзінің даралығын солардың ойлары мен шығармаларына сіңіріп жіберетінін жұртшылық елеп-ескере бермейді”.
білетіндей, өзінің бастауын әрқашанда ұйымдасқан әлеуметтік топтардан алып, өзі арқылы олардың бейтабиғи өзгерістерін көрсетеді14. Бірақ біршама уақыт тек тобырмен ғана айналысалық. Былай қарағанда өздігінен пайда болған секілді тобырды осынау бейберекет топты шынына келгенде әрқашан қандай да бір әлеуметтік дене тудырады, оның қызметін атқарып, өзінің ауанын береді15. Сонымен, туыстардан тұратын, сюзерендерінің маңына жиналып, солардың қызығына қызмет ететін, орта ғасырлық ауылдық тобырды, сол орта ғасырлық, монахтардың діни уағызымен жиналған, өздерінің иманын қасқа жолдар бойында тамағын жырта жария ететін изуверлер тобырымен шатастырмаймыз. Біз дінбасылардың жетекшілік етуімен, қаздай тізіліп Лурдқа бет алған процессия, діндарлар тобырын, қандай да бір якобиші оятқан революцияшыл сұрапыл тобырмен, немесе синдикаттар бастаған, аш та аянышты ереуілшілер тобырымен шатастырмаймыз. Ауылдық тобыр қимылға көп түртпекпен кіріседі, бірақ бір қозғалса, олар әлдеқайда қорқынышты; Париждегі бірде-бір бүлік өзінің ойрандары жөнінен жакериямен теңесе алмайды. Бәрінен залалсызы – діни тобыр; олар қылмысқа тек диссиденттер мен қырбай манифестанттар тобырымен қақтығыс, олардың діни намысын қорласа ғана барады, мұндай төзбеушілік кез-келген басқа тобырдың төзбеушілігінен артық емес, тең ғана. Индивидуумның әрқайсысы жекедара алғанда либерал және сабырлы бола алады, бірақ біріккен кезде, олар өктем де қаһарлы бола бастайды. Бұл наным-сенімдер өзара қақтығыс кезінде қозатындығына, және де осы қайшылыққа төзе қоятын бекем иманның жоқтығына байланысты. Мысалы, ІҮ ғасырда Александрияның көшелерін қанға бөктіріп, ариандарды католиктердің және католиктерді ариандардың аямай бауыздауы осымен түсіндіріледі. Саяси тобырлар, көбіне-көп қалалық тобырлар неғұрлым қызба, неғұрлым жанкешті
14 Табиғи байланыс пен әлеуметтік байланыс бір-бірінен мүлдем бөлек екеніне, және соңғысының прогресі біріншісінің прогресін мүлде талап етпейтіндігіне жаңа дәлел. 15 Мен жоғарыда айтып өткендей, ол жұртшылық тәнінде жаңадан өсіп шыққан түр секілді болғанда да, бұл әділетті, өйткені жұртшылықтың өзі партияның, ұйымдасқан әлеуметтік топтың, сектаның, корпорацияның өзгерген түрі.
болады, бірақ, бақытқа қарай, олар оңғақ келеді және өшпенділіктен тәнтілікке, долылық құшағынан көңілділік құшағына оп-оңай көше салады. Экономикалық, өнеркәсіптік тобырлар, сондай-ақ ауылдық тобырлар, басқалардан әлдеқайда біртекті, олар өздерінің талаптарын да әлдеқайда бірауызды да табанды, неғұрлым ауқымды да күшті, бірақ долыллық әбден кернегенде кісі өлтіруден гөрі, материалдық қиратуға көбірек бейім. Эстетикалық тобырлар – діни тобырлармен бірге солар ғана бірдеңеге сенушілер санатына жатқызыла алатындығына қарамастан – неге екенін қайдам, ескерусіз қалып келеді. Мен эстетикалық тобыр деп, қандай да бір ескі немесе жаңа әдебиет немесе суретшілік мектебі қандай да бір шығарманың, мысалы, драмалық немесе музыкалық шығарма үшін немесе оған қарсы жинаған тобырды ғана айтамын. Бұлар, бәлкім талғамға негіздеп, өздері жариялаған пікірлердің нақ дәлелсіздігі мен субъективтілігі салдарынан ең төзімсіз тобырлар болар. Олар белгілі бір суреткер, Виктор Гюго, Вагнер, Золя жөніндегі өз энтузиазмының, немесе, керісінше, Золя, Вагнер, Виктор Гюго жөніндегі жиіркенішінің кеңінен таралғанын көргісі келеді, оны ақтайтын бірден-бір нәрсе эстетикалық сенімді осылай тарату ғана. Дәл сол секілді, олар өздеріндей тобыр құраған қарсыластарымен қақтығысып қалса, олардың ашу-ызасы қантөгіспен аяқталуы әбден мүмкін. ХҮІІІ ғасырда итальян музыкасының жақтаушылары мен қарсыластарының күресі кезінде қан төгілмеп пе еді? Бірақ тобырлар өздерінің шығу тегі мен басқа да қасиеттері жағынан бір-бірінен қаншалықты өзгеше болса да, олар кейбір белгілерімен бірбіріне ұқсайды; бұл белгілер – сұмдық төзімсіздік, күлкілі тәкаппарлық, кінәмшіл сезімтылдық, өзінің құдіреттілігінің елесінен туындаған ақылдан адасуға дейін жетектейтін жазасыздық сезімі және өзара айтақтау арқылы шегіне жеткізілген қызбалыққа тәуелді шама сезімінен мүлде айырылу. Тобыр үшін жирені пен тәнтілік, үрей мен энтузиазм, жасасын! немесе
өлім! деген айқай арасында ештеңе жоқ. Жасасын, дегеніңіз – мәңгі жасасын. Бұл айқайдан құдіреттің мәңгілігін тілеу сыңғырлайды, бұл апофеоздың бастауы. Және де дәріптеу мәңгілік лағынетке айналып кетуі үшін, ұсақ-түйек бірдеңе жетіп жатыр. Және де маған осынау айырмашылықтар мен ұғымдардың көбісі әртекті жұртшылыққа да тән секілді, алайда, тек мұнда атап өтілген белгілер онда соншалық айқын көрінбейді. Тобыр секілді жұртшылық та төзімсіз, тәкаппар, сыңаржақ, менмен және пікір деген желеумен барлығын, тіпті шындықты да, оған кереғар болса, өзіне бағындырғысы келеді. Сондай-ақ, топтық рухтың тобырдың демесек те, жұртшылық рухының біздің қазіргі қоғамдарда ақыли алмасу жылдамдығының салдарынан дамыған сайын, олардың бойында өзінің шамасын сезіну барған сайын жоғалып бара жатқаны байқалып тұр емес пе. Ол қоғамдарда адамдар да, шығармалар да бірдей қарқынмен дәріптеледі және қор етіледі. Әдеби сыншылардың өздері өздерінен оқырмандарының сол қыңырлығының құлына айналып, содан былай өздері берген бағаны не бедерлей, не шамалай алмай қалады: олар да не дәріптейді, не масқаралайды. Қандай да бір Сент-Бёвтың айқын пікірлерінен біз қаншалықты алшақтап кеткенбіз! Бұл мағынада жұртшылық, ішінара маскүнемді еске түсіреді. Шынында да мықтап дамыған ұжымдық өмір ми үшін қауіпті алкоголь болып табылады. Бірақ, жұртшылық тобырдан мынасымен ерекшеленеді: шыққан тегі қандай болса да, идеялы және бірдеңеге сенетін жұртшылықтың мөлшері қызынып алып, әрекетке кірісіп кететін жұртшылықтан артық, ал бірдеңеге сенетін және идеалистік тобыр, қызынып алып, бәрін де жайпап кететін тобырдың қасында түкке тұрмайды. Шіркеу туындатқан діни жұртшылық көркемдік мектеп туындатқан эстетикалық жұртшылық қана емес, тура сондай-ақ толып жатқан түр өзгерістері бар ғылыми жұртшылық та, философиялық жұртшылық та, тіпті қарынның талабын білдіре отырып, оны көкке көтеретін экономикалық жұртшылық та ортақ eredo немесе
идеалмен біріккен... Сөйтіп, барлық әлеуметтік топтардың жұртшылықтың әрқилы түрлеріне айналуының арқасында, дүние интеллектуалдану жолымен жүріп келеді. Жұртшылықтың белсенді түрлеріне келетін болсақ, онда олар мүлде жоқ деп ойлауға болар еді, бірақ саяси партиялар туындатқан, олар мемлекет қайраткерлеріне қандай да бір публицистер сіңірген өздерінің бұйрықтарын беретіні белгілі... Мұның үстіне, жұртшылықтың әрекеті неғұрлым парасатты, неғұрлым саналы болғандықтан, ол тобырдың әрекетінен едәуір жемісті болуы мүмкін және көбіне солай болады16. ҮІІ Мұны оңай дәлелдеуге болады. Оның қалыптасуының басты себебін, сенім мен ниеттің ортақтығы ма, басқа ма, не құраса да, тобыр, төрт түрде өмір сүре алады, олар оның енжарлығы мен белсенділігінің әртүрлі дәрежесін көрсетеді. Күтетін, тыңдайтын, манифестанттық немесе әрекет етуші тобыр болады. Жұртшылықтың да түрлері осындай. Күтетін тобырлар – театрда шымылдықтың ашылуының немесе гильотинаның айналасында сотталған кісінің келтірілуі алдында жиналып, шымылдықтың түрілуін немесе сотталған кісінің келуін күткен; немесе корольдің, патша тектес мейманнның немесе әйгілі адамды, шешенді немесе жеңімпаз генералды алып келетін поездың келуіне асығып жетіп, сән-салтанатты кортежды немесе поезды тосып тұрған тобырлар. Осынау тобырлардағы ұжымдық әуестік, сол әуестік пәніне, кейде мүлдем күйкі болып шығатын пәніне ешқандай қатыссыз көз көріп, құлақ естімеген деңгейге жетеді. Тобырдағы бұл әуестік күтіп тұрған жұртшылықтағыдан неғұрлым күшті де әсіреленген, алайда, жұртшылықта да, ол әуестік,
16 Басқа бір өзгешелікті де атап көрсетейік. Жұртшылық өзінің бар екенін баспасөздегі талас түрінде байқатады, сол кезде біз, жұртшылықтың екі тобының күресін көреміз, бұл күрес көбіне олардың публицистерінің жекпе-жегіне саяды. Бірақ, екі тобырдың, Ларрумэнің айтуынша, кейде Иерусалимде процессиялар кезінде болатынындай, бір-бірімен шайқаса кетуі төтенше сирек кездеседі. Тобыр өзінің күшін жалғыз көрсеткенді және шайқассыз жеңілгенді сол ауыр күш салмағымен жаншығанды жақсы көреді. Рас, кейде, тұрақты әскер мен тобыр арасында қақтығыс болып қалады, мұндайда тобыр әскерден әлсіз болса, қаша жөнеледі, ал күштірек болса, басым түсіп, ойына келгенін істейді. Дәл сол секілді парламентте біз, екеу емес, екі партияға бөлінген екі басы бар бір тобырды көреміз, олар сөзбен немесе Венадағыдай... және тіпті Париждегідей жұдырықпен де шайқасады.
сенсация қоздырған миллиондаған оқырман қандай да бір вердиктті немесе үкімді, не жай ғана бір жаңалықты күтіп тұрғанда өте жоғары көтеріледі. Ең әуейіліктен ада, ең байсалды адам, егер ол осындай тағатсыз тобыр арасына түсіп қалса, өзін шұғыл істерім бола тұра, осында мені не ұстап тұр, айналамдағының бәрі секілді император күймесінің немесе генералдың қара тұлпарының қалай өтетінін көруге дәл қазір қандай қажеттілік итермелеп тұр деген сұрақ қояды. Жалпы, күтетін тобырдың, дәл сондай жағдайдағы жекелеген индивидуумдарға қарағанда, едәуір шыдамды болатындығын көңілге бір түйіп қою керек. Француз-орыс мейрамы кезінде париждіктердің орасан зор тобырлары, ешқандай наразылық нышанынсыз патша кортежі өтетін жолдың жағасында, қатты сығылысып үш-төрт сағат бойы қозғалмай тұрды. Аракідік қандай да бір экипаж кортеждің басы екен деп қабылданып, артынан оның жаңсақ екендігі белгілі болған бойда, барлығы қайтадан күтуге кірісті, және де сол жаңсақтық, тіпті қателіктер олардың бойында әдеттегідей кейістік туғызған жоқ. Сондай-ақ әуес тобырлардың үлкен әскери байқауларды күтіп, жаңбырдың астында, тіпті түнде де көп уақыт өткізетіні белгілі. Керісінше, заңсыз кешігуге сөз айтпай бағынған сол жұртшылық театрда кенет қатты кейіп, бір минут та кешеуілдеуге төзгісі келмейтіні жиі болады. Тобырдың жекелеген индивидуумға қарағанда әрдайым неғұрлым тағатты немесе неғұрлым тағатсыз болатыны неліктен? Екі жағдайда да бұл бірдей психологиялық себеппен – жиналған индивидуумдардың сезімдерінің өзара жұғуымен түсіндіріледі. Жиналыста шыдамсыздықтың, жер тепкілеудің, айқайдың, таяқпен еден соғудың қандай да бір көрінісі білінбейінше, – бұл ештеңеге көмектеспейтін болса, әрине ондай ештеңе болмайды, мысалы, өлім жазасын орындау немесе байқау алдында әркім өзінің көршісінің көңілді немесе көнбіс түрлерінің әсерінде болады да, олардың көңілділігін немесе көнбістігін санадан тыс жұқтырады. Бірақ әлдекім – бұл әрекет кешіктірілуді қысқарта алатын болса мысалы театрда, – тағатсыздығын көрсете бастаса, оған бірте-бірте барлығы еліктей
бастайды да, әркімнің жеке-жеке шыдамсыздығы басқалардың шыдамсыздығымен еселене түседі. Тобырдағы индивидуум өзара моральдық тартылудың және өзара физикалық серпудің (жұртшылық үшін жоқ есепті антитез) ең жоғары деңгейіне кенеттен жетеді. Олар бір-бірін шынтақтарымен итереді, бірақ сөйте тұра (шамасы, олар көршілерінің сезімдерімен тек келісетіндерін аңғартқысы келетін секілді) кейде олардың арасында туындайтын әңгіме кезінде, олар жағдайындағы, табындағы айырмашылыққа қарамай, бір-біріне ұнауға тырысады. Ықыласты тобырлар – бұлар уағызшының немесе профессордың кафедрасының маңында, мінбер, эстрада немесе патетикалық драма ойналып жатқан сахна маңына ығы-жығы жиналатындар. Олардың ықыласы да, дәл сол секілді ықылассыздығы да, олардың құрамына кіретін әрбір жеке адамның, егер ол жалғыз өзі болса, ықыласы мен ықылассыздығынан гөрі, әрқашан әлдеқайда мықтырақ және табандырақ көрініс табады. Осынау айтылмыш тобыр хақында маған бір профессор ескерту жасады, мен онысын орынды деп таптым. “Жастардан құралған аудитория, – деді ол маған, – ондағылардың саны аз болса, заң факультетінде де, басқа бір факультетте де әрқашан ықыласты болады, сыйлайды; бірақ егер жиырма немесе отыздың орнына жүзі, екі-үш жүзі жиналса, олар өздерінің профессорларын тыңдауды да сыйлауды да ұмытып, жиі шу көтеріледі. Сыйлауды білмейтін, шетінен асау жүз студентті, жиырма бестен төрт топқа бөліп тастаңыз, сонда сіз аса ықыласты да сізді сыйлайтын төрт аудиторияға ие боласыз”. Мұның өзі көп екендігіне масайрау сезімі жиналған адамдарды мас қылатынын және өздерінің алдында сөйлеп тұрған жалғыз адамды, ол шешендігімен тәнті қыла алмаса, жек көргізеді деген сөз. Бірақ бұған мынаны қосу керек: егер қарақұрым аудитория шешеннің сөзіне шын елтісе, олардың саны қаншалық көп болса, соншалық ықыласты да риза болады. Тағы бір ескерту. Қандай да бір сауыққа немесе әңгімеге қызыққан тобыр да, көрермендердің немесе тыңдармандардың аз бөлігі ғана өте
жақсы көреді және естиді, көпшілігі жартылай ғана көреді, естиді немесе мүлдем ештеңе көрмейді, естімейді. Сөйте тұра олар қаншама нашар орналасса да, олардың орындары қаншама қымбатқа түссе де, олар қанағаттанады да өздерінің ақшасын да, уақытын да аямайды. Мысалы, осынау адамдар патшаның бір тұстан өтуін екі сағат күтті делік, ақыры ол өтіп кетті. Бірақ, артта сығылысқан адамдардың бірнеше қатары ештеңені көре алған жоқ; олардың барлық рахаты күймелердің азды-көпті анық, азды-көпті алдамшы дүрсілін тыңдай алды. Алайда олар үйлеріне оралғанда бұл қызықты нақ бір өздері көзімен көргендей егжей-тегжейлі баяндап береді, өйткені, шынына келгенде, олар мұны өзгелердің көзімен көрді. Егер безендірілген газеттен патша пойызынан түсірілген суретті көрген, Парижден 200 миля қашықтықтағы провинциал өздерінен әлдеқайда артық болды десе, олар қатты қайран болар еді. Олар басқаша болғанына неліктен құлай сенеді? Өйткені, расын айтсақ, мұндай жағдайларда тобырдың өзі үшін өзі қызық сауық. Тобыр тобырды қызықтырып, туындатады. Біз жаңа ғана айтқан азды-көпті енжар тобыр мен белсенді тобыр арасында манифестанттық тобыр аралық орын алады. Олар нені болсын – өзінің көзқарастарын, өзінің құштар сүйіспеншілігін немесе жеккөрушілігін, қуанышы мен мұңын көрсетпесін, мұны олар әрқашан өздеріне тән әсірелеумен көрсетеді. Олардың екіұшты, әйелдерге біршама тән сипаты бар: кереметтей әсерлі символизм сол символдарды ойлап табудағы сұмдық қиял бейшаралығымен ұштасып жатады да, ол символдар бәз-баяғы біреу ғана болып шығады да, ұдайы қайталанып, әбден мезі қылады. Процессия құрап, хоругвь, тулар, мүсіндер, кей-кейде найзаға шаншып кесілген бас көтеріп шерулету “жасасын” деп айғайлау немесе тек қышқыру, гимндер мен әндер айту – олардың өз сезімдерін білдіру үшін ойлап тапқаны шамамен осылар ғана. Бірақ оларда идея аз десек те, олар сол идеяларына мықтап жабысып, бір нәрсені шаршамай-шалдықпай қайталай береді, бір сейілді қайта-қайта жасайды. Белгілі бір қозу
дәрежесіне жеткен жұртшылық та манифестанттық жұртшылыққа айналады. Ол өзін тиісті тобырды туындата отырып, тек жанама түрде көрсетпейді, ең алдымен оны қозғалысқа көтеріп, енді тоқтата алмай қор болатындардың өздерін бағындыратын ересен ықпал арқылы, өзінің қожайындардан басыбайлыға айналған құлақ кесті публицистерінің қаламынан оның тілегі бойынша құйылып жататын лиризмнің немесе даттаудың, жағымпазданудың не жаланың тасқындары арқылы, утопиялық сандырақ немесе қанқұйлы ыза арқылы тікелей көрсетеді. Және де оның манифестанциялары тобырдың манифестанцияларынан әлдеқайда саналуан және қатерлі, сондықтан да бұл арада ақылдың тапқырлығына өкінуге тура келеді, өйткені ол белгілі бір сәттерде үздіксіз әшкереленіп жататын, әрбір жұртшылыққа жеңсік асын алдына тарту рахаты үшін ғана ол шындық деп санайтын немесе оның шындық деп білгісі келетін нәрсесін көрсету үшін үздіксіз жандандырыла беретін шындыққа ұқсас оқыс ғайбатқа, мысалдарға жұмсалады. Әрекет етуші тобырларға көшейік. Алайда, тобырлар не істей алады? Дау жоқ, олар талқандай алады, қирата алады, бірақ ішкі байланысы жоқ, күш-жігерінде береке жоқ олар не жасай алады? Корпорациялар, секталар, ұйымдасқан ассоциациялар қирата да, бірақ соншалық өндіре де алады. Орта ғасырларда “Freres pontіfes”көпірлер салды, Батыстағы монархтар тұтас бір аймақтарды гүлдендірді, қалалар салды, Парагвай иезуиттері бұрын-соңды қолға алынғандардың ішінде фаланстерлік өмірдің ең қызықты әрекетін жасады, масондар корпорациялары соборларымыздың көпшілігін тұрғызды. Бірақ тобыр тұрғызған ең болмаса бір үйді, немесе тобыр жыртып, гүлдендірген бір жерді, тобыр құрған қандай да бір өнеркәсіпті айта аласыз ба? Олар еккен әлжуаз бостандық ағашының есесіне қаншама ормандар өртелді, мейманханалар тоналды, сарайлар қиратылды! Кейде олардың танымал бір тұтқынды босатқаны есесіне Линч сотымен қаншама адам өлтірілді, қызғаныш немесе қорқыныш қоздыратын
жеккөрінішті тұтқындарды ұрып-соғу мақсатымен американдық немесе революциялық бұқара қаншама абақтыларды басып алды! Әрекет етуші тобырды жақсы көретін және жек көретін тобыр деп бөлуге болады. Бірақ жақсы көретін тобыр өздерінің күшін қандай шын мәніндегі жемісті іске жұмсады? Тобырдың өшпенділігі әлде сүйіспеншілігі ме, қарғысы әлде энтузиазмі – бұлардың қайсысы тажалды екені әлі белгісіз. Ол каннибалдардың есуастығына бой алдырып, ырылдағанда, бұл, рас, сұмдық; бірақ ол ынтықтық екпінімен өзінің адами пұттарының бірінің аяғына жығылған кезде, ол оның күймесіне жегілген аттарды босатқан оны өз мойныныа мінгізіп көтерген кезде оның диктатура мен тиранияны туындататын ынтықтығының нысанасы Мазеньелло секілді жартылай есуас, Марат секілді тағы хайуан немесе генерал Буланже секілді алаяқ болып шығады. Тіпті Италиядан оралған Бонапарт секілді жаңа шыққан батырға ес-түссіз қол соққанның өзінде ол оған тек ажал әзірлейді, өйткені оның бойындағы, оның кемеңгерлігін есуастыққа итермелейтін тәкаппарлықты сөзсіз қоздырады. Бірақ тобыр өз энтузиазмін Марат секілді адамдар жөнінде ерекше көрсетеді. Осынау сұмырайды көкке көтеру, Пантеонға қойылған, оның "қасиетті жүрегіне" арналған ескерткішке табыну бір-бірін көрсоқыр етудің бірге жиналған адамдарда болатын ортақ галлюцинациясының ғаламат үлгісі. Осынау еңсерілмес әуейілікте қорқақтық та белгілі бір рөл ойнады, бірақ жалпы алғанда ол тиімдей ғана және ортақ шынайылықта елеусіз. Жақсы көретін тобырдың кеңінен таралған, қажетті де құтқарушы әлеуметтік рөлдердің бірін ойнайтын және өзге түрлер жынойнақтары жасаған барлық жамандықтарға қарама-қарсы тұрған бір түрі бар екенін айтуға асықпын. Мен мейрамшыл тобыр, мәз-майрам, өзін-өзі сүйетін, бір ғана жиналу үшін жиналу ләззатына мас тобырды айтып отырмын. Бұл арада мен тобырдың өнімсіз сипаты туралы жоғарыда айтқан сөзімдегі материалдық әрі тар мағыадағы барлық нәрседен бас тартамын. Әрине, өнімділік тек үйлер салу, жиһаз жасау, киім тігіп, тамақ пісірумен
шектелмейді; және де бүткіл алауыздықтар ортақ бір ниетпен, бір-бірін көру, қауышу, бір-біріне тілектес болу ниетімен жуып-шайылып кететін халықтық мейрамдар той-томалақтар, тұтас бір ауылдың немесе тұтас бір қаланың әлсін-әлсін өтіп тұратын сауықтары арқылы беркітіліп отыратын әлеуметтік тыныштық, әлеуметтік бірігу, осынау тыныштық, осынау бірігу бағасы жер бетінің барлық жемістерінің, өнеркәсіптің барлық өнімдерінің бағасынан кем емес. Тіпті, 1790 жылғы федерациядағы, екі циклон арасындағы қысқа мерзімді тыныштық кезіндегі мейрамның өзі біраз уақыт тыныштандырушы ықпал жасады. Мынаны да қоса кетелік, ұжымдық, ұлттық менге махаббаттың тағы бір түрі – патриоттық энтузиазм де тобыр жиі-жиі ізгі көңіл күй сыйлап отырды және ол шайқаста жеңіп шығуға мәжбүрлемесе де, кейде өзі қайрап салған әскердің жігерін мызғымас етеді. Мейрамдағы тобырлардан кейін, қаралы тобырларды – ортақ қайғы жаныштап, досының, ұлы ақынның, ұлттық қаһарманның табыты соңынан ерген тобырларды, сайып келгенде, біз ұмытар ма екенбіз? Олар әлеуметтік өмірдің дәл сондай дәрежедегі энергетикалық қоздырушылары болып табылады; осынау бірге көтеретін қайғы, бірге көретін қуаныш арқылы халық барлық ниеттерден бір бүтін жасауға үйренеді. Жалпы, тобыр өзінің жиынтығында олар жөнінде айтылған орайлы жерінде өзім де айтып қалған жаман пікірге лайық емес. Егер бір жағына жақсы көретін тобырдың күнделікті де әмбебап, әсіресе мейрамшыл тобырдың қарекетін, екінші жағына – жек көретін тобырдың аракідік, жергілікті қарекетін салып таразыласақ, онда біз әлгі тобырлардың біріншілері дәнекерлерді тоқып, бекітуге әлдеқайда көп жәрдемдескенін, ал екіншілері осынау тоқыманың әр жерінің тарқалып кетуіне себеп болғанын қара қылды қақ жарған әділдікпен мойындауымыз керек. Көз алдымызға ешқашан бүлік – ашу-ызаға толы әрқилы көтеріліс болмаған, бірақ сонымен қатар, ешқандай жұртшылық мейрамы да, көңілді көше манифистациялары да, халық энтузиазмының бұрқ ете қалуы да
кездеспеген елді елестетейік: бұл жайдақ, сұрқай ел саяси бұлғақтарды, тіпті өлім-жітімді бәрінен көп бастан кешкен, бірақ осынау зобалаң аралықтарында, орта ғасырлық Флоренция секілді, зор діни немесе саяси аралас-құраластыққа, ортақ қызыққа, ойындарға, процессияларға, карнавал кезіндегі көріністерге дәстүрлі дағдысын сақтап қалған елге қарағанда терең өз ұлты сезімімен әлдеқайда кем суарылған ел болып шығатындығына ешқандай күман жоқ. Осыған қарағанда, қоғамның дамуы үшін тобырлардың, жиындардың, қақтығыстардың, адамдардың екі жақты қызығуларының зиянынан, пайдасы әлдеқайда көп. Бірақ мұнда да барлық жердегідей, көрінетін нәрсе көрінбейтін нәрсе туралы ойлауға кедергі жасайды. Әлеуметтанушының тобырға көзқарасындағы әдеттегі қаталдық осыдан туындайтыны күмәнсіз. Жақсы көретін әрі қуанышты тобырлардың жақсы салдарлары жүрек түкпіріне ұялап, тәуір көру мен татулыққа көбірек ынтызарлық түрінде мейрамдардан кейін де ұзақ уақыт сақталады; бұл ынтызарлық ишаралардағы, лебіздердегі, барлық күнделікті тіршілік қатынастарындағы мыңдаған елеусіз тәсілдермен білдіріледі. Керісінше, жек көретін тобырдың әлеуметке қарсы қарекеті баршаның көзіне түсіп, олар жасаған қылмысты ойранның көрінісі олардың өзінен әлдеқайда ұзақ жасап, қарғап-сілеуге мәжбүр етеді. Қарекетшіл жұртшылық туралы метафораларға көп жүгінбей сөз етуге бола ма? Жұртшылық – осынау бытыраңқы тобыр өзінің табиғатынан енжар емес пе? Шынында да, экзальтацияның белгілі бір ауанына көтерілгеннен (бұл жөнінде оның публицистері оны тыңдап алуға күнделікті дағдысының арқасында ескеріледі) кейін ол публицистер арқылы манифестерін жариялайтыны секілді, дәл солар арқылы мемлекет қайраткерлеріне қысым жасайды да, олар жұртшылық ырқын орындаушыларға айналады. Қоғамдық пікірдің құдіреті деген осы. Рас, ол оны қозғалысқа түсірген оның көсемдерінің құдіретін ерекше айғақтайды; бірақ орнынан бір қозғалған ол, көсемдерін, олар күнілгері білмеген жолдарға еліктіріп алып
кетеді. Сөйтіп, жұртшылықтың бұл қарекеті, бәрінен бұрын өзінің публицисіне қарсы қарекеті болып табылады; кейде осынау қарсы қарекетте сұмдық күш болады; сөйтіп публицист, өзі өршіткен қарекеттерден туындаған жұртшылықтың қысымына тап болады. Айтпақшы, бұл таза рухани қарекет, жұртшылықтың өзі де шынына келгенде дәл солай. Тобыр секілді, оны да өзінің қарекетінде махаббат немесе жек көрушілік жігерлендіреді; бірақ тобырдың қарекетінен өзгеше оның қарекеті, ол сүйіспеншілікпен сіңірілген болса, көбіне-көп тікелей жемісті түрге ие болады, өйткені ол неғұрлым ойластырылған және оның долданыстарының өзі де есептелген. Қарекет туындататын жақсылық, күнделікті қайталанып отыратын рухани жанасу сезімімен қоздырылатын индивидуумдар арасындағы қоғамдық симпатияның күнделікті көрінісімен шектелмейді. Ол өзара көмек пен қайырымдылықтың кейбір жақсы заңдарын туындатты. Жұртшылықтың қуаныштары мен мұңдарында ешқандай мерзімдік және дәстүр қалыптастырған ештеңе болмаса да, олардың дұшпандықты басып, жүректерді тыныштандыратын қабілеті тобырдың мейрамдарынан кем және де бұл жерде жеңілтек баспасөзге, – мен порнографиялық баспасөзді айтып отырғаным жоқ, оның жұртшылық арасында тыныштыққа жәрдемдесетін көңіл күйді қолдап отыратыны үшін алғыс айту керек. Жек көретін жұртшылыққа келер болсақ, бізге ол да белгілі, және ол жасайтын немесе жасауға мәжбүр ететін жамандық, ашу кернеген тобыр жасайтын ойраннан әлдеқайда асып түседі. Жұртшылық – көрсоқырлығы әлдеқайда кем, ғұмыры әлдеқайда ұзақ тобыр, және оның неғұрлым саналы ызасы, тұтас айлар, жылдар бойы үстемеленіп, сақталып отырады. Сондықтан да тобырдың қылмыстары туралы соншалық көп айтылғаны, ал жұртшылықтың қылмыстары туралы ештеңе айтылмағаны қайран қалдырады; қылмысты тобырдың болатыны секілді қылмысты, қанқұмар жұртшылықтың бар екені күмәнсіз; және де егер жұртшылықтың қылмысы тобырдың қылмысындай соншалық айқын болмағанымен,
есесіне соншалық пәрмендірек, сыпайырақ, тереңірек, ауырырақ! Бірақ әдетте тек жұртшылыққа, сол жалғандыққа, жұрт сенімін қара басының қамы үшін пайдалануға көсемдердің "рақымымен" құрбаны көбіне-көп жұртшылық болып шығатын орасан көлемдегі нағыз алаяқтыққа қатысты қылмыстар мен жамандықтардан ғана сақтанатын. Нақ осыны тобырға қатысты, пасықтығы да кем емес, бәлкім, жиілігі де кем емес қылмыстар мен жамандықтар туралы да айту керек. Сайлау жиналыстарында өтірікті судай сапырады, орындамау күні бұрын көзделген зұлым уәделермен, салтанатты ұсыныстармен олардың дауысын жинайды, әр түрлі арсыз өсектерді ойлап табады. Және де жұртшылықтан гөрі тобырды алдау оңай, өйткені ол тобырды алдап тұрған шешеннің көбіне-көп қарсыласы болмайды, кез-келген сәтте бір-бірінің уытын қайтара алады. Қалай болғанда да, жұртшылықтың нағыз қылмыс құрбаны болуы мүмкін екендігінен, оның өзі қылмысты бола алмайды деген қорытынды шығаруға бола ма? Объектісі жұртшылық болып табылатын, сенімді қара басының қамына пайдалану туралы әңгіме қозғағанда қазіргі кезде таза индивидуалистік заңды міндеттеме ұғымы, осы уақытқа дейін заңгерлер түсініп келген түрінде соншалықты жеткіліксіз екендігін сөз арасында айта кетелік; ол жұртшылықтың пайда болып, өсе түсуіне байланысты біздің құлқымыз бен әдет-ғұрыптарымызда болған әлеуметтік өзгерістерге сай келу үшін қайта жасауды талап етеді. Уағданың салдары ретінде заңдық міндеттеме болуы үшін, қазірге дейін бар түсінік бойынша, міндеттемені уағда берген адам немесе адамдар қабылдауы керек, мұның өзі сол міндеттемеге жеке қатынасты білдіреді. Бірақ бұл кітап басып шығаруға дейін ғана болды, ол кезде адамның ағдасы адам даусының үні жететін жерден әріге болды, және де іскерлік қатынасқа кірісетінәлеуметтік топ шекарасы қысаң болғандықтан, клиент өнім берушіге, сый алған адам сайлаушыға, қарыздар кредиторға әрқашан тікелей таныс болатын да, өзара міндеттеме жүктейтін келісім міндеттеменің айдан анық және
бірден-бір дерлік пошымы деп санала алатын. Бірақ баспасөздің дамуына қарай нақты таныс болу барған сайын азая беретін адамдармен, тұтастығы барған сайын ұлғая беретін адамдар жиынтығымен әрқилы қатынастар орнатуға тура келеді, оларға уәде газет арқылы, коммерцияда жарнама арқылы, саясатта бағдарлама арқылы беріледі. Бірақ пәленің бәрі мынада: осынау уағдалар, тіпті салтанатты уағдалар, бір мезгілдік еріктің өзаралағымен бекемделмеген, тек біржақты ерік, қабылданбаған, қабылдануы мүмкін емес, сондықтанда да қандай бір заңдық күші жоқ жай ғана сөзден басқа ештеңе емес.17 Әлеуметтік қарақшылық деп атауға болатын бұлқұбылысқа бұдан асқан ештеңе де қолайлы бола алмайды. Әңгіме тобырға берілген уәде туралы болса, оны заңдастыру қиын екенімен келісуге болады, өйткені тобырдың сипаты шындап келгенде оңғақ, ол бір сәтке ғана жиналады да, ешқашан сол құрамда қайта жиылмайды. Маған осындай бір депутаттыққа кандидаттың есімі айтылған еді, ол төрт мың адам алдында республикашыл бәскелесім менен көп дауыс жинаса қайта сайлауда өзімнің кандадатурамды алып тастаймын деп ант ішкен. Расында да, уағдашыл кандидат аз дауыс алды, бірақ кандидатурасын алып тастаған жоқ және қайта дауыс беруде сайланып кетті. Саяси шарлатандарға батылдық беретін нәрсе міне осы. Мұндай уәделерді орындауға заңмен міндеттеуге болмайтынымен мен келісемін, себебі тобыр сейілген екен, онда оның өкілі атағына таласатын немесе оның сөзін сөйлейтін ешкім, тіпті жиынға қатысқандар арасынан да табылмайды. Бірақ жұртшылық – тұрақты нәрсе, сондықтан да мен, жалған екендігі күн ілгері белгілі болса қандай да бір мәлімет шын мәлімет ретінде жарияланып, аңғал оқырмандар пайда бермейтін алып-сатарлыққа тартылса, сөйтіп осынау зұлым, пайдакүнемдік, жалдаптық өтіріктің салдарынан күйзеліп қалса, олар өздерін тақырға отырғызып кеткен алаяқ публицисті алдап алғанын қайтаруға мәжбүр ету мақсатымен сотқа еруге
17 Осы мәселе жөнінде біздің Transformatіons du droіt атты шығармамызды, сонымен бірге Рене Вормстың Valonte unіlaterale деген диссертациясын қараңыз.
неліктен хақысыз болмақ? Бәлкім, сонда өтіріктің көпшілік сипаты, қазіргі уақыттағыдай кінәні жеңілдететін немесе ақтайтын емес, қайта алданған жұртшылық неғұрлым көп болғандықтан, кінәні ауырлататын жағдай болар18. Жеке өмірінде өтірік айтуға ұялатын жазушының өзін оқитын жүздеген мың, бес жүз мың адамға ұятты жиып қойып, қалай оп-оңай жалған сөйлейтінін және соны біле тұра, көптеген адамдардың оны қалай адал адам деп санай беретінін түсіну мүмкін емес. Құқық туралы бұл мәселені былай ысыра тұрып, жұртшылықтың қылмыстары мен зұлымдықтарына оралайық. Есуас жұртшылық бар екені күмәнсіз нәрсе; осыдан бірнеше жыл бұрын өз үкіметін Туркияға қарсы соғыс жариялауға мәжбүр еткен Афина жұртшылығы дәл сондай болған. Қылмысты жұртшылықтың бар екені де тап сондай рас: жұртшылықтың, үстем баспасөздің қысымымен, қызметінен абыроймен кетуді қаламай, азаматтардың кейбір категорияларын қуғындап, тонауға жол ашатын заң жобаларын енгізген министрліктер болмап па еді?! Әрине, жұртшылықтың қылмысының қатыгездік бояуы тобырдың қылмысына қарағанда сырт көзге солғындай. Олар тобырдың қылмысынан төрт қасиетімен өзгешеленеді: біріншіден, олардың жиреніштілігі біршама кем; екіншіден, олар кекшілдіктен гөрі пайдакүнемдіктен туындайды, олардың қатыгездігі кем, бірақ зұлымдығы артық; үшіншіден, олардың қысымы неғұрлым кең де ұзақ, ақырында, төртіншіден, оларға зауалсыздық көбірек қамтамасыз етілген.. Тобырдың қылмыстарының тұрпатты мысалын тапқыңыз келсе, Тэннің Революция атты еңбегі оны бізге ұшы-қиырсыз тауып береді. 1789 жылы қыркүйекте Труа қаласында мэр Гюэц туралы ол алыпсатар, ол халықты пішенмен асырамақ деген қауесет таратылды. Гюэц шапағатымен танымал, қалаға көп қызмет еткен адам болатын. Онда тұрған не бар? 9-қыркүйек күні үш арба ұнның сапасы төмен болып
18 Адам көп болған сайын, алдауға көбірек түсетін жұртшылықтүрлері де, жиналыстар да бар, бұл көз байлаушыларға тамаша белгілі.
шықты да, халық жиналып, айғайға басады: "Мэр жойылсын, Мэрге өлім". Соттан шыққан Гюэц ұрып құлатылып, тепкі мен соққыдан жан тәсілім қылады; ағаш башпақтың соққысынан басы айрылып кетеді. Бір әйел жерде сұлап жатқан байқұс шалға ұмтылып, бетін аяғымен таптайды, көзіне бірнеше рет қайшы сұғады. Мойнына арқан салып көпірге дейін сүйрейді, сол маңдағы өткелге тастайды, содан кейін қайта суырып алып, тағы да көше боймен "аузына бір уыс пішен тығып" сүйрелеп, тағы да өзенге беттейді. Мұнан кейін үйлер тоналып, қиратылады, бір нотариустан "алты жүзден шөлмек шарап тартып әкетілген және ішілген"19. Осынау жабылып кісі өлтірк дәл сол дәуірде өз газеттері арқылы, өздерінің зәре-құты қалмаған өкілдері арқылы өз құрбандарының дүниемүлкін талап плу үшін проскрипцшілік тізімдер (қара тізім) жасауға немесе тәркілеу туралы заңдарға қол қоюға мәжбүрлеген біздің немесе революцияшыл жұртшылықтың айуандығы секілді ашқарақтықтан жасалмағаны анық. Жоқ, кісі өлтіру жабайы тайпаларда болғанындай тұтас бір отбасыларды қырып салу секілді кек қайтару сезімінен немесе шын болған яки қиялдағы қылмыс үшін американ соттарындағы секілді Линч заңымен жазалау қажеттігінен туындаған. Барлық замандарда және барлық елдерде өлтіретін немесе тонайтын тобыр өзін қазымын деп санайды, және сол жасайтын шұғыл сот жазаның кекшілдік сипаты жағынан, көз көріп, құлақ естімеген қаныпезерлігі жағынан, тіпті символизмі жағынан – мұны Гюэцтің аузына тығылған бір уыс пішен көрсетеді – алғашқы қауымдық заманның талқысын оқыс еске салады. Мәніне шындап үңілсек, бізді сатып кетті, бізді аштан қатырғысы келеді, құртып жібергісі келеді деген сеніммен есуастыққа дейін жеткізілген тобырды қылмысты деуге бола ма? Бұл арада қылмыскер болай қойған күнде де, ол тек арандатушы яки арандатушылар тобы, өлтірілген адамды қорлауға кінәлі адам яки адамдар. Тобырға оның ең сорақы өарекеттерін де кешіретін бір нәрсе – оның
19 Революция, 1-т, 88-б. Нақ сол дәуірде тобыр Канн қаласында одан да жаман жасады: Фиджи аралдарындағы Лаперуз секілді майор Бельсэнс әбден бөлшектеліп, тіпті бір әйел оның жүрегін жеп қойды.
гипнозға берілген жанның сеніміндей сұмдық сенгіштігі. Жұртшылық тобыр секілді оп-оңай сене қоймайды, сондықтан да, оның жауапкершілігі әлдеқайда үлкен. Бірге жиналған жұртшылық, олардың жекелеп алғандағы әрқайсысынан әлдеқайда сенгіш, өйткені бір ғана факт – олардың назары ұжымдық моноидеизм секілді бір ғана нәрсеге шоғырлануының өзі оларды түс немесе гипноз ахуалына жақындатады, сол кезде кереметтей тарылған сана өрісі оған таныстырылған бірінші идеямен басып алынады. Сонда сенімді де зор дайыспен айтылған кез-келген пікірдің өз дәлелі өзінде көрінеді. 1870 жылғы соғыс кезінде, біздің алғашқы жеңілістерімізден кейін көптеген ауылдарда кейбір ірі жер иелері және кейбір сфященниктер прусссактарға көп көлемде – жүз, екі жүз мың франк жіберіп тұрған қауесет қаулады. Бұл өте сыйлы, бірақ қарызға белшесінен батқан, сол ақшаның оннан бірін де әрең-әрең таба алатын адамдар туралы таратылған қауесет еді. Олардың кейбірінің ұлдары әскер қатарында соғысып жүрген. Алайда осынау қаскүнем қауесетке, шаруалар егін-жайларда бытырап өмір сүрсе, илана қоятын адам табылмас еді; Бірақ жәрмеңкелерге немесе базарларға жиналған кезде олар осынау пасық өсектерге кенет сенді де, Готфей зұлымдығы осынау иланғыштықтың қанды айғағы болып қалды. Тобыр тек оңай иланғыш қана емес, есуас та. Олардың бойынан біз байқаған қасиеттер біздің емханаларымыздағы жындыларда да да бар, олар: тағатсыздық, не нәрседе де шек қоймау. Тобыр да есі ауысқан адамдай екі шетін күйді бастан кешеді: не қатты қозады, не мүлдем сүлесоқ болады, ол не қауіп-қатерді елең қылмайды, не үрейден еңсесі езіледі. Ол нағыз ұжымдық галюцинацияларды бастан кешеді: ол біріге кеткенде жеке-жеке кезінде естімейтін, көрмейтін нәрселерді естиді, көреді. Және де тобыр қиялдағы дұшпан өзінің соңына түскеніне сенсе, оның бұл сенімі есуастың логикасына негізделген. Мұның жарқын мысалын біз Тэннен табамыз. 1789 жылғы шілде айының соңында ұлттық толқу түрткісі барлық жерде, көшелерде, алаңдарда құтырынған жиналыстар туғызған тұста кент он мың, жиырма мың қарақшы келе
жатыр-мыс деген қауесет таралып, ол бірте-бірте бүкіл Ангумуа, Перигора, Оверня аймағын қамтыды; оларды біреулер көріпті-міс, анау көкжиекте көтерілген шаң солардікі-міс, барлығын тонап, барлығын қырып саладымыс, "мұны ести сала, тұтас өңірлер түнде мал-мүлкін алып үйлерін тастап орманды паналайды". Ақырында бәрі де анықталды. Қашқындар өз мекендеріне оралды. Сол кезде олар тұп-тура қуғындау маниясына ұшыраған адамдар секілді сөйлейді, олар негізі сырқаттан өрбитін үрей сезіміне беріліп, оны ақтайтын жауларды ойлап табады. "Біз қаштық екен, – дейді олар, – бізге қауіп-қатер төнгені, бізге бұл қатер қарақшылар тарапынан төнбесе де, басқа бір тараптан төніп тұр". Басқа бір тараптан дегеніңіз – қиялдағы қаскүнемдер тарапынан деген сөз. Нәтижесінде әбден рас қуғындау басталды. Бұл ұжымдық қылмыс дегеннің аты бар да, заты жоқ деген сөз бе? Сөйтіп тек басшылардың жеке қылмыстарын қарау ғана қала ма? Мұның өзі шығандап кетіп, жоғарыдағы толғамдарымыздың салыстырмалы әділеттігін тәрк ету болып шығар еді. Рим цирктерінде тобыр ләззат үшін жеңілген гладиаторды өлтіру ишарасын көрсетіп бұйрық бергенде, бұл ұрпақтан-ұрпаққа созылған ғұрып пәрмені оның кінәсін ішінара жұмсартқанымен, ол қанқұмар да қылмысты емес пе? Айтпақшы, кездейсоқ қылмысты болмай, туа-бітті қылмысты боп жаратылған тобырлар, басшылары қаншалық қылмысты болса өздері соншалық қылмысты, сол басшыларының өзін өздеріне ұқсас болғандықтан сайлап алған тобырлар бар: олар құпия туыстықпен біріккен зұлымдардан құралған тобырлар, олардың осынау бірігуден нәр алған бузылуы экзальтацияға дейін, шынына келгенде, оларды жай қылмыскер емес, жеке қылмыстылықтан алынған тіркесті ұжымдық қылмыстылыққа қолдансақ, қылмысты жындыларға айналдырған экзальтация дәреесіне дейін жеткен. Қылмысты жынды, осынау қауіпті де жиіркенішті есуас, сырқаттың түрткісімен зорлық жасап, кісі өлтіретін, бірақ ол сырқаты оның қалыпты мінез-құлқының, оның сұрқия. өімшіл, есерсоқ табиғатының жай ғана
ауытқуы емес, қайта барынша күшеюі болып табылатын жынды – осынау есуас ұжымдық пошымда тым құтырынып кетеді, дәл бір бұлғақ кезінде абақтыдан құтылып шыққан каторжниктердің қанды ойнаққа кірісетіні секілді. Барлық осынау қылмыстардан жұртшылық қаншама аулақ деңіз! Жұртшылық көбіне кекшілдіктен емес, партия пайдасы үшін, қатыгездіктен емес, қорқақтықтан қылмысты болады, ол ыза ықпалымен емес, қорқыныштан терроршыл. Әсіресе өзінің көсемдер жөнінде, итальяндықтар айтатындай, manutengolіsmo жөнінде қылмысты кешірімшілдікке бейім. Бірақ оның қылмыстарымен айналысудың қажеті қанша; ол – қоғамдық пікір ғой, ал пікір, тағы да қайталайық, өздігінен құдірет, сондай құдірет ретінде, демек, жауапкершілікке тартылмайды! Бұл қылмыстарды, әлі жасалмаған, олар соған ұмтылыс түріндегі кезінде ғана, қудалауға болады; және де оларды, сол қылмыстарды сіңірген публицистер немесе жұртшылық тудырған тобырдың сол әрекеттерді жасайтын басшылары ретінде қудалауға болады. Ал жұртшылықтың өзіне келсек, ол қолға түспейді, бәрін де қайта бастауға болатын қолайлы сәтті күтіп көлеңкеде қала береді. Көбіне-көп, әлдебір тобыр – осынау жартылай корпоративті тобырлардың талай деспоттармен ауызбірлігін көрсеткен парламенттерінен бастап – қылмыс жасағанда, оның артында, оны қоздырып, айдап салған жұртшылық тұрады. Сектанттар мен фанатиктерді депутат етіп сайлаған сайлаушы жұртшылық солардың заңсыздықтарына, азаматтардың бостандығына, мал-мүлкіне, өміріне солардың қастандықтарына қатысты емес пе? Соларды ол көбіне қайтадан сайлап, сол арқылы олардың заңсыздықтарына тірек болмай ма? Жұртшылық, тіпті сайламайтын, былай қарағанда моп-момақан, енжар жұртшылық,іс жүзінде оған жағынғысы, жақындасқысы келетіндер арқылы қимылдайды. Әрқашан дерлік ерекше сұмдық тарихи қылмыстар, жұртшылық туындай бастаған кезден-ақ нақ қылмысты жұртшылықпен ауыз жаласып жасалған, оның мысалы: Людовик XІV тұсында протестанттарды қудалау болуы
әбден мүмкін Варфолемей түні, дау жоқ, толып жатқан басқа да қылмыстар. Қыркүйектегі қырғын белгілі бір жұртшылықтың тәнті болған мақұлдауымен жүрып жатты және осынау жұртшылықсыз, оның көтермелеуінсіз бұл қырғын болмас та еді. Қылмыстардың ең төменгі сатысында тұрған сайлау алаяқтықтары, кейбір қалаларда молынан, именбей пайдаланылатын түрінде, тұтас бір жұртшылықтың аз ба, көп пе саналы қатысуымен жасалатын топтық қылмыстар емес пе? Ортақ немесе шамамен ортақ ереже: тобырдың тасасында одан да қылмысты жұртшылық тұрады, ал жұртшылықтың басында одан да жауыз публицистер тұрады. Публицистердің күші ең алдымен олардың жұртшылық психологиясын инстинктпен білетіндігінде. Олар оған не ұнайтынын, не ұнамайтынын біледі; Олар, мысалы, бүкпесіз порнографиялық суреттерді оған именбей ұсына алатынын біледі, ал тобыр ондайға төзе алмас еді; театр тобырында өзін құрайтын адамдардың жеке-жеке цинизміне қарама-қарсы ұжымдық ұялшақтық бар20, бұл ұялшақтық белгілі журналдардың арнайы жұртшылығында жоқ. Тіпті бұл жұртшылық салыстырмалы ұялшақ элементтерден құралған ұжымдық ұятсыздықты білдіреді деуге болады. Бірақ жұртшылық ретінде болсын, тобыр ретінде болсын, барлық жиналыстар, өкінішке қарай бір нәрседе: олардың құштарлық немесе өшпенділік бұрқаныстарына өкінішті бейімділігінде бір-біріне ұқсас. Тобыр үшін өшпенділік қажеттілігі қимылдап қалу қажеттілігіне сәйкес келеді. Көзіне қан толған тобыр біреудің басын немесе талайдың басын талап етеді. Бақытымызға қарай жұршылықтың қыметі соншалық біржақты емес, ол реформалардың немесе утопиялардың идеалына қалай оп-оңай бет бұрса, остракизм, қудалау және талапайлау идеалдарына дәл солай оп-оңай бет ұа алады. Бірақ, түртпектеп, қоздырушылар оны өздерінің зұлым мақсаттарына қарай оп-оңай жетектейді. Жұртшылық үшін өшпенділіктің қандай да бір
20 Тобыр кейде арам элементтерден бірігіп құралған ұжымдық адалдықтың үлгісі бола алады. 1720 жылы, қаржылық алыпсатарлық толқынынан кейін, "мүшелерінің барлығы дерлік осы ажиотажға тікелей қтысқан ағылшын парламенті, оны айыптап, қоғамдық шенеуніктерге азғындатушы ықпал еткені үшін оның негізгі қайраткерлерін қудалай бастады". (Claudіo Jannet, Le Capіtal).
жаңа елеулі пәнін ашу немесе ойлап табу – журнализм патшаларының қатарына қосылудың ең сенімді құралдарының бірі. Ешбір елде, ешбір заманда қорғау ісі жамандау секілді табысқа ие болған емес. Бірақ менің мұндай пессимистік оймен аяқтағым жоқ. Мен, ештеңеге қарамастан, біз баспасөзге қарыздар терең өзгерістер, түпкі бірігу мен тыншыту мақсатында жасалды деп санауға бейіммін. Ежелгі топтарды өзімен алмастырып немесе соларға үстемелене отырып, жұртшылық атауына ие болған, біз көргеніміздей, барған сайын тығыз бола түскен жаңа топтар, әдет-ғұрып патшалығын тек сән патшалығымен, дәстүрді жаңамен алмастырып қана қоймайды; адамзат ассоциациясының арасында таусылмас жанжалдары болатын толып жатқан барынша айөын және мызғымас бөліністерін олар шекаралары бұлыңғыр, ұдайы жаңарып отыратын, бір-біріне өзара кірігіп отыратын жартыкеш, өзгермелі бөліністермен алмастырады. Менің ойымша, бұл ұзақ зерттеудің қорытындысы осындай болуы керек. Бірақ мен адамзат прогресінің абыройын ұжымдарға, тіпті олардың ең рухани пошымдарына да телу зор қателік болар еді дегенді қосамын. Қандай да бір жемісті бастама сайып келгенде тәуелсіз әрі күшті индивидуалдық ойдан өрбиді; ойлау үшін, Ламартин айтқандай, өзіңді тобырдан ғана емес, жұртшылықтан да оқшаулау керек. Халықтың ұлы жақтаушылары тұтастай алғанда, нақ осыны ұмытып кетеді және олар өздерінің ұқсастыруларындағы кейбір қарама-қайшылықтарды байқамайды. Олар ұлы еңбектерге анонимдік және ұжымдық дейтін еңбектерге тәнтілігін білдіргенде, мұны тек қана өздерінен басқа жеке кемеңгерлерді ілтипатқа алмайтынын байқату үшін істейді. Ескерте кетелік, барлық адамдарды көзге ілмейтін бұқараның бұл табынушылары жекелей алғанда менмендіктің құбыжықтары болатын. Шатобриан мен Руссодан кейін, Виктор Гюгоны есептемесек, "халық өнердің қозғаушы күші", ал ” оқшауланған индивидуум ештеңе ойлап таба алмайды, ол тек көпшіліктің ойлап тапқанын иемдене алады" деген теорияны Вагнерден
артық ешкім уағыздай алған жоқ. Бұл жұрттың бәріне бөліп-жармай қарайтын, өзіндік әлпеті жоқ сатиралар секілді, ешкімнің менмендігіне қаяу салмайтын ұжымдық тәнтіліктің бірі. Жаңа демократиялардың қауіптілігі ойлы адамдар үшін бас айналдыратын үгіттің әзәзіл билігіне бас ұрмау қиындығын туғызатындығында. Аласапыран болып жатқан теңізге сүңгуірлер қоңыраумен тереңдеу қиын. Біздің осы заманғы қоғам ұсынған бағыт беруші индивидтер, күн өткен сайын, онымен үздіксіз жұғысып жүрген жазушылар болып келеді; және де олар жасайтын құдіретті ықпал – әрине көсемсіз тобырдың көзсіз ойрандарымен салыстырғанда неғұрлым жақсы – жасампаз бұқара теориясын теріске шығарады. Бірақ бұл жеткіліксіз, және де барлық жерде орташа мәдениетті тарату да жеткіліксіз, жоғары мәдениетті көтеру қажет, сондықтан біз Сомнер Мэн екеуміз ұзақ уақыт бойы сіңірген еңбегі елеусіз қалған ең соңғы интеллектуалдарды болашақта күтіп тұрған тағдыр туралы қазірден-ақ ойлана аламыз. Таулы жерлердің тұрғындары тауларды қопарып, оларды өңдеуге жарамды жерге, жүзімдіктерге, жоңыршқа себетін егістікке айналдырғысы келмесе, табиғи су қоймаларының жұртқа қызметін түсінуден емес; бұл тау шыңдарының мықтылығына, оларды құрайтын заттардың беріктігіне, динамитпен жару өте қымбатқа түсетіндігіне тәуелді. Ал адамзаттың интеллектуалдық және көркемдік шыңдарын қирау мен демократиялық тегістеуден құтқаратын олар әлемге жасаған жақсылыққа ризашылық, олар ашқан жаңалықтар құндылығына әділетті құрмет болмас деп қорқамын. Оларды не құтқарады? Олардың қарсылықтарының күші құтқарады деп ойлағым келеді. Олар әбден ұсақталып кетсе шын қасірет сол.
“Г. Тард. Общественное мнение и толпа. М.,
1902” басылымынан қазақшалаған психология
ғылымының кандидаты Фатима ТӘШІМОВА.
ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР ЖӘНЕ ӘҢГІМЕ
ПІКІР
Жұртшылық үшін пікір дегеніңіз, біздің заманда тән үшін жанмен бірдей болып отыр және олардың біреуін зерттеу, әрине, екіншісіне жетелейді. Маған, қоғамдық пікір барлық замандарда болған, ал, біз анықтаған мағынадағы жұртшылықтың пайда болғанына көп уақыт өткен жоқ деген дау айтылуы әбден мүмкін. Бұл дұрыс, бірақ біз қазір осынау даудың неге саятынын көреміз. Қоғамдық пікір деген не? Ол қалай туындайды? Оның жеке қайнар көздері қандай? Ол өзінің өсу барысында қалай білдріледі және өзінің білдірілуіне қалай өседі, оны білдірудің осы заманғы тәсілдері, жалпыға бірдей дауыс беру мен журнализм оны қалай көрсетіп жүр? Оның өніктілігі мен қоғамдық мәні қандай? Ол қалай өзгереді? Оның толып жатқан ағымдары, егер бар болса, қандай ортақ сағаға ұмтылады? Осы сұрақтардың барлығына мүмкіндігінше жауап беруге тырысамыз. Ең алдымен мынаны ескеруіміз қажет, пікір сөзінде әдетте екі ұғым араласып кетеді, олар, рас, шатысып кеткен, бірақ мұқият талдау оларды ажыратуы керек: пікір сөздің өз мағынасында алғанда – пайымдаулар жиынтығы, ал ортақ ерік – тілектер жиынтығы. Бұл жерде біз пікірдің осынау екі мәннің алғашқысымен, бірақ тек сонымен ғана емес, көбірек айналысамыз. Қоғамдық пікірдің мәні қаншалық жоғары болып, біздің заманда ол жайпап кететін қуатты тасқынға айналғанына қарамастан, оның рөлін асыра бағалаудың қажеті жоқ. Оның үстемдік өрісінің шегін анықтауға тырысайық. Оны қоғамдық рухтың басқа екі фракциясымен шатастырудың қажеті жоқ, олар қоғамдық пікірді әрі қоректендіріп, әрі шектеп отырады, онымен сол шек үшін үздіксіз күресте болады. Олардың біреуі – дәстүр, дүниеден өткендердің пікірін құраған нәрселерден жинақталған, қойылтылған экстракт, тірілер үшін көбіне ауыр соғатын қажетті де қолдаушы сыңаржақ пікірлер мұрасы. Екіншісін – қысқартып, жалпы есіммен атасам – парасат. Мен бұл сөзбен оқшауланып алып, ойға шоматын, бөгет болу немесе басқа жаққа бұру үшін жалпы ағымнан
жырылып шығатын таңдаулылардың көбіне сандырақ болып келсе де салыстырмалы түрде ұтымды болып шығатын жеке пайымдауларын нобайлаймын. Ілкідегі священниктер, сондай-ақ философтар, ғалымдар, құқықтанушылар, соборлар, университеттер, сот мекемелері – кезектесіп немесе бір мезгілде орнықты да бағыт беруші парасаттың бейнесі болды, ал парасат бұқараның елірме де хайуандық әуейілігінен де, олардың жүрегінің түкпіріне ұялаған қоздырғыш немесе ғасырлар бойғы принциптерден де күрт өзгешеленеді. Осынау тізбеге парламенттерді, палаталарды немесе сенаттарды қосқымыз келеді. Олар мүшелері істі ешкімге жалтақтамай шешу үшін және қоғамдық алқынысты тежеп отыру үшін сайланған жоқ па? Бірақ істің шын барысы идеалға тіпті де маңайламайды. Ортақ пікірге келуден және оны солай түсінуден бұрын, ұлтты құрайтын индивидуумдар ортақ дәстүрге ие екендігін түсініп, жоғары саналатын парасат шешіміне саналы бағынады. Осылайша, қоғамдық рухтың үш бұтағының ішінде пікір ең соңғысы болып дами бастайды, бірақ белгілі бір сәттен бастап бәрінен жылдам ұлғаяды; және ол басқа екеуіне нұқсан келтіре отырып ұлғаяды. Оның әлсін-әлсін ұстайтын қояншығына ешқандай ұлттық низам төтеп бере алмайды; оның қауіпқатерінің немесе талаптарының алдында дір-дір етіп, именбейтін бірде-бір жеке парасат жоқ.. Осы екі күндестің қайсысына пікір көбірек зиян келтіреді? Бұл оның басшыларына тәуелді. Олар парасатты қалаулылар санатына жатса, кейде пікірді дәстүрлі қабырғаның бір жерін ойып түсіп, оны әрмен қарай қирата отырып кеңейтетін таран секілді құралға айналдыра алады, мұның өзі қауіпсіз де емес. Бірақ тобырға бас болу көрінген біреуге бұйырса, оның дәстүрге сүйене отырып, парасатқа қарсы пікірді қалпына келтіруі оңай, алайда сайып келгенде парасат салтанат құрады. Парасатты дәстүрге тәуеп еткізу үшін пікір оны тұрпайландырумен ғана шектелсе ештеңе бүліне қоймас еді. Осылай, бүгінгі парасат ертеңгі
пікірге және бүрсікүнгі дәстүрге айналар еді. Бірақ пікір дегеніңіз өзінің екі көршісінің арасындағы ара ағайын болудың орнына, олардың кикілжіңіне киліге кетуді ұнатады да, бірде модаға айналған жаңа доктриналарға елігіп, үйреншікті идеялар мен низамдарды, оларды алмастыру мүмкіндігі қолына тимей жатып, талқандап бітеді, бірде әдетғұрыптың пәрменімен парасатты жаңашылдарды аластап жібереді немесе басып-жаншиды, яки оларды дстүрлі ливреяны киюге мәжбүрлейді, екіжүзділікпен қайта киінуге мәжбүрлейді. Осынау үш бірдей күш бір-бірінен өзінің табиғаты жағынан да, өздерінің себептер мен салдарлары жағынан да өзгешеленеді. Олардың бәрі бірге қимылдайды, бірақ нәрсе құндылығын құрай алмайды, өйткені тым ала-құла және тым оңғақ қимылдайды; және де оның құндылығы мүлдем басқа болып шығады, ол ең алдымен оның дағды шаруасы ма, әлде мода шаруасы ма, әлде толғану шаруасы ма – соған байланысты. Бұдан әрі біз барлық замандарда әңгіме және біздің заманда әңгіменің басты қайнар көзі болып отырған баспасөз; әлбетте, әңгімеге араласудан, онда өзінің ізін қалдырудан ешқашан қашпайтын дәстүр мен парасатты есептемесек, пікірдің маңызды факторлары екендігін көрсетеміз. Пікірдің өзіне басқа, дәстүр факторлары21 дегеніміз – отбасындағы әтрбие, кәсіптік оқыту және мектептегі сабақ, бері салғанда ең қарапайым нәрселерде осылай. Қолданылатын қоғадардағы, яғни заңгерлік, философиялық, ғылыми және тіпті экклезиастік қоғамдардағы парасаттың сипатты қайнар көздері – бақылау, тәжірибе, тергеу яки, бері салғанда, ойлану, мәтінге негізделген тұжырым. Осынау үш бірдей күштің күресі немесе лдағы олардың қақтығысы, олардың бірін-бірі өзара бағындыруы, олардың өзара қимылы, олардың толып жатқан әрі сан алуан қатынастары – осының бәрі тарихтың ең бір өзекті мәселелерінің бірі. Әлеуметтік өмірде жиі-жиі қантөгісті сипатқа ие
21 Бұл сөз – фактор – дәл емес; ол арна немесе бастау деген мағына береді. Бұл арада ол арна мағынасында, өйткені әңгіме мен білім тек пікір немесе дәстүр құралатын идеяларды екінші біреуге беріп отырады. Бастау – қашан да жеке адамның бастамасы, үлкенді-кішілі өнертабыстар.
болатын кереғарлық пен бейімделудің осынау ұзақ жұмысынан асқан соншалық табиғи, жемісті ештеңе жоқ. Әрқашанда ұлттық болып қала беретін, дәстүр өзгермейтін шекараларында неғұрлым қысыңқы, бірақ пікірден гөрі әлдеқайда терең де орнықты; ол жел секілді жеңіл де жылдам, және, жел секілді ұлғая түсуге қабілетті, нақ парасат секілді ұдайы интернационалдық болуға ұмтылады. Жалпы былай деуге болады: жәстүр жартастары осынау кері қайтымы жоқ теңіздің пікір толқындарымен үздіксіз жеміріліп жатады. Дәстүр неғұрлым босаң болған сайын пікір солғұрлым күшті, бірақ бұл осы жағдайда парасат одан да әлсіз деген сөз емес. Орта ғасырларда университеттер, соборлар және соттар арқылы көрінетін парасат ортақ пікірге қарсылық көрсетуде қазіргіден әлдеқайда артық күшке ие еді және оны теріске шығаруға қабілеттірек болатын; рас, дәстүрмен күресіп, оны реформалау үшін оның күші әлдеқайда кем еді. Пәле мынада: осы заманғы пікір тек дәстүрге, өздігінен-ақ едәуір маңызды элементке қарсы ғана емес, сондай-ақ парасатқа да қарсы, сот, ғылым, заң шығару, парасатына немесе белгілі бір жағдайда дейін мемлекетке де қарсы ересен күшке айналады. Ол осы кезге дейін бірден-бір баспана болып отырған – ғалымдар лабораторияларын жайлап алмаса да, ол сот мекемелерін қарық қылды, парламенттерді суға батырып барады, және осынау тасқыннан беймаза ештеңе жоқ, оның тезірек аяқталуын аңғартатын да ештеңе байқалмайды. Оның шекараларын нобайлап, оны анықтауға тырысып көрелік. Пікір, дейміз біз, қысқа мерзіміді және азды-көпті қисынды пайымдаулар тобы, олар заман көлденең тартқан міндеттерге сай келе отырып, толып жатқан данамен, бәз-баяғы бір ғана елдің адамдары арқылы, бәз-баяғы бір ғана уақыт арқылы, бәз-баяғы бір ғана қоғам арқылы көрініп отыр. Бұл шарттардың бәрі де едәуір қажет. Тағы бір едәуір қажет нәрсе бар: осынау адамдардың әрқайсысы өздері ұстанатын пайымның басқалар ұстанатын пайыммен ұқсастығы жөнінде белгілі бір анық түсінігі болуы
керек; егер олардың әрқайсысы беретін баға турасында оқшаумын деп есептесе олардың бірде-біреуі өзіне ұқсастармен, санадан тыс ұқсастармен байланыстымыз деп сезінбес те, ондай қыспаққа түспес те еді. Идеялардың ұқсастығы жөніндегі осынау түсінік қандай да бір қоғамның мүшелері арасында орын алуы үшін осынау ұқсастықтың себебі әу баста жеке адамда туындаған, кейін бірте-бірте ортақ қазынаға айналған қандай да бір идеяның ауызша немесе жабаша, немесе баспасөздік көмегімен жариялануы керек емес пе? Жеке кісі пікірінің қоғамдық пікірге, "пікірге" айналғаны үшін ежелгі заманда және орта ғасырларда қоғам жұрт алдындағы сөзге, біздің заманда – баспасөзге қарыздар, бірақ барлық замандарда және ең алдымен – жеке әңгімелерге қарыздар, ол жөнінде біз көп ұзамай айта бастаймыз. Пікір деп жатамыз, бірақ туындаған әрбір міндет жөнінде бір мезгілде екі пікір болады. Тек олардың біреуі екіншісін өзінің неғұрлым тегеурінді және неғұрлым жарқын сәулесімен немесе өзінің азырақ таралғанына қарамай неғұрлым шулы22 болатынымен тез арада тұқыртып тастайды. Барлық дәуірлерде, тіпті ең жабайы дәуірде пікір болған, бір ақ оны мен біз осы атаумен атайтын нәрсенің арасы жер мен көктей. Әулетте, трибада (Римдегі әкімшілік аудан – аудармашы), ежелгі қалада және тіпті орта ғасырлар қаласында адамдар бір-бірімен тікелей таныс болған, және де жеке әңгіменің немесе шешендерінің сөзінің арқасында қандай да бір идея жұрттың көкейіне қонғанда, ол аспаннан түсе қалған, тегі белгісіз бір тас секілді көрінбейтін де, соның салдарынан тіпті жақсы болып шыға келетін; әркім ол келген жақтағы үн ырғағымен, әлпеттен, таныс біреумен байланысты деп елестетіп, содан да ол тірі жандай болып көрінетін. Дәл сол себептен де ол күн сайын көрісіп, бір-бірімен әңгімелесіп жүретін,
22 Пікір кеңінен таралған болуы мүмкін, бірақ ол басбұзар болмаса, өзін көрсете алмайды; бірақ шетін бір пікір соншалық аз ортаға тараса да, өзін салған жерден көрсетеді. Сөйтіп, бір мезгілде әрі ұғынуға әбден қолайлы әрі анық білдіру тәсілі "манифестациялар" әртүрлі топтардың пікірлерінің бір-біріне қосылып, араласып кетуінде және олардың таралуында орасан зор рөл атқарады. Манифестация арқылы нақ шетін пікірлер өздерінің бір мезгілде өмір сүретінін бәрінен бұрын және бәрінен анық аңғартып, соның арқасында олар ерекше қолайлы жағдайда таралады.
сондықтан сыры бір-біріне жақсы мәлім адамдар арасындағы байланыс қызметін де атқарды. Мемлекеттің аумағы қаланың қабырғасынан немесе, әрі кеткенде, шағын кантонның шекарасынан әрі аспағанша, солай пайда болған, бірегей де күшті, кейде тіпті дәстүрдің өзінен де, әсіресе жеке адамның парасатына күшті пікір адамдарды басқаруда басым рөл, грек трагедиясындағы хор рөлін, шыққан тегі мүлде бөтен осы заманғы пікір өз кезегінде біздің үлкен мемлекеттерімізде немесе біздің барған сайын ұлғайып келе жатқан орасан зор федерацияларымызда ие болуға ұмтылатын рөлді атқарды. Бірақ осынау тарихи екі фазаны бөліп тұрған керемет ұзақ кезеңде пікірдің маңызы сұмдық құлдырады, мұның өзі пікірдің әдеттегі ұштастырушы джекермен байланыспаған жергілікті және бір-бірін елеп-ескермейтін пікірлерге бөлшектеліп кетуінен болғн нәрсе. Англия мен Франция орта ғасырларда болғандаыдай феодалдық мемлекетте, әрбір қалада, әрбір мекенде өзінің ішкі алауыздықтары, өзінің жеке саясаты болды да идеялар ағысы, дұрысырағы, осынау жабық жерлерде бір орында шыркөбелек айналған идеялар құйыны бір-біріне, әрі салғанда кәдуілгі уаөытта, қаншалықты жат та қалыс болса, бір-бірінен соншалық өзгеше болатын. Осынау жекелеген мекендерде ғана жергілікті саясат бар назарды өзіне аударып қойған жоқ, тіпті ұлттық саясатқа аз-маз көңіл аударғанның өзінде, дәл бір мезгілде көрші қалаларда қалай шешілгенінен түсінігі бұлыңғыр ғана болып, онымен өз ішінде ғана айналысты. Өздерінің арасында ешқандай тұрақты байланысы жоқ "пікір" болған емес, бірақ сондай байланысы жоқ мыңдаған жеке пікірлер болған. Бұл байланысты тек қана әуелі кітаптар, содан кейін әлдеқайда көп күшпен газет ұйымдастыра алатынды. Мерзімді баспасөз ойы бір индивидуумдардың осынау бастапқы топтарының екінші дәрежелі, сонымен бірге ең жоғары деңгейдегі агрегатын құруға мүмкіндік берді де, оның мүшелері бір-бірін ешқашан көрмей, білме-ақ өзара тығыз араласа алатын болды. Осыдан келіп маңызды айырмашылықтар солардың ішінде
мыналар бар: бастапқы топтарда дауыстар numerantur дегеннен гөрі көбірек ponderantur, ал екінші дәрежелі және адамдар бір-бірін көрмей-ақ, сырттай ұйымдастыратын неғұрлым көлемді топта дауыстар салмақталмайды, тек есептеле алады. Баспасөз, сөйтіп, сол күшін жасауға және, парасаттың демесек те, мінез күшін қысқартуға санадан тыс жәрдемдесті. Дәл осы соққымен ол билеушілердің абсолюттік өкіметін мүмкін еткен шарттарды жойды. Шынында да, ол өкіметке пікірлердің жергілікті жерлерге бөлшектеліп жатуы көбірек қолайлы болатын. Ол-ол ма, сол өкімет осыдан өзінің өмір сүріп, ақталу ққығына нәр алатын. Әртүрлі облыстары, қалалары, мекендері өз көзқарастарының бірдей екендігі жөніндегі ұжымдық санамен бірікпеген мемлекет дегеніміз не нәрсе? Ол шынында да ұлт па? Бұл бері салғанда тек географиялық, әрі салғанда саяси көрініс қана болып шықпай ма? Иә, бұл ұлт, бірақ мемлекеттің әртүрлі бөліктерінің бір ғана басшыға саяси бағынуы ұлттанудың басы екендігі мағынасында ғана. Мысалы, Көркем Филипп тұсындағы Францияда, ортақ қатер барлық қалаларда, барлық өңірлерде басты орынға ортақ мазасыздық пәнін шығарған сирек оқиғалардан басқа кездерде, қоғамдық рух мүлдем болған емес, тек әртүрлі жерлерде өзінің белгілі бір идеясынан немесе өзінің белгілі бір нәпсісінен күш алып, басқалардан оқшау қимылдайтын жергілікті рух қана болды. Бірақ король өзінің шенеуніктері арқылы бір-бірінен айырмашылығы мол осынау рухани ахуаллдардың бәрі туралы біліп отырды да, солардың бәрін өз ойында ұштастырып, өзінің ниеттерінің негізгі қызметін атқарған олармен осынау ортақ таныстықта біріктірді. Бірақ бұл бірлестік тым нәзік, тым мардымсыз болатын; ол тек корольге ғана барлық жергілікті шаруада ортақ не бар дегеннің бұлыңғыр үғымын беретін. Олардың өзара жүздесетін орны тек соның мені ғана болды. Бас штаттар жиналған кезде, сол арқылы жекелеген облыстар мен кантондардың пікірлерін ұлттандырудың жаңа қадамы жасалды. Бұл
пікірлер әрбір депутаттың миында ұшырасып, бір-бірімен ұқсастығын не ұқсамайтындығын мойындады, және бүкіл ел, өз өкілдеріне қадалған жанарымен, бүгінгіден шексіз кем дәрежеде олардың жұмысына болмашы ғана назар аударса да, өзін түсіне бастаған ұлт бейнесін көрсетті. Бірақ, уақытша және ерекше бұл сана тым бұлыңғыр, тым мимырт және күңгірт еді. Штаттардың мәжілістері ашық жүргізілген жоқ. Қалай десек те, баспасөз болмағандықтан сөйленген сөздер жарияланған жоқ, ал пошта жұмыс істемегендіктен тіпті хаттар да газеттердің осынау жоқтығын алмастыра алмады. Қысқасы, азды-көпті бұрмаланған, апталап-айлап жаяу не атты саяхатшылар, кезбе монахтар, көпестер арқылы ауыздан ауызға көшіп жететін хабарлардан штаттардың жиналғаны, олардың ана, немесе мына нәрселерді талқылап жатқаны жететін – бар болғаны осы. Айта кетелік, осынау жиналыстардың мүшелері өздерінің араласқұраластығының қысқа да сирек сәттері бойына өздері де жергілікті топты, бір адамның екіншісінен жұқтыруы, жеке қатынастары, өзара ықпалы туындатқан жергілікті қызу пікірдің ошағын құрайтын. Және нақ осы жоғары тұрған, уақытша, сайланатын топтың арқасында, төменгі жергілікті топтар, қалалар мен өңірлердегі туыстардан немесе дәстүр бойынша достардан құралатын тұрақты, әулеттік топтар өздерін уақытша байланыспен бірігіп тұрғандай сезінді.
ІІ Әуелі көпшілік, содан кейін жеке корреспонденция ұлғайтқан пошта қатынасының дамуы; адамдар үшін жиірек көрісіп тұру мүмкіндігін берген қатынас жолдарының дамуы, әртүрлі провинциялардан келген солдаттардың бір-бірімен танысып, бәз-баяғы шайқас алаңында бауырларша бірігуіне жол ашқан тұрақты әскердің дамуы; ақыр соңында барлық мекендерін ең таңдаулы байбатшаларды ұлттың монархиялық орталығына ынтықтарған сарай өмірінің дамуы – міне осының бәрі қоғамдық рухтың дамуына айтарлықтай жәрдемдесті. Бірақ осынау ұлы
істі дамудың ең жоғары сатысына көтеру баспа станогының үлесіне тиді. Газет фазисіне жетіп үлгерген баспасөз барлық жергілікті нәрсені, оның ішкі маңызы қандай екендігіне қарамастан бұрындары тым шектеулі ауданның шегінен тыс жерлерде беймәлім болып қала беретін нәрсенің бәрін ұлттық, еуропалық, ғарыштық дегейге көтереді. "Көрнекті қылмыс" бір жерде жасала қалды; сол заматта баспасөз оған шап беріп, жабысып енді біраз уақыт бойы Францияның, Еуропаның, дүние жүзінің жұртшылығы тек Габриель Бонпардың, Бранцинидің, не Панаманың шаруасымен әуре болып кетеді. Лимузендегі бір замоктың түкпірінде "әйелін өлтірген" Лафардждың ісі сол кездің өзінде кемел шағына жеткен, немесе, бері салғанда, ержетіп қалған мерзімді баспасөз бүкіл ұлтқа жеткзіген алғашқы сот процестерінің бірі болды. Осыдан бір жарым ғасыр бұрын мұндай іс жөнінде Лимузен шегінен тыс жерде кім ауыз ауыртып жатар еді? Егер бізгеКаластың ісін және осы тектес басқа да істерді көлденең тартса, онда оларда Волтердің кеңінен әйгілі екендігі және осынау әйгілі процестерге байланысты сол заманның ынтығы қоздырған соттан тыс мүдде зор рөл атқарды: ол мүдде тіпті жергілікті де емес болатын; керісінше, неғұрлым ортақ мүдде еді, өйткені әңгіме, әділ болсын-болмасын, сот қателіктері хақында өрбіді, біздің мекемелер, біздің бүкіл магистратура айыпталды. Басқа бір кезде тамплиерлер ісі тудырған ұлттық дүрбелең туралы да айтуға болады. Француз революциясына дейін қоғамдық пікірге қарсы дәл сондай атышулы қылмыс болған емес деп кесіп айтуға болады, бірде-бір қылмыс, егер ол саяси сипатта болмаса және сектанттар пайдаланып кететіндей болмаса, бүкіл Францияда соншалық дүрбелең туғызбас еді. Біз білетін сот хроникасы, бүгіндері ұжымдық сана үшін, пікір үшін, өкінішке қарай, соншалық маңызды элемент, сот хроникасы ешқандай мазаны алмай-ақ, тек мүлдем риясыз анайылықтың немесе театрдағыдай әуестіктің салдарынан апталар бойы осынау орасан зор және көзге көрінбейтін Колизейдің сансыз немқұрайды көремендерінің ықыласын бір
ғана сот драмасына еріксіз аудартады.Болмай қоймайтын және қазіргі халықтардың нәпсісін бәрінен көп қоздыратын осынау қанды сауық біздің бабаларымызға белгісіз болатын. Біздің аталарымыз онымен бірінші болып таныса бастады. Неғұрлым дәлірек болуға тырысып көрелік. Ұлттар бойынша ажыратылған, провинцияларға, облыстарға, қалаларға бөлінген үлкен қоғамда әрқашан, тіпті баспасқзге дейін де, оқтын-оқтын бой көрсетіп қалатын интернационалдық пікір болған; онан кйін – ұлттық, араласып келіп отыратын, бірақ неғұрлым жиі ұшырасатын ұлттық пікір тұрды; олардан кейін – мүлдем тұрақты дерлік облыстық және жергілікті пікірлер бар. Бұл – бір-біріне үстемеленіп тұратын қоғамдық рух қабаттары. Тек әрқилы осынау қабаттардыңпропорциясы ғана айтарлықтай өзгеріп отырды, және қай мағынада өзгергенін байқау оп-оңай. Біз өткенге қаншалықты терең бойласақ, жергілікті пікір соншалық басым мәнге ие бола береді. Қоғамдық рухты аз-аздапұлттық, тіпті бірте-бірте ұлтаралық ету – журнализмнің жұмысы осыдай болды. Журнализм дегеніміз – сорып алып, сыртқа қайта айдайтын мәліметтер насосы, жер шарының барлық нүктелерінен күн сайын таңертең алынатын бұл мәліметтер сол күні-ақ жер шарының барлық нүктелеріне таратылады, өйткені олар қызық немесе журналист үшін қызық көрінеді, бұл жерде ол көздейтін мақсат және ол сөзін сөйлейтін партияның үні қаперге алынады. Оның мәліметтері, шынында да, аз-аздап, бірақ бет қаратпай санаға сіңе береді. Газеттер өз ісін жұрттың пікірін, әуелі таза жергілікті пікірді содан кейін астам топтардың, сарайдың, парламенттің, астананың сыбыстарын, әңгімелерін, кикілжіңдерін қалпына келтіре отырып, солардың пікірін білдіруден бастайды; олар сөздер мен әңгімелерге өздерінің күнделікті сюжеттерінің көпшілігін теліп, пікірге өз қалауынша бағыт беріп өзгерте бастаумен аяқтады.
ІІІ
Газет индивидуумдардың, тіпті газет оқымайтындардың, бірақ газет оқырмандарымен әжік-күжік әңгіме үстінде солардың пікірінен жұққан сүрлеуден шықпауға мәжбүр болатындардың әңгімелерін қаншалық өзгерткенін, байытқанын, сонымен бірге тегістеп жібергенін, кеңістік бойынша біріктіріп, уақыт бойынша түрлендіргенін ешкім білмейді, ешкім ешқашан елестете де алмайды. Силлиондаған тілдерде тиек болу үшін бір қалам жеткілікті. Баспасөзге дейінгі парламенттің баспасөз пайда болғанға дейінгі парламенттен терең өзгешеленетіндігі соншалық, олардың тек атауы ғана ортақ секілді көрінеді. Олар өзінің шығу тегі, өз өкілеттіктерінің сипаты, өздерінің міндеттері, өз қарекетінің ауданы мен күші жағынан өзгешеленеді. Баспасөзге дейін кортестердің, сеймдердің, бас штаттардың депутаттары әлі санда жоқ пікірлерді білдіре алмайтын; олар тек, біз білетіндей, сипаты мүлдем бөлек, жергілікті пікірлерді немесе ұлттық дстүрлерді ғана білдіретін. Бұл жиналыстарда жеке-жеке, арасында ортақ ештеңе жоқ әртекті пікірлерді ешқандай байланыссыз, жай ғана салыстыру жасалатын; нақ сонда осы пікірлерді келісіп алу мүмкін болатындығын немесе мүмкін еместігін түсіну алғаш рет игерілді. Осынау жергілікті пікірлерге, осылай, бір-бірі туралы тағы да таза жергілікті сол жиналыстар өтетін қаланың тар шеңбері қыспағандығы немесе біршама белсенділік көрсететін түсінік араластырылды. Бұл қала Лондон немесе Париж секілді астана болса, оның муниципиялық кеңесі маңызы жағынан ұлттық депутаттар палатасымен бәсекелесуге хақылымыз деп санай алатын; француз революциясы кезіндегі Париж коммунасының тіпті сұмдық талаптары – ол шабуылдаған кездегі немесе құрылтай жиналысын, ұлттық жиналысты, конвентті өзіне бағындырғысы келген әрекеттер осымен түсіндіріледі. Себеп мынада: кейінірек темір жол мен телеграф таңып берген орасан зор қанаттары жоқ сол кездің баспасөзі парламентке тек Париж пікірімен жедел те тығыз араласуынжеткізе алатын. Қазіргі кезде кез-келген еуропалық парламент баспасөздің толысуының арқасында
қандай да бір үлкен қаланың ғана емес, бүкіл елдң пікірімен тұрақты да қас қағым сәтте жанасып, өзара ықпалдастықтың жанды қатынаста болу мүмкіндігіне ие; ел жөнінде ол бір мезгілде көрсету мен қоздырудың басты элементтерінің бірі қызметін атқарып, дөңес айна және тұтандырушы айна болып табылады. Жергілікті және өзара ұқсамайтын рух көріністерін қатар орналастырудың орнына ол ұлттық рухтың көптеген көріністерін, өзгере беретін қырларын бір-біріне кіріге түсуге мәжбүрлейді. Бұрынғы парламенттер әртүрлі мүдделерге, құқықтарға, принциптерге жататын әр текті өкілеттіктер топтары болатын; ең жаңа парламенттер, тіпті бір-бірімен кереғар болған күнде де, біртекті өкілеттіктер топтары, өйткені олар ұқсас шаруаларға қатысты және өздерінің ұқсастығын түсінеді. Мұның үстіне, бұрынғы депутаттар тұтасымен сайлау теңсіздігі принципіне және әртүрлі индивидуумдардың ұқсамайтындығына, дауыс беру құқығының таза жеке сипатына негізделген сайлану тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бойынша бір-біріне ұқсамайтын. Сан билігі әлі өмірге келмеген немесе заңды деп танылмаған болатын; осы себептен осындай жолмен сайланған жиналыстардың мәжілістерінде сан жағынан жай ғана көпшілікті ешкім де заңды күш деп санамайтын. Ең "мешеу" мемлекеттерде бірауыздылық міндетті болды да, бір депутаттан басқа бардық депутаттардың еркін келіспейтін жалғыз сол адамның қарсылығы тежеп тастайтын. Осылай, баспасөз гүлденгенше және пікір ұлттық пікірге айналдырылғанша өкілдерді сайлау тұсында да, олардың өз міндеттерін атқаруы тұсында да көпшілік заңы түсінікті болған жоқ және бола алмайтын да еді. Баспасөз гүлденгеннен кейін кез-келген заң санаға кіріп-шықпайтын болды; өз бойына біткен барлық қауіптер мен өрескелдіктерге қарамастан, жалпыға бірдей дауыс беру құқығы соның өз бойында реформаға қабілеттілік бар деген үмітпен бірте-бірте барлық жерде қабылданып жатыр; және де бұлтартпас қарсылықтарға қарамастан, тіпті бір ғана артық дауыспен өткен көпшіліктің шешіміне жұрттың бәрінің бас июі тиістігі сіңісіп кетті.
Сондай-ақ парламенттердің баспасөз пайда болған кезден басталған егемендігі де мен жаңа ғана атап өткен айырмашылықтармен түсіндіріледі, парламенттер баспасөз дүниеге келгенше мұндай егемендікті талап ете де алмайтын. Олар ұлттық сананы король секілді, кейіннен одан да жақсы бейнелейтін болғаннан соң, сол кезде дүниеге келіп үлгерген ортақ пікір мен ерікті, оларды білдіре отырып, оларды өздерінің шешімдеріне, былайша айтқанда кіргізе отырып тап көрсеткен соң, енді монарх олардың бірденбір немесе ең мінсіз өкілімін деп айта алмайтын болған соң ғана корольге тең, содан кейін одан жоғары бола алатын еді. Осынау шарттар орындалмай тұрып, – ал олар ұлы мемлекеттер дәуірінде тек журнализм дүниеге келгеннен кейін ғана орындалды – жиналыстар, тіпті революция тұсында ең жоғары дәрежеде халық сипат алған жиналыстар өздерінің жоғарғы билікке ие оекендігіне халықтардың, тіпті өздері өздерінің көзін жеткізуге дәрменсіз болатын, сондықтан қарусыз, өздері жеңіп шыққан королбді көрсе болды жалпақтап, онымен бейбіт бітім жасайтын, одан, мысалы, әлдебір Жерсіз Иоаннан еркіндік хартиясын алуды бақыт санайтын, сөйтіп өздерінің бұрынғы сенімдерінің пәрменімен емес, парасат пәрменімен, терең де жасырын әлеуметтік қисынның парасаттылығының пәрменімен оның ерекше ққығының қажеттілігін мойындайтын. аспасөзге дейін монархия азды-көпті абсолютті, бәрінен ұлық және қасиетті бола алатын, сондай болуға тиіс болатын, өйткені олар бүкіл ұлттық бірліктің өкілі еі; баспасөз дүниеге келгеннен кейін олар енді нақ сондай бола алмайды, өйткені ұлттық бірлікке оларсыз және олардың делдалдығынсыз жақсырақ қол жетеді. Бұл екі арада олар өмір сүре алады, бірақ қазіргі парламенттер бұрынғы парламенттерден қалай ерекшеленсе, ол да бұрынғы монархиялардан солай ерекшеленуге тиіс. Бұрынғы монархтың ең мәуелі еңбегі – ол ұлттың бірлігін және санасын орнатқан; қазіргі монархтың орнында қалқайып отыруының бір ғана мағынасы ол өзінің қатынасуынсыз, өзінің бағасын білетін, корольге қолданылатын
немесе бейімделетін, бірақ оған бағынбайтын тұрақты қоғамдық пікірдің көмегімен орнатылған сол бірлікті білдіреді. Баспасөздің әлеуметтік рөлі туралы әңгімемізді тәмамдау үшін мынаны ескерте кетейік: саяси мағынада алғанда біздің қазіргі зәуірімізді сипаттайтын, ұлттардың жаңа, күштірек білдірілген сезімі – неғұрлым анық және неғұрлым ауқымды бөлінісі үшін де біз мерзімді баспасөздің ғаламат өркендеуіне қарыздармыз. Біздің интернационализмімен қатар оны терістеу болып көрінетін және оған тек толықтыру ғана бола алатын біздің ұлтшылдығымызды мәпелеп өсірген баспасөз емес пе? Егер өскелең ұлтшылдық кеміп бара жатқан лоялизмнің орнына біздің отаншылдығымыздың жаңа пошымына айналса, бұл құбылысты дәл сол үрейлі де жемісті күшке телуіміз керек емес пе? Мынаны көргенде қайран қалмауға болмайды: мемлекеттер бір-бірімен араласып, бір-біріне еліктеп, бір-бірімен ассмиляцияланып, мораль жағынан бірігіп жатқан тұста, ұлттардың бөлінуі тереңдеп барады және олардың арасындағы қарамақайшылықтар бітіспестей болып көрінеді. Үстірт қарағанда XІX ғасырдың ұлтшылдығы мен оның алдындағы ғасырдың космополитизмі арасындағы осынау кереғарлықты түсінуге болмайды. Бірақ, сырт қарағанда қисынсыз болып көрінетін осынау нәтиже бәрінен қисынды. Көрші немесе алыс халықтар арасында тауарлар, идеялар, әрқилы өнегелер алмасу жылдамдап, моля түскен тұста, газеттердің арқасында, атап айтқанда, бір тілде сөйлейін әрбір халықтардың индивидуумдарының арасында идеялар алмасу басқаларынан тезірек өрбіді. Осыдан ұлттар арасындағы абсолютті айырмашылық қаншалық азайса, олардың салыстырмалы және саналы айырмашылығы соншалық көбейді. Көрсете кетелік, қазіргі кезде ұлттардың географиялық шекаралары басты тілдердің шекараларымен барған сайын жақындаса түсуге ұмтылып отыр. Тілдер күресі мен ұлттар күресі біртұтас болып кеткен мемлекеттер бар. Мұның себебі журнализмнің арқасында ұлттық сезім жандана түсті, және де газет сәулесінің қуаты олар өзі жазылған тілдің шекарасында таусылады.
Газет ықпалының алдында болған, XVІІ ғасырдағыдай, XVІІІ ғасырдағыдд да басым болған кітап ықапалы дәл сондай нәтижелер бере алмады: кіап оны бір тілде оқығандардың бәріне өздерінің филологиялық ұқсастығын сезіну мүмкіндігін бергенімен, бұл арада бір мезгілде ортақ нәпсіні қоздыратын өзекті мәселелер жоқ болатын. Ұлттың бар екендігіне зор дәрежеде әдебиет айғақ болды, бірақ тек газеттер ғана ұлттық өмір отын жағып, өзінің күн сайынғы ғаламат ағымымен ақыл-ой мен ниеттің біріккен қозғалысын биікке көтереді. Газет секілді өз хабарларының нақты өзектілігі арқылы өз мүддесін тақұл-тұқыл аяқтаудың орнына, кітап ең алдымен өзі ұсынып отырған идеяның ортақ және жалпылама сипатымен қызықтыруға тырысады. Демек, ол, XVІІІ ғасырдағы біздің әдебиет жасағанындай, ұлттық немесе тіпті интернационалдық ағымнан гөрі жалпыадамзаттық ағым туғызуға неғұрлым қабілетті. Интернационалдық және жалпыадамзаттық – екеуіекі басқа нәрсе: біздің интернационалистер белгілі бір түсінік ала алатын түрдегі еуропалық федерацияның, энцеклопедистер көкке көтерген, бұл мәселедегі олардың идеяларын Огюст Конт догматқа айналдырған "адамзатпен" үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Демек, 1789 жылғы революция бұрқ ете қалған сәттегі қоғамдық рух тенденцияларының космополиттік және жалпылама сипаты қоғамдық пікір тәрбиешісі ретінде газеттен гөрі кітаптың басымдығымен байланысты еді деп ойлауға негізіміз бар.
Әңгіме
І Өзімізді қызықтыратын нәрсеге, оның күрделілігін сездіре кету үшін алғашқы, үстірт те асығыс көз жүгіртіп өттік. Пікірді анықитап алып, біз оның баспасөзге қатынасын көрсету үшін ерекше егжей-тегжейлі тоқталдық. Бірақ баспасөз пікірдің бір ғана себебі және ең жаңа себептерінің бірі ғана. егер біз оны бәрінен бұрын қарастырсақ оның
себебі ол бәрінен көрнектірек болғандықтан. Бірақ енді, біз пікірдің өзіміз жоғарыда барынша тұрақты және барынша әмбебап деп сойындаған факторын, пікірдің кіп-кішкентай болғанымен, ағысы еш уақытта, барлық жерде тоқтап қалмайтын бұлағын – әңгімені, бұл өріс әлі зерттелмегендіктен, әлдеқайда кеңірек бажайлауымыз керек. Ең алдымен әңгіме қалаулылар туралы. Дидроның Неккерге 1775 жыл жазған бір хатынан мен өте дұрыс мынадай бір анықтама ұшырастырғаным бар: "Пікір дегеніңіз, жақсылық үшін де жамандық үшін де күш-қуаты бізге жақсы мәлім осынау қозғалтқыш түп-тамырын тек аз ғана адамдардан алады, олар ойланып алып сөйлейді, қоғамның әрқилы нүктелерінде ойластырылған қателіктер мен ақиқаттар біртіндеп қаланың түкпіртүкпіріне дейін таралатын, сол жерлерде сенім догматтары ретінде орнығатын ағарту орталықтарын шаршамай-талмай ашады". Егер адамдар өзара сөйлеспесе, газеттер қанша пайда болып жатса да (мұндай гипотеза ұсынғанда олардың қалай пайда болатыны түсініксіз болып қалады) олар ақылға ұзақ та терең ықпал ете алмас еді, олар тербеліс тудыратын тиексіз ішек секілді көріне еді; керісінше, газеттер, тіпті сөздер болмаса да, әңгіме, егер ол осынау қорексіз де өркендей алатын болса (мұны да елестету қиын), уақыт өте келе пікірді туғызушы ретінде, мінбер мен баспасөздің әлеуметтік рөлін белгілі бір дәрежеге дейін атқара алар еді. Әңгіме деп мен төте де тікелей пайдасы жоқ, көбіне сөйлеу керек болғандықтан, рахат үшін, көңіл аулау үшін, сыпайлық үшін сөйленетін кез-келген диалогты айтып отырмын. Мұндай анықтама біздің тілімізге тиек болып отырған тақырыптан сот тергеуін де, дипломатиялық немесе коммерциялық келіссөздерді де, соборларды да, және тіпті, басы артық мылжыңы көп болса да, ғылыми конгрестерді де шығарып тастайды. Ол дүниауи қалжыңды, жалпы түп мақсаты көбіне мен мұндалап тұратын, алайда, сұхбаттастар үшін өздігінен-ақ қызықты бола беретін сүйіспеншілік мылжыңын да санаттан шығармайды. Ол, айтпақшы, тіпті варварлар арасындағы және жабайылар арасындағы барлық
салтанатәңгімелерін қамтиды. Егер мен өнердің ерекше бір тегі ретінде сыпайы да мәдениетті әңгімемен ғана айналыссам, мен әрі кеткенде, антик, классикалық дәуірден XV ғасырдағы Италиядан, XVІ немесе XVІІ ғасырдағы Франция мен Англиядан, XVІІІ ғасырдағы Германиядан әріге аяқ баспас едім. Бірақ өркенияттың осынау эстетикалық шешегі атудан әлдеқайда бұрын, оның алғашқы қауашақтары тілдер алғашында көріне бастады; олар көзге көрінетін нәтижелер мағынасында таңдаулылар әңгімесінен жеміссіздеу болғанымен, алғашқы қауымдық халықтардың үзік-үзік әңгмелерінің бәрібір әлеуметтік маңызы бар. Егер жекпе-жекті есепке алмасақ, адам басқа адамды өзінің шамасы келетін бар ықыласпен тек онымен әңгіме кезінде ғана бақылайды. Әңгіменің ең тұрақты, ең маңызды және ең аз байқалған салдары міне осы. Бұл – адамдар бір-біріне аңғартатын өздігінен туындайтын ықыластың23 ең биік шыңы және сол арқылы олар бірін-бірі кез-келген басқа әлеуметтік қатынастар кезіндегіден шексіз терең түсінеді. Әңгіме олардың бір-біріне ойланып та жатпастан, әрі соншалық бұлтартпас төте жолмен жақындасуына мәжбүр етеді. Демек, ол еліктеудің, сезімдерді, идеалдарды, қарекет тәсілдерін таратудың ең құдіретті құралы болып табылады. Жұрттың бәрі құп көрген жалынды сөз көбіне-көп баурап ала бермейді, өйткені ол әу бастан-ақ ашықтан-ашық соған бағытталған. Сұхбаттастар өте жақын жерден бір-біріне24 сөзбен ғана емес, магнетикалық қимылдар секілді дауыс ырғағымен, жанарымен, бет әлпетімен, қол қимылымен ықпал етеді. Жақсы сұхбаттас жөнінде магиялық мағынасында сиқыршы деген сөзді қолдану әбден әділетті. Қызықтырудың осынау элементтерінің
23 М. Рибоның "өздігінен туындайтын ықылас" туралы айқын да терең этюдтері баршаға белгілі, ол солардың маңызды мәнін көрсете білді. 24 Деспоттар мұны жақсы біледі. Олар өз бодандарының әңгімелерін ықыласпен, күдіктене тыңдайды, дәне, мүмкіндігіне қарай, олардың өзара мылжыңдасуына кедергі жасайды. Деспоттық мінезі бар отбасы әйелдері өздерінің қызметшілерінің басқа бір үй қызметшілерімен мылжыңдасқанын ұнатпайды, өйткені олар, осының арқасында қызметшілердің "бас көтеретінін" біледі. Үлкен Катон тұсынан былай Рим әйелдері әңгіме көйіту үшін бас қосатынды шығарған-ды, сонда қаһарлы цензор осынау шағын әйелдер үйірмесіне, феминистік салондардың осынау тәжірибесіне алара қарады. Өзінің билеушісіне берген кеңестерінде, сөз арасында, ол патшаның әйелі жөнінде былай дейді: "Ол сенен қорқатын болсын, ол шалқар байлыққа тым қызыға бермесін және көрші әйелдерді немесе басқа әйелдерді мүмкіндігінше кемірек көретін болсын".
көбісі болмайтын телефонмен әңгімелесудің сипатты белгісі, ол әңгіменің таза утилитарлық сипаты жоқ кезде, іш пыстыратыны. Әңгіменің психологиясын, егер солай айту өрескел көрінбесе, әлеуметтануын мүмкіндігінше қысқа баяндап шығалық. Оның түрлік өзгерістері қандай? Оның себептері мен оның салдарлары қандай? Оның әлеуметтік дүниеге махаббатқа, тілдегі өзгерістерге, құлыққа, әдебиетке қатынас қандай? Соншалық ауқымды пәнге қатысты осынау сұрақтың әрқайсысына тұта бір кітапты арнауға болады. Бірақ біз соның бәріне түгін қоймай толық жауап береміз дей алмаймыз. Әңгімелер сұхбаттасушылардың болмыс-бітіміне, олардың мәдени деңгейіне, олардың әлеуметтік жағдайына, олардың тегіне, ауылдан немесе қаладан екендігіне, олардың кәсіптік машығына, олардың дініне қарай қатты өзгешеленеді. Олар әңгіме болып отырған пән бойынша, ауаны бойынша, рәсімділігі бойынша, сөздің жылдамдығы бойынша, ұзақтығы бойынша бөлектенеді. Әлемнің әртүрлі астаналарында жаяулар жүрісінің жылдамдығы өлшенедеі, жарияланған статистикалық мәліметтер олардың әрқайсысында жылдамдық әртүрлі екендігін, бірақ бір қалада бірдей еендігін көрсетті. Иманым кәміл, егер қажет деп тапса, әрбір қалаға тән сөлесу жылдамдығын да дәл өлшеуге болар еді, сонда оның әртүрлі қалада тіпті де бірдей болмайтыны, дәл сол секілді әрбір жыныста әртүрлі болатыны анықталар еді. Адамдар өркениятқа бой ұрған сайын, олар тезірек жүріп, жылдамырақ сөйлейтін секілді. Өзінің "Жапонияға сапарында" Бельсор "кішентай ошақ айаласында отырған жапондар әңгімелерінің баяулығын, бас изей беретінін, дененің қыбыр етпейтінін" атап өтеді. Сондай-ақ барлық саяхатшылар арабтардың және басқа да алғашқы қауымдық халықтардың баяу сөйлейтінін аңғарады. Болашақта халықтар баяу сөйлей ме, жылдам сөйлей ме? Тегінде, жылдам сөйлейтін болар, бірақ меніңше, тілімізге тиек болып отырған пәннің осынау қырын дәл цифрлармен талдап зерттеу артық болмас еді, оны зерттеуді әлеуметтік
психофизика секілді бірдеңемен байланыстыруға болар еді. Қазіргі кезде бұл үшін қолда бар мәліметтер жеткіліксіз. Әңгіме төмен және жоғары тұрғандар арасында, тең тұрғандар арасында – туыстар арасында және бөтендер арасында, бір жынысқа жататын адамдар арасында, еркектер мен әйелдер арасында мүлдем өзге ауанда, тіпті мүлдем өзге жылдамдықта жүргізіледі. Кішкентай қалашықтарда ата-бабаларына бері қарай бір-бірімен әмпей азаматтар арасындағы әңгімелер үлкен қалалардағы бір-бірін шамалы ғана білетін сауатты адамдар арасындағы әңгімелерге мүлдем ұқсамайды және солай болуға да тиіс. Бұлардың қай-қайсысы да идеялар мағынасында өздеріне бәрінен жақсы мәлім және бәрінен ортақ тақырыпқа сөз қозғайды. Тек қана бұл тұрғыдан алғанда соңғыларға ортақ нәрсе оларда көптеген басқа адамдармен де ортақ болады, өйткені олар бір-бірін жақын біле бермейді: олардың ортақ тақырыпты сөз етуге, ортақ мүдде бар идеялар жөнінде дауласуға бейім екендігі осыдан. Бірақ шағын қалашықтар тұрғындарында ола үшін өздеріне таныс басқа адамдардың жеке өмірі мен мінез-құлқынан неғұрлым ортақ және неғұрлым белгілі идеялар жоқ: олардың өсекке, ғайбатқа бейім екендігі осыдан. Егер мәдени астаналарда ғайбат азырақ болса, бұл тіпті де оларда қыжыл мен ғайбаттау ниеті кемірек екендігінен емес; тек, ол ғайбат, өмірде жиі болатынындай көрнекті саяси қайраткерлерге немесе театр атақтылары жөнінде болмаса, жеткілікті жарамды материал таба алмағандықтан. Бұл қоғамдық өсек-аяң, айтпақшы, өзі бодауына жүретін жеке өсек-аяңнан тек бір жағынан ғана, оларға , амал қанша, көбірек адамдар қызығатындығымен ғана артық. Көптеген екінші дәрежелі айырмашылықтарды ысырып қоя тұрып, ең алдымен әңгімені – күрес пен әңгімені – ой алмасуды, дауды және өзара тергеуді бөліп алайық. Сонда біз әңгіме, күман жоқ, күрес есебінен даму жолымен келе жатқанын аңғарамыз. Индивидуум ғұмырының барысында да дәл солай болады, өзінің жеткіншектік, жастық шағында дауға, күреске
құлшынып тұрса, егде тартқан сайын қарама-қайшылықтан қашқақтап, ой жарасымдылығын іздей бастайды. Сондай-ақ міндетті – ресімдік, белгіленіп қойған, рәсімдік әңгіме мен еркін әңгімені бөліп алайық. Мұның соңғысы, жалпы, тек терезесі тең адамдардың арасында болады, ал адамдардың теңдігі ресми әңгіменің азаюына жәрдемдесіп, еркін әңгіменің өрбуіне қолайлы жағдай туғызады. Тарихи тұрғыдан түсіндіре кетпесе бәрінен күлкілі болып шағатын бір жәйт – шенеуніктерге декреттерімен, жеке адамдарға әдеп заңымен жүктелетін міндеттеме – бір-біріне мезгіл-мезгіл визит жасау, яғни үйіне барып сәлем беру болатын. Оның барысында, бетпе-бет отырып, жарты сағат немесе бір сағатбойы әңгімелесу үшін, және бір-біріне ештеңе айтпау немесе өзі ойламайтын нәрсені айту, ал ойлайтын нәрсесін айтпау үшін миын қатыруға мәжбүр болатын. Бүкіл әлемде қабылданған мұндай мәжбүрлеу біз оның қайдан шыққанын білгенде ғана түсінікті болады. Жоғары мансап иелеріне, бағыныштының бастыққа, вассалдардың өз сюзерендеріне алғашқы визиттерінің Герберт Спенсер толып жатқан мысалдармен көрсеткен басты мақсаты сый-сияпатын, әуелгіде қалауынша және надұрыс, кейіннен әдеттегі және мезгіл-мезгіл сый-сияпатын тапсыру болатын, және соымен бірге, әрине, бұл визиттер азыд-көпті уақытқа созылатын, бір жағынан асыра дәріптеуден, екінші жағынан қамқорсыған алғыстан тұратын әңгімеге мұрындық болатын25. Бұл арада әңгіме тек сыйдың аксессуары ғана, және неғұрлым артта қалған облыстардың көптеген шаруалары жоғары тап адамдарына қатынасында әлі де оны дәл сол мағынасында түсінеді. Ежелгі визиттердің осынау екі элементі аз-аздап бір-бірінен алшақтай берді, сый салыққа айналды, ал әңгіме жеке дами берді, бірақ тіпті тең адамдардың арасында да бұрынғы ресімдік
25 Визиттер ғұрпы мен сый-сияпат ғұрпы бір-бірімен айланысты; тегінде, визит сый-сияпаттың қажетті салдары ғана болған секілді. Қысқасы, визит – өткеннің сарқыншағы; әу баста сый-сияпат визиттің орын алуының құқыы болды, бірақ визит сый-сияпаттан ғұмырлы болып шықты. Айтпақшы, сый-сияпаттан қалған бірдеңелер әлі де бар, көптеген елдердің ауылдарында баласы бар адамдарға сәлемдесуге барарда қалтаға тәтті-мәтті сала кету ғұрпы бар. Құттықтау бұрынғы кездерде, дәл визиттер секілді, сый-сияпатқа серік қана болатын. Діл сол сияқты, сый-сияпат ғұрпның талқаны таусылғанда да, құттықтау аман қалып, аз-аздап өзара сипат алды да, әңгімеге айналды.
сипатынан бірдеңелерді сақтап қалды. Қандай әңгіменің де бас-аяғындағы салтанатты формулалар мен формалдылықтар осыдан. Қаншалықты сан алуан болғанымен, оның бәрі сұхбаттастың қадірлі ғұмыры жайындағы қатты қамқорлыққа, немесе тағы да көрісудің қиыспас тілегіне саяды. Осынау формулалар мен формалдылықтар қысқарып келе жатқанымен, әлі де әңгіменің тұрақты шеңбері күйінде қалып келеді және оған нағыз әлеуметтік мекеме мөрін басады. Міндетті әңгіменің тағы бір бастауы жападан-жалғыз жүрген алғашқы қауфым адамдары және жалпы қолы бос кезде ештеңе оқымайтын адамдардың бәрінің басына түсетін терең жалығу болуға тиіс еді. Төменгі тап адамы сол кезде, тіпті қолға сыйлық ұстамай-ақ жоғары тұрған адамға серік болып, оның көңілін аулау үшін әңгімелесуді өзімнің парызым деп санайтын. Міндетті әңгіменің ритуалдық пошымға ие болғаны әңгіменің осындай және жоғарыдағыдай шығу тегімен оп-оңай түсіндіріледі. Ал енді беталды әңгімеге келсек, олардың бастауы адами жұғысуда, мұндай жұғысу қай кезде де тең жағдайдағы және жолдас адамдар ұшырасқанда сөздердің ағылып келе беруіне айналады.
ІІ Әңгіменің эволюциясы туралы мәселені қозғаған соң, оның бастапқы ұрықтарын әлдеқайда тереңірек зерттеу керек емес пе? ешқандай күмәнсіз керек нәрсе, бірақ мен хайуандар қоғамына, ағаштарға қонақтаған торғайлардың шырылдағанына, әуеде ұшып жүрген қарғалардың беймаза қарқылына дейін көсілмек емеспін. Бірақ қымсынбай-ақ мынаны кесіп айтуға болады: сонау ықылым заманда дене қимылдарын қоса түсінікті сөйлеу әрекеттерінен бастап, сөйлеу үшін сөйлеу, яғни, жалпы мылжыңдаудың өзі сөйлеушіні рахаттандыруға тиіс болатын. Егер біз адамның тұңғыш эстетикалық молшылығы, оны өнер туындысы ретінде, құрал ретіндегіден гөрі, қызық ретінде сүйіп, сыйлау үшін оның өнерлі кемеңгерлігінің алғашқы қолданылуы болды-ау деп жорамалдамасақ сөз
жасау дегенді мүлдем түсіне алмайсың. Сөз дегеніміз ән айиудан, биі қосыла жүретін ән айтудан, жазудың суреттен әлдеқайда кейін пайда болғаны секілді, туған жоқ па екен? Маған алғашқы қауым адамдары қолы бос кезінде бір-бірімен кездескенде қосыла ән айта бастағандай немесе бірбіріне арнап ән айта бастағандай болып елестейді. Осынау музыкалық әңгімелердің қалдықтарын малшылардың эклодағы (айтыс) кезектесіп өлең айтуында, сондай-ақ эскимостар арасында әлі сақталып қалған, біреуді әжуалағысы келсе, соның қақ алдында ән айта бастауында сақталып қалған деуге болады. Олардың, дәл әлгіндей кезектесіп, сықақтап өлең айтуы, осынау ренішсіз ұзақ бәсекені, біздегі қызу даудың рөлін атқарады. Маған тағы бір жорамал ықтимал секілді көрінеді. Тағы да жаңа ғана айтқан теңдеуіме ораламын. Жазу дегеніңіз жаппай қолданылу қабілетіне ие болудан, туыстар мен достар арасында хат алмасудан, жазбаша әңгімеден көп бұрын, ол құлпытастарға жазу, діни немесе монархиялық негізі бар тастағы жазу, салтаннатты жазулар мен қасиетті бұйрықтар үшін ғана жарамды болатын. Сол биліктерден, ғасырлар бойғы күрделендіру мен қарабайырландыру кейін, жазу өнері шұғыл поштаның құрылуы қажетті болған баспалдаққа дейін төмендеді. Сөз турасында да солай болды. Сөз әңгімелесу үшін қолданыла бастағаннан көп бұрын, ол бұйрықтар беру немесе бастықтарды құлақтандыру құралы немесе моралист-ақындардың өсиеттерін жеткізу құралы ғана болуы әбден мүмкін. Қысқасы, ол әуелі қажетіне қарай монолог болды. Диалог дегеніңіз, біржақты нәрсе ылғи да өзараның алдында жүреді деген заң бойынша, тек кейінірек пайда болды. Біз тілге тиек етіп отырған тақырыпқа әлгі заңда қолдану заңдылығы бірдей бірнеше түсіндірмелерге жол береді. Ең әуелі, сөз шапағы атқан кезде, алғашқы былдыр естілген бірінші отбасында немесе ордада тіл монополиясы нақ сол ең дарынды индивидуумда болды; басқалар тек тыңдай берді; олар біршама тырысса оны түсіне алатын, бірақ әлі оған еліктей алмайтын. Осынау ерекше дарын бір адамның басқалардан озық
шығуына жәрдемдесуге тиіс болатын. Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады: өзінің құлдарына немесе балаларына сөз арнаған отағасының, өз солдаттарына бұйрық беретін бастықтың монологы құлдардың, балалардың, солдаттардың өзара диалогынан немесе өз бастықтарымен диалогынан бұрын пайда болған. Бұған қарама-қарсы басқа бір түсіндіру бойынша, төмен адам жоғары адамға кейінірек, осы соңғысы оған жауап бергенге дейін, оны мадақтау үшін тіл қата бастады. Құттықтаулар өзінің пайда болуы үшін тек қана әскери деспотизмге қарыздар деген Спенсердің түсіндіруімен келіспей-ақ, құттықтау бір жақты қатынас болғанын мойындау керек; теңсіздіктің кемуіне қарай бірте-бірте өзаралық сипат алған ол мен міндетті деп атаған әңгімеге айналды. Дәл бастықтарға арналған құттықтау секілді, құдайларға арналған намаз ритуалдық монолог, ал монолог адамға табмғм тән болғандықтан, псалом немесе ода пошымында да барлық замандар лиризмінде ол діни немесе дүниауи поэзияның бірінші фазасын нобайлайды. Айта кету керек, намаз даму барысында диалогқа айналу тенденциясына ие; біз мұны католиктік месса мысалынан көре аламыз; және де Бахусқа бағышталған әндерді айту грек трагедиясының алғашқы ұрығы болғаны белгілі. Осы соңғының (трагедияның – ред.) эволюциясы бізге рөлі барған сайын кеми түскен хорды алмастыру арқылы монологтан диалогқа көшудің көптеген сатыларын көрсетеді. Грек таргедиясы түу баста қалай болса, солай аяғына дейін діни рәсім болып қала береді, ол дамыған діндерде өзінің ақтық даму баспалдағына жеткен барлық діни рәсімдер секілді, барлық ритуалдық монолог пен диалогтарды26, намаздар мен әңгімелерді қамтиды. Бірақ әңгімелесуді қажетсіну барған сайын мінажатты қажетсінуден бел алып келеді. Барлық замандарда сұхбаттастар өздерінің священниктері немесе өдерінің профессорлары, өздерінің ата-анасы немесе өздерінің
26 Бастапқы Римнің заңдық рәсімдерінде (заңды орындау кезінде) сондай-ақ ритуалдық әңгіме бар. Бәлкім, олардың алдында сондай-ақ монологтар да болған шығар?
мұғалімдері, өздерінің шешендері немесе өздерінің журналистері нендей тағылым бергендерін тілге тиек етеді. Сонымен, жоғарылар айтатын монологтар тең адамдар арасындағы әңгіменің талғажауына айналады. Қоса кетелік, сұхбаттастың екеуінің рөлінің мүлдем бірдей болуы өте сирек. Көбіне біреуі екіншісінен әлдеқайда көп сөйлейді. Платонның диалогтары – соның мысалы. Монологтан диалогқа көшу парламенттік ділмарлықтың эволюциясымен қуатталады. Өткендегі парламенттерде салтанатты, кеудемсоқ, үздіксіз сөздер әдеттегі нәрсе болатын; осы заманғы парламенттерде – ол ілуде бір кездесетін құбылыс. Біз алға ілгерілеген сайын, депутаттар палаталарының отырыстары салонды демесек те, тығыз үйірмелердегі немесекафелердегі дауларды көбірек еске салады. Француз палатасындағы сөздердің арасындағы қашықтық мүлдем қысқарып бітті, бұл бір жағынан сөздерді жиі үзіп жіберілуінің, екінші жағынан белгілі қызу әңгімелердің салдарынан.
Сөз ақыл қосу үшін, өтіну немесе бұйыру үшін, немесе, ақырында, сұрау үшін айтылады. Жауап берілетін сауал – мінеки, диалогтың ұрығы осы. Бірақ егер бір ғана адам сауал беріп, екіншісі жауап беріп жатса, онда мұндай бір жақты тергеу әңгіме емес, яғни екі жақты тергеу, бір-бірімен шиеленісіп жатқан сұрақтар мен жауаптар, бір-біріне ақыл айту, өзара келіспеушілік қатары. Әңгімелесу өнері сонау есте жоқ ескі заманда басталуға тиіс болған алдын-ала жаттығу ғасырларындағы ұзақ уақыт ми қатырудан кейін ғана туындай алатын еді. Бірақ оншалық есте жоқ ескі замандардан бергі кездері адамдар бәрінен аз сөйлеуге, немесе әңгімелесуге бәрінен аз ұмтылуға тиіс болды. Әңгіме ең алдымен бос уақытты, өмірдегі және әртүрлі жиналыстар өткізу іліктеріндегі белгілі бір алуандықты қажет ететіндіктен аң аулау, балық аулау немесе өздерінің ұжымдық күш-жігерінің жемісін жеу үшін жиі
жиналатын алғашқы қауым аңшылары мен балықшыларының27 кездейсоқтыққа толы және көбіне қолы бос болатын өмірі ең үздік ділмарлардың шешендік сайысына тек қолайлы жағдац туғызатын. Сондықтан әрі аңшы, әрі балықшы эскимостар өте көп сөйлейді. Осынау сәби-халық осы күннің өзінде визитті біледі. "Кәжік-күжік әңгіме үшін еркектер бөлек жиналады, әйелдер бір қора, сөйтіп қайтыс болған туыстың азасын тұтып болғасын, өсек әңгіменің тақырыбын таба қояды. Тамақ ішу кезіндегі әңгіме сағаттар бойы созылып, эскимостардың басты шаруасы, яғни аң аулау төңірегінде өрбиді. Өздерінің әңгімелерінде олар аңшы мен хайуанның барлық қимылын егжей-тегжейіне дейін қалдырмай суреттейді. Итбалық аулау кезіндегі эпизодтты айтқанда олар сол қолымен хайуанның қалай секіргенін, оң қолымен қайық пен қарудың барлық қозғалысын бейнелейді"28. Бақташылық өмір де аңшылық секілді мол бос уақыт береді, бірақ ол көбірек реттелген және неғұрлым біркелкі, ол адамдарды неғұрлым ұзағырақ уақытқа ыдыратады. Бақташылар, тіпті арабтар мен татарлар секілді көшпенділер де сөйлей бермейтіндігімен ерекшеленеді. Және Вергилий мен Феокриттің буколикалары (антик поэзияның бақташылық өмірді бейнелейтін жанры – ред.) басқаша нәрсені көрсететіндей болғанымен, бұл екі ақын да үлкен қалаларға жақын тұрғандықтан өркенияттанған бақташылар құлқын бейнелегенін ұмытпау керек. Бірақ, екінші жағынан, бақташылар өмірі патриархтық режиммен байланысты, оның тұсында меймандостық өркен жаяды, ал мұның өзі, сол әлеуметтік фазаның тұсында дүниеге келген дәл әлеуметтік иерархия секілді міндеті әңгімені туындата алады.
27 Магдалина дәуір деп аталатын палеолиттік дәуірде, қарабайыр өнер гүлденген кезде, барлығы да бейбіт те те бақытты халық болғанын көрсететін кезде (бұл тақырып бойынша Де Мортильенің Formatіon de la natіonalіte francaіse атты кітабын қараңыз), сол заманда өздері баспана еткен тамаша казармаларда сөз өте көп болғанына күмән жоқ. – Lettres edіfіantes атты кітапта жабайы американ аңшыларының, әсіресе олардың әйелдерінің әңгімеге құмарлығы жиі көрсетіледі. ір миссионер дінге жаңа кіргізілген жап-жас қызды сол елдің әйелдері (Канада) бір-біріне жасайтын "толып жатқан визиттер" жасауға уақт қиғысы келмейтінін мақтайды. Екінші бір жерде жабайылардың "ғайбатқа" үйірлігіне қарамастан, жұрттың бәрі бір ауыздан осы қызды мақтайды делінеді. Иллинойстықтар дейді бізге азылған бір хат, "ақылсыз емес, олар әзілкеш әңгімені тәп-тәуір қалжыңмен тұздықтап отырады". 28 Тенишев, “Деятельность человека”, 1898 ж.
Күшті иерархия орныққанша әңгіменің пайда болуын бәрінен көп тежей тұруға тиіс себептердің бірі мынадай: мәдениетсіз адамдар, терезесі тең адамдар қатынасында бірден бәрін айтып тастауға және бірінің сөзін бірі ұдайы бөле беруге үйір болады29. Балаларда тұзету тым қиын кемшілік болмайды. Сұхбаттастың сөзін тосып сөйлеу сыпайылықтың белгісі, бұған әуелі жоғары тұрған адамға ізет себебінен барса, кейін, бұл дағдыға енген соң, жұрттың бәріне де солай етіледі. Бұл дағды, алайда, әлдебір елде едәуір ұзақ сыртқы тәртіп арқасында ғана ортақ дағдыға айнала алады. Менің ойымша, әңгімелесу өнерінің табыстары, біз білетін түрде, өз астауын беталды әңгімеден емес, міндетті әңгімеден алады деп жорамалдаған жөн секілді. Мұндай көзқарасты ұстанғанда, қалалардың және бекем басқаруы бар мемлекеттердің құрылуына өзі ғана жол беретін диқаншылық әңгіменің прогресіне бастауға тиіс болатынын ойлаған жөн, дегенмен адамдарға көбірек түсіндіру керек болатын, олардың жұмысы бірөңкей және бос кезі аз болатын тұста, ол өмір оларды негізінен үндемес етеді. Ал өнеркәсіптік өмір, оларды шеберханаларға және қалаларға жинап, олардың әңгімеге бейімділігін қоздырады. Белгілі рекапитуляция заңы туралы көп айтылады, ол заң бойынша сәбидің ақылы өзінің бірте-бірте қалыптасуында, белгілі бір қайталау болып табылады. Егер бұл көзқарас әділеттіліктен жұрдай болмаса, онда балалардың әңгімелесуін зерттеу бізге адамзаттың өмір сүруінің алғашқы кезеңінде әңгіме қандай болды деген жұмбақты шешуге көмектесер еді. Диалогтан көп бұрын балалар сұрақ қоюдан бастайды. Олар өздерінің ата-
29 Триполитания сапары кезінде (1840) Пезанды бір бейдің қабылдауындағы құлақ тұндырар шу қайран қалдырған: "Мәмлүктер мен негрлер,, – дейді ол, – дауға араласа кетті де, ақыр соңында бәрі жапатармағай сөйлеп бергені соншалық, тозақтың өзі болды да шықты, мұндай айтысты алғаш көргенімде мен есімнен танып қала жаздадым. Мен, бей өзінің шешіміне неліктен осыншалық, қарсылыққа ұшырады және осыншама шулы даудың себептері қандай еді деген сұрақ қойдым; үзілдікесілді жауап бере алмайтын болғандықтан, олар маған өз арамызда пікір алмасудың бұл әдеттегі тәсілі деп жауап қайтарды". Мүлдем басқаша жағдайлар да бар. Letres edіfіantes-ке сенсек, иллинойстықтар әңгімелесу өнерінде өте дарынды. "Олар әзілдің хас шебері, олар әңгіме кезінде дауласудың, ренжудің не екенін білмейді. Сіз сөз сөйлеп тұрған кезде олар сөзіңізді ешқашан бөлмейді. Еркектер, – деген-ді бізге, – емен-жарқын өмір сүреді; олар өз қорқорларын түтіндете отырып, әңгіме көйітеді, бары сол. Әйелдер жұмыс істейді, бірақ әңгіме соғу ләззатынан ешқашан бас тартпайды".
аналары мен бөгде ересек адамдарды бұл тергеу олар үшін мылжыңның алғашқы біржақты пошымы болып табылады. Кейінірек олар әңгіме айтушы және әңгіме тыңдаушы немесе әрі әңгімеші, әрі тыңдаушы болады. ақыр соңында, тағы біраздан кейін олар ескерту жасай бастайды, өздерінің жалпы байқағандарын ортаға салады, мұның бәрі енді сөз ұрығы; және де сөз өз кезегінде өзара болған кезде дауға, содан кейін әңгімеге айналады. Шынына келгенде, бала дау айтудан көп бұрын айтқанға сене бастайды. Онда бұрын сұрау фазасы болғаны секілді, нақ сондай кереғар сөйлеу фазасы да болады. Бірақ сұрау, айту, әңгімелесу, дауласу – мұның бәрі бала ақылының жаттығуы. Оның алдында ерік жаттығуы жүреді. Балаға бұйрық беріледі және өзі де ол оқытыла және өзі оқыта бастағаннан көп бұрын бұйрық бере бастайды. Бұйыру нұсқау беруден бұрын жүреді. Бала ойлана, тіпті дауласа бастаудан бұрын күресе бастайды; ол басқаның пікірінің қайшылықтарын сезіне бастаудан бұрын басқаның тілегінің қайшылықтарын сезіне бастайды. Ол осынау тілектердің, содан кейін осынау сенімдердің қайшылығын өзі солардың егілгенін сезінгенде ғана сезе алады. Оның тіл алғыштығы мен сенімі оның тіл алмау және қыңыр сөйлеу рухының алдыңғы және қажетті шарты болып табылады. Осылайша, баланың даулескер де мылжың болатыны, оның әу баста және бұрын еліктегіш болғандығынан. Егер біз осы байқағандарымыздан адамзат баласында әңгіменің өткені қандай болуға тиіс екендігін аңғара бастасақ, ең әуелі, түп тамырын есте жоқ ескі замандардан алатындығына қарамастан, әңгіме адамзаттың ең басынан бастау алмайтындығына келісуіміз керек. Оның алдында үндемей еліктеудің ұзақ кезеңі ғана емес, содан кейін келетін, адамдар әңгіме айтуды немесе әңгіме тыңдауды жақсы көргенімен, мылжыңды ұнатпайтын келесі фаза тұруы тиіс. Бұл – эпопеялар фазасы. Гректер қалағанынша ең мылжың нәсіл бола алар еді, бірақ Гомер тұсында, егер тек мақсат бір-біріне сұрақ қою болмаса, мылжың аз болғаны анық белгілі.
Барлық әңгімелердің утилитарлық сипаты болды. Гомердің қаһармандары көп баяндайды, бірақ аз мылжыңдайды. Немесе олардың сұхбаты кезеккезек айтылатын әңгіме ғана болып келеді. "Таң шапағы түскен бойда, дейді Менелай "Одиссеяда" (ІV жыр) біз Телемахпен ұзын сөз алмасып, өзара әңгімеге кірісіп кетеміз". Ұзын сөз алмасу дегеніңіз сол дәуірде әңгімелесу деген мағына беретін. Тегінде бірден-бір бос әңгіме – сүйіскен адамдардың әңгімесі болуы керек, тіпті солардың өзінде утилитарлық сипат болды. Ахиллге бітім шарты ұсыныстарымен бару-бармасын шеше алмай толқыған Гектор ақыр соңында былай дейді: "Мен ол адамға бармаймын, ол маған ешқандай аяныш сезінбейді... Онымен оңаша сөйлескен бозбалалар мен бойжеткендер секілді емен туралы, жартас хақында әңгіме көйітетін уақыт емес қазір. Абзалы – шайқасқан". Осылайша бозбалалар мен бойжеткендер сол кездің өзінде сүйкеніскен, және олардың сүйкенісі "мен туралы, жартас хақындағы", яғни, тегінде, халық соқыр сенімнің тақырыбы жөніндегі әңгімеден көрінген. Тек Платон заманында ғана, өркенияттың белгілі бір деңгейіне жеткеннен кейін ғана, гректер, Илиссті көмкерген теректер көлеңкесінде уақыт өткізу ретінде диалогты жақсы көреді. – Ежелгі эпопеяларға, сондай-ақ әңгіме ілуде бір ғана ұшырасатын chansons de geste-ге қарама-қарсы, осы заманғы романдар, мадемуазель де Скюдеридің романдарынан бастап, барған сайын моля түскен диалогтармен ерекшеленеді.
ІІІ Әңгіменің тарихи өзгерістерін жақсы түсіну үшін оның іліктерін мүмкіндігінше жақын талдапт алудың маңызы өзекті. Оның іліктері лингвистикалық сипатта: бай, жарасымды, көптеген реңктерді білдіретін тіл мылжыңдасуға жетелейді. Оның діни іліктері де бар: оның ағыны ұлттық дін сөз бостандығын көбірек әлде азырақ шектей ме, көбірек әлде азырақ қатаң жаза қорқынышымен жастардың сүйкенісуіне, ғайбатқа,
"ақыл азғындығына" тиым салатындығына қарай; ғылым мен халықтың білім алуына қарсылық жасар-жасамасына, белгілі бір топтарға, христиан монрахтарына немесе Пифагор баурыластығына жақ ашпау ережесін қолданар-қолданбасына, бейнелену, арылу, жыныстық қатынассыз жүкті болу секілді30 теологиялық дау тақырыптарының қайсысын модаға енгізеренгізбесіне қарай өзгеріп отырады. Оның саяси іліктері де болады.: демократиялық қоғамда әңгіме мінбер немесе сайлаушылық өмір беретін сюжеттерден, абсолюттік монархияда басқа тақырыптар жеткіліксіз болғандықтан әдеби сыннан, психологиялық аңғарулардан нәр алады. Оның экономикалық іліктері де болады31, олардың бос уақыт, ең өзекті қажеттерді қанағаттандыру секілді ең бастысын мен жоғарыда атап өттім. Қысқасы, әлеуметтік қызметтің онымен тығыз байланыста болмайтын, олардың өзгерістері әлдеқайда кем кейбір, ерекшеліктері оған ықпал ете алатынын ескерте кетпекпін. Әңгіменің ауаны мен барысы сөйлеу кезінде тәннің қалай ұсталатынына тәуелді. Отырып жүргізілетін әңгіме барынша байыпты, барынша мәнді; мұндай әңгімелер біздің тұста бәрінен жиі, бірақ ол XІV Людовик сарайында тіпті де сәнге айналмаған болатын, ол кезде орындыққа отыру артықшылығы тек ханшайымдарға берілетін де, басқалардың бәрі түрегеп жүріп мылжыңдасуға тиіс болатын. Ежелгі халықтар өздерінің триклинийлерінде (төрт бұрышты жозы қойылып, айналасына көрпешелер төслеген бөлме – Ауд.) бәрінен де жамбастап
30 Исапнияның оңтүстігін аралап өткен Дюман Дюрвиль мынаны байқайды: "жұрттың бәрінің аузында бұқалар шайқасы мен жыныстық қатынассыз жүкті болу, провинция монастырында дүниеге келген дау". Қазіргі кезде ол жұрттың бәрінің аузындағы сөз саясат дер еді – бұл Испанияда да, Оңтүстік Американың бүкіл испан республикаларында да бірден-бір сюжет. 31 Тұтынушыларға соншалық анық артықшылықтар беретін кооперативтік тұтынушылар қоғамдарын құруға ең елеулі кедергілердің бірі, тамаша байқаушының бірінің сөзі бойынша "дүкендерде өсекті көп айту дағдысы. Сол жерде жолығады, сол жерде махалланың жаңалықтары алмасылады, және әйелдерге аса қымбат осынау кәжік-күжік әңгіме оларды сатарманға жақындата түседі. Әйелдердің нақ осы бейімінің арқасында кейбір қоғамдар (ерекшелік ретінде) жұртшылыққа да (тек қоғамның мүшелеріне емес) заит сатуға ұйғарады, өйткені мұндайда магазин оқшау тұрғандай болмайды да, әйелдер оған кәдуілгі дүкенге бұрылғандай келе береді". Осыдан біз бір басталған әңгіменің ағыны қаншалықты кшті де екпінді екендігін көреміз. Мұның тағы бір дәлелі мынадай: егер құпия нәрсе сұхбаттасыңды қызытырарлықтай болса, ауыз ашпау өзіңе тікелей пайда беретіндігіне қарамастан, оны айтпай қалу қаншалықты қиын екенін жұрттың бәрі мойындайды. Бұл қиындық, кейде тым зор болса да, іш тартудың, өзіңдей біреумен ауызша сөйлесу қажеттігінің өлшемі бола алады.
жатып32 әңгімелескенді жақсы көретін, және бұл әңгімелер, соншалық бір ғанибет болған, болуға тиіс секілді, мұны біз ежелгі халықтардан қалған жазбаша диалогтардың сипатты баяулығы, баурап алар сабырлылығы мен жаймашуақтығы айғақтайды. Бірақ серуендеу кезіндегі перипатетиктердің (Аристотель мектебінің шәкірттері немесе сол мектептің жақтаушылары – ауд.) әңгімелерінің сипаты неғұрлым жедел де қызу. Түрегеп тұрып сөйлеген сөз өзінің сипаты мен салтанаттылығы бойынша отырған кездегі неғұрлым өзімсіну басым, неғұрлым қысқа әңгімеден көп өзгешеленетіні әбден рас. Ал жатып әңгімелесу мен жүре әңгімелесуге келсек, мен ондай әңгімелесудің мысалдарын біле бермеймін. Тағы бір ескерту. едәуір жиі, алғашқы қауымдық өмірге қаншалық жақын болған сайын жиілей түсетін бір жәйт: еркектер мен әйелдер, әсіресе әйелдер өзара тек басқа бір нәрсені істей отырып, яки қандай бір жеңіл жұмыспен айналыса отырып, мысалы, жемісті сұрыптай отырған шаруалар, жіп иірген, киім тіккен, тоқыған әйелдер секілді, яки кафеде тамақ жеп, ішімдік іше отырып әңгімені көйітеді. – Бірі-біріне әдейі қарама-қарсы, тек әңгіме соғу үшін жайғасу – өркенияттың әбден жетілген артықшылығы. Әңгіме кезінде атқарыла беретін жұмыс мылжыңдасудың мәнеріне ықпал етпей қоймайтындығы айқын. – Ықпалдың тағы бір түрі: таңертеңгі әңгіме түстен кейінгі немесе кешкі әңгімеден біршама өзгешелеу. Римде, империя заманында визиттер таңертең жасалатын кезде біздің fіve o'clock мылжыңына ұқсас ештеңе болмағаны айдан анық. Біз ондай ұсақ-түйекке бөгеліп жатпаймыз.33 Ең алдымен мылжыңдасуға арнауға болатын уақытты, мылжыңдасуға болатын адамдардың саны мен мінез-құлқын, мылжыңдасуға болатын сэжеттердің саны мен табиғатын назарда ұстау керек. Мылжыңдасу үшін пайдалануға болатын уақыт өндірістің жетілдірілуі арқасында келген байлық беретін бос уақытпен бірге ұлғаяды. Мылжыңдасуға болатын
32 Осынау сұхбатты Гавайя аралдары туралы Дюман Дюрвиль айтатын әңгімемен шатастырмай-ақ қоялық: "Осынау елдің сөлекет ғұрыптарының ішінен, – дейді ол – бойраға етпеттеп жатып алып әңгіме соғу мәнерін айта кету керек". 33 Демулэн өзінің қазіргі француздар туралы, оның өзінің жалпы идеяларының сынақ данасы ретінде жазылып, жарыққа шығарылғандай кітабында, күнгейліктердің әңгімеге құмарлығы мен олардың бөстіре сөйлеуге бейімділігін зәйтүн ағашы мен каштанның ықпалымен түсіндіреді.
адамдар саны бастапқы тілдердің көптігі азаюына, қалған тілдердің таралу аумағы кеңеюіне қарай өседі34. Әңгіме үшін қажет сюжеттер саны ғылымның өркендеуімен бірге, әртекті мәліметтердің көюеюімен, жылдамдығымен бірге ұлғаяды. Ақыр соңында, демократиялық мағынада құлықтың өзгеруінің көмегімен сұхбаттасуғ болатын адамдардың саны ұлғайып қана қоймайды, олардың сапасы да өзгереді. Әрқилы әлеуметтік жіктеудің өкілдері әңгімеге емін-еркін араласа береді; ауыл тұрғындарының қалаға көшуінің арқасында, тіпті ауылдардың өзінің қала секілді болып кетуінің арқасында, жалпы білімнің орташа деңгейінің көтерілуінің арқасында әңгімелер табиғаты мүлдем басқаша болыр кетеді, таныс және ортақ идеялар болу, жұмыстан бос болу – мылжыңдасудың қажетті шарттары міне осылар. Сонымен, тілді біріктіретін және байытатын нәрсенің бәрі, тәрбие мен білім беруді, олардың міндеттерін күрделілендіре отырып, біріктіретін нәрсенің бәрі, жаратылыстық күштердің кмегімен жүзеге асырылатын неғұрлым жемісті жұмысты қысқарта отырып, бос уақытты ұлғайтатын нәрсенің бәрі – осының бәрі әңгіменің дамуына жәрдемдеседі. Осыдан біз ғасырымыздың ұлы өнертабыстары оған тигізген зор ықпалды көреміз. Солардың арқасында баспасөз бүкіл дүниені жайлап, ең түкпір тамырана дейін сусындатты. Қазіргі әңгімелерді басқаратын ұлы күш – кітап пен газет. Кітаптар мен газеттер дүниені жаулап алмай тұрған кезде әртүрлі қалаларда, әртүрлі елдерде әңгіменің сюжетінен, ауанынан, барысынан артық әрқилы ештеңе және қай кезде де олардың әрқайсысында біркелкіліктен артық ештеңе болмайтын. Қазір мүлдем басқаша. Баспасөз әңгімені біріктіріп, жандандыра түседі, оларды кеңістік бойынша біркелкі, уақыт бойынша әралуан етеі. Күн сайын таңертең газеттер өз жұртшылығына ұзақты күнге жететін әңгіме материалын жеткізіп беріп
34 Ол, бесенеден белгілі, халықтың саны мен тығыз орналасуына қарай өседі. Қаладан гөрі ауылдарда әлдеқайда кем мылжыңдайды – caeterіs parіbus; демек ауылдардың қалаларға жақындаса түсуі әңгіменің қолайына жағып, оны өзгертеді. Бірақ тұрғындарының қолы бос болатын, жұрт бірін-бірі білетін шағын қалаларда үлкен қалалардағыдан көбірек мылжыңдаспай ма? Жоқ, өйткені оларда әңгімелесуге тақырып жетіспейді. Әңгіме, осынау атауға лайық әңгіме, оларда үлкен қалалардағы әңгіменің жаңғырығы ғана.
тұрады. Жұрт қандай да бір үйірмеде, темекі тартатын бөлмеде, сот дәліздерінде не туралы әңгімелесетінін әрқашан шамамен дәл айтып беруге болады. Бірақ, бақытымызға қарай, оқта-текте ғана болатын бір тақырыпқа ұлттық немесе интернационалдық құлай жығылатын оқиғалардан басқа кездерде, әңгіме сюжеті күн сайын немесе апта сайын өзгеріп отырады. Барған сайын кеңейе түсіп отырған географиялық кеңістіктегі бір мезгілдегі әңгіменің осынау өскелең ұқсастығы біздің дәуірге тән неғұрлым маңызды сипатты белгілердің бірі болып табылады, өйткені ол дәстүрге және тіпті парасатқа қарсы қоғамдық пікірдің барған сайын өсіп бара жатқан құдіретін бізге едәуір дәрежеде түсіндіріп бере алады, және де дәйекті әңгімелердің барған сайын ұлғая түскен осынау ұқсамайтындығы, дәл сол секілді пікірдің, оның құдіретінің осынау бәсінің тұрақсыздығын түсіндіреді35. Әбден-ақ қарапайым, бірақ белгілі бір мағынасы бар бір жағдайды атап өтелік. Әңгіменің эволюциясы тіпті де өздігінен, тек жұрттың бірбірімен мылжыңдаса беретіндігінің пәрменімен болған жоқ. Жоқ, географиялық, физикалық, тарихи әртүрлі жаңалықтардың ашылуының, егіншілік немесе өнеркәсіптік өнертабыстардың, саяси және діни идеялардың әдебиет немесе өнер шығармаларының пайда болуының ішінара кездейсоқ, ішінара қисынды дәйекті қатарының арқасында әңгіменің жаңа оқиғалары мен жаңа көздерінің көрінуі қажет болатын. Осынау жаңалықтар, әлдебір жерлерде бірінен соң бірі пайда бола отырып, таңдаулы топтардың игілігі бола отырып, әрі қарай таралудан бұрын, сұхбаттың көнерген пошымдарын, ежелгі сөз саптауды, сайқымазақтықты, күлкілі жасанды ізеттілікті серпіп тастауға мәжбүр ете отырып, сол жерде әңгімелесу өнерін жетілдіріп, өзгерте түсті. Егер біз әңгіме эволюциясы деп үздіксіз де өздігінен болатын дамытуды түсінсек, бұл шатасу болар еді.
35 Бірақ ұқсас немесе аракідік әңгімелер әлеуметтік мағынада орсасан зор прогресс жайын айғақтайды, өйткені таптар мен кәсіптердің қосылып кетуі, атамекеннің моральдық бірлігі әртүрлі таптар мен кәсіптерге жататын адамдар бір-бірімен дұрыс сөйлесе алатын сәттен бастап қана нағыз қосылыс, нағыз бірлік бола алады. Біз толып жатқан жамандық орнына осы жақсылық үшін күнделікті баспасөзге қарыздармыз.
Және де бұл ескертпені эволюцияның барлық түрлеріне қолдануға болады, егер оларға мұқият үңілсек, олар бізге кезектесе енгізу түрінде, жаңа бастаулардың дәйекті де үстемеленген екпесі ретінде елестейді. Айталық, газет жетпейтін, бұрынғы кездердегідей сыртқы дүниемен қолайлы байланыс жоқ әлдебір шағын қалада тұрғындар қалағанынша мылжыңдай алады, бірақ әңгіме өздігінен жай ғана өсек деңгейінен әрі ұзап кете алмайды. Баспасөздің көмегінсіз ауыл тоғышарлары, қаншама сөзшең болса да, қашанда тек салт немесе генеалогия туралы айтады, ал ең ауыз жаппайтын магистраттар. Шопенгауэррдің сөзімен айтқанда, герман атты әскерінің әйелдер мен аттар туралы ғана жақ ашатын офицерлері секілді құқық немесе "қызметте өсу" туралы ғана сөйлейтін болады. Былайша айтқанда, еліктеудің аз-аздап теңестіру мен өркенияттандырушы осынау бастаудың, ең құдіретті агенттерінің бірі әңгімелесу болып табылатын бастаудың толқын тәрізді таралуы біз әңгіме эволюциясын алғаш қарағанда-ақ байқайтын екі жақты ұмтылыстың қажеттігін оп-оңай түсіндіреді; нақтылап айтқанда, олар бір жағынан, бірбіріне жарайтын сұхбаттастар мен өзара ұқсас нақты әңгімелердің сан жағынанкөбеюі болса, екінші жағынан нақ сол ұлғаю пәрменімен шағын ғана топты қызықтыратын тар сюжеттерден барған сайын дерексіз де жалпылама бола түсетін сюжеттерге көшу36. Бірақ осынау екі жақты бейім барлық жерде бірдей болса да, ол әңгіме эволюциясы ағымының әртүрлі ұлттарда, өркенияттың әртүрлі баспалдақтарында бір-бірінен, Нилдің немесе Нейннің арнасы Гангтың немесе Амазонканың арнасынан қаншалықты өзгешеленетіні секілді, соншалық өзгеше болуына бөгет
36 XVІІІ ғасырға дейін Гольбах салонындай салон мүмкін емес болатын. Мадам де Рамбульенің салоны ақыл бостандығы дегеннің иісі де жоқ әдеби және тәкаппар салон болатын, онда азды-көпті бостан бірдеңе бар десек, ол махаббаттың және жіптіктей сөйлей алудың (енді қалай!) салоны болатын, ал Гольбахтың салонында дейді Морелле, "әйтеуір бір кезде ести алатын әңгіменің ең еркіні, ең тағлымдысы және ең қызуы естілетін; еркін дегенде мен философия, дін, үкімет туралы пікірлердің еркіндігін айтып отырмын, өйткені басқа саладағы кереауыз әзілдер одан аласталған болатын". XІV ғасырда және орта ғасырларда мүлдем басқаша еді: gauloіserіe – бұл барлық басқа бостандықтың орнын жалғыз иемденген жыныстық қатынас туралы әңгімелер бостандығы болатын. Гельвециустың салны секілді, XVІІІ ғасырдың бүкіл аяғындағы салондар секілді Гольбах салоны барлық таптар мен барлық ұлттар сұхбаттастарын жинайтын – бұл бұрын елестетудің өзі мүмкін емес эклектизм. Сұхбаттастардың орасан алуан шығу тегі жағынан да, әңгіме сюжеттерінің ғаламат алуандығы мен еркіндігі жағынан да бұл салондар әңгімеге арналған бұрынғы жиналыстардан мықтап ерекшеленетін.
жасамайды. Біз көргендей, бастау нүктесі күрделі; жолдар мен ақтық нүкте, егер тек сондай нүкте болатын болса, тіпті де сан алуан. Біз өрескел қылықтары орта ғасырларда соншалық көңіл көтерген сарай сайқымазақтарын барлық жерде бірдей көре бермейміз, пайда болуы мезі қылатын Трибулэлерді туындатқан37 Рамбулье мейманханаларын барлық жерден көре бермейміз. Францияда осынау майрампаздар мен сайқымазақтардың сап болуы әңгіме табысының ең жақсы нышаны еді. Соңғы сайқымазақ XІІІ Людовик тұсындағы Ланжели болды. Бірақ Римде, Афнада, қиыр Шығыста ондай ештеңе болған емес. Ненің арқасында – сүйкеністің бе, әлде дипломатиялық қатынастардың ба, немесе шіркеу яки мектеп айтыстарынан ба – әңгімелесу өнері өзін сезінетін дәрежеге жетті? Бұл елге байланысты. Итальян әңгімесі дипломатияның арқасында ерекше дамыды, француз әңгімесі – француз сарайларындағы шексіз ізеттің арқасында, Афина әңгімесі софистік уәж арқасына дамыды, Рим әңгімесі форумдағы пікірталастар, ал Сципион тұсында грек ділмарларының сабағы арқасында дамыды. Шешек атудың осыншама алуан түрін көре отырып, гүл мен гүлдің иісі алуан-алуан екендігіне қайран қалуға бола ма? Сципиондар дәуірін Лансон римдіктер әдемі де әдепті сөйлесуге үйренген дәуір деп біледі. Цицерон мен Варронның диалогтарынан ол Платон диалогтарына еліктеуді ғана емес, "Рим қоғамының асқақтатылған, бірақ жанды да дұрыс әңгіме бейнесін де көреді, айтпақшы, ол әңгіме құлаққа онша жағымды да емес, олар мектеп әсері бар, бірақ сарай әсері жоқ. Әйелдер сұхбаттастар қатарына кейінірек, Северлер мен Антонийлар тұсында кіреді, ал бізде христиандық пен шектен тыс ізеттің қосарланған ықпалымен барлық замандарда үстемдік құрған. Бірақ, біз көргеніміздей, әңгіменің барлық түрінің прогресі үшін қажеті болмайтындықтан, әйелдердің қоғамдықөмірде болуының бір сыйы бар, нақтылап айтсақ, ол әңгімелерді
37 Олардың біреуі, Брюскэ, өзін анна Монмаранси қосынындағы дәрігермін деп көрсетуді ермек етіп, құзырына берілген барлық науқастарды ad patres (ата-бабаларының артынан) жолымен аттандырып отырған. Дарға асудың орнына ІІ Генрих оған Париждегі пошта бастығы мансабын берді.
нәзіктік пен балаусалықтың Францияда оған еңсерілмес кереметтілік беретін деңгейіне жетектейді. Әңгіменің өзгерістерінің басқа бір беталысын да атап өтуге болады. Өзінің әрқилы ағыстарының беймаза бұрылыстарымен асығыс өте отырып, ол барған сайын күресті азайтып, ілгерілеген сайын идеялардың алмасуына айналғысы келеді. Дауласа кету қызығы балалыұ инстинктіне, мысық балаларының, жас кезіндегі кейбір хайуандардың инстинктіне сай келеді, олар, біздің балаларымыз секілді, шағын ғана шайқастар сұлбасын қызық көреді. Бірақ ересек адамдардың диалогындағы дау пропорциясы бірте-бірте азая береді. Бәрінен бұрын, бір кездері сан жетпеген, қызу қанды, бітісе қоймайтын даулардың тұтас бір категориялары бар, бірақ ол тез жоғалып барады, мысалы, саудаласу мәнері prіx fіxe (өзгермейтін баға – ред.) мәнерімен алмастырылған. Содан кейін, әртүрлі нәрселере жөніндегі мәліметтер неғұрлым дәл, неғұрлым рас, неғұрлым көбеюіне қарай, біз қашықтық, қалалар мен мемлекеттердің және т.б. жөнінде сандық мәліметтер алуымызға қарай, сондай бір пропорция, сондай бір шіркеу, сондай бір фамилия кредит, құдірет мағынасында жоғары тұр, сондай бір портта басқа біреуінен кемелердің саны мен қуаты жағынан қозғалыс маңыздырақ және т.т. жөніндегі ұжымдық өзімшілдіктен туындаған барлық даулар, осынау даулардың бәрі дәйексіз дауларға айналады. Өзара түсінбестік пәрменімен жеке өзімшілдік жанжалынан туындайтын тым қызылкеңірдек даулар неғұрлым жиі қақтығысулардың және бір-бірін неғұрлым толық білу арқасында тоқталады немесе әлсірейді. Әрбір жаңа мәлімет даудың бұрынғы бастауының тартылуына мәжбүр етеді. Біздің ғасырымздың басынан бері осындай қаншама бастау құрғап қалды десеңізші! Саяхаттау ғұрпы, қоғамда тарала келіп, әртүрлі провинциялар мен ұлттарда бірінен бірі бөлек құрайтын идеялардың айқындығына көп көмектесті және надан отаншылдық туынтдататын даулардың қайтып оралуын мүмкін етпейтін болды. Ақыр соңында барған сайын өскелең діни енжарлық бір кездері
барлық даулардың ішіндегі ең сұмдығы, ең қызулысы болған діни дауларға кірісуге тиым салатын сыпайлық сақтауды күн өткен сайын жеңілдете түсуде. Саяси енжарлық та ортақ игілікке айналып, осынау тағы бір беймаза салада дәл сондай салдарлар туғыза бастады. Рас, анық та даусыз мәліметтердің прогресі, бұрынғы жан толқытар проблемаларды шешті-дағы, олардың орнына жаңаларын қойып, жаңа даулар туындатты., бірақ бұл даулардың сипаты неғұрлым жалпылама және бітіспейтіндей емес, сондықтан тым шиеленісіп кетпейді: философиялық, әдеби, эстетикалық, моральдық даулар қарсыластарды қоздырғанымен, олардың жанды жеріне жоламайды. Тек парламенттегі даулар ғана, тегінде, – бәлкім, шынында да тегінде шығар – прогресті жұмсарудың заңынан сытылып кете береді: біздің замандағы мемлекеттерде алауыздық фермент. өзінің ең соңғы тұрағы ретінде, сонда жасырынып қалуға тырысады деуге де болар еді. Сонымен болашақ әдепке, сыйлауға толы жұмсақ та сабырлы әңгіменікі деп кесіп айтуға болады. Ал болашақта сайып келгенде қандай әңгіме – сүйіспеншілік, философиялық немесе эстетикалық әңгіме – басым болады дегенге келсек, бұл мәселені шешіп берерлік ештеңе жоқ. Әңгіме эволюциясы ортақ райдың біршама бірлігіне қарамастан оның бірнеше бастауы және бірнеше жолдары болғаны сияқты бірнеше ақтық нәтиже жететіні сөзсіз38.
38 Менің атап өтуімнің керегі шамалы, – өйткені бұл айдан анық нәрсе секілді – әңгіме эволюциясы еліктеу заңымен үйлеседі, ол заң бойынша төмен жоғарыға бағынады. Біз сондай-ақ біздіңмысал мен талай айтқан, демократиялық мемлекеттерде астаналар олар үшін аристократияның рөлін атқарады деген идеяны қуаттайды. Бұрынғы замандарда әңгіменің жаңа пошымдары мен жаңа сюжеттері сарайдан, таңдаулы аристократиядан шығып, оларға үлкен қалалардың сарайлары мен замоктер, содан кейін буржуазия үйлері еліктеген. Біздің тұсымызда күн талабына сай әңгіменің ауаны мен мазмұны тарайтын ондай орын Париж болып отыр, оған үлкен, орташа, шағы қалалар, ең соңы ауылға дейін бағынады, оларда не париждік газеттер, не париждік мәліметтердің телегарфтық жаңғырығы болып табылатын газеттер оқылады. Мұндай тектің дәлелі Париж акцентінің ең оңтүстікке дейін таралуы. Шетелдерде де, бізде де астананың акценті провинцияларда таралады, және астана шынында да сол атауға лайықты болған жерде ешқашан керісінше болған емес. Францияның астанасы Бордо болса, бүкіл Франция гаскон акцентімен сөйлер еді.
Әңгіменің эволюциясына жалпы көз тастап өтіп, өнердің ерекше бір түрі және ғажайып ләззат ретінде39 әңгімемен неғұрлым егжей-тегжейлі айналысайық. Бұл түрде ол қандай сәтте шешек атады? Мұндай шешек атудың азды-көпті нышаны драматургияның әсіресе комедияның гүлденуі болып табылады. Ал комедия, егер шын өмірде шайқас секілді жарқын да тамаша секілді әңгімелер мысалдары болмаса, өзінің тек қана диологиялық пошымымен алдыңғы қатарына шығып, тек қарекет қана дамып отыратын эпикалық баяндауларда орныға алмас еді. Эпопеяның барлық жерде драмадан бұрын туындайтыны осымен түсіндіріледі. Айта кетелік, әңгімелер қашанда шын өмірді бейнелейді: эскимос, қызыл нәсілді (үндістер – ауд.) тек саятты тілге тиек етеді, солдаттар шайқастарды малданады, құмарпаздар ойын, матростар саяхат туралы көйтеді. Дағдылы өмір салты түнде түсте, күндіз екеудің немесе үшеудің өзара аян етілген күрделі түстері болып табылатын әңгімелерінде бейнеленеді. Бұл сондайақ сөзді бекіту болып табылатын жазбаша әдебиетте бейнеленеді. Бірақ драматургиялық өнер одан үлкенірек нәрсе, ол сөзді сақтау ғана емес, оны мүлтіксіз қайталау да. Ол бір тұрғыдан шын өмірді бейнелеудің бейнесі болып табылады. Ұлықталған сөз патшалығының тағы бір айқын нышаны жоғары тап мүшелерінің үйлерінде бір бөлмені әңгіме үшін арнайы бөлу (causoіr) дағдысы. Мұндай жұртшылық бөлмесінің болуының өзі көп нәрсені аңғартады: гректердің гимназияларында басқа бөлмелермен қатар ашық немесе қоршалған кеңістік қалдыру әдет болатын. Олар экседра деп аталды да, онда жиналатын философтар үшін клуб қызметін атқарды. Бұл біздің ауылдарымыздағы секілді "ағаш шатыр" аясында, аспан астында салон ұйымдастырудан жақы болатын. Империя заманындағы Рим патрицийлері өздерінің мол баспаналарында трикнийлері мен кітапханалары жанынан экседра деп аталатын галереялар қалдырып, соларда философтарды,
39 “Бізге – деп жазады мадемуазель де Монпансье мадемуазель де Мотвильге, – әңгіме кезінде әртүрлі нәрселерді тілге тиек ету үшін әртүрлі адамдар керек, ал әңгіме сіздің де, менің де талғамымыз бойынша өмірдің ең ұлық, ал меніңше, бірден-бір дерлік ләззаты".
ақындарды және құрметті меймандарды қабылдайтын. Біздің осы заманғы салондарымыздың шығу тегі әрқилы. Олар өзінің түп-тамырын монастырьлерде болған әңгіме бөлмелерінен, кезінде басқа бір қажетке, нақтылап айтқанда бір жерді оқшаулау үшін, монастырьдегі жақ ашпау ережесін орындауға қажет оқшаулау үшін жасалған бөлмелерден алмай ма?40 Бұл әбден ықтимал секілді. Қалай болғанда да, XV ғасырдағы итальян сарайларында пайда болған салондар француз реннесансының замоктары мен Париж мейманханаларына таралды.41 Бірақ олардың буржуазия үйлеріне таралуы біздің ғасмырымзға дейін тым баяу жүрді, ал қазір өз салонын ашуға ұмтылмайтын титімдей ғимарат жоқ. Делегант төртінші атасы 1710 жылы Кресиде өз үшін салдырған үйді суреттегенін оқи отырып, мен, ол үйде меймандарды қабылдайтын жеке бөлме болмағанын аңғардым. Бір бөлме әрі зал, әрі асхана, тіпті жататын орын болған. Әңгіме орташа буржуазияның байып бара жатқан өкілі туралы болып отыр. Бұл үйдегілер көбіне ас бөлмеде тамақтанған. Бірақ, сол кезде аса қолайлы саналған бұл үйде "демалыс кабинеті" болып, ол қабылдауларға емес, оңашалануға арналған. Францияда өзінің салонын ұлы ғасырдың табалдырығында, 1600 жылы шамасында ашқан Рамбулье мылжыңдасу өнерінің алғашқы бесігі демесек те, алғашқы мектебі болған. Нақ сол дәрістерде тәрбие алған есімдері ұрпақтар есінде сақталған 800 precіeuse арқасында, бір замандастың сөзімен айтсақ, "жалпыға ортақ әңгіме безгегі" таралған; ал сол кезде ғаламдық үлгі болған Франциядан бұл құштарлық көп ұзамай шетелдерге де тарады. Француз тілінің құралуына және қайта құрылуына терең ықпал еткендігі даусыз. Precіeuse, дедйі бізге аббат де Пюр42, "стиль тазалығы, педанттармен және провинциалдармен мәңгілік күрес жөнінде салтанатты ант береді". Сомэздің сөзі бойынша "олар кейде өздері де
40 Айта кетелік, жақ ашпау анты қашанда, қандай да болсын пайдасыз әңгімеден бас тарту. Тәнді тұншықтырудың ең қатал тәсілі, монастырь ордендерінің негізін қалаушылар қиялы жеткен ең қатыгез де бәрінен көп бұзылатын ереже деп саналды. Мұның өзі әңгімелесу қажеттігі жұрттың бәріне қаншалық ортақ және еңсерілмес нәрсе екендігін дәлелдейді. 41 Әрбір precіeuse өз салондарын ашып, оларды приют, кабинет, альков деп атаған. 42 Les mysteres des ruelles, роман (1656).
байқамай жаңа сөздерді қолданады, бірақ оларды шама жететін жерге дейінгі мейлінше сақтықпен және әдетпен енгізеді". Абат де Пюрдің сөзі бойынша, олардың әңгімелепрінде минут сайын, әрбір жағдайға байланысты тіл мен грамматика мәселелрі көтеріліп отырады. Олардың біреуі "Мен қауынды жақсы көремін" деп сөйлегенге қарсы, өйткені ол "жақсы көремін" деген сөзді қорлайды. Олардың әрқайсысының өз күні бар, сол күнге осынау мылжыңдасу турниріндегі қарсыласпен жекпе-жек белгіленеді. Calendrіes осыдан пайда болады. Бұл ғадет мадемуазель де Саюфериге телінеді, және біздің сансыз, өз күндері бар замандас қыздарымыз, өздері де білмей-ақ, соның еліктеушілері. Precіeuses және жоғары қоғамның оларға еліктейтін барлық бәйцбішелері үшін әңгіменің мойын бұрғызбайтын өнер болғаны соншалық, олар өздерінің жиналыстарында, өз дәуірінің әйелдерінде мүлдем кереғар ғадет болғанына қарамастан, он саусақты іске пайдаланудан сақ болды. "Мен, – дейді Редерер43, – сол заманның шығармаларына жоғары қоғам бәйбішелері әңгімеге араластыратын іс нышандарын текке іздедім. Мен олардың қолынан ине, ұршық, кестенің бізін, шумақ жіп көргім келді; мен бұл әйелдерді кесте тігетін сүйкімді қолөнермен айналысатын кезінде көргім келді". Бұға қайран қалатынымыз, біз әлі бұрынғы ғадетін тастамаған XІV Людовикпен кәжік-күжік әңгіме үстінде жіп шумақтарын тарқатып, шүйкелерін санай беретін мадам де Ментемонды көреміз. Шын мәніндегі өркениятты қоғамда жиһаздың және күнделікті қажет ең елеусіз заттардың өзінің өнер шығармалары болуы жеткіліксіз, мұның үстіне титімдей сөздің, титімдей ишараның ешқандай аффектициясыз олардың пайдалылық сипатфын әсемдік пен таза сұлулық сипатын қосуы қажет. "Стилді" жиһаз секілді, "стилді" ишара да болуы қажет44, бұл тұрғыдан XVІІ және XVІІІ ғасырлардағы аристократтар көзге түсіп
43 Memoіres pour servіra’ l’hіstorіe de la socіete polіe en France (1835). 44 Тюргоны, дейді Moelle, жас кезінде туған шешесі ұната қоймаған, ол “оны жексұрын деп санаған, өйткені ол нағы кербез тәжім ете алмайтын".
тұрады. Бірақ олардың бұл бейімділігі дара деп ойламай-ақ қоялық. Бұл қажеттілік басқа пошымдарда кез-келген талғамшыл қоғамда сезіліп тұратын. Ол қазір де біздің демократияның жазираларында сезіліп тұрады. Тэн айтқандай, эскиез әңгіме мен салондық өмірге ұмтылыс ескі режим тұсындағы жоғары таптарда неғұрлым күшті болып қана қоймай, сонымен бірге оның дамуының осынау фазасындағы Француз қоғамының с анатты да бірден-бір ерекшелігі болмады ма екен? Бұл арада Тэн секілді сұғыла дана қатеге, және де аса маңызды қатеге ұрынады. Мысалы, ол салондық өмірге көне Франциядағы ортақ идеяларға бейімділікті телиді. Бірақ нәсілі мен құлқы жағынан ұқсас Англиядан гөрі неғұрлым дамыған Құрама штаттарда ортақ идеяларға сүйіспеншілікті байқаған Токвилль, оны теңдік режимінің ықпалымен түсіндіреді, меніңше дұрысырағы да сол. Ортақ идеялар немесе моральдық жинақтаулар туралы әңгімелесу рахатына құштарлық басқа жерлерде де болған, бірақ ол салондық өмірді туындатқан жоқ. Шынында да, салон эскиез әңгіменің бірден-бір шеңбері емес, нышаны ғана, біз айтқандай нышандарының бірі ғана, ол ол салонсыз да Гекияда Перикл тұсында, Римде Аугуст заманында, орта ғасырлар итальян қалаларында пайда болған. Осынау әңгімелесу қажеттілігі бірде гимназиялар өмірін, бірде форумдар өмірін, бірде монастырьлер өмірін, әсіресе әйелдер монастырьлерінің өмірін дамытқан, осы монастырьлерде Әулие Людовик дәуіпріндегі әңгіме өте қызу да қызық болуға тиісті секілді; оларды аралап шыққан епископ Эд Риго дау-дамайға қалды. Бізде, осынау ғасыр бойына, еліктеу мен атаққұмарлықтан "салондардың" көбейе түскеніне қарамастан, кафелер мен үйірмелердің өмірі дамуға ерекше ұмтылды. Ескі режимнің дүниауилығын күрделі элементтер туғызған болатын; әңгімелесу ләззатынан басқа сарайды немесе сарай көшірмесін қайталау ләззатын, яғни еркектер мен әйелдердің иерархиялық тобын тілге тиек етелік; ондағы төраға жұрттың бәрі құрметтейтін және өзі кішірейтілген монарх секілді адам: отағасы немес отанасы болады. Мұндай ортадағы
құлық тәсілі тек әңгіме шоғын көсеп отыру өнерімен құралмайды, ол ең алдымен қасиеттері мен лауазымдарының айырмашылығына қарай құрмет реңктерін, айламен, жалтақтамай, әдеппен бөле білуді көздейді, осындай әдіспен қанағаттандырудан туындайтын ләззат мұндай, ең жоғары деңгейде иерархиялық қоғамда бері салғанда идеяларды алмасу және келісу ләззатымен қатар саналады. Ақыр соңында, француз салондарында бәйбішелерге берілген әңгіме кезіндегі гегемония түрі, патшалық ету көне замандардағы серілік заңдарынсыз түсініксіз болар еді, монархиялық сарайлар солардың сарқыншағын ғана жинап алған-ды. Тэн өзінің ескі тәртіптер туралы кітабында дүниауи өмірге бағыштайтын кінәлар, әңгіменің барлық өміріне қатысты бола алмайды. Бұл өмір міндетті түрде "жасанды да қатқыл" болды деп санамаған жөн. Тіпті барынша аристократиялық салон өмірі жөнінде де бұл белгілі бір дәрежеге дейін ғана әділетті. Ең алдымен, салон өмірі қоғамдық иерархияға құрметін қаншама болса да білдіре алады, бірақ ең әуелі ол өзімшілдікке сөз арнағанда өзара әдептілік жолымен қоғамдық жарастыққа ұмтылады; қажеттілік пәрменімен, тіпті лауазымдар алшақтығын сақтай отырып та, ол оларды кемітетіндей болып шығуға тиіс. Достық секілді ол туралы да: pares aut facіt aut іnvenіt деуге болады; олар тек тең адамдар арасында туындайды, немесе теңестіреді; ол ұқсастар арасында ғана туындайды, немесе ол ассимиляциялайды. Бірақ ол бірте-бірте ғана теңестіріп, ассимиляциялайды. Құқықтар мен лауазымдардың теңдігі ұзақ уақыт жанасып жүрген өзімшілдіктің бірден-бір орнықты да түпкілікті бәсі болып табылады. Айтпақшы, ол , жұрттың бәрі білетіндей таланттар мен жеке қасиеттердің теңсіздігін бүркемелейтін жай ғана шартты маска, жұпжұқа перде ғана және олардың бағасын арттыру үшін ғана қызмет етеді. Теңдіктің осынау атап бекітілуі жұртшылықтың ақтық гүлденуі. Король сарайында, этикеттің барлық кедергілеріне қарамастан, корольмен бірге тұрып сөйлесу дағдысы онымен оның бодандарының арасында теңгерерлік дерлік өзімсінуді орнатады. "Ұлы мәртебелім, – дейтін алдыңғы екі
патшалықтың куәсі маршал Ришелье XVІ Людовикке, – XІV Людовик кезінде ешкім бір ауыз Сөз айта алмайтын, XV Людовик кезінде сыбырласып қана сөйлесетін. Сіздің Ұлы мәртебеңіз тұсында қатты-қатты сөйлейтін болды". Бірақ одан әлдеқайда бұрын сарай нөкерлерімен үйдің патша қожайыны арасындағы қашықтық, шақырылғандарды бөліп тұратын қашықтық аз-аздап қысқара берді де, ізгіліктің шексіз баспалдақтары Сарайға кіріп-шығумен ұштаса бастады. "Жасанды"? Салон өмірі – үйірмелер, кафелер және т.б. өмірін қосайық – жасанды ма? Адамның жұлысқысы келіп тұратын табиғаты оны әрқашан және барлық жерде рахаттану үшін, барынша алуан түрлі пошымдармен, осынау ортақ ойындарға, осынау жиындарға итермелей ме? Қошқар үшін отар сезімі табиғи болатыны секілді, осынау пошымдар сол үшін де табиғи емес пе? Ал салон өмірі міндетті түрде туындайтын "жүрек қатқылдығына" келсек, мұның себебін мен шектен тыс әлі де мұрты қисаймай келе жатқан аристократиялық аялау арқасында әке-шешелер мен балалар арасында, тіпті достар арасында жасалатын теңсіздіктен көремін. Бірақ салон өмірінің ықпалымен, біз әлгінде ғана айтқандай, осынау теңсіздік азая бастайды, мейрімділік пен құштарлықтың табиғи сезімдеренің пайда болуы қуана-қуана құпталады; тіпті оларды ашық көрсету "табиғатқа қайтып оралудың", жасандылықтан ада нәрсенің бәріне, есте жоқ ескі замандарға оралудың арқасында XVІІІ ғасырдың бүкіл екінші жартысында болғанындай, тіпті аффектация айналып жүре беруі мүмкін. Бір ғана факт, салон өмірі өзінің бір фазасында, өзінің ақтық фазасында және, былайша айтқанда өзінің құлдырау кезеңінде сезімталдық пен мейірімнің таралуына жағдай жасағаны, осы фактінің өзі бізге жүрек қатқылдығы дүниауилықтың елеулі сипатты қасиеті болмайтынын көрсетеді. Рас, салон өмірі ескі тәртіптің бүкіл өн бойында отбаслық өмірге зиянын тигізіп отырды. Бірақ дәл осыны ол кәсіптік, эстетикалық, саяси немес діни іс болсын, қандай да тартып әкететін іс жөнінде айтуға болады. Ал бүгіндері
орбасылық өмірге кедергі жасайтын нәрсе салон өмірі емес, үйірме мен кафе өмірі – шеберхана өмірі, адвокат үшін – сот өмірі, саяси қайраткер үшін – сайлаушылық немесе парламенттік өмір. Кейінірек, егер ұжымшылдардың арманы іске аса қалса, әлдеқайда тегеурінді күшпен, бұл фаланстерияның (утопияшылдардың қоғамдық өмірде бірге тұру үшін салынады дейтін ғимарат үлгісі – ауд.) өмірі болар еді. Тэн дүниауилыққа бәрінен де көбірек тән және неғұрлым көзге ұрып тұратын белгі деп көрсететін, атап айтқанда орасан үлкен жаңалықтардан жиіркенуі бүкіл соны атаулыдан қорқуды да біз дүниауилықтың елеулі сипатты нышандарының бірі деп санай алмаймыз. Шынында да, кез-келген тегеурінді қоғамдық өмірдің салдары құлықтардың, пікірлердің, әдет ғұрыптардың қуатты ағыны болатыны соншалық, оған қарсы тұру қиын, және мәні орташа ғана соны нәрелердің көпшілігін ол ағызып әкетеді. Тек күшті де ерекше соны нәрселер ғана сол ағында аман қалады да, содан кейін олар ескі тамғаны алмастыра немесе соның үстіне баса отырып, өздерінің мөрін таратады. Руссоның жабайылану уағызы сондай болатын, ол сол заманның қым-қуат қоғамдық өмірінде диссонанс болып естіліп, оны өз талғамына қарай қайта құрды. Сондай-ақ Дидро45, Вольтер секілді және көптеген басқа адамдар оны біршама жұмсартып барып өзінің тұлғасын қабылдауға мәжбүр ете алмады деуге бола ма?
Слона өмірінің эволюциясы бізге әңгіме эволюциямын басқа, неғұрлым анық қырынан қарастыруға қызмет ете алады. – "Қоғам" деп атайды – бұл дегеніңіз тамаша тіркес, өйткені ол par excellect қоғамдық
45 Морелле, Дидроның басқа замандастарының ішінде соның өзінің әңгімесіне тәнті. “Онда құдірет пен тартым мол болатын; ол дауласқанда барынша шыншылдық нәр беретін, көмескі ештеңе қалдырмайтын, пошымдары сан алуан болатын, қтял жарқырап тұратын, идеялар жетіп артылатын және басқалардың идеяларын оятатын: бүтіндей сағаттар бойы, өзен ағысына рахаттанғандай, оған беріліп кететінсің”. – Соңғы ғасырдың екінші жартысынан бастап нақ жеке дүниауи әңгімелер революцияның ұлы ағынының жасырын бастаулары болды. Салондарда бар деп есептелетін мизонеиміне ең сұмдық қарсылық міне осында.
қатынасы, осынау атауға лайық бірден-бір нәрсе – идеялар алмасу екенін, бір-бірімен әңгіме көйіту үшін бір жерге жиналуға дағдыланған адамдар тобын еске салады. Халықтың ең төменгі жіктерінде "қоғамдар" бар, бірақ олар қаншалық көп болса, соншалық шағын. Ең шалғай ауылдар түкпірінде екі-үш шаруа бас қосуда немесе кабактарда кездесуді әдетке айналдырады, бас қосуда сөйлесуден гөрі көбіне жұмыс істейтін, кабактарда көбіне ішімдік жұтатын болса да, бәрібір сөйлеседі. Міне осыңыз салон мен үйірменің ұрығы. Біз қоғамдық сатымен жоғары көтерілген сайын қоғамдар саны азая беретінін, есесіне олардың әрқайсысы ұлғая беретінін көреміз. Жұмысшылар кафелері әдеттегі сұхбаттастар мен дауласкердің толып жатқан топтарына бөлінеді. Ұсақ саудагерлердің салонында ең жоғары жиындардың көшірмесі болады. Бұл соңғылар орташа қалалардың көпшілігінде екі немесе үш "қоғамға" бөлінеді, кейде тіпті, – ондай фактылар болған, – олар да бірге болғысы келеді, олар тіпті "бір қоғам", дүниауи корпорация секілді бірдеңе құрады. Тіпті ең ірі қалаларда сондай ұмтылыс байқалады және де Парижде, Венада, Лондонда, барлық жерде демократияның өрбуіне қасақана,ең жоғары демеген күнде де, ең тамаша тап өзінің тым көлемді болып кеткен бөлшектері кездесе алып, бірігуінің жағдайларын іздстіруде. Осылай толып жатқан нәрселерді санатқа қоспасақ та, ортақ ереже мынадай: қоғамның көлемі оның өзі жататын таптың сандық мәнені кереғар болады; ол өзінің мүшелері неғұрлым аззырақ тапқа жататын болса, солғұрлым көлемдірек болады. Қара халықтан аристократияға деән әлеуметтік пирамида жіңішкере береді, ал қоғамдар кеңейе түседі. Бұл біз әлеуметтік сатымен жоғары өрлеген сайын бос уақыттың көбірек болатынымен, таныстықтың, әңгіменің ортақ сюжетінің көбейе түсетіндігімен, және де нақ сол кезде бұл әлеуметтік прогрестің ақылдардың қауышуын, олардың өзара қатысып араласуын мүмкін болғанынша кеңейтуге тұрақты ұмтылысын көрсетеді, өйткені нақ әңгіме кезінде ақылдар бір-бірімен ұшырасып, өзара бір-біріне өтеді.
Әртүрлі әлеуметтік жіктерде әңгіме сюжеттері әртүрлі болып келеді. Бас қосуға жиналған шаруалардың шағын үйірмелерінде не нәрсе тілге тиек болады? Басқа ұқай жердегіден де мұнда жаңбыр мен жақсы ауа райы жөнінде шамалы көбірек айтылады, өйткені бұл тақырып онда тіпті де бостекі әңгіме емес, ол болашақ өнім жөніндегі үмітпен немесе қауіппен байланысты. Тек сайлау кезінде ғана саясат тілге тиек болады. Сол кезде көршіге көңіл қойылады, олардың табысы есептеледі, өсек гулейді. Осынау кәсіптік және жеке қырлар жұмысшылар мен ұсақ коммерсанттардың әңгімелерінде басым болады; бірақ күнделікті газеттің көзқарасы тұрғысынан түсінілетін саясат негізгі сюжет ретінде жаңбыр мен жақсы ауа райын алмастырады. Саяси метеорология көк метеорологиясының орнына қонжиып алды, ал мұның өзі қоғамдық прогресс болып табылады. Кей-кейде өз кәсібі туралы айтуды жақсы көретін заңгерлер мен дәрігерлер де көбіне онсын ұмытып, философиялық немесе ғылыми сипаттағы кейбір пайымдауларын ортаға салудан тайынбайды46. Ақыр соңында, неғұрлым мәдениеттенген қоғамға жеткенде, біз кәсіптен және ағымдағы саясаттан туған әңгімелер барынша азаятыны, және әңгіме оқудан, саяхаттардан, алғашқы берік те ұзақ білім
46 Ылғи да осылай болмаған, және біз өткенге неғұрлым тереңдей түссек, тіпті орташа тап адамдарының өздері жеке шаруасымен шектелетіндігін көбірек байқаймыз. Мадемуазель де Робинанға жазған бір хатында (1644) мадемуазель Скэдери әзіл үшін өзінің пошта дилижансымен жасаған саяхатын және саяхатқа қатысушылар арасында, атап айтқанда бір жас “partіsan-мен” (қарыжгермен), нашар музыкантпен, Париждегі процесте жаңа ғана ұтылып қалған Руандық қала әйелімен, Сен-Антуан көшесіндегі бақалшы әйелмен, Мишель Лепонт көшесінен “теңіз бен елді” көрмек балауыз шам саудагерімен, Буржеден өз сабағына оралып келе жатқан жас оқушымен, алаяқ буржуамен, “төменгі Нормандиядан шыққан, ауыздан түспейтін кезіндегі аббат Франкетодан да көп әзіл айтатын, бүкіл жиынды мазақ қыламын деп, бәрінен өзі мазақ болған” сықаққоймен болған әңгімесін баяндайды. Енді мәне, осынау адамдардың бәрі әңгімеге кірісіп кеткенде, әрбір адам өзінің жеке басының немесе кәсіптік ісінің қамын тілге тиек етеді. “Partіsan” “су мен ливр мәселесі төңірегінен айналшықтап шықпайды”. Музыкант ылғи да ән салғысы келеді. Балауыз шам сатушы әйел өзінің дүкенін ойланады. “Жас шәкірт, әңгіме қалай бұрылса да, тек заңдар туралы, әдет-ғұрып туралы және Кюжас туралы сөйлейді”. “Егер әңгіме Кюжас туралы болса, ол оның қызы сұлу болған дейді”. Сонымен біз, осынау диалог тек кезектесіп келетін монолог болғанын, барлық әңгімелесушілерді бірден қызықтырып әкететін ортақ тақырып болмағанын, “ортақ әңгіме” болмағанын анық көреміз. Бүгіндері, газеттердің арқасында, табы жағынан және кәсібі жағынан әрқилы әңгімелесушілер арасында әрқашан ондай ортақ сюжеттер табыла кетеді, кейде олар тым көп болады. Сонымен, мадемуазель де Скюдери саяхатшылардың осынау кездейсоқ қоғамын нашар компания деп атайды. Шынында да, сол дәуірде, ортақ әңгімеден, әңгімелесуші баршаға ортақ қызығудан ләззат алу үшін тұйық, қабырғалармен қоршалған, бір топтан, білімі де бірдей адамдардан құралған, Рамбулье мейманханасы секілді қоғамда өмір сүру қажет болатын. Ақылдың осынау қамалдарының кереметтігі де осымен түсіндіріледі. Лафонтен де әйеліне жазған хаттарында пошта дилижансымен осындай саяхаттағы серіктерінің әңгімелдері жөнінде азды-көпті бірдеңелер айтады. Олар, католиктер мен протестанттар арасында догматтар хақында туындаған бір даудан басқасы, мүлдем мән-мағынасыз болған.
алудан, жеке толғаныстардан өзара қоздырылған ортақ идеялар төңірегінде өрбитінін көреміз. Осынау соңғы топтарға келсек, күнделікті баспасөз олар үшін әңгіменің метрономы және әдеттегі жетекшісі болудан қалып бара жатқанын немесе бері салғанда олардың қоздырушы ықпалының тереңдігі көмегімен күнде де, тікелей ықпалы кеміп бара жатқанын көреміз. Баспасөз олар үшін, әлдеқандай сенсациялық жаңалық немесе билеп алып кететін мәселе газетке әбден сықалғанда ғана, төте талғажау қызметін атқарады. Бұлардан басқа жағдайларда әңгіменің беті ашылады, күтпеген ағынға айналады, бөгде экзотикалық сюжеттерді тауып алады. Сөйтіп “қоғамнан” аса мәдениетті адамдар, магиялық шеңбер жасайды, бұл шеңбер өркениятты елдердің барлық таңдаулы элементтерін бір-бірімен біріктіре отырып, ол елдердің әрқайсысында олардың өткеннің “жібі түзу адамдарымен байланыстыра отырып кеңістік пен уақыт ауқымында үздіксіз кеңей береді47. Барлық замандардың осынау “жібі түщу адамдары”, ең жоғары ашықжарқындықтың үлгі ьтұрпаты әрқашанда әңгіме арқауы болатын жаңа тақырыптардың сарқылмайтын молшылығынан аңғарылады, бұл тақырыптарды оларға ең алдымен арнаулы және техникалық білімнің тәжі іспеттес ортақ және бәрімен бірдей білім береді. Мен осыған байланысты классикалық білімді реформалау туралы соншалық маңызды және соншалық азапты міндетті екі сөзбен жоқ еткім келмейді; бірақ мен мынаны айта ккетпекпін: егер жұрттың бәрі әңгіменің орасан зор қоғамдық
47 Шынында да, гер де XVІІІ ғасырдың precіeuses-тері тіріліп кетіп, сөйлей бастаса, олардың әңгімесі біз үшін қызықты болуы әбден ықтимал. Ол біздің феминистер үшін орасан зор қызық болары анық. Олардың жиналыстарында, аббат де Пюрдің айтуынша, “ғылымдардың қайсысы немесе поэзияның қай тегі артық екені талданады”. Тарихты романдардан артық көру керек пе әлде тарих романдарын артық көру керек пе деген мәселе көтеріледі. Әйелдер қоғамда және ерлі-зайыптылық өмірде қандай бостандықтарды пайдаланады және пайдалануға хақысы бар деп сұрайдды. Бұған байланысты дәріптелетін бостандық тәуелсіздіктен гөрі басы бүтін ие болуға көбірек ұқсайды. Меніңше, дейді сөйлеп тұрған әйел, күйеуінің күдігі әйелге күнаға бату ққығын береді. Бір precіeuse Корнельді мақтайды, екіншісі одан аса ибалы, және сарай адамы ретінде Бансерадты артық көреді. Үшінші біреуі Шапелэн жағында. Скюдерю үйірмесінде әңгіме кино туралы... Кей-кейде былай да болады: precіeuse-лердің біреуі өз досының қазасына аза ұстай отырып, кенет мұң туралы толғай бастайды. Ол мұңның өзегі қаза болған адам берген ләззатты қайта елестету болуға тиіс деп ойлайды. Дауласа кететін бір әйел бұл жүйеге қарсы өре түрегеліп, оны жабайылыққа тән бірдеңе деп санайды.
мәнін түсінсе, дәстүрлі мәдениетті кең көлемде сақтап қалу пайдасына одан жеткілікті келелі уәж, қайткен күнде қарастыруға лайық уәж таба алар еді. Сонда мынау анық болар еді: тілдер мен ежелгі әдебиетті оқыпүйренудің басты пайдасы тек бірінен соң бірі келетін ұрпақтардың әлеуметтік туыстығын сақтап отыру ғана емес, әрбір дәуірде белгілі бір ұлтттың барлық таңдаулылар фракциясының арасында, немесе тіпті барлық ұлттардың таңдаулыларының арасында тығыз интеллектуалдық және ақыли байланыс орнатып, осынау барлық таңдаулылардың, олар қандай кәсіппен айналысатынына, қай таптанғ қай елден шыққанына қарамстан, бір-бірімен қызыға, рахаттана әңгімелесуіне мүмкіндік беруде. Латын тілі мен латын авторларын оқып-үйрену, философия мен философия тарихын оқып-үйрену секілді кенет француз мектептерінде тоқтатылып тасталған екен деп елестетіп көріңіз: көп ұзамай француз ақылының негізінде бөліктер бір-бірінен ажырап қалар еді, жаңа ұрпақтар аға ұрпақ секілді қоғамға жатын болудан қалар еді; және арнайы білім алған әртүрлі француз мамандары, докторлар, инженерлер, адвокаттар, әскерилер, өнеркәсіпшілер, қоғамдық мағынада бір-біріне жат болып шығар еді. Оларда басқа ортақ мүдде, демек санитарлық мәселелерден, жаңбыр мен жақсы ауа райынан немесе газет саясатынан басқа әңгіме де болмас еді. Және сонда кенет “Франция жаны” екі емес, жүз бөлшекке бөлініп кетер еді. Бұрынғы дәуір экономистерінің көзіне әңгіменің бір ғана тақырыбынан айналсоқтап шықпау мүмкіндігінен мәдениетті адамдарға пайда ешқандай нәтижесіз бірдеңе болып көрінетінін білемін. Ола үшін әңгімелесу дегеніңіз – өз уақытыңдықор ету, және, егер бүкіл әлеуметтік өмір жай өндіріске, өндіріс үшін өндіріске сайса, онда сөз тек алмасу құралы ретінде ғана құқыққа ие болатыны айдан анық. Бірақ осынау идеалды жүзеге асырған қоғам, адамдар бір-бірімен тек іс турасында келісу, бірдеңе сатып алу, қарыз беру, ұштасу жөнінде ғана сөйлесетін
болса, ондай қоғамды шын қоғам деуге бола ма? Онда әдебиет те, өнер де болмас еді, достар арасында, тіпті тамақ үстінде, әңгімекөйіту рахаты болмас еді. Үн-түнсіз тамақ ішу, екі жүрдек пойыздың келуі арасында буфетке соғу, істенбасқаға көңіл бөлаей, үн-түнсіз жүру: егер біз мұндай болашақтан бас тартсақ, егер біз бәрімізге тән елеулі бір қажетіміз – бірбірімізді барған сайын неғұрлым жаөсы көріп, бір-бірімізді кешіре алу үшін бір-бірімізде барған сайын жақсырақ түсіну қажетіміз туралы ойланып көрсек. Және де егер біз осынау терең қажетімізді қанағаттандыру өркенияттың ең жақсы, ең тәтті жемісі екендігімен келісетін болсақ, онда біз үкіметтердің басты міндеті интерспиритуалдық қатынастардың таралуын тия алатын ештеңе жасамау және оған қолайлы жағдай жасайтын нәрсенің бәрін істеу екендігін мойындауға тиіспіз.
Біз әңгіменің түрлері, оның өзгерістері және себептері туралы айтқаннан кейін, оның салдарлары, біз тиіп-қашып қана сөз еткен сюжеті туралы бірнеше сөз қосайық. Оның салдарларын, оның маңызды біреулерін қалдырып кетпес үшін, әлеуметтік қатынастардың әралуан үлкен категориялары бойынша топтап жіктейміз. Лингвистика тұрғысынан ол, тілдердің аумақтық иелігін кеңейтеді демесек те, оларды сақтап байытады. Дін тұрғысынан ол уағыздың ең жемісті құралы, ол догматтар мен скептицизмдікезек-кезегімен таратады. Дін орныққанда және әлсірегенде, бұл уағыздың арқасы емес, әңгімелердің арқасы. Саяси тұрғыдан алғанда, баспасөзге дейінгі әңгіме үкіметтер үшін бірден-бір ауыздық, бостандықтың алынбас қамалы; ол бедел мен сүйкімділік береді, даңқ соның қолында және соның көмегімен билік те соның уысында. Ол сұхбаттасуларды бір-біріне ұқсастыра отырып, оларды теңестіруге ұмтылады, және иерархияны білдіретіндіктен соны талқандайды. Экономикалық тұрғыдан ол әрқилы байлықтардың пайдасы туралы
пікірлерді біріктіреді, құн идеясын жасап, дәл анықтайды, құн сатысы мен жүйесін орнатады. Осылай, утилитарлық экономистер ойынша осынауқажетсіз мылжың, жай ғана уақыт жоғалту шынына келгенде неғұрлым сөзсіз болатын экономикалық агент, өйткені онсыз пікір туындамайды, пікір туындамаса саяси экономияның негізгі ұғымы құндылық туындамайды, расын айтсақ көптеген басқа арнаулы ғылымдар да болмайды. Моральдық тұрғыдан ол эгоизмге, қадамдарымызда қоспасыз жеке мақсатты көздеуге бейімділікке қарсы үздіксіз күреседі және көбіне жеңіске жетіп отырады; ол осынау жеке телеологияға қарама-қарсы қоя отырып, ол әбден-ақ әлеуметтік деуге болатын телеологиямен нобайлап, саралайды; осынау әлеуметтік телеология үшін ол орнымен айтылып, орынды тарайтын мақтау мен жазғыру көмегі арқылы тал қармайтын иллюзияны немесе шартты өтірікті таратады. Ақыл мен жанның өзара астасуының арқасында, ол атап айтқанда жеке психологияның емес, ең алдымен әлеуметтік және моральдық психологияның туындап, дамуына жәрдемдеседі. Эстетикалық тұрғыдан ол әуелі біржақты, содан кейін екеуара болып шығатын ізеттілік көмегімен сыпайылықты туындатады; ол талғамдық пікірлерді өзара келістіруге тырысады да, сайып келгенде оған қол жеткізеді, сөйтіп осылай әрбір дәуірде және әрбір елде мерейі үстем ақындық өнерін, эстетикалық кодексті туындатады. Сонымен, ол өркеният ісіне қуатты жәрдем береді, оның бірінші шарттары сыпайылық пен өнер. Гиддингс өзінің Әлеуметтану принциптерінде әңгіме жөнінде ескерту, және маңызды ескерту жасайды. Оның пікірі бойынша, екі адам кездесіп қалғанда, олардың бір-бірімен әңгімесі олардың бір-біріне көз жүгіртуіне қосымша ғана, олар бір-біріне көз тастап, өздерінің бір қоғамдық түрден, бір қоғамдық топтан екендігін білгісі келеді. “Біз, – дейді ол, – иллюзияны әспеттейміз, ол өзіміздің мылжыңымызға сенуге мәжбүр етеді, өйткені өзіміз сөз етіп отырған нәрсеге қызығамыз, дәл сол секілді біз иллюзияның ең тәттісін, атап
айтқанда өнер өнер үшін дегенге сенімімізді әспеттейміз. Ал іс жүзінде, дөрекі немесе көркем болсын, кез-келген тіркес, бірінші рет ұшырасқанда болатын кездейсоқ әңгімеден бастап, нағыз махаббаттың ең терең оңаша әңгімесіне дейін кез-келген қауышу, осының бәрі бір-бірімізбен танысып, бір түрге жататындығымызды анықтауға жай ғана құштарлықтан бастау алады”. Бір-біріне бейтаныс екі адамның алғашқы әңгімесінің өзінде әрқашан белгілі бір сипат болады дейтін Гиддингстің пікірі, көп жағдайда дұрыс болғанымен, дау туғыза алатын нәрсе. Бірақ олардың арасында бірбірімен анысып алғаннан кейін болатын әңгімелер мүлдем басқа сипат алуы ықтимал, егер олар қазірдің өзінде бір қоғамда болса, ол байланысты нығайтуға ұмтылады. Демек, олар түрді жай бедерлеп көрсетуге, кеңейтіп, тереңдетуге ұмтылады. Гәп өз шекараңды ашып тастауда емес, оны қажымай-талмай кеңейте беруде. Осынау ортақ салдарлардың кейбіреуіне оралайық. Өркениятты халық, қауіпсіздіктен қайталап айырылудың, көпірлердің қирауының, жолдардың пайдалануға жарамайтындығының, хаттардың, қоғамдық байланыстардың жоқтығының салдарынан тағыларға айналғанда, ол салыстырмалы түрде үндемес халыққа айналады. Олар қара сөзбен де, өлең сөзбен де, ауызша да, жазбаша да көп сөйлейтін; енді олар мүлдем дерлік жақ ашпайды. Империя құлардың ардындағы сәтте әңгімелесуді жұрттың қаншалықты ұнатқаны жөнінде кіші Феодосийдің замандасы Макробий жазбаларының әр жерінен пікір түюге болады. Оның Сатурналияларында (оның диалогтармен жазылғаны белгілі) сұхбаттастардың бірі екіншісіне былай дейді: “Өзіңнің құлыңмен аспайтаспай сөйлес, оны мархабатыңмен әңгімеге қатыстыр”. Ол, тегінде, тіпті дастарқан басында қызмет етіп жүріп те құлдарының өздерімен сөйлесуіне рұқсат етпейтіндердің әдетін, сол тұста сирек кездесетін әдетті жазғыратын секілді. Енді бір жерде оның шығармасындағы бір кейіпкер былай дейді: “Бүкіл ғұмырым бойы, Деций, мен үшін сотта біреуді қорғаудан қалған бас уақытымды, мысалы зің секілді білімді адамдарға
арнаудан жақсы ештеңе болған емес. Жақсы ұшталған ақыл сауалы да, жауабы да сыпайы сұхбаттан атық ізгі де пайдалы демалыс таба алмайды”. Рас, бұл соңғы фраза егер тек әңгімеге құштарлық, Гораций сықақтаған шамалы салтанатты да көп сөзді әңгімеге құштарлық сол адвокаттың шешендік дағдысымен түсіндірілмесе, жақындап келе жатқан тағылық ахуалды еске салады. Оқшауланған шаруа үндемейді, өзінің берік баспанасында, жартастағы қуысында бекінген варвар ләм-мим демейді. Ғайыптан тайып ауыз аша қалса, онда бүтін бір сөз сөйлеу үшін ашады. Латын тілінің берекесі қашып, жаңа латын тілдерінің пайда болуын осынау ьымқарапайым факт түсіндірмей ме? Егер де император тақыты құлағанан кейін де галл-роман мекендері өмір сүріп, өздерінің арасында қатынас бұрынғыдай бола берсе, онда империяның бүкіл аумағында латын тілінде сөйлеу ешқашан тоқталмасы әбден ықтимал еді. Бірақ, орасан зор аумақта және барынша құбылмалы жағдайда сөзбен үздіксіз жаттығу болмағандықтан, сондай бай да күрделі тілді сақтап қалу талап ететін жаттығу болмағандықтан, міндетті түрде былай болуға тиіс еді: сөздердің көпшілігі өліп бітті, объектісіз қалды, септеу мен жіктеу реңктері сезімі жақсы күтілетін жолдар мен жақсы реттелген қатынастардың жоқтығынан оқшау қалған диқандардың, бақташылардың, варварлардың жоғалып кетіп, жым-жылас болды. Сонда не болды деңіз? Әдетте үндемейтін бұл пенделер бір-біріне қандай да бір, әрқашан өрескел идеяны хабарлау қажеттігін сезінген кезде, олардың тот басқан тілі дәл сөзді дөп тауып бере алмады да, бұлыңғыр сөз оларды әбден-ақ қанағаттандырды; олардың сөздігінің азаюы олардың грамматикасының оңайлануына соқтырды; латын сөздері, латын тіркестері мен жалғаулары олардың есіне бүлініп, бұзылған түрінде ғана түсетін де, олар басқаға түсінікті болу үшін дұрыс та оңай сөйлеу дағдысын қаншалықты жоғлатса, соншалықты дәрежеде өзінің тапқырлығын күшейтуге тиіс болды. Сөйтіп адам сол кезде есте жоқ ескі замандардағыдай дерлік күйге ұшырады, ол замандарда адам сөз
дарынына әлі де ие бола қоймағандықтан сөзбен қатынас жасаудың өзекті қажеттігін қанағаттандыруға өзінің бүкіл ақыл қабілетін шоғырдандыра отырып, ол сондай-ақ тапқырлық әрекеттерімен аз-аздап сөз табуға тиісті болды. Сөйтіп осылай, VІІ ғасырдан X ғасырға дейін бір-бірін оңайырақ түсіну үшін адамдар ойлап тапқан тұтас бір жаңа сөздер қорынан роман тілдері өсіп шықты. Жиі-жиі және әрқилы әңгімелер болмағандықтан латын тілі азғындап, жаңа латын тілдерінің ұрығы пайда бола бастады, ал кейінірек, қоғамдық өмірге оралудың, әдеттегі әңгіменің арқасында жаңа латын тілдері ұлғайып, гүлдене түсті. Тілдің қандай да бір азғындауы мен жаңадан тууы дәл осылай өткен жоқ па? Егер әңгімелесуді тоқтату қолднаылатын тілді азғыундатып не әлсірететін болса, қоғамдық қатынастарға қайтып оралу және қажеттіліктен соған ере жүретін әңгіме жаңа тілдердің пайда болуының бірінші себебі. Дәл сол секілді тілдің осынау жасалу процесі халқы тым сирек әрі бөлек-бөлек орналасқан елде, немесе салыстырмалы түрде тығыз орналасып, орталықтандырылған жерде жүруіне қарай баяырақ немесе жылдамырақ болады. Орта ғасырлардағы Англия жаңа латын тілді халықтармен салыстырғанда бізге нақ сондай кереғарлықты көрсетеді. Міне осынау кереғарлық бізге француз диалектілеріне жасалу үшін, Ильде-Франс диалектісіне барлық француз провинцияларында орнығу үшін неліктен талай ғасырлар керек болғанын, ал сол кезде ағылшын тілі туындай сала лингвистерді таң қалдыратын жылдамдықпен таралғанын түсіндіру құралы қызметін атқара алмай ма? Бұл, басқа да тарихшылармен бірге Бутми көрсеткендей, өкіметтің орталықтануы біздегіден Ұлыбританияда әлдеқайда ерте орныққандықтан, тұрғындардың аралда қамалып қалуының арқасында олардың неғұрлым тезірек бірігуіне қуатты күшпен жәрдемдесті. Ассимиляциялайтын еліктеу онда, бір топтан екіншісіне өтіп, онда Франциядағыдан орта ғасырлардан бастап молырақ күшпен әрекет етті. Индивидуумдардың арасындағы және лауазымы, таптары, әртүрлі графтықтар адамдарының арасындағы әңгіменің көбеюі,
толып жатқан диалектілердің немесе әрқилы екі тілдің, англосаксон және роман тілдерінің бір тіл алдында, таралуымен бірге жасалып, дамып келе жатқан, тіпті жасалуының өзіне таралуымен қарыздар бір тілдің алдында бірте-бірте жойылуы көздейтін нәрсенің бәрін көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Шынында да орта ғасырлардағы ағылшын өміріне тән белгі – барлық таптардың ортақ өмірі үздіксіз қақтығыстар мен үлгі алмасуда өткенінде. Жолай айта кетелік, онда, барлық жердегідей, еліктеу дегеніңіз әңгіме соншалық ізгі де эскиез нәрсеге айналған тамаша сарайлардан бастап жоғарыдан төменге қарай таралды48; және де осынау соншалық жылдам да терең ассимиляцияның түсінігін ағылшын иерархиялық орнатылуының, ең жоғары сатының беделі орын алуы үшін жеткілікті бөлінбеген баспалдақтарының жақындасуынан іздеу керек. Әңгіменің саяси рөлінің мәні лингвистикалық мәнінен кем емес. Әңгіменіңқызмет етуі мен қоғамдық пікірдің өзгеруі арасында тығыз байланыс бар, өкіметтің өзгергіштігі соған тәуелді. Егер әйтеуір бір жерде қоғамдық пікір шамалы, баяу өзгеретін, тіпті өзгермейтін дерлік күйде қалатын болса, бұл онда әңгіме сирек, қарапайым ғана болады, өсектің тар өрісінен ұзамайды деген сөз. Егер қоғамдық пікір құбылмалы болса, егер ол бір қиырдан бір қиырға жиі ауытқып отырса, демек бұл онда әңгімелер жиі, батыл, еркін деген сөз. Пікір әлжуаз жерде әңгіме де өлеусіреп қана жүреді деген сөз; ол күшті жерде, жемек ол жерде қатты айтысатын болғаны; ол екпінді болған жерде, демек онда айтыс кезінде жұрт көтеріліп кететін болғаны; ол ерекше болған жерде, демек онда әңгімелесушілер атышулы “іс” тектес, ұжымдық есуастық ахуалында болғаны; ол либералдық сипатта болған жерде, демек әңгіме де сан алуан, еркін, ортақ идеялардан нәр алады.
48 Бұл заңның қолданылуын тіпті тағылардан да көруге болады. Жабайы акадийліктердің құлқын баяндай келіп, Шарлевуа (Hіstorіe de la nouvelle France) былай деп жазады: “Әрбір мекен басқаға тәуелсізөз saqamo-сы (бастығы) болды; бірақ олар өздерінің арасында біршама қатынас жасапп отырды, бұл бүкіл ұлтты байланыстарды. Олар жылдың жақсы мезгілінің көп бөлігін бір-біріне барып, ортақ істер туралы әңгіме болатын кеңестер өткізіп тұруға пайдаланды”. Демек, жүйелі әңгімелесіп тұру және бұл үшін бірбіріне оқтын-оқтын арнайы барып тұру дағдысы тайпалар бастықтарында пайда болып, көрші халықтардың өзара ассимиляциялануына жәрдемдесті.
Пікір мен әңгіменің арасындағы осынау байланыстың тығыздығы соншалық, бізге пікір белгілі, бірақ әңгіме жөнінде құжат жоқ болатын белгілі бір жағдайларда сол әңгімені қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бізде өткен жылдардың әңгімелері жөніндегі мәліметтер аз; бірақ бізде саяси немесе сот өкіметі шешіміне белгілі бір жердегі, белгілі бір ұлттағы, белгілі бір таптағы пікір қандай дәрежеде шешуші ықпал еткені жөнінде кейбір мәліметтер бар. Мысалы біз, Афина үкіметтері Спарта үкіметтеріне қарағанда әлдеқайда көбірек дәрежеде пікір күшімен құрылғанын білеміз; осыдан біз, егер басқа бір көздерден алынған мәліметтеріміз болмаса, афиналықтар лакедемондықтарға қарағанда әлдеқайда сөзуар болған деген қорытынды жасай алар едік. XІV Людовик тұсында сарай төңірегіндегілердің пікірі оған санасыз бағынатын монарх шешіміне, жұрт ойлайтыннан әлдеқайда көбірек ықпал жасап отырған; қала пікірі есепке алынбаған, ал провициялардың пікірі мүлде ескерілмеген. Бұл қоғамдық істер туралы әңгіме сарай ішінде көп әңгіме болған, қалада аз, ал қалған бүкіл Францияда одан да аз болған деген сөз. Бірақ ревоюция кезінде бұл провинциялар бұзылды, өйткені жоғары өріс берген саяси әңгіме үлгісі, азаздап ең қиырдағы ауылдарға дейін жетті. Сонымен, өкіметтің эволюциясы пікір эволюциясымен түсіндіріледі, ал бұл өз кезегінде ьолып жатқан әртүрлі көздермен: отбасындағы тәрбиемен, мектеппен, уағыздармен, саяси сөздермен, кітаптармен, газеттермен түсіндіріледі. Мерзімді баспасөз де бәріне қатысы бар, ерекше, кемеңгер, тапқыр, жаңа уақиғалардың тұтас бір дүниесінен нәр алады. Газеттер өздері беретін, бадырайтып көрсететін жаңалықтардың сипаты мен реңкіне қарай азды-көпті қызық болады, белгілі бір мағынада ықпал етеді. Және де баспасөз нәр алатын жаңалықтардың ішінен өкіметтің әрекеттерін, бірқатар саяси фактыларды алдыңғы қатарға қою керек. Сөйтіп, сайып келгенде былайолып шығады:өкіметтің баспасөз ұсақтап берген, әңгімелер шайнап берген қарекеттерінің өзі өкіметтің өзгеруіне кеңінен көмектеседі. Бірақ өкімет, егер оның қарекеттерін
баспасөз жарияламаса және әңгіме кезінде олар талқыланбаса, өзінің қалауынша қимылдай алар еді, ол эволюцияға ұшырамас еді; ол, басқа бір текті жаңалықтардан келетін, атап айтқанда, кеңінен, жаппай таралса діни және экономикалық жаңалықтардан келетін өзгерістерге, күш-жігерге немесе дәрменсіздікке қарамастан, бұрынғы күйінде қала берер еді. Өкімет өте орнықты күйінде қала берген жерде, біз әңгіме өте елеусіз, құпия болғанына берік сене аламыз49. Сонымен, өкіметке оның бұрынғы орнықтылығын, адамдап отбасының ішінен басқа жерде сөйлемеген алғашқы қауымдар заманының орнықтылығын қайтарып беру үшін істі жалпыға бірдей мылқаулық орнатудан бастау керек болар еді. Мұндай жағдай тұсында жаппай дауыс берудің өзі бірдеңені өзгертуге дәрменсіз болар еді. Саяси мағынада алғанда парламенттегі әңгімелерден, даулардан гөрі, жеке әңгімелермен, даулармен санасу керек. Депутаттар палатасы мен кулуарларда өкімет қажып, көбіне мәнінен айрыла бастаған тұста, өкімет жеке әңгімелерде, дауларда жасалады. Парламенттердің шешімдері, оларды баспасөз жарияламай, жаңғырықсыз қалса, өкімет өкілінің саяси құндылығына ешқандай ықпал ете алмайды. Осынау жабық жерлерде болып жататын оқиғалар тек өкіметтің өзгеруіне ғана қатысты болады да, оның күшіне, оның шын беделіне ешқандай қатысы болмайды. Кафелер, клубтар, салондар, дүкендер, әңгіме көйітілетін басқа да жерлер – нағыз өкімет фабрикалары осылар. Алайда, осынау фабрикалар егер олар өңдейтін бастапқы материал болмаса, атап айтқанда – отбасылық өмір, үйдегі тәрбие қалыптастырған құлақ асу мен сенім дағдысы болмаса, жұмыс істей алмас еді.Өкіметте, байлық мануфактуралар мен фабрикалардан, ғылым лабораториялардан, музейлер мен кітапханалардан, сенім катехизисті оқып-білу мен ананың
49 Бэкон тұсында Англияда әңгіме туындай бастады да, ол осы пәнге өзінің Мораль мен саясат тәжірибелерінде бірнеше сөз арнайды, бірақ ол бізге өте қызықты болатын ортақ тұжырымдар емес, бізге қызығы шамалы ортақ кеңестер береді. Егер біз сол кеңестер бой ынша таразыласақ, сол кездегі ағылшын әңгімелері аса мінәйі, діни соғыстар дүрліктірген континенттегі әңгімелерден әлдеқайда мінәй” болған. “Әзілге келер болсақ, – дейді ол, – ешқашан оның тақырыбы болмаған нәрселер бар: мысалы, дін, мемлекет істері, ұлы адамдар, үлкен лауазымға ие болған (оның өзі секілді аса мансапты шенеуніктер) кісілер”, және басқалар.
өсиеттерінен, әскери күш зеңбіректер зауыттары мен казармадағы жаттығулардан шығатыны секілді, содан шығады. Бір кісілік абақтыларға қамалған, оңашада ешқандай сыртқы ықпалсыз, өз ойымен өзі әуре, содан кейін дауыс беруге бара жатқан француз азаматтарын елестетіп көріңіз... Бірақ олар дауыс бере алмас еді! Шынында да, олар, бері салғанда олардың көпшілігі Петрге немесе Павелге, бір немесе өзге бағдарламаға дауыс бере алмас еді. Немесе, олардың әрқайсысында өзінің төл идеясы болса, нағыз сайлау топалаңы басталар еді. Әрине, Мирабо немесе Наполеон секілді қандай да бір мемлекет қайраткері барлық француздар жеке-дара белгілі болса, оның беделін негіздеу үшін әңгіменің де қажеті болмас еді де, француздар мылқау бола алса да, олардың орасан зор көпшілігі бәрібір соларға тәнтіліктен арыла алмас еді. Бірақ бұл мүмкін болмайтындықтан, мемлекет ұзындығы шағын қаланың шекарасынан өткен бойда, адамдардың, өдерін басқаруға тиіс бедел жасап алуы үшін, өзара әңгімелесе бастауы қажет. Шындап келгенде, жұрттың төрттен үші бір адамға, басқалар бағынатынын көргендіктен ғана бағынады. Сол адамға баына бастаған алғашқылардың бұған себебі болды немесе бар деп есептеген: олар оның егделігіне немесе оның текті әулеттен шыққандығына, немесе дене күшіне, не ділмарлығына, не кемеңгерлігіне байланысты оның қамқор да басшылық күшіне сенген. Бірақ, олардың бойында өздігінен туындаған бұл сенімді олар әңгіме көмегімен басқаларға берді де, өз кезегінде олар да сене бастады. Нақ адамның істері туралы әңгімелесе отырып қана, оны белгілі, атақты, даңқты етеді; және де ол даңқ арқасында билікке жеткендіктен, нақ соның науқан жоспары немесе декреттері туралы әңгімелердің арқасында оның құдіреті не ұлғаяды, не кемиді. Әсіресе, экономикалық өмірде әңгіменің маңызы үлкен, оны, тегінде, экономистер байқамаған болуы керек. Әңгіме, идеялар алмасу, – немесе, дұрысы, идеяларды өзара немесе бір жақты сыйлау – ол қызмет алмасуға
кірісудің басы емес пе? Нақ сөздің көмегімен, әуелі әңгіменің басында бір қоғам адамдары бір-біріне өзінің мұқтажын, тұтыну немесе өндіру ниетін хабарлайды. Әңгіме алдын-ала қоздырмаса, бір нәрсені сатып алу ниеті оны көрген бойда туындайтыны өте сирек құбылыс. Ондай жағдай, мысалы, теңізші бейтаныс аралға тап келген кезде болады.; оны жабайылар қоршайды, олар мұның тілін білмейтіндіктен, бұл олардың тілін білмейтіндіктен екі жақ та үндемейді, тек жабайылар ол әкелген шыныға көңілі құлап, соны алады да, ол үшін тамақ, тері береді. Мұндай жағдайлардан басқа кезде, әңгіме қажеттіліктің тууына, одан да гөрі таралуына зор ықпал етеді, және онсыз кез-келген біршама дамыған сауданың, кез-келген біршама табысты өнеркәсіптің бірінші шарты – дәл де бірдей бағаның болуы ешқашан мүмкін емес. Әңгіменің әлеуметтк және моральдық психологияға қатынасы XVІІ ғасырдағы Францияда айқын көрінеді, бірақ оның байқалуы тек сонда ғана емес. Гораций өзінің бір сатирасында ауылдағы үйінде өткізген өмірін мадақтайды. Ол сонда көптеген достарын дастарқан басында қабылдаан. "Этикет заңдарын елемейтін әрбір қонақ өзінің қалауынша шағын немесе үлкен тостағанды көтеріп қояды. Осыдан кейін әңгіме басталып кетеді, бірақ ол ғайбат мақсатында көршілер туралы айтылатын, қызғаныш мақсатында олардың имениелері хақында айтылатын, Лепостың би өнеріндегі дарыны жайында айтылатын әңгіме емес; біздің әңгімеміз бізді көбірек қызықтыратын және елемеудің өзі ұят тақырыптар туралы: Адамды бақытты ететін не, жақсылық па, байлық па? Өзіңнің байланыстарыңда өзіңе пайдалысын күйттеген дұрыс па, әлде адалын ойлаған жөн бе? Жақсылықтың табиғаты қандай? Ең жоғары игілік дегеніміз не? Айтпақшы, Сервий кей кезде, осынау маңызды тақырыптардың арасына "кемпірлер ертегісін" де қыстырып жібереді". Осыдан біз Август заманындағы әйгілі адамдардың арасындағы әспетті әңгімелер маңызды бір белгісімен біздің ғасырдағы "жібі түзу адамдардың әңгімесіне ұқсайды: әдеби пікірлерге соқпаған кезде, олар да иоральдық
жинақтаулар төңірегін айналсоқтаған. Тек, Гораций замандастары стоицизм реңкі себезгілейтін эпикуршылдар талқылайтын мораль – қоғамдық моральдан гөрі, неғұрлым жеке кісі моралі, өйткені Зенонның ізбасарлары да, Эпикурдың ізбасарлары да өздерінің міндеті жеке алынған, топтан бөлініп алынған индивидуумды нығайту, сауықтыру деп білген. Керісінше, Xіv Людовик заманының дүниауи христиандары мен моралистері көтерген мәселелер ең алдымен қоғамдық моральға қатысты. Мадам де Лафайет мадам де Севинеге, бірде түстіктен кейін мадам Скаронмен, аббат Тестюмен және басқа дас сұхбаттастармен болған бүкіл әңгіме "талғамы олардың ақылынан жоғары не төмен кісілер" төңірегінен шықпағанын жазады. "Біздің, – дейді ол, – тереңдеп кеткеніміз соншалық, одан әрі ештеңе түсіне алмадық". Бүгіндері мынадай сұрақ қойылар еді: осындай күңгірт сэжеттерді түсіндіруде қандай мүдде болуы мүмкін? Бірақ сол дәуірде аристократиялық ортада жұртшылық өзінің ең жоғары даму деңгейіне жетті және әлі де өзінің атауына ие бола қоймаған әлеуметтік психологияда нені қалай көрсету, дәл анықтау, мүмкін болғанша аныққанығына бойлаудан артық мүлдем орынды ештее болмағанын ұмытпау керек. XVІІ ғасыр, жбі түзу адамдар арасындағы әңгімеде, тегінде, жеке кісі психологиясымен ешқашан шындап айналыса қоймаған болу керек. Буржьенің әлдебір романы мадам де Лафайет пен Ларошфуконы есінеуге мәжбүр етер еді. Оларды қызықтырған және неғұрлым қызықтыруға тиіс болған нәрсе интерспиритуалдық қатынастарды зерттеу еді, осынысымен олар санадан тыс түрде интерпсихологияны жасап жатты. Лабрюйерді оқып шығыңыз Бюсси-Рабютен кескіндігін оның замандастарының портреттерін оқып шығыңыз немесе кез-келген басқа жазушыны оқып шығыңыз: олар адамды ешқашан оның табиғатқа немесе өз-өзіне көзқарасы тұрғысынан суреттемейді, қайта тек қана оның басқа адамдарға әлеуметтік қатынастары, оның сұлулық туралы пікірінің олардың пікірімен (талғам) үйлесетіні немесе үйлеспейтіні, оның тұздықты анекдотты айтып
беру немесе әзілқой хат жазу кезінде оларға ұнау қабілеті (ақыл) және т.б. тұрғысынан суреттеледі. Әрине, адамдар психологиясымен айналыса бастап, қоғамдық психологияны жасады және дәл сол секілді олардың мұны санадан тыс естігені де түсінікті, өйткені олар оны жеке кісі психологиясына қарамақарсы қоймай ол туралы дәл түсінікке ие бола алмас еді. Осынау жеке кісі психологиясы XVІІ ғасырда өзінің тек бір жағын ғана – айтпақшы, маңыды да тосын жағын, атап айтқанда мистицизмді дамытты. Бұл орайда мынаны ескерте кету керек: феноменнің және сол заманның көптеген мистиктерінің рух күші алқалаған хаттарында соншалық бір жанды штрихтармен бейнеленген жанның рахатты немесе мұңды ахуалын олар жанға жасырынған құдай тектес сұхбаттаспен, тіл жетпес жұбатушымен құпия да ішкі әңгіме ретінде сезінеді. Расын айтқанда, ескі режимде мистикалық өмір ішінара "дүние" үлгісімен жасалған. Құдай онда жанға оңаша келеді. Құдай жанға тіл қатады, жан Оған жауап қайтарады. Рахман дегеніңіз сіздің ішіңізде сөйлейтін және сіздің дәтіңізге қуат беретін сүйікті үннің сізге сыйлайтын қуанышы мен күші емес пе? "Спиритуалдар" арыз айтатын ашу мен мұң кезеңі – аты айтылмайтын қонақтың сізге келуі мен әңгімелесуі арасындағы, кейде тым ұзаққа созылатын, интервал, үзіліс. Әлеумттік психолоиядан мүлдем бөлек және жеке кісі психологиясымен тығыз байланысты және бір бұтақ – жыныстық психология, оған драматургтар мен романистер өздерін арнайы бағыштаған және өркениятты болған сайын ол әңгімелерде баурап әкететін рөлге ие. Ол сондай-ақ мистикалық психологиямен де біршама байланысты. Әңгіме сыпайлықтың ата тегі. Бұл тіпті сыпайылық дегеніңіз әңгімеге араласпау болған кезде де әділетті тұжырым. Парижге жаңа ғана келген провинциалға бір-бірімен сөйлесуден мұқият бас тартатын адамдарға толы омнибустың түрінен артық оғаш көрінетін, оның табиғатына жат ештеңе
жоқ секілді болып көрінеді. Ұшырасып қалған бейтаныстардың үндемеуі, әрине, әдепсіздік болып көрінеді, ал таныс адамдардың үгн қатыспауы олардың арасындағы алауыздықтың нышаны. Жақсы тәрбиеленген әрбір шаруа жолға бірге шыққандармен "әмпей" бола кету өзімнің борышым деп санайды. Шынына келгенде бұлай болатыны үлкен қалаға қарағанда шағын қалалар мен ауылдарда әңгіме қажеттігі көбірек екендігінен емес. Керісінше, бұл қажеттілік, тегінде, халықтың тығызырақ орналасуына және өркеният дәрежесінің жоғарылығына тікелей тәуелділікте өсе түседі. Бірақ нақ осынау қажеттілік күшінің салдарынан үлкен қалаларда әдепсіз сөздердің толқынына батып кетпеу үшін бөгет тұрғызуға тура келген-ді. Екі дос бірге жүргенде ұзақ уақыт тіл қатыспау үшін жүрек жақындығының жоғары дәрежесіне жету қажет. Тым жақындасып кете қоймаған достардың арасында, салонда ұшырасатын көз таныс адамдардың арасында сөз бірден-бір әлеуметтік байланыс қызметін атқарады және осынау жалғыз байланыс үзілген бойда, сол сәтте үлкен бір қатер келеді, ол сыпайы жалғандық көрінісін, достықтың сыртқы көріністеріне кереғар терең жақындықтың мүлдем жоқтығын көру қатері. Осынау ызғарлы үнсіздік ұят-аят пердесін аямай жыртқандай әсер қалдырады, сондықтан адамдар ондайдан аулақ болу үшін бәрін де істейді. Әңгіменің өлеусіреп бара жатқан отына ойға келгеннің бәрін; кеме апатқа ұшырағанда батып кету қаупін кміту үшін ең қымбат заттарыңды да теңізге лақтыратының сияқтыөзіңнің жарияламау тікелей мүддең болатын ең құпия сырыңды да тастайсың. Салондағы әңгіме кезінде үндемеу дегенің теңіз ортасында кеменің су түбіне кетуі. Әңгімеден мақтау да, ғайбаттау да туындаған. Бір-бірімен сөйлесе жүріп жұрт олардың өздері туралы жақсы аікірін өзгелер қостамайтынын және керісінше болатынын байқайды. Гәп тең кісі туралы болғанда өзгенің атаққұмар даңғойлығын күлкі етуге, қарсыласты жазғыра отырып, оған күрт шабуыл жасауға болар еді; соның өзінде тәжірибе ашығын айтқың келетін мұндай сәттеріңде жанжалдан алақ болуды үйреткен. Бірақ әңгіме
жоғары тұрған кісі, отағасы туралы болса сақтық осынау өтірікті қолдауға түрткілеп тұратын. Осыдан келіп мақтау шыққан, оныңыз аз-аздап жұмсарып, өзара мақтауға ұласып, осындай екідай пошымда ортақ пікірге айналып, қалалық өмірдің бір негізі бола алған. Әу баста олар қашанда қара бастың қамынан шығады да, бірте-бірте риясыз көңілге айналады. Үнділердің намаз құдіреті жөнінде қарадүрсін жанға мадақтың есіртер билігі деген сөзі осымен түсіндірілмей ме деймін мен өзіме-өзім. Намаз дегеніңіз, ең алдымен, гиперболалық мадақ. – Мақтау сипаты өзгеріп келеді. Қытайда біреудің көңілін аулағысы келгенде қартайып қалыпсың дейді; біз жасарып кетіпсің дейміз. Орта ғасырларда тәнді қасиетті өлтіру тұсында денесін көрсеткен жас монахқа әбден азып, құр сүйегің қалыпты деу оған ең жақсы мадақ болатын. Мақтау эволюциясындағы да, боқтау эволюциясындағы да мағынаны аңғаруға бола ма? Гомер қаһармандарының жамандау сөздерін диффомациялық (біреуге қарап күйе жағатаны – ауд.) газеттердің боқтығымен салыстыра келіп, боғауыз сөздердің сөздігі өзгергеннен гөрі байи түсті, дер едік біз. Бір кездері жауға телінетін дене кемістіктерінің, сырқаттардың, кемтарлықтың барлығына енді келіп соларға аямай жағылатын қара күйе – өркенияттың жай ғана дерттері, сыпай ішмерездік, интеллектуалдық ауытқу қосылды. Бірақ баспасөздің осындай жұрт алдында абыройды айрандай төгуі де, мақтауы да жеке жағдайларда қолданылатын налыту мен мадақтан бөлек, тым өзгеше бірдеңе. Және олар ішінара түу бастағы гиперболизмін сақтап қалуға тиісті болатын. Жұртшылыққа, осынау дөрекі кейіакерге арналатын нәрсенің бәрі шыңғырып тұратын қаралүрсін бояуларды: қабырғаға желімделген хабарландыруларды, сайлау бағдарламаларын, газеттердегі айтыстарды талап етеді. XVІ ғасыр ғалымдарының арасындағы айтыстармен салыстырғанда әрқилы сөгу, жамандау қордасы біздің барынша бетпақ газеттеріміздің айтысы жылымшы татыған бірдеңе екендігі де өтірік емес. Ал жеке кісінің намысына тиюге келсек, олар жұмсақ сипатқа әлдеқайда тезірек ие болды. Олар өрескел дөрекіліктен
барынша ибалы келекеге көшті. Дене кемстіктеріне қадалып қалудың орнына, лар барған сайын интеллектуалдық кемістіктерге немесе моральдық дөрекілікке қадалатын бола бастады. Осынау қос прогресс, әрине, енді қайтып өткенге бұрылмайды. Осынау қос сипатты белгі мақтау эволюциясында да байқалады, және олар да енді өткенге бұрылмайды. Күман жоқ, бүгіндері бірде-бір монарх, бірде-бір ұлы адам абыздар перғауындарға олардың бұйрығы бойынша айтатын, немесе Пиндар атлеттердің басына үйіп-төгетін әсіремадаққа төзбес еді. Осыдан екі-ақ ғасыр бұрын жазылған кітаптардағы бағыштау ауаны күлкіңді келтіреді. егер біз жеке кісілер арасындағы әңгімелер мен дауларды өткеннің, XVІІІ, XVІІ, XVІ ғасырдың үлгілері қалған әңгімелермен, даулармен салыстырсақ, біздің тікелей мадақтың да, көпекөрнеу боқтықтың да мөлшері бірте-бірте азая берген деген қорытындыға оп-оңай-ақ келер едік, осынау ауыр мәнеттер (мадақ пен боқтық – ауд.) бөлшектеліп, ұсақталып өте жұқа мәнеттерге айналды. Екінші жағынан, осынау жаба тоқылған мадақтар мәні, сол бір жаба тоқылған мінәйілік мәнінен кем өзгерген жоқ. Жұрт ең әулі құдайдың дене күшін мадақтаудан бастады (Иовтың [Аюбтың] кітабын қараңыз), содан кейін оның кемеңгерлігіне, ақыр соңында қайрымдылығыа көшті. Артқа оралу деген болмайды. Дәл сол секілді әуелі корольдердің күш-қуаты, содан кейін олардың ептілігі, ұйымдастырушылық қасиеті, ақыр соңында олардың халқына қамқорлығы мақталды. Грекияда ең ежелгі замандарда мадақшыл ақындардың бүкіл лиризмі кімге арналатын еді? Әртістерден гөрі атлеттерге көбірек арналатын. Бүгіндері керісінше, және, велодромдардың немесе foot-bal-дың жеңімпаздарына әуестік әлі де жеткілікті екендігіне қарамастан, жағдай бұрынғы тәртіп қайтып оралар деп қауіптенудің қажеті жоқ. Бұл екі арада мынаны атап өту керек: әйелдерге арналған мадақ алдыңғыға керісінше эволюцияға ұшырады. Әуелі әйелдердің жақсылығы, олардың бойындағы тәртіп пен үнемге бейімділік, олардың тоқымашы, содан кейін музыкашы ретіндегі таланты мадақталды; осылардың бәрі,
бері салғанда жұрттың көз алдында, рның тән сұлулығын мадақтаудан бұрын болған; енді қазір оларды мақтаса жақсылығы, немесе, әрі барсақ, ақылы үшін емес, алдымен сұлулығы үшін мадақтайды; бірақ олардың сұлулығын мадақтаудың өзінше ерекше шағын эволюциясы болып, ол ортақ тенденцияға сайды. Бұрын олардың жүріс-тұрысынан гөрі пошымдары көбірек мақталса, қазір пошымнан гөрі жүріс-тұрысы көбірек мақталады. Бір-біріне сыпайлық визитін жасап, өзара әңгімелесіп отырған, еркек немесе әйел, екі адамға қараңыз. Олар пікірлері әртүрлі болып шығуы мүмкін сюжеттерді ауызға алудан мұқият қашқақтайды; ал егер оларды қозғау қажеттігінен қашып құтыла алмайтын болса, олар өздерінің алауыздықтарын аңғартып қалмауға барынша тырысады; олар әңгімесі жарасқанын көрсету үшін көбіне тіпті өз идеяларының бір бөлігін құрбандыққа шалуға да бар. Осылай, сыпайы әңгіме жұртшылық арасындағы ақылдар мен жүректерді жақындастыру, олардың алауыздығын жұмсартудың немесе жасырудың тұрақты да еліктіргіш жаттығуы деп санала алады. Сұхбаттастар бар мәселеде бір-бірімен жарасым табу ниетімен қанағаттанады. Шынында да, олар келісілген сезімдер мен идеяларға санадан тыс, үлкен күшпен бірін-бірі ұйытады. Осынау ұйытудың өзара сипаты дегенмен ылғаи да сақтала бермейді; әдетте сұхбаттастардың бірі басқасына немесе басқаларына жасайтын ықпал басым болады да, соңғыларының ықпалын елеусіз етіп жібереді. Қалай болғанда да, визиттер кезіндегі әңгіме қоламтасын үрлеп отыратын сыпайлық ғұрпы қоғамдық ауызбірлік шешек атуға тиіс өрісті тәп-тәуір өңдейтіні және соған амалсыз дайындық болып табылатын анық. Әңгіме әдеби сынның бесігі болды50. XVІІ ғасырда Бюсси-Рабютеннің өзінің сүйкімді бөлесіне жазған хаттарынан, хатқа түске ұзақ әңгімесінен көре алатынымыздай, жібі түзу қоғамның әңгімелері көбінесе кітаптар мен
50 Егер осы заманғы дәуірімізде бәріне де, тіпті философиялық сын, саясат, әлеуметтік идеялар саласында да пікірлер айта отырып, әдеби сын ие болған маңызды ән туралы ойлансақ, бұл атамаш салдар.
авторлардың салыстырмалы қасиеттерін төңіректеген. Онда Расиннің соңғы трагедиялары туралы, Лафонтеннің ертегілері туралы, Буалоның жолдауы жайында, янсенейшіл туындылар хақында пікірлер алмасып, дауласып жататын; егер бүкіл осынау әңгімелерге жақынырақ құлақ қойсақ, олар даудан кейін бір көзқарасқа келуге әрқашан ұмтылатынын көруге болады. Әңгімелердің үстем сюжеті қандай екендігіне қарамастан, барлық кезде де дәл солай болған. Белгілі бір ортада жұрт әдебиет туралы көп сөз қылатын барлық жерде, өздері мақсат етпесе де, олар барша қабылдаған және ақыли шығармашылықтың барлық тектері жөнінде әрқашан өзара келісілген дайын пікірлерді ұсына алатын поэтика ғылымын, әдебиет кодексін ұжымдық әзірлеуге санадан тыс болса да жәрдемдесті. Сондай-ақ Арсистотель немесе Гораций, немесе Буало болсын біз сол тектес эстетикалық заңды тұжырымдаған авторды қай жерде көрсек те, оның алдында әңгіменің ұзақ кезеңі, күшті қоғамдық өмір болғанына сене аламыз. Сонымен, мынаға күманданбауға болады: Аристотелге дейін де, оның тұсында да Афинада, бүкіл Грекияда софистер заманынан бастап әдебиет туралы көп айтылған; нақ сол туралы Римде Сципиондар заманынан бастап, Парижде precіeuses заманын бастап және соларға дейін көп әңгіме болған. Қайта өрлеу дәуірі де сонымен аяқтап, аноним болу үшін деспоттығы титімдей де кем емес өзінің романтикалық поэтикасын әзірледі. Біздің кезімізде ондай нәрсе әлі орныға қойған жоқ, бірақ оның элементетрі қазірдің өзінде дайындалып жатыр. Және айта кету керек, тек саяси және қоғамдық әңгіменің ғана емес, тіпті әдеби әңгіме саласы да сұхбаттар саны көбеюінің арқасында көп кеңігендіктен – кодексті әзірлеу бұрынғы дәуірлергше қарағанда, қуырдақтың көкесі түйе сойғанда дегендей, ұзақ уақытқа созылады. Дау көмегімен, сондай-ақ идеялар көмегімен, бәскелестік пен соғыстар көмегімен, сондай-ақ жұмыс көмегімен біз бәріміз және әрқашан ойдың, сөздің және қарекеттің ең жоғары жаарсымдылығын, әдеби, әртістік, ғылыми, философиялық, діни догмаларда тұжырымдалған пікірлердің орнықты тепе-теңдігін немесе
заңдар мен инсанияттық принциптер пошымындағы орнықты қарекеттер тепе-теңдігін жасауға жәрдемдесеміз. Шынында да, әлеуметтік логика (қисын) адамдардың барлық сөздері мен қылықтарында әрекет жасайды да, өздерінің ақтық қорытындыларына сөзсіз жетелейді.
VІІ
Пікір факторы ретінде жазбаша корреспонденция әңгімеден көп кейін және едәуір төмен тұр. Бірақ бірінші сюжетпен тығыз дәнекерлермен байланысты бұл екінші сюжет бізді көп бөгемейді. Хат алмасу – бұл қашықта тұрып мылжыңдасу, жоқ болсаң да жалғаса беретін мылжың. Демек, әңгіме қолайлы себептер: бос уақыттың қосылуы, тілдің бірігуі, жалпы білімдердің таралуы, лауазымдардың теңдігі және т.б. сондай-ақ корреспонденцияның көбірек белсенді болуына жәрдемдеседі, бірақ мынадай бір шартпен: олар осынау корреспонденция тәуелді болатын арнайы кездесетін болуы шартымен жәрдемдеседі. Бұл себептер: саяхатқа шығудың оңайлығы (сол саяхаттар арқасында жоқ болу оқиғалары жиілей түседі), жазу өнерінің жадпыға таралуы және пошта байланысының дұрыс жұмыс істеуі. Үстірт қарағанда саяхаттар хаттарды көбейте отырып, әңгімелер санын азайтуға тиіс сияқты болып көреніде. Бірақ белгілі бір ақиқат мынадай: көп саяхаттайтын елдерде адамдар бәрінен көп сөйлеп, бір-біріне көп жазады. Сол секілді темір жолдардың дамуы карета аудасының жолын кесу орнына, оны қолдап шықты. Егер біздің закмандастарымыздың көшпенділік дағдылары ескі достар арасына бір ғана қала азаматтарының арасына тым жиі килігетін болса – "ымырт үйріле бастаған кездегі осынау жайбарақат әңгіме" Lenes sub noctem susurrі, Гораций айтқандай, "әдеттегі сәтінде қайталанса, – олар жат жұрттықтардың барған сайын көбейіп келе жатқан санының бір-бірімен ұшырасып, әңгімелесуіне мүмкіндік береді және осынау кездесулер әлгіндей ғажап сипатта болмаса да, есесіне
неғұрлым жағымды. Оңашалықтың жоғалтқанынан әуестіктің ұтқаны көп, және әлгі жоғалтқанымыз мен үшін қаншалықты өкініш болғанымен, мен ол тек уақытша болуы мүмкін деген ойға тіреліп, еріксіз көнемін. Жазбаша корреспонденциялар, әңгімелер және саяхаттар өзара тығыз байланыста болатыны соншалық, егер біз белгілі бір халықта белгілі бір сәтте осынау үшеудің бірінің, мысалы, саяхаттың дамуын ашсақ, біз басқа екеуінің де дамуы және керісінше болуы жөнінде байлам жасауға хақылымыз деген ойды бізді қызықтыратын сюжетті әбден ашып көрсете алатын принципке айналдыруға болмай ма? Жазбаша корреспонденция барынша гүлденген заман (мен күні кешелергі, журнализм пайда болғанға дейінгі заманды айтып отырмын, ал журнализм бұл тұрғыда кқп нәрсені өзгертіп жіберді, біз оны алда көреміз) бәрінен көп саяхаттап, әңгіме көрігін қыздырған заман болды. Кіші Плинийдің заманы сондай болды. Біздің XVІ ғасырда сондай болды. "XVІ ғасыр, – дейді бір тарихшы, – ең алдымен жазба корреспонденция ғасыры. Корольдерден, министрлерден, капитандар мен елшілерден жазылып, ұлттық кітапхана манускриптерінде сақталған саяси хаттардың саны шексіз. Онда діни және интимдік корреспонденциялар да бар51. Испанияда, егер осы елді Батыс Еуропаның басқа ұлттарымен салыстырсақ, аз ажазады. Әңгіме оты қашан да және барлық жерде ұлттың саяхатты бәрінен жақсы көретін жіктерінде қаулайтын және сол жерде бірбіріне хат жазу қажеттігі сезілетін, мысалы, Грекияда, кемеңгерлікті тентіреп жүріп сататын риторлар мен софистер арасында, мұның үстіне теңіз бойында тұратын әрі омалып қалмайтын халық арасында; Римде, орын ауыстыруға, жер кезуге ынта-ықыласы мол аристократия арасында; орта ғасырларда, , монахтар, уағызшылар, епископтар, легаттар, аббаттар, тіпті аббат әйелдер (бұлар тіпті әіресе) орнынан тез көтеріліп, былайғы
51 Сол кезде сыпайлық формулаларының бүкіл иерархиясы мен жазу рәсімі пйда болды. Жоғары тұрған адамға Monseіgner, тең адамға Monsіeur дейді. Шонжарға жазған хаттан: "Өзімді рахымыңызға тапсырдым" деп бастайды. "Аман-есендікте ұзақ жасауыңызды Құдайдан тілеп" деп аяқтайды. Дәреже қол қоюдың алдында тұратын мына сөздермен білдіріледі: "Сіздің малайыңыз, Сіздің құлақ кесті құлыңыз, Сіздің бағынышты құлыңыз" (Decrue de Stoutz). Қоса кетейік, XVІ ғасырдағы хаттар, әңгіме кезіндегідей, сақтық пен талғам дегенді білмейді, барынша әдепсіз, дөрекі болып келеді. Келесі ғасырда реңк сезімі пайда бола бастады.
халықпен салыстырғанда тым ұзаққа саяхаттайтын университеттер мен шіркеу аясында осылай болды. Алғашқы пошталар қызметін университеттер мен экклезистердің, немесе, жоғарырақ көтерілсек, корольдің артықшылығы болудан бастаған. Осынау маңызды мекеме жөнінде, оның дамуы үлгінің таралу заңы бойынша жоғарыдан төмен жүргенін көрсету үшін, бірер сөз ғана айтайын. Әуелі корольдер мен папалар, содан кейін кінәздар мен прелаттар жай ғана билеушілерден бұрын өздерінің жеке шабармандарын ұстады; содан кейін олардың вассалдары, содан кейін бірте-бірте ұлттың барлық жіктері ең соңғысына дейін бір-біріне хат жазуәзезілдікінің арбауына түсті. жылы 19-маусымда XІ Людовик өзінің эдиктімен пошта ұйымдастырғанда, шабармандар тек монархтың хаттарын таситын, бірақ "арнайы корольдік мекемеден, – деп жазады da Camp, – ол тез арада әкімшілік мекемеге айналып шыға келді, бұлтартпас нұсқау бойынша хаттарда король беделіне нұқсан келтіретін ештеңе болмауы үшін олар оқылатын". Жеке кісілердің корреспонденциясы туып келе жатқан пікірге соншалық қуатты ықпал ете алатынын XІ Людовик тамаша түсінген. Алғаш рет Ришелье тұсында хаттар дұрыс тарифке бағындырылды (1627), мұның өзі олардың санының үздіксіз өсе бергенін анық көрсетеді52. "Жалдау бағасын кезең-кезеңімен салыстыра отырып, бұл қызметтің бүкіл XVІІ ғасыр бойында Франция фермаларында ғаламат өскендігін оп-оңай байқайсыз". Ол 1700 жылғы екі жарым миллионнан 1777 жылғы он миллионға дейін жетіп, төрт есе өсті. Бүгіндері пошта статистикасы әртүрлі мемлекеттерде хат санының тез де үздіксіз өсуін анықтап отыруға53, сөйтіп тең болмағанымен, барлық жерде ол қанағаттандыратын
52 Бұл екі арада жеке кісілердің хаттары – өйткені жоғарыда, XVІ ғасыр туралы айтқанда әңгіме саяси сипаттағы корреспонденция туралы болды – XVІІ ғасырдың ортасына дейін тегінде өте аз болған секілді, мұны біщ Редерер үзінді ретінде кетірген мадемуазель де Монпансьенің мемуарына қарап айтып отырмыз. Мадемуазель ханшайым де Партени (мадам де Сабле) туралы: "Соның заманында хат жазу қолданысқа кірді" дейді. Әдетте тек үйлену тойының келісімшарттары ғана жазылатын; ал хатқа келсек, олар туралы ешкім еке де алмайды. 53 Мысалы, Францияда 1830 жылдан 1892 жылға дейін хат саны біркелкі (1848 және 1870 жылдарды санаттан шығарғанда) өсіп, 63 миллионнан 773 миллионға дейін жеткен. 1858 жылдан 1892 жылға дейін телеграфтық депешалар саны 32 миллионнан 463 миллионға дейін өскен.
жалпы қажеттіліктің ұдайы өсуін есептеп шығаруға мүмкіндік береді. Осылай, ол бізге жұртшылықтың әрқилы сатылары мен табыстарын көрсетіп бере алады. Бірақ дәл сол статистиканың өзі әлеуметтік сан тасасында жасырынған сапалық элементтер әрқашан болатынын қуаттайды, ал олар үшін статистика дегеніңіз жалпы долбарлы өлшем54. Шынында да, сыртқы түрі жағынан бір дәуірдегі, бір елдегі хаттардай ұқсас ештеңе жоқ және статисттың есептеулері үшін біртектілік шарты барынша жақсы орындалған секілді болып көрінеді. Хаттардың форматы шамамен бірдей, конверт бір тұрпатты, желімдеу тәсілі де бірдей, жазулары да бірдей. Қазіргі кезде оларға бірдей пошта маркасы жапсырылады. Қылмыстық және азаматтық статистика дәл осындай ұқсас бірліктерді есептеуге жету үшін әлі талай уақыт бар. Бірақ хаттарды ашып көріңіз: басы мен аяғында салтанатты формулалардың тұрақтылығына қарамастан, қаншалықты сипатты, терең де елеулі айырмашылықтар бар десеңізші! Осынау әртекті нәрселерді қоса салу мүлдем жеткіліксіз. Біз олардың санын білеміз, бірақ біз тіпті олардың ұзақтығын білмейміз. Сөйте тұра, олардың саны көбейген сайын неғұрлым қысқа (бұл әбден мүмкін) және неғұрлым қатқыл бола түспеді ме екен? Мұны білу қызықты болар еді. Және егер әңгімелер статистикасы 55 болса, ол әбден заңды болса, дәл сол секілді олардың ұзақтығын білу де қызықты болар еді, ол ұзақтық, мынау іскерлік замамнында, тегінде, олардың санынан кері пропорциялы болар еді... Әсіресе, дәл әңгімелер секілді, хаттардың мәнінің ішкі өзгерістерін білу қызықты болар еді, бірақ статистика бұл арада бізге көмектесе алмайды. Бұл тұрғыдан алғанда, жкрнализмнің пайда болуы, хаттың түрінің өзгеруіне үзілді-кесілді серпін бергендігіне күман жоқ. Әңгімені демеп,
54 Егер орынды болса, менмәні жағынан статистикаға ұқсас, және түрі анағұрлым негізді көрінетіндігіне қарамастан, дәлдігі статистикадан кем емес ғылыми прогрестермен өлшенетін кәдуілгі сандарда да жасырын сапалылық кем еместігін көрсете алар едім. 55 Ол мүмкін болар еді, егер біздің әрқайсымыз Гонкурлар күнделігі секілді күнделік жазып жүрсек. Осы күнге дейін тек конгресс неесе ғылыми қоғамдар мәжілістерінің саны ғана жазылаы және бұл тұрғыдағы статистика тұрақты өсуді көрсетеді.
оған соншалық мол жаңа қоздырушы да нәрлі құралдармен қуат берген баспасөз, керісінше, корреспонденцияның көптеген бұлақтарын тартылдырып жіберді. Егер 1658 жылы еаурызда Францияда бүгіндергідей соншалықты хабардар, провицияларға соншалықты ұқыпты жіберіліп отыратын күнделікті газеттер болса, онда жұмыстан сіңбіруге қолы тимейтін Оливье Патрю өзінің досы Дабленкурға соншалық ұзақ хат жазып, онда Швед Христинасының француз академиясына келіп кетуінің толып жатқан егжей-тегжейін (ондайларды қазірқолға түскен кез-келген газеттен табасыз) тізбелеп жатуға әуре болмас еді. Газет бізге көрсететін үлкен, бірақ еленбейтін бір қызмет сол, олар бізді достарымызға бір күнде болған уақиғалар жөнінде толып жатқан қызықты жаңалықтарды56 жазып отыру міндетінен құтқарды, өткен ғасырларда хаттар сондай жаңалықтармен толтырылатын. Жеке кісілердің корреспонденцияларын хрониканың осынау балластынан азат етіп, құтқарған баспасөз жазба әдебиетке, оны нағыз жолға, тығыз, терең, таза психологиялық, сезімге толы жолға бағдарлап, қызмет етті деуге бола ма? Мен солай ойлау тап-таза алданыш болады-ау деп қорқамын. Біздің өркениятымыздың барған сайын күшейіп бара жатқан қалалық сипатының салдары сол, біздің достарымыз бен таныстарымыздың саны көбеюін қоған жоқ, бірақ олардың жақындық дәрежесі азайды, ал біздің айтқымыз немесе жазғымыз келетіні жеке кісілерге бағышталғаннан гөрі, барған сайын тұтас топтарға және де барған сайын көбейе түскен топтарға арналатын болып жүр. Біздің нағыз сұхбаттасымыз, біздің нағыз тілшіміз – жұртшылық57, және бұл күн өткен
56 Журналистер пайданың бұл түрін өте ерте түсінді. Ренадо өзінің Газет атты еңбегінің шолуының басында 1631 жылы былай дейді: "олар (газеттер) өздерінің достарына хат жазатындардың еңбегін жеңілдетті, бұрын олар достарының қызығуын қанағаттандыру үшін көбіне қызық үшін ойдан шығарылған және естігеннің жаңсақтығын негізделген жаңалықтарды ерінбей-жалықпай баяндап шығуға мәжбүр болатын". Бұл жеңілдік сол заманда әлі де әбден жекелік сипатта болатын, біз мұны жаңа ғана тілге тиек етілге Патрюдің хатынан көреміз. 57 Жұртшылыққа сөз арнау қажеттігінің туындағанынан көп бола қойған жоқ. Бұрынғы режимнің тіпті корольдері де ешқашан жұртшылыққа сөз арнамаған, олар сөздерін сословиелерге, парламентке, дінбасыларға арнаса да, ешқашан тұтас алынған бүкіл ұлтқа арнамаған; жеке кісілер туралы сөз етудің қажеті де жоқ.
сайын күшейіп келеді. Сондықтан, хабар58, хабарландыру және жарнама түрінде басылған хаттар газет арқылы біздің жеке хаттарымызға қарағанда әлдеқайда тез өркендеп келеді. Бәлкім, осынау жеке хаттардың арасында өзімсініп жазылған хаттар, әңгіме-хаттар, әрине, ікерлік хаттардан бөлек қойылуға тиіс хаттар, саны жағынан, ұзақтығы жағынан тіптен, қысқарып келеді деп санауға хақылы шығармыз, егер белгілі газеттердің "жеке кісілер корреспонденциясы бөліміндегі тіпті махаббат хаттарына тән бола бастаған оңайлату мен қысқартулардың әдеттен тыс дәрежесімен таразыласақ солай болып та шығады59. Корреспонденция саласын біртебірте қолға жиып алып жатқан телеграммалар мен телефон арқылы әңгімелердің утилитарлық лаконизмі (қысқалығы) ең интимді хаттардың стилінде түлеп болды. Және егер, бір жағынан баспасөз, екінші жағынан телеграф пен телефон жұтып жатқан, екі жағынан да жеміріліп жатқан корреспонденция әлі бар болса, тіпті пошта статистикасы бойынша, мұртын балта шаппайтындай болса, мұны тек іскерлік хаттардың көбеюімен түсіндіруге болады. Өзімсінген, жеке, егжей-тегжейлі хаттардың түбіне газет жетті, бұл түсінікті де, өйткені газет хаттың ең жоғары баламасы, немесе, тіпті жалғасы әрі қосымшасы, әмбебап бейнеленуі. Шынында да, газет пен кітаптың тегі бір емес. Кітап сөйленген сөзден, монологтан, ең алдымен поэмадан, ән айтудан туындайды. Поэзия кітабы прозадан; қасиетті кітап дүниауи кітаптан дүниеге бұрын келді. Бірақ газеттің шығу тегі – дүниауи және өзімсінетін тек.Ол жеке кісі хатынан, ал хат әңгімеден өрбиді. Газеттер жекелеген кісілерге арналған және бірталай дана етіпкөшірілген жеке хаттар болудан бстады. "Тасқа басылған, жұртшылыққа арналған
58 Бала туу, неке, ажал туралы хаттар жеке кісілер корреспонденциясын оның бұрынғы ағыл-тегіл сюжеттерінің бірінен құтқарды. Мысалы, біз Вольтер корреспонденцияларының бір томынан дю Шатле бәйбішенің достарына ол жаңа ғана дүниеге әкелген перзенттің тууы хабарланған, әртүрлі нұсқаларда баяндалған толып жатқан хаттарды көреміз. 59 Бірақ әртүрлі хаттарда бәрі даусыз қысқартылып, оңайлатылып бара жатқан нәрсе – олардың рәсімделуі. Заманауи "сізге адал" деген тіркесті XVІ және XVІІ ғасырлардағы хаттардың аяқталуымен салыстырыңыз. Әңгіме кезіндегі қорытынды формулалардың өзгеруіне дәл сол мағынасына күмән жоқ, бірақ олар өшпейтін із қалдырмағандықтан, бұл істегі ілгерілеуді не кейін шегінуді бұрынғы мен қазіргінің корресонденциясы бойынша зерттеу оңғайлырақ.
журнализмнен60 көп бұрын, үкіметтер азды-көпті төзетін, және тіпті аздыкөпті ескеріп отыратын журнализмнен көп бұрын азбаша, көбіне құпия журнализм болған", ол XVІІІ ғасырға дейін Гримм хаттарында немесе Башомон мемуарларында табандап жатып алды немесе өз ғұмырынан да көп жасады. Апостол Павелдің жолдаулары, миссионерлердің хаттары – солардың бәрі нағыз журналдар. Егер апостол Павелдің қолында "Діни апта" секілді әлдене журнал болса, оған нақ жолдауларындай мақала жазар еді. Қысқасы, газет – жұртшылыққа арналған хат, жұртшылыққа арналған әңгіме, жеке кісі хатынан, жеке әңгімеден өрбіген ол солар үшін маңызды реттегіш және барша үшін күн сайын терең өзгеріп тұтас бір дүниеде барша үшін неғұрлым мол қорекке айналды. Газет әңгімелер мен корреспонденциялардың қайталанып жататын жаңғырығы болудан бастады да, олар үшін бірден-бір дерлік қайнар көзі болумен аяқтады. Корреспонденцияға келсек, газет оны әлі де талғажау етуде, оны әсіресе оның телеграфтық депеша секілді неғұрлым сығымдалған әрі неғұрлым замануи пошымын бұрынғы қай кездегіден де көбірек талғажау етуде. Оның басшысына бағышталған жеке кісі телеграммасынан газет күн талабына сай сенсациялық жаңалық жасайды да, өздерінің бір мезгіл төлі екендігін түсіну арқасында алыстан-ақ бір-бірімен тез жұғысатын осынау шашыраңқы тобырлардың бәрін, газеттің ықпалынан туындаған олардың өзара қарекеттерін ол дерексіз, аса құдіретті орасан зор тобырға біріктіреді де, оны қоғамдық пікір деп атайды. Міне осылай, ол әңгіме бастап берген, корреспонденция жалғастырған, бірақ әрқашан бытыраңқы, байланыссыз ахуалда қала брген ұзақ ғасырлар бойғы жұмысты, жеке пікірлерді жергілікті пікірлерге, осы соңғыларын ұлттық және әлемдік пікірге айналдыру жұмысын, қоғамдық ақылды біріктіруімен-ақ ғаламат жұмысты аяқтап шықты. – Мен қоғамдық ақылды деп тырмын, мен ұлттық, дәстүрлі ақылдарды деп отырған жоқпын, олар ұтымдылықтың, неғұрлым
60 Eugene Dubіet. Le Journalіsme. Hachette, 1892.
байыпты интернационализмнің қос бірдей басып кіруі тұсында да өз негізінде әрқилы болып қала береді, ал интернационализм жөнінде ұлттық ақыл-ой көбіне жаңғырық және халықтың резонатор болып табылады. – Орасан зор билік, ештеңеге алаңдамастан, барған сайын ұлғая бермей тұра алмайды, өйткені өзі де бір бөлігі болып табылатын жұртшылықпен келісіп алу қажеттігі, пікір мағынасында ойланып, қарекет ету қажеттігі жұртшылық көп болған сайын, пікір күшті бола түскен сайын және сол қажеттілік неғұрлым жиірек қанағаттандырылған сайын күшті де еңсерілмес бола түседі. Сонымен, біздің замандастарымыз қоғамдық пікір құйынының тегеурінінен шіліктей иілгенін көргенде қайран қалудың қажеті жоқ және содан мінез-құлық ұсақтап кеткен деп қорытынды жасаудың қажеті жоқ. Егер дауыл емендер мен теректерді түп-тамырымен жерге құлатып жатса, бұл олардың дәрменінің азайғандығынан емес, бұл желдің күшейе түскендігінен.
Тобырлар және қылмысты секталар61
Барлығында – саясат пен саяси экономияда, моральда, құқықта және тіпті дінде индивидуализмнің осынау дағдарысы жалғасқан бүкіл соңғы ғасыр барысында күні бүгінге дейін қылмыс, өзінің мәні жағынан дүниедегі ең бір индивидуалистік акт деп саналып келді; және тіпті теологтардың арасында да, мирастық күна туралы идеяны санатқа қомпағанда болмаса, ұжымдық күна туралы идея жоғалып кеткені секілді, криминалистердің арасында да ұжымдық қылмыс туралы ұғым жоғалып кетті. Сөз байласқандар қаскүнемдігі, қарақшылар топтарының қылмыстары ұжым болып жасалатын қылмыстардың бар екендігін
61 Бұл арада алдыңғы этюдтарға қосымша ретінде бұрын Revue deux-Mondes-те және менің Essaіs et Mйlanges-імде (Storck et Masson, 1890) жарияланған (1893 жылы желтоқсанда) осынау этюдті қайта жариялау қажет қой деп ойлаймын. Осы этюд пайда болудан көп бұрын мен тобыр психологиясымен айналысқам. Осы пәнге қызығатын оқырмандарға менің ""Phіlosophіe pйnale” (Strock et Massob, 1890) атты еңбегімнің Le crіme тарауына, сондай-ақ 1892 жылы тамызда Брюссельде болған Қылмыстық антропология конгреісінде оқылып, талқыланған тобырдың қылмыстары туралы баяндамама бағыттай аламын. Оның бәрі кейін менің "essaіs et Mйlanges" атты кітабымда жарияланды.
мойындауға мәжбүр еткен кезде де, осынау бұлыңғыр қылмыстық әрекеттерді жекелеген индивидуалдық қылмыстарға асығыс бөліп, алғашқысын тек екіншілердің жиынтығы деп санады. Бірақ қазіргі кезде осынау ғаламат эгоцентристік алданышқа қарсы әлеметтанушылық немесе әлеуметшілдік реакция назарын табиғи түрде индивидуум орынсыз өзіне телитін актылардың әлеуметтік жағына аударуға тиіс. Зерттеушілер секталардың қылмыстылығымен барынша құмарлықпен айналыса бастады – бұл мәселеде Тэннің якобишілер психологиясы, ал соңғы кезде тобырлардың қылмыстылығы жөніндегі еңбектерімен тереңдігі қуаты жағынан ештеңе шендесе алмайды. Нақ топтық қылмыстың осынау төтенше әрқилы екі түрінің тегі ортақ және оларды бірлесіп зерттеу пайдасыз немесе мезгілсіз бола алмайды.
І Мәселенің қиындығы, ұжымдық қылмыстарды іздеп табуда емес, ондай болмайтын, айналадағы орта ешқандай дәрежеде қатыспайтын қылмысты ашуда. Осы соңғы мәселенің маңыздылығы соншалық, тіпті өзіңе мынадай сұрақ қоюға болады: кемеңгердің ұжымдық шығарма болып табылмайтын шығрмасы бола ма деп сұрақ қойылғаны секілді қоспасыз индивидуалдық қылмаыс бола ма? Ең қанышер және қылмыс жасау кезінде жападан-жалғыз болған қылмыскердің ахуалын немесе өзінің жаңалығын ашу кезінде ешкіммен көріскісі келмейтін өнертапқыштың жан ахуалын талдап көріңіз. Осынау жаның мұрныңның ұшында тұрған ахуал қалыптасқан кездегі тәрбиенің, жолдастардың, білімнің, өмірбаяндық фактілердің ықпалы үлесіне тиетін нәрсенің бәрін серпіп тастаңыз – сонда не қалады? Қалатыны шамалы, дегенмен аса бір елеулі нәрсе, өзіңмен өзің болу үшін тіпті де оқшауланудың қажеті жоқ бірдеңе қалады. Керісінше, осынау белгісіз бірдеңе, әбден меншікті мен болып табылатын бірдеңе өзін сезініп, орнығуы үшін сыртқы дүниемен араласып кетуге иіс; ол өзін өзгертетін нәрсемен қоректенеді. Тек басқа кісілермен жұғысудан
туындайтын әрқилы акттар арқасында ғана ол оларды өзіне бейімдей отырып дамиды, және де осынау бейімдеу дәрежесі төл меннің өзге кісілердің біреуіне өзінің бейімделіп кетуінен гөрі, солардың өзіне тезірек бейімдеу қабілеті қаншалықты екендігіне қарай әртүрлі болады. Айтпақшы, ол біреуге бағынған күнде де, өзімен өзі болып қала береді және оның бағынуының өзінің төл сипаты бар. Индивидуалдық автономиның ең жоғары ықтимал дәрежесін жүзеге асыру үшін бала кезден бастап ұзақ уақыт оңашалану режимі қажет деп есептеген Руссо неге шындықтан бетін аулақ салды; айтпақшы, оның айтып отырғаны толық оңашалану емес, шәкіртін әбден еліктіріп алған ұстаз бен шәкірттің оқшаулануы. Оның Эмилі – индивидуализмнің бұлталақсыз бейнесі, сонымен бірге, кереғарлық жолымен, өз дәуіріне тән индивидуализмді теріске шығару. Егер оңашалану – жемісь-ті және тіпті бірден бір жемісті құрал болған күнде де, бұл оның әртүрлі қатынастардың, тәжірибе мен оқудың белсенді өмірінің сол туралы ойлануға мүмкіндік беретін алмасуы болғандықтан ғана. Осының бәріне қарамастан, қылмаыстарды белгісіз, жыға танымайтын басқа адамдардың анық емес, алыстан жасалған, бұлыңғыр ықпалының әсерімен бір кісі жасайтын қарекеттердің бәрі секілді, индивидуалдық деп атауға болады; екінші жағынан, бірігіп атқарушылардың белгілі бір саны жасаған қарекеттер үшін "ұжымдық" деген сөзді сақтап қалуға болады. Әрине, бұл мағынада алғанда кемеңгердің индивидуалдық туындылары да болады немесе, дұрысырағы кемеңгердің туындыларындағы барлық нәрсе индивидуалдық. Расында да, құлықтық жағынан топтардың бір-біріне кереғар екі нәрсеге де – сұмдық қылмысқа да, кейде керемет қаһармандыққа да қабілетті болатыны тамаша, бірақ интеллектуалдық мағынада біз сол құбылысты байқай алмаймыз. Бұқара есуастықтың немесе топастанудың дәрежесіне дейін жете алады; сонымен бірге бұқара шығармашылық ақыл мен қиялдың дамуының ең жоғары деңгейіне жету мүмкіндігінен айрылған. Құлықтық жағынан бұқара өте төмен құлдырап,
өте жоғары самғай алады. Интеллектуалдық жағынан ол құлдыраудың ең төменгі сатысына дейін жетуге қабілетті. Бізге индивидуумдар істеуге қабілетсіз болатын ұжымдық сұмдықтар оқиғалары, қарулы шайкалар жасайтын баскесерлік пен талау-тонау оқиғалары, революциялар кезіндегі өрттер, қыркүйек күндері, Варфоломей түні, жаппай сатып алу оқиғалары және т.б. белгілі, екінші жағынан біз индивидуумдар шарықтап көтерілетін ұжымдық қаһармандық көріністері туралы да, аңызға айналған рыцарьлардың шайқастары туралы, отаншылдық сезімі туғызған көтерілістер туралы, жаппай азапқа төзу туралы, 4-тамыз түні және т.б. туралы да білеміз. Бірақ мысалдарын біз келтіретін есуастық пен топастықтың көріністеріне бәс бола алатын кемеңгерліктің ұжымдық акттарын көрсете аламыз ба? Жоқ. Қарабайыр негісіз гипотезаны дәлелсіз-ақ қаылдасақ қана "иә" деп жауап беруге болады; ол гипотеза бойынша, ешқандай күмәнсіз кемеңгер туындылар – тілдер мен діндер бұқараның өі санадан тыс туғызған нәрселер екен, және, ең тамашасы олар ұйымдасқан бұқараның емес, байберекет тобырдың туындысы-мыс. Іргелі мәселенің осылай тым оңай шешілуін талқылап жатуға бұл арада орын жоқ. Есте жоқ еск замандарда болғанды былай қоя тұралық. Бірақ тарихи замандарда бетбейнесіз мақұлық – тобырға біз шынымен қарыз болатын өнертабысты, жаңалықты, дұрыс бастаманы таба аламыз ба? Жоқ. Революциялар кезіндегі таза талқандаушылық әрекетті, бері салғанда соның бір бөлігін тобыр өзіне тели алады, бірақ соларға немесе солардан кейін Лютер, Руссо, Вольтер, Наполеон секілді ұлы адамдар түсініп көре білмеген нені негіздепті, нені ашыпты? Маған өздігінен-ақ науқанның тамаша немесе жай ғана орташа жоспарын жасаған армияны, тіпті құрамы ең жақсы армияны көрсетіңізші; мағанқандай да бір маневрді ойластырғанда, мен талқылаған кеде демей-ақ қояйын, мейлінше орташа ғана бас қолбасшымен ақыл жағынан теңесе алатын әскери кеңесті көрсетіңізші. Живописьте, мүсінде немесе архитектурада он, жүз, ақын немесе суретші
ойластырып, жүзеге асырған көркем шеберді, ақыр соңында эпопеяны біреу-міреу көрді ме екен? Илиада жөнінде ақымақ метафизиканың белгілі дәуірінде солай қиялдайтын; қазір оған күоледі. Барлық кемеңгер нәрсе, тіпті қылмыста да индивидуалды. Кісі өлтірудің немесе тонаудың жаңа амалдарын ойлап тапқан қылмысты тобыр, қылмыскерлер ассоциациясы жоқ, сұмдық кісі өлтурішілер мен ұрыларға жақыныңды өлтіру немесе тонау өнері қазіргідей мінсіздікке көтерілгені үшін қарыздармыз. Көрсетілген ұқсамастық неге тәуелді? әлеуметтік топтарға еріктің және тіпті жақсылықтың жоғары да күшті дамуы тән бола тұра, оларға ақыл-ойдың жоғары дәрежеде дамуы неліктен тән емес? Осы ұқсамастық себебі мынада: жақсылық жасау, тіпті ең қаһарман жақсылық қадамы өздігінен алғанда тым қарапайым нәрсе және кәдуілгі адамшылық қадамнан тек дәрежесімен өзгешеленеді; шынына келгенде, жақындасудың көптеген нүктелерінің арқасында сезімдер мен пікірлер күшейе түсетін жұрт жиындарындағы бірлік күші негізінен сан көптігінен туындайтын күш. Бірақ кемеңгердің немесе таланттың шығармалары әрқашан күрделі сипатта болады және дәрежесі бойынша ғана емес, өзінің табиғаты жағынан әдеттегі ақыли акттан өзгешеленеді. Мұнда гәп белгілі бір тұрпатқа бейімделе отырып көрінгеннің бәрін қабылдап, еске тұтуда емес, бұрыннан белгілі түйсіктер ме бейнелерден жаңа комбинациялар жасауда. Үстірт қарағанда, бірге жиналған он, жүз, мың ақыл қандай да бір күрделі мәселенің барлық жағынан қамтуға бір адамнан гөрі әлдеқайда қабілетті ккөрінеді; және бұл иллюзия әрі терең, әрі ересен е сүйкімді. Барлық замандарда, осынау соқыр сенімге бой алдырған халықтар өз өмірінің дүрбелең шақтарында діни және саяси жиналыстардан жаммандықтан арылу жолын күткен. Ортағасырларда бұл соборлар еді, жаңа заманда – бас штаттар, парламенттер. Сырқат бұқара міне осындай дару күтеді. Көлденең билер соттары да осы қатеден өсіп шығып, ылғи да алдайды, ылғи да қайта құрылып отырады. Шынына келгенде олар жай ғана кісілер жиыны емес, бұл кей-кейде халықтардың қажеттікке сай келіп отырған
үлкен діни ордендер немесе азаматтық яки әскери жасақтар секілді корпорациялар. Бұл орайда мынаны ескерте кету керек: тіпті корпорация түрінде де ұжымдық топтар жаңа бірдеңе жасауға дәрменсіз. Индивидуумдар тартылған әлеуметтік механизмдер қаншалық іске жарамды екеніне қарамай солай болады. Шынында да, бір мезгілде өз құрылымының күрделілігі мен икемділігі жағынан оның ми организміне, біздің әрқайсымыз басымызда алып жүрген жүйке клеткаларының теңдесі жоқ осынау армиясына теңесу мүмкін бе? Жақсы жаратылған ақыл жұмыс істеу жылдамдығы мен дұрыстығы, сан алуан элементтерді тез сіңіріп, әзірлеуі, сан жетпейтін қимылдаушы күштердің ынтымағы жағынан парламенттен, тіпті барынша жақсы ұйымдастырылған парламенттен жоғары тұрған кезде бір адамнан гөрі бүліктер және кеңесші органдар елді тығырықтан тез шығарады деп есептеу, a prіorі шындық секілді әрі кешірімді көрінгенімен, таза балалық болып шығар еді. Шынында да, ел тек жүректің ұлы жанашырлығын ғана емес, ақылдың ұлы қабілеттерін де аса қажет ететін әрбір жолы, республикалық немесе монархиялық пошымда, яки парламенттік реңкте болсын әрбір жолы бір адамның басқару қажеттігі туындайды. Қасірет секілді көрінетін осынау қажеттілікке қарсы наразылық талай рет білдіріліп, оның себептері мұқият іздестіріле бастады. Бәлкім оның құпия себебіне ишара жоғарыда келтірілген пікірлерде жатқан болар. Олар сондай-ақ көсемдер басқаратын топтар жасаған қарекеттердегі сол көсемдердің жауапкершілігі неде екенін дәл айқындауға да көмектесе алады. Жиналыс, ассоциация, тобыр немесе секта өздеріне сіңірілген идеяға ғана ие; осынау азды-көпті жібі түзу идея, қандай мақсат көздеу керектігі, қандай құралдар қолдану қажеттігі туралы нұсқау бір адамның ақылынан баршаның ақылына қаншама таралса да, бәрібір бір идея болып қала береді. Оны сіңірген адам оның тікелей салдарлары үшін жауап береді. Бірақ осы идеямен қосылып, сонымен бірге таралатын елірме, сол таралу барысында бірдей болып қала бермейді; бұл елірудің қарқыны
математикалық прогрессия секілді өседі де, осынау насихаттың, мысалы, азаматтардың белгілі бір категориясы жөнінде бірінші болып күдік айтқан адамның жай ниеті немесе именшек пікірі болған нәрсе тез арада онсыз да толқуға әзір бұқараның бойында тез арада әуейілік пен сенімге, өшпенділік пен фанатизмге айналып жүре береді. Тобырды көтеріп, оны жақсылық жөнінде де, жамандық жөнінде де шектен тыс қимылдарға жетелейтін еліру күші, айтарлықтай бөлігінде оның төл ісі болып табылады; ол – бірге жиналып, басқадан өз бейнесін көретін адамдардың бірін-бірі қотқоттауының нәтижесі. Осынау сұмдық еліру жасайтын барлық қылмыстар үшін жауапкершілікті тобырдың көсеміне жүктеу, дәл сондай еліру туғызған отаншылдық жан аямаудың ұлы істерінің, жан пида еткен ұлы ерліктердің бәрін сол көсемге телу секілді әділетсіздің болар еді. Тобырдың немесе бүліктің көсемдерінен кісі өлтіру, тона, өрт қою кезінде тобыр көрсеткен зұлымдық пен шеберлік үшін жауап талап етуге болады, бірақ олар тобырдың қылмыстықозбасы тудырған көзсіздік пен қасірет мөлшері үшін әрқашан жауапты емес. Кампаниясының жоспары үшін генералдың өз басын құрметтеу керек, бірақ оның солдаттарының жанкештілігі үшін құрмет оған тиесілі емес. Бұл орайда жауапкершілік жайында туындайтын барлық мәселелерді шешу үшін осынау айырмашылық жеткілікті демеймін; мен сол әселлерді шешу кезінде оны естен шығармау керек деймін.
ІІ Интеллектуалдық кзқарас тұрғысынан да, басқа тұрғыдан да әлеуметтік топтардың әртүрлі пошымдарының арасындағы аңғарылатын өзгеше нышандарды бөліп алу керек. Жай ғана материалдық жақындасудан көрінетін нышандарға тоқталып жатпаймыз. Адам нөпір көшедегі жүргіншілер, пакетботта, вагонда ұшырасқан, тіпті оған сығылысып орналасқан, дастарқан басына үймелеген, үндемейтін немесе ортақ тақырыптағы әңгімемен байланыспаған жүргіншілер тән жағынан
топ құрайды, бірақ сөздің қоғамдық мағынасында топ құрамайды. Мен жәрмеңкелерге жиылған шаруалар туралы да осыны айтар едім, олар өзара тек сауда мәмілелерін жасаумен айналысып жатқанда, олардың әрқайсысы өзінің, түпкілікті болса да, әрқилы мақсаттарын көздейді, ортақ бір іс үшін кооперация ұйымдастырылмайды. Олар туралы айтуға болатын нәрсенің бәрі мынаған саяды: олар тіл, ұлт, дін, тап, тәрбие ортақтығы, әлеуметтік тектің кез-келген ұқсастығы, яғни белгісіз немесе белгілі болсын, әйтеуір бірінші ойлап тапқан адамнан шығатын қандай да бір элементке еліктеу арқылы таралатын кез-келген элементке ұқсастық қажет болған жағдайда азды-көпті тығыз бірігуге итермелейтін шамада ғана әлеуметтік топтасуға қабілетті. Көшеден динамит жарылысы естілсе болды, кеменің немесе пойыздың апатқа ұшыру қаупі туындаса, пайдакүнемге қарсы әлдебір ғайбат таралса болды – сол заматта осынау бірігуге қабілетті индивидуумдар ортақ алаңдау қысымымен топтаса кетеді.С Сол кезде өздігінен-ақ ассоциацияның бірінші баспалдағы пайда болады, біз оны тобыр дейміз. Осынау қарадүрсін, оңғақ та іркілдек агрегаттан бастап бірнеше аралық баспалдақтармен біз иеархиялық бөлінулерді, ұзақ та жүйелі өмірі бар ұйымдасқан тобырға, қысқасы, біз сөздің өте кең мағынсында корпорация деп атайтын тобырға көтерілеміз. Олардың екеуінің де барынша кең таралған көрінісі – шіркеу мен мемлекет. Тіпиті айта кетелік, өздері мықтап өскен тұстарда шіркеулер мен мемлекеттер, діндер мен ұлттар монастырьлық немесе полктық корпоративтік тұрпат жасауға ылғи да ұмтылады, бақыиымызға орай ол, әйтеуір, ешқашан аяғына дейін жетпейді. Олардың тарихи өмірі екі тұрпаттың арасында теңселумен өтеді де, кезек-кезегімен бірде варварлық мемлекет сияқты орасан зор тобыр идеясын, бірде Әулие Людовик дәуіріндегі Франция секілді ұлы корпорация идеясын береді. Ескі режим тұсында корпорация деп аталғандар жөнінде де солай болды; әдеттегі уақытта олар жұмысшылар федерацияларынан әлдеқайда шағын корпорациялар болды, осынау шын мәніндегі әрқайсысы жеке-жеке шын
мәніндегі шағын коропрацияларды өз басшысы өктем басқарды. Бірақ ортақ қауіп бір өнеркәсіптік саланың барлық жұмысшыларын ортақ мақсат үшін, мысалы, процесте ұтып шығу үшін біріктіргенде, сонда бір ұлтазаматында соғыс кезінде болатйындай, федерациялық байланыс дереу нығаяды да, алға басқарушы бір адам шығады. Осынау бірауызды жұмыс сәті арасындағы уақыттарда біріккен жұмысшылар араксындағы ассоциацияның қызметі қандай да бір экономикалық немесе эстетикалық идеалды көздеумен шектеледі; дәл сол секілді соғыстар арасындағы үзілісте азаматтардың бүкіл ұлттық өмірі белгілі бір отаншылдық идеал жөніндегі қамқорлыққа саяды. Осы заманғы ұлтта, эгалитарлық идеялардың ұзақ уақыт бойғы ықпалының әсерімен, тағы да үлкен күрделі тобырға айналу тенденциясы бар, оны азды-көпті дәрежеде ұлттық немесе жергілікті басшылар бағыттап отыр. Бірақ қанатын кең жайған қоғамдардың ішінде иерархиялық құрылысқа қажеттіліктің күшейгені соншалық, қаншама оғаш көрінсе де, оларды демократиялана түсуіне қарай, олардың барған сайын әскери ұйымды қабылдауына, әкімшілікті, осынау орасан зор армияны былай қойғанда, армия деп аталатын, негізінен иерархиялық және аристократиялық ұйымды нығайтуына, жетілдіруіне және кеңейтуіне тура келіп отыр; және осы жолмен, олар, бәлкім, жау сағынған секілді кезеңнен өткеннен кейін, бейбітшіліктің, өнеркәсіптің, ғылым мен өнердің саясында, орасан зор шеберханаға айналу үшін корпоративтік кебенекті киюге дайындалып жатқан болар. Көрсетілген осынау шеткі екі полюстің уақытша сипаты бар кейбір топтарды орналастыруға болады; бірақ олардың құрамы белгіленген ереже бойынша жасақталады немесе олар белгілі бір қысқаша жарғыға бағынады. Бұларға көлденең билер соты, ләззат мақсатын көздейтін кейбір әдеткі ұйымдар, XVІІІ ғасырдың әдеби салондары, Версаль сарайы, өз мақсаты мен өзінің ортақ мүддесінің жеңілтектігіне қарамастан қатаң этикетпен байланысты, орындар айырмашылығына қарай белгілі бір иерархиялық
құрылысы бар театр аудиториясы жатады; бұған, ақыр соңында, бірге істейтін қызметкерлер топтарынан гөрі, өзара пікір алмасатын таланттардың жиналыстарына көбірек ұқсайтын әдеби және ғылыми қоғамдар, академиялар жатады. Корпорацияның түрлеріне біз қаскүнемдік мүшелерін тым жиі кездесетін қылмысты секталарды қосамыз. Парламенттік жиналыстар ерекше орын алады; бұл негізінен күрделі де қайшылықты тобырлар, былайша айтқанда екі жақты тобырлар – жұртайтатындай, екі басты құбыжықтар – онда берекетсіз көпшілікпен азшылықтың бін немесе коалиция құрған бірнеше тобы шайқасатын орын, соның арқасында, бақыиымызға қарай белгілі бір деңгейге дейін бірауыздылық зұлымдығы, тобырға тән зор қатер зиянсыздандырылады. Бірақ тобыр пошымында болсын, корпорация пошымында болсын кезкелген нағыз ассоциация бір нәрседе әрқашан бірдей сипатын сақтайды: оны әрқашан үлкенді-кішілі дәрежеде ашық немесе жасырын көсем құрып, алға бастайды; әңгіме тобыр туралы болғанда ол көбіне біздің көзімізге түсе бермейді; біз корпорацияға тап келгенде ол әрқашан көрініп, көзге ұрып тұрады. Жұрт бұқарасы ортақ қалшылмен қалшылдап, содан рухтанып, өз мақсатына ұмтылған сәттен бастап, әлдебір дем беруші немесе көсем, яки арасында біреуі белсенді фермент болып табылатын сондай деп берушілер мен басшылардың тобы кенет ғаламат, бұрмаланған, сұмдық болып шыға келетін өз демін осынау тобырға ендірген деп кесіп айтуға болады; және әлгіден дем берушінің өзі көбіне таң қалып, қорқынышқа бой алдырады. Кез-келген шеберхананың өз жетекшісі, кезкелген жиналыстың – өз төрағасы, немесе, дұрысырағы, жиналыстың кезкелген фракциясының – өз лидері болатыны секілді, жұрт көп келетін кезкелген салонның әңгімедегі өз ақсақалы, кез-келген бүліктің – өз көсемі, кез-келген сарайдың – өз королі, немесе кінәзі, немесе кінәзсымағы, кезкелген клаканың (бір өнер қайраткерін қолдау үшін театрға келіп оны барынша көтермелеп отыратын көрермендер тобы – ауд.) – өз бастығы болады. Егер театр аудиториясының, белгілі бір дәрежеге дейін,
ассоциация секілді бірдеңе атануға құқығы болса, бұл нақ қол шапалақтау кезінде болады, өйткені ол алғашқы қол соғу берген серпінге бағынып, соның жаңғырығы болады, сондай-ақ ол таңдап отырған кезде болады, өйткені ол автордың сөйлеп тұрған актёрдың аузымен айтылған ойына бағынады. Осылай, барлық жерде, ашық немесе джасырын түрде, басшы мен қосшы арасындағы, жауапкершілік туралы мәселеде соншалық маңызды айырмашылық билік жүргізеді. Бұл бір кісінің еркі алдында баршаның еркі жым-жылас болып кетеді деген сөз емес; бір кісінің еркі – айтпақшы ол да сырттан сіңірілген, ол – сыртқы және ішкі үндердің жаңғырығы, ол әлгілер, жөнінде қорытылған және бірінші болып білдіру қызметін атқарады – ал басқаларға ұнау үшін, оларды бастап жүру үшін оларға жағынуға тиіс. Бұл шешендік өнердің амалдарын қолданудан именбейтін ділмардың да, өз тыңдармандарының соқыр сенімдері мен талғамдарына әрқашан бейімделуге тиіс драма авторының да, өз партиясымен тату болуға тиіс лидердің де, тіпті өзінің сарай нөкерлерімен амалсыз келісуге мәжбүр сол баяғы XІV Людовиктің де басында бар, болған жағдай. Әйтсе де, бұл пікірді, әңгіме өздігінен болған жиналыс туралы болып отыр ма әлде ұйымдастырылған жиналыс туралы болып отыр ма, соған қарай әртүрлі түсіну керек. Соңғы жағдайда бір ерік, үстем жағдайға ие болу үшін, өзі пайда болғаннан бастап, еркі бағындырылатын басқалардың бейімімен, дәстүрлерімен, белгілі бір деңгейге дейін, келісуге тиіс. Бірақ пайда болғаннан кейін бұл бір ерік сол корпорацияның ұйымдастырылуы қаншалық шебер болса, соншалық дұрыс орындалады. Әңгіме әмірін жүргізетін тобыр туралы болғанда, еріктің жоқ дәстүрмен әмпейлесуінің қажеті болмайды. Ол тіпті өзі мен көпшіліктің бейімі арасында тек әлжуаз ғана келісім болғанымен, өзін соған бағындыра да алады; келісілсінкелісілмесін ол нашар орындалады да, қысым жасалған бойда дереу бұрмаланады. Ассоциацияның барлық пошымдарын өзгешелеп тұратын нышандар мынадай деуге болады:
1) мыңдаған басқалардың арасында бір ойдың немесе бір еріктің жетекші ойға айналу тәсілі, ол жеңіп шығатын ой мен ерік жарысының шарттары; 2) жетекші ойдың, жетекші еріктің таралуы алдынан ашылатын көп немесе аз мүмкіндік. Демократиялық эмансипация дейтініңіз бізді қызықтыратын жарысқа баршаның қатысуына жол ашуға тырысады, ол жерде әуелі кісілердің белгілі бір категорияларымен шектеледі де, кейін бірте-бірте кеңейе береді. Бірақ, демократиялық немесе аристократиялық пошымда болсын, әлеуметтік ұйымды кез-келген жетілдіру сайып келгенде ойластырылған және жақсы тұжырымдалған индивидуалдық ниеттің ассоциацияның барлық мүшелерінің миына неғұрлым таза күйінде, кемірек бұрмалаулар мен, неғұрлым терең, неғұрлым сенімді де қысқа жолдармен қонуына мүмкіндік береді. Бүлік басшысында ешқашан мүлтіксіз сенімді өз адамдары бола бермейді, генералда әрқашан дерлік өз адамдары болады; бұлардың біріншісінің басшылығы баяу да соқтықпалы жолдармен жүреді, екіншісі төтелей, жылдам қимылдайды.
ІІІ Жоғарыда келтірілген пікірлерге қарамастан, көсемдердің рөлі, бері салғанда тобыр жөніндегі рөлі әмбебап әрі әбден маңызды болады деген ой қарсылыққа және жігерлі қарсылыққа тап болды62. Шынында да, анық көсемі жоқ тобырлар болады. Елде аштық жайлаған, бар жерде аштықтан бұралған бұқара нан талап етіп көтеріліп жатыр; тегінде басшы жоқ; бір ауыздылық өзінен-өзі туындаған. Алайда тереңірек үңіліңіз. Осынау толқулардың бәрі бірден бұрқ ете қалған жоқ; оқ-дәрі білтесі секілді олар алғашқы ұшқыннан басталған. Алғашқы жарқыл бәрінен көп қасірет
62 1892 жылғы тамызда Брюссельде өткен Қылмыстық антропология конгресінде бір орыс ғалымы астық шықпаған жылдардағы аграрлық толқуларға сілтеме жасап бізге осындай қарсылық білдірді. Содан кейін бір итальян ғалымы, доктор Бианки (біз оған көп ұзамай сілтеме жасаймыз) бізге қарсылық ретінде соған ұқсас фактылар келтірді. Оған жауап ретінде осы арада мен өрістеткен қағиданы, менен бұрын 1892 жылы тамаша орыс жазушысы Михайловский "Отечественные записки" журналында дәлелдегенін айта аламын.
шеккен және бұрқ етіп жарылуға бейім жерде, ашық болсын, жасырын болсын үгітшілер көбірек жұмыс істеп, бүлікке белгі берген жерде көрінді. Одан кейінгі жарылыс көрші мекендерде болды, бірақ оларда ізашарларының арқасында үгітшілер көп қинала қойған жоқ, міне осылай бір тобырдың екінші тобырға еліктеуінің арқасында олардың қыметі бір жерден екінші жерге таралады. Ылғи өсіп отыратын күшпен таралады, ол сонымен бірге жергілікті басшылардың мәнін, ақыр соңында жетекшілердің қызметі көз алдынан мүлдем ғайып болғанша, кеміте береді, әсіресе халық дауылы өзі raіson d'etre болған шектен, қуаңшылық саласы шегінен әлдеқайда шығып кеткенде солай болады. Оғаш нәрсе, бері салғанда еліктеу күшінің құдіретін мойындайтындар үшін оғаш нәрсе – бүліктерде уәж аз болған сайын, өз-өзінен бұрқ ете қалу қатері көбірек болады. Бізге дау айтқанда 1889 жылы Милан облысының жоғары жағында жүрген үгіт жұмысына сілтеме жасаған итальян жазушысы нақ осыны қағыс қалдырады. Осынау бірқатар ұсақ бүліктер кезінде ол сол бүліктердің кейбіреулері өз-өзінен дерлік шыққанын байқаған; алайда оны қайран қалдыратыны, оның өзі мойындағандай, үгіт көлденең тартқан себептер оны ақтауға жеткіліксіз болған. Келісімшарттар турасында меншік иелері жөнінде жасалған шағымдарда елеулі ештеңе болмаған, және де жыл нашар болғанымен, жаңа өнеркәсіп өнімдерін әкелу астықтың шықпай қалуын ішінара өтеген. Осындай жағдайда осынау итальян шаруалары өз-өзінен, сырттан немесе іштен, яки, дұрысырағы, сырттан да, іштен де бір мезгілде ешқандай түрткісіз көтеріле салды деп қалай ойлауға болады? Ол істің анық-қанығына көз жеткізу үшін осынау жарқылдардың ең біріншісі шыққан жерге баруы керек еді, сонда халықтың жергілікті және жекеше болған наразылығы, елге таралып, ортақ наразылыққа айналудан бұрын біртұтас болмағанын, бұл арада, өрт кезінде болатынындайфермадан фермаға, асханадан асханаға жала, ашу-ыза және өшпенділік таратқан өз пысықайлары болғанын көрер еді. Нақ солар өздері шығарған үнсіз кейістікке мынадай дәл тұжырым берді: "Жер иелері
келісімшарттарын жұмсартқысы келмейді; оларды соған мәжбүр ету үшін, үрейін алу қажет". Барлық құралдар да көрсетілді: топтасып жиналу, айғай, қоқан-лоққы әндер айту, терезелерді сындыру, тонау және өрт қою. Жұқтыру күші әрекет ететіндіктен екі-үш жүз шаруалар мен шаруалардан құралған тобырды түскі немесе кешкі ғибадатттан кейін осындай манифестацияларға көндіру үгітшіге оншалық қиын емес. Оған бар қажетті тас лақтыра салу,айқай салу немесе ән бастап жіберу, жұрт дереу соны қостай кетеді; ал кейін бізге толқу өз-өзінен басталды дейді. Ал бұл екі арала әлгі адамның бастап беруі сөзсіз керек еді. Үстірт қарағанда жалғыз алғашқы жарқыдан шығып, біреуі екіншісімен тығыз жанасқан бейберекет жиындарды, революциялық дағдарыстардың осынау әдеттегі құбылыстарын – бір ортақ тобыр деп санауға болады. Осылай, физикадағы күрделі толқындар секілді, күрделі тобырлар, бірқатар толқынды топтар болады. Егер осынау кзөқарасқа ұйысақ, басшысыз тобыр болмайтынын көреміз; мұның үстіне, егер осынау құрамдас тобырлардан ең соңғысына дейін жағалас, біз екінші дәрежедегі басшылардың мән-маңызы кеми беретінін, ал әу бастағы басшылардың мән-маңызы алыстан жұқтыру жолымен алдыңғысынан туындайтын әрбір жаңа дүрбелең сайын ұлғайып, өсе беретінін көреміз. Оның айғағы – бой көрсетулер эпидемиясы. Бірінші бой көрсету сөз жоқ наразылық барынша байыпты сипатта болған және соның салдарынан бәрінен де көбірек өз-өзінен пайда болуға тиіс бой көрсету; осынау алғашқы бой көрсету біздің алдымызға үгітшілер тұлғасын тартады; одан кейінгі бой көрсетулер, кей-кейде мүлдем мағынасыз да пайдасыз болғанымен, – Перигорада диірмен тасын қозғап жіберетін жұмысшылар, жай ғана модаға енуді көздеген жұмысшылар арасында байқалғанындай, – осынау келесібой көрсетулер білтенің көмегінсіз болған жарылыс әсерін қалдырады; олар, жаман мылтық сияқты, қарап тұрып атыла салады деуге болар еді. Айтпақшы, оларға, жай ғана басбұзарларға басшы деген ат жарас бермейтінін мойындаймын, олар белгілі бір ниетсіз, жартылай
санасыз күйде мылтық шүріппесін баса салғандар. Осыдан біраз бұрын болған мысалды мен доктор Бианкиден алайын: "Наурыз айының соңына қарай бір ауылда, бізге белгілі болғанындайғ тым еліріп алған жұрт өдерін бақылауға келген полиция агенттерін байқайды; бұл агенттердің түрі жұртты сұмдық ызаландырды; ысқырық, одан кейін айқай, одан кейін әндер естілді де, осынау бейшаралар, балалар мен ақсақалдар, бірін-бірі қоздыра бастады. Тобыр лап беріп, әрине, терезелерді сындыра, қолға тигеннің бәрін қирата бастады". Орайы келгенде айта кету керек, тобыр шыныларды сындыруға, айғай-шуға, балалық қиратуға тым әуес; бұл тобыр мен шөлмекті тауысып ішіп алған соң, оны сындырудан керемет ләззат алатын маскүнем арасындағы көптеген ұқсас белгілердің бірі. Біз алған мысалда бірінші болып ысқырған немесе айғайлаған адам өзі қоздыратын жұрт дүрбелеңі туралы ойланбаған да болар. Бірақ біз бұл арада одан бұрын неғұрлым саналы, ерікті түрде әрекет еткен үгітшілері болған көптеген басқа толқулардан кейінгі толқынды көріп отырғанымызды ұмытпау керек. Сондай-ақ жиі кездесетін тағы бір нәрсе, ұйтқы болатын, әулекіленіп алған ат төбеліндей ғана топ қозғау салған тобыр олардан оза шауып, өзіне сіңіріп жібереді де, бассыз қалады да, көсемсіз қалған секілді болып көрінеді; ал шынына келгенде, ашып болған қамырда ашытқы қалмайтыны секілді мағынада ғана ол басшысыз болады. Ақыр соңында – елеулі ескерту – тобыр көбірек ауыз бірлікпен, дәйектілікпен, парасатпен қимылдаған сайын, адамгершіл кісіге, ұйымдасқан ассоциацияға көбірек жақындаған сайын әлгі басшылардың рөлі де мәндірек, көрнектірек бола түседі. Сонымен, мүшелерінің сипаты қаншалықты маңызды болғанымен, ассоциация, сайып келгенде, оның басшысы нені қаласа, соны қалайтын болады. Және де сол басшының мінез-құлқының бірінші дәрежелі маңызы болады; тобыр жөнінде бұл біршама әділетсіздеу де болар. Бірақ, тобырда көсемді сәтсіз таңдау копоративтік ассоциациядағы секілді тажалды
салдарларға соқтырмағанымен, есесіне мұнда осы таңдаудың сәтті болу мүмкіндігі кем. Тобырлар сондай-ақ жиналыстар, тіпті парламенттік жиналыстар тіл безей білетін, өздеріне белгісіз алғашқы біреуге шап беруге дайын. Бірақ көпестердің корпорациялары, ежелгі Римнің collegіaлары, шіркеулер мен алғашқы христиандар, қысқасы, барлық корпорациялар приорды, епископты, синдиғкті таңдағанда әуелі оны ұзақ сыннан өткізетін, яки егер өз басшысын, мысалы армия секілді, дайын күйінде алса, ол парасатты да жақсы хабардар өкімет қолынан шығатын. Ассоциациялар "тығырыққа тірелуге" кемірек ұшырайды, өйткені олар ылғи да жиналыс ахуалында бола бермейді, қайта көбіне жұғысу тезінен азат өз мүшелерін олардың төл парасатының ұмтылысы құшағына беретін бейжай ахуалда болады. – Ілгері кетейік, егер белгілі корпорацияның басшысы керемет танылса, ол өліп қалған күнде де, оның ісі жалғаса береді63; өлгеннен кейін әулиелер қатарына қосылған діни орденнің негізін қалаушы өз шәкірттерінің жүрегінде өмір сүріп, қарекет жасайды; оның ілііне одан кейін соның ізін қуған барлық аббаттар мен рефолрматорлардың ілімін қосады да, солардың беделі, соның беделі секілді өсе түсіп, оларды бөліп тұрған уақыт озған сайын өсе түсіп, тазар береді; ал тобырдың қайырымды басшылары64 – ондайлар да кездеседі – олар өлген бойда қарекетін тоқтатады; олар, орнын біреу басқанға дейін-ақ ұмытылады. Тобыр, былайша айтқанда тәндік, денелік беделі бар тірі, көз алдындағы басшыларға бағынады, ол мәңгі өлмейтін бойдасыз мінсіздіктің, естеліктердің елестеріне ешқашан бағынбайды. Мен жолай ескерте кеткенімдей, корпорациялар ұзақ ғасырлар бойы созылатын өмірінде бір-бірінен кейін үздіксіз келіп отыратын жетекшілер қатарын
63 Өкінішке орай, бұл кей-кейде басшы өлгеннен кейін ондай құрметке ие емес жағдайларда да бола береді: оның айғағы – саяси партиялар. Францияда буланжешілдер Буланжеден, Чилиде Бальмаседашылдар Бальмаседен кейін де өмір сүрді. 64 Өнеркәсіптік татуласу және басшылардың рөлі туралы мәселе жөніндегі конференцияда (Брюссель, 1892) аса білікті бельгиялық инженер Вейлер патрондар мен жұмысшылардың арасындағы дауда қайрымды басшылар, атап айтқанда, оның атауы бойынша, кәсіп бойынша басшылар емес, "кәсіп басшылары" қандай пайдалы рөл атқара алатынын көрсетеді. Ол сондай-ақ жұмысшылар осынау сын сәттерінде саясаткерсымақтармен істес болуға ынта байқатпайтынын да көрсетеді. Неліктен? Өйткені оларға әлгілер бір келіп алған соң ырықты-ырықсыз өздерін бағынуға мәжбүр ететінін біледі. Бұл – олар қорқатын, бірақ, соған қарамастан, шешіп тастамайтын бұғау.
ұсынып отырады, олар бір-біріне ұластырылып, бір-бірін тазартып отыратындай көрінеді; әрі кеткенде уақытша, бір мезгілде қарекет ететін, бір-бірінде бейнелене атырып,үлкейтілген сипатқа ие болатын басшылар тобы бар тобырдан тағы бір айырмашылық осы. Тобыр неліктен төмен тұрады дегендегі өзгешелік нышандары сондай, себептері осындай. Басқа да себептер бар. Тобырдың таңдаулылары болуға немесе оның өзінен биік тұруына бел байлайтын басшылардың өзі тек баршадан төмен тұрған жоқ; олардан шығатын аяндарда ең төмен сапада болады. Неліктен? Біріншіден, барынша жұққыш сезімдер мен идеялар әрине ең көп күшке ие, қоңыраулардың ішінде ең күштісі жақсырақ немесе дұрысырақ дыбыс шығаратыны емес, дыбыстары бәрінен алысқа жететін үлкендері болатыны секілді; екіншіден, ең күштісі ең тар немесе ең өтірік идеялар, ақылды емес, сезімді таң қалдыратын идеялар, дәл сол секілді эгоистік сезімдер ғана ең жігерлі сезімдер болады; міне сондықтан тобырда абстрактылы идеядан гөрі, түкке тұрмайтын бейнені тарату оңай; оны парасатты пікірден гөрі салыстыруға бейімдеу оңай, соқыр сеніммен бас тартуға мәжбүр етуден гөрі, адамға сенімді сіңіру оңай; міне сондықтан, – тобырда біреуді жірден алып, жерге салу ләззаты бас ию ләззатынан қашан да өміршең болғандықтан және аман қалу сезімі борышсезімінен әрқашан күшті болғандықтан, – тобырда ысқырық "жарайсың" деген айғайдан тезірек естіледі және оны батылдық арынынан гөрі, үрей арыны жиірек құшағына алады.
ІV Тобыр ақыл мен инсаният жағынан өзінің мүшелерінің орташа деңгейінен төмен тұрады деген ой65 негізсіз айтылмаған. Бұл жағдайда, қашандағысындай, әлеуметтік құрам өзінің элементтеріне ұқсамайтыны былай тұрсын (элементтер жөнінде әлеуметтік құрам жиынтық емес, көбіне туынды немесе комбинация секілді), әдетте, оның құндылығы
65 Бұл мәселе бойынша Sіghele o folla delіnquente атты қызықты мақаланы қараңыз.
олардың құндылығынан кем. Бірақ бұл тобыр немесе тобыр ұғымына жақын қырық құрау жиын жөнінде ғана әділетті. Керісінше, тобыр рухынан копорация рухы үстем жерде ұлы ұйымдастырушының даналығы берки түсетін құрамдас бүтін өзінің жекелеген элементтерінен жоғары тұратыны жиі кездеседі. Актёрлар труппасының корпорация немесе тобыр екендігіне қарай, яғни, оның қаншалықты оқытылып, үйретілгеніне қарай, сол актёрлар бірігіп өнер көрсеткен кезде, жеке-жеке монолог оқыған кездегіден не жақсы не жаман ойнайды. Тамаша тәртіптелген корпорацияда, мысалы жандармериядағыдай, қылмыскерлерді іздестіру, куаларды тергеу, хаттама жасау жөніндегі керемет талдап жасалған – қашанда стиліне дейін жақсы жасалған – ережелер дәстүр бойынша ауысып отырады да, биік парасатқа сүйенген индивидуум рухани демеп отырады. Латын мақалы сенатолар жақсы адамдар, бірақ сенат рәпетсіз мақұлық деп кесіп айтса, мен өз басым, жандармдар көбіне-көп ақылды болып келетініне қарамастан, бұл тұрғыда бәрібір жандармериядан төмен тұратынын жүздеген рет байқадым. Бір генерал маған өз рекруттарының байқауы кезінде дәл сондай қорытындыға келгенін айтып еді. Ол солардан жеке-жеке әскери маневрлар туралы сұрағанда, олардың жауабы генералға тым нашар секілді көрінген; ал олар біріге келіп сол маневрлерді мінсіз де сергек орындауымен генералды қайран қалдырған; олар әрқайсысын жеке алғандағыдан әлдеқайда жоғары ұжымдық парасаттылық көрсеткен. Дәл сол секілді, полк солдаттан көбіне анағұрлым ержүрек, батыл және инсаниятты. Корпорациялар – полктар, діни ордендер, секталар – жақсылықта да, жамандықта да тобырдан әлдеқайда асып түседі; ең ниеті түзу тобыр, біздің армияларымыздың ұлы ерліктері якобишілердің сұмдық көріністерінен, немесе әулие Винсент де Поль конгрегациясының апасіңлілері каморра мүшелері мен анархистерден қаншалық ұзап кетпесе, ең қылмысты тобырдан соншалық ұзап кетпейді. Бір мезгілде қылмысты тобырларды да, қылмысты секталарды да, жакерия мен якобишілердің революция кезіндегі зорлықтарын да керемет күшпен бейнелеген Тэн,
осының соңғылар алғашқыларынан қаншалық тажалды екенін көрсетіп берді. Бірақ тобырлар жақсылықтан гөрі жамандықты көбірек жасаса, корпорациялар жамандықтан гөрі жақсылықты жиірек жасайды. Бұдан әрі, корпорациялар ішінде біз әсер мен сезімнің жұқпалылығы солардың қуатына сәйкес келетін тенденцияны таппаймыз, бұл тенденция арнайы іріктеу мен тәрбие, талай жылдарға созылатын тексеріс арқылы заласыздандырылады. Егер кей-кейде тобыр әрекет үстінде өзінің құрамына кіретін адамдардан орташа алғанда жақсырақ, тіпті қаһарман да рахымды секілді көрінсе, бұл не төтенше жағдайда (мыалы, ұлттық жиналыстың 4-тамызға қаркған түнгі текті энтузиазмы), не (тегінде, дәл әлгі оқиға кезінде) мұндай рахымдылық тек сырттай ғана болады да, ол тіпті мүдделі адамдардың өзінің көзінде құпия үрейдің ғаламат өктемдігін көлегейлеп тұрады. Тобырда көбіне қорқыныш қаһармандығы болады. Өзге жағдайда тобырдың жақсы қарекеті тек бұрынғы корпорацияның соңғы ізі ғана. Біз кей-кейде үлкен өртті сөндірісуге жүгіріп жеткен шағын қала тобырының арасынан санадан тыс жанқиярлықтың үлгісін көрмейміз бе? Мен кейкейде деген сөзді таңқалардық қаһармандық белгілері әдеттегі күнделікті құбылыс болып табылатын өрт сөндірушілер командасына емес, тобырға қаратып айтып отырмын. Олардың айналасындағы тобыр, солардың үлгісі бойынша, жарыс сезіміне беріліп, оқта-текте жан қиюға және біреудің өмірін сақтап қалу үшін қауіп-қатерді елемеуге дайын болады. Бірақ, жиындар дәстүрлі құбылыс екенін, олардың өздерінің ережелері мен ғұрыптары болатынын, олар жұмысты бөліп алатынын, оң жақтағылар су толы шелекті, сол жақтағылар босаған шелекті бір-біріне жеткізіп тұратынын, бұл арада өз бетімен болғанан гөрі, көбіне дағдыға негізделген өнермен астасатынын ескерсек – сонда біз жанашырлық пен бауырластық көмек орта ғасырлардағы "қауымдарға" тән болған корпоративтік өмір салтының сарқыншақтары екенін көреміз.
Тобыр түріндегі бұқарадағы адамдардың құны әрқайсысын жекелеп алғандығына дәлел келтіріп жатудың қазіргі кезде қажеті бар ма? Қажеті бар, өйткені осы ойға қарсы дау айтылған. Бірақ мен қысқа қайрамын. Маздаған отқа Монэні қақтаған готфей шаруаларының бірде-бірі, агент Виценциниді суға тұншықтырып өлтірген Париж бүлікшілерінің бірде-бірі кінәлі еместігінде күман жоқ, мен бұл жерде істеген ісіне кінәлі емес деп отырған жоқпын, мен олардың ешқайсысы осынау сұмдықты қаламағанын айтып отырмын. Қыркүйектегі қырғынға қатысушылардың көпшілігі тіпті де баскесер емес. Тіпті көпшілігі интеллигенттерден құралған, лап қойған тобырда бір мезгілде балалық және хайуандық бірдеңе әрқашан болады: балалығы – өзінің әздектік құбылмалылығының салдарынан, ызадан кенте күлкіге булығуының салдарынан, хайуандық – өзінің аяусыздығы салдарынан. Ол тіпті едәуір батыл адамдардан құралған күнде де қорқақ. Егер оларға көнбеген адам, мысалы, инженер, жерге құлап түссе, оның тағдыры шешілгені. Жауын таптап өлтіру – бұл ләззаттан тобыр ешқашан бас тартпайды. Оның әңгүдіктігінің бір мысалы мынадай. Тэннің бір революцияшыл шайка туралы әңгімесі бар, ол өсімқор деген күдікпен біреуді өлтірмек, кенет мейірімі түсе қалып, оған тәнті бола қарайды да, "ішімдік ішкізіп, жаңа ғана өзі оны асып өлтірмек болған Бостандық ағашының айналасында билеуге мәжбүр етеді". Мұндай нәрселер коммуна кезеңінде байқалды. Соңғы аптада қамалғандар Версальға апарылды да, оларды тобыр қоршап алды. Олардың арасында, деп әңгімелейді, Людвик Галеви, "едәуір өңді, қолы артына қайрылып байланған, астары қызыл шұғадан тігілген офицер күлапарасын киген, шашы иығына төгілген жас әйел бар еді. "Полковник қатыны, полковник қатыны" деп айғай салды тобыр. Еңсесін түсірмеген жас әйел оларға мысқылдай қарады. Сол кезде "Өлім!.. Өлім оған!.." деп жұрт шу ете түсті. Бірақ бір қария: "Қан сағынып керегі не, ол енді әйел ғой", – деп қалды. Тобырдың ашу-ызасы қас-қағым сәтте қартқа ауды. Оны "бұл – коммунар! Бұо – өрт қоюшы" деген айқаймен дереу қоршап алды. Қарияға қатты қатер төніп тұр еді, бірақ
кенет ащы үн, Париж көшесінде қаңғырып жүретін балалардың бірінің көңілді де күлкілі: "Тимеңдер оған, анау осының нақсүйері ғой!" дегендаусы естілді. Қарттың айналасындағы жұрт ду күлді; ол құтқарылды... Тобыр, қас қағым сәтте дерлік, бұрқанған ашу-ызадан шын көңілділікке көшті". Бұл әңгіме басынан аяғына дейін ілтипатқа ылайық. Әңгіме француздар туралы болып отырғандықтан, кісі өлтіргіштер алдында еңсесін түсірмеген осынау тамаша амазаонға қарап, олардың әрқайсысы жеклеп алғанда тек оған сүйсіне қарар еді. Жиналып алғанда оған тек өшпенділік көзімен қарады; олар өздерінің ұжымдық өзімшілдігіне дақ түскенін ғана сезінді; бұл олардың өзін-өзі құрметтеуінің шарықтау шыңы болатын, оның барынша күшейгені әйелдің еңсесі түспегендігінің салдары. "Халықтың намысына тию, – дейді Сталь бәйбіше өзінің Consіferatіons sur la Rйvolutіon franзaіse атты кітабында, – біздің көңіл-күйіміздің бір сәтте өзгере қалатындағына ұқсамайды: бұл – біреуді өлтіру қажеттегі". Әбден дұрыс. Бірақ халық ішінен оқшауланған кісілерде өзін құрметтеу жарақаты немесе оның шымшымасы соншалық ыза туғызып, кісі өлтірердей өткір болмайды; бұл халық бұқарасында ғана болады. Және бұл солармен ғана емес, адамдардың, тіпті сауаты мол және жақсы тәрбиеленген адамдардың кез-келген жиынында болады. Жиналыс, тіпті тәртіпке үйренген парламент жиналысы, бір шешен намысқа тисе, көбіне кісі өлтірерліктей сезімталдық көрсетеді. Тобыр немесе жалпы кез-келген жиылыс, ұйымдастырылмаған, тәртіпсіз жиылыс оның құрамына кіретін элементтерден құбылмалылығымен, ұмытшақтығымен, сене салуымен және қаныпезерлігімен қаншалық асып түсетіндігін елестету қиын, бірақ дәлелдер тым көп. Мысалы, мына бір нәрсеге назар аударылды ма? 1892 жылдың қазан айында Париж динамит жарылыстарынан көз аша алмай қалды. Ең зекті қажеттілік осынау тұрақты қатерден өзіңді қорғау ғой және, шынында да, қауіп орасан еді! Бірақ осы оқиға бойынша министрлік
басшылығы өзгертіліп, баспасөз туралы жаңа заң қабылданғанда – осынау сұмдыққа қарсы күлкілі құрал – Панама ісі бұрқ ете қалды. Дәл сол сәттен бастап, мен бірінші күннен бастап демекпін, алдағы әшкерелеулердің маңызды сипатын әлі ешкім білмей тұрған кезде, қатер бұрынғы күйінде төніп тұрғанымен, кешегі алаңдаушылық боқ сасып қалды да, қоғамдық әуестік, өшпенділік төтенше мөлшерге жетіп, және, ең алдымен, қоғамдық ашу-ыза қорқыныш дегенді ұмыттырып жіберді. Ұжымдық ақыл дегеніңіз сол: бейнелер бірінен соң бірі үздік-создық, ұйқтап қалған немесе гипноздалған адамның миындағыдай байланыссыз ұлғайып, бірін-бірі кимелеп келе береді де, сол бейнелердің әрқайсысы бүкіл назар өрісін жайлап алады. Соған қарамастан, осынау ұжымдық ақылды құрайтын, қоғамдық пікір деп аталатын осынау ұланғайыр қойыртпақты құрау үшін ағылып келетін жеке кісілер ақылының көпшілігі өз идеяларын топтастыра алса, дәйектілік пен реттілікке қабілетті. Басқа бір мысал. "1892 жылдың мамырында66, – дейді Дельбеф, – жаңа ғана Люттихте кемеден түскен бір байғұс неміс тобырдың артына еріп динамит жарылысы жасалған жерге жөнелді. Кенет тобыр арасындағы біреу, оның басқалардан жылдам жүгіріп бара жатқанын байқап, жарылыс жасаған сол екен деп ұйғарып, мұнысын көршілеріне хабарлайды да, дәл сол тобыр "оны өлтіріп тастау төл борышымыз деп санайды. Ал сол тобыр қандай элементтерден құралған еді деңіз? Жалпы алғанда – концертке келген таңдаулы қоғамнан. Және де өздері ұлтын да, атын да, қылмысын да білмейтін бейшараны атып тастау үшін тапанша талап еткен мырзалардың даусын есітуге болатын еді! Куртрэ ісіндегі, болашақ депутат бой көрсету кезіндегі Бали мен оның жолдастарының рөлін ойнауға үйреніп жүрген кезіндегі тобырдың қаншалық ақымақ екенін қараңыз: ол сарапшыларды өлтіруге тырысады". Қасіреті кемдеу мысалдарды, мысалы, кафе-концерттер аудиториясын алайық; ол жерге
66 Journal de Lійqe, 1892 жылғы 12-қазан. Дельбефтің қылмыстық антропология жөніндегі Брюссель конгресіндегі менің баяндамам туралы мақаласы.
париждік еркек-әйелдердің қаймағы жиналады. Жеке-жеке алғанда олар нәзік музыкаға, өрескелдеу десек те, ұнамды әдебиетке талғамын анық байқатады. Бірге жиналып келгенде олар түкке тұрмайтын әндерден ләззат алады. Ивета Гиьбер оларды өзінің талантына лайық шығармаларды қабылдауға үйреткісі келді; ол әбден масқара болды. Біз Панама мәселесін қозғап кеткендіктен, мынаны аатап өтуге болады: бұл істе де, толып жатқан басқа істерде де тергеу комиссиясы деп аталатын ұжымдық тергеу органы өз әрекеттерін әдеттен тыс баяулықпен, тұралаумен жүргізді;оның әрбір мүшесі, дәл сол өкілеттіктер жүктелсе, іске жеке кіріссе, істі жақсырақ атқарып шығуы әбден мүмкін еді. Қалай болғанда да, көлденең билер сотының парасаты жеке билерден кем екендігіне күман жоқ67. Тағы бір мысал, мен оны Луи-Филипп тұсында полиция префекті болған Жискенің мемуарынан (естелігінен) алдым. 1832 жылы сәуірде, Парижде тырысқақ эпидемиясы белең алып тұрғанда, "Парижде жай отындай әпсәтте тараған қауесет эпидемияның ылаңын уландыруға теліп, мұндай сәттерде әдетте тым иланғыш бола кететін бұқараны біреулер тамақты, бұлақ суларын, шарапты және басқа сусындарды улапты-мыс деп сендіре алды. Әпсәтте орасан зор тобырлар өзен жағалауына, Грев алаңына және т.б. жерлерге қаптап кетті, және де Парижде индивидуумдардың бұлай шоғырлануы, бәлкім, ешқашан болмағандай еді, бұл тобыр осынау уландыру туралы идеяға әбден еліріп, осынау қиялдағы қылмысқа жазықтыларды іздей бастады". Мұның өзі ұжымдық қуғындау маниясы секілді бірдеңе еді. "Қолында шөлмек, флакон немесе шағын пакет бар кез-келген адам күдік туғызатын: қарапайым флакон осынау есалаң тобырдың көзіне айыптайтын айғақ болып көріне кетер еді". Жиске "ескі-құсқыны киген осынау сұмдық адамдар бұқарасын" өзі аралап шығып, "олардың әлпеті қаншалық
67 Біздің министрлер жөнінде бірде Вогюэ былай деген еді: "Мен өздерінің департаменттерінде негізінен керемет әкімдердің сипатын көрсетіп жүрген осынау министрлердің ірі жеке қасиеттерін қуана-қуана көрсете алар едім; бірақ министрлер үстелі немесе мінбер түбінде қандай да бір ұжымдық шешім шығаруға тура келген кезде олар кенет сал ауруға ұшырағандай бола қалады". Осынау ескертуді толық құқықпен телуге болатын министрліктер, парламенттер мен конгрестер қаншама!
жиіркенішті екенін суреттеп шығуға ешқандай мүмкіндік жоқ, айналаңда гуілдеп тұрған наразылық туғызатын үрейдің әсерін жеткізу мүмкін емес" деп жазады. Осынау ес-түстен айрылған адамдар оп-оңай кісі өлтірушіге айналып кете беретін. "Бір жас жігіт ішкі істер министрлігінің шенеунігі Сан-Дени көшесінде, тек шарап сатушының құмырасына у тастамақшы болды-мыс деген күдікпен ғана өлтірілді..." Осы оқиға кезінде төрт адам өлтірілген... Осындай оқиғалар Вожирарда және қала маңының СентАнтуан мекеніне болған. Мұнда "екі аңғал жігіт зытып барады, артында мыңдаған ызалы адамдар, олар әлгі екеуді балаларға уланған тартинка (май немесе тосап жағылған бір жапырақ нан – ауд.) үлестіруде деп айыптайды". Қашқан екі жігіт кордегардияға (әскери қарауыл бөлмесі – ауд.) тығылды; бірақ тобыр оны әпсәтте қоршап алды; қоқан-лоққы жауып кетті және егер полиция комиссары мен отставкадағы бір шенеунікке сәтті бір ой – тобырдың көз алдында тартинканы бөліп жеп қою ойы келмесе, оларды ажалдан ештеңе құтқара алмас еді. "Осынау тапқырлық арқасында ашу-ыза бірден көңілділікке айналып жүре берді". Мұндай есуастық қай заманға да тән; барлық халықтардың, барлық ықылымдардың тобырлары, Римде шыққан өрттер, легиондардың жеңіліп қалғаны үшін олардың олжаларын отқа тастады-мыс деп христиандарды айыптаған римдік тобыр, альбигойлықтарға, еврейлерге, еретиктер атаулыға кісі сенбес күдікке, таралу көлемі айғақ есебіне жүрген күдікке бой алдырған орта ғасырлық тобыр, Реформалар заманындағы Германиядағы Мюнцер тобырлары, Франциядағы террор кезіндегі Журдан тобырлары – осының бәрінің көрінісі бірдей. Олардың бәрі Робеспер туралы мадам Ролан айтқандай, "terrorіstes par peur". Тобырдың дәйексіздігі жөнінде менің есіме шығыстағы алапес таралған кейбір елдерде болып жатқан уақиғалар түсіп отыр. Онда, дейді доктор Цамбако-Паша, "ауылдардың көпшілігінде алапестің пайда болғаны күдік туған бойда немесе біреуді сонымен ауырды деп бейәділет айыптаса болды, жұрт өкімет органдарына немесе тіпті дәрігерге де
айтпай-ақ, дереу сот құрады да, алапеспен ауырды деп саналған адамды Линч заңы бойынша ең жақын ағашқа асып немесе тас боранмен өлтіріп тастайды68", бірақ дәл сол жұрт алапестерге арналған аурухана жанындағы ғибадатханаға барады, "әулиелер суретін алапестер сүйген жерден сүйеді, солар ішкен ыдыстан ішеді". Бірақ тобырдың өзгермелілігі, дәйексіздігі, туа мағынасындағы дәстүрден адалығы қаншалықты мол болғанымен, тобыр қашанда ескілікке бейім, бұл тұрғыдан да ол корпорацияларға кереғар, корпорациялар дәстүрден айнымайтындығымен өзінің бүкіл өсу барысында бір мезгілде әрі дәстүршіл, әрі прогресшіл. Осыдан бірнеше жыл бұрын мен кездейсоқ басы қосылған адамдардың осындай сипатты ескілікшілдігінің едәуір сирек кездесетін үлгісін көрдім. Бұл Монтдор жылыжайының залдарында, ескі ғимаратында болған еді Бұл жерде шағын кеңістікте температурасы қырық градусқа жететін су буы бар қапырықта 300-400 адам жиылды. Бәрі де мезі болған адамдар көңіл аулау үшін, әйелдер бөлмесіндегі әжік-күжік әңгіме айтудың орнына, қозғалғысы келеді, сөйтіп барлығы фланель нымшасымен ортадағы бассейнді процессия секілді айналып жүре бастайды. Бір тамашасы, бәрі бір бағытта, егер ұмытып қалмасам, сағат тілінің жүрісі бойынша жылжи бастайды, бірақ ешқашан керісінше жүрмейді. Бері салғанда, мен осынау оғаш ем алған бір ай бойы осылай болды. Сеанстың бас кезінде мен бірнеше рет иірім жасауға, осынау айналысты керісінше жасауға тырысып көріп едім, ылғи да сәтсіздікке ұшырай бердім. Сейілдеп жүргендер яки олардың көпшілігі кеше қалай жүргенін ұмытпай, барлық жерде бізге серік еліктеу инстинктіне бағынып, санадан тыс қозғала берді, еліктеу инстинкті іш тарту және жұртшылық инстинктімен себеп пен салдардың өзарасындағыдай өзара қатынаста болады да, әркім алынған импульстен айнымауға ұмтылады. Осымен, сөз арасында айта кетелік, еліктеу қажеттегінің әлеуметтік күшін өлшеуге болады. Егер алғашқы шомылушының белгілі бір жерде бұрылу ойына
68 Voyage chez Les Lйpeux, par le d-r Zambaco-Pacha (Parіs, Masson, 1891).
келгендегі әрекеті секілді соншалық елеусіз, ақыл мен жүрекке әсер етуге қабілеті шамалы әрекет, соншалық елеусіз әрекет бойға сіңірудің осындай күшіне ие болса, ұжымдық ұмтылысты соншалық терең дамытса, оларға өлтіру, тонау және өрт қою идеяларын сіңіретін, немесе байлыққа кенелтуге уәде беретін көсем бұқара бойында қоздырған жұқпалы нәпсі күші қандай болуға тиісті деңіз! Өзінің аса қызықты Contagіon du meurtre деген шығармасында осындай құбылыстарды тамаша зерттеген доктор Обри маған сол зерттеу кезінде аңғарған бір жайтты хабарлады, ол жоғарыдағы пікірді қуаттайды. "Анатомиялық театрларда, деп жазады ол, жұмыс бастан асады, бірақ ол жұмыстың сипаты сондай, ол әңгімелесуге немесе ән айтуға бөгет болмайды. Бірде мен және жолдастарым бір психологиялық құбылысқа қайран қалып, оны reflexe musіcal деген терминмен атадық. Ол құбылыс мынадай болатын. Егер мүмкіндігінше үнсіздік кезінде біздің біреуіміз қандай да бір белгілі арияның бірнеше тактын айтып, содан кейін кенет тоқтап қалса, соның артынша бірден дерлік залдың бір шетінде жұмыс істеп жатқан студенттердің бірі әлгі басталған арияны жалғастырып кетеді. Біз бұл тәжибені бірнеше рет қайталадық және әрдайым табысқа жетіп отырдық. Біз арияны жалғастырып кеткен жолдастардан талай рет сұрадық, сондағы жауаптардан ұққанымыз, олар естіген арияны жалғастырғанда белгілі бір түрткіге еліккенін байқамаған. Осынау, көбіне санадан тыс аян тобыр арасында неліктен және қандай жолмен пайда болғаны белгісіз идеялардың, қайдан шыққаны белгісіз бла тұра соншалық тез тарайтындығын біршама айқындамай ма?"69. Дегенмен артқа оралайық. Театр жұртшылығы да сондай оқиғалар береді. Ол кез-келген басқа жұртшылықтан әздектеу болғанымен, оның үйірлік бәрінен де жоғары дәрежеде тұрады; олардың әздектігін алдын-ала
69 Орыс психиатры доктор Баженов доктор Орбидің байқағанын тамаша қуаттап, толықтыратын фактыны жариялады. Осыдан он бес жыл бұрын Мәскеу сахналарының бірінде Сара Бернар "Камелиялы бәйбішеде" ойнап жатты. Бесінші көріністе, ең шиеленісті тұста бүкіл жұртшылықтың ықыласы соның үніне ауып, ұшқан шыбын ызыңы естілетін кезде құрт аурудан шөгіп бара жатқан Маргарита Готье жөтеліп жіберген. Бұл жөтел аудиторияға бірден жұғып, бірнеше минут бойы ұлы артистің сөзін есту мүмкін болмаған.
сезе білу, оның дағдысын жаңадан жасау секілді аса қиын іс. Ең алдымен, оның өз құптауын немесе жазғыруын білдіру тәсілі бір елдің бардық жерінде қашанда бірдей; бізде, Францияда, бұл – қол шапалақтау және ысқырық. Мұнан кейін, оған сахнада, қаншалық жасанды болса да көріп үйренген нәрсесін көрсету керек; екінші жағынан, ол дағды алмаған нәрсені көрсету қауіпті. Мұның үстіне, айта кету керек, театр жұртшылығы – отырған тобыр, яғни жартылай тобыр. Нағыз тобыр, яғни жұғысу салдарынан электр тогы жеделдік пен жігерлілік ең жоғары дәрежесіне жететін тобыр түрегеліп тұрған, қоса кетелік, жүріп келе жатқан адамдардан құралатын тобыр. Бірақ бұл айырмашылық әрқашан бола бермеген. 1780 жылдың өзінде – бұл туралы айғақ Mercure de France-де 1780 жылғы 10-маусымда жарияланған мақалада бар – басты театрларда партердегі жұрт түрегеп тұрған және партердегі жұртшылық отырсын деген әңгіме енді-енді ғана шыға бастаған. Орындыққа отыратын болғанан кейін партер ақылдырақ бола түсті деп ойлауға болады; алаңдардағы парламенттен, қарулы жауангерлерден немесе қариялардан құралған парламенттерден бастаған, ақырында сарайларға кіріп алып, құрметтілер креслолары мен орындық отырған бауырлармен аяқталған халықтардағы саяси және сот аудиторияларымен де дәл солай болды. Жағдайдың бұлай өзгеруі көршілердің ықпалына қарсы тұру үшін әрбір тыңдаушыға көбірек күш беруі және жеке кісі еркіндігін біршама көбірек беруі де ықтимал нәрсе. Отыру дегеніңіз – оқшаулана бастау деген сөз. Партер отырып алғаннан бастап азырақ мизонеистке айналды; тек сол сәттен бастап француз сахнасы еркіндік ала бастады. Айтпақшы, отырған көрермендер арасында да өзара ықпал етудің шын мәніндегі өткізгіштері бар, әсіресе, көз жанары сондай. Егер көрермендер бірін-бірі көрмесе, егер олар қойылымда көрермендер де, бір кісілік камерада отырған тұтқын құдайға құлшылық ету кезіндегідей, яғни шағын торлы клеткаларда отырса, одан бір-бірін көру мүмкін болмаса, сонда, сөз жоқ, олардың әрқайсысы, жұртшылықтың қандай да бір ықпалынан арылып, пьеса мен акерлардың
қарекетін ғана көріп, төл талғамының еркін бейіміне толығырақ берілсе, онда осынау оғаш залдарда қол шапалақтауда да, ысқырықта да ауызбірлік әлдеқайда аз болар еді. Театрда, банкетте, кез-келген халықтық манифестацияда тіпті қол шшапалақтауды, тосттарды, жасасындарды, іn petto мақұлдамаса да, біреуміреудің қол шапалақтамауға, өз бокалын көтермеуге, көкке көтере мақтаушылардың арасында үндемей қалуға бел айлайтыны сирек болады. Лурдта процессия түрында кетіп бара жатқан, ғибадат етуден жаңылмаған діншілдер арасында ертеңіне бүгін көргендерін еске түсіріп – осынау крест түрінде айқасқан қолдарды, бір адам бастап, сол заматта баршасы қостай кететін осынау сенім айқайларын, осынау жер сүюді, осының бәрін еске түсіріп сақ-сақ күлетін скептиктер бар. Бірақ бүгін олар күлмейді, қарсылық білдірмейді; олардың өздері жерді сүйеді немесе сүйгендей болып көрінеді, тіпті қолдарын крест түрінде айқастырмаса да, осылай еткендей ишара жасайды... Бұл қорқыныш па? Жоқ. Осынау тақуа тобырға ашудан жарылып кете жаздау жат. Бірақ сенбейтіндер оларды аңыратқысы келмейді. Осынау жанжалдан қашқақтау нені білдіреді? Ол адамдардың дінге мүлдем сенбейтіндері, ең тәуелсізі жан түкпірінде индивидуумдардан құралған жұртшылықтың ұжымдық құптамауына маңызды мән беретінін, әлгі индивидуумдардың жекелеп алғандағы әрқайсысының пікірі оның көз алдында түкке де тұрмайтынын көрсетеді. Айтпақша, дінге сенбейтін адамның өзі араласып қалған шат-шадыман тобырға әдеттегі тамаша жағынуын түсіндіру бұл жеткіліксіз. Меніңше, мынаны мойындау керек: мистикалық қуаныш дірілі тобырды аралап өткен сәтте, дәнге сенбейтін соның бір бөлігін қабылдайды да, оның жүрегін бір сәттік сенім көктей өтеді. Бұл фактыны діншіл тобыр жөнінде мойындап, дәлелдей отырып, біз оны сондай-ақ бір сәттік долылық ағыны көбіне қалыпты жүректі көктеп өтіп, оны бұзатын қылмысты тобырда не болатынын түсіндіру үшін де пайдалануымыз керек.
Әскери ержүректікке қарсы қойылатын, сирек болатын деп есептелетін "азаматтық ержүректік" жай бір үйреншікті асыра дәріптелетін нәрсе секілді көрінеді. Бірақ осынау үйреншікті идеядағы ақиқаттың бір бөлшегі жоғарыда келтірілген оймен түсіндіріледі. Шынына келгенде азаматтық ерлік дегеніміз халықтың әуейілігіне қарсы күреске кірісу, ағынға қарсы тұру, жиналыста, кеңесте көпшіліктің пікіріне кереғар, ерекше дара пікірін білдіруде; ал әскери ержүректік дегеніңіз, негізінен, айналаңыздағылардың импульсіне неғұрлым күштірек беріліп, олар серпін берген бағытта басқалардан көбірек ілгерілеп, шайқаста көзге түсуде. Ал оқшау бір нәрсе ретінде әскери ержүректік әуейілікке қарсы қимылдауды талап еткенде, полковник солдаттар бой алдырған үрейге қарсы күресуге немесе, керісінше, орынсыз өлермендікті тежеуге тура келгенде ержүректік кемірек кездеседі, және, мойындау керек, депутаттар палатасындағы оппозициялық сөзден неғұрлым қайран қалдырарлық болып көрінеді. Жалпы, тобыр өзінің әдеттегі әздектігі, өзінің жүгенсіз елігушілігі, өзінің оп-оңай сенгіштігі, жүйке тоздыруы жағынан, долылықтан жұмсақтыққа, түңілуден көңілділікке тез көшуі жағынан, тіпті, әркезде дерлік еркектерден құралса да, әйелге ұқсайды. Әйелдердің бақытына қарай, оларды үйде қамалуға мәжбүр еткен олардың өмір салты оларды салыстырмалы түрде оңашалануға бұйырған. Барлық елдерде, барлық замандарда еркектердің жиындары әйелдер жиындарына қарағанда неғұрлым жиі, әдеттегі және адам саны көп жиындар болады. Қылмыстылық мағынасында екі жынысты бөліп тұрған зор айырмашылық, бәлкім, осыдан да болар. Қалалармен салыстырғанда ауылдарда қылмыстың аздығы да сол себеппен түсіндіруге болады. Ауыл азаматтары өз көршілерінен қашықтау орналасып, өмір сүреді. Егер әйелдерге күн сайын басы қосылатындай өмір сүруге тура келсе, – мен монастырьлық немесе басқа пошымдағы корпоративтік өмір туралы айтып отырғаным жоқ – олардың бұзылуы еркектер бұзылуының деңгейіне жетеді немесе
тіпті асып түседі. Дәл сол секілді, өмір сүру құны тым арзандап кеткен жылдары жұмысшылардың кафеге баратыны секілді, трактирге жиі келгіштейтін болса, ол неғұрлым арсыз және неғұрлым қауіпті бола түседі. Карл Маркс өзінің "Капиталында" (XXV тарау) "ел кезіп жүретін, ақшаны оңды-солды шашатын, ысқаяқ, айлакер маскүнем қожайын" жинап алған, Англияның әртүрлі графтықтарына көшіп жүретін диқан-жұмысшылар өмірінің картинасын барынша анық суреттейді. "Бұл жүйенің зияны, дейді ол, балалар мен жас жігіттерге тым ауырлығы... мен осынау кезбе труппаларды моральдан жұрдай етуінде. Ақы трактирде, ағыл-тегіл ішіс кезінде төленеді. Колоннаның алдында аттаған сайын теңселіп, оңынан да, солынан да кесек денелі әлдебір бойжеткеннің қолымен қапсыра құшақталған қожайын келе жатады, ал артында жас труппа думандатып, тұздығы ащы ойнақы да боғауыз әндер айтып еріп келеді. Осынау шайкалардың әрі ұясы, әрі притоны секілді ұшырасқан ауылдар Содом мен Гоморраға айнаолып кетеді".
V Осы кезге дейін біз көбіне тобырлармен айналыстық; енді корпорацияларға ұзағырақ тоқталамыз. Бірақ әуелі біріншілерінің екіншілерімен қатынасын және біз оларды бір этюдке топтағанымыздың себебін анықтап алайық. Бұл себеп өте қарапайым: бір жағынан тобыр ең бірінші жағдай туған бойда қайтадан өмірге ұмтылады, біраз уақыт өткен соң барған сайын дұрысталып, әрбір жолы жетіле түсіп өмірге қайта келуге, корпоративті түрде секта немесе партия секілді бірдеңеге ұйымдасуға ұмтылады; клуб ашық та жұртшылыққа арналған болудан бастайды; содан кейін ол аз-аздап жабық, қысаң күйге көшеді.; екінші жағынан тобырдың басшысы көбіне оқшау индивидуумдар емес, сектаны жақтайтындар бола бастайды. Секталар – тобырдың ашытқысы. Тобыр жақсы істе де, жаман істе де жасаған маңызды нәрселердің бәрі оған қандай бір корпорацияның ұқтырғаны. Өрт сөндіруге жүгіріп жеткен
тобыр парасатты қимыл көрсетсе, бұл оны өрт сөндірушілер корпорациясының отряды басқарды деген сөз. Ереуілшілер тобыры өз мақсатына жету үшін не нәрсеге шабуылдау қажет болса соған шабуыл жасаса, енін қирату керек болса, соны қиратса, демек оның артында әлдебір синдикат, одақ, ассоциация тұрғаны70. Манифестанттар тобырын, процессияларды, салтанатты жерлеу шерулерін бауырластықтар немесе саяси үйірмелер ұйымдастырады. Крес жорықтары, осынау орасан зор жауыққан тобырлар, монахтар ордендерінде әлдебір Петр Пустынниктің немесе әулие Бернардтың шақыруымен пайда болды. 1792 жылғы жаппай көтерілістерді ескілікті әскери корпустардың қалдықтары жасақтап, тәртіптеген клубтар туындатты. Қыркүйек сұмдықтары, революцияның осынау жакериялары, осынау өрт қойған немесе қанқұмар тобырлар – осының бәрі якобишілдіктің масқара салдарынан басқа ештеңе де емес, барлық жерде олардың басында көрші секцияның делегаты тұрды. Секталардың қауіптілігі мынада: өзінің төл күштерімен көрінген олар ешқашан тым зиянды болмас еді; бірақ ақымақтықтың орасан зор қамыры көтерілуі үшін ызаның шамалы ғана ашытқысы жеткілікті. Көбіне секта мен тобыр бір-бірінен алыс тұрса, қылмыс жасауға шамасыз болатыны жиі кездеседі, бірақ оларды астасуы оп-оңай қылмысты құбылысқа айналады. Айтпақшы, секталар қарекетке тобырсыз да кірісе алады; бұл оларда қылмыс олардас басты мақсат немесе әдеттегі құралы болса ұшырасатын жағдай, мысалы, Сицилия мафиясы және Неаполь каморрасы. Жоғарыда айтылғандай, жаман істе де, жақсы істе де корпорациялар тобырдан асыр
70 Кейде бұған дау айтылады, бірақ ол әділетсіз, өйткені ондай факт заң жолымен әрқашан дәлелдене бермейді. Бельгиялық социализмнің ұлы шешені Вандербельде өзінің дәл құжаттарға негізделген және өте қызықты Бельгиядағы кәсіптік ассоциациялар туралы кітбаында (Брюссель, 1891) 1886 жылы шілдеде Геннегауда болған ассиз сотының үкімін айыптайды, ол Шарлеруадағы шыны зауытттарының жұмысшылар одағының бірнеше мүшесін сол жылдың наурызында шыны зауыттарында жұмысшылар ереуілін туғызған наразылыққа арандатқаны үшін жазаға кескен болатын. Оларға қарсы, – дейді ол бізге, – тек "жеткіліксіз долбарлар" ғана болды. Бірақ содан бірнеше жол жоғары ол бізге ереуілден көп бұрын "шыны өндірушілер жұмысшыларының одағы күреске: сұмдық күреске, одақ басшысы Англия мен Құрама штаттардың қоғамдарына жазғанындай, өліспей беріспейтін күреске дайындалып жатты" деп хабарлайды. Ал бұл екі арада 1886 жылғы наурыз толқулары бұрқ ете қалды; 25-і күні мыңдаған жұмысшылар өз құралдарына келді. Келесі күні осынау орасан зор бұқара елге таралып машиналарды тоқтатты, шыны зауыттарывн тонады... Боду зауытын қиратты, қысқасы, одақ бағдарламасын түгелімен жүзеге асырды. Бұл – жеткіліксіз долбарлар дегеннің өзінде, қайткенде де өте маңызды долбарлар.
түседі. Орта ғасырлардағы Ганзадан артық жақсылық жасаған ештеңе жоқ; бүгіндері анархистік секциядан артық зиянды ештеңе жоқ71. Мұның екеуінде де жақсылықтың немесе сұмдықтың кеңею күші бар. 1241 жылы дүниеге келген Ганза бірнеше жылдың ішінде сол дәуірде құлақ естіп көз көрмеген жылдамдықпен таралып, "ұжымдық өмірдің ең жоғары көрінісіне, Еуропаның барлық көпестер гильдиясының шоғырына" айналды72. XІV ғасырда ол факториялар Лондоннан Новгородтқа дейін шашырап жатқан федерация құрды. Айта кететін нәрсе, ол "гильдиялар мен қалалардың тек ерікті келісіміне" негізделген; "ол тәртіпке шақырудың мүшеліктен шығарып тастаудан басқа жолын білмейді, және корпоративтік күштің молдығы соншалық, соған қарамастан Ганза бүкіл Еуропаға ықпалды", бұл Еуропа саудасының мүддесіне өте дөп келеді. Анархизм де өте тез таралды. Оны ойлап табушы 1880 жыл шамасында Женевада Prevoltй газетін ашты; содан кейін, 1881 жылы Лионда Droіt socіal газетін шығарды, олар оқырмандары жоқ дерлік басылымдар болатын. "1882 жылы, – дейді бас адвокат Берар73, – Лозаннада, немесе Женевада бірнеше адепт, Парижде екі немесе үш жеке индивидуум, Лионда бір немесе екі топ, олардың Сент-Этьенде, Сендағы, Виль-Франшта және Венада бөлімшелері болды – жалпы алғанда алпыс, әрі кеткенде жүз адам – сол кездегі бүкіл анархистік легион осы". Он жылдан кейін, 1892 жылғы 28наурызда Парижде Равашоль мен оның жақтастарын мақұлдайтын таза анархиялық одақ құрылды. Онда үш мың адам болды, Франциядан, шет елдерден жан-жүрегімен солармен бір екенін білдірген толып жатқан телграммалар алынды. "Анархистер жұмысшы табында көп, өте көп" дейді олармен жиі араласып тұратын химик Жерар. Жана Превальдің сөзі бойынша, анархизм қарақшылардың жай ғана жиынтығы емес, "өте нақты
71 Мен қарекетеімен насихат жүргізетін немесе, дұрысырағы, жүргізген анархизмді түсінемін,. Ал бостандықтың таза жақтаушыларына келсек, олар қоғамдық тәртіптеуге балама ретінде пайдалы рөл атқарады. 72 Бұл жолдары мен Бельгияның белгілі криминалисі Прэннен алдым, ол өзінің Демократия және парламенттік режим туралы өте тағлымды кітабында бір кездері шешек атқан, оның елінің кейбір провинцияларында әлі де бар корпоративтік режим туралы кеңінен әңгімелейді. 73 Les Hommes et Thйorіes de L’anarchіe, Берар (Arhіves de L'antropoloqіe crіmіnelle, №42).
мақсаты және табыстарға жетуіне қарай қала пролетариатының орасан бұқарасын соңына ертуге өте негізді үміті бар ұйым құру жолындағы партия". Сол жазушы анархистерді "социализмнің жеңіл атты әскері" деп атайды. Ресейде нигилизм де жылдам таралды. 1876 және 1877 жылдары оларға болған үлкен сот процестері соның айғағы бола алады. Ең жақсы және ең қылмысты копорациялардың арасында басқа бір ұқсастық бар: бұлардың екеуі де шындап келгенде, оңды солды қолданылып келген атақты "өмір сүру жолындағы күрестің" пошымдарынан басқа түк те емес; бұл өте ыңғайлы формула, ол өз табысының төрттен үшіне көптеген адамдар секілді біа ғана өзінің икемділігіне қарыздар. Шынында да, орта ғасырлардың ең жемісті корпорацияларын қарастырайық: "Аббатсбургте, яки Кембриджде XІ ғасырдағы Англияда негізі қалаған ең ежелі ең қарапайым гильдияларды; 1070 және 1076 жылдары Монседе яки Камбрэде негізі қаланған гильдияларды; Францияның Эр қаласындағы amіcіtіa гильдиясын алыңыз, олардың жарғыларын Филипп жылы бекітті; ең құдіретті корпорацияларды олардың ең шырқау шегіне жеткен кезін: Генттің шұға тоқушыларын, Лондон бақалшыларын, XІV ғасырдағы Аугсбург терішілерін зерттеңіз, барлық жерде сіз бір ғана принциптің қолданылуын көресіз. болашаққа күмәнмен қарайтын, өз мүдделері үшін қорқатын адамдар таянышты ынтымақтан іздейді. Айтпақшы, олардың тарихы өте қарапайым: бұл кішкентайлардың үлкендерге қарсы күресі". Дәл осыны бұрынғы университеттер, осынау үлкен интеллектуалдық корпорациялар және тіпті нақ сол дәуірдің артистік корпорациялары, мысалы, 1337 жылы Гентте әулие Луканың қамқорлығымен негізі қаланған суретшілер корпорациясы туралы да айтуға болар еді. Бірақ қарақшылар бандасы да жоғары қоғамға күрестен басқа түк те емес. Тек оның күрес тәсілі мүлдем бөлек екенін мойындай керек. Бұл неліктен? Бір ғана себеп – жақсы тағдырды ғалаат аңсау біреулерді жұмыста бірігуге, екінші біреулерді бірбірімен өлтіругк келісім жасауға итермелейтіні неліктен?
Бұл сұрақ – осызаманғы криминалистерді соншалық толғандыратын "қылмыс факторлары" проблемасы; бірақ бұл жекелеген индивидуумдардан топтарға көшірілген және ұжымдық зұлымдықтар жөнінде көлденең тартылған проблема. Осылай көше отырып, проблема көрсетіле, кеңейтіле береді де, кейбір тым асығыс қабылданған шешімдерді, жеке қылмыстар ілік болған шешімдерді бақылау құралын береді. Бұл арада осынау бақылау жөнінде кеңінен көсіліп жатудың қажеті жоқ. Осынау салыстырудың көмегімен біз климаттың, жыл мезглінің, нәсілдің, физиологиялық себептердің ықпалы бұл арада даусыз екендігін, бірақ оның тым ұлғайтылып көрсетілетінін оп-оңай байқар едік. Біз физикалық күштердің қатысуы, барған сайын кем отырып, топтарда жүріп жатқанын, олардың ұйымдаса отырып, барған сайын жеке кісіге ұқсап бара жатқанын көрер едік; демек, бұл ықпал тәртіпке беімделген ассоциациялардан гөрі, тобырдың құрылуында, оның адал немесе қылмысты бағытында көбірек байқалатынын көрер едік. Көшеде тәртіпсіздіктер туғызу оңтүстікте, жазда, ауа-райы жақсы күнде қыстағыдан гөрі шексіз оңай, солтүстікте түнде және жаңбыр құйып тұрғанда оңай, ал асаяси дағдарыс кезеңдерінде қаскүнемдік ұйымдастыру қыста да, жазда да оңүстікте де, солтүстікте де, жаңбыр құйып тұрғанда да, күн жарқырап тұрғанда да оңай. Біз, керісінше "антропологиялық фактор" , яки қарапайым тілмен айтқанда, топ құрамы тікелей де, тез ғайып болатын сезімдер ықпалымен құралған жиылыстардан гөрі, ассоциацияларда көбірек мнге ие болатынын көрер едік. Көпшілігі адал адамдардан құралған тобыр нәпсілік құмарлықтан туындаған қылмыстарға оп-оңай тартыла алады; бір сәтте ақылдың қылмысты ауытқуына ұшырай алады, ал күшті де орнықты сезіммен рухтанған секта тек ойластырылған, есептелген, оның ұжымдық сипатына әрқашан сай келетін, оның нәслінің ізі сайрап жататын қылмыстарды ғана жасайды. Бірақ мұның бәрі екінші қатардағы шарттар. Гәп оларға белгілі бір сипат беретін және қарекет жасауға мәжбүр ететін себептер қандай
екендігінде. Сырқаулыққа немесе ізгілікке күнілгері бейімдейтін климат яки жыл мезгілі жоқ, өйткені бір ендіктің бойында, бір айда биік те әдепті қадамдармен қатар әрқилы зұлымдықтар жасалып жатады, тіпті өзінің түпнегізі жағынан сырқаулыққа немес ізгілікке бейім нәсіл де жоқ. Әрбір нәсіл бір заматта табиғи бір жазмышқа бейім секілді; көрінетін индивидуумдарды дүниеге келтіріп жатады, олардың біреулері – әрқилы қылмыстарға, екінші біреулері – ержүректік пен қайрымдылықтың әрқилы көріністеріне бейім болып келеді. тек олардың сол сәттегі пропорциясы ғана әртүрлі нәсілдерде, дұрысы әрбір халықта әртүрлі болады. Бірақ бұл айырмашылық тұрақты емес: тарихтың тәлкегі дінді, заңдарды, ұлттық әдет-ғұрыптарды өзгеткен кезде және дәулеттік пен өркеният деңгейін биіктеткен немесе төмендеткен кезде ол айырмашылық мүлдем керісінше болып шығады. Шотландия талай ғасырлар бойы Еуропада ең көп кісі өлтірілетін ел болатын, бүгіндергі статистика бойынша халық саны бірдей барлық Еуропалық елдер ішінде кісі өлтіру ең аз кездесетін ел. Біз туа бітті кісі өлтірушілер деп санауға хақымыз болатын шотландықтардың пропорциялы саны бір ғасырдан аз уақыт ішінде оннан тоғыз есе кеміді. Және де егер табиғи қылмыстылық деп аталатын нәрсе сан жағынан осыншалық өзгеріп жататын болса, онда жүре біткен дейтін қылмыстылық қаншалық өзгермелі болуға тиіс? Осынау өзгерістер қалай түсіндіріледі? Қылмыстар азды-көпті елеулі санмен өлшенгенде неліктен туындайды немесе солай болады, және неліктен әр текті болып шығады? Проблемалар түйіні міне осында.
VІ Қылмысты ассоциациялар арасынан біз сондай-ақ бізге қылмысты болып көрінетін топтарды ажырата аламыз, және осы арада қолданылған бұл тіркес, өзінің әдеттегі мағынасында қолданылғаннан гөрі, азырақ қарсылыққа ұшырайтыны сөзсіз, өйткені біз нақ талау, тонау және кіі өлтіру үшін туған және осынысымен әу баста ең ізгі мақсаттарды көздеген,
кейіннен бұзылған көптеген басқаларынан көп өзгешеленетін секталарды көріп жүрміз, мысалы, мафиямен каморра әу баста жат жұрттық үкіметке қарсы отаншылдық ұйымдар болған, бірақ соншалық іргелі болып көрінген және жеке қылмыстар жөнінде соншалық дау туғызған бұл айырмашылықтың ұжымдық қылмыстылыққа қолданылғанда ешқандай мәні болмай шығады. Секта, ол туа-бітті немесе жүре келе қылмысты болса да, жамандық жасайтын секта бірдей жиіркенішті, және көбіне ұлғая келіп әу бастағы приницпінен тайқыған секталар бәрінен қауіпті. Егер біз бір секталарды қылмыс үшін туылуға, енді біреулерін сол қылмысқа баруға мәжбүр ететін себепке дейін қазғымыз келсе, онда біз сол себептер бір текті, атап айтқанда психологиялық және әлеуметтік тұрғыдағы себептер екенін көреміз. Олар екі жағдайда да әрқилы және бірін-бірі толықтыратын екі тәсілмен: 1) жасалуы қажет қылмыс идеясын әлде біреуге сіңіре отырып; 2) осы идеяны, дәл сол секілді оның мақсатын да, оны орындау амалын да насихаттай отырып қарекет жасайды. Іс жеке қылмысқпа тірелгенде, тұжырымдама мен қарар, идея мен оның орындалуы қашанда шектелген болады және бірінен кейін бірі кезегімен, бірақ оны бір индивидуум жүзеге асырады; ұжымдық қылмысты басты айырмашылық осында, ондай қылмыста әрқилы индивидуумдар міндеттерді өзара бөлісіп алады, онда шын басшылар мен арандатушылар ешқашан орындаушы болмайды, – бұл шағын индустрияны үлкен индустриядан бөліп тұратын ұқсас айырмашылық: олардың біріншісінде ісмер бір мезгілде әрі кәсіпкер, әрі жұмысшы, оның бастығы оның өзі; екіншісінде патрон мен жұмысшы – мүлдем екі бөлек кісі; бұл жұрттың бәріне өте жақсы белгілі. Сонымен, қылмыс идеясын не сіңіреді? Мен сондай-ақ кемеңгерлік идеясын да дей алар едім? Паринциптер мен қажеттіліктер, мойындалған яки мойындалмаған жағдайлар, азды-көпті ашық бапталатын, айналадағы қоғамды жайлаған нәпсі, мен ылғи да үлкен қоғамда демеймін, тағдыр адамды, тап қылатын тығыз, сығылысқан қоғмда демін. Қылмыс идеясы,
дәл кемеңгер өнертабыс секілді, топырақтан өзінен-өзі өсіп шықпайды. Қылмыс – және бұл ұжымдық қылмыс жөнінде ерекше дұрыс – қашанда дәстүрлі сырқаулар немесе жаңа арсыздық, айналадағы соқыр сенімдер немесе скептицизм көлденең тартқан алғашқы алғышарттардан туындайтын батыл тұжырым, одан да кем соқпайтын дәйекті тұжырым ретінде көрінеді, ол тек психологиялық қана емес, біршама қисынды ісік секілді, бұл ісік мінез-құлықтағы кемшілікке біршама жол берудің, сөз бен қаламның дағдылы белгілі бұра тартуының, алтынның, өкіметтің табыстарынан қорқақтаған белгілі жарамсақтықтың, қандай да бір дәуір мен елдің ең адал адамдарының арасына таралған жүйенің немесе талғамның арқасында болатын белгілі скептикалық және жете ойластырылмаған терістеулердің негізінде өсіп шығатын ісік. Ар-намыс сезімімен басқарылатын феодалдық ортада кісі өлтіру кек қайтарудан туындайды; тойымсыз ашқарақтыққа бой алдырған неғұрлым замануи ортада көбірек болатын қылмыстар – ұрлық, алаяқтық, пайдакүнемдік кісі өлтіру. Қоса кетейік, қылмыстардың пошымдары мен сипатты белгілерінде сол ортада таралған теориялық немесе техникалық білімдер ахуалының таңбасы бар. Химияның соңғы табыстарына дейін минералдық у беру көмегімен өлтіруді ойластырған адам, енді өсімдік уының көмегімен өлтіруді ойлайтын болады; кеше ғана, Фмески секілді, тозақ машинасы секілді бірдеңені күні-түні ойланған біреу, бүгін жаңа динамит снарядын, неғұрлым ыңғайлы да қолдануға жеңіл қалта снарядын жасап алуға тырысатын болады. Және қарекет тісілдерін осынау жетілдіру тіпті де оған енжар қарауға болмайтынын көрсетеді, өйткені дәл өнеркәсәп құралдары секілді қылмыс құралдарын еселеп көбейте отырып, ғылмдардың дамуы қылмысқа қиратудың сұмдық өсіп бара жатқан күшін береді және қылмыс идеясы мен жоспарын неғұрлым бұйығылау, неғұрлым көп санды адамдар үшін, сезімтал ұлт дейтін өсіп бара жатқан топ үшін оңай қол жететін нәрсе етеді; олар Фиескидің немесе Кадудальдің тозақ машинасын тым
қауіпті басқарудан қорқар еді, бірақ баспалдақ астына жарылғыш салынған қазанды қойып кету ойынан қалтырай қоймайды. Жалпы өнертабыс дегеніңіз, – өйткені қылмыстың алғашқы идеясы тек өнертабыстың салыстырмалы түрдегі өте оңай пошымы ғана – ең алдымен логиканың жұмысы; міне сондықтан асырып айтылған, бірақ шындықтың да біраз үлесі бар: өнертапқыштың сіңірген еңбегі, үзіліп түсуге дайын жемісті жұлып алумен шектеледі деген тіркес жиі айтылатын Ньютон формуласы Кеплердің үш заңынан қисын жолымен шығарылған, ал Кеплер заңдары Тихо Браге мен халдей астрономдарынан бері жинақталған астрономиялық байқаулар нәтижесінде ишара түрінде көрсетілген. Локомотив Уаттың бу машинасынан, ескі арбадан және біздің орын ауыстыруға құмарлығымыздың өсе түсуінен туындаған; электрлі телеграф Ампер ашқан жаңалықтан және біздің бір-бірімізбен қатынасымыздағы күрделі қажеттіктен келіп шыққан. Ғылыми,әскери, өнеркәсіптік, қылмыстық өнертапқыш – бұл соңғы тұжырымды жасаған логика өкілі. Бұл мұндай тұжырымдар жасау баршаға сыйланған, барша әзірлеген бастапқы жұмыстар біреудің миында өз-өзінен, әлгі біреудің ешқандай белсенді қатысуынсыз шоғырлана береді деген сөз емес; ол өзінің әлдебір сипатты құмарлығының арқасында солардың қиылысар нүктесі болған; онда дүниеқоңыздық немесе әуестік, эгоизм немесе ақиқатқа адалдық болған; сол құмарлық өз мақсатына жету құралдарын іздеген де тапқан. Және осынау шоғырланған мәліметтерді қажетіне жұмсау үшін, сол қорытындыны тұжырымдау, басқа адамдарды не тажалды, не құтқарушы әдеттегі санадан тыс дәйексіздік ахуалында ұстап тұратын ақыл қорқынышы мен моральдық жиіркеніштен секіріп өту үшін – осының бәрі үшін ерекше ұйымдастырылу керек, барынша шыныққан, шошына бермейтін, өзінің болмысында табандылар қатарына қосылатын бағыт беруші монада құраған организм керек. Осынау жекелік сипаттағы құнарлы топыраққа арнайы тұқым себілмесе бірде-бір өркен бермейтіндігінде біздің шаруамыз қанша? Белгілі бір қоғамға сол
қоғамның кемеңгер адамдары ғана жатпайды; оның қылмыскерлері де жатады. Егер ол біреулерін орынды мақтан тұтатын болса, ол дәл сондай негізбен басқаларын да, олардың қарекеттерін солардың өздеріне телу құқығы болғанымен, өз есебіне жатқызуы керек. Тонау мақсатымен кісі өлтірген мына қылмыскер айналасының бәрінен ақшаға шаң жуытпас мадақ естиді; анау сатир өмірдің мақсаты ләззат дегенді ылғм естиді; мынау динамит жарғыш анархистік газеттердің күн сайын қайталанатын кеңестерін ғана орындайды, ал осынау газеттер меншік дегеніңіз тонау, капитал дегеніңіз жау деген аксиомалардан қисынға қатаң бағындырылған байлам жасаумен ғана айналысып отырған жоқ па? Ар-ұятсыз адамдар дәйексіз болмау үшін инсаниятты қалай тәлкек қылатынын әркім-ақ есітіп жүр. Қылмыс арасына дендеп енген жоғары таптар қылмыс принципін, соның үлгісін өздері көрсетпеген күнде де айналымға өздері қосқанын байқамайды да. Осы таяудағы уақыт уақиғаларына дейін ғасырдың соңғы үш ширегінде статистика айғақтаған қылмыс молдығы өздігінен-ақ нақты жамандық болса да, ол тіпті де қылмыскерлердің бұзылғандығы үздіксіз арта түсіп, таралып келе жатқанының нышаны емес және бұл дүниедегі ешкімге адал адамдардың адалдығы кеміп бара жатқанын дәлелдей алмайды деген пародоксты қызғыштай қоруға болатын еді. Бұған керісінше, мәдениетті және мәдениетсіз бұқараның инсанияттылығы нақты көтеріліп келеді, өз кезегінде қылмыстылық та өсіп келеді. Осынау нәрселерді оптимистер соншалық бір ибалықпен айтып та, жазып та жүрді, одан біздің заманға тән ұжымдық бүйрек бұру лебі есіп тұратын. Бірақ динамит жарылыстары мен Панама ісінен кейін сол тілде сөйлей берді деуге болмас деп ойлаймын. Осынау сұмдықтар мен осынау жанжалдың бір мезгілде болуында айтулы бірдеңе бар; біріншілері төмендегі кіжіну мен өшпенділікті, екіншісі жоғарыдағылардың ар-ұяттан айрылуы мен эгоизмін білдіреді. Және мұның бәрі қылмыстық статистиканың өрлеп
бара жатқан қисық сызығымен керемет сәйкес келеді74. Мұндай көрініске қарап біздің әлеуметтік құрылысымызды апатқа ұшыраған, мінеміне оқдәрі жарылатын кемемен салыстыруға болар еді, бірақ оған ештеңеге қарамастан күші мен есендігін сақтап отырған еуропа халықтарының бір бөлігі, атап айтқанда олардың армиялары туралы ой бөгет болып отыр. Және біз жаппай қаруланудың қажеттігімен алданар ма едік, егер ол өз бойында орасан қатерлерді жасырып отырмаса, олардың ішіндегі ең қаупі азы бұл қажеттіліктің әлеуметтік жағдайларға қатысу үлесі шамалы екендігі болып табылады, сол жағдайлардан туындаған, яки, дұрысы қайта тірілген анархизм "идеясы". Отыз жылдан астам уақыт бойы істелгеніндей, ешқандай зауалсыз өнертапқыштыққа бейімділікті жаңа әскери жарылғыш снарядтар, торпеда немесе мелинит бомбалар секілді сұмдық құралдар ойлап табуға жұмсауға болмайды. Осынау сұмдық құралдарды ойлап табушыларды адамзаттың шын жарылқаушылары ретінде көрсетіп, біз адам қиялын олардың қылмысының сұмдықтарына үйретіп болдық. Осынау құралдар сыртқы жауларға қарсы ойлап табылғанда, оларды ішкі жауға немесе бәсекелеске қарсы, ішкі жатжұрттықа қарсы пайдаланудан табиғи ештеңе жоқ.
VІІ Екінші мәселеге көшейік: қылмысты идея туған екен, ол неліктен және қалай таратылып, жүзеге асырылады? Басқа бір уақыттарда тіпті оншақты адепт жинай алмай жүрген сол идея дәл осы қазір едәур көлемді, едәуір қуатты да сұмдық секта түріне неліктен және қалай айнала алды? Бұл арада барлық әлеуметтік ықпалдар табиғи бейімділіктерден ерекше асып түседі. Осынау бейімділіктер, сөз жоқ, белгілі бір анық емес шамада қажет; мысалы, бет қаратпас бетпақтыққа, оңай секем алуға бейімділік. Бірақ бұл бейімділіктер, егер оларға әңгімелер немесе оқу, баяу еліктеу салдарынан ұзақ уақыт бойы жұқтыру көмегімен ескі идеялар ұрығын
74 Осы жолдар жазылғаннан кейін, қылмыстық тұрғыдан біршама жақсару байқалды.
себетін, жаңадан пайда болған идеяның тез қабылдануын даярлайтын клубтарға, кафелерге барып тұру қосылмаса нөлге айналады, демек әлгілер төтенше маңызды. Міне осылай идея адамдарды өзіне басқа идеялар сол идеяға дайындағадар арасынан іріктеп алады. Іс жүзінде, идея таңдап қана қоймайды, оләрқашан өзі үшін адамдарды даярлап шығарады, дәл бір жанның – яки, қаласаңыз шағылысқан ұрықтың – өзіне дене жасайтыны секілді. Және ол мынаны да жасайды: ол өзі үшін күні бұрын дайындалған топыраққа тамырын сіңіріп, бірте-бірте оны жая береді. Ол әлі еліктегіш шапшаң түйсігінің арқасында сол идеяны түсінген бірінші адамнан әуелі бір адамға, содан кейін екі, үш, он. жүз, мың адамға ауысады. Тұқымның осынау дамуының бірінші фазасы – екі адамнан құралған ассоциация. Бұл – жақсылап зерттеп алу қажет қарадүрсін факт, өйткені одан кейін барлық фазалар жай ғана қайталаудан басқа түк те емес. Итальян ғалымы Сигеле екі адамнан құралған кез-келген ассоциацияда – ерлі-зайыпты, нақсүйерлік, достық немесе қылмысты ассоциацияда – оның бір мүшесі әрқашан екіншісіне ықпал етіп отырады да, онда өзінің ізін қалдырады деген ойды (орыс жазушысы Н. Чернышевскийдің Сигеледен көп бұрын "екі достың біреуі – қашанда екіншісінің құлы" деп жазғаны бар – ауд.) дәлелдеуге тұтас бір кітап75 арнады. Және онда осынау ақиқаттық дәлелдер берілгені жақсы болған, дегенмен олар артықтау көрінуі де мүмкін. Бұл тым анық нәрсе; бастаушысы да, қостаушысы да жоқ отбасыдан сақтаныңыз; онда ажырасу қыр астында емес. Қандай болмасын барлық жұпта иландырушы мен иландырылушы арасында азды-көпті ашық немесе тұмшаланған айырмашылық, әрқашан болады, – айтпақшы, бұл айырмашылық тым асыра пайдаланылып кететін. Бірақ келесі неофиттердің қосылуының арқасында ассоциация өсе түскенімен, бұл айырмашылық қарекетін тоқтатпайды. Осынау көп сандылық, түптеп келгенде, әрқашан ұлы екі сандылық болып қала береді, және корпорация немесе тобыр қаншалық қарамды болғанымен, ол сондай-ақ жұптың
75 С. Сигеле. "Қылмыстық тобыр".
белгілі бір түрі болып қала береді, онда әрбір адам не барлық басқаларының – осынау, былайша айтқанда, ішіне үстем басшы да кіретін ұжымдық иландырушының, не топ әлгі басшының ықпалына ереді.. Соңғы жағдайда иландыру біржақты болып қала береді; бірінші жағдайда ол едәуәір дәрежеде өзара болады; бірақ факт өздігінен өзгермейді. Бір тамашасы, үлгі болып табылатын кейбір адамдар беделінің мұндай билігінің қайран қалдыратын мысалдарының бірін бізге анархистік секта береді, ал бұл сектаның негізінде бедел принципін толық жоққа шығару жатыр. Егер бастықсыз, басшысыз өмір сүруге тиісті қоғам болса, ол нақ анархистік секта ғой. Сөйте тұра көсемдер рөлін осы сектаның басшыларындай бұрын ешқашан ешкім тамаша, ми жетпестей жақсы ойнап шығыпты. Сайып келгенде секта соншалық табысты жүргізген іс жүзіндегі насихат үлгі көмегімен қатарға тартудан басқа не болмақ. Басшы болудың, иландырудың, әсер етудің бірнеше амалы бар. Біріншіден, оларды өз айналаңда жасауға болады, бірақ қашықтан да жасауға болады – бұл маңызы едәуір айырмашылық. Қашықтан ықпал еткенде ұсынылатын үлгі жақыннан ешқандай әсер етпейтін немесе шын гипноздау жағдайында ешқашан болмайтын өзге бір әсер ететін үлгі болуға тиіс... айтпақшы, бұдан мынадай қорытынды шығады: біз сөз етіп отырған құбылысты гипноздық құбылыстарға ұқсатуда тым шығандап кетуге болмайды; мысалы, оқылып та, қайтара оқылып та жүрген Руссо Робеспьерді ықпалына түсірген. Сигеле Руссоға іncube, Робеспьерге succube деген сөзді қиналмай қолданар еді. Бірақ егер олар жақсы біліс болса, өзара тәнтілік көпке созылмай, олардың бір-бірімен жуыспай кететіндігіне күман жоқ. Діл осындай қатынас журналистер мен олардың оқырмандарының, ақын, суретші мен оны білмейтін олардың табынушыларының, Карл Маркс, осынау көріпкел мен оның әрбір әрпін талдап шыққан мыңдаған социалистер мен анархистердің арасында орнайды. Туындының туындатушыдан сүйкімді болатыны сирек кездеспейді. Екіншіден, алыстан ба, жақыннан ба, бір адам басқаларды
билеп-төстейтін болғанда, бұл билікті ол не ақыл орташа ғана болғанымен, ерік күшінің ерекше дамуының арқасында, не, мінезі салыстырмалы түрде жұмсақ болғанымен, ақылының немесе тек иманының ерекше дамуының арқасында алады; не бұл билікті беретін мұқалмайтын өркөкіректік немесе өзіне мықтап сену, мұндайда адам өзін имамға яки шығармашылық қиялға айналдырады.. Жұртты соңынан ертудің осынау әрқилы тәсілдерін аоастыруға болмайды, олардың қайсысы басым екендігіне қарай, бір ғана адам ететін ықпал тамаша немесе тажалды ббола алады. Ықпалдың осынау басты төрт түрі – болаттай ерік, бүркіт көзіндей қырағылық пен күшті сенім, құдіретті құрал, мұқалмайтын өркөкіректік – алғашқы қауым халықтарында, бір-бірімен өте жиі ұштасып жатады; белгілі көсемдерге табынудың терең күші осыдан туындайды. Бірақ өркенияттың дамуымен бұл қасиеттер бөлектене түседі де, кейбір оқшаулықтардан, мысалы, Наполеон, басқа реттерде, бірте-бірте бір-бірінен өзгешелене береді. Мәселен, ой жұмсара түсетін мінездің, немесе әлсіздене түсетін сенімнің есебінен шынығады. Артықшылық әу баста бір жақты болған иландыру ықпалына өзаралық сипатын беру тенденцияы жағында. Мұның үстіне алыс және жақын жерден ықпал еткенде билік бір ғана қасиеттердің артықшылығымен қолға түспейді. Қашықтықтан ықпал еткенде ақыл мен қиялдың артықшылығы басты рөл атқарады; жақынан ықпал еткенде бірбеткейлік, тіпті хайуанға тән бірбеткейлік күші, сенім, тіпті фантастикалық сенім күші, өркөкіректік, тіпті есуастық өркөкіректік күші ерекше еліктіргіш ықпал етеді. Өркеният, бақытымызға орай, қашықтан жасалған ықпалдың басқа ықпалдарға қарағанда пропорциялы қөсуінің үздіксіз артуына жетелеп келеді, сөйтіп, кітаптар мен газеттердің таралуының арқасында, ықпал аумағын да, белгілі болған адам санын да ұдайы кеңейте түсуде. Және бұл өркеният бізге көрсетіп отырған қызметтің соңғысы емес, және бұл қисапсыз қасіретіміз үшін оның біздің алдымыздағы парызы болып табылады. Бірақәңгіме тобыр жайына ауысқанда, нақ жақыннан ықпал ету барынша жиілікпен, ретсіздікпен және
ұятсыздықпен таралады; біз корпорациялармен істес болған жағдайда ол кемірек дәрежеде және жақсырақ ықпал етеді; тек ол бір адамның зиянды ықпалын ендіретін, содан кейін келмеске кететін, өткені мен болашағы жоқ қылмыс ассоцияциялар болмасын деңіз.
VІІІ Іс жүзіндегі анархиялық сеғктаға қайыра оралғанда, егер ол жаңа, өткені жоқ секта болса – бұл оның тек қазіргі пошымы жөнінде екенін айта кету керек; шынына келгенде, оның бұрынғы пошымдарына атүсті көз жүгірткеннің өзінде біз оның тамыры есте жоқ ескі замандарда жатқанын көреміз. Әлемнің өзінің мәңгілік игілігі үшін жаһандық қирату туралы апокалипсистік елес кеше ғана туған жоқ. Бұл елес барлық еврей пайғамбарларына көрінген. Біздің дәуіріміздің жетпісінші жылы Иерусалим алынып, ғибадатхана талқандалған соң, Рим империясында христиандар мен еврейлердің қилы-қилы бірталай апокалипсистік аңыздары пайда болып, олардың бәрінде жер жүзі мен көк жүзінде орнатылған тәртіптің толық және бірден күл-талқан болатыны болжалдап айтылатын; олар мұны салтанатты түрде қайта тірілудің қажетті беташары деп білді. Қирау дәуірінде – Везувийдің атқылауы немесе ұлы жер сілкінісі дәуірінде – дүниенің ақыры мен соңғы сот жөніндегі осынау ойды, ол ежелгі халықтардың мизонеизміне қаншалық кереғар болса да, кездестіру әбден үйреншікті нәрсе. Демек, қазіргі динамит жарғыштар мыңдаған жылдар үрейін тек қайта жандандыруда. Айырмашылық тек мынада: Иерусалим фанатиктері адамзаттың күнәсі мен заңдардың сақталмауының салдарынан жаппай күл-талқан болуды тіледі; олар қасиетті кітаптар негізінде сол талқандалудан кейін Құдайдың өзі уәде берген қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман орнына сезіксіз сенетін. Олар Мессияның осынау патшалығының егжей-тегжейін дәо көрсететін. Ал біздің анархистер, олардан түп-тамыран дейін қиратылған қоғамның жұртына не орнатасыңдар деп сұрасаң, не ешқандай жауап бермейді, не
"қайырымды жаратылыс заңын" қайта тірілту туралы бұлыңғыр бірдеңелерді айтады. Олар бізге қасиетті кітаптарды да нұсқамайды, ол кітаптардан солардың Мессиясы жасаған болжалды, суреттеуге тіл жетпейтін патшалық туралы болжалды оқып алуға болар еді. Оларды өздерінің сұмдық терістеуін жасауға итермелеген нәрсе адамгершілік жамандығы емес, тек қана экономикалық және материалдық жамандық. Анархистерді үстіміздегі және өткен ғасырлардағы патша өлтірушілермен, итермелеген себептердің сыртқы айырмашылықтарына қарамастан, ол себептер патша өлтірушілерде саяси сипатта, анархистерде әлеуметтік сипатта болғанымен, тікелей туыстық дәнекерлері біріктіреді. Егер бірінші консулға, Луи-Филипке. ІІІ Наполеонға қарсы тозақ машиналарын жасағадар динамитті білген болса, олар өздерінің қаскүнемдігі үшін нақ осы затты таңдап алары күмәнсіз, мұны Венесуэла президентінің саяси қарсыластары істеді, олар өзара соғыс кезінде 1872 жылғы 2-сәуірде оның сарайын динамитпен қопаруға тырысты, бірақ әлдебір ғажайыптың арқасында онысын жүзеге асыра алмады. Айтпақшы, жалпыға бірдей дауыс берудің арқасында, қазіргі кезде патша өлтіру тек өткеннің сарқыншағы ғана. Секталардың қылмыстары осындай. Олармен ортақ белгілері біренсаран ғана емес тобыр қылмыстары да бар. Реформация дәуірінде монастырьлерді, революцтя дәуірінде замоктарды жаппай өртеу, сондай қылмыстар. Осынау, тал түсте желі үзген бас асаудай өрт қоюшылар тобырының арқасында, сондай-ақ түн жамылған біздің динамит қоюшылар арқасында билік жүргізуші таптарға өшпенділік, содан кейін дағдының арқасында – қиратудың есуас та атаққұмар долылығы бұрқ ете қалды. Осынау шайкалардың тасасында сондай-ақ солардың қылмыстарын догматқа айналдыруға тиісті болған софистер тұрды, дәл бір кез-келген деспоттың тасасында Мишленің сөзі бойынша, оның зорлық-зомбылығын ақтайтын заңгер тұратыны секілді. Өрттер де, жарылыстар да, қылмыс бола тұрып, қолға жұқпайтын еді, кісі өлтірушіні өз құрбандарының қанын
көруден, олардың жан түшіктіретін айғайын естуден құтқаратын. Және жүйкенің ең бір нәзік сезімталдығын ең жабайы қатыгездікпен басқа ештеңе сондай жақсы татуластыра алмайды. Бұл салыстыру қылмысты секта қылмысты тобырдан қаншалық сұмдық бола алатынын көрсетеді. Бірақ екінші жағынан, тобырдан гөрі, секта жөнінде базалау күші әлдеқайда артық екендігі де анық. Сектаның қауіптілігі, сонымен бірге оның күшін де құрайтын нәрсе, оның жолдарының үздіксіз прогресінде жатыр. Білтелер мен от қою жүйелері әу баста қанағаттандыра алмайтын; олар неғұрлым жаңаларына, неғұрлым мінсіздеріне тез ауыстырылады. Кемеңгерліктің тозақтық жаңалығы болған жарылғыш бомба пайда болды. Сектаның енді бір қауіптілігі мынада: олардың құрамы, тобырда болатынындай, өзінің табиғи инстинкті немесе тәрбиесі бойынша аздыкөпті ұқсас адамдардан жасақталмайды; олар бір-біріне барынша ұқсамайтын адамдардың әртүрлі категорияларын жұмысқа жегеді. Ұқсас адамдар жиналыс құрады, ал бір-бірін толықтыратын адамдар жолдастық одақ құрайды, ал бір-бірін толықтыру үшін өзгешеленетін болу қажет. Quі sі ressemble s'assemble – осынау ақиқат секта жөнінде ерекше дұрыс. Якобишінің, нигилистің, анархистің тұрпаттары бір емес, толып жатыр. 1882 жылғы Лион анархистері Берарды өз құрамының ала-құлалығымен таң қалдырған. "Мистиктер, арманшылдар, аңғал надандар, жаратылыстық құқыққа қарсы қылмыскерлер... бір ұзын орындықта; көп оқыған, оқығанын түсінбеген, барлық доктриналардан ең бір оғаш қойыртпағын жасаған жұмысшылар; тамаша үлгісі Равашоль болып табылатын нағыз жыртқыш хайуандар; ақыр соңында, ең таза аристократияның солардың бәрін үйіріп-жусататын ең адал тұяғы..." Біз осынау топтың құрамына кірген нағыз есуастар туралы жақ ашпаймыз. Сектанттық қылмыстардың практиктері осындай; олардың практиктерден күрт өзгешеленетін және соларды көбіне шын жүрегімен жек көретін теоретиктері де аз аз емес және әртүрлі. Қабағынан қар жауған, әлдеқайда жоғары тұрған, капиталға
қарсы шындыққа ұқсас теориялар шыңдайтын кемеңгерлерінің, Лассаль секілді оларды жандырғыш бомба секілді лақтыратын шешеннің, оларды айналымға қосатын, қолданатын және олардан ұсақ жасанды бақыр ақша жасайтын журналистің арасы жермен көктей76. Соған қарамастан, осынау бір-біріне ұқсамайтын барлық таланттардың тоқайласуы, олардың жаңа ғана айтылған мистиктермен, аңғал адамдармен, қылмыскерлермен жақындасуы және өздерінің де бас қоса қалуы – осынау қосар тоқайласу, осынау жақындасу динамит бомбаның жарылуы үшін қажет. Олар инсанияттық тұрғыдан қалай әрқилы болса, тәндік жағынан да солай әртүрлі. Кейбіреулері физиологиялық және анатомиялық мағынасында азғындап кеткендер, тегінде, Лиондағы анархистердің едәуір бөлігі сондайлар болған секілді. Бұл тұрғыдан алғанда олар Люттихтегі бауырларына ұқсамайтын. Бұл орайда мынаны айта кету керек; осылар Люттихте 1892 жылдың наурызынан мамыран дейін жасаған көптеген қаскүнемдіктер нәтижесінде тек материалдық талқандаумен аяқталды (нақ Сент-Мартин шіркеуінде ғажап терезелердің быт-шыты шығарылды), тіпті олар ешқашан ешкімді де өлтіргісі немесе жаралағысы келген жоқ деп ойлауға да негіз бар. Бері салғанда абақтыда Люттихтің он алты анархисін ұзақ уақыт бақылап зерттеген тамаша екі криминалист, атап айтқанда Люттихтегі қылмыстық құқық профессоры Тири және Бельгия абақтыларының бас инспекторы Пренс ғажап бірауыздылықпен маған қамаудағылар бойынан ешқандай тәндік ауытқулар байқағанымыз жоқ деп ант-су ішті. Оның екеуі де "олардың әбден-ақ жібі түзу түріне" қайран қалған. Осынау адамдардың бәрі Тириге "еңбекқорлық, отбасылық немесе инсанияттық тұрғыдан" кінаратсыз болып көрінген. Олардың бірі аса терең мистицизмге құлай берілген. "Көбі, тіпті көпшілігі әбден-ақ интеллигент адамдар болатын". Бірақ бұл, – дейді Пренс, – тым аңғал болуына бөгет
76 Баспасөзге дем берушілер мен орындаушылар арасындағы қатынас Лионда анық көрінді. 1882 жылғы қазанда Лионда екі қаскүнемдік жасалды; олардың біреуі, кафеде жасалғаны, жүзеге асырылудан бірнеше күн бұрын анархистік газетте күнілгері жарияланған болатын; мұнда бір адам өлтірілді, бірнешеуі жараланды; екінші қаскүнемдік әскери міндеттілік жөніндегі мекеме ғмаратында жасалды; бұл қаскүнемдік те сол газетте күнілгері болжалған болатын.
жасамаған. "Олар, өздерінің сөзі бойынша, өздерінің жарылыстарымен халықтың бейбақыт жағдайына назар аудартқысы келген. Париж коммунасы жұмысшылардың жағдайына назар аудартқызды; оның ісін жалғастыру керек". Олардың көсемі Муанодан басқаларының бәрі өз есуастығына опынған. Осы бір ғана факттың өзі, оның басқаларға қандай билік жүргізгенін айғақтайды. "Дегенмен, – деп жазады маған Пренс, – жиылып әңгімелескенде олардың бірін-бірі үгіттегеніне күман жоқ"; бұл бір адамдық камераларға отырғызылғанда олардың бойында болған өзгерісті түсіндіре алады. "Мен, – деп жазады одан әрі Пренс, – қару-жарақ фабрикасының жұмысшысы болып істейтін бір жас жігіттің сүйкімді, бүкпесіз, интеллигенттік және ұнамды әлпетіне қайран қалдым. Ол жұмыстан бос уақытының бәрін кітап оқумен өткізгенін айтып берді. Ол Монтескьені, Прудонды және т.б. оқыпты. Монтескьеден бүлік құқығын ақтайтын ойларды тауыпты. Прудоннан меншік дегеніңіз ұрлық деген ойды оқыған. "La conquйte de Parіs" оны толқыта бастаған. "Сіз, – деді ол маған, – бұл шығарманың қандай тамаша екендігін елестете де алмайсыз!" Дәл осындай иландыруға қаншама ақыл қабілетті болуға тиіс деңіз!" Гюг Леру "Matіn-де" жариялаған Париж анархистерінің сурреттелуі (ол солармен бірге сәскелік ас ішкен) Пренс пен Тиридің байқағандарымен дөп келеді. "Мен, – дейді ол, – өзімнің қожайындарыма қызығушылықпен қарадым. Олардың денесінде Бертильонның фотосуреттеріне соншалық бір аянышты сипат беретін сұмдық келеңсіздік, алкогольдік түнеріңкілік жоқ. Олардың бәрі ортадан төмен білім алған, бәрі – жұмысшылар". Олар өз теорияларын баяндайды, ол теориялар "Matіn" редакциясына келіп (1892 жылың 11-қарашасы), сонда екі "жолдастың" айтып берген теорияларына қатты ұқсайды. Бұл екеуі soupes confйrences үшін қол қойғыздыруға келген екен. Бір мезгілде әрі тәндік азық, әрі рухани азық. Panem et cіrcenses77 талабы, бәлкім, кемірек қауіпті болар. Тарату міндеті осынау "confйrences" құзырына жататын осынау
77 Нан және сауық (латынша – аудармашының ескертуі).
теориялардың бәрі белгілі, біз олардың шығу тегін білеміз. Жалған идеялармен, асқақ сөздермен, теориямен, көбіне күдікті теориямеен секталар жасалады. Әсер қалдырып, көбіне жалған әсер қалдырып, ақылды емес, көзді алдап тобырды көтереді. Цезарьды жерлеу кезінде Римнің қара халқын көтергісі келген Антоний не істеді деңіз?78 Көсіліп сөйлеп болған ол мүрдені көтеріп, жамылғыны алып тастауды бұйырды. Кек алуды өтініп, Цезарьдың өзі табыттан көтеріліп келе жатқандай көрінді халыққа. Олар Цезарь өлтірілген курияға лап беріп, оған от қойды. Олар баскесерлерді іздеп, есімнің ұқсастығына алданып, претор Цинн екен деп трибун Циннді боршалап өлтірді79. Сезімнің осынау алдамшы әсерінің орнына, жеріне және уақытына қарай, теологиялық, метафизикалық, экономикалық софизмдерді қойыңыз, сонда гуситтер, анабаптистер, якобишілер, нигилистер, анархистер сектасы келеді – Цезарьдің мүрдесіне бағынған Рим бүлікшілерінен әлдеқайда әсерлі, тажалды, қорқынышты, оның үстіне әлдеқайда берік секта келеді. Карл Маркстан Кропоткинге, Кропоткиннен Равашольге дейінгі қашықтық орасан, бірақ осылардың үшеуі де бір шынжырдың шығыршықтары, – мен бұған осылардың біріншісі де кіретініне өкінемін. Ол – тамаша экономист. әділетсіз де жексұрын көрінетін әлеуметтік құрылысқа қарсы көбіне негізі бар наразылықтан ашу-ызаға жазмыштық көшу жасалды, ол осынау әділетсіз тәртіптің бақыттыларын жерден алыпжерге салуға және оларды өлтіруге ұмтылдыратын өшпенділікке мәжбүр етеді. Бірдеңені немесе біреуді жек көрудің мызғымайтын қажетімен дүниеге келетін адамдар жоқ па? Олардың өшпенділігі ете ме, кеш пе өзінің нысанасын табады да, оны дереу әлдебір кісіге ақтарып, оны қаламның немесе темірдің, жаланың немесе өлтірудің көмегімен жайратыптастайды. Баспасөзде зорлық-зомбылықты уағыздаушылар ол кісіні көше баскесерлеріне көрсетіп береді. Равашоль орындаушы-
78 Қараңыз: Duruy. Hіstorіe des Romaіns, ІІІ том, 430-бет. 79 1848 жылғы революцияның бас кезінде бір бүлікшінің түн ішінде Париж көшелерімен алып өтілген мүрдесі халық көтерілісінің басты себептерінің бірі болды.
анархист, риясыз кісі өлтіруші санатынан. Ол жаратылыстық құқықты аттап өтетін жырынды қылмыскерлер қатарына жатады, ондайлар кезкелген қылмысты секта қатаырнда толып жатыр. "Көптеген анархистер, – дейді Берар, – ұрлығы үшін сотталғандар, олар – Борда, Равашоль, Веридегі жарылысты жасаған Франсуа". Бұл орайда мынаны патап өту керек, анархистер жасайтын тіпті әдеттегі ұрлықтар мен кісі өлтіру кезінде еріктің сирек қасиеті немесе өзіндік ерекше стимул байқалады. Равашоль моланы тәлкек еткенде қандай сұмдық жігер көрсетті десеңізші! Егер жалғаннан баз кешіп, жалғыз тұрған тақуаны ол ұрлау үшін өлтірсе, бәлкім, ол өздерінің қанды жоспарларын жүзеге асыру үшін жолдастарына қажет ақшаны жеткізіп беру мақсатында ұрлау үшін кісі өлтірді деген дұрысырақ болар. Бұл орайда Равашольге тажалды логика жол көрсеткен: бұл қарт тақуа – капиталист, кез-келген капиталист – еңбекші адамды ашаршылыққа ұрындырып, ажалға байлайтын ұры; капиталистерді өлтіріп, өз мүлкімізді қайтарып аламыз80; олардың алтынын аламыз да, оны халық жендеттерінің көзін құртуға, тұрғызғанның барлығын: соборларды, мұражайларды, кітапханаларды, кеніштерді, зауыттарды, темір жолдарды, пасыз капитал ие болған осынау барлық пошымдарды қиратуға жұмсаймыз. Осындай құбыжық логика Фиескиге қарағанда Равашольде көбірек көрінеді, айтпақшы, бұл екеуінің ортақ нәрселері жетіп артылады; бұл тұрғыдан да, сондай-ақ іске қосылған құралдар тұрғысынан да біріншісінен екіншісіне прогресс жасалды. Екеуіне де тән81 шексіз жасанды кісімсу, екеуіне де ортақ рух күші. Фиески де жырынды болатын: ол өз отаны Корсикада жүргенде-ақ мал ұрлаған, мэрияның мөрлерін қолдан жасап алған – айтпақшы, осынау аралдықтарда бұлар жеңіл-желпі күна. Осынау корсикалық тоқушыда логика титімдей-ақ болса да, осынау
80 Анархист Зевако Париждің көлденең билер сотының алдында 1891 жылы осындай сөз сөйлеген: "Буржуа бізді ашаршылық көмегімен өлтіруде; ұрлай. өлтіре береміз, динамит жарылыстарын жасаймыз; осынау пасықтардан бізді арылту үшін барлық құралдар жақсы". 81 "Егер мен істегенімнің бәрін айтсам, – деген Равашоль Комартенге, – менің портретім барлық газеттерге шығар еді".
дөрекі жанда барлығы бірдей белгілі бір мақсатқа сұмдық дәйектілікпен бағытталмаса, есесіне онда осынау қорқынышты қылмыскерлер үшін Рембрандт картиналарындағы сәуле секілді қаратүнек, меірімсіз сұлулық жетіп артылатын. Ол "өзін өтірікші деп санамас үшін"82 бәрін де мойындады. Осынау бұрынғы қолдан құжат жасаушы өтірік айтуға ұялатын! Батылдық пен қанқұмарлық әдетте бір ғана көне медальдің екі жағы; ежелгі көптеген римдіктер секілді ол ержүрек және сол ержүректігінде қатыгез болатын. Бір адамға жеткенше ондаған басқа адамдарды нақақ құрбан етуге итермелейтін өзгенің өміріне немқұрайдылық ақталмаған күннің өзінде, ол ажалға немқұрайдылықпен астасып жататындықтан біршама түсінікті болады. Ол бізге өз қаскүнемдігін жасар сәтіндегі жан ахуалының бейнесін қалдырып кетті. Бұл суретті өтірік деуге тым анық та айқын; айтпақшы, өркөкіректігінің арқасында, ол үшін өркөкіректігінің арқасында шындыққа шаң жуытпау парыз сондай-ақ өзінің біреуге ризашылығына да шаң жуытпау парыз. Міне ол король өтетін жол бойындағы палатада жиырма төрт қару артында тұр. Ол өзінің тағдырлы шешімін өзгертпеуге ант берген; ол бұған Пепин мен Морейге уәде берген, демек мұны қайткен күнде де істейді... Бірақ ол тобыр ішінен "өзінің қамқоры" Ладвокатты байқап қалды. Оны көре салып, ол өз қаруларының бағытын өзгертеді, өйткені ол өзі үшін қасиетті сол адамның өмірін қия алмайды. Бірақ Ладвокат көзден ғайып болды. Король көрінді, оған солдаттар полкы еріп келеді. Тағы да күман: "өз шендеріне шайқастар алаңдарында, отан үшін шайқастарда, ұлы Наполеонның (ұлы корсикалықтың) басқаруымен өткен шайқастарда қол жеткізген" сонша генералдарды, офицерлерді қалай өлтірмек! Бұған тәуекелі жетпейді; бірақ ол Пепин мен Морейге уәде бергенін еске түсірді де өзіне: "мұндай масқараға ұшырағанша, өлген –
82 Қараңыз: Mйmorіes de Gіsquet, ІV т.
тіпті өлтірген – жақсы: уәде беріп алып, артынша қорқақ болып шығу..."83 дейді. Сөйтеді де, шүріппені басады. Осындай адамдар – тіпті Фиески мен Равашольдің өздері – жазмыштан-ақ тек қылмыс үшін жаралған деп кесіп айтуға бола ма? Бұлардың біріншісінің қастандығы да оңай іс болмаған. Оны жүзеге асыру үшін Морейдің жүрісінен жаңылмайтын, сыртқа шықпайтын қулығы, Пепидікінен молырақ қаржы-қаражаттың және ителлектуалдық құралдар Фиескидің бас имес жігерімен ұштасуы қажет болатын; мұның үстіне, осы үшеуінің бәрінің фанатизмін бірнеше журналистің бүлікшіл мақалалары қоздырып, қыздырып отыруы, ол журналистерді өз кезегінде ыза кернеген немесе аузын ашып қалған мыңдаған оқырмандардың дем беріп отыруы қажет болатын. Осынау бес "фактордың" – жұртшылық, газеттер, ой, ақша, батылдық – біреуінің түбіне жетіңізші, сұмдық жарылыс болмас еді. Бомбаның әрбір жарылысы – қаржы-қаражаттық немесе парламенттік немесе басқа әрбір жанжал жөнінде біз бәріміз, азды-көпті дәрежеде mea culpa84 дей аламыз.; біз өзіміздің абыржуымыздың себептерінің өзі үшін азды-көпті айыптымыз. Егер осынау құдіретті ұйымдар жамандық бағытын ұстанса, бұл біздің ортақ кінәміз. Бұдан, әрине, осынау қылмыскерлерді ақтау керек деген қорытынды шықпайды. Біз тап болатын жұқтыру билеп алып кеткеннен гөрі, бізді басқаларға, және көбінесе біздің өзімізге ашып береді; мұндай жұқтыру бізді ақтамайды. Қанқұмар тобыр азапталған адамға өшіге жабылғанда кейбір көрермендерді тобыр, басқа біреулерін жәбірлеген адам еліктіреді. Осынау соңғылары, еліктеуден батыр болғандар, сол еліктеуден туған қарекетімен, ешқандай мақтауға лайық емес дей аламыз ба? Егер біз тобырды олардың қанқұмарлығы шағылысу екендігі үшін ғана дамандаудан азат етуіміз қандай әділетті болса, жоғарыдағы тірлігіміз де сондай әділетті болар еді. Бірақ қазір жауапкершілік туралы осынау нәзік сұрақтарды былай қоя тұралық. Жлғарыда келтірілген толғамдар мен
83 Ол өзі туралы Корсикада не айтылатындығына ылғи алаңдап отырған. Осынау шағын қоғамға барлық назарын аударып, үлкен қоғамды елемеу сипатты белгі. Равашоль де өзінің қылмыстары өз "жолдастарының" тобына қандай әсер ететіндігіне ғана алаңдаған. 84 Менің кінәм (лат. – аудармашының ескертпесі).
құжаттардың мақсаты тобырлар мен қылмысты ассоциациялардың
жазалаушы терапевтикасын зерттеу емес, солардың салыстырмалы
психологиясы мен патологиясын зерттеу болатын.
“Г. Тард. Общественное мнение и толпа. М.,
1902” басылымынан қазақшалаған Қазақстанның
еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Нұрмахан
ОРАЗБЕК.
ӘЛЕМДІК ӘЛЕУМЕТТАНУ
АНТОЛОГИЯСЫ
1-том
“Мәдени мұра” бағдарламасы
Редакторы Н. Оразбек
Суретшісі Н. Наурызбаев.
Компьютерде беттеген Қ. Оразбек
ИБ № 92
Басуға қол қойылды 10.09. 05. Пішімі 84х108 1/32
Қаріп түрі “Таймс”. Қағазы офсеттік. Басылым офсеттік.
Есепті баспа табағы 35,0.
Таралымы 3000 дана.
ЖШС “Қазақстан” баспа үйі”
Алматы қаласы,
Прокофьев к-сі, 226/1.
Тел./ факс (327-2) 41-25-47.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру